Қазақстанның қазіргі замандағы ғалымдары (4)
ISBN: 9965-893-92-6 Беттер саны: 7 Жанр:
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: ISBN: 9965-893-92-6 Беттер саны: 7 Жанр:
ларын басқару лаб-ның меңгерушісі қызметтерін атқарды. «Методы гидравлического расчета водопроводящих трактов и сооружении открытых оросительных систем при бурном режиме течения» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. В-ның негізгі ғыл. бағыты – тау бөктеріндегі ағысы қатты суларды зерттеуге, егін суғару жүйесіндегі құрылымдар мен су ағатын арналарды гидравлик. есептеу əдістерін жасауға жəне экол. күрделі аймақтағы су қорларын зерттеуге арналған. В. 110-нан астам ғыл. жарияланымның авторы. ВАЖЕВ Владимир Викторович (7.6.1947 ж.т., Қостанай қ.) – хим. ғыл. докт. (2006), проф. (2007), Халықар. ақпараттандыру академиясының корр. мүшесі (1997). Томск мемл. ун-тін бітірген (1970). Қостанай мемл. унтінде (1984–89), кафедралардың (1984–89, 1992–99) меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2005 ж. «Прогнозирование физико-химических свойств и параметров токсичности органических соединений по их ИК-и масс-спектром» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ғыл. жұмысының негізгі бағыты – компьютерлік химия, оның құрылыс-қасиетін, хим. тепе-теңдігін күрделі жүйе бойынша өңдеу, зерттеу. ВАЛИЕВ Құсайын Хасенұлы (26.3.1948 ж.т., Қостанай обл. Əулиекөл ауд.) – тех. ғыл. докт. (1998), проф. (1999). Қазақ политех ин-тын (1971, қазіргі ҚазҰТУ) бітірген. Қазақ политех. ин-тында ассистенттен проректорге дейін қызмет етті (1992–2000), Солт. Қазақстан мемл. ун-тінде проректор (2000–01). Қостанай мемл. ун-тінде ректор (2001) қызметтерін атқарды. «Полиметалл шикізатын автогенді еріту процестеріндегі сирек металдар əрекетінің физика – химиялық негіздері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. 130-дан астам ғыл. жарияланымның авторы. «Құрмет» орденімен жəне медальдармен марапатталған. ВАЛЯЕВ Александр Никифирович – (1949 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Риддер қ.) – физ.- матем. ғыл. докт. Томск политех. ун-тін (1974) жəне аспирантурасын (1977), ҚазПИ-дің (1998, қазіргі ҚазҰПУ) докторантурасын бітірген. Осы ун-тте инженер (1972–74), кіші, аға, ғыл. қызметкер, доцент (1974–95) қызметтерін атқарды. 1999 жылдан Шығыс Қазақстан тех. ун-тінде проф. ВАСИЛЬЕВА Галина Семеновна (1939 ж.т., Алматы қ.) – биол. ғыл. докт. (1994), проф. (1998). Мəскеу мемл. ун-тін бітірген (1962). Красноярск қ-ндағы КСРО ҒА Сібір бөлімшесінің физика ин-тында аға лаборант (1961–62), 1962 жылдан Қазақ онкология жəне радиология ғыл.-зерт. ин-тында кіші, аға, жетекші, бас ғыл. қызметкер болды. В. 110-нан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. ВАСЯГИНА Мария Павловна (14.12.1929 ж.т., қазіргі Мордовия, Краснослободск ауд. Синяково дер.) – биол. ғыл. канд. (1959). ҚазМУ-ды (1952, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1956–88 ж. Қазақстан ҒАның Ботаника ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер (1956–88), бөлім меңгерушісі (1976–86) қызметтерін атқарды. Оның негізгі ғыл.-зерт. еңбектері микология мəселелеріне арналған. В. Қазақстанда өсетін саңырауқұлақтардың таралу тəртібіне талдау жасап, микрофлораның республика жерінде қалыптасу тарихын зерттеді. Саңырауқұлақтардың 88 туысы, 607 түрі, 125 формасына ғыл. сипаттама берді. В. саңырауқұлақтардың əр түрлі жүйелілік жіктелімін салыстыра отырып, 126 жаңа түрін анықтады. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1987). ВАХЛАМОВ Борис Александрович (15.3.1925 ж.т., Нижегород обл. Ефимовка с. – 2000, Новосибирск қ.) – экон. ғыл. докт. (1974). Горький индустр. ин-тын (1949, қазіргі Нижний Новгород индустр. ин-ты) жəне Мəскеу қ-ндағы СОКП ОК-нің Жоғ. партия мектебін (1961) бітірген. Нижний Тагил металлургия з-тында инженер (1949–52), Павлодар обкомында бөлім меңгерушісі (1961–63), Павлодар қ.-лық атқару к-тінің қалаткомының төрағасы (1963–65) болды. КСРО ҒА Сібір бөлімшесінің экон. жəне өнеркəсіптік өндірісті ұйымдастыру ин-тында (1965–85) қызВАЖЕВ Р.И.Вагапов В.В.Важев Қ.Валиев
мет атқарған. В. 50-ден астам ғыл. жарияланымның авторы. ВЕДЕРНИКОВ Николай Николаевич (14.8.1930 ж.т., Дондағы Ростов қ.) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1977), проф. (1983). Новочеркасск политех. ин-тын бітірген (1954). Қазақстандағы геол. мекемеде қызметкер (1954–62), инженер (1962–75), төрағасының орынбасары (1975–78), бөлім бастығы (1978–81), Қазақ политех. ин-тының деканы (1981–84, қазіргі ҚазҰТУ) қызметтерін атқарған. Бірнеше ғыл. жарияланымның авторы. ВЕКСЛЕР Юлиан Абрамович (14.3.1934 ж.т., Украина, Луганск қ.) – тех. ғыл. докт. (1973), проф. (1974). Мəскеу тау-кен интын (1957) жəне оның аспирантурасын (1964) бітірген. «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің шахтасында кен ісі шебері, бас инженердің көмекшісі (1957–61), Қарағанды политех. ин-тында (1964–78, қазіргі Қарағанды мемл. тех. ун-ті) аға оқытушы, доцент, проф., Қазақстан ҒА-ның Сейсмология ин-тында лаб. меңгерушісі жəне Қарағанды политех. ин-тында кафедра меңгерушісі (1979–88) қызметтерін атқарды. 1971 ж. «Исследование больших деформаций ползучести и разрушения горных пород вокруг горизонтальных выработок» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның негізгі ғыл. еңбектері кен жынысы механикасына, кен жыныстары сырғымалылығының үлкен деформалануын есептеуге жəне жыныс массивтеріндегі динамикалық құбылыстарды қоздыру теориясына арналған. В. 140тан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 4 монография мен 21 авторлық куəліктің иегері. Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты (1974). ВЕНКОВ Дмитрий Андреевич (1926, Ресей, Иваново обл. Кинешма қ. – 2000) – геол.-минерал. ғыл. канд. (1974). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қ-ндағы тау-кен ин-тын бітірген (1950). Қазақстандағы Обаған геол. партиясының бастығы, аға геолог (1950–54), Соколов–Сарыбай кен барлау орындарында бас инж., экспедиция бастығы (1954–58), Далалық экспедицияда бас инженер, əрі бас геолог (1958–63), Солт. Қазақстан мемл. ун-тінде геол. бөлімінің бастығы (1963– 71), бас директоры (1971–82), Қазақ КСР-і Геол. министрінің орынбасары (1982–87) қызметтерін атқарған. 1974 ж. «Разработка эффективной методики поисков и разведки погребенных месторождений бокситов карставого типа (на примере Тургайского прогиба)» деген тақырыпта канд. дисс. қорғады. В. 30дан астам ғыл. жарияланымның авторы. КСРО Мемл. сыйл. лауреаты (1984). 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен жəне медальдармен марапатталған. ВЕРБОВАЯ Ольга Викторовна (3.4.1960 ж.т., Қостанай обл. Қостанай ауд. Затобольск к.) – заң ғыл. докт. (2009). ҚазМУ-ды (1983, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қостанай обл. атқару к-тінің жанынан құрылған Мемл. арбитражда (1977–78), Алматы қ. прокуратурасында (1983–84), Алматы қ. жəне Алматы обл. бойынша ҚазКСР Мемл. қауіпсіздік к-ті басқармасында (1984–92), ҚР Ұлттық қауіпсіздік к-ті басқармасында (1992–96, Алматы қ. бойынша), ҚР Ұлттық қауіпсіздік к-ті ин-тында (1996–99), 1999 жылдан ҚР Ұлттық қауіпсіздік к-ті академиясында қызметтер атқарады. Негізгі ғыл. бағыты – қылмыстық құқық, криминология проблемаларын зерттеуге арналған. Докт. дисс. жабық тақырып бойынша қорғады. В. 60-тан астам ғыл. жарияланымның авторы. «ҚР Тəуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2011), «КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл» медалімен (1988), «Мінсіз қызметі үшін» ІІ дəрежелі медалімен (2007) марапатталған. «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» (2008), «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері» (2009) медалдерінің иегері. ВЕРБОЛОВИЧ Вера Петровна (16.12.1938 ж.т., Украина, Днепропетровск қ.) – мед. ғыл. докт. (1978), проф. (1982), ҚР-ның еңбек сің. ғыл. жəне тех. қайраткері. Алматы мемл. мед. ин-тын (1961, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) жəне Қазақстан ҒА-ның Өлкелік патология ин-тының асВЕРБОЛОВИЧ Н.Н.Ведерников Д.А.Венков О.В.Вербовая
пирантурасын (1966) бітірген. Қостанай қ-нда дəрігер (1961–63), Өлкелік патология ғыл.-зерт. интында кіші, аға ғыл. қызметкер (1967–68), Хирургия ғыл. орт-нда аға ғыл. қызметкер (1968 жылдан), лаб. меңгерушісі (1979 жылдан) қызметтерін атқарды. Оның негізгі ғыл. жұмыстары клиник. биохимия мəселелеріне арналған. В. инфрақызыл спектроскопия əдісімен биохим. мембрана құрылысын зерттеген. В. 230-дан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. ВЕРБОЛОВИЧ Петр Алексеевич (23.4.1910, Украина, Запорожье обл. – 1986, Алматы қ.) – мед. ғыл. докт. (1959), проф. (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1967). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Днепропетровск мед. ин-тын бітірген (1933). Алматы мемл. мед. ин-тында (1946, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. В-тің ғыл.-зерт. еңбектері негізінен адам биохимиясына арналған. Миоглобин жəне басқа хромопротеидтер биохимиясын зерттеген. Миоглобиннің жануарлар жүйке жүйесіне тигізетін əсерін анықтады. Ол Алматы мемл. мед. ин-ты жанында орт. ғыл.- зерт. лаб-н (1963) ұйымдастырған. Негізгі ғыл. жұмыстары клиник. биохим. мəселелеріне арналған. В. инфрақызыл спектроскопия əдісімен биохим. мембрана құрылысын зерттеген. «Құрмет Белгісі» орденімен жəне медальдармен марапатталған. ВЕРМЕНИЧЕВ Сергей Михайлович (16.11.1939 ж.т., Алматы қ.) – биол. ғыл. докт. (1977), проф. (1996). Алматы мемл. мед. ин-тын (1962, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. Қазақ онкология жəне радиология ғыл.- зерт. ин-тында аға лаборант, кіші, аға ғыл. қызметкер (1963–81), 1981 жылдан лаб. меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1993 жылдан экспериментті хим.-терапия лаб-ның меңгерушісі. Оның негізгі ғыл. жұмыстары онкология саласына арналған. В. 240-тан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. ВЕРНЕР Владимир Федорович (1937 ж.т., Ресей, Саратов обл. Энгельс қ.) – тех. ғыл. докт. (1991). Қазақ хим.-технол. ин-тын (1961, қазіргі Оңт. Қазақстан мемл. унті) жəне аспирантурасын (1970) бітірген. «АзЦемент» ғыл.-зерт. ин-тында аға техник, инженер, кіші ғыл. қызметкер (1961–64), «Цемент жобалау ұйымының» Шымкент бөлімшесінде аға инженер, топ жетекшісі (1964–67), Қазақ хим.-технол. ин-тында аға оқытушы (1970–77) қызметтерін атқарды. 1977 жылдан Оңт. Қазақстан тех. ун-тінде доцент. В. 120-дан астам ғыл. жарияланымның авторы. ВИЗЕР (Абдулганеева) Светлана Ахметшакуровна (27.6.1953 ж.т., Алматы қ.) – хим. ғыл. докт. (2006). Ленинград Мемл. ун-тін (1975, қазіргі Санкт-Петербург), Мəскеу мемл. ун-тінің аспирантурасын (1983) бітірген. 1975 жылдан осы уақытқа дейін Хим. ғылымдары ин-тында қызмет істейді. «Ацетиленді аминдер жəне аминокарбонилді қосылыстардың жаңа бағыттағы реакциялары мен трансформациялары» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. В-дің ғыл. бағыты – ацетиленді аминдер жəне ацетиленаминқышқылдарын, в-дикарбонилді қосылыстарды синтездеу жолдарын жасау, олардың хим. белсенділіктерін, реакцияларға түсу қабілеттілігін жəне бағыттарын зерттеу, құрылысын анықтау. В. 120-дан астам ғыл. жарияланымның, 1 монографияның (ағылшын тілінде) авторы. ВИЛЕНСКИЙ Евгений Львович (1928 ж.т., Украина, Днепропетровск обл. Никополь қ.) – тарих ғыл. докт. (1983), проф. (1985). Мəскеу мемл. тарих-мұрағат интын бітірген (1949). Орт. мемл. архивте кіші, аға, бас ғыл. қызметкер, директордың орынбасары, Қазақ КСР-і Мин. Кеңесінде бөлім бастығы (1949–66), КСРО ІІМ Жоғары мектебінің Алматы бөлімшесінде аға оқытушы (1966–69) қызметтерін атқарды. 1969 жылдан ҚазҰУ-да проф., кафедра меңгерушісі. 1982 ж. «Ликвидация безработицы и аграрного перенаселения в Средней Азии и Казахстане (1917–1932 гг.)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. В. 100-ден астам ғыл. ВЕРБОЛОВИЧ П.А.Верболович В.Ф.Вернер С.А.Визер
жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. ВИЛЕСОВ Евгений Николаевич (1932 ж.т., Ресей, Пермь обл. Кудымкар қ.) – геогр. ғыл. докт. (1997). Орал ун-тін бітірген (1955). Қазақстан ҒА-ның геогр. бөлімінде (1957–80, қазіргі Геогр. ин-ты) кіші, аға ғыл. қызметкер болып жұмыс істеді. 1981 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) доцент. В. 200-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы. ВИЛЬКОВСКИЙ Эммануил Яковлевич (1936 ж.т., Ресей, Новосибирск қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1992). ҚазМУ-ды (1960, қазіргі ҚазҰУ) жəне Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қ-ндағы Физ.-тех. ин-тының аспирантурасын (1967) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Астрофиз. интында аға, жетекші жəне бас ғыл. қызметкер (1967 жылдан) болып жұмыс істеді. В. 80-нен астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. ВИТАВСКАЯ Анастасия Васильевна (1933 ж.т., Воронеж обл. Солт. Россошь ауд. Круглое с.) – тех. ғыл. докт. (1990). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) технол. тамақ өнеркəсібі ин-тын бітірген (1957). Брянск обл. Новозывков нан өнімдері комб-тында (1957–58) жəне Алматы қлық жергілікті өнеркəсібі бөлімінде (1962) инженер, Респ. тамақ өнеркəсібі лаб-нда инженер, аға инженер (1966–66) қызметтерін атқарды. 1966 жылдан Қазақ тамақ өнеркəсібі ғыл.-зерт. интында инженер, лаб. меңгерушісі, ғыл.-зерт. жұмыстары бөлімінің бастығы, ин-т директорының ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары, бас ғыл. қызметкер. «Прогрессивная технология производства пшеничного хлеба с использованием молочнокислых заквасок» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. В. 120-дан астам ғыл. жарияланымның авторы. ВИТОЛС Оярс Якубович (7.8. 1930, Латвиядағы Лиепая қ. – 1987, Қарағанды қ.) – мед. ғыл. докт. (1985). Қарағанды мемл. мед. ин-тын (1963, қазіргі Қарағанды мемл. мед. ун-ті) бітірген. Қарағанды обл. туберкулез ауруына қарсы функционалдық диспансері диагностика бөлімінің дəрігері (1963–1970), 1970 жылдан Қарағанды мемл. мед. интында ассистент (1970–80), доцент (1981), 1985 жылдан кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1984 ж. «Диагностика, клиника и лечение ХНЗЛ у больных туберкулезом и у лиц с остаточными туберкулезными изменениями» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. В. өкпе туберкулезін, қосақтасқан созылмалы пневмония белгілерін зерттеп, сол ауруды анықтау жəне емдеу тəсілдерін тапқан, кезінде осымен байланысты 6 тиімді ұсыныс жасаған. Оның негізгі ғыл.-зерт. еңбектері өкпе туберкулезін емдеу мəселелеріне арналған. В. 40-тан астам ғыл. жарияланымның авторы. ВЛАСОВА Галина Ивановна (1955 ж.т., Ақмола обл.) – филол. ғыл. докт. (2006). Целиноград пед. ин-тын (1976, қазіргі ЕҰУ), Мəскеу мемл. ун-тінің аспирантурасын (1989) бітірген. Осы интта аға лаборант, ассистент, Мəскеу мемл. ун-тінде стажер (1984– 86), ЕҰУ-дегі ғыл. кітапхананың директоры (1999–2000), аға ғыл. қызметкері (2002–04) болды. 2005 жылдан доцент болып қызмет істейді. ВОДЯНОВА Ольга Семеновна (1938 ж.т., Алматы обл. Талғар қ.) – а. ш. ғыл. докт. (1996). ҚазМУды (1962, қазіргі ҚазҰУ) жəне Қазақтың егіншілік ғыл.-зерт. ин-тының аспирантурасын (1965) бітірген. Қазақ мемл. ун-тінде кіші ғыл. қызметкер (1966–70) болды. 1971 жылдан Қазақ картоп жəне көкөніс ш. ғыл.-зерт. ин-тында жауапты қызметтер атқарады. 1993 ж. «Применение и разработка традиционных и радикальных способов селекции репчатого лука» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның негізгі ғыл. жұмыстары көкөніс сорттарын жетілдіріп, тұқым сапасын жақсарту мəселелерін зерттеуге арналған. В. 100-ден астам ғыл. жарияланымның авторы. ВОИНОВ Василий Григорьевич (1941 ж.т., ҚХР) – физ.-матем. ғыл. докт. (1989), проф. (1996). Томск мемл. ун-тін бітірген (1963). Қазақстан ҒА-ның Ядр. физ. инВОИНОВ Е.Н.Виленский А.В.Витавская О.С.Водянова
тында инженер, кіші, аға ғыл. қызметкер, Физ.-тех. ин-тында аға ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі, ҚР ҒМ Теор. жəне қолданбалы матем. ин-тында бас ғыл. қызметкер болды. В. 110-нан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның авторы. ВОЛКОВ Алексей Иванович (23.2.1915, Волгоград обл. Дубовка қ. – 17.8.1984) – а.ш. ғыл. канд. (1962). Ростов мемл. унтін (1939, Ресей), Марксизм-ленинизм ун-тін (1950, Қызылорда) бітірген. Қызыл əскер сапында сарбаз (1939–46), Қазақстан ҒА Қызылорда ғыл.-зерт. базасында кіші ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі, директор (1947– 56), Қазақстан ҒА Топырақтану ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1956–59), ғалым хатшы, директордың орынбасары, аға ғыл. қызметкер, бөлім бастығы (1959– 84) қызметтерін атқарды. Негізгі ғыл. бағыты мен жаңалықтары – Қызылорда обл-ның топырақтарына сандық-сапалық сипаттама беріп, олардың мелиоративтік жағдайларын зерттеді. «1941–45 ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды. В. 48 ғыл. еңбектің авторы. ВОЛКОВА Клавдия Ивановна (16.10.1926 ж.т., Ленинград, қазіргі Санкт-Петербург қ.) – мед. ғыл. докт. (1980), проф. (1985). Ленинград қ-ндағы мемл. мед. ин-тын бітірген (1949). 1-Ленинград мед. ин-тында ординатор, аспирант, ассистент (1952 жылдан) 1983 жылдан Ақтөбе мемл. мед. ин-тында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Оның ғыл. жұмыстары негізінен фтизиатрия мəселелеріне арналған. Ол туберкулез бен саркоидоз ауруына шалдыққан адам өкпесінің диффузиялық қабілетін зерттеп, оған кортикостероид гормонының тигізетін əсеріне жан-жақты сипаттама берген. ВОЛОБОЕВ Николай Алексеевич (30. 3. 1934 ж. т., Ақтөбе қ.) – мед. ғыл. докт. (1979), проф. (1981). Свердловск (1958, қазіргі Екатеринбург) мед. ин-тын бітірген. Шымкент (қазіргі Оңт. Қазақстан) обл-нда дəрігер (1958–67), Целиноград мед. ин-тында (қазіргі Астана мемл. мед. академиясы) ассистент, курс меңгерушісі (1968–79), 1979 жылдан кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ол уытты ісікке шалдыққан, жарақатты болған адамдардың қан айналысын зерттеп, қандағы патофизиол., патохим. өзгерістерді (артерия мен вена анастомазы, капиллярда белок алмасуы) бағдарлау əдістерін ұсынған. ВОЛОХ Юрий Александрович (11.9.1921 ж.т., Украина, Донецк обл. Ларино ст.) – мед. ғыл. докт. (1959), проф. (1963). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Ленинградтың (1943, қазіргі Санкт-Петербург) əскери-мед. академиясын бітірген. Қырғыз мед. ин-тында ассистент, доцент, проф. (1946–59), Целиноград мед. ин-тында (қазіргі Астана мемл. мед. ун-ті) кафедра меңгерушісі (1959–65), декан (1977–86) қызметтерін атқарды. 1986 жылдан Астана мемл. мед. ин-тында проф. 1958 ж. «Эхинококкоз человека, опыт изучений активного выявления больных и организации борьбы с этой инвазией в Киргизской ССР» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ол эхинококкоз бұғақ ауруы, кеуде хирургиясы, туберкулез эпидемиологиясы (негізінен Қырғызстанда) мəселелерін зерттеген. 1жəне 2дəрежелі Отан соғысы орденімен жəне медальдармен марапатталған. ВОЛОХОВ Михаил Иванович (5.6.1911 ж.т., Алматы қ. – сонда) – тех. ғыл. докт. (1973), проф. (1983). Қазақ тау-кен металлургия ин-тын (1940, қазіргі ҚазҰТУ) бітірген. Шығыс Қоңырат руднигінде бас инженер, шахта бастығы (1943–45), Қазақстан ҒА-ның Кен ісі ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер (1945 жылдан), лаб. меңгерушісі (1951–86), 1986 жылдан осы ин-тта ғыл. кеңесші болып қызмет істеген. Оның негізгі ғыл. жұмыстары пневмокониоздың инж. профилактикасына арналған. ВОРОБЬЕВ Павел Борисович (15.1.1946 ж.т., Новосибирск қ.) – хим. ғыл. докт. (2002). ҚазМУ-ды (1970, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1964 жылдан Химия ғыл. интында қызмет атқарған. Негізгі ғыл. бағыты – тотығудың кинетикасы мен механизмін жəне ароматтық альдегидтерге, қышқылдарға, нитрилдерге бензол мен пиридиннің алкилтуындыларының қышқылдық аммонолизін зерттеу. «Бензол мен пиридиннің қышқылдық аммонолиз жағдайында алкилтуындыларының реакцияға қабілеттілігі мен айналу механизмі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Бірнеше ғыл. жарияланымның авторы. П.Б.Воробьев ВОЛКОВ А.И.Волков
ВОРОНОВ Станислав Алексеевич (5.8.1937 ж.т., Ресей, қазіргі Нижний Новгород қ.) – мед. ғыл. докт. (1982), проф. (1983), Қазақстанның еңбек сің. ғыл. жəне тех. қайраткері, ҚР Мед. ғыл. академиясының корр. мүшесі. Ақмола мед. ин-тын (1961, қазіргі Астана мемл. мед. ун-ті) бітірген. Жезқазған қ-ндағы ауруханада дəрігер-хирург (1961–64), Хирургия ғыл. орт-нда қызметкер (1964–85) болды. 1985 жылдан осы орт. директорының орынбасары болып қызмет істейді. «Кровообращение в малом круге у больных хирургическими формами хронических нагноительных заболеваний легких» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның ғыл.-зерт. жұмыстары негізінен хирургиялық пульмонология мəселелеріне арналған. Ол кезінде өкпе ауруларын хирургиялық жолмен емдеу тəсілдерін ұсынған. В. 200-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның, 2 авторлық куəліктің иегері. ҚР Мемл. сыйл. лауреаты. Халықтар достығы орденімен жəне медальдармен марапатталған. ВОЦАЛЕВСКИЙ Эдгард Славомирович (21.10.1935 ж.т., Ресей, Чита обл. Оловянный ст.) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1990), Оңт. Каролина (АҚШ) ун-тінің проф. (1992). Грозный мұнай ин-тын бітірген (1959). Қазақ мұнай геол.-барлау ғыл.-зерт. интында аға лаборант, ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі, ин-т директорының орынбасары (1959– 78), Қазақстанның ең ірі мұнай барлау мекемелерінің – «Қазмұнайгазбарлау» басқармасының, «Қазмұнайгазгеология», «Гурьевмұнайгазгеология» бірлестіктерінің, «Каспийгеология» басқармасының бас геологы (1978–91) қызметтерін атқарды. 1991 жылдан Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тының бас ғыл. қызметкері. Оның негізгі ғыл.-зерт. жұмыстары Қазақстанның мұнай жəне газ қорларын болжауға, іздеуге, барлауға арналған. В. Қаламқас (1985), Забурунье (1987), Қарашығанақ (1989) мұнай-газ кен орындарын ашқан. КСРО Мемл. сыйл. лауреаты (1982). Еңбек Қызыл Ту орденімен жəне медальдармен марапатталған. ВСЕВОЛОДОВ Борис Павлович (3.6.1909, Ресей, Мəскеу обл. Серпухов қ. – 8.2.1981, Алматы қ.) – ветеринария ғыл. докт. (1947), проф. (1948), Қазақстанның еңбек сің. ғыл. қайраткері (1979). Мəскеу зоовет. ин-тын бітірген (1930). Бүкілодақтық гельминтология ин-тында аспирант, ғыл. қызметкер (1932–36), 1937 жылдан Алматы зоотех.-малдəрігерлік ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Оның ғыл. жұмыстары негізінен гельминтоздар (өкпе нематодоздары, дикроцелиоз, ориентобильхарциоз, хасстелиозиоз, т.б.) патоморфологиясын зерттеу мəселесіне арналған. В. кезінде Алматы зоотех.-малдəрігерлік ин-тында 2 мыңнан астам препарат қойылған патоанатом. музей ұйымдастырып ашты. «Құрмет Белгісі» орденімен жəне медальдармен марапатталған. ВСЕВОЛОДОВ Эдуард Борисович (31.5.1938 ж.т., Алматы қ.) – биол. ғыл. докт. (1988), проф. (1991). Мəскеу мемл. ун-тін бітірген (1960). Қазақстан ҒА-ның Эксперименттік биол. ин-тында (1963–95), 1995 жылдан Жалпы генетика жəне цитология интында қызмет атқарады. «Гистофизиологические аспекты роста шерстеных волокон» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның ғыл.-зерт. жұмыстары негізінен эксперименттік морфология мəселелеріне арналған. В. – а. ш. жануарларының, əсіресе, қой жүнінің сапасын арттыруда əрі оның түсі бойынша сұрыптау көрсеткішін жоғарылатып, жүн түстерін сипаттаудың əдіс-құралын жасады, ол қалыпты, сондай-ақ экол. қолайсыз орта əсер еткен жағдайдағы а. ш. жануарларының жəне адамның хромосомалық құрылымын зерттеуге де қатысты. В-тың осы зерттеулері а. ш. жануарлар генетикасына жəне Қазақстанның кейбір аймақтары тұрғындарының генетик. құрылымына қоршаған ортаның тигізер зиянды факторларын анықтап, ғыл. тұрғыдан сипаттауда маңызы зор болды. ВУКОЛОВ Владимир Николаевич (10.4.1950 ж.т., Алматы обл. Сарқанд ауд. Сарқанд а.) – пед. ғыл. докт., проф. (2001). ҚазПИді (1972, ҚазҰПУ) бітірген. Осы ин-тта оқытушы, аға оқытушы, доцент (1974–94) қызметтерін атқарды. «Теория и практика подготовки специалистов туристской индустрии в высших учебных заведениях» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Бірнеше медальдармен марапатталған. 200-ден астам ғыл. жарияланымның авторы. ВУЛИС Лев Абрамович (7.8. 1912, Украина, Житомир қ. – 11. 12.1973, Ресей, Ленинград (қаВУЛИС Э.Б.Всеволодов В.Н.Вуколов
зіргі Санкт-Петербург) қ.) – тех. ғыл. докт. (1946), проф. (1944). Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1961). Ленинград политех. ин-тын бітірген (1938). Ленинградтағы Орт. Қазан турбинасы ин-тында (1938–41), сондағы «Теплоэнергопроект» мекемесінде (1941–44) ғыл.-зерт. жұмыстарымен айналысты. Мəскеу авиация ин-тының жəне Əскери-əуе инж. академиясының проф. (1944–51), ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) жəне Қазақ энергет. ғыл.-зерт. ин-тында лаб. меңгерушісі (1951–62), Ленинград жоғары əскери-теңіз инж. уч-щесінде проф. (1962–73) қызметтерін атқарған. В. Қазақстандағы жылу физикасы саласының ғыл. мектебін ұйымдастырған. Оның негізгі ғыл.-зерт. еңбектері газ динамикасы, жану теориясы, тұтқыр сұйықтықтың ағын теориясы жəне магниттік гидродинамика мəселелеріне арналған. ВЯДРО Геннадий Александрович (1928 ж.т., Ташкент қ.) – мед. ғыл. докт. (1976), проф. (1978), ҚР Халық ағарту ісінің еңбек сің. қызметкері. Алматы мемл. мед. ин-тын (1953, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. Респ. «Бурабай» санаторийінде дəрігер-ординатор, бөлімше меңгерушісі, бас дəрігердің орынбасары (1953–64), Ақмола мед. ин-тында (қазіргі Астана мемл. мед. унті) ассистент (1964–68), доцент (1968–71), 1971 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқараГ.А.Вядро ды. 1973 ж. «Профилактика и борьба с осложнениями при резекциях легких у больных туберкулезом» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. В. 80-нен астам ғыл. жарияланымның авторы. Ã ГАВРИЛОВ Эдуард Иванович (8.10.1933 ж.т., Ресей, Воронеж қ. – 16.9.2011, Алматы қ.) – биол. ғыл. докт. (1980), проф. (1983). Воронеж мемл. ун-тін бітірген (1956). 1956–59 ж. Батыс Қазақстан обл. (Чапаев қ.) обаға қарсы күрес ст-нда зоолог, 1959–69 ж. Қазақ өсімдік қорғау ғыл.-зерт. ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, 1964–67 жəне 1986 жылдан Қазақстан ҒА Зоол. ин-тында аға ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі (1967–80), ин-т директорының орынбасары (1980–87) болды. 1990 жылдан осы ин-тта бас ғыл. қызметкер. Негізгі ғыл. еңбектері орнитология мəселелеріне арналған. Г. құстардың тіршілігін, қоныс аударуын зерттеген. Құстардың көп түрлілігін сақтау, оларды қорғау жəне пайдалану мəселелерінің ғыл. негізін жасаЭ.И.Гаврилов ды. Г. – бес томдық «Қазақстан құстары» (орыс тілінде) жинағы авторларының бірі. Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты (1978). ГАВРИЛОВА Нина Николаевна (4.8.1941 ж.т.) – биол. ғыл. докт. (1994). ҚазМУ-ды (1965, қазіргі ҚазҰУ), Қазақстан ҒА-ның Микробиология жəне вирусология ғыл.-зерт. ин-тының аспирантурасын бітірген. Осы ин-тта ғыл. қызметкер, 1975–2007 ж. лаб. меңгерушісі қызметтерін атқарды. «Бактериялардың негізінде жаңа пробиотиктерді дайындау жəне оны өндіру» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Г. 200ден астам ғыл. жарияланымның, 13 авторлық куəлік жəне 16 патенттің авторы. ГАЙФУЛЛИН Гаяз Закирович (5.11.1948 ж.т., Башқортостан, Учалы ауд. Учалы а.) – тех. ғыл. докт. проф. Челябинск механизация жəне электрификация а.ш. ин-тын (1971) бітірген. «Башкирия» колхозында (1971–73), Челябинск механизация жəне электрификация а.ш. ин-тында (1976– 77), 1977 жылдан Целинный механизация жəне электрификация а.ш. ғыл.-зерт. ин-тында қызметкер (Астана қ.) болды. «Механико-технологические основы разработки и совершенствования рабочих органов машин для почвозащитного земледелия» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. А.И. Бараев атынд. сыйл. лауреаты (2001). Г. 160-там астам ғыл. жарияланымның авторы. Г.З.Гайфуллин ВЯДРО
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру