Дауыстар диалогы
Индира Кереева
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Жас ақынның өлеңдерінде табиғат, туған жер, өскен орта, қоғам тынысы, замандастар тағдыры секілді алуан тақырыптар кестелі тіл, бейнелі орамдармен сәтті өрнек тапқан. Өлеңдеріндегі нәзік иірімдер тартымдылығымен оқырманды бірден баурап алады.
И. Кереева
Өлеңдер
Алматы
“Жазушы”
Индира КЕРЕЕВА
Дауыстар диалогы
Кереева И.
Дауыстар диалогы: Өлеңдер/Индира Кереева. – Алма
ты: “Жазушы”, 2013.– 112 бет. – “Жас толқын” сериясы.
ІSBN 978-601-200-435-9
Жас ақынның өлеңдерінде табиғат, туған жер, өскен орта,
қоғам тынысы, замандастар тағдыры секілді алуан тақырып
тар кестелі тіл, бейнелі орамдармен сәтті өрнек тапқан. Өлең
деріндегі нәзік иірімдер тартымдылығымен оқырманды бірден
баурап алады.
ІSBN 978-601-200-435-9
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-5
К 32
К 32
© Кереева И., 2013
© “Жазушы” баспасы, 2013
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-5
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитеті
“Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару”
бағдарламасы бойынша шығарылды
И. Кереева
ҚЫЗҒАЛДАҚ ХИКАЯСЫ
(аңыз баллада)
Шуақ шашып
жерде жатқан тасқа да,
....Алқызыл ма,
әлде түсі басқа ма?!!
Көктем келген сайын
күнге еркелеп,
Жалғыз түйір гүл өсетін бақшада.
Кім біледі,
бар екенін не сыры?
Табиғаттың солай ма екен шешімі:
Басқа гүлдер сияқты емес,
сол гүлдің,
атауы да қыздың әсем есімі.
Бір көргеннен бәрін баурап алатын,
Сабырлының тауысатын тағатын,
Сол жалғыз гүл
бір-ақ түнде бүр жарып,
Үш күннен соң
өзі ақ солып қалатын...
Дауыстар диалогы
Өзге гүлдер
тауып тұрса үйлесім,
Жалғыз өзі тұрар мұңлы күйде шын...
Жазылмаған заң бар еді
«гүл өскен жерге адамның,
мал табаны тимесін!
Жұлуға әсте болмайды қас, досқа да;
сыйлауға да болмайды оны басқаға.»
Шындығында сол гүл жайлы ертеден,
келе жатқан бар еді бір әфсана...
Аңыз ба екен,
шындық па әлде...
Білген кім?!
Ертеректе...
Күнінде бір күндердің:
Байлығына сан жетпес бай болыпты,
Жауызы еді бірақ өмір сүргеннің.
Жан баласын жолатпайтын жанына,
Дөкірлеу бір мінезді еді тағы да.
«...Мына қызға ертең біреу үйленсе,
Сол ие боп қалады ма малыма?!»
Жауыз байда пейіл пасық,
арман кем,
Пайдасы не
қыруар байлық болғанмен.
Дәулеті мен қазынасын қызғанып,
Өлтіріпті жалғыз қызын қанжармен.
И. Кереева
Қатыгездің жазасынан қайғырып,
Күн тұтылып,
жаулап кетті Айды жұт.
Жазығы жоқ жанның
қанын жұта алмай,
Қара жер де қалған дейді қаймығып...
Жалған ба,
әлде расы ма,
кім біліпті?!
Құдай өзі жағады екен үмітті.
Қыздың қаны тамған жерге бір күні,
Жалғыз түйір бір гүл өсіп шығыпты.
Қызғылт ымырт.
Күн еңкейген шақ кешкі:
Ел бірінен бірі мұны жатты естіп.
Өздігінен өскен гүлді адамдар:
«Бұл – Қызғалдақ,
қыздан қалған дақ» десті...
... Ұмыт болып сол оқиға кешегі,
Содан бері талай заман көшеді.
Ал Қызғалдақ тек көктемде, үш-ақ күн,
адамдардан алшақ... Қырда өседі.
Дауыстар диалогы
БЫЛТЫРҒЫ КӨКТЕМ
Былтырғы көктем тым бақытты еді,
Жырлатып мені тұрғасын!
Үлпілдек үміт үн қатып па еді,
Құрғатып еді мұң жасын...
Былтырғы көктем тым биік еді!
Тұңғиық нұрға жүзді анық.
Әппақ бір сезім күнді иіп еді,
Түн күйіп еді...
Қызғанып.
Атады енді таңың қай гүлмен,
Сеземін:
Мені сүйесің!
Сәл ренжіп қалып,
сағынбай жүрген,
Сезімнің мәңгі иесі...
Үмітке бөлеп,
келер деп көктем,
Білемін:
Мені сүйесің!
Өкпелеп қалып,
өгей боп кеткен,
Өлеңдерімнің иесі...
И. Кереева
Биыл:
Жабырқап жатыр жаны құс қала,
Өзгертіп алып түн кейпін.
Былтырғы Көктем...
Сағыныш қана,
Сезбейтін...
Ешкім білмейтін...
(Анығы:
Мені сүйесің!)
Дауыстар диалогы
ҚИЯЛ
Берші маған
сынбайтын күш, Жасаған!
Келер емес
қытымыр қысқа шамам;
Есім ауып іздеймін көшелерден,
Тым құрыса
сол жанға ұқсас адам...
Аяп мені,
тағы да Ай жылады;
Қара бұлттар салады қайғылы әнін;
Жоқтығыңның кінәсін менен көрер,
Көлеңкемнің
көзінен қаймығамын.
Тағы қапас...
Қараңғы бөлмедемін;
Бөлмем мынау ұқсайды көрге менің.
Көлеңкемнің денесін сипап көрем,
Тірімін бе?
Рас екен өлмегенім.
Құшағында тұншығып күдікті ойдың,
Тағы отырмын...
Жүректе тұнық қой мұң.
Жұлдыздармен жаздым да есіміңді,
Қара аспанның төріне іліп қойдым.
И. Кереева
Саңындым ғой!
Жеткізем оны қайтып?!
Қол ұшын да созбайды өрім ай түк;
...Шер тарқатып тағы да жұлдыздарға,
Көлеңкеммен отырмыз көңіл айтып...
Бәрі,
бәрі қызықсыз,
тосын жай бір;
Қарашыққа жазылды жасындай жыр.
Өзің жайлы кешкілік...
Күн батқанда,
Өлең жазып отырам осындай кіл...
Дауыстар диалогы
ТІЛЕК
Жаратқаннан сұрағаным:
Тұрсам деп ем күлкің боп.
Сенсіз өмір сүре аламын,
Бірақ соған құлқым жоқ.
Бұрылмастан кете
Менің
Үмітімді тағы үздің...
Сағынбай-ақ өтер едім,
Жүрегіме қарызбын...
Сәтім көп қой сынған сағым,
Ауып жүр ме күзге аңсарым?!
Қажытты ғой қатаң тірлік,
Сізді аңсадым...
Мазалап ой,
бірде мұңым,
Уақыт жетпей жүр ме, күнім?!
Тәтті елес боп түсіме енші,
Түнде бүгін...
И. Кереева
СЕН ТУРАЛЫ ОЙЛАРДАН...
Сағыну ма мендегі?
Тек көну ме?
Апатиялық күйді ойым өткеруде.
Ұнатайын, іздейін...
Түсінгенім:
Сені мүлде болмайды жек көруге...
Мені аңсап сен қанша рет жармас мұңға,
Түнге шертер сырыңды таңда аштырма!
Жібек болып күтсем де жарытпаспын,
Төлеген боп жолда өліп қалмассың да...
Қатыгез де...
Жындыға тең де, мейлі.
Өлеңнің де өрлігі өрде дейді!
Қозыдайын мені іздеп келмей-ақ қой,
бір молаға бұл заман жерлемейді...
Мені жаттың жанына қостың ба анық?
Дұрыс!
Аяма жүрегімді босқын, ғаріп...
Ләйлісіне өмірі жете алмаған,
Мәжнүндейін қайтесің бос жынданып?
Мені сақтай алмадың...
Кем болғаның!
Сені сақтай алмадым....
(менде ол да мұң...)
Мәз боламыз несіне жалғанда бұл?
Дауыстар диалогы
Менің жолым болмады...
Сен де оңбадың...
Бар мәселе сенімнің азында ма?
Жетер!
Енді жүректі жазымдама!
... Сенде қайдам,
мендегі Өмір деген
сен туралы енді Өлең жазу ғана...
И. Кереева
БАҚИЛЫҚ ДОСҚА ХАТ
Сен кеткелі:
Боп алды сенерім күз;
Жасырып ем
жасым мен жаңбырға өлең...
Бейітіңе тағы да келем үнсіз,
Нала айтып тағдырға мен...
Келіп тұрмын...
Мүлгиді молалар мың,
Көзіне ілмей пенденің мұң, наласын;
Мен де бір күн тірліктен жоғалармын,
Ажал кеп ажарымды ұрлағасын...
Ұқпайсың сен жайымды...
Ұқпа менің,
Қызықтырмай кетсе егер күпті әлемім.
... Өзің жайлы ойлардан құрастырып,
Өлең жаза алмадым түк те әдемі...
Биігінен қалжырап ар құлайды;
Жегідей жеп жатады жанды қайғы;
... Оны ұнатқан көңілім аласұрып,
Сені сүйген жүрегім қан жылайды....
Тірлік те сол баяғы....
Қараң қалған.
Қызықтырмай барады ол да-әй аса...
Құшақтап жатайыншы...
Адамдардан
Құлпытасың қорғасын!
Қорғай алса...
Дауыстар диалогы
ТАҚЫРЫПСЫЗ ӨЛЕҢ
Кеш құлатып....
Кешкі уақыт үзіліп өлді кейін.
«Лайықсызсың!» деп тағы шешті уақыт,
Жарайды...
Көндігейін.
Сөндірейін жанымның шырақтарын,
Жылатқанын,
сүйгенін,
Жұбатқанын:
Сызып қана тастайын бір-ақ бәрін!
Үміт,
Көктем,
пәк Сенім қараң қалса,
Өз ішімде сезімге жаназа айтып,
Өмір сүре берем шаш ағарғанша...
Тағдырымда туламай шаттық әлі,
Көңілдерге қайтадан қақ тұнады.
«Біреу келер» деп Жүрек
тағы алданса,
Амал қанша...
Көнбеске амал қанша?!...
И. Кереева
КЕЛСЕҢ ҒОЙ...
Солғын тартып барам, жаным,
өң берші;
Мені үнемі жүрегіңмен тең көрші.
Жұлдыздардан көпір жасап қояйын,
«Құс жолымен» сен келші!
Көкжиектен күлімдейді көздерің,
Көңілімде кемпірқосақ сезімдер.
«Күйін кешсін» демесең мұң кезбенің,
Кешіктірмей өзің кел!
Күннің көзін кіреуке мұң көмкеріп,
Бар әлемді бір сезіммен өртедік.
Көктем келді жұбата алмай тағы да,
Қуансам ғой сен келіп...
Дауыстар диалогы
БЕЛГІСІЗ ӘНШІ
Өзі жұмбақ,
жағымды болса да әні,
Баурап алды көңілді,
жан,
сананы;
Күнде кешке...
Белгісіз бір нөмірден,
Бір жігіт гитарамен ән салады.
Тулаған жүрегімді аяп әрең,
Мүлгиді мені тербеп ояу әлем.
Тыңдап тұрам:
тұтқадан төгіледі,
Терең көңіл.
Күрсініс.
Баяу әуен.
Тағы міне...
Гитара.
Жігіт үні;
Белгісіз жан
беймәлім сыры, түрі.
Гитарадан төгілген қоңыр дауыс,
Құлағымнан кетпейді
Күні-түні.
И. Кереева
ҚИЯЛИ ӨЛЕҢ
«Құс жолында» бара жатыр бір елес,
Ағараңдап ақ жейделі сұлбасы.
Көктем келсе...
Көңілімде төбелес,
Сол елеске жетемін деп.
(Жылда осы)
Жұлдыздардан жасап алып десте гүл,
Отырады ол...
Көлеңкесін сүйіп ай.
Көрініп ап көктен,
кетпей естен бір,
Зарықтырып қоятыны қиын-әй...
«Құс жолында» ілініп тұр бір үміт,
Қара көкте қалқығандай кеме шын.
Тоқта!
Тоқтааа!
Жерде сәл-пәл кідіріп,
Жетем саған Елесім...
Дауыстар диалогы
АҚЫРЗАМАН
Кінә тақпа қайсарлы халқым маған,
Болсам егер қонақтай шақырмаған.
Мен айтпасам,
жайыңды кім айтады,
Тілден шектеу қоймаған ақынға адам.
Ақ найзамен қорғаған батыр бабаң,
Қытайлармен тапталып жатыр далаң.
Сары дала төсінде сақ ұл Қаған,
Сақтап қалған еді ғой отыңды аман.
Әр сөзінен ар кеткен ақсақалың,
Тары сатқан кейуана...
Қотыр қоғам.
Қара базар кезеді нәпақа іздеп,
Қайыршыға айналған қатын,
балаң.
Қазыналы сөз қайдан айта алады,
Қарттар үйін мекендеп қартың маған?!
Жата бермес намысың әдірам қап,
Жауың келіп төбеңде тасырлаған.
Түркі ұрпағын тумайтын батыр етіп,
Темекімен ысталған жатыр жаман.
Қазақ тілін білмейтін қазағың көп,
Өзге тілде таңдайы тақылдаған.
Тумысынан тастанды атанатын,
Сәби бар ма шетелге сатылмаған?!
Сізге өтірік,
маған шын, сенесіз бе,
Бізде қазір
тап-таза АҚЫРЗАМАН!
И. Кереева
АСПАНДА ЖАЗЫЛҒАН ӨЛЕҢ
Ұшақта келем...
Айналам аппақ бұлт анау;
Шырқады бикеш Күн әнді.
Бұйра бұлт менің діңкемді солай құртады-ау,
Жерге оралуым күмәнді...
Қалықтап келем;
Ойымда жоқ түк те менің;
Өртемей мүлде жыр-алау:
Біз жерде жүріп білмеппіз,
бұлт дегенің:
Ақынның демі шығар-ау...
Бұлт асып кеттім.
Асқақтап арман құшып тым,
Аянышты екен Жер, кейпің.
Үні өшіп қалды көңілімдегі күшік-мұң,
Қыңсылап маза бермейтін.
Ұшақта келем,
Құшақтап өлең...
Дауыстар диалогы
ТАҚЫРЫПСЫЗ ӨЛЕҢ
Бәрі жалған.
Бәрі бір күн өледі;
Ұмыт болсаң,
көктеміңнің өзі Күз.
Ешкім бізді екі айырған жоқ еді,
Өзімізден суып кеткен өзіміз.
Бәрі өтеді.
Өткен күнің көмескі;
Боламыз-ау бәрінен бір мезі біз.
Ешкім бізге қастық қылған емес-ті:
Өзімізге обал қылған өзіміз.
Бәрі өткінші;
Көктем күліп тұр, мейлі:
Өтеді әлі осы мұңды кезіміз.
Ешкім бізді қайта біріктірмейді,
Өзімізді қоса алмасақ....
Өзіміз.
И. Кереева СӨЗ Екі күнде емделу?! Қиын, жаным... Есі танған тапсырдым санамды Арға. Екі тәулік бақыттың бұйырғанын, Екеуміз де ұғындық... Амал бар ма?! Екі жүрек. Екі күн. Бір еңіреу... Айта алмайды сезімге ақыл да сын; «Есі ауысқан жан» дейді мені біреу, Елесіңе сүйсініп отырғасын... Тағы отырмын көз тігіп жолға мұңды, Сен жетектеп келердей арманымды. Түсінемін:
қат шаруа қабаттасып,
Қоңырау да соға алмай қалғаныңды.
Жамандыққа қимайды ар дәйім бір,
Білемін ғой,
сеземін ыңғайымды.
Түсінемін,
уақыт жоқ,
сондықтан да,
Сұрай алмай қалғансың жағдайымды.
Дауыстар диалогы
Есім ауса,
құрып бар тыныс,
әлім,
Елесіңді сыйлайды ұры сағым.
Жылаған жүрегіме жекіп тастап,
Түсінуге тағы да тырысамын.
И. Кереева
ҚОШТАСУ
Үнсіз ғана қоштастық:
Ұғып бәрін үндемей...
Жанымдағы бос жастық,
Жылатады түнде кей...
Бос қалған сұр күнделік.
Өң бе,
түс пе...
Елес пе?!
Тағы сайқал түн келіп,
Түсіреді сені еске.
(Жынданам бір күні мен!
Өлең жазам түнді алдай.)
Таңда есікке жүгірем,
Сен қалдырған гүл бардай.
...Үнсіз ғана қоштастық,
Ұғып бәрін үндемей.
Жанымдағы бос жастық,
Жұбатады түнде кей...
Дауыстар диалогы ОЙ Кірпігіне Көктемнің Мұң қонақтап, Енді азаппен оятып Таңдар атпақ... Құшағыңда жұтылып кете бардым, Аңдаусызда Арман мен Ардан аттап.
Тағдырымды
Түн ғана шешті ме анық?
Таңға жетіп...
Үмітім өшті барып.
Адал едік....
Біз бірақ
Ар алдында,
Кешірімді бәрібір кеш сұрадық.
Көктем келіп,
тақымға ап сұрақ Күзгі,
Тағдыр бәлкім осылай сынақ тізді....
.... Бірімізді біріміз кешіргенмен,
Кешірді ме
Арымыз..
Бірақ Бізді?!
И. Кереева
ҚЫС ЖӘНЕ МЕН
Біз қыдырған қалаға да қыс келді,
Мұң жамылып бара жатыр ел күрең.
Сен туралы жыр жазатын үстелді,
Ұнатпаймын енді мен...
Қыста мына,
сезімді аңсап көктемгі,
Өксиді өмір қарашықта көміліп.
Біз қыдырған саябақта жоқ белгі,
Қарға қалған көміліп...
Өлең етіп сен туралы түсті елге,
Жалғыз өтер өмірге де көндігем.
Сен туралы жыр жазатын үстелге,
Жоламаймын енді мен...
P.S. Сені аңсатқан осы да өмір ме екен?!
Қайтсем енді өзімді көңілді етем?!
...Таң атады.
Қу тірлік.
Күн батады,
Үміт әлсіз.
Жүрек мұз.
Сенім бекер.
Содан кейін...
Дауыстар диалогы
Жүрегім қарауытып,
Жегідей жеп,
желкемнен қала нұқып...
Отырамын мәні жоқ кеңістікте
Шарап жұтып...
И. Кереева ХАТ Қал қалай,
өмірдегі сағынышым?
Хат жазбауға жетпеді тағы күшім.
Сені Өзім іздеймін,
сол себепті,
Хабарласып тұрсайшы жаным үшін.
Жақсы ма тірлік күнің,
қалай бәрі?!
Ақыныңның жанбай жүр оңай бағы...
Өзіңе хат жазбаймын деп ант беріп,
Ұмытам деп жасап ем бар айланы:
Бәрібір!
Сағынышым жоғалмады.
Содан ба,
дегбірімнің тоналғаны?!
Қасымда қаптап жүрген көп қазақтың,
Бірі де дәл өзіңдей бола алмады...
...Қатені тізіп қойып ісімдегі,
Жек көрші,
менмендігім үшін мені.
Жанымда жырлап жүрген көп ақынның,
Бірі де дәл өзіңдей түсінбеді...
Дауыстар диалогы
Жә, қойшы...
Өзіңді айтшы,
аманбысың?!
Өзіңсіз тереңдеттім жарамды шын.
Өзімді ұмытып ем,
бірақ сені,
Ойламауға жетпей жүр шамам,
күшім.
...Дедім де хатты салып конвертке,
Көңілімді лақтырдым лағынетке.
Содан бері жыл өтті.
Жауабың жоқ,
Жүрек өлді.
Селқоспын.
Жаным өртте...
И. Кереева
КҮЙЗЕЛДІРМЕШІ
Солғаны қалай сезімнің, күнім?!
Өзімді өртеп
өзімнің мұңым,
Үнімді тағы үмітім ұғып,
Өлеңді сүйіп
көз ілдім бүгін.
Өлеңге қайғы тең келгендейін,
Сезімнің бәрі өлгеннен кейін;
Санамнан сені сыза алмай тағы,
Сағынғаным ба?!
Сергелдең күйім..
Өзіңсіз тіпті бөлек түнегім,
Сен жайлы қайдан
дерек білемін?!
Ойымнан сені өшіре алмастан,
Өксігенім бе?!
Өрекпігенім...
Сорлы Жүрегім,
тұрағың қані?!
(Көңілде мұңның тұрады ұнтағы.)
Жанымды өлеңнің жұбатқаны ғой:
Жыладым тағы...
Дауыстар диалогы
СЕН ҮШІН
Сені аңсамай жүретін кезім бар ма?!
Аманаттап аппақ мұң,
сезімді Арға…
…Өмір үшін несіне өкінейін,
Өлең болып келетін өзің барда.
Өзің барда…
Көңіл де еш күрсінбейді;
Көшеде Күз
мұңайып тұрсын, мейлі!
… Сеземісің,
кеудемде бір құдірет,
«Өлең болам мәңгі» деп
дүрсілдейді…
Өзің барда…
Анық қой ерке екенім;
Есер едім.
Бұзық ем.
Тентек едім…
… Сезім үшін,
Сен үшін
Өмірде енді,
Өлең болып өтуге серт етемін!
Көзі аққанша жыласын
жырымда Мұң,
Өмір сүрем сен үшін,
ұғын, жаным!
Келмейді өлгім…
И. Кереева
Себебі қаламаймын,
Саған ынтық көздердің жұмылғанын!
Тағдыр жаққан қақталып отқа да мың,
Мен өзіңді бермеймін жатқа, жаным;
… Келмейді өлгім…
Себебі қаламаймын,
Сені сүйген жүректің тоқтағанын!
Артып тастап әредік
Арға мінді,
Аттанамын алысып жолға мұңды.
Келмейді өлгім…
Себебі қаламаймын,
Сенің жалғыз Өмірде қалғаныңды..
Дауыстар диалогы
МІНЕЗ
«Махаббат жоқ,
оттамаңдар!» деп кілең,
Жазам саған оңашада текті Өлең.
Сүйе тұрып
сені үнемі ренжітіп,
Содан кейін
өзімді-өзім жек көрем…
Ай ұрын кеп,
еркелетсе Түн мені:
Сені жырлау…
Әдетім сол күндегі…
Құдай сүйер қылығым жоқ болса да,
Неге сонша
сүйеді екенсің мені?!
Мінезім ғой…
Сезіміме қаскүнем,
(Білем біздің дертке болар жастық ем.)
...Басқа жігіт жайлы сырды шерткен боп,
Саған қарап тұрам қабақ астымен.
Ренжімеші...
кетсе менен бір ағат,
Саған деген көңілімнің жыр-әні – ақ.
…Қызғаныштан өліп қала жаздаймын,
Маған дейін қыздар жайлы сұрап ап.
И. Кереева
Тентектіктің жаман екен несі ал?!
Сені сүйген жүрегім ғой,
иесі Ар!
Қыңыр қарап,
қырсық мінез көрсетсем,
Құшақта да…
Ерінімнен сүйе сал!
Дауыстар диалогы
ЕШКІМ ДЕ... ЕШТЕҢЕ...
Ештеңе...
Есімде жоқ менің;
Ешкімге өкпемді артпадым!
Есімде:
Ешкімді сөкпедім,
Елестей жүректе жатпа Мұң!
Ешкімді ешқашан тілдемен,
Ешкімге кегім де жоқ менің...
Есерсоқ біреуді күндеген,
Еріксіз кешіргем...
(әттеңім...)
Ерекше сұлу боп батқай Күн,
Ерек Түн еншімді жалғасын!
...Ешкімге еш ақыл айтпаймын,
Ешкім де...
мазамды алмасын!
И. Кереева
ЭЛЕГИЯ
Мен сағындым...
Ал Сен...
сағындың ба?!
Сұрағыммен көңілді күрсінтемін.
...Жоғалтып ап өзіңді қағындым да,
Қолымды басқасына бір сілтедім...
Мен іздедім өзіңді...
Іздедің бе?!
Ойламаған шығарсың, әй, сірә сен...
...Ілмей кеттің тағы да көзге мүлде,
Қиялыңа мен қалай,
қайтып енсем...
(Саған деген сезімді айтып өлсем...)
Сені сүйіп өтсем де жетер еді,
Өлең бірақ...
өрлікке жетеледі.
...Шын сүйгендер шынында қосылмай ма?
Шын сүйгендер...
Шындықты көтереді...
Дауыстар диалогы
ЕСКЕ АЛУ
Құшағында Көктемнің күліп тұрып,
Кетіп едің…
Бақыттан үмітті ғып.
…Сол сәулелі сәтімді
мына бір Күз,
Бара жатқан сияқты…
Ұмыттырып…
Мен дегенде…
Болғандай барлығы кем,
Жаным болып жылайды
жаңбыр-Өлең…
…Өмірімде жолыққан өкінішім,
Тағдырымда кезіккен…
Тағдырым ең…
Айта алардай дәрменсіз ғашыққа сын,
Қу тірліктің мерейі тасып па шын?
…Сағыныш қой паналап жүргенім де,
Сенсіз өткен секундтар жасытқасын.
И. Кереева
ТҮНГІ ОЙЛАР…
Өлеңге...
Көктемімді айналдырып,
Түн...
Мен…
Мұң…
Тұр тамшылап
Айдан күдік.
Елесіңмен отырмыз тағы бүгін,
Таңды Өлеңмен күтуге
байлам қылып.
Тәтті әлемнің кетті ойы
Төзімді айдап,
Тастағандай ұйқымды сезім байлап.
Есімді алған ерке түн...
Мен отырмын,
Елесіңмен сырласып...
Өзіңді ойлап.
Сығалап Ай…
Сен жайлы сұрады Өлең…
Ол да жалғыз…
(Айды айтам) сыңары кем.
Өмірімнің айналған
Өлеңіне,
Тағдыр маған сый еткен
Тұмарым ең…
Ілесеміз бе
Бақыттың көшіне біз?!
Дауыстар диалогы
Керісеміз…
Сүйеміз…
Кешіреміз…
Сен жайлы Өлең оқысам баққа барып,
Мұңайды несіне Күз?!
Нұрлы таңды
Өлеңмен қарсы ап бүгін,
Тым алыста үзіліп...
алшақ Мұңым…
Мен – Сендікпін!
Сезіммен саған деген,
Түзеп алам
Тағдырдың жаңсақтығын!
И. Кереева
ТОҚТАТУ
Ұнатып қайтесіз?
Сүйме түк…
Сізде бар
Отбасы,
Жар қамы…
Мен үшін
Үмітті сүйретіп,
Енді Өмір кешу ме
қалғаны?!
Сүймеңіз!
Бәрі де өтеді.
Тағдыр
бұл Сезімді кеше ме?
…Кездесіп қалсақ та жетеді,
Кездейсоқ.
Көшеде…
Өтінем,
Үмітті үзіңіз!
Үздігіп қарау да –
Арға Сын.
…Үйдегі кішкентай қызыңыз,
Әкесіз қалмасын…
Болды енді!
Бұйырмас асау Бақ,
Бәрінен бұрын Сіз –
Әкесіз!
Жанары жазықсыз жасаурап,
Жарыңыз жылайды…
Дауыстар диалогы
Қайтесіз?!
Алдыңыз Сезімді үдетіп,
Сізге енді
Өмірдің жазы – елес.
Шаршаған Шаттықты
Жыр етіп,
Шайқалған Шаңырақ аз емес…
Сондықтан:
Айналып Адамға жат үнді,
Біз жайлы жойылсын әңгіме!
Ұмытып қалыңыз атымды,
Мәңгіге!
Көшеде...
кездейсоқ кездестік тағы біз;
(Ал мұны әдейі демес кім?!)
Сіз тағы «сүйем» деп қалыңыз,
Мен қуып кетейін елес, мұң...
Өкпелеп қайтесіз?!
Өмірге келмеген өзіміз, ертерек,
Өзге мұң арқалап кететін тағы біз.
Мен сізге соңғы рет еркелеп,
Сіз көзбен бір өбіп қалыңыз.
Бүгін...
Көшеде кездестік тағы біз,
(Ал мұны сәйкестік демес кім?!)
Сізді үйде күтеді жарыңыз,
Ал мені...
Ал мені...
Мені ешкім...
И. Кереева
ӨГЕЙЛІК
Күн артынан жылжып жатыр текке күн,
Әйтеуір бір уайым болды шеккенім.
…Ол туралы жүрегімнің лүпілін,
Бір ауыз сөз үзіп кетер деп пе едім?
Үмітімді үзіп алып үміттен,
Келем өмір соқпағымен жүріп мен.
Ол туралы армандардың бәрі де,
Сағым болып кететінін біліп пе ем?!
Бір күнімнің өзгесі жоқ бір күннен,
Қарашыққа көзмоншақ қып Түнді ілгем.
Ол туралы жазған жырдың бәрі де,
Сандырақ боп қалатынын кім білген?!
Бір құшақ Мұң…
Бір құшақ Жыр…
Мен сосын,
Өксиді өмір...
шығара алмай тең шешім.
Көп арманы көсегесін көгертпей,
Көңілім тұр...
Көтере алмай еңсесін.
Бір салқындық…
Бір азапты есті леп.
Біз Көктемде бүр жарған бір өскін ек…
Дауыстар диалогы
…Енді бірін жоқтап жүре алар ма,
Бір құшаққа сыймай қалған қос тілек…
Алдамшы Өмір
қол бұлғайтыны несі алдан?!
Мен Өзімнен,
Өмірімнен өш алғам…
…Бақытқа өзге
ие бола алар ма,
Бір Үмітін үзіп алған қос арман…
(Қайтер екен?!…)
И. Кереева СЫР О, Жаңбыр… Жанымның көз жасы, Көз жасым – жанымның қаны ма?!. Тағдырым… Сезімнің олжасы, Жанарым… Әлемнің жарығы, ә?! О, Бұлттар! Қызыққан бізге бір, Тұрақтай алмаған көк белге. Менің де Көктемім күзде жүр, Мен тұрмын… Өте алмай өткелде: Тентектігім тағдырыма ұласып, Үміт кетті... Сонааау тұрған қыр асып. Неге, бірақ… Көңілімнің көгінде, Қол бұлғап сен тұрасың?! Еркелігім есерлікке айналып, Егілемін... Жегі мұңым бойды алып. Қалғанбыз ба бірімізге біріміз, Жіпсіз байланып?!
Дауыстар диалогы
О, Сезім!
Біз жылап алдыңа кеп тұрдық,
Үзіліп...
Үздігіп…
Неше рет…
...Ақтөбе…
Адасқан көп мұңлық,
Арманын іздеп жүр көшеде.
Ақтөбе…
Үзілген сыр біздің,
Қалғаны:
Сағыну…
Жыр..
Күз...
Мұң…
…Көктемі күлмейтін қалада,
Қаңғып жүр үміті бір қыздың…
И. Кереева
ҚАЛА АРАЛЫҚ ҚОҢЫРАУ
– Алло, Жаным?
Бұл мен ғой…
– Біліп тұрмын.
– Қалай екен жағдайы,
Қылықтымның?!
– Жаман емес. Өзің ше?
– Сағындың ба?
– Сенсіз, сенсең…
Сабағы сынық Гүлмін…
– Қойшы, сәулем…
Жүрегім сыздап тағы,
Сені ойладым…
– Мені де Күз қақтады…
– Кеш қоңырау шалдым ба?.. ренжімеші,
Кеш жүреді сағаттар біз жақтағы…
– Сені қашан көремін?!
– Күйік Түннің
Құшағында беймәлім күй ұқтырдың…
Алло?!
Жаным, қайдасың?
Неге үнсізсің?
– Мен сенің…
Дауысыңды сүйіп тұрмын…
Дауыстар диалогы
АЙҒА ҚАРАШЫ..
Тағы…
Тағы есіріп, табалай Мұң,
Жабырқатты жағымсыз,
жадағай күн….
… Жалғыз өзі.
Жырақта…
Мүлгіп тұрған,
Әдемісін қарашы анау Айдың…
Құрып кетсін құрдымға…
Күйік күнің!
Бүгін маған Сор – жолдас…
Сүйікті – Мұң…
…Жерде жүрген көп мұңлық жете алмайтын,
Анау Айдың…
Қарашы биіктігін…
Талап тағы…
Өмірдің сан құзғыны,
Елеңдетіп атады Таң…
Күз күні…
...Жан – жаһанды өзіне ғашық қылған,
Анау Айдың…
Айыбы – жалғыздығы…
Жалғыз Мұңы…
И. Кереева
КҮЗ. ҚАЛА.
«Күзді әдемі» демейді әлдекімдер…
Ал Өмірдің өзгеше аз ба мұңы?!
…Жапырақтар,
ал қане әндетіңдер,
Сары әлемнің сарынды сазды әні – ұлы!
Сұлулықтан мүлдем қол үзгенбіз бе?!
Күйбең тірлік…
Көңілсіз…
Кері амалдар…
Жыраққа ұшып кетпесе бізден күзде,
Жапырақты сағынбас еді адамдар…
Көгіңдегі Көктемді жоқтасатын,
Жапырақсыз қайыңның жүзі – қайғы.
Көлеңкелі көңілді дөп басатын,
Күз ұнайды,
бәрібір күз ұнайды!!!
Күз келгенде..
Көгінен нала құсып,
Қала мына…
Тоналып,
қалады үсіп…
«Арманыңды алыыысқа жеткізем» деп,
Күзгі аспанда
қоңыр қаз барады ұшып.
Дауыстар диалогы
Шақырғандай құлан түз бөктеріне;
Жалыққандай өмірдің өткелінен;
Күзгі аспанға көз салсам…
Үнсіз ғана,
Бұлттар да ұшып барады лек-легімен…
Сұрғылт қала…
Күрең күз..
Дала көші…
Ұшып кеткім келеді ауылыма,
Ұнатпаймын сүреңсіз қаланы осы…
И. Кереева
ҚАЛА. «КЕШІР». КӨЛЕҢКЕ
Жалықтырып,
солықтырып Жалған.
Сор…
Өзегінен тепкендей боп өр өлке:
Көңілінде күні сөніп қалған соң,
Көше бойлап келе жатты
Көлеңке…
Жүрегінен уайым ағып,
жас толған…
Бүгін оның
Арына үкім кесілмек…
Біреу жазып кетіпті, әне,
тас жолға:
«Кешірші» деп...
«Кешір» деп…
«Біз екеуміз.
Әлемдегі қос нүкте,
Қосылдық та леп белгісін құрадық…
Енді менен есі дұрыс
Ес күтпе,
Кетті ақылды
Мұң дейтін бір ұры алып…
Қалайды тән.
Бөлінгенмен ой мыңға,
Оны өзіме бағындыру...
Жарты әлек,
Біз екеуміз қара түннің қойнында,
Дауыстар диалогы
Ақ сезімді бөліп алып...
тарқап ек..
Кешір..»
P.S.
Жаралы еді Ол.
Жауапсыз қап сұрағы,
Қала тағы салып жатыр азулы ән.
…Кеші күлген көше.
Жалғыз тұр әлі,
Аттай алмай «Кешір» деген жазудан…
И. Кереева
ӨЛЕҢ КЕРЕК
Ақтөбеге..
түнде жауып кырбық қар,
Қала ойланып…
Сәл мұңайып тұр бақтар…
Айналаңда тұнып тұрған ақ Өлең,
Ақын болсаң...
Жырлап қал!
Ақтөбеде қыс.
Көшелер мәз ерен..
Қайың тоңып…
Күтер көктен саз
емен.
Боз мұнарға тұнып тұрған қала бұл,
Ақын болсаң...
Жаз Өлең!
Аппақ мұңға малынған
Бақ тыңдай ма,
Өлең керек!
Өлең керек мұндайда!
…Аспан алдап,
Жер жатырқап жүретін
Ақынсың ба?!
Жыр қайда?!
Жыр боп сенің жанарыңда түнегем;
Жырмен сенің өміріңе гүл егем.
Ақын емес…
Жай ғана бір адам боп,
Жазайықшы бір Өлең…
Оқиықшы бір Өлең…
Дауыстар диалогы
ЖІБЕРШІ, МАМА…
Ұқтыра алармын шешеме нені?!
Мұңыма серік Күз деп мерейім:
Жіберші, Мама, көшеге мені,
Жаныма дауа іздеп келейін.
Тып-тыныш жүрген – ыңғайым ғана;
Күйін кешем бе қалтырап талдың?!
Үздіккен сырын тыңдайын, Мама,
Үзіліп жатқан жапырақтардың.
Көлеңке болып қалады қала,
Көшені көзбен аялап келем.
…Сырласқым келіп барады, Мама,
Сарғайып тұрған саябақпенен.
Кірпігімде ілініп тұр шық дара,
Жұқпайды оған
пенделік ой.
Күнә.
Дақ.
Мен деген тек…
Еріп кетер бұлт, Мама,
Жаңбыр болып жылап ап.
Жіберші, Мама…
И. Кереева
МОРГ
«Адам деген сезімдердің моласы, ә?!...»
Б. Бабажанұлы.
«Вокруг каждой койки уже набухли нивы.... Земля зовет.»
Готфрид Бенн
Көңіл мына...
Өз көрін кеп қазды шын,
Тағдыр тұрды...
Тым тарамыс...
Түнеріп...
...Жанарына
жазып алып жазмышын,
Жаназасын айтып жатты
бір «Өлік»...
Екінді ме?
Әлде бері бесін бе?
Суықтықтың елемейді сесін де.
Тірілердің
Тағдырынан алыстап,
Өлілерге қосылғаны есінде.
Сызат алып сынғанынша сақа түн,
Балын талмап тамызғымен тататын.
Кінәсі де,
күнәсі де жоқ мүрде,
Тыныш қана...
Салқын жерде жататын.
Дауыстар диалогы
Тоқта, Өмір!
Сәл кідірші...
Тұра тұр!
(Маған да әлі «билет» беріп кетеді...)
Салқындыққа салғырт қарап тұратын,
Суып қалған
Тағдырлардың мекені...
Түсін көріп...
Адамдардың өңі дер,
«Өңі» дейді...
Сенер.
Сосын егілер...
...Тыныш, Тағдыр!
«тірлігіне» кіріссін,
Тірілерді асырайтын Өлілер...
Алдағы Әлем....
Алдағы арман,
жол –
ұлы!
Тоқтап қалған
Жүректердің жорығы...
...Ал менде ше...
Менің кеудем кәдімгі,
Өліп қалған Өлеңдердің
моргі...
И. Кереева АЛҒАШҚЫ ӨЛЕҢ Таңым күліп атар ма? Сіз Жетпейсіз бе үш-ақ басып?! Бүгін тағы жатам жалғыз, Жастығыммен құшақтасып. Өмірімді өпті өлеңім, Құшақтайды жылап қайғы. Жастығымды жек көремін, Ол да мені ұнатпайды. Көпшігіме тамар жасым, Жапырақ-жан гүлсіз көктеп. Нәзік болып жаралғасын, Бар «айтарым» үнсіздік тек... Құс болып мен ұшамын ба? Қия құздан құлап барам... Бауырыма қысамын да, Көпшігіме сыр ақтарам. Айға балап тағдырымды, Түнде ғана тірілетін. Жанардағы жаңбыр мұңды, Көпшігіме төгілетін. Айтам бәрін,
айта берем,
Үнсіздіктің тілі мұңды.
Естелікке қайта келем,
Дауыстар диалогы
Ұмыта алмай қылығыңды...
...Таң атады.
Әлем әлек,
Тыйдырады өксігімді.
Үнсіз тұрып әдемілеп,
Жинап қоям көпшігімді...
И. Кереева
СЫРАҒА СЫР
Сыра емес бұл...
Сырым менің...
Сары мұңым,
Сарғайған
Сағынышым...
Бүгін менің...
Көңілімде қан майдан...
Мұңдымын мен.
Сірә, шерім
Төгіледі Өлең боп...
Сол себептен сыра ішемін,
«Сол бәлені көмем» деп...
Ал...
Сезімге сиынар кім?!
Жалған намыс жатар ма?
Көз жасымды құйып алдым,
Қолымдағы бокалға...
...Соодаааан кейін күйіп ішім,
Елес қудым есіріп...
Сен ғой менің күйінішім,
Қоймай-ақ қой кешіріп...!!!
Дауыстар диалогы
САҒЫНЫШ
Тағынып жүріп мұң-моншақ,
Сағынып жүрмін Сізді мен....
Ай жылжып,
Күнді Түнге ұрса,
Жүрегім Сіз деп тізді өлең...
Тілектер қабыл еткей Күз,
Сезімдер болмай мұнша аңыз!
... Бір келіп неге кетпейсіз,
Сағынып жүрген болсаңыз...?!
Күлімдеп тұрып,
Халімді
«керемет» деймін...
Сенесіз...!
...Мен Сізді әбден сағындым,
Сезбейсіз соны неге Сіз?!
Айтылмай қалды бір сөзім...
Ендігі назым –
наз емес!
...Бір келіп маған көрші өзің,
Жағдайым менің...
Мәз емес...
И. Кереева
СҮЙМЕЙМІН ЕНДІ
Өзімде...
Сірә, аздай мұң!
Сіздегі Күйді қозғаймын.
...Жанымды қояр жер таппай,
Жынданып кете жаздаймын...
...Мен енді өлең жазбаймын...
Жүрекпен емес...
Көзбенен
Сүйіпсіз мені...
(Сезбеп ем...)
Сезімнің бәрін өлтіріп,
Мен енді мүлде өзгерем!
...Ешкім де емеспін
Сізге мен...
Араша түсіп арым шын,
Азаптап кеткен бағымсың...
...Мендегі сезім үкі боп,
Жүрекке Сіздің
тағылсын...
...Басқа қыз сізді сағынсын!
Күз келсе жаным үздігер...
Емдейді әлі-ақ Күз!
Білем...
Жаралы жаным бар еді,
Дауа болмады Сіздік ем...
...Сүймеймін енді Сізді мен!
Дауыстар диалогы
БІР ЖІГІТ
Бір жігіт бар...
Момын емес,
тентек те....
Ақылды емес,
ақымақ деп айта алман.
Мінезі бар
тән намысты еркекке,
Сөздері емес,
істерінен байқалған.
Дәулетті емес.
Емес бірақ тым кедей...
Кейбіреуден
қарапайым тірлігі.
Әлдекімдей
жабыспайды кенедей,
Нәпсіге еш меңземейді қылығы!
Кетпейді ол
қатарынан құр озып,
Жыр да жазбас мен секілді
таңға ұзын.
Отбасында көп баланың бірі – өзі,
Ал мен үшін әлемдегі жалғызым...
Маған деген сезімі оның
беймәлім,
Мен сияқты
өлең емес құмары.
И. Кереева
Шалыс басып
шатасады кейде адым,
Сол кезде оны көргім келіп тұрады...
Бір жігіт бар!
Сол жігітте жүрегім!
Жаным оның бір сөзіне мүдделі!
Сүйем оны!
Сүйіп келем!
Сүйемін!
Бойжеткелі...
Махаббатты білгелі...
Дауыстар диалогы
БІРТҮРЛІ ӨЛЕҢ
Өмір деген
сұрақ десем жауапсыз –
(Өңменімнен өтіп кетер өктемдік...)
Мен – күнәмін.
Маған берген сауап – Сіз,
Мекеніңді алғам мәңгі
Меккем ғып...
Өмір деген –
өкініші көп көңіл,
Өзегімді жарып шыққан өлеңім!
...Өз тағдырын
маңдайынан тепкен ұл,
Сені еліме жұмбақ етіп өлемін...
Екеуміздің қоштасатын тұс, әні!
Жылап қалғам...
(Айтқаныңның бәрі есте...)
Өмір енді –
өзге жанның құшағы,
Өкін мейлі!
Өзгермейді бұл, әсте...
Өртенген ем!
Өміріме лағнет деп...
Өтірік қой...
Босқа уәде береміз!
Атырамын сенсіз мына таңды ептеп,
И. Кереева
Жүрек тас боп,
кеуде – қуыс,
дене – мұз...
Өмірімде бар
біреудің кей өші,
Куәсі едім
қорқау салған қанды іздің...
Есалаңға еселенген «сый» осы –
Екі адамдық төсегімде
жалғызбын....
Өртеп кеткен
тентек Түнді жоқтаған
Жүрек қазір тастан ауыр...
(Қорғасын)
Сөйтіп жатып
Өмірге көп тоқталам,
Мағынасы
Саған жақын болғасын...
Дауыстар диалогы НАЗ Хабарсыз кеттіңіз көп уақыт... Ұқпадым Жоғалттық нені біз?! Ұялшақ жүректі тулатып, Сіз мені «сүйем» деп едіңіз.... Деміңіз секілді таңғы леп, Ұйқымнан оянам елеңдеп.... Мен жүрмін жанарым жәудіреп, Күттіріп қойдыңыз «келем» деп... Ойымнан шықпайсыз күні-түн... Сіз жоқсыз... (Өмірім мұздады-ай) Біз шерткен сырларды ұмытып, Алаңсыз жүресіз Сіз қалай?! Үміті жылатпай жетелер Көңілді... Біз жүрген іздермен. Мен Сізді жек көріп кетер ем, Жүр мені Серт қинап Сіз берген...
И. Кереева
Сертіміз бір еді.
Білемін...
Мен берген Сертімді бұзбадым!
Селт етпей мен сүйген жүрегің,
Қай жерде отырсыз Сіз...
Жаным...
Дауыстар диалогы
ҚҰРБЫҒА
Сен жыладың...
Басылмады өксігің...
Маған мәлім болған соң ба көп сырың...
Ал мен тұрдым не дерімді біле алмай,
«Қойшы, жаным.
Жыламашы» деп...
Күнім!
Біз екеуміз тағдырласпыз...
Мұңайма!
Қолы жетіп көріп пе еді Күн Айға?!
Өр едің ғой, егілесің неге сен?
Жігерлі жан бос нәрсеге жылай ма...
Еркің қайда
еншіленбес ешкіммен?
Көріп жүрсің,
айтшы қане,
сес кімнен?
Босқа жаным мұңаймашы,
жылама!
Бақытты боп өтпейді ешкім бес күннен...
Жыламаймын!
Сен де жаным жылама!
Өмір деген ақ-қара емес,
сұры-ала...
Сен жыладың...
Сосын мен де егілдім,
Сол баяғы жүрегімнен жыр аға...
И. Кереева
Жатсын мейлі мағынасыз күн өтіп,
Сырымызды жүректерге түнетіп –
Бірімізге демеу болып өтеміз,
Мұңымызды мөлдіреген шық етіп!
Атады әлі екеумізде таң нұрлы!
Бітер күні болар мұңды жаңбырдың...
Тосын сыйын ұсынса да тағдыр мың,
Біз екеуміз жеңілмейміз,
жан құрбым...
Дауыстар диалогы ТҮС Айыптамай Өзіңсіз Түнді суық, Өткізіп-ақ жатырмын Күнді сұлық... ...Кірпіктерім айқасып жатқан сәтте, Сен есіме түстің де... Бір күрсініп... Ұйықтап кеттім... Содан кейін басталып ертегі әлем, Жырмен жазып
сезімді шертеді Өлең...
Түсімдегі тамаша бақ ішінде,
Адам біткен жүр екен тең-теңімен...
(Бұл сәтті мен ешкімге ұсынбас ем!)
Келе жатсам қызықтап құсын да әсем,
Кеше көрген Түсімде...
Есімімді
Жазып кеткен
орындық тұсында сен...
Күтіп тұрсың!
...Біз өмірде бақытты таптық ойлап,
Бірақ мендік сағыныш
кетті бойды ап...
Жүгіріп кеп
құшағыңа сүңгіп кеттім,
Жанарда жас...
Жүзімде шаттық ойнап...
И. Кереева
Табылғандай
бақыттың тең тұрағы,
Хауыздардың жарқылы...
Елітіп ағын!
Өмірдегі мұңымды
жылап айтып,
Бауырыңа тығылып
мен тұрамын...
Өксік толы сезімді
күзетеміз...
Айтшы, неге сезімді
Күз етеміз?!
Ал түсімде...
Мұң мүлде болмағандай,
Қол ұстасып жүреміз
Біз екеуміз...
Сағыныштың
шарабын тең бөлісіп,
Бір суыйсың...
Құшақтап сен бір ысып...
Сүйіп жатып...
Оянам...
Таң атыпты...
Жылап жатыр екенмін
мен бүрісіп...
Дауыстар диалогы
ҚЫЗҒАНБА
Жанымды үгітіп,
жаралап
Сенімге түсірме сызат түк!
Күдік пен
уайымды жағалап,
Тағы да бір күнді ұзаттық...
Арманым өзіңмен бір, егіз,
Өзіңсіз тарылар тынысым.
Болмашы нәрсеге күлеміз,
Сол сәтте-ақ
қаламыз ұрыссып...
Білемін,
өзімшіл жігітсің,
Менің де мінезім –
антұрған.
Сенімнің ақ жібін үзіпсің,
Айрылып
сабырлы қалпыңнан.
Мен сендік зәрумін
көмекке,
Мақтанам
серігім болғанға!
Айтшы енді,
қызғаныш керек пе,
Жүрегім
«сүйем» деп тұрғанда?!
И. Кереева
Қызғандың....
Жара сап жаныма;
Болса да белгісіз себебі...
Мен сені
балаймын бағыма,
Өзгенің
жоқ түкке керегі.
Қызғаныш –
біз үшін долы сын
Сенімнің
қалқанын бұзғанға!
Мен сені сүйемін,
сол үшін
Өтінем,
сен мені қызғанба!
Дауыстар диалогы
ЖАСЫРЫН НӨМІР
Тағы да жүдетіп жүректі,
Санамды мазалап құнсыздық.
Ұялы телефон шыр етті:
Тұтқаны көтердім...
ҮНСІЗДІК...
Тағы да күрсініс.
Апырмай,
өмірім шыдар ма мұндайға?
Абонент нөмірін жасырмай,
Телефон соғуға
болмай ма?
Тырналап
жүректің жарасын
Өкініш,
өксікпен өрілген.
Несіне телефон соғасың,
Күн сайын
жасырын нөмірмен?
Күресіп намысың,
арыңмен
Соқпашы
жасырын нөмірмен.
Мен сені
сеземін жаныммен,
Мен сені
танимын деміңнен....
И. Кереева
Жанарда
моншағым мөлдіреп,
Тұрамын
әл жетпей «кім» деуге...
Сені де сағынды бұл жүрек,
Құшағыңды
аңсады бұл кеуде...
Әдейі адасып,
шоқ басып,
күресем өзіңсіз өмірмен.
Өтінем,
телефон соқпашы,
Жылатып,
жасырын нөмірмен!
Дауыстар диалогы
ТОСТ
Тек бақытты тілер едім...
Болмайды!
Байлық тілей беру –
миға қонбайды...
Не тілейін, жаным,
саған дәл бүгін?
Не айтайын...
(Болды маған сол қайғы...)
Екеу едік...
Жолымыз да бір дедік!
Бірге сезім бақшасында
гүлдедік...
Мен туралы
сен досыңа сыр айтып,
сен туралы
жазып жүрдім күнделік...
Бастап тұрсам
жылауықтың тағы әнін,
Кешір, күнім...
Жаза алмаймын жаңа мұң...
Сен әскерге аттанатын болдың да,
Студенті атандым мен қаланың.
И. Кереева
Екеумізде болмай мүлде
тілек кем,
«Күтемін» деп
уәде беріп жүрекпен.
Апта сайын
хат келетін әскери,
Балаң жігіт
күлімдейтін суреттен...
Сенсіз өткен
әр күнімді жыл деумен,
Күндер жатты
алмасып көп түндермен...
Суретіңмен
жұбанатын едім мен,
Жараласа
«Аңсау» атты сұр мерген...
«Екі жылы
екі күндей өтед(і)» деп,
Сағынышты басатынмын
тек ептеп...
Зарықтырып
сен де келдің бір күні,
Аяғы ауыр қалыңдықты
жетектеп...
Дауыстар диалогы
Күттім сені...
Керегі не өкпенің?!
Назым саған айтар, жаным,
көп менің...
Тойыңа кеп
тост айтатын «құрметке»
ие болам деп пе едім...
P.S.
...дедім. Сосын есік жаққа беттедім...
И. Кереева
ЖЕТІМ БАЛАНЫН МОНОЛОГЫ
Тәңірім,
қатарымнан не кеміттің?!
Жетегінде келемін
жегі-үміттің...
Туа сала
тастанды атандым да,
Терезеге телміріп
сені күттім...
Анашым...
Серігі ме сағыныш,
ой –
баланың?!
Жақсы еді ғой
телміртіп қоймағаның...
Мені келіп
бассаңшы бауырыңа,
Мүмкін емес мүлде
енді ойламауың...
Көзім кімге ұқсайды,
өзім кімге...
Сені аңсамай, анашым,
көз ілдім бе?!
Жүрегіңнің бөлшегі
шырылдап жүр,
Сенде ешқандай жоқ па еді
сезім мүлде...
Дауыстар диалогы
«Сағындым» деп өзіңді
жазам Айға...
Қасіреттен мендегі
азалы Ай да...
Ай арқылы
мен сәлем жолдап жүрмін,
Түнде сені бір елес
мазалай ма?..
Жетімдіктің зарымен
жағаласып,
Өмір кешіп жатырмын,
жан анашым...
Ақ періштең сені іздеп
шарқ ұрады,
Сен қалайша
тым бейқам қала аласың?..
Кеммін айтшы,
қай қыздан,
қандай ұлдан?!
Мүлде хабар білмейсің
жағдайымнан...
Тым болмаса
бейнеңді көрейінші,
Бір иіскеп кетсеңші енді
маңдайымнан...
Анашым...
И. Кереева
ТІРЛІК ДЕГЕН
Бауырым,
қанша сүйгенмен,
Бұл өмір өтер күйбеңмен...
Айқасып ақ пен қарасы,
Ақымақ билеп данасын:
Тірліктің
көшін сүйреумен.
Сағың да сынар
сансыз тым,
Сан мәрте жанар
бағың да.
Неліктен
сонша қамсызсың,
(Бағың ба бұл,
сорың ба?...)
Құйындап өтер қайғысы,
Қиындап кетсе тірлігің.
Қаруы түгел сай кісі,
Қасқайып жүрер күн бүгін...
Тұншығып қалма тірліктің,
Талғамай ішіп тәтті уын.
...Тоқтамай таңы күн бітті,
Тойдырмай қойды шаттығың...
Дауыстар диалогы
Бірімен бірі жұлысып,
Табылмай жанға керегі:
Жамандық көп қой,
сол үшін,
Ұрпағың жапа шегеді...
Әттең!
И. Кереева
ҚАРЫНДАС СӨЗІ
Аға...
Қарындасыңның сұра жайын...
Көздеп жүр ем
Арманның құралайын;
Сонда бірі демеді,
сүйеу болып,
Күліп тұрып тілдеді
бір ағайын...
Бойжеттім бе?
Ойменен теңесті күн...
Құлыншақ ем...
Бәрі де елес бүгін.
Барлық жанды өзімдей көре беру,
Білдім, Аға...
Қажет те еместігін...
Тілеулестер
жан салып ара тұрды,
Содан кейін
бойға нұр таратылды.
Аға?!
Неге құштар біреулер
қақтырмауға,
Әлі беки қоймаған
қанатымды.
Дауыстар диалогы
Адамдардан,
қоғамнан түңілдіріп...
Әлдекімдер келеді сүріндіріп
Жаңа басқан балапан қадамымды...
Аға?!
Айтшы,
жеңе ме түбінде Үміт?!
Біреу мақтап тұрса да
күнә атағын;
Білсем де кеп
жақынның жылатарын;
Бұл Өмірді сонда да
ұнатамын...
Аға...
Қарындасыңның сұра халін...
И. Кереева
КӨНДІГУ
Күлу үшін себеп керек,
Көктем сенсіз күрсінтеді.
Тағдырымыз бөлек.
Неге
Аңсатумен жүрсің мені?!
Сүюіміз бекер біздің!
(Ой емес бұл оқыс маған)
Тағдырымыз екеуміздің,
Әу бастан-ақ тоғыспаған.
Өмір, берген өкпең аз ба?!
Тағдырдың қай өші бізде.
Келе алмасаң көктем,
жазда,
Келесің бе осы күзде?!
Есімді алды ентікпе – мұң,
Жүрекке жоқ шара мүлде.
Күлме, бірақ...
Көндіккенмін,
Сенсіз өтер мына өмірге.
Дауыстар диалогы
ҚАЙТЕМІЗ СҮЙІП БІЗ
Сезіміңіз маған неткен сүйікті еді...
Сіз – Күнсіз!
Болсам Еңлік биіктегі...
Сіз – мендік сырдың кейіпкері,
Қайтесіз сүйіп мені...
Сөздеріңіз беймәлім күй ұққызды...
Жүрегім сол жүректі сүйіпті ізгі...
Күтемін
Келер енді күйік Күзді...
Қайтемін сүйіп Сізді.
Не Ой бұл?!
Кеш басталса
мазамды алған...
Жаза алар ма
бітпеген жарамды арман?!
Сіз де жоқсыз...
Махаббат сараң маған...
Мен Сізге жаралмағам...
Қу тіршілік шаршатып күйбең...
Күйбең...
Мендік селқостыққа да үйренді Өлең...
Мен біреуді жылатып үйренбегем,
Сіз мені сүйгенменен...
И. Кереева
ТҮН…ТОРЫҒУ
Тағы да Түн…
Тағы да жауыз сағат…
Өлтіреді мақтамен бауыздап-ақ…
Бақытымды біреуге бере салып,
Тағдырымнан сұраймын қарызға Бақ…
Тағы да Түн…
Тағы да елес Күнім..
Көңілімді торлайды көмескі Мұң…
Әлемдегі жалғызым Сен болғанмен,
Мойындайын:
Сірә, енді Сен –
ешкімім…
Атар енді
Жалғыздың қанша таңы?!
Тағы да Түн..
Дейтіндей «аңса тағы»…
Сені мүлде ойламау мүмкін емес,
Сарылып сағыну да шаршатады…
Тағы да Түн…
Жұлдыздың ары тамды…
Анау Айдың, білемін, бағыты әнді…
Сен ұйқыда шығарсың….
Қайырлы Түн….
Көрер көзбен атырам тағы Таңды…
Дауыстар диалогы
Өткенде – Мұң...
Жоқ неге биікте түк?!
Күн туар ма күлімдер, күйік кетіп…
Өмірдің қорлығы, иә?
Басқа адамның
Бағына қойған мені сүйікті етіп…
И. Кереева
АҚЫРҒЫ НҮКТЕ
«Сен маған керек едің!»
…Жанға батты осылай демегенің…
Сені сүйген Жүрек пен
Қарашықты,
Жетер енді…
Түсінбе, елемегін!
Мінезім бұл жасытса өршеленер!
Бақытым да тек маған сенсе келер...
Сен де енді менімен амандаспай,
Бұрылмастан өтіп кет, көрсең егер…
Жүрегіңнің табылмай
әу бастан емі,
Ойың сенің әуелден басқада еді…
Алдау үшін
өтірік сөйлеспеші,
Өміріңнен өшіріп таста мені!
Қазір сені ұнатқан кезім-қайғы.
Суреттегі бейнеңді көз ұрлайды,
Өміріңді менсіз-ақ өткере бер,
Өлеңімді оқымай өзің жайлы….
Бар бәлемді мен енді сенен көрем,
Уәдеңді ұмыт
«бір күні келем» деген!
Таңдау жасап кеттің бе?
Келме енді!
Мен некемді қиғанмын Өлеңменен!
Дауыстар диалогы
Сен үшін деп күйікті ой шеккенім ай!
«Ұнатып ем» демеші текке бұлай…
Келсең кел, келмесең қой!
Мен де сені,
Есалаңша күтіп жүр деп пе едің, әй?!
И. Кереева
БАСПАНА БАЛЛАДАСЫ
Өмірімде бола берсін қате мың,
Өлеңге мен жүрем ылғи бек тойып!
…Бір орыстың жалдап жүр ем пәтерін,
«Іздрәсті» деп қойып…
Сол орысқа намыстанып талай рет,
«Қазақша үйрен, әй қазәйкә» деп едім:
Таң қалды ол
«Мұның сенің қалай» деп,
«Қазақ тілдің бар ма маған керегі?»
«Қазақшаңның үйрене алман дәміне,
Үйренгім де келмейді оны, себебі:
Пәтер қажет қазағыңның бәрі де,
мына маған орысша іздеп келеді!»
Шауып қаным бір-ақ шықты басыма,
Жеті атасын түгел боқтап,
түнердім.
Үйдің кілтін иығымнан асыра,
Иесіне лақтырып кеп жібердім…
Баспанасыз қалсам да бұл
Күзде енді,
Басымды оған өліп кетсем,
имеспін!
Өз еліне өгей еткен біздерді,
Ей, Өмір-ай…
(диуаналық күй кештім…)
Дауыстар диалогы
Бір орысқа бола үмітті үзем бе?
Баспана іздеп көріп едім, масқара:
Пәтер жалдар қазақ
таппай түк емге,
Орыста екен тек
жалдайтын баспана….
Қазағымда
пәтер құрып қалды ма?
Қай ақшасын сұраса да
төлер ем…
Намысымды таптап бірақ алдына,
Барғым келмей қалды орысқа...
«Не деген
қырсық едің!» деп сөккендей бұлт мені,
Қабақ түйіп,
төбемнен кеп түнерді.
Мен орыстан жалдамаймын, өйткені,
Арыма ол зәрін шашып жіберді!
«Келер қайтып қара күзде тоңса» дер…
Жауратпайды
демеу болып жаныма ар!
Ал, қазағым!
Ақын керек болса егер,
Ақтөбенің вокзалынан тауып ал!
… Кеттім мен!…
И. Кереева
СОҢҒЫ СӨЗ
Сенен күткем…
Өрлік пенен Жігерді…
Еркің қайда еркектік?!
Үнсіз кеттім…
Көңіл тағы түнерді…
Қалдырмай бәрін өртеп…
Күт!
Келеді, сірә, бір күні:
Мұңайып қалған мендік жыр…
Ұмытып сосын күлкіні,
Ұйқысыз Түнге жеңдір бір…
Қайтесің күйді мендегі,
Көңілі қалған кептермін…
Армандап Сені өрдегі,
Бақ тілеп үнсіз кеткенмін…
Ақ кептер қыздың жаны бұл,
Аққудың саған тілері:
Мендегі ЖҮРЕК бәрібір,
Сен үшін өмір сүреді…
Дауыстар диалогы
* * *
…Жан деп ем…
Еркі бар;
Ез емес…
Мен үшін туылған еркек деп…
Ал қазір мен сүйген кез – елес,
Өзің кеп Төзімді өртеп кет…
Жігіт деп артқан ем үмітті,
Жансың ба…
Жар үшін жаралмас?!
Мен үшін сезімің күдікті,
Болсаң да сүйікті жан алғаш…
…Жанарда селқостық…
жаста мұң..
Суретің жылап тұр бұрышта.
Мен сені жек көре бастадым,
Сен де енді ұнауға тырыспа…
И. Кереева
ЖЕК КӨРЕМ
Мен енді жек көремін:
Өмірдің сәттерін нұр…
Көп мұңға текке менің,
Толмас
Көк Дәптерім бұл…
Мен енді жек көремін!
Ұнату?!
Ұмыт, Жүрек!
Бәріне өкпеледім,
Бәрі де күдіктірек…
Мен енді жек көремін!
Жек көреееемммм!!!
Бәрін, бәрін!
Еске алмай өткеремін,
Біреудің сағынғанын.
Мен енді ұнатпаймын,
Ақ таңды нұрын төккен…
Қанекей, жылат, Қайғым,
Ұйқысыз түнімді өпкен…
Жылуды жан күткесін,
Ей, Өмір!
Бұлдарың көп…
Жалғанның әр нүктесін,
Жақтырып тұрғаным жоқ…
Дауыстар диалогы
Сондықтан мазамды алма!
Оу, Өмір, солығы – Мұң…
Мейірге сараңдарға,
Күмәнді жолығуым…
Болды!
Қош!
И. Кереева
КӨГЕРШІН
Сырласам деп келіп едім таяп мен,
ұшып кеттің....
Түсінбейсің ғой, әттең...
екеуміздің
тағдырымыз тым ұқсас,
екеумізде ойлар басым,
саят кем...
Қос бұтағы біздер өмір – теректің;
Екеумізге бұйырған ба ерек мұң?!
...Сен алдыңғы аяғыңды қанат қып,
Мен алдыңғы аяғымды қол еттім.
Қашпа менен,
үрікпеші текке енді,
Біз қалайық мәңгілікке боп белгі.
Сен көшеде
күтіп жүрсің көктемді,
Мен көшеде
еске аламын өткенді.
Мені қойшы...
Сен салмашы қапаста ән;
Жерге симай жүрмін.
Саған жат аспан...
Дауыстар диалогы
Үнсіз ғана
тереземді қағып ап,
Мәңгі мұңдас болуға
шарт жасасқан
Көгершінім...
Кетпеші...
И. Кереева
«НЕ ЖАҢАЛЫҚ?»
(жиі қойылатын сұраққа жауап)
Жаңалық жоқ.
Сол баяғы сойқан мұң;
Жанды,
тәнді
Һәм сананы улап тұр.
– Ал Өлең ше?
– Сол Өлеңді қойғанмын,
Қыр соңымнан қалмай жүр тек
шумақ бір...
Өмірге бұл
бере алмаймын тағы мән,
Тағы бүгін сыр ашпадым,
кеш, күнім.
...Әлдекімді ішім қызып сағынам,
Болмаса да
сағынатын ешкімім...
Дауыстар диалогы
* * *
Жаңалық жоқ...
Бәрімен келістім де,
Жай өмір таппай қалдым
жер үстінде.
Сырымды да аша алмай
тірі жанға,
Мұңымды да шаға алмай
мен ешкімге...
Бақыт кімде,
қуаныш,
табыс кімде...
Арманымды ақтарып
алыс түнге:
Жаңалық жоқ!
Сұрама,
Сұрай берме;
Жаным да,
Жүрегім де хал үстінде...
И. Кереева
БАЛКОНДАҒЫ САНДЫРАҚ
Түннің тағы
қабағынан мұң есіп,
Жұлдыздардың
жанарынан нұр өшіп:
Мен өзіңді
тағы да ойлап отырмын,
Сағыныш қой...
(Оны өзің де білесің)
Сағымдардың арасынан
Сыбырлап:
«Сүйем» дейсің...
Селк еткізіп сананы.
Ал өзіңсіз
жүрегімнен жыр ұрлап,
Өмір де өтіп барады...
Ай да анау,
Әлдиі айтар бар маған;
Жырларыма жаратты
көп ұйқасын...
...Сенсіз...
Қаңғы метеоритпін
шарлаған
Сезім галактикасын...
Дауыстар диалогы
ТОЙ БИЛЕТІ
Қырсық тағдыр...
Үкімі тым үрейлі:
«Кеттім» деген.
Өтірік, шыны?! (Мейлі!)
...Қолымдағы шақыру қағазы да,
«Бүгін оның некелік түні» дейді...
Қырсық тағдыр.
Болашақ секемді ме-еу?!
Өтірік қой, «бар ойым өтелді» деу.
...Той қағазы.
Әдемі ақ тілекпен,
Күліп тұр ол...
Жанында бөтен біреу...
Қызықтап өз көгіңнен өз айыңды,
болды ма анаң, айтшы,
көзайымды?!
...Той билеті.
Сол тойға барам мен де,
Өзіме өзім беріп сазайымды...
Солай!
И. Кереева
* * *
Өлең менен....
Мен Өлеңнен тумақ ем,
Шерлі шумақ оралғанда ойға әлі;
Жирен шашын сілкіп тастап шулы әлем,
Жан айқайын есіттірмей-ақ қойғаны...
Жазмышыма хордың қызы бал ашып,
Жер түбіне жетелейді мына күн;
...Өз көзімнің түнегінде адасып,
Өз сөзімнің таба алмадым тұрағын...
Балкондағы болмысымды торып мұң,
Құлағыма естілмейді көрікті үн.
...Қара аспанның қабағынан қар жауып,
тас төбемнен ұратындай қорықтым...
Айға ант ішіп,
Мына түнге серт беріп;
Тағы отырмын...
Кеудемді аса кек керіп;
...Жер бетіне сыя алмаған түріммен,
кетемін-ау бір күндері текке өліп...
Дауыстар диалогы
ӨЛЕҢ
Түрмей
сірі санамдағы түндікті,
Мына қақпас жалғаныңа көнем бе?!
Өзімізше «Өмір» дейміз
тірлікті,
Еееей, досым-ау,
нағыз өмір – өлеңде!
Сандырақ боп
елге айтқан өнегең,
Өлең сені сөндіреді
өртенсең.
Көрер едім, сірә,
асылып өлер ең,
Өлең сынды өмір сүріп
көрсең сен!
Өлең деген құдірет қой,
кемеңгер;
Өлеңде бар мінез, ерлік
Менен де өр;
Тірлік кешкің келсе...
Мейлі, өзің біл,
Өмір сүргің келе ме?!
Онда Өлеңге ер!
Өлеңсіз біз
өмір сүріп жүрдік пе?!
Қарыз қанша
тек өлеңмен өтелген?!
И. Кереева
Өлең ғой, ә?
Мына жалған тірлікке,
«Ақын» дейтін әпендіні әкелген.
Үйрететін шын қуанып,
күлуді;
Кейде қосар жанымызға
мұнар мұң:
Бәрін тастап,
нағыз өмір сүруді,
Мен Өлеңнен үйренетін
шығармын!
Енді...
Дауыстар диалогы
ҚАБІР БАСЫНДАҒЫ МОНОЛОГ
Қашаған Күржіманұлының 170 жылдық мерейтойына
Қанатын жайғанда қара түн,
«Мен жоқпын. Өлгенмін» демеші...
Өйткені жабықсам, баба, тым
Демейді Қайыптың елесі.
Тірліктің тұрлаусыз таңы атса,
Тағы әлсіз неліктен, баба, ақын?!
Ақын боп есімнен адассам,
Аруағың арбаған болатын...
Жырымда Бөбектің жаны бар,
Қайып боп қайғырдым, о, баба!
Сол заман сұмдары әлі бар,
Біздерге обал, ә?!
Бұл өмір ойын ғой тым арзан,
Кетем мен! Құлаймын, сүрінем...
Молаңда тұрмын ғой жыр арнап,
Мені әсте ұқпайды тірілер...
Өмірдің анық мұң екені,
Қимаймын деуге енді сізді өлген...
...Мүлгиді марқұмдар мекені,
Сізді ұрлап біздерден...
И. Кереева
Баба, сен айт менің теңім кім?
Қажытты жасықтар сырты нар...
Бабам-ау, күреспей жеңілдім,
Шаршадым ойыннан.
Күтіп ал!
Дауыстар диалогы
БЕЙІТТЕН ЕСТІЛГЕН КҮБІР
(Қашағанның жауабы)
Өкпем көп тіріге менің де,
Асықпа, ерте ғой тым әлі!
Бұл жақта мен бармын, өмірде
Болғайсың өлеңнің шырағы!
Кей топас өмірдің мазағы
Боп жүріп өсиет жазады...
Тілерім жеп жатсын үнемі
Жаныңды қара өлең азабы...
Текті едім сұңқардай, тегі бек,
Өлеңге гүліңді келіп ек.
Жиенім екенсің, ендеше,
Адайдың бір ұлын серік ет!
Дегендей естілді күбір бір,
О, баба! Санама жырың нұр!
Күмбезің күрсінді. Мен оны
Кие деп ұғындым...
И. Кереева
ТӘУЕЛСІЗДІК – ТӘТТІ ҰҒЫМ
Таңым атты еркіндікпен.
Шат күнім!
(Қолындағы бағаламас бақты кім?!)
Тағдырымның талайында таңбасы,
Тәуелсіздік тәтті ұғым!
Қазақпын мен!
Төріне түн түнемес,
Арамдыққа жол бермейтін жүрегі еш.
Өгей тілде өрге ұмтылсам егер де
Жырым менің жыр емес!
Қазақпын мен!
Намысы үшін оққа ұшқан,
Ешкім мені басына алған жоқ тыстан.
Жақынымды жаттай сыйлар халықпын,
Сен осыны ұқ, дұшпан!
Қазақпын мен!
Лайланбаған қаны бар,
Екпінімнен Түн ығады, таң ұғар!
О, болашақ! Тәуелсіздік байрағын,
Өз қолымнан қабыл ал!
Қазақ жүрек!
Соға бер, соқ лүпілде,
Жауыңның түрлі өсегіне бір түкір де
Қуаныш тіле алдағы келер күніңе,
Ақсарбас айтып, шүкір де!
Дауыстар диалогы
Сырым да менің, жырым да менің қазағым!
Таппадым бірақ заманның тағы таза әнін...
Рухымды менің түсінбес асфальт баласы,
Қазағым үшін жазамын!
И. Кереева Мазмұны Қызғалдақ хикаясы............................................................3 Былтырғы көктем..............................................................6 Қиял....................................................................................8 Тілек...................................................................................10 Сен туралы ойлардан........................................................11 Бақилық досқа хат.............................................................13 Тақырыпсыз өлең..............................................................14 Келсең ғой..........................................................................15 Белгісіз әнші......................................................................16 Қияли өлең.........................................................................17 Ақырзаман.........................................................................18 Аспанда жазылған өлең....................................................19 Тақырыпсыз өлең..............................................................20 Сөз......................................................................................21 Қоштасу..............................................................................23 Ой........................................................................................24 Қыс және мен.....................................................................25 Хат......................................................................................27 Күйзелдірмеші...................................................................29 Сен үшін.............................................................................30 Мінез..................................................................................32
Дауыстар диалогы Ешкім де... ештеңе.............................................................34 Элегия.................................................................................35 Еске алу..............................................................................36 Түнгі ойлар…....................................................................37 Тоқтату...............................................................................39 Өгейлік...............................................................................41 Сыр.....................................................................................43 Қала аралық қоңырау........................................................45 Айға қарашы......................................................................46 Күз. Қала............................................................................47 Қала. «Кешір». Көлеңке....................................................49 Өлең керек..........................................................................51 Жіберші, мама…................................................................52 Морг....................................................................................53 Алғашқы өлең....................................................................55 Сыраға сыр.........................................................................57 Сағыныш............................................................................58 Сүймеймін енді..................................................................59 Бір жігіт..............................................................................60 Біртүрлі өлең......................................................................62 Наз......................................................................................64 Құрбыға..............................................................................66 Түс......................................................................................68 Қызғанба............................................................................70 Жасырын нөмір.................................................................72 Тост.....................................................................................74 Жетім баланың монологы ................................................77
И. Кереева Тірлік деген........................................................................79 Қарындас сөзі....................................................................81 Көндігу...............................................................................83 Қайтеміз сүйіп біз..............................................................84 Түн…торығу......................................................................85 Ақырғы нүкте....................................................................87 Баспана балладасы............................................................89 Соңғы сөз...........................................................................91 …Жан деп ем….................................................................92 Жек көрем..........................................................................93 Көгершін............................................................................95 «Не жаңалық?»..................................................................97 Жаңалық жоқ....................................................................98 Балкондағы сандырақ........................................................99 Той билеті...........................................................................100 «Өлең менен...»..................................................................101 Өлең....................................................................................102 Қабір басындағы монолог.................................................104 Бейіттен естілген күбір.....................................................106 Тәуелсіздік – тәтті ұғым...................................................107
Дауыстар диалогы
Индира КЕРЕЕВА
Өлеңдер
Редакторы Сәндібек Жұбаниязов
Суретшісі Нұрлан Тазабеков
Техникалық редакторы 3айра Бошанова
Компьютерде беттеген Дилярам Мансурова
«Жас толқын» сериясы
ИБ № 7265
Басуға 15.06.2013 қол қойылды. Қалыбы 84х1081/32.
Офсетті басылыс. Қаріп түрі «Tіmes New Roman».
Баспа табағы 7,0. Шартты баспа табағы 6,0.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 978.
Қазақстан Республикасы “Жазушы” баспасы, 050009.
Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй.
ЖШС РПБК «Дәуір», 050009,
Алматы қаласы, Гагарин д-лы, 93а.
Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан
басылып шықты.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру