TELEGEI

Home

Әдеби жазбалар мен көркем аудармалар

Салауат Кәрім

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Әдеби жазбалар мен көркем аудармалар

Аудармашы, әдеби қаламгер Салауат Кәрімнің әр жылдары баспасөз бетінде жарық көрген әдеби жазбалары мен көркем аудармалары жинаққа топтастырылған. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

САЛАУАТ КӘРІМ

Әдеби жазбалар мен
көркем аудармалар

УДК: 821.512.122.0 ББК 83.3 (5 Қаз) К25

Салауат КӘРІМ. Әдеби жазбалар мен көркем аудармалар
Әдеби жинақ: Әдеби жазбалар мен көркем аудармалар - 2022 жыл –
220 бет

Аудармашы, әдеби қаламгер Салауат Кәрімнің әр жылдары баспасөз бетінде жарық көрген әдеби жазбалары мен көркем аудармалары жинаққа топтастырылған. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

ІSBN 978-601-80878-8-2

«Индиго Принт баспа орталығы» ЖШС
Астана қаласы, 2022 жыл

Алғы сөз

Әр жылдары жазған және баспасөз бетінде жарық көрген әдеби сын жазбаларымды, көркем аудармаларымды, шағын прозалық әңгімелерімді, рухани ізгілікке құрылған публицистикалық жазғандарымды, мақалаларым мен сұхбаттарымды жинақтап, оларды екі кітапқа бөліп, шағын данамен –өзімнің қаражатыма басып шығардым. Бірінші кітапты «Әдеби жазбалар мен көркем аудармалар», екіншісін «Күн астындағы қазақ» деп атадым.

Әдебиет әрқашанда адамдардың жетілуіне, таным талғамының, түсініктерінің қалыптасуына ықпал етеді, әдебиет оңай өнер емес, үлкен табиғи қабылетті, ыждағатты, жанжақты білімді, қажырлы еңбек пен көптеген қасиеттерді қажет етеді, көп жылдар бойы жұмыстан тыс, отбасынан қолым босаған уақытта жаздым. Қыстың үскірік аязды, ысқырған боранды түндерде күйеуі (менің атам) сұрапыл соғыстан оралмаған, жиырма үш жасында жесір қалған менің асыл әжем бөлмені бөліп тұрған ескі қыстаудың жалғыз пеш қазандығына тезекті аямай салатын, содан кейін жылы пеш түбінде көрпеге оранып жатқан немерелеріне әуелі ертегілер, содан кейін батырлар жырын, ертегісі мен батырлар жыры таусылғанда ауыр

тағдырын, бастан кешкен оқиғалары туралы айтатын. Ал, әкем болса жас кезінен кітапты көп оқыды, ауылда токарь болып жұмыс істеді, біздің үйде әдеби көркем кітап көп еді, содан шығар бала кезімнен кітапқа құмар, әуес өстім. Біз ауылда тұрдық, менің ата - анам елге қадырлы, асыл қасиеттерге толы, адамдарға болсын дейтін ізгі жандар еді, олардың ертеден кешке дейінгі тауқыметі қорадағы үш бұзаулы сиыр, жиырма шақты қой болатын. Мал біздің негізгі күн көрісіміз, күнделікті ішіп жейтін асымыз, үстіміздегі киім болатын, олар бала кезден мені адал өмір сүруге, адамшылыққа, еңбек етуге үйретті, олар үшін қадыр - қасиетін, ар - ұятын, абыройын сақтау ең басты еді, олар мені кісілік қасиеттерге, адамға қол ұшын беруге, адамға жан ашуға, көңілін қалдырмауға, адамдарды сыйлауға үйретті, менің оқығанымды, жоғары білім алғанымды қалайтын, ақылды, адамгершілігі мол, жетілген адам болса екен, жетістіктерге жетсе екен деп армандайтын. Осы кітаптарды әжем Жәдида мамама, әкем Кәрімов Нағымға, анам Нұрдалина Ләтипаға арнаймын. «Өмірің бір ұзын – сонар жол болар, болса түйсік – жол азығың мол болар» деген екен шығыс данасы Жүсіп Баласаұғни. Иә, бір ұзын – сонар жол артта қалды, ең қиын кездерде: үміт пен сенім, қанағат пен мейірім, адамшылық пен ізгілік әрқашанда жаныма жұбаныш, көңіліме демеу, жолыма азық болды. Өмірде түйгендерімді, таным - түсініктерімді, ой толғаныстарымды, өмірлік ұстанымдарым мен көзғарастарымды, сезімдерім мен жұбаныштарымды, жалпы ішкі жан дүниемді барынша осы кітаптарымда жеткізуге тырыстым, соған шүкірлік етемін! Жасырмаймын, бұл көптен бері ойымда жүрген шаруа еді, бүгін сәті түскен сияқты, кішкентай болса да мынау дүниедегі алдыншым деп білемін.

Автор, 2022 жылғы қазан

ӘДЕБИ ЖАЗБАЛАР

АБАЙ МІНСІЗ, МІН ӨЗІМІЗДЕ

Абай шығармаларының жетінші басылымына арналған алғы сөзінде Мұхтар Әуезов: «Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларын қағаз бетіне маржандай төгілдірді, оның әрбір бетінен, әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, сонша жақын леп естіледі...» - деп жазды. Қазір де самал желдің соншама ыстық және сонша жақын лебіндей, ал кейде ауыр жаңғырықтай Абай сөзі, Абай үні, Абай лебі зілдей естіледі, оның шығармалары мәңгі, заманнан биік. Абай сөздері қазір де елге тікелей қатысты, бүгін де маңызын жойған жоқ, ол бүгінде бізбен бірге өмір сүруде. Абайдың айтқандары ақиқат, одан қашып құтыла алмайсың. Абай шығармалары қандай уақыт, қандай заман болмасын адамша өмір сүрудің, ел болудың негізі. Осы күнге дейін ой даналығы мен сөзінің көркемдігі жағынан Абайдан асып түскен ешкім жоқ, оның есімі қазақтың ең басында тұрады. ******

Абайтану курсын Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінде Мұхтар Әуезовтің аспиранты, философ, доцент Құлмағамбет Лекерұлы Еспаев ағай жүргізді. Абайды ұстазы айтатындай «асыл» дейтін, бұнысын құрметтен гөрі, кір келтіруге, шаң жуытуға болмайтын, анасы сәбиін қалай аялайтындай сезімдермен жеткізетін, сондай-ақ, «Абай бізге мұңдас, сырлас, замандас, құрдас...» дегенді жиі айтып отыратын, сол кезде аса мән бермейтінмін, неге олай дейтінін түсінбейтінмін, түсінсем де жәй, әсіре теңеу, қызыл сөз үшін айтылған шығар деп ойлайтынмын.... ... Қазір ойлап қарасам, олай емес екен. Абай алыстаған сайын біз Абайға мұқтаж екенбіз, Абай адамдардың жан күйзелісін, мұңын мұңдап, сырласатын, рухани бой түзейтін өлшем екен, ақын өмір сүрген алпыс жас ғұмыры асылмен бізді де замандас, құрдас етеді екен, асылдың анық тұлғасын танып, жан қайғысын еріксіз түсінесің екен. Кембридж және Гарвард университеттерінің адамзат ой санасы мен танымының қалыптасуына үлес қосқан Сократ, Конфуций, Шекспир, Толстой, Кант, Эйнштейн және тағы басқа тұлғаларға қатысты көп жылғы зерттеулердің қорытындысында: «Олар адамзат баласының ішкі табиғатын түбегейлі өзгертті, адамзат өркениетінің бағыттары мен құндылықтарын анықтады» деп жазды.

Абайда осы қатарда тең тұрған тұлға, Абайда адамды сүюді, махаббат пен ізгілік идеяларын көтерді, ақиқатты, әділдік пен адалдықты биік қойды, аянбай күресті, ұлтының ішкі табиғатын, жан дүниесін, қадір-қасиетін, сөз өнері, бай тілін танытып, еліне адал қызмет етті.

****** Абай адам табиғатын да, бұл дүниедегі адам ғұмырының мәнін де, ішкі жан дүниесін де терең сезінді, адамның тіршілігі, қаракеті, қылығы мен мінезі туралы толы өлеңдер жазды, қара сөздер қалдырды. Еліне, адамға деген жүрек соғысын, уайымын, күйінішін, ренжішін, өкпесін, ашуын, ызасын, өлеңдерінде жасырмады, халқын түзетіп бақты, дұрыс жол көрсетті. Абай өлеңдері адамға арналады: Адамды сүй, алланың хикметін сез, Не қызық бар өмірде онан басқа?! -дейді асыл дана. Абай адам болу үшін қажет үш нәрсені анық көрсетеді: Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласаң елден бөлек, оған қоса: «Ақырын жүріп, анық бас», - деп адамға кеңес береді.

Адамның ғұмыры адамдардың қарымқатынасы, оның адамшылығының көрінетін жері (Сократ), Абай адамдар қатынасының қызық дәурен болғанын қалайды: Кемді күн, қызық дәурен тату өткіз, Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз! Елдің бірлігі - ол қазақтың достығы мен ынтымағысыз мүмкін емес: «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» - деп, Абай бүкіл қазаққа мәңгі сөз қалдырды. Абай өлеңдеріндегі заман, адам, ел көрінісі ақынның ой көзімен бүгінде сол аяусыз дүние қалпында, адам да сол күйінде. Абайдың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңіндегі жиынтық образ ешқашанда өзгермейтін бір құбылыс, жоғалмайтын бір бейне, қазір де алдыңнан атып шығады: Қылып жүрген өнері: Харакеті – әрекет. Өзі оңбаған антұрған Кімге ойлайды берекет? Кімді ұялап аяйды? Расы жоқ сөзінің, Ырысы жоқ өзінің, Өңкей жалған мақтанмен,

Шынның бетін бояйды. Бұл сөзімде жалған жоқ, Айтылмай сөзім қалған жоқ, Абайлаңыз байқаңыз – Елдің жайы солай –ды. Қазір де өңшең өңкейлерден аяқ алып жүре алмайсың, досың кім, дұшпаның кім екенін айыру қиын. Абайдың «Көңілім қайты достан да, дұшпаннан да» өлеңі елінен әбден көңілі қалған, еліне шүйліккен ақынның ауыр сөзі: Ендігі жұрттың сөзі – ұрлық –қарлық, Саналы жан көрмедім, сөзді ұғарлық, Осы күнде, осы елде дәнеме жоқ, Мейір қанып, мәз болып қуанарлық, – деп түйіндеген Абай: «Ел азды» деп надандар мұңаймай жүр», - дейді. Әлихан Бөкейханов: «Абай өзінің барлық қабілеті мен білімінің арқасында қазақтардың билік тартысы арасында басты тізгін ұстаушы болды. Абай өз отанының сом алтыны еді. Дауға да, партия таласында да әділ төрелік айтты» деп айтады. Абай көп наданмен жалғыз алысты, надандыққа қарсы күресті. Абай қырық бірінші сөзінде: «Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі – бек зор өкімет, жарлық қолында болуы керек. Екінші – ол адам есепсіз бай боларға керек. Аталарын паралап, балаларын алып, бастапқы айтқандай жолға салып, тағлим берсе сонда түзелер еді.... Енді мұндай халықты еріксіз қорқытып көндірерлік күш-қуат ешкімге бітпейді. Ол баланы қазақтың бәрін паралап көндірерлік дәулет бір кісіге бітуге мүмкін емес. Қазақты я қорқытпай, я параламай, ақылменен не жерлеп, не сырлап айтқанмен ешнәрсеге көндіру мүмкін де емес. Етінен өткен сүйегіне жеткен, атадан мирас қалған, ананың сүтімен емген надандық әлдеқашан адамшылықтан кетірген», - деп жазады. Бек зор өкіметке де жеттік емес пе, есепсіз байлыққа да кенелдік, ал етімізден өтіп, сүйегімізге жеткен, мирас қалған, ананың сүтімен емген надандықты бойымыздан шығара алдық па?! Надандық - адамға қарсы тұрған індет, тұсау, кесір. Ол - адам ойында, ал егер де тұтастай мекеме, қоғам, мемлекеттік жүйе, сенген билігің көрсоқырлыққа, топастыққа ұрынса адамшылық жайында қалды дей бер. Абай адамның надандық көзін «Көзінен басқа ойы жоқ» өлеңінде терең сипаттайды:

Көзінен басқа ойы жоқ,
Адамның надан әуресі,

Сонда да көңілі тым –ақ тоқ,

Жайқаң-қайқан әрнесі.

Наданның көңілін басып тұр,

Қараңғылық пердесі.
Ақылдан бойы қашық тұр,

Ойында бір – ақ шаруасы. Абай төртінші қара сөзінде: «Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының кайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды», -дейді. Абай отыз алтыншы қара сөзінде: «Пайғамбарымыз салалаһу ғалайһи уәсләмнің хадис шарифінде айтыпты: «мән лә хаячун уәлә имануи» дәп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді, ұят өзі иманның бір мүшесі екен. Олай болғанда білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе?» дейді де Абай өзі жауап береді: «Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты. Ол уақытта тілге сөзде түспейді, көңілге ойда түспейді. Көздің жасын, мұрныңның суын сүртіп алуға қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, ешнәрсені көрмейді». Иә, арсыз, ұяты жоқ адамнан, адамдар қоғамынан адамшылық күту, ізгілік шығады деп күту мүмкін емес. Абай адамды, қазақты, елін шексіз сүйген кісі, соңғы екі ғасырда қазақтың адамшылығының сақталуына шексіз үлес қосты. Абайдың бүкіл поэзиясы мен қара сөзінің арқауы «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» – адам қамы, ел қамы, қазақ қамы. Қазақты Абайсыз түсіну мүмкін емес.

Бір кісі емес, жазғаным, жалпақ жұрт қой,

Шамданбай -ақ шырақтар ұқсаң жарар, - десе Абай ақынның өзі, Мұхтар Әуезов «Жұрт бір қамықса, Абай екі қамығады», - деп жазды. Абай өлеңдерінде бәрі маңызды, елге қалай қызмет ету керегі де, тіршілік тауқыметі де, адамның ішіп жейтіні де адамдық келбетімен ұштасуы керек: Қымыз ішіп, семіз мініп, Қызба босқа, мақтан қума. Жуасты мін де, айран іш, Жоқ немеге шатылма. Ұры, залым қуларға,

Нысанаға шаншылма. Немесе: Адалдан тапқан тиынды, Сал да сақта қапшыққа. Қолдағыңды қорғап бақ, Мал арзан деп аптықпа, - дейді, Абайда ұсақ - түйек, шашылып жатқан еш нәрсе жоқ, бәрі маңызды, адамға керек дүние.... Абайдың құдыреті де сонда, қазірде адам тіршілігі де, қатынасы да, өткені де, жеткені де, келешегі де Абайдың ой көзімен бүгінде алаңдаулы: Көк тұман –алдыңдағы келер заман, Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған. Көп жылдар, көп күнді айдап келе жатыр, Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған.

****** «Абай сөздері дүниеде қалған қазаққа зор бақ. Бетін түзеп, жөн сілтеген кісілерге де, жолды лақпай тұп – тура тапқан адамға да қазақ балалары талай алғыс берер. Абайдың өлеңдерінде мін бар деп өзім айта алмаймын», - бұл Ахмет Байтұрсынұлының айтқан сөзі. Абай - рухани қазына, адамшылық азығы. Абай бар болғаны адам болудың, ел болудың жолын көрсетті. Абай ақиқатты жеткізді, оған өкпелейтін жөн жоқ. Абай өлеңдерінде мін жоқ, мін өзімізде.... Абайға жақын бол, Абаймен бол! Абай биігіне өрле, адам бол, не бастасаңда Абайдан баста! Салауат Кәрім, Adebіportal.kz, 2016 жыл

ҚАЗІРГІ ПОЭЗИЯ: СОЛ - БІР АДАМ, СОЛ – АДАМ....

Обалы не керек, қазақ поэзиясы парасаты биік, сыналған, қай жағынан болмасын дәстүрі бар, дәстүрлі поэзия. Рухы биік поэзия. Махамбет, Абай, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Қасым, Жұмекен, Мұқағали... . Рухының биіктігі соншалықты, не қорқуды, не сескенуді, не жалтақтауды білмейтін поэзия, арлы, абыройын сақтап өткен, ұяты бар, нағыз азаматтық поэзия. Өлмейтін, өлімді жеңген поэзия. Махамбет қылышын сермеп: «Хан емессің қасқырсың, қара албасты басқырсың» десе, Абай: «Халқым надан болған соң, қайда барып оңайын?! деп екеуі де іштегі ақиқаттарын мәңгіге жайып салды. Бүгінде шексіз қайталауға болады. Джордж Байрон үш революцияға қатысқан ақын, бірақ жоғарыдағыдай бір жерде айтқанын оқығаным жоқ, А.Пушкинде, Р.Бернсте де сол, оларда да жоқ емес, болмыстарына қарай өздерінікі бар, бірақ біздікіндей емес. Біздікі бәрінен ерекше, бөлек. Олардың да соры бар, бірақ біздің сорымыз екі елі. Ғасырлар бойы солай, қазір де солай .. Талантты ақын Темірхан Медетбек осыдан он жыл (2002 жылы) бұрын: Дәл қазір Жерім де ауру, Елім де ауру

Көктем мен жаз Жерімді Жасыл көрпемен Жауып қояды. Айығып кетер ме екен?!- дейді. Ата бабаларымыз осыншама кең байтақ жер мен елді келешек ұрпағына шекарасын шегелеп кетті. Бұл ешкімнің талқылайтын мәселесі емес. Жаһандық әлемде солай түсінеді, ғасырлар барысында жер әлем солай бөлінді. Жаратқан ием, Алланың бергені..... Нүкте! Жеріміздің кеңдігі де, өткен ғасырлардағы елдігімізде осы күйде оңайлықпен келе қойған жоқ. Ол ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың біртұтас қан бірлігінің, жан бірлігінің жемісі, сол күйде жетті. Сөйткен жерімде, елімде көптен бері ауру. Темірхан тағы бір он жылдан (2012 жылы) кейін, «Осылай кете берсек...» өлеңінде: Осылай кете берсек... Ойласам, Өзегім өртеніп, Жаным тұншығып,

Демім алқынады.
Осылай кете берсек —
Ойдағы суат тартылып,
Бойдағы қуат сарқылады...

Осылай кете берсек — Түптің түбінде Не болып, Не қоярын — Кәміл білеміз: Киім таңдамайтын Диуанадай, Тиын талғамайтын Қайыршыдай Өмір сүреміз. Ғабит Мүсірепов: «Қазақ деген бостандық, азаттық сүйетін, даланы таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық. Бұл кезінде ол бұзылмаған ел (бұзыла білмейтін ел емес, бір бұзылса аяқ қолын жинай алмай кетуі де мүмкін).... Отаршыл билік төрелері үркіте келгенде, қазақ не айла етерін біле алмай, абыржып қалады да, барлық адамгершілік табиғатынан жаңылады» деп, «Қойын дәптерінде» (Ғабит Мүсірепов . Жинақтары, 1970 жыл.) жазады. Иә, бүгінде қоғамға да және адамға да көзге көрінетін анық құбылыс - қоғамның, адамның, қазақтың адамгершілігінен жаңылып, айырылып бара жатқаны, елдің рухани азу басындағы жағдайы. Түзелмейтін ахуал, «аяқ қолымызды жинай алмайтын» кезең алдында тұрғанымыз. Өкінішке орай тарихтан бір түйір сабақ алмадық. Бұған тікелей кінәлі - өзіміз.Ақ пен қараны айыра алмай, парықсыз кеткен өзіміз. Ұнасын, ұнамасын, шындық сол.

Елдің қай түкпіріне, қай шалғайына бар ма, сол қазақ. Жаны бір, пейілі бір, көңілі бір, тілі бір, уайымы бір қазақ. Ал қазір қапыда қалып, ой үстінде жүрген қазақ, дана Абай айтқандай, өз елінің артын бағып: «Артының қайырын берсін!» деп отырған қазақ. Өзінің билік төрелерінен үркіп, ішінен тынып, тұншығып жүрген қазақ. Тіршілігін оңалта алмай жүрген ел: Ал елім, Үзіліп кетердей боп Жан бағуда. Бастарын Бірде тасқа, Бірде тауға соғып Сандалуда,

Зар қағуда. Мұнымен ісі жоқ Бақа бас, Ешкі сирақтылар, Біреуі маңырап, Біреуі бақылдап, Бізде ғажап.. деп Миымызды шағып Жар салуда. Тағы бір талантты, азамат ақын Иран - Ғайып: Топ – Топалаң... Сыйық бұзар – Сыңайсыз! Қапыл – Қоғам: Қасіретті – Райсыз, Енжар, Езгін! Билікте: Пақыр-Надан – «Құдай» ! Несін – Сұрайсыз?! Билік туралы жиі айтамыз, кейбіріміз мақтап, сиынып жатамыз, кейбіріміз оны сынап, жерден алып, жерге салып жатамыз. Әр ғасырда, әр кезде солай болды, әркімнің өз құқы. Биліктің табиғаты ғасырлар бойы танылып келді. Пайғамбарымыз Мұхамедтен (ғ.с) бастап, оның ілімін жалғастырушылары, шығыс даналары, Европа еркін ойшылдарының көзғарастарымен толықсып, өткен соңғы екі ғасырдың ішінде демократиялық мемлекет қайраткерлерінің пікірлері қалыптасып, жаһан әлемде ашық, әділ (демократиялық) билік сатыларынан өтті, негіздері қаланды, демократиялық жолмен келе жатқан халықтарда, елдерде аз емес, бүкіл Америка, Европа, кейбір Азия солай өмір сүріп келеді. Бұл әрине бөлек әңгіме. Шығыс даналығы билікке үлкен талаптар қоя білді, бұл жөніндегі ұлы ойшылдардың ғылыми еңбектері мен қағидаларларындағы қанатты сөздерінен анық көрінеді: Жүсіп Баласұғни «Құтты білік» билікке қатысты

еңбегінде: «Ей патшам, көр елдің күнін ерікті, тура жүрсең өмір болар көрікті, барлық істі адал қолдан өткізіп, кісілік қыл шындығына жеткізіп», «Әлем билеу үшін зерде – тірек қой, ел билеуге керекақыл, жүрек, ой» дейді, философ Рәшид әд дин: «Өз жүрегін тазарта білген патша бүкіл елді ұры-қарыдан қорғай біледі», атақты тарихшы Қадыр әлі Жалаири: «Патшаның патшалығы – халқының арқасында», ұлы ақын Әлишер Науаи: «Өлетінін ойламаған патшаның елі ойран болады», «Өз ісінің ақырын ойламаған патша –еліне сор», дана Құтып: «Ел байлығы патша ниетіне байланысты» дейді, софылық негізді қалаушылардың бірі Әл Хамит-әл Ғазали өзінің атақты «Билеушілерге нақыл» еңбегінде : «Елдер мен ұлттарды билейтін патшалар мен сұлтандар, сендерге берілген билік Жаратқан ием, Алланың сыйы ғана - құдыретіңді халқың игілігіне арна, оларды ізгілікке баста» деп жазып кетті. Билік әрқашанда халық мүддесіне қызмет етуге тиісті, өйткені ол - оның басты міндеті. Халық мүддесінен шықпаған билік кетуі керек, жолды басқаға беруі жөн. Бұл әлемдік тәжірибе үлгілері, бізде соған үйренуіміз керек және сақтауымыз керек. Өйткені мүдде және мақсат біреу - халықты, ұлтты әрменқарай қарай дамыту. Ал біздің билік: Сол – Бір-Адам... Сол – Бір-Адам... Сол – Адам: «Большой Аул» – Ірге-Тасын қалаған... ...Сыбайласып – Жең ұшынан жалғасып, Елдің – Хұқын, Жердің – Құтын тонаған! Ел билігінің мәселесі түбінде алдымыздан шығатын мәселе. Өйткені ашық және әділ демократиялық сипаттағы, әлеуметтік қазақ мемлекетін құру және оның мақсат мүддесіне қызмет ететін билік мәселесі келешектің мәселесі емес, ертең ақ туындауы мүмкін. Оны бүгін ойлағанымыз жөн.Бұл мәселе де тек қана бір мүделлі бар – ол қазақ, қазақ халқы. Басқаның мәселесі емес.

Рухани – Аштан қатқандығым: Биліктің – Мешкей-Тоқтығынан! Үнсіз – Бұғып жатқандығым: Амалымның – Жоқтығынан... Әлемдік жаһандық жүйеде біреудің біреуге ашық әскери, не экономикалық экспанция жасайтын заман емес, ойын тәртібі солай, әркім өз күнін экономикалық тұрғыда, қабылетіне қарай, халқымен санасып отырған Америка, Еуропа және Азия. Біреудің мәселесі біреуге қажеті жоқ. Өздерінің мәселелері шаш етектен, тек биліктің жалтақтай қарайтын Ресейде, қорқып қарайтын Қытайда бұғып жатқаны осылардың билігі (мемлекеті) қашан және қай жерден жаңылар екенін күтуде, бәрі де сол билікке байланысты. Билік осыдан жиырма екі жыл бұрын жаңылды, содан бері: жердің қазба байлықтарын ысыраптаумен, әлемдік қабылетті өндіріс пен шикізатты импорттаумен, идеядан идеяға, реформадан реформаға секірумен орта жолда шашылып; ұлттың табиғи болмысына, санасы мен тұрмысын ескермей, дамудың эволюциялық сипатынан тыс біреудің алдындамыз, елудің ішіндеміз, отыздың артындамыз деген бос мылжың; өзіне шексіз мадақ пен өзін өзі алдаумен келеді. Өкінішке қарай, үміт ақталмады. Алдамшы мүделлер мен алданыштар, түкке тұрмайтын жетістіктер. Одан қазақтың көріп жатқан қызығы шамалы. Күйін жақсарта алмай жүрген: Көрбақпыз – Біз... Мазақтаңыз, Мақтаңыз, Малғұн-Кейіп – Мәңгүрттенген шақтамыз: Иен-Байлықтан – Ішке кірген түк «із» жоқ, Кілең – Үптеп... Сыртқа кетіп жатқан «із»... Шыдамның да, төзімнің де шегі бар. Ол қазақтың ақылы, парасаты, сабырлығы десе болады. Онысы елінің қамы, жиырма екі жыл бұрын бағына қонған басының еркіндігі мен қазіргі мемлекет қамы. Қазақтың сақтығынан

туған сабырлығы, түсінгендігі. Қазақ бұғып, үндемей шыдап, түсініп төзіп келеді. Бірақ бұны түсініп отырған билік жоқ.Түсінбей отыр, түсінбей келеді. Қазақтың елі, қазақтың жері және тілі деген ұғымдар өте қымбат және қасиетті ұғымдар. Жан беретін, қан ағызатын ұғымдар. Аталған ұғымдарды керегі жоқ ұсақ, тіршілік қаракеттеріне, алдамшы мүдделер мен алданыштарға, түкке тұрмайтын жетістіктерге алмастыруға болмайды. Тәуелсіздік - бір адамның, жүз адамның, мың адамның емес, миллионның да емес, тұтас бір халық ұрпағының ғасырлар бойғы және бүгінгісінің арманы, келешегінің ғұмыры. Билік - биліктің мәні мен мақсатын ең басынан, 1991 жылдан бастап түсінген жоқ. Солай кетті..., енді түсінер ме екен? Түсінсе, қашан енді түсінер екен?! Салауат Кәрім, Abaі.kz , 2013 жыл

АСЫЛ

«Қарсы беттен Әуезовті танитын адамдар келе жатса, анадайдан етек –жеңін жиып, бойын тіктеп, аяқ алысын түзеп, мұның тұсынан көбі алақанымен төсін басып, ибамен иіліп өтеді. Ал мынау... көзі бір ағараң етіп, жүзін жылыта бас изейді. Сонымен болды. Сонда қалың ерні оқыс түріле күлімдейді; одан жұмсақ толқында тоқ бұзақтың шет бектесін кемеріндей жұмыр, сұлу иегіне нәзік шұғыла нұр шашырайды, сәл шүйіріле берген езуіне де жарығы мен жылуы солғындау жұқалаң сәуле ұялайды. Дәл осы сәтте сен оның мағынаға толы маңғаз кескінін кенет қызықтап бір сәт именуді ұмыта жалт қарағаныңды білмей қаласың; өйткені оның жер басып жүрген тірі пендеге мырза Құдай тым сараң сыйлайтын осынау пайғамбар пішіндес қияпатты келбеті соншалық тартымды, көзің түгіл, көңіліңді ұйытып, бар ықыласыңды біржола тұтқындап әкетеді», - деп академик –жазушы Зейнолла Қабдолов «Менің Әуезовім» естелік эссесінде асыл тұлға Мұхтар Әуезовтің бітімін осылай суреттейді, оның кескіні мен келбетін келер ұрпаққа осылай жеткізеді. Мұхтар Әуезов - ұлт мәдениеті мен өнерін, қазақ әдебиетін жаңа биікке көтерген, халықтың рухани өмірінің дамуына баға жетпес үлес қосқан, елдің әлеуметтік-мәдени өркендеуіне зор еңбек сіңірген халқымыздың асыл перзенттерінің бірі. Мұхтар Әуезов алғашқылардың бірі болып Абайдың даналығын таныды, ұлттың рухани дамуының жаңа кезеңінде Абайдың халыққа қажет маңызды тұлға екенін түсініп, «Абай жолы» романэпопеясын жазды, уақыт пен тарих тоғысында, тұлға мен тағдыр қиылысында жарық көрген осынау ғаламат көркем туынды халықты биікке көтерді, қазақты әлемге паш етті, ұлт мәдениетін Абайсыз, Әуезовсіз және оның «Абай жолы» романысыз елестету мүмкін емес, ол толық болмас та еді. «... Мұхтардың рухани кәмелетке жеткен тұсы қазақ еліндегі қаладан басталған шын мәнісіндегі тарихи Ояну дәуіріне дәл келеді. Ал Ояну дәуірін бастаған Алаш пен Алашорда, оның көсемдері Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов. Көсем болатын себебі – бұлар анадан тек алаш, яки қазақ деп туған, яки ұлтым деп өмір сүрген, тумысынан, тіпті сәби кезінен –ақ бесікте тербеленген еркелер емес, ел жұртын рухани бесікте тербету үшін жаралған серкелер. ...Тал бойында «жастықтың оты жалындап, талаптың аты арындап» тұрған Мұхтар өз кезеңінің мұншалық мағыналы, мерейлі, мәрт тартыстағдарынан сырт қала алмады. Басымен сүңгіп, араласты да

кетті. Оның тауды бұзып, тас жарған, буырқанған асау ағысты талант тасқыны да осы тұстан, осындай тарихи тайталас жағдайында басталған еді», - деп жалғайды З.Қабдолов жоғарыда аталған туындысында. Әуезов әлемі Абайдың рухани ізгілік нәрлерінен бастау алып, оның ұлттық көзғарасы ұлт - азаттық Алаш идеяларымен қалыптасты, сол кезде Мұхтар Әуезов ұлтына, еліне, қазаққа қызмет етуді өзінің өмірлік мақсаты, борышы деп түсінеді, мұны совет елінің алғашқы жылдарындағы мәселелерге арнаған жас Мұхтардың жазғандарынан анық көруге болады. Мұхтар Әуезов «Қазақ қызметкерлерінің міндеті» мақаласында советтік құрылысқа, алғашқы аяқ басты істеріне: «Осы себептерден қазақ оқығандары социальный революцияны мақсұт қылса да қазақтың қараңғыда жатқан қалың елінің бір тілегі соңынан қалмайды. Ол тілегі елді мәдениетке жеткізіп, ағарту, өнер – білімге тартып, құралдандыру, дүниенің халын көруге көзін ашу, шаруасын түрлеп, ішінен жетілу. Міне, бұл тілектің бәрі де азаматтың мойнына парыз» деген осынау ұстанымынан көруге және үйіп төгіп уәде берген советтер билігіне жас Мұхтар: «Түбінде қазақ жұртының басынан әлденеше төңкерістер өтер. Бірақ іс басында жүрген азаматтардың сол замандардан белгі алып қалмауы ұят. Қолдан іс келетін заманда елдің бір тілегін орындай алмауы – ұят іс, істейтін уақытты сөзбен өткізсек, қараңғы елдің алдындағы міндетімізді сөз деп ұққанымыз, одан басқа жауапқа орын да қалмайды» деп өзінің басты мұраты, елге адал қызметті мақсат еткенін байқауға болады. Мұхтар Әуезов 20 - жылдары елдегі саяси – әлеуметтік, ағартушылық - мәдени істерге белсене араласып, қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді сөз етеді, әдеби шығармашылығын арттыра түседі, 1921 жылы қараша айында «Қызыл Қазақстан» журналының №3 және №4 сандарында «Қорғансыздың күні» әңгімесі жарық көреді. Келесі 1922 жылы «Еңлік –Кебек» трагедиялық пьесасын жазады, сол күзде Ташкент қаласына келіп, Орта Азия мемлекеттік университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі, «Шолпан» және «Сана» журналдарында жұмыс істей жүріп, осы басылымдарда «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» әңгімелерін жариялайды. 1927 жылы жазылып, 1928 жылы жарық көрген М.Әуезовтің «Қилы заман» романы қазақ әдебиеті тарихында ұлт азаттық күреске арналған, тақырыптық, идеялық, мазмұны, көркемдігі жағынан кәсіби деңгейде жазылған туынды болды. Роман М.Әуезов талантының ірілігін, оның азаматтық, перзенттік ерлігін көрсетті. Осы кезде жас Мұхтарды елдің білімі мен ғылымы, мәдениеті мен өнерінің мәселелері терең ойландырды, ал алғашқы жазған көркем

туындыларынан ұлттық болмыс, ұлттық табиғат, ұлттық мінез, халықтың тұрмыс салты мен дүниетанымы айқын көрінді.

Ахаңа көрсетілген ізет...

Мұхтар Әуезовтің 1923 жылғы 4 ақпанда «Ақ жол» газетінде жарияланған XX - ғасырдың басындағы аса ірі саяси тұлға, Алаш ұлтазаттық қозғалысы көшбасшыларының бірі, қазақ тілі білімінің негізін қалаушы, әдебиет теоретигі, ағартушы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының елу жылдық тойына жазылған «Ахаңның елу жылдық тойы» мақаласы Ахаң өміріне, өткен жолына, ағартушылық, әдеби шығармашылық еңбегіне, ғылыми қызметіне, қоғамдықсаяси өміріне бас иген, құрмет көрсеткен, баға берген мақала болды. «Өзге дүниеде болып жатқан ұлы өзгерісті қоя тұрып, қайықтың өзін алғанда, әлденеше тарихшыға еңбек болатын тарихи оқиғалар өтіп жатыр. Бұрынғы уақытта қазақ баласының есіне келмеген, мағынасы үлкен уақиғаның бірі – қазіргі жасалып отырған Ахаңның 50 жылдық тойы. Саясат толқынына түсіп, ойы ашылған қазақ жұрты, бұрынғы ауыр күнде басшысы болған азаматының атын құрметпенен атағысы келеді. Еркін ойды ойлатпай ауыздан шыққан сөзді баққан патша заманында қазақ жұрты қайрат қылған еріне арнаулы сөзін айта алмаса, бүгінгі күнде азаматы 50 жасқа келіп, сақал шашы ағарған күнде өксікті сөзін айта алады. Ахаңның майданға алғаш жыры шығып, әдебиет, саясат жолында жол бастаған күндері бәріміздің де есімізде», – деп Ахаңды қорғап қоштап, Ахмет Байтұрсынұлының жалпы қазақ руханиятындағы орны, оның барша қазақ баласының көсемі екенін айтады. Мұхтар Омарханұлы бұл мақаласын қазақ қоғамы, оның оқығандары таптық тұрғыда бөлініп жатқан кезде, А.Байтұрсынұлы 1921 жылдың қазан айында большевиктер партиясынан шығып, оқу –ағарту халық комиссары қызметінен босатылып, қазақ зиялылары арасында айтыс –тартыс ушыңқырап тұрған кезде, әсіресе, Орынбордағы совет билігінің басына келген қазақ оқығандарының Ахаң тойы ел жұртқа танылатындай болып өтуін құптамаған кезде жарық көрді. «Бірақ Ахаңның бұрынғы айтқан сөзін әлі қазақ баласы ұмытқан жоқ, өлеңіндегі белгілі сарын әлі ескірген жоқ. Әлі күнгі қазақ даласының күшті сарыны болып, Арқаның қоңыр желімен бірге есіп, шалқып жатыр. Бұдан 10-15 жыл бұрын: Алаштың үмбетінің бәрі мәлім,

Кім қалды таразыға тартылмаған? – деп Ахаң айтса, бізде осы күнде соны айтамыз. Айналып келіп таразыға тартылған, сыннан өткен Ахаңның ғана ардақты атын атаймыз. Одан басқа жалпақ елдің сынына толып, мейірін қандырған кісілері санаулы», - деп жазған Мұхтар Әуезовтің өзі де ұлты үшін сынға түсті, қайшылыққа толы, күрделі ХХ - ғасырда өмір сүріп, қиын-қыстау кезең дүрбелеңдерін басынан өткерді, советтік репрессиялық режим тарапынан үнемі қудаланып, сан мәрте таразыға тартылды.

Қазақтың қос асылы, қос алыбы

Өткен ғасырдың 50 -жылдарының басында М.О. Әуезовтің қатты қуғынға ұшырауы себептерінің бірі Алашорда қатарында болғаны, ұлттық ой көзғарастары үшін ғана емес, сондай-ақ Семей полигонындағы ядролық сынақтарды тоқтату жөніндегі ұстанымы үшін қудаланғаны туралы соңғы мезгілде жиі айтыла бастады. Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің Семей полигонындағы атом сынағына тоқтату жөніндегі ұстанымы мен Жапония сапары барысында жарияланған күнделігіндегі жазбалар, сонымен қатар екі ұлы тұлға, қос асыл Қаныш Сәтбаев пен Мұхтар Әуезовтың Семей сынақ полигоны зардаптарын алдын алу жөніндегі қызметі туралы Қазақ Ұлттық Хореография академиясында 2017 жылғы 30 қарашада өткен «Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 120 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстанның өнері мен әдебиеті: өзекті мәселелері және жаңа көзғарастар» атты республикалық ғылыми–тәжірибелік конференциясының пленарлық мәжілісінде Диар Қонаев «М.О.Әуезовтің өмірі мен қызметінің белгісіз беттері» ғылыми баяндамасында: «1999 жылы Алматы қаласындағы «Өлке» баспасынан кезінде Қазақстан Ғылым Академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың көмекшісі болған Бөпеш Аяпбергеновтың естелік кітабы жарық көрді. Бұл кітапта Б.Аяпбергенов белгілі қазақ жазушысы Қалмұхан Исабаевпен әңгімесінде өзінің жеке куәгері болғанын және естігендерімен бөліседі. 50-жылдардың басында Қ.И. Сәтбаев поезбен Мәскеу қаласына аттанды, осы сапар барысында көрші купеде Мәскеуге М.Әуезовте бара жатады. Б. Аяпбергеновтың айтуынша, осы жоғарыда аталған кітапта сапар барысында Қаныш Имантайұлы мен Мұхтар Омарханұлы күні түні, ұзақ уақыт бойы әртүрлі тақырыптарда әңгімелесті, – дейді. М. О. Әуезов әңгімелерінің бірінде Семей полигонындағы ядролық сынақтар туралы мәселені, атом жарылыстарынан болған орасан зор зиян туралы толқып әрі қызу әңгімелейді, ядролық қаруды сынауды тоқтату

қажеттілігі туралы мәселені көтереді. Ол өзінің жерлестерінен атом бомбасы сынақтарының ауыр зардаптары туралы толы ақпаратты білетінін айтады. М.О.Әуезов туған өлкесінің жері мен табиғаты бүлінгенін, осы жерлердің табиғатының, тіршіліктің өшіп бара жатқаны туралы туралы әңгімелейді. Бірақ М.О. Әуезов ең басты мәселе - жергілікті халықтың жарылыстардан қалай зардап шегетіні туралы айтады. Ол полигонға жақын орналасқан жерлерде тұратын адамдарда басталған аурулар мен денсаулығының күрт нашарлауы, адам өлімдері туралы мәліметтерді хабарлайды. Академик Қаныш Сәтбаев Мұхтар Омарханұлының сөзіне үлкен мән беріп тыңдайды, оның атом қаруын сынауға байланысты қалыптасқан жағдайға деген қатты алаңдаушылығын толық қолдайды. Ол осы мәселе бойынша СССР ҒА Атом энергиясы институтының директоры, Атом жобасының ғылыми жетекшісі, академик Игорь Васильевич Курчатовтың қабылдауына баруды ұсынады. Сондайақ Қаныш Сәтбаев өз тарапынан Қазақстанның Ғылым Академиясынан атмосферадағы осы жер үсті жарылыстардың адам үшін зиянды салдарын зерделеу мақсатында ядролық қару сынақтарының ауданына арнайы ғылыми экспедиция жіберуге шешім қабылдайды. Мәскеу қаласына келген бойда екеуі келісім бойынша И.В. Курчатовпен кездеседі, оған атом қаруын табиғатқа және осы аймақта тұратын адамдарға сынаудың үлкен зиянды салдары туралы мәлімдейді. И. В. Курчатов қазақ ғылымы мен мәдениетінің қос көрнекті өкілін мұқият тыңдайды. Бірақ ол бұл ядролық сынақтардың мәселесін тек екі адам - Сталин мен Берияның құзырында екенін, оны тоқтатуды Сталин мен Берия ғана шешетінін айтып, оның өзі тек атом жобасының ғылыми жетекшісі екенін, бірақ Лаврентий Берияны қазақ зиялыларының атақты өкілдерінің мәселені көтергені туралы хабардар етуге және осы мәселені шешуге уәде береді. Л.П. Берия Қ. И. Сәтбаев пен М.О.Әуезовтың И. В. Курчатовқа сапары туралы біліп, қазақ халқының екі ардақты ұлын қудалауды бастайды. Қ.И.Сәтбаевқа Қазақстан тарихшылары Кенесары Қасымовтың көтерілісін дұрыс баға бермегені, «бай феодалдық эпосты» мадақтаған ғалымдарды қолдағаны, сондай-ақ Республиканың Ғылым академиясы жүйесіндегі қаржылық және шаруашылық бұзушылықтар үшін көптеген айып тағылады. Осының салдарынан 1952 жылы Қ.И.Сәтбаев Қазақ СС Ғылым Академиясының президенті қызметінен босатылады, Қазақстаннан Мәскеуге жұмысқа кетуге мәжбүр болады» -деп баяндайды. Мұхтар Омарханұлының өмірбаяндық тарихынан белгілісі осы кезеңде 1953 жылдың 12 наурызында Қазақ мемлекеттік университеті

бойынша №187 «Өзінің ғылыми-педагогикалық қызметінде ұлтшылдық сипаттағы қателерге жүйелі түрде жол бергені үшін - қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры М.О.Әуезов қызметінен босатылсын» деген бұйрығы шықты. И.В.Сталин қазасынан соң және Л.П.Берияның тұтқындалып, атылғаннан кейін Қаныш Сәтбаев Қазақ ССР Ғылым Академиясының президенті қызметіне қайтып оралғаны белгілі, Сәтбаев келген бойда 1955 жылы Семей сынақ полигонына медицина ғылымдарының докторы, атақты ғалым, болашақ академик Б.А.Атшабаров басқаратын кешенді ғылыми экспедициясын жібереді, дәрігерлер мен ғалым биологтардан құрылған аталған экспедиция Семей сынақ полигоны төңірегін, оның маңындағы Семей облысына жақын аумақтарды атом жарылысының адамдардың денсаулықтарына зиянды әсері, оның қоршаған табиғат пен адамдарына зардаптары туралы зерттеулер жүргізді, көптеген материалдар жинайды, қорытындылар жасайды. Осы жылдың күзінде академик И.В. Курчатовта осы зерттеулер негізінде ядролық сынақтарды жер бетінен жер асты сынақтарына ауыстыру туралы мәселені көтереді. Енді осы мәселемен тығыз, бүгінде адамзатты толғандыратын, қорқыныш тудырып отырған ядролық қарудың, яғни атом қасыретіне қарсы Мұхтар Әуезовтің 1957 жылы Атом және сутегі бомбасын сынауға тыйым салу жөніндегі Халықаралық ІІІ -ші конференция жұмысына қатысқаны және «Күн шығыс» еліндегі сапары туралы күнеделіктерінде: «Хиросими және Нагасаки ойраны мүлде бөлек әсер қалдырғаны, апат көрінісі бір өзін ғана емес, келген қонақтардың ешқайсысын енжар қалдырмағаны, оның ауыртпалығының соншалықты болғанын қираған, қоқымға айналған дүниелер мен қарс –қарс айырылған қара жер, қабығы сыпырлып, қотырланып, жалаңаштанып қалған төрт бес мыңжылдық бамбуктер, майысып, балқып, еріп кеткен шөлмектер, қожырқожыр, теңбіл –теңбіл денелер, бет жүздер аңғартады. Жердің өзі осыншалықты күйге түскенде адам халы қаншалықты деңгейге жеткенін елестетудің өзі қиын. Апат тасыретін тартқан, құлақтары шұнақ, беттері қисық, желке шаштары түсіп қалған өңшең кем –кетіктер, кәдімгі адамға тән табиғилығынан айырылып қалған, ешбір сарын –сазға ұқсамай қаңғырлап –күңгірлеп шығатын үндер – осы бір жиынның қаншалықты салмақты болғанын ұғындырады» - деп жазады. Сапар барысында жапондық әріптестерімен өткізген кездесулері мен сұхбаттары жайлы, жапондарға не айтып, жапондардың ол туралы не жазғаны жайлы жапон мұрағаттрынан табылған тың деректерді жариялаған, Қазақстан Жапонтанушылар қоғамының төрағасы, ғылым докторы - зерттеуші Батырхан

Құрмансейіт «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Әуезов жапон жазушыларына не айтты?» мақаласында: «Саясаттың жетегінде кеткен совет әдебиетін әбден сынап жазған жапон жазушысы Таку Эгава Әуезов жайлы «Қазақстанның ақсақал жазушысы Әуезов мырза» деп жылы сөйлеп, «совет елінде де мықты жазушының тұғыры нық екенін», «саяси модаға» еріп оңды-солды аласұрмайтынын», «жақсыны жақсы деп, кемшілікті кем деп дұрыс бағалай білетінін» алға тартып, Мұхаңның сол мінезі жапондарға ұнағанын айтады» дейді. Бұған тағы қосатын болсақ, Әуезовтің жапон жазушыларымен өткізген сол тарихи басқосуы одан кейінгі кезеңде советтер елі мен жапон елі арасындағы әдебиет саласындағы байланыстарға зор әсер еткені анық. Олай дейтініміз, мысалы, Шюничиро Акикуса есімді Жапон университетінің доценті 2000 жылы жариялаған «Совет Одағынан махаббатпен. Қырғи қабақ соғыс кезеңіндегі Жапониядағы мәдени байланыстар мен жұмсақ күш» атты мақаласында біз сөз қылып отырған жиыннан кейінгі жылдары жапон тіліне Совет Одағынан тек орыс классиктері ғана емес, ұлттық әдебиет туындылары да аударыла бастағанын айтады. Жапон жазушысы Шюничиро Акикусава Әуезовтің жапон жазушыларымен өткізген сол тарихи бас қосуынан кейін жапон тіліне совет елінің ұлттық әдебиет туындылары да аударыла бастағаны туралы сөзінің жаны бар, өйткені М.Әуезов көп жылдар СССР Жазушылар одағы жанындағы СССР халықтары әдебиеті жөніндегі комиссияның тұрақты мүшесі болды, комиссия мүшелері ұлт әдебиеттерінің білгірі ретінде М.Әуезов пікірмен жиі санасып отыратын, мұны сол кездегі мәжіліс стенограммаларынан айқын аңғаруға болады. Тіпті 1957 жылы СССР Жазушылар одағының секретариаты М.Әуезовке Жазушылар одағы басқармасының ІІІ пленумына «Ұлттық форма және новаторлық туралы» баяндаманы дайындау үшін тапсырыс берді. Шығыс халықтары, Орта Азия елдерінің, оның ішінде бауырлас түркі тілдес халықтары мәдениеті мен өнерінің, әдебиетінің білгірі Мұхтар Әуезов ұлт мәдениеттері мен әдебиеттерінің жанашыры және қамқоршысы еді.

Мұхтар Әуезов «Манас» эпосын қалай қорғады? Көпшілік қауымға белгілі Мұхтар Әуезовтің осы бір ерлігі жайында биыл ұлы кемеңгердің 125 -жылдығы қарсаңында тағы бір айтпай кетуге болмайды деп ойлаймын. Қырғыз халқының «Манас» эпосының тағдыры совет кезінде социалистік идеология тұрғысынан қарсылықтарға ұшырап, бірнеше рет талқылауға түскені белгілі. «Манас» эпосын кітап етіп (көп томды) басып

шығару мәселесі 1930 жылдардың ортасында көтеріліп, бірнеше рет талқыланды. Бұл мәселе Мұхтар Әуезовтің әртүрлі жылдардағы баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларынан оқуға болады. Отызыншы жылдары алғаш екпінімен «Манасты» түгелдей шығару туралы шешім қабылданғанымен сол жылдардағы идеологиялық саясат салдарынан қозғалған игілікті жұмыс іске аспай қалды. Бұл мәселені қайтадан көтерген 1952 жылы да идеологиялық саясат қайтадан ушығып тұрған мезгіл болатын. Манастану ғылымында ерекше тарихи болып есептелетін 1952 жылғы 8 маусымда Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында өткен конференцияда Мұхтар Әуезов қатысып идеологиялық ахуалдың ыңғайына жығылған баяндамашылар мен сөйлеушілер «Манас» эпосын жариялану мәселесін тағы бір қиып жіберуге шақ қалғанда, өзінің терең ойлы, ғылыми дәлелді сөзімен, пікірлері және дәлеледерімен бүкіл конференцияның бетін оңға бұрып, «Манастың» біріктірілген нұсқасын шығару туралы шешімінің қабылдануына ықпал етті. Бұл қырғыз халқының ұлы эпосы «Манастың» халықтық па, әлде халыққа жат шығарма ма?» деген сұрауға жауап берген конференция болды. Бұл сұрау Кеңес Одағының ұлттық республикаларында алдыңғы қатарлы, ойлы, ұлтшыл адамдардың қамауға алынып, абақтығы жабылып жатқан кезінде қойылды. Конференциядағы әр сөздің нәтижесінде айыпты болып, айдалып кетудің қаупі тұрған кез болатын. Конференцияда сөз сөйлеген, жарыссөзге қатысқандардың ойларында осындай жағдай әсерінің болғаны да анық. Бұл кезде М.Әуезовтің соңына да тыңшы түсіп, өміріне, бас еркіндігіне қауіп төніп тұрған кез болатын. Конференцияға дейін бірнеше ай бойы сол кездегі советтік қырғыз басылымдары: «Қызыл Қырғызстан», «Советская Киргизия» тағы басқа газеттерде «Манас» эпосының халықтық сипатын талқылаған мақалалар жарияланды, осы мақалалардың ішінде «Манасты» қолдаған жарияланымдар болғанымен, сол кездің идеологиялық ресми талаптарына жауап берген, «Манас» эпосының жариялануына қарсы мақалалар легі басым еді. Конференцияны ашқан Асылбек Алтмышбаев конференцияның жұмысын әрі қарай сол кездегі ресми идеологиялық сипатта бағыт беруге тырысады. (А.Алтмышбаев 1912 -1987 жылдары өмір сүрген) ірі қырғыз философы, ғылым докторы, Қырғыз ССР ҒА академигі (1954), үлкен ғылыми қоғамдық ұйымдарды басқарған адам, ғылыми кіріспе сөзінде үкіметтің ресми ұстанымына назар аударып, әрі қарай конференция жұмысына бағыт береді. Негізгі баяндаманы Москвадан келген тілші – ғалым, Өзбек ССР ҒА корреспондентмүшесі А.К. Боровков жасады. (А.К.Боровков 1904 - 1962

жылдары өмір сүрген) – өзбек тілі грамматикасы, шағатай тілі, т.б тілдік мәселелермен айналысқан түрколог ғалым. Бір айта кететін жәй, бұл конференцияның бағдарламасы бойынша М.Әуезовке арнайы баяндама берілмеді, сондықтанда ол жарыссөзде сөйледі. Осы конференцияға қатысушылардың ішінде «Манасты» зерттеу тәжірибесі жағынан Мұхтар Әуезовке тең келетін ешкім болмады. Тоқтала кететін жәй, Мұхтар Әуезов Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына 1929 жылдың 1 наурызында қабылданды. Сондағы зерттеу тақырыбына «Манасты» алды, ғылыми жетекшілігіне профессор М.Ф.Гаврилов бектілген болатын. Келесі 1930 жылдың 18 наурызында берген ғылыми есебінде қандай бағыт, қандай салада жұмыс істеп жүргені, олардың қандай дәрежеде атқарылғандығы туралы баяндады. Ал бұдан бұрын Ленинград университетінің студенті Мұхтар Әуезов «Манас» эпосын зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы шешіп, осы ойын жүзеге асыру мақсатында 1928 жылдың маусым айында Бішкек пен Ыстықкөл, Қарақол атырабындағы ауылдарда болып, онда белгілі манасшылармен әңгіме дүкен құрады. Онда ол ел арасына танымал манасшылармен тіл табысу оңай емес екенін, олардың көрінген көк аттыға ақтарыла бермейтінін көреді, оған көзі жетеді.Ойшыл, дана, сөзге шебер, салт дәстүрге жетік Әуезов терең ілімбілім парасатымен манасшылардың талғамынан шыға білді,олардың бірден баурап алады. Бұл қасиеті жыршылардың оған ашылуына, еркін көсілуіне жол ашады.Сондайда ол айрықша көңілін аударған тұстарын дәптеріне түсіріп алады, жазғандары үш дәптерді, жалпы саны араб ғәрпінде жазылған 145 бетті құрады, сол кезден бастап «Манас» жырын жинай бастайды. Мұхтар Әуезов бертін келе: «Мен, «Манасты» 30 - шы жылдардың басында зерттей бастадым және 1935 жылға қарай өзімнің зерттеуімнің бірінші редакциясын жаздым, содан кейін оны 1937 жылы қайта өңдедім, ал 1942-1943 жылдары ол менсіз редакцияланды, бірақ 1944 жылы мен қайта түгендеп, өңдедім және соңғы редакцияға ұсындым» - деп жазған болатын. «Манас» жыры бойынша мол тәжірибе жинаған халық ауыз әдебиеті мен фольклорының білгірі Мұхтар Әуезовтің жарыссөздегі сөзі ғылыми өте терең ойлары, эпосты әдеби –теориялық тұрғыдан терең талдаған әділетті сөзі осы конференцияның басты жетістігі болды. Боровковтың баяндамасы қаншалықты идеологиялық сипатта, ресми болғанымен, Әуезовтің ғылыми терең талдауына, ұтқыр дәлелдеріне конференцияға қатысушылары төтеп бере алмады. Конференцияның бүкіл жұмысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов сөзінің негізінде шешім қабылдаумен аяқталды. Мұхаңның конференциядағы сөзі

«Манас» ұлттық эпосының қырғыз халқының тарихына қайта оралуына, әлемдік ауыз әдебиеттерінің алтын қорына тікелей жол ашты. 1958 жылы Мұхтар Әуезов «Новый мир» журналының 8 санында қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Жәмила» повесіне сәт сапар тілеп батасын берді. Мұхтар Әуезов өзінің осы мақаласында жас жазушы Ш.Айматовтың алғашқы повесін жан жақты талдау жасап, әдеби тұрғыдан жоғары баға берді. Әңгіме, повесть сияқты шағын жанрдағы жас қаламгердің жаңа туындысына өзіндік ерекшеліктері мен повестегі ел өмірінің суреттелуі, еңбек адамдарының мінез құлқындағы ұлттық сипаттар мен жалпы әдебиеттегі ұлттық құндылықтар жайында жазушының жаңаша ойлары туралы жазып қолдау білдірді. Жылдар өткеннен кейін атақты Шыңғыс Айтматов: «Бір кезде Мұхтар Әуезовтің кітаптарымен кездесуім менің ішкі дүниемді жарқыратып бергені есімнен шықпайды... Меніңше, орыс мәдениетінің дамуына өз кезінде Пушкин қалай әсер етсе, осы күнгі ортазиялық көркем ойдың және біздің барлық көрші отырған халықтарымыздың рухани өмірінің қалыптасуына Әуезов те сондай әсер етті» деп жазды. Шыңғыс Айтаматовтың бұл сөзі Мұхтар Әуезовке бүкіл қырғыз халқының шексіз ықыласының да көрінісі еді.

Серік Қирабаев: «Мұқаң – өмірі қанша күрделі, ауыр жағдайда
өтсе де бақытты өмір сүрген адам».

«Абай» романының жарық көруі, оған оқырмандардың жылы ықылас танытуы оған үлкен демеу болды. Бұл партиялық басшылықтың көзғарасына қарамастан, жазушы беделінің халық арасында арта түскен кезі болатын. Оның үстіне роман орыс тіліне аударылып жарық көрді, одақтық көлемде үздік бағасын алды. «Абай жолы» романын оқығаннан кейін орыс зиялылары туралы бірнеше классикалық романдар жазған, өзінің тағдыры да Мұхтар Әуезов тағдырына ұқсас, атақты Константин Федин: «Мен жас кезімде Казақстанның даласында тұрдым, сол кездегі көшпенді қазақтарды көп көрдім, алайда тек Мұхтар Әуезов қана өзінің «Абайымен», менің қазақ халқы туралы білігімді толықтырды, мен енді ғана хош иісті самал ескен даланың жұпар ауасын жұтып, қазақ боп кеткен тәріздімін» деп жазды. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясын он бес жылдай жазды, ал академик-сыншы Мұхамеджан Қаратаев болса оның алдында жиырма жылдан астам әзірлік кезеңінен өткенін айтады.

М.Әуезов 1942 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік унивреситетінде тұңғыш рет Абайтанудан арнайы курс пен семинар ретінде дәріс оқи бастады, ол өмірінің соңына дейін Абайтануды ғылыми жолға қойып, жетілдірді. 1949 жылы жазушыға бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлық берілді. Романның сыйлық алуына арналған Алматы филармониясының залында үлкен жиналыс өтті. Осы жиналыс туралы академик Серік Қирабаев «Өмір тағылымдары» естелігінде: «Онда Мәлік Ғабдуллин баяндама жасады, жиналыс соңында Мұқаң сөз сөйледі. Романның жазуылуы, Абай өмірінің деректері, оны пайдалану жолдары жайлы ұзақ әңгімелеп, ол өз еңбегін бағалаған партияға, Сталинге рахмет айтумен аяқтады. Бұл бір жаңалық болды. Бұған дейін жазғандары мен сөйлеген сөздерінде партияға, оның көсемдеріне сөз арнау Мұқаң әдетінде болмайтын. Ол – басшылыққа елпілдеп, қошемет сөз айтпаған жазушы. Сөз Сталинмен басталып, Сталинмен аяқталатын заманда Мұқаңның мұндай мінезі қыңырлық, іштей жаңа өкіметті қолдамауы деп саналатын, оның басынан таяқ кетпегені де осыдан. Осы әдетті Мұқаң бүгін бұзды. Жазушының жазғандарын оқыған, сырын түсінетін адамдар (Айқын Нұрқатов екеуміз бірге отырғанбыз) тағы да айтпай кетер ме екен қипыжықтап отырды. Жұрт разы болып қалды. «Кеңес өкіметі бәрін беріп жатыр ғой, қасарыса беріп қайтеді?» - деп ойладық біз де. Дуылдап қол соғылды. Бірақ Мұқаң сөзінің бұл бөлігін созбай, езбей, «рахмет!» деген сөзбен қысқы қайырды. Төгіліп, шашылған жоқ. ... Мұқаң – өмірі қанша күрделі, ауыр жағдайда өтсе де бақытты өмір сүрген адам. Әсіресе, елуінші жылдардың екінші жартсынан бастап бұрынғы қиындықтардың бәрі артта қалып, шалқып бір жүрді –ау жарықтықдеп еске алады. 1957 жылы Мұхтар Әуезовтің 60 жылдығы сол кездегі Одақ көлемінде кеңінен аталып өтті. Қыркүйек айының ортасынан бастап, туған күні қарсаңында және кейінде қазақтың ұлы жазушысының мерейтойымен құттықтаған жеделхаттар лек –легімен келіп жатты, олардың ішінде, өзімен үзеңгілес жақын әріптестері, ақын –жазушы қаламдастары: А.Тоқомбаев, А.Фадеев, К.Федин, Вс.Иванов, Н.Тихонов, А.Корнейчук, М.Рыльский, В.М.Жирмунский және тағы басқа атақты адамдар бар. 1957 жылғы 27 қыркүйек күні СССР Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен Мұхтар Омарханұлы Әуезов 60 жылдық мерейтойы және қазақ – совет әдебиетінің дамытуға қосқан зор еңбегі үшін Ленин орденімен марапатталды, ал 28 қыркүйекте Қазақ ССР Жоғары Советі Президиумының Жарлығымен «Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген ғылым қайраткері» деген атақ берілді. Ал осы

мерейтойы кезінде М.Әуезов туған жерінде болып, көптеген кездесулерге қатысты. М.Әуезов шығармалары отыздан астам елдердің ұлт тілдеріне аударылды. Қазақ ССР Жоғары Советінің депутаты болып сайланды. Лениндік сыйлық алды. Мәскеуде Лениндік және мемлекеттік сыйлықтар комитетінің тұрақты мүшесі болды. Шет елге жиі шықты, онда Совет жазушылары атынан сөз сөйледі. Қазақстан ғылымы мен Жазушылар одағы Әуезовке сүйенді, иек артты, оның беделін пайдаланып, алға ұстады. 1960 жылдың 12 қарашасында Алматы қаласында қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың жаңғыртылған, қоладан құйылған, биіктігі 7 метр ескерткіші қайта бой көтерді. Ескерткіштің ашылу салтанатына Мұхтар Әуезов, Дінмұхамед Қонаев, Жұмабек Тәшенов және өзбек ақыны Ғафур Ғұлам және тағы басқа адамдар қатысты. Мұхтар Әуезов ескерткішті ашардағы сөйлеген сөзінде: «Тағы бір терең, маңызды мағына беретіні - Абайдың өзі, бізге өзінің жанашыр жүрегінің толқуын, мыңдаған толассыз ойларын жеткізіп, оның өлмейтін туындыларының беттерінен, өсиет парақтарынан, енді бізге сондай жақын сезінеді, оның бейнесі айқын көрінеді!» -деп сөйлейді, бұл Мұхаңның орындалған басты парызының бірі еді. Мұхтар Әуезовтің өмірі - ұлтын шексіз сүйген, елінің мұраты үшін жан аямай күрескен адамның жарқын үлгісі, қандай қуғынсүргін болмасын, оның рухын жеңе алмады, оны сындыра алмады, ол тағдыр тәлкегіне қарсы тұрып, шыңдалған, биікке көтерілген жасампаз, жеңімпаз тұлға, халқының асыл перзенті. Әуезов әлемі, Әуезов өмірі - қазір де адамзат биігіне жетелейтін мәңгі туындыларымен халқының рухани әлеуеті мен болашағына, елдің дамуына қызмет ете бермекші. Салауат Кәрім, Abaі.kz , 2022 жыл

АҚ ҚАЙЫҢДАЙ СОЛҚЫЛДАҒАН ЖЫРЛАРЫ....

Оның өлеңдерінде өмір - терең дариядай, дала - керілген киіктей, махаббат – мөлдіреген тұптұнық, Көкшетауы - сол Сәкендей кербез, Алатауы - ақ қардай, биік көкке құмар келеді, ал өзі туралы: «Тұрамын кейде ақ қайыңдай солқылдап, Сыбдыр да сыбдыр жанымның сыры толқындап», – деген Еркеш (Ебікенов) Ибраһим - ХХ – ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің талантты өкілдерінің бірі болатын, ақындық стилімен ерекшеленіп, өлеңді көркем шынайылықпен, әсем ырғақпен, ұшқыр теңеулермен жазған ақын еді. Туған жерін аялаған бұл қазақ, Айдар тағып, ат қойыпты тым ғажап. Жарты аспандай шалқып жатқан даласын, Қорғау үшін шексе - дағы қилы азап.

Айнакөл деп, Ақ Баян деп көлдерін,
Сарыарқа деп, Саржайлау деп белдерін.
Көкшетау деп, Алатау деп тауларын,
«Алтын күрек», «ақ самал» деп желдерін.

Құм Нарын деп, гүл нәрім деп құмдарын, Оқ жетпес деп, сөз жетпес деп шыңдарын. Есілім деп, Ертісім деп өзенін, Мақтан еткен атам қазақ өз елін, - деп «Махаббат теңізі» балладасында туған елін, жерін сипаттаған шумақтардан тебірініс те, көрініс те, ізденіс те табылады. Ақын Еркеш Ибраһим шығармашылығы туралы академик Серік Қирабаев: «Осы кезеңде қалам ұстаған (Сталинге табынушылықтан кейінгі кезең - автор) қазақ әдебиетінің жарқын жұлдыздарының бірі – Еркеш Ибраһим қазақ поэзиясының өрістеуіне, биік дәрежеге көтерілуіне мүмкіндігінше қомақты үлесін қосты» деп анықтайды. Еркеш Ибраһимнің шығармашылығы туралы оның «Қол шанасы» өлеңіне Ілияс Омаровтың пікірінен басталады. Ақын шығармашылығын өнер мен өлең тұрғысынан ғылыми қараған Есмағамбет Ысмайлов, Зәки Ахметов, Зейнолла Қабдолов, Серік Қирабаев, Тұрсынбек Кәкішев, Серік Негимовтердің ой пікірлерінде, ақын замандастары Сырбай Мәуленов, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және басқа да ақын –жазушы

жазбаларында ақынның поэтикалық толғаныстарының сұлулығы, идеялық - көркемдік ерекшеліктері, шеберлік қырлары туралы сыр шертеді. Биіктердің биігіне – өркешке, Жүріктердің жүйрігіне – Еркешке, Қадырынан бір сыймайтұғын бір таңға – Өлең жырдан сыймайтұғын бір кешке, Жүйріктердің жүйрігіне – Еркешке! – деп, Қадыр Мырза әлі қадыр тұтқан Еркеш Ибраһим 1986 жылдың 18 қазан айында өмірден озды, 21 қазанда қара жерге берілді. 1986 жылғы қазан айының 20-21 күндері Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің 2-інші курс студенттері: Дәулет Сәтібеков, Жеңіс Сармурзин, Мейрамбек Ысқақов пен осы жолдардың авторы ақын қазасында екі күн тапжылмастан, аяқтай жүрдік: ақынның соңғы тұрағы - қабырын қаздық, қазасына сойылатын малды ауылдан әкеліп сойдық, ақын денесінің шығарылуы мен қара жерге түсірілуін атқарыстық. Менің есімде қалғаны қабыр басындағы митингі де, сол кезде «Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторының орынбасары, жазушы, публицист Сарбас Ақтаев еңіреп тұрып, жылап сөйледі. Еркеш денесі қабырға қызыл гробта түсірілді, әбден топырақ тастар кезде, үлкендердің біреуі қызыл гробты алып тастап, мұсылманша жерлеуді, бас топырағын салуды талап етіп, тұрып алды. Ұйымдастырушылар не істерін білмей, үнсіз, кідірісте қалғанда, факультет деканы Болат Әбішұлы Байтанаев қасында тұрған маған және әріптесім Мейрамбекке қабірге түсіп, денесін гробтан айырып, гробты шығарып тастауды тапсырды. Біз қабірге түсіп Еркеш ақынның аққа оранған алып денесін жерге жатқыздық, мен ақынның бас топырағын салдым. Осыдан он алты жыл бұрын банкир, меценат Андрей Беляевтің (азан шақырып қойған есімі Айтбақы Біләлов) қаржысына Қарағанды қаласында бір кезде шығып тұрған «Азия Транзит» республикалық әдеби танымдық альманағында Еркеш ақынға құдаша болып келетін «Азия Транзит» ақпарат үйінің атқарушы директоры Қанат Жұмықованың басшылығымен 2002 жылы сәуір айының номерін Еркеш Ибраһимнің өмірі мен шығармашылығына арнадық, ақынмен сыйлас болған, белгілі жазушы, әңгіме шебері Қанат Жойқынбектегінің «Ақын өмірінің беттері» естелік –эссесі мен журналист – публицист Ермағамбет Лұқпанның «Ерен ақын Еркеш – есімі ұмытылып барады» мақаласын, өлеңдер топтамасын, отбасы суреттерін, ақынның досы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Болат Қажыркәрімов салған графикалық полотномен қоса бердік.

«Біздің ата қонысымыз – Арықбалық ауданындағы Ақан
көлінің батыс беткейі»

«Ақмола облысының Балқаш ауданында 1930 жылдың 7 қарашасында дүниеге келген Еркешті тағдыр маңдайынан сипай қоймады. Әке – шешеден сәби кезінде айырылған Еркеш Атбасардағы панасыз балалар үйінде оқып, ер жетті. Негізі тағдыр толайымымен Ақмола жағына қоныс аударғаны болмаса, ақынның кейін өзі қимастықпен еске алғандай: «Біздің ата қонысымыз – Арықбалық ауданындағы Ақан көлінің батыс беткейі» екен, сондықтанда болар бала Еркеш, журналист Еркеш, ақын Еркеш жер шоқтығының биігі Көкше өңірін жанындай сүйді. Жырларын бала шақтан оқып өскен біз Еркеш ақынмен «Орталық Қазақстан» газетінің редакциясында жүріп таныстық. Бір қарағанда адамға қатал болып көрінетін Ерекеңмен шүйіркелесе келе оның жомарттығына тәнті болатынбыз» - деп жазады Ермағамбет Лұқпан. Алматыдағы С.М. Киров атындаға Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген Еркеш әсем Алатау баурайында қалмады, ақын –жазушы аузына ілігіп, өлең –жырлары баспасөз бетінде жарияланып жүрсе де сұлу Көкшесіне қайтып оралды. Әуелі Көкшетаудың облыстық газетінде, кейін «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») Көкшетау облысындағы, содан соң Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі болып істеді. Еркеш Ибраһим кәсіби журналистік қызметін әдеби шығармашылығымен қоса ұстады, КСРО Жазушылар Одағы мүшелігіне өтті, КСРО Журналистер сыйлығының лауреаты атанды, бірнеше орден, медальдармен марапатталды. Лауазым қумады, атақты құмартпады, табиғат берген таланты күндердің бір күнінде жарып шығатынына сенді. Еркеш Ибраһимнің тұңғыш өлең жинағы 1959 жылы басылды, одан кейін «Өмір өлмейді», «Жұлдызды жылдар», «Көктем күлкісі», «Махаббат теңізі», «Таңдамалы. 2 томдық жинағы», «Алау» поэмалар жинағы мен тағы басқа өлең жинақтары жарық көрді. 1969 жылы Ирина Озерованың аудармасында «Звездные годы» орыс тіліндегі жыр жинағы шықты.

«Бұл тіршілігімде басты шаруам ақындығым».

Еркеш ақын туралы «Ақын өмірінің беттері» естелік –эссесінің авторы Қанат Жойқынбектегі: «Өмір ауыртпалығын мол көргендіктен бе, балалық шағы соғыспен тайталасып қоса өскен Еркеш тәрізді ақындардың жырларына уақыт айырықша леп, тазалық бергендей. Еркештің ақындық өмірі дұрыс, жақсы басталды. Еркеш сөз туа қалғанда айтатын, «менің бұл тіршілігімдегі

басты шаруам ақындығым» дейтін. Алматыдан шалғайда жүрсе де ақындық күшімен, олардың ортасынан өзінің орнын жеңіп алды. Ешбір адам бұл өмірге іштен біліп тумайды, әрбір кісінің өзінде құдай берген ерекшелігі болады, Жаратушы да Еркешті осындай қасиеттен кенде қалдырмады. Еркеш ақындық талантын жүзеге асыра білді. Еркеш газеттің қиын жұмысында өлең жазуды бірінші орынға қойып жүрді», - деп еске алады. Өлең Еркештің өміріне айналды, өлең оның іші де, сырты да еді, өлеңдері сол күйінде бүгінге жетті. Қара тастың арасында бұлақ бар, Қара тастың қырларында сұрақ бар, Сол сырларға, сол мұңдарға елеңдеп, Елегізіп тербеле ме құрақ, тал? («Ата –баба мекені» )

Көркіңе, айхай дала, жалтақ қағам,
Мен қалай жолаушылап дәл тоқтағам?!
Жазғы шық мөлдірейді гүл үстінде,
Жасындай сағынштың моншақтаған. («Далада»)

Әрі бір нәзік, әрі бір асқақ тұлғасың,
Самал желмен, ақша бұлт қана сырласың.
Тәкаппар кеудең босқа неге иілсін,
Сұлулық, пәктік өзіңде бәрі тұрғасын. («Оқжетпес»)

Көкше десем Баян егіз тұратын,
Баян десем Қызбел мойнын бұратын.
Ақан әні Айыртауда асқақтап,
Есіл бойлап, Ертіс құйып тынатын. («Менің өлкем»)

Көлдің беті күміс күндей күледі, Неге бұлай, тәңірі өзі біледі. Әлде бәлки адамдармен бірге ме, Зер толқынды Зерендінің жүрегі! («Зеренді көлі») Еркеш табиғаттың, даланың, қайыңдардың, көлдердің ақыны, сұлу табиғатты бойына сіңіріп, сұлулықты өлеңге жатсындырған ақын Сарыарқаның бел ортасындағы кең өлке, нар өлке Қарағанды даласын да, қаласын да жырға қосты: «Қарағандыға», «Қарағанды», «Қарқаралы», «Шайтанкөл», «Ағады Нұра, ағады», «Теміртау аспаны» және тағы басқа өлеңдері осының куәсі.

Еркеш ақынның «Нүркен ескерткіші алдында» өлеңі ақындық шеберліктің үлгісі деуге болады, өлең сүйетін, өлеңге құмар адамның дене мүшесі шымырламай, жүрегі елжіремей оқымауы мүмкін емес: Адам жанып келеді, адам жанып тәңірім, Кетер ме екен жарылып шекеңдегі тамырым. Арманынан от шашып, кетті ме екен тұтанып, Орындаған осы ма жүрегінің әмірін.

Нүркен жанып келеді, ақ жалын боп лапылдап,
Жанардағы жас ғұмыр ақ семсердей сапылдап,
Нүркен жанып келеді отты құсқа айналып,
Бомбовоздың өзін де тайбурылдай тақымдап.

Нүркен жанып келеді,
Қара бұлттың шашындай,
Нүркен ағып келеді,
Қара көздің жасындай.

Нүркен еді көк терек,
Нүркен еді ақ қайың,
Нүркен еді көктемек,
Гүл –гүл жанып шоқтайын.

Нүркен дала гүлі еді,
Нүркен дала ұлы еді.
Нүркен өрт боп келеді,
Сол даланың түлегі. («Нүркен ескерткіші алдында»)

Шәмшімен білектес, одақтас болған Еркеш

Ән құдыретін де, ән әуеніне, сазына қажет сөздің жанын білетін қазақ музыкасының жарқын тарихы, ұлы композитор Шәмші Қалдаяқов қазақ көмейінде, жүрегінде мәңгі қалған әндеріне сөз жазғандардың ішінде Еркеш Ибраһимде бар, жас жағынан құрдас Шәмші Еркеш ақын сөздеріне «Ақ бидай маржан», «Биші қайың», «Кел Бурабайға», «Шынарым» әндерін жазды. Шәмші композитор мен Еркеш ақын арасындағы шығармашылық одақ туралы Қанат Жойқынбектегі өзінің естелігінде: «Шәмші Алматыдан Еркешке хат жазып Көкшетау, Бурабай жайында бірнеше өлең жазатынын айтыпты. Әрине, Көкшетау жайында сан ақындардың ішінен Еркешті таңдап алуына бір сыр бар. Оның поэзиясының әнге лайық, басқалардан көп жоғары

жатқанын ұғынған болуы керек. Келісіп алып екеуі Көкшетауда кездеседі»- дейді. Ұлы Шәмші композитор әндеріне көп сөз жазғандар Мұхтар Шаханов, Жұмекен Нәжімеденов, Төлеген Айбергенов, Хамит Ерғалиев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиевтер болғанын ескерсек, Шәмшінің Еркешті таңдау сыры, оның да ақындық таланты екені даусыз. Тағы бір дерек, он жеті жасында КСРО Композиторлар одағынының мүшесі болған, Шәмшімен бір кезде бірге оқыған, кезінде танымал композитор, қарағандылық Қазбек Бексұлтановтың Еркештің сөзіне жазған «Ұрпақ үні» әнін де айтуға болады, ән советтік патриотизмге шақыратын үлкен хормен айтуға арналған болса керек, ал Еркеш сөздері ұлттық рухтың жебесіндей, қазір де елдің бүгінімен, ертеңімен мәңгі сабақтастықта: Келер күннің ұрпағы, саған сырды ақтарам, Болашағың – ертеңгі, мен өзіңнен бақ табам, Баба жолын ақтаған әкелерге мақтанам, Дәуір жүгін артып ап, келешекке аттанам.... Қайырмасы: Уа, бабам! Ұрпақтарға, уақытқа сенгең ең, Ұлы жердің үстінде: болашағың – Мен келем! Жұлдызың боп сөнбеген, жолдарың боп өлмеген, Бақытындай өңінде, ешқашан да көрмеген.

«Бір айналдырса шыр айналдырады екен» немесе ақын
трагедиясы

Еркеш пен асыл жары Ақыл екеуі үлкен бақытты отбасы еді. Өмірге екі ұл, бір қыз келді. Балалары өсе бастады, Еркеш олардың оқу жағдайын ойлап Көкшетау қаласынан Қарағандыға қызмет орнынауыстырады. «Социалистік Қазақстан» газетінің Қарағандыдағы меншікті тілшісі жаңа ортада жаңа таныстар, жаңа туыстар тапты. Қарағанды да Жайық Бектұров, Евней Бөкетов, Құлмағамбет Еспаев және тағы басқа азаматтармен араласады. Жергілікті «Орталық Қазақстан» газетіне күн құрғатпай келіп жүреді, шығармашылық үзеңгілестер табады. Еркеш 1980 жылы елу жылдығын тойлайды, екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы «Жазушы» баспасынан жарық көреді, өмірінің жаңа асуына бет алады, бірақ кенеттен Ақылдың қазасы ұйып тұрған оның тіршілігін шайқалтып жіберді. Жазушы Қанат Жойқынбектегі ақынның бұл кезеңі туралы: «Сонау балалық күнінен белгі беріп жүретін бүйрегінің ауруы қозып, ауруханаға жатып қалатынды шығарды. Бір күні ауруханаға барсам, төсегінен аяғын

салбыратып жіберген, мұңайып отыр екен. Аузыма сөз түспей қасындағы орындыққа үнсіз отыра қалдым. Ойыма әдеттегі жаттанды сөз «Халыңыз қалай» да түспеді. Терең бір күрсініп қойып, сөзді Еркештің өзі бастады: - Менің бұрын өліп, Ақылдың қалғаны балаларға дұрыс болатын еді.... Осы арада есіме өзі жазған «Жалғыз қайық» өлеңі түсті. Қазіргі сәтте маған ақын сол жағадағы қайықтай болып көрініп кетті. Қараңғы түнде мұңайып, Толқынға малып тұмсығын, Жағада жалғыз тұр қайық, Маңайда меңіреу тылсым түн. Менің де жарым сағынып, Ойлардан не бір айықпай, Отыр ма екен жабығып, Осынау жалғыз қайықтай, - Осы сәтте ақынға ешқандай сөздің қажет еместігін сезіндім, көп отырмай кетіп қалдым. Бір айналдырса шыр айналдырады екен, Еркеш өлгеннен кейін қос қанатындай екі баласы Болат пен Оралда қайтыс болды. Бізге айналдырған жеті – сегіз жыл ішінде Еркеш үйінің оты өшіп қалғандай әсер етті. Артында қызы Марал мен немересі Марат қалды» -деп еске алады. Ақын Еркеш Ибраһим жаны нәзік, сыршыл ақын еді, ол бар қуат жалынымен елін, даласын, туған жерін, еңбекті жырлады, ол өлеңдерімен қазақ поэзиясының дәстүрін нығайтты, қазақ өлеңін көркем күшейтуге, әсем жаңғыртуға ұмтылды, өмір бар жерде, өлең бар, олай болса ақындар ұмытылмайды, тағы бір көп жылдан кейін оны көрмеген тағы бір басқа ұрпақ ақын Еркешін, ерен Еркешін еске алады деген сөз еді. Салауат Кәрім, Qazaqunі.kz, 2019 жыл

ҚАСЫМ СОЛАЙ БОЛМАСА....

«Өлуші ме еді ер шіркін!»

Дара, дана тұлғалар өздерінің қадір - қасиетін тірісінде білетін құбылыс бар, Қасымда өзінің өлмейтінін білгендей: «Өлуші ме ед ер шіркін! Сілкінді ол бір дүркін, Келе жатты аралап, Өзі туған ел – жұртын», - дейтін өлең жолдарынан қан майданда ақынды ажал жеңе алмайтынын, ақынның мәңгі өмірі өлеңдерімен өшпейтінін сездергендей. Қасым өлеңдері халықтың жүрегінде, есімі халық жадында, оның өлеңдері өшпейді, жас ұрпақ Қасым лирикасын құшып оқып, өлең құдыретіне еніп, ләззат алады.

«Өзіммен бірге өлмесін өлеңім»

Мұхтар Әуезов: «Қасым Аманжолов – ғажап ақын!» Оның өлеңдерін сүйіп, қастерлеп оқыңыздар! деген өсиет қалдырды. Ақындық тұлғаның көрінетін жері – ақын өлеңі. Қасымның өлеңге деген көзғарасын қарайық, өлең - ақын үшін өзі, сондықтанда ақын шығармаларында өлеңге деген түсінік анық болуы тиіс. «Өзім туралы» өлеңінде Қасым: «Күніне жүз ойланып, мың толғанам, Өзіммен бірге өлмесін өлеңім», - деген талап қояды, оның поэзиясы өлмейтін жан сезімнің, өмір мен өлімнің, қуаныш пен қайғының, ерлік пен ізгілік туындыларына айналды. Ақынның әдеби құрдасы Әбділда Тәжібаев «Ақын жауапкершілігі және оның кейінгілерге ықпалы» атты мақаласында: «Бұл барлық ақындарымызға жаңа бір ой түсіргендей тың сөз еді. Қасым бәрімізді қоса бір - ақ сілкіп қалғандай, поэзия жауапкершілігін қорқытып отырып, қайта оқытқандай болды» деп жазды. Қазақ поэзиясының жаңа буынына Қасымның ықпалы, оның лирикалық жаңашылдығы, ойы мен шабыты, Қасымша жазу үрдісін алып келгенін паш етті. Қасым өлеңге деген қатынасын жоғарыда өлеңмен жазса, елуінші жылдардың басында «Көп оқып, үйреніп, жақсы жазайық» деген мақаласында өлең құруға қатысты мынадай ойларын айтты: «Біздегі бір қалмай келе жатқан жаман әдет - қалай болса солай құрастырылған, аяғы үйлестірлмеген қара сөзді - өлең деушілік. Өлеңнің қасиеті оның аяғының

үйлесуінде емес, идеясында, мазмұнында, іші сырты бірдей келген көркемдігінде екенін ұмытпау керек», - деп түйеді. Егер дана Абайдың: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасында»: өлең «тілге жеңіл, жүреке жылы тиіп, теп - тегіс жұмыр келсін айналасын» дегенін еске алсақ, Қасымда өзінше өлеңге талап қойды, жүрекке жылы тигізіп, жүрегімен жазды. Қасым қазақ поэзиясында дәстүр жалғастырушы, дәстүр туғызушылар қатарындағы ақын. Қасым қасқиып жазған лирик ақын. Қасым әр шығармасына үлкен талап қойып, мұқият, «құрысып жазса» ақын жауапкершілігінен болса керек. Осы тұрғыда 1949 жылы жазған «Өлең туралы» өлеңінде Қасым: Отырам кейде құрысып, Бойымда бір жүк жатқандай, Өтеді уақытым жылысып, Өз міндетін атқармай... Қасым поэзияға қойылатын міндеттерді шебер атқара білді.

Сырбай Мәуленов: «Ол өмірде, өлеңде шыншыл болатын»

Қасымның кісілік және ақындық тұлғасын айтқанда екі ұғымды біртұтас қарау керек. Қасым Аманжоловтың өміріне, шығармашылығына, әдеби мұрасына, поэтикасына арналған әдеби ғылыми еңбектер, публицистикалық материалдар оның поэтикалық әлеміне арналып, Қасым таланты мен тұлғасын ашқан дүниелер көптеп саналады. Ақын Сырбай Мәуленов: «Қасымның ең үлкен қасиеті – ол жалған айтып жалтармайтын, өмірде, өлеңде шыншыл болатын. Сол шыншылдығы оны жылдар сынынан жоғары алып шықты. Қасым шындықтың қараңғы аспанды найзағайдай қақ жарып мерейі үстем болып жарқылдап шығатынын көрсетті. Шындық сырлары мен көкейтесті ойларын дәл басатын дәрежеге жетті. Оған сол үшін табиғат бұлбұл көмей, сұңқар дауыс, сергек сезім сыйлап еді. Оның қаршыға сияқты қияпаты алысқа, биікке ұшу үшін жаралған сияқты еді»,- дейді. Қасым ақиқат жыршысы болып өтті. Ақындық қасиетті де, кісілік қасиетті де биік ұстады. Қасымның ақындық тұлғасына қатысты: Өз еркімше сілтемей, Қашан ғана имендім?! немесе: Ей, тәкаппар дүние! Маған да бір қарашы,– деп жырлады, енді бірде:

Мен бір жанмын ерікті,
Жарысып желмен жүгірген.
Ерікті ақын, еркін Қасым сияқты ақын өз қоғамының қандай сипатына
қарамастан шындықты жол арасында қалдырмады:

Жаман жігіт атқа мінсе,

Атасына жау боп тиер,

Ақымаққа билік берсе,

Елірер де ел бүлдірер,- деп береді.

Серік Ақсұңқарұлы: «Қазақтың Қасымы – ғаламның
жасыны»

Ақын Серік Ақсұңқарұлы: «Қазақ өлеңінің шежіресінде өзінен кейінгі буынға Қасымдай айрықша ықпал еткен ақынды табу қиын. Мүмкін, Қасымнан кейін осындай ілу де шалу қасиетке ие болған тұлғалардың бірі ретінде Мұқағалиды айтуға болатын шығар. Мұқағалидан бастап Жұматай мен Есенғалиға дейінгі талантты толқынның өне бойында Қасым Музасының тегеурінінде тентек дауылы буырқанып тұр. «Дүниеге келер әлі талай Қасым...» дегенде кемеңгер ақын кереметті болжағандай пайғамбарлық жасағаны екен...» - деп жазады. Қасымның кейінгі ақындар буынына ықпалы туралы жоғарыда Серік Ақсұңқарұлынан кейін сөз айтудың өзі артығырақ шығар, керек те жоқ.

«Мен қазақпын, сен фашиссің»

Қасым елін сүйген, жерін сүйген, қазақты шексіз сүйген патриот ақын, ол Отанды, елді сүюдің үлгісін көрсетті. Қасым сұрапыл соғыс майдан отына түскен қайсар, ержүрек ақын. Ғабит Мүсірепов «Социалистік Қазақстан» газетінің 1944 жылғы 6 маусымдағы номерінде «Майданнан соққан жаңа леп» мақаласында: «Көп шығармаларымызда Отанын сүйген, елін сүйген» деп келемізде соны шын әдебиет тілімен айта алмаймыз. Отанын сүйді дедік, міндет атқарылды делік. Ал осыны Қасым қалай берген? Ол Абдолланың жан жалынын, сезім толғауын көрсету арқылы бере алған. Жалт-жұлт еткен жау отының бір шоғы келіп, Абдолланың жүрегіне түскендей болады. Сонда Абдолла қайтеді: Ер күрсініп алды демін, Қызғыш болып қызғанышы, Қимай жауға көл арнасын.

Жалын шарпып демалысы, Құшып жерін, сүйіп тасын, Жүргеніндей сол аймақтың Алыс ұрды намыс ұлан!» Міне, Отанын сүйген адамның тұлғасы осылай болу керек дейді, - Ғабит Мүсірепов әдебиет сынының класикалық үлгісіне айналған атақты мақаласында.

«Аманжол –Рахымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атаның ғасырымын».

Ақын өлеңдерінде қайсар жүректі, асыл мінезді Қасымды, мейрімге толы азамат Қасымды, Сарыарқа төсінде шырылдап жетім қалған бала Қасымды көресің: Жұбанып сол Сарыарқаның құшағында, Есімде ойнағаным жас шағымда, Жетімдік жалбыр тонын, жерге соғып, Құмартып ауған бұлтқа, алыс шыңға. Қасым өмірінің тарихы «Өзім туралы» өлеңінде жатқанын қауым жақсы біледі: Өзге емес, өзім айтам өз жайымды, Жүрегім жалын атқан сөз дайында, Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді, Тербетіп, тулатып бір қозғайында ... Аманжол –Рахымжанның Қасымымын, Мен қалған бір атаның ғасырымын, Біреуге жұртта қалған жасығымын, Біреуге аспандағы асылымын, - деп жырлаған Қасым барша қазақтың асыл ақыны. Салауат Кәрім, 2001 жылғы қыркүйек, Adebіportal.kz, 2017 жыл

ЖАЛЫН, ЖАРҚЫЛ ШАШҚАН - ЖҰБАН АҚЫН

Жұбан Молдағалиев - ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ совет әдебиетінің, қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі, қазақ әдебиетінің дамуына қомақты үлесін қосқан әдебиет ісінің ұйымдастырушысы, мемлекеттік қайраткер. Биыл ақынның туғанына - 100 жыл. Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы сарқылмайтын өміршең туынды, Жұбан Молдағалиевтің сөзіне және Ілия Жақановтың әніне жазылған, бүгінде дарынды дәстүрлі әнші Айгүл Қосанованың орындауында «Еділ мен Жайық» әні халықтың сүйікті әніне айналды, әсем ән сазының астарында ақынның туған еліне, жеріне шексіз махаббаты сезіледі. Ақынның азаматтық ұстанымдары публицистикалық сипатта келіп, адамға қажет ой толғаныстарға, қасиет құндылықтарға толы. Ақын өмірі мен шығармашылығы лайықты тарихи бағасын алды, Орал қаласында ақын ескерткіші тұр, жерлестерінің, халықтың ақынға деген махаббаты мен сүйіспеншілігінің белгісі.

Жұбан Молдағалиев 1970 жылы жазған «Өзім туралы, өлең туралы» өмірбаяндық беташарында: «Жыланды – менің ата-бабамның қонысы, өзімнің кіндік қаным тамған жер. Осы жерде дүниеге келгенмен, балалық шағым Сайқұдық елді мекенінде өтті. Ата-бабамыз су тапшылығы болғандықтан, мына жыландай иретіліп жатқан сайды қолдарымен қазып тереңдетіп, алты шақырым жерге арна қазып, Өлеңті өзені тасығанда су құйып алып, су қайтқанда сағаны бөгеп, жаз бойы келесі жылға дейін сол нәрді пайдаланады екен. Небір қиыншылық заманды бастан өткеріп, осы жерді мекендепті. Менің 56 жасымда шешем «ликбезге» қатысып, сауатын ашты. Анамның жанынан қалмай жүріп, жәдитше хат танып кеттім. Алғаш қолыма ұстағаным – «Әйел теңдігі» журналы болды. Ал ресми мектеп есігін тек 1930 жылы ғана аштым. Ол Қызылжар шаруа жастар мектебі деп аталатын. Өлең шығаруға да ерте талпындым. Мектеп қабырға газеттерінде 13-14 жасында көріне бастадым. Газет бетінде жоғарыда айттым, 1939 жылдан бері жазып жүрмін» - деп баяндайды. Жұбан Молдағалиев ғасыр қасыретін: ашаршылық, жоқшылық пен жетімдік көрген, дүниежүзілік сұрапыл соғысты басынан кешірген

майдангер – қаламгер, советтік тоталитарлық жүйенің езгісінде өмір сүріп адамшылық қасиетін, кісілік тұлғасын сақтап қалған азамат ақын, оның бұл қасиеттері өлеңдеріндегі ой толғаныстары мен көзғарастарында, өмірлік ұстанымдарында айқын, ақын өмір тауқыметін тартқан: «Көрінген сонау жердің қиығы екен, Жалғыздық, әкесіздік қиын екен...!» Жасырдым бұл сырымды анамнан да, Кеудеме өлең нұрын құйып өткен, - деген ақын Жұбан Молдағалиев өмірін әдебиет өнеріне, поэзияға арнады.

****** Поэзия ұлттық әдебиетімізде басты – көшбасшы жанр, сонау ауыз әдебиетінен, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұқар жыраулардан, зарлы Дулат, Шортанбай, Мұрат, Нарманбет ақындардан, асыл дана Абай мен дана ойшыл Шәкәрімнен бері қазақ поэзиясының басты дәстүрі саналатын, ар – ұяты ожданы десе болатын - елді, туған жерді, қазақты, халық тарихы мен оның өмірін, тағдырын жырлау болып табылады. Жұбан Молдағалиевте елін, жерін, қазақты жырлап өткен жырау ақын: «Мен қазақпын», «Жесір тағдыры», «Кісен ашқан», «Қиял қанаты» «Жыр туралы жыр», «Қыран дала», «Сел», «Байқоңыр баспалдақтары» және тағы басқа поэмалары ақынның эпикалық – поэтикалық деңгейінің, философиялық тереңдігінің көрінісі. Жұбан Молдағалиев: «Нағыз ақынды, тірі ақынды бетпе бет көргенім де сол жылы (1939 жыл). Мен онда Оралдың ауылшаруашылық техникумы студенті едім. Орал мен Гурьев жас әдебиетшілерінің біріккен слетін өткізуге Алматыдан Қасым Аманжолов келді. Сол сәтте Гурьевтен келген Хамит Ерғалиев пен Жәрдем Тілековті де көрдім. Бұлар мендей емес, сол кездің өзінде қабырғасы қатып бұғанасы бекіп қалған дарындар еді. Тұңғыш рет мінбеге шығып оқыған «Кел жолдастар, жырлайық» деген өлеңім солардың өр дауыстарының екпіні астында қалып қойған сияқты болды» - еске алады. Жұбан Молдағалиев іштей де, сыртынан да Қасым поэзиясы үлгі дәстүріндегі ақын, Қасым ізбасары, айналасына от жалын,жарқын шашқан Қасым поэзиясы ықпалының болмауы мүмкін емес, өйткені Жұбанның ақындық шығармашылығындағы «Өзім туралы, Өлең туралы» өмірлік толғаныстары немесе «Анкетама қосымша» өлеңі, Жұбан ақынның солдат өлеңдері, табиғат пен сағыныш туралы толғаныстары Қасым ақынмен үндес, өмір түсініктері мен толғаныстары, шындықтары, олардың баяндалуы да ұқсас, екеуі де зұлмат ғасырдың түлектері, үндес, ұқсас болмауы мүмкін емес, мысалы, өлең туралы Жұбан ақын ойы да аумайды:

Бір шумақтың ұйқасын мың құраймын,
Тұрғызам деп бір жырды мың құлаймын.
Ақын сорлы болса егер, мен сорлымын,
Ақын құдай болса, тек мен құдаймын.

Академик Зейнолла Қабдолов кезінде: «Жұбан өлеңдерінің идеялық дәрежесі, көркемдік деңгейі әуелден жоғары» деп бағалағаны белгілі, ақынның идеялық мұраты ізденістерге итермелесе керек: ол азаматтық, табиғат, көңіл күй, махаббат лирикаларында кезінде молынан көрінді, олар халықтың талғамына құйылды, танымал өлең жолдарға айналды:

Өмірде ащы қандай, тәтті қандай –
Кім қалай біледі өзі татып алмай?
Ұғасың, ардақтайсың адамды да
Адамға іс болса татығандай.

******
Адамды тіріде тек бағалайық,
Ардақтап апалайық, ағалайық
Бас дейік, батыр дейік, биік дейік

Жоқ болса ожданына татар айып.

Ашыққанға нан арман,
Адасқанға таң арман,
Ауырғанға жан арман,
Арман, арман, сан арман,

Мен қазақ әйеліне қайран қалам,
Жайнаған, жалындаған, жайраңдаған.
«Қатынның шашы ұзын, ақылы қысқа»
Дегенді айттың екен қайдан, бабам?

Қыз сыры - ішінде,
Естілмес өзінен,
Қыз сыры - ішінде
Көре біл көзінен,

Сазынан,
Назынан.

******
Армысың - ау, армысың,
Айналайын жеңешем?
Бармысың ау, бармысың,

Айналайын жеңешем?
Жарқ еттің - ау біріндей
Қос ырғайдың, жеңешем!
Құшақ жая жүгірмей,

Тосырқайсың неге сен?-

******
Теңіздей тебіреніп тыншымайсың,
Қумасаң - көлеңкесіз күнсің, айсың,
Қамықсаң - қамаудағы қара күшік,

Кеудеңді тырналайсың, қыңсылайсың, -

Жұбан Молдағалиев Ұлы Отан соғысын 1941 жылы 22 маусымда таңғы төртте советтер елінің батыс шекарасында 28-інші танк дивизиясының гаубицалық артилерия полкінің батарея комиссарының орынбасары қызметінде соғыспен бетпе бет жүздесті, содан әскерден 1947 жылы ғана босайды, зеңбірекші, артиллерия батареясының комиссары, 2 - інші Беларус майданында қазақ тілінде шыққан «Майдан шындығы» газетінің тілшісі. Майдан жылдары белгілі орыс ақын - жазушылары Александр Исбах, Михаил Матусовский, Борис Бялик және майдандық редакцияларды басқарған: Сергей Михалков, Михаил Светлов, Степан Щипачевтермен, бертін келе ақын Римма Казакова, башқұрт ақыны Мұстай Кәрім, атақты Расұл Ғамзатовпен танысады, олардың ортасында көп жылдарға созылған қарым –қатынастар орнайды.

Соғыстан кейінгі жылдары Жұбан Молдағалиевтің қаламгер ретіндегі әдеби ұйымдастырушылық қабылеті кеңінен ашылады: 1948-1952 жылдары «Лениншіл жас» газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары, 1952 -1954 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі, 1957-1963 жылдары – «Жұлдыз» журналының бас редакторы, 19631971 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ал 1973 жылдан 1984 жылға дейін Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы қазметтерін, осы кезде (1973-1984 ж.ж) СССР Жазушылар одағының хатшысы қызметін қоса атқарады. ХХ ғасырдың 60 жылдардан бергі 90 жылдарға дейінгі қазақ әдебиеті, жалпы қазақ рухани - мәдени тарихындағы «алтын ғасыр» еді десе болады, «тірі классиктер» мен «ұлы ақындар» заманы еді. Әдебиеттің барлық жанрлары: оның ұлттық поэзиясы, прозасы, драматургиясы, әдеби көркем сыны мен аударма өнері, әдебиеттану ғылымы кәсіби деңгейге жеткен, әдебиеттің көркемдік және сөз шеберлігі биік шыңға көтерілген уақыт еді. Бірінен соң бірі тарихи деректерге толы кең ауқымды тарихи романдар, адам жаны мен тағдырына, адамшылыққа сюжеті құрылған повестер мен поэмалар, ақындық ерекше стилдермен, көркем шынайылықпен, әсем ырғақ, ұшқыр теңеулермен жазылған сансыз лирикалық өлеңдер туды, әлем әдебиеті классикалық туындылары молынан аударылды, қазақ әдебиеті де әлемнің отызға жуық тілдеріне тәржімаланып, қазақ әдеби сыны мен әдебиеттану ғылымы да кәсіби дәрежеге көтерілген жылдар болды. Жұбан Молдағалиевте бұл жылдары бұрқыраған әдеби ортада әдеби майдан жауынгеріндей өзінің шығармаларымен үлес қосты, әдеби процестерге басшылық етті, жазушы әріптестеріне қол ұшын созып, қорғап, сақтап жүрді. Ақын Қайрат Жұмағалиев «Үш ерлік» мақаласында: «Бір қарағанда Жұбағаң сұсты, салқын адам сияқты көрінетіні рас. Алайда сөйлесе келе, сырласа келе оның жаны жарқырап, ашыла түсетін. Және достыққа адал, берік адам еді. Әлі есімде, сол кезде Жоғарғы Кеңестегі жұмысынан босап қалған, қазақ детективінің атасы Кемел Тоқаевты, сондай-ақ көрнекті прозаик Бердібек Соқпақбаевты Жазушылар одағына қызметке тартып, қамқорлық жасаған ақын ағаның асыл қасиеті деп білемін» деп жазады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Баққожа Мұқай былай еске алады: «Жұбақаң сырт қарағанда өте қатал адам болып көрінеді. Бірақ, жаны жұмсақ. қиналған адамдарға қамқорлық жасауға дайын тұратын еді. Кейде біреуге жасаған жақсылығы өзіне таяқ болып тиіп жататын.

Біздің міндетіміз жазушыларға қамқорлық жасау. Үйді жазушылардың балаларына берсек, бұл - олардың әкелерінің жағдайын ойлағанымыз. Арыз жазылар, сыртымыздан кінәлар, сөгер. Уақыт біздің ісіміздің әділдігін сан рет дәлелдейді, - деді бір жиында ол кісі. Жұбан Молдағалиев маған әрқашан аса үлкен мәселелермен айналысып жүргендей болып көрінетін. Шынында да, солай еді. Ол ірілігін, үлкен тұлға екендігін жер басып жүрген жылдарында сан мәрте дәлелдеді. Соның бірі - 1986 жылдың 31 желтоқсанында Жазушылар одағында болған жиында жасаған ерлігі. Қазақстанның жаңа басшысы Г.Колбин сол күні бүкіл нөкерлерін ертіп, Жазушылар одағына келген. Сол жолы «мың өліп, мың тірілген» ұлтының намысын жыртып, ешкім айта алмаған сөзді Жұбан Молдағалиев айтты. Ол сондай еді. Сондай болып туған тұлға еді». Қадыр Мырза Әлі: «Колбиннің алдында қыршынынан қиылғандарды қорғап сөз айтқан бір ғана ақын болды. Ол – Жұбан Молдағалиев. Ол Жазушылар одағында өткен жиналыста Колбиннің алдында өз ойын ашық айтты. Осының бәрін немен тынарын сезіп тұрып, біліп тұрып, солай істеді. Батыр болуға тиісті азамат еді. Батырлық істеді. Жылдар бойы жүрегін қысып келген запыранын құсып тынды. Ондай батылдықтан кейін оның тірі жүруі ақылға сыймас еді» - деп құрметпен өзінің кітабында жазады.

1985 жылдың көкек айында Михаил Горбачев бастаған қайта құру, жариялылық, бетбұрыс Жұбан ақынның өмірлік сенімін, көзғарастары мен түсініктерін түбегейлі шайқалтып жібереді, «Біз - совет ақындарымыз, біз буржуазиялық идеологияға қарсы бітіспес күрес майданындағы ақындармыз» деп ақынның өзі зор дауыспен, зор мақтанышпен айтып келген социализм идеяларының көкке ұшқанын, социалистік қоғамның тұйыққа тірелгенін түсінеді. Жұбан Молдағалиев «Ерікті тақырыптарға толғаныс» деген соңғы мақаласында: «Біз жұмсаған күш – жігердің, ынта ықыластың бәрі бірдей салтанат, бәрі бірдей самғау бола берген жоқ. Ірі – ірі сәтсіздіктерге ұшырадық, қателіктерге ұрындық. Айтайын дегеніңді айта алмай, көлеңкеңнен үркіп, қателесуден қорыққан жерде – демократия да жоқ. Кешегі күндердің қатал сабақтары осыны сипаттайды» деп жазды. Жетпіс жыл салтанат құрып, әлемде ұлы империяға айналып үлгерген Советтер одағы күйреп, қазақ елінің мемлекеттік тәуелсіздігін көру Жұбан ақынның тағдырына жазылмады, ақын 1988 жылғы 6 қазанда Алматы қаласы ауруханасында қайтыс болады.

1990 жылдың қыркүйегінде Өлеңті ауылында Жұбан Молдағалиевтің 70 жасқа толу мерейлі мерекесінде Жұбанның ауылдасы, өмірлік досы, белгігі ақын Сағынғали Сейітов: Кешір мені, кешіре гөр Жыланды, Мен қаншама болсам-дағы шыдамды. Топырағыңа тиген шақта табаным, Көзім мөлт-мөлт, моншақ шықпен шыланды. Шыланбады, ағыл-тегіл бұланды, Серпе алмадым жанарымнан тұманды. Кешір мені, келе алмадым ертіп мен. Дара дарын, дана ұлың Жұбанды, - деген жанды тебірентер өлең жолдарды оқығанда өлеңтіліктер, келген қонақтар толқып, көздеріне жас алды. Жұбан ақын туралы жақсы көп айтылды, әлі де айтыла береді, оның нар тұлғасы, қазақы кеңдігі, адамшылығы мен кісілік келбеті және адал, асыл қасиеттері туралы ғылыми зерттеулерде, оның өмірі мен өлеңдері туралы еңбектерде әлі талай жазылады, біреулер күйе жағам десе де адалға қара жұқпайды, ол маңызды да емес. Маңыздысы Жұбан ақын қазір биіктен ескертіп, қуатты жалын шашып: Мен - казақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске – Айта бергім келеді, айта бергім..... деп шыңда тұрғандай көрінеді. . Салауат Кәрім, Abaі.kz порталы, 2020 жыл

ИРАН –ҒАЙЫПТЫҢ «БАЙМҰРАТ БАТЫРЫ»

Иран-Ғайыптың «Баймұрат батыр» драмалық дастаны жуықта «Жұлдыз» журналында жарық көрді. Драмалық дастанның идеясы – Ресей патшалығының қол астына кіруге ант беруден бас тартқан Баймұрат батырдың ерлік істері, ішкі жан дүниесі, бұлқынысы, ел трагедиясы, батырдың көзғарасы, қазіргі тілмен айтқанда «саяси позициясы», Баймұрат батырдың өмірі, ақын драматург Иран-Ғайыптың тағы бір туындысы. Баймұрат батыр туралы ел іші әңгіме-аңызға толы. Ағылшын саяхатшысы Джон Кэстель 1736 жылы Әбілхайыр хан ордасында болған күнделік жазбаларында Баймұрат батыр туралы мәлімет береді, 2007 жылы қайтыс болған жазушы Александр Сергеевтің Қазақстанның Ресейге «өз еркімен» қосылуына арналған «Петербургский посол» тарихи романында дерек жеткілікті, Әбіш Кекілбаевтің «Үркер» романын оқысаңыз: «Қолдарына мылтық, қылыш, найза ұстаған орыс солдаттар мен башқұрттар елшінің мекен-жайын шыр айналып қоршап тұрып алды. Жаппастар хан орданы да қамап алып айқайды салып жатыр. Ақ сұр ат мінген шаңқылдақ кісі әрлі-берлі шаңқылдап жүр. Баймұрат сол екен. Баяғы шеке тамыры бадырайған қызыл сары би боп шықты. Біресе хан ордасының тұсына барып шаңқылдайды, біресе елшіліктің тұсына келіп шаңқылдайды. - Кісендеулі екі жігіттің ат-шапан айыптарымен қайтармайтын болсаңдар, менен жақсылық күтпеңдер. Түн ортасы ауғанша мұрсат беремін. Сол екі ортада талабым орындалмайтын болса, обалдарың өздеріңе. Ордаңды шағып, отын етіп жағам. Елшіңді мойнына қыл тұзақ салып сүйретіп әкетемін. Жауабыңды патшаның алдында мен емес, сен бересің, Әбілқайыр!» деп батыр бейнесін суреттейді. Ел мүдесіне келгенде, қандастарының қайғы қамын жегенде ханына қол көтеретін, қынабындағы қылышын ханға да қарсы суыратын Махамбет, Сырым, Бекболаттар қатарындағы батыр. 1729 жылы Аңырақай шайқасында алтын-жаппас руы жасақтарына қолбасшылық еткен қазақ батыры, би де, бай да болған қайраткер. Есімі ұран болған батыр Баймұрат Байбөріұлының ерлігі, қаһармандығы халқының жадынан ұмытылған жоқ, батыр ұрпақтары бабаларының ерлігін осы күнге дейін есте сақтап келеді, тарихи тұлға, жұмбақ тұлға, Баймұрат сияқты батырлар қазіргі жерімізді, елімізді мұрат тұтып кеткендер, ал жаңа «Баймұрат батыр» дастаны тарихи драмалық шиеленістерге, ел трагедиясына, адам трагедиясына толы. Трагедия демекші, Уильям Шекспирге қатысты ағылшындар: «Шекспир адам қайғысын, ел қайғысын бөліскен драматург, трагедиялық

образдарымен жаманнан жиіркенуге үйретті», - дейді. Ал үш ғасырдан кейін тағы бір ұлы жазушы Лев Толстой ағылшын драматургін жақтыра қоймады, атақты драматург шығармаларына әдейілеп жазған әдеби сын еңбегінде Толстойдың драмалары «жиіркеніш тудыратын шығармалар» деп жазды. Өмірде, өнерде, оның ішінде әдебиетте парадоксқа толы. Шекспирден жиырма ғасыр бұрын өмір сүрген философ Аристотель әдебиетке теориялық анықтама берген жоқ, нақты айтсақ, ол кезде көркем әдебиет атымен болған жоқ, күнделікті өмірдегідей «трагедия мен комедия» болды, олда трагедияның тектілігін қалады, әдебиет жетілген сайын Шекспир драмалары көркем әдебиеттің классикалық стандарттарына айналды, Шекспир өмірдің қайғысын да, қуанышын да оқырманға сыйлады, мұнымен келіспеуге шама жоқ. Автордың екі бөлім, жеті көріністен тұратын драмасы Баймұрат батыр өмірінің кезеңдерін жеті көрініске бөледі, батырдың өмірі сюжеттік көрініс алады, образдарға да бай: Әбілқайыр хан, Бөкенбай, Есет батырлар, Тевкелев пен Қыдырас, батырдың ұлы Алан, оның анасы қалмақ батыры Тойшының қызы – Найха, Күйік би, негізгі идеяны басында айттық. Драма тұтастай батырлық рухтан, ерліктен, жанқиярлықтан тұрады, отбасы толғанысы, балаға деген әкенің сүйіспеншілігінен де, шешенің махаббатынан да кенде емес, ханға деген қатты сөз де, жауға деген өшпенділік те, жиіркеніш те жетеді. Батырдың жарық дүниеге, өмірге филосфиялық рухани көзғарастары, толғаныстары толғантпай қоймайды, ол да драманың идеялық, рухани контексімен жарасады, бүгінде маңызды, астарланған, өйткені мәңгілік нәрселер, адамшылық негіздер, рухани құндылықтар, ақын Иран-Ғайыптың дәстүрлі поэтикалық стилінде: Аттан! Аттан! Аттан! Қазақ! Адамның, Жауы – Көп... Ең алдымен: Адамның, Жауы – Адам! Адамның ЖауыӨзі:

Құлағы! Тілі! Көзі! Ақылы! Ойы! Санасы! Сойылы! Сойы... ...Қалмаққазақ соғысының кезекті қырғыны. Қалмақ батыры – Тойшы мен қазақ батыры Баймұраттың жекпе-жегінен басталатын драма Тойшының садақтан тартқан зымыран жебелерінен қорғанып жүріп, аңдысын аңдып, амалын келтіріп, жебелерді қағып салып жүрген Баймұрат батыр Тойшыға жақындай келіп, көк найзасын қалмақ батырының кеудесіне қадайды, жанына бойлата сүңгітеді, қалмақ батыры құлап бара жатып: Уай, Жалған-ай ...Қан - Майданда, Жекпе-жектен – Ажал құшқан Батырда, Фәнилік: Арман – Болар ма.. ... Дат, Баймұрат, Дат... – дейді, қалмақ батыры Тойшының ажал алдындағы соңғы сөзі, аманаты – жалғыз қызы Найханы Баймұратқа тапсыруы да «жау болсақ та адамбыз ғой» деген түп тамыры – адамшылық идеяны білдіреді, батырдың қайырымы, кеңдігі, сөзіне адалдығымен жалғасады. 1731 жылдың 10 қазаны. Хан ордасы... Кіші жүздің әр рубасы, билері «Құран» ұстап «Ант» беру рәсімі өтіп жатады.... Тарихқа шегініс. 1731 жылғы 19 ақпанда Анна Иоанновна патшайым Әбілқайыр ханға бүкіл қазақ халқы ерікті түрде Ресейдің қол астына қабылданғаны туралы грамотаға қол қойды. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылғы 30 сәуірде Кіші жүзге А.И. Тевкелев бастаған елшілік келді. 1731 жылғы 10 қазанда Кіші жүз Ресейге өз еркімен қосылатыны туралы актіге қол қойды. Қазақ халқының тарихындағы ең ауыр, трагедиялық сәт – қаралы күн, Баймұрат:

Бізді, Қазақты, Отанымызды, Қотанымызға – Қоса, Жалмап Тұр: Патша – Ағзамның, Қаңылтыр – Кресті мен Сомына - Жалдап! Сен Қонақ – Емессің Жаусың! Зымиян – Дұшпансың! «Құдай қонақ» Өлім – Уын Сеуіп, Шиті –Мылтығын - Оқтатып, Зеңбірегін Сүйреткен, Қанды –Қол - Жендет, Қарақшы – Әскерін Әкелмейді. Тевкелев: Бунтарь! Тұтқынға Алыңдар, Түге.... Әбілхайыр: Тиыл, Баймұрат, Тиыл! Хан – соңыма –

Ер... Бөкенбай: Бұ – Неткенің, Тентек! Бер – «Антыңды» Бер – «Антыңды» Бер! Қазақ хандары мен сұлтандарының алауыздығы, тақ таласы мен бас билік қайғысы, олардың екіжүзділігі мен сатқындығы тұтастай бір халықты, қазақ даласын біреудің қол астында ғасырлар өмір сүруге мәжбүр етті, қазақ елдігін жоғалтты, қазірде сабақ аларлық, бұған тарихи баға бере алмай келеміз, біреуі бұрыс, енді біреуі басқа жол болмады деп қақ бөлінеді, мүмкін өткенге баға берудің, тарихтан мін іздеудің қажеті де жоқ шығар, ал елдің, қоғамның, адамның қандай болмасын әрекеті – ар-ожданмен өлшенетіні айдан анық нәрсе, имансызданған, құнсызданған, арсызданған заманда қадыр-қасиетін жоғалтпағандар, ар-ұятын сақтап қалғандар болған екен, соның бірі Баймұрат: «Бере алмаймын «Антымды» Сата алмаймынХалқымды» дейді. Ол халқын, туған жерін сатқан жоқ, ант бермеді, халқына, еліне, өмірге сенімін жоғалтпады, басқаға алмастырмады – өзінің таңдауын жасады, «ерікті түрде» Ресейдің қол астына кірмеді, халқына сенеді, халқын қорғайды. Қазақ-қоқан қырғыны, ойсырата жеңген қазақ, қашқан қоқан, Баймұрат: Бір де бірін: Саяқ – Қалдырмай- «Тоған – Құрбан»- Қылыңдар, Қазақ – Тірі тұрғанда, Бұдан Былай,

Бұл – МаңғаМүлдемЖоламайтын, РұқсатсызАяқ Баспайтындай Етіп! Жеңіс қуанышының эйфориясы ұзаққа созылмады, табиғат сойқаны - Дарияның опырыла омырылуы, Бұзылған Тоғанның екі басы толған адам. Күйік би өзін жанқиярлық құрбандыққа шалады, Баймұрат: Әскер! Мына «Сұрапылмен» Тура Ажалмен Айқасқандай - Айқасайық! Батыр бастаған әскер зұлмат сойқанға, тасқынға қарсы тұрады, халық аман қалады, Дария арнасына түседі, дауыстар: -О , ҚұдыретіКүшті .... -Жаратушы – Ием... Астындағы Ғажаптар: Рухы – Өлмейтін, Мәңгі – Тірі Қазақтар... Пафостық поэтикалық дүние, жоғары эстетикалық салтанатқа құрылған, адамдарды қанаттандыратын туынды. Иран-Ғайыптың драмалық шығармасы туралы әлі тұшымдырақ айтыла жатар, ал бүгін «Баймұрат батыр» драмалық дастаны Иран-Ғайыптың қазақ әдебиетінің алтын қорына енген аңыздық, мифтік, дастандық, тарихи-деректі «Мен ішпеген у бар ма?», «Хайуандық комедия», «Күшігінен таланған», «Қорқыттың көрі», «Мауглидің оралуы», «Керкеткен» туындыларының қатарына тұруға әбден лайық, «Жолың болсын «Баймұрат батыр»!

Салауат Кәрім,
Adebіportal.kz, 2017 жыл

ТОЛСТОЙ ШЕКСПИРГЕ НЕГЕ ШҮЙЛІКТІ?

Лев Николаевич Толстой «Шекспир және драма туралы» сын очеркін 1904 жылы жазып, кейін өзінің достарына оқуға береді, 1906 жылы Шекспирге табынушылықты бір күнде тоқтату мүмкін емес екен деп шешіп, жариялауға келіседі, ресми жариялайды. Толстойдың аталған туындысы Ресейде және одан тыс жерлерде өнерді, әдебиетті жақын түсінетін жандардың назарынан тыс қалмады, замандастары арасында көптеген қызықты пікірлер тудырды. Осы күнге дейін жалпы өнерге, әдебиетке қатысты, оның ішінде әдебиеттің мақсатына қатысы сөз болғанда осы еңбегі жиі аталады. «Э. Кросби мырзаның Шекспирдің жұмысшы халыққа деген көзқарасы туралы мақаласы мені Шекспирдің шығармаларына бұрыннан бүкіл еуропада қалыптасқан пікірге мүлдем қарсы пікір айтуға итермеледі. Менің Шекспир туралы қалыптасқан пікірлермен келіспеуім кездейсоқ емес, менің көңіл-күйімнен, не осы мәселеге мен қалай қарайтындықтан туған емес, бұл көп жылдар бойы күллі білімді христиан адамдарының Шекспир көзқарастарымен келісуінен туды», - деп бастаған Лев Николаевич: «Шекспирді ұлы, данышпан жазушы түгіл, тіпті ең ортанқол жазушы деп тануға да болмайды»- деп тұжырым жасайды. Шекспирден кейінгі екінші драматург саналатын, Нобель сыйлығының лауреаты Бернард Шоу бір кезде Шекспирді сынап, Шекспирді біресе ақымақ, біресе ұлы ақын деп, шамасы Шекспирді мұқатудан гөрі Шоу өзінің ішкі «күмәні» мен «ізденісін» сейілтіп, «Мен де Шекспирдеймін, менде сондаймын» дейтін өзіндік үнін білдіргені еді. Толстойдың сыны мүлдем бөлек, ол Шекспирді қатты, аямай сынады. Толстойдың Шекспир пьесаларының тарихын, сюжеттік желілерін терең білгеніне, пьесаларын терең сыни талдағанына, философиялық, этикалық және эстетикалық толғаныстарына қарағанда Толстой Шекспирге не үшін шүйлікті деген сұрақ туады. Л.Н.Толстой «Король Лир» трагедиясының мысалында Шекспирдің басқа драмалары мен комедияларына тән ортақ кемшіліктерді атайды, Шекспирде эстетикалық сезімнің мүлдем жоқтығын, Шекспирді Гомермен салыстыруда ештеңе бермейтінін, оның шығармалары өнердің

талаптарына сай еместігін, драмалары моралдық–этикалық жағанын өте нашар, азғындық болып келетіні туралы жазады. Әрине, мұндай сын жазбалар қайшылықта келсе де Толстойдың да, Шекспирдің де, Бернард Шоудың да адамзат табиғатына суреткерлік көзғарастарында, олардың дүниетанымдарында, әдебиет пен өнерді жетілдіру ізгі ниетінде, өнерге көзқарастар қақтығысында десек қателеспейтін шығармыз. Уильям Шекспир 1564 - 1616 жылдары өмір сүрген, әлемдегі ең ұлы драматург, ағылшын халқының ұлттық ақыны, 38 пьеса, 154 сонета, 4 өлең жазған адам. Шекспир көптеген еңбектерін 1589 жылдан 1613 жылға дейін, яғни 24 жыл бойы жазған, сөйткенмен У.Шекспир тек XІX ғасырда, яғни екі ғасырдан кейін ғана танымал болды. Британия Уильям Шекспирді өзінің саяси мақсатында кеңінен қолданды, әсіресе, Ұлыбритания отарлау саясатын жүргізе бастаған кезде, империяның айнасы, оның империялық нышандары мен рәміздері керек болған тұста Шекспирді бірінші драматург ретінде таңдап алды, оның сахналық пьесалары адамдарды тартып, жойқын эмоциялар туғызу үшін керек болды. Әрине, Л.Т.Толстой бұлқынған, наразылық сыни рухымен Шекспирдің күл талқанын шығарды, батылдығымен көрінеді, кейбір зерттеушілер дүниетанымдық тұрғыдан Лев Толстой Шекспир шығармаларына дұрыс диагноз қойды дейтіндер де аз емес, солай бола тұрғанмен қарсылықтың себебін Уильям Шекспир драмаларынан, Лев Толстойдың сын очеркінен іздеген дұрыс шығар.

Лев Николаевич: «Шекспирді бірінші оқығаннан бастап менің таң қалғаным есімде. Мен үлкен эстетикалық ләззат аламын деп күткенмін. Бірақ оның ең жақсы деген «Король Лир», «Ромео мен Джулетта», «Гамлет», «Макбет» шығармаларын бірінен соң бірін оқып, ләззат алудың орнына, қайта жиіркенішті сезіндім.... Біздің заманымыздың кез-келген адамы, егер ол осы драма кемелдіктің шыңы деген болмаса, егер шыдамдылық танытып, соңына дейін оқып шықса, бұл тек кемелдіктің шыңы ғана емес, сонымен қатар өте нашар, көлбеу жазылған шығарма екеніне көз жеткізер еді..., оларда... біздің арамызда жексұрындықтан басқа ештеңе жоқ екенін көресіз».. – деп Шекспир шығармаларын сынайды. Лев Толстой «Король Лир» трагедиясы ұзақ диалогтарға құрылып, мағынасыздық тудыратыны, кейіпкерлері ақымақ адамдар болып келетіні

(Лирдің өзінен бастап) және олар бүкіл драма бойында жасанды келетінін және жансыз екенін жазады. Толстойдың пікірінше, кейіпкерлері қарапайым адамдар емес, өздерінің тілімен сөйлемейді, сондықтанда бүкіл пьеса жасанды, оны көргеннен кейін тек өкініштен басқа ештеңе қалмайтыны туралы жазады. Әрі қарай, Лев Николаевич өз ойын дамыта келе Шекспирдің мүлдем суретші емес екенін, оның драмаларында кейіпкерлердің тілін жеткізе алмайтынын, тілдік құралдардың жоқтығын, адамдарға эмпатия туғыза алмайтынын, эмоцианалдық жағдайға алып келе алмайтыны туралы айтады. Лев Николаевич Шекспир шығармаларының «тілінің» жоқтығы туралы: «Шекспир тудырған кейіпкелердің өздері сөйлемейді, әрқашан біріне бірі ұқсас жандар, олардың атынан Шекспирдің өзі сөйлейді, олар көркем емес, табиғи емес, жасанды тілде сөйлейді, ол бейнелеген кейіпкерлердің тілінде ешқашанда тірі адам сөйлей алмайды»,- дейді. Толстой мұндай ойларды бұрын Достоевскийге де, Гогольге де, Чеховқа да қатысты да айтқан болатын, тіпті өзінің алдындағы ұлы Пушкинді драмалық шығармаларына қатысты сынап, артынан сылап сипағанды. Уильям Шекспир «Король Лир» трагедиясын 1605-1606 жылдары жазды, алғаш рет 1606 жылы Сент-Стефан күнінде сахнаға қойылды, 1608, 1619 және 1623 жылдары бірнеше басылып шыққан трагедия сюжетінің негізі өз патшалығын екі қызы арасында бөліп беріп, кейін елінен қуылған, саяси жанжалдардың салдарынан есінен айырылған патша Лир туралы аңыз. Лир патша мен оның қыздары туралы аңыз Ұлыбританияның ең көне аңыздарының бірі. Оның алғашқы әдеби нұсқасын ағылшын шежірешісі Джеффри Монмут 1135 жылы латын тілінде шыққан «Британия тарихы» еңбегінде жазды, аңыз болғандықтан бірнеше нұсқалары бар, Шекспирден бұрын авторлары бар бірнеше пьесалар жазылып, сахнаға қойылған. Шекспирдің «Король Лир» драмасы, оның атақты «Гамлет» трагедиясымен бірге трагедиялық драмалардың шыңы саналады, өйткені Шекспирдің аталған драмаларында билік мәселесі, отбасы тағдыры, әлеуметтік қатынастар көтеріліп, арсыздық пен сатқындық әшекерленеді, драманың өне бойы кейіпкерлердің қайғы-қасіретіне, ішкі күйзелістеріне толы, әлеуметтік – философиялық драмалар

қатарындағы «Король Лир» кеңдігі және ғаламдық ауқымдылығымен ерекшеленеді. Сонымен, Толстойды қысқа жеткізсек, Шекспирдің «қателіктерін» бір сөзбен айтсақ, Шекспирдің кейіпкерлері бірімен бірі ұқсас келеді, шетінен кекшіл жандар, өмірлері үнемі қайғы қасыретке, күйзеліске толы, олар өліп тынады, кейіпкерлері ішінде білімінің тереңдігімен және ұмтылыстарының биіктігімен адамдарды рухани ағартатын бірде-бір данагөй адам жоқ, бақытты адамдар мүлдем көрінбейді, бақытты өмір, бақытты махаббат жоқ екен. Толстойтанушылар Ясная Полянадағы Толстойдың жеке кітапханасында Лев Николаевичтің өзінің қолымен белгі қойған Шекспирдің ежелгі ағылшын тілінде жазылған шығармалары сақталғанын және олар осы күнге дейін әлі зерттелмегенін айтады. Шекспир Ресейде алғаш рет ақын А.П. Сумароковтың «Өлең Эпистолында» (1748) аталады. Шекспирдің еуропалық романтикалық табынуы 19 - ғасырдың басында Ресейге де енді. Шекспирдің шығармашылығына А. А.Бестужев, К. Ф. Рылеев, В. К. Кюхельбекер, А. С. Грибоедов, А.С.Пушкин, И.С.Тургенев, Н.С.Лесков және басқалары жүгінді. Дегенменде Лев Николаевичтің 80 беттен тұратын сын очеркінің басты мақсаты еуропада кең жайылған Шекспирге табынушылыққа қарсы тосқауыл қою еді, оның драмалары көрермендер мен оқырмандарға пайдасынан гөрі зияны туралы жазып, жазушылар мен драматургтердің Шекспирге еліктеушілігінен арылуға ықпал ету еді. Лев Толстой: «Шекспир қолданатын және біздің заманымыздың жазушыларын оған еліктеуге мәжбүр ететін ұлы, данышпан жазушының сөзсіз даңқы оқырмандар мен көрермендердің өздерінің эстетикалық және этикалық түсініктерін бұрмалап, Шекспирдің шығармаларында жоқ қадір-қасиеттерді табуға ізденістері кез-келген жалғандық сияқты үлкен жамандық» деп жазады. Әдеби сын соңында Лев Николаевич: «Сондықтанда, адамдар Шекспирді жалған мақтаудан неғұрлым тезірек арылса, соғұрлым оларға жақсы болады деп ойлаймын. Мұны түсінгеннен кейін олар қазіргі заманғы драманың жаңа формасын, діни сананың жоғары деңгейіндегі адамдарды түсінуге қызмет ететін драманы дамытуы керек;

Екіншіден, адамдар бұл сиқырдан арылып, Шекспир мен оның еліктеушілерінің тек ойын-сауық пен көрермендердің көңілін көтеруді мақсат ететінін түсінуі керек, оның өнегесіз шығармалары өмірде адамдарды үйрете алмайтынын, оларға ұстаз бола алмайтынын және өмір туралы ілім, нағыз діни драма болмайынша, басқа көздерден іздеу керек екенін түсінеді»,- деп қорытады. Толстойдың осынау шығармасы атақты «Арылудан» кейінгі оның дүниетанымындағы өзгерістерді көрсеткен туындылардың бірі болды, 1870-1890 жылдардан кейінгі әлеуметтік, этикалық ілімдерімен тікелей байланысты Толстойдың христиандық діни өмірге көшкен 75 жасында жазылды, сондықтанда моралдық тұрғыда Толстой ұлы Шекспирді діни емес, бейтарап идеологияның бір бөлігі ретінде қабылдамады. Ағылшын ұлы ақыны Шекспир өзінің театры үшін өлең түріндегі пьесалар жазды, оны өзінің әртістерімен өзінің театры сахнасында қойды, өзіңіз білетіндей, пьеса кейіпкерлердің қысқа және нақты әрекеттері мен диалогтарынан тұрады. Пьесадағы ең басты мәселе қызықты оқиғаны көрсету, яғни не трагедия не комедия немесе екеуі қосылып трагикомедия болуы мүмкін, басқаша болуы мүмкін емес. Ұлы кемеңгер Лев Толстой прозалық шығармалар жазды. Проза мәтіні әрдайым кейіпкерлерді сөйлету арқылы олардың ойын, ішкі толғанысын, сезімдерін, көңіл-күйін жазып, жазушы оларға сипаттамалар берді, оны оқырманы оқып сезінді. Әрине Толстой білмеді емес, жақсы білді, дегенмен Шекспирге қатысты өзінің көзғарасын осылай білдірді. Ал британ жазушысы, публицист Джордж Оруэлл 1947 жылғы наурыз айында «Полемика» журналының №7 санында жарияланған Толстойға жазған хатында, екі ұлы суреткер арасындағы араздыққа нүкте қойғандай: «Менің ойымша Шекспирге «кінәлі емес» деген үкім шығарар едім, кез келген басқа жазушы сияқты, Шекспирде ерте ме, кеш ұмытылады, оған енді бұдан ауыр айып тағылуы екіталай. Толстой, бәлкім, өз заманының ең әйгілі жазушысы әрі мықты сыншысы шығар, бірақ ол өзінің барлық қаһарын Шекспирге төкті, барлық зеңбіректерден атқылады. Нәтижесі қандай? Қырық жылдан кейін Шекспир сол күйінде, бүлінбеген, ештеңесі кеткен жоқ, бізбен бірге, Шекспирді жою әрекетінен сарғайған мақала беттері ғана қалды, егер осы мақаланы «Соғыс және бейбітшілік» пен «Анна Каренина» авторы жазбаса оны ешкім оқымас та еді» дейді.

Шекспирден жиырма ғасыр бұрын өмір сүрген философ Аристотель «Поэтика» еңбегінде көркем әдебиетке теориялық анықтама берген жоқ, нақты айтқанда, ол кезде көп жанрлы көркем әдебиет атауымен болған емес, Аристотель поэтикалық өнер саналатын лирикаға, эпосқа және трагедия мен комедияға анықтама беріп, сахнада көрсетілетіні, жағымды және жағымсыз кейіпкерлер суреттелетіні туралы жазды, ал әдебиеттің дамуы барысында Шекспирдің пьесалары көркем әдебиеттің классикалық стандарттарына айналды, әрине, мұнымен келіспеуге бізде шама жоқ. Бір кезде Лев Николаевич Чеховқа оның пьесалары өзінің жек көретін Шекспирдікінен де нашар екенін айтады. Алайда Антон Павлович кемеңгердің ескертуін мақтау ретінде қабылдайды, өйткені Толстой Чеховты өте жақсы көрді, мүмкін Толстой Шекспирге қатысты шын козғарасын осылай жасырған шығар, тек ол мұнысын ешқашанда мойындамады, - дейді толстойтанушылар. Лев Николаевич Толстой өнерге, әдебиетке өте биік талаптар қойды, оның өзгеруіне, дамуына көп еңбек сіңірді, қандай болмасын өнер туындысы адам үшін, оның өмірі үшін маңызды болғанда ғана солғұрлым жоғары болатыны туралы жиі жазды, әрқашанда өмірден мән іздеп өмір сүрген ұлы кемеңгер бұл жолы да өзінің алған бетінен қайтпады.

Салауат Кәрім,
Adebіportal.kz, 2022 жыл

КЕМЕҢГЕРДІҢ СОҢҒЫ САПАРЫ

1910 жылғы қазан айының соңғы күндеріндегі осынау жаңалық орыс жұртшылығын дүр сілкіндірмей қоймады. Қазанның 28-іне қараған түні сексен екіден асқан қарт адам – әлемге әйгілі жазушы, граф Лев Николаевич Толстой отбасынан, Ясная Полянадан қашып кетті. Сол кездегі «Dіletant medіa» газеті бұған әйгілі жазушының отбасы ішіндегі кикілжің себеп болуы мүмкін деп жазды. Бұл оқиға орыс жұмысшыларынан бастап бүкіл орыс жұртшылығына ауыр соққы болды. Ең ауыр соққы Лев Толстойдың жары Софья Андреевнаның абыройына ауыр тиді.Бүкіл ғұмырын күйеуінің көңіліне қарап өмір сүрген, балаларының тәрбиесі мен күйеуінің шығармашылығына арнаған Софья Андреевна, ең жақын адамы - Левосының Ясная Полянадан жасырынып, қашқанын түсінбеді. Лев Толстой әйеліне жазған хатында:«Менің кетуім сені ренжітеді. Өкінішті, мен басқаша жасай алмаймын, мені түсінерсің.Менің үйдегі жағдайым төзгісіз болып барады. Бұдан басқа, мен қазіргі астамшылықта бұдан былай өмір сүре алмаймын, әдетте менің жасымдағы қарттар осылай істейді: өмірінің соңғы күндерін жалғыздық пен тыныштықта өмір сүру үшін дүниелік өмірден кетеді. Өтінемен, менің қайда екенімді білген күнде артымнан іздеме.Осында сенің келуің сен үшін де, мен үшін де тек істің жағдайын нашарлатады, менің шешімімді өзгертпейді. Бірге өмір сүрген 48 жыл ішінде маған адал болған өмірің үшін рахмет айтамын, мен сенің алдыңда кінәлі болған барлық нәрселерім үшін кешірім сұраймын, менде сенің кінәлі болуы мүмкін барлық нәрселерді шын жүрегіммен кешіремін. Саған менің кетуіммен байланысты жағдаймен келісуге және маған қарсы жаман ойламауға кеңес беремін. Егер маған хабарласқың келсе Сашаға хабар бер, ол менің қайда екенімді біледі, маған керегін салып жібереді; ал менің қайда екенімді саған айта алмайды, өйткені мен одан ешкімге айтпау туралы сөз алдым. Лев Толстой, 28 қазан, Ясная Поляна. Менің заттарым мен қолжазбаларымды жинап, Сашаға жіберуді тапсырдым» деп хат қалдырады. Л.Толстой өзінің соңғы сапарын Щекино станциясынан бастайды. Сол күні Горбачево станциясында басқа пойызға ауысып, Тула губерниясының Белев қаласына, содан соң Козельск станциясына барады, онда атқосшы жалдап Оптина Пустыньге жетеді, ал келесі күні Шамордин шіркеуіне барып, онда туған апасы Мария Николаевнамен кездеседі. Кейінірек Толстойдың қызы Александра (Саша) Львовна Шамординоға жасырын түрде келеді. 31 қазан күні таңертең (13 қараша) Л. Н. Толстой мен қасында бірге жүрушілермен Шамординнен Козельскіге аттанды, сол жерде олар шығыс

бағытта келе жатқан Смоленск - Раненбург бағытындағы № 12 пойызға отырады. Олар отырғызу кезінде билеттерді сатып ала алмайды; Белевке жетіп, Волово станциясына ғана билеттер сатып алады, онда олар оңтүстік бағытта келе жатқан пойызға ауысқысы келді. Кейінірек Толстоймен бірге жүргендер сапардың нақты мақсаты жоқ екенін айтады. Кездесуден кейін Л.Толстойдың жиені Новочеркасскіде тұратын Елена Сергеевна Денисенкоға баруды шешеді, онда олар шетелдік төлқұжаттар алып, содан кейін Болгарияға барғысы келеді; егер бұл ойлары сәтсіз болса Кавказға баруды көздейді. Алайда, жолда Л. Толстой өзін нашар сезінеді, өкпесіне суық тиіп, қабынуға алып келеді, қасындағы еріп жүрушілер сол күні сапарды тоқтатып, ауру Лев Николаевичті елді мекен жанындағы алғашқы үлкен станция Астаповада шығып қалуға мәжбүр етеді. Сол Астапова станциясында (қазіргі Липецк облысында Лев Толстой станциясы) темір жол станциясының бастығы үйінде «өкпе қабынуы» диагнозымен Л.Толстой хал үстінде өмірінің соңғы күндерін өткізеді. Біраздан кейін Софья Андреевна күнделігінде: «Не болғаны түсініксіз, ешқашанда ақылға сыймайтын нәрсе болды» деп жазады. Л.Толстойдың Ясная Полянадан қашуы, оның «еркіндігі» 10 күнге созылды, ауруға шалдыққан әлем әдебиетінің классигі, әлемдегі ең ұлы жазушылардың бірі Л.Толстой жарық дүниемен қоштасады. Бұл оқиғаны, екі ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, қал үстіндегі күйеуінің қасына қырық сегіз жыл бірге өмір сүрген жары темір жол станциясының бастығы үйінің айналасында терезелерден сығалаумен болады, Л.Толстойға жіберілмеді. Осы шиеленіскен күндерге қатысты «Пятницкая-12 –дегі Толстой орталығы» мемлекеттік мұражайы бөлімінің меңгерушісі Ольга Голованова «Русский мир» журналына берген сұхбатында: - Пойыз туыстарымен Астаповоға келгенде, қызы Татьяна әкесіне кіреді, сол кезде Лев Николаевич қызына егжей-тегжейлі сұрақ қоя бастайды: «Сонямен, кім қалды?» - деп сұрайды. Бірақ қызы Татьяна анасының Астаповаға бірге келгенін айтпайды. Қызы Лев Николаевичтен анасы туралы айту керек пе деп сұрайды. Л.Толстой: «Жоқ, жоқ, мен мұны білуім керек»,- деп қана жауап береді. Л.Толстой әйелінің терезе жанында екенін білмеді. Татьяна «бізге, әкеміз бұл күннен қорқатындай көрінді» деп еске алады, яғни, балалары Толстой үшін өздері шешім қабылдайды, алайда Л.Толстойда Соняны шақыртыңдар деп айтпайды. Ал егер ол шақыртқан болса, онда балалары аналарын әкесіне кіргізген болар еді... Тек содан кейін, Толстой ес-түссіз жатқан кезде ғана жіберілді. Ал, ол кезде кеш болатын, оған Соня ештеңе айта алмады... Кейіннен екінші ұлы Илья әкесі мен анасының соңғы күндері бірге болмағанына, әкем қал үстінде жатқанда анамды жіберу керек

еді деп қатты өкінеді. Софья Андреевна қал үстінде жатқан Лев Николаевичті соққылап, айқайлап кешірім сұрайды, оған жұбанышқа толы аянышты сөздерді айтып жылайды, бұл кезде Толстой әйелін мүлдем естімеді.., – деп мәлімет береді. Сонымен бірге Толстой туралы жазған кейбір жазушылар мен зерттеушілер Софья Андреевнаны қызы Александра Л.Толстойға жібермегені туралы да жазады. Лев Николаевич Толстой 1910 жылы 7 (20) қарашада, өмірінің 83-ші жылында қайтыс болды. Өлімнің себебі өкпесінің ісініп, ауыр асқынып, қабынуы болды. Жазушы өзі өсиет еткендей, Ясная Полянада ормандағы жартастың шетінде жерленді. Оның бақытты жылдары осында өтті, ол ағаларымен бірге балалық шағында барлық адамдарды бақытты ете алатын «жасыл таяқшаны» іздеді.

1910 жылдың қараша айындағы қаралы күндерде орыс басылымдары ұлы жазушының өлімінің соңғы он күнін жалғыздықта өткізді, Ясная Полянадан мәңгіге кетті, Толстойдың өлімінен бір жыл бұрын күнделігінде соңғы еркін білдіріп - оны қарапайым табытқа салып көмуді, ескерткіш қоймауды, қабірінің басында аза тұтпауды және сөздер айтылмасын деген соңғы тілектері туралы жазып жатты. Толстойдың үйден қашып кетуіне қатысты Софья Андреевнаның атына айтылған айыптау сөздер тоқтамады. Отбасы қақ бөлінеді, біреулері анасы жағында болса, ал балаларының үлкендері әкесінің жағында болады, олар Лев Николаевич Толстой ілімінің алғашқы ізбасарлары ретінде оған еліктеді, әкелерін құрмет тұтты. Софья Андреевна бұл оқиғадан жапа шеккенін жасырмады. Қазіргі кезде Л.Толстойдың жеке өмірін, оның шығармаларын, ерлізайыпты және отбасылық қарымқатынастарын, мұрасы мен күнделіктерін зерделеген көптеген толстойтанушылар, әдебиетші филологтар мен тарихшылар, Толстой туралы жазушылар әдептен озбай, этикалық нормаларды сақтай отырып, өздерінің тұжырымдары мен көзғарастарын білдірді, осы ғасырдың өткен жиырма жылы ішінде Толстойдың соңғы күндеріне арналған бірнеше кітап жарық көрді, олар Лев Николаевич пен Софья Андреевна біріне –бір сай, бірін бірі толықтырған адамдардың махаббаты еді, оларға да адам ретінде барлық сезімдер мен кемшіліктер, адам болғасын оларға да пендешілік тән екенін айтып жасырмады, ұлы кемеңгердің жеке өмірі де, ерлізайыпты өмірі мен олардың қарым-

қатынастары совет кезінде моралдық -этикалық тұрғыдан қозғалмады, біздің қазіргі заманда кемеңгер ойшылдың жеке өмірі туралы жиі айтылады, өйткені ұлы кемеңгердің өмірі мен шығармашылығы онсыз толық болмас еді деген қағиданы ұстанған Толстой мұрасын зерттеушілер жазушының бүкіл адамшылық келбетін аша түсуде.

Жасында жер бетіндегі ең бай, ең ұлы және ең бақытты адам болуды армандаған Л.Толстой артынан өмірінің орта кезінде «Айналаңда азап шеккен, бақытсыз көп адамдар жүргенде мен бақытты бола алмайды екенмін» деп шешеді, бұл ойы оның қалған ғұмырын өзгертеді, ол адамзат үшін өмір сүруді, адамның рухани тірлігі мен ішкі жан дүниесін, оның ақиқатын ой қаламымен суреттеуді, өзі таңдаған тағдырдың жан қиналысы да, ауыртпалығы да толы екені біле тұра алдына қойған мақсатынан бас тартпады, өмірінің соңына дейін жетілсем деген көзғарастарынан айнымады. 1847 жылы Лев Толстойдың өмірінде бір маңызды оқиға болды - ол күнделік жазуды бастайды. Толстойтанушылар сол сәтте Толстойға күнделік жазу өзін тану үшін, өзін тәрбилеу үшін болған шара еді дейді. Толстой өзіне «Мен кіммін?» деген сұрақты қояды және мынаны анықтайды: «Бұл өмір, мен өмір сүріп жүрген өмір, маған арналмаған, мен үшін емес» деп жазады, университетегі оқуын тастап, өзіне мұраға қалдырылған Ясная Полянаға жол тартады, оны ретке келтіру үшін ғана емес, ең бастысы - Толстой өздігінен жетілу үшін, өзін тәрбиелеу үшін, өзін байқау үшін жөнеледі. Мүмкін, Толстой сол кезде жаза бастаған күнделік оның рухани байыпты өсуінің және ұзақ уақыт оның жетілуінің құралы болады деп ойламағанда шығар. Алайда, ол 64 жыл бойы күндесін күнде жазып, өмір бойы өзінің күнделігіне жүгінеді. Күнделік беттерінде өміріндегі сыртқы және ішкі оқиғаларды жазып, үнемі өзінің моралдық бейнесі мен ақыл-ой жұмысы туралы, пікірлері мен ойларын, қоғам мен адамдарға, дінге, адамдардың тіршілігіне, өзінің өміріне қатысты ойларын қысқа жазып отырады. Бұл Толстойдың өмірде жетілсем деген мақсатының басы еді, Толстой бұл туралы «Арылу» шығармасында былай жазады: «Енді сол кезді мен еске алсам, маған анық болғаны, мені билеп алған хайуандық түйсіктерден басқа жалғыз ғана сенім бар еді, ол өмірде жетілсем деген сенім болатын. Бірақ жетілудің не екенін, оның мақсаты неде, оны сол кезде түсіндіре алмайтынмын. Мен ақыл - ойымды жетілдіруге тырыстым, өмірде алдымда

кездескеннің бәрінен сабақ алдым; мен өзімнің жігерімді жетілдіруге тырыстым, өзіме қағидалар орнаттым, сол қағидаларды бұзбауға тырыстым, еркімді жетілдірдім, әртүрлі жаттығулар арқылы күшқуатымды, ептілігімді шыңдадым, өзімді қинап сабырға, төзімге үйреттім. Осының бәрін өзімнің жетілуім деп санадым. Әрине,басында рухани жетілу тұрды, артынан ол менің жалпы жетілуіме қатысты еді, яғни мен өзімнің алдымда, құдайдың алдында жақсы болу үшін емес, басқа адамдардан жақсы болсам деген тілегім тұрды. Ал соңында басқалардан жақсы болсам деген ойым басқалардан күшті болсам, артық болсам, бай болсам, атақты болсам деген тілегіме ұласты». ******

64 ішінде (!) өз күнделігінің беттерінде ол өзінің өмірін, жан дүниесін мазалайтын моралдық, ақыл-ой жұмысы туралы айтады. Күнделік беттерін оқи отырып, олардың көпшілігін қарт адам жазғанына сену қиын: сондықтан оның авторының ойлары бірде жаңа көзғарастарға толы, ерекше болып келсе, ал кейде қалыптасқан адам санасына қарсы, даулы болып келеді. Толстой мұрасын зерттеуші ғалымдар: «Өмірді толғандыратын, өмірдегі адамға қажетті маңызды мәселелерге қатысты Толстой күнделік жазып, өмір бақи өзін - өзін тәрбиелеумен болды, көп оқыған Толстой өзіне биік мақсаттар қойды, олардың бір бөлігі іске асты, ал бір бөлігін жүзеге асыра алмады» - дейді. Толстой жас кезінен бастап өмір туралы көп ойланады, өмірдің не екенін түсінуге тырысады, оның мәні туралы, адамдардың өмірде қалай сүретіні туралы Л.Толстой «Арылу» шығармасында былай жазады: «Өмір дегеннің не екенін білімнен іздеп табалмаған соң, өмірдің өзінен, адамдардың өзінен іздей бастадым, жанымдағы өзім сияқты адамдар қалай өмір сүреді, бұған өмірге олар қалай қарайды екен деп оларды қадағалай бастадым, бұл мені қажытып жіберді. Сонымен оқығандары, өмір салты бойынша өзіме ұқсас келетін, өзім сияқты адамдардан мынаны байқадым. Менің білгенім, адамдардың осынау сұмдықтан шығудың төрт жолы бар екен. Бірінші жол - өмірден бейхабар болу керек екен. Өмір - зұлымдық, қайғы – қасырет, бос сандырақ екенін білмеу керек екен, ол өмірді түсінбеуден тұрады. Бұндай адамдардың қатарына - көбіне әйелдер, не жас адамдар немесе өте топас адамдар жатады – олар Шопенгауэр, Соломон, Будда өмірлерінде кездестірген мүлдем өмірді түсінбейтін адамдар. Олар алдарында тұрған айдаһарды, олар жармасып, жалап жатқан бал шырыны

бұтағының түбін кеміріп жатқан тышқандарды көрмейді. Бірақ олар бал шырынын белгілі бір уақытқа дейін жалайды: олардың назарын біреу – міреу айдаһар мен тышқанға аударатын болды – олар жалағанын тоқтатады. Олардан үйренетін ештеңе жоқ, оларға қарап білгенімнен айырылып қалам екен. Екінші жол – эпикуршылық жол. Бұлар өмірдің үмітсіз екенін біле тұра, өмірдің барлық игіліктерін уақытша болса да пайдаланып өмір сүру, олар айдаһарға, тышқандарға қарамайды, олар бал шырынын жақсылап тұрып жалайды, әсіресе, оның бұтағына бал шырыны көп жиналса болды, олар балды рахаттанып сорады. Соломон бұл жолды былай көрсетеді: «Мен шаттық сайран құрған өмірді айтқаным, адамдар үшін ішіп - жегеннен, көңіл көтергеннен басқа жақсы ештеңе жоқ: өйткені шаттықта өмір сүру оларға күн көрісінің құдай бұйыртқан күнделікті өмір тіршілігіне көмектеседі. Сонымен, тапқан наныңды барлық көңіліңмен ішіп же, сайран сал, шарабыңды іш.… Мынау тынымсыз өмірде, өзің сүйген әйелден ләззат ал, ол сенің сыбағаң, қызығың, қалай еңбек етсең, солай қызық көресің деген.... Қолыңнан келгенді істеп бақ, өлгенде сен қайда барасың, онда жұмыс жоқ, онда ешкім ойланып, толғанбайды, білім де, ғылым да жоқ, онда ақыл да жоқ». Адамдардың көпшілігі осы екінші жолмен өмір сүреді. Олардың өмір сүру салты бойынша оларға өмірде жамандықтан гөрі жақсылық толып жатқан сияқты, ал олардың меңіреулігі олардың жағдайының мүшкіл екенін ұмыттырады» деп анықтаған Л. Толстой: «Сөйткенмен барлық адамзат, өмір сүріп жүрген адамдар, миллиондаған адамдар – өмірдің мәніне күмән келтірмейді. Шын мәнінде, бұрыннан бері, өмір болғаннан бері, өмірдің бос екені туралы ойлануы арқылы, оның мағынасыз екенін біле тұра біз өмірімізге қандай болмасын мән беріп өмір сүреміз» - деп өмірге арналған бөлімді осылай аяқтайды.

Көп жылдар қазақ әдеби байланыстарының аясында Л.Н. Толстой және тағы да басқа да әлемнің тарихи тұлғаларының қазақ елімен әдеби байланыстарын ғылыми зерттеген ғалым Шәмшиябану Сәтбаева апамыз: «Лев Николаевич Толстой шығармаларын, оның әңгімелерін шығыс халықтарының ішінде өз ана тілінде алғаш оқыған қазақтар болды деп айтуға болады, Лев Толстой өзінің шығармашылығымен ғана емес, сондай-ақ қазақ шоғырланған Орынбор, Орал өңірлерінде болды, шығыс халқы, соның ішінде қазақ, башқұрт, татар ұлттарының салт дәстүрлері, оның сапарлары ұлы

кемеңгер шығармашылығынан орын алғаны туралы зерттеулер, тарихи деректер бүгінде ұлы жазушының біздің де рухани дамуымызға серік болғанын айғақтайды» – деп жазады. Л.Толстойдың шығармаларын қазақ тіліне алғаш болып ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсарин аударды. Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметінің қарқынды кезеңі (Торғайда алғашқы халық мектептерінің ашылуы, семинариялар, орыс графикасы негізінде қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтардың құрастырылуы) Л.Толстойдың педагогикалық қызметінің, оның Ясная Полянадағы шаруа балаларымен сабақ өткізуінің, оқу құралдарының шығарылуымен тұспа-тұс келгені белгілі. Ыбырай Алтынсарин Л.Толстойдың шығыс аңыздары мен ертегілері негізінде жазған әңгімелерін аударды, ондағы мәселелерді қарапайым, ойы жағынан түсінікті, оқушыларға жақын етіп ұсынды. Олардың негізгі тақырыптары - еңбек пен білімге, туған - туысқандары мен жолдастарына деген сүйіспеншілік, білімқұмарлық, байқағыштық, сыпайылық, қарапайымдылық болды, Ыбырай Алтынсарин ұстаздың педагогикалық міндеттеріне сәйкес келді. Л.Н.Толстойдың жеке кітапханасында Ы.Алтынсариннің «Қазақ әдетғұрыптары туралы» және Н.И. Ильминскийдің «Ы. Алтынсарин туралы естеліктер» атты жарияланымдары бар, 1870-1875 жылдардағы «Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімінің жазбалары» атты бірнеше шығарылымның болуы Л. Н. Толстойдың қазақ ағартушысының қызметімен, қоғамдық және педагогикалық өмірімен таныс болғандығын көрсетеді. Ыбырай Алтынсарин көп жылдар бойы Орынбор губерниясында жұмыс істеді, онда Толстой бірнеше рет болды. Ясная Полянада Толстой мектебі мен Алтынсариннің алғашқы қазақ мектептері бір мезгілде ашылды. Патшалық Ресейдің езілген халықтары тағдырына жанашырлықпен, ықыласпен және сүйіспеншілікпен қараған Л.Толстой Ыбырай Алтынсариннің қызметі туралы білмей қалуы мүмкін емес. Асыл дана Абайда, ғұлама Шәкәрімде, ұлы көсем Әлихан Бөкейханов пен Мұхтар Әуезовте, одан кейінгі ұлт мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілдері, қазақ жазушылары Лев Толстойды ерекше құрметтеді, Толстой шығармаларын қазақ тіліне аударды. Шәкәрім Толстойды ұстаз санады: Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың, Алдампаз, арам сопы кәпір қойдың. Жанымен сүйді әділет, ардың жолын, Сондықтан ол иесі терең ойдың

Шәкәрім Толстойдың терең ойшылдығын ұстанған ғұлама адам екенін атап өтеді. Абай мен Толстойдың ғұламалығы Шәкәрімге қатты әсер етті, сондықтанда өмірлік ұстанымында екеуінен де үлгі алды. Абай Құнанбаев Лев Толстойды жақсы білген. Ол туралы Мұхтар Омарханұлы Әуезов: «Абай мәдениетті адам баласының жалпы тарихы бағалаған Сократ, Аристотель, Пушкин, Салтыков, Толстойларды алдымен аузына алады» деп атап көрсетеді. Л. Толстой сол кездегі орыс және шетелдік саяхатшылардың әйгілі еңбектерін зерделеді, олардың ішінде М.Бекчуриннің «Түркістан облысы», «Орыс Географиялық қоғамының Орынбор бөлімінің жазбалары», «Хиуаға қысқы жорықтың сипаттамасы» және басқалары, олардың көпшілігі жазушының Ясная Полянадағы жеке кітапханасында сақталған. Атап айтқанда Л.Н. Толстой В. А. Перовскийдің жергілікті халықпен қарымқатынасына қызығушылық танытты. Л. Н. Толстой жазушы және саяхатшы Е.Л. Марковпен таныс болған, оның «Ресей - Орта Азия» (1901) жол очерктерінде қазақтардың өмірі мен тұрмысын сипаттауға арналған көптеген беттер бар. Л.Толстойдың шығармашылығымен М.Әуезов жастық шағында таныс болды. Өмір бойы жазушы Толстойдың шығармаларына жүгінді, өмірдің әр кезеңінде ол Толстойды өзіне басқа қырынан қайтадан ашып отырды. Жас кезінде, 1918 жылы, ол қазақ тіліне «Будда» әңгімесін, кейін «Балдан кейін», «Булка» әңгімелерін аударды. Толстой шығармаларының реалистік тереңдігі, эпостық кеңдігі, жалпыадамзаттық және философиялық мазмұны кемелді көркемдік түрінде көрініс тапты. 1978 жылы Л.Толстойдың екі томдық шығармалары жинағы қазақ тілінде жарық көрді, ал бұдан бұрын 1963 жылы аудармашы, ғалым Мұхтар Жанғалин «Соғыс және бейбітшілік» романын қазақ тіліне тәржімеледі. Кемеңгердің соңғы күндері туралы 1978 жылы талантты сыншы, ақын Аян Нысаналин «Соңғы түн» өлеңінде: Алыстан станция Суық жұлдыздар. Түн іші. Ақылман жатыр (шытынап тағдыр шынысы) Соғады әлсіз Жұмыр жер сыйған жүрегі Әлсін –әлсін тарылып, Кеуде тынысы. Қызылды –жасыл Тіршілік сәуле жарқылы.

«Бәріңді сүйем»... Сарқырама ойлар сарқыны. Түс пен өң де емес Поездар зулап барады. Сыңсыған аппақ Қайыңды өлке арқылы! - деп едәуір символикалық мәні бар суреттерді кестелейді. Лев Николаевич Толстой барша адамзат үшін ортақ тұлға, оның туындылары ортақ құндылық, Толстой әлеміне, оның көркем ой әлеміне деген құлшыныс өткен уақытта бірде бір бәсеңдеген емес, уақыт өткен сайын өрши түспесе кеміген емес. Бүгінде Л.Толстой әлемі, оның шығармалары адамдардың рухани өмірінде берік орын алды, көркем дамуының жарық шырағына айналды.

****** Лев Толстойдың шығармалары бүкіл әлемде екінші жүз жыл бойы оқылып келеді, оның кейіпкерлерінің тағдыры оқырмандарына өмірдің жұмбақ сырларын ашады. Л.Толстой 15 жасынан бастап отбасын құру туралы армандайды. Анасынан 2 жасында жетім қалса, әкесі 9 жасында қайтыс болады, демек, Л.Толстой балалық шақтың сыңғырлы әлемін өте жақсы көретін, өмір бойы отбасы жетіспейтінін сезетін, өзінің отбасын қайта жандандыруға, отбасын құру жас кезінен арманы болатын. Кавказ бен Севастопольден соғыстан Санкт-Петербургке оралғаннан кейін Толстой жас келіншектерге қарай бастайды, бірақ іздегенін таба алмайды. Мәскеуде Толстой өзінің ескі таныстары Берстер үйіне болады: Софья Андреевнаның анасы Любовь Александровна оның балалық шағынан таныс адам болатын. Любовь Александровна Мәскеу сотының дәрігері Берске күйеуге шыққан еді. Отбасында үш қыз өсіп келе жатты - Элизабет, Софье және Татьяна. Толстой бұл отбасына ғашық болады, апасы Марияға егер ол бір кезде үйленетін болса, онда Берс отбасының қыздарының біреуіне үйленетінін айтады.

Лев Николаевич мен Софья Андреевна 48 жыл некеде өмір сүреді. Бастапқыда Толстой Софья Андреевна Берске емес, оның үлкен апасы Элизабет (Лизаға) көзі түседі. Берстердің отбасын бала кезінен жақсы білген Лев Толстой күнделігінде: «Лиза Берс мені еліктіреді, бірақ бұл болмайтын шаруа. Менің оған ешқандай сезімім жоқ, бір ғана есеп онымен қосылуға жеткіліксіз»,- деп жазады.

Толстой он сегіздегі Софья Берстің жазғандарын оқымағанда Толстойдың тағдыры мүмкін мүлдем басқаша болар ма еді, Соняның көркем жазбаларындағы басты қаһарманы «келбеті тартымсыз, бірақ бекзат қасиетті, ақылды князь Дублицкий» Толстойдың өзін еске салды, Толстой Соняның шығармасынан өзін көреді. Осыдан кейін 34 жастағы граф Толстой Софьяға келіп, онымен ұзақ уақыт ашық сөйлеседі. Сондай кештердің бірінде ол күнделігінде: «Мен бұрын біреуді сүйе алмайтын шығармын деп ойлайтынмын, енді мен ғашықпын. Ертең мен оның алдына барамын да барлығын айтамын немесе өзімді атып тастаймын» - деп жазады. Келесі күні Толстой Соняға өзінің ойын жеткізеді. Үлкен апасының ашуланғанына қарамастан, Соня бірден «иә» деп жауап беріп, Толстойға күйеуге шығуға келесімін береді. Үйлену тойы бір аптадан қалмай өтеді, мұны граф Толстойдың өзі талап етеді. Некелік өмірлердің басында Лев Толстой қалыңдығы мен оның арасында құпия болмасын деп, Софьяға күнделігін оқуға береді. Күйеуінің жастық кезіндегі қыдырымпаз, сауықшыл, тән құмарлық өмірін және шаруа қызы Аксинья арасындағы қатынастарын білген зайыбы одан шошиды. Графиня Софья Андреевна он үш балаға құрсақ көтереді, оның бесеуі шетінейді, Сонымен қатар, ол жазушының жұмысына баға жетпес үлес қосты. Лев Толстой өзінің отбасылық өмірінің басында керемет жігерлі құлшынысты сезінеді, отбасылық бақытқа бөленген алғашқы он жылда «Соғыс және бейбітшілік» пен «Анна Каренина» сияқты әлемге танылған көркем туындылар дүниеге келді. Толстой алғашқы отбасы жылдарын былай еске алады: «Сол жерден келгеннен кейін мен үйлендім. Бақытты отбасы өмірі, жаңа қызықтары менің көңілімді баулып, өмірдің мәнін іздеуден мүлдем тыс қалдым. Менің өмірім сол кезде отбасыма, әйеліме, балаларыма арналды, олардың күн көрісі қаражатын көбейтуге жұмсалды. Жетілсем деген менің талпынысым, жалпы жетілсем деген тілегіммен бірге қоса, енді отбасыма жақсы болса екен деген игілік мақсатыма ұласты. Осылай тағы бір он бес жыл өтті.

Осылай жалғасқан он бес жылда жазушылықты болмашы іс санасам да, мен жазуымды тоқтатқан емеспін. Мен жазушылық қызметтің қомақты ақшалай табысына, шамалы еңбегімнің мақтаныш қызығына еніп, өзімнің материалдық тіршілігімді жақсартып, өмірімнің, жалпы өмірдің мәні туралы жан қинамайтын құралы етіп алдым. Мен анық түсінікті нәрселерді жаздым, әркім өзі үшін, өзінің отбасы үшін жақсы өмір сүрудің қажеттілігі туралы жаздым» -дейді.

Лев Николаевич пен Софья Андреевна ерлі зайыпты өмірінің соңғы жиырма жылда қалыптасқан қарым-қатынастары толық бейнесін бүгінде толық сипаттау және баға беру мүмкін емес дегенмен Лев Николаевич пен Софья Андреевнаның күнделіктері, балалары мен қыздарының күнделіктері мен естеліктері, Толстойларды білген адамдардың мемуарлары, хаттары мен адамдардың естеліктері арқылы толстойтанушылар, Толстой туралы жазушылар ерлі зайыптылар арасындағы туындаған түсінбестіктер мен қайшылықтардың ашқандай болады, оны туғызған себептерді атайды. Софья Андреевна Толстойдың әйелі де, әдеби кеңесшісі де, тіпті оған рұқсат етілген шектерде оның цензоры рөлінде атқарды. Ол өзінің күйеуінің шығармашылық қызметіне барлық жағдайларды туғызды, Лев Николаевичті үй шаруасынан босатты. Ерлі –зайыпты өмірінің бақытты осындай кезеңдерін бастан кешірген Лев Толстой үйінен қашу туралы шешім қабылдайды. Толстойтанушылар Толстойдың қашу туралы соңғы жылдары көп жоспарлағанын, бірақ шешім қабылдай алмағаны туралы айтады, алайда осының алдында 1901 жылы Л.Толстойдың Ясная Полянадан осындай түрде кетіп қалғаны туралы жазады, Толстой ол кезде Қырымға кеткен болатын, 1910 жылдың аяғындағы қашу Л.Толстой үшін соңғы сапар болды. Ясная Полянадан Толстойға қашып шығуға кіші қызы Александра (Саша) мен оның дос қызы Феокритова, сонымен бірге Толстойды қасында сүйемелдеген дәрігері Д.Маковицкий болады, онсыз қарт Толстойдың қашып шығуы мүмкін емес еді. Олар түнде қашады. Лев Толстой Софья Андреевна оянып, олардың қашатынын білсе үлкен жанжалдың болатынын біледі. Ол осы жағдайдан қатты қорқады, оның жоспарының бұзылатынын жақсы білді. Толстой өзінің күнделігінде, Ясная Полянадан түнгі үште қалай қашып шыққаны туралы былай жазады: «Түн - мен көзімді жұлып алдым, жолдан адасып флигельге соқтықтым, ағаштарды қағып, құлап, бас кимімді жоғалтып таппадым, күштеніп шықтым ау, үйге қайтып келіп, фонарикпен атқораға жеттім, аттарды жегуді бұйырамын. Саша, Душан, Варя келеді ... Мен қуғыншыларды күтіп, дірілдеймін».

****** Лев Толстой шынайы қарапайымдылығына қарамастан өте күрделі тұлға болатын, өмірінің соңында отбасы өмірі оған таршылық етті, үлкейген шағында ол өмірлік мақсатына жетілсем деген көзғарстарынан, адамзатқа қызмет ету идеяларынан бас тартпады, жас кезінде қалыптасқан

қағидаларымен өмір сүрді, өмірінің соңы жылдары ол зорлық-зомбылықтан бас тартып, жалпы адамзаттық бауырластық, махаббат пен еңбек туралы идеялар мен қағидаларды кеңінен уағыздады. Сондай –ақ Л.Толстой қандай болмасын ұрыс керістен, жанжалдан қашатын, адамдарды ренжетіп алудан не байқаусызда біреудің көңілін қалдырудан қорқатын нағыз данагөйлік қасиетке жеткен шағы еді. Лев Николаевич Толстой өмірінде адамзат үшін жоғары мұраттарды іздейді, оны анықтаған кезде түбегейлі шешімдер қабылдады. Ол өзінің жеке меншігін шаруаларға бөліп беру үшін бас тарту туралы көп ойланады, осы бағыттағы арманын іске асыру үшін ересек балалары: Сергей, Татьяна, Илья, Марина, Александрамен сөйлесіп, оларды үгіттейді, сонымен бірге шығармашылығына қатысты авторлық құқықтан бас тарту туралы мәселені көтереді. София Андреевна оның көзғарастары мен жаңа өмір салты бойынша өмір сүруін қолдамады, кейінірек мұнысына өкінеді, сонымен бірге артынан бұл идеялардың оған жат екенін де жасырмады. Екіншіден, күйеуінің жаңа идеяларын түсінуге Софья Андреевнаның мұршасы да болмады, өмір бойы жүкті болған, бала емізуден босамаған әйелі балалар тәрбиесімен айналысады, оларды (балаларына киімді өзі тігетін) киіндіреді, оқуларына жауап берді, фортепиано ойнауды үйретеді.Үйдегі барлық жұмыстар София Андреевнаның мойнына ілініп, күйеуінің шығармаларын жариялау, жазбалары мен кітаптарын бастыру, шығарылатын қағаздың сапасына дейінгі мәселе, яғни басылатын қағазды таңдауға дейін оның араласуынсыз шешілмейтін еді. Лев Николаевич София Андреевнаға 1881 жылға дейінгі жазылған шығармаларды ғана бастыру құқығын береді.

1883 жылы Л. Н. Толстой елу бес жасқа толады. Оның бұрын жарық көрген «Соғыс және бейбітшілік» және «Анна Каренина» романдары әлемге танылған шоқтығы биік туындыларға айналған, жазушыны әлем мойындаған кез болатын. ******

1865-1866 жылдары «Русский вестник» журналында «1805 жыл» деген атпен романның бірінші томының бірінші және екінші бөлімдеріне сәйкес келетін үзінділерді жарияланды, 1867 жылдың күзінде Толстой Бородино шайқасын көз алдына елестету үшін барлық мәліметтерді нақтылап, өз көзімен көру мақсатында Бородино шайқас алаңына барады. 1867 жылы маусымда «Русский архив» баспасының иесі, баспагер П.И. Бартеневпен романды жеке кітап ретінде шығаруға келісім жасаған соң Л.Толстой жазғандарын түзетуді жалғастырады, 1868 жылдың аяғында романның

соңғы бөлімдерін толықтырып жазады, 1869 жылдың басында да толықтыруларды жалғастырады. 1868-1869 жылдары «Соғыс және бейбітшілік» романы толығымен жеке басылым түрінде алты томмен, 5000 дана таралыммен және кейінгі басылымдарда автордың өзінің есебінен төрт том болып жарық көреді. Кітап үлкен жетістікке жетті, орыс зиялы қауымы романды оқудан бас көтермеді. 1869 жылы сәтті жарық көрген романды кішкені түзетулермен (алғашқы 4 томы) романның екінші басылымында 6 том болып қайта жарық көрді. Лев Толстой «Соғыс және бейбітшілік» романын жазуға жеті жылын арнады. 1863 жылы жазушы қайын атасы А.Е. Берспен кең көлемді туынды жасау жоспарын бірнеше рет талқылайды. Сол жылдың қыркүйегінде қайын атасы Мәскеуден хат жолдап, онда жазушының идеясы туралы өзінің ойын білдіреді. Романда Ресей тарихының он алты жылы, 1805 жылдан бастап 1821 жылға дейінгі жылдар қамтылады. Тарихшылар жазушы мұрағатында романның басталуының он бес нұсқасы болғанын айтады. Романда 500-ден астам кейіпкерлер бейнесі сипатталады. Олардың ішінде 200 - ден астамы өмірде болған адамдар, сонымен бірге, жазушының өзі ойдан шығарған әр түрлі мақсаттағы кейіпкерлер де бар. Толстой романды дәстүрлі бірінші жақтан әңгімелеу қағидасынан бас тартып, кейіпкерлері мен оқиғаларды монологтар мен авторлық шегіністер арқылы сөйлетеді, бұл оқырманға жеткізудің сәтті жасалған үлгісі болды. Л.Н.Толстой жылғы оқиғаларды сипаттайтын көптеген шежірелерді, тарихи құжаттарды, материалдарды зерттеуге мәжбүр болады. Ол романды жазу барысында әртүрлі деректерді, замандастарының жазбаларын, газет және журнал мақалаларын, генералдардың хаттарын, Румянцев мұражайының мұрағаттық құжаттарын пайдаланды. «Соғыс және бейбітшілік» атауындағы тіркес соғыс пен тыныштықты, бейбіт уақытты білдірді. Жазушы шайқасқа дейінгі орыс халқының тыныш, бір қалыпты, өлшеулі өмірін көрсетсе, соғыстың басталуы адамдардың әдеттегі өмірлерін бұзып, әр кейіпкердің тағдырын, өмірге деген көзғарастары мен тіршілігінің өмір салтын өзгертеді. Шығарма әртүрлі шиеленіскен сюжеттік бағыттарда өрбіп,образдық – сюжеттік ерекшеліктерге толы, образдар жүйесі сан алуан және әрқилы: князь Андрей Болконский - үнемі өмірдің мәнін іздейтін, жігерлі тұлға, ол үшін ары мен абыройы ең басты, Балконский әдемі, ұстамды тұлға ретінде сипатталады. Бородино жарақатынан қайтыс болады. Романның бірінші томында Наташа Ростова небәрі 12 жастағы қыз, ақылды, сұлу бойжеткенге дейінгі кезеңі суреттеледі. Оның ішкі сұлулығы

ерлерді өзіне тартады. Тіпті Андрей Болконский Наташаның махаббаты үшін күресуге дайын. Романның соңында Пьер Безуховқа күйеуге шығады. Пьер Безухов - жұмсақ адам, икемсіз, бірақ асықпайтын тұлға, мейірімді жан, массаондықпен әуестенеді, шаруалардың өмірін өзгертуге және ауқымды оқиғаларға әсер етуге тырысады. Автор Кутузов пен Наполеонның образдық бейнелеріне көп көңіл бөледі. Толстой қолбасшы Кутузовты ақылды, қарапайым және мейірімді адам көрсетеді, ал Наполеон жағымсыз күлімсіреген, кішкентай семіз адам ретінде суреттелген. Сонымен қатар, ол біршама жұмбақ және ойнақы келеді. Романды жазу барысында Лев Николаевич тарихта адамның өмірі мен оның маңызы қаншалықты деген сұрақтарға жауап іздеуге тырысады. Сондайақ «Соғыс және бейбітшілік» романында жазушы «халық идеясында» жеткізуге тырысады, оның мән іромандағы әрбір жағымды кейіпкердің халықпен қарымқатынасын, соғыс арқылы халықтың отанымен байланысын, отанды қорғау және адамның отанға деген сүйіспеншілігін баяндау болатын. Толстойдың барлық замандастары «Соғыс және бейбітшілік» туындысының тереңдігін не оның қаламгерлік жаңалығын бірден түсіне қоймады, тиісінше бірініші журналдық басылымынан кейін жазылған сын аз болмады. Өзі Пьер Безухов сияқты қарапайым адам болған, Бородино шайқасына қатысқан П.А. Вяземский «1812 жылғы естеліктер» мақаласында «Соғыс және бейбітшілік» романы туралы: «Жоғарыда аталған кітапта оқиғаның қайда аяқталатынын және романның қай жерде басталатынын анықтау өте қиын және тіпті болжаудың өзі қиын. Бұл әңгіме мен романның араласуы, сөзсіз, біріншісі түпкілікті, соңғысының, яғни романның шынайы қадір-қасиеті жойылады» деп жазды Әдебиет сыншысы П. В. Анненков «Соғыс және бейбітшілік» жеке тағдырлар мен тарихтың шиеленісі «роман машинасының дұрыс өрбуіне, қозғалуына» жол бермейді деп сынады. Генерал М.Драгомиров Л. Толстойдың романдағы соғыс реализмін жоғары бағалағанымен, алайда Толстойдың әскери іс туралы жазғандарын сынға алады. Дегенмен «Соғыс және бейбітшілік» романы әлем әдебиетінде ерекше туынды, әдеби құбылыс ретінде қабылданды. 1879 жылы И.Паскевич жасаған «Соғыс және бейбітшілік» романының француз тіліндегі аудармасы жарық көрді, бұл шет тілінде жарық көрген тұңғыш аударма еді, содан кейін роман Германия, Дания, Америка, Англия, Венгрия, Голландия, Чехия, Швеция, Болгария, Сербия, Италия, Испанияда жарық көрді.

«Une Russe» - «бір орыс» деген бүркеншік атпен қол қойылған «Соғыс және бейбітшілік» романының алғашқы француз тіліндегі аудармасын княгиния Ирина Ивановна Паскевич жасайды, 1879 жылы Санкт-Петербургте басылып (үш томдық), Парижде сатылымға шығарылды. Бұл аударманың «Соғыс және бейбітшілік» романын насихаттаудағы рөлі орасан зор еді, артынан көптеген еуропа тілдеріне жасаған аудармашылар Паскеевич аудармасының негізінде тәржімелейді. Роман француз тілінде 1879 жылы аударылған нұсқасын оқыған бір танымал француз әдеби сыншысы: «Мені тыныш өзеннің ағысына түсіп кеткендей сезіндім, бірақ оның ағысына жете алмадым», - деп жазса, романның алғашқы екі томын оқып шыққан әйгілі француз жазушысы, Гюстав Флобер: «Қандай суретші және неткен психолог десеңші!» деп үн қосады. Ағылшын жазушысы Джон Голсуорси: «Егер сізге әдеби сауалнаманы құрастырушылардың анықтамасына сәйкес жүрегіңізге жақын «әлемдегі аса зор романды» атау керек десе, мен: «Соғыс және бейбітшілік» романын таңдайтын едім» дейді. Л. Толстойдың әсері сол XІX ғасырдың өзінде ақ әртүрлі дәрежеде француз жазушылары Эмиль Золя, Анри Барбюс және Ги де Мопассан шығармаларынан көрінді, олар өз туындыларында соғыс бейнесін жасау, образдық сипаттау барысында Л. Толстойдың дәстүріне үңіледі, олардың соғыс ұрыстарының ең кішкентай бөлшектеріне дейін нақты және сенімді түрде бейнелегенін аңғарады, ал атақты француз жазушы Ромен Ролланға Толстой тікелей әсер етті. Ромен Роллан 1887 жылы студент кезінде ол әйгілі орыс суретшісіне әдебиетке, өнерге деген көзқарасын түсіндіруді сұрап жүгінеді және оған жауап алады. Р.Роллан өзінің күрделі шығармашылық жолында Л. Н.Толстой туралы бірнеше рет жазды, оны әр түрлі себептермен өз шығармаларында бірнеше рет еске алады, көбінесе оның беделіне сілтеме жасайды, кейде сөзсіз келісіп, кейде онымен мүлдем келіспейді, бірақ әрдайым оған деген терең құрмет пен сүйіспеншілігін жасырмады. 1897 жылы 29 қаңтарда Лев Николаевичке жазған хатында «Сізге, құрметпен, ұлыңыз Ромен Роллан» деп қол қояды. Л.Н. Толстойға және оның шығармашылығы француз жазушыларына ықпалы туралы француз ақыны, жазушы, сыншы, Нобель сыйлығының иегері Анатоль Франс 1910 жылы Толстойды еске алуға арналған мақаласында: «Эпикалық жазушы Толстой біздің ортақ ұстазымыз, ол бізге адамды сыртынан көруге де, ішкі жанын көруге де үйретті. Толстой бізге теңдесі жоқ зиялы тектіліктің, батылдық пен жомарттықтың үлгісін көрсетті. Жауыздықты тыныштықпен, қаталдықты мейірімділікпен жеңуге болатынын

суреттеп,қоғамдағы зұлымдықтарды әшкерелеуге үйретті, оның барлық шығармашылық заңдары бір мақсатқа - әділетсіздікті, озбырлықты әшекерлеуге бағытталған, Толстой үздіктер ішіндегі ең үздігі, алғашқысы» - деп баға береді. Неміс оқырмандары Л. Н.Толстойдың шығармаларымен ерте таныса бастады, оның шығармаларының алғашқы неміс аудармалары 1860-шы жылдары пайда болды. Лев Николаевичтің Германияда даңқы, Батыс Еуропаның басқа елдеріндегі сияқты 80 - ші жылдардың екінші жартысынан басталады; сол кезден бастап неміс әдебиеттануы мен сынында оның айналасындағы күрес басталды. Жазушының көзі тірісінде Германияда оның шығармаларын декаденттік-иррационалистік рухта түсіндіретін бірқатар жұмыстар пайда болды. Бірақ содан кейін немістің алдыңғы қатарлы ойшылдары неміс оқырманына Л. Н.Толстойды реалист суретші ретінде түсіндіре бастайды, Толстойды қабылдайды және насихаттайды. Л. Н. Толстой жалпы соғыс туралы роман авторы ретінде реализмнің қарқынды және өркениетті бағытында дамуына ықпал етті, ол әр түрлі елдердің жазушыларына оған дейінгі әдебиеттерде аз ғана жарық көрген реалистік бейнелеуді көрсету арқылы жаңа тақырыптық кеңістікті игеруге көмектесті, ХХ ғасыр әдебиетіндегі соғыс мәселесі ерекше маңызды болды. Әрине, Толстой дәстүрінің соғыс, әскери тақырыбына жазған шетелдік жазушылардың әрқайсысының көркемдік мәнерінің өзіндік ерекшелігіне әсер етпей қоймады. XІXғасырдың 60-шы жылдардағы орыс әдебиетіндегі басты тақырыптардың бірі халық мәселесі болды. Толстойдың шығармашылығын зерттеушілер Толстой «халық» деген ұғымды – шаруалар, жалпы орыс ұлты, көпестер мен патриоттық патриархалды дворяндар дегенді білдіреді дегенге мүлдем қарсы. Әрине, олардың барлығы Толстойдың «халық» деген сөзі түсінігіне енеді, бірақ Толстой түсінігінде «олар адамгершіліктің тасымалдаушысы болғанда ғана халық бола алады» дейді. Толстой азғындықтың бәрін «халық» деген ұғымға тіркестіре беруге, телей беруге қарсы болғанын айтады. «Соғыс және бейбітшілік» қолжазбалары 4700 парақты құрады, Толстой романның дайын тұрған тараулары мен бөлімдерін бірнеше рет қайта жазды, автор көптеген бастапқы идеяларынан бас тартады. Виктор Шкловскийдің айтуынша: «Толстой бір роман жазғысы келіп ниеттенеді, алайда ол мүлдем басқа роман жазып шықты» дегені шындыққа жанайды, Л.Толстой жазу барысында тарихқа және әдеби кейіпкерлерді құру туралы көзқарастарын түбегейлі өзгертеді, нәтижесінде «Соғыс және бейбітшілік» ромаы халықтың тарихы, соғыс тарихы, отбасы туралы роман

ғана емес, философиялық тұрғыдан терең жазылған, онымен қоса моральдық роман болып шықты» деп қарайды. Л.Н.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы әлем әдебиетінде кең ауқымды тарихи эпопея, адам, өмір, отан, отбасы, халық, соғыс мәселесі қамтылған, адамдардың өмірі мен тағдырлары шынайы суреттелген роман және құндылығы жағынан бірде бір шығарма тең келмейтін классикалық туынды деп бағаланды, Л.Н.Толстой қалаған әдеби көркем дәстүр мен суреттік шеберлік ХХ ғасырда әлем әдебиетінің қарқынды дамуына негіз болды. Жазушы өзі болса роман жеке адамның өмірі елдің тарихынан ажырамайтыны туралы поэма деп санады.

1883 жылы Лев Николаевич князь Владимир Чертковпен танысады, ол кейінірек Лев Николаевичтің жақын досы, көмекшісі және пікірлесі, оның шығармаларының редакторы мен баспагері болады. Толстойдың кеңесі бойынша 1884 жылы В. Г. Чертков баспагер И.Д.Сытинмен бірлесіп «Посредник» баспасын ұйымдастырды, оның мақсаты қарапайым адамдарға қолжетімді арзан кітаптар шығару болды.Онда көркем әдебиет пен журналистика саласында, ең алдымен Лев Толстойдың халықтың ой санасына бағытталған мақалалары мен әңгімелері жарияланды. Л.Толстой «Посредник» баспасының жұмысын өте маңызды деп санады, оның басылымдарына көп көңіл бөлді. И.Сытиннің айтуынша, Чертков кітаптарды редакциялауға, басып шығаруға және тіпті таратуға тікелей қатысқан, көптеген құнды нұсқаулар мен түзетулер енгізген. 1897 жылы В.Чертков Англияға жер аударылады, ол сол жерде жүріп «Свободное слово» орыс тіліндегі баспахана ашады. Мұнда ол Толстойдың Ресейде тыйым салынған автократия туралы, шіркеуді сынайтын, әлеуметтіксаяси ахуалға қарсы, адамгершілік пен моральдық мәселелерге қатысты шығармаларын жариялайды, олардың қатарында: «Ойланыңыздар» (1904), «Ресейдегі қоғамдық қозғалыс туралы» (1905), «Еңбекші халыққа не керек?» (1905) басылып халыққа таратылды. Лев Николаевичтің шығармалары Берлин қаласында да жарық көрді, олардың ішінде «Өлім жазасы және христианство» (1909), «Зорлық заңы және сүйіспеншік заңы» (1909), «Бір ғана құрал» (1901) атты еңбектері де бар. Сондай-ақ Л.Толстойдың «Арылу» туындысы алғаш рет 1900 жылы Женевада жарық көрді, ол 70-жылдардың аяғы мен 80жылдардың басында жазылды. Оның алдында Толстой өзі туралы, өмірдің мәні мен мағынасын

іздеу, дүниетанымындағы өзгерістер, діни сенімге деген көзқарасы туралы ойларының жиынтығы еді. Лев Николаевич пен князь Владимир Чертковтың арасындағы қарымқатынастарының өте жеке болатын, өзара сенімге құрылып, қалыптасса керек, тіпті жазушының әйелі Софья Андреевнаның араласуына, не оның әңгіме үстінде кіруге рұқсат етілмеді. Чертковтың ықпалының зор болғаны соншалықты 1885 жылдың шілдесінде Чертков хатында Толстойға отбасын тастап кетуді ұсынады, мұның бәрі Толстой мен оның әйелі арасындағы күрделі отбасылық шиеленстерге алып келді. Софья Андреевна көп жылдар бойы Л.Толстой мен В.Чертков арасында өзін әлсіз сезінді, қызғанышын жасыра алмады, әйелінің күйеуіне қарсы тұруының тағы бір себебі Л. Толстойдың құпия өсиетінің пайда болуы еді, осы өсиетке сәйкес жазушының барлық туындыларына авторлық құқықтар оның әйелі Софья Андреевнаға емес, қызы Александра мен ең жақын досы Чертковқа берілді. Мұны естіп білген Софья Андреевна өзінің отбасы өмірін «тозаққа» айналдырады, Толстойға және барлық ересек балаларына қарсы шығады, күйеуіне күн бермейді, Лев Николаевич сол күндері: «Мен мұны көтере алмаймын!», «Олар мені талап жатыр», «Мен Софья Андреевнаны жек көремін», - деп жазады. Толстой Ясная Полянада қалыптасқан мұндай ауыр жағдайға төтеп бере алмады, әйелінің тарапынан туған жанжалдар мен шабуылдарға қарсы тұра алмады.

****** Лев Толстойды Ресейде ғана емес, бүкіл әлем жұрты жоқтады. Ресейде оның портреттерін көтерген студенттердің, жұмысшылардың демонстрациялары өтті. Толстойды еске алу үшін

Мәскеу мен Санкт-Петербургтің жұмысшылары бірнеше зауыттар мен фабрикалардың жұмысын тоқтатты. Заңды және заңсыз жиындар, жиналыстар мен митингілер өтті, парақшалар шығарылды, концерттер мен кештер тоқтатылды, аза тұту кезінде театрлар мен кинотеатрлар жабылды, кітап дүкендері с ауданы тоқтатты. Көптеген адамдар жазушының жерлеу рәсіміне қатысқысы келді, бірақ стихиялық толқулардан қорыққан патша үкіметі бұған барлық жағынан рұқсат етпеді. Советтер одағының негізін қалаушы Владимир Ульянов - Ленин Лев Толстойдың адамзатты қозғаушы идеялары туралы бірнеше мақала жазды, 1908 жылы жазылған «Лев Толстой Ресей революциясының айнасы» еңбегі де ұлы ойшылдың 80 жылдығы құрметіне орайластырып жазылды, 1910 жылы «Л.Н.Толстой және қазіргі жұмысшылар қозғалысы» мен «Л.Н. Толстой» мақалалары революцияға дейінгі дәуірдегі орыс қоғамының әртүрлі

таптарының психологиясын анықтайтын қайшылықтары мен ахуалын көрсетіп, Ленин айтқандай: «Толстой адамзат идеялары мен адамдардың көңіл-күйлерінің қозғаушысы ретінде оның айнасы болды». Бұл өз кезегінде 1917-1921 жылдары қанды революциялар мен азамат соғысы кезінде Ресейде Толстой мұрасы мен Ясная Полянаның сақталуына, Толстой ұрпағының қудаланбауына септігін тигізді.

1921 жылы Александра (Саша) Львовна өзінің үйінен велосипедпен Кремльге барып, М. Калинин қол қойған Ясная Поляна мүлкін Толстой мұражайына беру туралы декретті алып келеді, Александра Ясная Полянадағы Толстой мүлкінің алғашқы комиссары болады, әкесінің мұрасын сақтауда көп нәрсе атқарады, 1928 жылы мерейтой қарсаңында Ясная Полянада мектеп салдырады, аурухананың құрылысын бастайды. 1928 жылы күзде Мәскеуде Үлкен театрда Л.Н. Толстойдың 100 жылдығына арналған алты сағатқа созылған жиынды Луначарский ашып, оның сөзі бір жарым сағатқа созылады, содан кейін академиктер сөйледі, осы жылы Л.Толстойдың қазіргі 90 томдық шығармалар жинағының 1-інші томы (мерейтойлық ) жарық көрді. 1910 жылы Толстойдың үйден жасырын кетуі және тез қайтыс болуы Софья Андреевнаның денсаулығын нашарлатып жібереді. Осы уақыттан бастап Л.Толстойдың шығармалары басып шығару жұмысы біраз тоқтап қалады. Софья Андреевна Л.Толстойдың көзі тірісінде сегіз толық шығармалар жинағын шығарды. Жаңа басылымдар, әдетте, Лев Николаевичтің жаңа туындыларымен қамтылып, ал соңғы басылымдарда көркем және публицистикалық шығармалардан басқа, жазушының күнделіктері мен хаттарынан үзінділер пайда болды. Басылымдардың көлемі бірітіндеп өсті. Софья Андреевна шығарған шығармалар жинағының соңғысы 20 томды құрады. Сонымен қатар, Софья Андреевна осы жылдары Лев Николаевичтің жеке шығармаларынан өзге қосымша 15 кітап шығарады. Софья Андреевнаның арқасында Толстойдың көптеген жеке заттары сақталды, оларды қазір Хамовникидегі жазушының үй-мұражайында көруге болады. Басынан бастап Софья Андреевна Ұлы Толстой ғаламының кіндігі еді, күйеуі қайтқаннан кейінде оның мұрасының шырақшысы болып қалды. Софья Андреевна 1919 жылы 4 қарашада қайтыс болады, Ясная Полянадан оңтүстігінен екі шақырым жердегі Николо-Кочаков шіркеуінің жанындағы Толстойлардың отбасылық зиратында жерленді. Қызы Татьяна естеліктерінде: «Менің анам әкемнен кейін тоғыз жыл өмір сүрді, балалары мен немерелерінің ортасында қайтыс болды. Ол қайтыс боларын білді, тағдырдың жазғанына көніп, тыныш қайтыс болды» деп еске алады.

Лев Толстой мен Софья Толстойдан туған 13 баланың 5 ерте қайтыс болады: Петр бір жылдан сәл көп өмір сүрді, Николай - бір жылға толмады, Варварабірнеше күн, Алексей - 4 жасында, Иван - 6 жасында қайтыс болды. Жазушының айтуынша, адам өмірінің негізгі институты мемлекетте емес, шіркеуде емес, отбасы деп санады. Толстой шығармашылық қызметінің басынан бастап отбасы туралы ойларға бой алдырды, өзінің алғашқы «Балалық шақ» өмірбаяндық шығармасы отбасына арналды. Бірақ Лев Толстойдың отбасы, оның ұлдары мен қыздарының өмірі, олардың әкелерімен қатынасы, Л.Толстойдың күнделіктері, балаларының әкелері туралы естеліктері мен күнделіктері, балаларының әкелеріне деген сезімдері мен құрметі, сенімі мен махаббаты Толстойдың келбетін басқа қырынан сипаттайды, қазірде көптеген сұрақтарға жауап береді. Лев Николаевичтің ұлдары мен қыздарының естеліктері олардың бала кезінен бастап есейген шақтарына дейін әкелерінің жазушылық қызметін ең басты деп қабылдауы және қолдағанын байқауға болады, әкелері өлгеннен кейінде олар Л.Толстойдың мұрасы мен шығармаларын насихаттауды жалғастырды, өмірлерін осы жолға арнады. Толстой 1872 жылы әпкесі Александра Андреевна Толстаяға жазған хатында «... Мен 2-3 жасқа дейінгі балаларды ұнатпаймын – оларды мен түсінбеймін. Мен сізге бұрын оғаш айтылған бір сөзді айттым ба? Еркектердің екі түрі болады, біріншісі - олар аңшылар, екіншісі аң аулауға құлықсыздар. Құлықсыздар - кішкентай сәбилерді жақсы көреді, оларды қолына алады; ал аңшыларда сәбиге деген жиркеніш пен аяушылық, қорқыныш сезімі болады. Мен осы ережеге келемін бе, білмеймін» дейді. 1. Сергей Львович Толстой 1863 жылы туған, тұңғыш ұлы (1863–1947 жылдары өмір сүрді). Лев Николаевичтің тұңғышы бала кезінде дарынымен, сонымен бірге жазушының үлкен ағасы Николай Николаевичке ұқсастығымен қатты қуантты. Сергей үйде оқып білім алады, ғылыми негіздерді оқып үйренеді, кейін Тула гимназиясында жетілу сертификатына емтихан тапсырады, Мәскеу университетінің қабырғасында ауыр мұнай майлары бойынша үздік диссертация қорғап, ғылым кандидаты атағына ие болады. Сонымен қатар, ол музыка саласында өзін жетілдіреді, аспаптардың ойнау техникасын ғана емес, сондай-ақ музыка теориясын, орыс әндерін де игереді.

Сергей Львович талантты композитор, музыка саласындағы көптеген этнографиялық мақалалар мен әдістемелік құралдардың, «Жиырма алты шотлан әндері», «Бельгиялық әндер» музыкалық туындыларының авторы ретінде танымал. Пушкин, Фет, Тютчевтің өлеңдеріне романстар жазды. Мәскеу консерваториясының профессоры, кейін ол әкесінің мұрасын насихаттаумен айналысады, Бродинский деген лақап атпен Лев Толстойдың өміріндегі музыканың орны туралы көптеген мақалалар жазды. Сергей Львович ойнаған рояль осы күнге дейін сақтаулы.

1880 жылдары Сергей Львович пен әкесі арасында идеялық тұрғыда келіспеушілік орын алады. Л.Н. Толстойдың күнделігінде ұлының мінезі туралы былай дейді: «Сережамен сөйлестім. Ол маған қарсы негізсіз дөрекі мінез танытты. Мен оған ренжідім, оған көңілімдегінің бәрін айттым. Оның буржуазиялық мінезі туралы, топастығы, ашушаңдығы мен масайрап жүретіні туралы түсіндірдім. Ол кенет оны ешкім жақсы көрмейтіні туралы айтып, маған жылап жіберді. Құдайым ай, сол сәтте маған қалай ұят болды десеңізші. Түстен кейін Сережаны ұстап алып: «Мен оның алдында ұятты екенімді айтым...», ол кенет еңіреп жіберді, мені құшақтап сүйіп: «Кешіріңіз, мені кешіріңіз», - деді. Мен мұндайды көптен сезінген емеспін. Міне, бақыт».

Ұлының сәби кезін Толстой күнделігенде былай сипаттайды: «Үлкені аққұба - жаман емес. Түрі әлсіз, сабырлы момақан. Ол күлгенде адамға әсер етпейді, жылағанда өзімде жыламас үшін шыдаймын. Барлығы менің үлкен ағама тартқан дейді. Мен бұған сенуге қорқамын. Бұл өте жақсы болар еді. Ағамның басты ерекшелігі өзімшіл емес еді, жанқияр емес еді, ол осы екеуінің ортасында жүретін. Ол өзін біреу үшін құрбан етпейтін, бірақ ешкімге зияны да жоқ болатын. Сережа ақылды, математикаға икемді және өнерге сезімтал, керемет үйреніп алатын, гимнастикада ептілікпен секіретін; бірақ икемсіз [2] және алаңғасар, ... оның бойынна өзіндік ерекшелігі көрінбейді..» Сергей Львович Мәскеуде 84 жасында қайтыс болды. 2. Татьяна Львовна Сухотина 1864 жылы туған, (қыз кезінде Толстая) (1864–1950 жылдары өмір сүрді). Лев Толстой қызы Татьянаны жайдарлы, жарқын мінезі үшін жақсы көрді, адамдарды өзіне тартып алатыны, адамдар арасында көңілді жағдай туғызатыны туралы жазады. Татьяна Мәскеудегі Кескіндеме, мүсін және сәулет училищесінде оқыды. Кейін әкесінің 30-ға жуық графикалық портретін салды. Әкесінің жазушылық дарыны Татьянаға жұқты, ол өзінің күнделігін шығарды, ол 14 жастан бастап бірқатар очерктер мен естеліктер жазады. Толстой үйі мұражайының қамқоршысы болды.

Лев Толстойдың үш қызы Татьяна, Марина және Александра Л.Толстойға әкелеріне адал қызмет етті, әкелерінің беделі мен абыройына нұқсан келтірмеді, олар өмірлерін әкелерінің жазушылық қызметіне, оның идеяларына арнады, әкелеріне көмектесті, жас кезінен оның шығармаларын көшірді, олар жеке өмірлерінде әкелерінің ісіне арнады. Үлкен қызы Татьяна ата - анасының әкелік және аналық қасиеттерін бойына сіңіріп өседі. «Мен бір – бірін жақсы көретін және мені жақсы көретін адамдардың арасында өстім», - деп еске алады. «Маған мұндай көзқарас табиғи және адам табиғатына тән сияқты көрінді». Ол әдемі киінуді, би билеуді жақсы көреді, сауық балдарында оған ерлер қарайтын, салмақты, көп оқыған және мақсатқа ұмытылған қыз болатын. Ол экономикалық мүдделерін кескіндемеге деген сүйіспеншілікпен үйлестіре білді, айтарлықтай жетістіктерге жетеді. Сексенінші жылдардың ортасынан бастап Татьяна көптеген зайырлы құмарлықтан бас тартады, көз салған көптеген күйеу жігіттерден бас тартады, әкесіне, оның жаңа идеяларына қызмет ете бастайды, Татьяна күнделігінде: «Ақыл-ойы мен сүйкімділігі жағынан әкеме тең келетін ешкімді көрмедім», «Иә, менің ғашықтарым оны жеңе алмайтын қарсылас», – деп әкесіне деген сүйіспеншілігі туралы жазады. Артынан Татьяна күйеуінің көзғарастарын қолдай қоймаған Софья Андреевнаны алмастырды. Татьяна Толстойдың «Посредник» халықтық баспасына белсенді қатысады, біртебірте ол әкесіне ауадай қажетті адамға айналады, бірақ осыған байланысты ол... оны байқамай қалды. «Ол кезде мен оны байқамадым, өйткені ол менің бір бөлігім еді. Ол маған өте жақын адам» - деп жазды Л.Толстой. Алайда Татьяна оның әкесінің бір «бөлігі» бола алмады. Әкесіне деген махаббаттан басқа тағы бір махаббат оның бойында өмір сүрді - ол өзінің отбасы, өзінің күйеуі, өзінің балалары болса екен деген арман еді. Татьяна Львовна сырттай әкесінің барлық қарсылығын қабылдайды, әкесінің оның барлық ғашық күйеулерін дәйекті түрде қарсылығына да, оны ешқашанда күйеуге шықпауға көндіргеніне де, әкесінің эгоизміне де, тәкаппарлығына да көнеді және келіседі. Бірақ әкесі Лев Николаевич сегіз жасында қызының бойында байқаған әйел - ана терең түйсігі Татьянаның бойында жоғалмағанын байқайды, артынан отырып қалған кәрі қыз үшін қайғы – қасіретінің бір себебі болды. Бірде Татаьяна өзінің күнделігінде: «Бұл өте қайғылы. Өтіп кеткен жастық шағыма өкінемін. Сүйгім келеді» деп жазады. Татьяна өзінен он төрт жас үлкен Бірінші Мемлекеттік Думаның мүшесі және уездік дворяндардың жетекшісі Михаил Сухотинге күйеуге шығады, 1925 жылы қызы Татьянамен шет елге қоныс аударды.

Татьяна Львовна Римде 85 жасында қайтыс болды. 3.Илья Львович Толстой, екінші ұлы, 1866 жылы туған (1866-1933 жылдары өмір сүрді) бала кезінде ата-анасына көп қиындықтар туғызған, тыйым салынғандарды бұзуға әуес келетін Илья ғылымға дарындық танытпады. Алайда ұлын Лев Толстой әдеби тұрғыдан дарынды бала деп санады. Ол гимназияны да бітіре алмады, әскери қызметтен өтеді, содан кейін шенеуніктік қызмет атқарады, жылжымайтын мүлікті жою жөніндегі агент, банкте жұмыс істейді. Кейінірек журналисттік қызметке ауысады, газет шығарады, Америка Құрама Штаттарына көшкеннен кейін кеңінен танымал болады, оның еңбектері әртүрлі басылымдарда жарық көреді, Илья Львович әкесінің өмірі мен шығармашылығы туралы туралы дәрістер оқумен табыс табады. Екі рет үйленген, Л.Толстойдың күнделігінен: «Илья 3-ші. Ешқашан ауырмаған. Сүйегі ірі, әлді, әрқашанда жарқырап жүреді. Нашар оқиды. Үнемі оған не ойлау керектігін ойланып жүреді. Ойындарды өзі ойлап табады. Ұқыпты, үнемді. ол үшін «менікі» өте маңызды. Мінезі ыссы, елірме, төбелеске әзір тұрады; бірақ өте нәзік және сезімтал. Тамақ ішкенді жақсы көреді және тыныш жатқанды ұнатады». Илья Львович Толстой Америкада қатерлі ісік ауруынан 1933 жылы 67 жасында қайтыс болды. 4. Лев Львович Толстой, 1869 жылы туған, үшінші ұлы, (1869-1945 жылдары өмір сүрді) жазушының үшінші ұлы анасына жақын өсті, ол анасына тартып, оның бойындағы сабыр салқындылықты мұра тұтады. Кейінірек ол әрқашан отбасылық қақтығыстарда анасының жағына шықты. Лев Львович өзі туралы өте қайшылықты адам екені туралы жазды. Ғылымдарға ерекше құлшыныс білдірмеді, дегенмен ол жазушылық сыйлыққа ие болады, музыкалық және көркемдік талантымен ерекшеленді. Ол балаларға арналған көптеген жұмыстардың, әкесі туралы естеліктердің авторы ретінде тарихта өз ізін қалдырды. Бір кездері ұлы Лев Львович әкесінің көзқарастарына өте қатты сынмен қарайды, әкесінің жазғандарын кінәләйды. Толстой бұған ашуланбайды: «Ұлым Лева ақылсыз, қабылетсіз және жөнсіз жазбаларымен менің жанымды ауыртқанымен қоймай, мені мейірімділікке үйретеді» деп күнделігіне түртіп қояды. 1918 жылдан бастап Швецияда тұрды, екі рет үйленді, Дорои Вестерлундпен бірінші некеде 10 бала дүниеге келді, екіншісінде Марианна Солскаядан бір ұлы дүниеге келді. Швецияда 1945 жылы қайтыс болды.

5. Мария Львовна Оболенская (қыз кезінде Толстая) 1871 жылы туған, (1871–1906 жылдары өмір сүрді). Толстойдың қуанышы орташа қызы Мария Львовна болатын. Оның апасы Александра Львовна: «Маша әкемнің артынан ерді, ол өзінің бөлігінен (мүлік) бас тартты, өзінен де бас тартты, өзін құрбандыққа шалды, жұқа жабылған тақталарда ұйықтайтын, ет жемейтін, вегетарианша өмір сүрді, таңертеңнен кешке дейін жұмыс істейтін... Кеште Маша өзінің әсем жазуымен әкемнің қолжазбаларын таза көшіріп отыратын» деп еске алады. Л.Н.Толстой күнделігінен: «5-ші Маша, 2 жаста, Машаны босанғанда Соня өліп қала жаздады. Әлсіз, ауыр бала. Денесі сүттей ақ, шаштары ақ бұйра; көздері үлкен, оғаш, көк терең, біртүрлі байсалды көрінеді. Өте ақылды қыз, бірақ сұлу емес. Бұл оның жұмбағының бірі. Ол азап көреді, өмірде іздеумен болады, әрқашанда қол жетпейтін, мүмкін емес нәрселерді іздеумен болады...».

Толстой үшін қызының рухани жақындығы оның көмегінен кем емес еді. Ағасы Илья Львович: «Ол әкемнің жалғыздығын жүрегімен сезді, ол біздің бәріміздің ішімізден құрдастарынан алыстап, қоғамнан бас тартып, білдіртпей, алғашқы болып, әкемнің жағына шықты, оның сенімді, сөзіне берік адамына айналды» деп жазды. Л.Н.Толстой қызы Марияға ерекше сүйіспеншілікпен қарады. Ол күнделігінде: «Маша маған қымбат, сабырлы, ақылды, мейірімді. Осындай досым бола тұра, мен қалайша өмірге шағымдануға батылым барады» деп жазады.. Мария Львовна 1906 жылы өкпе қабынуынан отыз бес жасында әкесінің қолында қайтыс болады, дәрігер Толстойға қызының дертінің үмітсіз екенін жеткізгенде, ол қатты күйініп: «Ол менің досым еді ғой» депті. Лев Николаевич қызының табытын деревнияның соңына дейін шығырап салады, бірақ зиратқа бармайды, қайтып оралады. 6. Андрей Львович Толстой, 1877 жылы туған, (18771916 жылдары өмір сүрді). Петр, Николай және Варвара қайтыс болғаннан кейін туылған кіші балаларды тәрбиелеуге Лев Николаевич аз қатысты. Ол оларды жақсы көрмеді деп айтуға болмайды, бірақ ол аз нұсқау берді. Андрей анасының сүйіктісі болды. Бірақ әкесі есейгенде өте еркін өмір салты үшін, шарапқ, әйелдерге деген құмарлығы үшін қатты ренжиді. Андрей Львович ерекше таланттарын көрсете алмады, орыс-жапон соғысына қатысты, жарақат алады, ерлігі үшін Георгий кресімен марапатталады. Кейін жоғары лауазымды шенеунік қызметін атқарды. 7. Михаил Львович Толстой, 1879 жылы туған, (18791944 жылдары өмір сүрді) Музыкалық дарындылық пен музыка жазуға деген ұмтылысы Михаилдің бойында көрініс таппады. Ол әскери жолды таңдады, Бірінші

дүниежүзілік соғысқа қатысады, 1920 жылы шет елге көшіп кетеді. Соңғы жылдары ол Мароккода өмір сүрді сол жерде Михаил Львовичтің Ясная Полянадағы өмірі туралы «Митя Тиверин» атты жалғыз естелік еңбегін жазды. Үйленген, 9 баласы бар. Мароккода 65 жасында қайтыс болды. Толстойдың екі ұлы Андрей мен Михаил отбасына көп машақат туғызады. Екеуі де нашар оқиды, олар музыкаға әуес келгенімен, бірақ, ынталары жоқ болатын. Олардың қарындасы Александра Львовна: «...Миша мен Андрюша...күн сайын таңертең дау-дамаймен ұйқыдан оянатын, «Орныңыздан тұрыңыз, сағат тоғыз болды, тағы да гимназияға кешігіп қаласыз!» деп оларды иығынан түртіп оятатын малайға ұрсатынбыз!» -деп еске түсіреді. Лев Николаевичтің өзі: «Біздің балалардың тәртібінің жағдайы өте нашар: адамшылық өнеге жетіспейді. Соня менің орнатқан тәртіптерімді жігерлі түрде мұқият бұзады және оның орнына өзінің... талаптарын қояды, оларға жоғары болу оңай»- деп жазды. 8. Александра Львовна Толстая, 1884 жылы туған, кенже қызы, (18841979 жылдары өмір сүрді) Александраны көрген көптеген адамадар оның дарындылығы мен өмірге деген салмақты көзқарасын атап өтеді. Бірінші дүниежүзілік соғысқа мейірбике болып майданға атанады, әскеримедициналық отрядтың бастығы болады. 1920 жылы ол қамауға алынып, үш жылға сотталды, мерзімінен бұрын Ясная Поляна шаруаларының өтінішітері бойынша босатылады, Ясная Полянаға оралады, онда 1924 жылы білім беру жұмыстарымен қатар мұражайдың қамқоршысы болады. Александра жасында ашуланшақ, қызба, кейде ұлдарша дөрекі болатын. Анасы оның мінезіне бола, оның тәртібімен келісе алмайды, кейінірек олардың ортасында нашар қатынастар туады. Әкесі де қызына бірден жақын бола қоймайды, бірақ кейін Лев Николаевич пен Александра арасында адал достық орнайды, Александра 16 жасында Лев Николаевичтің көмекшісі және хатшысы қызметін атқарды. 1929 жылы бірінші Жапонияға, содан соң Америкаға қоныс аударды. Ол әкесі туралы дәрістер оқыды, естеліктер жазды, Толстой қорын құрып, басқарды. Орыс эмигранттарына АҚШ-та тұруға көмектеседі. Кеңеске қарсы мәлімдемелері үшін оның есімін мұражай экскурсиялары кезінде де айтуға тыйым салынды, оның қатысуымен фотоматериалдар мен кинохроника экспозицияларынан алынып тасталды. Александра Львовна - Америкада 95 жасында қайтыс болды. Ең кенже ұлы Иван әкесіне өте ұқсас болатын, «оның сұр-көк көздері сөзбен айтып жеткізе алмайтын көп нәрсені көретін және түсінетін» деп

жазды Толстой, дәл осы ұлы оның ісін жалғастырады деп сенді. Алайда тағдыр басқаша шешілді - бала жұқпалы тамақ ауруынан қайтыс болды. Жалпы айтқанда Л.Толстойдың балаларымен қарым-қатынасы оңай болған емес, ол өзінің күнделігінде: «Отбасында өте қиын.Мен оларға ықпал ете алмаймын. Олардың барлық қуаныштары, емтихандары, музыкасы, жиһаздары, мүлікті сатып алулары, мұның бәрін мен олар үшін қайғы деп санаймын және мұны оларға жеткізе алмаймын. Иә, мен оларға айтудамын, бірақ та олар менің сөздерімді тыңдамайды, оларды қызықтармайды» –деп жазды. 2010 жылғы мәліметтер бойынша әлемнің 25 елінде Л. Н.Толстойдың жалпы саны 350-ден астам ұрпағы тұрады, 2000 жылдан бастап Толстой ұрпағы екі жылда бір рет Ясная Полянаға кездесуге келеді.

Салауат Кәрім,
Adebіportal.kz, 2022 жыл

ЛЕВ ТОЛСТОЙ ЖАЗУШЫЛАР ТУРАЛЫ Лев Николаевич Толстойдың жазушылық шығармашылығы алғашқы туындыларынан бастап реалистік бағытта қарқынды дамыды, ұлы кемеңгердің

шығармашылығын зерделеген әдебиеттанушылар мен толстойтанушы ғалымдар жазушы туындыларының шынайылығын, ақиқатты жазатыны, жазғандарында кемеңгердің ұстанымдары мен көзғарастары анық көрінетіні туралы баса айтады. Лев Николаевич Толстой 1856 жылы поручик шенінде әскери қызметтен түбегейлі кетеді, оның алдында бір жыл бұрын, 1855 жылы Толстой «Севастополь әңгімелерін» аяқтайды, ал 1856 жылы «Современник» журналының бірінші номерінде «Севастополь әңгімелерін» толығымен өзінің атымен «граф Л.Н.Т» деп жариялайды, әдеби орта Л.Толстойды келе жатқан жаңа әдеби толқынның өкілі ретінде қабылдайды. 1856 жылы жазушылық ісін жалғастыру мақсатында Л.Толстой Петрбургке келеді. Л.Толстойды жазушы қауым жылы қарсы алады, И.С. Тургеневпен танысады, тіпті бір пәтерде тұрады. Петербургке келгенде ақын Н.А.Некрасов, И.С.Гончаров, И.И.Панаев, Д.В. Григорович, А.В. Дружинин, В.А. Соллогуб сияқты жазушылармен танысады, олармен тез араласып кетеді. Осы кезде Л.Толстой «Метель», «Екі гусар» әңгімелерін жазады, «Жастық шақ» триологиясын аяқтайды және «Казактар» әңімесін жазуды жалғастырады. Лев Николаевич «Арылу» туындысында осы кезең туралы былай жазады: «Осы кезде кеудеме нан пісіп, пайда табу үшін, адамдарға жақсы көріну үшін жаза бастадым. Мен өмірде істегендерімді сол күйінде жаздым. Абырой - атаққа бөленіп, көп ақша табу үшін оқырмандарға жақсыны жасырып, жаманды көрсету керек болды. Мен тап солай істедім. Жазғандарымда өмірімнің мәні саналатын ізгі ниеттерімді енжарлықпен, мысқылмен жасырып, қаншама қулыққа бардым десеңізші. Мен осылайша, өз мақсатыма жеттім: мені жұрт мақтай бастады.

Жиырма алты жасымда соғыстан кейін Петербургке келіп жазушылармен араластым. Олар мені өздерінің адамындай қабылдады, олар мені қолпаштап, маған жағымпазданатын. Айналама қарап үлгергенім сол еді, араласып келген, жазушылардың сол кездегі адамдарға деген көзғарасы маған да жұқты, менің бұрыннан жақсарсам деген талпынысым құмға сіңген судай болды. Бұл көзғарасым менің азғанымды ақтайтын теорияны туғызды» - дейді.

Толстой кімді ұнатып оқыды, кімді ұнатпады Лев Николаевич жазып қана қоймады, сонымен бірге басқа да жазушыларды өте көп оқыды, оның жеке кітапханасында әлем әдебиеті мен орыс жазушыларының көптеген кітаптары тұрды, Лев Николаевич оларды оқығаннан кейін өзінің пікірін жазып отырды, достары мен баспагерлерге жазған хаттарында оқыған шығармасы, оның авторы туралы әсерін күнделігінде жазды. Тіпті ол 1890 жылы оқуды қажет ететін ең маңызды кітаптардың тізімін жасайды. Толстой жазушылардан кімдерді жақсы көрді, кімдерді ұнатты деген сұраққа оның күнделіктері мен жазбаларынан оқуға болады. Толстой Виктор Гюго мен Чарльз Диккенсті оқығанды өте ұнататын, бірақ Шекспир мен Александр Пушкинді (ақын Пушкинді, драматург Пушкинді) ұната қоймады. Толстой драматург Пушкин туралы: «Борис Годунов» драмасы әлсіз, Шекспирге еліктейді, оның барлық еңбегі махаббат туралы өлеңдер жазғана болмаса, оның өзі де өте әдепсіз» деп жазады. Лев Николаевич Александр Пушкиннің «Белкин әңгімелері» жинағын жоғары бағалады, «Пиковая дамасын» өте ұнатты. Сонымен бірге, Толстой Пушкиннен кейінгі орыс ақыны Лермонтовты прозасы үшін ғана ұнатты, «Біздің заманымыздың кейіпкері» бірнеше рет оқыған Толстой оны маңызды кітаптар тізіміне (әсіресе романның «Таман» тарауын) кіргізеді. Ол Лермонтовты жазушы емес, кәсіби әскери адам екенін бағалады (Толстойдың өзі сияқты Лермонтов Кавказда қызмет еткен болатын). Толстой Лермонтовтың ішінде «жасырын жатқан байронизмнің ең жоғары моральдық талаптарының көріністерін» байқайды. Көбіне жазушының бойындағы адамгершілік мәселелері Толстойды қатты алаңдатты. Әдебиеттанушылар Толстой мен Лермонтовты жақындатқан тағы бір нәрсе - олардың екеуі де өздеріне қанағаттанбайтын және үнемі сары уайымға салынатын жандар екенін айтады. «Гогольүлкен талант иесі, нәзік жүректі адам, батыл, бірақ ақылды ұялшақ», - деп жазды Толстой «Өлген жандар» авторы туралы. Дегенмен Толстой өзіне тән әдетте Гогольдің барлық шығармаларын сынады, оған көп нәрсе ұнамады. «Сонымен, «Ревизор» пьесасынан жақсы әсер ала отырып, соңғы үнсіз сахналық көріністі «жиіркенішті нонсенс» деп атайды. Оған «Өлі жандардың» аяқталмаған екінші томы да ұнамады, алайда Гогольдің өзі де оны сәтсіз деп санап, өртеп жіберген болатын. Толстой жазушыны адамға деген шынайы сенімді ырымшылдықпен алмастырды және «ол өнерге қатысты емес нәрселерге ерекше мән береді» деп сынайды.. Толстой Гогольдің негізгі әдісі күлдіру санайды, бірақ Толстой Гоголдің сатирасына қанағаттанбайды, Гоголь тек дворяндар мен

шенеуніктерді ғана емес, оның пікірінше, күлкіге лайық болмаса да
шаруаларды да мазақ ететініне налиды.

Толстой мен Тургенев

Л.Н. Толстойдың «Балалық шақ» қолжазбасын алғаннан кейін, «Современник» журналының редакторы Н.А.Некрасов оның әдеби дарынын таниды, ол Л.Толстойға өте жігерлендіретін хат жолдайды. Ал «Современик» белсенді авторы Иван Сергеевич Тургеневке жазған хатында Н.А. Некрасов: «Ол сөзсіз, талант, жаңа есім, нық дарын көрінеді», - деп атап өтеді. Замандастары Иван Тургеневтің сыпайыв, ақылды адам және әдепті қатаң сақтайтын адам екені туралы жазады, дегенмен батысшыл, европалық мінезді және шығармаларында батысшылдығын көрсете білген «Отцы и дети», «Дворянское гнездо», «Накануне» туындыларының авторы Иван Сергеевич Тургеневтің Н.А.Некрасов, И.С Гончаров және Л.Н. Толстоймен арасындағы қатынастары көптеген келеңсіз жағдайларға толы екені орыс әдебиеті тарихында біраз әңгіме болды, тіпті 2018 жылы Тургеневтің 200 жылдығы және Толстойдың жылдығы қарсаңында олардың қатынастарына арналған әдеби көрме жиын өтіп, екі жазушының арасындағы қиын қарым-қатынас туралы айтылды. 1855 жылы Лев Толстой Иван Тургеневпен танысқанға дейін оған «Рубка леса» әңгімесін арнаған болатын. Көп ұзамай жазушылар кездесіп, хат жазыса бастайды. Толстой Тургеневтің «Аңшы жазбаларын» мақтайды, Толстой өзінің алғашқы шығармаларында Тургеневке еліктейді. Алайда, танысқаннан кейін алғашқы айлардың ішінде Толстой мен Тургенев бірнеше рет жанжалдасып қалады. Осы бір оқиға байланысты Тургенев өзінен он жасар кіші Лев Толстойға былай деп жазады: «Әдеби мүдделер болмаса, менің көз жеткізгенім - бізді жақындастыратын ештеңе жоқ. <...> Маған Сізге жақындау мүмкін емес, Сіздің тарапыңыздан маған жақындауға да болмайды» деп қатынастарын осылай білдіреді. Толстой мен Тургенев арасындағы тағы бір оқиға 1861 жылы мамыр айында орын алады, ақын Афанасий Фет Толстой мен Тургеневті өзінің үйіне қонаққа шақырады. Таңғы ас кезінде жазушылар Тургеневтің қызы Пелагеяның қайырымдылық жобасын талқылауға кіріседі. Пелагея гувернанткасының ақылын тыңдап «кедейлердің жыртық киімін өзінің қолымен жамап, тиесілі адамдарға қайтарды». Толстой Пелагеяның бұл идеясын мазақ, оны «сахналық көрініс» деп санайды. Екі жазушының арасында ұрыс туып, аяғы жанжалға ұласады.

Жанжалдың ушыққаны сонша Тургенев Толстойдың «мұрнын жаратынын» айтады, ал намысқа булыққан Толстой Тургеневті дуэльге, қала сыртына шығып, қарумен атысуға шақырады. Келесі күні Тургенев Толстойға хатпен жауап береді, хатында орын алған кикілжің жанжал үшін кешірім сұрайды және Толстойға келешекте қақтығыстарды болдырмау үшін қарым-қатынастарын тоқтатуды ұсынады: «Сіз бен мен сияқты қарама-қарсы табиғаттың адамдары үшін жақындасудың барлық әрекеттері жақсылыққа әкелмейді екен; сондықтанда... біздің арамыздағы кез-келген қарым-қатынастың соңғы көрінісі осы болсын» деп жазады. Алайда, 1868 жылы олар татуласады. Бірінші болып Толстой хатта Тургеневтен кешірім сұрайды, оған «қастық сезімдерді» ұмытып, «бірбірінің қолын алуды» ұсынды. Көп ұзамай жазушылар қайтадан кездеседі. Тургенев Ясная Полянаға барып, онда Толстойдың отбасымен кездеседі. Жазушының әйелі Софья Толстая: «Тургенев... бәрімізді шешендігімен баурап алды, таңқалдырды», - деп еске алды. Жазушылар Тургенев қайтыс болғанға дейін 1883 жылға дейін сөйлескен емес.Тургенев қайтыс боларының алдында аз уақыт бұрын ол Лев Толстойға: «Қымбатты және сүйікті Лев Николаевич..., денсаулығым қалпына келе қоймас, бұл туралы ойлағымда келмейді. Мен Сіздің замандасыңыз болғаныма қалай қуанатынымды айту үшін жазып отырмын» деп жазды. Толстой өзінің жазушы замандастарының әлсіз жақтарын әрқашанда кешіре білді. Бірақ Тургеневтің өлімі Толстойды терең ойға салады. Толстой Тургеневтің қазасынан кейін қыркүйек бойы Тургеневті оқиды. Кейінірек академик Александр Пыпинге жазған хатында Толстой Тургеневті әрдайым жақсы көргенін айтады, бірақ қайтыс болғаннан кейін ғана оны шынымен бағалағанын жазады. Ол: «Тургенев - өте жақсы адам (бірақ тайыз еді, өте әлсіз, бірақ мейірімді, жақсы адам), ол әрқашан ойындағысын және сезінетінін жақсы айтатын еді. <... сондықтан Тургеневтің әдебиетімізге әсері жемісті болды...» деп жазады. Әрине, Тургенев, Толстой және Достоевский арасындағы қатынастар айқын ештеңені білдірмейді, бірақ мынау өмірде бәрі құбылмалы екенін, ештеңе де оңай еместігін көрсетеді. Лев Николаевичтің сол кезде қалыптасқан жазушылық орта туралы, сол кездегі жазушылар туралы «Арылу» туындысында былай жазады: «Қаламдас достарымның адам өміріне деген көзғарастарына көз жіберсем, жалпы өмір даму үстінде екен, даму барысында ең бастысы – адамдардың өміріне олардың араласуы керек екен, адамдардың санасына олардың -

көркем жазушылар мен ақындардың ықпал етуі маңызды екен. Біздің борыш – оларды үйрету екен. Өзіме осы бір табиғи сұрақты қоймас бұрын: оларды неге үйрете аламын дегенді білудің тіпті қажет емес екенін теория тұрғысында анықтадым, ал жазушы, ақын ешқашанда саналы түрде үйретпейді. Мен болсам керемет жазушы, ақын болатынмын, сондықтанда маған бұл теорияны игеру қиынға түскен жоқ. Мен жазушының, ақынның кім екенін білмей тұрып жазып үйреттім. Маған сол үшін ақша төлейтін, менің ішер асым, жататын үйім, төсек бөлісетін әйелдерім, ортам болды, оның үстіне даңқты едім. Соған қарағанда менің жазғандарымды олар өте дұрыс деп санағаны ғой.

Поэзияда және өмірде басқалар оларға сеніп, пір тұтатындар болады, мен сондай пір тұтқан абыз едім. Абыз болу - маған ұнайтын, маған тиімді еді. Мен көп жылдар осының ақиқатына сеніп, күмән келтірмей жүрдім. Тек екінші және әсіресе, үшінші жылы ғана күмәндәна бастадым, бұл өмірлік сенімімнің күмәнді екенінін байқап, ойлана бастадым. Бірінші байқаған күмәнім, көптеген жазушы абыздар өзара сыймайды екен. Біреулері: біздер ең жақсылармыз, нағыз үйретуші - ұстаздармыз, адамдарға керегін біз үйретеміз, ал басқалар дұрыс үйретпейді десе, екіншілері: біз –шын мәніндегі ұстазбыз, ал сендер дұрыс оқытпайсыңдар дейді. Олар дауласып, ұрсысатын, бірін - бірі алдайтын, бірінбірі даттайтын. Сонымен бірге, біздің арамызда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс демей ішімізде жүріп, біздің осы қызметіміздің арқасында өздерінің пасық мақсаттарына жеткендерде жететін. Осының бәрі мені біздің қызметтің ақиқатына сенімсіздікпен қарауға мәжбүр етті.

Сонымен мен жазушылық кәсіптің ақиқаттығына күмәндәніп, жазушы абыздарға көз сала бастадым, көзім жеткені, жазушы абыздар шетінен арсыз, нашар, мінездері оңбаған адамдар екеніне көзім жетті – олардың көбі менің бұрынғы қыдырымпаз өмірімде, әскери қызметінің барысында кездескен адамдардан да төмендерін де кездестірдім, олардың кеуделеріне нан піскен, өздеріне шексіз риза, тіршілігіне мәз мәйрем, қасиеттіліктен мүлдем жұрдай адамдар екен. Бұндай адамдар маған жиркенішті еді, менде өзіме өзім жиркенішті болдым, мен бұл сенімімнің жалған екенін түсіндім.

Бір қызығы сенімімнің жалған екенін тез түсініп, одан бас тарттым, бірақ ол адамдардың маған таққан – қаламгер, ақын, ұстаз деген атақтарынан бас тартқан емеспін. Мен неге үйрету керектігін өзімде білмей тұрып, аңғалдықпен, ақын, көркем жазушы барлығына үйрете алады деп шештім. Мен осылай жаздым.

Жазушы адамдармен араласқан сайын менің бойыма жаңа кемшіліктер жұқты– ол шексіз мақтаншақтық пен өзім ештеңе білмей тұрып адамдарды үйретуге жаратылғанмын деген жарымжан сенім болатын.

Қазір сол кезді еске ала отырып, сол кездегі менің көңілкүйім, сол кездегі адамдардың көңіл - күйін (ондайлар қазір мыңдаған адам шығар) маған аянышты, қорқынышты және күлкілі еді, өйткені мен өзімді жындылар үйінде жүргендей сезетінмін.

Біз үнемі халыққа айта беру керек деп санайтынбыз, жаза беру қажет дегенге, үнемі жазу керек, мүкіндігінше тез жазып, шұғыл басып, көбірек ұсыну керектігіне, оның барлығы адамзат игілігі үшін қажет дегенге сол кезде сенетінбіз. Мыңдаған, біз, сияқтылар, өзара жанжалдасып, бірімізді біріміз жоққа шығарып, үнемі біреулерді үйретіп жазатынбыз, олар жарияланатын, басылатын. Жындылар үйіндегідей өзіміздің ештеңе білмейтінімізді білдіртпей, өмірдің ең бір қарапайым сұрағы: не жақсы, не жаман деген сұраққа жауап таба алмай, өзімізді өзіміз тыңдамай, мені де артынан қоштасын, не мақтасын деп, кейде өтірік қоштап, ал кейде өтірік мақтап, кейде ашуланып, жекіріп жататынбыз.

Мыңдаған жұмыскерлер күн демей, түн демей, күштерін салып, миллиондаған сөзді баспаға теріп, оны басып шығаратын, пошта арқылы бүкіл Ресейге тарататын, таситын, ал біздер болсақ оларды оқытып, тынбай үйрететінбіз, тіпті олар бізді тыңдамайды деп ренжитінбіз ғой.

Маған қазір түсінікті болғаны сол кезде ең жаманы, біздің жұртқа айтатын әңгімелеріміздің астында барынша көп ақша табу, танымал болу, даңққа бөлену тұратын. Осы мақсатқа жету үшін біздер кітап жазудан, газет шығарудан басқа ештеңе білмейтінбіз. Біз қолдан келгеннің бәрін жасадық. Ешкімге керек жоқ істі жасау үшін өзімізді ерекше адамдармыз деп санап, ол үшін өзімізге сенімді болу үшін біздің қызметімізді ақтап алатын тұжырым керек еді. Сонымен, біз: дүниенің бәрі ақылға сыйымды, айнала өсу үстінде, ағартушылық арқасында дамуда, ағартушылыққа бағытталған кітаптарды, газеттерді тарату арқылы даму үстінде дегенді тауып алдық. Сол үшін бізге көп ақша төлейді, сыйлайды, сондықтанда біз кітаптар шығарамыз, газеттерде жазамыз, сондықтанда біз керек адамдармыз дегенді ойлап таптық. Ойлағанымз дұрыс болар ма еді, егер де біз бұнымен өзіміз тегістей келіссек; жоқ, бірақ біреудің айтқан ойына, екінші біреудің қарсы пікір айтылатын, бұл бізді ойландыруға тиісті еді, бірақ біз оған қарамадық. Бізге ақша төлейтін партия адамдары бізді мақтайтын, яғни, біз, әрқайсымыз атқаратан ісімізді дұрыс атқарғанымыз ғой. Маған қазір түсінікті болғаны, сол кезде жындылар үйінен біздің ешқандай айырмашылығымыз жоқ болатын, мен бұған көмескі күдікпен қарап, есуас адам сияқты өзімнен басқалардың бәрін есуастар санайтынмын» деп еске алады. Сол кезде Толстойдың шығармашылығын жаңа басталған кезі болатын, ол өзін ешқашанда кәсіби жазушы деп санамады, ол

жазушылардың, әдеби партиялардың мүдделерін жақтамады, әдебиетті пайда құралы көзі ретінде санамады, Л.Толстой үшін көбіне жазушы замандастарымен адамның сенімі, өмірі, таным түсініктері мен көзғарастары, мораль, қоғамдық қатынастар туралы сөйлескенді жөн көретін. Толстойдың бұлай жазуына сол кездегі қалыптасқан әдеби орта шындығы еді, олар жоғарыда жазылғандай себепсіз емес еді, жазушылар арасындағы қиын қарым-қатынастар XІX ғасырдың екінші жартысындағы әдеби атмосфераға тән құбылыс еді, мұндай қалыптасқан ахуалға Лев Николаевич Толстойдың жоғарыдай қорытынды жасауына негіз болады

Толстой Достоевский туралы

Достоевкий қайтыс болғанда Лев Николаевич күнделігінде: «...Мен ол кісіні ешқашанда көрген емеспін және онымен ешқашан тікелей қарымқатынаста болған емеспін, кенет ол қайтыс болды дегенде, ол маған ең жақын, қымбат адам екенін түсіндім. <...> Қандай да бір қолдау менен болу керек еді. Оның маған қандай қымбат екені маған енді ғана белгілі болды, мен қазір жылап отырмын» — деп жазады.

Толстой Достоевскийге және оның шығармашылығына қалай қарады деген сұрақ туындайды, олар бірімен бірі тіпті таныс болған адамдар емес, ешқашанда кездескен емес, Толстой, әрине, оның жаңында келе жатқан дарынды, қуатты жазушыны сезінбеуі мүмкін емес еді, Толстой Достоевскийді өте жақсы сезді, сол кездегі барлық сыншылар мен жазушылар сияқты ол Достоевскийдің асығыс жазатыны үшін, «жасанды» диалогтар, кейіпкерлерінің «автордың тілінде» сөйлейтіні туралы көптеген сын болатын, бірақ Л.Н.Толстой Достоевскийді адамгершілік ізденістеріне, адамнан Исус ұшқынын іздейтіні үшін жоғары бағалады. Толстой бірнеше жыл бойы Достоевскийді ойшылдығы үшін қатты ұнатпайтын діни ойшыл Страховпен жазысқан хаттарында Достоевскийді қорғап, Страховпен дауласып келді. Страхов 1892 жылы: «Достоевский өзінің бет-әлпеті бейнесінде және ұқсастығында жасай отырып, көптеген жартылай аралас және ауру адамдарды жазды, шындығында Достоевский не жазатынына және адамның жаны дәл солай екеніне сенімді болды» деп жазды. Лев Толстойдың Достоевскийге қатысты басқа да талаптары болды - оның пікірінше, Достоевский шығармаларында саясатта, дінде қосылып шатастырылды, мистикалық көңіл-күйге толы болатын, бұлыңғыр ойлар және романдары «техникалық жағынан» әлсіз екенін жазады. Толстой Достоевскийдің оларды ақшаға мұқтаждықтан тез жазғанын да айтады.

«Әрине, Достоевский нағыз жазушы, діни ізденістегі жазушы, Гончаров сияқты емес» ,- деп жазды Толстой Достоевский туралы. Орыс әдебиетінің екі алыбының шығармашылығы, әдеби бағыттары туралы көптеген ғылыми еңбектер жазылды. Өмірбаяндары әртүрлі, қоладанатын көркемдік құралдары бөлек, сенімдері мен адамға деген көзқарастары әртүрлі болатын, бірақ екеуі де үлкен жазушы еді. Лев Толстой Достоевскийді сөзсіз бағалады. Толстой «Өнер деген не?» деген мақаласында «Бір жағынан, Диккенс, Гюго, Достоевский шығармалары, ... біздің заманымыздың ең жақсы өнер туындылары адамдардың бірлігі мен бауырластығына деген сезімін бізге жеткізеді,екінші жағынан, олар барлық адамдарды бір-бірімен жақындастыра алатын сезімдерді жеткізуге тырысады. Мұндай жұмыстар әлі де аз, бірақ оларға деген қажеттілік бұрыннан белгілі» , - деп жазады Л.Толстойдың өзінің алдында өмір сүрген әдебиет өкілдерінің шығармашылығына көзғарастары, оның жазушы замандастырымен қарымқатынастары ерекше ғылыми зерттеу саласы, өйткені Толстойдың шығармашылық жолындағы ар тазалығы мәселелеріне қатысты ғылыми еңбектерде оның басқалардан биік тұрғанын, өзінің айналасындағы замандас жазушыларды мойындата білгенін, өзі де басқаның еңбегін бағалай білген кемеңгер тұлға екенін дәлелдейді. Салауат Кәрім, Adebіportal.kz, 2022 жыл

ХУСТО ХОРХЕ ПАДРОННЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ

Испан ақыны Хусто Хорхе Падронды қазақ әдеби жұртына ақын, аудармашы Танакөз Толқынқызы таныстырды. Хусто Хорхе Падронның «Тозақ шеңберлері» («Los cіrculos del іnfіerno») кітабы испан - қазақ тілдерінде басылып шығып, 2015 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық университетінде таныстырылды, содан кейін 2017 жылы ЭКСПО аясында өткен ІІ Еуразиялық халықаралық кітап көрмесі – жәрмеңкесінде «Тозақ шеңберлері» мен испан тіліндегі қазақ поэзиясының антологиясы тұсаукесерінде тағы таныстырылды, екеуіне де ақын Астанаға келді. 1976 жылы жарық көрген «Los cіrculos del іnfіerno» («Тозақ шеңберлері») кітабы Хусто Хорхе Падронды бірмезгілде ХХ ғасырдың ойшыл ақындарының қатарына қосты. Поэзия табиғатын, тарихи дәстүрін түсінетін, өлеңді бағалай білетін еуропа жұртшылығы ақынның жанайқайын естіді. «Тозақ шеңберлері» («Los cіrculos del іnfіerno») өлең кітабына осы күнге дейін сында айтылып, жазылып та болса керек, осы тұрғыда швед ақын -жазушы, әдеби сыншы Артур Лундквисттің: «Ақын жердің келбетін тозақ айнасы» ретінде көреді, ақын тозақты өзінің жеке тозағына айналдырған. Оның қорқыныш пен үрейге, қанау мен озбырлыққа қарсы дабыл қағуы жалпыға бірдей мағына алады, ол адамды Құдай жоқта өзін жазалаған тозақ елшісі ретінде көреді. Сыртқы және ішкі драма бірігіп, біртұтас дүниеге айналған. Ол осылайша жаратушыға айналып, өзін – өзі құрбандыққа шалады. Хусто Хорхенің осы рөльге енуі, оны асқан шеберлікпен орындайды. Ол адамзатты күтіп тұрған қауіпті біледі және оған алаңдайды», - деген әдеби сын пікірі ақын өлеңдерінің құбылысын терең ашады. Формасы мен мазмұны қатаң сақталған жолма – жол аударма нұсқадан адам жанының сырын, ішкі психологиялық қайшылықтарды көру қиын емес. Ақынның философиялық, психологиялық, эмоциялық сезімтал жан - күйі, ой толғаныстары рухани құндылықтармен ұштасады, ақындық миссия биігінен көрінеді, өмірді түсінуге, тіршілікке ой салады. Ақын өлеңдеріндегі поэтикалық кесек жолдар өмірдің ақиқатын сипаттайды, Хусто Хорхе Падрон өлеңдерінде үмітте, үгітте, бақытта, жанған махабатта жоқ, туған жер, отаншылдықта, сұлу табиғатта көрінбейді, тозақ қана бар, адамдардың ішкі жан тозағы: өкініш, өшпенділік, жалғыздық, жоқшылық пен мұқтаждық, озбырлық, күйініш, қажу, кәрілік, түңілу, қорқыныш, үрей мен өлім бар, ал адам болса : Мен бекітіп берген өтірік жалған шындықтан, Тұзақтан қашып шыққым келеді.

Уақытты құрдымға жіберген,
Бұрқ- сарқ қайнаған көріністер мен
ашынған дауыстарды тоқтатқым келеді.
(«Дөңгелек зал ішінде»)

Шаршадым. Қатты шаршадым.
Күнде – күнде өлуден шаршадым.
Өзімді қуғында жүрген адамдай сезінуден шаршадым.
Біреуге билік жүргізуден шаршадым.

Жеңілуден, тоналудан, керең болудан шаршадым,
Ұмыт қалудан,
Сатқындықтан шаршадым.

Шаршадым. Қатты шаршадым.
Қартайғанда жалғыз қалудан шаршадым.
Ең бір бақытсыз,
Зәрлі кезеңдерді жасырудан шаршадым.

Арман әлемінде өмір сүруден шаршадым.
Өмір мен махабаттың қалай өлетінін көруден шаршадым.
(«Қажу»)

Хусто Хорхе Падрон (Justo Jorge Padron) – испан әдебиетінің жаңа буынының талантты өкілі, өткен ғасырдың жетпісінші жылдары ортасында әлем әдебиетіне, еуропа поэзия қауымына танымал болған ақын. 1943 жылы Канар аралдарының Ла – Пальмасында өмірге келген Хусто Хорхе Падрон Барселон, Париж, Стокгольм және Осло университеттерінде философия, құқық және филология ғылымдарын оқиды, туған қаласында адвокат қызметін атқарады, артынан түбегейлі әдебиетке, поэзияға, аудармашылық қызметке ауысады. Еуропа және Латын Америка елдерінің көптеген өнер мен әдебиет академияларының мүшесі, неше түрлі әдеби сыйлықтардың лауреаты Хусто Хорхе Падронның поэзиясын адамзат тағдырына үңілген нағыз поэзия десе, жаңа испантілдес латынамерикандық проза басында тұрған Хорхе Луис Борхес «Тозақ шеңберлері» өлең кітабын оқығаннан кейін: «Көп жылдардан кейін мені мұңға батырып, жылатқан кітап болды» деп бағалады. Ақын тозақты о дүниеден іздемейді, осы біздің өмірден көреді, осы дүниенің тозағы адамдар қатынасында, ісінде, түсінігінде, күдігінде екенін көрсетеді. Падрон ақын ешкімді жұбатпайды, кінәліні де іздемейді, моральда

жоқ, әлеуметті, қоғамды да қоспайды, бұл дүниенің діни, не идеалистік көріністер де алдыңнан шықпайды, ақын өлеңдерінде адам өмір тозағында күйюде, жаны қиналуда:

Ыза мен кектің отарбасы Оларды таптап, басып өте шығады. Сүйрік ине Таусылмайтын, қалғылмайтын немқұрайлықты шаншып өтеді. Өткір инедей күдік жанымызды түйреп өтеді. Қараңғылық пен өлімнің жаңбыры жауып тұр. («Арамызда») Қажетсіз уақыт тасқыны ішінде Қанша жүретініміді білмеймін. Көзімде - өлім. Көшеде қаңғып келемін. Кеудемде жүрегім соғып тұрса да. ( «Бұның қанша уақытқа созыларын білмеймін») Себебі өмір бізді сыртқа лақтырып тастайды. Өмірдің өзі бізді өлтіреді. Себебі бізді қоршаған барлық әлем өз мағынасын, Өз болмысын сақтап қала алмайды екен. Қоштасудың да мағынасы қалмады, Енді қайда барамыз? Айтшы, қайда? («Қайда, қайда барамыз?») Сен өзің ойлап тапқан жазадан Өзің азап шегетін боласың, Өйткені сенің ең үлкен Һәм мәңгілік жауың – өзің ғана! («Жау») Адам тіршілігі - жансыз мүмкін емес (Сократ), жан - материя (Демокрит), жанда - мән бар (Шәкәрім), кім болмасын өзінің жаны үшін күреседі (Достоевский), ал әржағы не тозақ, не жұмақ - екі ортасында адам (Толстой), тіршілік біткенге жан берілгенмен адам жаны әрқашанда жұмбақ болып қала береді. Адам жаны, жұмақ пен тозақ сонау Гомерден, Данте мен Шекспир, Омар Хаямдардан бері әдебиет нысаны, олар тозақты адамды ойландыру құралы етті, Хусто Хорхе Падрон да егер Құдай адамнан безіп кетсе не болар еді деген сұраққа өзі жауап береді:

Егер Құдай бізден жалығып, бізді жек көріп кетсе,
Ол бізді басқа кейіпке өзгертер еді.
Тәнімізді алапес етер еді.
Бізді секемшіл, сезімтал етер еді.

Біздің ішімізге пасық армандар,
даңққұмар, мансапқұмарлық,
зорлық-зомбылық, нәпсіқұмарлық,
жек көрініш уын құйып,

ешқашан сүйе алмайтын адамға айналдырар еді.

Егер құдай бізден жалықса,
Егер Құдай бізді әділетті түрде жек көріп кетсе,
Біз онда аянышты, оспадарсыз, дөрекі,
Өзіне өзі қол жұмсаушы,

Соқыр, азғын, қылмыскер,
Қарғыс атқан тозақ пендеге,
Бір сөзбен айтқанда,
Адамзат нәсіліне айналар едік.

(«Егер Құдай бізден жалықса»)

Жуықта «Қазақ әдебиеті» газетінің соңғы номерлерінде «Хусто Хорхе қазақ ақындары хақында» деген топтама мақаларының жариялана бастағанын көрдім, Хосте Хорхе Падрон сияқты ақынның қазақ поэзиясының әлеуеті, шеберлік қырлары, дәстүрлер тарихы туралы сырт көзбен ой қозғауы, ұлттық поэзиямызды испан жұртына, испан тілдес халықтарға жеткізу мүмкіндігі сезімтал ақынға, сенімді қолға түскені қуантады. Хусто Хорхе Падрон мен қазақ әдебиеті арасындағы осынау әдеби байланыстар екі жақты қалыптасып, қазақ әдебиетін жаңа қатынастарға, жаңа көзғарастарға жол ашқандай көрінді.

Салауат Кәрім,
Abaі.kz, 2019 жыл

ОГНЯ УГОЛЕК ЗОЛОТОЙ

Сегодня воскресный гость «Индустриальной Караганды» -
литературовед,

исследователь – критик, писатель, доктор филологических наук, профессор, заслуженный деятель науки Казахской ССР Турсунбек Какишев. С ним беседует наш внештатный корреспондент.

- Турсунбек Какишевич, целью Вашего приезда в Караганду является чтение лекции в КарГУ по истории литературной критики, а также, по целому ряду проблем, создавшихся в литературоведении в связи с возвращением в культуру народа Шакарима Кудайбердиева, Ахмета Байтурсынова, Магжана Жумабаева, Жусупбека Аймауытова, Миржакипа Дулатова. Еще одно событие: Ваш приезд совпал с 95– летним юбилеем основоположника казахской советской литературы Сакена Сейфуллина. Вы долгие годы «искали» Сакена, хотя вы утверждаете, что это не основное направление Вашей научной деятельности. Выпущенная издательством «Молодая гвардия» в 1972 году книга «Сакен Сейфуллин» в серии «ЖЗЛ» открыла всем нам Сакена. - Жизнь Сакена Сейфуллина - для каждого пример беззаветного служения народу. Когда меня смерть поразит немотой, И буду лежать под могильной плитой, Лишь стих мой останется после меня, Былого огня уголек золотой. Поэзия Сакена жива в народе и долго будет жить. Не суждено было поэту «лежать под могильной плитой». Время культа Сталина сделало свое черное дело. Это горе народа, потерявшего безвинного талантливого сына в рассвете и на вершине творчества. Сакен не остался на уровне сал сери, а поднялся на более высокую ступень культуры и по форме, и по содержанию. Его обаяние, поэтический талант, «мужественная красивая внешность» по выражению русской писательницы Галины Серебряковой, его ум, одаренность, организаторские способности на посту Председателя Совнаркома республики – все это воплощение его незаурядности, яркости, уникальности. Велик сегодня интерес народа к Сакену. До сих пор любит своего Сункара его народ. На сегодня написано о нем немало и в историографии,

и в литературе, и в литературоведении, и в исскустве театра и кино. После оттепели XX съезда, когда я делал первые шаги в науке, только начиналось изучение его наследия. Нелегко давалась пропаганда его творчества. Да и отношение бывшего первого руководителя партии Казахстан Д.Кунаева к нему, не скажу, что было благоприятным. Немало преград было, когда я готовил свою книгу – художественную биографию Сакена. Вы думаете, мне так хотелось выпустить книгу о Сакене в Москве? Никак нет. Невозможность издать ее в республике заставила меня обратиться в центральное издательство. Меня радует то, что Сакена больше читает русский читатель. Подтверждением этого является выпуск книги «Избранное» Сакена Сейфуллина, вышедшей в издательстве «Художественная литература». Думаю, что читатели и поклонники его поэзии еще ближе познакомятся и раскроют для себя поэтический мир Сакена. - Наше общество и культура переживают очередной этап реабилитации деятелей литературы и их произведений. Обобранному народу вернули Шакарима, Миржакипа, Ахмета, Жусупбека и Магжана. Если учесть, что первый этап прошел в 1957 году, реабилитировав Сакена, Беимбета, Ильяса, наверное нынешние перемены еще сильнее будут влиять на развитие национальной культуры и самопознание? - Почти шесть десятилетий все молчали – ни слова не было сказано о них. Клеймо и ярлыки, навешанные на лучших наших писателей просветителей, обвиняя их в национализме, препятствовали появлению их произведений, поэм, романов и исследований. Приходит всему свое время, пришло наконец и время называть вещи своими именами. Перестройка, начатая апрельским Пленумом, всколыхнула национальные чувства и традиции. Ожило наследие народа. Во весь голос заговорили об экономических, политических, региональных интересах. И постановление партии «О творческом наследии Ахмета Байтурсынова, Магжана Жумабаева, Жусупбека Аймауытова» - факт, подтверждающий необычные перемены. От творчества Магжана, Ахмета, Жусупбека, Шакарима и Мыржакыпа напрямую зависит духовное здоровья народа –важнейшей нашей ценности.

Ахмет Байтурсынов - универсальный ученый, филолог, основоположник казахской лингвистики, создатель первого казахского алфавита, человек, написавший первую книгу о теории казахской литературы. Магжан Жумабаев – поэт, стремившийся обновлению поэтических средств к изображению всего нового, к слову, созвучному и звучащему. Есть такие художники слова, судьба которых шире и выше их дара, непосредственно выраженная в их творчестве. Именно таким художником является Шакарим. Легкая манера повествования, панорамность изображения жизни человека, его души, уникальная портретная характеристика –таким видятся романист и драматург Жусупбек Аймауытов. Сделаны первые шаги – выпущены избранные Жусупбека Аймауытова, Ахмета Байтурсынова, готовится в свет книга Миржакыпа Дулатова. Уникальные критические материалы 20-х и 30-х годов по поводу их творчества тоже будут очень ценными в определении их вклада в национальную культуру. Сегодня предстоит огромная работа по изучению художественного наследия этих людей, природы их творчества, художественного периода и словесно-образного мышления. - Вы многие годы в системе литературоведения успешно изучали становление, развитие казахской литературной критики, именно Вам надлежит быть первым автором научного курса казахской критики. Что можно сказать о нынешней современной художественной литературной критике? - Коль Вы затронули историю критики, надо сказать следующее: казахская критика имеет глубокие истоки. Богатая устная литература казахского народа открывает уникальные материалы для критического исследования. Критические суждения и высказывания великих казахских просветителей: Чокана, Абая, Ибрая, Ахмета, сыграли огромную роль в критике. Начало столетия мы с уверенностью называем становлением и выходом на профессиональную критику, на научные аспекты изучения литературы. Тем самым положены основы литературоведческой науки. Критика была и остается зеркалом литературы, формирующим звеном эстетического сознания читателя, первого и главного ценителя искусства. Что касается нынешнего состояния литературно– художественной критики, у нас много хороших и начинающих критиков, знающих законы литературоведческого и критического анализа, в

совершенстве владеющих правилами, которыми руководствуется художник. Но, к сожалению, многим из них, не хватает открытой смелости, четкости в заявлении о тех или иных недостатках произведения. Главная беда - когда критик начинает работать на автора, а не на читателя. Критик перестает быт критиком. А ведь сейчас как: хвалят, хвалят, а произведение умирает, остается лежать на книжных полках. Такое явно прослеживается в тенденции нынешной критики. Нужна объективность, смелость. Верю в то, что наше критика заявит о себе. - У нас в области познания литертатуры работает научно – исследовательский институт литературы и искусства Мухтара Ауэзова и более десяти научно педагогических кафедр в вузах. Как Вы оцениваете научный потенциал литературоведческой науки? - Начало литературоведческой науки, которая по возрасту сравнительно молода, было очень плодотворным: до 70–х годов были свои традиции, были определены основные направления, но затем долгий спад, который продолжается до сих пор.

На сегодня немало исследований по различным аспектам литературных жанров, по фольклору, но нет фундаментальности, обширности, нет научно–критического подхода, глубокого анализа. Хотя в этой науке работают достаточно ученых и аспирантов в вузах.

Рымгали Нургалиев – талантливый ученый, главный редактор энциклопедии Казахстана. Его исследования являются достижениями науки. Но, что касается научно-исследовательского института литературы и искусства, то он с каждым годом утрачивает свои позиции, хотя сегодня предпринимаются кардинальные меры. В течение 10 лет смена четырех руководителей повлияла на коллектив этого института. Институту нужны стабильность и хорошие темпы исследования. - Ученый Б.Бурсов трактует проблему, что выходит –критик – это писатель. Вы член Союза Писателей СССР, ряд товарищей вашего поколения, я имею в виду академика Зейноллу Кабдолова, покойного профессора Мырзабека Дүйсенова, Ныгмета Габдуллина, написали по роману, по 3-4 повести и пьесы. Вы не задумывались над тем, чтобы написать что–то художественное? - Они-то пришли из литературы в науку, а я пришел в науку и остался в науке. Моя книга «Садақ»

художественно–публицистическое произведение. Я пишу много в области публицистики, имею две книги, рассказывающие о моих путешествиях по Дальнему Востоку и Кавказу.

Если учесть, что я педагог, являюсь профессором Казахского государственного университета, долгие годы работал деканом филологического факультета, воспитываю аспирантов, возглавляю специализированный ученый совет, то при всем моем желании к сожалению не было возможности написать что-то художественное. Нет времени... - Ваши творческие планы? - Сейчас работаю над учебным пособием по истории критики для высшей школы. Хочется взяться за книгу о творчестве Сабита Муканова. Об этом писателе и большом человеке собралось столько много материалов, что пора уже браться за перо. Недавно закончил статью – исследование «Сакен и Гульбахрам». Планов много. Будущее покажет.

Беседу вел студент филологического факультета КарГУ
С.Каримов ,«Индустриальная Караганда», 3 декабря 1988 года

ЖАЙЫҚ БЕКТҰРОВ - АРЫСТАРДЫҢ КӨЗІ ӘРІ СӨЗІ ЕДІ.

Абылай хан, Кенесары хан, Шоқан Уәлиханов, Балуан Шолақ, Мәжһүр Жүсіп Көпей, Алаш көсемдері: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы, совет кезеңінің қайраткерлері Нығмет Нұрмақов, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, жазушылар: Саттар Ерубаев, Ілияс Есенберлин, тарихшы Ермұхан Бекмаханов және тағы басқа тарихи тұлғаларға қатысты зерттеушілер, ғалымдар Жайық Бектұровқа сілтеме жасайтынын, ол кісінің жазып кеткен, не ауызша айтқандарын жиі қолданатынын байқаймын, жазушының шығармашылық мұрасы құндылығын, тарихи дерекке толы екенін көрсетеді. Жайық Бектұров талантты ақын, дарынды аудармашы, шебер прозаик, публицист-журналист, еңбекқор әдебиетші – зерттеуші, тынымсыз әдебиетші – ұйымдастырушы еді. Көп жылдар Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысының бөлімшесіне жетекшілік еткен, Сарыарқа Қарағандысының әдеби – мәдени өмірінің дамуына зор еңбек еткен жазушы Жайық Бектұров туралы Ақселеу Сейдімбеков: «Анамыздың әлдиіндей, өзіңіз құлағымызға құйған анау Ахметтің, Шәкәрімнің, Мағжанның, Міржақыптың, Сәкеннің тағдырларын елестетіңізші. Сіз сол арыстардың көзі болып, сөзі болып, өкше басар ұрпағымызбен жалғастыңыз…» деп жазғаны, осы эссе жазбаның тақырыбын ашады, қаламгер Жәкеңді, шежіре Жәкеңді, қарт Жәкеңнің көзін көргендер көп, оның айналасында көп адамдар жүрді, Жәкеңнің ықыласынан менде кем болмадым. Жайық Кәгенұлы Бектұров Қарағанды облысының әдебимәдени өмірінің дамуына зор еңбек сіңірген жазушы, қаламгер, халқының рухани қамын жоқтап өткен кісі еді. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары кең байтақ қазақ даласының Сарыарқа бел ортасында ел басқаша жаңғырды, жиырмаотыз жылдің ішінде Қазақстанның өндірістік -индустриалдық тамырына айналған Қарағанды қаласы қарқынды дамыды, өзінің көмірін өндірді, бұрынғы одаққа танылды, бүкіл Кеңес елінен, Қазақстан түкпірінен Қарағандыға халық ағылды, қала өсті. Сталиндік репрессиялық зұлымдықты басынан өткерген Жайық Кәгенұлы Бектұров елуінші жылдары Қарағандыға келіп тоқтады, қалған ғұмырын Қарағанды қаласында өткізді.

Шоқантанушы

Жәкең қазақ әдебиеті және оның тарихына қатысты мәселелерді, қазақтың ұлы тұлғалары мен олардың өмір тарихын өте көп білетін энциклопедиялық тұлға еді. Ол кісінің іздену аумағы бүкіл одақта шығатын әдеби және тарихи, ғылыми басылымдар болатын, қандай тарихи кезең болмасын, қандай тарихи тұлға болмасын Жәкең мәселені айналдырып, іліп алып кететін. Жәкеңнің тағы бір қасиеті, әңгімені жеткізу әдісі, қандай болмасын уақиғаны, не тақырыпты қиыстырып және сабақтастырып тыңдаушысына көркем жеткізетін еді. 1985 жылы ЮНЕСКО шеңберінде Шоқан Уәлихановтың 150 жылдығын атап өтті. Осы мерейтой қарсаңында Москвада «ЖЗЛ» сериясынан шыққан Л.Стрельникованың Шоқан Уәлиханов кітабының таныстырылуы өтті. Шоқанның бүкіл ғұмырын, ғылыми зерттеушілігін, би билеп, карта ойнайтына дейін айтып, Абылай ханнан бастап, әжесі Айғаным ханым, Кенесары хан, батыр Бопай ханым туралы тарихи деректерді тыңдаушыларға жайып тастады. Жәкеңнің Шоқан туралы әңгімесі көптеген тарихи, ғылыми және әдеби деректі негіздерден құралып, Шоқанның біртұтас бейнесін құраған әңгіме ретінде оқырманға жеткізді. Жәкең Шоқантануға үлес қосқан, шоқантанушылар қатарындағы жазушы. Жәкең тәуелсіздік алдында

1991 жылғы тамыз айының басы. Жәкеңді қазіргі Бұқар жырау ескерткіші тұрған жерде (бұрынғы облыстық атқару комитетінің ғимараты) алдында көріп, ақсақалға сәлем бердім. Қарсы тұрған Жазушылар бөлімшесінің бөлмесінен келе жатса керек, қолында «Наш Современник» журналы (демократиялық орыс озық ойының аталары Н.Чернышевский мен В.Белинскийлердің идея жалғасында, 1990 жылдың ақпанынан бастап бұрынғы атауын қайтарып, шыға бастаған, журналдың сыртқы мұқабасында Минин мен Пожарский ескерткішінің суреті салынған РСФСР Жазушылар Одағының әдеби көркем және қоғамдық – саяси басылымы, журнал советтік қоғамдық ойға қарсы, орыс идеясы мен православтық идеяны насихаттайтын журнал болатын, орыстың белді жазушылары мен ақындарының шығармалары ғана басылып тұрды, журналды ақын С.Ю.Куняев басқарды – автор К.С) бар. Жәкең терең ойда келе жатса керек, сәлеміме тіпті мән бермеді және қарағанда жоқ, «тыңдайтың құлақ болса болды» дегендей, айта жөнелді:

- Виталий Солоухиннің не жазған десеңші: «Русские обойдутся без Союза, дальнеший союз еще убьет руский дух, руский народ...», –дейді Жәкең тоқтамай сөйлеп.... - Сен қара да тұр, осылар қан төгіске ұшырайды, не революция жасайды, олар енді пісіп жетті, уже, - деп қояды. Бұны айтып отырған себебім, Жәкең ішіндегісін қуана сездіріп, қазақта жаңа белес алдында тұрғанын жеткізгенін жасаураған көздерінен байқауға болатын еді. Жәкеңнің айтқаны келді. Он күннен кейін 1991 жылы тамыздың жаңбырлы 19–ы күні Москвада ГКЧП бунты ойран салды, тарих түбегейлі өзгерді, орыстар өздеріне орыс мемлекетін қайтаратынын жариялады, «қалғандарың қайда кетсең онда кет!» - деп, Советтер Одағын ыдыратты.

Көпшіл Жәкең

Жазушы Сапарғали Ләмбеков: «Жәкең тек ақын жазушылардың ғана ақылшысы ғана емес, басқа да өнер ордаларына да хал қадірінше көмек көрсететін адам еді, кеншілер қаласында өтетін мәдени шаралардың бәріне белсене қатысатын, ұйымдастырушыларына жөн жоба нұсқайтын, ол кісіні көмірлі қаладағы орыс –қазақ түгел білетін, барша қадыр тұтатын еді» деген сөзінің жаны бар ақиқат. Жәкең «иісі қазақ» және шығармашылық орта жиналған «Орталық Қазақстан» газетінен, Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ театрынан, Қарағанды мемлекеттік университетінен, қаладағы екі қазақ орта мектебінен шықпайтын. Жәкең үшін Қарағанды мемлекеттік университеті, оның бірінші ректоры, академик Евней Арыстанұлы Бөкетовпен кісілік қатынастарын, Шәкәрім өліміне қатысты бірлескен материалдардан білуге болса, ал филология факультеті және онда жұмыс істейтін профессорлық – оқытушылық құрамы және студенттермен ерекше қарым қатынаста болды, Жәкең үлкен құрметпен,әсіресе, филология ғылымдарының докторы, профессор Задан Тасқалиұлы Жұмағалиевке ағалық кеңестерін аямайтын, белгілі әдеби сыншы - ғалым Бақыт Кәрібаеваға деген ықыласы шексіз еді, олармен әдебиетке қатысты сағаттап сөйлесуге жалықпайтын жазушы Жәкеңді көрдік. Нұра өңірінен шыққан талантты қазақ жазушыларының бірі Қанат Жойқынбектегі ақын Еркеш Ибраһим (Ебікенов) арналған «Ақын өмірінің беттері» естелік эссесінде: «Күз туа Еркеш қайтадан ауруханаға жатып қалды. Содан тұрмады. Бұл жолы бүйрек ауруы қатты қозып, ол дүниенің есігіне жақындап қалғанын Еркештің өзі де сезгендей еді. Соңғы бір

жүздескенде қоштасқандай рай танытты. Еркешпен соңғы тілдескендер арасында Жазушылар Одағының Қарағандыдағы төрағасы, марқұм Жайық Бектұров та бар болатын. Бұл екеуі ата –қоныстары жақын Көкшетау мен Ақмола облыстарының шекарасында туған, сырт көзге онша жақындықтары байқалмаса да, бірін –бірі іш тартып жүретіні сезілетін» деп еске алып жазады. Ал ұстаз, ақын Мәпіш Шәріпова Жайық Бектұров туралы: «Жәкең әрқашанда

айналасында әдеби орта жасағысы келді, әдебиеттің ағартушылық қызметін жақсы білетін, әдебиетші адам еді» десе, ал Жайық Бектұров Мәпіш апайдың ақындық талантын, өлеңді әйел, ана жүрегімен жазатынын бірден байқап, 1976 жылдың күзінде «Мәпішті тек ұстаз деп жүрсем, үлкен жүректі ақын» деген ақ лебізін жазып білдірді. Жайық Кәгенұлы орыс тілінде де майын тамызып жазатын, оның материалдары «Простор» журналында, «Индустральная Караганда» газетінде жиі жарық көретін. «Индустриальная Караганда» газетінің қоғамдық саяси және идеология бөлімін басқарған Екатерина Борисовна Кузнецовамен тығыз шығармашылық қатынаста болды, «КарЛАГ» лагері, сталиндік қуғын -сүргін құрбандарына байланысты шығармашылық қатынастары үлкен сыйластыққа ұласты. Екатерина Борисовна Жайық Бектұровты құрмет тұтты. Сол кездегі Қарағанды мемлекеттік медицина институтына ректоры, дәрігер - ғалым, енді біржағынан суретші, әдебиетші Мақаш Әлияқпаров «Жайық мінген қайық» атты кітабы Бектұров өмірінің зобалаң жылдарына арнады. «Орталық Қазақстан» газетінің б ас редакторлары болып жұмыс істеген Нұрмұқан Оразбеков пен Төлеубай Ермекбаев «Егемен Қазақстан газетінде «Адамдар. Жылдар.Тағдырлар» айдарымен жарияланған «От өрім өмір» атты көлемді мақаласында совет үкіметінің құйыртқы құпиялары қалың жұртшылыққа ашылмай тұрған кезде Жайық Бектұров «Өрт пен дерт, «Дәлел мен дерек», «Дала уәлаятының мақтанышы» атты тарихи очерктерінде Кенесары қозғалысын, Әлихан Бөкейхан туралы және ұлт көсемінің ұлы Абай өмірі туралы орыс тілінде жазылған ғұмырнамасын бірінші жариялағаны туралы жазғанын атап өтеді. Жайық Бектұровтың жанында әдебиеттану саласындағы ғалым інілеріне толы болатын, филология факультетінің декандары Болат Әбішұлы Байтанаев, Жәкеңнің ұлы Жәнібек Бектұровтармен бірге, филология ғылымдарының докторы, профессор, ал сол кезде Тұрсынбек Кәкішевтің аспиранты Жандос Қожахметұлы Смағұловта болатын, Жәкең жас ерекшеліктеріне қарамастан қазақ әдебиеті тарихының мәселелелерін барынша ашық талқылайтын.

«Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің ұлт мүддесін көтерудегі орны» атты зерттеу еңбегінде филология ғылымдарының докторы, профессор Жандос Смағұлов: «Жайық Бектұровтың қалам тартпаған саласы, қоғамның қозғамаған мәселесі кемде кем. Халқымыздың мақтан тұтар ұлт зиялылары жайында тереңінен қозғап, оларды оқырманға таныстыру жағынан үлкен еңбек атқарды, өзінің тынымсыз еңбектерінің арқасында өзі де ұлт зиялыларының қатарына қосылды, Алашым дер ардақты азаматтардың бірі болды», -деп жазады.

Қасым жоқтаушысы

Қазақстан Республикасының Министрлер Кеңесі 1991 жылы «Қасым Аманжоловтың 80 жылдығын атап өту туралы» қаулысын қабылдады, Қарағанды облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары Рымбала Кежебалақызы Омарбекова бастаған топ бірнеше ай ішінде шұғыл жұмыстар атқарды, бұл істі күзге қалдырмай, мамыр мен шілде аралығында, ақынның туған ауылында ең бірінші ескерткіш бюст орнатты, Қасым мерекесін өткізді. 1991 жылғы шілденің 4-і Қасымның мерейтойына келген ақын - жазушылар, қонақтар облыстық атқару комитетінің ғимараты алдына жиналып, үш автобус пен және жүк машиналарға бірнеше киіз үй артып, Қасым ауылына аттанды. Ішінде Сақыпжамал апай, Дариға апайлар да бар. Алматыдан келген жазушылар мен ақындардан тұратын топ Қарқаралы бауырайына аттанды. Жәкеңді сол кезде барушылар қатарынан көре алмадым, артынан бір жүздескенімде : «Сендер, Қасым, Қасым деп жүгіріп жүрсіңдер ғой, Қасым әруағы маған өкпелемесін, мен Қасымның 60 жылдығында, 70 жылдығында өзім өткіздім» деді. Ұлы Қасымның 90 жылдығы да, 100 жылдығы да бұрынғылардан гөрі әлде қайда үлкен аумақта, ел болып атап өтілді. Қасым есімі өлеңдерімен мәңгі қалды. Жәкең үстінде айтқандарымен Қасым құрдасының, Қасым досының аруағына берік қалғанын жеткізді. Жәкең Қасымның шын жоқтаушысы бола білді. Қасымның туған топырағы Қарқаралыға оралуына Жәкеңнің еңбегі орасан зор және шексіз.

«Билік қазақтың ұрандатқанын ұнатпайды»

Қарағанды қаласында Жамбыл, Доскей, Сәкен, Сәбит Мұқанов, Саттар Ерубаев, Қаныш Сәтбаев, Әлімхан Ермеков және Н.Гоголь даңғылдары мен көшелері болса, ол Жайық Кәгенұлы арқасында қойылған көшелер десем

еш артық кетпеймін, Жәкең өткен ғасырдың 60 – жылдарынан Қарағанды көшелерінің қазақ тілінде қойылуы үшін күрескен адам. 1993 жылы қыркүйекте біздер 81 жастағы қария Жәкеңді облыс әкімінің қаулысымен Қарағанды облысының тіл басқармасының алқа мүшесі, ономастикалық комиссиясының мүшесі етіп кіргіздік. Жәкең айына екі рет өтетін Тіл басқарамасының алқа отырысынан қалмайтын. Небәрі 2 жыл 10 ай жұмыс істеп, үш жылға жетпей жабылған алғашқы Қарағанды облысының Тіл басқармасы көптеген жұмыстарды абыроймен атқарды, жетпіс жылғы тоң сеңді бұзды. 1993 жылы бірінші басшылары мен орынбасарлары түгелдей басқа ұлт өкілдерінен тұратын облыстық басқармалар мен бөлімдердің саны 90 проценттен асып жығылатын. Қазақ тілін енгізуді сылтауратып қалалар мен аудандарда қазақтандыруды ашық жүргіздік, қазақ тілін білетін, қазақша сөйлейтін басшы санын кем дегенде 50 процентке теңестіруге, басшылықта қазақ ұлты жоқ басқармалар мен бөлімдерде қазақ ұлтының өкілдерін (қазақ тілін білмесе де) басшылық қызметке кіргізуді ашық талап еттік. Қалалық және аудандық «Қазақ тілі» қоғамының жанашырларымен бірлесіп, мемлекеттік орган тұрғысынан білім беру органдарының алдында қазақ мектептерін ашу мәселесін қойдық, өз шешімізді бақылауға алдық. 1994 жылдың күзінде қазақ мектептерінде оқимын деушілердің саны күрт 86 процентке өсті, бұл өз кезегінде қалалар мен аудандарда қазақ мектептері мен кластарын ашу мәселесін күн тәртібіне қойды. Қысқа (апталық) жедел аудармашылар курстарын ашып, оқытып, жүздеген кәсіпорындар мен ұйымдарға аудармашылар жібердік.1995 жылы Қарағанды облыстық еңбекпен қамту орталығының (бастығы Серікжан Қанаев) мәліметі бойынша 196 мекеме мен кәсіпорынды аудармашылармен қамту туралы ақпар алдық, бұл - тіл саясатының Қарағанды облысында сілкінген кезі еді.... 1996 жылдың наурызында Қарағанды облыстық Тіл басқармасы жабылды, «жойылды» десе де болады, жергілікті басқару органдарының құрылымдары туралы үкімет қаулысында облыстық тіл басқармаларына орын болған жоқ. Сол сәтте Жәкең: «Сендердің жойылатындарыңды біліп едім, тым ұрандатып кеттіңдер, биік қазақтың ұрандатқанын ұнатпайды. Абайдан күштісіңдер ме, қазақты түзетіп алатын, әлде Сәкеннен күшті ме едіңдер?! Сәкенде қазақ тілінде іс жүргізем деп атылып кетті емес пе? Қазақ тілі қазақтың тілі болуы үшін, тағы бір жетпіс жыл керек, қолдағы бардан айырылып қалмай жүрсек, соның өзі неге тұрады!» деп ашуланып тұрып

айтты. Жәкеңнің «жығылғанға жұдырықтай тиген» бұл сөзіне өкпелемедім, өйткені шежіре ақсақал қаламгер ащы шындықты айтып еді. Бұл 1997 жылдың қыркүйегі еді. Қарағанды университетінің бұрынғы ғимараты (қазір «Болашақ» университеті орналасқан) маңдайшасына Қарағанды педагогика институтының бірінші ректоры, педагог Сейтқали Баймурзинге ескерткіш тақта ашу салтанаты алдында Жәкеңмен болған соңғы жүздесуім еді.

Салауат Кәрім,
Adebіportal.kz,
2016 жыл

ӨНЕР ТАНУ ӨНЕГЕСІ

академик, сыншы Мұхамеджан Қаратаев 80 - жаста

Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі, сыншы Мұхамеджан Қаратаев 80 жасқа толды, ал соның алпыс жылға жуығы әдебиет тануға, әдебиет сынына арналған. М.Қаратаевтың ұлан ғайыр ғылыми және әдеби сыншылық шығармашылығының қазақ әдеби сынында алатын орны бөлек. Мұхамеджан ағаның қаламынан туған 40 - тан астам еңбек кітапты қазақ әдебиеті тарихының шежірелері деуге толық негіз бар. Мұхамеджан Қаратаевтың ғылыми және әдеби шығармашылығы отызыншы жылдардың басынан басталды. Мұхамеджан Қаратаев өзінің студенттік кезін суреттейтін Сәкен туралы жазған «Асқақ аға» мақала естелігінде: «Сәкен бізге қазақ әдебиетінен дәріс оқыды. Тек қана дәріс оқыды десек онда ұстазымның көп қырлы ролін жете бағаламаған болар едім. Ол бізге толық мағынасында және ең қадірлі де, қасиетті де мағанасында ұстаздық етті, көп ретте үлгі, өнеге көрсеткен адам еді» - деп еске алады. Сәкеннің тәрбие мектебінен, ал бертін келе қазақ халқының әлеуметтікмәдени дамуына үлес қосқан басқа да шәкірттері сияқты ұстазының өнерді халыққа насихаттау туралы ұлағатын Мұхаңда абыроймен өтесе керек. Маркстік – лениндік методологияға сүйену, Ұлы Октябрь революциясынан кейінгі рухани мәдениет дамуының өзекті мәселелесі болды. Социалистік өмірдің, совет адамының жан дүниесін, сана - сезімін көрсеткен жаңа ұлттық социалистік әдебиеттің туу заңдылықтарын, оның принциптерін игеру жас қазақ әдебиетін қатты толғандырды. Осы кезеңде жас сыншы Мұхамеджан Қаратевтың еңбегі туралы қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының тарихын зерттеген «Оңаша отау» еңбегінде профессор Тұсынбек Кәкішев былай дейді: «Жаңа әдістің сырын ұғыну, эстетикалық талап тілегін түсіну, оны қалай басшылыққа алу керектігін тануда М.Қаратаев білімдарлық көрсетті, өскен эстетикалық мәдениет сілімін танытты». Қазақ әдебиеті

сыны тарихының отызыншықырқыншы жылдардағы маркстік-лениндік әдісті игеруде, ұлттық сынның өзіндік ерекшелігін қалыптастыруда

Мұхамеджан Қаратаевтың өзіндік қолтаңбасы қалдырып, оның сол кездегі сыншылық бағыттағы еңбектері дәлелдеп көрсетеді. 1937 жылғы мамыр айы. Қазақстан Жазушылар Одағының Пленумында сол кезде 27 жастағы Мұхамеджан Қаратаев

«Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері» туралы баяндама жасайды. Бұл баяндама қазақ әдебиеті сынының болашақ міндеттерін ой елегінен өткізге, ертеңіне көз жіберген баяндама болды. Миллиондардың тағдырын сындырған сталиндік зұлмат Мұхамеджан Қартаевтың өмірінде де қалың қасыретті жылдардың ізін қалдырды. Ғалым ғұмырнамасында үңірейіп тұрған жылдар Мұхаңды сындыра алмады. Елуінші жылдар аяғындағы М.Қаратаевтың ауқымды ізденістері ғылымға, әдебиетке қайта алып келді, Ілияс Жансүгіров өмірі мен өнеріне арналған әдеби кітап беттері Мұқаңның ғылымдағы қайта жаңғыруына айналды. 1974 жылы Мұхамеджан Қартаевтың үш томдық шығарамаларының жинағы жарық көрді. Сол жылы ғалым, әдебиетші, сыншы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Бұл оның қажырлы еңбегінің әділ бағасы еді. Көп жылдар бойы «бірінші сыншы» атанған М.Қаратаевтың әдеби сын шеберлігі туралы еркеше әңгімелеуді қажет етеді. Қазақ әдеби сынының эстетикалық талғамының өсуіне, кәсіби қалыптасуына, сынның өміріміз бен әдебиет ағысының процестерін ұштастыратын күшке айналуына ғалымның қосқан еңбегі шексіз. Мұхамеджан Қаратаевтың әдеби сын қаламына ілікпеген, зерделі зерттеуінен өтпеген қазақ қаламгерлері жоқ сияқты: Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Тайыр Жароков, Асқар Тоқмағамбетов және тағы басқалар туралы, бұл тізімді шексіз жалғастыра беруге болады. Мұхаңның дос жүрегі өзімен қатарлас, замандасына сүйіспеншілігін көрсеткен «Ұстаздардың ұстазы» мақаласында академик Қажым Жұмалиевтің ғылыми өмірін баяндай келіп, оның тамаша ақындық талантын терең зерттеуге алып қарағанында еске алуға болар еді. Сыншының жастар туралы жазуы – әрине, олардың болашағына жол сілтеу және жол ашу болып табылады. Олай болса жастардың творчестволық бастау кезіндегі Мұқаңның ықыласы, әділ жазылған сынымен бірге жанашырлыққа құрылуы, оның әдеби сынындағы көзге көрінетін қасиеттер. Сыншы бойындағы тағы бір айтуға тұрарлық қасиет - әдебиетшілердің намысына және талантына жауапкершілікпен қарауы дерлік. Қазақ әдеби ойы, әдеби сыны - әдеби процеске, халықтың санасы мен талғамына, қазақ елінің әлеуметтік мәдени қалыптасуына үлкен септігін тигізді. Әдебиеттану ғылымы мен әдеби сынының толысу, даму шағында, оның әрқилы тарихи даму тенденцияларын айқындап, тарихи дәстүр

қасиеттерін насихаттауда, оның ертеңгісін ұштастыруда академик Мұхамеджан Қаратаевтың ғылыми және әдеби шығармашылық еңбегі өлшеусіз. Халыққа қызмет етудің жолдары мен амалдары да жетеді, ал өмірін халықтың қажетіне бағыштаған ірі ғалым тұлға М.Қаратаев өмірлік тұжырымдары оның рухани кәсіби еңбектерімен сабақтастықта келеді дегіміз келеді.

«Қарағанды жастары» 1990 жыл, қазан

ОЙЫМ ОЛ –ӨЛЕҢІМНІҢ ЖҮРЕГІ ҒОЙ.

(«Жалын» баспасынан жарық көрген «Самал атты екі ақынның
топтама жинағындағы қарағандылық ақын Оңайгүл Тұржанова өлеңдері
хақында)

Соңғы жылдары «Жалын» баспасынан жас ақындардың жинақтары көптеп жарық көріп жүр, бұл жақсы дәстүр. Саралап байқайтын болсақ, өмір тіршіліктері, өскен орталары, тәлім - тәрбиелері, мінез құлқы бірбіріне ұқсап жатқан жас дарындардың толғаныс толғаулары мен өлеңдегі ізденістері әрқилы және әртүрлі екенін көрсетеді. Демек, жас ақындардың шығармашылық өтпелі кезең шағында тұңғыш кітаптары, олардың бағыт – бағдарына, ақындық тұлға жолындағы қалыптасуына үңілуге мүмкіндік береді. «Жалын» журналының Төлеген Айбергенов атындағы жүлдесінің тұңғыш жеңімпазы Оңайгүл Тұржанованың өлеңдері республика, облыстық баспа беттерінде жарық көріп жүрсе, енді, міне «Самал» атты жинақта Қайрат Әлімбековпен бірген топтастырған кітапша Оңайгүлдің тұңғыш дебюттік кітабы өлең оқырмандары назарынан тыс қалмады. Осы орайда Оңайгүл Тұржанованың алғашқы өлең кітапшасына «Орталық Қазақстан» газетінің 1990 жылғы 12 наурыздағы номері бетінде ақын Серік Ақсұңқарұлы кәсіби бағасын берді. Тағылымы үлкен қазіргі қазақ поэзиясына келетін ақындардан тынымсыз еңбекпен және кәісби ерекше дайындықты қажет ететін әдебиет саласы, оның үстіне қазақ поэзиясы тамыры терең, ұлағаты мол – дәстүрлі поэзия. Қазақ поэзиясының төмен болса да оның талаптарынан шығу қаншама өлеңге жақынбыз десек те, ойында, жүрек сыр –сезімдерінде сырлы көркем сөзбен ұйқастыратындар ғана қолынан келетін, А.С.Пушкин айтқандай: «Поэзия - қастерлі өнер» . Осы тұрғыда Оңайгүлде қастерлікке, ең бастысы жауапкершілікпен, адамгершілікпен, азаматтық сезіммен қарайтын ақын екендігін жақсы шыққан жинағының лирика беттері көрсетеді: Өмірді менде, өзімше ұғынамын, Содан ба, жүрегімнің мұңы қалың. Адамдар тағдырынан туындайды, Менің мынау нәзіктеу жырым, әнім. Осы өлең жолдары сипаттағандай нәзік поэзия иесі Оңайгүл ақынның өлеңдері адам тағдырларынан туындап, өмірдің сан алуан мәселелерімен

сабақтасып, ақынның философиялық ой пікірлері өмір шыныдығымен ұштасып жатады. Жас өмірбаян, балалақ және жастық шақ, азаматтық толғаныс, табиғат, туған жер, ел тақырыбы бағытындағы өлеңдерінің қалпын құрап, адамшылық тұтастықта көрінеді, албырт жас ақын жүрегінің соғысын байқайсыз. Поэзия туралы толғанбайтын ақын жоқ шығар, Оңайгүл Тұржанова : Ойым ол - өлеңімнің жүрегі ғой, Айырсам жүрегімнен не болады? – деп бүкіл өлеңдерін ақыл ойға, парасат құшағына жібереді, лирикалық ізденістерге қол жеткізеді. Оңайгүл өлеңдерінде табиғат пен қоршаған орта көп жырланады. Лирикалық образ табиғатына: «Бозінген», «Ақмарал», «Тұлпарлар», «Сыңар киік» атты өлеңдері арқылы жан - сезіміне, тіршілік қасиетіне жанама образдар жүйесімен үңіледі. Ақын «Сыңар киік» өлеңінің соңында: «Адамбыз ғой, сондықтанда қорғайық біз, Тіршіліктің тағдырын тағылықтан» - деген дауыс көтеріліп, баршаға табиғат мәселелеріне назар аударуға, өзінің жантолғанысын аңғартып аяқтайды. Оңайгүл ақындық тұлға ретінде азаматтық позициясы қалыптасқан ақын екендігін байқатты. Мысалға, ақын өлең шумақтарындағы: «Алданған жанда обал жоқ, алдаған жандар обалсыз», «Түсінбейтін жандарға, мұңыңды шалып жылама», «Өз анаңды қадірлей білмеуден сақтасын» деген өлең жолдары өлең идеясы мен рухындағы оңды құбылыстар. Ақын әлеуметтікқоғамдық мәні зор жоталы мәселелер маңында, бүгінгі күннің, ұрпақтың әлеуметтік – қоғамдық бейнесін сипаттайтын лирикалық ізденістерге толы. «Мұңы бар сенде» деген өлеңді оқып көрелік: Көңілдің, сірә , болар ма оның бір күні, Ұқпаймын, бірақ сендегі мұңсыз күлкіні, Көктем гүліндей бейнеңе жарасып тұрар, Жастықтың ойлы шағы жоқ сенде бұл күні.

Соры да емессің, ешкімнің бағы да емессің, Жалындап тұрған жазира шағы да емессің. Тола да алмай, арманда таусыла да алмай, Соңында жүрсің әйтеуір, сағым елестің. Жинаққа осы өлең үлкен эстетикалық сән берсе, оқырманға терең мән ұсынады. Ұялатын жерде безеретін, адамның қайғысына ортақтаса алмайтын арақ ішіп, ар сатқан, тойғанына қарық болып, қарадүрсіндік салған сорлы бейне меніңше, бұл өлеңде жоқ, сүйкімділік, парасаттылық,

салиқалы сыр, мұң ақын өлеңінде поэзия өнерінің қасиеттеріне тән жақын өлеңдік келісімдер. Нәзіктік пен жүрек жалыны - махаббат символы болса, осыған қарама қарсы махаббат өкініші, адам қайғысы, махабаттың жоғалуына булыққан ақын: Өмір мынау, Сан тарау, сан ағысты, Өкінішің үн түнсіз жанады ішкі. Жалғыз жүрек - ол да бір таусылған көл, Таусылған көл тағдыры аянышты, – деп адам, табиғат трагедияларын тіршілік пен өмір, махабат проблемаларымен ұштастырады. Соғыс қасіретіне және Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған бірнеше өлеңдері мен «Ерлік» атты балладасының көтеріп тұрған жүгі ауыр: Жер – ананың төсінде, Оқ жауды ғой нөсерлеп, Ал «Тұлпарлар» өлеңінде «Жаралы өмір ілбиді көз алдында, Сықырлаған ескі арба сияқтанып» - тосын эпитет, табылған теңеу ақын тапқырлығы деуге болады. Оңайгүл жырларында ең көп ұшырасатын образ сөздер – жаңбыр мен нөсер. Талантты сыншы Тұрсынжан Шапаев «Ой түбінде жатқан сөз» («Жұлдыз» журналы 1987 жылғы №4 номері) атты мақалада: «Ақын Темірхан Медетбековтің екі өлеңінің бірінде қолданатын сөз найзағай, ол ақынның ішкі әлемінің шарпысы, жан бұлқынысының өлеңдегі отты ізі, ирек жарқылы – дейді. Белгілі сыншы айтқандай Оңайгүл Тұржанова өлеңдеріндегі жаңбырнөсерді іздейікші: Тоқталмастан бір нөсер жауды бүгін, Нүркеннің сағынышы емес пе екен?! («Нүркен сағынышы»)

Дала жатыр қарсы алып таңды мына, Шомылады көктемнің жаңбырына («Сыңар киік») Жинақтап шексіз ойды от денеге, Құйсам –ау нөсер болып көктемде де («Таң атып») Байқап тұрсаңыз Оңайгүлдің образ сөзі - нөсер. Оңайгүлдің ішкі пәк сезіміндей нөсерлеп тұр.

Жинақта табиғат туралы өлеңдер көп орын алады деген болатынбыз, онда адам жанының табиғатпен жақындығын, туған ел сұлулығына сүйіспеншілігінен, әрине, ол өлеңдер «Маңғыстау», «Өзен», «Нұра еді -ау» өлеңдері әркімді ойландырып, кейде табиғат құшағына сүңгітеді. Қазіргі қазақ поэзиясының үрдісінде қалыптасқан, әсіресе ақындық тұлғаны жариялайтын, ақындық мақсатты, ақындық табиғатты сипаттайтын ойлар Оңайгүл Тұржанова өлеңдерінде орын алады, меніңше, оның өзіндік ерекшеліктері, ақындық даралықтың айқын белгілері бар: Табанымнан таусылып сені оқимын, Өзімді де оқытам мен өзіңе - десе, тағы бір жерде: Тұлыма толқын жүгіріп, Самалмен ойнай жүйіткіп, Көрінген затқа сүрініп, Құлаудың өзі – биіктік! Тағы біреуі: Тау бұлағы секілді ойнақы емес, Жай ағыспен келемін баяу ғана. Өлең әрқашанда ой мен сезім нәрестесі. Оңайгүл өлеңдері ойы мен сезімтал жүрегінің тұтастығында көрінеді. Сөзсіз жас ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы, оның ақынның ішкі мүмкіндіктері мен әдеби қуатын, ойлау шеңберінің өрістілігін көрсетеді. Оңайгүл Тұржанованың ақындық жолы алда, сондықтан сұлу, нәзік және оттай жанған лириканы әлі де күтеміз деп аяқтағым келеді.

«Қарағанды жастары» газеті,
1990 жылғы 16 қараша

«ӨЛЕҢІМ АДАМДАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТСЕ»....

деген ақын Дәулет Сәтібековті еске алу...

Айтыскерлік өнерімен, ақындық шығармашылығымен Қарағанды облысы мен Жезқазған өңіріне танымал болған, бес жыл бірге оқыған құрбым Дәулет Ырысбайұлы Сәтібеков көзі тірі болғанда биылғы жылғы қарашада 50 -ге толар ма еді.

2009 жылдың мамыр айында Дәулеттің жары Мереке: «Жігіттер жиналып, Дәулетті еске алды, университетте өлеңдерін оқыды, газетке жазды, өзің болмадың, үндемей кеттің ғой?», - деп айтқан өкпесінің жаны бар еді. Алланың жазғанына көнеміз, артының қайырын берсін, тағы да Мереке өзіңе, Келбетке, Мәдинаға, Ахметке Алла жар болсын, Алла қуат берсін деймін. - Мереке, сол тұста сенің жанарыңнан Дәулетті сағынып жүргеніңді көрдім. Үндемей кетсем Дәулетті ұмытқаным емес, Дәулет әрқашан меніңде жүрегімде, оны танығандардың, жақсы көрген досжорандарының, өскен елінің де есінде деп білемін. Дәулет екеуміз 1985 - 1990 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінде бір курста бірге оқыдық. Ол Дәулеттің өлеңге талпынған, өлеңге құштарлығы туған, поэзияның сырын ашқан, шығармашылыққа құлаш сермеген жылдары болды. Сол кезден бастап Дәулет өзін «қиыннан қиыстырар ер данасы» ақындық өнерге әзірледі. Студент жылдары Дәулет облыстық және республикалық айтыстарға қатысып, өзінің ақындық қабылетін шыңдады, поэзияда мүмкіндіктерін көрсете бастады. Айтыс өнерінің қайта оралуына, сол кезде, (1986-1990 жылдары) Қарағанды облысында айтыс өнерінің жаңаша қанат қағуына ұйытқы болған, 1983 жылғы республикалық «Жігер» шығармашылық жастар фестивалінің поэзия саласындағы лауреаты, ақын Қуаныш Мақсұтовпен бірге жүрді, сол кездегі айтыс ақындары: Бекмұрат Сарлыбаев, Қойлыбай Асанов, Жанат Бекішев, Қарлыға Тасубаева, АйгүлТүсіпбекова және теміртаулық айтыскер ақын Қасым Ботановтармен, осы ілекке артынан қосылған, танымал болған айтыскер ақын Аманжол Әлтаевтармен бірге айтыстың басы қасында жүрді. Дәулет Сәтібеков Қарағанды мемлекеттік университетінің «Балауса» әдеби шығармашылық жастар бірлестігінде жазған өлеңдерін оқып, поэзияның сыры мен сынына араласты. Бір кезде әдеби бірлестіктің поэзия бөліміне жетекшілік етті. Оқып жүргенде Дәулет

махаббатын, бақытын кездестірді, жары Мереке екеуі 1988 жылы қосылды, тұңғышы, қызы Келбет дүниеге келді. Өлеңім адамдарға қызмет етсе, Олардың жанына демеу болса, немесе Шипалы болса, шырылдап жүрген жандарға, Қара өлеңім қамалын бұзсын қайғының, және Толғатып жүрек туса екен деймін есті өлең», – деп жазған Дәулет Ырысбайұлының өлең жолдары, ақындыққа, адамгершілікке, азаматтыққа, арманға, жүрек сезіміне толы екенін артында қалған екі өлең жинағы көрсетеді. Дәулет дипломдық жұмысын Мұқағали Мақатаев өлеңдерінен, лирик ақын поэзиясын зерттеп қорғады. Дәулет поэзияның басты мақсатын жақсы білді. Мұқағалиды аса дара тұтты, ұстаз көрді, бірде Дәулет: «Мұқағалиді түсіну үшін Мұқағалидің жанындай жаның сыздамаса, жүрегің ауырмаса, жаның оның жанындай күйзелмесе оған (поэзияға) жақындай алмайсың, оның өлеңдеріндей өлең туғызу үшін сөз құрастыру, құрастырма жеткіліксіз...» дегені есімде қалды. Мұқағали ақынға ұқсас болу, тағдырлас болуды Дәулет өзінің өмір жолына, өзінің тағдырына енгізгендей болады да тұрады: Жаратқан иең, жасаған, Тағдырыңнан аса алмай, Көнесіңде қоясың. Жанарыңа жас алмай. Маңдайыңа жазылған, Мықты жазу бар екен, – деп Дәулет өзі жазғандай маңдайына оның жазылғаны қысқа ғұмыр екен. Бірақ қысқа өмірі артында Дәулеттің мазмұнды және мәнді өлеңдері мен әндері қалды. Дәулет өлеңнің, поэзияның, қазақ лирикасының табиғатын және тарихын терең меңгерді, Абай, Шәкәрім, Мағжан, Жұмекен мен Мұқағали шығармашылығын сүйіп оқуымен ғана қоймады, өлеңді насихаттауды, елге жырлап жүретінді ұнататын. Дәулет қазақ өлеңінің танымдық және тәрбиелік қасиетін жоғары қойды, өзі де шынайы ақындық өнерге талпынды. Қызмет істеп жүрген жылдары редакциялық шырмауық жазудан гөрі адам, өмір, қоғам, тіршілік әрқашанда өлең түрінде оның ойында жүрді. Дәулет айналасын, қоғамды өлеңмен түзеткісі келді, оған кім көнеді, ол - шын мәніндегі ақындықты көздеді. Мұқағали ұстазы сияқты мұңайып жүріп, елге сырын тартты, Қасым ақынша қасқиып, құрысып отырып жазды, ішіндегі сырын, өмірді, адам жанын өлеңдерінде ақтарды.

Дәулеттің «Қалғып кетпе» атты өлеңінде терең ой әлеуметтік астарға толы. Елдікке шақыратын «Оян қазақ» ұраны дәстүрлік жалғасын табады. Қоғамда заң мен тәртіп жоғалған, адамдардың өмірінде берекесіздік орын алған қиын кез болатын, қазақ ауылының іргесі сөгіліп жатқан уақыт еді. Елден береке қашып, ауыл шаруашылықтары таратылып, жекешелендіріліп жатқан кез болатын: Айқай шықты, қайта ояндың шошыдың, Қайталанар салмағы аз бос үннің, Айтқаныңның бәрі де жөн секілді, Арты не боп кетеді екен осының. Арттың талай тағдырыңның азабын, Тарттың талай тақсіретін жазаның, Енді оянсаң қалғып кетпе қазағым! - деп елдің ойында жүрген, халқын ауыртып жүргенді Дәулет өлеңіне арқау етті. Ауылдың өмірі де, экономикасы да - мал, мал шаруашылығы. Малсыз ауылда өмір жоқ: Жемі болып жүрген ұранды ойдың, Заманың жайын ескер, жайын ұқ. Төрт мың жылқы жүретін Жұман байдың Жайлауында төрт сиыр жүр жайылып,

Ел, жер сатқан құтылмайды айыптан, Өңірімнің өзгереді тез түр-түсі, Бір-ақ күнде жоқ боп кетті, ғайыптан, Тәттібайдың қалың қар жылқысы, – деп ой салады. Өлеңде қоғамның маңызды мәселесін көтереді білген. Биліктің алдауында қалған кез, ертең түзелер, ертең түзелер деумен жүрген уақытты Дәулет ақын өлеңінде түсіреді. Адамдар ортасында пенде басы - адал, әділ, дұрыс жүрмесе адамға да, қоғамға да қиындық туғызады. Өмірде, қоғамда, пендешілік пен пенденің соңғы орын алмайтыны шын. Заманының сарыны өзгерсе де, Адалына, адамына сөз берсе де, Пенденің құтылмадық қырсығанан! - деп жазған Дәулет айналасын, адамдарды жанындай сүйген адамшыл пенде еді.

«Ұнатамын жігіттердің тектісін», - деп жүретін Дәулет айналасында жүргендерден адамшылық тазалықты, ұлтқа тән кісілік пен тектілікті талап ететін, «Қайда жүрсеңдер де жігіттер, адамшылық және адалдықпен жүрейік!»

- деген оның өлең жолдары қазір де қарапайым сөз болудан қалып баратынын өкінішпен мойындайсың. Дәулеттің дос жорандары көп, баршаға сыйлы, көпшіл азамат еді. Туған бауырларына, аға-қарындастарына, айналасындағылар мен қасындағыларға бауырмал, қамқоршы жан еді, балажан әке болатын. Ортада жүргенде адамның көңілін қалдырмайтын жігіттің серісі едің! Дәулет, сен менің есімдесің, жүрегімдесің, бауырым! Елу жасың құтты болсын, Дәулет ақын! Салауат Кәрім, Qasym.kz, 2014 жыл

ЕСІМДЕ ҚАЛҒАН ЕСТЕЛІКТЕР, ҚОЛЫМДА ҚАЛҒАН

ҚОЛТАҢБАЛАР

Қазақты бөлмеңдер!
немесе Тәттімбет туралы жазған қаламгер туралы

Жазушы Сапарғали Ләмбековтің «Тәттімбет» романына қатысты әдеби басылымдарда, сыншылардың пікірлерді бұрын оқығанмын. Романды толық нұсқасында тек 1994 жылы оқыдым. Жәй оқырманның көзімен қарағанда, тарихи тұлға, сазгер Тәттімбет Қазанғапұлының өміріне арналған роман еліміздің бір ғасыр тарихын қамтыйды. Шоқан Уәлиханов, Құрманғазы, Дәулеткерей, Мұса Шорманов және тағы басқа да тарихи тұлғалар өмірінен көркем деректер берген шығарма ретінде, әсіресе, қазақ күйлерінің шығу тарихы, олардың авторлары Тәттімбет, Құрманғазы, Дәулеткерей жайлы жазушының ой қозғауы, олардың қарым - қатынастары, қазақтың күй өнері туралы тарихы туралы жазылған роман ретінде қабылдадым. Романның тілі көркем, ойы күрмелі, мақал –мәтелдерге бай, қазақ даласының шаруашылық кәсібін, сол кездегі сұлтандық басқару жүйесі мен Қарқаралы тарихын жанжақты көрсеткен шығарма ретінде қабылдадым. Сапарғали аға Тәттімбеттің өмірі мен өнерін терең ашып көрсетті. Осы шығарма арқылы, Сапарғали ағаны еңбекқор, қарапайым, үлкен әдеби ортадан тыс шалғайда жүріп ақ, қазақ тарихына, әдебиетіне зор үлес қосқан жазушы деп таныдым. Мен Сапарғали ағаны, бұрын студент кезде сыртынан естіп, «Тәттімбет» романынан кейін көркем жазған материалдарын оқып жүргенім болмаса, бұрын көрген емеспін. 20012002 жылдары «Азия Транзит» әдеби –көркем және танымдық альмағында бас редактор қызметінде жүргенімде басылым таралымын көтеру, журналдың сатылым қабылетін арттыру мақсатында біраз жұмыс атқардық. Журнал бір жылдың ішінде коммерциялық басылымнан кәдімгі республикаға таралатын, әдеби – көркем және танымдық – публицистикалық басылымға, адамдар жаздырып алатын (500 данаға жазылды), тарылымы 3 мыңнан 5 мыңға дейінге жеткен, өзін өзі ақтайтын журналға айналды. Альманах түріндегі журнал республиканың орталық – солтүстік және оңтүстік, батыс аймақтарына тарала бастады, Алматы мен Астана қалаларының баспасөз киоскілерінде сатылды, басылымның әдеби - көркемдік, тарихи, танымдық сапасын көтеру үшін танымал және аты шыққан қазақ жазушылары мен ақындарының, шетел классиктері мен жазушыларының шығармаларын, жергілікті таланты қаламгерлердің шығармаларымен қоса журнал бетінде жарияладық. Журнал бетінде елге танымал авторлардың рұқсатын алып, олардың романдарынан,

повестерінен үзінділер беріп тұрдық, ондаға мақсатымыз шығарманың тартымды жерлерін оқырманға ұсына отырып, басылымға тарту, журналға қызығушылық тудыру, екіншіден, басылым Қарағанды облысының деңгейінде қалып қоймас үшін еліміздің барлық аймақтары мен өңірлерін қамтуға тырыстық, бұл өзімізше жасалған айла тәсіліміз еді. Осы мақсатта Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз» тарихи романынан Аңырақай шайқасы алдында сұлтандар мен батырлардың бас қосқан жерлерін суреттейтін үзінді бердік, осы мақсатта классик жазушы Қабдеш Жұмаділовті Қарағанды қаласына үш күндік сапармен қонаққа шақырдық, жазушы Сапарғали Ләмбековтің «Тәттімбет» романынан Тәттімбеттің, Шоқанның, Мұса Шорманов, Жаяу Мұса мен сазгер Дәулеткерейдің Александр ІІ патшаға жүрер алдында бас қосқан жерлерінен үзінді, Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығы қарсаңында жазушы Берқайыр Аманшиннің «Махамбеттің тағдыры» романынан Жәңгір хан ордасы мен оның айналасы туралы бөлімдерінен үзінді жарияладық. Жоғарыдағыларды айтып отырған себебім, 2002 жылы ақпан айында Сапарғали аға, Қарқаралыдан редакцияға телефон шалып, басылымның әдеби көркем бағытына риза екенін айтып, «Тәттімбет» романынан алынған үзіндінің тарихи растығы, негізділігі, өзінің көп жылдар архивтерді шарлағаны туралы жеткізе келіп: «Айналайындар, қазақты бөлмеңдер, журнал қазақты біріктіруге қызмет етсін!» деп аяқтады. Енді міне, «Орталық Қазақстан» газетіндегі жазушы Сапарғали Ләмбековтің бұл дүниеден өткені туралы некрологты көріп, жүрегіммен қайғырып осынау мақаланы жазып отырмын. Жатқан жеріңіз жарық болсын, Топырағыңыз торқа болсын, Сапарғали аға! Әдебиеттану алыбы

Қазақ әдебиеттану ғылымы, әдеби көркем сыны – бұқараның әдеби ой талғамын ғана емес, жалпы қазақ халқының рухани - мәдени өсуіне, кемелденуіне ерекше үлес қосып келе жатқан ғылым саласы. әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің профессоры, ғалым, жазушы Тұрсынбек Кәкішев бүгінгі таңда қоғамдық қайраткерлігімен ғана емес, көп жылдар бойғы әдеби ғылыми еңбектерімен халқына танымал тұлға. Тағдыр маған бірнеше рет, атақты ғалыммен жүздесуге және кездесуге мүмкіндік берді. Ғалым Тұрсынбек Кәкішевті 1985 жылы бірінші курста лекцияларын тыңдап, қолтаңба алдым. Тұрсынбек Кәкішев «Поступь» деген

орыс тілінде шыққан кітабына: «Еліңнің үлкен азаматы бола біл!» деп қолтаңаба қойды. Бұл Тұрсекеңмен бірінші кездесуім еді. 1988 жылы Сәкен Сейфуллиннің 95 жылдығына және «Мағжан Жұмабаевтың, Ахмет Байтұрсынов пен Жүсіпбек Аймауытовтың творчестволық мұрасы туралы» партия қаулысы шықаннан кейін Қарағанды университетінің филология факультетінде лекциялар оқыды, сол лекцияларды ғалымның айтқандарынан орыс тілінде сұхбат құрастырып, Тұрсынбек ағаға көрсеттім, қосымша тағы оңаша әңгімелестік, Тұрсекең Алматыға қайтар күні орыс тіліндегі «Индустриальная Караганда» газетінде «Огня уголек золотой» деген тақырыпта сұхбатымыз жарияланды. Үшінші кездесу жүздесуім, 2001 жылы ақпанда болды. Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеген, әдебиеттану және сын ғылымдарына зор үлес қосқан ғалым Есмағамбет Ысмайловтың туғанының тоқсан жылдығын әдебиеттану білімі мен ғылымы саласының бұқарасы кең ауқымда атап өтті. Тұрсекең бастаған топ Қостанай, Көкшетау білім ордаларында ғылыми – практикалық конференциялар өткізді. Тұрсекеңнің ұстазы Есмағамбет Ысмайловқа көрсетілген құрметі еді. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде де осындай жиын өтті. Біздің «Азия Транзит» әдеби –танымдық басылымының редакциясыда қалыс қалмады. Сол жолы аталмыш мәжілісте қонақтарды Тұрсынбек аға өзі бастап келді, Тұрсекеңмен бірге әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, әдебиет кафедрасының меңгерушісі Зейнел - Ғабиден Бисенғали, осы кафедраның доценті Өмірхан Әбдіманов, Астана қаласынан Е.Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессоры, белгілі ғалым Дандай Ысқақов, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіннің профессоры, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Мәуен Хамзин, филология ғылымдарының кандидаты Жандос Смағұлов қазіргі қазақ әдебиетінің ахуалы, әдебиетті тану ғылыми үрдістері туралы, атақты зерттеуші ғалым Есмағамбет Ысмайловтың қосқан үлесін терең қозғаған салихалы жиын болды.

Асқар биік –Ақселеу аға

Мәдениеттанушы, жазушы Ақселеу Сейдімбеков «Жұлдыз» журналының 1986 жылғы 12 санындағы «Таным тағылымы» мақаласында: «Сонау VІІІІX ғасырдағы Қорқыттан кейінгі бір мың жыл бойында қасиетті қыл қобыз тілін тістеген үнсіздікте болады да, мың жыл өткен соң XІX ғасырда қайта тірілгендей ұлы Ықыластың көкірегі күңіреніп қоя берді» -деп жазады.

Мен осы сөздерден бастап 2002 жылы қаңтардың аяғында Ақселеу ағадан сұхбат алу мақсатында дайындалып барып: «Сіз, он ғасырдың мәдениетін, осы арқылы қазақ тарихын көз алдыңызға елестете алатын, көре алатын ғалымсыз ғой», - деп Ақселеу ағайға айтқанымда, Ақаң әсем қоңыр, ашық көздерімен күле қарап: «Інім, қазақ мәдениетінің талғамы ғасырлар қойнауында қалды, соны жинау үшін осы Астанаға келдік» деп бастады. жылдың мамыр айында Л.Гумилев атындағы Евразия университетінде өткен «Байырғы түркі өркениет: жазба ескерткіштер» халықаралық ғылыми конференцияға аккредитация алып, басында қатысып, жұмыс бабымен кешке Қарағандыға кері қайтып, Ақселеу ағаны көріп тұрып, мазалауға батылым бармап еді. Екінші рет қараша айында бір іздеп барағанымда әдебиет кафедрасындағылар Алматыда деп жүздесудің сәті түспеді. Тек үшінші рет 2002 жылдың басында қаңтардың соңғы күндері, қаңтардың 29-ы күні болатын, өйткені, Қасым - Жомарт Тоқаевтың үкіметі отставкаға кетіп, Евразия университеті алдындағы көлік жолы тоқтатылып, полициялар жолдан өткізбей, Ақселеу аға екеуміз жолды айналып өткеніміз есімде қалды. Ақаңмен біраз әңгімелескеннен кейін жоғарыда айтқан сұхбат туралы ойымнан бас тартып, әңгімеге дайын еместігімді сезініп, сол бойы бірден әңгімені басқа жаққа бұрдым. Біздің мақсатымыз республикаға таралу және танымал басылым болу үшін танымал тұлғалардың жарияланбаған дүниелері туралы сұрағанымда, Ақаң: «Қазір жақсы дүниелерді орталық басылымдарға ұсынады, әркімнің еңбегі ғой, өзінің құқы» деді. Мен қазір Ақаңның айтқандарын сол күйінде еске алып отырмын, маған солай көрінде ме, әлде Ақаң салмақтылығы сондай ма, әлде Ақаңның ойы басқа да болды ма, тек байқағаным Ақаң сол жолы қатты шаршап тұрғанын көрдім. Қоштаса бергенімде Ақаң: «Інім, Тұрсын (Тұрсын Жұртбаев - автор) осында келді, мынау жерде кітапханасын жинастырып, университет оған зерттеу орталығын ашты, жұмысқа кірісті, егер уақытың болса түстен кейін кел, таныстырайын» деп аяқтады. Ақаңмен осылай таныстым. Қолын алдым, жүзін көрдім, көпірден айналып өтеміз деп бір сағат қасында болдым.

Салауат Кәрім,
Qasym.kz, 2013 жыл

СӨЗ ШЫРАЙЫН КЕЛТІРГЕН

Былтырғы көктем айында өткен айтыс сүйер қалың қауымның есінде ұзақ сақталар, сірә. Төрт облыстың дүлдүлдері бас қосқан аламан бәйге болған. Халқымыздың кіндік өнері, рухани азығы, аштықты да, қырғында да халықтың санасынан өшпеген, халықпен бірге жасасып келе жатқан айтыс өнері сол күні салтанат құрды. Өнерпаздар сайысына әбден риза болған көреремендер әрқайсысына өздерінше баға бере, даурыға тарасып бара жатты. Әсіресе, Қонысбай Әбілевтің есімі ауыздан ауызға көшіп, жүректерге орнықты. Бағзы заманнан бері келе жатқан өнеріміздің бір қадірлісі - айтыс өнері. Сол өнерді аялай ұстап, хас жүйрігіндей баптап, әдемі алып келе жатқан ақын торғайлық Қонысбай Әбілев - бұл күнде республикаға танымал ақын. Соңғы төрт бес жылда оның есімі көрермен қауымның ыстық ілтипатына бөленді. Байсалды оймен, терең парасатпен сөйлейтін Қонысбай ақын қазір нағыз бабында дер едік. Олай дейтініміз өзіміз куә болып жүрген айтыстарда оның «әттеген –ай» дегізген жері жоқ. Қашан да өз ойының лебізіне әділ жауап қайтаратын орамы он толғау сөздің шырайын келтіре, мүдірмей, сүрінбей, алқынбайда, алдырмай әсем шабатын бұл жүйрік Қарағанды көреремендеріне аса сүйікті. Себебі ол соңғы үш-төрт жылда Қарағандыға бірнеше рет келіп, қалалық, облыстық айтыстарға қатысып өнер көрсетіп жүр. Нағыз жүйрікті көргенде бойында талантың ұшқыны бар жастар да оның соңын ақындықтың ұлы күшіне ілесті. Бұл күндері біздің облысымыз да көптеген жас айтыс талапкерлері өсіп келеді. Қонысбай Әбілевтің алғаш рет республика көлеміне танылғаны Кенен Әзірбаевтің жүз жылдығына арналып, 1984 жылы Алматы қаласында өткен айтыс еді. Ол жолы қостанайлық ақын Әсия Беркеновамен айтысып, екінші орынды жеңіп алған еді. Содан бергі жүріп өткен өткен жолының бәріне де ақынның әр айтыс сайын өсіп отырғанын байқаймыз. Ал көкшетаулық халық ақыны Көкен Шәкеевпен айтысып жеңіске жетуі үлкен табыс дер едік, бұл Қонысбайдың айтыстарының ішіндегі ең бір көркемі де әрі биігі болатын. Айтыс –қастерлі өнер. Сондықтанда әр заман айтыскерлерінің сөздерін ертеңгі күнімізге жеткізу, санадан өшірмей келер ұрпаққа өзімізбен бірге ала бару басты борыштың бірі. Оны қағаз бетіне түсіріп, тіпті жеке жинақ етіп басып шығарса да артық болмас еді. Естуімізге қарағанда айтыс өнерінің соңғы төрт-бес жылдағы ең таңдаулылырын жинақтап республикалық баспа шығарамақ. Бұл өте дұрыс бастама. Сондай-ақ қазір ел ішінде Қонысбай айтыпты деген небір нақыл сөздер де көп. Олардың ең болмаса мерзімді баспасөз жиі-жиі жариялап тұрса.

Көркем сөздің кестесі төгіліп, қалың көпшілікті серпітіп, жанына қуат құяр керемет айтыстар әлі алда деп білеміз. Шағын мақаламыз аяғында Қонысбайдың өзінің «Нұрқан ақын» атты өлеңімен түйсек дейміз. Нұрқандай ел еркесіне арналған осы бір жолдар Қонысбайдың өзіне де тікелей қатысты: Өкпесі өшпей өнерді, Алқынбай алға сүйреген. Ол қатысқан жарыста, Басқаға бәйге тимеген. Қарсыласын ықтырып, Тілімен өткір түйреген. Бабына келен он саусақ Ілінбей көзге билеген. Қонысбай Әбілев Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығына ұсынылды. Халық өнерін қанатына байлап, ел алғысына кенелген, ақын қандай сыйсипатқа да лайық.

С.Кәрімов, студент,
Қ.Асанов, айтыс ақыны
«Орталық Қазақстан» газеті, 1987 жыл

ПОЙ, ДОМБРА!

Айтыс – это песенное состязание акынов – поэтов. Один из исконно народных видов искусства – айтыс за последние десять лет становится все более популярным в народе. Айтыс - уникальный вид литературного творчества, где сочинение рождается в процессе состязания: он непосредственно связан с искусством красноречия, силой ораторской речи, обилием индивидуальности поэта, словом требует от выступающего всесторонней поэтической культуры. «Кладезь народной мудрости» - как определил исследователь - фольклорист, профессор Р.Бердыбаев, рассматривая различные аспекты айтыса. И сегодня этот жанр устного народного творчества, становится все более публицистичным в искусстве. В айтысах мы становимся свидетелями полемики, спора, мнений и критики между акынами. Основная тема айтысов - это жизнь общества. Гражданской миссией акынов нынешнего поколения являются, прежде всего, думы о мире на земле, социальное благополучие человека, проблемы и заботы экономики, экологии, вопросы культуры и искусства, и многое другое. Помнит земля Сарыарки, когда в годы Великой Отечественной войны, в 1943 году Караганда принимала айтыс акынов, которые утвердили веру народа в победу над фашизмом. Все возрастающую популярность искусства айтыса подтверждает тот факт, что за последние два года только в нашем городе было проведено пять айтысов областного и городского масштаба, не считая прошедшего в апреле прошлого года республиканского айтыса, организованного республиканским телевидением. Айтыс с годами становится все моложе: талантливые юноши и девушки с домброй в руках выходят на сцену, утверждая новое социальное содержание культуры айтыса, корни которого уходят в глубину веков, развивая его еще шире и краше. Айтыс, посвященный к 70-летию Ленинского комсомола, второй по счету в программе юбилея комсомола, собрал именно молодых поэтов – импровизаторов, певцов песен: термеші и кюйші. Первый проходил в марте нынешнего года в университете, где состязались студенты –акыны КарГУ. Последний, 29-го октября собрал на айтыс акынов-студентов из других вузов: кооперативного, политехнического и педагогического институтов. Специфика национального искусства как айтыс, не подлежит переводу словесно-художественной культуре русского языка, невозможно передать всю полноту, гармонию и эстетику айтыса, передадим лишь эпизоды

некоторых выступлений, сохраняя смысл и стиль, присущий казахской рифмике. Один из видов айтыса – это состязание акынов юноши и девушки, или как называют в народе, «қыз бен жігіт» айтысы. Зрелищное искусство молодых пар не раз заставляло зрителей аплодировать их импровизаторскому мастерству. Состязание студентки третьего курса КарГУ Карлыги Тасубаевой и студента четвертого курса КарПТИ Темирбека Касымжанова отличились критикой своих учебных заведений, их недостатков. Карлыга с чувством гордости за свой вуз сказала следующее: «Когда-нибудь ваш клуб в «политехе», Таким как наш, будет ли в успехе?» Ведь на сегодня творческое объединение «Балауса» Карагандинского университета известно не только в области, но и далеко за ее пределами. Оригинальное слово Карлыги заставило задуматься не только Темирбека, но и ребром поставил вопрос: о необходимости повышения эстетического воспитания в политехническом институте. А в данное время крупный технический вуз не имеет литературного творческого клуба студентов. В других парах айтыса этого вида, где выступали Райхан Исмаилова (КарГУ), Жанат Бекишев (КарПТИ), Даулет Сатибеков (КарГУ), Айгуль Тусупбекова (г.Абай) были затронуты быт студентов, вопросы самоуправления, посещаемости студентов занятий и качества учебы. «Сүре айтыс» еще один из острых видов айтыса. В этом виде между главным акыном Карганды Куанышем Максутовым и темиртауцем Касымом Ботановым прозвучали проблемы экологии, о необходимости защиты окружающей природы. В частности в импровизации на тему о природе предложенной К.Максутовым, чувствовалось тревога за состояние атмосферы г.Темиртау. Вот что характеризуют куплеты-призывы К.Максутова: «О проблемах Арала и Балхаша Говорим мы сегодня с болью. Это трагедия не решится сама собою, Если все мы не встанем стеною» Талантливое импровизаторское мастерство молодого поэта не раз удивляло его поклонников. Куаныш Максутов – выпускник КарГУ, победитель республиканских айтысов, лауреат конкурса молодых поэтов страны.

Очень содержательным получился дебют молодого акына – первокурсника Аманжола Әлтаева с известным акыном области, работником коопертивного института Бекмуратом Сарлыбаевым. Бекмурат стыдит соперника таким явлением, встречающимся в общежитиях КарГУ: «Слова мои, может не в ровень, Но душа моя, больна.... Полна отчаяний и в думах: Много стало девушек в КарГУ Курящих, пьющих.....» Не растерялся юный Аманжол, ответив ему твердой позицией к таким явлениям: «Ты прав в словах, Но если в самом деле, Есть такие девушки у нас. Мы юноши, не подойдем ни на шаг »

И этот содержательный айтыс, думаю, заставит задуматься над тем, что, к сожалению, проблемы остаются на сегодня.

Паралельно с айтысами шел конкурс исполнителей кюев. В исполнении на домбре Салтанат Нускабаевой (КарГУ) прозвучал кюй Курмангазы «Ақсақ киік», Амангельды Байдилдина (КарГУ) – «Күй Түркеша», «Көңіл ашар», студента Жагыпара Әбдрашева ( КарПТИ) – күй Нургисы Тлендиева «Әлқисса».

Впервые была исполнена Саматом Сакаловым (КарПИ) песня, посвященная безвинно убитому Шакариму. Называется она «Слово, посвященное Шакариму сыном Ахатом», а также песня Гульзии Кожахановой «Баллада о матери», Ажар Абдрашевой (КарПИ) «Туған жер», Дидара Жанкулова «Бір сөз».

Единство поэтичности слова, остроумия и находчивости, умения сочинять экспромтом, музыка и песни в творческой практике акынов студентов украсили вечер искусства айтыса, посвященного Дню рождения комсомола. Салауат Каримов, «Карагандинский Университет» 27 ноября 1987 года

РУХТЫ АСҚАҚТАТҚАН ЖИЫН

2001 жылғы мамырдың 18-19 күндері Л. Гумилев атындағы Еуразия универститетінде «Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштері» атты халықаралық ғылыми –теориялық конференция ғасырлар кеңістігіне, ұлттық тектігіміз бен елдігіміздің тұңғиығына үңілтіп, еліміздің тарихын асқақтатқан іс -шара болды. Алыс және таяу шетелдерден келген 600ден астам беделді де, белгілі түрколог ғалымдар мен қаламгерлердің қатысуымен өткен бұл жиында төл тарихымыздың ең құнды ескерткіштерінің бірі – түркі жұртының ортақ мақтанышы, ұлы қолбасшы Күлтегіннің құрметіне орнатылған тас ұстының тұңғыш рет жасалған ғылыми көшірмесі елордаға жеткізіліп, Еуразия университетінде орнатылды. Күлтегін ескерткішінің ашылу салтанатына қатысқан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Күлтегін бабамыздың ісіне айғақ болатын тарихи жәдігерге тағзым ете отырып, түркі өркениетінің көне жазбалары жалпы адамзат мәдениетінің үлкен қазынасы екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті өзінің сөзінде: «Түркі өркениетінің текті де терең тамырына, тарихы мен төлтума мәдениетіне биік парасат үдесінен терең таразылаудың, оны кейінгі ұрпақтың сана – сезіміне сіңірудің, олардың бойына ешкімнен кем түспейтін ел тарихының барына, яғни кемел келешегіне деген сенімді дарытудың, сол арқылы отаншылдық рухта тәрбиелеудің біз үшін маңызы да, мәні де ерекше», - деді. Конференцияға қатысушылар көне сына жазуларындағы мемлекеттілік мұратты, отаншылдық рухты тебіріне сөйлеп, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік қалыптасу барысындағы рухани реформалардың қадамы мен игі істерін, жеңістерін қуана құптап, ыстық, жалынды сезімдерін білдірді. Конференцияға қатысқан заманымыздың көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматов: «Күлтегін ескерткішінің Астана қаласына әкеліп қойылуы бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның ұлттық түлеуін, оның күш-жігерін және өрлеу өрісін айғақтайды. Бұл келешегі кемел мемлекетке ғана тән, өсер елге лайықты мінез», - деп бағалады. Иә, тебіренерлік жай. Еліміздің өткені мен бүгінгісіне мақтанышта, қуаныш та тудыратын сөздер. Республика баспасөз бетінде жиын басталмастан бұрын –ақ Орхон –Енисей ескерткіштеріне, ел тарихы мен оны зерттеу мәселелеріне, конференцияға арналған материалдарды көптеп жариялады. Отанымыздың тарихы мен оның рухани – мәдени мәселелерін

мұқият қарайтын зиялы қауымның қолына конференция материалдары өз алдына жеке кітап болып тиетін болады. Елдік пен ерліктің осынау ерекше ескерткіші халқымызға рух беріп, абалардың аруақты сөздері жаңа асуларға аттанарда баршамызды желеп – жебеп жүрсін дейміз ағайын! Басылымның бүгінгі осы санында Күлтегін ескерткішінің мәтіні мен қазақ түркология ғылымының патриархы Ғұбайдолла Айдаровтың мақаласынан үзінді ұсынамыз.

«Азия Транзит» республикалық
әдеби –танымдық альманағы
бас редакторының бағанасы,
2001 жыл, шілде

ҚОШ КЕЛДІҢІЗ, ҚАДЫРЛІ ҚАБДЕШ АҒА!

Қадырлі Қабдеш аға, облыс жұртшылығы Сіздің Қарағанды қаласына шығармашылық сапармен келуіңізді айтулы, тарихи оқиға деп білеміз. Біздің өтінішімізді қалдырмай, берген уәдеңізге тұрып, Арқа өңірінің кіндігінде орналасқан кеншілер қаласының қадырлы қонағы болып, ат басын тірегеніңізге «Азия Транзит» алманағы редакциясының оқырмандары мен редакция ұжымының атынан Сізге шексіз алғысымды білдіремін. Сіздің «Соңғы көш» және «Тағдыр» романдарыңыз қазақ тарихының, қазақ халқының ауыр халын, тар жол тайғақ кешуден өткен қилы кезеңдерді көрсеткен туындылар болды. «Дарабоз» тарихи романыңызды оқырман Қабанбай батырдың ерлік істерін, қазақ батырларының ерлікке толы даңғыл жолдары баяндалған тарихи дүние ретінде қабылдады. Текті батыр жаулармен жекпе - жекте шайқасып қана қоймайды, қиын қыстау кезде елді тығырықтан алып шыққан қайраткерге айналады, әскери қолбасшы Қабанбай батырдың өмірін осылай Сіздің тарихи роман арқылы оқып білдік. Ел туралы, қазақ туралы тарихи толғанысқа толы шығармаларыңыз кешегіні бүгінге, бүгінгіні ертеңгіге жалғастыратын рухани мөлдір таза бұлақ суына айналды. Сіз қазіргі заманның басты рухани көкейтесті мәселелеріне көп көңіл бөліп, назар аударып, адамдар тағдыры мен оның ішкі әлемін көрсетіп жазасыз, мысалы, «Ит базары», «Құзғынның өлімі» әңгімелеріңіз, «Сарыжайлау», «Сәйгүліктер», «Қарауыл» повестеріңіз әдеби шеберлік пен қаламыңыздың биік шыңы, шебер көркем туындылар деп білеміз. Қадырлі Қабдеш аға, Қарағанды оқырмандарымен кездесуге қош келдіңіз!

«Азия Транзит» республикалық
әдеби –танымдық альманағы
бас редакторының бағанасы,
2001 жылғы 19 қазан

КӨРКЕМ СӨЗДІҢ ЗЕРГЕРІ

Қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің 100 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілмекші. Жазушы туралы совет әдебиеттану ғалымы, академик Георги Ломидзе: «Ол жұмысты темірден түйіндей етіп, тер төгіп жасайтын зерделі зергер еді» , - деп жазады. Көркем сөздің алыбы Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығы әлемдік деңгейде атап өтілуі біздің халық үшін, біздің қазақ әдебиеті үшін қуантарлық жәй. Ғабит Мүсірепов туындылары халықтың әдеби және рухани мұрасына айналды. «Оянған өлке», «Жат қолында», «Қазақ солдаты», «Ұлпан» шығармалары әдебиетіміздің мақтанышы саналады, «Ақан сері - Ақтоты», «Қыз Жібек» пьесалары осы күнге дейін сахна төрінен түспей әрі өзектілігін жоймай мәңгі жасап келеді. Ғабит Мүсірепов көркем әдеби әлемінің ауқымдылығы және айшықтылығымен, адами табиғатының суреттемесі, сан алуан образдық келбеттері және жанды мінездерімен жарқырап уақыт талғамайтын көркем мұраға айналды. Жазушының мерейтойы алдында біздің альманахтың алғашқы санынан бастап Ғабит Мүсіреповтің әдеби мұрасы мен жанрлық бағыттары бойынша шығармаларын іріктеп оқырмандарға ұсынуды мақсат етіп отырмыз. Осы тұрғыда жазушының қойын дәптерінен бастағанды жөн көрдік. Жазушы өзінің шығармашылық еңбегіне қажет деген қыруар деректерді қойын дәптеріне жазып жүрген, басына келіп қалған ой –пікірлердің кейбірін жалма-жан жазып қалдырып отырған. Ғабит Мүсірепов: «Ұмытшақтық молайып келеді. Кейде тіпті ұмытпасты ұмытасың, таңертеңгіні кешке дейін ұмытып кетесің. Жалғыз ұмытпасың жазу-сызу айналасында қалады. Бір қызығы кейбір ұмытқандардың жазу үстінде әлденелерді жаңғыртып, қайта келіп есіңе түседі. Тегінде, әр өнердің, әр кәсіптің «өз жаңғырығы» бар сияқты. Сондықтан нағыз қартайған адамдар өз кәсібін ұмытпауға тиіс, яғни «өз шеберлігін» қолы қалтырағанша сақталатын болар. Сонда да кейбір көрнекті нәрселер, ойға келгендер ұмтылмас үшін анда санда қағазға түсіріп қоюды дұрыс көрдім. Январь. 1970 жыл. Ғ.М.» - деп жазады. Ғабит Мүсіреповтің 1970 жылдардың басынан, яғни жасының ұлғайған тұсынан бастап жазған қойын дәптеріндегі дүниелер әр алуан және сан салалы болып келеді. Онда тарих, шежіре, қазақ тарихына қатысты дүниелер, әдебиетке байланысты құнды ойлар, замандастар туралы жазбалар мен жазушы – ақындар жайлы құнды пікірлер мен тағы басқалар орын алады.

Ғабит Мүсіреповтің қойын дәптеріндегі жазбалар жазушының мұқияттылығы мен жауапкершілігінің тағы бір ғажап үлгісін көрсетеді. Біз Ғабит Мүсіреповтің қазақ халқы, қазақ елі, қазақтар туралы жазушының шығармаларына арқау болған қойын дәптеріндегі жазбаларды назарларыңызға ұсынамыз.

«Азия Транзит» республикалық
әдеби –танымдық альманағы
бас редакторының бағанасы,
2002 жылғы ақпан

КӨРКЕМ АУДАРМАЛАР

Лев ТОЛСТОЙ. ІЛИЯС
әңгіме

Уфа губерниясында Ілияс деген башқұрт өмір сүреді. Ілиястың әкесі бай адам емес еді. Әкесі Ілиясты үйлендірген соң бір жылдан кейін қайтыс болады. Сол кезде Ілиястың қолында 7 бие, 2 сиыр, 20 қой қалады Ілияс шаруа болатын, әйелі екеуі күн демей, түн демей жұмыс істейді, ерте тұрып кеш жатады, мал - мүлік сатып алады, жылдан жылға байиды. Ілияс еңбегімен тырбынып жүріп 35 жыл өмір сүреді, үлкен байлық жинайды. Ілиястың малы 200 жылқы, 150 сиыр және 1200 қойға жетеді. Жалшылары жылқысын бағып, биелерін сауады, қымыз ашытады, сиыр сүтінен май алады, ірімшік қайнатады. Ілияста молынан жететін, маңындағы адамдар Ілиястың өміріне қызығып қарайтын. Олар «Ілияс бақытты адам, оған бәрі молынан жетеді, өліп керегі жоқ» дейтін. Жақсы адамдар Ілияспен танысып - біліседі. Ілиясқа алыстан қонақтар келе бастайды. Ілияс оларды қонақ қылып, қымыз ішкізетін. Кім келмесін бәріне қымыз, шай, шербет сусыны мен қой еті үйінде әзір тұратын. Қонақ келгенде тездетіп қой соятын, не екеуін бірдей жығып соятын, көп қонақ келгенде бие соятын. Ілиястың екі ұлы мен қызы бар еді. Ілияс ұлдарын үйлендіріп, қызын күйеуге береді. Ілияс кедей болғанда ұлдары өзімен бірге жұмыс істейтін, табын күзететін, қой бағатын, олардың байлығы асқан сайын ұлдары еркелеп, біреуі арақ ішіп кетеді. Біреуін, үлкен ұлын төбелесте өлтіріп кетеді, ал екінші, кіші ұлына тәкаппар әйел кезігіп, әкесін тыңдамай, Ілияс ұлын бөлек шығаруға тура келеді. Ілияс ұлын бөлек шығарып, үйін, еншісіне малын береді, осылай оның байлығы кеми түседі. Артынан қойларына ауру тиіп, арам қатады. Бір жылы шөп шықпай, малы жұттан қырылады. Қалған жылқы табынын қазақтар барымталап кетеді, осылай Ілиястың мүлкі азая түседі. Күннен күнге дәулеті төмендей береді. Күш қуаты қайтып, 70 -ке таяған шағында амалсыздан қолындағы жылы ішік тондарды, түс кілемдерді, қымбат ер тұрмандарды, күйме арбаларын сатып күн көреді, артынан қалған малын сатады. Ілиястың байлығынан ештеңе қалмайды. Бұрынғы байлықтан ештеңе қалмағанын өзі де көрмей қалады. Ілиястың үйжайы, үстіндегі көйлегі, ішігі, тымағы, кебіс мәсі мен әйелі Шам – Шемаға ғана қалады, оның өзі кәрі кемпір еді. Ұлы басқа елді жағалап, алысқа кетеді, қызы қайтыс болады. Қартайғанда оларға қарайласатын ешкім қалмайды. Кәрі адамдарға көршісі Мұхамедшах көмектеседі. Мұхамедшах кедейде емес, байда емес, бірқалыпты өмір сүретін жақсы адам еді. Ілиястың нан тұзынан дәм татқанын еске алып, оларға жан ашып: «Ілияс, сен,

кемпірің екеуің маған келіп тұрыңдар. Жазда бақшаға жұмыс қолы керек, қыста мал жайларсың, Шам –Шемаға бие саусын, қымыз ашытсын. Екеуіңе тамақтарыңды беремін, киіндірем, сұрасаңдар керектеріңді берейін» дейді. Ілияс көршісіне алғыс айтып, Мұхамедшахқа әйелі екеуі жұмысқа жалданады. Басында қиын болғанымен, артынан үйреніп, жұмыс істеп кетеді. Мұхамедшахқа мұндай адамдарды ұстау тиімді еді, өйткені олар шаруа адамдар еді, істің мәнісін білетін, ерінбей, адал жұмыс істейтін адамдар еді; Мұхамедшах оларға қарап, биікке көтерілген осындай адамдардың қалай төмен түсіп кеткендеріне қынжылатын. Бірде Мұхамедшахқа алыстан қонаққа құдалары келеді, қонақта молда да болады. Мұхамедшах Ілиясқа қой ұстап, союды тапсырады. Ілияс етті мүшелеп, пісіріп қонақтар алдына жібереді. Қонақтар ет жеп, шайларын ішіп, қымыздан ала бастайды. Қонақтар үй иесімен мамық жастық жастанып, кілем үстінде, кеседен қымыз ішіп, әңгімелесіп отырады, Ілияс жұмысын бітіріп, айналасын жинап, есік алдынан өтіп бара жатқанда Ілиясты көріп Мұхамедшах қонаққа: - Есік алдынан өткен қартты көрдің бе? –дейді. - Көрдім, - дейді қонағы,- оған таңқалатын несі бар? - Иә, таңқалатыны сол, есімі – Ілияс, біздегі ең бай адам еді, мүмкін естіген шығарсың? - Қалай естімейін, - дейді қонақ, - көрмесем де оның атағы алыс жерлерге таралғанын білемін. - Енді міне, дәулетінен ештеңе қалмады, әйелі екеуі маған жалданып жұмыс істейді, әйелі бие сауады. Қонақ қайран қалып, таңдайын қағып, басын шайқай береді: - Иә, солай, бақыт деген ұшып қонып, айналып жүріп, біреуді биікке көтереді, ал біреуді төмен түсіреді. Иә, бәлкім, шал өткеніне қайғыратын шығар? - дейді қонақ. - Кім білсін, үндемейді, тыныш, жұмысты жақсы істейді. Қонақ болса: - Онымен сөйлесуге бола ма? Одан өмір туралы сұрасақ қайтеді?- дейді. - Неге болмасын!- деп, үй иесі, киіз үйден айқайлап шақырады: - Бабай (башқұртша - ата), үйге кір, кел, қымыз іш, әйеліңді шақыр. Ілияс әйелі екеуі үйге кіреді. Ілияс қонақтарға, үй иесіне сәлем беріп, дүғасын оқып, есік алдында тізелеп отыра салады, әйелі шымылдық артына барып үй иесі бәйбішесінің қасына отырады. Ілиясқа қымыз құйған кесе

ұсынады. Ілияс қонақтарға, үй иесіне басын иіп, қымыздан шамалы ұрттап, дастарханға қояды. – Иә, ата, – дейді қонақ, – бізге қарап, бұрынғы өміріңді сағынатын шығарсың, — бұрын бақытты едің, енді қайғықасыретшілеген өмір қалай екен? Ілияс жымия күліп: - Егер мен бақыт пен бақытсыздық туралы айтсам, сен бәрібір маған сенбес едің, одан да менің қатынымнан сұра, ол жүрегіндегісін, аузындағысын айтатын қатын, сұрағаның туралы барлық шындықты айтып береді, - дейді. Қонақ шымылдық артына: - Солай болсын, әже, кәне, одан да сен айтшы, бұрынғы бақытты өмірің мен қазіргі күйбең тіршілігің туралы не ойлайсың? –дейді. Шам-Шемаға шымылдық артынан: - Мен былай ойлаймын: шалым екеуміз елу жыл өмір сүрдік – бақытты өмірді іздедік, таба алмадық, қолымызда ештеңе қалмағасын, міне, екі жыл болды, жалданып, жүріп жатырмыз, нағыз бақытты осында таптық, бізге басқа керек жоқ. Қонақ таңданып қарайды, үй иесі де бұндай жауапқа таңғалып кемпірді көру үшін шымылдықты қайырып, орнынан тұрып шақырады, Ал кемпір болса қолын кеудесіне қойып миығынан күледі, шалға қарайды, шал кемпіріне жымиып қарайды. Кемпір тағы сөйлейді:

- Шын айтамын, әзілім емес, жарты ғасыр бай болып, бақыт іздедік, таба алмадық, қазір ештеңе қалмады, адамдар арасына келдік - бақыттымызды осы жерден таптық, бұдан артық не керек. - Иә, сонда сіздердің қазіргі бақыттарыңыз неде? - Мұның сыры мынада: бай болғанда, шалым екеумізде тыным болмайтын; әңгімелесуге уақыт таппайтынмбыз, жанымызды аяп, құдайға сыйынуға мұршамыз жоқ болатынн. Уайымымыз артып жететін! Үйге қонақ келсе – оларға қандай тамақ береміз, ұят болмас үшін не сыйлаймыз деп уайым жейтінбіз. Қонақ кеткен соң, қызметшілерді аңдыймыз – олар жұмысты жатып істеп, тәтті жегенді жақсы көреді, біз болсақ өзіміздікі жоғалып кетпесін деп күнәға бататынбыз. Құлынды, не бұзауды қасқыр жарып кетпесе екен, ұрылар табынды айдап кетпесе екен деп уайымдайтынбыз, ұйықтайын десең отар қозыларды таптап кетпесін деп көз ілмейсің, ұйқы жоқ; енді тынышталдықау дегенде қысқа азық жинау керек. Бұл аз болғандай шал екеуміз жараспайтынбыз. Ол болса маған былай істеу керек еді дейді, мен болсам оған былай істеу керек еді деймін, екеуміз

күнәға батып, дауласып, керісетінбіз. Бір уайымнан екінші уайымға, күнәдан күнәға батып жүріп, бақытты өмірді көрмей қалыппыз. - Ал, қазір ше? - Қазір шал екеуміз тұрған бойда сүйіп қосыламыз, сыйлап көрісеміз, керісетін, уайымдайтын ештеңе жоқ, - тек бір уайым бар, ол қожайынға қызмет ету. Бар күшімізді салып, ынта жігермен, қожайын шығынға батпаса екен, табысты болса екен деп жұмыс істейміз.Түсте келсең - түскі ас әзір, кеште - кешкі асың дайын, қымыз бар. Тоңсаң – жылынатын тезек бар, тоның бар. Сөйлесуге, жаныңды күтіп, құдайға сыйынатын уақыт бар. Елу жыл бақыт іздедік, енді таптық. Қонақтар күле бастайды. Ал Ілияс сонда : - Бауырларым, күлмеңдер, бұл ойнайтын нәрсе емес, бұл адам өмірі. Біз кемпіріміз екеуміз ақымақ болдық, байлықтан айырылдық деп жыладық, енді құдай біздің көзімізді ашты, ермек үшін емес, сендерге жақсы болсын деп айтып отырмын,- дейді. Молда: - Бұл ақылды сөз, Ілияс шындықты дәл айтты, қасиетті кітапта тап солай жазылған. Қонақтар күлгендерін доғарып, ойланып қалады.

1886 жыл

Тәржімалаған Салауат Кәрім,
Abaі.kz

Лев ТОЛСТОЙ. БАЛАЛАР ӘҢГІМЕЛЕРІ

Римнің тұрғызылуы
(тарих)

Бір патша болыпты, оның Нумитор және Амулий деген екі ұлы болады. Патша өлерінің алдында ұлдарына: «Сендер байлықты өзара қалай бөлесіңдер? Кім өзіне Патшалықты алады, ал кім менің барлық байлығыма ие болады» - дейді. Нумитор патшалықты алады, Амулий байлықты қалайды. Байлыққа ие болған Амулий ағасының патша болғанын көре алмайды, содан ол патша болу үшін солдаттардың көңілін сыйлықтармен алдап, Нумиторді кетіру үшін айдап салады. Солдаттар Амулийдің айтқанын істейді, ол патша болады. Нумитордың қызы болатын, сол қыздан егіз - екі ұл туады. Олар алып денелі және сұлу еді. Амулий күндердің бір күні егіздерді халық жақсы көріп, өскенде оларды патша сайлайды деп қорқатын еді. Бір күні Амулий Фаустин деген қызметшісін шақырып: «Ана екі ұлды алда суға лақтыр», - деп бұйырады. Өзен Тибр деп аталатын. Фаустин балаларды бесікке салып, өзен жағасына апарып, тастайды. Фаустин балалар қараусыз қалса өледі деп ойлайды. Бірақ Тибр арнасынан шығып, бесікті биік ағаш басына көтеріп қояды. Түнде ұрғашы қасқыр келіп, егіздерді өзінің сүтімен емізеді. Егіздер сұлу, мықты және алып денелі өседі. Олар Амулий тұратын қалаға жақын жердегі орман ішінде тұрады, аң аулауға үйреніп, күндерін көреді. Қала халқы егіздерді бірден таниды, олардың сұлулығына сүйсініп, жақсы көреді. Үлкенін - Ромул, ал кішісін – Рем деп атайды. Бір күні Нумитор мен Амулийдің бақташылары орман жанында мал бағып жүріп жанжалдасып қалады, Амулийдің бақташылары Нумитордың малын айдап кетеді. Егіздер бұны көріп бақташыларды қуып жетіп, малды тартып алады. Нумитордың бақташылары егіздерге қатты ашуланып, Ромул болмаған кезде Ремді бағып тұрып, ұстап алады, Нумиторға алып келіп: «Орман ішінде екі ағайынды ойран салып жүр, адамдардың малын тартып алады, қарақшылық құрады. Солардың біреуін, міне ұстап алып келдік» - дейді. Нумитор Ремді Амулий патшаға апарыңдар дейді. Амулий болса: «Олар ағайынды адамдардың малшыларын ренжетті, сондықтан да ағамның өзі соттасын» деп қайтарып жібереді. Ремді Нумиторға қайтадан алып келеді. Нумитор бұл жолы Ремді өзіне шақырып: «Сен қайдан шықтың, сен кімсің өзі?» - деп сұрайды.

Рем: «Біз ағайынды екеумізді, сәби кезімізде біз жатқан бесік Тибр өзені жағалауы маңындағы ағашқа тіреліп, сол жерде бізді жабайы аңдар мен құстар асырап алыпты. Біздер сол жерде өстік. Ал біздің кім екенімізді білгіңіз келсе біздің бесігіміз сақталды. Сол бесіктің жезді жолақтарында бірдеңелер ойылып жазылған» дейді. Нумитор таңданып, өзінің немерелері емес пе екен? –деп ойға батады. Ремді өзіне қалдырып, білу үшін Фаустинге адам жібереді. Бұл кезде Ромул інісін іздей бастайды, таба алмайды. Бақташылар інісінің қайда екенін айтып, оны қалаға алып кеткенін естиді, Ромул қолына бесігін алып, інісінің артынан барады. Фаустин сол кезде бесікті танып, халыққа Ромул мен Рем Нумитордың немерелері екенін, Амулий оларды суға батырып өлтіргісі келгенін хабарлайды. Амулийге ашуланған халық Амулийді өлтіреді. Ромул мен Ремді патша етіп сайлайды. Бірақ Ромул мен Рем бұл қалада тұрғылары келмейді, аталары Нумиторды патшалыққа қалдырып, өздері Тибр өзені жағалауындағы ұрғашы қасқыр оларды емізген ағаш түбіне қайтып оралады, сол жерде Тибр өзені жағасында Рим қаласын тұрғызады.

Қаздар Римді қалай құтқарды
(тарих)

390 жылы Х. тумас бұрын жабайы галдар римдіктерге шабуылдайды. Римдіктердің оларға шамалары келмейді, римдіктер қаладан қашады, ал кейбіреуі бекіністе тығылады. Бекініс Капитолий аталады екен. Қала ішінде сенаторлар ғана қалады. Галдар қала ішіне кіріп сенаторларды өлтіреді, Римді өртейді.Римнің қақ ортасында Капитолий бекінісі ғана қалады, галдар оған жете алмайды. Галдар Капитолийді тонауды көздейді, өйткені бекініс ішінде көп байлық барын білетін. Алайда Капитолий биік шыңда орналасқан еді: бір жағынан қабырға мен бекініс қақпасы болатын, ал екінші жағынан тік жар еді. Түнде галдар тығылып келіп, найзалары мен семсерлерін біріне бірі жалғап, жардан Капитолийге өрмелейді. Осылай галдар білдірмей жарға шығады,оларды бірде бір ит естімейді. Бекініс қабырғасына көтеріле бергенде қаздар адамдарды сезіп қойып, қаңқылдап, қанаттарын сартылдатып соғады. Бір римдік оянып, қабырғаға жүгіріп барып, қабырғаға өрмелеген галды жарқабақтан лақтырады. Галл құлап, өзімен бірге басқаларды жығады. Сол кезде римдіктер жүгіріп келеді, өрмелеген галдардың үстіне бөренелер мен тастарды лақтырып, едәуір галды қырып салады. Содан кейін Римге көмек келіп, римдіктер галдарды қуып шығады.

Содан бері римдіктер осы күнді тойлайды. Дін басылары сәнді киініп қала ішінде шеру өткізеді, олардың біреуі қолына қазды көтеріп жүреді, енді біреуі оның артынан итті сүйреп жүреді. Ал халық қазға және дін басына иіліп сәлем беріп: қаздарға сыйлықтар тарту етеді, ал иттерді таяқпен арам қатқанша соғады.

Силинчи деген қытай патшайымы
(болған оқиға)

Қытай императоры Гоангчидің Силинчи деген сүйікті жары болады. Император сүйікті патшайымы халықтың есінде қалғанын қалайды. Император сүйіктісіне жібек құртын көрсетіп: «Мынау құртпен не істеу керегін, оны қалай өсіру керегін үйрен, сонда халқың сені ешқашанда ұмытпайды» – дейді. Силинчи құрттарды қарайды, құрттар сілейіп қалғанда оларды шырмауық жабатынын көреді. Силинчи патшайым шырмауықты тарқатып, одан жіп иіреді, жібек орамал тоқиды. Содан кейін құрттардың тұт ағашы үстінде жиналатынын көреді. Силинчи ханша тұт ағашы қабықтарын жинап, құрттарды жемдейді. Ол көп құрт өсіреді, өзінің халқына құртты қалай өсіру керегін үйретеді. Содан бері бес мың жыл өтсе де осы күнге дейін қытайлар Силанчи патшайымды естерінен шығармайды, оның құрметіне мейрамдар өткізеді.

Үндіс пен ағылшын
(болған оқиға)

Үндістер соғыста жас ағылшын жауынгерін тұтқынға алады, оны ағашқа байлап, өлтірмекші болады. Сонда қарт үндіс келіп: «Оны өлтірмеңдер, маған беріңдер» – дейді. Ағылшынды қарт үндіске береді. Қарт үндіс ағылшынның байлаулы қолын босатып, өзінің күркесіне алып келеді, тамақтандырады, түнде қасында қондырады. Ертеңгі күні тәңертең қарт үндіс ағылшынға артынан жүруге бұйырады. Олар ұзақ жүреді, ағылшын әскери лагеріне жақындағанда қарт үндіс: «Сіздің адамдар менің ұлымды өлтірді, мен сенің өміріңді сақтап қалдым; өз адамдарыңа барда, бізді өлтіре бер, - дейді. Жас ағылшын аң –таң болып: «Сен неге мені мазақ етесің? Мен ағылшындардың сенің ұлыңды өлтіргенін білемін: сенде мені тез өлтір» – деп тұрып алады.

Сонда қарт үндіс: «Сені өлтірейін деп жатқанда есіме ұлым түсті, сені аядым. Мен саған күлуден аулақпын: қаласаң жүре бер, бізді өлтіре бер» – дейді. Үндіс осылайша ағылшынды босатты.

Мұжық тасты қалай алып тастады
(болған іс)

Бір қала алаңында алып тас жатады. Тастың үлкендігі сонша едәуір жерді алып, әлгі қала халқының жүруіне бөгет болатын. Қала басшысы инженерлерді шақыртып: тасты қалай алып тастауға болады және осы еңбегі үшін қанша ақша алады екен деп сұрайды. Бір инженер тасты жарылғыш затпен жару керек, содан соң жарылған тас кесектерін бөлшектеп тасу керек, бұл жұмыс сегіз мың рубль тұрады дейді; екінші инженер тастың астына үлкен сырғанақ орнатып жылжыту керек, оның бұл жұмысы алты мың рубль тұрады дейді. Сол кезде бір мұжық: «Мен тасты алып тастаймын және бұл жұмысым үшін жүз рубль аламын» - дейді. Адамдар мұжықтан сен бұны қалай істейсің деп сұрайды. Ол: «Тастың қасынан үлкен шұңқыр қазып; шұңқыр топырағын алаңға шығарып, шұңқырға тасты аунатып құлатамын, содан кейін көміп, тегістеймін» дейді. Мұжық айтқанын істейді, қала басшысы оған жүз рубль және оған қоса тапқырлығы үшін тағы жүз рубль береді.

Қыран
(әңгіме)

Қыран құс мұхит суынан алыс үлкен жол үстінде ұя салып, балапандар шығарады. Бірде қыран тырнағымен балықты қысып ұясына самғап келе жатса ұя салған ағаш астында жұмыс істеп жатқан адамдарды көреді, әлгі адамдар қыран тырнағы астындағы балықты көріп, ағашты қоршап, қыранға тас лақтырады, айқайлайды. Қыран тырнағынан балықты түсіріп алады, адамдар балықты жерден көтеріп, алып кетеді. Қыран ұясының шетіне қонады, қыран балапандары мойнын созып, шиқылдап тамақ сұрайды.

Шаршаған қыранның мұхитқа тағы бір мәрте ұшуға күші жоқ еді; ол ұясына қонып, балапандарын қанатымен бүркеп, еркелетіп, қауырсындарын жөндеп,сәл күтуді сұраған болды. Қыран балапандарын еркелеткен сайын, олар қаттырақ шиқылдайды. Сол кезде қыран ұядан ұшып, ағаш бұтағының басына барып қонады. Қырандары ысқырып, аянышты халде шырылдайды. Бір мезгілде қыран өкіре айқайлап, қанатын кең жазып, мұхитқа самғай жөнеледі. Қыран кеш батқанда қайтты: ол жер үстінен төмен, ақырын ұшты, оның тырнақтарында үлкен балық бар еді. Ол ұшып келе жатқанда ағаштың маңында адамдардың бар жоғына көзін жеткізіп, содан кейін ғана қанаттарын тез жиып, ұясының шетіне қонды. Балапандары бастарын көтеріп, ауыздарын аңқайтып ашты, қыран балықты жұлып үзіп, аузына салып, балапандарына тамақ берді.

Арыстан мен күшік
(әңгіме)

Лондон қаласында тұрғындарға жабайы аңдарды көрсетіп, ақшалай болмаса ит пен мысықты жыртқыштар жеміне ала береді екен. Бір кісі аңдарды көрейінші деп көшеден күшікті ұстап, аңдар көрмесіне келеді. Әлгі адамға жыртқыштарды көруге рұқсат береді, алып келген күшікті торға арыстанға лақтырады. Күшік торға кірген бойда құйрығын бұтына қысып, бұрышқа тығылады. Арыстан күшікті иіскелесе, күшік арқасына жатып, аунап, табанын жоғары көтеріп, құйрығын бұлғаңдатады. Арыстан күшікті аяғымен аунатып ойнаса күшік арыстан алдында құрдай жорғалайды. Арыстан күшікке қарап, басын шайқап, бұдан соң тиіспейді. Көрме қожасы арыстанға ет лақтырса кесек етті жұлып күшікпен бөліседі. Арыстан түнде ұйқыға кеткенде күшік оның жанына келіп жатады, арыстан табандарының үстіне басын салып ұйықтайды. Содан бері күшік тор ішінде арыстанмен тұрады, арыстан күшікке тиіспейді, бірге тамақ ішеді, бірге ұйықтайды, күшікпен анда-санда ойнап қояды. Бір күні күшік иесі табылып, күшігін танып, қайтаруды сұрайды. Көрме қожасы күшікті қайтарғысы келіп шақырса арыстан ырылдап, күшікті бермейді. Арыстан мен күшік тор ішінде бір жыл тұрады. Біраз уақыттан соң күшік ауырып, өліп қалады.

Арыстан күшіктің өлгенін көріп, қарғып секіріп, жекіріп, құйырығымен өзін сабалап, тордың жиегі мен еденді мүжгілей бастайды. Бір күн тоқтамай өкіреді, содан кейін өлі күшіктің қасына жатып тынышталады. Қожайын өлген күшікті тордан алып тастайын десе арыстан бермейді, мүмкін басқа күшікпен ауыстырсам, арыстан ұмытар деп басқа тірі күшікті торға лақтырады, арыстан әлгі күшікті сол бойда талап тастайды. Арыстан өлген күшікті табанымен құшып бес күн жатады. Алтыншы күні арыстанның өзі де өліп қалды.

Қасқыр бөлтірігін қалай үйретеді

Жолда келе жатсам, артымнан айқай салған дауыс естілді, бақташы бала екен. Ол жазықта айқайлап, қолымен біреуді көрсетіп, жүгіріп келеді. Қарасам түзде екі қасқыр қашып барады: біреуі көкжал қасқыр, екіншісі жастау. Жас қасқыр жарылған тоқтыны аяғынан тістеп, үстіне артып, қашып бара жатыр, көкжалы артынан ілесіп келеді. Бұларды көрген соң, бақташымен бірге айқайлап, мен де қасқырлардың соңына түстім. Біздің айқайымызды естіген мұжықтар да иттерімен келіп жетті. Көкжал қасқыр адамдар мен иттерді көргенде жас қасқырдан тоқтыны жұлып алады, арқасына салып, екеуі жылдам жүгіріп, көзден таса болды. Бәрі жиналғанда бақташы бала істің қалай болғанын айтты: сайдың ішінен көкжал қасқыр атып шығып, тоқтыны жарып, ала қашады. Алдынан кішкене қасқыр шығып тоқтыны өзіне артады. Қарт қасқыр жас қасқырға тоқтыны беріп, қасында аяңдап отырады. Ал қауіп төнгенде қарт көкжал қасындағы кішкене қасқырды үйреткенін тоқтатып, қойды өзіне артып қашады. Аққулар

Суық жақтан жылы жаққа теңіз үстінде аққулар тобымен аспанда ұшып бара жатты. Олар күн демей, түн демей ұшады, келесі түніде де тоқтамай ұшты. Жарық ай үстінде көкке малынған теңіз суын көрді. Аққулардың қанаты талып, зорығып шаршайды; сөйтсе де тоқтамай ұшады. Табын басында әккі аққулар, олардың артында әлі жас, қанаты қатаймаған аққулар ұшты. Бір жас аққу тізбектің соңында қалып, күші таусылды. Ол қанатын сермегенмен әрмен ұшуға күші жетпеді. Сонда ол қанатын жайып, суға қарай құлдилай жөнелді, басқа аққулар әрмен қарай ұша берді. Аққу қанатын жиып , суға қонды, теңіз аққуды шайқап, қалқыта түсті.

Аққулар тобы бұл кезде аспанда көрінбеді, тек аққу қанаттарының соғысы алыстан әрең естілді. Олар мүлдем көзден таса болғанда жалғыз қалған аққу мойнын артына, кеудесіне бұрып, көзін жұмды. Ол теңіз үстінде қозғалмай жатты, толқын оны біресе жоғары, біресе төмен қалқытып бара жатты.

Таңсәріде теңіз үстінде самал жел ойнап, аққудың кеудесіне су шапшыды. Аққу көзін ашты. Жұлдыздар көк аспанда ағарып, шығыстан күн сәулесі атып келе жатты. Аққу демін ішке тартып, мойнын керіп, қанатымен суды сабалап, көкке сермей бастады. Ол біртіндеп жоғары көтеріле берді, биікке самғады, шулап жатқан қара толқын үстінде жалғыз аққу ұшып бара жатты. Қорқақ қояндар

Орман қояндары түнде ағаш қабығымен, ал дала көжектері күздік дақылдармен, шөппен, қырман бидайымен қорректенеді. Түнде қар үстінде қоян көзге көрінетін терең іздер қалдырады.Қоянды жем етуге бәрі әуес: оны адам да, ит те, қасқыр да, түлкі де, қарға да, қыран да аулайды. Егер қоян тікелей жүрсе, оның іздері арқылы ертемен тауып алар еді; қоян қорқақ, сол қорқақтығы қоянды аман сақтайды. Қоян түнде орман да болмасын, дала да болсын қорықпай тік іздер қалдырады, ал тәңертең оның жаулары ояна бастайды: қоян сақ құлақ, иттің үргенін, шананың сықырын, мұжықтардың дауысын алыстан естиді, не қасқырдың сарт-сұрт дыбысын естіп,әрлі-берлі жанұшыра жүгіріп, жанталаса бастайды. Біресе алға зытады, біресе зәресі ұшып артқа қашады, сылдырды естіп дірілдеп секіреді, тұрған жерінен қайта жүгіріп қашады.Сөйтіп таңа атқанша секіріп жүгіреді, таң атқанда ұйқыға кетеді. Ертесінде аңшылар қоянның ізін таба алмай дал болады,қосақ-қосақ, оңды-солды орғыған қоян іздерінен шатасып, оның айлакерлігіне таң қалады. Ал қоян болса қулық жасайын деген емес, мұның бәрін қорыққанынан ғана істейтін.

Құмырсқалар

Бірде жидек тосабы банкісін алуға қоймаға түстім. Шыны тосап банкісін қолыма алсам, құмырсқаға толып кетіпті. Құмырсқалар ыдыстың үстінде, тіпті ыдыс ішінде жыбырлап жүр. Қасықпен құмырсқаларды қырып, алып тастадым, содан ыдысты жоғары көтеріп қойдым. Келесі күні қоймаға

кірсем құмырсқалар жоғары полкаға өрмелеп, тосапқа жетіп алыпты. Мен банкіні тағы тазалап, жіпке байлап төбеге іліп қойдым. Қоймадан шығар алдында артыма көз салсам, бір құмырсқа тосап ыдысын айналып жүрді. Сәл кідіріп енді қайтер екен деп қарап тұрдым. Құмырсқа ыдыс шынымен банкі байланған жіппен төбеге өрмеледі, төбеден қабырғаға, одан соң қабырғадан еденге жетіп, төмендегі үйілген құмырсқаларға түсті. Сөйтіп қайтқан жолын басқа құмырысқаларға айтады, сол бойда олар бірінің артынан бірі шұбырып қабырғамен төбеге өрмелей бастады, содан жіп арқылы төбеге байланған тосап банкісіне жетті. Мен банкіні басқа жерге апарып қойдым.

Тәржімалаған Салауат Кәрім,
Abaі.kz

Лу СИНЬ. ЖЫНДЫ АДАМ ЖАЗБАЛАРЫ

Лу Синь (шын аты Чжоу Шужэнь)
1881-1936 жылдары өмір сүрген қытай жазушысы, ақын,
аудармашы, қоғамдық қайраткер. XX ғасырдың бірінші жартысында
Қытай әдебиеті мен қоғамдық – саяси дамуына қомақты үлес қосқан,

қазіргі қытай әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.

Ағайынды Х – қазір мен олардың фамилияларын атамаймын, – бұрын біз орта мектепте оқығанда олар менің жақсы достарым еді. Содан кейін біз біраз көз жазып қалдық, көп жылдар өтті, біздің қатынастарымыз бірте - бірте үзіле бастады. Жуырда мен ағайынды бауырлардың біреуі қатты науқастанғанын кездейсоқ естіп, елге барғанда жолда бұрылып оларға соқтым, ағайындылардың біреуін ғана кездестірдім, ағасынан оның інісінің ауырғанын білдім.

«Сіз осынша ұзақ жол жүріп, біздің халымызды сұраймын деп босқа әурелендіңіз. Ол баяғыда тәуір болып кеткен, қазір қазына қызметіне тағайындалу үшін N кетіп қалды» - деді. Содан соң қатты қарқылдап күліп, екі күнделік дәптерді шығарып, інімнің ауырған халдегі күйін ескі достарына таныстыруға болады, - деп маған ұсынды. Мен күнделік жазбаларды алып, үйге қайттым, жазбаларды қарап шығып, ауырған адамның «зәреcі ұшқан» деген қорытындыға келдім. Жазғандарында тым шатасқан, жүйелі баяндау жоқ, байланыссыз құрылған сөздер, айлары мен күндері қойылмаған, ақ қағаздағы бояу түстері мен қолтаңбасына қарап күнделіктің бірнеше рет жазылғанын байқадым. Күнделікке байланысты керекті дегендерді дәрігерлерге көрсету үшін іріктеп бір кітапқа жидым. Мен оның жазғандарының бір сөзінде түзеген емеспін, адамдардың фамилияларын ғана өзгерттім, оның бұған қатысы жоқ, өйткені барлығы да бір деревнияның тұрғандары, оларды ешкім біле бермейді. Кітаптың атауына қатысты айтайын дегенім, күнделік авторы науқасынан айыққан соң өзі қойды, өзгертілген емес.

Жетінші жылдың төртінші айының екінші күні. Бүгін кешкі ай керемет жарық. Мен отыз жылдан астам уақыт жарық айды көрмедім, жарық айды көргенде көңілім көтеріліп қалды. Менің отыз жылғы өмірім қараңғылықта

өткенін жаңа ғана түсіндім. Бірақ үнемі сақтану керек. Олай етпесем Чжао ауласындағы ит.... Ит көздері неге маған тесіле қарай береді? Менің үрейім негізсіз емес …. ІІ

Бүгін ай тіпті жарық емес, бұл жақсылыққа емес екенін түсіндім. Таңертең ауладан сақтанып шықтым. Чжао Гуй-вэннің маған көзқарасы түсініксіз: ол менен не қорқады, не көзімді құртқысы келеді. Оның қасында тұрған жеті - сегіз адам да өзара мен туралы сыбырласып тұр. Сонымен бірге олар қорқып тұр, мен естіп қалмасын деп өздері сескенеді. Жолда келе жатып кімді көрсем болды, бәрі өздерін солай ұстайды. Әсіресе, біреуі маған тым ашулы, мені көре салып, езуін айқара ашып, қарқылдай бастады. Менің башпайымнан басыма дейін мұздап кетті, олардың дайындығы аяқталған шығар деп шештім. Бірақ мен қорыққан жоқпын, өз жөніммен жүре бердім. Алдымда бара жатқан балаларда мен туралы айтып келе жатты. Олардың көздері Чжао Гуйвэндің көзі сияқты қара шойындай жылтырайды. Мен балаларды қандай жаман қылығыммен ренжіттім, олар мені не үшін жек көреді екен деп ойладым. Мен әрмен шыдай алмадым: «Сендерге өзі не керек?» деп айқайлап жібердім, олар қаша жөнелді. Жолда келе жатып: мен Чжао Гуй-вэн неге маған ренжеулі, алдымда кездескен мына адамдарды қандай жат қылығыммен ренжеттім, осыдан жиырма жыл бұрын Гу Цзюдің кірісі мен шығысын тіркейтін ескі кітабын аяғыммен таптағаным үшін бе, сонда Гу Цзю мырза бұл қылығыма өкпелеген еді. Чжао Гуй-вэнь онымен таныс емес қой, мүмкін сол қылығым туралы оған да өсек жеткен шығар, содан соң Гу Цзюді қолдап жүрген шығар; сол үшін басқаларды маған қарсы қойып жүр ме? Ал балалар ше? Олар ол кезде бұл дүниеге келген жоқ еді ғой, олар бүгін маған неге тесіліп қарайды? Әлде менен қорқады ма, не менің көзімді жойғысы келеді ме? Осының бәрі мені шошытады, іштей қынжылтады. Түсінемін. Бәлкім оларды ата-аналары үйреткен шығар?

ІІІ

Түнімен көзім ілінбеді. Кез келген істі жанжақты білгенде ғана түсінеді екенсің! Уезд бастығы бұл адамдардың мойындарына қамыт кигізгенде, помещиктер оларды беттерінен ұрғанда, уезд басқармасының күзетшілері

әйелдерін тартып алғанда, олардың әке - шешелері берешектен құтыла алмай өліп жатқан кездің өзінде олардың жүзі кешегідей қорқынышты болған емес. Көшеде жолыққан әйел маған тым ерсі көрінді, ол өзінің ұлын ұрып жатып, маған: «Мен саған көрсетейін! Сені тістеп алмай тынышталмаймын!» деп айқай салды. Ал оның көздері маған тесіліп тұрды. Мен әйелден қорыққанымды жасыра алмадым. Ақсиған азу тістерін көрсетіп, маған сықылықтап тұрды. Чэнь бесінші жүгіріп келіп, мені үйге сүйреп кіргізді. Үйге сүйреп кіргізді…. Үйдегілер болса мені танымайтындай сыңай көрсетті; олардың көздері де бөлек, соларға ұқсас.... Бөлмеге кірдім, тауықты, не үйректі торға қамағандай есікті құлыптап, қамап тастады. Не болғанын білмеймін. Бірнеше күн бұрын Қасқырлар деревниясындағы қуаңшылықтан егін шықпағанын жеткізуге келген жалға жер алушы ағама ауыл адамдары жиналып бір залым адамды өлтіріп, оның жүрегі мен бауырын суырып, ержүрек болу үшін қуырып жегендерін айтты. Мен әңгімеге араласайын деп едім, жерді жалға алушы мен ағам бірнеше рет маған көздерін алартып қарады. Бүгін менің түсінгенім, олардың да көздері дәл көшеде тұрған адамдардың көздеріндей болатын. Мен бұны ойлағанда басымнан башпайыма дейін тітіркенді. Егер олар адам жейтін адамдардан болса, олар мені де жеуі мүмкін. Ойлап көріңізші! Әйелдің «сені тістеп аламын» деген айқайы, жүздері қара, ақсиған тісті адамдардың қарқылдаған күлкілері, жер жалдаушының ағама айтқан әңгімесі – бәрі тектен тек емес сияқты. Әйелдің сөзі – у, адамдардың қарқылдап күлгендері – қайралған пышақ тәрізді, олардың өткір, ақсиған тістері, адамдарды жеуге ыңғайлы тұрған құрал сияқты. Мен зұлым емеспін, Гу Цзюдің кірісі мен шығысын тіркейтін ескі кітабын аяғыммен таптағаннан кейін олай емес деудің өзі қиын шығар. Сірә, олар маған қарсы бірдеңе ойластырып жүр, мен оны білмей әлекпін. Сонымен бірге оларға ренжісең болды, сені дұшпан көріп шыға келеді. Ағамның маған: «ең жақсы адам егер оған қарсы сөз айтсаң жауап қайыратын адам, ал ең жаман адам оның қарсы сөзіне құлақ аспайтын адам, олар саған әртүрлі: «қандай ақылды адам, көп білетін адам, қалғандары оған тең емес» деп мақтай жөнелетіндер, - деп ақыл айтқаны есімде. Жалпы адам жейтіндер туралы әңгіме қозғағанда олардың шын ниеттерін түсіне алмаймын. Кез келген істі жанжақты біле бастағанда түсінесің. Бұрын адамдардың бірін бір жейтіні туралы мен тарихтан аз да болса білетінмін. Бұны білу үшін тарих кітабын аштым, кітапта күндер көрсетілмеген, бірақ әрбір беті «адамгершілік», «әділдік», «мораль» және «ізгілік» [1] деген

сөздерге толы болатын. Түнде ұйықтай алмадым, түні бойы кітапты мұқият оқыдым, бір мезгілде сөйлем жолдарының асты «адам жеуші» деген бір сөзбен айғыздалып жазылғанын көрдім. Осы сөз мені мұқата күліп, тікелей қарап, көз алдымда тұрып алды. Мен адаммын, ал олар болса мені жегісі келеді!

Таңертең түнгі ойымнан тынышталғаным сол еді Чэнь Бесінші кірді. Ол қайнатылған балық алып келді, балық көздері ақшиған, балықтың аузы сол адамдардың ауызындай ашылып, көздері адамды жеуді көздеген адамның көзіне ұқсайды. Бірнеше кесегін алып жедім, түсініксіз быламық, балық емес, адам етіне ұқсайды, мен құсып жібердім. «Чэнь құрдас, – дедім, – ағаңа айтып бар, мен жалықтым, бақ ішінде жүріп келгім келеді». Чэнь жауап бермеді, кетіп қалды. Бірақ қайтып келіп есік ашты. Мен орнымнан қозғалмай олардың артынан бағып тұрдым: маған не істемекші екен? Мені босатпайтынын білемін. Мына, қара! Ақырын басып ағам бір қартты маған қарай ертіп келеді. Қарттың көздері суық, мен байқамасын деп тұнжырап алған, көзілдірік астынан білдіртпей көз қиығын салады. Ағам менен: «Бүгін сен өзіңді жақсы сезінесің бе?» деп сұрады. Мен: «Иә» деп жауап бердім. Ағам сөзін жалғастырып: «Мен Хэ докторды сені қарасын деп шақырдым» деді. Киініп алған қарт - қанішер!- екенін білсем де, мен ағама: «Жақсы!» дедім. Менің тамырымды тексеруді сылтауратып, ол қаншалықты менің семіз екенімді анықтайды, сол үшін адам етінен оған да үлес тиеді. Маған қорқынышты емес. Мен адам етін жемесем де, олардан әлдеқайда ержүрекпін. Мен жұдырығымды қысып, шалға қолымды создым, оның қалай тексеретінін көрдім. Ол көзін жұмып, тамыр соғысымды ұзақ сипап, көп толғанды, содан соң құтырған көздерін ашып: «Ештеңе ойламасын, бірнеше күн тыныштықта ұстаңдар, сонда бәрі жақсы болады» деді. «Ештеңе ойламасын, бірнеше күн тыныштықта ұстаңдар». Енді түсінікті: май қашқанша ұстаңдар дегені ғой, сонда оларға менің етім көп тиеді; ал «бәрі жақсы болады» дегені не екен. Олар өте арам пиғылдағы адамдар адамды жегісі келеді, олар осынысын жасырады, міне, қызықолар бірден іске кірісуге қорқады! Мен де өзімді ұстай аламадым, қарқылдап күліп жібердім. Мен өзіме риза болдым. Оларға тура қарап, қарсы тұрдым. Маған қарсы тұра алмады, олардың түрі өзгеріп сала берді. Мен қарсылық көрсеткен сайын, олар менің етімді жегісі келеді, – оларға да менің

батылдығым жұқты. Қарт бөлмеден шығып, есіктен сәл алшақ кетіп, ағама ақырын: «Тез жеп қоялық» деді. Ағам бұған келісіп, басын шұлғыды. «Сен де бірге екенсің ғой!» Бұл тосын жаңалық болғанымен қисыны бар. Мені жегісі келетін қарақшылардың арасында менің ағам да бар болып шықты! Менің ағам – адам жегіш! Мен – адам жегіштің інісімін! Мені де олар жейді, сөйтіп мен адам жегіштің інісі болып қаламын.

Соңғы күндері менің бастапқы ойым біртіндеп өзгере бастады: киініп алған қарт мейлі жендет болмасын, шын мәніндегі дәрігер болсын ақ, бірақ бәрібір адам жегіштің біреуі. Олардың ғылымының негізін қалаушы Ли Шичжэнь [2] «Тамырлар мен шөптер» деген кітабында болса керек, адам етін пісіріп жеуге болады дейді. Бұдан кейін шалдың адамды жемейді дегенге сенуге болады ма? Сондай-ақ, мен туған ағама бекерден бекер жала жаппаймын. Ежелгі мәтіндердің мәнін маған түсіндіре отырып, ағам бірде: «балалармен алмасу және оларды жеуге» [3] болатыны туралы айтты. Ақымақ адам туралы бір әңгіме айтылғанда ол: «оның етін жеу керек, терісін төсеніш ету керек» [4] деген сөздері есіме түседі. Ол кезде мен кішкентай едім, зәрем ұшып, жүрегім ауырып, қатты қорықтым. Ағам Қасқырлар деревниясынан келген жалгердің «адамды өлтіріп жүрегі мен бауырын жегендері туралы» айтқанына ол ешбір таңданбады. Керісінше ағам жалгердің айтқандарымен келісіп, басын изеп тұрды. Ол қазір де бұрынғы көзғарасында қалды. Егер ол балаларды алмасып және кімді болса да жеуге болады деп санайтын болса, онда кімді болса да алмасып, кімді болса да жеуге болады дегені емес пе. Оның әділдік туралы айтқан пікірлеріне бұрын мен сенетінмін, енді ағам адалдық туралы қанша айтса да ағамның еріндері адам етімен майланғанын, оның жүрегі адам етін жеу туралы ойға толы екенін білемін. VІ

Қараңғы түнек, білмеймін: күн бе, әлде түн бе? Чжао ауласында ит тағы да үреді. Арыстанның айбарындай, қоянның үрейіндей, түлкінің қулығындай.

VІІ

Мен олардың айласын білдім, бірден өлтіргілері келмейді, менің оларға қарсы өшіккенімнен қорқып, өлтіре алмайды. Сондықтанда олар өз ара байланыста болады, олар барлық жерге қақпан,торлар құрған, менің оларға өзім келіп түскенім керек. Бірнеше күн бұрын көшеде тұрған еркектер мен әйелдерді еске алыңыз, ағамның жүріс тұрысына қараңыз, олардың мақсатына жүз пайыз көзіңіз жетеді. Мен үшін ең дұрысы белбеуімді шешіп, бөренеге лақтырып, оны жақсырақ буып, асылып, өліп қалу, сонда олар кінәлі болмайды, өздерінің астыртын мақсатына жеткендеріне қуанып, қарқ - қарқ күлетін болады. Ал одан да жақсысы, оларға менің қорқыныштан, қайғыдан өлгенім керек, ол кезде менің етім оларға аса бір семіз бола қоймаса да, бірақ бұл жағдайда да олар бастарын тағы бір изеп, іштерінен қуанатын болады. Олар адам етін жеуді ғана біледі! Кітапта жазылғандардан білетінім, гиена – деген хайуан бар, жиіркенішті хайуан жануар, әсіресе, оның көздері жиіркенішті келеді. Гиена өлімтіктермен қорректенеді: жемтігін уақтап сындырады екен де, содан кейін ірі сүйектерімен қоса бірге жұтады. Ол туралы ойлаудың өзі қорқынышты. Гиена қасқыр тектес, ал қасқыр ит тұқымдастарына жатады. Үшінші күні Чжао ауласындағы ит бірнеше рет маған түксиді, түсінікті: итте олармен бірге. Сен мені алдай алмайсың, басын жерге салбыртқан шал. Әсіресе ағамды аяймын. Ол адам ғой, ол неге кішкене болса қорықпайды? Қарақшыларға қосылғаны аз болғандай: өзінің інісін, мені жегісі келеді. Ол – адам етін жеу бұрынғы ескіден қалған, күнә екенін, адамның саналы түрде адамгершіліктен жұрдай болатынын білмегені ме? Адамды жейтіндерді лағынет атсын, мен ағамның адам жегіштігінен бетін қайырамын, ағамнан бастаймын. VІІІ

Тегінде айтылған бұл дәлелдерім олар үшін мүлдем түсініксіз болуы
мүмкін.
Күтпеген жерден бір адам келді: түріне қарағанда жиырмалардың
шамасында, одан үлкен емес. Мен оған дұрыс қарай алмадым. Жымиып

тұрған бойы, ол басын изеді. Оның күлкісі де жымысқы. Мен:

– Адамды жеу – бұл дұрыс па? –деп сұрадым.

Ол бұрынғы күлген қалпында:

– Биыл аштық жоқ, адам жеудің қажеті не? - деп жауап берді.

Мен бірден оның да қарақшылардан екендігін түсіндім, ол адам жейтін адам. Менің батылдығым жүз еселеніп, сұрақ қойып оны қинай бастадым: – «Дұрыс па?» – Бұл туралы сұраудың не керегі бар? Өзің қалжыңбас екенсің,.... Бүгін ауа райы қандай жақсы, - деді әңгімен бұрып.... Шынында ауа райы жақсы, күн жарық еді. – Жоқ, сен жауап бер: «Дұрыс па?» -дедім. Ол жығылды. Сосын кібіртіктеп: – Жоқ…деп жауап берді. – Дұрыс болмаса? Неге олар адам жейді? – Бұлай болуы мүмкін емес…. – Болуы мүмкін емес? Қасқырлар деревниясында ашық түрде адамды жейді, оның үстіне бұл туралы кітапта жазылған. Оның түрі құбылып, тіпті жүзі қара шойындай боп кетті. Маған қадалып тұрды, ол: – Қайдан білейін, мүмкін солай шығар. Бұрын ғасырлар бойы солай істеген емес пе? – Ғасырлар бойы солай, дұрыс шығар? – Сенімен дауласқым келмейді. Дұрысы олай айтпағаның жөн, өйтпесең өзің кінәлі боласың! Мен аң - таң болып атып тұрдым, бірақ әлгі адамнан із де қалмады. Мені таңқалдырғаны, ол менің інімнен әлдеқайда кіші, ол қарақшылармен бірге екені маған мәлім болды. Әрине, оған ата –аналары үйретті, ол өз кезегінде баласын үйретті, иә, сондықтан да балалар маған өшігіп қарайды.

Олар адамды жейді, енді өздерін жемесе екен деп қорқады, содан бірінен бірі сезіктенеді.... Егер де олар өздерінің бұл ойларынан қайтса, қандай жақсы болар еді, өздерінің жұмыстарын істесе, қыдырса, ұйықтаса. Ол үшін олар небәрі кедергілерден аттауы керек. Оның орнына қарақшылық ұйымдастырды және бәрі: әкелері, балалары, ағалары, әйелдері, достары мен тіптен танымайтын адамдар өзара қолдап, көңіл көншітеді, тіпті өлім алдында алған беттерінен да қайтқысы келмейді, кедергіден өткілері келмейді.

Ертемен ағамды іздеп шықтым: ол табиғатқа сүйсініп, аула ішінде тұр екен; мен оның артына келіп, асықпай, сабырлы күйде: – Аға, мен саған бірдеңе айтуым керек, -дедім. – Тілеуің білсін, айта бер, – деп жауап беріп, дереу бұрылды да, басын изеді. – Аға! Мен небәрі бір ауыз сөз айтқым келеді, бірақ мен ол сөздердің өзін де жеткізе алмаймын! Бұрын жабайы адамдар адам етін жеген шығар. Артынан көзғарастары өзгеріп, адам етін жеуден бас тартқан, өздерінің пиғылдарын түзетіп, адамға айналды, нағыз адамға айналды, ал қайсыбірі осы күнге дейін адам жеумен шұғылданып келеді. Олардың кейбіреуі құрт сияқты: балыққа, құсқа, маймылға, кейбіреуі адамға айналып дамыды, ал басқалары жетілуге тырыспады, осы күнге дейін құрт күйінде қалды. Құртты маймылмен салыстырғанда зиянды жәндік емес, адам жемейтіндерді адам жейтіндермен салыстырғанда адам жейтіндер жиркенішті. И Я өзінің ұлын пісірді [5] және Цзе мен Чжоу жеуге берді, өйткені сонау ежелгі кезден солай болып келды. Кім білсін, сол кезден бері, Паньга көкті жерден бөлген сәттен батап, И Я ұлын жеген сәтке дейін; И Я ұлының оқиғасынан Сюй Си-лин оқиғасына дейін; [6], Қасқырлар деревнясында адамды жегенге дейін қанша адамды адам жеді? Былтырғы жылы қалада қылмыскерді жазалаған кезде көкірек ауыруына шалдыққан біреу өлтірілген қылмыскердің қанына тоқашын батырып [7], оны жалады. Олар мені де жегісі келеді, әрине, сен жалғызсың, оларға сен қарсы тұра алмайсың, қауқарың жоқ. Сен неге қарақшыларға ілестің? Адам жеуден жақсылық күтпе! Егер олар мені жейтін болса, бір күні сені де жеуі мүмкін, содан соң бірін - бірі жейді. Бірақ түзелуге болады, сонда ғана адамдар ортасында тыныштық орнайды. Осы күнге дейін ештеңе істеуге болмаса да, барлық күшімізді біз жинап, бірге өзгертуіміз керек; айтшы, бұл мүмкін ғой? Аға, сенің ойыңша, бұл мүмкін емес пе; осыдан бірнеше күн бұрын жалға алушы жер құнын төмендетуді сұрағанда сен оған келіспедің ғой.... Басында ағам салқын күлгенімен, мен оған ойымды айтқан сайын жүзі уыттана бастады, ал оның жасырын пиғылын әшекерлегенде жүзі қарайып, тіпті ажары қашты. Қақпа артында адамдар тобы тұр: олардың ішінде Чжао Гуй-вэнь өзінің итімен жүр. Олар мойындарын созып, қымтырылып қарап тұр. Кейбіреулерінің бет әлпеті танылмайды, олар басына жаулық байлап алғандай, ал қалғандары сол күндегідегідей ақсиған ақ тісті, қара жүзді адамдар. Олар үндемей миықтарынан күледі. Мен олардың бір бөріктің

астында жиналғандарын, олардың адам жейтіндер екенін білемін. Бірақ та олардың ішінде әртүрлі ойлайтын адамдар бар екенін білемін; біреулері, бұрынғыдай адам жеуге болады деп түсінеді, ал енді біреулері адамды жеуге болмайтынын білсе де, адам етін жегісі келеді. Олар жасырын пиғылдарын білмесе екен деп қорқады, менің сөздерімді естіп, іштерінен үндемей күліп тұр,тіпті еріндерін де жыбырлатпайды. – Жоғалыңдар әрі! Есі ауысқан адамға қарағанның несі қызық! Мен олардың тағы бір айласын түсіндім. Олар өздерінің түзелгісі келмейтіндерімен қоймай, есі ауысқан адам ретінде мені бір жерге тығып тастағысы келеді. Мені жегеннен соң бұл істері жапқан күйінде қалады, уақыт өткен сайын оларды қолдайтындар табылады деп ойлайды. Дәл осындай жағдай туралы жерді жалға алушы да айтқан болатын. Бәрі де жоспар бойынша жасалған. Чэнь Бесінші ол да ашулы, маған жүгіріп келді. Бұл адамдар менің аузымды қаншама жабамын десе де, мен оларға: «Әлі де кеш емес, тәубаларыңа келіңдер, оданда шын көңілдеріңмен адам жеуден бас тартыңдар! Келешекте жер жүзінде адам жегендер қалмайды» деп айқайладым. Егер сендер түзелмесеңдер, өмірлерің аяғында өздеріңде жем боласыңдар. Сендер қанша ма көбейсеңдер де, нағыз адамдар қасқыр аулайтын аңшылар сияқты сендердің көздеріңді жояды,құрттарды жойғандай құртып жібереді!

Чэнь Бесінші қарақшыларды қуып жіберді. Ағам да бір жаққа кетті. Чэнь Бесінші бөлмеге қайтуыма көндірді. Бөлме – тас қараңғы. Бөренелер мен тірегіштер басым үстінде тербеле бастады және тербелеліс күшейе түсті.... Бөренелер үстіме құлап жатты.... Адам төзгісіз ауыр, қозғала алмаймын: оларға менің өлгенім керек. Мен қиындықтың жеңіл екенін түсіндім, терлеп - тепшіп, өрмелеп шықтым. Мен оларға: «Дереу тәубәларыңа келіңдер, беттеріңнен қайтыңдар! Келешекте адам жейтіндерге жер үстінде орын жоқ.…» деймін.

Күн шықпады, есік те жабық, ашылмайды: күніне екі мезгіл тамақ береді. Мен тамақ ішу үшін таяқшамды қолыма аламын, бір кезде ағам ойыма түседі: кішкентай қарындасымның өліміне ағам – жалғыз өзі кінәлі екенін білемін. Осы күнге дейін, қарындасымның сүйкімді, мұңды бейнесі көз алдымда тұрады. Ол небәрі бес жаста еді. Анам дамылсыз, жылай берді, ағам анамды жыламауға көндірді; өйткені қарындасымды ол жеді, ал

анамның көз жасы жаны қиналғаннан шығар. Егер ағамда жан азабын түсінетін болса.... Қарындасымды ағам жеді: анам мұны білді ме мен оны білмеймін? Білген шығар деп ойлаймын, бірақ ол жұмған аузын ашпады, тек жылай берді, – осылай болуы керек деп санаған шығар. Тағы бір есімде қалғаны, мен бес жаста, мүмкін одан да жас болған шығармын, үй алдында демалып отырғанымда, ағам қасыма келіп: егер де әкесі немесе анасы ауырып қалған кезде ұлы өзінің денесінен етін кесіп, оны қайнатып, әкешешесіне беру керек: сонда оны жақсы ұл деп айтуға болады деген болатын. Анам сонда қарсы болмады. Егер адам адам етінен бір үзім жейтін болса, онда тұтас жеуге де болатын шығар. Осы күнге дейін анамның қалай жылағаны есіме түссе, жүрегім жарылып кете жаздайды. Маған бұл оқиға әлі күнге дейін түсініксіз. XІІ

Ойлауға халім жоқ. Төрт мың жыл бойы адамды адам жеген әлемде өмір сүріп келгенімді бүгін ғана түсіндім; кішкентай қарындасым өлген кезде ағам үй шаруашылығын жүргізді, кім білсін, мүмкін ол білдірмей қарындасым етінен біздерді де тамақтандырған шығар. Мүмкін, мен мұны білмей қарындасымның бір үзім жапырақ етінен жегенде шығармын, енді кезек менің өзіме келді.… Мен төрт мың жыл адам етін жеген адамдар ортасында өмір сүріп келгенімді қазір анық түсіндім, нағыз адамдарды кездестіру өте қиын екен.

XІІІ

Мүмкін, адам етін жемеген балалар әлі де бар шығар?
Балаларды құтқарыңдар!
1918 жылғы сәуір.

Ескерту

Әңгіме тұңғыш рет «Синь циньянь» («Жаңа жастар») журналында 1918 жылғы мамырда басылды; 1949 жылы Шанхайда жарық көрген «Лу Синь: әңгімелер, мақалалар, хаттар» кітабында С.Л. Тихвинский аудармасында «Дневник сумасшедшего» деген атпен енді. Лу Синь 1918 жылғы 20 тамызда досы Сюй Шоу –шанға жазған хатында, «Жынды адам жазбалары» туралы: «Қытайда адамгершілік, мораль және ізгілік туралы ілімдер бұрыннан тамырын терең жайды дейтін, соңғы

мезгілде бұндай көзғарастар кең таралып жүр. Тарихты оқысаң болды бұған қарсы көптеген мәселелердің тез шешімін табатынын көресің. Бұдан басқа «Жалпы ортақ айнаны» қарап отырып, қытайлықтар адам жейтін ұлт болып қалып отырғанын түсіндім, сол кезде мен осы әңгімені жаздым. «Адамгершілік», «әділдік», «мораль» мен «ізгілік» - конфуциандық моральдық-этикалық ілімнің негізгі түсініктері. Ли Ши-чжэнъ (1518–1593) – Дәстүрлі қытай медицинасының емдік өсімдіктері және кейбір басқа да құралдары туралы «Тамырлар мен шөптердің негізгі тізімі» («Бэньцао ганму») классикалық еңбегінің авторы, тұңғыш рет кітап 1596 жылы жарық көрді. «балалармен алмасу және оларды жеу» – Конфуций құрастырған «Чуньцю» («Көктем және күз») жылнамасына «Цзочжуань» түсініктемесіндегі сөйлем; Сун княздығынан Хуа-юань деген біреу Чу княздығының әскері басып алғандағы қиын жағдайды осылай сипаттаған екен. «оның етін жеу керек, терісін төсеніш ету керек» – «Чуньцю» («Көктем және күз») жылнамасына «Цзочжуань» түсініктемесіндегі сөйлем; бұл сөздерді Цзинь княздығынан Ци княздығына қызметке ауысқан Чжоу Чо шенеунік, оны тұтқынға алған Ци княздығының шенеуніктері Чжи Чо мен Го Цзуге өзінің өшпенділігі мен жеккөрінішін білдірген екен. И Я өзінің баласын пісірді.... И Я Чуньцю дәуірінде Ци княздығында өмір сүрді, оның билеушісі Хуаньгун бірде ешқашанда сәби етін жемегенін айтады. И Я өзінің туған баласын пісіріп, Хуань-гунге әкеледі, ол осылай өз билеушісіне шексіз берілгенін көрсетті.

Цзе және Чжоу – Ся және Шан әулеттерінің патшалары –қатал билеушілер. Олардың есімдері жалпы зұлымдық белгісі ретінде қолданылады; бұл жерде Хуань-гун ежелгі қатал билеушілерге ұқсатылады. Сюй Си-линь

(1872-1907) – революционер, 1907 жылы Маньчжур провинциясының Аньхуй губернаторы Энь Минге сәтсіз жасалған қастандықтан кейін ұсталып, өлтірілді, жендеттері Сюй Си-линнің жүрегін кесіп, Энь Миннің күзетшілеріне жеуге берген. Ежелгі Қытайда егер де ауырған адам өлімге кесілген қылмыскердің қанына тоқашты батырып жесе, көкірек ауруынан айығып кетеді деген сенім болған.

Тәржімалаған Салауат Кәрім,
Abaі.kz

Джек ЛОНДОН. КИШ ТУРАЛЫ АҢЫЗ

Баяғы өткен заманда Поляр теңізінің түбінде Киш деген адам өмір сүреді. Ол ұзақ жылдар өмір сүріп, өз ауылының бірінші адамы болады, ол қайтыс болғанда елінің адамдары оны құрметтеп жерлейді, оның есімі адамдардың аузынан түспейді. Содан бері көп уақыт өтеді, Киш туралы аңызды қарттар әкелерінің аузынан естігендерін өздерінің балаларына, ал олар болса өздеренің балаларына айтып жеткізген. Мұз жамылған поляр шеңберінде солтүстік ызғар үскірік есіріп, ауада аяз қырау жайлағанда ешкімнің сыртқа шығуға дәті бармайды, мұндайда Киш өзінің жұпыны иглуынан (канада эскимостарының мұздан қалайтын лашығы) аңға шығып, атағы қалай шыққаны, абыройға қалай бөленгені туралы аңызды айтып беретін кез келді.

Аңызда айтылатындай Киш зейінді, дені сау, мықты бала болады, сол кезде он үш күнді көріпті, өйткені солтүстікте жылдар күнмен саналатын, қыста күн сәулесі адамдарды түнекке қалдырып, келесі жылда ғана адамдарға жылуын шашып, бірін - бірімен көрісу үшін жаңа күн сәулесі шығады. Киштің әкесі асқан аңшы болған, аштық жылдары қандастарының қамын ойлап, полярлық үлкен аюмен жекпе - жекте опат болады. Аю оның барлық қабырғаларын сындырады, бірақ өлген аюдың еті мол болып, ауыл адамдары аштықтан аман сау қалады. Киш жалғыз ұл болғандықтан әкесі өлгеннен кейін анасымен қалады. Бірақ адамдар оларға жасал ған жақсылықты да, әкесінің ерлігін де тез ұмытады, Киш әлі болса да бала болатын, ал анасы әйел еді, олар ешкімге керек болмай, олар жұпыны үйде тұрады, оларды жерлестері ұмытады. Бір күні кешқұрым Клош – Куан көсемнің үлкен үйінде кеңес жиналады, адамдар сонда бала Киштің бойында ыстық қанның ойнайтынын, оның ержүректігін, ешкімнің алдында бүгілмейтінін көреді. Киш үлкен адамға тән салқындылықпен, тыныштық орнағанға дейін күтіп тұрды.

- Анам екеумізге де еттен үлес тиеді, бірақ үнемі ескірген, қатқан ет бөлінеді, оның өзінің көбі сүйек. - Мен шындықты айтып тұрмын, - деп сөзін бастайды.

Шаштары ақ жамылған, самайларына енді ғана ақ қырау түсе бастаған, бірақ қауқарлары да, күштері де әлі жеткілікті аңшылар да, жас аңшылар да балаға ауыздарын ашып қарайды. Олар бұрын ересек адамдардай баланың сөйлеп тұрғанын көрген емес.

Киш сөзін қатты айтып жалғастырады: - Менің әкем Бок ержүрек аңшы болған еді, мұны айтып тұрғаным, адамдар әкемнің бір өзі екі мықты аңшы әкелген еттен артық ет әкелгенін жиі

айтады, мен өз көзіммен әкем әкелген етті ауылдағы ең әлсіз кемпір мен дәрменсіз қарияға тисін деп тең бөлетінін көрдім. - Кәне жоғал! - деп айқайлайды аңшылар. - Мынау баланы алып кетіңдерші, барып ұйықтасын! Саған ақбасты ерлермен сөйлесу әлі ерте, – деп шүйлігеді. Киш аңшылардың ашулары басылғанша асықпай тұрады: - Үгілік сенің әйелің бар, оның қамын сен ойлайсың. Ал Массук сенің әйелің мен анаң бар, олардың қамын сен ойлайсың. Ал менің шешемнен басқа ешкімі жоқ, сондықтан ол үшін мен сөйлеймін. Менің әкем Бок ержүрек болғасын жазымға ұшырады, мен оның ұлымын, Айкиге менің анам - оның әйелі, тайпада ет молшылықта болғанда менің анамның да еті жеткілікті болуы керек емес пе? Мен Бок ұлы Киш сөзімді айтып болдым, - деп отырады. Бала отырған сәтте оның құлағына қарсы сөздер естіліп жатты. - Мынау бала кеңесте сөйлеуге қақысы бар ма? – деп міңгірлейді қарт Үгілік. - Қашаннан бері бізді емшектегі бала үйрететін болған, – Әлде мен еркек емеспін бе, кез - келген бала ет жегісі келгенде менің бетіме басатын бола ма? - деп кіжінеді Массук. Отырғандардың ашуы көтеріледі. Кишке тұрған жерінен шапшаң кетіп ұйықтауға кеңес береді, әйтпесе еттен айырамыз деп қорқытады, өрескел қылығы үшін дүре соғамыз деп уәде береді. Киштің көздері жанып, беті қызарып, қаны қайнап отырады. Сөгістің астында қалған Киш орнынан ұшып тұрып: - Еркектер, тыңдаңыздар! - деп айқайлайды. - Мен, енді ешқашанда кеңесте, өздерің маған келіп: «Киш, сөйле, сені тыңдағымыз келеді, - дегенге дейін сөйлемеймін. Бұл менің соңғы сөзім. Менің әкем Бок асқан аңшы еді, оның ұлы менде аңшы боламын, менде ет әкелетін боламын. Бүгіннен бастап мен өзім әкелген олжаны тең бөлетін боламын. Мықты еркектер етке тойып, қарындарын сыйпап, ыңырсып жатқанда бірде бір жесір, не әлсіз қария түнде жейтін еті болмағандықтан жыламайтын болады. Сонда етті тойып жейтін, мықты еркектерге ұят болады! Мен, Киш айтатын сөзімді айтып болдым. Олар Кишті әжуа - мысқылмен шығарып салады, ол үйден тісін қайрап шығады, оңға да, солға да қарамайды, өзінің жолымен кетеді. Келесі күні Киш жер мен мұз қатқан теңіз тоғысқан жаға маңына аттанды. Бұны көргендер Киш садағын, сүйектен жасалған ұшты жебелерін алып, иығында әкесінен қалған найзаны асынып бара жатты. Олар сыртынан күліп, түрлі жорамалдар жасады. Бұл бұрын болмаған айтқысыз оқиға еді, Киштің жасындағы бала бұрын аңға шығып, онысымен қоймай аңға жалғыз

шыққан емес. Ересектер бастарын шайқап, сәуегейлік жасап, әйелдер жағы уайымдап, онсызда жүзі қатқан Айкигені аяп тұрды. Ол ертең қайтып келеді, - деп әйелдер жұбатты. - Жүре берсін. Бұл оған үлкен сабақ болады, – деп аңшылар шуылдап жатты. - Ертең - ақ тынышталып, үндемей қайтады, содан кейін аузын ашсын. Бір – екі күн өткеннен кейін үшінші күні үскірік боран көтерілді, Киш болса оралмады. Анасы Айкиге төбе шашын жұлып, қара жамылып, бетіне қара күйе жағып қайғыға кетеді, әйелдер еркектерге баламен тым қатты кеткендеріне ұрсып, баланы өлімге айдағанын беттеріне басып жатты, ал еркектер болса жұмған ауыздарын ашпай, боран басылған бойда баланың өлік денесін іздеп шығуға әзірленеді. Бірақ ертесінде Киш ауылға оралады. Оның еңсесі биік, басы көтеріңкі еді, өзі өлтірген аю етін иығына артып келді. Оның жүрісі батыл, сөзі өткір еді. - Сендер, еркектер, ит шаналарды алып менің келген ізіммен жүріп отырыңдар, осыдан бір күндік жолда мұзда жатқан ұрғашы аю мен оның екі қонжығының көп етін табасыңдар, соны алып келіңдер, - дейді. Айкигенің баласының аман - есен келгеніне қуанышында шек болмады, анасының жанарындағы қуанышты көріп, Киш нағыз еркектерше:

- Айкиге, үйге барайық, тамақ ішейік. Сонан соң мен демалайын, өте шаршадым, - дейді. Ол үйіне кіріп, тамағын тойып ішкенң соң, тұрмастан жиырма сағат ұйықтайды. Адамдар өзара айтысады.Поляр аюуына аңға шығу өте қауіпті, ал ұрғашы аю мен оның қонжықтарын аулап алу одан да үш есе қауіпті. Ерекектер бала Киштің бір өзі мұндай үлкен ерлік жасағанына сенбейді. Дегенмен әйелдер Киш өлтіріп әкелген жануардың жас еті туралы айта бастағанда олардың күдіктері сейіліп, бастарын шайқайды. Сонымен, ауыл аңшылары Киш аюды өлтіргені жақсы, бірақ етін сойып, тазартпаған болса деп күңкілдеп жолға шығады. Солтүстікте жануарды өлтірген бойда етін бірден соймаса қатып қалатыны соншалықты, өткір пышақ алмайтын, ал қатып қалған үш жүз фунттық етті ит шаналарға артып ойқы - шойқы мұздақпен сүйретудің өзі оңай емес.Аңшылар айтқан жерге келгенде өздерінің көздеріне өздері сенбеді, Киш аюды өлтіріп, етті нағыз аңшыдай төрт бөлікке бөліп, ішек - қарындарын шығарып тастапты. Осылайша біз білмейтін Киштің құпиясы басталады. Күндер өтіп жатты, Киштің құпиясы жұмбақ болып қала берді. Киш тағы аңға шығып, бұл жолы ересек үлкен аюды өлтіреді, келесі жолы алып еркек аю мен оның ұрғашысын өлтіріп алып келеді. Әдетінде ол үш –төрт күнге кететін, енді мұздақ кеңістікке апталап кететінді шығарды. Ол қасына ешкімді ертпейді, бұған халық аң таң

болады. Аңшылар қайран қалып: «Ол бұны өзі қалай істейді?», - деп сұрайды. - Иттерді де өзімен бірге алмайды, аңшылықта ит үлкен көмек қой, – дейді олар. Клош – Куан бірде Киштен: - Сен неге аюды ғана аулайсың? – деп сұрайды. - Аю еті мол екенін кім білмейді, – деп жауап береді бала. Ауылда адамдар Киштің енді сиқырлығы туралы айта бастайды. - Ол жындармен бірлесіп аңшылық етеді, содан оның жолы болып жүр, оған теріс күштер көмектеседі, жалғыз өзі одан басқа қалай аюды өлтіреді? – деседі біреулері. - Мүмкін жындар емес, періштелер шығар, оның әкесі ұлы аңшы болған, әкесі мүмкін баласын аңшылыққа баулып, ептілікке, төзімділік пен батылдыққа үйретіп жүрген шығар. Кім білсін? - дейді екіншілері. Адамдар не десе де Киш аңшылықтан олжалы оралып жүрді, небір мерген аңшылар Киш өлтірген аю олжасын ауылға өздері сүйреп, тасып жүрді. Ол әкесі сияқты ауылдың кәрі кемпірлеріне, әлсіз қарияларына тамағына жеткілікті олардың үлестері әділ тисін деп қадағалады, Киш өзіне күн көрісіне ғана керекті ет қалдыратын.

Олар Кишті ержүрек аңшы ретінде құрметтейді, одан қорқа бастайды, қарт Клош – Куан өлгеннен кейін оның тайпа көсемі болатыны туралы әңгімелей бастайды. Олар Киш ерліктерімен өзінің атын шығарғанда кеңеске келіп жүреді деп күтеді, бірақ Киш кеңеске келмейді, өздері де Кишті кеңеске шақыруға ұялады. Бір күні Клош –Куан мен аңшыларға Киш: - Мен өзіме жаңа үй салайын деп едім, үй Айкиге мен маған тұру үшін кең болғаны керек, - дейді. Олар болса: Иә, – деп бастарын шұлғиды. - Бірақ менің үй салатын уақытым жоқ. Менің жұмысым – аңшылық, менің бүкіл уақытым соған кетеді. Мен әкелген етті жейтін еркектер мен әйелдер маған үй салып берсе әділ, дұрыс болар еді, - дейді. Кишке ауыл адамдары үлкен, кең үй салып береді, ол үй көсем Клош – Куанның үйінен үлкен және кең болып шығады. Киш анасы екеуі жаңа үйге көшеді, күйеуі Бок өлгенен кейін Айкиге молшылықта өмір сүре бастайды, мерген аңшының анасы болғандықтан Айгигені ауылдың бірінші әйел ретінде құрметтейді, біреумен, не күйеулерімен айтысып қалғанда әйелдер Айкигиге ақыл сұрауға барады. Дегенмен Киштің олжалы аңшылық құпиясының сыры ауыл адамдарына маза бермейді. Бірде Үгілік Кишке оның аңшылығы дуаланған деп:

- Сен жындармен байланыстың, сондықтанда сен аңнан олжалы келесің, - деп қарсы тұрып алды. Киш сонда: - Сіздер не нашар ет жеп жүрсіңдер ме? Әлде ауылда біреу еттен ауырды ма? Аңшылыққа жынның қатысы қандай? Мынау сенің жорамалың ба, әлде сені қызғаныш қысып бара ма? –дейді. Киштің сөзінен кейін Үгілік қызарып, ұялып қашады, оның артынан ауыл әйелдері күліп тұрды. Бірде кешкісін кеңестегілер біраз айтысқан соң Киш аюға кеткенде, оның аңшылық құпиясын білу үшін артынан тыңшы жіберуге шешім қабылдайды. Міне, Киште аңға шығады, ауылдың екі жас аңшысы Бим мен Боун көзден таса, көрінбей, Киштің ізін аңдып, жүріп отырады. Олар бес күн өткен соң өздерінің көргендерін айтуға шыдамай, суыққа шыдамай, дірдектеп жетіп келеді. Клош – Куанның үйінде шұғыл кеңес жиналады, Бимнің көздері бадырайып, өзінің көргендерін таң қалып айта бастайды. - Бауырлар! Бізге бұйырғандай, Киштің артынан жүріп отырдық. Біздің сақ болғанымыз сонша Киш бізді мүлде байқаған жоқ. Бірінші күннің түсінде ол үлкен еркек – аюды кездестірді, аю өте, өте үлкен болатын... – Одан үлкен аю болмайды, – деп Бимді бөліп жіберген Боун әңгімені ол жалғастырды. - Бірақ аю күреске түскісі келмеді, асықпай өзіне қарай, мұздаққа бұрылды. Біздер жағалау жартасынан қарап тұрдық, ол біздің жаққа келе жатты, ал Киш болса аюдың артынан ілесіп, қорықпай келе жатты. Киш аюға жекіріп, қолын бұлғап, айқайлап келе жатты. Сол кезде аю ашуланып, артқы табандарына тұрып ырылдады. Киш аюға қарсы келе жатты.... - Иә, иә, – деп іліп алды Бим. - Киш аюға тура жүргенде аю оған ата жүгірді, Киш қаша жөнелді. Киш аюдан қашқанда мұзға кішкентай шар дөңгелекті жоғалтып алды, аю кідіріп, әлгі шар дөңгелекті иіскелеп, жұтып жіберді. Ал Киш болса кішкентай шар дөңгелектерді лақтырып қаша берді, қаша берді, аю дөңгелектерді жұта берді. Сол сәтте айқайлаған дауыс шықты, Үгілік мұндай ертегіге сенбейтінін айтып, күмәнін айтып келтірді. - Біздер мұны өз көзімізбен көрдік, - деп Бим сендіріп болды. - Иә, иә, өз көзімізбен көрдік, - деп Боун растады. – Осылай біраз уақыт жалғасты, бірмезгілде аю тоқтап, айқайлап ұли бастады, ауырғаннан алдыңғы аяқтарымен мұзды ұрғылап, безіп кетті. Ал Киш мұз үстімен алысқа қашып, қауіпті жерге барып тығылды. Енді Аюға Киш керек

болмады, өйткені кішкентай дөңгелектер аюдың ішін ауыр бәлеге ұшыратты. - Иә, иә, аюды үлкен бәлеге душар етті, – деп, Бим әңгімені тағы әңгімені бөлді.- Аю денесін тырналап, ойнақшыған күшіктей, мұз үстінде секіріп шыршыр айналды. Аю қатты аурудан секіріп, қайта - қайта ақырып, аспанға қарап ұлыды. Сырттан қараған адамға аюдың шыдай алмай жүргенін көруге болатын еді. Мен өмірімде мұндайды бірде көрген емеспін. - Менде мұндайды көрген жоқпын, - деп қосты Боун. Қандай үп – үлкен, зор аю еді! - Бұл дуалау, – деп саңқ етті Үгілік. – Айдан анық дуалау. - Бәрі де болуы мүмкін. Осы кезде Бимнің әңгімесін Боун тағы да жалғастырды: - Аю шыр айналды. Біресе бір жаққа, енді бірде басқа жаққа, алға, біресе артқа теңселіп, орнында тұрып, шыр айнала берді, аяғында Кишті кездестірген жерге келіп құлады. Сол жерде аюдың күші таусылып, жорғалауға да әлі жеткен жоқ. Сол мезгілде Киш аюдың қасына келіп найзасын сұғып өлтірді. - Содан кейін не болды? – деп сұрады Клош - Куан. - Содан кейін Киш аюды етін бұзып, бөле бастады, ал біздер Киштің аңшылығын айтайық деп осында жүгірдік. Осы күні кешкісін еркектер кеңесте жиналып отырғанда әйелдер аюдың етін ауылға жеткізді. Киш қайтып келгенде кеңеске келсін деп артынан хабаршы жіберілді, бірақ ол қарыны ашқанын, шаршағанын, оның үйі үлкен, жиын өткізуге ыңғайлы екенін, көп адамның сыйатынын айтып жібереді. Киштің аңшылығына олардың қызығушылығы зор болғаны сонша Клош – Куан бастаған бүкіл кеңесте отырғандар ата тұрып, Киштің үйіне келеді. Киштің тамақ ішіп отырған жерінен үстінен түседі, Киш оларды құрметпен қарсы алады, олардың егде жастарын сыйлап төрге шығарады. Айкиге де оларды тік тұрып, біресе ұялып, төмен қарап қарсы алса, Киш болса мүлдем сыр бермейді. Клош –Куан Бим мен Боунның көргендерін айтып, сөзін аяқтаған кезде, дауысын көтеріп: - Киш, сен бізге түсіндірерсің. Аюды қалай аулайтыныңды айтып берерсің. Бұл жерде сиқыр жоқ шығар? –дейді. Киш сәл басын көтеріп, қарсы қарап күледі. - Клош –Куан! Баланың сиқырлықпен шұғылданғаны дұрыс болмас, сосын сиқырлықты туралы мен ештеңе білмеймін. Мен поляр аюын

өлтірудің оңай әдісін ойлап таптым. Бар болғаны сол. Бұл жерде ептілік қана бар, ешбір сиқыр жоқ. Бұл әркімнің қолынан келеді? - Әркімнің. Ұзақ үнсіздік орнайды. Еркектер біріне – бірі таңырқап тұрды, Киш болса тамағын іше берді. - Сен, сен бізге айтасың ғой, Киш? – деді бұл жолы қалтыраған дауыспен сөйлеген Клош –Куан. - Әрине, айтып беремін, – деп, Киш қолындағы сүйек майын сорып болған соң орнынан тұрады. Киш қолына кит мұртының шамалы қылқан жолағын алып, отырғандардың бәріне көрсетеді. Қылқан жолағының ұшы иненің ұшындай еді, Киш қылқанды абайлап, алақанына салып қылқан жоғалғанға дейін илейді, содан бір кезде қолын ашып қалғанда қылқан жазылады. Содан кейін Киш итбалық майының бөлігін алады. - Міне, былай, итбалық майының кішкене бөлігінде батыңқы кішкентай ойық істеу керек, - дейді. - Содан соң кит қылқанын сол ойыққа салып, оны басқа май бөлігімен орап жабу керек. Сосын аязға қатырып қою қажет, май қатқан кезде, кішкентай шар дөңгелекке айналады. Аю дөңгелек шарды жұтқанда оның ішінде май еріп, киттің қылқаны жазылады да – аюдың ішін ауыртады. Аю әбден қиналып біткенде найзамен өлтіру қиынға түспейді. Бұл әбден оңай. Үгілік: - Ө! – деп айқайлап жіберді. Клош-Куан: Ә! Бәрі түсініп, әрқайсысы түсінгендерін өздерінше айтып жатты. Баяғы заманда Поляр теңізінің түкпірінде өмір сүрген Киш туралы аңыз осылай аяқталады. Киш сиқырмен емес, ептілігімен аңшылық етіп, жұпыны кедей үйінен шығып биікке көтерілді, тайпа көсемі болды. Ол тірі тұрғанда оның халқы аманшылықта өмір сүрді, бірде бір жесір, бірде бір қорғансыз қария түнде еттері болмағандықтан жылаған емес.

Аудармашыдан: Осыдан тоқсан екі жыл бұрын «Эскимос Киш деген бала (Дж. Лондоннан)» деген кітаптың беташар сөзінде: «Бұл кітапшаны оқушы Алаштың баласына Эскимос деген елдің жайлы мәлім емес шығар, қысқаша сезім бергенім артық болмас деп мына төмендегі сөзді жаздым»,- деп аңыздың ұлт тәрбиесіндегі маңызын ескере отырып Тұрағұл Абайұлы Құнанбаев атақты американ жазушысы Джек Лондонның «Киш туралы аңыз» әңгімесін қазақ жұртына тектен тек аудармағанын айтып кеткім келеді. Аударма аңыз көп жылдар қазақ әдебиетінің оқу бағдарламаларынан түскен емес, қазір де

оқылады, аңыздың ішкі идеялық мазмұны, әділдік пен адамшылық мәселесі ешқашанда жойылмайтын ақиқат екенін көрсетеді.

Тәржімалаған Салауат Кәрім,
Adebіportal.kz

Эрнест ХЭМИНГУЭЙ. ҮНДІСТЕР МЕКЕНІ
әңгіме

Көл жағаcына бөтен қайық байланған, жанында күтіп екі үндіс тұр.

Ник әкесі екеуі қайықтың артқы жағына барып отырды, үндістер қайықты суға түсіріп, біреуі ескекті қолына алып, қайықты есе бастады. Джордж ағай басқа қайықтың артына барып жайғасты. Жасырақ үндіс қайықты суға түсіріп, ол да қайықты есе бастады.

Екі қайықта қараңғыда жағадан жүзіп кетті. Никке алдарында жүзіп бара жатқан қайық ескегінің сықырын алыстан, тұман ішінен естілді. Үндістер қайықты қысқа, бірақ тез есті. Ник әкесіне басын қисайтты, әкесі ұлын құшақтап, бауырына қысты. Көл салқын еді. Үндістер бар күшін салып ескенмен екінші қайық тұман ішінде оларға жеткізбеді. - Папа, біз қайда бара жатырмыз? –деп сұрады Ник. - Арғы бетке, үндістер тұратын жерге барамыз. Ол жерде үндістің бір әйелі науқас жатыр. - Ә.... – деді Ник. Олар жеткенде алдарында ескен қайық жағалауда тұрды. Джордж ағай қараңғыда сигарасын түтіндетіп тұрды. Жас үндіс олардың қайығын құм жағалауға сүйреп шықты. Джордж ағай екі үндіске сигарадан берді. Олар жағалаудан шалғын шөп арасынан өтіп, таңғы шыққа суланып, далаға шықты, жасырақ үндіс қолында ұстаған жарық шаммен жол көрсетіп алда жүрді. Одан соң орманға кіріп, соқпақ ізбен алыс дөңге апаратын жолға шықты. Жол жарық көрінді, өйткені екі жақтың ағаштары кесіліп тасталған. Жас үндіс тоқтап қолындағы шамын өшірді, әрменқарай жолмен алға тартты. Бұрылыста оларға иттер қарсы үріп шықты. Олардың алдында ағаш қабығын теруші үндістердің лашықтары көрінді. Оларға тағы бірнеше ит арсылдап ұмтылды. Үндістер иттерді лашықтарға қуып жіберді. Жақын орналасқан лашықтан жарық көрінді. Есік алдында шам ұстап кемпір тұр. Барақ лашығының ішіндегі ағаш сәкіде үндіс әйелі үш тәулік бойы туа алмай қиналып жатыр. Үндістер мекені кемпірлері оның маңында жиналып қалған. Ерлер алысырақ жерде тұр, олар әйелдің даусы естілмейтін жол үстінде отырып шылым шегуде. Бараққа екі үндіс, әкесі және Джордж ағайына ілесіп Ник кірген бойда әйел тағы айқайлады. Әйел көрпе астына жамылып, томпайған іші көрініп, төменгі сәкіде жатты. Басы іргегеге бұрылған. Үстіңгі сәкіде әйелдің күйеуі жатыр. Ол үш күн бұрын ыңғайсызда балтамен аяғын жаралап, трубкасын сорып жатты. Лашық сасып тұр.

Никтің әкесі ошаққа су қайнатуды тапсырып, қайнағанша Никпен сөйлесті. – Ник, қарашы, анау әйел босануы керек. – Мен білемін, – деді Ник болмай. – Сен ештеңе де білмейсің. – Тыңда кәне, бұл әйел қазір толғақ үстінде, бала сыртқа шыққысы келеді, ал әйел баладан босағысы келеді. Әйел барлық күшімен баланың жарыққа шығуына көмектесуі керек, содан күштеніп айқайлайды. – Түсіндім, – дейді Ник. Осы кезде әйел тағы да шыңғырып айқайлады. – Папа, – оған айқайламас үшін бірдеңе бере алмайсың ба? – Менде қазір ауыртқызбайтын дәрі жоқ, мен үшін оның айқайы маңызды емес, мен оны бәрібір естімеймін. Лашық ішінде үстіңгі сәкіде ыңырсып жатқан күйеуі іргеге бұрылды. Ас үйдегі әйел дәрігерге судың қайнағанын айтты. Никтің әкесі ас үйге кіріп үлкен қазандағы қайнаған судың жартысын ыдысқа құйып алды, өзімен бірге орамалға орап алып келген құралдарды қазанға салды. – Мыналар қайнасын, – ол қолын ыдысқа салып, лагерге алып келген сабынмен қолын ысқылай бастады. Ник әкесінің сабынмен қолдарын кезеккезек ысқылап жуғанын мұқият қарап тұрды. Әкесі қолын жуып тұрып, Никпен сөйлесті. – Ник, бала шыққан кезде басымен шығады, кейде олай болмайды. Олай болмаған жағдайда көп қиындық туғызады. Мұндайда операция жасаудың қажеті де болуы мүмкін. Қазір көреміз. Әкесі қолының таза болғанына көз жеткізген соң, қайтадан бөлмеге кіріп өзінің жұмысына кірісті. – Джордж, көрпені қайыршы, – мен қолыммен көрпеге тимейін. Артынан операция басталғанда Джордж ағай мен үш үндіс әйелді ұстап тұрды. Босанып жатқан әйел Джордж ағайдың қолынан тістеп алды, Джордж ағай: «Ах, қаншықтың қызы!» деп айқайлап жіберді, оны алып келген жас үндіс оған күле қарады. Ник болса ыдысты ұстап тұрды. Бұның бәрі ұзаққа созылды. Никтің әкесі нәрестені қағып алып, оның ауа жұтуы үшін артынан салып жіберді, содан кейін қасындағы кемпірге берді. – Ник, қара, ұл бала. Қалай менің көмекшім болу саған ұнай ма? – Иә. Ол әкесіне қарамай басқа жаққа қарап тұрды. – Сонымен болдық, – деп әкесі бірдеңелерді ыдысқа лақтырды. Ник болса жалт бұрылып қарады.

– Енді кескен жерлерді тігу қалды. Енді сенің қарауыңа болады, қарағың келмесе өзің біл. Мен қазір кесілген жерді тігемін. Ник әкесінің қалай тігіп жатқанына қараған жоқ, оның бұрын көрсем деген құмарлығы басылып, жойылған еді. Әкесі тігіп болған соң, басын көтерді. Джордж ағасымен бірге үндістерде орындарынан тұрды. Ник ыдысты кухняға апарды. Джордж ағай өзінің қолдарына қарады. Жас үндіс оған тағы да күліп қарады. Джордж, кел қолыңды қышқыл сумен жуайын, – деді дәрігер. Ол еңкейіп әйелге бұрылды. Әйел үнсіз, көзін жұмған бойы нашар жатты. Ол баласына не болғанын, оның маңында не болып жатқанын әлі түсіне қойған жоқ. – Мен ертең келемін, – деді дәрігер, – ал СентИгнестен келетін күтуші әйел осында түске дейін келеді, өзімен бірге саған керектілерді алып келеді. Әкесінің көңілі сәтті ойыннан кейінгі футболшыдай жадырап, сөйлей бастады. – Міне оқиға, Джордж, осы оқиға туралы медициналық журналға жазуға болады, жиналмалы пышақпен іштен баланы суырып алу, кесікті тоғызфуттық қақталған жіппен тігу дегенің жаңалық емес пе? Джордж ағай іргеге сүйеніп, қолдарына қарап тұрды. – Сен әйгілі хирургсің. – Баланың бақытты әкесін бір көрейікші. Отбасындағы шағын машақат бұл байғұсқа қиын тиді, – Шынын айтсам, ол шыдамды екен. Никтің әкесі сәкіде жатқан үндістің басынан көрпесін көтеріп тастады. Оның қолы дымқылға тиді. Ол төменгі сәкіге аяғын тіреп, шамын жоғары көтеріп үстіңгі сәкіде жатқан үндіске көз салды. Үндіс іргеге тіреліп жатты. Оның мойны құлағына дейін кесілген еді. Денесі салмағымен сәкінің майысқан жерінде қан жиналып шалшыққа айналған. Оның басы сол қолына қисайып, ашық ұстара көтеріңкі қырымен көрпе үстіне оралып қалған. – Джордж, Никті алып кет, – деп айқайлап жіберді. Бірақ кеш болатын Ник бәрін көріп тұрды. Ник ас үй есігінен үндіс жатқан жоғары сәкіні, әкесінің шамды ұстап тұрып қолымен үндістің басын бұрғанында көрді, әкесі баласы көрмесін деген ниетінде жақсы түсінді. Олар көлге қайтып келе жатқанда күн шыға бастады. – Ник, өзіммен бірге сені алып шыққанымды ешқашанда кешірмеймін.... Оның бұрынғы көңіл күйі күрт түсіп: – Осылай болады деп кім ойлаған. – Әке, әйелдер туғанда үнемі осылай қинала ма? – деп сұрады Ник.

– Жоқ. Бұл мүлдем ерекше оқиға. – Папа, ол неге өзін өлтірді? – Білмеймін. Шыдай алмаған шығар. – Еркектер өздерін жиі өлтіре ме? – Жоқ. Жиі емес. – Ал әйелдер ше? – Оданда жиі. – Ешқашанда? – Кейде болып қалады. – Папа! – Иә? – Джордж ағай қайда кетті? – Ол қазір келеді. – Папа, өлу қиын ба? – Жоқ, Ник, қиын емес. Бәрі жағдайға байланысты. Олар қайық үстінде отырды. Баласы – қайықтың артында, әкесі – ескекті есіп отырды. Күн дөң астынан шыға бастады. Балықтар суда секіріп, судың үстінде толқын өрістері пайда бола бастады. Ник қолын суға салды. Тәңертеңгілік салқында су жылы еді. Көл үстінде тәңертеңгілік осы сәтте қайықта әкесінің қасында отырып, Ник өзінің ешқашанда өлмейтініне әбден сенімді еді.

1925 жыл

Тәржімалаған Салауат Кәрім,
Madenіportal. kz , Qasym.kz

Франц КАФКА. ОН БІР ҰЛ
шағын проза

Менің барлығы он бір ұлым бар. Үлкенінің түрі ажарсыз, бірақ ол ақылды және іскер адам; әйтсе де мен оны басқа ұлдарымнан кем жақсы көрмесемде, оны өте жоғары қоймаймын. Менің ойымша, оның ішкі әлемі, шектеулі; ол оңына да, солына да, алдына да қарамайды; оның ойы шеңбер ішінде айналып қана жүргендей, бір орында тұр дер едім.

Екіншісі көрікті, сымбатты, сұңғақ бойлы; семсерлескен кезде көрсеңіз одан көз алмайсыз. Ақылдан да кенде емес, оның үстіне ел аралап, жер көргені тағы бар; ол көп біледі, туған жердің табиғи қасиеттері алысқа шықпағандарға қарағанда оның бойында сайрап тұр. Алайда, ұлымның бұл артықшылығын, оның көп саяхат жасағанынан, ел көргенінен емес, оған туа біткен ерекше қасиеттеріне қарыздар дер едім, оның осы қасиеттерін, әуеде бірнеше сальто жасап, суға шебер секіретініне еліктеп, оған ұқсағысы келетіндер жақсы біледі; ол суға тайсалмай секіріп, батыл сүңгиді. Басқалардың қаһары да, жалыны да трамплиннің қасына барғанша жетеді; олар жүрексініп қолдарын бір сілтейді. Бірақ ,осының бәріне қарамастан (мұндай ұлға қуанар болар еді) бір нәрсе ғана маған маза бермейді. Оның сол көзі оң жақ көзінен сәл кішірек және жиі жыпылықтайды; неткен болмашы кемістік десеңші, бірақ ол менің ұлымның тайсалмайтын қайсарлығын сипаттайды, ал оның өзгермейтін тұйық мінезін білетін жандар жыпылықтайтын көзіне қарап, бетіне баса қоймас. Тек мені, көзінің жыпылықтағаны емес, оның артында тұрған, оның көңіліндегі жұмбақ сызат маза бермейді, бір у-дың қанына таралғаны, әкесі маған ғана белгілі, бұл ғұмырда оның маңдайына жазылғанды орындай алмайды ма деген ой тыныштық бермейді.Сонымен қатар, оның бойына туа біткен осы айқын ерекшелігі бізді жақындастыра түседі: ол біздің отбасымыздағы тұқым қуалайтын ортақ кемшілік.

Үшінші ұлым да көрікті, бірақ оның әдемі көркі мені қуанта қоймайды. Бұл әншіге тән сұлулық: анық кескінді аузы; арманшыл түрі; сахна шымылдығы қасында көрінетін басы; тым көтеріңкі кеудесі; оңай көтеріп және жеңіл сілтеуге жаратылған қолдары; аяқтары оған тіреу болудан гөрі көрініске қойылғандай көрінеді. Иә, дауысына да толық дауыстар жетіспейді; оның дауысы өнер білгірлерін уақытша елеңдетіп қана, содан кейін үзіліп барып, жоғалады. Басқа адам болса мұндай ұлын мақтан еткен болар еді, тек

мен емес, мен оны тасада ұстағым келеді; ол да өзінің кемшілігін білгенінен емес, жанының пәктігінен өзіне назар аударта алмағандығынан деп ойлаймын. Мынау уақыт оған арналмаған, оның уақыты емес; біздің отбасында туған ол өзін мәңгіге жоғалған өзге де отбасының мүшесі ретінде сезінеді, сондықтанда үнемі сары уайымға салынып жүреді, оның көңілін ештеңе шаттандыра қоймайды.

Менің төртінші ұлым, өте көпшіл адам. Ол өз ғасырының нағыз перзенті, оны бәрі таниды, ол мынау жұмыр жерде екі аяғымен нық тұрған адам, әркім онымен сәлемдескісі келеді. Мүмкін, оның осынау жалпы жайлылығы, оның тірлігін жеңілдетіп, оның жүрісіне – қандай да бір еркіндік, оның ойына – белгілі бір қамсыздық беретіндей. Бұдан басқа қасиеттерін қайталап айта беруге болар еді, тек олар шамадан тыс жеңілтектігімен ерекшеленеді. Ол маған қарғып секіретін адамды еске салады, ол қарлығаш тәрізді жерден біртіндеп көтеріліп, ауаны сіңіре жұтып, жерге босқа құлдилау үшін жаратылғандай. Мұндай ой маған келгенде төртінші ұлыма деген сүйіспеншілігім су сепкендей болады.

Менің бесінші ұлым – сүйкімді, мейірімді жан, ол уәде беріп орындағаннан гөрі әлдеқайда аз уәде бергенді жақсы көреді; оның отбасында елеусіз болғаны соншалықты, оның бар жоғын тіпті байқамаппыз; солай бола тұра оның бұл өмірде бір нәрсеге қол жетуіне ештеңе кедергі болмапты. Егер менен мұның қалай болғанын сұраған болса, бұл сұраққа жауап беру маған қиын соғар еді. Мүмкін оның жанының кіршіксіз тазалығынан шығар, құйын дауылға қарсы, мынау аласапыран дүниеде өзінің пәктігін сақтай отырып, өміріне жол салу оңай шығар, иә,оның тазалығына шүбә келтіруге болмайды. Ол тым адал адам. Әркімге адал ниетімен қарайды. Шыны керек, маған оны жұрт мақтап жатқанда үндемей тыңдаймын. Өйткені, менің ұлым сияқты мақтауға лайық адамды мадақтағаннан ештеңе болмайды.

Менің алтыншы ұлым, бір қараған көзге ағаларының ішінде мінезі ауыр сияқты көрінеді. Ол уайымшыл, сонымен бірге мылжың. Онымен бірдеңеге келісу мүмкін емес; кішкентай жеңіліске ұшырайтын болса тоқтамайтын қайғыға кетеді, ал жеңетін болса тоқтамайды, жеңісін мылжыңдап айта береді. Бірақ оның бойында албырттық бар, кей кезде оның ойлары жанын қинаған кезде, күн жарығында ұйықтап жүргендей көрінеді. Ол мүлдем сау адам, ауырмайды, керісінше, денсаулығы мықты, бірақ кей кезде, әсіресе, кеш батарда, ол өзінің барлық шаруасын біреудің көмегінсіз бітіреді. Оның бойы өте жылдам өскендіктен, мүмкін, ол өз жасынан ересек

көрінетін шығар. Ол сұлулығымен аса ерекшеленбейді, дегенмен, оның денесінің кейбір жерлері әдемі, мысалы, оның қолдары мен аяқтары әдемі. Бірақ маңдайы өңсіз: тері ғана, сүйегі мыжылған сияқты.

Жетінші ұлым, маған ең жақыны шығар. Адамдар оны бағалай білмейді: олар оның ерекше тапқырлығын жете түсіне бермейді. Мен баламды асыра мақтамаймын, оның ақылы да асып тұрған шамалы, адамдар менің ұлымды бағаламағаны үшін оларға кіна артуға, оларды сөгуге болмайды. Дегенмен де менің отбасымда осы ұлымның орны ерекше; оның дәстүрлерге деген қарсылығын да, оларға деген құрмет рухын да оның бойынан көруге болады, осының екеуі де, кем дегенде, менің ойымша, оның бойында тұтас жиналған. Шынын айтсам, ол осы бір тұтастықты қайда қоярын білмейді. Бірақ оған келешек өмірдің дөңгелегін қозғалысқа қосу бұйырған; оның ақыл-ойында адамды қуаттандыратын үміт пен сенім бар; мен одан ұрпақ қалғанын қалаймын, ал оның балаларынан - тағы балалар болса екен деймін. Өкінішке қарай, оның үйлену туралы әлі ойы жоқ. Маған түсініктісі, өте реніш туғызатыны, оның өзінен өзі масаттанып, (басқалардың пікіріне қарсы керемет антитеза) үнемі сенделіп жүретіні. Оған қыздар не керек? Ол қыздарсыз да жалықпайды.

Менің ең үлкен уайымым - ол менің сегізінші ұлым, бірақ бұған айтарлықтай сондай себеп жоқ. Ол маған жат адам ретінде қарайды, ал мен болсам оған әке ретінде қатты бауыр басып, байланып қалдым. Әрине, уақыт көп нәрсені түзейді, бір кезде мен ол туралы ойлап, тыныш жата алмайтынмын. Ол өзінің жолымен келеді; ол ақыры менен бас тартты; оның шойын басы, шағын шымыр денесі - балалық шағында оның аяғы әлсіз болатын, бірақ ол уақыт өте келе күшейе түсті - әрине, ол өзінің мақсатына жетеді. Мен оны өзіме қайтаруға тырысамын, оның қалай өмір сүретінін, неге әкесіне қарсы шығатынына және оған не қажет екенін өзінен сұрағым келеді, бірақ қазір ол менен алыс тұр, ортамыздан көп нәрсенің өтіп кеткені сонша - бәрі бұрынғыдай қалсыншы. Сенің ұлдарың арасында сақал қойған жалғыз осы ұлың дейді. Оның бір қарыс бойындағы, екі қарыс сақалы жарасар ма екен.

Менің тоғызыншы ұлымның сыпайы талғампаздығы, әйелдерді өзіне қаратып алатын қасиеті бар. Ол өзінің нәзік маужыраған көздерімен, егер мен бұл жылтырақты дымқыл жылтырақ шүберекпен сүртіп тастамағанда мені де таңқалдыруы мүмкін еді. Алайда менің ұлым бойындағы ең таңқаларлық нәрсе - ол біреуді таңдандырғысы келмейді. Ол өмір бойы диван үстінде

жатып, көзін төбеден алмай, ғасыр бойы тыныш жүргеніне қуанышты болар еді. Ол өзіне ыңғайлы осы жағдай туралы тоқтаусыз қызықты да, қысқа және мәнерлетіп айта береді, бірақ белгілі бір кезге дейін, ал шектен шыққан кезде (сөзсіз, оның тарлығымен) оның сөзі бос былшылға айналады.Оны жәй қимылыммен тоқтатқым келеді, бірақ оның маужырағын көздері менің қимылымды көрмейді.

Менің оныншы ұлымды шын көңілімен сөйлемейді деп санайды. Мен бұл пікірді толығымен қабылдамаймын, мүлдем келіспеймін де. Қараңызшы өзіне, ол өзінің жасына қарамастан салтанатты түрде, түймелері түгелдей салынған сүртігін, өте мұқият тазаланған ескі қара қалпағын басына киіп, қимылсыз, иегін алға тартып, қабақтарын түйіп, тіпті екі саусағын ерніне қойып сөйлейді ғой, қалай көрінетініне қарасаңызшы, сіз міндетті түрде мұндайды көріп, мынау тұрған екіжүзді адам ғой деп ойлап қаласыз! Алайда оның қалай сөйлейтінін тыңдаңыз! Ақылмен кесіп-пішіп, ойланып, артық сөз шығармай қайырып; алдында тұрған адамға бар ықыласымен, құрметін білдіре отырып сөйлейді, сол кезде оның мойны мен денесі ширығып, сөйлеген сайын денесі биікке ұмтылады. Өздерін керемет ақылды санайтын көптеген әкелер ұлымның түрін жақтырмағанымен, оның айтқандары ұнағанын айтады. Алайда, оның сыртқы келбетіне қарамайтын судьялар бар, олар оның сөзінен екіжүзділікті көреді. Мен әкесімін, мен шешпеймін, алайда соңғы пікір мені сендіре дәлелдейтінін жасырмаймын.

Менің он бірінші ұлымның дене бітімі нәзік. Ол менің ұлдарым ішіндегі ең әлсізі, бірақ бұл алдамшы әлсіздік; кей кездері ол табанды, үзілдікесілді қатал да бола алады, алайда мұндай сәттерде оның басты қасиеті әлсіздігі болып қалады. Алайда, бұл ұялатын әлсіздік емес, онда біздің дүниемізде әлсіздік деп не саналады, мысалы, әлсіздік емес пе, ұшып кете жаздауға дайын тұру - мұнда солқылдақтық та, тұрақсыздық та және адамның жан толқынысы да бірдей тұр емес пе. Осыған ұқсас нәрселерді мен баламнан көремін. Осы қасиеттері, әрине, әкесі маған ұнамайды, өйткені, олар сөзсіз отбасының жоғалауына әкеліп соғады. Кейде маған қарап: «Әке, мен сені өзіммен алып кетемін!» дегісі келеді. Менде оған: «Сен менің соңғы сенерімсің» деп ішімнен қайталаймын. Ол да маған қарап: «Мейлі соңғысы болсын!» деп жауап беретін сияқты. Міне, менің он бір ұлым осындай. 1916 жыл Тәржімалаған Салауат Кәрім, Adebіportal.kz

Марк ТВЕН. «КАЛИФОРНИЯЛЫҚТЫҢ ӘҢГІМЕСІ»

Осыдан отыз бес жыл бұрын Станислауста жер кезіп жүріп, қолымнан қайламды, елегім мен астауымды тастамастан, ана жердің, мына жердің алтын құм қиыршығын шайып, үнемі олжалы жерге тап болармын деген үмітпен, бірақ ондай олжаны кездестірмей алтын іздедім. Бұл орманы жайқалған, тыныш, ғажап түкпір еді; бір кезде адамдар көп қоныстанған мекен, жер жұмағы болатын; қазір бос тұр, адамдар тастап кеткен. Бұл жердің кен байлығы таусылғанда адамдар кете бастады. Бұрын банктер жұмыс істеп, газеттер шығарылып, өрт сөндіру командалары, мэрі мен олдермендері1 болған бос қалған қаланың орнында қазір жасыл желек, кең жазық жайқалып тұр; мұнда бұрын - соңды адамдардың өмір сүргені туралы еске салатын ештеңе қалмады. Бұл Татл тауннан алыс емес еді. Оның маңайындағы шаңды жолмен жүрсеңіз, тыныш, жайлы жерлерге тап боласыз, сол жерлерде көзге тартымды кішкентай коттедждер бой көрсетеді, раушан гүлдерінің саябақтарына жасырынып, өрмелелеген жүзім шырмауықтарына жамылып, тығылған коттедждердің терезелері де, есіктері де көрінбейді, бұл үйлердің қаңырап бос қалғанына көп жылдан асса керек, өйткені үйлерін сатып ақшаға қарық болсам деген үміттен қол үзген коттедж қожайындары оларды өткізе алмаған соң біреу – міреуге тегін қалдыруға қимай тастап кеткен. Әр жарты сағаттан кейін осы коттедждер салынбастан бұрын алғашқы алтын іздеушілер салған оқшау тұрған бөренелі үйлерді кездестіресіз. Әлі де мұндай үйлерде тұруға болады; мұндайда осы үйлерді салған үйдің иесі алғашқы алтын іздеушілерің бірі болғанына күмән келтірмейсіз. Бұдан басқа алдын-ала тағы бір нәрсені - ол кісінің осы жерде қалып қойғанын білгеніңіз жөн, өйткені олар бір кезде байлық жинап Штаттарға, туған үйіне оралу мүмкіндігін жіберіп алған, артынан тапқанының бәрін жоғалтып, содан кейін туысқандарымен, жақындарымен қатынастарын үзіп, туыстары үшін мәңгі өлу туралы шешім қабылдаған адам. Сол кезде жолы болмаған асқақ жанды - тірі өлілер Калифорнияда жайлап жүрді, қырық жасқа толмай қартайып, самайларына ақ түскен адамдар өздерінің зая кеткен өмірлеріне қатты өкініп, бір нәрсені ғана білетін - ол алтын іздеуден аулақ жүру, қандай болмасын басқа бір жолды таңдап, қалай болғанда өмір сүру болатын. Бұл тұнжыраған, үмітсіз өңір болатын! Жазық далада, жасыл орманда жәндіктер ұйқысының ызылдағанынан басқа бір дыбыс естілмейтін; адам да, аң да, адамға бір қуаныш сездірмейтін жансыз жер. Ақыры, түстен кейін мен

1 Олдермендер - муниципалды кеңестің немесе жиналыстың мүшесі

бір адамды көріп, оған қатты қуандым. Ол қырық бес жастағы, өңі жылы шырайлы адам еді, раушан гүлдеріне батып тұрған шағын коттедж қақпасының алдында тұрды, ол адам мен алдында айтқан адамдардың бірі еді. Сонымен бірге, бұл коттедж соншалықты қараусыз қалғанға ұқсамайды, мұнда адамдардың өмір сүретіні, үйді жинап, тазалап тұратыны, үйге қарайтыны анық болды. Коттедж алдындағы бау – бақша да сондай таза, жасыл жарқын түстерге толы еді. Мені үйге кіруге шақырып, мені өз үйіндегідей сезінуге шақырды, бұл жердің әдетғұрпы осындай болатын. Көптеген апталардан кейін күндіз түні алтын қазушылардың лашықтарынан басқа ештеңе кездестірмегеннен кейін, мұндай үйге түсу нағыз қуаныш еді, үйде ағаш еден төселген, жиналмаған төсек, үстел үстінде қалайы тостағандар мен кружкалар, ет, бұршақ, қара кофе тұр; ал лашық үйлердің ішінде бөрене қабырғаларына жапсырылған шығыс штаттарда басылатын түрлі түсті газеттерден Азаматтық соғыс шайқастары суреттерінің қиындыларынан басқа ештеңе болмайтын. Қаңырап бос қалған бөренелі үйлердің ішінде жабырқау, көңілсіз болса, ал мынау үйге кірген бойда пана тапқандай болдым, сағынып күткендей қуандым, өнер туындыларына жататын арзан, адамға керекті қарапайым заттардың арасынан ұзақ уақытқа қол үзіп, олардан бас тартқаннан кейін біз ештеңе көрмегендей сезініп, болмысымыздың бір бөлігі аш қалып, онымен сағынып қауышқандай болады екенбіз. Маған бұрын құрақ кілемше осынша ләззат туғызады десе, қуаныш сыйлайды деген болса ешқашанда сенбеген болар едім; тұсқағаздар, шеңбердегі литографтар, шамның астына төселетін түрлі-түсті жолақтар мен қағаз майлықтар, виндзор креслосы, жылтыратылған кітап сөрелері мен қытай құмыраларымен жабдықталған, әйелдің қолымен жасалып, үйге сән беріп тұрған көптеген ұсақ-түйектер мені қалай қуантты десеңізші? Бәрі әйелдің қолымен жасалған, біз оларды байқамай көруге дағдыланғандықтан ба екен, олар қасымызда болмағанда бізге бірдеңе жетіспей тұрады екен. Менің қуанышым, бет әлпетімнен көрініп тұрса керек, үйдің иесі мұны байқап, ол да қатты қуанды, ол мұны анық байқағаны соншалықты, мен оған көңіл күйімді дауыстап тұрғандай маған жауап берді. - Мыналардың бәрі оның істегендері, осының бәрін өзінің қолымен істеді, әрбір ұсақ – түйекті өзі жасады, – деп, ол биязы сөйлеп, бөлмені көзімен сүзіп өтті. Әйелдер жұмсақ жапон матасының бір бөлігімен суреттің жоғары бөлігін әшекейлеп бүктеп қоятын, бірақ бүктелген мата дұрыс тұрмағандықтан, үй иесі мұны байқап қалып, қыртыстарды түзете бастады - ол мұны өте мұқият, менің көңілімді тағы бір байқау үшін, бірнеше рет

артқа шегініп, ақыры өзі разы болғанша түзетті. Содан кейін ол екі рет қолымен ақырын бүктеп: - Ол үнемі осылай істейді. Оның істегендерін дұрыс емес деп айту қиын, бірақ әзірге сіз оны түсінбейінше әрқашан бірдеңе жетіспейтін сияқты болып тұрады, бірақ сіз оны түсінгенде ғана бұл қажет екенін бірден қабылдайсыз. Бұл жерде не екені белгісіз, қандай бір ереже жоқ. Сондайақ, анасы баласының шашын сипап тарағандай, оларды тегістеп, содан кейін сәл бұрмалайтыны сияқты. Мен мұның бәрін қалай жасайтынын бірнеше рет көрдім, міне, енді, мен одан кем істемеймін, бірақ мен оның тәртібін білмеймін. Ал, ол тәртібін біледі. Ол бәрін «неге» және «қалай» екенін біледі, мен «неге» дегенді білмеймін, тек «қалай» дегенді білемін. Ол мені жататын бөлмеге қол жууға апарды; мен көп жылдардан бері мұндай демалатын жайлы бөлмені көрген емеспін; ақ төсек жапқыш, ақ жастықтар, едендегі кілем, тұсқағаздар, суреттер, айнасы бар үстел, түйреуіш жастықшалары мен түрлітүсті заттар, ал бұрышта нағыз құмырасы бар фарфор қолжуғыш, фарфор сабын салғышындағы сабын, оннан астам орамал ілгіште ілулі тұр, олар әдеттен тыс ақ және таза болғандықтан оларды қолға алуға жүрексінесің, бұлардың барлығы дерлік маған қасиетті болып көрінді. Тағы да, менің не ойлап тұрғандарым менің бетімде жазылып қойғандай көрінді , ал үй иесі ризашылықпен жауап берді: - Бәрі оның істегендері, әрбір ұсақтүйекті өзі жасады. Бәрі оның қолынан шықты, оның қолы тимеген нәрсе жоқ. Сіз, дұрыс ойлайсыз.... Мен тым көп сөйлеп тұрмын ау, сірә. Осы уақыттың ішінде мен қолымды сүртіп болып, көз қиығымды басқа заттарға аударып үлгердім, әдеттегідей, жаңа жерге барғанда әр нәрсені құлшыныспен қарайсың емес пе; кенеттен мені түсініксіз бір сезім биледі, міндетті түрде мұнда өзім іздеп, табуым керек нәрсе бар сияқты көрінді, ал үй иесі болса мұны сезіп, көмек бергісі келгенін байқатты. Үй иесі маған қол ұшын беруге тырысып, ұмтылғаны анық еді, - бірақ мен барлық күшімді салып, өзім дұрыс таңдау жасауға тырысып, оны қуантқым келді. Мен бірнеше рет жаңылысып, оны сөзсіз түсіндім, маған оның жағына сәл ғана бұрылу керек еді; мен дәл сол жерге басымды бұрып қарағанда іздегенімді тауып алғанымды анық сездім, бұл көрінбейтін қуаныштан шыққан сезім болатын. Оның көңілі көтеріліп, жүзі күлкіге толып, қолын сипап, саңқ ете қалды: - Иә, иә! Міне, сіз таптыңыз! сіздің табатыныңызды біліп едім. Бұл оның портреті. Мен бөлменің алыс жағында ілулі тұрған жаңғақ ағашының қара сөресіне жеттім, содан кейін бұған дейін байқамаған нәрсемді көрдім - ол

дагерротип2 қорапшасы еді. Дагерротипте мен бұрын-соңды көрмеген әдемі, сұлу қыздың келбеті салынған еді. Үй иесі менің бетімде жазылған қуанышты көріп өте риза болды. - Ол он тоғызға толды,- деді, ол портретті орнына қойып, - біз оның туған күнінде үйлендік. Сіз оны көрсеңіз.... Иә! Сәл күте тұрыңыз, сіз оны көресіз! - Ол қайда? Қашан келеді? - Қазір ол жоқ, туысқандарына қонақтап кетті. Бұл жерден қырық - елу миль жерде тұрады. Екі апта бұрын кетті. - Енді ол қашан оралады? - Бүгін сәрсенбі, сенбі күні кеште, сағат тоғызда келеді. Мен қатты өкінішке беріліп: - Өкінішті, мен ол кезде кетіп қаламын ғой,- дедім. - Кетесіз бе? Жоқ, қалыңыз. Ол ренжиді. Мынау сүйкімді жаратылған ренжитін болады ма? Осы сөздерді өзі айтса, мен бұдан да бақытты болатын шығармын. Мені оны көрсем деген тілек билеп, бұл ойымнан өзім қатты шошып, бірден: «Егер жанымның тыныштығы маған қымбат болса, қазір кетуім керек», - деп шештім. - Білесіз бе, ол Сіз сияқты көпті көрген, әңгімелесе білетін адамдардың қонаққа келгенін жақсы көреді. Ол қонақ күткенді ұнатады. Өйткені, ол өзі ... сондай! Иә! Ол бәрін біледі, қалай сөйлеуді біледі... ол, құс сияқты. Ол қандай кітаптарды оқыды дейсіз ғой, сіз оған сенбейсіз. Кетпеңіз, күтіңіз, аз уақыт қалды, кетіп қалмаңыз, кетіп қалсаңыз, ол қатты ренжиді! Мен үй иесінің не туралы айтып тұрғанын түсінбей, ойға батып, іштей не істерімді білмей тұрып тыңдадым. Оның менің қасымнан кетіп қалғанын да байқамадым. Көп ұзамай ол қайтадан жаныма келіп, қолында портреті бар қорапты ұстай тұрып, менің алдымда ашып: - Ал, олай болса өзіңіз оған тікелей айтыңыз, сіз оны көргіңіз келсе де, бірақ қала алмадым деп өзіңіз айтыңыз. Мен тағы бір мәрте суретке көз салдым, бұл менің барлық алдындағы барлық ойымды бұзды. Мен қаламын, артынан не боларын көре жатармын дедім. Кешкісін екеуміз темекі шегіп, әр түрлі нәрсе туралы көп әңгімелестік, ең алдымен ол туралы көп әңгімелестік. Маған бұрыннан бұлай жақсы болған емес. Бейсенбі де тыныш, білінбей өте шықты. Кеш бата бастағанда осыдан үш миль жерде тұратын мен басында айтқандардың бірі, еңгезердей

2 Дагерротип қорапшасы - XІX ғасырдың 50-ші жылдарына дейін қолданылған металл табаққа суретке түсіру әдісінің құралы

алғашқы алтын іздеушілердің бірі келді, ол бізге шын көңілімен сәлемдесіп, қалымызды сұрай бастады: - Мен кішкентай мадам қашан келетінін білу үшін жолымнан бұрылып соқтым. Одан қандай да бір жаңалық бар ма? - Әрине, хат бар емес пе? Том, мүмкін, Сіз тыңдағыңыз келетін шығар? - Әрине, Генри, егер сіз хатты маған оқысаңыз. Генри әмиянынан хатты шығарып, біздің рұқсатымызды сұрап, хатта бөтен адамдарға арналған кейбір жерлерін тастап кететінін, оқымайтынын айтып, содан кейін ол тоқтамастан, махаббатқа, сүйіспеншілікке толы хатты керемет хабарламадай қосымшаларымен қоса оқыды, хатта Томға, Джонға, Чарлиге және басқа да достарына, көршілеріне арналған көптеген нәзік құттықтаулар мен тілектер жазылған жерлерін оқыды. Хатты оқып шыққан соң Томға бұрылып, айқайлай жөнелді: - Әй, сен бұрыңғыңа көшкенсің бе? Кәне, өзіңді қолыңа ал, менің бетіме қарашы. Сен үнемі оның хатын оқи бастасам болды, маған осылай қарайсың. Оған сен туралы жазып жіберемін, мен оған бәрінде айтамын!.. - Құдай сақтасын, сені, Генри, керек емес. Түсінесің бе қаратайып келемін, оны еске алсам болды елжіреп, көзіме жас келеді. Маған ол қазір қасымда тұрғандай көрінеді, бірақ оның орнында хаты ғана. - Иә, сен мұны қайдан алдың? Маған оның сенбіден бұрын келмейтінін бәрі білетін сияқты көрінді. - Сенбі! Тоқташы, Иә, мен мұны білемін. Соңғы уақытта маған не болғаны өзі? Әрине, білемін. Иә, біз бәріміз оның келуіне дайындалып жатырған жоқпыз ба? Жарайды, Маған кету керек. Иә, достым, бірақ ол келгенде мен осында келіп жетемін! Жұма күні кеште бізден бір миль қашықтықта орналасқан үйден алғашқы алтын іздеуші қарттардың тағы біреуі сүйретіліп келді, сенбіде жігіттердің аздап көңіл көтеретінін, серуен құратынын айтып: - Генри, ол сапардан келген соң, кешті бізбен бірге өткізуге қалай қарайды, егер ол шаршамаса, сен қалай қарайсың?- деді. - Ол шаршайды дейсің бе? Мынау, не айтып тұр! Сен не білесің, Джо, ол кімге болмасын қуаныш сыйлау үшін бір жарым ай ұйықтамауға әзір екенін білемісің? Джо хат туралы естігенде үй иесінен оны оқып беруді өтінді, оған жолданған нәзік сәлем жолдары қатты әсер етіп, байғұстың көңілін босатты. Джо хаттың әрбір жолы оған осылай ауыр тиетінін түсіндіріп, оның есімін атағанда көзіме жас келеді, ештеңе істей алмаймын, кәрілік келіп жетті, - Жаратқан ием, ол бәрімізге жетіспей тұрады! - деп тоқтады.

Сенбіде қалтамнан сағатыма қарай беріп, оларға өзімді ұстап бердім, мұны байқап қалған Генри қорқып: - Сіз оның келетін уақыты болды деп ойлайсыз ба? Мен аздап ұялғанымды жасырып, біресе күліп, біреуді күткенде менің осындай әдетім бар еді деп ақталдым. Алайда, бұл оны тыныштандырмаса керек, осы сәттен бастап ол кәдімгідей мазасыздана бастады. Төрт рет ол мені жолға шығарып, алыстан көрінетін жерге апарып, сол жерде тұрып, алақанымен көзін бүркеп, алыстан қарап тұрды. - Мен алаңдаулымын, шын алаңдаймын, - деп ол қайталай берді. Мен оның тоғыздан бұрын келмейтінін білемін, маған біреу суық хабар естіртетін сияқты. Сіз оған бір нәрсе болуы мүмкін деп ойлайсыз ба? Маған оның жас баланың қылығындай үрейлері, ыңғайсыз көрінді, ақыр соңында ол тағы бір рет маған жалынышты қарап, сұрақ қойған кезде, менің шыдамым таусылып, оған қатты жауап бердім. Ол ренжіп қалды, түксиіп тынышталды, ұнжарғысы түскені сонша, маған ол аянышты көрінді, мен қатыгездігіме өкініп, өзімді жек көріп кеттім. Кешке қарай тағы бір алғашқы алтын қазушылардың бірі Чарли келіп, Генриге жақын отырып, хатты тыңдағанына, кездесуге дайындық туралы сөйлесіп жатқанына қатты қуандым. Чарли сөз сөйлеп, әрбір сөзін шын жүректен, көңілімен айтып, досының жаман ойын сейілту үшін бар күшін салды. - Сіз оған бірдеңе болып қалды деп ойлайсыз ба? Бос сөз, Генри. Оған ештеңе болмайды, жаман ойламаңыз. Хатта не айтылған? Ол аман сау делінген? Ол сағат тоғызға дейін келеді. Есіңе салшы ол бірде болса уәдесіне тұрмады ма? Ол әрқашанда уәдесіне тұратын! Оған алаңдауға еш негіз жоқ. Ол осында болады, бұл сіз мынау дүниеге қалай келгеніңіз сияқты, ол да осында болады. Ал, енді барлық жерді әшекейлейік, уақыт аз қалды. Көп ұзамай Том мен Джо келді, бүкіл команда үйді гүлдермен безендіре бастады. Сағат тоғыз болғанда қолдарында аспаптары бар үш алтын іздеуші келіп, оларда көп ұзамай жігіттер мен қыздар жиналады, олар өздері сүйіп билейтін ескі биді сағынған шығар деп саусақтарын жаттықтыра бастады. Олардың қолында скрипка, банджо және кларнет бар еді. Біріне бірі жақын жайласқан үштік би әуенін желіте ойнап, етіктерімен жерді тепкілеп әуендете жөнелді. Сағат тоғыздың шамасы болды. Генри есік алдында алыс жолдан көзін алмай, мазасызданып, әрлі берлі теңселіп, тербеліп жүрді. Том оны әйелінің денсаулығы үшін, оның аманесен оралуы үшін бірнеше рет ішуге мәжбүр етті, сөйткенше болмай Том қайтадан айқай салды: - Команда, дайын бол! Біз тағы бір - біреуден ұрттап жіберейік, содан кейін ол осында болады.

Джо поднос табақтың үстінде стақандарды алып келіп, бүкіл компанияны айналып өтті. Мен табақтың үстінде қалған екі стақанның біріне қолымды созып едім, бірақ Джо: - Мұны емес, басқасын алсаңшы, - деп болмай қойды. Мен амалсыздан көндім. Генриге соңғы стақанды әкеліп ұстатты. Ол стақанын ұрттап үлгергенше болмай, сағат тоғызды соқты, ол соңғы соққыны естігенінше тыңдап, содан кейін бозарып, шаршап құлады. Сол күйі: - Менің жүрегім соғып тұр, маған көмектесіңдерші, менің демалғым келеді, - деді. Генриді диванға апарып жатқызды. Ыңғайлы жайғастырып жатқызғаннан кейін ол ұйықтап кетті, бірақ көп ұзамай түсінде бірдеңелерді міңгірлей бастады: - Маған ат тұяқтарының соғысы естіледі! Олар келді ме? Достарының бірі оның қасына барып, жантайып тұрып, құлағына: - Бұл Джимми Парриш шауып келген. Оның айтуынша, кедергі болып тұр, олар өте жақын, жуық арада келеді. Оның жылқысы болдырыпты, бірақ олар жарты сағаттан кейін осында келеді, – деп сыбырлады. - О, қандай жақсы болды! Яғни ештеңе болған жоқ қой.... Оның аузынан осы сөздер әрең шығып, ол ұйықтап кетті. Достары оны жылдам шешіндіріп, мен қол жуған бөлмедегі төсекке апарып жатқызды. Олар есікті жауып, қайтып оралды. Маған олар кетпекші сияқты көрінді, мен оларға бұрылып: - Джентелмендер, бұларың қалай, ол мені білмейді ғой, мен бөтен адаммын, қала тұрыңыздар, - дедім. Олар маған қарады. Содан кейін Джо: - Ол? Ол сорлы он тоғыз жасында өлген! - Өлген? - Егер өлген болса ғой. Үйлену тойынан алты ай өткен соң, ол туыстарына кеткен еді, қайтып келе жатқанда, сенбі күні кеште, осыдан бес миль қашықтықта оған үндістер шабуыл жасаған. Содан бері одан ұшты – күйлі хабар жоқ. Содан бері Генридің есі ауысып кетті. Содан бері ол бір сағатқа болса да ақылына келмеді. Бірақ оның келетін уақыты жақындаған сайын, Генри мазасыздана күтеді. Үш күн бұрын біз оған келеміз, оның көңілін көтереміз, одан жаңалықтар бар ма деп сұраймыз, сенбіде келіп, үйді гүлмен толтырып, безендіреміз, тазалап жинаймыз, биге дайындаламыз. Осылай жыл сайын, міне, он тоғыз жыл болды. Бірінші сенбіде біз қыздарды санамағанда жиырма жетеу едік; қазір біз үшеуміз қалдық, ал қыздардан ешкім қалған жоқ. Біз ол есіріп кетпесін деп шарабына

ұйықтатқызатын таблеткаларды білдіртпей себеміз, сонда ол келер жылға шыдап шығады, ол соңғы үштөрт күн келгенге дейін онымен бірге болады деп ойлайды. Содан кейін ол оны іздей бастайды, бұрын жазылған аянышты хатты шығарады, біз, хатты одан оқуды сұраймыз. Сіз білсеңіз ғой, біз оны қалай жақсы көрдік! Тәржімалаған Салауат Кәрім, madenіportal madenіportal madenіportal madenіportal Madenіportal.kz

Аудармашыдан:

tal1Олдермендер - муниципалды кеңестің немесе жиналыстың мүшесі 2Дагерротип қорапшасы - XІX ғасырдың 50-ші жылдарына дейін қолданылған металл табаққа суретке түсіру әдісінің құралы

Александр КУПРИН. МИЛЛИОНЕР
әңгіме

Рождество мейрамының үшінші күні, кеште, пошта конторындағы бойдақ журналист Ракитиннің үйінде біраз адам қонаққа жиналды. Бұл оқиға үш мың еврей мен шаруа -мазурлар тұратын, өте лас, шалғай жатқан, шағын шекаралық Красилов деген жерде болатын, тұрғындар өздерінің ішінде «қоғам» санайтын шоғыр топқа: пошта шенеуніктері, тауарларды шекарадан «өткізу пункті» арқылы рұқсат беретін адамдар, жергілікті полиция, дін иелері мен мұғалімдер, оның көмекшісі кіретін. Жәй күндері қонақ шақыруға аса шығындала қоймайтын олар Рождество мен Пасха күндері міндетті түрде біріне - бірі кіріп шығатын, өзара қонаққа шақыратын, кезекпен «думан» сауық – сайран құратын, таң атқанша гармон, скрипка ойнап, ән салатын, би билейтін, осы жердегі адамдардың картоптан жасайтын сасық арағын ішіп, дәм татқысыз ас үй тағамдарымен сый көрсететін.

Ракитиннің екі бөлмелі пәтерінің атына сай келмейтін қонақ бөлмесінде үстел жайылды. Бірінші орындықта түрі бозарып, суға кеткен адамдай, солғын, жуан адам, «штос» пен «дьябелка» карта ойындарынан басқаны ойнамайтын, пошта конторының бастығы Шмидт отырды, оның жанында біріне бірі қарам - қарсы: Дьякон Василий әкей мен сары жүзді тәштек, жымысқы көзді, осы үйдің қожасы жайғасты. Қалған орындарда жергілікті пристав көмекшісі, бұрынғы казак офицері,қалжыңбас, шатаққұмар, әндеткенді жақсы көретін Павлов, оған қарсы сопыға ұқсас, шашы жалбыраған, өзін «ақырын мастық уағыздаушысы» санайтын мұғалім Мусорин орналасты. Үстелдің төмен жағында Аггей Фомич Малыгин отырды, ол пошта шенеунгі, момын, жасқаншақ адам, ылғи үстел шетінде отырады.

Аггей Фомичтің қонақтыққа баруға ниеті жоқ еді, өйткені, артынан оларды үйіне қонаққа шақырудан қашатын.Аггей Фомич пошта конторындағы ең байғұс шенеунік, оның жиырма сом айлық жалақысы әйелін, қолындағы қарт енесін, бес баласын асырауға жетпейтін. Бұндай қонақтық «думандар» оның отбасын едәуір шығынға батыратын, кейін олардың біраз уақыт ет сатып алуға мұршалары келмей, кейде тәңертеңгі шәйдан, отыннан бас тартқан кездері болды. Анда - санда жоғары жақтан пошта конторын тексеруге келетін басшылық Аггей Фомичтің үстіне киген тігісі сөгілген, шынтақтары, мойын жағасы жамалған, көгеріп, тозығы біткен мундиріне қарап жақтырмайтын. Үстіндегі киімінің тозығы Аггей Фомичті мүлдем қымсындырмайтын, өйткені жоғары жақтан келгендер оның тыртиған арық

денесіне, секпіл қаптаған бетіне, өте сирек кездесетін шұқшиған кішкене мұртына, ағарған сақалына, оның езуіндегі жымысқы күлкісіне, аянышты көздеріне қарап, оны мүсіркеп, аяныш білдіретін.

Аггей Фомич бұл жолы қонаққа амалсыздан келді, өзіне керек болғасын келді. Үнемі тісі қақсап, бет аузын байлап жүретін оның әйелі бірер күннен соң босануы керек еді; оның үстіне үлкен ұлының етігінің табаны қақырап, аяқ - киімсіз жүр еді; оған етік сатып алуға шұғыл ақша керек еді, ал оның үйінде бір тиын жоқ болатын. Жағдайының қиын болғаны сонша Аггей Фомич ұятты қойып, осы кеште Ракитиннің үйіндегі қонақтықта кімнен болса да, кім қанша берсе де, қайткенде қарыз ақша сұрап алуға өзін көндірді. Үстел басында отырғанда ол бұрынғыданда ұялып, қызарып, сұрауға жүрексініп, әрлі берлі қолын уқалап, ақша сұрайтын ыңғайлы сәтті күтіп отырды. Ол үйдің қожасы ұсынған дәмнен ұяла қызарып, үй иесіне шығын келтірмейін деп алдында тұрған дәмнен бас тартып отырды. Қонақтар ішіп жеп, арақтан алып отырды. Қонаққа келгеннен олардың әңгімелері жергілікті помещик, округтің пошта бастығы, жергілікті архирейлер мен биылғы жылдың егіні туралы болды, бұл әңгімелер оларды жалықтырса да, өздері арасында күнде айтылатын бірсарындағы әңгімелер еді, бұдан кейін олар қасында отырған адамның қандай анекдот айтатынын да білетін. Аггей Фомичтің ақша сұрауға үш -төрт рет сәті келіп, ол әңгіме барысында пристав көмекшісіне, қасында отырған мұғалімге еңкейіп, байқатпай сұрауға мүмкіндігі болды, оларға бұрылып, жеңінен тартып, ақша сұрауға да иілді. Бірақ әр жолы сасқалақтап, қорқып тоқтады. Олардың әңгімелері бірітіндеп өмірдің қиыншылығы, қымбатшылық туралы, адамдардың қызметінде неге өспейтіні, кішкентай шенеунік болып қала беретініне ауыса берді. Бұл әңгімелер олардың жандарына жақын еді, әркім өздерінің пікірін айтып, аяғында: «не айтсақта ең бастысы - ақша : ол үшін ақылды да, сұлу да, еңбекқор да болып керек жоқ, – алтын бұзау алдында адамдар мойын бұрады», - деп әңгімелерін аяқтайтын. - Мен бір жолы байып кете жаздадым, - деп бастады әңгімесін Шмидт кекіріп, жөтеліп, - Бұл Головчиндегі помещик Порчинский тойында болды. Тойға поляктың жиырма паны жиналды, кешкі астан соң бірден штос ойнай бастады. Қазір есімде жоқ, қалтамда жиырма, не отыз бес рубль болатын. Олар бір мың рубльден салып ойнап жатқанда араларында бос орын болмайтын, жандарына келіп қарап тұрдым. Бірмезгілде ұзын мұртты бір помещик, жерде жатқан ақшаны жинап отыратын адам, маған бұрылып: «Сіз неге ойнамай тұрсыз?» демей ме, мен оған ойнауға осынша ақшам жоқ деп түсіндірдім. «Түк етпейді, ақшаңызды салыңыз», - дейді маған қарап. Сөйтіп мен он рублімді салдым, – бірден ұтылып қалдым, қалтамдағы ұсақ түйекті

жинап, тағы он рубль салдым, – тағы ұтылып қалдым. Сонда мені ашу қалай қысты десеңші?! Менің күміс екатерин рублім болатын, үнемі ескерткіш ретінде қалтама салып жүретінмін. Ойланып, ойланып, соны салдым. Қолым шыға бастады, жерден бір алдым, содан кейін тағы алдым. Бес минут ішінде жерде жатқан банкті жиып алдым. Жердегі банкті жинаушы маған: «Енді сіз кепіл етіңіз, салыңыз» демесі бар ма. Мен, әрине, дір ете қалдым. Түсінесіңдер ғой, біреу үлкен картамен басып алса, отырып қаламын ғой. Қарасам жерде он бес мың рубльге дейін жиналып қалыпты. Тұрып кетсем бе екен деген ойда келді, біржағынанан жерде жатқан ақшаны қимаймын.Сол сәтте үстел жанына үйленіп жатқан Порчинскийдің өзі келді. «Махабатта жолыңыз болса болар, бірақ картада сіздің жолыңыз бола қоймас, кәнеки, маған берші, мен өзім салайын» демей ме. Мен оған: «Мен өзім саламын» деймін. Ол: «Сіз бе? Өте жақсы. Ал мен ва –банкқа барамын» демесі бар ма. Жұрт аң - таң. Не істейін, картаны араластыра бастадым, ол болса тіпті картасын көтергісі де келмейді, беті бүлк етпейді, тұрған бір сұрқия. Сонымен не керек, екінші картада жерде жатқан ақшаны сыпырып алды, қалтасына салып кете барды. «Мен одан кейін картамды ашқым да келмеді».Отырғандар он бес мың рубльді көргендей, ақша сыбдырын естігендей Шмидтің әңгімесін үндемей тыңдады. - Билеттерден ұтып жолы болатындар да болады, – деді ауыр күрсінген Дьякон әкей (отырғандар дьякон әкейде ішкі заим билеттері барын білетін). – Жуықта мен бір өсім алушы екі жүз мың рубль қағып алды дегенді оқыдым. Жарымаған кедей ұтып алса бір жөн, ал өсімшінің ақшасы онсызда жетпей ме? Құдай -ау, тәубә етелік. - Әрине, мұндай болады, – деді жуан дауысымен, ойланып отырған мұғалім. Ал біреулер билеттен бір рет ұтып алса, артынанда ұтып ала береді екен. Бұл рас па, әлде өтірік пе ? Оны кім білсін! - Иә, солай, – деп пристав көмекшісі, бірақ бұның растығын білмеймін, ал бізде, З. – да бір көшірмешімен мынадай оқиға болды. Әлгі көшірмеші губерниялық басқармада жұмыс істейтін, басқармада жүріп көп билет жинапты, бір күні басқармаға келсе, стол басшысы: «Сергей Николаевич, сіздің билетіңіздің номері қандай?» - деп сұрайды. - «Қазір қандай екені есімде жоқ, бір мың жүз жиырма үш делік» - дейді әлгі. Стол басшысы оған бірден басшысы: «Сізді құттықтаймын, сіз елу мың ұттыңыз» дейді. Газетті қараса: шынында бір мың жүз жиырма үш – елу мың ұтыс деп жазылыпты. Бұндай қуаныштан көшірмешінің есі шығып кетеді! Қуаныштан ұтысын түскі аста шампанмен жуады, бәрі құттықтап, лебіздерін айтады. Ал келесі күні сол газетте бір мың үш жүз жиырма төрттің орнына бір мың жүз жиырма үш деп қате жызылыпты деген түзету басылады. Байғұс көшірмешінің қаны көтеріліп, жынданып кете жаздады.

Барлық жерде жинала қалғанда олар адамның мезін шығаратын біріне бірі ұқсас, бір қалыптағы әңгімелер айтылатын: Ротшильд Парижге жалаң аяқ, жалаң бас келіп, көшеде сіріңке сатып, артынан жүз миллион жылдық табысқа қол жеткені, жер астынан Вандербильдт тауып алған шексіз олжалар туралы, адамға нанғысыз карта ұтыстары, биржалық табыстар, күтпеген жерден туыс болып шығатын американдық миллионер – нағашылар туралы әңгімелер жарыса айтылатын.

Аггей Фомич мұндай әңгімелерді өзі айтпаса да ынтасымен тыңдайтын. Өңсіз ұсқынына қарамастан айтылып жатқан әңгімелер оны керемет қиялға батыратын, ол оқиғаларды көз алдына елестетіп, аузы құрып тыңдайтын. Ойда жоқта түсе қалған байлық, өздерінің ерке наздарынан бас тартпайтын миллионер аталатын байлар туралы әңгімелер Аггей Фомичті толғандырғаны сондай, ол сол сәтте әйелін туғызып алу үшін акушерге төлеуге, ұлына етік сатып алуға, не бәрі бірнеше рубльге зар болып отырғанын ұмытып кетті. - Кейбіреулер көшеде келе жатып та ақша тауып алады, – демесі бар ма Аггей Фомичтің - аузынан қалай шығып кеткенін өзі байқамай.

Отырғандар оған таңырқап қарайды, - ол кеш басталғаннан бір ауыз ашқан емес еді, Аггей Фомич ұялғаннан басы салбырап, көзін үстелден алмады. - Көшеде ғана емес, біреудің қалтасынан да... , – шығар деп пристав көмекшісі кекетіп алды.

Қонақтар пристав көмекшісінің ащы мысқылына емес Аггей Фомичтің абыржыған ұсқынына қарап, олар біраз күліп отырды, одан соң қонақтардың әрқайсысы арты ашылмаған, ақша ұрлықтары туралы әңгімелерді айтып жалғастырды. Аггей Фомичтің көз алдына тағы да он мың, жүз мың рубльдер, аса көп орамдағы ала –құла ассигнациялар, ақшаның есебін білмейтін сиқырлы байпатша есімдері орала бастады. Ол әңгімелерді гастроном дүкені терезесінің алдында аузынан сілекейі ағып қарайтын аш адамдай тыңдады. Қабырғада ілінген ескі сағаттың қырылдаған даусы сағат бірді соқты. Дьякон әкей ұзын жеңдерін оң қолына жинап орнынан тұрып қоштаса бастады, Аггей Фомичтен басқа қонақтарда орындарынан тұрып кете бастады. Аггей Фомич Ракитин қонақтарды есікті майшаммен жарықтап шығарып салғанша отырған орныда қозғалмай, үстел үстіндегі нан үгіндісін шұқылап отырды. «Қазір Ракитин келген бойда сұраймын, тек батыл болу керек. Ақша сұрағаным үшін мені жеп қоймас?» деп жұбатты. Ақыры Ракитин де кірді, Аггей Фомич қонақтармен неге бірге қайтпағанын түсінбей оның қасына келіп отырды. Аггей Фомич бірден ақша сұраудың орнына жұмысы туралы, жалақысы туралы ұзын сонар бос әңгімені айта бастады. Ракитин әдеп сақтап, ұйқылы көздерімен есінеп, тістеніп отырды.

Осылай жарты сағат өтті, шыдамы таусылған Ракитин есінеген даусын қаттырақ шығарып: - Неткен опасыздық десеңізші! – Ертең менің кезекшілігім!... деп орнынан атып тұрды. Аггей Фомичте орнынан тұрып, кешірім сұрай бастады. Сұрланған бойы ол сыртқы есіктің тұтқасын ұстай беріп, ішкі қорқынышын басып Ракитинге бұрылды: - Менің саған кішкентай... , яғни бұйымтайым бар еді. - Ол не? - деп Ракитинде алаң –жұлаң сұрады. - Түсінесің бе, мен сені ... мазаламас едім, ...әйелім, міне, босану керек еді.... Сен түсінесің ғой , маған ... керек болып тұрғаны, ал мен жиырма рубльді ... қалдырмай қайтарам - ол он рубль дегісі келіп еді, бірақ аузынан жиырма рубль қалай шығып кеткенін өзі де байқамады, ол бұл сомадан өзі шошып, ең болмағанда бес рубль берсе де жаман болмас еді - деп ойлап үлгерді. - Құдай ақысы бір тиын жоқ, –деп, Ракитин екі қолын кеудесіне қойып, нандырып айтты, - Түсінесің бе үйде бір тиын жоқ. Ракитиннің тым шын айтқанына қарап, Аггей Фомич оның ақшасы болса да қарыз бергісі келмейтінін түсінді. Кешірім сұраған болып міңгірлеп, Аггей Фомич сыртқа шықты. Тыныш жарық сықырлаған аязды түн болатын. Көшелерді күртік қар басып, бақа үй төбелеріне ақ жиналып, ағаштарды ақ қырау басқан түнгі жым жырт еді. Аяқ астында қар сықырлайтын. Аггей Фомичке жаяу ұзақ жүруге тура келді. Оның ойынан ақша шықпай қойды. Ол тар, салқын, жасыл түсті терезе көздерінің жиегі бітелген, үнемі таршылық пен кедейшілікпен бірге бала жаялығының иісі мүңкіп тұратын бақалтақ үйіне келетінінен зәресі қашты. Егер әйелі, оның алдынан шығып, дауысы қарлығып ақша қайда деп сұраса не дейді? Иә, арақ іштім, сыра іштім, қуырылған торай етін жедім дей ме, ал үйінде оның бала шағасының қарны ашып, әкелері ақша тауып келеді деген үмітпен ұйқыға кетті емес пе?. - О, Жаратқан, Құдай! - деп күйінген Аггей Фомич, - неге сен біреулерге үйіп төгіп бересің, бақытты өмір бересің, молшылық жібересің? Сен мені неге ұмыттың? Мысалы ғой, кейбіреулерге ақша керек болмаса да ақша тауып алады. Мен өмірде біржолы болса да ... тым болмаса он, жоқ, жиырма рубль тауып алдым ба?! Акушеркаға төлер едім, Васюткаға етік сатып алар едім, Лелеге жылы кішікентай пәлте.... Қазір жолда келе жатып неге әмиян тауып алмасқа? Мұндай оқиғалар талай болады емес пе, жиі болады; бұл туралы жазып та, айтып та жатады?

Аггей Фомич өзінің қияли мінезіне қарай көшеде келе жатып жерден қалың, былғары әмиян тауып, ашып қараса тұтас бір бума жүзрубльдік ақша, ішінде ұтыс билеттері барын, оның отбасы кең, жылы, жарық пәтерге көшіп, жаңа үйіне жиһаздар кіргізіп, балаларына әсем, жылы көйлектер тіккізіп жатқаны көз алдына елестеді..., көп ақшаға бәрін алуға болады емес пе? Аздап ішкен бірнеше арақ рюмкасының әсері ме, әлде өзіне деген сенім бе екен Аггей Фомич ішінен бүгін, дәл қазір көшеден кездейсоқта әмиян тауып аламын деген адам нанғысыз сенім пайда болды. Неге бүгін солай болуы керегін ол өзі де түсінбеді, ойлағанда емес. Ол өзіне сенімді, басын көтерместен, төмен түсіріп, аяқ астына мұқият қарап келе жатты. - Қазір..., міне, қазір....енді..., – деп сандырақтан сыбырлап, – басқалар тауы алады, енді бірнеше қадам... қазір...қазір.... Кенеттен ол қар жолдың үстінде шағын төртбұрыш нәрсені көрді, бұл оның желіккен қиялының елесі емес еді. Ол қуаныштан тұншыға жаздап, шашы тікірейген бойы Аггей Фомич жан - жағына ұрлана қарап, жерде жатқан нәрсеге ұмтылды. Аггей Фомичтің қолына былғары жуан әмиян ілікті. Әуелі күтпеген жерден оның ойының дәл келгені бірнеше секундтарға оны есеңгіретіп жіберді, кәдімгі әмиян қолында тұрғанына көзі жеткен ол жан ұшыра әмиянды төсіне тығып, үйіне қарай жүгіре жөнелді.

Аггей Фомичке жарты шақырым жүгіруге тура келді. Жылдам қозғалысқа үйренбегендіктен оның кеудесінің асты шаншып, алқымында құрғақ, ащы қақырық жиналып, басы айнала бастады. Бірақ ол тоқтамады, егер ол тоқтаса, сәл кідірсе, біреу қуып жететіндей, тапқан олжасын тартып алатын сияқты болды. Жүгіріп келе жатқанда басынан бөркі түсіп кетті. Еңкейіп көтергісі келіп еді, бірақ қолын дереу бір сілтеп, әрі қарай зымырай түсті. Ол қуаныштан: «Әлі мың бөрік сатып аламын!»деп сыбырлады..

Оның есікті дүрліктіре қаққан дыбысынан шошып оянған әйелі қолындағы май шамын ұстап ашты. Балалары зәрелері ұшып ұйқысынан оянып, төсек үстінен әкелеріне қарап тұрды. Аггей Фомич өңі қашқан, қара терге түсіп, тентіректеп барып орындыққа жалпия кетті.

- Анечка! Балалар! – деп ол қарлығып, тауып алған әмиянын басына көтеріп, сілкіпсілкіп тұрды. – Мынаның ішінде.... мына әмиянда...ақша... жүз мың... , енді пәтер жалдаймыз. Аня... шампан әкел..., төрт жүз мың... түсінесіңдер ме? Урра-а!

Бүгін Аггей Фомичтің байлығы соншалықты, оның миллиондарына қарағанда Голкон мен Калифорния байлығы түк емес. Оның ат қорасында алпыс мың жылқы мен үш миллион бес жүз мың күйме тұрады. Ол әлемдегі барлық темір жолдардың, оның ішінде, жерден Юпитерге тартылған жаңа теміржолдың да директоры. Оның қолы тым ашық, ақша сұрап келген кедей кепшіктің қолына бір, екі миллион ақша ұстатып жібереді. Ол өте мейірбан, өте жуас, жұмсақ адам, бір нәрсені ғана көтере алмайды – ол үш сомдықтар, жүк түбіртегі мен газет хабарландыру қиындылары тығылған тері әмиян ішінен біреу - міреу бірдеңе алғысы келсе, ол жынданып шыға келеді. Сол кезде қасында тұрғандарға қолына түскенді лақтырады. Аггей Фомичті балалары өте жақсы көреді, оны күтіп бағады. Ол да жақындарына солай жауап береді. Ең аяғында біздер білмейтін нәрсе, есуастар кейде дені сау адамдардан әлдеқайда шексіз бақытты шығар дегенде ой келеді? 1895 жыл

Тәржімалаған Салауат Кәрім,
Abaі.kz, Madenіportal.kz, Qasym.kz

Александр КУПРИН. МАМЫРГҮЛ БҰТАСЫ
әңгіме

Әйелі есікті ашқанша шыдай алмаған Николай Евграфович Алмазов үйге кірген бойда үстіндегі пальтосін, басындағы фуражкасын шешпестен кабинетіне өтті. Үйге қабақтары түйіліп, салбыраған еріндерін тістеніп, кірген күйеуінің томсырайған ұсқынын көрген әйелі күйеуіне бірдеңе болғанын, оның тағы бір сәтсіздікке ұшырағанын түсінді.... Ол күйеуінің артынан үндемей ерді. Алмазов кабинетінде бұрышқа оқталып біраз тұрды. Одан соң қолындағы портфелі еденге түсіп, ішіндегілері ақтарылып, өзі болса қос жұдырығын соққылап креслоға жайғасты. Алмазов бай емес, жас офицер, Бас штаб Академиясының тыңдаушысы болатын , қазір сол оқудан келген бойы. Бүгін ол профессорға ең қиын, соңғы практикалық жұмысты – аумақтың карталық түсірілімін тапсырған болатын.... Осы күнге дейін барлық емтихандардан жақсы өтті, олардың қандай қиындықтармен, ауыр еңбекпен келгені бір құдайға және Алмазовтың әйеліне ғана мәлім.... Басынан бастасақ, академияға Алмазовтың түсуінің өзі екі талай, мүмкін емес еді. Екі жыл бойы қатарынан өте алмады, тек үшінші жолы, тынымсыз еңбегінің арқасында барлық кедергілерден өтіп барып түсті. Әйелі болмағанда оның шыдамы да, күші де жетпес еді, академияға қолын бір сілтерме еді. Алайда, әйелі Верочка оның еңсесін түсірмеді, рухын көтеріп ақ бақты. Ол күйеуінің әрбір сәтсіздігіне ақ көңілімен қарсы тұратын болды. Оқып жүрген күйеуіне кішкентай болса да пайдасы тисін деп ол не істемеді, оның жұмыстарын көшірді, сызба чертеждерін сызды, лекцияларын дауыстап оқып беретін, күйеуінің репетиторы да болды, тіпті күйеуі оқығандарын ұмытып қалмасын деп, есіне салып жүретін, естелік кітапшасына да айналды. Адамның зығырына тиген будильник сағаттың ақсақ соққыларымен созылған үнсіз үзіліс, ауыр тыныштыққа ұласқан бес минут өте шықты. Алмазов пальтосы мен бас киімін шешпестен, сол бұрылған күйінде отыра берді. Вера болса сұлу келбетімен оған абыржып қарап, күйеуін іштен аяп, одан екі қадам жерде тұрды. Қал үстінде жатқан науқастың керует басындағы жақын күтушісіндей өте сабырмен бірінші болып сөз бастады. - Коля, жұмысың не болды?... Жарамады ма? Ол иықтарымен жұлқынып, жауап бермеді. - Коля сенің жоспарың жарамады ма? Айтшы енді, бәрібір айтасың ғой.

Алмазов әйеліне жалт бұрылып, көптен өкпесін ішінде сақтап жүргендей ашуланып, бұлқынып сөйлей бастады. - Иә, иә, сен білгің келіп тұрса айтайын, жұмысымды жарамсыз деп тапты. Көрмей тұрсың ба?! Шайтан алғыр, мыналар, ештеңеге жарамады! – деп, сызбаларға толы портфелін аяғымен теуіп жіберді, – енді керегі жоқ, мынау дүниелерді, кәне, отқа сал, өрте! Маған керегі өзі академия еді? Бір айдан соң полкқа ораламын, ұяты қандай дерсің, қара бет болып қайтамын. Осының бәрі қайдағы жоқ лас дақ үшін.... О, шәйтан алғыр! - Мен ештеңеде түсінбей тұрмын, Коля ол қандай дақ? Әйелі креслоның қол тірегіштеріне отырып, күйеуін жұбатпақшы боп мойнына асылды. Күйеуі қарсылық білдірмесе де, ашулы күйінде бұрышқа қарап отыра берді. Әйелі: – Коля қандай дақ? - деп қайта сұрады.

- Әу, қойшы соны, кәдімгі жасыл бояулы дақ. Кеше ұйықтамай түнгі үшке дейін отырдым, бітіру керек болатын. Жоспарда жақсы сызылды және жылтыратылды. Содан шаршадым ба, қолдарым қалтырап, – сөйтіп отырып, сызбаға дақ түсіріп алдым. Қандай дақ дейсің бе, қара дақ нүкте... Қара дақты өшіремін деп одан сайын шималап алдым. Содан ойланып, ойланып келіп сол жерге толтырып ағаштарды салуды шештім. Өте жақсы шықты, қара дақтың болғаны көрінбей қалды. Сөйтіп сол күйі профессорға алып бардым. Ал профессор : «Иә, иә, поручик, ал мына жерде бұталар қайдан шыға келді?» – демесі бар ма? Маған сол сәтте болған істің шындығын айту керек еді. Мүмкін күліп қояр ма еді. Жоқ, күлген жоқ - қадалып қалғыр, педант неміс емес пе. Ал мен болсам оған тік қарап: «Бұл жерде шынымен де бұта өседі» деймін қарап тұрмай. Сонымен не керек, сөзден сөз шығып, екеуміз жанжалдасып тындық. Оның үстіне айналымызда бізге тесіліп офицерлер қарап тұрды. «Егер осылай деп болмасаңыз, осы бір бел ойпатта бұталар өседі десеңіз, ертең атпен барып көрейік.... Мен сізге жұмысты немқұрайлы істегеніңізге көзіңізді жеткіземін, немесе үш жақты картадан көшіріп сызып алдыңыз ғой, сірә» демесі бар ма.

- Ол неге сонша сол жерде бұталардың жоқтығына сенімді?

- Әу, құдайым ау, неге дерің бар? Құдайым ау, осы сен баланың сұрағын неге қоясың? Өйткені ол жиырма жыл бойы сол жердің аумағын жерін өзінің бес саусағындай біледі. Нағыз жабысқан педанттің өзі , оның үстіне неміс. Аяғында өтірікші болып шығамын, оның үстіне менде қарсыласып болмадым.... Оның үстіне....

Әңгімесін айта беріп алдында тұрған күлсауытта жанып біткен сіріңкелерді ұсақтап сындыра бастады, ал сөйлеп болған бойда ашуымен

еденге лақтырды. Осы сәтте Вера күйеуінің жыларман күйін байқау қиын емес еді. Олар ойланып, үндемей көп отырды. Бір мезгілде Верочка шаттанған күйі креслодан атып тұрды. - Коля тыңда мені, бізге тез жиналу керек,Тез киін!

Николай Евграфович әйеліне тыржиып, қабағын шытты.

- Әу, Вера ақымақ болмашы. Сен не, мен ақталып, кешірім сұрайды дейсің бе. Ол дегенің өзіме жаза кескенім емес пе. Өтінемін сенен, ақымақтық жасамайықшы.

- Жоқ, бұл ақымақтық емес, - деп жүре қайырған Вера жер тепкілеп, – саған ешкім кешірім сұра деп тұрған жоқ... Егер ол жерде бұталар жоқ болса, дереу қазір барып бұталар отырғызу керек. - Бұталар?... Отырғызу керек?... – деп Николай Евграфович әйеліне бақырайып қарап тұрды.

- Иә, отырғызу керек. Егер сен өтірік айтсаң, өтірігіңді түзеу керек. Бол жинал, менің шляпамды берші... Кофточкам қайда... Ол жерден іздеме, шкапты қарасаңшы... Зонтигім қайда?!

Алмазов әйеліне қарсы бірдеңе айтқысы келіп еді, әйелінің шляпасы мен кофтасын сұрап, оның назарын басқаға аударып жіберді. Вера столдар мен комод астынан қорапшаларды бірінен соң бірін алып, оларды жанталаса ақтара ашып, ішінен керегін алып, керек емесін еденге лақтыра бастады.

- Сырғалар... Мынау түкте тұрмайды... мыналарға ештеңе бермейді. Ал гауһар тас сақинаға қымбат береді.... Артынан міндетті түрде қайтарып аламыз, өкінішті, әрине. Білезік.... мынағанда аз береді. Ескі білезік, оның үстіне майысқан. Коля, сенің күміс темекі сауытқорабың қайда?

Бес минуттан кейін барлық қымбат заттар жиналып, ридикюльдің ішінде жатты. Киініп үлгерген Вера үйде керекті ештеңені қалдармадым ба деп соңғы рет айналасына көз жіберді.

- Кеттік, - деп банадан бері айталмай тұрған сөзін, бұл жолы батыл айтты. - Біз қайда барамыз? – деп Алмазов тағы да күбірледі, – Қазір қараңғы түседі, ал менің учаскеме дейін кем дегенде он верст. - Қой енді, болшы ....Кәне, жүрелік! Алмазовтар бірінші ломбардқа соқты. Ломбардтың бағалаушысы адамдардың мұқтажына үйренгені сонша, оларда шаруасы болмады. Ол алып келген қымбат заттарды мұқият қарады, ал Верочканың шыдамы таусыла бастады. Бағалаушы гауһар тас сақинаға қышқыл құйып тексеріп, одан соң өлшеп, әреңдеген де үш рубльге бағалағаны оның ашуын келтірді.

- Бұл нағыз гауһар тастың өзі, – Вера қатты ашуланып, – отыз жеті рубль тұрады, оның өзі жағдайына қарай. Бағалаушы шаршағаннан есінеп, көздерін жұмды. - Сударыния, біз асыл тастарды ғана қабылдамаймыз, - деп, қаралған бағалы заттарды ыдысқа лақтырды, - тек асыл темір заттарды қабылдаймыз.

Есесіне ескі, майысқан білезік мүлдем аяқ астынан өте қымбатқа бағаланды. Сонымен не керек, өткізген бағалы бұйымдар барлығы жиырма үш мың рубльді құрады. Бұл ақша артығымен жеткілікті еді. Алмазовтар бағбаншыға келгенде Петербордың ақ түні аспанға жәйіліп, ауа көк сүтке бөленіп тұрды. Кішкентай алтын көзілдірікті чех бағбаншы шал отбасымен кешкі асқа отыра бергені сол еді. Ол тапсырыс берушілердің кеш жүргендерін жақтырмай, екінші жағынан ерекше тапсырыстарына таң қалды. Қандай болмасын дұрыс емес істі сезді ме Верочканың қоймай сұраған өтінішіне салқын жауап беріп тұрды:

- Кешірерсіз. Мен түнде жұмысшыларымды алысқа жібере алмаймын. Егер қаласаңыз сіздерге ертемен қызмет етуге дайынмын. Бағбанды көндіру үшін қырсық дақтың оқиғасын айтып беру ғана қалды, Верочка болса шындықты жасырмай айтып берді. Басында бағбан сенімсіздікпен қараса, артынан Вера бұталарды отырғызу туралы айта бастағанда оны есіркеп, аяп күліп те жіберді. Вера әңгімесін аяқтай бергенде - Енді не істейін, - деп жұмысқа келіскен бағбан, - Сендерге қандай бұталарды отырғызу керек? –деді.

Қарт бағбаншының әртүрлі ағаш бұталары тұқымдарының арасында қажетті бұта табылмады, амалсыздан мамыргүл бұталарына тоқтауға тура келді.

Алмазов әйелінің үйге қайта беруін бекер талап етті, әйелі күйеуіне еріп қала сыртына барды, бұталарды отырғызып жатқанда жұмысшылардың аяқ астына жағаласып, күйбелектеп жүріп алды, отырғызылған бұта айналасында жердің бет қыртысы бүкіл ойпат шөбінен мүлдем айыра алмайтынына көзі жеткенде ғана үйге қайтуға көнді.

Келесі күні Вера күйеуін үйде күтіп отыра алмады, күйеуін көшеден қарсы алу үшін алдынан шықты. Ол алыстан сәл секеңдеп келе жатқан күйеуін жүрісінен таныды, бұта отырғызу оқиғасы сәтті аяқталғанын сезді. Алмазовтың үсті басын шаң басқан, аяғында әрең тұрғанмен шаршаған және қарны ашқанымен , оның жүзі қуаныш пен жеңістен жәйнап тұрды. - Тамаша! Керемет болды! – деп, әйелінің үрейлі жүзіне қарап, алыстан айқайлап әңгімесін бастады. – Біз онымен бұталар қасына келдік. Ол болса бұталарға қарай береді, қарай береді, тіпті жапырағын жұлып алып, аузына салып тексерді. «Бұл өзі қандай ағаш?» деп сұрайды. Ал мен

болсам: «Мәртебелім, білмеймін» деймін. Ал ол: «Қайың шығар», - дейді. Ал мен болсам: «Мәртебелім, мүмкін қайың шығар» деп жауап беремін. Сонда ол маған бұрылып, қолымды қысты. «Поручик, мені кешіріңіз, мынау бұталарды ұмыт қалдырыппын, менде қартайып келеді екенмін» дейді. Сүйкімді, жақсы профессор, ақылды адам. Мен оны, мықты профессорлардың бірін алдағаным дұрыс болмады, өте ұят болды, әрине, дұрыс емес. Білімі де өзінің – сойқан ау. Аумақтың маңын тез, дәл бағалай біледі, – кәсібін керемет білетін адам! Вера үшін оның айтқандары аз көрінді. Ол профессормен болған әңгімені егжей – тегжей сұрай бастады. Ол бұталарды көргенде профессордың бет әлпетінің қандай болғанын нақтылап сұрады, ол өзінің кәрілігін қандай дауыс екпінімен айтқанын, Коля өзін сол кезде қалай сезінгенін күйеуінен қайта - қайта сұрап қоймады.... Олар қол ұстасып, үсті үстіне тоқтамай күліп, көшеде олардан басқа ешкім жоқтай келе жатты. Өтіп бара жатқандар оларға таңырқап, жұбайларға тоқтап қарай берді...

Николай Евграфович тамақты тәбетімен сол күндегідей ешқашанда ішкен емес. Түстен кейін Вера Алмазовқа кабинетіне шәй құйған ыстақанды алып келгенде, ерлі-зайыптылар біріне бірі қарап, екеуі күліп жіберді.

- Саған не болды? – деп сұрады Вера.

- Ал саған?

- Жоқ, сен бірінші айт, мен содан кейін айтамын.

- Жәй, ақымақтық қой, мамыргүл оқиғасы есіме түскені. Ал сенші?

- Менде жәй, ақымақтық қой, сол мамыргүл туралы күлдім. Менің

саған айтайын дегенім, енді мамыргүл менің сүйікті гүлім....
1894 жыл.

Тәржімалаған Салауат Кәрім,
Abaі.kz, Madenіportal.kz, Qasym.kz

Әлемде көп оқылатын бразиялық жазушы Пауло Коэльоның «Күн жауынгерінің кітабы» өмірді өздігінен танып білетін, өзінің мақсатына жететін адам туралы туынды. Салауат Кәрімнің аудармасындағы Пауло Коэльоның «Күн жауынгерінің кітабы» романынан үзіндіні назарыңызға ұсынамыз.

Пауло КОЭЛЬО. КҮН ЖАУЫНГЕРІНІҢ КІТАБЫ
(романнан үзінді)

Шәкірті ұстазынан жоғары болмайды, бірақ ол жетіле келе
ұстазындай болады.
Лк VІ:40

Ауылдың шығыс жағына қарай жүрсең теңіз жағасында қоңырауға толы алып шіркеуді көресің, - деп үн қатты бейтаныс әйел. Әйелдің басындағы жамылғысы, үстіндегі киімі ғажап еді, мұны бала мүлт жібермеді, ол бұрын мұндай керемет сұлулықты көрген емес. - Көріп тұрсың ба? Сен сол жерге бар, кейін көргендеріңді маған айтып келесің, - деп сөзін жалғады әйел. Бала әйелдің керемет көркіне таң қалады, айтқанына көніп, сілтеген жеріне барады. Құм жағалаудың үстіне жайғасып, әдетіндей көк аспанды, көк теңізді ғана көреді. Көңілі қалған бала балықшылар ауылына асыға жетіп, ауыл адамдары алып шіркеу тұрған аралды біле ме екен, шіркеу қайда?- деп сұрайды. - Ее, бұл бұрын, баяғыда, атам заманда болған, - деп қарт балықшы жауап береді. Содан кейін жер сілкініп, арал су астына кетті. Шіркеу теңіздің астында қалды, біздер шіркеуді көрмесек те, теңіз тұңғиығынан қоңырау сылдырын кейде естіп қаламыз, - дейді. Бала жағалауға қайтып оралады, қоңырау сылдырын естімекші болады, теңіз жағасында кеш батқанға дейін отырады, теңіз толқынын, шағалар айқайын естиді. Қараңғы батқанда әкешешесі жағалауға келіп, баланы үйге алып кетеді. Бала ертеңіне ертемен жағалауға қайта келеді, сұлу әйел оны алдады дегенге сенбейді. Бала керемет сұлу әйелмен кездейсоқ тағы кездесе қалса, ол аралды көрмегенін, бірақ теңіз астындағы ағыстар шіркеу қоңырауларын тербеткенін, олардың сылдыры туралы айтқысы келеді.

Осылай бірнеше ай өтеді, бейтаныс сұлу әйел келмейді, бала оны ұмытады, бала су астына кеткен шіркеу байлығын, оның қай жерде жатқанын анықтап, теңіз астынан табуға бел буады. Осындай оймен жүріп баланың оқуға ынтасы жоғалады, достарымен қатынасы үзіледі. Баланың құрбылары: «Ол – бізбен бірге енді ойнамайды, теңізден шықпайды»,- деп күледі. Теңіз жағасында күнде мұңайып отырған баланы достары көріп, енді оны жұбата бастайды. Сонымен бала теңіз астына кеткен қоңырау сылдырын естімеді, бірақ ол басқа нәрсеге үйренеді. Ол теңіз толқынының соғысын ести бастады, шағала шыңғырығын, араның ызылын, пальма жапырағының теңселгенін, гуілін тыңдауға үйренеді, баланың ойын олар бұрынғыдай бөлмеді. Бейтаныс әйелмен кездескеннен кейін тағы бір алты ай өтеді, теңіздің айқай - шуы баланы енді мазаламады, ол мұхит астына кеткен шіркеу қоңырауын естімеді. Балықшылар балаға: «Біз естігенбіз» дейді. Бала қоңырау сылдырын естімейді. Біраз уақыт өткеннен кейін балықшылар баламен басқаша сөйлесе бастайды: «Сен қоңырау сылдырын естимін деп қамықпа, бәрінде ұмыт, достарыңа қайтып орал. Қоңырау сылдырын балықшылар ғана естиді» дейді. Бір жылдан кейін бала: «Мүмкін балықшылардың айтқаны дұрыс шығар. Өскенде менде балықшы боламын, сонда мынау жағалауға мүлдем келмеймін, жағалау маған ұнамайды» деп бұртиады. Бала ішінен: «Бұл аңыз, су астында қираған қоңыраулар ешқашанда сылдырламайды» дейді. Сол күні үйіне қайтады. Ол жағалауда отырып мұхитпен қоштасады. Бала көкжиекке көз жіберіп, теңіз астынан қоңырау сылдырын естудің қажет емес екеніне өзін көндіреді, шағалар шыңғырығына, толқын шуына, желдің ысқырығына, пальма гүріліне көңіл аудармастан жүрегі жылуға толады. Алыстан балаға достарының даусы естіледі, ол ертең өзінің балалық дәуреніне қайта оралатынына қуанады. Ол осы жарық дүниеде өмір сүргеніне тәуба етеді. Ол өзінің уақыты босқа кетпегеніне, өзінің табиғатты түсіне бастағанына іштей қуанады. Бала толқын шуын, шағалар ысқырығын, жапырақ гуілін, алыста ойнап жүрген құрбыларының дауысын анық естиді, сол сәтте бірінші қоңырау сылдыр етеді. Одан кейін тағы бір қоңырау сылдырлайды.

Тағы бір қоңырау сылдырлайды, одан кейін тағы бір қоңырау сылдыры, тағы бір сылдыр, баланың жаны шаттыққа бөленеді, суға батқан шіркеу қоңырау сылдырларын ол анық естиді. Көп жылдар өткеннен кейін, есейгенде ол өзінің балалық шағы өткен ауыл жағасына келеді. Ол теңіз астына кеткен байлықты көтерем деген райынан қайтып,құлағына естілген шіркеу қоңырау сылдырлары бала кездегі арманы екенін түсінеді. Сөйткенмен ол жағалауды бір аралап, желдің гуілін, шағалар айқайын естігісі келеді. Ол арал жағалауында шіркеу туралы айтқан әйелдің отырғанын көреді, оған таңқалғаны сонша: - Сіз бұнда не істеп жүрсіз? – деп айқайлап жібереді. - Сені күтіп отырмын, - деп жауап береді әйел. Көп жылдар өтсе де әйелдің көркі сол қалпында еді, алғашқы көргендей еді, әйелдің басындағы жамылғысы өңін де, түсін де жоймаған еді. Әйел оған көкпен қапталған ақ қағаз дәптерді ұсынды. - Жаз: «Күн жауынгері бала көздеріне мұқият қарайды, оған бала көзінің қарашығынан мұңсыз әлемді көруді бұйыртқан, Күн жауынгері адамның сенімін білгісі келгенде, адамдарға бала көзімен қарайды». - «Күн жауынгері» деген кім? - Өзің білесің, – деп күлімсірейді әйел, - Күн жауынгері өмірдің ғаламат сырына өзі жететін, өмірдің тұңғиығынан қоңырау жаңғырықтарын еститін, ғұмырының соңына дейін өзінің сенімі үшін күресетін адам. Бала ешқашанда өзін жауынгер санаған емес. Ал әйел болса: «Бұл кезкелген адамның қолынан келеді, ешкімде өзін күн жауынгері санамайды, бірақ әркім күн жауынгері бола алады», - дейді. Ол дәптер бетіне үңілді. Әйел оған күле қарады. - Күн жауынгері туралы жаз, – деді ол.

Күн жауынгері жақсылықты ұмытпайды. Айқас үстінде аруақтар оған қол ұшын созады, аспан үстіндегі әулиелер оның жеңіске жетуіне жағдай туғызады, барлығы да өзінің орнында сай тұрады. «Жолы болғыш екен!» - дейді оның жолдастары. Күн жауынгеріне адам құдыретінен жоғары күш берілген. Ол күн шығарда тізесін бүгіп, Құдырет Нұрына алғыс йтады.

Күн жауынгері рухымен ғана шектелмейді, ол жолдастарында ұмытпайды, өйткені айқас алаңында жолдастарымен бірге қан төкті. Күн жауынгеріне жақсылық туралы айта берудің қажеті жоқ, ол жақсылықты ешқашанда ұмытпайды, ол жеңісін өзінің достарымен бөліседі.

Әлемдегі барлық жолдар Күн жауынгерінің жүрегіне апарады, ол өмірге құштар, ол құздан жалтақтамай секіреді. Ол өзінің қалағанын таңдайды, ол ержүрек, артына жалтақтамайды, ал кейде ақылға салмай да шешім қабылдайды. Ол өмірдің құштарлық дәмін татты. Ол өзінің әрбір жеңісіне қуанады, жеңіс – оның өмірі, жеңіске жеткендердің жаны шаттыққа бөленетінін біледі. Күн жауынгері ғасырдан ғасырға ауысатындарды да жақсы біледі, олардың бұғауы мықты екенін, уақыттың өзі де олардың алдында қауқарсыз екенін ұмытпайды. Күн жауынгері бұрыннан өсиет қалғандарды ажырата алады.

Күн жауынгері өзінің күшіне сеніп қана қоймайды, қарсыласының күшінде пайдаланады. Ол көп жылдар бойғы әзірліктен соң қарсыласына жауап беру үшін айқасқа шығады. Бірақ қарсыласын жеңу үшін шабыты да, өмірлік тәжірибесі де жеткіліксіз екенін түсінеді. Сол кезде айналасына жүрегін айқара ашады, қарсыласының соққысына төтеп береді, оның әрбір соққысынан сабақ алады, ол Құдайдан жалбарынып төзім сұрайды. «Оның сенімі жалған екен», - дейді серіктестері. – Ол айқасын тоқтатып, құдайға жалбарына бастайды, қарсыласына керегі де осы. Күн жауынгері мысқыл сөзге керең, жігерсіз, өмірден алған тәжірибесіз оның білгендері бос нәрсе екенін түсінеді.

Күн жауынгері ешқашанда зұлымдық жасамайды, алайда өзінің
қарсыласын жолынан адастыра алады.
Ол жеңісіне күмәнданса да мақсатына жету үшін жолынан
ешқашанда таймайды, ол солай стратег атанады.

Ол күшінің таусылғанын сезеді, қарсы шығуға асықпайды.
Ол оң қанаттан шабуылға жиналып, өзінің әскерін сол қанатқа
жетелейді. Дереу ұрысқа әзірленген болып, бірмезгілде қалғып
кетеді.

«Қараңдар, оның жауынгерлік рухы жығылды», - дейді достары.
Күн жауынгері ескертуге құлақ аспайды, айқас алаңында оның
айласын түсіну оның достарына берілмеген.
Күн жауынгері не керегін өзі біледі. Ол өзінің жоспарын

біреуге түсіндіруді қажет деп санамайды.

Күн жауынгері ешкімді ақымақ санамайды, кімді болса да, қанша уақыт керек болса да адамды өмірдің өзі үйрететінін біледі. Күн жауынгері біреуді үйрету үшін өзіндегі бар жақсыны ұсынады, басқалардан да соны күтеді. Кімнің болмасын үйренуге қабылетті екенін адал көңілімен, жомарттығымен көрсетеді. «Адамдар жақсылықты білмейді», - дейді бұл ісіне қарсы оның кейбір серіктері. Күн жауынгері мұндай сөздерге көңіл аудармайды. Ол адамға көмек беруді тоқтатпайды, адамдарды өмірден үйренуге көмектеседі, бұл ісінен өзі де қанаттанады. ~~~~~~~~~ Күн жауынгері махаббатсыз өмір сүре алмайды. Құдай адамды қажетіне қарай жаратқандай: адамды аялауда, адамға жылу сыйлауда оның табиғатында тұр, күн батарда өзін бақытты сезінбесе, бұл дұрыс емес деп санайды. Сол кезде ол айқасын тоқтатады, ол өзіне өмірлік серік іздеуге кіріседі, ол ешқашанда жалғыз болғысы келмейді. Серігін табу қиынға соққанда: «Мен біреуге жақындауға неге қорқамын? Мен неге адамның жылуын сезбеймін?» деп өзіне сұрақ қояды. Күн жауынгері жалғыз, бірақ жалғыздықтың оны пайдалануына жол бермейді. ~~~~~~~~~

Күн жауынгерін толғандырмайтын нәрсе болмайды. Ол айналасын жарық дүние күйінде көреді, оған бәрі таныс, ол өзінің түсініктерімен өмір сүреді. Күн жауынгері самал жел жұтып, әлемде не

болып жатыр екен деп шатырының ішінде тыныш жатпайды, ол әлемдегі қауіп - қатерлерді қорықпай қабылдайды, өйткені ол оның өзгеруі үшін керек екенін біледі. Кейде ол жолынан шатасады, ұзақ адасып жүреді, бірақ алған бетінен қайтпайды. ~~~~~~~~~

Күн жауынгері әділетсіздікке қарсы адам.
Ол жер бетінде қанша адам болса да жалғыздың қайғысы барша
әлемге ауыр тиетінін біледі.
Біреудің қайғысын көргенде ол қылышын қынабынан суырады.

Қарсыласына қарсы шығып, ол ешқашанда жауын кінәләмайды,
өйткені ол Құдайдың алдында әркім өзі жауап беретінін біледі.
Мақсатына жеткен күннің өзінде ол қарсыласы туралы жаман сөз
айтпайды.

Күн жауынгері қорқуды білмейді. Қашу қорғаныстың жолы екенін білсе де, ол зәре құты қашқанда тұра салып қашпайды. Ол қашқаннан гөрі, жеңілгенді дұрыс көреді, ол жеңіледі, содан кейін ұрыс жарасын жазуға кіріседі. Жеңу мүмкін емес болғанда, ол жеңілгенін абыроймен мойындайды.

Күн жауынгері әрқашанда сабырлы. Уақыт оның еншісінде екенін біледі, ол төзімді, қателікке жол бермейді. Оның қадамы нық, ешқашанда асықпайды. Ол адамзат тағдырының шешілетін күн туатынын, сол кезде әлемді өзгерту үшінде оның да өзгеруі керегін біледі. Лансыдельвастонның: «Революцияға уақыт керек» деген сөзін ол тағы да қайталайды. Күн жауынгері піспеген жемісті ешқашанда жұлмайды. Күн жауынгері мықты болу үшін сынақтан өтуі керек.

~~~~~~~~~
Күн жауынгері өзінің шешімін ешқашанда өзгертпейді. Ол
ұрысқа кірместен бұрын көп ойланады, әзірлігін тексереді, борышын
өлшейді, қадамын мұқият тексереді.

Егер оның шешімі дұрыс болса, айқас ұзаққа созылса да
жеңіске жетеді, ал оның шешімі қате болса, ол жеңіледі, ащы болса
да ол өзінің жеңілісінен сабақ алады, ол бәрін қайтадан бастауға
өзін көндіреді.

Күн жауынгері бастаған ісін әрқашанда аяғына жеткізеді.

Әрбір күн жауынгеріне айқас үстінде қорқуға тура келді. Әрбір күн жауынгеріне өтірік айтуға тура келді. Әрбір күн жауынгеріне ілініп, әрең жүруге тура келді. Әрбір күн жауынгеріне ұсақ-түйекке бола күйінуге тура келді. Әрбір күн жауынгеріне күмәндануға тура келді. Әрбір күн жауынгеріне парызынан қашуға тура келді. Әрбір күн жауынгеріне «жоқ» дегісі келсе де, «ия» деуге тура келді. Әрбір күн жауынгеріне сүйетін жандарын ренжетуге тура келді. Сондықтанда ол күн жауынгері атануға қақы бар, ол барлығынан өтті, ол жетілуі үшін үмітін ешқашанда үзген емес.

Күн жауынгері есі ауысқан болып көрінеді. Ол адамдарға дауысын шығарып, бұлқынып сөйлейді. Періштелермен сөйлесудің жақсы түрі деп біреулер оны сендірсе керек, енді міне, ол періштелермен сөйлеуге тәуекел етеді. Басында оған ауыр тиеді. Мен оларға не айтамын дейді, содан аузына келгендерді сандырақтай береді. Ол күнсайын жүрегімен осылай сөйлесуге өзін көндіреді, осылай жүрегімен сырласады. Жүрегіне келіспейтіндер туралы, ойына келгенді айтады. Бір күні дауысының басқаша шыққанын байқайды. Ол ақылына келу үшін осылайша өзіне жол ашады. Күн жауынгерінің есі ауысқан болып көрінеді, алайда бұл жалған.

Тәржімалаған Салауат Кәрім,
Adebіportal.kz

АЛЛАҒА МЕН БАС ИДІМ, ДӘРІПТЕЙМІН ЖЫРЫМДА

(парсы ақындарынан аударма)

РУДАКИ

(Әбу Абдаллах Жапар Рудаки - 860-941 жылдары өмір сүрген, парсы –тәжік поэзиясының негізін қалаушылардың бірі, Бұқара саманидтері әміршісінің сарайында жүріп атақ пен даңқа бөленді, артынан қуғындалды)

Күнәм жоқ менің, дегенмен ол мені кешіріп жүреді,
Құрбандыққа мен көндім, кешіруге мені ол жазса.
Аллаға мен бас идім, дәріптеймін оны жырымда,
Дүниеқорлық менде жоқ, пайда іздемедім өзіме.

О Рудаки, рухың еркін болсын, жұртқа босқа қарама.
Даналықпен өмір сүр, жүрегіңмен дәнін сеуіп қауымға,
Ойлама басқаның күні тәуір, жалғыз саған ауыр деп,
О, Рудаки, бұл жалғанда өмір сүр, игілік жасап адамға!

Күштеніп жиды ол байлық,
Бірақ оған не пайда ....
О, Рудаки, ізгілік істер істелік,
Қорқыныш соты алдында ....

Мәңгілік тақта бетінде,
Оқырсың сен өткен жолыңды.

Әлем әміршілері де өледі, төбешікке айналып,
Басын иіп ажалға, олар да аттанды мәңгілік.
Байлыққа шексіз бөленіп, билік пен даңқа оранған,
Түбінде оларда ақырет жамылды, қара жерге көмілді.

ЖӘМИ

(Әбдірахман Нұраддин ибн Ахмад Жәми –
1414 -1492 жылдары өмір сүрген, ақын, ғалым, философ)

Жаратқан ием, жұмбақ жасырды,
Жауабын тауып мен шештім:
Қант неге ащы тұздай,
Тұз неге – қант құмындай.

Ақиқатқа жеткенше,
Көргенім көп өмірде:
Біреудің артын жалағанша,
Өз уыңды өзің іш.

Мынау дүние сорлы, құныққандарға толы....
Қозғалмайды ғой тегін біреуі,
Алыстан күміс кесек көрсетші,
Қалтырап қолын созады біреуі, кейін екіншісі.

Жарымаған ол да ілінді құрыққа,
Жүргені енді ашкөздердің ішінде.

Өмір- шала ұйқы, Өлім – тәтті ұйқы....
Ұйқы тәтті – өмірге сен жабыспа.
Балаңдай күт күніңді, қариядай төзіп түніңді,
Өмірің соңғы сәтінде көңілденіп, шаттанып,

Кірпік қақпай, сенде тәтті ұйқыға кетерсің.

Бұл дүние сәуле толы жарыққа,
Адамға жарқын өмір сүру жазылған,
Бірақ тойымсыз оның санасы,
Болмашы түнекті ғана көреді.

Ыстық сезім махаббат отынан,
Әлем жарығы да сүюден,
Жүрегің сыздап, көзіңнен жас ақса да,
Махаббат үні естіледі көктер де!

Көзімді ашсам – көрем сені,
Жұмсам - сені тұрасың.
Сұлу бейнең қалқып түсімде,
Сиқырлап мені жүреді.

Ақиқат қайда? Жалған қайсы? Кебек қабық....
Қабықтың ішінде жатыр өрнек өзек,
Аршы да қорықпай дәнін аузыңа сал:
Өзегінен өмірдің табарсың сен ізгілік.

РУМИ

(Желлалдин Руми 1207-1273жылдары өмір сүрген ,
софылық философия және поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі )

Кім болсаң, ол бол,
Сүйгенде күннен ашық жарқыра.
Достықта сарқырап аққан
тау бұлағындай таза бол.

Түн жамылып қылығыңды
жасырғанда түннен қара бол.
Қара жердей қарапайым бол.
Ашу - ыза қысқанда, өлде қал.

Кім болсаң, ол бол,
Тек өзің бол, өзіңдей көрініп,
Өзің бол!
******

Біресе шексіз сүйеді,
Біресе жексұрын көреді,
Біресе жүрегін сыйлайды,
Біресе кінәләйді жүрегімді.

Біресе ойыма қожа болып,
Мен билеймін өзімді,
Біресе мені қысып,
Ол билейді ойымды.

Махаббат зулаған ғарыштық қуатқа тең,
Көк әлемнің жүз қыртысын жарып тескен.
Жол басында келемін, мүмкін өтіп кетермін,
Мүмкін адасып, ізімді таппай қалармын.

Мынау дүние махабатты қабылдайма, білмеймін.
Білетінім: махаббат мәңгі, ешқашанда өшпейді.
Жүрегімді сыздатып, соғып күнде тұрады,
Қатты ауыртып, көз алдымда жүреді.

Омар ХАЙЯМ
(Омар Хайям Гиясаддин -1048 -1122 жылдары өмір сүрген, ақын
математик, философ, астроном. Осы күнге дейін мәні мен мағынасын
жоймаған философиялық- әлеуметтік астарға толы төрт жолды

шумақтарымен есімі мәңгі қалды )

Кәрілігім менің толы күнәға,
Маған кешірім жоқ! Осы мені аяп керек пе?!
Мен есуаспын, құдайдың тілін алмаған,
Ғұмырым өтті, бұзып тиым салғанды.

******
Жаратқан ием, қайғыдан мен қажыдым,
Түк шықпайтын жұбанышқа толы үміттен.
Жаратушы болсаң, сыйлашы маған басқа өмір,

Мүмкін ол жақсырақ шығар мынадан.

Біз қуыршақпыз, тағдырымыз оның қолында,
Бұл сөзімнің растығында күмән бар ма?!
Біраз аунатып, ойнатып, өткен соң әркім мерзімі,
Сандығының түбіне тығады да тастайды.

Ішімдегі сырымды айттым саған жасырып:
Адамның қайғысына миы оның жетпейді,
Құдай бізді қасырет балшықтан илеп жасаған:
Бір түнектен, екінші түнекте жоғалсын деп!

******
Күнәсіз келіп – күнәға батып жүреміз,
Күліп келіп – қайғы жеп өмір кешеміз.
Күйдіріп жүрек, көзден жасты төгеміз,

Күлде аунап, өмірді босқа жағамыз.

Махаббат та, жауыздық та -
Адамға туа біткен, бірі қалмай.
Жақсы да, жаман да боларсың,
Жаратса Құдай солай адамды.

Айтар сөзім: Құдай өзі беріп, өзі алады,
Неге солай, құпия болып қалады.
Дәм – тұзым мен ішкенімді көзбен өлшеп,
Түбінде толтырып құймай тынады.

Жүрегім менің, іздеме босқа сен - ізгілік,
Өтірік күшті, іздеме босқа сен - шындық,
Жалғанға қарсы ешкімде ем тапқан жоқ.
Дұрысы көнген, іздеме босқа дәрі жоқ.

******
Молаға сүйегімді менің көміңдер,
Құтқармас енді сөз бен ешкім көз жасы,
Сәл күтіңдер топырақ болып кеткенше,

Содан кейін құмыра жасап қойыңдар.

******
Жүз жыл күл боп, отта бықсыйын,
Қорықпаймын түсіме кірген тозақтан.
Қорқамын мен қайырымы жоқтардан,

Өлген артық олармен өмір сүргенше.

Естімен түссем жұмаққа,
Тозақта күнімді көріп кетермін,
Құдайым сақта қайғыдан,
Ақымақпен түсірме жұмаққа.

******
Бесікте – сәби, табытта – сүйек,
Біле білсең: тағдыр, міне осындай.
Түбінде қалдырмай жұт, сұрама сен:

Қожасы құлына құпиясын ашпайды.

******
Адамға жақын жүр, жәйлі бол!
Жарала ма ақылыңмен сен оны,
Сенде батыл бол! Тағдырмен арпалыс.

Сертіңді бер, Жәбірлеме адамды!
******

Жақсылармен жақын жүр – сөзіңді біл,
Жамандардан аулақ ұста – өзіңді біл,

Арамза емін берсе – төгіп таста,
Адал у құйса – төкпей ұртта.

******
Құдайым - ау, әйелге керемет анар кеуде бердің,
Сұлу ерін бердің, ал ал қызыл шәрбәт шырындай,
Осыдан кейін бұйырасың бұрылма деп оларға,

Суға сүңгіп, былғанба маған дейсің бе?!

******
Досың аз болсын, шұбыртпа көп,
Есте сақта: алыстағы дос жақын.
Қасыңдағы жақын досың,

Күнінде қасың болып шығады.

******
Адал өмір сүр, қанағат қыл барына,
Еркін жүр, жоғалтпа, сақта арыңды.
Анау бай екен деп, қапаланба, қызғанып,

Кедейлер бар сенен де сорлы санаусыз.

Қатал тағдыр, өлтіреді, аямайды ешкімді,
Бір күні тәнің өліп, жаның шығып кетеді.
Отыр, асықпа, көк шалғынның үстінде,
Қалады тәнің шалғын шөптің астында.

******
Өмір қысқа, өтеді де кетеді,
Қызығын көрде, күніңді күнде бағала,
Қалай өмір сүрсең, өмірің солай өтеді,

Өмір туындың сенің, оны бір күн ұмытпа.

Орыс тілінен аударған Салауат Кәрім,
Abaі.kz, Adebіportal.kz

КОНФУЦИЙ. ӨСИЕТТЕР

Янь Хой қызметтен неге бас тартты

Конфуций Янь Хойды көріп: - Хой, мында келші! Сенің отбасың ғой кедей, жұрт ішінде жағдайыңда мәз емес, сен неге қызметке кірмейсің? - дейді. - Қызмет еткім келмейді, қала дуалы артында елу му жерім бар, одан орып жиған астық тамағыма жетеді. Одан басқа шаһар шетінде тағы он му жерім бар, ол жиде көйлегіме жетеді. Мен қобыз тартып, көңіл көтеремін, сіздің ұстаздық іліміңізді оқуда маған қуаныш сыйлайды. Жоқ, мен қызметке бармаймын – дейді Янь Хой. Конфуцийдің түрі шырайланып: - Тамаша, сен батыл екенсің, - деп айқайлап жібереді. - Менің білуімше, өзінің жолын білетін адам қиындыққа ұшырамайды, ырыздықтың қайдан келетінін білетін адам уақытын босқа өткізбейді, кемеліне жеткен адам қоғамда өзінің орнын іздемейді. Мен бұл сөздерді бұрыннан айтып келемін, оның растығын бүгін сенен көрдім. Янь Хой, сен, мені қатты қуанттың! – деп кете барыпты.

Конфуций жауабы

Конфуцийдің Гун, Лу және Чжан дейтін үш шәкірті болады. Бірде жаһан кезіп жүрген бір монах: - Гун шәкіртіңіз туралы не айтасыз? –деп сұрайды. Конфуций: - Ғалымдар оның ақылына таңқалады! - Ал, Лу шәкіртіңіз туралы ойыңыз қандай? - Ол – ержүрек, көп жауынгерден артық! - Ал, үшінші шәкіртіңіз Чжан ше? - Чжанның еңбекқорлығы сүйсінуге лайық! Конфуцийдің жауабын естіген монах таңқалып: Гун ақылды, Лу ержүрек, Чжан еңбекқор болса – Сіздің оларға не қажетіңіз бар ? –дейді. Сондай Конфуций: «Монах, мені тыңда, - Гун ақылды, бірақ, барып тұрған жалқау, Лу ержүрек - бірақ ақылсыз, Чжан еңбекқор болғанымен тұла бойы тұрған қызғаныш. Гун ақылдың жалқауды бақытты етпейтінін, Лу сақтанбайынша ерлік істелмейтінін, ал Чжан адам

қызығы қызғанышпен бірге жүрмейтінін түсінбейді. Менің білетіндерімді шәкірттерім білмейді. Олар мұны түсінгенше, мен олардың қасында боламын, ал олар менің шәкіртім болып қалады» - депті. Конфуцийдің Лао –цзымен кездесуі

Бірде Конфуций Лао-цзымен кездесуге барады. Конфуций Лао – цзыдан жасы үлкен болатын, Конфуций Лао –цзы оны ізет құрметпен қарсы алады деп ойлайды. Конфуций үнсіз отырған Лао –цзы бөлмесіне кіргенде Лао -Цзы орнынан тұрмақ түгел, Конфуцийге көңілде аудармайды. Отырыңыз деп айтпайды. Конфуций Лао – цзының бұндай қылығана ашуланып: - Сіз, әдеп ережелерін мойындамайсыз ба? –дейді. Лао –цзы: - Отырамын десеңіз – отырыңыз; тұрғыңыз келсе – тұрыңыз. Мен сізге не істеу керегіне ақыл айта алмаймын. Мен сіздің өміріңізге араласа алмаймын. Сіз еркін адамсыз, менде - еркін адаммын - дейді. Конфуций ойланып қалады. Енді ол әңгімесін адам бойындағы «жоғары» тұрғандарға бұрғысы келеді, сонда Лао –цзы күліп: - Мен «жоғары» немесе «төмен» тұрған ештеңені көрген емеспін. Адам - ол адам, ағаш сияқты. Бәрі де бірдей тіршілік етеді. Біреуі жоғары немесе біреуі төмен деген сандырақ! Сонда Конфуций: - Адамға өлгеннен кейін не болады? – деп сұрайды. Лао –цзы оған жауап береді: - Сіз өмір сүресіз, ал өмірдің не екенін білесіз бе? Конфуций абыржып тұрып қалады, сонда Лао –цзы: - Сіз өмір туралы ештеңе білмейсіз, өмірді танып білудің орнына сіз өлім туралы алаңдайсыз, қызық екен, – дейді.

Ізгі кісінің жек көретіндері

Ізгі кісі біреуді болмасын біреуді жек көре ме? – де сұрайды Цзы. Конфуций Ұстаз былай дейді: Жек көреді. Ол біреу туралы өсек айтқандарды жақтырмайды, кіші адам батылдығын көрсетіп, әдепті бұзып үлкенмен жағаласқан адамды жек көреді, батыл, бірақ қыңыр адамды ұнатпауы мүмкін. Содан соң Ұстазы: Ал сен Цзыгун біреуді жек көресің бе? –деп сұрайды.

Мен біреудің ақылымен жүретіндерді, бағынбағанды батылдық
санайтындарды, сөз таситындарды жек көремін, – депті.

Өмірі қуанышқа толы адам

Тэй тауы бөктерін кезіп жүрген Конфуций үстіне шекпен киген, белін жіппен буып алған, аршагүл толы далада қобызын ойнап келе жатқан Юнг –чиді көреді. - Ұстаз, сен үнемі қуанышты жүресің, осының сыры неде? – деп сұрайды Конфуций. - Менің қуанышым көп. Мынау шексіз әлемдегі ең мәртебелісі адам. Мен адам болу үшін жаратылыппын. Бұл менің бірінші қуанышым. Көп адамдар туған бойда жаялықтан шықпай өледі, бір күн, бір айда өмір сүрмейді, мен тоқсан жыл өмір сүрдім. Бұл да қуыныш. Мен сияқты адамдар үшін жоқшылық бір қалыпты нәрсе - өмірдің аяғы өлім емес пе? Мен бір қалпымды сақтап, аяғын күтіп өмір сүремін, маған уайымның керегі не ? – деп жауап береді. Конфуций Ұстаз: «Міне, ғажап, өзіне тоқтау салатын адам осындай болуы керек» - деп қуаныпты.

Адамшылық деген не?

Фань Чи Ұстазынан адамшылық деген не сұрапты. Сонда Ұстазы: - Өзіңді әрқашанда инабатты ұста, ісіңді әрқашанда ықыласпен істе және адамға адал қара. Бұлардан жауың алдында да бас тартпа, - депті.

Конфуцийдің өзгеруі

Чжуан –цзы Ізгі Жаратушыға келіп: - Конфуций алпыс жыл дінді уағыздап келді, енді, міне алпысқа келген шағында мүлдем өзгерді. Ол өмірінің басында ақиқат деп келгендерді өмірі соңында жалған дейді. Ол осы күнге дейін ештеңе түсінбегені ме, ақиқатты елу тоғыз жыл мойындамағаны ма, теріске шығарып келгені ме? – дейді. - Конфуций ізгіге құштар жан, ол білімге ғана бас иеді – дейді Ізгіні Жаратушы. - Конфуций ақиқаттан бас тартты, бірақ одан бас тартқанын әлі жариялаған емес, – дейді Чжуан –цзы. Конфуций өзінің сөзінде былай

деген еді: «Адам өзінің қасиеттерін жаратылу үшін ізгі негіздерден алады, содан кейін барып ақыл жинайды. Адам ән айтқанда сазды үн шығарады, ал сөйлегенде сөз тәртібін бұзбауы керек. Егер пайда көзін, не әділдік туралы қам жегенде махаббат пен өшпенділік, шындық пен өтірік туралы айтып, адам көзін жеткізеді екенмін; ал адамдардың жүрегін билеу үшін оларға қарсы тұруға әзір болуым керек, сонда Аспан астында ізгілік орнайды екен.... Әттеген! Әттегенай! Ол мүмкін емес қой!» - депті. Тоғыз сынақ Конфуций бірде: - Тау аңғарына өтуден гөрі, кісі жүрегіне жету қиынырақ. Адамды танып білгенше, Аспанды танып білген жеңілірек - дейді. Аспан күн мен түнді, көктем мен күзді, жаз мен қысты жаратты. Ал адамның беті қалың, оның сезімдері санасында терең тығылған. Былай қарағанда кең, мейірімді көрінеді, ал келе - келгенде сараң, түріне қарасаң қабылетті сияқты, іске келгенде түкке тұрғысыз, іскер сөйлегенмен, ісінің бәрі құр сандал, сырты жұмсақ болғанымен, ішінен дөрекі. Сондықтанда кісі үнемі ізгіге ұмтылады, біресе өлімнен қашып шөлін қандыру үшін суға қашатыны, ал енді бірде орман өртінен қашып суға жүгіретіні сияқты. Сондықтанда дана әмірші адамның адалдығын сынап, алыс сапарға жібереді; оның сыйластығын сынап, өзіне жақындатады; оның қабылетін сынап, қиын тапсырмалар береді; оның зейінін сынап, күтпеген сұрақтар қояды; оның сенімін сынап, шұғыл шешімдерді бұйырады; оның ұятын сынап, байлығын сеніп тапсырады; оның сабырлығын сынап, қауіпқатерлер туралы хабарлайды; оның жаман әдеттерін сынап, шарапқа тойдырады; оның нәпсіқұмарлығын сынап, әйелдің қасына отырғызады. Міне, осындай тоғыз сынақтан соң адамды тануға болады.

Конфуцийдің Ян Хомен жолығуы

Ян Хо Конфуцийдің оған ресми келгенін күтеді, бірақ Конфуций бармайды. Конфуций келмегесін Ян Хо сәлемдемеге торай беріп жібереді. Конфуций Ян Хоға кіріп шығу үшін жол тартады, бірақ кенет жолда кездестіреді. Ян Хо Конфуцийге бұрылып: Бермен келші, сөйлесейікші, – дейді. - Өзің айтшы, адамгершілігі бар кісінің, оның елі жолынан адасып жатса, ал ол болса білгенін қойнына тығып, тыптыныш жатса

адамшылығы бар адам деп айтуға бола ма? Әрине жоқ. Егер ол ақылды болса, еліне қызмет еткісі келсе де бұл мүмкіндігін бірнеше рет жіберіп алса ақылды деп айтуға бола ма? Әрине жоқ. Күндермен, айлармен бірге жылдарда біржола жоғалады, уақыт күтпейді ғой - дей бергенде, Конфуций: - Келісемін, қызметке дайынмын, – депті.

Тәржімалаған Салауат Кәрім,
madenіportal Madenіportal.kz

ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНІҢ МЫСАЛДАРЫ

Екі патша
(будда мысалы)

Кришна құдай жер әлемдегі ел патшаларының ақылын тексермекші болып, бір күні халқына зұлымдығымен, қайырымсыздығымен және асқан сараңдығымен әйгілі болған болған Дуродхан деген патшаны шақырып алып, Дурдохан патшаға: - Сен бүкіл әлемді аралап шық, шын мәнінде ізгі, жақсы адамды тауып, маған алып кел, - дейді. - Иә, менің құдайым,- деп жауап берген Дурдохан патша ізгі, жақсы адамды іздеуге аттанады. Дурдохан патша көп елдерді аралайды, көптеген адамдармен кездеседі, олармен жүздеседі. Көп уақыт өткен соң, ол Кришна құдайға келіп: - Мәртебелі құдайым, өзің тапсырғандай бүкіл әлемді аралып шықтым, бірақ өзің айтқан ізгі, жақсы адамды кездестірмедім. Мен кездескен адамдардың бәрі менменшіл, шетінен қырсық, кесірлі, әдепсіз, зиянды адамдар. Сен іздеген ізгілікке толы, жақсы адамды кездестірмедім, - дейді. Кришна құдай оны қуып жібереді де, еліне өзінің мейірімімен, қайырылымдығымен және асқан жомарттығымен әйгілі болған Дхармараджа деген патшаны шақырып алып, Дхармараджа патшаға: - Сен бүкіл әлемді аралап шық, маған шын мәнінде күнәлі, жаман адамды тауып, маған алып кел, - дейді. Дхармараджа патшада Кришна құдайға бағынып, ұзақ жолға аттанады, жолында көптеген адамдармен жүздеседі, көп елдерді аралайды. Кришна құдай алдына келгенше біраз жылдар өтеді, Дхармараджа патша келген бойда: - Мәртебелі, құдайым, сенің өтінішіңді орындай алмадым, мен күнәлі, жаман адамды таба алмадым. Жер үстіндегі адамдар өздерінің дәрменсіздігінен не істерін білмегендіктен алданған адамдар, жолынан жаңылысқан жандар екен, шын мәнінде күнәға толы, жаман адамды кездестірмедім. Олар әлсіздіктері мен шарасыздықтарына қарамастан жүректері мейірімге толы жандар екен! – дейді.

Жоқшылық та, молшылық та – сынақ
(христиан мысалы)

Бұл оқиға христиандарды қудалау кезінде болса керек. Бір селода христиандар семьясы тұрады. Әкесі күн демей, түн демей, тынымсыз еңбектенсе де әйелі мен бала-шағасын асырай алмайды, қиындық қайғы көреді. Жоқшылықтан әбден шаршаған ол бірде: «бұл заманда өзгерер, бұлай тұра бермес» деп сенеді. Өзінің де, балаларының да көңілін жықпас үшін: «ӘРҚАШАН БҰЛАЙ БОЛА БЕРМЕС», - деп тақтайшаға ойып жазып, көзге көрінетін жерге іліп қояды. Қиын кездер артта қалады, молшылық кездер келеді. Балалары мен немерелері өсіп жетіледі. Бір күні семьясы әкесінің үйінде бай дастархан басына жиналады. Құдайға шүкіршілік еткен олар астан дәм ала бастайды. Үлкен ұлы ойып жазылған тақтайшаға көзі түсіп: - Әке, анау тақтайшаны алып тастайықшы, жоқшылықты есіме түсіреді, жоқшылық өтті, кетті ғой, - дейді. - Жоқ, балам, ілулі тұра берсін. Естеріңде болсын: «ӘРҚАШАН БҰЛАЙ БОЛА БЕРМЕС». Өз балаларыңды да төзімге үйретіңдер. Құдайға құлшылық етіңдер,ол қиын кезеңдерімен – әркімге сынақ береді, молшылық та сынақ – оған да қанағат тұтыңдар, оған да төзіңдер, - дейді.

Бір құдай ғана біледі
(ежелгі қытай мысалы)

Ежелгі заманда бір қытай селосында кедей қарт тұрыпты. Ол кедей болғанмен село адамдары оны жақтырмайды, өйткені оның сәйгүлік, жүйрік аты болыпты. Бұндай сұлу арғымақты бұл маңда бұрын ешкім көрмепті. Императордың өзі қартқа қыруар ақша беріп сатып алғысы келседе, қарт: «Бұл ат мен үшін жануар емес, менің - досым, ал досты сатуға болады ма екен? Бұл мүмкін емес. Ол менің - досым, меншігім емес» дейді. Сәйгүлігін сату туралы көптеген ұсыныстар түссе де, қарт сатпайды. Бір күні таңертең қарт ат қораға кірсе аты жоқ. Село адамдары: «Әй, сен ақымақ екенсің, адам емес екенсің! Бір күні атыңды ұрлап кететінін білгенбіз, сатып жіберу керек еді. Императордың өзі сатып аламын, көп ақша беремін демеді ме, енді атың қайда? Әй, ақымақ, басыңа қайғы тілеп алдың!» – деп күледі. Ал қарт болса: «Жақсы ма, жаман ба, сендер қайдан білесіңдер? Иә, атым қорада жоқ, бұл – рас, сендер не ойласаңдар өздерің біліңдер.

Қуанышқа ма, әлде қайғы ма...? Сендер оны қайдан білесіңдер, неге кінәләй бересіңдер?» – деп тұрып алады. Адамдар болса: «Біз не ақымақпыз ба сонда? Ештеңесіз қалдың, көріп тұрмыз. Басыңа жамандық тілеп алдың» деп болмайды. Қарт: «Жақсы ма, жаман ба — уақыт көрсетеді. Ертең не болатынын ешкім білмейді», - дейді. Ауыл адамдары қартқа күліп, мынау алжасқан екен деп кете барады. Екі аптадан кейін ойламаған жерден аты үйге қайтып келеді, жалғыз келмейді, өзімен жабайы жылқылар үйірін ертіп келеді. Көршілері жүгіріп шығып: «Әй, қарт, сенің айтқаның дұрыс болды! Біз ақымақ екенбіз! Сенің атың жоғалағаны саған жақсы болды» деп айқайлай бастайды. Қарт болса: «Міне, сендер, тағы ауыздарыңа келгенді соғасыңдар! Иә, атым қайтып келді, жабайы жылқы үйірін қоса ертіп әкелді, онда тұрған не бар? Жақсылық па, әлде жамандық па – оны кім біледі? Өмір көрсетеді. Сендер оқиғаның мәнісін білмей тұрып, неге шешім қабылдай бересіңдер? Сендер кітаптың бір бетін оқып, әрмен қарай не жазылғаны туралы қайдан білесіңдер? Сендер ештеңе ұқпаған екенсіңдер! Өмір – шексіз емес пе! Ертең жақсы бола ма, әлде жаман бола ма, оны кім біліпті?» дейді. Бұл жолы көршілері: қарт тағы да дұрыс айтып тұрған шығар? - деп үндемей тарайды. Бұл туралы ойларын ашық айтпаса да, іштерінен «үйір жылқыны тегін иелену – неткен олжа, бақыт» деп бара жатты. Қарттың жалғыз ұлы жабайы аттарды қолға үйрете бастайды. Бір күні жылқыны жүгендеймін дегенде аттан құлап, аяғын сындырады. Бұл жолы да көршілері жиналып: «Ауыр қайғыға душар болдың? Жалғыз ұлың аяғын сындырды! Қартайғанда жалғыз сүйенішің еді, енді қайттің?! Енді саған кім көмек береді», - деп шулай бастайды. Ал қарт болса: «Сендер тағы асығыстық жасайсыңдар! Жақсы ма, жаман ба — оны кім білген?!» дейді. Бір жұмадан кейін соғыс басталады, селоның барлық жастарын әскерге шақырады, шалдың ақсақ ұлын ғана «бұдан не қайыр?» деп қалдырады. Бүкіл селоның балалары соғыстан оралмайды, село адамдары қайғы жұтады. Содан кейін адамдар қартқа келіп: «Қарт, сен бізді кешір! Құдай сенің дұрыс екеніңді көріп тұр, балаңның аттан құлағаны оны құдайдың сақтағаны екен, «Ақсақ болсын, тоқсақ болсын, ұлың тірі, сенің қасыңда» Бұл бақыт емес пе!» дейді. Сонда қарт: «Әй, адамдар, сендер қызықсыңдар? Жақсы ма, жаман ба – кім білген? Ешкім алдында не тұрғанын білмейді. Бір ғана құдай біледі!» депті.

Ақылды бала
(орыс мысалы)

Бірде өте бай адам баласын қолынан жетектеп, кедейліктің қандай екенін балам көрсінші деп деревняға алып барады. Олар кедей адамдарға толы фермада бір күн және бір түн болады. Үйге келген соң, әкесі баласынан қалай саяхат ұнады ма деп сұрайды. - Иә, әке, бәрі тамаша, ғажап екен, – дейді ұлы. - Онда айтшы, бұл саяхат несімен ұнады? – дейді әкесі. - Баласы: Менің көргенім, біздің үйде бір ит қана бар, ал оларда аула сайын бақандай төрт төбет үреді. Біз бақшада тұрған су бассейнге шомыламыз, олар өзен суына шомылады. Біздің аулаға лампочкалар жарық түсіреді, ал оларға аспан жұлдыздары жарық қылады. Баласынан бұндай ақылды сөзді күтпеген әкесінің жағы қарысып қалады, ал баласы: - Рахмет, әке, сен маған адамдардың бай және бақытты тұратынын көрсеттің, - дейді.

Бақытты неке құпиясының сыры
(әйел ақылы туралы мысал )

Жұбайлы адамдар бірге 60 жылдан астам өмір сүреді. Олар бірге тұрған жылдары өмірлік сырларымен бөліскені сонша, араларында айтылмаған, ашылмаған құпия болмайтын. Олар тату өмір сүреді. Дегенмен ашылмаған бір құпия бар болатын, ол - әйелі күйеуіне ешқашанда ол туралы сұрауға, оның ішіндегісін көруге тиым салынған шкаф үстінде жатқан шағын қорапша еді. Бұл шағын қорапша ұмыт қалар ма еді, егер әйелі сырқаттанып, жатып қалмаса. Емшілер әйелінің айығып кетуіне үміт жоқ деп шешеді. Қайғыға батқан күйеуі әйеліне шкаф үстінда жатқан шағын қорапшаны алып , құпия сырын ашуды сұрайды. Бұдан былай жазылмасын білген әйелі құпия сырын айтуға келіседі. Күйеуі шағын қорапшаны ашқанда, оның ішінде қолдан тоқылған екі орамал және 25 мың доллар буылған ақша жатады. Әйелі сырын күйеуіне ақтарады: «Мен саған күйеуге шығар алдында әжем бақытты неке өмірінің құпиясын айтып еді, ол – күйеуіңмен ешқашанда ренжеспе!» деген болатын. Күйеуің ашуланғанда, өзіңді қолыңа ал, сабырлы

бол, мысалға, сол сәтте қол орамал тоқи баста...» дегенді. Екеуміз бірге өмір сүрген жылдары әжемнің айтқанын екі еткен емеспін», -дейді. Күйеуі әйелінің сөзіне елжіреп, көзіне жас алады, өйткені қорапша ішінде қолдан тоқылған екі ғана орамал болатын. Күйеуі алпыс жыл ішінде әйелім екі рет қана маған ренжеген екен деп ойлайды. Күйеуі: Қымбаттым, сен қол орамал құпияларының сырын аштың, ал мына ақшалар қайдан келді? –дейді. Сонда әйелі күрсініп: Жарығым, бұл тоқылған қол орамалдарды сатып тапқан ақша,- депті. Мысал түйіні: ерлі –зайыптылар кешіріп өмір сүрмесе отбасында бақыт болмайды.

Еңбек етпеген ішіп жемейді
(жапон мысалы)

Хакудзё дзэн ұстазы, қартайғанша еңбек еткен кісі, сексен жасына қарамастан шәкірттерімен бірге бау-бақшада қолына күнде құрал сайман алып жұмыс істейді, ағаштардың бұтағын кеседі, көшет жолдарын тазалайды. Оқушылары болса қарт ұстаздарын іштей аяйды. Шәкірттері Хакудзё ұстаздың өмір түсінігін бұзбайтынын білсе де, көндіре алмай, шаралары қалмағасын бір күні оның құрал-саймандарын тығып тастайды. Сол күні ұстаздары түскі тамаққа келмейді, келесі күні де тамақ ішуге келмейді. «Құрал-саймандарды тығып тастағасын бізге ренжіген шығар, — деп ойлайды оқушылары. Ұстазға саймандарын қайтарайық, ұят болар». Олар құрал-саймандарды қайтарады, сол сәтте Хакудзёде оқушыларымен бірге асқа отырады. - Ұстаз, сіздің саймандарды тығып тастағанымызға кешіріңіз, тамаққа келмедіңіз, –дейді оқушыларының біреуі. - Иә, шәкіртім, еңбек етпеген ішіп жемейді, - деп жауап беріпті ұстазы Хакудзё. Азық (еврей мысалы)

Бір күні раввин Леви Ицхак көшеде жүгіріп бара жатқан адамды көріп: - Не болды, ентігіп жүгіріп жүрсің? — деп сұрайды. - Азық іздеп жүгіріп жүрмін, — деп жауап береді. - Азығың алдыңда екенін қайдан білесің, оның артынан жүгіру керек пе?

Мүмкін ол сенің артыңда тұрған шығар, тоқтап артыңа үңілу керек шығар. Ал, сен болсаң одан қашып келесің, - деп жалғастырады сөзін раввин Леви Ицхак. Үш ұл (христиан мысалы)

Бірде әкесі үлкен ұлын бөлек шығарады. Баласына жер мен мал бөліп береді де, қолына нан ұстатады: - Мен сияқты өмір сүр, жолың болсын! - дейді. Баласы әкесінен бөлек шығады, өз қызығымен өмір сүре бастайды. «Әкем маған мен сияқты өмір сүр!» деді, мен де әкем сияқты қызықты өмір сүрейін деп, әкесі бөліп бергенді оңды-солды шашып, таусылғанша күн көреді. Таусылғасын әкесіне барып тағы сұрайды, бұл жолы әкесі ештеңе бермейді және тыңдамайды. Әкемді немен ренжіттім деп кешірім сұрайды, әкесі көнбейді. Ол әкесіне ашуланып: - Өзің ғой, «мен сияқты өмір сүр!» деген. Сен өз қызығыңмен өмір сүрдің, мен өз қызығымды көрдім. Ал сенде не керектінің бәрі бар, ал менде ештеңе жоқ. Әке, сен мені алдадың, – деп ашуланып, кетіп қалады. Біраз уақыттан кейін әкесі екінші ұлын бөлек шығарады. Екінші ұлына да жер мен мал бөліп береді де, қолына нан ұстатады: - Мен сияқты өмір сүр, жолың болсын! - дейді. Екінші ұлы да бөлек тұра бастайды. Ол үлкен ағасының тағдыры немен біткенін естен шығармайды, әкесінің сөзіне ой салады. Әкесі сияқты қызықпен өмір сүрудің қажеті жоқ екенін түсінеді. Адамдармен таныстық құрып, сауда жасап, өмір сүре бастайды, бірақ көп нәрсені бүлдіреді, қолындағысынан айырылады, таусылғанда әкесіне сұрап келеді, әкесі ештеңе бермейді және тыңдамайды. Екінші ұлда әкесінен көңілі қалып, әкесі туралы аузына келгенді айтып, «әкем мені алдады, өз ақылыммен өмір сүремін» деп кетіп қалады. Үшінші ұлға кезек келеді. Үшінші ұлын бөлек шығарып, тағы да жер мен мал бөліп береді, қолына нан ұстатады да: - Мен сияқты өмір сүр, жолың болсын! - дейді. Үшінші ұл әкесінен бөлек кетеді. Олда ағаларының өткен істеріне ойлана бастайды, ағамның біреуі - өз қызығын көріп өмір сүрді, жолда қалды, екінші ағам – сауда жасап өмір сүрді, одан да ештеңе шықпады. Әкем: «Мен сияқты өмір сүр, жолың болады!» деген сөзінің сыры неде? Ол әкесінің оларға өмір сыйлағанын, асырағанын, өмір сүріп, ақылға, ақ пен қараны, жақсылық пен жамандықты айыруға үйреткенін, адамдарға жасаған жақсылығын, қайырымды істерін есіне түсіреді. Адамдар әкесінен жақсылықтан басқа ештеңе көрген жоқ.

Әкем: «Адамдарға жақсылық жаса, қайырымды бол!» деген екен ғой деп ойлай бергенде, әкесі келіп: - Көріп тұрмын, ұлым, сен бәрінде жақсы түсіндің! – деп басынан сипайды, - бара ғой, ұққаныңды айналаңа, ағаларыңа жеткіз, басқаларға жақсылық жасаған адам ғана өз жолын табады! Бұл дүние де біреу қызық көремін деп, ғұмырын босқа жағады, ал енді біреу өмірін қанағат тұтпай, өздерін құртады. Ал жақсылық жасаған адам өз жолын табады, – деген әкесі ұлын үлкен жолға шығарып салады.

Тәржімалаған Салауат Кәрім,
Abaі.kz

МАЗМҰНЫ

Әдеби жазбалар

Абай мінсіз, мін өзімізде................................................................... 6 Қазіргі поэзия: Солбір адам..., сол - адам.................................... 12 Асыл .................................................................................................. 23 Ақ қайыңдай солқылдаған жырлары................................................. 28 Қасым солай болмаса........................................................................ 31 Жалын, жарқыл шашқан – Жұбан ақын........................................... 35 Иран - Ғайыптың «Баймұрат батыры»............................................. 42 Толстой Шекспирге неге шүйлікті?.................................................... 48 Кемеңгердің соңғы сапары ................................................................. 54 Лев Толстой жазушылар туралы........................................................ 80 Хусто Хорхе Падрон ақынның жанайқайы...................................... 88 Огня уголек золотой............................................................................ 92 Жайық Бектұров - арыстардың көзі әрі сөзі еді................................ 97 Өнер тану өнегесі.................................................................................. 106 Ойым - ол өлеңімнің жүрегі ғой ............................................................ 110 Өлеңім адамдарға қызмет етсе................................................................. 115 Есімде қалған естеліктер, қолымда қалған қолтаңбалар................... . 118 Сөз шырайын келтірген........................................................................ 121 Пой домбра!........................................................................................... 124 Рухты асқақтатқан жиын.......................................................................... . 125 Қош келдіңіз, қадырлі, Қабдеш аға!......................................................... 127 Көркем сөздің зергері.................................................................................. 128

Көркем аудармалар

Лев Толстой. Ілияс .................................................................................. 130 Лев Толстой. Балалар әңгімелері ............................................................ 134 Лу Синь. Жынды адам жазбалары........................................................... 142 Джек Лондон. Киш туралы аңыз ............................................................. 154 Франц Кафка. Он бір ұл ........................................................................... 162 Марк Твен. «Калифорниялықтың әңгімесі»............................................. 166 Александр Куприн. Миллионер............................................................... 170 Александр Куприн. Мамыргүл бұтасы................................................... 178 Эрнест Хэмингуэй. Үндістер мекені........................................................... 185 Пауло Коуэло. Күн жауынгерінің кітабы (үзінді)..................................... 190 Аллаға мен бас идім, дәріптеймін жырымда ........................................... 197 Конфуций. Өсиеттер.................................................................................... 209 Әлем елдерінің мысалдары ......................................................................... 220

Өмірбаян деректері: Салауат Нағымұлы Каримов (Салауат Кәрім) 1963 жылғы 14 наурызда Орал облысының Жымпиты ауданы (қазіргі Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы) Алғабас ауылында туған. 1980 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін туған ауылы «Қызыл -ту» колхозында тракторист болып жұмыс істеді, 1981-1983 жылдары СССР Қарулы Күштерінде әскери борышын өтеген соң 1983 жылы Қарағанды қаласына келіп, «Карагандажилстрой» құрылыс тресінің №8 Құрылыс басқармасында тас қалаушы болып жұмыс істейді. 1985-1990 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша, 2010 - 2012 жылдары Қарағанды «Болашақ» университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алады. С.Н.Кәрімов 1990 жылғы тамызда халық депутаттары Қарағанды облысының Кеңесі атқару комитетінде референт – аудармашы қызметінен бастап 2013 жылға дейін Қарағанды облысының Кеңесі мен Қарағанды облысының әкімі аппараттарында, Қарағанды облысының Тіл басқармасында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, Қарағанды облысының Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар департаментінде тіл дамыту және аудармашылық қызметтерді атқарды.

Әр кезде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (1996-1998 жылдары), Қарағанды облысының әкімі жанындағы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін жетілдіру институтында (2001-2002 жылдары), Қарағанды қаласының №92 қазақ гимназиясында (1998-2001 жылдары), №9 кәсіптік - техникалық училищесінде (1994 -2001 жылдары) оқытушылық қызметтерді қоса атқарды.

2001-2002 жылдары «Азия -Транзит» республикалық әдеби –танымдық журналының бас редакторы. 2015 жылғы қыркүйектен бастап Астана қаласында тұрады. 2015 – 2019 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру –әдістемелік орталығының ғылыми, аға ғылыми қызметкері. Қазір «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ аударма жөніндегі редакторы болып жұмыс істейді.

Шығармашылығы бойынша деректер: «Күн астындағы қазақ» философиялық қара сөз толғауы, «Повестка», «Уайым», «Бөтен қой», «Екі дос», «Қарт шенеунік» және тағы басқа да шағын әңгімелердің авторы. Л.Н. Толстойдың «Ілияс» әңгімесін және балаларға арналған он екі шағын әңгімелерін, Джек Лондонның «Киш туралы аңыз», қытай жазушы классигі Лу Синнің «Жынды адам жазбалары», Франц Кафканың «Он бір ұл», Марк Твеннің «Калифорниялықтың әңгімесі», Эрнест Хэмингуэйдің «Үндістер мекені», Александр Куприннің «Мамыргүл бұтасы» мен «Миллионер» әңгімелерін аударды, Пауло Коуэлоның «Күн жауынгерінің кітабы» шығармасынан үзінді, парсы –тәжік поэзиясының көрнекті өкілдері Рудаки, Жәми, Руми және Омар Хаямның алпыстан астам рубайларын қазақшалады. Абай Құнанбаев, Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, Еркеш Ебікенов, Темірхан Медетбеков, Иран -Ғайып поэзиясы туралы әдеби көркем жазбалардың, Лев Толстой, Мұхтар Әуезов, испан ақыны Хусто Хорхе Падрон туралы, ардагер жазушы Жайық Бектұров, тілші ғалым Төлеубай Қордабаев, түрколог ғалым Әбжан Құрышжанов туралы және тағы басқа да әдеби мақалалардың авторы. Сократ, Конфуций, Әбу Хамид Әл –Ғазали, Марк Аврелий, Авраам Линкольн, Қаз дауысты Қазыбек, Қадыр Мырза Әлі және Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері туралы мақалалар жазды.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙