Ақұштап Бақтыгереева. 3-том
Ақұштап Бақтыгереева
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Бұл жинаққа ақынның мақалалары, қойын дәптердегі жазбалары, хаттары, ой түйіндерімен қатар жаңа өлеңдері мен аудармалары топтастырылды. Шуағы да, қуаты да бар, өмір-тіршіліктен түйгені көп, тілі түсінікті әрі құнарлы туындылар – ақынның болашаққа аманаты, ұрпаққа ұлағаты. Ақын аманаты қанатты қазақ әдебиетінің қазынасын толықтыра түсері сөзсіз.
Бақтыгереева А.
Шығармалары / А. Бақтыгереева.
– Астана: Фолиант, 2014.
ІSBN 978-601-292-968-3
Т. 3: Аманат. Өлеңдер, аудармалар, мақалалар,
хаттар, ой түйіндер. – 376 б.
ІSBN 978-601-7568-05-4
Бұл жинаққа ақынның мақалалары, қойын дәп
тердегі жазбалары, хаттары, ой түйіндерімен қатар
жаңа өлеңдері мен аудармалары топтастырылды.
Шуағы да, қуаты да бар, өмір-тіршіліктен түйгені көп,
тілі түсінікті әрі құнарлы туындылар – ақынның бола
шаққа аманаты, ұрпаққа ұлағаты.
Ақын аманаты қанатты қазақ әдебиетінің қазына
сын толықтыра түсері сөзсіз.
УДК 821.512.122
ББК 84 (5 қаз)-5
Б 21
© Бақтыгереева А., 2014
© «Фолиант» баспасы, 2014
ІSBN 978-601-7568-05-4 (Т. 3)
ІSBN 978-601-292-968-3
Б 21
УДК 821.512.122-1
ББК 84 (5 Каз)-5
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді
ШЫНДЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН
МАХАББАТ
Ақ ерке Жайықтан қанат қағып ұшып шы
ғып, бүгінде бүтін қазақ поэзиясы айдыны-
ның ақ шағаласы атанған ақын Ақұштап Бақ-
тыгерееваның есімі өлеңсүйер қауымға жақсы
таныс. Шығармаларын оқырмандары іздеп
жүріп оқитын қаламгер қашанда бақытты.
Ол – осындай бақытқа ие аз суреткердің бірі.
Әдетте «Қыздың жолы жіңішке» деседі.
Ақұштап – шынтуайтына келгенде, кешегі Қа
рашаш ана, қыз Құртқа, Гүлбаршын, Домалақ
ене, ақын Саралардың заңды жалғасы. Ханым
басымен ханның ақылына ие боп, Алаштың
мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, қара басы
ның емес, қазақтың мүддесі жайында толға
нар қайраткерлік жолды қалауы тіптен қи
ямет. Мұндай ауыр да абыройлы жолға түсуге
нәзік жанды әйел түгілі, нар тұлға азаматтар
дың да жігер-күші әр кез жете бермеген.
Осынау асу-асқары көп ұлы сапарға қай
мықпай шығып, бойындағы Алла дарытқан
Адам деген, Ана деген, Ақын деген ардақты
атқа кіршік түсірмей, сенім артқандардың
сүйіспеншілігіне бөленіп келе жатуымен де
қадірлі.
Заман қанша құбылғанымен, адам адам қал
пында, соның ішінде ақын ақын деген атқа
лайық болып қалуы – басты шарт. Мәңгілік
сонысымен де мәңгілік деген атауға ие. Егер
де пенделер кие тұтқан биік замана желінің
ауанымен құбыла берсе, оған деген махаббат
тың да тұрақсыз болуы – заңдылық. Ал тұрақ
сыз махаббаттың еш уақытта ғұмыры ұзақ
болмаған. Осы орайда бір мысал. Ақұштап
ақынның бұрынырақта дүниеге келіп, оқыр
мандарының жүрегінен тап басқан «Болашақ
бойжеткендермен сырласу» деп аталған өлең
дер топтамасындағы:
«Бірақ, бірақ...
Өзгертпес гүл өскенін,
Тоқтатпайды тіршілік күрестерін.
Адамзаттың ұрпағын тәрбиелеу –
Бар ғасырдан алатын үлестерің.
Мейлің, түрлі түспенен шашты боя,
Алуан тілде айтылар жастық ода.
Білетінім: Отанын, Халқын сүю
Болу қажет қашанда басты мода!» –
деген өлең жолдары соншалықты нанымды,
соншалықты шындық.
Ақынның бұдан өзге де жыр шумақтары
ның әлі күнге кеше жазылып, бүгін оқылған
дай әсер-ықпалдан айнымай келе жатуы да,
әзергіде айтып өткеніміздей, оның тұрақты
лықты меншіктеп, шындықты ту еткен махаб
баттан жаралуының нәтижесі деп білген жөн.
Ақын оқырмандарын мұндай қасиет оның
барлық өлеңдеріне тән екендігі қуантады.
Есенғали РАУШАНОВ,
Ақын,
Мемлекеттік сыйлықтың иегері
Өлеңдер
ШАҒАЛА
Жүрегіңді алғыздың ба сезімге,
Неге келдің теңізі жоқ далаға?!
Қайғы жасы мөлдірейді-ау көзіңде,
Әлде сен де ғашықпысың, шағала?!
Жаутаңдайсың, жоқ іздеген жандайсың,
Көкірегің шерге толып бара ма?!
Қанатыңды ауыр қағып самғайсың,
Әлде сен де ғашықпысың, шағала?!
Жаныңа кім жара салды, шерлі құс,
Сол бір таңба бойда мәңгі қала ма?!
Жапан кезер кім осынша берді күш,
Әлде сен де ғашықпысың, шағала?!
Көк айдынның ақ еркесі емес пе ең,
Ол еркіндік бойда мәңгі қала ма?!
Не іздеп келдің дауыл көшкен белестен,
Әлде сен де ғашықпысың, шағала?!
ШАҒАЛА – САҒЫНЫШ
Әні Т. Шәмеловтікі
Ақ Жайықпен көмкерілген далада
Бесік жырын арнап едің балаңа,
Жан ана.
Ақ қанатын тарана,
Асығады жағаңа
Шағала.
Ақ Жайығым, ақ бесігім, айбарым,
Әлдилеген толқыныңнан айналдым.
Желкілдеген жағаң балғын тал, егін,
Сағыныштың саған айтам сәлемін,
Әдемім.
Жалғыз қалған жағада
Жаутаңдайды шағала,
Жан ана.
Ақ Жайығым, ақ бесігім, ағындым,
Әлдилеген толқыныңды сағындым.
Бала жүрек жайып құшақ далаға,
Мейіріміңді келеді іздеп, жан ана,
Жан ана.
Ақ қанаты тала ма,
Жете алар ма жағаңа
Шағала?!
Ақ Жайығым, ақ бесігім, ағындым,
Әлдилеген толқыныңды сағындым.
*** Ауыл көшкен астынан қия, қырдың, Азайып тұр қыз назы, ұяты ұлдың. Зулап жатыр жағада, қайран өмір Сахнасы сияқты театрдың. Не сыйлайды, білмеймін, мына көктем, Өзен тыныш, былдырлақ бұлақ өктем. Әртіс болып жүрмін мен, ойлап тұрсам, Бір басымнан қаншама драма өткен. Жиі кезіп жолдардың бұралаңын, Осынша жыл мен қалай шыдағанмын. Бәрі есімде, досымның сатқан кезі, Өзім күліп, жүрегім жылаған күн. Көк көбелек көзімде жүреді елес, Менен өзге оны ешкім біле бермес. Досың жұлса орнына өспейтұғын Қанатымда қауырсын түгел емес.
ҚЫЗДАР ЖАЙЛЫ
ХИКАЯЛАР
Бірінші өлең
Айттырып боз ат мінген жігіт келді,
Сұлуды көндірем деп үміттенді.
Тимеді.
Ақ боз атын ойнақтатып
Қызық қуып кетер деп күдіктенді.
Сөз айтты шофер жігіт ұнады деп,
Машина үй маңына «сынады» кеп.
Сұлу қыз мұрнын басты, көзге ілмеді,
Үстінен майдың иісі шығады деп.
Мінезін қыз қалқаның халық көрді.
Сұлу ғой!
Сұлуға адам жағып па еді?
Бір күндер ата-анама таныс бол деп,
Ән салатын жігітті алып келді.
...Өтті айлар, зуылдаған байтақ ағын,
Жүректің кетті ағызып айтар әнін.
Білмеді сорлы сұлу өкінерін,
Тым ерте қызғаныштан қартаярын.
Қайтып кеп әке үйіне отырды енді,
Бұл уақыт ескермейді өкінгенді.
Сұлуды аяған жұрт не демекші,
Махаббат деген осы соқыр деді.
Екінші өлең
Ата-ана осыған да тәуба десіп,
Ырымға сұрап алған жалға бесік.
Тұрмаған балалары бір ұяның,
Кезі еді Сарқыт сұлу қалған өсіп.
Басталды сол қыз үшін ерте көктем,
Басына шарқат тақты бөртелеткен.
Мінезі еркекшора бойжеткенді
Бар ауыл аянышпен еркелеткен.
Көзіне мезгіл-мезгіл ыза тұнған,
Бәрібір айықпады қыз атынан.
Қалдырып туған үйін, ата-анасын,
Ол дағы қош айтысып ұзатылған.
Қазақтың пейілі тар,
даласы кең!
(Мен кейде керісінше таласып ем).
Сойқандау көрші ауылдың бір жігіті
Сарқытты алып қашты баласымен.
Ұяттан ата-енесі жылап қалды,
Өсектен аймақ түгел құлақтанды.
Қылығын шолжаңдаған келіншектің
Сол сойқан жан-тәнімен ұнатқан-ды.
Іздейтін жоқ деп қыздың бауырлары
Жүрегі руластар ауырған-ды.
Таңданып бұл сезімге естігендер,
Тағдырға мойынсұнған ауыл қалды.
Үшінші өлең
Қазақтың ұмыттырып қатын атын,
«Жоғары шық» деп бәрі шақыратын.
Төрінде дастарханның тайраң қағып,
Ұзақ жыл бір келіншек отыратын.
Жас еді келіншектің өңі бізден,
Сонда да орын бердік төрімізден.
Өйткені тиген жары беделі мол,
Жасы да үлкен еді бәрімізден.
Ол бұрын бәрімізден сөз алатын
Бөз мата жамылғандай базар атын.
Менменшіл бұлғақтаған өктем жігіт
Қайны боп қалғанына бозаратын.
Күн күліп тұрғанымен аспаныңда,
Көрдік қой, оны да бұлт баспады ма.
Келіншек қас қағымда жесір қалды,
Дүние шыр айналды қас қағымда.
Тауқымет қыспаққа алды бұраң белді,
Күлмеді. Ол күлкіге құмар еді.
Жұрт болса:
«Көріп еді талай қызық,
Есесін құдай алған шығар» деді.
Төртінші өлең
Сұлу еді ол,
Сылаңдаған ерке еді.
Ата-ананың
Көз қуаныш көркемі.
Ерте бітті,
Аяқталды қыз дәурен
Секілді бір
Кеште көрген ертегі.
Үркек еді,
Еліктейін сезікті.
Қыз дәуреннің
Қадірін де тез ұқты.
Жарқын мінез,
Жайдары еді жаны да,
Би залында
Бір дөрекі кезікті.
Жүректегі
Алау отты сөндірді.
Нәзік жанға
Қара аспанды төндірді.
2-251
Жуан білек,
Суық жүрек әдепсіз
Бағындырды,
Айтқанына көндірді.
Ауыл оны
Үлбіреген гүл деген.
Солдырады-ау
Бағып күте білмеген.
Ұққан жанға
Паш етеді бар сырын
Жанарында
Тұнып қалған мұңменен.
Бесінші өлең
Жігітке сеніп қалған
Гүл сыйлап киіндірген.
Сезімге көніп қалған,
Ішіне құйын кірген.
Жүкті де болып қалған,
Онысын кейін білген.
Алар деп селкілдеді,
Батты енді Айы мұңға.
Баланы дертім деді,
Бел буды айығуға.
Сәбиді суға тастап,
Былғады Жайығын да.
Кеш ұқты еркелетіп,
Еш адам сүймейтінін.
Етегін дөңгелетіп
Той көйлек кимейтінін.
Бір сәби төсін иіскеп,
Анам деп білмейтінін.
Бақытсыз маңдай мына
Деп өзі жар салмайды.
Думанға бармайды да,
Бұл күнде ән салмайды.
Еш адам қош демейді,
Еш адам қарсы алмайды.
Жас дәурен жалындаған
Жоқ бүгін келбетінде.
Уақыт-ай табылмаған
Тал бесік тербетуге.
Еш адам сағынбаған
Өмір бар жер бетінде.
ЖАСТЫҚ ШАҚ
Күн нұрын жұтқан
Айнала бейне от сарай,
Қызулы албырт шақтар-ай.
Жүректе ыстық сезімді
Салқындата алмас Қапшағай,
Жастық-ай біздің,
Бүгінгі қайран жастар-ай!
Қыздарын кеште шығарып үйге,
Жанарларына қараған,
Шәмші боп бәрі салады ән.
Шын сүйсе құлап,
Жек көрсе ашық айтатын
Қайран да біздің жігіттер,
Маңдайын ашып,
Шалқадан шашын тараған.
Зулаған уақыт,
Зырлаған уақыт,
Жаңалық келді далама.
Қосетек көйлек сахналарда қалады, ә?
Ыңғайсыз болды, кеше мен
«Қызым-ай», – деппін
Бұрымын өрген балаға...
Күзетші шам тұр,
Аулада бұрын ит үрген.
Алмасып кетіп жүрмес пе екен
Күн түнмен.
Басқа бір тірлік, басқа бір құрлық
Келе жатқандай сезінем,
Жастық шақ, сенің кейпіңнен...
* * *
Жыр оқып шықтым залдардан,
Құшағым толып гүлдерге.
Құрметке көңіл алданған
Масайрап күліп жүргенде.
Қызғалдақ ғұмыр, қыз дәурен
Зу ете қалды-ау бір демде.
Құсындай еркін аспанның
Аэропорт ұшақ қондырған.
Құрметін көрдім достардың
Гүл алып шыққан алдымнан.
Шүкірлік тілеп келемін
Гүл сыйлап тұрған тағдырдан.
Аралас кейде қайғымен
Мереке қанша өмірде.
Мерекесіз-ақ жай кілең
Гүл қоям үйдің төріне.
Есіме салып жастықты,
Болсын деп демеу көңілге.
Тамырсыз гүлдің, таңданам,
Ғұмыры ма еді бар қайғым?!
Уақытша соған алданам,
Аңқау ма, әлде, қандаймын?
Алдағандай-ақ өмір аз,
Өзімді өзім алдаймын.
Алдадым солай өзімді
Жұлынған гүлмен үлбірек.
Шындыққа жұмып көзімді,
Жаттадым жалған жырды кеп.
Талайға көнді даланың
Жусанын сүйген бұл жүрек...
АТЫРАУ
Құрманғазы күй пернеден
Көбік шашып жатыр-ау.
Сенде ешқашан болған емес
Ән мен күйден тоқырау.
Мұнайшылар мекені бұл
Бар әлемге бұл күнде
Жар салатын:
Құлсары деп,
Қашаған деп,
Атырау!
Ән мен жыры
Еркін елдің
Шырқатылып жатыр-ау.
Исатайың батыр туған,
Махамбетің ақын-ау.
Өткен күнің аңыз-дастан,
Ғажап дейді келешек,
Ұрпағыңа сыйың қандай,
Айналайын,
Атырау?!
ЖЫЛОЙДА
Сан түрі өскен гүлдердің,
Тойланып өткен күндердің
Ақсақал айтқан жыр етіп,
Дастаны қанша бұл жердің?!
Құт берген жері Құдайдың,
Кенінде осы мұнайдың,
Жігітті аттан құлатқан
Сұлуы болған Жылойдың.
Өн бойы жырдан жаралар,
Жыраулар тапқан Аналар.
Талдырып талай жүректі
Шай құйған Гүлжан, Саралар.
Жаңарған әуен Жылойда,
Жастарға албырт ұнайды, ә?
Бабалар айтқан сазды әуен
Шомылып жатыр мұнайға.
БАЛА ТІЛІ – ТІЛ
Мен чемпион боламын
Жарыстарға кетем де,
Мен чемпион боламын.
Көтеремін шет елде
Қазақстан жалауын.
Ақ әже
Ақ бесікте жырлаған,
Мен ғой ерке тентегі.
Ақ әжеден тыңдаған
Қызық екен ертегі.
Қазақстан
Қалықтай қыран қанаты,
Күн сүйген туын көгілдір.
Мен үшін жердің жәннаты,
Қазақстан – елім бұл!
ТОЙ Бай бастық басқа қалада тұрды, Шақырды сыйлап тойына. Бұздым мен сонда
адал антымды,
Бұзу жоқ еді ойымда.
Ұзатты ол қызын
бай жерге күзде,
Күйеуге заң ғой
қыз кету.
Мода боп тұрған сол жылдар бізде
Ақын мен әнші іздету.
Дөкейді күттік той бастау үшін,
Батасын емес атаның.
Қара көз жігіт ақша алу үшін
Басқа ұлттың айтты мақамын.
Көрдім мен тойдан екі жүздерді,
Сөздері түгел жаттанды.
Кейбір қонақтар кетіп үлгерді,
Көріндік қой деп аттанды.
Ақын еместер кенелтті жырға,
Шетінен ода жазыпты.
Жағымпаз туған заманға мына
Жас қыз емес-ті жазықты.
Бұзылған уақыт жұтамын демін,
Жүректе зілдей қорғасын.
Тілеймін қызға құтты орын дедім,
Шарам жоқ ана болғасын.
ТАҒДЫР
Кім білсін
Тозды ма екен көне шыбық.
Кім білсін
Кетті, бәлкім, жел есіріп.
Ұясы құрқылтайдың
Құлап түсті
Құлаған баспанадай
төбе шіріп.
Бір қатер
Сол ұяға төніп кепті.
Шиқ етті,
Балапандар өліп кетті.
Сәлден соң
Қыбырлаған құрт-құмырсқа
Ұяның жан-жағына
толып кетті.
Кім ұқсын
Құрқылтайдың ән-арманын.
Қайғысы
Тек өзіне болар мәлім.
Тағдырың
Жем етсе құрт-құмырсқаға,
Не керек
Қанатты боп жаралғаның?!
ҚЫЗЫМА ХАТ
(Тахминаға)
Менің далам әлі күй өңделмеген,
Белесі көп әлі оның сен көрмеген.
Жиналмаған тастары текшеленіп,
Тауларына өзге тау тең келмеген.
Тарихы мен тағдырдан сан жылаған
Дала менің секілді жалғыз Анам.
Теңдесі жоқ байлық боп бабалардан
Осы дала еншіге қалды маған.
Теңізі мен шулаған шағалалар,
Кеңдігімен өзгеден дараланар.
Құлыншағым, менен де байлық емес,
Өздеріңе еншіге Дала қалар.
Өзге елдің жұмағы аулақта бар,
Көздің жауын алатын бау-бақ болар.
Шет ел қызық.
Абайла!
Туған жерде
Қолтығыңнан демейтін аруақ қалар.
Ата-тегің осында жаралғандар,
Туған жерде пәк тілек, ақ арман бар.
Азып-тозып осында қолы жетпей
Жүрген жоқ па мыңдаған оралмандар?
Тегің осы Ана мен Ата көрген,
Жолығады бір бақыт баталы ерге.
Отан деген от-жалын сезіміңді
Алданышқа аз күндік сата көрме.
Жылтылдаған сан жүзік қолыңдағы –
Жақұты мен шет елдің лағылдары.
Кеуде керіп бір жұтқан өз Далаңның
Ауасынан садаға соның бәрі.
ХАМИТ ЕРҒАЛИЕВПЕН
ӨТКЕН КЕШ
От шашатын, әр шумағы дуалы,
Әңгімеге түрік жүрер құлағы,
Хамит ақын
– Қалқам, сенің жарыңның
Мамандығы кім еді? – деп сұрады.
– Сен көп қыздың бірі емессің, соны ойла.
Ақын да ана болу керек алайда.
Жыр-жүректі түсінбейді кез келген,
Қателеспе, абайла!
Өткір жанар тұрған өтіп өңімнен,
Сол ақынға жолбарыстай көрінген,
Сескендім бе,
Жай дауыспен:
– Ток жүретін электрдің
Сым сырларын оқыған,
Сіздің құмда өскен жігіт, – дедім мен.
3-251
Күй шертетін,
Бірге айтатын әнімді,
Ақынға мен таныстырдым жарымды.
Мамандығы қазір онша мода емес,
Энергетик-инженерді кәдімгі.
Сонда Хамаң:
– Ақын деген – еркелік,
Еркелікті қойып, ерге бол серік.
Ақын жүрек ток сымы ғой жалаңаш,
Екі қолмен екі от ұстап,
О, патшағар, кетпегейсің өртеніп,
Сол үшін алып қояйық!
* * *
Қария отыр көзі соқыр
Қайыр сұрап әркімнен.
Қалған ғұмыр құралады
Қайыршылық әр күннен.
Жүзі таныс,
Көршім бе екен?!
Жүрегі тас, қатыгез,
Мейірімсіз болғандықтан
Ұмыттым ба, бәлкім, мен.
Бір кезде онда достар болған
Зулап аққан таксимен.
Жігіт болған өзгелердей
Ғашық болып
Жар сүйген.
Бірақ бәрі ұмытылған,
Бәрі мұны ұмытқан.
Қазір олар әнін айтып,
Өріп жатыр басқа үйден.
Арақ ішті,
Мына өмірдің
Сияқты онда бәрі той.
Өкінеді,
Уақыт кетті.
Басып отыр ауыр ой.
Құм сияқты
Уысыңнан сусып кеткен қапыда,
Шашып алсаң,
Қиналғанмен
Жиналмайды-ау абырой.
* * *
Ауылға бардық,
Өткеннен мұнда із қалмақ.
Домбыра көне,
Күй тартты жігіт бізге арнап.
Беткейде сонау
Азайып кеткен тұқымы
Билейді желге қызғалдақ.
Аңсайды ауыл
Әлі де қонақ сыйлауды.
Асығып кеттік,
Біз тыңдамаған күй қалды.
Наурыз көжені ұсынбақ сұлу келіншек,
Көне тостағаннан
Қызарып жүзі, қиналды.
Ауылға бардық,
Маңырап қозы,
Пішен мен тезек үйілген,
Қарапайымдау адамдары да
Жадағай, жалпы киінген.
Қаладан шаршап,
Тырысып барған мына біз
Тынығып қайттық
Аңқылдақ, аппақ пейілден.
Ауылға бардық,
Ауа да таза,
Адам да таза, қараңыз.
Өнер тербетіп
Жатқандай біздің Даламыз.
Өскеннен кейін
Қалаға барып бір ғажап
Ән айтам дейді бала қыз.
* * *
Жалаң аяқ жүгірген ала құмда,
Бірге бағып қозысын, лағын да.
Көрші жігіт
Сүйдім деп таққан сырға
Жарқылдайды елік қыз құлағында.
Таниды олар әкесін, шешесін де,
Қосу таңба қосты ойнап қос есімге.
Жапан кезіп біреулер жолықпайтын
Пәк сезім жүр ауылдың көшесінде.
АРНАУ
(Илья Жақановқа)
Сазыңда бұлақ ағысы тұнды,
Барша қазақтың намысы тұрды.
Қасың да қалың қабаққа біткен
Жайықтың тал мен қамысы сынды.
Бағынбас нудың тағысы бар-ау,
Қарабурадай арысың анау!
Батырдың тегі – жүрегі нәзік,
Нәзіктің жиі сағы сынады-ау.
Иілгеніңмен сынбадың, аға,
Біздің ән-жырды тыңдады дала.
Әбубәкір деген айтқыштың тегі
«Қош келдің» айтып тұрғанын қара.
Аралап елдің ой, шыңын, бәрін,
Медеттің мұңын, аңшының зарын.
Мұхиттың сонау Зәурешін іздеп,
Тыңдаттың қайта Шәмшінің әнін.
Ақан деп іздеп Арқаның арын,
Шырмауық тағдыр тартады зарын.
Тербетіп бәрін әніңе қостың,
Сарысу бойын, Балқанның тауын.
Үш жүз жыл артқа жүгірдің кейін,
Талайға жұмбақ бүгінгі күйің.
Қытайға асып кетпедің неге,
Арқалап алып Сүгірдің күйін?!
Азамат, ару саналы бәрі,
Аңсатып туған даланың әні.
Үш ғасыр бойы армандап өткен,
Тартты ма елге бабаның қаны?!
Ежелден өжет ұл-қызды мекен,
Жайыққа көшті бұрғызды ма екен?
Жәмила, Әсел қыздарың ән қып,
Таңдандырдың-ау қырғызды, көкем.
Аруы қырғыз көңілден ғайып,
Кетпеді-ау түс пен өңіңнен қайық.
Көрінбей көзге сағыныш сезім,
Тартты да тұрды-ау Еділ мен Жайық.
Сағыныш саздан айықпап едің,
Салмағын әннің байыптап едің.
Қонысың құтты болғанын тілеп,
Арманың болған Жайыққа келдің.
Батыры жуған қайғыңды кілең,
Жауынгер жігіт, айбынды бұл Ел.
Көгілдір туды көтеріп көкке,
Жағадан қолды тайдырды білем.
Бабадан мұра жалынды жыр қап,
Туатын ертең дарынды ұрпақ.
Атамекеннен бастайды бір көш,
Еділ мен Жайық әніңді шырқап.
БАЗАРБАЙ ЖҰМАНИЯЗОВҚА
Қалайсыз, аға, көзіңнен сезем барын мұң,
Шыдамды халден мінезін көрем
Нарынның.
Алматыдайын төрінде тұрып қазақтың,
Өзіңнің, бәлкім, туған жеріңді сағындың.
Сағынып келсең Жайықтың жұпар гүлін ал,
Ән толы күмбір кеудеңді солар ұғынар.
Жеті жасыңда жүгірген құмға жібермей,
Аяққа жетпіс тұсаудай түскен түрі бар.
Жылдарды қуып жүрегің бәлкім алқынған,
Сол жалын шақтан қалды ма енді
салқын қан.
Суретін көріп арманың болған сұлу қыз,
Айныған жоқ па баяғы іңкәр қалпынан?!
Сүйеп жүр, бәлкім, сол сұлу Сізді аңсатқан,
Ауру емес, қу тірлік шығар шаршатқан.
Айналып жатыр Ақ Жайық ұлдан талантты,
Кантаталар мен опера жазған саусақтан.
Қатыгез тірлік аямас қалса құр сүлдең,
Оясыз жанды адамдар әр кез мұңсыз дер.
Шаршатқан Сізді ән сүйген жүрек сезімтал,
Одан соң мына өмірде жүрген күншілдер.
Күндемей қайтсін, кеудеңіз толған ғажап үн,
Еститін даусың бұлбұлдың және азаның.
Сіз бен біз түгіл, Махамбет сынды асылдың
Басын да кескен өзіңнің осы қазағың.
Мұңдылау тұрмын алдыңда бүгін, кеш, Аға,
Өз жүрегім мен жырымнан ғана өш ала.
Таланттар менен өжеттер туған бұл қазақ
Жағымпаздар мен сатқындар туса не шара?!
Алатау жақтан келсеңіз аңсап ауыл деп,
Қарсы алып тұрмыз ағайын ел боп,
қауым боп.
Таситын Жайық жоғалтты қазір мінезін,
Көз жасы кейде тамады көктен жауын боп.
Сағынып келсең Ордаға, бәлкім, барасың,
Көресің, Аға, оның да тозған даласын.
Қырық жыл бойы полигон жасап таптаған,
Көшіріп көмдік Дәулеткерейдің моласын.
Еркін ел болдық, жаңа аттар қойдық
көшеге,
Талантты жандар рухы, сірә, өше ме?!
Бұл күнде әні модадан қалған Мұхиттың
Басына қойдық ақ шаңқан биік кесене.
Тіріде күндеп, жиналып жылап көмгесін,
Талантты, сірә, аяққа таптау елге сын.
Сырымдай батыр үш ғасыр жатыр белгісіз,
Білгенім қазақ жоқтайды әбден өлгесін.
Сондықтан, Аға, елде жоқ әлі еш белгің,
Демессіз бізге еңбегім барын кеш көрдің.
Сазды әуен толы жүрегіңізді тербеткен,
Бесігің қалған Туған жеріңе қош келдің!
БАҚИ БОЛ МӘҢГІ,
АҚЫН ҚЫЗ
(Қанипа Бұғыбаеваға)
Ішіне кірмей көкпардың,
Бәріне көндің жоқ-бардың.
Іргеңде тұрып Алматы
Ауылдық ақын боп қалдың.
Бақ тауып сүйген ұл-қыздан,
Сыр тартып гүл мен жұлдыздан.
Басыңа байлап жыр-жаулық
Кимедің бөрік құндыздан.
Кеудеңді өртеп бір жалын,
Қағазда қалды мұңдарың.
Жылы сөз күтіп қазақтан
Сен неге жүре тұрмадың?
Мазасыз жаның жай табар,
Жолыңды сан қыз қайталар.
Әкеңдей Әбу ақынға
Бізден де сәлем айта бар.
Тұр дерсің орны үйінің,
Ақынға айт бізде қиынын.
Өзімен кетті дегейсің
Жердегі соңғы мейірім.
Бақи бол енді, ақын қыз,
Ұстауға қалам батылмыз.
Даланы сүйген жүрекпен
Далада қалып жатырмыз
Бақи бол мәңгі, ақын қыз.
САРТОҒАЙДАҒЫ ӘН
(Асқар Хареске)
Домбыраң жүрек жылытқан
Бастайды әуен басқа әнмен.
Қайықта қыздар қыдыртқан
Алыстап кетті-ау жас дәурен.
Ұқсаған түнгі толқынға
Бұйра шаш жаппай маңдайды.
Сергіп ап кешкі салқынға,
Жібітіп шаймен таңдайды.
Алдамшы жүйрік көңіл-ай,
Көктемге балап күз күнін.
Тартқызбай жүрген өмір-ай
Көк дөнен көңіл тізгінін.
Көтеріп жүкті мойымай,
Тірлік пен күрес қатар деп.
Әзірге басы мойыннан
Бөлінбей жүрген Махамбет.
Ән көмей нәзік жарыңмен
Таңдайды бөлген жарты құрт.
Тұз көзір күтсең барыңмен,
Алдайды келіп алтылық.
Төс ашып желдің өтіне,
Дос аңсап жүрген сапардан.
Даладай дархан көкірек
Қалдырмас ерді қатардан.
Қалмаған кімнен тас жолдар,
Кең дала кешкі сағымдай.
Ой-қырлар, шыққан асқарлар
Қамшының қысқа сабындай.
Құлаққа алыс ән келді,
Поезда кеткен қалқадай.
Қимас бір қызық дәуренді
Түсірді еске Сартоғай.
4-251
БОЗ ҚҰЛЫН
(Өнербек Жанбалаға)
Асаудан бәлкім құлауы,
Жабысып қайта жалына.
Даланың ұлы туады
Ауыл мен ару бағына.
Қалдырып құмда мекенін,
Қалдырып баба моласын.
Өзі іздеп содан кетеді
Өмірдің көкпар додасын.
Жолдарды қуса не түрлі,
Тізгіндер тірлік құйынын.
Өмір де жеңіл секілді,
Жеңе алса алғаш қиынын.
Ысырса бұлтын күдіктің,
Әрнеге жүрмей қайғырып.
Келтірер сәнін жігіттің
Домбыра және сәйгүлік.
Жаралған тегі асылдан,
Маңдайын сүйген таң нұры.
Сарқыт боп жеткен ғасырдан
Марқасқа ердің қалдығы.
Көмейден әнмен дір еткен
Төгіліп тұрған шын сыры.
Досым деп соққан жүректен
Естіліп тұрған дүрсілі.
Жүзеді көкте Ай-кеме,
Сездіріп нұрдың мазмұнын.
Келеді жүйткіп бәйгеде
Құмдағы туған боз құлын.
ҚИЫН ЕМЕС...
Сен барда шалқымаған болды ма күн,
Кетпей жүр құлағымнан сол бір әнің.
Есімде сонау думан...
Қолыңдағы
Бір шегі үзілгені домбыраның.
Күйшанақ көзімізше жараланды,
Ал біреу бастап кетті жаңа әнді.
Кеш бойы сайрап тұрған
сал домбыра
Бір сәтте керексіз боп қала барды.
Шанақта айтылмаған арман қалды,
Айрылды ол құдіретінен ән бардағы.
Қиын емес екен-ау
шырқап тұрып,
Үміт жібі үзілсе, бақ жанбауы.
* * *
Өмірдің бар тәтті бал әні,
Айтылып бітпейтін бастаса...
Арулар сүйеді даланы
Өзінше, басқаша.
Тербеліп гүлдер де қырдағы,
Тұрғанда маңдайда ай жанып.
Кетеді даланың ұлдары
Шетінен ақынға айналып.
Жырлатып наз күлкі жанарын,
Шырқалып армандай ән болып,
Сүйеді ол батырын даланың
Айнымас жар болып.
Бұдан соң бәріне пана боп,
Өтеді еміреніп, сағынып.
Даланың ұлына Ана боп,
Далаға табынып.
Әжімге толғанша қолдары
Кезі жоқ еңбектен именген.
Тал бесік тербетсе, ол-дағы –
Даланы сүйгені.
* * *
Тасисың, төгілесің, бір тынасың,
Көнесің, жұлқынасың, бұлқынасың.
Үзбейсің үмітіңді, шаршап барып,
Қайтадан келер таңға ұмтыласың.
Білмейсің қай белеске жетеріңді,
Білмейсің қанша өткелден өтеріңді.
Тәкаппар өмір сенің ескере ме
Біреудің ерке елігі екеніңді?!
ӘЖЕМНІҢ ӘҢГІМЕСІ
Сүйетін әнді де өзі
Шебер-ау жырлағанда.
Әжемнің әңгімесі
Көп еді тыңдағанда.
Онда шат кешкен күні,
Онда әжем жас болады.
Сондықтан естелігі
Осылай басталады.
Бейне бір тас түйіндей
Есімнен қалмай қойды.
Менің сол жас күнімде
Мына бір жағдай болды.
Көңілі шат күлгеннің
Арманы ат болатын.
Онда да ат мінгеннің
Басына бақ қонатын.
Ер аты шығарында
Жүйрікпен мақталатын.
Сондықтан бұл ауылда
Әрбір үй ат бағатын.
Болғанмен қиялында
Топта озу бәріне арман,
Әр тайдың тұяғына
Жүйріктік дарымаған.
Баптаумен құйғыт күнде,
Болғанмен тілеу дара,
Ішінен жүйріктің де
Озады біреу ғана.
Озбайды алыс шапқан,
Тізгінді тартпағаны.
Озады намыс батқан
Өлімнен қайтпағаны.
Озбайды атасы азбан,
Озады шабысқұмар.
Алдына қара салған
Жүйрікке намыс шығар.
Айтқан жан тамсануда,
Шығатын батыл алдан.
Бір шалдың көрші ауылда
Торы төбел аты болған.
Бәйгеге шапқанда әлгі
Бәрінен ерте келген.
Ол маңда ат болмады
Озатын торы төбелден.
Күндеу ме, сүйіну ме,
Бар елде қызық әдет.
Шығарды ел бүйірінде
Қанаттың ізі бар деп.
Шығарды ел қиялынан,
Жыр етті топтасып жұрт.
Шапқанда тұяғынан
Кетед деп от шашылып.
Жел сөзге сенбегендер
Көзімен қарап кетті.
Ат жайлы көрмегенге
Көп аңыз тарап кетті.
Тасқан жұрт көңілдері
Мақтайтын озған атын.
Шалдың бар өмірдегі
Қызығы сол болатын.
Жүгенді күмістелген
Көзінен таса етпейтін.
Торы төбел су ішпеген
Кезде оған ас өтпейтін.
Жанына ат маңайлатпай,
Торы төбел жалқы жарап,
Осылай бар аймаққа
Тұрғанда даңқы тарап,
Шал оқыс дүние салды,
Сұм ажал қарасын ба,
Атадан жүйрік қалды
Мұра боп баласына.
Жас жігіт дер шағында
Ат қамын ойламады.
Бір күндер көрші ауылға
Жүйрікпен тойға барды.
Әнқұмар боздақтарды
Жанына жиды кілең.
Жас жігіт тойға аттанды
Атақты жүйрігімен.
Той-думан тарағанша,
Байлады атқораға.
Бақпаса, қарамаса,
Жүйрікте бап қала ма?!
Мұңайтты иесіз қора,
Айнала қараса әлгі.
Жоқтады иесін сонда –
Мазасыз қара шалды.
Асау мен тағылар бар
Жиналған барлық қырдан.
Жанында жабылар бар
Таң алды қалғып тұрған.
Тұр әне ерке неме,
Жайлауды дара кезген.
Қара айғыр торы төбелге
Қарайды ала көзбен.
Өн бойын қайрат керіп,
Шаншылып қос құлағы.
Ол неге айбат шегіп
Торыға осқырады?!
Жетем деп бұлқына ма,
Көбейіп көзінде ала,
Япыр-ау, жылқыда да
Қызғаныш сезім бар, ә?
Ат мінез қызық-ау бұл,
Жоқ жерде батылданды.
Жүгенін үзіп айғыр,
Төбелге жақын барды.
Түрткілеп шүйілумен
Тістелеп осқырады.
Тиді айғыр бүйірінен
Жүйріктің қос тұяғы.
Қараң боп бүгінгі күн,
Торы төбел шұрқырады.
Артқы аяқ сіңірлігін
Қара айғыр қыршып алды.
Ат иесі шат күйінде,
Ал жүйрік күйреп, жасып,
Сол тойдан қайтты үйіне
Аяғын сүйреп басып.
Білмеді ол қара айғырдың
Сіңірден тістейтінін.
Тойы боп мынау қырдың
Бәйгеге түспейтінін.
Білмеді ол көрмейтінін
Енді өзін жиында жұрт.
Білмейді келмейтінін
Мәреге құйындатып.
Қонбады емі мүлде,
Баққанмен таппай тыным.
Білді енді ол өмірінде
Көсіліп шаппайтынын.
Жанардың нұры сынған,
Ол жайлы ел ойланбады.
Жүйрік те ұмытылған
Адамдай тайған бағы.
Шыға алмай атқорадан
Тұруға азап шыдау.
Жүйрікті жоқтамаған,
О, жұртым, ғажапсың-ау!..
АСТАНА
Есілдің бойын бөлеген нұрға
Еңсесі биік жас қала.
Бөленіп жатыр әсем ән-жырға
Елбасы салған Астана.
Шомылтып бүгін ұрпағын азат
Еркіндік таңның нұрына.
Тағдырын сеніп тапсырды қазақ
Нұрсұлтан атты ұлына.
Егемен алған даланың көркін
Танытып тегіс басқаға,
Әлемге құшақ жаяды еркін
Елбасы салған Астана.
Аудармалар
5-251
Татьяна Кузовлевадан
ЕМЕН
Ылғалды қанша көтермек,
Ауырлап бұлттар төмендер.
Найзағай жақын екен деп
Селт етпес бар-ау емендер.
Алғашқы қатты жауыннан
Қалтырап аздап жапырақ.
Өзгертпей өңін далиған
Жатады дархан атырап.
Құлардай жерге көк аспан,
Шатырлап барып тынады.
Одан соң нөсер толастап,
Ақ жауын сеуіп тұрады.
Жауынның соңғы өнері –
Қаулайды шалғын төменде.
Найзағай соққы береді
Биіктігі үшін еменге.
Бұтағы жерге сынады,
Жапырақ ұшып жаңбырға.
Сонда да емен тұрады
Өршілдікпенен алдыңда.
Селдеткен мына өңірді
Нөсерге, емен, ал шыда!
Қалдыру үшін көңілді
Жетеді-ау кейде тамшы да.
Найзағай тиді дәл, міне,
Құлады емен кешінде.
Сол емен жайлы әңгіме
Әлі жүр елдің есінде.
* * *
Балапаным, кішкене балақайым,
Ауырып қалдың, болды-ау бір жазатайым.
Күлімдеші, мұз конфет әкелейін,
Көк шымшықты әйнектен қаратайын.
Алақанға маңдайың құлар демен,
Жанарыңда толып тұр сұрау неден?
Айта алмаған сөздерден үрей үдеп,
Жүрек мұңды, дірілдеп тұр-ау денем.
Берейін бе шәй жасап бүлдіргеннен?
Емдейін бе балгердей, білгірлердей?
Жастығыңды қалайша қоярымды
Асып-сасып әлі де жүрмін білмей.
Сәл дамылда, қолымды тигіз менің,
Неткен бақыт бетіңнен сүйгізгенің?!
Сәл сауықсаң, мен сені сергітуге
Сәнді көйлек әкеліп кигіземін.
Кереуетің күзетіп келем бастан,
Тып-тыныш боп тұрса да төбемде аспан.
Сен ауырсаң, сорлымын, мүсәпірмін,
Бақытты жоқ сен сауда менен асқан.
* * *
Білгіш көкек,
Айтшы маған,
Рас дейді таңдағы үн.
Бақытыма жолығуға
Қанша жылдың қалғанын.
Қанша қалды арманыма
Жолығатын күндерге?
Айтшы бәрін, жақын қалды
Деп қуанып жүргенде.
Ақ сағымдай үміт деген,
Тек жеткізбей,
Алдайды.
Мен бақытқа күдіктенем,
Қолға өзі кеп қонбайды.
Сонда маған дана көкек
Былай дейтін тәрізді:
«Шын бақытты күту – бақыт,
Күткен өмір маңызды.
Сүйіп өмір сүргендердің,
Сенгендердің жаны ізгі».
Бақыт деген – менің үшін
Жастық шақтың жылдары.
Көңілдетіп орман ішін
Көкек шырқап тұрғаны...
ҰШҚЫШҚА
Ұша бер.
Мен сендікпін.
Күтудемін.
Жүректің сендік әнін бітірмедім.
Бір сендік екеніне жетер көзің
Бойдағы жалынның да бүтін менің.
Өзіңмен бірге тілек, намысым да,
Мен бармын өткен күндер ағысында.
Жоғалтарсың,
Қайтадан жолығарсың
Сені іздеген жүректің дауысына.
Бекер емес өткеннің саған бәрі,
Көңілдің борандары,
Жүректің жана алмауы.
Мүмкін емес бәрі де бір күндері
Есіңе оралмауы.
Таныс үйдің қақпасы жолыңдағы,
Кірпіктердің ұйқыдан жаңылғаны,
Түсіңе енген сол әйел
Сені күткен,
Ұмыт болу мүмкін бе соның бәрі?
Жарысып найзағайдың күркірімен,
Ұша бер,
Сірә, неден іркіліп ең?
Қатты жел қанатыңа соққан кезде
Есіңе ораламын бір күні мен.
Кетерсің,
Үнсіз мені сүйіп көріп,
Кетерсің,
Кеудеңе мұң, күйік толып.
Бір кезде шырқап жүрген аспаныңнан
Көрінер менің еңсем биік болып.
ТҮНГІ СТАНЦИЯЛАР
Түнгі станциялар
Пойыздың қарсы алады барлығын да,
Оның кім үңіліпті тағдырына?
Шамдары жылтылдайды,
Ал оның пойыз күтіп,
Жүрегі бір тынбайды.
Түнгі станциялар
Айқай салып қалатындай,
Бейне бір өткен күнді
Қайтаруға болатындай.
Түнгі станциялар
«Тоқта!» – деп пойыздардың
Соңынан айқайлайды.
Бірақ, бірақ
Өткенді ешбір күшің қайтармайды.
Тек шырақтар
Каренина көзіндей жаутаңдайды...
ТҮС Түсімде жабырқап тұр екем Жанында ескі бір мешіттің. Қай ғасыр, әлде қай жыл екен, Бұл жайлы мен қашан есіттім? Жүйріктер түскен бір саудаға Шуы мол базардың шетінде. Үреймен айнала таңдана Қолымды басамын бетіме. Хабарын айтшы деп жалынам Мейірімсіз мелшиген Аллаға. Айрылып арғымақ жалынан, Мертігіп қалды ол қай далада? Ол қалай құлайды атынан, Өзгеден еді ғой айлалы?! Ал менің басымды қапыда Еріксіз басқаға байлады.
Мен үшін төлемге қырық қой
Айдап кеп тұр біреу қақпаға.
Ал менің кеудемде күдікті ой,
Қанжарға қол созып жатқанда...
Жалындым өзіңе «Аллам» деп,
Естідің. Құтқардың. Арман жоқ.
Кім еді бұл өзі, қай мезгіл?
Сәл тоқта!
Ол күндер әлі ұмыт болған жоқ.
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Жоқ,
Үйренер түрім жоқ қазақ тілін,
Сені ұқпауым,
Жан құрбым, азап бүгін.
Айналайын,
Сен маған өкпелеме,
Мен бірақ жасырын сыр ұққандаймын,
Тыңдап тұрып бұлақтың ғажап үнін.
Бұл тіл бір әсем үннен тұратындай,
Көмейден
Сыңғыр әуен шығатындай.
Батылдық,
Бір қуат бар дауысында,
Семсердің тіліп түсер қуатындай.
Қайсар келбет,
Көздері күлімдеген,
Ұяңдықтан
Кейде ерін дірілдеген.
Көңілінде қазақтың бөтендік жоқ,
Өзің дағы жатырқар рет таппай,
Таулы өлкеде жүргенің білінбеген.
Таң самалдай,
Тыңдасаң сазым керім,
Айтыс сөзге,
Қалжыңға әзір керім.
Домбыраның даусына тербетіліп,
Мен отырам түсініп наз үндерін.
Жылы тиер жүрекке өлеңі де,
Ыстық келер
Тал-терек желегі де.
«Айналайын, армысың!» деген сөзді
Өзге тілге аударып керегі не?!
Ұқсастық көп табиғат баласында,
Ұғым ортақ
Сезім мен санасында.
Москва маңындағы
Тәтті ауа бар
Алматы арығының жағасында.
Болған соң аспан біреу төбеңдегі,
Өнердің ұқсай бермек көп өрнегі.
Тыңдасам құлақ қойып,
Қазақ әнге
Үндесіп тұрады орыс өлеңдері.
Шыңдарынан,
Орман, тау, өзенінен,
Әзілінен,
Достардың өлеңінен,
Күлкісінен сәбидің,
Наз үнінен
Ана тілім сияқты қазақ тілін
Күннен-күнге түсініп келемін мен.
ҚАЗАҚТЫҢ АҚЫН ӘЙЕЛІ Жұмыс Үй. Қонақ қамы, бала қамы, Бәріне қажет әйел алақаны. Арқаңда ауыр жүкке салмақ қосып Тағы да мазасыз бір таң атады. Тағдырдың құйынында дөңгелене, Қос жүкті арқалайсың өрге неге?! Білмеймін, еркекпен тең түсемісің, Еркектер кейде өзіңе тең келе ме? Үй толы ағайынның тауып бабын, Келгенде жайғастырып болып бәрін, Өз үйің өзің үшін тарлау соғып, Шеткерек бір бұрышта қалыпты орын. 6-251
Шаршадың,
Тыныштық жоқ ертеден бір,
Түзейсің ашқан сәби көрпелерін.
Ауғанда түн ортасы
Ас үй жақта
Туады өзегіңді өртеген жыр.
Шамы ұзақ сол бөлменің жанатындай,
Ақ қалам ақ көгершін қанатындай.
Ақ қағаз көңіліңе сәуле шашып,
Тазарып жаның бір сәт қалатындай.
Ас үйді отырасың бөлме көріп,
Ұйқыға асау өлең бермей ерік,
Жыр бесік тербеткенде, көз алдыңа
Келеді туған далаң дөңгеленіп.
Шарлайсың іздеп содан өткен күнді,
Көңілің күтіп жүрген көктеміңді.
Өзің де қиял құсы қанатымен
Сезбейсің қайда самғап кеткеніңді.
Кезесің жастық өткен жолдың бәрін,
Тыңдайсың махаббаттың мөлдір әнін.
Ол сенің жүрегіңді жұлмалайды,
Алыс бір әуені боп домбыраның.
Көлбейді көз алдыңда далаң сонда,
Кең әлем тар көрінер саған сонда.
Себебі төрт қабырға қоршап тұрған,
Арқаңда әйел жүгі, балаң қолда.
Сонда да солдырмайсың үміт гүлін,
Сен үшін, мүмкін, бекер күдіктімін.
Сән сарай, кең дала ма – шын бақыттың
Тұрағы қайда екенін біліпті кім?
Бақыттың ұғымы жоқ толық әлі,
Белгісіз оның келер жолы дағы.
Ол бізге
Сезім,
Тағдыр,
Сағыныш боп,
Шабыттың жалынында жолығады.
ДОМБЫРА
Қара шаш қазақ әйелі
Ән салды менің үйімде.
Өзі мұңды, ал енді
Жанары отты күйінде.
Сайрайды үндес домбыра,
Шанағы толы сыршылдық.
Әйелдің нәзік қолында
Бір шалқып, бірде күрсініп.
Көзінен әйел көресің
Тұрғанын арман таусылмай.
Домбыра мүсін денесін
Билеп бір діріл даусындай.
Әншінің жүзін көргенде
Түнгі оттар тұрды тамсанып.
Кірпіштен салған бөлмеде
Жатқандай дала ән салып.
Жүзінде жаңа Ай туғандай
Кереді кербез қабағын.
Москва тыңдап тұрғандай
Тынысын дархан Даланың.
Көңілдің тасып арнасы,
Жүректер сырға толды да.
Ауғанша түннің ортасы
Күмбірлеп тұрды домбыра.
Әнмен ол таңды атырды,
Тыңдадық біз де әдейі.
Бұлбұлша сайрап отырды
Бақытты қазақ әйелі.
Ұмытып әннен басқаны,
Әуенге елтіп нұр құштық.
Әлемнің мөлдір аспанын
Күзетіп тұрды тыныштық.
АЗИЯ
Айдай анық, өзі жылы,
Аты таныс әлемге.
Сыры жұмбақ
Ұқсатамын
Ұйқыдағы әйелге.
Жүзіңде бар ақылдылық,
Бойыңда бар күшің де.
Қанша сыр бар,
Қанша дастан
Киіз үйдің ішінде.
Бұзды ұйқыңды
Қанша дауыс тосыннан,
Түндер өтті-ау
Моңғолдардың
Ат тұяғы дүбірінен шошынған.
Қызыққандай кең далаңа
Көп болды анық жауларың.
Сол кездегі
Боздақтардың
Моласы ма тауларың?
Қанша сенің ұйқысы жоқ түндерің?!
О, Азия!
Тыныштықты білмедің.
Қанша сенің қан сімірген
Өрт шарпыған гүлдерің?!
Бірақ бүгін ұқсатамын
Сені сынбас асылға.
Бәрін жеңдің,
Жалғастың кеп
Жаңа,
Жарқын ғасырға.
Бүгін сенің шырқалады
Ән мен жырың таусылмай.
Атты әскердің
Қырқадағы
Тұяғының даусындай.
Жасыл шалғын жайқалады,
Белесіңнің гүлі де.
Күміс жүген сылдырындай
Естіледі бұлақтардың үні де.
О, Азия, саған жырым
Ғасыр қанша тастаған.
Ұйқыдағы арудайсың
Әлі ешкімге
Сырын толық ашпаған.
Сырт көзге сен мейірбансың,
Тыныш жатқан жайлау, ән.
Жауың үшін
Қас батырсың
Суық қанжар байлаған....
Сильва Капутикяннен,
армян ақыны
КЕТТІҢ ЕНДІ...
Кеттің де
көңіліңе өзге тілек толып,
Ал мені қайта іздейсің
жүдеп, солып.
Сен мені ұмытуың мүмкін емес,
Кеудеңде тұрған кезде жүрек соғып.
Мен – сенің өмірдегі ән мен гүлің,
Аңсаған қалмай бойда сәл дегбірің.
Мен – сенің атар таңың, татар дәмің,
Мен сенің жолыңдағы әр белгімін.
Сен мені мүмкін емес сағынбауың,
Заңды ғой сағыныштан арылмауың.
Мөлдіреп мен тұрамын әр кез саған
Жолыққан жанарынан арулардың.
Кеттің сен, ұмыттым деп жүрсің мүлде,
Сүйеніп талға кеше күрсіндің бе?
Көзіңді қызықтырған сонда сенің
Мен бармын жас бұтақтың бүршігінде.
Қарасаң, шынар да мен асқардағы,
Сен келер үйдің менмін баспалдағы.
Төбеңнен ұзақ түнге төніп тұрам
Жұлдыздар көзіменен аспандағы.
Кетсе егер терезеңді самал ашып,
Ол менмін, мейлің, безіп далаға шық.
Қолдағы шылымыңның түтінімен
Деміңе кетем тіпті араласып.
Дауылдың екпінімен ақпандағы
Тіреуді бұзып кірем қақпаңдағы.
Құйын боп берекеңді кетіремін,
Шашамын қағазыңды тартпаңдағы.
Әуреге түспе ұмытып мені мүлде,
Өзгеге сүйкімді боп көрінуге.
Онда бар тіршілігің ойрандалып,
Быт-шыт боп кетер мүмкін өмірің де.
Се Ман Ирден,
корей ақыны
СЕН ОРАЛҒАН КЕЗДЕ
Талай күн, талай түн
Жолыңа қараймын.
Сағындым, сүйіктім,
Күтемін келер деп мен сені.
Сен десе еш қайғы
Баса алмас иықты, еңсені.
Егер сен оралсаң,
Тым ыстық даусыңды
Естірмін жер үйде болсам да.
Мың дауыс ішінен
Танып ап,
Жолыңа шығармын мен сонда.
Әлде сен
Соғыста жаралы болдың ба?
Шашымнан сипауға
Қуаты жетпей ме қолдың да?!
Сонда да оралшы,
Мен саған сыйлайын таң нұрын.
Сендегі азаптың
Өзіме алайын барлығын.
Мен сенем –
Келесің үйге сен оралып,
Көңілді күлкімен, өлеңмен,
Жеңіспен келесің, ол анық!
Қозғалмай тұруға
Жетер ме шыдамың?!
Мен сенің алдыңнан
Жүгіріп шығармын!
Кездесу сәтінде
Тұрғанда мойныңа асылып,
Шошынба көзімнен
Тамшы жас көргенде
үзілген.
Қалғанмын жасырып
Қоштасқан кезімде өзіңмен.
Николай Босиковтан,
якут ақыны
* * *
Жыршы етіп мені ұшырған,
Сергелях, қане, армысың!
Келемін аңсап құшуға,
Бірге өскен достар, бармысың?!
От болып жанған төсіңде
Қарттығын көрмей бәрінің,
Қалдың ба сақтап есіңде
Жастықтың сонау жалынын?!
Көзге ыстық сол бір бөлмеде
Көп күнім менің тойланды.
Толастап шуыл көрмеген
Төртінші корпус қайда әлгі?!
Сергелях, сені сағындым,
Өзіңде менің жас шағым.
Сен – лебі жастық жалынның,
Махаббат жайлы дастаным.
Өзіңе жер тең келер ме,
Лайық не сый арнасам?!
Жаңадан жазған өлең де
Сен жайлы болмақ әрқашан.
* * *
Айналаға аппақ нұр
Құйылып тұр.
Орман алтын көйлегін
Киініп тұр.
Таңғы ауадан ақ сәуле
Тарайтындай.
Аңшы жолы болғанын
Қалайтындай.
Орман деген сұлулық
Осы-дағы.
Ақ бөкеннің іздері
Жосылады.
Аңшы жолы бөктерде
Қиындаған.
Тазы кетіп барады
Құйындаған.
Айналаға аппақ нұр
Құйылып тұр.
Орман алтын көйлегін
Киініп тұр.
ТУЙМААДА
Аспанның асты мекенім,
Жаяды құшақ қайда да.
Бәрін де сүйіп өтемін,
Ерекше бірақ Туймаада.
Сүйікті жардың көзімен
Қарайды ол маған елжіреп.
Құстардың әнін сезінем,
Анамдай сүйер жел жібек.
Оралсам шаршап сапардан,
Қанады сонда ұйқың да.
Жетелеп қайта ақ арман,
Қосылып кетем қиқуға.
Бағым да сонда жанғандай,
Ұлым да сонда сай маған.
Махаббат, жастық армандай
Ыстықсың маған, Туймаадам.
7-251
* * *
Салып жүр ұя қос торғай,
Ешкімнен үркіп жасқанбай.
Мамық пен шөпшек тасиды,
Әндетер ауыз бос болмай.
Бітіріп болды ұяны,
Биіктен шолып қияны.
Шырқатты дейсің аспанда,
Жарасып қосақ күй-әні.
Екеуі қатар ұшады,
Кең дейді аспан құшағы.
Осы бір үнде қуанған
Бақыттың барлық нышаны.
Ұшуға биік сай қанат,
Еңбегін жүрді тойлап-ақ.
Әндетіп салған ұяны
Күн нұры тұрды аймалап.
Қос торғай ұя салады,
Мамық та, шөп те табады.
Ойнамай көкте найзағай,
Соқпағай тундра бораны.
ТУНДРА ОРМАНЫ
Мөлдіреген мүйізіндей бұғының,
Көкшіл аспан тұрды құйып жылуын.
Тундраны сәулесімен сипалап,
Көкжиектен көтерілді ұлы күн.
Мен оқимын
Гейне ақынның жырларын,
Досым менің қызықтайды қыр бағын.
Қызықтайды Тундраның үстінен
Қалың орман қанат жайып тұрғанын.
Кеше ғана жатыр еді мүк басып,
Қарақаттар құшақтаса жұптасып,
Қариялар әңгіме айтқан күркеде,
Темекімен көңілдегі бұлтты ашып.
Айтқан олар аңыздардың небірін,
Көшіп жүрген ормандардың өмірін.
Үнсіз ғана тыңдағанбыз екеуміз,
Оймен шолып осы жердің өңірін.
Дауыл болып
ұшады екен бұл орман,
Тыншиды екен қайта оралып шығаннан.
Тіршілік бар осы орманның ішінде,
Бірге налып,
бәрі бірге қуанған.
Осы орман
қорғайтын жел, суықтан,
Сан өмірді құшағына ап жылытқан,
Аласұрып,
жағаны ұрып толқыны,
Алып мұхит күңіренеді иықтан...
Мөлдіреген мүйізіндей бұғының,
Көкшіл аспан тұрды құйып жылуын.
Тундрада ақ сәуле боп жүйткіген
Бұғыларды қарсы алады Ұлы Күн.
Леонид Поповтан,
якут ақыны
НАЙЗАҒАЙ
Кенеттен
жан-жақ түнерді,
Шулады орман сол күні.
Шулады шөбі, гүлдері,
Өзен де қатты толқыды.
Бейне бір жерге тасталған
От шашқан отты найзадай.
Түнеріп тұрған аспаннан
Жарқ етіп түсті найзағай.
Құйды кеп нөсер жер-көкте,
Дүние түгел малшынған.
Дірілдеп тұрды әйнектер
Тасырлап соққан тамшыдан.
Шықтым да қарсы дауылға,
Қаһарын күттім аспанның.
Жерім жоқ мүлде ауырған,
Келмейді тіптен жасқанғым.
Найзағай ойнап үстімнен,
Дауылды нөсер өтті енді.
Сескенте алмай күшімен,
Жасыта алған жоқ мені.
Тұрмын бір батыл сеніммен,
Қуана соғып жүрегім.
Еш дауыл туған жерімнен
Бөлмесін анық білемін.
ШАҢҒЫДА
Бір қырдан өтіп, біріне
Зулайсың қанат таққандай.
Ең алыс жердің түбі де
Жақындап келе жатқандай.
Тілгілеп қарды келем мен,
Үлпілдеп ол да тапталмай.
Бабалар сүйген өнерден
Жаныма желеу тапқандай.
Самғаған құстан қалыспай,
Еркіммен шығам қияға.
Адасқан жоқпын алыста,
Құлаған жоқпын сірә да.
Құйғытып келем есіліп,
Соңымда қалды бел бұраң.
Бітпейтін әндей көсіліп
Шақырып жатыр Тундрам.
Мақалалар
ПАРАСАТ – ЖҮРЕК САНАСЫ
Авторы есімде жоқ, бастауыш мектепте
«Ана тілінен» «Жаман жолдас» деген шағын
әңгіме оқығанбыз. Екі дос келе жатса, орман
нан аю шығады. Біреуі жүгіріп барып ағаштың
басына шығып кетеді де, біреуі жүгіре алмай
жерге жата қалады. Аю өлген адамды жемей
тінін естіген ол демін алмай шыдайды. Бал
паңдаған аю жатқан жігітті иіскеп өз жөніне
кеткесін, жолдасы ағаштан түсіп келіп: «Ол
сенің құлағына не сыбырлады?» – деп сұрай
ды. «Жолдасың жаман екен, ендігәрі қиын кез
де тастап қашатын ондайлармен дос болып,
жолға шықпа деді», – дейді. Әңгіме мазмұны
осы ғана, бірақ бала көңілге қатты әсер етеді
де, есте ұзақ сақталып қалады екен. Бүгін
менің санамда жарты ғасыр бұрын оқыған
«Жаман жолдас» оқиғасы қайта қылаң берді...
Бүкіл Қазақстанның баласынан қариясы
на дейін салтанатты сәтте сүйіп шырқайтын
«Менің Қазақстаным» ақыры егемен елдің
Әнұранына айналды. Шәмшінің ел сүйген
әніне сөз жазған ақын Жұмекен Нәжімеде
нов өткен күзде 70 жасқа толар еді-ау деп
талайлар өкінген мерейтой өтті. Жүрегінде
жылуы қалған ақын-жазушылардың бір тобы
қатынасты, сөз сөйледі, өлең арнады. Басшы
қызметтегілерден – елден келген екі адам. Ал
матыда осы шараны жасөспірімдер театрын
да өткізуге мұрындық болған әкім Иманғали
Тасмағамбетовтен басқа қызметкер көрінбеді,
олар өлген ақын түгілі, бұл күнде тірілеріне
сәлемдеспейтін болып барады. Негізгі рухты
ұлт тәрбиелеуде әдебиеттің, ақын-жазушы
ның ықпалы қанша екенін тарих талай дәлел
деген қағида еді. Адамның сауаты мен параса
ты, мәдениеті мен адамгершілігі оның оқуы
мен көргеніне тікелей қатысты нәрсе. Күпі
киген Абай ақын бізді сауаты мен санасына
табындыратыны сондықтан.
Жұмекен Нәжімеденов жайлы қанша мақ
тау айтылды. Ерекше ақын, талантты ақын,
сауатты ақын, қайсар ақын ешкімге ұқса
майтын, елі мен жерін өзінше сүйген өр ақын.
Ендеше, оны неге тірісінде айтпағанбыз, неге
оның құрдас-достары өздері оза шапқанда
Жұмекен де бар деп айтпаған. Олар да «Жаман
жолдас» әңгімесіне ұқсамай ма осы? Мұқаға
ли Мақатаев та солай, өлген соң қастерледік,
тірісінде қайда болдық?
Жаңа әні бүкіл Қазақстанға естілген бетте
жатталып қалатын Шәмші Қалдаяқовпен қа
тар өмір сүрдік. Шәмші вальсіне бүкіл ел би
леп кететін еді. Аузында тісі жоқ кемпірдің кө
зі жылтырап, жас дәуренін еске алатын Шәмші
әнінде қарапайым жүрекке жақын ноталар
қанша? Бірақ тірі Шәмшіні құрметтеген адам
басшылар арасында аз болғаны шындық. Ба
сына киген бөркі арзан талантқа олар да ар
зан көңілмен қарайды. Қожанасырдың: «Же,
шапаным, же», – деп табаққа жеңін малаты
ны осы тұсқа жарасар еді-ау. Шәмші өз ғұмы
рында бір сахнаға шыққан жоқ, құрметтелген
жоқ. Мұқағали екеуі жалған әрі жасанды сый
ластықты жек көрді. Қолында билігі барлар
дың талантты онша танығысы келмейтінінің
дәлелі осы еді. Шәмші кезінде консерватория
бітірмеген сияқты. Ал консерваторияның саз
герлік факультетін бітіргендер ішінен тағы
бір Шәмші неге шықпай жатыр? Ендеше, та
биғи таланттардың санаулы екеніне құлақ
асқан дұрыс қой. «Жаман жолдас» әңгімесін
дегі ағашқа шыққандар қазір Шәмшіні мақ
тап сөз сөйлейді. Кезінде қайда болған?
Өзім бастық болып көргенім жоқ та, бірақ
басшы жұмыстан түсіп қалғаннан кейін еш
кім елемей кететіндерді көп көрдім. Кедейлеу
кезде жолдас болып, билікке жетіп бақ пен
байлық қонғанда ескі жолдасы түгілі, туысын
да танымай кететін кекжиген кәйкібастарды
да көрдік. Таңданатын ештеңе жоқ, бұрын да
адамзат басынан кешкен жайт қой бәрі де.
Батыс Қазақстанда үлкен газ мекемесінің
үлкен басшысы болғаны, оның шырқап тұр
ған кезі де еске түседі. Айналасы мәшине,
алды толған құжынаған адам болатын. Олар
бастыққа сәлемдесіп қалуды өздеріне жар
ты бақыт санайтын. Дүркіреп тұрғанда әкесі
өлді (бақытты шал екен), үйінің айналасын
да адам мен мәшинеден аяқ алып жүру қиын
болды. Қазір ол кісі зейнеткер, туған күнін
тойласа баяғы жалпылдақтардың бірі де кел
мейді. «Жаман жолдас» әңгімесі тағы да еске
оралады.
Қызметі өскен жігітке таныс-дос табыла
кетеді-ақ. Ондайда қазақ «Бөркің қисаймаса,
бәрі дос» деп отыратын. Адам пенде кезінде
айтқан сөзге құлақ аса бермейді ғой. Өзіне
жалпылдағанды, мақтағанды ұнатады. Жы
ланша жылжып, түлкіше құбылғандарға әрі
жүр деп айта да алмай қалады. Жағымпаз бен
жылпостың тұтқынына түседі. «Дос жыла
тып айтады, дұшпан күлдіріп айтады» деген
ге құлақ аспай кетеді. Айналасындағы бөтен
бетперде киген сатқын-қуларға сенетін бола
ды. Жеке басқа жалпылдайтындардан нашар
үлгі тарайды. Олар өз басының қарақан қамы
үшін досын, жұмыстасын сатып кетеді. Әсіре
се бизнесте адалдық деген сөз қолданылмай
ды-ау. Олардың ұраны – тек қана пайда! Бұл
індет Отан сүю мәселесіне тірелсе қайтеміз?
Бұл ауру ұрпаққа жұқса, не істейміз? Кеше
ғана сүйсінген «Көшпенділер» киносындағы
қырғындардан сақтаған кең байтақ Даланы,
еркіндік алған Отанды кімдер қорғайды, кім
дер сүйеді? Жағымпаз жалтақтардан бұрын-
ғы Абылай, кешегі Бауыржан сынды ұлдар
өсіре аламыз ба? «Жаман жолдас» әңгімесін
дегі өзі алғашқы шыққандар қиын-қыстау
кезеңде досын да, даласын да, намысын да
сатып кетпес пе екен? Жеке бастың пайдасы
үшін құбылып түсетіндер өсіп тұрса ше? «Тура
биде туған жоқ» дегенді айтқандар бізден гөрі
даналау болған шығар деп қаласың, себебі
осы сөздің ақиқат екеніне көзің барған са-
йын жете түседі.
Қазақша оқығанның «кесірі» ме, сәл нәрсе
ден есіме әжем айтқан мақалдар орала кетеді.
Керітартпа ақын деп, молда деп бізге оқыт
паған Әбубәкір жырынан үзіндіні де мақал
ша айтушы еді. «Жасық туған жаманың атқа
мініп зор болмас, асыл туған бекзатты қой
ға салса қор болмас, тегі таза жібекті шұлғау
етсе бөз болмас» деп түйдектетіп бір әңгіме
лер айтушы еді. Әжем сөзі кітап сөзінен кем
әсер етпейтін. Осы ақынның «Кірпіш тастан
үй шықты, бозбаладан би шықты» дегені де
ой салады екен. Оның кірпіштен үй шықты
сы нақты айтылса, бозбаладан би шықты
сы ойланту үшін айтылған ұйқас екені анық.
Тәжірибесі аз босаңдау басшы ненің қадірі
не жете қойсын. Адал дос қадірін ұғатын дәу
рен кешпесе, өткеннен қорытынды шығарар
жасқа жетпесе, ол елді бағалай ала ма? «Тау
мен тасты кешпеген, жол қадірін не білсін» де
ген сөз де тектен тек айтыла салмаған шығар.
Сол бозбала басшыға жалпылдаған жылпос
ересекті көргенде, түрлі ойға түсесің. Ерсі
қылықтан өзі ұялмаған адам өзгелер көріп
тұр-ау деп те ойлай алмайды. Олар ар-ұждан
дегенді ойламайды. Неміс жазушысы Генрих
Гейне «Ұждандылық – жүрек саналылығы»
десе, біздің халық мақалы «Малым – жаным
ның садағасы, жаным – арымның садағасы»
деп кесіп айтқан. Бірақ жағынып сөйлейтін
дер қай кезде де болғанға ұқсайды.
Ақындар да о заманнан бері ода жазған, бұл
поэзияда бар жанр. Талас жоқ, жазуға болады.
Бірақ оны осы күндері қандай жағдайда жаза
тын болды деген орынды сұрақ туады. Кімнен
қандай пайда көремін деп жазатындар жоқ
8-251
емес-ау осы. Ертең арнау нысанасы өзгерсе,
оған да сөйтпес пе екен? Яғни, мазмұны қалған
оданың тақырыбы өзгереді. Осы жерде тағы
бір ұлы жазушының жүрген жерінің шөбіне,
шыққан бұтағының түсіне қарай түрін өзгер
тетін кесірткесі – атақты А.Чеховтың «Хаме
леоны» еске түседі. Басқа салада өзгергіштер
өткінші өмірдің уақытша рақатын көріп қа
лар, ал қаламгердің құбылысына таңым бар.
Табиғат берген талантты өз орнына пайда
ланбау ел қорғайтын қылышпен бұзауға шөп
шапқанмен бірдей шығар.
Менің өзім де талайға өлең арнаған екен
мін. Кешегі сұрапыл соғыстың 1946 жылы
Кеңес Одағының Батыры атағын алған, әлі
тірі, аман-сау жүрген батысқазақстандық Са
дық Жақсығұловты көргенде:
«Ұмытпайды екен басынан өткен
жайтты адам,
Соғыста жеңді, еліне одан қайтты аман,
Батырды көрдім алпыс жыл бойы ешкімге
Мен батырмын деп айтпаған»,
немесе:
«Далада туған біздің аты алыптар,
Кең дала, сен олардан ат алып қал,
Бар ма екен әлі күнге Сыр бойында
Кетпенмен атын жазар Жақаевтар?!»
сияқты, бүгінгі тірлігіме түк пайдасы жоқ ән
ші Мұхит Мералыұлына арнап: «Әкесі айтқа
нымен бар ақылын, алатын көрінбейді бала
тілін, тон тозып, уақыт озып, қайдан білсін
Мұхиттың әні мәңгі қалатынын» деп дәріп
теймін мен қияли. Ақындарды қияли десе
өкпелейміз, өйткені қазір бәрін экономикаға
тірейтіндер бәрін өз қалтасы мөлшерімен
өлшейтін қаламгерлерді қияли деп түсінеді.
Ақша барда өлең жазу, алтынмен аптап кітап
шығару да сөз емес заман туды, біреулер он
дайлардың жырын жазып күн көріп жүргені
де рас. «Үкімет қызметінен қол тимеді, зейнет
керлікке шыққалы өлең жазып жүрмін, Абай
да біздей-ақ ақын екен ғой» деген топасқа ай
тар жауап жоқ шығар. Ондай кітапты шыға
рып беріп жүргендерді таланттың, асыл сөздің
киесі қақсыннан басқа айтар болмаса керек.
Ұзақ жыл сыйласқан бір таныс інім бағы
жанып басшы орынға келді. Соңғы кезде ол
құдай жаратқан өз дауысын өзгертіп, тамағын
кенеп сөйлеп, кеңкілдеп күлетін «науқас» тап
ты. Өзімсініп бір ескерту айтқаным бар еді,
енді мені барса келмес аралына көшіріп тас
тауға әзір. Көшіріп тастау демекші, біздің көз
ондайды да көрген. Операны шулатып алпы
сыншы жылдардың аяғында келген Жұлдыз
Баймолдина деген әнші көшіріліп тасталған.
Ол кезде ғашық болуға партия қызметіндегі
адамның еркі жоқ, бұл әнші «рұқсатсыз» сү
йіспеншілікке кезікті, лауазымды адамға ұнап
қалғаны үшін көшіріліп тасталған еді. Сон
дықтан билігі күштімен ой таластыру да ке
регі жоқ шаруа шығар, тоқпағы күшті киіз қа
зықты жерге қағатынын әжем ескерткенімен,
көз көргенді айтпауға ақын жүрек шыдамай
ды екен.
«Жаман жолдас», бәлкім, бүгінгі оқулықтан
түсіп те қалған шығар, ал «Аяз би» ертегісін
бастауыш сыныпта өтіп кету қиянат. (Сынып
деген аударманың да келісіп тұрғаны шама
лы). Сол сағатта ауырып қалған оқушы оны
мүлде ұқпай кетеді. Қазақша оқымаса, тіптен
өкінішті. «Аяз би» – есейген кезде, әсіресе бас
шы қызметке баратын кезде ересектерге оқы
татын ертегі. Ұлттық мектепте оқымағандар,
бәлкім, әлем әдебиетінен пайдалы нәрсені
көбірек алар, ол өзінің төл тәрбиесінен ақ
сайды-ақ. Аяз бидің көне тонын іліп қоюдың
өзі сабақ, оясыз оны да ұқпасы анық. «Ашта
жеген құйқаңды тоқта ұмытпа» дегенді сөз
бе-сөз аударып берсең, орыс тілді басшы оны
түсінбейтіні анық. Баяғыда мүжіген басты
неге мен есімде сонша сақтауым керек деп таң
қалуы әбден орынды болар еді. Қазақ халқы
тарихында аштық пен қуғын көргенін, оның
ұлттық қасіреті мен қайғысын түсінбеген
адам тіліндегі мазмұнды сөзін де ұқпасы тү
сінікті. Кедейдің баласы аштан өліпті деген
ді естіген бай баласы ол неге қуырдақ же
меді екен деп таңданыпты деседі. Сол сияқты
орыс мектебінде оқығандарға «Баталы құл
арымасты» түсіндіре алмағандықтан, қазіргі
ұрпақтың қатыгездігіне куә болып отырған
жоқпыз ба? Ендеше бата мен қарғысты айы
рып түсінбеген ұрпақ обал, сауап, қиянат
сөзін де аудармадан біледі. Ендеше, ана тілінің
тағдыры деп шырқырайтындар арлы азама
ты, аяулы қызы бар Ел болуды аңсайтын ұлы
сезімді жоқтаушылар деп түсіну керек қой.
Көше толы қате жазуға намыстанбайтындар
да тіл білмейтіндер емес пе? Әлі күнге орыс
мектебіне бала сүйреп жүрген де солар. Неге
деп сұрасаңыз, орыс мектебінде білім бар
дейді. Сонау сақ заманынан келе жатқан өз
ұлтыңның тәрбиесі мен тілінде «сауат» жоқ
дегенді кім дәлелдейді. Питерден оқу бітіріп
келген кеме жасау ісінің шебері болған қазақ
жігіті арақтан өлсе, оның сауатынан не пайда?
Мәскеуде ұлттар тілі университетін бітірген
қазақ қызы орыстан туған баласын жетелеп,
ата-анасынан бөлек тамақтанып жүрсе, оның
сауатынан не пайда?
Осыдан жиырма жыл бұрын Мағжан, Ах
мет, Міржақып есімін естімеген біз 1986 жыл
ғы желтоқсанда ұлт намысын жоқтап шық-
қан жастарды жақтап сөйлеген «Мен – қа
зақпын» дастанының авторы, ақын Жұбан
Молдағалиевтың сөзін тындағанбыз. Сол кез
де орысша оқыған «сауаттырақтар» қайда
болды? Қазақша акцентпен арқамыздан құ-
мырсқа жүгірткендей намысты сөздер ай
тылған шақта қол соғудан қорқып, жер теуіп
едік-ау. Оның қолындағы бір бет қағаз дірілін
көрген қаламгерлер әлі де үнсіз. «Жаман жол
дас» тағы еске түседі. Айтпайды олар, өзімнен
асып кетпесін дейді. Сол күні Колбинге қасқая
қарап тұрып: «Кеңестік Отанды жаудан бірге
қорғаған едік, сіз бен мен замандаспыз, рас,
бірақ сіздің тұқым менің немере қыздарым
ның шашын жұлғанды, ұлдарымның басын
жарғанды көргенше бір күн бұрын өлгенім
артық еді. Бұл жолы ақын сізбен пікірлес бола
алмайды, ғафу етіңіз», – деген сөздерді ол кез
де бірінші басшыға айту үшін қанша ерлік ке
рек еді! «Өлі арыстаннан тірі мысық артық»
деген даналықты да айтқан біздің қазақ қой.
«Мысықтабандар» озды, намысты ақын өлді,
уақыт зулап жатыр...
Тәуелсіздік таңының жемісі де бар, шүкір.
Өткен жылы Атырауда өзін балағаттаған
итальяндық азаматтан сот арқылы кешірім
сұратқан қазақ қызы – бүгінгі еркін ұрпақ
өкілі. Ендеше, елдік пен тәуелсіздік жекеле
ген адамдар намысына да байланысты. Өз елі,
өз даласы, байлығы бар ел екенбіз, неге ана
тілімізді қастерлете алмай отырмыз? Бір жыл
да меңгеретін шет тілден өз тіліміз қиын ба?
«Жаман жолдас» әңгімесі бұл күнде аңқау
лар үшін айтылатын көне тақырып та болуы
ғажап емес. Бірақ осыдан жиырма жыл бұрын
алаңға шыққан жастар соны оқығандар бол
са керек. Олар бір-бірін қолдай білді, топтаса
білді, ұлт намысы жолында бірлесіп таяқ жеді.
Оларға қарсы күш жұмсағандар өз қара басы
нан аса алмайтын, өз билігі, өз көзқарасы жоқ
жанды қуыршақтар еді. Олар түрін құбыл
татын хамелеон – кесірткелер тәрізді қазір
басқа бояумен өмір сүруде.
Тарих дөңгелегін тоқтатар күш жоқ, әрине,
уақыт өз дегенін жасап бағады. «Заманың түл
кі болса, тазы боп шал» деген қазақ қалыспау
ды үндейтін секілді. Құбылғанды қууға да да-
йын бол деген-ау, сірә. Тазы болу – қырағы болу
сияқты ұғым ғой. Ендеше, ат мініп, тазы ерт
кен дала ұрпағына қырағы болғанға не жетсін.
Ана тілдің тағдырына қатты алаңдайтын
алдымен қаламгер қауым. Басшылар, байлар,
бизнестегілер мен сауда, кеден қызметкер
лері әзірше бұл мәселеге кірісе қойғаны ша
малы. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», –
деді Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев.
«Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жағдай
да ұлт ұлы болмайтынын ұмытпайықшы», –
депті Ғабит Мүсірепов. Жазушы шығармасын
тәрбие құралында ең басты көрнекі дәрежеге
жеткізу бүгінгі қоғамның экономикадан бір
саты да кем түспейтін негізгі саясаты болға
ны дұрыс. «Жаман жолдас», «Хамелеон» тү
гілі, күнделікті баспасөзді көз жүгіртіп қара
майтындар көбейіп барады. Не жөнінде жа
зылғанын да ескермейтіндер саны аз емес.
Мақалада көтерілген мәселеге көңіл бөлініп,
тиісті орындар жауап та қайтармайды. Мейлі,
жаза берсін деп, қол сілтеп жүре береді. Неге
десеңіз, оны қазір қолданылып жүрген заңда
талап етпейді. Айтылған сөз жерде қалмасын
деген ниетпен жасалған заң жобасының өзі
жерде қалып қойды. Енді қажет мәселені кө
теретін қаламгер де азайған сияқты. Жазған
нан нәтиже шыққанын көрмеген оқырман да
қазір басылымдарға немқұрайды қарайтын
болды. Баспасөзге де жазылу қиындайтыны
ның бір себебі осы. Ал ұлы жазушы Л. Толстой
«Безразличие – подлость души» депті. Енде
ше, кітап шығарып, газет басқаннан не тауып
отырмыз? Ойлансақ қайтеді?..
АТАМЕКЕН АЛДЫНДА АНТТАСАЙЫҚ,
АҒАЙЫН!
Ауыл!
Әр қазақтың ата-тегінің ақ бесігі, әр қа
зақтың табанын тірер, арқасын сүйер асқа
ры, әр қазақтың баба дәстүрі, көне салты,
әр қазақтың есі кетіп еске алар балалық бал
дәурені. Атамекенге деген ұлы махаббат сол
ауылға деген жүрек түкпірінде сыздаған сағы
ныштан басталса керек. Бәлкім, басқа ғасырда
қалада туған қазақтар Қазақстанның мақта
нышы бола жатар, дәл қазіргі біз өмір кешкен
дәуірімізде ұлылықтың негізі сол ауылдан бас
тау алды. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнан
баев далада туып өсті. Ұлы жазушы Мұхтар
Әуезов ауылдан шықты, батыр Бауыржан Мо
мышұлы – ауыл баласы. Бүгінгі Алматы мен
Астананы даңққа бөлеп жүрген өнерлілердің
басым көпшілігі, зиялы қауым атанған оқы
мыстылар мен талант иелері – ауылдан өнген
ұрпақтар не сол ұрпақ тәрбиесін көргендер.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев та ауыл перзенті. Ауылын, халқын
ойлағандықтан да Елбасымыз осындай ше
шім қабылдап отыр.
Ауыл жылдары!
Осы бір шешім қабылданғанда менің көз
алдымнан ерке құстары еркін жүзетін көгілдір
көлдердің көктемгі көрінісі өтті. Қозы-лағы
жамырап, у-шу болған кешкі ауылдың тай-
құлынға мініп көк шалғында құйғыта шапқан
бақытты балаларының дауысы келді құлағы
ма. Сабада қымыз сапырған келіншектің
жылы жымиған жанары көз алдыма келіп, тәй
басқан жас сәбидің тұсау кесер тойындағы
дүрмек дауысын да естігендей болдым. Оюлы
текемет үстінде шәйі жібек көрпеде отырған
бәйбішенің жанында тербетілген бесік елес
теді... Шындығында бұл сурет елес боп қалмақ
па? Өйткені, шын мәнінде қозы-лағы азайған,
қымызы да, қызығы да ортайған, бәйбішесі
базар жағалап кеткен, келіні жүкті болуды си
ретіп, бесікті жинап тастаған, көшіп кеткен
жұртта есік-терезесіз үйлер мен иесіз қалған
иттер тұр көз алдымда. Қорғаны жоқ, қалқа
ны жоқ, қожасы жоқ, егіндігін қаңбақ басып
кеткен жайылымы бос қалған алыс ауылдар
да қазіргі күні панасыздар қалды. Олар осы
ауылға көңіл бөлінер сәтті он жыл бойы асқан
шыдамдылықпен күтті...
Иә, ауыл шынымен тозды. Бірақ оның біра
зын жөндеуге болар. Алдағы үш жылда сәл де
болса еңсе көтерілер. Үркіп кеткен, қалада
қара бастың қамы деп қаңғығандар ауылына
оралар, қалған жастар қайраттанар. Әттең,
дәл қазіргі несиені іске асырып, бел сыба
нып кетер салауаттылар аз ауылда. Егемендік
алғанда он жастағы бала қазір 20 жасар жігіт
болды, қолында не малы, не көлігі, не білімі
жоқ.
Тоздырып болып, енді еске алған ауыл
алдымен ұлттық тәрбиеміздің ошағы еді-
ау! Сол ошақты да бұзып алған сияқты
мыз. Ол қашан қалпына келер екен? Осыдан
отыз жыл бұрын ауыл атасы, ауыл ағасы,
ауыл қарттары, ауыл азаматы деген ат
қа асқан ілтипатпен қараушы едік. Ауыл
дың сырт келбетінен ауыл ағасын, аза
маттарын танушы едік.
Ауыл баласы! Ол өзі алданса да, өзгені
алдамайтын ақкөңіл болатын. Ауыл бой
жеткені инабат пен сызылған табиғи
байсалды мінездің иесі еді. Қалада тұра
тын сәбилер жазғы демалыста ауылда
ғы ата-әжеге асығатын, даладан мейірім
мен төрт түлік малды көріп, таза ауа
мен адамдардың таза пейіліне сусындап,
жанын, жүрегін тазартып қайтушы еді.
Енді ше? Енді олар ауыл қазағын менсінбей
тін тасбауыр болды. Ауыл жігітін «мәмбеттер»
атайтын қала қыздары қазір күйеусіз. Дала
қызы қалалық жігітке қызығып, тастанды ба
ланың санын көбейтуде. Ауыл жігітін ерте
ден «Асылдың тұяғы», «Марқасқа», «Азамат»
деп ерекшелеп айтатын, қазір ол сөздер – ар-
хаизм. Ондайды ешкім естіп жүрген жоқ,
түсінбейді де. Қала мен ауылға сауда жасап,
ұн мен көмірді сәл қымбат сатып жүрген көр
ші жігітті ауылдағы ағайынымыздың мек
тепке бармайтын баласы «крутой» дегені бар.
Адамға жақсылық жасау деген ұғым қазір
саудамен араласқан түсінік сияқты. Ендеше
қазіргі ауылда өсіп жатқан ұрпақ, мейірім
мен адамшылықты көре алмай отыр. Қожа
лық иесі де еңбектерін жеп, тиесілі үлестерін
кезінде қайтармайды. Ала жаздай еткен ең
бегіне екі арба пішен, екі қап ұн берсе жақсы,
бермесе де амалы қанша, қайда барсын. Кей
жерде тіпті, шағым айтар аудан да тарап кет
кен. Бұрын ауылда көргендінің баласы, ұяты
бар ұл, анасы асыл қыз, мәдениетті жігіт де
ген сөздерді айтып отырушы еді, оны жастар
еститін. Қазір ел ішін кәкүр-шүкір қаптап кет
кендей сезінесің. Аға ұрпақ – зейнеткер. Қо
лында ақшасы жоқтың сөзі де арзандап тұр,
ешкім тыңдап жатқан жоқ сияқты.
Он жылдай пәтуасыз лицензия алған
оқу орындарына ақша төлеп оқығандар
шала сауатты. Өйткені ақша төлегесін,
емтиханда құлатпайды, құламайтынын
білген соң, құнығып оқып бас ауыртпай
ды. Сауда жасап ақша төлейді, баға қой
ғызып үйіне қайтады. Ондай маман кімге
абырой әкелмек. Бұрын алыстан оқып келген
студент қарияларды құрметтеп, сәлем беріп
шығатын дәстүр болатын, қазір ел баласы
оны да көрмейді екен. «Баталы құл арымас»
деп отыратын баталы шалдар да зейнетақы
ның кезегінде жүр, қазір үйлеріне әкелмей
ді, банкомат немесе байланыс орнын күзетіп
жүргені. Осыны көрген жас ұрпақ үлкен сый
лап жатқан шарадан бейхабар. Сондықтан
Ауыл жылын алдымен тәрбиеден, мектептен,
мәдениеттен бастаған дұрыс болар еді. Әрине,
мәшине мен трактор да керегі сөзсіз, ол сана
сыздың қолына тисе, тез сынады және жеке
леген адамдарға ғана пайда әкеледі. Олардың
бірі қожа, бірі би, тағы бастары бірікпеуі мүм
кін. «Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің
бәрі бос» деген Абайдың айтқаны келеді. Ал
дымен ауылдың басын біріктіріп құрап, мақ
саттарын айқындап беретін шара жүргізілсе.
Ауыл әкімдері қара халықтың сөзін құлаққа
аспай бара жатыр және бұл бір аймақтың
«сырқаты» емес, талай жердегі құбылыс. Тіп
тен, зейнеткерлер баратын қамсыздандыру
бөліміндегі жастардың өзі дауыстарын кө
теріп сөйлеседі. Осының бәрінің арғы төр-
кіні – мәдениетсіздік. Ата салттан тысқа
ры кеткен тәрбиенің «жемісі». Ауылда өскен
ұл-қыздар аздау оқығанымен, ата дәстүрлі
тәрбиеден талай тағылым алушы еді ғой.
Ауыл жылында ауыл мектебін қалай да
мытсақ екен деген ой да мазалайды. Талай
жерді компьютерленді деп жария етеміз.
Оның көбі қағаздағы есеп беру. Талай ауыл
мектебінде ол бөлме құлыптаулы тұрса ше?
Құлып астында есепке кіріп тұрған тексеру
комиссиясы кезінде іске қосатын компьютер
ден, телевизорға түсіруге арналған бөлмеден
кімге не пайда келмек? Көбіне сабақ берер
мұғалім жетпейді. Ауыл жылы алыс ауылға
мектеп салып береміз деп тағы шығынға бата
мыз ба? Одан да аудан орталығындағы немесе
облыстағы интернаттарды күшейтсе қайтеді?
Ауыл баласы үйінен алыста болса, өз бетінше
күнкөріске бейімделер, бір-біріне мейірімді
болып араласып үйренер, ең бастысы уақыт
талабына сай техника мен жаңа заманның
жетістігін меңгеріп, дамып жетілер. Өз киімін
өзі киіп, ұқыпты, жинақы болуға, қаланың та
залық мәдениетін меңгеріп, жазғы ауылдың
дәстүрімен салыстырып өсер. Біз ауылды ау
9-251
даннан, ауданды облыстан, облысты өзінше
бөлгеннен оқу-тәрбие жұмысын әлсіретіп
алатын сияқтымыз. Иә, Алматыға баруға ақша
жоқ, Астанада оқуға шама жоқ деп жоғарғы
оқу орындарын бөлдік. Университеттердің
саны көбейді, сапасы қалай? Не ұттық, неден
ұтылдық? Араласу азайды, осы кез көңіл сан
дығы таяздап, ойлау көкжиегі тарылып, жан
дүниеміз кедейленіп бара жатқан жоқ па? Мы
салы, Павлодарда үш университет, ол универ
ситеттер ұлттық атынан Әл-Фарабимен, бі
раз оқымысты жиналған Еуразиямен тең түсе
алар ма екен?
Павлодарлық студент бұрын оңтүстік
тің қызына үйленіп еліне салт-дәстүр
апарушы еді. Атырау жігіті Баянауыл
бойжеткеніне Дина күйлерін үйретер еді.
Сырдың сұлу қызы сонау Абай елінде па
лау басар еді. Көкшедегі дастархан салты
Түркістанмен аралас жаңғырып, құдалар
келіп мәре-сәре болар еді. Өзі шағын ре
спубликада енді әр жер өз қазанында қай
най бастады. Өз руы, өз әулиесі, өз атасы
жайлы кітап... Әскерге де өз облысында
қалады. Өз өңірінен өзгені көрмеген ұлдың
көзқарасы биіктемесі анық. «Үйдегі батыр
жауға жоқ, үйдегі шешен дауға жоқ» деп халық
неге айтқан. Ұсақталған ынжық ұл елге қалқан
бола алар ма? «Атың барда жер таны желіп
жүріп, асың барда ел таны беріп жүріп» деген
ұлағат нені меңзейді? Иә, қалталылар шет елді
танып жатыр, шүкір, шет тілін меңгерген ұр
пақ өсіп жетілуде, бірақ ана тілі мен ата салт
ұлт сақтауда, елдікті сақтауда орны бөлек нәр
се емес пе? Қазір бізде сол дала философия
сы, ғасырлап жинаған бабалар дәстүрі, ұр
пақ тәрбиелеудегі құнды пікірлер ұмытылып
тұрғанға ұқсайды. Тәуелсіз Қазақстанның
ертеңіне лайық саналы, намысты, жаны бай,
салтқа берік ұрпақты тәрбиелеу кейінге қал
дыра тұруды көтермейтін мәселе. Мұның бәрі
жақсара түссек, бола түссек, ешкімнен кем
болмасақ деген игі арман, ақ тілек. Кешегі күні
Ресейдегі Қазақстан жылының салтанатты
ашылуын көріп отырған әр адам ерекше қуа
ныш сезіміне бөленгені қандай мәртебе. Ке
мелденіп келе жатқан Еліміздің кең маңдай
лы Басшысы қандай, байлығы қандай, өнері
қандай! Япыр-ай, бұл қазақтың қыздары нет
кен талантты еді! Бибігүл, Роза, Жәния, Айман,
Шұғыла, Майра, Ләйла. Әр есім ұлт намысын
көтеріп тұрған жоқ па? Осынша өнерлі қы
здар өсірген ұлт кімнен кем, оның тілі кімнен
кем? Неге ана тілімізде сөйлемейміз? Шынын
да ұлт тілінде сөйлемеген ұрпақтың өмірінің
аяғы өкінішпен біткеніне талай мысал кел
тіруге болады. Олар өзінен туған ұлға да жат
болып кеткен. Талай арыстарымыз өзге ұлтқа
үйленіп, қартайғанда қарттар үйінде қалған!
Осындай намыс тәрбиесінен тыс қалған ұл-
қыз аралас некеге бейім келеді. Ана тілді де
қолдамайтын солар. Ол жерде ата салт жайлы
әңгіме болмаса, ақыры қиын. Кейде жағдай
ға байланысты ана тілін жете білмесе де, ұлт
тық намысты жоғары ұстап отыратын отбасы
болады, намысшыл, өжет болады-ақ, әттең,
өзін терең біле алмай қиналады. Бәрібір ана
тілінің терең мәнін ана сүтімен емгенге, әліп
педен бастап сөйлегенге жетпейді. Кейде ана
тілінде сайрағанның санасы төмен, намысы
жоқ болып қинайды. Сондықтан рухани бай,
саналы, намысқой ұрпақ тәрбиесі әр ата-
ананың есінен шықпауға тиіс борышы дер
едім. Ұлттық намысты сезінбеген қыздардың
алды Америкада, соңы Венгрия мен Түркияда
тұрмыста жүр. Өзге ұлтқа шыққан қыздан на
пайда, олар баласын қазақ деп жаздырта ал
майды. Ауыл десек есімізге бұрын көп бала
лы аналар түсетін, бірі кіріп, бірі шығып
жүретін күн сүйген ұзын қарасирақтарды
шетінен емірене иіскейтін, шетінен қол
қанат қып шаруасына жұмсайтын кең-
пейіл, кең етек, ақ жаулықты ана оты-
ратын. Қазір ондай анаға соңғы ән сөзін жаз
ған далада туған ақын Қайрат Жұмағалиев
алпыстан асып кетті. Ондай аналарды көрме
гендер ана жайлы жұрт тебіренер жыр да жаз
байтын сияқты. Қазір санап туған бір-екі
баламен ұлт саны қалай көбейер? Сонда
кең байтақ Қазақстанға ертең кімдер ие
болмақ? Әлі қоныс теппеген оралман ба? Ол
ұрпақ келген жағын аңсайды. Қазір тұрмыс
құрмаған қыз-жігіт саны қанша? Мақаш Тәті
мов есебінен жаңылған тәрізді.
Иә, біз өсе алмай тұрмыз. Санымыз өсер түрі
жоқ. Қазіргі отбасында бір-екі бас қана, олар
дың өзінің денсаулығы шамалы. Дүниеге бала
әкелетін ауыл келіншектері шетінен анемия,
аузында тістері жоқ. Тарап кеткен ауылдан,
қосыла кеткен ауданнан көмекке берер он бес
мың теңгені іздеп тауып алғанша шашы аға
рар. Кеше мен он жыл бойы «Алтын алқасын»
алмаған он баланың анасын көрдім. Енді бір
он бала туған ана қарты екеуі қалада пәтер
жалдап тұрып жатыр, өздері зейнеткер, пәте
рақыны мұғалім қызы төлейді екен, ал оның
алып отырғаны да он бес мың теңге. Бұл да бір
ауылға емес, бүкіл Қазақстанға ортақ жайт.
Ауыл мәдениетін көтеру үшін мәдениет
сарайларының сау қалғанын жөндеу керек,
кітапханаларға көңіл бөлу керек! Ол сарай
ларды жекешелендіру кезінде бұрын басшы
болғандардың балалары сатып алып, бұзып
көшіріп, қала маңына үй салып алған. Неге
екенін қайдам, бұрынғы әкім-қаралар жеке
шелендіру кезінде қара халыққа ештеңе үй
реткен де, түсіндірген де жоқ, өздері малға
дейін молырақ бөліп алды. Ауылды аздырған
солардың қазір де шаруасы түгел. Бірі – де
путат, бірі – базар қожасы, бірі – зауыт иесі
(бәлкім, басқа фамилияға аударып қойған).
Әлі сол үлес жалғасуда. Халық соған наразы,
іштей тынып отыр. Халық игілігі болған ғима
раттарды жеке адамдарға заңдастырып сатып
жүрген өз бауырларымыз қара халық көзқа
расын құлаққа аспайды. Кей қалада жекемен
шік иелері өзге ұлт өкілдері, қазаққа сатсақ,
сөз көбейеді, саудаға бөтендер тиімді. Батыс
Қазақстанда талай нәрсеге қожа тіптен ресей
ліктер. Оқта-текте қарапайым жігіт ие болса,
ондайлардың «крышасы» болады. «Крышасы»
жоқтар бизнес жасаса, салықпен-ақ жеп қоя
ды. Оны халық көріп отыр-ау деп кейбіреу-
лер ойламайды. «Ел қамын ойлағандар»
әйеліне алтын дүкенін, ұлына мәшина сало
нын, қызына кешкі ойынхана сыйлап отырға
нын да халық жақсы біледі, қазір оған да көн
діккен. Екі аяқты пенде жүрген жерде Әділет
деген сорлы қашан шырқырамап еді. Талай
лар осы әрекеттері үшін абыройдан айыры
ламын-ау деп ойланбайтын тәрізді. Төреші
уақыт ертең бәрін өз атымен атайтыны да
тарихта мәлім. Кезінде «халық жауы» болған
елін сүйген азаматтардың есімін де тарих пен
уақыт айқындап берген.
Қазір ауыл баласы да пайдакүнем, жеңіл
тірлік іздеуде. Ауыл малын ұрлап, өз туысын
алдайтын алаяқ та сол елден көрген «өне
генің» жемістері ғой. «Көрген көргенін істей
ді» демей ме халық. Ел сенген азаматтан ауыл
баласы әділетсіз жекешелендіру көрді. Тек
тілік деген тегеурінді сөзді естімеген ұрпаққа
мектепте текті бол деп шырылдағаннан не
шығады? Тентек болған баланы түзететін
түрме емес, оны тентектікке жібермей
ұстайтын ауылдағы тәрбие мен ата сал
тымыз. Содан кетіп барамыз.
Қазақтың «мың жылдық» деген құда-құ
дағайы балаларының үйіне таласып, сот
тасуда. Бұл – ойлап қарасақ, бүкіл ұлт болып
ұялатын жайт. Қариясын қартайғандар үйіне
апарып тастау да, сәбиден бас тарту да мейі
рімсіздіктің нәтижесі. Өткен жылы ауру
ханада өз анасын емі бітсе де, үйге алғы
сы келмеген жігіттің тағы да бір аптаға
ақша төлейін, тек үйге жібермей тұра
тұрыңыз деп дәрігерге жалынғанын көріп,
бірнеше түн ұйқым қашқан еді. Сол жі
гіт ағасы болған азаматты ертең өз баласы
сөйтпес пе екен? Мейірімсіз ұрпақ ертеңгі
Қазақстан еліне не қоспақшы? Шетке сатқан
сәбиден қалғандар өсіп жетілгенде, көргені
мен тегі жоқ, барар жер, басар тауы жоқ, ана
сы мен үйі жоқтар өскенде қоғамымыз қан
дай болмақ? Ол жетімдермен қайда барамыз?
Болмаса балаларды 12 жыл мектепте ұстап
есейтеміз бе? Ерте жетілетін оңтүстік өңір
қыздарын тұрмыс құрудан, ана болудан бас
тартатын заң шығарамыз ба? Қазіргі ұрпақ
тың көз ашқалы көргені порнофильм бол
са ше? Тіптен концерттік сахнадан жалаңаш
әйелдер көрсетуге бейімделіп тұрмыз, ендігі
жерде Баян сұлу киімін «жаңғыртты», атақты
Қыз Жібекті шешіндірсек, ұлттық ештеңе қал
мас, сірә. Мұның да арғы тегінде өнерге келген
жастардың ата дәстүрден тайыздығы жатқан
болар. Сөйтіп, мектептерге бесік қоятын бөл
ме ашуға дайындықты өзіміз жасап жатқан
сияқтымыз. Жас ұрпақтың да көргені – өнер
де де, өмірде де өзгелерге еліктеу.
Ауыл жылы деп жарияланған үш жыл асыл
тұқымды мал қалған аймақтарда талай тұр
мысты көтеріп тастары анық. Ауыл қазағы
ның мал бағар жағдайы болса, тұрмысы жа
ман болмайды, олардың малын ұрлықтан
сақтауға көмек керек. Мал тұяғы үш жылда
өсер, үш жылда өспесе, бес жылда өсер, ал
адамзаттың есті ұрпағын өсіруге отыз
жыл да аздық етеді, парасатты жет
кіншек тәрбиелеу оңай шаруа емес. Неге
екенін қайдам, атақты «Аяз би» ертегісін бас
тауыш сыныпта оқытады. Бастауыштағы ба
ланың «Алдымен аузыңа көже түсті, тегіңде
хан жоғын содан білдім» деген ұғымға түсінуі
мүмкін емес. Қалада өскен, сөздік қоры аздау,
қазақы ұғымы тайыз бала мүлде ұқпайды. Оны
пайымдау үшін дайындық қажет. Бұл есейген
адамдар айтқан әңгіме, тіптен хан мен уәзір
лер арасында болған оқиға ғой. Бұл жас ба
лалардың арасында айтылатын әңгіме емес.
Аяз биді лауазымды адамдар өзіне сын көзбен
қарау үшін шығарған халық. Ал қазақша біл
мейтін басшы Аяз бидің даналығын қайтеді?
Ертеректе бір ауданның мен білетін басшысы
қазақ ауылында «Аллағиуакбар» деп ас қайта
руға тыйым салған болатын. Сол аймақта әлі
күнге дастарханға салиқалы бата берер қария
жоқ десем, өтірік емес. Тағы да жас ұрпақ ата
салтын көрмей, дастархан мәдениетін сезін
бей өсіп жатыр. Әжелеріміз ас ішіп болған
соң, түгел жинап, ақ батасын айтып, бетін си
пап, сосын тұрып кетуге рұқсат беретін. Ол да
мәдениет, нанды сыйлауға, дәстүр сыйлауға,
орнықты болуға үйретері сөзсіз. Ата салт ұлт
тық тәрбиенің негізгі ғой. Тағы сол «Аяз би»
ертегісіндегі Қарашаштың даналығын ерек
ше оқыту да қажет сияқты, тек әдебиетші
лерге ғана емес.
Қазақ әйелі деген өзгеге ұқсамайтын
дала мінезімен ерекшеленуі керек. Одан
парасат пен ақыл үйренсе артық па екен?
Бүкіл далаға, ұлтқа ана болатын қыз тәр
биесі оп-оңай қарайтын нәрсе емес. Қазақ
қыздарының ұлттық тәрбиесі туралы
курс ашып, емтихан тапсырылуы да ар
тық болмас еді. Иә, біздің қазіргі қыздарға
ұлттық тәрбие ерекше қажет кезең. Ол
алдымен ұлттық намыстан бастау ала
ды. Тәрбиенің ұлттық негізін бойына сіңір
меген қыздар әр түрлі діни ұғымға ұрынуда,
өзге ұлтты сүйдім деу – ұлттық намыстың
жоқтығы. Намыссызға бәрібір. Көшеде күн
діз сүйісу, көпшілік орында айқайлап күлу,
театр киім ілгішінде үлкенге жол бермей, тай
раңдау жалпы қыз балаға жарасты қылық па
екен? Ол – тәрбиесіздік, ол – мәдениетсіздік.
Тәрбие мен мәдениет қысқа етек пен беттің
бояуы деп түсініп жүрсек ше? Қазақ қызда
ры жеңілтек мінез бен өзгеге мазақ болса да,
ұлтқа сын. Қазақ қыздары көйлегін көтеріп,
көшеге кетсе, оның да себебін қоғамдағы тәр
биеден кеткен қатеден іздеуіміз керек. Олар
ды көшеде тұруға мәжбүр еткен не? Қате жі
берген кімдер? Бірде кәдімгі Алматыдағы бір
дүкенде ағаш тостағанға қызыққан өз қы
зына ұрысқан қазақ әйелін көріп, жағамды
ұстадым. Сонда сол қазақ кемпір тостағанды
артта қалған қазақшылық деп түсініп тұрып,
қай ұлттың төрінде аяғы қисайып отыр
мақ. Сондай шалағайлардың кесірінен, өзгеге
еліктегіш намысы жоқтардың кесірінен біз
ұлт атынан мұражайға қояр қасиетті мүлік
терден айырылдық. Атасының асатаяғын лақ
тырған келін қазақта, енесінің кимешегін қа
зан сүрткіш жасаған келін қазақта. Ендеше
қыздарды ұлттық тәрбиеден шығарып алған
нан тапқан «пайдамыз» осы. Қазақы бесік
зиян дегенді де бізге басқалар айтқан, ал біз
еліктегішпіз, «Көп айтса көнді, жұрт айтса бол
ды әдеті надан адамның» деген Абайдың сөзі
не де құлақ аспай келеміз әлі. Ұлттық намысы
бар бір адам елге қанша жақсылық әкелсе, на
мыссыз бір адам да сонша кесел әкеледі екен.
Бір қыз қателессе, қазақ қызы деген үлкен
ұғымды кірлететінін үйрете алсақ-ау, шіркін!
Бізге әдебиеттен сабақ берген Мәншүк батыр
дың анасы Әмина Мәметовадан тұқымының
тектілігі аңқып тұратын. Нұралы хан тұқымы
на қатысы бар Әмина Мәметованың аяқ ба
суында ерекшелік, сөйлеген сөзінде парасат
тылық, шашын түюіндегі, бойын ұстаудағы
маңғаз сәнділік, көзқараста тұрақты сенім
мен тәкаппарлық бар еді. Ауыз әдебиетін те
рең білетін сол ұстаз докторлық диссерта-
ция қорғай алмады. Себебі Чернышевский,
Достоевский, Толстойлар тегін ашық айтқан
да, Абайдың тегімен біз неге мақтана алмай
мыз деп жазған екен, сол сөзден ұлтшыл атан
са керек, әрі Ахмет Мәметов «халық жауы» деп
танылды. Алматыда алғаш тері аурулары ин
ститутын ашқан дәрігер халқына қалай жау
болды? Иә, сол аттан әкесін ақтау үшін қыр
шын жас қазақ қызы Мәншүк майданға сұран
ды. Міне, намыс деген осы! Асыраған әкесі
нің намысы үшін ел қорғаған намыс ерлік-
пен аяқталды. Ал Әмина апай докторлық
қорғау үшін пікірін құбылтпады, жағынған
арыз жазбады, аяққа жығылмады. Өзінен са
уаты төмен докторларға маңғаз қарады да,
қазақ қыздары тәкаппар болу керек деп лек
циясын оқып өтті. Өмірден оның тәрбиесін
көрген Мәншүк қазақ ұлтының намысына
айналуы да тегін болмас. Сондықтан да отба
сындағы қыз бала тәрбиесі ұлт болашағымен
тікелей байланысты мәселе.
Ауылдың бүгінгі сақталған тәуір жақтары
әрине, әйелдерге байланысты. Бала оқыта
тын, тәрбиелейтін солар. Ошағын сақтап,
жоғын бар жасап отыр. Бүкіл ауыл мектебінде
еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер. Ауыл ба
ласының білімі тайыз деп оларды да кінәлай
мыз. Аз ақшаға жанкешті еңбек ететін, ауыл
тұрмысының ауыр тауқыметін көретін со
лар. Компьютерлер толтыра алмаған тәр
биені ата салтпен, тәртіппен, адалдықпен,
өнеге беріп толтыратын да солар. Ауыл бала
сының білімін көтеру үшін ұстаздарды жиі
білім жетілдіру курстарына жинақтап, көр
некі құралмен көмектесу керек. Ұстаздар үшін
жазғы демалыс орны да ойланатын шаруа.
Ауыл ұстазының емделу түгілі ауыруға уақыты
жоқ. Республикамызда әдіскер ұстаз, ұлағат
ты ұстаз, өз ісінің шебері өте көп. Алыс ауыл
да ондай болуға мүмкіндік аздау дегенім бұл.
Болашақта ауыл мен орталықтың мектебінен
айырмашылық алшақ болмаса екен. Жасалып
жатқан бастамалар жоқ емес. Барды жоққа
шығарудан аулақпын, дегенмен ауыл мекте
бінің білімі сәл де болса төмен-ау. Қазір қай
да да программадан тыс әдебиет оқылмайды.
Республикалық газет-журналдар ауылға жет
пейді.
Газет-журнал сиреген, насихат аз ауыл
теледидар көргенімен, бүгінгі жер мәселе
сін толық түсініп болған жоқ. Бөлінген же
рінің кімнің қолында екенінен бейхабар.
Олар түгілі купонымыздың кімнің пайда
сына шешілгенін қалалық біз де білмейміз.
Біз купон салған өндіріс орнының бәрі жа
былып кеткен, көбінің атын да ұмыттық, ку
поннан көмек көруді ойламайтын болдық.
Ауыл адамдарының да біразы қағаздарын ал
маған, жердің қағазын кім пайдаланып отыр
ғанынан бейхабар, біреу келді, біреу кетті,
кейбіреулер ештеңе түсінген жоқ. Сонда туған
ауылға жанашыр азамат болмаған ба? Баяғы
дан оқытып өсірген ұл-қызы қайда ауылдың?
Ән салдырып, ағыл-тегіл қымыз ішкізіп, ай
мақты асыраған ауылды аздырған кім? Хан-
талапай ойнап кеткен кімдер? Оның да жа
уабын қарапайым халық біледі, аттарын да
біледі, олардың кеудесінде бәрі-бәрі сайрап
тұр, әттең, айта алмайды, тыңдаушы жоқ, кө
бі әлі билік тұтқасында жүргендіктен, олар
әлі ебін тауып шалқып жүр. «Сай сайға құяр,
бай байға құяр» дейді халық баяғыдан. Ауыл
адамдары әлі баяғыдай, момын, көнбіс. Әр
кімді Құдайына тапсырып отыра береді. Әлі
ниеттері аппақ, бары дастарханда, әлі бірін-
бірі қонақтап сыйлайды, алдап кеткенді де
қарғамайды, алып кеткенге де ештеңе жа
сай алмайды, қолдары қысқа. Ауылды сақтап
отырған әлі сол дала мінез бен кейбір отбасы
ұстанған дархандық. Осы бір ұлттық ерек
шелігіміз болған дархандықты сақтау үшін
ауылға көңілді ерекше аударуымыз керек.
Ауыл жылы жарияланды, айлар зулап өтіп
жатыр. Басталған шара қайсы? Ауыл жылы
ауызбен айтылып жүр, нақты ештеңе көзге
көрінбейді, әлде ол тек әкімдерге қатысты ма?
Әзірше мен көрген ел ұйқылы-ояу отыр. Өйт
кені олар несие жайлы ештеңе түсінген жоқ.
Ауыл адамының несие алу үшін кепілдікке
қояр байлығы қайсы? Үйі тозған, малы біткен.
Оларды басқаруға беретін заң жоқ. Он жыл
насихат жұмысы, тәрбие жұмысы, егемендік
пен нарық заңын үйрету ауылда болмай қал
ды. Ауыл тұрмысы, ұлт санасы, елдік пен на
мыс есті адамның немқұрайды қарар шаруа
сы болмасқа керек, менің де жүрегімді сызда
тып тұрған мәселе. Қолымнан келері аз болса
да, айту парызым деп білем.
10-251
Иә, тарихтан таныс мың өліп, мың тірілген
қазақ әлі ойланар деп сенейік, әлі де таңырқа
тар деп күтейік. Ендігі тірек сол ауыл тезірек
көркейсе екен. Ауыл көркейсе, жас ұрпақ кей
бір жетесіз ағалары қиратып кеткен орынға
жаңа ғимараттар тұрғызып, көне мектеп
те алғаш әліппені қазақ даласын қалтқысыз
сүюден бастап оқитын болады. Олар еркін ел
болған Қазақстанның еркіндік жолындағы
ерлерінің еңбегін оқып, ежелден батырлар
қорғаған атамекенге енді өздері қожа екенін өз
ана тілінде айтып, есейетін болады. Ауыл көр
кейсе, туған топырақтағы байлық пен билік өз
қолдарына тиген еркін жас ешкімге жалтақта
май, аяғын өз жерінде нық басады. Өткен ба
баларының кешкен от пен суын, өзгеге тәуел
ді болған кездегі қателіктерін кешіріп, тарих
беттеріне қайта үңіледі. Ауыл көркейсе, қала
ларды шулатып, атақоныс ауылға көш басын
қайта бұрады. Жайлау төсін малға толтырып,
жайқалтып егін өсіреді. Олар да бесік тербеп,
әлди әнін айтады, олар да айнамкөздерге жыр
арнап, қаламқас қызға ән мен сәлем жолдай
ды. Ауыл көркейсе, Сарыарқа төсін дүбірлет
кен сәйгүлік мініп жарысқа түседі, тұяқ дауы
сын домбыра пернесіне қайта жазып күй шер
теді. Жұмыр жерде тіршілік тоқтамайтыны
заңды болса, өз атамекенінде қазақ ұрпағы да
бақытты өмір сүрмек.
Ауыл адамдары қалаға келіп паналады,
біреулер қалада қазақ көбейіп, тілімізді да
мытуға себі болар деп қуанып жүр. Келсін, қа
зақтар қалаларды да мекендесін. Ал о шеті мен
бұ шетіне шапқан атың жетпейтін, ауданы
мен ауылының арасы бес жүз шақырымдай
созылған далада кімдер қалмақ? Бөкей хан
ордасы болған қазіргі Орда ауданын бір кез
де 160 мың адам мекендеген, қазір он алты
мың бар ма екен? Атақоныс қаңырап қалса,
біздің қаладағы тас көшеде тақылдап өткізген
өмірдің құны қанша? Бабалар еккен қарағай
орман Көкшеде де, Ордада да сыңсиды, сая
сын мекендейтін ұрпақ күтеді. Шығыстағы
Марқакөл, Батыстағы Шалқар көл аққулары
орала бастаған айдынды жырлайтын ақынды
іздеп жаутаңдайды. Астана-Алматы бағытын
дағы жүйрік пойыздар тоқтайтын Балқаш,
Сарышаған бекеттерінде саудагерлер қолын
дағы тұзды балықтар өмір сүргісі келіп, тыпы
рлайтын тәрізді.
Ауыл жылында ауылын өз анасындай жақ
сы көретін жанкештілерге берілу керек не
сие. Егер несие ұстағанның қолында, тісте
геннің аузында кетсе ауыл тағы жылайды, әрі
азып-тозып кетеді. Сонда біздің рухани, ұлт
тық тәрбие, дәстүр ошағымыз әлсірейді, та
мырымыз босай береді. Ауыл шаруашылығы
ның бар маманы ауылға жанашырлықпен бет
бұрғандары жөн. Экономист, өнер, денсаулық,
әдебиет түгел қол созбаса, нақты ұйымдасты
рылмаса, ауыл аяғын тік басып кетуіне ұзақ
уақыт керек. Ауылға бұрылайық, ағайын. Әр
қазақтың сырқаттанып қалған туысындай
ауыл бізге жаутаңдап отыр бұл күнде.
Біздің бүгінгі қарбалас кезеңіміз Қазақстан
тарихының бір парағы ғана. Әттең, жас ұр
пақ есейіп, ойдағыдай өмір сүре бастағанда
қазіргі аталары шақырған көп инвестор қа
рызын сұрап кеңірдектен алмаса жарар еді.
Инвесторлар әкелген жабдық ол кезде тозығы
жетеді, технология көнереді, сол кезде жаңа
ұрпағымызды жаутаңдатып кетпес пе екенбіз
мына біз? Балығы тайдай тулаған, бақасы қой
дай шулаған өзен-көлде не қалар екен? Әлде
оларға өзіміз атқан құс пен аңның қаңқасын
қалдырар ма екенбіз? Әлде жас ұрпақ қыран
бағып, жүйрік баптар ма екен? Ауыл есін жи
наса малға қарар олар, арғымақ мініп, тазы
ертіп, құс салар. Ауыл көркейсе, салт-дәстүр
жаңғырар, әйелдер қымыз пісер, бие сауар,
салтымыздан қол үзіп кім боламыз деп ой
ланар. Уақыт өзі де ой салар. Ұлыма ие бола-
йын, қызыма пана болайын деп намыс шақы
рар. Ұрпағымды аздырып адам атанғаным
қалай, сәбиімді тастанды етіп ана атанғаным
қалай деп арланар. Туған елдің туын кірлет
пестей өмір кешу азаматтық борышымыз
емес пе?! Ата-баба алдындағы, Атамекен ал
дындағы бәріміздің де антымыз солай болса
керек.
ОРАЛ ЖЫЛДАРЫ МЕН ЖЫРЛАРЫ
«Жас дәурен – жігер оты жанған жа
лын», – деп поэзия көгіне ерте самғаған
ақын оқырманды сыршылдықтың сұлу
орманына бірден ертіп жүре береді. Кез
келген сезімтал пенде оған қосылып: «Бір
күй бар домбырамда тартылмаған, бір сыр
бар жүрегімде айтылмаған», – деп әндетіп
кеткісі келеді. Ол талант құдіреті деп атал
са керек.
1930 жылы Алматыға оқуға түсем деп кел
генмен газетке қызмет істеп жан сақтаған
ақын қазіргі «Жас алаш» бұрынғы «Лениншіл
жаста» жұмыста жүріп, Ленинградтағы орман
шаруашылығы институтына құжат тапсырып,
оқуға түскен. Екі тілге жетік Қасым ол жаққа
барғанымен қаржыдан қиындық көрген, әрі
суық жақта денсаулығы сыр беріп, елге ора
лып, дәм айдап Оралға тоқтайды. Өйткені
Қарқаралыда ақынды күткен ағайыны жоқ
болатын. Кеудесі жалын жыр толы, пейілі
кең жарқылдаған 20 жасар жас жігітті орал
дықтар құшағына қысады. Ол бірден облы
стық «Екпінді құрылыс» газетінің редакция
сына келіп, жұмысқа кіріседі. Осында Абдолла
Жұмағалиев, Хамит Ерғалиев, Жәрдем Тіле-
ковтермен, кейін Жұмат Шанинмен таны-
сып, Оралдың қазақ театрында әдеби жетек-
ші болып қызметке орналасады. Музыка ас
пабының бәрінде ойнайтын жас ақын кө
ңілді ортаның бас кейіпкеріне айналып шы
ға келеді.
Ақ қайың мен сұлу қарағай аралас орма
ны бар, жиегін Ақ Жайық пен Шаған көмкер
ген табиғаты сұлу, өзі де Европа үлгісінде са
лынған Орал қаласы ақынның жалынды жас
дәурені, алғашқы махаббаты, отты жырлары
ның куәсі мен сырласына айналып, ол осы
елге бауыр басады. Оралда өткерген 6 жыл ғұ
мыры Қасым ақынның ең бақытты кезеңі деп
айтуға дәлеліміз мол.
Оралда Қасым алғаш рет Марфуға Кенжеға
лиева деген аруға жолығады, оған 12 өлең
арнаған. «Гүл жүзді, бұлбұл үнді» сұлу үй-күйі,
тұрағы жоқ, жалғыз басты жігітке серт беру
ден сескенгенін, кейін оған өкінгенін еске
алған екен дейді. «Айтшы, жаным», «Көптен
бері өзімнен кетті ерік», «Сайра, сайра, сан
дуғашым», «Әлде», «Жаным, сәулем, еркешім,
қызыл гүлім», «Қыраулы терезе», «Көре алмай
қайттым үйіме» сияқты лирикалық сұлу өлең
дер сол қызға арналып, Оралда жазылып, га
зетте жарық көрген. «1936 жылы «Кім кінәлі»
деген өлеңді жазып, қолыма өзі ұстатып кет
ті», – деп Марфуға замандастарына сырын
айтыпты дейді. Жырлай-жырлай еш жауап
алмаған алғашқы махаббатынан күдер үзген
Қасымның осы Оралда ойда жоқта бір көңіл
ді кеште отырған үйдің жап-жас шай құйған
келіншегіне көзі түседі. Ол – Сақыпжамал.
Адамзат жаралғалы ешбір ережесі қалыптас
паған махаббат деп аталатын ұлы сезім Қа
сым ақынға Оралда осылай жолыққан екен...
Ол оның тағдыры боп қалды.
Жас дәурен, жыр мен сезім, кеудесі отты
күйге толы қызу қанды, өткір көз ақын
енді бұл сезімді тежей алмаса керек. Әуелі
өкінішпен аяқталған өлең «Сол аққу біреу
дің көліне көңілсіз қонды» деп жырланады.
Бірақ ол Сақыпжамалға құлай ынтығады, өкі
неді. «Терезе алды жас терек, тұр екен кімдер
сүйеніп», – деген сол Сақыпжамал тұрған үй
дің Қасым жырлаған терегіне қазір екі адам
ның құшағы жетпейді. Жанына барсаң, біл
ген адамға ақынның ізі, демі, терек бұтағын
ұстаған алақанының ізі сезілетіндей күй ке
шесің. «Сақыпжамал, бір өзіңде екі әйелдің
аты бар, күн боп көзің күлгеніңде, қабағың
нан ай туар», – деп жырлаған. Сәпенге арна
ған «Ғашық едім, қайтейін», «Қайдасың, маха
ббаттың періштесі?» сияқты өлеңдер осында
туған. Сонымен ынтық боп Сақыпжамалға
10 жылдан кейін қосылған ақын Дариға атты
қызын сүйген.
Қасым ақынның сайран салған алау жас
тығына куә – Шаған өзені.
«Шағанның бойы көк шалғын,
Шалқамнан жатқам шаңқай түс.
Гүл болып менің құшағым,
Кеудеме қонған бұлбұл құс.
Өмірдің алтын кесесін
Тосқаным айдың нұрына.
Кешкенмін Совет көшесін,
Кеудемді ашып құрбыма», –
деген бір деммен төгіліп тұрған жолдардың
тууына да себепкер – Орал жері. Сол жаға сол
күйінде жап-жасыл, сол көше – қазір Достық
даңғылы, ақын ізін сақтап үнсіз жатыр. Жаяу
қыдырсаң еріксіз Қасым ақын жырлары тілге
оралып, толқып кетесің.
1933 жылы 22 жасар ақын әскерге алы
нып, Оралда атты әскерлер полкында қызмет
атқарады. 1934 жылдары театр артистерімен
араласады.
1941 жылы ол майданға аттанар алдын
да Қиыр Шығысқа жөнелтіліп, «Қош бол, до
сым, жақыным, уақыт тығыз, сөз қысқа, кетіп
бара жатырмын сұрапыл бір соғысқа», – деп
жазған. Майданнан отты жырлар жолдаған
ақынның «Абдолла» дастаны да оралдық до
сы, жас ақын Абдолла Жұмағалиевке арнал-
ған. 1943 жылдың қысында Шығыстан Ба
тысқа қан майданға әскер алып бара жатқан
эшелон Оралдың вокзалына тоқтаған. Қасым
ақын эшелон бастығынан бір сағат уақыт
сұрайды, бірақ рұқсат ала алмаған. Қағаз бен
қарындаш тауып отырып өлең жазған. Сол
өлеңін үшбұрыштап бүктеп Оралдағы өзі
қызмет еткен редакцияға жолдап, теміржол
шы орысқа жалынып беріп кете барады. Ол
атақты «Оралым, шықтың алдымнан, Ора
лым менің, Оралым. Қол созып қызыл вагон
нан, Үстіңнен өтіп барамын», – деп баста
лып, «Қош болшы енді, Оралым, Күле бер
шалқып, сайранда! Айтпақшы, қайда бора
ның? Кетейін алып майданға», – деп аяқта
латын отты тебіреніс пен сағынышқа толы
«Оралым, менің Оралым» атты өлең. Ақын-
ның бұл өлеңін де алғаш облыстық газеттен
оралдықтар оқыған. Осындай өлмес жырла
ры мен өшпес ізі қалған Оралда Қасымға бір
ескерткіш артық болмас еді-ау!
КӨК ТУҒА КӨЛЕҢКЕ ТҮСПЕГЕЙ!
«Малым – жанымның садағасы,
Жаным – арымның садағасы».
Халық мақалы
Ауыл. Бұрын ертемен еңбекке ағылатын.
Таңнан егіске аттанатын. Түні бойы далада
трактор үні тынбайтын, оны ел әнге қосып
шырқайтын. Қазір әркім керегінше ұйық
тайды, өз еркімен оянады, өз жеке шаруа
сын күйттейді. Қоқаңдаған бригадир жоқ,
бастыққа шақыртқан шабарман жоқ, рақат.
Ала дорбамен «оптушкадан» әкелген оны-мұ
нысын сатып келіншегі тауып келген тиын
нан ебін тауып бас жазып жүрген жігітсымақ
та көбейген. Ауыл бұл күнде тәйт дейтін ақ
сақалға зәру.
Қала. Ызы-қиқы шапқылаған тіршілік. Қайт
сем қайдан ақша табам деп жүгірген адамдар.
Жүздерінде егемен елдің ертеңіне сенген бай
салдылықпен қатар ертеңім не болар екен де
ген секемді сұрақ та сезіледі. Көшеге көз сал
саң – басқаша. Адамнан гөрі қымбат көліктер
басым, өткел бермейді, кептеліп тұрғандары.
Сол қымбат көліктен қылтиған бастар да сан
алуан. Бірісі – өзіне сенімді, тәкаппар, бірісі –
әйнек көз, ойын ұғып болмайсың, бірісі – нем
құрай.
Талас жоқ, табиғат сан түрлі жаратылысы
мен де жұмбақ қой. Қала шеті жекенің жаңа
үйлері, шүкір болсын, өссін. Бұрын ұзын
тізімді күтіп алатын пәтер мен үйді бүгінде
бизнесмен балаң салып береді. Бұл еркін ел
діктің, жеке еңбектің де көрінісі екені рас.
Білім. Бұрын өліп-тіріліп алыс түкпірден
Алматыға оқуға түсуге ағылатын жастар қазір
өз облысында оқи алады. Оқу орны да жетіп
жатыр, әркім екі диплом құшақтап отыр, ақы
төлесең, құжат табылады. Соңғы кезде Елба
сының ескерткен білім сапасында, денсаулық
сақтауда кеткен қателік талай адамның ғұ
мырына қиянат жасап та үлгерді. Таразда сау
бүйректі кесіп тастаған дәрігер жайлы баспа
сөзде шулады. Ақтөбеде соқыр ішектің орны
на тоқ ішекті кескен оқиға баспасөзде айтыл
ды. Алматыда сау тісін жұлған адам өлді. Осы
ның бәрі сауатсыз маман даярлаған соңғы он
бес жылдың салдары. Ақылы оқудың, ақшаға
қызығудың, арсыздық пен Құдайдан қорқу,
обал-сауап
сөзін
оқытпаған
шалалықтың
кесірі екені рас.
Мектеп. Елбасы Жолдауымен салынған мек
тепке қараса көз тоймас. Бізге арман болған
мектеп – бұл. Жалақысы аз, сауаты төмен,
білім көтеру курсын көрмеген, көз бояу – тест
өтетін ұстазға толып тұр. Дала мектебінде
кіндігін әзер жабатын «ұстаз» пайда болды.
Сатып алған дипломдар іске кірісті. Бір-екі
ауруды шала емдеп өлтіргеннен бүкіл ұр
пақты надан өсіру қорқынышты болса керек.
Бұл – ұлт алдында, келешек алдында жасалған
қылмыс. Пара алып надан мұғалімді, түрме-
ден шыққан адамды мектепке сабақ беруге
қосу – арсыздық әрекеті. Ал біз ұлт намысы
мен ар жайлы әр балаға оқытуға борышты
лармыз. Мектептің бәрі жаман деген сөз емес
бұл. Алматыдағы №159 гимназия (директоры
Аягүл Миразова) – бүкіл республика тәжірибе
алмасатын мектеп.
Егемен ел болғанымыздың айқын көрі
нісі – Астана. Ол қазір әлем көз тіккен әсем
қалаға айналып үлгерді. Алматы зәулім үй
лерге толды. Атыраудың батпағы құрғады. Әр
қаланың өз «Арбат» көшесі бар. Еңселі ескерт
кіштер қойылып, өз ата-бабаларымыз есімін
көшелерге жаздық. Еркіндіктің арқасы емес
пе бұл? Ендеше, бізге не жетпейді? Ең бастысы,
ұлттық тәрбие, ар-намыс жайлы әңгіме, тәртіп
пен талап, ұлтжандылық сезімі жетіспейді. О
шеті мен бұл шетіне қыран қанаты талып же
тетін, тұлпар тұяғы мұқалып жететін кең дала
мыз бар! Оның тағдырын ойлайтын алаштың
азаматы деген аты барлар жетпей-ақ тұрғаны
шындық. Жыртық қалта жұмыссыз жігітке
ештеңенің керегі жоқ. Қымбат мейрамхана
да бір-бірімен сағаты мен жүзігінің бағасын
бәсекелеп, тойынып жүрген тоғымызға да еш
теңе керек емес. Кіндігі ашық сепелек қызға
бәрібір. Өкінішке орай, бізде осындай қоғам
бар. Ұлт тағдыры, ұлтшыл ұғым тәрбиеден
шығып қалды. Ұлттар достығының жөні дос
тыққа құрылуы керек, қандас, қарындас деген
айтылмай қалды. Мектепте қазақы тәрбиенің
сағаты өтпейді. Немерелеріміз Алпамыс, Ер
Тарғын, Қобыланды болып емес, монстр бо
лып киінуді қалайды. Бұл тегіс қоғам көңіл
бөлетін шаруа, бір-екі әженің қолынан кел
мейді. Қазір әжелердің өзі ертегі мен мақал
сыз өскендер. Мексика сериалы тәрбиелеген
кемпірлер емес пе? Бесіктен ана тілде әлди
дауысын естімеген ұрпақ ұлттық рух жайлы
айтқанды ұқпайды. Мектеп оқулығының әр
тақырыбы туған жерді сүю, өз ана тілін сүю
ден басталғаны жөн-ақ. Қазаққа басқа ел сені
би сайламайды, қай тілді меңгерсең де, сен қа
зақсың деп үйрету қажет. Бейбарыс Мысырды
билегенмен, жусан иісін аңсап, дала барысы
ның мүсінін салып өлгенін айту керек сияқты.
Олжас ақынға бәрібір ескерткішті қазақтар
қоятыны шындық.
Шетел шықтық. Еркіндік бізге өте көп мүм
кіндік бергені рас. Не үйрендік? Тілін меңгер
дік. Сол елдің елдік намысына ой жүгіртпей-ақ
келеміз. Олар өз тілінде сөйлейді. Көшесіне
қоқыс та тасталмайды ғой.
Біздің жастар шетел асқалы өз туған дала
сының аталар қаны, аналардың ақ сүті екенін
тез ұмытатыны таңдантады. Төркінін сағына
тын қазақ қызының жүрегіне не болды? Ол
төркін түгілі, Отанын сағынбайтыны қалай?
Шет тіл білген жігіт те туған даласын сағын-
байды. Жеке бас қамын ғана ойлайды. Отан
жайлы тәрбие әлсіреген екен, ар-намыс сөзін
естімеген ғой олар не мектептен, не үйден. Әс
кердегі ұландар бірін бірі неге ұрды? Қандас
емес пе олар? «Біз қандаспыз» дегенде Мауглиге
тимейтін еді ғой аңдар. Қандас деген ұлттық
сөз айтылмайды қазір. Жалпы, ар-намыс тәр
биесі жүрмейді қазір, айтылмайтын да сияқты.
Әлде ол шетел тауары сияқты сатыла ма екен?
Иә, сатылады екен. Ол қымбат көліктің түрі
болып, түнгі мейрамханалар мен сонда ай
тылар мадақ сөз болып, жылымық күлкі мен
алтын алқа болып сатылады екен. «Арым
ды сақтайын, адам қолымен ұстамағанымен
Құдай көрер» деген сезімнен аттап кеткен
дердің ісі бұл. «Құдайдан қорықпағаннан қор
қу керек» деген қазақ нақылын білмейтін
нің, білсе де ұмытқан, не қазақша түйсігі жоқ
11-251
адамдардың әрекеті бұл. Ана тілдің тәрбие
лік қасиеті мен құдіретін білмеген, өнер мен
ән-күйден сезігі жоқ жануарға ұқсас адам
обал-сауапты білмейді, Құдайдан қорықпай
ды. Ақша берсең, бар бұйрықты орындайтын –
мәңгүрт. Оны да өсіріп отырған өз ортамыз,
аспаннан түскен жоқ. Қоғамдағы тәртіптің
бұзылуына басты себепті де сондайлар.
Облыс орталығындағы ірі құрылыс нысан
дарының жеке қожасы бар. Сұрастыра қалсаң,
шала сауатты шабарман. Өз жиған-тергені
жоқ жалаңбас-жалпы жүріп, ол осынша зәу-
лім ғимаратты қалай алғаны жұмбақ. Қазір
«жұмбақ» та емес, халық бәрін көріп отыр. Бұл
былық түзелуден кеткен шығар деп қолын
сілтейді. Өйткені жазған шындық жауапсыз
қалғанға мысал өте көп. Көкесі жоғарыда
отырғандарға жергілікті жердің әлі келмей
ді. «Аш құрсақтан тыныш құлақ» деп бәріне
қол сілтейтіндер көбейді. «Немқұрайдылық
сатқындықтан жаман» деген бір данышпан.
Кешегі қарапайым ұстаз бизнесмен болып
зәулім мейрамхана тұрғызды дегенді естіген
кім бар? Ондайлар халық қазынасына қол
сұққандар мен салық төлеуден жалтарған
дар ғана, яғни Қазақстан Республикасының
заңын бұзғандар, не соны бұзуға жол тапқан
дар, не мықты таныс-тамыры барлар. Ипотека
үйлерінің де талайы соларға бөлінгенін енді
анық біліп отырмыз.
Астана әуежайынан орталыққа жеткенше
мейрамханалар көз жауын алады. Түнгі клуб
пен сауналар ше? Соның ішінде бір дәрігер
не жазушы қожайын бар ма? Ақша үшін құл
дық ұрған жігітті қоя салып, өзі көлеңкеде
ақша күреп отыр оның иелері. Оны да халық
білмейді емес. Ондайлардың жасырын иесі
де, заңды «қызметшісі» де, жалған қожасы да
обал-сауапты білмейтін арсыздар екені рас.
Қай жылы күнін әрең көріп жүрген менің му
зыкант қызым декларация тапсырып әуреге
түскен, ал ресторан иелері, мықтылырдың
ұл-қызы, әйелі, тіптен көңілдесі салық ко
митетінде кезекте тұр дегенді естіген адам
құлағы бар ма? Халықтың заңға сенімін жо
ғалтуының бір себебі осында жатыр. Біздің заң
қорғансызды ғана айыптайтынға ұқсайды.
Елбасымыз жемқорлықпен күресті қатты
да қатаң айтты. Әттең, оны орындаушылар
дың өздері жемқорға айналып кетті емес пе?
Ұсталатын кім? Панасы жоқ ұсақ шабақтар.
Ел байлығын шетел асырып үй салып, қым
бат көліктерді ай сайын ауыстырғандарды
ұстауға әл жетпейді. Кеденнен ақша өткізгенді
көрмейді, оның орнына мектеп директорын
ұстап шырылдатады. Бізде алыс мектепте ор
талықтан музыка пәнінің мұғалімі бармаған
дықтан, маман күйеуіне сабақ бергізгені үшін
мектеп директоры сыбайлас жемқор болып
іске тартылды. Ал ауызсуға бөлген ақшаны,
жол салатын мемлекет қаржысын жеп кеткен
дерге кешірім беріледі. Міне, адамнан ұялу,
Құдайдан қорқуды білмейтін сыбайластар
ды көрген халық шындық барына күдікте
неді. Енді олар да заң барына сенбейді, бәріне
селқос қарап кетті. Селқостық та қоғамға зия
ны тиетін індет. Ол сезім мен парасат, ар мен
рух тәрбиесінің әлсірегенін көрсетеді.
Қазақтың ең үлкен тәрбие құралы – домбы
ра. Ол ұлттың ғасырлық мұңы, зары, қасіреті,
қуанышы, керек десеңіз, әнмен жазған та
рихы да. Қос ішек үнін ұқпайтындар да мәң
гүртке жатады. Домбыра, қобыз сарынын
түсінбейтіннен мәдениет қызметкерін қою
да қателік. Қазір ел Мұхтар Құл-Мұхаммедке
мәдениет жоқшысы деп қатты сенеді. Оның
бастамаларынан, әсіресе, «Мәдени мұра» ша
раларынан зор үміт күтуде.
Әттең, ақша, қара алтын, байлық ұғымының
салқыны тиген Атыраудан бәйгеге қосар жас
тұлпардың әзірше көрінбеуі де көңілге көлең
ке түсірер жайт. Ұлт өнеріне көмек болмай-ақ
тұр. Мұхит мектебінің әншілері той жағалап
алақан жайып, тоз-тоз болып азайып бара жа
тыр. Ақан, Мәди мектептері де солай. Өз дауы
сымен шырқайтын Ғарифолла Құрманғалиев
шәкірттері де есейіп кетті. Бұл біздің ұлттық
нақыш, ұлттық келбет жоғалтуымыздың басы.
Астана он жылдығын тойларда Иманғали
Тасмағамбетовтың іскерлігі қажет болғанына
бүкіл ел куә. Шіркін, Қазақстанда осындай ма
засыз, өз ісін тез орындайтын тиянақты аза
маттар көп болса дейді көпшілік.
Балығы мен байлығы ағыл-тегіл Атырау
дың айналасындағы тіршілік қалай деңіз? Қа
лада жолдар салынды-ау, гүлдер де қаптап тұр,
әр түбі бірақ ақша. Өсірсін, көркейсін, дұрыс.
Соның ортасында отырып «Жанбайда» балық
аулаған төрт жігіт оққа ұшты деген хабар оқи
сың газеттен. Теңізге кеткен бес жігіт оралған
жоқ деген хабар аласың ағайыннан. Теңіз бен
Құлсарыда жас қазақ мұнайшы ұйқыдан оян
бай қалды дегенді жиі естисіз. Неше отбасы
қайғылы. Неше бала жетім қалды. Егер бізде
бәрі тамаша болса, бұл қалай өзі?
Орал – малды аймақ, мұнайлы Маңғыстау
мен Атырауды етпен қамтамасыз ететін осы
өңір мал өсіреді-ақ. Әттең, алыпсатардың
жемтігі бәрі. Диқанның бітік шыққан егінін
сатып алу жолдары да дұрыс жолға қойыл
мағанға ұқсайды. Ол жерде бір сиырдың құ
ны әлгі қонақүй қожайындарының қызының
киетін бір сыңар туфлиі ғана болуы мүмкін.
Оралда «Парк – Отель» мейрамханасы жа
сыл орман ішінде, қожайыны – Василец. Қа
зақстан жеріндегі мекенжайға қазақ атын
қоюды ешкім оған айтпайды да. Атырауда, қа
ланың қақ ортасында «Бейбарыс» түнгі клубы.
Ел сүйген баба атын абайлап қою да ешкімнің
есіне келмейді. Ол жер ерлікке, ұлт рухына
қызмет етіп отырған орталық емес қой. «Қыз
Жібектен» шешініп шыққан қыз, «Бейбарыс
тан» төбелесіп шыққан (тіптен кісі өлтірген)
ұл біздің елдік келбетімізге нұқсан келтіретін
көріністер. Ендеше, «Әй дейтін әже, қой дей
тін қожа жоқ» деген мақал осындайдан ай
тылмай ма екен? Ерлік пен ұлт рухына тәрбие
лейтін кешен ашып, сол жерге беретін аттар
ғой бұлар. Қыз тәрбиесін де қолдан шығарып
алған қазаққа «Қыз Жібек» атты қыз тәрбие
лейтін орын жетпей тұр. Ар-намыс жайлы
әңгіме аз, қазір біз кімнің ақшасы көп болса,
соны «зиялы» деуден тайсалмаймыз.
Баспасөзде жанайқай көтеретін көп дін
ділік бізде етек алып болды, оған тосқауыл
болар идеологиямыз әлсіз. Орал қаласында,
басқа да мекендерде қаба сақал қазақтар кө
беюде. Ұлттың қыз тәрбиесі сағатына кейде
бет-аузын тұмшалаған, етегін сүйретіп сүрі
не басқан қыздар келеді, «Осы өзіме ұнайды»
дейді ондайлар. Кіндік пен етек ашқаннан осы
да дұрыс шығар десем, пәранжа жапқандар да
пайда бола бастапты. Кең даланы қорғаған
батыр ердің оғының орнын емдеуге аттанған,
бұрымын түйіп, бурылға мініп барымтада кет
кен әке малын қуған қазақтың намыс пен ар
ойлаған қыздары емес пе едік біз? Ар-намыс
тәрбиесі жүрмеген жерден шетелдік шалды
«сүйген» қыз өсіріп алдық-ау, сірә. Қос-қостан
шіркеу қоңырауын даңғырлатып отырған
Оралда христиандар орталығын қаланың қақ
ортасынан тұрғызуға жер беру де намыссыз
басшының әрекеті емес пе? Ұлт рухын көте
руге емес, таптауға қызмет себепші не, әри
не, жеке қалта қамы, ақша болса керек. Осы
лардың заңды жолдарын бақылаушылар да
ар-намыс жайлы аз оқығандар мен ұлт рухы
на, ел ертеңіне жаны ашымайтындар болса
керек.
Біздің телеарналар да әлі күнге өз боры
шын атқара алмай отыр, немеремен бірге
отырып көретін не бар өзі? Олар Ресей музы
ка хабарын қызықтайды. Алматы әуежайында
бұлбұлымыз атанған Бибігүл Төлегенова
ның ортақ залда топ қыздар құжатын сұрап
әурелегеніне куә болдым. Қазақтың кейінгі
20 жылда бойжеткен қызы әнші апайын та
ныған да, сыйлаған да жоқ, жүрегім ауырды.
Алтын жұлдызды Еңбек Еріне кез келген ақша
лы ақымақ ұшатын VІP залға бір қағаз беруге
болмай ма екен? Сол жерде Билан деген эстра
да әншісі жүре ме? Жоқ, жүрсе бәрі танушы
еді. Міне, бізде өзімізді насихаттау, қастер
леу жұмысы мүлде жоқ екеніне осы да дәлел.
Кей хабардан шала оқыған журналистің сөз
саптауы, жүргізуі сезіліп тұрады, сатулы дип
ломдар ол жерлерге де кіргенге ұқсайды.
Оларды шала оқыту да ар-намыс аттағандар
дың ісі. Ақылы бөлімнен диплом алған бір
жас мұғалім ертеңгі балаға ата салт, ана тіл,
қасиет, туған топырақ, Отан сүю, ар-намыс,
ерлік пен ездік жайлы терең білім береді деу
қиын. Ақша төлеп, бірде барып сабаққа, бір
де қалып, сатып алған диплом құнын жас ма
ман терең ұғынды деп ойлау да қиын. Ұрпақ
тәрбиесін ардың ісі дейтін ұрпақ азайса, ар
орнына жүрген ақша болашағымызға қатер
төндіргелі тұр.
Елбасымыздың қатты айтқан денсаулық
саласындағы ақылы оқуда кеткен қателік өзге
салада қайталануы өкінішті. Сан салада Елба
сын жалғыз шырқыратып отырмыз-ау осы біз.
Біздің ата-ана, ұрпақ, қоғам төлеген ақшаны
ақта, білімді терең беріп шығар дейтін сана
тәрбиесіне де жете алмай, өзін өзі алдап жүріп
жатыр. Әр облыстағы ақылы университет
тің заң факультетін бітірген жігітпен сөйлесе
қалсаң, қарның ашады. Олар «Азамат» деген
сөздің мағынасын түсінбейді, себебі орысша
оқыған бала оны «мужчина» деп қана ұғына
ды. Халық «Азамат қой ол» деген сөзі кімдер
ге айтатыны жайлы ол жігіт ешкімнен естіген
жоқ, қарапайым адам сыйлау заңын, дала мә
дениетін оқымайды. Петропавлға қала про
куроры болып барған отызға толмаған Жан
болат Қожабаевтың іс-әрекеті осыған айқын
дәлел. Өкінішке орай, ондайлар біреу емес.
Егер бізде бәрі жақсы болса, осы көріністер
жақсымызға көлеңке түсіретінін ойлағаны
мыз жөн шығар. Егер бізде бәрі жақсы болса,
маған өлең топтамасын әкелген жас ақынның
жырында «қолына ұстап у толтырған тостағын,
босағаға тағы келді бір ақын» деген жолдар
жолықпас еді. Бесіктен белі шықпаған Талғат
атты ақын таланттар босағада қалып, ақша ке
зеңінің ар-намысты аттап төрге озған әділет
сіздігін сезінген шығар сезімтал жүрек. Еркін
сөйледік, бәрін де айттық. Кім оған мән берді?
Айтқан сөз аяққа тапталып, жазған жауапсыз
қалса, құр кеуде соққаннан не шығады.
Бұрын университет бітірген адам ерекше
мәдениетімен көзге ұрып тұрушы еді. Оқы
мысты адамнан шала сауат именетін. Қазір ақ
шасы бардың бәрі – ғылым кандидаты. Жал
данып диплом жұмысын жазатындар шықты.
Жалданып кітап жазғыштар шықты. Үлкенге
орын бермейтін, жақсыға жол бермейтіндер
қандай мәдениет үйренген? Қалталының ба
ласы мұғалімге бағынбай отыр. Бұрын депу
тат халық қалаулысы еді, енді ақшалы қожа
йын, ең қымбат киім, жақсы үй, мықты көлік
соларда. Өз сайлаушыларын ұмытып кеткен
дері қанша. Сценарийі дайын кездесуге келіп,
теледидарға түсіп кеткеннен басқа елде де
путат шешті деген күрделі мәселе естілмей
ді. Қалғып-мүлгіп заң қабылдайды, сол заң
қағазда қалып жатыр. Перзентханада берілуі
керек жөргекпұл алуға босанған әйел үш ай
уақытын кетіреді, қамсыздандыру бөлімшесі
не бірнеше құжат жинап, кезекте тұрған талай
келіндерді өз көзім көрді.
Ел намысы, адамдар обалы, азаматтық мін
дет дегенді әр адам ойламаса, ертеңге сенім
жоғалуы мүмкін. Оны біреу келіп жасап бер
мейтіндігін ұғынуымыз қажет.
Ауыл жылы дедік. Ауыл әлі өз күнін көріп
келеді. Бұзылған ғимарат орны жүрек жара
сындай көзге ұрып тұр. Қолы ұзындар қира
тып тиеп кетті, орнын жинаған да жоқ. Халық
игілігіне жасалған бұл да санасыздық қияна
ты. Жекешелендіру кезінде жібергендер де
басшы қызмет иелері, заңды қолдан жасау
ды совхоз, колхоздарды талан-тараж жасау,
халыққа да, далаға да жасалған қастандыққа
ұқсайды, бұл да ел тағдырын, жер тағдырын,
ұрпақ пен ұлт тағдырын ойламайтындар әре
кеті екеніне бүгін көз жеткізу қиын емес. Же
ке құлқынға қанағат керегін ескертер заң әзір
жұмыс істемей тұр. Ұлт ұрпағының ырысын
ебін тапқан еме беруі әділдік пе?
Елбасымыз Астана көркін енді облыстар
орталығына көшіретінін айтты. Облыс орта
лықтарында емхана, балабақша, мектептер
бой көтеріп, көшелер жөнделуде.
Осы шара тендер арқылы жүргізіледі. Тен
дердің 10 пайызы жеке қалтаға түседі екен.
Тендер өткізуде жеңіп шығуға көмектескен
дердің аузын майлап, өз жеке шаруасын күйт
теп жүргенде негізгі нысан салуға үкімет бөл
ген қаржының бөлшегі қалады екен. Ипотека
үйлері де солай салынады. Ескі кірпіш, арзан
есік-терезе, шала жапсырған қытай тақтайша
лары бір жылдан кейін дауыл күні желпілдеп
ұша бастайды. Астанада Абай даңғылында ең
жоғарғы қабатта тұратын өз балаларым тө
бесінен су таматын үйді жөндеуден шаршады.
Қабылдау комиссиясы да шала салған нысан
ды қабылдай береді, өйткені жаны ашымайды,
обал сөзін білмейді. Экономикалық әлемдік
дағдарыс бізге соқпайды дегенді абайлап
айтқан жөн, әйтпесе абырой кетер. Құрылыс
нысандары тоқтағалы Астананың өзінен ұр
лық пен тонау қылаң бере бастады. Әдемі қа
лада саналы ұрпақ тұруы керек қой.
Үй тонау, тапа-тал түсте дүкенге кіріп са
тушыны өлтіру естір құлаққа ауыр. Жұмыс
сыздық ауылды да, қаланы да аздырары анық.
Алматының Сейфуллин көшесі әлі сол қал
пында, жаудыраған қазақ жігіттеріне толы.
Көбінің өз жолын табар сауаты да жоқ, бірі
жалған дінге, бірі қарақшыға еретін де солар.
Ар-намыс десе қыздар еске түседі. Қызы са
тылған, әйелі намыссыз ұлт кімге өзін сый
латпақшы. Базар толы шырылдаған келіндер,
әкесіз баланы оқытып жүрген де солар. Ал
әйелі мүсәпір ұлт ертеңге ұрпақ тәрбиелей ал
майды.
Сырт көзге жаман емес, зәулім үйлер кө
беюде, қалаларға сән беретін жеке үйлер,
байлар салған нысандар. Халықтың оған қуан
байтыны бізде байлар қайырымсыз, басшы
лар мейірімсіздеу екені рас. Қарапайым ха
лықтың басшыға қолы жетпей тұр, мұңын
ашып айта алмайды, мәселесін нақты шеше
алмайтын жайттар көбірек орын алып келеді.
Тосын кездесу, мәрттік шешім емес, жос
парланған, алдын ала келісілген шара ел
сеніміне көлеңке түсіріп болды. Әкімдер ба
ратын нысандар алдын ала дайындалады.
Олар жүретін көшелер тазаланады, теледи
дар шақырылады, сылап-сипап көрсетуден
ел сенімі жоғалады. Әдемі ғимараттардан бұ
рылып кетсең келесі көшеде не жарық, не жол
жоқ, осындай жайттардан соң, шындыққа
көлеңке түседі. Бәрін сол қалпында көретін
біздерге соның бәрі ерсілеу көрінеді, біз көр
генді бүкіл қарапайым халық көреді. Халық
баюға қарсы емес, тек ар-ұяттан аттағандарға
наразы. Бай қайырымды, адам мейірімді бол
са, бәрі де орнына келері сөзсіз. «Бай бол,
мұратыңа жет» деп бата беретін ұлтпыз біз.
Мал тапсаң, ар да тап деп үйреттік емес пе? На
мысты бол, ата даңқына кір келтірме, қарғыс
алма, әсері ұрпағыңа келеді деген ұлағат сө
зін тыңдап өскендер мына ұрпағына ескеруді
ұлықтап отырған сияқты.
Әр ата-ана баласына «Ақшадан қымбат
Ар бар» дегенді жиі айтуы керек қой. Анау
бір ақсақалға «ұлыңа қанағат деген сөзді
түсіндірсейші» деп айқайлағың келеді. Әлде
өзі сол сөзді ұмытты ма екен? Арсыздықпен
жиған малда қайыр жоғын тарих талай бе
тіне жазды емес пе?!
Иә, алтын-күміс, қару-жарақ баса алмаған
қу бас сүйек көз үңгіріне бір уыс топырақ сеп
кенде сылқ ете түскенін сауатым бар дегеннің
бәрі дерлік оқыса керек. О дүниеге тек кебін
ғана керегін кез келген пенде білсе керек. Ен
деше, зиялы деген ауыздар алдымен осы қағи
даны айтудан сескенбегендері жөн. Ауру мен
өлім ақшадан қорықпайды, үлкен ақша абы
рой сатып әпермеген ешкімге, қолынан билік
кеткенде
сыйланбайтындар,
ауырса
адам
халін сұрамайтындар болған.
Мейірімді жанды еске алатын кедейлер көп
қой өмірде. Еңбегін ұлттың намысы мен ұр
пақ өміріне арнаған таланттар мен алаш аза
матының есімі ұмытылмайтыны да баршаға
аян. Иә, кімдер өтпеген бұл жалғаннан.
Ежелден аңсап, қолымыз жеткен еркіндік
баянды болуы үшін бірлік те, тірлік те, ар мен
намыс, сауат та керек-ақ бізге. Арзан күлкіге
алданып, аз күндік байлыққа мастанып, тиын
дық беделге иіліп, әркім арқадан қаққанға
масайрап, келген-кеткенге жем болмай, ұлт
намысын, ұрпақ болашағын ел болып тегіс
ойлансақ. Оқымыстымыз бар, ойлымыз бар,
қалаулымыз бар, азаматтарымыз өскен елміз
деп отырмыз ғой, ендеше санаулы жастары
мызды қолдан шығарып алмау жайын тезірек
жасауды қамданған жөн. Қатыгезге қатал қа
рап, жүрегі нәзік сезімталды әлпештеу керек
бұл қоғам. Ар-намысы ояуларды әділеттен
түңілтпей қолдауы керек әділ заң.
Жаһандық қаржы дағдарысы кезінде біз
Елбасымыздың төңірегіне бұрынғыдан да
тығыз топтаса түсуге тиіспіз. Теріс әсері қа
лайда білінбей қоймайтын бұл сынақтан тағы
да елді Нұрсұлтан Назарбаевтың асқан ақы
лы, салқын сабыры алып шығарына біз се
неміз. Сондықтан да басшылар бар, қосшылар
бар, бәріміз Елбасы тапсырмаларын бұлжыт
пай орындауға жұмылсақ дейміз. Нұрсұлтан
Әбішұлы қоғамдағы теріс құбылыстарға қа
таң майдан ашып отыр. Сол майданның са
пына қосылайық, қадірменді халайық. Ардан
аттамайық, ардақты ағайын. Экономикалық
дағдарысты еңсеретіндігімізге сенімдіміз. Ен
деше, рухани дағдарысқа ұрынбауды да ой
лайық. «Малым – жанымның садағасы, жа
12-251
ным – арымның садағасы» дейтін халықтың
қызы едік қой біз!
Жылағанды жұбатып, жалаңдарды тізгінде
мейтін болсақ, еркін ел беделіне нұқсан келер.
Еркіндікті бабалар аңсады десек, аруақтар
алдында сол үмітке сай ұрпақ өсіру де әр бас
шы, әр азамат, әр адамның борышы. Намыс
сыз, арсыз, мәдениетсіз, шала сауат дөрекі, тек
ақша жиған даңғой болсақ, біз еркін елге лай
ық емеспіз деген сезім болса әр жастың ке
удесінде. Ұлы даланың, Қазақстанның, еркін
мемлекеттің шын, нағыз азаматы болсын
шы деп, өскен қазақтың әр баласы арлы
болайық! Көк туға көлеңке түспегей!
ЕСКЕРТКІШ ЕЛ КӨРСІН ДЕП
ҚОЙЫЛАДЫ
Қайран дала тіл мен діннен айырыла жаз
дап, қыздардан бұрым, ұлдардан тұлым кетіп,
ұлт мектептері көптеп жабылып жатқан сонау
бір сорақы жылдарда «Мен – қазақпын» деген
ақын даусы арлы дастан боп естілген еді. Осы
дан 10 жыл бұрын бүкіл дүниені қазақ даласы
на жалт қаратқан Желтоқсан оқиғасы кезінде
де оның үні өзгелерден бөлек те айқын шықты.
Ол өз лауазымы, өз ошағының басының халі
үшін ар-ожданы мен ақындық, азаматтық
борышына көлеңке түсірген жоқ. Жағым
сыз хаттарға қол қоюдан бас тартты да, ұлты
үшін ұлы айтатын сөзді қаймықпай қасқая
қарап айта білді. Сол ақын Жұбан Молдаға
лиевтің Батыс Қазақстан облысындағы туған
жері Өлеңтіде, қазір ақын атындағы шаруа
шылықта жерлестері әдемі ескерткіш тұрғыз
ған еді. Жанарын алысқа тігіп, басын өте биік
ұстап егінді даламен адымдай басып, ақ бидай
тізесіне соғылып Жұбан ақын келе жатқан-
дай әсер беретін бұл ескерткіш. Өте сәтті
шыққан. Ерін сыйлаған елге мың рахмет!
Қазіргі нарық қиыншылықтары кезінде
алыс ауылдар күнкөріс қарекетімен жұмыс
іздеп көше бастады. Сонау түкпірде қалған
шаруашылықтың үстінен елді мекендерді
байланыстырар үлкен жол шамалы, онда да
тіршілік саябырлағандай. Арнайы тапсыр
мамен ел кезген жолаушы да жоқтың қасы,
өзге жақтан бөгде адам қатынаспай қалды.
Ендеше ол ескерткішті сол ауылдың шетінен
мал айдаған саналы тұрғындар мен шағын
мектеп шәкірттері көреді де қояды. Олар Жұ
банды онсыз да жақсы білетіндер, кіндік қаны
тамған жерінің түлектері. Ал ақын Ж. Мол
дағалиев бір ауылдың көлемінен, бір аудан
ның ауқымынан әлдеқашан шығып кеткен,
бүкіл қазаққа ортақ ұлттық мақтанышқа ай
налып бара жатқан тұлға. Ендеше ақылға са
лып, парасатпен ойлансақ, оның осы ескерт
кіші Орал қаласындағы бір алаңға өте лайық.
Егемендік алған ел өзгелердің қатарына өз
ұлдарын қояр уақыт келді. Және облыс орта
лығынан сан тарапқа жол кетеді, алуан түрлі
жолаушы өтеді, әр түкпірден келген жастар
оқиды, қала мектептері түрлі шара ұйымдас
тыра алады. Сөйтіп, ақын күніге талайлар
мен жүздесіп, одардың намысын оятуға се
бепкер болып тұрар еді.
Ел болып ойланып, сан-саққа тартпай, па
расатты азаматтар сол ескерткішті қалаға әке
ліп орнатуға қызмет еткендері жөн болар еді.
Туған ауыл ақын атында, кейін шағын ескерт
кішін онда да орнату қиын емес. Олар Өлеңті
де туған ұлдың алыстарға аты кете беруіне
қарсылық көрсетпес деп ойлаймын. Сан ұлт
көріп, Өлеңтінің ұлына тағзым етіп жүргені
елге де абырой емес пе?! Олар үлкен жүректі
ақынымен мақтанып, өздерін алыстарға та
ныта түссе екен деп едім.
МЕН ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНЕ
ҚАЙРАН ҚАЛАМ...
Отты жылдың жалыны жанарынан ұшқын
даған жас ақын алғаш үйленер кезде үлбіреп
тұрған үркектеу қызды анасына ертіп келіп:
«Апа, мына қыз сізге ұнай ма?» – деп сұраған
көрінеді. Ол да ештеңе емес-ау, өз босағасына
түсіргенге дейін ақын оған «сүйемін», «күйе
мін» дегенді де айтпапты. Жыр арнап, көрші
баладан хат та тасытпапты. Тіпті, жылтың
дап ізін торымаған да көрінеді. Өйткені ана
сүтімен біткен өр мінез сол балаң шағынан-ақ
кесіп айтатын әдет болып қалыптасқан екен.
Ақын Жұбан Молдағалиевтің бұл 27 жасқа
қараған, өзін есті азаматқа балаған естияр
жігіт кезі болатын. Ұяң мінезді, талдырмаш
жас қыз оған «бармаймын» деп бас шайқап
та үлгермейді, «ойланам» деп күмілжіген де
жоқ. Өзгеден бөлек болмысы ұнаған албырт
жігіттің соңынан үнсіз ере берген. Ана алды
на ұлы ертіп әкелген жас қызды жатсынған
жоқ. Бар мейірін төге бауырына басқан. Міне,
он сегіз жасында аттаған сол босағаның абы
рой-даңқын, ыстық-суығын өзімен бірге кө
терген ақынның жары София Мәлікқызы еке
уінің өмірі жайлы сырды ол жыр жолдарына
былайша өрнектеген екен:
Таныстық, таныстық та, үйлендік біз,
Үйі де, күйі де жоқ күйде едік біз.
Жұпыны сен ұяң қыз, мен майдангер,
Тұрмысты кімнен, қашан үйреніппіз?
Бар түгіл жоққа разы, тұра бердік,
Болмады сынық ожау мұра дерлік.
Сенгенбіз «сүйемін» деп ант-су ішпей,
Бұл тіпті болмаса да сірә да ерлік.
Тек кейін қанық болдым мен өзіңе,
Бас ұрдым кісілікке, мінезіңе.
Мың шүкір, миллион шүкір, қабыл алдым
Бақыт деп басқа қонған мұны өзіме.
Дүниеде өзін екен деген мықтым,
Ықпасам махаббаттан, неден ықтым?
Не ғалым, не қайраткер болмасаң да,
Әйелдің даналығын сенен ұқтым.
Қазақтың келіні, ақынның жары болу ай
туға ғана оңай-ау. Болмыс-бітімі ешкімге ұқ
самайтын, сезімтал да сергек ақынмен бірге
қуануды, бірге мұңаюды, оның ішкі жан дү
ниесімен үндесе білуді София жеңгеміз тағ
дырдың сыйындай таныды. Тек әйелге ғана
тән төзіммен ақынның еркелігін де, тұрмы
стың қилы-қилы кезеңін де қайыспай көтере
білді. Олай болса ешуақытта да өзінен бөлек
ой ойламаған, бар ғұмырын отбасының, жа
рының, балаларының тыныс-тіршілігіне ар
наған Софиядай аяулы жары арқылы ақын
жүрегі жыр жолдарына бүкіл әйел қауымына
деген алғыс сезімін сыйдырған жоқ па.
«Мен қазақ әйеліне қайран қалам», – деп
басталатын ғажайып өлең тудырған, бір-бі
рінің қас-қабағын бағып, қалтқысыз ұғысқан
осы ерлі-зайыптылардың өткен өмір жолы
бір қарағанда өзгелерден еш айырмасы жоқ
сияқты боп та көрінетін шығар. Алайда олар
дың тыныс-тіршілігі де, өмір сүру дағдысы да
ешкімге ұқсамайтын еді. Албырт көңіл, адуын
ақын жігіттің кей күндері өмірдің көлеңкесін
де қалғысы келмей, достарымен бірге ащы су
ұрттап әндетіп келген кездері де болды. Кейде
жалдаған пәтер иесіне тәуелді болғысы кел
мей еркіндік аңсаған ерке көңілден жыр жол
дары туындап буырқанып та жүрді. Тіпті бәз
біреуден қалған көңілі еңсесін езіп, тілі бай
ланғандай булығатын сәттері де аз болмады.
Әкесінен алты айлығында жетім қалған сәби
ді азамат қатарына қосу үшін басынан қилы
жәйттер мен талай ауыртпалықты өткерген
Зеріптей анаға жаутаңдап, оның қас-қабағын
бағу да Софияға оңай болмаған сияқты. Он
дай кездерде ақын өз жүрегінен туған жыр
ларына жұбанды. Ал София болса үйелмелі-
сүйелмелі төрт сәбиін әлдилеп, енесі мен
жарының қас-қабағын бағып, бәрін де үнсіз
көтере білді. Біреулер оның бұл қылығын жа
стықтың әсері десе, қайсыбірі жасықтық деді,
тіпті көнбістік деп те кінәлады. Жоқ, оның
бұл мінезінің негізінде аналық мейірім мен
сабыр, әйелдік төзім мен шыдам, яғни пара
сат күші жатыр еді. Ол Жұбан ақынның «Мен
сені сүйеді екем» деген сөзін 18 жылдан кейін,
Моңғолия сапарында жүріп жазған хатынан
алғаш рет оқыған болатын.
Әңгіме арасында мен София жеңгейден
«Өмірге өкпеңіз бар ма?» деп сұрағанымда ол
«Жұбандай үлкен жүректі, саналы азаматқа
жар болған, онымен өмірдің ыстық-суығын
қатар бөліскен кездерімді текке өтті дей ал
маймын, бұл біреулердің түсіне де енбейтін
ғажап та, мағыналы дәурен, үлкен тарих» де
гені бар еді.
Ақынның талай қиналған сәттерінде оны
мен бірге таңға кірпік ілмей шығатын сәт
терін еске ала отырып, оның көзінен мөлдір
тамшылар еріксіз домалап та кеткен. Сонша
ма жылды бірге өткергендіктен бе, жоқ, жүрек
лүпілін дөп басып тани білгендіктен бе, ол жа
рының көңіл күйін жанарынан, тынысынан,
дауысынан, әр қимылынан да айқын сезініп
отыратынын ла айтқан болатын. Сондай сәт
тердің бірін ол былайша еске алғаны бар:
– Ағаң 1986 жылдың 17 желтоқсаны күні
жанын қоярға жер таппай, үй ішінде аласұру
мен болды. Тамағын да іше алмады. Бізге де
ләм деп тіл қатпады. Жазушылар одағына ба
рып Олжас Сүлейменовпен сөйлесіп қайтқа
нымен де бұл әңгіме жөнінде жақ ашпаған.
Бір кезде телефон шырылдап қоя берді. «Ор
талық комитеттен, Молдағалиев жолдас ке
рек», – дейді бұйрыққа бергісіз дауыс.
Содан кейін Жұбан ағамыз әлгі адамды
біраз тыңдап тұрыпты да, «Жақсы, сөйлесе-
йін», – деп екі ауыз сөзбен жауап қайырған
күйі сең соққан балықтай өз бөлмесіндегі
жазу столына жайғасады. Жеңгей болса ыстық
шәйді жанына қойып, күндегі әдетінше есігін
жаймен жауып шығып кетеді. Таң сібірлеп ата
бастаған кезде жеңгей жұмыс бөлмесінде жа
нып тұрған шамды көреді. Ерінің ұйқысыз таң
атырғанына, шаршағанына көзі жеткен ол сүт
жылытып апарған ғой. Сол кезде ақын түнімен
бас алмай жазған парақтарын жыртып-жыр
тып лақтырып жатады. София жеңгей қанша
ма жыл бірге ғұмыр кешсе де ерінің дәл сон
дай сұсты халін бұрын-соңды көрмеген екен.
Әрине, жеңгеміз шошынып, шыға жөнеледі.
Иә, 1986 жылдың 30 желтоқсанында Жазу
шылар үйінде Колбинмен кездесуде сөйлеген
тарихи сөзі сол күні таң алагеуімде қайта, мүл
де басқа бағытта жазылған еді. Сол сәтті еске
алғанда София жеңгейдің көзінен жас тамшы
лайды. Мұның бәрін ақын жанын түсінген,
ең сенімді жар ғана түсіне алады. Күйеуінің
нендей халде отырғанын барлық әйел аңдап
жүрген жоқ десем, маған мұңдастарым реніш
білдіре қоймас. Ақын қабағын қалт жібер
мей бағу, бір топ немеремен коса жар мінезін
бөлек баптау үлкен шыдам иесінің, София
жеңгей сияқты тумысы бөлек әйелдің ғана қо
лынан келері анық.
Өмірдің ащы-тұщысын бастан кешкен
41 жыл ішінде ақын Жұбан Молдағалиевтің
айнымас адал болмысына, София жеңгейдің
сол биязы да, сабырлы бәйбішелік мінезіне
таңданбасқа шарамыз жоқ.
Бұл 1983 жылдың жазы болатын. Жазушы
лардың Қара теңіз жағалауындағы демалыс
үйіне бара жатып, бала-шағамызбен бізге
Мәскеуге соғуға тура келген. Бейқам келе
жатқан бізге алдымыздан қол ұстасқан Жұ
бан ағай мен София жеңгей ұшыраса кетсін.
Иә, ақын жарын жас балаша қолынан жетелеп
алыпты. Сол сәт маған олардың жастық ша
ғы елестеп кеткендей болды. Мына көрініске
ақындық қиялмен қызыға қараған болсам
керек, жеңгей жас келіншектей именіп, қо
лын босатып алды да, аналық жүрекпен бізге
үйіріле кетті. Міне, күні бүгінге дейін осы бір
сурет көз алдымда қалып қойыпты. Жұбан
ағай мен София жеңгейдің арасындағы сон
шалықты орны бөлек сыйластыққа біз әрқа
шанда еркімізден тыс сүйсіне қарайтынбыз.
Олардың бір-біріне деген қамқорлығы, жүрек
жылуы бейне бір шуақ шашып тұрғандай ай
наланы сәулелендіріп жіберер еді. Ерлі-за
йыптылар арасындағы бір-біріне деген жа
расымды әзіл-қалжыңын біз Жұбан ағаның
саяжайында болған кезде де байқап, қатты
қызығатынбыз. София жеңгейдің шәй құйған
кесені еріне ұсынуының өзінен де орны бөлек
қамқорлық байқалатын. Әр қимылынан ішкі
мәдениеттің табы есіп тұратын.
Жұбан ағайдың көңілге келген ойын ірік
пейтін, кімге де болса, «бетін бар, жүзін бар»
демей айтып салатын қызба мінезі де бар бо
латын. Жеңгей екеуінің арасындағы осындай
бір сәтке еріксіз куә болған кезіміз де бар еді.
Бұл Жұбан Молдағалиевтің өзінің 60 жас
қа толған мерейтойын Ақ Жайық өңірінде
өткізіп қайтқан беті болатын. Ағамыздың осы
бір қуанышын бөлісуге біз де сол үйге барған
болатынбыз. Ақын көңілді екен. Ол бізге ту
ған ауданының хал-жағдайын, ел тынысын
әңгімелей отырып, жерлестері сыйға тартқан
қаракөл қозылардың терісінен қиюласты
рып жасаған өз бейнесін көрсетіп, балаша
мәз болғаны бар. Осы сәт ойында ештеңе жоқ
София жеңгей әлгі бейнені бізбен бірге тама
шалап тұрып: «Мұрның сәл ұқсамай кеткен
бе?» – деп қалсын. Ағайдың жадырау жүзі тез
өзгеріп, «Елім берген сыйлықты сынауға қан
дай хақың бар, не деп тұрсың өзің?!» – деп
зайыбына зекіп қалғанда, оның үніндегі ке
йістікке біздің де тіземіз қалтырап кеткен
дей болды. Сөйтіп, туған жер деген қасиетті
ұғымға дақ түсірмей өткен ақын оның сыйы
на да сын айтқызбады.
Туған жерді анам демей не дейін?!
Туған елді панам демей не дейін?!
Сол арқылы асқақ менің ән-жырым,
Сол арқылы биік менің мерейім! –
деп Жұбан ағайдың өзі айтқандай, оның сөзі
мен ісі, жыры мен өмірі егіз екеніне өз ба
сым осы жолы куә болған едім. Туған жері
сыйлаған бейнеде кемшілік көрінбейді, оны
сынауға дұшпаны түгіл, аяулы қимас жар
дың да хақы жоқ екен. Туған жер ақын үшін –
Отан деген ұғым. Оны қалай сүю керектігін
ол Желтоқсан оқиғасындағы жүрекжарды
сөзімен де дәлелдей түсті емес пе?! Оған дейін:
«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген», – деп
жар салғаны да баршаға аян. Ол да туған елді
сүю сезімінен туған жанайқайы. Иә, ақын
ның сенімді жарына деген сезімінен де биік,
теңдесі жоқ, тіпті өз ғұмырынан да қымбат
нәрсе – туған ел. Сол туған ел тағдыры үшін
бәріне даярмын деп жырлаған ақын бұл сөзін
ісімен де дәлелдеп өтті.
Ақынның жұбайы София Мәлікқызының
ғұмырында да ащы-тұщы кезеңдер аз бол
маған сияқты. Соның бірі Софияның ана
сының 1938 жылы «халық жауының» қызы
ретінде ұсталып кетуі еді. Нағашы атасы Се
йітқали Меңдешев кезінде Қазан қаласында
ғы мұғалімдер семинариясын бітірген. Кейін
қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери рев
комның председателі, Қазақстанды аштықтан
құтқару жөніндегі төтенше комиссияның бас
шысы болған, кезеңдік саясат бағытында өз
халқының жарқын болашағы үшін адал еңбек
еткен адам. Кейін оның өзіне де «халық жауы»
деген жала жабылып, қызы Жұпар (София
ның анасы) қамауға алынады. Алайда София
жеңгей мен Жұбан ағайдың арасындағы сезім
мен сыйластыққа мұндай ауыр саяси ахуал
ешқандай көлеңке түсірген емес. Коммунист
Жұбан Молдағалиев туған ел мен өзінің ұл
тына қашан да адал болды. Содан кейін де ол
София жеңгейдің анасы мен нағашы атасын
шексіз құрметтей білді. Ол парасатты ортада
туып-өскен Софиядай жар тапқанына да риза
еді. Ешуақытта да заманға қарай құбылып,
«Бұл халық жауының тұқымы екен» деп бәз
біреулердей өзін ақтау әрекетін жасаған да
жоқ. Ол Желтоқсан оқиғасына қатысқан
жастарды қаралаған хатқа да бәзбіреулердей
қол қоюға келіспеді. «Сабыр түбі – сары ал
тын, сабырлы жетер мұратқа» деген халық да
налығы осындайда айтылса керек. Айдалған
ағайын, жер ауған жесірлерді көрген ақын
жұбанышты туған жерге деген жырдан тап
ты. Ол біздің әрқайсымызға туған Отанды дәл
өзіндей сүюді жырларымен үйретті.
Жұбан Молдағалиевтің әр өлеңінен ел сүю,
жар сүю деген ұғымдардың бір-бірімен аста
сып кеткенін байқауға болады. Расында, ол
өмірде де, өлеңде де сондай адам еді.
Менің де махаббатқа жаным құмар,
Сол ғана табындырар, жалындырар.
Сол маған ана сыйлап, бала өсірткен,
Сол маған жар сүйдірген жанын қияр.
13-251
Тек сондай махаббатты жаным білсін,
Ең үлкен, ең асылын, жалындысын.
Тіріде, туған Отан топырағында
Сол ғана табындырсын, жалындырсын.
Иә, сонау алғаш үйленген жылы-ақ жа
зылған осы өлеңде өзі айтқандай жанын қияр
жарға жолыққан ақын бірге өткерген 41 жыл
да София жеңгейдің бірегей де тұрақты жары
болатынына сенген. Соған орай өзінің де
сезімге тұрақты, бір сөзді болмысынан айны
майтын азамат екені де ақиқат.
Үш ұл мен бір қыздан тараған ұрпақтың ор
тасында немерелерін аяқтандырып, шөбере
сүйген София Мәлікқызы үлкен жүректі ана,
асыл жар, аяулы әже бола білді. Бұл дәрежеге
көтерген сенім, сезім, төзім деген қарапайым
сөзден тұратын өте киелі қасиеттер. Ол қа
зақ әйелінің қолынан ғана келетін ерлік. Оны
ақынның өзі де терең сезіне білгені анық, сон
дықтан да «қазақ әйеліне қайран қалған» өткір
де айқын өлең дүниеге келді. Ондай өлеңнің
жазылуына Зеріптей анасы, Жұпардай енесі,
Софиядай жары себепкер болғаны сөзсіз.
Ақын Жұбан Молдағалиев сырт көзге қатал
да сұсты болатын. София жеңгейдің айтуын
ша да солай. Ол бір айтқанынан қайтқан да
емес. Ешкімге екіұшты жауап беріп, уәдемен
алдарқатып та көрген емес. Оның сөзі мен
ісі қашанда қабысып жататын. Бәлкім София
жеңгейді тәнті еткен де оның осы бір мінезі
болар.
Айтса кесіп айтатын, өз сөзінде тұрып қа
латын ақынның 1986 жылдың желтоқсанын
да қазақ халқы бастан кешкен әділетсіздікті
батыл айтып, сонау ұлтыңды, тіліңді ұмыт де
ген солақай саясаттың кезінде де «Мен – қа
зақпын» деп ашық жар салуы сол бірбеткей,
тура мінездің айқындала түскен сәттері еді.
Ақын өз өлеңінде:
Қалтқысыз сенем, сенсем мен,
Қалдықсыз сүйем, сүйсем мен.
Құласам, құлап еңсеммен,
Күйесіз күйем, күйсем мен! –
дейді. Өз жыры жан-дүниесінің көрінісі іс
петтес ақын өмірде өте өткір, бет-жүзге қарап
жалтақтап, мәймөңкелеуді білмейтін тура кісі
еді. Гүр ете қалған даусынан, жарқ ете қалған
жанарынан алғаш көргенде жасқанып қала
тындай күй кешесің де, мәз болған сәттері
не қарап, адал жанымен ақтарыла сөйлейтін
адам екенін аңғаратынсың. Жалпы, ақын жай
лы өз өлеңінен артық кім сыр айтпақ.
Жаратам жаңбырды мен – жаңарғандай,
Жаратам асығуды — жан алғандай.
Жаратам жанның ерек жалындысын,
Жарылғыш отты заттан жаралғандай.
Жеңгейдің айтуынша, ол отбасында да сөз
ге үйір емес көрінеді. Кей мәселені үй-іші боп
ортаға салған кездері Жұбан аға бұл әңгімеге
деген өз көзқарасын айтып әуре болмайды
екен. Өз кесімі жанарында жазулы тұратын
болса керек. «Одан әрі өзім қорытындылай
тынмын» дейді жеңгей. «Аз сөйлер де, көп
тыңдар хас асылдың баласы», – деп жырлай
тындай, Жұбан ақын үнсіз тыңдап, ұзақ ой
қорытып барып бір-ақ рет кесіп айтатын.
Сонау алғаш босаға аттаған кезінде: «Анамды
сыйлауға тиіссің», – деген ақын тілегін София
жеңгей де өзгермес заң ретінде қабылдаған
ғой. Тіпті мұндағы кезге дейін кей жерге жа
рына еріп жүре бермей, Зеріп анадан рұқ
сат сұрайтынын да бұл күнде сағынышпен
еске алады. Егер ол бармай-ақ қой десе, оған
еш ренжіместен келісетінін де жасырмайды.
Әрине, отбасындағы осындай сыйластықты
қалыптастырған да ақынның өр мінезі еді.
Ал Зеріп ананың тәрбиесінен еш зиян көрме
генін София жеңгей: «Дастарқаны таза әйел
дің тағамы да дәмді» немесе «Күйеуінің жағасы
мен қол орамалынан әйелінің қандай екенін
тану қиын емес» деп апам айтушы еді», –
деп Зеріп ананы қашан да құрметпен еске ала
ды. «Қазірге дейін апамның сөзі құлағымда
қалып қойыпты. Қашан да жайған дастарқа
нымда дақ болмауына баса көңіл бөлемін», –
дейтін ол. Сірә, талғампаз мінез Жұбан ақынға
Зеріп анадан берілген-ау, шамасы. Иә, бұған
еш күмән жоқ. Алты айлық кызылшақа кезін
де әкесіз қалған, өзі аштық жылы туған Жұбан
ақынды өжет те, өткір етіп өсірген анасы екені
рас. Осының бәрін зердесіне түйген ақын:
Кеткен жоқ сенен асып, қазақ қызы,
Мұңы да, махаббаттың ерлігі де, –
деп тебіренген жоқ па. Өз үйінде көрген ана
мен жардың сенімі мен сезімі, ақылы мен
төзімі ақынға қазақ әйелі жайлы талай өлең
жаздырды.
Келбеті сұсты болғанымен, жүрегі жылы,
ойы ұшқыр ақын Жұбан Молдағалиевтің қы
зық мінездері, тапқыр жауаптары да көп бо
латын. Бірде қонақта дастарқан басында
отырып, өзінің алдында ретсіздеу жатқан ша
нышқы мен қасықты, мүжілген сүйек-саяқты
көреді де, Қадыр Мырзалиевке қарайды. Сол
жерде оның мұнтаздай жинақы отырысына
таңданып: «Қадыр, осы сен Жымпитыда ту
дың ба, әлде Женевада тудың ба? Далада ту
саң біздерше қобырап отырмайсың ба?» – деп
мәз болғанын естіген жұрт әлі күнге дейін
айтатыны бар. Сондай-ақ ол поэзия секция
сы отырған бөлмеге аудармашы Қайсарды
қосқан ғой. Бірде поэзия секциясының бас
тығы Жұбағаңа келіп (ол кезде аға Одақта
хатшы болатын) «Маған авторлармен жұмыс
істеу керек, олармен пікірлесуіме, сөйлесуіме
Қайсар кесел келтіреді. Оны басқа бөлмеге
ауыстырыңыз» десе, Жұбан аға ойланбастан
«Ойбай-ау, сағат 9-дан 6-ға дейін орнында
отырмайтын Қайсар саған қалай кесел кел
тіреді?» депті. Жұбан айтты деген мұндай тап
қыр сөздер аз емес. Соның бірі мына жәйт:
Жұбан ағайға жақындау жүретін бір қаламгер
«Жұбаға, мына кассирден қаламақымды алып
беріңізші, ертең кел деп қабақ шыта береді»
дейді ғой. Сонда ол: «Ойбай, одан менің өзім
де қорқамын», – дейтін көрінеді. Міне, ақын
ның аңғал болмысы, адами сәттегі қалпы
осындай қызық болатын.
Иә, туған жерге, туған халқына, сүйген жа
рына деген махаббатынан айнымаған ақын
ның сыйластыққа толы ғұмыры жайлы жазу,
біздіңше, сұранып тұрған тақырыптың бірі
екені анық. Алайда ол Жұбан ақынды ұзақ
жылдар бойына терең білетіндердің үлесінде
демекпін.
АЙДЫНЫ МӨЛДІР АҚЫНЫ
ЕРКЕ ЖАЙЫҚТЫҢ...
(Ж. Молдағалиевты еске алу кешінде
сөйлеген сөзі)
Ақ мөлдір айдынға сан алуан таланттар
ды әлдилеген Ақ Жайық бұл күнде ғасырлар
бойы аңсаған еркіндік туының таңғы самалға
желбіреген көгілдір сәулесіне боялып, көгіл
дір толқыны сылдырап ағып теңізге құйып
жатыр. Теңіздей тереңге қосылған бақытты
өзеннің үнінен қуаныш күйін аңғару қиын
емес. Ол өзінің ұрпағын сәтті сапарға аттан
дырған Анадай тәкаппар, мақтаныш сезіммен
ағып жатқандай, кейде оның өз арнасынан
тасып, төгіліп ағатыны да сондықтан. Жаға
лауын мекендеген ұрпағын аштықта асы
раған, жоқтықта түлеткен, қанаттысын қияға
ұшырған Жайық олардың арасынан патша
сы мен батыры, күйшісі мен ақыны, жағасын
жаңғырта білер естісі, анам деп сүйе білер
тектісі шығып жатса, неге мақтанбасын, неге
масаттанбасын, неге тасымасын.
Құм басқан, ағын жуған тарих бетін қайта
ашу – елдігіміздің белгісі.
Ғасырлар бойы ел болып есілте де еңірей
жырлаған дастандар мен шежірелерден Ақ
Жайық жағалауында өсіп-өнген ардақтылар
есімін атай бастасақ, шапқан тұлпардай тіз
гінді кеңге салып кетеріміз анық. Иә, кімдер
болмаған, кімдер қалмаған, кімдер өтпеген
бұл дала мен бұл жағадан. Иә, қас қағым сәт
өмір сүріп мәңгіге қалған есімдер бар, мәң
гілікті қас қағым сәтпен жазып кеткен де со
лар, олар біртуар таланттар деп аталады. Сол
қас қағым сәтпен есте қалып, ортамызда күні
кеше өмір сүріп, жыр жазып жүрген, орта
мыздан күні кеше кетіп, бүгін аңызға айна
лып бара жатқан азамат ақын Жұбан Молда
ғалиев та Ақ Жайықтың айдыны әлдилеген
өжет ұлдың бірі болады.
Атырау мен Оралды қосып жатқан бұрын
ғы Тайпақ ауданының Сайқұдық ауылында
1920 жылдың қазан айында дүниеге келген
сәбидің бір кезде Жайықтан ұшып, «Мен – қа
зақпын!» деп бүкіл адамзат алдында өз ұлты
ның атынан жар сала мақтан етерін ешкім де
болжаған емес. Алты жасында әкеден жетім
қалып өскен ұлдың осынша батыл да өжет бо-
лып өсуі – анасы Зеріптей қазақ әйелінің ер
лігінің арқасы. Бәлкім, ақынның «Мен қазақ
әйеліне қайран қалам» деп тебіренуінің де бір
сыры да осында жатқан шығар. 1940 жылы
Оралдағы
ауылшаруашылық
техникумын
бітірген ақын 1941 жылы майданнан табыл
ды, ол соғысты Белоруссия жерінде аяқтап,
елге аман оралады. Ақын қаламын сол майдан
шебінде ұстап, қолынан тастамаған. Техни-
кум бітірген біліммен-ақ табиғат берген та
лант пен тектіліктің арқасында ол өз кезеңі
нің парасаттыларымен өз терезесін тең ұс
тап, өз ұлты атынан асқақ сөйледі. Жалтаққа
көнбей, наданға ермей, өзін өзгеден төмен-
детпей, әлсізге асқақтамай, мықтыға жал
тақтамай ерге лайық өмір кешкен ақын өз
кезеңінің қаламгерлерімен сырлас болды. Ра
сул Ғамзатов, Қайсын, Ғафур Гулям, Мұстай
Карим, Давид Кугульжинов, Берды Кербабаев,
Шыңғыс Айтматов, Мырза Тұрсын Заде, Ан
дрей Вознесенский сияқты сан ұлт өкілдері
қазақ Жұбан Молдағалиевты қатты құрмет
тейтін. Оның лауазымы да өзге ұлт өкілдері
нен кем соқпайтын. Қазақстан Жазушылар
одағының бірінші хатшысы.
1970 жылы Қазақ ССР Абай атындағы
мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанса,
1978 жылы Советтер Одағының мемлекеттік
сыйлығын иеленді. Советтер Одағы Жоғарғы
Советіне депутат болып 1979-84 жылдар ара
лығында сайланса, 1985 жылы Қазақстан Ха
лық жазушысы атанады. Екі мәрте «Еңбек Қы
зыл Ту», «Құрмет белгісі», «Ленин» ордендерін
омырауына таққан ақын қаламынан сан алу
ан тақырып дастандар туындатты. «Жесір тағ
дыры», «Қыран дала», «Сел», «Мен – қазақпын»,
«Байқоңыр баспалдақтары» дер кезінде жа
зылған туындылар болып, өз бағасын алып, өз
оқырманын тауып отырды. Сонау бір кезеңде
«ұлтшылдар» өз қасіретін шеккенін көре тұ
ра, қаймықпай қасқая қарап, «Мен қазақпын
мың өліп, мың тірілген» деп батыл дауыспен
үн қату Жұбан ақынды өз замандастары ара
сынан сонау 60-шы жылдардың өзінде-ақ
ерекшелендірген еді. Олай деп кеуде соғу
тек Жұбан ақынның қолынан келгені анық.
Еркіндік алған бүгінгі таңда «Атамекен иесі
мына менмін» деп кеуде соғар бар азамат біз
ге керек-ақ болып тұрғанда Жұбан ақын жиі
көмекке келген. Иә, рухы күштілер өлмейді,
ұмытылмайды.
Кезеңін жырға қосқанмен өжет ақын жү
регінің арғы түкпірінде ұлтының еркіндігі ар
ман боп жатқаны анық. Әттең, еркіндік туы
желбіреген күнді Жұбан ақын көре алмай
кетті.
«Байқоңыр
баспалдақтары»
дастанын
жазғанда ақын ғарыш кемесінің далаға
тиер зардабын сезбеді емес. Ол адамзат та
бысына қуанып, бәлкім, қаракөз қазақ ұлы
ның ғарышқа ұшар күнін де армандаған шы
ғар. Әттең, оны да көре алмай кетті. Жұбан
ақынның көргені 1986 жыл, Желтоқсан оқи
ғасы еді. Оны тағы да өз қаламдастары мен за
мандастарынан ерекшелендірген, азаматтық
келбетін де толық анықтаған да осы уақиға
болды.
Туған даланың еркіндігі мен өз ұлты
ның өзгеден кем емесін аңсаған жастар әре
кетін
кейбіреулер
бассыздық,
әдепсіздік,
тәртіпсіздік деп бас изеп жатқан кезде, өз да
ласын, өз ұлтын, өз елін сүйетін ақын өз жүре
гінің әмірін жасыра алмай, жар салды.
«Ер басына күн туса, етігімен су кешер» де
ген халық даналығын мойындады.
Ұлттың мәңгі тәуелді болуы әділетсіздік
екенін бұрын да білген ақын басқаша сөйле
се, өз арының алдында күнәһар екенін анық
түсінді. Ол саясатқа емес, өз жүрегінің үкімі
не, өз арына жүгінді. Бұл да кез келгеннің қо
лынан келмейтін ерлік еді.
21 жасында «Қазақпын» деп жазған өлең
желісімен «Мен – қазақпын» дастанын 43 жа
сында жазған ақынның:
«Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім», –
деген шумағы 40 жылдан кейінде, дәл бүгін
гі ұрпақтың да жүрек сөзі, ең қажетіне жарап
отыр. Бүкіл ұлттың атынан сөйлеу үшін үл
кен жүрек, биік парасат, азаматтық келбет
керек. Жұбан Молдағалиев соған лайық еді
және онысын 1986 жылы желтоқсанда ісімен
дәлелдеді. Бұл күнде кіндік қаны тамған жер
ескерткіш ашып, ас беріп, ат шаптырып жат
қаны елім деген ердің азаматтығына бас иію,
оның жалғасын Атырау жұртының қолдауы
талантты ұлдың қазаққа жаттығы жоқтың
куәсі. Еркіндіктің көгілдір туын көтерген Ақ
Жайықтың ағысы қазақ даласының тари
хында жылжып барады.
АЛДЫҢДА АҒАҢ БОЛҒАН
ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ!..
(Қадыр ағаның мерейтойында
сөйлеген сөзі)
Иә, ол жай ғана аға емес, Қадыр Мырза
Әлі сияқты аты шыққан айтулы ақын болса!
Және ол ақын сені туған қарындасындай көр
се! Осы бір мақтаныш сезім мені әрқашан
тебірентеді, толқыта қуантады, жігер қосып,
ерекше жауапкершілікпен алға ұмтылтады.
Ойымды келте қайырып, сөйлемді қисынсыз
құрасам, Қадыр ақынға қарындас болуға жа
рамай қалам ба деген үрей билейді бойым
ды. Ұйқасы осал өлең жазудан да сескенемін,
өйткені алдымда Қадыр ақын, Қадыр өлең,
Қадыр ой, Қадыр сыншы, Қадыр аға тұр. Тай
ып кетсем «Тәйт» деп ескертетін бір тылсым
тасада мені бағып, аңдып тұрғандай. Өйткені
өзіне табындыратын талант, талап, киелі сөз
иесі Қадыр Мырза Әлі маған Аға! Ақынның өз
сөзімен айтсам:
«Туысқанның мықтысы – тілеулесің,
Қарындастың жақсысы – армандасың», –
дегендей, армандас, рухтас болғанымды шы
нында мақтан тұтам.
Өзгелерді де оқып, сыйласып жүріп, мен
өзім Ақ Жайық бойынан өз көзім көрген Та
йыр Жароков, Жұбан Молдағалиев, Сағын
ғали Сейітов, Қадыр Мырза Әлі сынды алып
ақындармен бір өңірде туып-өскеніме ерекше
қуанамын. Алдыңғы үшеуі биіктеу, алыстау
тұрса, Қадыр аға тұстас, үзеңгілестей жақыны
рақ болды. Мен ол кісімен өзін білмей тұрып,
өлеңі арқылы таныстым.
«Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!»
Тұмарға жазылатын тәбәрік сөздей осы шу
мақты жазған тапқыр ақынды ең алғаш жыр
жинағым шыққанда, «Жазушы» баспасын
да көрдім. Одан кейін кәдімгі өмірде үй ара
сында үй жоқ көршілес тұрдым. Міне, тағдыр
маған осылай әрі сырлас, әрі мұңдас, ақылшы
да талантты ағаны бір туғандай сыйға тартты.
Өзіне аға деп еркінсіп, жарына жеңге деп әзіл
десіп, ұзақ жылдар тату өмір кешіп келе жаты
рмыз.
Өнегелі, ойлы, оқығаны мен түйгені, ес
тігені мен көргені мол талант иесімен осылай
бірге ғұмыр кешу – біле білгенге бақыт! Та
лантпен табақтас, сауаттымен қатар қону да
тағдыр сыйы.
О бастан алғаш өлеңдерін жаттап өскен
шәкірттерінің бірімін. Ағаның «Ой орманы»
жинағы талайларды тамсантты, қойын дәп
терге айналды десем, қате айтқандық емес.
«Дала дидары» да солай. Бір ғана өлеңімен
бүкіл қазақ тарихының суретін салған шебер
ақын сол шеберліктен танған жоқ. Шабысын
бәсеңдетпес шын жүйріктей әлі бәйгеде.
14-251
«Қазағымның шоқ басқан табанымен,
Бірдей болған жақсысы жаманымен.
Бір жаманы – тынымсыз көше берген,
Бір жақсысы – қимаған даланы кең.
Бір жаманы – кешігіп әліппе ашқан,
Бір жақсысы – күйлері көбік шашқан.
Бір жаманы – қыздарын малға сатып,
Бір жақсысы – сүйгенін алып қашқан.
Бір жаманы – шаруасын маңдытпаған,
Бір жақсысы – қулықпен жанды ұтпаған.
Бір жаманы – үйленіп жеңгесіне,
Бір жақсысы – жесірін қаңғытпаған».
Осылай қазақтың бары мен жоғын түген
дейтін жыр жолдары ағытыла беріп, оқыған
көңілге орнығып қала береді. Осылай жырын
жаттап жүрген ақын менің Алматыдағы ең
жақын ағайынымдай болғаны сонша, бала
ларымызды үйлеріне алып кететіндей туысқа
айналды. Үлкендерінің тілін қызықтап, кенже
қызға кіндік ата, кіндік шеше болды. Осылай
араласқан ағайынға айналып, ағалы-қарын
дас боп келе жатырмыз.
Ақын Қадыр Мырза Әліден өлең жазу, сөз
қадірлеу ғана емес, өмірге көзқарас үйрен
дік, кітапқа құрметпен, ұқыппен қарауды үй
рендік. Ол кісінің үлкен кітапханасына тек
көз тастап өтсең де, есейіп шығарың анық.
Мен бүгін өзіме ғасырлас осындай ақынды өз
құлағыммен тыңдап, пікірлесіп, поэзия жай
лы ойларын бөліскенім үшін тағдырға алғыс
айтар ем.
Ақын Қадыр Мырза Әлі сан қырлы та
лант екенін өзге айтпай, өзі дәлелдеген. Ба
лаларға арналған «Күміс қоңыраудан» бүгін
гі «Иірімге» дейін қалам тартпаған жанры
жоқ деуге болады. Бүгінгі сөрелерде бірнеше
томдарға кеткен ақын еңбегіне баға беру – ер
теңгі күннің үлесі, келешек тарих, бейтаныс
ұрпаққа қалатын шаруа. Әттең, олар біз сияқты
қоян-қолтық сырласа, сөйлесе алмағанына
өкінер де. Мен болсам аға деп аңқылдап тіл
десем. Білген адамға ұлылық пен ұлағатты-
лықты сезіну, талантты ақынмен ой бөлісу –
байлық, қазына. Ақынның бір шумағы екін
шісінен биік, соңғысы алдыңғысынан терең,
қайсысын бөліп алуға білмейсің. Қадыр ақын
ды оқи бересің, ойлана түсесің, есейе қала
сың, мұңаясың, қуанасың, риза боласың.
«Уақыт-ай,
Өтініш те, наз да менен –
Қалаймын өзгергенін аздап әлем.
Ақынсың:
Күнге нұрмен,
Көкке бұлтпен,
Жапанға жаңбырменен жазған өлең».
Ендеше, өзі айтқан күн нұрсыз, көк бұлт
сыз, жапан жаңбырсыз болуы мүмкін емес де
сек, төл әдебиетіміздің, қазақ поэзиясының
Қадыр Мырза Әлісіз болуы да мүмкін емес.
Өйткені ол – адамзат ойшылдары қатарында
саналатын алып тұлға. Мүшеліңіз құтты, ғұ
мырыңыз ұзақ болсын, Аға!
ОЛ МЕНІ АЯЙТЫН, МЕН
ОНЫ АЯЙТЫНМЫН...
Фариза екеуміздің мақсатымыз о бастан
қазақ қыздары өлең жаза алады дегенді дәлел
деу болатын. Соған белді бекем будық.
«...Қызғалдақтар, орамалдар алқызыл,
Құрметпен қоршаса да бар қызы,
Құдайынан жатса-тұрса әжелер
Тілейді екен бере көр деп жалғыз ұл.
Өссе елдің көркі деген, гүл деген,
Қызды кейде тең көрмеді ұлменен.
Ержеткенде сол ұлдардың бәрібір
Қыздан бақыт іздейтінін білмеген», –
деп қалжың араластырып жүрген кезім еді.
Бір кезде Фариза келді күркіреп...
«Құдай сәуле бергенмен санасына,
Еркектерден көш төмен бағасы да.
Құлдықта келе жатыр ғасыр бойы
Әйелдің дарасы да, данасы да», –
деп жазды.
Фариза екеуміз хат арқылы табыстық, ол
Атырауда, мен Алматыда тілеулес болдық.
Кейін ол Алматыға келгенде біраз дәурен өтті
басымыздан. Жолсапарға, іссапарға бірге
шығып жүрдік, сырластық. Сырласпаған күн
де де бір-біріміздің ішкі жан-дүниемізді таны
дық. Бірақ Фариза тек қана ақындық жолға
түсті. Мен екінші жағын қатар алып жүруге
тырыстым, әйел жүгін арқаладым. Бала бағып,
бесік тербеттім. Ара-тұра кездесе қалғанда ол
мені аяйтын, мен оны аяйтынмын. Бірақ оны
ашып айтпайтынбыз, бір-біріміздің жанары
мыздан үнсіз ұғатынбыз. Өзін мақтап, көтер
мелей сөйлейтіндерге қаратып, «Менің ішім
дегіні, не айтқым келетінін олар дәл сендей
түсінбейді ғой» деп кейде мұңын шағатыны
да бар еді. Менің де өзімше жаным қиналаты
нын ол сезбеді емес, сезді. Ішкі арпалысымды,
жанымның қиналғанын сезгенде соны ашып
айтпай, жәй ғана «Қалайсың?» деген ауырлау
бір сауалды күрсіне қоятын. Қиналғанымыз
ды айтпайтынбыз. Жанарларымызбен ғана
ұғысатынбыз. Міне, біз осындай өмір кештік.
Күләш та бесігін тербей жүріп, өлеңін тас
тамаған ақын. Ол маған арнап мақала да жаз
ды. «Есесін сөзден жібермей, еңсесін төмен
түсірмей өмір кешу ерлік емей немене?!» –
деді Күләш ақын мен жайлы. Қанипаның тағ
дыры өз алдына. Оның өмірі денсаулығымен
алысып, өмірмен күресе жүріп өтті. Қанипа
ның бақытына Әбу Сәрсенбаев ағам поэзияда
да, өмірде де әкесі болып жолықты. Қанипа
ның бағын ашты. Өкініштісі, ғұмыры қысқа
болды.
Әрқайсымыздың тағдырымыз әр түрлі. Әр
қайсымыздың қолтаңбамыз әр түрлі. Еш
кім оны зерттеп, ара-жігін айырып жатпаға
нымен, төртеуміз төрт түрліміз. Өмірде де,
өлеңде де. Ал біздің мектебіміз қалыптасты
ма, қалыптаспады ма, оны да тап басып айту
қиын. Бұл заман да өтер, ұрпақ ауысар. Поэ
зияның киелі нәрсе екенін ұғынар. Ақын болу
маңдайға жазылатынын дәлелдейтін уақыт
келер деп ойлаймын. Қазір бір аласапыран
заман. Ақшасы барлар да өлең жазатынды
шығарды. Ақшасы барлар да кітап жазатынды
шығарды. Тіпті, жалдап алып жаздыратынды
шығарды. Мұның бәрі уақыттың бір кезеңі.
Бәрін тарих тазалайды деп ойлаймын. Тарих
талайды басынан өткеріп, талай нәрсені таза
лаған. Сауатты оқырман, поэзияны түсінетін
дер өлең-жырды өлтірмей, өздерінің қажетіне
жаратса, әрине, мақсатымыздың орындалға
ны. Поэзия – өмір сүруге жетелейтін күрестің
ең үлкен құралы.
Әрбір құстың өзінің дауысы болатыны
секілді әр ақынның өзінің дауысы бар. Мыса
лы, бозторғай бар, сандуғаш бар, қараторғай
бар, әрқайсысы өзінше сайрайды. Құстың да
уысы мен гүлдің түрі сияқты әркімнің өзінің
дауысы мен өзінің орны болуы керек. Көлең
кеде қалып қою дегеннің өзі негізі дұрыс
түсінік емес. Тағы да қайтып оралайын, мұнда
әңгіме қазақ әйелінің тағдырына келіп тіре
леді. Фариза өзін тек бір ғана жолға қойды,
арнады. Ешқайда бұрылған жоқ. Поэзия үшін
бәрін құрбан етті. Жастығын, әйелдік жолын,
бесік тербейтін уақытын, бәрін-бәрін поэзия
ға арнады. Құрбандық жасағаны үшін де оған
деген көзқарас басқаша болды. Содан кейін,
әлбетте, оның үнінде өзіндік бір өрлік, ерлік
болғаны да шындық.
Күләш, Ақұштап, Қанипа Фаризаның кө
леңкесінде қалды деуге болмайды. Өйткені
Фаризаның айтпағанын басқаларымыз айт
тық. Менің тақырыбым Жайық еді. Жайық –
қасіретті өзен. «Еділ мен Жайық – екі өзен» дей
тін қазақтың Еділінен айырылған Жайығы.
Жағасын түрлі тарих көміп қалған тарих.
Мен Жайыққа мұң айту арқылы тым болмаса
қазақ тарихының сол қасіретінің бір шетін
жырлап жүрдім деп ойлаймын. Күләш жүрек
тің жіңішке қылын шертер әдемі мұңменен
өзінше жырлайды. Фариза төпетіп, дауыл
ды жолдарменен келеді. Қазақтың Абайы бір
төбе, Махамбеті өзінше бөлек, ал енді қалған
ақындар сол екеуінің тасасында қалды деуге
болмайды ғой. Қазақта қанша ақын бар? Қа
сым, Мұқағали, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай,
Қалижан Бекхожин мен Хамит Ерғалиев, Жұ
бан Молдағалиев пен Жұбағаңның замандас
ақындары, кешегі Абдолла Жұмағалиевтердің
әрқайсысының өз орны бар. Соғыстан ке
йін, мысалы, Сырбай Мәуленов шықты. Тіпті,
әнге сөз жазған Нұтфолла Шәкеновтер бар.
«Песенник» ақындардың да әрқайсысының
өзінің орны бар. Олардың әрқайсысына тие
сілі дауысты өзіне бөліп беретін нәрсе – әде
би сын. Қыздар өздерінің алдындағы апала
рының өлеңдерінен өзіне керегін алып оқыса,
қай-қайсысынан да зиян шекпейді.
Фариза келерде поэзиямызға Төлеген Ай
бергенов келді. Оны дәл сол кезде ешкім түсін
ген жоқ. «Сыңғыр-сыңғыр, дыңғыр-дыңғыр
құйылып жатқан өлеңі бар, Қарақалпақстан
нан келген жас ақын» деп жүрді. Ол отызға да
толмай өмірден өтіп кетті. Осы Төлеген Ай
бергенов қазақ поэзиясына жаңа леп алып
келді. Оны түсініп үлгермей жатып, өзі мәң
гілік мекеніне кете барды. Ал Төлеген Айбер
геновтің екпіні Фаризаның да поэзиясында
қалды. «Мен саған ғашық едім» деп Төлеген
жазса, «Мен саған ғашық емес ем» деп Фари
за жазды. Алғашқы осы цикл Фаризаны қа
заққа танытты. Фариза алғашқы өлеңдерін
қазақтың қара өлеңімен бастады. Бірақ, бір
ден жақсы жазды. Талантына ешқандай талас
жоқ. Мысалы:
«О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,
Саған қарай талпынып ұшамын мен», –
деп, кәдімгі қара өлеңнің формасымен келді.
Содан кейін Төлеген құсап «Мен саған ғашық
емес ем» деп жазды. Ол уақытта бұл поэзия
үшін жаңалық болды. Біреуге еліктеу, шын
мәнінде, абырой бермейді. Әркімнің өзінің
дауысы болуы – басты шарт. Мен, мысалы,
көбінесе баллада сияқты нәрселерді оңай
жазамын. Тұтас бір аңызды немесе оқиғаны
баяндау арқылы айтып шығамын. «Ана жүре
гі», «Ана махаббаты», «Бүркіт пен қарға» деген
сияқты, мысалы. Қадыр Мырза Әлінің рухы
на арнап, Жұбан Молдағалиевтің Желтоқсан
оқиғасы кезіндегі сөзін негізге ала отырып,
сюжеттік дүниелер жаздым. Оны зерттеп
жатқан ешкім жоқ. Ал бастапқы кезеңде
жаны нәзік қыздың мөлдір лирикасы басым
болды. Оны өзім де білемін. Себебі, менің
бар мақсатым қыз баланың жанының нәзік
тігін жігіттерден бөлек берсем деген ой бол
ды. Мысалы:
Ол рас, таласым жоқ,
Өмірге ерте келдің.
Сен жүрдің баласың деп,
Мен саған еркеледім.
Орынсыз қызғанғаның,
Бақыттың өтері бар.
Ертерек қыз баланың
Есейіп кетері бар, –
дегендей. Болмаса, әкеме арнап: «Қыз деуді,
әке, білемін, көңілің жүр ғой қаламай», – деп
жазғаным бар. Қазақ қызының тағдырын, ұл
күткен әкеге деген махаббатын, дей тұрған
мен, табиғат заңының қатал екенін, ол өз де
генін жасайтынын айту үшін осындай жол
дармен, осындай формамен келдім. Фариза
сияқты, Күләш сияқты жазсам деген ой менде
болған жоқ.
Мен өзім сюжеттік өлең оқығанды жақ
сы көремін. Өтежан соғыстың қасіретін сол
сұрапылдан аман қалған бір ғана адамның ба
сынан өткерген оқиға негізінде баяндай оты
рып, бүкіл қасіретті көз алдыңа әкеліп береді.
Есенғали бір ғана өлеңнің өзінде жүректі дір
еткізетін нәрсені жеткізе біледі, көз алдыңа
тұтас сурет елестейді. Сюжеттік өлеңдерге
шағын көрініс түсіруге болады. Прозаға бар
май, поэзияның өзімен-ақ көп дүниені беруге,
жеткізе білуге сюжеттік өлең ыңғайлы форма
деп ойлаймын. Жасымда батырлар жырын
көп жаттағандықтан ба, жаныма жақын. Қа
зақ поэзиясына сюжеттік өлең жоқ емес, бар.
Бірақ соны саралайтын сыншы жоқ. Соңғы
кезде әдебиеттің сыншысы болмағандықтан,
кейде ненің не екенін де ажырата алмай қа
лып жатырмыз. Оқырман ондай өлеңдерді
ұзақ деп оқымауы мүмкін. Қысқа өлең бол
са, адамның жанының сұранысын толық қа
нағаттандырмауы мүмкін. Осының салда
рынан, өлеңге деген сұраныс азайып кетуі
де мүмкін. Әдемі-әдемі сюжеттер, шумақтар
адамның ойында жатталып қалса, ол өмірдегі
күрестің бір құралы деп білу керек.
Біздің соңымыздан келе жатқан қыздар
дың қатары өте көп. Қалам ұстаған қыздар
көбейгенін сөз басында да айттым. Қазір поэ
зияда да, журналистикада да жігіттерден қы
здар көп. Бұрын керісінше болатын. Өлең жазу
о баста алғашқы махаббатқа байланысты бо
лып басталатын болса керек. Баян Бекетова –
өзіндік ақын. Гүлнәр Салықбай – әдебиеттің
жан-жақты даму сатыларын оқып-үйренген,
өзінше қолтаңбасы бар ақын. Аудармаларын
да да керемет сәтті жолдар бар. Бұл ізденістен,
көп оқудан келген нәрсе, әдебиеттің ықпалы
деуге де болады. Талантты сіңліміз. Ал енді
топ ақындардың өлеңдерін оқып отырған
уақытта, жаңағы өзің айтқандай, сүйіп мұңаю,
сәтсіз махаббат көп кездеседі. Ғашық болады,
ол қарамайды. Осы тақырып қазақ қыздары
ның өлеңінде өріп жүр. Ал мен:
Сақтық керек сезімнің гүліне де,
Албырттығы өмірдің біліне ме.
Қыз баланың жігітке «сүйем» деуі
Жараспайды ғасырдың біріне де, –
деп жаздым. «Қыздың жолы – жіңішке», жігіт
ке жақсы көретінін жазу онша сән бермей
ді. Жастық шақта бәріміз де «балалық шақта
жолығып, содан кейін қайда кеттің» дегендей
лирикалық жолдарды жаздық. Ол сол жаста
жазылуға тиісті шығар. Бірақ қазақтың ақын
қыздарының бәріне бірдей сәтсіз махаббат
тақырыбының ортақ болуы аса жақсы емес.
Соның кесірінен оқырман кейде қыздары
мыздың қолтаңбасын айыра алмай қалады.
Бәрінің жазатыны осы бір тақырып. Ол оқыр
манның жүрек қылын шертіп жатпағасын,
сезім жайлы жазғанымыз сәтті шығып жатыр
деу де қиын. Әйел адам әйел затының жан-дү
ниесін жырлағаны дұрыс. Кезінде мені тек
әйелдің мұңын жазады деп сынап та жүрген
дер болды. Алайда Әбіш Кекілбаев: «Әйелді
емес, әйелдікті жырлап жүр», – деп баға берді.
Шын мәнінде солай.
Қыздарымыз әлем әдебиетін оқып, жан-
жаққа еліктеп, қазақ өлеңін жаңаша бір қы
рынан көрсетіп жүр. Мүмкін заманына байла
нысты шығар. Бірақ сол қыздарымыздың ара
сында әлем әдебиетіне бұзып-жарып кіретін
айқын талант иесін көріп жүрген жоқпыз де
сем, сіңлілерім маған ренжімес. Ал мен қазақ
ақын қыздарынан соны күтемін. Орыстың
Цветаевасы сияқты өзін құрбандыққа шала
отырып, өлеңін қалдырар қазақ қыздары
бүгін болмаса да ертең шығарына сенемін.
Оны уақыт көрсетеді. Жақсы ақындар көп.
Бірақ ішінен біреуін қара үзіп бара жатыр деп
бөліп-жарып айта алмаймын. Қалам ұстаған
қыздың тағдыры қашанда қиын. Оларға көңіл
бөлу жағына келгенде сараңбыз. Бірақ мұның
барлығы уақытша қиындық болар деп үмітте
немін.
Бүгінгі қазақ қызын ойға алсақ, біз түсінген
әйелдік борышты үстірттеу ұғатын, жарты
лай түсінетін, қоғаммен арпалысты көбірек
қалаған, дей тұрғанмен, жүрегінің арғы түк
пірінде бақытты ана болуды аңсаған, соған
мына ғасыр жол бермей, сонымен арпалысқа
түскен қыздар көз алдыма елестейді. Қазіргі
қыздардың біразы жеңілдеу өмірді іздейтін
болды. Шетелге тұрмысқа шыққысы келетін
дердің қатары қалың. Өзінің тілін емес, үй
ренген тілін жоғары қоятындар баршылық.
Қай жерде жеңіл өмір бар екен деп көзін сүз
ген қыздар көп. Маған сондайға бейім қыздар
көбірек кездеседі. «Не де болса маңдайымнан
көрейін, осы қазақ халқымен бір болайын»
деп ойлайтындар сиреді. Бәріне жеңіл жол
мен, күрессіз жолмен жетуді көксейтін қызда
рымыз көбірек. «Өзі сүюдің» кесірінен тастан
ды балаларды өмірге көп әкеліп жатқан да –
біздің қыздар. Қазақ қоғамында бұрын бол
маған тастанды бала қазір көп. Тіпті, тастан
ды баланың өзін бауырға басып, баяғының
кісілеріндей, «олжа болды, Олжабай болсын»
дейтіндер қазір аз. Соның салдарынан «Олжа
байларымыздың» көпшілігі шетелге сатылып,
енді біразы жетімдер үйінде телміріп жүр.
Қыздардың болмысы, түсінігі үлкен өзгеріске
ұшырағанын байқаймын.
Ал тәрбие құралының бірі – поэзиямызды
жастар қаншалықты іздейді, іздей ме, әлде
ұмытылып қала береміз бе, бәрі уақыттың ен
шісінде. Бәлкім, тарих бізді де іздетер. Оны да
уақыт көрсетер. Бастысы, тіліміз жоғалма
сын, жойылмасын деңіз.
15-251
ЖАЙЫҚТЫҢ ЕРКЕ БОТАСЫ ЕҢ....
(Ботакөз ақын қазасында
сөйлеген сөзі)
Бота, Боташ, Ботакөз. Адамдарға мөлдірей
қарайтын, аяғын да ойланбай, кең далаға
еркін еркелеген боташа есептемей басатын
сенің есіміңді қалай тауып қойған десеңші?
Тағдыр дәмі бұйырған Жайыққа оқу мен
өнер іздеп келдің де, өмірден қылау түспеген
тап-таза жүрегіңмен жар сүйіп, әрі тұңғы
шың, әрі кенжең болған жалғыз ұлыңның
бесігін жырмен тербеткенің де көз алдымыз
дан бүгін өзің теледидарға түсірген бейнетас
палардай өтіп жатыр. Осы елдің жақсылығын
жар етуге жүгіретінсің. Қулық пен сұмдыққа
толы есеппен саудаға тіркелген мына қаты
гез тірліктің бетіне бетперде киген қос аяқты
пенделер арасында бәріне сеніммен қарай
тын, бәрін досым деп санайтын сендей пана
сыз, сендей қорғансыз, жүрегі жалаңаш ақын
қыздың өмір сүріп жүргені Ерлік екенін туған
күніңде айтармын деуші едім, мәңгі сапарың
күні айтамын деп ойлаған жоқпын, Боташ.
Сенен ешкім үйің тар ма, ақшаң бар ма деп
сұраған емес. Кеуде соққан азаматсымақтар
да айтқан сөзіңе құлақ асқан емес. Сен дала
дай кең, баладай аңқау көңілмен өз жоғыңды
өзің толтырдың. Бір ғана арман болды сенің
Ана жүрегіңде – ол жалғыз ұлды Азамат қа
тарына қосу, өсіру, оқыту, ешкімнің алдында
балаң үшін ұялмау еді. Сонау бір жылы балаң
ауырып қалып, Алматыға ұшып келгенде
гі әуежайдағы үрейлі түрің де менің көз ал
дымда. Балам оқу бітірді, үйлі болғалы жатыр
деп той алды жүгірген жүрек қуанышың да
көз алдымда. Адамзат алдында ұялтпайтын
бала өсіру – әйел – Ананың ең басты борышы,
сен соны орындап кетіпсің, ендеше, арманың
жоқ, Боташ. Кеудеңдегі мұң-сазың өлең
де қалды, домбыра ұстап ән салдың, ендеше,
бақытты болдың, Боташ.
Байлар мен батырдан, кедей мен ақыннан
қалатын қып-қысқа фәни жалғанда аңқыл
дап өткен, ақжарқын өткен, қулықсыз, жағым
паздықсыз өткен, ақ тілеулі ана боп ұл өсіріп,
немере иіскеп кеткен сенің ғұмырың да, қас
қағымдағы өлімің де мені «Боташ бақытты
болды» деген жұбаныш ойға тірейді. Өзіңдей
сіңліден айырылғаныма кеше егілсем, бүгін
бекідім. Басқа амалым жоқ қой, солай емес пе,
Бота, Боташ, Ботакөз...
ӘЙЕЛДІҢ ХАЛІ ОҢАЛМАЙ,
ҚОҒАМ КӨРКЕЙМЕЙДІ
Ашық аспан астындағы ашық музейге
айналған Маңғыстау даласы. Өркеш-өркеш
құмдардың арасынан алдымен түйенің жал
ғыз өркеші, жақындай бере сол нарды жетек
теген ақ жаулықты әйел көрінеді. Екеуі дала
жолын көлденең кесіп өтіп барады. Мына су
ретті көрдім де, ойға баттым. Нар! Не деген үл
кен жануар. «Нар жолында жүк қалмас» дейді
халық. Шыдамы мол азаматты да қазақ «нар
жігіт» дейді. Ең қиын шешімге бел байлаған
кезде «нартәуекел» дейтін сөз бар. Қандай
жарасымды теңеу. Маң-маң аяқ басу қандай,
өзіне сену қандай! Сонау бір динозаврлар
дәуірінен далада қалған ең үлкен жануар да
осы сияқты. Ал енді анау нарды жетелеп өткен
әйел ше? Ол және ол тектес ақ жаулықтылар
бұл далада не көрмеді дейсің? Сол нарға жүк
артқан да, нар үстіне бесік байлап тербеткен
де, шөл дала аптабына шыдайтын да солар.
Шыңырау түбінен қауға тартып нар суарған
әйел ақ сүтімен ұрпақ суарады-ау. Нарды бір
ноқтамен бағындыра жетелеп бара жатқан
әйел осы жолы маған ерекше құдіретті көрін
гені рас. Оның қолында тағдыр кетіп бара
жатқандай.
Бұл жерде бір әулие мазары екіншісіне ұқ
самайды. Қайда барсаң, қай молаға бұрылсаң
тек әулие жатыр. Мен ойға батамын, біз әспет
тейтін үш жүз алпыс екі әулие аспаннан түс
кен жоқ, олардың анасын неге ұмытамыз?
Неге әйел затының қадір-қасиеті ескеріл
мей қала береді? Тіптен қыз-келіншектің ана
сүтімен біткен талантын да жоққа шығарып,
«әйел ақын бола алмайды» деп көкитіндер
де бар. О бастан-ақ «Байтал шауып бәйге ал
мас» депті ғой білгіштер. Сонда ол сорлы шаба
алмайды емес-ау, құлындау үшін, ұрпақ үшін
өзін құрбан етеді емес пе. Құлындатпай бап
таса, бәлкім бәйгі алар ма еді, оны ойлаған кім
бар?
Әйел де солай. Батыр ұл табады, ақын ұл
табады, әулие ұл табады, бастық ұл табады, ақ
сүтін таңдайына тамызып, тіршілік сыйлап,
түн ұйқысын төрт бөліп, бүкіл ғұмырын сә
биіне арнап, белі бүгіліп өсіреді, аялайды, әл
дилейді, тілеуін тілейді. Сонда естіген алғы
сы қане? Осы ойлар тағы мазалап, енді мен
бүгінгі замандастарым жайлы толғана түсем.
Көңіл
кестесіндегі
таныс-бейтаныстарым
ды тізбектей бастаймын. Мынау тіршіліктің
барлық жүгін түгел арқалап келе жатқан әйел
қауымын өзіммен қоса аяймын. Неге десеңіз,
мектепке барсаң – әйелдер, дәрігерге бар
саң – әйелдер, кітапханада – әйелдер, асха
нада – әйелдер, балабақшада – әйелдер, биз
несте – әйелдер, базарда – әйелдер, енді по
лицияда – әйелдер. Бірақ біздің олар жайлы
пікіріміз төмен.
Тәуір өмір сүріп жүрген саусақпен санар
лықтарға қарап, қазақ әйелінің жағдайы
дұрыс екен деуге болмайды. Олар баланы
шектеп, бас қамын жасап алғандар, жекелеген
өнерлілер мен қаржылылар ғана. Біздің дала
да қиналып жүрген әйелдер өте көп. Жас қы
здардың тәрбиесі жайлы әңгіме ұзақ. Жалпы,
қазір қазақ қауымы қыз тәрбиесін уысынан
шығарып алды ма деген үрей де жоқ емес. Се
бебі тастанды баланың саны өсіп тұр. Шет
елге күйеуге тиіп кеткені қанша. Ұлттық тәр
биенің шырқап тұрған жері Атыраудан бір
жылда 70 қыз шетке тұрмысқа шықты, Тал
дықорғанда бір жылда 100-дің үстіндегі бой
жеткен қытайға күйеуге тиіп кетсе, бұл біздің
ұлтқа сын, ұлдарға мін емес пе?
Қазақтың қара көз қызының тағдырын
ойлар есті азаматтар не дер екен? Ел билеген
ерлер, байлыққа кенелген жігіттер тек өз әйе
лінің қамын ғана ойласа, бір босағадан аса ал
маса, ұлт тағдырына араласпаса, азаматпын
дей ала ма? Жезөкше деп жазғырамыз әйелді,
оған итермелейтін кімдер? Баласын таста
ды дейміз, оның әкесі қайда? Неге тек әйелді
ғана кінәлаймыз? Олар кімге сүйенер, оларды
кім қорғар? Олар да өз қанымыз, өз қарын
дасымыз, өз тұқымымыз емес пе? Біз қоғам
быз ғой, біз елміз ғой. Мен бақыттымын деп
шалқып отырған әйелдің ұлы көршісінің қы
зын жылатып, баласын қаңғытса, ол қандай
адамгершілік болмақ? Осы біз қандасқа жаны
ашитын бауырмалдық сезім мен ұлттық рух
ты әлсіретіп алған жоқпыз ба? Қазақ жігіті қа
зақ баласын ұрып өлтірді дегенге жүрек түр
шігеді. Базар жағалап кеткен әйелдер ұл-қыз
тәрбиесінен көз жазып бара жатыр. Ұрпақ
тәрбиесіне әйелдер оралуы керек-ақ. Біздің
әжелер «Аш болсаң да, арлы бол» дейтін еді,
ендігі әйел «Ақымақ болсаң да, ақшаң болсын»
деп тербете ме бесігін деп қорқасың. Еліміз-
дің ертеңі үшін, егемендікті мәңгі нық ұстау
үшін ұрпақ керек бізге. Ендеше, әйелдің бала
тәрбиесімен алаңсыз айналысуына неге мүм
кіндік жасамаймыз?!
Қоғамдағы кез келген әйелден сұраса, ол
алдымен ана болғысы келеді. Кез келген қыз
сүйкімді жар, әдемі келіншек болуды арман
дайды. Ақ көйлек киіп, ақ гүл тағып ұзатыл
сам дейді. Менің сезуімше, директор әйел де,
бизнесмен әйел де еркелік пен нәзіктікті ар
мандайды. Еліне де, еріне де сүйенсем, қорған
болса дейді.
Алматыдан Атырауға жолға шыққан адам
ның азынаған аязда, аптап ыстықта Арал мен
Жалағаштан, Қазалы мен Қандағаштан там
бур есігіне ыстық картоп пен самса тасып
жүгіретін қазақ әйелдерін көретіні анық. Бір
уыс түйе жүнін сатып ал деп жалынған солар
дың жүзіне кім үңілді? Оларды көріп тағы ойға
батамын: «Өлі әулиелер қашан жебеп-желер
екен, тірі «әулиелер» қашан қамқорлық таны
тар екен?»
Жеңістің алпысыншы көктемін тойлап жа
тырмыз. Сол кездің оты жастық шағын шар
пыған бүгінгі кемпірлер ше? Қан майдан
нан келген ерлер де қасірет көрді, көз жасын
төккен, жесірлік пен жетімдіктің тақсыретін
тартқан, соған шыдаған әйел ерлігі одан тө
мен деп кім айта алады? Сол соғыстың аяғын-
да туған ұрпақтың да балалық шағы ауыр бол
ды, бірақ олар «аш болса да арлы» болды.
Әлі де бәріне шыдап келе жатқан сол ұрпақ.
Сол ұрпақ әйелдерінің мейірімі мен тәрбиесі
жалғасын таппаса, келер ұрпақ қатыгез болып
кетуі мүмкін. Ауылдар тарап кеткелі қалаға
келген қыз балалар әр сектаға кіріп, ұлттық
тәрбиеден адасып жүргені белгілі. Діни ұй
ымдардың ықпалына да түсетін сондай қыз
дар. Қыз бала тәрбиесімен толық айналысуға
әйел-анасының қолы тимей кетті. Қазір қала
да да, далада да қыз тәрбиелеу ең қиын жұмыс
болса керек.
Маңғыстау даласынан басқа жолда маған
нар жетектеген әйел кездеспеді. Ендеше, нар
да сиреген екен-ау. Тозған әйел, азған қыз тағ
дырына араша түсер нардай жігіттер де си
реді ме деген ой маза бермейді. Әйтпесе, не
жүрекпен, не білекпен, не заң жолымен арақ
ішкен, арын сатқан әйел мен қыздарды бір
тәртіпке салу үшін күрес бастайық деген біреу
жоқ. Әлде солармен қосылып, жетім санын
өсіріп, шетке бала сатып, тойғанға, кигенге
мәз болып, елді былғай береміз бе? Туған ба
ланы лақтырып тастап, әрі қарай селкілдей
бер дейміз бе? Болмаса көше бойлап өзін
сатқан, мектептен шылым тартқан қыздары
мызға көз жұмып отыра береміз бе? Бұл тура
лы «Егемен Қазақстанда» жарияланған мақа
ласында академик Әлия Бейсенова да айтқан
болатын.
Наурыз сияқты у-ду мерекеден кейін әйел
дерге қайта қараңызшы. Жаныңыздағы сол
арман қыздың бүгінгі күйі толғанта ма жү
ректі?! Жоғалған аң-құс жазылатын қызыл
кітапқа қазақ әйелінің мейірімі жазылса қай
теміз? Сол мейірімді сақтау үшін, қыз бала
тәрбиесінің ерекшелігі үшін тұтас қоғам бо
лып не істедік? Адамзаттың парасатты, мақтан
тұтар мейірбанды ұрпағын тәрбиелейтін ер
теңгі ана, бүгінгі қыз бала тәрбиесін ұлттық
тұрғыда жүргізетін кез жеткен жоқ па. Неше
тіл, неше білім игердік, ал ұлттық тұрғыдағы
ана тәрбиесі болмаса ол білімнен не пайда?
Өзімді өзім асыраймын деген оймен отбасын
құрмаған қыздар саны қазақта өсіп кеткені де
өзімізге белгілі.
Өңіріне «Алтын алқа» тағынғандар қай кез
дің әйелдері? Соны ойладық па? Бұлай дей
тінім, соңғы онжылдықта он бала тапқан бір
әйел жоқ екеніне бас тіге аламын. Бүйте бер
се, біздің елде «Алтын алқа» деген музейлерде
тұратын экспонатқа айналуы әбден мүмкін.
Әйелдер ұрпақ өсіруден бас тартса, бұл елдің
ертеңгі байлығына шетелдіктер қожалық
құрмасына кім кепіл?
Босанған кезде беретін жәрдемақы алу жол
дары да бізде қарастырылмаған. Жас бо
санған әйел сол ақшаны алу үшін екі ай сен
деліп қағаз жияды, егер соны перзентханада
қолына берсе қайтеді?
Мен тағы ойға батам: қорасындағы тор
пағы жоғалса іздейтіндер сатылып кеткен
қыз-келіншекке сұрау салмайтын болғаны
ма? Бұл қазақ бір-біріне деген мейірімін
жоғалтты деген сөз ғой. Жер бетінде тіршілік
ті мейірім ғана ұстап тұрғанын ұмытпайық.
Сатылып кеткен жаутаң көз сәби сенің неме
рең, сатылып жүрген сенің сұлу қызың ғой.
Бәлкім, әйелдерге өзін сыйлату үшін нар тіз
гініндей мына өмір тізгінін қолына алуы ке
рек шығар. Сонау Адам Атадан бері арқалаған
жүгіңнен егемен елдің ертеңгі ұрпағын өсіру
қиынға түспес, есіңді жи, қайрат шақыр. Ана
тілін меңгеріп, Құртқа мен Қарашаштың да
налығын оқыт, Жібек пен Баянның махабба
тын үйрен. Бәлкім, сонда сен жайлы биік пікір
туындар. Жылтыраған жүзік пен желбіреген
көйлектің тұтқынынан шық, жоқтық түгіл
аштықты жеңген жігеріңді жина. Иә, көп дү
ние адамның өзіне де байланысты дегім ке
леді сіңлілеріме.
ШЫДАМНЫҢ ШЕГІ ЖОҚ СЕНДЕ...
Шыңғыс Айтматовтың «Ана – Жер – Ана»
қойылымындағы Толғанай – тек әйел шыдай
тын өмір азабын көтере білген мықтылық
тың бейнесі. Жазушы Хамза Есенжанов-
тың жары София он жеті жыл айдауда бірге
жүріп, ортамызға оралған өмір шындығы. Са
най берсек өткен тарихымызда мұндай өте
көп, ал бүгінгі жанымызда жүрген қазақ әйелі,
ол кім?
Ол – отыз жасында төрт жасар ұлымен
соғыс жесір қалдырған Әбіш Кекілбаевтың
анасы Айсәуле әжей. Белгілі режиссер Дариға
Тналинаны алыңыз. Атақты Мыңбаев шаруа
шылығына аты қалған қазақтың асыл аза
маты Кәрім Мыңбаевқа іңкәр болған жас қыз
одан сүйген жалғыз ұлмен бүкіл өмірін өт
керіп, қазақтың кино өнеріне еңбек сіңіріп,
70 жастан асқанша өзгеге жар бола алмай
отыр. Біздің заманда мықты әйел жоқ деп еш
кім таласа алмайды.
Менің бала кезімде бізбен көршілес ене
мен келін өмір кешті. Енесі соқыр болатын.
Жалғыз ұлы Сталинград түбінде өлді деген
қара қағаз келген ана жылай-жылай соқыр
болып, құсадан өлді дейтін әжем. Ал келіншек
көп кешікпей, кенеттен ауырып дүние сал
ды. Сол келін соғыс басталардан аз-ақ бұрын
ұзатылып түскен босағасын аттап кетпей,
ешкімге көңіл қоспай, бала сүймей, сол үйде
өлді. Онымен тағдырлас қазақ әйелін біздің
байтақ даладан көптеп санауға болады. Бұл
да қазақ әйелі ғана шыдайтын сын, солар
ғана көтеретін ауыртпалық.
Еркіндік рақатын толық көре алмай, өт
кеннен арылып, жаңа өмірге түгел бет түзуге
үйренбей отырған мынадай өтпелі кезеңнің
де ауыр салмағы тағы да қазақ әйелінің иығы
на түсіп тұрған кезең бұл. Әсіресе жұмыс
сыз қалған жанұяда, тарқап кеткен шаруа
шылықтарда, ақшасыз, жолсыз қалған алыс
ауылдарда әйел қауымына тұрмыс тауқыметі
өте ауыр тиюде. Тағы да соның бәрін асқан
шыдамдылықпен көтеріп отырған қазақ
әйелдері – біздің замандастар.
Жайық пен Ертіс, Балқаш пен Сыр бойын
араласам, көрген көріністерім бір-біріне өте
ұқсас, бәрінде бүрсеңдеп балық сатып жүрген
қазақ әйелдері. Түркия, Иран, Пәкістан сапа
рындағы ұшақтарда қап-қап жүк арқалаған
қазақ келіншектері. Астана мен Алматыдан
сан тарапқа кететін вагондарда аяқ алып жүре
алмасаң, тағы да қап арқалаған қазақ әйелі
не кезігесің. Амал не, бала асыраудың қамы
екені айтпаса да түсінікті. Сол бейнетпен
тапқанын баласының оқуын төлеп, киімін
бүтіндесе, қызын жасаулап ұзатса, көрген бей
нетін ұмытып, ән салуға да қайрат табатыны
қайран қалдырады емес пе?! Тек балалары
қуанса болғаны. Тентек ұлды түрмеден боса
туға шашылатыны да бар-ау. Не деген шыдам
ның шегі жоқ деп ойлайсың. Әлде қазақ әйелі
өзге үшін өзін құрбан етуге жаралған жан ба
деп қайран қаласың.
Алматыдағы көкөніс сататын базардан жал
данып жеміс-жидек сатып тұрған мектеп
мұғалімін, мешіт жанынан домбыраға қосы
лып күңірентіп қазақ әнін айтып отырған
келіншекті көрдім. Екі көрініс те менің ақын
жүрегіме дақ салғаны рас.
Туған жерімді аралап, бірнеше ауылдарда
болып, облыс орталығында кездесу кештерін
өткіздім. Сан алуан сұрақтар қойылды. За
мандастар өлеңдерімді тыңдап, кейде күліп,
кейде көздерін сулап алды. Мен әңгімемді
кейде соғыстың соңғы жылдарындағы бала
лық естеліктерден бастаймын. Бүгінгі қиын
дық онымен салыстыруға келмес, әрине, еге
мен ел болу жолында бәріне шыдайық деймін.
Біз жетімдермен оқып, жоқтық көрдік. Қара
нан сынығын кеміріп мектепке бардық, ин
тернатта білім алдық. Сән көйлек кию орнына
сауат іздеп, кітап оқыдық деймін. Кей жастар
сатып алған дипломмен жұмысын оқсата ал
майды. Соны біле тұра біздің жастар мықты,
ертең осылар бақытты болады деп сайрай
мын, жұбатамын. Соғысты жеңген аналар
бәрін жеңіп бақытқа кенелді, 80-90 жас өмір
сүрді деп мысалдаймын. «Асықпаған арбамен
қоян алады» сияқты мақалдарды орынсыз
дау болса да, қосып, тыңдаушымды жұбата
16-251
мын-ақ. Бәрін жеңу керек, бәріне шыдауымыз
керек деймін, көлгірсіп. Бірақ бұл соғыс кезі
емес қой, біз не күтіп отырмыз? Фабрика, за
уыттарды іске қосып шалқып қызмет етсек,
кім байлап тұр бізді, елдің шалқыған байлығы,
алтын кені, егіні, орманы, мыңғырған малы
қолды болып кеткені қалай? Кешегі ортақ
жиған мүлік пен байлық алаяқтың аузында,
қутыңдақтың қойнында, биліктің құда-жек
жатының қанжығасында кеткені қалай деген
сауал менің де көкейімде, тыңдаушылардың
да көзінде тұр. Шыдаңдар, ертеңіміз әдемі бо
лады деп еңсемді көтере түсем. Ертең еркін ел
дің ұрпағы атанған – біздің бала-немерелер ие
болады бәріне деймін. Бәлен жылға сатылып
кеткен байлық оларға қашан қайтады деген
күдікті сауалдарын отырғандар менің ойым
ды бөлмеу үшін қоя алмайды.
Иә, болашақ нұрлы болады, ұрпағымыз
бақытты болады деймін. «Шетелге тасылып
кеткен байлықтың жұғыны оларға жетер-жет
песін кім білген? Сонда бүгін ат төбеліндей
билік басындағылар ғана өмірдің рақатын
көруі керек пе? Олардың ығындағы ымы
рашылдар шалқып жүруі керек пе. Солар
дың айтқаны дұрыс болуы керек пе?» деген
сұрақтарды қоймаса да тыңдаушылар көзінен
оқып тұрам. Шыдауымыз керек, төзуіміз керек
деп, дәлелдей түсем. Қай ғасырда да күштінің
әмірі жүрген деп мысал келтірем. Мына өмір
де де ондайға куә болдық қой. Ақын тек жыр
да айта алатын шындық жолы өте ауыр да
қиын екенімен келіседі олар, мұңая қол соға
ды өлеңіме. Әрине, шыдайды, өйткені кіндік
қаның тамған баба топырағы өміріңнен де
қымбат, туған ел өзіңнен де артық асыл ұғым.
Басқа елдің бағы да, тағы да қажет емес қа
заққа, өз даласында сүйегі қалса болғаны. Үй
дегі тірлігіне, бесіктегі баласына, оты жылты
раған ошағын қайта тұтатуға асыққан қазақ
әйелдері қоштасуға да шамасы келмей шығар
есікке асыға ұмтылады. Шыдайды, төзеді,
төзбегенде, қайда барады олар?! Шыдаңдар,
төзіңдер деймін мен. Өзім де төзем...
ФУДЗИЯМА – КИЕЛІ ТАУ
Электроника мен көпірлі жолдар са
лудан бүкіл әлемді таңдандырып оты
рған Күншығыс елі мен Жапонияны көру
көптен бергі арманым болатын. Биылғы
жылы соның сәті түсіп, Тынық мұхит
тағы нүктелерге ұқсас әлем картасынан
көретін кіп-кішкене аралдарды мекенде
ген, өздері де шағын жапон ұлтын анық
танып қайттым.
Ұшағымыздың алғаш қонған жері Оңтүстік
Кореяның астанасы Сеул әуежайы болды.
Бет-әлпеті біздің дала қыздарына ұқсас Корей
қыздарының ұшақтағы қызмет көрсету мәде
ниетіне бірден көңілің тояды-ақ. Алты сағат
тан астам уақыт жолаушы шаршатпаудың
бар жағдайын тапқан олар көздері күлімдеп
келесі ұшаққа шығарып салды. Тағы да жылы
шырай бикештер екі сағаттан кейін бізді То
кионың «Нарита» әуежайына жеткізді. Он екі
миллион тұрғыны бар Жапония астанасы
ығы-жығы шығар деп ойлап келгем, мүлде
басқаша екен. Қай жолаушы қалай түсіп, қа
лай шығуы электронды аспаппен есептелініп
қойылған. Бір адам екіншіге кесел тигізбейтін
баспалдақтар мен бұрылыстар да жетік есеп
телген екен. Төлқұжаттарды тексеру де өте
жылдам, біздегідей ұзынсонар кезек те жоқ,
нағашыға келген ерке жиен сияқты жадырап
сала бердік. Бізді қарсы алған жапон сұлуы
да күлім қағып, бізге өте таныс орыс тілінде
сәлемдесіп жатыр. Әлем тілінен кенже қалған
біздің ұрпақ орыс тілді жолбасшыға жаутаң
қағамыз. Жастар жағы ағылшынша білеміз
деп еркінсіп келеді, бірақ олар ағылшын тілі
не онша құштар болмай шықты. Жапонияда
негізгі тіл өз ана тілі екен.
Елдегідей жүк күту де жоқ, біз бірден ар
найы қарсы алған көлікке отырдық. «Нари
та» әуежайынан бір сағаттың үстінде жүріп
қонақ үйге келдік. Жол бойы тазалық пен
жол жүру мәдениетіне таңдай қағып отыр
мыз. Соншама көп машина бір-біріне кедер
гі келтірмейтін етіп салынған жолдармен
зу-зу етеді. Кіп-кішкене бұрылыстар да кеп
телмейді, ешкім кеш қалам деп ойланбайды.
Адамдар қозғалысы да электронды аспаппен
есептелініп, құдды кнопкалар арқылы жүйе
ге қойылғандай. Қонақ үйдің он алтыншы қа
батына бір демде көтерілген менің құлағым
тұнып қалды, өйткені біздің лифттерден ол
мүлде бөлек, өте тез, дыбыссыз көтеріледі. Он
сегізінші қатардың кілтін алып, қонақ үй қыз
меткерлерінің иілгеніне, күлімдегеніне таңда
нып, бөлмеге келіп терезеге көз тастаймыз. О,
ғажап! Он екі қатар бір ғимараттың төбесін
де ашық бассейн, екіншісінде доп ойнайтын
алаң. Өйткені жер аз ғой. Аз жерді ақылды
пайдалану үшін қандай ми, қандай бас қажет!
Оны жапондықтар игерген. Олар 250 жыл
бойы аралдар мен қалаларға ғажайып көпір
лер тұрғызып келеді. Жүргізушісі жоқ поез
дар да сонда, бәрінде электрондық басқару
жүйесі мүлтіксіз қызмет көрсетеді.
Жапон техникасы, жапон телевизоры, жа
пон машинасы. Әлем таңданып отыр. Расын
да солай екен. «Акихабара» аталатын Токио
дағы электрондық аспаптар сауда орталығы
шет-шегі жоқ бір қала. Адам жанына не ке
рек, бәрі толып тұр. Таңдауға сауатың, алуға
шамаң, сөйлеуге тілің болса, бәрін табасың.
Бірақ... Таза жапон елі үшін жасалғанын,
біздің елге әкеліп пайдалану жайлы арман
дамай-ақ қойған жөн. Өйткені біздің жүйе
мен желі әлі олардың құралын пайдалану
дәрежесіне жеткен жоқ. Сондықтан Еуропа
ның дамыған елдерін сол тілге лайықтап, біз
сияқты жаңа дамыған елге Ресей аймағына
лайықтап, лицензиясын беру арқылы Қытай
ға тапсырыспен жасатып, бөлек дүкендерге
сатқызып отыр. Сол жерде жалданып жүрген
тіл білетін сатушылар арқылы алуыңа бола
ды. Таза жапондар үшін жасалған «Ноутбук
терден» дәмеңізді үзіп, көңіліңіз пәс болып, өз
шамаңа қарай керегіңді таңдауға тура келеді.
Жапондық сападағы киім де бізге сыймай
ды. Сонымен өзін дамытқан, өзін танытқан,
дәстүр-салтын сақтаған, тілі мен мәдениетін
ардақтаған елден алар ұлағат өте көбін аңғар
дық.
Түскі тамақ ішетін ресторанға келе жатқан
адамды алдынан шығып қарсы алатын жапон
жігітінің күлімдеген жүзі де бірден көңіліңді
көтеріп тастайды. Олар біздегідей лауазымды
адамдар мен делегацияны қарсы алуға әдейі
бұйрықпен даярлап қоймайды, бәрін солай
қарсы алады, ол – дәстүр, ол – мәдениет. Ішке
енсең, даяшы қыздар күлім қағып, сәлем етеді.
Иә, қазақ даласындағы келіндер сәлемін еске
салады. Сәл шулап келген бізден басқалар өте
жай сөйлеседі. Даяшы қыз өзіне сұрақ қойсаң,
жаныңа келіп тізесін бүгіп отырып тыңдайды.
Міне, Шығыс мәдениеті, шығыс қызының тәр
биесі, біздің ұлттық тәрбиеміз бұзылды деп
менің қақсап жүрген әңгімем осыдан шыға
ды. Таңқылдап күлген әйел, сағызын шайнап
селтиіп тұрған қыз көрмейсіз онда, кіндігін
ашқан, тайраңдаған жапон қызын таппай
сың екен онда. Міне, ұлттың да, елдің де мәде
ниетін сақтайтын қыз тәрбиесі деп шырқы
райтыным осы менің. Сауда жасап кетерде
жапон әйелі саған иіліп сәлем етіп қоштаса
ды. Үйренбеген бізге оғаштау сияқты, бірақ
елдік, ұлттық тәрбиеге ғажап мән берген екен
деп қызығасың. Жапон қыздарын ерекше
тәрбиелейді екен. Алдымен үлкенді сыйлау –
шығыс салтын бұзбаған. Ата-баба ісін жалғау
да ұлы салт. Отбасын бұзбау – негізгі мақсат,
тіптен заң. Бала болашағын туғаннан ойлау да
ата-ананың басты борышы. Қоғамы да адам
қажетін ойлаған. Зейнеткер ақысы – екі мың
доллар шамасы, әр адамның жылдық орта та
бысы 60 мың доллардай екен.
Жер тар болса да, көне тарих сақтаудан
олар алда. Ескі храмдар түгел сақталған, бір
ағаш өлмеуге тиіс. Алты ғасырлық шыршаны
тіреу салып жантайтып баптап отыр. Біз де
реу кесіп, басқасын отырғызар едік. Содан да
тарихы жоқ ұлт атандық-ау. Шығыстың көне
салты негізінде қайта дамып өрлеп кеткен
жапондықтар дәстүрі біздің қазақ даласында
да болған. Біз соны жою арқылы шашылып
қалғанға ұқсаймыз. Әр көштің соңына еріп,
әркімге еліктеу өз келбетін жоғалту ғой. Ата
салт, ғасырлық дәстүр ұлтты биіктетінін,
әлемді өз ерекшелігімен ғана таңданта алаты
ныңды жапондар білген, енді дәлеледеп отыр.
Ең бастысы, отбасы берекесі – ел мен ұлттың байлығы екенін осы елден көруге болады. Атақты Фудзияма тауы таңда сонша әдемі екен. Бар таудың ішінде жалғыз сол шыңда ғана аппақ қар жатыр. Бір қарасаң, өзіңнің Алатауыңнан артық та емес, бірақ даңқы мен аңызы мүлде басқа, әсері де зор. Әлемнің көріпкел аруақтылары келгенде, бұл шың ерекше әсер етеді екен. Тау жайлы аңыз өте көп. Күнәсі үлкен адам тауға шыға алмайды. Ол шыңды киелі деп түсіндіру де ақылдылық. Күнде шыңға қараған жапон күнәсіз болу ке регін ойлайды. Бала ол жайлы күнде естиді, ойланып өседі. Ал біз әулие, кие деген сөзден үркіп өстік-ау. Өзі болған, өзі байыған қазақ Аяз би шапаны жайлы оқуды да қойды емес пе? Қайнап жатқан алып қазандай буы бұрқы раған тау – сөнбеген вулканның орны. Оның басында жеген бір жұмыртқа адам жасына жеті жыл қосады деп насихаттайды. Жалпы, жапондар ең көп өмір сүретін халық екені рас. Онда жетпіс, сексен, тоқсан жастағы қа рияларды көптеп көруге болады. Әсіресе,
храм айналасында, скверлерде жүреді. Ұзақ
өмір сүру жұмбағын шешіп, бас қатырмауға
болар. Әке сыйлы, ана мейірімді, бала ойлы
болып өсудің үндестік заңын бұзбай сақта
са, адамдар бір-бірінің жүйкесіне тимей сы
пайы сөйлесе, қоғам ұлтына қажетті тұрмыс
жағдайын жасаса, адам неге қартаяды? Кешкі
би залында бір жапон баласы екінші жапон
баласына арақ ішіп пышақ сілтемесе, ол ел не
ден азады? Қызы шылым шегіп келіп, анасына
ежірейіп тұрмаса, олардың әйелі неге қартая
ды? Бір маман бір орында тапжылмай еңбек
етсе, ертеңі айқын болса, оның неге жүрегі
дірілдеуі керек? Балабақша ата дәстүрлі бол
са, қыздары шай беру салтын да оқыса, олар
неге алаңдауы керек? Көршісі күлімдеп тұрса,
машинасы сынбаса, ол неге ашулануы керек?
Ешбір есікті тепкілеп ашпаса, тартқылап жап
паса, оның бәрі автоматтанса, телеэкран бұл
дырламаса, жарық өшпесе, оларға неге жы
ланып сөйлеуі керек? Әрине, күлімдеп өмір
сүреді, сондықтан ұзақ жасайды олар. Күйеуі
арақ ішіп, әйелі шабалаңдап сөйлейтін үй
көрмеген ұл мен қыз неге мәдениетті болма
сын. Міне, мені қатты ойландырған басты
мәселелер осылар еді.
Токиода император сарайы алып жатқан
орталық жасыл шыршамен көмкерілген. Им
ператордың бірнеше әулеті жалғасып келе
жатқаны жайлы әңгіме ашық айтылады. Мен
Жапонияның саяси өмірі мен ішкі-сыртқы
қатынасын баяндауды өзіме мақсат етпедім,
ол жайлы әлем оқып-біліп отыр, тек аз мер
зімде қатты дамудың сыры ұлттық тәрбие
де жатыр-ау деген пікірімді бөліскім келгені.
Әсіресе, әйелдер мәдениеті, қыздар тәрбиесі
ұлтты ұстап тұрғандай көрінді маған. Адам
зат тағдыры, бала бақыты, бақыт пен бола
шақ кілті әйелдің қолында ма деген ойға кел
дім. Ендеше ұлттың қызын тәрбиелеу – ұлағат
ты ұлт болудың басты шарты сияқты. Әр отба
сы, мектеп пен оқу орны қазақ қызының ұлт
тық тәрбиесіне көбірек көңіл бөлсе екен. «Ұр
пақ пен ұлт алдында сен жауаптысың, Қазақ
әйелі!» – дегім келеді. Өйткені әйелі тәрбиесіз
ұлттың өзі жоғалатындай көрінді маған. Ұлт
тың ұрпағын тәрбиелейтін негізінен Әйел –
Ана емес пе?!
ҚЫЗДАРЫ МЫҚТЫ БОЛМАЙ,
ҚОҒАМ МЫҚТЫ БОЛМАЙДЫ
Бір жылдары елге бару қажеттілігі туын
даған кезеңдер болды ғой. Әрі ақын-жазушы
лар, қаламгерлер халықтың ортасына барсын
деген Президентіміздің де ұсынысы болды.
Одан кейін әкімдер қаламгерлерімізді елге
шақыра бастады. 42 жылға жуық өмірім өткен,
жастық шағымның куәсі болған Алматыны
тастап, елге оралдым. Сол кездегі облыс әкімі
Қырымбек Көшербаев шақырған соң бар
дық. Қадыр аға екеумізге үй-жайымызды жа
сап берді. Батыс Қазақстан облысы – өзіңіз
білесіз, Ресейдің бес облысымен шектесіп
жатқан облыс. Сол бес облыс біздің қазақтың
тілін, жер атауларының бәрін тапап жіберді.
Еліміз егемендік алған тұста осындай күрделі
мәселелерді қайта қалпына келтіру үшін қа
ламгердің үні, ақынның тілі, әр жерде айтатын
сөзі қажет болды-ау деймін. Егемендік алғалы
он төрт жылдан асты. Әлі күнге дейін тілімізге
қайта орала алмай отырмыз. Қазір мен сол Ақ
Жайықта, университетте дәріс берем. Қазіргі
қазақ поэзиясын айтам. Ең басты мақсатым –
қазақ қыздарының тәрбиесіне көбірек көңіл
бөлу. Қазақ қыздарына ұлттық тәрбиеден
дәріс беру. Біздің мемлекеттік бағдарламада
ондай сабақ жоқ. Ал мен қазақ қыздарының
ұлттық тәрбиесіне байланысты дәрісті қайдан
алам? Лиро-эпос жырларымыздан, дастанда
рымыздан, Құртқа, Ұлпандардан алам. Қыз
Жібек, Баяндардан, Тұмарлардан, кешегі Әлия
мен Мәншүктен әкеліп, бүгінгі еліміздің мақ
таны болып жүрген қыздармен жалғастырып,
дәріс оқимын. Қазір өсіп келе жатқан ұрпақ
өзінің ұлтының ертеңгі болашағы екенін біл
сін деймін. Өзім де үш қыз өсірген анамын.
Қыздары мықты болмай, қоғам мықты бол
майды деген ойдамын. Қыздары парасатты,
анасы ақылды болмаса, қоғам әлсірейді деген
ойдамын. Біз қазақ әйелін «Еркектермен тең
құқылы, бірдей жұмыс істейді» деп трактор
айдауға да, үй салуға да, арақ ішуге де үйрет
тік. «Жалғызбасты әйел болсаң, жұмыстан
шығармаймыз, кәсіподақтан көмектесеміз»
деп әйелді қоғамға өгізше жектік. Қазақ әйелі
сұлулығынан айырылды. Әдемілігін, нәзікті
гін жоғалтты. Қазақ әйелі ұлағатты ана бола
тын қабілетінен айырылды. Өзгеге еліктеді.
Ұлы ұлттың парасатты жүрегі – ана болу де
ген үлкен өнер, үлкен тәрбие. Бізге осындай
ана қажет! Қайратым, қуатым барда ақындық
тіліммен, өлеңіммен айтайын, ананы сүюді,
ананы сыйлауды үйретейін деп жүрмін. Тым
болмаса, өз бөбегін өзі көшеге лақтырып кет
песін деп ойлаймын. Ана болу деген үлкен жі
герлілікті қажет ететін ауыр жұмыс деп түсін
діремін. Жылы төсегімді, әп-әдемі Алматым
ды, жайлы орнымды ауыстырып отырғаным,
қолымнан келгенше халықтың ақын қызы
ретінде, қазақтың анасы ретінде жастарға
білгенімді айтайын деп елде жүрмін. Қарап
отырған жоқпын, қолымнан келгенімше, жас
ақындардың өлеңдерін оқып, пікірімді айтып
отырам. Елге барып, жаныма жайлы орын із
деп, не байлық іздеп жүрген ештеңем жоқ. Сол
елдің қандай қасіреті бар, соған қолұшымды
көрсетсем деп жүрмін. Елде қиянат көрген-
дер, қажет құжатын ала алмай, сандалып
жүргендер, соттың қате шешімі шығып, әді
летсіздік көріп жүргендер көбіне маған ке
леді. Менің қолымда мөр жоқ. Бірақ соларға
қолымнан келгенше, көмегімді көрсетем. Дау
сым жеткенше айтам.
Ал өз басым елге кетіп, әдеби ортадан алыс
тадым деп ойламаймын. Мені о баста әдеби
ортаға қосқан ауыл мен дала және ауыз әде
биеті. Әлі де елде қалған қарапайым қазақтың
ұлттық тәрбиедегі қариясын, әйелін, келінше
гін, мейірімді, ақкөңіл жандарын көрсем, қай
та демалып қалам. Қаладағы құйтұрқы, өтірік,
жылмақай сөйлейтін, бас пайдасын ойлай
тын, жағымпаз, бүгін барға жалпылдап, ертең
бағы тайса итеріп кететіндерден шаршаған
мын.
Көрген-білгенімді айта қалайын деп,
Көңілдер сырын байқап алайын деп,
Жалған күлкілер шаршатқан жанарымды
Мөлдір айдынға шайқап алайын деп,
Оралдым саған, Ақ Жайық! –
деп жырлап отырғаным да сондықтан. Ақ
Жайықты өмір бойы жырлап келем. Ел де
мені «Ақ Жайықтың ақ шағаласы» деп айтады.
Ақ шағала туралы көп жазғанмын. Ақ шаға
ла деген құс өзі толқынға қарсы ұмтылып,
қанатын суға соғып, жемін тауып жейді. Ол
маған өжеттікті көрсетеді. Ақ шағала құмда да
жүреді. Шөлдейді, шыдайды. Қанаты талса да,
суға қайта оралады. Сол маған күш береді. Ақ
шағала менің өлең-жырдағы өзімнің бейнем
сияқты көрінеді.
Ауылдың бітпейтін, таусылмайтын қиын
дықтары кейде шаршатады мені. Бірақ бізді,
бүтін ұлылықты дүниеге әкелген, қазақ ұлты
ның қазығы – ауыл еді ғой. Абай – ауылдың
ұлы. Әуезов – ауылдың ұлы. Кез келген өнер
дегі ұлыны, ғалымды қараңызшы, барлығы
дерлік ауылдың балалары еді ғой. Бүгінгі ел
басқарып отырған Президентіміздің өзі ауыл
да өскен. Ауыл – біздің ұлттық құндылықта
рымызды сақтайтын қайнар көзіміз. Жетім,
қараусыз қалған тастанды бала қандай бола
ды? Біздің ауыл да сондай тастанды балаға ай
налған. «Ауылда әкім бар» деген сөз жай ғана.
17-251
Ауылдағы әкімнің қолында билік жоқ. Ауылға
бірдеңе беріп жатырмыз дегеннің бәрі алдау.
Ол ауылға жетіп жатқан жоқ. Кешегі күндері
ауыл боранның астында қалды. Қардан та
залайтын ешкімде трактор жоқ. Ең кедейлер
ғана қалған. Ауылдың бүтін байлығын жиып
алып, аз ғана топтар шалқып өмір сүріп, қала
да жүрміз. Елдегі ағайындарымыз зар жылап
отыр десек, артық айтқандық емес. Ауылда бір
келіншек бала тапса, он төрт мың теңгесін алу
үшін шаршайды. Оның ауданы көшіп кеткен.
Құжат апару үшін ауданға бару керек. Айна
лайын-ау, қолында құжаты бар анаға сол он
төрт мыңды перзентханада неге бермейді?
Ауылда «бір сиыр асырайды» дейді. Сиырды
кім асырайды? Жайылымды сатып жіберсе,
жем-шөбің сатулы болса, таза суыңның про
блемасы өмірі таусылмаса... Ана жағың поли
гон, мына жағың ауру деп отырған кезде, сон
да сол ауылды кім ойлайды?! Бұл – кез келген
саладағы азаматтың арына байланысты нәр
се. Ауыл баласының білімі төмен дейміз? Неге
төмен? «Компьютер беріп жатырмыз» дейді.
Ауыл баласы компьютерді не қылады? Түске
дейін жарық берсе, түстен кейін о да жоқ.
Бұл – ащы шындық. Айтуға керек шындық.
Тепсе темір үзетін жігіт жұмыссыз жүр. Өзінен
де бар, әрине, тірлік істеуі керек қой. Бірақ қай
да қаңғиды? Баратын жері жоқ болса. Сосын
амал жоқ, кішкентай шаруасы барға жалдана
ды. Сол жалданып тапқан азын-аулақ ақша
сына арақ ішеді. Күйіктен ішеді, күйінгеннен
ішеді. Ол ішкесін үйде береке кетеді. Міне, біз
отбасын сақтаймыз десек, «Ауылға! Ауылға!»
деп ұрандатып, ауылды көтеруіміз керек.
Дей тұрғанмен, үш жылды ауылға арнаға
нымыздың өзі ұрандатқанымыз емес пе? Әйт
се де, ол үш жылың ауылға жеткен жоқ. Тек
газет-журналдардан оқыдық, теледидардан
«ауыл сөйтіп жатыр» дедік. Оның көбі өтірік,
жалған ақпарат қана. Ауылдағы шаруа қо
жалығындағы жігіттер несиені ала алмай
ды. Оған қоятын тракторы, машинасы жоқ.
Құлап жатқан үйді банк алмайды. Ауылға бе
реміз деді де, өздері жеп алды. Ауылдың жағда
йын ойламаған жерде қазақ ұлтының салтын
сақтай алмаймыз. Қаладағы санаулы баламен
қазақтың санын көбейте алмаймыз. «Туып жа
тыр» деп ақпарат береміз. Туып жатқан тағы
да ауылдың келіндері. Олар әлі де сеніммен,
аңқаулықпен үш-төрт бала табады. Балаға он
төрт мың теңге беру деген мазақ қой. Осының
бәрін көріп отырмыз. Әрине, біздің алға ба
сып жатқан жақсылықтарымызды да жоққа
шығармаймыз. Ол міндетті түрде солай бо
луы керек. Біз ертеңге, алға ұмтылуымыз ке
рек. Шаруашылықты да басқарып, бизнесті
білуіміз керек. Бір жағын мақтанышпен көр
сетесіз де, бір жағын ұмытып кетеміз. Ауыл
әйелінің дәрігерлік көмегі жоқ. Осының бәрі
ақын жүрегін шаршатады. «Саған осы не ке
рек? Үш балаң өсті, немерелеріңді бағып, ты
ныш отырмайсың ба?» – деп біреулер айтуы
мүмкін. Бірақ оған менің ақын жүрегім шыда
майды. Бәрі жақсы болса екен деймін. Ұлтым
ның тілі болса екен деймін, қазағымның қызы
тәрбиелі болса екен деймін, кіндігін ашпаса
екен деймін. Ертең ауру бала тумаса екен дей
мін. Біздің ата-бабаларымыз «Күмістен белбеу
тақ» деген жоқ па? Ұлға да, қызға да «Кіндігіңді
күміспен жап» деді. Ауадан келетін бүтін ра
диацияны кіндікпен қабылдайды. Кіндігін
ашып жүрген қызға «Мынауың жараспайды»
деп айтатын анасы неге жоқ?
Бүгінгі қоғамымыздағы әйелдердің рөлі
жасанды. Кешегі Кеңес үкіметінің кезінде
бес-алты әйелден бастық жасайық деген қағи
дасы болған жоқ па? Сөйтіп, бір әйелді меха
низатор жасап, оны артынан Жоғарғы совет
ке депутат етіп сайладық. Сол сияқты жасан
дылық әлі қалған жоқ. Ол – мазақ. Өйтіп қуыр-
шақ болуға болмайды. Егер Кондолиза Райс
сияқты талантты саясаткер туса, болсын сол.
Алдымен әйелдің талантын танып, соны сая
саткер жасауымыз керек. Оны сүйремеу ке
рек. Қолынан келе ме, жасасын, қолынан кел
мей ме, тек әлгіндей көз бояудың керегі жоқ.
Әйелдің жарып шығатыны, басшы болатыны
көрініп тұрады ғой. Соларды дайындау керек.
Өйтіп-бүйтіп докторлығын қорғап шыққан
екен деп ректор қойсақ, одан не шығады?
Біздің ақсап отырғанымыз да сондықтан. Ұс
таз болып туғандар бар. Әрі ұстаз, әрі ана, әрі
бала тәрбиесін білетін адамдар бар ғой. Со
лардан директор жасау керек. Өз кәсібін жақ
сы меңгерген дәрігерді неге құрметтемейміз?!
Жалпы, мен қазақ әйелінің Құдайдан жа
ратқан таланты болмаса, сүйретіліп араласқа
нын қаламаймын. Ол өзгелерге қиянат. «Кө
тере алмайтын шоқпарды беліңе қыстырма»
дейді. Біреудің жазып бергенін оқып беріп
отыратын қуыршақ болатын болсақ, ол сала
ны басқарудың керегі жоқ. Өзіңнен ештеңе
қоспасаң, жаның ауырмаса, оның не қажеті
бар? Одан кейін бұл әйелдің өзіне де қиянат.
Жас кезінде, қайраты бар кезінде жүреді. Бағу
сыз бай, қараусыз бала кетеді. Елде ана бастық
бір жегіп, мына бастық бір жегіп, соңында
қараусыз қалатын жүйрік аттар болады ғой.
Мүмкін, дұрыс зейнетақы алатын шығар, бізге
қарағанда. Сол зейнетақысын алғаннан соң,
оның ешкімге керегі жоқ болады. Өзінің бала
сына да, өзгеге де, қоғамға да керегі жоқ. Адам
үшін ол да қасірет. Талай-талай райкомның
хатшысы болған әйелдерді білем. Қазір ешкім
оларды естеріне де алмайды, ескерусіз қалған.
Таңертеңнен кешке дейін жиналыста жүремін
деп, жалғыз бала ішкіш болып кеткен. Қызы
ның қайда кеткенін білмейтіндер де бар. Сон
дықтан әйел, ең алдымен, өзінің ана екенін
дәлелдеп, қоғамға бір-бір Кекілбаевтай ұл қос
са, ұлтқа жасаған сол әйелдің ерлігі болар еді.
Мен сондай әйелдерге басымды иер едім. Ма
хаббатттың құрбаны болған қыздарға басым
ды иер едім. Саясаттағы қуыршақ әйелдермен
жақын қатынасым да жоқ. Себебі көзқарасым
үйлеспейді. Олар көбі қағаздағы жазғандар
ды орындап жүрген қуыршақтар, жүрегіндегі
шындықты айтпайды. Сонысымен маған ұна
майды.
Бүгінгі нарық заманының әсері ме, зиялы
деген ұғымның маңызын шатастырып алдық.
Бұрын зиялы деген әділдікті айтатын, ақты ақ,
қараны қара дейтін шыншыл кісі болатын.
Шындықтың жолында өлуге дайын, ұлтының
арын, ұлтын кез келген жерде жанын қиып
сақтайтын адамды зиялы дейді. Ұлы ұлттың
сөзін айтатын адамды зиялы деуші едік. Қазір
біз әдемі киініп, үлкен лауазымда жұмыс істеп,
тәуір-тәуір жерде жылтырап жүретіндерді
зиялы деп түсінетін болдық. Қожанасырдың
әлгі «Же, шапаным, же» дегені сияқты, шапа
нына қарап, зиялы дейтін болдық. Әдемі киін
геннің ішінде кім тұрғанын қайдан білесің?
Зиялы, ол – Бауыржан Момышұлы.
Анаған өлең арнап, мынаған кітап жазып,
мен зиялы едім деп жүрген біздің журналис
теріміз де осыған көшті. Бүгін уақыт осыған
тәуелді етіп жатқан шығар. Бірақ алып-сатуға
болмайды. Нарықтан қымбат арың бар. Арды
сатуға болмайды. Әжем марқұм: «Біреуге жа
саған қиянатың балаңа келмесе, немереңе ке
леді», – дейтін. Мен соған сенем. Менің не жы
ным бар? Біреулермен араласып-құраласып,
қымбат машина мініп, банкирлердің өлеңін
жазып неге жүрмеймін? Болады ғой сөйтуге.
Менің де тілім жетеді, ақындық құдіретім же
теді. Ақшасы көптің, қолында алтыны бардың
өлеңін, кітабын жазып, сөйтіп жүрсем, со
лардың арасында өмір сүруші едім. Ол үшін
Чеховтың «Хамелеонын» оқымауым керек
еді. Ұлт әдебиетіндегі сатқындық, ар алдын
дағы қиянат деген сөздерді естімеуім керек
еді. Өзімнің бүгінгі тағдырыма ризамын. «Көп
өмір сүретін қарғадан қарлығаштың бір күні
қымбат» маған.
Мен кімнің не үшін өтірік айтып тұрғанын
сезіп, көріп тұрам. Көзінен де байқауға бола
ды. Бәрібір өтірік екені көрініп тұрады. Өмір
бақи балаларымды біреуге барып жалпыл
дап, жағымпазданбасын деп тәрбиелеп келем.
Абай атамыз: «Арсыз болмай, атақ жоқ. Ал
дамшы болмай, бақ қайда?» – дейді. Адамзат
баласының бүкіл тағдырын айтып кетті. Мен
кейбіреулердің жалпылдап тұрғанын, тіпті
кейде жап-жас болмашы билігі бар жас жігіт
терге дардай үлкен адамдардың жылмыңдап,
«Сен ғажапсың» дегенін көргенде ұялып оты
рам. Кейін бетіне айтып та тастаймын.
«Тура айтқан туғанына да жақпайды» дейді...
Әрине, тура биде туған жоқ. Бірақ не істейсің,
Құдай солай жаратса. Бұрынырақта кез келген
өнер адамдары марқұм Нұрқаділовке жағда
йын айтып, жиі баратын. Нұрқаділов сонда
оларға үй беретін, көмектесетін. Сол кісі әкім
болып отырған жылдары біздің пәтеріміздің
тұрған жері жайсыздау болып, қатты қина
лып жүрдік. Жолдасым айтты: «Нұрқаділовке
неге бармайсың? Сені таниды ғой, пәтерімізді
ауыстырып берер», – дегенінде: «Есігіне ба
рып, мөлиіп отырғым келмейді. Бармай-ақ
қояйын», – дедім. «Әй, қырсықсың-ау», – деп
жолдасым ренжіп, соңында жатақханаға көш
тік. Кепілге хат қалдырып, үш қызыммен жа
тақханада тұрдық. Бір қызым ауырып жүрген,
өзімнің де денсаулығым онша болыңқыра-
май жүрген кезі. Соған қарамастан, пәтер сұ
рап бармадым. Солай күн көрдім. Кейде қи
налғанда неге керек осы мінез деп ойлаймын.
Неге біреуді мақтап, хат жаза салмаймын деп
те ойлаймын. Бірақ күні ертең ондайлардың
сатып кететініне адамдардың өзі куә болып
жатады. Кезінде Зәкеңнен қанша жақсылық
көрген адамдар қоштасуға да барған жоқ.
Өлім ортақ қой.
Осы мінезімнен көбіне таяқ жейтінім рас.
Осы жерде қазақ мектебін ашамыз деп Шона
Смақанұлы екеуміз қанша таяқ жедік. Ақы
рында үш қызымнан қорқып, аяғымды тарт
тым. Соған қарамастан бәрібір «Ер Төстікті»
табанымыздан тозып жүріп аштық. Қазақтан
дырамыз деп, үйіміздегі барымызды апар
дық. «Ұлтшылсың» деп талай қоқай да көрдім.
Менің тура айтатын мінезімді білетін кей
біреулер мені жек көріп, алшақтап жүретін де
болды. «Турасын айтып қояды» деп, сөз де бер
мейді кейде... Сондай жерлерде өзіме өзім
ренжимін. Бірақ мінезді қайта жасамайсың
ғой.
Қазір маған 50 000 теңге зейнетақы береді.
Қазақтың мендей қызы көп пе еді. Көп емес
еді. Әрі бала өсіріп, әрі өлең жазып, халқым,
ұлтым деп шыр-пыры шығып жүрген саналы
қыздардың санаулысы едік біздер. Базардың
нарқы шарықтап кетті. Бізге осындай зейне
тақыны белгілеп отырғандар біздің отыз күн
өмір сүретін зейнетақымызға отыз минут
өмір сүре алмайтынын жақсы біледі. Бірақ
осылай. Бұл да қоғамдағы әділетсіздік деп ата
лады. Еден жуып, еш нәрсе ойламай, ешкімге
пайдасы тимей жүрген біреумен қатар зей
нетақы алғаныма кейде намыстанам. Өкпе
леймін. Неге пәлен жыл еңбегі сіңген ұстазды
бөліп, басқа бір категориямен зейнетақы бер
мейді. Өздерінің ғана бүгінгі тамағының той
ғанын ойлайды деп ренжимін.
Кешегі Кеңес үкіметінің жалпы ұлтқа көз
қарасы, ұлтсыздандыру, орыстандыру саяса
ты бізге қиянат болғаны рас. Ұлтым дегендерді
«Халық жауы» қылып атып тастағандары қия
нат болды. Қолдан аштық жасап, қазақ ұлтын
қырып тастағаны қиянат болды. Ал енді оқу
жүйесінде әлемдік деңгейде сауат аштырға
нына келсек, ол жағын мойындауымыз керек.
Даланың қызы бүкіл әлемнің кітаптарының
атын білдік. Осы уақыттың жақсысы мен жа
манын бөліп алуымыз керек. Негізінен, қолы
на қалам ұстағандарды қадірледі. Оларды ұлт
ты тәрбиелеуге пайдаланды. Оларды елмен
араластырды, өзінің саясатын айтуға пайда
ланды. Таланттар – халықты тәрбиелеуде өте
таптырмайтын құрал. Қазір олардың бағы
тын өзгертіп жіберді, қадірін түсіріп алды.
Кеңес үкіметінің ең үлкен қиянаты цензу
ра еді. Бірақ мені лирик ақын деп, онша мән
берген жоқ. Менде бірде-бір коммунистік
партияға арналған өлең болмады. Себебі үйде
әжем: «Құдай бар. Коммунистер келіп, бүкіл
аталарыңды атып тастаған, бәрімізді колхоз
қылып, санамызды жегіп тастаған», – деген әң
гімені құлағымызға құйып отыратын. Содан
мен партияға кірмедім, коммунистік партия
ны жырламадым. Лирик ақын атанып, лири
каны жазғасын, маған онша мән берген жоқ.
Бірақ «Бұлт көшіп Алатаудың басында анау»
деген өлеңімді ұстап алады да: «Неге бұлай?
Совет үкіметінің заманында советтің бақытты
қызы аспаннан бұлт көргені несі? Күн жарқы
рап тұр деп жазуың керек», – деп, соған дейін
бақылап отыратын. Соған қарамастан іштей
ұлттың оянуына қызмет еттік. «Мен қазақпын
мың өліп, мың тірілген» деп Молдағалиев жыр
ласа, біздер түбі қызғалдақтың тасты жарып
шығатынын жазып жүрдік. Сол арқылы ар
жағында біз бармыз дегенді білдіріп жүрдік...
Ол кезде баспа-журналдарда қыздар көп
жұмыс істемейтін. Елден тілші етіп Фаризаны
алып келді. Мен «Қазақ әдебиетінде» жұмыс
істеймін. Шерхан Мұртаза мені газетке алып
келіп: «Қазірше тілші болып жұмыс істей тұр.
Күзде партияға өтсең, бөлім бастығы боласың.
Болашақта қазақтың бір баспасөзіне редак
тор болатын қызсың», – деп әжептәуір бағыт-
бағдар берді. Партияға өтетін кез жақын
дағанда бірдеңе етіп, жұмыстан шығып кетем.
«Жұлдыз» журналында қызмет істеп жүрген
кезімде Шерағаң: «Күзде партияға өтесің, да
йындал», – деді де, бөлім бастығы етіп оты
рғызып қойды. Ол кісі демалыста жүргенде
тұрмысқа шығып кеттім де: «Ақын болып шар
шап жүр едім, қатын болуға рұқсат етіңіз», –
деп, арызымды жазып кеттім. Арызым әлі күн
ге сақтаулы. Шерхан ағам: «Сол кезде кетіп
қалғаның дұрыс болды», – деп күледі. Бастық
болып, күндіз-түні журнал мен баспахананың
ортасында жүрсем, бала өсірмеген болар едім.
Күйеуім жайлы біреуге кетіп қалған болар
еді. Қазір ана ретінде балаларыммен, немере
леріммен, поэзияммен бақытты ғұмыр кешіп
жүрмін деп ойлаймын. Бұл – менің тағдырым.
Бүгінгі қазақ әдебиетінің жағдайы аяныш
ты ғой. Өзімізді жұбатып, «Анау медаль алып
ты, мынау сыйлық алыпты» деп айтып жаты
рмыз. Ол тек сол күндерге жұбаныш, алданыш
сияқты. Қоғамдағы жазушының, әдебиеттің
беделі бәрі жаңағы сауданың, ақшаның астын
да қалды. «Әкесі өлгенді де естіртеді» ғой.
Өлермен қауым ғана «Әдебиет өмір сүреді,
әдебиет өлмейді» деп жүрміз. Оны келешек
уақыт көрсетеді. Тілімізді тірілтсек, ұлыла
рымыз бен әдебиетті өлтірмеспіз. Көршіміз
өзінің Пушкиндерін жоғалтпайды ғой. Біз де
Абайымызды, Әуезовтерімізді жоғалтпайтын
шығармыз. Бірақ ол үшін әдебиетке жағдай
керек. Әдебиеттің жағдайы қиын. Өлмеші күн
кешіп, өжеттілер, қайраттылар ғана қаламын
ұстап жүр. Жастарымызға арасында үй беріп
қойып, арасында кешін өткізіп қойғанымы
збен, бұл әдебиеттің дамуына аздық етеді.
Әуезов: «Әдебиет пен өнері ұлы болмаған ұлт
ұлы болмайды», – деген. Әдебиет пен өнеріміз
арқылы ғана ұлттың санасын өсіреміз. Қазір
дала не жазушы, не тірі ұлағатты адам көріп
отырған жоқ. Олар теледидардан сериал көріп
отыр. Балаларымыз баскесер мен Терминатор
көріп отыр. Бұл біздің ұлттың ұрпағын тәрби
елеуде әдебиетті сырып тастағанымыз.
Әдебиетті қайта насихаттау үшін ұзақ жол
керек. Әдебиетті мемлекет экономикамен
қатар қоюы керек. Өнер мен әдебиет, ұлттық
сана экономикамен қатар қойылып, арнайы
шара, арнайы әрекет жасалмаса, біздің айтқа
нымызбен ештеңе өзгермейді.
Қазіргі заманда базарда жүрген әйел бала
сына оқулықты тауып бермейді. Базардағы
ананың балалары құлдыққа дайындалып жа
тыр. Байдың баласының машинасын жуып,
теңгесін тауып жүр. Ұлттың тағдырын ой
лайтын әрекет жасауымыз керек. Оқулық жа
сағанда да адамдардың пікіріне көбірек құлақ
асуымыз керек. Үлкен-үлкен кітаптардан тұра
тын бес-алты оқулықты бірінші кластың бала
сына арқалату деген болмайды. Ресейде бір
жылға арнап төрт кітап шығарады екен. Яғни,
әр тоқсанға бір оқулық. Ол баланың көтеруі
не де, оқуына да оңай әсер етеді. Сыртына қа
тырып мұқаба жасамай-ақ қойсын, жұқалап,
төрт кітапқа бөліп шығаруға болады ғой. Бала
компьютерден бәрін алады дейді. Өз көзімен
көріп, оқытпай болмайды. Кітаптан оқу адам
ды еңбекқорлыққа тәрбиелейді.
Жаһанданып жатырмыз деп айтып жатыр
ғой. Жаһанданамыз деп біз бәрібір қытай бо
лып кетпейміз. Қытай болдың екен деп, Қы
тай да шақырмайды. Неміс болды екен деп,
Германия алып кетпейді бізді. Ағылшын тілін
білген екен деп, қазақтың кемпірі мен ша
лын ағылшындар алып кетіп жатқан жоқ қой.
Сондықтан бәрібір өзіңнің еліңде қалатын
болғандықтан, өзіңді өзің тануың керек. Мүм
кін, мен қателесетін шығармын, басқа болып
кете берейік дейтіндер бар шығар. Себебі
қыздың бәрі күйеуге тиіп, шет елге кетіп жа
тыр ғой. Олар қартайғанда керек етпейді. Шет
елдің қарттар үйіне де ұлты біздікі емес деп
алмауы мүмкін. Әр нәрсе өзінің тамырына
қайтады. Алма ағашынан өрік өспейді. Әркім
өзі болып қалуы керек.
18-251
АЙТЫСТЫҢ ДА АЙТЫСЫ БАР
Поэзия! Табиғаттан ерекше туған талант
қиялының жүйріктігінен жаралған ең асыл
сөздің әдемі де сұлу тізбегі емес пе еді. Жады
раған көңілді одан әрі көтеретін, жабырқаған
жанды жұбатып, өмірді қайта сүюге үйрететін
ең күшті құрал да сол еді-ау. Ел сүйген батыр
лықты жырлайтын да, ұрпақты тәрбиелейтін
де, асыл құралдай адамзат пайдаланған мар
жан сөздің бүгін қалған қасиеті қандай?
Ұлтымыздың айтыс өнері дамыды деп дау
рықтық. Иә, даурықтық. Өйткені айтыс де
геннің де сирек құбылыс, айтыскердің де си
рек туатын талант екенін ескергеніміз жоқ.
Әу деп аузын ашқанды машықтандырдық,
бос сөзге ыржалақтап күлдік, ең арзан күл
кімен уақыт өткізіп, өзімізді өзіміз алдап біраз
жүрдік. Әлемдік поэзия ізіне еріп, ұлы мақсат
ты айтатын жазбаша ақындардың беделіне
көлеңке түсірдік те, оқырман талғамын сонау
шала сауатты кезеңге кері шегіндірдік. Кітап
оқымайтындар енді жарнамадағы айтыскер
лерді ғана білетін болды. «Алтын күн аспаны,
алтын дән даласы», – деп қазақ елін мақтан
еткен Жұмекен Нәжімеденовтің поэзиясын
ұмытты. «Мен қазақпын, мың өліп, мың тіріл
ген», – деген Жұбан Молдағалиевтай ақын өл
геніне 7 жыл өтсе де үйіне бір тақта қойыл
мастан ұмыт қалды. Ендігі поэзия сүйетін
дердің талғамы қазақтың ұлттық тарихы мен
қасіретін айтқандарға емес, өткінші күлкіден
өнеге алуға ауысты. Әр ауыл «өз» ақынына қол
соғуға дейін барды. Айтысты қолдағандардың
да поэзия жайлы талғамы төмен болды. Егер
айтыс деген жалпыға бірдей өнер болса біздің
әдебиет тарихы тек айтыстан тұрар еді ғой. Әр
ғасырдан, әр аймақтан бірлі-жарым айтыс та
рихта қалып отыр емес пе?! Олар тума талант
Қашаған, Жамбыл сияқты бірегейлер ғана.
Біз облыс айтысы, аудан айтысы, мектеп
оқушылары айтысы дегенге бардық. Ақын
дыққа тәрбиелеу мүмкін іс болса талай аза
матты «тәрбиелеп» жібермес пе едік? «Менмін»
деп жүргендер сөздің мәнін түсінбегендіктен
қанша шаруа ақсап жатыр десеңші! Жақсы.
Үлкен тойларда айтыс өткізейік. Бірақ ол жап
пай науқанға айналғаны қалай? Бір тойда бір
ғана айтыс өтуі керек және ол тарихи дәреже
де болуы керек. Оған 2 ақын жыл бойы әзір
ленсін. Ол айтыстың мәні мен маңызы бол
сын. Бізде көп айтыстан бір афоризм есте
қалмайтыны несі? Көп айтыста бір ақын елге
ертеңге қажет бір шумақ тастамайтыны қа
лай? Міне, айтыскерлер арасында шын талант
жоқ дегенге дәлел осы. Мысалы, Қашағанның
айтқан бір ауыз сөзі мынау:
Жаңа талап жас жігіт,
Омыраулап тойды бастадың,
Қашаған бар деп саспадың,
Тұр ғой деп жүйрік қашпадың.
Лайық па өзіңе
Ақ сақалды ағаңды
Аяғыңа басқаның?!
Бір деммен төгіле қалды. Әрі үлкен сыйлау
дағы тәрбиелілік мәні бар ойлы шумақ. Неме
се, өзін танымаған келінге домбыраны ұстап
отырып:
Домбыраның қақпағы
Қарағайдан салулы,
Көмейі шуда жіппен таңулы.
Ермек үшін балаларға жасалған,
Мұны неге тартсын Қашаған,
Өзі тұздан шыққан аш адам, –
дейді. Тапқырлық па? Әрине! Таланттан туған
сөз ғана ғасыр бойлап ауыздан-ауызға тарап
бізге жетті. Ал бүгінгі айтыстан не қалды? Ұлы
ақын – ұлы Абай тойында елдік мәні бар Абай
ұлылығына қосылатын төрт жол өлең қалды
ма? Абай жайлы монографиялық еңбектер
жазған әдебиет зерттеушілер, Абай шығарма
шылығы жайлы оқулық даярлаған әдебиет
шілер жайына қалып, «әлеуләйлім таусылса,
хәлеуләйлімі барлар» машина мініп, көкке қа
рады. Тағы да еңбек бағалауда, талант тануда
қателік жіберіп алдық. Абай тойындағы айты
скерден Абайтануды оқытқан ұстаз еңбегі ба
сымдау ғой. Әрине, ұлыға нұқсан келмейтіні
шындық қой. Абай жылы Батыс Қазақстан
үшін де үлкен із қалдырды. Қалада Абай алаңы
бар. Ұлы ақынға ескерткіш көтерілді. Бұл жер
ден өткен қазақтардың еңсесін көтеріп ақын
тұр. Шын талант бабалар мекенін бейнесімен
де қорғай алады, мүрдесімен де әлемге таны
тады. Тап сол шынайы талантты тануға кейде
өреміз жете бермейді.
Айтыс ұлттық өнер екеніне мүлдем тала
сым жоқ. Әттең, бағасы кеміп кеткеніне өкі
нем. Біздің ұлт дәл қазіргі жағдайда өнегелі
ойлы сөзге зәруленіп отыр. Шала тіл білетін
дер тәрбие құралы болған поэзияны ұға ал
майды. Енді тіл үйренген ұрпақ дұрысын, мән
дісін ұғып өссе деген арман ғой. Айтыс өлмес,
айтыскер туар. Бұл – ұлттық үрдіс. Тек солар
жаутаңдамай, сатылмай Қашаған бабаларын
дай тура сөйлей алса ғана ел есінде қалар. Қа
шаған Бекес байға:
Мақтағанға сыртыңнан
Көрейін деп келіп ем
Қандай деп інім Бекесті.
Айдаған малға мас болған,
Кедейлермен қас болған
Біртүрлі неме екенсің,
Ақылың жарым – екі есті, –
дей салады. Шындық пен тапқырлық, талант
пен әділдік қана ел есінде қалады. Тарихты
есінде сақтайтын – ел. Айтқаның солардың
көкейінен шығуы керек. Шабыттан туған та
ғы бір шумақты оқиықшы. Қашаған:
Бұл дүниеде не жетім?
Хакімі әділ болмаса,
Бұқара байтақ ел жетім.
Қаптап елі қонбаса,
Ел қонбаған жер жетім.
Күнінде асыл десең де,
Қартайған күнде ер жетім.
Сатып алған құл жетім,
Құлдықта қалған ел жетім, –
деп толғай жөнеледі. Ой салатын жолдар емес
пе?!
Ел болып кетерміз. Әлі жалтақпыз, әлі жау
таңбыз. Шындықты тура айта алмай, ешкім
нің бетін қайтармай, күн үшін көнбіс болып
өмір кешкен жерде бәрі жалған. Тақырыбын
қадағалап, минутын санап отырған айтыс
кердің өз басында билік жоқ болса, оның ойы
да тұсаулы. Иә, тордағы торғайдан қыран
өскенін кім көрген?!.
ЕЛДІҢ ЕЛДІГІ – ЕРЛІГІ
Ағылшын жазушысы Киплингтің «Маугли»
атты шығармасында ну орманның жырт
қыштары сәби кезден өздері өсірген екі аяқты
адам баласын «бәріміздің қанымыз бір» деп
өздеріне бауыр санап кететіні қандай көп
тәлім түйгізеді. Біз болсақ егемен ел атандық
деп кеуде соға отырып, әрқайсымыз әр жаққа
тартып, әлі күн қандасымызға қайырым жа
сай алмай келе жатырмыз. Бауырластықты
ұран ететін кез жетсе де, ауылдастың алауыз
әңгімесіне әуестене береміз. Осы бір ауру
дан емделмесек, елдікті сақтауымыз қиынға
түспес пе екен?
Өткен тарихымызды ақтарып, ең ақылды
азаматтар құрбан болған жылдарды жылы
еске аламыз да, бүгінгі ақылдымыз кім екенін
мойындамай қаламыз. Кішілер жиналып, үл
кенге құлақ қоятын ата салты бар еді. Қазір
гі таңда әркім өзі білгіш. Ақыл айтар үлкенге
бағынайын деп тұрған інілік ізет байқалмай
ды. Інілердің халі нешік деп алаңдап жатқан
үлкен де жоқ. Әр партия әр дананың ықпа
лымен шуласып, бір жерге топтасудың ор
нына жан-жаққа бытырап бара жатқандай
мыз. Ұлттың ақыл-ойы деп жүрген қаламгер
лер қазір күнкөріс қамын ойлап, пенделікке
түсіп бара жатқанға ұқсайды. Әлемдік әдебиет
тәрбиесіне жетектейтін поэзиядан қол үзіп
қалған оқырманның қөпшілігі енді көңілін
айтыстың әзіл-оспағымен жұбатып тараса
тын болды. Тепсе темір үзетін зіңгіттей жігіт
сағыз сатып тұр. Аялдамада араққа сылқия
тойып алып «Мен – қазақпын, бұл ел – менікі»
деп кеуде соғып тұрған сабаздардың қасында
оған да тәуба дейсіз. Екеуінің егемен ел болу
ға үлес қосып тұрған сиқы әлгі.
Өткеннің бәрі қате деп билік құрғанның
бәрін жоққа шығару бір кезеңнің түбегейлі
дағдысына айналып келе жатыр. Бұрын мол
даға күлгендердің өзі, арақ ішкендер салауат
жайында сабақ беріп шыға келді. Азамат ту
етіп ұстайтын намыс ісіне етегі желпілдеп
әйелдер де жармасты. Елдік пен ұлт бола
шағына әсер ететін істердің қайсысы дұрыс,
қайсысы бұрыс екенін түсіндірер адам бол
мады. Түсінгісі келмегендер өзінше өрекпіді.
Жұмыртқадан жаңа шыққан тауық балапа
ны бұлбұлмын деп даурыққаны сияқты ха
лық атын жамылған батырсымақтар көбейіп,
«Мен халқым үшін жүрмін», – деп бұлдана
тынды шығарды. Ал халқы үшін еңбек еткен
дер ешқашан үндемейді. Өз істерін атқарып,
өрекпімей тыныш жүреді. Кім-кімді болса да
тарих деген дана керек кезінде өзі екшеп ала
ды, ардақтайды.
Қазақ елінің ертеңіне үлес қосам деп құр
кеуде соғып жүрген кейбір замандастары
мыздың еңбегінен анау Қазақ циркінде ер
телі-кеш тырбынып, елге өнер көрсетіп келе
жатқан акробат жастың үлесі молырақ бол
масына кім кепіл?! Бүгінгі саудадан тапқан
пысықтың табысына алынған үлде мен бүл
деге оранып жүрген рахатынан кітапхана
буфетінде салқын шаймен самса жеп, тіл үй
реніп басы қатып отырған жастың машақаты
артық емес пе екен? Өкінішке орай, оған көңіл
бөліп жатқандар өте аз. «Бәрі қымбаттап кет
ті», – деп қанша байбалам салсақ та, билеті
арзан театрдан гөрі ресторанға үйір жастары
мыз ертең еліне қайтіп шамшырақ бола ал
мақ? Ал біз ел боламыз, ата салтқа ораламыз,
өткен тарихты терең білуге ұмтыламыз деп
өзеуресіп жатамыз.
«Халық жетім болмайды, басқарса елді да
насы» деп Сырым шешен баяғыда айтқан. Ал
соны ертең ел басқаратындар естіп отыр ма,
естісе, түсініп отыр ма?! Әй, қайдам, естиді дей
сің бе? Өйткені ол басшы мектепте Сырым да
налығын оқыған жоқ, ата мен әжеден, не бала
бақшадан ол жайлы естіген де емес. Уақытша
данышпан сайланғандардың бәрі дана еме
сін уақыт көрсетіп келе жатыр. Кеткен ағат-
тық көбіне солардан кетті, наразылықтың
көбі де солардан туады. Бір ғана мысал. Қазақ
ұлтына талант ортақ, батыр ортақ, ақын ор
тақ. Ендеше Ғабит Мүсірепов, Жұбан Молдаға
лиев, Мұқағали Мақатаевтардың жұптарын
жазбай, қатар атағаннан қандай зиян көрер
ек? Қабанбай, Бөгенбай, Сырымға жарысып
беріліп жатқан көшелерді жарыстыра атасақ,
бірлікке нұқсан келе ме? Бір кезде өмір сүр
ген билеушілерді бір-бірімен салыстырып,
біреуін мақтап, біреуін даттаудың қажеті не?
Кімнің қай дәуірде, кімнің қандай саяси сәт
те өмір сүргенін айқын айтсақ жетпей ме?
Халықтың қасиеті түгіл қасіретіне алалап
қарасақ, біз қандай елміз? Семей полигоны
ның қасіретіне Батыс Қазақстандағы Нарын,
Капустин Яр, Тайсойған қасіретін қосып ай
тқанымыз кімнің намысына тимекші? Шір
кін, дүние-ай, біреулерден әділет дәметеміз?
Бір-бірімізге неге әділ емеспіз? Әр салаға көз
салсақ, бір «әттегеңнің» үстінен шығамыз.
Астана тұрғындарының балалары оқитын
К. Байсейітова атындағы музыка мектебіне
ауызға іліккен атағы бар ұстаздардың бәрі жи
налыпты. Ауылдан жиналған балаларды оқы
татын Жұбанов атындағы музыка мектебі тура
«тоқалдан туғанның» кебін киіп отыр. Сонда
ұлттық бітімі бар өнер қалай өркендемек? Екі
мектептегі талантты сәбилерімізге дейін осы
лай алалап қарасақ, біз біреулерден қиянат
көрдік деп өкпелеуге хақымыз бар ма?
Осының бәрі, экономикалық жағдаймен
ақтала салу кейде ыза келтіреді. Қымбат
шылықтың қысқаны рас, ал ар-намыс қашан
арзан болып еді? Көзіміз ашылғалы сөзін
жаттаған ұлы Абай жері күллі қазақ үшін кие
лі топырақ екені сөзсіз. Полигонға айналып
қасірет шеккен ақын мекенін, артында қалған
мұрасын әлі күнге қастерлеп үйрене алмаған
сияқтымыз. Оған көз жеткізгіңіз келсе, Семей
қаласындағы Достоевский мен Абай музейі
нің жағдайын салыстырып көріңіз. Достоев
ский музейіндегі ұқыптылықты неге үйрен
бейміз?
Жастар тәрбиесіне жауапты кім? «Уәзірі
дана хан бақытты, әйелі дана ер бақытты»
дейді халық. Қазақ әйелінің қазіргі келбеті
қандай? Аянышты. Тең праволылықтан әрі-
сәрі ұғып қалған құрбыларымыз ұлттық дәс
түрді қайтадан қалпына келтірудің жолы
көше кезіп, ұрыс-керіс ашу деп түсінетін сияқ
ты, бала-шағалардың алдына шығып, айқай
салған да саясатқа араласу деп ұғады. Халқы
на шын жандары ашыса, алдымен өз отбасын
түзеп, өз балаларын тәрбиелеп алса нетеді?
Қолы көтермес шоқпарды беліне қыстырып
жүрген жігіттер де аз емес еді. Енді солармен
жарысқан әйелдер де көбейді. Бәрі де қазақ
халқының ағасы, апасы болуды көксейді. Ал
сол халықтың өнеге тыңдар ұлы мен қызы кім
болмақшы?! Достық пен тыныштықты сақтай
отырып, өз ұлтымыздың санасын көтеріп, са
нын көбейтуге үлес қосатын ең үлкен күш
әйелдер емес пе? Олар бесік тербетудің ор
нына дау қуып, есік тепкілеп кетсе, қайтіп кө
бейеміз? Қайтіп ел боламыз?! «Қазақтың аза
матымын» деп сөйлеп тұрған жігітке кейде:
«Өз әйелің мен балаң қазақша біле ме?» деп
сұрақ қойғың келеді. Ел деп өзеуремей-ақ өз
айналасын жөнге салса, ол да елдікке қосқан
аз үлес болар ма еді?!
Өз туын желбіреткен, Біріккен Ұлттар Ұйы
мына мүше болған ел болу, әрине, үлкен та
быс, шексіз мақтаныш. Осы бақыттың пар
қын білмей, ел тағдырын ойлауды ермекке ай
налдырып алғандарға қайтіп күйінбессің? Ау,
ол заманда бұл заман есі бар жігіт «Ел тағды
рын ойлап жүрмін» деген сөзді тісінен шыға
рып көрген бе? Ісімен танытқан ғой.
Сонау тәуелді болған кезімізде астанадан
сән-салтанатымен күніге кететін «Қазақстан»
деген пойыз тізбегі әлі де Ресейдің астанасы
на күнде барып қайтады. Сол состав бұл күнде
егемен елдің пойызы емес, барымтада қолға
түскен жаудың мүлкі тәрізді. Не болды? Бәрін
тонап алған кім? Сонау Алмания жасап бер
ген немістің ұқыпты қолынан шыққан вагон
ның айнасы мен киім ілгішіне дейін кімнің
қолында кеткені белгісіз. Жолсеріктер жол-
жөнекей ақша табудың жәй-жапсарын үй
ренемін деп, еден сыпырып, әйнек сүртуді
ұмытып қалған. «Бұл менің егемен елімнің
мүлкі» деп емешегі үзіліп жүрген адам көрін
бейді. Төсек-орынның қай ғасырдың жұрнағы
екенін ажыратып ала алмайсың. ІІІәй беретін
бір кездегі «Қазақстан» деген жазуы бар кесе
түгілі темір кружке, шыны стақан зәру, атымен
жоқ. Барар жеріңе таяқ жемей, тоналмай
аман жетсең, зекетке қой айтқандайсың. Бұл
біздің елдігімізге сын емес деп кім айтар? Ол
пойызда отырып, елім бар деп ойлауға зау
қың да соға қоймас.
Қос шегіне замана зарын ұялатып келе
жатқан домбыраның халі нешік? Бұл күнде ол
қалай болса солай жабайы сувенирге айнал
ды. Ал шын өнерпазға домбыра жетіспейді.
Қайдан жетісетін еді? Мәселен, «Үкілі домбы
ра» байқауы жүлдегерінің бірі Мұса Әділов
жиырма жыл ғұмырын консерватория шебер
ханасында аспап жөндеумен өткізсе де, ғұмы
рында бір баспанаға ие бола алмапты. Осын
дай қолы алтын сирек мамандық иелерінің
ертеңгі күні не болмақ?
Кейбір
балабақшаның
терезесі
айқара
ашық тұрады, ар жағынан сәбилер шуыл
дап жатады. Ішке кіріп, тәрбиеші қыздарға
«Мынау бөтен бала емес, еліңнің ертеңгі бола
шағы, егемен қазақ даласының ұрпағын, оны
ауыртпай бағу да сенің елдікке қосқан саналы
борышың емес пе?» деп айқайлағың келеді.
Кейде кешкі ресторан жанынан өтіп бара жа
тып, мас қазақ қызын көрсең, оны әлгіндей
халге жеткізгендерге «Әу, жігіттер, бұл сенің
қандасың ғой, қарындасың ғой, өзіңдей жігіт
тің ертеңгі жары мен ертеңгі Отаным деп елін
қорғар сендей жігітінің анасы ғой. Оған неге
19-251
арақ бердің, неге мазақтайсың, қорғасайшы», –
деп жан айқайын салғың келеді. Оған бірақ
түсінетін кім бар? Сонда Киплингтің «Мау
глиіндегі» қасқырлар да қандасына тимейтіні,
аңның арасында өскен адамда да махаббат
сезімі болатыны есіңе түседі. Қандасына деген
құрметті тым болмаса солардан үйренейік
ші...
Бір-бірімізді бауыр деп тануға үйрене ал
сақ қана ел боламыз. Даңғойлық ел қылмай
ды. Дарақылық ел қылмайды. Әдеп жоқ жер
де, абырой жоқ жерде ел болушы ма еді?..
ЖҮРЕГІ ТАЗА, КӨҢІЛІ ШУАҚТЫ
ӘРБІР АДАМ БАҚЫТҚА ЛАЙЫҚ
Мен атқа мінген, өлең жазған, әкемнің атын
шығаратын ұл болам деп өскен қызбын ғой,
бойжеткен шағымда да қыз болып қылым
сығаным жоқ. Жігіттерге ұнамды қылық көр
сете қоймадым. «Қымызды кім ішпейді, қызға
кім сөз айтпайды» демеуші ме еді, көзқара
сымен, ұнасам деген әрекетімен көңіл білдір
гендер болғанмен, өзім ыңғай бермеуші едім.
Фамилиям таныла бастаған кез. Анау-мынау
ұнамайды. Кейін таныс жігіттер әңгіме етеді
ғой: «Ұзын бұрымды, аққұба қызды бір-бірі
мізге көрсетіп: «Анау қыздың шашын-ай, бұ
рымы қандай тоқпақтай, өзі қандай салмақ
ты, байсалды» дейтінбіз, бірақ жақын барып
әзілдеспек түгілі, жай сөйлесуге батылымыз
жетпейтін», – деп. Сол айтпақшы, салмақты
әрі қаталдау болдым.
Жайнамазы мен дастарханы тап-таза, әрі төре тұқымынан шыққан әжем мені солай тәрбиелеген. Қыздың мінезі қара тастай ауыр, қара судай сабырлы болуы керек дейтін. Одан қор болғаным жоқ. Рас, қыз мінездің тәкаппарлығынан бола шақ жарымды ұзақ таңдадым. Ғабдырахым мен ең алғаш 1970 жылы бір кеште таныстым. Әншілігі бір кісідей өнерпаз жігіттің мінезі де қыз көңілінен шыққандай екен. Ол сол кеште «Ақбөбек» әнін шырқады. Көзін қадап, беріле шырқағаны сондай, ән өзіме арналғандай әсерде болдым. Өнерге жақындық, өмірге құштарлық, сезімге іңкәрлық бізді жақындата түсті. Мамандығы – инженер-энергетик, бірақ лирикалық әндер мен сыршыл күйлерді жа нымен орындайтыны өз алдына, ұсақ-түйек мінезден ада, түсінігінің молдығы тәнті қыл ды. Сөйтіп, 1974 жылы шаңырақ көтердік. Әке сі өлең оқитын, өнерді қадірлейтін адам еді, ұлының таңдауына риза болып, біздің ауылға барып анам мен ағамның алдынан өтті. Екі жақ та қазақтың салтымен хал-қадірінше той
жасады, келін болып шай құйдым, ене тәр
биесін көрдім. Содан бері талай жыл өткен
екен. Өмір өткелдерінен бірге өтіп келеміз,
бір-бірімізсіз бөтен жерден тамақ та ішпейміз.
Әжем айтатын бір әңгіме: «Адам алға ұм
тылып, кездескен кедергілерден тауы шағыл
май, қиындықтарға мойымай, тоқтамай жүре
берсе, Құдайдың өзі пендесіне риза болып,
«Апыр-ай, мынау өзі еңбекқор екен, алдын
дағы көлденең тасты жылжытайыншы» дей
ді екен». Сол айтпақшы, көкейіме жазылып
қалғаннан ба, өмір бойы еңбектенумен ке
леміз.
Жалпы қыз бала бейнетке жаралған. Оның
үстіне ақын болса, оның арқасында екі жүк
бар. Әрі ана болу керек, әрі ақын. Оларға оңай
емес, ақын қыздардың өзіндік мұңы сол. Қа
зақтың жігіттерінің көбі ақын әйелдің жанын
түсінуге дайын емес. Ол үшін де үлкен жүрек
керек.
Тағы бір айтарым, қыз бен жігіттің қа
рым-қатынасы, бір-біріне сезімі жасанды
лықтан ада болғаны жөн. «Сүйкімді» аңыз
шіркінді айтып, бірақ жүрек мойындамаса,
ол болмайды. Әрі-беріден соң ақша мен дү
ниеге бола бас қосқанымен өмір бір сынаған
да ондай неке сәт өтпей сыр береді. Кейбіреу
ойлайды, махаббат тек қосылмағандікі, Қозы
мен Баяндікі деп. Шынында махаббат деген
тек қасірет емес. Махаббат – бақыт. Оған ие
болу өзімізге байланысты. Кім сүйгісі, сүйікті
болғысы келмейді.
Осынша жыл бірге тұрып келеміз, қыз тәр
биеледік, ата-әже болдық, қиындықтарды
бірдей көтердік. Мұның бәрі үлкен сезімнің
күші. Аллаға шүкір, бақыттымын деуге толық
хақым бар. Жүрегі таза, көңілі шуақты әрбір
адам бақытқа лайық.
АҒАЙЫНҒА АЙТАРЫМ БАР
Біз астанада тұрсақ та туған топыраққа
құлақ түріп, солай қарай елеңдеп отыратын
адамдармыз. Жұмыс бабымен, семья жағда
йымен жерлестер арасында болатын кезіміз
де аз емес. Сондайда ауыл азаматтарымен
пікірлесіп, жеткіншек ұрпақпен жүздесе жү
ріп, кейде мынадай күдікті ойға қаламын.
Бір кезде ат құлағында ойнаған, жүйрікпен
озып бәйге алған, жорғамен желіп ән салған
қазақ деген бабаның бүгінгі ұрпақтары сол
ата салтына сай өсіп келе жатыр ма? Түйеден
қорқып, жылқыдан үркіп, жігіті атқа міне ал
май, ерлері дойыр іле алмай, өзіндік келбеті
жоқ, бабасына ұқсамаған жасқаншақ та жа
сық жастар өсіріп отырған жоқ па екенбіз?!
Өйткені қазіргі өсіп келе жатқан жастарға
бағдарлай қарап отырсақ, есейгенде етегіңе
оратылып жүрмей, ел басқарып кететіндей
өр тұлғалыларын, алқалы топта ақыл қосып,
көсемсіп отыратын сөзге орамды, ақыл-пара
саты кемеліне жеткендерін кездестіру қиын.
Есесіне не болса соған еліріп, екіленіп жү
ретіндері мен «аузынан сөзі, қойнынан бөзі
түсіп тұратын» әлжуаздары көп сияқты.
Біз қатарлылардың ендігі міндеті бола
шақта мұндай ұрпақ өсіруге болмайтынды
ғын ұғыну болса керек. Олар өр тұлғалы бо
лып өсуі үшін ата кәсібіміздің басты бір сала
сы болып келген жылқы шаруашылығымен
шындап шұғылдану қажет. «Мінсең – көлік,
ішсең – қымыз, жесең – ет» болатын бұл жа
нуардың өн бойындағы асыл қасиеттердің бі
раз уақыттан бері ескерусіз қалғандығының
орнын толтыратын мезгіл жетті. Ат үстінде
көп жүрген адамның денсаулығы мықты бо
латындығын, қымыз ішкендердің қандай ау
руға да беріле қоймайтындығын ғылым да
дәлелдеп беріп отыр.
Осыған орай мен ауыл азаматтарына, ша
руашылықтар мен мектеп басшыларына мы
надай бір пікір қосқым келеді.
Шаруашылықтағы жылқы табындарының
сапасын ескерместен, санын қуып, үйір-үй
ірлеп баққаннан гөрі көзіқарақты, ат үйрету
ге икемді азаматтармен келісіп (өзара шарт
жасасуға да болады) жүген-құрық тиместен
төрт-бес жыл бойы үйірде жүріп, ақыры ет
комбинатына өткізіліп жіберілетін жылқы
ларды қанша үйретемін десе де бөліп беру ке
рек. Өйткені үйірдегі жылқының бойындағы
күші де, емдік қымызы да босқа кетіп жатқан
жоқ па?! Егер соның көбін қолға үйретіп, күші
мен қымызын сарқа пайдаланса, қандай игілік
болар еді! Құлын күйінен үйретіп мінген мал
дың да еті далада қалып жатқан жоқ.
Осы тұста мынадай да ой келеді: егер әрбір
орта мектеп жанынан ат спорты кешенін
ұйымдастырса, нұр үстіне нұр болар еді. Ат
баптайтын азаматтар қай ауылдан да табыла
ды. Бірақ енді бес-он жылдан кейін олардың
да қатары сиреп қалуы мүмкін.
Тағы бір айта кететін жайт – ат баптап,
жылқы жайлаудың бала тәрбиесіне тигізер
әсері мол. Құлын жетелеп өскен ұрпақтың
«құлыншағым» деген ана сөзінің де қасиетін
ұғына түсері сөзсіз. Қысқасы, жылқы деген жа
нуардың қадір-қасиетін ұғынып, ат құлағын
да ойнап өскен ұрпақтың қай жағына да есе
сін жібермейтіндігін, көкпар тартқан жігіттің
жігерлі, бәйгеге түскен баланың намысшыл
келетіндігін ұмытпайық, ағайын! Сондықтан
бойындағы қуатын қайда жіберерге білмей,
үйірде бос ойнақтаған жылқыны үйретіп,
мінуге, бие саууға тілек білдіргендерге көңіл
бөліп, көмек беріңдер демекпін. Егер менің
осы сөзіме құлақ асса, шаруашылық басшы
ларына өтініш жасап баратын азаматтар қа
тары көбейіп жатса, қуанышымда шек болмас
еді.
ҰЛТ БОЛАШАҒЫ – ӘЙЕЛДЕН
Егемендігіміз – ұлтымыздың басты бақы
ты. Талай-талай таланттар кезінде атаусыз
қала барды ғой. Көгімізде тыныштық, ел қа
мын ойлар Елбасымыз бар, шүкір ғой бәріне.
Енді бұрынғыдай «Жас мемлекетпіз ғой, тәй
басып келеміз ғой» деудің қажеті жоқ. Есейдік.
Есейген ұлт тәй баспайды, бәріне дайын бо
лады, санасы өсіп, тілі шығады. Әсіресе, тілге
келгенде жоғалтқаны көп, бүгежектеп қалған
ұлтпыз. Қарынымыз тойды, есімізді жина
дық, енді тіліміздің қадір-қасиетіне үңілсек.
Бізден басқа қай халық өз тілінен жерініпті?!
Босып жүрген Прибалтика, тау халықтары
на қараңыз, өз тілдерінде сөйлеседі. Тіпті аяқ
киім тігіп отырғаны да, кәуап пісіріп тұрғаны
да неше жылдан бері осы Қазақстанның на
нын жеп жүрсе де, өз тілінің жалғыз-жарым
жұрнағын да ұмытпайды. Шешен әйелдері ше,
бастарында орамалы, ұзын етегі, автобуста да
өзді-өздері шүлдірлесіп жатқаны. Қызығасың.
Солар әлем тілдері емес қой. Жағдайларына
қарасаң, бізден төмен.
Ел ішінде Желтоқсан оқиғасын алдын-
ала Мәскеуде ұйымдастырылды деген сөз бар.
Жоқ, олай емес, Желтоқсан ешқандай дайын
дықсыз басталды. Бұл оқиға емес, ұлттық кө
теріліс. Бұл халықтың намысының шарболат
тай қайралған кезі тұғын. Қазақ мектептері
жабыла-жабыла бітті. Оралда №11 жалғыз
мектеп, Алматыда №12 мектеп болды. Сол
түстік облыстарда қазақ мектептері болма
ды. Бүгін ғой қазақ ел басқарып отырғаны.
Назарбаевтың президенттікке келуі біздің
ұлт үшін тамаша жетістік болды. Ал бұл үшін
жастардың еңбегі орасан зор. Өзімізді өзіміз
басқарып, ел болып отырғанмен, сол қайсар
жастардың ерлігін біз төмендетіп отырмыз.
Бұл ерлікке құштар халықтың өзін-өзі дәлел
деуі еді ғой, Қобыланды, Алпамыс ұрпақта
рының да батыр тұлғаны еске салуы еді. Біз
болсақ, Алпамыс, Қобыланды бейнесін өз
деңгейіне көтере алмай отырмыз. Жасыра
тын несі бар, көтерілісте қыздар алға шықты.
Таяқты көп жеген де солар. Ұяны қорғайтын
қай кезде де ана ғой, тіпті құс екеш құс та со
лай. Алғашқы күндері арасында болдық, баста
уын бірге бастап, жеме-жемге келгенде басын
сауғалап қашып кеткен жігіттерді де көрдік.
Айтары жоқ, сол күндері кешірілмес күнә
жасалды. Оны айтса, тарих айтар, ол айтпаса,
Құдайдан сөзсіз қайтады ғой. Осы күні дүр
дей болып жүрген, сол кезде шаш ал десе, бас
алған, жастардың қанымен ойнағандар: «Қия
натым тиіп еді», – деп айта алмайды. Сол кезде
мені ешкім көрген жоқ деп ойлайтын шығар,
бірақ бүгінгі 50-55 жастағылардың жанарын
да өздерінің жиіркенішті суреттері мәңгілікке
қалып қойғанын білмейді ғой. Кезінде «Ар
тымызда Москва, шегінетін жер жоқ» дегенді
Баукең айтқанмен, ол сөзді қазаққа қимай,
Клочковқа бұйыртып еді. Сол көтерілістен
кейін Жұбан қалай сөйледі Колбинге, оның
сөзінің бәрі өзгертіліп жарияланды. Сол кезде
Жұбанды естігендердің өзі солай деп еді деп
айтпайды. Іштарлық қой баяғы. Біз Жұбағаң
сөйлегенде жанымыз енді, бірақ қол шапа
лақтай алмадық, алып кетеді деп қорықтық,
бар тапқанымыз аяғымызбен жер тепкіледік.
Қазіргі заманда жүре тыңдайтындар өсіп
келеді. Сол үшін де көп айту керек. Тәрбие ту
ралы, патриоттық туралы әскерге барғасын
бір айту шарт емес, туған далаға ие болып қа
луы үшін ұрпақ бұл туралы бесіктен естуі ке
рек.
Неге біздің немерелеріміз мультфильмнен
қайдағы құбыжық-монстрды көргенше, ба
тыр бабаларын көрмейді, неге туған күніне
Махамбеттің суретін сыйламаймыз? Қақысы
жоқ па?
Біз бар салмақты момын қазақ әйелдерінің
мойнына іліп қоямыз. Ал бүгінгі әйел-ана
лардың қызметтен қолы тимейді. Егер қазақ
әйелдері 1-2 түйір баласын елжанды ғып тәр
биелесе, меніңше, одан асқан ерлік болмас.
Олардың басын гендерлік саясатпен шатыс
тырмасақ, ұлттық өзіндік мінезін сақтап қа
луы алдымен әйелге байланысты. Мысалы,
чукчаларға бүкіл жұрт неге күледі, олар тура
лы анекдот неге көп, өйткені олар ұлт ретінде
өздерін жоғалтқан.
Кезінде мен Оралға келгенде сол кездегі
әкім Қырымбек Көшербаев екеуміздің қыз
дар мектебін ашу туралы ойымыз болған.
Әдеби орталық ашсам деген де ойым бар-ды.
Қырық жыл тұрған Алматы, үй-жай, ортамды
тастап келгенде қазақ қыздары сол мектептен
иба-инабатты, жар болу, ана болу туралы біліп
шықса деген арманым болғаны рас. Кезінде
тең праволы боламыз деп отбасын құрттық.
Бүгінгі қазақ қыздары джинсиын кие берсін,
шашын қисын, бірақ Құдай өздерін әйел ғып
жаратқанын ұмытпаса деймін. Сол мектептен
қыздар ас пісіруді, медицинаны, шаш қию
ды, қолөнерді, ағылшын тілін біліп шықса,
түзу жүруден тарқылдап күлмеуге дейін айт
са, қандай ғанибет! Бірақ мектеп ашуға қол
қысқа болды. Кітап үйін салғызып, кітапхана
ашсақ, Жұбан ағамыздың Сайқұдықта қалып
қойған кітаптарын, Тайыр ағамыздың мұра
ларын, Сағынғали ағайдың қаламсабын қой
сақ, жас балалар көрмей ме? Х. Есенжановтың,
Қ. Жұмағалиевтың дүниелерін әкеп қойсақ,
қазақ қыздары қазақ әдебиетіне жақын, се
зімтал да нәзік болып өсер ме еді? Кейде
мұңайып та қаласың, мүмкін қазақтарға қазақ
қызы керек емес те шығар деп. Қолдау болмай
жатады ғой...
Мен үшін қазақ болудың алғышарты жүз
ге, руға бөліну емес. Тегімізді білсек, тілімізді
ұмытпасақ, қазақ болып жаратылғанымызға
өкінбесек – сол ең басты шарт! Тіл мәселесі
бізде қиын жағдайда. «Уақыт солай болды ғой,
орысша сөйледік қой, қазақша үйрене жата
мыз ғой» деп неге күмілжи береміз?! Әсіресе,
әкім-қаралар, шенеуніктер жағы. Жиырма
жыл бойы сөйлей алмағанда, жиырма бірінші
жылы қазақша сайрай жөнеледі деп отырға
ным жоқ. Әңгіме сол баяғы ұлттық рухта ғой.
Рух биік болуы үшін аналар сәбилерін қазақ
ша әлдилеп, бесік жырын айтуы керек! Ұлт
болашағы Әйелден, Анадан бастау алады!
«ӘЙЕЛДЕН АҚЫН ШЫҚПАЙДЫ» ЕМЕС,
АНА БОЛУДЫҢ ӨЗІ – АҚЫН БОЛУ
Менің өзім «мерейтойым екен» деп ала
бұртып жүргенім жоқ. «Осынша жасқа жет
тім-ау» деп ойлайсың, рас. Өмір текке өтпеген
сияқты. Өлең жаздық, қызмет істеп, баламыз
ды бақсақ, ол негізгі міндет қой. Елге келдік.
Кемпірлерге барсаң: «Сен кішкентай едің-ау», –
деп, балалық шағыңды еске салатын. Бәлкім,
көп ештеңе бітірмеген шығармын. Даланың
өзі берген махаббатын өзіне қайтарсам деуші
едім. Өмір жолы әйел адамға ертегі емес. Біз
соғыстан кейінгі ұрпақ – жетім мен жарлы
ның ортасында, қиындықты, жоқтықты көріп
өстік. Күйеуінен «қара қағаз» алса да, «Күйеуім
келеді» деп жылап отыратын келіншектерді
көріп өстік. Солар отырып күйіктен шылым
шегетін. Қазіргі қыздардың неге шылым ше
гетініне қайран қалам.
20-251
Әрине, менің мерейтойым айта жүретін
дей әңгіме емес, өткеніме есеп беріп, қандай
көмек, пайдам болды дегенді салмақтасам
деймін. Әйтпесе, мерейтой тойлатайын, жұрт
маған қол соқсыншы деген ойым жоқ. Облыс
әкімінің өзі қолдау көрсетіп отыр. Онысына
рақмет. Әкімнің бұл ықылас-ниетін өнерге,
елге құрмет деп білемін. Он әйелдің ортасына
барып: «Келіндер-ау, бояған судан 5-10 тең
ге пайда тапқанша, бие сауып, балаңа қымыз
бен қаймақ жегізсейші», – десем де, пайдам
тисінші.
Ал өлең жайлы айтар болсам, қазір поэзия
да елең еткізетін құбылыс жоқ. Көзіміз үйрен
ген өлең. Біреулер кроссворд сияқты түсінік
сіз етіп бірдеңе жазса да, сол жаңалық сияқты
болып көрінеді. Оқығанда жатталып қалатын
өлең жоқ болып тұрғаны – идеологияның әл
сіреуі, кезеңнің түсініксіздігі. «Қазақ әдебие
тінде» бір інілеріміз Е. Раушановтың «Әйелден
ақын шықпайды» дегенін тауып айтқан ке
реметке балапты, мұнша ұсақталудың қажеті
қанша? Баяғы айтқыш, шешен әжелеріміздің
өткені өтірік пе? Кейде мазам болмай, өлең
жазып шаршап отырған кезімде күйеуімнің
де бабы табылмайды. Балаларыңның қала
мыңды жоғалтып, қағазыңды жыртып тастай
тын кезі болады. Сонда маған өлеңді біреу
жазып беріп жатыр ма? Менің «Анама жазған
хатымды» қай еркек жазды? Ол менің жүрегім
ғой. Жоқ, әлде Фаризаның өлеңін, Күләштің
өлеңін біреу жазып берді ме? Қыздарды неге
кемсітеді? Әйелдің бір тамшы сүтімен адам
болып отырып, неге әйелден анау шықпайды,
мынау шықпайды дейді? Інілеріме ренжідім.
Мен кезінде айтысқа да шықтым. Бірақ
ақындар дүние қууға кетті, анда айтқан шу
мағын мұнда да айтады. Баяғы Сүйінбай ай
тыпты, Жамбыл айтыпты дейтіндей бір шу
мақ, мақал қайда? Он-он бес жыл қаламмен,
жүрекпен жазғандар елеусіз де, бір айтысқа
шыққандар машина мінеді. Ол машинаны
қызғанып жатқан ешкім жоқ қой, әңгіме осы
жерде әділдік жоқ. Қазіргі айтыс жазба поэ
зияның құнын кетірді. Онсыз да қазіргі «Әке
ме арнадым, шешеме арнадым» деген кітап
тың тасасында шынайы поэзия қалып қойды.
Шынайы өлеңді оқуға оқырман қазір дайын
емес. Халық айтыстың деңгейінде тәрбие
леніп барады. Абай, Мөңкелерді филология
ғана оқу керек пе?
Негізі өлең, өнер жолы әйел затына қиын.
Өлеңді екі рет тастап кеттім. Біресе Алматы
да жұмыс таппадым, қатыгездіктер көрдім,
пәтерсіз
болдық.
Талдықорғанда
газетте
істедім. Қайтып келдім. Атырауға кеттім. Тұр
мыс құрдым, балалы болдым. Ата-ене, сегіз
бала... Бәрінің бабын табу керек. Әрі қаламдас,
дос санаған қыздардан көңілім қалды. Ол бір
нәзік кезең ғой. Адамдардан күтпеген жерден
қиянат көресің, досым дегенің сатып кетеді,
сенгенің өтірік айтады. Сөйтіп, екі жыл қалам
ұстамадым. Шай қайнатасың, жөргек жуасың,
қайдағы өлең. Бәлкім, Есенғалилардың айтып
жүргені сол шығар. Анасың, сәбиіңді емізіп
отырып бесік жырын айтасың, жүрегің жыр
лайды, адамзаттың тыныштығын ойлайсың.
Жалпы, ана болудың өзі – ақын болу.
Ақындықтың негізі қара шаңырақ – ауыл
дан бастау алады. Біреулер айтады: қазақтың
бәрі қалада болу керек деп. Кеше тұңғыш
тықтардың бәрін қалаға көшіріп әкелдік. Олар
ауылдағы малын сатып, үш бөлмеге кірді.
Ақшасы таусылғасын жұмыссыз қазақ қай
да барады? Менің ойымша, қазақтың ауылы
мәртебелі болса, төрт түлік малы болса, қазақ
баласын да оқытады, дастарханда тамағы да
түр-түрімен тұрады. Қаражатына емделеді. Қа
зақтың өсетін жері, жырлайтын жері – дала.
Біз Әбубәкір Кердерінің тұқымымыз. Өлең
маған сол кісілердің қанымен келген болар.
Үлкендер айтады: «Кішкентайыңда сені түртіп
сөйлететін едік», – деп. Әжемнің баласы бол
дым. Шешем жеңгем сияқты еді. Жазда күн
ге күйіп, қарайып кеткен шешемнің қасында
жүрсем керек. Бес жастамын. «Қара қатынның
қасында неғып жүрсің?» дейді екен кемпірлер.
Сонда жұлып алғандай «Қара қойдың қасын
да ақ қозы да жүр ғой, қойыңдаршы» дейтін
көрінем.
Қазіргі қазақтың бір қиын әңгімесі, әлі та
лай таяқ жейтіні – алты бақан алауыздық.
«Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін» деп айтып
аламыз да, іштей қоздатамыз. «Оралдың қыз
дары қасқыр ғой» деп те қалжыңдайды. Тұ
манбай, Шерхан ағалар бөлген емес, әрине.
Таза таланттар, ұлағаты бар адамдар олай қа
рамайды.
Жүзге бөліну бәлесін біреулер айтпаған
болады, біреулер жүзге бөлінбеген болып
көрінеді. Мен Алматыда 40 жыл өмір сүрдім.
Студент болып барып, өз-өзімді дәлелдеп
аяғымнан тұру үшін менің өмірім жеңіл бол
ды деп айта алмаймын. Мен ол жерде басқа
жүз екенімді сездім. Қадыр ағамыздың «Тумай
тын жерде тудым-ау, туатын жерлер тұрғанда»
деп жазғаны бар ғой. Шынында да, егер мен
сол жерде тусам, осы жасымда министр де,
депутат та болар едім. Ол үшін мықты ағала
рың, апаларың сүйеу, тіреу болу керек. Қазақ
айтпай ма «Тоқпағы мықты болса, киіз қазық
жерге кірер» деп.
Халық бәрін көріп отыр, кейін айтады.
Біреулер ойлайды ғой: «Халық – тобыр, ол не
біледі, мен өз білгенімді істеп жатырмын», –
деп. Бірақ халық түптің түбінде шындығын ай
тады. Мен өзімнің тіке айтуыммен жеңдім бе,
жеңілдім бе, білмеймін. Әрине, жеке басыма
пайда тапқаным жоқ. Жалпылдай алмадым,
жағымпаз бола алмадым. Бәлкім, екіжүз-
ді боп құбыла алсам, талай нәрсеге қолым же
тер еді. Мысалы, филология ғылымдарының
кандидаты болу үшін өмір бойы оқығаным,
қазақ тілі мен әдебиетін, кез келген шығарма
ны талдап, кез келген ақын-жазушы туралы
айта алсам, соның бәрі жарамай ма? Менің
санаммен, біліміммен. Өзім де оған жүгінген
жоқпын. Өзіңді кішірейту керек. Әрине, бар
ғалымды кінәлаудан аулақпын, бірақ сондай
жолмен жақсы атаққа жетіп жатқандар көз ал
дымызда. Мен өзім айтқан:
Ермедім саясатқа алып қашқан,
Әділдік жолы ауыры анық жастан.
Жайықтың бір бағытқа ағатыны
Бойыма мінез болып қалыптасқан, –
деген бағыттан тайған емеспін.
Атақ алып, дәулетті болу жолында арды,
адамшылықты таптап, о бастағы Құдай ал
дындағы бағытымнан бұрылып, басқаша күн
көруге бейімделе алмадым. Өзім ойлаймын,
өмір жолым дұрыс-ау деп.
Кезінде пәтер бөлінгенде көп қағажу көр
дік. Орталықтан берілген тәуірлеу үйлер ор
талықтың қыздарына бұйырды. Жарасқан
Әбдірашев екеуміз Совет ауданының ең ше
тінде Розыбакиев деген көшедегі үйге қол
жеткіздік. Онда да, бізде де үш баладан. Ал
кейбіреулерді мәпелеп, қамқорлап жатады.
Бастан сондай нәрселер де өтті ғой. Бір жағы
нан, мұндайды көрген де жақсы. Ешкімнің
сүйемегені, қолдамағаны қайрайды. Намыс
шыл, батылдау боласың. Онша көп таяқ же
генім жоқ. Ғ. Қайырбеков алғы сөз жазды.
Шерхан жұмысқа алды. Бірақ бөлу деген қа
зақта бар, кейінгі ұрпаққа жұқпаса екен.
Елу жылдығымда да, алпыс жылдығымда да
студенттер жырларымды жатқа оқып, құрмет
теп, төбелеріне көтерді. Қазір де қал-қадірін
ше қаумалап, сыйлайды. Бірақ байқаймын,
оқырман азайған. Оның себебі қазір жастар
кітап оқымайды.
Кезінде Қарағандыда кеш өткіздім. «Бір
неше жыл өтті, қалай қарсы алар?» екен деп
толқыдым. Әрі онда Беляевтар бар. Жазған
дарын қарасаң, біздің ақындардың лирика
сынан артық емес. Ал жарнамасы керемет.
«Е-е, ақшаң болса... Ақын болу да оңай екен»
дедік те қойдық, қайтеміз. Қарағанды теа
трында шығармашылық кешім әдемі өтті, зал
толы болды. Ықыласқа риза болып қайттым.
Әжем айтатын: «Екі көзі адамның бір-бірі
не жау болғасын, ортасына мұрын қойған», –
деп. Өнерде дос деген болмайды. Сыйлауға
болады, жазғанынан бірдеңе оқып, үйренуге
болады. Бірақ бір-бірін ғажап деп айтпай
ды. Өзімнің әдебиетте досым жоқ. Өзім жа
зам, өзім қоям, сыншым – жарым. Біздің орта
осындай. Бір дастарханда отырады, бір-бірін
мақтайды, бірақ «Болсыншы осыған» демейді.
Кейде тіпті бірін бірі аямайды ғой.
Талай тағдырды көрдік. Газеттің жұмы
сымен, хаттың ізімен сапарға шығамыз. Бі
реудің тентек, ерке қызы шырылдап күйеуі
нен таяқ жеп жүреді. Біреудің керемет баласы
олақтау, кеспірсіз қызды алып, әп-әдемі өмір
кешеді. Кей қыздар шетел асып жатыр. Өмір
өтеді, ертең олар Бейбарыс сияқты «Туған
елдің жусаны-ай» деп жыламай ма... Қыз
дар сүйгеніме тием деп емес, өзімді сүйгенге
шығам деп ойлау керек. Сенің сүйгеніңнен не
пайда, ол сүймесе? Менің жарым мені жақсы
көрді, онысын дәлелдеді. Оның маған ұнаға
ны – түсінігінің молдығы, өнерді бағалайты
ны. «Ол жақсы көрсе, сен бақытты боласың»
дейтінім содан. Бүгінде тұрмысқа шықпаған
қыз көп. Оны жігіттерден көрем. Жігіттерді
намысшыл етіп тәрбиелеуіміз керек. Жігіттер
маған ақын қыз деп қарады. Әрине, қызыққан
дар да болды. Бірақ мен ешбіреуіне қыз мінез
көрсеткенім жоқ. Ұзын бұрымым болды. Қарт
әжемнің тәрбиесі ме, тәкаппарлау болдым.
Ұшып-билеуге жоқ едім. Концерт-жиындарда
сөз сөйлеу, жүргізу үлесіме тиеді. Ұл балалар
мен өзімді еркін ұстадым. Қыздар нәзік бола
отырып, еркін, батыл болса. Қысылып, қым
сынатын батылсыз қыздар тез алданады, тез
ұятты болып қалады. Жалпы, батыстың қыз
дары тіке, батыл, ойындағысын айта салады
ғой. Батыстың қызы, Жайықтың қызы екенім
менің кеудемде мәңгі мақтаныш болып қал
мақ!
КЕПТЕР КЕПТЕРМЕН,
ҚАРҒА ҚАРҒАМЕН ҰШАДЫ
Біз Алматыға ақын боп қалыптасу үшін
әдеби орта іздеп келдік. Құдайға шүкір, қа
зақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы бар
ақындардың санатына жатамын деп ойлай
мын. Енді өзім де әдеби орта қалыптастырар
жасқа жеткенімді сезіндім. Елде жүрген ақын
сіңлілерім мен іні-бауырларыма рухани де
меу болғым келеді. Оған қоса, мені ана ретінде
жас ұрпақтың кері кеткен тәрбиесі алаңдатты.
Туған жерге оралайын, қаракөз қыздарымның
кіндігі мен етегін жабайын, оларға ұят мәрте
бесін аласартпауды үйретейін дедім. Облы
ста аграрлық және гуманитарлық бағытта екі
университет бар. Соларда «Қазақ қызының
ұлттық тәрбиесі»» деген тақырыпта дәріс оқи
мын. Әзірше ол ҚР Білім және ғылым минис
трлігінің оқу жоспарына арнайы енбей тұр.
Бізге осындай пәннің қажеттігі байқалады.
Мейлі ол техникалық, менеджерлік, заңгер
лік, т.б. мамандықтарды игерсін, бірақ ұлттық
тәрбиеден алшақ тұру – адасқандық.
Осы жылдар ішінде «Болашақ» бағдарлама
сы бойынша 3500 бала оқыпты. Әр облысқа
шақсаңыз, 200 шақты маманнан тиеді екен.
Неге солар экономика мен мәдениетті, меди
цина мен мектептерді дамытып, гүлдендіріп
жібермейді? Себебі бойларында ұлттық рух,
бесіктен алар тәрбие кемшін. Бәрі дерлік ас
фальтта өскен, өмірге «Мерседестің» тере
зесінен қарап үйренген үзеңгі бауы он қабат
әкім-қара, бай-шонжарлардың балалары. Ме
ніңше, шетелде бала оқытуда ауылдың қара
домалақтарына көбірек таңдау жасау абзал.
Қойдың қиын иіскеп өскен жеткіншек ешқа
шан топырағынан алысқа кетпейді. Сон
да ғана білімге құйылған инвестиция ақта-
лар еді.
Өткенде бір танысым айтады: «Біз – интер
национал отбасымыз, онда тұрған не бар?» –
деп. Жарайды, кезінде заман ағымы, саясат ық
палы солай етті. Қазір жадымыз жаңғырып,
санамыз сілкінді емес пе?! Мен әлгіге: «Әне,
терезеден қарашы, қарға қарғамен, кептер
кептермен ұшады, кептер мен қарға үйленсе
не болады, одан кім туады?» – дедім. Міне, ұлт
осындай немкеттіліктен жоғалады.
Сөз ұстаған, ой баққандарды бірден қа
йыршылықтың қамытына таңып, тұқырту
үлкен қателік болды. Әзелден әдебиетті ары
санаған халық жабайы нарық басталғанда
алақан жайған ақын-жазушының мүсәпір
халін, әлеуметтік әлжуаздығын көрді. Банкет
шіл байбатшалар өнер адамдарын отбасылық
қуанышының жаршысы, тойхана қызметшісі
деңгейіне дейін төмендетті. Рухани әлемі сел
дір тартқан, материалдық байлықты ғана місе
тұтқандардың мейманасы тасып шыға кел
ді. Өнер адамдары солардың хан шатырын
дай зәулім үйлерінде аз ғана тиын-тебенге ән
салып, би билеуге мәжбүр күйге түсті. Қала
мақысы құлақшынын жаңартуға да жетпей
тін, үстінде шапаны, аяғында шарығы тозған
қаламгерлер кейпі де осыдан алыс кете қой-
ған жоқ. Біреуі әкімді, біреуі банкирді жаға
лады. Ол оның шығармашылық кешін жа
сап берді. Әр нәрсенің қайтымы бар ғой. Ақын-жазушылар қамқорлығын көрген кор порация басшыларынан культ жасады, фир ма президенттерінен перғауын жасады. Бұлай болуға тиіс емес еді. Сөйтіп, халық ақын-жазушының аузында қасиет қалмаған соң, оларға қолын бір-ақ сілтеді. Бұрын олар дан ұлы сөз күтетін. Киіз туырлықты қазақ елі сөзінің сөлі барларды қолында мөрі барлар дан артық санайтын. Енді не болдық? Қазір ақын күшті ме, депутаттыққа «демалу үшін» баратын дөкей күшті ме? Біздің қазіргі байларымызда елдік, мем лекеттік деңгейде ойлау жоқ. Құнанбай кім болды? Абайды тәрбиеледі, елін бағып-қақты, бүтін қарауылын ұстады, бір өзі далалық конституцияның кепілі болды. Бөкей орда сындағы Жәңгір хан ше? Бір өңірдің байы да, билеушісі де өзі. Мектебін ашты, дәрігерін әкелді, жырын жырлатты, әнін салғызды. Ұр пағын өсірді, оқытты. Орыс әскеріне апарса да, ұлттың генералдарын шығарды. Роман бәйгесін жариялаған Маман бидің өзі неге
тұрады?! Қазіргі қалталыларда ондай өре бай
қалмайды. Мүмкін, әлі уақыт керек шығар,
сана сергіп, қалыптасып үлгермей жатқан бо
лар.
Кеңестік дәуірде адамдар Жазушылар ода
ғының табалдырығынан аттауға именетін,
оны мешіттен де биік санайтын. Біздің қазақ
фанат емес, мешітке де олай барған жоқ. Қазір
әр дінге бұрылып жүргендері де сол. Бұл киелі
шаңырақта жиналысқа қатынасуды кейбір ше
неуніктер аңсап-армандайтын. Мұнда бір ер
кіндік болатын. Тоқаш Бердияров, Мұқағали
Мақатаевтар орнынан тұрып, айқай салатын,
«Баяндамаңның ана жері өтірік, мына жері
жағымпаздық» деп. Сол өжет мінезді Жұбан
Молдағалиев көрсеткенінің куәсімін. Колбин
ге қасқайып қарап тұрып: «Менің халқымнан
енді не сұрайсың? Неге көнбеді бұл ел?» – деді.
Сол жиналысқа қатыстым. Әлгі сөзге залдағы
100 жазушы қол да соға алмай қалдық. «Үш
әріптің» адамдары бірінші қол соққан адамды
алып кетеді деп қорықтық. Ал сөйлеген сөзі
газетке редакцияланып басылды. Қазір Жел
тоқсан көтерілісі туралы кітаптардан оқып
жүргеніміз жасанды, монтаждалған нұсқасы.
Қазір қазақ қоғамы оқуды қойды. Кітап
ханалардың барлығы ойынхана болып кетті.
Бір қуанатыным, батыста – Ақ Жайық өңірін
де 150-дің үстінде кітапхана бар еді. Әйтеуір
соны сақтап қалыпты. Кезіндегі басшыларға
құйттай риза болатыным сол ғана. Облыс
та Жұбан Молдағалиев атындағы орталық
кітапхана жұмыс істеп тұр. Бірақ бас сұғушы
азайды. Кейбір кітаптарды ашып қарасам, ең
соңғы рет 90-шы жылдардың басында оқуға
алғаны туралы белгі тұр. Сонда 15-20 жылдың
ішінде ол кітапты ешкім сұрамаған. Маман
дар да жоқтың қасы, нантабары бар басқа са
лаларға ауысып кеткен. Кітап насихатының
мардымсыздығы да оқырманды сиретті.
Бүгінде қалтасы қомпайғандардың бар
лығы ақын-жазушы болуға әуес. Коммерция
лық баспалар кез келген қойыртпақты шыға
ра береді. Кейбіреулер сол субыламық, бал
дыр-батпақты мақтап, сонымен нәпақасын
табуда. Бұл сүреңсіз көрініс еліміздің барлық
аймақтарына тән. Міне, осыған тосқауыл қоя
тын, «Тәйт!» дейтін адам керек. Әдебиетте аса
ықпалды тұлғалардың табанды қарсылығы
болмай тұр.
Ал мен Одақтың бөлімше директоры ретін
де қаржы көзін қайдан табамын? Алматыдағы
үйімді жалға бергенмін, жеңіл көлігімді жүк
таситын көлікке ауыстырып, тасымалмен ай
налысам. Сосын, отағасы әлі қызметте, бала
ларым аяғынан тұрған. Осы табыс көздерінен
артылғанын әдеби кештер ұйымдастыруға,
шығармашыл жастардың біліктілігін артты
рар семинарлар өткізуге жұмсаймын.
Біздің облыста одақтың 10 мүшесі бар.
Көбісі ақсақалдық жасқа жеткен, денсаулығы
жиі сыр беретіндер. Елдегі арлы, нарлы биз
несмен жігіттерге қолқа салып, соларға қала
маңындағы санаторийлерге жолдама алуына
көмектесуін сұраймын. Оның өзін ел алдын
дағы азды-көпті беделімнің арқасында жасай
мын. Алпыстан асқан шағыңда кім көрінгенге
барып алақан жайып жүрудің өзі де оңай емес.
Қазір Қазақстанның асты-үстіндегі қазы
насын сатудан байыған миллиардерлер көп.
21-251
Әлгі миллиарды басы бүтін тұра берсін, ақын-
жазушы, өнер мен мәдениет адамдарына со
ның үстіндегі пайызынан там-тұмдап тамызса
да жететін еді.
Бұрын ән мәтінін жазғандарға да бода-бода
ақша беретін. Қазір әнші ақшасын да, басқа
сын да алады, біздің көп ретте атымыз да
аталмай қалады. Әйтпесе, менің шығармала
рымды да елге танымал эстрада шеберлері
нің көбісі орындайды.
Алақан жайдырған миқата тірлік ақын-
жазушылардың беделін түсірсе, біздің өзіміз
де қателіктерге ұрындық. Бірауызды болып,
өз құқығымызды билік алдына қоя білуіміз
керек еді. Бір-бірлеп барып үлкендеріміз са
тыла бастады, жастарымыздың даусы шықпай
қалды. Адам жанының инженері деп әспетте
летін өнер адамдарының беделінің құлды
рауы ұрпақ тәрбиесін де әлсіретіп жіберді.
Бұрын бір ауданға Ғабит Мүсіреповтің, Қадыр
Мырзалиевтың келіп-кетуі бірнеше жылға ру
хани азық еді-ау. Соларды елге шақыра алған
басшының абыройының өзі асқақтап тұра
тын.
Кейде ауызды қу шөппен сүрте берген де
дұрыс емес. Қазіргі заманда билікте, бизнесте
жүріп әдебиет пен мәдениетке қамқорлық
жасап жүрген ақмарқа жігіттер, ақеділ аза
маттар да бар. Мысалы, Мұхтар Құл-Мұхам
мед Қызылорда облысына әкім боп барған
да, Сыр елі бір жасап қалды. Аймақтағы
ақын-жазушылардың том-томдап кітаптары
шығып, тәрбиелік мәні зор тарихи даталар
аталып өтті. Мен ойлаймын, қызмет бабымен
жүргенде тікұшақтан құлаған әкімді өлім ау
зынан алып қалған – сол халықтың ризадар
пейілі.
Ақынның беделі өтірік айтқаннан құлай
ды. Мен бұл сөзден ешқандай қорықпаймын.
Бұрын ақындар аузымен қаны тамып тұрған
ақиқат айтылса, қазір ондай Махамбеттік мі
нез жоқ. Көрермен былайғы тұрмыста күн
де естіп жүрген өтірікті үлкен сахнадан қай
та тыңдағысы келмейді. Бара қалса, көбісі
«Пәленбай деген әншіге гүл беріп қайтайын
шы» деген оймен билет алады. Орыстың Вы
соцкийі мен Евтушенкосы идеологиялық
құрсауда тұрған заманның өзінде шындықты
жырлады. Біздің Мұқағалиды тұғырға кө
терген де, халықтың сүйіктісі еткен де – сол
шындық! Былайғы жұртты қойшы, біздің
ақын-жазушылар бірінің кешіне бірі бара
бермейді. Әдеби орта суып барады. Қазір бір
шенеуніктің, бастықтың туысқаны өлсе, бәрі
шұбырып соған жүгіреді. Көрініп қалу, тізімге
ілініп қалу үшін. Сөз қадірі құлады деген осы...
Хаттар
ПАРЫЗ
Әбіш Кекілбаевқа хат
Жаулығы шығар анаңның
Төбеде жүзген ақша бұлт.
Иә, Әбеке, еліміздің еркіндік алғалы тәй-
тәй деп оң басқан қадамына, сәтті басталған
әр ісіне қуана отырып, әттеген-ай дейтін
жүрек сыздатар тіршілік тынысына бірге қай
ғыра отырып, енді елдің ертеңі қалай болар
деген ой мазалайтынын айтпасам да сезетін
шығарсыз. Сол ертеңі күнгі тағдыры жайлы
шуласып жатқан туған жер атты қасиетті ме
кеннің қожасы болатын жас ұрпақ тәрбиесі де
менің аналық жүрегімнен тыс қалмаған маза
сыз толғанысымның ең бастысы еді. Сол ұр
пақ тәрбиесіне ең жауапты адам ана деп түсі
нетін менің көз алдымнан дүниеден өткеніне
көп бола қоймаған Сіздің анаңыздың таныс
та ыстық бейнесі көлбеңдеп кетпей қойғаны.
Бүгінгі ана атаулы замандастарымның жай-
күйі мен ұрпақ тәрбиесіндегі үлесі жеңіл-жел
пі әңгіме болмаса керек-ті, тіптен барлық тір
ліктің басты сауалы сол ма деп қаламын. Кеу
деме толған осы бір сырды Сіздің анаңыздың
бейнесін еске ала отырып өзіңізге ақтарғым
келді.
Иә, Әбеке, жаулық орамы да өзгеге ұқса
маған, келбеті де басқадан кең пішілген, са
быр мен салауаттың лебі есетін жанның, Сіз-
дің Айсәуле атты анаңыздың дүниеден өткені
не онша көп бола қойған жоқ. Алпыс жыл бойы
ізіңізден көз жазбай келген жарық жанардың
мейірімді жылуы әлі арқаңыздан өтіп тұрған
дай сезінетін шығарсыз. «Жарығым жақсы
ұйықтап оянды ма екен» деп бөлмеңіздің есі
гін күнде таңда күзететін жанды Сіз де жоқ
тап, ол жатқан бөлме есігін күнде еппен ашып,
еске алатын шығарсыз, бәлкім. Қалай десем
де әзір ұмытыла қоймаған жұп-жұмсақ аяқ із,
жұп-жұмсақ сағыныш Сіздің үйді кезіп жүрсе
керек.
Иә, Әбеке, сонау Маңғыстаудың мидай да
ласында «Оңды» деп аталған бір кезде саны
оныншы ауылда ақ сүтпен ауыздандырып, ба
балар өткен қасиетті ыстық құмға алғаш тәй
бастырып, 17 жыл әлпештеп, «Әліппеден» са
уат аштырып, мектеп бітірткен Сіздің Айсәуле
анаңыз қарапайым қазақ әйелінің ұзақ та ға
жап жолын кешкен аяулы адам еді. Халықтың
дана емшілік дәстүрін сезініп өскен ана сәби
денең қызуласа, алақан жылуына жүрек мейі
рімін қоса орап, тез жазып алатын еді-ау. Түйе
сүтінің сан алуан сырын да халықтан бойы
на сіңірген сол сергек жан қалай шөлдеп кел
геніңді, нені ұнатып ішетініңді де сұрамай
білуші еді-ау. Құм кезіп ойнап келгенде ол
ұсынған су да балға бергісіз тәтті болатын.
Сонау шағылдағы Еңсеп қазған құдықтың сы
рын, бәлкім, Сіз сол берген судан сезіндіңіз
бе екен? Құм даланың қадір-қасиетін, тағдыр-
тауқыметін осы бір сезімтал жан жанары
мен ұқтырған шығар, сірә. Иә, жанарымен
аймалап өсірген ана қажыр мен шыдамның,
қайрат пен парасаттың да биік шыңынан кө
рінді. Сіздің тәрбиеңізге де тек халық екше
ген ұлағатты тәсілдерді қолданған болса ке
рек. Өйткені ол Сіз бен біз тәрізді түрлі пе
дагогикадан сынақ та өткен жоқ. Ол халық
деген дананың ғасырлық мұң-жырын дала
самалымен қоса көкірегіне жұтып өскен еді.
Ол өзі жинақтаған дала даналығының сабағы
нан философиялық түйін жасап, оны ұзақ
сөзбен мезі етіп түсіндіріп жатпайтын. Тек
жайлы дауыспен, орнықты оймен, одан қалса
қабағымен аңғарта білген аналар атаулының
арасындағы ең мейірбандысы болатын.
– Әбішімді төрт жасқа келгенше сәби деп
сүйдім, төрт жастан кейін мен оған азаматым
деп ердім, өйткені сұм соғыс мені жесір, оны
жетім атандырды, – деп бастайтын өзіңіз жай
лы әңгімесінің басын. Иә, отыздың о жақ, бұ
жағындағы жас келіншек Сізді төрт жастан
сүріндірмей жетеледі, сеніммен ізіңізге ерді.
Сіз он жетіге толғанда сонау алыстағы Маң
ғыстау түбегінен Алматыға еріп келді. Оның
бас сүйер ағайыны да, қолында сеніп қарар
дипломы да, жұмысқа тұрар мамандығы да,
өзіңізге дәріс үйретер жаңаша сауаты да жоқ
тұғын. Ауыл әйелі Алматыдай алып шаһарға
жасқанбай енді, өйткені оның бар мақсаты –
өзіңізден (Әбішінен) көз жазып қалмау ғана!
Сол жолда басқа жайтты ойламас та еді. Барға
да, жоққа да риза ана тек жалғыз ұлын көз
жазбай көріп отыруды тілейтін. Сол тілек қа
был болып, ол Сізден алпыс жыл бойы көз
жазбай келді. Не деген шыдам!
Иә, Әбеке, ана бәрімізде де болған. Әркімге
өз анасы қастерлі. Менің анам Ақзила да жа
нарымен ұғатын нәзік жан еді. Менің енем
Қаламқас атты қазақ әйелі бір ауылды аузы
на қаратқан мейірімді адам болды. Бір үйге
тұтқа болған қайратты жан бала сүюде, адам
сыйлауда алдына адам салмай өтті дүниеден.
Ол көз жұмғанда менің жүрегімнен:
Анасыз қалды халқым-ай,
Анасыз үйдің салқыны-ай.
Жүгіріп шыққан алдымнан
Жүрегі жұмсақ жалқым-ай, –
деген жоқтау-жырлар төгілген еді. «Ардақта
саң ару да көп, ер де көп» деп Жұбан ақын
айтқандай, санап кетсек қазақта талай ана
табылары анық. Ал Сіздің анаңыз Айсәуле
әжей солардың арасынан оқшауланып менің
ғасырымда дара көрінген тұлға еді. «Сегіз қы
зым – бір төбе, Күнекейім – бір төбе» демекші,
анаңыздың орны бір төбе екені даусыз.
Иә, Әбеке, КазГУ-дың студенті атанып, тар
пәтер жалдап білім жолына аяқ басқан Алма
тыдағы алыс қалған жылдарға шегінейік бір
сәт. Сіз алған алғаш стипендия анаңыз үшін
ұлының тұңғыш табысы болып саналады. Со
дан ауысқан тиын-тебенге алған күріштен жа
салған көже ана қуанышымен пісірілген қа
сиетті тағамдай болды. Бәлкім, оның қатығы
да келісіп тұрмаған шығар. Өзіңізбен еріп сту
денттер келе бастайтын. Сол жалдама пәтер
ге көне домбырасын сүйретіп келіп Нәжіме
деннің Жұмекені күй тартатын. Оған Айсәу
ле ана айналып-толғанып көже ұсынатын.
Жұмекен ақын көжеге емес, мейірімге тояды.
Өткен сенбіде бітпеген пікірталасын аяқтау
ға Сүлейменнің Асқары келетін. Айсәуле ана
оны да маңдайынан сипап көжесін қояр еді
алдына. Көжеге қанбаған шөл ана көзіндегі
мейірімге қанатын. Сәлем бере келген Мырза
лиев Қадыр ақын тар үйге қонып қалсын. Жа
уыны көп Алматыда аяғынан су өткенін көріп,
Айсәуле ана оның көне бәтеңкесін таңға кеп
тіріп шығатын. Ертесін құрғақ бәтеңкеге
қуанған Қадыр ақынды күлімдеп тұрып шыға
рып салған ана жанарындағы жылу қандай
еді! Бұл төзімді аяқтау мүмкін емес. Домбай-
дың Есенжолы, Қанатбайдың Дүйсенбегі, Әб
діктің Төлені, Досжанның Дүкенбайы, На
зарбектің Сайыны... т.т. Айсәуле ана бәрінің
маңдайынан сипады, Әбішімдей балам деп қа
былдады. Олардың біреуінен де «Қай жақтан
сың?» деп сұраған емес. Сол сауаты жоқ әйел
дің осы бір даналығы қазіргі көп сауаттылар
ға жетпей жүргеніне қынжыласың кейде.
Иә, Әбеке, осылай жылдар жылжып ақты.
Кейін Сіздің топқа біздер келіп қосылдық,
қоңыр қызым, ақ қызым деп Фариза екеуіміз
ге де екі қолын қанатша жайып шақыратын
бауырына. Зулаған уақытпен жарыса жазып,
мереке күні сәлем беріп шығатын едік. Жы
рдай төгілген ақ батаға ұйып отырған сәт
теріміз қанша! Ең ғажабы, ұмытпайтын ұқып
тылығы еді. Сіздер астаналық болып кеткесін,
жол түсіп сәлем бере соққанымда, жадырай
күліп қарсы алып, ойын жинақтап, шаршаған
жүзін асықпай бұрды маған:
– Қабдырахым жақсы жүр ме, Тахлимаң
қандай болды? – демесі бар ма. Мен таңда
нып, сәл мүдіріп қалдым. Жарымның атын
таза айтып, кенжемнің Тахмина деген есімін
тек әрпін ауыстырып алды. Иә, жүзге таяған
ол кісі түгілі, бұл күнде біздің өзіміз бала мен
немерені шатыс шақырып қалдық емес пе?
Не деген естілік, не деген ұқыптылық, не де
ген үлкен мейірім! Өйткені, оңаша отырып,
бәрімізді түгендеп жүреді екен-ау. Ол батасын
да бәрімізге тегіс арнап «Тарыдай тасың би
дайдай бөртсін, тәңірім не тілесең, соны бер
сін» деп отырушы еді. Ол тегіс тілейтін, тегіс
сүйетін кең кеуде ақ пейілдің иесі болған жан.
Оны өзгелерден ерекшелендірген сол өлшемі
жоқ мейірім, адамзатқа деген махаббаты бол
са керек. Сол адамды алаламау, бөлмеу, аялау,
аяу, сыйлау сезімін Сізге де сыйлаған екен
анаңыз.
Иә, Әбеке, бәлкім сол кісі үйреткен табиғи
тәрбиеден Сіз де бәрін оймен қорытынды
лап үйренген шығарсыз. Талай қара бала
шаңдатқан жолда шалқалап қалған тасбақа
ны өзгелер де көрмеп пе еді? Ал Сіз оған мүлде
басқа мән бердіңіз... Анаңыздың адам жанына
ұқыппен қарайтын мінезінен дарыды ма екен
бұл қасиет. Сіздің Айсәуле анаңыздай бәріміз
мойындаған ерекше жанға бір асыл белгі тап
сақ, кейінгілер оны таныстықпен тағып алып
тасыраңдап жүруі мүмкін-ау. Әлде жылдар
елегінен өткен соң сол ғазиз жан Маңғыстау
дың 363-інші әулиесі болып атанар ма екен!..
Иә, Әбеке, Сіздің кейбір саясат сахнасын
да біреулердің қатесін қатты айта алмайтын
жайлы мінезіңіздің де сырын осы анаға бай
ланысты түйіндедік. Әркімді пейілінен құдай
тапсын, адамның жүзін сындырма деп өсір
гені даусыз. Бүгін қолында билігі бармен дос
тасып, ертең орнынан түскенге сәлем бер
мейтін тұрақсыз доссымақтарға ұқсамайтын
нар мінезді, әркімнің талантына ұрынбайтын,
өз жазуын білген парасатты қалпыңыздан да
ана тәрбиесінің иісі аңқиды. Бірді бірге ша
тыстырып жүрген берекесіздерді де ана тап
қаны рас. Мен болсам, жауап ала қоятындай,
о дүниедегі анама хат жаздым емес пе?
Ол жақта қалай, апа, гүлдер көп пе,
Күнәсін кешіре алмай жүрген көп пе?
Тіріде жалпылдаған жылмақайлар
Ол жаққа әлі барып үлгермеп пе?
Қабірін көмгенмен біз қалың қазып,
Жүр ме екен топас озып, дарын азып,
Қазақтар бірін-бірі күндей ме екен,
Үстінен бір-бірінің арыз жазып?
Сен жоқсың ішінде ондай отырыстың,
Не екенін түсінбеуші ең қоқым істің.
Қайтейін, құдайға да керек болдың,
О, менің әріп білмес Оқымыстым!
Менің анам Қазан төңкерісі кезінде сауат
сыз қалған жан. Бірақ сол әріп білмеген ана
өсіргеніне әрі ризамын, әрі таң-тамаша қала
мын. Сіз бен біз олардан Ана болу, адам болу
үлгісін көрдік. Әттең, бүгінгі таңда оқыған,
тоқыған, маман, сан қырлы салауатты әйел
неге нағыз Ана бола алмай жүр. Не болған біз
дің ұлтқа? Осыдан ондаған жыл бұрын жаңа
кезеңге жаңа қазақ әйелі қажет деген пікірта
лас үстінде біздің қыздар неге әкім болмайды
деп шуластық. Сонда мен әзіл-шыны аралас:
«Әйелдер әкімдікке арнаған жылдарын қазақ
халқына бір-бірден Нұрсұлтан Назарбаев
тай, Жұбан Молдағалиевтай, Әбіш Кекілбаев
тай халық маңдайына жұлдыз етіп тағатын
торсық шеке бір-бір ұл өсіруге арнаса пайда
лырақ болар еді», – дегенім бар. Бәлкім, бұл
әзілім онша орынды да болмас. Өйткені қа
зақ халқы тарихында Ұлпан, Домалақ ана,
Ақсұлу, Құртқа, Мәншүктер бары да ақиқат.
Менің ойым Сіздің анаңыздай әйелі бар ел
мықты болады-ау деген арманмен астасқан
болса керек. Ол сияқты баласынан көз жазбай
бағу түгілі, туа салып қашатындарды көрген
нен кейін айтқаным шығар. Осы баласын тас
тап қашқан тасбауырларға қалай тосқауыл
қойылмақшы, Әбеке? Иә, ту да тастап жүре
бер деп тастандылар үйін көбейте бермекпіз
бе сонда? Соларды бағып мейірбан атанбақ
болып жүрміз бе осы біз? Мейірімі жоғалған
22-251
қазақ қызы Сіз бен біздің айналамызда қап
тап жүр ғой бұл күндері. Кінәні кімнен ізде
сек екен? Бәлкім, қыздарын аялай алмаған,
қорғап, сақтап сүйе білмеген қандас қарын
дасқа деген ұлттық намыс сезімін о баста тәр
биесінде көрмей, өзге тілде, өзге ортада өскен,
оларды бір түннің ойыншығындай көретін өз
жігіттеріміз шығар. Қара көз сәбиін тастанды
атандырған бейбақтар ертеңгі қазақ даласы
на мейірім төгер не шара жасар дейсіз. Олар
Сіздің анаңыздай өзгелерді аялауды білмей
тіндер ғой. Бала тастаған күнәһар 5-10-100
емес, мыңдаған сандарға кетіп барады. Ондай
ларға қолданар шара, тыйым салар бір тоқтам
әдіс болмас па екен? Әлде, қыз бала тәрбиесін
дегі ұлттық қасиет жайын айтуды қоғам болып
ұмыттық па, әлде ол қасіретке Сіз бен біздің
қатысымыз жоқ деп өзімізді алдарқата бере-
йік пе? Мен өзім білетін бірер жайды тыңда
ңызшы. Сізбен қатар оқыған бір жас жігіт
тоқалмен кетті, ұл-қызы жайына қалды. Ұлы
әкеден үлгі алмас па екен? Енді бір жігіт сүй
дім-күйдім деп жас тоқалға бала тапқызғаны
болмаса, фамилиясын беруден бас тартты.
Ол да еркекке тән мінез бе екен? Сезімнен
туған, Фатима жүрегін ұққан Әуезов ұлын
ашық мойындап кетті емес пе?! Ендеше ондай
марқасқа бола алмаса, махаббатта не жұмысы
бар? Сіздіңше, қазақ жігіттері қай дәрежеге
азды?
Сіздің анаңыздың жақсы көру сезімінің бір
мысқал ортаймағаны да таңдантатын бізді.
Шай дайын болған кезде ол кісі келініне:
– Клара, сен шаруаңды барып істей бер,
Әбіштің шайын өзім-ақ құя саламын ғой, –
дейді екен. О, тоба, төрт балаға әке болған өз
генің жарын өзі сәбише аялап оңаша отыр
ғанды ұнататын ол кісі. Бір мереке кезінде
үйіңіздің жанынан ойда-жоқта кіріп сәлем
бергеніміз бар-ды. Айсәуле әжеміз бір неме
ресымақпен отыр екен. Аман-саулық сұрасып
болғаннан кейін біз, әрине, «Әбекең қайда?» –
деп сұрадық.
– Бір құрдасы шақырған екен, ешкіге ер
ген түйеге ұқсап, сонда кетті, – демесі бар ма?
Мына теңеуден Маңғыстау даласының суреті
елестеп, күлкіміз келсе де жым бола қалдық.
Ол кісінің тағы сізді қызғанып отырғанын, сәл
мезгіл болса да көз жазып қалғанына ренжіп
тұрғанын ұқтық. Ана ұлын осынша жыл, осын
ша жақсы көреді деп ойламаппыз, ал ондай
ұлы сезімнің барын Сіздің анаңыздан көрдік.
Сіз екеуіңіз ана мен ұл сыйластығын көрсет
тіңіз бізге, Әбеке.
Иә, Әбеке, өзіңізге аян, біздің далада қазақ
әйелі атқарған іс, арқалаған жүк бір батыр
дың ерлігінен кем болмаса керек. Бүгінгі қа
зақ әйелінің, тағы сол Маңғыстаудай бай
өлкенің өзінде кешіп жүрген тауқыметі аз
емес екенін Сіздің де көз көріп, құлақ естіп
отыр. Мен өз басым бәріне риза адаммын, қа
рапайым жердегі қазақ қызы өмірін кешіп ке
лем. Жар сүю, бала өсіру, немере жалғау. Жыр
жолы боп төгілу, ел тағдырын ойлау. Ол үшін
мен ешкімнен мүсіркеу де, мадақ та, мақтау
қағаз да тілемеймін, өйткені ол менің тағды
рым, борышым деп білем. Өз басым, бүгінгі
көгілдір ту астында ерікті ел болудан өткен
бақыт бар деп те ойламаймын. Өз елім бар, өз
тілім бар. Әттең, кейде осылай шалқып жүр
ген көңіл мұздап кетер сәттер де жоқ емес.
Қолында билігі бар біреулер ернінің ұшымен
сөйлеседі, кейбірінің сәлемдесуге мәдениеті
жетпейді. Ал егер ауыра қалсам, ешкімге кере
гім жоқ. Менің жанкешті тірлігімді көрмеген
дер анау ауылдағы көп әйелді тыңдамайтын
да шығар деген ой мазалайды сонда менің
нәзік жүрегімді. Дала әйелі кешкен бейнет
тен тозып бара жатырғанын ойлаймын. Дала
мұғалімінің еңбегі – ерлік. Олардың көбі мез
гілінде жалақы ала алмаса да, бала оқытып
жатыр. Дала сауаты төмен деп оларды жазғы
рудан өз басым аулақпын. «Сананы тұрмыс
билеп» тұр. Сіз бен біз сол сауатпен дала ұста
зының халықтық педагогикасына қарыздар
емеспіз бе? Алдымен – сана, содан соң – сауат.
«Күпі киген кемеңгер өзің ғана, Макентошты
миғұла толып жатыр» деп Абайға Қадыр ақын
арнағандай санасыз сауатты толып жүргені
де өтірік емес. Далада жап-жас келіншектің
тісі түсіп қалғаны да, әлжуаз бала тапқаны да
аз емес. Олар баласын тастамайды. Бұл жайт
тарды айтсақ, Сіздің анаңыз: «Шыдаңдар,
сеніңдер ертеңге. Болашақтан ақ тілеу тілең
дер. Мейірімді болыңдар. Сүйенерім жоқ мен,
даланың қарапайым әйелі 4 жасар Әбіштен
азамат өсірдім ғой, оңай болды дейсіңдер ме.
Ел аман болсын, жұрт тыныш болсын, бейбіт
күн сыйласын тәңірім, ынсапты болыңдар», –
деп тоқтау айтар еді. Иә, көк туы желбіреген
айбынды Отанның ертеңі нұрлы болғай деп
тілейік, біз де сенейік. Сіздің анаңыздай ме
йірбан болуға талпынып, өмірді сүйе түсейік.
Сан ғасыр армандаған еркіндікті қастерле
йік. Сол елде ана болып ұрпағын тәрбиелеуді
мақтан тұту керек шығар. Өйткені ана болу
дың өзі жанкешті ерлік, табиғи талант, үлкен
өнер екен ғой...
Бәлкім, бізге ол жайлы бір толғауды өзіңіз
жазып бересіз, Әбеке. Бұл менің өзіңіздей
саналы замандастарыма айтар назым мен
пікірім деп және біраз жыл дәмдес болған
Сіздің асыл анаңыз Айсәуле әжейге деген ба
лалық тағзымым деп білгейсіз.
ЦИРКТІҢ АТТАРЫН ДА ӨЗ АҚШАСЫНА
САТЫП АЛЫП ЕДІ..
«Гүлдер» ансамблінің көркемдік
жетекшісі Қыдырәлі Болмановқа хат
«Гүлжихан Ғалиева» деген есімді білмеуің
де мүмкін, өйткені көрген жоқсың. Біздің қа
зақ «Танымасын сыйламас» деп бекер айтты
дейсің бе...
Гүлжихан Ғалиева – сонау 1934-37-ші жыл
дардың зобалаңын көрген адам. Әкесі Орда
баев Қали Жетісудың атақты байларының
бірі болғандықтан, Гүлжихан Ордабаеваны
Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербор) заң
университетінен қуады. Аш-жалаңаш Мәскеу
ге жеткен 19 жасар Гүлжихан Тұрар Рысқұлов
тың қабылдауына жазылып, 273-ші болып
тіркеліп, Мәскеу вокзалына 9 күн түнеп жүріп
жолығады. Рысқұлов сол жылы «Гүлжихан Ға
лиева» деген жаңа құжат жасатып, оны ГИТИС
жанындағы студияға оқуға түсіреді. Міне, аза
мат шапағаты деген осындай болса керек!
Гүлжихан Ғалиева Алматыда биші Шараға
концерт жүргізуші болып қызметке алына
ды, өйткені оның ол кезде бай тұқымы екенін
министрлер білетін. 1955 жылдары Гүлжи
хан қазақ циркін қолға алып, өз жиған-тер
геніне Грузиядан аттар сатып алып келгені
Қазақстанда аңыз болып айтылатын. Алтын
сырға, жүзігін сатып, вагонмен үйретілген
цирк аттарын өзі әкелді. (Қазір өнер үшін өз
ақшасын шығарғанды естіп жүрген жоқпыз).
Цирк ашылды, ұлт еңсе көтерді.
Г. Ғалиева 1961 жылы «Гүлдер» ансамблін
ұйымдастырды. Домбырамен билеген қыздар
ұлттық сезімімізге зор әсер етіп, өз халқымыз
ды тануымызға игі ықпал жасады.
Осындай өр мінезді, табанды қыздары бар
елміз біз, Қыдырәлі! Осындай әңгімені тың
дап өскен өз қызым Ғазиза да қобыз арқалап
қатарыңда жүр...
Гүлжихан Ғалиева сияқты қазақтың өнер
дегі өжет қызының есімі қазір өзің басқара
тын «Гүлдерге» тікелей қатысты екенін есіңе
салғым келген еді. Ол да Қазақстанның Халық
әртісі болатын. Ол да бір кезде өзіңнің Қара
қатыңдай мөлдір жас болған. Айырмашы
лығы – көрген бейнеті көп еді...
ҚАЗІР АҚЫНДАР БАНКИРДІҢ ӨЛЕҢІН
ЖАЗЫП БЕРЕТІН БОЛҒАН...
Исраил Сапарбайға хат
Сылаңдаған сұлуға сыңғырлаған ән жазып
беретін замандас, неден түңілдіңіз сонша?
Сыртыңнан қараса, бақытты жанның бірі
сияқты-ақ едің. Ел көрдің, елшілік көрдің,
әдебиетші болдың, баяғы партия қызметін де
көрдің. Жыр жаздың, ән шығарып бердің, оны
орындаушылар мен тыңдаушылар қол соғып
қошаметтеп, құшағың гүлге толған сәттерің
аз ба еді?! Жар сүю, әке болу бақыты да бар,
шүкір, балалар да азамат болды. Орта таниды,
аймақ сыйлайды. Талай замандастар осындай
күндеріне мәз емес пе? Абай айтқандай, «Мәз
болады-ау пақырың арқаға ұлық қаққанға».
Исраил, «Жас Алаштың» №111 санындағы
«Ерлердің ісі бітер ме?» деген ойларың мен
өлеңдеріңді оқыдым. Махамбет ақын айтып
кеткен сөзге елең еткендер шамалы.
Ел аралап талайды көріпсің, жаңалық па
екен ол? Қашан солай болмап еді? Сонау Абай
заманына ой жүгіртсең, ол да осы қазаққа, осы
елге айта-айта сөзі өтпей зар иледі емес пе?
Махамбет те осы қазаққа жақсылық жасағы
сы келген. Еділ бойына ел қондырсам деген.
Бірақ оның басын кескендер де өз таныста
ры емес пе? Ендеше сенің жаңалық ашқаныңа
жөн болсын. Қиқым-сиқымды жаңа көрдің
бе? Ахмет, Мағжан, Ілияс, Хамзаларды «Халық
жауы» дегізген де солар ғой. Ол қиқым-сиқым
әлі де талайлардың түбіне жетеді... Жалпы дү
ниені бұзатын жалпылдақтар ғой.
Ән сөзін түзетейін деп шырылдайсың ке
ліп. Қазір «Көзіңнен бір ұшқын ұшты ма біл
медім, әйтеуір нұр құштым, әйтеуір гүлдедім»
деп тұрған кімді көрдің? Қалтаңда ақшаң жоқ
болса, көзіңдегі ұшқынды қайтеді? Астыңда
жүйрік машина, қалтаңда қалың әмиян тұрса,
«Жаулап алды махаббат, әнім саған арналад»
деп, бақырып-бақырып жібереді. Міне, саған
бүгінгі махаббат! Ақынның жүрек лүпілі мен
дүрсілін, оның қасіреті мен қайғысын ұқпай
тын таскерең құлақтар қаптап кеткелі қашан?
Ендеше бәрінің обалы соларға.
Қазір сазгер бар ма? Қане, Сейфуллин Жол барыс. Аты-жөні қалай шатыс болса, әндері де солай бір-бірімен шатысып кеткен. Қа зақ тілін терең білмесе, ұлттық терең саз қай дан шығады? Жас балаға не кінә тағарсың, ата сақалы аузына біткен дардай әншілеріміз ақша берген бәзбіреудің кешіне барып, тал ғамсыз сөзді әндерді шырқап тұрса, ақын дықты қастерлейді деген замандасың бан кирдің өлеңін аударып, сатылып жүрсе ше? Сонда ән-жырыңда не қасиет қалды? Оның да обалы осы халге жеткізгендерге. «Шаттық отаны» деп аталатын симфония, «Мен – қа зақпын» сияқты дастандардың жазылмай тұрған себебі әлі ешкімді ойландырған жоқ. Иесі жоқ өнерде кие бола ма? Иә, Исраил, дүрсілінен жаңыла бастаған, шаршаған жүректі несіне ауыртамыз. Сені мен менің ғұмырым жетпейтін сапарға шыққан ұрпақ өз бетімен улап-шулап бара жатыр, біз тек солардың амандығын, қоғам ның тыныштығын тілейік. Менің де басқа ша рам қалмады... Қайтеміз енді. Көнеміз де...
Ой түйіндер
* * *
Аяқ астынан байып шыққан бір жігіттің
іс-әрекетін бір жазбадан оқыған сияқтымын.
Болдым-толдым деп ойлаған ол тұрмысым
шалқып тұр, енді сонау жылдарда өлген атам
ның сүйегін тауып ғажайып мазар салайын
дейді. Елде қалған бір қарияны ертіп, бір жі
гітті жұмсайды. Сонау моладан бабамның сү
йегін тауып әкел, көп ақша аласың дейді. Апта
өтеді, ай өтеді. Әлгі жұмсағандарды шақыра
ды. Сонда қария:
– Балам, бірнеше мола қаздық, сенің атаң
ды таба алмадық, о дүниеде бәрінің сүйегі бір
дей екен, – депті.
Бұл жауапта біраз даналық бар сияқты.
* * *
Бақ қонды...
Ол жер басып жаяу жүрем деп ойлаған жоқ.
Бағыныштылары есігін ашып берген маши
наға сызданып әзер отыратын. Бақ тайды...
Енді көшеде бүгежектеп жаяу кетіп барады.
* * *
Бауыр екені рас. Ағасын әкем де сен, шешем
де сен деп құрдай жорғалап сыйлаушы еді.
Оқуын оқып бітірді. Үстіне үй, астына маши
на да алғызды. Аға қартайып еді, сәлем бере
тін уақыт таппай кетті.
* * *
Қара шай ішіп, қатарға сүт таппайтын кезі
бар келін еді. Шаруасы оңға басып, бірнеше
сиырлы болған. Қаймақ пен майға тойынған
нан соң, «Мен сиыр саумаймын, саусағым ауы
рады» деп кесірленді. Ырыс-құтын қашырып,
ыдысына құяр ақ таба алмай қалды қайтадан.
Пушкиннің «Алтын балығын» оқымаса керек.
* * *
А. Чеховтың түсін өзгертетін кесірткесі
(хамелеон) біреу шығар десем, айналамда то
лып жүр екен. Оны мен жылдар өткен сайын
жиірек көретін болдым.
* * *
Алқа топта сөз сөйлей алмайды, қалам бер
сең хат жазу да білмейді. Ебін тауып мүшелік
ке өтіп кетіп, өзін жазушымын деп танысты
рады. Кітаптың қадірін білмейтін, жазушыны
да сыйлау білмейтін сауатсыздар да жазушы
болғысы келеді.
* * *
Ол жастық дәуреннің қалай өткенін сез
ген жоқ. Ішті. Қыдырды. Әйел ауыстырды. Ха
лық ол жайлы: «Аузы барғанша сөйледі, аяғы
барғанша жүрді», – дейді. Бұл күнде: «Осы
жұрт жасы үлкенді сыйлаудан қалған», – деп
бұлданады, сызданады. Уақыт өтіп кеткен.
Абырой сақалға жұғатын сорпаның майы дей
ме екен?
* * *
Ол қызға іңкәр жігіт көп болатын. Қылт ет
кен қылығымен өзіне тез тартқанмен, жақын
келсең, жаныңды тез жабырқататын мейірім
сіз еді. Ақыры күйеу алмай отырып қалды.
23-251
* * *
Ол сырт көзге тәкаппар көрінеді. Өзінен
лауазымы жоғары, ісі түсетін адам көрсе, әп-
сәтте маймылға айналып жүре береді. Әйелі
де түлкі күлкіні меңгерген. «Апама жездем
сай» дейді халық. «Бойы бұлғаң, сөзі жыл
маң» Абай айтқан осындайлар. Бірақ байып
тұр...
* * *
Кедейден бай болды. Кеше бірге өскен дос
тарға үрке қарады. Пайдасы тиеді-ау деген
дермен араласты. Ақша жинады-ақ, енді ол
ақшаны нашақор баласын емдеуге жұмсап,
зарлап жүр.
* * *
Жалғыз қызын қыдыртып, биыл шет елге
демалып келген әйел төрде мақтанып-ақ
отыр. Өңі де, өзі де риза. Алты ұлы бар. Әке
үнсіз отыр. Біреуі ішеді, біреуі әйел құтатпай
ды, бірі түрмеде, бірі жұмыссыз. «Не берсең де
қайырымен бер», – деп тілейтіні сондайдан
шығар жұрттың.
* * *
Ол үлкен бастық болған. Сонау жылдары
алдына жүкті әйел келген еді. Кім келіп-кет
пей жатыр, мән де бермеген. «Босануы жақын
әйелдің тілегін орындау – сауап» деген сөзді
ертеде естігенмен, есіне сақтамаған. Тілегін
орындамады, ықылас қойып тыңдаған да жоқ.
Көп кешікпей жалғыз қызы өлді, құдайға не
жаздым деп жылады. «Қырықтың бірі – Қы
дыр» дейді қазақ. Бірақ ол ондайды ойлай ал
майтын пенде еді.
* * *
Ол орысша оқыды, орысша сөйледі, орыс
ша үйленді. Әйелі перзентханадан бұдан
туған қызын таза қанды орысқа ауыстырып
әкелгенін де жылдар өткесін білді. Қанын тек
серіп дәлелдеген өз қызын қайтарып алуға да
билігі жетпеді. Намыс өлген жерде қасиет қал
майды ғой, соның енді қазақ болғаны да кімге
керек.
* * *
Алқа топты көзіне ілмей өте шыққан лауа
зымды азамат көп кешікпей сөзге шатылды.
Жедел жәрдеммен ауруханаға жетті. Жалпыл
дақтары хал сұрап келер деп ойлаған, олай
болмады. Тәрбиесімен айналысуға, сырласып
сөйлесуге қолы тимеген өз баласы да келген
жоқ, тек әйелі ғана ертелі-кеш өбектеді. Бала
күнде естіген «Көпке топырақ шашпа» де
ген нақыл бүгін ойына оралып жатыр. Бірақ,
кеш.
* * *
Мақалдап сөйлейтін әжем:
– Ақыр заман болғанда су тартылар,
Қарап тұрған жігітке қыз артылар, – деді.
– Әже, неге ұят сөйлейсіз? – дедім.
– Асықпа, бәлкім оны сен көрерсің, – деп
еді әжем.
* * *
Белсепед дегеннің алыс ауылға жаңа кел
ген кезі, өткен ғасырдың орта шамасы. Бір
бала зулатып келіп әжеме сәлемдесті.
– Су беріңізші, шөлдеп келем, – деді.
Әжем көзін көлегейлеп, үңіле қарап:
– Сен қайдан келдің, кімнің баласысың? – деді.
– Мына «Коммунизм» колхозының,– деді
бала. Әжем дүрсе қоя берді:
– Әй, немене, сенің атаң жоқ па, бабаң жоқ
па, тегің жоқ па, колхоздан тудың ба, қасиет
сіз, түге, кет, су жоқ, – деді. Бала ұялып қалды.
Тек сұрайтын әжелер таусылды ғой, тексіз
дердің көбейгені де содан шығар..
* * *
«Құдай жоқ» деп атеизм сабағын алған
коммунисттік заманының басшысы Мұхит
Мералыұлының 150 жылдық тойын өткізуге
жауапты болған-ды. Әр елден келген ақын,
әншілердің баба бейітіне бет сипауына үзіл
ді-кесілді қарсылық білдірді. Уақыт өтті. Енді
өзі немересінің бейітіне құран оқитын болды.
Таланттың киесі барын әлі де ұқпай жүрген
дер бар-ау.
* * *
Қызметі де, пәтері де, көлігі де болды. Бірақ
жеке басына бақыт қонбады. Ол рух сыйлау
дегенді білмеді, тіптен әкесінің атын өзгертіп,
орысша жазды, өзі соған масаттанып отыра
тын. Қартайды. Ұл қайырымсыз болды, жар
мейірімсіз болды. Баба рухын сыйлауда бір
сыр бар ма дейсің сондайда.
* * *
«Әке көрген – оқ жонар» деген мақалды
айтып бата берген қария жас жігітті мақтап
отыр. Шынында да ол әкеден ерте жетім қал
ған болатын. Әкесін көріп отырып-ақ жетесіз
боп өсетіндерді қария білмей ме екен деп,
біреулер таңданған кейіп білдірді. Жетімдік
ке мойынсұнбай шыңдалып өскен пысық жі
гіт, расында, әке көргендей парасатты еді.
* * *
Әулие моласының тұсынан қатты жүріп
өту қауіпті дегенге құлақ аспаған салқамдау
жігіт ащы суға тойып алып зулап бара жат
қан. Қас қағымда машина ауып түсті, аяғы
сынды. Сынықшы түзеп берген, жазылғасын
оны мазақ етті. Сынған жері қайта тайып, ор
нына келмеді. «Өзіңнен өзгені әулие тұт» дей
ді халық.
* * *
Сырт көзге сезімдері сезілмейтін жұп жұрт
қатарлы өмір сүріп жүрген. Аяқ астынан ері
дүние салды. Тығыншықтай жап-жас әйел
жылына жетпей көз жұмды. Аққу махаббат
адамның жүрегіне жазылатын сезім болса
керек.
* * *
Бойы қысқа деп мынау пысық жігітті мен
сінбеген тәкаппар қыз он жылдан кейін той
да кездесті. Жастық шақтың елесі көз алдын
да қайта жаңғырды. Жарын еркелеткен жігіт
жанарындағы отты ол кезде байқамағанына
өкініп, бармағын тістейді. Қызғалдақ ғұмыр
дың да қысқа болатынын кеш ұқты.
* * *
Қыз әкесінің арқасында лауазымы өскен
жігіт жарына біреу сұрақ қойса, жалпылдап
жауап беріп әбігер. Көпшілік орында сөйле
мегенін тілеп, алдында бәйек болып отырға
ны. Қайтсін, әйелінің тілі мүкіс. «Ата даң
қымен қыз өтер, мата даңқымен бөз өтер»
дейді жұрт оған.
* * *
Бизнес. Бұл жол тек қана өзің баюдың
жолы деп ұқты жас жігіт. Кластас досын алда
ды. Жиен аға, нағашы апасын да алдады. Енді
бір келісімге қол қойғызу үшін өз қызының
өмірі саудаға түсіп тұр екен. Олай болмайды
деп кесіп айта алмапты, ойланайын деп уақыт
кескен. О, сұмдық-ай...
* * *
Ата-анасы қалада тұрған, өзі биік ғимарат
тың оныншы қабатында дүниеге келген Діл
наз бастауыштың оқулығындағы «Жайлауда
құлын-тайлар ойнақ салады» деген сөйлемге
түсіне алмады. Анасы жайлау деген шөп өсетін
біздің двор сияқты деп түсіндіреді. Машина
дан аяқ алып жүргісіз аулаға терезеден қарап
«Олар құлындарды басып өлтірген» деп Діл
наз еңіреп жылап отыр. Еркін құлынның ме
кені тек қана дала екенін ол әлі ұқпайды. Сол
дала құлыны еркіндікті толық көрмей тұрға
нын да ұқпайды.
* * *
Пионермін. Атеизм тақырыбына өткен
тәрбие сағатынан келсем, әжем жайнамазын
жайып намазға отыра кетті. Мен сөйлескім
келеді, ол мойын бұрмайды, өйткені намазды
бұзуға болмайды. Ызам келді. Намазы біткен
соң оған:
– Әже, бекер намаз оқисың. Құдай деген
жоқ нәрсе екен, – дедім.
– Тәйт, оны анау ербиген мұғаліміңе айт,
екінші әрі маған айтпа, – деді.
Кешікпей маған қызылша шықты, өрт боп
жанып жатырмын, дәрі де бермейді. Біздер
бала ауруымен түгел ауыратын едік қой. Жа
ным қиналды. «Алла-ай, басым-ай, әжетай, су
берші» деймін. Сонда әжем:
– Тәйт, Аллада нең бар? Ленин-Сталиніңе
жалын, бәлкім көмектесер, – деді. Менің бала
жүрегім олардан көмек жоқ екенін сонда-ақ
сезгендей еді.
* * *
Ол мерейтой өткізді. Қойма бастығы бол
ған. Елден жүн-жұрқа, тері-терсек қабылдау
шы болған, одан алыпсатарлықпен айна
лысқан. Өз күнін өзі көрген. Ешкімге шапағаты
тимеген. Мерейтойдың не үшін өткізілетінін
білмесе де, ұлыларға бұйырмаған шақырту
билетін жасатып, ресторанға дастархан жа
йып отыр. Ал жұрт тост бергенде не айтарын
білмей дал болды. «Сенің атаң кім?» деген
сауалға немересі үндемейді, бәлкім сол бала
бірдеңе сезеді...
* * *
– Осы күннің келіндері көргенсіз, – деді бір
әйел.
– Осы сенде ене болды ма? – деп сұрады
екіншісі.
– Болғанда қандай! Мен Жәкеме тиген
күннен бастап, ол қақпас біздің үйдің есігін
ашпайтын болған. Өмір бойы қызының қо
лында тұрып өлді, – деді өз ұлы әлі үйленбеген
әйел...
* * *
Бір әйел менен:
– Сіз кім болып істейсіз? – деді.
– Ақынмын, – дедім.
– Е... – деді.
– Өзіңіз кім болып істейсіз? – дедім мен.
– Сатушымын, – деді.
Мен оған да:
– Е... – дедім.
Ол менің қалтамда ештеңе жоқ дегені
шығар, мен оның басында ештеңе жоғын өз
тілімен айттым, бірақ ол түсіне алмайды-ау.
* * *
Бір күні көп білетін Қадыр Мырза Әлі ағам
нан:
– Аға, ұят деген сөз осы қазіргі қолдану
тілімізден шығып қалған жоқ па? – деп сұра
дым.
– Сол сөз дәл бүгін өмір сүруге кеселін тигі
зуі мүмкін, пайдасын көріп тұрған адамды
атауға қиналам, – деп жымиды ақын ағам. Рас
сияқты.
* * *
Әжем қазақ мақалын өте көп қолданатын
кісі еді. Үйге біреу келіп кетсе, мақалмен қо
рытынды жасайды, ол түсінген адамға үлкен
сабақ. Бір күні ауылдағы ең сауатты, ең сый
лы адамның ұлы келді. Отырып та оқсатпады,
сөйлесіп те оқсатпады, берекетсіздеу екенін
сезген әжем ол кеткесін өзіне өзі сөйледі.
«Атаға тартып ұл тумас, анаға тартып қыз ту
мас» деген осы екен», – деді. Бірде бригадир
келді, ат үстінде шіреніп сөйлесті де, есік ал
дымен текіректеп, басын кекжитіп өте шықты.
Ол кеткен соң әжем тағы да өзіне өзі сөйледі.
«Жасық туған жаманың атқа мініп зор болмас.
Асыл туған бекзатты қойға салсаң қор бол
мас» деген осы», – деді.
Әкем де, анам да ерте кетіп, жұмыстан кеш
келетін. Мені әңгімелесуге қораш санайтын
әжем «Ермек етсін деп құдай бере салған» деп
арқалайды, мен ол кезде шынымен кішке
немін, оқуға да барғаным жоқ, бірақ жаңағы
суреттер көкейдегі бір ақ парақтай сана бет
теріне жазылып қала береді екен де, есейе
келе қайта жаңғырып тұрады екен. Тағы бірде
сыпылдап сөйлейтін келіншек келді. Әжемнің
іші-бауырына кіре түсіп қымыз ішті, бір уыс
құртын орап алды, жентін мақтады, одан да
алды. Азғантай отырып біраз адамды жаман
дап үлгерді. Ол кеткең соң әжем: «Қос үйді
қоса қондырмастың өзі ғой», – деді.
Бір күні көрші ауылдың бір азаматы кеш
тетіп:
– Қаладан жаяулатып келем, қонуға бола
ма? – деді. Жиендік жақындығы бар екен.
Әжем:
– Қонып кет, шырағым, үй жетеді, – деді.
Кешкі ас үстінде әңгіме айтты. Әжем неге жаяу
жүргенін сұрады. Ол айтты:
– Атым бар еді, бір жылдай алыстым, жегуге
көнбейді, жайдаққа төзбейді, қамшыға бағын
байды, шаршатты. Соны көз көріп, құлақ
естіген жер алмады, алысқа апарып сатып
келе жатырмын, союға қимадым, өзім ат сой
ғанды ұнатпаушы едім, – деді.
Келесі күні жолшы кетті, әжем тағы да өз
өзінен сөйлеп жүрді. «Иә, атың жаман болса,
сатып құтыларсың, қатының жаман болса,
қайтып құтыларсың», – деді.
ҚОЙЫН ДӘПТЕРДЕГІ ЖАЗУЛАР
Ескі көлдің орны. Бір кезде «Табынбай» көлі,
қазір атауы ұмытылған. Айналасындағы көне
төмпешіктер – жертөле үйлердің сілемі. Ша
масы, 1921 жыл немесе 1931 жылдары аштық
болған. Сол төмпешіктердің астында бір
шаңырақ, бір әулет түгел жатыр. Аштан өліп
қалған отбасын көмуге ешкімнің халі көтер
мепті. Сасыған өліктердің үстіне өз үйлерін
құлата салған. Өмір сүруге айналған мекен өз
дерінің моласына айналарын кім білген. Мұ
ның бәрін қарт әжем Қатира айтып отырушы
еді. Иә, бұл қазақтың басынан не өтпеген...
* * *
Адамзат тарихы – тоғышар тойынғанның
өмірбаянын сызып тастап, аш-жалаңаш жүр
се де, арып-талмас, өлмес өнер, өшпес із қал
дырған адам мен әділдік үшін күресе білген
қайсарлар еңбегінің екшелеген естеліктері
нен жинақталып жасалады.
* * *
Ақымақты жеңемін деп таласу ақылды
лық емес шығар. Атақ-даңқ аламын деп жү
гіру маған алақан жайған сұраушыны елес
тетеді.
* * *
Әжем «Екі көз бір-біріне жау болған соң,
ортасына мұрын қойған» деп отырушы еді.
Ойлап тұрсам, бұл сөздің мына тірлікте үлкен
мәні бар екен. Сақтыққа үйреткен салауатты
мысал тәрізді.
* * *
«Асыл туған бекзатты
Қойға салсаң қор болмас.
Жасық туған жаманың
Атқа мініп зор болмас.
Тегі таза жібекті
Шұлғау етсең бөз болмас», –
деген бабам Әбубәкір Кердерінің нақты жыр
жолдарымен кейде іштей келісе алмай, қын
жылатын сәттерім болады. Ау, баба, анау бір
бекзат қор болып жүр ғой, анау Жібектің
қазіргі халі бөзден төмен деп, тірі болса, тала
сып қалар ма едім, кім білсін...
* * *
Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов,
Әбубәкір Кердерінің жыр жолдарын оңа
шалау отырыста сыбырлап айтатын ұстаз
дар өкілі қазір дүниеден өтіп кетті. Әділдік
жеңетініне олардың ұрпағы куә болды. Біз де
бүгін айта алмайтын кей шындық келер ұр
пақтың үлесіне тиетіні ақиқат.
* * *
Кенжем Тахмина кішкентайында:
– Мама, сен жоқта біздің үйге өзі қазақ, аузы
орыс апа келді, – деген. Әлі күнге көшеге шық
сам, қызымның сол сөзі есіме түсіп, өзі қазақ,
аузы орыстармен сөйлесіп, үйге қайтамын.
Қазаққа қазақша ауыз қашан бұйырар екен.
* * *
1999 жыл. Атырау аталған өлкеден мұнай
табылып, оның бүкіл әлемге аты тарағаны
на 100 жыл толғаны тойланды, ғасыр бойы
мұнай өндірген елдің тұрмысы мен тау
қыметі талайға мәлім. Шулаған той өтіп
жатыр. Біреулер ода жазып тастаған. Менің
ақын жүрегімді мынадай жолдар мазалайды:
Өтетін бұл өлкеде тойлар ғажап,
Көл-көсір той жасамау жайлауға жат.
Ғасырлар мұнай атқан бұл өлкенің
Ұрпағы неге кедей?
Ойлан, қазақ!
24-251
МАЗМҰНЫ Шындықты ту еткен махаббат. Е. Раушанов .................... 3 Өлеңдер Шағала......................................................................................................9 Шағала – сағыныш.........................................................................10 «Ауыл көшкен астынан қия, қырдың...»..............................12 Қыздар жайлы хикаялар............................................................13 Жастық шақ........................................................................................20 «Жыр оқып шықтым залдардан...».........................................22 Атырау....................................................................................................24 Жылойда...............................................................................................25 Бала тілі – тіл......................................................................................26 Той............................................................................................................27 Тағдыр....................................................................................................29 Қызыма хат.........................................................................................31 Хамит Ерғалиевпен өткен кеш................................................33 «Қария отыр көзі соқыр...»..........................................................35 «Ауылға бардық...»............................................................................37 «Жалаң аяқ жүгірген ала құмда...»..........................................39 Арнау.......................................................................................................40
Базарбай Жұманиязовқа............................................................43 Бақи бол мәңгі, ақын қыз..........................................................46 Сартоғайдағы ән..............................................................................48 Боз құлын.............................................................................................50 Қиын емес............................................................................................52 «Өмірдің бар тәтті бал әні...»......................................................53 «Тасисың, төгілесің, бір тынасың...».....................................55 Әжемнің әңгімесі............................................................................56 Астана.....................................................................................................64 Аудармалар Т. Кузовлевадан Емен.........................................................................................................67 «Балапаным, кішкене балақайым...».....................................69 «Білгіш көкек...».................................................................................71 Ұшқышқа .............................................................................................73 Түнгі станциялар.............................................................................75 Түс ............................................................................................................76 Қазақ тілі...............................................................................................78 Қазақтың ақын әйелі.....................................................................81 Домбыра................................................................................................84 Азия..........................................................................................................86 С. Капутикяннен Кеттің енді...........................................................................................89 Се Ман Ирден Сен оралған кезде...........................................................................91
Н. Босиковтан «Жыршы етіп мені ұшырған...»................................................93 «Айналаға аппақ нұр...».................................................................95 Туймаада...............................................................................................97 «Салып жүр ұя қос торғай...»......................................................98 Тундра орманы..............................................................................100 Л. Поповтан Найзағай ...........................................................................................102 Шаңғыда ...........................................................................................104 Мақалалар Парасат – жүрек санасы...........................................................107 Атамекен алдында анттасайық, ағайын!........................123 Орал жылдары мен жырлары...............................................150 Көк туға көлеңке түспегей!.....................................................156 Ескерткіш ел көрсін деп қойылады... ...............................179 Мен қазақ әйеліне қайран қалам........................................182 Айдыны мөлдір ақыны ерке Жайықтың........................200 Алдыңда ағаң болған қандай жақсы!...............................207 Ол мені аяйтын, мен оны аяйтынмын.............................213 Жайықтың ерке Ботасы ең..................................................... 226 Әйелдің халі оңалмай, қоғам көркеймейді.................. 229 Шыдамның шегі жоқ сенде... ................................................238 Фудзияма – киелі тау..................................................................244 Қыздары мықты болмай, қоғам мықты болмайды...........................................................253
Айтыстың да айтысы бар.........................................................274 Елдің елдігі – ерлігі......................................................................281 Жүрегі таза, көңілі шуақты әрбір адам бақытқа лайық...............................................................................291 Ағайынға айтарым бар.............................................................295 Ұлт болашағы – әйелден.......................................................... 299 «Әйелден ақын шықпайды» емес, Ана болудың өзі – ақын болу................................................305 Кептер кептермен, қарға қарғамен ұшады..................315 Хаттар Парыз...................................................................................................327 Цирктің аттарын да өз ақшасына сатып алып еді................................................................................343 Қазір ақындар банкирдің өлеңін жазып беретін болған................................................................346 Ой түйіндер «Аяқ астынан...»..............................................................................351 Қойын дәптердегі жазулар..................................................... 366
Ақұштап Бақтыгереева
ШЫҒАРМАЛАРЫ
3 том
Аманат
Өлеңдер, аудармалар, мақалалар,
хаттар, ой түйіндер
Редакторы Ботагөз Мұхиден
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редакторы Жеңіс Қазанқапов
Корректоры Фарида Уәлиева
Компьютерде беттеген Эльмира Заманбек
«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
Басуға 15.09.14 қол қойылды.
Пішімі 70х100 1/32. Қағазы офсеттік.
Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 15,3.
Тапсырыс №251. Таралымы 2000 дана.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру