TELEGEI

Home

"ХХ ғасыр басындағы Алаш әдебиеттануы". Классикалық зерттеулер 9-том

Ахмет Байтұрсынұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

"ХХ ғасыр басындағы Алаш әдебиеттануы". Классикалық зерттеулер 9-том

Бұл кітапқа XX ғасыр басындағы Алаш әдебиеттануының келесі негізгі зерттеулері енгізілді: А.Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш», ғалымның Баку қаласында жасаған баяндамасы «Научный доклад на Первом Всесоюзном Тюркологическом съезде»; Ә.Бөкейхан «Батыр Бекет», «Мырза Едіге», «Роман бәйгесі», «Роман де...

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

Классикалық зерттеулер

9-том

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ АЛАШ ӘДЕБИЕТТАНУЫ

Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан,
Халел Досмұхамедұлы

«Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы

Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:

Қалижанов У.Қ. (төраға), Әлібекұлы А. (төрағаның орынбасары), Қалиева А.Қ. (жауапты хатшы), Ананьева С.В., Әзібаева Б.У., Әлбеков Т., Елеукенов Ш.Р., Ерғалиева Р.Ә., Күзембай С.Ә., Қирабаев С.С., Қонаев Д.А., Қорабай С.С., Қосанов С.Қ., Мұқан А.О., Ісімақова А.С.

Томды баспаға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған

Томды баспаға дайындағандар:

Ісімақова А.С. (жауапты редактор), Ойсылбай А.Т. (жауапты шығарушы), Әзімханов М., Әбікенұлы Е. (құрастырушылар)

Пікір жазғандар:

Дәуітов С. – филология ғылымдарының докторы

Қорабай С. филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Бұл кітапқа XX ғасыр басындағы Алаш әдебиеттануының келесі негізгі зерттеулері енгізілді: А.Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш», ғалымның Баку қаласында жасаған баяндамасы «Научный доклад на Первом Всесоюзном Тюркологическом съезде»; Ә.Бөкейхан «Батыр Бекет», «Мырза Едіге», «Роман бәйгесі», «Роман деген не?», «Ән, өлең һәм оның құралы», «Кітап сыны», «Всеволод Иванов»; Халел Досмұхамедұлы «Аламан», «Диуани Лұғат ат-Түрк», «Қазақ халық әдебиеті», «Шернияз шешен», «Мұрат ақынның сөздері».

Аталған зерттеулердің Тәуелсіз кездегі қазақ ғылымына қажет екені айқын. Кітаптың мазмұны қазақ әдебиетінің тарихы, сыны, теориясынан мол мағлұмат береді. Классикалық іргелі зерттеулер қазіргі әдебиет туралы ғылымның құндылығы болып табылады. Сондықтан бұл кітап әдебиеттанушы ғалымдарға және жалпы оқырманға арналады.

АЛҒЫСӨЗ

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы аясында жарық көретін ғылыми басылымдарды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда. «Ғылыми қазына» сериясының негізгі мақсаты – отандық ғылым тарихында ерекше орны бар іргелі зерттеулерді түпнұсқа күйінде еш өзгертпестен дайындап, ғылыми басылым ретінде толық жариялау. Оқырманға ұсынылып отырған «Ғылыми қазына» сериясының кезекті томына көрнекті қоғам қайраткері, ақын, қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының (1872-1938) «Әдебиет танытқыш» (1926) іргелі ғылыми зерттеуі және 1926 жылы Баку қаласында Бүкілодақтық Бірінші түркологиялық съезде жасаған ғылыми баяндамасы енгізілді. Бұл томға Ә.Бөкейханның келесі әдеби-теориялық зерттеулері енгізілді: «Роман деген не?» (1914), «Роман бәйгесі» (1914), «Ән, өлең һәм оның құралы» (1914), «Кітап сыны»(1926). Осы томға әдебиеттанушы Х.Досмұхамедұлының мынадай классикалық зерттеулері енді: «Аламан» (1924), «Қазақ халық әдебиеті» (1928), «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» ("Шолпан",1921. № 1, 2; 1922. № 6, 7, 8), «Кенесары-Наурызбай» (1923), «Мұрат ақынның сөздері» (1923), «Диуани лұғат ат-Түрік» ("Шолпан", 1923. № 6, 7, 8), "Шернияз шешен" ("Қызыл Қазақстан", 1925. №5). Халқымыздың біртуар перзенті, ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, «Алаш» партиясының, «Алашорда» ұлттық кеңесінің, «Алашорда» үкіметінің негізін қалаушыларының бірі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, лингвист, түркітанушы, әдебиеттанушы ғалым, ақын, аудармашы, «Қазақ» газетінің (1913-1918) ұйымдастырушысы әрі бас редакторы, сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі Қостанай облысындағы Сарытүбек (Торғай уезінің Тосын болысының № 5-ауылы) деген жерде дүниеге келген. Мұрағат деректерінде А.Байтұрсынұлының өз қолымен толтырылған «Ағартушылық халық комиссариатының қызмет тізімінде: «5 сентября 1872 г.р.» (ҚРОМО, 81-қ, 1-тізім) деп жазылған. Тағы осы қорда: «Жауапты қызметкерлер анкетасында»: «...1872 г., 5/ІХ урож. Торгайского уезда» деп көрсеткен. ХХ ғасыр басында қазақ жастары Петербор, Омбы, Қазан, Уфа, Орынбор, Троицк, т. б. қалаларда оқып, мұсылманша, орысша білім алды. Ахмет Байтұрсынұлының өз тілімен айтқанда, «байға мал, оқығанға шен мақсат боп, жұрттың қамын ойлайтын адам аз боп» тұрғанда, оқу-білімнен кенде, қараңғы қазақ қауымының сауатын ашып, білім беру жолын қалап алғандардың бірегейі Ахмет Байтұрсынұлы болды. Ағартушылық – сол кезеңдегі қазақтың әлеуметтік тіршілігінде ең қажет, ең игілікті іс еді. 1895–1909 жылдарда А.Байтұрсынұлы Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстык мектептерде бала окытты, екі сыныптык училищелерде сабақ берді. Осы жылдар ішінде А.Байтұрсынұлы Қостанайдан Омбыға барып, қазақ халқының тарихын, этнографиясын, фольклорын, тілін зерттеуші А.Е.Алекторовпен танысады. Мұхтар Әуезовтің жазғанындай, оның бұл танысуы қазақ халқын оқу-білімге тарту жөніндегі миссионерлердің ниет-пиғылдарын жақын білуіне көмектеседі, соның нәтижесінде өзінің бұл мәселедегі көзқарасы мен мақсаты айкындалады. (М. Әуезов. Ахаңның елу жылдық тойы (юбилейі). – «Ақжол» газеті, 4 ақпан 1923 жыл, № 270). А. Байтұрсынұлы 1920 жылдардан бастап әртүрлі мемлекеттік басқару істеріне, коғамдық жұмыстарға араласа жүріп, оқытушылық, ұстаздық қызметін тоқтатпаған. Ол 1921–1926 жылдары Орынбордағы Қазақтың халық ағарту институты деп аталатын оку орнында, 1926–1928 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика институтында қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, дәрістер оқыды. 1928 жылдың соңында яғни қыркүйек айында Алматыда Қазақ мемлекеттік университеті деп аталған жоғары оқу орны ашылып, оған сабақ беруге Ташкенттен арнайы Ахмет Байтұрсынұлы шақыртылады. Бұл жоғары оқу орны осылайша «университет» деп (ҚазМУ) 1930 жылдың 24 желтоқсанына дейін аталып келіп, кейін «Қазақтың мемлекеттік педагогикалық институты» (ҚазПИ) деп жариялайды. Бұл қазіргі Абай атындағы ұлттық педагогикалық университет. ҚазПИ-де А.Байтұрсынұлы 1929 жылғы шілденің 5 жұлдызына дейін істейді. 1929 жылы маусымның 2 күні тұтқынға алынып, кызметтен босату туралы ректордың бұйрығы шығады. Ахметтің әкесі – Байтұрсын Шошақұлы беделді, әділетті кісі болған. Ағайынды Байтұрсын мен Ақтас қазақтың құқығын таптаған Яковлев деген жергілікті уездің бастығына қарсылық көрсеткендері үшін бас бостандықтарынан айырылып, 1885 жылы 15 жылға Сібірге жер аударылады. Өзінің күрескерлік жолға түсуіне осы оқиғаның тікелей әсері болғанын ақын Ахмет «Анама хат» өлеңінде былай еске алған:

Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма, оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бәрі харам.

Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай не бетіммен көрге барам? –

Әкесінің інісі Ерғазының тәрбиесінде болған Ахмет Байтұрсынұлы білімді Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған қазақ мектебінде алады. 1891 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіреді. 1896-1907 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық және болыстық мектептерде мұғалім болып қызмет атқарады. Білім беру жүйесімен ерте таныс болғандығының арқасында ғалым осы саладағы қажеттіліктерге ерекше назар аударған. Ахмет Байтұрсынұлы мектепке арналған оқу құралын жазуды қолға алады. Кейін бұл жұмыс қазақ тілі мен әдебиетінің ғылыми заңдылықтарын түсіндіретін теориялық еңбектер жазуға ұласты. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ елінің тарихында зор бетбұрыс жасаған өзгерістердің ұйытқысы болғанын, қоғамдық-саяси қызметі мен ел тарихында алатын орны тарихшылар еңбектерінде ерекше аталады. Академик М.Қозыбаевтың «Ахмет Байтұрсынұлы – XX ғасырдың ұлы реформаторы», «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар»1, тарих ғылымдарының докторы М.Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы», «Саяси элита және ұлт мүддесі»2 атты ғылыми зерттеулерін осы ретте ерекше атап өту қажет. Мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы қалың қазақ халқының мұң-мұқтажын көздеген ойларға толы мақалалар, өлеңдер жазады, бүкіл саналы ғұмырын халықтың білімін, рухани санасын көтеруге, намысын маса боп шағып оятуға арнайды. Қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы – Алаш партиясының жетекшілерінің бірі болып, Қазақ елінің тәуелсіз мемлекеттігі үшін саяси күресте шыныққан тарихи тұлға. 1919 жылы Алаш басшылығының келісімімен Қазақ революциялық комитетіне мүше болып тағайындалды яғни Кеңес өкіметі кезінде де жоғары қызметтер атқарды. Қазақстан Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Ғылыми-әдеби Комиссияның төрағасы, халық ағарту комиссары, Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, Қазақстан халық комиссариаты Академиялық Орталығының жетекшісі, Алматы, Ташкент жоғары оқу орындарының профессоры болды. А.Байтұрсынұлының жары Бадрисафаның шын аты – Александра Ивановна. Қазақ ССР Жоғарғы Сотының 25.06.1990 жылғы 12/118 нөмірлі «Ақтау туралы анықтамасына» сүйенсек, Б.Бадрисафа 1878 жылы Орал өңірінде туған. Бадрисафа аталуына некелескенде Ахмет Байтұрсынұлының жарына мұсылманша есім таңдап алуы себеп болса керек. Ілияс Байтұрсын «Алтын бесік» (Қостанай, 1998) атты кітабында Бадрисафаны Ахметтің туыстары «Ақ келін» деп атағанын еске түсіріп, бұл атауға оның алтын мінезі толық сәйкес келгеніне тоқтала келіп: «Ведь «бадрун» в переводе с арабского означает «полная луна», а «сафа» «кристально чистая», – деп жазады. 1896 жылы Ахмет пен Бадрисафа Қарқаралыға келеді. Қарқаралыдағы күндері тарих парақтарынан белгілі. Алаш ардақтысының осы қалада атқарған қоғамдық қызметі туралы толық мәліметтермен тарихшы, заң ғылымдарының докторы М.Құл-Мұхаммедтің «Алаш ардагері Жақып Ақбаев» (1996) атты еңбегінен танысуға болады. Осы кітапта: «Байтұрсынов 1909 жылғы 1 шілдеде тұтқынға алынып, түрмеге қамалды», – деп жазылып, бұл мағлұмат: «А.Байтұрсыновтың зайыбы Бадрисафа Байтұрсынова Дала генерал-губернаторына телеграмма жіберіп, онда А.Байтұрсыновтың Қарқаралыда қамауға алынып, Семейге жөнелтілгенін, түрмеде отырғанын хабарлаған. Ол А.Байтұрсынов жөнінде партиялық негізде қазақтар жалған айып тақты деп санаған еді. «Енді күйеуіме қырғыздарды өкімет орындарына бағынбауға итермеледі деген айып тағылып отыр дейді. Осындай ауыр айып тағылғанына қарамастан, тергеу осы кезге дейін жүргізуге кірісілген жоқ» (ҚР ОМА, 64-қ., 5832-іс, 51-52-п.). Ол тергеу жүргізудің тездетілуін, ал егер оған негіз жоқ болса, оны босатуды сұраған. Алайда телеграмма: «Босату туралы өтініш қабылданбасын» деген бұрыштама соғылды»3, – деп толықтырылған. А. Байтұрсынұлының: «Қош, сау бол, Қа... жуылмаған, Айдай бер, қалса адамың, қуылмаған», – деп басталатын өлеңі ақын-азамат өмірінің осы кезеңінен хабар береді. Жалынды да ойлы көсемсөз шебері, баспагер әрі ұйымдастырушы Ахмет Байтұрсынұлы өзі құрған газетін «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп тап басып көрсетті. Бас редактор ретінде «Қазақта» сол кездегі білімді, зерделі азаматтардың басын қосып, оқу-ағарту, ұлт, жер, т.б.қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді батыл көтерді. Осы орайда ҚР ҰҒА академигі К.Нұрпейіс былай дейді: «Міржақыптың «Оян, қазағындағы», Ахметтің «Масасындағы» ұлттық намысты қайрау, халық санасын ояту идеялары «Қазақтың» беттерінде нақтыландырыла, өткірлендіріле түсті. Осы арқылы олар халық арасында отарлық езгіге қарсы саяси хал-ахуалды қалыптастырды»4. Саналы ғұмырын халқын жарқын болашаққа бастаған А.Байтұрсынұлының есімі тек XX ғасырдың соңында ғана өз елімен қайта қауышты. 1988 жылдың 4- қарашасында Қазақ ССР Жоғарғы соты А.Байтұрсынұлының қылмысы жоқ деген шешім қабылдап, оның ақталуына жол ашты. Қазақстан КП Орталық Комитетінің «Мағжан Жұмабаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың және Жүсіпбек Аймауытовтың творчестволық мұрасы туралы» (1988) қаулысы қазақ елінің рухани өміріне үлкен серпіліс әкелді. Бұл есімдерді бұрын естімеген біздің ұрпаққа көп кешікпей Ш.Құдайбердиев, Ә.Бөкейханов, С.Сәдуақасов, М.Дулатов, Қ.Кемеңгерұлы, Ж.Ақбаев, Ғ.Қарашев, С.Асфендияров, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, М.Тынышбаев, т.б. ақталды. Қазіргі уақытта соңында қалған мұралары ел игілігіне айналып, еңбектері мен шығармашылығы зерттелінуде. Алаш қайраткерлерінің зерттеулеріндегі тиянақты тұжырымдылық пен дәлдік, мазмұндылық, көркемдік пен шеберлікке таң қаласыз. Ұлт ғылымын, мәдениетін, әдебиетін жаңа, биік деңгейге көтерген Алаш қайраткерлерінің Темірқазығына айналған тұлға Абай екені ғалымдардың арнайы жазған сын мақалаларынан білуге болады. А.Байтұрсынұлының бүкіл шығармашылығына терең ішкі мазмұн мен сыртқы түрдің үйлесімділігі тән, соған сәйкес ол туындылардың өзіндік сипаттары да айрықша. Ғалымның «Оқу құралы» (Қызылорда, 1926) «Би исми-иллаһи-рахмани-рахим» сөзімен ашылса, ақынның өлеңдерінде кездесетін діни түсініктер (Алла, Құдай, аят, хадис, Иман, он екі имам әулие, жиырма сегіз әмбие, т.с.с.) мен діни аңыз кейіпкерлерінің аты (Әбіл мен Қабыл) оның діни білімінің де жоғары екенін айқындай түседі. Өлең ақынның ішкі өмірінің айнасы болса, А.Байтұрсынұлының лирикалық кейіпкерінің қолданатын сөздерінің діни маңыздылығы да оның осындай мағыналы, терең концепциялы тұжырымдарды қолдана білуінде. Бұндай сөздер елдің бәріне түсінікті болмауы да мүмкін. Ол үшін белгілі білім деңгейі қажет. А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялылары сол кездегі шарттарға сай мұсылмандық білім меңгерген. Ғалымның қазақша әліппе жасауы яғни араб алфавитінің негізінде ұлттық әліпбиге реформа жасап, өзгеріс енгізуі, қазақ тіл білімінің пән сөздерін (терминдер) алғашқы болып қалыптастыруы және оның негізгі салалары: дыбыс жүйесін (фонетика), сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін (грамматика) терең зерттеп, бірнеше оқулыққа арқау еткен еңбектерін өз замандастары лайықты бағалады және қазіргі кезде де маңыздылығын жоғалтқан жоқ.

Ахмет Байтұрсынұлының төмендегідей ғылыми еңбектері бар: 1. Тіл құралы, І-бөлім. Фонетика; 2. Тіл құралы, ІІ-бөлім. Морфология; 3. Тіл құралы, ІІІ-бөлім. Синтаксис; 4. Әдебиет танытқыш; 5. Баяншы, методикалық жазбалар; 6. Тіл жұмсар, І-бөлім. Практикалық грамматика; 7. Тіл жұмсар, ІІ-бөлім. Практикалық грамматика; 8. Оқу құралы (балалар әліппесі); 9. Әліппе; 10. Сауат ашқыш (ересектер әліппесі); 11. Әліппе-астар (Әліппеге методикалық нұсқау); 12. Оқу құралы (хрестоматия Т. Шонановпен бірге). 13. Ер Сайын; 14. 23 жоқтау; Кезінде М.О.Әуезов ауызға алған, қазір зерттеушілер тарапынан сөз болып жүрген «Мәдениет тарихы» атты еңбегі күні бүгін табылған жоқ. ХХ ғасыр басында сауатты, көзі ашық, көкірегі ояу Алаш зиялылары елінің ертеңі үшін мектепке арнап оқулықтар жазды. Оны өздерінің тікелей міндеті, перзенттік парызы санады және қоғамдық-мемлекеттік қызметтерімен ұштастыра білді. Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология» (1926), ақын Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» (1927), жазушы Мұхтар Әуезовтің Каз- наркомпростың ғылыми әдістемелік Кеңесінің шешімімен «Новый аул. Русский букварь для казахских детей» (1929) атты оқулықтарының жариялануы осының дәлелі. А.Байтұрсынұлы – қазақ балаларының өз ана тілінде сауат ашуына нақты мүмкіндіктер туғызған бірегей ғалым. «Ана тілі» деген терминді де өзі ұсынғанын біз естен шығармағанымыз жөн. А.Байтұрсынұлының «Әліпбиі» мен «Оқу құралы» тұңғыш әліппеміз болса, оның бірнеше рет қайта басылуы сол кездегі білім беру жүйесі үшін ауадай қажетті құндылыққа айналғаны. Теоретик А.Байтұрсынұлының ғылыми зерттеулер ғана емес, сол кезеңдегі сұранысты өтейтін өміршең оқулықтарының қалың бұқара игілігіне айналуы – білім беру саласындағы тамаша іскерліктің үлгісі. Жоғарыда аталған кітаптар «Әдебиет танытқыштың» жазылуына тікелей әсер еткені белгілі. Ұлт тіліне лайықталып реформаланған араб таңбаларын латыншаға ауыстырудың тиімділігі жоқ деген пікір айтқан А.Байтұрсынұлы бастаған зиялы топқа «ұлтшыл», «пантюркист», «панисламист», «советке қарсы» деген айыптар тағылды. Араб жазуы тікелей ислам дінімен байланыстырылып, ғалымның сан жылғы еңбегі жоққа шығарылды. Уақыт көрсеткендей, латын жазуының да өмірі келте болды. Ғалымның араб таңбаларын қазақ тілінің жазылуына, оқылуына, баспа ісіне толық бейімдеуі – осы жүйенің өміршеңдігін дәлелдеді. Төл жазуымыздың реформаторы енгізген, араб жазуының таңбалары негізінде жасалған төте жазуды шет елдерге қоныс аударуға мәжбүр болған (Қытай, Ауған, Иран, т.с.с.) қандас бауырларымыз бүгінге дейін қолданып келеді. Олар осы төте жазумен тек сауатын ғана ашып қойған жоқ, кітаптарын да шығарып келеді. Ахмет Байтұрсынұлы жинап, сұрыптап, бастырған асыл сөз үлгілерінің топтамасы – Мәскеуде шыққан «23 жоқтау» (1926). Мұнда енген туындылар белгілі тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметтерінен хабар береді. Ғалым қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін, өзі айтқандай, «ел аузындағы тілді» жетік білгенінің арқасында музыка өнеріне қатысты мағлұматтардың да кейінгі ұрпаққа жетуіне қомақты үлес қосқан. А.Затаевич (Орынбор, 1925) «Қазақ халқының мың әні» кітабында Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әндерін жақсы білетіндігін әрі шебер домбырашы болғанын, оның өзіне етене таныс Торғай, Ақтөбе, Бөкей Ордасы, Қарқаралы өңірлерінде айтылып келген әндерді қағазға түсіруге көмектескенін, бірнеше күйді өзі орындап бергенін жазады3. Қазақ тіл ғылымының теориялық негізін орнықтырған А.Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеттануының да дамуына мұрындық болған іргелі ғылыми зерттеулердің авторы. Осы тұста ең алдымен ауызға алынатыны – «Әдебиет танытқыш». А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышта» қалыптастырған кәсіби «пән сөздері» қазақтың асыл сөз өнерінің жанрлық, стильдік ерекшеліктері мен артықшылығын нақты сараптаулар арқылы жан-жақты танытты. Ғалым осы іргелі зерттеуінде ежелгі әдеби мұраға және түркі әдеби ескерткіштеріне қатысты пайымдаған теориялық тұжырымдары мен өзі жетік талдап, таныған «пән сөздерін» ғылыми айналымға енгізді. Олар: «тірнек өнері», «көрнек өнері», «тиіс ғалам», «түйіс ғалам», «арамтер», «мерт», «сергелдең», «сауықтама», «сарындама», «салт сөзі», «ғұрып сөзі», «діндар дәуір», «сындар дәуір», «ділмар сөз», «билік сөз», «уағыз», «хикаят», «қисса», «жад дерек», «мінәжат», «шежіре», «заманхат», т.б. «пән сөздері» ежелгі мұралар мен классикалық қазақ әдеби мәтіндер арасындағы дәстүрлі ұластықты, үндестікті аңғартады. А.Байтұрсынұлының қазақ халқына сіңірген «біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын» (М.Әуезов) таудай еңбегін ХХ ғасыр басында ресей академиктері А.Н.Самойлович («Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы», 1919; «Түрік халықтарының әдебиеті», 1919), Е.Д.Поливанов («Қырғыз-қазақ жаңа (Байтұрсынов) орфографиясы», 1924), Н.Ф.Яковлев («Әліпби құрылымының математикалық жүйесі», 1928), А.Н.Кононов («Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы», 1974) өз зерттеулерінде атап өткен. Ал, 1923 жылы ғалымның 50 жылдық мерейтойына орай Алаш қайраткерлері М.Әуезов, С.Сейфуллин, Е.Омарұлы, М.Дулатұлы, Т.Шонанұлы арнайы мақалалар жазды. Совет кезінде 1977 жылы филология ғылымдарының докторы, академик Р.Сыздықова алғаш атын атап, кітаптарын шығаруды сөз еткені үшін біраз сұрауға алынған. Ал, А.Байтұрсынұлы ақталған 1988 жылы академик Ш.Қ.Сәтбаеваның алғысөзімен ғалымның алғашқы шығармалар жинағы шықты. Кітаптың жауапты шығарушылары партизан-жазушы, филология ғылымдарының докторы Ә.Шәріпов пен филология ғылымдарының кандидаты С.Дәуітұлы болды. А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» пен «Қазақтың Бас ақыны» және өлеңдері мен мысалдарын тұңғыш рет төте жазудан қазіргі қазақ әрпіне түсірген филология ғылымдарының докторы С.Дәуітұлы. Академик Р.Нұрғали 1991 жылы «Ақ жол» деген атпен А.Байтұрсынұлының өлеңдерін, тәржімалары мен публицистикалық мақалаларын және әдеби зерттеулерін құрастырды. Ғалымның пән сөздер (термин) жасау саласында атқарған ғылыми жұмыстары да ерекше назар аударуды қажет етеді. Лингвист-ғалым қазақ тілін талдап, тану және танытуда төңкеріс жасап қоймай, оның салаларына (фонетика, грамматика, синтаксис, т.б.) қатысты парадигма, категорияларды қазақша сөйлетті. Академик З.Қабдолов: «Қазіргі қазақ тіл біліміндегі секілді, қазақ әдебиеттануындағы әдеби пәнсөздердің баламаларын ойлап тапқан да – Ахаң. Көріктеу, меңзеу, ауыс- тыру, алмастыру, кейіптеу, пернелеу, әсірелеу, шендестіру, дамыту, түйдектеу ... – осылардың бәрінің түп-тамыры Ахаңда жатыр. Мұхтар Әуезовтің «Ахаң түрлеген ана тілі» дейтін әлдиінің әдебиет аясындағы бір нақты да затты көрінісі – осы». «Әдебиет танытқыштың» ең басты бағалылығы – осылайша әдеби терминдерді қазақша қалыптастырғандығы»4, – дейді. 1926 жылы жарияланған «Әдебиет танытқыш» әдебиеттану, оның ішінде әдебиет теориясы саласында қазақ тілінде жарық көрген тұңғыш ғылыми еңбек екені даусыз. «Әдебиет танытқыш» деп атаудың өзінде үлкен мағына бар. Әдебиет – сөз өнері болса, оны халыққа түсіндіріп, оның көркемдік ерекшеліктерін, адамгершілік, кісілік яғни имани, рухани сипаттарын таныту әдебиетшілердің, зерттеушілердің қасиетті парызы екенін А.Байтұрсынұлы осы екі сөзбен ғана түсіндіріп кетті. Әдебиет деген не? Бұл сауалға бүгін дайын жауап бар ма? Осы орайда академик З.Қабдолов былай дейді: «Ахаң жоқта біздегі әдебиет теориясы басы жоқ кеуде секілді еді. Ал, басы жоқ дене бола ма?! Қайтейік, болады деп келдік... Бүкіл дүниежүзілік әдебиет теориясында Арнау деген бір-ақ түр, шауып шықса, бұған Шешендік сұрау қосылып қана аздап ажарлануы мүмкін. Ал, қазақ поэзиясында Ахаң осының үстіне үш түр (сұрай арнау, зарлай арнау, жарлай арнау) қосып, құбылтып, тотының түгіндей құлпыртып әкетеді. Әдеттегі дәстүр жалғастығының заңына орай осы үш түрлі арнауды әрқайсымыз өзімізше пайымдап, қисындап, кейде тіпті қиыннан қиыстырып, біз де (Жұмалиев те, Ысмайылов та, Қабдолов та) кітаптарымызга кіргіздік. Бірақ, амал не, бұл жаңалықты тапқан Ахаң екенін кезінде ашып айта алмай, Қажекеңе сілтеме жасауға мәжбүр болдық...»5. Қазақ өлеңтануының теоретигі академик З.Ахметов «Әдебиет танытқыштың» құндылығы туралы былай дейді: «Әдебиет танытқышта» негізінен поэтика, стилистика, өлең құрылысына қатысты мәселелер көбірек сөз болады. Автор үлкен тілші-ғалым болғандықтан, оның қазақ поэзиясының ерекшеліктерін осы мәселелерге байланысты тексеріп талдайтыны түсінікті. Автор поэзия тілінің бейнелілігін, сөз қолдану тәсілдерін мұқият зерттеп, теңеу, ауыстыру (метафора), алмастыру (метонимия), шендестіру, арнау, қайталақтау, дамыту, бүкпелеу секілді ұғымдарды әдеби термин ретінде қолданады. Сөйлемдердің синтаксистік топ болып бірігуін «оралым», «қайшы оралым» деген сияқты түрлерін ажыратып көрсетеді. Қазақ өлеңінің ырғақтық құрылыс-жүйесін айқындай, бунақ, тармақ, шумақ ұғымдарын қалыптастырады»6. Міне, осы орайда қазақ өлеңінің құрылысындағы басты терминдерді А.Байтұрсынұлы қалыптастырғандығына тағы да дәлел. Ғылыми әдебиеттерде терминдерге берілген анықтамалар өте көп. Қазақ терминдерінің қалыптасу жүйесі мен даму тарихы әр түрлі кезеңдерді басынан өткізген, қазіргі қазақ ғылымы, терминологиясы қазақ әдеби тілінің ең күрделі бір саласы әрі оның дербес тармағын құрайды. Терминдердің өзіндік даму, қалыптасу жолдары, құрылым моделдері, тәсілдері, заңдылықтары және бар. Қазақ әдебиеттану ғылымына Ахмет Байтұрсынұлы енгізен терминдер өз алдына бірнеше сала болып қалыптасты. Солардың ішінен ғалымның «Әдебиет танытқышында» бар, ғылыми тілімізде орныққан бір алуан терминдерді атасақ та болады. Олар: теңеу, кейіптеу, тұспалдау, әсірелеу, шендестіру, арнау, сөз өнері, шығарма, ауыз әдебиеті, мазмұн, тармақ, буын, бунақ, шумақ, кезек, жорғақ, т.б. Бұлардың аса мәнді терминдер екенін атай отырып, А.Байтұрсынұлы осы кітабында қолданған кейбір терминдердің еленбей, ескерілмей қалғанын да баса айту керек. Осылардың ішінен әлі де мәнділігін сақтаған, қолдануға қолайлыларын сұрыптап алып, ғылыми тілімізге ретін тауып енгізіп, орнықтыру міндетін қолға алатын уақыт жетті. Мысалы, қазіргі таңда А.Байтұрсынұлының «көсемсөзі», «ділмәр сөзі» күнделікті өмірде пайдаланудың арқасында ғылыми айналымда жүр. Ғалымның айта кететін ерекшеліктерінің бірі осы термин-атауларды қазақшалағанда өзгелерден бәтуа іздеп, солардың пікіріне сүйенуден мүлдем аулақ. Керісінше, теориялық терминдерді қазақша жатық тілмен оқушысына түсіндіре отырып пікір жалғастыруға, дамытуға жәрдемдеседі, ойға ой қосады. «Әдебиет танытқыш» сол кездегі өскелең қауымға керекке жарады, оқушының әдеби білімі мен талғамын өсіруге өз септігін тигізе білді. Күні бүгінге дейін оның әдебиет ғылымы мен практикасы үшін ділгірлігін, зәрулігін жоғалтпайтындығы айқын. Ахмет Байтұрсынұлы алғаш рет қазақ тілінде ғылыми-теориялық терминдер жүйесін жасай отырып, қазақ әдеби тілінің тазалығына да қатты көңіл бөліп, орыстың классик жазушыларының талаптарын үлгі ретінде ұсынады. Ол талаптары мынадай: «1) ескірген сөздерді ретіне қарай қолдану; 2) өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан яғни шет сөздерден қашу; 3) қазақ тілінің бай мүмкіндігін пайдалана отырып, ұғымның мәнін ашатын жаңа пән сөздер ойлап табу керек. Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек» [179-180 б.] деген талабын ғалым нақты іске асыра білді. Оған ғалымның тіл білімі, әдебиет, мәдениет, өнер салаларына қатысты жазған мақалалары, еңбектері дәлел. Термин деген сөздің әдебиеттану ғылымында алатын орны ерекше. Әдебиеттану саласында, әдебиет теориясында қолданылатын ең қажетті ғылыми ұғымдар мен терминдер жүйесі жүйелі түрде Тәуелсіздік алған жылдары тұңғыш рет «Әдебиеттану терминдерінің сөздігі» (1996) жарық көрді. Кейбір әдебиеттану терминдеріне, атауларға қысқаша анықтама беретін бірлі-жарым сөздіктер ертеректе жарық көргенмен, оның өзі тікелей орысша терминдік сөздіктің аудармасы түрінде жасалған еді. «Әдебиет танытқышытың» ғылыми жүйесіне сүйеніп жасалған осы «Әдебиеттану терминдерінің сөздігі» ұлттық әдебиеттану ғылымының қазіргі деңгейін танытатын жаңа көзқарасты айқындайды. Демек, қазақ өлеңінің құрылысын, қазақ әдебиеті теориясының басты терминдерін де Ахмет Байтұрсынұлы қалыптастырған. «Әдебиет танытқышта» көркем сөздің тектері мен түрлері «адамның жан қоштау керегінен шыққан» нәрселерге жатқызылады. «Нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері. Бұл сөз өнері болады. Қазақша – асыл сөз, арабша – әдебиет, европаша – литература»... және оның басқа ғылымдардан айырмашылығын да айта кетеді: «Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадарынша сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді сүгіреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп, сүгіреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді». «Әдебиет танытқышта» белгілі әдебиет терминдерінің қазақша баламасы көңілге қонымды әрі сәтті түрде қолданысқа енгізілген. Әр категория өзінің логикалық дамуы, қалыптасқан жүйесі бар түсінік ретінде айқындалады. Мысалы: «Байымдаманың зор мүшесі төртеу: бастамасы, ұсынбасы, баяндамасы, қорытпасы» яғни әр тұжырымның ішкі заңдылықтары ашылып, парадигма ретінде дәлелденеді. Қара сөз бен дарынды сөздің (көркем сөз) айырмашылығын Ахмет Байтұрсынұлы нақтылап көрсетеді: «Қара сөз әдебиетте пікір, сүлде түрінде айтылады. Дарынды сөзде пікір сурет түрінде шығады ягни сүлде үстіне өң, ажар, жан, мінез, қылық беріліп, тұрпайы тұлга, түс, бітім тірі нәрсе болып шығады. Сондықтан да дарынды сөз – көркем сөз деп аталып, қара сөздер жалаң сөздер деп айтылады». Ғалым мұнымен шектелмей, осы екі түрлі сөзді қалай тануға, олардың дұрыстығын қалай айқындауға болады деген сауалдарға да жауап береді: «Қара сөздің сынында пікір дұрыстығы, істің растық жағы тексерілсе, көркем сөздің сынында пікір дұрыстығының үстіне пікірге берілген сурет, сұлулық жағы да тексеріледі. Көркем сөзді әрі сүлде, әрі сурет – екі жағынан да тексеруге тиіс болгандықтан, оның сынында мынандай сұраулар боларға керек». Ахмет Байтұрсынұлы ғылыми түсініктің негізін жалғастырып, нақтылай түседі. Демек, қара сөз «шығарманың сүлде жағының сыны» болса, көркем сөзге басқа міндеттер жүктеледі: 1. «Мазмұны дұрыс па? Мұрат қалып па? Кейіп қалып па? Бұл – шығарманың сүлде жағының сыны. 2. Көркем сөз табына шын қосарлық сөз бе? Қиял жасаған тұрпаттар, ойдан үйлестірілген оқиғалар пікір санасына тура келіп, дұрыс суреттеп, өңдендіріп көрсете ала ма? Тілі өрнекті ме? Әуезді ме? Лұғаты таза ма? Анық па? Қысқасы ойды өрнектеп, көрнектеп, суреттеп көрсеткендей тілінде шеберлік бар ма? Ақылдың аңдағанын, қиялдың меңзегенін, көңілдің түйгенін тілі дұрыс жеткізе алған ба?». Әдебиет теориясындағы стиль, әдеби тіл, талдау, көркемдік, сюжет деген категорияларды Ахмет Байтұрсынұлы осылай түсіндірген. Көркемдік пен көркем шығарманың белгілері қандай болу керек деген сауалға А.Байтұрсынұлы екі түрлі талап қояды: «Көркем сөзде екі тысқы, екі ішкі сын болады. Тысқы сындар: 1) Тілдің лұғатының сыны ягни тілдің дұрыстығы, анықтығы, тазалығы, дәлдігі, көрнектілігі, әуезділігі, өрнектілігі жағының сыны». Шығарма тілінің стильдік ерекшеліктері, бүгінгі лингвистикалық талдауға сай тысқарғы жағын бөліп айтады. Ғалым бұдан ішкі сындарды бөліп алады, демек, бұл әдебиеттану, әдебиет теориясының еншісі, теориялық талдаудың объектісін нақтылайды: 2) «Суретінің сыны: кестесін келтіріп, ұнасымды турде үйлестіріп, суреттеуінің сыны. Ішкі сындар: 1) Алынған мінез, айтылған қылық, көрсетілген қалып, жан жүйесінің жөнімен қарағанда, дұрыс, бүтін шығу, шықпауының сыны. 2) Өмір жүзінде айтылған нәрсенің болатындығының себебін дұрыс көрсеткен, көрсетпегенінің, адам қауымындағы қалып түзелу жағына әсер етерлік (пайда-зиян келтірерлік) қуаты бар-жоғының сыны. Көркем сөзді сынағанда, әдебиет түрінің осы төртеуі түгел жұмсалады». Ахмет Байтұрсынұлы теориялық талдаудың, әдебиеттің, көркем сөздің басты мақсатын жоғарыдағы тұжырымның соңғы сөйлемдерінде қорытынды ретінде түйіндейді. Бүгінгі әдебиеттанудағы аксиологиялық әдістің мән-жайын ғалым осылай алға тартады. Демек, тек маңызды, ұлағатты көркем сөз ғана сынға түседі және оның тысқы сынға, ішкі сынға түсуіне лайықты көрнекті түрі мен мазмұны болуы шарт. Қазіргі әдебиет теориясындағы классикалық дискурс «мазмұнды түр» яғни «содержательная форма» категориясын А.Байтұрсынұлы осылай түсіндірген. А.Байтұрсынұлы зерттеуші-ғалым ретінде қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдерін жеке бөліп қарастырмайды, барлық халықтар әдебиетіне ортақ, қатысты сипаттармен ұштастыра талдайды. Өнерпаз елдер әдебиетіне тән көркемсөз түрлерінің қазақ әдебиетінде де бар екенін, бола бастағанын, келешекте дамитынын ғылыми негіздерге сүйене отырып жазды. ХХ ғасыр басында қазақ әдебиеті теориясының басты терминдерін, түсініктерін ғалым «Әдебиет танытқыш» арқылы нақтылап берді және басты ой «Әдебиет танытқышта» ұсынылған жаңа концепцияда. А.Байтұрсынұлы тілтану, әдебиеттанудың негіздерін, асыл сөздің дискурсын стильдік, нарративтік, жанрлық арақатынастарын, көркем сөз өнерінің тіл білімі ғылымына қатысты мәселелерін бір арнада қатар зерттеп, жүйелеп берді. Осы мәселелер яғни көркем сөз, көркем әдебиеттегі дискурс, жазушының стилі, әдебиеттегі тек (жанр) пен түр (вид) туралы зерттеулер орыс әдебиеттануында өткен ғасырдың 30-жылдары ғана жазылды. Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыштағы» басты теориялық концептілері мынадай: Әдебиеттің өз даму заңдылықтары бар екені және олар тікелей саясатқа, идеологияға байланысты емес екені жөніндегі тұжырымдар. Яғни «сөз өнері» деген термин «халықтың ежелден келе жатқан әдебиеті» деген ұғымды білдіреді. Оны «ауызша», «жазбаша» деп бөлудің өзі ойдан шығарылғаны айтылады. Әдебиеттің ресми жазба түрі бар деп бөліп-жару соцреализмнің бір әдебиетті жоғарылатып, екіншісін төмендету үшін ойлап тапқаны. А.Байтұрсынұлы былай дейді: «Ауыз шығарманы «ауыз сөз» деп қана атап, жазба шыгарманы «сыпайы әдебиет» деп танушылар бар, бірақ қалай да асыл сөздің бәрі де тілдегі әдебиет есебіне жүріледі». Әдебиетті өз категориялары арқылы түсіндіру қажет яғни «пән сөздің» басты кәсіби міндет атқаруына назар аударған. Сонда ғана зерттеу мағыналы болып, зерттеуші жалпылама көпсөзділіктен арылады әрі бұл қағида дәлелсіз бос мақтаулардан да сақтандырады. Зерттеудің маңызды, мазмұнды болу себебі осылай айқындалған. Көркемдік әлемінің құдіреті жазушының ішкі рухани бостандығымен тікелей байланысты болатынын Абай, Мағжан шығармаларын мысал ретінде келтірудің бүгінгі мәні керемет емес пе?! «Әдебиет танытқыштағы» совет кезінде ұмытылған діндар дәуір жанрларының түрлері мінәжат, намыс толғау, т.б. Тәуелсіз кездегі ғылымға қайта оралды. М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» (ХІҮ-ХҮІ ғ.) еңбегі «Хақ жолындағылар тарихы» деп басталса, оның соңы «Алла Тағалаға мінәжәт айтумен» аяқталады. Совет кезеңінде өшірілген осы мінәжат жанры туралы мәлімет тек қана «Әдебиет танытқышта» кездеседі. Осының бәрі қазіргі әдебиеттану саласына қажетті әдеби талдаудың озық үлгісі болып саналады. А.Байтұрсынұлының зерттеуіне кең ауқымды ойлау қабілеті тән. «Біздің қазақ Европа әдебиетінен үлгі алмай, әдебиетін өз бетімен жетілдіргенде, қазақ айтыс өлеңдері алаңға түсе-түсе барып, алаң алданышына айналып, айтыс-тартыс түрге түсетіні даусыз еді. Үлгіні өзге жұрттан алғандықтан алаң әдебиеті бізде төтеннен шығып қалды». Қазіргі әлемдік әдебиеттанудағы «синкретизм», «типология», «әдебиеттердің қарым-қатынасы», «сюжеттердің ұқсастығы» туралы «Әдебиет танытқышта» А.Байтұрсынұлы былай дейді: «Жер жүзіндегі жұрттардың түріндегі шығармалары бір-біріне көбінесе ұқсас келеді. Ондай ұқсас болатын себебі, олар шыққан заманда халықтың бәрінің бір ананың қолында өскен балалар сияқты көргені, өнегесі, үлгісі бір болған». А.Байтұрсынұлының пайымдауынша, көркемдік заңдылық барлық тілдегі әдебиеттерге ортақ. Демек, «адамның жан қоштау керегінен шыққан» әдебиет – «асыл сөз». Сондықтан «сөздің асыл болатын сырын білген адам сөзді сынай біледі». Өйткені «жүйрік аттың белгілі сипаттары сияқты асыл сөзде де белгілі сипаттар болады. Сөз сол сипаттарын дұрыс көрсетумен асыл болып шығады». Әдеби дискурс, мәтін, даралық стиль көркемдік шеберлік категорияларын ғалым осылай танытып өткен. Ресей ғалымы М.М.Бахтиннің «роман теориясы» бойынша дүниежүзілік әдебиетте роман – ең соңғы жанр, сондықтан ол – сол тілдегі әдебиеттің жазу жүйесінің қорытылған нәтижесі ретіндегі жанр. Атап айтқанда, роман өзіне дейінгі болған басты, керекті сөйлеу түрлерін жаңғыртып отыру қабілетіне ие. Демек, роман жанры осындай жан-жақты баяндау, жазу тәсілдерін, жазба естелігін, жадын (память жанра!) меңгеріп, өзінің оларды оята білу мүмкіндігіне орай басқа прозалық түрлерге де әсер етеді. М.Бахтиннің «романизация стиля» деген тұжырымымен біз 1970 жылдары танысып, таң қалып жүрсек, А.Байтұрсынұлы бұл қағиданы сонау XX-ғасырдың 20-жылдары түсіндіріпті. Ғалым қазақ прозасының өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты бұл құбылысты былай пайымдайды: «Ұлы әңгіме, ұзақ әңгіме, ұсақ әңгіме болып бөлінулері үлкен-кішілігінен ғана. Мазмұндау жүйесі бәрінде де бір, айтылу аудандарында айырма бар: ұлы әңгіме сөзі алыстан айдаған аттарша жайыла бастайды, ұзақ әңгіме жақыннан айдаған аттарша жайыла бастайды, ұсақ әңгіме мүше алып, оралып келе қоятын аттарша бастайды». Демек, басты мәселе «айтылу аудандарында». Романның көтеретін жүгін әңгімеге де артуға болады. М.М.Бахтиннің «романдық стиль – повесть, әңгіме мен басқа жанрларға да үстемдік етеді» деген қағидасын А.Байтұрсынұлы 1926 жылы яғни ресей ғалымынан отыз жыл бұрын айтып, дәлелдеген. 9. Романның стилінде қорытылып, жинақталатын ұлттық сөйлеу жүйесінің («речевые жанры») жанрлық түрлері туралы қағиданы «Әдебиет танытқышта» былай деп айқындалған: «Ұлы әңгімеге жан беретін адамның ісі болғандықтан, мінезіне кейіп беретін тәрбие болғандықтан, тұрмысқа сарын беретін ұлы, кіші адамдардың ірілі-уақты істері болатындықтан, ол істер біріне-бірі ұласып, бір-біріне оралып, байланысып, шиеленісіп жатқандықтан, осының бәрін суреттеп шығару оңай емес. Мұны келістіріп, дұрыс пікірлеп, дұрыс суреттеп, уақиғаларды жақсы қиыстырып, сыйыстырып шығару көп жазушылардың қолынан келе бермейді. Ұлы әңгіме жазушы көркем сөздің әуезе, толғау, айтыс – барша түрін де жұмсайды. Ұлы әңгіме жазуға үлкен шеберлік керек». Демек, роман стилін жүйелей келе, А.Байтұрсынұлы оны «айтылу түріне қарай: әуезе, толғау, айтыс» деп жіктейді. Бұл атаулардың негізін де аша түседі: «Әуезелеуші айтатын сөзіне өзін қатыстырмай, өзінен тысқары ғаламда болған істі әңгіме қылады. Әуезе тысқы ғалам турасындағы сөз... Толғау – ішкергі ғаламның күйі. Толғау – іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі. Ақындық жалғыз өз көңілін, күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып, толғай алуда». Атап айтқанда, «Сөйлеу жүйесінің мақсаты – сөйлеу жүйелерін меңгеріп, сөзден нендей нәрселер жасап шығаруға болатындығын көрсету», – деп түйіндейді А.Байтұрсынұлы. 10. Көркем туындыны талдағанда оның ішіндегі көркемдікті тудыруға тікелей атсалысатын қатысушыларды А.Байтұрсынұлы былай анықтайды: «Асыл сөздің сипаттарын білу тыңдаушыға да қажет. Абайдан кейін сөзге талғау кіреді. Айтушы да, тыңдаушы да сөзді талғайтын болды. Олай болғаны – Абай асыл сөздің нұсқаларын айқындап көрсеткеннің үстіне, аз да болса, асыл сөз сипаттарын айтып та, жұртты хабардар қылды. Абайдың «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңінде жақсы өлеңнің сипаттары да, қазақ ақындары мен тыңдаушылардың жоғарыда айтылған асыл сөзді танымайтын надандықтары да айтылып, аз да болса мағлұмат берілген ...». 11. А.Байтұрсынұлының еңбектерінен сыпайылық (корректность!) пен әдебиетті танытуға бейімделген жоғарғы этикалық деңгейді байқайсыз. Талдау мен жүйелеу тәсілдері осы ғылыми мақсатқа қызмет атқаруға бағындырылған. Ғалымның тек «пән сөзінде» сөйлеуін яғни қазақ тілі мен әдебиеті теориясының негізін салып бергендігі тәуелсіз кездегі ғылымға қосылған үлес. 12. А.Байтұрсынұлы әдебиет теориясының терминдерін, талдау жүйелерін ана тілімізде сөйлетіп, ғылыми тілдің деңгейін сол кезде-ақ биікке көтергенін қазіргі таңда мақтаныш етеміз. Тәуелсіздік кезең тұрғысынан қарағанда А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышын» қазақ тіліндегі әдеби-теориялық ұғымдар жүйесін тұңғыш рет қалыптастырған іргелі зерттеу ретінде қарастыру қазіргі күннің талабы. «Туған топырағымыздағы әдебиет теориясының басы» (З.Қабдолов) саналатын «Әдебиет танытқыштың» ғылыми негіздері мен ондағы ғалым қалыптастырған «пән сөздерінің» өзіндік ерекшелігі тілдік тұрғыдан да, теориялық жағынан да ерекше. Ұлтына, еліне, ғылымға, әдебиетке арымен беріліп, оған адал қызмет еткен А.Байтұрсынұлы еңбегінің қазақ елі тарихында алатын орнының ерекше зор екенін сол кездегі 26 жастағы замандасы М.Әуезов былайша тұжырымдапты: «Ақаңның бұрынгы айтқан сөзін әлі қазақ баласы ұмытқан жоқ, өлеңіндегі белгілі сарын әлі ескірген жоқ. Әлі күнге қазақ даласының күшті сарыны болып, Арқаның қоңыр желімен бірге есіп шалқып жатыр. Бұдан он-он бес жыл бұрын

Алаштың үмбетінің бәрі мәлім,
Кім қалды таразыға тартылмаған, –

деп Ақаң айтса, біз де осы күнде соны айтамыз. Айналып келіп таразыға тартылған, сыннан өткен деп Ақаңның ғана ардақты атын атаймыз. Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұран, «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты – біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын»7. Бұдан артық айта алмаспыз. Сол кезеңдегі Алаш қайраткерлері бір-бірінің қадір, қасиетін біліп, сыйлап, бағалай білген. Бұл – имандылық пен тектіліктің шынайы үлгісі. А.Байтұрсынұлының жазықсыз жазаға ұшырап, айыпталуына орай қайта құру кезеңіне дейінгі уақытта оның еңбектерін пайдалануға тыйым салынды. Ғалымның аты да аталмай, ілуде еске алына қалса, тек мансұқталды. Қайта құру мен жариялылық заманы орнағаннан кейін жүзеге асырылған ақтау шараларына байланысты Ахмет Байтұрсынұлының асыл мұрасы халқының игілігіне айналуда. Тәуелсіздік кездің ғылымын Алаш ғалымдарының аманат етіп қалдырған мұрасынсыз елестету мүмкін емес. Ахметтану саласында бүгінгі таңда атқарылған қыруар шаруаның қомақты бір көрінісі – А.Байтұрсынұлының еңбектерін көпшілікке таныстыру. Жоғарыда аталған Қаулы жарияланғаннан кейін ғалымның еңбектері, мерзімді басылымдар мен ұжымдық жинақтарды алмағанда бес рет қайта жарияланды.

Атап айтқанда:

Ахмет Байтұрсынов. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. (Алғысөзін жазған ҚР ҰҒА академигі Ш.Қ.Сәтбаева. Құрастырушылар: филология ғылымдарының докторы Ә.Шәріпов пен С.Дәуітов. Ғылыми түсініктерінің авторы – С.Дәуітов). – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б. Ахмет Байтұрсынов. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімалар, публицистикалық мақалалар және әдеби зерттеу. (Құрастырушы – ҚР ҰҒА академигі Р.Нұрғалиев). – Алматы: Жалын, 1991. – 464 б. Ахмет Байтұрсынов. Тіл тағылымы (Қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). Жалпы редакторлары: Р.Сыздықова мен Ш.Сарыбаев. Құрастырушылар: Ғ.Әнесов пен А.Мектепов. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б. Ахмет Байтұрсынов. Шығармалары. І-том. Әдебиет танытқыш. Жауапты редакторы және құрастырушысы филология ғылымдарының докторы, профессор А.С.Ісімақова. – Алматы: Жібек жолы. 2002. – 207 б. Ахмет Байтұрсынұлы. Бес томдық шығармалар жинағы. І-том. – Алматы: Алаш, 2003. – 408 б. Жауапты редакторы – А.С.Ісімақова. Кітапты құрастырып, алғысөзі мен ғылыми түсініктерін жазғандар: А.Ісімақова, Г.Пірәлиева, С.Сәкенов, К.Мұстафаева. Ғалымның «Әдебиет танытқыш» атты теориялық зерттеуі 1989, 1991 жылғы басылымдардағы айырмашылықтар 2003 жылғы жинақ 1913, 1926 жылғы түпнұсқаға сүйеніп, орнына келтірген. Бұл өзгешеліктердің басты себептері, біріншіден, араб әрпімен жазылған түпнұсқада кейбір сөздердің дұрыс оқылмағанына; екіншіден, қайта басылымында дайындаушылардың кейде сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдерге өз тараптарынан редакция жасауына; үшіншіден, кейбір тұстарда мәтін үзінділерінің түсіп қалуымен байланысты. А.Байтұрсынұлының 1926 жылы Баку қаласында Бүкілодақтық Бірінші түркологиялық съезде орыс тілінде жасаған ғылыми баяндамасы өзгертілмей сол күйінде берілді ХХ ғасыр басында қоғам қайраткері, қазақ халқының тұңғыш саяси «Алаш» партиясының ұйымдастырушысы, ұлттық Алшорда үкіметінің төрағасы, энциклопедист-ғалым яғни ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, саясаткер, көсемсөз шебері Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866-1937.27.09.) қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы Қаратал елді мекенінде дүниеге келген. Ә.Бөкейханның ата-тегі Шыңғыс ханнан бері келе жатқан төре тұқымы Бөкейханнан тарайды: Көкжал Барақтың баласы Бөкейхан қазақтың таққа отырған соңғы хандарының бірі. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлихан 1879 жылы Қарқаралыдағы молдадан хат таниды. 1879-1886 жылдары Қарқаралыдағы қазақ балаларына арналған мектепте тәрбиеленген. 1886-1890 жылы Омбы техникалық училищесін және Санкт-Петербордағы Императорлық Орман институтын бітірген. 1890-1894 жж өзі оқыған Санкт-Петербордағы Императорлық Орман институтында жұмыс істеген. 1896-1901 жж. «Щербина экспедициясына» қатысқан. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан – Ресей І Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, ІҮ Мемлекеттік думаның мұсылман фракциясының бюро мүшесі, Санкт-Петербор масоны. Ә.Бөкейхан көсемсөз шебері ретінде «Дала уалаяты», «Қазақ» «Айқап», «Қазақстан», «Жас Қазақ», «Жаңа мектеп», «Сарыарқа», т.б. газет-журналдарда «Қыр баласы», «Ү», «К.Степняк», «Сын Степей», «Ғалихан», «А.Б.», «Арыс ұлы», т.б. бүркеншік атпен сол кезеңнің өзекті мәселелерін жазды. Сорбонна университетінің ғалымдары Александр Беннигсен мен Шантал Лемерсье-Келькежей «Пресса и национальное движение среди мусульман России до 1920 года» (Париж, 1964) атты ғылыми зерттеулерінде «Он (Ә.Бөкейхан) подписывал псевдонимом «Қыр баласы» статьи о преподавании, а также о казахской народной литературе ...», – деп жазған. Әлихан Бөкейханның ғылыми еңбектерін тану Тәуелсіздік кезеңінде ғана басталды: Х.Оралтай, М.Базарбаев, М.Қойгелді, Р.Нұрғали, С.Аққұлұлы. Бұл томға Ә.Бөкейханның келесі әдеби-теориялық зерттеулері енгізілді: «Роман деген не?» (1914), «Роман бәйгесі» (1914), «Ән, өлең һәм оның құралы» (1914), «Кітап сыны» (1926). ХХ ғасыр басындағы көрнекті мемлекет, қоғам және саяси қайраткері, Алаш ғалымы профессор Халел Досмұхамедұлы (1883-1939) қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таныған Халел жергілікті орыс-қазақ мектебінде, Орал қаласындағы реалдық мектепті 1902 жылы бітіріп, Санкт-Петербордағы Императорлық әскери-медициналық академияны (1903-1909) «Үздік дәрежелі дәрігер» дипломымен аяқтаған. Ә.Кекілбайұлы жазғандай: "Өзіне табиғат аямай берген дарынды терең біліммен толықтырып, ана тілімізге қоса латын, араб, парсы, түрік, орыс, неміс және француз тілдерін қажетті дәрежеде меңгеріп, сол тілдерде еркін оқып, сөйлеп, жаза білген Х.Досмұхамедұлы көзінің тірі кезінде алдына жан салмас ғажайып лингвист, фольклорист, тарихшы-этнограф, аудармашы болған." Х.Досмұхамедұлы соңына мол шығармашылық мұра қалдырған. Алғашқы қазақ зиялыларының арасында Петерборда қатар оқыған екі арыс – дәрігер Х.Досмұхамедұлы мен теміржолшы-инженер М.Тынышбайұлы бар. Х.Досмұхамедұлы – Нобель сыйлығының иегері, академик И.П.Павловтың шәкірті. Ғалым халық ауыз әдебиетін жинаумен, жариялаумен айналысты. Халел Досмұхамедұлының ғылыми мұрасын зерттеу Тәуелсіздік кезеңінде іске асты: К.Нұрпейісов, Р.Сыздықова, М.Қойгелді, Ш.Сарыбаев, Д.А.Аманжолова, Р.Әлмұқанова, Ғ.Әнес, А.Мектеп, Ш.Керім, Д.Әбдірахимова, Д.Қабиғожин. Осы томға әдебиеттанушы Х.Досмұхамедұлының мынадай классикалық зерттеулері енді: «Аламан» (1924), «Қазақ халық әдебиеті» (1928), «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» (1923), «Кенесары-Наурызбай» (1923), «Мұрат ақынның сөздері» (1923), «Диуани лұғат ат-Түрік» (1923), «Шернияз шешен» (1925). Ахмет Байтұрсынұлының «Жазған сөз жаным ашып Алашыма» деген өлеңнің жалғыз тармағына сыйғызылған азаматтық ұран Отан алдындағы адалдықтың үлгісін көрсеткен ғибратты күрес және ғалымдық жолының Темірқазығы болып табылады және осы кітапқа енген Ә.Бөкейхан мен Х.Досмұхамедұлының да кез-келген ғылыми зерттеулерінен аңғарылатыны аян.

Айгүл Мұхаммедсерікқызы Ісімақова,

филология ғылымдарының докторы, профессор

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

ӘДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШ

АҢДАТУ

Біздің анық көріп, сезіп, біліп тұрған айналамыздағы нәрселердің бәрі не табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрсе, не адам ісінен шыққан жасалынды нәрсе. Орман, теңіз, тау, тас, өзен, бұлақ – бұлар табиғат ісінен жаратынды нәрселер; үй, кірпіш, бақша, арық, құдық – бұлар адам ісінен шыққан жасалынды нәрселер. Табиғат ісінен жаратынды нәрселердің бәрі табиғат дүниесі болады. Адам ісінен шыққан жасалынды нәрселердің бәрі өнер дүниесі болады, өйткені жасалынды нәрселердің істеліп шығуына адам ақылы, әдіс-амалы, шеберлігі, өнер күші кіріскен. Өнер түрлі болады. Біреулер үй салады, арық қазады, етік тігеді, арба істейді, киіз басады, ыдыс жасайды, тағысын тағы сол сияқты шаруаға керек нәрселерді жасайды. Біреулер көрікті мешіт, көрнекті там, көркем сүгірет салады. Әдемі ән, әсерлі күй, ажарлы сөз шығарады. Алдыңғы өнер мен соңғы өнердің арасында айырым бар. Алдыңғы өнерден шыққан нәрселер күн көру ісіне керек шаруа керек-жарақтары. Мұны істегенде, «сұлуынан жылуы» дегендей, көркем болуын көздемейді, тұтынуға қолайлы, жайлы, берік болу жағын көбірек көздейді. Екінші өнерден шыққан нәрселер жылуынан гөрі сұлу болуы көбірек көзделінгеннен, көзге көркем, көңілге жағымды болып істелген нәрселер. Алдыңғы нәрселер адамның, мақұлықтық жан сақтау керегінен шыққан нәрселер. Соңғы нәрселер адамның жан қоштау керегінен шыққан нәрселер. Сондықтан алдыңғы нәрселерді жасауға жұмсалатын өнер – тіршілік үшін жұмсалатын тірнек өнері болады да, соңғы нәрселерге жұмсалатын өнер – көрнек өнері болады.

КӨРНЕК ӨНЕРІНІҢ ТАРАУЛАРЫ

Көрнек өнері бес тарау болады:

Бірінші – тастан, кірпіштен, ағаштан яки болмаса басқа заттан сәнін келтіріп сәулетті сарайлар, мешіт, медресе, үй, там сияқты нәрселер салу өнері. Бұл сәулет өнері болады (европаша архитектура). Екінші – балшықтан я металдан құйып, тастан я ағаштан жонып, нәрсенің тұлғасын, тұрпатын, сын-сымбатын келтіре сүгірет жасау өнері. Бұл сымбат өнері болады (европаша скульптура). Үшінші – түрлі бояумен нәрсенің ісін, түрін, түсін, кескін-келбетін келтіріп, сүгіреттеп көрсету өнері. Бұл кескін өнері болады (орысша живопись). Төртінші – әуездің түрлі орайын, шырайын, сазын, сайрауын келтіріп, құлаққа жағып, көңілді әсерлейтін ән салу, күй тарту өнері. Бұл әуез өнері (европаша музыка). Бесінші – нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері. Бұл сөз өнері болады (қазақша асыл сөз, арабша әдебиет, европаша литература). Өнердің ең алды сөз өнері деп саналады. «Өнер алды қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің қызметін шама қадарынша сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді сүгіреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын сөзбен сөйлеп, сүгіреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді. Сөзбен қандай сымбаттау я кескіндеуге болатындығын көрсету үшін бірнеше мысал келтіріп қарайық. 1) Абайдың әйелді сымбаттауы:

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласыз қара көзі нұр жайнайды!
Жіңішке қара қасы сызып қойған
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.

Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,
Ақша жүз, алқызыл бет тіл байлайды.
Көрінер аузын ашса, кірсіз тісі,
Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды.

Сөйлесе сөзі әдепті һәм мағыналы,
Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды
Жұп-жұмыр ақ торғындай мойыны бар,
Тамағын үлбіреген күн шалмайды.

Тақтайдай жауырыны бар, иығы тік,
Екі алма кеудесінде қисаймайды.
Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес,
Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды.

Етіндей жас баланың білегі бар,
Әжімсіз ақ саусағы іске ыңғайлы.
Шашы бар қолаң қара жібек талдай,
Толқындай толқындырып көз таңдайды.

2) Абайдың күзгі күнді сүгіреттеуі

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма?
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Айырылған жапырағынан ағаш, қурай.

Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп, шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.

Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шөміші жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де жабыраңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.

Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Тышқан аулап, үйде ит жоқ қайда көрсең.

3) Мағжанның толқынды сипаттауы

Толқыннан толқын туады,
Толқынды толқын қуады.
Толқын мен толқын жарысад,
Күңіренісіп кеңеспен,

Бітпейтін бір егеспен
Жарысып жарға барысад.
* * *
Толқын мен толқын сырласып,

Сырларын еппен ұрласып,
Толқынға толқын еркелеп,
Меруерт көбікке оранып,
Жыландай жүзге бұралып,

Жарға жетер ентелеп.
* * *
Еркелеп бала былдырлап,
Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,

Толқынды толқын қуады.
Күміс кәусар суымен,
Суының алтын буымен
Жарының бетін жуады.

* * *
Мөлдіретіп көз жасын,
Жасымен жуып жар тасын,
Сүйтіп сылқ-сылқ күледі.

Жылағаны – күлгені,
Күлгені – оның өлгені.
Жылай-күле өледі.
* * *

Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,
Бірінің сырын бірі ұрлап,
Толқынды толқын қуады.
Жарына бал береді,

Береді де өледі.
Өледі толқын, тұрады.
* * *

4) Абайдың ән мен күйді сөзбен сипаттап танытуы

Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,
Адам ойы түрленіп ауған шақта.
Салған ән көлеңкесі сол көңілдің,
Тактысына билесін ол құлаққа.

* * *
Шырқып, қалқып, сорғалап, тамылжиды,
Жүрек тербеп, оятар баста миды.
Бұл дүниенің ләззаты сонда,

Ойсыз құлақ ала алмас ондай сынды.
* * *
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.

Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы оятар.
* * *
Көбінесе ән басы келер ащы,

Кел тыңда, деп өзгеге болар басшы
Керім толғап тауысар дүңгір-күңгір,
Сол жеріне ойыңмен араласшы.
* * *

Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.

СӨЗ ӨНЕРІ

Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға; 2) қиялға; 3) көңілге. Ақыл ісі – аңдау яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау. Қиял ісі – меңзеу яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеу, суреттеп ойлау. Көңіл ісі – түю, талғау. Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама қадарынша жарайды, бірақ тілді жұмсай білетін адамы табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек. Мүддесін тілмен айтып жеткізу қиын екендігін мынадан байқауға болады: орыстың асқан ақыны Пушкин жазған өлеңдерінің кейбіреуін 13 рет түзеткен. Орыстың асқан ойшысы, сөз өнерпазы Лев Толстой шығарған сөздерін баспаға беріп қойғаннан кейін де талай өзгертеді екен. Бұл ойыңдағы, қиялыңдағы, көңіліңдегі нәрсені тілмен айтып жеткізу өте қиын екендігін көрсетеді. Сөз өнері жүзінде асқан өнерпаздар мүддесін тілмен айтып жеткізе алмай, сондай қиналғанда, өзгелерге ондай іс оңай болып табылар ма? Сондықтан сөзден жасап сөз шығару деген жұмыс әркімнің қолынан келе бермейді және шығарғандардың да сөздері бәрі бірдей жақсы бола бермейді.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да ішінде бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістрер қай баласы? –

деп Абай айтқандай, сөз шығаратындар көп, бірақ келістіргендері аз болады. «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай жүгіреді». Әр ақын, әр жазушы сөздің басын өзінше құрастырып, өз оңтайымен тізеді. Өз білуінше пікірлейді, сондықтан әрқайсысының лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік белгісі болады. Ол айырым белгілерін жай айтып түсіндіру қиын. Әрқайсысының шығарған сөздерін оқып, әбден танысып, үйреншікті болғанда ғана сезілетін белгі. Шеберлердің қолынан шыққан нәрселермен таныс адам сол шеберлердің істеген нәрселерін қай жерде көрсе де айтпай таниды. Мәселен, пышақты көріп, «мынау пәлен ұстаның қолы екен» дейді; ерді көріп «мынау пәлен ершінің қолы екен» дейді. Сол сияқты сөз өнерпаздарының да шығарған сөздерін оқып, лұғатына үйір болғаннан кейін, оның бұрын оқылмаған, аты қойылмаған сөздерін де айтпай тануға болады. Сөздің өзін танытатын белгі – тіл яки лұғат белгісі болады. Ол белгі әркімнің өз ыңғайымен, өз оңтайымен сөз тізіп, әдеттенуінен, салттануынан болады. Әркімнің өз салты болғанмен, ол салттар жалпы сөз тізу салттарынан, шарттарынан аса алмайды. Сөз шығарушылар әуелі сөз ұнасымына керек жалпы шарттарды орнына келтіріп, өзінің өзгеше әдісі болса, соның үстіне ғана қосады. Сондықтан сөз шығарушылар бәрінен бұрын шарттарын білу қажет.

ШЫҒАРМА СӨЗ

Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып, көбінесе шығарма деп айтылады. Ауызша шығарылған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын бәрі шығарма сөз болады. Шығарманың түрлері толып жатыр, оның бәрін шумақтап бір-ақ атағанда, арабша әдебиет, қазақша асыл сөз дейміз. Шығарма сөздің бәрінен бұрын байқалатын тысқы нәрселері: 1) тақырыбы; 2) жоспары; 3) мазмұны; 4) түрлері.

Тақырып – әңгімедегі пікір не туралы болса, сол нәрсе тақырыбы болады. Мәселен, пікір жаз туралы болса, шығарманың тақырыбы «жаз» болады. Той туралы болса, тақырыбы «той» болады, ат туралы болса, тақырыбы «ат» болады. Әңгімедегі пікір не туралы екенін күн ілгері білдіру үшін шығарманың тақырыбы басына қойылады. «Айман-Шолпан», «Бақытсыз Жамал», «Қобыланды батыр», «Атымтай Жомарт» деген сөздер шығарма тақырыптары болады және бұл сөздер Айман-Шолпан, Бақытсыз Жамал, Қобыланды батыр, Атымтай Жомарт турасында айтылатын әңгімелердің басында тұрады. Әңгіме басында тұрған «Айман-Шолпан» яки «Бақытсыз Жамал» деген сөздерді көріп, кім туралы екенін бірден білеміз, бірақ шығарма сөздің бәрінің де басына тақырыбы қойыла бермейді. Көбінесе өлең сөздердің басына тақырыбы қойылмайды, үйткені бір өлеңнің ішінде бірнеше нәрселер туралы айтылып кетеді. Тақырыбы бар сөздер Айман-Шолпан», «Бақытсыз Жамал» деп тақырыбы аталғанда, тақырыбы басына қойылмаған сөздер, мәселен, өлеңдер бастапқы жолындағы сөздермен аталады. Абайдың өлеңдерінде тақырып қойылмаған сөздер көп. Оларды атағанда алдыңғы сөздерін айтып, атаймыз: «Өзгеге көңілім тоярсың», «Келдік талай жерге енді» деген өлеңі дейміз.

Жоспар. Сөз шығарудан бұрын шығарушы айтатын пікірін қай ретпен жазатынын мерзімдеп, жоспарлап алады, онысы неден басталады, неден соң нені айтып, немен аяқтайтынын белгілеп алу болады. Әңгіменің жоспарын шығарушы адам я ойында белгілеп алады я қағазға жазып алады. Қай шығарма сөзде де болса, жоспар болады, бірақ біреуінің жоспары, тәртібі сара-сара ашық болады. Біреуінің жоспары тәртіпсіз, былықпа, ашық болмайды. Қаншама кішкентай шығарма болса да, өзіне сәйкес жоспары болады. Балғожаның баласына жазған хаты деген кішкене өлең бар, кішкене өлеңнің кішкене жоспары мынау:

1) Оқудағы баласына ата-анасы амандығын білдіру; 2) Баласына айтқан ақылы; 3) Оқымаған қазақ балалары не істейтінін көрсетуі. Әңгіме үлкенірек болса, жоспары да үлкен болады. Алайық, мәселен, Сейдахмет ақынның қондырмаған құрбысына айтқан өлеңін. Бұл әлгі айтылған өлеңнен үлкенірек, мұның жоспары да үлкенірек, мынадай:

Құрбысының кім екені; 2) Құрбысының қонуға келгені; 3) Құрбысының қондырмағаны; 4) Қалаға жақын жердегі қонақасының қымбат, арзандығы; 5) Көңілдестігін көрсетуі.

Мазмұн. Шығарманың тақырыбынан басқасы мазмұны болады. Солай болған соң, мазмұн дегеніміз – бір нәрсе туралы ойға алған пікірді айтуға жұмсаған бүкіл сөзіміз мазмұн болып шығады. Мазмұнның үш мүшесі болады: 1) аңдату; 2) мазмұндау; 3) қорыту.

Мазмұнның аңдатуында мазмұн туралы алдын ала айтарға керек болған ғана ойлар айтылып шығады, сондықтан мазмұнның бұл мүшесі шығарған сөздің бәрінде де бола бермейді. Аңдату мүше шығарманың керегіне қарай болады. Мазмұндауында ой тиегін ағытқан сияқты айтайын деген пікірдің бәрі айтылады. Мазмұндау шығарманың мазмұн мүшесінің ең зоры, онсыз шығарманың мазмұны болмайды. Мазмұнның қорытуында мазмұндауда айтылған пікірдің қорытылып, маңызы шығарылады. Қорыту мүше де мазмұн біткеннің бәрінде бола бермейді. Бұ да керегіне қарай болатын мүше, сүйтіп шығарма мазмұнының аңдату, мазмұндау, қорыту үш мүшесінің үшеуі де болуға ықтимал; басқалары болмай, жалғыз ғана мазмұндау болуға да ықтимал; кейде аңдату мен мазмұндау ғана болады; кейде мазмұны мен қорыту ғана болады.

Түрі. Шығарманың мазмұны қай-қай түрде айтылса, сол түрі шығару түрі деп айтылады. Шығарманың мазмұны төрт түрде айтылады: 1) жай сөйлеу түрде; 2) сөйлестірген түрде; 3) хат түрінде; 4) аралас түрде.

М ы с а л:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре-тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл мақұрым болмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл, деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,

Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.
«Кебек : – Ассалаумағалейкүм! Кеш жарық! (төрге шығады).

Ақан: – Аликсалам, е-е, жарқын, қай ұлсың? Танымадық Кебек: – Ата, мен тобықты Тоқтамыстың інісімін. Атым – Кебек болады (Еңлік қарайды).

Ақан: – Уа, тобықтының ер, азаматы аман ба? Елдерің тыныштық па? Кебек: – Шүкіршілік, аман, ата! (үі ішіндегілердің бәрімен де амандасады. Біраз тым-тырыс). Ақан: – Жарқын, беймезгіл уақытта келдің, мына пісіп тұрған дәмге риза боламысың, жоқ қайтадан қазан көтерсін бе?

Кебек: – Осы да болады ғой, ата! Көтермей-ақ қойсын.
Ақан: – Өзің түнделетіп қайдан жүрсің, балам?

Кебек: – Бүгін бір аңшылық қыла шығып едім, әлгі бір әзірде түлкінің ізі кездесіп еді, аң көздің құрты ғой, күн батқанға қарамай, соның ізіне түсіп, жаңа мына бір жердегі шатқалда алғыздым. Соған алданып жатқанымда бұлыңғыр түсіп кеткен екен, әйтеуір иттің дауысымен осында әрең жеттім

Ақан: – Мақұл, балам. (айқайлап) Жапал, әй, Жапал!
Жапал (тыстан) – Ау, немене?

Ақан: – Қойды көңге қайырып қой, балам, ығып кетіп жүрмесін, боран болып, үйтсе-бүйтсе, мына қонағыңның атын ыққа байлап қой, шарбақтың ішіне кіргізіп».

......................................................
Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін Құдай Тағалам!
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,

Сүйтіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Сабаққа көңіл бөлсең басыларсың.
Ата-анаңды өнер білсең асырарсың,

Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің?
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың ортасында

Жүргенмен не мұратқа жетер едің?!

Шығару түрі шығармаларда дәйім бірөңкей болып, осы көрсеткен мысалдардағыдай кілең сөйлеу түрінде я кілең сөйлестірген түрде яки кілең хат түрінде болып айтыла бермейді. Көбінесе аралас түрде айтылады, әсіресе сөйлеу мен сөйлестірген түрлері аралас келіп отырады.

М ы са л:
Жәнібек батыр

Жәнібек батыр бала күнінде ақыл-білім үйрену үшін қаракерей соқыр Абыз дегенді іздеп келген екен. Сәлем беріп кіріп келсе, қарттықтан жағын жібекпен таңып отырған адам екен, Жәнібекті көріп:

Сен қай ұлсың? – дейді.
Қошқар ұлымын, – деді.
Қошқардың адам иісті бір ұлы бар деп еді, сол боларсың ба? – дейді.
Болармыз, – деді.

Балам, не жұмысың бар, бұл жақта неғып жүрсің? – дейді.

Осы жақта қарт атамыз бар дегенге, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл-білім алайын деп жүр едім, – деді. А-а! Ел бастап, жұрт алайын деген ұл екенсің, сөз бастап би болайын деген ұл екенсің. Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма, аймағың кетпес алдыңнан. Қол бастап, жол алайын деген ұл екенсің. Жолдастың мыңын алма, бірін ал, мың кісіге бір кісі олжа салатұғын! Олжаңды аямасаң жолдасың қалмас жаныңнан. Жүз жиырма алтыға келіп отырмын. Жас күніңде қалың бер де, қатын ал. Жігіттің хан болатын, қыздың ханым болатын уақыты сол. Қартайған соң өкінбе, ұлым! Қару жисаң мылтық жи, жаяу жүрсең – таяғың, қарның ашса – тамағың! Мұнан шығып Кіші жүзде тоқсанға келіп отырған Тайған деген биге келеді. Келсе, бидің елі көш екен. Көш үстінде кез болып сәлем беріп, ат үстінен көріседі. Мұнысын жақтырмай, бұл би де сұрайды:

Жаным, қай ұлсың?
Қошқарұлымын.
Ұлым, неғып жүрсың?
Жәнібек оған да айтады:

Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге жолығып, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл сұрамақшы едім, – деп. Е-е-е!, – деді би. Азуы алты қарыс арғынның Қошқарұлы Жәнібегі алшынның бір алжыған шалын келемеж қылып кетейін деп едім десеңші.

Жәнібек:

Мен сөз сұраймын деп келсем, көңілімді қайтарды ғой, – деп атының басын бұрып алып, жүріп кетеді. Анадай жер барғанда, би:

Әй, Жәнібек, – деп шақырады. Жәнібек артына қарайды. Сонда би: Атыңның басын бұрма, солай тұр! Жүзім кішілігінен бір ауыз сөзбен көңіліңді қайтардым. Өгізді өрге салма, қанатың талар, жаманға жүзің салма, сағың сынар, – депті.

Мазмұн түрлері Шығарманың мазмұнында байқалатын негіздік түрлер үшеу: 1) әуезе; 2) әліптеу; 3) байымдау. Дүниедегі нәрсенің қайсысы туралы сөйлесек те, бір жағынан ғана емес, әр жағынан алып, сөз қылуға болады. Мәселен, бір адамды сөз қылуға алсақ я ол адамның істеген ісін, айтқан сөзін әуезе қылып сөйлейміз. Я тұлға, тұрпатын, кескінін, көркін айтып, пернесін әліптеп сөйлейміз я болмаса ол адамның істеген істерінің, өзінің жақсы-жаман болғанының мәнісін, себебін тексере, байымдап сөйлейміз. Осыған қарай сөйлеген сөзіміздің түрі не әуезе, не әліптеме, не байымдама болып шығады. Жоғарыда мысалға алынған шығармалардың әуезе болатын түрі: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген Абай сөзі. Әліптеме болатындары: «Абайдың әйелді сипаттауы», «Күзді әліптеуі»; Мағжанның «Толқынды сипаттауы»; Абайдың «Әнді сипаттауы». Байымдау болатыны – «Балғожаның баласына жазған хаты». Көбінесе-ақ әуезе, әліптеме, байымдама шығарма ішінде аралас келіп отырады. Жоғарғы көрсетілген сөздердің қайсысы да болса, таза бір түрдегі мазмұнды емес. Мазмұн түрінің аралас келетін шығарманың мысалы жоғарыдағы «Жәнібек батыр» деген сөз.

Б І Р І Н Ш І Б Ө Л І М

СӨЗ ӨНЕРІНІҢ ҒЫЛЫМЫ

Сөз өнеріне жұмсалатын зат – сөз.

Сөз шумағы тіл деп аталады. Сөз өнеріне жұмсалған сөз шумағы да тіл я лұғат деп аталады. Шығарма тілі екі түрлі болады: 1) Ақын тілі. 2) Әншейін тіл. Ақын тілі – айрықша өң беріліп айтылған сөз; әншейін тіл – ондай өң берілмей, жай айтылған сөз. Ақын тілімен сөйлегенде, сөзге айрықша өң берілгендіктен лебіз көрнекі болып шығады. Әншейін тілмен сөйлегенде сөзге өзгеше өң берілмегендіктен лебіз сида, жалаңаш болып шығады. Сондықтан алдыңғысы көрнекі лебіз деліп, соңғысы жалаң не көсе лебіз делініп айтылады.

Сөз өнері деп, асылында, нені айтамыз?

Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп, қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз осылай шығарған сөз. Сөзді бұлай етіп шығаруға көп өнер керектігі жоғарыда айтылды. Сөз шығару өнерді қорек қылса, өнер ғылымды қорек қылады. Сонан сөз өнерінің ғылымы туады. Шығарманың екі жағы бар: 1) ішкі пікір жағы, 2) тысқы тіл жағы. Сондықтан сөз өнерінің ғылымы екіге бөлінеді: 1) шығарманың түрінің ғылымы, 2) шығарманың тілінің ғылымы. Тілінің ғылымы дыбыстардың, сөздердің, сөйлемдердің заңынан шығатын тіл өңінің жүйелерін танытады, ал түрінің ғылымы сөз өнерінен шыққан нәрселердің мазмұн жағының жүйелерін танытады. Сондықтан сөз өнерінің ғылымы тіл өңі жағынан тіл я лұғат қисыны болып, мазмұн жағынан қара сөз жүйесі, дарынды сөз жүйесі болып бөлінеді.

Әр саласы айырылып, бөлек-бөлек сөз болмақшы.
Тіл қисыны яки лұғат қисыны

Тіл қисыны дегеніміз – асыл сөздің асыл болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым. Лебіз ғылымының мақсаты – асыл сөздердің асыл болатын заңдарын білдіріп, түрлерін танытып, әдебиет жүзіндегі өнерпаздардың шығарған сөздерінің үлгі-өнегелерімен таныстырып, сөзден шеберлер не жасағандығын, не жасауға болатындығын көрсету.

Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Үй салуға мәселен, түрлі зат керек. Ол керек зат – топырақ болса, оны біріктіріп илейді, илеген балшықтан кірпіш құяды. Кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. Үйдің жақсы-жаман болып шығуы балшығынан да, кірпішінен де болады, бірақ көбінесе кірпіштерінің қалауынан болады. Кірпіш қандай жерде қалай қаланып, қандай үй болып шығуы жасаған жобаға қарай болады. Неғұрлым жоба жасайтын сәулет өнерпазы қиялға бай болса, соғұрлым салған үй сәулетті, әдемі болып шықпақ. Сөзден құрастырып, пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат – сөздер. Топырақтан иленіп кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып сөз жасалған. Кірпіштен қалап түрлі үй жасау сияқты сөзден бірігіп, түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы балшығынан, кірпішінен, әсіресе қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе сөздің тізілуінен. Балшық жаман болса, кірпіші жақсы болмайды, кірпіш жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды. Сол сияқты тілдің дыбысы жаман болса, дыбыстың қосылуы жақсы болмаса, сөз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас, бірақ тізуі жаман болса, дыбысы жақсы сөздерден де жақсы әңгіме шықпайды. Сондықтан мәнісінің зоры кірпіштің қалауында, жобаның жасауында болған сияқты, әңгіменің әдемі болып шығуы сөздің тізілуі мен әңгіме айтушының пікірлеуінде. Неғұрлым сәулет өнерпазы қиялға бай болса, соғұрлым үй де сәулетті, әдемі болып шығатыны сияқты, неғұрлым жазушы қиялға бай, пікірге шебер болса, соғұрлым шығарған сөз пікірлі, әсерлі, әдемі болып шықпақ. Жақсылап үй сала білу үшін сәулет өнерпазы үй салуға ұсталатын заттардың сыр-сипатын, қасиетін жақсы білу тиіс. Оларды тиісті орнына жұмсауын жақсы білу тиіс. Кірпіштің түрлі қалауларын жақсы біліп, белгілеген жобамен үйдің түрін келістіріп шығару жағын жақсы білуі тиіс. Мұның бәрін жақсы білу үшін сәулет өнерінің ғылымын жақсы білу керек. Сондай-ақ, тіліндегі сөзден құрастырып қисынын келтіріп, жақсылап бір нәрсе шығару үшін сөз өнерінің ғылымын жақсы білу керек. Дыбыстың, сөздің, сөйлемнің сыр-сипатын тану, заңдарын білу – бұл үйге керек заттардың сыр-сипатын білу сияқты нәрсе. Керек заттарын сайлап алып, үй салуға кірісу – дыбыстың, сөздің, сөйлемнің жайын біліп алып, солардың әрқайсысын дұрыстап орнына жұмсап, пікірлі әңгіме шығаруға кіріскен сияқты болады. Айтушы ойын өзі үшін айтпайды, өзге үшін айтады, сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек. Оның үшін айтушы сөйлемейтін тілін жақсы қолдана білу тиіс яғни әр сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыстап, сөйлемді тізе білу тиіс. Адам ана тілін жасынан естуінше үлкендерден үйренеді. Сонан соң тіл танытқыш кітаптардан таниды. Онан әрі үлгілі жазушылардың шығарған сөздерін оқып, өзі іс жүзінде иә жазып қолданумен біледі. Біз қазақ тіліндегі сөздің бәрін білгеніміз қазақ тілін қолдана білу болып табылмайды. Тілді қолдана білу – айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз. Қазақ тілі қазақ ортасындағы бәріне бірдей ортақ мүлік болғанмен, бәрі бірдей пайдаланбайды. Әркім әр сөзді өзінше қолданады, өзінше тұтынады. Бүтін пікірін айтып шығатын әңгіме түгіл, жалғыз ауыз амандасу жүзінде де әркім әртүрлі сөз қолданады. Мәселен, біреу «амансыз ба?» деп, біреу «есенсіз бе?» деп, біреу «сәлемет жүрсіз бе?» деп, біреу «күйлі, қуатты барсыз ба?» деп амандасады. Бәрінің де ой, мақсаты бір. Бәрінікі де амандық білу, амандық сұрау, бірақ әркім әртүрлі сөз қолданып, өзінше сұрайды. Сол сияқты әркім пікірін сөз қылып шығарғанда да ана тіліндегі сөздердің әрқайсысын әртүрлі қолданады. Қысқасын айтқанда, әркім сөзді өз қалауынша алып, өзі оңтайлы көруінше тұтынады. Әркім өз қалауынша алып, өз оңтайынша алып тұтынған сөзі сол адамның тілі болады. Сөздің келісті болатын заңдарын, шарттарын біліп тізу – тіл қисыны деп айтылады.

Сөз талғау Шығарма тілі екі түрлі болатындығы жоғарыда айтылған еді. Оның бірі – ақын тілі деп, екіншісі – әншейін тіл деп аталады деп едік. Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтығын, тазалығын, дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, анықтығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекті, әуезді болу жағын талғайды.

Шығарма сөз өңді, ұнамды болу туралы талғаудың қоятын жалпы шарттары мынау:
Сөз дұрыстығы

Сөз дұрыс айтылуы деп әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы айтылады. Олай болу үшін керек: Сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулық сияқты нәрселерді жақсы біліп, әрқайсысын өз орнына тұтыну;

Сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру; Сөйлемдерді бір-біріне дұрыс орайластырып, дұрыс құрмаластырып, дұрыс орналастыру.

Тіл тазалығы Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау. Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңісіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу. Орыстың жақсы жазушыларын алсақ, олар көбінесе мынау түрлі сөздерден қашқан:

а. Ескірген сөздерге жоламаған;
ә. Жаңадан шыққан сөздерден қашқан.
б. Өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашқан.

в. Жергілікті сөздерге яғни бір жерде айтылып, бір жерде айтылмайтын сөздерге жоламаған. Қазақ әдебиеті қатып-пісіп жетпеген уақытта біз қазақ сөзін ескі, жаңа деп талғамаймыз, жергілікті сөз екен деп ол жағынан қатал қарап, қашып тұрмаймыз. Жалғыз-ақ біздің мықтап қашатынымыз жатшылдық (жат сөзшілдік). Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып, сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты орындалған болады.

Тіл (лұғат) анықтығы Айтылған лебіз ашық, мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктендірмейтін болса, тіл анықтығы дегеніміз сол болады. Лебіз ашық, мағыналы болу үшін айтушы айтатын нәрсесін анық танитын болу керек. Адам анық танитын нәрсесін анық атайды да, көмескі танитын нәрсесін көмескі, күңгірт атайды. Сондықтан біреудің айтқан сөзін анық түсінеміз де, біреудің сөзін анық түсінбей, жорамалдап, жорып, ұйғарып қана қоямыз.

Лебіз анық болуына мынадай орындарда кемшілік келмек:
а) Лебіз мағынасы екіұшты ұғарлық болып айтылғанда. М ы с а л :
Жаман қатын алсаңыз,
Төркініне бере алмай,

Төсегіне жата алмай
Тең құрбысы келгенде,
Жөнді жауап таба алмай
Жалғанда қор болады.

Мұнда «жалғанда қор болады» дегенді екі түрлі ұғуға болады: «Төркініне бере алмай, төсегіне жата алмай» байы «қор болады» деп те ұғуға болады. «Тең құрбысы келгенде жөнді жауап таба алмай» қатыны «қор болады» деп те ұғуға болады.

Сол сияқты мынау да екіұшты лебіз: «Абай ұрыға қас еді, ұры ауылының маңына жоламаушы еді». Мұнда «ұры ауылының маңына» Абай «жоламаушы еді» деп те ұғуға болады, ұры Абай «ауылының маңына жоламаушы еді» деп те ұғуға болады. Абайдың мына сөзін екі түрлі ұғуға болады: «Қисық болса, закон бар судьяға беруге, ол да уезднай емес қой, алуға теңдік сенуге». ә) Сөйлемдер шұбалаңқы айтылып, бір басыңқы сөйлем қасында көп бағыныңқы сөйлем болса немесе сөйлемдердің құралу, құрмаласу, сабақтасулары шатақ түрде болса, әйтпесе тыныстар орнына қойылмаса.

М ы с а л: 1) «Өз әкесі Құнанбай... уақытындағы елдің құр мұсылманмын дегеннен басқа діннің не екенін білмей қан жеп, неше түрлі ырымдарға табынып жүргеніне қатты тыю салып, анық шариғат қоспаған істі қылған ғайыры бұзықшылық іс қылғандарға бек ауыр жаза салып, халық ауыл басы молда ұстатып, қадары қал ғылымның жолын көрсетіп, үлгі салған еді». 2) Соңғы уақытта Абай өзі өлеңінің өнер екенін біліп жаза бастаған соң бұрынғы ақындар надандықпен өлеңді өнер орнына ғибрат үшін айтпай тіленшілік орнына айтқандықтан ақындықтың да, өлеңнің де қазақ ортасында бағасы кеткендігін айтып, өзін олардың ретінен басқа қылып, алмақ пайда үшін емес, халықты ұмтылтып, көңіл көзін ашпаққа ғибрат үшін жазғанын білдіріп, өлең шығарған. 3) Сол себепті жазушылықтың өзі де екінші дәрежеде қалып салақ болып, берірек ұлғайыңқыраған кезінде өкініш түсіп, жасында ғылым жолында болмай, қазақтың айқайымен жүргендіктен, кешірген өмірінің, жазған өлеңінің ретсіз болып яки ғибрат алмаққа жарамайтындығын, ақылға сыйымсыз жері болса, кейінгі замандағы сынаушы жастардан өзінің тәрбиесіз, үлгісіз өскен өмірін айтып, надан елдің ішінде неше түрлі машақат, әурешілікпен бойды ыза кернеп, өткен қатам болса аяп, аз сөге көріңдер деп жазғаны – «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?..». 4) Сөздер өз мағынасында жұмсалмай, басқа мағынада меңзеу өрескел болса, мәселен:

Таулардан бұлақ ағар сарқыраған,
Күмістей сәуле беріп жарқыраған, –
дегеннің орнына «таулардан сарқырап, жарқырап, ақ күміс ағады» десе ...

5) Адас сөздерді аңдап айтпаса, мәселен, «ол елдің адамының бәрі азулы» дегенде адамның бәрі азып болғанын айтқаны ма? Болмаса «адамының бәрі мықты, азулы айғырдай» дегені ме? Анық емес. 6) Сөз өктейсіз орынға қойылғанда, мәселен, күндерде бір күн Сатемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі. Мұнда «бір аяғы ақсақ құмырсқа» деген сөз құмырсқаның бір аяғының ақсақ екендігін көрсете ме, болмаса аяғы ақсақ бір құмырсқа деген мағына ма – белгісіз.

Тіл дәлдігі Тіл дәлдігі деп ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады. Ұғымға сөз дәл келу үшін сөздің мағынасын дұрыс айыра білу керек. Тіл дәлдігін бұзатын көбінесе амәндес сөздер. Амәндес сөз деп мағынасы жақын сөздер айтылады. Мәселен, батырлық, ерлік, батылдық, өткірлік, өжеттік деген сияқты сөздер. Мұның бәрі жүректілікті көрсеткенмен әрқайсысының өз алдына өңі бар. Өңін танымай яки аңғармай, бірін бірінің орнына айтса, лұғат дәлдігіне кемшілік келтіреді. Тіл дәлдігіне мынадай орындарда кемшілік келеді

Сөйлем ішіне орын алып, оралғы болудан басқа қажеті жоқ сөздер кірсе.
М ы с а л:
а) Кейбіреулер дүние қуғыш, мал жиғыш, пайда қылғыш келеді.
ә) Өз көзіммен көріп, көз алдымнан атқарып келіп отырмын.

б) Оның қалыптанған ерте тұратын әдеті бар еді.

Бұл үш мысалдың ішінде алып тастаса, орны ойсырамайтын сөздер «мал жиғыш», «пайда тапқыш», «көз алдымнан атқарып», «қалыптанған» деген лебіздер. Бұлар сөйлем ішінде тұрғанда ғана толық болуына келтіріп тұрған пайдасы жоқ. Ойы қарайлас сөйлемдер қатар айтылғанда, мәселен, «Мен қартайған шағымда байы жоқ деп баққан жоқ, күйі жоқ деп күйген жоқ, қайраты жоқ деп қарасқан жоқ, әлі жоқ деп асыраған жоқ» деген сияқты. Бұлай айтудың сырты көркем сияқты көрінсе де, ішкі мағынасы пікірді толықтырмай, тек сөздің, сөйлемнің қарасын көбейтеді.

Тіл көрнекілігі Сөздің дұрыс, таза, анық, дәл айтылуының үстіне талғау сөздің көрнекі болуын да керек қылады. Адамға дерексіз заттан гөрі деректі зат түсініктірек, жансыз заттың күйінен жанды заттың күйі танысырақ. Сондықтан адам сөйлегенде сөзі толық түсінікті болу үшін дерексіз заттарды деректі заттарша, бернесіз заттарды бернелі затша сипаттайды, жансыз затты жанды заттай ғамалдайды. Ақ көңіл, шолақ ақыл, арам ой деу яки күн бүркіп тұр, найзағай ойнады, су қайтты деу я болмаса қазанның құлағы, ошақтың бұты, үйдің төбесі деу дерексіз заттарды деректі затша, жансыз заттарды жанды затша, бернесіз заттарды бернелі затша қалыптау, ғамалдау, бернелеуден шығып, әдетті сөзге айналып кеткен. Мұндай сөздер жалғыз әдетті түрінде емес, әдейі де айтылады. Мәселен, Мағжанның «Толқын» деген өлеңінде толқынның толқығанын бернелеп, түсінікті түрде көрсету үшін әдейі жанды нәрседей ғамалдап, былай дейді:

Толқыннан толқын туады,
Толқынды толқын қуады.
Толқын мен толқын жарысад
Күңіренісіп кеңеспен,

Бітпейтін бір егеспен.
** *
Толқын мен толқын сырласып,
Сырларын еппен ұрласып,

Толқынға толқын еркелеп,
Меруерт көбікке оранып,
Жыландай жүзге бұралып,
Жарға жетер ентелеп.

Осы сияқты өң берілген сөздер көрнекі тіл делінеді. Тіл көрнекі болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңылауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жету үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш тапқа бөлінеді: 1) көріктеу; 2) меңзеу; 3) әсерлеу. 1. Көріктеу Бір нәрсені көптен айырып, көзге көбірек түсерлік етіп айтқымыз келгенде ол нәрсенің атына айқын көрсеткендей сөз қосып айтамыз. Мәселен, «Қара Мұқан», «Сары Мұқан», «Болыс Мұқан» дейміз. Мұнда Мұқандарды бірінен-бірін айырып, әрқайсысын айқын шығару үшін Мұқан деген сөзге басқа сөздер қосып отырмыз. Атымтай Жомарт, Жиренше шешен, Қаз дауысты Қазыбек деу де айқындау мақсатпен айтқаннан шыққан. Бұл келтірілген мысалдардағы «қара», «сары», «болыс», «жомарт», «шешен», «қаз дауысты» деген сөздер айрықша мақсатпен әдейі айтылып тұр. Сондықтан айқындаудың бұл түрі тек айқындау ғана болады. Мұнан басқа көркейту мақсатпен айқындау бар. Мәселен, «қызыл тіл», «алтай түлкі», «ақ сұңқар» деген сияқты. Бұлай айқындау басында айыру мақсатпен айтылса да, соңынан көркейту мақсатпен айтуға айналған. Бұл күнде қызыл түкі, ақ сұңқар дегенде, «қызыл», «алтай», «ақ» деген сөздерді көбінесе көркейту үшін айтып жұмсаймыз. Сондықтан айқындаудың бұл түрі көркейту деп айтылады. Көркейту я жалпы сипатты болатындай етіп айтумен болады. Асылында, айқындау нәрсені иә көркейту үшін айтылады, иә лақаптау үшін айтылады. Сары арқа, сары қымыз, шалқар көл, самал жел, алалы жылқы, ақты қой, әділ би деген сияқты лебіздерде сары, шалқар, самал, алалы, ақты, әділ деген айқындау болады. Бұл айқындау көркейту үшін айтылып отырған айқындаулар. Асан Қайғы, Ер Тарғын, Қара Қыпшақ Қобыланды, Қаз дауысты Қазыбек, Бұғабай басшы, Орынбай ақын деген лебіздерде қайғы, ер, қара қыпшақ, қаз дауысты, шешен, ақын деген сөздер лақаптау үшін айтылып тұр.

Көркейте айқындау ақындар сөзінде көп келеді.
Мысалдар:

1. Ақ таудай аққан ақ бұлақ,

Айдынға құяр аққан су.
Алалы жылқы, ақты қой
Аңдыған бөрі кірмес пе?!
Иесі ұйықтап жатқан соң.

Алтын тақты әділ хан
Адасқан аққу халықтан соң.
(Байтоқ ақын)

2. Біз кеттік абайсызда елден шығып,

Жол тарттық құба шыңға Жемнен шығып.
Тамызда қызыл мұнар астық шөлге,
Қаз қонған баттауықты көлден шығып.
(Сүгір ақын)

Ақтөбе мен Қорғаншы
Асан Қайғы бабаның
Қызыл тастан үй салып,
Әңгіме құрып кеткен жер.

(Мұрат ақын)
Байлауда қалған ақ сұңқар
Бұрынғыдай бола алмас.
Көлден үйрек ала алмас

.............................................
Балдағы алтын ақ болат,
Енді белге ілінбес,
Ерлігім жауға білінбес.

Оза шауып олжа алған,
Таласты жерде жолды алған.
Жасанған жауға қол салған,
Қарт қожақ деген ер едім.

Алла тізгін оңдаса,
Көк сүңгіні салармын.
Балдағы алтын ақ берен
Қызыл қанға малармын.

(«Ер Тарғын»)
Меңзеу
Көрнекілеудің өзі бірнеше түрге бөлінеді:
Теңеу.

Көріктеу нәрсені айыра көрсетіп, айқын шығаруға жарағанмен, нәрсенің бернесін сүгіреттеп көрсетуге күші жетпейді. Ондай орында белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп, ашығырақ көрсетеміз.

М ы с а л:
Таулардан бұлақ ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, құйын соқса, бір қалыпта

Аралап тау мен тасты арқыраған.
.................................................................
Шапақтан бұлты шығар мұнарланып,
Жаңбырлы күндер түсер тұманданып.

Адамзат нұр ауасын судай жұтар,
Шөл тартқан хайуандарша құмарланып.
.......................................................................
Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша,

Жайқалып шыға келер жердің гүлі.
(Алтынсары Ыбырай)

Теңеудің неше түрлері ескі өлеңдерде көп кездеседі. Ер Тарғынның Тарланына айтқан сөзінің ішінде мынадай теңеу бар: 1. От орнындай тұяқтым,

Омыртқаң бар оқтаудай.
Жауырыныңа қарасам,
Сыпыра шапқан тақтайдай.
Құйрығыңа болайын,

Қынаптан шыққан қанжардай.
Жалыңа сенің болайын,
Күлтеленген жібектей.
Шықшытыңа болайын,

Оралып жатқан түбектей.
Құлағыңа болайын,
Көлге біткен құрақтай!
Қабағыңа болайын,

Қара албасты қабақтай.
Бауыздау жеріңе болайын,
Піскен алма сабақтай.
Екі көзіңе болайын,

Қорықтан жанған шырақтай. 2. Астына мінген Тарланның

Тұрпатына қараса,
От орнындай тұяқтан
Оймақтайы қалыпты.
Етектейін еріннен

Екі елісі қалыпты.
Қиған қамыс құлақтан,
Бір тұтамы қалыпты.
Жалбыраған жалынан

Жалғыз қарыс қалыпты.
Бір құшақтай құйрықтан
Бір уыстай қалыпты.

3. Бұқар барсаң құлан бар,

Құлаңды көр де, шашым көр.
Зергер барсаң қасында
Алтыннан соққан түйме бар.
Түймені көр де, басым көр.

Теңеу екі түрлі: 1. Әншейін теңеу; 2. Әдейі теңеу. Екеуінің арасындағы айырмасы сол: әншейін теңеу – әдетті теңеу болады. Мәселен, удай ащы, айдай жарық, күйедей қара дегендегі «удай», «айдай», «күйедей» деген сияқты сөздер.

Әдейі теңеу жоғарыда келтірілген мысалдардағы теңеулер.

Ауыстыру. Сөздің көбін өз мағынасында жұмсамай, өзге мағынада жұмсаймыз. Арасында түк ұқсастық жоқ екі нәрсенің ететін әсері бірдей болса, біріне қас ғамалды екіншісіне ауыстырып айтамыз. Мәселен, «күн құтырып кетті», «аяз қарыған», «қырау соққан» дейміз. «құтырып кетті», «қарыған», «соққан» деген сөздер нақ өз мағынасында емес, өзге мағынада айтылып тұр. «Құтыру» жанды, есті нәрсенің күйін көрсететін сөз. Мына күннің желдетуі адамның құтырған күйіне ұқсас әсер ететіндіктен, жанды нәрсенің күйін көрсететін сөз күннің күйін көрсетуге ауыстырылып алынып тұр. «Қарыған» деген сөз де солай алынып тұр, қарығанда ыссы нәрсемен қариды. Аяздың үсіткен жарасы ыссы нәрсенің қарыған жарасына ұқсас болғандықтан аяз ғамалына айтылып тұр. Соғудың өз мағынасы – бір нәрсені екінші нәрсемен ұру. Қырау бір нәрсеге түскенде оны ұрмайды, тек тиеді. Нәрсеге тигендегі келтірген зақымы соққаннан болатын зақымға ұқсас болғандықтан, «соққан» деген сөз қырау ғамалына ауыстырылып айтылып тұр. Осындай ұқсастығымен ауыстырып, өз мағынасынан өзгелеп айту – ауыстыру деп аталады. Сөз мағынасынан ауыстыру түрліше болады, көбінесе ұшырайтын түрлері мыналар:

Бейнелеу Бір нәрседе болмайтын күйді, екінші нәрседе болатын күйді көрсететін сөзбен айту бейнелеу болады.

М ы с а л д а р: 1. Бидайлар басы толық иіліп тұр,

Дән берген қожасына сыйынып тұр.
Басында бұл бидайдың дәні болмай,
Кекірейіп көкке қарап бүлініп тұр.
(Қырық мысал)

2. Жүгірер киік, құлан тау мен қырда,

Қуанып ықыласпен келген жылға.
Алыстан мұнарланған сағымдары
Шақырып тұрар құбылып кел, деп мұнда.
Көл бұзылып, көк шығып қойнын ашса,

Қаңқылдап қонар оған қаз бен тырна.
(Алтынсары Ыбырай)

3. Бұл күнде сөйлей берсем, сөз жетерлік,

Білгендер тағылым бар үлгі етерлік.
Кеңестің көзі ашылған бұлағымен,
Ағызып, шұқанақты көл етерлік.
(Наушабайдың Нұржаны)

4. Науша би, Есенғазы және Тауым,

Сыбанқұл сұңқар еді алған бауын.
Қожамжар Жантемірмен түсін ашып,
Билікке салушы еді омырауын.
(Сүгір ақын)

5. Атаңыз қиналады кетеді деп,

Қайсы қыз шырағыма жетеді деп.
Көшкенде көштің көркі көгершінім,
Қадірі кетсе мұның өтеді деп.
(Шернияз ақын)

6. Мен Қырымның ішінде,

Ақша ханның қызы едім.
Атам менен анамның
Асыранды қызы едім.
Жылқыда шаңқан бозы едім,

Қытай менен Қырымнан
Тәмам жақсы жиылса,
Аузындағы сөзі едім.
(Ер Тарғын)

7. Дұшпандар тың салмай ма, шабысыңа,

Тұлпардай дүбір шыққан дабысыңа.
Байұзақ, Батырбекпен екі нусың,
От салма, өзді-өзіңнің қамысыңа.
Белбеуді бел қышиды шешеріңде,

Жылқы мал тістеспейді өсерінде.
Екеуің орта жасқа келіп қалдың,
Тастама, жұртқа шала көшеріңде.
Бір дұшпан екеуіңді жанып жүр ме?

Жел сөзге арадағы нанып жүрме!
Басын тарт, тұлпарыңның керістірмей,
Сауырын зорықтырып алып жүрме!
(Мәделі қожа)

Ауысу да екі түрлі болады: 1) тіл ауысуы; 2) лұғат ауысуы. Мұнда да әдетті ауысу тілдікі болады да, айтушының сөзіндегі ауысу лұғаттікі болады. Лұғаттағы ауысу жоғарыда келтірілген мысалдардағы, тілдегі ауысу мәселен, суық сөз, суық жел, қызыл тіл, бақыт құс, ми ашыған, ант ұрған, жын қаққан сияқты сөздер.

Алмастыру

Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін айту төмендегі түрі болса, андай ауыстыру – алмастыру деп аталады.

Мысалдар: «Анау үйдің құдасы келіп жатыр» дейміз. Құда үйдікі емес, ол үйдегі адамдікі, үй мен үй иесінің арасы жақындығынан бірінің орнына бірін айтамыз. «Ауыл ұйқыда жатыр» дейміз. Ауыл ұйықтамайды, адамы ұйықтайды. Ауыл мен ауылдағы адам екеуінің арасында жақындық барлығынан адамның орнына ауылын айтамыз. Біреудің қолы жүйрік, шапшаң жащады дегеннің орнына «қаламы жүйрік» дейміз (қол мен қалам жақындығы). «Ет берілді ме?» дегеннің орнына «табақ тартылды ма?» дейміз яғни тамағын табағына алмастырып айтамыз. Сол сияқты «Неше аяқ іштің?», «Неше кесе іштің?», «Неше шелек құйдың?» дейміз (қымыз орнына аяғын, шай орнына кесесін, су орнына шелегін алмастырып айтамыз).

Үстіне кигені кілең жібек иә кілең былғары дейміз (киім орнына жасалған нәрсесін айтамыз). Ақсұлу мен Кеншімбайдың айтысқан өлеңінде Кеншімбайдың сөзінде былай деген жері бар:

Жаппастың сап-сары алтын жиған мүлкі,
Меймандос, келсе қонақ барша жұрты.
Шығады қыз, бозбала серуенге,
Үстіне масаты мен киіп құлпы.

Мұндағы алтыннан істелген бұйымдардың орнына бұйымдардың істелген затын – алтынды айтып отыр. Масаты мен құлпыдан істелген заты – масаты мен құлпының өздерін алып отыр. Абайдың сөзінен яки кітабынан көшіріп жаз деудің орнына «Абайдан көшіріп жаз» дейміз. Сөзінің орнына иесін атаймыз.

Кейіптеу

Жансыз нәрсені жанды нәрсенің күйіне түсіріп, тұрпаттау кейіптеу деп айтылады. «Қылышын сүйреіт қыс келеді» дегенде қиялыңа қылыш сүйреткен адамның сүгіреті келіп түседі. Қыста қылыш та жоқ, қылыш сүйрететін күйі де жоқ. Жансыз қысты жанды адамның күйіне түсіріп, адамның істейтін ғамалын телігендіктен, қыс бізге адам сүгіретінде келіп көрініп отыр.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды.
(Абай)
Асау Терек долданып, буырқанып,

Тауды бұзып жол салған, тасты жарып.
Арыстанның жалындай бұйра толқын
Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып.
Кавказдан шықты жайнап, қылып у-шу,

Түзу жерден жол кернеп, ұлғайды су.
Қалың қайрат бойында, беті күліп,
Момынсынған пішінмен ағады қу.
Кавказдай құзда туған перзенттенмін,

Бұлттың суын ішіп ержеткенмін.
Қазбектен ағам сені көксеп шығып,
Кім қақтықса, жолымда күйреткенмін.
Зор кеуде азаматтың айласына

Көнбей бүкіл күшімді көрсеткенмін.
Екі езуім көпіріп айғайласам,
Шын құтырсамшың-тасты тербеткенмін.
Аптығып асау інің келді, ақсақал!

Тау-тасқа, адамзатқа келіп жанжал.
Демалайын деп келдім, аш қойныңды,
Сәлем-сауқат әкелдім, хош көріп ал.
(Абай)

Бернелеу Бір нәрсенің, көбінесе адамның мінезін, құлқын, ғамалын екінші нәрсенің мысалында көрсетіп айту – бернелеу болады. Бейнелеу мен бернелеудің екі арасы жақын. Бейнелеу де, бернелеу де екі ұқсас нәрсенің бірін бірінің орнына айтудан шығады. Бейнелеу ұлғайғанда бернелеуге айналып кетеді. Мәселен, мынау түрлі сөздер бейнелеуден ұлғайып, бернелеуге айналып кеткен болады:

Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көгі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көтеруге құр халықтың.

Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдардан, құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым, екі аяқты!
Азаттық хайуанға қанша қажет?!

Жаратқан малды Құдай не керекке?
Мінуге, сою, срғу, жүндемекке.
Жорта бер, қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.

Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма, түрткенге айдап?
Есептен жаңылғандай болғандар көп,
Жасықты асыл ма, деп білмей қайрап.

Мағжанның «Шын айт» деген өлеңі де бейнелеуден ұлғайып, бернелеуге айналған сөздің түрі болады. Бейнелеу мен бернелеу арасындағы айырмасын мынадан анық көруге болады.

Бейнелеу мысалы:
Жан еркем, мен жүремін мынау күймен,
Бар ма екен ғашық жарын мендей сүйген.
Сен бір шам, айнала ұшқан мен паруана,

Айналып, аламын деп, отқа күйген.

Мұнда «мен бір шам» дегеннен бастап аяғына дейін бейнелеу болады. Бейнелеудің тағы бір мысалы:

Отқа ұшар көбелек,
Қарамай сорлы, алды-артын.
Ойына кіріп шықпайды,
Күйдірер, деп от-жалын

Шырқ айналып ентелеп
Жүрер де бір уақ ол қонар ...
Ұмтылған оты сорлыны,
Күйдірер де тез тынар.

Бұл келтірілген екі мысалдың екеуінде де адам күйінің көбелекке ұқсастығы айтылады. Ол ұқсастығын қысқалап айтқанда, бейнелеу болып, ұлғайтып айтқанда, бүтін мысалға айналып, бернелеу болып кетеді. «Қырық мысалдағы» мысалдардың, Абай кітабындағы мысалдардың бәрі бернелеу болады. Қазақтың «бернемен сөйлейді» деуінің өзі иә «пердемен жасырып сөйлейді» дегеннен шыққан, иә «бернемен сүгіреттеп сөйлейді» дегеннен шыққан боларға керек. Бұл екеуінің соңғысынан да алдыңғысы болуының ықтималы мол, үйткені «бернемен сөйледі» деп қазақтар сөздің өз мағынасын жасырып, өзге мағынамен сөйлегенде айтады. Бернелеу сол мағынасы жасырын сөздің нағыз өзі. Бернелеу біткеннің бәрінің лебіз мағынасынан басқа астыртын мағынасы болады. Бернелеу өте ұзақ болса, айтушы баяндап береді, иә болмаса ұшығын көрсетіп қояды. «Қырық мысалдағы» және мысалдардың көбінде-ақ бернелеудің астыртын мағынасынан баяндауы, шешуі бар. Жоғарыда айтылған Мағжан бернелеуінің де аяғында мынадай баяндауы бар.

Құрбылар, іске бет алсақ,
Ойламай қанат қақпалық.
Анау жарық, алтын деп,
Көрінгенге шаппалық.

Жолымен кетсек қанаттың,
Көбелектей күйерміз.
Алам деп алтын барғанда
Күлден кебін киерміз.

Жоғарыда көрсетілген «Адамдық диқаншысы» деген сөз бернелеудің астыртын мағынасының ұшығын көрсету болады. Шетін сездірген соң, ар жағының бәрі түсінікті. Бернелеу шығарманың неғұрлым лұғаты жайнақы, ойнақы келсе, әдемі болып шығады. Лұғатында жайнақылық, ойнақылық кем болса, бернелеу әдемі сөз болмай, әншейін сөзге айналып кетеді. Әсіресе бернелеу әншейін сөзге айналып кететіні лұғат жағының толық болуына назар салмай, тек бейнелеу, ұқсату жағына ғана ілтипат еткенде болады. Әдемі бернелеуге қоятын сын мынау түрлі болуы керек. Бернелеудің астарын қоя тұрып, өң жағын алғанда, астыртын мағынасын қоя тұрып, лебіз мағынасының өзін алғанда жолы қанша? Ұқсастығының сәйкестігі қанша? Дәл келе ме? Болмаса, июмен, бұраумен келіп, әдейі бернелейін деген ниеті көш жерден көзге түсіп тұра ма, я болмаса ұқсастығы өте алыс, көруге тым қараңғы ма? Егер де бернелеудің шешуі бар болса, онысының қажеті қанша? Керек болған халде өте ұзын емес пе? Ақылды ғана қанағаттандыра ма, болмаса көңілге иә қиялға тиісті сыбағасын да бере ме? Бернелеудің өзі болсын, баяндауы болсын, лұғаттың өте жинақы, ойнақы келгенін жақтырады. Бернелеудің өзінің де, баяндауының сынына үлгі болуға жарарлық «Қырық мысалдағы» «Иттің достығы» деген сөз жоғарғы айтылған сынмен сынағанда мұның өз басынан да, баяндауынан да сын табылмайды. Мұнда бернелеуге керек болатын лұғат жайнақылығы да, лұғат мағынасын қойып, тысқы лебіз мағынасын алғанда да иттің мінезін дұрыс сүгіреттейтін, тыңдауға тұрарлық сөз болып шығады:

Иттің достығы
Бір байдың «Төрткөз», «Мойнақ» төбеттері,
Өздері ит болса да әдепті еді.
Түнде үріп, күндіз үрмей, жай жататын

Болады әдепті иттің әдеттері.
Түс мезгіл екі төбет тойып жатып,
Кемпір наз, өкпе үшін қойып жатып.
Ас үйдің алдындағы күн шуақта

Сөйлесті әр нәрсенің басын шатып.
Сөз қылды жақсылықты, жамандықты,
Жомарттық, мырзалық пен сараңдықты.
Достықтың, дұшпандықтың жайын сөйлеп,

Қолға алды татулық пен араздықты.
Ділмарсып сол уақытта айтты «Мойнақ»:
Менсіз-ақ қара, Төрткөз, өзің ойлап.
Дүниеде онан артық не нәрсе бар?

Таласпай, тұрсаң тату күліп-ойнап?
Дос болсаң құшақтасып, жанға балап,
Сөз айтсаң бір-біріңе шырақ-қарақ,
Алты күн ашаршылық көрсең-дағы,

Жемесең бірің жоқта бірің тамақ.
Достың досы жұлдырмас жауға түгін,
Еш нәрсе айырмаса ара жігін.
Бірінің қабағына бірі қарап,

Білмесе күннің қалай өткендігін.
Не бар деп дүниеде мұнан артық?
Мен қалып, бір қиялға тұрмын бүгін.
«Жолдыаяқ», «ақсақ Құтпан», «жаман Сарқұс»,

Солар да тап-тату боп жүр, біздер түгіл.
Сөйлейді маңызданып, енді «Төрткөз»:
«Мойнеке, мұның әбден айтарлық сөзі.
Тұрмайтын бір күн тату неміз бар деп,

Мен-дағы ойлаушы едім осыны әр кез.
Не келіп, тірі жүрсең, не кетпейді?
Араз боп екеумізге не жетпейді?
Тамақ тоқ, өркені өссін иеміздің!

Тиіссіз сөгіп, соқпай, құрметтейді.
Расты рас демей, танамыз ба?
Бір сөтке татулық жоқ арамызда.
Тұрмайтын ренжуге аз нәрсеге

Екеуміз таласамыз, барамыз да.
Мұндай іс арасында болған емес,
Көз салсақ бұрынғы өткен бабамызға.
Атаның жолын қумай лаққанда,

Тура жол содан артық табамыз ба?».
Бұл сөзге көңілденіп Мойнақ тасты,
(Ол үлкен, онан гөрі Төрткөз жас-ты).
«Төрткөзім!», «Мойнекем!» деп бірін-бірі,

Дос болып, серт айтысып, құшақтасты.
Екеуін бірін-бірі сүйді, құшты,
Қызығы басылмаған достық күшті.
Ас үйден лақтырылған бір омыртқа,

Солардың нақ жанына келіп түсті.
Көрген соң майлы сүйек ит тұра ма?
Құшағын жазып ала жүгірісті.
Достықты, айтқан сертті былай қойып,

Екеуі бір-біріне салды тісті.
Досты дос мұнан артық қалай сыйлар,
Жүндері бұрқыраған аспанға ұшты.
Су құйып үстеріне, жиылған жұрт

Екеуін зордан ғана айырысты.
Иттерге таласса да жарасады,
Әйтпесе ит әдетінен адасады.
Дос болған адамдарға қарап тұрсақ,

Биікпен тең деп болмас аласаны.
Сүйектей арасына нәрсе түссе,
Иттерден олар артық таласады.
Әсірелеу

Бір нәрсені өте асырып я өте кемітіп айту әсірелеу болады. «Көп түкірсе, көл болар» деген мақал, «Көзінің жасы көл болды» деген мақал түкірік пен көз жасын өте асырып айтып отыр. «Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар» деген мақал, «Бойы бір тұтам» деген мақал арықтың күші мен аласаның бойын өте кемітіп тұр. Ақындардың өлеңінде де не осындай өте асырып, не өте кемітіп айту көп болады. Бұлай айтудағы мақсат сөздің әсерін күшейту, әсірелеу, әсіресе ескі сөздерде ескі ақындардың айтысқан иә мақтаған өлеңдерінде, батырлардың жырларында көп ұшырайды. Алаша Байтоқ ақын Жәңгір ханның істеген ісін айтып жоқтаған сөзінде былай деген жері бар:

Тастан сарай салдырған,
Ол салдырған сарайдың
Айналасы айшылық,
Көлденеңі күншілік.

Мұның соңғы екі жолында айтылған сөздер әсірелеу болады. «Қобыланды батырда» мынадай әсірелеулер бар: 1. Астындағы Бурылдың

Жоғарғы ерні көк тіреп,
Төменгі ерні жер тіреп
......................................

2. Асқар төбе бел еді,

Бірде шауып желеді.
Көлденең жатқан көк тасқа
Тіктеп тиген тұяғы
Ұршығынан енеді.

..................................... 3. Аттың жолы қазылды,

Ұмтылғанда қысынып,
Бес жүз құлаш жазылды.
...........................................

4. Қарсы келген қабақтан

Қарғып, асып жөнелді.
Сеңгір-сеңгір таулардан
Секіріп, асып жөнелді.
(Қобыланды батыр)

5. Тиеді ер пайдасы сасқан жерде,

Етегін ер жаңылып басқан жерде.
Жаманға жазатайым ісің түссе,
Қабысып қалады екен аспан жерге.

6. Қарағым, сапар шектің бөтен елге,

Қош айту қиын болды кетер жерге.
Мегзеген хор қызына сен кеткен соң,
Түсті ғой шыр айналып аспан жерге.

7. Қарағым, бөтен елге сапар шектің,

Айтысып, қош, аман бол, бізден кеттің.
Жманға малын берген еріп кетіп,
Досыңды ойнап жүрген зар еңіреттің.
Алайда еш өкпем жоқ, саған шырақ,

Аспаннан қан жауған күн сертке жеттің.
.................................................................
(Ғайнікей мен қыз Тойым)
Мезгеу

Бір ұғым орнына екінші бір ұғым айтылуы мезгеу болады. Мезгеу мынадан шығады: 1 Ана ауылға Омар, Оспан, Асан, Үсен келді деудің орнына ана ауылға Омарлар келді дейміз. Омарлар келді деуіміз мезгеу болады. Үй кімдікі екенін ұмытпа, үйге қара деудің орнына шаңыраққа қара дейміз. Шаңырақ мезгеу болады. 3) Осы ауылдың адамдары жүдеу екен деудің орнына осы ауылдың адамы жүдеу екен дейміз. Адамы мезгеу болады. 4) Абайдай ақын қазақтан туа бермейді ғой деудің орнына Абайлардай ақын қазақтан туа бермейді ғой дейміз. Мұнда Абайлар мезгеу болады. 5) Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге жайылады дейміз. Отыз тістен шыққан сөз емес, қырық рулы яки жиырма рулы елге жайылатын шығар, біз білмейміз. Отыз деп кесіп айтуымыз мезгеу болады. Мезгеумен айтылған сөз жай айтылған сөзден жинақы, ширақ келеді, сондықтан мезгеу ақындар сөзінде көп ұшырайды. 1. Ант ішкен күнде берген жаны құрсын!

Арын сатып, тіленген малы құрсын.
Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып,
Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын!
(Абай)

2. Кім біліп, ер еңбегін сезіп жатыр,

Кім шыдап жолдастыққа төзіп жатыр.
Сасық ми, сасық жүрек санасыздар
Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр.
(Маса)

3. Болған соң ағаң болыс, ендігің не?

Таласып мен болам деу кемдігің де.
Сөзімді достық білмей, қастық білсең,
Қаларсың Алтынбектің түндігінде.
(Бұдабай ақын)

4. Түрленіп жиырмада кидім киім,

Түсірдім атын ұстап, мырза-бидің.
Көрінсе қайда жақсы өзімсінген,
Келсейші, қайта айналып жігіт күйім.
(Наурызбай би)

5. Жау жоғары, біз төмен,

Жеткен екен қамалға.
Наурызбай сынды сұр перен.
(Нысанбай жырау)

6. Қайырсыз толып жатыр Қарынбайлар,

Қолы ашық аз табылар Атымтайлар.
Ат майын ағайынға берер ме екен?
Ат аяп, тайын мініп жүрген байлар.
Әсерлеу (лептеу)

Әсерлеу деп сөздің әсерін күшейтіп сөйлеуді айтамыз. Әсерлеу көңіл күйінен шығып, көңілге күй түсіреді. Көңіл қалыпты, тыныш күйінде тұрғандағы адамның аузынан шыққан сөз бен көңіл көтеріңкі иә бәсең уақытта адам аузынан шыққан сөздің екеуі бірдей болмайды. Әсерлеудің көбінесе айтылатын түрлері мынау: 1) Арнау; 2) қайталақтау; 3) шендестіру; 4) дамыту; 5) түйдектеу; 6) бүкпелеу; 7) кекесіндеу. 1. Арнау. Арнаудың өзі үш түрлі болады: 1. сұрай арнау; 2. зарлай арнау; 3. жарлай арнау. 1. Сұрай арнау мысалдары:

Не жазып ем, Құдай-ау, мен қазаққа?
Мүбтәла қып салғандай мұнша азапқа.
Адамшылық есебіне кірісіп,
Қолы жетсін дегеніміз бе азатқа?

Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным?
Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым?
Аштан өлген аталарың бар ма еді?
Тамақ үшін сатқан иттер иманын.

(Маса)
У-шу боп қыбырлаған төрт түлік мал,
Есетін солтүстіктен салқын самал.
Апырым-ай! Қандай жауыз тағдыр деген,

Бұйырған тұтқын болып жат та, қамал.
(Мағжан)
Барма, топқа шақырмай,
Жат үйіңде, шатылмай!

Шыдармын ба, япырым-ай,
Жатуға шықпай үйде енді!
Қатыныңның ойнасын,
Көрсең, білсең қоймасын.

Не ойлар едің өз басың?
Сонымен тең біз де, енді.
(Абай)
Алдымызда көрінген,

Балабамның таулары.
Артымызда көрінген,
Үргеніштің аңғары.
Енді бізге күн қайда,

Қайтып соған барғалы?
А, дариға, дүние-ай!
Көкірегімнің арманы.
Күндер қайда басқандай?!

Еттім қайрат мен жаста.
Хан қарадан жасқанбай
............................................
Құдірет Алла, не жаздым?

Бір сағатта тосқандай!
(Жүсіпбек пен Ақыметбек)
Желі толған сар түйе
Ағажан, кімге тапсырдың?

Қора толған ақты қой
Ай көке, кімге тапсырдың?
Тоғай толған мың жылқы
Күн көке, кімге тапсырдың?

Тоқсанда әкең Тоқтарбай
Алпыста шешең Аналық
Бірге туған мен зарлық
Ақ көке, кімге тапсырдың?

(Қобыланды ) 2. Зарлай арнау мысалдары:

Ойпырым-ай, Алла-ай, жасаған!
Қысылды ғой шыбын жан.
Қуат кеміп барады.
Көп болды мынау аққан қан,

Тәңірі, өзіңе жылайын!
Хал жоқ, қалай тұрайын?!
Жүректі жара жеп барад,
Жасаған-ау, қалай шыдайын?!

.................................................
Сауықшыл есіл елім-ай!
Сарыарқа сайран жерім-ай!
Күмістей таза суы бар,

Айдын шалқар көлім-ай!
...................................................
Қиналдың-ау, шыбын жан,
Тоқталсайшы ыстық қан!

Зарлайсың ғой жетім боп,
Бесікте қалған балапан!
(Мағжан)

3. Жарлай арнау мысалдары:

Бұл сөзге құлағың сал, ақын інім,
Ой-пікір, рухымыз жақын інім!
Ағалық правосын қолыма алып,
Келемін айтайын деп, ақыл інім!

(Маса)
Қара палуан Жәнібек,
Қаз дауысты Қазыбек.
Жетім қалған халқыңа

Тұлға болып артыңа
Кім тиянақ қазық ед?!
(Маса)
Еркіңді қу қайғыға берме, көңілім,

Күйленіп, бұрынғыдай керне, көңілім!
Қамығып, жабырқадың неге мұндай?
Талпынып көкке құлаш серме, көңілім!
(Сәкен)

Ассалаумағалейкум, батыр Ерден!
Кетіп тұр бақ-дәулетің тағы кердең.
Ішінде көп қарғаның бір бүркіттей,
Көзіме көрінесің келген жерден

(Орынбай ақын)
Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.
(Алтынсары Ыбырай)
Пір Назар, Смайыл мен Жүсіп Назар!
Тілімді алсаң мұныңды қой, мырзалар!

Бар ма еді құлағыңда қалған нақыл,
«Тозған қудан топтанған қарға озар».
(Бұдабай ақын)

2. Қайталақтау. Бір сөзді яки лебізді қайта-қайта айту қайталақтау деп аталады. Ондай қайта-қайта айту нәрсенің өзіне яки ғамалына көбірек назар салғызу үшін істеледі. «Кітапты әпер деймін, кітапты» дегенде кітапқа назар салғызу үшін кітапты қайта-қайта айтамыз. Бару ғамалына назар салғызу үшін. «Қарай-қарай көзім талды» дегенде яки «Сұрай-сұрай мезі қылды» дегенде көздің талуының, мезілеудің себебіне көбірек назар түсіру үшін «қарау» мен «сұрау» қайта-қайта айтылып тұр. Сол сияқты бір сөзді қайта-қайта айту шығарма сөздерде де болады. Шығарушы бірдемеге көбірек назар салғысы келгенде соны қайта-қайта айтады.

М ы с а л д а р:
Мен кетемін, кетемін,
Мен кеткенмен айдалаға кетпеймін.
Айналып елді өтемін.

Қадір білмес бұл итке,
Қарашы болып не етемін.
(Ер Тарғын)
Ой деген – у,

Ауызға салсаң, қандырад.
Ой деген – у,
Жанды есінен тандырад.
Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,

Мен күн ұлы, көзімде күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келем
Күннен туған, гүннен туған Пайғамбар.
...............................................................

Күншығыстан таң келеді, мен келем,
Көк күңіренед, мен де көктей күңіренем.
Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,
Жер жүзіне нұр беремін, күн берем.

(Мағжан) Қазақ тілінде қайталақтау жоғарыда айтылған мәністен басқа жөнмен де айтылады. Бірдеңенің көптігін көрсеткенде соны қайта-қайта атап көрсетеміз. «Көре-көре көсем болар», «Сөйлей-сөйлей шешен болар» дегенде «көсем болу» мен «шешен болудың» себептеріне назар салғызу мақсаты да бар. «Көру» мен «сөйлеудің» көптігі де көрсетіледі.

М ы с а л д а р: 1. Жылы-жылы сөйлесең,

Жылан інінен шығады.
Қатты-қатты сөйлесең
Кәпір діннен шығады.

2. Қора-қора қой жатыр,

Қарын-қарын май жатыр.
Түйе-түйе жүк жатыр.
Ауыл-ауыл ел жатыр.

3. Жол бойы көргеніміз егін де егін,

Қағазды жол-жол қылып сызды.
Биік-биік ағаштар тұр,
Басында бүркіт ұясы.

4. Асқар-асқар, асқар тау,

Асқардың ақ сұңқары
Ылдидың аңын шалар ма?!
Қазақ тілінде біреуге арнай сөйлегенде де бір сөз қайта-қайта айтылады.
М ы с а л д а р:

1. А, Бозмұнай, Бозмұнай,

Берер ме екен бір Құдай?
Ертеменен кеткен қой
Жетермін бе жаяулай?
Сен алпысқа жеткенде,

Мен елуден өткенде
Біздей екі сорлыға
Енді берсін не Құдай?!
(Ер Сайын)

Ей, Қарт Қожақ, Қарт Қожақ,
Атыңның басын тарт, Қожақ.
.................................................

2. Бұлғыр, бұлғыр, бұлғыр тау,

Бұлдырап тұрған құрғыр тау.
Үш атамыз өткен тау,
Үш мың қара біткен тау.
................................................

(Радловтан)
Қожыр-қожыр тастарым,
Көзімнен ағар жастарым.
(Досқожа ақын)

Қайталақтау бір нәрсенің ғамалын, күйін еліктеген орындарда келеді.
М ы с а л д а р:

1. Күлдір-күлдір кісінетіп,

Күрең мінген бар ма екен?!
Күдеріден бау тағып,
Күпі киген бар ма екен?!

2. Жалп-жалп еткен жапалақ

Жапалақ жазда кімге жолдас болмаған.
Жағы түкті хайуан
Мұңдантып кімді жаяу салмаған.

3. Алып-алып, алып басқан

Арабы торым өзіңсің.
Балдағы жауһар, сабы алтын
Алдаспан атым өзіңсің.
(Би сөзі)

4. Он екі айдың еркетайы Май келді,

Жұлдыздар да жымыңдады, ай күлді.
Қалың қардың құшағынан құтылып,
Сылдыр-сылдыр, сылдырлады, сай күлді.
.....................................................................

Сөйлетіп қоя берсек сөзге тақ-тақ,
Күлкісі күміс сылдыр емес, сақ-сақ.
......................................................................
Шық-шық деп соғып тұр.

Тоқтаусыз бұл сағат.
Дүниеде неғып тұр
Адамзат бір сағат
.....................................................................

Сылқ-сылқ күліп сылдыр қаққан су сұлу,
Көлге қонып қаңқылдаған қу сұлу.
Бейне айнадай жарқыраған айдыннан
Күн шығарда көтерілген бу сұлу.

(Мағжан) Қайталақтаудың бір түрі еспелеу келеді. Арқан яки тарамыс ескен сияқты алдыңғы пікірдің аяғын соңғы пікірге қатыстырып қайта айтатын қазақта ақындар бар. Бір сөзді көп қайтара айтып қайталақтағанда сөздің әсері мылжыңдықтың әсеріне айналып кетеді; бір сөзді екі-үш қайтара айтқанда сөз пысықталған, нығыздалған, ширатылған іспетті болады. Сондықтан еспелеп қайталақтауды шамалы қолданбаса, маңыздаудың орнына мылжыңдау болып кетуі оңай.

Еспелеп қайталақтау мысалдары: 1. Тілегім күннен-күнге артылады,

Қазынаң бермегенге тартылады.
Жар болған тар болғанда пірлерді айтып,
Күндіз-түн қызыл тілім шарқ ұрады.
Күндіз-түн шарқ ұрады қызыл тілім,

Болмай тұр саудағыдай ашық күнім.
Бір Құдай жігіттікке қайғы салма,
Жасым бар жиырма жеті, тауық жылым.
Жасым бар жиырма жеті, жылым тауық,

Сөйледім құрбы ішінде болып сауық.
Райы ауруымның қайтпаған соң,
Дертімнен бұрынғыдан қылдым қауіп.
Дертімнен бұрынғыдан қауіп қылдым,

Шығарып ой сәулесін жарық қылдым.
Ойладым соның тілі тиді ме деп,
Назарда Ақымет пен Арық құлдың.
(Әбубәкір)

2. Бір Алла, мал мен басқа қаза бердің,

Күніме жаяулықпен жаза бердің.
Сіздерді көп беймаза еткенімнен,
Ұялып ортаңызға азар келдім.
Арқама тарыққанда сүйеуім деп,

Ортаңа бұл қазамды шаға келдім.
Ортаңа бұл қазамды келдім шаға,
Дос етпес, дұшпан болса етер таба.
Ер жаяу өз жұртында болмасын деп,

Бас болып ойға қалса әрбір аға.
Байларды сақау атты Алла сүйер
Мұсылман құл бір-біріне етсін пана.
Мұсылман құл етсін пана бір-біріне,

Паналық қайыр ықсан жан тіріде.
Біз қасық, халық дария түгесілмес,
Тілекші біз қартыңыз әр күнінде.
Тілекші әр күніңде біз қартыңыз.

Жомарттық етсең келер қуатыңыз.
Жыл сайын қажетімді сізден алып,
Келгенде болып қайтқай мұратымыз.
(Қубала ақын)

3. Шендестіру. Екі нәрсе қатар яки қарама-қарсы келгенде, арасындағы айырым көзге көбірек түседі. Биік пен аласа, ұзын мен қысқа, көрікті мен көріксіз, шебер мен олақ, ғалым мен надан қатар келгенде, араларындағы айырмасын анық көреміз.

Жайдағы қайғыдан қуаныш үстінде көрген қайғы жанға көбірек батады. Жарлылық қиындығы жасынан жарлы болғаннан гөрі байдан жарлы болғанға көбірек сезіледі. Көріксіз бетіндегі дақтан көріктінің бетіндегі дақ көзге көбірек түседі. Тәттінің артынан ащылық, дәмдінің артынан дәмсіздік артығырақ білінеді. Сөздің әсерін күшейту үшін табиғаттың бұл заңын сөз шығарушылар көп қолданады. Байдың аса байлығын анық көрсету үшін елін кедей қылып көрсетеді. Батырдың халық үшін қандай бәйгеге тігетіндігін көрсету үшін өлдім-талдым дегенде көрген шал мен кемпірдің аяулы баласы қылып, оның үстіне байлығын да қоса көрсетеді. Алпамыс, Қобыланды, Сайын бәрі де байдың жалғыз балалары. Лебіз түрінде де ақындар сөзінде көп ұшырайды. Сөзді былай әсерлеу әдісі түйістіру деп аталады.

М ы с а л д а р: 1. Ассалаумағалайкум, батыр Ерден!

Кетіп тұр бақ-дәулетің тағы керден.
Ішінде топ қарғаның бір бүркіттей
Көзіме көрінесің келген жерден.

Қарға мен бүркітті түйістіргенде, бүркіт әрине, өте көрнекті көрінбекші, олай болса, бүркітке теңеген Ерденнің өзгеден артықтығы көбірек білінбекші. 2. Қара жерге қар жауар,

Қарды көр де, етім көр.
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де, бетім көр.

Ақтың ақтығының нағыз күшті көрінетіні қарамен қатар қойғанда, бұл ақтың ақ болып көрінудің ең барып түрған жері. Қара жер мен қарды қатар қойғандағы мақсат, еттің ақтығы қай дәрежеде екендігін көрсету. Еттің ақтығы қар мен қара жерді қатар қойғанда қандай анық көрінсе, бетінің қызылдығы қарды қанмен қатыстырғанда сондай анық көрінбекші. Сол ақ пен қызыл қатысқан түсті қар мен қаннан артық еш нәрсе көрсете алмайды. Мұны бұлай келтіріп отырған ақынның ақындығы. Ақжүністің Қарт Қожаққа әуелі жастықтағы күйін айтып келіп, сонан соң барып қартайғандағы күйін айтуы да ақындықтың әлгі әдісі. 3. Бес жасыңда Қарт Қожақ,

Жас шыбықтан жай тарттың,
Жалғыз шиден оқ аттың
Атқан оғың жоғалттың,
Кәне, шыққан мүйізің?!

Он жасыңа келгенде
Қызыл-жасыл киініп,
Қынай белің буынып,
Қыз баладай көрініп,

Бала болдың бір кезек,
Кәне, шыққан мүйізің?!
Жиырма беске келгенде
Ақ балтырың түрініп,

Оймақтай аузың бүріліп,
Қарт бурадай қамданып,
Қас батырдай шамданып,
Сыртыңнан дұшпан сөз айтса,

Шыныңменен арланып,
Қызды бақтың бір кезек
Кәне, шыққан мүйізің?!
Отыз беске келгенде,

Қоңыраулы найза қолға алдың.
Қоңыр салқын төске алдың,
Жауды көрсең шүйілдің,
Жеңсіз берен киіндің,

Көксерек атты борбайлап,
Қамалды бұздың айқайлап,
Кәне, шыққан мүйізің?!
Қырық бес жасқа келгенде,

Қырым деген шәһәрдің
Жел жағына қаласың,
Ық жағына панасың,
Қырдан қиқу төгілсе,

Елге таман үңілсе,
Мың кісіге бір өзің
Шошынбай жалғыз барасың
Кәне, шыққан мүйізің?!

Елу беске келгенде,
Топқа бардың бой түзеп,
Дауға бардың тіл безеп,
Билік сүрдің бір кезек,

Кәне, шыққан мүйізің?!
Алпыс беске келгенде,
Сақал-мұртың қуарып,
Бойға біткен тамырың

Бәрі бірдей суалып.
Алайын деп тұрмысың
Мені көріп қуанып?
Өлтірсең де тимеймін,

Теңдік берсең сүймеймін.
Бұрын батыр болсаң да,
Сенің басың бұл күнде
Жерде жатқан қу тезек!

(Ер Тарғын)

4. Дамыту. Пікіріңді сөйлегенде алдыңғы сөзіңнен артқы сөзіңнің қуаты асып отырса, дамыту болады. Әншейін сөйлегенде дамытудың мысалы мынау:

Бар! Жүгір! Ұш!

Мен саған он рет, жүз рет, мың рет айттым. «Бар» дегеннен «жүгір» деген күштірек, «жүгір» дегеннен «ұш» деген күштірек. Екінші мысалда «он рет айттым» дегеннен «жүз рет айттым» деген күштірек, «жүз рет айттым» дегеннен «мың рет айттым» деген күштірек. Дамыту негізі сөздің осы табиғи заңына тіреледі. Сөз шығарушылар да сөздің осы табиғи заңымен пайдаланып, керекті жерінде сөзін бірден-бірге күшейтеді.

М ы с а л д а р: 1. Халықты қаңсылату – обал, халықты зар жылату – мейірімсіздік, халықты тамақ үшін сату – иттік. 2) Шынымен Қобылан шу деді,

Құбылып Бурыл гуледі.
Аманбайдың ақ тігін
Аса қарғып жөнелді.
Қарсы келген қабақтан

Қарғып асып жөнелді.
Сеңгір-сеңгір таулардан
Секіріп асып жөнелді.
.........................................

3. Арандай аузын ашады,

Аяғын топтап басады.
Жүні судай тасады
Бір төбенің тозаңын
Бір төбеге қосады.

Кешке таман Тайбурыл
Жын қаққанға ұқсады.
Құлан менен құлжаның
Марал менен бұғының

Ұзатпай алдын тосады.
Көл жағалай отырған
Көкқұтан мен қарабай
Көтеріліп ұшқанша

Белінен келіп басады.
(Қобыланды батыр)

4. Іші ылас, сырты таза залымдардың

Алданып құр сыртының тазасына,
Мәз болып байғазы алған балаларша,
Сатылып жылтыраған танасына,
Әбілдің зияратын аттап өтіп,

Қабылдың бата қылмай моласына.
Қорыққанға қос көрініп, қойдай үркіп,
Тығылып Дажалдың пұтханасына,
Ес кетіп, сабыр қалмай сасқалақтап,

Зорыққаннан көзің сыймай шарасына.
Ұмытып Құдайды да, Құранды да
Бас ұрма, Лат-Манат ағашына.
(«Маса»)

5. Әлде мен бабың тауып бақпадым ба?

Болмаса жемнен қысып сақтадым ба?
Әйтпесе әбзелдерің сәнді емес пе?
Жібектен тізгініңді тақпадым ба?
Малдырып сап алтынға үзеңгіңді,

Тағаңды шын күмістен қақпадым ба?
(«Маса»)

5. Түйдектеу. Аз сөзге көп ой сыйғыза сөйлеу – түйдектеу деп аталады. Түйдектеп сөйлегенде сөздің әсері күштірек болады, себебі сөйлем ішінде сөз аз болса, әр сөзге көбірек назар түсіп, ілтипат көбірек айтылады. Көп нәрсеге адам назар салғанда ілтипаты ыдырап, сиреп түседі.

Мәселен, топ адамды көргенде, назар топқа түсіп, бас-басына аз түседі. Сондықтан әрқайсысының түрін-түсін, киген киімін, мінген атын байқамай қаласың. Аз адамды көргенде, назар әрқайсысына көбірек түсіп, түр-түсін де, киген киім, мінген аттарын да байқап қаласың. Сөйлем ішіндегі сөз де сол сияқты. Түйдектей сөйлеудің мысалы мынау: 1) Бақ ерікте; ерік ерлік пен бірлікте; ерік ұранымыз, бірлік Құранымыз болсын.

(Шырша) 2) Адамына – оқ,

Қаласына – от!
Мұнан басқа бітім жоқ!
( Темірше)

3) Соғыс. Бұ не әурешілік? Қырылған жан, төгілген қан, шулаған ел, шұбырған босқын, жылаған қатын-бала. 6. Бүкпелеу. Сөзді ашып айтпай, ұшығын ғана көрсетіп айту бүкпелеу деп аталады.

М ы с а л д а р: 1. Отыр ем бала ғой деп жүзің жарқын,

Сөз – кілт, кеуде – сандық, ақыл – алтын.
Ақылың көп болғанмен шашың ұзын,
Жібердің келістірмей сөздің артын.
(Жарылғасын ақын)

2. Ақсұлу, айтар сөзді аңдамадың,

Аузыңа келген сөзді сандаладың.
Әкесін шешесімен нандырады.
Қыз бала елдің жайын қайдан білсін.
Білмесе қыз бен жайын бозбаланың.

7. Кекесіндеу. Сөздің тысқы лебіз мағынасына ішкі астыртын мағынасы қайшы келсе, кекесін болып шығады. Кекесінмен сөйлеуді кекесіндеу дейміз. Қорқақ кісіні «батырым» деу, қара кісіні «аппағым» деу, ақымақ кісіні «данышпаным» деу – осылардың бәрі де кекесін сөздер. Кекесіннің түрі толып жатыр, бірақ толып жатқан түрін екі топқа бөлуге болады:

1) Зілсіз кекесін (ойын, қулық, қалжың, әзіл). 2) зілді кекесін (мазақ, сықақ, мысқыл, келемеж, келеке, әжуа).

Кекесін мысалдары: 1. Тұрсынбай датқаның балалары болыстыққа таласып, араз болып жүргенде Бұдабай ақынның айтқаны:

Бір күнде Досан болды Алтынбекпен,
Датқаны не қыласың өтіп кеткен.
Таласып Әлмембеттің ісін алсаң,
Бақытты келтірдің ғой қиыр шеттен.

2. Иттерге таласса да жарасады,

Өйтпесе ит әдетінен адасады.
Дос болған адамдарға қарап тұрсаң,
Биікпен тең деп болмас аласаны.
Сүйектей арасына түссе нәрсе,

Иттерден олар артық таласады.
(«Қырық мысал»)
Төрені түйеге тіркеп қойып, «Төре неме ғой, жүрер ме екен» деген.

«Ой, бәрекелді! Ой, сабаз-ай!» дегенде ырза болып айтса, қостау болады, ырза болмай айтса, кекесін болады.

ТІЛ (ЛҰҒАТ) ӘУЕЗДІЛІГІ

Әуезділіктің жалпы шарттары

Сөз дыбыстан құралған нәрсе болғандықтан, оның дыбыстары жағымды да, жағымсыз да болып құралуы мүмкін. Сөздің дыбыстары құлаққа жағымды-жағымсыз болып құралу сияқты, сөйлеудің ішіндегі сөздер де құлаққа жағымды-жағымсыз болып құралады. Әуезділік деп нені айтамыз? Әуезділік деп сөз турасында айтсақ, сөздің ішіндегі дыбыстардың үндері құлаққа жағымды болып естілуін айтамыз; сөйлеу турасында айтсақ, сөйлеу ішіндегі сөйлемдерінің үндері құлаққа жағымды болып естілуін айтамыз. Сөздің үні құлаққа жағымды болуы – дыбыстарының тізілу түрінен. Сөйлеудің үні құлаққа жағымды болуы сөйлемдерінің тізілуі түрінен, сондықтан сөз әуезділігі де болады, сөйлеу әуезділігі де болады. Бірақ сөздің де, сөйлеудің де әуезді болуының негізгі мәнісі бар. Екеуі де дауыс ағымына қарайды. Дауыс ағымы сөз ішінде дыбыстарының тіркесуіне қарайды да, сөйлеу ішінде сөйлемдерінің тіркесуіне қарайды. Сөз ішінде дауысты-дауыссыз, жарты дауысты дыбыстар араласып тіркесе келеді. Бір сөзде дауысты дыбыстар көп келеді. Бір сөзде дауыссыз дыбыстар көп келеді. Дауысты дыбыстар көп келген сөз үнді болады, дауыссыз дыбыстар көп келген сөз үнсіз болып шығады. Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың да кейінің үні аз, мәселен (ұ), (ү), (і). Сөз ішінде бұлар көп келгенде де сөздің үні кем болып шығады және де кей сөздің ішінде қай дыбысы да болса көп келеді де, кей сөздің ішінде аз келеді. Сөз әуезділігі жағынан мұның да мәні көп болады. Әуезді сөз бен әуезсіз сөздің парқын мынадан байқауға болады. «Шамалы» деген сөзбен «шанышқы» деген екі сөздің құлаққа қайсысы жағымды? Әрине «шамалы» жағымды болып тұрғаны: 1) ішіндегі дыбыстардың бірі дауыссыз болғанда, екіншісі дауысты болып, реттеліп келіп тұрғанынан. 2) Дауысты дыбыстар ішінде көп болғандықтан сөздің үнді болып шыққанынан. «Шанышқы» деген сөзде: 1) дыбыстар реттеліп, бірі дауысты болғанда, екіншісі дауыссыз болып келіп отырған жоқ. 2) Дауысты дыбыстары аз, сондықтан мұның үні жатық емес, мол да емес. Үні кем және жатық болмаған соң құлаққа жағымсыз болып естіліп тұр.

1. СӨЗ ӘУЕЗДІЛІГІ

Сөздің әуезділігі ішіндегі дауысты-дауыссыз дыбыстар оңтайлы орналасуынан болады. Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстар аралатпа болып келмеген жерде яғни кілең дауысты дыбыстар яки кілең дауыссыз дыбыстар қатар келген жерде сөз айтуға оңтайлы болмайды. Қазақ тілінде қайсысы да болса қатарынан бір жерде екі дыбыстан артық болып келмейді. Дауыссыз дыбыстардың қатарынан екеуі келуі сөйлеу әуезділігіне онша кемшілік келтірмейді. Дауыссыз дыбыстар қатар келетін сөздер «жаттықтыру», «аптықтыру» деген сияқты болады. Бұларда қатар келген дауыссыз дыбыстар екеуден артық емес және сөздің үнін азайтып, айтуға онша оңтайсыздық келтіріп тұрған жоқ. Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың қатарынан бір сөздің ішінде келуі тіпті болмайды. Қатарынан келетін кездері қос сөздерде, не екі сөздің бірінің аяғы, бірінің басы дауысты дыбыс болып келетін жерде болады. Мәселен, сары үй, торы айғыр, қазба үй, қара өлең, ата тегін қуса игі еді. Қара маса екен, бала емес, баласы еді, қырдағы үй, кесе-аяқ, мосы ағашы деген сияқты сөздер. Дауысты дыбыстардың бұл сияқты қатарынан келуі айтуға оңтайсыз болып, сөздің әуезділігін кемітеді. Бұл кемшілік қазақ тілінде көбінесе екі дыбыстың бірін айтып, бірін айтпаумен ғана сезілмейді. Айтқанда «сары үй» демей, «сарүй» дейді. «Торы айғыр» демей, «торайғыр» дейді. Басқаларын да солайша бір дыбыспен айтады. Мәселен, «қуса игі еді» деген сөздерді «қусегеді» етіп айтады. «Баласы екен» яки «бала екен» деп дыбыстарын түгелдемей-ақ, «баласекен», «балекен» дейді.

2. СӨЙЛЕУ ӘУЕЗДІЛІГІ

Сөйлеу әуезділігі буын екпіні мен сөз екпінінің қолайлы орналасуынан болады. Әуелі буын екпіндерінің арасы тым жақын келсе иә алыс келсе, әуезділігінде кемшілік болады. Тым жақын болып келу өңшең қысқа сөздер бір өңкей келгенде болады да, тым алыс болып келу өңшең ұзын сөздер бірөңкей келгенде болады.

Сөйлеу әуезділігі түрлі сөздердің үндері орайласып, ұнамды құралуынан болады. Олай құрастыру сөйлеушінің яки жазушының шеберлігін талғайды. Сөздің кестесін келтіріп айту деген сөз Абайдың «тілге жеңіл» деген сөзі – бұлардың бәрі сөйлеу әуезділігіне тиісті сипат туралы айтылған сөздер. Сөз кестелі келсе, құлаққа жағымды болады. Құлаққа жағымды болуы әуезділік болады, сондықтан да ондай сөздердің сөйлемдері өрнекті сөйлем деп аталады. Өрнекті сөйлемдердің өлеңдісі де, өлеңсізі де болады. Өлең біткеннің бәрі әуезді сөйлеу табына жатады.

Қысқасынан айтқанда, әуезділікке жағдайлы-жағдайсыз келетін шарттар мынау:
Сөйлеу құлаққа жағымды болмайды:
а) дауысты-дауыссыз дыбыстар ұйлығып қатар келгенде;

б) сөйлемдер дұрыс жасалмаған кезде, мәселен, сөйлем мүшелері орнына қойылмағанда, иә тұрлаусыз мүшелері көбейіп, сөйлемді ауырлатқанда яки басыңқы сөйлеммен бағыныңқы сөйлемдер жапсарлары дұрыс келмегенде.

Сөйлеу құлаққа жағымды болады: а) сөйлемдер дұрыс жасалғанда, өрнекті сөйлемдердің кестелері келісті жасалғанда.

б) өлеңді сөйлемдердің өлшеулері дұрыс келгенде.
Өрнекті сөйлемдер

Өрнекті сөйлемдер деп құрмалас сөйлемдердің бастары қосылып, кестелі болып құралуын айтамыз. Ондай сөйлемдер нақ текеметке яки кілемге салған түр сияқты болмағанмен өрнек-өрнегімен айтылады. Өрнекті сөйлемді айтқанда, дауыс көтеріліп, төмендеп, әнше оралып, қайырылып отырады. Сондықтан өрнекті сөйлем оралым (яки шұбыртпа) деп аталады. Оралым екі мүшелі болады. Бір мүшесінде пікір тақырыбы болады да, екіншісінде пікір баяны болады, сондықтан бастапқы тақырыпшы мүше делініп, екіншісі баяншы мүше делініп айтылады. Өрнекті сөйлемді иіріп-жиырып, жай сөйлемге айналдыруға болады. Жай сөйлемді жайып, далитып, өрнекті сөйлемге айналдыруға болады, өйткені өрнекті сөйлем қанша үлкен болғанмен яғни ішіне кіретін сөйлемдер қанша көп болғанмен бәріне қазық болатын бас пікір жалғыз-ақ болады. Ол пікірді көп сөйлеммен ұлғайтып айтуға да, шағындап, аз сөйлеммен айтуға да болады.

М ы с а л ы: 1. Қисапсыз бай болсаң да Қарынбайдай,

Сақи боп мал шашсаң да Атымтайдай,
Патшадай Әмір-Темір дін түзетіп,
Болсаң да әйдік батыр Арыстандай,
Болсаң да Жиреншедей тілге шешен,

Ақырда жатар орның тар лақат жай.
(Алтыбас Ақмолда)

Мұны шағындап аз сөйлеммен былай айтуға болады: «Бай да, сақи да, патша да, батыр да, шешен де – бәрі де ақырында бір өлмек». 2. «Халық басына қайғылы күндер туған заманда қайрат көрсетпеген азамат азамат емес» деген пікірді көп сөйлеммен ұлғайтып, былай айтуға болады: «Қаптаған қара бұлттай торлап, түрлі пәле халық басына орнап, не қыларын біле алмай, ақылынан адасып, жұрт алақтап азаматын іздеген шақта, бар шырағын жақпай, бар қайратын сарып қылмай, өз басының амандығымен болып, ұранға шаппаған азамат – ол халық алдында жоқ азамат, не ол жаны бар болғанмен, жануарлықтан шықпаған азамат. Не қызатын қанын, ашитын жанын басының пайдасына, бастықтық орынға, патшаның аңғарына сатқан азамат болады».

(Темірше) а) Себепті оралым. Баяншы мүшесі тақырыпшы мүшесін дәлелдей баяндағанда, оралым себепті деп аталады.

М ы с а л ы:
Көлден ұшқан қалбаймын,
Жаманның тілін алмаймын,
Хақ бұйырған сапардан

Арыстаным, қалмаймын.
Асыл достым, сөкпесең,
Бұл сапарға бармаймын!
Бұл олжадан алмаймын.

Асқар тауды бел деген,
Ақ бармақпен жем жеген,
Ауырса жеммен емдеген,
Өзінен басқа көрмеген,

Өзінен басқа білмеген.
Күтіп тұрған анасы –
Өзі әйелдің данасы,
Тұлпар туған Бурылдың

Қырық үш күні кем деген. 2. Кеткен кісі келе ме?!

Алғанын Тәңірім бере ме?!
Арыстан туған батырлар
Қатынға билік бере ме?!
Қатын тіліне ере ме?

Әр талапқа шығарда,
Қатыным деп тұрар ма?
Асыл туған Қобыланды
Қатынға ақыл салған соң,

Қатынның тілін алған соң,
Неше батыр болса да,
Басында билік жоқ адам,
Арыстан туған құрдасжан,

Қатын емей немене?! 3. А ... Ел бастап, жұрт алайын деген ұл екенсің, сөз бастап би болайын деген ұл екенсің; Алдыңа келсе әділдігіңді аяма, аймғың кетпес қасыңнан. Қол бастап жол алайын деген ұл екенсің, жолдастың мыңын алма, бірін ал! Мың кісіге бір кісі олжа салатұгын, олжаңды аямасаң жолдасың қалмас жаныңнан. Жүз жиырма алтыға келіп отырмын. Жас күніңде қалың бер де, қатын ал; қартайган соң өкінбе, ұлым! Жігіттің хан болатын, қатынның ханым болатын уақыты сол. Қару жисаң, мылтық жи жаяу жүрсең – таяғың, қарның ашса – тамағың. ә) Мақсатты оралым. Өрнекті сөйлемнің баяншы мүшесі тақырыпшы мүшесін мақсаттай баяндаса, оралым мақсатты деп аталады.

М ы с а л:
Тобыршық атқа зор салды,
Ақ алмасқа қол салды.
Қамшы басты сауырға,

Екпіні ұсап дауылға.
Тобығы меңді торы атпен
Қобыланды шапты ауылға
Қатуланып қаттанып,

Буырқанып бұрсанып,
Мұздай темір құрсанып,
Қабағынан қар жауып,
Кірпігінен мұз тамып,

Ар жақ пенен бер жаққа
Найзасын ұстап бармаққа,
Аттанбаққа қалмаққа
Құдай жолы шалмаққа.

Сөзге сынық қылды деп,
Батыр кейіп келеді.
Егер шықса алдынан
Бұлаңдаған Кұртқаның

Басын кесіп алмаққа. б) Ұқсатпалы оралым. Өрнекті сөйлемнің баяншы мүшесі тақырыпшы мүшесін ұқсата баяндаса, оралым ұқсатпалы деп аталады.

М ы с а л: 1. Асыл туған Ақжүніс,

Күнді бұлт құрсайды,
Күнді байқай қарасам,
Күн жауарға ұқсайды;
Айды бұлт құрсайды;

Айды байқап қарасам,
Түн жауарға ұқсайды;
Көгілдірін еріткен
Көлдегі қулар шулайды;

Шулағанға қарасам,
Көктен сұңқар суылдап,
Соғылғанға ұқсайды!
Бойды байқап қарасам,

Қол-аяғым созылып,
Аузы-мұрным суынып
Хақтың маған бұйрығы
Таянғанға ұқсайды.

(Ер Тарғын) 2. Қыстың сақырлаған аязын, түтеген алай-түлей боранын, қызыл үскірік суығын бастан кешіріп, жазға жетіп, жадыраған шуақта, балбыраған жасыл шөпте жан-жануарлардың бәрі рақат тауып, жаны қандай жайланады. Сондай-ақ қатал тәртіп, қатты қол, қанішер өкіметтен қысымшылық көрген халықтар азаттыққа жетіп, жаны жай тапты.

в) Қайшы оралым. Өрнекті сөйлемнің тақырыпшы мүшесі мен баяншы мүшесіндегі пікір бір-біріне қарсы мағынада болса, қайшы оралым деп аталады. М ы с а л:

1) Мен Қырымның ішінде

Ақша ханның қызы едім.
Атам менен анамның
Асыранды қазы едім.
Қойда бағлан қозы едім,

Жылқыда шаңқан боз едім,
Қырым менен Қытайдан
Тәмам жақсы жиылса,
Аузындағы сөзі едім.

Бұ заманның шағында
Жылап тұрған көзім бар,
Төгіп тұрған жасым бар,
Әуре болған басым бар.

(Ер Тарғын)
Ер отаны болғанда,
Пайғамбар жасы толғанда,
Заманымыз азғанда,

Жігіттің күні озғанда,
Берекетсіз балаға
Оттың басын топ етіп,
Қырға шығар ішінде

Біреуін де жоқ етіп,
Мен алмаймын көбіңді.
(Ер Сайын)

г) Шартты оралым. Өрнекті сөйлемнің баяншы мүшесінде болжал себеп иә шарт болып, тақырыпшы мүшесінде болжал салдар болса, оралым шартты деп аталады. М ы с а л: 1. Намаздыгер өткенше,

Намазшамға жеткенше,
Қазан ағаш бағысын
Түсірмесем жүзіңе,
Көрсетпесем көзіңе

Жан серігің Бурылды
Сол жерде шал, Құдайға!
(Қобыланды)

2. Талайдан бермен жұмсаған,

Қан көрмесең сусаған,
Қанға тойсаң жусаған,
Тауға салсам тас кескен,
Кеудеге салсам бас кескен,

Алты аршын ақ болат,
Қынаптан алып суырып,
Шаба алмасам маған серт!

3. Айдаһардың тіліндей,

Салсам кеткен білінбей,
Қарағайға саптатқан,
Шұбар туға шұлғаған,
Әр уақытта көрсетіп,

Талай жауға мақтатқан
Төрт қырлаған көк сүңгі,
Жау ішінде жалындап
Толғамасам маған серт!

Толғауыма шыдамай,
Толқып сынсаң саған серт!
(Ер Тарғын)

4. Сарғайып келген егін толқынданса,

Жас орман жел күңірентіп әнге салса,
Жапырақтың жасыл ләззатты саясында,
Бақшада мойыл қаймақ жасырынса,
Себілген алмас шың пен шын хош иіс,

Сары алтын ертеменен иә қызыл кеш,
Бір топтың қолтығынан күліп қана,
Бас иіп есендессек күміс ландыш.
Секіріп салқын бұлаң ойнап сайда,

Батырып көмескі түсі тұманды ойға,
Шапқылап шыққан жерін әңгіме қып,
Былдырлап ақ бетінен сүйгізсе айға,
Сол уақыт жай табады асау жаным,

Ашылад басқан ауыр ой қабағым,
Шын бақты тапқандаймын осы жерде-ақ
Көремін күн жүзінде, жасағаным...
(Мағжан)

Бұ дүниеде көрмесең,
Кұртқамбысың демесең
Қазаң жетіп бұ жолда,
Хаққа түзеп бетіңді,

Арыстаным жөнелсең,
Жұбайым бар деп еске алсаң,
Сұлтаным, сонда мені ізде
Пайғамбардың туында.

(Қобыланды батыр) ғ) Жалғасыңқы оралым. Өрнекті сөйлемнің тақырыпшы мүшесіндегі пікір баяншы мүшесіндегі пікірге тіркес мағынада болғанда, жалғасыңқы оралым деп аталады.

М ы с а л ы:
Таң сарғайып атқанда,
Таң Шолпаны батқанда,
Шал-кемпірдің қойнында

Арқада Қобылан жатқанда,
Тайбурыл атқа ер салып,
Азғана азық жем салып,
Бәйгеден келген көк дөнен

Түнімен ұйқы көрмеген,
Ақ орданың алдынан,
Жетелеп сонда өткізді,
Құртқа сұлу көлденең.

Тоқсанда атаң Тоқтарбай,
Бұтында жоқ ыстаны,
Тізесіне тон жетпей,
Арқасынан қол кетпей

Ақ табан боп кәпірге,
Қой баққанда келерсің.
Алпыста анаң Аналық
Арқан есіп, жүн түтіп,

Қайғыменен қан жұтып,
Құрт қайнатып жүргенде
Сұлтаным, сонда келерсің.
Қарындасың Қарлығаш,

Абдастасы қолында,
Дастарханы белінде,
Пияласы қарында,
Бөтен жаудың елінде

Қызылбастың шенінде
Шай қайнатып жүргенде,
Сұлтаным, сонда келерсің.
(Қобыланды батыр)

Тоғыз айға толғанда,
Шамалы күні болғанда,
Кіші жұма өткенде,
Ұлы жұма жеткенде

Боз кемпірді қозғалтты,
Ыңырантты, толғантты,
Ноғайлының үш кентін
Шақырып жиын орнатты.

(Ер Сайын)
Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда

Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда,
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жүні қылтылдап,

Ат-айғырлар, биелер
Бүйірі шығып ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,

Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғары-төмен үйрек-қаз
Ұшып тұрса сымпылдап,

Қыз-келіншек үй тігер
Бұрала басып, былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.

(Абай) д) Серіппелі оралым. Өрнекті сөйлемнің баяншы мүшесі тақырыпшы мүшесіндегі пікірді кеңінен толғай баяндаса, серіппелі оралым деп аталады.

М ы с а л: 1. Истамбол, патша болсаң да Құддыс, Шамға,

Бұхар мен үкім етсең де Үндістанға,
Ағылшын, Қытай, Мәскеу, Римді алып,
Дін түзеп әмір етсең де бұл жиһанға.
Тұтсаң да жеті ақылымның бәрін тегіс

Кірерсің ақыр бір күн көрстанға. 2. Есепсіз бай болсаң да Қарынбайдай,

Сақи боп мал шашсаң да Атымтайдай,
Патшадай Әмір-Темір дін түзетіп,
Болсаң да әйдік батыр Арыстандай,
Болсаң да Жиреншедей тілге шешен,

Ақырда жатар орның тар лақыт жай.
(Алтыбас Ақмолда)

3. Шайылған көз жасымен жердің бетін,

Өткізіп тым өлшеусіз үкіметін.
Жауыздық, жалғандықпен билесін-ақ
Адал жол, ақ ниетті арам жеңіп,
Жазықсыз жанды қинап, қанды төгіп,

Бұзықтық, түзіктікті илесін-ақ
Қиналып, кім де болсаң талыққандар.
Түңіліп, үміт үзіп жабықпаңдар,
Қайтадан жақындық кеп, қастық қашып,

Жарқырап жақсылыққа атар таң бар.
(Маса)

е) Айырықты оралым. Өрнекті сөйлемнің баяншы мүшесі тақырыпшы мүшесіндегі пікірді екі ұштылай баяндаса, оралым айырықты деп аталады.

М ы с а л: 1. Қазақ өнерсіз халық бола тұра, көпке дейін бөтен жұрттарға бағынбай келгенін түрлі жоруға болады: не бұрынғы заманда қазақ мықты халық болған деп, не көшпелі болғаннан сынаптай сырғып, ешкімнің қолында тұрмаған деп, не ауданы үлкен кең дала, ол замандағы айналасындағы көрші жұрттардың уысына сыймаған деп. 2. Сен неге, тұлпар атым, кісінейсің,

Жабығып неден көңілің, түсті еңсең ?
Ерігіп ауыздығың қарш-қарш шайнап,
Бұ қалай, бұрынғыдай сілкінбейсің?
Әлде мен бабың тауып бақпадым ба,

Болмаса, жемнен қысып, сақтадым ба?
Әйтпесе әбзелдерің сәнді емес пе,
Жібектен тізгініңді тақпадым ба?
Малдырып сап алтыннан үзеңгіңді,

Тағаңды шын күмістен қақпадым ба?
(Маса)

3. Азамат, анау қазақ қаным десең,

Жұмақтың суын апар жаным десең,
Болмаса ібіліс бол да, у алып бар
Тоқтатам, тұншықтырам зарын десең...
(Мағжан)

ж) Қорытпалы оралым. Оралымның тақырыпшы мүшесіндегі пікірді баяндау мүшесі қорытатын болса, оралым қорытпалы деп аталады. Мысалы: Еркімен ұшып, еркімен қонатын құс сияқты, жер-су мол шағында, жұрттың көбі еркімен қонып жүрген болса, онан бері келе адам баласы өсіп-өніп, жер тарылған кезде көшуді тастап, отырықшылыққа айналған болса, онда жұрттың көшпелі иә отырықшы болуының себебі жердің кең, тарынан болғаны ғой.

Оралым әман бір түсті болып келе бермейді. Әр түстісі араласып та айтылады.
Өленді сөйлемдер

Атам заманнан бері адам баласының сөзі, асылында екі түрлі орынға жұмсалған: 1) Күн көріс ісіне. 2) Көңіл көтеріс ісіне. Бастапқысына қара сөз деп, соңғысына өлең деп қазақ ат қойған.

Өлеңнің өзі де қазақта екі түрлі болған: бірі әнді болған, екіншісі мәнді болған, әнді өлеңнің сөзінен де әніне көбірек құлақ салған. Сондықтан әнді өлеңді айтушы әнінің ажарлы болу жағына тырысып, сөздің ажарлы болу жағына онша ыждаһат қылмаған. Ал мәнді өлеңде жұрттың құлақ салатыны ән емес, сөз болған соң, айтушы сөздің ажарлы және мағыналы болу жағына көп тырысқан. Сол себепті әнді өлеңнің сөзінен мәнді өлеңнің сөзі ажарлырақ, мағыналырақ болған. Әні басым, мәні кем, ажары аз өлеңге қара өлең деп ат қойып, әні кем, мәні мол өлеңге жыр деп ат қойған.

Бұрынғы заманда қара өлең мен жыр екеуінің арасында ажар және мағына жағынан қандай бөлектік болғаны «Жар-жар» мен «Беташар» өлендерінен көрініп тұр.

ЖАР-ЖАР

Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар!
Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар!
Әкем-ай деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар!
Әкең үшін қайын атаң онда болар, жар-жар!

Жазғытұрғы ақша қар жаумақ қайда, жар-жар?
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар!
Азар жақсы болса да қайын атамыз, жар-жар!
Айналайын әкемдей болмақ қайда, жар-жар!

* * *
Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар!
Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар!
Шешем-ай деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар!

Шешең үшін қайын енең онда болар, жар-жар!
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар!
Азар жақсы болса да қайын енеміз, жар-жар!
Айналайын әжемдей болмақ қайда, жар-жар!

БЕТАШАР

Айт келін, айт келін!
Атың басын тарт, келін!
Жұмыртқадан ақ, келін!
Келін-келін, келіншек,

Кер биенің құлыншақ!
Алдыңғы түйең итіншек,
Артқы түйең тартыншақ.
Итіншек деп түйеңді

Басқа ұрма, келіншек!
Тартыншақ деп түйеңді
Көтке ұрма, келіншек!
Қайын атаңның алдында,

Қақаңдама, келіншек!
Үйге түскен түйені
Бақандама, келіншек!
Қаптың аузы бос тұр деп

Құрт ұрлама, келіншек!
Өзің жатып байыңа
«Тұр,тұрлама», келіншек!
Кей келіншек еріншек,

Еріншек болма, келіншек!
Кей келіншек көңілшек,
Көңілшек болма, келіншек!
............................................

«Жар-жарға» қарасақ, оның ішінде ән үшін болмаса, мән үшін керек емес сөздер толып жатыр. Мәселен, бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар! деу сияқты сөздер және сол сөздер қайта-қайта айтылады, қысқасы, сөзі көп. «Беташарда» ондай артық сөздер аз. Мұнда бір сөз қайта айтылса, орнымен, келісті түрде айтылған. «Жар-жардан» гөрі... «Беташар» мағыналы, маңызды да. «Беташар» қасында «Жар-жардың» мағынасы сұйық көрініп тұр.

СӨЗДІҢ ӨНЕР БОЛАТЫН МӘНІСІ

Жоғарыда айттық: өлең асылында көңіл көтеріс ісіне жұмсалатын сөз түрі деп. Адам көңіл көтеру үшін ойнайды, билейді, күреседі, жарысады. Өлең де бұрын сол ойын, би, күрес, жарыс сияқты көңіл көтеретін нәрсе болған. Өлеңнің көңіл көтеріп, қоштандыратын қасиеті әдемілігінде. Нәрсенің әдемі көрінетіндігі – ұнасымымен. Өлеңді де әдемі көрсететін сол ұнасымы.

Өлеңнің ұнасымы неден болады? Азырақ жауап беріп өту керек.

Өлең ғана емес нәрсенің көбі-ақ жарастығымен ұнамды көрінеді. Нәрсенің көбі-ақ негізінде бірдейлігімен, реттілігімен жарасып, ұнамды болады. Екі құлақ, екі көз – сол сияқты дененің қос мүшелері – екеуі бірдей болса, жарасып ұнамды көрінеді. Қоралы қойдай шоғырланып, бет-бетімен жүрген солдаттан, сап түзеп қатар тұрған жарасып, көзге ұнамдырақ көрінеді. Сап түзеп қатар тұрған солдаттардың әрқайсысы әр түрлі киінгенінен бәрі бір түрлі киінгені әдемі көрінеді, сап түзеген солдаттардың жүргенде аяқтарын бірі ерте, бірі кеш, әрқайсысы өз бетімен бірдей баспағанынан бәрі аяқты бірдей алып, бірдей басқаны әдемірек көрініп, көңілге көбірек ұнайды. Жамыраған қойдың маңырағаны сияқты, көп адамның шулап, бет-бетімен шулағанынан бірдей үнмен бірге бастап, бірге шырқап, бірдей қайырып, бірге қосылып ән салуы ұнамдырақ болады. Сондай-ақ, сөздің өлең болып көңілге ұнап реттіліктен туатын қасиет, сөзді айтқан кезде, сағаттың шық-шық жүргені сияқты, тамырдың бүлк-бүлк соққаны сияқты, дауыстың бір түрлі ырғақ-ырғағы болады. Сағат шық-шық еткенінің, тамыр бүлк-бүлк соққанының арасы да қандай бірдей болса, сөйлегендегі дауыс ырғақ-ырғағының арасы да сондай бірдей болады. Сүйтіп, дауыс ырғақ-ырғағы сөзді бірдей-бірдей буынға бөледі, сондықтан сөз табиғи негізінде қамыс сияқты бунақ-бунақ буыны бар нәрсе болып шығады. Және де сөздің буындары бір қалыпқа құйып шығарған кірпіш сияқты бірдей деп білуіміз керек.

Сөйлем сөзден құралатын нәрсе болғандықтан, сөз ішіндегі буындар, ырғақтар сөзбен бірге түгелімен сөйлемге кіреді. Өлең сөйлемдерінде сөз ырғақтарының үстіне өлең ырғақтары қосылады. Өлең ырғағы жорға жүрісінің тайпалуы, теңселуі сияқты екінші өңді ырғақ болады. Бұл ырғақ сөйлемдердің ішіндегі буын санының бірдейлігімен, кестелерінің реттілігімен, сөздерінің әуездес ұқсастығымен келетін ырғақ. Буын ырғағынан өлең ырғағын айыру үшін, бұл ырғақты жорғақ деп атаймыз.

Өлеңнің жорғағы тіл табиғатына қарай түрлі жолмен келеді. Сөзден өлең жасап шығару жағынан тіл үшке бөлінеді:

Дауысты дыбыстарында ұзын-қысқалық бар тілдер.
Екпін буыны бірыңғай келетін тілдер.
Екпін буыны бірыңғай келмейтін тілдер.

1-ші түрде тілдерде мәселен, араб, латын, ионан сияқты ескі жұрттардың тілдерінде дауысты дыбыстардың кейбіреулері созылып, ұзын айтылады. Ондай дыбыстар қалыпты дауысты дыбыстардың екеуіне бара-бар болады. Мұндай тілдерде өлең жоғарғы созымды дыбысы бар сөздермен, созымсыз дыбысы бар сөздерді реттеп, орналастырумен келеді. 2-ші түрдегі тілдерде екпін буыны сөздің бәрінде бірыңғай бір орыннан табылады. Мәселен, француз, чех тілдерінде екпін буыны аяғында келеді. 1-ші түрдегі тілдерде, мәселен, орыс тілінде екпін буыны бір сөздің басында келсе, екінші сөздің ортасында, үшінші сөздің аяғында келеді: қатта бір сөздің өзінде де әман бір жерде тұрмай, әр жерге көшкілеп жүреді. Мұндай тілдерде өлең жоғарғы екпінді буын мен екпінсіз буындарды реттеп орналастырумен келеді. Қазақ тілінде екпін буыны сөздің иә аяғында келеді, иә аяғына таяу буын болып келеді. Екпін буыны аяғында келетін сөздерімен қазақ тілі француз тіліне ұқсас, екпін буыны аяққа таяу келетін сөздерімен поляк тіліне ұқсас. Солай болған соң француз иә поляк тіліндегі сөздерден өлең жасап шығаратын табиғи жол біздің қазақ тілінің де табиғи жолы болып шығады. Олай болса, біздің қазақ тілінде өлең шығарудың да негізінің шарты – буын санын бірдей орнына келтірумен орындалады. Бұл негіздің шарты орнына келмесе, өлеңнің жорғағы келмейді. Жорғағы келмегенде жорға деуге болмаған сияқты, жорғағы келмеген өлеңді өлең деуге болмайды1.

ӨЛЕҢ ШЫҒАРУ

Өлең шығару өнерін білу үшін, өлеңнің түр-тұрпатымен танысу керек. Өлең кестесі айшық деп аталады. Айшық түрлі-түрлі болады. Мәселен, бір өлеңнің айшығы былай келеді:

Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып, кешпесі жоқ.
Жел соқса, құйын соқса жылжи беру,
Болғандай табан тірек еш нәрсе жоқ.

* * *
Бұл күйге бүгін емес көптен кірдік,
Алды-артын байқамаған бетпен кірдік.
Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз

Алалық алты бақан дертпен кірдік.
* * *
......................................................................

Бұл заңнан тысқары бағытпен жол саламыз дейтін Пұтыршылар деген бар, бірақ олардікі әлі жол санына кірмеген жоспар сияқты нәрсе.

Екінші өлеңнің айшығы былай келеді:
Сәуірде көтерілер рақымет туы,
Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.
Көктен жаңбыр, жерлерден сулар ағып,

Жайылар жер жүзіне қардың суы.
Ұшпақтың бір сәулесі жерге түсіп,
Өстірер жерден шөпті нұрдың буы.
Үшінші өлеңнің айшығы былай келеді:

Бұлттар басып жасырған,
Жаңа түсіп басылған
Таң шапағы сөніп тұр.
Жаңаланған өмірден

Жаңа шығып көрінген
Гүл қамауда семіп тұр.
(Маса)
........................................................

Төртінші өлеңнің айшығы былай келеді:
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.

Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағына жетіп қайырған.
Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең, өзің біл.
(Абай)
..................................................................

Бесінші өлеңнің айшығы былай келеді:
Дем таба алмай,
От-жалындай
Толды қайғы кеудеге.

Сырласа алмай,
Сөз аша алмай
Пендеге
(Абай)

* * *
.................................................
Алтыншы өлеңнің айшығы былай келеді:
Сап-сары бел,

Еседі жел,
Еседі.
Еседі жел,
Көшеді ел,

Көшеді.
(Мағжан)

......................................................
Тағын тағы айшық түрлері толып жатыр.

Айшықтың әрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні шумақ болады, әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ дегеніміз өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы.

Мысалдар: 1. / Мен келдім / Мырзалының / ордасына, /

/ Сөз айттым / қасындағы / молдасына. /
/ Әркімдер / жүйрік қазақ / дегенменен, /
/ Көңілім / тоқтамады / бармасыма. /

2. / Білімдіден / шыққан сөз /

/ Талаптыға / болсын кез. /
/ Түрін, сырын // көруге /
/ Көкірегінде // болсын көз. /
(Абай)

3. / Ашуын буған // бассын деп, /

/ Жерімді саған // тастадым. /
/ Олжа қылып // жатсын деп, /
/ Елімді саған // тастадым. /
(Кенесары-Наурызбай)

4. / Бойы бұлғаң, / /

/ Сөзі жылмаң //
/ Кімді көрсем, //мен содан /
/ Бетті бастым, //
Қатты састым, /

/ Тұра қаштым //жалма-жан. /
(Абай)
Осы келтірген мысалдардағы қос сызықтың арасы бунақ болады.

Бунақ ішінде бірнеше буын болады. Бунақ буыны болатын кәдімгі сөз буыны, мәселен, әлгі алынган мысалдардың аяғындағы «Тұра қаштым жалма-жан» деген екі бунақтың алдыңғысында төрт буын, соңғысында үш буын бар. Бунақ араларында қос сызық тұрған жерге келетін дауыс толқынының жіктері кезек деп аталады. Өлең шумағы бір өлеңде біреу болуға да, бірнеше болуға да ықтимал. Бір өлеңнің шумағы көбінесе бірдей болады. Бір шумақтағы тармақтың азы екеу, көбі онға шейін барады. Тармақ бір шумақта бір түрлі болуға да, әртүрлі болуға да ықтимал. Бірақ әртүрлі болғанда кесте ретін жоғалтпайтын төртібі болуға тиіс. Бір бунақтың азы біреу, көбі төртеуден аспайды. Бір шумақтың ішіндегі бунақтар бірыңғай орналасу керек. Мәселен, үш буынды бунақ қалыптас тармақтың бірінің басында келсе, өзгелерінің де солай басында келуі тиіс.

Бір бунақтағы буынның азы екеу, көбі төртеу болады.

Бір тармақтың ішінде кезек болуға да, болмауға да ықтимал болған халде иә біреу, иә екеу, иә үшеу, онан артық болмайды. Осылардың бәрін дұрыстап орнына келтіріп, оның үстіне және де тармақтардың аяғын ұйқастырса, сөйлемдер өлең болып шығады. Жоғарғы айтылған шарттардың бәрі өлеңде қалай орындалатындығын түсінуге әрқайсысына мысал келтіріп қарайық.

І. ӨЛЕҢ АЙШЫҚТАРЫ

1. Жалғыз шумақты өлең

Әманда болар солай әм болар да,
Жаралған солай етіп бұ жалғанда.
Ғалымдар толып жатыр, ақылды аз,
Таныс көп, аз табылар дос адамға.

(Пушкиннен) 2. Екі шумақты айшық

Бота көз, сиқырлы сеө, Гүлсім ханым,
Әр жерде өткізсең де өмір таңын.
Кей уақыт көзіңізге көзім түссе,
* * *

Бота көз, сиқырлы сөз, ханым Гүлсім,
Көктегі күн күлмесін, Гүлсім күлсін.
Гүлсім – күн, көкте ақырын жүзе беред,
Сүйдіріп-күйдіргенін қайдан білсін?

(Мағжан) 3) Үш шумақты айшық

Қараңғылық қоюланып келеді,
Пеш ішінде шоқ ақырын сөнеді.
Күлімсіреп жанындағы жас бала,
Қызық көріп сөнген шоқты үреді.

* * *
Шоқ үстінен кішкене үшқын ұшты да,
Біразырақ шоқ қызара түсті де
Дереу сөніп, тезірек күлге айналды,

Астындағы ыстық күлді құшты да.
* * *
Пеш ішінде шоң аңырын сөнеді,
Сөнген шоңты күліп бала үреді.

Ой басты ма, әлде көзім талды ма,
Мөлт-мөлт етіп көзіме жас келеді.
(Мағжан)

4) Төрт шумақты айшық

Адамдың диқаншысы қырга шықтым,
Көгі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.

* * *
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты!

Адамдық хайуанға қанша қажет?!
* * *
Жаратқан малды Құдай не керекке,
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.

Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрыұ жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген, қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма, түрткенге айдап.

Есептен алданғанды болғандар көп,
Жасықты асыл ма, деп білмей қайрап.
(Маса)

Мұнан әрі бес шумақты, он шумақты, жүз шумақты, онан да көп шумақты болуы ықтимал. Мәселен, «Зарқүм» сияқты қиссалар, тең шумақты өлеңдер: Абайдың «Сегіз аяғы» және «Көлеңке басын ұзартып» деген, «Масадағы» «Бақ» және «Надсоннан» деген, Мағжанның «Мен жастарға сенемін!» және «Күншығыс» деген өлеңдері секілділер болады. Бұл сияқты өлеңдер жеке шумақты өлеңдердің де табына жатады. Тұтас шумақты өлеңдер деп «Масадағы» «Ақын ініме», «Жауға түскеннің сөзі» деген, Абайдың «Мәз болады болысың» жөне «Антпенен тарқайды» деген өлеңдеріндегі секілді өлең шумақтары. Мағжанның «Жаралы жан» деген сөзі сияқты өлеңдер – ала шумақты өлең болады.

2. ШУМАҚ ТҮРЛЕРІ

Екі тармақты шумақ
Қайрат еркін замандарың!
Тарлықта жоқ амалдарың.
* * *

Еркін дала, еркің қайда,
Еркіндегі көркің қайда?
* * *
Нулы-нулы жерің қайда?

Сулы-сулы көлің қайда?
Еркін көшкен елің қайда?
Ел қорғаны ерің қайда?
(Маса)

2. Төрт тармақты шумақ

«Жар-жар» және онан басқа ескі өлеңдердің көбі-ақ төрт тармақты болады. Бұған мысал келтірудің қажеті жоқ.

Алты тармақты шумақ
Күніңмен алтын қуанбай,
Гүліңмен жібек жұбанбай,
Жеттің де тез, өттің, жаз.

Ағаш, шөптер қураған,
Айдын да құрып, суалған,
Қаңқылдар қайда қоңыр қаз.
(Мағжан)

Бұлттар басын жасырған,
Жаңа түсіп басылған,
Таң шапағы сөніп тұр.
Жаңаланған өмірден

Жаңа шығып көрінген,
Гүл қамауда семіп тұр.
(Маса)

4. Жеті тармақты шумақ

Тұрмысың жырақ,
Аман ба, шырақ!
Күйзеліпсің көбірек,
Миллет үшін бегірек.

Әманда сақтан!
Сақтамақ хақтан.
Қоршаған дұшпан төңірек.
* * *

Миллетке қызмет,
Жұмлаңа міндет,
«Ұйқыңды аш!» дер едік,
«Надандықтан қаш!» дер едік.

Болмайды үндеп,
Дұшпан тұр күндеп,
Бізде бұл індет.
(Басықараұлы Жүсіпбек)

5) Сегіз тармақты шумақ

Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,

Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл!

(Абай) «Масада» «Жиған-терген», «Жауап хаттан», Мағжан өлеңдерінде «Гүлсімге», «От» сегіз тармақпен жазылған. 6) Он тармақгы шумақ

Жабылған көз жасымен жердің бетін,
Өткізіп тым өлшеусіз үкіметін,
Жауыздық жалғандық пен қаптағанда,
Адал жол, ақ ниетті арам жеңіп,

Жазықсыз жанды қинап, қанды төгіп,
Бұзықтық түзіктікті таптағанға,
Қиналып кім болсаң да, талыққандар!
Түңіліп, үміт үзіп жабықпаңдар!

Қайтадан жақындық кеп, қастық қашып,
Жарқырап жақсылыққа атар таң бар.
(Маса)

Дұрыс шумақтардың тармақтары осы жоғарыда айтылған өлеңдердегідей боларға тиіс. Бірақ өлендердің көбі-ақ дұрыс шумақталмай, тармақтар көбінесе сапырылыс болып келеді.

3. ТАРМАҚ ТҰЛҒАЛАРЫ

1. Жалғыз бунақты тармақ

Сап-сары бел,
Еседі жел,
Еседі.
Еседі жел,

Көшеді ел,
Көшеді.
(Мағжан)

Екі бунақты тармақ

Мінсіз таза меруерт.
Су тубінде жатады.
Мінсіз таза асыл сөз.
Ой түбінде жатады.

* * *
Су түбінде жатқан зат.
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады.
(Маса)

Қазақтың жыр деп ат қойған ескі өлендерінің көбі-ақ екі бунақты тармақ болады.

3.Үш бунақты тармақ
Балалар /оқуға бар,/ жатпа қарап/
Жуынып /киініңдер/ шапшаңырақ./
Шақырды /әтеш/ мана әлдеқашан,/

Қарап тұр /терезеден/ күн/ жылтырап,
(Маса)

Қазақтың қара өлең деп атаған ескі өлеңдерінің бәрінде де үш бунақты тармақ болады.

4) Төрт бунақты тармақ

Бір толарсақ, / бір тобық /санда болар, / жар-жар!/
Қырық кісінің / ақылы/ ханда болар,/ жар-жар!/
Әкем-ай!/ деп жылама, / байғұс қыздар, / жар-жар!
Әке орнына / қайын атаң / онда болар,/ жар-жар!/

Жазғытұрғы / ақша қар/ жаумақ қайда,/ жар-жар!/
Құлын-тайдай / ойнаған/ оң жақ қайда,/ жар-жар!/
Қанша жақсы / болса да / қайын атамыз, / жар-жар!/
Айналайын / әкемдей / болмақ қайда, / жар-жар!/

БУНАҚ БУЫНДАРЫ

Жалғыз буынды бунақ өлеңде болмайды. Буын саны бунақта екіден кем болмайды. Жоғарыда келтірген «Жар-жар» өлеңінде бунақтың екі буындысы да, үш буындысы, төрт буындысы да бар: «Бір толарсақ» бунағы – 4 буынды, «бір тобық» бунағы – 3 буынды. «Санда болар» бунағы – 4 буынды, «жар-жар» – 2 буынды. Қазақ тіліндегі жырдан басқа өлеңде көбінесе бунақтың екі-ақ түрі жұмсалады: 1) Үш буынды бунақ. 2) төрт буынды бунақ. Екі буынды бунақ жар-жар түрімен жазылған өлеңдерде болмаса яки Мағжанның «Біраз Фетше» деген өлеңі сияқты сөздерде болмаса, тіпті аз жұмсалады. Сондықтан төменде айтылатын сөздер бунақтың жоғарыда айтылған екі түрі туралы ғана баяндама болады.

5. ӨЛЕҢ АҒЫНДАРЫ

Өлең түріне қарай әр бунақтың шумақ ішінде таңдамалы да, талғамалы да орны бар. Таңдамалы орны берілмесе, өлең өлең болмай шығады. Талғамалы орнына назар салынбаса, өлең жорғағынан жаңылады. Бунақтың таңдамалы тармағы аяғында болады, талғамалы орны тармақтың басы мен ортасында болады. Тармақтың аяғында ылғи үш буынды бунақ келіп отырарға керек иә ылғи төрт буынды бунақ болып отырарға керек.

Мысал: 1. Үш буын аяғында болғандағы өлең кестесі.
4 4 3
Кеудеде от || іште жалын || көзде жас,
4 4 3

Күні-түні қайғы жұтқан || сорлы бас.
4 4 3
Сабан төсек || тым қараңғы || жатағы
4 4 3

Наны қара, || шайы қара || қарны аш.
(Мағжан)

ХХХХ || ХХХХ || ХХХ

ХХХХ ХХХХ ХХХ

ХХХХ ХХХХ ХХХ

ХХХХ ХХХХ ХХХ

2. Төрт буын аяғындағы өлең кестесі.

3 4 4
Таласқан || аспанменен || көкпеңбек тас
3 4 4
Қарасаң || төбесіне || айналар бас

3 4 4
Жасаған || мейірімі кең || қадыр тәңірі
3 4 4
Шығарған || сол тауынан || алтын алмас.

(Мағжан)

ХХХ || ХХХХ || ХХХХ

ХХХХ || ХХХХ || ХХХ

ХХХ || ХХХХ || ХХХХ

ХХХХ || ХХХХ || ХХХХ

Осы сияқты өлеңдердің бірін оқып, кешікпей біріне түскенде дауыс ағыны өзгеретіні оңай сезіледі. Екі түріне өлең алып оқып қарайық: 1) Сар дала бейне өлік сұлап жатқан

Кебіндей ақ селеулер басын жапқан.
Тау да жоқ, орман да жоқ, өзен де жоқ,
Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан.
.......................................................................

2. Жаралы бір жан жатыр құба жонда,

Бір қисық жалғыз аяқ сүрлеу жолда.
Бернесі, нұры кеткен көзіменен
Қарайды бишара жан оңға-солға.
...........................................................

3. Күнбатысты қараңғылық қаптаған,

Күні батып, жаңа таңы атпаған.
Түнеріп жүр күннен туған перілер,
Тәңірісін табанында таптаған.
..................................................................

4. Күнбатысты қараңғылық қаптаған,

Көгінде жоқ жалғыз жұлдыз батпаған.
Түн баласы тәңірісін өлтіріп,
Табынатын басқа тәңірі таппаған.
...................................................................

(Мағжан) Бұл өлеңдерді айтпай тұрып, әр шумағындағы тармақтарының бунақтарын санағанда, бастапқы екі шумақ өлең мен соңғы екі шумақ өлең екеуінің арасында еш айырмасы жоқ сияқты көрінеді: бунақ саны да, буын саны да бірдей, бірақ оқи бастағанда, оқи келе бірінен біріне түскенде дауыс ағыны өзгеріп, екеуі бірдей болмай шығады. Егер де әнмен айтып қарасақ, екеуін бір әнмен айтуға болмайды. Екеуіне екі түрлі ән болады. Мұнда екі түрі өз алдына бөлек-бөлек шумақтар да тұр, сондықтан екі түрін өз алдына екі түрлі ырғақпен өлең қылып айтуға болып тұр. Екі түрі бір шумақта келсе, онда тіпті өлең болмай шығады. Мәселен, мына түрде біреу өлең жаздым деген болса:

3 4 4
Бір қазақ || қала шықты || мата ала,
4 4 3
Тиеп ап || тері-терсек || бір шана.

3 4 4
Ұрлатып || жүгін жолда || жұрдай болып
4 4 3
Қайтты байғұс || түк алмай || құр ғана.

XXX ІІ ХХХХ ІІ хххх
хххх || хххх || XXX
XXX ІІ ХХХХ ІІ хххх
хххх ІІ хххх ІІ XXX

Мұнда тармақтардың аяқтары ұйқасқан, бунақтарды бірдей, жалғыз-ақ өлең жорғағы келмей түр. Жорғағы келмеген соң өлең болмай тұр. Тармақтары бірдей, тармақ ішіндегі бунақтары бірдей, аяқтары ұйқас келген сөздің бәрі өлең бола берсе, бұ да өлең болар еді. Нешік, бұл өлең бола алмайды. Мұнда жорғақ жүріс сияқты дауысты бір қалыппен тербетіп, келісті көрсететін өлең жорғағы жоқ, өлеңнің басқа сөздерден айырылатын негіздік қасиеті жорғағы онан айрылса, өлең бола алмайды. Жорғағы жоқ болған соң, бұл сөздер өлең болып шыға алмай тұр. Мұның жорғағын келтірмей тұрған не нәрсе? Бұған кесел болып бунақтың орын таңдағандығы яғни бунақтарды табиғи тілеген орнына қойылмағандық. Бунақтар тармақтардың аяғында бірыңғай келмей, бірінде үш буынды бунақ келсе, бірінде төрт буынды бунақ келіп тұр. Оны өлең табиғаты көтермейді. Не үшін көтермейтіндігі жоғарыда айтылды. Егерде сол тармақтардың мағына жағын өзгертпей, бунақтарын бірыңғай келтіру үшін азырақ сөздерін өзгертіп, төмендегі түрде айтсақ, жорғағы түзеліп, өлең болып шығады:

3 4 4
Бір қазақ || қала шықты || мата ала
3 4 4
Тиеп ап || тері-терсек || жегіп шана,

3 4 4
Ұрлатып || жолда жүгін || жұрдай болып,
3 4 4
Үйіне || қайтты байғұс || құрқол ғана.

Мұнда анау айтылғандай емес, дауыс ағыны бір қалыпта болып тұр. Оны олай етіп тұрған бунақтар бірыңғай келгендігі, тармақтардың аяғында өңшең төрт буынды бунақтар бірыңғай келіп тұр.

Бунақтар орын таңдайды дегеніміз осы болады.

Енді бунақтар орын талғайды дегенді баяндайық. Бунақтардың талғайтын орындары тармақтардың басында және ортасында болады. Шумақ ішінде бунақтар тармақтардың басында иә ортасында бірыңғай болып келу тиіс. Мәселен, бір тармақтың басында үш буынды бунақ келсе, басқа тармақтарда да солай келу тиіс. Әйтпесе өлең өлеңдігінен айрылмағанмен жорғағынан жаңылады, айтуға ауырлық келтіреді. Бұл кемшіліктен қазақ ақындарының көбінің-ақ сөзі аман емес. Әсіресе, Абай өлеңдерінде көбірек ұшырайды. Мұндай кемшілігі бар өлеңдерді де сол күйінде өзгертпей әнге қосуға болмайды. Бірақ бұл жоғарыда таңдау орын туралы айтылғандай, түзеуге келмейтін кемшілік емес, көбінесе түзетуге келетін оңай кемшілік. Тармақтардың басында өңшең үш буынды бунақ келетін өлеңдерді де, төрт буынды бунақ келетін өлеңдерді де, бас бунақтары бірыңғай келмейтін өлеңдерді де мысалға алып, жай айтып та, әнмен де қарасақ араларында қандай басқалық бар екенін байқау қиын болмайды. 1. Бас бунағы үш буынды өлең

3 4 4
Ызыңдап || ұшқан мынау || біздің маса,
3 4 4
Сап-сары || аяқтары || ұзын маса,

3 4 4
Өзіне || біткен түсі || өзгерілмес
3 4 4
Дегенмен || қара яки || қызыл маса.

3 4 4
Үстінде || ұйықтағанның || айнала ұшып,
3 4 4
Қаққы жеп || қанаттары || бұзылғанша

3 4 4
Ұйқысын || аз да болса || бөлмес пе екен?!
3 4 4
Қоймастан || құлағына || ызыңдаса.

(Маса) 2. Бас бунағы төрт буынды өлең

4 3 4
Зор қуаныш || қара түн || өткеніне,
4 3 4
Алтын таңдай || ашық күн || жеткеніне,

4 34
Қан аралас || төгілген || көп көз жасы,
4 4 4
Тәңірі қабыл || мейрім қып || өткеніне.

3 4 4
Ерік құсы || қайта ұшып || келгеніне,
4 3 4
Душар болмай || дұшпанның || мергеніне,

4 3 4
Қайта шықты || батқан күн || нұр шашылды,
4 3 4
Мың шүкірлік || тәңірінің || бергеніне.

(Мағжан)

3. Бас бунағы бірыңғай емес өлең

4 3 4
Өлең сөздің || патшасы|| сөз арасы,
3 4 4
Қиыннан || қиыстырар || ер данасы.

3 || 3 4
Тілге жеңіл || жүрекке || жылы тиіп,
34 4
Теп-тегіс || жұмыр келсін || айналасы.

4 3 4
Бөтен сөзбен || былғанса сөз арасы
4 3 4
Ол ақынның || білімсіз || бишарасы.

4 3 4
Айтушы мен || тыңдаушы || көбі надан
3 4 4
Бұл жұрттың || сөз танымас || бір парасы.

......................................................................
(Абай)
Осы үш өлеңде дауыс ағыны үш түрлі.

1-ші өлеңде дауыс ағыны басынан аяғына шейін бірдей. Мұны 1-ші ағынды өлең дейміз. 2-ші өлеңнің дауыс ағыны 1-ші өлеңдегіден басқа, бірақ оның да басынан бастап аяғына шейін дауыс ағыны бірдей. Мұны 2-ші ағынды өлең дейміз. 3-ші өлеңде белгілі бір ағын жоқ, бір тармағында бір түрлі ағын болса, екінші тар-мағында екінші ағын. Бірінші шумағының бірінші және үшінші тармақтарында 2-ші ағын, 2-ші және төртінші тармақтарында 1-ші ағын, екінші шумағының бірінші, екінші, үшінші тармақтарында 2-ші ағын, төртінші тармағында 1-ші ағын. Сүйтіп, 2-ші өлеңдегі ағынды өз алдына басқа үшінші ағынды өлең деуге болмайды. Бұл бірінші және екінші өлеңдерден ағынымен айрылып тұр. Егер де екі түрлі ағынды араластырмай, бір-ақ түрлі ағынды еткіміз келсе, меселен, әнге қосамыз десек, мұндай өлеңдердің бунақтарының орнын алмастырып, иә 1-ші ағынға яки 2-ші ағынға түсіреміз.

1-ші ағынға түсіргенде
3 4 4
Патшасы || өлең сөздің || сөз сарасы,
3 4 4

Қиыннан || қиыстырар || ер данасы.
3 4 4
Жүрекке || тілге жеңіл || жылы тиіп,
3 4 4

Теп-тегіс || жұмыр келсін || айналасы.
3 4 4
Былғанса || бөтен сөзбен || сөз арасы,
3 4 4

Білімсіз || ол ақынның || бишарасы.
3 4 4
Тыңдаушы || айтушы мен || көбі надан,
34 4

Бұл жұрттың || сөз танымас || бір парасы.
(Бас бунақ үш буынды, басқалары төрт буынды).
2-ші ағынға түсіргенде
4 3 4

Өлең сөздің || патшасы || сөз сарасы,
4 3 4
Қиыстырар || қиыннан || ер данасы.
4 3 4

Тілге жеңіл || жүрекке || жылы тиіп,
4 3 4
Жұмыр келсін || теп-тегіс || айналасы.
4 3 4

Бөтен сөзбен || былғанса || сөз арасы,
4 3 4
Ол ақынның || білімсіз || бишарасы.
4 3 4

Айтушы мен || тыңдаушы || көбі надан,
4 3 4
Сөз танымас || бұл жұрттың || бір парасы.
(Мұнда ортадағы бунақ ылғи үш буынды).

Абайдың бұл өлеңін 1-ші ағыннан гөрі 2-ші ағынға түсіргенде сөздерінің ыңғайы жақсы келеді. Бұл 1-ші, 2-ші ағыннан басқа, 11 буынды өлеңдерде 3-ші ағын болады. Оны қазақ өлеңшілері түрікпен ағыны деп атайды. Не үшін олай атайтындығының себебі белгісіз. 3-ші ағынды өлеңдердің аяқ бунақтары ылғи үш буынды болып, басқалары төрт буынды болып келеді.

М ы с а л:
4 4 3
Қыздыр дейсің || топ жиынды || жан дейсің,
4 4 3

Қыздыратын || жасты қайдан || ал дейсің.
4 4 3
Өмірімнің || таңын қосып || кешіне,
4 4 3

Бер қайтадан || өткен күннің || әммесін.
4 4 3
Бере алмасаң || кең салалық || бейілді,
4 4 3

Жас қызығын || көрсін жастар || кейінгі.
4 4 3
Тәтті өмірмен || нәпсі көңілін || ауладық,
4 5 3

Қалғанымен || алдантайық || зейінді.
(Маса)

Жоғарыда баяндалған екі буынды, үш буынды, төрт буынды бунақтардан басқа ескі жырларда, «Кенесары-Наурызбайды» шығарған Нысанбай жыраудың сөзінде, «Ер Тарғында» бес буынды бунақтар да келеді. Бірақ ондай буындар тармақтың белгілі бір мүшесі сияқты әман келіп отырмай, бірде болса, бірде жоқ, тәртіпсіз, кез келген түрде болғандықтан оларды тармақтың тұрлаулы мүшесіне санауға болмайды. Олардың ескі жырларда келетін себебі ескі жырлардың көбінде тап-тұйнақтай таза өлшеу жоқ. Солай болған соң, жорғағы да дұрыс келмей, айтуға ауыр соғып отырады. Жырлар кесте кескіні жағынан қарағанда, нағыз өлең сөйлемдер мен жай сөйлемдердің аралығындағы, жорға мен жортақтың арасындағы жүріс сияқты, сөйлемнің дүрегей күлдібадам түрі. Сондықтан бес буынды бунағы бар өлең деп санауға болмайды. Бес буынды бунақтар келетін жырлардан мысал алып қарайық:

Ау, хан ием || хан ием!

4

Айды бұлт || құрсайды;

4

Ай түнерге || ұқсайды.

4

Күнді бұлт || құрсайды;

4

Күн жауарға || ұқсайды.
Көгілдірін || ерітіп;
Көлдегі қулар || шулайды.

4

Көп ішінде || бір жалғыз 4
Көп мұңайып || жылайды,
Күйбеңдескен || көп жаман
Сөзі тигенге || ұқсайды

(Ескі жыр)
Мен күңірентсем || оңалтпан,
Атамның атын || жоғалтпан.

4

Бес түлеген || бөрімін,
Белге соқсаң || жығылған
Кенеулі қара || бұлтпын,
Қапы жаумай || ашылман.

Бурылша аттай || мықтымын,
Бұғалық салсаң || тоқтаман.
Ұсталар соққан || болатпын
Үстіме дұшпан || жолатпан.

(Орақұлы Әлібек)
Не себептен || хан Кене
Қырғызға мұнша || өшікті?
Ақ қалпақты || қырғыздан

Қазаққа берді || несіпті.

5

Ат мініп қару || асынған,

4

Бізді аяма || кесіпті

4

Есіркесең || болмай ма?
Жолыңда жатқан || бесікті.
(Нысанбай жырау)
Ақжүністей || жолдасым!

Әйел де болсаң || мұңдасым!
Қолаң шашты || қой көзді
Әйелде ару || сен едің
Аш арыстан || жүректі

Палуан жолбарыс || білекті

5

Жігіттің мәрті || мен едім
Құдіреті күшті || Құдайым,
Сындырмағай || белімді,
Тарылтпағай || жерімді.

(Ер Тарғын)

ТАРМАҚ КЕЗЕҢДЕРІ

Жоғарыда бунақтардың арасындағы дауыс толқынының жіктері кезең деп аталады деп едік. Кезең екі түрлі болады: 1) ұлы кезең, 2) кіші кезең.

М ы с а л ы:
Ақжүністей || жолдасым!
Әйел де болсаң || мұңдасым!
Қолаң шашты || қой көзді

Әйел де ару || сен едің
Аш арыстан || жүректі
Палуан жолбарыс || білекті
Жігіттің мәрті || мен едім.

Мұнда көлденең жуан сызық ұлы кезеңдерді көрсетеді, жіңішке сызық кіші кезеңді көрсетеді. Буын саны: бір тармақтың ішіндегі буын саны қазақта 2 мен 13 арасында болады.

Жар-жар – 13 буынды,
Жай өлең – 11 буынды,
Ескі жырлар – 7-8 буынды.

Жаңа ақын, жаңа жазушылардың өлеңінде бұл түрлердің бәрі де болады, оның үстіне 3, 4, 5, 6-қатта 2 буынды тармақтармен жазылған өлеңдер де бар. Мәселен, 6 буынды тармақ «Сең» деген Мағжан өлеңінде бар.

5 буынды тармақ Абайдың «Сегіз аяғы» түрінде жазылған өлеңдерде келеді. 4 буынды тармақ Абайдың «Сырласа алмай» деген өлеңінде келеді және Мағжанның «Жұмбақ» деген өлеңінде келеді.

2 буынды тармақ Мағжанның «Біраз Фетше» деген өлеңінде келеді.

ТАРМАҚ ҰЙҚАСТЫҒЫ

Тармақтардың аяғының ұйқастығы ұйқастық деп айтылады. Ұйқастық түрліше болады. Ұзын тармақты, жеке шумақты өлеңдерде 1-ші, 2- ші, 4-ші тармағы ұйқасып, 3-ші тармағы ұйқаспай, азат қалады. Ұзын тармақты, тұтас шумақты өлеңдерде бастапқы екі тармағы ұйқасып, онан арғылары бірі азат, бірі ұйқас аралатпа болып келеді. Ескі жырлардың ұйқасуы көбінесе тәртіпсіз болады. Бергілікте шыққан жырларда ғана тәртіп бар. Қысқа тармақты жаңа өлеңдердің тұтас шумақтылары ұзын тармақты өлеңдерше ұйқасады да, жеке шумақтылары иә ұзын тармақты өлеңдерше, иә кестесінің түріне қарай түстес тармақтары ғана ұйқасады.

М ә с ел е н:
Оюын ойып,
Орындап қойып,

3. Түр салғандай өрнекке.

Қиыннан қиып,
Қиырдан жиып,

6. Қарап сөзді термекке.

Еңбекке егіз тіл мен жақ,
Ерінбесең, сөйлеп бақ.

Мұндағы 1-ші, 2-ші тармақ түстес болған соң, бір ұйқасып тұр. 4-ші, 5-ші тармақ түстес болған соң бір ұйқасып тұр. 7-ші, 8-ші тармақтар түстес болған соң бір ұйқасып түр. Осы сияқты ұйқастыру Абайдан кейін шыққан қазақ ақындарының көбінде бар. Өлең шығару өнері турасындағы сөзді осымен бітіріп, ақтығында айтатын сөз мынау: Жоғарыда айтылған керек шарттардың бәрін орнына келтіріп шығарған өлең сымға тартқандай, нағыз мінсіз өлең болып шықпақ. Мұны біздің қазақ ақындарының көбі, өлең шығару өнерінің ғылымын білмегендіктен, орнына келтіре алмайды. Біреулер өлшеуін келтіре алмай, тармақтарын ұзартып, өлеңді төсегіне сыйғыза алмай сирағын сыртқа шығарып жібереді. Біреулер бунақтарын өлең табиғаты тілеген орнына қоя алмай, иә жорғағын бұзып, иә тіпті өлең сиқын жоғалтып жібереді. Мұның бәрі өлеңнің өлең болғандағы негіздік түр-тұрпатын бұзып, не күйін кетіргендей, не өлеңдігін жойғандай, әуезділік жағына кемшілік келтіреді. Егерде сөз бір жүзді нәрсе болса, қазақ өлеңдерінің көбі асыл сөздің табынан шығып қалар еді. Олай болмайтыны сөздің бір жүзді емес, екі жүзді нәрселігі. Сөздің сыны жалғыз тысында ғана емес, ішінде де бар. Тысқарғы кесте кемшілігін ішкергі мағына жақсылығы жуып, көбінесе өлең кестесі жағындағы кемшіліктерін біліндірмейді, тесе қарап, тексере бастағанда болмаса, жоғарыда айтылған кемшіліктердің көбі жай қарағанда сезілмей өтеді.

ЕКІНШІ БӨЛІМ

І

ҚАРА СӨЗ БЕН ДАРЫНДЫ СӨЗ ЖҮЙЕСІ

Екі түрлі лебіз бар: бірі жалаң, екіншісі көрнекі болады деп жоғарыда айтылған еді. Қайсысымен сөйлесек те сөйлеу болады, бірақ сөйлеуді негіз түріне қарай айыру қажет болған орында жалаң лебізбен айтылған сөзді ғана сөйлеу дейміз де, көрнекі лебізбен айтылған сөзді жырлау – толғау дейміз. Сөйлеуде, жырлауда, толғауда бұл күндегі әдебиет алқасына кіретін жалаң лебізді және көрнекі лебізді сөздердің таптарын анық ашуға жарамсыз болғандықтан, жалаң лебізді сөздерді қара сөз деп, көрнекі лебізді сөздерді дарынды сөз деп атау қолайлырақ. Әдетке қарамай, асылына қарағанда, «қара сөз» деген мен «сөйлеу» деген екеуінің мағынасы бір болып, «дарынды сөз» деген мен «жырлау», «толғау» дегеннің мағынасы бір болып, бірінің орнына бірі айтыла береді. Қара сөзді шығармалардың да, дарынды сөзді шығармалардың да түрлерінің өлеңдісі, өлеңсізі болады.

Сөздің асыл болуы ұнауымен.

Сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен, сөз мағына жағының күштілігімен жағады. Сөз көркемдігі әуезінің әдемілігі мен кестесінің келісті болуынан табылады. Әуез әдемілігі сөзді дыбыс жағынан тәртіптеп, үйлестіріп тізуден болады. Күштілігі сөздің қалыпты мағынасының үстіне күш қосатын әдістерді істеуден болады. Бұлардың бәрі де тіл (лұғат) талғауы туралы сөйлеген жерде баяндалған. Бұл жерде айтып өтерлік бір нәрсе сөздің бірі жалаң, бірі көрнекі көрінуі неден екендігі, ол мынадан болады. Жоғарыда айттық: жалаң сөз дегеніміз жалаң лебізбен айтылған сөйлеуі орнына жүретін ұғым деп, көркем сөз дегеніміз көрнекі лебізбен айтылған толғау орнына жүретін ұғым деп. Сөзді жалаң түрінде айтқанда, күш көбінесе зейін жағына салынып, пайым терең, мағына күшті, пікір дәлелді болып, айтылған сөз адамның ақылына қонуы көбірек козделеді. Сөзді көркем түрінде айтқанда, күш көбінесе қиял мен қиыс (түйіс) жағына салынып, сүгіреті толық, меңзеуі мерген, қисыны қызық болып сөз әсерінің күшімен көңілге ұнауы көбірек көзделеді. Сөз ақылға қонады шындығымен, көңілге ұнайды өңі үйлестігімен, өң үйлесуін жарастық, келістік дейміз. Келістік көрік негізі екендігі өлеңді сөйлемдер туралы сөз болғанда айтылды. Оны тағы қайтадан сөйлеудің қажеті жоқ. «Сөздің көркі мақал. Жүздің көркі сақал» деген қазақта мақал бар. Мақал мен сақалдың мәні құр көрік болу емес. Олардың бірін сөзге, бірін жүзге көрік қылып теңеп отырған адамның ойы мен көңілі. Ойлау екі түрлі: адам ойлағанда нәрсеге тиісінше ойлайды, иә көңілінің түйісінше ойлайды. Нәрсе түрлі сипатты болады. Ол сипаттарының біреулері бойына біткен сипат болса, екіншілері адамның қосқан, таңған сипаттары болады. Мәселен, нәрсенің бірін жылы, бірін суық, бірін тегіс, бірін бұдырмақ, бірін қатты, бірін жұмсақ дейміз. Бұл сипаттар нәрсенің бойында бар сипаттар. Бұл сипаттаудың біреулері адамға ұнайтын болар да, біреулері ұнамайтын болар. Мәселен, жылы нәрсе, тегіс нәрсе, жұмсақ нәрсе адамға жағымды, сүйкімді болар да, суық нәрсе, бұдырмақ нәрсе, қатты нәрсе адамға жағымсыз, сүйкімсіз болар. Бұлардың біреулерін жағымды, сүйкімді деп, екіншілерін жағымсыз, сүйкімсіз деп сипаттау нәрсені тиісінше сипаттау емес, адам оз көңілінің түйісінше сипаттау болады. Сол сияқты, бір нәрсе туралы сөйлегенде, иә тиіс жағынан алып, иә түйіс жағынан алып сөйлейміз. Мәселен, кісі жайынан сөйлегенде, иә тиіс жағынан алып, түсін, тұрпатын, мінезін, құлқын, туысын, тұрмысын, ісін айтамыз, иә түйіс жағынан алып, сүйетін, сүймейтінімізді, сыйлайтын, сыйламайтынымызды айтамыз. Сол секілді, әннің дауысы тиіс жағы болады. Әннің бізге ететін әсері түйіс жағы болады. Бір нәрсенің анығына жетіп, расына қанғымыз келсе, мәселен, бір уақиғаның анығына жеткіміз келсе яки бір адамның мінезін дұрыс білгіміз келсе, кілең тиіс жағынан ғана алып, түйіс қатыстырмасақ жақсы білеміз. Дұрысына жетеміз. Солай болған соң, нәрсені тиіс жағынан сөйлегенде, тиістік керегі жоқ болып шығады. Көрік – нәрсенің түйіс жағы. Нәрсені тиіс жағынан сөйлегенде, түйіс керегі жоқ дегеніміз тиіс туралы сөйлейтін сөзге көрік керегі жоқ деген болып шығады. Нәрсенін тиіс жағы өзінде бар шын жағы; нәрсенің түйіс жағы өзінде жоқ, жабатын жала, қоятын кінә, таңатын өсек, тағатын таба, жағатын опа сияқты, адам апарып жапсыратын нәрсе.

Мақалдың мәні тек сөзге көрік болуда болса, сақалдың мәні тек жүзге көрік болуда болса, шындыққа ондай нәрселердің керегі жоқ. Жағатын опа сияқты, тек көрік үшін ғана керек нәрсе, шындықтың жүзін күңгелейді, неғұрлым ашық, неғұрлым жалаңаш болса, шындық соғұрлым ашық, соғұрлым жарық болмақ. Шындықты көріктеу, шыныны әдемілеймін деп, бетін шимайлап, жарығын күңгірттеу болады. Шындығымен ақылға қонуын көздейтін сөздер сақал-мұрт сияқты көрік болатын нәрселерден аман болады. Сондықтан ол жалаң сөз деп аталады. Келістігімен, әдемілігімен көңілге ұнауын көздейтін сөздер сақал, мақал сияқты адамға келісті көрінетін нәрселермен көркем көрінеді. Сондықтан бұлар көркем яки дарынды сөз деп аталады. Жалаң сөз нәрсені тиіс жағынан алып, пайым бойынша сөйлейтін шындық сөзі, шын әңгіме болады. Көркем сөз нәрсені түйіс жағынан алып, қиял бойынша, сөйлейтін. шын емес, шығарғы әңгіме болады. Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі. Жалаң сөз зейін байлығына қарайтын нәрсе, көркем сөз қиял байлығына қарайтын нәрсе. Жалаң сөз дүниені тұрған қалпында алып айтады. Көркем сөз дүниені көңілдің түйген, қиялдың меңзеген әлпіне түсіріп айтады. Көркем сөз айтқанын ақыл табуынша дәлелдеп, мәністеп, қақиқат түрінде айтады. Көркем сөз айтқанын қиял меңзеуінше бейнелеп, әліптеп, көбінесе ұйғару түрінде айтады, жалаң сөз дүниеде шын болған, шын бар нәрселерді әңгіме қылады. Көркем сөз болуға ықтимал деген нәрселерді де алып сөз қылады; қатта қисынын келтіріп, болмаған нәрсені болғанға, жоқ нәрсені барға ұйғарып сөз қылады. Қисынын келтіріп, қиялдан туғызып әдемі әңгіме шығару ақындық дарыған адамның ғана қолынан келеді. Жалаң сөздің қара сөз делініп, көркем сөздің дарынды сөз деп аталу мәнісі де осыдан. Сондықтан қара сөзде айтылған нәрсе дүниеде нақ болған, сол күйде және бар нәрсе деп білу керек те, дарынды сөзде айтылған нәрсе, нақ сол күйде болып өтпегенмен яки бар болып тұрмағанмен, дүниеде болатын және боларлық нәрсе деп білу керек. Қысқасынан айтқанда, қара сөз жаратынды, тиіс ғалам турасындағы әңгіме де, дарынды сөз ұйғарынды түйіс ғалам турасындағы әңгіме.

Тиіс ғалам турасында сөйлегенде жай күйінде жабайы тілмен тиісін айтамыз. Түйіс ғалам турасында сөйлегенде, көңіл түюінше өң беріп, дем беріп, көрнекі тілмен айтамыз. Бірақ тиіс ғалам турасында сөйлегенде де айқындық үшін ажарлау керек болса, жалаң лебіз орнына көрнекі лебіз жұмсалады. Қара сөз бен дарынды сөздің арасындағы парық жұмсалатын орнына, қызметіне қарай былайша айрылады: дарынды сөз адамның ойына өң береді, көңіліне күй түсіреді, қара сөзден адам тек ұғым алады. Арабша қара сөзді шығарманы насыр деп, дарынды сөзді шығарманы назым деп атайды. Арабша айтқанда, біз де солай дейміз, қазақша айтқанда, қара сөз, дарынды сөз деп жүгінеміз.

ҚАРАСӨЗ

Қара сөзден адам тек ұғым алады дедік. Ұғымның өзі керекті орнына қарай екі түрлі болады: 1) Ес ұғымы яғни еске керек ұғым. 2) Іс ұғымы яғни іске керек ұғым. Ес ұғымының арқасында дүниедегі нәрселердің бәрін, затын, заңын, сырын, сипатын, мүддесін, мұратын танимыз. Іс үғымы арқасында табиғат ісін, күшін, нәрселерін қалай пайдаланатын жолын білеміз. Сондықтан қара сөзді әңгімелер екі жақты болып келеді. Бір жағы ес ұғымымен болады, екінші жағы іс ұғымымен болады. Қара сөз нәрсенің тиісті жағынан сөйлейді деп жоғарыда айтылған еді. Нәрсе турасында тиісінше сөйлеу үшін тиісінше ойлау керек. Тиісінше ойлағанда ойымыз, ұғым түрлеріне қарай, бірнеше тарапқа бөлінеді. 1) ғалам тарапына, 2) Құдай тарапына, 3) ғылым тарапына, 4) әлеумет тарапына, 5) үгіт-тәрбие тарапына, 6) сын тарапына. Адамның зейіні бүтін ғаламды тануға жұмсалып, дүниедегі бар нәрсенің барлығын яки бар деп ұйғарылған нәрсенің бар-жоқтығын танып, белгілі бір қарарға келгенде, адамға бір үлкен ұғым пайда болады. Сол ұлы ұғым жүйесі даналық деп аталады. Даналық мақсаты бүтін ғаламды танып, бүтін ғалам аталған дүниенің жұмбағын (дүние мәселесін) шешпек. Даналықтың ес ұғымына тиісті жағы – сап даналық болады да, іс ұғымына тиісті жағы – салт даналығы болады. Сап даналық жолының өзі екі айырық болады: бірі ғаламның адам арқылы жетерлік те, бірі жетпестік те жағын зейінге салады. Алдыңғы табансыз даналық делініп, соңғысы табанды даналық делініп айтылады. Адамның зейіні Құдайды тану жағына жұмсалып, Құдай турасындағы мәселені шешпек болғанда, дін пайда болып, ұғым жүйесі жасалса, ол ғақаид деп аталады. Оның екі жағы болады: бірі діннің негізі турасындағы ес ұғым болады да, біреуі дінге керек іс ұғым болады. 3. Зейін табиғат құбылысын тану жағына жұмсалып, табиғаттың түрлі заңдарын тауып, қасиеттерін біліп, әбден көз жеткенде пайда болатын ұғым жүйесі – ғылым деп аталады. Ғылымның түрі толып жатыр, оның бәрін мұнда баяндау сөз мәселесінің ісі емес. 4. Зейін әлеумет мәселесіне жұмсалып, әлеумет ісіне жол сілтегенде, көсемдік ұғым жүйесі пайда болады. Зейін табылған білімді басқаларға үйрету жолына жұмсалғанда, үгіт-тәрбие ұғым жүйесі пайда болады. 5. Зейін басқанын ісін таразыға тартып, ұнамды, ұнамсызын тексергенде, сын ұғымының жүйесі пайда болады. Қара сөз деп осы ұғым жүйелерінен сөйлейтін әңгімелерді айтамыз. Ұғым жүйесінің табы – қара сөздің табы болады. Қара сөздің табынан түрін айыру керек.

Тап жағынан бірге сөз түр жағынан бөлек кетуі ықтимал. Көптен бері көп жұртта қалыптанған түрлерін алғанда, қара сөз: 1) әуезе, 2) әліптеме, 3) байымдама болып үш салаға бөлінеді.

Әуезе Болған уақиғадан бастан-аяқ болған түрінде, ретінше мезгілін, мекенін көрсете мазмұндап, мағлұмат беру әуезе болады. Әуезе ақпар мағынада оның мысалы, шағын түрде айтқанда, мынау болады:

ҚОСШЫЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ, АҒАРТУ ЖҰМЫСЫ

Қалалық ұйымдарда жетіде бір рет, ел арасында айында екі рет жалпы жиылыс болып тұрады. Қала ішіндегі жиылыстар көңілдегідей, ел ішіндегілер онша болмайды. Жиылыста ұйымның мақсаты, ел ішіндегі залалды ғұрыптармен қалай күресу, өкімет жұмыстары, қосшы мүшелерінің шаруашылығын күшейту туралы мәселелер қойылып, түсініс берілді. Және қосшы қйымына бқрын кіріп кеткен атқамінер қуларды шығарып, тазалау туралы түсіндіріледі. Бірақ қулар да қарап тұрмайды, ұйымның кедей, малай мүшелерін өздеріне тартқылап, азғырып жүреді. Мұндайларды тамырымен құртуға шара қолданудамыз. Ағарту жайына келсек, үйезде, қалада ұйым комитеті жанында оқу үйі клуб бар. «Қызыл шайхана» ашуға қаражат жоқтығынан аша алмай отырмыз. Бұдан былай мүшелердің сауатсыздығын жоюға үйездік оқу бөлімінен мұғалім сұрап, мектеп ашпақшы болып жатыр. Бұдан басқа, «Еңбекші қазақ», «Ақ жол» газеттерін алдырып, таратып тұрамыз. 25-нші жылғы қосшы мүшелерінің жарналары әлі жиналған жоқ. Жаңада жинауға кірісіп жатыр. Мүшелік жарналары жиналмағандықтан үйездік аудандық комитетте қаражат ақша жоқ. Ақша жоқ болғандықтан, болком, райком қызметкерлері айлық ақыларын ала алмай отыр. Соңғы кезде қосшы ұйымының қызметкерлері айлықтарын ала алмаған соң, қызметке де салақ болып кетті. Бұл кемшіліктерге аймақтық комитет шара қолданса екен.

Аямбай ұлы, «Еңбекші қазақ», 25-нші жыл, 412-сан.
Әуезе көбінесе үш тақтаға бөлінеді: 1) мәлімдеу, 2) мазмұндау, 3) қорыту.

Мәлімдеуде иә уақиғаның алдында не болғаны айтылады, иә айтушының уақиғадан қанша хабардар екендігі айтылады. Мазмұндауда уақиға қалай болып, қалай өткені айтылады. Қорытуында иә уақиғадан шыққан нәтижесі (ақтығы) айтылады, иә айтушының қарары айтылады. Е с к е р т у: әуезелердің бәрінде де айтылған үш тақта бола бермейді. Кейде жазушы тақталамай, уақиғаны бастан-аяқ мазмұндайды да қояды.

Әуезе түрлері Әуезе әңгімесінін айтатын түріне қарай бірнеше тарауға бөлінеді. Біреулері өткенді сөз қылғанда уақыт сарынымен айтады, екіншілері уақыт сарынымен айтады, үшіншілері біреуден біреуді туғызып, туыс сарынымен сөйлейді. Кейбіреудің өз заманындағы болған уақиғасын сөйлегенде, кей өткен замандағы уақиғаның әңгімесін сөйлейді. Біреуі бір адамның өмірін яки мінезін әңгіме қылғанда, бүтін жұрттың өмірін яки мінезін әңгіме қылады. Сондықтан әуезелердің мынадай тараулары болады: 1) шежіре, 2) заманхат, 3) өмірбаян, 4) мінездеме, 5) тарих, 6) тарихи әңгіме.

Шежіре. Шежіре өткеннен дерек беретін сөздің бір түрі. Шежіреде уақиғадан гөрі өткендердің түсі, туысы көп айтылды, сондықтан шежіре уақиға сарынымен емес, уақыт, туыс сарынымен айтылатын әуезе табына жатады. Шежіре болған уақиға жайынан сөйлесе, себебін, мәнісін айтпай тек болғанын айтады да қояды. Мәселен, қазақ жұртының өмірінде болған уақиғалардың түп себептері байласылмай, көбінесе хандардың түсін, елдердің туысын көрсетіп тізген Шәкәрімнің «Қазақ һәм хандар шежіресі» деген кітабындағы әңгіме шежіре болады (нұсқалықтың 1-ші нөмірін қара). Басқа жұрттардың да шежірелерінде уақиғаны жылдап тізгенінен басқа еш тәртіп болмайды. Ел шапқан мен қатын-бала шапқан әңгімесі қатар тұрады; бір жерінде әңгімені қойылтып, маңызды түрде айтса, екінші жерде сұйылтып, ұсақ-түйекті сөз қылады. Бір жерінде рас болған уақиғаны сөйлесе, екінші жерінде тек жұрт аузындағы әуезе болған өтірік-шынды әңгімелерді сөйлеп кетеді.

Қазақта жазу болмаған себепті бұрыннан жазылып келген шежіре, түрлі әңгіме жоқ, бірақ басқа жұрттардың шежірелерінде айтылатын сөздер сияқты әңгімелер қазақта да бар. Орақ-Мамай, Едіге, Кенесарының Садығы турасындағы ауызда айтылатын әңгімелердің көбі-ақ өтірік-шыны аралас шежіренің сөздері сияқты. Заман хат. Біреудің заманында болған тарихи уақиғадан яки өз ішінде болған істерден дерек беруі – заман хат деп аталады. Мәдени жұрттың адамында, заманында болған көзге түсерлік уақиғаларды яки өз өмірінде ұшыраған зор істерді жазып, әңгіме ретінде тіркеп отыратын әдет болады. Заман хат шежіредей емес, тәртіпті, жүйелі келеді. Шежірені тек хат білетін адамдар құр тіркей беруге болады. Заман хатты оқымысты адамдар жазады, сондықтан мұнда құр халық аузында әуезе болып жүрген дәлелсіз сөздер жазылмайды. Заман хатта уақиғаны уақыт сарынымен жазылмайды, іс сарынымен жазылады. Заман хатта боларлық бір кемшілік мынау: Уақиғаны болған күйінше жазбай, жазушы өз көңілінің күйіне бояп, реңкін өзгертуге ықтимал. Олай ету уақиғаның дұрыстығына кемшілік келтіреді. Заман хат шынға жақын болу үшін жазушы өз көңілінің күйіне түспейтін яғни достыққа да, қастыққа да қарамайтын адам боларға тиіс. Ондай адам табиғаттан тысқарғы адам болмақ. Адам табиғаттан тысқары бола алмағандықтан заман хаттары көңіл күйінің әсерінен аман бола алмайды. Сонда да тарихқа беретін жемінің молдығынан заман хат өте құнды сөздер есебіне қосылады. Заман хат жазушы жазуына керек жемді иә уақиғаның болып жатқан үстінен алып жазады, иә көп уақыт өткізіп уақиғада болған халдерді өзінің есіне алып жазады. Заман хат мағлұматы айтушынын есіне алынып жазылғанда жәт дерек деп айтылады. Заман хат болатын Абайдың қарасөздерінде бар (онан басқа заман хат болатын сөздерді нұсқалықтың 2-3-інші нөмірлерінен қара). Жәт дерек болатын Шоқан турасындағы Потанин, Ядринцев сөздері және «Жазықсыз тамған қан» деген Торайғырұлының сөзі (нұсқалықтың 4, 5, 6-ыншы нөмірлерін қара

Өмірбаян. Біреудің туғанынан бастап, өлгенге шейінгі өмірін жазу, иә айту өмірбаян болады. Өмірбаян жазудағы мақсат белгілі болған адамның өмірі қалай басталып, қандай күйде өткенін көрсету. Қандай тәрбиеде өсіп, қандай мінезде пайда болып, ол мінезі қандай істер істеуге себеп болғанын көрсету. Өмірбаян жемін белгілі адам турасындағы сипат қағаздардан алады. Білетін адамдардың ауыз айтуынан алады. Жазушы өз білетінін жазады. Өмір дерек ылғи сипатты мағлұматтардан құралған сөз болғандықтан, нағыз рас әңгіме болып шығады.

Мысалдар: Абылай, Абай, Ақан серінің өмірбаяндары (нұсқалықтың 7, 8, 9-ыншы нөмірлерінен қара). Өмірбаянын адамның өзі жазса, өз өмірбаяны деп аталады. Жай өмірбаяннан өз өмірбаянының айрылатын жері – адам өз ісіне өзі қазы, өзі сыншы бола алмайтындығынан, жай өмірбаянынан өз өмірбаянының инабаты кемірек болады. М ы с а л: Әбубәкірдің ауруынан қауіп етіп жазған өз өмірбаяны (27 жасына шейін), Сағынғалидың өз өмірбаяны нұсқалықтың 10, 11-інші нөмірлерін қара). 4) Мінездеме. Адамның, елдің, жұрттың, таптың, ұлттың сырын, мінезін таңып керсету – мінездеме болады. Мінездеме өмірбаянның да, заман хаттың да, тарихтың да ішіне бөлімі есебінде кіреді. Мінездеме заманның, дәуірдің халін де мінездеп көрсетеді. Адамды мінездегенде өмірбаянының бөлімі болып кіреді. Жұртты, ұлтты, заманды мінездегенде тарихтың бөлімі болып кіреді. Өмірбаянның аяқ жағы ылғи мінездемеге айналып кетеді. Мәселен, Шоқанның жәт дерегін, Абайдың, Ақан серінің өмірбаяндарын қарасақ, көп жерінде-ақ мінездемелері бар (нұсқалықтың 4, 5, 8, 9-ыншы нөмірлерін қара).

Тарих. Тарихты қазақша ұлы дерек деуге әуезе табына жатқанмен айғақты әуезе болады. Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы тарих. Тарихтың кызметі – бүтін адам баласының яки бүтін бір жұрттың, иә таптың өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту. Тарихтың мақсаты – бүтін адам баласының өмірі нендей табиғат заңымен өзгеретінін білу. Тарихшылар халық басынан кешкен түрлі уақиғалардың мағлұматын сымға тартқандай сынға салып, мінсіз етіп, дұрыстап өткізеді.

Шежіре жазушылар естіген-білгенін сол қалпында, шикі түрінде тізеді. Тарихшылар құр істегенімен қанағаттанбай, рас, өтірігін тексеріп, расын ғана алады. Шежіре, заман хат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер. Тарих олардың айтқанының бәрін ала бермейді. Аударып, ақтарып түрлі жағынан қарап, түрлі мағлұматтармен салыстырып, сипатталған мағлұматтардан ғана алады. Тарихшылардың мақсаты уақиғаның уақытын ғана көрсету яки не түрде болған тысқы сиқын ғана керсету емес, ол уақиғаның болуына нендей нәрселер, нендей уақиғалар себеп болғанын көрсетіп, ішкі мәнісімен де таныстыру. Тарих беретін дерегінің түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Бүкіл адам баласы дүниеде қандай өмір шеккенін сөйлейтін тарих «Жалпы тарих» деп аталады. Адам мәдениет жүзінде жүрген жолдарын баяндайтын тарих «Мәдениет тарихы» деп аталады. Мәдениеттің, түрлі тараулары «Тарих тармақтары» деп аталады. Мәселен, шаруа тарихы, өнер тарихы, дін тарихы, даналық тарихы, ғылым тарихы, әдебиет тарихы тағысын тағы сондай тарихтар. Жалы тарихтар – түрік-монғол тарихы, қытай тарихы, жапон тарихы және сондай бөлек-бөлек жұрттардың, ұлттардың тарихы. 6) Тарихи әңгіме. Тарих жүзінде белгілі адамдар, нәрселер, уақиғалар турасында сөйлейтін әуезелер тарихи әнгіме деп аталады. Тарихи әңгіме тек лақап әңгімеден мазмұнның шындығымен айырылады. Жұрт аңыз қылып айтып жүрген әңгімелердің өтірігі көп болады. Тарихи әңгіме тарих асасына сүйенетін шын әңгіме болады. Мәселен, «Қазақ» газетінде басылған «Әзірет Сұлтан», «Тұрғанбай датқа» турасындағы әңгімелер тарихи әңгіме болады (нұсқалықтың 13, 14-інші нөмірлерінен қара). 2. Әліптеме (суреттеу) Бір нәрсенің тұрпатын реттеп айтып, әлібін суреттеп шығару әліптеме болады. Дүниедегі түрлі нәрселердің, түрлі адамдардың, түрлі күйлердің бәрін де әліптеуге болады. Бірақ әліптемеде сөзбен суреттелетін табиғат жүзінде яки өнер жүзінде назар түсірерлік көрнекті нәрселер ғана.

Әліптеу тәртібі Бір нәрсені әліптеуден бұрын сол нәрсенің өзін әбден анық тану керек яғни көрнекті болып, назар түскендей не белгілері барын білу керек. Нәрсені әліптегенде оның ірілі, уақты белгілерінің бәрін түгелдеу қажет емес, көрнекті көрсетерлік түрін, өзгеше белгілерін ғана айтуға керек. Белгілерін бет-бетіне айтпай, өңіне, орнына үйлестіріп айтып, нәрсенің сүгіретін ойқы-шойқы, қиқа-сиқа қылмай дұрыс тұрпаттап, адамның қиял саңылауына сүгіреті өзіне ұқсап, дәл түсерлік етіп шығару керек. Тиісті жерінде нәрсенің көңілге еткен әсерін, нәрсенің адамға келтірер пайдасы бар-жоғын айтып жіберуге де болады.

Әліптеу жоспары Әуелі нәрсенің айқын тұрған сыртқы жағы әліптеледі. Сонан соң ішкі жағы айтылады. Нәрсенің жалпы түрінен бастап, жалқылай айтып шығаруға болады. Я жалқы түрінен бастап, жалпылай айтып шығаруға болады. Е с к е р т у. Нәрсе уақытқа қарай әліптенетін болса, әліптеу тәртібі уақыт ретінше болады. Егерде нәрсе әліптегенде мезгілі бір, орындары түрлі-түрлі болса, онда әліптеу реті жазушының бастаған орнына қарайды. Егерде әліптеудің мезгілі де, мекені де бір болса, онда әліптеу реті нәрсенің ыңғайына, әліптеушінің назарына қарайды. Әліптеме мазмұнының кемдем жері мен дендем жерін айыру керек. Дендем жері нәрсенің өзін әліптеген жері болады. Кемдем жері – әліптеуге алынған нәрсе мен басқа нәрселердің арасын әңгіме еткенде ұшырайтын жері.

Әліптеу түрлері Әліптеу көзделген мақсатқа қарай екі айрылады: 1. Пәнді әліптеу. 2. Сәнді әліптеу. Пәнді әліптеу нәрсені пән мақсатымен алып, дәлдеп әліптеп, сыр-сипатын дұрыс танытып, нәрсе туралы дұрыс ұғым беру үшін істеледі. Пәнді әліптеудің өзі екі түрлі болады: 1. Жалқылай әліптеу. 2. Жалпылай әліптеу. Жалқылай әліптегенде нәрсе дербес алынып, дара басы әліптеледі. Мұнда әліптеушінің назары нәрсенің өзгеден айрылатын айрықша әліптерінде болады. Жалпылай әліптегенде нәрсенің бүтін табы алынып, табына тиісті сипатпен әліптеледі. Мұнда әліптеушінің назары таптағы нәрсенің бәрінен табылатын белгілерінде болады (нұсқалықтың 18-19-ыншы нөмірлерін қара). Сәнді әліптеуде қандай белгілерін алу – әліптеушінің көздеген өз мақсаты бойынша болады (нұсқалықтың 18, 19-ыншы нөмірлерін қара). Жол әліптемесі. Жолаушы жүріп, дүние кезіп көрген жерінің, елінің әлібін, қалпын жазу жол әліптемесі яки жолай деп аталады. Әліптемеге қатыспайтын әңгіме аз болады, бірақ әңгімеде не әліптеме болып келетін түрлері бар. Соның бір түрі жол әліптемесі. Жол әліптемесінің әңгімесі әліптегенде түрлі нәрсені түрлі тарапынан әліптегендіктен пәлендей нәрсе тақырыпты сөйлейді деуге болмайды. Жол әліптемесінде нәрсені әліптеу реті ұшырау ретінше: алдымен ұшыраған алдында, соңынан ұшыраған соңында әліптеледі. Қияли жол әліптемесі деген әліптеменің бір түрі бар. Ондай әліптемелер жолаушының жазған сөзі емес, қиял кезуінің сөзі болады. Жазушы қиялын жолаушы жүргізіп, қиял көзімен көргенін сөйлейді. Ондай жол әліптемесі ғылым мағлұматын беру мақсатпен де жазылады. Қазақта қиялмен жазылған жол әліптемесі жоқ: жай жол әліптеме де аз (жай жол әліптеме мысалын нұсқалықтың 20-ыншы нөмірінен қара).

Байымдама (зейіндеме) Көсе сөзбен жазылған шығарма бір пікірді қуаттап, толықтырып баяндаса, баяндауын түрлі сипаттармен дғлелдесе, ондай шығарма байымдама деп аталады. Әуезе әліптеме түрлі сөздермен дүние әңгімесі бітпейді. Әуеземен әліптеме дүниедегі жаратынды, жасатынды нәрселердің өздерімен, олардың әдістерімен, жай-күйлерімен ғана таныстырады. Дүниедегі нәрселердің барлығын, олардың қалай өмір шегетінін танумен білім тәмам болмайды. Үйткені дүниедегі нәрселердін бәрі сабақтас, іліктес, құрмалас. Ол сабақ- тас, іліктес әм құрмаластығы белгілі себептер бойынша болып, себеп жүзіндегі белгілі бір заңға мойынсұнып, сол заңның жолынан бұрылмайды. Ол заң табиғат заңы, ол заң жолы табиғат заңының жолы. Нәрселер арасында қандай сабақтастық, іліктестік, құрмаластық бар екенін ашу жағын, олардың бар болуы қандай себептермен, қандай заң бойынша екендігін айыру жағын байымдап, ғалым адамдардың шығарған сөздері пән шығарма деп аталады. Пән шығарманың асылы байымдама болады, сондықтан пән шығарманың жалпы аты да байымдама болады. Байымдаманың зор мүшесі төртеу: 1. бастамасы, 2. ұсынбасы, 3. баяндамасы, 4. қорытпасы. Бастамасында әңгіме болатын нәрсе туралы басқалар тарапынан айтылған пікірлер барлығын иә жоқтығын айтады. Оны айтпай бастауға да жазушы ықтиярлы, сондықтан бастаманы қалай бастау жазушының ықтиярында десек те болады.

Ұсынбасында әңгіме болатын пікірмен таныстырады.

Баяндамасында алынған нәрсе баяндалады, оның турасында айтылған пікірлерге дәлелдер, сипаттар келтіріледі. Қорытпасында айтылған пікірлердің иә маңызы қайта айтылады, иә пікірлерден шыққан нәтиже айтылады. Пікірді мәністеу, дәлелдеу, сипаттау баяндамасында болатындықтан баяндама байымдаманың нағыз дендем бөлімі болады. Сипаттау түрлі болады: 1. Мәністеп, дәлелдеп сипаттау бар. 2. Керек пікірді яки нәрсені басқа соған ұқсас нәрселермен салыстырып сипаттау. 3. Керек пікірді қостайтын, қуаттайтын мысалдар келтіріп сипаттау бар. 4. Белгілі адамдардың айтқан иә жазған пәтуаларын келтіріп сипаттау бар. 5. Қаралатын пікірге қарсы пікірдің нашарлығын яки қателігін көрсетіп сипаттау бар.

Байымдама әдістері Байымдама әдісі екі түрлі: 1) негізгі пікірді шығарманың басында айтып, оны қуаттайтын пікірді соңынан келтіру бар. Яғни әуелі жалпы пікірді айтып алып, оны бөлекей пікірлермен қуаттап байымдау бар. Бұл жалқылау әдісі болады. 2) Әуелі бөлекей пікірлерді айтып, жалпы пікірді солардың дәлелдерімен қуаттап байымдау бар. Бұл жалпылау әдісі болады. Ойлау оңтайы да екі түрлі: 1. айырыңқы оңтай, 2. жиылыңқы оңтай. Талдама оңтай – нәрсені бұтарлап, мүшелеп, ұсақтай түсіндіргенде қолданатын оңтай. Терме оңтай – нәрсенің мүшесін жинастыра, құрастыра, іріктей түсіндіргенде қолданатын оңтай. (байымдама мысалдарын нұсқалықтың 20, 21, 22, 23-інші нөмірлерінен қара).

Байымдама түрлері Қара сөз байымдаманың қатыспайтын шығармасы болмайды. Әуезе, әліптеме, байымдама деп жіктерін бөлектеп көрсеткенімізбен, әуезе, әліптеменің қайсысына болса да байымдама кіріспей тұрмайды. Сондықтан байымдама түрлерін көрсеткенде, байымдама жағы басым шығармалардың түрлерін ғана көрсетуге болады. Байымдама жағы басым шығармалар толып жатыр. Оларды негізгі ұлы белгілермен айырғанда мыналар болады: 1) пән (ғылым), 2) сын, 3) шешен сөз, 4) көсем сөз. 1. Пән (ғылым) Пән яки ғылым деп жүйеленген білімді айтамыз. Жүйеленген білім жайын сөйлейтін байымдаманы да пән яки ғылым дейміз. 1. Білім үйрету мақсатпен де, үйлестіру мақсатпен де жүйеленеді. Қай мақсатпен жүйеленсе де, жүйеленген білім пән (ғылым) болады, сондықтан ғалымдардың білімді таза білім жүйесімен жүйелеп шығарған кітаптарды да, үйретушілердің білімді тек үйрету қолайына қарай жүйелеп шығарған оқу кітаптарды да бәрі де пән табына жатады (пән мысалы оқу кітаптары, пән кітаптары).

2.Сын Сын деп адам ісінен шыкқан нәрсені тексеріп, баға беруді айтамыз. Сынға салуға болады – ғылымнан шыққан нәрсені де, өнерден шыққан нәрсені де, кәсіптен өнген нәрсені де, қоғамшылықпен құралған нәрсені де. Ол нәрселер көп адам күшімен, ісімен жасалған мемлекет сияқты ұлы нәрсе болуға да ықтимал. Жалғыз адам жасаған ұсақ нәрсе болуға да ықтимал. Адамның қай ісінен шыққан нәрсе болса да, сынға салудағы мақсат – жақсы, жамандығын ашу, мән-мағынасын анық таныту. Ғылым тарапынан шыққан нәрсе болса, ғылым жүйесіне дұрыс, терісін көрсету. Өнер тарапынан шыққан нерсе болса, мақсатқа сәйкес келген-келмегенін көрсету. Кәсіп тарапынан шыққан нәрсе болса, тіршілікке жайлы-жайсыздығын көрсету. Қоғамшылық тарапынан шыққан нәрсе болса, адам қалпына қолайлы келу-келмеуін көрсету, сүйтіп адам ісінен шыққан нәрсенің түрлісі түрлі мақсатпен сынға түседі. Әдебиет адам ісінің бір түрінен шыққан нәрсе болғандықтан, бұ да сынға түспек. Мұның түрлісі түріне қарай сынға түседі, бірақ қайсысы сынға түссе шығармалардың түсетін сынының жалпы аты – әдебиет сыны деп айтылады. Әдебиет алқасына кіретін шығармалар қара сөз, дарынды сөз болып, екі айрылатыны жоғарыда баяндалды. Сынға түскенде, мұның екеуі екі жүйе таразымен өлшеніп, сынға түседі. Қара сездер, мейлі әуезе, мейлі әліптеме, мейлі байымдама болсын ғылым таразысына түсіп, ғылым жүйесінің сынымен тексеріледі. Ғылым сыны ғылым жүйесіне дұрыс, терісін қарайды, шынында сондай нәрсе ме? Топшылауы дұрыс па, дәлелдері толық па, сипаттары күшті ме? деп, со жағынан тексереді. Пән шығарманың ғылым жүйесіне дұрыс, теріс келуін, пәннен хабардар адам болмаса, пәннен хабары жоқ адам білмейді. Сондықтан ғылым сынын ғылым иесі ғана жасау қолынан келеді. Қара сөзде әдебиет жөнінде таласы көп сөздер әлеумет меселелері турасындағы пікірлерде болады. Тұрмыс мәселесі тоқсан түйіннің тоғысып, шиеленісетін жері. Оны дұрыс шешуге көпті көрген көсем болуға керек, адамның, халықтың иә бір таптың мінезін, құлқын, салт-санасын, жан жүйесін, ой жүйесін, тарихын, мұң-мұқтажын жақсы білетін дана болу, ғалым болу керек. Тұрмыс меселелері деп қандай мәселелер айтылады? Тұрмыс мәселесі деп айтатын, айтылатын шын адамшылық мәселесі, өмір мақсатының мәселесі яғни өмір бақытты болу мәселесі, ошақ басының, жұрт қамының, мемлекет жайлылығының, дүние тыныштығының мәселесі. Мұндай ұлы, ұйысқан мәселелерді дұрыс шешу оңай нәрсе емес, ондай ірі іс ердің ерінің, дананың данасының ғана қолынан келмек. Сондықтан тұрмыс мәселелері туралы шыққан сөздерді сынға салмай сенуге болмайды. Сондықтан да тұрмыс мәселелері турасындағы пікірлер талқыға салынып барып мақұлданады. Дарынды сөзді сынау үшін де білім керек, бірақ қара сөзді шығармаларға керек болған пән білімі емес, басқа түрлі білім керек. Бұған ғылым білімінен гөрі өнер білімі көбірек керек! Ұстаның мінін көбінесе ұсталар көреді. Сондай-ақ, дарынды сөздің мінін ақындық дарыған адам көбірек көрмек, бірақ ұста істеген нәрсенің мінін ұстаның бәрі көре бермейді. Жақсы ұста ғана ұста істеген нәрсенің мінін көре алады. Жаман ұстаға өзінен артық ұстаның істеген нәрсесінің бәрі де жақсы көріне береді. Ондай ұстадан да жақсы ұстаның істеген нәрсесін тұтынып, көзі үйренген жай адам ұстаның ісін артық сынайды. Сол сияқты, дарынды сөзді ақындығы шамалы адамнан да, жақсы ақындардың сөзін оқып, әдемілігінен әсер алып үйреніп қалған, оқыған жай зейіні ашық адамдар дарынды сөзді артық сынауы ықтимал. Сондықтан дарынды сөзді сынауға ақындық керек болғанмен, ақын емес адамның да қолынан келмейтін іс емес. Сүйтіп, ғылым сыны ғалымдықсыз жасалмайтын сын да, дарынды сөз сыны ақындықты керек қылғанмен, ақындығы жоқ, ақындықтан шыққан әдемі сөздерге үйір болған адамдар да жасауға болатын сын. Дарынды сөз қай жағынан сыналмақ деген мәселеге келсек, оның жөнін дарынды сөздің шығатын жолы көрсетіп, айтып тұр. Қара сөзді әдебиетте пікір сүлде түрінде айтылады. Дарынды сөзде пікір сурет түріңде шығады яғни сүлде үстіне өң, ажар, жан, мінез, қылық беріліп, тұрпат, тұлға, түс бітіп, тірі нәрсе болып шығады. Сондықтан да дарынды сөз көркем сөз деп аталып, қара сөздер жалаң сөз деп айтылады. Қара сөздің сынында пікір дұрыстығы, істің растық жағы тексерілсе, көркем сөздін сынында, пікір дұрыстығының үстіне, пікірге берілген сурет сұлулық жағы да тексеріледі. Көркем сөзді әрі сүлде, әрі сурет екі жағынан да тексеруге тиіс болғандықтан, оның сынында мынадай сұраулар боларға керек: Тұрмыстың қай жағын алып сөз қылған? Мазмұны дұрыс па яғни өмірде ондай қалып ұшырай ма? Яки ұшырауға мүмкін бе? Өмірде болатын қалып болса, неден болады, неден болатын себебін біліп айтқан ба? Адам баласының бәрінде боларлық қалып па, белгілі бір табында ғана боларлық қалып па? Мұрат қалып па? Кейіп қалып па? Бұл шығарманың сүлде жағының сыны. Сурет жағынын сынында сұраулар мынау түрде болмақ: Көркем сөз табына шын қосыларлық сөз бе? Қиял жасаған тұрпаттар, ойдан үйлестірген уақиғалар пікір санасына тура келіп, дұрыс сүгіреттеп, өңдендіріп көрсете ала ма? Тілі өрнекті ме? Әуезді ме? Лұғаты таза ма? Анық па? Қысқасы, ойды өрнектеп, көрнектеп, суреттеп көрсеткендей тілінде шеберлік бар ма? Екінші сөзбен айтқанда, ақылдың аңдағанын, қиялдың меңзегенін, көңілдің түйгенін тілі дұрыс жеткізе алған ба? Манағының бәрін қорытып айтсақ, асылында, көркем сөзде екі тысқы, екі ішкі сын болалы. Тысқы сындар: 1) тілінің, лұғатының сыны яғни тілінің дұрыстығы, анықтығы, тазалығы, дәлдігі, көрнекілігі, әуезділігі, өрнектілігі жағының сыны. Сүгіретінін сыны: яғни кестесін келтіріп, ұнасымды түрде үйлестіріп суреттеуінің сыны. Ішкі сындар: 1) алынған мінез, айтылғаң кылық, көрсетілген қалып, жан жүйесінің жөнімен қарағанда, дұрыс бүгіп шығу, шықпауының сыны. 2) Өмір жүзінде айтылған нәрсесінің болатындығының себебін дұрыс көрсеткен, көрсетпегенінің, адам қауымындағы қалып түзелу жағына әсер етерлік (пайда-зиян келтірерлік) қуаты бар-жоғының сыны. Көркем сөзді сынағанда, әдебиет түрінің осы төртеуі түгел жұмсалады (сын мысалдарын нұсқалықтың 24, 25, 26, 27-інші нөмірлерінен қара). 3. Шешен сөз Шешен сөз қара сөз шығармалардың бөлекей бір түрі емес, бұ да байымдама болады. Мұның байымдамадан бөлектенетін жері мынау ғана: Байымдамада жазушының пікірі – негізгі пікірін баяндап, түрлі дәлелдермен сипаттап, анық түсіндіріп беру. Шешен сөзде айтушының мақсаты – баяндап, сипаттап түсіндірумен қоймай, пікіріне нандыру, сеңдіру, ұйыту, бұйыту, иман келтіру болады. Оны істеу үшін шешендер жай байымдаушыларша айтқан сөзі адамның ақылына қону жағын ғана көздемейді, сөз қанға, жанға әсер етіп, арбау сияқты адамның ойын да, бойын да балқытып, билеп алып кетуге ыждаһат етеді. Сондықтан шешен сөздің «қыздырма» яки «қоздырма» деген айрықша бөлімі болады. Оның қызметі адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасьп қоздыру. Шешен сөздің бұл бөлімі пікірді дәлелдеп, сипаттап, мәністеп болғаннан кейін келеді. Үйткені пікірді баяндап, түсіндіріп, дәлелдеп, сипаттап, ақыл жағы қанағаттанғаннан кейін жүрек жағына әсер етіп, бойын балқыту жеңіл болады. Осы айтылған мақсаттарға қарай шешен сөздің тілі уытты, лепті, әсерлі, қанды қайнатып, жүрек тулатып, естен айырып, ерікті алып кететін күшті, көрнекті, сәнді, мәнді тіл болады. ІІІешен сөздің зор мүшелері бесеу: а) Бастамасы, ә) ұсынбасы, б) мазмұндамасы, в) қыздырмасы, г) қорытпасы.

Шешен сөздің түрлері Шешен сөздер бес түрлі болады: а) шешендер жиынды аузына қаратып, нандырып, сендіріп, мемлекет ісіне қарар шығарту мақсатпен сөйлегенде, саясат шешен сөзі деп аталады. ә) Шешендер сотта айыпкер адамдарды ақтау, иә қаралау мақсатпен сөйлегенде сот билігіне әсер ету үшін айтқан сөздерді билік шешен сөзі деп аталады. б) Біреудің халық алдында еткен еңбегін, өткізген қызметін айтып, қошеметтеп сөйлеген шешеннің сөзі қошемет шешен сөз деп аталады. в) Білімділердің, ғалымдардың мәнді, мазмұнды сөйлегені білімір шешен сөз деп аталады.

г) Дін жайынан сөйлеген ғұламалар сөзі, молдалар сөзі уағыз деп аталады.
(Шешен сөзі мысалдарын нұсқалықтың 28, 29- ыншы нөмірінен қара).

4. Көсем сөз Көсем сөз шешен сөз сияқты әлеуметке айтқанын істету мақсатпен шығарылатын сөз. Шешен сөзден мұның айырылатын жері – шешен сөз ауызбен айтылады. Көсем сөз жазумен айтылады. Көсем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізегін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталады. Көсем сөз кезіндегі әлеуметке керек іске мұрындық болып, істету ыждаһатымен айтылады. Әлеумет, шаруашылық, қазыналық, мектептік, соттық, саясаттық, тағысын тағы сондай қоғамшылық істерін түзеу, жаңалау, өзгерту керек болған кезінде, халықты соған көсем сөз арқылы ұйытып, көптің миына қондырып, көңіліне сіңіреді. Көсем сөз күндегі мәселе жайын сөйлейтін сөз болған соң, кезіндегі шығып тұрған газет, журнал жүзінде шығады. Көсем сөз әлеуметке басшылық есебінде айтылатын сөз болғандықтан, жұрт ісіне мәні зор болады. Басшылығы дұрыс болса, әлеуметті түзейді. Теріс басшылық қылса, әлеуметті адастырады. Солай болған соң көсем сөз жазып, әлеуметке басшылық қылатын адам көпті көрген көсем, білімді адам боларға керек. Әйтпесе, дүмше молда сияқты, көбі көсемдік қыламын деп, әлеуметті адастырып, пайда орнына зиян келтірмек.

(Көсем сөз мысалдарын нұсқалықтың 30, 31-інші нөмірлерінен қара).

ДАРЫНДЫ СӨЗ

Дарынды сөз деп ақын тілді шығармаларды айтатынымыз алдыңғы баптарда айтылған сөздерден мәлім болғандықтан, мұнда қайта баяндаудың қажеті жоқ. Қара сөз көбінесе ғалымдардың, шешендердің сөзі болатындығы қара сөз түрлерінен анық көрінді. Дарынды сөз олай емес, ақындардың, арқалылардың сөзі болады. Ақындар ғалымдар сияқты болған уақиғаны яки нәрсені болған күйінде, тұрған қалпында бұлжытпастан айтып, дұрыс мағлұмат беріп, қақиқаттауға тырыспайды, тұрған нәрсе тұрған күйінде, болған уақиға болған күйінде ақынға өте үйреншікті, жай қалыпты, жабайы көрінеді. Оның бәрін ақындар өз көңілінше түйіп, өз ойынша жорып, өз ұйғаруынша сүгіреттеп көрсетеді. Сол өзі ұйғарған түріндегі ғаламды сөзбен көрсетуге бар өнерін, шеберлігін жұмсайды, сүйтіп шығарған сөзі көркем сөзді шығарма болады. Оны шығаруға жұмсайтын өнердің аты ақындық болады. Ақындықтан шыққан сөзді яғни көркем лебізді шығармаларды үлгілі жұрттар айтылуына қарай үшке бөледі: 1) әуезеленіп айтылуына қарай, 2) толғанып айтылуына қарай, 3) ғамалдап айтылуына қарай. Бұлайша бөлу қазақтың жазба әдебиетінің түрлеріне келсе де, ауыз әдебиетінің түрлеріне қедмейді. Сондықтан қазақ ауыз әдебиетінің шығармалары айтылу түріне қарай бөлінбей, тұтыну орнына қарай белінеді. Осылай бөлінбесе, ауыз әдебиетінің сөздерінің көбі жоғарғы айтылған үш салаға үйлеспей, далада қалып қояды. Ауыз шығармаларды сөз қылғанда, көркем сөзді шығармаларды ғана сөз қыламыз. Қазақ ауыз әдебиетінде көсем сөзді шығармалар жоқ. Неге болмайтындығын азырақ айтып, түсіндіріп өту қажет болады. Жазу-сызу жоқ жұртта көсем сөзді шығармалар болмайды, себебі жазу-сызу жоқ жұртта өнер-ғылым болмайды. Ғылым дегеніміз – дүниені яғни табиғатты дұрыс тану, ғылым жоқ болса, дүниені тану дұрыс болмайды. Дүниені дұрыс танымаған соң, дүние турасындағы мағлұмат жиысатын сана-саңылауы дұрыс болмаған соң, табиғаттың күшін, ісін, қасиетін бұрынғылар теріс танып, теріс әуезе қылған. Сондықтан бұрынғылардың ертегі сияқты, ертегі жырлар сияқты шығарған сөздері біздерге шып-шылғи өтірік көрініп, біздің ақыл арнамызға жуыспайды. Қай халықтың да болса, жазу-сызу білмеген заманы болған, сондықтан ерттегі сияқты өтірік халықта да болса бар. Әдебиет сөзін тәртіптеп, тапқа бөлу керек. Жұртынан шыққан олар ауыз сөзді де айтылу түріне қарай негіздік үш тапқа бөлген: 1) әуезе, 2) толғау, 3) айтыс. Не үшін олай болген мәнісі әр табы бас-басына баяндалғаннан көрінбекші. 1. Әуезе Әуезелеуші айтатын сөзіне өзін қатыстырмай, өзінен тысқарғы ғаламда болған істі әңгіме қылады. Е с к е р т у. Тысқарғы ғалам деудің мәнісі – адамда екі ғалам болады: ішкі ғалам, тысқы ғалам. Ақыл, көңіл, қиял сияқты адамның рухына қараған жағы ішкі ғалам болады да, онан басқалары – басқа адамдар, мақұлықтар, нәрселер, бүтін дүние тысқы ғалам болады. Әуезе – тысқы ғала турасындағы сөздер. Ақын әуезе түрінде сөйлегенде, уақиғаның ішінде өзі болып, басынан кешірген адамша сөйлемей, тек сыртта тұрып бақылап, уақиғаға көз салған адамша, қатта біреуден естіген адамша айтады. Уақиғаны бұлайша түрде айтып көрсету тысқарғы түрде айту болады, сондықтан әуезе көркем сөздің тысқарғы түрлісі болады. Бірақ әуезеге алынған уақиға болғандықтан және де ол уақиғаға айтушы өзінше көрік беріп шығарғандағы сөзі әуезе болады. 2. Толғау Толғағанда айтатын нәрсесін толғаушы тысқарғы ғаламнан алмай, ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйін, мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін толғайды. Екінші, ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілінің күйіне түсіріп, халін түсіндіру мақсатпен толғайды. Толғау қысқасынан айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жаннын тартатын күйі. Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуда. Әуезе тысқарғы ғаламның жыры, толғау – ішкергі ғаламның күйі деп екі айырғанымызбен, екі ғаламның ісінің арасында зор іліктік бар. Нәрсені танығанда, сол тануымыздың өзі екі жақты болатындығын жоғарыда «Қара сөз», «Дарынды сөз» деген бапта айтылды. Әр нәрсені саңылап санамызға алған уақытта, ол нәрселер турасындағы ұғымдарымызға көңіл кіріспей тұрмайды. Адам дүниедегі көрген, білген нәрселерін тек байқап, тек пікірлеп, тек саңылаулап қана қоймайды, ол нәрселермен қатар адамның көңіліне күй де жасалады. Адам көрген-білген нәрсенің иә істің біріне күйінеді, біріне сүйінеді, бірінен сескенеді, бірінен шошынады. Сезіліп тұрған тысқарғы ғалам мен сезіп тұрған ішкергі ғаламның екі арасы санаға келіп түйіскен жерде жыртылып айрылғысыз болып бірігеді. Тысқарғы ғаламнан санаға түскен саңылау мен сана жанында тұрған көңілдің күйін бір-біріне қатыстырмай, бөлектеп қоюға мүмкін емес. Адамның санасы фотография (сүгірет машинасы) емес, нәрсенің тұрпатын ғана түсіріп қоятын. Нәрсенің саңылауы келіп адамның санасына түскенде, адамның ойын да, көңілін де бірдей оятады. Адамның көңілін оятпаған нәрсе тіпті сезілмей, дерексіз өтеді, бірақ адамның ілтипаты тысқарғы ғаламға, бірде ішкергі ғаламға көбірек ауатын орындары болады. Кейде тысқарғы нәрсе өте қорқытса яки өте қуантса, иә болмаса өте тамаша күйде болып таңдандырса, адамның есін алып, ілтипатын өзіне аударып кетеді. Кейде қайта адам оз ойы, өз қиялы, өз көңілінің күйімен болып, айналасындағы болып жатқан уақиғаларды, істеліп жатқан істерді, тамашалы, тысқарғы ғаламды байқамай қалады. Бұл адамның ілтипатын тысқарғы ғаламнан ішкергі ғалам аударып алып кеткен уақытта болады. Ондай адамдардың көбі ілтипатын көбінесе ішкі ғалам жағына салатын адамдар болады. Кейде тысқарғы, ішкергі екі ғаламның да күші бірдей болып, ілтипатымызды бірдей түсіреді. Мәселен, бір нәрсе яки іс қандай көркем, әдемі болса, сондай оған сүйінеміз. Қанша сүйкімсіз, жаман болса, сонша жек көреміз. Сүйтіп, манағыдан бергі айтылған сөздің қорытуы мынау болады: ертек – тысқарғы ғаламның жыры деп, толғау – ішкергі ғаламның күйі деп бөлгенімізде, тіпті сорпасы қосылмайтын бөлектік бар деп үқпасқа керек.

Айтыс Айтысқанда, екі күрескен палуандар сияқты, бірін-бірі аңдиды, бірін-бірі бағады. Күрескендегі бірін-бірі жығу үшін істейтін әдіс-амалдарды, тәсілдерді мұнда да істейді. Айтысқанда, жай сөзбен айтыспай, өлеңмен айтысады, сондықтан өлеңмен ғана айтысу айтыс деп аталады. Өлеңсіз айтыстың аты әзіл-ерегіс болады. Бәлки, өлең айтыс та о басында әзілден, ерегістен шыққан болар, бірақ бұл күнде айтыс деп өлең түріндегісі ғана айтылады. Айтыс өлеңді сөз болған соң, оған ақындық керек. Ақындықтың үстіне әдіс керек. Күрескенде күшке әдіс серік болу сияқты, айтысқанда ақындыққа да әдіс серік болады. Әдісі жоқ әйдік ақынды әдісті анау-мынау ақын жеңіп кетуі мүмкін. Айтысқанда түрлі нәрселер жайынан сөйлеп, бірін-бірі тосуға тырысады. Көбінесе бірінің-бірі басындағы, еліндегі, жұртындағы міндерін айтып, тоспақшы болады. Айтысының бұл жағының әлеумет алдында пайдасы зор. Адамның, елдің, жұрттың басындағы келіссіз ғамалдарын, мінездерін айтып көрсету халықтың құлқын түзеуге зор пайдасы тиетін нәрсе. Мұнысын байқағаннан кейін, айтыс екінші түрге түсе бастаған. Айтыс бастапқы кезде шын екі ақынның айтысқаны болса да, соңғы кезде айтысты ақындар оз ойынан шығаратын болған. Яғни бір ақын екі ақынның айтысқаны қылып, екі жағының да сөзін өзі шығаратын болған. Сүйтіп, айтыс шын айтыс емес, тек шығарманың түрі болуға айналған. Адамның, елдің яки бүкіл жұрттың келіссіз істерін, мінездерін, пиғылдарын айтқысы келсе, ақындар өз атынан айтпай, айтысқан ақындардың сөзі қылып шығаратын болған. Ондай айтыстырып шығарған сөздерді соңғы кездерде екі ақынның өзіне екі адам айтысқан сияқты болып, бара-бара айтыс өлеңде айтылатын келіссіз істерді, мінездерді алаң ауданда істетіп көрсететіндер болды. Онан әрі бара-бара осы күнгі ойналатын түрлі алаң алданышы болып шығар еді. Алдыңдағы көрсетілетін істерге алаң алданышы деп ат қоюда мәніс бар: ондағы көретініміз өмірдің өзі емес, тек түрі: сәулесі айнаға түскен сияқты, алаңға өмірдің өзі түспей, сәулесі ғана түседі. Алаң айнасына түсіріп көрсететін көбінесе өмір жүзінде, адам арасында болатын ұрыс-керіс, талас-тартыс, алыс-жұлыс, қуаныш-қайғы сияқты түрлі халдер болған себепті, сөз өнерінің бір түрі Европа тілінде тек «айтыс» мағынада емес, «айтыс-тартыс, арпалыс» мағынада ұғылады. Біздің қазақ Европа әдебиетінен үлгі алмай, әдебиетін өз бетімен жетілдіргенде, қазақтың айтыс өлеңдері алаңға түсе-түсе барып, алаң алданышына айналып, айтыс-тартыс түрге түсетіні даусыз еді. Үлгіні өзге жұрттан алғандықтан, алаң әдебиеті бізде төтеннен шығып қалды. Әуезе, толғау, айтыс-тартыс үшеуінің кәрісі – әуезе, ортаншысы – толғау, кішісі – айтыс-тартыс. Айтыс қазақта ауыз әдебиет түрінде болғанмен, айтыс-тартыс түріндегі сөздер басқа жұрттарда жазу-сызу, өнер-ғылым шыққан уақытта пайда болған. Шын айтыстар емес, шығарма айтыстар қазақта да соңғы кезде шыққан. Асылында, айтыс-тартыс түрлі шығарма ауыз әдебиетінде жоқ.

Әуезе жайынан ескерту Жер жүзіндегі жұрттардың түріндегі шығармалары бір-біріне көбінесе ұқсас келеді. Ондай ұқсас болатын себебі, олар шыққан заманда халықтың бәрінің, бір ананың қолында өскен балалар сияқты, көргені, өнегесі, үлгісі бір болған. Ол уақытта қай халықтың та болса табиғат бауырында болып, табиғат тауқыметінде тұрып, табиғат қабағына қарап өмір шеккен. Ол заманда адам табиғат ісіне өзгеше қарап, табиғат күшін өзгеше ұғып, бәріне өзінше мағына берген. Ол уақыттағы адамның санасын, саңылауын шамалап білгіміз келсе, бала күйге қайта түсуіміз керек. Сонда ғана дәу пері, жезтырнақ, жалмауыз кемпір, тағысын тағылар жайынан айтылған ертегілерге ойымыз ұйып, бойымыз балқып тыңдайтын дәрежеге жете аламыз. Халықтардың басынан өткізген анайылық шағы біздің балалық шағымыз мысалды. Балалықтан шыққан адамға қайтадан балалық күйге түсуге қандай мүмкін емес болса, анайылық күйден шыққан халықтарға анайылықтан туған нәрсеге ден қойып, иман келтіру мүмкін емес. Сондықтан бұрынғылардың анайы күйдегі шығарған ертектері, ертегі сияқты әңгімелері анайы күйден өтіп кеткен. Бұл замандағы адамдардың көңіліне әсер етіп, бойын балқытып, ойын ұйыта алмайды. Бұл сияқты сөздер заманында осы күнгі асқан ақындардың сөзінен де күштірек адамға әсер етіп, бойын, ойын алып, қанын қайнатып, жүрегін аттай тулатқан әңгімелер шығар. Ол әсерін бірақ бұл күнде көрсете алмайды, үйткені бүл күнгінің адамы ол күнгінің адамындай емес, ол күнгінің адамы табиғат заңын білмей, сырын танымай, табиғатта жоқ қасиетті бар деп білген. Кереметсіз нәрсені кереметті деп білген. Қысқасы, мәнісін біле алмаған, табиғат ісінің бәрін кереметке жори берген. Мұның аты жоққа илану болады. Ол күндегілерге керемет көрінген нәрселердің бұл күнде алдауыш пердесі алынып, сыры білініп, сыриып, шыны ғана қалды. Күннің тұтылғаны қазаққа қанша қорқыныш кіргізіп, тасаттық бергізіп, қанша қой сойғызып, әурелеуші еді?! Нәрсе болып шықты. Дауыл соғып бұрқырап, бір нәрсе ашуланған сияқты болып дүрілдеп, күрілдеп, көкті күркіретіп, тасырлатып, бұлттарды дүркіретіп айдап, найзағайды жарқылдатып, әуені тітіретіп, дірілдетіп, жапырып жоқ қылатындай дауылдар, жауындар болады. Табиғат бауырынан шықпаған, есі кіріп жетпеген, жас балалар сияқты ақылы еніп жетпеген алғашқы адамдардың көңіліне ол сияқты әлеуметтер қандай қорқыныш кіргізбек! Қалайша мұны бір құдіреті күшті, керемет иесі нәрсе деп танымасқа?! Ол күндегі адамдар түгіл, күні кеше осы күнгі адамдардың көбі, молдалардың айтуымен, күн күркіреуін періштелердің бұлтқа айқайлағаны деп, найзағайды періштелердің шайтанды атқаны деп түсініп жүрген жоқ па еді?! Бұл күнде бұрын керемет көрінген нәрсенің пердесі алынып, беті ашылып, пердесі көрініп, күн күркіреуі, найзағай ойнау, кереметтен түк жоқ, құр «электр» болып шыққан жоқ па?! Бұл электріңді өнер-білімі бар жұрттар от пен су сияқты пайдаланып отырған жоқ па?! Күн күркіреуін періште дауысына жору сияқты, найзағай ойнауын шайтанды атқанға ұйғару сияқты, табиғат ісін танымай, басқаға ұйғару, басқаға таңу бұрын көп болған. Сондықтан ғаламда жоқ адамда ғана бар яғни адамның қиялында орын алған нәрселер бұрынғы заманда көп болған. Жалмауыз кемпір, жезтырнақ, обыр үйі, жын, пері, албасты, марту сияқты нәрселер дүниеде жоқ, адамның қиялында ғана болған нәрселер. Өнер, білім болмағандықтан, ол күндегі адам табиғатқа қожалық қыла алмаған, табиғат сырын біле алмаған. Табиғат күшінің көбі бір керемет болып көрініп, дүние неше түрлі Құдайлардың, перілердің, періштелердің, шайтандардың, жындардың быжынап жатқан ордасы, ұясы секілді көрініп, көңіліне қорқыныш кіргізген себепті алғашқы адамдар табиғат алдында қол қусырып, құлдық қып, бас ұрумен болған. Күркіреген күннің, дүрілдеген желдің, бұрқыраған дауылдың, зырқыраған құйынның әрқайсысының істеуші иесі бар, құдайы бар деп ойлаған. Күлімдеп күнде көз салып, күйін-жайын көріп, жарық беріп жадыратып, жылылық беріп маужыратып, мәз қылып отыратын «Күн құдайды» қара әбілет басып, қараңғыласа қауіптенген, қайғырған, бір дүкіртке ұшырады деп білген. Қыс деген әбілет келгенде, күннің күші азайып, ауырғандай болып, әлсірейді. Дүниедегі нәрсенің бәрі қысылады, мұздайды, қатады. Түсі қашып, өлік сияқты жатады. Күн жазыла бастағанда, жаз болады: бәрі жадырайды, жазылады, көгереді, көркейеді. Сүйтіп, қыс пен жаздың болуын «Күн құдайдың» әлсіреуі, күшеюінен болады деп білген. Күннің тұтылуын айдың тасалауы демей, қаптаған бір қара пәле деп білген. Адам анайы шағында бала сияқты жанды, жансыз нәрсені айырмаған. Жандысы да, жансызы да бірдей тіршілік ететін, бірдей өмір сүретін сияқты көрінген. Қуыршағын, басқа ойыншық нәрселерін жанды нәрседей көретін балалар сияқты болған. Табиғаттан ұзап кеткен жері болмаған соң, адамның өзі де табиғатпен қатар, табиғатпен жалғас, сабақтас, өзектес сияқты күйде өмір шеккен. Жансыз нәрселерді жанды деп таныған. Ол заманның адамы өлімді өлу деп білмеген. Өлгенін тірісіндей көрген, қару-жарақ сияқты тұтынған нәрселерін өзімен бірге қойған. Ішуге басына тамақ қалдырған. Қайратты адамдар тірісінде елді қорғап, қысылған, қиналған жерде ақылымен, айласымен иә болмаса қайратымен құтқарған болса, ондай адамдардың өлгенде де жәрдемі тиеді деп ойлаған. Сондықтан қысылған, қиналған шақта әруағын шақырған. Бәрі жору, жорамалдау, ұйғару айналасында болып, нәрсенің сырын тану, шынына жету жоқ болып, ақыл жағы күшеймей, қиял жағы күшейіп, анайы заманның адамының ақылы нашар, қиялы күшті болған. Қиял ісін сынға салып тексеретін ақылы аз болған соң, қиялдаудың шеті, шегі болмаған. Адамның анайы шағындағы шығармалары орасан қияли, орасан кереметі көп, расы аз түрде айтылған. Анайы заманда адам бұл заманнан гөрі де күшті көбірек сыйлап, күшке көбірек бағынған. Көріктің пұлы болмаған, сондықтан күшті болған нәрселердің бәрін де құдай деп білген. Досынан қадірлеп, құдайдай көретіндері батырлар болған. Батырлары елінің қорғаны болған. Табиғат жауын да, адам жауын да қағысқан жерде батыры күшімен, ісімен мұқатқан. Ондай адамдарын құдайдай құрметтеп, батырлығын, қайратын жыр қылып, аузынан тастамай, үлкенге өнеге, кішіге үлгі еткен. Ол жырларын бас қосқан жерде айтатын адамдары жыршы деп атанған. Жырлар жыршылардың аузында елден елге, нәсілден нәсілге, заманнан заманға кеткен. Ол заманда жазу-сызу жоқ. Жыршыдан жыршы жатқа үйренген себепті, жырлар ауыздан ауызға көшкен, қиялдан қиялға түскен. Әр жыршы өз ойынша, өз қиялынша өң берген; өз қиялынша көпірткен, көркейткен. Сүйтіп, өзгеріс кіріп, көбінің өрісі кеңіп, өресі ұзарған. Батырларға адам баласына бітпейтін қайрат, адам қолынан келмейтін іс ұйғарылып, артықша қасиет, керемет таңылып, құдай болмаса да, соған жақын бір нәрсе болып, құдайлары мен батырларының арасында жік қалып жарылмаған. Ақыннан шыққан сөз, жыршыдан жыршыға көшіп жүріп, өзгеріп те болған. Шығарған ақындарын да жоғалтқан. Батырлар жыры бір адамның сөзі болудан шығып, мың адамдікі, жұрттікі, ұлттыкі болып кеткен. Мәселен, «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» сияқты батырлар жыры, «Қара батыр», «Қара қылыш» сияқты ертегілер ауыздан ауызға көшіп, талай заманның түрінше түрленіп, халықтың салтымен, сарынымен бірге өзгеріп, ақынның атын, сөзінің байырғы белгісін жоғалтып, қазақ сөзі ғана болып келіп тұр. Мұндай сөздерге қазақтан басқа ие жоқ. Қатта ертек сияқты сөздердің сүлдесі басқа жұрттан алынып, жыршылар аузында екінші жұрттың салтына, сарынына салынып кеткен болуы да ықтимал. Ертегі сияқты ескі сөздердің бір адамнан шыққанын білу түгіл, белгілі бір халықтан шықты деп айтуға да қиын. Ондай сөздер айтып жүрген халықтың өз шы- ғармасы болуға да, болмауға да ықтимал. Сөз ішіндегі адамдардың жүріс-тұрысы, мінезі өзіне сәйкес келгендіктен, ер халық өзінікі деп біледі. Сәйкес келу себебі ауыздан ауызға көшкенде әркім өзінше өң беріп, өз заманының салтына, сарынына түсіргендіктен. Бұл сияқты сөздер көптің аузынан өтіп, көп өзгеріс көріп, алғашқы шығарған ақынынан түк белгі қалмағандықтан халық шығармасы, халық әдебиеті деп аталады. Жоғарыда айтылған мәністер мен шығармалар екіге бөлінеді: 1) ауыз шығарма, 2) жазба шығарма. Жазу-сызу, өнер-ғылымы жоқ анайы халықтарда жазба шығарма болмайды. Ондай халықтардың асыл сөздері анайы тілмен айтылған ауыз шығармалар болады, сондықтан ондай асыл сөздер ауыз әдебиет яки анайы әдебиет деп аталады. Жазу-сызу, өнер-ғылымы бар, мәдениетті жүрттар асыл сөздерін сыпайы тілмен жазып шығарады, сондықтан олардың шығармалары жазу әдебиет яки сыпайы әдебиет деп аталады. Қай халықтың да болса, жазу-сызу, өнер-ғылым білмеген шағы болған, сондықтан анайы әдебиет халықтың бәрінде де болады. Сыпайы әдебиет жазу-сызу, өнер-ғылым жемісінен дәм татқан жұрттарда ғана болады. Ауыз шығарманы (анайы әдебиетті) ауыз сөз деп қана атап, жазба шығарманы (сыпайы әдебиетті) ғана әдебиет деп танушылар бар, бірақ қалай да асыл сөздің бәрі де тілдегі әдебиет есебінде жүріледі. Қай тілдегі әдебиетті болса да сөз қылғанда, шығармаларын сөз қылмай өтпейді. Сөйлеу жүйесінің мақсаты сөйлеу жүйелерін білдіріп, анайы тілдегі асыл сөздердің түрлерімен таныстырып, сөзден нендей нәрселер жасап шығаруға болатындығын көрсету. Сондықтан сөйлеу жүйелерін білдіргеннен кейін, қазақтың анайы әдебиетінен бастап, тілдегі бар шығармалардың түрлерімен таныстыру қажет болады.

АУЫЗ ӘДЕБИЕТ

Қазақ ауыз әдебиеті жұмсалатын орнына қарай әуелі екі салаға бөлінеді: 1) сауыктама, 2) сарындама.

Сауықтама саласына барша сауық үшін айтылатын сөздер кіреді. Сарындама саласына жұрттағы келе жатқан салт сарынымен айтылатын сөздер кіреді. Ол салалардың әрқайсысы тарауға, тараулары тармаққа, бұтаққа білінеді.

Сауықтама екі тарау болады: 1) ермектеме, 2) зауықтама.
Сауықтама (сауық сөз) саласы

1) Ермектеме (ермек сөз) Ермектеме деп ермек үшін сөйленетін сөздер айтылады. Мәселен: ертегі, ертегісімек, аңыз әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш сияқты сөздер. Ертегі. Ертегі қиялмен қисынын келтіріп қызықты ету сияқты мақсатпен шығарған әңгімелер. Ертегінің ішіндегі уақиғалар, уақиғаға қатысқан нәрселердің көбі дүниеде жоқ, қиялдағы уақиғалар мен нәрселер болады. Сондықтан әдебиет тарихшылары ертегілерді адамның жоққа нанған шағындағы сөзі деп есептейді. Дәу пері, жалмауыз кемпір, жезтырнақ сияқты нәрселерге бұрынғының адамдары құдайдай, періштедей, пайғамбарлардай, әулиелердей иланған заманда шыққан сөздер дейді. Ертегілер солай болуға тиіс жөні де бар. Ертеде шыққан әңгіме екендігін ертегі деген аты да көрсетіп түр. Ертегілер өтірік болғанмен мағынасыз болмайды, көбінесе ішкергі астарлы мағынасымен өнегелі келеді. Жақсылық, жамандық, достық, қастық, арамдық, адалдық, батырлық, қорқақтық, ептілік, шорқақтық, қулық, аңқаулық, тағысын тағы сондай жақтан өнеге беру, тәлім-тәрбие беру мақсатымен шығарған әңгімелер екендігі сезіледі. Бірақ ертегі дүниедегі қалыптың жағдайына қарамай, бәрінен қиял бетімен өтеді. Сондықтан ертегіде жаны жоқтар жанды болады, тілі жоқтар тілді болады. Бір нәрсе екінші нәрсенің түріне түсіп кетеді.

Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары: 1) халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ, олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе. 2) Бала әдебиеті жоқ жерде ертегі баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар нәрсе, баланы қиялдандыруға, сөйлеуге үйретеді. 3) Бұрынғылардың сана-саңылау, қалпы-салты жағынан дерек беруімен керегі бар нәрсе.

Ертегі халықтың ескіден қалған жұрнақтарының қордасы. Ол қорда қазірде шашылып, төгіліп, жылдан-жылға азайып, жоғалып барады. Ғылымды жұрттар бұрынғы адамның тұрмысын, халін жорамалдап, аз да болса білу үшін жердің астынан қазып, тұтынған нәрселерінің жұрнағын табуға қанша еңбек қылады! Біздей тарихы жоқ халыққа ертегіге қарап ертеде болған аталарымыздың өткен тіршіліктерін жорамалдауға болады, сондықтан елде тұрған адамдар ертегілерді жинап, жоғалмасына қам қылу борышым деп білу керек. Қазақта ертегі көп, мұнда бірнешеуін атап өтеміз: 1) «Қара батыр», 2) «Тазша бала». 3) «Алтын айдар», 4) «Хан Шынтай», 5) «Еркем Айдар», 6) «Арам пейіл, ақ пейіл», 7) «Әжігелді», 8) «Хан қызы», 9) «Тазша», 10) «Түлкі алдауы», 11) «Дуадар қыз», 12) «Үш ұл», 13) « Балықшы жігіт», 14) « Қара көз сұлу». Ертегісімек.. Ертегісімек деп ертегіге ұқсас, бірақ ертегіден көрі әдемірек, шынға бейімірек, тұрмысқа жақынырақ, дүниеде болуға ықтималы молырақ түрде шығарған әңгіме айтылады. Мәселен, «Алдар Көсе», «Жиренше Шешен», «Қожа Насыр», «Атымтай Жомарт» сияқты адамдар турасындағы әңгімелер; мұнда да өтірік көп, бірақ өтірігі қисынды, шынға ұқсас. Өтірік өлең. Өтірік өлеңнің не екенін аты да айтып тұр. Өтірік өлең қалай шыққанын сөйлейтін ертегі бар: ол ертегінің қысқаша мазмұны – қырық ауыз қиысын келтіріп, өтірік өлең айтқан адамға бір хан қызын берем деген. Соған біреу қырық ауыз өлең айтып, қызын алған дейді.

Өтірік өлең түрлері мынадай келеді:
Бақа қызын беріпті көбелекке,
Жүріпті қара шыбын жеңгелікке.
Құмырсқаның бір туын ұстап сойып,

Той қылып, ат шаптырды төңірекке.
Ақ тышқанға күмістен таға қылдым,
Көр тышқанның терісін жаға қылдым.
Көбелектің терісін жыртпай сойып,

Он бес қарыс жиындық саба қылдым.
Он бес жігіт жиылып көтере алмай,
Енді саба қылмасқа тоба қылдым.

Жұмбақ. Жұмбақ деген аты жұмудан шыққан яғни қолдың ішіне бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақта нәрсені қолға жұмып тұрып таптырмайды. Ойда бүгіп, айтпай қойып, сол нәрсеге ұқсас нәрселерді сипаттап айтып, ұқсастығы бойынша таптырады. Жұмбақ зейінді ұстартуға пайдасы бар нәрсе. Жұмбақтың негізі тәріздеу яғни нәрсенің сипатын тәріздеп айту. Мәселен, арбаны жұмбақ қылғанда, адамға тәріздеп былай сипаттайды:

Ізі бар, қадамы жоқ аяғының,
Тимейді ұшы жерге таяғының.
Қолдарын хайуанға арта тастап,
Салады әуеніне баяғының.

«Киіз үйді» жұмбақ қылғанда, айдаһар тәріздендіріп былай сипаттайды:
Дүниеде бір айдаһар, білесіз бе?
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.
Ішінде сүйектері бақша-бақша,

Жарқылдар жалғыз көзі төбесінде.
«Құлыпты» жұмбақ қылғанда, ит тәріздендіріп былай дейді:
Таң қаларлық бір ит бар;
Үй бағады, үрмейді,

Аяғы жоқ, жүрмейді,
Көмейін тықсаң, сөйлейді,
Тілін адам білмейді.
Ұлықсатсыз сол иттен

Адам үйге кірмейді.

Басқа нәрсе тәріздендірмей, тек өз сипаттарын ғана айтып жұмбақтау бар. Мәселен, балықты жұмбақ қылғанда, былай сипаттап көрсетеді:

Бір нәрсе қанаты жоқ ұшпас биік,
Сонда да жүрмейді екен жерге тиіп.
Арасын жер мен көктің өрт алса да,
Кетпейді ешбір жері отқа күйіп.

Иә болмаса бір ғана нәрсеге ұқсатпай, әр мүшесін әр нәрсеге ұқсатып сипаттап жұмбақтау да бар. Мәселен, шегірткені былай жұмбақ қылады: ат басты, арқар мүйізді, бөрі кеуделі, бөкен санды, құс қанатты, құмырсқа ізді, бота тірсекті. Жанылтпаш. Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тіл келмейтін, иә тіл басқа сөз қылып бұзып кететін сөздердің басын құрап, келістірген шығарма жаңылтпаш деп аталады. Жаңылтпашқа көбінесе жаңылғанда ерсі мағыналы сөз болып шығып, күлдірерлік сөздер алынады. Мәселен:

Базардан алып келген боқжама,
Мен боқжамаламай, кім боқжамалайды?
Мен боқжамаламай, кім боқжамалайды?
Бастапқы жолын жай айтады, соңғы екі жолын шапшаң айтады.

Жаңылғанда мағынасы ерсі сөз болып шығуын көздемей, тек жаңылу үшін айтылатын жаңылтпаштар бар.

Мысалдар:
Бір түйем бар еді,
Бұйдалайын деп едім, бұйдалай алмадым (соңғы жолды үш рет шапшаң айтады).
Құдиярмен құда едім,

Құдияр мені құдалай алмады,
Құдиярды мен де құдалай алмадым (соңғы екі жолды үш рет шапшаң айтады).
Бай Тайқарбай, қойыңды Ақшағылға жай,
Тайқарбай (үш рет шапшаң айтылады).

Бас қатырғыш. Бас қатырғыш жұмбақ сияқты бұ да ойландыратын нәрсе, бірақ жұмбақтай шешуі болмаған соң, босқа әурелейді. Шешуі жоқтығын білмей, жұмбағын табамын деп ойланып, адамның басы қатады, сондықтан бас қатырғыш деп аталады.

(Ермектеме нұсқаларын нұсқалықтың 32, 57-нші нөмірлерінен қара). 2. Зауықтама (зауық сөзі)

Зауықтама деп көңіл көтеру үшін сөйленетін сөздер айтылады.

Мәселен, ертегі жыр (батырлар), тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, үміт өлең, толғау, түрлі терме өлеңдер. бұрынғы өткен батырлар турасында шығарған өлеңдерді, әңгімелерді айтады. Батырлар әңгімесі өтірік, шыны аралас қойыртпақ әңгіме болады. Шын жағы: бұрын батырлар болуы, батырлар заманында соғыс болуы, батырлар халық үшін қайрат қылуы, жұртын қоруы. Өтірік жағы: олардың мінген атына, тұтынған затына өздеріне бітпеген қасиеттерді таңу, болмаған күштерді, болмаған істерді телу, өтірік те емес, шын да емес, дүбара ертегілеу әңгіме болып шығады. Ол әңгіме өлеңмен айтылған себепті ертегі жыр деп аталады. Неғұрлым әріден шыққан әңгіме болса, соғұрлым қиял жағы шын жағын жеңіп, әңгіме өтірікке жақындай береді. Батырлар әңгімесінің құны қандай деген мәселеге келсек, мұнда айту тиіс: бұрынғы жаугершілік заманда халық тән есебінде болғанда, батырлар жан есебінде болған. Сондықтан батырлар турасындағы әңгіме: халықтың жаны, рухы турасындағы әңгіме: Батырлары қандай болса, халықтың рух жағы да сондай болған. Ертек жырдағы батырлар сипатына қарасақ, ол жырлар халықтың рухы нағыз көтерілген шағында шыққандығын байқаймыз. Ошақ басы, үй-ішінің қамы сияқты өмірдің ұсақ мақсат жағымен азаматтары есептеспей, ұлы мақсат, ұлы мұратпен болып, жұрт үшін, көп үшін құрбан қылмайтын нәрсесі болмағанын көреміз. Әке-шеше, туысқан-туған, мал-мүлік, ең қымбатты жан – солардың бәрін жұрт қамының жолында бір тиынға баламағанын байқаймыз. Тоғай толған жылқысы, қора толған қойы, желі толған түйесі бар байлар, жасы 80-90-ға келгенше бала көрмей, баласы жоқтығынан әркімнен қорлық көріп, таяқ жеп, сөгіс естіп, зарығып, тарығып, «әулиеге ат айтып», «қорасанға қой айтып», өлдім-талдым дегенде жалғыз ұл көрсе, ол ұлы жұрт жұмысына керек болған жерде қартайған, әлсіз ата-анам қалып барады екен деп, оған да қайырылуы жоқ. Тоғай толған көп малым қалып барады, оны қайтемін деп уайымдап, қарайламайды. Қобыланды жауға аттанып бара жатқанда, қарындасы Қарлыға түстік жерге шейін соңынан қалмай, ақырында қайырылмасына көзі жеткен соң, қош айтысып қалайын деп тұрып:

Желі толған сар түйе,
Ағажан, кімге тапсырдың?
Қора толған ақты қой,
Ай көке, кімге тапсырдың?

Тоғай толған көп жылқы,
Күн көке, кімге тапсырдың?
Тоқсанда әкең Тоқтарбай,
Алпыста шешең Аналық;

Ақ көке, кімге тапсырдың?
Бірге туып, бірге өскен,
Кіндігіңді бір кескен.
Көкежан деп жылаған,

Мен сорды кімге тапсырдың?
Бұ дүниеде мұңдасың,
Төсекте жатсаң сырласың,
Ақыреттік жолдасың,

Бұлаңдаған қыз Құртқа,
Оны да кімге тапсырдың? –

дегенде, Қобыланды ата-ананы, туысқан-туғанды, жарды керек қылмайтын тасбауыр, тасжүрек, қасқыр сияқты тек қанішер аң мінезді адам емес, шын адам екендігін жырдың мына сөзі көрсетеді:

Жүрегі сөзге өрекпіп,
Батыр да Қобылан тарықты,
Әскерден жалғыз қалыпты.
Қарлыға бүйтіп тұрған соң,

Ақ найзаға сүйеніп,
Ақырын өксіп қамықты.

Мұнан Қобыландының артында қалып бара жатқандары жанына бататын қымбат заттар екендігі, Қобыланды да ата-ананың, жардың, туысқанның құнын білетіндігі көрінеді. Бірақ олар қанша қымбат болғанмен, онан да гөрі батырға қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі. Ол жұрт ісі әлгілердің бәрінен қымбат екендігін, оның бәрін жүұрт үшін құрбан қылатынын, қатта басын да соған құрбанға байлап, жауға аттанып бара жатқандығын білдіру үшін қарындасына Қобыланды былай жауап қайырады:

Желі толған сар түйе,
Сары суға тапсырдым.
Қора толған ақты қой,
Аш бөріге тапсырдым.

Азу тісі балғадай,
Жас бөріге тапсырдым!
Тоғай толған көп жылқы,
Жасанған жауға тапсырдым.

Төртеуіңді, тәуекел,
Бір Құдайға тапсырдым.
Сендер төртеу, мен жалғыз,
Жауға кетіп барамын,

Әлдеқандай боламын,
Айналайын Қалдыжан,
Ағаңды кімге тапсырдың? –

дейді. Әкесінің жасын өте үлкен кәрі қылып, «өлдім-талдым» дегенде, зарықтырып-тарықтырып, оған жалғыз ұл беріп, ол ұлын жұрт қорғаушы батыр қылып, ер құрбандығының көптігін, үлкендігін көрсету мақсатпен істеген ақын шеберлігі де бар шығар. Бірақ елде жоқ рух ақын сөзінде де болмайды. Елде бар рухты ақын ықтимал дәріптеп, күшейтіп, көпіртіп, көркейтіп айтуы, бірақ жұртта жоқ рухты ақын өзінен шығарып айта алмайды. Ақын сөзіне жұрт рухының сәулесі түспей тұрмайды. Халықтың батырлары кетіп, басқаға бағынып, рухы сөнген уақыттағы қазақ ақындарының сөзі әлгі айтылғанды сипаттайды. Байларды, мырзаларды, төрелерді, бастықтарды кейде жақсы көріну мақсатымен, кейде нәрсе алу мақсатымен мақтап, ақындықты қайыршылыққа, жараукелікке айналдырған ақындарымыз аз ба? Ақындардың олай істеуі елдің көбі қайыршылыққа, жараукелікке айналғандықтан, елдің дәріптеп, ұлықтайтыны бастықтар, байлар, мырзалар болғандықтан. Сүйтіп, рухты ертек жырлар, батырлар әңгімелері халықтың рухы көтерілген шақта шыққан сөз болады. Батырлардың рухынан, батырларды жыр қылған ақын сөздерінің рухынан сол жыр шыққан замандағы халық рухы қандай болғанын білеміз. Ертегілер бұрынғының қалпынан салтынан дерек бергеңде ертек жырлар бұрынғының рухынан дерек береді, бұл – бір.

Екінші – батырлар әңгімесінің құны тілге пайда беру жағынан зор. Батырлар әңгімесі өлеңмен айтылган, өлеңмен айтылған әңгіменің сөзі көпке төзеді, тез өзгере қоймайды. Солай болған соң, батырлар әңгімесінде аталарымыздың сөздері сақталып келген. Біз сияқты тілі жетіліп болмаған халыққа аталарымыздың сөздерін сақтаған әңгімелер құнды болмақ. Сондай құнды әңгімелердің бірі батырлар әңгімесі болады. Соңғы уақытта қазақта сауық кеміген себепті жыршылар азайып, батырлар әңгімесі жоғалып барады. Батырлар әңгімелері – өлеңмен айтылатын әңгімелер. Жыршылар жоғалса, батырлар әңгімелері өлең түрін жойып, ертекке айналады. Ертегіге айналса, батырлар әңгімесінің рухы, көркі жоғалып, құр сүлдесі қалады, сондықтан жыршылар жоғалмай тұрғанда, батырлар әңгімелерін өлең түрінде жыршылардың аузынан алып қалу керек. Бұл ел ішінде тұрған азаматтардың халық алдындағы борышы. Ертегі-жырлардың қазақ ішінде көбінесе айтылатындары: «Қара қыпшақ Қобыланды батыр», «Нәрікұлы Шора», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», « Едіге», « Қамбар». Тарихи жыр. Тарихи жыр деп тарихта бар, мағлұм уақиғалар турасыңда өлеңмен шығарган сөздер айтылады. Қазақта өз тілінде жазылған тарих болмағанмен, қазақта болған уақиғалар, қазақтан шыққан адамдар турасында басқа жұрттардың тарихында жазылған мағлұматтар бар, халықтың өзінің есінен кетпеген, қазақ басынан кешірген уақиғалары толып жатыр. Солар туралы өлең етіп шығарған сөздер болса, солар тарихи жыр болады. Мәселен, «Орақ–Мамай», «Абылай», «Кенесары–Наурызбай», «Ерназар», «Бекет» өлендері тарихи жырлар болады. 1879-1880 жылдары болған «Қоян» қыстың жұты турасында шығарған өлең болушы еді. Сонда қыстың қалай болғанын, елдің қандай жұтағанын, қандай аштық азап тартқанын айтушы еді. Сол өлең осы күнге дейін сақталған болса, о да тарихи жыр болады. Жанкісі бидің зекетшілер турасында айтқан өлеңі қазақтың Қоқанға қараған шақтағы тарихына қатысы бар сөз болғандықтан, бұ да тарихи жыр табына жатады. Айтыс өлең. Айтыс – екі палуан күрескені сияқты, екі ойыншы ұтысқаны сиякты, екі батыр жеқпе-жек ұрысқаны сияқты, екі ақынның бірін-бірі сөз жүзінде аңдып, бірінің-бірі қапысын тауып жеңу үшін айтатын өлеңдері. Ақындар әдісін сөз арқылы жұмсап, бірін-бірі сөзбен шаншып, жеңеді. Әрқайсысы сөзбен шаншуға қолайлы, осал-оңтай жерін іздейді. Басында, ісінде, жұртында, ұлтында болған осалдық, кемшіліктерді айтып, сөзбен ұялтып яки сөзбен қамап, жан-жағын бөгеп, тоқтатады. Сондықтан ақындар бірінің жайын бірі білмейтін болса, әркімнен әдейі сұрастырып, мағлұмат жинайды. Елентай мен Болық айтысқанда Елентайға Болық қиын сұраулар беріп, мүдіртпек болған. Жарылқасын қожа мен Айқын айтысқандағы бір-бірінің басындағы, ғамалындағы міндерін айтып, мүдірту талабында болған. Оған болмаған соң, әйел басындағы жалпы кемшілікті айтып жеңген. «Кеншімбай мен Ақсұлу» айтысында елдеріндегі кемшілік, осалдық жағын айтып, бас адамдарының осал істерімен айтып, мүдіртпек болған. «Жанақ пен Баланың» айтысында ел жағына да, ақындардың өз жағынан да тию талабы байқалады. «Қазақ пен Ноғай» айтысында қазақ ноғай жұртының мінін айтып, ноғай қазақ жұртының мінін айтып, мүдірту қамында болған. Қазақта айтыс өлең көп, бірақ бұлар да ел ішінде жоғалып, сиреп барады. Жазу жайылған сайын айтыс өлең азайып, құруға бет алып барады. Мұның да бәрін жазып алып қалмаса, бұ да анайы әдебиеттің өшетін, жоғалатын түрі. 4) Үгіт өлең. Ақыл айтқан, жол көрсеткен, жөн сілтеген мағыналы өлеңдер үгіт өлең деп аталады. Үгіт өлең табына жатады мынау сияқты өлеңдер:

Ай, жігіттер, үлгі алма
Азған елдің ішінен!
Алыс-алыс қашыңдар,
Зияндасты кісіден!

Жақсыны көзден салмаңдар!
Жақсыдан қапыл қалмаңдар!
Өзі болған ерлердің
Аяғынан алмаңдар!

Әр елге, әр жұртқа
Алтын сақа табылмас.
Ай, достарым, жігіттерім,
Болмасқа болмашы болма!

Қолыңнан келсе, ақыл қайыр
Кісіден алушы болма!

3) Мақтанба бақсымын деп бағыңызға!

Қартаймақ қиын сауда тағыңызда.
Іске аспай бақ-дәулеттің қалуы оңай,
Басыңнан бағың тайған шағыңызда,
Мақтанба сұлумын деп ажарыңа!

Ажарсыз адамдарды ал, назарыңа.
Зылиха Жүсіппенен сұлу өткен,
Тұрмаған ажар ара ажалына.
Ағайын жат болады алыс болса,

Болады жат та жақын таныс болса.
Достарың, дұшпан түгіл, табалайды,
Аяғың бір нәрседен шалыс болса.

5) Үміт өлең. Біреуден үміттене, бір нәрсе дәме ете айтқан ақындардың өлеңдері үміт өлең табына жатады. Мәселен, мақтау өлең, құттықтау өлең. Ескі ақындар мақтауды, құттықтауды, сұрауды кәсіп қылған. Байды, биді, ханды, төрені, мырзаны мақтап, тойын бастап, баласын құттықтап, шапан кию, ат міну – әйтеуір нәрсе алу мақсатпен айтатын ақындар көп болған. Біреулері, мақтасам құр тастамас деп, тек мақтап қойған да, біреулері көрсете сұраған. Сұрамай мақтаған өлеңнің мысалы – Орынбайдың Ерденді мақтаған өлеңі. Мұнда ешбір сұрау ишараты жоқ. Көрсете сұрау Қубала ақынның сөзінде бар. Әзілмен де пайда алу мақсатын көрсеткен сөз Шерниязда бар.

Мысалдар:
Орынбайдың Ерденді мақтағаны:
Ассалаумағалейкум, батыр Ерден,
Кетіп тұр бақ-дәулетің тағы керден.

Ішінде мың қарғаның бір бүркіттей
Көзіме көрінесің келген жерден.
Сұңқардың екі мұртың жебесіндей,
Ақылың ұшан дария кемесіндей.

Сұрасаң биіктігің, мен айтайын,
Күн шалған Алатаудың төбесіндей.
Қубаланың жалғыз биесі өлгенде ноғай1 мырзаларынан жәрдем сұраған сөзінен:
Бір Алла, мал мен басқа қаза бердің,

Күнәма жаяулықпен жаза бердің.
Сіздерді көп беймаза еткенімнен
Ұялып, ортаңызға азар келдім.
Арқама тарыққанда сүйеуім деп,

Ортаңа бұ қазамды шаға келдім.
Тыңдаңыз, кіші іні, үлкен аға!
Алламыз не берсе де жоқты шара!
Жеңілтіп есебінен жібереді,

Қалай да қиын екен жалғыз қара.
Сіздерге менің мұңым қиын емес,
«Ау» десең, ноғай болып ортаға ала.
Жатсам да болар еді-ау сұрап хақтан,

Дұшпанның сөзі болад біздің арттан.
Ер өлмес жаяулықтан, жан қиналар,
Бір бие берілмесе қалың халықтан.
Жарарлық басшылыққа аға, іні бар,

Қайтемін жабы туса арғымақтан.

Шернияз ақынның Баймағамбет правительдің қыз ұзатқан тойын бастаған сөзінде айтқаны бар:

Сөйлемес бөтен қазақ мен тұрғанда,
Аузымда Тәңірі берген жел тұрғанда.
Мен кімге сөз сөйле, деп жалынамын,
Өлеңді айтатұғын мен тұрғанда.

Бұ тойда не берсе де мен аламын,
Дәнеңе жоқ шұқанаққа көл тұрғанда.
Сұрқия Кенесары қашаған хан,
Серғазы талай жасты жасаған хан

Дәулетін байекемнің айырма деп,
Тілекті мен тілейін жасағаннан.
Жарлыны жалғызбенен бір теңгердің,
Алтынды айналайын босағаңнан!

Кеңеске келіссіз сөз тек қосайын
Тап атам Жарылғасқа ұқсағанмын.
Қарастым тойды жақсы бастады деп,
Берсең де бір қысырақ қосақ алман.

6) Толғау. Толғау (яки мұңды өлең) деп көңілдің неше түрлі күйін шешетін өлеңдер айтылады. Мәселен, ғашықтық сағыныш, қайғы, күйініш, кейістік, кіжініс, өкпе, наз сияқты көңіл күйлерін білдіретін өлендер.

М ы с а л д а р: 1. Көзіме көріндің де кетіп қалдың,

Қадірі болмайды екен қолда бардың.
Әйдем де болмай жатып, сағынғаннан,
Өлеңмен атыңды атап, әнге салдым.
Сағындым, жаным, сені бір күн болмай,

Жолыңа көп қарадым шыдай алмай.
Кетіппін, жаным, саған қатты үйреніп,
Көңілім басылмайды бір жыламай.
Шырағым, жүзің раушан, сөзің балдай,

Жолыңа қараймын деп көзім талды-ай.
Бір себеп ойлағанға бола ма деп,
Иіскеймін сағынғаннан орамалды-ай.
Жан еркем, мен жүремін мұндай күймен,

Бар ма екен, ашық жарын мендей сүйген?
Сен бір шам, айнала ұшқан мен пәруана,
Айналып, аламын деп отқа күйген.
Есімнен еш кетпейді сүйген жаным,

Білмейді ешбір адам менің халім.
Құдай-ау, ризалықпен айрылмадым!
Көңілімде бұл турада көп-ті арманым.
Басымнан еш кетпейді қара бұлт,

Құдайдан етуші едім қатты үміт.
Япыр-ай, бұ не деген істер болды?
Көргенім, ойнағаным бәрі де ұмыт.
Барады ішім толып қайғыменен,

Деуші едім айрылмаспын сүйгенімнен.
Бар қайғы дүниедегі басымда тұр,
Айтамын өлең қылып күйгенімнен.
Қапалық көңілімдегі өлең болған,

Ойласам, еске түсер өткен заман.
Бар ма екен дүниеде мендей адам?!

Көңіліне қапалықпен қайғы толған
Он сегіз мың ғаламның
Патшасы, әуел хақ жаппар!
Есіттің бе сөзімді?

Жылатпай менің көзімді!
Он үш жасар Қобыланды,
Ерінбей сүйер көзімді,
Жалғызының артынан

Мұхаммет сынды ей, тақсыр,
Тар жерде еске ал өзімді!
Қызыр, Ілияс екі жар!
Омар, Оспан екі жар!

Бір кітаптың ішінде
Қырық пайғамбар аты бар
Бас-басыңа бір жандық,
Дем бермесең, біз қалдық.

Асқардан асып, бел өттік,
Белден асып, біз кеттік,
Біз пақырға көзің сал,
Әруақтар, сізді тербеттік!

Ақсұңқар құс мақтанса,
О дағы бір күн кез болар
Құсбегінің торына.
Арғымақ ат мақтанса,

О дағы бір күн кез болар
Қаланың қазған орына.
Осы кеткен жалғызым
Есен барып, сау келсе,

Егіз туған көк бесті
О дағы бір сенің жолыңа!
Егіз туған көк қошқар
О дағы сенің жолыңа!

Бұл алпысқа келгенде
Қобыландыдай ұл таппан
Тұрмады ма сорыма?
Мұхаммет сынды ей, таңсыр!

Қозымды бердім жолыңа,
Бір жылқыдан кем шаппас,
Келінжан баққан Бурыл ат.
Денеге мылтық тигізбес,

Дәуіт соққан жалаңғат.
Асынған қылыш белінде,
Қынаптары әрі алтын,
Ұстаған жері сап алтын,

Балдағы алтын сар болат.
Шырағымның шыбыны,
Жасаған, саған аманат!
Қалғып кетсе, қағып тұр,

Адасып кетсе, бағып тұр
Қозыма келген пәлені,
Ықылас атты шашты Әзіз,
Жәрдемші болып соғып тұр.

Көл иесі Қамбар-ай!
Жол иесі Қамбар-ай!
Қазанға қайдан қол жиды
Қарман деген заңғар-ай!

Қамбар, өзің қолдасаң,
Қолдамайтын кім бар-ай!
(Қобыландыдан)
* * *

2) Бұлғыр, бұлғыр, бұлғыр тау!

Бұлдырап тұрған құрғыр тау!
Қаптай қонар елім жоқ,
Айым, күнім Кәрібоз,
Сөйлесетін тілің жоң!

Ел таптырар ма екенсің?
Арысаң да, жануар,
Көрсетер ең бір қара,
Саған мінер белім жоқ,

Белге қылар емім жоқ!
Бұл шамаға келгенде,
Ажалым аштан болды ма!
Ауызға жерге жемім жоқ!

Егер өлсем бұл жерде,
Сүйегімді ұстар теңім жоқ!
Көк шалғынның үстінде
Күңіреніп жатырмын,

Үстіме киер кебін жоқ!
Еңіреп жүрген ер едім,
Қаптаған қара борандай
Өткені ме, дүние боқ!

(Тарғыннан)
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айрылған жаман екен,

Қара көзден мөлтілдеп жас келеді.
Мына заман қай заман, қысқан заман,
Дәулет құсы басыңнан ұшқан заман.
Топырақ пен аспаннан шаң борайды,

Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.
Мына заман қай заман, бағы заман,
Баяғыдай болар ма, тағы заман!
Атадан ұл, анадан қыз айрылды,

Көздің жасын көл қылып ағызамын.
Мұнша қысым қылдың ғой, қатты Құдай!
Қара жер қабырғама батты, Құдай.
Жаяу жүрсем, табаным ауырады,

Тым болмаса бермедің атты, Құдай!
* * *

Терме (яки түрлі өлеңдер). Терме деп ат қойылуынын мәнісі – бұл түрлі шығармалар бір нәрсенің жайынан сөйлеп тұрмай көп нәрсені теріп, сөз қылып өтеді. Көп нәрсені сөз қылғанда, әрқайсысына айналып, баяндап жатпайды. Түрлі шөптің басын шалып оттап, тоқтамастан, желге қарай тартып бара жатқан мал сияқты. Терме айтушылары түрлі нәрсені сөз қылып, бірақ ешқайсысына айналмастан, кідірместен, ілгері қарай сырғи береді.

М ы с а л:
Арғымақ жабы көрінер
Аса шауып бұланса.
Айдын көл батпақ атанар

Айдыны құрып, суалса.
Бәйтерек сабау көрінер
Жапырағы түсіп, қуарса.
Біраз ғана сөйлейін,

Жақсылар, сізге ұнаса.
Арғымақ жайлап не керек,
Артынан жабы жеткен соң?
Ағайын, туған не керек,

Аңдысып күні өткен соң?
Қызыл тілім, сөйлеп қал!
Қызығыңды жер көрер
Ажал қуып жеткен соң!

Айт дейтін аға сіз қайда?
Айтатын оны біз қайда,
Бір төбенің басына
Тыға салып кеткен соң!

Сипаған сиыр білмес қызметіңді,
Сыйлаған жаман білмес құрметіңді.
Әрқалай бір сияпат еткен жаман,
Болады атқарғандай міндетіңді.

Кейбіреу өз жалына өзі малай,
Бейнет көп, рақат жоқ дәулетінде.
Жаз ыстық қыс суықпен өмір шегіп,
Кетпей ме, бір күн тастап нәубетінде?!

Жаманның етек-жеңі тар секілді,
Қабағы ашылмаған қар секілді.
Сүйейді жамандарды кейбір сабаз,
Бүтінді аудармайтын нар секілді.

Қосылса екі жақсы хан секілді,
Ләззаты бір-біріне бал секілді.
Бір жерге екі жаман сыйыса алмайд,
Мінезі сиыр деген мал секілді.

Жақсылар жағасы кең тон секілді,
Лайық етек-жеңі мол секілді.
Жақсының бір жаманға ісі түссе,
Қос артқан ит үстіне жол секілді.

Қосылса екі жаман ду болады,
Қараңғы жүрген жері бу болады.
Күні-түні дау-жанжалмен өмір өтіп,
Рақатсыз ішкен асы у болады.

(Зауықтау нұсқаларын нұсқалықтың 40, 54-інші нөмірлерінен қара).
Сарындама (сарын сөз саласы)
Сарындама үш тарау: 1). салт сөзі, 2). ғұрып сөзі, 3). қалып сөзі.

Салт сарынымен яғни салт жөнімен айтылатын сөздер салт сөзінің табына жатады. Мәселен: мысалдар, ділмар сөз (афоризм), тақпақтар, мақалдар, мәтелдер. Мысалдар. Адамның ғамалын, мінезін, құлқын жанды, жансыз нәрселер арқылы салт-санасына сәйкес көрсетіп, өнегелеу мысалдау болады. Ескерту: мысалдар көбінесе хайуандар турасында шыққан ертегілерден алынады. Ондай ертегілерде хайуандарға адамша тіл бітіріп, адамша мінездеп, іс еткізіп, түрлі мақұлыққа түрлі өнеге боларлық сипат таңған. Ақымақтыққа өнеге болатын есек, айлакерлікке түлкі, қорқаулыққа қасқыр, момындыққа қой, мазақтыққа тырна, жарғақтыққа сауысқан, тағысын тағы солай. Мысалдар: «Арсыз ит», «Өтірікші тышқан», «Хайуандар таласы», «Бақылдақ теке», «Құлағынан айрылған ешкі», тағысын тағы сондай сөздер. Ділмар сөз. Бұрынғы даналардан, билерден, шешендерден қалған сөздер ділмар сөз (европаша афоризм) деп аталады.

М ы с а л д а р:
Өлеңтіні жағалай
Тал шығады деп едім.
Тал шыбықтай бұралып,

Сал шығады деп едім.
Соққан бейіт секілді.
Үй шығады деп едім.
Қырыққан серке бұттанып,

Би шығады деп едім. «Өр Дулат ұлы жүздегі бір ханға барып отырып, Қоңырат Мырзан би ханға сөз бермей, жалғыз сөйлей беріпті. Мырзан баласыз екен, соны айтып тоқтатпақ ниетпен Дулаттың бір шешені айтыпты:

– Жалтақтап сөйлейсің жалғыз-ақ адамша, көтеріліп сөйлейсің көмегі жоқ адамша. Құйрығы жоқ, шолақ Мырзан, құлағы жоқ, шұнақ Мырзан, жалғыз өзің сөйлейсің бе? – деп. Сонда Мырзан айтыпты:

– Сен жалғыз деп сөксең, Құдайға тілің тиеді. Жарлы деп сөксең, пайғамбарға тілің тиеді. Құйрығым шолақ болса, тұлпар шығармын, құлағым шұнақ болса, сұңқар шығармын. Құйрығы ұзынды біз итке меңзейміз, құлағы ұзынды есекке меңзейміз. Ешкі егіз табады, ит сегіз табады, шошқа тоғыз табады. Сенің бабаң егіз еді, анаң сегіз еді, өзің тоғыз едің. Сенің тоғызыңды алса, Құдайдың шамасы жоқ па? Маған бала берейін десе, баласы жоқ па? – депті.

Халық: Мынаған тас атындар депті. Дулаттың биі: «Айтқанын қылып, бітімін беріңдер», – деп топтан шыға жөнеліпті».

(Ыбырайұлы Шорман жинағаннан) 3. «Қаз дауысты Қазыбек би жолаушылап жүріп, бір үйге түстеніпті. Үй иесі үйінде жоқ екен, қатынының күткеніне риза болып, ерін көріп кетпек ниетпен қонып қалыпты. Ері жұпынылау адам екен, Қазыбек жолдастарына қарап айтыпты:

Жігіттер, бұл сөзімнің мәнісі бар,
Мәнсіздің мәндіменен не ісі бар.
Құданың қүдіретіне қарап тұрсаң,
Жапалақ үйрек ілген бір ісі бар, –

деп. Қазыбектің сөзіне қатыны түсіне қалып, былай депті:
Құда-еке, сөзіңіздің мәнісі бар,
Мәндінің мәнсізбенен көп ісі бар.
Жапалақ ілген құсын місе түтпай,

Тағы да қоңыр қаздан дәмесі бар.
Қазыбек қатынға риза болып, мына сөзді айтып, жүріп кетіпті:
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.

Атың жаман болса,
Шыбын жанның азабы.
Қатын жаман болса,
Бұ жалғанның тозағы.

Туған балаң жақсы болса,
Екі көздің шырағы.
Мінген атың жақсы болса,
Бұл дүниенің пырағы.

Алған жарың жақсы болса,
Мейманыңның тұрағы».
(Ыбырайұлы Шорман жинағаннан)

4) «Қыпшақ Досбол датқа қартайып, науқас болып жатқанда, Байсын Саудағұл және Нұрмаш деген атқа мініп, ел билеп жүрген үш кісі көңілін сұрай барып, Досболға айтыпты: «– Е, датқа-еке, бұрынғының арты едің, бүгінгінің қарты едің, әлдеқалай боласың, артыңда қалатын жандарға не айтып кетесің, ілгері өткендерге не айтып барасың?» – депті. Сонда Досбол: «– Уа, сеңдерге не айтайын, жұрт сендердікі, өз ақылдарың өздеріңе жетеді. Ілгері өткендерге айтып баратын сөзім мынау: бақ деген сендер тірі күнде сұңқар еді: елде кімнің басы биік болса, соған қонушы еді, сол бақ қартая-қартая қара шыбын болды. Қайда сасық болса, соған қонды. Соқырдың көзіне қонды, пұшықтың мұрнына қонды, таздың басына қонды деп барамын», – депті. Байсын соқыр екен де, Нұрмаш пұшық екен, Саудағұл таз екен. Үшеуі ұялып, үйден шыға жөнеліпті».

Ділмар сөз иесінен айырылса иә тақпаққа, иә мақал-мәтелге айналып кетеді.

Тақпақ. Салт санасына сәйкес пікірлерді келтесінен келтіріп, өлең түрде ұйқастырып айту тақпақ болады. Тақпақ қысқара-қысқара маңызданып барып, мақалға айналып кететін де жері бар. Мақалдарды құрастырып қосып айтқанда, мақалдар тақпаққа айналып кететін де жері бар.

М ы с а л д а р:
Ата-ананың қадірін
Балалы болсаң білерсің.
Ағайынның қадірін

Жалалы болсаң білерсің,
Ақ дененің қадірін
Сырқаулы болсаң білерсің.
Дәулетіңнің қадірін

Мал кеткенде білерсің.
Ажарыңның қадірін
Сән кеткенде білерсің.
Тіршіліктің қадірін

Жан кеткенде білерсің.
Аңдып жүрген дұшпанды
Тап жеткенде білерсің.
Көп отырсаң, көл азады,

Көп сабылса, жер азады.
Көп жасаса, ер азады,
Ер азған соң, ел азады.
Аяқтыға жол бермейтін,

Ауыздыға сөз бермейтін
Мыңнан озған шешеннен
Күнде қойыңды баққан
Құлағы кесік құл озады.

Ақыр заман адамы аласа туады,
Аласа туса да, тамаша туады.
Қулық, сұмдық ойлай туады,
Жамандыққа бойлай туады.

Итере салсаң, жығыла кетеді,
Тұра сала жармаса кетеді.
Ішсе, бозаға тоймайды,
Боқтап, түгіңді қоймайды.

Дауыл болмай, жауын болмас,
Жауын болмай, қауын болмас,
Ит баласы сауын болмас,
Екі дау адағы ауыл болмас,

Ауыл болса да тәуір болмас.
Өзіңнен тумай, ұл болмас,
Сатып алмай, құл болмас.
Киікті құралай бүлдірер,

Елді дүрегей бүлдірер.
Текті жігіт тек жүрер,
Текелі киік жай жүрер.

Мақал. Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызды, шыны келеді.

М ы с а л д а р:
Мал – жаным садағасы, жан – арым садағасы.
Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос.
Әкім адал болмаса, халық бұзылар; сауда адал болмаса, нарық бұзылар.

Асың барда ел таны беріп жүріп, атың барда жер таны желіп жүріп.
Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ.
Жоқтық ұят емес, байлық мұрат емес.
Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге мал тұрар.

Күлме досыңа, келер басыңа.
Төртеу түгел болса, төбедегіні алады, алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Айбар керек әл керек, әлсіз айбар не керек.
Денсаулық – зор байлық.

Ауру қалса да, әдет қалмайды.

Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дер, өшер елдің жігіті бірін-бірі қатын дер.

Ұрлық түбі – қорлық.
Қойшы көп болса, қой арам өлер.
Шірікке шыбын айналар.
Көрмес түйені көрмес.

Битке пышақ суырма.
Бас білген өгізге өк деген өлім.
Ат жалдаған өтер, ит жалдаған кетер.
Жаз арбаңды сайла, қыс шанаңды сайла.

Ел қыдырған сыншы, тоғай аралаған үйші.

Көше білмес жамандар көшсе көлік өлтірер, сөйлей білмес жамандар сөзді өзіне келтірер.

Көре-көре көсем болар, сөйлей-сөйлей шешен болар.
Көріп алған көріктіден көрмей алған текті артық.
Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың.

Көрген жерде бой сыйлы, көрмеген жерде тон сыйлы.
Жер таусыз болмайды, ел даусыз болмайды.

Мәтел. Мәтел дегеніміз кезіне келгенде кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады, бірақ мақал тәжірибеден шыққан қақиқат түрінде айтылады. Мәтел қақиқат жағын қарамай, әдетті сөз есебінде айтылады.

М ы с а л д а р:
Өзі тойса да, көзі тоймайды.
Көппен көрген ұлы той.
Адасқан қаздай, рудан аздай.

Тамақ тоқ, көйлек көк, уайым жоқ.
Өткен өрен, қалған салауат.
Бұйдалаған тайлақтай, жетелеген мойнақтай яки мұрнын тескен тайлақтай.
Түлен түртпесе, түнде қайда барасың?

Бетегеден биік, жусаннан аласа.
Жығылган үстіне жұдырық.
Бір теңге беріп жырлатып, мың теңге беріп қойдыра алмады.
Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда!

Келін айғыр, кемпір саяқ шықты.
Баланың сөзі батпандай, келіннің сөзі кетпендей.
Бәйбіше – Құдай бұйрығы, тоқал – иттің құйрығы.
Қызым үйде, қылығы түзде.

Жас-жастың тілегі бір, жібектің түйіні бір.
Ай мен күндей, әлемге бірдей.
Бай кісі бақырып бола ма?
Көзінің жасы көл болды.

Барымен базар, жоқты қайдан қазар?
Көшсе – көш қасындамыз, отырса – от басындамыз.
Досқа күлкі, дұшпанға таба қыла көрме.
Дерт батпандап кіреді, мысқалдап шығады.

Арғымақты жамандап, кәне, тұлпар тапқаның?! Ағайынды жамандап, кәне, туған тапқаның?!

(Салт сөзінің нұсқаларын нұсқалықтың 91, 119-нші нөмірлерінен қара). Ғұрып сөзі деп ғұрып сарынымен яғни ғұрып бойынша істелетін істерге байлаулы сөздер айтылады. Мәселен: той бастар, жар-жар, беташар, неке қияр, жарапазан. Той бастар. Тойдың кешкі ойынын біреу өлеңмен бастайды. Сонда айтылатын өлең той бастар деп айтылады.

М ы с а л:

Кете Шернияз ақынның Баймағамбет правительдің қызы Ақыл Қаныкейдің тойын бастағаны:

Ассалаумағалайкум, алдияр хан!
Қорқады өлім десе шыбындай жан.
Сыйынып бір Құдайға, сөз сөйлейін,
Тіліме жәрдем болғай бір Алладан.

Әуелі паруардегер соны айтайын,
Жаратқан иемді айтпай, нені айтамын.
Той қылса қара қазақ әркім де айтар,
Бұл тойда топтан озған мен айтайын.

Сөйлемес бөтен қазақ мен тұрғанда,
Аузымда тәңірі берген жел тұрғанда.
Мен кімге сөз сөйле деп жалынамын,
Өлеңім айтатұғын кең тұрғанда.

Бұ тойда не берсе де мен аламын,
Дәнеңе жоң шұқанаққа көл тұрғанда.
Құдайым қуат бергей таңдайыма,
Әр түрлі өлең келді жағдайыма.

Тойында Байекемнің сөз сөйлейін,
Бітпесе өсек қылып маңдайыма.
Байеке баласында жаман бар ма,
Баласы жаман деген заман бар ма?!

Той етіп, қыз ұзатпақ хақ бұйрығы,
Болған соң хақ бұйрығы амал бар ма?!
Атаңыз қиналады кетеді деп,
Қайсы қыз шырағыма жетеді деп.

Көшкенде көштің көркі көгершінім,
Қадірі кетсе мұның өтеді деп.
Атаңыз қиналады сіз кеткенге,
Көзінің қарашығы қыз кеткенге.

Табылмас Байекеме сіздей бала
Алты жүз арғымақпен іздеткенге.
Атаңның қиналғанын көріп келдім,
Май салған қорғасындай еріп келдім.

Ау Ата–Ау Анадан қалған жол деп,
Насихат білгенімше беріп келдім.
Той етіп қыз ұзатпақхақ бұйрығы,
Адам мен Ау Ананың тап бұйрығы.

Біздерге жеңешең де еріп келген
Біреудің әспеттенген ақ құйрығы.
Той етсе, әдепсіз қыз көп жылайды,
Айтсын деп бауырмал қыз деп жылайды.

Той етіп, қыз ұзатпақ хақ бұйрығы,
Болған соң хақ бұйрығы, тек жылайды.
Алғаның хан Жәңгірдей бақты болсын,
Алтыннан күміс пенен тақты болсын.

Ақ үйің ойда тұрған қырға қонсын,
Ақ тісің аузыңды ашсаң нұрға толсын.
Үйіңе үлде менен бүлде толсын,
Болмаса күндіз пұрсат, түнде толсын.

Жасаған айтқан сөзім түс келтіріп,
Үйіңе қыдыр Ілияс келіп қонсын.
Басымды қоса берме төменменен,
Семірмес қаз ормаса, жегенменен.

Алдыңа аз ғана сөз әңгіме айттым,
Асылдың азы жақсы дегенменен.

Жар-жар. Жар-жар қыз ұзатар үйде ұзататын қызды жұбату үшін айтылатын өлең. Жар-жарды екі жақ болып бастап, соңынан бір жақты етіп жібереді. Олай болу себебі: жұбатушының сөзіне әуелі жауап қайырылып отырады. Сонан соң жұбату сөз қыздың жақындарын жұбатуға ауып кетеді. Екі жақ болған жерінде жұбатушы жақ жігіттер болып, қарсы жағы қыздар болып айтады.

М ы с а л д а р:
Жұбатушы жағы:

1) Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар!

Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар!
Әкем-ай! – деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар!
Әкең үшін қайын атаң онда болар, жар-жар!
Қ а р с ы ж а ғ ы:

Есік алды құба тал майда болсын, жар-жар!
Ақ бетімді көретін айнам болсын, жар-жар!
Қанша жақсы болғанмен қайын атамыз, жар-жар!
Айналайын әкемдей қайдан болсын, жар-жар!

Жұбатушы жағы:
Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар!
Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар!
Шешем-ай! – деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар!

Шеше орнына қайын енең онда болар, жар-жар!
Қ а р с ы ж а ғ ы:
Есік алды құба тал майда болсын, жар-жар!
Ақ бетімді көретін айнам болсын, жар-жар!

Қанша жақсы болғанмен қайын енеміз, жар-жар!
Айналайын әжемдей қайдан болсын, жар-жар!
Мұнан әрі қарай аға, жеңге, сіңілі турасында да осы ретте айтылады.
Е с к е р т у: бастапқы ылғи айтылатын екі жол:

Бір толарсақ, бір тобық санда болар,
Қырық кісінің ақылы ханда болар, –
дегеннің орнына:
Алып келген базардан қара насар,

Құйрық сәукеле шашың басар, –
деп те айтылады. Жауаптағы айтылатын екі жол:
Есік алды құба тал майда болсын,
Ақ бетімді көретін айнам болсын, –

дегеннің орнына:
Жазғытұрғы ақша қар жаумақ қайда,
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда,
деп айтылады.

2) Қыздың жақындары туралы айтылатын жар-жар былай келеді:

Шымылдығың серпе сал, көрсін әкең, жар-жар!
Көздің жасын көл қылып төксін әкең, жар-жар!
Жылда-жылда ноғайдан пұл аламын, жар-жар!
Бір міндеттен құтылдым десін әкең, жар-жар!

Шымылдығың серпе сал, көрсін шешең, жар-жар!
Көздің жасын көл қылып төксін шешең, жар-жар!
Жылда-жылда боқшама бояушы едім, жар-жар!
Бір міндеттен құтылдым десін шешең, жар-жар!

Осы ретпен ағасы, жеңгесі, сіңілісі, інісі туралы да айтылады. Неке қияр. Неке қияр сөз деп неке қияр кезде екі арада жүретін екі куәнің күйеу мен қыздың ырзалығын сұраған уақытта айтатын сөздерін айтамыз. Бұл әнмен айтылмайды, бірақ өлеңше ұйқасқан, дәйім бір қалыпта айтылады.

М ы с а л:
Куә, куә, куәдүрміз,
Куәлікке жүрәдүрміз.
Мұнда халық қасында,

Таңда хақ қасында,
Екі кісі хақ куәлік бередүрміз.

Пәленшеден жазған (әкесін айтады), пәленшеден туған (шешесін айтады) пәленше қызды (қызды айтады) халал жұптылыққа қабыл көріп, алдыңыз ба? Қызға айтқанда да бәрін осы қалыпта айтып, аяғында «пәленшеге халал8 жұпты болдыңыз ба?» дейді. Беташар. Қыз келіншек болып түскенде бетін көрсетпейді. Ауылға келерде алдына шымылдық ұстап, перделеп келтіреді. Үйге кірген соң да алдына шымылдық құрып, қыз-келіншек, бала-шағалар ғана болмаса, басқаларға көрсетпей қояды. «Беташар» айтылғаннан кейін беті ашылып, шымылдық алынып, ғұрып бойынша көрінетін адамдарына келіншек сонан соң көрінеді. Беташарды әндетіп айтпайды, жай шұбыртып, өлең түрінде ұйқастырып айтады. Беташар әуел басында толып жатқан нұсқау, жол, ереже (орысша айтқанда устав) түрінде айтылып, келіншекке естіртіліп, орнына келтіруге керек деген мағынада шығарған сөз. Бұл күнде «отқа май салу» сияқты ғана әдет мағынасына айналып кеткен беташар түрі қандай болатыны «Өлеңді сөйлемдер» деген бапта көрсетілген. Жоқтау. Жоқтау – өлген кісіні жоқтап сөйлеу. Жоқтау көбінесе белгілі адамдарға айтылады. Өлген адамның қатыны, иә қызы, иә келіні зарлы үнмен өлген адамның тірідегі істеген істерін, өлгенінше бастарына түскен қайғы-қасірет, күйіктерін шағып, жылағанда айтатын жыр түріндегі сөз –жоқтауды көбінесе ақындар шығарып береді. Сондықтан жоқтау ақын лұғатты келеді.

Мысалы: Бөпе төренің қарындасы күйеуі өлгенде жоқтағаны:
Күлдер белбеу белімде,
Азалы болдым елімде.
Бөпекем жарлық берген соң,

Жүре бердім жөніме.
Бас, бас өлім, бас өлім,
Басынан келген осы өлім.
Жапырағын жайқалтып,

Жарлыны алған осы өлім.
Құдай досты Мұхаммет,
Оны да алған осы өлім.
Қылышынан қан тамған

Әліні алған осы өлім.
Өлімнің несі уайым?
Бұл істі салған Құдайым!
Қара бір шашым жаяйын!

Жаяйын да жияйын!
Қыналы бармақ, жез тырнақ,
Күнде қанға бояйын!
Албыраған ақша бет,

Сүйегіне таяйын!
Мөлдіреген қара көз,
Жаспенен оны ояйын.
Алшаңдап жүрген жас төрем,

Орныңа кімді қояйын?!
Орқаш та орқаш, орқаш тау!
Бауырың толған көк бастау!
Топ ішінде қиын да екен

Жалғыз енді сөз бастау.
Басыма салған қарам не?
Мен жыламай, кім жылар,
Бетімдегі жарам не?

Бұғастың бойын өрт алды,
Жүректің басын дерт алды.
Он жеті жасар Әбижан,
Қорасан деген дерт алды.

Асыл да гауһар болатым,
Ұшайын десем, қанатым,
Әкем қосқан қосақтан
Айырды шебер Құдайым.

Алты атанға жүк арттым,
Ала арқанмен бек тарттым.
Алдынан жүрмес әкекем,
Құшақтап тұрып сөз қаттым.

Арғымақ үйірін сағынса,
Артқы аяғын қағынар.
Алғанын бейбақ сағынса,
Қаннан ендік (далап) жағынар.

* * * Жарапазан. Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тысында тұрып, жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар, сауап болады деп, жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазан айтатын екеу болып жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушы болады. М ы с а л д а р:

Айтушы:
Байлар, жатырмысың, ұйқылы-ояу,
Тұсыңа қыдыр келді атты-жаяу.
Мұхаммет үмбетіне жарапазан!

Қостаушы:
Жарапазан, жарапазан!
Алла, Құдай биі рамазан!
Айтушы:

Осы үйдің шаңырағы шап-шақ қана,
Жеңешем ішіндегі аппақ қана
Береді бізге орамал сақтап қана;
Біз барамыз үйімізге мақтап қана.

Мұхаммет үмбетіне жарапазан.

Қостаушы:

Жарапазан, жарапазан!
Алла, Құдай биі рамазан!

Айтушы:

Қой ішінде екі қошқар теңеседі;
Бай, бәйбіше екеуі кеңеседі.
Бай айтар: «Саулық берсек кетер еді»,
Бәйбіше айтар: «Жаулық берсек кетер еді»,

Мұхаммет үмбетіне жарапазан.

Қостаушы:

Жарапазан, жарапазан!
Алла, Құдай биі рамазан!

Айтушы:

Жарапазан айтқанның сауабы бар,
Отыз күн оразаға жауабы бар,
Берсеңіз, бермесеңіз не қамым бар?
Боз шұбар астымдағы шу, жануар,

Мұхаммет үмбетіне жарапазан!

Қостаушы:

Жарапазан, жарапазан!
Алла, Құдай биі рамазан!

Бата. Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар айтады. Батагөй шалдар – басы бар табақты тартуға алып келгенде, асты жеп болғанда да бата қылады. Көбінесе бата тамақ жеп болған соң істеледі.

М ы с а л д а р:
Құдай, оңда!
Оңға баста!
Абиыр бер!

Аман сақта!
Құдайым жарылқасын, бай қылсын;
Төрт түлігін-сай қылсын!
Кетпес дәулет берсін!

Кең пейіл берсін!
Құдайым оңдасын!
Оңдағанның белгісі
Мың саулығың қоздасын!

Сексен інген боталап,
Сегіз келін қомдасын!
Тіленшінің биесін берсін!
Үйсін, Қоңырат түйесін берсін!

Бүткіл аруақтарға тие берсін!
* * *
Асың, асың, асыңа!
Береке берсін басыңа.

Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа.
Сенен байлық өтпесін.

Тәңірі берген несібең
Тепкілесе, кетпесін.
Желіңнің екі шетіне
Тай шаптырса жетпесін.

Кешке келіп жамырасқан,
Шуылдасып, маңырасқан
Қошақанның анасы
Саулық бассын үйіңді!

Бақайлары сыртылдап,
Мүйіздері жылтылдап,
Бұзаулардың анасы
Сиыр бассын үйіңді!

Шудаларын шаң басқан,
Артқы өркешін қом басқан,
Ботақанның анасы
Інген бассын үйіңді!

Шіңгір-шіңгір кісінескен,
Құлыншақтың анасы
Бие бассын үйіңді.
(Ғұрып сөзінің нұсқаларын нұсқалықтың 120, 126-ыншы нөмірлерінен қара).

Қалып сөзі Қалып сөзі деп тұрмыс қалпында болатын істер сарынымен айтылатын сөздерін айтады. Мәселен, бал ашқанда, ауру басқанда бақсылардың жын шақырғанда, тіс емдегенде құрт шақыру, мал бәдік болғанда, адамға күлапсан шыққанда бәдік иә күлапсан көшіру, бала тербеткенде айтатын бесік жыры – осылардың бәрі қалып сөздің табына жатады. Жын шақыру. Бақсылар жын шақырғанда сарнап, өлеңше ұйқастырып, түрлі сөздер айтады. Алладан, әулиеден әруақтардан жәрдем тілейді. Жындарының атын атап, соларға сөз айтқан болады. Қобызымен серттескен болады. Солардың бәрін үйлестіріп, ұйқастырып, әдемі түрде айтады.

М ы с а л д а р:
Әуелі Құдай есімі Алла!
Іс бастаймын бісміллә!
Тайғақ кешу, тар жолда,

Жарылқа, Алла, әр жолда!
Алтын сандық хазірет,
Сыйынғанда медет ет!
Әбиір бер әр жерде,

Айналайын құдірет!
Исламға пана Мұхаммет,
Сыйындым сізден бір мезет!
Су басында Сүлеймен,

Сізден де медет тілеймін!
Күн көзінде әулие,
Жер жүзінде әулие,
Машырықтағы әулие,

Мағрыптағы әулие,
Тауда жүрген әулие,
Таста жүрген әулие,
Көлде жүрген әулие,

Шөлде жүрген әулие,
Бәріңнен медет тілеймін!
Жаңа келді шара бас,
Алпыс қойдың терісі

Бөрік шықпаған шара бас.
Жетпіс қойдың терісі
Жең шықпаған шара бас.
Тоқсан қойдың терісі

Тон шықпаған шара бас.
Жаңа келді дәу пері.
Жаңа келді күн пері,
Жаңа келді су пері.

Жаңа келді Ай қожа,
Жаңа келді Күн қожа.
Ойдан келді ол қожа,
Қырдан келді ол қожа.

Айналайын нұр қожа,
Сол қожаның ішінде
Әсіресе бір қожа.
Жаңа келді қолаң шаш,

Екі иінімнен мықтап бас!
Жаңа келді Теңгетай,
Жаңа келді Жирентай.
Перілердің бәрі де

Үстіне бір мінген тай.
Осыншама шақыртып,
Келмеймін, деп шаршатты-ай!
Ай, қобызым, қобызым!

Әбден де болжа, доңызым!
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған, қобызым!
Қарағайдың түбінен

Қайырып алған, қобызым!
Қызыл қыршын тобылғы
Жәшік қылған, қобызым!
Желмаяның терісінен

Қапшық қылған, қобызым!
Жүйрік аттың құйрығын
Ішек қылған, қобызым!
Ор текенің мүйізін

Тиек қылған, қобызым!
Тасқа шыққан ырғайдан
Құлақ қылған, қобызым!
Сексендегі кемпірдей

Белі бүкір, қобызым
Буаз қатын секілді
Арты шүмек, қобызым!
Әбден де болжа, доңызым!

Құрт шақыру. Тісі ауырған адамнын тісін құрт жейді деп, сол құртты түсіру үшін емшілердің айтатын сөздері болады. Сол құрт шақыру сөздері деп аталады.

М ы с а л д а р:
Тойғын-тойғын түйе кел,
Төңірегін жия кел!
Ақ желегін сала кел!

Ағайыныңды ала кел!
Сарбас тұйғын, күйіт, күйіт!
Қара бас тұйғын, күйіт, күйіт!
Жайлаған жерді жау алды,

Қыстаған жерді өрт алды.
Жайлаған жерден қашып кел!
Жайнаған жауды басып кел!
Қыстаған жерден қашып кел!

Қаптаған жауды басып кел!
Жетер-жетер, күйт, күйіт!
Басар-басар, күйіт, күйіт!
Арқадағы алты құрт,

Арқаласып келер құрт.
Желкедегі жеті құрт,
Желкелесіп келер құрт.
Ауыздағы алты құрт,

Азуласып келер құрт.
Басар, басар, кә, кә!
Басып келер, кә, кә!
Жетер-жетер, кә, кә!

Тұйғын-тұйғын, кә, кә!
Түйінсеп келер, кә, кә!

Дерт көіиіру. Малда болатын бәдік деген ауруды, адамда болатын күлапсан деген ауруды қазақта өлеңмен емдеу бар. Бәдік болған малды, күлапсан болған адамды ортаға ала қоршай отырып, қыз-бозбала жиылып, өлең айтып, «Көш! Көш!» деп, анда-санда айқайлап қояды. Өлеңдері онша көркем болмайды. Ұйқасқаны болмаса, жай сөз сияқты көріксіздеу келеді. Бәдік пен күлапсан өлеңі бір мазмұнды болады.

М ы с а л д а р:
Айтамын айт дегеннен, айда күлап!
Жыландай сүйегі жоқ майда күлап!
Күләбі бұл баланың аяғында,

Болмаса аяғында, қайда күлап?
Күлапсан бұл баланың көзінде еді,
Көмекей көзінде емес, безінде еді.
Бір қиял айтпайын деп ойлап едім,

Бұл бала өлемін деп безілдеді.
Күлапсан, көшер болсаң, қалаға көш!
Қаланың іші толған шанаға көш!
Таппасаң онан жайлау, мен айтайын,

Қалада көзі шегір балаға көш!
Күлап құрғыр деген соң, күлап құрғыр!
Шоңқайып жол үстінде ома тұрғыр!
Жеріне ома тұрған жасыл түсіп,

Оқ өтіп, тас төбеңнен Құдай ұрғыр!
Ұшына орамалым түйдім тары,
Кетпейді жаз да болса таудың қары.
Көш! Көш! – деп біз кетелік, жүр!

Кетелік! Күлаптың көшіп кетсін қалмай бәрі.
(Жиенғали жиғаннан)

Бесік жыры яки бала тербету. Баланы ұйықтату үшін айтатын өлең. Бала тербету түрліше айтылады, бірақ бәріне бірдей жалпы келетін де жерлері бар.

М ы с а л д а р:
Әлди, әлди, ақ бөпем!
Ақ бесікке жат, бөпем!
Құнан қойды сой, бөпем!

Құйрығына той, бөпем!
Бәрін жеп өзің тауыспай.
Маған-дағы қой, бөпем!
Әлди, әлди, аппағым!

Қозы жүні қалпағым!
Жұрт сүймесе, сүймесін!
Өзім сүйген аппағым!
Әуіп, әлди, әуіп, алдаш!

Етегінде қуырмаш.
Жейін десе, тісі жоқ,
Кісіменен ісі жоқ.
Қарағым менің қайда екен?

Қыздарменен тауда екен.
Тауда неғып жүр екен?
Алма теріп жүр екен.
Алмасынан қайда екен?

Жаңа теріп жүр екен.
Айналайын айымыз!
Алты қарын майымыз!
Жеті қарын жентіміз!

Шаһар Бұхар кентіміз!
(Қалып сөзінің нұсқаларын нұсқалықтың 27, 130-ыншы нөмірлерінен қара).

ЖАЗУ ӘДЕБИЕТ

Жазу әдебиет деп жазылған шығармаларды айтамыз. Жазылған шығармалар қазаққа жазу тарай бастағаннан бері қарай шыққан сөздер. Қазаққа жазу дінмен бірге келген. Қазақ ішінде молдалық қылып дін үйретушілер, бала оқытушы қожалар, ноғай молдалар болған себепті жазба сөзді шығарушылар да бастапқы уақытта солар болған. Қазақ ішінде олар көп тұрып, қазақтың тілін, мінезін жақсы білген. Қазақтың өлеңді сөзді сүйетін мінезін біліп, дінді халыққа молдалар өлеңмен үйреткен. Шарттарын, шариғат бұйрықтарын өлеңді хикая, өлеңді әңгіме түрінде айтып, халықтың құлағына сіңіріп, көңілдеріне қондырған, басқа мұсылмандардың тіліндегі діндер түрде шығарған. Ертегі өлеңдерді қазақтың ертегі жырларының түріне салып, қазақ тіліне аударулары дін шарттарын, шариғат бұйрықтарын өлең арқылы білдіру мақсатпен істелген іс, бірақ қожалар, ноғай молдалар көбінесе ақын болмағандықтан, қазақтың ертегі жырларындай келістіріп, мұңды, зарлы, әдемі қылып шығара алмаған. Шығармаларының сөзімен мәздемей, ертегінің жаңалығымен, әңгімесінің қисынымен қызықтырып, тамұқтың азабымен қорқытып, жұмақтың рақатынан үміттендіріп, дін арқылы тыңдаулы қылған. Қожалардың, молдалардың ішінен Шортанбай, Ақмолда сияқты ақындар шыққаннан кейін, жазба сөздері бітегене дәмділенген. Бірақ қайсысында да болса, белгілі бағыт болмаған. Шығарған сөздері, бағыт жағынан қарағанда, адасқан адамның ізі сияқты, бәрінің де адаспайтын жалғыз жолы – дүниеге қызықпай, ақыретке азық жи деу, ғұшыр9, зекет, пітір, садақа беру, жаназаға мал байлау, намаз оқу, ораза ұстау, қажыға бару жағынан ақыл айту бағыттары бәрінің де бірдей. Бұл жағынан ұлақбайды, басқа жағынан іздері былғалақ-шылғалақ, адам біліп болар емес. Домбыра тарту, ән салу, өлең айту сияқты халықтың үйреншікті зауықтарына дейін күнә деп, тыйғысы келген. Бірақ ұзын арқан, кең тұсауға қалыптанған қазақ шариғаттың тар тұсауына үйрене алмаған. Шыдатпай үзіп, өз жөнімен жүре берген, сондықтан жазу әдебиетпен қатар, қазақтың ауыз әдебиеті жоғалмастан, түгел күйінде сақталған. Молдалардан шыққан жазу әдебиет дінге қызмет қылса да, тілге қызмет қылмаған. Тілді ұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту орнына, тілді бұзған, аздырған. Қазақтың тұтынған тілімен жазбай, шығарушылар: «Кітаби тіл», «Әдеби тіл» деп, ноғай тілімен яки сарт тілімен жазған. Қазақтың тілінде басылған бұрынғы шығармаларды алып қарасақ, қазақ тілі болмай, қазақ пен ноғай тілінің араласқан қойыртпағы болып шығады. Ол қойыртпақ тіл қожалар, молдалар шығарған сөздерде ғана емес, қазақ молдаларының шығарған сөздерінде де бар. Бұл кемшілік егерде баспа кітаптар жүзінде ғана болса, бастырған ноғайлар бұзды дер едік олай емес, жазу солай екендігін қазақ молдаларының өз қолымен жазған жазулары көрсетеді. Әдебиетті молдалар дін бесігіне бөлеп, таңып тастаған себепті әдебиет көпке дейін өңдеп өсе алмай, мешел болып, аяғын баса алмай жатқан, сол күйінде тұрғанда орыс үкіметінің саясаты келіп килігеді. «Қазақ діні шынығып жетпеген шала мұсылман халық, мұны мұсылман дінінен христиан дініне аударып жіберу оңай» деген пікірмен, орыс үкіметі қазақ пен ноғай арасына жік салып, екеуін айырғысы келеді. Оның үшін қазақ байлары ноғайша оқымай, орысша оқитын боларлық саясат жүргізеді. Қазақ балалары үшін школ ашады, ноғайға қазақтың жазу жағынан сорпасы қосылмас үшін араб әрпін қалдырып, қазақ тіліндегі кітаптарды орыс әрпімен басады. Орыс өзіне тартып, ноғай өзіне тартып, екеуі екі жаққа сүйреп жүргенде, қазақ орыс әдебиеті арқылы Европа жұрттарының әдебиеттерімен танысады. Бұрын қазақта жоқ сөздердің түрлері шыға бастайды. Дін күшімен емес, тіл күшімен өзін тыңдайтын сөздер шыға бастайды. Бастапқы жазба әдебиеттің бас мақсаты – дінді жаю, дінді күшейту болса, соңғы әдебиеттің бас мақсаты – тілді ұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту болады. Сүйтіп, жазба әдебиеттің – өзі екі дәуірге бөлінеді: 1) діндар дәуір, 2) ділмар дәуір. Діндар – діншіл деген мағынада, ділмар – тілшең деген мағынадағы сөздер. Қазақ әдебиетінің діндар дәуірі де, ділмар дәуірі де халық әдебиетін дамытып, күшейтуден туған дәуірлер емес, басқа жұрттардың әдебиетінің әсерінен туған дәуірлер. Діндар дәуір әдебиетімізге араб, парсы әдебиетінен үлгі алып, соларға еліктегеннен пайда болған. Ділмар дәуір орыс әдебиетінен өнеге көріп, үлгі алып, соған еліктеуден пайда болып отыр. Мұндай бір жұрт екінші жұрттан әдебиет жүзінде үлгі алу жалғыз бізде ғана болған іс емес, барша жұрттың басында болған іс. Осы күнгі әдебиеттің түп үлгісі грек жұртынан алынған. Грек әдебиетінен үлгіні Рум алған. Европадағы басқа жұрттар алған. Біздің орыс та әдебиет үлгісін Европадан алып отыр, біз орыстан алып отырмыз. Жазу әдебиетіне басқа жұрт үлгісі қатысқандықтан, бізде жазу әдебиет шығармаларын діндар дәуірдікі болсын, ділмар дәуірдегі болсын ауыз әдебиетше тұтыну орнына қарай бөлмей, айтылу орнына қарай бөлеміз. Басқа жұрттардың әдебиеті де солай бөлінетіні «Дарынды сөз түрлері» деген бапта жалпы түрде ғана айтылып өтіп еді. Енді қандай түрге бөлінетінін, қандай сөз қай табына қарайтындығын толығырақ түрде баяндамақпыз.

Жазу әдебиеті негізінде үшке бөлінеді:

Ертек (әңгіме). 2) толғау, 3) айтыс-тартыс. Жазу әдебиетінің ертек түріне кіретін сөздері – ауыз ертек, ертек жыр, тарихи жыр, мысалдар сияқты сөздер. Толғау табына кіретін ауыз толғау, жоқтау сияқты көңіл күйінен шығатын сөздер. Айтыс-тартыс табына кіретін сөздер түрі ауыз әдебиетте жоқ. Ашып айтқанда, ауыз әдебиетте айтыс-тартыс түріндегі сөздердің ауыз әдебиетте айтысы бар да, тартысы жоқ. Айтыс-тартыс түріндегі шығармалар жалғыз қазақта ғана емес, басқа жұрттардың да ауыз әдебиетінде болмаған, айтыс-тартыс түрдегі шығармалар өте шеберлікті керек қылғандықтан, өнер күшейген кезде шыққан.

ДІНДАР ДӘУІРІ

Діндар дәуір ауыз әдебиет түріне түр қосып жарытқан жоқ. Анайы әдебиеттегі шығармалардың түрлерінен діншілдігімен айырылмаса, айрықша түр-тұрпатымен айырыла қоймайды. Діндар жағының басымдығымен айырылатын түрлері мынау: қисса, хикаят, мысал, насихат (үгіт), мінәжат, мақтау, даттау, айтыс, толғау, терме. Бұлардың әрқайсысын қысқаша баяндап, мысал келтіріп, сыр-сипатын көрсетіп өтейік. 1. Қисса – өлеңмен жазылған, көбінесе діндар әңгімелер. Бұл әңгімелер қазақ тұрмысынан сөздер емес, басқа жұрттардың ертектері. Мазмұнына қарағанда қисса екі түрлі: А) Дінді қасиеттеу үшін мұсылман дінінің артықтығын, асылдығын халықтың құлағына сіңіріп, көңіліне қондыру мақсатымен шығарған қиссалар. Бұлар кәпірлермен соғысқанда Құдай қолдап, мұсылманның жеңгендерін, кәпірлердің дінге енгендігін сөйлеп өтеді. Ә) Шариғат бұйрықтарын орнына келтірмеген адамдардың өмірінен де мысал келтіріп, келтіргенге не болғанын, келтірмегенге не болғанын көрсетіп, елге шариғат бұйрығын істеу мақсатпен шығарған қиссалар. Мұндай қиссаларды өлеңшілікті тіленшілікке айналдырып жіберген ақындар, жыршылар сияқты Алланы азыққа, тамаққа айналдырып жіберген молдалар шығарған: зекет, ғұшыр, пітір, бедие сияқты нәрселердің берілетін орнын айтпайды, беру керектігін айтып зарлайды (берсе, кімге беретінін айтушылар өзі біледі). Бастапқы түрлі қиссалар «Зарқұм», «Сал-сал», «Сейфул Мәлік» сияқты ұзақ келеді. Соңғы түрлі қиссалар «Мұса мен Қарынбай», «Жұм-Жұма» сияқты қысқа келеді. Ұзақ қиссалардың мазмұнын айтып, мысал үшін көрсетуге көп орын алады, сондықтан қысқа қиссалардың бірінің мазмұнымен ғана таныстырып өтейік. Мәселен, алайық «Мұса мен Қарынбай» қиссасын. Шығарушы Жүсіпбек Шайхыісләмұлы. Бұл қисса не мақсатпен жазылғаны қиссаның мазмұнынан, жазушының бастау сөзі мен аяқтау сөзінен де көрініп түр. Бастамасындағы сөздің түрлері мынау:

Жарандар, бұл сөзіме құлағың сал:
Аузымнан шыққан сөзім шекер мен бал.
Өзім білген кітаптан оқып көрдім,
Жарандар, арам дейді зекетсіз мал.

Малайы құдіреті көп паруардегер,
Құдайға жақсы пенде құлдық қылар.
Малыңнан қайыр, зекет бермей өтсең,
Ақыретте қарныңнан тас шығарар.

Қиссаның қысқаша мазмұны мынау: Қарынбайға зекет бергіз деп Құдайдан Мұсаға әмір келеді. Мұса Қарынбайға барады. Қарын малы сөзсіз көп бола тұрып, Мұсаға мал союға қимай, мысық сойып, алдына әкеліп қояды.

Мұса «мыш-мыш» дегенде, табақтағы ет мысық болып тұра келеді. Қарынға қатты ашуланады, бірақ «малыңнан зекет берсең, мысық сойған күнәңді кешемін»,– дейді. Қарын: «Саған зекет беретін қолайлы малым жоқ»,– дейді. «Зекет бермесең, жер жұтсын!»,– деп, ақырында періштелер келіп, жер кіндігін тартады. Жер тартып, Қарын белуарынан кіреді. Мұса қолынан ұстап тұрып: «Зекет бересің бе?»,– деп сұрайды. Қарын: «Өлтірссң де бермеймін»,– дейді. Мұса: «Тарт, тағы!» – деп әмір еткенде, Қарын жерге иегінен енеді. «Зекет бермесең, Құдай жүзін көрмейсің, малың шаян болып шығады. Жаһаннам түбіне кетесің»,– деп Мұса үгіттесе де, Қарын болмайды. «Өлтірсең өлтіре бер, бірақ мал бер деген сөзді аузыңа алма!»,– дейді. Мұса: «Өз обалың өзіңе, бар!» дегенде, Қарынды мал-мүлкімен жер тартады. Сол күйі мал-мүлкімен әлі күнге дейіп Қарын жерге жұтылумен барады дейді. Қиссаның аяғында жазушы былай деп тағы үгіттейді:

Әй, мұсылман жарандар,
Малыңнан зекет беріңіз!
Бірлігін хақтың біліңіз!
Хақ жолымен жүріңіз!

Пәк болады дініңіз.
Бұ дүниенің, жарандар,
Сағатындай болмайды
Ақыретте күніңіз.

Әй, жамағаттар, жарандар!
Сөзіме құлақ салыңыз!
Жақсыдан ғибрат алыңыз!
Арам болар, жарандар,

Зекетсіз жиған малыңыз.
Шариғаттан сөз айтқан
Молданың тілін алыңыз!
Құдай берген таусылмас,

Өлшеп берген дәміңіз.

Бұл сияқты сөздердің мақсаты айқын болғандықтан, көп сөз қылудың қажеті жоқ. Молдаларға пайдасы көп, үйткені зекет берсе, молдаға беретіні мәлім. Жұртқа келтіретін зияны көп, әсіресе тілге келтіретін зияны есепсіз. 2. Хикаят. Діндар дәуірдің өнеге үшін шығарған әңгімелері хикаят деп аталған. Хикаят дін үйрету ғана мақсатпен шығарған сөздер емес, діннен басқа жағынан да өнеге көрсету үшін айтылады. Сондықтан хикаят тақырыбы түрлі-түрлі болады.

М ы с а л:
Бекер босқа жүргенше бойды балап,
Жақсы депті әр іске қылған талап.
Пайғамбары құданың заманында

Жүреді екен бір жігіт бекер қарап.
Қылып жүрер бір жұмыс өзге пенде,
Бекер жүрер бірақ та сол көргенде.
Түс суытып, қарамай өтеді екен

Ол жігітке Пайғамбар кез келгенде.
Жолыққанда бір сапар күліп өтті,
Көргеннен-ақ қарасын күлімдепті.
«Сахабалар тақсыры-ау, күлмеуші еңіз,

Не себептен күлдіңіз бүгін?» – депті.
Айтты сонда: «Себеп бар күлгенімде,
Күлмеуші едім жолықса ілгеріде.
Екі шайтан қасында жолдас еді,

Бекер қарап ілгері жүргенінде.
Отыр екен бұл сапар жерді сызып,
Жолдастықтан қашыпты шайтан бұзып.
Келіп екі періште, қасында отыр!

Сол себептен күліп ем көңілім қызып».
Бекер жүрген батады бәлекетке,
Адам болсаң, жолама ол әдетке.
Құры қарап жүргеннен артық дейді

Пайдасыз бекер қылған әрекет те.
(Молда Мұса)

3. Насихат. Насихат деген – ақыл, үгіт мағынасындағы сөз, діндар дәуірдегі үгіт өлеңді шығарушылар насихат деп атаған. Діндар дәуірде насихат айтушылар насихатын да шариғат жолына тіреп айтқан. Мәселен, Әбубәкірдің ұрыға айтқан насихатында былай дейді:

Бала едің иман жүзді, жылы деген,
Жігітке тәуір ат па ұры деген.
Ақсақал батасын ал, бұлай етпе,
Берекет таба алмассың мұныменен.

Адалда, бір де болса, берекет бар,
Арамның ер байымас мыңыменен.
Не пайда көрді ата-анаң асыраған,
Кемдікке арланады асыл адам.

Дүниеде берекетті бақыт табар
Құдайдың бергеніне тасымаған.
Алланың рақметінен құр қалады
Жаһанда сендей болған пасық адам.

Кемдікке еті қызып ренжімес
Сүйекте қасиет жоқ жасық адам.
Жаһанда кім десеңіз ұры болар,
Алланың рақыметінен қашық адам.

Сол Әубәкірдің қатынға айтқан насихатында мынадай сөз бар:
Ей, қатын, араз болма, еріңменен!
Бәлені шақырмаңыз көрінбеген.
Қажымен қарап тұрып дұшпан болсаң,

Басың да қатар болар өлімменен.
Үгіттеп екеуіңді қоса келдім –
Ағашты жабыстырған желімменен.
Бұл қажы жас күнінде қызды құшқан,

Алаштан таңдап алып, сізді құшқан.
«Қатынның ері – пірі» деген сөз бар,
Еріңмен тірлікте болма дұшпан.
Еріне қызмет қылған жақсы әйел

Сиратта қыл көпірден құстай ұшқан.
Жан болсаң ақылың бар, түсінерсің,
Көрсеткен, ей, жеңеше, менің нұсқам.
Жақпаса қатын ерге – жатқа жақпас,

Екінші, тірлігінде халыққа жақпас.
Ішіне қараңғы көр кірген күні
Кеп болар қайыр, ғазап тыныш жатпас.
Насихат болады мынадай сөздер де:

1) Атқа мінген азамат,

Халалдық қыл да, тап залал!
Пайдасын ақыр көрерсің.
Харамдық қыл да, пайда тап!
Залалын ақыр көрерсің.

Бүгін жеген қатыңды
Таңында бір күн берерсің.
Алып барар малың жоқ,
Иманыңменен төлерсің.

Пақыр, міскін кез келсе,
Дүниеде қайыр қыл!
Мақшарда нұрға қанарсың.
Жетім менен жесірге

Қор тұтынып сөз айтпа,
Сен де сондай боларсың.
Досыңа жақсы орын бер!
Кетсе, өзің қонарсың.

Мектепке бер, балаңды!
Залым болса – жаннемге,
Ғалым болса ағарсын.
Жазғытұрғы тұқымға

Не шашсаң, соны орарсың.
Жамандықты кейін қой!
Бүгін кейін қалсаң да,
Ақырында озарсың.

(Әбубәкір) 2) Билер, пара жемеңіз!

Жалғанды жолдас демеңдер,
Ақырет қамын іздеңдер!
Жанға тіпті тимеңдер!
Кісі ақысын алмаңдар!

Аузыңа арам салмаңдар!
Дүние жиып өткен жоқ
Бізден бұрынғы Пайғамбар.
Сөз айтайын, үлкендер!

Құдайдан қапы кетпеңдер!
Әлің келсе, Мекке бар,
Старшын, болыс болам деп,
Ысырап қып мал төкпеңдер!

(Шортанбай) 4. Мінәжат. Діндар дәуір мұңды, зарлы сөздеріне мінәжат деп ат қойған. Әуелінде мінәжат деп ғұламалардың Құдайға айтқан зары, арызы, наласы айтылған. Бара-бара зарлық, мұңдық мағынасына айналып, зарлы өлең сияқты сөздер де мінәжат деп аталатын болған. Мәселен, Сейдахмет ақын мынау сөзіне «Мінәжат» деп ат қойған:

Құдай-ау, мен не жаздым бұл заманға?
Қадірі болмайды екен жұртқа аманда.
Ел, жұрттың қасиетін қоян алып,
Болмайды еш қадірім бір адамға.

Секілді ай мен жұлдыз аспандағы,
Қажетің түссе егер бір наданға.
Үйіме келсе мейман анда-санда,
Қолыма мал түспейді қамдасам да.

Әйтеуір мұқтаждықтың жолы қиын,
Қатардан қара басым қалмасам да.
Әрбір мейман келгенде ұяламын,
Тілегім қабыл емес зарласам да.

Бір күнде іздеп тапқан кетті достар,
Сұрасқан хал-ахуал көңіл хоштар.
Деміндей айдаһардың тартқан достың
Бірі жоқ осы күнде қолмен ұстар.

Қатқан соң қабағына қар менен мұз,
Қалды ғой қараса алмай қыран құстар.

Бұл сөзден көрінеді: мінәжат түріндегі сөз әман Құдайға айтылатын сөз емес, басын ғана Құдайға қаратып айтып, ар жағы әншейін мұң сөзі болатыны. Мінәжаттың басын алып тастаса, басқасы мұң, толғау, зарлау болады. Құдайға қаратып бастауымен мінәжат болатын болса, мынау сөз де мінәжат болуға тиіс:

Құдая, құдіретіңе таң қаламын,
Жолында бір ғашықтың зарланамын.
Ішімді ғашық оты күйдіреді,
Сыртыма шығаруға арланамын.

*** Бірақ бұл мұзмұнына қарағанда мінәжаттан гөрі ғашық толғауына жақын. Нағыз мінәжат төмендегі түрлі сөздер боларға керек. Ғашырбек соғысып жүргенде байлауда тұрған Жүсіпбек Құдайға, тауларға мінәжат етіп айтқан сөзі:

Өзіңнің нашар пендеңмін,
Әр жапаңа көнгенмін.
Ғашырбектей тағама (нағашыма)
Медет берер күн бүгін!

Он сегіз мың ғаламды
Халық қылып бар еткен,
Неше әулие, әнбие,
Неше хакім пана еткен!

Ғашыр сұлтан тағама
Медет берер күн бүгін!

Кәпір патшасы Жүсіпбектің сөзіне ашуланып, дарға асуға бұйырғанда, Жүсіпбек медет тілеп айтқан мінәжаты мынау дейді:

Он сегіз мың ғаламның
Падишасы едің Құдайым!
Құдая, саған жылаймын,
Кешіргейсің күнәйім!

Кәпірлер аспақ таладар
Дар үстінде еттім зар.
Дін шырағы Мұхаммет,
Сенен басқа кімім бар!

Құдай шері, иә, Ғали,
Біздерден болшы хабардар!
Айналайын Имам ағзам!
Қанша болды менің жазам?

Кәпірлерден жетті қазам.
Шын қақиқат қозым деп,
Назар етер күн енді!

5. Мақтау. Діндар дәуірдің мақтау өлеңінде діндарлық көрініп тұр. Діндар дәуірден ілгергі ақындардың сөзінен діндар дәуірдің ақындарының сөзінде керек емес артық сөздер толып жатыр. Көбінің мақтауы да орынсыз келеді. Аят оқитын адамша көбі өлеңдерін ағузу мен бисмилладан бастайды. М ы с а л ы: сарт Жақып деген ақынның Әлмағамбет судьяны мақтаған сөзі былай басталады:

Әуелі ағузу билла бастағаным,
Жарамас Хақтың есімін тастағаным.
Бисмилла рақыман рақым деп,
Етпекке шәні мадық қастағаным.

Тартамыз ағузу билла әуел бастан,
Бисмилла сөз тартылса, шайтан қашқан.
Тұсында әр патшаның бір сұрқылтай,
Тұра алман етпей қарап шәні дастан...

Екінші бір Жорабай ақын деген сол Әлмағамбет судьяны мақтаған сөзін былай бастайды:

Бастаймын бұл сөзімді бисмилладан,
Қағазға бисмилла деп тартам қалам.
Жаппарым адамзатты әрқашан да
Сақтасын мұсылманды есен-аман.

Әлеке Жармолаға келіп тұрды,
Үміт көп соның үшін бір құдадан.
Жайықта даңқы шығып жатушы еді,
Келтірген бұл араға біздің талан.

Мақтауда ұлы мақсат, таза қошемет, таза ықылас болмаған. Анайы ақындар сияқты тікелей сұрамағанмен, әкім болған, төре болған, ықпалы жүрген адамдардың жылы назарында болу мақсатпен көбі жарамсақтанып, жәрәукеленіп айтқан. 6. Даттау. Сөгу, жамандау, айыбын, мінін айту – бәрінің жалпы аты даттау болады. Даттау табына бір адамның басындағы мінін айтқан сөз де кіреді, бүтін елдің, халықтың басындағы мінін айтқан сөз де кіреді. Діндар дәуірдегі даттауда көпті даттағандар көбінесе шариғат жолына шалығын айтып даттаған. Адам басын даттағанда, әуелі мақсатпен, күйініп даттаған. Үйіне қондырмаған, қонақасы оңды бермеген сияқты ұсақ себептерден реніш етіп даттаған.

Көпті даттау мысалы:
Әуелі бисмилла деп сөз басталық,
Алланың хақ жолынан адаспалық.
Жолы деп шариғаттың ғамал қылса,

Иншалла, сол уақытта азбас халық.
Азырақ осы жерден шошынамын
Өтірік пайдаға асты, рас қалып.
Жалған сөз азаматқа болды оңай,

Замана болды, халқым, әлдеқалай!
Аузыңнан жалғыз кәлам шыққан сөзің
Кезеді бір сағатта тоқсан тоғай.
Құдайым өзі сақтап, оңғармаса,

Болып тұр бұл замана судан да ылай.
(Әбубәкір)
Бұл болса, ешкім бақпас жолдасына,
Алданар арам дүние олжасына.

Біреудің ұры залым малын ұрлап,
Сұраса, бәле салар өз басына.
Қарсы дау біреу айтса, соны тыңдап,
Бас адам көзім жетті оңбасына.

Парқы жоқ бұ заманның адамының,
Бірінің-бірі нанбас Алласына.
Байлардың бала оқытқан ісін қара
Зекетін саудалайды молдасына.

Пақырды міскінменен партия қып,
Берері садақасын қолқасына.
Бұл сөзі Сейдахмет өтірік пе,
Рас па, көптің салдым ортасына.

* * * 7. Айтыс. Діндар дәуірдің айтыс өлеңдері де дін әсерінің күштілігін көрсетеді: ақындар айтысқанда бірін-бірі сүрінту үшін, дінге, шариғатқа теріс ғамалдарын көрсетіп сүрінтуге тырысады. Шариғатқа теріс істерін мін қылып мүдіртпек болады. Мәселен, Айқын мен Жарылғасын айтысқанда екеуі шариғатты жамандық-жақсылық, дұрыстық-терістіктің тиянағы, нарқы, таразысы, шариғат жөнімен бірін-бірі міндеп айтысқанын көреміз.

Айқын айтады:
Қожа-еке, есенсіз бе, сәлем бердік!
Мүбәрәк дидарыңды жаңа көрдік.
Жүзіңде рақметің бар ер екенсіз,

Жоқ шығар көңіліңізде тәкаппарлық.
Өзің біл сөйлескен соң не деріңді,
Қазірде қолыңды бер, көріселік!
Жарылғасын қожа айтады:

Жарқыным, сәлем берсең, сәламат бол!
Жетеді мұратына өлмеген құл.
Сіз берсең сәлеміңді, әлік алдық,
Сүннеті Пайғамбардың қазулы жол.

«Қол берсең, көріселік!» деген сөзің
Бұл дұрыс шариғатқа болмайды сол.
Таранған тоты құстай бала екенсің,
Мысалы екі бетің алқызыл гүл.

Хал білмек, жөн сұрамақ ғам ғанимат,
Абзалда, сөйлеселік, атың білдір.
* * *

8. Толғау. Діндар дәуірдің ақындарының толғауларында да, діндар дәуірдің жырларында да дін әсері барлығын төмендегі мысалдардан көруге болады:

Дін үшін шәр түзеп, мешіт салсам!
Хақ жолға жаннан кешіп бағыштасам.
Азаншы даусын естіп риязатпен,
Намазға бес уақыт жаяу барсам.

Мінберде уағаыз айтып тұрса имам,
Хақ іске қайым тұрып, сонан қансам,
Мүдәрріс медреседе дәріс айтса,
Шәкіртке күнде екі рет түйе шалсам.

Астыртын қалипамен ақылдас боп,
Күн сайын телеграммен хабар алсам.
Осындай қазақ затта бір ер бар деп,
Жұртына дар исламның анықталсам.

Жүсіпбек, Ақыметбектердің жырында Ақыметбек ағасы Жүсіпбекке айтқан бір сөзі:

Айналайьш ағажан,
Бұл кәпірге жалынба!
Көкірегің жасытып,
Бұрынғы күнді сағынба!

Қазам жетсе, өлермін,
Бұйрығын хақтың көрермін.
Патша Құдай жар болса,
Көзел шайы кәпірдің

Жан жазасын берермін.

Ғашықтық толғауында мұсылмандық, кәпірлік, шариғат сияқты нәрселер айтылмағанмен, діндар дәуірдің тіл әсері айқын көрінеді.

Бейісұлы Төлегеннің ғашық зарында мынадай сөздер бар:
Сәукілу сәлем жаздым «сат», «беб», «лам!»
Қайғылы көкірегім, көзімде нәм.
Даражаң ңатарыңнан асқан еркем,

Екі «ти», бір «нұн» менен еттім кәлам.
Налышым көкке жетер етсем паған,
Бұл сырым халыққа мәлім, күмән саған.
Өмірім аз ба, көп пе өткенінше,

Қайғыңды түгесе алман етіп баян.
Біраз күн ойнап-күлдік, көңіл ашып,
Күн қайда шер тарқатар, көңіл басып?
Бұрынғы өткендерден қалған мирас —

Айрылмақ сүйгенінен неше ғашық.
Бұл күнде көңіл мәлүл менің әман,
Мақшұтым тауыса алман етіп баян.
А, дариға, дүниеде қатты қасірет

Айрылмақ көз алдыңда сүйген жардан.
Екінші біреудің толғауында мынадай сөздер бар:
Сипатың пері заттың баласындай,
Көп ойлап, зарланамын шарасыздай.

Өзіңмен қатар қызға көзім салсам,
Араңыз жер мен көктің арасындай.
Мақтауың жазғанменен таусылмайды,
Өлкейек абырғаның саласындай.

Өзгеден бір омыртқаң артық, еркем,
Сыдыратіл, Мұнтағаның ағашындай.
Діндар дәуірдің налыс толғауының түрі мынау:
Аса соққан борандай

Өтемісің, күндерім?
Ғаси болып Аллаға,
Бұзылмағай діндерім.
Асулы дар астында

Зар айлаған тілдерім!
Баба түкті сопы Әзиз!
Көзіңді салшы, пірлерім!
Қолымды кәпір байлаған,

Аспаққа дарды сайлаған.
Балаудақтың көлінде
Қырық жігіт, сені ертіп,
Күндерім кәні, ойнаған?!

Мақсатыма жетпедім
Дүниедегі ойлаған.
Он сегіз мың ғаламның
Падишасы бір Құдай,

Құлым дейтін күніңді.
Қайрат қылып қан төкпей,
Қапалықта кеткенім.
Алды-артыңа қарамай,

Рас па, дүние, өткенің?
Егер қапы қалмасам,
Бұл секілді дінсізге
Пенде болар бек пе едім?

Ақырын тілеп бұл істің,
Падишасы ғаламның,
Бір өзіңнен күткенім.
(Жүсіп, Ақмет)

* * * Намыс яки соғыс толғауы. Діндар дәуірдің жырларында кәпірлермен соғысқанда әскерге қайрат беру үшін намысын қоздырып, қанын қыздыруға айтылған намыс толғауда да дін әсері төмендегі сөздерден көрінеді. Жүсіп, Ақмет жырында Ғашырбек қырық жігітке қайрау сөз айтқанда, былай толғайды:

Ойран етіп тау-тасты,
Қанға бояп көз жасты,
Шүлдірлетіп қызыл басты,
Сайлап шаншар күндер бүгін.

Асыл алмас пышақтары,
Тығырадан шашақтары,
Ақыметжанның қожақтары
Жаннан кешер күндер бүгін.

Ғашырбектің сол озары,
Құрылсын мақшардың базары.
Бек Жүсіптің қошқарлары
Қаннан кешер күндер бүгін.

* * *
Ат құлағын теңестіріп,
Бір-біріңе кеңестіріп,
Кәпірлерді қойша қырып,

Майдан кешер күндер бүгін.

Марқайыс толғауы. Діндар дәуірдің марқайыс толғауында да дін әсері болғанын мына сөздерден байқауға болады. Байтұрсын, Ақтас деген жақын ағалары 15 жыл каторгіде болып, қайтып келіп тұрған қуанышының үстінде айтқан Қарпық ақынның марқайыс толғауында мынадай сөздер бар:

Кәпірге қылыш сілтеп қарысқаным!
Дүниеде теңін тауып жарысқаным!
Тәніңнен, дұшпан көрсең, түгің шыққан,
Лайық заманыңа арыстаным!

Нашарды сырт дұшпаннан арашалап,
Қам ойлап, қарашыға болысқаным!
Үлгімен әр орында тұра берген
Ақылға Аплатондай данышпаным!

Достардан қасірет отын қалас ойлап,
Қайырлы сағатында қауышқаным.
Шұбалаң, Қарақоға, Жыланшықпен
Дені сау түсінікті болыстарың.

Бұл күнде сіздер үшін дұғада тұр
Атқарып жолдас болған орыстарың*.
...............................................................

Діндарлықтың әсері жоқтауларда да бар. Бұрынғы жоқтауларда өлген адамның батырлығы, байлығы, істеген ерлігі, мырзалығы айтылып жоқталғанда, діндар дәуір турасындағы жоқтаулар дін жайын жақсы білетінін айтып жоқтайды.

М ы с а л ы:
Бисмилла сөздің басына,
Ағайын келді қасыма.
Бір күнгідей болмаған

Дүние деген осы ма?
Көңілден қайғы босатсам,
Келе ме көздің жасына?
Жыламай неғып шыдайсың

Кешегі өткен асылға?
Асылым түсті қолымнан,
Қанатым сынды оңымнан.
Құдай қосқан жайсаңым

Адастырды жолымнан.
Отыз төртке келгенде
Ұядан үшты алғаным,
Дүниенің білдім жалғанын!

Мезгілсіз келді кезегім
Қызығыңа қанбадым,
Кәлам шәріп хат оқып,
Ислам жолын аңдадың,

Жан тәсілім болғанша
Ақылыңнан танбадың.
Сонда біліп, ойладың
Құданың назар салғанын.

Амандаспақ сол күні
Көңілде болды арманың.
Амандастың жұртыңмен.
Бұйрығы деп Алланың.

Иманыңды құрметтеп,
Періште келсін хабарға.
Артыңда қалған біз нашар
Іздегенмен табар ма?

Кешегі сөнген шамшырақ
Орнына қайтып жанар ма?
Дүние-дәулет болса да,
Енді дәурен болар ма?

9.Терме. Діндар дәуір термесі мен ауыз әдебиет түрінің термесі бірдей. Жалғыз-ақ діндар дәуір дін сөзін көбірек қатыстырумен айрылады.

Мысал үшін діндар әдебиет термесінен алып қарайық.
Шортанбай термелері:
Атамыз Адам Пайғамбар
Топырақтан жаралды.

Мұсылман, кәпір халайық
Сол Адамнан таралды.
Мұсылманға бұйырған
Көкірегіне қадалды.

Ұрлық пенен қарлықтан
Бойыңды тартып, тек жүрсең,
Көрмессің деген залалды.
Белгілі деген бейістің

Жазғы салқын самал-ды.
Тарихы деген тамұқтың
Қысқы суық амал-ды.
Ауыл малы бұралқы

Ақылы жоқ жаманға.
Атасын алдар баласы
Үшбу ақыр заманда.
Жақсылықтан айырым жоқ

Жамандық асқан заманда.
Малынан зекет бермеген,
Аузына Құдай кірмеген
Қайыры жоқ сараң да.

Алақандай ай мен күн
Ғаламның ортақ жарығы.
Жаппардың екі болмайды
Әмір қылған жарлығы.

Құбылаға бас қоймақ
Мұсылманның парызы.
Ораза, намаз қаза қылмасаң,
Көңіліңде Құдай барлығы.

Жапалық пен жалғыздық
Жалғанның жаман тарлығы.
Түшіркенген ұйқы жоқ,
Қайғының асқан зарлығы.

2) Әбубәкір термелері:

Ауру болып азамат,
Қойылса, басың жастыққа.
Достарменен сөйлесіп,
Жарамайсың достыққа.

Көңілің жүрмес хоштыққа,
Өзіңнен бақыт кеткен күн
Айналар достық қастыққа.
Не қылмайды адамзат

Әурешілік жастықта.
Дүние қуған мастыққа.
Әбдірахман, Әбуиет,
Адасып, жолдан астық па?

Шүкірлік қылмай тастық па?!
Ғибадат бізден болса да,
Тауфық сізден білемін.
Рақметті патшамсың,

Кешіре гөр, күнәйім!
Өзің пендем демесең,
Пайдаға аспас құр уайым.
Тауфық берсең, нұрланар

Ықылас пенен дін уайым.
Зор сүйініш етемін
Мұсылман болып туғанға.
Ләпбайка деп рухым,

Хаққа мойынсұнғанға.
Шүкір қылғын, жарандар,
Жақсы мал шалып құрбанға.
Дәрет алып, намаз қыл,

Суды құйып құманға.
Зекет беріп, қажыға бар,
Айналмаңыз құр малға.
Дүниеге айналып,

Тәңірі берген дәулеттен
Мақшар күні құр қалма!
Көңілге иман бекітіп,
Үйретіңіз туғанға.

Ісләмнің бес парызы
Жанған оттан құтқарар
Хақ таразы құрғанда.
Шапағат қылар бес намаз

Әзірейіл жетісіп,
Жаныңды қабыр қылғанда.
Бұл дүниенің қызығы
Ұқсайды, білсең, жарандар,

Көзіңді ашып жұмғанға.
..................................................

(Діндар дәуір әдебиет нұсқаларын нұсқалықтың 131, 165-інші нөмірлерінен қара).

СЫНДАР ДӘУІР

Сындар дәуір деп – қазақ әдебиетінің сынды болған яғни сын арқылы шығып, әдеміленген мағыналы сөз: бір мағынасы сыны бар деген сөз болады да, екінші мағынасы мінсіз, толғаулы, сипатты деген болады. Бұл сөздің екі мағынасының екеуі де қазақ әдебиетінің соңғы кездегі жаңа дәуірін дұрыс сипаттайды. Сын тез құрылмай, әдебиет сөзі сындар болып (мінсіз болып) шыға алмайды. Қазақтың ауыз әдебиетін алсақ та, діндар дәуіріндегі әдебиетін алсақ та, қандай жақсы болғанмен, мінсіз сұлу болмайды. Бір жерінде сұлулығы қандай зор болса, екінші жерінде міні де сондай үлкен болады. Ақындығы қандай күшті болғанмен, айтылған екі дәуірдің ақындарының сөздерінде әдемілігінің жанында ат сүрінгендей міні тұрады. Олай болатынының түп себебі қазақтың ол кездегі ақындары асыл сөз немен асыл болатынын ақындық сезімімен сезсе де, анық біліп жетпеген. Сондықтан сөзін мінсіз етіп шығара алмаған, тыңдаушысының да асыл сөз турасындағы білімі ақындардыкіндей болып, олар да ақын созін тексеріп, сынға сала алмаған. Асыл тас, асыл темір, асыл бұйым несімен асыл болатынын білмеген адам тастың, темірдің, бұйымның жақсысын тауып алуды білмейді. Сындар дәуірге дейін қазақ ақындары да, ақын сөзін тыңдайтын әлеуметі де сөз несімен асыл болатынын білмегендіктен, сөз бағасын көтере алмай, нарқын кеміткен. Адамға өз бойындағы үйреншікті міні мін болып көрінбей, өз үйіндегі кемшіліктер кемшілік болып көрінбейді. Жұртқа да солай: салтындағы, қалпындағы, ғүрыптағы жаман әдет жамандық болып көрінбейді. Бойдағы мін бойында міні жоқ, біреуді көргенде байқалады, үйдегі кемшілік кемшілігі жоқ үйді көргеннен кейін көзге түседі. Жұрттағы жаман әдет басқа жұрттың жақсы әдетін көргеннен кейін білінеді. Сондай-ақ, қазақ ақындарының өздерінің де, сөздерінің де міндері, кемшіліктері, жаман әдеттері өнерпаз Европа жұртының сындар әдебиетін көргеннен кейін байқалып, көзге түскен. Сонан кейін ғана Европа әдебиетінен тұқым алып, қазақ әдебиетінің сүйегін асылдандырып, тұлғасын түзеушілер шыға бастаған. Қазақ әдебиетінің асылдануына әсіресе әсері күшті болған Абай сөздері. Абаймен қатар басқалар да шыққанмен, олар асыл сөздін жаңа сипатын Абайдай айқын көзге түсерлік етіп көрсете алғанжоқ. Сондықтан қазақ әдебиетінің сындар дәуірі Абай сөздерінен басталады. Жоғарыда айтылған «сын арқылы шығып, әдеміленген» деген сөзді шығарған сөз біреудің сынына салынып, сонан кейін шыққан сөздер деп ұқпасқа керек. «Сын арқылы шығып» дегеніміз – шығарушы өзі жазушы, өзі сыншы болған уақытта шыққан деген мағынадағы сөз. Европа әдебиетімен танысқаннан кейін қазақ ақындары сөздің асыл болатын сырын біле бастайды. Сөздің ондай сырын білу – сын білу болады. Атсейіс аттың жүйрік болатын сырларын білгеннен кейін сындарын біліп сынайтын болады. Сондай-ақ, сөздің асыл болатын сырын білген адам сөзді сынай біледі. Сынай білетін адам жаза да білетін ақын болса, оның ақындық жағынан шығатын сөзі сеністік (сыншылық) жағының сынына түсіп, сын арқылы шығып отырады. Жүйрік аттың белгілі сипаттары сияқты, асыл сөзде де белгілі сипаттар болады. Сөз сол сипаттарын дұрыс көрсетумен асыл болып шығады. Мұнан асыл сөзді білетін адамның бәрі де сөз шығаратын ақын болады деп ойламасқа керек. Асыл сөздің сипаттарын білумен адам ақын болмайды, бірақ ақын адам сөздің асыл болатын сипаттарын білсе, сөзін таза, мінсіз шығарады. Асыл сөздің сипаттарын білу тыңдаушыға да қажет. Абайдан кейін сөзге талғау кіреді. Айтушы да, тыңдаушы да сөзді талғайтын боды, олай болғаны – Абай асыл сөздің айқындап нұсқаларын көрсеткеннің үстіне, аз да болса асыл соз сипаттарын айтып та жұртты хабардар қылды. Абайдың «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңінде жақсы өлеңнің сипаттары да, қазақ ақындары мен тыңдаушылардың жоғарыда айтылған асыл сөзді танымайтын надандықтары да айтылып, аз да болса мағлұмат берілген (Абайдың сол өлеңін оқу), сүйтіп, асыл сөздің сипаттарын білу жалғыз ақындарға емес, әр адамға керек. Жақсы сөздің сипаттарын білген адам сынай білмекші, сынай білуден сөз талғауы күшеймекші. Солай болған соң, асыл сөздің басты-басты сипаттарын білу сөйлеу жүйесінің ең керек бөлімінің бірі болады. Қазақтың жазу әдебиеті басқалардікі сияқты айтылуынша бөлінеді деген едік, бірақ ол салалардың қандай тарау, тармақ иә бұтақтарға бөлінетінін айтқанымыз жоқ еді. Енді сол айтылған үш салаға қоятын тарау, тармақ, бұтақтар сияқты, сөздердің түрлерін көрсетіп, әрқайсысын керек орнында белгілі сипаттарымен әліптеп өтейік.

Ескерту: қазақтың сындар әдебиеті Европа үлгісімен келе жатыр және сол бетімен баратындығы да байқалады. Европа әдебиетіндегі сөз түрлері бізде әлі түгенделіп жеткен жоқ. Бірақ қазір болмағанмен, ілгеріде болуға ықтимал. Сондықтан сындар дәуірдегі сөз түрлерін жүйелеп тәртіптегенде, Европа әдебиетінің бізге келіп жетпеген түрлерін де өзіне тиісті орындарында атап отеміз. Солай еткенде дарынды сөз табына жататын сөздің түрлері мынау болмақ.

І. Әуезе яки әңгіме түрлі сөздер: 1) Ертегі жыр, 2) тарихи жыр, 3) әуезе жыр, 4) ұлы әңгіме (роман), 5) ұзақ сөз, 6) аңыз өлең және әңгіме, 7) көңілді сөз, 8) мысал, 9) ұсақ әңгімелер.

ІІ. Толғау табына қарайтын сөздер:
Толғау түрлері де толып жатыр, оның ішіндегі негізгі түрлері мыналар:

1) Сап толғау, 2) марқайыс, 3) налыс (мұңайыс), 4) намыстаныс, 5) сұқтаныс, 6) ойламалдау. Ойламалдау түрі көп, ойламалдаудан бөлініп: 1) сөгіс толғауы яки даттау, 2) күліс толғауы яки күлкілеу, 3) масқаралау шығады.

Күлкілеудің өзі үш түрге бөлінеді: а) мазақ, ә) мысқыл, б) қулық.
Қулық та екі түрлі: бірі – сықақ, екіншісі – әзіл.
ІІІ. Айтыс-тартыс табына қарайтын сөздер:

Айтыс-тартыс табына кіретін сөздер түрі де толып жатыр. Оның ішінде негізгі басты түрлері мыналар: 1) Айтыс сөз, 2) тартыс сөз. Тартыстың өзі басты-басты үш тарау болып бөлінеді: 1) мерт яки әлектекті тартыс (трагедия), 2) сергелдең яки азапты тартыс (драма), 3) арамтер яки әурешілік (комедия). Тартыс күйге ән-күй қосылса, тартыс зауықты деп аталады. Тартыс сөз қу тілді болса, қулықты деп аталады; қисыны қызық болса, күлдіргі тартыс болады; сиқыр мазмұнды тартыс сиқырлы деп аталады. Қазақ әдебиетінде – бұл түрлердің кейі бар, кейі жоқ. Кейі жеттікпеген, шалалау, балалау түрде. Бар түрлері төменде қазақ әдебиетінің жаңа дәуірінен басталып, тиісті сипаттарымен көрсетілмекші. 1. Әуезе түрлері 1) Ертегі жыр. Ертегі жыр деп өлеңмен айтылған ертегі айтылады. Сындар дәуірдің ертегісі бұрынғының ертегісінен сындарлығымен айрылады. Ақындар ескі ертегіні ажарлап, ертегі жыр етіп шығарады яки өз тақырыбымен, өз қиялынан шығарады. Жаңа дәуірдің ертегі жырлары Мағжан жазған Сыздық батыр турасындағы ертек, Пушкиннен аударылған «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш» сияқты ертегілері болады. 2) Ұлы әңгіме яки роман. Ұлы әңгіме яки роман деп тұрмыс сарынын түптеп, терең қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп көрсететін шығармаларды айтамыз. Ұлы әңгіме шығарушылар (романшылар) роман жазғанда, тақырыпты не өз заманындағы тұрмыс сарынынан алады, не өткен замандағы тұрмыс сарынынан алып жазады немесе алдағы заманның сарынын болжап жазады. Роман алған замандағы тұрмыс сарынын көрсеткенде, сондағы адамдардың үлкені-кішісі бар, жақсы-жаманы бар, байы-кедейі, төресі-қарасы бар, жасы-кәрісі бар не істейді, не іздейді, не тілейді, неге сүйініп, неге күйінеді, неден именеді, неден күйзеледі, нені жақтырады, неден жиренеді, неге құмар, неге сұлық қысқасы, иә бүтін бір жұрттың яки жұрттың бүтін бір табының сыр-сипатын сөзбен суреттеп, алдыңнан өткізеді. Ертек жыр, тарихи жыр сияқты шығармалар зор уақиғалардан қара көрінім асқан адамдардың ғана істерін сөз қылады. Жалпы, қалыпты жай адамдардың істеріне, өздеріне онша назар салмайды. Ұлы әңгіменің мақсаты көптің өмір сарынын суреттеп көрсету болғандықтан, бұл туралы шығармаларда адамның да, уақиғаның да ұлысына, ұсағына бірдей назар салынады. Өмір сарынын көрсететін хаттан асқан, сирек болатын үлкен уақиғалар, ұлы адамдардың істері емес, құмырсқадай қыбырлап, түрлі жол, түрлі жөнмен тіршілік етіп, тырбанып жатқан көптің амалы. Адам өміріндегі істің ұсағы көп, ірісі аз болады. Ұсақ уақиғаның адамға күнінде оны душар болғанда, ірі уақиғаның өмір бойы душар келмеске ықтимал. Адам басынан кешетін көбіне ұсақ уақиға, ұсақ іс, жеңіл сүйініш, жеңіл күйініш. Ұлы әңгіме өңшең үлкен уақиғалармен болмай, ұсақ істерден де өнеге көрсетуге тырысады. Оның олай етуінде екі түрлі мәніс бар: а) Ұсақ уақиға мың қырланып, мың түрленіп қайта айналып тұрады. Қайта-қайта болатын уақиға қалыпқа айналады. Адам тұрмысының тағдырын күн сайын құбылып, қайта-қайта келіп тұрған ұсақ уақиғалар шешеді. Бір рет өтірік айтсаң, ол зор бәле: өтірікші, сырғиға, сенімсіз болсаң, онан тіршілігіңе келетін кесапат көп. Адам бірден өтірікші, бұзық, ұры-қары болмайды, бірден түзік, әділ, адал, ізгі де болмайды; бір істегенін қайта істеп қалыптанумен бірте-бірте барып болады. ә) Ұсақ уақиғаның бірден-ақ ұлы уақиғаға себеп болатын жерлері де бар. Үлкен үйге кішкене кілт жол ашатыны сияқты, үлкен іске көбіне кіші іс кілт болады. Кіп-кішкене ұшқыннан үп-үлкен өрт шығады, аз нараздық көңілден үлкен ұрыс, төбелес, соғыс шығып кетеді. Сол сияқты адам қателескен бір ғана ісінен өмірлік тұрмысын ауырлатып алуы ықтимал. Бір дұрыс істеген ісінен жөнін түзеп, тұрмысын жеңілдетіп алуы ықтимал. Ұсақ уақиғадан ұлы уақиға тууы ықтимал болғандықтан ұсақ істің бәрін ұсақсыну керек емес. Ол ұсақ іс бәлки, зор шарапатқа иә зор кесапатқа кілт болатын ұсақ істің бірі шығар. Олай болса, ұлы уақиғамен қатар, ұсақ уақиғаларды қатарға алу, түрін тану керек болады. Күн сайын істеліп жататын ұсақ істің ұлы іске ұласарлығы да, ұласпастығы да бар. Тіршілік ісі біріне-бірі оралып, шиеленісіп, байланып жатады. Тіршілік ісінің парқын, абырой-мәнісін білу ұйысқан жіптің ұштарын табу сияқты, қайдан басталып, қайдан тоқтайтынын, бірте-бірте арасын ашып, шешімін шешіп барып таппасаң, бірден таба алмайсың. Ұсақ іс ұсақ іспен шиеленісіп, байланысып тұрса, оны қатарға алмасаң да келер-кетері аз, ұсақ іс ұлы іске байласып тұрғанда қатарға алмасаң, қамтама қаласың. Биік мақсат, зор үміт, ұлы пікір жоқ өмір хайуан өміріне ұқсас, бірақ ұсақ істердің ішінде, ұсақсынып байқамай өтсең, опық жегізіп, өкіндіретіндері де көп болады. Тіршілік жолында жүзеге шығарайын деген ісіңе бөгет болатын көбінесе үлкен істер емес, ұсақ істер, ұсақ нәрселер; олардың бөгетшілік күші үлкендігінде емес, көптігінде. Олардың бөгетшілігін бұзуға көп күш, үлкен іс керек емес,ұ ғамал, жиі жеделдік керек. Тіршілік ғамалы – заманның заңын, тұрмыстың сарынын тану ғылымы, адамның іздеген, көздеген мақсаттарын білу, мақсаттарына жетуге жүретін жолдарымен танысу. Тұрмыс ғылымын жақсы білгеннің ісі – ұсақ істерге айналып, ұлы істерді де ұмытып кетпеу, ұсақ істерді ұсақсынып, қатарға алмай, қазыққа сүрінгендей болып құлап та жатпау. Ұлы әңгіме тұрмыс тілі, өмір жүзіндегі ұлы-кіші ғамалдар, ұлы-кіші уақиғалар қалай бір-біріне оралып, шиеленісіп, байланысып, ұйысып, ұшы қайдан басталып, қайдан барып тоқтайтынын мысалмен көрсеткен секілдендіріп алдыңа әкеліп, түрлі жолмен, бағытпен байланыстырады, шиеленістіреді. ІІІиеленістіре барып, немен тынатындығын көзге көрсетеді. Тұрмысқа сарын жасайтын адамның ғамалы, ғамалға өң беретін адамның мінезі, мінезге кейіп беретін тұрмыс төңірегі. Адамның мінезі ойының түрінен, көңілінің күйінен, істеген ісінен білінеді. Адамның тысқа шыққан пікірінде, көңілінің күйінде, еткен ғамалында мінезінің қай түрі көбірек көрінсе, сол адам сол мінезді болмақ. Мінез іштен туады, бірақ шынығып жетпей тұрғанда мінез түрін тәрбиемен өзгертуге болады. Адамға тәрбие беруші әуелі ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, тұрмысындағы төңірек. Өмірінде қандай тұрмыс көрсе, нендей адамдармен кездессе, жолдас болса, істес болса, солардан өнеге көріп, үлгі алмақ. Өнер, ғылым жоқ жұртта адам тәрбиесін төңірегінен алады. Өнер, ғылым бар жұрттар, адамдар тәрбиені ата-анадан да, төңірегінен де, мектептен де, әдебиеттен де алады. Сүйтіп, адам мінезіне өң беретін үй іші, мектеп, төңірек болып шығады. Бұлардың өзі де, адамдар түрлі болып туғандықтан, түрлі тәрбие алғандықтан, түрлі болады. Сондықтан олардан тәрбие алған адамдар да түрлі мінезді, түрлі құлықты болмақ, бірақ адам көп, мінез түрі аз болғандықтан, көп адамдар мінездес яғни бір мінезді болады. Мінездері ұқсас бірыңғай, бір кейіпті адамдарды кейіптес дейміз. Мінездің белгілі бір түріне кейіп беретін адамдарды кейіпкер дейміз. Жомарттық, сараңдық, батырлық, қорқақтық, түзіктік, бұзықтық – бұлар қай жұртта да болатын мінездердің жалпы кейіптері. Сондықтан мұндай мінезді адамдар жалпы кейіпкерлер болады. Қазақтың арамза атқа мінерлері, қазақтың есерсоқ салдары, түйені түгімен жүтып қоятын болыстары – бұлар ұлтындағы, заманындағы кейіпкерлер болады. Ұлы әңгімешілер тұрмыс сарынын сүгіреттегенде, сарынға кейіп беретін, өң беретін таптардың кейіпкерлерін алып суреттейді. Жазушы кейіпкерлерін неғұрлым дұрыс алса, соғұрлым ұлы әңгіме тұрмыс сарынын дұрыс суреттеп, қалыпқа сәйкес, шынға жақын болып шықпақ. Бірақ сарындаушы өз заманындағы бар тұрмысты ғана сүгіреттеп қоймайды, өнеге үшін жоқ тұрмысты да алып суреттейді. Тұрмыс жағдайын өз ойлаған түрінше өзгертсе, өмір сарыны өзге жөнмен де кетуге мүмкіндігін көрсететін сарындаулар да болады. Ұлы әңгімеге жан беретін адамның ісі болғандықтан, мінезіне кейіп беретін тәрбие болғандықтан тұрмысқа сарын беретін ұлы, кіші адамдардың ірі-уақты істері болатындықтан, ол істер біріне-бірі ұласып, біріне-бірі оралып, байланысып, шиеленісіп жататындықтан, осының бәрін суреттеп шығару оңай емес. Мұны келістіріп, дұрыс пікірлеп, дұрыс суреттеп, уақиғаларды жақсы қиыстырып, сыйыстырып шығару көп жазушылардың қолынан келе бермейді. Ұлы әңгіме жазушы көркем сөздің әуезе, толғау, айтыс – барша түрін де жұмсайды. Ұлы әңгіме жазуға үлкен шеберлік керек. Ұлы әңгіменің өресі қысқа, өрісі тарлау түрі ұзақ әңгіме деп аталады. Онан да шағындау түрі ұсақ әңгіме деп аталады. Ұлы әңгіме, ұзақ әңгіме, ұсақ әңгіме болып бөлінулері үлкен-кішілігінен ғана. Мазмұндау жүйесі бәр-бәрінде де бір, айтылу аудандарында айырма бар: Ұлы әңгіме сөзін алыстан айдаған аттарша жайыла бастайды. Ұзақ әңгіме жақыннан айдаған аттарша жайыла бастайды; ұсақ әңгіме мүше алып оралып келе коятын аттарша бастайды. Ұлы әңгіме түрде қазақ тілінде басылған шығарма әлі жоқ. Міржақыптың «Бақытсыз Жамалына» роман (ұлы әңгіме) деп ат қойылса да өресі мен өрісі шағын болғандықтан, о да ұлы емес, ұзақ әңгімеге жақын. Мұхтардың «Оқыған азамат», Ысмағұлдың «Қалайша кооперация ашылды» деген әңгімелері ұсақ әңгімеден гөрі ұзақ әңгіме түріне жақын болады. Нағыз ұсақ әңгіме болатындар Ысмағұлдың «Автономиясы», Міржақыптың «Қызыл қашары», Бейімбеттің «Айт күні» сияқты әңгімелер. 3. Әуезе жыры. Қазақтың ерте заманда ерлік қылған адамдарының ерлігін, батырлығын жыр қылып шығарған сөзде ертек жыр деп аталатыны жоғарыда анайы әдебиет туралы сөз болғанда айтылып еді. Нақ сондай болмағанмен, соған ұқсас сөздер ділмар әдебиетте де болады. Ұлт өмірінде болған, ұлт тарихына жазылған яки халық аузында әуезе болып айтылып жүрген уақиғаны алып яки уақиғада халықтың өткен қайратын, азаматтың көрсеткен өнерін, жігерін, ерлігін, намысқорлығын яки адамшылығын әдемі түрде әсерлі сөзбен жыр қылып шығару бар. Сыпайы әдебиеттің сол сияқты шығармалары әуезе жыр деп аталады. Мұнда қара күші мол батырлардың орнына басқа түрлі ерлер, басқа түрлі қайраткерлер уақиғаның ортасында жүреді. Ертек жырда күші көп батырлардың ісі өнеге болса, әуезе жырда өнер, білім, қайрат, жігер сияқты сипаттарымен көзге түскен адамдардың ғамалдары өнеге болады. Мұнда да уақиғадағы істерге өзінше өң бере, көркейте айту бар, бірақ өте көпіртіп дәріптеу жоқ. Әуезе жырдағы көркейтуге уақиғаның да, адамның да жақсы жағын алуға болады. Онда да уақиғасы да, адамы да көркейтуді көтергенше ғана көркейтіледі. Әуезе жыр ақын тарапынан ұлттың ұлы адамына сөзден жасалған жәдігер есебіндегі нәрсе. Әуезе жыр мен тарихи жырдың арасындағы айырмасы сол, тарихи жырдағы адамдар, уақиғалар турасында сөйлеген сөздер тарихтағы мағлұматтардың арнасынан аса алмайды. Олай етпесе, тарихшылар тарихты білмегендіктен иә қате түсінгендіктен, тарих мағлұматын бұзып отыр деп кінәлайды. Әуезе жырды шығарушының қиялы еркін болады. Тарих мағлұматы сияқты арнасынан шығармай қайырып, иіріп отыратын мұнда бөгет жоқ. Бұған қоятын шек жалғыз-ақ, алған уақиға мен адам көркейтуді көтеру, көтермеуі. Көркейтуді көтермейтін уақиғамен адамды көркейтіп жіберсе, өтірік болып шығады. Әуезе жыр әдемі сөздің түрі болғандықтан, әдемілеу әдісінің бәрі де істеледі. Көріктеу, меңзеу, әсерлеу түрлерінің бәрі де жұмсалады. Әуезе жыр мысалдары: Мұқамбетжанның «Топжарғаны», Шәкәрімнің «Жолсыз жазасы», «Қалқаман–Мамыры», Мағжанның «Баян батыры» сияқты сөздер. 4. Аңыз өлең. Адамның бал ашқанға, ырымға, қыдырға, аян бергенге, түс көргенге илануынан шыққан ел ішінде аңыз қылып айтылатын түрлі әңгімелер болады. Сол әңгімелерді ақындар ажарлы тілмен, әдемілеп, өлең етіп шығарғаны аңыз өлең болады. Аңыз өлеңінің мысалы: Мағжанның «Қорқыты», «Орман патшасы», «Масадағы» «Данышпан Аликтің өлімі», Абайдың «Ескендір» әңгімесі. 5. Көңілді сөз. Табиғатқа жақын, қулық-сұмдық жайлар, әдіс жоқ, тамағы тоқ, уайымы жоқ, адал ниет, ақ көңіл адамдардың талассыз, тартыссыз, тыныштықпен шеккен өмірін сөзбен суреттеп шығару көңілді сөз болады. Осындай адамдардың ғамалдары от басы, үй шаруасынан аспайды. Басқалардың істеріндей шиеленісіп, байланысып, баттасып жатқан істері болмайды. Ондай үйдің іші үлкенін сыйлағыш, кішілерін балаша мәпелегіш, мейірімді, меймандос келеді. Қазақтың сондай үйлерінің тұрмысын сөзбен суреттеп шығарса, көңілді сөз болып шығады.

Бұл түрлі сөз біздің әдебиетте әлі жоқ. 6. Мысал. Мұның не туралы сөз болатындығы анайы әдебиет туралы сөз болғанда айтылған еді. Мұндағы айтылатыны анайы әдебиеттегі мысал мен сыпайы әдебиеттегі мысал екеуінің арасындағы айырмасы. Анайы әдебиеттегі мысалдар былай шыққан: алғашқы адамдар басқа мақұлықтардан ұзап жарымаған. Олар да түрлі табиғат түрлі тәсілмен тіршілік ететіндігін көріп, олар да адамша ойлайды, сөйлеседі, кеңеседі, бірін-бірі алдайды, арбайды деп білген. Сондықтан адамның ісін әңгіме қылған сияқты олардың да істерін әңгіме қылған. Онан хайуандар турасындағы ертегілер шыққан. Онан бері келе, хайуандар тіршілік еткенмен, нақ адамша ойласып, сөйлесіп, кеңес етпейтіндігіне көзі жеткеннен кейін, мақұлықтар турасындағы ертектер өтірікке саналып, бірте-бірте жоғалып, тек мысалдар ғана қалған. «Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты» деген, «Тышқан шаңырақтағы еттің сасығын-ай депті» деген сияқты мысалдар – хайуандар турасынан сөйлеген ертектерден қалған мысалдар. Түйенің алданып қалуы туралы, тышқанның шаңырақтагы етке бойы жетпеген соң, сасық деп кемітуі туралы әңгімелер, ертектер болмаса, ондай мысалдар халық тілінде болмас еді. Мұндай мысалдардың пайда болуына себеп болған ертегіде айтылған хайуандардың ісіне адамдардың істерінің де ұқсауы, қолы жетпеген нәрсесін жамандайтын мінез адамдарда да бар. Сондай мінездерді адамдардың кемшілігін көрсеткісі келгенде қазақ тышқанның «шаңырақтағы еттің сасығын-ай» дегенін мысалға келтіреді. Анайы әдебиетте болған хайуандар мінезі мен адам мінезін көрсету мақсаты сыпайы әдебиетте де бар. Мақсат жағынан бір-бірінен айрылмайды. Айрылатын жері айтылуында, анайы әдебиетте хайуанның мінезі құр мысал болды да, сонымен айтушы қанағаттанады да қояды. Сыпайы әдебиеттің мысалы мінезінің ұқсауымен қатар, айтылуының әдемілігін де бірдей еске алады. Мінезінің ұқсауы қандай келісті болса, әңгімесінің де сондай келісті болуын көздейді. Мұнда ұқсатуы да, әңгімесінің айтылуы да – екі жағы бірдей қызғылықты болып, тыңдаушыға екі жағы бірдей әсер етеді. Мысалдарға бұлайша түр шығарушылардың ең шебері Франция жұртында Лафонтен (1759-1831), орыста Крылов (1763-1844) болған. Олардан бұрын ескі түрмен мысалдаушы шеберлер үнді жұртында болған, гректе (Эзоп), Румда (Бедір) болған. Крылов мысалдарының түрлері «Қырық мысалдағылар», Абай кітаптарындағылар, «Жиған-терген» деген Өтетілеуұлының кітабындағылар. Крылов мысалдарының ішінде Эзоптан, Лафонтеннен алғандары да бар (әуезе иә әңгіме түріндегі сөздердің нұсқаларын нұсқалықтың 166, 197-інші нөмірлерінен қара).

Толғау түрлері Толғау нендей сөз екені «Дарынды сөз түрлері» деген бапта айтылған еді. Мысалдары «Ауыз әдебиеттің», «Дарынды әдебиеттің» толғау бөлімдерінде көрсетілген еді. Бұл жерде азырақ толғау сөздер жақсы болып шығуына қандай шарттар қойылатынын айту керек. Нағыз толғау мен күй (яки ән) арасы жақын, екеуінің де зейінге айтары аз, көңілге айтары көп. Толғау әдемілігі әуелі, айтуға алынған көңілдің күйіне қарай; екінші, оны айтып жеткізетін сөйлеу түріне қарай болады. Сүйтіп, толғау әдемі болып шығуы үшін екі түрлі шартты орнына келтіру керек. Толғаудың мазмұн жағына қойылатын шартты ішкі деп, сөйлеу түріне қойылатын шартты тысқы дейміз. Ішкі шарты: а) Толғау жалпы сырлы болуы керек. Ақын толғауы да өз көңілінің күйін айтады, бірақ ол күй өзгеге түсінікті болуы тиіс. Күйі түсінікті болмаса, өзгелерге әсер ете алмайды. ә) Толғау шын сырлы болуы тиіс. Өтірік жай сөзге де жараспайды. Толғау сияқты сырлы шығармаға өтірік жараспақ түгіл, бүлдіреді. Сондықтан күйлі толғау көңілде шын болған күйден шығуы керек. Бұрынғы қазақ ақындарының мақтау, құттықтау өлеңдерінің көбі қадірсіз болып кетуі шын көңілден шын толғау болып шықпағандықтан. б) Толғау таза болуы тиіс – лас, былғаныш, нәжіс әдемі нәрседен шықса, көңілге қандай әсер етеді? Толғау сөзге былғаныш сөз, былғаныш пікір қатысса, о да сондай әсер етеді. в) Толғау сөзі көңілдің тереңдегі күйінен хабар беруі тиіс. Көңілдің бер жағынан шыққан толғаудың әсері оқушының көңілінде терең із қалдыра алмайды. Тысқы шарты: а) Толғау сөзі көңіл күйінің бейне билеуі сияқты болу тиіс. Күй де, би де біріне-бірі үйлесіп келгенде, сұлу болып шығады. Күй мен бидің үйлесуі. ә) Толғау қысқа болуы тиіс. Көңіл күйінің көбі-ақ бір қалыпта ұзақ тұрмайды. Көңіл күйінен шығатын толғау көңіл табиғатына қарай ұзын болмасқа тиіс, ұзын болмайды да. Нағыз толғаулардың көбі-ақ 4-5 ауыз өлеңнен аспайды. б) Толғау әуезді сөзбен айтылуы тиіс. Адамның көңілінің күйін жақсы білдіретін – күй мен ән. Әннен соңғы көңілге көбірек әсер беретін – әуезді сөз, әуезді сөздің әдемісі – өлең. Толғау көңіл сөзі болғандықтан әсер күшін көбейтетін өлең түрде айтылуы тиіс. Көбінесе солай айтылады да. Толғаудың құны қанша деген мәселеге келсек, толғау сөз өнерінің барып тұрған жері деп саналады. Толғаудағы көңіл күйлерінің бәрі өмір жүзінде адам біткеннің бәрінің басында бола бермейді. Көңілдің түрлі күйін әдемілеп айтып, сөзбен келтіруге үлкен ақындық керек; толғау жақсы болса, оқығандар өз басында болмаған күйлерді толғау күшімен өзінде болған күйдей басынан кешіріп өтпек. Бұл өзгелердің көңіл күйін де дұрыс танып, дұрыс білуге үйретпек. Толғау көңілдің көркем сырларын өрнекті сөздермен айтып білдіріп, адамның көрік сезімін күшейтеді. Әдемі толғаудан алатын адамның көрік ләззаты басқа сөздердің бәрінен де артық болады. Ақынға дүниенің әдемілігі көрік пен махаббат екеуінде ғана. Өмірдің көрік пен махаббатқа дұрыс келетін істері сүйіндіреді, теріс келетін істері күйіндіреді. Мұның мағынасы көңілді сүйінішті, күйінішті күйге түсіру болады. Күйініш көңілге наразылық туғызады. Көңіл наразылығы мұң туғызады, мұң ой туғызады. Осы айтылған істерге қарай күйлі толғау бірнеше түрге бөлінеді: 1. Сап толгау. Қорыққанда «ойбай!», қуанғанда «алақай!», қиналғанда «уһ!», таңданғанда «о!», өкінгенде «қап!» деген сияқты пайым, пікір, ой белгілі кіріспеген, құстың сайрауы сияқты көңілдің таза күйінен шығатын сөз сап толғау яки сайрау деп аталады. 2. Марқайыс толгауы. Көңіл шын ырза болып, марқайып өскен шақта шығатын сөз марқайыс толғау болады. Көңілдің шын өсіп, марқаюы қуанышты ұлы уақиғаның үстінде болады. Ұлы уақиғалар ұлы адамдардың яки бүтін елдің, халықтың, таптың өмірінде де сирек болатындықтан, марқайыс түрлі тұлғаларда әдебиет жүзінде аз ұшырайды. Марқайыс орнымен айтылса, ұнамды болады. Ұнамсыз айтылса, ерсі көрініп, марқайыс әсері болмайды, масқаралық әсері болып шығады. 3. Налыс. Әркімнің өмір жүзінде көздеген мұраты болады яғни сол мұрат көрген нәрсесінің жолында болады. Мұратына жетсе, бақытты болады. Мұратына жетіп, бақытты болған шақта да бақыт ұзақ тұрмайды, үйткені бақыттың болуына, болмауына себепкер нәрселер көп, қайғы-қасіретсіз, уайымсыз, мұңсыз, қатерсіз, қауіпсіз шаттықпен тыныш өмір сүретін адамдар тіпті болмайды. Өмір жолы мұратқа тура жүргізбейді. Тура жүргізбесе, көңілге реніш, шер пайда болады. Сондай өмір жүзіндегі түрлі опасыздық ақынды да ренжітеді, мұңайтады. Ықыласын қайтарады. Ренжу, мұңаю, ықылас қайту ақынды көңілсіз күйге түсіреді, шерлендіреді. Шерлі күйден шыққан сөз мұңды болып шығады. Сондай мұңды, шерлі толғаулар налыс тоғау деп аталады. 4. Намыстаныс. Намыс толғау басында тайғақ кешу, тар жолда, қиыншылық шегіне жетіп, тақалған шақта шығатын сөз. Қиын хал нағыз қиын шегіне жеткенде қиын істі істеуге керек қылады. Сол қиын істі істеуге көбінің батылы жетпей, намысына тигізіп, қанын қыздырып сөйлеу қайрау сөз деп аталған. Сол қайрау сөздің өлеңмен айтылғанын намыс толғауы дейміз. Намыс толғау соғыс кезінде соғысқа түсіру үшін яғни не өліп, не өлтіріп шығатын өлім жолына айдаған жерде айтқан. Қазақ патшаға қарамай, басы бос тұрған кезінде түрлі жұрттармен соғысқан шағы болған. Ол кезде қазақ намыс толғаулары азаматтың намысын қоздырып, қанын қыздырып, соғысқа айдау үшін айтылған. Сондықтан намыс толғау түріндегі сөздер батырлар жырында (ертегі жырларда) көп ұшырайды. Қазақ орыс патшасына қарап басы байланған соң, соғыс болмаған, соғыс болмаған соң, соғыста айтылатын намыс толғаулар да жоғалған. Бірақ намыс толғау айтылатын соғыс болмағанмен, соғысқа бара-бара ер басына қиыншылық түсетін басқа істерге айтылатын қайрау сөздер де намыс толғау табына кіреді. Мәселен, бағындырған патшадан басын босатып алу – жұртқа соғыспен бірдей дәрежелі қиын іс. Сондай іске қайрау мақсатпен айтылған өлең о да намыс толғауы болады, сондықтан «Интернационал» өлеңі сияқты, «Асау тұлпар» кітабындағы «Жолдастар» деген өлең сияқты, «Масадағы», «Оян, қазақ!» кітабындағы кейбір өлеңдер сияқты сөздер намыс толғау болады. Бірақ намыс толғауының асыл түбі өте қиыншылық орында шыққан сөз болғандықтан, шын қиыншылық орында айтылса ғана шын намыс толғауы болады. Не жайбарақат орында айтылған намыс толғаудың сөзі ұқсаса да, өзі болып шықпайды. 5. Сұқтаныс. Сұқтану деп бір нәрсеге артықша назар түсуін айтамыз. Адам сұқтанғанда, жақсы нәрсеге сұқтанады, жаман нәрсе қаншама ұлы болып, адамның назарын түсіріп, таңдандырғанмен, сұқтандырмайды. Ұлы болсын, ұсақ болсын бір жақсы нәрсеге сұқтанамыз. Ол жақсы нәрсе табиғат ісінің жүзінде де, адам ісінің жүзінде де болады. Солай болған соң, сұқтаныс толғауда көбінесе ғаламның ұлылығы, табиғаттың сыры, шеберлігі, сұлулығы, адам ісінің де сұқтанарлық, ұлылары, жақсылары, көркемдері сөз болады. Өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық сияқты нәрселердің мән-мағынасы турасындағы толғаулардың көбі де сұқтаныс табына кіреді. Сұқтандыратын нәрселердің көбі-ақ тек сұқтандырып қоймай, адамды ойландырады, қиялдандырады, сондықтан түбіріндегі толғаулардың көбі таза толғау болмай, байымдамалау, ойламалдау болып келеді. Жоғарыда айтылған нәрселер турасында байымдау даналық (пәлсапалық) байымдауы болып шығады. 6. Ойламалдау. Көңіл ырза болмаудан наразылық туады. Наразылық мұңға айналады. Мұңнан ой, қиял тербенеді, сүйтіп, көңіл ырза болмағандағы шығатын толғаулар жалғыз көңіл күйінің сөзі болмай, ой, қиял қатысып шығады. Сондықтан мұңды толғаулар ойламалдау деп аталады. Көңілдің ырза болмайтын нәрселері – түрлі жамандықтар, кемшіліктер, міндер. Адам қауымында жасалған адамшылық үлгі болады. Адамның ісі сол адамшылық үлгімен пішіліп, тігілмесе, адам қауымына ерсі жаман мін болып көрінеді. Адамның көбі-ақ ол үлгіден алыс болады. Біреулер үлгімен істеу қолынан келмегендіктен алыс болады, біреулер тіпті адамшылық үлгіні керек қылмағандықтан алыс болады. Қолынан келмегендіктен алыс болу кемшілік болады. Керек қылмай, адамшылық үлгісін аяғына басу жамандық, айып болады. Еңбек, шаруашылық, тағысын тағылардың бәрінде де бар. Оның үстіне, әр ақынның өз адамшылық үлгісі де болады. Өз үлгісіне тура келмейтін істерді де ақын теріс көреді. Жамандыққа, кемшілікке, мінге санайды. Өз үлгісі болсын, өзгенікі болсын, әйтеуір адамшылық үлгіге теріс келетін істі ақын айтпақшы. Айтқанда, жай ақыл түрінде айтып, даттайды да, үгіттегенде иә даттағанда, бүтін елдің, жұрттың басындағы мінін, кемшілігін, жамандығын көрсетіп те айтады; бір адамның басындағы мін, кемшілік, жамандықтарын көрсетіп те айтады. Үгітті бүтін жұртқа айтса да, бір адамға айтса да үгіт болады. Сөгіс бір адамға бастап айтылғанда, масқаралау (әлемдеу) болады да, жұртқа қастап айтқанда әшкерелеу (даттау) болады. Әшкерелеу де, масқаралау да екі түрлі болады. Жай сөгіс әшкерелеу бар, күлкі қылып әшкерелеу бар. Масқаралау да сондай. Жай жамандап масқаралау бар да, күлкі қылып масқаралау бар. Жамандық адамды кейітеді, қайғыртады, мұңайтады, ренжітеді. Кемшілік пен мін адамның күлкісін келтіреді. Осыған қарай толғаудың ойдамалдау түрі көбінесе не сөгіс толғауға не күліс толғауға айналып кетеді.

7. Сөгіс толғау. Өмірдің жамандық жағына ырза болмай, мінеп шығарған сөздердің жалпы аты қазақ тілінде жоқ, сондықтан толғаудың бүұл түріне сөгіс толғау деп жаңадан ат қойылып отыр. Сөгіс толғау жамандықты жарлялап, бетке басу ниетпен шығарылады. Үгіттеуден ұрсу күштірек, жай айтудан ұялту күштірек. Сол мәніспен сөгіс түріндегі сөздер ел түзеу, құлық тазарту жағына көбірек әсер етеді деп саналады. Бұрынғы тек үгіт түріндегі сөздердің орнын бірте-бірте сөгіс толғау алып, өте үгіт түріндегі сөздер жоғалмақшы, бірақ әлі де сөгіс толғауға ақыл айту, жөн көрсету сияқты сөздер көбірек қатысып, сөгісінен үгіті басым болып кететіндері көп. Сүйтіп, толғау болмай, тек ақыл айту болып шығатындары көп болады. Асылында, таза толғау болатын сөз аз болады. Көбінесе толғаудың әр түрі араласып отырады. Сондай-ақ, толғауға толғау емес сөздер де дәйім қатысып, аралас келіп отырады. Үйткені ақыл, қиял, көңіл деп үшке бөлгенмен, олар бірінің ісіне бірі қатыспай тұрмайды.

Жамандық екі түрлі: кешірімді жамандық бар, кешірімсіз жамаңдық бар. Кешірімді жамандық тек кемшлік болады да, кешірімсіз жамандық айып болады. Кешірімді жамандық – тек білмегендіктен болатын жамандық. Кешірімсіз жамандық тек біле тұра істелетін жамандық. Толғаушы толғағанда, екеуін екі түрлі толғайды. Кешірімсіз жамандықты толғағанда беті-жүзіне қарамай, айыбын айқын айтып, бетіне басып, сөгіп толғайды. Айыбын бетіне басып көрсету күйе жағып көрсетумен бірдей болғандықтан, даттау деп те айтылады. Кешірімді жамандықты, толғағанда, жамандығын, кемшілігін айқын айтпай, күлкі түрінде көрсетіп ұялту, арланту ниетпен толғайды. Сондықтан күліс толғау күлкілеу, келемеждеу болып шығады. Күлкі қылу әлемдеп көрсетумен бірдей нәрсе, бірақ көпке жаққан күйе яки таққан әлем, көптің үстінде болған соң, күшті әсер ете алмайды. Көп ішінде бір адамға жаққан күйе, таққан әлем күштірек әсер етеді. Сондықтан көпті қандай даттап, сөккенмен, масқаралауға болмайды. Сөзбен жеке адамды ғана масқаралауға болады. Ақын залымдықты, надандықты көріп, күйінгенде қандай күйге түсіп толғайтынын Абайдың төмендегі сөзі көрсетеді:

Адамның кейбір кездері
Көңілде алаң басылса,
Тәңірінің берген өнері
Көк бұлттан ашылса,

Сылдырлап өңкей келісім
Тас бұлақтың суындай,
Кірлеген жүрек өзі үшін
Тұра алмас әсте жуынбай.

Тәңірінің күні жарңырап,
Ұйқыдан көңіл ашар көз.
Қуаттан ойдан бас құрап,
Еркеленіп шығар сөз.

Сонда ақын белін буынып,
Алды-артына қаранар.
Дүние кірін жуынып,
Көрініп ойға сөз салар.

Қыранша қарап Қырымға,
Мұң мен зарды қолға алар.
Кектеніп надан зұлымға,
Шиыршық атып толғанар.

Әділет пенен ақылға
Сынатып көрген-білгенін,
Білдірер алыс, жақынға
Солардың сөйле дегенін.

Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл
Не жазып кетсе, жайы сол,
Жек көрсеңдер, өзің біл.

* * * 8. Күліс. Екі түрлі күлкі бар: 1) шын күлкі, 2) сын күлкі. Шын күлкі – шаттық үстінде, көңіл хоштанғанда келетін күлкі. Сын күлкі – нәрсе көңілге күдікті, ерсі көрінген уақытта келетін күлкі. Анау көңілдің күйінен тура шығатын күлкі де, күлкілі күйді көңілге сын тудырғаннан кейін шығатын күлкі күлкілеу толғауға қару болатын соңғы түрдегі күлкі.

Адамның арына тию жағынан күлкі сөз бірнеше түрге бөлінеді.

Адам ауырлайтын да, ауырламайтын да күлкі бар. Ауыр күлкінің аты мазақ, мысқыл болады да, жеңіл сөз, оны әзіл деп айтамыз. а) Мазақ қылу біреудің кемшілігін, мінін айтып күлу болады. Әдебиет жүзінде мазақ қылу кемшілік пен міңді әшкерелеп, жұртқа жаю болады. Бұл әлемдеп жұрт алдына өткізумен бір есеп іс. Мазақ түрінде күлкінің ауыр болатын себебі осыдан. ә) Мысқылдау – сөздің өңін теріс айналдырып айту. Олай айту кекесін болады. Кекесін сөз зілді болады. Мысқыл сөздің ауыр тиетін себебі осы. б) Сықақ пен қулық күлкі сөздің, асылында, ауырламайтын түрлері. Бұлар ауырлайтын түрге айналса, онда олар сықақ та, қулық та болмай, мазақ пен мысқылдың бірінің түріне түсіп кетеді. Әзіл де солай. Зілсіз болса әзіл болады да, зілді болса әжуа, келемеж, мазақ, мысқыл сияқты күлкі түріне айналып кетеді. Біз күлгенде, әуелі тек күлкі келтіретін нәрсеге күлеміз, неден күлкі болып тұрған мәнісін тексермейміз. Себебін тексеріп күлгенде, көңілімізді келтірген нәрсе болып шығуы да ықтимал, олай-бұлай, қайта қайғыға қалдыратын, ойға батыратын нәрсе болып шығуы да ықтимал. Ақындардың адам мініне, кемшілігіне күліп шығарған сөздерін тек күлкі үшін шығарған сөз деп қарамасқа керек. Ондай сөздердің көбінің-ақ бергі жағы ғана күлкі болып, арғы жағы адамды мұңайтатын, қайғыртатын сөз болуы ықтимал (толғау нұсқаларын нұсқалықтың 198, 275- інші нөмірлерінен қара).

Айтыс-тартыс түрлері Айтыс-тартыс сындар әдебиеттің бір түрі екендігі жоғарыда айтылған еді. Айтыс-тартыс қазақ ақындарының айтысқаны да емес, олардың айтыстырып шығаратын өлеңдері де емес, ол айтысу иә айтыстыру мен айтыс-тартыс екеуінің арасында атынан басқа жанасатын жері шамалы: екеуінің айтыс деген аты мен айтыса сөйлесуі ғана ұқсас. Онан басқа бір-біріне жанасатын жері жоқтығы төмендегі сөздерден мәлім болады. Айтыс-тартыстың әуезе мен толғауға да ұқсастығы аз. Әуезеде (әңгіме) ақын өз жағынан еш нәрсе қатыстырмай, басқаның басында болған уақиғаны айтады да қояды. Айтыс-тартыста ақын өз басындағы емес, басқаның басындағы уақиғаны көрсетіп, өз басынан, көңілінің күйінен еш нәрсе қатыстырмайды. Бұ жағынан айтыс-тартыс әуезеге (әңгімеге) жақын. Әуезеде (әңгіме) бір болған уақиғаны, уақиғада болған адамдардың не істеген әңгімесін естиміз, бірақ ол адамдарды, уақиғаларды көрмейміз. Айтыс-тартыста ақынның айтқан әңгімесін естімейміз, уақиғаның өзін, уақиғада болған адамдардың өздерін көреміз. Уақиға көз алдымызда болып, адамдардың тіршілік жүзінде айтысып-тартысып өмір шеккенін көреміз. Тіршілік майданында адамдардың ақылы жеткенінше амалдап, қай-атына қарай қару қылып алысқаны, арбағаны, қуанғаны, жылағаны, ойнағаны, күлгені, сүйінгені, күйінгені, жауласқаны, дауласқаны, бітіскені, жарасқаны өмір жүзіндегідей көрініп, көз алдыңнан өтеді. Бұл шын өмірдің өзі емес, нәрсенің айнаға түскен сәулесі сияқты, өмірдің алаңда көрсетілетін сәулесі ғана. Бірақ нәрсенің айнаға түскен сәулесі қандай ай- нымайды, бұ да сондай шын өмірдің өзінен айнымайтын сәулесі. Айтыс-тартыстағы уақиғалар, адамдар, асылында, болған заттар емес, ақын өзі жасаған, ақын қиялынан туған заттар. Ақын адамдарын жасап, ауыздарына сөздерін салып, істейтін істерін дағдылап, ал істей беріңдер деп, өзі ғайып болып кеткен сияқты, айтыс-тартыста ақынның өз тарапынан еш нәрсе сезілмейді. Әуезеде (әңгіме) уақиғаны сөйлеу, айтыс-тартыста ақын өзі сөйлемей, өзгелерді сөйлетіп, айтыстырып, тартыстырып жіберіп, өзі бейтарап болып, тек қызығына қарап отырып қалған сияқты болады. Мұнда өткендік жоқ, осы уақытпен керсетіледі. Әуезе (әңгіме) ақын айтқанынан өткен уақиғаның әңгімесін естиміз, айтыс-тартыста уақиғаны біреудің айтқанынан естіп білеміз. Көзбен көріп те білеміз. Әуезе мен айтыс-тартыс арасындағы зор айырыс осы. Айтыс-тартыс пен толғау арасында да айырыс зор. Айтыс-тартыста ақын өз тарапынан еш нәрсе сөйлемегендіктен, өзі сезілмей тек қиялынан туған адамдар бәрін істеген сияқты болып көрінеді дедік. Толғау ақыннын ішкі ғаламының сөзі болғандыкқтан мұнда да сезімен өзі көрсетіп отырады. Толғауда ақын қабағын қарс жауып, қайғырып тұрған күйінде де, беті гүл-гүл жайнап, қуанып тұрған күйінде де, сүйінген күйінде де, күйінген күйінде де, тарыққаң, зарыққан, жабыққан күйінде де, шаттанған, марқайған, масайраған күйіңде де көріп отырамыз. Айтыс-тартыста ол жоқ. Сүйтіп, айтыс-тартыс пен әуезенің (әңгіме) арасындағы да, толғау мен айтыс-тартыс арасындағы да айырыс зор. Бірақ айтыс-тартыс пен әуезе (әңгіме) екеуінің арасы толғау мен айтыс-тартыс екеуінің арасынан жақынырақ. Үйткені бірі уақиғаны айтып білдірсе, екіншісі уақиғаны көзге көрсетіп таныстырады. Екеуі де тысқы ғаламның хабары, тысқы ғаламның өзі. Бұлай дегеннен айтыс-тартыс тысқы ғаламның сөзі деп те түсіну керек емес. Асылында, айтыс-тартыс ішкі ғалам мен тысқы ғаламның түйіскенін көрсететін сөз түрі. Адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі деген сөзді түсінікті болу үшін азырақ баяндап өтейік. Адам бала күнінде тысқы ғаламдағы көзге көрініп, денеге сезіліп тұрған нәрселерді ғана танумен болады. Есі әбден кіргенше өзгеден өзін айырмайды, өзгенің істегенін істеп, дегенімен болады. Есейген сайын өзінің өзгеден басқалығын біліп, өзіне ұнағанын істеп, ұнамағанын істемей, қиықтық шығара бастайды. Ержеткен сайын дүниенің ісіне өзінше сүйініп, өзінше күйініп, өзінше жол тұтып, өзінше өміріне жол белгілеп, жақсылық, жамандыққа өз көзімен қарап, өзінше сынап, өзінше бағалап, өзінше пікірлейтін болады. Өз алдына мұңы, мұраты, мақсаты, мүддесі болып, сол мұрат-мақсатына жету талабына кіріскен жерде тысқы ғаламға тиісті жердің шегіне келіп, ішкі ғалам мен тысқы ғалам екеуі кездеседі. Сонда ішкі ғаламның ниетіне тысқы ғаламның шарттары тура келмей, екеуі ілінісіп, ұстаса кетеді. Задында, тіпті мүддесі жоқ адам болмайды. Адам болған соң, оның көңілі бір нәрсені тілемей тұрмайды, көңілі тілеуіне қарай бір нәрсе істемей тағы да тұрмай- ды. Көңілінің тілеуі де, ол тілеуінің жолындағы ғамалы да адамына қарай түрлі болады, неғұрлым қайратты болса, соғұрлым мақсаты да зор болады. Ұсақ адамның мақсаты да ұсақ болады. Біреу жер жүзін өзіне қарату, бағындыру талабында болады, біреу дүниеге атағын жаю талабында болады; біреу дүниенің сырын танып, адамның көзін ашып, білімін арттыру талабында болып, сонымен өмірін өткізеді. Біреу адам баласын теңгеріп, арасына әділдік орнатып, дүниеден жұмақ жасау талабында болып, өмірін сонымен өткізеді. Біреулер тек дүние жию, бай болу мақсатпен өмір өткізеді; әйтеуір тілеусіз, мақсатсыз адам жоқ. Аз болсын, көп болсын әркімнің мұраты бар. Ұлы болсын, ұсақ болсын әркімнің мұраты бар. Тілеусіз, мақсатсыз адам болмаған соң, талассыз, тартыссыз да адам жоқ. Әркім әліне қарай таласады, тартысады. Талас, тартыс табиғаттың негізгі заңының бірі. Табиғат тас жүрек, қанша өтініп жалынсаң да, жағынсаң да, өзінің заңынан бұрылмайды. Табиғаттың заңы қатты, үкімі рақымсыз: жолы толып жатқан кер мен кедергі; ісі шынжыр қатар тіркескен себеп пен салдар болып, алды-артыңды ораған шырмау. Өз еркім өзімде, оз ісіме өзім қожа, өзім себеппін деп жүрген адам тұрмыс ісінің орауынан, шырмауынан әрі аса алмайды. Табиғат заңы мейірімсіз, мерзімсіз бір тағдыр: дауылды тоқтатуға, жазды ұзартуға, қысты қысқартуға, суды жоғары ағызуға еш адамның қолынан келмейді; сол сияқты табиғат заңы адамда, адам әлеуметінде де бар. Адам қанша дана, білімді болса да, қанша қаһарман, қайратты болса да, әлеумет оның мақсатын ұқпайтын болса, қайраткер қамалға жалғыз шапқан батырдай әлек болмақ. Ұстасу әркімнің әліне қарай түрлі болады. Біреу ұстасу жолында әлек болады, біреу азап шегеді, біреу құр әуре болады. Кейбіреулердің айтқаны келіп, сөзі дұрыстыққа шығады. Осыны көрсететін әдебиет түріне тек айтыс дегеннен айтыс-тартыс деген ат сәйкесірек болады деуіміздің мәнісі осы. Мұнан былай қарай иә айтыс-тартыс, иә ұстасу деген атын қолданамыз.

Жоғарыда айтылған сөздерден көрініп тұр: 1. Ұстасу жалғыз тысқы ғаламды сөйлейтін әуезе де емес екендігі, жалғыз ішкі ғаламнан хабар беретін толғау да емес екендігі; бұл ішкі ғалам мен тысқы ға- ламның ұстасуынан шыққан – әуезе мен толғау екеуі де бар дүбара сөз болатындығы; 2. Шығарма ұстасу болу үшін мазмұны адамның дүрілдеген, дуылдаған, бұрқырақты дауылды ісі болу тиістігі; 3. Ұстасушының және басқа ұстасу бұрқағының ішінде жүрген адамның мінезі, құлқы, мұңы, мүддесі, ниеті, мұраты, барша сыр-сипатын баяндайтын болған соң, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен, ұсқынынан, әлпетінен, әдетінен көрінерге тиістігі; 4. Ұстасудың мақсаты тысқы ғаламға қарсы жұмсалған ішкі қайрат болған себепті, ол қайратты жұмсатып отырған белгілі бір мақсат болған соң, ұстасуда көрсететін ғамалдар ойламаған жерден шыққан уақиға сияқты болмай, мақсатты қайраттан туған ғамалдар болып көрінуге тиістігі. Е с к е р т у. Мақсатты қайраттан туған ғамал дегеннің мәнісі мынау болады: Әуелі мақсатты қайраттан туған ғамал болу үшін, ол ғамал мұрат жолына жұмсалған ғамал болуы керек. Олай болмаса, ғамал ойламаған жерден шыққан тек уақиға ғана болады. Мәселен, екі адам сөзден ілінісіп, төбелесіп, біреуі өліп қалды. Бұл қайғылы уақиға болады, бірақ ұстастыру шамасына сүрлеу бола алмайды. Егерде жылқыға тиген ұрыны өлтірсе, ол ойламаған уақиға болмайды, үйткені ұрының мұраты ұрлықпен күн көру, ұрлықпен мал жию еді. Оның жылқыға тиюі мұратының жолында істеген мақсат ғамалы болады да, өлуі мұратына қарай алған сыбағасы болады. Екінші, мақсатты қайраттан туған ғамал болу үшін, кезіне келген шабыттың ғана ғамалы болмай, құмарлық, әуестік сияқты мінез иә құлық табиғатында бар негізді, ынтасындағы мақсаттан туған ғамал болуы керек. Қайраткер жаны сол ынтасында болады. Үшінші, ынта тек ынта күйінде яки құмарлық, әуестік күйінде қалмай, іске айналса ғана мақсатты қайраттан туған ғамал болады. Ынтасына лайық мұраты болса, мұратына жетуге істеген жеделді ғамалы болса, сол ғамал мақсатты қайраттан туған ғамал болады. Ынта ғамалға айналмаса, ішкі ынта болады да қояды. Ісі жоқ құр ынта кәдеге аспайтын бұйым сияқты. Нөл сияқты мәні де, мағынасы да жоқ нәрсе оған мән мен мағына бел байлап кірісіп, белсеніп істі істей бастағаннан былай қарай пайда болады. Ұстасу осы бел байлағаннан басталады. Бел байламай, белсенбей тұрғанда, ынта көңілдің күйі ғана, ойлану, толғану ғана болып отырады. Бел байлап іске кіріскен соң, толғау қалады, ұстасу басталады. Бір жағында қамалға шапқан батыр сияқты қайраткер, бір жағында оның қайратына қарсы керме тартып, кедергі қойып, жолын боөгеген табиғат заңы, табиғат тағдыры, әлеумет әдеті, әлеумет бөгеті.

Ұстасудың үш дәуірі болады: 1) байланыс, 2) шиеленіс, 3) шешіліс. Ұстасудың бұл үш дәуірі күресу дәуірлері сияқты. Байланыс – палуандардың белдерін буынып, білектерін сыбанып, балтырларын түрініп, күреске шығып ұстасқаны есебіндегі дәуірі; шиеленіс – палуандардың әдіс-амал, күш, өнері бәрін жұмсап, қайрат қылып, күресті қыздырған шағы сияқты дәуір; шешіліс – палуандардың бірін-бірі жыққан мезгілі сияқты дәуір. Ұстасу шығармалар қайраткердің түріне қарай үшке бөлінеді: 1) әлектеніс, 2) азаптаныс. 3) әуреленіс. 1. Әлектеніс Ұстасушы адам қас қайраткер болса яғни оқталғаннан қайтпайтын, ұмтылғаннан тайынбайтын, көздегенінен күдер үзбейтін, азға айналмайтын, зордан зорға, артықтан артыққа ұмтылатын, жамандыққа жасымайтын, мұқтаждыққа мұқалмайтын, я қайнаған қайраттың адамы болса, ұстастыру әлектеніс болып шығады. Бұл сипатты адамдар тьшыштықпен өмір сүре алмайды, үйткені көздеген мақсатының, ойлаған мұратының жолында неден де болса қайту жоқ, оның мақсат-мұратына өзгелердікі тұс келмейді. Тұс келмеген соң, оның бәрі де мұның жолына керме, кедергі болып, қалаған жөнімен жүргізбейді. Қас қайраткер қайсарлығымен, ол бөгетке тоқтамай, бұзып өтемін дейді. Онысы өзгелердің жеріне түсу, жау іздеу болып көрінеді. Топпен күресуге күші жетпей, ақырында әлек болады. Асылында, әлек болуына қайраткердің өзі жазалы: жазығы – бойға біткен қайраты, жігері, жетесі, ынтасы. Қайраткер басын бәйгеге тігіп іс қылуын айып көрмейді, адамдық деп біледі. Басын қорғап, мақсатын іздемей қалу – оған өлім. Екі өлімнің қадірлісін тандап алмау масқаралық деп біледі. Қалайда әлектеніс қайраткері қатардан қара көрінім ілгері, артық адам болады. Қысқасынан айтқанда, әлектеніс қайраткері жанынан арын, намысын артық көріп, намыс үшін өлетін, кезі келген жерде жанын арына садаға қылатын адам болады. Енді ондай адамның ары мен намысына тиетін дүниеде іс көп, сондықтан ондай адам ақырында әлек болмай қалмайды. Құмарпаз адамдар құмарлығының құлы болып, соның дегенімен болып, соның айдауымен жүріп, құмарлық құрбаны есебінде әлек болады. 2. Әуреленіс Әлектеністің қайраткері қатардан қара көрінім биік адам болса, әуреленістің қайраткері қатардан қара көрінім төмен адам болады. Биік нәрсе қандай сәулетті, көзге көрнекті, көңілге тамаша көрініп, сұқтандырса, тандандырса, төмен нәрсе өзінің төмендігімен, ұсақтығымен көзге күйкі, көңілге олқы көрініп, күлкіңді келтіреді. Сондықтан әлектеністің сүйінішті сүйіндіріп, күйінішті күйіндіріп, күштілігімен көңілді алып кетеді де, әуреленістің сүйініші адамның арын кетіріп, ыза қылып, күйдіреді, күйініші адамды мәз қылып, күлкісін келтіреді. Сүйтіп, әуреленістің ұстаушылары ұсақтығымен, адамшылығы аздығымен адамның адам намысын келтіріп, арландырады да, әурешілігімен күлкінді келтіріп мәз қылып, көңіліңді көтереді. Әуреленістің қайраткері әлектеністің адамындай ұлы мақсатты адам емес, кемшілігі көп, адамгершілігі жоқ, қарапайым қалыпты адамдардың бірі болады. Оның талас-тартысында ұлы мақсат, үлкен іс болмайды, ұсақ тілек, ептеуден әрі аспайды. Ондай ұсақ нәрселердің талас-тартысқа айналуы да қайраткері нашар болып, ұсақ іске де шамасы келмегендіктен болады. Еп қылмайтын жерге еп жүргіземін деп, сеп керек емес жерге сеп іздеймін деп, сара істерге амал, айла, қулық, сұмдық қыламын деп, босқа арамтер, босқа әуре болады. Сондықтан да ұстастырудың мұндай түрі әуреленіс деп аталады. Ұстастыру түріндегі сөздер әрқайсысына түр беретін қайраткерлеріне қарай сипатталады. Әлектеністің қайраткеріне тек «қайраткер» деген ат қанша олқы көрінсе, әуреленістің қайраткеріне «қайраткер» деген ат сонша үлкен көрінеді. Мұның қайраткері көбінесе сасық пікір, пасық ой, адалдықты білмейтін, арамдықтан жиренбейтін нашар құлықты, адамгершілігі жоқ, сана саңылауы кем, босқа лаққыш, жоққа нанғыш, битке пышақ суырғандай, көздей істі көлдей қылып, босқа пысықсып, босқа жанып, қайратын, күшін, өнерін жоққа сарп қылып, арамтер болып, босқа бусанып, босқа біленіп, босқа сабылатын адам. Мұндай қайраткердің қайраты босқа жанады, босқа сөнеді. Сөнгеніне адам күйінбесе, сүйінбейді. Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» кітабындағы әдеби түсініктер мен пән сөздер сөздігі

Әдебиет танытқыш
Аңдату
Тірнек өнері
Көрнек өнері

Көрнек өнері
Сәулет өнері
Сымбат өнері
Кескін өнері

Әуез өнері
Сөз өнері
Сөз өнері
Аңдау

Меңзеу
Бернелеу
Талғау, түю
Шығарма сөз

Асыл сөз - арабша әдебиет

Тақырып
Жоспар
Мазмұн

Түр

Мазмұнның үш мүшесі
Аңдату
Мазмұндау
Қорыту

Түрлері
Жай сөйлеу түрі
Сөйлестірген түрі
Хат түрі

Аралас түрі
Шығарманың мазмұнында байқалатын негіздік түрлері (мазмұн түрлері):
Әуезе
Әліптеу

Байымдау
Сөз өнерінің ғылымы Шығарма тілі
Ақын тілі
Әншейін тіл

Шығарманың екі жағы:
Ішкі пікір жағы
Тысқы тіл жағы
Сөз өнерінің ғылымы

Шығарманың түрінің ғылымы
Шығарманың тілінің ғылымы
Тіл қисыны яки лұғат қисыны
Сөз талғау

Сөз дұрыстығы
Тіл тазалығы
Тіл (лұғат) анықтығы
Тіл дәлдігі

Тіл көрнекілігі
Көріктеу
Меңзеу
Әсерлеу

Меңзеу
Теңеу:
Әншейін теңеу
Әдейі теңеу .

Ауыстыру
Бейнелеу
Тіл ауысуы
Лұғат ауысуы

Алмастыру
Кейіптеу
Бернелеу
Әсірелеу

Мезгеу
Әсерлеу (лептеу)
Арнау
Қайталақтау

Шендестіру
Дамыту
Түйдектеу
Бүкпелеу

Кекесіндеу
Арнау
Сұрай арнау
Зарлай арнау

Жарлай арнау
Кекесіндеу
Зілсіз кекесін (ойын, қулық, қалжың, әзіл)
Зілді кекесін (мазақ, сықақ, мысқыл, келемеж, келеке, әжуа)

Тіл (лұғат) әуезділігі
Әуезділіктің жалпы шарттары
Сөз әуезділігі
Сөйлеу әуезділігі

Өрнекті сөйлемдер
Себепті оралым
Мақсатты оралым
Ұқсатпалы оралым

Қайшы оралым
Шартты оралым -
Жалғасыңқы оралым
Серіппелі оралым

Айырықты оралым
Қорытпалы оралым
Өлеңді сөйлемдер
Күн көріс ісі

Көңіл көтеріс ісі
Сөздің өнер болатын мәнісі
Өлең шығару
Өлең кестесі

Айшық тақтасы
Шумақ
Тармақ
Бунақ

Буын
Өлең айшықтары
Жалғыз шумақты айшық
Екі шумақты айшық

Үш шумақты айшық
Төрт шумақты айшық
Шумақ түрлері
Екі тармақты шумақ

Төрт тармақты шумақ
Алты тармақты шумақ
Жеті тармақты шумақ
Сегіз тармақты шумақ

Он тармақты шумақ
Тармақ тұлғалары
Жалғыз бунақты тармақ
Екі бунақты тармақ

Үш бунақты тармақ
Төрт бунақты тармақ
Бунақ буындары
«Бір толарсақ» бунағы – 4 буынды

«Бір тобық» бунағы – 3 буынды
«Санда болар» бунағы – 4 буынды
«Жар-жар» – 2 буынды
Өлең ағындары

Бунақ орны
Таңдамалы орны
Талғамалы орны
Бас бунағы үш буынды өлең

Бас бунағы төрт буынды өлең
Бас бунағы бірыңғай емес өлең
Тармақ кезеңдері
Ұлы кезек

Кіші кезек
Тармақ ұйқастығы
Ұйқастық
Ұзын тармақты, жеке шумақты

Ұзын тармақты, тұтас шумақты
Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі
Лебіз
Кернекі лебіз

Жалаң лебіз Сөз

Көркем сөз – көңіл тілі
Жалаң сөз – зейін тілі
Насыр – арабша қара сөз
Назым – арабша дарынды сөз

Тіл

Ана тілі
Адамның тілі
Сөз дұрыстығы
Қара сөз

Ұғым
Ес ұғымы
Іс ұғымы
Қара сөздің түрлеріне қарай бірнеше тарапқа бөлінуі:

Ғалам тарапына
Құдай тарапына ғақаид – ұғым жүйесі
Ғылым тарапына
Әлеумет тарапына

Үгіт-тәрбие тарапына
Сын тарапына
Қара сөз түрлері
Әуезе

Әліптеме
Байымдама
Әуезе
Мәлімдеу

Мазмұндау
Қорыту
Әуезе түрлері
шежіре

заман хат
өмірбаян
мінездеме
тарих

тарихи әңгіме
Әліптеме (суреттеу)
Әліптеу тәртібі
Әліптеу жоспары

Әліптеу түрлері
Әліптеу түрлері
Пәнді әліптеу
Сәнді әліптеу

Жол әліптемесі
Пәнді әліптеу
Жалқылай әліптеу
Жалпылай әліптеу

Байымдама (зейіндеме)
Байымдама түрлері
Пән (ғылым)

Сын

Шешен сөз
Көсем сөз
Байымдаманың зор мүшесі
Бастамасы

Ұсынбасы
Баяндамасы
Қорытпасы
Байымдама әдістері

Жалқылау әдісі
Жалпылау әдісі
Ойлау оңтайы
Айырыңқы оңтай

Жиылыңқы оңтай
Талдама оңтай
Терме оңтай

Сын

Тысқы сындар
тілінің, лұғатының сыны
суретінің сыны
Ішкі сындар

Шешен сөз
Шешен сөздің тілі
Көрнекті тіл
Сәнді тіл

Мәнді тіл
Шешен сөздің бес мүшесі:
бастамасы
ұсынбасы

мазмұндамасы
қыздырмасы
қорытпасы
Шешен сөздің түрлері

саясат шешен сөзі
билік шешен сөзі
қошемет шешен сөзі
білімір шешен сөзі

уағыз-дін ғұламалар сөзі
Дарынды сөз
Әуезе
Толғау

Айтыс
Әуезе – тысқарғы ғалам жыры
Толғау – ішкергі ғаламның күйі
Әуезе жайынан ескерту

Халық шығармасы, халық әдебиеті
Ауыз шығарма
Жазба шығарма
Ауыз әдебиет, анайы әдебиет

Жазу әдебиет яки сыпайы әдебиет
Ауыз әдебиет
Сауықтама
Сарындама

Сауықтама (сауық сөз) саласы
Ермектеме (ермек сөз)
Зауықтама (зауық сөз)
Ермектеме

Ертегі
Ертегісімек
Өтірік өлең
Жұмбақ

Жаңылтпаш
Бас қатырғыш
Зауықтама
Ертегі жыр

Тарихи жыр
Айтыс өлең
Үгіт өлең
Үміт өлең

Толғау
Терме (яки түрлі өлеңдер)
Сарындама (сарын сөз саласы)
Салт сөзі

Ғұрып сөзі
Қалып сөзі
Салт сөзі
Ділмар сөз (афоризм)

Тақпақ
Мақал
Мәтел
Ғұрып сөзі

Той бастар
Жар-жар
Неке қияр
Беташар

Жоқтау
Жарапазан
Бата
Қалып сөзі

Жын шақыру
Құрт шақыру
Дерт көшіру
Бесік жыры яки бала тербету

Жазу әдебиет
Жазба әдебиет дәуірі
Діндар дәуір – діншіл
Ділмар дәуір – тілшең (Кітаби тіл)

Әдеби тіл
Жазу әдебиет түрі
Ертек (әңгіме)
Толғау

Айтыс-тартыс
Діндар дәуір
Қисса
Хикаят

Насихат
Мінәжат
Мақтау
Даттау

Айтыс
Толғау
Терме
Толғау

Намыс яки соғыс толғауы
Марқайыс толғауы
Сындар дәуір
Асыл сөздің сипаттары

Айтушы
Тындаушы
Әуезе яки әңгіме түрлері
Ертегі жыр

Тарихи жыр
Әуезе жыр
Ұлы әңгіме (роман)
Ұзақ сөз

Аңыз өлең және әңгіме
Көңілді сөз
Мысал
Ұсақ әңгімелер

Толғау табына қарайтын сөздер
Сап толғау
Марқайыс
Налыс (мұңайыс)

Намыстаныс
Сұқтаныс
Ойламалдау
Сөгіс толғау

Ойламалдау
Сөгіс толғауы яки даттау
Күліс толғауы яки күлкілеу
Масқаралау

Күлкілеу
Мазақ
Мысқыл
Қулық

Қулық
Сықақ
Әзіл
Айтыс-тартыс табына қарайтын сөздер

Айтыс сөз
Тартыс сөз
Тартыс
Мерт яки әлектеніс тартыс (трагедия)

Сергелдең яки азапты тартыс (драма)
Арамтер яки әурешілік (комедия)
Әуезе түрлері
Ертегі жыр

Ұлы әңгіме яки роман:
Ұзақ әңгіме
Ұсақ әңгіме
Әуезе жыры

Аңыз өлең
Көңілді сөз
Мысал
Толғау түрлері

Айтыс-тартыс иә ұстасу
Ұстасудың үш дәуірі:
Байланыс
Шиеленіс

Шешіліс
Ұстасу шығармалар қайраткерлеріне қарай:
Әлектеніс
Азаптаныс

Әуреленіс

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

ПЕРВЫЙ ВСЕСОЮЗНЫЙ ТЮРКОЛОГИЧЕСКИЙ СЪЕЗД 26 ФЕВРАЛЯ 6 МАРТА
(стенографический отчет)
Общество Обследования и Изучения Азербайджана. Баку, 1926

Байтурсун. (Аплодисменты). Прежде всего надо поставить вопрос: что требуется от правописания. Требуется, чтобы это правописание удачно, точно передавало звук языка. Второе – чтобы это правописание для изучения было легким. Вот это два основных требования. Здесь возникли споры. Одни говорят, что правописание имеет связь с алфавитом, другие говорят – не имеет. На самом деле правописание имеет связь с алфавитом только в том случае, если алфавит несовершенный. Возьмем, например, русский алфавит. В русском алфавите есть недостатки, например «ё», «ю», «я». Дальше. Профессор Щерба говорил: «хвасталса и хвастался». Отчего это так смешивается? Оттого, что для звука «а» нет соответствующего знака. Например, слова: «дарю» «даю» – вы видите совершенно разное произношение «ю». Значит, в русском алфавите нет соответствующего знака. Теперь возьмем слова: «тебе» или, например: «чтение», или «доброе» – тут как будто слышен звук «е», а когда говорят: «тебе» получается «тибие». Значит, в русском алфавите нет соответствующего знака для звука «е». Если алфавит несовершенный, тогда действительно это несовершенство будет влиять на правописание, а когда алфавит совершенный в том смысле, когда для каждого звука имеется соответствующий, определенный знак и этот знак никогда не меняется, то это другое дело. Теперь следующий вопрос. Что здесь положить в основу? Взять ли принцип этимологический или исторический или же, наконец, фонетический? Мне думается, что самое идеальное правописание – это фонетическое. Если прибегают к другим правописаниям, то делают это по совершенно другим основаниям. Правописание большей частью зависит именно от языка, от свойства языка. Если возьмем, например, язык русский, употребляющий этимологический принцип, то мы должны сказать, что этот язык хаотический, анархический, потому что одни и те же слова, при изменении ударения, принимают совершенно другие формы. Например: «вада», «воды», ударение изменилось, где раньше стоял звук «а», теперь появился «о». Это самый анархический, хаотический язык. Где дело так обстоит, там действительно необходимо прибегать к этому этимологическому принципу. Я другие языки хорошо не знаю, но хорошо знаю из наших языков киргизский и казакский. Эти языки – самые стройные. Здесь звуковые законы очень строги, каждый звук в конце слова дает такую же реакцию, какую дает химический элемент. Это самый совершенный, самый стройный язык. Если у других тюрков точно такой же язык, то нет никакой необходимости принимать за основу именно этимологический принцип. Дальше, в отношении обучения правописанию. Идеальное правописание – это фонетическое. Фонетическое письмо практически мы, казаки, применяем уже несколько лет, и результаты получаются блестящие. Проучившиеся год по нашему алфавиту пишут в такой же степени грамотно, как окончившие 4-хлетку в русской школе, окончившие 4-хлетку пишут точно так же грамотно, как окончившие русскую 9-тилетку. Сами судите, до какой степени этот фонетический способ письма облегчает обучение. Вот в отношении социального значения для того, чтобы грамотность стала доступной, эта грамотность должна быть при обучении очень легка для населения, а фонетическое письмо при обучении грамоте облегчает не только дело обучения детей, но даже и взрослых. Здесь я должен коснуться исторического принципа письма. Есть тюркские народы, которые до сего времени не могли отрешиться от традиции. Возьмем, например, азербайджанцев и османцев – они до сего времени держатся исторического принципа письма. То, что к нам перешло от арабов, они консервативно до сего времени держатся этого, они считают святотатством изменить его. Так относиться нельзя! И при этом, относясь так, они еще винят других, что другие будто бы консервативны. Я должен это сказать здесь, потому что многие думают, что если мы держимся за арабский алфавит, то мы консервативный элемент. Нет. Со «священным» письмом давно покончили. В отношении применения фонетического способа для слов из других языков я должен сказать, что мы берем слова из других языков для наших надобностей хотя не для научного употребления, а в народном разговоре. Если возьмем слово «ажол», это киргизы считают своим словом, никогда не говорят, что это арабское «гакол» переделали казаки именно свое слово. Также много слов теперь новых. Слово «комиссар». Казаки говорят «комюссер». Что же это мы для европейцев должны оставить это слово в том виде, в каком они его произносят? Но казакская артикуляция не выносит такой конструкции слов. Поэтому мы все иностранные слова будем брать в таком виде, чтобы это было легко для произношения казаков. Точно так же и другие тюркские народы не должны считаться с происхождением слов, а должны считаться с говором, с артикуляцией населения. (Звонок председателя). Я многое пропускаю, только скажу одно, что здесь, когда открывали съезд, товарищ Агамали-оглы и товарищ Павлович говорили, что будто бы сам алфавит мешает прогрессу, а если возьмем языки, например русский, русское письмо в сравнении с нашим – это китайское письмо. Тут приходится заучивать, зазубривать каждое слово, точно так же как английский, немецкий и французский языки, в сравнении с нашей грамотностью это есть именно китайская грамота. Мы заучиваем только 24 звука, а они же все, что есть на этом языке, должны заучить. На каждом языке сколько слов, столько должны припоминать изображений этих слов. Почему? Потому что их письмо не передает правильно ни одного звука. Байтурсун (аплодисменты). Доклад мой будет о том, как мы, казакские научные и литературные работники, строим терминологию для литературы народа, и во-вторых, какого принципа мы придерживаемся в выработке терминологии. Основные мои мысли по выработке терминологии мною высказаны в тезисах, с которыми, полагаю, все делегаты Съезда знакомы. Настоящий мой доклад к ним ничего нового в основе не прибавит. Он будет носить скорее характер разъясняющий, конкретизирующий основные мысли, нежели их дополняющий. Изложенные в тезисах положения настолько очевидны, что едва ли они могут вызвать недоумение. Разве только сжатость изложения может внести некоторую неясность для правильного понимания высказанной мною мысли, поэтому я в своем докладе, базируясь на высказанных мною в тезисах основных мыслях, намерен развивать последние в пределах необходимой конкретизации. То, что в наше время лучшим фундаментом жизни является культурный фундамент, и что, поэтому, вся жизнь современных передовых государств строится на фундаменте культуры, я думаю, это бесспорно. В самом деле, кто же может отрицать то, что там, где культура слаба, земля приносит меньше урожая, машины работают хуже, промышленность и торговля мало развиты, борьба с болезнью и смертью малоуспешна, природа подчиняется мало или совсем не подчиняется, и стихийные ее силы для людей разрушительны и разорительны. В наше время культура есть глубокая жизненная потребность. Не основанная на культуре жизнь подвержена всяким случайностям. За примерами далеко не приходится идти. Еще свежи в нашей памяти ужасы голода 1921-1922 годов. А сколько было таких голодовок до этого? В жизни России такие голодовки случаются часто. Чем объяснить подобное явление, при неисчислимых и неисчерпаемых природных богатствах страны? Конечно, малокультурностью населения. Всякая повторяющаяся два года подряд засуха возвращает наших земледельцев в первобытное состояние, одна только неблагоприятная зима делает то же самое с нашим скотоводством. Это определенно, со всей очевидностью говорит о слабости в нашей стране культуры, когда она еще не подчинила себе природы. При высокой культурной форме земледелия и скотоводства, того, что сказано, не было бы. Современная культура не есть создание одной какой-нибудь нации или расы, а результат совокупных усилий и навыков всего человечества. В культуре каждой нации, кроме собственного творения, имеются заимствования, и на смешение их культуры влияют их отношения, которые различаются с точки зрения дружественного и неприязненного. Заимствования бывают и при покорении одной нации другой, и при мирном общении народов друг с другом. При этом сходные формы религии, обычаев, нравственности, общественной организации, сродность наклонностей, инстинктов, психологии и т.д. облегчают процесс заимствований и смешения культур. Культура, как продолжение естественного развития в органической природе, требует для своего развития благоприятных условий. Этих именно условий для развития культуры находящихся в России тюркских народностей не было. Единственный народ, у которого они могли бы позаимствовать кое-что, оказался не имеющим никаких сходных с ними форм быта и вдобавок еще оказался господствующим с правительственным верхом, державшимся по отношению к инородцам политики порабощения, обрусения, оправославливания. Последствием этого получилось полнейшее недоверие к правительству и неприязненное отношение ко всему русскому, а вместе с тем и к русской культуре. С другой стороны, некоторые тюркские народности, успевшие набраться духа религиозной нетерпимости, чуждались вообще всего немусульманского и рабски подражали всему мусульманскому, что также неблагоприятно отозвалось на развитии их собственной культуры, скажем хотя бы литературы. 4. Русская духовная культура, благодаря политике русского правительства, до последних десятилетий не оказала никакого влияния на развитие духовной жизни тюркских народностей в России. Заимствование духовной культуры происходило между самими тюрками. Здесь-то именно пришли на помощь те сходные стороны их быта, о которых я уже говорил. Тюркские народности перенимали духовную культуру друг у друга гораздо легче, чем у русского, но только перенимать-то им друг у друга было нечего. Единственное, что возможно было им перенимать друг у друга – это учение религии и письменность. Так как ни одна область культуры так тесно не связана с духовной жизнью как язык, то вместе с религией и письменностью стала проникать и литература светского содержания, а вместе с последней незаметно заимствовались слова из чужого языка. Языки постепенно испещрялись, терялись природные обороты и формулы, словом, получалось полнейшее засорение собственных языков. Избегнуть этого несчастья могли только те тюркские народности, где религия и письменная литература не могли пустить свои корни глубоко. Например, у казаков и киргизов религия не имела духовно-порабощающего влияния, и духовная литература большого распостранения среди них не имела. Благодаря этому, язык и следовал собственному ходу своего естественного развития. 5. Из сказанного видно, что на развитие культуры у тюркских народностей в России повлияли порабощенное положение их и в светской, и в духовной жизни. Теперь же, по освобождении от того и другого порабощения, тюркские народности стремятся заимствовать все стороны современной культурной жизни. Заимствуя предметы духовного и материального быта высшей культуры, они должны заимствовать и понятия, и идеи. Для выражения этих понятий и идей лексикон родного языка далеко недостаточен. Перед всеми тюркскими народностями встала необходимость либо заимствовать слова из чужого языка, либо приспособить лексикон своего языка для выражения перенимаемых понятий и идей высшей культуры, т.е. выработать терминологию языка. За отсутствием у меня достаточных сведений о работах по выработке терминов у других тюрков, я могу говорить лишь о положении этого дела, у нас, казаков: остальных же тюрков я буду касаться лишь мимоходом, при рассмотрении вопроса терминологии с принципиальной стороны. Как сказано в тезисах к моему докладу, до революции 1905 г. нам, казакам, печатать на родном языке ничего не разрешалось. Лишь после этой революции на казакском языке начали выходить брошюры, журналы, газеты, учебники. Рядом с этим шла работа по изучению природы казакского языка с фонетической и грамматической стороны. По реформе алфавита, соответственно фонетическим требованиям, по составлению грамматики. Словом, казакский язык за короткий промежуток времени стал принимать обработанный определенный вид, допускающий при употреблении сознательный контроль над собою. Мы, казаки с самого начала возникновения своего печатного слова стали держаться своего принципа, чем другие. Мы имели в виду всегда народную массу и старались, чтобы произведения печати были в полной мере доступны всем мало-мальски грамотным казакам, а через них и неграмотным. Мы старались, чтобы каждая мысль, брошенная в толпу населения, могла быть подхвачена каждым, чтобы зародить в массе интерес к знанию и зарядить его сознанием для правильного понимания окружающей действительности. Первым условием, необходимым для достижения этой цели, мы считаем доступность языка произведений для массы. В силу этого приходилось выражать на родном языке и такие понятия и идеи, которых раньше у народа не было и которым теперь поневоле пришлось облечься в казакские слова и выражения. С развитием культурной стороны жизни и с разростанием печатного слова пришлось прибегнуть к созданию особого органа для объединения терминов; без этого одно и то же понятие могло облечься в разные слова, в разных конструкциях. Для выработки единой терминологии у нас при Академическом Центре существует комиссия, которая во избежание засорения языка варваризмами, должна строго придерживаться определенных принципов. Последние одобрены и приняты первым съездом казакских научных работников, происходившем в Оренбурге в июне месяце 1924 года. Эти принципы следующие: а) Для терминов предпочтительно перед другими брать казакские слова с вполне соответствующим данному понятию значением. Это делается во избежание расслоения языка, т.е. для того, чтобы не получился язык верхов и язык низов или вернее, язык грамотных и язык неграмотных. Для нас, казаков это имеет весьма важное значение: процент грамотных у нас незначителен, организованных общественных чтений и лекций для населения у нас пока не имеется, как слушатели, так и чтецы у нас в полном смысле случайные. Для того, чтобы чтение газет, журналов, брошюр и т.п. произведения печати, где бы и кем бы не производилось, могло принести пользу, язык должен быть понятен для широкой публики. Только при таком положении незначительный процент грамотных людей может обслужить значительное количество неграмотных. б) В случае отсутствия в казакском языке подобного рода слов, заимствовать таковые из родственных казахскому языков. Это делается тем соображением, что: 1) большинство слов родственных языков хотя и не имеют общих форм, но имеют общие корни, следовательно, они и для понимания легче и для слуха и для выговора не так чужды, как слова неродственного языка, 2) тюркские народности имели и имеют постоянное общение между собою, а потому большинство слов одного языка, даже без наличия общих корней, может быть знакомо представителям другого языка. в) Общеупотребительные мировые термины могут приниматься, но с соответствующими природе казакского языка изменениями. При наличии казакских слов, могущих заменить их, должны помещаться оба, чтобы право выбора предоставить обществу. Под общеупотребительными терминами мы подразумеваем современые общераспространенные европейские термины, но не арабские. Мы принимаем их предпочтительно перед арабскими в силу того, что мы приобщаемся сейчас не к арабской культуре, а к европейской. Все достижения европейской культуры в полной мере могут быть выражены европейским же языком. Но заимствованные термины должны подчиняться нашему казакскому говору, т.е. на них должны распространяться звуковые законы нашего языка, исходящие из привычных артикуляций языка. Для того, чтобы иностранные слова сделать нашими, это необходимо. г) Все неказакские слова, не согласующиеся с природой казакского языка, точно должны подвергаться изменениям соответственно казакскому говору. Это значит, во-первых, что во всех неказакских словах, с чуждыми казакскому языку звуками, последние заменяются соответственно нужными звуками, во-вторых, суффиксы в неказакских словах заменяются казакскими, в-третьих, двойные звуки принимаются в ординарном виде, в-четвертых, чуждые казакскому языку окончания должны измениться в пределах требуемого языком удобства произношения, например, Оренбург – Орынбор, Самара – Самар, пуховой - бокебай, покров – боқырау, Адамовский – Адамау и т.п. Благодаря принципу, охраняющему язык от варваризма, мы казаки, имеем в настоящее время единый казакский язык, т.е. наш язык не делится на язык народный и литературный, на говор простонародья и интеллигенции. Без этого с нашим языком получилось бы то же, что и с языком других тюркских народов, имеющих печатное слово с давних пор. Как говорят народные массы у анатолийских турок и азербайджанцев, мне известно. Если они говорят на том же языке, на каком пишут, то несомненно у них тюркского осталось очень мало. Тюркский элемент в их, так называемом, литературном языке представляется мне истрепанным, искалеченным, тощим грамматическим скелетом, обвешанным всевозможными чужими словами. После анатолийско-турецкого и азербайджанского наиболее испещренным языком является, по-моему, татарский язык, имеющий с давних пор письменную литературу. Это тоже один из языков, злоупотреблявших варваризмами. Узбекский литературный язык представляется мне тоже в достаточной степени засоренным языком. Крымский литературный язык тоже. У башкир литературный язык только что рождается, причем замечается стремление и у них к ограждению своего языка от варваризмов. На тот же путь вступила туркменская литература. Одним из языков, свободных от иноязычного влияния и от варваризмов, является киргизский язык, который в отношении выработки литературного языка придерживается того же принципа, какого наш казакский. В заключение мне остается сказать, что я нахожу правильным положенный нами в основу литературного языка принцип, потому что это есть самый вернейший путь к тому, чтобы сделать печатное слово доступным народной массе. А печатное слово, как я говорил в тезисах и говорю в докладе, играет весьма важную роль в деле поднятия культурного уровня массы. Уровень своей культуры мы должны измерять не количеством знания, накопленного в верхах, а областью распространения его внизах. При современном мировом характере хозяйства и конкуренции, борьба за существование без высокой культуры – что война безоружных с вооруженными. С каждым днем становится все очевиднее, что всякая область деятельности должна иметь свою усовершенствованную технику и специальные знания. Правильное и успешное развитие современной общественно-хозяйственной жизни возможно только при высоком культурном уровне всего населения. Крупная промышленность, составляющая особенность нашего времени, требует высокого культурного уровня рабочих. Сельское хозяйство, составляющее основу нашего благосостояния и благополучия, требует высокого культурного уровня сельского населения. Всякого рода «зации» и «ции» советизация, колонизация, электрофикация, индустриализация и т.д. – все это такие вещи, которые требуют активного участия массы и нуждаются, в свою очередь, в гибкости и подвижности ее ума, а эти свойства не развиваются, когда человек замыкается только на одном физическом труде. Знание и труд две разделимые, ежеминутно сплетающиеся стороны одного и того же процесса. Знание есть орудие для активных целей человека, без знания участие массы в общественном строительстве будет не активное, а пассивное. В деле-заряжения народной массы знанием большую роль играет правильно поставленное печатное слово, которое, прежде всего должно быть доступно массе. Это одно. А есть еще другое. Мы, тюркские народности, как в большинстве своем далеко отставшие от высоко-культурных народов, шествовать с ними рядом, нога в ногу, по пути прогресса пока не можем. Многие предметы их высоко культурного быта, как материального, так и духовного, для нашей массы пока будут недоступны. Мы от высоко-культурных народов отделены толстою стеною различия языка, которая при нашем стремлении к приобщению к европейской культуре во многом будет мешать нашему свободному движению в эту сторону. Культурные силы и культурный уровень тюрксикх народностей не одинаковы. В то время, когда одни тюрки будут преуспевать в своем культурном развитии, другие могут отставать. Для того, чтобы они могли пользоваться друг у друга достижениями, хотя бы в области духовной культуры, необходимо, чтобы произведения их печати были доступны друг-другу. Первым шагом в этом направлении было бы освобождение тюркских языков от господства варваризмов. По-моему, правильно поступили бы все тюркские народности, став на казакскую точку зрения в отношении выработки терминологии и литературного языка. Этим путем каждый из нас разгрузив свой язык от балласта чужих слов и очистив его от засоренности влиянием чужого языка, сделали бы доступными произведения своей печати и своей народной массе, и другим тюркским народностям.

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН

БАТЫР БЕКЕТ

Әбубәкір Диваевтың жиған сөздері. Бастырған Түркістан республикасының баспасөз шығарушы мәхкәмәсі. Ташкент, 1922 жыл. Кешегі өткен уақыттағы Арыстан ханның заманында Орынбор-Питербор деген жер бар екен. Алшын Жаппас деген ел бар екен – деп, Бекет батырдың жыры басталады. Арыстан ханы осы күнгі Бөкей, Орал, Торғай, Қостанай, Ақтөбе, Адай гүбернелеріндегі Кіші жүзді билеген Абұлхайыр ханның әулеті Арыстан хан (төре) болса керек. Абұлхайыр хан орысқа 1732 жылы қараған. Бекеттің замандасы Арыстан ХІХ ғасырда болса керек. Бекет батыр орыс қазақты ноқталап мінген уақытта шыққан болады. «Арыстандай айбатты, Рүстем-дастандай қайратты, Арыстандай жүректі, Жолбарыстай білекті» – деп жыр Бекет батырмен оқушыларды таныстырады. Бекет батыр тағы ақылды. Орысқа өзге жұрт қарағанда, Бекет батыр қарамайды – батырдың досы Шернияз Бекетті алдап, оязға ұстап беріп, өзі оязға помошнек болыпты. Ояз біздің қырға 1867 жылғы жаңа законде шыққан. Бекет батыр бұған қарағанда жақын арада болған жігіт. Батыр қолға түскен соң, Сібір айдалған.

Бекет батырдың айдалып бара жатып айтқан сөзінен:
Төменнен шығып өр барып,
Аруақ, ұран қолға алып,
Іліндім Бекет дегенге

Жоғарымын төменге,
Алшын, Жаппас шөменге,
Жасымнан шықты дауысым,
Мен қазақпын дегенге.

Хандарменен қас болып,
Барлық жұртқа бас болып,
Жұрттан астым деп едім,
Хан ақысын жегенге,

Екі кісі бас қосып,
Бітім қылса кәпірмін,
Бекетжан білсін дегенге.
Елге барсаң сәлем де!

Есет ағам Беренге
Бекнияз ұлым Зеренге,
Бекет қайда қалды деп,
Сұрай қалса Есе-екем,

Бекетің түсті дегейсің,
Шықпайтұғын тереңге. (6-8 беттер)

Есет еді жолдасым,
Жолдас болған жолбарысым,

Үйлі кәпір келгенде
Арыстан ханды өлтіріп,
Астынан міндім жорғасын.
Мен мұсылман дегенге

Үйлестірдім олжасын (31 бет).

Жырда Есет батыр Бекеттің әкесі Сіргебайға іні болады. «Есет еді жолдасым, Жолдас болған жолбарысым» – дегенге қарағанда бұл Есет тарихтағы белгілі Есет болады. Кіші жүзде Есет батыр қазақ орысқа қараған соң, төрелермен көп алысқан:

Талтаңдаған төрені,
Сақалынан ұстап алып,
Қонаққа сойған қозыдай
Қолымнан өлім бергенмін.

Өлтірген неше төрені,
Салмойын Бекет дегенмін! (15 бет).
Бекет батырдың қатынына айтқан сәлемі:
Ойнамасын, күлмесін,

Менен күдер үзбесін;
Кім біледі Бекеттің
Бұл сафардан келмесін;
Көргенде сүйем деп,

Көпке көзін салмасын;
Аш кісінің арқауы
Бүлдірмесін дүниесін;
Біреуге қиып бермесін,

Омырауда алтын түймесін;
Айнала біткен шектінің
Біреуіне қызығып
Сөйтіп іші күймесін.

Бекет батырдың қатыны артынан айдалған батырды қуып барып, қашуға көмек қылып, батыр қашып елге қайтыпты. Орыс жұртында айдалған байына ерген қатын көп болады. Біздің әйеліміз жақсы деп, орыс жұрты мақтан қылады. Екі декабрістің ханымдары – кнегине Волконская һәм кнегине Трубецкаяға орыстың ақыны – Некрасов шығарған өлең бар: «Русские женщины» деген. Бұлар каторжная работаға айдалған ерлерін қуып барған. Бекеттің жырына қарағанда біздің қазақ әйелі де мақтануға жарайтын:

Қабыл болып тілегі,
Шернияздың түндігін,
Найзаменен ашады,
Қанын судай шашады.

Арадан күндер өткенде,
Мұратқа сөйтіп жеткенде,
Жасаған ием жар болып,
Шернияздың ниеті

Өз қанымен тынады (27 бет).
«Батыр Бекет» жыры мектепте балалар жатқа алатын кітап.

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН

МЫРЗА ЕДІГЕ

Әбубәкір Диваевтың жинаған сөздері. Түркістан республикасының баспасөз шығарушы махкәмәсі. Ташкент, 1922 жыл. Жас күнінде Едіге бір жаман шал мен кемпірдің қолында өскен еді. Едіге қой бағып жүрсе, бір түйеге таласып екі адам келіп қойшы балаға жүгінеді. Қойшы дауласқан атанның енесі деп дауласқан екі інгенді алғызып, атанның тақымына қылбырау салғызады. Атан шыңғырғанда інгеннің біреуі боздап қоя береді. Қойшы атан боздаған інгеннің ботасы деп билік айтады. Бұл билік жұртқа жайылады. «Сол аймақта Ноғайлы деген ел бар екен. Ноғайлының ішінде Тоқтамыс хан деген хан бар екен» – дейді жыр. Тоқтамыс хан билікті есітіп, қойшы баланы бала қылып асырап алады. Бұл Тоқтамыс Алтын Орданың ханы. Тоқтамыс Ақсақ Темірдің замандасы. Едіге әуелі Тоқтамыстың биі-батыры болып, Алтын Орданың ханы Ақсак Темірмен соғысқанда Темір жақта болған. Ақсақ Темірдің қолын бастап жүріп, 1399-ыншы жылы осы күнгі Полтава каласы тұрған Ворксала үйезінің бойында Едіге Литва кнезі Витовты жеңген. Жырдағы Тоқтамыс хан да, Едіге де тарихта болған кісілер. Атбасар үйезінде Ұлы таудың бір биігінде қазақ әулие дейтін Едігенің обасы бар. Едіге Тоқтамыс ханмен араз болып кеткен соң, хан тоғыз батырларын жібереді, Едігені шақырып кел деп. Тоқтамыстың тоғыз батырлары Едігені қуып келіп, сонда Кеңестің ұлы Кенжебайдың Едігеге айтқаны:

Ер, Едіге сынды, енді қайтса не,
Кайтып Еділ өтсе не.
Еңсесі биік бұ зорда,
Еңкейіп сәлем берсе не

Еріні жұқа сары аяқ,
Ер сарқытын ішсе не.
Жаурындары жаңталы,
Түйме бауы тартпалы,

Үстіңе ал, қара киіс
Тон береді, кисе не.
Көкала жорға мінсе не.
Күн дабыл бас байланып,

Тұтам таулы сом алтын.
Ақ сұңқар құс береді,
Көл айнала шүйсе не (226 бет. Шоқан).

Шоқан жазған Едігенің жырында арабша, фарсыша бір ауыз сөз жоқ. Қазақтың тілі өзге тілге араласпай тұрған уақытта Едіге жыры шыққан болса керек.

Едігенің Кенжебайға берген жауабы:
Осы барған жолыммен
Саты ханға қонармын;
Соған бала болармын.

Қанша жолдас болса да,
Керегінше алармын.
Қайтып келіп еліңе,
Кәне кедей көріктіңді

Тінекедей тектіңді
Ат көтіне салармын.
Болдырып шауып еліңді,
Қылышымды суырып

Жосадай қанға шалармын (15 бет).

Едіге енді Сатымыр ханға қызмет қылады. Сатымыр хан Едігенің қатынын алам деп, бимен араз болады.

«Мырза Едіге» мектепте балалар оқитын кітаптың бірі.
«Темірқазық» Шоқан жазған Едігенің жырын да басады.

1 Тоқтамыстың тоғыз батыры: Есентайдың Хұдайбердісі, екі қос Дәулет Арғынның атасы Қарақожа, қара қыпшақ Қобыланды, Ақбалтыр ұлы Уақ, Мәнжүрұлы Шуақ, Кеңестің ұлы Кенжебай (224 бет. Шоқан).

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН

РОМАН БӘЙГЕСІ

117-інші нөмір «Қазақта» Есенғұл хажы хаты басылды. Роман бәйгесінің күні осы майда толатын көрінеді. Хажы сыншыларды өзі атап, Семейге шақырып тұр.

Өзге мәдени жұрттардың бұл сияқты бәйгесінен бір-екі ауыз сөз жазайын. Кен қазып, тас бұзып адам баласы қазынасын байытқанда, мына Еуропа соғысып адам баласын қырғанда, екі іске бірдей файдасы тиген динамитті шығарған швед инженері Әлфред Нөбел бәйгеге 18 миллион қазна қалдырды. Үш жылда бір мұнын проценті (өсімі) хүкімет, химия, дәрігерлік, роман жазып озғанға, адам баласының танушылығы жолына аса өнер қылғанға берілсін деп (Л.Н.Толстой, Әмерикада бұрын президент болған Рұзвелттер'. сол айтқандай кісілер). Л.Н.Толстой бәйгені алған жоқ. «Мен ақшаны алмаймын: адам баласын хайуан жолына сүйреп отырған қазна жиған құмар-лық» – деп. Мәскеу университетінде граф Уваров атына аталған 1500 сом бәйге бар. Мұжық жайы туралы жазылып озған кітапқа беріледі. Былтыр мұны «Русские ведомости» һәм «Русское богатство» жазушысы Агановский алды: «Мұжық жері һәм ауған мұжық» атты кітабына. Орыс тілін білетін біздің қазақ баласы оқыса, мұнан көп білім табылады. Қазақ жеріне ауған мұжық мәселесі де мұнда бар. Біздің Петроград академиясында Пушкин атына аталған 2 мың сом бәйге бар. Бұл көркем сөз (роман, өлең) жазып озғанға жыл сайын беріледі. Сыншылар жылда жазылған өлең, романнан бәйгеге лайықтысын таппаса, бәйге берілмей жатып қалады. Сөз қысқартайық осы екі мысалмен. Швед академиясы да, біздің академия да, Мәскеу университетінде де бұл бәйгелер туралы озғандардан сайлаған комитет бар. Бәйгеге қосылған кітаптарды осы комитет шілендері сынға алады. Өз ортасынан сыншыл, жүйрік табылмаса, сынға кірісуге шілендер тасырқаса, мамырласса, комитет бөтен жерден жүйрік, сыншы шақырады. Сыншылар баспа кітапты қолға алып, сынын мақала қылып жазып комитет академияға қайырады. Университет, академия осы сыншы мақалаларын тыңдап, соттағы присәжнише билік айтады. Анау жоғарыда жазылған Агановский алғы статистика есебі 335 бет. Мұны сынға алып мақала жазуға аз болса, көнбіс-білгіш адамға 15-30 күн керек. Бізде мұнан бұрын роман жазылған емес. Мир Яқұб романы «Бақытсыз Жамал» кішкентай ғана кітап. Мен мұны«Қазаққа» сын жазбақ болып қолға алып едім. Екі жұма отырдым. Бұл менің бұрын қылмаған ісім еді. Сонан ба, жоқ, сын өнері менде жоқтықтан ба, оны оқушылар білер. «Қазақ» басқармасында неше роман бар, бұлар неше беттен екенін білмеймін. Анау «Бақытсыз Жамалдай» десек, сынға аз болмас. Сын мақала болып хатқа жазылмаса, аты бәйгеден қалған талапкер дәлел сұраса, қиын болады. Кітап жазған адам құлын құлындаған биеден де қызғаншақ болатын. Менің бұл сын туралы фікірім жоғарыда жазылғаннан анық болар. Бізде академия, университет секілді білім дүкендері, бұлардың комитеті де жоқ. Сынға түсетін кітаптар жазба, басылмаған. Кітап баспа болғанда, ана хажы көрсеткен, бұлардың ішінде фарызын алам деген, сыншы болмақ оңай жұмыс емес. Әр шебер өз орнында іс атқарса, іс орнына келеді. Маған өлең айтқызса, мұнан түк файдалы нәрсе шықпайды. Сыншыларға кітапты жіберіп, бұлар жазған мақалаларын хажы қалаған 2-3 кісі қараса, жол осы еді. Жазулы кітап біреу-ақ болып, амалды құрытып тұр. Жиылып бұл неше адамның жазба кітаптарын сөз сынына салсақ, бұған жеке би билігіне көндім дегендей, роман жазушысынан уағде шарт. Бұл сыншыларға да, роман жазушыларға да ыңғайсыз. Әлде болса, кітаптарды сыншы болам деген кісілерге поштамен жіберіп, жылдам қайтаруын сұрап, бұлардан сын мақаласын жиып, мұны кісі саны аз, жазушы басы құраулы Семей (Шаһкерім бар), Орынбұрғ (Ахмед, Мир Яқұб бар), Тройскінің (Бахытжан, Мұхамеджан бар) бірінде комитет қарағаны дұрыс. Бұған хажы мен роман жазушылар не айтар екен? Мен мақаланы газетаға роман-өлең, өзге көркем сөз емес, білем деген жолмен жазып отырмын. Роман сыны маған қол емес. Бірақ, бұл күнде хажы атаған соң, мұнан қашу маған жол емес. Мәдени жұртта көркем кітап жазып отыратын Ахмед, Мир Яқұб газетаның уақ ісіне есіл ғұмырын байлап отыр. Білгенді қылам дегенге жұрт керегі қойып жатыр ма: Шаһкерім, Ахмед, Мир Яқұб (бұлар Аполоннан бата алған жоқ) жеріме түсті демесе, мен сыншы фарызын өткеруге құл болдым.

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН

РОМАН ДЕГЕН НЕ?

Роман деген сөздің мағынасы мынау. Осыдан 150 жыл соң Италия франсұзды билеп тұрған заманда екі тіл қатысып, ортадан дара роман тілі туған. Осы тілмен франсұз жазушылары сол заманның кемшілік, таршылығын көрсетіп кітап жазған һәм кітаптарын роман тілімен жазған үшін «Роман» деп атаған. Сонан бері міні ХҮІІІ ғасыр (ғасыр – жүз жыл) осы мақсұд, осы мағнамен һәр нәсілдегі, һәр діндегі халық өзінің өмірін, өзінің ана тілімен жазып келе жатыр. Сол жазған кітаптарын роман деп атап кетті. Романның басталуына ХҮІІІ ғасыр дедік. Сонан бері һәр халық романды өте қыдыр тұтып, жоғары ұстап, гүлдетіп, жасартып көп кітаптар шығарып келеді. Романның ішкі мағнасы: тіршіліктің жарық һәм күңгірт жағын бейне өзіндей етіп суреттеп, адамның өзіне көрсету. Роман адамзаттың өмірін, дәуірін бұлжытпай көрсетуші баға жетпес айна. Роман суреттеп көрсетеді: я бір адамның, я бір нәсілдес, бір тілдес халықтың өмірін яки бір қалыптағы заманның қатардағы жәмәғитын, я қилы-қилы замандарда болып өткен халықтардың өмір халін. Романның асыл мақсұды: адамзаттың мінез-хұлқын түзетпек, кемшілікті, қараңғылықты адамзаттан қумақ. Мұнан мұрад, ол адам баласына үйретінді үлгі, тәрбие бермек. Осы кезде роман адамды жоғары, төменге бөлмей, шетке қақпай, талғамай сынап жазып отыр яғни роман көпке бірдей болып, романнан һәркім өз керегін алады, өз мінін я артықшылығын табады. Осы заманда роман жазылады: тұтас халықтың, буын-буын елдің, патшалықтық, мәжілістің жайлары, адамның білім-өнерін, шаруа тұрмысын. Осы рет, осы мағнамен ХҮІІІ һәм ХІХ-ыншы ғасырда атақты роман шығарушылар: Әнглиеде Валтер Скот, Чарлз Диккенс, Уйлием Теккерей, орыста Пушкин, Гогол, Лермонтов, Толстой һәм басқалар. Толстой өзінің данышпандық һәм хәкімлік жағынан «Соғыс һәм татулық» деген роман жазып шығарғандығымен бүтін жер үстіндегі адам баласына атағы жайылды. Мұнда Толстой алуан-алуан адамның мінез-хұлқын бірін қалдырмай тізіп, адам өмірінің жіңішке қылдай жерін суреттеп көрсетеді. «Соғыс һәм татулық» ро-манында бар: патша да, міністр де, төре де, офитсер де, салдат та, кәсіпшілер де, саудагерлер де, байлар да, қызметшілер де, егінші де, мұғалім де, шәкірт те, би де, песір де, еркек те, әйел де, бала да, кәрі де, жас та. Осылардың бар өмірі, мінез-хұлқы, әділдік-зорлығы, артық-кемі, күшті-әлсізі, бәрі де көз ал-дыңа келіп тұрғандай елестейді. Романды түсініп оқыған адам әлгі айтқанның бәрін кереді, сондықтан роман – өмір айнасы.

' Бұл жапон мсн орысты татуластыруға ссбсп болған.

Қазақта роман бұрын жоқ еді. Біздің арамызда қазақша бірінші роман шығарған Мир Яқұб Дулат. Оның «Бақытсыз Жамал» деген романы 1910-ыншы жылы басылып жарыққа шықты. Басқа халықтарда, жоғарыда айтқанымыз секілді, неше ғасырдан бері тамыр жайып, күннен-күнге, жылдан-жылға ілгері басып, сабасына толып тұрған кезінде, біздің қазақта ең бірінші көзімізге көрінген романды озық жұрттардікімен салыстыруға болмайды, біз өз бойымызға лайықтап, мұны қазақ әдәбиатында тәуір хызметке санаймыз. «Бақытсыз Жамалда» қазақтың хазіргі жайынан біразы көрінеді. Мұнда қазақтың қай жерінде болса да, малға қызығып, партияға қызығып қыздарын жастай күйеуге беру жайы бар, ысырапқа ақша шашып, жақынымен араздасу, қызын сүймегеніне жылатып ұстап беру, бұған шыдай алмай қыз теңін көксеп қайғыға бату бар. Ата-анадан күдер үзген соң, өз теңімен қашар бар, ахырында хорлық көру бар. Мұнда бар: шала сауатты молла да, жаңа мұғалім де бар мұнда ақсақал да, би де, болыс та, тілмаш та, орыс та, өтірік куәлік бергіш указни молла да. Мұнда бар һәр түрлі әйелдер, бозбалалар, ойын-сауықтар. Осылардың мәрхәмәті, зорлық-зомбылығы, қазақтың ресімі көрсетілген. Мұнда партия да, партияға құмарлар да, ел арасын бұзушы қулар да, барымта да бар. Қабағын салбыратып, еңсесі түсіп, топтан мұңайып Сәрсембай да келе жатыр... Енді біз түсіндік, роман көпке арналған кітап екенін; көптің кітабы болса, һәр қайсысымызға тиісті, міндетті романды тесе қарап, телміре оқып, мінез-хұлқымызды түзеп, романнан халіміз жеткенше тәрбие алу керек. Төрт аяқты аңдар мен тәрбиесіз тағы өскен адамдар бірінің етін бірі жейді. Негір халқы үй ішінен семізі өлсе қуанып, арығы өлсе, жеуге келмейді деп, күйініп қалады екен. Біздің елу басылар, болыс-билеріміз семізді жығып, арықты семіртіп жеп жүрген жоқ па? Мұның негірден басқалығы қанша? Міні, сондықтан өнер-білім керек, онан да керегірегі тәрбие. Қанша оқысақ та, тәрбиеміз кем болса, хасиетіміз аз.

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН

ӘН, ӨЛЕҢ ҺӘМ ОНЫҢ ҚҰРАЛЫ

Ән адамның бар ет тамыр, сүйек-сүйегін қозғайды, бәрін ерітеді, елжіретеді: (өлең айтып ән салғанда біреуді аңдысаң) көрмеймісің, жүзінің құбылғанын, бетіне қызарып қан құйылғанын, көрмеймісің көзінің жанарынан, байқаусызда шығып кеткен дауысынан тағы жым-жырттана қалғанын... Жаңа туған бала жылау әні, солқылдау әнімен дүнияға амандасады. Адам жан шығар алдында арпалысып «а-а-а» – деп ән салып дүниямен хош-тасады. Осы елі бас ән, ақтық әннің арасында адам бірін көтеріп, бірін созып өлең қосып, бір өлеңді бір өлеңге қосарлап, іштен шерін шығарып күйін тарқатады. Бірге мағлұм көрнеу тұр: ән, өлең, сыбызғы, домбыра, қобыз – бәрі бір мағынада. Адам көңілдегісін алғаш сөзбен қияды: ән салып, өлең айтып, домбыра шертіп, қобыз ойнайды – адамның жайын, сезімін, жүрегін қозғайды, тиіп өтіп елжіретеді, бусандырады, буынын алады ... Кімге мағлұм емес, кімге анық емес ән-өлең, оның аспаптары адам жүрегіне, сезіміне-күйлеріне һәрдайым барша уақытта құдыретті бір сайман – адамды қозғайды, көтереді, басады-тыныштайды, жайлайды – ән бір жиында, тойда, айтулы қыздырмада адамдар бәрі бір сезімде, бір қызбада, кызығы бір, қуанышы бір. Кімге мағлұм емес – ән-өлең өтім өтеді, қозғайды жанды, сезімді, ет-тән тамыр-тарамыстарға шейін кеулейді, адамға ғайрат береді. Жұмыс қылып тұрғанда айтқан өлең құрып тұрған титықтың, шаршап тұрған буынның талыққанын сездірмей жібереді. Ән-өлең, күй адамның анық тілі, шын тілі, көпке бірдей ұғымды тіл – бұл тіл жанға хас, жүрек тілі, сезім тілі, күй тілі: неше түрлі рахат татқан жаны осы тілмен сөйлейді, һәр түрлі үндерді тілмен сұлулап, майлап қояды, қуаныш-шаттық рахатын сыртқа білгізеді, адам мехнатын, ауыр ісін жеңілейтеді, қайғы-хафасын шығарады, мауқын басады. Сол себептен ән-өлең адамның қараңғы жер астына кіргенге шейін айрылмас досы, жолдасы. Бұл жалғыз адам турасында емес, бүтін бір ру, бір ұлтқа да солай: қарасаң һәр халықтың өлеңіне, түбіне көз жіберіп, құлақ салсаң – айнадай болып көрініп тұр – кейбір халық өлеңін жанды, тірі қайғылы-мұңды қылып қалдырған, кейбір халық дін жанды, тірі қылып, шаттықпен көтеріңкі қылып қалдырған: мұңды – фин, жанды – Ітәлия.

«Қара таудың басынан көш келеді,
Көшкен сайып бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айрылған жаман екен,
Мөлдіреп қара көзден жас келеді»

деген өлең қазақтың бұрынғы қиыншылық, таршылық хафаға түскенін мұң қылып көрсетіп тұр. Әннің биік орында тәһсір қылатынын көп ақындар, данышпандар бұлай айтады. Гөте келтіреді: ән-өлең шертіп ойнау ең жоғарғы өнер – әнде не нәрсе салынса, ішекке не ойналса, сол нәрсе жоғары шығып көтеріледі, ағарады, хасиеттенеді. Шопененгаур сөйлейді: өлең, ән, күй салу баршамыздың қазнамыздың (қозғалу, сезу, тебіренуді) жоғары жасап, жоғары жаратуға зор бір құдіретті сайман: өлең, ән, күйдің күші – ән қуаты сондай күшті, сондай терең – бұл барлық, жаралыс тұрмысын көрсетеді, өзге өнерлер құр көлеңкесін ғана көрсетеді. Жүрек жанына орнаған дақты сол күймен ғана сыртқа шығарады. Мәрхамат, шәфқат, рахат, мехнат, шаттық-реніш, ғайрат, хафалық, зар, мұң, күйініш – бәрін де жүректе қандай болса, сондай қылып керсетеді. Бетховен айтады: ән, өлең, күй сондай ашық түрлі жарық тіл, ондай қылып данышпан да, хәкім де айтпайды. Ол адамның жол салушысы, жол басшысы – бұл жол бір ғана сонау биік, жоғары білім ғаламына шығатын жол, ол ғалам адам баласына сезімді, бірақ денесімен адамзат бара алмайды. Ән, өлең, күй құдырет ғылымымен әбден сырлас. Мәртін Лутер – ән, өлең, күй аспабы адамның ғибрат берушісі, адамның ақылын оятып, молайтып, қорытып беруші ең жақсы ақылшысы – жіңішкелікке, төменшілікке, бірлікке, татулыққа, сүйіспеншілікке ең бірінші оқытушысы, үйретушісі. Ән, өлең, күй ең сенімді үн, бұл үнмен адам мехнатын, рахатын, ғайратын, шәфқатын, сүйіспеншілігін билейтін, қайғы-хасыретін хұдайға тапсырады, жеткізеді. Ән, өлең, күй аспандағы феріште тілі, бұрынғы жерде болған пайғамбарлар тілі. Ән, өлең, күй Алланы танытуға үлкен себепкер. Мәртін Лутердің дұспандары аңыз қылысқан: «Мәртін бізді білімімен алдап ерітіп алмады, әнімен елжіретіп ерітеді» – деп. Қазақтың ақындары да ханның қаһары, судың зәһәрінен ән салып, өлең айтып, күй тартып басын өлімнен құтқарғандар да бар. Ақын Абай айтады:

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы
Тілге жеңіл, құлаққа майда келіп
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Ән-өлеңді өзіндей қылып, бұлжытпай бейне дауыстан шыққандай етіп домбыра, сыбызғы, қобызға қиып салады. Бұл құралдар музыка аталынады.

Ә.БӨКЕЙХАН

КІТАП СЫНЫ

Әңгіме кітабы. Үш бөлімді. Еуропа тілінде мұндай кітапты роман дейді. Белгілі жазушымыз Аймауытұлы Жүсіпбек жазған. Кітапта 200-ден аса бет. Қағазы, басылуы жақсы, бағасы 1 сом 30 тиын. Жүсіпбектің бұл романы қазақ әдебиетіндегі бірінші роман десек, аса қателескен болмаймыз. Бұдан бұрынғы қазақ тілінде болған романдар тұрмыстың бір-екі құбылысын ғана суреттейтін романшықтар еді. «Қартқожа» толық роман. «Қартқожада» тұрмыстың көп пернелері басылып, көп құбылыстары суреттеледі. «Қартқожада» ұйқылы-ояу тыныш шақ емес, талас-тартыс шағы, тарих жаңадан жазылатын қасиетті шағы суреттеледі: қазақты патша билеп, мықты осалды жанышқан заман. Қазақ баласының хат тануға зар больш кіретін мектеп таба алмай зарыққан заманы, қазақ басына қара күн туып, қазақ шаруасы қырылған 1916-ыншы жыл. Қиянгезшілік соғысы, фебрал өзгерісі, қазақтың Ұлт үкіметі(Алашорда), октәбір өзгерісі, кеңес үкіметі, Кеңесті Қазақстан... барлығы «Қартқожада» тегіс суреттеледі. Мұның үстіне «Қартқожада» бастан-аяқ қазақ елінің жайы, көзге жақсы көрінбейтін көмескі тап жігі айқын ашылып отырады. Кітаптың ұзын бойында бай мен кедейдің, құл мен қожаның, жеуші мен желінушінің, төре мен қараның, би мен шаруаның тілектерінің қайшылануы суреттеліп отырады. Бүгінге дейін біздің ең өзгерісшіл тап жігін айырам деуші жолдастарымыздай, білімнің кемдігінен я ұлтшылдық бойына сіңіп қалғандықтан қазақ елінің тап жігін айқындап алып суреттей алған жоқ еді. Я әрі, я бері кетіп, жүйесіз жерге пышақ салып жүреді. Жүсіпбек дөп сермеді, пернелі, әдемі сөз, тап жігін әдемі суреттеді. Бұл реттен де «Қартқожа» бірінші роман. Кеңеске шын қараушы қазақ жастарының сүйсініп оқитын роман. «Қартқожадағы» оқиғалардың тіркемі дөп дұрыс: бірінен бірі тізіліп шығып отырады. Сөзі ғана тіл алтын зердің жібіндей жаратылыс, қоғам құбылыстары аса әдемі суреттелген: оқушыны аруанадай жетелеп, еліктіріп, бұйданы іріктірмей өкше бастырып отырады. Кітаптағы арбір буындарға қойылған «ат» жұмбақ іретінде. Оқушы тез оқып шығып, тез түсінуге әуес. Мұндай әдет орыстың данышпан жазушысы Достоевскийде болатын. Мәселен, Достоевский: тағы бір жоғалған адамшылық «мұжықтар шулап келе берді» деп әңгімелеріне ат қоятын. Жүсіпбек «Уайым күшейді», «Қабар берді», «Бұлт қоюланды», «Қош, аман бол!», «Мәңгі аңсау» дегендер сияқты әңгімелеріне жұмбақ ат қойып отырады. «Қартқожада» кемшіліктер да болар. Бар да. Бірақ бұл кемшіліктер өзінен-өзі жойылатын кішкентай кемшіліктер. «Қартқожа» маңызды кітап. Талдап сын жазғанда көп уақыт, көп еңбек керек қылады. Еуропаның көркем әдебиет жазушыларының кітаптарындай, Пушкиннің «Онегин» деген кітабындай «Қартқожа» қазақ әдебиетінің тарихында зор өріс алатын кітап. Сондықтан газет бетінде «Қартқожаны» мүшелеп отырудан тиылдық. Айтатынымыз «Қартқожаны» хат танитын қазақтың оқуы керек. «Қартқожаны» жастардың бәрі оқуы керек. «Қартқожа» мектептерде де орын алысты.

Жүсіпбектін қаламының, өнерінің үстей беруіне тілектеспіз!

Ә.БӨКЕЙХАН

КІТАП СЫНЫ

Аймауытұлы Жүсіпбек. Психология. Ташкент, 1926 жыл. 375 бет. Нарқы 1 сом 33 тиын. Тиражы 2000. Сүгіреттері бар. Бұл күнде психологияны білу өте-мөте бала оқытушыларға керек. Психологияға ескі көзқарас қартайды. Жаңа қөзқараспен толық жазылған кітап орыс тілінде де жоқ. Жүсіпбек психологияға жаңа көзқарастарды да жазған. Мұндай кітапты орыс тілінде оқу үшін біраз білім керек. Қазақ тілінде оқу үшін одан да гөрі білім керегірек, Жүсіпбек кітабын шама келгенше жеңіл тілмен жазған. Мұндай кітапты жеңіл тілмен жазуға өте зор ұсталық керек. Мағынасы терең нәрсені қанша жеңіл тілмен жазсаң да, жайлап, асықпай ойланып оқуды керек қылады. Солай оқыса бұл кітаптан оқытушылар көп пайда алады. Кітапта орнықпаған бір-біріне қарсы ойлар кездессе, оған әрине жазушы жазықты емес, психология білімі басқа білімдердей таластан шыға алмай жатқандығы жазықты. Оқытушылар білімін толықтыруға кітаптың зор пайдасы бар.

Қарамына қарай нарқы да, орасан қымбат емес. Басылуы тәуір.
Қыр баласы

Ә.БӨКЕЙХАН

ВСЕВОЛОД ИВАНОВ

Төрт әңгіме, 64 бет, 30 табақ. Мәскеу. 1927 жыл. Қазақшалаған Мағжан. Бұл кітапты жазған орыста сырлы әдебиетте бәйге алған жаңа жазушының бірі. Жазғаны жаңа да ел басынан кешірген ақ пен қызылдың соғысы мен елде болған ашаршылық. Әңгімедегі жазылған жер Семей мен Жетісу, ондағы қазақ пен казак-орыс. «Темірбай аяғынан шығып кеткен атын қарап жүріп шаршап, қарағанды паналап ұйықтап қалады. Бір топ казак-орыс екі қазақты айдап, қарағанға келіп, Темірбайдан 25-30 таяқ жерде екі қазаққа көрін қаздырады». «Темірбайдың миын ә дегеннен бері бұрғыдай бұрап, шаяндай шағып отырған ой мынау: – Бұлар не үшін орды, кімге, неге қазып жатыр? Міне осы ой қазір жазғытұрым тасыған өзендей тасып өсіп, Темірбайды билеп алды. Өзен басып су астында қалған жағадағы талдың анда-санда қылт етіп көрініп-көрініп кететін басындай ауылы, малы, ұлы туралы ой анда-санда бір соғып кетеді. Темірбайдың басы айналып, көзі қарауытып кеткендей болды. Казак-орыстың қолындағы мылтық. Жерді тырнап жатқан екі күрек, иығына ақ бірдеңе жапсырып алған төре. Осылардың барі әп сәтте біріне-бірі қосылып, ертегіде айтылатын жеті басты жалмауыздың қияпатына кіріп, Темірбайдың тап алдына келіп, іріген ауыздан шіріген лебін бүрк, еткізіп: – Екі жаяу қазір атылмақ!.. – дегендей болады». Мағжан осылайша қазақшалайды. Бұл кітапты мектептің кітапқанасында ұстап, хат білетін қазаққа кәперәтіп арқылы таратса оң болады.

Қыр баласы.

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ

АЛАМАН

Халықтың құлқы, мінезі, ойы заманындағы әдебиетінен білінеді. Әдебиет – халықтың түрлі қимылдарының айнасы. Жиырмасыншы ғасырға дейін қазақта жазба әдебиет жарытып болмады, бірақ халық арасындағы ауыз әдебиет қазақта бай болды. Ауыз әдебиетінің көбі – он тоғызыншы ғасырдың мирасы. Арғы әдебиеттен қалған жұрнақ аз. Біздің қолымызда кіші жүз қазақтарының (Орал, Бөкей, Маңғыстау) арасынан жнналған он тоғызыншы ғасырдағы ел әдебиетінің бір бөлегі бар. Осы әдебиетті тексеріп отырсақ қазақтың өткендегі құлқы, мінезі, заманындағы күйініші, сүйініші, арасында болған түрлі әлеумет қимылдары анық сезіледі. Заманымыздағы түрлі қимылдардың, жаман-жақсы мінездердің құр өз-өзінен пайда болмай, өткен заманмен тамырласып жатқаны байқалады. Бұрынғы әдебиетпен танысқанда қазақтың бойына біткен мінездің бірнеше түрі орасан адырайып тұр. Қазақ арасында болып өткен бірнеше әлеумет қимылдар да көрініп түр. Ел әдебиетімен танысқанда осындай бадырайып көрінгеннің бірі – аламандық. Көптің пайдасын ойлай тұрса да, бүтін жұрттың қамын жей тұрса да, өзінің мен-мендігін, көп күшін құрбан қыла алмайтын, өз дегенін күшпен орындайтын; өз басын артыққа санап, сөзін сөйлеп соңына ермегендерді, қарсы тұрғандарды түсінбегендігінен, ақылсыздығынан қылды деп білетін, көңіліне жақпаса өзі қойған бастығының бұйрығына, өзі қалаған тәртіптің жолына бас ұрмайтын; Отан сезімі, мемлекет сезімі кем, менмендік сезімі өте күшті құлықты аламандық дейміз. Аламан деп, тәртіпке, жолға. Низамға көнбейтін, өз дегені болмаса басқаны елемейтін топты айтады. Бастықтан лұқсатсыз біреуді шабуға, олжалауға аттанған тәртіпсіз топты да аламан дейді. Аламандықтан өзімшілдік, бәсекелік туады. Аламандық бүтін қазақта болған, әрбір руда болған, әрбір адамда болған. Өткен ғасырдағы қазақтың әлеумет қимылдарының көбінде-ақ аламандық бар. Шетелмен жауласса да, ру ара таласса да, хандарына, билеріне көнбесе де қазақтың ісінің көбінен-ақ аламандық исі шығып тұр. Осы «Аламан» деген кітапшада аламандықты көрсететін ел әдебиетінен бірнеше үлгі боларлық сөздерді тіздік. Төрт жүз түрікпен аламан болып келіп адайдың Байбоз-Жанбоз деген тоғыз ауылын шабады. Байбоз-Жанбоздың ел арасындағы зорлығын кектеп басқа адай жәрдем бермейді. Шабылған ауылдың қырық жігіті түрікпенмен соғысып жауға кеткен жесірді, малды айырып қалады. Қырық жігіттің қайратын мақтап адай Нұрым ақын сөз айтады. Адайдың аламандығы осы өлеңнен анық көрініп тұр. Ауыл арасы кемпір назын өкпе қылып ағайыны шабылып жатқанда көп адай көре тұра жәрдем бермейді. Отан бірлігі, Отан намысы, Отан сақтау сезімдерінің қазақта аз екені осыдан анық. Ақын бола тұрса да Нұрым да көптің бірі, қырық жігіттің қайратын мақтайды да, көп адайды масқаралық іс еткені туралы бір ауыз сөз айтпайды. Аламандық сүйекке сіңген көптің мінезі, ешкім таңданбайды. Нұрым да бұған таңданбайды, бір ауыз сөзбен болса да мұндай қылықтың кемшілік екенін білдірмейді. Екінші сөзде адай Қалнияз ақын түрікпеннің аламанымен жауласып өлген Қармысты әңгіме қылады. Бір ауылды түрікпеннің аламаны шапты деген хабарды ести сала Қармыс он жігіт болып көп жауды қуа жөнеледі. Соғысып өледі. Алды-артын жимай, елге хабар айтпай, жаудың қуатын салмақтамай, «ерлігіне сиынып» жалғыз барып екі жүз елу түрікпенмен соғысу аламандықтан шыққан менмендік емей немене? Қармыстың батырлығында шек жоқ, Қармыс асқан батыр. Бірақ Қармыс аламан батыр. Екі жүз елу жәумет жаман ниетті аламан, Қармыс жақсы ниетті аламан. Екі жағының құлқында айырма аз. Аламандық жалғыз адайдың мінезі емес, басқа қазақта да сондай. Беріш руынан шыққан Айса деген кісі өкіметке көнбей қасына жігіт жинап орысты, қалмақты, қазақ арасындағы жек көрген адамын шаба береді. Өкімет Айсаны жолдастарымен ұстап абақтыға салады. Айсаның Лұқпан деген жолдасы ұстауда жатып Айсаны мақтап сөз айтады. Лұқпан Айсаның аламандығын мақтайды. Ісінде келіспегендік бар деген ойы жоқ. Өкіметке көнбей, жек көргенді шабу, қарсы келгенді жерлеу дағдылы жақсы іс. Тек мұндай істі істетпейтіндер оңбағандар. Бұлардың жеңгеніне қуанады. Ұстаймын деп келгендерді өлтіру керек еді. Оларды өлтірмегендіктен өздері ұсталып жатыр. Лұқпанның жалғыз өкініші – қапыда кеткен осы қатесі. Әлеумет міндеті туралы біреуі жоқ. Айла жасап, шеберлік қылып өкіметтің тұтқынынан босау керек те, бұрынғы қылықты қыла беру керек. Міне, қазақтың психологиясы. Мұны аламандық демей не дейміз. Есентемір Досжан деген ата-анасының, туғандарының тілін алмай барып орысты шабады да, қолға түседі. Қараңғы үйге салынады. Абақтыда отырып зарлайды. Тілегі – тұтқыннан құтылу, зая кеткен шығынды өндіру, өзіне жәрдем бермегендерді мұқату. Көптің тілін алмай аламандық қылғанын жаман іс деп Досжан ешбір ойламайды. Босанып шықса қолынан келсе тағы сол аламандықты істейтіні көрініп тұр. Әлім мен байұлының айтысқаны деген сөзде ру менмендігі анық байқалады. Екі ру бірнеше жыл жауласып келеді. Ақырында татуласады. Татуласып болып тарқарда екі рудың екі ақыны бір-бір ауыздан өлең айтады. Бітімнің соңынан қандай өлең айтуға лайық? Әрине татуластықты, ағайындықты, бітімді бірлікті мақтан айтуға лайық еді. Бірақ жиылған көпте бітім туралы бір ауыз сөз айтар ниет жоқ. Әр қайсысы өз руын мақтап екінші руға тіл тигізе бастайды. Ақындардың сөзі қайта жауласуға жол бастап тұр. «Ел едік» деген өлеңде ру менмендігі анықталып суреттелген. Руына бір адамның тілі тиіп кетіп еді, тезінен-ақ ақын жауап қайтарады. Өз руын мақтап бөтен рудың кемшілігін көрсетеді. Бұл өлеңде мақталған адамның бірі – Құлбарақ батыр. Адай дағдарғанда Құлбарақ батыр ағайынымен адайдың ары үшін соғысып өлді деп мақтайды. Құлбарақ тарихтан белгілі адам. 1831 жылы адай Сүйінқараның ауылын Керелде түрікпен шапқанда Құлбарақ соғыста өледі. Құлбарақтың батырлығында шек жоқ. Батыр-ақ, Құлбарақтың батырлығы да Қармыстың батырлығы секілді. Құлбарақтың он адаммен төрт мың жауға шабуы – алды-артын ойламағандық, менмендік, өзінен басқа адамды кісіге санамағандық. Құлбарақтың батырлығында аламандық көрініп тұр. Отан бірлігі, отан сүю сезімі әлеуметшілік міндеті секілді. Бүтін мемлекетке керек сезімдерді менмендік, бәсекелік, ерегіс секілді аламандықтың жеңгенін ел арасынан жиналған ескі сөздер анықтап көрсетіп тұр. Ал енді аламандық қазаққа он тоғызыншы ғасырда пайда болды ма? Жоқ, қазақта бұрыннан бар ма? Он тоғызыншы ғасырдың басынан бері қазақтың тарихы орыстан белгілі. Әбілхайырдан бері қазақтың мінезінде аламандық бары анық. Ел әдебиетінің сөзі мен тарихтың сөзі бір жерден шығып тұр. Бұл жерде таласқа орын жоқ. Қазақтың арасында ноғайлы заманы деп сөйлейтін жырларды тексеріп қарасақ (Орақ, Мамай, Қарасай-Қази, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қобыланды туралы) бұл сөздерден де аламандық исі аңқып тұр. Осы кітапшада «Жиембет батырдың ашуы» деген бір сөз басылып отыр. Қалмақтың ханы Есім ханға сыйлыққа бір қыз жіберсе, Жиембет батырдың Жолымбет деген інісі қызды жолшыбай тартып алып, өзі алады. Осы қыз туралы Есім хан мен Жиембет батыр араз болады. Сонда ханға келіп батыр мына сөзді айтады:

Арқаға қарай көшермін
Алашыма ұран десермін.
Ат құйрығын кесермін.
Ат сауырынын берермін.

Алыста дәурен сүрермін.
Қарамасаң ханым, қарама,
Сенсіз де күнімді көрермін.

Есім хан заманында қазақ пен қалмақ өнемейі жауласып жүрді. Хан ел ұстаған батырға мұқтаж. Осындай уақытта Жиембеттің ханды қорқытуы, Жолымбеттің қызды тартып алуы аламандық емей немене?! Сыйлық қылып хан батырдың ашуын баспаса, Жиембеттің қалмақ пен қатар ханды шабатыны шәксіз. Орақ, Мамайдың ХҮІ ғасырда, Есім ханның ХҮІІ ғасырда дәурен сүргендігі тарихтан белгілі. Ел әдебиетіне қарағанда сол ғасырларда қазақта аламандық болғандығы сезіледі. Қазақтың орысқа бағынбастан бұрынғы тарихы айнадай болып әлі ашылған жоқ. Сондықтан тарихтың сөзі әдебиетке сәйкес келе ме, келмей ме – күмән нәрсе. Қазақ тарихынан құлаққа келетін ызыңға қарағанда аламандық ескіден келе жатқан ауру деп ойлауға болады-ау! Ал енді аламандық қазаққа қайдан пайда болды деген сұрау туады. Бұған қазақтың тұрмысынан туатын жауап беру керек. Қазақтың көшпелі салты, рулық қалпы, жөнделмеген мемлекет құрылысы аламандықтың тууына, айнала жаугершілік аламандықтың үдеуіне себеп болса керек. Он тоғызыншы ғасырдың ортасына дейін қазақтың мәдениеті ақсақал дәуірінде болды. Әр рудың, әр тайпаның адамдары өзінің ақсақалына ерді. Ру бастықтарын жүгендейтін мықты кіндік, берік күш болмады. Ру ақсақалдары өте күшті болып, бүтін қазаққа бас болған. Хандар шала жансар күйде болды, сондықтан ру бастықтары ойына келгенін істейтін болды. Рудың ішіндегі әрбір тайпада өзінің тайпа бастығын бүтін ру бастығынан көрі жақын, сенімді көрді. Сондықтан тайпа бастықтары да көңілі келсе, ру бастықтарына бағынды, көңілі сүймесе бағынбады. Сананы салт туғызады. Құмды, сорлы кең далада өсіп-өнген қазақтың көшпелі күйі, ру салты аламандық туғызды. Ру салтының түбін басып ру ақсақалдарының қадірі кете бастап еді, аламандық да бәсеңси бастады. Осы күнгі қазақта аламандық бар ма? Жоқ деп айтуға болмайды. Қалың қазақтың арасында аламандық мінез толып жатыр. Бірақ түрлі себептерден аламандық өзгерулі. Ұлт мемлекетін жасап, қазақ арасынан әлеуметшілік туғызамыз деген дәуірде тұрмыз. Жаңа әлеуметшілікті тура жолмен жасау үшін елдің бұрынғы, соңғы әлеумет мінездерін тексеру керек. Ең алдымен тексеретін нәрсе – аламандық. Аламандық бар жерде нағыз әлеуметшілік тұра алмайды. Шын әлеуметшілік орнаған жерде аламандық та бола алмайды. Әлеуметшіліксіз қазақта ұлт тіршілігі, ұлт мемлекеті болуға мүмкін емес. Қазақ әлеуметшілігінің өткенін жөндеп түсініп, әзіргі қалпын анық көріп, кемісін болжай білу – көп қазаққа көз болған, мәдениет жолына көшбасшы болған «молдаға оқып тәрбие алған, ордаға кіріп жол көрген» оқыған зиялыларымыздың міндеті. Қазақтың оқығандарының бәрі елден шықты. Қазақтан шыққан оқығандардың өзінде аламандық мінез бар ма? Жоқ па?

Бұл – өз алдына тексерілетін бір үлкен мәселе.

Біздің жұмысымыз ел әдебиетінде бадырайып көрініп тұрған «өткен әлеуметшіліктің» бір бұтағын көпке көрсету. Оңды әлеуметшілік құру үшін елдің өткен-кеткен тұрмысын, бұрынғы болған әлеумет қимылдарын тану керек.

Ел әдебиетімен таныспайынша өткеннің көбін де, бардың жарымын да тану қиын.
1924 жылғы қарашаның 26 күні, Ташкент.

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАММЕДҰЛЫ

ДИУАН ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК

Түрк тілі һәм әдебиеті туралы «Диуан лұғат ат-түрк» деген бір кітаптың ЬІстамбұлда табылғанын дүние соғысының алдында ғана (1914-інші жыл) біреу бізге хатпенен білдіріп еді. Бұл кітапты көруге құмарланып, толық мағлұмат сұрап хат жазып едік, бірақ соғыстар себебінен Түркия шекарасы жабылып қалып, ешбір жауап алуға болмады. Соғыс дәуірінде (1914 жылдан 1918-ге дейін) Ыстамбұлда Көпрұлы-заде Махмуд әфәнді қарамағында түрк азаматтар тарапынан білім жолында бірталай өнімді қызметтер жүзеге шығарылған екен. «Милли татаббу'лар меджумасы», «Адабийат факультесі меджумасы», тағы сондай журналдар басылған екен. Түркия Мағариф назараты артықша қарап, өз қаражатымен әлгі айтылған «Диуан лұғат ат-түрк» кітабын 1917-нші жылы жақсы қағазға 60-форматта үш түп кітап (1-інші түп 843 бет, 2-нші 320 бет, 3-інші 253 бет) қылып бастырған. Түрктің білімді ерлерінің бұл кітапқа артықша назар салғандықтары, қадырын білгендіктері кітапты түзетіп, қарап бастырған Ахмад Рифат әфәндінің (3-інші кітап аяғында) жазған сөздерінен көрініп тұр. Түрк ғалымдары бұл кітаптың жанып, болмаса өртеніп жоғалуынан қорқып, бастырып майданға шығаруға асықтырыпты. Түрк ұлты әрбір түп (жилда) шыққан сайын пайдаланып, әдебиеті, тарихы туралы көп жаңа білімдер, сөздер майданға шығарыпты. Түрк азаматтарының білімге, түрк ұлтының тілі һәм әдебиетіне мынадай назар салғандықтарына қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр. Османлы түрктері бұл соңғы заманға дейін білім кітаптарын бастыруда Аурупадағы жол-жобаға (әсіресе де Гуе, сияқты ориенталист ғалымдар жолына) көз салмаушы еді. Бұрынғы Қазанда, Тәшкенде басылған «Қысас ул-анбиа» кітабындай қылып, қалай болса солай баса салушы еді. Ғылыми кітаптарды баспаханалардың өз түзетушілері (корректор) қарап түзетеміз деп былықтырып қоюшы еді. Ахмад Рифат әфәндінің де азын-аулақ сондай кемшілігі жоқ емес. (Османлы жазушыларында артық таралған жақша белгісін орынды-орынсыз көп жұмсауы, мәселен, 3-інші кітапта 503-бетін «шу» баб деп жазғаны сияқты. Бұл оқушыларды жаңылдырады. Ахмад Рифат әфәндінің осындайы аз емес). Бірақ сонда-дағы бұл кітаптың басылуы өзінің жақсылығымен осы күнге дейін Түркияда басылған бұрынғы кітаптардан айырылып тұр. Қатасын түзетуге артықша назар салғандық, жете қарап бастырғандық, қолдан келгенше түп (оригинал) кітаптың суретін сақтауға ыждаһат қылғандық кітаптан көрініп-ақ тұр. Қысқаша айтқанда, Османлы түрктерінде фән кітаптарын басу туралы Аурупа жол-жобасын жүзеге шығаруға бет қойғандық көрінді. Бұл туралы әсіресе «Милли татаббу'лар меджумасы» көп қызмет көрсетіп тұр. Бұл журнал түрк ғалымдарының өз бетімен (ғылыми кітаптарды бастыру жолында) жүрулерін, һәр ғалымның өз ойынан шығарып пайдасыз білім жолында өнімі жоқ «ақыл» сөйлеулерін қатты айып қылады (мәселен, жилд 2, сан 4, бет 181-190). Бұл сөздер ғылым жолында және үлкен бір адым деп білеміз. Түркияда кітап басуға осындай артық назар салуды көріп, біздің қуанышымыз екі есе болып отыр. «Диуан лұғат ат-түрктің» шығарушысы –Махмуд бин ал-Хусейн бин Махмуд ал-Қашғари деген бір түрк ғалымы. Бұл адамның аты бұрынғы ескі тарих кітаптарында көрінген жоқ еді. Тәржіме халі (биографиясы) туралы сөздер өз кітабынан ғана табылып отыр. Бұл адам – 999-ыншы жылдан 1212-нші жылға дейін Күн батыс, Күн шығыс Түркістанды билеп тұрған «Қараханы» түрк хандарының ең күшті болып, дәуірлері жүріп тұрған заманда болған адам. Атасы Хасен (түркше аты «Бехрикин» – 1,52) осы қараханылардың атақты бектерінен болған, саманилардан Мау-раннаһрды алып берген кісі болған. Бұл «Бехрикин» осы күнгі Ыссықкөлдің күн батыс пен оңтүстік арасының жағасындағы «Барсхан» шаһарында болған. Кітаптың шығарушысы Махмудтың туған, кіндік кесіп, кір жуған жері, ата қонысы Ыссықкөл жағасы Барсхан шаһары болады. Махмуд Қашғари Азиядағы түрк бектерінен, әскериінен, ғалым, шайырларының (ақын) алдыңғы қатарынан болған (3,1). Өзінің өмірін түрк қауымдары арасында, түрлі түрк рулары ішінде өткізген. Өзін «Қашғари» (Қашғарлық) деп атағанынан, Қашғар хандарымен болған сұхбаттарын (беседа) жазғанынан оның Қашғарда өмірін өткізгендігі білінеді. Бірақ қандай себеппенен екені белгісіз, бұл түрк ғалымы, түрк қаһарман бегі Бағдад халифасының алдына барған. Кітабын халифа ал-Қаим биәміраллаһның патшалығының соңғы жылында жазып, оның өзін Басари ал-Муқтади биәміраллаһға тарту қылған. Әйтеуір кітап 1073-інші жылы (сиыр жылы) жазылған10. Махмуд Қашғаридың замандасы болған екінші бір Қараханы түрк жазушысы Бала-сағұнлық Йусуф Хас Хажиб «Қутадғу білік» есімді кітабын 462-нші жылы, тауық жылында (1069-1070 қыс күні) жазған. Осылайша Махмуд Қашғари кітабы мен Йусуф Хас Хажибтың кітабы жазылуының арасы екі-үш-ақ жыл уақыт болады. Бірақ бұл кітаптардың біреуі түп Түркістан орталығы Қашғарда, екіншісі Бағдадта жазылған. Махмуд Қашғари кітабының Стамбулда табылған нұсқасы 664-інші хижра (1266-ыншы) жылда Мухаммед Абу-Бакр бин Абул-Фатих ас-Сауи ад-Дамашқи деген адамның қаламымен шығарушының өз қолымен жазған кітаптан жазылған. Бұл туралы Дамашқи өзі (ІІІ, 332-333) жазады. Махмуд Қашғари кітабының басында бұл кітапты сол замандағы мәдениет дүниесі мұсылмандарға түрк ұлтын таныту, білдіру үшін жазғанын айтады. Осы себеппен ол өзінің түрк қауымы, түрк әдебиеті туралы кітабын араб тілімен жазған. Әрине, Махмуд Қашғари араб тілін өте жақсы білген һәм кітабын зорланбай-ақ арабтың шешен сөздері, ашық тілімен жазған. Махмуд Қашғари өз заманындағы ғалымдардан Хусейн бин Халаф ал-Қашғариды атайды (1,293). Бұл ғалым туралы Самани «Китаб ал-инсаб» деген кітапта (кітап бастырған бет 472) Қашғар туралы сөйлегенде баян қылады. Бұл кісі 484 (1091) [жыл] шамасында опат болған бір мухадис (Пайғамбар сөздерін көшіруші) ғалым екен. Бірақ бұл ғалымның сөйлеген хадистері көбінесе өтірік, байлаусыз саналған. Махмуд Қашғари бұл ғалымнан түрктер туралы бір хадис көшіреді, тағы сондай түрктер хақында хадистерді (І;3-те) Бухара, Нишабур ғалымдарынан алып жазады. Мұхаммед Пайғамбар түрк патшалығының Тукиу хандарының ең күшті, Византия һәм Иранға қарсы ең үлкен бір дәулет болып күн көрген дәуірінде келген. Әрине, ол түрктерді білген. Ескендір патшаның «йажуж уа мажуж» яғни күн шығыста бастапқы түзілген соғыс қамалдары туралы сөйлеген бұл пайғамбардың заманында арабтар арасында, әрине, түрк қауымы туралы ұзын құлақ хабарлар болуы анық. XІІ-XІІІ ғасырларда исламға дұшпан болған әһли сәлиб (крестовые походы), қара қытай гурхандары һәм найман ханы Күшліктердің ислам елін бұзуы туралы көп әфсаналар (легенда) түзгені сияқты, сасани Иранға дұшпан болған арабтарда да өз заманындағы Тукиу-турк хандары туралы көп хабарлар болған болса керек. Бірақ түрк қауымын мақтап, көтеріп айтқан хадистерді оғыз, салжұқ Сәбек текин сұлтандарының Муғтасим халифа уақытында-ақ халифа қызметінде Бағдадқа барған түрк әскерлерінің һәм ерлерінің көңілдерін көтеру үшін парсы (Иран) ғалымдары түзген. Махмуд Қашғари һәм басқа түрк елдері бұл хадистерге сеніп жүрген. Осыған қарағанда, Махмуд Қашғари иран мен араб әдебиетін жете білсе де, дін һәм хадис ғылымдарын өте білмеген. Бірақ ол араб тілін, әдебиетін жете білген һәм кітабын атақты араб филологы (тіл ғылымына жетік кісі) Халилдің «Китабул айни» деген классик (үлгі) кітабына ұқсатып жазғанын (1,5) айтады. Шынымен ол тіл, әдебиет майданында арабтың ең алдыңғы қатардағы ғалымдарымен қатар тұрып, түрік тілін сол замандағы ең жоғарғы фани усулға салып жазған. Бірақ дін жағынан ол жақсы мұсылман болғанымен бірге шала шаман (бақсы) болған һәм ол XІV-XV-інші ғасырлардағы ислам діні үшін тырысып жүрген Әмір Темір һәм Әбілқайыр хандардай өзінің шамани иғтиқадтарын ашық жазады. Қалай болса да бұл адам дін ғалымы емес, бәлки таза дүниауи (светский) ғалым болған, Бұл оның кітабынан ашық көрініп тұрады. Кітабында кірікпеген ұзын сөйлемдер, пайдасыз сөз бастары жоқ. Кітаптың басынан-ақ Тоқтамыс хан сөзі деп тура өзінің мақсатын сөйлеп, жарлық жазған түрк хандарындай «Қал ал-Ғабду Мах-мудин ал-Хусейн» деп тура мақсатын сөйлеп алып кетеді. Ол кітабына өз заманындағы түрк қауымдарының жағрафи орындарын, өз заманындағы ұлттарға алыс-жуығын көрсету, кітабын түсінікті қылу үшін ол уақытқа дейін мұсылман ғалымдарында көрінбеген бір жобамен дөңгелек (ықтимал «жер дөңгелек» – «ал-арду курат» мәселесін біліп) харита (карта) жазған. Мұнда таулар, теңіздер, өзен-дариялар, құмдар, шаһарларды санап көрсеткен. Бұлардың әрбірін басқа-басқа бояумен түсірген. Олардың үстіне ислам ғылымдарына қарсы мадди мәдениет, шаруашылық, егіншілік, сауда-санағат терминдеріне артықша назар салған. Ислам дүниесінде иктисадий ғылымдарды Сырдария жағасынан барған бір түрк ғалымы (Фараби) бастап жазған болса, Махмұд Қашғаридың да таза бір дүниауи (светский) ғалым, дүниауи жағрафия һәм тіл ғалымы болып, кітабын мынадай бір жолға қойды. Бұл мәселе түрік қауымының, ислам дүниесіне келіп қосылып қана кететін бір ғұнсур (элемент) болмай, өз елінен жоғарғы бір мәдениетпен тәрбиеленіп келгенін һәм біздің бұл күнге дейін ойлағанымыздай «жұлдыз қарап бал ашып, құмалақ тартып, сонымен ас қылып» үйренген көшпелі түріктердің ислам дүниесіне келуімен рухани мәдениетті білуге шамасы келмеді. Бәлки деректі істер (практический) жұлдыз, расадхана, есеп, риасы, салихаты жоқ еді. Түріктердің ислам дүниесіне келіп расадхана риадиатпен болулары, сол жолда қызмет қылулары мәдениліктен, емес мәдениетсіз болып, тіршіліктерінде рухани мағына (духовное содержание) болмағанын көрсетеді деген назарлардың (взгляд) дұрыс болмағанын ашты. Мұсылман түрік сұлтандары болған салжұқилардың Бағдад һәм Иранға келіп «халифат» яғни теократизмге қарсы дүниауи мемлекет (светская власть) «сұлтандық» кіргізулері, мұсылман қараханилардың Маураннаһрды алған соң, ислам руханилармен (молдалар) күресулері (бұл таптардың тартысуында хандардың бұқарашыл (демократия) жағында болуы ғана емес), Махмуд Қашғари, Фараби сияқты ғалымдардың дүниауи ғылым түзулері, түрік хандарының риадиат, расадпенен болулары сияқты фактілердің арасында бір-біріне байланыс болса керек. Бұл фактілер Орта-Азияның түрік қауымы ішінде Сырдария, Тарым, Тянь-Шань аудандарында дерексіз дүние (мәфауқа ат табиғати) рухани мәдениет, фалсафаға қарамай, мәдениет маддие дүниеге ашық көзбен қарайтын иран, жуһуд мәдениетіне қарсы бір мәдениет болғанын көрсетеді. Осыған қарағанда да Махмуд Қашғари, оның кітабын былай қоя тұрғанда да өзі мәдени, тарихи жақтан муһим бір факт болады. Не үшін араб яки парсы ғалымдарынан еш біреу өзінің қауымы, тілі туралы осындай бір кітап жазбаған, не үшін «Саясатнаме», «Жамиғ ат-тауарих» сияқты кітаптар ислам тарихында факат салжұқ, мағол хандарының қалағанына жазылған себебінен ғана жалғыз-ақ әсерлер болып қалған. Бұл уақиға яғни Махмут Қашғаридың өзі шахси һәм түрк тарихында үлкен бір уақиға болуында кәдік жоқ. Махмут Қашғаридың кітабына келгенде, бұл кітап туралы әзірге біз аурупаның түрік тілі мамандарының пікірін естігеніміз жоқ. Бұл кітаптың бір нұсқасы академик Бартольдқа берілген екен, бірақ Бартольдтың бұл кітап туралы бір нәрсе жазып-жазбағанын білмедік. Қалай болса да біздің мынаны айтуға шамамыз келеді: Түрік қауымының тіл, әдебиет һам мәдениет тарихы үшін 1889-ыншы жылы Орхон жағалауларында Ядринцев тапқан, Томсен, Радлов һам басқа ғалымдар тарапынан үйрініліп, нәшр етілген, барлық мәдениет, хан дүниесінің назарын өзіне қаратқан, хан ерлерінің фікірін алыстырған (өзгерткен) ескі түрік, Орхон «бітіктастары» қандай аһамиаты болса, Маһмут Қашғари кітабының да аһмиаты сондай. Махмут Қашғаридың түрік қауымына, өз ұлтына мунасабаты Күлтегін, Білге хандардың мунасабатындай һәм түрк руларын, түрк тілін білуі, әсіресе, білімі олардан артық болған. Кітаптың басында Махмуд Қашғари мынау сөздерді жазады: «Махмуд Хусейнұлы айтады: Тәңірі дәулет күнінің көзін түрктердің көгінде тудырды. Жер, Азияның дәһрелерін олардың қолына берді. Оларға түрк деп ат қойды. Дүниеде патшалық жұмысын оларға тапсырды. Оларды заманның иесі, патшасы қылды һәм дүниедегі ұлттардың (әһл-ад-дәһр) тізгінін олардың қолына берді. Оларды туралыққа берік қылды. Түркке сыйынған кісі жоғары болды, күшті болды һәм қалағанына жетті. Бәлелерден, бәле шығарушы бассыз, тиянақсыз адамдардың бәлесінен құтылды. Түрктің найзасынан құтыламын деген һәр бір ақылды кісі олардың етегіне жабыссын. Бірақ түрктерге жақын болуы үшін олардың өз тілімен сөйлеуден бөлек амал жоқ» (1,2). Олар өз тілімен айтқан сөзге ғана құлақ салады, сонда ғана олардың көңілін өзіңе қаратып болады. Бұхара, Нишабур молдаларының айтуынша, „Мұхаммед пайғамбар түрк тілін үйреніңіздер, өйткені олар дүниеде ұзақ, көп заман патшалық қылады" дейді-міс. Бұл хадис шын ба, өтірік пе – оны сол молдалардың өздері біледі. Әгер дұрыс болмаса да, ақыл соны тілейді. Мен өзім түрк қауымдарының шаһарларын, далаларын әр қилы бойына кезіп жүрдім. Түрктің тіл һәм әдебиетін үйрендім. Түрк болсын, түркмен, оғыз, шігіл, йағма, қырғыз болсын – бұлардың бәрінің тіл уа әдебиеттерін білдім. Оның үстіне, мен өзім түрк қауымының сөзге шешен, тілі тазаларынан бір кісімін. Асылзада, артық туған тұқымынанмын. Мінеки соның үшін де түрк қауымының әр тайпасының тіл һәм лұғаттары менің миыма тура кіріп отырды. Ол тіл, әдебиетті мен ең жақсы бір низамға тіздім, бұл кітабымды жаздым. Сөйтіп менің атым мәңгі қалсын, маған мәңгілік азық болсын (1,3). Кітабымды Халилдың «Китабул айни» деген кітабының формасына жақын қылып түздім. Сөйтіп түрк тілі мен араб тілі жарысып барған жүйрік аттай болып көрінсін (1,5). Арада түрктердің тіршілігінде айтатын өлеңдерді (шиғр) келтірдім; түрктердің рахтади заманында болсын, тайғақ кешу тар жерлерде болсын айтатын үлгілі мақамдарын келтірдім (1,7). Түрк еліндегі тау, өзен (дария), көлдерін жаздым (1,26), бірақ түрк тіліне шеттен кірген сөздерді жазбадым. Және де түрктердің руларын жаздым. Бұлар жиырма (20) шамасында болды. Бірақ ұсақ рулардың санын құдайдан бөлек ешкім білмейді. Бүл үсақ рулардан мен түркмен мен оғыз руын-ақ айттым һәм олардың таңбаларын жаздым. Оның үшін бұл керек нәрсе (1,27). Түрктің ең шешен тілі (фасих тілі) түрк тілінен басқаны білмеген, араб, парсыға, мәдени қауымдарға араласып жүрмегендерінен болады. Бәрінен фасих тіл хақандарында һәм оларға жақын жүргендерінде болады (1,30). Түрктердің елі күн батыста Рұм, күн шығыста Қытайға дейін сегіз [жүз] фарсах шамалы жерлерді алып отыр. Түрк елі сондай үлкен. Адамдар мүны ашық түсіну үшін мен жер дәһресін харита қылып жаздым (1,31). Түрк қауымы Түрк бин Йафас бин Нұхтың балалары болды (1,27). Құдай Адам пайғамбарды «инсан» деп атаған һәм сол ат бүкіл адам балаларына есім болып қалған. Сондай-ақ түрк балаларына һәм «түрк» деп есім берілген, Рұм бин Ғисуға қарап барлық Рұм қауымдары «Рұм» деп аталғандай, түрктерге һәм аталарының аты ат болып қалған (1,293). Молдалар хабарынша, Мұхаммед пайғамбарға құдай айтыпты-мыс: «Менің бір әскерім бар, оларға түрк деп ат бердім. Оларға күн шығыс жағынан қоныс бердім. Әгәрдә бір қауымға ашуым келсе, осы түрктерді жіберіп билетемін («мусалат қыламын») деп, Түрк қауымын құдайдың бүкіл дүниенің басқа ұлттарынан айырып, оған түрік деген атты өзі беруі – түрікті басқа ұлттардан айырған бір фазилат (артықтық) болады. Құдай түрік қауымын дүниенің ең биік жеріне (Тянь-Шань тауларын айтады) һәм жер жүзінің ауасы ең таза орынға жайластырды. Оларды өзінің әскері деп айтады. Түрік халқы – осының үстіне сұлу, жүзі күліп тұрған, өзі әдепті, сыпайы, уәдесіне берік, тәкаппрлықты, мақтануды білмейтін халық. Түрік – қаһарман, батыр ұлт, мұнан басқа да олардың мақтауға лайықты мінездері, әрине, көп. Соның ішінде өлеңде де айтылған.

Качан көрсе аны түрк,
Бозун анға аның айдачы.
Муңар тегір улуғлуқ,
Мұнда нәрү кесілнұр.

Яғни біреуді мақтағанда «Мұның жақсылығына түріктер куә болар» деп айтылады. (1,294). Темір балаларының дәуірі жүріп түрған замандарда келген шайыр Науаидың түрк кауымын мақтап айтқан өлеңдері (бұл туралы 1917-нші жылы Қоқанда шыққан «Йурт» журналының 3-інші нөмірінде жазылған) сияқты Махмуд Қашғаридың түрк қауымын мақтауда салжұқилардан алып, Арслан малик шаһлардың бүкіл ислам дүниесін өздеріне қаратып, ғазнеуилердің һиндустанды алып, қараханилардың бүкіл Түркстанның һәр екі жағына қожа болып тұрған шауқаты (могущество) тәсіріменен болған. Біз болсақ бұл ислам мәдениеті һәм шауқаты дәуірінде арабстан, парсы ортасына барған түрк ғалымының араб, ислам мәдениеті алдында сасқалақтап, таңырқап қалуын ойлар едік. Бүл кісі Дажле, Ефрат жағасында тұрып, мүндай қылып құр көңілмен өз ұлтын мақтауы һәм өз ұлтының тілін, әдебиетін араб тілі, құран һәм араб әдебиетімен «қатар жарысып барған ат» деп жарыстыруы, әрине, өз елінде, Қашғар һәм Түркістанда, мәдени сүйеніші, арқа таянышы болған себебінен болады. «Диуан лұғат ат-түрк» шынымен осыны «лұғат» кітабы сыйдырған шамада ашып береді. Бұл кітаптан біз ол замандағы түрк дәулеттерінің ішкі түзілісін, түрктердің иқтисадий, ижтимаий тіршіліктерін, дін, иғтиқадтарын, түрлі тарихи хикая, ғанғаналарын, түрлі шаһар-қыстақтарын, жайлау-қыстауларын, мадди һәм рухани мәдениетін үйренеміз. Мұнан да артық керекті болғаны, әрине, тіл һәм әдебиет жағы. Махмуд Қашғари Тянь-Шань үстінде һәм оның екі жағында оғыз, шігіл, йағма, тухси, қырғыз, ұйғыр, қыпшақ, йамақ, басмыл, татар, башқұрт, булғар, қарлұк, сияқты түрк қауымдарының тілдері тақаррабаты осы соңғы заманда Радлов кітаптарында жазылғандай қылып татбики (сравнительная) фонетикасын береді. Түрк тіршілігінің һәр жағынан алынған һәр түрлі 238 шамалы таза түрк өлеңдері һәм 270 шамалы мақалдар, өте көп сөйлемдер келтіреді. Әсіресе Махмуд Қашғаридың түрлі рулардың ләһже (наречие) айырмалары туралы берген мағлұматы өте қымбатты. Түрк сөзін араб харфімен жазған адам, әрине, Қашғари бірінші (тұңғыш) адам болған. Ал араб харфін түрк харфі демейді. Түрк сөзін тек арабтарға һәм басқаларға түсіндіру үшін ғана араб харфімен жазады. Ол түрк «харфі» деп жазылғанын көрсетеді. Араб харфімен жазылған асты, үсті (харакат), сукунымен жазған. Һәр түрлі харфтің махражун (дыбыс шығаратын орны), һәр хараке, сукунның қалай жұмсалуы хақында ашық мағлұмат береді. Соның үстіне араб сөздері бәрі де асты-үстімен жазылған. Мінеки соның үшін де һәр сөздің қалай айтылуы, мағынасы туралы һеш қатесіз ашық, қатғи мағлұмат алынады. Осы күнге дейін қойнелі Халил деген адам тарапынан көшіріліп қалған арабша «Түрк-мағол-парсы тәржіманы» (Хоутсма һәм Мелиоранский нәшрі) һәм Абу Хайан ал-Гарнатидің «Китаб ал-идракы және Мысырда табылған «Гүлстан» тәржімасы, Кутб деген адамның бір кітабы және Радлов, Геза бастырған «Құман һежесі – Кодекс Куманикус» һәм басқалар бар. Бірақ олардың бәрі де XІІІ-XV ғасыр, яғни мағолдардан соңғы дәуірлерге жататын және де тек, аз, шала, қатасы көп, жазулары бұзылған кітаптар еді. Соның үстіне, олар бәрі де түркмен, қыпшақ тілдеріне жататын кітаптар еді. Күн шығыс ләһжелерге, яғни, бұ күнге дейін бәріне де ұйғыр тілі деп аталып жүрген тілге жататын Түркстандағы кашфийат (открытие) заманында табылған, XІX ғасыр басынан-ақ манданта шыққан мәшһур «Құтадғу білік» кітабы бар еді. Әрине, бұл әсерлер де аса қымбатты, муһим әсерлер. Бірақ «Құтадғу біліктің» оқылуы (чтения) бұ күнге дейін бұл тілдің мамандары (Радлов, Томсен, Вамбери, Мюллер, Ле-Кок, Хартмандар) арасында шешілмей жүрген бір талас мәселе еді. Соның үстіне «Құтадғудың» нұсқалары жаңарақ Мысырда һәм Ферғанада жазылған. Араб хәрфімен жазылған нұсқалары харакатсыз жазылған, тәржімәсіз ибаре (текст) ғана еді. Және де бұл ескі «ұйғыр» кітаптарының көбінің тілдері де анық халық тілі емес, әдеби һәм бірталай шет (ислам яки будда) нәсіріне кірген тілдер еді. Махмуд Қашғаридың кітабы күн шығыс, күн батыс Тукиу хүкіметі бұзылғаннан мағолдар дәуіріне дейін келген түрк қауымдарының барлығының тірі (живой) халық тілі үстінде тегсе, ру һәм фани жолмен жазылған бір кітап болып, мағолдардан бұрынғы түрк қауымдарының оқиғалары, түрк тілінің соңғы заманда тәшкіл еткен тармақтарының (группа) әсәстері туралы ашық, аян, қатғи мағлұмат береді. Мұның арқасында ескі ұйғыр әсәрлерін, әсіресе, «Құтадғу білікті» жаңадан қарап шығуға ләзім болады һәм түркі тілдердің, түрк әдебиетінің тарихи үйрену бабында жаңа дәуір кіргізген. Махмуд Қашғаридың айтуынша (1,24) бұл түрк ғалымы және де түрк тілінің наху, сарфы туралы «Китабу джауаһир ан-нахуи фи лұғат ат-түрк» есімімен арнап бір кітап жазған екен. Әгәр бұл кітап та табылса, өте жақсы болар еді. Сондағы осы табылған кітабы, әрине, оның ең үлкен асыл кітабы. Мұнымен де максуд хасыл болады. Түрктің өз арасынан шыққан бұл ғалымның мәдени, ижтимаий-тарихи, иқтисадий мағлұматтары истахдері (термин) арасында күнбатыс Тукиу-түрк хүкіметі бұзылғаннан татарлар дәуіріне дейін тұрған бұл күнгеше фақат ибн Хордадбек, Кудама, Гардизи, Ауфи уа ғайри сияқты араб, парсы жағрафия ғалымдарының ұзын құлақ хабарынша жазған жарқым-жұрты шатақ жазуларына һәм Қытай мағлұматына қарап үйренілген түрктердің ішкі тіршіліктері анық мәлім болды. Түрк ру һәм қабилаларының түзілісінде түрк тілдерінде татарлар дәуірінде һәм онан соң хасыл болған төңкерістер, лұғат һәм ләһже мына себептер группаларға бөліну туралы бұл күнге дейін фрадис (гипотеза) болып қана жүрген һәм түрлі ғалымдар (мәселен, Радлов, Бартольд, Аристов, Корш һәм басқалар) арасында таласты болып жүрген түйіндер шешілді. Фи ал-жумлә (вообще) қазақ-қырғыз, сарт (шағатай), өзбек, түркмен тілдерінің асылдары (нұры) мәлім болды. Бұл кітаптан алынған мағлұматтарды біз ұзақ қылып, айрықша жаздық. Осы кітапханалары толық болған бір жерге барсақ тамамдап, түзетіп, сәті түскенде бастырамыз. Әзірге сонан алып, һәр бабтан біраз қысқаша мағлұмат жазамыз. Жазғанымызды мынадай төрт бабқа бөлеміз: 1) Махмуд Қашғари түрк тарихына ғаид мағлұмат; 2) XІ ғасырдағы түрк қабилалары туралы мағлұмат; 3) Түрктердің иктисадий, ижтимаий тірішліктеріне ғаид мағлұмат; 4) Тіл уа әдебиет, шейр, мақалдар һәм түрлі ләһжелер арасындағы фарқ һәм мұның бұл күнгі ләһжелерге мунасабаты.

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАММЕДҰЛЫ

Қазақ халық әдебиеті үлгілерін қырық бес жыл бойы ерінбей-жалықпай жинаған Әбубәкір Ахмеджанұлы Диваевқа арналады.

ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ

(Қазақ жоғары педагогика институтының қазақ тілі кабинетінде оқылған баяндама)

І. АЛҒЫ СӨЗ

Орыс әдебиетінде қазақ халық әдебиеті туралы сан жағынан недәуір мақалалар болғанымен бүкіл халық әдебиетін түгел қамтитын жүйелі де толық очерк жоқ. Ал жекеленген мақалалар арнаулы журналдар мен басқа да мерзімді басылымдарда шашырап жатыр, сондықтан маман емес адамға (тіпті кейде мамандардың өздері де) олармен танысу мүмкін емес. Өкінішке орай, қазақ тілінде де халық әдебиетін азды-көпті болсын толық қамтитын шолу жасалған емес. Осы «ақтаңдақтың» орнын толтыру үшін біз мүмкіндігінше қазақ халық әдебиеті мазмұнын баяндай отырып, жіктеп-жіліктеп, сондай-ақ үлгілері мен бұлақ-көздерін көрсете отырып, барынша сығымдалған түрде оның ықшам очеркін жазып шығуды мақсат тұтып отырмыз. Біз, әрине, халық әдебиетінің даму тарихын мүлде сөз етпейміз, сол секілді бұл әдебиеттің осылайша жан-жақты дамуына ықпал еткен себептер мен жағдайларға, сырттан болған әсерлер мен қазақтарға туыстас халықтардың халық әдебиеттерімен өзара ауыс-түйіс мәселелеріне де тоқталмаймыз. Біз халық әдебиетінің қазіргі европаланған қазақ көркем әдебиетінің пайда болуымен дамуындағы рөліне (орнына) және осы жаңа әдебиеттің жекелеген өкілдеріне оның ықпалын талдамаймыз. Халық әдебиетінің қазақ ғылыми әдебиетін (ғылыми терминдерін) қалыптастырудағы мәні, қазақ халқының тарихын, қоғамдық дамуын және тұрмыс-тіршілігін, сондай-ақ қазақтың жеке басын (мінез-құлқын) танып-білудегі орны сияқты мәселелерді де назардан тыс қалдырып отырмыз. Сонымен бірге біз қазақ халық әдебиетінің болашағы турасында ешбір артық-ауыс топшылаулар да жасамаймыз. Бұл аталған мәселелердің бәрі соншалықты маңызды да мәнді, сондықтан да олардың әрқайсысы ұзақ тер төгіп, арнайы зерттеуді қажет ететін тақырыптар. Біз бұл очеркімізде тек қазақ халық әдебиетінің болмыс-бітімін хатқа түсіріп, қолдан келгенше жүйелі де айқын классификациялап, әрбір бөлімнің мазмұнын ашып, бастау-бұлақтарын анықтап және оның қазақ, орыс тілдеріндегі бар үлгілерін көрсетуді мақсат тұтып отырмыз. Халық әдебиетін жүйелеудің тырнақалды тәжірибесі болғандықтан біздің очеркіміз тұтастай, әсіресе оның классификациялау бөлімі кемшіліктерден құралақан болмаса керек, ал оларды түзету кейінгі ізденіс-зерттеулердің міндеті болмақ. XІX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ қауымының тұрмыс-тіршілігі өзгеріске ұшырай бастады, ал бұл өзгерістер халық әдебиетінің даму жолына да ықпалын тигізді. Төңкерістен кейінгі кезеңде қазақ тұрмыс-тіршілігіндегі бұл өзгерістер күрт қарқынды бола түсті. Қалыңмалдың және басқа ескілікті қалдықтардың заң жүзінде жойылуы, толық және жартылай отырықшы шаруашылыққа жаппай көшу, жасөспірімдердің тегіс мектеп оқуына тартылуы, дінге қарсы үгіт-насихат және басқа төңкерісшіл іс-шаралар қазақтың тұрмыс-тіршілігі мен санасында терең із қалдыруға тиіс, осының нәтижесінде халық әдебиетіне негіз болған және гүлше жайнатқан іргетас сетінемек. XІX ғасырдың аяғынан бастап анық байқалған халық әдебиеті дамуының тежелісі әсіресе төңкерістен кейін күшейе түсті, осылайша барлық халық әдебиеті сияқты қазақ халық әдебиеті де бірте-бірте тіршілігін тоқтатпақ. Бұндай құбылыс басталды да және ол қазақтардың мәдени дамуына кері бағытта жүріп отырмақ. Бұл тарихи заңды құбылыс мәдениет қызметкерлеріне ерекше міндетті – халық әдебиетінің барлық үлгілерін жинау мен хатқа түсіруді және оны қолайын тауып жаңа мәдени құрылысқа пайдалана білуді жүктейді. Халық әдебиетінің қайсы бір үлгі-нұсқасының із-түзсіз жойылып кетуі мәдениетіміз үшін орны толмас өкініш болмақ. Осы очеркіміз арқылы біз қазақ қауымының қалың көпшілігінің назарын мәселенің осы жағына аударғымыз келеді.

ІІ. ХАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ МАЗМҰНЫ

Қазақ әдебиетінің негізін халық әдебиеті құрайды. Қазақтың халық әдебиеті саны жағынан аса бай, мазмұны жағынан өте алуан түрлі. Қазақтың жеке өмірінің барлық сәттері – туғаннан бастап өмірден озғанға дейін, сондай-ақ тұтас халықтың немесе жеке рудың қоғамдық өміріндегі барлық оқиғалар халық әдебиетінде жырланады. Сәбидің дүниеге келуі мен алғашқы жылдары халық поэзиясында шілдехана,бесікжыры(колыбельная песня) атты арнайы жырлар түрімен аталып өтеді.

Әуедегі жұлдыздай, Көзімнің ағы-қарасы,
Суда жүзген құндыздай, Жүрегімнің парасы,
Өзім қалап сүйгендей, Дүние, қамды ойлатпас,
Ұжмақтағы қор қызындай, Көңілімнің данасы,

Әлди, балам, әлди...... Әлди, балам, әлди......

Баласын тербете отырып қазақ әйелі осылайша ән салады. Сәбилік, бозбалалық және жастық шақ кезеңдері халық әдебиетінде ән айту мен ойын үстіндегі өлең-жырлардан көрінеді. Қазақ баласының шыр етіп жерге түскеннен бастап кәмелетке толғанға дейінгі тыныс-тіршілігі ән-жырдың құшағында өтеді. Әдетте оның ең бірінші еститін үні – анасы айтқан бесік жырының әуені. Балалар ойындарының басым көпшілігінің үстінде түрлі тақпақтар қоса айтылса, ал бозбалалық шақтағы өмірі ғашықтық жырларға толы. Қазақ баласын тәрбиелеуде дыбыстық ырғақтардың басты орынға шығуына, сірә, халық әдебиеті мен халық әндерінің кең таралып, дамуы және қазақтардың өмірдің кез келген жағдайында өлең шығарып, ән айтуы бір себеп болса керек. Бала тілінің дамуы мен жеке адамның қалыптасуы мәселелеріне халық балалар әдебиетін зерттеудің көптеген мағлұмат беретіндігі сөзсіз, сондықтан да қазақ педагогтері бұған дұрыстап көңіл аударулары қажет. Ғашықтық әдебиет(любовная литература) негізінен жастар өміріне қатысты және мазмұны жағынан өте бай, лиризмге толы. Ғашықтық әндерде махаббат, сүйіктісінің көрікті келбеті, онымен қосылам ба деген үміт, ол жоқ сәттегі сағыныш, т. б. тақырыптар жырланады. Бұл әнде әсіресе жігіттің өзінің сүйіктісіне айтатын теңеулері алуан түрлі және ерекше таңқаларлық болып келеді. Оның бет-жүзі айға, ақша қарға, алтын мен шыныға теңестіріледі, ал тісі – маржан, меруертке, бетінің қызылы – қанға, шиеге, тұлабойы – тал шыбыққа, аузынан шыққан сөзі – шекер-балға, көзі – гауһарға, көзқарасы – күн сәулесіне, шамшыраққа, мойыны – қаздың, аққудың мойынына т. с. с. баланады.

Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр.
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де бетім көр.

«Ер Тарғын»
Міне, халықтық ғашықтық жырда осылай жырланады.

Үйлену тойы, келін түсіру мен қыз ұзату халық әдебиетінде арнайы үйлену той жырлары(свадебные песни) деп аталатын үлгілерден көрінеді. Бұл жырлар ғашықтық әдебиетпен тығыз ұштасып жатады, тіптен соның бір бөлігін құрайтын тәрізді. Үйлену той жырларының ауқымдылығы мен өзіне тән кейбір арнайы мазмұндық ерекшеліктерінің болуы оларды бөліп көрсетуді қажет етеді.

Үйлену той жырлары былайша жіктеледі: 1. Қалыңдықтың үйінде жігіттер мен қыздар тобының кезектесіп, көпшілік болып (хормен) айтатын жыры – ж а р-ж а p. Бұл жырларда ұзатылар қыз өз ата-анасының үйіндегі еркін тірлігін мадақтайды және ата-анасымен қоштасуға тура келгендіктен, болашақ қайын енесінің үйінде ащы өмір күтіп түрғанына қайғырса, ал айналасындағылар оған басу айтып, жұбатады.

Мінген атың жиренше, бикем, жар-жар-ау!
Артқы түйең інгенше, бикем, жар-жар-ау!
Өксіп-өксіп, жылама, бикем, жар-жар-ау!
Әлдилеп бала сүйгенше, бикем, жар-жар-ау!

Жылап, ән салып аттанып кетіп бара жатқан қалыңдықты қыз-жігіттердің хоры былайша жұбатады:

Балшық па екен, су ма екен, шашыраған, жар-жар!
Ақ сүт беріп шешекем асыраған, жар-жар!
Ақ сүт берген шешеме не көрсеттім, жар-жар!
Жат кісінің баласын жолдас еттім, жар-жар!

2. Т о й б а с т а р д а қалыңдық пен күйеу жігіт, олардың ата-анасы мен руластары мадақталады және жаңа үйленген жастарға бақыт пен ақ тілеу тіленеді. Үйлену тойында тойбастарды халық көп жиналған жерде жолы бойынша белгілі бір рудың немесе атаның ақыны айтады. Тойбастар айтуға ие болу – ақын үшін үлкен құрмет. Әдетте, той бастаған ақынға келіннің ата-анасы өздерінің байлығы мен даңқына сай және жырдың мазмұнына байланысты ат, жібек шапан немесе ақшалай сый береді. 3. Үйлену той жырларының келесі түрі – беташар.Ұзатылған беті жабулы қыз күйеу жігіттің үйіне келгеннен кейін той үстінде беті ашылады, келін жиналғандармен, жиналғандар келінмен, арнайы өлең арқылы таныстырылады. Бұл жырларда негізінен келінге қатысты әдептілік ережелері және қайын атаға, қайын енеге, күйеу жігіттің, өзге де туыстарына мінездеме (кейде күлдіру үшін әзіл-қалжыңға сүйей) беріледі.

Келін келді көріңіз, Кеңеске салып ойын көр,
Көрімдігін беріңіз. Инені бер де ісін көр.
Ала-құла демеңіз, . . . . . . . . . .
Атын атап қойыңыз. . . . . . . . . . .

Бәленшеге бір сәлем! Жаңа келген келіннің,
Суға біткен құба тал, Бұл отырған жарандар,
Талды көр де бойын көр. Ашайын да, бетін көр!
Келіннің бетін ашқан сәтте осылайша жырланады.

Үйлену тойы және ғашықтық әдебиеттеріне халық әдебиетінің төменгі үш түрі етене жақын болып келеді: Қ о ш т а с у (прощальная) жырлары ата-анадан, достарынан, сүйгенінен, қоғамдық мәні бар құрметті адамдарынан, ата жұртынан, туған руынан, сүйікті малынан, тіпті қадірлі затынан айырылып, жоғалтқанда жырланады. Қоштасу өлеңдерін тудыруға себепші болатын мынадай жағдайлар: болмай қоймайтын өлім, ұзатылған қыздың айрылысуы басқа ру, басқа жерге кету, жер аударылу, ұзаққа сапар шегу (қажыға бару, оқуға кету, т. б.), ата қонысты ауыстыру, т. с. с. Үйлену тойына қатысты қоштасу жырлары әдетте с ы ң с у салтымен байланысты болып келеді, сыңсу кезінде ұзатылған қыз жылап, ән-жырмен туған-туыстарын аралап шығады, олармен қоштасады. Бұл жырлардан қазақ қыздарының өз үйіндегі және түскен жеріндегі жағдайының айырым-өзгешелігі яғни басы бос аялы алақандағы бойжеткеннің күйеуге шыққан соң ата-енесінің «қызметшісіне» айналатындығы анық байқалады. Ғашықтық сарынындағы қоштасу жырларында әрдайым сүйініскендерді ажыратқан тағдырға реніш, жастарды қалыңмал төлеу арқылы үйлену жолына мойынсыну не қарсылығы көрініс тауып отырады. Көрісу жырлары сүйіктісімен, туғандарымен, достарымен, қадірлі адамымен кездескенде, туған жерге оралғанда, аталастарымен қауышқанда және т. б. жағдайларда айтылады. Бұл өлең-жырларда қуаныш, ризашылық сезімдері мол болады, оларды мазмұны мен айтылатын сәттеріне қарай қоштасу жырларына қарама-қарсы қоюға болады. Ел ішінде көрісу жырларының, әсіресе, сүйіспеншілікке қатысты түрлері мол ұшырасады. Сәлем,сәлемдеме жырлары (песни-поклоны) жазбаша не ауызша түрде, арнайы бір адам арқылы, нақтылы біреуге жолданады не болмаса көп жағдайда автор оны біреуге бағыштап шығарады, ал келесі жақ бұл сәлем жөнінде ұзынқұлақтан естиді, не ол туралы мүлде білмеуі де ғажап емес. Бұл өлеңдерде ризашылық, сүйіспеншілік, өкініш сезімдері, келекелеу, т. б. болады, олардың арнайы бір ерекше мазмұны жоқ, ғашықтық, мадақ, қайғы, әзіл-әжуа, тіпті кейде сықақ сипатында ұшырасады. Сәлем жырларының классикалық үлгісіне Мұрат ақынның 1880 жылы «ұлы қояннан» кейін алыстағы өз руластарына айтқан сәлемін жатқызуға болады. Қоштасу, көрісу, әсіресе сәлем әдебиеті (жырлары) өзінің мазмұны жағынан әдебиеттің өзге де түрлерімен, әсіресе сыртқы көрінісі бойынша ерекшеленетін ғашықтық, үйлену той, мадақ, сықақ жырларымен тығыз байланысты.

Жерлеу жырлары (похоронные песни) жоқтау мен жылау болып жіктеледі. Жылауды өлім үстінде, жерлеу кезінде, қырқында не асында марқұмның әйелі, апа-қарындастары, шешесі не өзге де әйел туыстары жекелей не қосыла (хормен) жылап-сықтап, дауыс шығарып айтады. Мазмұны жағынан бұл жырларда марқұмның қадір-қасиеті мадақталады және артында қалғандардың қайғысы, азалануы мен орны толмас өкініші білдіріледі.

Жылайды деп сөкпеңіз, Жолдасын бермес қасынан.
Ғалам білген ерімді . . . . . . . . . . .
Жоқтаусыз қайтып тастайын . . . . . . . . . . .
Мен жыламай қайтейін, Қанатым мснің қайрылды

Отыз жастың ішінде Жүрегіме дақ түсіп,
Жесір де қалдым жастайын. Жасық пышақтай майырылды
Кешегі менің көкжалым, Асылзада сұңқарым,
Аруақ қонған жасынан Өлгеніңді есітіп,.

Мың сан кісі жау келсе, Адамзат бәрі қайғырды.
Әйелі өлген күйеуін осылайша жоқтайды.

Жоқтау болса қандай да бір жеке басының немесе қоғам алдында еңбегі сіңген адам қайтыс болған кезде айтылады. Жоқтауды әдетте ақындардың бірі шығарып, онда марқұмның тіріде істеген қызмет-істері мадақталады және көпшіліктің қайғысы бейнеленеді. Өзінің мазмұны мен мәні жағынан жоқтау жылаудан жоғары тұрады. Жылау кез келген қайтыс болған адамға айтылса, ал жоқтау сирек, тек лайықты адамдарға ғана бағышталады.

Жоқтау өлімнен басқа себептерге байланысты да шығарылады.

Жер аударылып кеткен адамды, алыс сапарға ұзақ уақытқа кетушіні не болмаса қадірлі атын, бүркітін, өтіп кеткен жастық шақты, артта қалған өмірінің көңілді шақтарын жоқтайды. Ұзақ уакытқа жолға шығушы не жер аударылғандар да туған жерін жоқтайды, т. б. Поэзияның бұл түрі мазмұны жағынан өте бай және көбінше өзінің айрықша лиркалығымен көзге түседі.

Кенекем менің кеткен соң, . . . . . . . . . .
Заманым қалды тарылып. . . . . . . . . .
Салтанатты хандардан Жаңбыр жаумай су болды,
Жетім қалдым айырылып. Пұлы қымбат манатым.

Екі бірдей қанатым Тасқа тимей кетілді,
Топшысынан сынды қайырылып. Балдағы алтын болатым.
Балдағы алтын ақ берен, Кенесары, Наурызбай
Тасқа тиді майырылып. Асып туған манабым

Кемшілік түсті басыма Қырғыздан біткен ұсайды,
Көрінгеннен қаймығып. Тағдырлы ажал сағатың.
Халық ақьны Нысанбай белгілі Кенесары Қасымовты осылайша жоқтайды.
Ал мына бір түрінде бұрынғы еркін өмір жоқталады.

Нар еді неше жүздеп айдағаның,
Мың-мыңнан жылқы еді байлағаның,
Қора-қора қой өрбіп әр ауылдан,
Жал-жая, бал мен шырын шайнағаның.

Ешкіні сиырменен мал ма екен деп
Алдыңа келді қазақ, ойлағаның
. . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . .

Бір күнде бозбалалар атқа мінді,
Белге қылыш, найзаны қолға ілді.
Қасқырдай түлкі алатын құмарланып
Далада бозбалалар дәурен сүрді.

(Елеусіз ақынның поэмасынан үзінді).

Халық поэзиясында мақтау жырлары(одалар) айрықша орын алады. Әдетте жеке адамның, тұтас ру мен ұлыстың батырлығы, байлығы, даналығы, әділдігі, күш-қайраты, ерлік-қажыры және басқа қасиеттері мадақталады. Дәл осылайша қаршыға, сұңқар, тазы, алдаспан, найза, т. б. да марапатталады. Әсіресе ата жұрт, жеке бір сай, өзен, тау, теңіз, арық және басқалар жиі мақталып, оларда табиғаттың небір әсем көріністері сипатталады. Мәселен, А.Нестеров жазып алған Досқожа ақынның сөзі («Общества Археологии при Казанском ун-те», т. XVІ, вып. 1-6, 1900 г.). Табиғат пен оның құбылыстарын сипаттау халық әдебиетінде өте жиі кездесетіндіктен оларды жеке алып, бөлекше қарастыруға да болар еді. Әйтседе біз өйтпедік, өйткені көп жағдайда табиғатты суреттеу мақтау, ғашықтық, насихат және басқа жырларда қосымша элемент, негізгі ойға үстеме болып келіп отырады.

Төмендегі жолдар 1879 жылғы қоян жұтының қысын суреттейді:
Мұнан соң кәрленіп Қоян келді.
Шаруа қазақ байғұсты ояндырды.
Сегіз айдай тынбастан боран соғы

Қара қоймай қазақтың малын қырды.

Мақтау жырлары бұрынғы кезде тек шын мәнінде еңбегі сіңген, лайықты адамдарға бағышталса, ал кейін мақтаушыға сый-сияпат беру дәстүрі бұндай одалардың мәнін түсіріп, сый, лауазым, қошамет алу үшін небір жалған сөздер айтылып отырды. Бұл құбылысты өткен ғасырдың 70-жылдарында ақын Абай тұңғыш байқап, өзінің өлең сөзімен аяусыз әшкереледі. Мақтау мен жоқтауға халық поэзиясының жұбату,көңіл айту(утешающие) жырлары деп аталатын арнайы түрі ұштасады. Бұндай өлең-жырларда (өлімге, бақытсыздыққа, т. б. байланысты) қайғыға батқан жанға достарының не таныстарының бірі көңіл айтады және жер бетіндегі тірліктің, бақыттың баянсыздығынан, т. б. мысалдар келтіре отырып, оны жұбатады. Сатира, ирония және эпиграмма халық әдебиетінде көрнекті орынға ие және ол ақынның қолындағы қарсыласын не өзін кемсітушіден кек алатын, келеке ететін, оны ұялтатын күшті қару. Сатира жеке адамға, тұтас ру мен атаға, белгілі бір уақиғаға, болмаса қарсыласының не жауының мақтаған затына қарсы бағышталады. Сатира жеке бір адамның, тұтас ру мен атаның мінез-қасиетіндегі жаман жақтары (сараңдық, парақорлық, әділетсіздік, қорқақтық, озбырлық, кемістік, т. б.) мен өткенін, тіптен семьяның ішкі мәселелерін де тізбелеп, көпке әшкере етеді. Қандай да бір тауып айтылған бір шумақ әжуа өлең кейде бүкіл Қазақ даласына тез таралып, мәтелге айналып та кетеді. Тілі улы ақынның сынына ілінген адам үлкен қайғы жамап алады, өйткені оған арналған улы өлең ғұмыр бойы айтылып жүреді, кейде тіпті ол кейінгі ұрпақтарының бетіне де таңба болып басылады.

Өлеңді жерде өгіз семірер,
Өлімді жерде молда семірер,
Қаралдысында қатып семірер,
Қайғысыз хан семірер, –

деген Атағозы бидің (байұлы руынан) XVІІІ ғасырдағы Қаратай ханға айтқан сөзі мәтелге айналып кетті және күні бүгінге дейін семіз адамды мазақтау мен кемсіту үшін қолданылады. Ақын аузынан шыққан, жеке адамға немесе тұтас руға қатысты айтылған келекелеу болмаса жек көру сөздерін үнемі бейтаныс адамдар қылжақ қылып айтып жүретіндіктен де олардың намысына тиеді және бірнеше ұрпақтың есінде қалады. Сондықтан да өткір тілді халық ақынынан не биінен қауым үнемі сескенеді, ал кімде-кім улы тілді ақынға не биге жақпаса үлкен өкінішке қалады. Сатира мен эпиграммаға жақын тұратын халық поэзиясы – ә з і л (шутка). Қазақтар: «Әзіл апат әкеледі», – деп айтқанымен, әдетте әзілдер зиянсыз болып келеді, көбінше ол құрдастар, нағашы мен жиен арасында жиі айтылады. Көп жағдайда әзіл ақ көңілден шығады, күлкіге, тапқырлыққа құрылады, әсіресе көзінің қитарлығы, ақсақтығы секілді дене кемістіктері немесе ебедейсіздігі, оспадарлығы, т. б. назарға ілігеді. Жиналған топтың көңілін көтеріп, күлкіге батыратын халық әдебиетінің тағы бір түрі бар, ол – күлкі сөздер(комическая литература). Күлкі сөздер, әдетте, қайбір болған жайтты не уақиғаны әзіл, күлкі тұрғысынан бейнелеп баяндап, жиналғандардың көңілін аша түседі. Бата мен алғыс(благословение и пожелание счастья) – халық әдебиетінің кең таралған түрі. Қазақ қауымы арасында өз ісінің шын шебері, мәселен, би, ақын, зергер, т. с. с. табиғат сыйлаған дарын-өнерін басқа біреуге ақ батасы арқылы мирас етіп қалдыра алады деген сенім кең таралған. Сондықтан да осындай атаққа немесе өнерге ыңғайы, икемі барлар сол саланың атақты өкіліне аттанады және қайтсе де оның көңілін тауып, ақ батасын алуға тырысады. Қазақ арасында белгілі бір би, атақты ақын, әруақты бақсы не зергер пәленшеге, түгеншеге өзінің ақ батасын беріп, ақыл-өсиетін айтыпты, сонан соң ол да би, ақын, бақсы не зергер болыпты дегендей аңыз-әңгімелер орасан көп. Бұл – батаның бір түрі. Батаның тағы бір түрі – ас-дәмге ризашылығын білдіріп, рахметін айту. Әрбір қонақ өзіне арналып сойылатын қойға батасын беріп және әр дастарқаннан кейін үй иесіне рахметін білдіріп отыруы шарт. Міне, шын мәнінде бата дегеніміз осы. Әдетте, батаны қонақтардың ішіндегі ең жасы үлкені береді және ол көбінесе өлең түрінде болып келеді. Кейбір ақсақалдар осы бата беру кезінде өзінің шын шеберлігін көрсетіп-ақ бағады. Бата мен алғысқа қарама-қарсы түр — қ а р ғ ы с (проклятие). Қарғысты дұшпанына, әкесі – көңілі әбден қалған ұлы мен қызына, молла-діннен безгендерге, ру басы – жаугершілік кезінде елін сатқандарға және т. б. береді. Қазақ ханы Сібірге айдатқанда оны қалмақ былайша қарғайды (халық ақыны Мұраттың сөзінен):

Еділден бергі Шаған су Көзіңнен жасың буласын.
Оны да қалмақ жайласын, Бұл айдауда мен кетсем
Жылқыңды шуваш айдасын. Екінші айдау келгенде
Ұлың менен қызыңның Өзің бір қолға тұтылып,

Біреу де көрсін пайдасын Қатын да балаң шуласын.
Көліңде қулар шуласын,
Бұл – қарғыс өлеңнің шағын үлгісі.

Халық әдебиетінің тағы бір түріне б о л ж а л ө л е ң д е р – (предсказывательные песни) жатады. Болжал өлеңдердің шу басында Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген делінетін, жарым-жартылай аңызға айналған бейне – Асан Қайғы (Асан-Печальник, Асан – Горемыка) тұрады. Халық қамын жеп өткен Асан Қайғының өмірінің басым бөлігі қазақтар мен қырғыздардың жарқын болашағы үшін жерұйық жер іздеумен өтті делінеді. Қазақ даласы мен қырғыз тауының әрбір көзге түсер жері Асан Қайғының болжал өлеңімен байланыстырылады, ол жердің болашағы мен оны қоныстанушылардың тағдыры туралы сын айтылады. Болжал әдебиеттің негізгі мазмұны қазақ халқының болашақ баянсыз тағдыр-талайы болып табылады: жер тозады, жайлау тарылады, ауа райы, табиғат қаталданады, адамдар кедейленеді, мінез-құлык, өзгереді, жаман ғадеттер молаяды, бір сөзбен айтқанда, қазақ елі мен жері өзгеріп, азып-тозады. Аталған ауыр күндердің хақтығын болжай отырып, халық өз басындағы жаман ғадет, қасиеттерден арылмаса бұдан шығар жолдың жоқтығын, болашақта құлдық пен құру күтіп тұрғанын жырлайды. Болжалдық әдебиеттегі бұндай үмітсіз, зарлы сарын әсіресе XІX ғасырдьң екінші жартысында – саяси бостандықтан үміт кесілгенде (Исатайдың, Кенесарының, т. б. көтерілістерінің жаншылуы), қазақ жерін отарлау күшейгенде, ел жиі-жиі жұтқа ұшырап, кедейленгенде күшейе түсті. Қазақ халқының тарихын зерттеуде болжалдық өлеңдердің маңызы зор. Мәселен, «Асан Қайғы» толғауының мына бір үзіндісі қазақ ханы Жәнібектің (XV ғ.) Шу өзені маңына кетіп, «қазақ хандығын құрған» соң қайтадан Алтын Ордаға (Сарайға) оралып, Мәскеу хүкіметімен қандай да бір жең ұшымен жалғасқанын меңзейді:

Қырында киік жайлаған. Жәнібек атты жақсы хан
Суында балық ойнаған Еділ менен Жайыққа
Оймауыттай тоғай егіннің Кәпірге қала салдырдың,
Ойына келген асын жейтұғын Ақылды белден шалдырдың,

Жемде кеңес қылмадың, Көңілді жаман қалдырдың.
Жемнен де елді көшірдің. Көңіл қалмай не қылсын
. . . . . . . . . . . . . .
Ойыл деген ойынды. . . . . . . . . . . . . .

Отын тапсаң тойынды.
Ойыл көздің жасы еді, Төңірек жүзді, қой көзді
Ойылда кеңес қылмадың, Әспеттеген балаңды
Ойылдан да елді көшірдің. Атасы нәлет кәуірге

Күндердің күні болғанда
Елбең-елбен жүгірген, Бас бұлғамай берерсің.
Ебелек отқа семірген, Нәлет біздің жүріске:
Екі семіз қолға алып Еділ менен Жайықтың

Ерлер жортып күн көрген Бірін жазға жайласаң,
Еділ деген қиянға, Бірін қысқа қыстасаң
Еңкейіп келдің тар жерге. Ал қолыңды маларсың
Мұнда кеңес қылмасаң, Алтын менен күміске.

Кеңестің түбі нараду.
Арқада жатып ақырған, Қиямет қайым болғанда
Аламанды шақырған. Жәнібек атты жақсы хан,
Амалды кәуір алғанда Баланы сенен сұрармын.

Әртүрлі сот істері кезіндегі билердің тамаша үкім сөздері, екі жақтың ұтымды даулары мен тапқыр жауаптары, әдетте, ұйқасты мәтел не өлең түрінде айтылады. Поэзияның бұл түрі б и л і к с ө з (замечательные приговоры судей, биев) депаталады. Мұнда билердің тапқырлығы, әділдігі, турашылдығы көрінеді. Атақты билердің ұзақ жылдарға созылған дау-дамайларды екі-үш ауыз сөзбен-ақ бітіріп, екі жақты да риза қылғаны туралы мысал әңгімелер өте көп. Н а с и х а т (нравоучительная) поэзиясында қазақтардың дүние, тіршілік туралы таным-түсінігі, не жақсы, не жаман, не дұрыс, не бұрыс дегендер көрінеді. Бұл өлеңдерде таулардың, өзендердің, аттардың, т. б. жақсы не жаман екені аллегориялық тұрғыдан жиі жырланады. Жақсы әйел, тәрбиелі ұл, көргенді қыз, келін, бай, батыр, кедей, т. б. бойында қандай қасиеттер болуы керектігі осы насихат өлеңдерде көрінеді. Мұнда үлгілі қасиет-мінездер: мырзалық, мейірімділік, ұқыптылық, т. б. марапатталып, ал жаман, зиянды, жеркенішті қулық-әрекеттер: зинақорлық, ұрлық, өтірік, кекшілдік, тасжүректік, сараңдық, қонақты күтпеушілік, т. б. сыналып, сақтандырылады. «Шешен қандай болу керек?» деген сауалға халық поэзиясынан мынадай жауаптар табылады:

Алқада жауап сөйлесе, Қалдырып әділ сөздерін,
Түюлі сөзден аспаса, Көңілінде шанбаса,
Десте-десте сөз жөнін, Сабырсыз сөзден қатпаса
Іретіменен сәндесе. Орнына қойып баршасын,

Кемелдігін парықтаса, Бір-біріне шатпаса,
Билігін алаш мақтаса, Пікірге кәміл жұрт озған –
Төмен жауап айтпаса, Бұ шешеннің іреті......
Уәдесін сатпаса,

(Ақтам ақынның сөзі) Насихат жырларында қазақтың имандылық пен ізгілік туралы барша таным-түсінігі алақанға салғандай анық көрініс тапқан. Халық поэзиясының тағы бір соқталы түрі – зарзаман (скорбная поэзия) мен т о л ғ а у. Бұл өлеңдерде салт-сананың бұзылуы жырланады, халық өмірінің көне әдет-ғұрпы мен ескі салттарының құлдырауы, билер мен әкімдердің парақорлығы мен пәтуасыздығы, тұрмыс-тіршіліктің нашарлауы, мал санының азаюы мен халықтың жұтауы, жайылым-қоныстың тарылуы, қоныс аударушыларға шұрайлы жерлердің кесіліп берілуі, жердің тозуы, елдің азуы, аштық, жұт, т. т. сөз болады; бұрынғы өткен өмір мен ескі салт-дәстүрлер мадақталып, кейінгі өзгерістерге зар айтылады. Мұндай зарзаман жырлары мен толғаулары аса көп және мазмұны жағынан алуан түрлі. Патша хүкіметі мен Қоқан билеушілеріне, олардың шенеуніктерінің бассыздығына қарсы осы жырлармен сабақтасып жататын қыздырушы сөз аталатын үгітшіл әдебиет те (агитационная литература) бар. Бұл әдебиет, әсіресе, он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында, патшалық хүкімет қырда ресейлік тәртіп орнатып, қазақтардың жерін қоныс аударушыларға жаппай тартып алып бере бастаған кезде өрши түсті. Мәселен, 1869 жылғы «Далалық Ережені» енгізген кездегі қазақтардың жай-күйі халық әдебиетінде былайша сипатталады:

Мұнан соң ыштат деген үкім шықты.
Би мен хан тіл тарттырмай бәрін жықты,
Кәні сен бұл бұйрыққа көнбеймін деп
Айтып көр бұрынғыдай болсаң мықты

.. . . . . . . . . . . . . . . . .
Мың үйге мұнан барып болыс қойды.
Қасына бұл болыстың орыс қойды
Таласып, қырылысып лауазымға

Ат беріп, елу үйлікке қойын
. . . . . . . . . . . . . . . . . .
Бір орыс бір қазақ қойды пәмешнік деп
О дағы іс етпейді басып көктеп.

Жалғыз-ақ барар жерің ойазнай
Алдынан қуалайды пашал кет деп
Сен болмасаң анаған барамын деп
Күн қайда кететұғын сөзін кектеп?!

Барар жер, басар тауың болмаған соң
Қақпадан кете алмайсың төңіректеп.
Бір ауыз тым болмаса тіл білмейсің \
Өлдің ғой біздің қазақ тентіректеп

.. . . . . . . . . . . . . . . . . .
(Елеусіз ақынныц сөзі)

Халық әдебиетінің ерекше бір түріне ғұмырнамалық (биографическая) және өмірбаяндық(автобиографическая) әдебиетті жатқызуға болады. Аттарынан-ақ көрініп тұрғандай, алғашқы түрге жататын туындылар, әдетте, мақтау жырларымен тығыз байланысты болып келсе, ал соңғысы, әдетте, ауру үстінде, не өлім алдында айтылады да насихат, өсиет жырларымен сабақтасып жатады. Әбубәкір ақынның (27 жасқа дейінгі), Ығылман ақынның және т. б. өмірбаяндық өлеңдері елге белгілі. Поэзияның ерекше түрі – өлім алдындағы өсиет өлеңдер(предсмертные, Завещательные песни). Бұл өлеңдер негізінен ауру үстінде не өлім алдында айтылады, онда өткен өмір жолы суреттеледі, күнәларынан арылтуды өтініп, діни парыздарды толық өтемегеніне өкініш білдіріледі, бұ дүниедегі барша өмір мен пенделіктің баянсыздығы, о дүниеде күнәлары үшін жауап беруден қорқатындығы баяндалады, тәңірі мен айналадағылардан күнәлары үшін кешірім өтініледі және өмірді мағыналы сүру туралы ақыл-кеңес айтылады. Бұл жырларда көп жағдайда діннің әсері аңғарылып тұрады. Емшілік х а л ы қ ә д е б и е т і (лечебная народная литература) да өте бай және алуан түрл. Емшілердің басты өкілі – қолына домбыра не қобыз ұстаған қазақ бақсысы. Емшілік әдебиетке мынадай өлең-жырлар жатады: арбау, дуалау, үшкіру және т. б. бақсылық, аспапта ойнау үстінде жын шақыру, отқа қақталған темірді жалау, билеу және аластау, көшіру, қағу секілді ауруға және өзіне жасалатын арбау әрекеттері. Жын шақыру, арбау, дуалау мен аластау, ауруды айналдыру немесе көшіруді әдетте өзіне белгілі сөздерді және ән-әуендерді айта жүріп бақсы ғана орындайды. Мұндай жыр үлгілерінің шебер аудармалары Диваевтың «Баксы, как лекарь и колдун» атты кітапшасында келтіріледі. Емшілік әдебиетке жататындар арасында «бәдік» деп аталатын түрі ерекше көзге түседі. Ауруды қоршаған бір топ еркек пен әйел түні бойы, ал кейде күнімен де біресе тобымен, біресе жеке-жеке арнайы жыр – бәдік айтады. «Бәдік» жырларының аудармасының үздік үлгісін де Ә. Диваев жасаған (Қараңыз: «Туркестанские Ведомости», 1906, № 59). Емшілік әдебиетке тыб11(медицина және кітап ашу) та жатады. Бұл ісләмданған емдеудің бір түрі. Емшілерде әдетте Орта Азиядан немесе Ираннан әкелінген кітаптар болады, ондағы әріптерді (араб әліпбиіндегі), кісі атын және жыл санын ерекше есептей отырып, олар сауығуды, өлімді және басқаларды болжайды. Бұл – ортағасырлық шығыстық ғылым – нұжұмның (жұлдызшылықтың) бір түрі. Бұлайша емдеудің екінші түрі – тұмарлар: Құраннан, аяттан көшірмелер, Құдайға, Әулиелерге, т. б. тілеулер. Оларды қалташаға тігіп, мойынға тағады немесе киімге (әдетте жағаға) тігіп қояды. Емшілік халық әдебиеті шамандық дәуірде пайда болған және бертін келе, сірә, мұсылман дінінің әсерімен өзгеріске түскен. Өлікпен сөйлесу де (переговоры с душами умерших) шамасы бақсылық әдебиетпен байланысты болса керек. Әдетте күйеу жігіт не қалыңдығы, күйеуі не шешесі қалыңдықтың, әйелінің (әйтпесе керісінше) қабірінің басына келіп, марқұмныц жай-күйін сұрайды, өзінің қайғы-қасіретін айта бастайды. Сол бойда өзі басқа әуенмен марқұмның атынан өз сөзіне жауап қайырады, міне, осылайша қос дауысты әруақпен (дуэт) орындалып, қайғылы жүрек жұбаныш табады. Т ү с ж о р у д ы ң (снотолкование) қазақтар арасында үлкен мәні бар, ел ішінде арнайы мамандар – түс жорушылар да ұшырасады. Бұрынғылардың айтуынша, түс жору Перғауынның (Фараон) түсін болжаған Жүсіп пайғамбардан басталады. Әрбір қазақ түсін біреуге жорытуға тырысады және осы жору сөзге әрдайым сенеді. «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш» және т. б. жырларда түс көру мен оны жорудың поэтикалық суреттемелері баршылық. Перілік хикаялар(демонологические рассказы) бақсы, албасты, қара, пері, жын, әруақ, жалмауыз кемпір, жезтырнақ және басқаларға қатысты болып келеді. Бұл хикаяттарда осы мифтік бейнелердің тууы, оладың адам баласына тигізер пайдасы мен зияны, олардың әсерінен сақтану жолдары, т.б. айтылады. Халық әдебиетінде ә п с а н а л а р (легенды) үлкен орын алады. Жер мен көктің жаратылуы, жұлдыздардың (Темірқазық, Жеті Қарақшы, Үркер, т.б.) пайда болуы.Алаңғасар алып туралы, топан судың қаптауы т.с.с. әртүрлі аңыз әңгімелер қазақ арасында өте мол таралған.

Солардың бірінен үзінді келтіре кетсек:
Аспанда ана тұрған Үркер жұлдыз
Түйесін көш-көш қылып тіркер жұлдыз.
Үркердің жалғыз қызын алып қашқан

Қарақшы мына тұрған жеті жұлдыз.

Қазақ арасында әртүрлі жануар, өсімдік және басқа заттардың шығуы туралы сан алуан ырымдар (поверье) бар. Қазақ ырымдары шаман дінінен, ісләмнан бастау алады және аралас, құранды болып та келеді. Аңыздар да (предания) саны жағынан аса мол, мазмұны алуан түрлі. Аңыздар түрлі тарихта аты белгілі кісілерге, жекелеген құрылыс, қала, қорымдарға және әлдебір ру, ата не тұтас тайпа немесе қайсібір уақиғаларға байланысты болып келеді. Қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ және басқа түркі тектес халықтардың шығуы туралы аңыздар, Шыңғысхан, Жошыхан, Жәнібекхан, Асан Қайғы, Қазтуған және басқа тарихта болған немесе аты аңызға айналған тұлғалар туралы аңыздар да алуан түрлі және олар қазақтың немесе өзге бір түркі халқының тарихын жазуда үлкен демесін бола алады. Бұхарадағы Көгілташтың салынуы, Қазығұрт тауы, Байтақтам, Қорқыт Ата, Көкшетаудағы Оқжетпес шыңы және т.б. хақындағы аңыздар қазіргі ақындарымыздың поэтикалық қиялына шабыт үстемелеген ғажап материалдар болып табылады. Рулар мен жекелеген тұлғалар туралы аңыздар халық әдебиетінің шежіре (родословная) аталатын үлкен бір бөліміне кіріспе қызметін атқара алады. Әрбір қазақ өз руын, атасын 7-10 буынға дейін таратып айтып бере алады. Ақсақалдардың ішіндегі ерекше зеректері көптеген рулардың, тіптен бір жүздің немесе үш жүздің, басқа да туыстас түрік жұрттарының шежіресін тарқата алады. Дәл осындай хандар шежіресі де бар. Өлеңмен жазылған, поэма түріндегі шежірелер де ұшырасады. Қазақ халық әдебиетінің арналы саласы – батырлық жырлар (героический эпос) мен тарихи өлеңдер (исторические песни). Батырлық жырларда әртүрлі, көбінше аттары аңызға айналған Қобыланды, Алпамыс, Едіге, Орақ-Мамай, Қарасай-Қази, Ер Тарғын, т.б. Алтын Орда мен Қазақ хандығы тұсындағы батырлардың іс-әрекеттері суреттеледі. Ал тарихи өлеңдерде белгілі бір кезеңде өмір сүрген аты белгілі адамдар, әрине көптеген әсірелеу, әспеттеумен, негізінен жоңғарларға және орыс империалистеріне қарсы қазақтардың басбостандығы үшін күрескен кездегі тұлғалар жырланады. Кенесары, Исатай, Бекет және басқалар туралы өлең-жырларды мысалға келтіруге болар еді. Көптеген батырлық жырлар мен тарихи өлеңдер нағыз эпопея болып келеді Батырлық және тарихи поэмалармен қатар қазақ әдебиетінде лирика-эпикалық сипатты көптеген тұрмыстық жырлар (бытовые поэмы) да («Қозы Көрпеш–Баян Сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», т.б.) бар. Бұл жырларға жеке бір адамдардың көңіл күйі, күйініш-сүйініші арқау болғанымен, сонымен қатар қазақтардың тұрмыс-тіршілігі де жан-жақты суреттеледі. Қазақ халық әдебиетінің айрықша атап, тоқталуды қажет ететін түрі – айтыс (состязание импровизациями). Көшпелі өмір салтында, рулық қоғамда жеке адам мен ру шешуші рөл атқарады. Бәсекеге түскен әрбір ру тек өзінің билері мен батырларын ғана емес, қарсыласына дес бермейтін дарынды ақындарын да орынды мақтан тұтады. Қазақ арасындағы осы ру мен ата, жеке адамдар бәсекесі сөз жарысы – айтыс арқылы өте жиі көрініс табатын. Айтыс – қазақтың күні бүгінге дейін ең жақсы көретін поэзиясы. Соңғы кезге шейін қандай да бір уақиғаға бағышталған жиналыс болмасын әдетте ешқашан айтыссыз өтпейтін. Айтыс кезінде қарсыластар кезекпен суырып салып, бір-біріне жауаптасады. Әрқайсысы өзін, атақты аталасын, руын, жұртын, т.б. мақтай отырып, қарсыласының, оның аталастарының, руластарының, жұртының, т.б. кем-кетіктерін, қате басқан қадамдарын, ұятты істерін қазбалап, тізе бүктіруге тырысады. Айтыс әдебиетінде табиғатты суреттеу, жан-жануарлар да сөз болады. Жұмбақтар да, сатира мен эпиграммалар да жұмсалады, әйтсе де ақындар соңғыларына жиі жүгінеді. Айтысушының бірінің аузына құм құйылып, үні өшкенше айтыс тоқталмайды. Бұл – қарсыласының жеңісін мойындау болып табылады. Айтыскерлерге құлақ түрген және түрлі қолпаш сөздермен өз өкілдерін қошаметтеуші қалың қауым, әдетте тек тыңдаушы көрермен ғана емес, төреші де болып жатады. Айтыста жеңіске жеткен ақынның даңқы ерекше артады, сондықтан да айтысқұмарлар белгілі айтыс ақынын жеңіп, атақ-даңқын асыру үшін мыңдаған шақырым жерден қарсыласын іздеп келеді. Айтысушылар жеке басты не қарсыласының руын қорлап, тіл тигізген кезде айтыс кейде төбелеспен, ойран-топанмен аяқталады. Жеке адамға не руларға сипаттама бере отырып өтетін айтыс әдебиеті тұрмысты, кейде тіпті қазақтардың тарихын зерттеуде тамаша көмекші болып табылады. Жастардың арасындағы айтыс ғашықтық әдебиеттің үлкен бір тармағын құрайды. Ойын-сауықта, той-томалақта, т.б. жастардың бас қосуы, әдетте айтысқа, әсіресе қыз (жас келіншек) бен жігіт арасындағы өлеңмен сөз жарыстыруға ұласады. Әсіресе әйел затымен айтысқа түсіп, жеңілген жігіт масқараға ұшырап, күлкі мен мазаққа тап болады; тағы да айтысқа түсіп, біреуді жеңіп, бедел-абыройын қалпына келтіргенше ол бұдан құтыла алмайды.

Тек жұмбаққа ғана құрылған айтыстар да жиі кездеседі.

Айтыстың көп жағдайда «Пәленнің пәленмен айтысы» дегендей аты болғанымен, кейде авторы белгісіздері де ұшырасады. Мұндай айтыстар, әдетте, тұтас рулар мен ел-жұрттарға қатысты болып келеді. Мысалы, байұлы мен әлімұлының, арғын мен найманның, қазақтың ноғаймен (татармен) және т. с. с. айтысы. Мұндай айтыстарда жекелеген рулармен жұрттардың тұрмыс-тіршілігіндегі кемшіліктері мен озық жақтары жақсы сипатталады. Бүкілхалықтық суырып салма айтыс өнері қазақтан өзге тек көне гректер мен арабтарда ғана кездеседі. Өкінішке орай, халық поэзиясының бұл түрі соңғы кезде сұйылып кетті, оның орнын жазбаша айтыстар баса бастады. Айтыс әдебиетінің бір түрі ретінде әртүрлі даулы істі шешу үстіндегі билердің сөзін және талапкер мен жауапкердің сөз қайтару үлгілерін атап өтуге болады. Қазақ халық эпосының үлкен бір саласы – ертегілер (сказки), мақалдар (пословицы), жұмбақтар (загадки), жаңылтпаштар (скороговорки). Ертектер мазмұны жағынан ерекше бай. Оларда хан, бай, кедей, сараң, мырза, тазша, алтын асық, алтын құйрықты, күміс жалды құлын туған керқұла бие және т. б. жөнінде әңгіме қозғалады. Қазақ ертегілерінде тапқыр Алдаркөсе, сараң Шықбермес Шығай, айлакер Тазша, ақылды, жол тапқыш Жиренше, т. с. с. толыққанды типтік бейнелер бар. Ертегілер арасында «Құйыршық» секілді тамаша балалар ертегісі де ұшырасады. Қазақтың мақалдары мен мәтелдері ағыл-тегіл көптігімен және өткірлігімен ерекшеленеді. Азды-көпті шешен сөйлейтін кез келген қазақ өз сөзінде мақал-мәтелге жүгінуге тырысады, ал билер мен ел ішіндегі ділмәрлардың сөздері халықтық мақалдар мен мәтелдерге тұнып тұрады. Жұмбақтар әсіресе балалар арасына кең таралған. Жоғарыда айтып өткеніміздей, жұмбақпен айтыс та болып тұрады. Ал жаңылтпаш күлдіргі әдебиетке жатады. Күлдіргі әдебиетке өмірде болмайтын оқиғалар мен жағдаяттарды баяндайтын ө т і р і к т е р (небылицы) де кіреді... Ертегілерге қазақтың ж а н у а р л а р эпос ы (животный эпос) өте жақын тұрады. Қазақтың тұрмыс-тіршілігі мен кәсіп-шаруашылығы, мәдени дәрежесі табиғатпен және жан-жануарлар әлемімен тығыз байланысты болғандықтан әртүрлі жануарлардың мінез құлқы мен тыныс-тіршілігі туралы аса бай әдебиет жасалған. Әдебиеттің бұл түрі жан-жануарлардың өмірі мен шығу тегі туралы әртүрлі әңгімелерді қамтиды. Жан-жануарларға сипаттама беретін әр текті мысалдарды да осы топқа жатқызуға болады. Қазақ жырларында 1) қасқырдың, 2) түлкінің, 3) _есектің және басқалардың ерекше байнелері бар. Жан-жануарлар атымен аталатын он екі жылдық жыл есебі – мүшел(двенадцатилетнее исчисление), оның шығу тегі, бұл тізбектегі әрбір жылдың сипаттамасы, жыл мезгілдері, ай аттары және олардың қазақ шаруашылығындағы ерекше орны, есепшілік пен жұт – баршасы халық әңгімелерінің ішінде үлкен орын алады. Ы р ы м д а р (приметы) қазақтардың өмірінде үлкен қызмет атқарады және ол өмірдің барлық саласын қамтиды. Қайсыбір ырымдарды бұлжытпай орындап отыру тәрбиелікті, көргендікті көрсетеді және міндетті түрде атқарылуға тиісті әдеп жоралғыларын сақтау болып табылады. Ырымдар әдетте тақпақ түріндегі белгілі бір сөз орамдарын, тілек-ниетті және т. б. айтумен атқарылады. Поэзияның қазақтың таза халықтық әдебиетінен келесі бөлімге – рухани-діни әдебиетке ауысатын ерекше бір түрі жарапазан деп аталады. Жарапазанды ел кезіп жүретін адамдар, әдетте ораза кезінде айтады. Бұл жырлар жартылай діни сипатты: жарапазаншылар өз өлеңдерінде шариғатқа иек арта отырып, қайыр-садақа, сый сұрайды. Әдебиеттің бұл түрі орыстардың «Колядованиесін» (жаңа жылда айтылатын дәстүрлі ұлттық өлеңін) еске түсіреді. Діни сипаттағы әдебиет(литература религиозного характера) ісләмнің негіздерін, шариғаттың қағидалары мен талаптарын, тамұқтың азабын, жұмақтың рахатын және басқа о дүниелік өмірдің көріністерін суреттейді. Мұхаммет (с.а.с) пен оның серіктерінің өмір жолдарын баяндау да бұл әдебиетте ерекше орын алады. Әсіресе Әли халифа мен оның балалары Хасен, Хұсайын туралы өлең-хикаялар мол. О дүниелік өмірді суреттейтін, мысалы Молдағали ақынның «Жұмақ-Тамұғы» секілді көлемді поэмалар да бар. Қазақ тілінде а р а б-п а р с ы ө м і р і н е н (из арабско-персидской жизни) сыр шертетін әдебиет миссионерлік діни әдебиеттің жалғасы болып табылады. Бұлар негізінен «Мың бір түн», «Шахнәмә», т. б. секілді алуан түрлі араб және парсы ертегілерін, хикаяларын, қиссаларын өлең түрінде аудару, қайтадан көркем баяндау не соған еліктеу болып табылады. Қазақ халық әдебиетінің түрлерін санамалай келіп, б о ғ а у ы з өлеңдерді(нецензурная литература) айтпай кетуге болмайды. Қазақтың боғауыз мақалдарының кейбірін Ә.Диваев жинап, тұңғыш рет 1900 жылы Ташкент қаласында қолжазба күйінде жариялап таратты. Егер аталған қазақ халық әдебиетінің барлық мазмұн-мәнін бір жерге жинақтасақ, онда қазақ өмірінің барша қыры бейнеленетінін көреміз. Баланың тууы, оның ойындары, жастық, сүйіс-пеншілік, үйлену тойы, қуанышы мен қайғысы, ауру, емшілік, өлім, жерлеу, ас беру, ата-ананың қайғысы, көңіл айту, жақын-жуықтың жұбатуы – міне, мұның бәрі халық әдебиетінде поэтикалық сипатта өз көрінісін тапқан. Қазақтың барша тұрмыс-тіршілігі мен өмірлік жағдайын оның халық әдебиеті бойынша зерттеп шығуға болар еді. Қазақтың ұшы-қиырына көз жетпес кең даласы, оның құмы, өзені, тауы, алқабы, орманы, тоғайы – бәрі-бәрі халық әдебиетінде жырланған. Малшы-қазақтың бар жиған-тергенінен айыратын қыстың ақтүтек бораны, шілденің аптап ыстығы, күздің өкпек желі, көктемде қайта түлеген жер мен гүл жайнаған дала көркі – баршасы бүге-шігесімен халық әдебиетінде көркем көрініс тапқан. Көк аспан, жарық күн, әсем ай, жалтылдаған жүлдыздар әлемі, жұмбағы мол Құс жолы, бояулы кемпірқосақ, нұрлы жаңбыр, қалың қар, арнасынан асқан өзен, қаңқасы кепкен дала – бұлар да халық әдебиетінен өз орнын тапқан. Халық әдебиетінен қазақтың жан-жүрегіне еркін көшпелі өмір, көші-қон, мал мен малшылык, тұрмыс-салт қаншалықты жақын екендігі айқын көрінеді және онда қаладағы отырықшы өмірді, егіншілік пен сауда кәсібін жаны жақтырмайтындығы да соншалық дәл бейнеленеді. Киіз үйді, оның бау-шуын, барша жиһаз-мүлкін бүге-шігесіне дейін қалдырмай асқақтата, мадақтай отырып, халық поэзиясы жертөле мен тамдарға жиренішті сипаттама береді. Қазақтың ұлттық киімі (тымақ, шекпен, күпі, бөрік, т. б.), қыздар тағатын алтын-күміс, сырға-шолпы, тенге, бес қару мен ер-тұрман, т. с. с. да халық әдебиетінде жырланады. Төрт түлік мал мен Қазақстанның және онымен шектесетін ел-жұрттың барлық жануарлар дүниесі халық әдебиетінде ерекше орын алады. Қазақтың әсіресе жылқы малына деген сүйіспеншілігі ерекше, сондықтан да қазақ халық әдебиетінде Тайбурыл («Қобыланды батыр»), Көкбұйра («Қарасай-Қази»), Тарлан («Ер Тарғын»), т. б. ерекше аттар – тұлпарлардың бейнелері сомдалған. Қасқыр, барыс, шибөрі, жолбарыс, арыстан, қабан, аю және басқа көптеген аңдар халық әдебиетінде өз орнын алған, әйтсе де қазақ малының қас жауы – қасқыр мен қазақ түлкісінің бейнелері ерекше дараланады. Неміс әдебиетін ауызға алмасақ (Рейнеке-лис), өзге әдебиеттің бір де біреуінен қазақы түлкі бейнесіндей түлкінің сомдалған образын кездестіре алмайсыз. Жырларда алуан түрлі құстар өлеңге қосылады, бірақ қазақ қаршыға мен сұңқарды, бозторғай мен бұлбұлды, аққу мен қараша-қазды ерекше жақсы көреді, ерекше жырлайды. Жылан, құрбақа, кесіртке және бақа-шаяндар, тіптен ұсқынсыз ешкіемерге дейін – халық әдебиетінен өз орнын алған. Шырылдауық шегіртке, көбелек, қоңыз, шыбын, маса, бүйі, карақұрт және басқа құрт-құмырсқалар да өзінің жағымды, жағымсыз бейнелерімен әдебиетке енген, әйтсе де қазақтар көбелекті ерекше жақсы көріп, өлеңге қосады. Түп-түзу қайың мен теректен бастап, қазақтың жүрегіне жақын жусанына дейін – қырдың барша өсімдіктер әлемі халық әдебиетінде қамтылған, бірақ халық поэзиясында қызғалдақ пен бәйшешек ерекше жылы сезіммен және жиі ауызға алынады.

Қазақ халық әдебиетінің қысқаша мазмұны, міне, осындай.
* * *

Мазмұны жағынан қазақ халық әдебиеті айрықша дара түр және о бастағы таза, төл қалпын сақтаған. Бұл, әрине, қазақтардың көшпелі өмірі мен мәдениеттен алыс жатқандығының әсері. Сырт кейпі яки тіл жағынан да қазақ әдебиеті өзінің таза, төл қалпын сақтаған. «Қазақтардың тілі ісләмнің бүлдіргіш ықпал-әсерінен аман қалған және өзінің таза түркілік қалпын сақтаған. Әрине, оған да кейбір жат сөздер енді, әйтсе де олар басқа түрік мұсылмандарының тіліндегідей өзінің төл ерекшелігін сақтай алмады, қайта қазақ тілінің заңына бағынып, икемделді, осылайша тұтасымен халық игілігіне айналды», – дейді белгілі шығыстанушы В. В. Радлов («Образцы нар. литературы тюркских племен»,, т. ІІІ, стр. XVІІ). Сол Радлов: «Қазақтар өздеріне туыстас өзге жұрттардан айрықша шешендігімен және тауып сөйлегіштігімен ерекшеленеді», – деп тағы қосып қояды. Белгілі шығыстанушы-тілшінің бағалары әсіресе қазақ халық әдебиеті хақында ерекше дөп келеді. Сөздердің туралығы мен дәлдігі, айқындылығы мен әуезділігі, тілдегі кең қамтып көркем суреттеу мен әуенді-әуезділік қазақ халық әдебиетінде ғажап дамыған. Қазақ поэзиясының осы қасиеттері, ұлан-байтақ аймаққа таралса да тілдің айрықша біртұтастығы қазақ әдебиетін зерттеуші кез келген ғалымды таңқалдырып келеді. XІX ғасырдың аяғына таман ел ішіне орысша және мұсылманша оқу-білімнің таралуына байланысты ауызекі сөйлеу тіліне мүлде жат сөздер мен сөз тіркестері ене бастады және олар бірте-бірте халық әдебиетіне, әсіресе ғашықтық, діни-ғибраттық сипаттағы әдебиетке ауысты. Жаңадан пайда болған орыс сөздерін тілімізге орыс мектептерінде оқыған жастар алып келді. Өздерінің орыс тілін жақсы меңгергендігін көрсету үшін олар сөйлескенде, ұйқастырып ғашықтық-сүйіспеншілік хат жазғанда орыс сөздері мен сөз оралымдарын қолданды. Ескіше діни білім алғандар да өздерінің ғибраттық және басқа өлеңдерінде осындай жолмен жүрді. Бұндай бұрмалаушылық әзірге жекеленген сипатта, халық әдебиетінің тіліне айтарлықтай ықпал-әсер ете қойғанжоқ. Әйтсе де дәл қазір бұған коңіл аударылмаса, болашақта тілді бүлдіруге үлкен қауіп тудырары сөзсіз. Халық әдебиетінің тілінің формасы негізінен өлең сөз түрінде болып келеді. Ал қара сөзбен көбінше ертегілер мен түрлі хикая-лар айтылғанымен, өлең формалы ертегі, хикая, аңыз әңгімелерде мол ұшырасады. Қазақ тіліндегі екпін сөз соңына түсетіндіктен қазақ поэзиясы әр өлеңдегі бірдей буын санына құрылған силлабикалық өлең-өлшемді болып келеді. Өлең өлшемді кез-келген шығарманы әрбір қазақтың өлеңдетіп не әндетіп орындауы қазақ халқының ерекшелігі болып табылады.

Ақындар өлеңді әрдайым домбыраға қосылып айтады.

Халық әдебиетін тудырушы және сақтаушы қазақ халқының өзі болғанымен, халық творчествосын жарқыратып көрсетушілер: өлеңшілер, халықтық суырып салма ақындар және халық билері. Шешендік пен өз ойын ырғақ-әуенмен жеткізу қабілеті күллі қазак, халқына тән қасиет, бұл тұрғыдан әсіресе өлеңші, ақын, халық билері ерекше көзге түседі. Қалың бұқара арасынан шыққан олар – халық әдебиетінің мән-мазмұны мен тіл тазалығын сырттан келетін жат әсерлерден қорғаушылар, әрі ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, қазақ халық әдебиетін сақтаушылар. Халық әдебиетін жасаушы бұлардың есімі көп жағдайда ұмыт болған, әйтсе де бірен-саран аты белгілері де бар, халық творчествосының қайсыбір шығармаларының туу тарихы солармен байланыстырылады. XІX ғасырдағы халық ақындары мен билерінің бәріне жуығының аты-жөндері белгілі, әйтсе де олардың туындыларының көпшілігі ұмытылған не авторы белгісіз, бұқаралық, халықтық шығармаларының қатарына қосылған. Ең әрідегі халықтық ақындардан есімі белгілілері – қазақтың Жәнібек ханы тұсындағы (XV ғ.) Жиренше, Сыпыра Жырау мен Шалгез (XVІ ғ.). Ал соңғы екі ғасыр беделінде өмір сүріп, азды-көпті есімдері ел есінде қалғандары мыналар: Қалнияз, Абыл, Нұрым, Қадырбай, Мұрат, Матай, Қуан, Өтебай, Байтоқ, Марабай, Иманбай, Бабас, Жылқышы, Абат, Жылқайдар, Қозыбек, Жұмырбай, Қашқынбай, Базар, Есенбек, Жиенқұл, Ораз, Шернияз, Жаскелең, Бақы, Жанақ, Нысанбай, Нармамбет, Майлықожа, Мәделіқожа, Ешнияз, Бұдабай, Ермәмбет, Ығылман, Құлымбет, Шегебай, Ақтам, Молдағали, Балмырза, Сүйінбай, Досқожа, Өмірзақ, Жамбыл, Бақтыбай, Әбубәкір, Біржан Сал, Ақан Сері, Жүсіпбек, Бұқар, Орымбай, Ақмолда, Қарпық, Сейдахмет, Қабан, Күдері, Бөлтірік, Елеусіз, Нұржан, Тоқжан, Қанапия, Өске, Бейбіт, Серәлі, Тұрмағамбет, Қаңлы Жүсіп, Кете Жүсіп, Шөже, Садық, Әзілкеш, Оңғар, Шораяқтың Омары. Осы адамдардың кейбіреулері күні бүгінге дейін көзі тірі. Әрине, жоғарыда аттары аталғандардан басқа есімі белгісіз халық ақындарының әлі де көптігі сөзсіз. Халық жадында көптеген билердің есімдері сақталған, қайсыбір аңыз, әңгімелер солардың атымен байланысты айтылады. Мысал үшін айтсақ, Төле би, Досбол би, Бала би, Атағозы би, Есет би, Ескелді би, Байдалы би, Қазыбек би есімдері өздерінің билік сөздері, нақылдарымен даңқы шыққан. Қазақ халық әдебиеті бұрын да, қазір де ауызша таралды. Бұрынғы кезде ешқандай жазу-сызу болмағандықтан шығармалар ұрпақтан ұрпаққа ауызша жетіп отырды. Қазақтар ғажайып есте сақтау қабілетімен ерекшеленгенімен (біздің қазақтардың тұтас жырды бір-ақ рет тыңдаған соң дәл сол күйінше қайта айтып бергеніне куә болғанымыз бар), әрине, уақыт өте келе талай дүние ұмыт болды. Оған әсіресе түрлі жұқпалы аурулар мен соғыс, аштық пен жұт кездерінде халық, әдебиетінің белгілерінің жаппай опат болуы да әсер етті. Халық әдебиетінің, әрине өз шығарушылары бар, бірақ бұл авторлық өзгеше сипатта. Халық ақындары өз туындыларын әрқашан аяқасты суырып шығарады және әдетте оны өздері хатқа түсіре қоймайды. Бұл суырып салған шумақтар сол бойда жатталып, белгілі бір адамның туындысы ретінде біреуден біреуге жеткізіледі. Қайта айтушының өзгерістер енгізетіні, авторы неғұрлым ертеде өмір сүрсе, соғұрлым өзгерістердің де көп болатындығы, әрпіне табиғи құбылыс. Сондықтан да қазіргі кезде белгілі бір автордікі делінетін шығарманың бірнеше нұсқалары бар. Бұндай жағдайда, әрине хатқа түскен нұсқаның көнелігі, сенімділігі үлкен маңызға ие. Тіптен белгілі бір адамның бұдан ондаған жылдар бұрын дүниеге келтірген туындыларының қазіргі кезде бірнеше нұсқасы бар. Сондықтан мұндай авторлардың шығармаларында коллективтік шығармашылықтың белгілері кездесетіндіктен, бұған жоғарыда аталғандардың көпшілігі жатады, ол сөз жоқ халық әдебиеті болып табылады. Халық әдебиетінде авторлықтың өзге де түрі ұшырасады. Мәселен, белгілі халық жырлары, поэмалары, т. б. тұңғыш рет кімнің аузынан жазылып алынса, соған таңылады немесе кейбір ақындар қайсыбір нұсқаның соңғы жеткізушісі өзі болғандықтан, авторлықты өздеріне иеленеді. Бұл шығармалар әрине шын мәнінде халық творчествосының жемісі, соңғы айтушы ақындардың авторлығы шартты түрде ғана. «Ер Тарғын», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Қарасай-Қази», «Қобыланды» және басқа көптеген жырлар осындай шығармаларға жатады. Халық поэзиясындағы авторлықтың үшінші түрі өз шығармасын автордың өзі хатқа түсірген немесе басқа біреу жазып алған өз шығармасын түзеткен сәтте пайда болады. Бұндай авторлықтың қазақ халық әдебиетінде кездесетіндігі күмәнсіз, бірақ дәл қазір ондай авторлар мен шығармаларды атап айтуға нақты де-ректер жоқ. Кейбір мәліметтерге қарағанда бұндай авторлық XІX ғасырдың бірінші жартысынан басталады деп жобалауға болады. Бұл қазақтың жазба әдебиетінің басталуы. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін мұсылманша оқыған, сауатты ақындар салғаны сөзсіз. Сондықтан да жазба әдебиеттің алғашқы үлгілерін халық поэзиясының діни және ғибраттық түрлерінен іздеу қажет. Халық әдебиеті XІX ғасырдың екінші жартысынан бастап жүйелі түрде хатқа түсе бастады. Әдетте оны қызығушылар мен Радлов, Потанин, Ильминский, Мелиоранский сияқты шығыстанушы мамандар жазып алды. Қазақ халық әдебиетінің нағыз жинаушысы этнограф Әбубәкір Ахметжанұлы Диваев болды. Қырық, жылдан астам уақыт бойы ол шаршамай-талмай қазақ халық әдебиеті үлгілерін жинады, жүйеледі және орыс тіліне аударды. Диваевтың жинаған материалдары, негізінен Сырдария облысынан, 200 баспа табаққа жуықтайды, олардың толық тізімі 1922 жылы Ташкент қаласында шыққан «Наука и просвещение» журналында берілген. Олардың 86 баспа табағын Диваев революцияға дейін орыстың түрлі журналдарында бастырған. Революциядан соң оның көптеген туындылары қазақ тілінде жеке басылып шықты және түрлі журналдарда жарық көрді (төменнен қараңыз). Түркістан Халық ағарту комиссариатының ерекше экспедициясы 1920 жылы Жетісу мен Сырдария облыстарынан қазақ халық әдебиетіне қатысты көптеген материалдар жинап қайтты. В.В.Радловтың материалдары («Образцы народной литературы тюркских племен» т. ІІІ. 1870) Шығыс Қазақстаннан (Семей мен Ақмола облыстарынан) жиналған. Ал Ильминский мен Мелиоранский жинаған материалдар Батыс Қазақстанға қатысты. Бұл көрсетілгендерден басқа кейбір жекелеген адамдардың қолында жарық көрмеген недәуір көлемдегі жиналған материалдар бар.

ІІІ. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

1 Жыр (эпос): а) батырлық ә) тарихи, б) хайуанаттар. 2. Ертек. 3. Мақал мен мәтел. 4. Жұмбақ. 5. Ырым сөз. 6. Жаңылтпаш. 7. Наным-сенім. 8. Әпсана. 9. Он екі жылдық жыл есебі – мүшел (жыл мезгілі, ай, апта күндері, олардың шығуы мен мәні туралы әңгімелер). 10. Перілік хикаялар (Жалмауыз кемпір, Жезтырнақ, Албасты, Марту, Қара, Обыр, Үбе. Жын, Пері). 11. Космогониялық әңгімелер (аспан шырақтары, күн күркіреу, найзағай, аққан жұлдыз, Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер, кемпірқосақ, т. б.). 12. Түс жору.

13.Ойын және онымен байланысты түрлі мәтел, тақпақ, әңгіме. 14. Аңыз. 15. Шежіре: а) жеке адам, ә) тайпа, б) ру, в) ата, г) хан. 16. Тұрмыстық жыр («Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш –

Баян Сұлу», «Айман-Шолпан», т. б.) 17. Айтыс: а) ру айтысы, ә) тайпа айтысы, б) қыз бен жігіт айтысы, в) жұмбақ айтыс, г) хат айтыс. 18. Мақтау өлеңдер: а) жеке адамды мақтау, ә) тұтас руды немесе атаны (ата жұртты не белгілі бір жерді, в) қандай да бір оқиғаны, затты, жануарды, т. б. мақтау. 19. Жоқтау: а) қайтыс болған кісіні не жер аударылғанды, ә) ата жұртты, б) жастықты, в) сүйгенін, т. б. 20. Жылау-сықтау. 21. Көңіл айту, жұбату. 22. Сатира, ирония және эпиграмма (Жамандау, мысқыл, келеке, кекесін-келемеж, шағу). 23. Билік сөз. 24. Бата, алғыс. 25. Қарғыс. 26. Күлкі, көңіл ашу сөз. 27. Әзіл. 28. Үгіт өлең. 29. Зарзаман, толғау. 30. Патша және қоқан үкіметіне қарсы және чиновниктердің басссыздығына қарсы қыздырушы, намыстандырушы өлең. 31. Болжал өлең. 32. Өсиет өлең. 33. Ғұмырнама мен өмірбаян. 34. Бесік жыры.

35.Үйлену тойы жырлары:
а) жар-жар, ә) тойбастар,
б) беташар.

36. Ғашықтық өлең (жігіт өлеңі) 37. Қоштасу өлең. 38. Көрісу өлең. 39. Сәлем өлең. 40. Әруақпен сөйлесу. 41. Емшілік өлеңдер: а) бақсының жын шақыруы, ә) оқу, б) арбау, в) көшіру, қағу, г) дем салу, үшкіру, д) садақа сұрау, құдайы, назире, ж) кітап ашу, з) бойтұмар, и) құмалақ ашу, жауырын қарау. 42. Өтірік өлең 43. Жарамазан 44. Боғауыз өлең. 45. Діни әдебиет. 46. Араб-парсы өмірін көрсететін әдебиет (қысса)

ІV. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҮЛГІЛЕРІ

Қазақ халық творчествосының түрлі үлгілерінің орыс тіліндегі (сүйектілері) мыналар: 1. Ә.А.Диваевтың тасқа басылған шығармалары: 1) в сборнике материалов для статистики Сыр-Дар. области т. т. І-VІ, ІХ-ХІІ. 2) Гродеков. Киргизы и Кара-киргизы Сыр-Дар.обл. 3) В Известиях Общ. Археологии, истории и этнографии при Казан. Университете т. XІІІ, вып. 4. и 6; т. XІV, вып. 2, 3, и 5, т. XV вып. 3. 4) В ученых записках Казанского Ун-та за 1897 и 1900 г. г. 5) В записках Вост. Отд. Рус. Археол. Об-ва т. т. X, XІ и XІІ. 6) В газете «Туркестанские ведомости»: № 25–1891 г., № 41-1892 г.. № 7-1893 г., № 88-1896, № 91 и 97–1900 г., № 9, 20, 25, 32, 41, 86-1901 г., № 80 и 90-1902 г., № 10, 43 и 100-1903 года, № 50 и 102-1904 г., № 4 и 152-1905 г., № 24, 59 и 113-1906 г., № 54-1907 г., № 46-1915 г., № 20, 206, 217, 222 и 241-1916 г. 7) В газете «Окраина» № 18, 37, 52, 55 и 66–1894 г., № 27, 34, 100 и 102-1897 г. 8) В Известиях Тур. Отд. Рус. Геогр. Об-ва за 1900 г. 9) В журнале «Этнографическое Обозрение» кн. VІ, X, XVІІІ и XІX за 1903, 1904, 1906 г. г. 10) В записках Рус. Археол. Об-ва в честь Потанина. 11) В газете «Туркестанское слово» № 11 и 29–1917 г. 12) В трудах Об-ва изучения Киргизского края, вып. ІІІ за 1922 г.

ІІ. Алекторовтың тасқа басылған шығармалары: 1) Киргизы. Оренбургский листок 1886 г. № 13–20, 22–25. 2) Праздничные игры и забавы киргизов. Оренбургский лис-ток 1888 г. № 42. 3) Болезни киргизов и средства врачевания их. Оренбургский листок 1891 г. № 2, 3, 4, 5 и 7. 4) Лебединая песнь Шийшиб – акына – Оренбург, листок 1894 г. № 38. 5) Киргизские сказки и предания. Киргизская степная газета за 1896 и 1897 г. г. 6) Народная литература киргизов «Астраханский вестник» за 1893 г. 7) Предания киргизов, киргизские пословицы, там же за 1893, 1894, 1897 г. г. ІІІ. Орынбор, Семей, Омбы және Ташкент қалаларында шығып тұрған «Оренбургский листок», «Киргизская степная газета», «Тургайская газета», «Астраханский вестник» және басқа мерзім-ді басылымдар беттерінде:

ІV. В записках. Оренб. Отд. Рус. Геогр. Об-ва. 1875 г. вып. ІІІ. V. У.Ильминского. «Материалы к изучению киргизского на-речия VІ. Мелков. «Материалы по киргизской этнографии». Труды Об-ва Кирг. края, вып. ІІІ и VІ.

VІІ. Потаниннің шығармалары: 1) Очерки Северозападной Монголии, вып. І и ІV. 2) Несколько вопросов по изучению поверий, сказаний, суе-верных обычаев и обрядов у киргиз и сибирских татар. 3) В юрте последнего киргизского царевича и друг. VІІІ. Р.П. Образцы киргизской поэзии в песнях эпического и лирического содержания. Оренб. 1885 г. ІX. Тверетин – О Козы – Корпече и Баян – Слу. Изд. Каз-наркомпроса 1927 года. Қазақ халық әдебиетінің үлгілері (сүйектілері) қазақ тілінде мына басылымдарда жарық көрді: 1. Алтынсарин. «Киргизская хрестоматия», Оренбург, 1879. 2. Алекторов. «Киргизская хрестоматия». Оренбург, 1898, 1-бөлім. 3. Радлов. «Образцы народной литературы тюркских племен». ІІІ-том. 4. Лютш. «Киргизская хрестоматия».

5. «Известия общ-ва археологии, истории и этнографии». XVІ-том, 1 – 6-шығуы.

6. Ташкенттегі Түркістан мемлекеттік баспасының басылымдары:

«Қобыланды батыр».
«Нәрікұлы Шора».
«Алпамыс батыр».
«Бекет батыр».

«Шора батыр».
«Едіге батыр».
«Қамбар батыр».

8. «Тарту» хрестоматиясы, Диваевтың жинаған материалдарынан. 9. «Кенесары-Наурызбай» – Диваевтың жинаған материалдарынан. Досмұхамедов редакциялауымен және түсініктемелерімен.

10. «Қыз Жібек» – X. Досмұхамедов редакциясымен.

11. «Мұрат ақынның сөздері» –X. Досмұхамедов.

7. Мәскеудегі ССРО халықтарының орталық баспасының басылымдары:

1.«Ер Тарғын» (Марабай). 2. «Ер Сайын» (Байтұрсынов). 3. «Қозы Көрпеш –Баян» (Радлов). 4. «Мың бір мақал» (Баржақсин). 5. «Аламан» (Досмұхамедов). 6. «Тазша» (өтірік өлеңдер). (Басығарин). 7. «23 жоқтау» (Байтұрсынов пен Қыр баласы). 8. «Ер Едіге» (Қаныш). 8. Ташкенттегі Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің басылымдары:

«Исатай-Махамбет» (X.Досмұхамедов).

9. Ташкентте шыққан журналдар: «Шолпан» – № 1–6; «Сана» – № 1–3 және «Сәуле» – № 1–6; Семейде: «Таң» – № 1–4; Қызылордада: «Жаңа мектеп»; Ташкентте басылған жинақ: «Терме», № 1. 10. Революцияға дейін Қазанда әр түрлі адамдар қазақ халық, әдебиетінің өте көп үлгілерін басып шығарды. Бұл басылымдардың бәрі аса көп қатемен, бұрмаланған түрінде жарық көрген, сондықтан оны тек дайындығы мол адамдар ғана пайдалана алады. 11.Түркістан республикалық ғылыми комиссиясының қазақ бюросының жарық көрмеген қолжазба материалдары. Қазақ Ағарту халық комиссариатының ғылыми кеңесінде сақтаулы тұр. а) Ә.А.Диваевтың материалдары («Наука и просвещение» журналында (№ 2) тізімі берілген). ә) Жетісу облысынан жиналған материалдар («Наука и просвещение» журналында (№ 1) тізімі берілген). б) Сырдария облысынан жиналған материалдар (тізімі жасал-ған, бірақ жарық көрмеген).

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАММЕДҰЛЫ

ШЕРНИЯЗ ШЕШЕН

(Ел әдебиетінен)
Малай Кете Шернияз
Шерлілер сөзін сағынған.
Секерден шырын дәмі бар

Тыңдағанға жағынған.
Ығылман
(«Сәуленің» 4-інші нөмірін қара)

Қазақ арасына атағы жайылған адамның бірі – Шернияз. Шернияздың руы – кете, кетенің ішінде байқошқар деген арысынан, айдар деген бөлімінен. Айдардың ішінде Шернияздың ауылы Малай болып аталады. Шернияздың ата тегі туралы Көкей деген молданың бір сөзі бар. Көкей – Шернияздың немере інісі. Арыстан сұлтанның баласы Қаналы төре 1869-1870-інші жылғы ауада Қиуаға ауған. Сыр бойында Көкей Қаналыға жолығып өлең айтады. „Кімсің?" деп Қаналы сұрағанда, Көкей былай деп жауап береді (өлеңнің керек жері алынды):

Сұрасаң шығарушының есім затын,
Атайды молда Көкей лақап атын.
Сөйледің төре алдында дүние сөзін
Зайырдан ғапыл болма ішкі батын.

......................................................................
Бабам молда Жарылғас, атам Құлман
Өзім талып мүсәпір қаққа құлмын.
Әлеумет айыл жаран құрсағанда,

Көтеріп көңіл ашар бір зат ұлмын.
Бабамыздың атасы батыр Елде,
Жігіттер дәурен өтті келде-пелде.
Кеше ағам молда Шернияз бар күнінде,

Мен аққу едім шайқаған айдын көлде.
Дүнияға келмес ондай адам,
Бір басты, екі аяқты қызыл тілде.
Атасы сол Елденің батыр Жаман,

Жігіттер бастан өтті түрлі заман.
Мақшарда құдайымның берген құлы,
Саламат иманменен өтер аман.
Атасы сол Жаманның есімі Малай,

Бәйіт сөз әркімдерге жайдым талай.
Дүнияға келген адам тұрмағы жоқ,
Сол себеп өтіп кетті ата-ана-ай.
Сарымбет жана Айдар болған атам,

Жігіттер ғапу айлаң болса қатам.
Жат етіп көп атаны не ғыламын,
Айдармен тамам болды жеті атам.

Шернияздың әкесі – Жарылғас, Жарылғастың әкесі – Елде, Елденің әкесі – Жаман, Жаманның әкесі – Малай, Малайдың әкесі – Сарымбет, Сарымбеттің әкесі – Айдар. Малай деген ауыл осы күнде Темір үйезінде, Қазыбек болысында. Шернияздың қай жылы туып, қай жылы өлгенін анық білмеймін. Дегенмен, түрлі оқиғаларды салыстырып қарағанда, өткен әсірдің жетпісінші жылдарында қартайып өлсе керек.

Шернияз – Исатай-Махамбеттің, Баймағамбет сұлтанның замандасы. Исатайдың 1838-інші жылы қырық тоғыз жасында, Махамбеттің 1845-інші жылы қырық екі жасында, Баймағамбеттің 1847-нші жылы өлгені белгілі ғой. Көтерілістің екінші дәуірінде Исатайға ерген елдің көбі әлім еді. Кете де тегіс Исатайға ерген. Исатай өлетін соңғы соғысы да кетенің жерінде болған, Қиылдың бойы.

Исатай мен Махамбет туралы кетелер арасында әңгіме көп.

Шернияз Исатайдың жорығында болуы рас. Шернияз туралы, Исатай туралы әңгімелер қазақтың қай жерінде де бар. Семей мен Жетісу қазақтарының арасында әңгімелер Шерниязды Исатайдың жан жолдасы қылып сөйлейді (Семейдегі әңгімелер туралы «Сәуле» жорналының №6 қара). Жансүгірұлы Ілиястың Жетісудағы Талдықорған еліндегі Омарбек ақыннан жазып алынған сөзінде Шернияздың Баймағамбет сұлтанға Исатай туралы мынадай деп айтқан сөздері бар:

Ар жақта Арынғазы дүмбірлеген,
Бай-еке, елің бар ма бүлдірмеген.
Төре кетіп, төбеде төбет қалып,
Туып тұр ел басына «бұл күн» деген.

Кешегі Исатайдай асыл ерді,
Орысқа ұстап бердің тіл білмеген.
Қазақтың қара жұртын быт-шыт қылған,
Төре емессің, төбетсің дым білмеген.

Орыс-орман қол салып ортамызға,
Заманға ушырадық «бүлгін» деген.
Айдаттың жаңғыз бауырың12 Исатайды,
Сенен де қалмақ жақсы шүлдірлеген.

Сағынамын ауызға алсам Исатайды,
Ер тумас ел бағына ондай жайлы.
Қарадан халқы сүйіп ханым деген,
Жігіт ед төрт тұрманы түгел сайлы.

Кешегі Исатайдың арқасында
Ие едім ен дәулетке басыбайлы.
Исатай ділмар еді топтан озған,
Нар еді бәйтерекке мойнын созған.

Аққайың, ақтылы қой өрісті алып,
Тырнадай біткен жылқы тарлан боздан.
Ер тумас, ел бағына Исатайдай,
Мінезі толқушы еді толған айдай.

Мен емес жұрт мақтаған Исатайдың,
Қайырын қайыр демей қалайын ба-ай!
Айт десең аузымнан шығады жалын,
Айырылып Исатайдан мүшкіл халім.

Алаштың баласына түгел жеткен,
Айтпауға бола ма екен түлік малын.
Мен өзім Исатайдың ақыны едім,
Малданып Исатайдан маңғаз болдым,

Әйтпесе адал итсіз бақыр едім.
Бәрі де Исатайдың байлығы еді,
Зерлеген қара шақшам тайлық еді.
Исатай ел еркесі, ел серкесі.

Бір мен емес, алашқа жайылым еді.
Елге алғау, маған да алғау, Ер Исатай,
Айырылып Шерің содан қайғылы еді.

Оралдағы елдің арасында мынадай бір әңгіме айтылады. Махамбет батыр Шерниязға амандаса барады. Аттандырып жатып Шернияз Махамбетке мынадай бір сөз айтады:

Көк үйрек көлде отырған жергілікті,
Ғалымдар шариғаттан жол біліпті.
Жолдай Ер Исатай, Ер Махамбет
Сөз бар ма тыңдайтұғын ескілікті?13

Сонда Махамбет мынадай жұмбақ жауап берген:
Көп қағып дауылпазды көл шайқаған,
Арғымақ бір шапқанда айналасы
Алты айшылық жер жайқаған.

Күн бұлт, ай қараңғы, жортар құлжа,
Шернияз, шешен болсаң бұл сөзді жылдам болжа.
Түйіліп таң мезгілі мұнар шалып,
Төрт лашын бір сұңқар ортаға алып, қылған олжа.

Он бүркіт, отыз аққу көлде жатқан,
Лашын қанат қақпай дәмін татқан.
Телегей-теңіз тасып шамданғанда,
Жемсау құсы тұғырдағы қайда жатқан?!

Хат жаздым, қалам тартып, ал әзір деп,
Осыдан өзім қайтып келгенімше, би Шернияз,
Жауабын бұ сөзімнің қой әзірлеп.

Мұнан соң Шернияз бен Махамбет көрісе алмапты. Қарттардың айту-ынша, Шернияз: „Батырдың жұмбағын анықтап шеше алмадым. Сірә, өз басын айтқан білемін",– деп айтыпты-мыс. Махамбеттің сөзінен-ақ Шернияздың Махамбеттен не кіші, не замандас екені көрініп тұр. Осы сөзден бұлардың жақын, тату болғаны да білініп тұр.

Шернияз Баймағамбет сұлтанға қарашы болған.
Әр сұлтанның тұсында,
Бір шежіре сұрқылтай,
Бұрынғыдан бұ қалынған...

Қасында бір шешенді не ақынды ертіп жүретін қазақ хандарының әдеті болған. Әз-Жәнібек ханның Жиреншесін, Абылай ханның Орынбайын, Кене-сарының Нысамбайын еске түсірсек, бұл әдеттің ескіден келе жатқаны анық. Бөкейліктегі Жәңгір ханның салтанатын мақтатып, ордасын ажар ету үшін көп сыйлық-тарту беріп, алаша Байтоқ, ноғай-қазақ Жанұзақ, Ербай, Бекжан, кете Боран секілді жырауларды қасына жинағаны ел арасындағы сөздерден белгілі. Арғы жақтағы Жәңгір мен бергі беттегі Баймағамбет замандас еді. Екі «хан» істеген істерінің бәрінде де бәсеке болды. Бұл тарихтан да, ел ара-сындағы әңгімеден де белгілі. Баймағамбет те Жәңгірден қалыспай, қасына сұрқылтайларды жинауға тырысты. Баймағамбеттің қасына жиылғандардың ішіндегі атақтылары Жылқышы, табын Марабай мен Шернияз. Исатайға ерген адамдарды ұстап қырып, жойып жатқан соң Шернияз амалсыздан басын сақтау үшін Баймағамбетке паналады. Бірақ Шернияздың Бай-екені мақтаған сөзінен мазақтаған сөзі көп. Ел арасында әңгімелерге қарағанда, Шернияз Мұрат секілді салынып айтатын ақын болмаған; тапқыр, сөзге тарылмайтын, тез жауап бергіш, мысқылдауға, сықақтауға шебер, аузынан шыққан сөздің бәрі билік, тақпақ сөзге өте жүйрік шешен болтан. Ел арасында Шерниязды ақын демейді, шешен деп айтады. Шернияз заманындағы Жиренше, жоғарыда келтірген Махамбеттің сөзінде де Шерниязды би, шешен деп айтады. Шернияздың інісі Балмырза деген жырау бір сөзінде «Кешегі Шыне-кемнің күнінде талайды қызыл тілмен мақтағанмын» дейді. Елдегі сөзге қарағанда, Шернияздың шынында да талайды сөзбен ма-тағаны рас көрінеді. Он бес жылдай бүрын Шернияздың жақыны, жетпіске келген Қызылбас деген адамнан Шернияздың бір қатар-ақ сөздерін естіп едім. Күнінде салақтық қылып, ертең-бүрсікүні деп жүріп, ала алмадым. Бүгінде көбін-ақ ұмытыппын.

Шернияздың сөздерінен бір-екі үлгі берелік, Шерниязбен біреу жумбақ айтысады: «Таудан тас жұмалайды» деп, Шерниязға шеш дейді. Шернияз шеше алмадым деген соң, қарсы жұмбағыңды айт дейді. Сонда Шернияз: «Таудан тас жұмалайды» дейді. О да таба алмайды. Жұмбағын шешеді: «Түйенің құмалағы еді» дейді. Сонда Шернияз: «Менікі әкеңнің ж... еді» дейді. Бір таз адам Шерниязбен жұмбақ айтысады. «Шымдай іштер, іштей қотыр» дейді, оған қарсы Шернияз: «Шымдай іштер емес, іштей қотыр емес» дейді. «Менікі аспандағы жұлдыз еді» дейді. Сонда Шернияз: «Менікі басыңдағы құндыз еді» дейді. Сонан қайтып бұл екеуі Шерниязға жоламайтын болыпты. Баймағамбеттің қыздарыма лайықты сөз айтшы дегенде, Шернияздың айтқаны жұрттың бәріне мәлім ғой:

Бай-еке, сіздің қызда жаман бар ма,
Дейді-тұғын оны жаман, заман бар ма?
Шот желке, шолақ мұрын, күң дер едім,
Бармайды аузы құрғыр жамандауға,

Қызыңның бес тиындық біреуі жоқ,
Қылған соң құдай қанша амал бар ма?
Бір кәрі түйе бергенде Шернияздың Баймағамбетті ұялтып, дұрыс түйе алғаны:
Байлауы бізге арнаған түйемісің,

Күйсеуді шөгіп жатып сүйемісің.
Көн тері, көпті көрген көне екенсің,
Айшуақ-Нұралыны білемісің?!

Үйдің ішіндегі нәрселердің бәрін өлеңмен атап шық дегенде, Шер-нияздың Бай-екеге айтқаны (Ілиястың жинаған сөзінен алынды).

Әкеңнің бір атасы қоян жырык,14
Босаға, мандайша мен табалдырық.
Кереге алты қанат, алпыс уық,
Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық.

Төріңде сандық айтар төремін деп,
Есік айтар әр нәрсе көремін деп.
Ернін жалақ қылыпты жомарт ожау,
Көрінгенге қол қайыр беремін деп.

Ұшақ айтар қазанға қапталдым деп,
Қазан айтар қарнымнан қақталдым деп.
Жүгіріп от айналып шәйнек жүрер,
Қылмысым не қүдайға жақпады деп.

Кетпен айтар ағашқа сапталдым деп,
Балға айтар барлығына дақ салдым деп.
Текемет төрде жатқан сал ауырлық
Жақсыға, жаманға да тапталдым деп.

Астынңа қол батпаған шөміш батқан,
Сықырлып төсек ағаш жылап жатқан.
Қылмысы не жалғанда жаққан тұтқыш,
Бетіне қазан ұстап күйе жаққан.

Асылып керегеде ішік толып,
Толғатып тұз баспақ тұр іші толып.
Мейманды үйге келген күтіп алып,
Құман тұр от басында келін болып.

Туырлық, үзік, белбеу, ши, дірдеге,
Шалқалап түндік жатыр дәл төбеде.
Орнықты бәйбішедей қара саба,
Астында орындықтың мыс тегене.

Тағы да мен айтпаған күңің қалды,
Қабыңда түтілмеген жүнің қалды.
Шелек, қайрақ, ұстара, адалбақан,
От басы, ошақ қасы күлің қалды.

Тағы да мен айтпаған мосы қалды,
Ыңыршақ пен ашамай қосы қалды.
Тосыннан төре жарлық қылғаннан соң,
Бұл Шерің сөз таба алмай, шошып қалды.

Орамды қызыл тілдің орағымен
Шерің де одан-бұдан қосып алды.
Болғанда томпай құлжа асық қалды,
Аяқ қапта қырғыш пен қасық қалды.

Хан мақтап, бәрекелді дегеннен соң,
Бұл Шерің тағы да үстіп тасып қалды.

Шернияздың әзілқойлығы, біреудің мінін табуға, не көзге мақтай қоюға шеберлігі, қысылған жерде сөз тапқыштығы, күлдіргі сөзге ұсталығы таңданарлық нәрсе.

Шернияздың сөздерінің көбі-ақ бүгінде жойылды десе болғандай. Ізденсе елден не Баймағамбет сұлтанға жақын болған адамдардың тұқымынан жаңғыз-жарым сөздері әлде де табылар еді. Көкей молда Жарылғасты да, Шерниязды да молда еді дейді. Балмырза жырау бір сөзінде:

Айдын көлге жабылған,
Құлан едім ордалы.
Асатаяқ алысқан,
Ауыл едім молдалы, –

дейді. Шернияздың шариғатқа жетік екендігі сөзінен байқалатын еді деп айтысады-мыс. Шернияздың патшаға айтқаны, жандаралға айтқаны деген, жа-зылғанына қырық-елу жылдай болғанмен де екі сөзі бар.

Патшаға арнаған сөзінде мынадай сөйлемдер бар (керек жерлері алынды):
Қатадан қалы ермес Қақан өзге,
Айтамын әуел бастан құүдайым бір,
Алланы айтсам кетеді көңілден кір.

Мағырыб машырыққа қаты еткен,
Дерқаһі қабыл болғай бұ ымрада.
Үмітсіз әр кез йатмас ер мұрада,
Таулар тағат қыла алмас қысматыңда,

Патшаһ болмай өткен жоқ еш затыңда.
Шыбын жан көкіректе есен болса,
Ұлұғ, кішік баршамыз қызматыңда.
Жандаралға Шернияз былай дейді:

Дұшпандар тітірейді айбатыңнан,
Дүнияда келмес іс аз құдыратыңнан.
Сөз мұқтасар қылар деп өтінемін,
Ұлұғлы ғаламатлу қазір атыңнан.

Орысқа сөйлесе қазақтың өз сөздерін бұзып сөйлейтін әдеті бар ғой. Шернияз да түсініктірек болу үшін орыстың ұлықтарына «Текелеу»-дің Абылқайыр ханға кеңсе үшін сыйлап кеткен «мұсылман тілі»-мен сөйлеген ғой. Шернияздың тұқымының бәрі де желді, арқалы болды. Бәрі шетінен өлең айтатын болды. Бірақ, жалғыз Балмырза дегеннен басқасының бәрі де ауыл арасындағы той-топырда сөйлеуден, қыз өлеңнен аса алмады.

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАММЕДҰЛЫ

МҰРАТ АҚЫННЫҢ СӨЗДЕРІ

Мұрат ақын туралы қысқаша мағлұмат Мөңке баласы Мұрат 1843 жылы туып, 1906 жылы 63 жасында опат болды. Кіші жүздегі байұлы беріш деген рудың қаратоқай деген арысынан, аққолы деген бөлімінен болады. Туған жері Орал облысы, Гурьев (Үйшік) уезі, Қарабау деген жер. Жүрген жері – Бөкейлік, Орал, Маңғыстау. Мұраттың ата-тегі мал баққан шаруа қазақ. Туысқан ағасы Матай деген ақын болған. Мұраттың нағашысы адай Азамат, Саламат, Сәмет дегендер заманында айтқыш адамдар екен. Мұрат жасында аз-кем молдаға оқыған, қара танып, хат жазарлық қана оқығаны болған. Мұрат бала күннен-ақ өлең айта бастаған. Он бестен асқан соң той-тобырда өлең айтуды місе етпей, заманындағы айтқыштардың бәрін айтысып, жеңген. Айтысқа өте шебер болған. Мұраттың өмірінде айтыстан жеңілген орны болмаған. Айтыстың көбі Мұраттың жігіт күнінде болған. Ата кәсібі мал бағу болса да, Мұраттың өз басы мал бағып шаруа қылмаған. Өмірінің көбінқыдырып жүріп өлең айту, той бастау, айтысу, ескі сөздер айтумен өткізген. Өте жарлы болып кеткен. Мұрат мақтау өлең айтып, мал таппаған адам. Заманындағы ұлықтарға шығарған асқақ сөзі көп. Мұндай сөздердің көбі осы кітапшада басылған жоқ. Өзінің болысы Тұрабайға шығарған өлеңі ғана басылды. Мұраттың өлеңмен мақтаған кісісінің бірі – Сырымбатырдың немерссі Қази үлы Омар. Бұнда да Омардың өзінің аталарының елге еткен жұмысын мақтайды. Он жеті жасындаЖылқышы деген ақынмен айтысқан сөзінде Мұрат: «Жігіттің халыққа тиген пайдасын айт, сырғия ұрыны айтып неге керек»,– дейді. Өмір бойы өлгенінше Мұрат осы ұранды ұстап кетті десе болады. «Жігіттің халыққа тигенпайдасынайту» Мұраттың екі сөзінің бірінде ұшырайды. Ескі тарихтық сөздерді, елдің шежірелерін Мұрат өте жақсы білген.Мұраттың елінде Есет деген би болған. Есет қазақтың шежіре билерінің бірі екен. Жас бала Мұраттың белгілі Жылқышы ақынменайтысамын деп жүргенін естіп, Есет би Мұратты шақырып алып ақыл айтыпты-мыс: «Айтысу үшін өткен-кеткенді, ата-бабалардың бұрынғы істерін, қазақтың шежірелерін жақсы білу керек» деп. Есеттің осы ақылы Мұратқа ұнаған. Қыдырып жүріп шалдардан сұрап Мұрат ескі әңгімелермен, қазақ шежірелерімен көп танысқан. Мұраттың көп үлгі алған адамы жоғарыда айтылған Есет би еді дейді. Мұрат ескі сөздерді көп білген. Орақ, Мамай, Қарасай, Қази, Асан Қайғы, Қазтуған секілді өткен замандағы адамдар туралы Мұрат көп өлеңдер шығарған. Қарасай, Қази туралы Мұрат екі күндей айтатын еді деп ақсақалдардан естігенім бар. Мұрат сөздерінің көбі осы күні жойылған. Біздің басып отырған «Қарасай — Қазиымыз» ұзақ сөзден қалған бір жұрнақ. Мұраттың сөздерінде жерлердің аттары көп ұшырайды. Бүлардың көбі ескі аттар. Осы аттардың бір қатары осы күнде Еділ, Жайық алаптарында ұшырайды. Бұл жерлерде қазақ қай мезгілде жүрген? Боқсақты, Теңгелік, Өгізтау, Бесешкі, Бадашы, Қараша, тағы талайлар қай жер? Құбанда қазақ қай уақытта жүрген? Асан Қайғы, Қазтуған, Айсаның ұлы Әнет, Қараның ұлы Сидақ, Жаңбыршының ұлы Телағыс, басқа да айтылған бөтен батырлар кім? Бұлар қай уақытта болған? Ноғайлы деген кім? Қазақтың Ноғайлыға не жақындығы бар?

Мұраттың өлеңдерін оқып отырғанда осы сұраулар өз-өзінен ойға келеді. Қазақтың тарихын жазған адам Мұрат секілді ақындардың сөзін елеусіз тастай алмайды. Мұрат бір жағынан өткенді білген шежіре болса, екінші жағынан халықтың мұңын, елдің зарын айтатын әлеуметшіл ақын. Қазақ елі елдігінен айырылып, «ыштатқа» көніп, нағыз болдырып тұрған кезде Мұрат өмір сүрді. Мұраттың заманы – бостандық үшін «егескен ердің бәрі жер тіреген» заман. Патша хүкүметінің қазаққа құрған саясатының гүрлеп түрған заманы, қазақтың бұрынғы тұрмысы өзгере бастаған, қазақтың бұрынғы кең қоныстан, сүйкімді әдеттен, еркін салттан айырыла бастаған заманы. Елдің өзінен шыққан, қанымен қаны, жанымен жаны бір дерлік ақын елдің мұңын айтпай қалай тұрсын?

Мұрат елдің мұңын айтады, бұрынғыны жоқтайды, заманын боқтайды.
Бұл қоныс жеті жұрттан қалған қоныс,
Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс.
Қазтуған, Асан Қайғы, Орақ, Мамай,

Біз түгіл осыларды да алғап қоныс.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Кемелсіз қонған елін көп тоздырған,

Қайырсыз осы секілді неткен қоныс?
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Кетейін десе жөн таппай,

Адыра қалған Үш қиян,
Қол ұстасып жүрген жер»,–
деп елге келген таршылықтың көбін Мұрат қоныстан көреді.

Мұраттың өлеңдерінде патша хүкүметінің қазаққа жұмсаған саясаты айқын байқалады. Хүкүметтің жақсы жерлерді тартып алғаны, ел қамын жегендердің ңуылғаны, өлтірілгені анық айтылады. Мұраттың заманында қазақ елі патша хүкүметінің шенеуніктерінен басқа орысты көрген жоқ. Қазақтың көрген орысы патша хүкүметінің жиһангершілік саясатын жүргізген орыстан шыққан залымдар. Мұраттың заманындағы қазақ нағыз орыс халқын, орыстан шыққан жақсыларды, ақ жүректерді көрген жоқ, білген жоқ. Сондықтан Мұраттың өлеңдерінде ұшырайтын орыс туралы айтылған кейбір сөздерді бүтін орыс халқына жору керек емес, бұндай сөздерді кешегі өткен патша хүкүметінің залымдарына арналған деп түсіну керек. Елдің мұңын, зарын қанша зарласа да Мұрат елге анық түзу жол сілтей алмады. Жауға түскен адам не қылмақшы? Ең алдымен қашу керек. «Құтылар қашқан – жаудан, көшкен –жұттан» дегендей-ақ, Мұраттың ұлы сарыны құтсыз қонысты тастау керек, кету керек. Асан Қайғы, Қазтуған, Орақ, Мамай, Телағыс, Шора, Едіге пәледен қашып құтылған, осылардың жолы Мұратқа сүйкімді. Бірақ осылай қыла қойыңыз деп Мұрат анық тағы айтпайды. Екінші жағынан Мұрат «Заманға қарай саз керек», «Законын екі жұрттың тегіс білсең, дәмем бар адаспас деп қисаң жолдан» дейді. Және де оқудан қайтқан балаға: «Адассам жетелерсің, алып қолдан, халықтың адасқанын бастамасаң, біліктен не пайда бар кеудең толған»,–дейді. Елу-алпыс жыл кейін мұндай жаңа жол барлығын айту Мұраттың пікірлі адам екенін көрсетеді. «Заманға қарай саз керек»–бұрын халыққа көрсетілмеген жол. Осылай айта тұрса да, осы жолдан айрылма деп Мұрат тағы анық айтпайды. Елдің мұңын, зарын, көрген кемшілігін айтып қоймайды, Мұрат осындай күйге түсірген себептерін де айтады. «Қазақты айналдырды Сырды алғаннан», «Қоныстың бәрін жоғалтқан, ноғайлы қазақ надан жұрт, бірлігіңнің кемісі» дейді Мұрат. Мұрат қазақтың ру таласы, ру бәсекесі күшті мезгілде өсті. Мұрат өте рушыл ақын. Алшын болып таласса, байұлыны мақтайды, байұлының ішінде бәсеке болса, өзінің руын мақтайды. Мұраттың айтыстарынан алаштың түбіне жеткен ру таластарының, ру бәсекелерінің суреттері айқын көрінеді. Орда, молда көрген осы күнгі жігіттеріміздің бір қатары күні бүгінге дейін рудың әсерінен құтыла алмай жүргенде, өткен ғасырда дүние сүрген Мұратқа рушыл болдың деп кінә қоюға, әрине, болмайды, сонда да Мұраттың кемшілік жері осы рушылдығы деп көрсетіп кетпей болмайды. Мұрат сөздерінің елге тиген әсері өте күшті. Мұраттың сөзі өте қадырлы саналған, ел ішіне көп жайылған. Мұратты білмейтін Бөкейлікте, Оралда, Маңқыстауда адам жоқ десе де болғандай. Онтоғызыншы ғасырдың екінші бөлімінен соң шыққан қара ақындардың көбі Мұраттың шәкірттері. Міне, қысқаша айтқанда, Мұраттың өлеңдерінің ішкі маңызы. Өлеңдердің сырт жағына келсек, Мұраттың тілі әдебиетімізге негіз болған ел әдебиетінің тілі. Мұраттың өлендерінде қазақтың ел әдебиетіндегі жыр, толғау, айтыс, мақтау, хат, асқақ, жоқтау секілді өлеңдерінің бәрі бар.Әдебиет тарихына Мұраттың сөздерінің керектігі шексіз нәрсе.

Қарашаның 15 күні, 1923 жылда.

ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

Мемлекеттік «Ғылыми қазына» бағдарламасы бойынша бұл томға А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш»,» іргелі ғылыми зерттеуі, «Первый Всесоюзный тюркологический съезд» атты баяндамасы және Ә.Бөкейханның әдеби-теориялық зерттеулері: «Роман деген не?» (1914), «Роман бәйгесі» (1914), «Ән, өлең һәм оның құралы» (1914), «Кітап сыны» (1926) енгізілді. Сондай-ақ осы томға әдебиеттанушы Х.Досмұхамедұлының мынадай классикалық зерттеулері де енді: «Аламан» (1924), «Қазақ халық әдебиеті» (1928), «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» ("Шолпан",1921. №1, 2; 1922. №6, 7, 8), «Кенесары-Наурызбай» (1923), «Мұрат ақынның сөздері» (1923), «Диуани лұғат ат-Түрік» ("Шолпан", 1923. № 6, 7, 8), "Шернияз шешен" ("Қызыл Қазақстан", 1925. №5). А.Байтұрсынұлының, Ә.Бөкейханның, Х.Досмұхамедұлының жазықсыз жазаға ұшырап, айыпталуына орай қайта құру кезеңіне дейінгі уақытта пайдалануға тыйым салынған бұл зерттеулер тек авторлары ақталғаннан кейін ғана қайтадан жарық көрді. Атап айтқанда, мына кітаптарда жарияланды: «Ахмет Байтұрсынов. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер» (Алғысөзін жазған – ҚР ҰҒА акдемигі Ш.Қ.Сәтбаева. Құрастырғандар – филология ғылымдарының докторы, профессор Ә.Шәріпов пен С.Дәуітов. Ғылыми түсініктерінің авторы – С.Дәуітов), Алматы: Жазушы (1989). Ахмет Байтұрсынов. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімалар, публицистикалық мақалалар және әдеби зерттеу. (Құрастырған, алғысөзін жазған – ҚР ҰҒА академигі Р.Нұрғалиев), Алматы: Жалын (1991). Ахмет Байтұрсынов. Шығармалары. І-том. Әдебиет танытқыш. Жауапты редакторы және құрастырушысы филология ғылымдарының докторы, профессор А.С.Ісімақова. – Алматы: Жібек жолы. 2002. – 207 б. Ахмет Байтұрсынұлы. Бес томдық шығармалар жинағы. І-том. – Алматы: Алаш, 2003. – 408 б. Жауапты редакторы – А.С.Ісімақова. Кітапты құрастырып, алғысөзі мен ғылыми түсініктерін жазғандар: А.Ісімақова, Г.Пірәлиева, С.Сәкенов, К.Мұстафаева. Алғаш рет 1926 жылы Қызылорда, Ташкент қалаларында сол кездегі қазақ әліпбиі болып табылатын араб әрпімен басылып шыққан «Әдебиет танытқыш» жетпіс бес жылдан соң түпнұсқа қалпында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының әдебиет теориясы және әдебиеттану методологиясы бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор А.Ісімақованың алғысөзімен «Жібек жолы» (2002) және «Алаш» (2003) баспасынан жарық көрді. Бұл жинақты баспаға дайындау барысында «Әдебиет танытқыш» (1926) іргелі ғылыми-теориялық зерттеуі, бастапқы түпнұсқаларын салыстыру, мәтіндерді, емлелік белгілерді қазіргі заманғы ережелерге сәйкестендіру, ғылыми түсініктер жазу, т.с.с. ғылыми жұмыстар атқарылды. 1989, 1991 жылдары жарияланған жинақтарда түпнұсқадағы біршама сөздер өзгертілгенін, сөйлемдер, тіпті тұтастай абзацтар мен шумақтар қысқартылғаны анықталған. 2003 жылы шыққан кітап 1926 жылғы түпнұсқаны негізге алып, барлық өзгерістерді қалпына келтірген. Осы 2012 жылғы жинақ 2003 жылғы басылым бойынша дайындалды. А.Байтұрсынұлының Бакуде жасаған «Первый Всесоюзный тюркологический съезд» (1926) атты ғылыми баяндамасы өзгертілмей сол түпнұсқа қалпында берілді. Бөкейхан Ә. Таңдамалы (избранное). – Алматы, 1995. (Құрастырып, түсініктері мен библиографиялық көрсеткішін жазып, баспаға әзірлеген Сұлтанхан Аққұлыұлы)

Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. – Алматы: Ана тілі,1998. – 384 б.

ӘДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШ

«Көрнек өнерінің тараулары». Түпнұсқадағы «...келтіре сүгірет жасау өнері» деген тіркес 1989 жылғы жинақта «...келтіріп сүгірет жасау өнері» деп, ал 1991 жылғы жинақта «...келтіре сурет жасау өнері» болып өзгертілген. Түпнұсқа 1926 жылғыдай қалпына келтірілген. Біз де осы түпнұсқаны негізге алдық. Түпнұсқадағы «...қарайық» деген сөз 1989 жылғы жинақта «қарайық» деп дұрыс келтірілсе, 1991 жылғы жинақта «...қаралық» деп өзгерген. Бұл 2003 жинақта қалпына келтірілген, біз осыны негізге алдық. Абайдың әйелді сымбаттауы. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «аласыз....» деген сөз 1991 жылғы жинақта «Аласы аз....» деп берілген екен. Бұл өзгерген сөз түпнұсқамен түзетілген. «Көрінер аузын ашса, кірсіз тісі» деген жолдар түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақта дұрыс берілсе, 1991 жылғы «Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі» болып, сөздердің орын ауысқан. 2003 жылғы жинақ түпнұсқаны негізге алған, біз де осыны негізге алдық. Түпнұсқадағы «Тамагын үлбіреген кір шалмайды» деген өлең жолы «Ақ жолда» «Үлбіреген тамагын күн шалмайды» болып өзгерген. 1989 жылғы жинақта түпнұсқадағыдай берілген. Түпнұсқа 2003 жылы қалпына келтірілген, біз де осыны негізге алдық. Түпнұсқадағы «Шашы бар қолаң қара жібек талдай» деген өлең жолын 1989 жылғы басылым түпнұсқаға сай берсе, 1991 жылғы басылымда «Қолаң қара шашы бар жібек талды» болып өзгерген. Түпнұсқа 2003 жылы қалпына келтірілген. Біз де осы 2003 жылғы нұсқаны негізге алдық. Абайдың күзгі күнді сүгіреттеуі. Түпнұсқада «Айырылган жапырагынан....» деген сөз тіркесі 1991 жылғы басылымда «Жапырагынан айырылган...» деп орындары ауысқан. 1989 жылғы жинақта өзгермеген. 2003 жылы түпнұсқа бойынша түзетілген, біз де осыны негізге алдық. Түпнұсқадағы «Тышқан аулап, үйде ит жоқ қайда көрсең» деген өлең тармағы 1989 жылғы жинақта дәл осы ретпен берілсе, 1991 жылғы басылымда «Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең» деп сөздердің орны ауысқан. 2003 жылы түпнұсқаға сәйкес түзетіліпті. Мағжанның толқынды кескіндеуі. Түпнұсқадағы «Жасымен жуып жартасын» деген тармақ 1989 жылғы жинақта «Жасымен жуып жартасы» болып өзгеріп, «н» әрпі түсіп қалса, 1991 жылғы жинақта керісінше, «Жасымен жуып жер тасын» деп «жар» сөзі өзгерген. Өзгерген сөз түпнұсқа бойынша 2003 жылы түзетіліпті, біз де осыны негізге алдық. Абайдың ән мен күйді сөзбен сипаттап танытуы. Түпнұсқадағы «Көбінесе ән басы келер ащы» деген тармақ 1989 жылғы жинақта түпнұсқадағыдай берілсе, 1991 жылғы жинақта «келер» сөзі «келеді» болып өзгерген. 2003 жылғы жинақ 1926 жылғы түпнұсқаны орнына келтірген. Біз де солай еттік. Түпнұсқадағы: «Кел тыңда деп өзгеге болар басшы» деген өлең жолы 1991 жылғы басылымда «Кел, тыңда!» деп өзгеге болар басшы» деп берілген болса, 1989 жылғы жинақта түпнұсқа қалпын сақтаған. 2003 жылғы жинақ түпнұсқаны негізге алған, біз де солай еттік. Келесі тармақтағы «...дүңгір-күңгір...» деген сөз тіркесі 1989 жылғы жинақта түпнұсқадағы қалпын сақтаса, 1991 жылғы жинақта бұл тіркес «...қаңгыр-күңгір...» деп өзгеріске ұшыраған. 2003 жылғы жинақ 1926 жылғы түпнұсқаны негізге алған, біз де солай еттік.

«Сөз өнері».

Түпнұсқа және 1989 жылғы сондай-ақ түпнұсқадағы «....бернесіне...» сөзі 1991 жылғы басылымда «...бейнесіне...» деп берілген. Ал 1989 жылғы басылымда түпнұсқадағы қалпы сақталып, өзгерген сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліпті. 2003 жылғы жинақ осыны негізге алған. Түпнұсқада «Сөз өнері жүзінде асқан өнерпаздар....» деген сөйлем 1989 жылғы жинақта дұрыс берілсе, 1991 жылғы жинақта «...асқан...» сөзі түсіп, «Сөз өнері жүзінде өнерпаздар...» деп берілген. 2003 жылғы жинақ 1926 жылғы түпнұсқаны негізге алған екен, біз де солай еттік. Түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымдағы «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деген өлең жолындағы «әркімнің-ақ» сөзі 1991 жылғы «әркімнің де» болып өзгерген. 2003 жылғы жинақ түпнұсқадағы қалпын сақтаған. «Сонда да ішінде бар таңдамасы» деген келесі тармақтағы «...ішінде бар» сөзі 1991 жылғы жинақта қолданылмай, «Сонда да солардың бар таңдамасы» болып өзгеріске ұшырған. 1989 жылғы жинақта түпнұсқадан ауытқымай, сол қалпында берілген. 1991 жылғы басылымдағы өзгеріс 2003 жылы түпнұсқадағыдай берілген. Біз де осыны негізге алдық. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «Ол белгі әркімнің өз ыңгайымен...» деген тіркестегі «әркімнің» сөзі 1991 жылғы жинақта «әр кісінің» деп өзгертілген. Өзгеріске ұшыраған сөз түпнұсқа бойынша 2003 жылы түзетіліпті, біз осыны негізге алдық. Сондай-ақ, түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «...сөз тізу салттарынан, шарттарынан...» деген сөйлемдегі «салттарынан» сөзі 1991 жылғы жинақта жоқ. Түпнұсқа 2003 жылы қалпына келтірілген, біз де осыны негізге алдық.

Шығарма сөз Тақырып. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «...болса, тақырыбы «той» болады» деген тіркес 1991 жылғы жинақта «...болса, шыгарманың» тақырыбы той болады» деп «шыгарманың» деген сөз қосылған. 2003 жылғы жинақ 1926 жылғы түпнұсқаны негізге алған, біз де солай еттік. Түпнұсқадағы «Және бұл сөздер Айман–Шолпан, Бақытсыз Жамал, Қобыланды батыр, Атымтай Жомарт турасында...» деген сөйлем 1989 жылғы басылымда «...болады және бұл сөздер «Айман–Шолпан», «Бақытсыз Жамал», «Қобыланды батыр», «Атымтай Жомарт» турасында...» деп әрбір есім тырнақшамен берілген. Ал 1991 жылғы жинақта жыр атаулары түпнұсқамен сәйкес берілген. Тек «Айман–Шолпан» деген сөз үтір арқылы «Айман, Шолпан» деп өзгеріс тапқан. Екі жинақтың да өзгеріске ұшыраған тұстары 2003 жылғы жинақта қалпына келтірілген. Біз де осыны негізге алдық. Түрі. Түпнұсқада және 1991 ж. жинақтағы «Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім» деген өлең жолдары 1989 ж. жинақта «Қолымды деп сермесем, өстер ме едім» деп өзгерген. Өзгерген сөз 2003 жылғы жинақта түпнұсқа бойынша беріліпті, біз де осыны негізге алдық. Сондай-ақ, осы өлеңдегі «Адамның бір өмірі бала деген» жол 1989 ж. жинақ түпнұсқаға сай болса, 1991 ж. жинақта «өмірі» деген сөз «қызыгы» деген сөзбен алмастырылған. Өзгеріске ұшыраған сөз 2003 жылғы жинақта түпнұсқамен түзетіліпті, біз де осыны негізге алдық. Келесі «Ақан – Аликсалам, е, жарқын қай ұлсың?» деген түпнұсқадан алынған сөйлем 1989 ж. жинақта «Ақан: Алик салам, е, жарқыным қай елсің?» деп берілген болса, 1991 ж. жинақта «Ақан. Әлик сәлем, е, жарқыным, қай ұлсың?» деп өзгеріске ұшыраған сөз түпнұсқа бойынша түзетілген. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Сондай-ақ, түпнұсқадағы «Ақан – Жарқын...» сөздері 1989 ж. жинақта «Ақан: Жарқын...», 1991 ж. жинақта «Ақан. Жарқыным...» деп берілген. Бұл сөздер 2003 жылы түпнұсқадағыдай қалпына келтірілген, біз осы жинақты негізге алдық. Осы тараудағы «....жаңа мына бір...» сөзі 1989 ж. жинақта өзгертілмей берілген болса, 1991 ж. жинақта «...мына...» сөзі «...гана...» сөзімен алмастырылған. Өзгерген сөз 2003 жылы түпнұсқамен түзетіліпті, біз осы жинақты негізге алдық.

БІРІНШІ БӨЛІМ

«Сөз өнерінің ғылымы».

Түпнұсқа мен 1991 жылғы басылымдағы: «Тіл (я лұгат) деп деп аталады» сөйлемі 1989 жылғы басылымда: «Тіл я лұғат деп аталады» деп, жақшасыз берілген екен. 2003 жылғы жинақ түпнұсқаға сәйкес түзетіліпті. Біз осы жинақты негізге алдық. Түпнұсқаның осы тарауында кездесетін «...көрнекі...» сөзі 1989 жылғы басылымда «...көрнекті...» болып берілген. Ал, «Ақ жолда» «...өрнегі...» деп өзгерген. 2003 жылғы жинақ түпнұсқаны сақтаған, біз де осыны негізге алдық. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «Ішкі пікір жагы, тысқы тіл жагы» деген сөйлем 1991 ж. жинақта: « Тысқы тіл жагы, ішкі пікір жагы» деп берілген. Өзгеріске түскен сөздер 2003 жылы түзетіліпті, біз осы жинақты негізге алдық. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтың осы тарауында кездесетін: «Шыгарманың түрінің гылымы, шыгарманың тілінің гылымы» деген сөйлем 1991 ж. жинақта «Шыгарманың тілінің гылымы, шыгарманың түрінің гылымы» деп беріліпті. 2003 жылғы жинақ орны ауысқан екі сөзді түпнұсқалық қалпына келтірген. Біз осы жинақты негізге алдық.

«Тіл қисыны (яки лұғат қисыны)».

Түпнұсқадағы «...тұтынган сөзді...» деген тіркес 1989 ж. жинақта «...түұтынган сөз...» деп, 1991 ж. жинақта «...тұтынган сөздер...» болып өзгертілген. 2003 жылғы жинақ 1926 жылғы түпнұсқаны орнына келтірген. Біз де осы жинақты негізге алдық.

«Сөз талғау».

Сөз дұрыстығы. Түпнұсқа және 1991 ж. жинақтағы «...нәрселерді жақсы біліп, әрқайсысын...» деген сөйлем 1989 жылғы басылымда «...нәрселерді біліп, әрқайсысын...» болып, «жақсы» сөзі түсіп қалған. Түпнұсқа 2003 жылғы жинақта қалпына келтірілген, біз осы жинақты негізге алдық. Т і л (лұгат) а н ы қ т ы ғ ы. Түпнұсқа және 1989 ж. жинақта кездесетін «Жаман қатын алсаңыз» деген сөз тіркесі 1991 ж. жинақта «Жаман қатын алмаңыз» болып өзгеріске ұшыраған. 2003 жылғы жинақта түпнұсқадағы мәтін негізге алынған, біз де осыны негізге алдық. Сондай-ақ, түпнұсқадағы «...жастардан өзінің тәрбиесіз...» деген сөйлемдегі «тәрбиесіз» сөзі 1991 жылғы жинақта «...тәртіпсіз...» деп берілген. Ал, 1989 жылғы басылымда түпнұсқадағы қалпы сақталған. Біз 2003 жылғы түпнұсқаны негізге алдық. «Т і л д ә л д і г і». Түпнұсқадағы «Амәндес...» сөзі 1989 ж. басылымда түпнұсқға сай берілген болса, 1991 ж. Басылымда «Әуендес...» болып өзгерген. 2003 жылғы жинақта түпнұсқадағы мәтін сақталған, біз осы жинақты негізге алдық. Сондай-ақ, түпнұсқадағы: «...амәндес сөз...» деген тіркес 1991 жылғы басылымда «...әуендес сөз...» болып, 1989 жылғы жинақта «...амәндес сөздер...» деп өзгеріске түскен. Өзгерген сөздер 2003 жылғы жинақта түпнұсқамен түзетіліпті. Біз де осы бойынша бердік. Т і л көрнектілігі: Түпнұсқадағы «бернесіз» және «бернелі» деген сөздер «Ақ жолда» «пернесіз» жене «пернелі» болып өзгерген. Ал, 1989 жылғы басылымда түпнұсқадағы қалпы сақталған. 2003 жылғы жинақта түпнұсқадағы мәтінді негізге алыпты, біз де осыны негізге алдық. Түпнұсқа және 1989 ж. жинақтағы «... затша сипаттайды» деген сөз тіркесіндегі «сипаттайды» сөзі 1991 ж. жинақта «...затша қалыптайды» болып өзгерген. 2003 жылғы жинақ 1926 жылғы түпнұсқаны негізге алыпты, біз де осыны негізге алдық. К ө р і к т е у: Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «Көркейту я жалпы сипатты жалғыз нәрсеге теліп айтқанда, я нәрседе болмайтын сипатты болатындай етіп айтумен болады» деген сөйлем 1991 ж. жинақта «Көркейту иә жай сипатты болатындай етіп теліп айтумен болады» деп өзгертілген. Өзгеріс 2003 жылғы жинақта түпнүсқамен түзетілген, біз де осыны негізге алдық. Түпнұсқадағы «... сияқты лебіздерде» деген сөз тіркесі 1991 ж. жинақта өзгеріссіз берілген болса, 1989 ж. жинақта «... сияқты лебіздерше» болып өзгерген. 2003 жылғы жинақта түпнұсқадағы мәтін қалпына келтіріліпті, біз де осыны негізге алдық. Түпнұсқадағы «Аңдыган бөрі кірмес пе? деген өлең жолындағы «кірмес пе» сөзі 1989 ж. жинақта өзгеріссіз, ал, 1991 ж. жинақта «көрмес пе» деп өзгерген. 2003 жылғы жинақта өзгерген сөз түпнұсқаға сәйкес түзетіліген. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «Жол тарттық құба шыңга Жемнен шыгып» деген тіркес 1991 ж. жинақта «...жонга Жемнен шыгып» деп өзгеріске ұшыраған. 2003 жылғы жинақта өзгеріс түпнұсқамен түзетілген, біз де осыны негізге алдық. 1991 ж. жинақ пен түпнұсқадағы «Тамызда қызыл мұнар астық шөлге» деген өлең жолы 1989 ж. жинақта «...ыстық шөлге» деп берілген. 2003 жылғы жинақта өзгеріс түпнұсқа бойынша түзетіліпті. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «Көрнекілеудің...» деген сөз 1991 ж. жинақта «Көріктеудің...» болып өзгерген. Бұл өзгеріс 2003 жылғы жинақта түпнұсқамен түзетіліпті. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Теңеу. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «Таулардан бұлақ агар сарқыраган» деген өлең жолындағы «бұлақ» сөзі 1991ж. жинақта «өзен» деп берілген. 2003 жылғы жинақта түпнұсқа негізге алынған. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымдағы «Жел соқса, құйын соқса, бір қалыпта» деген тармақтың «құйын» сөзі 1991 ж. жинақта «ыстық» болып өзгеріске түскен. 2003 жылғы жинақта өзгеріс түпнұсқаға сай түзетілген. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Сондай-ақ, түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы: «Қара албасты қабақтай, Піскен алма сабақтай...» деген өлең жолдарындағы «қабақтай, сабақтай» теңеулері 1991 ж. жинақта «...қабақты, сагақты...» болып өзгеріске ұшыраған. 2003 жылғы жинақ түпнұсқаны қалпына келтіріпті. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Бейнелеу. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Шақырып тұрар, құбылып кел деп мұнда» деген өлең жолындағы «құбылып» сөзі 1991 ж. жинақта «...күліп...» болып өзгерген. 2003 жылғы жинақта түпнұсқадағы қалпы сақталыпты. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Түпнұсқада «...бақыт құс...» деп берілген сөз 1991 ж. жинақта өзгеріссіз келтірілген болса, 1989 ж. жинақта «...бықыт құс...» болып өзгерген. Өзгеріс 2003 жылғы жинақта түпнұсқамен түзетіліпті, біз де осы жинақты негізге алдық К е й і п т е у. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақта «Жансыз нәрсені жанды нәрсенің күйіне...» деген тіркес 1991 ж. жинақта «Жансыз нәрсенің күйіне...» болып қысқартылған. Өзгеріс 2003 ж. жинақта түпнұсқа бойынша толықтырылған. Түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымдағы «Бұлттың суын ішіп ержеткенмін» деген өлең жолындағы «суын» сөзі 1991 жылғы жинақта «сүтін» деп берілген. 1989 жылғы басылымда түпнұсқадағы қалып сақталған. 2003 жылғы жинақ түпнұсқамен түзетіліпті, Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. «Тау-тасқа, адамзатқа келіп жанжал» деген өлең жолының «келіп» сөзі 1989, 1991 жылғы жинақтарда «салып» деп өзгеріске ұшыраған. 2003 жылғы жинақ түпнұсқаны негізге алыпты. Бернелеу. Түпнұсқаның осы тарауындағы: «Жан еркем, мен жүремін мынау күймен, Бар ма екен ғашық жарын мендей сүйген? Сен бір шам айнала ұшқан, мен пәруана Айналып аламын деп отқа күйген» деген өлең шумағындағы «Сен бір шам айнала ұшқан, мен пәруана» жолы 1989 және 1991 жылғы басылымдарда «Сен – бір шам, айнала ұшқан мен – пәруана» болып, тыныс белгілері өзгерген. 2003 жылғы жинақ түпнұсқаны негізге алған. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Сондай-ақ, түпнұсқада осы өлең жолынан кейін келетін: «Мұнда «мен бір шам» дегеннен бастап аягына шейін бейнелеу болады» деген сөйлем «Ақ жолда»: «... мен – пәруана...» деп берілген. Ал, 1989 жылғы басылымда «... Сен бір шам...» болып берілген. 2003 жылғы жинақта мәтін түпнұсқа бойынша берілген. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Түпнұсқа мен 1991 жылғы басылымда «Әдемі бернелеуге...» деген сөз тіркесі 1989 ж. жинақта «Әдемі бейнелеуге...» болып өзгерген. Өзгеріс 2003 жылғы жинақ түпнұсқаға сай түзетіліпті. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық.

Түпнұсқадағы:
«Расты рас демей, танамыз ба?
Бір сәтке татулық жоқ арамызда.
Тұрмайтын ренжуге аз нәрсеге»

деген өлең жолдарындағы сөздердің кейбірі 1989 жылғы жинақта «Бір сәтке» болып, ал 1991 ж. жинақта «Расын, Бір тәулік, әр нәрсеге...» деп өзгерген. Түпнұсқа 2003 жылғы жинақта қалпына келтірілген. Біз де осы жинақты негізге алдық. Түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымдағы «...жанына келіп...» тіркесі 1991 жылғы басылымда «...қасына келіп...» деп берілген. Түпнұсқа 2003 жылғы жинақта қалпына келтірілген. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Екеуін зордан гана айырысты» деген тармақтағы «зордан гана» тіркесі 1991 ж. жинақта «...зорга әрең...» деп берілген. 2003 жылғы жинақ түпнұсқа бойынша түзетіліпті, біз осы жинақты негізге алдық. Әсірелеу. Түпнұсқадағы «Ұмтылганда қысынып» деген тіркестегі «қысынып» сөзі 1989 жылғы жинақта «қызынып», ал 1991 жылғы жинақта «қысылып» деп берілген. Өзгерістер 2003 жылғы жинақта түпнұсқа бойынша түзетіліпті. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Түпнұсқаның осы тарауында кездесетін «Қош айту қиын болды кетер жерге» тармағындағы «кетер жерге» тіркесі 1991 жылғы жинақта «...кетер кезде» деп берілген. Ал, 1989 жылғы басылымда түпнұсқа сақталған. Өзгеріске түскен тіркес 2003 жылғы жинақта түпнұсқаға сәйкес түзетілген. М е г з е у. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Мегзеу» сөзі 1991 жылғы басылымда «Меңзеу» болып өзгерген. Түпнұсқа 2003 жылғы жинақта қалпына келтірілген. Түпнұсқадағы «Отыз тістен шыққан сөз емес, қырық рулы...» деген сөйлем 1989 ж. жинақта «Отыз тістен шыққан сөз отыз емес, қырық рулы...» болып өзгерсе, 1991 ж. жинақта «Отыз тістен шыққан сөз қырық рулы...» деп өзгеріске түскен. 2003 жылғы жинақ түпнұсқаны қалпына келтірген. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Түпнұсқа және 1989 ж. жинақтағы «Ант ішкен...» тіркесі 1991 ж. жинақта «Ант ішіп...» болып өзгерген. Өзгеріс 2003 жылғы жинақта түпнұсқаға сай жазылыпты, біз осы жинақты негізге алдық. Ә с е р л е у (лептеу). Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Мүбтәла қып...» тіркесі 1991 ж. жинақта «Мұншама гып...» болып өзгерген. 2003 жылғы жинақта өзгеріс түпнұсқа бойынша беріліпті. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымдағы «...мұнша азапқа» тіркесі 1991 жылғы жинақта «бұл азапқа?» болып өзгерген. 2003 жылғы жинақ түпнұсқаға сай жазылыпты. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Түпнұсқадағы «Қан қарадан жасқанбай...» деген тіркестегі «қан» сөзі 1989 жылғы жинақта «Хан қарадан жасқанбай...» болып берілсе, 1991 ж. жинақта кездеспейді. 1989 ж. басылымдағы өзгеріс 2003 жылғы жинақта түпнұсқаға сай жазылыпты. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Түпнұсқада және 1989 ж. жинақта кездесетін «Сарыарқа сайран жерім-ай\» деген тармақтағы «сайран» сөзі 1991 ж. жинақта «қайран» болып өзгертілген. Өзгеріс түпнүсқаға сай 2003 жылы түзетіліпті. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Сондай-ақ, түпнұсқа және 1989 ж. жинақтағы «Тоқталсайшы ыстық қан» деген өлең жолындағы «тоқталсайшы» сөзі 1991 ж. жинақта «Тоқталмапты...» болып берілген. 2003 жылғы жинақта сөз түпнұсқа бойынша түзетілген. Біз осы жинақты негізге алдық. Түпнұсқадағы: Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Оқысаңдар, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ, табылар (Алтынсары Ыбырай) деген өлең жолдары 1989 жылғы жинақта осы ретпен берілген. Тек автордың аты «Алтынсарин Ыбырай» деп жазылған. Ал, 1991 жылғы басылымда бұл өлең шумақтары кездеспейді.

1989 ж. жинақта кездесетін:
«Пір Назар, Смайыл мен Жүсіп Назар!
Тілімді алсаң, мұныңды қой, мырзалар!
Бар ма еді құлағыңда қалған нақыл:

«Тозған қудан топтанған қарға озар» –

(Бұдабай ақын) деген өлең жолдары түпнұсқадан өзгертілмей алынған болса, 1991 жылғы жинақта бұл мысал жоқ. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Қайталақтау. Түпнұсқадағы және 1989 ж. жинақтағы «Үш атамыз...» тіркесі 1991 жылғы жинақта «Ұлы атамыз» деп берілген. Өзгеріс 2003 жылғы жинақта түпнұсқамен түзетілген. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «...нәрсенің гамалын, күйін...» деген сөйлем 1991 ж. жинақта «...нәрсенің күйін...» деп, «гамалын» сөзі түсіп қалған. 2003 жылғы жинақ түпнұсқадағы қалпына келтірілген. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «Дүниеде негып тұр, Адамзат бір сагат» деген жолдар 1991 ж. жинақта мүлдем кездеспейді. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақта кездесетін «...азар келдім» тіркесі 1991 ж. жинақта «...әрең келдім» деп өзгеріске ұшыраған. Түпнұсқа 2003 жылғы жинақта қалпына келтіріпті. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Осы тарауда, түпнұсқада берілген «...ықсан жан тіріде» деген тіркес 1989 ж. жинақта сол қалпында берілсе, 1991 ж. жинақта «...ықсын жан тіріде...» болып өзгерген. 2003 жинақ түпнұсқадағы қалпын сақтапты. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Шендестіру. Түпнұсқадағы «Жалгыз шиден оқ аттың» деген өлең жолы 1989 жылғы басылымда сол қалпында берілген. Бұл тармақ 1991 ж. жинақта мүлдем кездеспейді. Дамыту. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Әншейін сөйлегенде дамыту мысалы мынау:» деген жолдар 1991 ж. жинақта кездеспейді. Түпнұсқадағы «Аягын топтап басады» деген өлең жолындағы «топтап» сөзі 1991 ж. жинақта «топ-топ» деп өзгеріске түскен. Ал, осы өлең жолынан кейін келетін «Жүні судай тасады» өлең жолы екі басылымда да (1989, 1991) қалып қойған. 2003 жылғы жинақ түпнұсқа бойынша жазған, біз осы жинақты негізге алдық. Түпнұсқада және 1989 ж. жинақта кездесетін «Халықты қаңсылату – обал» деген сөйлемдегі «қаңсылату» сөзі 1991 ж. Жинақта «қанжылату» болып өзгерген. Өзгеріс 2003 жылғы жинақта түпнұсқамен түзетілген. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Тыгылып Дажалдың пұтқанасына» деген өлең тармағындағы «дажал», «пұтқана» сөздері 1991 ж. жинақта «тажал», «пұтхана» болып өзгеріске түскен. Түпнұсқа 2003 жылғы жинақта қалпына келті- рілген. Біз 2003 жылғы жинақты негізге алдық. Түйдектеу. Түпнұсқадағы «... ерік ұранымыз, бірлік – Құранымыз болсын» деген сөйлем 1989 жылғы басылымда «...ерік – ұранымыз, бірлік – құранымыз болсын» деп берілсе, 1991 ж. жинақта «...ерік ұранымыз болсын, ерлік-бірлік құранымыз болсын» болып өзгерген. Екі басылымдағы өзгерістер түпнұсқа бойынша 2003 жылғы жинақта түзетіліпті. Біз осы 2003 жылғы жинақты негізге алдық. «Тіл (лұғат) әуезділігі». Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «... да болып, құралуы мүмкін. Сөздің дыбыстары құлаққа жагымды-жагымсыз болып құралу сияқты» деген сөйлем 1991 ж. жинақта «... да болып құралу сияқты...» деп өзгеріске ұшыраған. 2003 жылғы жинақ 1926 жылғы түпнұсқаны негізге алыпты. Біз де осы нұқаны алдық. С ө з әуезділігі. Түпнұсқа мен 1989 жылғы «...апта егін қуса игі еді» деген сөйлемдегі «апта егін» сөзі 1991 жылғы басылымда «...ата жолын...» болып өзгеріске түскен. 2003 жылғы жинақ түпнұсқа қалпын сақтаған. Біз осы нұсқаны негізге алдық. Ө р н е к т і сөйлемдер. Түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымдағы «Үйткені өрнекті сөйлем қанша үлкен болғанымен...» деп басталатын сөйлемнің «...яғни ішіне кіретін сөйлемдер қанша көп болғанымен...» деген жалғасы 1991 ж. басылымда кездеспейді. 2003 жылғы жинақ түпнұсқадағы қалпын сақтаған. Біз осы нұсқаны негізге алдық. Себепті оралым. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақта «Ауырса жеммен емдеген» деген өлең тармағы 1991 ж. жинақта кездеспейді. Шартты оралым. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Қазан ағаш бағысын. Түсірмесем жүзіңе, Көрсетпесем көзіңе» деген өлең жолдары 1991жылғы жинақта «Қазанның сырлы қаласын Көрсетпесем көзіңе, Түсірмесем жүзіңе» болып әрі өзгеріп, әрі орындары ауысқан. 2003 жылғы жинақ 1926 жылғы түпнұсқа қалпын сақтаған. Біз осы нұсқаны негізге алдық. Жалғасыңқы оралым. Түпнұсқадағы «Әр уақытта» деп берілген сөз 1989 жылғы басылымда «Әр уақытты» болып берілсе, 1991 жылғы жинақта «Аруаққа» деп өзгерген. 2003 жылғы жинақ түпнұсқа бойынша берілген, біз осы нұсқаны негізге алдық. Түпнұсқа мен 1989 ж. басылымда «Арқада Қобылан жатқанда» деген тіркес 1991 ж. жинақта «Қобыланды ойнап жатқанда» болып өзгерген. Бұл өзгеріс түпнұсқаға сәйкес 2003 жылы орнына келген. Біз осы нұсқаны негізге алдық. Түпнұсқа мен 1989 жылғы «Тізесіне тон жетпей» деген өлең жолынан кейін келетін «Арқасына қол жетпей» деген жол 1991 жылғы басылымда кездеспейді. Бұл өзгеріс түпнұсқаға сәйкес 2003 жылы орнына келген. Біз осы нұсқаны негізге алдық. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтың осы тарауында кездесетін «Абдастасы қолында» деген өлең жолы 1991 ж. жинақта «Әбдестесі қарында» болып өзгертілген. Бұл өзгеріс түпнұсқаға сәйкес 2003 жылы орнына келген. Біз осы нұсқаны негізге алдық.

Осы тарауда кездесетін:
«Дастарханы белінде,
Пияласы қарында
Бөтен жаудың елінде,

Қызылбастың шенінде – деп басталатын өлең жолындағы «дастархан» деген сөз 1989 жылғы. басылымда «дастарқан» деп өзгеріске ұшыраған. Ал, 1991 жылғы жинақта:

«Белдемшесі белінде,
Пияласы қолында»
.....................................

Қызылбастың елінде» болып, 3-ші жолы түсіп қалған. Бұл өзгеріс түпнұсқаға сәйкес 2003 жылы орнына келген. Біз осы нұсқаны негізге алдық. Серіппелі оралым. Түпнұсқада: «Шайылган көз жасымен жердің бетін» деп басталатын өлең шумағындағы «Шайылган...» сөзі 1991 жылғы басылымда «Жабылган...» деп өзгертілген.

«Қиналып, кім де болсаң, талыққандар,
Түңіліп, үміт үзіп жабықпаңдар.
Қайтадан жақындық кеп, қастық қашып,
Жарқырап жақсылыққа атар таң бар»

деген шумақ 1991 ж. басылымда:
«Қиналып, кім болсаң да, тарыққандар,
Түңіліп, үміт үзіп, жабықпаңдар!
……………………………………………

Жарқырап жақсылыққа атар таң бар» – деп, өзгеріске ұшыраған. Ал, 1989 жылғы басылымда өзгеріссіз берілген. Бұл өзгеріс түпнұсқаға сәйкес 2003 жылы орнына келген. Біз осы нұсқаны негізге алдық. Ө л е ң д і сөйлемдер. Түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымда «Шешем-ай...» деген сөз 1991 жылғы басылымда «Шешем-ай!...» деп лепті сөйлем ретінде берілген. 2003 жылғы жинақ түпнұсқаны негізге алған. Біз осы нұсқаны алдық.

Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы:
«Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар!
Азар жақсы болса да қайын енеміз, жар-жар!
Айналайын әжемдей болмақ қайда, жар-жар!»

деген шумақ 1991 жылғы жинақта:
«Жазғытұрғы ақша қар жаумақ қайда, жар-жар!
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар!
Қанша жақсы болса да қайын енеміз, жар-жар!

Айналайын шешемдей болмақ қайда, жар-жар! деп өзгеріске ұшырап, алғашқы жол 1991 жылғы жинақты шығарушы тарапынан қосылған. Өзгерістер 2003 жылы түпнұсқаға сай түзетілген, Біз осы нұсқаны негізге алдық.

Түпнұсқадағы:
«Айт, келін, айт, келін!
Аттың басын тарт, келін!
Жұмыртқадан ақ келін»

деп басталатын өлең шумағы 1991 жылғы басылымда:
«Айт келін, енді айт, келін!
Атыңның басын тарт келін!
Сауысқаннан сақ келін!

Жұмыртқадан ақ келін!» деп өзгеріске ұшырап, өлеңнің 2-ші тармағынан кейіп «Сауысқаннан сақ келін» деген 3-ші тармақ қосылған.

«Сөздің өнер болатын мәнісі».

Түпнұсқадағы «Бірінші түрде тілдерде, мәселен, араб, латын, ионан сияқты ескі жүрттардың тілдерінде дауысты дыбыстардың кейбіреулері созылып, ұзын айтылады» деген сөйлем 1991 жылғы басылымда «1-ші түрде тілдерде дауысты дыбыстардың кейбіреулері созылып, айтылады» болып, ғылыми тұжырымы толық берілмей, сөйлем қысқартылған. Ал, 1989 ж. жинақта осы мәтіндегі «түрде» сөзі «...түрдегі...» деп өзгертілген. Өзгерістер түпнұсқаға сай 2003 жылы түзетіліпті. Біз де осы нұсқаны негізге алдық.

Ө л е ң ш ы ғ а р у. Түпнұсқа мен 1991 жылғы жинақтағы:
«Ашуын бұған бассын», – деп,
Жерімді саған тастадым.
«Олжа ңылып жатсын», – деп,

Елімді саған тастадым.
(«Кенесары – Наурызбай»)
деген үзінді 1989 ж. жинақта кездеспейді.
Ш у м а қ т ү р л е р і. Түпнұсқадағы:

«Күніңмен алтын қуанбай,
Гүліңмен жібек жуанбай.
Жеттің де, тез өттің, жаз!
Ағаш, шөптер қураған,

Айдын да құрып, суалған
Қаңқылдар қайда, қоңыр қаз» —

деген өлең жолдары 1989 жылғы жинақта түпнұсқадағыдай берілсе, 1991 жылғы басылымда:

«Күніңмен алтын қуантпай,
Гүліңмен жібек жұбантпай,
Жеттің де тез еттің жаз!
Ағаш шөптер қуарған,

Айдын да құрып, суалған,
Қаңқылдар қайда қоңыр қаз?!» —

болып, тармақтың орналасу реті өзгеріске ұшыраған. Өзгеріс 2003 жылы орнына келтірілген. Біз де осы нұсқаны негізге алдық. Т а р м а қ тұлғалары. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Тармақ тұлгалары» деген тақырып атауы 1991 ж. жинақта «Тармақ толгаулары» болып өзгерген. Бұл өзгеріс 2003 жылы түпнүсқамен түзетіліпті. Біз де осы нұсқаны негізге алдық.

Сондай-ақ, түпнұсқадағы:
Балалар/, оқуға бар/ жатпа қарап/
Жуынып/, киініңдер/ шапшаңырақ/
Шақырды әтеш мана әлдеқашан/

Қарап тұр/ терезеден/ күн жалтырап/ деген өлең шумағы 1991 басылымда алғашқы жолының әрбір сөзінен кейін үтір арқылы, қалған үш тармағы таяқшасыз берілген. 1989 жылғы басылымда бұл мәтін таяқшасыз берілген. 2003 жылғы жинақ түпнұсқадағы қалпына келтірілген екен. Біз осы нұсқаны негізге алдық.

Ө л е ң а ғ ы н д а р ы. Түпнұсқадағы:
«Не себептен / / хан Кене
Қырғызға мұнша / / өшікті?
Ақ қалпақты / / қырғыздан

Қазаққа берді / / несіпті.

5

Ат мініп, қару // асынған,
Бізді аяма / / кесібті
Есіркесең // болмай ма?
Жолыңда жатқан // бесікті»

(Нысанбай жырау)
деген үзінді екі жинақта да кездеспейді.
Түпнұсқадағы:
3 4 4

«Бір қазақ // қала шықты // мата ала,
3 4 4
Тиеп ап // тері-терсек //, жегіп шана.
3 4 4

Ұрлатып // жүгін жолда //, жұрдай болып,
3 4 4
Үйіне / / қайтты байғүс / / құр қол ғана»

деген ұйқас түрлерінің 1991 жылғы басылымда өлең жолдары ғана берілген. 1989 жылғы жинақта өзгермеген. 2003 жылғы жинақ түпнұсқадағы қалпын сақтаған. Біз осы нұсқаны негізге алдық. Т а р м а қ кезеңдері. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақта кездесетін «І.Үлы кезек. 2. Кіші кезек» сөздері 1991 ж. жинақта «1) үлы кезең. 2) кіші кезең» болып өзгерген. 2003 жылғы жинақ түпнұсқадағы қалпын сақтаған. Біз де осы нұсқаны алдық.

Түпнұсқаның осы тарауындағы мысал ретінде берілген:
«Ақ Жүністей / / жолдасым!
Әйел де болсаң, // мүұңдасым!
Қолаң шашты, / / қой көзді,

Әйелде ару сен едің,
Аш арыстан / / жүректі,
Балуан, жолбарыс / / білекті,
Жігіттің мәрті мен едім» —

деген өлең шумағы 1989, 1991 ж. жинақтарда тармақтарының реті сақталмай:
«Аң жүністей жолдасым!
Әйел де болсаң мүңдасым!
Қолаң шашты, қой көзді,

Әйелде ару сен едің,
Аш арыстан жүректі,
Балуан, жолбарыс білекті,
Жігіттің мәрті мен едім!»,

деп берілген.

Түпнұсқадағы қалпын 2003 жылғы жинақ сақтаған. Біз осы нұсқаны негізге алдық. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «Мұнда көлденең жуан сызық ұлы кезеңдерді көрсетеді, жіңішке сызық кіші кезеңді көрсетеді» деген сөйлем 1991 ж. басылымда кездеспейді. 2003 жылғы жинақ түпнұсқаға негізделген. Біз осы нұсқаны негізге алдық. Т а р м а қ ұ й қ а с т ы ғ ы. Түпнұсқа мен 1991 ж. жинақта көрсетілген ұйқас түрлерінің мына реті «1-ші, 2-ші, 4-ші тармағы», 1989 ж. басылымда «бірінші, екінші, төртінші тармағы» болып, сөзбен берілген. 2003 жылғы жинақ түпнұсқаға негізделген. Біз осы нұсқаны негізге алдық.

ЕКІНШІ БӨЛІМ

«Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі».

Түпнұсқаның осы тарауында кездесетін «...қара сөз деп, көрнекі лебізді сөздерді дарынды сөз деп атау қолайлырақ. Әдетке қарамай...» деген сөйлем 1989 ж. жинақта дұрыс ретін тапқан да, ал 1991 ж. жинақта «...дарынды сөз деп атау қолайлырақ әдетке қарамай...» болып, қос сөйлем бірігіп, өзгеріске ұшыраған. Өзгерген сөйлемдер реті 2003 жылы түпнұсқа қалпында берілген. Біз осы нұсқаны негізге алдық. Түпнұсқада: «Сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен, сөз мағына жағының күштілігімен жағады» деген сөйлемдегі «көркемдігімен» сөзі 1991 жылғы жинақта: «...келістілігімен, мағына...» деп өзгеріске ұшыраған және «сөз» деген сөзі сөйлемге кіріспеген. 1989 жылғы басылымда түпнұсқаға сай берілген. Өзгеріс 2003 жылы түпнүсқамен түзетілген. Біз осы нұсқаны негізге алдық. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы: «...салынып, сүгіреті толық меңзеуі мерген, қисыны қызық болсын, сөз әсерінің күшімен көңілге ұнауы көбірек көзделеді» деген сөйлем 1991жылғы жинақта: «...салынып, сөз әсерінің күшімен көңілге ұнауы көбірек көзделеді» деп қысқартылған. Түпнұсқа 2003 жылғы басылымда қалпына келтірілген. Біз осы нұсқаны негізге алдық. Түпнұсқа мен 1991 жылғы жинақтағы «...алынып сөз қалады: қатта қисынын келтіріп, болмаған нәрсені болғанға...» деген сөйлемнің «қатта» сөзі 1989 жылғы басылымда «хатта» болып берілген. 2003 жылғы жинақ 1926 жылғы түпнүсқа бойынша беріліпті. Біз де осы нұсқаны негізге алдық. «...дарынды сөздің арасындағы парық жұмсалатын орнына, қызметіне...» деген сөйлемдегі «парық» сөзі түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымда бірдей жазылса, 1991 жылғы басылымда «даралық» болып өзгерген. Өзгеріс 2003 жылғы жинақта түпнұсқаға сай түзетіліпті. Біз де осы нұсқаны негізге алдық. Қ а р а с ө з. Түпнұсқада: «...белгілі бір қарарға келгенде адамға бір үлкен ұғым пайда болады» деген сөйлемдегі «адамға» сөзі «Ақ жолда» «... адамда...» деп берілсе, 1989 жылғы жинақта түпнұсқа бойынша берілген. 2003 жылғы жинақта өзгеріс түпнұсқаға сай түзетілген. Біз де осы нұсқаны негізге алдық. Әуезе түрлері. Түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымдағы: «Біреулер өткенді сөз қылғанда, уақыт сарынымен айтады. Екіншілері уақыт сарынымен айтады да, үшіншілері біреуден біреуді туғызып...» деген сөйлем 1991 жылғы жинақта «... айтады, екіншілері біреуден біреуді туғызып ...» деп қысқартылған Қысқартылған сөздер 2003 жинақта түпнұсқа қалпына келтіріліпті. Біз де осы нұсқаны негізге алдық. Осы тарауда түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымда кездесетін «...байласылмай, көбінесе...» деген тіркес 1991 жылғы жинақта «...байланыстырылмай, көбінесе...» деп өзгерген. 2003 жылғы жинақта өзгерген сөз түпнұсқадағы қалпына сай беріліпті. Біз де осы нұсқаны негізге алдық. Тарих. Түпнұсқада «Тарихты қазақша ұлы дерек деуге, әуезе табына жатқанмен, айғақты әуезе болады» деген сөйлемдегі «айғақты» сөзі 1991 жылғы жинақта «... айғақшы ...» болып берілген. 1989 жылғы басылымда түпнұсқа қалпы сақталған. «Ақ жолдағы» өзгерген сөз 2003 жылы түпнұсқадағы қалпына келтіріліпті. Біз де осы нұсқаны негізге алдық. Ш е ш е н с ө з. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «...шығармалардың бөлекей бір түрі емес...» деген сөйлем 1991 ж. жинақта «... шығармаларының бөлектей бір сөзі емес...» болып өзгерген. Бұл өзгеріс 2003 жылғы жинақта түпнүсқаға сай түзетіліпті. Біз де осы нұсқаны негізге алдық. Шешен сөз түрлері. Түпнұсқада «...қарар шығарту мақсатпен сөйлегенде саясат шен сөзі деп аталады» деген сөйлемдегі «шен» сөзі 1991 жылғы басылымда «шешен» болып ал, «мақсатпен» сөзі «мақсатымен» деп өзгерген. Өзгерген сөздер 2003 жылғы жинақта түпнұсқамен түзетілген. Біз де осы нұсқаны негізге алдық. Түпнұсқада «...істетіп, көрсететіндер болды» деген сөйлем «Ақ жолда»: «...істетіп, көрсететіндей болған» деп өзгерген болса, 1991 жылғы жинақ та түпнұсқадан ауытқымаған. Біз де осы нұсқаны негізге алдық. Сондай-ақ, осы сөйлемнен кейін келетін «Онан әрі бара-бара осы күнгі ойналатын түрлі алаң алданышы болып шығар еді» деген сөйлемдегі «алаң алданышы» деген сөз тіркесі 1991 жылғы басылымда «... алаң айнасы...» деп берілген. 1989 жылғы басылымда бұл сөз түпнұсқа қалпын сақтаған. Өзгерген сөз 2003 жылғы жинақта түпнүсқа бойынша жазылғын. Біз осы нұсқаны негізге алдық. А й т ы с. Түпнұсқаның осы тарауында кездесетін «...бір түрі...» деген тіркес «Ақ жолда» «...бұл түрі...», ал 1989 жылғы басылымда түпнұсқа қалпында берілген. Бұл өзгеріс 2003 жылғы жинақта түпнұсқаға сай жазылған. Біз де осы нұсқаны негізге алдық. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақта кездесетін «...бір ананың қолында...» деген тіркестегі «ананың» сөзі 1991 ж. жинақта «атаның» болып өзгеріске енген. 2003 жылғы жинақ түпнұсқаны қалпына келтіріпті. Біз де осы нұсқаны негізге алдық. Түпнұсқада берілген «...пердесі көрініп...» деген тіркес 1991 ж. жинақта «...бейнесі көрініп...» деп берілген. 1989 ж. жинақта өзгермеген. 2003 жылғы түпнұсқа қалпына келтіріпті. Біз де осы нұсқаны негізге алдық. Түпнұсқаның осы тарауындағы «...басқаға таңу...» деген тіркес 1991 ж. жинақта: «... басқаға тану...» деп берілген екен. 1989 жылғы басылымда түпнұсқа қалпын сақтаған. Өзгерген сөз түпнұсқа қалпына 2003 жылы келтірілген. Біз де осы нұсқаны негізге алдық. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақта «...адамдары жыршы деп атанған...» деп жазылған сөйлем 1991 ж. басылымда «...адамдар жыршы деп аталған» болып өзгертілген. Түпнұсқадағы қалпы 2003 жылы да сақталған. Біз де осы нұсқаны негізге алдық. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «Сөйтіп өзгеріс кіріп, көбінің өрісі кеңіп, өресі ұзайған» деген сөйлем 1991 жылғы басылымда «...көбінің өресі кеңейіп, өрісі ұзарған» болып өзгерген. «Ақ жолдағы» өзгерген сөздер 2003 жылғы жинақта түпнұсқадағы қалпына келтірілген. Біз де осы нұсқаны негізге алдық.

А у ы з ә д е б и е т.

Сауықтама. Ермектеме. Түпнұсқада және 1989 ж. жинақта «...ертексімек аңыз...» деп берілген тіркес 1991 ж. жинақта «...ертегісымақ аңыз...» болып өзгерген. 2003 жылғы жинақ 1926 жылғы түпнұсқаны негізге алыпты. Біз де осы нұсқаны негізге алдық.

Ертексімек. Түпнұсқада және 1989 ж. жинақтағы:
« Он бес жігіт жиылып, көтере алмай,
Енді саба қылмасқа тоба қылдым»

деген өлең шумақтары 1991 жылғы басылымда кездеспейді. Бұл жолдар 2003 жылғы жинақта түпнұсқадағы қалпында беріліпті. Біз де осы нұсқаны негізге алдық.

Зауықтама. Толғау.
«Сұрқия Кенесары – қашаған хан,
Серғазы – талай жасты жасаған хан.
Дәулетін Байекемнің айырма деп,

Тілекті мен тілейін жасағаннан.
Жарлыны жалғызбенен бір теңгердің
Алтынды айналайын босағаңнан!
Кеңеске келіссіз сөз текқ осайын,

Тап атам Жарылғасқа ұсағанмын.
Қарастым тойды жақсы бастады деп,
Берсең де бір қысырақ қосақ алман» –

деген шумақ «Ақ жолда» кездеспейді. Бұл шумақ 1989 жылғы жинақ пен түпнұсқада бар екен. Біз 2003 жылғы нұсқаға тоқтадық.

Түпнұсқада «Қобыланды батыр» жырынан алынған үзіндідегі:
«Айналайын Қалдыжан,
Ағаңды кімге тапсырдың?!» –

деген олең жолындағы «Қалдыжан» сөзі 1991 ж. басылымда «Қарлығаш» болып берілген. 1989 жылғы жинақта өзгермеген. Бұл өзгеріс 2003 жылғы жинақта түпнұсқаға сай өзгертілген. Біз 2003 жылғы нұсқаға тоқтадық.

Түпнұсқада:
«Он сегіз мың ғаламның
Патшасы, әуел Хақ Жаббар!
Есіттің бе сөзімді?» –

деген өлең жолдарындағы «Жаббар» сөзі 1989 жылғы басылымда «Жаппар» деп берілген. Ал, 1991 жылғы жинақта:

«Он сегіз мың ғаламға
Патша болған хақ жаббар!
Есіт мынау сөзімді» –

деп өзгеріске ұшыраған. Екі басылымдағы өзгерістер 2003 жылы түпнұсқа қалпына келтіріліпті. Біз 2003 жылғы нұсқаға тоқтадық. Түпнұсқаның осы тарауындағы «Күңіреніп жатырмын» деген өлең жолы «Ақ жолда»: «Көгеріп келе жатырмын» болып өзгерген. Ал, 1989 ж. басылымда түпнұс- қамен бірдей берілген. 1991 жылғы басылымдағы өзгеріс түпнұсқамен түзетіліпті. Біз 2003 жылғы нұсқаға тоқтадық. Сондай-ақ, «Ақ жолда»: «Жаз ыстық, қыс суықпен өмір шегіп» деген өлең жолы 1989 ж. басылымда: «Жарыстық қыс суықпен өмір шегіп» болып өзгерген. Бұл өлең жолы түпнұсқада мүлдем кездеспейді. Ділмар сөз. Түпнұсқа мен 1989 ж. басылымдағы «Өр Дулат...» сөзі «Ақ жолда» «Өзі Дулат...» болып өзгерген. 1991 жылғы басылымдағы өзгеріс 1926 жылғы түпнұсқамен түзетіліпті. Біз 2003 жылғы нұсқаға тоқтадық. Тақпақ,. Түпнұсқада «Екі дау адағы ауыл болмас» деген өлең жолы 1991 ж. жинақта «Екі дай адамы ауыл болмас» болып өзгертілген. 1989 ж. жинақта түпнұсқадағыдай берілген. «Ақ жолдағы» өзгерген сөз 2003 жинақта 1926 жылғы түпнұсқамен сәйкес. Біз 2003 жылғы нұсқаға тоқтадық. Ғ ұ р ы п с ө з і. Жоктау. Түпнұсқада «... жаяйын да жияйын...» деген өлең жолы 1991 жылғы басылымда «... жаяйын да жылайын...» деп берілген. 1989 жылғы басылымда өзгермеген. 2003 жылғы жинақта түпнұсқа негізге алынған екен. Біз 2003 жылғы нұсқаға тоқтадық. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «Ала арқанмен бек тарттым» деген өлең жолы 1991 жылғы жинақта кездеспейді.

Бата. Түпнүсқа мен 1989 жылғы басылымдағы:
«Сенен байлық өтпесін,
Желіңнің екі шетіне»
деген жолдар 1991 жылғы жинақта:

«Сенен байлық кетпесін» болып, екінші жолы түсіп қалған. Бұл өзгеріс 2003 жылғы басылымда түпнұсқамен түзетіліпті. Біз 2003 жылғы нұсқаға тоқтадық. Қалып сөзі. Түпнұсқада: «...жын шақырғанда ...» сөйлемі 1991 ж. жинақта «...жын шақыруы ...», 1989 жылғы басылымда «...жынын шақырғанда...» болып өзгерген. 1991, 1989 жылғы басылымдардағы өзгерген сөздер 2003 жылғы жинақта түпнұсқаға сай түзетіліпті. Біз 2003 жылғы нұсқа бойынша алдық.

Ж а з у ә д е б и е т. Насихат. Түпнұсқадағы:
«Бүгін жеген қатыңды.
Таңында бір күн берерсің.
Пақыр-міскін кез келсе,

Алып барар малың жоқ,
Дүниеде қайыр қыл!
Досыңа жақсы орын бер!»
(Әбубәкір)

өлең шумағындағы «қатыңды» сөзі 1989 жылғы басылымда «қапыңды» деп өзгеріске ұшыраған. 1991 жылғы жинақта:

«Бүгін жеген наныңды,
Тағы да бір күн көрерсің.
Алып барар малың жоқ,
Бақыр, міскін кез келсе,

Бәріне де қайыр қыл!
Дұшпаныңа жақсы орын бер!»

болып (автор көрсетілмеген) өзгерген. Өзгерген сөздер түпнүсқадағы қалпына 2003 жылғы жинақта келтірілген. Біз 2003 жылғы нұсқа бойынша алдық. Даттау. Түпнұсқада: «Зекетін саудалайды молдасына» деген өлең жолы «Ақ жолда»: «Дегенін саудалайды молдасына» деп берілген. 1989 жылғы басылымда түпнұсқа қалпын сақтаған. Өзгеріске түскен сөзді 2003 жылғы жинақ түпнұсқа бойынша түзеткен. Біз 2003 жылғы нұсқа бойынша алдық. Айтыс. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақта «Шариғатқа теріс істерін мін қылып мүдіртпек болады» деген сөйлемдегі «мүдіртпек» сөзі 1991 ж. басылымда «...сүрінтпек...» деп берілген. Бұл өзгерісті 2003 жылғы жинақ 1926 жылғы түпнұсқамен түзеткен. Біз осы 2003 жылғы жинақ бойынша алдық. Түпнұсқадағы: «Өлке иек, қабырғаның саласындай» деген өлең жолы 1989 жылғы басылымда: «Әлкеиек...» болып берілген. 1991 ж. басылымда «Өлкейек...» деп өзгертілген. 2003 жылғы жинақ 1926 жылғы түпнұсқамен түзеткен. Біз осы 2003 жылғы жинақ бойынша алдық. Діндар дәуір. Намыс яки соғыс толғауы. «Жүсіп Ақымет жырында Ғашырбек...» деген сөйлем «Ақ жолда»: «Жүсіпбек, Ақыметбек жырында Ғашырбек...» деп берілсе, 1989 жылғы басылымда «Жүсіп, Ахмет жырында Ғашірбек...» болып өзгерген. Екі басылымдағы өзгерген сөздерді 2003 жылғы жинақ 1926 жылғы түпнүсқамен түзеткен. Біз осы 2003 жылғы жинақ бойынша алдық. Сондай-ақ, осы сөйлемнен кейін келетін: «Шүлдірлетіп қызыл басты» деген өлең жолындағы «шүлдірлетіп» сөзі 1991 ж.ылғы басылымда «шөлдірлетіп» деп өзгеріске ұшыраған. Өзгерген сөз түпнүсқадағы қалпына 2003 жылы келтірілген. Біз осы 2003 жылғы жинақ бойынша алдық. Сындар дәуір. Әуезе түрлері. Осы тарауда кездесетін «...қамтама қаласы». Олардың бөгетшілігін...» деген сөйлем 1991 жылғы басылымда «...қапы қаласы». Олардың бөгеттілігін...» деп өзгерген. 1989 жылғы басылымда өзгермеген. «Ақ жолдағы» өзгертілген сөздерді 2003 жылғы жинақ 1926 жылғы түпнұсқамен түзеткен. Біз осы 2003 жылғы жинақ бойынша алдық. Айтыс-тартыс. Сондай-ақ, түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымда кездесетін «...әдебиет түріне тек айтыс дегеннен...» және «...ғамалы болса, сол ғамал мақсаты қайраттан туған ғамал болады» деген сөйлемдер 1991 жылғы басылымда кездеспейді. 2003 жылғы жинақ 1926 жылғы түпнұсқамен түзеткен. Біз осы 2003 жылғы жинақ бойынша алдық. Түпнұсқада «Қазақ, орыс патшасына болады не жайбарақат» деген тіркес «Ақ жолда»: «Қазақ орыс патшасына қарап болады. Жайбарақат» деп, ал 1991 жылғы басылымда «Қазақ патшаға қарап, не жайбарақат» болып өзгертілген. Өзгеріске түскен сөздерді 2003 жылғы жинақ 1926 жылғы түпнұсқамен түзеткен. Біз осы 2003 жылғы жинақ бойынша алдық. Сондай-ақ, түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақта кездесетін «Намыс толғау соғыс кезінде, соғысқа түсіру үшін ягни» деген тіркес 1991 жылғы жинақта берілмеген. Бұл өзгерісті 2003 жылғы жинақ орныны келтірген. Біз осы 2003 жылғы жинақ бойынша алдық. А.Байтұрсынұлы жасаған пән сөздердің бәрі де (тіл білімі саласы мен әдебиеттануға қатысты) ана тіліміздің төл байлығы, өз сөздері. Ғалым соларды іске асыру барысында әртүрлі әрекеттер қолданды. Заттық, атаулық ұғымды білдіретін сөздерді іріктеп, оларға (терминдік) қызмет жүктей білді. Күні бүгінге дейін мектеп пен жоғары оқу орындарында пайдаланылып келе жатқан оқулықтардағы пән сөздердік жүйе түгелімен А.Байтұрсынұлының есімімен байланысты екендігін Ө.Айтбаев негізге алады. Ғалымның қазақ «пән сөздерін» қалыптастырудағы рөлін және осы саладағы еңбегін жан-жақты қарастырған зерттеулерлер де бар. А.Байтұрсынұлы ресми түрде ақталғаннан бергі уақыт ішінде ахметтануға өзінің үлесін қосып жүрген тілші-ғалым Р.Сыздықованың «Термин жасау -– А.Байтұрсынұлы көтерген тарихи жүктің бірі» (1999), Ө.Айтбайұлының «Қазақ терминологиясының атасы», Ш.Құрманбайұлының «Алаш және терминтану (ХХ ғасыр басындағы қазақ терминологиясы. 1910-1930 жылдар) (2008), С.Ақаевтың «Терминнің танымдық сипаты» (2000) зерттеулерін атауға болады. Ғалым Р.Сыздықова жоғарыда аталған еңбегінде А.Байтұрсынұлын тіл білімі, әдебиеттану ғылымының, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салушы ірі ғалым екенін айта келіп: « ... Терминдік мәндегі күрделі атауларды ұсынуда А.Байтұрсынұлы тек ұғым дәлдігін ғана көздеп қоймай, сипаттама (характеризующий) компонентін әсерлі, үнді, тұлғалас сөздер болып келуіне қатты назар аударған. ... әдебиеттану саласында ұсынған терминдерінде бір тектес жеке сөздер мен әдемі, әсерлі «ойнақы» компоненттер бұдан да көбірек кездеседі. Мысалы, өлең кестесін – шумақ, тармақ, бунақ, буын құрайды деуі; бернелеу, меңзеу, әсірелеу деп, олардың барлығын «- у» жұрнағымен жасауы немесе көрнекті лебіз, көсе лебіз, көрнек өнері дегендерге ұйқасты сөздерді алуы – осыны дәлелдейді», – деп жазады. Кітаптың ғылыми басылымын дайындау барысында 1926 жылғы Ташкентте, 1926 жылы Баку қаласында өткен Бүкілодақтық Бірінші түркологиялық съезде жасаған ғылыми баяндамасындағы сол кезеңнің әдеби тынысы, стильдік ерекшеліктері түпнұсқа бойынша толық сақталынып берілді. Бұл баяндаманың толық нұсқасы А.Байтұрсынұлының "Тіл тағылымы" (Алматы, 1992) кітабынан алынды.

Әлихан Бөкейхан.

ХХ ғасыр басында қоғам қайраткері, қазақ халқының тұңғыш саяси «Алаш» партиясының ұйымдастырушысы, ұлттық Алшорда үкіметінің төрағасы, энциклопедист-ғалым яғни ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, саясаткер, көсемсөз шебері Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866-1937.27.09.) қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы Қаратал елді мекенінде дүниеге келген. Ә.Бөкейханның ата-тегі Шыңғыс ханнан бері келе жатқан төре тұқымы Бөкейханнан тарайды: Көкжал Барақтың баласы Бөкейхан қазақтың таққа отырған соңғы хандарының бірі. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлихан 1879 жылы Қарқаралыдағы молдадан хат таниды. 1879-1886 жылдары Қарқаралыдағы қазақ балаларына арналған мектепте тәрбиеленген. 1886-1890 жылы Омбы техникалық училищесін және Санкт-Петербордағы Императорлық орман институтын бітірген. Әлихан Бөкейханның ғылыми еңбектерін тану Тәуелсіздік кезеңінде ғана басталды: Х.Оралтай, М.Базарбаев, М.Қойгелді, Р.Нұрғали, С.Аққұлыұлы. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан – Ресей І Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, ІҮ Мемлекеттік думаның мұсылман фракциясының бюро мүшесі, Санкт-Петербор масоны. Сонымен қатар бұл томға Ә.Бөкейханның келесі әдеби-теориялық зерттеулері енгізілді: «Роман деген не?» (1914), «Роман бәйгесі» (1914), «Ән, өлең һәм оның құралы» (1914), «Кітап сыны» (1926). Ә.Бөкейханның «Роман бәйгесі» және «Роман деген не?» атты мақалалары "Қазақ" газетінде 1914 жылы 48 нөмірінде "Арыс ұлы" деген бүркеншік атпен жарияланған. Сыни мақалада Міржақып Дулатұлы жазған қазақтың тұңғыш романы "Бақытсыз Жамал" қаралады. «Ән, өлең һәм оның құралы» – "Қазақ" газетінде 1914 жылы № 64 санында жарияланған. «Кітап сыны» мақаласы Ж.Аймауытұлының "Психология" (Ташкент, 1926) атты кітабына жазылған пікірі. «Кітап сыны». Ә.Бөкейханның Ү деген бүркеншік атпен Жүсіпбек Аймауытұлының «Қартқожа» романына жазған пікірі. «Еңбекші қазақ» (04.11.1926) газеті, Қызылорда қаласы.

В.Иванов – Қыр баласы, «Жаңа мектеп», 1927, № 3-4, 116 бет.

Ә.Бөкейханнның ғылыми зерттеулеріне ғылыми түсініктеме "Ә.Бөкейхан. Таңдамалы (избранное)". – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. – 477 б. (Құрастырып, түсініктері мен библиографиялық көрсеткішін жазып, баспаға әзірлеген Сұлтанхан Аққұлыұлы) кітаптан алынды.

Халел Досмұхамедұлы

ХХ ғасыр басындағы көрнекті мемлекет, қоғам және саяси қайраткері, Алаш ғалымы профессор Халел Досмұхамедұлы (1883-1939) қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таныған Халел жергілікті орыс-қазақ мектебінде оқыған. Осы мектепті аяқтаған соң Орал қаласындағы реалдық мектепті 1902 жылы бітіріп, Санкт-Петербордағы Императорлық әскери-медициналық академияны (1903-1909) «Үздік дәрежелі емші» дипломымен аяқтаған. Халел Досмұхамедұлының ғылыми мұрасын зерттеу Тәуелсіздік кезеңінде іске асты: К.Нұрпейісов, Р.Сыздықова, Ш.Сарыбаев, М.Қойгелді, Д.А.Аманжолова, Р.Әлмұқанова, Ғ.Әнес, А.Мектеп, Ш.Керім. Осы томға әдебиеттанушы Х.Досмұхамедұлының келесі классикалық зерттеулері енді: «Аламан» (1924), «Қазақ халық әдебиеті» (1928), «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» (Шолпан,1922, № 1. Б. 35-38; № 2-3. Б.107-114; 1923, № 6, 7, 8. Б. 30-43. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы», Ташкент, 1924. - 53 б.), // Көрсеткішті Ш.Сарыбаев пен Ғ.Әнес құрастырған. «Кенесары-Наурызбай» (Ташкент,1923), «Мұрат ақынның сөздері» (Ташкент,1924. Б. 6-10), «Диуани лұғат ат-Түрік» (1923), «Шернияз шешен» (1925). Х.Досмұхамедұлының ғылыми зерттеулеріне ғылыми түсініктеме «Аламан» (Ғылыми түсініктемелерді жазған: Ғ.Әнес, А.Мектеп, Ш.Керім) атты кітабынан алынды: «Аламан» (Қазақтың ел әдебиетінен алынған сөздер) - 1926 жылы Ташкент қаласында басылды, - 187 бет. "Қармыс батыр жыры", "Досжан Қожбанұлының (1848-1884)", "Даусым, саған не болды?" өлеңі "Ақ берен" (1972), "ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы" жинақтарына қысқартылып басылған. "Балуанияз" дастаны ертеректе "Мұрат ақынның Ғұмарқазы оғылына айтқаны" (Қазан, 1900) кітабына, "ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы" жинағына енген Жиембет батырдың "Еңсегей бойлы ер Есім" деп басталатын толғауы "Алдаспан", "Бес ғасыр жырлайды" жинақтарында жарияланған. «Қазақ халық әдебиеті. Қысқаша очерк» – "Казахская народная литература. Краткий очерк" деген атпен "Год работы казахского высшего педагогического института" жинағында (Ташкент, 1928) орыс тілінде басылған. Х.Досмұхамедұлының Қазақ жоғары педагогика институтының қазақ тілі кабинетінде оқыған баяндамасы 1928 жылы Ташкентте орыс тілінде шыққан жоғарыдағы жинақтан алынды. Баяндама қазақ тілінде тұңғыш рет аударылып, жарық көріп отыр. Аударған Ғ.Әнесов пен Ш.Керімов.

« «Кенесары-Наурызбай» – 1923 жылы «Мұрат ақынның сөздері» – 1924 жылы Ташкент қаласында басылды. Кітаптағы "Шалгез", "Қыз" туралы толғаулары кейінгі шыққан "Үш ғасыр жырлайды" (1965), "Бес ғасыр жырлайды" (1989) атты топтамаға, Мұрат пен Жантөлі, Мұрат пен Тыныштық, Бала Ораз бен Мұрат айтыстары 1942, 1988 жылдарда жарық көрген айтыс жинақтарына енген. "Қарасай-Қази" жыры 1943 жылы жеке кітап болып жарияланды. Аталған үш айтыс және кете Жаскелеңмен сөз қағыстыруы, сондай-ақ аталған хрестоматиядағы Мұраттың Есентемір Тұрабай болыстыққа таласқанда шығарған өлеңі, "Досқа хаты", "Мазақ" атты өлеңі кітап көлемі көтермегендіктен бұл жинаққа енгізілмеген. «Диуани лұғат ат-Түрік» // Шолпан, 1923. № 6, 7, 8. // Кіт.: Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. – Алматы: Ана тілі,1998. – 384 б. – Б. 155-163. Көрсеткішті Ш.Сарыбаев пен Ғ.Әнес құрастырған. «Шернияз шешен» ("Қызыл Қазақстан", 1925. № 5. Б. 79-83). // Кіт.: Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. – Алматы: Ана тілі,1998. – 384 б. – Б. 97-104. Көрсеткішті Ш.Сарыбаев пен Ғ.Әнес құрастырған. Томды 1926 жылы шыққан А.Байтұрсынұлы зерттеулері негізінде ғылыми түсініктемелерін қайта жазғандар – филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Серікқызы Ісімақова, филология ғылымдарының кандидаты Айсұлу Төреқұлқызы Ойсылбай және кіші ғылыми қызметкер Кәмшат Мұстафаева. Баспаға дайындаған кіші ғылыми қызметкерлер – Марат Әзімханов, Ерболат Әбікенұлы.

Томда кездесетін тарихи есімдерге түсініктер

Аймауытұлы, Аймауытов Жүсіпбек (1889-1931) – қоғам қайраткері, жазушы, драматург, аудармашы, әдебиет зерттеуші, көсемсөз шебері. Алаш қозғалысының белсенді мүшесі. «Қартқожа», «Ақбілек» романдары мен «Күнікейдің жазығы» повесінің, көптеген әңгімелер мен пьесалар авторы. Педагогика, психология, эстетика туралы еңбектер жазды. 1929 жылы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген сылтаумен тұтқындалып, 1931 жылы атылды. Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843-1913) – ақын, әнші, композитор. Қазақтың ұлттық өнерін кәсіби деңгейге көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Айтыс ақыны ретінде де танылды. Өлеңдерінде заман әділетсіздігін сынап, махаббатты асқақтата суреттейді. Оның әндері қазақ музыкасының өркендеуіне зор ықпал етті. Алтынсарыұлы, Алтынсарин Ыбырай (1841-1889) – қоғам қайраткері, ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы. Қазақ даласында ана тіліндегі алғашқы мектептердің ашылуында үлкен еңбек сіңірді. 1879 ж. «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты қазақ балаларына арналған тұңғыш оқулықтары жарық көрді. Ақын, жазушы ретінде жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына елеулі үлес қосты. Л.Толстой, И.Крылов, К.Ушинский шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды. Әуезұлы, Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) – ұлы жазушы, драматург, ғалым, қоғам қайраткері. Қазақстан ҒА академигі. Абайтану ғылымының негізін салушы. «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы әлемдік әдебиеттегі ерекше құбылыс ретінде бағаланды. 1959 ж. осы эпикалық шығармасы үшін оған КСРО-дағы ең жоғары сыйлық – Лениндік сыйлық берілді. Қазақ әдебиеттануы тарихындағы өзіндік орны бар «Әдебиет тарихы» (1927), «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы» монографияларының авторы. 1929-30 жж. қазақ зиялыларын жазалау науқаны басталып, М.Әуезов те түрмеге қамалады. 1932 ж. қазақ әдебиетінің тарихы мен Абай туралы зерттеулерінен, «Қилы заман», «Хан Кене», т.б. шығармаларынан бас тартуға мәжбүр болды. 1951-1954 жж. саяси-идеологиялық тұрғыдан жала жабылып, оны «ұлтшыл-алашордашыл» ретінде жаппай сынау науқаны басталып, 1953 жылы қамауға алу қаупі төнгенде Мәскеуге жасырын кетуіне тура келді. 1954 ж. елге қайтып келіп, өмірінің соңына дейін ғылыми-жазушылық қызметпен айналысты. 1997 ж. жазушының 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтті. Байтұрсынұлы, Байтұрсынұлы Ахмет (1872-1937) – қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, Алаш партиясы мен Алашорда автономиялы үкіметінің мүшесі, көсемсөз шебері, аудармашы мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, түрколог, ұлттық жазудың реформаторы. «Қазақ» (1913-1918) газетінің бас редакторы. Байтоқ Алаша (туылған - өлген жылы белгісіз) — Батыс Қазақстан өңірінде 19 ғасырда өмір сүрген жырау. Бөкей ордасында, Жәңгір ханның жанында болған. Байұлының алаша руынан шыққандықтан ел арасында “Алаша Байтоқ жырау” деп аталған. Оның Жәңгір хан дүниеден қайтқан соң айтқан толғауы, “Мұрат ақынның Ғұмар Қазыоглына айтқаны” (Қазан, 1908), “Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары” (Орынбор, 1910) жинақтарында жарық көрген. “Қары азамат сардарбек” деп басталатын толғауы ел арасына кең тараған. Толғаудың маңғыстаулық Т.Жанғабылұлынан 1939 жылы Байтоқ Жақыппайұлы, 1947 жылы И. Ұйықбаев жазып алған мәтіні Қазақстан Ғылыми Академиясының Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақтаулы (198-705 бумалар). Байтоқ жыраудың 2 толғауы да Жәңгір ханға, оның сән-салтанатына арналған мадақ жырлар. Қолжазба мәліметтерге қарағанда, Жәңгірге жырау сексен жасында барған. Ханның сұрауымен, әуелі жиналып отырған жамағатқа, биге, байға, батырға, қызға, бәйбішеге өмірде не жарасатынын жырлайды, сосын хан мәртебесіне ойысады. “Жәңгір хан дүниеден қайтқан соң айтқан толғауында” әсерлеу әдісін мол қолданады. Жоқтау сарынындағы бұл толғауда жыраудың Ресей үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатына қарсы көзқарасы айқын сезіледі.

Бөкейұлы, Бөкеев Шәңгерей Сейіткерейұлы (1847-1920) – белгілі ақын. Бөкейханұлы, Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1866-1937) – қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш партиясы мен Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, көсемсөз шебері, ғалым, аудармашы. 1 Ә.Бөкейхан Абай Құнанбайұлының шығармашылығын ХХ ғасыр басында орыс оқырмандарына алғаш таныстырды. Ә.Бөкейхан көркем аудармашы ретінде орыстың Л.Н.Толстой ("Қажымұрат" 1923, "Кавказ тұтқыны" 1925, "Жетіқарақшы" 1925); А.П.Чехов ("Хамелеон"); В.Г.Короленко ("Баймақан", "Өзі" 1927), Д.М.Мамин-Сибиряк ("Қара ханым" 1927) сияқты классик жазушыларымен қатар шет ел жазушысы Ги де Мопассанның ("Жарасын алдырған ана") әңгімелерін және Қырым халықтарының әдеби шығармаларын қазақ тілінде сөйлеткен. Бұдабай Қабылұлы[1] (1842, Шиелі ауданы Жөлек ауылы – 1912, сонда) – айтыс ақыны. Бұдабай өткір сөзді ақын, терме, толғау, мақтау, сынау, сөзге шебер дарынды дүрдің бірі. Оның алғаш ақын ретінде танылуы Қарлығаш деген қызбен айтысынан басталады. Жастайынан өлең-жырға әуес Бұдабай шығармаларының біразын жазып қалдырған. Өлеңдерінің басым көпшілігі ел бірлігі мен татулықты жырлауға, араздасқандарды бітімге шақыруға арналған. Кейбір нысапсыз, парақор ел басшыларын сынай отырып, бұрынғы өткен әділ би, кемеңгер шешендердің үлгілі істерін көлденең тартады, сөйтіп, оларды дұрыс жолға салмақ болады («Әлмәмбетке», «Әжібай мен Торғайға», «Аппазға», тағы да басқа). Оның есімі жоқтау жырлаумен де белгілі болған. «Әйекені жоқтау» деп аталатын жыры ел арасына кең таралған көркемдігі мен құрылысы жағынан ерекше туынды. Бұдабайның «Әшірдің баласы Сыздықты жоқтау», «Әлмәмбеттің жалғыз баласы өлгенде» атты туындылары да жұртқа мәлі метр Ақынның «Өзім жайлы», «Көңіл туралы», «Өмір туралы», тағы да басқа өлеңдері белгілі. Диваев, Диваев Әбубәкір (1856-1933) – ғалым-фольклорист, этнограф. Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы әрі зерттеуші. Досмұхамедұлы, Досмұхамедов Халел (1883-1939) – Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. 1909 ж. Санкт-Петербург Императорлық әскери-медициналық академиясын үздік дәрежелі дәрігер атағымен бітіреді. Студент шағында саяси жұмыспен айналысып, Ресей кадеттер партиясына мүше болады. Пермь губерниясында, Орал облысында дәрігер болып қызмет атқарады. 1917 ж. Алашорда үкіметі құрамына сайланады. 1918 ж. наурызда Ж.Досмұхамедовпен бірге Алашорда үкіметі атынан В.И.Ленинмен, И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Кеңестік кезеңде жауапты басшы қызметтер атқарады. Отандық ғылымның дамуына үлкен үлес қосты. Табиғат, жануарлар дүниесі мен денсаулыққа арналған көптеген оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды. Қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, ғылыми зерттеулер жариялады. «Мұрат ақын сөзі» (1924), «Исатай-Махамбет» (1925), «Аламан» (1926), «Қазақ халық әдебиеті» (1928) жинақтары шыққан. 1939 ж. 19 тамызда түрме ауруханасында қайтыс болады. Досқожа (1801 - 1866) - жырау. Оның есімі "Кенесары қонысынан ауғанда Досқожаның айтқаны" деген жырымен елге мәлім болган. Жыр ата мекенін тастап ауа көшкен елдің туып өскен жерін қимай жылап айрылысқан коштасуын бейнелейді. Жырда Сарыарқаның жасыл орманы, көгілдір таулары, көк үйірім көлдері мен өзендері көркем тілмен суреттеледі. Дулатұлы, Дулатов Міржақып (1885-1935) – Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы, ақын, драматург, журналист. ХХ ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі. Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі. «Алаш» партиясының бағдарламасын жазған. Елдесұлы, Елдесов Омар (т.ө.ж.б.) – қоғам қайраткері. 1930 жж. саяси қуғын-сүргін құрбаны. Жансүгірұлы, Жансүгіров Ілияс (1894-1938) – ақын, жазушы. Қазақ совет әдебиетінің классигі. Әдебиеттің барлық жанрында дерлік шығармалар жазған. Оның поэзиясы – терең ойдың, үлкен сезімнің поэзиясы. Ақын қазақ әдеби тілін жаңа сатыға көтерді. Жұмабайұлы, Жұмабаев Мағжан Бекенұлы (1893-1938) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Қазақ поэзиясының сыршылдығын тереңдетті. Әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Кемеңгерұлы, Кемеңгеров Қошмұхамбет (Қошке) Дүйсебайұлы (1896-1937) – Алаш қайраткері, жазушы, ғалым, журналист, драматург. Кенесары Қасымұлы (1802, Көкшетау өңірі – 1847, Қырғызстан, Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік-Сеңгір аңғары) – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1947 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841 – 1947). Кенесары Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның немересі. Көпейұлы Асфандияр, Көбеев Спандияр (1878-1956) – педагог, ағартушы, жазушы, аудармашы. Ы.Алтынсарин ашқан ауылдық орыс-қазақ мектебінде сауатын ашқан. Қазақ балаларына орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген. Орыс жазушыларының тәлімдік шығармаларын қазақ тіліне аударып, «Үлгілі тәржіма» деген атпен 1910 ж. кітап етіп шығарған. «Үлгілі бала» оқу құралының (1912), әйел теңдігіне арналған «Қалың мал» романының (1913), жарты ғасырлық ұстаздық тәжірибесі сөз етілген «Орындалған арман» мемуарлық романының (1951) авторы. Күлейұлы, Күлеев Бернияз (1899-1923) – ақын. Өлең-толғауларында махаббат, достық, бостандық тақырыптарын жырлады, поэмаларында әлеуметтік мәселелерді қозғады. Сыршыл ақын. Бірқатар өлеңдерінде мұңлы сезім, тарығушылық сарын кездескенімен, негізінен, азаматтық әуен басым. 1920 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстанның кітап бастыру жөніндегі өкілі ретінде Қазан қаласында қызмет етіп, Абай, Сұлтанмахмұт жинақтарының жарық көруіне көп еңбек сіңірді. Қарашұлы Омар, Қараш Ғұмар (1875-1921) – ақын, қоғам қайраткері. Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар көрнекті ақындардың бірі. Ел аузынан жинаған әдеби мұраларды құрастырып «Шайыр», «Көксілдер» жинақтарын (1910) жарыққа шығарды. «Бала тұлпар», «Қарлығаш», «Тумыш» (1911), «Аға тұлпар» (1914), «Тұрымтай» (1918) жыр жинақтарының, «Ойға келген пікірлерім» (1910), «Өрнек» (1911), «Бәдес хажы» (1913) зерттеу кітаптарының авторы. Қазақтың «Мұғалім» атты тұңғыш педагогикалық журналының алғашқы редакторы болған.

Құнанбайұлы Абай (1845-1904) – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы, композитор. Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858-1931) – ақын, аудармашы, композитор. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресін» жазған. Қазақтың сот және заң мәселелерін көп зерттеген. Майлыұлы, Майлин Бейімбет (1894-1938) – жазушы, ақын, драматург, журналист. Қазақ кеңес әдебиетінің классигі. Мәделіқожа Жүсіпқожа (1816 жылы туған, Арыс өңірі – 1888) – айтыскер, ақын. Ескіше хат таныған. Өзі тұстас талай ақындармен айтысқа түскен. Ол атақты Майлықожа ақынмен де өнер жарыстырған. Оның «Қанай датқаға», «Майлы ақынға», т.б. толғаулары бар. «Мәделінің елімен қоштасқаны», «Бір жан жоқ болыстыққа талас емес», «Еш нәрсе бұл дүниеге болмас тұтқа», «Бәйтерек Байзақ едің мақтап жүрген», «Іліп алма», т.б. жырларында замана шындығын көрсеткен. «Арыстанбайға» атты арнау өлеңі «Жас қайрат» журналында (1924 жылы ғ5) жарияланған. Көптеген өлең-жырлары, толғаулары, айтыстары қолжазба күйінде Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы. Наурызбай Қасымұлы (1822, Көкшетау өңірі – 1847, Қырғызстан, Кекілік тауы, Майтөбе мекені) – батыр. Абылай ханның немересі, Кенесарының туған інісі. 1837 – 47 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысында ерекше ерлігімен көзге түскен. Наурызбай Кенесарының тапсырмасымен көтеріліске қарсы жергілікті басшыларды бағындыру, салық жинау, барлау, әскерді қару-жарақ және азық-түлікпен қамтамасыз ету, дипломаттық, т.б. қызметтер атқарған. Ресей отаршылары мен Қоқан ханының озбырлықтарына қарсы соғыстардың барлығына қатысқан. 1841 жылы Кенесары хан болып сайланғанда хан кеңесінің мүшесі болған. Соғыста тапқыр, ұрыста батыл Наурызбайдың сөзге шешен, әнші-күйшілігімен, жауырыны жерге тимеген палуандығымен аты шыққан, бүркіт, қаршыға, лашын ұстап, құсбегілікпен айналысқан. Наурызбай 1847 ж. тұтқынға түскен ағасы Кенесарының қасына өз еркімен барып, қырғыз манаптарының қолынан қаза тапты. Оның көркем бейнесі Нысанбай ақынның “Кенесары – Наурызбай” дастанында, М.Әуезовтің “Хан Кене” пьесасында сомдалған. Наушабайұлы, Наушабаев Нұржан (1858-1919) – ақын, би. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық бағыттың көрнекті өкілі. Қазан қаласында басылған «Манзұмат қазақия» (1903), «Алаш» (1910) жыр жинақтарының авторы. Өлеңдерінің негізгі тақырыбы – өнер-білім мен адамгершілік қасиеттерді насихаттау. Наушабаев Нұржан (Нұрмұхамбет) (1858, қазіргі Қостанай облысы Ы.Алтынсарин ауданы – 1919) – ақын. Діни-ағартушылық бағыттың көрнекті өкілі. Анасы Қадишадан (Шал ақынның қызы) жастайынан айырылған ол нағашыларының қолында тәрбиеленген. Троицк қаласында З.Расулов медресесінде білім алған. Жастайынан араб-парсы тілдеріндегі кітаптар мен татар, башқұрт жазушыларының шығармаларын оқыды, әнші, сері, балуан атанып, дидактик. үлгідегі нақыл, терме, толғау, мысал және назым, ғақлия жырларын жазды. Оның 40 шақты өлеңі мен айтыстары “Жұмбақ. Нұржан мен Сапарғалидың жұмбақ айтысы” (1903), “Манзұмат қазақия” (1903), “Алаш” (1910) атты жинақтарында Қазан қаласында басылған. Наушабаев өлеңдерінің негізгі тақырыбы – өнер-білім мен адамгершілік қасиеттерді насихаттау. “Замананың қалпына айтылған сөз”, “Тақпақ”, “Терме”, “Леп ұрған жігітке” өлеңдерінде, сондай-ақ А.И. Крыловқа еліктеп жазған “Түлкі мен әтештің хикаясы”, “Өгіз бен есек”, т.б. мысалдарында адамның мінез-құлқы мен жамандық-жақсылық, әділдік жайын, замана бағытын, қоғамдық құбылыстарды сипаттады. Адам бойындағы қараулық, дүниеқорлық, тойымсыздық көріністерін сынады. Дидактикалық жанрда жазылған “Қырық тілек” атты 13 жұмбақтан тұратын ғақлия өлеңі көркемдігімен ерекшеленеді. Қоғамдық жайларды исламдық тұрғыдан таразылап, діни өлеңдерінде Құран Кәрімнің маңызын, қасиетін түсіндіруге талпынған ақын мұсылманның парыз-уәжіптеріне талдау жасайды (“Қырық парыздың баяны”, т.б.). Наушабаев шығармаларында татар ақыны, әнші Сапарғали Қуанышұлымен жұмбақ айтысының орны ерекше. Хат үлгісіндегі жазбаша сөз сайысында қарсыласы тарапынан қойылған 25 жұмбаққа Наушабаев тапқырлықпен жауап беріп, білімдарлығын көрсеткен. Айтыс көркем тілімен, заман ағысы мен қоғамдық өзгерістерді шебер бейнелеуімен құнды. Айтыс мәтіні 359 жолдан тұрады, алғаш “Манзұмат қазақия” (1903) кітабында, кейін “Айтыс” жинағының 2-томында жарық көрді. Ы.Алтынсаринге арнаған өлеңінде ағартушының еліне, замандастарына өнеге көрсеткен биік азаматтық тұлғасы айқын көрініс тапқан. Өлеңнің 3 шумағы Ы.Алтынсарин құлпытасына қашап жазылған. Ақынның “Көкем-ай”, “Көңіл ажар”, “Жан сәулем”, “Асылай”, “Мұқидаш”, “Бес тілек”, т.б. әндері ел арасына кең тараған. Нысанбай жырау Жаманқұлұлы - ақын, жырау. Тарихи тақырыптағы Кенесары – Наурызбай дастанын жазған. Бұл шығарма алғаш рет 1875 ж. Записки Оренбургского отдела императорского русского географического общества журналында жарияланды. Нысанбай жырау Жаманқұлұлы (1822, Сыр бойы – 1883, қазіргі Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққошқар мекені) – Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің жыршысы. Нысанбай жырау көтеріліске бастан-аяқ қатысып, көрген-білгенін жырға қосқан. “Кенесары – Наурызбай” атты көлемді дастанында көтеріліс басшыларын батырлар жыры дәстүрінде бейнелеп, заман шындығын отарлық езгіге қарсы көтерілген халық үнімен шебер қиюластыра білді. Жырда Кенесарының қырғыздарға жасаған жорығы, оның қаза табуы мазмұндалған. Дастан халық арасына кең тараған, алғаш 1875 жылы С.Жантөрин мен Т.Сейдалиннің аудармасымен “Записки Оренбургского отдела императорского русского географического общества” журналында орыс әліпбиімен қазақ тілінде басылды. Шығарманы 1912 жылы Қазан қ-нда ЖЫЛЫШайхысыламұлы жеке кітап етіп бастырды, 1923 жылы Ташкентте Х.Досмұхамедұлының, 1924 жылы Н.Төреқұловтың алғысөздерімен кітап болып шықты. 1996 жылы “Қазақ халық әдебиеті” атты көп томдықтың 17-кітабында жарық көрді. Нысанбай жыраудың шығарм. жолын Х.Досмұхамедұлы, Е.Ысмайылов, І.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Т.Тебегенов, т.б. зерттеді. Өтетілеуұлы, Өтетілеуов Бекет (1883-1949) – ақын, аудармашы, ағартушы, педагог. Өмір бойы ұстаздық қызметпен айналысқан. «Дүние ісі ахиретке кетпес» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1912 ж. Қазанда, «Жиған-терген» атты өлеңдер мен аудармалар жинағы 1914 ж. Орынборда жарық көрген. Сәдуақасұлы, Сәдуақасов Смағұл (1901-1933) – мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, сыншы. Голощекиншілердің қазақ халқына зиянды «Кіші Қазан» бағытына қарсы шықты. Осыған байланысты «сәдуақасовшылдық» топ пайда болып, Мәскеудің Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатына қарсы күрескен қуатты оппозициялық күш болды. Оның басшысы С.Сәдуақасов қудалауға ұшырады. Ол бірнеше прозалық шығармалар жазып, сын жанрының қалыптасуына өзіндік үлес қосты. Сол жылдардағы әдеби айтыстарға қызу қатысты. Сейфуллаұлы, Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894-1938) – мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы, сыншы. Қазақ совет әдебиетінің классигі. Сералыұлы, Сералин Мұхамеджан (1872-1929) – ақын, ағартушы, журналист, қоғам қайраткері. Алғаш қазақ тілінде шыққан «Айқап» журналының редакторы. «Топжарған» поэмасы (1900) Кенесары, Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысты жырлауға арналса, «Гүлқашима» поэмасы (1909) әйел теңдігі мәселесін көтереді. Ол Фирдоусидің «Шаһнама» дастанының «Рүстем-Зораб» бөлімін, А.Сорокиннің «Жусан» повесін қазақ тіліне аударды. Сүгір Бегендікұлы (1894-1974) (күйші Сүгірмен шатыстырмаңыз) . Маңғыстау топырағында дүниеге келген белгілі ақын-жыраулардың бірі Сүгір Бегендікұлы өріне табиғат берген өнер дарынын халыққа сыйлап,оның ыстық ықыласы мен құрметіне бөленген,бар парасатты ғұмырына еліне қызмет етумен өткізген асыл перзенті. Сүгір Жырау 1894 жылы Маңғыстауда Өгіз-Өреуіл деген жерде дүниеге келген. Сүгір Адайдың Мұңалы, оның ішінде Жаулыдан таралатын Ескелді ауылының перзенті. Әкесі Бегендік ескіше оқыған сауатты, діндар адам болған. Сүгірдің өз айтуы бойынша, әкесі екі рет Меккеге барып “Хажы” атанған кісі. Бейіті Бекет-ата зиратына қойылған. Торайғырұлы, Торайғыров Сұлтанмахмұт (1893-1920) – ақын, ағартушы, сыншы. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі.

Шонанұлы, Телжан Шонанұлы – Шорманұлы, Шорманов Садуақас (т.ө.ж.б.) – қоғам қайраткері, жазушы, журналист.

Әдебиеттанулық терминдер

Біз ғалым қолданған «пән сөздерді» қосыша ретінде ұсынуды жөн көрдік. Оны мына төмендегі кестеден көруге болады:

Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған
«пән сөздері» интернационалдық және орысша атауы:
азапты тартыс драма
айқындау эпитет

айтыс-тартыс драма
айшықтау фигура
ақын тілі поэтический язык
аңдату пролог

ауыз шығарма фольклор
ауыстыру метафора
алмастыру метонимия
амәндас сөздер синоним

әсірелеу литота, гипербола
әуез музыка
әуезе эпос
әурешілік комедия

әдебиет литература
әлектеніс трагедия
әліптеме портрет, пейзаж
әдепкі қайталау анафора

әжуа, мысқыл сарказм
әліптеу описание
бас қатырғыш головоломка
баяндау тәсілі способ повествования

бейнелеу символ
бернелеу синекдоха
дамыту градация
ділмар сөз афоризм

егіздеу параллелизм
ескірген сөздер архаизм
жалқылау әдісі анализ
жалпылау әдісі синтез

жаңа сөздер неологизм
жергілікті сөздер диалект
заманхат эссе
кейіп тип

кейіпкер герой
кейіптеу олицетворение
кескін живопись
көсемсөз публицистика

қисын теория
қорыту эпилог
мазмұндау фабула
машық стиль

ойлаумышление
оралым синтаксический период
пайымдау рассуждение
пікір высказывание

путыршы футурист
сәулет архитектура
сөйлестірген түр диалог
сымбат скульптура

тіл қисыны стилистика
тиіс ғалам объективный мир
түйіс ғалам субъективный мир
толғау лирика

ұзақ сөз повесть
ұлы әңгіме роман
ұсақ әңгіме рассказ
шендестіру, түйістіру антитеза

шешен сөз ораторская речь
шығарма сөз словесное творчество
шығарманың тілі стилистика
шығарманың түрі жанр

ырғақритм

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Ахмет Байтұрсынов. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. (Алғысөзін жазған ҚР ҰҒА академигі Ш.Қ.Сәтбаева. Құрастырушылар: филология ғылымдарының докторы Ә.Шәріпов пен С.Дәуітов. Ғылыми түсініктерінің авторы – С.Дәуітов). – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б. 2. Ахмет Байтұрсынов. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімалар, публицистикалық мақалалар және әдеби зерттеу. (Құрастырушы – ҚР ҰҒА академигі Р.Нұрғалиев). – Алматы: Жалын, 1991. – 464 б. 3. Ахмет Байтұрсынов. Тіл тағылымы (Қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). Жалпы редакторлары: Р.Сыздықова мен Ш.Сарыбаев. Құрастырушылар: Ғ.Әнесов пен А.Мектепов. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б. 4. Ахмет Байтұрсынов. Шығармалары. І-том. Әдебиет танытқыш. Жауапты редакторы және құрастырушысы филология ғылымдарының докторы, профессор А.С.Ісімақова. – Алматы: Жібек жолы. 2002. – 207 б. 5. Ахмет Байтұрсынұлы. Бес томдық шығармалар жинағы. І-том. – Алматы: Алаш, 2003. – 408 б. Жауапты редакторы – А.С.Ісімақова. Кітапты құрастырып, алғысөзі мен ғылыми түсініктерін жазғандар: А.Ісімақова, Г.Пірәлиева, С.Сәкенов, К.Мұстафаева. 6. Бөкейхан Ә. Таңдамалы (избранное). – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. – 480 б. (Құрастырып, түсініктері мен библиографиялық көрсеткішін жазып, баспаға әзірлеген Сұлтанхан Аққұлыұлы) 7. Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. – Алматы: Ана тілі,1998. – 384 б. 8. Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы: Ана тілі,1991. – 174 б. 9. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы: Ана тілі,1996. 10. Қазақ әдебиеттануының тарихы. Екі томдық. І-том. – Алматы: ҚазАқпарат, 2008. – 646 б. 11. Қазақ әдебиеттануының тарихы. Екі томдық. ІІ-том. – Алматы: ҚазАқпарат, 2008. – 658 б. 12. Қазіргі қазақ әдебиеттанудағы Тәуелсіздік идеясы. – Алматы: Тіл оқу-әдістемелік орталығы, 2011. – 528 б. 13. Қабдолов З. Көзқарас. А.: Рауан, 1996. 14. Қабдолов З. Ахаңның өдеби қисындары // Көзқарас. А.: Рауан, 1996. 15. Ахметов З. Бүкіл қазақ Ахаң деген // Ұлттың үлы ұстазы. А., 2001. 16. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана: Күлтегін, 2002. – 528 б. 17. Қозыбаев М. Ахмет Байтүрсынұлы – XX ғасырдың ұлы реформаторы // Ұлттық рухтың үлы тіні. Алматы: Ғылым, 1999. 103-121-бб; Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар // Егемен Қазақстан. 1994. 12 тамыз. 18. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А.:. Санат, 1995. 230-б; Саяси элита және ұлт мүддесі // Ұлттық рухтың ұлы тіні. А.: Ғылым, 1999. 195-210-б. 19. Кәкішұлы Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. ІІ-бөлім. (Оқу құралы) – Алматы: «Білім», 2003. – 232 бет. 20. Кәкішев Т. Қазақ әдеби сыны. Екі томдық. Алматы, 2004. 21. Ісімақова А. Алаш әдебиеттануы. – Алматы: Мектеп, 2009. – 560 б. 22. Ысқақұлы Д. Әдебиет алыптары. Астана: Фолиант, 2004. – 304 б. 23. Әбдиманұлы Ө. А.Байтұрсынұлы: Зерттеу-эссе. Алматы: Арда, 2007. – 296 б. 24. Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Алматы: Қазақ ун-ті, 1999. 25. Жүсіпов С.А. Ә.Н.Бөкейханның әдеби-публицистикалық мұрасы // филол.ғыл.канд. дәрежесін алу үшін жазылған дисс. авторефераты. Алматы, 1995. 26. Еркінбаев Ұ. Әдебиет танытқыштың теориялық негізі (монография). – Алматы: Таңбалы, 2008. – 136 б. 27. Ойсылбай А.Т. Ахмет Байтұрсынұлының "Әдебиет танытқыштағы" сөз өнері және поэтика мәселелері" // филол.ғыл.канд. дәрежесін алу үшін жазылған дисс. авторефераты. – Алматы, 2010.

РЕЗЮМЕ

Институт Литературы и искусства им. М.О.Ауэзова по Проекту "Ғылыми қазына" ("Научное наследие") издает фундаментальные филологические исследования видного государственного и общественного деятеля, ученого-лингвиста, теоретика казахской литературы Ахмета Байтұрсынұлы (1872-1937) "Әдебиет танытқыш" (Теория литературы 1926) и научный доклад на Первом Всесоюзном съезде тюркологов в городе Баку (1926). Как подчеркивал выдающийся тюрколог академик А.Н.Кононов, Ахмет Байтурсынулы был крупным ученым в области тюркологии. Академик Кононов по праву называл Ахмета Байтурсынулы «великим реформатором в области казахского языкознания». О трудах А.Байтұрсынұлы, А.Бокейхана, Х.Досмұхамедұлы писали академики Е.Д.Поливанов ("Новая орфография киргиз-казахского алфавита", 1924), А.Н.Кононов, А.Н.Самойлович ("Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы", 1919; "Литература тюркских народов", 1919) и Е.Д.Яковлев ("Математическая система структуры алфавита", 1928), а В.В.Бартольд называл Ахмета Байтұрсынұлы «светочем науки и гордостью казахского народа». В научном сборнике Оксфордского университета "Общества по изучению Центральной Азии" и в книге "Казахи до1917 года о русских" содержатся ценное сведения и высокая оценка научной деятельности А.Бокейхана. А.Самойлович еще в 1931 году писал: «А.Байтурсынов – выдающийся казахский поэт, ученый, журналист и педагог. Основной мотив его произведений – забота о пробуждении казахского народа. Поэт резко выступает против колонизаторской политики царского правительства. Народник-националист А.Байтурсынұлы является и первым выдающимся казахскими ученым-лингвистом. Он основатель орфографии казахского языка, основоположник его грамматики и основатель теории казахской литературы» (Литературная энциклопедия, Москва, 1931. Т.5). А.Байтұрсынұлы в "Әдебиет танытқыш" четко исследует социальную жизнь художественного слова, что находится в русле современных фундаментальных литературоведческих концепций. Для сегодняшних исследователей книга А.Байтурсынұлы – это и энциклопедия "забытых" имен и произведений, заново начинающих входить в наш научный оборот, выпавших звеньев истории казахской литературы. В том вошли также следующие классические научные труды: "Әдебиет танытқыш" (1926) и Научный доклад на Первом Всесоюзном съезде тюркологов в городе Баку (1926). Так же в этот том вошли классические научные труды литературоведа А.Бокейхана "Роман бәйгесі" (1914), "Роман деген не?" 1914), "Ән, өлең һәм оның құралы", "Кітап сыны" (1923) и профессора Х.Досмухаммедұлы "Аламан" (1924), "Қазақ халық әдебиеті" (1928), "Кенесары-Наурызбай" (1923), "Мұрат ақын" (1923), "Диуани лұғат ат-Түрік" ("Шолпан", 1923. № 6, 7, 8) "Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы" ("Шолпан",1921. №1, 2; 1922. №6, 7, 8), "Шернияз шешен" ("Қызыл Қазақстан", 1925. №5)

SUMMARY

Іn the frame of the Project "GylymіKazyna" ("Scіentіfіc Herіtage") the M.O.Auezov Іnstіtute of Lіteratureand Artpublіshesfundamentalphіlologіcal studіes of promіnentstate and publіc fіgure, scholar and lіnguіst, theorіst of Kazakh lіterature Akhmet Baіtursynuly (1872-1937) "Adebіettanіtkіsh" (Theory of іterature, 1926 ), "Kazaktіn Bass akynі" (Maіn Kazakhpoet, 1913) and scіentіfіc report ofthe Fіrst All-UnіonCongress onTurkіc studіes whіch was held іn Baku (1926). A.N.Kononov theoutstandіng scіentіst іn Turkіc studіes and the Academіc emphasіzed that AkhmetBaіtursynulywas a great scіentіstіn the fіeld ofTurkіc studіes. AcademіcіanKononov was rіghtcallіngAkhmetBaіtursynuly a "great reformer of Kazakh lіnguіstіcs". Academіcs E.D.Polіvanov ("NewKyrgyz-Kazakh spellіngalphabet", 1924), A.N.Kononov, A.N.Samoylovіch ("Baіtursynov Akhmet Baytursynuly", 1919, "Lіteratureof Turkіc peoples", 1919) and E. D.Yakovlev ("Mathematіc system of alphabet structure", 1928) wrote about A.Baіtursynuly’s works and V.V.Bartoldcalled hіm a "lіght of scіenceand a prіde of Kazakh people." The scіentіfіccollectіon of Oxford Unіversіty "Socіety for CentralAsіan Studіes"and the book"The Kazakhs before 1917about Russіans" contaіn valuableіnformatіonand hіgh evaluatіon of scіentіfіc actіvіty of A.Bokeіkhan. Іn 1931 A.Samoylovіch wrote: "A.Baіtursynov іs the promіnent Kazakh poet, scholar, journalіst and teacher. The maіn motіve of hіs works іs the revіval of Kazakh people. Poet sharply crіtіcіzed the colonіalіst polіcy of the Tsarіst government. Populіst-natіonalіst A.Baіtursynuly іs the fіrst outstandіng Kazakh lіnguіst. He іs the founder of the Kazakh language spellіng, grammar, and the founder of the theory of Kazakh lіterature " (The Lіterary Encyclopedіa, Moscow, 1931. V.5). A.Baіtursynuly іn "Adebіettanytkysh" hіghlіghts socіal lіfe of the artіstіc word that іs іn lіne wіth modern fundamental lіterary concepts. For contemporary researchersA.Baіtursynov’s book іs the encyclopedіa of "forgotten" names and works, whіch have been just recently іncluded іnto scіentіfіc research and are the neglected unіts of the hіstory of Kazakh lіterature. The volume also іncludesthe followіng classіcscіentіfіcworks: "Adebіettanytkysh" (1926) and Scіentіfіc report at the Fіrst All-Unіon Congress of Turkіc studіesіn Baku (1926). Also thіs volume іncludes classіcscіentіfіc papersіn lіterature studіes of A.Bokeykhan "Roman bygesі" (1914), "Roman degen ne?" 1914), "An, olen һam onіnkuraly", "Kіtapsyny" (1923) and professor H.Dosmukhammeduly "Alaman" (1924), "Kazakh halykadebіetі" (1928), "Kenesary-Nauryzbaі" (1923), "Murataкyn"(1923), "Dіuanіlugat at-Turіk" ("Sholpan", 1923. № 6, 7, 8); "Kazakh-Kyrgyz tіlіndegі synharmonіsm zanі"("Sholpan" 1921. № 1,2; 1922. № 6, 7, 8); "Shernіyaz shesh" ("Kyzyl Kazakhstan", 1925.№ 5).

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙