Мазмұнға өту
Home

Құлыншақ Кемелұлы. Шығармалары.

Құлыншақ Кемелұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Құлыншақ Кемелұлы. Шығармалары.

Авторы: Құлыншақ Кемелұлы

Астана - 2015 Құлыншақ КЕМЕЛҰЛЫ Шығармалары Құрастырған Орынбек Жолдыбай 175 жылдығына орай

Құлыншақ Кемелұлы Шығармалары. // Құраст. О. Жолдыбай. – Астана: Фолиант, 2015. – 384 б. ISBN 978-601-302-310-6 Кітапқа ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратау өңірінде өмір сүрген, заманында аса танымал болған дүлдүл ақын Құлыншақ Кемелұлының шығармалары, ақын жөнінде бұрын-соңды жа­ рық көрген зерттеулер топтастырылып отыр. Жинақ халық поэзиясына ден қойып жүрген оқырмандар үшін қызықты әрі пайдалы деген ойдамыз. УДК 821.512.122.0 ББК 83.3 (5 Қаз) Қ 74 ISBN 978-601-302-310-6 Қ 74 УДК 821.512.122.0 ББК 83.3 (5 Қаз) © Құраст. Жолдыбай О., 2015 © «Фолиант» баспасы, 2015 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Кітапты құрастырып, баспаға әзір­леген: Орынбек Жолдыбай – ҚР Жазушы­лар және Журналистер ода­ғының мүшесі, Журналистер одағы сыйлығының лауреа­ ты, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР мәдениет қай­ раткері Жалпы редакциясын басқарған: Уәлихан Қалижанов – ҚР Ұлттық Ғылым академиясы­ ның корреспондент-мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, фило­ логия ғылымдарының док­торы Пікір жазған: Саттар Өмірзақов – филология ғылымдарының кандидаты, доцент

ҚҰРАСТЫРУШЫДАН (Алғы сөз орнына) Қадірлі оқушы! Қолдарыңыздағы жинақ – суы­ рыпсалма ақындық өнерімен, табанда тауып ай­ тар мазмұнды уәж, мағыналы сөздерімен өзі өмір сүрген ортада, замандастары арасында кеңі­нен та­нымал болған, қазақ ауыз әдебиетінің көр­некті өкілі Құлыншақ Кемелұлының өмірі мен шығар­ машылығына талдау жасауға, оның әр кезеңде, әр жинақта шашырап жүрген туындыларының, ол туралы ғалымдар әр кезде ортаға салған ойпікір­лердің басын біріктіруге деген және бір ұмты­лыстың жемісі. Бұдан бірнеше жыл бұрын, яғни 2006 жылы демеушілердің көмегімен ақын шығармаларын және ол туралы зерттеулерді «Дү­ ние ол бір көлдің қасқалдағы...» деген атпен бір жинаққа топтастырудың сәті түскен еді. Бірақ ол небәрі 500 дана таралыммен жарық көрді де, көпшіліктің көзайымы бола алмады. Енді, міне, ақынның 175 жасқа толуына орай, «Әдебиеттің

әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағ­ дарламасы бойынша ақын жөнінде шығарылған қолдарыңыздағы жинақ республика көлеміне та­ рау мүмкіндігіне ие болып отыр. Әрине, Құлыншақ жөнінде, оның шығарма­шы­ лығы төңірегінде әдеби ортада айтылып келеді. Бұл ретте әдебиетші-ғалым, филология ғылым­ дары­ның кандидаты Әсілхан Оспанұлының ақын шығармашылығын зерттеудегі тыңғылықты еңбе­ гін атап көрсеткен жөн. Уақытында Оңтүстік өлке­ нің, Қаратау өңірі ақындарының шығармаларын ұзақ жылдар зерттеген ғалым, Құлыншақ Ке­ мелұлының өлеңдерін ел аузынан жинап, олардың баспасөз бетінде жарық көруіне едәуір еңбек сіңір­ ді. Ақынның «Өсиет» деген кітабы аталған ғалым­ ның тікелей басшылығымен өмірге келген. Бұдан басқа, Құлыншақ ақын туралы жиі-жиі зерттеулер жүргізіп, оның өнерін өндірте жазған­ дардың бірі – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, филология ғылым­ дарының докторы, профессор Рахманқұл Бердібай. Осы кітапты баспаға әзірлеу барысында да Құлын­ шақ ақын жөнінде ұзақ жылдардан бері жиналып, ғалым мұрағатында сақталып қалған материал­ дардың зор пайдасы тигенін айта кеткен орынды. Құлыншақ Кемелұлы туралы мәліметтердің мо­ лыға түсуіне ақын өмір сүрген ортаның да едәуір көмегі тиді. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы «Жартытөбе» ауылында тұрған ақсақал Рысқұл Рысжанов ақын­

ның өмір деректерінен мәліметтер жинауда, бел­ гісіз болып келген өлеңдерін жарыққа шығаруда ұзақ жылдардан бері жалықпай еңбек етіп, кезін­ де бірталай шаруа тындырды. Соның нәтижесінде ақынның бет-бейнесі сомдала түсті. Сол сияқты ақын шығармашылығын насихат­ тауда аталған ауданның құрметті азаматы, соғыс және еңбек ардагері, артына аудан тарихының ше­ жіресі іспеттес мол мұра қалдырған Есіркеп Өмір­ бековтің де сіңірген еңбегі мол. Құлыншақтың шығармашылығын насихаттау­ да ақын өмір сүрген ауданның тумасы, белгілі ра­ диожурналист Ғалым Есенсариевтің және журна­ лист-зерттеуші Алмас Ақылбектің айтарлықтай еңбек сіңіріп жүргенін ризашылықпен атап өткі­ міз келеді. Олар баспасөзде, радиода халық ақын­ дарының өнерін, соның ішінде Құлыншақтың ақындығын әңгіме өзегіне жиі-жиі арқау етеді. Ақын шығармаларының кітап болып таралуына аталған зерттеушілер айтарлықтай еңбек сіңірді. Осы азаматтардың мұрындық болуымен және зерт­ теуші-ғалым, филология ғылымдарының канди­ даты, доцент Саттар Өмірзақовтың баспаға дайын­ дауымен Құлыншақ Кемелұлының шығармалары мен ол туралы зерттеулер Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи, рухани мұраларына арналып, осы облыс әкімдігінің бастамасымен және демеу­ шілігімен шығарылып келе жатқан көптомдық басылымның 96-томында жарық көрді. Сол жи­ нақ баспа жүзін көрер тұста журналист-зерттеуші

Алмас Ақылбек Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай, Созақ өңірлерін аралап, біраз тың дерек­ тер жинады, ақынның бұрын еш жерде жариялан­ баған үш өлеңін, ел аузындағы ұрымтал сөздерін («Имандылық маңызы», «Елге сәлем», «Ергөбек бұлбұл құсың емес пе еді», «Сараңның сазайы», «Ишанның ақынды сынауы» – О.Ж.) айналымға қосты, ақын шығармашылығына арнап көлемді мақала жазды («Қарадауыл Құлыншақ» – О.Ж.). Ақын туып-өскен аудан жөнінде айтқанда, осы өлкеден шыққан арғы-бергі өнер адамдарының, ақын-жазушылардың шығармашылығына құр­ мет­пен қарап қана қоймай, қолдан келгенше қам­ қорлық жасауға ұмтылатын аудан басшылары жө­нінде айтпай кету қиянат болар еді. Сондай аб­ зал азаматтардың бірі – көрнекті қоғам және мем­ лекет қайраткері, сенатор Қуаныш Айтаханов. Ол 1994-1999 жылдары Созақ ауданының әкімі болып еңбек еткен кезде шаруашылықты дөңге­ летіп әкетумен бірге, өнер адамдарының, қоғам қайраткерлерінің мерейтойларын өткізу, тари­ хи ескерткіштерді жөндеу тәрізді игілікті істерді қолға алып, халықтың алғысына бөленді. Соның ішінде Құлыншақ Кемелұлы шығармаларының жинақталып, бір арнаға түсуіне де қолдан келген көмегін аяған жоқ. Ақыр аяғында осы кітаптың «Әдебитеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасына енуіне де ықпал еткенін ризашылықпен атап көрсеткен жөн.

Құлыншақтың біраз өлеңдерін жатқа білетін адамдар да болған. Соның бірі – Отырар ауданының Шәуілдір ауылында өмір кешкен Омар Байымбе­ тов. Осы жинаққа енген ақынның бірсыпыра өлеңдері сол кісінің айтуынан жазылып алынған. Құлыншақ Кемелұлының шығармаларын на­ сихаттауда оның шәкірті, Оңтүстік өңіріне белгілі жыршы Сұлтанбек Аққожаевтың сіңірген еңбегі зор. Құлыншақтың суырыпсалма төкпе ақын, дөп басып айтар шешендігімен қоса, қазақтың көне қиссаларын домбыра, қобыздың сүйемелдеуімен таңды-таңға ұластырып жырлайтын үздік жыр­ шылық өнерін бүгінгі күнге жеткізуші осы Сұл­ танбек болатын. Сөз ретіне қарай бұрын-соңды жарық көрген деректерге сүйене отырып, ақын туралы қысқаша мәлімет бере кетелік. Құлыншақ Кемелұлы қазіргі Оңтүстік Қазақ­ стан облысы, Созақ ауданының Жартытөбе ауы­ лында 1840 жылы туып, 1911 жылы қайтыс бол­ ған. Көркем сөзге қабілеттілігімен ел аузына ер­ те ілініп, ақындық, импровизаторлық өнерімен жиын-тойларда сан рет сөз сайысына түседі. Мол­ да Мұса, Майкөт, Майлықожа, Бұдабай т.б. ақын­ дармен айтысып, өзінің жүйрік тілді, ұшқыр ойлы ақын екендігін танытады. Өз бетімен сауатын ашып, Шығыс шайырларының шығармаларын оқып, қисса-хикаяларды жаттаған. Қобызға, дом­ быраға қосылып жыр, қисса, толғау, терме айт­ қан. Оның «Қыз Жібек», «Шора батыр», «Ше­кер –

Шырын», т.б. халық дастандарын домбыраға, сыр­ найға, қобызға қосылып, нәшіне келтіре жырла­ ғанын көнекөз қарттар күні бүгінге дейін айтып отырады. Құлыншақ көптеген арнау өлеңдер жазған. Оқи­ғаның мән-жайына орай табан астында шыға­ ры­лып, тапқырлығымен, ұрымталдығымен, ұтым­­ ды­лығымен замандастарының ілтипатына ие бол­ған осындай бірсыпыра өлеңдері қазақтың ел ішін­дегі ежелгі дәстүрі бойынша ұрпақтан-ұрпақ­ қа ауызша беріліп, бүгінгі күнге дейін жетті. Мысалы, «Көлбайға», «Дүйсенбіге», «Жаманқа­ раға», «Ондыбайға», «Майлықожаға», «Қожа­ бергенге», «Нарынбайға», «Үмбетке», «Өзігелді­ ге», тағы басқа арнау өлеңдерінде ақын әлеумет құбылыстарын терең талдаумен бірге, адамның жеке басындағы артықшылықтар мен кемшілік­ терді қысқа да нұсқа түрде көкейге қонымды етіп шебер жеткізе біледі. Құлыншақ көп жылдар Сарыарқа жағында ел аралап, әйгілі Шөже ақынмен дидарласқан. Поэ­ зия алыбы Жамбыл: «Майлықожа, Құлыншақ, пі­ рім еді бас ұрған», – деп Құлыншақтың ақындық үлгісін жоғары бағалаған. Міне, осындай үзік-үзік деректердің өзі Құлыншақтың өз заманында аты алысқа кеткен ақпа ақын екенін дәлелдей түседі. Бізге жеткен мәліметтер бойынша Құлыншақ дүниеден таршылық көрмеген. Ол өзінің кейбір за­ мандас ақындарына ұқсап, мал-мүлік қууға салын­ баған. Ақын шығармаларын зерделеген адам оның

өлең-жырлары арасынан жиын-тойларда салтанат иесіне көпшік қойып, марапаттаумен арзан бедел жинап, ат-шапанға ие болу барысында айтылатын шығармаларды мүлде кездестірмейді. Бұл кездей­ соқтық емес. Себебі ақын өлеңді таза өнер деп біл­ ген. Сондықтан жоғарыда өзіміз айтқандай, арзан мадақтауларға, дүние үшін адам бойындағы кем­ шіліктерді іркіп қалуға бармаған. Қисық батырға, Ондыбай болысқа айтқандары, «Мазақ қылма, Көлбайым», «Құдабайға айтқаны», «Ағайынға бо­ лыспаймын» атты өлеңдері осы сөзіміздің дәлелі. Ақын шығармаларының ауыздан-ауызға та­ рап, бүгінгі күнге жеткен жұқанасының өзінен халқын, туған жерін сүйгені, елінің салт-дәстүрін қадірлегені және өзгені де елдікті сақтауға үгіт­ тегені, көзі ашық, көкірегі ояу ақынның отар­ шылдыққа жан-тәнімен қарсы болғаны айқын аңғарылады. «Амалсыз асы біз күмірә», «Пенденің көп-ті күнәсі» және тағы басқа өлеңдерінде ақын қоғам қайшылықтарын тайпалған жорға тілмен айшықты жеткізеді. Осы жинақта топтастырылған ғалымдардың шы­ғармаларында ақын туындылары бірсыпыра талда­натын болғандықтан, қайталауға ұрынбас үшін ежіктей бермеуді жөн көрдік. Тек бір ғана ті­ легіміз – кемел ақынның өмір жолы мұнан былай да зерттеу объектісіне айналса, белгісіз шығар­ малары іздестіріліп, жұртшылық игілігіне жара­ тылып жатса, құба-құп болар еді.

Ақынның отбасы жөнінде айтар болсақ, Құлын­ шақтың екі әйелі, екі ұлы, үш қызы болған. Үл­ кен ұлы Ысқақ та әке жолын қуып, ақындықты таңдайды. Ысқақтың өлеңді суырып салып ай­ туға қабілеттілігін аңғарған әкесі оны жиын-той­ ларда қасына ертіп жүріп, ақындыққа баулыған. Өкінішке қарай, қағазға түспегендіктен, Ысқақ Құлыншақұлының да көп өлеңдері ұмыт болған. Тек Қадиша қызбен айтысы ғана айтыс туралы жи­ нақтарда жарияланған. Ысқақ туралы Қазақ совет энциклопедиясында айтылған мәліметтерді және оның Қадишамен айтысын осы жинаққа қоса бер­ генді жөн көрдік. Құлыншақтың кенже ұлы Исақан 1986 жылы қайтыс болды. Ақыннан тараған әулеттің басым көпшілігі күні бүгінге дейін Созақ ауданының ау­ мағында өмір сүріп жатыр. Құлыншақ 1911 жылы Меккеге қажылыққа барып, содан қайтып келе жатқанда ауырып, жол үстінде көз жұмады. Оның сүйегінің қай жерге қойылғанын анықтап ешкім айта алмайды. Қасындағы серіктері «Елге сәлем» деген бір ауыз өлеңін ғана айтып келіпті: Ер жігіт үйде де өлер, түзде де өлер, Көп жасаса ер жігіт жүзге келер. Пәнденің маңдайына жазуы сол – Үйде өлгенмен апарып түзге көмер. (1-нұсқа) Осы сәлемнің өзін әркім әртүрлі етіп айтады. Кейбіреулер аяғына қосымша сөз жалғайды. Бұл

арада бір ескерте кететін жәйт – ақынның кейбір өлеңдерінің ел арасында әртүрлі нұсқада айтыла­ тыны. Ауыз әдебиетінде мұндай жағдайлардың жиі кездесетінін назарымызға ала отырып, жи­ нақты құрастыру барысында да ақынның кейбір өлеңдерінің ел арасында айтылуына қарай, екі не­ месе үш нұсқасын қатар беріп отырғанымызды еске сала кеткіміз келеді. Сол сияқты ақынның кейбір өлеңдерінің, ол жөнінде жазылған толғаулардың (Мысалы, Есіркеп Өмірбеков пен Сұлтанбек Аққо­ жаевтың ақынға арнаған толғаулары – О.Ж.) то­ лық нұсқасы табылмағандықтан, шығарма соңы­ на көп нүкте қою арқылы берілгенін де қаперде ұстаған жөн. Келешекте олардың толық нұсқасы табылар деп үміттенеміз. Құлыншақ ауыз әдебиетінің от тілді, орақ ауыз­ ды алыбы болған. Суырыпсалма ақындығы­мен аты Қазақстанның көп жеріне жайылған. Өзінің ақын­ дық ерекшелігімен ел аузына ерте ілігіп, жиын, той және де басқа басқосуларда өнер сайысына түс­ кен. Ертеде көп ақындардың өлеңдері баспаларда жарық көрмей, бірте-бірте ұмыт болып кеткен. Құлыншақ мұрасы да осындай халге душар болды. Құлыншақ туралы көнекөз қариялардан көп мәлі­ меттерді білуге болар еді. Бірақ ол кісілердің көбі­ сі қайтыс болып кеткен. Солардың ішіндегі халық поэзиясының алыбы Жамбылдың берген бағасы бір төбе. Ол Құлыншақты өзіне ұстаз тұтқан. Мы­ салы:

Қаздай қалқып ерінбей, Өлең тердім жасымнан. Майлықожа, Құлыншақ Пірім еді бас ұрған. Міне, осы сөзде көп мағына жатыр. Атақты жыршы Сұлтанбек Аққожаев Құлын­ шақ­ты былайша дәріптейді: Әкесі Құлыншақтың Кемел еді, Сүйген екен немере, шөберені. Алты ұлы, алты ауыл боп жүре берді, Адамға бұдан артық не береді. Құлыншақ алтауының ең кенжесі, Дарыған өнерінде өлең еді. Әкесі Шөже ақыннан бата әкел деп, Үш тоғыз дүниемен жібереді. Сұлтанбек тағы бір өлеңінде былайша айтады: Ұстазым – Орта жүздің Құлыншағы, Өлеңнен кем болған жоқ берген бағы. Қосылып құлынында ат бәйгеге, Тынбай шауып, кеп жүрді сынбай сағы. Шәкірті сүйсініп жырлаған осындай дүлдүл де жүйрік ақынның бүгінгі күні насихатталуының өз дәрежесінде емес екенін айта кеткен орынды. Бұл жөнінде ақын шығармашылығын зерделеу­ шілердің бірі, Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ

ауданының Құрметті азаматы Есіркеп Өмірбеков өзінің «Шежірелі өлке» деген кітабында былай деп жазады: «1990 жылы Созақ елінің жұртшылығы Жартытөбе аулында ақынның туғанына 150 жыл толу мерекесін өткізді, бірақ ақын тойы жұпыны өтті. Оның тойына ауданның кейбір ауылдарынан өкілдер келмей қалып, «естімедік» деп кейін өкпе айтып жүрді. Құлыншақ ақынның көп өлеңдерінің айтыл­ май, жария болмай, жоғалып кетуіне оның Мек­ кеге қажылыққа баруының өзі себеп болды. Ке­ шегі дінді уағыздаушыларды отап тұрған заман­ да қажының өлеңін айту да, жазып-жинақтау да қауіпті еді. Сонда да болса әр жерде бір ауыз, екі ауыз өлеңін білетіндер кездесіп қалады» (Есіркеп Өмірбеков. Шежірелі өлке. Шымкент: Ғасыр-Ш, 2002 ж. – 194-201-бб.). Шөже ақыннан бата алғаннан кейін, Құлыншақ көп жерлерді аралап, өзін таныта түседі. Өкінішке орай, солардың бірде-біреуі қағазға түсірілме­ ген. Осы олқылықтың орны алдағы уақытта тол­ тырылып, ақын шығармашылығы жөнінде толым­ ды еңбектер жарық көреді деп үміттенеміз. Ал әзірше ақынның бұрын-соңды баспа жү­ зін көрген туындылары мен ол жөнінде зерттеу еңбектерді бір арнаға топтастыруға күш салған қолдарыңыздағы жинақ бес бөлімнен тұрады. Бі­ рінші бөлім ақын өлеңдерін қамтиды. «Былай де­ ген екен...» деп аталатын екінші бөлімде ақынның ұрымтал, тапқыр сөздері туралы ел аузындағы

әңгімелер топтастырылған. Үшінші бөлім ақын шығармашылығы туралы зерттеу еңбектерден тұ­ рады. «Құлыншақ ақын – көркем шығарма кейі­ пкері» деп аталатын төртінші бөлімде ақын өмі­ рінен жазылған көркем туындыларға орын бері­ леді. Ал бесінші бөлім оқырманды Ысқақ Құлын­ шақұлының шығармашылығынан хабардар етеді. Орынбек Жолдыбай, филология ғылымдарының кандидаты І бөлім ӨЛЕҢДЕРІ

ДҮНИЕ – ОЛ БІР КӨЛДІҢ ҚАСҚАЛДАҒЫ Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы, Жұлдыздай сәуле берген аспандағы. Дүниеге сәби болып келгеннен соң «Өмірдің – дейді халық – басталғаны». Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы, Аққудай көлден ұшқан аспандағы. Өткен соң балалықтан орта жасқа «Егделік – дейді халық – басталғаны». Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы, Кеменің секілді ол баспалдағы. Өткен соң егделіктен сексен жасқа Хабары қара жердің басталғаны. Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы, Тағдырға айла бар ма қашсаң-дағы? Өткен соң сексен жастан жүзге таман Келмеске енді қайтып қойдың қадам. «Біреуге біреу мейман» дегендейін Осылай өте берер барлық адам. 2-0237

Біреуге «берсем» дегін, «алам» деме, Біреудің адал нанын алып жеме, Артыңа жақсылығың қалса қалар, Адамның жамандығы қалсын неге?! ИМАНДЫЛЫҚ МАҢЫЗЫ «Бисмилла» деп ауызға ал бір Құдайды, Азап көрсе шыбын жан шырқырайды. Имансыз бұл дүниеден өткен жанның Түтіндеген бетінен бүр қашады. Иман білмек шын парыз мұсылманға, Пірлердің жәрдемі көп қысылғанда. Шапағатты төге көр, жаратқаным, Ақ ниетті алдыңа ұсынғанда. Күнің қараң күдік ойдан шықпаған соң, Бойыңа ізгіліктер жұқпаған соң. Береке кей пендеден алыстайды, Мәнісін бес парыздың ұқпаған соң. Имандылық тірліктің маңызы деп Үйретсе, молдада елдің қарызы жоқ. Міндет санап бес парыз өтемеген Адамның Алла алдында қарызы көп!

ЕЛГЕ СӘЛЕМ Адамзат келер, келер – жүзге келер, Пендені үйде өлсе де, түзде көмер. Құдая, иманымды саламат қыл, Ағайын қайда бізді іздеп келер?! Шығып ек біз Меккені бетке тұтып, Барады мына кесел әлімді ұтып. Асылым іште қайнап кетіп барам, Ағайын, кідірмеңдер мені күтіп. Аралап біраз жердің дәмін таттым, Құлыншақ ортасында жүрген кезде Тыңдап ед барша халқым салған әнін. Халқыма Құлыншақтан дұғай сәлем, Барады мына кесел әлімді алып. Үш жүздің халқы болсын тегіс аман, Төтелеп келген кесел түрі жаман. Жәмеке, елге менен сәлем жеткіз, Алланың аманатын тапсырайын, Қажылық қабыл болар, өлсем, маған. Қаратау есік алды ерттеулі атым, Ішіме жазылып ед барлық хатым. Сәлем де ағайынға Құлыншақтан, Есіңде болып жүрер менің атым. Теңіздің мен ішпедім суын татып, Бұл кесел келді қайдан құдай атып?!

Қу жалғыз ағайынға енді аманат, Қайтейін бір көре алмай қалдым жатып... Жамаяқ, елге енді сен аман бар, Бұл жалған енді болар біздерге тар. Қаратау, басыңнан бақ арылмап ед, Көруге енді сені боламын зар. Ағайын, қош-есен бол барлығыңыз, Сіздерге соңғы сөзім осы болар! НЕ ҒАРІП? Енесі жүдеп, нашарлап, Ертелеп туған төл ғаріп. Әуеден жауын кем болса, От шықпай қалса, жер ғаріп. Басшысы нашар жолығып, Ынтымақ кетсе, ел ғаріп. Көкала жылқы болмаса, Бетегелі бел ғаріп. Қаз-үйрегі болмаса, Айдыны шалқар көл ғаріп. Қатарынан кем тартып, Қуаты кеткен ер ғаріп. Жастайыңнан кесілген, Он саусақ ойнап секірген, Ақ домбыра, сен, ғаріп. Өлеңдетіп, әндеткен, Айналаны сәндеткен, Уақытым кетсе, мен ғаріп.

БІР ЗАМАНДАСЫНА АЙТҚАНЫ Керілген етек жақсы керме қастан, Шөп шығар, жаңбыр жауса, қара тастан. Дәулетке ерге біткен едіреңдеп, Көзіңе көрінбейді жер мен аспан. БАТҚАНДАЙ БЕЛДЕН КҮНӘҒА Әңгімесін естісең – Жаһаннан асқан ғұлама. Қылған ісін байқасаң – Батқандай белден күнәға. Күндіз сопы болса да, Бұзылар көңілі қонаға. Арызға келген әйелден Сұрайды шеттей шола да. Бұрынғыдан қалған сөз – «Айтқанын қыл молданың, Қылғанына жолама!» АУЫЛЫМ КӨШІП... Үштөбе, Жартытөбе, Бала Торлан, Балдысу, Қарабұлақ, Шолаққорған, Хантағы, Қатын қамал, Иқансу мен Ауылым шылбыр көшіп, Қытай қонған.

ЖӘНЕ БІР ЗАМАНДАСЫНА АЙТҚАНЫ Ішпеймін қымызыңды шөлдесем де, Өзіңді білуші едім көрмесем де. Қазақтың алыспаған еншісі бар, Ештеңе алып, ештеңе бермесем де. БАР ЕКЕН БІР МІНЕЗІҢ Сен едің, Ырысқұлбек, бұлғақтаған, Көргенше болдым асық, шырақ, саған. Құсындай ителгінің теуіп өткен, Бар екен бір мінезің шұнақтаған. КӨРЕСІҢ БАҚ-ҚЫДЫРДЫҢ ДАРЫҒАНЫН Дария білмес иттің сарығанын, Ақымақ білмес аттың арығанын, Жаз ағын, қыс омыртқасын өзі жесе, Көріп пе едің сол жанның жарығанын? Жаз ағын, қыс омыртқасын мейман жесе, Көресің бақ-қыдырдың дарығанын. ШЕШЕМ Тал бесігін таянған шешем, Түнде тұрып оянған шешем,

Тар құрсағын кеңіткен шешем, Тас емшегін жібіткен шешем. ҰРПАҚҚА БҰЛ АЙТАТЫН ӨСИЕТІМ Құлыншақпын, әкемнің аты – Кемел, Қолыма домбыра алсам, әруақ жебер. Өмірден көргенімді жырға қостым, Бағасын жақсы-жаман халық берер. Дәм татып, талай жерді араладым, Ойға сап, көп нәрсені шамаладым. Қанша бар болса да, бай қалтырауық, Кедейден мәрт адамды таба алмадым. Көп көрдім жаман қандай, жақсы қандай, Көп көрдім жомарт қандай, сараң қандай. Өзінің ішіп-жеуіне қимайтұғын Сараңдар көп жинады сараң малды-ай. Ер жігіт он бесінде «елім» дейді, Ел үшін еңбек етсе, ерінбейді. Жамандар он алтыда емес, қырықында Пайдасы елге тиер көрінбейді. ӘЙЕЛ ТУРАЛЫ Жақсы әйел күйеуіне серік болар, Ісімен ауыл-аймақ еліне ұнар.

Үйіне қонақ келсе, жатырқамас, Ерінің әр қимылын көзбен ұғар. Кез болса шайпау әйел – бағың тайған, Таусылар үйрете алмай амал-айлаң. Үйіңе қонақ келсе, ұяларсың – Орынсыз шу шығарса ол қу шайтан. Жаман әйел топ ішінде беттен алар, Көңілің суыр оған да өкпең қалар. Қорсылдап еш адамға жолай алмай, Өз-өзімен бір күні шетте қалар. Долданса, өзіне-өзі келе алмаған, Ашуын ақылына бере алмаған. Халықта дана сөз бар қашаннан-ақ «Бетпақты құдай-дағы жеңе алмаған!» Болған соң ақындық бір қасиетім, Ұрпаққа бұл айтатын өсиетім – Жақсы жағын сөзімнің ұғып алғын, Жақсы сөз – жақсы адамды өсіретін. ХАЛҚЫМ ҮШІН ШАРҚ ҰРЫП АЛАҢДАЙМЫН Алдын ала сұрама бермейтінді, Алла өзі жаратқан өлмейтінді. Халқым үшін шарқ ұрып алаңдаймын, Бұл дүниеден өткен соң келмейтінді.

БІР БАСҚОСУДА ОРТАҒА ТАСТАҒАН ӘЗІЛІ Құда қырық, ендеше құда қырық, Мен білсем, сойып жатқан лақ арық. Бас көрсету қазаққа рәсім ғой, Етіне тойғызар-ау құйрық салып. АДАМЗАТ КЕЛЕР, КЕЛЕР – ЖҮЗГЕ КЕЛЕР (2-нұсқа) Адамзат келер, келер – жүзге келер, Пендені үйде өлсе де, түзге көмер. Құдая, иманымды саламат қыл, Ағайын қайда бізді іздеп келер?! ҚҰЛЫНШАҚТЫҢ ТЕРМЕСІ Мен сөйлеймін термеден: Жақсының жолы ашылар Ажал жетіп өлмеген. Өтеді, жалған өтеді, Қуанамын мен неден? Айдын көл батпақ атанар Айдыны құрып суалса.

Бәйтерек сабау көрінер Жапырақ түсіп қуарса. Біраз ғана сөйлеймін, Жақсылар, сөзім ұнаса. Арғымақ мініп не керек, Артынан жабы жеткен соң? Ағайын, туған не керек, Аңлысып күні өткен соң? Қызыл тілім, сен сөйле, Қызығыңды жер көрер, Ажал қуып жеткен соң. Айт дейтін бала, сіз қайда, Сын айтатын біз қайда? Бір төбенің басына Тағы бір салып кеткен соң, Құлағың сал, жақсылар, Ажал келіп жеткен соң Жақсылыққа дәулетің Өршеленіп кеткен соң. Сіздерге қараған дұшпандар Дегеніне жетпесін. Дұрыс айтат деңіздер Үйден бір шығып кеткесін. МОЛДА МҰСАҒА ХАТ Дұғай сәлем жазамын Мұсабекке, Баласы шын жүйріктің қарар көкке. Қолымыз келіспейді жазғанменен, Хатта жазым жер болса, айып етпе.

Екінші, тағы сәлем Мұсабекке, Үмбет болған ер еді Мұхамбетке. Құдайым аман қылып сақтағай деп, Сыртыңнан жалынамын құдіретке. Сұраймын амандығың бір Құдайдан, Естілді ата даңқың әлдеқайдан. Сұрайтын аманатым жерім келді, Естігем амандығың Жұмабайдан. Көктемде қағаз бердім екі парақ, Жібер деп шариғаттан қылып жарақ. Қарап көзім, таусылды сұрап сөзім, Күнгей жақтан келгеннен тегіс сұрап. Адам ақты таппайды аузы күймей, Көктемдегі қағазым қысқа келді Жек көретін кісідей көңілің сүймей. Қазақтан молдалыққа әзір өзің, Алдысын жас балада көрген көздің. Көктемдегі қағазым қысқа келді, Жек көретін кісідей сонша создың. Сала көр озып барып көрген жерден, Қалдырма Ресейден келгендерден. Өзің жүйрік болғанда, өзің жорға, Таппайсың шапқанменен елді өрден. Мұсабек, өзің ақын, өзің молда, Мұсабек өлеңші деп болдым ойда.

Ілгері нұсқалардан таратып сал, Таласқанда қалмайтын қалып жолда. Мен де бір дуанамын елді кезген, Сендегі үміткермін шырын сөзден. Кер боп өскен ағаңа көрсетіп қой, Қисық ағаш шықпас деп жақсы тезден. Тегі бар аржағында ақыл-ойдың, Аз күнде қойлық жерге жылқы сойдың. Мен ғаріптің мөрі жоқ басатұғын, Қағазға заң бойынша қолым қойдым. АМАЛСЫЗ АСЫ БІЗ КҮМІРӘ Бісміллә деп бастайын, Медет тілеп пірлерден. Амалсыз асы біз күмірә Шәриат сөзін білмеген. Аллаға қылған тәһат жоқ, Құр күнәға егеміз Парық боп ойнап күлгеннен. Өзің ғапу қылмасаң, Әлдері қара біз пәндең. Тәлма, мақшар болғанда Қалмайды-ау кейін бір демнен. Амалсыз көңіл болмайды Арғымақ таңлап мінгенмен.

Маңлайында малы жоқ Бейнет шегіп күн көрген. Қанағатсыз бай кісі Ежірейге пұл берген. Аңқаулықтың белгісі – Алдаған сөзді шын керген. Ақымақтың белгісі – Шағыстырған тілге ерген. Оғын жазым қылмайды Ер дарыған сұр мерген. Тасырда жүрсе, тасырқар Құлынында құм көрген. Адамға көңлі аумайды Жәннаттан сұлу үр көрген. Бидайды бейнет көреді Тартулы даяр ұн көрген. Тобадан тілі кетпейді Тарығып жүріп ұл көрген. Көңілі бәлен боп қалар Пәсінде жүріп қыр көрген. Опасызын білмейміз Өтпейді дүние кімдерден. Мұқамбеттің нұрына Ойуатқа бұрын кім келген. Алты мың түрлі айуанат Ырызғысын оның кім берген? Көрмекке көз, қол-аяқ, Сөйлеуге қызыл тіл берген. Біз мұсылман атандық Әммені, ақты білгеннен.

Пайғамбарға үмбетпіз Айтқанына кіргеннен. Азғана сөзді қозғайын Тыңдасаңдар, жақсылар, Әзіргі мынау күндерден. Жайлауымды жау алып, Ықтияр кетті-ау күллі елден! Жайынша жатқан қазақ ек Жайына жатып күн көрген. Енді қалып барасың Бірігіп басың жүргеннен. Елде жарақ қалмады Асынып белге ілгеннен. Жанның бәрі жарлы боп, Жалғыз жан жоқ күйге енген. Мәлімдетпей той қылмас Ойынды тергеп күлгеннен. Ауқатты байлар әлсіреп Жақынына күйгеннен. Батырлар қылған соғысты Шаруа іздер қонысты. Жүйеге құлақ қоймайды Теріс көрер тентек оң істі. Бұған да шүкір қыламыз Патшамыз орыс-ты, Күннен-күнге қылып тұр Көңілдегі жоқ істі. Қадаулы ағаш, тартқан сым Қаптаған хахол сыймайды, Қазақтан алды қонысты.

Қазынаға қарыздар Халық көбейді борышты. Есепке алды елімді, Шегіртке жеді егінді. Анттан қорыққан адам жоқ Дүниеден көңлі жерілді. Момынның көңілі толы жас Зәлімнің көңлі семірді. Кісісымақ ысқырып, Есігіме тебінді. Қадақ болған кісідей Ала алмай жүрмін кегімді. Жансара болған жыландай Киреңдетті белімді. Әжет ісің табылса, Ақшаға алсаң тегін-ді. Шашын қойды жігіттер, Жаулықсыз көрдік келінді. Сүйгенімен боп кетер Шырайлы қыздар келімді. Қараңғы түнмен қыз кетіп Сұрамас ата тегіңді. Сақта Құдай ақынды Айыбымды жапқайсың. Күймесін деген мақтаны От ішінде сақтайсың. Кемеліңе алғанда Кімдердің көңлін таппайсың?! Ысапсыз жаратып мақұлық, Мапузадайын қаттайсың.

Момындарды жылатып, Қараның отын жақпайсың. Неше ауа болғанды Жердей қылып таптайсың. Не асаудың мойнына Үзілмес арқан тақпайсың? Айналайын құдірет, Мақшар күнің болғанда Пенденің бәрін ысаптайсың. Бүйте берсе бұл заман, Таяқ алып ақтайсың. Кейінгі қалған ұрпақтар, Атаңның мынау ғазалын Бәрің де оқып жатпайсың. ПЕНДЕНІҢ КӨП-ТІ КҮНӘСІ Бісміллә сөздің сарасы, Пенденің көп-ті күнәсі. Тіршілікке тоба қыл, Өлімнің жақын арасы. Бір өлген соң келу жоқ, Бұл дүниені көру жоқ. Әуелі Құдай оңласын, Бар дана қайып жолдасым. Қайып ерен, қырық шілтен Жәрдемші болып қалмасын. Ақыреттің қамын қыл, Иманың, пенде, жолдасың!

Ақыретке барғанда Құрт-құмырсқа, шаяның, Барша бір жаның бара-бар. Болмайды, сірә, бұл ісің, Қаза жетсе бір күні, Бөтенше болар қонысың. Сауаптан, пенде, қалмаңдар, Шайтан тілін алмаңдар, Рақым қылса құдайым, Үр қызын сүйіп тұрарсың. Інжу гауһар су ішіп Тұрарсың, пенде, пейіште. Жеті пейіш жәннат бар, Тірілікте хабар ал, Хабарлы болсаң, жолың бар, Хабарсыз болсаң, сорың бар. Қарт, қария, жақсылар Бұлар да өтіп жым болды, Пұт пұрашқа табынып. Маубас өгіз секілді, Не көрімдер би болды. Мұсылманның баласы Табанға түсіп и болды. Бір жұмыс түссе басыңа, Айдаушысын ерте кеп Басып-көктеп үстіңнен Шығарады үкімді. Олар білмей барады Алыс пенен жақынды, Тентек пенен мақұлды. Ойлап тұрсаң, пенделер, Қиямет-қайым жақын-ды. 3-0237

ТӘНІҢ ДЕ МЕЙМАН ЖАНЫҢА... Жаратқан, медет бере көр Жағым менен тіліме. Құдіретім, медет бере көр Кеудемнен шыққан үніме. Кіші де болса көңіл қой, Артыңнан ерген ініңе, Інің де жарар күніңе! Бір үйдегі нешеусің, Күні-түні келгенде, Біреуің мейман біріңе. Кейбір күні келгенде, Қайырласың қаныңа. Жаныңа жапа жеткенде, Жалынарсың малына. Бір-бірің түгіл кей күні, Тәнің де мейман жаныңа. Әуелі сені туғызған, Беліңе садақ буғызған, Қашар жауды қашырып, Қашыр мініп қуғызған. Алақаны аялы, Бір жаныңа саялы, Үйде отырсаң – малқорың, Далаға шықсаң – қамқорың, Бір қайранын тигізген, Азды-көпті мал беріп,

Алма мойын, аршын төс, Біреудің қызын сүйгізген – Әкең өлмес болсайшы! Әуелі құдай жеріткен, Тас емшегін еріткен, Тар құрсағын кеңіткен, Мен жерікпін дегізген, Жерік асын жегізген, Аязды күні айналған, Бұлтты күні бұланған, Қырға шықса белім деп, Ойға түссе тізем деп, Аман-есен ұл тапсам, Жарық болар жүзім деп, Ішінде анаң қозғалтқан Құдіретімен құдайдың. Анаңыз бір күн толғатқан, Толғатып барып оң жатқан. Сіздерді ана тапқанда Сай-сүйегі жарылған. Ойлаңыздар, отырған, Жетім бала не қылған? Тал бесігін таянып, Түн ұйқыдан оянып, Аузынан мәмәш тойдырған, Астына түбек ойдырған. Сылап-сипап өсірген, Сүндеттетіп кестірген.

Қарағым деп қалқитып, Тойдан бүйрек жестірген. Анаңнан қамқор бар ма еді, Шешең өлмес болсайшы! Атың арып келгенде, Аңыңды аулап келгенде, Атыңды шығып байлайтын, Астыңа төсек тастайтын, Үйінде дәмі бар болса, Ауызыңа ұстайтын. Қадіріңді білетін, Атыңа жемді ілетін, Қашан үйден кеткенше, Бәйек болып жүретін, Шешеңнен соңғы қамқорың – Апаң өлмес болсайшы! Еруде үйдің еркі екен, Көшкенде көштің көркі екен, Қой бастаған серке екен, Алыста жүрсе жылайтын, Жақында жүрсе сұрайтын, Шалдығып-шаршап келгенде Бір күніңе жарайтын, Апаңнан соңғы қамқорың – Қарындас өлмес болсайшы! Қалың беріп, қалыңдық Жігітіңде ойнасаң, Текті жерден қыз алсаң.

Өзің тыстан келгенде, Астыңа төсек тастайды, Үйіңде дәмі бар болса, Ауызыңа ұстайды. Өзіңнен басқа кісіге, Әсілі, ақыл қоспайды. Даладан келген дос-дұшпан, Бәрекелді, шіркіннің Қосағы деп қоштайды. Жары жақсы жігіттің Әбүйірі осындай-ды. Қосағың жақсы қосылса, Түзеледі күлкіңіз. Үй кісің өтсе дүниеден, Бұзылады мүлкіңіз... Осынау қысқа ғұмырда Қосағың өлмес болсайшы! Алдыңда тұрса терегің, Әр нәрсеге керегің. Көретұғын көзіңіз, Сөйлейтұғын сөзіңіз, Басшыға ағаң жоқ болса, Көмексіз кісі көрнексіз! Соқыр малдай қаңғырып, Не болар едің өзіңіз. Алатаудай айбатың, Дұшпанға қылар қайратың – Ағаң өлмес болсайшы!

Алдыңда тұрған ырысың, Аз ғана күн тынысың, Жалқы туған жігіттің Көрген құны құрысын. Құрысын демей не дейін, Үйге барсаң – түзің жоқ, Түзге барсаң – үйің жоқ, Бітпейді сірә бір ісің. Жалқы тусаң атадан, Жоқ құйрығың, қанатың. Дұшпаныңды қор қылар, Құрыштан соққан болатың. Ер жігіттің қанаты – Інің өлмес болсайшы! Адамзаттың миуасы, Әлдилеп сүйген баласы. Артыңда перзент жоқ болса, Көрген күнің не болар, Бұл жалғанның әуесі. Артыңда перзент көп болса, Кіріп келсең есіктен, Төрге таман кел дейді, Ақыңды ешкім жемейді. Әзілдеп айтқан сөзіңді, Халқың шындай елейді. Ойлаңдар, беглер, ойлаңдар, Перзентсіз ерді не дейді? Тау болмайды бұлақсыз, Көл болмайды құрақсыз,

Малсыз адам тұяқсыз, Ұлсыз адам шырақсыз. Құда-құда дескенде, Қоңыраулы малдай сылдырап, Қыз бойжетіп өскенде, Ұзатып біреу алғанда, Шығарып үйден салғанда, Кедей байғұс арманда, Қыз балаң өлмес болсайшы! Тау болмайды адырсыз, Тал болмайды тамырсыз. Қожа да жұртты жұрт қылмас, Зекеті жоқ нәзірсіз. Өлгеннен соң білерсің, Айта-айта жүрерсің, Тірлігіңде өтерсің Бір-біріңе қадірсіз! Ойлаңдар, беглер, ойлаңдар, Осы айтқан сөзім әзілсіз! МЕНІҢ АТЫМ ҚҰЛЫНШАҚ Арқада бар балқурай, Басына қонар бозторғай. Менің атым Құлыншақ, Жолға салып айдаса, Жорғалаймын тайпалмай!..

СӨЙЛЕП ҚАЛ Қызыл тілім, сөйлеп қал, Жоққа сеніп жатқанша. Маңдайда тұрған шамшырақ, Сен де бір көзбен көріп қал, Қабағыңнан қатқанша. Он екі мүше тал бойым, Аршындап сен де жүріп қал, Қараңғы көрге жатқанша!.. СЫЙЛАЙ БІЛ (1-нұсқа) Кіші де болса сыйлап жүр, Артыңнан ерген ініңді. Артыңда інің көп болса, Ұзын да қылар тіліңді. Артыңда інің болмаса, Күндердің күні болғанда, Алады қатын сырыңды. Қатын деген қарақұрт, Бір теңге көрмес құныңды!.. (2-нұсқа) Кіші де болса сыйлай жүр, Артыңнан өскен ініңді.

Артыңда інің көп болса, Ұзын да қылар тіліңді. Артыңда інің болмаса, Өзің жалғыз болған соң, Алады қатын сырыңды. Көңілі біреуге қосылса, Бір пұлша көрмес құныңды. ҚОЖАМЖАРҒА НАЗ Қожекем берем депті батпан бидай, Мен келдім Сарыарқадан жұртты қимай. Сағынып Сарыарқадан келгенімде, Қанеки, игілігін берсе Құдай. Ассалаумағалейкүм, ер Қожамжар, Өзінде ас-ауқаты мол Қожамжар. Әр үйден бір ширектеп бидай жисақ, Құп алар араңызда Төлебің бар. Қожеке, келдім шаршап жол жүрумен, Артық дәулет бітпеді сөз білуден. Құлақтың құрыштары ешбір қанбас, Ақынның жүрек сырын сездіруден. Адамзат су үстінде қайық ескен, Және де қайық үстінде өмір кешкен. Ел іші алтын бесік болса-дағы, Өз елің ыстық болар кіндік кескен.

Әруақ маған қонған сөйлеу сөзден, Ақынмын біраз жердің елін кезген. Несібе маған деген ақ сияқты, Қырандай іздеп шыққан құла дүзден. ДҮЙСЕНБІГЕ Дүйсенбі, ісің кетпес елге еткен, Бес ата, Жаманбайға түгел жеткен. Болыстық тигеннен соң алып бердің, Теңдікті армандаған елің көптен. ДҮЙСЕНБІ, СЕНДЕ АРМАН ЖОҚ Дүйсенбі, сенде арман жоқ, Алаштың ұлы ат қосса, Жарыстан атың қалған жоқ. Өле-өлгенше ел-жұртың, Қызметіңнен талған жоқ. Бес таққа кірді сүйегің, Дүйсенбі, сенде арман жоқ!.. ЖАМАНҚАРАҒА Заманында болыс болған Жаманқара жалған ша­ғымнан біраз күн жапа шеккен екен. Сонда сол кісіге айтқан сөздерінен:

(1-нұсқа) Жер жарып шығып еді дабыстарың, Өзіңе пар келмейді алысқаның. Темір түрме ішінде жатсаң-дағы, Терісі тесілмеген арыстаным. Атадан артық туған Жаманқара, Ерекше көзге түсіп, өскен дара. Біраз күн көрсең-дағы жапалықты, Бойыңа сіңбей қойды жапқан жала. (2-нұсқа) Атадан артық туған Жаманқара, Ер болып ел ішінен шыққан дара. Жаламен жапса-дағы абақтыға, Бойыңа сіңбей қойды жапқан жала. Жарқырап шығып еді дабыстарың, Өзіңе пар келмейді алысқаның. Темір тор түрмесінде жатсаң-дағы, Терісі тесілмеген арыстаным!.. ТЫҢДАУШЫҢ ЖАМАН КЕЗДЕССЕ... Түйе жисаң нардан жи, Қабырғадан су кешсе, Жүгіңді суда қалдырмас. Жылқы жисаң бедеу жи, Жау қолына шалдырмас.

Қойдан жисаң марқа жи, Өзегіңді талдырмас. Тыңдаушың жаман кездессе, Жырға да құлақ салдырмас. Жыршың жаман кездессе, Жырға да мейірің қандырмас!.. БИДІҢ ӘДІЛ БОЛМАҒЫ Түйенің түйе болмағы – Шөк дегенде шөккеннен. Өгіздің өгіз болмағы – Өк дегенде өккеннен. Қайықтың жүрдек болмағы – Екі жақтап ескеннен. Түйенің жүрдек болмағы – Көлденең мұрнын тескеннен. Ауыл үй араз болмағы – Бір-бірімен егескеннен. Бидің әділ болмағы – Әділ ғып дауды шешкеннен. Жақсы кісі сол болар – Елінің қамын ескерген!.. НЕ ЖАҚСЫ?.. Қыс қыстауға құм жақсы, Жаз жайлауға тау жақсы.

Қырық күн шілде келгенде, Көсегесі көк жарған, Көкорай шалғын жер жақсы. Осы отырған жақсылар, Жүрген жерім сәдірмек, Бәріңнен де мен жақсы!.. ЖАРАТЫЛЫС ТУРАЛЫ Адамды Құдай ойлады, Жаратпаққа қам қылып. Он сегіз мың әлемді Адамзатқа таң қылып. Әзірейілді жіберді, Жер топырақ берсін деп. Жер топырақ бермеді, Күнәһар деп ойлады. Жәбірейілді жіберді, Жәбірейіл ап келді Қара жерге таңба ұрып. Адамға Құдай жан берді, Түрегел деп түшкіріп. Құдай-тағала жаратты, Әуеліңді әз қылып, Ырызғы берді қолына, Ішіп-же деп мәз қылып. Апарып қойды пейішке, Еркін жүріп-тұр деумен, Ойыныңды қандырып.

Адамды шайтан шығарды, Аузына бидай салдырып. Адам ата, Хауа ана Бірін-бірі таба алмай, Талай жыл жүрді қаңғырып. Өмірін қойды дүниенің, Қызықсын деп аз қылып. Осыдан-ақ біліңдер, Құдіреті күшті Құдайды. Адам соққан ымырат, Аз күн шыдап құлайды. Сұрап алған дүниеге Қарнымыз да тоймайды. Ойлап тұрсаң, жігіттер, Бір Құдайдың өзінің Бергеніндей болмайды. Құдіретін содан біл – Ұстынсыз аспан шыдайды!.. КӨЛБАЙҒА Біз шығып елден келіп Көлбай қондық, Көлбайды жоқ десе де болмай қондық. Қонаға бір ешкісін сойғызып жеп, Иірген тақыр жерге қойдай болдық. Көлеке, барлық балпаң, жоқтық жалтаң, Жүрісі жоқ адамның сыбай-салтаң. Қыдырдың басқан жерін сен де басып, Бұл күнде дүниеге толды қалтаң.

Дүние біткен сайын қатайыпсың, Бұл дүние әркімдерді еткен сарсаң. БИ БОЛМАС БЕЛІН ЖАЛПАҚ БУҒАНМЕНЕН Айтайын айт дегенде бір Құдайды, Жаратқан Құдай артық күн мен айды. Атаның аруағына түней келдік, Жақсылар жүрсіздер ме күліп жайлы. Жақсылар, бірің таусың, бірің мырза, Жайылған бауырында біздер құлжа. Осындай дидарласып кездескенде, Көңілім, сөйлеспесем, болар ма ырза. Бай болсаң көңіл болар аспан жақта, Көңілің жарлы болсын басқармақта. Дәулетің Қарынбайдай болғанымен, Дүниені ақыл керек басқармаққа. Мал бітсе, жаман адам палуан-дағы, Жақсыға мал бітпесе арман-дағы. Қорада қой, сандықта пұлың болса, Қызығың осы емес пе жалғандағы. Би болмас белін жалпақ буғанменен, Ағармас нәсілі қара туғанменен. Жігіттің бәрі бірдей бас болмайды, Атадан алтау болып туғанменен.

Әр нәрсе барға базар, жоққа мазар, Жаз жардан жарлы сорлы ауқат табар. Жез бармақ, болат тұмсық болғанменен, Сұңқардан қанаты жоқ қарға да озар. Әріпте жиырма тоғыз келеді дәл, Шариғат сөзін айтсам болады бал. Алдыңда бес-алты ауыз сөйлейін сөз, Жақсылар, сөзім тыңдап, құлағың сал. Жабыдан айғыр салма жалы бар деп, Тексіздің қызын алма малы бар деп. Көңілім көргеннен соң өкситұғын, Қойнында өлген сарттың наны бар деп!.. ҚҰЛЫНШАҚТЫҢ ҚЫПШАҚ БҰДАБАЙҒА СӘЛЕМ БЕРУІ Сәлем бере келіп ем, Жасы үлкен Бұдабай. Бермей кетсем сәлемді, Дейсің ғой өзің бұ қалай. Озып бәйге алған ең Жарыстарда сен талай. Өрт едің қаулаған, Өлең едің заулаған. Аузыңмен құс тістеген, Қыран ең ілмей түспеген. Көндіруші едің талайды, Өлеңдете күшпенен.

Мерген едің жасыңда, Оғың жерге түспеген. Кәрілік, шіркін, бұл күнде Өз айтқанын істеген. Дауысың тарлан тартыпты, Түскеннен соң тіс деген. Жоқтау жазып беріпсің, Әйеке кеше өлгенде, Айтыпты оны қыздарың Ағыбай батыр келгенде. Ырза болдық бәріміз, Жасымыз бен кәріміз, Естігенде жоқтауды. Мылтықтай екен әр сөзі Атуға дайын оқтаулы. Ел-жұртыңа салатын, Шүкір бол, – деп жоқтауды. Аман боп жүр, Бұдаеке, Ертең біздер қайтамыз. Көрдік деп Бұда ақынды, Сұрағандарға айтамыз. БҰДАБАЙДЫҢ ЖАУАБЫ Көтеншіде Құлыншақ – Өлең сөздің ұстасы, Майлықожа, Мәделі – Бұлар оның тұстасы. 4-0237

Сөздерінің бар еді Тістейтіндей қышқашы. Ең озығы – Құлыншақ, Өлең десе, ұрыншақ. Шу асауды тоқтатқан Бұғалықты бұрын сап. Айып бізге болмай ма, Сөзден тайып жығылсақ. Қартайыпты-ау демей ме, Үн шығармай жығылсақ. Сәлем бердің, Құлыншақ, Жасым үлкен болғасын, Бір-екі сөз айтайын, Жұртым қолқа салғасын. Кімге опа етеді, Мынау дүние жалғаның, Шайнамай қылғып жұтады, Ауызына салғанын. Талайлар тастап жөнелген, Сайрандаған жалғанын. Орындай алмай өкініп, Көңіліне алғанын. Ұстай алмай қапы қап, Қармаса да арманын. Мен тілеймін әрқашан, Ерлердің аман болғанын. Еліме келіп қалыпсың, Әруақ болсын қорғаның. Жолың болсын қайтсаң, Сәлем де Қаратау еліне.

Ажал шіркін келмейді, Көзіңе сенің көріне, Жөнеп кетсек бір күні Қияметтің өріне. Дұғаңды бізге арнай жүр, Кетті деп барар жеріне. ШЕЛЕК ДӘУЛЕТТІҢ БАЛАСЫ ӨЛГЕНДЕ КӨҢІЛ АЙТУЫ Өшкен қайта жанбайды, Өлген қайта келмейді. Артында қалған ата-ана, Қайғырса да өлмейді. Алланың ісі дұрыс-ты, Қарсы тұрар шама жоқ. Ақ сұңқарың ұшыпты, Қайырын берсін қалғанға, Өлмейтін пенде болмайды Бұл дүние жалғанда. Түгел адам, сірә, жоқ, Бәрі де өткен арманда. Шүкір деп бекін, Дәулетжан, Болат боп басқа салғанға. ҚҰЛЫНШАҚТЫҢ ТАҢАТҚА ТҮЛКІ БАЙЛАУЫ Ер жігіт тазы қосып, түлкі алады, Кейбірі қолға үйретіп, құс салады.

Көк атты көлденеңнен кездескенде, Майлансын деп түлкі байланады. Менің де дәл солай кезім түсті, Таңатқа ұшырасып салған құсты. Бұлаңдап қашқан түлкі құтылмастан, Ажалға аңдып жүрген жолығысты. Үш тоғыз үйірімен болсындағы, Аңшының жолы болып жансын бағы. Батасы Құлыншақтың қабыл болып, Түлкіні ала бергін талай тағы. ҚАУЫНШЫНЫҢ ӘЙЕЛІНЕ БЕРГЕН БАТА Ірімшік, құрт жиналып қапқа түсті, Есесіне сарғайып қауын пісті. Бірінен соң біреуін үйлестірген, Құдіреті Құдайдың әбден күшті. Тәтті қауын кем емес бағыланыңнан, Мұқатпайды уылжып жеген тісті. Рахмет, келінжан, пейіліңе, Дихан ата оңғарсын бар жұмысты.

ЖАНДӘУЛЕТКЕ Жандәулет, жүремісің, желемісің, Өзіңді ашу буып келемісің, Көк шоқай ат бас бәйге алмады деп, Кәйтесің, соған бола өлемісің. БІР ТОЙДАҒЫ АДАМДАРҒА АЙТҚАНЫ Сарт та келді бұл тойға арбасымен, Дуана жүр қоржынымен, дорбасымен. Бай мен мырза қаздайын мамырлайды Жүйрігімен, жылжыған жорғасымен. Кедей сорлы сартылдар шоқайымен, Бала біткен әуре тобайымен. Болыс пен би аранын ашып отыр, Жұтқысы кеп бәрін де қопайымен. БІР БӘЙГЕДЕ АЙТҚАНЫ Арғымағы Құлтастың озып келді, Қарабайыр борбайын созып келді. Сәуірбайлар қосқан ат ілесе алмай, Шаңға батып, берекесі тозып келді.

ҚОЖАБЕРГЕНГЕ Саңғылдың бір саңлағы Қожаберген, Қонақ барса үйіне боза берген. Құттыбай жүр сол маңда айналақтап, Қарғадай ұшып-қонып жемтік көрген. НАРЫНБАЙҒА Сарт ішінде кісісі Нарынбай-ды, Алыс-беріс жұмысқа тарынбайды. Қауынбай мен Атажан көзге түссе, Еске аламын әрқашан Қарынбайды. ҮМБЕТКЕ Үмбет, сені көргендер ірі дейді, Би демейді, тағы да ұры дейді. Осы сөздің мәнісін түсінбедім, Түсіндірші өзіңді ел неге үйдейді. Сонда Үмбет кідірместен: Жұрттың бәрі өзіңдей жөн біле ме, Әрқайсысы әртүрлі боғын жейді, – депті.

ӨЗІГЕЛДІГЕ Алшынның жақсысы едің, Өзігелді, Бір сөздің айтатұғын кезі келді. Билігің Нұрқанға айтқан орынсыз боп, Алдында Шілменбеттің неге өзгерді. Жүйрік едің ешқашан сүрінбеген, Бәйгеден талай-талай бұрын келген. Он сом пұлға сатылып ойда жоқта, Тазыдай қылғыныпсың жырын жеген. ЖАРҚЫНБЕК ПЕН ИКЕНГЕ АЙТҚАНЫ Даланың аңын қақпан алады, Қақпанды тапқан алады. Шалбар бұттың тасы ауыр, Құлжа арқардың басы ауыр. Жарқынбектің жасы үлкен, Қақпан тағы соның мүлкі. Икен, сен қақпаннан Көріпсің де апсың түлкі. Ырымын жасамастан, Қақпанды бос тастап кетіпсің, Көргенсіздік етіпсің. Анау-мынау демейсің, Мұнан бұлай қақпаннан Сырт айналып жөнейсің.

ҚҰЛЫНШАҚТЫҢ ШӘДІ ТӨРЕГЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ Үрмәтлу саламат па, төре Шәді? Біртіндеп кетіп жатыр жас пен кәрі. «Төреден ақын Шәді шығыпты» деп, Мақтап жүр сыртыңыздан жұрттың бәрі. Нағыз төре әулеті сіз боларсыз: Арғы атаңыз хан Абылай, Кенесары. Баспадан «Сияр Шәріп» кітап шықты, Біреуі де тиген жоқ маған әлі. Сол үшін әдейі арнап бармақшы едім, Сақталған бірен-саран бар ма, кәні? Хабарын жіберерсіз мүмкін болса, Кемелдің өлең жазған Құлыншағы. ШӘДІ ТӨРЕНІҢ ЖАУАБЫ Құлыншақ, асықпаңыз, барасыз да, Барған соң келмей сонда қаласың да. Жан кетер, сүйек қурар ақыр бір күн, Барғанда барамысың нағашыңа?! Қазаннан «Сияр Шәріп» шықты, рас, Қазақтың таратылды баласына. Жақында «Орқа-Күлше» тағы шықпақ, Келген соң содан келіп аласың да.

Келем десең, ағасы, кеп кетерсің, Отырмыз Жабыкөлдің жағасында. Ақындық та бұл да бір қасиет қой, Осындай өлең жүрсе арасында. Хат жолдаған өзіңе Шәді төре Құлыншақтай арнаған ағасына. ШӨЖЕ МЕН ҚҰЛЫНШАҚТЫҢ СӨЗ ҚАҒЫСУЫ Шөже: Қаратаудың қатпасы, «Көкпар шаба келдік» деп, Бір-бір атты желдік деп Мақтанбашы, Құлыншақ, Ішкендерің көк кебек. Құлыншақ: Бісміллә сөзді бастайын, Медет бер өзің, кәміл пір. Өзіңе келмес уақыт Бей бісміллә айтқан тіл. Әр сөздің басы бісміллә, Ұлықтығын бұдан біл, Бісміллә шарапатымен Екі дүние болып тұр. Әзіреті жасап Меккеден Ешбір жері кем емес, Бабай түкті Шашты әзіз,

Үкеша сынды әулие Мекен еткен көк белес. Күнгей, Теріскей асасың, Киелі жерге сен барсаң, Көп қызыққа батасың. Алмұрты мен алмасын, Шиесі мен жуасын Тойғанша жеп жатасың. Баба түкті Шашты әзіз Ұлсыздарға ұл берген, Айналайын Қаратау, Әулиенің кені едің, Қырық бір мың машайық Мекен еткен өтенім. Кәлиме келгір тіліңе, Алжаспағын сен, Шөже, Алдыма салып кетермін, Артыңа теуіп кетермін! ЕРГӨБЕК БҰЛБҰЛ ҚҰСЫҢ ЕМЕС ПЕ ЕДІ? Ергөбек ақын елге өкпелеп, Мырзашөл, Таш­ кент, Жызақ жағына жырақтап кеткен соң, аға­ лы-інілі, ұстазды-шәкіртті рухани жақын қа­рымқатынаста жүрген Құлыншақ: Әз-Ғаріп еске түсер әр заманда, Қазаққа тұлға болған тар заманда. Жұмада Құран оқып бағыштасам, Тұрғандай оң жағымда таң намазда.

Әруақты Алатауды ел айтады, Қоңыраттар Орғанасқа орнағанда. Бұл елдің Ергөбектей шайыры бар, Бір қырсық төбесінен торлаған ба? Көктің ұлы, биі мен бекзадасы Қалай төзді ақынын қорлағанға. Бауырыңның тіріде қадірін біл, Өсек айтып, өрт қойма алдағанға. Өзіңді жаттай сыйла деген қазақ, Жол берме әзәзілдер арбағанға. Өзегіңді өксітер ақын жыры, Ташкенде сарт жағалап зарлағанда. Ергөбек бұлбұл құсың емес пе еді, Қолыңа ілінетін қармағанда. Майжелке Мұрынқарақ жүдемесін, Бұл өмір жалған екен барлағанға, – деп Қоңыраттың беделді азаматтарына айтып, ат мінгізіп, шапан кигізіп, шаңырақ көтертіп, Ер­ гөбекті өз орталарыңа алыңдар дейді. Арғынның Дөңқасқа датқасы тірі болғанда Ергөбек бүйтіп қор болмас еді деп өкініш білдіреді. Майлықожа ақын да Көктің ұлына беделін салып Ергөбекке Мұрынқарақтан жер беріп, Дулаттан қыз әпермек­ ші болады. Ел екі ақынның ықпалымен Ергөбекті елге алдыртады.

МАЙЛЫҚОЖАҒА Созақ аймағында Жуантөбе деген жердегі бір бай­дың үлкен тойында жолыққан Майлықожаға Құлын­шақтың айтқаны: «Тез қасында, – деп айтқан, – Қисық ағаш жатпайды». Ар-ұятты ойлаған Дүниеге есін сатпайды, Ақылы бар адамдар Сөйлер сөзін шақтайды, Қарауылға ілінбей Мерген мылтық атпайды, Шамалы жерге келмесе Жолбарыс та шаппайды, Тәңір айдаған азамат Қай жердің дәмін татпайды, Әруақ ерден сілкінсе, Оралып қайта соқпайды, Кей жігіттің мінезі Жанып тұрған шоқтай-ды, Кей жігіттің сөзі бар Ешнәрсе келмей қолынан Бекерден-бекер оттайды, Құдай да мақұл демеген Қол қайыры жоқ байды, Кісі түссе үйіне Қырын қарап отырар, Келгендер бәрін оппайды,

Ақылгөйі бар адам Айналасын шақырып, Аптада аулын топтайды, Ақылгөйі жоқ адам Жақындаса ұрысып, Бір-бірін өсек қылысып, Жылында бір соқпайды, Білетұғын кісіге Бұл бірліктің белгісі Бүйерге келер үлгісі, Үлгісіз ұста жоқ, сірә, Өрнексіз қылып айтқан сөз Өрнексіз шешен болмайды, Өздеріңдей жақсыға Әңгіме, нақыл сөз айтып, Тыңдаушы едім сондайды, Арғы жағын пайымдап Есі бар адам ойлайды, Біздің сөзді тыңдаған Басқаға көңіл қоймайды, Шекерге ешкім тоймайды. МАЙЛЫҚОЖАҒА АЙТҚАНЫ (1-нұсқа) Майлы, Майлы десе де май болмадың, Ат пен түйе алсаң да бай болмадың. Би болмай, батыр болмай, дүние іздеп, Сонда да төрт түлікке сай болмадың.

МАЙЛЫҚОЖАНЫҢ ЖАУАБЫ Сен Құлыншақ атандың не бір заман, Не жабағы, немесе тай болмадың! ҚҰЛЫНШАҚ ПЕН МАЙЛЫҚОЖАНЫҢ СӨЗ ҚАҒЫСУЫ (2-нұсқа) Құлыншақ: Майлы, Майлы дегенмен май болмадың, Жұрттан алып жегенмен бай болмадың. Майлықожа: Сен Құлыншақ болғалы талай болды, Ия құлын, ия жабағы, тай болмадың. ҚҰЛЫНШАҚ ПЕН МАЙЛЫҚОЖАНЫҢ АЙТЫСЫ Құлыншақ: Қожеке, есенсіз бе, сәлем бердік, Мүбәрәк жүзіңізді жаңа көрдік. Жүзінде мөріңіз бар Қожа екенсіз, Жоқ шығар көңіліңізде тәкаппарлық.

Майлықожа: Құлыншақ, сәлем берсең, сәлемет бол, Қарсы алып сәлеміңді беремін қол. Сіз сәлем берсеңіз біз әлік алдық – Сүннәті пайғамбардың жазулы жол. Құлыншақ: Осындай мәжілісті неше көрдім, Әмбеден халыққа жақсы есендердің. Бейтап деп сыртыңыздан есітіп едік, Қожеке, айықты ма кеселдерің? Майлықожа: Құлыншақ, көтеншіде сенің атың, Біледі сырттағы адам сөздің қалпын. Құданың дәрігәһіне шүкір қылып, Айықтым аман-есен, азаматым. Құлыншақ: Қожеке, мінезіңнің ұяңы бар, Кісіге айтысқанның зияны бар. Мұны қалай көресің, тақсыр пірім, Ойлаған мына көптің қиялы бар? Майлықожа: Ілесіп қиялына ақылың кем бе, Менімен кім айтысар сенен өзге? Бозбала бәрімізді жарға итерер, Айтқанға, ақылың болса, тіптен көнбе.

Құлыншақ: Қожеке, сөзіңе жұрт тоймас ұсайд, Бозбала бір-біріне ойлас ұсайд. Бірінен ат, бірінен тон киюші ек, Шамасы көп борышымыз қоймас ұсайд. Майлықожа: Ақын ең бағың қалың, озған атың, Жеңіпсің Кіші жүздің Барақатын. Өлеңді қой ендеше біраз тыңда, Қожаңның айтып өткен насихатын. Жиналдың үлкен, кіші үйден, түзден, Тайда құйрық жүйрік ек, атқа сүзген. Майлықожа, қоңыраттан Құлыншақ боп, Екеуміз шығып едік Орта жүзден. Өлеңін екі ақын қайым етер, Ақылдылар сөздерін пайым етер. Екі жүйрік егесіп шаршаған соң, Зорығып біреуінің пайы кетер. Мақтармыз ішінде өскен елімізді, Әруақты ел ішінде ерімізді. Арман, бермен ырғасып белімізді, Көздерміз жығатұғын жерімізді. Бұл уақта сөз сөйлеуге сайланарсыз, Бір уақта көңіліңізге қайғы аларсыз. Бар едік екі жүйрік құдай берген, Сауырына біреуінің байланарсыз.

Бар едік екі ақын мақтап жүрген, Жоғары мен төменге сақтап жүрген. Екі жүйрік егесіп шаршаған соң, Аты озар бір бөтеннің жақтап жүрген. Құлыншақ: Қосылдық екі жүйрік сайымызға, Бір нұқсан түспегей дайымызға. Тайсалмай айтыспаққа қамдана бер, Бозбалалар қоймас ұқсайд жайымызға. Майлықожа: Өлеңге мен де дүрмін, сен де дүрсің, Шамасы екі дүрге бопты бір сын. Шалсаң да, көтерсең де мылт демеймін, Көңіліңнің сүйгенін қыл, мейлің білсін. Құлыншақ: Қожеке, келмей жүрген бұл ел соның, Ала жүрген қоңыраттан ат пен тонын. Жоғарыдан, тақсыр-ау, келе қапсыз, Келсеңіз, қош келіңіз, болсын жолың. Майлықожа: Жұлдызы жортқан ердің оң болсын да, Айтқандай Құлыншақ, жол болсын да. Аузыңның қыдыры бар кісі едің, Олжамыз, құдай берсе, мол болсын да. 5-0237

Құлыншақ: Тақсыр-ау, сіз обадан сескеніпсіз, Осы күні дүниені ескеріпсіз. Келмеген жұртыңызға келе қапсыз, Ағам Мерген асына қош келіпсіз. Майлықожа: Дүниеден өте қапты ағаң Мерген, Келмей жүрген қожа едім, келдім өрден. Туғаныңа айт жолымды мықтап қылсын, Саған берген, болады маған берген. Құлыншақ: Қожа едің келмей жүрген, келдің өрден, Келгеніңде орынды бердім төрден. Қошемет қылсаң қоңыратқа жарасады, Ежелден қоңсым едің ауқат көрген. Майлықожа: Осы ма сияпатың, кеп ем өрден, Әр пенде еңбегімен ауқат көрген. Асыратып мен саған ақсақ шал ма ем, Қоңсым деп не сөз айттың келген жерден? Құлыншақ: Қожа едің келмей жүрге, келдің өрден, Келгеніңде орынды бердім төрден. Қоңсым десем, тақсыр-ау, қоңыраясың, Жалғасқаным бекер ме ед дүние зерден?

Майлықожа: Мен сенің ел-жұртыңды кем демеймін, Мен сендей өтірік айтып өңдемеймін. Бай қоңырат, бар қоңыраттан алғам шығар, Құлыншақ, несін ап ем сен кедейдің? Құлыншақ: Қалай-қалай қожа едің аузың залым, Сыртында кім болсаң да ішің мәлім. Құдай берген дәулетім менің қалың, Ықырар болсаң тапқаның менің малым. Майлықожа: Айтар ең ондай сөзді жұлдыз көрсең, Қонысты түнде көмбей, күндіз көмсең. Дәулетің сонша тасып жүрген уақта Үргенішке Телқозыны жібермес ең. Құлыншақ: Қарашы егесуін өліп-өшіп, Ежелгі қоңсылықпен күнін кешіп. Айраныма жаздым ба түз арамы, Енді отырмай қасымнан кеткін көшіп. Майлықожа: Жеті атам көк ұлының ішінде өсіп, Осы жерде кір жудым, кіндік кесіп. Қаңғырған бір саңғылдың кедей иті, Мақұл енді кетейін Ташкент көшіп.

Құлыншақ: Мүсәпірсіп келіп ең келгеніңде, Айтқаныңды қылушы ек дегеніңде. Тындатқын басқа адамға өлеңіңді, Нең бар, қожа, өзімнің көп елімде. Майлықожа: Мен күміс, сен мыспенен жанаспаймын, Адамым аз, сенімен санаспаймын. Жиделібайсын Үргенішке әкім болғын, Мен сенің бұқараңа таласпаймын. Құлыншақ: Қожеке, бауырыңда жел сөзің бар, Қожалыққа келсең де бел сөзің бар. Қоңыраттың көптігіне таласпасаң, Қақыратпай, аз қожа, не сөзің бар? Майлықожа: Осы ма айтқан сөзің кесірленіп, Сен өлі мақтанасың несін көріп? Қалың қоңырат болғанда қай жауды алдың, Қаңғыған бір кетеге жесір беріп. Құлыншақ: Бар болса кеңшілігім би боларсың, Бес-алты жел сөзбенен сый боларсың. Бұл сөзді қалың қоңырат естімесін, Телі-тентектің қамшысына и боларсың.

Майлықожа: Көріп ем бір кетеден сасқаныңды, Соған қылсаң нетеді тасқаныңды. Асырап әр пендені құдай сақтар, Тастай бер тіреп тұрған аспаныңды. Құлыншақ: Осы жерден бөтендік қып сыр бергенің, Қоңыратты мұндай десең бір көргенің. Тұз арамы екенсің, арам қожа, Ежелден қоңырат еді күн көргенің. Майлықожа: Бұл сөзді не деп айттың, Құлыншақ пақыр, Қазақы сен бір ақын лақпа ақыл. Пенде деген пендені асырай ма екен? Қатының талақ болды ғой, өзің кәпір. Құлыншақ: Қожеке, екенсіз ғой ақылсыз жан, Басында айыбың көп мың менен сан. Келмегөйдің баласын кәпір дейсің, Ла илаһи иллалла, мен мұсылман. Майлықожа: Құлыншақ, сен бір арсыз ақын ба едің, Сөзіңді өзің айтқан мақұл көрдің. «Асырадым» дедің де діннен шықтың, Бұл тіліңе жараса кәпір дедім.

Құлыншақ: Қожеке, келмей жүрген келді кезім, Бұл сөзді айтпайтұғын айттың өзің. Кәпір мен мұсылманды ажыратқандай, Болды ма Әмір Темір сенің көзің? Майлықожа: Кәпірлік сенен болмай кімнен болар, Көңілі адамзаттың гүлден болар. Асырадым дедің де діннен шықтың, Бір ауыз діннен шықпақ тілден болар. Құлыншақ: Қожаның да ішінде бар-ды қожа, Кей қожаның үйінде арақ, боза. Арақ ішіп айтасың өтірікті, Кереметің қожа боп жоқ қой маза. Майлықожа: Қожаның не ісің бар қожасында, Ішіп жүрген арақ пен бозасында? Сені тәңірі алды ма барымтаға, Сол арақ пен бозаның жазасына. Құлыншақ: Қожаның қараңыздар қожасына, Ішіп жүрген арақ пен бозасына. Арақ пенен бозасын мойнына алды, Қараңдар шайтан пірдің мазасына.

Майлықожа: Қожаның ішінде де бар-ды қожа, Арақ пенен бозадан өзім таза. Арақ пенен боза ішкен қай қожа бар, Құдайым әр пейілге берер жаза. Құлыншақ: Бір сөзді айтпайтұғын айттың маған, Мен де лайық сөз айттым, тақсыр, саған. Арақ пенен бозаны бірдей ішер Қасыңдағы жолдасың Мәделі ағаң. Майлықожа: Шешесі Мәделінің апаң Қойқан, Келсе тап Апақайды қылған сойқан. Нағашысы арамқор сен болған соң, Жиендерің қылып жүр ойпаң-тойпаң. Құлыншақ: Тәсірі домбыраның тиегінде, Сөйлер сөздің тәсірі иегінде. Есі шыққан есірік, есер қожам, Жасырдың маған неғып сүйегіңді? Майлықожа: Сен едің жеті атамнан сүйенгенім, Жұғатын сүйенгенге киелерім. Нағашысы жігіттің бір ел дейді, Бұзақы-шатас туды жиендерің. Құлыншақ: Бұл сөзің мұныменен тұрсын, қожам, Қара дауыл өлеңге дүрсін қожам.

Бұзығыңды итеріп құтылмақсың, Бұралқы ішімдегі қоңсым қожам. Майлықожа: Бекер ме әуел бастан қожа екенім, Әліміз ада ақ сүйек таза екенім? Қожаны қоңсымсың деп не деп айттың, Ақылыңның білдім енді аз екенін. Құлыншақ: Қожеке, шайымды ішіп, етімді жеп, Қарайсың тікірейіп бетіме кеп. Ташкенттен әуел бастан шыққаныңда, Қоңсы болып қонып ең шетіме кеп. Майлықожа: Арабта Құрайыш дер, атам Әшім, Отыз үш ата туған кәрі-жасым. Тіріде – пір, өлгенде – туың едім, Құтылар қоңсылықтан қайдан басың? Құлыншақ: Құлыншақ сөйлер сөзден ұялмайды, Жалғанда жаннан айыл жия алмайды. Мыңға бір үй келмейтін аз қожаға, Көп қоңырат қоңсылыққа сия алмайды. Майлықожа: Әуелі палуан өткен Үрістем дастан, Екінші Әзіретәлі дінді ашқан. Қылыштан қорыққаннан мұсылман боп, Сен маған қоңсы едің әуел бастан!

Осы жерде Құлыншақ сөзден тосылып, тоқтап қалады. Майлықожа: Қазан атты қаңтарғын терін жесін, Үш күн, үш түн шапса да ерінбесін. Қазақының жүгенін сыпырып ал, Онан-мұнан шөгірек теріп жесін. ҚҰЛЫНШАҚ ПЕН ҚЫЗДЫҢ АЙТЫСЫ Жолаушылап жолда келе жатқан Құлыншаққа оны сырттай айтумен таныған бір ауылдың тойы­ на бара жатқан ақын қыз Құлыншаққа қарап өлең бастайды. Қыз: Құлыншағым, Төбеңде салпылдайды тұлымшағың, Думандап той дегенде тұра алмайсың, Құрысып шапқыш аттай ұрыншағым. Құлыншақ: Көрерсің тірі болсаң, той-жиынды, Көрерсің әлде жақсы, әлде жаман, Отырмын сұрайын деп бір бұйымды. Қыз: Қызыл ата, Атаға аттан түсіп қылдым бата,

Біздерден ат пен түйе сіз алмассыз, Сұрайтын бұйымыңның атын ата. Құлыншақ: Әуелімжар, Қарағым әлі-ақ болар пейілің тар, Сіздерден ат пен түйе мен алмаймын, Тон тысты, етік басты бұйымың бар. Қыз: Байлардың биесі бар, түйесі бар, Сөзінің кей жаманның киесі бар. Байталды сұрағанмен мен бермеймін, Байталдың малды берген иесі бар. Құлыншақ: Жоғарғы біздің ауыл Берсін деді, Берсіннен жылқым жусап, өрсін деді. Мен барып егесінен сұрап келдім, «Қалдырмай пайдасынан берсін!» деді. Қыз: Басында Қаратаудың дауылы бар, Бұл қыздың Жалпақсазда ауылы бар. Байталды ол бергенмен, мен бермеймін, Байталдың бүйрегінде жауыры бар. Құлыншақ: Байталың жауыр болса жем берейін, Ширегін бір батпаннан кем берейін. Байталың жауыр болса келгін алып, Аузынан жем, артынан дем берейін...

ІІ бөлім БЫЛАЙ ДЕГЕН ЕКЕН... (Ақынның ұрымтал сөздері туралы ел аузындағы әңгімелерден)

ҚҰЛЫНШАҚ ПЕН ҚИСЫҚ БАТЫР (1-нұсқа) «Өзі сондай әділ, қарадан шыққан Қисық деген батыр бар. Көңілі келсе – көл, келмесе – шөл, мі­ незі бір қызық. Өзіне қызыр дарып, бақ қонған-ақ адам» дегенді есітіп, Құлыншақ ақын атына міне­ ді. Өлеңін сайлап, домбырасын бөктеріп, батыр­ дың үйіне келеді. Атын байлап үйге қадам бас­ са, есік алдында ескі-құсқы киім киген, сүрпеті сүйкімсіз, бойы мен болмысы да батыр дегенге қимайтын біреу шаруа қамымен күйбеңдеп жүр екен. «Е, ба­тырдың қызметшілерінің бірі дағы», – деп оған пә­лендей мән бермей, келген үйінің есігін ашады. Үйден бір сұлу келіншек шығып түрегеліп сәлемдеседі де, төрден орын ұсынады. – Батыр көрінбейді ғой, бәйбіше, – деп ауыз жиғанша: – Ей, көргенсіз! Аман жоқ, сәлем жоқ сен кімді басынып келдің осы, а! Кімсің сен? – деп күркірей кірген батырға Құлыншақ:

– Ақын едім, тақсыр, – депті. Қисық батыр: – Ана қылышты әперші, қатын. Басын кесіп тас­тайын мұның, – деп қылышқа қолын созғанда Құ­лыншақ: Ассалаумағалейкум, қақпа болат, Жинадың қазынаңа қымбат манат. Алысқа даңқың шыққан батыр болдың, Жүрмісің аман-есен, ер-азамат. Жақсыға анық тартып туып едің, Жақсылық туғаннан-ақ қуып едің. Даңқыңды Алатаудай естіген соң, Көруге дидарыңды келіп едім. Іліндің отыз жаста сөйлер сөзге, Көріндің адам болып көрер көзге. Мақсұдың Алла-тағала бергеннен соң, Міндіңіз алтын таққа осы кезде. Мүбәрәк құтты болсын мінген тағың, Құдайым аямасын берген бағын. Бұл күнде ел билеген батыр бопсың, Зейінмен ажыратып істің ағын, – дейді. Сонда батыр: – Қатын, мына көргенсіз немеге бір шапан жап та, көзін жоғалт, – деп бұйырыпты, қылышын қынабына салып жатып. «Шапаны да құрысын,

бір жаным олжа» деп ойлаған Құлыншақ есікке жете бергенде, Қисық батыр: – Тоқта! – деп айқай салыпты. – Шынымен ақын болсаң, мен кім екенмін, ме­ нің ататегім кім екен, білсең, соны айтшы? – дейді. Өзі де соны айтпаққа дайындалып келген Құлыншақ: Белгілі, сенің атаң Андас жаман, Жаман деп айтушы еді көрген адам. Бір Алла себеп болып құтқармаса, Жаманнан жан қалар ма жалынғаннан. Атаңыз одан бергі Қылжыр екен, Білмейтін ешнәрсені былжыр екен. Мақтанба, көрмегендей, Қисық батыр, Әркімге құлшылық қып күнін көрген. Былжырдан сен туыпсың, атың Қисық, Қисайып отырсың ғой елге бисіп. Алыстан іздеп келген мейман едім, Япырай, маған салдың жаман түйсік. Артыңнан, атқа мінсең, бақадайсың, Ат басқан жерге түскен тақадайсың. Бойың тұрған жеріңде боғың тұрып, Ашуың келіп қалса, қаһардайсың. Тәрізің бақсы ұстаған қобыздай боп, Пішінің жаман екен доңыздай боп.

Қатының таңдап алған сұлу екен, Қойнында жатамысың қоңыздай боп. Тәрізің шөлдеу жердің масасындай, Пішінің дуананың асасындай. Қарасам, қол-аяғың бір-ақ тұтам, Құлынның жаңа туған қасасындай. Қатының таңдап алған сұлу екен, Қойнында ұялмастан жатасың ба-ай, – деп айта сап, кетпекке ыңғайланса: – Әй, тоқта, мен адам болғанда осындай екем, ал төрт түлік мал болсам, қандай болар едім, – депті Қи­сық батыр. Құлыншақ тұрып: Қой болсаң, болар едің тоқты ғана, Сарала бөксе жағың боқты ғана. Үйіңе жалғыз мейман келе қалса, Соятын сол мейманға епті ғана. Болар ең, ешкі болсаң, қотыр ешкі, Шалбардай жұртта қалған бетің ескі. Мақтанба, көрмегендей, Қисық батыр, Әкең де құлшылықпен күнін кешті. Болар ең, түйе болсаң, қотыр қоспақ, Алар ем ел көшкенде босқа қостап. Жетекке бостан-босқа жүрмей қойсаң, Кетер ем сабап-сабап, жолға тастап.

Болар ең, жылқы болсаң, кәті ғана, Мінетін бір сорлының аты ғана. Қаңғырып кебек іздеп жүргеніңде, Көсеумен сабар еді қатын, бала. Болар ең, сиыр болсаң, қара тана, Қақпайлап мінер еді бала-шаға. Бойың тұрған жеріңде боғың тұрып, Ашуын бұл шіркіннің қарасаң, ә, – дегенде, Қисық батыр арқасынан қағып: – Жарайсың, сен бір жағы ақын, бір жағы батыр екен­сің, – деп Құлыншақты ризалығымен қонақ қылып, төртінші күні сый-құрметпен шығарып са­ лыпты. ҚҰЛЫНШАҚ ПЕН ҚИСЫҚ БАТЫР (2-нұсқа) Құлыншақ заманында Саңғыл бидің Ағысайы­ нан Көсе, Көседен Шақай, Шақайдан Жиенбай, Жиенбайдан Нарбота, Нарботадан Қисық батыр болып келеді. «Өзі сондай әділ, қарадан шыққан Қисық деген батыр бар. Көңілі келсе – көл, келмесе – шөл, міне­ зі бір қызық. Өзіне қызыр дарып, бақ қонған адам» дегенді есітіп, Құлыншақ ақын «Қандай жомарт екен, көрейін, сынайын» деп, іздеп келеді. 6-0237

«Қисықтың үйі осы» деген соң аттан түсіп, домбырасын алып үйге кіреді. Есік алдында ес­ кі-құсқы киім киген біреу күйбеңдеп жүреді. Оны Құлыншақ батырдың өзі деп ойламайды, елемейді де. Батырдың қызметшілері шығар деп ойлайды. Сол кезде үйден бір сұлу келіншек шығып, иіліп сәлем береді, төрден орын ұсынады. – Батыр көрінбейді ғой, бәйбіше! – деп ауыз жи­ ғанша: – Ей, көргенсіз! Аман-саулық жоқ, сен кімді басынып келдің, а? Кімсің өзің? – деп күркірей кіреді әлгі. Құлыншақ: – Ақын едім тақсыр, – депті. Қисық батыр: – Ана қылышты әпер қатын, басын кесіп тас­ тайын мұның, – деп қылышын ала бергенде, Құ­ лыншақ домбырасын безілдетіп: Ассалаумағалейкум, қақпа болат, Жинадың қазынаға қымбат манат. Алашқа даңқың шыққан батыр болдың, Жүрмісің аман-есен, ер-азамат. Жақсыға анық тартып туып едің, Жақсылық туғаннан-ақ қуып едің. Даңқыңды Алатаудай естіген соң, Көруге дидарыңды келіп едім. Іліндің отыз жаста сөйлер сөзге, Көріндің адам болып көрер көзге.

Мақсудың Алла-тағала бергеннен соң, Міндіңіз алтын таққа осы кезде. Мүбәрәк құтты болсын мінген тағың, Құдайым аямасын берген бағын. Бұл күнде ел билеген батыр бопсың, Зейінмен ажыратып істің ағын, – дейді. Сонда батыр: – Мына көргенсіз немеге бір шапан жап та кө­ зін жоғалт, – деп бұйырады қылышын қынабына салып жатып. – Шапаны да құрысын, бір жаным олжа, – деп Құлыншақ есікке жақындай бергенде, Қисық ба­ тыр «тоқта» деп айқай салады. – Шынымен ақын болсаң, менің кім екенімді, ататегім кім екен, соны айтшы! – дейді. Іштей дайындалып келген Құлыншақ: Бір атаң Нарботадан – Андас жаман, Жаман деп айтушы еді көрген адам. Бір Алла себеп болып құтқармаса, Жаманнан жан қала ма жалынғаннан. Атаңыз заманында көзсіз батыр, Атойлап талай жауға шапқан батыр. Мақтанып құр әншейін күпиесің, Бір қатынның қойнынан шықпай жатып.

Солардан сен туыпсың, атың Қисық, Қисайып отырасың елге бисіп. Алыстан іздеп келген туыс едім, Япырмай, маған салдың жаман түйсік. Артыңнан, атқа мінсең, бақадайсың, Ат басқан жерге түскен тақадайсың. Бойың тұрған жеріңде боғың тұрып, Ашуың келіп қалса, қаһардайсың. Тәрізің бақсы ұстаған қобыздай боп, Пішінің жаман екен доңыздай боп. Қатының таңдап алған сұлу екен, Қойнында жатамысың қоңыздай боп. Тәрізің шөлбеу жердің масасындай, Пішінің диуананың асасындай. Қарасам, қол-аяғың бір-ақ тұтам, Құлынның жаңа туған қасасындай. Қатының таңдап алған сұлу екен, Қойнына ұялмастан жатасыңба-ай, – деп айта сап, кетпекке ыңғайланса: – Әй, тоқта, мен адам болғанда осындай екем, ал төрт түлік мал болсам, қандай болар едім, – депті Қи­сық батыр. Сонда Құлыншақ: Қой болсаң, болар едің тоқты ғана, Сарала бөксе жағың боқты ғана.

Үйіңе жалғыз мейман келе қалса, Соятын сол мейманға епті ғана. Болар ең, ешкі болсаң, қотыр ешкі, Шалбардай жұртта қалған бетің ескі. Мақтанба, көрмегендей, Қисық батыр, Әкең де құлшылықпен күнін кешті. Болар ең, түйе болсаң, қотыр қоспақ, Алар ем ел көшкенде босқа қостап. Жетекке бостан-босқа жүрмей қойсаң, Кетер ем сабап-сабап, жолға тастап. Болар ең, жылқы болсаң, кәті ғана, Мінетін бір сорлының аты ғана. Қаңғырып кебек іздеп жүргеніңде, Көсеумен сабар еді бала-шаға. Болар ең, сиыр болсаң, қара тана, Қақпайлап мінер еді бала-шаға. Бойың тұрған жеріңде боғың тұрып, Ашуын бұл шіркіннің қарасаң, ә! – дегенде, Қисық батыр арқасынан қағып: – Жарайсың, бауырым, сен әрі ақын, әрі батыр екенсің, – деп, Құлыншақты ризалығымен қонақ қылып, үш-төрт күн сыйлап, шапан жауып, ат мін­ гізіп, шығарып салған екен.

ОНДЫБАЙ БОЛЫСҚА Құлыншақ ақын Ондыбай болысқа арнайы сәлем бере барады. Үйінде Ондыбай болмай, тоқалы Құлыншаққа құмғандағы қалған шайды береді. Шайын ішпей, Ондыбайға хат жазып, тоқалына «Ешкімге көрсетпей болыстың өзіне берерсіз» дей­ ді. Ондыбай тоқалы берген қатты оқыса, Құлын­ шақтан екен, бүй депті: (1-нұсқа) Сәлем де Ондыбайға Құлыншақтан, Есектен не шығады айғыр шапқан? Бір ердің табысына адырайып, Көзіне көрінбейді жер мен аспан. Сәлемге келіп едік Ондыбайға, Бір құман кез кеп қалдық қалған шайға, Жырқылдап мен келгеннен күле берді, «Көп күлген әйел соры» деген қайда?! Мал беріп, текті жерден қыз алсайшы, Үлгілі ата-анасы мейман баққан. (2-нұсқа) Сәлем де Ондыбайға Құлыншақтан, Есектен не туады айғыр шапқан? Жылтыраған бетіне әуес болмай, Адамның баласын ал кісі баққан.

Қызарған не қыласың беттің нұрын, Салады көрген жігіт көздің қырын. «Ондыбайдың ауылына барамыз» деп, Қайдан таныс боламыз үш жыл бұрын? Болысеке, бұл өлең қайдан шықты? Үйіңде бесінде ішкен шайдан шықты. Сабада сапырулы қымыз тұрып, Күбіден айнып кеткен айран шықты. Қайыр-қош, болысеке, көргенімше, Бұл қорлық естен кетпес өлгенімше. Қос-қабалды арқалап құрыған жақсы, Итке артып аттың қосын жүргеніңше. (3-нұсқа) Ақын Арқада жүрген кезінде Ондыбай деген бай­дың үйіне түсіп, бай үйінде болмағандықтан, лайық­ты құрмет көрмеген екен. Сонда байдың әйе­ ліне наразы болып, Ондыбайға сәлем айтыпты: Бір сәлем Ондыбайға Құлыншақтан, Бұр бетке қызықпасын өңі жаққан. Бекерге жылы шек деп аунай бермей, Қыз алсын текті жерден кісі баққан. Сөздері Құлыншақтың бәрі шырын, Болысқа пара беріп алдық сырын. Барғанда қонақасы береді деп, Барамыз қалай таныс бір жыл бұрын.

САРАҢНЫҢ САЗАЙЫ Бір жолы Құлыншақ ақын мен Мәделіқожа еке­ уі ат шалдырмақ болып, жол үстінде отырған бай­ дың ауылына түседі. Үй иесі де, оның жаңа түскен тоқалы да бір-бі­ ріне лайықты сараң екен. Келген қонақтарды жақ­ тырмағаны бірден сезіліпті. Тіпті қонақасы бер­ мек түгіл, сусынның өзіне де оншалықты жары­та қоймайды. Сол кезде екеуі ымдасып алғаннан кейін Құлын­ шақ ақын: Сөз түсінер жөн көрмедім бұл арада, Сараң үйге бақ-дәулет құрала ма? – дей бастағанда, Мәделіқожа: Байына тоқалы сай отбасы екен, Іздегені дәл келген сұрағанға, – деп жалғай түседі. Сонда Құлыншақ: Бұлардан жаңа туған әйел жақсы, Емшегін беретұғын жылағанға, – деп аяқтапты да, серігі екеуі тұра жөнелген екен. Өз қателіктерін кеш түсінген бай мен тоқалы қанша қолқаласа да, қайтып аттан түспеген. Ай­ тылған сөз заматында ауыздан-ауызға тарап жүре берген.

ИШАННЫҢ ЕКІ АҚЫНДЫ СЫНАУЫ Майлықожа мен Құлыншақ үлкен бір ишанның (аты белгісіз) үйіне келе жатып қонақ болады. Сөз арасында ишан екі ақынға: – Өмірдің Алла алдында мәні неде? – деп сауал тас­тапты. Сонда Майлықожа: Басынан Қаратаудың көш келеді, Көшкен сайын бір жорға бос келеді. Дәулет пенен перзенттің кештігі жоқ, Біреуге ерте, біреуге кеш келеді, – депті. Ал Құлыншақ: Басынан Қаратаудың көш келеді, Көшкен сайын бір жорға бос келеді. Жалғанға келу рас, өлім рас, Біреуге ерте, біреуге кеш келеді. Адамзат дүниеде еккен егін, Орарда таңдамайды ағын, көгін. Бір Алла берерінде берген тегін, Аларда алады екен ақыр тегін, – дегенде, ишан: – Осы еді сөздің шешімі, – деген екен.

БҰЗАУЛАРҒА (РУ АТЫ) АЙТҚАНЫ Күзгі күзем кезінде Оңтүстік өңірінің Шу бо­ йын­дағы бір ауылға Құлыншақтың жолы түседі. Осы ауылда жасы тоқсанды алқымдаған, өсіп-өн­ ген, үбірлі-шүбірлі, бақуатты отағасы тұрса ке­ рек. Әлгі кісінің тоғыз ұлы бар екен. Әр ұлы бірбір шаңырақтың иесі болып, мыңғырған мал ұстап, шалқып өмір сүрген жандар еді. Осындай қоңды отбасына қонақасына келген ақынға арнап асылған ет бір жауырын болып шығады. Көңілі пәс түсіп, қоңылтақсып қалған ақын әңгіменің ұрым­ тал тұсын іздеп отырса керек. Жауырын салынған табақ алдына келгенде ақын отағасының Тама тай­ пасының Бұзау деген рудан екенін меңзеп, былай деп қайырыпты: Басында бұзау едің, торпақ болдың, Сен неғып мұндай жерде қорқақ болдың? Салғаның қазаныңа жалғыз жауырын, Уһ-уһілеп өзің де ортақ болдың. Қателігін кеш түсінген үй иелері мал сойып, ақынды жақсылап күткен екен дейді. БҰЛ ЖЕРГЕ АТТЫҢ БАСЫН ІРКІП БОЛМАС Бірде Құлыншақ, Мәделі және Майлықожа ақын үшеуі келе жатып, ат шалдырайық деген екен.

Майлы: Қара су сапырғанмен іркіт болмас, Мәделі: Шаңқылдап күшіген құс бүркіт болмас. Құлыншақ: Таздың басы секілді тақыр жер ғой, Бұл жерге аттың басын іркіп болмас, – деген екен. ҚҰЛЫНШАҚ ПЕН МАЙЛЫҚОЖАНЫҢ СӨЗ ҚАҒЫСУЫ Шымкенттегі ояз ордасында істейтін Кене­ сарының кенже баласы Ақымет төренің алдында Майлықожа мен Құлыншақ кездескенде, Ақымет тұрып «Екеуіңіз бір-бір ауыз өлеңмен сөз сына­ сыңыздаршы» депті. Сонда Құлыншақ: Қожаның бөлек болған ауылы жоқ, Қазаққа қоңсы болып өмірі өткен, – дей бергенде, Майлықожа оның сөзінің аяғын аяқ­ татпай: Ей, Құлыншақ, Арғы атамды сұрасаң, Үрістем, Дастан,

Бергі атамды сұрасаң, Ақ Пайғамбар, Әлі Арыстан, Сен, қазақ, қожаға қоңсы емес пе ең Әуел бастан?! – деп, Құлыншақты тоқтатып кеткен екен. ҚҰЛЫНШАҚ ПЕН МАЙЛЫҚОЖАНЫҢ ЖӘНЕ БІР СӨЗ ҚАҒЫСУЫ Құлыншақ пен Майлықожа бір жылдан кейін кездесіп, Құлыншақ: – Мен бір сөздің басын айтайын, аяғын ойланбай айтшы, – деп, Майлықожаға: Қаратаудың басынан көш келеді, Көш­кен сайын бір тайлақ бос келеді, – дегенде, Майлықожа: Перзент пенен дәулетке асықпаңыз, Біреуге ерте, біреуге кеш келеді, – депті. Бұны Құлыншақ «бұлай емес еді ғой»: Ажал тағдыр ешкіммен ақылдаспас, Біреуге ерте, біреуге кеш келеді, – деп қорытындылапты. Сонда Майлықожа «жөн екен!» депті.

ҚҰДАБАЙҒА АЙТҚАНЫ Құдабай деген байдың атына Мақаш дегеннің құс­қа атқан оғы тиеді. Құдабай атым тұлпар еді, екі ат төлеу бересің деп өкіректейді. Соның үстіне Құлыншақ келіп қалады. Адамдар оған даудың мә­ нісін айтып: – Ара ағайынсыз, осының төрелігін сіз айтыңыз, – дейді. Сонда Құлыншақ былай депті: Құдабай бай, есіңе ал Былтырғы қасқыр шапқанды. Қорадағы қойларың Жыландының бойында Әр жерде арам қатқанды. Қасқырдан қанша құн алдың: Қан-жыныңды ақтарды? Құдай ісі демеп пе ең, Өзіңді мықтап соққанды? Бұл да сондай жазым-ды, Атпақ болған қазыңды. Қаңғырған бір оқ атыңа Сандалып барып тиіпті. Соған бола тартпағын Өлгендей адам күйікті. Адал болса, бұйырсын, Құнсыз бұл дау тыйылсын. Құдабай «Қап-қап» деп санын соғып, атының етін жиып алып, үйіне кетіпті.

ӘРКІМ ӘУЕС ҚЫЛАДЫ ҚОЛДА ЖОҚТЫ Бір байдың тұрқы аса биік, өзі алғыр қаншық иті болыпты. Оның күшіктеріне жұрт қызығып, әр­қайсысын бір тоқтыға айырбастап алатынды шы­ғарыпты. Бір жолы сол иті алты күшік тауып, алты тоқтыға айырбастап отырған үстіне келген Құлыншақ әлгі байға мынадай тоқтау айтыпты: Алты күшік болыпты алты тоқты, Әркім әуес қылады қолда жоқты. «Ит сатқанның ауылы» атанарсың, Ендігәрі жемеңіз мұндай боқты. ҰРЫҢ ДА СОНЫҢ ДӘЛ ӨЗІ Құлыншақ ақын бірде Қаратаудың күнгей бе­ тіндегі Ишан талы деген жердегі тойға барады. Сол тойда бабаталық қожа Құдірет деген кісі кездесіп қалады да жағдай айтады. Ақынды ол бұрыннан біледі екен. «Мына Тасан қожаның үйіне қонып едім, таңертең түйем жоқ болып шықты. Бейсәубет адам ауылыңда бар ма еді деп сұрасам, Тасан «біл­ меймін» деп ат-тонын ала қашады. Не істерімді біл­ мей тұрмын» дейді. Сонда ақын былай деген екен: Мінезі оның жасанды, Ұрың да соның дәл өзі, Кәр қылмайтын қасамды.

Үйіңе жаяу қайтасың Шошаңдатып асаңды. АҒАЙЫНҒА БОЛЫСПАЙМЫН Енді бірде ақын қасында Сәрсен деген жолдасы бар, құмнан асып келе жатып, жиектегі Шелек (рудың аты – О.Ж.) құдығынан ат суарып өту­ ге бұрылады. Бұлар құдыққа келгенде, ұрыс-ке­ рістің үстіне тап болады. Толысбай деген көк көз, сары адам құдыққа қой суаруға келсе, шелектер қойын суартпай қуалап жүр екен. Толысбай ақын­ ды көріп, болған жағдайды түсіндіреді. Сонда ақын: Ей, Толысбайым, Толысбайым, Көкпеңбек екі көзі орыстайым. Мейлің жең шелектерді, мейлің жеңіл, Мен саған ағайын боп болыспаймын, – деп жанжалды басқан екен. БІР ЖЕРДЕ ПАЙДА КӨРСЕҢ, ТОПЫРЛАРСЫҢ Құлыншақты шолаққорғандық Мәуленқұл бо­ лыс қонаққа шақырған екен. Соған бара жатып, ақын көшеде дабырлаған дауысқа назар салады.

Сөйтсе бұлар өзіне таныс Зейдін ақсақ, Мәден шо­ тыр, Қасым таз дегендер екен. «Бұл не айқай-шу?» деп сұраған ақынға Зейдін: – Біз үшеуміз пайдасерік болып, сауда-саттық­ пен айналысушы едік. Биыл елден жиналған те­ рілер арзанға сатылып, әр теріден 3 тиыннан зиян шегіп қалдық. Сол зиянды бөлісе алмай дауласып жатыр едік, – деп жауап береді. Сонда Құлыншақ: Бірің – ақсақ, бірің – таз, шотырларсың, Бір жерде пайда көрсең, топырларсың. Әр теріден үш тиын зиян шегіп, Ауларыңды шеңгелдеп отырғансың, – деп жүріп кеткен екен. БІТІК ӨСКЕН ЕГІНГЕ КӨЗІ ӨТТІ Созақта тұратын Сұлтамет қазының оң қолы бол­ған Атымтай деген шешен кісі Құлыншаққа: – Саңғыл елі диқан деп естиміз, биыл астық­ тарыңыз бітік болды ма? Бозалық тарыны көп ал­ ған шығарсыздар? – деп сұрақ қойыпты. Сонда Құлыншақ ақын былай деп жауап берген екен: Саңғылдар қауын, қарбыз, тарыны екті, Жарымы екпей, онда да жарымы екті.

Пісіп тұрған кезінде сарт аралап, Пітік өскен егінге көзі өтті. Сонан соң сушы саңғыл ұстап алып, Сабапты сарт мұрабы Атаметті. Сонда Сұлтамет қазы Атымтайға: – Жайыңа отырмайсың ба?! – деп кейіген екен. Себебі Атамет деген сарт мұрабы, егінді араладың деп, егін суарып жүрген саңғыл жігіттерін сабаса керек. Ақын соны алдына тартыпты. МЕЗГІЛ ҚЫС, ДАЛА СУЫҚ, ЖЕЛ ДЕ БАСЫМ Қыс кезі болса керек. Құлыншақ ақын, таманың биі Бегұлы, найманның биі Аймырза, саңғылдың байы Барлыбай бас қосып қалып, тама Борбас байдың үйіне барып түстенеді. Бәрі шешен, бәрі жүйрік әрі әзілкеш, бірін-бірі іліп шалып, қағытып отырады. Аймырза далаға дәретке шығып келіп, кебі­ сін шешіп жатқанда Бегұлы оның кебісінен ша­ шыраған зәр тамшыларын көріп қалады. Сөйтеді де: – Аймырзаекеңнің жүйріктігіне енді көзім жет­ ті ғой, – дейді. – Оны қайсы белгісінен тани қойдың, – дейді Барлыбай. 7-0237

– Тұлпар шашасына шаптырады демеуші ме еді, көрдің бе, Айекең де шашасына шаптырып, жүй­ ріктігін танытты емес пе? – деп кебісті нұсқайды. Бәрі жабыла күледі. Аймырза үндемей қалады. Сонда Бегұлы би Құлыншаққа қарап: – Ендігі сөз саған қалды, осыған арнап бір-екі ауыз өлең шығарсай, – дейді. Сонда Құлыншақ былай депті: Мезгіл қыс, дала суық, жел де басым, Адамның бүрсеңдеткен кәрі, жасын. Сол кезде жылы үйден тысқа шыққан Айекең желге қарай отырғасын. Етегін шекпенінің желпи ашып, Долы жел үрлеп, құтырғасын, Айекең ашуменен қоя берген Тізгінін тартпастан аттың басын. Тер сонда шашасына құйылмай ма, Жоғарыдан төмен қарай ағылғасын. Өзінің жүйріктігін байқатып тұр, Сыншылар сынайтұғын жабылғасын. АР-ҰЯТЫ БАР КІСІ Ел ағалары атанған Сыздық, Бейсенбі және Ахмет деген кісілердің қоныстары жапсарлас жа­ тады екен. Соңғы екеуінің ауылдарының бір жігіті Сыздық ауылындағы жекжаттарын сағалап барып, сонда қой жайып жүріпті. Күндердің күнінде ке­ лімсек жігіттің зайыбы мен Сыздық аулының бір

бозбаласы арасында байланыс бар деген пықсық сөз тарайды. Бұған Бейсенбі, Ахметтердің сүйегі қызып, арада жанжал шығады. Даугерлер Созақ қыстағына қарай жолаушылап бара жатқан ақын­ ға жүгінеді. Сонда ақын мынадай төрелік айтады: Орта жүзде бар дейді Бейсенбі мен Ахмет – Халықтың бәрі мақтайды, Өсек сөз қарап жатпайды. Ар-ұяты бар кісі Халықтың арын сақтайды. Затында бар енді айғыр, Қойшы мінген байталға Еш уақытта шаппайды. МАЗАҚ ҚЫЛМА, КӨЛБАЙЫМ Ертеректе Бөген – Шаян жағында (қазіргі Бәй­ дібек ауданы аймағында) Көлбай деген болыс өт­ кен. Оның әкесі Жұмабай қиянатшылдығы асқан соң, киіз үйдің шаңырағына шылбырмен асып өл­ тірілген екен. Бір жолы Құлыншақ сол Көлбай бо­ лыстың үйіне түссе, ананың қылжақ еткісі келіпті. Сонда ақын былай депті: Алдыңа келген жыршыны Мазақ қылма, Көлбайым.

Мазақ қылсаң, Көлбайым, Сенің әкең Жұмабай – Шылбырдан өлген кісі еді, Кетерсің болып сондайын. АЛПЫС БІР ЖАННЫҢ АТАСЫ Кезінде Кенесары – Наурызбайдың жасауыл­ дары малына тиіп, мүлкін талап, тыным тап­ тырмаған соң ақынның әкесі Кемел туған жері Жартытөбеден ірге көтеріп, жер ауып кетіпті. Кейін шабыншылық басылып, ел тынышталған хабарын алған соң атақонысқа қайтып оралып, көп ұзамай дүниеден өтіпті. Мынау өлең әкесі барда қам-қарекетсіз бейғам жүре беретін Құлын­ шақтың қапелімде айтқан сөзі екен: Алпыс бір жанның атасы, Тоқсанға жасы келгенше, Ажалы жетіп өлгенше Мойнында еді ботасы. «Атаекем» деп жоқтасам, Болмас-ау сөздің қатасы. Әттең, тәңірі-ай, амал не, Артымның болмас сапасы.

ІІІ бөлім АҚЫН ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР

Рахманқұл БЕРДІБАЙ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор АҚЫН АМАНАТЫ Кезінде атағы Қазақстанның көп жеріне жайыл­ ған көрнекті ақын Құлыншақ Кемелұлының есімі әдебиет зерттеуші қауымға көптен таныс. Құлын­ шақ жайында бірсыпыра дерек Х. Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің кезеңдері» деген кітабында, біздің «Гүлістанның бұлбұлдары» атты еңбегі­ мізде, Ә. Оспанұлының Оңтүстік Қазақстан ақын­ дарының творчествосы туралы кандидаттық дис­ сертациясында берілген. Түрлі мақалалар арасын­ да жол-жөнекей аталған тұсы да мол. Дегенмен соңғы жылдарға дейін бұл ақын арнаулы зерттеу нысанасына ілінбей келген еді. Оның негізгі себе­ бі – әдеби мұрасының жиналмауына байланысты

болатын. Ғылым академиясы М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қо­ рындағы бірен-саран өлеңнен ақынның дарын дәрежесін, шын тұлғасын тану қиын еді. Ерте кезде ел аралап, талай тойда өлең айтқан, сан айтыста сараман жүйріктікпен жүлде алған ақындардың көбінің-ақ өлеңі хатқа түспей, бір­ те-бірте ұмытылған ғой. Құлыншақ мұрасы да дәл осындай халге душар болған. Біздің білетініміз – оның ағыл-тегіл төккен жырының жұқанасы ғана болуы мүмкін. Бірақ осының өзінен де ақынның тіл кестесі айқын танылғандай. Құлыншақтың талантын мадақ еткен мәнді сөздер, жанды куәліктер көп. Солардың ішінде халық поэзиясының алыбы Жамбылдың берген бағасы бір төбе. Өзіне ұстаз тұтқан бұрынғы ақын­ дарды еске түсірген өлеңінде ол: Қаздай қалқып ерінбей, Өлең тердім жасымнан... Майлықожа, Құлыншақ Пірім еді бас ұрған, – дейді. Бұл қысқа сөзде терең мағына жатыр. Мұнда Құлыншақтың ақындар сапындағы құрметті орны мен даңқы сипатталған. Молда Мұсаның да Құлын­ шақ талантына ерекше ілтипатпен қарағаны белгі­ лі. Ақын турасында кейбір тың мағлұматты атақты жыршы, «Алпамыс» эпосының ең көркем, толық

нұсқасын айтқан, өзі Құлыншақтың шәкірті бол­ ған Сұлтанбек Аққожаевтың естелік өлеңдерінен де табамыз: Әкесі Құлыншақтың Кемел еді, Сүйген екен немере, шөберені. Алты ұлы алты ауыл боп жүре берді, Адамға бұдан артық не береді? Құлыншақ – алтауының ең кенжесі, Дарыған он бірінде өлең еді. Әкесі Шөже ақыннан бата әкел деп, Үш тоғыз дүниемен жібереді. Шөженің ақ батасын алып қайтты – Адамзат дауаменен көгереді. Келген соң киіндіріп, ат мінгізіп, Баланы еркіменен қоя берді. Күнде той, күнде жиын, күнде өлең ғып, Күңірентіп жібереді жүрген жерді. Сылдырлап қоңыраудай тіл, көмейі, Жаңғыртқан керегенің көгінде енді. Ән қандай, өлең мұндай күніндегі «Шырын – Шекер» сөз бопты тіліндегі. Еш ақын Құлыншақтай болмайды деп, Адамдар аңыз ғыпты со күндегі. Жеткенше жиырмаға тоқтай алмай, Сейіл ғып аралады төменгі елді, Ұзын өріс, кең жайлау жүрген жері... Сұлтанбек тағы бір өлеңінде Құлыншақты бы­ лайша дәріптейді:

Ұстазым – Орта жүздің Құлыншағы, Өлеңнен кем болған жоқ берген бағы. Қосылып құлынында ат бәйгеге, Тынбай шауып, кеп жүрді сынбай сағы. Бұл мысалдардан Құлыншақтың он бір жасын­ да ақындық жолына қадам ұрғанын, Арқадағы Шөже ақыннан бата алғанын, қазақ жерін кең шарлағанын көреміз. Өкінішке қарай, оның өз ауылынан жырақ жерлерде жүріп айтқан сөздері сақталмаған. Зерттеушілер Құлыншақтың домбыра, қобызға қосылып жыр айтқанын, шығыс әдебиетінің бір­ талай нұсқаларын жатқа білгенін анықтаған. Ол Майлы, Майкөт, Молда Мұса, Берекет секілді белгілі ақындармен айтысқан. Қысқасы, Құлын­ шақтың ақындығын замандастары да, кейінгілер де биік санаған. Көрнекті сөз ұстасы Асқар Тоқ­ мағамбетов бір өлеңінде Қаратаудың аты әйгілі адамдары қатарында Құлыншақты көрсетеді: Ақсүмбе, Абақ батыр Созақтағы Кем еді қай батырдан қазақтағы? Құлыншақ, Бердібек пен Айтжан ақын Талайды сөзбен орап тұзақтады. Енді ақынның өмірбаяны, шығармалары және олар­дың идеялық-көркемдік мәні, бағыты туралы бірер сөз.

Ақын 1840 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының Жартытөбе деген жерінде туып, 1911 жылы Меккеден қайтып келе жатқанда дүние салған. Құлыншақтың өлер алдындағы бір ауыз өлеңі бұл мәселені растайды. Бұл адам көп жасаса, жүзге келер, Бәрібір үйде өлсең де, түзге көмер. Қайыр-қош, аман боп тұр, қайран елім, Ағайын енді қайда бізге келер. Кейбір деректерде ол 1831 жылы туған делінеді. Бірақ оның ауылдасы, елінің әңгіме-шежіресіне қанық Әлішер Қосмұханбетовтің және Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының «Шәуіл­ дір» совхозында өмір кешкен, Құлыншақтың бі­ раз өлеңін жатқа білетін ақын Омар Байымбетов­ тің дәлелдеуіне қарағанда, ақынның 1840 жылы туғаны сенімдірек деп есептеуге болады. Құлыншақтың жастайынан ақындыққа талап­ тануы, түсінде қыдыр аян беріп, «көген аласың ба, өлең аласың ба» деп сұрағаны туралы аңыз әңгіме де мәлім. Нағыз ақындар салтына түсіп, оның Арқаны, Сыр бойын, Жетісуды аралағаны, заманында Майлы, Мәделі, Бұдабай, Молда Мұса, Шәді, Майкөттермен әріптес болғаны баршаға бел­ гілі. Бүкіл Орта Азия халықтарына мәшһүр дастан, қисса, хикая, жырлардың бірталайын Құлыншақ жатқа айтқан, кейбіреулерін нәзира үлгісімен

халық ұғымына лайықтап қайта жаратқан. Соның ішінде «Шырын – Шекер» деген жырды ерекше сүйіп толғаған. Турашыл, өжет ақын өз кезіндегі би, болыс, датқалардың жағымсыз қылықтарын өткір тілмен әшкерелеп отырған, өмірдегі көлеңке­ лі құбылыстарды, адамшылыққа жат істерді сын отымен қарыған. Құлыншақтың тәлім алған мектебі – халық ауыз әдебиетіне аты, сөзі белгілі ақындар. Сондықтан да ол өзінің ғибрат өлеңдерін сол үлгіде жасайды; өмірдің күнгейі мен теріскейін, жақсылық пен жа­ мандықты, барлық пен жоқтықты, бақи мен пәни­ ді салыстырып, кең пайымдап насихат сөйлейді. Менің атым Құлыншақ, Ал сөйлей гөр, тіл мен жақ. Дауысым, байғұс, шығып бақ, Саулы інгендей ыңқылдап. Қызыл тілім, сөйлеп бақ, Асыл біздей жылтылдап. Домбырам, байғұс, сен сөйле, Екі ішегің тыңқылдап. Он саусағым, қимылда, Жорға тайдай бұлтылдап, Ақыры бір күн сынарсың Буыныңнан сыртылдап. Сынарсың да тынарсың, Сөйлемек түгіл, далада Қу кесек боп тұрарсың.

Терме дәстүріндегі өлеңдердің Құлыншақта мол болғаны аңғарылады. Бізге там-тұмдап жеткен шумақтарына қарағанда, оның өмір ағысын терең барлап, ойлы өсиет пен тағылымды толғау айтуға шебер екені сезіледі. Енесі жүдеп, нашарлап, Ертелеп туған төл ғаріп. Әуеден жауын кем болып, От шықпай қалса, жер ғаріп. Басшысы нашар жолығып, Ынтымақ кетсе, ел ғаріп. Көкала жылқы болмаса, Бетегелі бел ғаріп. Қаз-үйрегі болмаса, Айдынды шалқар көл ғаріп. Қатарынан хал кетіп, Қуат қашқан ер ғаріп. Өлеңдетіп әндеткен, Айналаны сәндеткен, Уақытым жетсе, мен ғаріп. Қазақ даласындағы ақын атаулының дарын қуаты сыналатын тұс айтыс немесе адамдардың жақ­сылығын яки мінін табанда әрі өткір, әрі көр­ кем бейнелеп айту дәстүрі болған ғой. Бұл ретте Құлыншақтың айтулы дүлдүлдердің бірі екені танылады. Оның түрлі оқиғаларға байланысты та­ банда тауып айтқан сөздері мен үлкенді-кішілі сөз сайыстарының мөлшерін болжап айту қиын. Ше­ шесі өлгенде ол:

Тал бесігін таянған шешем, Түнде тұрып оянған шешем. Тар құрсағын кеңіткен шешем, Тас емшегін жібіткен шешем, – деп жоқтау айтқан екен дейді. Бұл сөздердің түбірі халықтікі болғанмен, ақынның ол қазынаны еркін игергеніне мысал. Ақын Майлымен Құлыншақ көп кездескен, еке­ уі де Қаратау мен Сырдың орта ағысын жайлаған елдің теңдесі жоқ сөз зергерлері саналған. Бұлар­ дың арасында айтыс та болған. Ал олар әншейін­ де жолыққан сайын сөзбен жарысып, әзілдесіп, өлеңмен қақтығысып отырған. Солардан елдің көбірек білетіні Құлыншақтың: Майлы, Майлы дегенге май болмадың, Жұрттан алып жегенмен, бай болмадың, – дей бергенде, өлеңнің соңын Майлының іліп ала жөнеліп: Сен Құлыншақ болғалы талай болды, Не жабағы, не құнан, тай болмадың, – деп бітіргені. Бұл арада біз нағыз төкпе ақындық­ тың да, тапқырлықтың да озық үлгісін көреміз. Шапшаң жауап табу өз алдына, «Құлыншақ», «Майлы» деген сөздерді ойнатып, одан астар, мағына іздеу неткен шеберлік! Екі ақын да қанша­

ма ел аралап, атағы асып, ауылына қоралап қой ай­ дап келіп жүрсе де, бай бола алмаған. Өлеңнің бір ұштығы осы мәселеге меңзеп тұр. Бұрын ақындар бас қосып, дидарласқанда, өлең­ нің бірі басын, бірі ортасын, бірі аяғын айтып жібе­ ру дәстүрі де күшті дамыған. Құлыншақтың Мәде­ лі, Майлы, Бұдабайлармен ел қыдырып жүріп, әлгіндей «бірлесіп» шығарған жолдары да аз емес. Қандай мағынадағы өлеңің де басын бастаса, жалғасын іркілмей табу оларға қиындық келтірме­ ген. Бір күні қасындағы жолдасының: Қаратаудың басынан көш келеді, Қайғылының көзінен жас келеді, – деп бастаған өлеңін Құлыншақ: Дәулет пенен перзенттің кештігі жоқ, Біреуге ерте, біреуге кеш келеді, – деген жолдармен толықтырыпты дейді. Осы секіл­ ді мысал мол. Құлыншақтың әлеуметтік мәні күшті өлеңде­ рінің бір тобы – жеке адамдарға арналған сөздер. Бұлардың көбінде сын, мысқыл аралас жүре­ ді. Ақын қиянатшылды, дүниеқор, бәлеқорды өлеңмен масқаралап отырған. Уақыт өтіп, нәсіл­ ден нәсіл жаңаланса да, ондай сөздер ұмытыл­ май, ауыздан-ауызға көшіп келген. Патшалар салдырған салтанатты сарайлар қираса да, ақын­

ның сөзі өлмейді деген нақылдың шындығын осы тұстан да көргендей боламыз. Сондай өлеңдердің бірнешеуін мысалға кел­ тірейік. Ақынның «Ондыбайға» деп аталған өлеңін ел ұмытпапты. Ондыбай – қырды жайлаған болыс екен. Оның ауылына бірде Құлыншақтар жолау­ шылап барса, болыстың әйелі қонақтарды қораш көріп, дұрыстап күтпейді. Қазақ даласының ежел­ гі салты бойынша, мейманды сыйламау – үлкен айып. Болыс әйелінің өнегесіздігіне намыстанған Құлыншақ, кетерінде «Ондыбайға» деп үш-төрт ауыз өлең жазып қалдырады. Ол мынау еді: Сәлем де Ондыбайға Құлыншақтан, Есектен не туады айғыр шапқан? Жылтыраған бетіне әуес болмай, Адамның баласын ал, кісі баққан. Қызарған не қыласың беттің нұрын, Салады көрген жігіт көздің қырын. «Ондыбайдың ауылына барамыз» деп, Қайдан таныс боламыз үш жыл бұрын? Болысеке, бұл өлең қайдан шықты? Үйіңде бесінде ішкен шайдан шықты. Сабада сапырулы қымыз тұрып, Күбіден айнып кеткен айран шықты. Қайыр-қош, болысеке, көргенімше, Бұл қорлық естен кетпес өлгенімше.

Қос-қабалды арқалап құрыған жақсы, Итке артып аттың қосын жүргеніңше. Бұл өлеңді оқыған Ондыбай қатты намыстанып, әйелін төркініне көшіріп жіберген екен деседі. Міне, ақын сөзінің уыттылығы деген осы. Құлыншақтың «Қуды мініп, құланды құрықтап жүр» деген шығармасында қоғамның әлеуметтік қайшылығы күшті көрсетілгенін бір еңбегінде проф. Е. Ысмайылов атап өткен болатын. Ақын енді бір шығармасында байдың қызы мен қыз жеңгесінің тойымсыз дүниеқұмарлығын мысқыл еткен: Бір түлкі тұра қашты, қудым тыңнан, Ұсынса қол жетпейтін биік шыңнан, Төбесін бірақ көрдім орғыл құмнан, Бір жылан, бір айдаһар жолдас бопты, Түк қалмас, бере берсең, жиған малдан. Өкінерлігі сол – Құлыншақтың көп жыры, ай­ тысы жазылып қалмаған. Аз сөзі сақталған Май­ лықожамен айтысында әлеуметтік дертті ашудан гөрі ру мен руды салыстыру, байлық, көптік, бек­ тік санасу сарыны басым. Бұрыннан дос екі ақын­ ды елдің «игі жақсылары» қымыздың қызуына же­ лігіп, еріксіз қолқалап айтыстырғаны, бір-бірімен себепсіз жамандасуға бұлардың зауқы болмағаны Құлыншақтың мына сөздерінен аңғарылады: 8-0237

Жиылдық үлкен-кіші үйден, түзден, Жүйрік ат топтан озып, бәйге сүзген. Қоңыратта Майлықожа, Құлыншақ боп, Екеуміз шығып едік Орта жүзден. Қосылдық екі жүйрік сайымызға, Бір нұқсан түспегей де пайымызға. Тақсыр-ау, өлеңіңді енді қамда, Бозбала қоймас болды жайымызға... Атап өтерлік бір мәселе – дер кезінде хатқа түспей, кейінірек ел аузынан жиналғандықтан, ақындардың бірінің өлеңі кейде екіншісінікі те­ лініп кете береді. Құлыншақтың кейбір өлеңі осылайша басқалардың қорына «қосылып» жүруі де мүмкін. Әсіресе мұндай ауыс-күйіс жері, елі, өл­ кесі жақын, замандас ақындар мұрасында кездесуі ғажап емес. Мәселен, «Көлбайға» деген бір ауыз өлең бірде Молда Мұсаға, бірде Майлықожаға те­ лініп келеді. Сонымен, Құлыншақ ақынның әдеби мұрасы­ ның көлемі мен құрамын анықтай түсу жөнінде алдағы кезде де жаңа ізденістер жүргізіле беруі қажет. Біз Сұлтанбек жыршы айтып келген «Күн жауады әуеден, қара бұлт торласа» деп басталатын толғауды да Құлыншаққа тән деп шамалаймыз. Мұндай мысалдар баршылық. Бір тәуір жері – Құлыншақ өлеңдерін аз да бол­ са, білетін адамдардың кездесіп отыратындығы. Бізге ақынның жетпіс жол өлеңін ілгеріде аты

аталған Омар Байымбетов ақсақалдың айтуынан шымкенттік зейнеткер, өз жанынан өлең, дастан шығара алатын Исақұл Ақылов жазып жіберді. Тағы бірер өлеңді Оңтүстік Қазақстан облысы Бө­ ген аудандық бұрынғы тұтынушылар қоғамының төрағасы Жәңгірбай Әлиев, Түркістан ауданы бұрынғы «ІІІ Интернационал» колхозының брига­ дирі Әлімбай Қасымбеков айтып берді. * Соңғы жылдарда Құлыншақтың мұрасын жи­ науға атсалысып келе жатқан ақынның жерлесі оқу-ағарту ісінің озаты, бүгінде зейнеткер Рысқұл Рысжанов. Осы кісінің ыждағаттылығы арқасын­ да Құлыншақтың бірсыпыра өлеңдері табылып, баспасөз бетінде жарияланды, ақын шығарма­ ларының кішігірім жинағы Шымкентте басылып шықты. Рысжановтың жинаушылық қызметінің елеулі екенін бізге жіберген хатынан нақтылы бі­ ліп отырмыз. Ең алдымен, Рекең Құлыншақтың өмірбаянын кейбір жаңа материалдармен то­ лықтырғанын атап көрсету керек. Ол ел арасынан ақынның төмендегідей шығармаларын жазып алған. Олар: 1. Құлыншақтың термесі; 2. Өсиет өлеңі; 3. Шөже мен Құлыншақтың қақтығысы; 4. Көл­ бай болыстың үйіне қонғаны; 5. Бір байдың үйінде; 6. Бір байға мысалдап айтқаны; 7. Он­ дыбай болысқа хаты; 8. Мазақ қылма, Көлбайым;

  1. Ел арасындағы жанжалды өлеңмен тоқтатуы; 10. Ар-ұяты бар кісі; 11. Алпыс бір жанның атауы; 12. Өмір туралы толғау; 13. Біреуге берсем дегін, алсам деме; 14. Әркім әуес қылады қолда жоқты; 15. Арқада бар балқурай; 16. Бірінші байлық – ден­ саулық; 17. Қызыл тілім, сөйлеп қал; 18. Дүйсен­ бі, сенде арман жоқ; 19. Атадан артық туған Жа­ манқара; 20. Тар құрсағын кеңіткен; 21. Түйе жи­ саң, нардан жи; 22. Түйенің түйе болмағы; 23. Қыс қыстауға құм жақсы; 24. Адамды құдай ойлады; 24. Атаның аруағына түней келдік; 25. Жаратқан, медет бере гөр; 26. Ар-ұятты ойлаған; 27. Құлын­ шақ пен Шәдінің хат өлеңі; 28. Молда Мұсаға хат өлеңі... Бұл тізімнен ақын мұрасының шеңбері кеңейіп, шеберлік деңгейі айқындала түскенін көреміз. Осы қатарға Қазақстанның еңбек сіңір­ ген мәдениет қызметкері, ақын Әсіпхан Қосаров­ тан жазып алынған «Құлыншақ пен Қисық батыр» деген аса тапқыр да тартымды өлеңді қосу парыз. Құлыншақтың мұншама шығармасының табылуы арнайы зерттеуді қажет етеді. Құлыншақ ақынның жаңадан табылған өлеңде­ рі тақырып жағынан алуан қырлы. Мұнда жеке адамдарға арналған мадақ немесе мысқыл, өмір туралы толғау, дәуірдің әлеуметтік мәселелері, мысқыл, өмір туралы толғау, дәуірдің әлеуметтік мәселелері, ғибрат, насихат – бәрі де ұшырайды. Солардың әрқайсысынан шабытты ақынның се­ німді серпіні, алғыр ойы, қырғи тілі танылады. Қазақтың Ресей патшалығына бодан болып, ерік­

тен, биліктен, құнарлы жерден айырылып қалған мүшкіл халін ақын қысқа да дәл мінездейді: Падишамыз орыс-ты Күннен күнге қылып тұр Көңілдегі жоқ істі. Қадаулы ағаш, тартқан сым Қазақтан алды қонысты. Қазынаға қарыздар Халық көбейді борышты... Отаршылдар халықтың қас-қабағына қарайтын игі жақсыларды шеттетіп, парасатсыз жандайшап­ тарды көтермелеу саясатын жүргізгені, мұсыл­ ман дәстүрінің қыспаққа түсірілгені де ақынның қырағы көзінен қалыс қалмайды. Маубас өгіз секілді, Не көрімдер би болды. Мұсылманның баласы Табанға түсіп, и болды... Қазақ халқының әдет-ғұрпы, салты, наным-се­ німі есепке алынбай, жат мінездер, өктем іс-әре­ кеттер, зорлық-зомбылықтар көбейгені тұтас бір елдің ең қымбат, қадірлі ұғымдарын аздырып, тоз­ дыратынын да Құлыншақ қапысыз көре білген. Бір жұмыс түссе басыңа, Айдаушысын ертіп кеп,

Баса-көктеп үстіңнен Шығарады үкімді. Олар білмей барады Алыс пенен жақынды, Тентек пенен мақұлды. Ойлап тұрсаң, пенделер, Қиямет-қайым жақын-ды. Бұл жолдар Ресей басқыншылығының зарда­ бын, халықтың келешегі үшін орны толмас өкі­ ніштерге душар ететінін жырлаған Шортанбай, Дулат, Мұрат ақындар шығармаларымен сарындас екені таңғаларлық емес, өйткені отаршылдықтың зіл салмағы Қазақстанның барлық өңіріне де бір­ дей түскен. Құлыншақ заманының ең күрделі, сал­ дарлы мәселелеріне көзқарас білдіре алған құлашы кең, дәуір жыршысы бола білгендігін бұл секілді шығармалар айқын елестетеді... Әлеуметтік өмірдің мәнді тұстарын, өмір қай­ шы­лықтары мен тартыстарын ақын көсіле жыр­ лайды. Көп көрдім: жақсы қандай, жаман қандай, Көп көрдім: жомарт қандай, сараң қандай. Өзінше ішіп-жеуге қалмайтұғын, Сараңдар көп жияды арам малды-ай. Ер жігіт он бесінде елім дейді, Ел үшін еңбек етсе, ерінбейді.

Жамандар қыр аспайды қырқында да, Пайдасы елге тиер көрінбейді... Енді бірде шығыстың ұлы шайырлары салған ізбен адамшылық шарттарын ғибрат етіп айтады. Біреуге берсем дегін, алсам деме, Біреудің адал нанын алып жеме. Артында жақсылығың қалса қалар, Адамның жамандығы қалсын неге? Өз заманының атақты адамдарының үлгілі істе­ рі, ұмытылмас өнегесін де ақын ағынан жарылып мадақ етеді. Құлыншақтың туып-өскен еліне жақсы істерімен аты қалған Дүйсенбіні: Дүйсенбі, сенде арман жоқ, Алаштың ұлы ат қосса, Жарыстан атың қалған жоқ. Өле-өлгенше ел-жұртың Қызметіңнен қалған жоқ, – десе, әрі батырлығымен, әрі әділдігімен атырабына мәлім болған, намыс үшін қандай мықтыға да қар­ сы шабатын, Қаратаудың теріскейіндегі Үштөбе, Жартытөбе деген құнарлы жерлерді өз жұртына мәңгілік қоныс етіп қалдырған, жаудан беті қайт­ паған Жаманқараны: Жарқырап шығып еді дыбыстарың, Өзіңе пар келмейді алысқаның.

Тор темір түрмесінде жатсаң-дағы, Терісі тесілмеген арыстаным, – деп сипаттайды. Ақын өмірдегі жан сүйсінер жақсылықтарды кө­тере дәріптесе, жамандық атаулыны сын отымен қариды. Оның семсердей өткір тілі зұлымдық пен пасық­тықты, қатыгездік пен қараулықты аяусыз әшкере етеді. Мәселен, тәкаппар, содыр мінезді Қи­сық батыр «мені сынашы» дегенде, Құлыншақ: Болар ең жылқы болсаң, кәті ғана, Мінетін бір сорлының аты ғана. Қаңғырып, кебек іздеп жүргеніңде Көсеумен сабар еді қатын, бала. Қой болсаң, болар едің тоқты ғана, Сары ала бөксе жағың боқты ғана. Үйіне жалғыз мейман келе қалса, Соятын сол мейманға епті ғана. Болар ең, ешкі болсаң, қотыр ешкі, Шалбардай жұртта қалған бетің ескі. Мақтанба, көрмегендей, Қисық батыр, Әкең де құлшылықпен күнін кешті. Тәрізің бақсы ұстаған қобыздай боп, Пішінің жаман екен доңыздай боп. Қатының таңдап алған сұлу екен, Қойнына жатамысың қоңыздай боп, – деп айтудан тайсалмаған.

Құлыншақтың ауылына жапсарлас жатқан Көл­ бай болысқа айтқан делінген екі өлең ел аузында сақталған. Соның бірінде ақын болыс үйіне қонақ болып келгенде лайықты күтім көрмегеніне намыс­ танып, Көлбайға хат түрінде жазып қалдырған. Ол өлең мынау еді: Ауылдан шыққан күні Көлбай қондық, Десе дағы «Көлбай жоқ», болмай қойдық. Ішкеніміз қатықсыз қара көже, Тақыр жерге иірген қойдай болдық. Ал «Мазақ қылма, Көлбайым» деген өлең Құ­ лыншақтың тағы бір келгенінде Көлбайдың ақын­ ға лайықты ілтипат көрсетпей, сайқымазақ сөздер айтқанына орай туған делінеді. Ауылға келген жыршыны Мазақ қылма, Көлбайым. Мазақ қылсаң, Көлбайым, Сенің әкең Жұмабай Шылбырдан өлген кісі еді, Кетерсің болып сондайын... Бұл арада Көлбайдың әкесі Жұмабайдың елге жасаған жағымсыз істері үшін киіз үйдің шаңы­ рағына шылбырмен асып өлтірілген деген аңыз-әң­ гімені болыстың бетіне салық еткен. «Тіл тас жар­ маса да, бас жарады» деген осы. Нағыз ақындар кезеңі келгенде қандай шындықты да батыл айтып тастаған ғой.

Құлыншақ ақын шығармашылығының аумағы әлі де толық анықталып болған жоқ. Зерттеуші­ лердің жаңадан тапқан деректері ақынның дарын қырларын ашуға көмектеседі. Белгілі фольклор­ шы Нысанбек Төреқұлов өзінің «Алатау асқарынан жыр асырған» (1966 ж.) деген кітабында Жамбыл­ дың ақындық пырағына қол артқан жас шағын­ да Қаратауға келіп, бұл елдің атақты жүйріктері Майлымен, Құлыншақпен кездесіп, бата алғанын сөз етеді. Осы еңбегінде Нысекең Жамбыл Құлын­ шақтан «Ер Шора», «Қыз Жібек» жырларын тың­ дағанын жазады (Көрсетілген кітап, 60-62-бб.). «Кешкілік ас-судан кейін сөзді Құлыншақ алды. Ол бұл кеште «Қыз Жібек» хикаясын шертті. Қо­ собаның басында Бекежан қолынан мерт болған Төлегеннің аспандағы алты қазбен қоштасқан за­ рын егілте әуендеткенде отырған қария, кейуана­ лар көзіне жас алды. Бұл қиссаны Жамбыл ынта қоя тыңдаған. Құлыншақтың «Қыз Жібекті» домбыра, сырнаймен кезек-кезек сүйемелдеп, әртүрлі әнге салып орындағанына қызықты. Мұндай жыршыны бұрын-соңды көрмепті» (Аталған кітап, 62-б.). Бұл мағлұматтар ақын Құлыншақтың әрі жыршы болғанын әйгілейді. Алдағы кезде Құлын­ шақтың жыршылық репертуары да, ең қажеттісі, сол жырлардың әртүрлі нұсқасы да анықталса, құба-құп болар еді... Сөз соңын Қаратау елінің ауызекі тараған көне сөздерін зердесіне құя білген, сол өңірдің шежіре­ шісіндей әрі ақын, әрі тілмар Есіркеп Өмірбеков­

тің Құлыншаққа арналған «Еске алу» деген толға­ уындағы: Осы жұрт ұмытқан ба Құлыншақты, Өлеңге бәйге атындай ұрыншақты. Келгенде сексен ақын айтысуға Мәреге бәрінен де бұрын шапты... Өлең десе, биіктен өрлеуші еді, Егесте ешкімге дес бермеуші еді, Толтыра кең даланы кермеуші еді, – деген жолдармен тұйықтағымыз келеді. Біз Құлыншақ ақынның құм қиыршығының арасында қалған алтынның сынығындай асыл сөз­ дерінің ұмытылмай сақталғанына қуаныштымыз. Келтірілген мысалдар Құлыншақтың даңқы оның шеберлік даралығына сай болғанын дәлелдейді. Тау болмайды бұлақсыз, Көл болмайды құрақсыз. Малсыз адам тұяқсыз, Ұлсыз адам шырақсыз... Арғымақ мініп не керек, Артынан жабы жеткен соң. Ағайын-туған не керек, Аңдысып күні өткен соң... – деген секілді сөз меруертін қалдырған кемел ақын­ ның мұрасы ұзақ жасай бермек.

Нысанбек ТӨРЕҚҰЛ, филология ғылымдарының докторы, профессор ҚҰЛЫНШАҚ ПЕН ЖАМБЫЛ Қаздай қалқып ерінбей, Өлең тердім жасымнан. Майлықожа, Құлыншақ Пірім еді бас ұрған, – деп ұлы жырау Жамбыл бекерден-бекер жырла­ маса керек. Демек Майлықожа, Құлыншақ қазақ әдебиеті тарихында аса дарынды әрі құдіретті ірі тұлғалар болғаны ғой. Майлықожа мен Құлыншақ жөнінде қазақ әдебиетінің, оның ішінде халық поэ­зиясының жанашыр білгірлері Рахманқұл Бер­ дібай мен Әсілхан Оспанұлының зерттеу еңбектері оқушы қауымға таныс. Іздестіріп, зер сала жүрсе, ол ақындардың әлі де жиналмаған өлең-жырлары, ғұмырнамалық деректері ел арасынан кездесіп қа­ лады. Осыдан он шақты жыл бұрын Қазақ ғылым ака­ демиясының М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының Жамбыл жөніндегі жоспарлы жұмысы бойынша іздеу салып жүргенімізде Құ­ лыншақ ақынның жиені, өзі ескі Бабата шаһарын­ да туып-өскен Әбділда Бағдәулетұлымен кездесіп, сұхбат құрдық. Әбділда ақсақал біз жолыққан кез­ де Ташкент қаласында тұратын. Өзі 85 жаста, әлі бақуатты екен.

– Ол жылдары, – дейді Бағдәулетұлы, – біз Түр­ кістанда тұратынбыз. Ескі Ихан көшесінің кіребе­ рісінде үлкен әуліміз, бастырмалата соққан төрт бөлмелі кесектен қалаған үйіміз, оның арт жағында қора-жайымыз болатын. Әкем Бағдәулет, ағамыз Есжан Түркістан базарының делдалы болып іс­ тейтін. Қаратаудың теріскейінен, әсіресе Бабата, Үштөбе, Жартытөбе жағынан базарға мал айдап келетін сүлгетай, маңғытайлар біздің үйге түсетін. Әкем мен ағам олардың малдарын сатысып, дүкен­ нен қант-шай, киім-кешек, мата әперісіп жүретін. Сүмбіленің аяқ кезі ғой деймін, біздің үйге Құлыншақ ақын келіп түсті. Қасында екі жолдасы бар. Әлі есімде біреуін – Молда Мұса, қара мұрт­ ты, ұзын бойлысын Бұдабай десті. Құлыншақ бізге нағашы. Ол – көтенші, біз сүлгетай боламыз. Түр­ кістанға келсе, біздің үйге соқпай кетпейтін. Бі­ раз күн жатып, өлең-жыр айтатын. Түнімен қисса тыңдайтынбыз. Бұл жолы да тап солай болды. Құлыншақ нағашым әуелі домбырасының құ­ лағын келтіріп алды да, «Қыз Жібекті» айтайын ба, «Шырын – Шекерді ме», «Шора батырды ма?» деді де, өзінің: Менің атым Құлыншақ, Ал сөйлей гөр, тіл мен жақ. Даусым, байғұс, шығып бақ, Саулы інгендей ыңқылдап. Қызыл тілім, сөйлеп бақ, Асыл біздей жылтылдап.

Домбырам, байғұс, сен сөйле, Екі ішегің тыңқылдап. Он саусағым, қимылда, Жорға тайдай бұлтылдап, Ақыры бір күн сынарсың, Буыныңнан сыртылдап. Сынарсың да тынарсың... – дейтін үйреншікті терме сөзін тізіп шықты. Нағашымның бұл сөзін бұрын да талай рет тың­ дағанбыз. Сондықтан көкейде жатталып қалғаны осы ғана... Бала кезімізде біраз шұбырта беруші ек, қартайған соң ол да естен шыға бастады емес пе... – Әбекең қария, сәл дем алып, терін сүртті. – Ертеңіне, – деп жалғады Әбекең сөзін, – елге қайтамыз деп, түстік жеп бола бергенде, біздің үйге үш аттылы сау етіп түсе қалды. Егделеу біреуін Майлықожа десті, қасындағы жұпыны киімді екі жігітті танымадым. Аттарын байлап, жүріңіздер деп, үйге кіре бергенде, төрде отырған нағашым «Майлымбысың?» деп тани кетті де: Майлы, майлы дегенде май болмадың, Ат пен түйе алсаң да бай болмадың, – дей бергенде, Майлықожа оның қолын ала беріп: Сен Құлыншақ болғалы талай заман, Иә құлын, иә жабағы тай болмадың, –

деген, бұрыннан елге жайылып кеткен бірқақ­ пайын еске түсірді. Бәріміз күлкіге қарық болып қалдық. Ақындар бірін-бірі білетін сияқты. Бәрі жайраңдасып, сәлемдесіп жатыр. Бір уақытта Майлы ақын нағашымның жанына жайғаса беріп: – Бұл Жамбыл деген ақын, – деп қасындағы бейтаныс жігітті таныстыра бастады. – Жетісу елі­ нен, ана бір жылы сол жаққа барғанымда қасым­ нан қалмай еріп жүрген. Атақты Сүйінбайдың жақын шәкірт-інісі. Сонда біздің елге келерсің деп шақырып едім, келіпті. Менен «Көрұғлыны», «Қыз Жібекті», Тотының әңгімесін үйреніп жүр... Сол отырыста Майлықожа ертеректе Жеті­ су және қырғыз еліндегі жиында болғанын еске алған. Жаныс ақынмен айтысатын жолы Сүйін­ байдың ақындығына әбден қанық болған екен. Майлы ақын өмірінің соңғы кездерінде де Же­ тісу елінде болған. Оған ХІХ ғасырдың сексенінші жылдары Аспара, Меркеде өткен Сыпатай батыр асында Сүйінбаймен кездесіп, айтысқаны дәлел. Бұл жөнінде зерттеушілер былай жазып жүр: «Сыпатай батырдың асында Ноғай мырза Сыр бойынан келіп қатысқан қоңырат елі адамдарын елей қоймаған себепті екпе-кірне ретінде ай­ тылып, 1883 жылы Я. Лутш бастырған «Киргиз­ ская хрестоматия» деген жинағында Ноғай мырза деген атпен дербес жарияланған бұл шығармада «Сүйінбай мен Майлықожа айтысы» деп осы жыр­ дың үзік-жұлықтары жинап, бастырылған» (Ә. Ос­ панұлы. Қаратау атырабының ақындары, 1983. – 100-б.).

Бағдәулетұлы әңгімесін жалғастыра түсіп: «Сонда, – дейді, – Құлыншақ нағашым қасын­ дағы Майлықожаға қарап: «Майлеке, Жетісуда көп болғаныңды білдіргің келіп отыр ғой. Оны ана бір жылы кездескенде айтқансың. Енді мына жас жігіттің лебізін тыңдасақ қайтеді?» деді. Осыны күтіп отырған Молда Мұса да, Бұдабай да: «Иә, Жамбыл сөйлесін» десті. Бұдан соң Жамбыл жеңін түрініп, қалақша домбыраны қолға алды: Ай, мен Жамбылмын, Жамбылмын, Қара жолдай даңғылмын. Жастайымнан жын буып, Өлең қудым, қаңғырдым. Шапқан жерді шаң қылдым, Айтысқанды таң қылдым, Тыңдаушымды қандырдым... – деп, өзін таныстырып өтті. Онан соң өзі айтатын қисса, жырларды жұрт қалауына салды. «Саурық батыр» деген дастанын ет пісірім уақыт жырлап шықты. Осыған келгенде иығында сүлгісі бар жас жігіт «ауқат дайын болды, қол жуыңыздар!» деп келген. Ол сары шылапшын мен үйрек мойын мыс құман­ ды жағалатып кісі қолына су құйып шыққан. Буы бұрқыраған сарыала қазы, білем-білем, құйрық толы табақ үш жерден тартылды. Құлыншақтың алдына жасы үлкен деп бас қойылды. Құлыншақ 1840 жылы туылып, 1911 жылы Меккеден қайтар жолда дүниеден өткен.

Тамақтан соңғы сөзді де Құлыншақ алды. Ол әуелі өлеңдетіп, шұбыртпалы бата беріп, үй иесіне алғыс айтты. Домбырасын қаттырақ бұрап, әуенге келтірді де, өзінің он бір жасынан ақындық жолға түскенін, әкесі Кемелдің ұйғаруымен Арқадағы әйгілі Шөже жыраудан барып бата алғанын, со­ дан бері талай жыр, қисса толғап жүргенін айтып өтті. Сөйтті де сәл тыныс алып, бір хикаяны бастай берді. Бұл «Шора батыр» тұғын. Түн ортасы ауды, қисса әлі аяқталар емес, қызыл бауырсақ, науат, өрік-мейіз аралас төгілген кестелі дастархан қайта жайылды. Бір уақытта: – Аға, шәй ішіп, демала тұрыңыз! – деді Молда Мұса. Ол өзінің бірер мысал өлеңін айтып, жұрт­ ты бір сергітіп тастады. Онан соң Бұдабай да: «Біз едік Бұдабайы Орта жүздің» деп басталатын жырын тол­ғады. Бағаналы бері ішінен өлең торлап отырған Жамбыл: – Құлыншақ аға, жаңағы жырыңызды қайта ай­ тып берсем қайтеді? – деген. Бұл сөзге өзге ақын­ дар елең ете қалысты. – «Шора батырды» ма? – Иә, Шораны. – Егер түгел айта алмасаң ше? – Айтады, мүдірсе, мен кепілгер, – деді Майлы. – Айтсын, айтсын! – десті бәрі. Жамбыл домбырасын безектетіп Шораны терме­ леді: Нәрікбай бір балаға зар болады. Ол бала насат батыр болып өседі. Жауларынан кек алады. Бір ба­ тырмен жекпе-жекке шығар алдында оған былай дейді: 9-0237

Тегімді менің сұрасаң, Ноғайлы деген ел деді. Әкемді менің сұрасаң, Нәрік деген хан деді. Өз атымды сұрасаң, Шора деген мен деді. Қасымдағы серігім – Әрі батыр, әрі би Құлыншақ деген ер деді. Оның берген билігі Қырық бименен тең деді. Өлесің ғой, қалмағым, Опат болып сен деді. Қуып келген артыңнан Шора батыр мен деді. Жамбыл ақын осылай термелеп әуендеткенде, тыңдаушы біздер «ой, пәлі-ай» деп қалдық. Құ­ лыншақ насаттанып, оған сүйсінді: – Нағыз құймақұлақ екен. Сөзім айна-қатасыз түп-түгел шықты ғой. Молда Мұса да: – Жаттағыш-ақ екен, – деп жатыр. Майлы желпіне түссе керек: – Мен анау-мынау жыршыны жаныма ертпей­ мін ғой. Көрмейсіңдер ме, Құлыншақтың термеле­ ген жерін термеледі, әндеткен жерін әндетті... Не керек, ақындар сол түні таң атқанша ду­ мандатқан. Олар үшінші күн дегенде тарасқан. Құ­лыншақ бастаған ақындар Таздар еліндегі ша­

қырылған тойға жүріп кеткен. Молда Мұса мен Бұ­ дабай Бабайқорғанға бармақ болып, олардан бөлі­ ніп қалған. * Түркістаннан шыққан төрт аттылы бірде желе жортып, бірде жорғалата отырып, Ихан суынан өтті. Ноғай қорғандағы шашақ тақиялы молданың үйіне жетіп ат шалдырды. Дегенде Ноғай қорған, Ноғай қорған, Ары өткен, бері өткен талай қонған, – деп, олар үлкен бесінде ілгері жүріп кеткен. Ақындар Нұра жотасын бөктерлеп, Мыңбұлақ басына жетті. Бұл кәдімгі: Біз ауылдан шықтық та Көлбай қондық, Көлбай үйде жоқ десе де болмай қондық. Қонаққа қотыр ешкі сойып беріп, Иірген тақыр жерге қойдай болдық, – деп Құлыншақ ақын айтатын Көлбай ауылы. Жо­ лаушылар Ишан талының жел жағымен Қаратауға қарай бет алды. Күн қызыл жиектеніп батар алдында олар Қара­ бас өзенінің бойындағы кең сазда отырған Досбай әжінің үйіне кеп түсті. – Келгендеріңіз мұндай жақсы болар ма, – деді, оларды қарсы алған жігіт күлімдеп. – Болысекеңе

әлгінде айтып отыр едім, бүгін келмесе, Түркіс­ танға өзім барып ертіп келемін деп... Бұл алып-ұшып қуанып жүрген осы ауылдың Зұлпықар Балғабаев деген жас ақыны. Үнемі Дос­ бай болыстың қасында болып, сөзін сөйлейтін жақын інісі. Досбайдың екі бірдей сәйгүлігі ат бәйгесінен озып келіп, той үстіне той ұласқан. Оның алдында баласы Пірназар ер-азамат болып атқа қонған. Осы қуаныштың құрметіне ол тойды жалғастырған. Ақ боз үйін сегіз қанат етіп қайта тіккізген. Қонақтар сол үйге жайғасты. Сары қымыз сапырылды. Тағы да тай сойылды. Құлыншақ ақын он екі тілді сыр­ найын сызылтып: – Қуанышыңыз құтты болсын, – деп, бір құт­ тықтау жырды төгіп салды. Майлықожаға кезек келгенде, ол: – Мен, – деді, – бұл ауылға келген сайын сөйлеп жүрмін ғой. Енді мына қонақ бала сөйлесін. Жамбыл әуелі той иесіне арнау айтты. – Досай, Жаманбай ұрпақтары бізге алыс емес, түбіміз бір, туысқан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Алатаудың Өтегені мен Қаратаудың Құт­ тыбай батырлары тізе қосып, жауын бірге қуысқан. Осылайша жыр тізбектеліп, жалғаса берді. Жұрт жас жыршының аяқ алысына сүйсінді. Кешкілік ас-судан кейінгі сөзді Құлыншақ алды. Ол бұл кеште «Қыз Жібек» хикаясын шерт­ ті. Қособаның басында Бекежан қолынан мерт бол­ ған Төлегеннің аспандағы алты қазбен қоштасқан

зарын егілте әуендеткенде отырған қария-кейуана­ лар көзіне жас алды. Бұл қиссаны да Жамбыл зор ынта қоя тыңдады. Құлыншақтың «Қыз Жібек­ ті» домбыра, сырнаймен кезек-кезек сүйемелдеп, әртүрлі әуенге салып орындауына қызықты. Мұн­ дай жыршыны бұрын-соңды көрмепті. Ертеңіне Жамбыл Зұлпықарға: – Тағы бір үлкен олжа таптым, – деген. – Түр­ кістанда Құлекеңнен «Шораны», бұл ауылда «Қыз Жібекті» алдым. Ақындар көпшілік көрсеткен сый-құрметке алғыс айтып аттанысты. Құлыншақ, Майлықо­ жа елдеріне қайтты. Ал Зұлпықар Жамбылды ер­ тіп Шаянға бет алды. Олар Арыстанды өзенінен өтіп, шаңқай түсте Шаянға жетті. Сәрсенбі базары қызып жатыр екен. Екеуі Базар шетіндегі керме ағашқа аттарын байлады да, қауын сатып отырған кішкентай шалға барды. Зұлпықар оны танитын еді. Бұл кәдімгі Шалдар ауылының үнемі «иә» деп сөйлеуді әдетке айналдырып кеткен момақан қауыншы шалы. – Әлімбетпісің? – Иә. – Үй ішің аман ба? – Иә. – Қауын өзіңдікі ме? – Иә. – Неше пұлдан? – Иә, сендерге сатпай-ақ берейін. Иә, қауын жеңдер.

Шөкімдей қызыл шырайлы, таңқы танау, бітік көз шал үюлі жатқан сары әңгелегі аралас көк ала, сарғайған қауындардың бірін салмақтап иіскеп алды да, былай деді: – Мынаны жарайын ба? – Мейлің. Шал сопақша келген ақұрық торлама қауынның сабақ басын кездігімен ойып ала бергенде, әлгі қа­ уын тарс етіп, өзінен-өзі жарылып кетті. Жамбыл мұндай шыртылдақ тәтті қауынды бұрын көрме­ ген-ді. Ішінен тамсана сүйсініп тұр. Әлімбет қауыншы екеуінің алдына қауынды ке­ селеп қойып: – Иә, жеңдер, шөлдеп келген шығарсыңдар, – деп жатыр. Сусындап алған соң, Зұлпықар Жамбылды ер­ тіп, Шаян құжырасын аралады. – Бұл құжыра, – деді Зұлпықар, – тіптен ертеде салынса керек. Шығысы Тараз, Батысы Түркістан, төменгі жағы – Ташкент, Қаратау жағы – Құмкент шаһарларынан шыққан керуен жолы осы Шаянға келіп түйіседі дейді ел. Мұнда жиырма бес құжыра, төрт дәрісхана, бір бас күмбезді үй бар. Бірі – ба­ лалар дәріс алатын, бірі – намаз оқитын бөлмелер. Аппақ ишан, Сабыр Мағзұм, Шаншар Қожа деген­ дер осында ескіше дәріс оқыған. Жас кезімізде бұл медреседен – Нұралы, Молда Мұса, Шәді төре бәрі­ міз дәріс алғанбыз. Шәді дегенде Жамбылдың құлағы елең ете қал­ ды. Түркістанда болғанда Шәді төре есімін әркім­

нен есіткен еді. Оның «Төрт дәруіш», «Мұңлық – Зарлық», «Қыз Жібек» қиссаларын айтатынын, кейде жазып, кітап етіп бастырып жүргенін біл­ ген. Жолыққалы сұрастырса, ауылда жоқ болып шыққан. Құжырадан шыққан олар аттарына барып мінді де, Нұралы ақын түсе беретін Қарабатырдың үйіне барды. Нұралының оқтын-оқтын құжыра кітап­ ханасына келіп арабша, парсыша көн қапталған кітаптарды ақтарып, қызықтысын қиссаға айнал­ дыратын әдеті еді. Бір жұмадан бері осы үйде қисса жазып отыр екен. Бәрі өзара танысып, жай сұра­ сады. Зұлпықар Досбай ауылына Түркістаннан Құлыншақтың келгенін, Жамбылды ертіп осында шыққанын айтты. Дастархан жайылды. Әуелгі сөзді Нұралы бастады. Ол өзінің ана бір жылы Ташкентте өзбек шайырымен кездесіп, ай­ тысқанын айтып берді. Әзіл-оспақ, қалжың-назға құрылған бұл айтыс тыңдаушыны көңілді күлкіге қарық қылды. Осылайша өлең, жыр жалғаса берді. Сол жолғы Нұралы мен Зұлпықардың өзара сөз қағысының аяғы әжептәуір айтысқа айналған. Осы айтысты және Зұлпықардың Жамбылға арнаған өлеңін, оған Жамбылдың қайтарған жауабын және: Ал енді қош болып тұр, Зұлпықарым, Сұрай келе боп шықтық бөле-қарын. Заузада аралаттың Бөген, Шаян, Құрметті аямадың, салдың бәрін, –

деп басталатын өлеңін күні кешеге дейін Зұлпықар ақынның туысы Мыңбай аузынан тастамай айтып жүрді. Мыңбай Сұлтанбеков бұрынғы Алғабас ау­ данының Алғабас ауылында туып-өскен. Кеше­ гі майдан жылдары аудандық мәдени-үгіт бри­ гадасында қызмет істеген. Өзінің замандастары Айнабек Нысанов, Көпбай Әлімбетов, Желеу Жақыпов сияқты ақындармен айтысқа түскен ауыл ақыны. Міне, содан бері талай жылдар өтті. Құлыншақ Кемелұлына – 160, оның шәкірті Жамбыл Жа­ байұлына 155 жыл өтіп барады. Ел-жұрты олар­ дың жыр мұраларын қастерлеп жинап, мәңгі есте сақтауда.

Ханғали СҮЙІНШӘЛИЕВ, филология ғылымдарының докторы, профессор ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ ӨКІЛІ Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ау­ даны, Жартытөбе деген жерде туып-өскен. Әкесі көп отбасылы кедей шаруа болған. Құлыншақ отыз жасқа келіп, өз бойындағы талантын танытқанға дейін кедейлік зардабын тартқан. Тек өмірінің соңғы жылдарында ғана орташа дәулет жиып, ел қатарына қосылады. Құлыншақ он беске келген кезде-ақ жұрт назарын өзіне аударады. Алғашқы­ да жаттап өлеңдер айтып, сауық-сайрандарға ара­ ласады. Ұрымтал ақын оқыған адамдарға жақын жүріп, өз бетімен ізденіп, сауатын ашады. Сөйтіп хат таныған ақынның қолы шығыс қиссалары мен ақын-жазушыларының шығармаларына ерте же­ теді. Сөйтсе де Құлыншақ ел ақындары дәстүрінде тәрбиеленіп, өз өлеңдерін ауызекі айтып таратады. Айтыстарға түседі. Ел сынынан өтеді. Ақындық жолға түсу себебін ол ескі наным тұрғысында түсін­ діреді. Жас шағын еске алған сөзінде ақын маған қара кісі боп келген пірім ұйықтап жатқанымда аян берген-ді, ол маған: «Көген тілейсің бе, өлең тілейсің бе» деген еді. Мен өлеңді қаладым деп тү­ сіндірмек болады. Әрине, ол «пірі» қолдап емес, елдегі көптеген ақындық өнердің ықпалы нәтиже­ сінде ақын болғаны сөзсіз. Сыр бойы, Түркістан

өлкесі, Қаратау, Жетісу жерлерін түгел аралап көп ақындармен кездесіп, айтысу арқылы ақын боп қалыптасқанға ұқсайды. Кейінгі ақындар оны ерекше ардақтайды. Молда Мұса деген ақынның айтуынша, Құлыншақ ешбір ақыннан жеңілме­ ген көрінеді. Айтыстарының ішінде, әсіресе оның Майлықожамен айтысы көңіл аударарлық. Ол Майлымен жүздесіп тілдесумен бірге хат арқылы да айтысып жүріпті. Оның бұл айтысы – Майлы елінің сараң байларын сынаудан басталады. Құлыншақтың «Көлбайға», «Дүйсенбі датқаға» атты толғауларынан ақынның шабыты ғана емес, сонымен бірге өз кезіндегі әлеуметтік мәселелерге үн қосқан ақын болғаны да танылады. Айтысқан ақынына мін таққыш, табан асты сөз тапқыш Құлыншақ халық ішінде беделді болған. Оның шешендігіне, шыншылдығына ел риза боп ардақтаған. Әсіресе заманында билікті қолына ұстап, өз дегенін істеп, еш нәрседен шіміркенбей­ тін қара пейіл үстемдерді, сараң байларды өлтіре әжуалап отырған. Сондай-ақ әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді көтеріп, адамгершіл ақылдар айтқан. Мәселен, «Дүниеде не ғаріп?» толғауында ақын та­ биғи құбылыстарды адам өмірімен ұштастыра тер­ мелеп, терең ой қозғайды. Енесі жүдеп нашарлап, Ертелеп туған төл ғаріп. Әуеден жауын кем болып, От шықпай қалса, жер ғаріп.

Басшысы нашар жолығып, Ынтымақ кетсе, ел ғаріп. Көк ала жылқы болмаса, Бетегелі бел ғаріп. Қаз, үйрегі болмаса, Айдынды шалқар көл ғаріп. Қатарынан кем тартып, Қуаты қашқан ер ғаріп... Суырыпсалмалық өнерге жетік ділмар ақын­ ның өзінің өмірі туралы толғаулары да тартымды. Нағыз жүлдегер жүйріктерге тән қарекет-қасиет­ термен көрініп, көп жүйріктен суырылып озып шыққан өрен саңлақтың өзін танытады. Өзінің бар өмірін, бойындағы бар өнерін халқына ғана арнаған ақынның тағдырға бас имей, тіршіліктің қамын ойлап, ел-жұртына өнер шашуды мақсат етуі – оның азаматтық мұратының куәсі дерлік. Менің атым Құлыншақ, Ал сөйлеп көр, тіл мен жақ. Дауысым, байғұс, шығып бақ, Саулы інгендей ыңқылдап. Қызыл тілім, сөйлеп бақ, Асыл біздей жылтылдап. Домбырам, байғұс, сен сөйле, Екі шегің тыңқылдап. Он саусағым, қимылда, Жорға тайдай бұлтылдап.

Құлыншақ өзінің біраз өлеңдерін арнау ретінде шығарған. Ол кезінде бай, бек, датқа болған немесе болғысы бар дәреже-дәулет құмарлар тобын сынап, солардың өзімшіл, құлқынқұмар мінездерін әжуа­ лап отырады. Ондыбайға деген өлеңі елді билеп-төстеген бо­ лысты сынауға арналады. Әсіресе оның қонақасыға сараңдығын бетіне басады: Болысеке, бұл өлең қайдан шықты, Үйіңде бесінде ішкен шәйдан шықты. Сабада сапырулы қымыз тұрып, Күбіден айнып кеткен айран шықты. Қайыр-қош, болысеке, көргенімше, Бұл қорлық естен кетпес өлгенімше. Қос қосалғы арқалап құрыған жақсы, Итке артып аттың қосын жүргеніңше. Аталмыш ақын арнауы болыстың өзі жоқта үйі­ не түскен қонақтың құрмет көре алмай аттануына байланысты айтылған. Ондыбайдың сараң әйеліне мін таққан ақын басқа біткен дәулетті дұрыс баға алмай, сараңдыққа салынып, керек жерде бере ал­ майтын пейілсіздік мінезді әшкерелейді. Адамның жақсылығы оның сыртқы өңінде де, бет ажарында да емес, адамгершілігінде, жомарттығында деп бі­ леді. Ондыбай тап осындай әйелінің өңі мен келбе­ ті келісті, бірақ көңілі тар, адамшылығы кем бей­ шара ретінде бейнеленеді.

Сәлем де Ондыбайға Құлыншақтан, Есектен не туады айғыр шапқан. Жылтыраған бетіне әуес болмай, Адамның баласын ал, кісі баққан. Қызарған не қыласың беттің нұрын, Салады көрген жігіт көздің қырын. Ондыбайдың аулына барамыз деп, Қайдан таныс боламыз үш жыл бұрын, – деп, ақын Ондыбайға ақыл беру арқылы кейін­ гі жастарға да ой салып, әйел таңдауға тек қана бет-ажарына ғана қарап, бекерге алданбай, оның адамгершілігіне, ақыл-парасатына назар ауда­ рудың керектігін ескертеді. Қоғамдық қайшылықтарға немқұрайды бол­ мағанының бір куәсі ақынның «Дүйсенбі датқаға» арнауы. Аталмыш толғауында ол: Әлсізді аз ғана күн амалдайсың, Жақсылық бұл пейіліңнен таба алмайсың. Жеріңе ерегескен қап-қара боп, Бұлттай жауатұғын табандайсың, – дей келіп датқаның таяғы тимеген, тізесі батпаған жер кемде-кем екенін айтып, оның елді жылатып жатқанын бетіне басады. Үстемдер арасындағы бақталастық халыққа жабысқан дерттей елдегі кемтарлықты көбейтіп, жоқшылыққа ұшыратуда дейді.

Әрине, қаймықпай қарсы айтылған сөз датқаға жақсын ба, Құлыншақ біраз қуғынға ұшыраса ке­ рек. Мұны: Тізесі Дүйсенбінің маған өтті, Қайсысыңды мендей қуып еңіретті? – деген жолдардан айқын аңғаруға болады. Әлеуметтік маңызы жағынан ақынның «Қуды мініп, құланды құрықтап жүр» толғауы ерекше. Бұл тұста ол қазақ елін жайлаған қулық-сұм­ дықтарды, олардың датқалармен ауыз жаласып, елді бүлдіріп жатқанын әшкерелейді. Ақын халықты олардан сақтандырып, әділет жолын уағыздайды. Енді бір өлеңінде ақын түйені түгімен жұтып жатқан қуларды: Бір түлкі тұра қашты, қудым тыңнан, Ұсынса қол жетпейтін биік шыңнан. Қаз мойын, қарға тұмсық бір қу екен, Төбесін бір-ақ көрдім тарғыл құмнан. Бір жылан, бір айдаһар жолдас бопты, Түк қалмас, бере берсең, жиған малдан, – деп сынайды, оларды араны ашылған айдаһарға, жыланға балап өзінше образдар жасайды. Құлыншақтың Майлымен айтысы және басқа шығармалары әлі толық жинальш, баспа бетін көрмей жүр. Оның ақындық шабытын танытар жолдарды біз қолда бар деректерден келтірдік.

Ақын – халық поэзиясының үлгісін берік ұстаған суырыпсалманың өзі. Ел ақындары дәстүрінде сөз бастап, төгілте өлең термелейді. Мысал үшін оның Майлымен айтысынан үзінділер келтіре кетейік: Жиылдық үлкен-кіші үйден, түзден, Жүйрік ат топтан озып бәйге сүзген. Қоңыратта Майлықожа, Құлыншақ боп, Екеуміз шығып едік Орта жүзден. Қосылдық екі жүйрік сайымызға, Бір нұқсан түспегей деп пайымызға. Тақсыр-ау, өлеңіңді енді қамда, Бозбала қоймас болды жайымызға. Ақынның суырыпсалма өнеріне, халықтың салт өлеңдері үлгісіне жетігін оның анасына арнаған жоқтауынан да көруге болады. Тал бесігін таянған, Түнде тұрып оянған. Тар құрсағын кеңейткен, Тас емшегін жібіткен. Өлеңдетіп әндеткен, Айналаны сәнді еткен. Уақыты жетіп демі біткен, Айналайын ақ шешем. Құлыншақ даңқы қазақ еліне кең жайылған. Оны тұстас ақындарынан бастап, қазіргі заман халық жыраулары жатқа айтады. Ақынды қадір

тұтып, одан үйреніп өскендіктерін жасырмайды. Заманымыздың жыр алыбы Жамбылдың өзі Құлыншақ атын құрметпен атағаны мәлім. Ол: Қаздай қалқып ерінбей, Өлең тердім жасымнан. Майкөт ақын, Құлманбет Орын берді қасынан. Майлықожа, Құлыншақ Пірім еді бас ұрған, – депті. Құлыншақты еске алған ақындар ішінде көлемді естелік қалдырған – Сұлтанбек Аққо­жаев деген жырау. Ол ақын өмірін ұзақ толғап, оның өмірінен көптеген деректер береді. Әкесі Құлыншақтьң Кемел еді, Сүйген екен немере, шөберені. Алты ұлы алты ауыл болып жүре берді, Адамға бұдан артық не керегі?! Сұлтанбектің айтуынша, Құлыншақтың әкесі Кемел көзі ашық, көңілі сергек адам болған. Ол баласының ақындық бетін қайтармай, қайта жөн сілтеп, ел аралауға ерік беріп, белгілі әруақты ақындардан бата алуға жіберіп, баласына оң сапар тілейді. Ақынның ізденіс сапарлары, өсу жолы туралы Сұлтанбек жырау былай дейді:

Әкесі Шөже ақыннан бата әкел деп, Үш тоғыз дүниемен жібереді. Шөженің ақ батасын алып қайтты – Адамзат дуаменен көгереді. Келген соң киіндіріп ат мінгізіп, Баланы еркіменен қоя берді. Күнде той, күнде жиын, күнде өлең ғып, Күңірентіп жіберді жүрген жерді. Жыраудың деректеріне қарағанда, Құлын­ шақ қазақтың көп өлкесін аралап, талай тарлан­ дармен кезігіп, тіл қағысқан. Олардан өнер үй­ реніп, ақындық дәстүрлерді қабылдап отырған. Қазақ ақын-жырауларына қанағаттанып қалмай, шығыс әдебиеті классиктерін де оқыған және оның кейбіреулерінің сюжет желісін өзінше толғап, қисса ретінде жырлаған, Сондай шығарманың бірі – «Шырын – Шекер». Құлыншақты көрген ел ақындары аталмыш қисса ұзақ жырланатьн, тама­ ша лирикалы қызық шығарма еді деп тамсана еске алады. Бұл жөнінде Сұлтанбек жырау: Сылдырлап қоңыраудай тіл, көмейі, Жаңғыртқан терезенің көгінде енді. Ән қандай, өлең мындай күйіндегі, «Шырын – Шекер» сөз бопты тіліндегі. Жеткенше жиырмаға тоқтай алмай, Сейіл ғып аралады төменгі елді, – деп жырлаған. 10-0237

Сұлтанбек жырау өзін Құлыншақтың шәкірті ретінде таныстырады. Ол өз ұстазын ерекше талант иесі еді деп дәріптейді: Ұстазым – Орта жүздің Құлыншағы, Өлеңнен кем болған жоқ оның бағы. Қосылып құнанында ат бәйгеге, Тынбай шауып, кеп жүрді сынбай сағы. Құлыншақ талантына Сұлтанбек сияқты бас ию­ шілер көп болған. Кейінгі кезең дәуірінің танымал ақындары да оны еске алады. Белгілі ақын Асқар Тоқмағанбетов те: Ақсүмбе Абақ батыр Созақтағы, Кем еді қай батырдан қазақтағы. Құлыншақ, Бердібек пен Айтжан ақын Талайды сөзбен орап тұзақтады, – деп жырлаған. Құлыншақтың «Қисық батырмен тілдесуі» соңғы жылдары табылып, баспа бетін көрді. Атал­ мыш шығармада көрінетін ақиқат – Құлыншақтың табан асты өлең шығарып айтуға дағдыланған ақпа ақын екендігі. Ол басына төнген қиындықтан өлеңінің күшімен құтылады. Ойда жоқта батыр­ дың қаһарына ұшыраған ақын тапжылмай тұрып жауап қайырады. Баса көктеп үйіне кірген ақынды батыр қынабынан қылышын суырып алып басын кеспек болады. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек

жоқ», – деген емес пе? Ақын қорықса да саспай, ба­ тырға тіл қатып, оны тоқтатады. Қаһарлы қылыш қынабына қайта салынып, сыннан өтіп, сый-сия­ пат көреді. Қисық батырдың сырт келбеті адам түршігерлік кесперсіз, кескен томардай дөңки­ ген болғанына қарамастан ақын оны алтын тақта отырған патшаға балайды. Артық туған адамның асылысың деп мақтай жөнеледі: Жақсыға анық тартып туып едің, Жақсылық туғаннан-ақ қуып едің. Даңқыңды Алатаудай естіген соң, Көруге дидарыңды келіп едім. Іліндің атақ жастан сөйлер сөзге, Көріндің адам болып көрер көзге. Мақсұдың Алла тағала бергеннен соң, Міндіңіз алтын таққа осы кезде. Мүбәрәк құтты болсын мінген тағың, Құдайым аямасын берген бағын. Бұл күнде ел билеген батыр бопсың, Зейінмен ажыратып істің ағын. Ақынның мадақ сөзіне риза болған Қисық ба­ тыр ақынды байқау үшін соны талаптар қойып, өзі туралы қорықпай сөйлеп, бойындағы мінін жасырмай айтуды талап етеді. Батырдың қара қоңыз сияқ­ты домалақ тұлғасын, бақадай бақал­ тақ бой-сойын, бірбеткей мінезді адам екенін, асыл тегі де оңды еместігін батыл әшкерелеп шығады. Ақынның айтар сөзге тапжылмай сөйлегіштігін

таныған Қисық, оның жәй ақын ғана емес, батыр ақын екенін таниды. Оған риза болады. Сый-сия­ пат көрсетеді. Қисық батырды мінеген сөздерінен бір мысал: Былжыраған сен туыпсың атың Қисық, Қисайып отырасың, елге тиісіп. Алыстан іздеп келген мейман едім, Япырай, маған салдың жаман түйсік. Артыңнан, атқа мінсең, бақадайсың, Ат басқан жерге түскен тақадайсың... Бойың тұрған жеріңде боғың тұрып, Ашуың келіп қалса, қаһардайсың. Тәрізді бақсы ұстаған қобыздай боп, Пішінің жаман екен доңыздай боп. Қатының таңдап алған сұлу екен, Қойнында жатамысың қоңыздай боп... Қисық батырды бейнелеуге, әсіресе оны дат­ тауға арналған сөздері – өткір. Ақынның адамды сынап-мінеуге шебер екенін танытқандай. Бұрынсоңды еш ақын қолданбаған айшықты тіл тауып қолдана біледі. «Тәрізді шөлдеу жердің масасын­ дай», «Пішінің диуананың асасындай» деген өлең жолдарындағы теңеулері өзіндік және айқын. Қисықты даттағанда төрт түлік малдың ең на­ шарларын таңдап, соларға балайды. Мысалы: Болар ең, ешкі болсаң, қотыр ешкі, Шалбардай жұртта қалған бетің ескі. Болар ең, түйе болсаң, қотыр қоспақ, Алар ем, ел көшкенде босқа қостап.

Болар ең, жылқы болсаң, кәті ғана, Мінетін бір сорлының аты ғана. Болар ең, сиыр болсаң, қара тана, Қақпалап мінер еді бала-шаға. «Қазақ әдебиеті» (1987, X) газетінде Әсілхан Оспанұлы жариялаған екі-үш өлең – ақынның талғамдарын тани түсуге көмегі бар шығармалар. Олар: «Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы», «Ма­ зақ қылма, Көлбайым», «Әркім әуес қылады қолда жоғын». Аталмыш туындылар – көлемі жағынан шағын болғанымен, Құлыншақтың мұраларын те­ реңдей талдауға жәрдемі тиерлік құнды еңбектер. Өмір құбылыстарын болжап, ой түйіп, адамгершіл ақылдар айтып, ар-иманды таза ұстай білуге, әді­ лет жолында аянбай еңбек етуге үндейді. Аталмыш ақын шығармалары – өзіндік өрнектерінен хабар берерлік көркем дүниелер. Тіршілік қамын ойлау жеке бастың ғана қа­ мымен болып, арам-адалға қарамай, дүниеқоңызға берілу емес екенін ескертіп, ардан безіп, елге жексұрын аталудан сақтандырады. Итін күшік­ тетіп, оны малға айырбастау арқылы байымақ болған жұғымсыз қылықты мазақтауы – шебер мысқылшыл ақын екенін байқатады. Алты күшік болыпты алты тоқты, Әркім әуес қылады қолда жоқты. «Ит сатқанның ауылы» атанарсың, Ендігәрі жемеңіз мұндай боқты, –

дейді ақын жоқтан өзгеден табыс іздеп, ел арына дақ түсірер болымсыз іспен шұғылданушы заман­ дасының біріне. Өз төрінде отырып, көкірексіп, күпсіген әкімсы­ мақтарға арнаған сөздері де мысқылға құрылады. Көлбай есімді өркөкіректі ол бір ауыз өлеңменақ жөнге салып, ақындық өнердің қадір-қасиетін жоғары бағалайды. Ешкімге пайдасы жоқ адам­ ның өмірі нәтижесіз, керексіз, сондықтан оның қазасы да қасиетсіз. Адам өз халқына сіңірген еңбегімен бағалы. Ал ақын болса, әркімнің мазағы емес, халық қадірмені. Ел-жұртын аузына қарат­ қан дуалы ауызды арлы азаматы. Алдыңа келген жыршыны Мазақ қылма, Көлбайым. Мазақ қылсаң, Көлбайым, Сенің әкең Жұмабай Шылбырдан өлген кісі еді, Кетерсің болып сондайын, – деп, өзінің өткір сөзімен Көлбайдың көлгірсіген көкірегін басыпты. «Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы» атты Құлын­ шақтың өлеңі – өзінше бөлек сөз етуге тұрарлық бейнелі шығарма. Ақын өзінің дүниетанымын, өмір құбылыстарына деген көзқарасын бейнелі сөздермен суреттей білген. Шалқар көлде бейқам шалқып жүрген қасқалдаққа адам тіршілігін салыстыра терең ой түйіп, адамгершіл меңзеулер

жасайды. Адам өзінің санаулы өмір жолын бос өт­ кізіп алмай, пайдасына жарата білуін, адал жүріп, анық басуын аңсайды. Ел-жұрт үшін жасалған ізгі істердің босқа кетпейтінін, оның халық есінде мәңгі сақталатынын ескертіп, парасатты істерге үндейді. Басқаға қиянат жасамай, қолдан келген көмегіңді, еңбегіңді адал жаннан аямай өтуді ке­ рек қылады. Біреуге «берсем» дегін, «алам» деме, Біреудің адал нанын алып жеме. Артыңа жақсылығың қалса қалар, Адамның жамандығы қалсын неге? Құлыншақ та басқа өзіне тұстас ақындар сияқ­ ты адамның әрбір жас шамасын, кәрілік кезеңін топшылап, өзінше толғайды. Бұл мәселеде ақын өзіне ғана тән көркемдеу әдіс қолданады. Дүние­ өмір, адамның тіршілігі маңдайыңа жазылған тағдыр деген ұғымды көл кезген құстың маң­ дайындағы «қасқалдаққа» шендестіре бейнелеген. Ал бұл сияқты сурет, сөзсіз, шеберлік көрінісі. Дүние – тек қана қасқалдақ па? Жоқ. Ол – ас­ пандағы жарық жұлдызың. Өмірің, тіршілігің, арың, ожданың. Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы, Жұлдыздай сәуле берген аспандағы. Дүниеге сәби болып келгеннен соң «Өмірдің, – дейді халық, – басталғаны».

Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы, Аққудай көлден ұшқан аспандағы. Өткен соң сәбиліктен балиғатқа, «Бейнетің, – дейді халық, – басталғаны». Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы, Сұңқардай қалықтаған аспандағы. Өткен соң балалықтан орта жасқа, «Егделік, – дейді халық, – басталғаны». Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы, Кеменің секілді ол баспалдағы. Өткен соң егделіктен сексен жасқа Хабары қара жердің басталғаны. Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы, Тағдырға айла бар ма, қашсаң-дағы. Өткен соң сексен жастан жүзге таман Келмеске енді қайтып қойдың қадам. Біреуге біреу «мейман» дегендейін, Осылай өте берер барлық адам... Ақын адам өмірін тек қасқалдаққа ғана емес, сәуле берер жұлдызға, аспандағы ұшар ақ­қуға, сұңқарға, кеменің баспалдағына теңейді. Ал бұл сияқ­ты бейнелер – ақындық қабілеттің жоғары­лы­ ғына дәлел боларлық қасиетті сөздер, сұлу суреттер. Кейінгі жылдары табылып, баспа бетін көріп жүрген Құлыншақтың шығармалары ішінде оның «Тәнің де мейман жаныңа» өлеңінің орны ерекше. Бұл ақынның адамның өткінші өмірін оның тәні мен жанының қарым-қатынасын терең толғап айт­ қан шығармасы. Адам баласының бұл пәниге қо­

нақ екенін, сондықтан пейілді, мейірімді болып, иман-инабаттылықпен өмір кешуді талап ететін, жоғары адамгершіл пікірлерінің жемісі. Ақын­ дық өрнек пен салиқалы адамгершіл сананың өне­ ге үлгісі болғандай тамаша туынды. Шығарушыға тән ақпа ақындық қабілет айқын көрініс тапқан шалқар шабыттың керемет көрінісі. Жалпы көле­ мі жүз елу жолдан астам бұл шығарма сөзге жүй­ рік, тілге шешен ақынның зор мүмкіндіктеріне бұлтартпас куә боларлық ойлы, сырлы, терең тол­ ғанысты, толымды толғау. Адам баласының Алланың әмірімен дүниеге ке­ луі, оны тоғыз ай көтеріп, тар құрсағын жібітіп, көп азап көрсе де мойымай, керісінше, перзентті бол­ ғанына мәз-мәйрам болған ата-ананың ақ жарқын бейнесі көз алдыңа елес береді. Дүниеге келген сәби үшін ата-ананың қадір-құрметі, аса қымбат орын­ дары, одан кейін барлық туыстарының да өзінше мәнінің болатыны термеленеді. Күні жеткен кезін­ де олардың бәрінің де дүниеден өтуі хақ екенін ес­ кертіп, өкініштер де айтылады. Соларды Алла неге өлетін етіп жаратты деп, «өлместей болса ше?» деп қимастық көңілдерін санап шығады. Әке мен ше­ шенің өлімі өте ауыр қаза екенін жырлайды. Енді ақынның аталмыш толғауынан үзінді кел­ тірелік: 1. Әке өлімі қандай: Үйде отырсаң – мал қорың, Дала шықсаң – қамқорың...

Алма мойын, аршын төс, Біреудің қызын сүйдірген, Әкең өлмес болсайшы?! 2. Шеше қазасының ауыртпалығы: Тас емшегін еріткен, Тар құрсағын кеңейткен... Аязды күні айналған, Бұлтты күні бұланған. Анаңнан қамқор бар ма еді, Шешең өлмес болсайшы?! 3. Апаның азасына: Қашан үйден кеткенше, Бәйек болып жүретін. Шешеңнен соңғы қамқорың – Апаң өлмес болсашы?! 4. Қарындас қайғысы туралы: Шалдығып-шаршап келгенде, Бір күніңе жарайтын Апаңнан соңғы қамқорың – Қарындас өлмес болсайшы?! 5. Жан жарыңнан айрылсаң: Өзің тыстан келгенде, Астыңа төсек тастайды.

Үйіңде дәмі бар болса, Аузыңа сенің ұстайды. Осынау қысқа ғұмырда Қосағың өлмес болсайшы?! 6. Алатаудай ағадан ажырау қандай қиын: Алдыңда тұрса – тірегің, Әр нәрсеге керегің, Алатаудай айбатың, Дұшпанға қылар қайратын – Ағаң өлмес болсайшы?! 7. Жасөспірім інінің өліміне өкініш: Дұшпаныңды қор қылар, Құрыштан соққан болатың. Ер жігіттің қанаты – Інісі өлмес болсайшы?! 8. Перзентің – болашағың қыршын қырқылса не болмақшы: Адамзаттың миуасы, Әлдилеп сүйген баласы. Ойлаңдар, беглер, ойлаңдар, Перзентсіз ерді не дейді? Тау болмайды бұлақсыз, Көл болмайды құрақсыз, Ұясыз адам шырақсыз.

Қыз бойжетіп өскенде, Қыз балаң өлмес болсайшы?!. Тірлігіңде өтерсің Біріңе-бірің қадірсіз. Ойлаңдар, беглер, ойлаңдар, Осы айтқан сөзім әзілсіз! Асылы, Құлыншақ, шынында да, заманының көрнекті ақыны болған. Сондықтан оның қазақ поэзиясының өсуіне, ақындық өнердің жетілуіне қосқан үлестері басқалардан кем түспейді.

Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор ҚАЗАҚТА АҚЫН ӨТКЕН ҚҰЛЫНШАҚТАЙ Әдеби дамудың негізгі даңғыл жолы – ұлттық әдеби дәстүр. Біз күні кешеге дейін осы ақиқат­ ты мойындамай, әдебиетімізді батыстық даму жолына бұрып, қазақ әдебиетіндегі жылт еткен жақсылықтың барлығы да орыс әдебиетінен кел­ ген деп, өзеуреп келдік. Жамбылдың Сүйінбайды, Майлықожа мен Құлыншақты, Құлыншақтың Шөжені ұстаз тұтып, олардан ақындық өнердің қыр-сырын көп үйренгендігі, нәтижесінде олар­ дың ойынан шығып, үкілеген үмітті шәкірті ре­ тінде бата алғандығы, сөйтіп, қазақтың біртұтас ақындық дәстүрінің жалғасып келгендігі саяси себептермен ұмыт қала берді. Саяси жағынан за­ лалсыз ақындар ғана әдеби дәстүрден үзіп алынып, жеке-дара ұсынылды. Осындай себептермен өт­ кен замандарда жасаған көп ақындарымыз өзіне лайықты бағасын алып, халыққа өз дәрежесінде танылмай келді. Құлыншақ Қаратау өңірі ақындық мектебінің аса ірі өкілі ретінде аты аталып жүргенімен де, оның поэзиялық мұрасын жинап, бастыру, ғылы­ ми тұрғыдан баға беру, оқырманға таныстыру өз дәрежесінде болып келді деп айта алмаймыз. Оған басты себептер: ақынның халық қамын жыр­

лағандығы. Отаршылдық саясатқа қарсы шыққан­ дығы, діни-ағартушылық бағытта болғандығы, ең бастысы – әділеттілікті жыр еткендігі. Әрине, мұн­ дай ақынның патшашыл отаршылдарға да, кеңес­ шіл отаршылдарға да ұнай қоймасы анық еді. Құлыншақ – ең алдымен, халықшыл ақын. Сон­ дықтан да ол бір өлеңінде «Халқым үшін шарқ ұрып, алаңдаймын» деп жырлайды. Ақынның өлеңдері көбіне адамдықты, имандылықты уағыз­ даған дидактикалық сарында келеді. Оның көп өлеңі «Жабыдан айғыр салма жалы бар деп. // Тек­ сіздің қызын алма малы бар деп» сарындас келеді. Мұндай өлеңдерінен ұлттық таным-түйсік, ата-ба­ ба дәстүрін ұлықтаушылық менмұндалап тұрады. Әңгімесін естісең, Жаһаннан асқа ғұлама. Қылған ісін байқасаң, Батқандай белден күнәға, – деген жолдарды оқығанда, Абайдың «Бойы бұл­ ғаңы» еске түседі. Жыраулық дәстүр үлгісінде жазылған «Не ғаріп?», «Тәнің де мейман жа­ ныңа...», «Тыңдаушың жаман кездессе», «Бидің әділ болмағы», «Не жақсы?», «Би болмас белін жал­­пақ буғанменен» сияқты өлеңдері өмірдегі жақсы мен жаманды ажырата білуге үндейді. «Дү­ ние – ол бір көлдің қасқалдағы», «Құлыншақтың термесі», «Жаратылыс туралы» сияқты өлеңдері өмір, өмір сүрудің мәні мен мақсаты, тіршілік ту­ ралы терең толғаныстарға толы.

Қ. Кемелұлы – елінің есендігін, егемендігін ой­ лап, жыр төккен күрескер ақын. Ол орыс отаршыл­ дарының озбырлығына ашық қарсы шығады: Жайлауымды жау алып, Ықтияр кетті-ау күллі елден... Қаптаған хахол сыймайды, Қазақтан алды қонысты. Қазынаға қарыздар, Халық көбейді борыштар... Қадақ болған кісідей, Ала алмай жүрмін кегімді. Жансыры болған жыландай, Киреңдетті белімді, – деп, кейінгі ұрпақтарды мына заманның беталысы жаман, осылайша кете берсе, жаманшылыққа апа­ рып соқтыруы мүмкін екендігімен сақтандырады. Ақынның Шөжемен, Майлықожамен, Қадиша қызбен айтыстары және түрлі жағдайларда, ұрым­ тал тұстарда табанда айтылып, ел аузына тарап кеткен өлеңдері де көпке мәлім. Мысалы, ақын­ ның Майлықожаға: Майлы, Майлы дегенмен май болмадың, Жұрттан алып жегенмен бай болмадың, – деп сөз тастағанда, оған Майлықожаның: Сен Құлыншақ болғалы талай болды, Иә құлын, иә жабағы, тай болмадың, –

деп табанда жауап берген сөз қағыстыруының жұрт арасында жүрген екі түрлі нұсқасы бар. Сондай-ақ оңтүстік өңірінде кездесетін үш, не одан да көп ақындар айтысының бір үлгісі ретінде Құлыншақ, Мәделі, Майлықожа үшеуінің сөз жарыстыруы да қызғылықты. Ақынның өзі өмірден өткенімен, артында хал­ қына арнаған маржан сөздері қалды; әке жолын қолға алып, алқалы жиындарда өнерімен топқа түсті; ең бастысы, негізін Құлыншақ салған Қара­ тау өңірінің ақындық мектебі қалыптасып, қазақ поэзиясының жыр дариясына үлкен арна болып құйылады. Жалпы, Құлыншақ ақын – қазақ поэзиясының құнарлы бір топырағы Қаратау өңірінен шығып, артында тұтас бір әдеби дәстүр, ұлттық сөз өнері­ міздің дамуында айтарлықтай із қалдырған аса ірі тұлғалардың бірі. Ақынның әдеби мұрасы толық жиналып, басылып шықты дей алмаймыз. Халық арасына кеңінен тарап кеткен Құлыншақ өлеңде­ рін ел игілігіне айналдыруда О. Жолдыбай біраз шаруалар атқарып жүр. Алдағы уақыттарда да ақын өлеңдерін жинап бастыру, оның көркемдік, идеялық сапаларын саралап, ғылыми тұрғыдан игеру жұмыстары жалғаса бергені лазым. Сөзімізді Бұдабай ақынның Құлыншақ туралы айтқан мына бір өлеңдерімен аяқтағымыз келеді. Оңтүстікте Майлықожа, Мәделі сияқты мықты ақындардың көптігін айта келіп, Бұдабай:

Ең озығы Құлыншақ, Өлең десе, ұрыншақ. Шу асауды тоқтатқан, Бұғалақты бұрын сап, – деп, Құлыншақтың ақындық қуатын аса жоғары бағалайды. Өмірін өлеңге арнап, халқының қамын жеп, арын арлап, мұңын мұңдап, жауһар жырымен халқының жүрегінен орын алған Құлыншақтай ақынның өлеңдері халқының рухани қажетіне қызмет ете берері анық. 11-0237

Әсілхан ОСПАНҰЛЫ, филология ғылымдарының кандидаты «АҚЫН ЕҢ БАҒЫ ҚАЛЫҢ, ОЗҒАН АТЫҢ» Атақ-даңқы өзінің көзі тірісінде-ақ алыс-алыс аймақтарды аралап кеткен Құлыншақ Кемел­ұлы күнгейлік ақындық мектептің айтулы ақиық­ тарының бірі болды. Ол кісінің атағы Алатау­ дай есімімен республика жұртшылығы алғаш рет Жам­был атамыздың жырлары арқылы танысты. Атақты Бақтыбай ақынмен жөн сұрасып, білісу барысында өзі өнеге алып, үлгі тұтқан ұстаз ақын­ дар Майкөт, Құлмамбеттер қатарында күнгейлік екі ақынның – Майлықожа мен Құлыншақтың есім­дерін ерекше ілтипатпен атап: Майлықожа, Құлыншақ, Пірім еді бас ұрған. Айтқандары нұсқа еді, Жаралған сөзі асылдан, – деген-ді. Кейін келе іздестіріп қарағанымызда Құлын­ шаққа қатысты бірталай байыпты баға өз өлкеміз­ дің ақын-жыршылары тарапынан да берілгеніне көзіміз жетті. Мысалы, Құлыншақпен айтысқанда Майлықожа өз замандасын «бағы қалың, аузының қыдыры бар, аты озған ақын, елдегі Құдай берген екі жүйріктің бірі, өлеңнің дүрі» деп бағалаған бол­са, шәкірті, ақын Молда Мұса (Мұсабек):

Көтеншіде Құлыншақ өлеңші еді, Шу дегенде суырылып жөнеуші еді. Қарсыласып бетпе-бет айтысқанда, Еш адамнан жеңілдім демеуші еді, – деп, оның ақындық, айтыскерлік өнеріне тәнтілік танытады. Сол сияқты ақын туралы оның тағы бір шәкірті, дастаншыл жырау Сұлтанбек Аққожаев, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда өңіріне әйгілі арқалы ақын Кенқожа Құлмырзаев тараптарынан да таңда­ на жырланғанын жақсы білеміз. Бұны ақын ба­ бамыздың өзі жайында асқақ та болса ақиқат ай­ тылған: Құлыншақ сөйлер сөзден ұялмайды, Жалғанда жаннан айыл жия алмайды! – деген арынды баға-баламасын қосыңыз. Біздің қолымызда, жалпы қазақ әдебиеттану мамандары иелігінде Құлыншақ Кемелұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты мәліметтер ауқымы, онан сақталып қалған әдеби мұра мөл­ шері секілді, тым тапшы. Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын жарық көрген «Қаратау атырабының ақын­ дары» атты кітабымызда ол кісі жайында там-тұм­ дап мәлімет беруіміздің негізгі себебі де, міне, осы болатын. Соңғы кездері Қазақстан Республикасы Ұлт­ тық Ғылым академиясының академигі, профессор

Рах­манқұл Бердібай және әдебиет зерттеушісі, профессор Ханғали Сүйіншәлиев зерттеулерінде Құлекеңнің дүниеге келген-кеткен уақыты 18401911 жыл­дар межесінде көрсетіліп, ол Қазақ кеңес энциклопедиясында да (7 том, 31-бет, 1975 ж.) осылай жарияланды. Ақынның 150 жылдық ме­ рейтойы, міне, осы соңғы дерекке негізделіп өткі­ зілді. Жалпы Р. Бердібайдың «ХVІІІ-ХІХ ғасырлар­ дағы қазақ ақындары», Х. Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиеті, ХVІІІ-ХІХ ғғ.» аталатын көпшілік жи­ нақтардағы «Құлыншақ Кемелұлы» зерттеулерін­ де баяндалатын өмірбаян деректері, сайып келген­ де, Сұлтанбек Аққожаевтың өлеңмен баяндалған мәліметтерінің аясында өрбиді. Бұл өмірбаян деректеріне қосымша ретінде ақын еңбектерін жинастыруда елеулі тер төгіп жүрген Ұлы Отан соғысының ардагері Ырысқұл Ырыс­ жановтың елдегі көнекөз қариялардан (негізінен С. Ақ­қожаевтан) жазып алған кейбір мәліметтер­ ді де келтіре кеткен орынды: «Құлыншақ ақын екі рет, алғашқыда Ұлжанға, ол қайтыс болған соң Алтынқызға үйленді. Ол шешемізді қартайған шағында көзімізбен көрдік. Қапсағай денелі қара кісі еді. Ол кейініректе қайтыс болды. Құлын­ шақтың ұлдары Әкбар, Ысқақ, Сатай ақын болған, бірақ олардан ұрпақ қалмаған. Төртінші ұлы Иса­ ханға ақындық өнер қонбаған. Түсінде «өлең керек пе, көген керек пе?» дегенде «ешқайсы керек емес» депті.

Исаханның екі иығы бүлкілдеп, көздері қыза­ рып жүретін, орта бойлы, қызыл шырайлы кісі еді. Ол 1977 жылы 81 жасында дүниеден қайтты. Құлыншақтың баласы Ысқақ (1880-1919) қозы жайып жүретін. Жас кезінен әкесіне еліктейді. Бір күні әкесіне келіп, қолындағы таяғын домбыра етіп, «Мен де жиын-тойға барсам, жақсы-жаман­ ды көрсем қайтеді?» – деп, есік алдында босағада отырып өлең айтады. Сонда Құлыншақ мырс-мырс етіп мұртынан күледі де, ұлының өтінішін қабыл етіп, Түркістан базарынан киім-кешек алдырады, жиын-тойда қасына ертіп жүреді... Құлыншақ ақын алысқа жолаушылап жүрер алдында дәу ке­ сек қантты балғамен майдалап шағып, ауылдағы балаларға үлестіріп беріп: «Қарақтарым, біреуіңе менің ақындық өнерім қонар ма екен?!» – дейді екен. Құлыншақ ақын алыста жолаушылап жүр­ генде (Мекке сапарынан қайтар жолында – Ә.О.) қатты ауырады. Жүруге шамасы келмей жатқанда, қасындағы жолдасы Шорнақбай дегенге «Маған қалам, дәптер тауып әкел, өлеңмен елге хат жаза­ йын», – дегенде, ол тауып әкеле алмаған». Ырысекеңнің деректерінен ақынның сөз өнеріне деген айрықша ілтипатын, оның арттағылар тара­ пынан жалғастырылуына ерекше қамқор пейілмен қарағанын, сондай-ақ ол кісінің өмір жолының туған жерден жырақта үзілгенін байқаймыз. Бұ­ дан екі-үш жыл бұрын Қызылқұм (қазіргі Оты­ рар – О.Ж.) ауданындағы халық ағарту ісі арда­ герлерінің бірі Шериаздан Шорабеков жаздырып, «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған:

Адамзат келер, келер – жүзге келер, Пендені үйде өлсе де, түзге көмер. Құдая, иманымды саламат қыл, Ағайын қайда бізді іздеп келер?! – деген өзекті өртерлік сөздер сол заманда Шорнақ­ бай арқылы ел-жұртқа жеткен ең соңғы сәлемі бо­ луы да ықтимал. Құлыншақ ақын өнерінің және бір қыры – өзі­ міз бұрыннан айтып жүргендей, замандастарымен хат арқылы хабарласып тұру дағдысы болған. Мәселен, мұның бір үлгісі Молда Мұса (Мұсабек) Байзақ­ұлымен хат жазысудан байқалады. Онда, жас кезінде «Небары ескіше үш айлық білім алған» Құлекең іні-ақыннан – Молда Мұсадан дін, ша­ риғат жайларынан сабақ сұрағандай қалып таны­ тады. Ал енді бірде жерлес ақын Жәһәнгерұлы Шәдітөреге жазған сәлемнамасында оның «Сияр Шәріп» деген кітабы Қазан баспасынан басылып шықты деп естігенін, бірақ қолына бірде-бір да­ насының тимегенін айтып өкініш білдірген, сөй­ тіп, шығармашылық байланыс төңірегінде әңгіме өрбіткен. Өз кезегінде Шәдітөре Қазаннан тағы бір кітабының – «Орқа – Күлшенің» шыққалы жат­ қанын хабарлайды. Сонымен бірге екі ақында да дүниенің аумалы-төкпелілігі, өмірдің өтпелілігі жайында пәлсапалық толғаныстар бар. Ол өз алды­ на бөлек әңгіме. Ал Құлыншақ Кемелұлы өлеңдерінің мәнмазмұны жөнінде әңгімелегенде, оның туын­ дыларындағы ой тереңдігі оқырманды бірден бау­

райды. «Амалсыз асы біз күмірә», «Пәнденің көпті күнәсі» деп аталатын және басқа толғаулары осының дәлелі. Бүгінде Түркістан қаласында тұра­ тын, 1926 жылы туған Таңатов Әлмен деген кісіге кезінде халық ақыны Айтбай Белгібайұлы бұларға ғазал түріндегі шығармалар деп анықтама берген екен. Жазылу мәнері жағынан ауыз әдебиетіміз­ дің терме толғауларына ұқсас келгенімен мазмұн сарыны зар-мұң, наз-нала болып, арғы тегі араб, парсы әдебиеттеріне тән шығарма түрін еске са­ лады. Осы тәріздес туындылары арқылы Құлыншақ Кемелұлы бұрын байқалмаған жаңа қырынан көрі­ неді. Ол – ақынның Ресей отаршылдығына, оның салдарларына деген көзқарасын айқындайтын тақырып. Бұл күнгей қаламгерлерінен тек Мәде­ ліқожа, Майлықожа, Ергөбек ақындар еңбектерін­ де ғана бірінде аз, бірінде көп мөлшерде ұшырасып келген тақырып болса, енді оны Құлыншақтың «Амалсыз асы біз күмірә» деген ғазал-толғауынан да табамыз. Онда ақын: Пайғамбарға үмбетпіз Айтқанына кіргеннен. Аз ғана сөзді қозғайын, Тыңдасаңдар, жақсылар, Әзіргі мынау күндерден. Жайлауымды жау алып, Ықтияр кетті-ау күллі елден, –

деп бір түйіп тастап, одан әрі сөзін былайша са­ бақтайды: Бұған да шүкір қыламыз, Падишамыз орыс-ты, Күннен-күнге қылып тұр Көңілдегі жоқ істі, Қадаулы ағаш, тартқан сым, Қаптаған қақол сыймайды, Қазақтан алды қонысты! Бұдан ақынның терең қынжылысын байқау қиын емес. Халқымыздың басты байлығынан – жер­ден айрылғанына күйзелісін осылайша білдіре оты­рып, баяғы заман азды, заң тозды сарынын өзіндік өрнек-бояумен тереңдете түсіп, былай деп толғайды: Шашын қойды жігіттер, Жаулықсыз көрдік келінді, Сүйгенімен боп кетер Шырайлы қыздар келімді, Қараңғы түнмен қыз кетіп Сұрамас ата тегіңді! – дей келіп, қорытындысында: Бүйте берсе бұл заман, Таяқ алып ақтайсың, – деп түйеді.

Бұдан арғы қазақ ахуалы белгілі: қазынаға қарыздар халге түсіп, борыштан-борышқа батқан, патша үкіметі тарапынан алым-салық алынғалы, талап-тоналғалы шетінен есеп-қисапқа алынған ел, егінін қарақұрым қаптаған шегіртке жалмап жеп, түте-түтесі шыққан момын бұқара мен со­ ларды аярлықпен алдап-сулап, жер соқтырып, зәбірлеп жатқан өңшең залымдар, тағы да сол момындардың еңсесін езіп, есігіне тепсініп ке­ ліп ысқырып тұрған «кісісымақтар», яғни биші­ гештер. Барлығы да нақты әрі әсерлі суреттермен тартымды берілген. Қысқа, қысқа да болса нұсқа дегендей, бас-аяғы сексенге жуық тармақ түзген бұл үзік Құлын­ шақты біздің оқырманның көз алдында, ой-са­ насында кесек тұлғалы ақын ретінде бұрынғыдан да ірілендіре түседі. Әлеуметтік мәселені өткір қырынан қоя білетін ірі ақындық тұлғасын өзінің «Пәнденің көп-ті күнәсі» деген ғазал-толғауында одан әрі сомдай түседі. Мысалы: Маубас өгіз секілді, Не көрімдер би болды. Мұсылманның баласы Табанға түсіп, и болды! Немесе: Ойлап тұрсаң, пәнделер, Қиямет-қайым жақын-ды! –

деген өлең жолдарынан ақынның заман ауанын дәл аңғарумен қатар, халқының келешегін ойлап қапаланатыны айқын аңғарылады. Жалпы, Құлыншақ Кемелұлының шығарма­ шылық қызметіне, қолдағы әдеби мұраларының мөл­шері, түрі, бітім-болмысына қарағанда ақын өнерінің негізгі үш қыры барын аңғарар едік. Олардың ең бастысы – терең ойшылдығының бел­ гісіндей пәлсапалық пайымдаулар болғанда, екін­ шісі – өткір әзіл-оспаққа, әжуа-мысқыл, сынсықаққа суарылған әлеуметтік мазмұндағы ық­ шам өлеңдерге ұсталығы-дағы, үшіншісі – шебер айтыс­керлігі дер едік. Ал енді ең алымды шәкірттерінің бірі болып, әлемдік даңққа бөленген Жамбыл атамыздың біз­ ге Ғали Орманов пен Бейсенбай Кенжебаев арқылы жеткен естеліктеріне жүгінсек, онда Құлыншақ өнерінің төртінші қыры – дастаншылық, жыра­ улық болғанын байқаймыз. Аталған пікірлер Жәкең жайындағы сан алуан естеліктер жиынтығы болып табылатын, 1989 жылы басылған «Дастан ата» жинағының 139 және 260 беттерінде келтіріл­ ген. Бұлардан байқайтынымыз – қазақ эпос жыр­ ларын жаратудың негізгі ошақтарының бірі бол­ ған күнгей Қазақстанда ақындығының үстіне жырау-жыршылығымен де елеулі еңбек еткен тұлғаның бірі – Құлыншақ ақын екен. Өкіндіреті­ ні – ол жырлады деген не батырлық, не ғашықтық, не тарихи жырлардың нақты нұсқаларының қол­

ға түспей келе жатқандығы. «Шора батырдың» Майлықожаға, Молда Мұсаға (Мұсабекке), «Ал­ памыстың» берідегі Әбдірайым Байтұрсыновқа, «Қыз Жібек», «Мұңлық – Зарлықтың» Жүсіпбек Шайхысламұлына тән нұсқаларын жақсы білетін біздер, Құлекеңе қатысты басқалай дайын нұсқаны кездестірмедік. Жәкең жаттап алып айтқан «Шора батырдың» нұсқасы отызыншы-қырқын­ шы жылдары қағаз бетіне түсіп, әртүрлі себептер­ мен жарық көрмей жүрсе, оның жөні бір басқа. Ол жағдаятты бір білсе, кейінгі кезде Ж. Жабаев шығармашылығымен арнайы айналысып жүрген, ұлы жыраудың Оңтүстік Қазақстанда болуы мен Құлыншақ, Майлықожаға шәкірттігі жайындағы дәйекті мағлұматтарды республика жұртшылығы­ на алғаш жариялаушы филология ғылымының докторы Нысанбек Төреқұлов білуі мүмкін деп шамалаймыз. Дегенмен ғалымның 1989 жылдың аяғын ала шыққан «Жүз жасаған бәйтерек» кіта­ бындағы Жәкең жырлады деген батырлар жыр­ ларының тізімінен ол кісінің Құлекеңнен үйреніп, жаттап әкеткен «Шора батырды» таппадық. Жоғарыда айтқанымыздай, ақын шығармашы­ лығының басты-басты үш қырының біреуі, біре­ уі болса да бірегейі – табиғаттың, адам өмірі мен тіршілігінің мән-мазмұнына ой жіберіп, кенеу­ лі пікір­лер сабақтайтын пәлсапалық сипаттағы өлеңдері мен қысқа-қысқа терме-толғамдары бо­ лып табылады. Мұндай шығармалар қатарына «Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы», «Енесі жүдеп,

нашарлап», «Адамзат – келер, келер, жүзге ке­ лер», «Дария білмес иттің сарығанын» деп баста­ латын дүниелерін атаймыз. Осылардың ішінде айрықша бөлек, ерекше оқ­ шау тұрғаны – «Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы» өлеңі. Мұнда дүние, яғни адам өмірі халқымыздың «қасқалдақтың қанындай» деп келетін мәтел сө­ зіне баламалай алынып, қамысты терең көлдің қол­ға оңайлықпен түсе қоймайтын қасқалдағына ұқсатылып бағаланады. Сөйтіп, қолға не мүлде түспейтін немесе түсуі соншама қиын нәрселерге, мәселен, аспандағы сәуле берген жұлдызға, қол­ дан ұшқан аққуға, аспанда қалықтаған сұңқарға, мұхит бетінде қалқыған кеменің баспалдағына, қанша қашқанмен құтыларлық айла таптырмай­ тын тағдырға теңелген. Өткендегі қазақ ақын­ дарының баршасына тән тәсілмен, адам өмірінің кезең-кезеңді кездеріне – балалық, бәлиғат, егде­ лік, сексен, жүз жастардағы қарттық шақтарға сипаттамалар берілген. Бұлай еткенде адамның сәбилік, балалық шағы өмірдің бастамасы есепті қабылданса, сәбидің өсе келе бәлиғат жасына же­ туі тіршіліктің ыстығына күйіп, суығына тоңатын адам баласы үшін бар бейнеттің басталған тұсы, ал бәлиғат жасынан асқан соң келетін орта жас ег­ делікке аяқ басу деп түсіндіріледі. Қойыны суық қара жердің хабар лебі есе бастаған сексен жастан соңғы тоқсан, жүз жастардағы төмен тасталған еңсе, яғни еңсесі түскен адам кейпінде елестетіле­ ді. Осылай етіп оқырман ойын сан-саққа жүгіртіп,

әр қиянға бір салатын ақынның мақсатты түйіні жоғары адамгершілік, имандылық сана асқарына қарай жетелейді. Біреуге «берем» дегін, «алам» деме, Біреудің адал нанын алып жеме, – дей отырып, адамның артында ұмытылмай мәңгі сақталып қалатын тек жасаған жақсылығы ғана деген қорытынды жасайды. Терең ойдан тамыр тартатын тәлімді ақыл-кеңес, қағида, ережелер қысқа қарымды терме түрінде келетін «Енесі жүдеп, нашарлап» толғамында да едәуір ұшырасып, бейнелі беріледі. Мұнда да әдет­ тегі тіршілік қарекетінен, қала берді табиғат да­ муының барысындағы өзгерістерден туатын жағ­ даяттардан бастап, қоғамдық, әлеуметтік мәні өре­ лі қорытындыға дейін биіктеуді байқаймыз. Күнгей қаламгерлерінің шығармашылығында үнемі дерлік кездесетін ақын мен ақындық өнер бо­ лмысына беріліп отыратын сипатты мінездемелер Құлекеңде де ара-тұра ұшырасып қалады. Және бір сүйсінерлігі олар қоғамның ақын өнеріне қойылар жоғары талап өресінен табылады. Бұлай еткенде, келелі сөз иесі ақын мен оның негізгі еңбек құралы домбыраның ара қатынасы да әңгіме өзегінен шет қалмайды. Мәселен: Өлеңдетіп әндеткен, Айналаны сәндеткен, –

секілді, өнер иесі ақынның: Жастайынан көсілген, Он саусақ ойнап секірген, – деп, ақ домбырасын аялап өлеңге қосуы да жа­ расымды. Құлекеңнің дүниетанымы мен ақындық қа­ рымының қандайлық екенін тек пәлсапалық тол­ ғаныстары ғана емес, жеңіл әзіл-қалжың, әжуа­ мысқыл аралас әлеуметтік мән-мазмұндағы ар­ нау өлеңдері дәлелдейді. Мәселен, «Ішпеймін қымызыңды шөлдесем де», «Орта жүзде бар дейді», «Алпыс бір жанның атасы», «Сен едің Ырысқұл­ бек бұлғақтаған», «Мазақ қылма, Көлбайым», «Ит сатқанның ауылы атанарсың» деп басталатын шығармаларында ақын өз заманының оқиғаларын шебер суреттейді. Бұларда ол кісінің бұлтартпас­ тай ұстанатын бағыты – бұқарашылдық. Мы­ салға, «Мазақ қылма, Көлбайым» арнауын алып қарайық. Кезінде Шымкент облыстық «Оңтүстік Қазақстан», республикалық «Қазақ әдебиеті» га­ зеттерінде жарияланған бұл өлеңінде ақын: Аулыңа келген жыршыны Мазақ қылма, Көлбайым. Мазақ қылсаң, Көлбайым, Сенің атаң Жұмабай Шылбырдан өлген кісі еді, Кетерсің болып сондайын, –

деп басталатын шығарма күллі билік иелеріне зіл­ ді ескертпе болып шыққан. Албыр қаншығының күшіктерін бір-бір тоқтыға айырбастап дәніккен бір байдың ел естімеген сұм­ дық әрекетін әшкерелейтін «Ит сатқанның ауылы атанарсың» деген арнауы жағалай жатқан қалың елге жаманат келтіретін жағымсыз қылықты: Алты күшік болыпты алты тоқты, Әркім әуес қылады қолда жоқты. Ит сатқанның ауылы атанарсың, Ендігәрі жемеңіз мұндай боқты, – деп шенеп-мінеуімен құнды. «Әңгімесін естісең…» деген сықағында сөйле­ ген сөзіне құлақ қойған адам жаһанда жоқ ғұлама деп ойлап қалатын, бірақ істеген ісіне қарағанда күнәға белден батып жүрген, күндіз сопысынған­ мен, кешке қарай құнты-пейілі бұзылып шыға келетін дін қызметшісінің сырты жылтыр бол­ ғанымен, ішкі дүниесі қалтырауық бет-бейнесі көз алдымыздан өтеді. Ал әкесінің қазасы кезінде шығарылған дейтін «Алпыс бір жанның атасы» атты жоқтауында ақын әке арқасында жағасы жайлау боп емін-еркін өмір сүріп келген өз басының дағдарысты қалпына өзін­ дік сын тұрғысынан келіп, былайша суреттейді: Тоқсанға жасы келгенше, Ажалы жетіп өлгенше, Мойнында еді ботасы.

Құлекең қаламгерлігінің үшінші қырын құрай­ тын айтыс өнерінен бізге жеткен бірден-бір шығар­ масы – өз замандасы Майлықожа ақынмен айтысы. Одан аңғарылатын ең бір қымбат қасиет – елі сүй­ ген екі ақынның да бір-біріне деген керемет күшті сыйластық сезімдері, бір-бірінің дарын қуаттары­ на ешбір шек келтірмейтіндігі. Мұның қаншама айшықты мысалдарын Майлықожаның Құлын­ шаққа, Құлыншақтың Майлықожаға берген мі­ нездемелерінен айқын аңғарғандаймыз. Мысалы, Майлыекеңнің Құлекеңе арнап айтқан «Менімен кім айтысар сенен өзге», «Ақын ең, бағы қалың, озған атың», «Бар едік екі жүйрік құдай берген», «Өлеңге мен де дүрмін, сен де дүрсің», «Бар едік екі ақын мақтап жүрген», «Аузыңның қыдыры бар кісі едің», сондай-ақ Құлекеңнің Майлықо­ жаны марапаттайтын «Қара дауыл өлеңге дүрсің, қожам!», «Жүзіңде мөріңіз бар қожа екенсіз», «Қосылдық екі жүйрік байымызға», «Мүбәрәк жү­ зіңізді жаңа көрдік», «Қожеке, сөзіңе жұрт тоймас ұсайт» дегендері қандай! Таяуда сырлы да жырлы Созақ жерінде бол­ ғанымда, Құдай қолдап қымбат қазынаның үсті­ нен түстім. Аудан әкімшілігі Теріскей елінің өмір­ ден өткен қадірлі ер-азаматтарынан қалған мәде­ ни мұраларды жарыққа шығаруды қолға алып, оны зерделі зерттеуші, алымды аудармашы, ойлы ақын Дулат Тұрантегі мырза жетекшілік ететін әдебиет бірлестігіне жүктеген екен. Соның бас­ тапқысы – өзінің сексен жылдан астам өмірінде

атқарған әртүрлі жауапты қызметтерімен аудан жұртшылығына кеңінен танымал, өзім де кезінде бірталай мәжілістес болған, осы ауданның құрмет­ ті азаматы, еңбек ардагері Есіркеп Өмірбековтің «Шежірелі өлке» атты кітабы. Бұл еңбек ірге көте­ ріп, отау тіккеніне үстіміздегі жылы 75 жыл тола­ тын ауданның тарихынан, жағрапиясынан, жан­ ды-жансыз жаратылысынан, рухани әлемінен мол мәлімет беретін атына лайық шежіре кітап болып шыққан екен. Ол, әсіресе ауданның жалпы білім беретін бастауыш орталау және орта мектептері­ нің мұғалімдеріне көмекші оқу құралы қызметін атқара алатын айшықты дүниеге айналыпты. Одан Құлыншақ ақын Кемелұлының шығармашылық қызметіне қатысты тапқан олжамның өзі қандай маңызды десеңші! Атап айтқанда, танымал әдебиетші ғалым, Ұлт­ тық Ғылым академиясының академигі, филоло­ гия ғылымдарының докторы, профессор, түрік халықтарының рухани әлемін байытуға ерекше еңбек сіңірген тұлғаларға берілетін сыйлықтың иегері Рахманқұл Бердібай екеумізді өкіндіріп жүрген бір жағдай болушы еді. Ол – қазақтың күн­ гей өлкесіндегі сөз өнерінің өрен жүйріктерінің бірі Майлықожа ақын: «Бар еді екі жүйрік құдай берген» – деп барынша жоғары бағалаған Құлын­ шақ атамыздан қалған әдеби мұраның тым аздығы болатын. Осынысынан да, бір жағы облыс зия­ лыларының марғаулығынан айтулы ақынның ме­ рейтойы да аталып өтілмеді. 12-0237

Дегенмен де қымбат байлығымыз біткеннің қамба-қоймасындай қабырғалы қалың халқымыз аман тұрғанда бұлайша опына беруіміз де орын­ сыз-ау деп ойлаймын. Бұған Есіркеп аға кітабын­ дағы Құлыншақ ақынның екі жүз жолға жуық өлең-жырлары дәйекті дәлел. Бұл жәдігерлерді түр, мазмұн жағынан талдап қарасақ, ақынның 1991-1995 жылдары Шым­ кент қалалық, облыстық баспаханалары басып шығарған «Өсиет» атты шығармалар жинағын­ дағы негізгі белгілерді жазбай танимыз. Олар, атап айтқанда, адам тіршілігінің әр қырын аңғар­ татын толғаныстарды, қазақ тұрмысының күлкі шақырып, сын тезіне салуға тиісті тұстарын, өлең өнерінің майталмандарын мінездеуді қамтиды. Өмірдің өтпелілігі, осыған байланысты пенде біткеннің бұл өмірдегі түгесілмес өкініші Құлын­ шақ пен Бұдабай ақындардың сәлемдесулері түрін­ де туған дүниеде әсерлі шыққаны. Осындай сипат­ тағы терме-толғауларда бұрындары қаншама жиі жырланып, үйреншікті болып кеткеніне қара­ мастан, тақырыптың оқырманды елең еткізерлік­ тей тосын екендігі байқалады. Мәселен, Бұдабай бабамыздың өмір туралы мына бір толғанысына зер салып көрелікші: Кімге опа етеді Мынау дүние жалғаның? Шайнамай қылғып жұтады Аузына салғанын.

Талайлар тастап жөнелген Сайрандаған жалғанын. Орындай алмай, өкініп, Көңіліне алғанын. Ұстай алмай, қапы қап, Қармаса да арманын! Алдына кішілікпен сәлем бере келіп тұрған Құлыншақтай сөзге алғыр інісінің ілтипатына сүйсініп, көңілі өскен кәрі тарлан өзі кешкен өмір­ ден түйген түйінін кемел де келісті оймен осылай тұжырымдайды. Еспе де төкпе осы екі ақынның бұл жүздесуі үстінде өлең-жыр, ақындық өнер туралы да тәлім­ ді сөздер тамыр тартқанын көріп көңіліміз сүйсін­ ді. Сөз атасы – сәлемін Бұдабайдың ақындық асқан қарым-қуатынан қозғаған Құлыншақ былай деп көсіледі: Озып бәйге алған ең Жарыстарда сен талай. Өрт едің ғой қаулаған, Өлең едің заулаған. Аузыңмен құс тістеген, Қыран ең алмай түспеген. Өлеңдете күшпенен, Мерген едің жасыңда Оғың жерге түспеген! Еруліге қарулы дегендей, Бұдабай өз толғауын­ да әуелі Түркістан төңірегі ақындарының шығар­

машылығынан жете хабардар екенін таныта келіп, оларға тән сөз өнерінің басты сипаты өткірлік еке­ нін тілге тиек етеді: Көтеншіде Құлыншақ – Өлең сөздің ұстасы. Майлықожа, Мәделі – Бұлар соның тұстасы. Сөздерінің бар еді Тістейтіндей қышқашы! – деп топтап мінездеп алады да, Құлыншақ өнеріне өз танымымен жекелей баға бере келіп, былай дей­ ді: Ең озығы Құлыншақ – Өлең десе ұрыншақ. Шу асауды тоқтатқан Бұғалақты бұрын сап. Сонан соң Қаратаудың Теріскей бетіне қайтқалы тұрған ақын інісімен бақұлдасқандай болып: Сәлем де Қаратау еліне, Ажал шіркін келмейді Көзіңе сенің көріне. Жөнеп кетсем бір күні Қияметтің өріне, Дұғаңды бізге арнап жүр «Кетті» деп барар жеріне, – деп қоштасады.

Сықақшылдық, сыншылдық өнер күнгей ақын­ дарының басты шығармашылық ерекшелігі десек, бұл қасиет Құлыншақта негізгі тәсіл деуге болады. Соның бір мысалы мынау: саятта жүріп, мініс аты бір мергеннің оғына байланғанда ара ағайын ретін­ де бітімгершілік айтқан Құлыншақ ақын атының бодауына құн сұраған мал иесі – дәулетті адамды: Құдабай бай, есіңе ал Былтырғы қасқыр шапқанды. Қорадағы қойларың Жыландының бойында Әр жерде арам қатқан-ды. Қасқырдан қанша құн алдың, Қан-жыныңды ақтарды – деп тоқтатып, ағайын арасын бітістірген екен. Алла жазса, ел арасында Құлыншақ ақынның әлі талай шығармасы табыларына көз жетіп, көңіл сенгендей.

ЕЛ СҮЙГЕН ЕКІ ЖҮЙРІКТІҢ БІРІ Бар едік екі жүйрік құдай берген... Майлықожа Есте жоқ ескі замандардан бермен қарай бірде үзіліп, бірде тізіліп жалғасып келе жатқан руха­ ни қазына-байлығымыздың өмір жасы қаншама ғасырларды құшағына алып жатыр. Араб тілді Әбу Насыр әл-Фараби, көне түркі тілдес Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқарилар, жаңа түркі ті­ лінде тұңғыш сыршыл жырлар жаратқан Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Иүгнеки, Рауанди Хорезми­ лер дамытқан өлең өнері бертінде, әсіресе ХІХ ға­ сырдың бірінші жарымында бастау алып, екінші жарымында мықтап ірге тепкен қуатты да құ­ діретті күнгейлік ақындық мектеппен ұштасып жатыр. Ерлік, елдік жыршылары Мәделіқожа, Құлыншақ, Майлықожа, Молда Мұса (Мұсабек), Нұралы, Ергөбек сынды еңбектері ел көңілінде мәңгілік жатталып қалған майталман ақындар шығармашылығымен ерекшеленетін бұл ақындық мектептің негізгі белгілері қайсы, жазу мәнерлері қандай дегенге келсек, біз мыналарды байқар едік. Біріншіден, күнгейлік ақындар мектебі за­ манының саяси-әлеуметтік мәселелеріне жедел үн қосып отырумен бірге, байыпты бұқарашыл­ дық бағыт ұстанды. Сөйтіп, әлеуметтік, филосо­ фиялық, табиғат, махаббат лирикаларымен қатар сықақ, мысал сипатындағы шығармаларды да дү­

ниеге келтірді. Бұл ретте жоғары адамгершілік ереже-қағидаларды орнықтыруды көздеген көр­ кем де терең мағыналы терме-толғаулар айрықша орын алды. Сондай-ақ аталған ақындық мектеп өкілдері батырлық-қаһармандық, ғашықтық жыр­ ларды өздерінше өңдеп, қайта жырлап, кеңінен на­ сихаттау ісінде қыруар тірлік тындырды. Әрі-бері­ ден кейін олардың көркем қара сөзбен баяндалуы­ на күллі қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш болып негіз қалады. Нәзирашылдық, яғни басқа әдебиет­ терде толғанған тақырыптарды өзінше өңдеп жазу әдісімен шығармалар жаратуға негіз салып, үнді, парсы, араб жұрттары әдебиеттерінің інжу-мар­ жандарын оқырмандарына таныстырды. Орта Азия халықтары әдебиеттерінен, атап айтқанда, өзбек әдебиетінен алғашқы аудармалар жасады. Осындай сан қырлы қызметті ақындарымыз ауыз­ ша да, суырыпсалма және жазбаша мәнер-тәсіл­ дермен де өздерінің шығармашылығында ша­ ма-шарқына қарай біреуі көп, екіншісі аз мөлшер­ де жүзеге асырған. Атақ-даңқы өзінің көзі тірісінде-ақ алыс-алыс аймақтарды аралап кеткен Құлыншақ Кемелұлы, жоғарыда айтқанымыздай, осынау күнгейлік ақындық мектептің айтулы шайырларының бірі болды. Кейінірек ол кісінің есімімен республика жұртшылығы алғаш рет Жамбыл атамыздың жыр­ лары арқылы танысты. Атақты Бақтыбай ақынмен танысу барысында өзі өнеге алып, үлгі тұтынған ұстаз ақындары Майкөт, Құлмамбеттер қатарында

күнгейлік екі ақынның – Майлықожа мен Құлын­ шақ есімдерін ерекше ілтипатпен атап, Жәкең: Майлықожа, Құлыншақ Пірім еді бас ұрған, Айтқандары нұсқа еді, Сөзі жаралған асылдан, – деген-ді. Кейін келе іздестіріп қарағанымызда, Құлын­ шаққа қатысты бірталай байыпты баға өз өлке­ міздің ақын-жыршылары тарапынан да берілгені­ не көз жетті. Мысалы, Құлыншақпен айтысында Майлықожа өз замандасын «бағы қалың, аузының қыдыры бар, аты озған ақын, елдегі құдай берген екі жүйріктің бірі, өлеңнің дүрі» деп бағалаған бол­са, ақын Молда Мұса (Мұсабек): Көтеншіде Құлыншақ өлеңші еді, Шу дегенде суырылып жөнеуші еді. Қарсыласып бетпе-бет айтысқанда Еш адамнан жеңілдім демеуші еді, – деп, оның ақындық-айтыскерлік өнеріне өзінің әде­биет сыншысы сипатындағы қабілет-қарымын аңғар­татын «Ақын деп сыртымыздан әркім қанық» атты өлеңінде тәнтілік танытады. Сол сияқты ақын қызметі тағы бір шәкірті, дастаншыл жырау Сұлтанбек Аққожаев, Жамбыл, Қызылорда облыстарының ел-жұртына әйгілі

арқалы ақын Кенжеқожа Құлмырзаевтар тара­ пынан да таңдана, талдана жырлағанын жақсы бі­ леміз. Бұған ақын бабамыздың өзі жайында асқақ та болса ақиқат айтылған: Құлыншақ сөйлер сөзден ұялмайды, Жалғанда жаннан айыл жия алмайды, – деген арынды баға-баламасын қосыңыз. Біздің қолымызда, жалпы қазақ совет әдебиет­ тану мамандары қарамағында Құлыншақ Ке­ мелұлының өмірі мен шығармашылығына қа­ тысты мәліметтер мөлшері, оның сақталып қалған әдеби мұра мөлшері тым тапшы. Осыдан жеті-се­ гіз жыл бұрын, 1983 жылы жарияланған «Қара­ тау атырабының ақындары» атты кітабымызда ол кісі жайында тақұл-тұқыл ғана мәлімет беріп өте шыққанымыздың негізгі себебі де, міне, осы бола­ тын. Ондағы деректерді бізге беруші Құлекеңнің ең кенже баласы, ол кезде 63-64-тердегі Исахан ақсақал-ды. Исекеңнің айтуында ақын 1831 жылы туып, өмірінің ақырғы кезеңінде Мекке сапары­ на кетіп, содан қайтар жолда, 1901 жылы қағы­ на тиген қатты дертке ұшырап қайтыс болған де­ лінген-ді. Бірақ кейінгі кезде Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылым­ дарының докторы, профессор Рахманқұл Бердібай «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» деген кі­ табында (1967) және біздің мәліметті ұстанған про­ фессор Ханғали Сүйіншәлиев жазып, жариялап

жүрген соңғы зерттеулерде Құлекеңнің дүниеге келген-кеткен уақыттары 1840-1911 жылдар ме­ жесінде көрсетіліп, ол «Қазақ совет энциклопедия­ сында (жетінші том, 31-бет, 1975) жарияланып та жіберілді. Ақынның 150 жылдық мүшелтой мере­ кесі, міне, осы соңғы дерекке негізделіп өткізілді. Алайда мұнда мынадай бір маңызды мәселеге на­ зар аудара кетпеске болмайды. Жоғарыда есімдері аталған беделді де білікті зерттеушілеріміз, ша­ масы Құлыншақты тым діндар қаламгер етіп көр­ сетуден көрінеу қашқақтап, ол кісінің қайтыс бол­ ған жерін жүгірген аңның тұяғы, ұшқан құстың қанаты күйетін араб шөлі деп жатпастан, ақиқат­ тан саналы түрде аттап өтіп, Созақ ауданының «Жартытөбе» кеңшарының жері деп көрсетіп жі­ берген. Ал біз ғылымда ең әуелі ақықтай аппақ ақиқат қымбаттығын, мұның қаламгер шығармашылығын дұрыс тануға көп септігі тиерін ескергеніміз жөн деп білеміз. Х. Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің тарихы, ХVІІІ-ХІХ ғғ.», Р. Бердібайдың «ХVІІІХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары» аталған көп­ шілік жинақтағы «Құлыншақ Кемелұлы» зерттеу­ лерінде баяндалатын өмірбаян деректері, сайып келгенде, Сұлтанбек Аққожаевтың өлеңмен баян­ далған мәліметтерінің аясындағы нәрселер. Со­ лай болғандықтан да біз бұл жерде Сұлтекеңнің ол куәліктерін толық дерлік келтіре кеткенді жөн са­ наймыз:

Әкесі Құлыншақтың Кемел еді, Немере сүйген екен, шөберені. Алты ұлы алты ауыл боп жүре берді – Пендеге мұнан артық не береді? Құлыншақ – алтауының ең кенжесі, Дарыған он бірінде өлең енді. Түсінде ақ сақалды кісі болып Беріпті өлеңменен көгенді енді. Әкесі «Шөже ақыннан бата әкел» деп, Үш тоғыз дүниемен жібереді. Шөженің ақ батасын алып қайтты – Адамзат дұғаменен көгереді. Келген соң киіндіріп, атын беріп, Баланы еркіменен қоя берді. Күнде той, күнде жиын (тамаша ғып), Күңірентіп жіберді жүрген жерді. Өзінің уақытында болған ер де: «Құлыншақ», «Құлыншақ» боп жүре берді. Сылдырлап қоңыраудай тіл, көмейі, Керегенің жаңғыртқан көгінде енді. «Еш ақын Құлыншақтай болмас-ау» деп, Адамдар аңыз ғыпты со күндегі. Өлеңі көгенменен қабат бітіп, «Құлыншақ», «Құлыншақ» боп жүре берді. Келгенше жиырмаға тоқтай алмай, Сейіл ғып аралады төменгі елді. Арғын, найман, қыпшақ, тама, табын, Сарыарқа сары дала, сары белді. Айтайын уақытында болған ерді – Ел берген дүниенің арқасында Мекке мен көріп қайтты Мединені.

Мұндағы өмірбаян мәліметтеріне қосымшалап ақын еңбектерін жинастыруда елеулі еңбек етіп жүрген Ұлы Отан соғысының ардагері Ырысқұл Ырысжановтың елдегі көне көз қариялардан (негі­ зінен Сұлтанбек Аққожаевтан) жазып алған кейбір деректерін де келтіре кеткен орынды: Құлыншақ ақын екі рет, алғашқыда Ұлжанға, ол қайтыс бол­ ған соң Алтынқызға үйленеді. Ол шешемізді қар­ тайған шағында өз көзімізбен көрдік. Қапсағай де­ нелі, қара кісі еді, ол кісі кейінірек қайтыс болды. Құлыншақтың ұлдары Әкбар, Ысқақ, Сатай ақын болған, бірақ олардан ұрпақ қалмаған. Төртінші ұлы Исаханға ақындық өнер қонбаған. «Өлең ке­ рек пе, көген керек пе» дегенде «ешқайсысы керек емес» деген. Исаханның екі иығы бүлкілдеп, көздері қыза­ рып жүретін, орта бойлы, қызыл шырайлы кісі еді, ол 1977 жылы 81 жасында қайтыс болды... Құлын­ шақтың баласы Ысқақ (1880-1919) жас кезінде қозы жайып жүреді. Бір күні әкесіне келіп, қолын­ дағы таяғын домбыра етіп, «мен де жиын-тойға барсам, жақсы-жаманды көрсе қайтеді?» деп, есік алдында босағада отырып өлең айтады. Сонда әке­ сі Құлыншақ мырс-мырс етіп мұртынан күліп, Ысқақтың өтінішін қабыл алып, Түркістан база­ рынан киім-кешек алдырып, жиын-тойға қасына ертіп жүретін болған... Құлыншақ ақын алысқа жолаушылап жүрер алдында үлкен кесек қантты балғамен майдалап, ауылдағы балаларға үлестіріп береді екен: «Қарақтарым, біреуіңе менің ақындық

өнерім қонар ма екен?..» – деп. Құлыншақ алыста жолаушылап жүрген кезде (Мекке сапарынан қай­ тар жолында – Ә.О.) қатты ауырады. Жүруге ша­ масы келмей жатқанда қасындағы жолдасы Шор­ нақбай дегенге «маған қалам, дәптер тауып әкел, өлеңмен елге хат жазайын» дейді, бірақ ол ешнәрсе тауып әкеле алмаған». Ырсекеңнің дәптерінен ақынның сөз өнеріне деген айрықша ілтипатын, оның арттағылар тара­ пынан жалғастырылуына ерекше қамқор пейілмен қарағанын, ол кісінің өмір жолының туған жер­ ден жырақта үзілгенін байқаймыз. Бұдан бір-екі жыл бұрын Қызылқұм ауданындағы халық ағарту ісі ардагерлерінің бірі Шернияз Шорабеков жаз­ дырып, «Қазақ әдебиеті» газетіне жарияланған: Адамзат келер, келер – жүзге келер, Пендені үйде өлсе де түзге көмер. Құдая, иманымды саламат қыл, Ағайын қайда бізді іздеп келер? – деген өзекті өртерлік сөздер сол заманда Шор­ нақбай арқылы ел-жұртқа жеткен ең соңғы сәлем болуы да ықтимал. Шығармашылық қызметіне келер болсақ, қол­ дағы әдеби мұраларының мөлшері, түбірі, бі­ тім-болмысына қарағанда ақын өнерінің негіз­ гі-негізгі үш қыры барын бажайлар едік. Олардың ең бастысы – терең ойшылдығының белгісіндей фи­ ло­софиялық пайымдаулар болғанда, екіншісі – өт­

кір әзіл-оспаққа, әжуа-мысқыл, сын-сықаққа құ­­ рылған әлеуметтік мазмұндағы ықшам өлеңдерге ұсталығы да, үшіншісі – шебер айтыскерлігі дер едік. Ал енді ақынның ең алымды шәкірттерінің бірі болып, дүниежүзілік даңққа бөленген Жамбыл атамыздың бізге ақын Ғали Орманов пен профессор Бейсенбай Кенжебаев арқылы жеткен естелікте­ ріне жүгінсек, онда Құлыншақ өнерінің төртінші қыры – дастаншылдық-жыраулық болғанын да байқаймыз. Аталған естеліктің екеуі де Жәкең жайындағы сан алуан естеліктер жиынтығы болып табылатын, 1989 жылы басылған «Дастаната» жинағының 139 және 260 беттерінде келтірілген. Әуелі Ғали Орма­ новтың «Ғасырлық ғұмырдан бір тағылым» атты күнделік жазбасына зер салалық: «20 июнь, 1939. Қопабай және бір-екі туысы келді. Қопабайға айт­ ты Жамбыл: «Екеуміз ертеде Арысқа, Түркіс­ танға барғанымыз есіңде ме? Майлықожа, Құлын­ шақ ақындардан «Шора батыр», «Қыз Жібек», «Мұңлық – Зарлық» қиссаларын тыңдап, қайтар­ да атымызды ұрлатып жаяу қалғанымыз, ел болып ат мінгізіп қайтарып еді. Ой, ол да бір қызық күн­ дер екен ғой», – деп, жас кезін еске алды. Ғалекең­ нің мына бір куәнамасы да растаған үстіне растай түседі: «Ертеде сенің аулыңда болғанмын, – деп басталған Жәкең әңгімесін қаз-қалпында алға тар­ тады Бейсекең. – Ол жиырма бес жасар кезім еді. О, шіркін дүние, балалық-ай! Түркістанды қоныс­ тап қалған Нұртаза есімді ағайын бар еді. Соның

үйіне түстім. Оңтүстік ақындарын көрейін деген көңілде арман бар. Әсіресе Шәді төреге жолық­ сам деймін. Үйіне іздеп барып едік, ол кісі үйінде болмай шықты. Әзірет сұлтанды аралап көрдік. Екі-үш күннен кейін Түркістандағы бір тойда Май­ лықожа, Балқы Базарға кездесіп, думанда бірге болдық. Сол жолы Құлыншақтан «Шора батырды» тыңдап, үйрендім. Ертеңіне Базармен айтысып қалдым. Айтыс аяғы бәдікке айналып бара жа­ тыр еді, жұрт екеумізді қой-қойлап аяғында әзер тоқтатты. Майлықожа: «Балам, сенікі жөн, тоқта енді», – деп арқамнан қақты. Мен сол сапар Май­ лықожаны ұстаз тұтып қайттым». Міне, бұлардан байқап отырғанымыздай, қазақ эпос жырларын жаратудың негізгі ошақтарының бірі болған күнгей Қазақстанда ақындығының үстіне жырау-жыршылығымен де елеулі еңбек ет­ кен тұлғаның бірі Құлыншақ атамыз екен. Өкін­ діретіні – әзірге ол кісі жырлады деген не батыр­ лық, не ғашықтық, не тарихи жырлардың нақты нұсқаларының қолға түспей келе жатқандығы. Атап айтқанда, «Шора батырдың» Майлықожа, Молда Мұса (Мұсабек), «Алпамыстың», берідегі Әбдірайым Байтұрсынов, «Қыз Жібек», «Мұң­ лық – Зарлықтардың» Жүсіпқожа Шайхысламұлы жыр­лайтын нұсқаларын жақсы білетін біздер, Құлекеңе қатысты басқалай дайынды нұсқаны білмейміз. Жәкең жаттап алып айтқан «Шора ба­ тырының» нұсқасы отызыншы-қырқыншы жыл­ дары қағаз бетіне түсіп, замананың зәйілімен жарық көрмей келген болса, оның жөні бір басқа.

Жоғарыда айтқанымыздай, ақын шығармашы­ лығының басты-басты үш қырының біреуі, біреуі болса да бірегейі – табиғаттың, адам өмірі мен тір­ шілігінің мән-мазмұнына түбегейлі ой жіберіп, ке­ неулі пікірлер сабақтайтын философиялық сипат­ тағы өлеңдері мен қысқа-қысқа терме толғамдары болып табылады. Мұндай шығармалар қатарына «Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы», «Енесі жүдеп, нашарлап», «Адамзат келер, келер – жүзге ке­ лер», «Дария білмес иттің сарығанын» атты туын­ дыларын жатқызуға болады. Осылардың ішінде айрықша бөлек, ерекше оқ­ шау тұрғаны «Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы» өлеңі. Мұнда дүние, яғни адам өмірі халқымыздың «қасқалдақтың қанындай» деп келетін мәтел сөзі­ не баламалай алынып, қамысты терең көлдің қо­ лға оңайлықпен түсе қоймайтын қасқалдағына ұқ­ сатып бағаланады. Сөйтеді-дағы, өткендегі қазақ ақындарының баршасына тән тәсілмен, адам өмі­ рінің кезең-кезеңді кездеріне – балалық, балиғат, егделік, сексен, жүз жастағы қарттық шақтарға сипаттамалар беріледі. Бұлай еткенде адамның сәбилік, балалық шағы өмірдің бастамасы есепті қабылданса, сәбидің өсе келе балиғат жасына же­ туі тіршіліктің ыстығына күйіп, суығына тоңатын адам баласы үшін бар бейнеттің басталған тұсы, ал балиғат жасынан асқан соң келетін орта жас ег­ делікке аяқ басу деп түсіндіріледі. Қойыны суық қара жердің хабар лебі есе бастаған сексен жастан соңғы тоқсан, жүз – еңсесі түскен адам кейпінде

елестетіледі. Осылай етіп оқырман ойын сан саққа жүгіртіп, әр қиянға бір салатын ақынның мақсат­ ты түйіні жоғары адамгершілік, парасатты сана асқарына қарай жетелейді: Біреуге «берем», дегін, «алам» деме, Біреудің адал нанын алып жеме, – дей отырып, адамның артында ұмтылмай мәңгі сақталып қалатын тек жасаған жақсылығы ғана деген қорытынды жасайды. Терең ойдан тамыр тартатын тәлімді ақыл-кеңес, қағида-ережелер қысқа қарымды терме түрінде келетін «Енесі жүдеп, нашарлап» толғауында да едәуір ұшырасып, бейнелі беріледі. Мұнда әдет­ тегі тіршілік қарекетінен, қала берді, табиғат да­ муының барысындағы өзгерістерден туатын жағ­ даяттардан бастап, қоғамдық, әлеуметтік мәні өрелі қорытындыларға дейін биіктеуді байқаймыз. Мысалы: Басшысы нашар жолығып, Ынтымақ кетсе, ел ғаріп, – секілді сөздер халықтар, әсіресе қазақ халқының тарихи тағдырына тікелей тән қорытынды дер едік. Аталған терме-толғамда бұлардан басқа да, кестесі келісті ойлар көп кездеседі. Мәселен, енесі жүдеп, нашарлаған жағдайдағы төлдің, ауадан жа­ уынның жоқтығынан от шықпай қалатын жердің, 13-0237

көк алалы жылқысыз бетегелі белдің, қатарынан кем тартып қуаты кеткен ердің, қазіргі Арал теңі­ зінің қасіретті тағдырын еске салатын қаңқылдап ұшқан қаз-үйрексіз айдынды шалқар көлдің ғаріп­ тігі туралы толғамдар осындай. Күнгей қаламгерлерінің шығармашылығында үнемі дерлік кездесетін ақын мен ақындық өнер болмысына беріліп отыратын сипаттама-міне­ здемелер Құлекеңде де ара-тұра ұшырасып қа­ лады. Және олар, бір сүйсінерлігі, ақын өнеріне қойылар қоғам алдындағы жоғары талап өресінен табылады. Бұлай еткенде, кемерлі ойдан шығар келелі сөз иесі ақын мен оның негізгі еңбек құралы домбыраның арақатынасы да елеусіз қалмайды. «Енесі жүдеп, нашарлаптағы»: Өлеңдетіп, әндеткен, Айналаны сәндеткен, – секілді, өнер иесі ақынның қолындағы: Жастайынан көсілген, Он саусақ ойнап секірген, – ақ домбыра қандай әрекет-қимыл келісімін тап­ қан? Алайда ақиық ақынның жастық уақыты арт­ та қалып, қуат-күші қайтып ғаріптік халге түскені өкінішті. Құлекеңнің дүниетанымы мен ақындық қары­ мының қандайлық екенін тек философиялық тол­

ғаныстары ғана емес, жеңіл әзіл-қалжың, әжуа­ мысқыл аралас әлеуметтік мән-мазмұндағы ар­ нау өлеңдері – «Ішпеймін қымызыңды шөлдесем де», «Орта жүзде бар дейді», «Алпыс бір жанның атасы», «Сен едің, Рысқұлбек, бұлғақтаған», «Ма­ зақ қылма, Көлбайым», «Ит сатқанның ауылы атанарсың» деп аталатын дүниелері деп білген дұрыс. Бұларда шайырдың бұлтартпай ұстанғанр басты бағыты – бұқарашылдық. Мысалы, «Ма­ зақ қылма, Көлбайым» арнауын алып қарайық. Айт­пақшы, бұл жерде айта кетерлік бір жағдай – Құлекең шығармашылығын зерттеушілерден Рах­­ манқұл Бердібаев, жанашырлардан композитор Жанғали Меймандосовтар тарапынан жалпы Көл­ бай болысқа арналған өлеңдердің бәрін Құлыншақ ақынға тели сөйлеудің дұрыстыққа келе бермей­ тіндігі. Өз кезінің есті, елеулі азаматы болған Көл­ бай болыс бейнесі Майлықожа ақынның әлеумет­ тік мазмұндағы бір емес, бірнеше өлеңінде («Иір­ ген тақыр жерге қойдай болдық», «Көлеке, бай­­ лық – балпаң, жоқтық – жалтаң», «пеленше үйде­ ді, тү­генше бүйдедімен» қорытынды шығара салу­ лары орынды болмай жүр. Шындығына келгенде, Көлбайға қатысты Құлыншақ шығарған өлең деп «Мазақ қылма, Көлбайымды» атаған мақұл. Ке­ зінде Шымкент облыстық «Оңтүстік Қазақстан», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттері жария­ лаған: Аулыңа келген жыршыны Мазақ қылма, Көлбайым.

Мазақ қылсаң, Көлбайым, Сенің әкең Жұмабай Шылбырдан өлген кісі еді, Кетерсің болып сондайын, – деп келетін шығарма күллі билік иелеріне зілді ес­ кертпе болып шыққан. Алғыр қаншығының күшіктерін бір-бір тоқтыға айырбастап дәніккен бір байдың ел естімеген сұм­ дық әрекетін әшкерелейтін «Ит сатқанның ауылы атанарсың» атты өлеңі жағалай жатқан қалың жұртқа жаманат келтіретін жағымсыз қылықты шенеп-мінеуімен құнды: Алты күшік болыпты алты тоқты, Әркім әуес қылады қолда жоқты. Ит сатқанның ауылы атанарсың – Ендігәрі жемеңіз мұндай б...ты. Сондай-ақ «Әңгімесін естісең...» сықағанда сөй­ леген сөзіне құлақ қойған адам жаһаннан асқан ғұлама көріп қалатын, бірақ істеген ісіне қарағанда күнәға белден батып жүрген, күндіз сопысынған­ мен кешке қарай құнты-пейілі бұзылып шыға келе­ тін дін қызметшісінің сырты жылтыр, іші қылтыр бет-бейнесі көз алдымыздан өтсе, әкесінің қазасы кезінде шығарылған «Алпыс бір жанның атасы» атты аза жырының ақын бұрын әке арқасында жағасы жайлау боп емін-еркін өмір сүріп келген

өз басының дағдарысты қалпына сын айтарлық та қуат табады. Оның: Тоқсанға жасы келгенше, Ажалы жетіп өлгенше Мойнында еді ботасы, – деген әрі жеңіл, әрі шарасыз дағдарыс рәуішті сөздерінің күні бүгінге дейін мән-маңызы жойыла қойды деп айта алмас едік. Есейген шағында да әке-шешеге салмақ артқан осы іспетті тағдыр иеле­ рі әлі күнге дейін арамызда жетіп-артылып жатқан жоқ па? Өмір шындығынан туған өлеңнің осылай өміршең келетіні хақ. Құлекеңнің әдеби мұрасының үшінші қырын құрайтын айтыс өнерінен бізге жеткен бірден-бір шығармасы – өз замандасы Майлықожа ақынмен айтысы. Одан аңғарылатын ең бір қымбат қасиет – елі сүйген екі ақынның да бір-біріне деген кере­ мет күшті сыйластық сезімдері, бір-бірінің дарын қуат­тарына ешбір шек келтірмейтіндігі. Мұның қаншама айшықты мысалдарын Майлықожаның Құлыншаққа, Құлыншақтың Майлықожаға бер­ ген мінездемелерінен айқын аңғарғандаймыз. Мы­ салы, Майлыекеңнің Құлекеңе арнап айтқан «Ме­ німен кім айтысар сенен өзге», «Ақын ең бағың қалың, озған атың», «Бар едік екі жүйрік құдай берген», «Өлеңге мен де дүрмін, сен де дүрсің», «Бар едік екі ақын мақтап жүрген», «Аузыңның қыдыры бар кісі едің», сондай-ақ Құлекеңнің Май­

лыекеңді марапаттайтын «Қара дауыл өлеңге дүр­ сің, қожам», «Жүзіңде мөріңіз бар қожа екенсіз», «Қосылдық екі жүйрік сайымызға», «Мүбәрәк жү­ зіңізді жаңа көрдік», «Қожеке, сөзіңе жұрт тоймас ұсайд» дегендері қандай. Әрине, сөз салымына қарай қыза-қыза келіп, өзара жамандасып та қалатын кездері бар. «Мен сендей өтірік айтып өңдемеймін», «Түз арамы екен­ сің, арам қожа», «Қаңғырған бір шағылдың кедей иті», «Мен күміс, сен мыспенен жанаспаймын», «Қақырықтай аз қожа, не сөзің бар?», «Құлыншақ пақыр», «Қазақы сен бір ақын ылықпа ақыл», «Қо­ жеке, екенсіз ғой ақылсыз жан», «Құлыншақ, сен бір арсыз ақын ба едің?», «Кереметің қожа боп жоқ қой маза», «Қараңдар шайтан пірдің мазасына», «Есі шыққан есірік, есер қожам» сияқты сөз қағы­ суларды зілсіз қабылдап, «тұлпардың өз тұяғы өзі­ не дәрі» мағынасында ұққанымыз лазым. Айтыс аңғартар екінші бір жәйт – екі ақынның да қоңторғай қал-ахуалдары, қожантомпай дәулет иелері екендігі. Мұны Майлы қожа «Олжамыз, құ­ дай берсе, мол болсын да», «Туғаныңа айт, жолым­ ды мықтап қылсын», «Құлыншақ, несін алдым сен кедейдің», Құлыншақтың «Жалғасқаным бе­ кер ме дүние-зерден?» дейтін уәждері-ақ танытып тұрғандай. Майлықожа да, Құлыншақ та өздерінің күнкөрі­ сі Қыр мен Сырдағы жағалай жатқан ел-жұртқа тікелей тәуелді екенін түсініп қана қоймайды, өздерін сол ел-жұртқа барынша қарыздар, мін­

деткер өнер иелері деп ұғады. Әуелінде айтысудан бой тартып, қашқалақтай сөйлеген қарсыласына Құлекеңнің: Қожеке, сөзіңе жұрт тоймас ұсайд, Бозбала бір-бірімен ойлас ұсайд. Бірінен ат, бірінен тон киюші ек, Шамасы, көп борышымыз қоймас ұсайд, – дейтіні ақындардың, бір олар ғана емес, өнерпаз біткеннің қоғам, халық алдындағы парыз-қарызын кемел түсінгендіктен барып айтылып отырған уәж деп ұғуымыз қажет. Елі ерекше қадірлеген осы екі жүйріктің ай­ тысына ғылыми баға беруде белгілі жағдайлар себепті ұзақ жылдар бойы көп кібіртікті бастан кештік. Кезіндегі дүйім елді дүрліктірген дақпырт­ тардан аса алмай, Майлықожа айтыстарының ішінде ғылымдық мәні болмаса, әлеуметтік сор­ пасы татымсыз екі айтыс барын, олардың Құлын­ шақ және Жанақ ақындармен айтыстары екенін, бұлардың алғашқысында діни бояудың қалың­ дығын, соңғысы патша өкіметі тұсында қозды­ рылып келген ұлт алакөздігі идеясымен суарыл­ ғандығын мәлімдегенбіз-ді. Кейін Құлекең мен Майлыекең арасындағы айтыстың еңбекші ел есебінен күн көріп жүрген кейбір әлеуметтік топ өкілдерінің тіршілігін сынап-мінеуді өзек етке­ нін айтуға батылымыз барғанымен, шығарманың өзін жан-жақты талдап жатуға тағы да тәуекелі­

міз жетпеді. Оны жүзеге асырудың, міне, енді сөз зергерінің туғанына 150 жыл толған мүшелтойы тұсында ғана сәті түсті. Жасыратыны жоқ, жақсы басталып, жарқын жалғастырылып жатқан айтыс табан астында Құлыншақтың мүлт кетуінің салдарынан ғана Майлықожа пайдасына шешіледі. «Айтысқа түсіп жүрген суырыпсалма ақын, тегінде, өлең таба ал­ мағандықтан, ұйқасты сөз құрай алмағандықтан жеңілмейді... ұтымды дәлелден ойсырап, жүйеге жығылып, дау сөздің логикалық жағынан ұтылып барып жеңіледі», – деп Мұхтар Әуезов айтқандай, Құлыншақ та Майлықожадан өзінің аңдаусыз айтып қалған артық сөзінен запа шегеді. Ол сөз мынау: Қожа едің келмей жүрген, келдің өрден, Келгеніңде орынды бердім төрден, Қошемет қылсаң қоңыратқа жарасады, Ежелден қоңсым едің ауқат көрген. Қарсыласының астамшылықпен айтып қалған арға тиер, ашындырар ағат сөзіне: Осы ма сияпатың, кеп ем өрден, Әр пенде еңбегімен ауқат көрген. Асыратып мен саған ақсақ мал ма ем, «Қоңсым» деп не сөз айттың келген жерден? – деп шап ете түскен Майлықожа, бара-бара сол жа­ ман ұғым түсінігіне арқа тіреп алып, дін-шариғат

ережелеріндегі бар пәлені әріптесінің үстіне үйіп төгіп, әрі-беріден кейін: Пенде деген пендені асырай ма екен, Қатының талақ, болдың ғой өзің кәпір, – деп бастырмалатады. Өзінің қапыда мүлт кеткенін сезе қойып, мұсылмандығын дәлелдемек болып та­ банда кәлимеге тілін келтірген Құлыншақ сөздері­ не қарсы: Асырадым» дедің де, діннен шықтың, Бұл тіліңе жараса «кәпір» дедім, – деп үдеп кетеді. Құлыншақтың: Қоңсым» десем, тақсыр-ау, қоңыраясың, Жалғасқаным бекер ме дүние-зерден? – дегеніне де қарамайды. Қайта: Бай қоңырат, бар қоңырат алғам шығар, Құлыншақ, несін ап ем сен кедейдің? – деп, ұтырлы да ұтықты жауап қайтарады. Сөй­ тіп, өз кезінің үстем пікірі – «кім-кімді де Алла асырайды» деген діншілдік ұғым-түсінікті ту ғып ұстап, бар халықтың санасына әбден сіңіп кет­ кен ойды Майлықожа мейлінше шебер малданып, Құлыншақты соның құрбаны етіп тынады.

Құлыншақтың қарсы жұмсар жаңа уәжі де – қо­ жалардың адал-арамды ажырата бермейтінін, кезі келсе арақ-шарап пен боза да ішетінін, басбұзар­ лық әрекеттерге де бара беретінін мінейтін: Бір сөзді айтпайтұғын айттың маған, Мен де лайық сөз айттым, тақсыр, саған. Арақ пенен бозаны қатар ішер Қасыңдағы жолдасың Мәделі ағаң, – деген нақты кінәлауына да орамды жауап тауып, өзінің нағашы ағасы Мәделі ақынның қоңырат қызынан туғанын көлденең тарта қойып: Шешесі Мәделінің апаң Қойқаң, Келе сап Апақайды қылған сойқан, Нағашысы арамқор сен болған соң, Жиендерің қылып жүр ойпаң-тойпаң, – деп тағы да ұстата қоймайтынын танытады. «Құлыншақ пен Майлықожа» айтысы, түптеп келгенде, өткендегі айтыстардың ортасынан ойып орын алмағанмен, тапқырлық-шешендік өнердің өнегелі ескерткіші ретінде ерекшеленетін шығар­ ма екені даусыз. Айтыс өнеріне тән бар асыл қа­ сиетті жинақтаған, тәлімдік-тәрбиелік мәні бар елеулі еңбек. Ал енді Құлыншақ ақын шығармаларының жұртшылыққа жеткізілу, танытылу жайына тоқ­талсақ, оның қолда бар шығармаларының

жөн-жосықсыз қысқартылып немесе көптеген бұрмалау­ға түсіп жарияланып жатуы оқырман қа­ уымның ақынға деген ыстық ықыласын суытып, «зерттеушілер де түймедейді түйедей етіп, бол­ машыны дабыралай береді екен-ау» деген өкпе-ре­ нішін туғызулары әбден заңды. Шынын айту ке­ рек, дүниеде азын-аулақ еңбектері аздырылып-тоз­ дырылып жарияланып келе жатқан бір ақын бол­ са, ол Құлыншақ демеске лаж жоқ. Қазақ халық әдебиетінің көп томнан тұратын беделді басылымының айтыс өлеңдеріне арналған тоғыз томдығының 1988 жылы басылған екінші кі­ табында Құлыншақ пен Майлықожаның жоғарыда талданған айтысы тұңғыш рет жарық көрді. Бірақ ондағы білгір ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, марқұм Кәрібай Шәменов қағазға тү­ сірген нұсқа көлемді-көлемді қысқартулармен, талай өлең тармақтары бұрмаланып-бұзылған қа­лыпта жарияланып, ақындардың екеуінің де шығармашылық мүмкіндіктерінің айқын ашы­ лып, жарқын көрінуіне елеулі нұқсан келтірілген. Кітапты шығарушы Қазақ КСР Ғылым академия­ сының М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты мен «Жазушы» баспасының қызмет­ керлері айтысты діндарлық қабаттардан арылту бағытындағы әурешілдікпен әлектеніп, айтысқа тән уақыт-заман белгілерін мейлінше солғын­ датып, тіпті шығарманың құйрық-жалын кү­ зеп, кей тұстарын мағынасыздыққа ұшыратқан. Мәселен, екі ақынның өзара амандық-саулық

сұрасқан, Құлыншақ сөзімен басталып, Майлықо­ жа жауабымен аяқталатын төменгі шумақтардың қысқарып қалуын немен түсіндіруге болады? Жа­ рияланғаннан бас жарылып, көз шығып кетер­ ліктей, яки оқырманын аздырып-тоздырып жібе­ рерліктей дәнеңе жоқ, қайта айтысқалы отырған екі ақынға тән кейбір деректер келтірілетін сол шумақтарды оқып көрелік: Құлыншақ: Қожеке, есенсіз бе, сәлем бердік, Мүбәрәк жүзіңізді жаңа көрдік, Жүзіңде мөріңіз бар қожа екенсіз, Жоқ шығар көңіліңізде тәкәппарлық? Майлықожа: Құлыншақ, сәлем берсең, сәләмат бол, Қарсы алып сәлеміңді беремін қол, Сіз сәлем берсеңіз, біз әлік алдық – Сүннеті пайғамбардың жазулы жол. Құлыншақ: Осындай мәжілісті неше көрдім, Әмбеден халыққа жақсы есендерің. Бейтап деп сыртыңыздан естіп едік, Қожеке, айықты ма кеселдерің?

Майлықожа: Құлыншақ, көтеншіде сенің атың, Біледі сырттағы адам сөздің қалпын. Құданың дәргәһіне шүкір қылып, Айықтым аман-есен, азаматым. Сол секілді, Майлықожаның тыныштықты көз­ деп әрі меймангершілік сыпайылықпен өнерлес әріптесін мәмілеге келуге шақыратын және Құ­ лын­шақтың ақындығын көкке көтере, мадақтай жырлайтын уәж сөздерінің айтысушы екі жаққа бөле-жара телініп жіберіле салынуына жол бол­ сын? Шынтуайтына келгенде, ол сөздер түгелімен Майлықожаның аузынан шыққан: Ақын ең бағың қалың, озған атың, Жеңіпсің Кіші жүздің Барақатын. Өлеңді қой ендеше, біраз тыңда Қожаның айтып өткен насихатын. Жиналдың үлкен-кіші үйден, түзден, Тайда құйрық, жүйрік ек атқа сүзген. Майлықожа, қоңыраттан Құлыншақ боп Екеуміз шығып едік Орта жүзден. Өлеңін екі ақын қайым етер, Ақылдылар сөздерін пайым етер. Екі жүйрік егесіп шаршаған соң Зорығып біреуінің пайы кетер.

Мақтармыз ішінде өскен елімізді, Әруақты ел ішінде ерімізді. Арман-бермен ырғасып белімізді – Көздерміз шығатұғын жерімізді. Бұл уақта сөйлер сөзге сайланарсыз, Бір уақта көңіліңізге қайғы аларсыз. Бар едік екі жүйрік құдай берген, Сауырына біреуінің байланарсыз. Бар едік екі ақын мақтап жүрген, Жоғары мен төменге сақтап жүрген. Екі жүйрік егесіп шаршаған соң Аты озар бір бөтеннің жақтап жүрген. Осындай-осындай қысқартулар мен бөлшек­ теулерді былай қойғанда (бәлкім, солардың сал­ дарынан да шығар), айтыстың қалған бөлігінде жеке сөздер ғана емес, тұтас сөз тіркестері бұрма­ ланып, өзгеріске ұшырауы өкінішті-ақ. Бір бұл емес, «Жазушы» баспасы 1984 және 1989 жылдары басып шығарған «Бес ғасыр жыр­ лайды» жинағының екінші кітабында ақынның азғантай үзінділер күйінде жарияланған шығар­ маларының өзінен қаншама қателер жіберілген десеңізші. Кейбір өлең шумақтарының бей-бере­ кет берілгені сондай, олардың поэзиялық қуат-қа­ сиеті едәуір көмес­кі тартқан. Мысалы, ақынның Майлықожамен жалпақ жұрт жақсы білетін сөз қағысуын алайық:

Майлы, Майлы дегенмен май болмадың, Жұрттан алып жегенмен бай болмадың, – деген өлең жолдары: Майлы, Майлы десе де май болмадың, Ат пен түйе алсаң да бай болмадың, – деп қате берілсе, Майлықожаның Құлыншаққа та­ банда қайыратын: Сен Құлыншақ болғалы талай болды, Иә құлын, иә жабағы, тай болмадың, – деген жауабы: Сен Құлыншақ болғалы небір заман, Не жабағы немесе тай болмадың, – деп (76-б.) қолапайсыз нұсқада берілген. Сондай-ақ ақынның «Енесі жүдеп, нашарлап» өлеңінің: Ауадан жауын кем болып, От шықпай қалса, жер ғаріп, – дейтін жолдары: Ауадан жауын кем болса, От шықпай қалса, жер ғаріп, –

делініп (77-б.), мағыналық жағынан мүлдем үйле­ сімсіз берілген. Өмір иірімдерін айтарлықтай тол­ ғаныспен суреттеп бере білген ақынның адам ба­ ласының тіршілік сапарын толымды түйіндейтін: Адамзат келер, келер – жүзге келер, Пендені үйде өлсе де, түзге көмер. Құдая, иманымды саламат қыл, Ағайын қайда бізді іздеп келер? – деген Мекке сапарынан қайтар жолында, қаза та­ бар әлетінде шығарылған делінетін арманды өксік­ ке толы шумағын құрастырушылар: Адамзат келер-кетер жүзге келер, Бәрібір үйде өлсе де түзге көмер. Қайыр-қош, аман боп тұр, қайран елім, Ағайын енді қайда бізге келер? – деп (78-б.) айтарлықтай қарабайырландырып жі­ берген. Бір Құлыншақ еңбектері ғана емес, жалпы халқымыздың өткендегі сөз қазынасы – көзіміз­ дің ағы мен қарасындай қымбат та қасиетті бай­ лығымыз десек, оларды елеп-екшейміз деп жүріп омыртқасын опырып, қабырғасын қаусатып алып, әдеби мұрамыздың құнсыздануына жол бермейік.

Жолтай ӘЛМАШҰЛЫ, филология ғылымдарының кандидаты, жазушы ӨЗ ЗАМАНЫНЫҢ ДҮЛДҮЛІ Сыр бойының жүйрік тілді ақыны Құлын­ шақтың есімі қазір біршаға таныс бола бастады. Алайда әділіне жүгіне сөйлесек, ол толығымен танылып болған жоқ. Тек үлкен шайыр ретінде ғана атүсті мақалаларда аты аталуда. Оның себебі неде? Әрине, ақын дүниелерінің әлі де жинаусыз қалып келе жатқанында. Қолда бар дүниелеріне қарамастан, Құлыншақ – өз кезінің өрен жүйрігі. Біздің бұл пікірімізді халық поэзиясының алыбы – Жамбылдың өзі де шегелей түседі. Ол бір өлеңінде: Қаздай қалқып ерінбей, Өлең тердім жасымнан. Майлықожа, Құлыншақ Пірім еді бас ұрған, – деп, ұлы Жамбыл Құлыншақтың атақ-даңқын көк­ ке көтереді. Ал өзінің тұстас інісі Молда Мұсаның (Мұсабек Байзақұлы) да оның талантына ерекше ілтипат білдіріп, былай деп жазғаны бар: Көтеншіде Құлыншақ өлеңші еді, Шу дегенде суырылып жөнеуші еді. 14-0237

Қарсыласын бетпе-бет айтысқанда, Еш адамнан жеңілдім демеуші еді, – деп, оның ақындық-айтыскерлік келбетін аша түскен. Егер де Молда Мұсаға сенер болсақ, Құлын­ шақ айтысқанда ешбір ақыннан жеңіліп көрмеген екен. Ал ақиық ақын Асқар Тоқмағамбетов болса, өзі­ нің бір өлеңінде Құлыншақты ерекше құрметпен жыр кестесіне түсіріп: ...Ақсүмбе, Абақ батыр Созақтағы, Кем еді қай батырдан қазақтағы? Құлыншақ, Бердібек пен Айтжан ақын Талайды сөзбен орап тұзақтады, – деп толғайды Асқар ақын. Бірқатар зерттеушілеріміз айтып жүрген ең соңғы деректер бойынша, ол 1840 жылы қазіргі Шымкент облысының Түркістан топырағына таяу Жартытөбе деген жерінде туып, 1911 жылы Мек­ кеден қайтып келе жатқан жолында үзіліпті десе­ ді. Сол үзілер алдында елге сәлем ретінде айтты де­ ген мынадай бір шумақ өлеңі әлі күнге дейін халық жадында: Адамзат келер-келер – жүзге келер, Пендені үйде өлсе де, түзге көмер. Құдая, иманымды саламат қыл, Ағайын қайда бізді іздеп келер.

Алайда, жасыратыны жоқ, бұл кісінің туған жылы әртүрлі айтылып жүр. Айталық, Х. Сүйін­ шәлиевтің кітабында ол 1831 жылы туған делі­ неді1. Ал ғалым Р. Бердібаевтың дәлелі мынадай: «Құлыншақтың ауылдасы, сауатты, елінің әңгіме, шежіресіне қанық Әлішер Қосмахамбетовтің және Шымкент облысы, Қызылқұм ауданының «Шәуіл­ дір» совхозында өмір кешкен, Құлыншақтың біраз өлеңін жатқа білген қария Омар Байымбетовтің дәлелдеуіне қарағанда 1840 жылы туғаны сенім­ дірек деп есептеуге болады»2. Ежелгі ел аузындағы әңгімеге сүйенсек, Құлын­ шақтың жастайынан ақындыққа талаптануы түсінде Қыдыр аян берген соң екен. Қыдыр ай­ тыпты-мыс: «Көген аласың ба, өлең аласың ба?» деп. Сонда бұл «өлеңді аламын» депті. Міне, содан былай қарай ақындық жолға түсіп, атағы кеңге жайылыпты. Құлыншақ ақынның мұраларына көз салған­ да байқалатын бірді-екілі ерекшеліктер бар. Олар мыналар: ол – ең алдымен өз дәуірінің жаршысы, өз кезінің сыншысы. Оның философиялық өлеңде­ рі осыған куә. Мысалы: Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы, Жұлдыздай сәуле берген аспандағы. Дүниеге сәби болып келгеннен соң, «Өмірдің, – дейді халық, – басталғаны», – 1 Қазақ әдебиеті XVIII-XIX ғғ. – А., 1981. 2 XIX ғасырдағы қазақ ақындары. – А., 1988.

деп басталатын өлеңінде Құлыншақ өмір пәлса­ пасына бой ұрып, содан өзінше ой топшылауға ұм­ тылған. Онысы әдемі де кестелі болып өрілген. Екінші бір қыры – пасықтық, арамзалық, то­ пастық атаулыға жаны қас болған, оны тілімен бе­ зеп, сынап отырған. Бұған ерекше арнау өлеңдерін мысал етуге болады. Сол арнауларында біз айтып отырған ерекшелігі өзінше көрініс тапқан. Мысалға жүгінелік. Құлыншақ өзі туралы бір өлеңінде былай деп тол­ ғайды: ...Менің атым Құлыншақ, Ал сөйлей гөр, тіл мен жақ. Даусым, байғұс, шығып бақ, Саулы інгендей ыңқылдап. Қызыл тілім, сөйлеп бақ, Асыл біздей жылтылдап. Домбырам, байғұс, сен сөйле, Екі шегің тыңқылдап. Он саусағым, қимылда, Жорға тайдай бұлтылдап, – деп кете беретін жыр шумағынан жақсы мен жа­ манды салыстыра сөйлейтінін байқау қиын емес. Ақынның ендігі бір жыры өмір туралы, заман ту­ ралы пәлсапа шертеді: ...Қаз-үйрегі болмаса, Айдынды шалқар көл ғаріп.

Қатарынан қап кетіп, Қуаты қашқан ер ғаріп. Өлеңдетіп әндеткен, Айналаны сәндеткен, Уақытым жетсе, мен ғаріп, – деп жалғастырар еді. Ақынның өз кезіндегі бай-шонжарларды сынай айтқан арнау өлеңдері де салмақты, ойлы болып келеді. Мысалы, Ондыбай деген болысқа былай деп өлең сөз арнапты: Сәлем де Ондыбайға Құлыншақтан, Есектен не туады айғыр шапқан. Жылтыраған бетіне әуес болмай, Адамның баласын ал, кісі баққан. Ал «Дүйсенбі датқа» деген өлеңінде: Әлсізді аз ғана амалдайсың, Жақсылық бұл пейіліңнен таба алмайсың. Жеріңе ерегіскен қап-қара боп, Бұлттай жауатұғын табандайсың, – дейді. Сөздері қандай? Сурет емес пе! «Жауатын бұлт­ тай табандап» тұрған Дүйсенбі датқаны көз ал­ дыңызға әкеліп көріңіз... Болмаса, «Мазақ қылма, Көлбайым» деген арна­ уының уыты да ешбір өлеңінен кем емес.

Алдыңа келген жыршыны Мазақ қылма, Көлбайым. Мазақ қылсаң, Көлбайым, Сенің әкең Жұмабай Шылбырдан өлген кісі еді, Кетерсің болып сондайын, – дейді. Құлыншақ – әсіресе сөз додасында ешкімге дес бермеген айтыскер ақын. Айтысқанда сөз тапқыш, жауапқа жылдам болған. Онысын артында қал­ дырған бірқатар қақтығысуларынан байқауға бо­ лады. Оның Майлықожамен сөз қағыстыруы елдің жадында әлі күнге дейін сақталған. Құлыншақ пен Майлы – екеуі де Қаратау мен Сырдың ортасын жайлаған елде ерекше көз­ ге түскен ақындар. Олар өзара сөз қағыстырып отырған. Әзілдері жарасқан. Мәселен, бір жолы Құлыншақ: Майлы, Майлы дегенде май болмадың, Жұрттан алып жегенде бай болмадың, – деп, Майлыны сүріндірмек болғанда, ол да өлеңді іліп ала жөнеліп: Сен Құлыншақ болғалы талай болды, Ие жабағы, ие құнан, тай болмадың, – деп қағып тастайтыны бар.

Өздеріңіз байқап отырған боларсыздар, ол екеуі «Құлыншақ», «Майлы» деген сөздерді ойнатып, әрі қалжың, әрі күлкіге ұластырып жіберіп отыр. Оның үстіне дереу, аяқ астынан айтып салуы – шын шеберлігі. Ақын өз кезіндегі жыр дүлдүлдерімен үнемі жыр сайысына түсіп отырған. Әсіресе бірі басын бастап, екіншісі аяғын іліп әкету – екінің бірінде болып отыр. Мәделімен, Майлымен, Бұдабаймен, Молда Мұсамен бірге жүргендегі мұндай сәттері аз емес. Бір жолы Құлыншақ үлкен сапардан келе жат­ қанда қасындағы серігі: Қаратаудың басынан көш келеді, Қайғылының көзінен жас келеді, – деп, екі ауыз сөз бастапты. Сонда Құлыншақ еш ір­ кілместен: Дәулет пенен перзенттің кештігі жоқ, Біреуге ерте, біреуге кеш келеді, – деп, бір-ақ түйсе керек. Серігі оның нағыз дүлдүл ақын екеніне тәнті болыпты. Құлыншақты нағыз айтыскер ақын ретінде Май­ лымен сөз қағыстыру айтысы арқылы танимыз. Айтыста екі ақын да бір-бірінің намысына тимей, сыйластық көңілін байқатып отырады. Бір-бірі­ не мінездеме береді. Мысалы, Құлыншақ «қара

дауыл өлеңге дүрсің, қожам», «жүзіңде мөріңіз бар қожа екенсіз» десе, Майлы оған: «Бар едік екі жүйрік құдай берген», «өлеңге мен де дүрмін, сен де дүрсің», «Аузыңның қыдыры бар кісі едің» деп жауап қайтарады1. Майлы да, Құлыншақ та өлең сөздің жүйрігі. Тағдыр екеуіне бақ беріп, бір заманда өмір кешкен. Екеуі де халқына, еліне сыйлы болған ақындар. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні – ақын Құлын­ шақ Кемелұлы да қазақ әдебиетінің тарихынан өз орнын алуы керек. 1 Қазақ әдебиеті XVIII-XIX ғғ. – А., 1981.

Болат ҚОРҒАНБЕКОВ, филология ғылымдарының кандидаты ҚҰЛЫНШАҚ КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ ЖЫРШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАНАМА ДЕРЕКТЕР Халықтың сан ғасырлар басынан кешірген тағ­ дыр-талайын көркем түрде жинақтап, кейінгі ұр­ пақтың тарихи жадысын қалыптастыруға, олар­ ды отансүйгіштікке тәрбиелеуде таптырмас құрал бол­ған қаһармандық жырлардың құндылықтық мәні өлшеусіз. Мұндай қасиетті халық қазынасын бізге жеткізген жыршы-жыраулардың қандай та­ рихи міндет атқарғанын осыдан-ақ шамалауға бо­ лады. Қазақ даласында батырлық жырлар кең өріс тапқан «эпикалық аудандар» оңтүстік және батыс аймақтарда болса [1], Оңтүстік Қазақстандағы жыр­шылық мектептің нағыз кіндігі – көне Түр­ кістан шаһары. Көлемді жырларды таңнан-таңға созып айтушылардың ең үздіктері бүкіл түркі әлемінің рухани астанасы төңірегіне шоғырлануы заңды да. Осы Түркістан жыршылық мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі – Құлыншақ Кемелұлы. Құлыншақ тек жыршы ғана емес, көпқырлы шы­ғармашылық иесі болған. Бұл жөнінде ақын шығармашылығын зерттеуші Әсілхан Оспанұлы былай дейді: «Шығармашылық қызметіне келер болсақ, қолдағы әдеби мұраларының мөлшері, түбірі, бітім-болмысына қарағанда ақын өнерінің

негізгі негізгі үш қыры барын болжар едік. Олар­ дың ең бастысы, терең ойшылдығының белгісіндей философиялық пайымдаулар болғанда, екіншісі – өткір әзіл-оспаққа, әжуа-мысқыл, сын-сықаққа құрылған әлеуметтік мазмұндағы өлеңдерге ұсталығы да, үшіншісі – шебер айтыскерлігі дер едік. Ал енді ақынның ең алымды шәкірттерінің бірі болып, дүниежүзілік даңққа бөленген Жамбыл атамыздың бізге ақын Ғали Орманов пен профессор Бейсенбай Кенжебаев арқылы жеткен естелікте­ ріне жүгінсек, онда Құлыншақ өнерінің төртінші қыры дастаншылдық-жыраулық болғандығын да байқаймыз» [2]. Дәулескер шығармашылық ие­ сінің Ә. Оспанұлы айтқан алғашқы үш қырына айғақ боларлық аз-кем құндылықтар қалған бол­ са, жыршылық өнерінен тікелей хабар берерлік деректер бізге жетпеді. «Бұған себеп ақынның ке­ зінде өз туындыларын жазып қалдырмауы болса, екіншіден өмірінің көпшілігін сырт жерлерде се­ рілік құрып өткізген. Білетін кісілердің айтуын­ ша Құлыншақ өзінің туып-өскен жері – қазіргі Шымкент облысының Созақ ауданындағы Үштөбе, Жартытөбеде көп тұрмаған» [3], – дейді Рахманқұл Бердібай. Бұл – бір. Екіншіден, Құлыншақтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтар­ дың көп сақталмауы оның әйгілі фольклор жинау­ шыларына кездеспеуімен де байланысты. Құлыншақ Кемелұлының эпикалық қорында, негізінен алғанда, қазақтың қаһармандық жыр­ ларының болғандығы байқалады. Мұның ізін,

әсіресе Ә. Оспанұлы айтқандай, Жамбыл естелік­ терінен көре аламыз. 1939 жылдың 20 шілдесінде жазған Ғали Ормановтың күнделігінде былай де­ лінеді: «Қопабай және бір-екі туысы келді. Қопа­ байға айтты Жамбыл: «Екеуіміз ертеде Арысқа, Түркістанға барғанымыз есіңде ме. Майлықожа, Құлыншақ ақындардан «Шора батыр», «Қыз Жі­ бек», «Мұңлық – Зарлық» қиссаларын тыңдап, қайтарда атымызды ұрлатып, жаяу қалғанымыз, ел болып ат мінгізіп қайтарып еді (...)» [4]. Жамбыл естелігінде айтылған үш жырдың еке­ уін Құлыншақ айтқан болуы керек. Өйткені Май­ лықожаға кездескен ауыз әдебиетін жинаушылар, әсіресе әйгілі фольклоршы Ә. Диваев ақын репер­ туарында бұл жырлардың бар екендігін айтпаған. Тек одан «Шора батырдың» қара сөзбен айтылған нұсқасын ғана жазып алған. Бұл жөнінде алда әң­ гіме етеміз. Ал Қ. Саттаровтың кандидаттық дис­ сер­тациясына сүйене отырып, өзбек бақшысы (жыршы) Ергеш (Эргач) Жұманбұлбұлұлы «Қыз Жібек» жырын Майлықожадан естіді деген Ә. Ос­­ пан­ұлының пікірі [2] әлі де анықтауды қажет ете­ді. Зер сала қарасақ, өзбек бақшысы жырды 20-жылдардың аяқ кезінде Майлықожадан емес, оның ұлының аузынан естігенін байқаймыз. Бұған бақшының: Хужа бир кеп оббарган йуқ, Етти, саккиз, унга етган. Шу «Жибакнинг» қиссасини, Мойлибойнинг уғли айтган [5], –

деген сөздері куә. Мұндағы Ергеш бақшының Май­ лықожаның ұлы деп отырғаны ақындығымен әйгі­ лі болған Майлықожаұлы Исабек [6] болуы керек және жырды Исабек әкесінен емес, Жүсіпбек Шай­ хисламұлы жариялаған нұсқадан жаттағанға ұқ­ сайды. Оны мынадан байқаймыз: өзбек бақшысы Е. Жұманбұлбұлұлы «Қыз Жібектің» өзбекше вер­ сиясын жасамақ болып, оны өз бетінше жырлаған. Ж. Шайхисламұлы жариялаған вариантта жария­ лаушының өз атынан айтатын кіріспе сөзі Ергеш бақшының өзбекшелеген нұсқасында сол күйі қайталанған [7]. Міне, бұл дерек Ергеш бақшының жырды Исабектен естісе, Исабектің оны Жүсіпбек басылымынан жаттағанын аңғартады. Демек Май­ лықожа «Қыз Жібекті» айтпаған. Егер ол бұны жырлаған болса, Исабек жырды өз әкесінен үйре­ нер еді. Оның үстіне, В.М. Жирмунский мен Х.Т. За­ рифовтар да Ергештің жырды жарық көрген нұсқа­ дан үйренгенін айтады [8]. Майлықожаның репертуарында көптеген кө­ лем­ді жырлар болғанымен, оның репетуарын, не­ гізінен, қазақтың төл эпикалық мұралары емес, шығыстық дастандар құрағанын зерттеушілер еңбегінен көруге болады [2,115-127]. «Көрұғлы» жырын және «Калила мен Димна», «Тотынама», «Мың бір түн» сияқты шығармалардың кейбір та­ рауларын дастан етіп айтқан ақынның «Қыз Жі­ бекті», «Шора батырды» жатқа айтуға қабілеті то­ лық жеткен болар еді. Алайда оның шығыстық сю­ жетке ден қоюы ақынның өзіндік шығармашылық

ерекшелігі болған [9]. Шығыстық сюжетті жырлау­ ды үрдіске айналдырған Майлықожа қазақтың төл эпикалық мұраларын айтуды мақсат етпей, оны үзеңгілес серіктерінің үлесіне қалдырып отырған сияқты. Осыларға қарағанда, Жамбыл­ дың оңтүстіктен үйренген үш жырының ішіндегі Майлықожаның жырлағаны «Мұңлық – Зарлық» болып шығады. Ал Жамбыл бұл жолы «Шора ба­ тыр» мен «Қыз Жібекті», біздіңше, Құлыншақтан естіген. Әсіресе Құлыншақтан естіген деп нық сеніммен айтуға болатын жыр – «Шора батыр». 1940 жы­лы Мәскеуде Жәкең ғалым Бейсенбай Кенжебаевқа жолығып, жас кезінде Оңтүстікке барған сапары жөнінде әңгімелей келе, «Сол жолы Құлыншақтан «Шора батырды» тындап үйрен­ дім» [4], – деген екен. Бір өкініштісі, бұл нұсқа Жамбылдан дер кезінде жазылып алынбаған. Жоғарыда айтқанымыздай, Майлықожаның айтуынан «ІІІора батырдың» қара сөз түріндегі үлгісін Ә. Диваев жазып алып, жариялаған бола­ тын [10]. Бұл нұсқаның жыр түрінде айтылған қаһармандық эпос мазмұнын қара сөзбен баяндап беру нәтижесінде пайда болғанын аңғару қиын емес. Олай дейтініміз, фольклордағы прозалық жанрлардың өзіне ғана тән белгілері бар. Қаһар­ мандық-фантастикалық тақырып прозалық жанр­ лардың ішінде ертегілерге тән болса, олардың ай­ тушы мен тыңдаушы арасында шындық ретінде айтылмайтындығы батырлық жырлардан ең басты айырмашылығының бірі болып табылады [11]. Ал

Майлықожадан жазылып алынған «Шора батыр» әңгімесінің өн бойынан сюжетке арқау болған оқиғаның өмірлік негізі бар екендігіне тыңдау­ шыны сендіру ниеті айқын сезіліп отырады. Бұл – қаһармандық эпосқа тән шарттылық [12]. Бұл нұсқаның осындай табиғатын дұрыс түсіне білген Ә. Диваев, С. Мұқановтар оны батырлық жырлар қатарында жариялады [13]. Демек Майлықожа Ә. Диваевқа өзі мазмұнына қанық қаһармандық жыр үлгісін қара сөзбен баяндап берген. Сонда Майлықожа бұл нұсқаны кімнен естіген болуы мүмкін деген сұрақтың жауабын ақынның өз айна­ ласынан іздеген дұрыс. Майлықожамен қарым-қатынаста болған Май­ көт, Молда Мұса, Құлыншақ ақындардың барлығы да «Шора батырды» өзінше жырлаған. Майкөт [14], Молда Мұса [14,212-396] жырлаған нұсқалар­ға ұқсастығы болғанына қарамастан, бұл прозалық вариантта оларда жоқ кейіпкерлер мен эпизодтар көптеп кездеседі. Диваевқа баяндаған кезде Май­ лықожа мәтінді оз ойынан шығармағанын, өзі білетін бұрыннан бар жыр мазмұнын өзгертпей айтуға тырысқандығын, бірақ көп жерін ұмыта бастағандығын нұсқа соңындағы сөзден байқауға болады: «Осымен біз сөзімізді аяқтаймыз, егер біз­ дің баяндауымызға еріксіз қате кірген болса оқыр­ манымыз кешірер. Біз пендеміз ғой, ал пенде кей­ де қателеседі» [10,88], – дейді Майлықожа. Сонда ақын нұсқаны кімнің жырлауында естіген? Бізге жеткен басқа варианттардан өзгешелігін ескер­

сек, бұл прозалық әнгіменің тек Құлыншақ жыр­ лаған нұсқамен ғана ұқсас болуы мүмкін екенін түсінеміз. Осыдан келіп, Майлықожа Құлыншақ жырлаған варианттың ұзын-ырғасын Ә. Диваевқа баян­дап берген деген болжамға барамыз. Ә. Диваевтың Майлықожадан эпосты жазып ал­ ған уақыты оны жариялаған 1895 жылдан бұрын болары сөзсіз. Бұл тұстарда Құлыншақ қажы са­ парына кеткен немесе соған дайындық үшін ел ара­ лап жүрген болса керек. Оның қажылық сапарға аттанатын кезі XIX ғасырдың 90 жылдарының бі­ рінші жартысы сияқты. Ә. Оспанұлы ақын сол са­ пардан қайтар жолда 1901 жылы ауырып қайтыс болған дейді [2,21]. Енді бір деректерде ақынның қайтыс болған жылын 1892 [15], бірде 1904 [16], бірде 1908 [17], тағы бірде 1911 [18] жылдар деп көрсетеді. Ақынның өлген жылы туралы дерек­ тің мұндай әркелкілілігі оның қажылыққа барған уақытының белгісіздігімен байланысты екені анық. Өйткені Құлыншақтың қажы сапарында қайтыс болғаны «Адамзат келер, келер – жүзге ке­ лер» деп басталатын өлеңі арқылы көпшілікке әб­ ден белгілі жайт. Зерттеушілердің бір тобы ақын­ ның ХІХ ғасырдың 90 жылдарында Меккені тә­уап ету сапарына шыққандығы жөніндегі әңгімеге сүйеніп, оның қайтыс болған жылын 1892, 1901 жылдар деп көрсетуге мәжбүр болған сияқты. Ал 1904, 1908, 1911 жылдар да ел аузындағы деректер­ ге сүйеніп айтылса, бұл оның ХХ ғасырдың басын­ да өмір сүргеніне куә болғандардың аз еместігін

айғақтайды. Осы жерде ақынның қажылыққа екі рет барғаны туралы журналист Алмас Ақылбектің айтуымен ел аузындағы әңгіменің растығы айқын­ далмақ. Егер зерттеушілер ақынның екі мәрте қажылыққа барғанынан хабардар болса, деректер­ дің мұндай әртүрлілігі туындамас еді. Біздіңше, Құлыншақ ХІХ ғасырдың соңында бір, ХХ ғасыр­ дың басында екінші рет Меккеге сапар шеккен. ХІХ ғасыр мен ХХ бас кезі аралығындағы Қазақ­ стандағы қажылық туралы дерекнамалық еңбекте 1894 жылдың 5 желтоқсанында Меккеге баруға төлқұжат алғаны көрсетілген Прижевальский уезі, Оп-арша болысының қазағы Кулунчак Бутиевтің [19] осы Құлыншақ ақын болуы мүмкін. Оның бұл кезде Прижевальский уезінде жүруі де таңғалар­ лық жайт емес. Бұған қатысты біз жоғарыда ақын­ ның өз ауылында көп тұрмағаны жайлы Р. Берді­ байдың айтқан мәліметін келтірген едік. Құлын­ шақтың өз әкесінің аты Кемел болғаны қазір көп­ шілікке әбден мағлұм. Ал Кемелдің әкесін Өтеп деп көрсетуші мәліметтер бар. Алайда Рысқұл Рысжанов «Кемалов Құлыншақ ақын туралы» де­ ген қолжазба деректемесінде Өтепті ақынның арғы атасы ретінде көрсетіп, «Руы – қошқар саңғыл, оның ішінде, өтеп (...)» [17,2], – деген екен. Де­ мек Өтеп – Кемелдің әкесі емес, арғы атасы. Сонда Құлыншақтың үлкен әкесі, яғни атасы Бота неме­ се Ботай /Бөтей болуы мүмкін/. Бұл мәселені әлі де тереңдей зерттеу керек.

Қалай болғанда да, Ә. Диваевтың жырды Құлын­ шақтан жазып алуға мүмкіндігі болмай, оны Май­ лықожаның аузынан қарасөз түрінде қағазға тү­ сіруіне тура келген деп ойлаймыз. Майлықожа прозалық нұсқаны Құлыншақ варианты негізінде айтқан деудің тағы бір қисыны бар. Өз айналасын­ дағы ақындардың ішінен Майлықожа, әсіресе Құлыншақпен көп шығармашылық байланыста болған. Бұған: Майлықожа, қоңыраттан Құлыншақ боп, Екеуіміз шығып едік Орта жүзден [20], – деген сөзі және екеуінің бірнеше сөз қағысулары дәлел бола алады. Құлыншақпен біраз уақыт бірге болған Майлықожаға ол жырлаған жыр мазмұны әбден қанықты болатыны заңды. Тіпті ол екеуінің халық эпосының екі саласын иемденуінде де үлкен мән бар сияқты. Әрдайым қанаттас жүретін қос жыршы-ақын халықты бірыңғай сарынмен жа­ лықтырмас үшін қазақтың төл қаһармандық эпо­ сы мен қызықты шығыстық сюжеттегі дастандар­ ды алма-кезек айтқан сияқты. «Шора батырды» қарасөз түрінде Мәшһүр Жү­ сіп Көпейұлының да айтқаны соңғы жылдары белгілі болып отыр. Оның айтуында «Шора батыр­ дың» прозалық үш нұсқасы, нақтырақ айтқанда, бір түпнұсқа мен оның екі редакциясы сақталған. Бұлардың үшеуі әр кезде хатқа түскен сияқты. Ақын шығырмаларының көптомдығының бесін­ 15-0237

ші томында жарияланған түпнұсқа басқа екеуі­ не қарағанда көлемдірек әрі сюжеттік желісі то­ лығырақ [21]. Мәшһүр Жүсіп шығармалар жи­ нағын құрастырушылар бұл мәтіннің хатқа түскен уа­қытын қолжазбадағы деректерге қарап, 1922 жыл­ дың 8 ақпаны деп есептеген [21,260]. Олардың көрсетуіндегі Мәшһүр нұсқасының хатқа түскен уақытының Ә. Диваевтың Ташкентте батырлық жыр үлгілерін жариялайтын мерзімімен сәйкес келуі көп ойларға жетелейді. Мәшһүрдің де «Шора батырды» Диваевтың өтінішімен жазуы ғажап емес. Осы айтылған қолжазбаны түпнұсқа деп есеп­ тесек, оның Мәшһүр жасаған тағы бір редакция­ сының жазылу себебі, уақыты туралы нақты де­ рек жоқ. Ақын көптомдығының 10 томында жа­ рияланған бұл әңгіменің [22] көлемі түпнұсқадан азырақ. Бірінші редакцияда түпнұсқадағының көп өзгермей сақталған тұсы ондағы жыр жолдары бол­са, оның өзінен жекелеген жолдар қалып қойып отырған. Бұл Мәшһүрдің түпнұсқаны біраз уақыт таба алмай қалып, қайта жазғанына ұқсайды. Ал екінші редакция тіпті шағын [22,262-263]. Мұнда үзік-үзік эпизодтар ғана берілген. Түпнұсқада бар, бірінші редакцияда жоқ бұл үзінділердің бірінші редакцияны толықтыру үшін жазылғаны айқын көрініп тұр. Осыған қарағанда, бұл редакциялар түпнұсқадан көп кейін, айтушы оның біраз жерін ұмыта бастағанда жазылған болуы мүмкін немесе, керісінше, Мәшһүр осылай бұрын естіген жырдың

жекелеген эпизодтарын еске түскенін еске түскен­ дей хаттап отырып, түпнұсқаны кейінен қалпына келтірген болуы да ықтимал. Қалай болғанда да, біз ақын жинағын құрастырушылар сияқты бұл үшеуін жеке-жеке нұсқа деп емес, бір нұсқаның әртүрлі редакциялары деп санаймыз. Мәшһүрде де Майлықожа баяндауындағы «Шора батырдың» басты өзгешеліктері сақталған. Тіпті Оңтүстіктегі варианттардан (Молда Мұса, Май­көт) өзгешеленіп тұратын ұсақ-түйек детальдар да бұл екеуіне ортақ. Осының өзі бұл екеуінің түп негізі бір екенін көрсетеді. Мәшһүрдің бұл баяндаулары да, Майлықожані­ кі сияқты, Құлыншақ нұсқасынан алынған деген ойымызды жоғарыда айттық. Әрине, М.Ж. Көпей­ ұлының Құлыншақпен кездескендігі туралы бізде нақты дерек жоқ. Бірақ оның Майлықожамен жо­лыққандығы анық. Жолмұрат Жүсіпұлының жаз­басында оның Майлықожамен таныс болғаны айтылады [23,329]. Қазақ фольклортанушылары да осыны қуаттайды [9,299;357]. М.Ж. Көпей­ ұлының фольклорға қатысын зерттеген Н.Қ. Жү­ сіпов айғақтайтын нақты деректері болмаса да, ақынның Ақан сері мен Мәделі қожаның өлеңдерін олардың өз аузынан жазып алған болса керек деген болжам айтады [24]. Біз де сол сияқты Мәшһүрді Құ­лыншақпен де кездескен деп есептейміз. Олай деуге бірнеше дәйектер бар. Біріншіден, М.Ж. Кө­­ пейұлы оңтүстік өлкесіне діни білім алу мақса­ тымен барған, осымен байланысты, қажылар

туралы дерек жинаған. Бұған оның қажылар ту­ ралы жазғандары куә. Демек оның қажылыққа барған Құлыншақ туралы білмеуі мүмкін емес. Сондықтан онымен кездесуге тырысатыны белгі­ лі. Екіншіден, Мәшһүрдің жиырма тоғыз жасында Бұхараға барғаны өз жазбаларынан мәлім [25]. Бұл 1887 жылға тура келеді. Осы жылы оның Бұхар, Ташкент, Түркістанда болып, Бұхарда бір жыл тұрғанын, қайтарда Түркістанға тоқтағанын зерт­ теушілер де айтады [9,357]. Бұдан соң, ол 1895-96 жылы да Оңтүстікте болған. Бұл туралы ақынның өзі былай дейді: «1313-інші [бізше 1895 – Г.Ж.] (тік жақшаның ішіндегі томды бастырушы Г. Жүсіпо­ ваның ескертуі – Б.Қ.) һыжырет әлһы бойының 17-інші шығбанда, қой жылында Білтешашта сытқамет айладық. Ғидаутыр первый мартта жек­ сенбі күн Әбілқасымхан ишан мешітінде оқылды. Сол айттан (ғыдтан) кейін Түркістан келдік. Бұл қой жылы қажылар болды. Арқаның көп қажысы қырылды» [173]. Мәшһүр айтқан қажылардың ішінде Құлыншақтың да болуы ықтимал. Осы екі сапардың әйтеуір біреуінде Мәшһүрдің Құлын­ шақпен кездескені көп күмән туғызбайды. Тіпті Арқа өңірін көп аралаған Құлыншақтың Мәш­ һүрмен бұған дейін де жолығуы ықтимал. Мәшһүрдің «Шора батырды» Майлықожадан емес, Құлыншақтан естіген болуы керек деуге не­ гіз болатын айғақтар нұсқаның өзінен де кездеседі. Соның бірі – Майлықожадағы жыр жолдары­ның Мәшһүр баяндауында кездеспейтіндігі. Екінші­

сі – Майлықожа нұсқасындағы баяндаушының өзі қосқан сарындар мен эпизодтардың Көпейұлында жоқтығы. Үшіншісі – Мәшһүрде Майлықожада жоқ элементтер аз емес. М.Ж. Көпейұлы нұсқасын­ дағы жыр жолдары Майлықожадан анағұрлым көп және оның ешқайсысы Майлықожада жоқ. Майлықожадағы шағын жыр үлгісі де Мәшһүрде кездеспейді. Оның есесіне, Көпейұлындағы жыр түріндегі бөлімдермен Молда Мұса нұсқасында бір­ шама ұқсастықтар бар. Мысал келтіре кетейік: Мәшһүр Жүсіпте: Доңғалақ арба жүрместей, Қарлы ма еді жеріңіз? Азды түтіп жегендей, Бассыз ба еді еліңіз? Іздегенің ұрыс пенен Төбелес болса, Кәні, маған келіңіз! [21,198-199]. * Арғы атамды сұрасаң, Қарабура ұранды – Қырық үйлі жүрген тамамын. Өз жөнімді сұрасаң, Нәріктің ұлы Шорамын. Қазан деген жеріме, Тама деген еліме Танысуға барамын [21,205]!

  • Мен бір азық қазғанмын, Су таба алмай, азғанмын, Жоқ жоғалтқан сергелдең, Жоқ іздеген, жазғанмын. Аяулыда алты ат жоқ, Тобылға жүнді торы ат жоқ, Сылдырдан еді сырғасы, Мақпалдан еді дорбасы, Сенделіп жүр жорғасы, Он атым және қабат жоқ [21,208]. Молда Мұсада: Жалғыз-жарым жүрместей, Зорлықшыл ма еді еліңіз? Жылқым үркіп ішпестей, Бақалы ма еді көліңіз? Құс аралап ұшпастай, Қоғалы ма еді көліңіз? Ноғайлы-түрікпен елінің, Біз болдық жейтін жеміңіз [14,293]. Танымасаң, Тасеке-ау, Кеуістің ұлы тамамын. Бергі атамды сұрасаң, Нәріктің ұлы Шорамын, Қолыңда туған баламын [14,291].
  • * Жоқ жоғалтып торықтым, Іздей-іздей зорықтым. Жоғымның жөнін білгендей, Білімді ерге жолықтым. Аяулыда алты ат жоқ, Белгіліден бес ат жоқ, Құйысқан жетпес құла ат жоқ, Әсіресе, көкбесті, Көкейімді сол кесті. Мақпалдан еді дорбасы, Күмістен еді сырғасы [14,315]. Біздің филология ғылымдарының докторы Н. Төреқұловтан естіген ауызша дерегіміз бойын­ ша, Молда Мұса өзі айтқан «Ер Шора» жырын Құлыншақтан үйренген. Сонда жоғарыдағы ұқ­ састықтар да Мәшһүр нұсқасының негізі Құлын­ шақта жатқандығын айқындай түспек. Көпейұлындағы жыр жолдарының Молда Мұса вариантымен көп ұқсастықтары бола тұра, өзіндік стильдік өзгешеліктері де бар. Ол, әсіресе ұйқастың күрделілігінен көзге түседі. Мұнда бір-бірімен ерсі­ лі-қарсылы байланысып жатқан ішкі ұйқастармен бірге, көптеген жолдарды өткізіп барып байланы­ сатын түйдектік ұйқастар да бар. Соның бір мы­ салын (Қараманның өлер алдында Шораға айтқан сөзін) бере кетейік: Өтпес біліп жалғанды, Өзімді өлмес біліппін.

Маңдайым қайтпай пендеден, Бетіме ешкім келмеген. Қарайған жанның бәрін де Жан-ау деп көзге ілмеген. Періп кетпе пірі боп, Зорайып өсіп ірі боп, Тоқтаусыз жортып желіппін. Жау алатын қыз итті Бала екен деп біліппін. Маған сен күйеу болғандай, Оң жағыма кіргізіп, Қай қолымнан беріппін?! Өзім үшін тусам да, Жұртым үшін өліппін! Елімнің баспа іргесін, Өлтірме бит пен бүргесін. Жебір де жесір қылдырма, Шібішімнің аяғын бастырып, Атқа сындырма. Құдай риза (ырза), мен риза, Кес кідірмей басымды, Дулатып бергіз асымды. Тірлік пенен өмірден Өлімді артық біліппін [21,211-212]! Мұндай ерекшелік Мәшһүр вариантының жыр түріндегі бөлімнің барлығында дерлік сақталады. Бұл – оны Молда Мұса стилінен даралап тұратын басты көрсеткіш. Сондай-ақ оның көне эпикалық формулаларды барынша мол пайдаланатын Май­

көттің де, терме поэтикасына бейім Майлықожа­ ның да жырлау үлгісіне де ұқсамайтындығы оңай ажыратылады. Осы тұста тағы да бұл Құлын­ шақтың жырлау ерекшелігіне тән сипат болуы ке­ рек деген ой туады. Майлықожа, Құлыншақ Пірім еді бас ұрған, – деп екі ақынның атын құрметпен қатар атап, еке­ уін бірдей ұстаз тұтқан Жамбылдың Құлыншақтан «Шора батырды», Майлықожадан «Көрұғлыны» үйренуінде де көп сыр жатыр емес пе? (Жамбыл Майлықожадан «Көрұғлыны» үш ай еріп жүріп үй­ ренген [2,127]). Жамбыл Сүйінбайды суырыпсал­ малыққа, айтыс өнеріне баулыған ұстазы деп са­ наса, Майлықожа мен Құлыншақты жыршылық өнер жолында пір тұтқан тәрізді. Жоғарыда айт­ қанымыздай, Жамбыл кездескен Оңтүстік ақын­ дарының көбі «Шора батырды» білген. Солардың ішінен ол жырды үйренуде Құлыншақты таңдауы тегін емес. Шамасы, ірі эпик ақын ең көлемді әрі әсерлі вариантты қалаған болса керек. Жамбылдың Оңтүстікке баруы 1820 жылдар­ дың шамасы деп айтылып жүр [26]. Бұл – Құлын­ шақ шығармашылығының әбден кемеліне келген шағы. Осыдан кейін Жамбыл Құлыншақтан үй­ ренген жырларын (біздің ойымызша, «Шора ба­ тыр» мен «Қыз Жібек») ұзақ уақыт айтпай кеткен. Өйткені 1922 жылы Жетісу облысындағы Қосшы

одағының съезіне қатысқан он тоғыз ақынның ре­ пертуарына, өміріне қатысты тілші-ғалым Шамға­ ли Сарыбаев жариялаған деректе Жамбыл жыр­ лаған жырлардың тізімінде «Шора батыр» да, «Қыз Жібек» те жоқ. Бірақ «Көрұғлы» бар [27]. Жамбыл репертуарынан бұл кезде «Шора батыр» мен «Қыз Жібектің» шығып қалуының басты себебі жергі­ лікті халық сұранысына байланысты деп білеміз. «Сүйікті жырды тыңдау дегеннің де себептері бо­ лады. Халық әдетте өздерінің құлағына қанықты, белгілі дәрежеде елдің өткен тіршілігіне, тарихы­ на, шежіресіне азды-көпті қатысы бар әңгімелер­ ді көбірек қалайды» [28], – дейді Р. Бердібай бұл заңдылық жөнінде. Ал Жамбыл өмір сүрген Же­ тісу өңірінде халық сұранысы қаһармандық эпос­ қа емес, тарихи жырларға көбірек болғандығын фольклор зерттеушілері талайдан бері айтып ке­ леді. Тіпті өзінің қызықты сюжетімен Қазақстан­ ның барлық өңіріне кең тараған «Көрұғлының» өзін Жамбыл аз айтқан көрінеді. Бұл эпосты си­ рек орындау себебін Қазақстандағы жыршы­лық мектептерді зерттеген А. Бұлдыбаев ақынның жер­ гілікті халық тілегі бойынша «Өтеген батыр», «Сұ­ран­шы батыр» сияқты тарихи жырларды көп айтқандығынан деп түсіндіреді [29]. 1922 жылдар­ дың өзінде ұмыта бастаған жырларды кейінгі сая­ си науқандар кезінде Жамбылдың тіптен айтпай­ тындығы өзінен-өзі түсінікті. Сондықтан жырдың Құлыншақ жырлаған нұсқасының іздерін табудың өзі мұң. Дегенмен үміт отын өшірмейтін тұстар

да жоқ емес. Құлыншақ жырлаған «Шора батыр» мен «Қыз Жібектің» енді бір табылуы мүмкін жері – қазіргі қырғыздар арасы. Жамбыл Оңтүстіктегі сапарынан соң көп кешікпей қырғыз жеріне барған [26]. Өзі жаңа үйренген жырларды ұмытыл­ маған, ыстығы басылмаған күйінде ол қырғыз ағайындар арасында талмай жырлағандығы хақ. Осы кезде бұл жырларды Жамбылдан үйреніп алған қырғыз айтушылары аз болмаған сияқты. Біз 1996 жылы Қырғызстанның Ғылым академи­ ясына барғанымызда сондағы Манастану бөлімінің қызметкері Бұғдайбек Сабырұлынан Қырғызстан­ ның Жұмғал ауданы Қайырма селосында (Байзақ айылы) тұрған Әбдіқадыр деген қария Жамбылдан үйреніп, қазақша жырлаған «Қыз Жібек» жыры магнитофон таспасына жазылып алынғанын ес­ тідік. Алайда оны іздеп табудың мүмкіндігі бол­ мады. Сондай-ақ таластық Шекербек Шерқұлов деген жыршы да «Қыз Жібектің» Жамбыл жыр­ лаған вариантын айтқан көрінеді. Құлыншақ, Жамбыл сияқты жыр алыптарының жыршылық өнерін зерттегісі келетін ізденушілердің Қырғыз­ стан Республикасына сөзсіз экспедицияға шығу­ лары қажет. Құлыншақ репертуарында болуы ықтимал жыр­ дың бірі – «Алпамыс батыр». Бірақ «Алпамыс ба­ тырдың» Құлыншақ жырлады деген варианты әлі ғылыми қауым өкілдерінде кездескен жоқ. Көлемді жырларды хатқа түсіру дәстүрі ертерек басталған Түркістан өңірінен Құлыншақ жыр­

лаған эпос үлгілерінің сандық түбінде сарғайып жатқан қолжазбалары табылып қалуы да ғажап емес. Студенттеріміздің фольклорлық іс-тәжіри­ бесі кезінде мұны әрдайым жадымызда ұстауымыз қажет. Жамбыл жырлаған «Бекет батырдың» да түп негізі Құлыншақта жатуы мүмкін. Құлыншақ жырлаған жыр үлгілерінің көркем де көлемді болары кәміл. Өйткені ол талантты им­ провизатор-жыршы. Сондықтан өзі естіген халық эпосын көркейте, әсерлілігін күшейте жырлай­ тыны белгілі. Сонымен бірге, Құлыншақ эпостар­ дағы поэзиялық өлшемдердің, формулалардың көне белгілерін сақтап орындаған деп есептейміз. Өйткені халық шығармаларындағы жырдың ыр­ ғақтық өлшемі музыкалық аспаппен тығыз бай­ ланысты. Мәселен, пернесіз, көне аспап қобыз поэ­ зиялық буын сандарының бір қалыпты өлшемде­ рінен шығып айтуға мүмкіндік береді. Сондықтан да көне жыраулар поэзиясындағы 7-8 буынды жыр түрінің кейбір қатарларындағы бұл өлшемнің ауытқуы оңай жүзеге асып отырған. Ал Құлыншақ жыр айтуда қобызды пайдаланған. «Қорқыттың қобызын өзіне көп заман мұрат етіп, оның күйін аңырата, боздата тартқан күйшілердің бір тобы қазақ халқының атақты ақындары Жанақ, Сабыр­ бай, Найман бала, Қанқожа Уәлиханов, Жұмағұл, Құлыншақ, Базар жыраулар. Бұлардың кейбірін Ш. Уәлиханов қобыз тартушылардың ең соңы деп анықтаған» [30], – дейді Ә. Марғұлан.

Қазақ даласындағы «эпикалық ауданның» бірі болып есептелетін Оңтүстік Қазақстан жыршылық мектебінің ең көрнекті өкілі Құлыншақ Кемелұлы екені күмәнсіз. Ол өзінің репертуарының мол­ дығымен, орындаушылық шеберлігінің ерекше­ лігімен халық жүрегіне терең ұялаған, қазақтың жыр айту өнеріне мол үлес қосқан эпик-жыршы ретінде де танылатын тұлға. Құлыншақ жырлаған көлемді жырлар бізге тікелей жетпегенімен, қа­ зақ эпикалық дәстүрінде оның шығармашылық ізі өшпестей сақталып қалған. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Исмаилов Е. Ақындар. – Алматы, 1956. – 235-б.; Бердібай Р. Эпос – ел қазынасы. – Алматы, 1999. – 295-296-бб. 2. Оспанұлы Ә. Қаратау шайырлары. – Алматы, 1991. – 23-24-бб. 3. Бердібаев Р. Ғасырлар толғауы. – Алматы, 1977. – 61-б. – 128-б. 4. Дастан ата. – Алматы, 1989. – 139-б. 5. Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Фольклор бөлімінің қолжазба қоры, инв. №49. – 78-б. 6. Ақын-жыраулар. – Алматы, 1979. – 104-б. 7. Саттаров Қ. Қазақтың халық романдық эпо­ сы. – А., 1992. – 62-63-бб.

  1. Жирмунский В.М., Зарифов Х.Т. Узбекский героический эпос. – Москва, 1947. – С. 28. 9. Қазақ фольклористикасының тарихы (рево­ люцияға дейінгі кезең). – Алматы, 1988. – 349-б. 10. Диваев А. Шура батыр. Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. – Таш­ кент,1895. – вып. IV. – С. 1-88. 11. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – Алматы, 1984. – 185-б. 12. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. – Алматы, 1993. – 4-б. 13. Батырлар. – Ташкент, 1922; Батырлар жы­ ры. – Алматы, 1939. 14. Бабалар сөзі. Көп томдық. Шора батыр. 7-т. – Астана, 2002. – 81-211-бб. 15. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық. – Алматы, 1997. – 634-б. 16. Өмірбеков Е. Шежірелі өлке: деректі әңгіме­ лер. 1-кітап. – Шымкент, 2002. – 194-б. 17. Рысжанов Р. Кемалов Құлыншақ ақын ту­ ралы // ӘӨИ. 862 п., 3 дп., 1-10-бб. 18. Бердібай Р. Жұлдыздар жарығы. – Алматы, 2000. – 195-б. 19. Қазақстандағы ислам діні: қажылық (ХІХХХ ғ. басы). Материалдар жинағы. – Алматы, 2009. – 259-б. 20. Майлықожа. Шығармалар. – Алматы, 2005. – 192-б. 21. Көпейұлы М.Ж. Көп томдық шығармалар жинағы. 5-т. – Алматы, 2006. – 189-213-бб.
  1. Көпейұлы М.Ж. Шығармалары. 10-т. – Ал­ маты, 2010. – 248-259-бб. 23. Жүсіпұлы Ж. Мәшһүр Жүсіп өмірбаяны // Көпейұлы М.Ж. Шығармалары. 8-т. – Павлодар, 2006. – 330-331-бб. 24. Жүсіпов Н.Қ. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – фольклорист. Оқу құралы. – Павлодар, 1999. – 56-б. 25. Көпейұлы М.Ж. Көп томдық шығармалары. 1-т. – Алматы, 2003. – 468-б. 26. Жолдасбеков М. Жүз жыл жырлаған жү­ рек. – Алматы, 1992. – 30-31 бб.; Боранбайұлы Ж. Жам­былдың Оңтүстікке сапары // Ана тілі, 1996, 1 ақпан. 27. Сарыбаев Ш. Қазақ әдебиеті, оны жинау жолдары // Тәрбие, білім, әдебиет жайындағы ма­ териалдардан терме. – Ташкент, 1925. – 19-б. 28. Бердібаев P. Сарқылмас қазына. – Алматы, 1983. – 51-б. 29. Булдыбаев А. Искусство казахских сказите­ лей. Автореферат. – Алма-Ата, 1990. – С. 21-22. 30. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. – Алма­ ты,1985. – 220-б.

Жарылқасын БОРАНБАЙ, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі ҚҰЛЫНШАҚ АҚЫН Адамзат келер-кетер, жүзге келер, Пендені үйде өлсе де, түзге көмер. Құдая, иманымды саламат қыл, Ағайын қайда бізді іздеп келер… – деп, артында елдің есінде мәңгі жүрер асыл сөз қал­дырған Құлыншақ Кемелұлы (1840-1911) Қоңыраттың Саңғыл тармағына жататын Көтенші руынан шыққан. «Көтенші» сөзі «Көктәнше», яғни «Көк Тәңір­ ші» деген сөздің «майыс­қан» түрі. Бұл сөздің ай­ тылымын қоңыраттардың бірқатар уақыт Шыңғыс ханның жасағанындай Көк Тәңірге құлдық ұрып келгендігінің бір белгісі ретінде қабылдауға бо­ лады. Тұтас мағынасы – «Көк Тәңіршіл ел». Қаздай қалқып ерінбей, Өлең тердім жасымнан. Майлықожа, Құлыншақ Пірім еді бас ұрған! – деп Жамбыл жәкеміздің мойындағанындай жыр жампозына ұстаздық еткен. «Шора батыр» жырын жырлап, оны 1871 жылы Оңтүстікке жасаған са­ парында жанына алып жүріп үйреткен.

Көрнекті ақын, жазушы Асқар Тоқмағамбетов те бір өлеңінде Құлыншақ ақынды Қаратау өңірі­ нен шыққан аты әйгілі адамдармен қатар атап, бір­ ге көрсете келіп: Ақсүмбе, Абақ батыр Созақтағы, Кем еді қай батырдан қазақтағы? Құлыншақ, Бердібек пен Айтжан ақын, Талайды сөзбен орап тұзақтады, – деп, оның ақындық, айтыскерлік өнерін құрметтей өлеңіне қосқан екен. Сыр өңірінің белгілі жыр дүл­ дүлдерінің бірі Бұдабай ақын Құлыншақты қарт Қаратау өлкесіндегі жүйрік ақындардың ішіндегі бірегейі ретінде көрсетіп: Көтеншіде Құлыншақ – Өлең сөздің ұстасы. Майлықожа, Мәделі – Бұлар оның тұстасы. Сөздерінің бар еді Тістейтіндей қышқашы. Ең озығы – Құлыншақ, Өлең десе, ұрыншақ. Шу асауды тоқтатқан Бұғалықты бұрын сап, – деп, оның ақындық өнерін онымен тұстас ақын­ дармен салыстыра келіп, жоғары бағалаған екен. Құлыншақты өзі тұстас ақындар мен өздерін оған шәкірт санаған ақындар ғана құрмет тұтпаған. 16-0237

Оны туып-өскен жерінің халқы мен ақындары да ұмытпай естеріне алып отырады. Қазіргі кезде туған жеріндегі орта мектепке Құлыншақ ақын­ ның аты берілген. Құлыншақтың ақындығы туралы Қаратаудың теріскей өлкесінің шежіре жазушысы әрі ақын Есіркеп Өмірбеков кезінде Құлыншаққа арналған «Еске алу» деген толғау өлеңінде: Осы жұрт ұмытқан ба Құлыншақты, Өлеңге бәйге атындай ұрыншақты, – деп, ақын атының кей уақыттарда ескерусіз қалып келе жатқанын ойға сала: Келгенде сексен ақын айтысуға Мәреге бәрінен де бұрын шапты… Өлең десе, биіктен өрлеуші еді, Егесте ешкімге дес бермеуші еді, Толтыра кең даланы кернеуші еді, – деп, оның ақындық өнерін, шеберлігін айқындай, ес­ке алып өлеңіне қосқан болатын. Құлыншақтың ақындық өнерпаздығы өзінің шы­ғармаларынан да кең көрініс тапқан. Құлын­ шақ ақын өзінің «Ақын деп сыртымыздан әркім қанық» деген өлеңінде ақындық өнері, қабілеті жөнінде деректер береді. Аталмыш өлеңінде: Құлыншақ сөйлер сөзден ұялмайды, Жалғанда жаннан айыл жия алмайды, –

деп, өзінің ақындық өр бейнесінен хабар бере ақын­ дық қарымын бағамдайды. Құлыншақ ақынның өз заманының көрнекті, ор­тасынан оза шыққан жүйрік ақын болғанын оны халықтың ақынды ерекше құрмет тұтуынан, оны­­ мен замандас, сонымен бірге кейінгі ақындардың Құлыншақтың атын ерекше ардақтайтынын жо­ ғарыда көрсетілгендей өлең үзінділерінен де бай­ қауымызға болады. Құлыншақ Кемелұлының өмірбаянын ақын Сұл­­ танбек Аққожаев өлеңмен келтірген екен. Өлең­нің соңғы шумақтарында, Құлыншақтың қазақ ақын­ дарының арасынан Меккеге тұңғыш рет бар­ған­ дығын былайша баяндаған: Тіліме тиек қылсам мен нелерді, Айтайын уақытында болған ерді. Ел берген дүниенің арқасында Мекке мен көзбен көрді Мединені. Көзі қарақты оқырманға жыр жампозы Жамбыл жәкемнің «пірі» кім болған деген сұрақ қойылар болса, кірпік қақпастан «Сүйінбай» деп жауап қа­ тар еді. Бұл барлық кітаптарда, энциклопедиялар­ да, мектеп оқулығында, киноларда, ғылыми зерт­ теулерде, т.б. анықталып жазылған. Жамбыл Жабаев туралы аса жарқын жұмыстар жасаған белгілі зерттеуші, қоғам қайраткері Мыр­ затай Жолдасбековтің «Жүз жыл жырлаған жү­ рек» (Алматы: Жазушы, 1992) атты кітабының

72-бетінде Сүйінбайдың Жамбылға берген батасы бар. Мәтіні былай: Ал, Жамбыл, бата дедің, бердім саған, Бақытты ғұмырлы боп жүргін аман. Батасын ат орнына берді ғой деп, Қоймағын былай шыға кінә маған. Артынан Сүйінбайдың орнын басып, Тіліңнен балың тамсын сорғалаған, – деп Сүйінбай батасын беріп, көк серкені жетегіне байлағанда Жамбыл тілек қабыл болсын деп бет сипаудың орнына: Сүйеке, ат та алдың, атан да алдың, Көрген ең алдын талай наһандардың. Түйені түгіменен жұтқанменен, Сонда да бұл жалғанда қақалмадың, – дейді. Сонда Сүйінбай: Ей, бала, келіп қапсың бейуақта, Жағалап Сүйінбайдай әруақты. Аз кідірсең, атыңнан айырыларсың, Былжырамай алып кет көк лақты, – деп жетектетіп жібереді…» Бұл жерде «Түйені түгіменен жұтқанменен, Сон­да да бұл жалғанда қақалмадың!» дегенді қа­

лай түсінуге болады? Қос қолын жайып, бата бе­ ріп тұрған жан «Аз кідірсең, атыңнан айырылар­ сың?» деп неге қаһарланады? Бұл оның биліктің бір бұтағында отырғанын, яғни ұзақ жылдар болыс бол­ғанын білдірмей ме?! Біздің ойымызша, жас Жамбыл үлкен ақын­ дық мектебін Түркістанға сапар шеккенде, жолай Құлыншақ пен Майлықожаның жырларынан ал­ ған деп білеміз. Себебі ол Майкөтті, Құлмамбетті «орын берді қасынан» деп ризашылығын білдірген­ мен, ол «Пірім еді бас ұрған» деп тек екеуін ғана айтады емес пе?! Жас Жамбылға тек ақындықтың лебін ғана емес, имандылықтың да жолын осы қос саңлақ ақын Әзірет сұлтанның мешітінің маңын­ да, Түркістанның киелі топырағында, қарт Қара­ таудың самалды кештерінде барынша түсіндірген сыңайлы… ҚҰЛЫНШАҚ ПЕН ЖАМБЫЛДЫҢ ЖҮЗДЕСУІ Кей-кейде жол жүріп бара жатқанда белгі­ лі бір тұстарды межеге алатының болады. Себе­ бі әлгі діттеген жеріңіз сол маңайда болған соң, көбіне-көп жаңылыса қоймайсыз. Бүгінгі елге Жамбыл Жа­баевты, Абай Құнанбаевты қайталай таныстырудың қажеті жоқ, қайта білмейтін адам болса, оның өзі қысылып қалуы тиіс. Міне, сол себепті әдебиет айдынында аты белгісіздеу өнер­

паз болса, оны белгілі адаммен жақындастыра қа­ раудың еш айыбы болмайды. Өйткені әрбір адам, пәленшені білемін, ал мынау қайдан шыққан ақын деп ойлауы заңдылық. Осы ретте біздің айтары­ мыз елге түсінікті болу үшін, бұған дейін жалпақ жұртқа аты мәшһүр болып үлгірген Жамбыл Жабаевпен бірлікте қарастырғанда ғана мақса­ тымызға жететіндіктен, әңгімені осыдан бастауды жөн көрдік. Жамбыл Жабаев 1846 жылы ақпан айының соңғы күндерінде дүниеге келген. Туған жері – Жамбыл тауының бөктері. Шу өзенінің құяр саға­ сына жалғаса тізбектелген Жамбыл, Хан, Бай­ ғара, Шағырлы тау сілемдері бүгінде Жамбыл облысының Шу, Мойынқұм аудандарына қарайды. Бұл ара 1456-1457 жылдары алғашқы қазақ хан­ дары Керей мен Жәнібектің Ұлы көші тоқтаған жер. Дәл осы маңды сонау Көкшетаудан, Арқадан қосын ерткен Абылайдың қырғыздарға жасаған жорық жолы десе де болады. Жыр жампозы Жамбыл Алатау баурайындағы Құлансазды жайлап, Хан, Жамбыл таула­рын қыс­ тау еткен Шапыраштының Екей атасынан. Екей – Жамбылдың оныншы бабасы, Шапыраш­тыны – үшінші бұтағы болып саналады. Мырзатай Жол­ дасбеков: «Ал Жамбылдың он бірінші баба­сы – Шапырашты және оның үрім-бұтақ тармақтары жөнінде ел арасында шежіре, аңыз көп. Ұлы жүз­ дің Бәйдібек деген елбасы, батырының үш әйелі болған. Бұл Жамбылдың он бесінші бабасы. Оның

Сары бәйбішеден – Қалша, Жақып, екінші әйелі Зеріптен (аса көрікті, кербез, үнемі сыланып, әсем киініп жүргендіктен, ел оны Сыланды сұлу деп атап кеткен) – Жәлмәмбет, одан – Мапырашты, одан – Шапырашты тарайды. Жәлмәмбеттің екін­ші әйелі Қарашаштан – Ысты, Ошақты елі шығады. Бәйді­ бектің үшінші әйелі Нұриладан (Домалақ анадан) Жарықшақтан – Албан, Суан, Дулат тарайды» деп көрсетеді. Бұл арада мынаны да еске ала отырған жөн бо­ лады. М. Жолдасбековтің айтуынша: «Бұл – (Бәй­ дібек деп біліңіз) Жамбылдың он бесінші атасы» болатын болса, әр ұрпақтың арасы, яғни ауысымы 30 жылдан тұрады деген қарапайым есеппен алған­ да, Бәйдібек баба Жамбыл Жабаев дүниеге келген 1846 жылдан әрі қарай тереңдегенде 450 жылдай уақытты мөлшерлейді екен. Сонда Бәйдібек баба өмір сүрген кезең 1396 жылдарға келеді емес пе?! Оның үстіне Бәйдібек бабаның айналасындағы үрім-бұтағының бәрінің аты-жөндерінің «қаза­ қы» қалыпта (Қарашаш, Нұрила, Жақып, Сылан­ ды, т.б.) болуы да соған сәйкес келеді. Ал Жамбыл­ дың бергі атасы Екейлер өнерпаз жұрт болыпты. Былайғы ел оларды сырттай, «Екейде елу бақсы, сексен ақын» деп әзілге қосады екен. Әкесі Жабай шаруа баққан жан болыпты. Ақын­ ның анасы Ұлдан Орынбетқызы Жаныс елінен. Шапыраштының Теке деген атасынан тараған Сарыбай дейтін айтулы азамат ат жалын тартып мінгеннен кейін Бөлек дейтін батырға еріп жүріп,

сеніміне кіріп, батасын алады. Сұраншы ба­ тырмен бірігіп, өз жігіттерімен Меркіге, одан кейін 1864 жы­лы Колпаковскийге еріп Сайрам соғысына араласады. Сұраншы сонда қаза болады. Сарыбай жараланғанмен саптан шықпай Тәшкен­ ді алуға қатысады. Еліне шенмен, марапатпен оралады. Осыны пайдаланып жаңадан құралып жатқан елді өзінің дегеніне көндіре отырып, Ұзынағаштағы приставқа барып, өз алдына дербес болыс болуды өтінеді. Ұлықтар рұқсат етеді. Олар Есқожа болыстығынан бөлініп Екей, Айқым бірі­ гіп, «Қарғалы» болысы атанады. Ел билігі қолына тиген ол жан-жақтағы бытырап жүрген Екей руын жинастыра бастайды. Іле бойындағы Сары Үйсін арасына сіңісіп кеткен «бұйдалы» тұқымын кө­ шіріп алады. Есқожа елі болса да Сарыбай жаңа­ дан құрастырып жатқан жұртпен қырбай болады. Міне, осындай қиын-қыстау кезеңде Жамбылдың жарыққа шығатын тұ­сы да таянады. Ол әуелі бал-балалық дәуренді сәтімен аяқтаған соң, он бес жасынан бастап Сүйінбайдан бата алып, өлеңге ден қояды. Оған дейін ел салтымен жарапа­ зан айтады. Бәдік айтысына қатысады. Ақыр соңы қыз-қырқынның қызығына да шомылатын жас же­ теді. Ақындық екпінмен күндердің күнінде Айқым елінен шыққан Қыдырма дегеннің қызы Бұрым­ мен танысады. Ол өлеңді әсем әуенмен сызылта айтатын аса көрікті ару екен. Жас ақынның көңі­ лін біржолата баурайды. Екеуі әуелде бір-бірімен қайым айтысымен жөн сұраса келіп, бара-бара қыз бен жігіт айтысының ұзақ сөресіне түседі.

Жамбыл мен Бұрым бір-бірімен сыпайы айтыс­ қан. Жеңуді көздемеген. Үнемі келесі бір кездесуді аңсайтындай, ақтық сөзді сонда айтатындай рай білдірумен болған. Айтыстың соңы жарастыққа, сағынышқа ұласқан. Қыздың болса да қазақтың салт дәстүріне бағындырылған айттырып қойған жері жаналқымға келіп, екі жастың дегбірін қа­ шыра бастайды. Жамбыл қолдың қысқалығынан асыра қалың мал төлеуге шамасы жетпей, ақыры алып қашуға бекінеді. Сол уақиғаның алдында ауылда сауық кеші болады. Жамбыл бармай, бой тасалап күтіп тұрады. Бұрым болса бұл жолы ерек­ ше ашылып, жыр да жырлайды, ән де салады. Ел­ мен қоштасқандай болады. Жамбыл оны жайлау­ дан ел күземге көшерде алып қашып, Сарыбайдың інісі Саржанның үйіне түсіреді. Өзі сездірмеген бо­ лып Сарыбайдың үйінде жүреді. Қыз ауылы ақыр соңы болған істің ұшығына жетеді. Олар Жамбыл­ дың әкесі Жапаға адам салады. Жапа үлкен ұлы Тәйтіні Сарыбайға салады. Сарыбай Жамбылды оңашалап алып сөйлесіп: «Мен мына елді енді ғана құрадым. Мынау іс соған кесірін тигізеді. Үстімнен арыз жоғарғы жаққа қардай борайды. Мен оған төтеп бере алмаймын. Менің онсыз да жауларым көп. Олардың көктен күткені жерден табылып отыр. Қыз деген жас жігітке басы аман болса, жо­ лыға береді. Керек болса ең әдемісін өзім-ақ айт­ тырып алып берейін, қызды ат-шапан айыбымен кері қайтар», – дейді. Жамбыл қаншама рет көн­ бей қойғанмен, бір күні Бұрымнан айырылып

тынады. Ол, әрине, ең алдымен қызға берген уә­ десінде тұра алмағандығымен жігері құм болады. Жан-жүрегі езіліп, кеше ғана ыстық құшағында жатқан сұлудың ендігі жерде біреудің отауында тұнжырап отырғаны есіне түскенде өзегі өртенеді. Өкініштен өксігін баса алмайтын шақтары жиі­ леген соң, ағайын-туыстар оны тездетіп үйлен­ дірмекші де болады. Оған қайғы жұтып отырған жас албырт ақын көнбейді. Осыдан кейін Сарыбай жанына жақын інісін қосып беріп, екеуіне екі ат мінгізіп ел аралап, жер шолып, сергіп қайтсын деп Әзірет Сұлтанның мешіті бой түзеп тұрған Түркіс­ танға бір ағайынға сәлем айтып келіңдер деп жолға шығарып салады. Әрине, осынау тұста «жамбылтанушылар» бір­ шама ағаттықтар жіберіп алғанын байқамай қа­ лады. Олар Түркістанға сапарды ақындық мақ­ сат-мұраттардан туған деп біледі. Олар Жамбыл өз аузынан «жиырма бес жаста едім» деген сөзінің төркінін түсінбейді. Мәселен, Мырзатай Жолдас­ беков «Жүз жыл жырлаған жүрек» кітабында: «Ел ішіндегі естеліктерге қарағанда 1867-1875 жыл­ дары Жамбыл Әулиеата мен Оңтүстік Қазақстан­ ның біраз ауылдарын және қырғыз елін арала­ ған», – дейді (30-б.). «Ертеде сенің ауылыңда болғанмын. Ол жиырма бес жасар кезім еді. О, шіркін, дүние, балалық-ай! Түркістанды қоныстап қалған Нұртаза есім­ ді ағайын бар еді. Соның үйіне түстім. Оңтүстік ақындарын көрейін деген көңілде арман бар.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙