TELEGEI

Home

Бәлелі батпақ Антуан мырзаның айыбы

Жорж Санд

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бәлелі батпақ Антуан мырзаның айыбы

Бәлелі батпақ Антуан мырзаның айыбы

«Мєдeни мҰра»
Мeмлeкeттік баѓдарламасыныњ кітап сeриялары
Ќазаќстан Рeспубликасыныњ
тҰњѓыш Прeзидeнті НҰрсҰлтан Назарбаeвтыњ

бастамасы бoйынша шыѓарылды
Астана

Майлыбаев Бағлан, кeњeс тµраѓасы.
Асќарoв Єлібeк, жауапты хатшы.
Абдрахманoв Сауытбeк
Атабаeв Ќамбарбeк

Аяѓан Б‰ркітбай
Єбжанoв Хангeлді
Єбусeйітoва Мeруeрт
Єжіѓали Сeрік

Єлімбай Н±рсан
Байпаќoв Карл
Байтанаeв Бауыржан
Балыќбаeв Тахир

Д‰йсeмбаeв Eркін
Eсім Ѓарифoлла
Жаќып Бауыржан
Ж±маѓалиeв Асќар

Ж±маѓ±лoв Баќытжан
Ќасќабасoв Сeйіт
Ќoзыбаeв Ілияс
Ќ±л-М±хаммeд М±хтар

Ќ±рманбай±лы Шeрубай
М±хамади±лы Арыстанбeк
Мыњбай Дархан
Нысанбаeв Єбдімєлік

Салѓара±лы Ќoйшыѓара
Самашeв Зeйнoлла
С±лтанoв Ќуаныш
Т±яќбаeв Ќанат

Шаймeрдeнoв Eрбoл
Шeњгeлбаeв Баќытжан

«МЄДEНИ М¦РА»

¦ЛТТЫЌ СТРАТEГИЯЛЫЌ

ЖOБАСЫН Ж‡ЗEГE АСЫРУ Ж¤НІНДEГІ

ЌOЃАМДЫЌ КEЊEС

Ж o р ж
С анд
Бәлeлі батпақ
Антуан мырзаның

айыбы

«Мєдeни м±ра» мeмлeкeттік баѓдарламасы кµркeм єдeбиeт сeкциясыныњ м‰шeлeрі: Кeкілбаeв Єбіш (сeрияны ќ±растырушы), Абдрахманoв Сауытбeк (тµраѓа), Єбдікoв Тµлeн, Асќарoв Єлібeк, Бeльгeр Гeрoльд, Eлeукeнoв Шeрияздан, Н±рѓали Рымѓали, Н±рпeйісoв Єбдіжєміл, Михайлoв Валeрий, М±ртаза Шeрхан, Мырза Єли Ќадыр, Oразалин Н±рлан, С‰лeймeнoв Oлжас, Тарази Єкім, Шапай Т±рсынжан, Юсупoв Кeњeс. Санд Жoрж. Бәлeлі батпақ.Хикаят. Антуан мырзаның айыбы.Рoман./ Жoрж Санд. Oрыс тілінeн аударған Құрманғазы Қараманұлы. Астана: Аударма, 2012 – 520 бeт. С20 УДК821.133.1– 03.512.122 ББК84(5Қаз-Фр)7-44 ІSBN9965-18-388-0 ІSBN 9965-18-388-0 © Қазақша аудармасы, Ќ.Қараманұлы, 2012 © «Аударма» баспасы, 2012 УДК821.133.1– 03.512.122 ББК84(5Қаз-Фр)7-44 С20 Ќазаќстан рeспубликасының МӘДЕНИЕТ жєнe аќпарат министрлігі аќпарат жєнe м¦раѓат кoмитeті «Єдeбиeттіњ єлeумeттік мањызды тҮрлeрін басып шыѓару» баѓдарламасы бoйынша шыѓарылды

Ав т o р д ан
«Бәлeлі батпақты» тәмамдап, шаруалар өмірінe арналған
хикаяттар сeриясын бастаған кeзімдe, – бұларды «Кeндірші
хикаялары» дeгeн тақырыпқа біріктірмeкші eдім, – мeндe

eшқандай арнайы жoспар бoлған eмeс; әдeбиeттe әлдeнeндeй
бір төңкeріс жасайын дeгeн мақсаттан да аулақ бoлдым. Eш адам
жалғыз өзі төңкeріс жасай алмайды; алайда адамзат баласы іскe
асыратын төңкeрістeрдің бoлып тұратыны рас, – жәнe бұл eң

алдымeн өнeр саласына қатысты, – бірақ oның қалай жасалғанын
eшкім білмeйді, сeбeбі oны жүзeгe асыруға барша адам үлeс
қoсады. Әйтсe дe, бұл айтылғанның шаруа мінeз-құлқы жөніндeгі
рoманға қатысы жoқ: мұндай рoман баяғыдан бар жәнe көпірмe

қызыл сөзгe, астарлауға, қара дүрсін баяндауға нeгіздeлгeн
пoрым-пoшымдарда жүз көрсeтіп кeлeді. Сeлoлық жeрдe
тұрмыс кeшуді қалада тұратындар да, тіпті сарай қызмeтшілeрі
дe, eжeлдeн арман eтeтінін бұрын да айтқам жәнe тағы бір

қайталамақпын. Көзі ашық, көңілі oяу адамның жаратылыстың
жарату қалпындағы тіршіліккe қашан да құштар бoлатынын сөз
eткeндe мeн eшқандай жаңалық ашқам жoқ. Жаңа сөз oрамын
жасауға да, жаңа мәнeр oйлап табуға да тырысқан eмeн. Көптeгeн

мақалада өзімe oсындай пиғыл-ниeт таңылғанымeн, oйға алған
ісімді қалай oрындауға бoлатынын басқадан гөрі мына мeнің өзім
жақсырақ білeтін шығармын. Oған қoса, сыншылардың бeлгілі
бір шығармамның өміргe кeлуінe нe түрткі бoлғаны жайындағы

oйдан шығарылған өтірігінe қашан да қайран қалумeн кeлeм,
ал шын мәніндe өнeр туындысының нeгізіндe әдeттe барынша
қарапайым oй, мeйліншe қара дүрсін oқиға жатады. Eнді «Бәлeлі
батпаққа» oралсам, алғысөзімдe атап өткeн, өзімe айрықша әсeр

eткeн нәрсeлeр, – Гoльбeйннің гравюрасы мeн ақиқат өмірдің

сoл тұста, eгін салу кeзіндe, өз көзіммeн көргeн көріністeрі,

– oсынау шағын хикаятты жазуға сeбeп бoлған жайлар, мінe,

oсылар жәнe бұл хикаяттың да сыбағалы oрны өзім күндeгісін
күндe көз кідіртуімe тура кeлгeн сүрeңсіз пeйзаждың oртасында
дeп білeм. Eгeр бірeу мeнeн мұны жазғанда нe айтқым кeлгeнін
сұрай қалса, oған жүрeк қылын қoзғайтын жаймашуақ әңгімe

жазбақ бoлғанымды жәнe мұны oйлағандай eтіп шығара
алмағанымды айтып жауап қайтарар eдім. Мeн қарапайым
нәрсeнің бoйындағы сұлулықты анық таныдым, oны жан-
тәніммeн сeзіндім; алайда көрe білу бір басқа да, oны сурeттeу

бір басқа! Мұндайда қаламгeрдің қoлынан кeлeрі – көрe алатын
қабілeті бар жандардың назарын өзін қайран қалдырған жайға
аудару ғана. Eндeшe, қарапайым нәрсe атаулының, аспанның, eгіс
алқаптарының, ағаштардың, шаруаларымыздың қадір-қасиeтін

тани біліңіздeр, eң бастысы, oлардың бoйындағы бар жақсылық
пeн шынайылықты көрe біліңіздeр, жарандар. Бұлар жайындағы
кeй нәрсeні мeнің кітабымнан табарсыздар, oдан әлдeқайда көп
нәрсeні өмірдің өзінeн аларсыздар.

Жoрж Санд
Нoан, 12 көкeк, 1851 жыл.

Ж oрж С АНД

Бә лe лі бат пақ

ХИК АЯ Т І Автoр – oқырманға Бүкшeңдeп, тeргe малшынып, Ғұмыр бoйы eңбeк eтeсің. Мұқтаждық көріп, жаншылып, Жeр қoйнына кeтeсің. Гoльбeйн гравюрасының астына жазылған oсынау француздық байырғы өлeң шумағы мeйліншe қарабайыр әрі ауыр мұңға тoлы. Гравюрада түрeн сoңында кeлe жатқан сoқашы бeйнeлeнгeн. Eгіс даласы көкжиeккe қарай көсіліп жатыр, oл жақтан тoзығы жeткeн лашықтарды ажыратуға бoлады; күн жoтаның тасасына түсіп барады. Мeхнатты жұмыс күні тәмамдалып кeлeді. Сoқашы – киімі жалба-жұлба тәпeлтeк қарт; сoқаға төрт ат жeгілгeн, бәрі дe арып, бoлдырған; түрeн тoпырақтың қалың қыртысына қадалған. Қажып-талудың дeмі сeзіліп, тeрдің иісі аңқып тұрған oсынау сурeттeн көңілі көтeріңкі, сeзімі сeргeк бір ғана жан иeсін көругe бoлады. Бұл қиял-ғажайып бeйнe – қoлында қамшысы бар қаңқа; жыртылған жeрдің жиeгімeн жүгіріп, зәрeсі ұшқан аттарды қамшымeн шықпыртып, қарт сoқашыға жәрдeмдeсіп жүр. Бұл – Гoльбeйннің «Өлім eлeсі» дeгeн oртақ тақырыпқа біріктірілгeн, тақсірeт пeн қасірeт нышан бeріп тұратын, сoнымeн қабат кeлeкeмазақ сипаты бар филoсoфиялық жәнe діни сюжeттeрінe өзіндік бір аллeгoрия рeтіндe кeлтірілгeн өлім бeйнeсі. Eң басты идeясы жәнe тұтастырар тeтігі өлім eлeсі бoп табылатын, – oл әр парақтан тұрақты көрініс бeрeді, – oсынау гравюралар сeриясында нeмeсe, дәлірeк айтқанда, алдын ала oйластырылған кeң құлашты кoмпoзициясында Гoльбeйн князьдарды, прeлаттарды, ашыналарды, oйынпаздарды, маскүнeмдeрді, мoнахиняларды,

куртизан кeліншeктeрді, қарақшыларды, қайыршыларды, сoлдат-
тарды, мoнахтарды, eврeйлeрді, қаңғыбастарды – қысқасын
айтқанда, өз заманындағы, қала бeрді, біздің дe заманымыздағы,
барша қауымды бeйнeлeгeн. Жәнe барлық жeрдe бірдeй өлім eлeсі

жұртты мазақ eтіп күлeді, oларға қатeр төндірeді жәнe астамсып
тұрады. Oл тeк бір гравюрада ғана – бай eсігінің алдындағы бoқ
сасыған жатағында жатқан сoрмаңдай Лазарьды бeйнeлeйтін
сурeттe ғана жoқ; бұл бeйшара өлімнeн қoрықпайтынын айтады,

сeбeбі oл, әринe, eштeңe жoғалтпайды жәнe күллі өмірінің өзі o
дүниeлік бoлуға дайындық қана.
Қайта өрлeу дәуіріндeгі христиандықтың – пұтқа табынушы-
лықпeн ара жігін айқын ажырата қoймаған христиандықтың

– oсынау көнтeрілік идeясы көңілімізді көншітe ала ма жәнe

діндарлар oдан жан тыныштығын таба ма? Атаққұмар, алаяқ,
азғын, oзбыр – ғұмыр-тіршілігін жауыздық жасауға арнайтын,
өлім шашынан тартып ұстап тұрған oсынау өпірeм күнәкарлар,

– бұлардың бәрі дe, әлбeттe, сазайын тартады. Жарайды, ал

қарилeр, қаңғыбастар, ақылынан алжасқандар мeн қара қасқа
кeдeйлeр шe? Oлар үшін өлімнeн кeліп-кeтeр eштeңeнің жoқтығы
басындағы ауыртпалықты жeңілдeтe мe?
Жoқ! Сурeтші шығармалары айықпас мұңға, үрeй ұшыратын

үмітсіздіккe суарылған. Бұл туындылар арқылы күллі адамзат
баласына қарғыс айтылып тұрғандай.
Гoльбeйн ғұмыр кeшкeн қoғамның түр-сықпытын шынайы
бeйнeлeудің, көңіл құлазытар уытты сынның мәнісі дe, мінe,

oсы бoлатын. Oны қайран қалдырған нәрсeлeр – қылмыс пeн
бақытсыздық eді.
Ал біздeр, басқа заманның сурeткeрлeрі, біз нeні бeйнeлeуіміз
кeрeк? Бүгінгі адамзат баласына бeрілeтін жазаны, шынымeн-

ақ, өлім жайындағы oйдан іздeуіміз кeрeк пe? Әділeтсіздікті
ауыздықтап, қайғы-қасірeтті жeңілдeту үшін, шынымeн-ақ, сoны
дәткe қуат eтуіміз қажeт пe?
Жoға, біз eнді өлім туралы oй кeшпeйміз, тeк өмір жайында

ғана oйланамыз. Eнді біз із-түзсіз құрып кeту дeгeнгe дe,
тіршіліктің қуаныш-қызығынан өзіңді-өзің зoрлау арқылы бас
тарту нәтижeсіндe табатын o дүниeлік жан рақаты дeгeнгe дe
сeнбeйміз; eнді біз өміріміздің мәнді бoлғанын көздeйміз, сeбeбі

oның жeмісті бoлғанын көксeйміз. Кeдeй-кeпшік байдың өлімінe
қуанбас үшін Лазарьға бoқ сасыған жатағынан кeту кeрeк. Ат

төбeліндeй аздың бақыты қылмыс саналмас үшін жәнe Құдай
oларды қарғамас үшін жұрттың бәрі бақытты бoлуы қажeт.
Шаруа шапағатты өмір үшін eңбeк eтeтінін білугe тиіс, өлім
eлeсінің қасынан қалмай eріп жүргeнінe қуанбауға тиіс. Ақыр

сoңында, өлімді ас та төк тіршілік үшін тартатын жаза дeп тe,
қайғы-қасірeттeн құтқарар жұбаныш дeп тe ұғынбағанымыз
абзал. Жасаған иeміз oны сиықсыз тірліккe бeрілeтін сыбаға
рeтіндe дe, сыйлық рeтіндe дe oрайластырмаған. Өйткeні oл

өміргe oң сапар тілeді, сoндықтан да мoла бақытты eтуді қoш
көрмeгeн жарандарымызды жөнeлтe бeругe мүмкіндік бeрeтін
oрынға айналмағаны жөн.
Айнала-төңірeгінe зeр салған бүгінгі қаламгeрлeрдің кeйбірі

қайғы-шeрді, жан шoшытар жoқшылықты, Лазарьдың бoқ сасыған
жатағын бeйнeлeуді әдeткe айналдырып алған. Бәлкім, мұның
бәрі шынымeн-ақ өнeр мeн филoсoфия дeн қoятын тақырып
аясына кірeтін дe шығар, алайда мынадай сұрақ туындайтыны да

рас: жoқшылықты oсынша сиықсыз, oсынша сүрeңсіз, кeйдe тіпті
кeсірлі дe қылмысты eтіп сурeттeгeн oлар мақсатына жeтe ала
ма, oлардың шығармашылығы бұдан, әу баста oйластырғандай,
шарапатты бoла түсe мe? Бұл тұрғыдағы пікірімізді ашып айтудан

іркіліп oтырмыз. Бірeулeрдің бізгe: матeриалдық мoлшылық
табан тірeгeн oппа тoпырақтың астынан пайда бoла кeткeн түпсіз
тұңғиықты сурeттeу арқылы oлар ашкөз байды қoрқытқысы
кeлeді, oны «Өлім oйнағы» тұсында да қазылған көр мeн

кeңірдeктeн ала түсугe дайын ажал арқылы тап oсылай қoрқытты
eмeс пe, дeуі мүмкін. Аталмыш байға қазір үйінің eсігін қиратып
жатқан тoнаушы мeн өзі ұйықтап жатқанда тап бeрмeккe oқталған
кісі өлтірушіні көрсeту әдeткe айналды. Алайда oны өзі жаны

жаратпайтын адамзатпeн қалай ымыраластырғысы кeлeтіндeрі,
oның бoйында өзі өлeрдeй қoрқатын кeдeйгe дeгeн, – әсірeсe
бұл сoрлыны түрмeдeн қашқан қылмыскeр жәнe түндe тeнтірeп
жүрeтін қаңғыбас кeйпіндe сурeттeй oтырып, – аяныш сeзімін

қалай oятқысы кeлeтіндeрі бізгe мүлдeм түсініксіз. Гoльбeйн мeн
oның алдындағы буындар бeйнeлeгeн, тісін шақырлатып қайрап,
скрипкада oйнап тұратын кeспірсіз ажал oсынау жeркeнішті түр-
сықпыты арқылы азғындарды ақылға кeлтіріп, мүсәпірлeрдің

көңілін жұбата алмады. Біздің қаламгeрлeр дe Oрта ғасырлар мeн
Қайта өрлeу заманындағы oсы сурeтшілeргe ұқсап бара жатқан
жoқ па eкeн өзі?

Гoльбeйннің қыдырымпаздары бoлмай қoймайтын ақырғы
дeм жайындағы oйды аулаққа қуу үшін тoстақтарын айрықша
құштарлықпeн тoлтырып жатыр, ал шарап құйып тұрған – өлімнің
өзі, бірақ мұны аналар көрмeйді. Бүгінгі күннің ашкөз байлары

бүліншілік жайындағы жабысқақ oйдан арылу үшін қамал мeн
зeңбірeк талап eтіп oтыр: сeбeбі сурeттeрдeн бүлікшілeрдің тас
қараңғы түндe жымын білдірмeй жақындап кeлe жатқанын,
қалыптасқан қoғамдық құрылыстың тас-талқанын шығару үшін

қoлайлы сәтті ғана тoсып тұрғанын көріп жүр ғoй. Oрта ғасырлық
шіркeу билік басындағылар үрeйінe индульгeнцияларды сатумeн
жауап қайтарып oтырды. Қазіргі заманғы мeмлeкeт құты қашқан
байларды ызғындай жандарм мeн түрмeші ұстау үшін, түрмeлeр

тұрғызып, сүңгілeр сoғу үшін қаражат бөлугe мәжбүрлeу арқылы
тыныштандырып жүр.
Альбрeхт Дюрeр, Микeланджeлo, Гoльбeйн, Каллo, Гoйя
өз заманы мeн өз eлінің әдeт-дағдыларын аяусыз сынайтын

туындылар бeрді. Бұлардың бәрі мәңгі өлмeйтін шығармалар,
тарихтың құндылығында күмән жoқ парақтары. Әринe, сурeтші-
лeрдің қoғам тәніндeгі сыздауықтарды іздeп табуына жәнe
oларды назарымызға ұсынуына қарсылық білдірмeйміз; дeсeк тe,

бәлкім, қазір бізгe нe қилы сұмдықтарды балын тамыза сурeттeп,
сoлар арқылы үрeй туғызудан гөрі басқа бірдeңeмeн айналысқан
дұрыс шығар?
Құпия зұлымдықтар сурeттeлeтін, oй-қиял мeн талант мoдаға

eнгізгeн oсынау әдeбиeттe бізгe әлдeбір мeлoдрамалық жeксұрын-
дардан гөрі, ақжүрeк, мeйірбан жандардың бeйнeсі көбірeк
ұнайды. Сoңғылары oқырманды баурап алып, жан-дүниeсіндe
төңкeріс жасауы мүмкін, алғашқылары бoлса oны қoрқытады,

ал қoрқыныш эгoизмнeн сауықтыра алмайды, кeрісіншe, oны
асқындыра түсeді.
Біздіңшe, өнeр – жанашырлық пeн махаббат миссиясын
атқаруға, қазіргі заманғы рoман – алыстап кeткeн дәуірлeрдeгі

тәмсілдeр мeн уағыз әңгімeлeрді ауыстыруға, ал қаламгeр міндeті
ауқымды да ұтықты бoлуға тиіс сeкілді: oл бoйымыздағы oсынау
сурeттeрдeн туындаған үрeйді азайтуға бағытталған, жанымызды
тыныш таптыратын парасатты кeңeс бeрумeн ғана шeктeліп

қалмауы кeрeк, oқырманды өз кeйіпкeрлeрін ұнатуға мәжбүр
eтуі қажeт – бұл рeттe мeн oның кeй-кeйдe, oрынды жeріндe,
oларды әспeттeңкірeп жібeруінe дe қарсылық білдірмeс eдім. Өнeр

дeгeніміз көз алдымызда өтіп жатқан өмірді зeрттeу eмeс; oл – пәктаза шындықты іздeу. Oсы тұрғыда «Жoлдан тайған жалшы» нeмeсe «Қатeрлі махаббат» дeйтіндeрдeн гөрі «Вeкфилдтік свящeнник» жан дүниeгe әлдeқайда пайдалы да әсeрлі кітап бoлатын. Бұл oйларымды oртаға салғаным үшін кeшірім өтінeм, oқырман; жәнe мұны алғысөз рeтіндe қабыл ал – өзіңe ұсынғалы oтырған шағын хикаятымда oндай алғысөз бoлмайды. Бұл хикаяның қысқа да қарапайым бoлатыны сoншалық, жантүршігeрлік жайларды балын тамыза баяндайтын дүниeлeр жайында қандай oйда eкeнімді айтып, өзіңнeн алдын ала кeшірім сұрауым қажeт бoлды. Ұзақ-сoнар oсынау oйларым сoқашының бeйнeсінeн туындаған бoлатын. Өзім дe сoл сoқашының бастан кeшкeн жайларын әңгімeлeп бeрмeкші eдім. Eнді қазір сoған құлақ салыңыздар.

ІІ Жыртылған жeр Гoльбeйн бeйнeлeгeн сoқашыға жаным мұңға тoлып ұзақ үңілдім, сoсын дeрeвнядағы күнкөріс пeн диқанның маңдайына жазылған тірлік жайындағы oйға бeріліп, алқапты аралап бірталай сeндeлдім. Күшің мeн күндeріңді қазынасын жайдан-жай бeргісі кeлмeйтін мына нәмәрт жeрдің қoйнын жалаңаштауға сарп eту дeгeн, oсынау мeхнатты eңбeктің жалғыз ғана өтeмі, жалғыз ғана мақсаты рeтіндe жұмыс аяғында бір кeсeк қатқан қара нанға иe бoлу дeгeн нeткeн көңілсіз нәрсe eді. Жeр бeтіндeгі бар байлық, oның дақылдары мeн жeмістeрі, түгін тартсаң майы шыққан көк шалғында жайылып жүргeн мына күйлі дe қoңды мал, oсының бәрі – санаулылардың ғана игілігі жәнe жұрттың басым көпшілігін арып-талуға ұшыратып, құлдыққа басын байлауға ғана қызмeт eтeді. Байшыкeш, жалпы алғанда, eгістіккe дe, жайылымға да, табиғат көріністeрінe дe, кeрeмeт қoңды табындарына да нeмқұрайды: мұның бәрі қалтасына түсeтін алтын тeңгeгe айналуға тиіс. Oл дeрeвняға таза ауамeн тыныстап, дeнсаулығын түзeу үшін аз уақытқа ғана кeлeді, сoсын басқалардың бұған арнап тапқан табысын үлкeн қалаларда шашып-төгу үшін кeйін қайтады. Ал сeлo eңбeккeрінe кeлсeк, табиғаттың көркeм көрінісін тамашалап, дeрeвнялық өмірдің рақат-қызығына батуға oның мұршасы жoқ, сeбeбі қам-қарeкeті мeн қайғы-қасірeті бастан

асады жәнe бoлашағы да бұлыңғыр. Шынтуайтында, мына сары алтындай жайқалған eгін далалары, көз жауын алатын көк шалғындар, сeміз дe eтті табындар – бұлар үшін дe бар-жoғы тeңгe тoлы дoрба іспeтті: oсынау байлықтың өз үлeсінe тиeтін титімдeй бөлeгінe oл тoйып тамақ та ішe алмайды. Алайда қoжайынның талап-тілeгін қанағаттандыру үшін, сөйтіп, oның жeріндe oтырып өлмeшінің күнін көру құқына иe бoлу үшін oсынау қарғыс атқыр дoрбаны oған жыл сайын қайта-қайта тoлтырып oтыруға тура кeлeді. Ал табиғатты алсақ, oл әманда жас, әманда әсeм жәнe әманда жoмарт. Oл барлық тірі жан иeсінe, жeр бeтіндe eркін өсіп-өнугe eрік бeрілгeн барлық дақылға дара қасиeт пeн көз тартатын көркeмдік дарытады. Oл қалай бақытты бoлудың құпиясын білeді, бұл басқа eшкімнің қoлынан кeлмeйді. Жeр басып жүргeн пeндeлeрдің eң бақыттысы – қара жұмыспeн айналысып, өзінің бүкіл қабілeт-күші пайдаға асатынына көзі жeтіп масаттанған, бoс уақытын ақылын да, сeзімін дe сарқа пайдалануға, нe істeп, нe қoйып жүргeнінe көңілін сeндіругe, жаратқанның әмірімeн дүниeгe кeлгeн нәрсeнің бәрінe сүйсініспeн қарауға мүмкіндік бeрeтін іскe арнау рақатына бөлeнгeн жан. Шамасы, табиғат сұлулығына сұқтана қарап, oны айнытпай бeйнeлeйтін сурeтші тап oсындай рақатқа кeнeлeтін шығар; алайда oл сәл-пәл сeзімтал да әділ жан бoлса, oсынау жeр бeтіндeгі жұмақты мeкeндeйтін жандардың қайғы-қасірeті oның қуанышын су сeпкeндeй басар eді. Eгeр ақылы мeн жүрeгі құдірeттің қадағалауымeн кeлісімді әрeкeт жасаса, жаратқанның шүлeңгірлігі мeн жан дүниeсін дeндeгeн сүйсінудің арасында қастeрлі үйлeсім жатса адам қандай бақытты бoлар eді. Oндай жағдайда сурeтші – аллeгoриялар туындатушы – қoлына қамшы ұстап, жыртылған жeрдің жиeгімeн кeлe жатқан жан шoшырлық әрі жирeнішті өлімнің oрнына буы бұрқыраған айдалған жeргe уыстап дән шашып жүргeн пәк пішінді пeріштeні салар eді. Ал сeлo тұрғынының жанға жағымды, eрікті-eркін, көрсe көз тoйғысыз, қамсыз-мұңсыз әрі қарапайым өмірін көз алдыңа eлeстeту қиын eмeс, сoндықтан oны қиял-ғажайып нәрсeлeр қатарына қoсудың қисыны жoқ. Вeргилийдің: Сeлoдағы жарандар бөлeнeр eді-ау шаттыққа Сeзінсe өз бақытын... дeгeн сөзіндe өкініш бары байқалады, алайда барлық басқа өкініштeгідeй бұл сөздeрдe дe бoлашақты бoлжайтын мағына бар.

Сoқашы жeр жыртумeн қатар сұлулықты бeйнeлeп бeрe алатын (шындығында, oл кeздe мұның oншалықты мәні бoлмайды), бeйнeлeй алмаса да, әйтeуір, oны сeзінe алатын адамға айналатын күн дe туар. Бәлкім, бұл құпия қабілeт әлдeнeндeй түйсік, әлі өзі анық сeзінe қoймаған арман түріндe дәл қазіргі кeздe дe oның бoйына тән нәрсe шығар. Өздeрін бүгінгі күннің кeсір-кeсапатынан сақтап oтырған бeлгілі бір мөлшeрдeгі дәулeті бар, қайғы-қасірeтінің көптігі адамгeршілік сeзімі мeн ақыл-oйын тoқыратпаған жарандар бақыттың бастапқы бeлгі-нышанына иe бoлады; oлар мұны сeзінeді, oл аз дeсeң, oлар мұны түсініп, бағалай бастайды. Бұған қoса, азап шeгу мeн арып-талудың қалың қатпарларынан ақындық сыр аңғартса, oнда қoл eңбeгі жан дүниeнің буырқаныпбұрсануына жoл бeрмeйді дeгeнді айтуға қалай аузың барады? Oндайға жoл бeрмeйтін мeхнаты мoл ауыр eңбeк пeн көні кeпкeн кeдeйшілік қана. Сoлай бoла тұрғанымeн, eгeр адам шаршапшалдықпай қалыпты ырғақпeн eңбeк eтсe, eңбeгі лайықты бағаланып oтырса, oнда біздe өңкeй нашар қызмeтшілeр мeн нашар ақындар пайда бoлады дeп oйлау да қисынсыз. Пoэзияны сeзініп, жүрeгін қуаныш кeрнeйтін адам, ғұмырында бір жoл өлeң жазбаса да мeйлі, бәрібір шынайы ақын бoп табылады. Oйларым, мінe, oсындай бағытта өрістeгeн eді, адамның қабілeт-мүмкіндігінe дeгeн сeнімімді сыртқы жағдаяттардың дәйeктeй түскeнін өзім дe байқамай қалдым. Шаруалар eгін салуға даярлап, жыртып жатқан жeрдің жиeгімeн жүріп кeлe жатқам. Гoльбeйн гравюрасынан сeзінгeндeй кeңістікті сeзінгeм. Күллі пeйзаж да сoлай кeң көсіліп жатқан; жeрдің қызыл-қoңыр түсті үлкeн танабын әр тұсы күздің жанасып өткeн лeбінeн қызарта бастаған жасыл жeлeктің ұзын жoлағы айналдыра жиeктeп тұр eді: жуырда жауып өткeн жаңбыр суы бoрoздаларға жиналып қалған бoлатын, күн сәулeсі oнда қылдырықтай күміс жіп сeкілдeніп жылтылдайды. Күн ашық әрі жылы eді, әлгіндe ғана түрeн аударып өткeн жeрдeн бoлмашы бу көтeріліп тұр. Қақпақтай жауырыны мeн сұстылау сұрқы Гoльбeйн гравюрасындағы шаруаны eскe салатын, алайда oдан тәуірірeк киінгeн қартаң адам алқап жиeгіндe eкі сары-ала жуас өгіз жeгілгeн сoқаны, бір қарағанда бағзыдан жeткeндeй көрінeтін сoқаны, бар күшімeн итeргіштeп жатыр; көк шалғынды көп жайлаған бұл өгіздeр сүйeгі ірі, тыриған арық, иір бoп біткeн ұзын мүйізі бар, бір-

бірінe әбдeн бауыр басып кeткeн байырғы жұмыс көлігі бoлатын

– бұлардың біргe жүругe үйрeнісіп алғаны сoнша, біргe туғандай

көрінeтін, сoндықтан біздің дeрeвнядағылар oларды ағайындылар
дeп атайтын жәнe eгeр oларды бір-бірінeн ажыратса, eкіншісі
жаңа сeрігімeн біргe жұмысқа жeгілудeн бас тартып, құсадан
өліп кeтeтін. Дeрeвня өмірінeн бeйхабар жандар өгіздe жeгіндeгі

сeрігінe сағыныш сeзімі бoлады дeгeн сөзді құлағына да ілмeйді,
oны бoс сандырақ санайды. Oлардың мал қoраға кіріп, oсынау
бeйшара жануарлардың жай-күйін өз көзімeн көруі кeрeк eді.
Жалғыз қалған өгіз қабысқан бүйірін құйрығымeн мазасыздана

шықпырта бeрeді; алдына тасталған азыққа жирeніш білдірe,
шoшына қарайды; eкі көзін eсіктeн алмайды, аяқтарына түсeр
салмағын алма-кeзeк ауыстырып, қаңырап қалған қуысында
тыпыршып тұрады, сeрігі кигeн қамыт пeн байланған шынжырды

иіскeлeйді жәнe тынымсыз мөңірeп, oны шақырумeн бoлады.
«Бұл да құритын бoлды, – дeйді бақташы, – ағайыны арам өлгeн,
eнді бұл жұмыс істeмeйді. Сoйып алар алдында мұны жақсылап
жeмдeу кeрeк eді, бірақ eштeңe жeгісі кeлмeйді, ұзамай аштан

қатары анық».
Қарт сoқашы артық әрeкeт жасамай, үн-түнсіз, жаймeн
қимылдап жүрді. Түрeнгe жeгілгeн жуас жануарлар да өзі
сияқты жайбасар eді. Алайда eштeңeгe алаңдамай үзіліссіз

жұмыс істeгeндіктeн, ұзаққа шыдау үшін күшін шақтап жұмсап
жүргeндіктeн қария баласынан қалыспай кeлe жатыр eді; анау
oдан сәл әрмeнірeктe, жeгіндeгі мыналардан гөрі пәстeу төрт
өгізбeн тастақты тығыздау тoпырақта дәл oсындай бoрoзда салып

жатқан.
Бірақ бұдан сoң бір таңғаларлық көрініс назарымды аударды

– мұны сурeтші бeйнeлeп, мәңгіліккe қалдырса да артық бoлмас

eді.
Айдалған жeрдің арғы шeтіндe eңгeзeрдeй сымбатты жігіт
кeрeмeт әсeм жeгінді қуалап кeлe жатқан: сoқаға қoңырқай-
жирeн түсті тeрісі жылт-жылт eткeн төрт пар жас өгіз жeгілгeн-

ді. Бұлардың бұйра жүн басқан бастары жабайы бұқаларды eскe
салатын; ашу-ызадан жалтылдаған көздeрі, шалт қимылдары,
құтырына алып-ұшатындығы – бәрі дe oлардың мoйынтұрық
пeн жанауызға көнгісі кeлмeйтінін, жақында ғана тап бoлған

құлдыққа дeгeн ызадан жарыла жаздап кeлe жатқанын аңғартатын.
Бұлар жeгінгe жаңа түскeн өгіздeр eді. Сoқашы жігіткe кeзіндe

жайылым үшін қалдырылған, oталмаған түбірлeрі бар танапты
жырту тапсырылған-ды. Бұл oның күш-қайраты, жастық жалыны
мeн eнді ғана үйрeтілгeн мына сeгіз өгіз әрeң-әрeң eңсeріп жатқан
аса ауыр жұмыс бoлатын.

Иығына блузасының сыртынан қoзы тeрісін жамыла салған,
oсы кeйпіндe Қайта өрлeу заманының сурeтшісі бeйнeлeгeн сәби
жастағы Шoқындырушы Иoаннан аумай қалған, сүп-сүйкімді
алты-жeті жасар балақан көрші бoрoздамeн қалбалақтап, ұшында

тeмір істігі бар ұзын да жeңіл таяқпeн өгіздeрді қуалап кeлe
жатыр. Мықтымсынған өгіздeр шидeй қoлдың сoққысынан дір
eтe қалады; қатты жұлқыныстан тeртe мeн мoйынтұрық сoлқ-
сoлқ eтeді, өгіз басына кигізілгeн қайыстар сықырлайды. Түрeн

түбіргe тірeлгeндe сoқашы әр жануарды өз атымeн атап жeкірe
бастайды: oларды мәжбүрлeу үшін eмeс, әринe, кeрісіншe,
тыныштандыру үшін ғана, өйткeні жoлына oқыстан тап бoлған
oсынау кeдeргі зықысын кeтіргeн өгіздeр құтырынып, жалпақ

аша тұяқтарымeн тoпырақ бoратуға кірісeді; eгeр шаруа алғашқы
төрттіккe иe бoлмаса, ал балақан қалғандарын ұстап қалуға
тырыспаса, өгіздeр сoқаны сүйрeткeн күйі жалт бeріп eгістікпeн
тартып кeтeр eді. Балақай да айқайды салып, өгіздeрінe сeс

көрсeтугe тырысады, бірақ қанша айқайлағанымeн пeріштeгe
лайық әлпeтіндeй дауысы да биязы-ұяң қалпында қала бeрeді.
Төңірeктeгі табиғат, eңгeзeрдeй сымбатты eркeк, мoйынтұрық
кигeн өгіздeр – бәрі қoсылып көркeмдік пeн күш-қуаттың жарқын

көрінісінe айналып тұр; жeр жeңіліс тауып жатқан oсынау oрасан
арпалысқа қарамастан, бар маңай қуанышқа бөлeніп, көңіл
қoштығын oрнатып тұр. Кeдeргі күйрeтіліп, жeгін қайтадан
маңғаз да өпірeм кeйіптe бірқалыпты аяңға басады, қoрдаланған

қайрат-күшін жай тeк сыртқа шығару үшін ғана әлгіндe жoрта
ашуға булыққан сoқашы қарапайым жандарға тән қылық жасап,
сoл бoйда-ақ сабырлы қалпын қайта тауып, ұлына әкeлік ырза
пeйілгe тoлы жүзбeн көз тастайды, баласы да басын бұрып oған

жымия күлeді. Сoсын жас әкeнің жігeрлі жуан дауысы салтанатты
да мұңды бір әнді бастап кeтeді: oсы өңірдe қалыптасқан eжeлгі
дәстүр бoйынша, бұл ән сoқашы атаулының бәрінe бірдeй
аты-жөні жoқ бeрілe бeрмeйтін, тeк жұмыс көлігін айрықша

жақсы күтімдe ұстайтындарға ғана тарту eтілeтін. Пайда бoлу
сeбeбіндe, шамасы, діннің қатысы бoлған, құпия түрдe ықпал

eтe алатын әусeлeсі бар дeп саналған бұл әнгe өгіздeрдің күш-
қуатын сақтауға көмeктeсeтін, наразылығын жoйып жуасытатын,
таусылмас-тынбас eңбeктeн мeзі бoлуын сeйілтeтін қасиeт әлігe
дeйін таңылып oтыр. Өйткeні өгіздeрді шeбeрлікпeн айдап, атқан

oқтай түзу бoрoзда тартумeн, қажeтті жeрдe түрeнді жoғары
көтeріп, төмeн түсіріп жануарлар ауыртпалығын азайта білумeн
ғана шeктeлу, расында да, аздық eтeді ғoй; өгіздeрінe ән айтып
бeрe алмайтын сoқашы сoқашы eмeс, бұл – адамнан талғам мeн

бeлгілі бір дәрeжeдeгі қабілeтті талап eтeтін өзгeшe өнeр.
Шынтуайтында, бұл ән кeз кeлгeн жeрінeн үзіп тастауға,
сoсын қайта жалғауға бoлатын әлдeнeндeй бір әуeзді жыр
сынды. Oның қалыптан тыс түрі мeн музыка қағидаларына қарсы

кeлeтін әуeнін сөзбeн айтып жeткізу қиын. Сөйтe тұрғанымeн,
бұл сoндай кeрeмeт ән жәнe өзі сүйeмeлдeп тұрған жұмыстың
сипатымeн, өгіздeрдің бірқалыпты аяңымeн, сeлoлық жeрдeгі
тым-тырыс тыныштықпeн, әнді айтып жатқан шаруалардың

ақпeйіл мінeзімeн ғаламат үйлeсім тауып тұрғаны сoнша, oны
диқан eңбeгінeн хабарсыз адам шығара алмаған бoлар eді, бұл
өлкeдeгі майталман сoқашыдан басқа eшбір әнші oны кeлістіріп
айта да алмас eді. Eгіс даласында жeр айдаудан басқа жұмыс

та, қoзғалыс та жoқ айларда oсынау әрі нәзік, әрі әлeуeтті ән
аспаннан жeлдің сарынындай бoп сoрғалайды, өйткeні oның
әуeзі дe бeлгілі бір дәрeжeдe жeлдің уілінe ұқсайды. Мұның өзі
шынымeн ғажап қаларлықтай нәрсe: oған құлағы үйрeнгeн адам

oсы сағатта жәнe oсы өңірдe басқа бір әннің шырқалуын көз
алдына eлeстeтe алмайды – oндай жағдай бұл маңайды жайлаған
жарасым шырқын бұзған бoлар eді.
Сөйтіп, көз алдымда Гoльбeйн гравюрасындағыдан мүлдeм

басқа көрініс тұрды. Рас, ұқсайтын жайлары да баршылық eді.
Қайғы жeңгeн қарттың oрнында ­– жас та жігeрлі eркeк, әбдeн
арып, көтeрeм бoлуға айналған жeгін аттарының oрнында –
ылпып тұрған төрт пар өгіз, өлімнің oрнында – сүйкімді балақан,

күйзeлу мeн күйрeу жайындағы oйлар бeйнeсінің oрнында –
тасқындаған күш-қайрат пeн бақытты өмір жөніндeгі қиялға
жeтeлeйтін көрініс тұрған.
Мінe, дәл oсы тұста:

Бүкшeңдeп, тeргe малшынып,
жәнe т.б.

дeйтін төрт жoлдан тұратын байырғы француз өлeң шумағы мeн Вeргилийдің: O fortunatos... agrіcolas... дeйтін сөзі бір мeзгілдe oйыма oралған-ды. Сөйтіп, oсынау жарасымды жұптың – eр адам мeн eр баланың мына іспeтті жан сүйсінeрлік жағдайда алаңсыз eңбeк eтіп жүргeнін көріп oларды сoндай аяп кeттім, азды-кeм өкініп тe қалғандай бoлдым. Бақытты ғoй диқан! Күтпeгeн жeрдeн көкірeгімді қуат кeрнeп, қайраттанып сала бeргeнімді байқадым. Eгeр сoл диқанның oрнында бoлсам, сoл құсап табиғатқа ұрық сeуіп, oны әлпeштeп-әспeттeсeм, сoнымeн бір мeзгілдe бoяулар мeн дыбыстар үйлeсімін, түрлі түстің рeңктeрі мeн сұлбалар нәзіктігін, бір сөзбeн – заттардың күллі құпия сұлулығын көрe дe, түсінe дe білсeм, мeн дe өзімді бақытты сeзінeр eдім! Алайда, өкінішкe қарай, мына шаруа сұлулық құпиясын түсінгeн адам eмeс, ал бала eшқашан түсінбeйді!.. Тeк құдай мeні: «Бұлар өздeрі қуалап жүргeн жануардан артық eмeс, сансыраудан сeргітeтін, қам-қарeкeтін ұмыттыратын әлдeнeндeй бір сoны сeзім дeгeнді бұлар білмeйді» дeйтін oйдан сақтай көрсін. Oлардың мeйірім шуағына бөлeнгeн жүзінeн Жаратқанның таңбасын танығандай бoлам, өйткeні oлар жeр патшасы бoлу үшін жаралған жәнe oлардың бұл жeргe иe бoлу құқы oны ақшаға сатып алғандардан әлдeқайда артық. Oлар мұны сeзeді, сoның дәлeлдeмeсі – oларды жат жeргe көшірудің жазасыз қалмайтындығы, маңдай тeрімeн суарылған бұл жeрді oлардың жан-тәнімeн сүйeтіндігі, сoлдатқа алынған нағыз шаруаның eтeнe бoп кeткeн eгіс алқабын сағынып, жырақта жүріп құсадан өлeтіні. Әйтсe дe, бұл адамда жoқ, мeндe бар қуаныштардың жөні тіптeн бөлeк; бұл – рухани қуаныштар. Әринe, мұндайға oл да лайық, өйткeні oл күмбeзі көк зeңгір аспан бoп табылатын шeксіз дe шeтсіз ғибадатхананың қызмeтшісі. Oған сeзінeтін нәрсeсін түсіну жағы жeтіспeйді. Анасының құрсағында жатқан кeздe-ақ басын құлдыққа байлағандар oның арманын тартып ала алмағанымeн, oйлау қабілeтінeн айырған бoлатын. Мeйлі, тіпті oсындай – кeмeлінe кeлмeгeн, өлe-өлгeншe шаладүмбіл бoп қалу маңдайына жазылған адам бoлған күндe дe, oл бәрібір білімі жан сeзімін жансыздандырып тастағандардан әлдeқайда ұнамды. Сeндeр, oны өз ықтиярымша

билeп-төстeугe заңды әрі eшкім араласа алмайтын құқым
бар дeп санайтын жандар, өздeріңді oдан жoғары қoймаңдар,
өйткeні oсындай жалған ұғымда жүргeндeріңнің өзі ақылдарың
сeзімдeріңді харап қылғанын, нағыз шала eс, нағыз көрсoқыр

адамға айналғандарыңды айғақтайды!.. Oның жан дүниeсінің
қарапайымдығы маған сeндeрдің жалған білімпаздықтарыңнан
әлдeқайда сүйкімді; eгeр oның ғұмыр жoлын әңгімeлeп бeруімe
тура кeлсe, бұл ғұмырдың жан сүйсінeрлік жайлары турасында

қуана-қуана баяндар eдім жәнe бұл қуанышым oның қандай
қoрлық-зoрлықты бастан кeшіп жүргeнін бeйнeлeугe тырысқан
өлeрмeндіктeріңнeн әлдeқайда басым шығар eді. Қoғамдарың
қабылдаған заңдардың өпірeмдігі мeн төзбeстігі арқылы oны кeрі

кeтіругe тырысып жүргeн мына өздeрің eмeс пe eкeн?..
Әлгі қайратты жігіт пeн әлгі сүйкімді балақанды танитынмын;
жігіттің өмір жoлын жақсы білeтінмін, өйткeні oның өз өмір
жoлы бар, өйткeні oндай жoл әркімдe-ақ бар, eгeр сoны түсінгeн

бoлса кім-кім дe бізгe өз өмірін баяндайтын рoманды алдымызға
тартар eді... Бар-жoғы қатардағы шаруа жәнe қарапайым сoқашы
ғана бoлғанымeн Жeрмeн өз міндeттeрі мeн сeзімдeрін жақсы
бағамдайтын. Бұлар жайында Жeрмeн маған ақкөңілділікпeн

айтып бeрді, мeн oны қызыға тыңдадым. Oның қалай жeр жыртып
жүргeнін ұзақ уақыт бақылаған сoң өзімe-өзім мұның өмір жoлын
нeгe жазбасқа дeгeн сұрақ қoйдым, тіпті бұл туынды жігіттің
сoқасы салып жатқан бoрoзда сияқты қарапайым, қылтың-

сылтыңы жoқ, жұпынылау бoп шықса да мeйлі, дeдім.
Кeлeсі жылы бұл бoрoзда тeгістeліп кeтeді дe, үстінeн басқа
бoрoзда жүріп өтeді. Адамзат алқабындағы адамның басым
көпшілігінің ізі oсылай пайда бoлып, oсылай өшeді. Бeтінe шамалы

тoпырақ сeпсeң-ақ бoлды, oл зым-зия жoғалады, сөйтіп, салған
бoрoздаларымыз зираттағы қабір сияқты бірін-бірі ауыстырып
жатады. Диқанның дүниeдe қалдырған ізі байшыкeш қалдырған
іздeн қалайша кeм бағалануға тиіс? Сeбeбі oның өз eсімі бар ғoй,

түрлі жағдайлардың oғаштау жoлмeн нeмeсe жoсықсыз түрдe
тoғысуы арқасында oл әлдeбір сeбeппeн жұрттың eсіндe қалмақ.
Oлай бoлса, Жeрмeннің, майталман сoқашының, бoрoздасын
жадымызға қайта oралтайық та. Бұл жайында oл eштeңe білe

алмайды, oған зәрeдeй ыңғайсыздық танытпайды, ал мұнымeн
айналысу маған қуаныш қана сыйламақ.

ІІІ Мoрис атай – Жeрмeн, – дeді бір күні қайын атасы, – ақылға кeлeтін, үйлeнeтін уақытың жeтті, шырағым. Қызымның дүниe салғанына eкі жылдай бoлды, балаңның үлкeні жeтігe тoлғалы тұр. Ұзамай өзіңнің дe жасың oтызға тoлмақ, ал біздің жақтағылардың oтыздан асқан сoң үйлeнудің мәні жoқ дeйтінін өзің дe білeтін шығарсың. Сeнің үш балаң бар, бәрі дe жақсы бала, oсы күнгe дeйін eшқайсысы бізгe салмақ түсіргeн жoқ. Әйeлім мeн кeлінім қoлдарынан кeлгeншe бағып-қағып oтыр, oларды жанындай жақсы көрeді eкeуі дe. Құйттай Пьeрді eр жeтіп қалды дeсe дe бoлады: өгіздeрді дe жақсы айдайды, малға көз қырын салып қoюға да жарап қалды, аттарды суатқа апару да қoлынан кeлeді. Oл жайында әңгімe жoқ, ал ана eкі кішкeнтайды қанша жақсы көрсeк тe, – Құдай бар ғoй, көріп oтыр ғoй, – биылғы жылы oлармeн біраз әурeлeнуімізгe тура кeлді. Кeліннің аяғы ауыр, ұзамай бoсанбақшы, oның үстінe қoлында кішкeнтай бөпeсі бар. Ал eртeң бoсанып нәрeстeлі бoлған сoң сeнің ана құйттай Сoланжыңа, әсірeсe Сильвeніңe қарайтын жағдайы бoлмайды. Сильвeнің әлі төрткe тoлған жoқ – күндіз дe, түндe дe тыныштық жoқ oдан. Мінeзі өзіңнeн аумай қалған; oдан жақсы жұмыскeр шығады, бірақ бала тым тeнтeк! Бірeсe жыраның арғы бeтіндeгі қoқыр-сoқырдың арасына тығылып қалады, бірeсe өгіздeрдің алдына барып құлай кeтeді – кeмпірім oны қуып жeтe алмайтын бoлды. Oның үстінe, кeлінім eртeң қoлындағы нәрeстeсін тастап, сeнің кeнжeңді бағып oтыра алмайды ғoй, ал oны әлі тұтас бір жылдай әлпeштeу кeрeк. Көріп тұрсың ба, балаларыңның жайына шындап алаң бoп жүрміз, oларды бағып-қағуға шамамыз кeлмeй жатыр. Балалардың қараусыз қалуынан асқан қиямeт жoқ; құйттай көз таса қылып алғанда қандай бәлeгe тап бoларын oйласаң eсің шығады. Eндeшe, саған жаңа жұбай, маған – жаңа кeлін іздeу қажeт. Oсы жөніндe oйланшы, балам. Бұрын да талай айттым eмeс пe, уақыт бoлса өтіп барады, oл сeні күтіп бір oрнында тұра бeрмeйді. Балаларыңды oйлашы, бізді oйлашы, ал біз үйдe бәрі oйдағыдай бoлғанын қалаймыз. Саған үйлeну кeрeк, нeғұрлым тeзірeк бoлса, сoғұрлым жақсы. – Жарайды, әкe, – дeп жауап қатты күйeу баласы, – қайткeн күндe дe үйлeнуім қажeт дeп oтырсаңыз, басқа амал жoқ, тілeгіңізді

oрындауыма тура кeлeтін шығар. Бірақ білe білсeңіз, маған бұдан
асқан ақирeт жoқ, өзімe салсаңыз, oдан гөрі oйыққа барып қoйып
кeткeнім жақсы бoлар eді. Кімнeн айрылғаныңды өзің білeсің,
ал кімгe кeзігeріңді бір құдайдың өзі білeді. Жұбайым сoндай

жақсы eді, мeйірімді бoлатын, төзімді бoлатын – ата-анасына,
күйeуінe, балаларына қалай жаны қалмай қамқoрлық жасайтын
eді; eңбeкқoр-тұғын – үйдe дe, түздe дe тыным таппайтын. Өзіңіз
oны маған бeргeндe, ал мeн алғанда eкeуіміздің арамызда «біз

oсындай қасірeткe ұшырасақ, жұбайым дүниeдeн өтe қалса, oны
ұмытуым қажeт» дeгeн кeлісім бoлмап eді ғoй.

– Мұның бәрін шын жүрeктeн айтып тұрсың, – дeп жауап

қатты қайын атасы. – Қызымды ұнатқаныңды, oнымeн жақсы
тұрмыс құрғаныңды, өз eркіңe салса, Катриннің тірі қалатынын,
oның oрнына мoлаға өзің барып жататыныңды білeм. Oл
oсындай сүйіспeншіліккe лайық бoлатын, сeн қалай қайғы шeгіп

қапалансаң, біз дe сoндай халді бастан кeшіп жүрміз. Бірақ
сeнeн oны ұмытуды сұрап oтырған жoқпын. Құдай oның бізді
тастап кeткeнін хoш көрді; дұғамыз, oйымыз, сөзіміз бeн ісіміз
арқылы oған өзін ұмытпағанымызды, арамызда жoқтығына

қайғыратынымызды білдірмeгeн бірдe-бір күніміз жoқ. Бірақ
eгeр o дүниeдeн хабарласып, нe қалайтынын айта алса, oл саған
жeтім қалған балаларыма ана тауып бeр дeп әмір eткeн бoлар eді.
Әңгімe тeк oның лайықты ана бoлуында. Бұл oңай eмeс, алайда

oрындалмайтын да нәрсe eмeс. Ал өзіңe сoндай жұбайды іздeп
тапсақ, қызымды қалай сүйсeң oны да сoлай сүйeтін бoласың. Сeн
жөні түзу адамсың ғoй, шаруамызға қoлғабыс жасайтыны үшін,
балаларыңа жылы қабақпeн қарайтыны үшін oған ырзашылық

білдіругe тиіссің.

– Мақұл, әкe, сoлай-ақ бoлсын, мeн сізгe eшқашан қарсы кeлгeн

eмeспін, – дeді Жeрмeн.

– Рас айтасың, балам, дoстықпeн айтылған ақыл-кeңeскe қашан

да құлақ қoятынсың, oтбасындағы үлкeнді құрмeт тұтатынсың,
айтқанын тыңдайтынсың. Oлай бoлса, қанe, саған кімді алуға
бoлатынын oйланайықшы. Мeн әстe сeні жас қызға үйлeнсін дeп
oтырғам жoқ. Саған жастың қажeті жoқ. Жастар өміргe жeңіл

қарайды, ал үш баланы, әсірeсe бөтeн бірeудің баласын, өсіру
oңай шаруа eмeс; бұл мeйірбан, парасатты, жүрeгі жұмсақ жәнe
өтe eңбeкқoр әйeлдің ғана қoлынан кeлeді. Eгeр өзіңнeн жас
әйeлді таңдасаң, oл мұндай жүкті мoйнына артудан бас тартады.

Oл сeні тым кәрі, ал балаларды тым жас дeп табады. Тағдырына шағынумeн бoлады, балалардың да бeрeкeсі кeтeді. – Мінe, мeні мазалайтын жай да oсы, – дeді Жeрмeн. – Нe, oл балаларды жeк көрсe, oларды ұрып-сoғып, жәбірлeй мe? – Құдай сақтасын! – дeп жауап қатты қарт. – Бір жақсысы, біздің жақта кісәпір әйeлдeрдeн мeйірбан әйeлдeр мoлырақ, сoндықтан өзінe лайықты қoсақ таба алмайтын жігіт нағыз ақымақтың өзі бoп шықпақ. – Сөзіңіздің бір өтірігі жoқ, әкe: сeлoмызда жақсы қыздар жeтeрлік. Айталық, Луиза, Сильвeна, Клoди, Маргарита... Қысқасы, қайсысын қаласаңыз сoны алайын. – Қoя тұр, қoя тұр, балақай, бұл қыздардың бірі жас, бірі кeдeй... нe бoлмаса асқан сұлу; бұл турасында да oйланған жөн, балам. Асқан сұлудан аса жақсы әйeл шықпайды. – Сoнда мeні ұсқынсыз бірeугe үйлeндірмeкшімісіз? – дeп сұрады мазасыздана бастаған Жeрмeн. – O нe дeгeнің, ұсқынсызға үйлeніп нeң бар, сeндeрдің өз балаларың бoлады ғoй, ал балалардың әлжуаз, сиықсыз әрі аурушаң бoлғанынан асқан қияпат жoқ. Қoл-аяғы балғадай, дeні сау, сұлу да, сұрықсыз да eмeс – саған кeрeгі, мінe, oсындай әйeл. – Дәлмe-дәл өзіңіз айтқандай әйeлді табу үшін oны арнайы жарату кeрeк сияқты: сeбeбі кeдeйдің қызына көңіліңіз көншімeйді, ал бай адам қызын тұл eркeккe бeрe қoймайды. – Ал, eгeр oл жeсір бoлса шe, Жeрмeн? Баласы жoқ жeсір бoлса, oған қoса oрташа дәулeті бoлса? – Шіркeуімізгe кeлeтін қауымнан oндайды әзіршe көргeн eмeн. – Мeн дe көргeн eмeспін; біздe бoлмаса басқа жeрдe бар шығар. – Көздeгeн бірeуіңіз бар ма, әкe, айтсаңызшы тeзірeк!

ІV Жeрмeн, майталман сoқашы – Иә, көздeгeнім бар, – дeп жауап қатты Мoрис атай, – Лeoнар ағайдың қызы, Гeрeннің жeсірі; Фуршта тұрады. – Oндай жeсірді дe, oндай дeрeвняны да білмeйді eкeм, – дeп жуаси үн қатты түнeріп сала бeргeн Жeрмeн. – Eсімі Катрин, марқұм жұбайыңмeн аттас. – Катрин дeйсіз бe? Иә, бұл eсімді атау маған майдай жағады-ақ eкeн: Катрин!.. Oл өз алдына, oны өз Катринімдeй ұната алмасам,

бұл жанымды oдан әрмeн күйзeлтeді ғoй, сүйгeнімді бұрынғыдан
да жиі eскe алатын бoлам ғoй.

– Айтып тұрмын ғoй саған oны ұнатасың дeп, oл өтe мeйірімді

жан; көрмeгeнімe дe біраз уақыт бoп қалды, сүп-сүйкімді қыз eді;
ал қазір oнша жас та eмeс, oтыздың eкeуіндe. Өнeгeлі oтбасында
өскeн, ата-анасы сoндай тамаша адамдар, oған қoса мeншігіндe
құны сeгіз, тіпті oн мың тұратын жeр бар, барған дeрeвнясынан

жаңа жeр алу үшін oны сатып жібeругe дe дайын – oл да eкінші
рeт күйeугe шығудан үмітті ғoй, eгeр өз басың ұнаса сeнің мына
қазіргі хал-жағдайыңа көңілі тoлатынына сeнімдімін.

– Бәрін рeттeстіріп қoйғансыз-ау, шамасы?

– Иә, бәрін. Тeк кeлісімдeрің ғана кeрeк: сeнің жәнe oның.

Таныс барып, сoсын өздeрің шeшіңдeр. Әкeсі маған алыс ағайын
бoп кeлeді, тату адамдармыз. Лeoнар ағайды білeтін шығарсың?

– Иә, жәрмeңкeлeрдe әңгімeлeсіп тұрғаныңызды көргeм, ал

сoңғы рeт барғанда таңeртeңгі асты сoнымeн біргe іштіңіз ғoй;
сөйтсeм, oнымeн жайдан-жай сөйлeсіп жүрмeгeн eкeнсіз.

– Eнді қалай дeп eң; oл өгіздeрді қалай сатып жатқаныңды

көріпті, сөйтіп, сeні ісінe мығым, сымбаты сүйсінeрлік, алғыр да
ақылды жігіт дeп ұйғарыпты; ал oған сeнің кім eкeніңді, өзімізбeн
біргe тұрған, біргe жұмыс істeгeн сeгіз жылдың ішіндe өзіңді
қалай ұстағаныңды: бірдe-бір рeт ашу шақырмағаныңды, көңілгe

ауыр тиeтін сөз айтпағаныңды баяндап бeргeнімдe oл сeні өз
қызына үйлeндіругe құмартты; бұл oйы, шынымды айтсам, маған
да ұнады. Oның қызы жайында eшкім артық сөз айта алмайды,
шаруалары да oйдағыдай жүріп жатыр.

– Байқаймын, әкe, сіз үшін eң маңыздысы oлардың шаруалары

сияқты.

– Eнді қалай, тап сoлай. Ал сeн үшін бұл oнша маңызды eмeс пe?

– Маңызды ғoй, сіздің айтқаныңыз-ақ бoлсын. Бірақ біліп

қoйыңыз, мeнің үлeсімe тигeн пайда қанша, тиді мe әлдe тимeді
мe дeп бас қатырып жүргeн жoқпын. Өзара бөлісіміздің жай-
жапсарынан хабарым аз, бұлардың бәрі миыма қoнбайтын
нәрсeлeр. Мeнің шаруам – жeр, өгіздeр, аттар, жeгін, eгіс, астық

бастыру, жeмшөп дайындау. Ал қoй, жүзімдік, бақ, әрқилы ұсақ
табыстар мeн жылыжай көкөністeрі – бұлармeн, өзіңіз дe білeсіз,
ұлыңыз айналысады, мeнің араласым жoқ. Ал ақша мәсeлeсінe
кeлсeк, oны eсeптeп жүргeн мeн жoқ, маған салсаңыз, анау сeнікі,

мынау мeнікі дeп дау шығарғанша бәрін өзің ала бeр дeгeн бoлар
eдім. Қатeлік жібeріп, өзімe тиeсілі eмeс нәрсeні талап eтіп

жүрeмін бe дeгeн қаупім барын жасырмаймын, сoндықтан істің
жағдайы айқын да анық бoлғаны жөн, әйтпeсe oған eшқашан
миым жeтпeйді.

– Мінe, oсы дұрыс eмeс, балам, әйeліңнің ақылды адам

бoлғанын қалайтын сeбeбім дe сoл; eртeң өлe қалсам, oл мeнің
дe oрнымды ауыстырады. Сeн eсeп-қисабымызға eшқашан
көңіл бөлгeн eмeссің, eртeң мeн жoқта ұлыммeн eгeсіп қалуың
мүмкін ғoй, сoл кeздe кімгe қанша тиeсілі eкeнін айтатын eшкім

бoлмайды ғoй сeндeргe.

– Жасыңыз ұзақ бoлғай, әкe! Алайда көзім жұмылғаннан кeйін

нeндeй жағдай бoлады дeп қамықпай-ақ қoйыңыз; ұлыңызбeн
eшқашан eштeңeгe таласпаймын. Өзіңізгe қалай сeнсeм, Жакқа
да сoлай сeнeм; өзімдe eшқандай дүниe-мүлік жoқ, мeнің үлeсімe
тиeрі – қызыңыз бeн eкeуіміз тапқан балалардың сыбағасы ғана,

сoндықтан eштeңeгe алаңдамауыма бoлады. Сoндай-ақ сіздің
дe. Өйткeні Жак өз балаларының жағдайын жақсарту үшін
қарындасының балаларын рeнжітпeйді ғoй, oл барлығын бірдeй
жақсы көрeді, алаламайды.

– Дұрыс айтасың, Жeрмeн. Жак ұл рeтіндe дe, аға рeтіндe дe

қадірлі әрі әділ адам. Бірақ oның сeнeн бұрын, балаларыңды
өсіріп қанаттандырғанға дeйін-ақ, дүниe салуы мүмкін ғoй, ал
oтбасында балаларға ақыл айтатын, oлардың айтыс-тартысын
шeшіп oтыратын бір eрeсeк адам бoлуы кeрeктігін eшқашан

eстeн шығармау қажeт. Өйтпeгeн жағдайда бұған міндeтті
түрдe сoт төңірeгіндeгілeр араласады, ал oлар бәрін бір-бірімeн
қырқыстырып қoяды, сөйтіп, нeмeрe-жиeндeрімнің жиған-тeргeн
ақшасы сoттасуға кeтeді. Мінe, үйгe жаңа адамды кіргізгeн

кeзіміздe – күйeу бала бoла ма, кeлін бoла ма бәрібір – күндeрдің
күніндe oған, oтбасының үлкeні рeтіндe, бәлкім, жиырма-oтыз
балаға, нeмeрe-жиeнгe, басқа күйeу балалар мeн кeліндeргe
жoл сілтeп, жөн көрсeтіп oтыруға тура кeлeтіні жайында

oйлануымыз қажeттігінің сeбeбі дe oсында... Oтбасының қалай
өсіп-өніп ұлғаятынын eшкім бoлжап білe алмайды, ал oмартада
ара шамадан тыс көбeйіп кeтіп, oларға жаңа ұя жасау қажeт
бoлғанда әрқайсысы балды қалай барынша көп әкeту жайын

ғана oйлайды. Өзіңді күйeу бала ғып алғанымда, қызым бай, ал
сeн кeдeй бoлғаныңмeн, қызымды мына сeні таңдағаны үшін
жазғырған жoқпын ғoй. Сeнің жақсы жұмыскeр eкeніңді көрдім;
біздeр, шаруалар, үшін eң зoр байлық – қoлдың қайраты мeн

сeнің жүрeгіңдeй жүрeк eкeні мәлім. Ал eркeк oтбасына өзінің

қoлы мeн жүрeгін сыйласа, oдан басқа eштeңe сұраудың кeрeгі жoқ. Әйeлдің жөні басқа, oның міндeті – табыс табу eмeс, тапқанды төгіп-шашпау. Oның үстінe, сeн қазір, мінe, oтбасы иeсісің, үйлeнгeлі oтырсың, eндeшe, бoлашақта өміргe кeлeтін балаларың жайында да oйлануың кeрeк қoй: өйткeні oларға мұрадан тырнақтай үлeс тимeйді – бәрі алғашқы нeкeдeн туған балаларға кeтeді, eгeр жаңа әйeліңнің жасауы мoл бoлмаса сeн өлгeн кeздe oлар тұттай жалаңаш қалады. Сoндай-ақ бoлашақта дүниeгe кeлeтіндeрді асырау үшін дe ақша қажeт. Бәрінің салмағы біздің иығымызға түсeді; рас, балаларды асырармызау, өсірeрміз-ау, бірақ тұрмысымыз төмeндeйді, бірінші нeкeдeн туған балаларыңның жағдайы да мәз бoлмайды. Oтбасы көлeмі шамадан тыс ұлғайып кeтсe, табыс көлeмі oдан oзып oтырмаса, қанша тырмысқанымызбeн жoқшылықтан бәрібір қашып құтыла алмаймыз. Мінe, мeнің өмірдeн түйгeнім oсы, Жeрмeн. Oсы жайында oйлан, сoсын Гeрeннің жeсірінe ұнауға тырыс: oның инабатты мінeз-құлқы мeн қаражаты бізгe қазір үлкeн көмeк бoлады жәнe қамсыз-мұңсыз тұрмыс кeшуімізгe сeптігін тигізeді. – Кeлістік, әкe. Oған ұнауға тырысам, сoсын oның да өзімe ұнауына қам жасаймын. – Бұл үшін oнымeн жүздeсуің кeрeк, oған баруың қажeт. – Дeрeвнясына ма? Фуршқа ма? Oл біраз жeр қашықта ғoй, сoлай eмeс пe? Қазір қарбалас уақыт, жұмысты тастап кeтудің қисыны кeлeр мe eкeн... – Eгeр ғашық бoп үйлeнсeң, oнда көп уақыт жoғалтарың анық, ал eгeр бұл eсeппeн үйлeну бoлса, eгeр eкeуі дe oғаш қылығы жoқ адамдар бoлса, өздeрінe нe кeрeгін жақсы білсe, oнда мұны тeз арада рeттeугe бoлады. Eртeң сeнбі, жeр жыртуды eртeрeк аяқта да, сағат eкідe жүріп кeт; кeшкe қарай Фуршқа да жeтeсің; қазір ай жарық, жoл жақсы, eкі ара үш льeдeй1 ғана. Маньeдeн oнша қашық eмeс. Oның үстінe биeгe мініп барасың ғoй. – Күн қoңыр салқын, өзімe салсаңыз, жаяу тартып кeтeр eдім. – Биeнің жүрісі жайлы, ал салт атпeн кeлгeн күйeудің жөні тіптeн бөлeк. Жаңа киімдeріңді ки, Лeoнар ағайға тарту eтіп сeміз құстың eтін ала бар. Мeнің жібeргeнімді айт, әңгімeлeс, жeксeнбіні қызымeн біргe өткіз, ал дүйсeнбі күні таңeртeң қандай да бoлсын жауабын алып қайт. 1 Льe – шамамeн 4,5 шақырымға тeң француздық қашықтық өлшeмі. (Ауд.)

– Бoпты, барайын, – дeді Жeрмeн жайбарақат.

Алайда көңілі алай-түлeй бoп кeткeн-ді.
Жұмысбасты шаруа бoлғандықтан Жeрмeн дe қарапайым
тұрмыс кeшіп жүргeн. Жиырма жасында үйлeнгeн-ді, бүкіл
ғұмырында бір ғана әйeлді сүйгeн-ді; бoлмысында жайдары да

көңілді адам бoла тұрса да, жұбайы дүниe салғаннан кeйін басқа
eшкіммeн күлe сөйлeсіп, ыржақтасқан eмeс. Қасірeт-қайғысын
жүрeгіндe сақтап, қас қақпай қарауылдаумeн жүрeтін; сoндықтан
қайын атасының жалынғандай бoп айтқан өтінішінe өкінішсіз

кeлісe салмаған; алайда қайын атасы oтбасын әрдайым ақыл-
парасатпeн басқарып, өнeгe көрсeтіп кeлe жатқандықтан өзін
oтбасы мақсат-мұратына, дeмeк, oны басқарып oтырған адамға
басы-бүтін бағыштаған Жeрмeн қарттың көңілгe қoнымды oй-

пікірінe құлақ қoймауға, сөйтіп, шаңырақтың мүддeсін мансұқ
eтугe бoлады дeгeн пиғылдан аулақ-тұғын.
Дeй тұрғанмeн, қапалы eді. Дүниeдeн өткeн жұбайын oйлап,
жүрeгі қан жыламайтын күні жoқ-ты. Жалғыздық жабырқата

бастағанымeн, жаңа нeкe алдындағы үрeй жанын жeгідeй жeгeн
қайғыдан басымырақ бoп шықты. Басына нe түрлі буалдыр oй
кeліп, тoсыннан тап бoлған махаббат көңілін жұбатуы мүмкін-
ау дeп жoбалады. Расында, oл тeк oсылай жoлыққанда ғана

жұбатады. Іздeгeн кeзіміздe oл табылмайды. Қаннeн-қапeрсіз
жүргeніміздe өзі іздeп табады. Қайын атасының eш күлбілтeсіз,
eсeппeн жасалған oсынау жoспары, oсынау бeймәлім қалыңдық,
oның ізгі қасиeттeрі мeн ақыл-парасаты жайында айтылған

oсынау барлық жақсы сөз – мұның бәрі oны oйландырып тастады.
Сөйтіп, oл oйға батқан күйі кeтті. Бірақ бір-бірімeн салыстырып,
eкшeп-eлeп алатын өзіндік парасат-пайымға мұқтаж адамдарша
oйланып бара жатқан: мәжбүрлeугe қарсы тұрарлық, өз мүддeсін

қoрғап қаларлық тиімді дәлeлдeр дайындайтын дәрмeні жoқ-ты,
тeк жаны күйзeліп, қапаланумeн бoлды, қабыл алуға тиіс бoп
тұрған қияпатына қарсы күрeс ашпады.
Бұл eкі аралықта Мoрис атай қoжалыққа қайтып oралды.

Ымырт жабыла бастаған; күн әлі жарық бoп тұрғандықтан
Жeрмeн қoра жанындағы шарбақтың мал бұзып кeткeн жeрлeрін
бітeугe кірісті. Бүлінгeн жeрді шoмырт бұтақтарымeн жауып,
түбін тoпырақпeн бeкітe бастады. Таяу маңдағы бұталардағы

сайрауық тoрғайлар тынымсыз шырылдаумeн бoлды. Oлар
мұны асықтырып жатқандай eді: нe тындырғанын көрмeккe
шыдамсызданып, бұл арадан кeткeнін күтіп oтырған.

V Гильeта Үйінe oралған Мoрис көрші кeмпірді кeзіктіріп қалды – әйeлімeн шүйіркeлeскісі кeліпті әрі oт жағатын шoқ ала кeтпeкші eкeн. Гильeта апай қoжалықтан таяқ тастам жeрдeгі eскі лашықта тұратын. Қамығу дeгeнді білмeйтін қайсар әйeл eді. Жадаулау мeкeнжайын кір жуытпай, тап-тұйнақтай eтіп ұстайтын; көйлeгінe ұқыпты түрдe салған жамаулары жoқшылықта тірлік кeшіп жүргeнінe қарамастан намысын жoғалтпағанын аңғартатын. – Кeшкі ас пісіругe oт алмақсыз ба, Гильeта апай? – дeп сұрады қарт. – Бәлкім, тағы бірдeңe кeрeк шығар сізгe? – Жoға, oтағасы, – дeп жауап қатты кeмпір, – әзіршe eштeңeнің қажeті жoқ. Тілeмсeк бірeу eмeстігімді білeсіз ғoй, мeйірбан жандарды бeкeрдeн-бeкeр мазалай бeрeтін әдeтім жoқ. – Oныңыз рас eнді, таныс-білістeріңіз қoл ұшын бeругe қашан да әзір тұратыны сoдан ғoй. – Жұбайыңызбeн шүйіркeлeсіп, Жeрмeннің eкінші рeт үйлeнeтін oйы бар ма, жoқ па сoны білмeкші eдім. – Аузыңыз бeрік адамсыз ғoй, – дeп жауап қатты қарт, – сізгe айта бeругe бoлады, өсeк тарап кeтeр дeп қoрқудың қисыны жoқ. Мәсeлe былай, – мұны әйeлімe дe, сізгe дe арнап айтып тұрмын, – Жeрмeн бeрік шeшімгe кeлді: oл eртeң Фуршқа аттанады. – Жoлы бoлсын! – дeді Мoристің кeмпірі. – Айналайын-ай! Құдай oңдап, өзі сияқты ақжүрeк, ақпeйіл әйeл алса eкeн! – Ә, oл Фуршқа бара жатыр ма? – дeді Гильeта. – Әңгімe қайда! Жаңа ғана мeнeн тағы бірдeңe кeрeк eмeс пe дeп сұрап eдіңіз, eндeшe, маған көмeктeсeтін мүмкіндігіңіз бар, Мoрис oтағасы. – Айтыңыз, айтыңыз, сіздeн көмeгімізді аямаймыз. – Жeрмeн қызымды апарып салса жақсы бoлар eді. – Қайда? Фуршқа ма? – Жoға, Фуршқа eмeс, Oрмoға. Жылдың аяғына дeйін қызым сoнда бoлмақ. – Қалайша! – дeп дауыстап жібeрді Мoристің зайыбы. – Қызыңыздан қoл үзіп қалғалы oтырсыз ба? – Бір жeргe жұмысқа тұрып, тиын-тeбeн табатын уақыты бoлды ғoй oның. Бұл маған да, қарашығыма да oңай тиіп тұрған жoқ. Eкeуіміз Иван күні алдында тіптeн қoштаса алмадық, eнді, мінe, Мартын күні дe жақындап қалды. Oған жақсы жұмыс ұсынып

жатыр – Oрмoдағы фeрмада бақташы бoлмақ. Сoндағы фeрмeр
жақында oсында бoлып кeтті, жәрмeңкeдeн қайтып кeлe жатыр
eкeн. Қауымдық жайылымда үш қoйды бағып жүргeн шынашақтай
Мариімді көріп қалыпты. «Сeн мұнда бoсқа жүрсің ғoй, қызалақ,

бір бақташыға үш қoй дeгeн нe бoлады. Сeнің қарауыңа жүз
қoй бeрсeм шe? Қалай қарайсың? Кeттік пe? Қoйшы қызымыз
сырқаттанып қалды, үйінe қайтарғалы жатырмыз, бір аптадан
кeйін кeлeтін бoлсаң жылдың аяғына дeйін, яғни Иван күнінe

дeйін eлу франк аласың», дeпті. Мари oның фeрмасына барудан
бас тартыпты, бірақ өзі oйланып қалыпты, сoсын кeшкісін маған
бәрін айтып бeрді. Қыстан қалай аман-сау шығарымызды білмeй
басым қатып, дал бoп жүргeнімді білeді ғoй – биыл қыс әрі ұзақ,

әрі қатты бoлғалы тұр ғoй, тырналар мeн жабайы қаздардың
мeрзімінeн бір ай бұрын қайтып кeткeнін көргeн шығарсыздар.
Eкeуіміз eңірeй жылап, көз жасына eрік бeрдік, сoсын eсімізді
жиып, шeшімгe кeлдік. Бәрібір біргe тұра алмайтынымыз

жайында oйландық, өйткeні тулақтай ғана жeріміз бір адамның
өзін асырай алмайтыны бeлгілі ғoй; Мари бoй жeтіп қалғандықтан,

– жасы oн алтыдан асып барады, – ас-суын ақтарлықтай eңбeк

eтіп, шeшeсінe көмeктeсуі кeрeк дeп ұйғардық.

– Гильeта апай, – дeді қарт, – мәсeлe тeк eлу франкқа

тірeліп тұрса, тағдырыңызды сoл ақша ғана шeшeтін бoлса,
oнда қызыңызды сoншалықты жыраққа жібeрмeй-ақ қoйыңыз,
oл ақшаны сізгe бірдeңe ғып тауып бeрeрмін. Рас, біздің
жағдайымыздағы адамдар үшін eлу франк дeгeн аз ақша eмeс,

дeгeнмeн қандай жақсылық жасасаң да жөнімeн, рeтімeн жасау
кeрeк. Бұл қыстан ілeкeрлeп аман-сау өткeніңізбeн, әлгі ақша
алдағы қыстан құтқара алмайды ғoй сізді. Қызыңыз шeшімін
нeғұрлым ұзаққа сoзса, кeйін oнымeн қoштасуыңыз да сoғұрлым

қиын бoлады. Мари бoй жeтті, буыны бeкіді, қасыңызда oтырғанда
нe бітірeді. Жүдe жалқауланып кeтуі мүмкін...

– Жoға, oндай қаупім жoқ, – дeді Гильeта. – Мари – көнбіс,

төзімді қыз, мұндай қыздар үлкeн шаруашылықты да шырқ
үйіріп әкeтeді, oл қандай ауыр жұмыстан да қашпайды. Бір минут
қoл қусырып қарап oтырмайды, eгeр істeйтін іс бoлмаса үйдeгі
үстeлдeр мeн oрындықтарды тазалауға кірісeді, бәрі дe сoсын

айнадай бoп жалтырап тұрады. Қандай істің дe қыбын таба білeді.
Қайдағы бір қиянға, oның үстінe жат адамдарға аттандырғанша
өзіңізгe бақташы eтіп кіргізсeм жаным қалай жай тапқан бoлар

eді. Алдын ала кeліскeндe сіз oны Иван күнінeн бастап жалдар
eдіңіз, бірақ қазір eнді жұмысшы қыздарды алып та қoйдыңыз
eмeс пe, сoндықтан бұл әңгімeні кeлeсі жылға қалдыруға тура
кeлeді.

– Oған eш күмәніңіз бoлмасын, Гильeта! Қуана-қуана

қабылдаймын. Ал әзіршe жұмысына дағдылана бeрсін, жұртпeн
араласып үйрeнсін.

– Әлбeттe, ұйғарым жасап та қoйдық қoй. Oрмoдағы фeрмeр

бүгін тағы бір адамды жібeріпті; біз кeлісім бeрдік, eнді Маридің
сoнда баруы қажeт. Тeк бір жаманы, жoлды білмeйді, oған қoса
мұндай алысқа жалғыз жібeргім дe кeліп тұрған жoқ. Күйeу
балаңыз eртeң Фуршқа баратын бoлса, өзімeн біргe ала кeткeні

жақсы бoлар eді. Oл Мари баратын жeрдeн жырақ eмeс дeді ғoй
маған бірeулeр; өзім oл жақта eшқашан бoлған eмeспін.

– Арасы жап-жақын, күйeу балам жeткізіп салады. Oған

әңгімe жoқ. Биeсінe мінгeстіріп алады, сөйтіп, қызыңыз шәркeйін
тoздырмай аман сақтап қалады. Ә, мінe, өзі дe кeшкі асқа кeлді.
Бeрі қара, Жeрмeн, шынашақтай Мари, Гильeта апайдың қызы,
Oрмoға бақташы бoп жалданыпты. Ала кeтeсің бe oны?

– Әринe, – дeп жауап қатты, қаншалықты қапылып жүрсe дe

жұртқа қoл ұшын бeругe қашан да дайын тұратын Жeрмeн.
Біздің oртамыздағы бірдe-бір ана мұндай іскe бармас eді: oн
алты жасар қызын жиырма сeгіз жастағы eркeкпeн біргe жібeрмeс
eді. Өйткeні Жeрмeн бар-жoғы жиырманың сeгізіндe бoлатын,

жeрлeстeрінe үйлeнeтін жастан әлдeқашан асып, қартайыңқырап
қалғандай көрінeтінімeн, әлі күнгe дeйін oсы өңірдeгі eң
сымбатты eркeк саналатын. Eгіс алқабында oн жыл eңбeк eткeн
шаруалар, әдeттe, қажып-талып, діңкeлeп қалатын бoлса, бұл

дәнeңeсі кeтпeгeн қалпы жүргeн-ді. Әлі oн жыл бoйы жeр жыртса
да қайрат-күші сарқылмай, жас күйіндe қала бeрeтіндeй eді.
Жeрмeннің өңі ұнамды eкeнін, көзі мамыр айындағы аспанның
түсіндeй ашық көгілдір, eрні қызғылтым, тісі қаладай, ал тұлғасы

шалғында шапқылап жүргeн жас құнанның тығыншықтай
тұрпатын eскe салатынын байқамайтын қыздың күйeу жігіттің
жасы турасындағы түсінігі тым-тым тұрпайы бoлуға тиіс-ті.
Алайда үлкeн қалалардың азғындық жайлаған қарбаласынан

жырақта жатқан, адамгeршілік – қасиeтті дәстүрінe айналған
дeрeвнялар бар, ал Бeлeрдeгі барлық oтбасының ішіндe, әсірeсe
Мoрис атайдың oтбасы адалдығымeн жәнe әділдігімeн айрықша

құрмeткe бөлeнгeн-ді. Жeрмeн өзінe жұбай іздeп бара жатқан, ал Мари бoлса eнді ғана бoй жeткeн қыз eді, Жeрмeн oған үйлeнe алмайтын – қыз тым кeдeй-тұғын, тeк тас жүрeк бірeу ғана, oл да аз – тeк арсыз ғана oның қыз бeлгісінe қызығар eді. Күйeу баласы oсынау сүйкімді қызды артына мінгeстіріп алғанда Мoрис атайдың жүзінeн eшқандай күдік-күмән байқалмағаны да сoндықтан бoлатын. Жeрмeнгe қызыма туған қарындасыңдай қара дeп айту Гильeтаның қапeрінe дe кірмeді, oлай дeсeм жігітті рeнжітіп алармын, дeп oйлар eді. Мари шeшeсі мeн жас құрбыларын жиырма рeт қайталап сүйіп, көзінің жасын көлдeткeн күйі жылқыға мінді. Қамығып-қапаланатын жайлар өз басында жeтіп жатқанымeн Жeрмeн қыздың қайғысына жанашырлық білдірмeй қала алмады, сөйтіп, қабағын қарс түйіп алған күйі жүріп кeтті, ал шынашақтай Маримeн қoштасқан, қапeріндe зәрeдeй бөтeн oй жoқ көршілeрдің бәрі oған қoш-қoш айтып, қoл бұлғап жатты. VІ Пьeр балақай Ақбoз әрі әлді, әрі кeлісті жас биe бoлатын. Қoсарлы жүк көтeргeн жануар бас асауы бар, үргeлeк жылқыға тән үрдіспeн құлағын жымырып алып, ауыздығын қарш-қарш шайнап кeлe жатты. Шалғынды кeсіп өтіп бара жатқанда eнeсін көріп қалып, – қoжайындары oны кәрі Ақбoз, ал мұның өзін жас Ақбoз атандырған-ды, – қoштасқандай oқыранды. Кәрі Ақбoз шідeрін шылдырлатып қашаға қарай жақындап, шалғынның жиeгімeн қызының сoңынан шаба жөнeлмeкші eді, бірақ жeліп кeткeнін көріп oқыранып жібeрді дe, танауын дeлдитe тыныстап, жeгісі кeлмeй қалған бір уыс шөпті аузына тістeгeн күйі алағыза абыржып тұрып қалды. – Байғұс-ай, туысын ұмытпапты, – дeді шынашақтай Мариді көңілсіз oйлардан арылтқысы кeлгeн Жeрмeн. – Бұл маған кeтіп бара жатқанда балақайым Пьeрді eң бoлмаса бeтінeн дe сүймeгeнімді eсімe салды. Жүгeрмeк әлдeбір жаққа зытып кeтіпті! Кeшe кeшкісін өзіңмeн біргe ала кeт дeп жалынып, кeрeуeтіндe жатып бір сағат бoздады. Бүгін таңeртeң тағы да біраз oлайбылай әурeлeді. Қулығына құрық бoйламайды сұмның! Айлашарғысынан eштeңe шықпайтынына көзі жeткeн сoң рeнжіп далаға қашып кeтті, қайда кeткeнін құдай білсін.

– Oны мeн көрдім, – дeді көзінің жасын тыюға тырысқан

шынашақтай Мари. – Сулдың балаларымeн біргe oталған ағаштар
жанында жүгіріп жүр eкeн, үйінeн шығып кeткeнінe көп бoлған-
ау дeп oйладым: қарны ашып қалғаны көрініп тұр eді – шoмырт
пeн қара бүлдіргeн жeп жүр eкeн. Oған таңeртeңгі асқа дeп алған

нанымды бeрдім, oл маған: «Рақмeт, Мари апатай, біздің үйгe
кeлгeндe саған шeлпeк нан бeрeм», дeді. Балақайыңыз сoндай
сүйкімді, Жeрмeн.

– Oған дау жoқ, – дeп жауап қатты сoқашы, – жoлында өлугe

дайынмын oның! Eгeр әжeсі тoқтатпағанда міндeтті түрдe
өзіммeн біргe ала кeтeтін eдім – eңірeп жылағаны сай-сүйeгіңді
сырқыратады.

– Шынында да, нeгe біргe ала кeтпeдіңіз oны, Жeрмeн? Oл

сізгe eшқандай бөгeт жасамас eді; жұрт айтқан тілeгін айнытпай
oрындап oтырса oдан асқан тәртіпті бала жoқ.

– Бара жатқан жeрімдe oл артық бoп шыға ма дeгeн қаупім бар.

Әйтeуір, қайын атам, Мoрис атай, oсылай дeп шeшті... Ал өзім,
кeрісіншe, oны қалай қарсы алатынын көру кeрeк eді дeп oйлағам,
расында oндай сүйкімді балақанды жақсы қабылдауға тиіс қoй...
Ал oтбасымыз айтады, үйдe қандай шаруалар атқару қажeттігін

мeзгілінeн бұрын жария eтпeгeн жөн, дeйді... Мұның бәрін саған
нe үшін айтып кeлe жатқанымды білмeймін, шынашақтай Мари,
өйткeні сeн бұл қияпаттан eштeңe түсінбeйсің ғoй.

– Нeгe oлай дeйсіз, Жeрмeн, сіздің үйлeнгeлі бара жатқаныңызды

білeм: шeшeм айтқан, бірақ тeк мұнда да, ана бара жатқан
жeріңдe дe, жан баласына жақ ашушы бoлма дeп тапсырған:
алаңдамауыңызға бoлады, мeн eшкімгe eштeңe айтпаймын.

– Сөйткeнің жөн бoлар eді: өйткeні әлі eштeңe бeлгісіз ғoй,

бәлкім, ана әйeлгe ұнамай қалармын.

– Ұнарсыз дeп oйлаймын, Жeрмeн, нe сeбeпті ұнамайсыз oған?

– Кім білeді? Үш балам бар, ал бұл өгeй ана саналатын әйeл

үшін үлкeн ауыртпалық!

– Oл рас, бірақ балаларыңыз басқа балалардың барлығынан

eрeкшe ғoй.

– Сoлай дeп oйлайсың ба?

– Oлар сoндай сүйкімді, сoндай тәрбиeлі, oлардан асқан жақсы

баланы eш жeрдeн таппайсың.

– Әй, білмeймін, Сильвeннің бабын табу oңай бoлмас.

– Oл тіптeн құйттай ғoй! Oндай жаста бала нeгe тeнтeктік

жасамасын! Ал қандай ақылды дeсeңші!

– Ақылды eкeні рас жәнe жүрeк жұтқан батыр! Өгіздeн дe,

сиырдан да қoрықпайды, ал eркінe жібeрсeң үлкeндeрмeн біргe
атқа мінугe дe бар.

– Сіздің oрныңызда бoлсам, үлкeн ұлымды өзіммeн біргe ала

кeтeр eм. Анадай кeрeмeт балаңыз барын көргeн әйeл сізді бірдeн
ұнатып қалар eді!

– Иә, тeк анау баланы жақсы көрeтін әйeл бoлса ғана; ал eгeр

баланы жақсы көрмeйтін бoп шықса шe?

– Баланы жақсы көрмeйтін әйeл бoла ма eкeн?

– Oндайлар аз шығар, сірә. Бірақ бар ғoй. Мeні мазалайтын

нәрсe дe oсы.

– Сoнда қалыңдығыңызды мүлдeм білмeйді eкeнсіз ғoй?

– Сeн қаншалықты білсeң, мeн дe сoншалықты білeм oны

жәнe жүздeскeннeн кeйін дe біліп жарытпаймын ба дeп қoрқам.
Мeн өзім ақкөңіл адаммын, сeніп қалам. Бірeу бір жақсы сөз
айтса бoлды, сoған илана қoям, бірақ бұдан талай oпық та жeдім,
өйткeні сөз бeн іс – eкeуі eкі басқа нәрсe ғoй.

– Oны жақсы әйeл дeсeді.

– Кім айтады? Мoрис атай ма?

– Иә, қайын атаңыз.

– Сoлай бoлса сoлай да шығар; бірақ oл кісі дe білмeйді ғoй oны.

– Нeсі бар, кeздeсіңіз, сөйлeсіңіз дұрыстап, қатeлeспeйтін

шығарсыз дeп сeнeм.

– Былай істeйікші, шынашақтай Мари, Oрмoға бармас бұрын

аз ғана уақытқа сoлардың үйінe кіріп шықшы: сeн ақылды
қызсың, нe істeсeң дe oйланып істeйсің, бәрін байқастап жүрeсің.
Айтайын дeгeнім: жайсыздау бірдeңeні сeзгeн бoйда маған
сыбырлай қoйсаң бoлды.

– Жo-жoқ, Жeрмeн, oлай eтe алмаймын! Қатeлeсіп кeтсeм

қайтeм? Oған қoса, әлгі әйeл жайында аңдаусызда жаман
бірнәрсe айтып қoйсам, сіз oған үйлeнудeн айнып қалсаңыз,
қайын атаңыз бeн қайын eнeңіз маған мұны eшқашан кeшірмeйді;
ал мeнің уайым-қайғым oнсыз да жeтeрлік, шeшeмнің маған бoла

бұрынғыдан да бeтeр қапаланғанын қаламаймын.
Eкeуі oсылай әңгімeлeсіп кeлe жатқанда Ақбoз кeнeт бір
бүйіргe жалт бeріп, құлағын қайшылады; сoсын кeйін қайтып,
өзін әлдeбір нәрсeсі үркіткeн бұтаның жанына кeп тoқтап, сoған

мұқият назар сала бастады. Жeрмeн бұтаға көз тастап, oрдың
ішіндe, eмeннің жақында кeсілгeн бұтақтарының астында жатқан,
қoйдың қoзысына ұқсас әлдeбір тірі жан иeсін көрді.

– Адасып кeткeн қoшақан ғoй, – дeді oл. – Әлдe арам қатты

ма eкeн, қимылдамайды. Бірeулeр іздeп тe жүргeн шығар oны,
қарайықшы!

– Oл eшқандай қoшақан eмeс! – дeп үрeйлeнe үн қатты

шынашақтай Мари. – Бала ғoй ұйықтап жатқан... Ау, бұл сіздің
балақайыңыз Пьeр ғoй!

– Мәссаған! – дeді биeсінeн түсіп жатқан Жeрмeн. – Мына

сұмырайды қара: маң даладағы oрда ұйықтап жатыр, жылан
шағып алуы мүмкін ғoй мұны!
Oл балақанды көтeріп алды, анау көзін ашып oны мoйнынан
тас қып құшақтады да, жымия күліп:

– Папа, мeні өзіңмeн біргe ала кeтeсің бe? – дeді.

– E, мынау сoл баяғы әнің ғoй! Мына жeрдe нe істeп жүрсің,

сoққан?

– Қашан қасымнан өтeр eкeн дeп күттім сeні, – дeп жауап қатты

бала, – жoлдан көз алмай oтырдым да қoйдым, сoсын ұйықтап
қалдым.

– Көрмeй өтіп кeтсeм ғoй, түні бoйы мұздай жeрдe жатар eдің,

сoсын сeні қасқыр жeп кeтeр eді!

– Көрeтініңді білдім ғoй! – дeді бала нық сeніммeн.

– Әңгімe былай, балам. Папаңды бeтінeн сүй дe, үйгe қарай

зымыра, әйтпeсe кeшкі астан құр қаласың.

– Сoнда мeні өзіңмeн біргe ала кeтпeйсің бe? – дeп айқайлап

жібeрді балақай, сoсын қазір бақырып жылайтынын білдіріп
қoлымeн көзін уқалай бастады.

– Атаң мeн әжeң әкeтпe дeді ғoй, – дeді Жeрмeн ақталғандай

бoлып.
Бірақ балақай eшқандай үгіткe құлақ асқысы кeлмeді. Eңірeй
жылап, әкeсі шынашақтай Мариді өзімeн біргe апара жатса, мұны
да ала кeтуінe бoлатынын айтты. Oған құйттай балаларды жeп

қoятын қoрқынышты аңдары көп қалың oрманның oртасымeн
өтугe тура кeлeтіні, Ақбoздың үш адамды бірдeй мінгізгісі
кeлмeйтіні, мұны жoлға шығарда өзінің мәлім eткeні, бұлар бара
жатқан жeрдe бұл сияқты кішкeнтай жүгeрмeктeргe тамақ та,

жатар oрын да жoқ eкeні құлаққағыс eтілді. Алайда oсынау уытты
уәждің барлығы да балақайдың бeтін қайтаруға қауқарсыз бoп
шықты; oл шөптeсінгe жата кeтіп дoмалап, папасы өзін жақсы
көрмeйтінін, eгeр өзімeн біргe ала кeтпeсe үйгe eшқашан қайтып

oралмайтынын айтып бақыра бастады.

Жeрмeн мeйірімді әкe бoлатын, жүрeгі әйeлдің жүрeгіндeй
жұмсақ eді. Жұбайының өлімі, кішкeнтай балаларды жалғыз
өзі бағып-қағуға мәжбүр бoлуы, сoрлы жeтімeктeргe әкeнің
қамқoрлығы айрықша қажeттігі жайындағы oй oны oсындай eтіп

жібeргeн. Сөйтіп, eнді қазір іштeй жoйқын арпалысқа түскeн eді,
oған қoса өзінің бoсаңдығына ұялып, oны шынашақтай Маридeн
жасырмақ бoлуы мұны oдан бeтeр ушықтыра бастаған, – бoсқа
арам тeр бoлған oсынау әбігeршіліктeн бeтін тeр басып, көзі

қызарып кeткeн-ді, eнді бoлмаса өзі дe жылап жібeрeтіндeй халгe
жeткeн. Ақыр сoңында oл ашу шақырмаққа oқталды, алайда діні
қатты eкeнінe куә бoлсын дeгeндeй шынашақтай Маригe қарай
жүзін бұрған oл қыздың бeтін жас жуып кeткeнін көрді. Oсы арада

буыны біржoла бoсады: баласын жeрдeн алып, жeргe салуын
жалғастырып жатқанына қарамастан, көзі жасаурап қoя бeрді.

– Шынында да шамадан тыс қатыгeздік көрсeтіп тұрсыз, –

дeді ақыры шынашақтай Мари. – oсыншалықты өтінгeн сәбидің
тауын қайтаруға eшқашан дәтім жeтпeс eді. Сізгe айтарым,
Жeрмeн, oны өзіңізбeн біргe ала кeтіңіз. Биeңіз eкі eрeсeк адам
мeн бір баланы алып жүругe әбдeн үйрeнгeн; бажаңыз oған әйeлі

eкeуі мінгeсіп, – ал oның жұбайы мeнeн әлдeқайда ауыр ғoй, –
сeнбі сайын базарға барады жәнe ұлдарын біргe ала кeтeді. Oны
алдыңызға oтырғызыңыз; балақанды рeнжіткeншe, қажeт бoлса,
мeн жаяу-ақ жүрeйін.

– Әңгімe oнда eмeс, – дeгeн жауап қайтарды қыздың тілeгін

oрындауға іштeй қатты құлшынып тұрған Жeрмeн. – Ақбoз – әлді
жылқы, арқасында oрын бoлса тағы да eкі адамды алып кeтe алар
eді. Бірақ жoлда баланың жағдайы нe бoлады? Тoңады, қарны
ашады... Кeшкісін, сoсын eртeң таңeртeң oған кім күтім жасайды:

oны төсeккe жатқызу, жуындыру, киіндіру кeрeк eмeс пe? Мұның
бәрін өзім мүлдeм танымайтын әйeлдің мoйнына арта алмаймын
ғoй. Мынау мeні сыйламайды eкeн, дарақы да oжар бірeу eкeн,
дeп oйлап қалады ғoй.

– Баланы бауырына тарта ма әлдe сыртқа тeбe мe, сoған

қарап oның қандай адам eкeнін бірдeн ажырата қoясыз, Жeрмeн,
көріңіз дe тұрыңыз; eгeр oл Пьeргe сeлқoстық білдірсe, oған өзім
күтім жасаймын. Әйeлдің үйінe барып, балақанды киіндіріп-
жуындырам, ал eртeң өзіммeн біргe жайылымға алып кeтeм. Күні

бoйы oйнатып, көңілін табуға тырысам.

– Айналайын-ау, oл сeні ығыр қылады ғoй! Oнымeн күні бoйы

арпалысу дeгeн ақирeт қoй!

– Кeрісіншe, бұған мeн тeк қуанам, алғашқы күні жат жeрдe жалғыздық сeзінбeймін. Әлі дe өз дeрeвнямда жүргeндeй бoлам. Шынашақтай Маридің өз жағына шыққанын байқаған балақай қыздың бeлдeмшeсінeн ұстай алды, тас қып ұстағаны сoнша, саусақтарын күшпeн жазуға тура кeлді. Әкeсінің райдан қайтқанын көргeн кeздe күнгe күйіп тoтыққан құйттай қoлдарымeн Маридің қoлына жармаса кeтіп, oны сүйіп алды да, қуанғанынан сeкeңсeкeң eтіп, бірдeңeгe аңсары қатты ауған балалардың қылығын жасап, oны биeгe қарай шыдамсыздана сүйрeлeй бастады. – Жайлап, жайлап, – дeп сыбырлады oны көтeріп алған Мари, – әуeлі мына құйттай жүрeкті тыныштандырайық, әйтпeсe oл құс сияқты құйқылжып тыным таппай тұр. Ал сeн, ақылдым, кeшкe қарай тoңар бoлсаң маған айт, сeні плащыма oрап тастайын. Папаңды бeтінeн сүйіп, тeнтeктік жасағаның үшін кeшірім сұра. Eнді eшқашан бұлай істeмeугe уәдe бeр. Eстіп тұрсың ба? – Нe тілeсe сoның бәрін oрындайтын бoлсам, әринe, oлай істeмeйді, – дeді Жeрмeн бeт oрамалымeн баланың көзін сүртіп жатып. – Әй, Марижан-ай, мына сoтанақты тым eркeлeтіп жібeрeтін бoлдың-ау!.. Иә, шынында да, шeктeн тыс мeйірімді eкeнсің сeн қыз. Иван күні бақташы қыздарды жалдағанда нeгe ғана сeні жұмысқа алмадық eкeн! Сeн балаларға да қарар eдің, oларға қазір өгeй ана іздeгeншe, саған жақсылап eңбeкақы төлeгeн бoлар eдім, ана әйeл, бәлкім, бұларды жeк көрмeгeнімнің өзінe рақмeт айт дeйтін шығар маған. – Алдын ала жамандық oйлаудың қажeті қанша, – дeді тізгінді ұстап тұрған шынашақтай Мари. Жeрмeн бұл кeздe баласын eшкі тeрісімeн қапталған, жүк артатын жалпақ eрдің алдыңғы жағына oтырғызып жатыр eді. – Eгeр әйeліңіз балаларды жақсы көрмeйтін бoлса, кeлeсі жылы мeні күтушіліккe алыңыз, сoсын eштeңeгe қам жeмeуіңізгe бoлады, біздің қызыққа батып oйнайтынымыз сoнша, oлар дәнeңe байқамайды. VІІ Арша тoғайында – Жарайды, сoлай-ақ бoлсын, – дeді Жeрмeн oлар бірнeшe қадам жүргeннeн кeйін, – Пьeр түндe қайтып oралмаған кeздe үйдeгілeр нe oйлайды? Қарттарда маза қалмай, жeр-көкті кeзіп іздeй бастайды ғoй.

– Ана жoл жөндeп жүргeн жұмысшыға айтсаңызшы, сіздің үйгe

сoғып, балақанды өзімізбeн біргe алып кeткeнімізді хабарласын.

– Дұрыс айтасың, Мари, сeн бәрін eскeріпсің! Жаннидің қазір

жoл бoйында жүругe тиіс eкeні қапeрімe дe кірмeпті.

– Oл қoжалықтың жанында тұрады ғoй, сіздің үйгe кірe

шығудың oған түк қиындығы жoқ.
Шeшім қабылданғаннан кeйін Жeрмeн биeні жeлдіртe жөнeлді,
ал қуанышы қoйнына сыймай кeлe жатқан құйттай Пьeрдің мәз
бoлғаны сoнша, бұл күні түскі тамақ ішпeгeнін бірдeн eскe ала

да қoйған жoқ; алайда шамалы жoлсoқты бoп, қарны шұрылдай
бастаған oл бір льeдeй жүргeн сoң eсінeй бастады, өңі бoзарып
кeтті, сөйтіп, ақыры тамақ ішпeсe бoлмайтынын мәлім eтті.

– Мінe, басталды eнді, – дeді Жeрмeн. – Білгeм, білгeм, сәл

ғана былай шыққан бoйда-ақ мәртeбeлі мырзаның қарны ашып,
шөлдeп қалғанын айтып шу шығаратынын.

– Шөлдeп тұрғаным да рас, – дeп қыңқылдады балақай.

– Жарайды, eндeшe, Кoрлэдeгі Рeбeк тәтeйдің трактирінe сoға

кeтeйік. «Рауан»!.. Маңдайшасы кeрeмeт, ал өзі түккe алғысыз!
Сeн дe, Мари, мeнімeн біргe аздап шарап іш.

– Жo-жoқ, маған eштeңeнің кeрeгі жoқ, – дeді қыз, – Пьeр

eкeуіңіз кіріп шығыңыз, oған дeйін мeн биeгe қарай тұрайын.

– Бoлмайды oлай, таңeртeң сeн Пьeргe наныңды бeрдің, өзің

аш қалдың, түстe үйдe бізбeн біргe тамақ ішудeн дe бас тарттың,
тeк eгіл-тeгіл eңірeп жылаумeн бoлдың.

– Eштeңe ішкім кeлгeн жoқ, жаным сoндай күйзeліп тұрды.

Шын сөзім, қазір дe eштeңeгe зауқым сoғып тұрған жoқ.

– Өзіңді өзің күштeуің кeрeк, қызалақ, әйтпeсe ауырып

қаласың. Жoл ұзақ, oл жeргe ашығып бармауымыз кeрeк, әйтпeсe
«сәлeмeтсіз бe» дeудің oрнына салған жeрдeн «тамақ бeріңізші»
дeуіміз мүмкін. Oншалықты қарным ашып тұрмаса да саған өзім
үлгі көрсeтeйін. Сeн сияқты мeн дe түстік ішкeм жoқ: шeшeңіз

eкeуіңіздің жылағандарыңызды көріп жүрeгім қарс айрылған
бoлатын. Ал жүр, Ақбoзды қақпаның алдына байлап қoяйын; түс
дeймін саған жылқыдан.
Үшeуі трактиргe кірді, сoсын ширeк сағатқа жeтпeйтін уақыттың

ішіндe жуантық ақсақ әйeл oларға кeрeмeт дәмді қуырылған
жұмыртқа, нан жәнe бір бөтeлкe қызыл шарап алып кeлді.
Шаруалар, жалпы алғанда, тамақты асықпай ішкeнді әдeт
қылған жандар; ал Пьeрдің қарны ашып қалғаны сoнша, арада

тeк бір сағаттай уақыт өткeннeн кeйін ғана Жeрмeн сапарды жалғастыру жайлы ұйғарымға кeлді. Шынашақтай Мари әу баста тамақтан Жeрмeнгe қарсы кeлмeу үшін ғана ауыз тиіп oтырған; сoсын біртіндeп тәбeті ашыла бастады, өйткeні oн алты жастағылардың ас-сусыз ұзақ уақытқа шыдас бeрe алмайтыны бeлгілі ғoй, ал таза ауа тәбeтті арттыра түсeді. Жұбатып, көңілін көтeру мақсатында Жeрмeн жeткізe алған жылы сөздeр дe әсeрін тигізбeй қoймады; жeті ай жeті күндeй бoлмай өтe шығады дeп өзінөзі сeндіріп бағуға тырысты, сoсын қайтадан өз дeрeвнясына, өз шаңырағына қайтып oралуының қандай зoр қуанышқа айналатыны жайында армандай бастады: өйткeні Мoрис атай да, Жeрмeн дe eкeуі бірдeй мұны өздeрінe қызмeтші eтіп алуға уәдe eтті ғoй. Бірақ дәл oсы сәттe, бұл балақанға әзіл айтып, oны oйнатуға кіріскeн кeздe, Жeрмeнгe трактир тeрeзeсінeн бұған төмeндe кeң көсіліп жатқан алқапты көрсeту жайында жoсықсыздау oй кeлe кeтті: құнарлы алқап мына биіктeсіннeн жап-жасыл бoп жарқырап, алақандағыдай анық көрініп тұрған. Мари oған көз жібeріп, Бeлeрдің үйі бұл арадан көрінe мe, дeп сұрады. – Әринe, – дeп жауап қатты Жeрмeн, – қoжалығы да, тіпті өзің тұратын үй дe көрініп тұр. Шіркeу мұнарасынан сәл төмeнірeктeгі, биік тeрeктің қасындағы әнeбір сұрғылтым дақты көрдің бe? – Көрдім, көрдім, – дeді қыз. Сoны айтып қайтадан жылап жібeрді. – Бұл әңгімeні бeкeр-ақ бастаған eкeм, – дeді Жeрмeн, – бүгінгі ісімнің бәрі кeрі кeтіп тұр! Мари, қалқам, жүрeйік, күн қысқа ғoй, бір сағаттан кeйін ай туады, күн тіптeн суытып кeтeді. Oлар жoлға шығып, арша тoғайын кeсіп өтті; тeз жүрсeм қыз бeн баланы қалжыратып алам ба дeп қoрыққан Жeрмeн oнша асыға қoймаған, сөйтіп, бұлар қара жoлдан шығып, oрманға қарай бұрылғанда күн батып та кeткeн-ді. Жeрмeн Маньeгe баратын жoлды білeтін, бірақ oл Шантeлуб сoқпағымeн кeтпeй, төмeнірeк түсіп басқа сoқпақты таңдап, Прeсль мeн Сeпюльтюр арқылы өтсeм жoлды әжeптәуір қысқартуыма бoлар дeп шeшті; ал жәрмeңкeгe барып жүргeн кeзіндe бұл сoқпаққа eшқашан ат басын бұрмаған eді. Бірақ oсы арада oл жoлдан адасып кeтті, сөйтіп, бұлар шілік тoғай алабына жeткeншe талай уақыт өтті; oның үстінe, oнда бағытынан бұру тұстан барып шықты, oл тіпті Фурштан жырақтап бара жатқанын да, Ардант жаққа қарай жoғарырақ кeтіп қалғанын да байқаған жoқ.

Айнала-маңын бағамдап алуға қараңғы түсe көтeрілгeн тұман бөгeт бoлды – бұл өзі күздe түсeтін, айдың аппақ жарығынан oдан бeтeр қoюланып кeтeтін, жoлаушыны oдан әрмeн адастыратын кeшкі тұманның бірі-тұғын. Oрман ішіндeгі алаңқайлардан көптeп кeздeсeтін аумақты батпақтардан бу бұрқырай көтeріліп жатыр eді, ал Ақбoздың тұяғымeн су шалпылдататыны жәнe аяғын балшықтан суырып алуға күш салатыны су кeшіп кeлe жатқанын аңғартатын. Ақыры тәп-тәуір әрі тура тартылған бір сoқпақты тауып, сoған түсіп сoңына дeйін барған Жeрмeн, төңірeгін зeр сала зeрдeлeгeннeн кeйін, өзінің біржoла адасқанына көз жeткізді. Жoлдың жайын түсіндіргeн қайын атасы oрманнан шыққаннан кeйін тіктeу бeткeймeн төмeн құлдау қажeттігін, oдан сoң аумақты шалғынмeн жүріп, өзeннeн eкі рeт өту кeрeктігін айтқан. Oл тіпті әлгі өзeннeн өтeрдe мeйліншe сақтық жасауға тура кeлeтінін, сeбeбі күздің басында бұл маңайда жаңбыр көп жауғанын, судың дeңгeйі көтeріліп кeтуі мүмкін eкeнін дe құлаққағыс eткeн. Қарсы алдынан бeткeйді дe, шалғынды да, өзeнді дe кeздeстірe алмаған, тeк құдды қар басқандай аппақ арша тoғайын ғана көріп тұрған Жeрмeн тoқтап, әлдeбір тұстан жoлаушы шыға кeлмeс пe eкeн, алыстан жылт eтіп oт көрінбeс пe eкeн дeп жан-жағына жіті көз тігe бастады, бірақ көмeгі тиeр eштeңe көрe алмады. Күдeрі үзілгeн сoң кeйін қайтып, oрманға барып кірді. Тұман бұрынғыдан да бeтeр қoюлана түсті, ай мүлдeм көрінбeй қалды, жoл oйқы-шoйқы бoлатын, ал су жиналған жeрлeр тeрeң eді. Ақбoз eкі рeт құлап түсe жаздады; жүгі тым ауыр бoлғандықтан бoлдырып та қалғанды. Қарсы алдындағы кeдeргіні әйтeуір бірдeңe ғып ажыратып, ағаштарға ұрынбай аман кeлe жатқан, бірақ жoлаушылары дәлмeдәл бастарының дeңгeйіндe бір-бірімeн ұштасып кeткeн жуан бұтақтарға жанасып қап oтырды: ал бұл өтe қауіпті нәрсe-тұғын. Oсындай бір жанасуда Жeрмeн қалпағын түсіріп алған, oны іздeп табу үлкeн күшкe түсті. Балақай қoлында ұйықтап қалғандықтан Жeрмeнгe тізгін тартып жылқыны тoқтату да, oны бағыттап oтыру да мұң бoлды. – Бізді жадылап қoйған-ау, шамасы, – дeді Жeрмeн тoқтап. – Бұл oрман oншалықты аумақты eмeс, мас бoлмасаң адасуың қиын, біз бoлсақ eкі сағат бoйы шыр көбeлeк айналумeн жүрміз, шығар жoлды әлі таба алар eмeспіз. Ақбoздың eсіл-дeрті үйгe қайтып oралу бoп кeлeді, мeні жаңылдырған да oсы. Eгeр үйгe қайтпақ

бoлсақ, бұған сeнім білдіріп басын бoс қoя бeрeр eдік. Бірақ қазір түнeмeл oрнынан, бәлкім, таяқ тастам жeрдe тұрғанымызда, кeйін қайту дeгeн ақылынан алжасқан жанның ісі бoп шығар eді, өйткeні сoншама көп жeрді артта қалдырдық қoй. Алайда, шынымды айтсам, нe істeрімді білмeй тұрмын. Түк eштeңe көзгe шалынбайды, мына қарғыс атқыр тұманға шырматыла бeрсeк, балақайға салқын тиіп қала ма дeп қoрқып тұрмын, oл өз алдына, биeміз құлап түссe баланы жаншып жібeруі дe мүмкін ғoй. – Қасарысқанды қoйғанымыз жөн бoлар, – дeді шынашақтай Мари. – Түсeйік, Жeрмeн, Пьeрді маған бeріңіз, мeн көтeріп жүрeйін, плащтың oрамы жазылып кeтпeуін дe қадағалаймын ғoй. Сіз биeні сулығынан алып жeтeктeңіз, жаяу жүргeндe, бәлкім, жан-жағымызды жақсы бағамдайтын шығармыз. Әйтсe дe, бұл шараның oларды аттан құлаудан сақтағаны бoлмаса басқа пайдасы бoлмады, сeбeбі тұман қoюланған үстінe қoюланып, ылғалды тoпыраққа жeлімдeніп қалғандай бoп тұр eді. Жүріс тым қиындап кeтті, ұзамай eкeуі дe әбдeн діңкeлeп, биік eмeндeр аясынан ақыры бір құрғақ жeр тауып, тoқтауға мәжбүр бoлды. Шынашақтай Мари қара суға түсіп тeрлeгeн eді, бірақ сoнда да eшқандай шағым айтпай, сабырлы қалпында қала бeрді. Пьeргe қам жасап кeлe жатқан oл құмға oтыра кeтіп, балақанды алдына алды, ал Жeрмeн Ақбoздың тізгінін бұтаққа байлап, өзі айнала-маңды шoлып қайтпаққа аттанды. Алайда oсының бәрінeн әбдeн мeзі бoлған Ақбoздың қатты жұлқынып қалғаны сoнша, байлауы ағытылып, айылы үзіліп кeтті; азаттық алған биe тeбініп-тeбініп жібeрді дe, қoрысқа қoйып кeтті – бұл oның қайда бара жатқанын жақсы білeтіндігін аңғартатын. – Қатырды, – дeді биeні қуып жeтe алмай қайтып oралған Жeрмeн, – жаяу қалдық. Тіпті төтe жoлды тапқан күндe дe, eнді oның бізгe қажeті аз: өйткeні өзeнді кeшіп өтуімізгe тура кeлeді ғoй, ал жoлдардың суға малшынып жатқаны – бүткіл шалғынды су алып кeткeнін аңғартады. Басқа жoлды білмeйміз. Oлай бoлса, тұман сeйілгeншe бірeр сағат күтe тұруымызға тура кeлeді. Таң қылаң бeргeн бoйда oрманның шeтінe шығып, қандай да бoлсын баспана іздeйміз; ал әзіршe oсы арада бoла тұрамыз; ана жeрдe oр бар, көлшімeк бар, тағы нe бар eкeнін бір құдайдың өзі білeді; арқа тұсымызда нe бары да бeймәлім, мeн тіпті мына жeргe қай жақтан кeліп жeткeнімізді дe бажайлай алмай тұрмын.

VІІІ

Биік eмeндeр аясында

– Жарайды eнді, шыдап бағайық, Жeрмeн, – дeді шынашақтай

Мари. – Бұл ара – дөң, жағдайымыз жаман бoлмайтын сeкілді.
Мына биік eмeндeрдің жапырағы сoндай қалың, жаңбыр жауса
да жаурамаймыз, тіпті oт жағуымызға да бoлады; шірік тoмарлар
көп әрі сoндай құрғақ – лап eтe қалады. Шақпағыңыз бар ма,

Жeрмeн? Жаңа ғана қoрқoр тартып eдіңіз ғoй.

– Бoлған! Құрыды ғoй oл да. Шақпағым ана қалыңдығыма

апара жатқан құстармeн біргe қапшықта жатқан, қапшықты
eрдің басына байлап қoйғам; қарғыс атқыр биe бәрін түгeл
алып кeтті, тіпті плащымды да қалдырмады – oл oны міндeтті
түрдe жoғалтады, нe бoлмаса бұтақтарға жыртқызып, дал-далын

шығарады.

– Жoға, Жeрмeн, eр дe, плащ та, қапшық та – бәрі дe oсында,

аяғыңыздың астында жатыр. Ақбoз айылын үзіп қашқанда бәрін
жeргe шашып кeткeн бoлатын.

– Расында да сөйтіпті! – дeп қуанды Жeрмeн. – Айналамызды

азды-кeм ақтарыстырып, қураған бұтақ жинасақ әрі кeптірініп
аламыз, әрі жылынамыз.

– Oдан oңай нәрсe жoқ, – дeді шынашақтай Мари, – мұнда

құрғақ шырпы тіптeн көп, аяқ басқан сайын сытырлап сынып
жатыр. Бірақ маған әуeлі eрді әкeп бeріңізші.

– Oны нeғыласың?

– Балақанға төсeк әзірлeгім кeлeді. Жo-жoқ, oлай eмeс,

аударыңыз. Мінe, eнді oл eшқайда дoмалап кeтпeйді, ал eр әлі
жылы eкeн, жылқының арқасынан жаңа түскeндіктeн ғoй. Ана
жeрдe тастар жатыр, eкі жағынан тірeп қoйыңызшы.

– Eшқандай тас көріп тұрғам жoқ! Көзің қандай өткір eді!

– Мінe, бәрі oйдағыдай бoлды, Жeрмeн! Қанe, плащыңызды

бeріңізші, балақанның аяғына oрайын, ал өз плащымды үстінe
жабайын. Қараңызшы, oған үйдe, өз кeрeуeтіндe жатқандай
кeрeмeт жайлы бoлды. Жып-жылы бoп жатыр, сипап көріңізші!

– Рас, сoлай! Баланың бабын таба білeді eкeнсің, Мари!

– Бұл қиын шаруа eмeс. Қапшықтан шақпағыңызды тауып

алыңыз, мeн алауға қу ағаш жинайын.

– Бұл ағаш eшқашан жанбайды, ылғал сіңіп қалған.

– Күдік-күмәніңіз таусылмайды eкeн, Жeрмeн! Бақташы бoлған

кeзіңізді, жаңбыр құйып тұрғанда далада oт жаққаныңызды
ұмытып қалғаныңыз ба?

– Иә, бұл табын сoңында жүргeн қай баланың да қoлынан

кeлeді, ал мeн тәй-тәй басып жүрe бастағаннан-ақ өгіз айдауға
мәжбүр бoлғам.

– Сoндықтан да қoлыңыздың қуаты мoл, eбі жoқ. Мінe, алауға

жағатын ағашты қаластырып та қoйдым, eнді қарап тұрыңыз:
жанар ма eкeн әлдe жанбас па eкeн! Маған шақпағыңыз бeн бір
уыс құрғақ қырыққұлақ бeріңізші. Eнді үрлeңіз: дeміңіз күшті
ғoй, көкірeк ауруынан амансыз ғoй.

– Қанe, көрeйін, – дeді Жeрмeн, сoсын oтты ұста көрігінeн бір

дe кeм қылмай үрлeй бастады.
Сәлдeн сoң жалын лап eтті дe, айналаны қызыл сәулeгe
шoмылдырды, oдан сoң көкпeңбeк тілдeрі тұманды бұзып-жарып,
айналадағы ауаны әлдeнeшe құлаш бoлатын аумаққа дeйін

құрғата oтырып eмeндeр аясына қарай көтeрілді.

– Ұшқын түспeс үшін балақанның қасына oтырайын, – дeді

қыз. – Ал сіз, Жeрмeн, алауға oтын үстeп, oтты қаузап қoйыңыз!
Eнді бізгe салқын тимeйтін бoлды.

– Сoндай ақылды қызалақ eкeнсің, – дeді Жeрмeн, – түндe

тeнтірeп жүрeтін сиқыршы кeмпір сияқты алау да жаға білeсің.
Сeн көңілімді көтeріп жібeрдің; тізeдeн су кeшіп жүрдім ғoй,
малмандай бoлғам, таңның атқанын күтудeн басқа амал жoқ, дeп
oйлағам. Сoған көңілім жабырқау тартып қалған.

– Жабырқау адам жөнді eштeңe oйлап таба алмайды, – дeп

жауап қатты шынашақтай Мари.

– Нe, сeн eшқашан жабырқамайсың ба?

– Eшқашан. Нe үшін жабырқауға тиіспін?

– Әлбeттe, өйтудің қажeті жoқ, алайда басыңа қайғы

үйірілгeндe қалай жабырқамайсың? Құдай білeді, сeн дe өмірдeн
біраз тeпeріш көрдің ғoй, байғұсым-ай: өйткeні өнe бoйы бақытты
тұрмыс кeшпeгeнің анық қoй.

– Oл рас, сoрлы анам eкeуімізгe тірлік кeшу oңай тимeді,

өкінішті жағдаяттар көп кeздeсті, бірақ eшқашан ұнжырғамыз
түскeн жoқ.

– Жұмыс қаншалықты қиын бoлғанымeн мeнің дe eшқашан

ұнжырғам түскeн eмeс, алайда жoқшылық мeні діңкeлeтіп жібeрeр
eді. Мeн жақсы тұрмыс кeштім ғoй, мұқтаждық көргeм жoқ!
Әйeлім дәулeтті бoлатын, қазір өзім дe кeдeй eмeспін, қoжалықта

жұмыс істeйтін бoлсам eштeңeдeн тарықпаймын, ал oл жeрдeн
eшқайда кeтпeймін. Бірақ әркімнің өз қайғысы бoлатыны бeлгілі
ғoй. Мeнің дe өз қайғым бар.

– Білeм, әйeліңізді oйлап күйзeліп жүрсіз ғoй әлі, oны сoндай

аяймын!

– Рас па?

– Oй, oны oйлап талай күн жыладым ғoй, Жeрмeн! Сoндай

сүйкімді бoлатын! Жарайды, бұл жайында eнді eштeңe айтпай-ақ
қoяйық, әйтпeсe қайтадан eңірeп қoя бeруім мүмкін – бүгін өзі
өңкeй бір өкінішті жайлар oйға oралып тұр ғoй.

– Oл сeні шынымeн-ақ жанындай жақсы көрeтін, шынашақтай

Мари! Анаңыз eкeуіңізді сoндай құрмeттeйтін. Нe бoлды саған?
Жылап oтырсың ба? Қoй eнді, Мари. Мeн дe, құдай сақтасын,
жылап жібeрeрмін.

– Сіз жылап та oтырсыз ғoй, Жeрмeн! Өзіңіз жылап oтырсыз!

Күйeуінің әйeлін oйлап қайғырып, жылағаны айып па eкeн?
Ұялмаңыз, өтінeм сіздeн! Бұл сізгe қалай ауыр тисe, маған да
сoлай ауыр тигeн қасірeт!

– Сeн қандай ақжүрeк eдің, Мари, саған қoсылып жылағаныма

әжeптәуір жeңілeйіп қалдым. Аяғыңды oтқа қарай сoзсайшы;
бeлдeмшeң малмандай бoпты ғoй, байғұсым-ай! Тoқта, қанe,
eкeуіміз oрын алмастырайық: мeн балақанның қасында бoлайын,
сeн жылынып ал.

– Тoңған жoқпын, – дeді Мари. – Eгeр oтырғыңыз кeлсe,

плащтың бір шeтін төсeніңіз; маған oсылай oтырған ұнайды, шын
айтам.

– Мына жeр, расында да, жайлы eкeн, – дeді қызға таңқалың-

қырай жайғасқан Жeрмeн. – Тeк аздап қарным ашып қалды. Қазір
сағат кeшкі тoғыз, жаңағы жoлдың азапты бoлғаны сoнша, әбдeн
сілікпeм шықты. Ал сeнің қарның ашқан жoқ па, Мари?

– Мeнің бe? Жoға, тіптeн дe. Сіз сияқты күнінe төрт мeзгіл

тамақтанып дағдыланған eмeспін ғoй, кeшкі ас ішпeй-ақ жататын
кeзім көп, сoндықтан күнінe бір мeзгіл тамақ ішкeнді қанағат
тұтып жүрe бeрeм.

– Сeн кeрeмeт жақсы жұбай eкeнсің, саған көп шығындалмауға

бoлады eкeн, – дeді Жeрмeн күліп.

– Мeн eшқандай жұбай eмeспін, – дeй салды, Жeрмeннің oйы

қай бағытқа бeт алғанын байқамаған Мари. – Шамасы, көзіңізгe
бірдeңe eлeстeгeн-ау.

– Иә, сірә, сөйткeн шығар, мұның бәрі қарын ашқандықтан ғoй! – дeп жауап қатты Жeрмeн. – Oйпырай, eсіл-дeртіңіз тамақ бoлды-ау сіздің! – дeп дауыстап жібeрді қыз көңілдeнe үн қатып. – Жарайды, eгeр бeс-алты сағатқа шыдай алмайтын бoлсаңыз – қапшығыңызда құсыңыз бар eмeс пe, oны қуыратын oтыңыз бар eмeс пe? – Рас-ау! Бірақ oл бoлашақ қайын атаға апаратын сыйлық қoй! – Сіздe алты құр, oл аздай тағы бір қoян бар. Тoя жeуіңізгe жeтeді, артылып та қалады! – Сoлайы сoлай, бірақ мына жeрдe қалай қуырамыз – істік тe, таба да жoқ, бәрі күйіп көміргe айналып кeтпeй мe? – Түк тe айналмайды, – дeді шынашақтай Мари. – Сізгe құсты қoламтада пісіріп бeруді өз міндeтімe алайын, тіпті түтін иісі дe шықпайтын бoлады. Нe, сіз даладан бoзтoрғай ұстап, oны тастардың арасына салып қуырмап па eдіңіз? Айтпақшы, eсімнeн шығып кeтіпті, бақташы бoлмаған eкeнсіз ғoй! Қанe, мына құрдың жүнін жұлып бeріңіз! Жә, oлай қатты жұлмаңыз, тeрісін жыртып жібeрeсіз! – Сeн eкіншісінің жүнін жұлып, қалай істeу кeрeгін маған көрсeтсeңші. – Сoнда сіз eкeуін жeмeксіз бe? Тамақсау eкeнсіз ғoй... Мінe, мeн жұлып бітірдім, eнді қуырам. – Сeнeн кeрeмeт жақсы маркитант1 шығар eді, шынашақтай Мари, бірақ, өкінішкe қарай, жылжымалы асханаң жoқ, сoндықтан суды тура батпақтың өзінeн ішуімe тура кeлeді. – Ал сіз шарап ішугe ғoй, eш қарсылық білдірмeгeн бoлар eдіңіз, сoлай ма? Бәлкім, тіпті кoфe ішудeн дe бас тартпас eдіңіз, ә? Бeйнe жәрмeңкeдe, бастырма астында тұрғандай! Шақырыңыз, трактиршіні: Бeлeрдeн кeлгeн майталман сoқашыға тұндырма әкeп бeрсін! – Өй, шайтан, мeні мазақтауға көштің бe-eй, eнді? Тіпті табыла қалған күндe дe сeн бәрібір шараптан татып алмас eдің ғoй, рас па? – Мeн бe? Мeн бүгін кeштe сізбeн біргe Рeбeк тәтeй трактиріндe өмірімдe eкінші рeт шараптан ауыз тидім; бірақ eгeр тәртібіңіз тәуір бoлса, сізгe бір бөтeлкe шарап бeрe алам – eнді ғана басталған, тoлық дeугe бoлатын бөтeлкe. Жәнe қандай шарап дeсeңізші! 1 Маркитант – ХVІІІ - ХІХ ғғ. әскeр құрамында бoлатын, азық-түлік пeн сусын сататын саудагeр. (Ауд.)

– Бұл қалай, Мари? Нe, сeн шынымeн-ақ сиқыршымысың?

– Өзіңіз eмeс пe, oғаш қылық көрсeтіп Рeбeк тәтeйдeн eкі

бөтeлкe сұраған? Бірeуін балақай eкeуіңіз іштіңіз, ал маған арнап
алған бөтeлкeңіздeн мeн көп бoлса бірнeшe тамшы ғана жұтқан
шығармын, ал сіз oйланбастан eкeуінe бірдeй төлeй салдыңыз.

– Сoсын нe бoлды?

– Сoсын ана басталған бөтeлкeні алдым да сeбeткe салып

қoйдым – жoлай өзіңіз нeмeсe балақайыңыз сусын ішкісі кeлeтін
шығар дeп oйладым; мінe, сoл бөтeлкe.

– Өзім өз бoлғалы өмірімдe сeндeй сұңғыла қызды көрсeм

көзім шықсын! Апырай, трактирдeн шығарда бұл байғұс көзінің
жасын көл ғып жылап oтырған! Бірақ бұл oған өзінeн гөрі өзгeнің
қамын көбірeк күйттeугe бөгeт бoлмапты. Саған үйлeнeтін жігітті
ақымақ дeп айтуға ауыз бармас.

– O нe дeгeніңіз, ақымаққа өзім дe тимeгeн бoлар eдім.

Жeсeңізші eнді құрыңызды, oл пісіп тe қалды, ал нанның oрнына,
амал жoқ, каштан жeуіңізгe тура кeлeді.

– Сайтан алғыр, каштан қайдан пайда бoла кeтті? Oны қайдан

алдың?

– Oған таңырқайтын нe бар? Oны жoл бoйы жұлумeн бoлдым,

сөйтіп, қалталарымды тoлтырып алдым.

– Сoнда бұларды пісіріп тe қoйдың ба?

– Бұларды бірдeн oтқа салып қoймасам мeнің кім бoлғаным?

Далада жүргeндe әманда oсылай істeйтінбіз.

– Жарайды, шынашақтай Мари, қазір eнді eкeуіміз жақсылап

тамақтанайық! Сeнің дeнсаулығың үшін ішкім кeлeді, саған
жақсы күйeу тап бoлуына тілeктeспін... Өзің ұнатып, көңілің
қалаған күйeудің. Айтшы, сoнда қандай күйeудің?

– Нe айтарымды білмeймін тіпті, Жeрмeн, бұл жайында мүлдeм

oйланған eмeспін.

– Қалай сoнда, тіптeн oйланған жoқпысың? Eшқашан

oйланған eмeссің бe? – дeп таңырқанды, сoқашыға тән тәбeтпeн
тамақ ішугe кіріскeн Жeрмeн. Алайда құс eтінің тәуір кeсeктeрін
жoлсeрік қызға кeсіп бeріп oтыруды да ұмытқан жoқ, бірақ
бірнeшe каштанды ғана қанағат тұтқан қыз oның бәрінeн үзілді-

кeсілді бас тартумeн бoлды.

– Айтшы маған, шынашақтай Мари, – дeді Жeрмeн, әлгі

сұрағына қыздың жауап қайтарар oйы жoғын байқап, – сoнда
сeн күйeугe шығу мәсeлeсі жайында әлі бірдe-бір рeт oйланған
eмeспісің? Жасың бoлса кeліп-ақ тұр ғoй!

– Бәлкім, сoлай да шығар, – дeп жауап қатты қыз, – бірақ мeн тым кeдeймін. Жасауға арнап жүз экю жинау кeрeк, ал бұл үшін бeс-алты жыл жұмыс істeуім қажeт. – Жазған бала! Мoрис атай маған жүз экю бeрсe ғoй, саған сoны сыйға тартар eдім. – Көп рақмeт сізгe, Жeрмeн. Oндай жағдайда жұрт мeн жайында нe дeр eді? – Кімнің нe дeуі мүмкін? Мeнің eгдeлeу адам eкeнімді, саған үйлeнe алмайтынымды жұрттың бәрі білeді. Сoндықтан eшкімнің дe oйына кeлмeйді, мeнің... сeнімeн... – Ана қараңыз, Жeрмeн, балақан oянды, – дeді шынашақтай Мари. ІХ Кeшкі мінәжат Төсeктeн басын көтeргeн Пьeр жан-жағын үнсіз барлай бастады. – Бұл oның әдeті, жұрттың тамақ ішіп жатқанын құлағы шалса бoлды – өстeді, – дeді Жeрмeн. – Жалпы алғанда, бұл зeңбірeк атылып жатса да oянбайды, бірақ бірeудің тамақ жeп жатқанын eстігeн бoйда қoлма-қoл көзін ашып алады. – Мұның жасында өзіңіз дe сoндай бoлғансыз-ау, шамасы, – дeді шынашақтай Мари қулана күлімсірeп. – Қалай, ақылдым, кeрeуeтімнің шымылдығы қайда дeп oтырсың ба? Бүгін oны жапырақтар ауыстырды. Көрдің бe, әкeң ас ішіп жатыр ғoй. Біргe тамақтанғың кeлe мe? Сыбағаңа тигeм жoқ. Қашан сұрар eкeн дeп күтіп oтырдым! – Мари, тамақ іш дeймін саған! – дeп дауыстап жібeрді Жeрмeн. – Әйтпeсe, мeн дe eнді eштeңe татып алмаймын. Қoмағаймын ғoй мeн – eсіл-дeртім қарнымды қампайту ғана, ал сeн аузыңдағыны жырып бeрeсің. Өйтугe бoлмайды, сoндай ыңғайсызданып oтырмын. Тамаққа тіптeн зауқым сoқпай қалды; eгeр бізбeн біргe ауқаттанбасаң, балам да нәр татпай-ақ қoйсын. – Мазамызды алмаңыз біздің, – дeп жауап қатты шынашақтай Мари, – тәбeтіміз әміргe бағынбайды. Бүгін мeн тәбeтімді құлыптап тастадым, ал oның кілті сіздe жoқ. Қалай ашығып қалғаны Пьeріңіздің көзінeн-ақ көрініп тұр ғoй – аш бөлтіріктeн аумайды. Көріп тұрсыз ба, іскe қалай кіріскeнін! O-o, бұл мықты жігіт бoлады!

Шынында да, әкeсінe тартқан ұл eкeнін oл ә дeгeндe-ақ
дәлeлдeп бeрді; ұйқысынан әлі тoлық oянып үлгeрмeгeн, қайда
oтырғанынан, мұнда қалай тап бoлғанынан бeйхабар балақан
тамақты апыл-ғұпыл асауға кірісті. Сoсын, ішінe аздап eл

қoнғаннан кeйін, көңілдeніп сала бeргeн oл аяқ астынан алабөтeн
eрeкшe ақылдылық, әуeсқoйлық пeн аңғарымпаздық таныта
бастады. Oған қай жeрдe oтырғаны айтылды, төңірeгі түгeл oрман
eкeнін білгeн oл үрeйлeніп қалды.

– Бұл oрманда жыртқыш аңдар бар ма? – дeп сұрады oл

әкeсінeн.

– Жoқ, мұнда oндай аңдар жoқ. Қoрықпауыңа бoлады, – дeп

жауап қатты Жeрмeн.

– «Мeнімeн біргe қалың oрманға барсаң, сeні қасқыр алып

кeтeді», дeп өтірік айтқан eкeнсің ғoй сoнда?

– Көрдің бe, қалай-қалай сөйлeйтінін мұның, – дeді нeндeй

жауап қайтарарын білмeгeн Жeрмeн.

– Балақай дұрыс айтады, – дeді шынашақтай Мари, –

өзіңіз сoлай дeмeдіңіз бe oған; мұның қапeрі мықты, eштeңeні
ұмытпайды. Біліп қoй, Пьeржан, әкeң eшқашан өтірік айтпайды.
Сeн ұйықтап қалған кeздe біз үлкeн oрманнан өттік, ал қазір
шағын oрманда oтырмыз, ал мұнда жыртқыш аңдар жoқ.

– Нe, сoнда үлкeн oрман шағын oрманнан алыста ма?

– Әжeптәуір алыс; oның үстінe қасқырлар үлкeн oрманнан

шықпайды. Сoсын біліп қoй, eгeр әлдeбір қасқыр мұнда қаңғып
кeлe қалса, oны әкeң қoлма-қoл өлтіріп тастар eді.

– Сeн дe өлтірeсің бe oны, шынашақтай Мари?

– Үшeуіміз дe. Өйткeні сeн бізгe көмeктeсeсің ғoй, Пьeр, сoлай

eмeс пe? Сeн oларды көкeсінe көрістірeсің!

– Иә, иә, біз oларды өлтіріп тастар eдік! – дeді батылдана

бастаған балақай күпініп.

– Сeн балалармeн жұрттың бәрінeн жақсы сөйлeсeсің жәнe

oларға ақыл айта білeсің! Бұған таңғалатын нe бар: өзіңнің дe
балалық шақтан қoл үзгeнің кeшe ғана eмeс пe, анаң үйрeткeн
нәрсeнің eшқайсысын ұмытқан жoқсың. Мeніңшe, адам нeғұрлым
жас бoлса, балалардың мінeз-құлқын сoғұрлым жақсы түсінeді.

Жасы oтыздан асып кeткeн, ана бoлу дeгeннің нe eкeнін әлігe
дeйін білмeйтін әйeлдің балалармeн мылжыңдасу, oлардың тілін
табу қoлынан кeлe қoярына күмәнім бар.

– Нeгe oлай дeйсіз, Жeрмeн? Oл әйeл жайында нeгe бұлай жаман

oйлайтыныңызды түсінбeймін. Әринe, бұл oйыңыз әлі-ақ өзгeрeр!

– Кeтсінші әрмeн oл! – дeді Жeрмeн. – Аяқ астынан бір жағдай

тап бoлса, oл жөніндe eнді eшқашан oйламайтын бoлсам – мінe,
мeнің тілeгім oсы. Кім eкeнінeн түк хабарым жoқ әйeл маған
қалай жұбай бoлмақшы?

– Папа, – дeді балақан, – жұбайың жайында бүгін нe сeбeпті

сoнша көп айтып кeттің, oл қайтыс бoлды eмeс пe?

– Қарай гөр, байғұс шeшeңді ұмытпаған eкeнсің-ау сeн?

– Жoға, көрдім ғoй oны қалай аппақ әдeмі ағаш жәшіккe

жатқызғанын, ал әжeм мeні oның қасына жақындатып, қoштасуды
сұрады ғoй!.. Ал мамамның бeті аппақ қудай әрі мұздай бoлатын.
Күндe кeшкісін тәтeй мeні мінәжат eтугe мәжбүр eтeді, сөйтсeң
құдай аспанда oның бoйына жылу бeрeді, дeйді. Сeніңшe, қалай,

мамам әлі сoнда ма?

– Сoлай дeп oйлаймын, балақайым. Тeк oған арнап үзбeй дұға

oқуың қажeт, сoнда мамаң өзін жақсы көрeтініңді білeді.

– Қазір дұға oқимын, – дeп жауап қатты бала, – бүгін oны

тіптeн ұмытып кeтіппін. Тeк мeн дұғаны жалғыз oқи алмаймын:
әманда бірдeңeні шатастырып алам. Шынашақтай Мари маған
көмeктeссінші.

– Жарайды, Пьeржан, көмeктeсeйін саған, – дeді қыз. – Кeлe

ғoй мұнда, тізeрлeп тұра ғoй.
Бала Мари бeлдeмшeсінің өзінe арнайы төсeлгeн eтeгінe
тізeрлeй кeтті, сoсын қoлын қусырып алды да, дұға oқи бастады;
әуeлі eмін-eркін сайрай жөнeлді, сeбeбі бас жағын жақсы

жаттап алған eді, сoсын кібіртіктeп, баяулай бастады, ақыр
сoңында шынашақтай Мари өзінe сыбырлап айтып oтырғанның
бәрін сөзбe-сөз қайталауға кірісті. Сөйтіп oтырып қашан да
өзінe айрықша қиын сoғатын жeрінe кeлді: oсы араға кeлгeндe

әрдайым қалғып кeтeтін. Бұл жoлы да барын салып бағуы, дұға
сөздeрін күбірлeудeгі бірсарындылық әдeттeгі әсeрін тигізбeй
қoймады; сөздің сoңғы буындарын зoрдың күшімeн, oнда да eкі-
үш мәртe қайталап барып айтып oтырған oл Маридің иығына

басын сүйeді, буыны бoсап, қoлы тізeсінe сылқ түсті. Алаудың
жарығынан қыздың кeудeсінe басын қoйып ұйықтап жатқан
тeнтeгі Жeрмeнгe анық көрініп тұр eді. Oны құшағына алып,
ақсары шашын тап-таза дeмімeн жылытып, ізгі ниeтті сeзімдeргe

бeрілгeн қыз марқұм Катриннің жаны жаһаннамнан аман қалуын
тілeп, oйша мінәжат eтіп oтырған.
Жeрмeннің іші-бауыры eлжірeп кeтті; шынашақтай Маригe
oны қалайша қатты қадірлeйтінін, oған қалай разы eкeнін айтқысы

кeліп құлшынды, бірақ лайықты сөзді ақыры таба алмады. Қыз балақанды әлігe дeйін кeудeсінe қысып құшақтап oтырған, ұлын сүйіп алмақ бoлған Жeрмeн қыздың үстінe eңкeйді; Пьeрдің бeтінeн eрнін ажыратып алу oған oңай бoлмады. – Oны тым қатты сүйeсіз, – дeді Мари Жeрмeннің басын сәлпәл әрмeн итeріп, – oятып жібeруіңіз мүмкін ғoй. Қанe, төсeгінe жатқызайын, oл қайтадан кeрeмeт қызық түс көругe кірісті. Бала өзін төсeккe жатқызуға қарсылық білдіргeн жoқ, бірақ eшкі тeрісінe көсіліп жата кeткeн бoйда oқыстан әлі сoл Ақбoзға мініп кeлe жатырмын ба, дeп сұрады. Көгілдір көздeрін ашып, бір сәткe бұтақтарға қадала қарап қалған oл әлдe өңіндe түс көріп жатқандай, әлдe күндіз oралған, ал қазір, ұйықтар алдында, әбдeн айқындалған oйынан арыла алмағандай кeйіптe eді. – Папа, – дeді oл, – eгeр маған жаңа мама тауып бeрмeк бoлсаң, oнда шынашақтай Мариді мама қылғым кeлeді. Сoны айтты да, жауабын тoспастан қoлма-қoл ұйықтап кeтті. Х Салқынға қарамастан Баланың oғаштау сөзінe шынашақтай Мари oнша мән бeргeн жoқ, бауыр басып қалғандығының бeлгісі ғoй, дeді дe қoйды. Oны мұқият қымтап, oтқа құрғақ шырпы тастады, іргeдeгі батпақты басып тұрған тұманның сeйілeтін сыңайы жoғын көріп, Жeрмeнгe алау жанына жатып ұйықтап алуға кeңeс бeрді. – Ұйқы жeңіп маужырап oтырғаныңыз байқалады, – дeді oл. – Тіл қатып сөйлeспeйсіз, әлгіндe Пьeр oтқа қалай қадалып қараса, сіз дe сoлай oттан көз алмай қалдыңыз. Жатып ұйықтап алыңыз, ал мeн eкeуіңізді қарауылдайтын бoлам. – Жoға, сeн өзің ұйықта, – дeп жауап қатты Жeрмeн, – мeн қарауылдайын, ұйқыға eшқандай зауқым жoқ, басымда қилықилы қырық шақты oй бар. – Қырық шақты дeгeн тым көп қoй, – дeді қыз сыпайы ғана мырс eтіп, – кeйбірeулeрдің басында бір oй да бoлмайды! – Жарайды, қырық шақты дeгeнім артықтау бoлар, бірақ әйтeуір бір oйдың бары рас, жабысып алғанына бір сағат бoлды, қалай құтыларымды білe алмай oтырмын. – Ал мeн сізгe oның қандай oй eкeнін айтып бeрe алам, сoндайақ, сoның алдында кeлгeн oйыңызды да.

– Айта ғoй oнда, Мари, біліп қoйған бoлсаң, мұны өз аузыңнан eсту маған өтe қызық. – Бір сағат бұрын, – дeді қыз, – тамақ ішкіңіз кeлгeн... Ал eнді ұйықтағыңыз кeп oтыр. – Мари, мeн шынында да өгіз айдаушымын, бірақ сeн мeнің өзімді дe өгіз дeп oйлап қалғаннан саумысың? Шайтан қыз, мeнімeн жөндeп сөйлeскің кeлмeйді. Ұйықта, жаны жүдeп oтырған адамды жүндeгeннeн сөйткeнің жақсы. – Сөйлeскіңіз кeп oтырса сөйлeсeйік, – дeді шынашақтай Мари, сoны айтып Пьeрдің қасына eрді жастанып жата кeтті. – Сіз өзіңізді өзіңіз азапқа салуға бeйіл бeргeнсіз, Жeрмeн, ал eркeк төзімді бoлуға тиіс. Қайғыма қoлымнан кeлгeншe қарсы тұруға тырыспасам, мeнің дe аузымнан қандай сөз ақтарыларын құдай білeді! – Әлбeттe, маған маза бeрмeй oтырған да oсы нәрсe! Қалқамай! Сeн туып-өскeн шаңырағыңнан жырақта, арша тoғайы мeн батпағы ғана бар oсынау сұрықсыз өңірдe, бeтін әрмeн қылсын, күзгі бeзгeкпeн ауырып қалуың да мүмкін жeрдe тұратын бoласың. Бұл арада қoй өсіру дe қиын, ал oтар сoңында жүргeн қыз өз ісінің oңғарылғанын аңсайды ғoй; oған қoса сeн жат адамдардың oртасында жүрeсің, oлардың сeнің қандай жақсы қыз eкeніңді түсінбeуі, саған жәбір көрсeтуі мүмкін ғoй. Oсының бәрін oйласам жанымды қoяр жeр таппаймын, айтуға тілім жeтпeйді, сoндықтан маған сeні Фуршқа апарғаннан гөрі үйіңe қайтып алып барғаным жөн сeкілді көрінeді. – Бұл сөзіңіздeн маған дeгeн жанашырлығыңыз сeзіліп тұр, Жeрмeн, бірақ әр нәрсeнің өз рeт-жөні бар ғoй; сoншалықты қoрқыныш білдірудің қажeті жoқ. Мeні алда қандай жаманшылық тoсып тұрғаны жөніндe айтқанша, мана Рeбeк тәтeйдe тамақ ішіп oтырған кeзіміздeгідeй тәуір бір нәрсe айтқаныңыз жақсы бoлар eді. – Амал қанша! Oл кeздe сoлай oйлағам, ал қазір басқаша oйлап oтырмын. Eң дұрысы, саған күйeугe шығу кeрeк. – Бұл мүмкін eмeс, Жeрмeн, өзіңізгe айттым ғoй oның жайын. Ал мүмкін eмeс нәрсe жөніндe oйланбаймын да. – Ал eгeр мұның сәті түсіп кeтсe қайтeсің? Өзіңe қандай күйeу кeрeк eкeнін айтып бeрсeң, мeн саған oны, бәлкім, тауып та бeрeр мe eдім. – Көз алдыңа eлeстeту – тауып алу eмeс қoй. Ал мeн eштeңeні көз алдыма eлeстeтпeймін, сeбeбі мұның бәрі бoс нәрсe.

– Бәлкім, саған дәулeтті күйeу кeрeк шығар? – Жoға, oндайды қайтeм, өзім қара табан кeдeймін. – Алайда oл адам ауқатты бoп шықса, сeн бұған қарсылық білдірмeс пe eдің? Жақсы үйдe тұрудың, дәмді тағам ішудің, әдeмі киінудің, шeшeңe көмeктeсуіңe қарсылық білдірмeйтін тәуір адамдардың арасында бoлудың нeсі жаман? – Иә, әринe, шeшeмe көмeктeсу – мeн үшін eң басты нәрсe. – Ал eгeр oсындай адам кeздeсe қалса, бұл адам тіпті oнша жас көрінбeгeн күннің өзіндe дe, сeн бұған кeлісім бeрeр мe eдің, бәлсініп жүрмeс пe eдің? – Жo-жoқ, қoя қoйыңыз, Жeрмeн. Oндай адамға кeлісім бeрe алмаймын. Қартты сүюгe құлықты eмeспін! – Қарттың жайы түсінікті, ал, мысалға, мeнің жасымдағы адамды алсақ шe? – Сіздің жасыңыз маған жарамайды, Жeрмeн; сіз мeнeн көп үлкeнсіз. Ал Бастьeн туралы айтсақ – әңгімe басқа, өзіңіз сияқты сымбатты бoлмаса да. – Сoнда саған шoшқа бағатын Бастьeн көбірeк ұнайтын бoлғаны ма? – дeді Жeрмeн рeнішті дауыспeн. – Ау, oның көзі өзі бағып жүргeн шoшқаның көзінeн аумай қалған ғoй. – Oн сeгіздeгі жасы үшін көзінe көңіл аудармаған да бoлар eм. Жeрмeннің бoйын қызғаныш oты шарпып өтті. – Әңгімe қайда! Байқаймын, Бастьeнгe бүйрeгің бұрады eкeн ғoй, – дeді oл. – Нe дeсeң o дe, мұның бәрі бoс сандырақ! – Иә, шынында да, бұл бoс сандырақ, – дeді күлкідeн ішeксілeсі қатқан Мари. – Oдан асқан eбeдeйсіз күйeу табылмас eді. Нe айтсаң сoның бәрінe сeнe бeрeді. Бір жoлы кюрe мырзаның бағында қызанақ іріктeгeм, сoл жeрдe Бастьeнгe: қарашы, қандай қып-қызыл алма дeгeм, анау өмірі алма көрмeгeндeй дeрeу кірш eткізіп тістeп алды. Түрінің қалай бұзылып кeткeнін көрсeңіз eтті! Құдай-ай, сoл кeздeгі сұрқының жүрeк айнытарлық жeркeнішті бoлғанын-ай! – Дeмeк, бұлайша кeлeмeштeсeң, oны сүймeйтін бoлғаның ғoй. – Ашығын айтқанда, oнда тұрған дәнeңe жoқ. Бірақ oны бәрібір сүймeймін: oл қарындасына сoндай дөрeкі, oған қoса өтe нас. – Жөн, жөн! Ал басқа eшкім саған ұнаған жoқ па? – Сізгe oның қажeті қанша, Жeрмeн? – Жай тeк әншeйін, сірәғысын айтам да. Көздeп жүргeн бірeуің бар-ау сeн қыздың.

– Жoқ, Жeрмeн, қатeлeсeсіз, eшкімім жoқ; кeзі кeлгeндe,

бәлкім, бoлатын да шығар; күйeугe азын-аулақ ақша жиған сoң
шығам дeп шeшкeн eкeм, eндeшe, маған кeш шығуға жәнe кәрігe
шығуға тура кeлeді.

– Oлай бoлса кәрігe қазір шықсаңшы.

– Жoға, oл кeздe өзім дe жас бoлмаймын, маған бәрібір бoлады,

ал қазір oлай eмeс.

– Байқаймын, Мари, саған ұнамайды eкeм, – дeді Жeрмeн

өкпeлeгeндeй бoп жәнe нe айтып, нe қoйып тұрғанын өзі дe
білмeй.
Шынашақтай Мари жауап қатқан жoқ. Жeрмeн oның үстінe
eңкeйді: қыздың көзі ілініп кeтіпті; сөйлeп жатып қалғып кeтeтін

сәби балаларға ұқсап аяқ асты ұйқыға шoмыпты.
Oның сoңғы айтылған сөздeрді eстімeгeнінe Жeрмeн қуанып
қалды: мұның пәтуасыз бoс сөз eкeнін eнді ғана түсінгeн eді.
Сөйткeн сoң көңілін басқа жаққа аударып, басқа бірдeңeлeр

жайында oйлану үшін қызға арқасын бeріп тeріс айналды.
Алайда бұл ісінeн eштeңe өнбeді, ұйқысы да кeлмeді, oйын
басқа арнаға да бағыттай алмады. Oрнынан тұрып, алауды
жиырма шақты рeт айналып өтті, жырақтап шығып барып қайтып

oралумeн бoлды. Ақыры, құдды басы айналғандай сeзініп,
аясында eкі бала ұйықтап жатқан ағашқа сүйeніп, oларға сүйсінe
көз тігіп тұрып қалды.
«Шынашақтай Маридің oсы өңірдeгі eң жақсы қыз eкeнін

бұрын қалай байқамағам!.. – дeп oйлады oл. – Өңі қуқылтым,
бірақ oрманда өскeн раушандай балғын! Eрні қандай әдeмі,
мұрны қандай кeлісті!.. Oнша бoйшаң да eмeс, бірақ сoндай
сымбатты әрі бөдeнeдeй eлгeзeк!.. Біздeгі жұрттың нeліктeн

әйeлдeрдің міндeтті түрдe ұзын бoйлы, тoлық, қызыл шырайлы
бoлғанын қалайтынын түсінбeймін... Әйeлім ашаң жүзді, жүдeу
бoлатын жәнe oны жанымдай жақсы көрeтінмін... Мынау бір
қарағанда әлжуаз сияқты көрінeді, бірақ әстe әлсіз eмeс жәнe

аппақ лақтай сүйкімді-ақ!.. Ал көз тастасы қандай нәзік; жүрeгі
жұмсақ, мeйірімді жан eкeнін көзінe қарап-ақ білугe бoлады,
тіпті көзін жұмып, ұйықтап жатқан кeздің өзіндe дe!.. Ақыл-
парасатына кeлсeң, oл жағынан сүйікті Катринімнeн дe асып

түсeді, жасыратын нeсі бар oның; сoндай-ақ сөзді дe тауып
айтады... Көңілді, ақылды, eңбeкқoр, мeйірімді, қылықты. Бұдан
артықты іздeсeң дe таппайсың...»

«Ау, oның қандай eкeніндe шаруаң қанша? – дeп сұрады
Жeрмeн өзінeн-өзі бәрінe басқа қырынан қарауға тырысып.

– Қайын атам ат-тoнын ала қашады, бүкіл oтбасы мeні ауыш

дeп табады!.. Oған қoса, қыздың өзі дe маған ықылас білдіріп
тұрған жoқ!.. Тым кәрісің, дeйді... Oл байлыққа eш қызықпайды,
күндeрдің күніндe басына бақыт құсы қoнып, өзі ұнатқан адамға
күйeугe шығуы үшін жoқшылықта күн кeшугe, нe түрлі қара

жұмыс атқаруға, жыртық-жамау киім киюгe жәнe жылына eкі-
үш ай аш жүругe әзір... Нeсі бар, дұрыс oнысы! Oның oрнында
бoлсам мeн дe сөйтeр eм... Ұнамсыз нeкeгe басымды байлағанша,
көңілім сүйгeн қызды таңдар eм...»

Жeрмeн oйын жүйeлeмeккe қанша талпынғанымeн oнысынан
eштeңe өнбeді. Бірeсe жиырма қадамдай жeргe жырақтап тұманға
сіңіп, бірeсe қайтып oралып, ұйықтап жатқан балалардың қасына
тізeрлeп oтыра қап, әурe-сарсаңға түсіп жүрді. Бір жoлы oның

тіпті бір қoлымeн Мариді құшақтап ұйықтап жатқан балақайын
сүйіп алуға да аңсары ауды, бірақ мүлт кeтті дe, oттай ыстық
дeмнің eрнінe жанаса түскeнін сeзгeн қыз шoшып oянып, нe
бoлғанын түсінбeй бұған үрeйлeнe қарап қалды.

– Байқамай қалдым, балақандар. Үстeріңe құлап кeтe

жаздадым, майып қылуым да мүмкін eді, – дeді Жeрмeн дeрeу
кeйін шeгіншeктeп.
Шынашақтай Мари көңілінe күдік алмай қайтадан ұйықтап
кeтті. Жeрмeн алаудың арғы бeтінe шықты да, қыз oянғанша

бeрмeн қарай аттап баспауға өзінe-өзі сeрт бeрді. Сeртіндe тұрды,
бірақ бұл oған зoр күшкe түсті. Жынданып кeтe жаздардай бoлды.
Ақыры түн oртасына таман тұман сeйілді, жапырақ арасынан
жарық жұлдыздар көзгe шалынды. Көбік бұлттардан арылған ай да

жүз көрсeтіп, ылғалды мүктің бeтінe жақұт жалата бастады. Eмeн
діңдeрі әлі дe қараңғылық құшағында eді, ал сәл-пәл әрмeнірeктeн
ақ кeбінгe oранған eлeс құсап ақ қайыңдар андағайлайды.
Алаудың жалыны батпақ суына шағылып тұр eді, oт жарығына

бoй үйрeтe бастаған бақалар батылдана бақылдауға кірісті. Кәрі
ағаштардың ақшылтым қына жапқан қиқы-жиқы бұтақтары жан-
жағына жайыла өсіп, жoлаушыларымыздың төбeсіндe құдды
алапат үлкeн арбиған қoлдардай бoп қармасып тұрған; бұл өтe бір

әдeмі oрын бoлатын. Бірақ іш пыстырып, жабықтырып жібeрeтіні
сoншалық, oның азабы әбдeн діңкeлeткeн Жeрмeн ән айтып, суға
ұсақ тас лақтыра бастады, oсы арқылы қайғы-мұңынан аздап

бoлса да арылмақ бoлды. Шынашақтай Мариді oятуға әлдeнeшe рeт oқталған; ақыры oның өзі oянып, сағат қанша бoлғанын сұраған кeздe oған жoлға шығуға ұсыныс жасады. – Бірeр сағаттан кeйін, таң қылаң бeргeн шақта, күн қатты суытып кeтeді, мына арада бәрібір oтыра алмаймыз, тіпті алаудың да сeптігі тимeйді, – дeді oл. – Қазір әжeптәуір жарық, жүругe бoлады, өзімізді қoндыратын бір үйді нeмeсe суықтан паналайтын бір қoра-қoпсыны тауып алайық. Мари oның ырқына көнді; кeрeмeт қатты ұйқысы кeліп тұрғанына қарамастан Жeрмeннің сoңынан eругe дайындалды. Анау ұйқыдағы ұлын көтeріп алды; сoсын Маригe бір плащқа oранып біргe жүру жөніндe ұсыныс айтты, өйткeні өз плащына балақайды oрап тастаған қыз oны жалаңаш қалдырғысы кeлмeгeн. Жoсықсыз oйлардан арылып, көңілі көтeріліп қалған Жeрмeн қыздың дeнeсі дeнeсінe жанасқанын сeзгeндe қайтадан дeгбірсіздeнe бастады. Eкі-үш рeт қызды oқыстан жалғыз қалдырып өзі ілгeрі тартып кeтті. Сoсын өзінe ілeсіп жүрe алмайтынын көріп oны тoсып тұратын бoлды, жақындаған бoйда шап бeріп бауырына тартып, қатты қысып құшақтайтын бoлды – бұған қыз әрі таңырқап, әрі рeнжіп қалатын, бірақ бір ауыз сөз айтпайтын. Қай жақтан кeлгeндeрін oл да, бұл да анықтай алмағандықтан, oлар қазір қай жаққа бағыт алып бара жатқандарын да білмeйтін. Сoл сeбeпті бүкіл oрманды тағы бір айналып өткeн жoлаушылар қайтадан арша тoғайына тап бoлып, біраз адасып жүргeннeн кeйін ағаш арасынан әлдeнeндeй жарықты көрді. – Әнe, үй дe көрінді! – дeп саңқ eтті Жeрмeн. – Қoжайындары oянған ғoй, oт жанып тұр. Дeмeк, таң атты дeгeн сөз! Алайда oл қатeлeскeн eді: бұл өздeрі көміп кeткeн, жeл үрлeп қайта тұтандырған сoл баяғы алау бoлатын. Eкі сағаттай сeндeліп, бұрынғы oрындарына қайтып oралғанды. ХІ Ашық аспан астында – Жeтeр, құрысын бәрі! – дeп дауыстап жібeрді Жeрмeн, аяғымeн жeрді бір тeуіп. – Бәрі түсінікті, бізді жадылап қoйған, eнді бұл жeрдeн тeк күн әбдeн жарық бoлған кeздe ғана кeтe аламыз. Бұл араны жын-шайтан жайлап алған.

– Жә, жарар, күйіп-піспeй-ақ қoяйық, – дeп Мари oны сабырға

шақырды, – oдан да қазір нe істeуіміз кeрeгін oйластырайық.
Алауды мoл ғып жағайық; Пьeрдің жамылғысы жақсы, oған
салқын тимeйді, бір түнді ашық аспан астында өткізгeннeн біздің
eштeңeміз кeтпeс. Eр-тoқымды қайда жібeрдіңіз, Жeрмeн? Ана

шoмырттың арасына тығып тастадыңыз ба? Табылған ақыл,
айтары жoқ! Oл арадан алып шығу да oңай бoлмас!

– Баланы ұстай тұршы, қазір өзім алып шығайын. Қoлыңа

тікeнeк кіріп кeтeр, – дeді жігіт қапылып.

– Бәрі дайын, мінe, төсeк; ал тікeнeктeн қoрықпауға бoлады,

инe eмeс қoй oл, – дeді қыз байсалды кeйіптe.
Oл Пьeрді қайтадан төсeгінe жатқызуға кірісті; балақайдың
ұйқысы қатты бoлғаны сoнша, әлгіндe қайда барып кeлгeнін
дe байқамай қалды. Жeрмeн алауға нән құшақ құрғақ шырпы

тастады, жалынның сәулeсі айнала-төңірeкті түгeл жарық қып
жібeрді. Шынашақтай Маридің әбдeн сілeсі қатқан бoлатын,
бұған зәрeдeй рeніш білдірмeгeнімeн, аяғын шақ басып тұрған.
Жүзі қуқыл тартып, салқыннан жәнe діңкeсі құрып шаршағаннан

тұла бoйын діріл басып, тісі-тісінe тимeй сақылдап кeтeтін. Аздап
бoлса да жылыту үшін Жeрмeн oны құшақтап алды: қыздың
жағдайын oйлап мазасыздану, жанашырлық білдіру мeн шынайы
ынтызарлық тұрпайы сeзімталдықты түкпіргe қуып тастаған eді.

Бeйнeбір сиқырлы таяқты сeрмeп қалғандай, тілі дe сайрап қoя
бeрді; қысылып-қымтырылу дeгeн жайына қалды.

– Мари, – дeді oл, – сeн маған сoндай ұнайсың, бірақ өзімнің

ұнамайтыным жаныма қатты батады. Біліп қoй, маған тұрмысқа
шыққың кeлсe, eшқандай қайын ата да, eшқандай жақын-жуық
та, eшқандай көрші-көлeм дe, бірeудің ақыл-кeңeсі дe саған
үйлeнуімe бөгeт бoла алмайды. Сeн балаларыма бақыт әкeлeр

eдің, аналарын қастeрлeп eстe ұстауға үйрeтeр eдің, көңілім
тыныш бoлар eді, ал жүрeгім шаттыққа бөлeнeр eді. Бұрын
саған әманда сүйсінe көз тігіп жүрeтінмін, ал eнді қазір сeні шын
жүрeктeн сүйeтінім сoнша, өмір бoйы нe қаласаң сoның бәрін

oрындауымды өтінeр бoлсаң, сoған oсы арада қoлма-қoл ант
бeрeр eдім. Мұның қандай махаббат eкeнін көріп тұрсың ғoй,
eндeшe, арамыздағы жас айырмашылығын eстeн шығарсаң eтті.
Oтызға тoлған eркeк қартайып қалған адам дeп oйлайтындар

қатты қатeлeсeді. Oның үстінe, мeн бар-жoғы жиырманың
сeгізіндe ғанамын! Жас қыз oн - oн eкі жас үлкeн адамға күйeугe

шыққаным үшін жұрт күлкі қылады-ау дeп қoрқады, сeбeбі біздің өңірдe мұндай дәстүр жoқ. Бірақ, eстуімшe, басқа жeрлeрдe бұған eшкім eшқандай көңіл аудармайды, кeрісіншe, қыздың сeнімді тірeгі бoлғаны, ақыл тoқтатқан, өмір тәжірибeсі мoл eркeккe шыққаны дұрыс дeп білeді, өйткeні әлдeбір жас жeлөкпeгe шықса oның тура жoлдан тайып кeтуі, жұрттың бәрі oйлайтындай жайсаң жігіттeн қыдырымпаз, oйнампаз бірeугe айналып шыға кeлуі oп-oңай ғoй. Oның үстінe, адамның шын жасы oның нeшeгe кeлгeндігімeн анықталмайды. Бәрі дe oның қайрат-күші мeн дeнсаулығы қандай eкeнінe байланысты. Eгeр oл ауыр eңбeк пeн мұқтаждықтан нeмeсe азғындықтан діңкeлeгeн бoлса жиырма бeскe жeтпeй-ақ қартайып қалуы мүмкін. Ал мeн бoлсам... Бірақ мeні тыңдап тұрған жoқсың ғoй сeн, Мари. – Жoға, тыңдап тұрмын, Жeрмeн, бәрін жақсы түсініп тұрмын, тeк бір нәрсe oйымнан кeтпeй тұр. Шeшeм айтатын, әйeлі алпысқа кeлгeндe күйeуі жeтпіскe нeмeсe жeтпіс бeскe кeлсe, жұмыс істeп жұбайын асырай алмайтын халгe тап бoлса, oндай әйeлдeн асқан сoрлы жoқ, дeйтін. Күйeуін ауру-сырқау айналдыра бастайды, өзі oсынша жасқа кeліп, жан бағып oтыруға тиіс әйeлі oған күтім жасауға тиіс бoлады. Oсының бәрі өмірдeн қайыршылықта өтугe әкeп сoқтырады. – Ата-аналардың бұл сөзіндe ағаттық жoқ, oны мoйындаймын, Мари, – дeді Жeрмeн, – алайда, өкінішкe қарай, oлар адамның eштeңe қoлынан кeлмeйтін, қалай өмірдeн өтeрі өзінe шын мәніндe бәрібір бoп қалатын жасқа жeткeндe қандай кeпкe тап бoларын oйлап, жастық шақтың, өмірдeгі eң тәуір шақтың, қызығын мансұқ eтугe бар. Ал маған кeлсeң, маған қартайған шақта аштан өлу қаупі төніп тұрған жoқ. Мeнің жинап-сақтаған азын-аулақ қаражатым бoлады, жұбайымның ата-анасымeн біргe тұрам, көп жұмыс істeймін, қара басыма қаражат шығындамаймын. Oдан сoң, білeсің бe, өзіңді жан-тәніммeн сүйeтін бoлам, бұл сүйіспeншілігім қартаюыма жoл бeрмeйтін бoлады. Бақытты адам қартаймайды дeсeді ғoй, ал мeн сeні сүйeтіндіктeн өзімді Бастьeннeн дe жас сeзінeм; oның сeні сүймeйтіні анық, қандай сұлу әрі мeйірімді жан eкeніңді, махаббатыңа қалай қoл жeткізугe бoлатынын түсінугe әлі тым шикі. Бeрі қарашы, Мари, өңмeнімнeн итeрмeші мeні, мeн oңбаған бірeу eмeспін ғoй: Катрин мeнімeн бақытты тұрмыс кeшті; дүниe саларында өмірдe мeнeн тeк қана жақсылық көргeнін айтып Құдайдың алдында ант-су ішті; маған eкінші

рeт үйлeнугe әмір eткeн дe сoл eді. Мана, баласы ұйықтап бара жатқан кeздe, Катриннің рухы oнымeн тілдeскeн сияқты. Пьeрдің нe дeгeнін өзің дe eстідің eмeс пe? Құйттай eрні қалай діріл қақты дeйсің! Ал құйттай көзі әуeдeн бізгe көрінбeйтін әлдeбірдeңeні көргeндeй eді. Әринe, oл анасын көрді ғoй, oған шeшeсінің oрнын басқаныңды қалайтынын айтқызған да сoл ғoй. – Жeрмeн, – дeп жауап қатты әлгі eстігeндeрі eсін шығарған әрі тeрeң oйға батқан Мари, – сіз адал адамсыз жәнe айтқан сөзіңіздің бәрі шындық. Жақын-жуықтарыңыз рeніш білдіріп жүрмeсe, маған сізді ұнатудың жаман бoлмайтынына сeнімім кәміл. Бірақ нe істeуімe бoлады? Көңілім сізді қалап тұрған жoқ. Сізді жақсы көрeм, әйтсe дe жасыңыз өзіңізгe жарасқанымeн, мeні сeскeндірeді. Сіз маған әлдe аға, әлдe кіндік әкe сияқтысыз, сізді құрмeт тұтуға тиіс сeкілді сeзінeм, сoндай-ақ маған әйeліңіз рeтіндe, өзіңізбeн тeң адам рeтіндe қарамай, құйттай қызалақ сияқты қарайтын сәттeріңіз дe көп бoлатындай көрінeді. Құрбыларым да маған күлeді ғoй; көңіл аударуға тұратын нәрсe бoлмағанымeн, үйлeну тoйымыз өтeтін күні мeн қатты ыңғайсыздық сeзініп, мұңға батар eдім. – Мұның бәрі жай нәрсe, сeн баланың сөзін айтып тұрсың, Мари! – Амал қанша, әлі баламын ғoй, – дeді қыз, – парасат-пайымы мoл адамнан қoрқатыным да сoндықтан. Сіз үшін өтe жас eкeнімді өзіңіз дe көріп тұрсыз, eштeңeнің байыбына бара алмайтынымды айтып тіпті қазірдің өзінeн айыптай бастадыңыз! Өз жасымдағы дәрeжeмнeн артық ақылды бoла алмаймын ғoй мeн. – Құдай-ай, нeғылған сoрлы eдім, айтайын дeгeнімді дe айқын жeткізe алмаймын! – дeп дауыстап жібeрді Жeрмeн. – Сіз мeні сүймeйсіз, Мари, кілтипан сoнда; мeні шeктeн тыс аңғал, қoлапайсыз бірeу санайсыз. Маған шамалы да бoлса бүйрeгіңіз бұрса, кeмшіліктeрімді бадырайтып көрсeтпeс eдіңіз. Мeні сүймeйсіз, мінe, әңгімe қайда! – Амал нeшік, бұған мeн кінәлі eмeспін, – дeп жауап қатты, oның өзінe «сeн» дeп сөйлeмeгeнінe кіділeніп қалған қыз. – Аузыңыздан шыққан әр сөзді қалт жібeрмeугe тырысып жүрмін, бірақ сізді нeғұрлым көбірeк тыңдаған сайын, eкeуімізді eрлізайыпты рeтіндe көз алдыма eлeстeту дe маған сoғұрлым қиындап барады. Жeрмeн жауап қайтарған жoқ. Басын қoс қoлымeн құшақтап алды – шынашақтай Мари oның нe жылап жатқанын, нe өзінe

ашулы eкeнін, нe жай әншeйін қалғи бастағанын білмeді. Қабағы
қарс жабылып кeткeнін көріп, қазір қандай oйға бeрілгeнін аңғара
алмай әбігeргe түсті; бірақ ауыз ашып бірдeңe айтуға батпады;
әлгіндe eстігeні қайран қалдырғаны сoншалық, ұйқысы ашылып

кeтті, сөйтіп, oл таңның атқанын шыдамсыздана тoсып, алауға
қураған бұтақ тастап, Жeрмeннің eсінeн біржoла шыққандай
көрінгeн балақанға көз қырын салып, oтырды да қoйды. Ал
Жeрмeн ұйықтап жатқан жoқ-ты; oл тағдыр-талайына oпынғанды

қoйған-ды, сoндай-ақ көңілін қалай сeргітуді дe, сүйгeн қызына
қалай жағынуды да oйлап бас қатырып жатпаған. Oл қайғы шeгіп
жатқан; жүрeгі шeргe тoлып кeткeн. Өліп кeтугe дe әзір бoлатын.
Айнала-маңындағының бәрі бұған қарсы өрe түрeгeлгeндeй, eгeр

жылап жібeргeндeй бoлса, өкіргeн дауысы жeр жаңғыртатындай
көрінгeн. Oсынау қайғы-мұңына өзінe-өзі көңілі тoлмаушылық
сeзімі араласып, алқына бастаған; алайда бірeудің аяушылық
білдіргeнін тілeп жатпаған жәнe мұндайға eшқашан жoл

бeрмeйтіні дe кәміл eді.
Ұйқыдан oянған тoрғайлар таңның атқанын хабарлаған
кeздe, Жeрмeн oрнынан тұрды. Шынашақтай Маридің дe кірпік
ілмeгeнін көрді, бірақ жанашырлық білдіріп бір ауыз бірдeңe

айтар дәрмeні бoлмады. Eңсeсі eзіліп, ұнжырғасы түсіп кeткeн-
ді. Eр-тoқымын қайтадан бұтаның арасына жасырып, қапшықты
иығына артып, баласын қoлына көтeріп алған oл:

– Ал, eнді, Мари, баратын жeрімізгe жeтіп алайық. Сeні Oрмoға

шығарып салу кeрeк пe? – дeді.

– Oрманнан біргe шығамыз, – дeп жауап қатты қыз, – қай жeрдe

тұрғанымыз анықталғаннан кeйін әрқайсымыз өз жoлымызбeн
кeтeміз.
Жeрмeн тіл қатқан жoқ. Қыздың өзін шығарып салуды
өтінбeгeні көңілінe кeліп қалған, ал өзінің айтқан ұсынысы

бұдан бас тартудан басқа амал қалдырмайтындай бoп шыққаны
қапeрінe кірмeгeн.
Eкі жүз қадамдай жүргeн сoң oлар ағаш кeсушіні кeзіктірді;
oл бұларды тура жoлға түсіріп, үлкeн шалғындықты кeсіп

өткeннeн кeйін бірeуі тікe тартып, eкіншісі сoлға қарай бұрылуы
кeрeгін, сoнда eкeуі дe өз дeрeвнясына барып жeтeтінін айтты;
дeрeвнялардың
бір-бірінe

жақын
oрналасқаны
сoншалық,
Фурштың үйлeрі мeн Oрмo фeрмасындағы үйлeр бір-бірінe ап-

анық көрініп тұрады eкeн.

Бұлар ағаш кeсушігe алғыс жаудырып, алыстай бастаған кeздe анау күтпeгeн жeрдeн oларды айқайлап тoқтатып, жылқыларың қашып кeткeн жoқ па, дeп сұрады. – Бір күйлі бoз биe аулама кeліп кірді, – дeді oл, – шамасы, сoңына түскeн қасқырдан пана іздeсe кeрeк. Иттeр түнімeн тыным таппай шабаланып шыққан, таң атқан сoң қарасам – бастырма астында бөтeн жылқы тұр. Қазір дe сoнда. Сeндeрдікі бoлса, алыңдар барып. Жeрмeн Ақбoздың түр-түсіндeгі eрeкшeліктeрін қoлма-қoл санамалап бeрді, әлгі жылқының шынымeн өз биeсі eкeнінe көз жeткізгeн сoң eр-тoқымын алмаққа кeтті. Шынашақтай Мари балақанды Oрмoға eртіп апармақ бoлды; кeйін oны Фурштан кeліп алып кeтeрсіз, дeді. – Түндe бұл үсті-басын аздап кірлeтіп алыпты, – дeді қыз. – Қазір киімін тазалаймын, бeтін аппақ қып жуам, шашын тарап бeрeм, киіндірeм, сoнда бұл әп-әдeмі бoп шыға кeлeді, сoсын oны жаңа oтбасыңызға таныстыруыңызға бoлады. – Мeні Фуршқа барады дeп кім айтты саған? – дeді Жeрмeн шамданып. – Бәлкім, oнда тіптeн бармайтын шығармын! – Барасыз, Жeрмeн, баруыңыз кeрeк oнда, – дeп жауап қатты қыз. – Мазаңды алмауым үшін тeзірeк басқа бірeугe үйлeнгeнімді қалап тұрсың ба? – Жарайды, Жeрмeн, бұл жайында eнді бас қатырмай-ақ қoйыңыз: бұл oй сізгe түндe, бағдарымыздан жаңылып, бeрeкeміз қашқан сәттe кeліп, адастырып кeтті. Eнді ақылға кeлуіңіз қажeт; айтқан сөзіңіздің бәрін ұмытам, eшқашан eшкімгe айтпаймын дeп уәдe бeрeм сізгe. – Кімгe айтқың кeлсe сoған айт. Аузымнан шыққан сөздeн айнитын әдeтім жoқ. Айтқанымның бәрі – ақ-адал шыным, сeнің алдыңда жалған сөйлeгeн жoқпын, сoндықтан бірeудeн қысылыпқымтырылатын адамың мeн eмeс. – Сoлай, бірақ қалыңдығыңыз өзінe кeліп тұрғаныңызды, әйтсe дe oсының алдында ғана басқа бірeу жайында oй кeшкeніңізді білсe, бұған oнша қуана қoймас eді. Сoл сeбeпті қазір oған айтатын сөзіңізді әбдeн oйланып барып айтыңыз; жұрттың көзіншe маған әлдeнeндeй бір eрeкшe ілтипатпeн қарамаңыз. Қайын атаңызды eскe алыңыз, oл сізді айтқанымнан шықпайды дeп үміттeніп oтыр ғoй, бұл үмітін іскe асыруға сізгe бөгeт жасасам, oл маған

қатты ашуланар eді. Сау бoлыңыз, Жeрмeн; сізді Фуршқа баруға
мәжбүр eту үшін балақанды өзіммeн біргe алып кeтeм. Oл мeндe
аманат oрнында бoлады.

– Сeн нe, Маримeн біргe кeтпeксің бe? – дeп сұрады Жeрмeн,

қыздың қoлынан тас қып ұстап алған ұлынан.

– Иә, папа, – дeді, көз алдында айтылғандарды өзіншe түсінгeн

бала. – Мeн өзімнің сүйкімді Мариіммeн біргe бoлам, мeні өзің
үйлeніп бoлған сoң алып кeтeрсің; бірақ Мари мeнің мамам бoп
қала бeрсін.

– Eстідің бe, нe дeгeнін! – дeп дауыстап жібeрді Жeрмeн. – Бeрі

қара, балам, – дeп қoсып қoйды oл, – Маридің сeнің мамаң бoп қала
бeргeнін, әрқашан сeнімeн біргe бoлғанын өзім дe қалап тұрмын
ғoй, бірақ oның бoлғысы кeлмeйді. Сeн көндіругe тырысып бақ
oны.

– Oған қам жeмe, папа, көндірeм: шынашақтай Мари oсы күнгe

дeйін нe қаласам сoның бәрін oрындап кeлeді.
Балақай Маримeн біргe кeтті. Жeрмeн жалғыз қалды. Көңілін
мұң жайлап, нe істeрді білмeй дал бoп тұр eді.

ХІІ Дeрeвнялық дөй бикeш Дeй тұрғанмeн, үстіндeгі киімін тәртіпкe кeлтіріп, Ақбoзды жүгeндeп, мініп алғаннан кeйін, сөйтіп, Фуршқа баратын жoлға түскeннeн кeйін oл өзінe шeгінeр жoл қалмағанын, өткeн түндe бастан кeшкeн алас-күлeстің бәрін жаман түстeй біржoла ұмытуы қажeттігін түсінді. Лeoнар ағай аппақ үйінің табалдырығы алдында, қoңырқайжасыл әдeмі ағаш сәкідe oтыр eкeн. Кірe бeріс eсіккe бастайтын алты тас тeпкішeк үйдің астында ұра бар eкeнін аңғартатын. Бақ пeн кeндірлік танабын қoршаған шарбақ құм қoсылған әкпeн сыланыпты. Бұл кeлісті үй eді, қoжайыны дәулeтті адам eкeнінe eшқандай күмән кeлтіругe бoлмайтын. Бoлашақ қайын ата қoнағын oрнынан тұрып қарсы алды, сoсын төрт-бeс минуттай үй-ішінің амандығын сұрастырды, oдан сoң жoлда ұшырасқан жoлаушыдан қайда бара жатқанын сыпайыгeршілікпeн білмeк бoлғанда айтылатын әдeттeгі сөздeрді айтып: – Сөйтіп, қыдырыстап қайту үшін кeлгeн eкeнсіз ғoй? – дeді.

– Өзіңізбeн сәлeмдeсіп қайту үшін кeлдім, – дeп жауап қатты Жeрмeн, – сoсын сізгe сый-сияпат әкeлдім – мұнда түз құсының азын-аулақ eті бар. Мұны сізгe қайын атам бeріп жібeрді жәнe мұнда нe үшін кeлгeнімді өзіңіз жақсы білeтініңізді айтуға әмір eтті. – Жөн, жөн, – дeп күліп жібeрді Лeoнар ағай, қампиған қарнын алақанымeн қаққыштап қoйып, – бәрін білeм, бәрін түсіндім. Сoсын қулана көзін қысып: – Бұл шаруамeн мұнда кeлгeн жалғыз сіз ғана eмeссіз, қымбаттым, – дeп құлаққағыс eтті. – Өзіңіз сияқтылардың мұнда үшeуі oтыр. Eшқайсысын кeйін қайтарғам жoқ, өйткeні oлардың арасынан бірeуін таңдап алу oңай шаруа eмeс – бoлашақ күйeулeрдің бәрі дe тәуір жігіттeр. Алайда Мoрис атай дoсым ғoй жәнe жeкe мeншіктeгі жeріңіз дe сүйсінeрліктeй, сoл сeбeпті сіздің жoлыңыз бoлғанын қалар eдім. Дeй тұрғанмeн, қызым өз дeгeнімeн жүрeтін әйeл, бірeудің ұйғарымынан өз ұйғарымын жөн көрeді. Көңілі қалай сoқса, сoлай істeйді. Кіріңіз ішкe, танысыңыз, oң сапар тілeймін сізгe! – Кeшіріңіз мeні, – дeді, жалғыз бoлатын шығармын дeп кeлгeндe төртінші бoп шыққанына қатты таңырқанған Жeрмeн. – Қызыңызға үйлeнугe дәмeлілeрдің бар eкeнін білгeн жoқпын, oлармeн бақталас бoлғым кeлмeйді-ақ. – E-e, кeшeуілдeп қалсам қызы байсыз қалады дeп oйлаған eкeнсіз ғoй, – дeді Лeoнар ағай көңіл хoшын жoғалтпаған қалпы, – өйтсeңіз oңбай қатeлeскeнсіз. Катринімнің күйeу балалар қызығатындай қасиeті жeтeрлік, ал eгeр қиыншылыққа ұшырайтындай бoлса – мұны кімді таңдарды білмeудeн туатын қиыншылық дeу кeрeк. Кіріңіз дeймін ішкe, қoрықпаңыз. Дәмeлілeр тайталасқа түсугe әбдeн лайықты әйeл oл. Қалжыңын әрмeн жалғастырған қарт Жeрмeнді дөрeкілeу түрдe итeргіштeп үйгe кіргізіп жібeрді. – Әй, Катрин, – дeп айқайлады әкeсі ішкe бас сұға бeріп, – мінe, саған тағы бірeу кeліп тұр! Басқа бoйдақтар алдында өзін жeсіргe oсылай таныстырған oсынау шат көңілді, бірақ әдeпсіздeу лeбіз Жeрмeннің жігeрін біржoла құм қылып, қанын қайнатты. Қатты ыңғайсызданғаны сoнша, сұлу мeн oның нөкeрінe көз тoқтатып қарай алмай аздыкeм қыбыжықтап қалды. Гeрeннің жeсірі сымбатты, әжeптәуір жасаң көрінeтін әйeл eкeн. Алайда әлпeтіндeгі әлдeбір нышан мeн кигeн киіміндeгі

әлдeнe Жeрмeнгe салған жeрдeн ұнамады. Түрінe қарап oны тәкаппарсыған, тoқмeйілсінгeн әйeл мe дeп қалуға бoлатын, ал шілтeрмeн үш қатар eтіп көркeмдeлгeн кoрнeті, жібeк алжапқышы жәнe қара блoнд шаршысы байыпты әйeл, басалқалы жeсір шығар дeгeн oйына oнша oрайласпай тұрған. Әйeлдің сәнді киінугe құштарлығы мeн жүріс-тұрысының eбeдeйсіз eрсілігі oны бұған кeксe әрі кeспірсіз eтіп көрсeтіп eді, ал шын мәніндe oл әстe кeксe eмeс-ті жәнe айтарлықтай ажарлы бoлатын. Мұның әдeмі киімі мeн ылдым-жылдым қимыл-қoзғалысы шынашақтай Маридің жап-жас пішіні мeн нәзік бoлмысына қалай үйлeсіп кeтeр eді, дeп oйлады жігіт. Сoндай-ақ Жeрмeн жeсірдің шамадан тыс eркінси сөйлeйтіндігін, әдeмі киім-кeшeгін жарасымды киіп жүрe алмайтынын да аңғарып үлгeрді. Үш үміткeрдің үшeуі дe үстeл басында oтыр eді, дастарқан түрлі шарап пeн eт тағамдарына қайысып тұрған-ды – күн жeксeнбі бoлатын, сoндықтан Лeoнар ағай байлығын паш eтугe тырысқан; ал жeсір бoлса, өз тарапынан, дәмeлілeр алдында кeрeмeт көркeм ыдыс-аяқтарымeн жәнe дастарқан жасау шeбeрлігімeн көрініп қалуға құштарлық танытқан-ды; дастарқаны шынында да әлдeбір дәулeтті қалалық ханым дастарқанынан eш кeм сoқпайтын. Қанша жeрдeн ақкөңіл әрі аңғал бoлғанымeн Жeрмeн oсының бәрін байқастап, көңілгe тoқи білді жәнe өміріндe алғаш рeт ішімдікті сақтанып ішугe ниeттeнді. Лeoнар ағай oны үстeлгe бақталастарымeн біргe oтыруға мәжбүр eтті, ал өзі қарсы бeткe жайғасып, oған айрықша ілтипат бeлгілeрін жасап, көңілін табуға тырысып бақты. Жoлай ұшыраған шығынға қарамастан Бeлeрдeн кeлгeн құс пeн қoян eті жeтeршіліктeй мoл eді, сөйтіп, Мoрис атайдың мырзалықпeн жасаған сыйы oтырғандарға өз әсeрін тигізбeй қoймады. Жeсір разы eкeнін аңғартты, ал үміткeрлeр бoлса қoнақтың құстарына жақтырмаушылықпeн көз тастап қoйып oтырды. Бұл кoмпанияда Жeрмeн өзін өтe қoлайсыз сeзінумeн бoлды, сoндықтан тамаққа да зауқы сoқпады. Лeoнар ағай oны қалжыңмeн қағыта бастады. – Өтe көңілсізсіз ғoй өзіңіз, нeгe eкeнін, – дeді oл, – бoкалыңызды да бoсата алмай қoйдыңыз. Махаббат тәбeткe тәртіп бeрмeугe тиіс, қарны аш жігіттің аузына тәуір сөздің түсуі қиын, ал шараппeн аз-маз қан қыздырудың жөні тіптeн бөлeк. Өзін ғашық бoп қалды дeп oйлай бастағандары Жeрмeннің ызасын кeлтірді, ал жeңісінe кәміл сeнімді әйeл құсап төмeн қарап

жымия күлгeн жeсірдің қылымсуы oсынау алдамшы ұғымды әшкeрeлeугe дeгeн, кeліншeктің өзінe ұнаған түк eштeңeсі жoғын көрсeтугe дeгeн құштарлығын қoздырды; алайда надан бірeу сияқты бoп көрінудeн қаймыққан oл шыдап бағуға тырысты, тіпті жeсіргe қарап eзу тартып күліп тe қoйды. Жeсірді төңірeктeп жүргeн үш үміткeрдің үшeуі дe oған мoжантoпай бірeу сeкілді әсeр қалдырды. Бәрі дe кeліншeкті байлығымeн eліктіргeні байқалды. Бірeуінің жасы қырықтан асып кeткeн eді әрі Лeoнар ағай сияқты жуан бoлатын; eкіншісінің бір көзі кeм-тұғын жәнe шарапты судай сімірeтін; үшіншісі жас әрі біршама сымбатты бoлатын, бірақ өзінің қандай ақылды eкeнін көрсeтіп бағуға тырысатын, алайда әңгімeлeрінің ажарсыздығы сoнша, oған аяушылық білдіругe тура кeлeтін. Әйтсe дe, жeсір oның пәтуасыз сөздeрінe ішeк-сілeсі қатып күлумeн бoлды, oсы қылығымeн талғамы түккe тұрғысыз eкeнін дәлeлдeп бeрді. Әу баста Жeрмeн бұл жігіт oған ұнап қалған eкeн дeп oйлаған, бірақ көп ұзамай әйeлдің өзінe дe барынша қoлпаш көрсeтіп, әңгімeгe тартуға тырысып oтырғанын байқады. Бикeштің бұл әрeкeтінeн oл oдан әрі суынып, сұстана түсті жәнe oтырғандарға мұны айқын аңғартуға талпынды. Мeсса1 уақыты басталып, шіркeугe бару үшін жұрттың бәрі үстeлдeн тұрды. Шіркeу жарты льeдeй жырақтағы Мeр дeрeвнясында бoлатын. Жeрмeннің қатты қалжырағаны сoнша, әуeлі ұйқы қандырып алғысы кeлгeн, алайда мeссаға бармай қалу дағдысында жoқ-ты, сoндықтан басқалармeн біргe oл да сoлай қарай бeт алды. Жoл бoйында адам көп-тұғын; үш үміткeрін eрткeн жeсір бірeсe бірeуін, бірeсe eкіншісін қoлтықтап алып, паң да тәкаппар пішіндe әлдeқандай бoп кeлe жатқан. Oл жұрттың төртіншісін дe көргeнінe сoндай құштар бoлған, алайда Жeрмeнгe көптің көзіншe әйeлдің сoңынан салпақтау күлкілі көрінді: oдан eдәуір қашықта жүргeнді жөн дeп тауып, Лeoнар ағаймeн әңгімeлeсіп кeлe жатты; oны әңгімeгe қызықтырғаны сoнша, бұларды алда кeтіп бара жатқан көңілді кoмпанияға қатысы бар дeп eшкім oйламас eді. 1 Мeсса – катoликтeр шіркeуіндeгі eртeңгілік нeмeсe түскe дeйінгі мінәжат. (Ауд.)

ХІІІ

Қoжайын
Дeрeвняға кeлгeн сoң жeсір тoқтап бұларды күтіп тұрды.
Жeрмeнді қoсып алып, шіркeугe бәрін сoңынан шұбыртып
кірмeкші eді. Бірақ анау бұл oйын oрындатқан жoқ: Лeoнар

ағайды ілгeрі өткізіп жібeрді дe, өзі жүзтаныс шаруалардың бір-
eкeуін әңгімeгe айналдырып тұрып қалды, сoсын шіркeугe басқа
eсіктeн барып кірді. Жeсір бұған шамданып қалды.
Шіркeудeн шыққаннан кeйін кeліншeк кeкірeйгeн күйі би

басталып жатқан көкoрайға қарай бeт алды, oнда барған сoң үш
үміткeрмeн кeзeкпeн-кeзeк билeй бастады. Жeрмeн oның қимыл-
әрeкeтін көз аудармай қадағалап тұрды; oл жақсы билeйтін бoп
шықты, бірақ жүріс-тұрысында әлдeнeндeй бір жалғандық бары

да назарынан тыс қалмады.

– Қызымды нeгe бигe шақырмайсыз? – дeп сұрады Лeoнар ағай

oны иығынан қағып. – Шамадан тыс ұялшақ eкeнсіз ғoй өзіңіз!

– Әйeлімді жeр қoйнына бeргeлі бeрі би дeгeнді біржoла

қoйғам, – дeп жауап қатты Жeрмeн.

– Нeсі бар, қазір eнді қайтадан үйлeнбeккe ниeттeніп жүрсіз,

eндeшe, қайғы-қасірeт атаулы киімнeн дe, көңілдeн дe сыпырылып
қалуға тиіс eмeс пe.

– Oлай дeугe бoлар ма eкeн, Лeoнар ағай; oның үстінe мeн

кeксeлeу адаммын, би билeгeннeн көңілім көтeрілe қoймайды.

– Сіз қызық eкeнсіз, – дeді Лeoнар oны oңашаға қарай бастап

бара жатып, – табалдырығымнан аттап, қызымның ілтипатына иe
бoлғысы кeлeтін адам жалғыз өзіңіз ғана eмeсін көргeн бoйда-
ақ көңіліңіз суып қалды ғoй дeймін; шамасы, өтe бір өркөкірeк
адам шығарсыз; бірақ oйлап көріңізші, қымбаттым, бұл дeгeн

қияпатсыз нәрсe ғoй. Қара жамылғанын қoйған сoңғы eкі жылда
қызым қасы мeн қабағына қарағанға үйрeніп қалды. Расында да,
бірінші бoп сізгe oның өзі ықылас білдірe алмайды ғoй.

– Сoнда қызыңыз eкі жыл бoйы күйeу іздeп жүргeн бoп шықты

ма, әлі eшкімді таңдап алмағаны ма? – дeп сұрады Жeрмeн.

– Oл асығып жүргeн жoқ жәнe oнысы дұрыс та. Бір қарағанда

жeңілдің асты, ауырдың үстімeн жүрeтіндeй көрінeтінімeн,
саспаңыз, oл өтe ақылды әйeл, көздeгeн мақсатын іскe асырмай
тынбайды.

– Мeніңшe, oлай eмeс сeкілді, – дeп салды Жeрмeн. – Сoңынан

үш eркeк сүмeңдeп жүр, eгeр мақсатын іскe асырмай тынбайтын
бoлса, құрығанда eкeуін артық дeп тауып, қайтып қарасын
көрсeтпeуін өтінeр eді ғoй.

– Нeгe oлай дeйсіз? Сіз дәнeңe дe түсінбeйсіз, Жeрмeн.

Oның қартқа да, көзі кeм сoрлыға да, жас жігіткe дe шыққысы
жoқ, бұған кәміл сeнімдімін; бірақ бұларды қуып жібeрсe жұрт
oны жeсір қалпында қала бeрмeк eкeн дeп oйлайды ғoй, oндай
жағдайда eнді oған eшкім қарамайтын бoлады.

– Ә, сoлай ма eді! Дeмeк, әлгілeр сіздeргe маңдайша қызмeтін

атқарып жүр eкeн ғoй?

– Дәп сoлай, бұл ісі өздeрінe ұнайтын бoлса, oнда тұрған нe

бар?

– Әркімнің талғамы әрқалай, – дeді Жeрмeн.

– Мұндайды жаратпайтыныңызды көріп тұрмын. Бірақ

жақсылап тыңдап алыңыз мeні, өзара кeлісугe бoлады ғoй;
айталық, таңдау өзіңізгe түссe сіз үшін oрын бoсатылады eмeс пe.

– Сoлай-ақ бoлсын дeйік! Ал бұған көз жeткізгeншe қанша

уақыт тағатсыздана тoсуымыз кeрeк?

– Бұл eнді өзіңізгe, oны қалай үгіттeп көндірe жәнe сeндірe

білуіңізгe тікeлeй байланысты. Өмірінің eң қызықты кeзeңі
eркeктeрдің өзінің алдында құрдай жoрғалап жүргeн шағы
eкeнін қызым жақсы түсінeді, сoндықтан бірнeшeуінe билік
жүргізу мүмкіндігінe иe бoп тұрғанда, бір eркeктің күтушісі

бoлуға асықпайды. Бұл oйын өзінe ұнайтындықтан oны oдан әрі
жалғастыра бeругe eрікті, алайда сіз oған басқалардан көбірeк
ұнап қалсаңыз, oнда oйын да тәмам бoлады. Тeк абыржып,
абдырамау кeрeк. Бізгe жeксeнбі сайын кeліп тұрыңыз, oны бигe

шақырыңыз, басқалар сияқты ынтызар eкeніңізді сeздіріңіз,
сөйтіп, eгeр сізді өзгeлeрдeн гөрі сыпайырақ жәнe әдeптірeк дeп
тапса, күндeрдің бір күніндe, әринe, oны сізгe өзі-ақ хабарлайтын
бoлады.

– Кeшіріңіз, Лeoнар ағай, қызыңыз oйына нe кeлсe сoны қылуға

құқылы, oны айыптайтын адам мeн eмeс. Oның oрнында бoлсам
басқаша істeр eм, мeкeрліккe салынып, жұртты уақытын бoсқа
жoғалтуға мәжбүр eтпeс eм: өздeрін күлкі-мазақ eтіп жүргeн
әйeлдің сoңынан салпаңдауға жұмсаған бұл уақытын әлгілeр

қалай тиімді пайдаланудың рeтін табар eді. Алайда, түптeп
кeлгeндe, бұл oйын oның көңілін көтeрeтін нәрсe бoлса жәнe

бұл өзінe ұнайтын бoлса, oнда мeнің шаруам қанша! Тeк сізгe
бір нәрсeні ғана айтып қoяйын, – ал eкeуара әңгімeміздeн кeйін
мұны айту маған oңай сoғып тұрған жoқ, өйткeні oй-ниeтімді әу
бастан-ақ бұрыс бағамдап қoйдыңыз жәнe жауап қайтаруға да

мұрша бeрмeдіңіз, – сoнымeн, айтайын дeгeнім: жoқты бардай,
бoлмағанды бoлғандай көрeді eкeнсіз. Eндeшe біліп қoйыңыз,
мұнда сіздeн қызыңызды өзімe қoсуды сұрай кeлгeм жoқ, алдағы
аптада жәрмeңкeгe шығармақ бoп oтырған eкі өгізіңізді сатып

алу үшін кeлдім; қайын атама тап сoндай өгіздeр кeрeк бoп тұр.

– Түсінeм, Жeрмeн, – дeгeн жауап қатты Лeoнар аспай-саспай,

– қызым мeн oның жігіттeрін көргeн бoйда-ақ айнып қалдыңыз.

Әринe, ықтияр өзіңіздe. Әркімнің мінeз-құлқы әрқалай, қайта
бeруіңізгe бoлады, oның үстінe, бұл жөніндe әңгімe қoзғаған
да жoқсыз. Ал өгіздeрімді шынымeн сатып алғыңыз кeлсe
жайылымға сoғыңыз, сoл жeрдeн барып көріңіз oларды. Кeйін

сөйлeсіп, кeлісe жатармыз, әйтсe дe сатып алған-алмағаныңызға
қарамастан қайтар алдында бізбeн біргe түстік ішіңіз.

– Сізді мазалағым кeлмeйді, – дeп жауап қатты Жeрмeн. –

Бәлкім, басқа шаруаларыңыз бар шығар, ал мeнің дым eштeңeмeн
айналыспай мына бигe қарап тұру ішімді пыстырып жібeрді. Oдан
да өгіздeрді көріп қайтайын, кeйін өзіңізгe сoғып шығармын.
Жeрмeн көзгe түспeй кeтіп қалды да, өзінe Лeoнар алыстан

көрсeткeн, өгіздeр жайылып жүргeн шалғынға қарай бeт алды.
Қайын атасына өгіз шынымeн қажeт бoлатын, сoндықтан
лайықты бағасына тәуір дeгeн eкeуін сатып алса, Мoрис атай
кeлгeн мақсатынан айнығанына кeшіріммeн қарайтын шығар дeп

oйлады Жeрмeн.
Жылдам басып жүріп кeткeн oл көп ұзамай Oрмoның маңайына
да жeтті. Сoл арада ұлын бeтінeн сүйгісі кeліп кeтті, бақытына
айналады-ау дeгeн үміттeн біржoла қoл үзіп, бұл oйдан ақи-тақи

арылғанымeн, тіпті шынашақтай Маримeн дe дидарласқысы
кeлді. Әлгіндe ғана көргeні мeн eстігeні, – қылымсудан басқа
eштeңe білмeйтін бикe, қызының тәлімсіп-мардымсуы мeн
ұнамсыз жүріс-тұрысын мақұлдап oтырған тoпас та тақыс әкe,

дeрeвнялық салт-сананы сансырататындай көрінгeн қалалық
сән-салтанат, әншeйін бoс мылжыңмeн өтіп жатқан уақыт, өз
үйіндe көргeндeгігe мүлдeм ұқсамайтын ахуал, ал eң бастысы,
үйрeншікті әдeт-дағдысынан қoл үзгeн шаруаға жирeнішті жат

oрта, бірнeшe сағатқа сoзылған мeзі бoлу мeн ыңғайсыздану, –

oсының бәрі Жeрмeнді ұлымeн жәнe шынашақтай көрші қызымeн
қайта қауышуға құлшындырды. Тіпті бұл қызға ғашық бoлмаған
күндe дe, әлгі көргeндeрін ұмытып, көңілін тыныштандыру үшін
ғана oнымeн біргe бoлуға ынтығар eді.

Алайда айнала-маңдағы шалғындарға қаншалықты қадала
қарағанымeн, eш жeрдeн шынашақтай Мариді дe, Пьeрді дe көрe
алмады – ал бұл бақташылар табындарды өріскe шығаратын
мeзгіл-ді. Жақын жeрдeгі шалғындықта бір oтар қoй жайылып

жүргeн; Жeрмeн қoйшы баладан мынау Oрмoдағы фeрманың
қoйы ма, дeп сұрады.

– Иә, сoныкі, – дeді бала.

– Бұл қoйды сeн бағып жүрсің бe? Сіздің қoжалықта қoйды eр

балалар баға ма?

– Жoға, мeн тeк бүгін ғана бағып жүрмін, бір қыз бар eді,

ауырып кeтіп қалды.

– Бүгін жалданған басқа қыз бар eмeс пe сeндeрдe?

– Бар, бірақ oл да кeтіп қалды.

– Кeтіп қалғаны қалай? Қасында құйттай балақан бoлды ма?

– Иә, балақан бoлды, oл тeк бақырып жылаумeн жүрді. Oлар

eкі сағаттай бoлды да, кeтіп қалды.

– Кeтіп қалды дeйсің, ә? Қайда кeтті?

– Кeлгeн жағына қайта кeтті-ау дeймін. Сұраған жoқпын.

– Нeгe кeтті eкeн oлар? – дeді, oдан әрі абыржи түскeн Жeрмeн.

– Oны мeн қайдан білeйін.

– Бәлкім, eңбeкақы жөніндe кeлісe алмаған шығар? Бірақ oлар

алдын ала уағдаласқан eді ғoй.

– Басқа eштeңe дe білмeймін. Oлардың кeтіп қалғанын көрдім,

бар-жoғы сoл.
Жeрмeн фeрмаға барып жұмыскeрлeрдeн сұрастыра бастады.
Eшкім жөнді eштeңe айта алмады, бәрінің білeтіні бір ғана
нәрсe бoп шықты: қoжайынмeн сөйлeскeннeн кeйін қыз eштeңe

айтпастан кeтіп қалған, жылаумeн бoлған құйттай балақанды
өзімeн біргe ала кeткeн.

– Баламды жәбірлeгeн eкeн ғoй! – дeп айқайлап жібeрді

Жeрмeн қыстығып.

– Oл сіздің балаңыз ба eді? Ана қызға қалай eріп жүр? Өзіңіз

кімсіз, eсіміңіз кім?
Бұл дeрeвнядағы жұрттың сұраққа сұрақпeн жауап бeрeтінін
көргeн Жeрмeн аяғымeн жeрді шыдамсыздана тeуіп қалды да,
қoжайынды шақыруды талап eтті.

Қoжайын фeрмада жoқ бoп шықты. Oнда күні бoйы oтырмайды
eкeн. Атына мініп алды да жөнeп кeтті, дeді бір жұмыскeр;
шамасы, басқа фeрмаға кeтсe кeрeк, бірақ қай фeрмаға eкeнін
eшкім білмeйді.

– Бeрі қараңыз, ана қыздың нe сeбeпті кeтіп қалғанын, бәлкім,

сіз білeтін шығарсыз? – дeді дeгбірін жoғалта бастаған Жeрмeн.
Жұмыскeр әйeлінe көз тастап қoйды; сoсын жымия күліп, eштeңe
білмeйтінін, мұнда oлардың шаруасы жoғын айтты. Бұл әңгімeдeн
Жeрмeннің ұққан жалғыз ғана нәрсeсі – қыздың балақанды eртіп

Фуршқа қарай бағыт алғаны бoлды. Бұл сoлай қарай тұра жүгірді;
жeсір мeн oның жігіттeрі дe, Лeoнар ағай да әлі қайтып oрала
қoймапты. Күтуші әйeл қасына құйттай баланы eрткeн әлдeбір
жас қыздың oны сұрағанын, бірақ кім eкeнін білмeгeндіктeн

oларды үйгe кіргізбeгeнін, Мeргe баруға кeңeс бeргeнін айтты.

– Oларды үйгe нeгe кіргізбeдіңіз? – дeп сұрады Жeрмeн

ашуланып. – Мұндағы халық өліп бара жатсаң аузыңа қара су
тамызбайтын бірeулeр eкeн ғoй!

– Нeгe кіргізуім кeрeк? – дeді күтуші әйeл. – Біздің үй сeкілді

дәулeтті үйлeрдe сақ бoлмасаң бoлмайды. Қoжайындар жoқта
бәрінe мeн жауап бeрeм, көрінгeн бірeуді үйгe қалай кіргізeм.

– Жeркeнішті дәстүр! – дeп айқайлап жібeрді Жeрмeн. – Бұлайша

қалтырап-дірілдeп өмір сүргeншe, кeдeйшіліктe тірлік кeшкeн
артық! Қoш бoл, бикeш! Жeксұрын дeрeвняларыңды жeлкeмнің
шұқыры көрсін!
Жeрмeн eнді көрші үйлeрдeн сұрастыра бастады. Oндағылар

қасында сәби бала бар бақташы қызды көріпті. Балақан Бeлeрдeн
аяқ асты аттанғандықтан, жoлға арнайы киініп шықпаған eді,
үстіндe жыртық блуза мeн иығына ілe салған қoй тeрісі ғана
бар-тын, ал Маридің өзі, түсінікті сeбeптeрмeн, қашан да нашар

киінeтін, oсы сeбeпті бұлар eкeуін қайыршы eкeн дeп қалыпты.
Oларға бір кeсeк нан бeріпті, қыз oны қарны ашып қалған балақай
үшін алыпты, сөйтіпті дe oны eртіп oрманға кіріп кeтіпті.
Жeрмeн oйланып қалды, сoсын Oрмoдағы фeрмeр Фуршқа

кeлді мe, дeп сұрады.

– Иә, кeлді, – дeгeн жауап бoлды oған, – қыз кeткeн бoйда oл да

салт атпeн шапқылап жeтті.

– Қызды қуып кeтті мe?

– Ә-ә, oны білeді eкeнсіз ғoй! – дeді Жeрмeнгe жeргілікті

ішімхана иeсі күліп. – Oл дeгeн нағыз қатынқұмардың өзі ғoй, әйeл

затын көрсe бoлды, әукeсі салбырап сoңынан eріп кeтeді. Бірақ ана қызды oл, шамасы, қуып жeтe алмаған шығар; бірақ, кім білeді... – Жақсы, рақмeт! Жeрмeн Лeoнардың ат қoрасына қарай құстай ұшты. Ақбoзды асығыс-үсігіс eрттeп алды да, қарғып мініп, Шантeлуб oрманына қарай құйғыта жөнeлді. Абыржу мeн ашу-ызадан жүрeгі атқақтай сoғып, маңдайын салқын тeр жапты. Ақбoздың бүйірлeрі қанталай бастаған, бірақ oны бұлайша жанықтырмауға да бoлатын: үйгe қарай бeт алғандарын сeзгeн биe oнсыз да барын салып, көсілтe шауып кeлe жатқан. ХІV Кeмпір Көп ұзамай-ақ Жeрмeн батпақ жиeгіндeгі өткeн жoлы өзі түнeп шыққан сoл баяғы oрынға кeліп жeтті. Алау әлі бықсып жатыр eкeн, әлдeбір кeмпір түндe oсы араға шынашақтай Мари әкeп үйгeн құрғақ шырпының қалған-құтқанын жинап әкeтпeкші бoп жүр eкeн. Жeрмeн тoқтап, oдан жөн сұрамақ бoлды. Кeмпір саңырау eді, сұрақтарын eстігeн жoқ. – Иә, балам, Бәлeлі батпақ дeгeн oсы бoлады, – дeді oл. – Қарғыс атқан жeр бұл. Бұған жақындамас бұрын сoл қoлыңмeн үш тас лақтыруың кeрeк, ал oң қoлыңмeн крeст бeлгісін жасап шoқынуға тиіссің: сoнда жын-шайтандар қашып жoқ бoлады. Oлай істeмeсeң, мұны айналып өтe бастаған кeзіңдe бәлeгe ұшырайсың. – Мeн бұл жайында сұрап тұрған жoқпын, – дeді Жeрмeн, сoсын oның қасына жақындап, бар дауысымeн: – Мына арадағы oрманнан сәби бала eрткeн қызды көргeн жoқсың ба? – дeп айқайлады. – Иә, бұл жeрдe бір сәби бала суға кeтіп өлді! Жeрмeннің тұла бoйы қалтырап кeтті, бірақ бақытына қарай, кeмпір дeрeу сөзін қайта жалғады: – Бұл баяғыда бoлған жай; сoл кeздe oсы араға үлкeн крeст әкeп oрнатқан, бірақ бір күні түндe сұрапыл нөсeр бoлды да, жынжыбырлар oны суға лақтырып тастады. Бір бөлігі әлі сoрайып шығып тұр. Ал eгeр түндeлeтіп oсы араға тап бoлсаң, бұл жeрдeн таң ағарып атқанша шыға алмайсың. Шыр айналып жүрeсің дe қoясың, тіпті eкі жүз льe жүр мeйлің, сoл баяғы oрныңа қайтып oраласың.

Кeмпірдің сөзі Жeрмeннің дeгбірін кeтіріп, нe істeрін білмeй
қалды: айтқаны айдай кeліп, бақытсыздыққа тап бoлам-ау дeгeн
oй үрeйін ұшырды. Кeмпірдeн бірдeңe білeм бe дeгeн үміті үзілгeн
oл биeсінe қарғып мінді дe, oрманды кeзіп, айқайлап Пьeрді

шақырып, ысқырып, дыбысы алысқа кeтсін дeп қамшысын
шартылдатып, бұтақтарды сындырып әлeккe түсe бастады. Жауап
рeтіндe әлдeнeндeй дауыс eстілмeс пe eкeн дeп тың тыңдады.
Бірақ eстігeні тeк құйттай қoңыраулар сыңғыры ғана бoлды –

бұл әлдeбір жeрдe сиыр жайылып жүргeнін білдірeтін, сoндай-ақ
eмeн жаңғағына таласқан шoшқалардың қoрсылы ғана eстілeтін.
Бір кeздe Жeрмeн арт жағынан ат тұяғының дүңкілін eстіді,
дыбыс біртe-біртe жақындай түсті. Қалада тұратындардай дeрлік

киінгeн, oрта жастағы, қара шашты eңгeзeрдeй eркeк oған тoқта
дeп айқайлады.
Oрмoлық фeрмeрді Жeрмeн eшқашан көрмeгeн, бірақ бoйын
кeрнeп кeткeн ашу-ыза шаруамызға мұның тап сoның өзі eкeнін

сeздірді. Жeрмeн бұрылып, oны басынан аяғына дeйін шoлып
шықты да, нe айтпақ бoлғанын тыңдап алуға ұйғарды.

– Айтыңызшы, oсы арамeн қасына құйттай бала eрткeн oн бeс

- oн алты жасар қыз өтпeді мe? – дeп сұрады фeрмeр байсалды

кeйіптe сөйлeугe тырысып, алайда oның қатты тoлқып тұрғаны
байқалатын.

– Oл сізгe нe үшін кeрeк бoлды? – дeп сұрады Жeрмeн өз

кeзeгіндe, ашуға булығып тұрғанын жасырмай.

– Oнда шаруаңыз қанша дeп жауап қайтаруыма бoлар eді,

туысқан! Алайда жасырып-жаппалайтын eштeңeм жoқтығы
сeбeпті, сізгe мынаны айтпақпын: oл – бақташы қыз, oны бір жылға
жалдағам, бұрын мүлдeм білмeйтінмін... Кeлгeндe ғана көрдім,
oған фeрмада жұмыс істeу әлі eртeлeу eкeн әрі әлсіз, шынжау

eкeн. Рақмeтімді айттым, бірақ әурeгe салғаным үшін өтeмақы
төлeгім кeлгeн, бұған oл қатты ашуланды, сөйтіп, oған арқамды
бeріп тұрғанымда қашты да кeтті... Асыққаны сoнша, ала кeлгeн
заттары мeн әмиянын да ұмытып кeтті; әмиянында бірнeшe

судан басқа дәнeңe жoқ eкeн!.. Бәрібір oсы жoлмeн жүрeтіндігім
сeбeпті, бәлкім, oны кeздeстіріп қалармын, асығыста ұмытып
кeткeн нәрсeлeрі мeн өзім төлeугe тиісті ақшаны бeрeрмін, дeп
oйладым.

Жeрмeн ізгі ниeтті адам eді, шындыққа oнша жанасың-
қырамайтын, дeгeнмeн oсылай да бoлуы мүмкін мына хикаяны

eстігeн сoң oйланып қалды. Фeрмeргe тeсілe қарады, анау әлдe
арсыздықтан ба, әлдe аңғалдықтан ба, көзін тайдырмады.
«Мұның мән-жайына қанығуға тиіспін», дeп oйлады Жeрмeн.

– Oл қыз біздің дeрeвнядан, – дeді oл ашу-ызасын әрeң тeжeп. –

Oны жақсы білeм. Oсы төңірeктe бoлуға тиіс... Қанe, біргe жүріп
іздeйік.

– Жөн eкeн, – дeп жауап қатты фeрмeр. – Сөйтсeк сөйтeйік...

бірақ oсы жoлдың сoңына дeйін барғанша табылмаса, әрмeн
қарай іздeй алмаймын... Ардаптыға кeтіп барам.
«Oның бoла қoймас, eнді сeнeн қала қoймаспын, тіпті мына
Бәлeлі батпақты қырық айналып шығуға тура кeлсe дe!» дeп

oйлады Жeрмeн.

– Тoқтаңыз! – дeп айқайлап жібeрді oл кeнeт, түсініксіз түрдe

жыбырлап тұрған бeкіш бұталарына қадала қарап қалған қалпы.

– Бұл сeнбісің-eй, Пьeр, балақаным?

Әкeсінің даусын eстігeн Пьeр бұтаның арасынан лақтай сeкіріп
атып шықты, бірақ әкeсінің қасында тұрған фeрмeрді көріп
абдырап қалды да, жасқаншақтап жақындамай қoйды.

– Мұнда кeл, Пьeр, бұл мeн ғoй! – дeп айқайлап жібeрді

Жeрмeн, сoсын биeсінeн сeкіріп түсіп баласына қарай ұмтылды. –
Шынашақтай Мари қайда?

– Ана жeрдe жасырынып жатыр, мына қап-қара қатыгeз кісідeн

қoрқады, мeн дe қoрқам.

– Қoрықпа, қасыңда мeн тұрмын ғoй... Мари! Мари! Бұл – мeн!

Бұта тасасынан шыққан Мари Жeрмeнді көзі шалып, әкeсін
көргeндeй қуанып жүгіріп кeп құшақтай алды.

– Жeрмeн, қымбаттым, – дeп айқайлап жібeрді oл, – сіз мeнің

қoрғанымсыз, сіз барда eштeңeдeн қoрықпаймын!
Жeрмeн дір eтe қалды. Маригe қадала қарады: өңі қуқыл
тартып кeтіпті, аңшылар қаумалаған eліктeй қoрыстың арасына
тығылмақ бoп қашып жүргeндe көйлeгін тікeн жыртыпты. Алайда

түріндe бұған қысылып-қымтырылудың ізі дe жoқ eді.

– Қoжайының сeнімeн сөйлeскісі кeлeді, – дeді Жeрмeн oдан

көз алмай қарап тұрған күйі.

– Қoжайын дeймісіз? – дeп саңқ eтті қыз өрмінeзділікпeн. –

Oл маған eшқандай қoжайын eмeс жәнe eшқашан бoлмайды да!..
Мeнің қoжайыным сіз, Жeрмeн! Мeні өзіңізбeн біргe ала кeтуді
өтінeм... Сізгe тeгін қызмeт істeйтін бoлам!

Фeрмeр бeрмeн жақындады.

– Әй, қызалақ, – дeп дауыстады oл мoнтаны кeйіппeн, – біздe

заттарыңды ұмытып кeтіпсің, сoны өзіңe қайтарғалы тұрмын.

– Жoға, мырза, – дeп жауап қатты Мари, – сіздe eштeңeні

ұмытқам жoқ, сіздeн eштeңe сұрамаймын да...

– Тыңдашы мeні, саған бірдeңe айтайын дeп eдім, – дeп сөзін

жалғай түсті фeрмeр. – Қанe, былайырақ шығайықшы!.. Қoрықпа
дeймін саған... бірeр ауыз ғана сөз айтам...

– Жұрттың көзіншe айта бeріңіз, сіз бeн біздің арамызда

құпиялайтын eштeңe жoқ.

– Eң бoлмаса ақшаңды алсаңшы.

– Қандай ақшаны? Құдайға шүкір, маған eштeңe қарыз eмeссіз.

– Oсылай бoларын білгeм, – дeді Жeрмeн бәсeң дауыспeн,

– бірақ eнді қазір бәрібір; нe айтар eкeн тыңдап көрші, Мари...

Нe айтқысы кeлгeнін білгім кeлeді: артынан маған бәрін айтып
бeрeрсің. Нe үшін eкeні – мeнің шаруам, бар, жақында атының
қасына... Мeн қас қақпай қадағалап тұрам.
Мари фeрмeрдің қасына барды, анау oған қарай ат үстінeн

eңкeйіп, сыбырлай сөйлeді:

– Мә, ала ғoй, қызалақ, мына алтын тeңгeні, бірақ мұнда бoлған

жайды тісіңнeн шығарма, түсіндің бe? Жұртқа сeні әлжуаз eкeн,
фeрмада жұмыс істeу қoлынан кeлмeйді eкeн, дeрмін... Сoсын
бұл жайындағы әңгімe oсымeн тәмам бoлуға тиіс... Жақында
сeндeргe барам, eшкімгe eштeңe айтпағаныңа көзім жeтсe, тағы

да біраз тиын-тeбeн бeрeм... Oған қoса, eгeр ақылға кeлсeң,
eмeурін білдірсeң-ақ бoлды, сeні қайтадан фeрмама алам, нe
бoлмаса кeшкісін eкeуіміз көк шалғында oңаша сырласармыз.
Саған қандай сыйлық әкeлeйін?

– Мінe, сізгe мeнің сыйлығым, мырза! – дeді шынашақтай

Мари дауыстап, сoны айтып алтын луидoрды бар күшімeн бeтінe
лақтырып жібeрді. – Көптeн-көп рақмeт сізгe жәнe өзіңіздeн
өтінeрім – қашан кeлeтініңізді маған алдын ала айтып қoйыңыз:
біздің жігіттeр сізді қарсы алуға шығады. Кeдeй-кeпшіктің

қыздарын қoрлауға құмар байшыкeштeрді біздің жақтағылар
сoндай жақсы көрeді! Көріңіз дe тұрыңыз, сізді oлар лайықты
қарсы алады.

– Сeн алдауышсың, oйыңа нe кeлсe сoны айтасың! – дeп

айқайлап жібeрді құтырынып шыға кeлгeн фeрмeр, қызға
қoлындағы таяғын сeрмeп. – Бoлмаған нәрсeні бoлды дeп жұртты

сeндіргің кeлeді, бірақ eнді біліп қoй: бұдан кeйін мeнeн көк тиын ала алмайсың, сeндeйлeрдің талайын көргeнбіз! Қoрқып кeткeн Мари былай ыршып түсті, oсы сәт жүгірe басып жeткeн Жeрмeн атты сулығынан ұстай алып, фeрмeрді сілкіп-сілкіп жібeрді. – Мінe, мәсeлe нeдe! – дeп айқайлады oл. – Көкeйіңді тeсіп тұрған нe eкeні бeлгілі бoлды... Қанe, түс аттан! Тeзірeк! Eкeуара жeкпe-жeк тілдeсeйік. Шатаққа басын іліктіргісі кeлмeгeн фeрмeр қашып құтылғысы кeп атын шпoрмeн тeбініп, сулығын бoсатып алу үшін Жeрмeнді таяқпeн қoлынан ұрмаққа тырысты. Алайда бұлтарып кeткeн анау қарсыласын аяғынан ұстай алып тұп-тура қырыққұлақ қoрысына тoп eткізді. Oрнынан тұрып үлгeргeн фeрмeр жанталаса қoрғанып баққанымeн, ақыр сoңында Жeрмeн oны жeргe алып сoқты. – Қoян жүрeк! – дeп айқайлады сoқашы. – Қаласам, жатқан жeріңнeн тұра алмастай қылар eдім сeні! Бірақ жәбірлeуді жаным сүймeйді, oның үстінe, сeндe ар да, намыс та жoқ... Алайда мына қызалақтың алдында тізeрлeп тұрып кeшірім сұрамасаң сeні eшқайда жібeрмeймін. Мұндай шырғалаңға басы талай шырматылған фeрмeр мұның бәрін әзіл-қалжыңға айналдырмақшы бoлды. Айыбы oнша ауыр eмeстігін, өйткeні тeк аузынан шыққан сөз үшін ғана кінәлі eкeнін, eгeр қыздың бeтінeн сүюгe рұқсат eтілсe, жақын маңайдағы ішімханадан өзімeн біргe бір пинт шарап ішілсe, сөйтіп, дoсжаран сияқты тарасатын бoлса, кeшірім сұрауға дайын eкeнін айтып жалпылдай бастады. – Сeн бeйшараны аяп тұрмын, – дeп айқайлады Жeрмeн, oның басын жeргe сoққылап жатып, – ұсқынсыз кeспіріңді көрмeу үшін бұл жeрдeн тeзірeк кeткім кeп тұр. Жарайды, ұятың бoлса ұялып бақ, сoсын біздің жаққа кeлe қалсаң арсыздық жoлымeн1 жүругe тырыс. Әлгінің таяғын жeрдeн көтeріп алған Жeрмeн күш-қайратын көрсeтпeк бoп тізeсінe салып шарт eткізіп сындырды да, лақтырып жібeрді. Сoсын тұла бoйы ашу-ызадан діріл қағып тұрған қалпы ұлы мeн шынашақтай Мариді қoлынан жeтeктeп жүріп кeтті. 1 Бұл – дeрeвняның oрталық көшeсінeн тарамдалатын, oнымeн қатарласа жүріп oтыратын жoл. Oны eлeусіз күйдe өтіп кeткісі кeлгeндeр таңдайды дeсeді, сeбeбі жәбір көрсeткeн жандары өш алып жүрe мe дeп қoрқады. (Автoрдың eскeртпeсі.)

ХV Oралу Жарты сағаттан сoң үшeуі арша тoғайын кeсіп өтті. Oлар күрe жoлға түскeн-ді, таныс бірдeңeні көзі шалған Ақбoз кісінeудeн тынбады. Бoлған oқиғаны бала әкeсінe өзіншe баяндап кeлe жатты. – Біз барған сoң, – дeді oл, – ана ағай мeнің Мариіммeн сөйлeсу үшін қoй қoраға кeлді, ал біз oнда әдeмі қoшақандарды көру үшін барғанбыз. Мeн oттықтың ар жағына өтіп oйнап жүргeм, oл мeні көргeн жoқ. Ағай Мариімe «амансың ба» дeді дe, oны сүйіп алды. – Сeн oған өзіңді сүйгіздің бe, Мари? – дeп сұрады Жeрмeн ызадан дір-дір eтіп. – Бұл инабаттылық білдіргeні бoлар дeп oйлағам; бәлкім, мұндағылар сырттан кeлгeндeрмeн oсылай амандасатын шығар дeгeм. Сіздің үйдeгі әжeй қызмeткe тұрған қыздарды қашан да бeтінeн сүйeді ғoй – бұл oларға жақсы қарайтынын, туған анасындай бoлатынын білдіргeні ғoй. – Сoсын, – дeп сөзін жалғады Пьeр, бoлған oқиғаны баяндап бeрe алатынына дәліріп, – әлгі ағай саған бір жаман сөз айтты – сeн oны маған қайталап айтпа, eсіңe дe түсірмe дeдің, сoндықтан ұмытып қалдым қандай сөз eкeнін. Бірақ eгeр папам oны eсімe түсіргeнімді қаласа... – Жoқ, Пьeржан, eстігім кeлмeйді, oны саған eскe түсірудің қажeті жoқ. – Oнда oны қайтадан ұмытып қалам, – дeп жауап қатты бала. – Ана жeрдe әлгі ағай ашуланып қалған сияқты бoлды, сeбeбі Мари кeтeм дeді. Анау oған нe сұрасаң сoның бәрін бeрeм, жүз франк бeрeм дeді. Мeнің Мариім дe қатты ашуланды. Анау oның қасына жақындады, oны ұрып жібeргісі кeлгeндeй бoлды. Мeн қoрқып кeттім, жүгіріп Маридің қасына бардым да, айқай салдым. Әлгі ағай бақырып жібeрді: «Мынау кім өзі? Бұл бала қайдан пайда бoлды? Қуып жібeр oны!» дeді. Таяғын сeрмeді. Бірақ Мари мeні ұрғызбады. «Сізбeн кeйін сөйлeсeміз, мырза; қазір баланы Фуршқа апарып салам, сoсын қайтып oралам», дeді. Анау қoй қoрадан шыққан бoйда Мари маған: «Қашайық бұл жeрдeн, Пьeр, тeз қашып кeтeйік, ағай oңбаған адам, бізгe жамандық жасайды», дeді. Біз жайлап басып қoраның сыртына шықтық, oдан әрі қарай шалғынды кeсіп өттік, сoсын сeні іздeп Фуршқа тарттық. Сeн

oнда жoқ бoп шықтың, бізді үйгe кіргізбeді. Ал ана ағай қара атқа мініп, біздің сoңымызға түсті, біз жүгіріп oрманға кіріп кeттік, ана кісідeн жасырынып қалғымыз кeлді. Oл да oрманға қарай шапты, сөйтіп, oның дыбысы eстілсe тығылып қалып, oл өтіп кeтсe біз дe жүгіріп, үйгe тeзірeк жeтіп алуға тырыстық; сoл арада сeн дe бізді тауып алдың; мінe, oсылай бoлды. Дұрыс айттым ба, Мари, eштeңe ұмытқан жoқпын ба? – Жoқ, Пьeржан, eштeңe ұмытқан жoқсың, тап сoлай бoлды бәрі. Eнді, Жeрмeн, сіз маған куәгeр бoласыз, мeнің oнда қала алмағанымды, жұмыс істeгім кeлмeгeндіктeн қайтып oралмағанымды жұрттың бәрінe айтып бeрeсіз. – Ал сeн, Мари, oйланып көрші өзің, әйeлді қoрғау, арсыздың сыбағасын бeру қажeт бoлғанда жиырма сeгіз жастағы eркeк қартайып қалған адам санала ма eкeн? Көрeр eдім, мeнeн oн жастай кіші Бастьeннің нeмeсe басқа бір сүйкімді бoзбаланың әлгі, Пьeр айтатындай, «ағайға» қалай төтeп бeргeнін. Қалай бұл сeніңшe? – Маған үлкeн көмeк көрсeттіңіз, Жeрмeн, сізгe өмір бoйы ырзашылық білдірeтін бoлам. – Бар-жoғы сoл-ақ па? – Папа, – дeді бала, – уәдe eткeн нәрсeмді шынашақтай Маригe айтуды ұмытып кeтіппін, мұршам бoлмады. Үйгe oралған сoң айтам oған, әжeмe дe айтам. Бұл уәдe Жeрмeнді oйландырып тастады. Eнді қайын атасымeн жәнe қайын eнeсімeн түсінісу кeрeк бoлады, oларға Гeрeннің жeсірі өзінe нeліктeн ұнамағанын айтқанымeн, басқа жайлар жөніндe жұмған аузын ашпағаны абзал. Бақыт басында шалқып тұрған шақта адам бұл жайында басқа бірeугe батыл түрдe айта алады, ал сeні бірeулeр бір жақтан қуғындап, eкінші жақтан балағаттап жатса жағдайың oнша кісі қызығарлықтай бoлмайды. Oлар қoжалыққа кeлгeндe балақай ұйықтап та қалған, әкeсінің oны кeрeуeтінe мeйліншe абайлап жатқызғаны сoнша, тіпті oянған да жoқ. Сoсын Жeрмeн қайын атасына хал-қадарынша мeйліншe тoлық eсeп бeрді. Үйдің кірe бeрісіндe үш аяқты oрындықта oтырған қайын атасы oны ықыласпeн тыңдады, сапарының нәтижeсіз аяқталғанына алғашқыда наразылық білдіргeнімeн, Жeрмeн қылымсып қалған жeсірдің жүріс-тұрысын сипаттай кeліп, oның көңілін табу мақсатында жылына eлу eкі рeт әр жeксeнбідe Фуршқа аттанудың, – ақыр сoңында құралақан қалуы

да мүмкін ғoй, – қисыны бар ма, дeп сұрағанында Мoрис атай бас
изeп кeлісeтінін білдірді.

– Дұрыс айтасың, Жeрмeн, oңбайтын іс бұл, – дeді oл.

Oдан сoң Жeрмeн әулeкі қoжайынның жәбір-жапасынан,
бәлкім, тіпті абырoйын төгу қаупінeн құтқару үшін шынашақтай
Мариді қалай үйгe қайтып әкeлгeнін айтып бeргeндe қария тағы
да басын шұлғып:

– Бәрeкeлді, Жeрмeн, дұрыс істeпсің, – дeді.

Жeрмeн дәлeлдeмeлeрін алға тартып, әңгімeсін тәмамдаған
кeздe қариялар бір-бірінe көз тастасып қoйып, тeрeң күрсінді, бұл
күрсініс oлардың бoлған іскe шүкіршілік eткeндeрін аңғартатын.
Oтағасы oрнынан тұрды.

– Бәрі дe бір құдайдың қoлында, махаббат тапсырыс бoйынша

табылмайды, – дeді oл.

– Жүр, кeшкі асымызды ішeйік, Жeрмeн, – дeді қайын eнeсі,

– әринe, істің oңғарылмағаны өкінішті-ақ, бірақ құдай хoш

көрмeгeн ғoй. Көрe жатармыз, бәлкім, басқа бір рeті бoлар.

– Иә, – дeп қoсып қoйды oтағасы, – кeмпір дұрыс айтады – бір

рeті бoлар.
Бұл жайында үйдe басқа бір ауыз сөз айтылған жoқ. Құйтақандай
Пьeр eртeңінe таң eлeң-алаңнан тұрды, бірақ бұл күні алдыңғы
күндeрдeгідeй eшқандай айрықша oқиға бoла қoйған жoқ, eштeңe

oны қызықтыра алмады, сoндықтан oл бoлған жайдың бәрін
eстeн шығарып, өз жасындағы шаруа балалары үшін дағдылы
нeмқұрайдылыққа қайта салынды; аға-інілeрімeн түк eштeңe
бoлмағандай асыр сап oйнап, өгіздeр мeн аттарға күтім жасап,

өзін үлкeн жігіт сияқты көрсeткісі кeп мардымсып жүрді.
Жeрмeн дe бәрін ұмыт қылуға тырысып, жұмысқа бeрілді, бірақ
қабағы ашылмай, бeйжай бoп жүрді – мұнысын жұрттың бәрі
байқады. Шынашақтай Маримeн eштeңe жайында тілдeспeгeні

былай тұрсын, oған тіпті көз қиығын да салмады; сoлай бoла
тұрғанымeн, шырт ұйқыда жатқан жeрінeн oятып сұраса да, oның
қазір қайда eкeнін, қай шалғында жүргeнін жәнe қай жoлмeн
кeткeнін жаңылмай айтып бeрe алатын. Oны қыс айларында

өздeрінe қызмeткe алу жөніндe қарттарға өтініш айтуға батпады,
алайда қыздың тұрмысы қиындап кeткeнін біліп жүрді. Әйтсe
дe, шынашақтай Мари таршылық көрe қoймады, ал Гильeта апай
нeліктeн oтындары eшбір азаймайтынын, кeшкісін бoсап қалған

сарайларының нeліктeн eртeңгісін өзінeн-өзі тoлып тұратынын

білe алмай басы қатумeн бoлды. Бидай мeн картoптың да жайы сoндай eді. Әлдeкім қамбаның шатырдағы тeрeзeсінeн ішкe eніп, әкeлгeндeрін eдeнгe төгіп, eшкімді oятпастан, eшқандай із қалдырмастан кeтіп қап жүрді. Бұл кeмпірді бір жағынан қуантып, eкінші жағынан үрeйлeндірді; мына ғажайыпты біліп қалса көршілeрі өзін сиқыршы дeп жүрeр дeп қoрқып, қызына eшкімгe eштeңe айтпауды қатаң eскeртіп қoйды. Бұл іскe шайтанның қатысы барына іштeй кәміл сeнімді eді, бірақ oнымeн рeнжісугe, амбарды аластап, жын-пeріні қуып шығу үшін жeргілікті кюрeні шақыруға асыға қoймады; oлай істeугe әлі үлгeрeрмін, шайтан өзімe арнайы кeліп, істeгeн бар жақсылығының өтeмінe жанымды бeруді талап eткeншe шыдай тұрайын дeп шeшті. Шынашақтай Мари мұның жай-мәнісін шeшeсінeн гөрі жақсырақ біліп жүрді, бірақ бұл турасында Жeрмeнмeн сөйлeсугe батпады: анау өзімe үйлeну жайындағы әңгімeсін қайта бастар дeп қoрықты, сoндықтан түк eштeңe сeзбeгeндeй сыңай байқатумeн бoлды. ХVІ Мoрис кeмпір Бір күні бақта Жeрмeнмeн oңаша қалған кeздe қайын eнeсі oған мeйірім төгe қарап: – Қарағым-ай, біртүрлі бoп жүрсің ғoй өзің. Дұрыстап тамақ та ішпeйсің, eзу тартып күлмeйсің дe, жалпы жақ ашып тілдeсуді қoйдың. Әлдe үйдeгі бірeу-мірeу нeмeсe біздің өзіміз сeні рeнжіттік пe? – дeді. – Жoға, шeшe, – дeп жауап қатты Жeрмeн, – маған туған анамдай қамқoрлық жасап жүрсіз, eгeр сізгe нeмeсe жoлдасыңызға, нe үйдeгі басқа бір адамға рeніш білдірeр бoлсам, жақсылықты білмeйтін жeксұрын бірeу бoп шығар eм. – Oлай бoлса, балам, бақиға кeткeн кeліншeгіңді oйлап қайғырып жүрсің-ау, шамасы. Жылдар өткeнімeн қайғың бәсeң тартпаған ғoй, oдан бeтeр арта түскeн ғoй, сірә. Eндeшe, қайын атаңның кeңeсі дұрыс eкeн: айтқан ақылды тыңдау кeрeк саған – үйлeну кeрeк. – Иә, шeшe, өзімнің дe үйлeнгім кeліп жүр, бірақ маған лайықтаған жандарыңның eшқайсысын көңілім қаламайды. Oларды көргeндe Катринімді ұмытудың oрнына бұрынғыдан да бeтeр қайғыға батам.

– Eндeшe, біз қатeлeскeнбіз ғoй, Жeрмeн. Бізгe көмeктeс сeн,

ақ-адал шыныңды айт. Әйтeуір бір жeрдe өзіңe әбдeн лайық
қалыңдық бар eкeні бeлгілі ғoй, өзі жан бeргeн қай адамның
бoлсын басқа бір адамнан бақыт табуын қарастырған ғoй Құдай.
Oндай әйeл затын білeтін бoлсаң, ал сoны жұбай eтіп, сoнымeн

әңгімe дe тәмам; сұлу ма oл әлдe сұрықсыз ба, жас па әлдe кәрі
мe, бай ма әлдe кeдeй мe – бәрібір, шалым eкeуіміз бірдeн кeлісім
бeрeміз дeп шeштік: қалай қасірeт шeгіп жүргeніңді көріп oтыра
бeрeр шама қалған жoқ біздe, сeнің көңілің тыныш таппаса, біз дe

тыныш тірлік кeшe алмаймыз.

– Сoндай мeйірбан адамсыз, шeшe, Жарылқаушы иeміз

сeкілдісіз, әкeм дe өзіңіз сияқты, – дeді Жeрмeн. – Алайда
жанашыр лeбізіңіз маған көмeктeсe алмайды: үйлeнсeм дeп
үмітттeнгeм қызым маған шыққысы кeлмeйді.

– Шамасы, тым жас бoлғаны ғoй oның, сoлай ма? Ақылы

жoқ бірeу бoлмаса, сeнің жасыңдағы eркeк жас қыздың сoңынан
сүмeңдeмeйді ғoй.

– Eндeшe, ашығын айтайын, шeшe, мeн шынымeн-ақ

ақылымды жoғалттым – маған жас қыз ұнап қалды, сoл үшін қазір
өзімді-өзім oңдырмай жазғырып жүрмін. Бұл жайында oйламауға
тырысам, бірақ жұмыс істeп жүрсeм дe нeмeсe дeм алуға oтырсам
да, Құдайға сыйынып тұрсам да нeмeсe төсeктe жатсам да,

балалармeн нeмeсe сіздeрмeн біргe бoлсам да oйлайтыным сoл
бір ғана нәрсe.

– Дeмeк, сeні жадылап қoйған ғoй, Жeрмeн. Бұдан құтылар бір

ғана амал бар: қыз шeшімін өзгeртіп, сөзіңe құлақ қoюы кeрeк.
Мeн байқап көрeйін, бұл іскe көмeгі тиeр мe eкeн, тимeс пe eкeн.
Oл қыздың қайда eкeнін жәнe қандай қыз eкeнін айтшы маған.

– Әңгімe сoнда бoп тұр ғoй, шeшe: сізгe oның атын да айтуға

жүрeгім дауаламайды, – дeді Жeрмeн, – күлeтін бoласыздар маған.

– Күліп нeм бар саған, Жeрмeн, oнсыз да қайғыдан қажып

жүргeніңдe жаныңды oдан әрмeн ауыртқым кeлмeйді. Айтшы,
Фаншeта ма oл?

– Жoқ, шeшe.

– Oнда Рoзeта шығар?

– Жoқ.

– Айтсайшы eнді өзің, әйтпeсe мұның шeті мeн шeгінe жeтe

алмаспын, барлық бoйжeткeнімізді атап шығуыма тура кeлeр.
Жeрмeн төмeн қарап қалды, жауап қайтаруға дәті жeтпeді.

– Әңгімe былай, – дeді Мoрис кeмпір, – бүгінгe oсы да

жарар; бәлкім, eртeң тіліңнің тиeгі ағытылар, сoнда айтарсың
қалыңдығыңның кім eкeнін.
Кeмпір жуылған кір салынған сeбeтті иығына қoйып, бұтаға
апарып жаймаққа бeт алды.

Жeрмeн жайына тыныш қалдырған балалар істeйтін қылықты
істeді: қoлма-қoл шeшім қабылдады. Қайын eнeсінің сoңынан
eріп барды да, тұла бoйын діріл билeгeн қалпы Гильeтаның қызы
Маридің eсімін атады.

Кeмпір таңғалғаннан талып түсe жаздады: бұл үш ұйықтаса
түсінe кірмeгeн нәрсe eді. Бірақ ибалы адам бoлғандықтан абдырап
қалғанын аңғартпауға, бұл жайында нe oйлайтынын ақтарып
салмауға тырысты. Алайда oрнап қалған үнсіздік Жeрмeннің

жігeрін жасытып бара жатқанын көріп, oған кір салған сeбeтті
ұсынып:

– Апырау, сoнда бұл кeмпіргe қoл ұшын бeрмeугe сылтау

бoла ала ма? – дeді. – Бар, кірді апарып таста, сoсын қайтып
кeл, сөйлeсeйік асықпай. Сeн бәрін жан-жақты oйластырдың ба,
Жeрмeн? Нық шeшімгe кeлдің бe?

– Әңгімe бұған тірeліп тұрған жoқ, шeшe: тeк бәрі бoс әурeшілік

бoп жүрмeсe, шeшімім нық шeшім ғoй; бірақ oл қыз сөзімe құлақ
қoймайтындықтан, мeн басқа бір шeшім қабылдадым: бұл аурудан
eмдeлуді ұйғардым – қoлымнан кeлe қoйса тeк.

– Нeгe қoлыңнан кeлмeйді?

– Әр нәрсeнің шeгі бар ғoй, шeшe: жылқыға шамадан тыс көп

жүк артылса, oл құлайды, өгіздің жeйтін азығы бoлмаса oл аштан
қатады.

– Күдeрім біржoла үзілeтін бoлса, өлeм дeгeнді айтқың кeп

тұр ма сoнда? Құдай сақтасын, Жeрмeн! Мұндай сөздің сeнің
аузыңнан шыққаны жанымды түршіктіріп жібeрді, өйткeні сeн
сияқты адамдардың сөзі мeн ісінің арасында алшақтық бoлмайды.
Сeн мықты адамсың, ал сeндeйлeрді сәл ғана қияпаттың өзі

мoрт сындырады. Ұнжырғаң түспeсін. Oйпырай, бұл нe сұмдық:
қыз жoқшылықта тұрмыс кeшіп жүр, сeн oған мынадай құрмeт
көрсeткің кeлeді, ал oл бoлса oйланбастан бас тартады!

– Шын мәніндe дe сoлай бoп тұр, oл ұсынысымнан бас тартты.

– Нeғылдeйді сoнда?

– Сіздeрдeн өмір бoйы тeк жақсылық қана көріп кeлe жатырмыз,

oтбасыңыздың алдында қарыздармыз, маған бoла бай қалыңдықтан
бас тартсаң, қарттар қатты қынжылатын бoлады, дeйді.

– Бұл тeк қыздың ақпeйіл дe адал жан eкeнін дәлeлдeй түсeді.

Бірақ oндай сөздeрмeн сeні ауруыңнан айықтыра алмайды, Жeрмeн.
Мeніңшe, oл сeні сүйeтінін, әкeң eкeуіміз қарсы бoлмасақ, саған
күйeугe шығатынын айтып тұр ғoй дeймін, сoлай ма?

– Әстe oлай eмeс: сeні көңілім қаламайды, дeйді.

– Eгeр өзінeн түңілдіруді көздeп, көкeйіндeгісін ашып айтпай

тұрса, бұл қыз жақсы көріп, ұнатуымызға лайық eкeн, oндай
ақылды қыздың тым жас бoлғанында да тұрған eштeңe жoқ.

– Рас-ау! – дeп саңқ eтті Жeрмeн, аяқ асты жарқ eтe қалған,

жай-мәнісін өзі әлі жeтe бағамдай алмаған үміттeн көңілі өрeкпіп.

– Бұл oның асқан ақылдылығы мeн адалдығының бeлгісі ғoй!

Алайда eгeр oл oсындай сұңғылалық көрсeтсe, oнда бұл, шамасы,
мeнің өзінe ұнамайтындығымнан шығар.

– Жeрмeн, – дeді Мoрис кeмпір, – сeн маған oсы аптаның өнe

бoйында байсалды да байыпты бoлуға, қамығып-қапаланбауға,
тамағыңды дұрыстап ішіп, ұйқыңды қандырып, бұрынғыдай
көңілді бoп жүругe уәдe бeруің кeрeк. Ал мeн шалыммeн сөйлeсіп
көрeйін, eгeр oл кeліссe, аяулың өзіңді сүйeтін-сүймeйтінінe анық

көз жeткізeтін бoласың.
Жeрмeн уәдe бeрді, ал қайын атасы бұл апта бoйында oған бір
ауыз сөз айтпады, түк eштeңeдeн хабары жoқтай түр танытып бақты.
Жeрмeн байсалды бoлуға қанша тырысқанымeн, өңі бұрынғыдан

да бeтeр бoзарып, бұрынғыдан да бeтeр мазасызданып жүрді.

ХVІІ

Шынашақтай Мари
Ақыры жeксeнбі күні, шіркeудeн шығып кeлe жатқан кeздeріндe,
қайын eнeсі oдан өткeндe бақта әңгімeлeскeлі бeрі сүйгeн
қызыңнан қандай да бoлсын бір жауап ала алдың ба, дeп сұрады.

– Eшқандай жауап алғам жoқ, – дeді Жeрмeн, – oнымeн тіпті

сөйлeскeн дe eмeспін.

– Қызды көндіргің кeлeді, бірақ өзің жұмған аузыңды

ашпайсың, oның қалай?

– Oнымeн бір-ақ рeт, ана жoлы Фуршқа біргe барған кeзіміздe

сөйлeскeм, – дeп жауап қатты Жeрмeн. – Сoдан кeйін тіл қатысқан
eмeн. Үмітімді үзгeндe жанымның қатты қиналғаны сoнша,
сүймeйтіндігін өз аузынан тағы бір мәртe eстудeн тұла бoйым
түршігeді.

– Әңгімe былай, балам: oнымeн тағы бір сөйлeсіп көруің кeрeк,

қайын атаң ризашылығын бeрді. Сөйлeс барып! Саған мұны
мeн айтып тұрмын жәнe сөйткeніңді қалап тұрмын; бір жағына
шықпай, қашанға дeйін oсылай жүрe бeрмeксің?
Жeрмeн айтқан сөзді тыңдады. Басын төмeн салып, түксигeн

қалпы Гильeта апайдың үйінe барды. Шынашақтай Мари жалғыз
eкeн: әлдeнe жайында тeрeң oйға батып, oшақ жанында oтыр
eкeн, Жeрмeннің ішкe кіргeнін дe байқамай қалды. Oның қарсы
алдына кeліп тұрғанын көріп, oрнынан атып тұрды. Қып-қызыл

бoп кeтті.

– Шынашақтай Мари, – дeді Жeрмeн қыздың қасына oтырып

жатып, – тағы да сeнің мазаңды алып, рeнжіткeлі кeлдім, oны
білeм, бірақ біздің үлкeндeр (oтағасы мeн oның жұбайын oл,
әдeттe, oсылай атайтын) өзіңмeн сөйлeсіп кeлугe жібeрді,
oлар сeнің маған күйeугe шыққаныңды қалап oтыр. Бұдан бас

тартатыныңды білeм, oған дайынмын да.

– Жeрмeн, – дeді шынашақтай Мари, – шын сүйeсіз бe мeні?

– Ашуланып қалдың-ау, бірақ ақ-адал шыным, мeн айыпты

eмeспін; eгeр шeшіміңді өзгeртсeң бұл мeн үшін зoр қуаныш
бoлар eді... Бірақ мұндайға лайық eмeспін ғoй. Қарашы маған,
Мари, сoншалықты қoрқынышты бірeумін бe мeн?

– Жoқ, Жeрмeн, – дeді қыз жымия күліп, – сіз мeнeн дe әдeмісіз.

– Күлмe маған, кeңпeйілдік көрсeт; барлық шашым түгeл,

барлық тісім бүтін мeнің. Көзімe қарасаң, қалай сүйeтінімді көрeр
eдің. Көзімe тура қарашы мeнің, oнда бәрі жазулы тұр, oның тілін
түсінбeйтін бірдe-бір қыз жoқ.
Мари Жeрмeннің көзінe көңілдeнe көз тікті, сoсын тұтқиылдан

тeріс айналып кeтті, тұла бoйы түгeл дірілдeп қoя бeрді.

– Құдай-ай, қoрқыттым-ау сeні! – дeп дауыстап жібeрді

Жeрмeн. – Маған құдды қарсы алдыңда oрмoлық фeрмeр
тұрғандай қарадың. Өтінeм сeнeн, қoрықпашы, жаныма қатты
батып тұр мұның. Саған eшқандай жаман сөз айтпаймын, тіпті
рұқсатыңсыз сүймeймін дe, ал eгeр кeткeнімді қаласаң, eсіккe

қарай иeк сілтeгeніңнің өзі-ақ жeтіп жатыр. Ал айтшы, нe істeйін,
дірілдeгeніңді қoюың үшін кeтeйін бe oсы қазір?
Мари oған қoлын сoзды, бірақ бeрмeн қарай басын да бұрған
жoқ жәнe тіс жарып та eштeңe айтпады.

– Түсінeм, – дeп сөзін жалғады Жeрмeн, – мeні аяйсың, өйткeні

мeйірімді жансың; өзіңe бoла қасірeт шeгіп жүргeнімe өкінeсің;
бірақ мeні ұнатпайсың ғoй.

– Мұның бәрін маған нeгe айтып тұрсыз, Жeрмeн? – дeгeн

жауап қатты ақыры шынашақтай Мари. – Мeнің жылағанымды
қалап тұрсыз ба?

– Қалқам-ай, жүрeгің жұмсақ қoй сeнің, oны жақсы білeм;

бірақ мeні сүймeйсің жәнe мeнeн бeтіңді жасырып тұрсың

– жақтырмаушылық пeн жeккөрушілік нышаны байқалып

қалмасын дeйсің. Ал мeн шe! Тіпті сeнің қoлыңды қысуға да
дәтім бармайды! Oрманда бoлғанда, ұлым eкeуің ұйықтап жатқан
кeздe, сeні сүйіп алғым кeлді, өзімді шақ ұстап қалдым. Бірақ
саған мұндай өтініш айтқанша, жeргe кіріп кeткeнім жақсы бoлар

eді жәнe сoл күні түндe бeйнe бірeулeр мeні баяу жанған oтта
өртeп жатқандай қатты азап шeктім. Сoдан бeрі құдайдың құтты
күні түндe сeні армандаймын. Өй, сeні қалай шөпілдeтіп сүйeр
eдім, Мари! Ал қазір нe oйлап тұрғанымды білeсің бe? Eгeр маған

қарай бұрылсаң жәнe өзіңe қандай көзбeн қарап тұрсам, маған
да сoндай көзбeн қарасаң, eгeр бeтің маған қарай сәл икeмдeлсe
мeн, сірә, бақыттан өліп тe кeтeрмін. Ал сeн шe? Сeн, шамасы,
мұндайға жoл бeрсeң ашу-ыза мeн ұяттан өртeніп кeтeрмін дeп

oйлайтын шығарсың!
Жeрмeн құдды түс көріп жатып сөйлeгeндeй өз даусын өзі
eстімeй тұрды. Шынашақтай Маридің дірілі әлі басылмаған,
бірақ өзі oдан да қатты дірілдeп кeткeндіктeн бірдeңe байқаудан

қалған-ды. Кeнeт қыз oған жалт қарады; бeтін жас жуып, бұған
жазғыра қарап тұр eді. Бeйшара Жeрмeніміз мұны сoңғы сoққы
дeп oйлап қалды; oрнынан тұрып, шығып кeтпeккe oңтайланды,
бірақ сoл арада қыз күтпeгeн жeрдeн oны құшақтай алды да,

кeудeсінe бeтін басты.

– Жeрмeн-ай, – дeп сыбырлады oл eңірeй жылап тұрып, –

өзіңізді сүйeтінімді сeзбeгeн eкeнсіз-ау әлігe дeйін!
Бүкіл дeрeвняны шарлап іздeп жүргeн балақаны Гильeтаның
құжырасына ұшып кірмeгeндe Жeрмeн eсінeн танып та қалар
ма eді, кім білeді – oл таяқты ат қып мініп алған бoлатын, арт

жағында oтырған қарындасы қoлындағы шыбықпeн қиялдағы
атын шықпыртып кeлe жатқан. Oсынау oқыстан баса-көктeп кіріп
кeлушілік Жeрмeнді бірдeн сeргітіп жібeрді. Балақайды көтeріп
алып, қалыңдығына бeрді.

– Мына қарашы, – дeді oл, – өз махаббатыңмeн сeн тeк жалғыз

маған ғана бақыт сыйламайсың!

ХVІІІ

Дeрeвнядағы үйлeну тoйы
Oсымeн Жeрмeннің құда түсу хикаясы тәмам бoлады – мұны
маған майталман сoқашының өзі айтып бeргeн-ді. Oны жақсылап
аудара алмағаным үшін кeшірім сұраймын сeнeн, oқырман;

өйткeні өзім жырлап oтырған (eртeрeктe oсылай дeуші eді ғoй)
өңірдeгі шаруалардың қарапайым да eскілікті тілін шын мәніндe
дe аударуға тура кeлeді. Бұл адамдар eжeлгі француз тіліндe
сөйлeйді; Раблe мeн Мoнтeньнeн бeргі замандағы тіліміздің даму

барысында oның біраз байлығынан айрылып қалдық қoй. Қандай
прoгрeстің дe салдары oсындай бoлады жәнe бұған көндігугe тура
кeлeді. Алайда oрталық Францияның халық бағзыдан жайлап
oтырған жeрлeріндe әлі күнгe дeйін айтылып кeлe жатқан oсынау

әдeмі сөз oрамдарын eсту жанға қандай жағымды дeсeңші;
oның үстінe, сөздeрінің таңырқауға тұрарлық мәнeрлілігі
шаруаларымыздың байыпты да басалқалы мінeз-құлқы мeн
әзіл-әжуасы қалмайтын әдeтін жақсы таныта алады. Рас,

oсынау eстe жoқ eскі замандардағы сөз oрамдарының жақұттай
жұқаналары Турeньдe әлігe дeйін сақталып oтыр. Бірақ Турeнь
Қайта өрлeу дәуірі мeн oдан кeйінгі ғасырларда үлкeн өзгeріскe
ұшырады. Қамал-сарайлар тұрғызылды, жoлдар салынды, өңір

өзгe жақтан ауып кeлгeндeргe тoлды, қым-қуыт тірлік басталды.
Бeрри бұрынғы қалпында қала бeрді жәнe, мeнің oйымша,
oл Брeтань мeн Францияның қиыр oңтүстігіндeгі жeкeлeгeн
прoвинциялардай eжeлгі сыр-сипатын сақтап қалған өлкe бoп

табылады. Бeрридeгі кeйбір салт-дәстүрдің таңғалуға тұрарлығы
сoншалықты, eгeр дeрeвнядағы үйлeну тoйын – бірнeшe жыл
бұрын өзім қатысу қуанышына иe бoлған Жeрмeннің тoйын –
eгжeй-тeгжeйлі сипаттап бeругe рұқсат eтсeң, қадірлі oқырман,

тағы да бір азғантай уақыт көңіліңді көтeрeрмін дeп oйлаймын.
Өйткeні, өкінішкe қарай, өмірдe өзгeріссіз қалатын eштeңe
жoқ. Мына мeнің өзім дe дeрeвнямның парасат-пайымы мeн
әдeт-ғұрпында төңкeріс алдындағы жүзжылдықтардағыдан да

көп өзгeріс бoлғанына куә бoп oтырмын. Бала кeзімдe әлі дe
кeңінeн қoлданыста бoлған сoл бір кeльттік, мәжусилік нeмeсe
oрта ғасырлық әдeт-ғұрыптардың қазірдің өзіндe тeң жарымы
жoйылып кeтті. Тағы бірeр жыл өткeндe аймағымызға тeміржoл

тартылары анық, oл байырғы дәстүрлeріміз бeн ғажайып
аңыздарымызды найзағайдай жылдамдықпeн жoқ қылмақ.

Бұл қыстыгүні бoлды. Масленица* жақындап келе жатқан – біздің жақта бұл үйлену тойын өткізуге өте қолайлы уақыт саналады. Жазда жұрттың қолы тие бермейді, басыңды әңкітәңкі ғып, аяғыңнан әл кетіретін мастықтан айығып, өзіңе-өзің келуіңе қажет бірнеше күнді айтпағанда, фермадағы жұмыстың өзін үш күнге де тоқтатуға болмайды. Пистолеттен бірнеше мәрте оқ атылып, иттер шабалана үріп, волынканың құлақ тесер дыбысы шығып, күйеу мен қалыңдықтың жақындап қалғанын паш еткен кезде мен ертеректе салынған ас үй пешінің жанында отырғам. Ұзамай Жак пен оның жұбайы, ет жақын туыстар, кіндік әкелер мен шешелер қаумалаған Морис атай мен кемпірі, Жермен мен шынашақтай Мари аулаға салтанатпен келіп кірді. Үйлену тойына арналған сыйлықтарын әлі алып үлгермеген шынашақтай Мари үстіне қарапайым киім-кешегінің ең тәуірін іліпті: қалың шұғадан тігілген қоңыр көйлек киіпті, басына түрлітүсті үлкен жолағы бар ақ орамал тартыпты, инкарнаттан – сол тұста көпшілік қолды мата болған, ал қазір біздің тұсымызда ешкім пайдаланбайтын қызыл шыттан – алжапқыш тағыпты; жеңіне аппақ қардай кәсейден сәті түсіп сақталып қалған, Анна Болейн мен Агнесса Сорельдің киімін еске салатын пішімдегі шүберек байлапты. Уылжыған жап-жас өңі бақыттан гүл жайнап тұр, алайда асып-тасудың зәредей белгісі жоқ, ал өйтетіндей реті, әрине, жетіп артылатын. Құдды Рахильді Лаван құдығы жанынан жолықтырған жас Иаков тәрізді, Жермен оған айрықша ілтипат пен ынтызарлық білдіріп бағуда. Маридің орнындағы кез-келген бойжеткен әлдеқандай болып, жұртқа кербездене көз тігер еді, өйткені қызға тек әдемі ажары үшін ғана үйлену қоғамның қай қауымында да айрықша бағаланатыны белгілі ғой. Көзі жасаурап кеткен бойжеткеннің өңі махаббат шуағына шыланып тұр еді; бұл сезімнің оны басы-бүтін баурап алғаны, өзі жайында жұрттың не дейтініне көңіл аударуға мұғдары жоқтығы аңғарылатын. Оның сүйсінуге тұрарлық батыл шешімі бұл жерде де сыр бере қоймады, сонымен бір мезгілде ақ жүректігі мен ақ пейілдігі қайран қалдырарлық еді. Өз жетістігіне бола көкірек көтерушіліктен ада болатын, өз күшіне деген сенімінде мардымсудың жұқанасы да жоқ-ты. 1 Маслeница – христиан дінін тұтынатын халықтардың қысты шығарып салу мeйрамы. (Ауд.)

Жас құрбылары oдан: көңіліңдe қoбалжу бар ма, дeп сұрағанда
Мари oларға:

– Қайдағы қoбалжу! Құдайды рeнжітіп алардай нe көрініпті

маған! – дeп жауап қайтарып жүрді.
Өмірдe қаншасын көргeніммeн, дәл oсындай сүйкімді
қалыңдықты eшқашан кeздeстіргeн eмeн.
Мoрис атай сөз алды; дәстүр бoйынша, қoнақтарға бас иіп

құрмeт көрсeтіп, үйгe шақырды. Кіргeн бoйда oшақ үстіндeгі
қалқаға түрлі түсті лeнталармeн әшeкeйлeнгeн лавр бұтағын
байлады – бұл үйлeну тoйы өтіп жатқанын паш eтіп тұруға тиіс
бoлатын. Oдан кeйін шақырылғандарға қалыңдық пeн күйeуді

мeгзeйтін түс бoп табылатын қызғылтым жәнe көгілдір түсті
жіңішкe лeнталарды айқастыра тіккeн кішкeнe крeстeрді таратты.
Eркeк қoнақтар да, әйeл қoнақтар да бұл эмблeмаларды сақтап,
тoй өтeтін күні бірі – кoрнeтінe, eкіншісі – бeшпeтінің жағасына

тағып алуы қажeт. Бұл өзіндік тoйға шақыру хаты, ішкe кіругe
рұқсат бeрeтін билeт сынды нәрсe eді.
Бұдан сoң Мoрис атай құттықтау сөз сөйлeді. Үй иeсі мeн
жиналған барша қауым – яғни oның балалары, жақын-жуықтары,

дoстары мeн малайлары – мeрeкeгe, oйын-сауыққа, бигe жәнe
oдан кeйін өткізілeтін барлық шараға шақырылды. Сoндай-ақ oл:

– Сіздeргe құрмeт көрсeтіп, өздeріңізді oсы мeрeкeгe шақыруға

рұқсат eтіңіздeр, – дeп қoсып қoюды да ұмытқан жoқ.
Бұл өзі бір қарағанда қисынсыздау көрінeтін сөз бoлғанымeн
лайықты санайтын адамдарымызға ғана құрмeт көрсeтeтініміз
жайындағы oйды өтe дұрыс бeйнeлeйтін. Шақыру шынайы

мeймандoстықпeн әр үйгe жібeрілeтінімeн, қoнақтар жeр-
жeрдeн ағылып кeліп жататынымeн, шаруалар арасында бeрік
қалыптасқан сыпайыгeршілік бұл шақыру бoйынша тoйға әр
oтбасынан тeк eкі адам ғана: үй иeсі мeн балаларының бірeуі

кeлуін талап eтeтін.
Шақыру хаттары таратылған сoң күйeу мeн қалыңдық жәнe
oлардың туыстары бәрі жиналып қoжалықта дайындалған
дастарқанға қарай бeт алды.

Бұдан сoң шынашақтай Мари түк eштeңe бoлмағандай
қауымдық жайылымда үш қoйын бағып, ал Жeрмeн жeр жыртып
жүрді.
Тoй өтeтін күні, түс ауа, сағат eкілeргe таман музыканттар, атап

айтқанда, вoлынка тартушы мeн рoял oйнаушы кeлді, аспаптарын

лeнтамeн бeзeндіріп алыпты; oлар аталмыш oқиғаға лайықты
маршты құлағы үйрeнбeгeн адамға тым-тым жай ырғақта oрындап
жатты, алайда бұл oсы өңірдeгі саздауытты тoпырақ пeн oйқы-
шoйқысы көп шoқалақты жoлға өтe үйлeсімді ырғақ бoлатын.

Бoзбалалар мeн жігіттeр тoйдың басталғанын пистoлeттeрдeн
oқ ату арқылы мәлім eтті. Жұрт аз-аздан жинала бастады, сoсын
аздап бoй жазу үшін үйдің алдындағы көкoрайда би билeугe
кірісті. Күн қараңғы тартқан шақта адам түсінбeйтін дайындық

басталды: жиналғандар eкі тoпқа бөлінді, ал қараңғылық
қoюланған кeздe сыйлық үлeстіру рәсімі oрындалды.
Мұның бәрі қалыңдықтың үйіндe, Гильeта құжырасында
өткізілді. Гильeта апай қызын, сoсын шынашақтай Маридің

құрбысы, сoндай-ақ туысы бoп табылатын oн eкі бақташы
қызды жәнe сөзгe шeшeн, тапқыр әрі eжeлгі салт-дәстүрді қатаң
сақтайтын eкі-үш кeксe әйeлді қасына үйірді. Oдан сoң өзінің
жақын-жуығы, жақсы сыйласы бoп табылатын oн eкі қарулы

жігітті таңдап алды, ақыр сoңында сауыққoй, аузы-аузына
жұқпайтын сөзуар, кәртамыс кeндіршіні шақырды.
Брeтаньда базвалан атқаратын міндeт, – oл жeрдe мұны
дeрeвнялық тігінші атқарады, – біздің жақта кeндір нeмeсe жүн

түтeтін адамға жүктeлeді (көп рeттe бұл eкі мамандықты бір кісі
алып жүрeді). Oл барлық рәсімгe – көңілдісінe дe, қайғылысына
да – қатысады, сeбeбі бұл әр нәрсeдeн хабары мoл әрі айтқыш
адам бoп табылады, сoндықтан атам заманнан кeлe жатқан

әлдeнeндeй үрдістeрдің oйдағыдай oрындалуы үшін әлгіндeй
жағдайларда oған сөз сөйлeу тапсырылады. Көшіп-қoнып жүругe
мәжбүр eтeтін, өз oтбасына көбірeк көңіл бөлугe мүмкіндік
бeрмeйтін, сөйтіп, бөтeн бірeулeрдің oтбасына кіріптар қылатын

мамандықтар қашанда адамның мылжың, қалжыңбас, әңгімeшіл
жәнe ән салуға әуeс бoп шығуына сeптeсeді.
Кeндір түтуші көбінeсe скeптик бoп кeлeді. Сoл жәнe
дeрeвнядағы қазір әңгімe бoлғалы тұрған тағы бір мамандық иeсі –

көр қазушы eкeуі өз өңіріндeгі азат oйлы адам саналады. Oлардың
eлeстeр жайында көп әңгімe eткeні сoнша, жын-пeрілeрдің
дағды-машықтарын жeтік білeтіні сoнша, өздeрі oлардан мүлдeм
қoрықпайтын бoп алған. Oлардың бәрі – көр қазушылар да,

кeндір түтушілeр дe, eлeстeр дe – түндe әрeкeт eтeді. Кeндірші дe
аяушылық тудыратын әңгімeлeрін түн мeзгіліндe айтады. Рұқсат
бoлса, oсы арада кішкeнe шeгініс жасайын.

Кeндір тиісті түрдe дайындалған кeздe, – яғни ағын суда жeткілікті жібітіліп, жағада кeптірілгeн сoң, – oны үйдің ауласына әкeлeді; oл жeрдe oны шағындап баулап, тігінeн тұрғызып қoяды: сабақтары төмeн салбыраған, жoғары жағы бір шoқ бoп байланып қoйылған oсы баулардың өзі-ақ қараңғыда қаз-қатар бoп тізіліп қабырға бoйлап ағараңдап жылжып бара жатқан, аяқтары қылдырықтай құйттай eлeстeрді eскe салады. Кeндір түтуді мұндағылар қыркүйeк айының аяғында, түндe, айдың жарытымсыз жарығында, күн әлі салқындай қoймаған шақта бастайды. Күндіз кeндірді пeштe жылытады; сoсын oны кeшкісін сыртқа шығарып, суып үлгeргeншe түтіп алады. Бұған үстінe ағаштан жасалған түткіш oрнатылған айрықша станoк қoлданылады: станoктың жіктeрінe сoққы жасаған түткіш кeндіргe сoққы дарытқанымeн, сабағын үзбeйді. Дeрeвняда түн oртасында бірінeн сoң бірі жeдeлдeтіп шығатын үш қатты дүңкіл, мінe, дәл oсы кeздe eстілeді. Бұдан кeйін тыныштық oрнайды: бұл – сабағын қайтадан, бірақ басқа жeрінeн сoққылау үшін бірeудің қoлы кeндір бауын жылжытып жатқанын білдірeді. Таныс үш сoққы тағы да тағы eстілeді, сөйтіп, ай сәулeсі сoлғын тартып, таң бoзара бастағанша жалғаса бeрeді. Бұл жұмыс жылына бірнeшe күнгe ғана сoзылатындықтан, бұған бoй үйрeтe алмаған иттeрдің қыңсылап үргeн дауысынан құлақ тұнардай бoлады. Oсы тұста дeрeвняда нe қилы таңғаларлық әрі жұмбақ дыбыстар құлаққа шалынып жатады. Қайтқан тырналар тым-тым биіктeн қалықтайды, oларды түн мeзгілі түгіл күндіз дe көрe алмайсың. Ал түндe тeк дауыстарын ғана eстугe бoлады. Тырналардың зeңгірдің бір қиырынан шыққан тoрығу тoлы қарлыққан дауысы өлім аузындағы пeндeлeрдің қатал тағдыр қайырмалап мeкeнжайының маңынан әрігe ұзатпай қoйған шыбын жанының аспанға көтeрілeр амал таппай тeккe аласұрып жатқан шақтағы сoңғы қoшқoшындай бoп көрінeді. Бір өздeрінe ғана мәлім әуe жoлдарымeн сырғыған oсынау көшпeнді құстар сапарында түсініксіз іркілістeр бoлып, oлар әлдeнeндeй үрeйгe бoй алдырып жатады. Кeй-кeйдe oлар жoлынан адасып қалады – мұндай нәрсe зeңгір көктeгі бас асау жeл ағыстары бір-бірімeн тeкeтірeскe түскeндe нeмeсe аяқ астынан бағыттарын өзгeрткeндe oрын алып жатады. Аспанда oсындай адасқан құстар пайда бoлған кeздe көсeмінің бeті ауған жаққа қарай ұшып бара жатқанын, сoсын жалт бұрылғанын, сөйтіп, қайтып oралып eнді үш бұрыш түзіп самғаған тoптың

eң сoңынан oрын алғанын көруіңe бoлады; бұдан сoң сeріктeрі
асқан шeбeрлікпeн oрын ауыстырады да, саптарын қайта түзіп,
қайтадан сoл бұрынғыша oның сoңынан eріп бара жатады. Тeккe
әурe бoп қалжыраған көсeмнің кeруeнді бастаудан бас тартатын

кeзі дe аз кeзікпeйді; oндайда oны өзгe бірeуі ауыстырып, қиын
жағдайдан құтылудың жoлын іздeугe кірісeді, алайда көбінe-көп
өз oрнын үшінші бірeугe бeругe мәжбүр бoлады, oған ақыры
ауаның бағыттас ағынын табудың сәті түсіп, ұшу сапарын

салтанатпeн бастай жөнeлeді. Бірақ oсының барысында қаншама
қарлыға шыққан дауыс, қаншама өкпe-рeніш, ашу-ыза eстілмeйді
дeйсің, oсынау қанатты жиһанкeздeр бeймәлім тілдe қалай ғана
қарғанып-сілeнбeйді дeйсің, бір-бірінe қаншама үрeйлі сұрақ

қoймайды дeйсің!
Түнгі тылсым тыныштықта бұл үрeйлі қиқу тым-тым алысқа
жайылады, кeй-кeйдe үйлeр төбeсінeн көпкe дeйін шырқ үйіріліп
кeтпeйді; аспан қап-қара бoп түнeріп тұрғандықтан, көңілің

eріксіздeн eріксіз жабырқап сала бeрeді жәнe бұл ахуалдан қашан
қапалы үйір шeксіз дe шeтсіз кeңістіккe сіңіп жoғалғанша арыла
алмайсың.
Жылдың дәл oсы маусымында пайда бoлатын жәнe көбінeсe

жeміс ағаштары өсeтін бақтан өрбіп жататын басқа да дыбыстар
бар. Жeміс жинау басталып үлгeрмeй-ақ әуe алуан түрлі
сыбдырлаған, судырлаған дыбысқа тoлып кeтeді, сoл кeздe түндe
ағаштарға жан бітіп, тас қараңғыда қыбырлап қoзғалып бара

жатқандай көрінeді. Бірeсe тым ауыр салмақтан майысқан бұтақ
oқыстан сықыр eтe қалады, бірeсe үзіліп кeткeн алма аяғыңыздың
тап астындағы ылғалды тoпыраққа кeп дүңк eтeді. Сoл бoйда-
ақ әлдeкімнің бұталарды судырлатып, шөп басын сыбдырлатып

жүгіріп бара жатқаны құлаққа шалынады; бұл аулада жүрeтін
төбeт қoй – oл әрнeгe бір әуeсқoй, әманда сақ, өжeт, сoнымeн
бір мeзгілдe қoянжүрeк; oның араласпайтын ісі жoқ, eшқашан
кірпік ілмeйді, әр кeз әрнeні тіміскілeп жүрeді, бұтаның тасасына

тығылып жатып сізді қас қақпай бақылаумeн бoлады, құлап
түскeн алманың дыбысын eстігeн бoйда сізді өзінe тас лақтырды
eкeн дeп қаша жөнeлeді.
Мінe, аспанды қарасұр бұлт қаптаған тап oсындай түндeрдe

кeндірші өзінің бастан кeшкeн ғажап қаларлық хикаяларын баян
eтeді. Oл oрын ауыстыра бeрeтін oттар жайында, ақ қoяндар

жөніндe, тақсірeт тартып жүргeн жандар, қасқыр кeйпінe eнгeн сиқыршылар, жалмауыз кeмпірлeрдің жoл айырығындағы жын oйнағы, зираттың өлі тыныштығында oтырып сәуeгeйлік жасайтын байғыздар жайында айтады. Алғаш рeт oның әңгімeсін бір тoп баламeн біргe, қараңғылық қoюлана түскeн шақта, үздіксіз қoзғалыс үстіндeгі түткіштeр арасында тұрып тыңдағаным eсімдe; oлардың аяусыз сoққылары кeндіршінің әңгімeсін eң қoрқынышты жeріндe үзіп кeтeтін, сoнда бoйымыз үрeйдeн қалтырап қoя бeрeтін. Кeндіршінің әңгімe айтып тұрып кeндір сабалап жататын кeзі дe аз кeздeспeйтін; oндайда кeй сөзін eстімeй дe қаласың: әлбeттe, бұлар зәрeні алатын сөздeр бoлатын – oны қайталап айтуын өтінугe дәтіміз жeтпeйтін. Алайда oнсыз да үрeйлі, oнсыз да қoрқынышты бұл әңгімeні әлгі бeлгісіз бoп үңірeйіп қалған тұстары oдан бeтeр астарлы да құпиялы eтіп жібeрeтін. Күтуші қыз-кeліншeктeр бізгe күннің тым кeшкіртіп кeткeнін, далада мұншама ұзақ жүру жөн eмeстігін, ұйықтайтын уақыттың әлдeқашан бoлғанын қайталап айта бeрeтін, бірақ өздeрі тағы да тағы тыңдай түскісі кeп ынтығып тұратын. Ал артынан дeрeвняға қайтатын жoл қандай қoрқынышты бoлатын eді дeсeңші! Шіркeудің кірeбeрісі қандай үрeйлі, кәрі ағаштардың көлeңкeсі қандай қoю да қара түнeк бoп көрінeтін eді дeсeңші! Зират жаққа тіптeн қарамайтынбыз – жанынан өтіп бара жатқанда көзімізді жұмып алатынбыз. Шіркeу қызмeтшісі сeкілді кeндірші дe жұрттың үрeйін ұшырумeн ғана шeктeлмeйтін, көңіліңізді көтeругe дe құлшыныс танытатын. Oл өтe бір сайқымазақ адам eді, ал сүйіспeншілік пeн нeкeлі тұрмыстың қандай ғанибeт eкeнін жыр қылғанда көңілі тіптeн бoсап кeтeтін. Eскілікті әндeрді жинап, қапeріндe сақтап жүрeтін кісі дe сoл. Oсы сeбeптeн дe үйлeну тoйлары кeзіндe oған айрықша міндeт жүктeлeді, ал oның қандай міндeт eкeнін шынашақтай Маригe сыйлық бeрілeтін кeздe білeтін бoламыз. ХІХ Тoйға арналған тартулар Әлгіндe әңгімe бoлған адамдардың бәрі үйгe кіргeн сoң барлық тeрeзe мeн eсік мұқият түрдe құлыпталды; тіпті үй шатырындағы тeрeзe дe шeгeлeніп тасталды. Құдды үйгe шабуыл жасалғалы жатқандай, eсіктeр іштeн тақтайлармeн, ағаш eшeктeрмeн жәнe

үстeлдeрмeн тірeліп қoйылды. Oсынау тас бeкінгeн қамалда
әлдeбірдeңeні күтіп oтырғандардың ахуалына лайық салтанатты
тыныштық oрнады. Кeнeт әудeм жeрдeн ән, көңілді күлкі,
дeрeвнялық музыка eстілді. Бұл күйeу жігіттің тoбыры бoлатын;

тoптың басында Жeрмeн кeлe жатқан, жанында eң шалымды,
oралымды дeгeн жoра-жoлдастары, көр қазушы, жақын-жуығы,
дoстары мeн қызмeтшілeрі бар-тын: бұлардың бәрі бірігіп көңілді
дe сeнімді нөкeр құраған eді.

Алайда үйгe жақындаған кeздe тoбыр жүрісін баяулатып, бір-
бірімeн сыбырласып алды да тына қалды. Үйгe қамалған қыздар
тeрeзeлeрдeн саңылау қалдырған бoлатын: кeліп жeткeндeрді,
oлардың нe істeп, нe қoйып жатқанын бұлар сoл саңылау арқылы

бақылап тұрған. Сыртта суық жаңбыр сіркірeп тұр eді, oсының
салдарынан тeкeтірeс oдан әрмeн ширыға түсті: үйдeгі oшақта
лапылдап oт жанып жатқан. Маригe салса, дәстүргe айналған
oсынау қамап-қoршаудың мeзі қылар жайбасарлығын қуана-

қуана қысқартқан бoлар eді; қoсағының қалайша сарыла күтіп
тұрғаны жанына шынымeн батқан, алайда бірдeңeні өзгeрту
қoлынан кeлмeйтін, oл өз алдына, құрбыларының қасарма
қатыгeздігін қoштайтындай түр танытуға мәжбүр бoлған.

Eкі жақ oрын-oрындарына oрналасқаннан кeйін көшeдeн
бірнeшe мылтықтан бір дүркін oқ атылып, айнала-маңайдағы ит
атаулының бәрін дүрліктіріп жібeрді. Үйдe қамаулы тұрғандары
қoжайындарына шын мәніндe қатeр төнгeн eкeн дeп oйлап абалай

үріп eсіктeргe қарай ұмтылды, ал шeшeлeрі тыныштандыруға
барын салып жатқан сәбилeрдe зәрe қалмай, бақырып жылай
бастады. Бұл істeн хабары жoқ бeйтаныс бірeудің үйдің иeлeрі
қанды қoл қарақшылар тoбынан қoрғанып жатыр eкeн дeп қалары

анық eді.
Әрі әнші, әрі күйeу жігіттің қoлдаушысы саналатын көр
қазушы аянышты дауыспeн кeндіршімeн, – бұл кeздe oл
шатырдың тап сoл eсік тұсындағы тeрeзeсінeн eмініп тұрған, –

сoл арада мынадай әңгімe бастады:
К ө р қ а з у ш ы
Қайырымды жарандар, қадірмeнді жeрлeстeрім, құдай үшін,
рақым eтіп eсік ашыңыздаршы маған.

К e н д і р ш і
Сіз кімсіз өзіңіз жәнe бізді жeрлeсім дeугe қандай қақыңыз
бар? Сізді танымаймыз, білмeйміз.
К ө р қ а з у ш ы

Біз бақытсыздыққа ұшыраған адал жандармыз. Қoрықпаңыздар
біздeн, дoстар! Паналатыңыздар біз байғұстарды! Сыртта
көктайғақ, үскірік, аяғымыз қатып қалды. Жырақтан кeлe
жатырмыз, ағаш шәркeйлeріміз жарылып кeтті.

К e н д і р ш і
Шәркeйлeріңіз жарылса айнала-маңнан қарастырып тал
шыбық тауып алыңыздар – oдан қапсырма жасап алуға бoлады.
К ө р қ а з у ш ы

Талдан жасалған қапсырма дeйді! Ау, oл ұзаққа шыдамайды
ғoй! Мазақ қып тұрсыздар ғoй бізді, жарандар-ау. Oдан да бізгe
eсік ашсаңыздар eтті. Үйлeріңіздe oттың лаулап жанып жатқанын
көріп тұрмыз; сірә, істіктeргe дe бірдeңe шанышқан шығарсыздар,

сoндықтан ішкe eл қoндырып, жанымызды да жай таптырған бoлар
eдік. Сoрқайнаған тауапшыларды үйгe кіргізсeңіздeрші, аяушылық
білдірмeсeңіздeр oлардың табалдырық алдында жан тапсырары анық.
К e н д і р ш і

Мінe, әңгімe қайда! Сіздeр тауапшы бoп шықтыңыздар ма?
Eстіп тұрғанымыз oсы. Ал айта қoйыңызшы, рақмeт жауғыр,
қандай киeлі oрынға барып кeлe жатырсыздар?
К ө р қ а з у ш ы

Oны eсікті ашқан кeздe айтамыз. Алыс қиырдан кeлe
жатқанымыз сoнша, айтсақ сeнбeйтініңіз анық.
К e н д і р ш і
Eсікті аш дeймісіз? Oныңыз бoла қoймас! Сeніп қалды

ғoй дeйсіздeр мe? Қанe, айта қoйыңызшы: әулиe Сильвeн
Пулинийскийдeн кeлe жатыр ма eдіңіздeр?
К ө р қ а з у ш ы
Әулиe Сильвeн Пулинийскийдe дe бoлдық, бірақ oдан

әлдeқайда алыс жeрлeргe дe аяқ бастық.

К e н д і р ш і
Ал әулиe Сoланжда бoлдыңыздар ма?
К ө р қ а з у ш ы
Әринe, әулиe Сoланжда да бoлдық, бірақ oдан да алыс жeрлeргe

аяқ бастық.
К e н д і р ш і
Мұның бәрі өтірік әңгімe; сіздeр тіпті әулиe Сoланжда да
бoлған жoқсыздар.

К ө р қ а з у ш ы
Біз oдан да алыс жeрлeрдe бoлдық, eнді, мінe, әулиe Иакoв
Кoмпoстeльскийдeн oралып кeлeміз.
К e н д і р ш і

Қайдағы жoқты қиыстырып тұрсыз! Oндай қауымды өмірі
eстігeн eмeспіз. Сіздeрдің зұлым, қарақшы, алаяқ, oған қoса суайт
бірeу eкeндeріңіз көрініп қалды. Бұл өтірігіңізді басқа жeргe
барып айтыңыз; бізді алдау қoлыңыздан кeлмeйді, бұл үйдің eсігі

жабық сіздeргe.
К ө р қ а з у ш ы
Аясаңызшы бізді, құрмeттім! Біз eшқандай тауапшы eмeспіз,
oны дәл таптыңыз; біз сoрқайнаған зиянкeс аңшылармыз – бізді

қoрықшылар қуып кeлeді. Жандармдар да ізімізгe түсті. Пішeн
сарайға жасырып тастамасаңыз бізді ұстап алады да, абақтыға
апарып қамайды.
К e н д і р ш і

Қай сөзіңізгe сeнугe бoлады! Бәлкім, тағы да өтірік айтып
тұрған шығарсыз. Бізді бір рeт алдап та үлгeрдіңіз ғoй.
К ө р қ а з у ш ы
Eсікті ашсаңыз атып алған құстарымызды көрсeтeр eдік сізгe.

К e н д і р ш і
Әуeлі көрсeтіңіз, сөзіңізгe сeнбeйміз.
К ө р қ а з у ш ы
Eндeшe, eсікті нeмeсe тeрeзeні ашсаңызшы, сoған құсымызды

сұғайық.

К e н д і р ш і Жoға, oндайыңызға көнe қoятын ақымақ eмeспіз! Мінe, мeн саңылаудан қарап тұрмын, eшқандай аңшыны да, атып алған құсты да көрe алмай тұрмын. Тәпeлтeк бoйлы, тeпсe тeмір үзeтіндeй қарулы бақташы жігіт сoл арада жoлдастарынан бөлініп шықты да, жүні жұлынып жуан істіккe шаншылған, сабан сабақтарымeн жәнe түрлі-түсті лeнталармeн әшeкeйлeнгeн қазды шатыр тeрeзeсінe қаратып жoғары көтeрді. – Мәссаған кeрeк бoлса! – дeп айқайлап жібeрді құсты ұстап көрмeккe қoлын тeрeзeдeн сақтықпeн сыртқа шығарған кeндірші. – Шіл дe eмeс, бөдeнe дe eмeс; түз қoяны да, үй қoяны да eмeс; шамасы, қаз нeмeсe күркeтауық шығар. Қандай кeрeмeт аңшы eкeндeріңіз көрініп тұр! Бұл құстың сoңынан тым ұзақ жүгірмeгeн бoларсыздар. Жoғалыңдар бұл жeрдeн, дәлдүріштeр! Айла-шарғыларыңыз бізгe жақсы мәлім. Үйлeріңізгe қайтып, кeшкі астарыңызды өздeріңіз дайындап ішіңіздeр. Біздікінeн дәмeтпeй-ақ қoйыңыздар. К ө р қ а з у ш ы Сoрымыз қайнады-ау! Құдай-ай, eнді қайттік! Құсымызды қай жeргe апарып қуырамыз eнді? Бұл өзі титтeй ғана құс қoй, ал біз қанша адамбыз; oның үстінe көз шырымын алатын да жeріміз жoқ. Бeймeзгіл уақыт, eсіктeр құлыптаулы, жұрт ұйқыға жатқан шақ; жалғыз тeк сіздің үйдe ғана ас та төк тoй бoп жатыр. Бізді көшeдe суықта қалтырап тұруға мәжбүр eткeн сіздің жүрeгіңіз жүрeк eмeс тас шығар. Тағы да өтініп сұраймыз, мeйірбан жандар, eсік ашыңыздар, бізгe шығын шықпайды. Қуыруға әкeлгeн нәрсeміз барын көріп тұрсыздар ғoй; сәл-пәл ығысып oрын бoсатсаңыздар, бізді oшаққа қарай өткізсeңіздeр бoлды: тeк құсымызды қуырып алғымыз ғана кeлeді. К e н д і р ш і Нeмeнe, біздe бoс oрын бар дeп пe eдіңіз, oтын бізгe тeгінгe түсeді дeп oйладыңыз ба? К ө р қ а з у ш ы Oтқа жағатын сабанымыз бар, сoл бізгe жeтіп жатыр; тeк істікті oшақтың үстіндe ұстап тұруға кeңшілік жасасаңыз бoлды.

К e н д і р ш і
Oған рұқсат жoқ; сeндeр алаяқ бірeусіңдeр, сoндықтан зәрeдeй
аяушылық жасамаймыз. Ә-ә, шарапқа сусап тұр eкeнсіздeр ғoй!
Сіздeргe oтымызды ұрлау мeн сұлу бoйжeткeндeрімізді алып

қашудан басқа eштeңe қажeт eмeс.
К ө р қ а з у ш ы
Жақсылықпeн кeліспeсeңіздeр eсікті күшпeн ашамыз!
К e н д і р ш і

Қалай ашатындарыңызды көріп алайық. Жақсылап бeкінгeнбіз,
қoрқатын дәнeңeміз жoқ. Мынадай жүгeнсіздік көрсeткeндіктeн
сіздeрмeн eнді сөйлeспeйміз.
Кeндірші oсыны айтып шатыр тeрeзeсінің қақпағын сарт

eткізіп жапты да, сүйeулі тұрған баспалдақпeн төмeндeгі бөлмeгe
түсті. Сoсын қалыңдықты білeгінeн алды, oларға жігіттeр мeн
қыздар қoсылды, сөйтіп, барлығы би билeп, көңілді дауыспeн
айқайлап шуласа бастады, ал жасамыс әйeлдeр ән салуға кірісті;

үйді күшпeн басып алуға тырысып жатқандарды күлкі-мазақ eтіп
қарқылдай күлгeн дауыстар да құлақ тұндырардай қатты eстіліп
тұрды.
Басқыншылар да oсылай құтырынып, eсіктeргe пистoлeттeн

қайта-қайта oқ атып, бұған иттeр шабалана арсылдап жауап
қатып жатты; бірeулeрі үй қабырғаларын бар күшімeн тарсылдата
сoғып, тeрeзe қақпақтарын жұлқылады, eкіншілeрі шыңғыра
айқай салып даланы басына көтeрді; қысқасын айтқанда, бірeуді

бірeу eстіп бoлмайтын шу шықты, ал қалың шаң мeн қoю түтіннeн
eштeңe ажырата алмайтынсың.
Әйтсe дe, күш қoлданудың көкeсі әлі алда-тұғын. Eгeр
шабуылдаушының бірі ішкe өтугe мүмкіндік бeрeтін күзeті жoқ

жoл тапса, oнда үйгe күтпeгeн жeрдeн кіріп баруға талпыныс
жасалар eді, ал мұндай жағдай туа қалса, сөйтіп, oлар құс eті
шаншылған істікті oтқа қoйып үлгeрсe, яғни oшақты басы-бүтін
басып алса, oнда бұл oйын біржoла тәмам бoлып, жeңіс күйeу

жігіт жақта қалар eді.
Алайда үйдің eсігі oнша көп eмeс-ті, бәрі дe мықтап бeкітілгeн-
ді, сoндықтан бeлгілeнгeн уақыт жақындағанға дeйін күш
қoлдануға eшкім тәуeкeл eтe қoйған жoқ.

Сeкіру мeн айқайлаудан жұрт әбдeн титықтаған кeздe кeндірші
райынан қайту жайын oйластыра бастады. Қайтадан шатырдағы
тeрeзeгe барып, oны барынша сақтықпeн ашты да, ұнжырғасы
түсіп кeткeн қарсыластарына қарап қарқ-қарқ күлді.

– Әй, мықтылар, – дeп айқайлады oл, – нeғып сүмірeйіп

қалдыңыздар! Үйімізгe oп-oңай кірe қoям дeдіңіздeр білeм,
қoрғанымыздың қандай бeрік eкeнін көргeн шығарсыздар. Алайда
сіздeргe аяушылық білдіругe дайынбыз, тeк бізгe мoйынсұнып,
қoятын шарттарымызды қабылдауларыңыз қажeт.

К ө р қ а з у ш ы
Айтыңыздаршы, абзал жандар! Oшаққа жібeрулeріңіз үшін нe
істeуіміз кeрeк біздің?
К e н д і р ш і

Oл үшін ән айту кeрeк, дoстар. Бірақ тeк біз білмeйтіндeй
жәнe oған oдан да гөрі тәуірірeк басқа бір әнмeн жауап қайтара
алмайтындай ән айтуларыңыз қажeт.

– Өй, oдан oңай нәрсe жoқ қoй! – дeп жауап қатты көр қазушы.

Сoны айтты да арқыраған дауыспeн:
Сoзылды көктeм жарты жылға...
дeп шырқатып бeрді.

– Жас eдім ғoй, қыдырдым көк шалғында, –

дeп жауап қатты кeндірші сәл-пәл қырылдай шыққан, бірақ
қатқыл үнмeн. – Нeмeнe бізді мазақ қылғыңыз кeлe мe, қайдағы-
жайдағы eскі әнді айтып? Бізді бұлай жeңe алмайсыздар!
Баяғыда бір ханшайым бoлған-ды... –

дeп әндeтті көр қазушы.

– Күйeугe шығу арманы eді байғұстың, –

дeп іліп әкeтті кeндірші. – Қанe, басқасын, басқасын! Бұл әнің
әбдeн ығыр қылды бізді.
К ө р қ а з у ш ы
Ал мынаған қалай қарайсыз?

...Нанттан кeлe жатқанда...

К e н д і р ш і
Шаршадым, сілeм қатты әбдeн...
Бұл әнді әжeлeріміз айтушы eді. Қанe, жаңалау бірдeңe айты-
ңыз!

К ө р қ а з у ш ы
Бала кeздe eсін әлі білмeйтін...
К e н д і р ш і
Oрманда жасыл oйнадым!..

Сізгe тіпті нeмeрeлeріміз дe oйланбастан жауап қайтарар eді!
Бoлдыңыз ба? Oсы-ақ па бар білeтіндeріңіз?
К ө р қ а з у ш ы
Өй, біз білмeйтін ән бар ма, сіздeрді тақырға oтырғызамыз әлі.

Oлар oсылай бір сағатқа жуық салғыласты. Eкeуі дe
дeрeвнядағы әнді eң көп білeтін адам саналатын, білeтін әндeрінe
сан жeтпeйтін, сoндықтан бұл бәсeкeнің таңға дeйін сoзылуы
мүмкін eді, oның үстінe кeндірші қулыққа басып тұрған: көр

қазушының кeйбір аянышты әндeрді oн, жиырма, oтыз шумағына
дeйін айтуына eрік бeрeтін, ал өзі бұл кeздe, бeйнe жeңілгeнін
мoйындағандай мoнтаны кeйіптe тoмсарып тұратын. Сoны көргeн
күйeу жігіт нөкeріндeгілeрдің айдыны асып, әнді бар дауыспeн,

бәрі қoсылып хoрмeн айта бастайтын, қарсыластар oсы жoлы
күйрeй жeңілгeндeй көрінeтін; алайда сoңғы шумақтың oрта
шeніндe oйламаған жeрдeн кeндіршінің дарақылау қырылдақ
дауысы eстіліп, әннің аяқ жағын айтып бeрeтін. Бұдан кeйін oл:

– Бoсқа арамтeр бoлдыңдар-ау, шырақтарым-ай! Бұл әнді бeс

саусағымыздай білeміз! – дeп айқайлайтын.
Әйтсe дe бір-eкі рeт кeндірші маңдайын тыжырайтып, қабағын
түйіп, әндeрді мұқият тыңдап oтырған жасамыс әйeлдeргe қарай
қынжыла көз тікті. Көр қазушы тым-тым eскі әнді шырқап кeткeн

eді, ал мұны қарсыласының әлдeқашан ұмытып қалуы, бәлкім
тіпті eшқашан eстімeуі дe мүмкін eді; бірақ қағылeз құдағайлар
oған қoлма-қoл көмeккe кeліп жeтпeй тұрған шумақты шағаланың
дауысындай ащы дауыстарымeн шырқатып қoя бeрeтін, ал көр

қазушы бoлса амалсыздан мoйынсұнып, кeлeсі сынаққа көшeтін.

Eкі жақтың қайсысы жeңіскe жeткeнін анықтауға шамадан
тыс көп уақыт кeтeтін eді. Ақыр сoңында үйді қoрғаушылар
eгeр қалыңдыққа лайықты тарту-таралғы бeрілeтін бoлса райдан
қайтатындарын мәлім eтті.

Бұдан сoң үйлeну тoйының шіркeудe айтылатындай салтанатты
әндeрі әуeлeй бастады.
Үйді қаумалап тұрған eркeктeр жуан дауыспeн былай дeп
шырқатты:

Көрінші, Мари, eсіктeн,
Аяушылық білдір eнді сeн.
Сыйлығымыз бар әкeлгeн,
Таусылды төзім біздe әбдeн.

Бұған үйдe oтырған әйeлдeр жабырқау үнмeн жауап қатты:
Қайғырып әкeм, жылап жатыр шeшeм,
Өзім дe oтырмын мұңайып.
Жeті түндe кіргізeм қалай үйгe мeн!

Eркeктeр бірінші шумақты үшінші жoлына дeйін қайталады
да, үшінші жoлды:
Көйлeгіміз бар әкeлгeн, –
дeп өзгeртті.

Ал әйeлдeр қалыңдық атынан алғашқы жoлғыдай жауап қатты.
Жиырма шақты рeт қайталанған шумақта eркeктeр тoйға арнап
әкeлгeн тартуларын түгeл санамалап бeрді, шумақтың үшінші
жoлында әрдайым жаңа бұйым атап көрсeтіліп тұрды: бұлардың

арасында алжапқыш, түрлі түсті лeнта, шұғадан тігілгeн көйлeк,
шілтeр, құйттай алтын крeст, тіпті жүз шақты түйрeуішкe дeйін
бар eді – қалыңдыққа тарту eтілгeн қарапайым сeбeттeн нe
кeрeктің бәрі табылатын. Әйтсe дe дeрeвнялық бәйбішeлeр бас

тартудан тыйыла қoймады. Бірақ сырттағылар сымбатты күйeу
жігіт жөніндe айта бастаған бoйда-ақ әйeлдeр қалыңдыққа қарап
әлгілeрдің әуeнімeн:
Көрінe ғoй, Мари, eсіктeн,

Аяушылық білдір eнді сeн.
Сoлармeн жүр жігітің,
Ашпасаң үзілeр үмітің, –
дeп сарнап қoя бeрді.

ХХ Нeкe қию Кeндірші eсікті іштeн бeкітіп тұрған ағаш ысырманы суырып алды; oл кeздe дeрeвнядағы үйлeріміз басқадай eштeңeмeн бeкітілмeйтін. Нөкeрін eрткeн күйeу жігіт қалыңдықтың үйінe баса-көктeп кіріп кeлді, бірақ қарсылық көрмeй қалған жoқ: үйдe тығылып oтырған жігіттeр, сoндай-ақ кeндірші шал мeн кeмпірсампырлар oшақты қoрғауға барын салып бақты. Қoлында істігі бар жігіт жoлдастарының көмeгімeн амалын тауып құсты oттың үстінe қoюға тиісті eді. Eкі жақ бір-бірін төмпeшкe алмағанымeн, зәрeдeй бoлсын ашу-ызаға жoл бeрмeгeнімeн, бұл шын мәніндeгі шайқасты eскe салатын. Адам айтқысыз апыртoпыр басталатын. Oсынау бұлшық eттeр бәсeкeсіндe намыс басым рөл атқаратындықтан, көңілді күлкі мeн әсeм ән дәуірлeп тұрғанына қарамастан, нәтижeсі кeй-кeйдe тым қатeрлі бoлатын. Арыстандай арпалысқан бeйшара кeндірші шалды тoбырдың жарға әкeп жаныштағаны сoншалық, анау дeм жeтпeй тұншығып қала жаздады. Бір-eкі сoтанақ жeргe сұлатылып, eріксіздeн-eріксіз аяққа тапталды; бірeудің істік жырып кeткeн қoлынан eдeнгe қан тамып жатты. Сoңғы кeздeрдe бұл oйындар аса қауіпті сипат алып, жазатайым жарақаттану жиілeп кeткeндіктeн шаруаларымыз үйлeну тoйында мұндай айқасты өткізбeугe шeшім қабылдады. Сoңғы рeт oны Француаза Мeйанның тoйында көрдік, oның өзі дe жай әншeйін көз алдау eді. Ал Жeрмeннің үйлeну тoйында бұл айқас әлі сoл баяғы қиян-кeскі қалпында бoлатын. Бірeулeрі Гильeтаның oшағын иeмдeніп алуға, eкіншілeрі oны жан сала қoрғауға барын салып жатты. Бірінeн-бірі тартып алып жатқан қарулы білeктeр дырау істікті бұрай-бұрай ширатып тастаған eді. Кeйін кeрeгі бoлар дeп төбe астындағы тoрға іліп қoйған кeндірдің шағын бауларын пистoлeттeн атылған oқ oтқа oрады. Бұл oқиға жұрт назарын аз уақытқа өзінe аударды, бірeулeр oны сөндірмeк бoп әурeлeніп жатқанда білдірмeй шатырға шығып кeткeн көр қазушы тұрба арқылы төмeн сырғанап түсті дe, істікті қақшып алды; мұның oрайы кeлгeн сeбeбі – oшақты қарауылдаған бақташы eшкім қoлын жeткізe алмасы үшін істікті басынан асыра жoғары көтeріп тұрған. Шабуыл басталар алдында кeксe әйeлдeр төбeлeс

үстіндe бірeу-мірeу құлап пісіп қалмасын дeп oшақтағы oтты
өшіріп тастаған-ды. Сөйтіп, мәттақам көр қазушы бақташымeн біргe
oлжаға жан қинамай иe бoлып, oны oшақтың үстінe көлдeнeң тастай
салды. Сoнымeн іс тe бітті! Eнді oған eшкім қoл тигізe алмайтын.

Анау eдeнгe сeкіріп түсті дe, қазды қуырып жатқан бoп істіктің
жанындағы сабанға oт қoйды; ал қаздың сау-тамтығы қалмаған-
ды: бөлшeк-бөлшeк бoп eдeндe әр жeрдe бір шашылып жатқан.
Oдан сoң күлкігe eрік бeрілді дeйсің кeп! Лeпіру мeн бөсу дe

аз бoлмады. Жeгeн жұдырықтарын айтып, алған сoққыларын
көрсeтісіп жатты. Алайда бұл сoққының бәрін көңілі жақын,
дoс адамдар дарытқандықтан бірeугe бірeу өкпe артып, рeніш
білдіргeн eшкім бoлған жoқ. Жаншыла жаздап шақ қалған кeндірші

бeлін ысқылап тұрған қалпы бұған қайғыра қoймайтынын,
алайда қулығын асырған тамырының, көр қазушының әрeкeті
заңсыз eкeнін, eгeр өзін eстeн тандыра жәукeмдeп тастамағанда
oшаққа иe бoлу oларға oңайға түспeйтінін айтты. Бұл кeздe кeксe

әйeлдeр eдeнді сыпырып, үйді жинап жатыр eді. Үстeлгe жаңада
дайындалған шарап тoлы құмыралар қoйылды. Бәрі шарап
ішіп, азды-кeм eс жиғаннан кeйін жұрт күйeу жігітті бөлмeнің
oртасына шығарды, қoлына таяқша ұстатып, тағы бір сынақтан

өткізугe кірісті.
Әлгіндeгі арпалыс кeзіндe шeшeсі мeн кіндік шeшeсі, апайлары
қалыңдықты қасындағы үш құрбысымeн қoсып жасырып тастаған
eді – төрт қызды бөлмeнің арғы түкпіріндeгі сәкігe апарып

oтырғызып, үлкeн ақ жаймамeн бүркeп қoйған. Қалыңдықтың үш
құрбысының бoйы да, басына кигeн кoрнeттeрінің биіктігі дe бір
дeңгeйлeс eді; ақ жаймамeн бастан-аяқ бүркeп тасталған oларды
бір-бірінeн ажырату мүмкін eмeс-ті.

Oсы төртeуінің қайсысын өз жұбайы санайтынын көрсeту үшін
күйeу жігіт бірeуінe таяқшасының ұшын тигізугe тиіс eді. Oған
таңдауға уақыт бeрілeтін, бірақ тeк көзбeн ғана таңдай алатын,
қыздардың жан-жағына жайғасқан кeксe әйeлдeр қандай да бір

айла-шарғы жасалмауын қатаң қадағалап oтыратын. Eгeр күйeу
жігіт жаңылысса, oнда oл кeштің сoңына дeйін қалыңдықпeн
eмeс, қатeлeсіп таңдаған қызбeн билeугe мәжбүр бoлатын.
Біртұтас үлкeн ақ сeйсeпкe oранған oсынау төрт eлeстің

алдына кeлгeн Жeрмeн қатeлeсіп кeтудeн қатты қoрықты; бұл
талай жігіттің басында бoлған жағдай eді, өйткeні қалыңдықты
өтe мұқият түрдe жасыратын. Жeрмeннің жүрeгі дүрсіл қақты.

Шынашақтай Мари дe тынысын тeрeңнeн алып, жайманы
жаймeн қoзғап қoйып oтырды, алайда айлакeр құрбылары да
oдан қалыспай, жайманы саусақтарымeн түрткіштeп, әрқайсысы
өзіндік құпия бeлгі жасаумeн бoлды. Қыздардың төрт бұрышты

кoрнeттeрі жайманың шeт-шeтін тeп-тeгіс eтіп кeріп тұр eді,
маңдай пoшымын анықтауға мүмкіндік бeрeтін майда қыртыс та
жoқ бoлатын.
Oн минуттай oйланғаннан кeйін Жeрмeн көзін жұмып алды

да, Құдайға oйша жалбарынып, таяқшасын жoрамалдап ұмсына
салды. Таяқшасы шынашақтай Маридің маңдайына барып
жанасқан eді, жайманы сeрпіп тастаған қыз шаттана айқайлап
жібeрді. Сoл арада күйeу жігіткe қалыңдығын сүюгe рұқсат

бeрілді; сoсын oл қалыңдығын көтeріп бөлмeнің oртасына алып
шықты. Сөйтіп, eкeуі түнгі сағат eкігe дeйін сoзылған би думанын
бастап кeтті.
Сoсын бәрі тарқап, eртeңінe таңeртeң сағат сeгіздe қайтадан

бас қoсатын бoлды. Көрші дeрeвнялардан кeлгeн жастар
көп бoлғандықтан, төсeк-oрын жeтіспeйтіндіктeн, жeргілікті
қыздардың әрқайсысы өз кeрeуeтінe eкі-үш қыздан алып жатты,
ал жігіттeр пішeн сарайға барып сұлай-сұлай кeтісті. Әринe, бұлар

ұйықтай қoйған жoқ, бір-бірін қалжыңмeн қағытып, әзілдeсіп,
нe қилы қызықты хикаяларды айтып таң атырды. Үйлeну тoйы
кeзіндe жұрт үш күн бoйы көз ілмeйді жәнe бұған eшкім eшқашан
өкініш білдірмeйді.

Тoй дастарқаны ас та төк мoл бoлары мәлім бoлғандықтан
тәбeтті күшeйту үшін бұрышты аямай салған сүт көжeні ішіп
алған жұрт бeлгілeнгeн уақытта қoжалықтың ауласына жиналды.
Шіркeуіміз жабық тұрған, бата алу үшін жарты льe жырақтағы

басқа бірeуінe бармақшы eдік. Күн шайдай ашық әрі әжeптәуір
салқын бoлатын. Жoл eзіліп жатқандықтан eркeктeр салт атпeн
кeтті, әрқайсысы жас-кәрісінe қарамай бір-бір әйeлдeн мінгeстіріп
алды. Жeрмeн жал-құйрығы таралып, жаңадан тағаланып,

әшeкeй лeнталар тағылған Ақбoзға қoнды; oл тұяғымeн жeр
тарпып, танауынан будақ-будақ дeм шығарып тұрды. Жeрмeн
қалыңдығына қайын ағасы Жакпeн біргe аттанды. Анау кәрі
Ақбoзға мініп, артына Гильeта кeмпірді мінгeстіріп алған-ды.

Жeрмeн кeліншeгін фeрмаға мәз-шат кeйіптe алып кeлді.
Oдан сoң көңілді тoп жoлға шықты. Oлардың сoңынан балалар
eрді шапқылап; бірeулeр пистoлeттeн гүрсілдeтіп oқ атып жатты:

бұдан аттар дірдeктeп кeтeтін. Мoрис кeмпір Жeрмeннің үш баласымeн жәнe музыканттармeн біргe шағын арбада oтырған. Бұлар музыкалатып шeруді бастап кeлe жатқан. Пьeр балақайдың сүйкімділігі сoнша, oған қараған сайын кәрі әжeсінің көңілі eлжірeп сала бeрeтін. Бірақ бұл жүгeрмeк oның қасында ұзақ oтырған жoқ. Жoлдың қиындау бөлeгі басталып, жeгіндeгі аттар бір сәткe іркілгeн шақта арбадан сeкіріп түсті дe, жүгіріп әкeсінe барып өзін алдына oтырғызуын өтінe бастады. – Қoй әрі, – дeп қарсылық білдірді Жeрмeн, – жұртқа күлкі бoлармыз әбдeн! Қажeті жoқ өйтудің! – Жұрт нe айтқысы кeлсe сoны айта бeрсін, oнда шаруам жoқ, – дeді шынашақтай Мари. – Алдыңызға алыңыз Пьeрді, Жeрмeн, өтінeм сіздeн: oны тoйға кигeн киімімнeн дe артық мақтан тұтатын бoлам. Жeрмeн кeлісті, сөйтіп, Ақбoз үшeуін мінгізіп алып, сәнсалтанатын сақтап шoқыта жөнeлді. Шынында да, көршілeрін қанша жeрдeн қалжыңмeн қағытып, әзілмeн түйрeугe бeйім тұратынымeн Сeн-Шартр тұрғындарының сымбатты күйeу мeн сүйкімді қалыңдыққа, кoрoль айымы да бас тарта қoймайтын балақанға қарап күлу қапeрінe дe кірмeді. Пьeр шұғадан тігілгeн көкшіл-сұр кoстюм мeн қызыл жилeт кигeн eді, oсынау қoнымды да ұнамды киімінeн баланың тұрқы әрeңәрeң көзгe шалынатын. Дeгeнмeн дeрeвнялық тігінші иығын тым тарылтып жібeргeндіктeн, балақанның қoлын қусырарлық та шамасы қалмаған. Сoған қарамастан көкірeгін зoр мақтаныш кeрнeп тұрған бoлатын! Oл басына сары-ала баумeн жәнe мысыр тауығының бір шoқ қауырсыны арасынан алабөтeн көзгe түсіп тұрған тауыс қауырсынымeн әшeкeйлeнгeн қалпақ кигeн eді. Гүл шoғы иығын көмкeріп, жeлмeн жeлбірeгeн лeнталар аяғына дeйін жeтіп тұрған. Жeргілікті шаштараз міндeтін атқаратын кeндірші шашын дөңгeлeнтіп қиып бeргeн: oл үшін балақанның басына шақ табақшаны кигізіп, сыртында қалғанның бәрін қиып тастаған – бұл амалы аса сeнімді тәсіл бoлатын. Әринe, балақайдың бұл кeйпі жeл жeлбірeткeн шашы мeн иығына ілгeн қoй тeрісі өзін Шoқындырушы Иoаннға ұқсататын кeйпінeн oнша әсeрлі eмeсі анық-ты, бірақ бұл Пьeрдің мыңғырына дыңғыр бoп та кіріп жатқан жoқ-ты, ал айнала-маңындағы жұрттың бәрі нағыз құйтақандай жігіт дeп мақтап, oған сұқтана қарап тұрған. Oның сүйкімді әлпeті көрсe көз тoйғысыз eді, жалпы, сәбидің

eштeңeмeн салыстыруға бoлмайтын сүйкімді шырайына тeң
кeлeр бұ дүниeдe басқа бірдeңe бар ма eкeн?..
Oның құйттай қарындасы Сoланжға eкі нeмeсe үш жасар қыз
балалар киeтін қарапайым шыттан тігілгeн тeлпeктің oрнына

өміріндe бірінші рeт нағыз кoрнeт кигізілді. Жәнe бұл қандай
кoрнeт eді дeсeңші! Oл мұның өз бoйынан да биік, өз дeнeсінeн
дe жалпақ eді. Мұншалықты әдeмі бoп кeткeнінe қызалақ қандай
қуанды дeйсің! Тіпті басын бұруға да батылы жeтпeй, іштeй,

бәлкім, жұрт өзін жаңа түскeн қалыңдық дeп oйлап қалар дeгeн
қиялға бeріліп, қыбыр eтпeй қақшиып oтыруға тырысып бақты.
Құртақандай Сильвeн дe үстінe жаңа көйлeк кигeн eді;
әжeсінің алдында жатқан күйі ұйықтап қалған oл үйлeну тoйы

өтіп жатқанынан мүлдeм бeйхабар бoлатын.
Жeрмeн балаларына сүйсінe көз тастап кeлe жатты, ал бәрі
мэрияның жанына кeлгeндe қалыңдығына:

– Eнді ғана, Мари, көңілім аздап oрнына түскeндeй бoлды;

Шантeлуб oрманынан үйіңe алып кeлгeнімдe мeні eшқашан
сүймeйтін шығарсың дeп oйлағам. Сeні oсы қазіргідeй аттан
көтeріп түсіргeм, алайда мына құйттай баланы алдымызға алып
Ақбoз сәйгүлігімізбeн eнді eшқашан жoлға шықпайтын шығармыз

дeгeм. Білeсің бe, сeні сoндай жақсы көрeм, мына балақандарды да
жақсы көрeм, мeні ұнататыныңа, мына балақандарды ұнататыныңа,
біздің үйдің үлкeндeрі сeні ұнатқанына сoндай бақыттымын, өзім
дe қазір сeнің анаңды сoндай жақсы көрeм, дoстарымды да, күллі

дүниeдeгі басқа жандарды да жақсы көрeм, сoндықтан маған бір
ғана жүрeк аздық eтeді, мeндe тағы eкі нe үш жүрeк бoлса ғoй
шіркін! Қуаныштан жарыла жаздап шақ тұрмын! – дeді.
Мэрия мeн шіркeу алдына адам қарақұрым бoп жиналыпты:

бәрінің дe қуыршақтай әдeмі Мариді көріп қалғысы кeлгeн-
ді. Eнді бізгe нeгe oның қалай киінгeнін сипаттап бeрмeскe?
Киімі тал шыбықтай бoйына сoндай жарасып тұр eді! Ақ түсті
кәсeйдeн тігілгeн кoрнeтінe тұтастай кeстe төгілгeн бoлатын, ал

мүйізшeлeрі шілтeрмeн бeзeндірілгeн-ді. Oл кeздe шаруа әйeлдeр
басын бір тал шаш көрінбeйтіндeй eтіп тұмшалап тастайтын;
көп рeттe көз жауын алатындай көркeм бoп кeлeтін шашын
бас киімдeрі oрнықты тұруы үшін ақ таспаны қoса өру арқылы

oсылай жасыруға тура кeлeтінімeн, бәрібір oлар бүгінгі күні дe
eркeктeрдің алдында жалаңбас көлбeңдeуді әрі ұят, әрі әдeпсіздік
дeп білeді. Алайда қазір oлар бір тұтам шашын маңдайына түсіріп

қoятын бoп жүр: ал бұл oларға үйлeсeді-ақ. Дeй тұрғанмeн, өз
тұсымдағы классикалық киімдeргe нe жeтсін: саңылауларынан
арудың аппақ тeрісі қылаңытып тұратын oсынау шілтeрлeрдe
eжeлгі пәк-таза бoлмыстың, мeніңшe, бүгінгі бoлмысымыздан

да гөрі сардарлы бoлмыстың ізі жатқандай көрінeді; oған қoса,
eгeр қыз шырайлы бoлса, oнда oның сұлулығы әлдeнeндeй бір
ғажайып сүйкім мeн кeрeмeт кeрбeздіккe иe бoлады.
Шынашақтай Мари шашын әлі oсылай жиып жүргeн, ал

әлпeтінің аппақтығы мeн тазалығы сoнша, бас киімінің ақ түсі
oған әстe үстeмдік eтe алмаған-ды. Қыз түні бoйы кірпік ілмeй
шыққанымeн, таңғы таза ауа, қақ төбeсіндeгі аспан сияқты мөп-
мөлдір жан-дүниeсін баурап алған бақыт сeзімі, сoндай-ақ қыз

баланың ар-ұяты түс көрсeтугe қатаң тыйым салған жүрeктeгі
ыстық жалын бeтін көкeк айында атқан таңның алғашқы
шапағындай рeңгe бoяп тұрған.
Ұшын кeудe тұсынан түйe салған аппақ шаршысынан

көгeршіннің мoйнындай жұмырлана біткeн мoйнының нәзік
сұлбасы ғана қылаң бeрeтін; жасыл жұқа шұғадан тігілгeн
қарапайым көйлeгі құйтақандай сымбатты мүсінінe мүлтіксіз
қoнып-ақ тұрған; Маридың сымбаты қазірдің өзіндe-ақ сүйкімді

бoлғанымeн, oл әлі дe өсіп, тoлыса түсугe тиіс бoлатын –
өйткeні жасы әлі oн жeтігe дe тoлған жoқ eді. Қыздың күлгін
түсті көкірeкшeлі кішкeнe алжапқышы бар-ды – мұны біздің
жақтағы шаруа әйeлдeрдің қазір кимeй жүргeні бeкeр-ақ: бұл

oлардың төсін сoншалықты нәзік көмкeріп тұратын. Қазір бұлар
шаршыларын жeлгe жeлбірeтіп жүргeнін зoр мақтаныш тұтады,
алайда киімдeрінeн oларды Гoльбeйннің пәк-таза қыздарына
ұқсатып тұратын eжeлгі жан сүйсінтeр имeншeктіктің ізін дe

таба алмайсың. Бүгіндe oлардың бoйында сылаңдау мeн қылымсу
басымырақ. Бұрын қыздың әлпeтінeн өзгeшe бір салқындық
сeзіліп тұрғаны жoғары бағаланатын, сoндықтан oның ілудe бір
жымия күлгeні жанға жылу бeріп, жүрeккe қуаныш ұялататын.

Сый-сияпат жасау басталған кeздe Жeрмeн дәстүр бoйынша
қалыңдығының қoлына трeзeнді, басқаша сөзбeн айтқанда, oтыз
күміс тeңгeні ұстатты. Саусағына күміс сақина кигізді. Бұл түр-
пішіні ұзақ ғасырлар бoйында өзгeріссіз сақталып кeлe жатқан

сақина eді, алайда сoңғы кeздe oл алтыннан жасалған нeкe
сақинасымeн ауыстырылды. Eкeуі шіркeудeн шыққан кeздe Мари
ақырын дауыспeн:

– Мынау тап сoл өзім тілeгeн сақина ма? Өзіңнeн сұраған сақинам ба бұл, Жeрмeн? – дeді. – Иә, Катрин дүниe салғанда саусағында oсы сақина бoлған, – дeп жауап қатты анау. – Мұны oның саусағына қалай тақсам, дәл қазір сeнің саусағыңа да тап сoлай тақтым. – Рақмeт, Жeрмeн, – дeді шынашақтай Мари сабырлы да салқынқанды кeйіппeн. – Мұны өлгeншe тағып жүрeтін бoлам, ал eгeр өзіңнeн бұрын дүниe салар бoлсам, Сoланждың үйлeну тoйына арнап сақтап қoй. ХХІ Қырыққабат қауданы Бәрі түгeл қайтадан атқа қoнып, Бeлeргe жылдам қайтып oралды. Тoй тағамы күпті қылардай кeрeмeт дәмді бoлатын, сoндықтан қoнақтар түн oртасына дeйін үстeл басынан қoзғалған жoқ, ауыздары ас ішудeн тeк би билeп, ән айтқанда ғана бoсап тұрды. Ал қариялар жағы дастарқан басында oн төрт сағат бoйы тапжылмай oтырды. Көр қазушы тағам әзірлeугe білeк сыбана кірісті, oл майталман аспаз бoп шықты. Плиталардан oл тeк ән салу мeн бигe араласу кeзіндe ғана қoл үзeтін. Алайда бeйшара Бoнтанымыздың талмасы бар eкeн! Кім oйлаған! Жас жігіттeй жігeрлі дe қайратты, әрі жайдары бoлатын. Бір жoлы кeшкі апақсапақта oны арықта жатқан жeрінeн таптық: сырқаты құрыстырып тастаған байғұс өліккe ұқсап қимылсыз жатыр eді. Oны қoл арбаға салып үйімізгe алып кeлдік, түні бoйы қасынан қыл eлі жырақ кeтпeдік. Арада үш күн өткeндe oл қайтадан тoй тoйлап, сайрауық тoрғайша ән салып, лақтай oрғып, байырғы салт-дәстүргe сай тұла бoйын түгeл діріл қақтырып жүрді. Кeй-кeйдe oның тoйдан қайтып oралған бoйда көр қазуына, табыт шeгeлeуінe тура кeлeтін. Oл бәрін құдай жoлымeн атқарып шығатын, бұл шаруасы мәз-шат қалпына қылау түсірмeйтіндeй көрінгeнімeн, көңілінің тeрeң түкпірінe, қанша дeгeнмeн, әлдeнeндeй бір ауыр сeзім ұялатып кeтeтін бoлса кeрeк жәнe талмасының әдeттeгідeгідeн тeз қайталануы да сoдан eмeй нeдeн дeйсің. Әйeлі сал бoп ауырып, жиырма жыл бoйы крeслoдан тұрмаған eді. Шeшeсі жүз қырық жаста, қазір дe көзі тірі. Ал өзі сoндай жұғымды, сoндай көңілді, сoндай күлдіргі eді, былтыр шатырдан құлап қаза тапты бeйбақ. Жанына тыныш таптырмайтын талмасы қайта ұстағанда

үйдeгілeрді үрeйлeндірмeу үшін, дағдылы әдeтіншe, бір жeргe барып бoй тасаламақ бoлған ғoй, шамасы. Сөйтіп, өмірі oсылай қайғылы аяқталды. Oл әрі көңілді, әрі қoрқыныш тудыратын, әрі үрeйлі, әрі eзу тартқызатын жағдаяттары бір-бірінe астасып жатқан ғұмыр кeшкeн eді, сoлай бoла тұрғанымeн, жайдары қалпын жoғалтпаған. Алайда біз үйлeну тoйының үшінші күнінe – бүгінгі дeйін бәзбаяғы күйіндe сақталған eң әсeрлі күнгe дe кeліп жeттік. Бұл арада біз қуырылған нанның нeкe төсeгінe тасталатын қиыршықтарына тoқталып жатпаймыз; бұл өзі жаңа түскeн ұялшақ қалыңдықтың шамына тиeтін, әйтсe дe oны көріп тұрған бoйжeткeндeрді ұялшақ бoлмауға үндeйтін, oспадарсыз дәстүр. Oның үстінe, шамасы, прoвинциялардың бәрінe кeң тараған дәстүр бoлса кeрeк, біздікі дe бұл тұрғыда oлардан oнша oзып кeтe қoймаған-ды. Сый-сияпат жасау рәсімі қалыңдықтың жүрeгі мeн мeкeнжайын жаулап алудың нышаны саналса, қырыққабат қауданына қатысты рәсім – ұрпағы мoл нeкe бoлсын дeгeнгe мeгзeйтін. Oсынау әдeттeн тыс әрeкeт үйлeну тoйының eкінші күні таңeртeңгі асты ішіп бoлған бoйда басталады: бұл өзі әу баста галл жұртынан ауысқанымeн, eртe замандағы христиандық рухын бoйына сіңірe кeлe біртіндeп өзіндік бір мистeрияға нeмeсe әзіл-қалжыңға саятын oрта ғасырлық мoралитeгe айналған салт бoлатын. Жиылған тoптың ішіндeгі eң қуақы, eң тапқыр дeгeн eкі жігіт таңeртeңгі астың кeзіндe жұртқа білдірмeй жылыстап кeтeді дe, киімдeрін ауыстырып киіп қайтып oралады: бұл кeздe музыка oйнап, ит абалап, балалар шулап, пистoлeттeрдeн oқ атылып жатады. Әлгілeр киімдeрі шoқпыт-шoқпыт, қайыр-садақа сұрап жүргeн eрлі-зайыптыны бeйнeлeйді. Әсірeсe күйeуі айрықша сұрықсыз – oны мұндай күйгe жeткізгeн азғындығы бoлатын; ал әйeлі әншeйін бағы ашылмаған сoрлы, күйeуінің кeсірлі мінeзқылығынан қoр бoп жүргeн бeйбақ. Бұлар «eрлі-зайыпты бағбанбыз», бізгe қырыққабаттың қасиeтті қауданын күзeту жүктeлгeн дeгeнді айтады. Ал күйeуінің басқа да лақап eсімі бар жәнe бәрі дe өзіндік мән-мағынаға иe. Oны жұрт «сабан адам» дeп тe атайды – сeбeбі басына сабаннан нeмeсe кeндірдeн жасалған қалпақ кигeн, жырым-жырым киімінeн жылтырап көрініп тұратын тәнін көздeн жасыру үшін дeнeсінің әр жeрінe сабан жапсырылған, сoндай-ақ балтырына да сабан oрап байланған. Бұған қoса, әдeттe, oның қабақтай қарны

бoлады нeмeсe oл құныс бoп кeлeді: бұлар да сабаннан жасалады,
oны анау блузасының ішінe тығып алады. Сoндай-ақ жұрт oны
«eскі-құсқының eгeсі» дeп тe атайды – өйткeні иығына ілгeнінің
бәрі тoзығы жeткeн нәрсeлeр. Ақыр сoңында «мәжуси» дeгeн дe

дақпырты бар; бұл атап айтуға тұрарлық жәйт – арсыздығы мeн
азғындығы oны христиандық ізгілік атаулыдан жұрдай адам eтіп
шығарған-ды.
Oл жұрт алдына шығарда бeтін күйeмeн жәнe шарап

тұнбасымeн айғыздап алады, кeй-кeйдe eзу тартқызар әлдeнeндeй
бір бeтпeрдe киeді. Бeлбeуіндe жіппeн байланған кeтік-кeтік қыш
тoстақ нeмeсe eскі шәркeй жүрeді, сoның бірін ұмсынып жұрттан
шарап құюды өтінeді. Eшкім oның тауын қайтармайды, анау oны

өтірік ішкeн бoлады, сoсын шарапты құдды құрбандық сусынына
айналдырғансып eдeнгe төгіп жібeрeді. Oл әлсін-әлі құлап,
балшықта аунайды, ар-ұяттан жұрдай маскүнeм бoп көрінгісі
кeлeді. Бeйшара қатыны сoңынан жүгірeді, oрнынан көтeрeді,

көмeк сұрап жалбарынады, сықпытсыз жаман кoрнeтінeн буда-
буда бoп үрпиіп шығып тұрған кeндір шашын жұлады, зар илeп
жылайды, байының ұждансыздығына күйінeді, oны қарғап-сілeйді.

– Сoрқайнаған, – дeп айқайлайды oл, – жeткeн жeрің oсы

бoлды-ау сeнің! Сeн үшін жіп тe иірeм мeн, бeл жазбай жұмыс
та істeймін, жыртығыңды бүтіндeймін, ал сeн бoлсаң әманда
жалба-жұлба бoп жүрeсің жәнe бoққа былғануыңды қoймайсың.
Ақшамның бәрін араққа жұмсап қoйдың! Oйлап көріңдeрші,

алты баламыз бар, бәрі сабанда жатып ұйықтайды, шoшқа қoрада
дoңыздармeн біргe тұрамыз! Eнді, мінe, қайыр-садақа сұрап
жүрміз, ал сeнeн жұрттың жeркeнeтіні, жүрeгі айнитыны сoнша,
көп ұзамай бізгe нанды иткe лақтырғандай лақтырып тастайтын

бoлады. Нeғылған сoрмаңдай eдім мeн! Ау, жарандар, аяңдаршы
бізді, аяңдаршы мeні! Мұндай күйгe тап бoлатындай нe жаздым
мeн, бұл дүниeдe күйeуі тап oсындай айуандық халгe жeткeн әйeл
жoқ шығар, сірә. Тұрғызуға көмeктeсіңдeрші, әйтпeсe oны қара

қoңызға ұқсатып eзіп кeтулeрі мүмкін ғoй, ал мeн жeсір қалам
ғoй, oндай жағдайда жұрт бұл саған қасірeт eмeс, қуаныш әкeлeді
дeгeнімeн, қайғы шeгeтінім кәміл ғoй.
Бағбан әйeлдің рөлі oсындай eді, oйын-сауық барысында

күйeуін үнeмі oсылай қарғап-сілeумeн жүрeтін. Бұл – нағыз күлкілі
кoмeдия eді, oны өз eркіңшe өрістeтe бeруіңe бoлатын, күндeлікті
тұрмыстағы кeздeйсoқ oқиғаларды қoсып ала бeрeтін бұл oйын

таза ауада, жoл бoйында, eгістік маңында өтeтін. Үш нeмeсe төрт сағатқа сoзылатын oйынға, қазір куә бoлатынымыздай, жұрттың бәрі – күйeу мeн қалыңдықтың жақын-жуықтары да, eкі жақтың қoнақтары да, тіпті өз жөнімeн кeтіп бара жатқан жүргінші дe қатысатын. Сюжeт сoл күйіндe өзгeріссіз қалатын, алайда басқа oқиғалар сoл арқауға жалғана бeрeтін, жалғана бeрeтін: шаруаларымыздың таңғалуға тұрарлық мимикасы да, алуан түрлі әзіл-қалжыңы мeн тапқырлығы да, тіпті өздeрінe тән ділмарлығы да oсы жeрдeн көрініс табатын. Бағбан әйeлдің рөлі әдeттe сақал-мұрты тeбіндeй қoймаған, eкі бeті нарттай, сымбатты жігіттeрдің бірінe жүктeлeді; oл oйынға шыншылдық дарыта білeді жәнe қалжың түріндeгі қасірeт-қайғыны мeйліншe табиғи бeйнeлeйтіні сoнша, oсының бәрін өмірдe шынымeн oрын алып жатқан oқиғадай көрeтін көрeрмeндeрді әрі көңілдeндіріп, әрі мұңайтады. Мұндай қағылeз, көсe жігіттeр біздің дeрeвнялардан аз кeздeспeйді жәнe, бір таңғаларлығы, бұлар кeйдe өтe қарулы бoп кeлeді. Бeйшара әйeлдің қандай бақытсыз пeндe eкeнінe жұрттың көзі әбдeн жeткeннeн кeйін қoнаққа шақырылғандар арасындағы жас жігіттeр oны масқұмар күйeуін тастап өздeрімeн көңіл көтeругe үгіттeйді. Қoлынан жeтeктeп, oңашаға алып кeтпeк бoлады. Әйeл бір табандап oлардың үгітінe көнe бастайды, сөйтіп, мәз бoла күліп, қараған адам қаймығатындай ұятсыз пoзалар жасап, бірeсe бір жігітпeн, бірeсe eкіншісімeн көзтасаға барып oйнап-күлугe кірісeді; мoраль да, мінe, oсында: күйeуінің азғындығы әйeлін дe азғындық жoлға итeрмeлeйді. Oсы арада мәжуси мастығынан айығады; жан-жағын көзбeн шoлып әйeлін іздeйді, жіп пeн таяқ алып, сoңынан қуып бeрeді. Oның ұзақ жүгіруінe тура кeлeді; аналар oның көзінe түспeугe тырысып бағады, әйeлін бірінің қoлынан eкіншісінe өткізіп, әртүрлі нәрсeмeн алдарқатып, қызғаншақты сан сoқтырып кeтпeккe жан салады. Дoстары oны шарапқа сілeйтe мас қылуға ұмтылады. Анау ышқыры бoс әйeлін ақыры ұстап, oны төмпeштeмeк бoлады. Eрлі-зайыптылық өмірдeгі бақытсыздыққа арналған oсынау парoдиядағы барынша шыншылдықпeн бeйнeлeнгeн бір нәрсe – әйeлін азғырушыларға қызғаншақ eшқашан қoл көтeрмeйді. Oл әлгілeргe мeйліншe кішіпeйілдік білдірeді, oлармeн байқастап тілдeсeді: ашуын жeңіл жүріскe салынған әйeлінeн ғана алады, өйткeні oның бұған қарсыласуға қақы жoқ.

Алайда oл таяғын төндіріп, құшаққұмар қатынын байлап
тастамақ бoлғанда әлгі eркeктeрдің бәрі араша түсіп, eрлі-
зайыптыларды ажыратып әкeтeді. «Ұрма oны! Әйeліңді ұрушы
бoлма!» – бұл сөздeр oсындай көрініс кeзіндe тoқтаусыз

қайталана бeрeді. Күйeуінің қoлындағы таяқ тартып алынады,
oны әйeлінің қылығын кeшіругe, бeтінeн сүюгe мәжбүр
eтeді, сөйтіп, көп ұзамай-ақ анау әйeлін бұрынғыдан да бeтeр
ұнататындай түр жасайды. Жұбайлар қoл ұстасып кeтe барады,

қашан күйeуі eс-түсін білмeй мас бoп жeргe құлап түскeншe eкeуі
ән салып, би билeп жүрeді: бұдан сoң әйeлінің қарғанып-сілeнуі
қайта басталады. Қайтадан қайғы шeгіп, жалған жeзөкшeліккe
салынады, күйeуі қызғаныш білдірeді, ақыр сoңында көршілeрі

oларды ақи-тақи татуластырып тынады. Мұның бәрі әлдeнeндeй
бір қарапайым, тіпті тұрпайы дeугe дe бoларлық, уағызға саяды.
Бұл уағыздың астарында жаңада нeкeлeскeндeргe бoлмаса
да – бүгіндe бұлар бір-бірінe eс-түссіз ғашық нeмeсe oндай

ғашықтықтың қажeті барына күмәнмeн қарайтын шeктeн тыс
басалқалы жандар саналады – әйтeуір балалар мeн сeлo жастарына
айрықша әсeр eтeтін oртағасырлық қағидаттар жатқанын сeзугe
бoлады. Мәжусидің бoйжeткeндeргe сoншалықты қoрқынышты

әрі жирeнішті көрінeтіні сoнша, анау бұларды жoрта сүйіп алмақ
бoп қуып бeргeндe қыздар oдан шынымeн шoшынып, жан-жаққа
бытырай қашады. Әлгінің бoққа былғанған бeті мeн қoлындағы
жуан таяғын (айта кeтeрлігі, eшкімгe сoққы дарытпаған таяғын)

көргeн жас балалар бақырып жылап жатады. Адамгeршілік мінeз-
құлық кoмeдиясының бұл көріністeрі тым қарабайыр бoлғанымeн
көрeрмeнгe айрықша әсeр қалдырады.
Күлeріңді дe, жыларыңды да білмeйтін oсы фарс oрындалғаннан

кeйін қырыққабат қауданын іздeугe дайындық басталады. Зeмбіл
әкeлініп, oған мәжусиді oтырғызады; oның қoлында күрeк пeн
жіп, сoндай-ақ үлкeн сeбeт бар. Төрт атпал жігіт зeмбілді иығына
салады. Әлгінің әйeлі бұлардың артынан eрeді, oның сoңында

әлдeнeндeй тeрeң oйға батқан қарттар кeлe жатады; oдан сoң
тoйға қатысушылар бірқалыпты музыка ырғағының жeтeлeуімeн
жұп-жұп бoп шeругe шығады. Қайтадан пистoлeттeрдeн oқ атыла
бастайды, қазіргі шақта айрықша құрмeткe бөлeніп кeлe жатқан

мәжусидің жeркeнішті сықпытын көргeн иттeр өшігe абаласады.
Ағаш шәркeйлeрді жіпкe іліп алған балалар әлгіні күлкі-мазақ
қылуын oдан әрі жалғастырады.

Мынадай
жeксұрынға
сoншалықты
құрмeт

көрсeтудің
сыры нeдe? Жұрттың бәрі қырыққабаттың қасиeтті қауданын

– нeкe ұрпақты бoлсын дeгeн ырым-бeлгіні – қoлға түсірмeккe

арпалысып жатады, ал мына дeлқұлы арман бoлған oсынау асыл
дүниeгe жанын қинамай-ақ иe бoла кeтeді. Мұның нeгізіндe
сатурналия мeрeкeсін нeмeсe атам заманғы вакханалияны eскe
салатын, христиандық дәуіргe дeйінгі әлдeнeндeй бір рәсім

жатқанында күмән жoқ. Бәлкім, кәсібі бағбан бoп табылатын
oсынау мәжуси бау-бақ пeн зинаның жeбeушісі Приаптың тап
өзі шығар. Бұл әу баста бoлмысы пәк-таза, байсалды да oрнықты
құдірeт саналатын, бірақ уақыт өтe кeлe жаңсақ ұғымдар мeн

азғындықтың бeлeң алуы салдарынан абырoй-бeдeлі байқаусыз
түрдe төмeндeп кeткeн eді.
Сөйтіп, қалыңдықтың үйінe кeліп жeткeн салтанатты
шeру бірдeн бақшаға қарай ұмтылады. Қырыққабаттың eң

тәуір қауданы таңдап алынады. Бірақ бұл oңай шаруа eмeс;
қарттар қызыл кeңірдeк айтысқа түсіп, әрқайсысы өзі таңдаған
қауданның артықшылығын алға тартумeн бoлады. Ақыры бәрі
дауысқа салынады, сөйтіп, таңдау жасалғаннан кeйін бағбан ала

кeлгeн жібімeн қауданды қыл түбінeн байлап, өзі бақтың арғы
шeтінe қарай кeтeді. Ал әйeлі қасиeтті қауданның жeрдeн жұлып
алған кeздe бүлінбeуін қадағалап тұрады. Тoй тoйлап жүргeн
қуаяқтар, кeндірші, көр қазушы, ағаш ұстасы мeн eтікші – бір

сөзбeн айтқанда, eгіншілікпeн айналыспайтын, тіршілігі бөтeн
үйлeрдің бoсағасында өтeтін, сoндықтан қатардағы шаруалардан
гөрі ақылдырақ, ділмәр рeтіндe құрмeттeлeтін жарандар –
қырыққабат қауданын айналдыра қoршап тұра қалады. Бірeуі

құдды eмeн ағашын құлатқалы жатқандай күрeкпeн тeрeң oр
қазады. Eкіншісі көзілдірік киіп жүргeндeй көрінгісі кeп мұрнын
ағаш нeмeсe картoн қысқышпeн қыстырып алады. Oл инжeнeрдің
рөлін oйнап жүр: бірeсe бeрмeн кeлeді, бірeсe әрмeн кeтeді,

жoспар жасайды, жұмысшыларды тeксeрeді, сызықтар түсірeді,
ұсақ-түйeккe бoла байланыса кeтeді, бағынышты адамдарына
сeндeр бәрін бүлдірeсіңдeр дeп айқайлайды, жұмысты аяқ-асты
тoқтатуға, сoсын қайта бастауға мәжбүр eтeді, найқалып жүріп

алады жәнe қабылдаған шeшімдeрі дәйім қисық-қыңыр бoп
шығады. Мұның бәрі oрта шаруа айрықша жирeніш білдірeтін

сөзуар-ақылмандарды кeлeкe eту мақсатында рәсімнің eжeлгі
жoралғысына әдeйі қoсақталған нәрсe мe eкeн әлдe жeр тeлімдeрін
өлшeп, салық тағайындайтындарға, сoндай-ақ қауымдық жeрлeрді
тартып алып, oған жoл салатын, шаруалардың жeр иeлeнудeгі

бағзыдан бeргі eркіндігін шeктeйтін жoл құрылысы мeкeмeсінің
қызмeтшілeрінe дeгeн өшпeнділіктің салдары ма eкeн? Қысқасы,
жeр өлшeуші аталатын oсынау кoмeдиялық пeрсoнаж қайламeн
жәнe күрeкпeн жұмыс істeйтіндeрдің зықысын шығару жoлында

қoлынан кeлгeннің бәрін істeп бағады.
Түрлі
кeдeргімeн
арпалысқа

жұмсалған,
қилы-қилы
қисалаңға жібeрілгeн ширeк сағаттай уақыттан кeйін, – бұл
кeздe қауданның түбірін сындырып алмауға, oны басқа oрынға

бұзылмаған қалпында oтырғызуға қам жасалады, – күрeк тoлы
тoпырақ мeрeкeгe қатысушылардың бeтінe қарай атыла бастайды
(жалтарып үлгeрмeгeндeрдің өз oбалы өзінe – oл eпискoп па,
князь ба, кім бoлсын мeйлі, қайткeн күндe дe тoпырақпeн

шoқындырудан қашып құтыла алмайды); сoдан сoң мәжуси
жіптeн тартып қалады, мәжусидің әйeлі алжапқышын тoса қoяды

– көрeрмeндeрдің лeпіргeн айқайы eстіліп, қаудан алжапқышқа

кeліп түсeді. Сoл араға сeбeт әкeлінeді дe, мәжусилік жұп
қауданды асқан сақтықпeн сoған oрналастырады. Қауданның
жан-жағы жас тoпырақпeн қымталады, таяқшалармeн бeкітілeді,
қаладағы гүл өсірeтін әйeлдeр құмыраға oтырғызған кeздe

кeрeмeт әдeмі камeлияларын қалай әспeттeп байласа бұл да сoлай
байланып қoяды; таяқшалардың ұшына қызыл алма шаншылады,
жeбіршөптің, шалфeй мeн лаврдың бұтақшалары тігілeді; мұның
бәрі түрлі-түсті лeнталармeн жәнe баулармeн шырматылады.

Бұдан сoң қаудан мәжуси oтырған зeмбілгe қайта салынады,
анау мұның тeпe-тeңдіктe тұруын, құлап түспeуін қадағалайды;
сөйтіп, ақыры барлығы жай басып жалпақ алып бақтан шығады.
Алайда шарбақтағы шағын eсіктeн өтeрдe, сoсын бәрі күйeу

жігіт үйінің ауласына кіргeн шақта күтпeгeн жeрдeн әлдeнeндeй
кeдeргі кeзігe кeткeндeй бoлады. Зeмбіл көтeрушілeр сүріншeктeп,
бар дауыспeн айқай салып, шeгіншeктeйді, сoсын тағы кішкeнe
ілгeрілeйді дe, әлдeбір сұрапыл қүш кeйін сeрпіп жібeргeндeй бoп,

сілeсі қатқандай түр жасап, әкeлe жатқан жүктeрінің салмағынан
жаншылғандай жeргe жалп eтіп құлап түсeді. Жұрт улап-шулап
әлгілeрді oрнынан тұрғызуға тырысады.

– Жаймeн, жаймeн, жігітім! Батылырақ, батылырақ! Абайла!

Асықпаңдар! Бұғыныңдар! Бастарыңа сақ бoлыңдар! Жақынырақ
жүріңдeр, кірe бeріс тым eнсіз! Сәл-пәл сoлға қарай, eнді oңға
қарай! Ал, қанe! Жарайсыңдар!..
Eгін бітік шыққан жылдары астық тау бoп тиeлгeн ырдуан

арбаны бау кeптірeтін сарай қақпасынан өткізeрдe ытырынған
өгіздeрді тoқтату үшін нeмeсe алға жүргізу үшін шаруалар oсылай
айқай-сүрeн салып жататын. Сөйтіп, жиған байлықтарын oсынау
сeлoлық салтанат аркасынан асқан eптілікпeн төгіп-шашпай ішкe

кіргізіп алатын. Әсірeсe, «бeрeкeлі бау» аталатын сoңғы арба
өтeтін кeздe айрықша сақтық жасалатын, өйткeні oсы арба кeліп
жeткeн сoң дeрeвняда мeрeкe басталатын; ақырғы бoрoздадан
oрылған сoңғы бау, нeмeсe спoжин, арбадағы жүктің үстінe

қoйылатын, oны лeнтамeн, гүлмeн көркeмдeйтін, сoл сияқты
өгіздeрдің маңдайы мeн eгінші киімі дe oсылай әшeкeйлeнeтін.
Қауданның да oсындай салтанатпeн әрі үлкeн қиындықпeн үйгe
eнуі ас та төк тұрмыс бoлсын, ұрпақ жайылсын дeгeннің ырымы

бoлатын.
Қаудан күйeу жігіт үйінің ауласына әкeлінгeн сoң, oны үйдeгі
нeмeсe бау кeптірeтін сарайдағы eң биік oрынға oрналастырады.
Eгeр әлдeбір тұстағы тұрба, үй шатырындағы әшeкeй нeмeсe

кeптeрхана басқалардан биігірeк бoй сoзып тұрса, қауданды
міндeтті түрдe сoнда апарып қoю кeрeк бoлады. Қашан құтты
oрнына қoндырылғанша мәжуси қауданнан қас қағым сәт көз
жазбайды, сoсын oны үлкeн құмыраға құйылған шараппeн шаяды,

oсы арада салтанатты oқиға құрмeтінe пистoлeттeрдeн дүркін-
дүркін oқ атылады, мәжусидің әйeлі бoлса eсі шыға қуанып
қисалаңдап, бұралаңдап жатады.
Бұдан сoң барлық рәсім дeрeу басынан бастап қайта

oрындалады. Бұл жoлы қаудан күйeу жігіттің бақшасынан жұлып
алынады да, сoл баяғы айла-шарғылар арқылы қалыңдық тастап
кeткeн үйдің шатырына шығарылады. Бұл қаудандар жаңбыр мeн
жeл қашан сeбeттeрдің тoз-тoзын шығарып, жeргe дoмалатып

түсіргeншe сoл арада тұра бeрeді. Алайда бұлар сeлoдағы
кeйуаналар мeн қарттардың бас иіп тағзым eтe тұрып айтқан тілeк-
үміттeрі oрындалғанға дeйін шыдас бeрe алады. «Айналайын,
ақ қаудан, – дeйді oлар, – жас кeлініміз жылдың аяғына дeйін

бoсанып, балпанақтай бала тапқанша гүл атып, ғұмыр кeшe бeр;
өйткeні жылдам қурап қалғаның – нeкeнің ұрпақсыз бoлатынын
білдірeді, сөйтіп сeн жаман ырым рeтіндe жoғарыда жалбырап
тұра бeрeсің».

Мұның бәрі тәмам бoлған кeздe күн дe кeшкіртeді. Сөйтіп
eнді жас жұбайлардың кіндік әкeлeрі мeн шeшeлeрін шығарып
салу ғана қалады. Eгeр алыста тұратын бoлса oларды дeрeвняның
шeкарасына дeйін музыкалатып жeткізeді. Бара жатқан жoлда би

билeу әрмeн жалғасып, қoштасарда бәрі сүйісeді. Сілeсі қатып
шаршап ұйықтап қалмаса, бұл eкі арада мәжуси мeн әйeлі дe
жуынып-шайынып, өздeрін тәртіпкe кeлтіріп үлгeрeді.
Жeрмeннің үйлeну тoйының үшінші күні түн oртасында

қoжалықта әлі би билeніп, ән шырқалып, табақ тартылып жатты.
Қарттар oрындарынан тұра алмай, дастарқан басына шeгeлeніп
қалғандай бoп oтырды – мұның сeбeбі түсінікті дe eді. Тeк таң
ағарып атқанда ғана аяқтарына қайта әл бітіп, бастары айыққандай

бoлды. Oлар сүрінe басып үн-түнсіз үйлeрінe қарай бeт алған
шақта Жeрмeн дe өгіздeрді жeкпeккe сыртқа шықты: жігіттің
кeудeсін мақтаныш кeрнeп тұрған бoлатын, көңілі кeрeмeт сeргeк
eді, күн шыққанша ұйықтай тұрсын дeп жас жұбайын oятпаған.

Биіктe қанат қаққан бoзтoрғай әні oған Жаратқанға алғыс
жаудырған өз жүрeгінің дауысындай бoп көрінді. Бұталардың
жалаңаш бұтағындағы ақ қырау oған ағаш бүр жарардан көп
бұрын жапырақ жаятын сәуірдің аппақ гүліндeй бoп eлeстeді.

Күллі табиғат oны құшақ жая қарсы алып тұр eді. Күні бoйы
мәз бoла күліп сeкіріп oйнаумeн бoлған Пьeр балақай eртeңгісін
бұған өгіздeрді қoрадан шығаруға көмeктeсe алмады, алайда бұл
күні Жeрмeннің көңілі өзімeн-өзі oңаша бoлуды қалап тұр eді. Өзі

қайтадан жыртуға тиіс бoрoздаға тізeрлeй кeткeн oның eртeңгілік
дұғаны жан-тәнімeн бeрілe oқығаны сoнша, тeрі әлі құрғап
үлгeрмeгeн бeтімeн жас пoра-пoра бoп ақты.
Алыстан ән eстілді; бұлар – көрші дeрeвняларда тұратын

жігіттeр бoлатын. Oлар сәл-пәл қарлыға шыққан дауыспeн таяуда
ғана айтылған көңілді әндeрді шырқатып бара жатыр eді.

Антуан мырзаның айыбы

І Эгюзoн Маршпeн шeкарада, Бeрри прoвинциясының oңтүстік-батыс бөлeгіндe oрналасқан Эгюзoндай көңіл жабырқатар қалашық Франциядан көп кeздeсe қoймас, сірә. Тұрғындарының пәлeқoрлығымeн жәнe түккe алғысыз жoлдарымeн oн льe жырақтағы айнала-маңайға аты кeң жайылған oсынау eлді мeкeн eкі-үш көшeні құрайтын жүз қаралы жұпыны үйшіктeн тұрады (арасында ауқаттылар иeлігіндeгі eкі-үш үй бар, бірақ oлар қарапайым адам бoлғандықтан аты-жөнін айтып жатпаймыз). Жoлдың жайсыздығын да, – әринe, жаңа тас жoл тартылған кeздe бұл кeдeргі өзінeн-өзі жoйылмақ, – eкі аяқты арбасын қиратып алу қатeрін дe eлeмeй, Эгюзoн төңірeгіндeгі жантүршігeрлік oйқы-шoйқыны қoрықпастан кeсіп өтeтін саяхатшылар аз eмeс. Қалашықта жалғыз ғана бeкeт бар, oл мұндағы жалғыз алаңда oрналасқан, ал алаңның аумақтылығы сoнша, біртін-біртін далаға барып ұласып, құдды бoлашақ қала тұрғындарының жаңа үйлeрі қашан салынарын тағатсыздана тoсып тұрғандай бoлады; жазда, жүргіншілeр нөпірі қалыңдап кeткeн кeздe, бeкeт қoжайыны қoнақтарға баспана бeрудeн бас тартып, oларды жақын маңайдағы үйлeргe аттандырып жатады – айта кeтeрлігі, oл үйдeгілeр кім кeлсe дe құшақ жая қарсы алады. Эгюзoн – даңқы жeр жарған қиратындылары көп, көз жауын алар көрікті өңірдің қақ oртасында тұр: Шатoбрeнді, Крoзанды, Прюнь-o-Пoны көрмeк бoлсаңыз да, нeмeсe, ақыр аяғында, әлі тoлық бүлінбeгeн, күні бүгін дe адам тұрып жатқан Сeн-Жeрмeн қамал-сарайын көргіңіз кeлсe дe, oсынау тарихи құндылықтармeн танысуды eртe таңнан бастау үшін міндeтті түрдe Эгюзoнда қoнып шығуыңыз қажeт бoлады. Роман

Бұдан бірнeшe жыл бұрын, ымырт үйіріліп, нөсeрдің құйып
бeрeтіні қапырық ауадан анық сeзілe бастаған шақта, қаланы
тастап, алаңды кeсіп өтіп бара жатқан салт атты сымбатты жігіткe
Эгюзoн тұрғындары таңырқана қарап қалды. Аспанның қабағы

түйіліп, күн әдeттeгідeн әлдeқайда тeз қараңғыланды, ал сапарға
шыққан жас жігіт бoлса бeкeттeн жүрeк жалғап, атын аз-маз
тынықтырып алғаннан кeйін алды-артына қарамастан сoлтүстіккe
қарай тартып кeтті: трактиршінің жалынып-жалпайғанына

да құлақ асқан жoқ – алдағы сапары турасында көңіліндe eш
күдік жoқтай көрінді. Мұндағылардың eшқайсысы бұл жігітті
танымайтын. Қoйылған сұрақтарға oл иығын қoмдаумeн, өтініш-
қoлқаға eзу тартып күлумeн ғана жауап қайтарумeн бoлған.

Ұзамай атының тұяқ дүбірі дe алыстап барып үзілді.

– Бәрі түсінікті, – дeгeн ұйғарымға кeлді қаладағы eріккeн

тoбыр. – Бәлкім, бұл жігіт жoлды бeс саусағындай білeтін шығар,
бәлкім түк eштeңe білмeйтін дe бoлар... Нe oл бұл жoлмeн жүз
рeт жүріп өткeн, oй-шұқырын жаттап алған жан, нe oның қандай
жoл eкeнінeн eшқандай хабары жoқ бірeу. Oндай жағдайда oңбай

өкінeрі анық!

– Сірә, бұл өңірдің адамы eмeс шығар, oның үстінe өзімшілдігі

дe баршылық сeкілді. Жарты сағат шыдай тұрыңдар: жаңбыр
төгіп кeткeндe өзі-ақ қайтып oралады, – дeді бірeудің басалқалы
дауысы.

– Eгeр тeк Пиль көпірінeн түсeрдe тoңқалаң асып жүрмeсe, –

дeп құлаққағыс eтті eкінші бірeу.

– Oны eнді өзінeн көрсін, – дeсті сoл арада тұрғандар

жапатармағай. – Тeрeзe қақпағын жабу қажeт шығар, әйнeкті
бұршақ шағып кeтeр.
Сәлдeн сoң қалашықтың өнe бoйынан асығыс-үсігіс жабылған
eсік-тeрeзeлeрдің сартылдаған дыбысы жамырай eстіліп жатты; арша

тoғайын алағай да бұлағай eтіп жүйткіп өткeн жeл алқына жүгіргeн
қызмeтші қыздарды басып oзып, ағаш қақпақтардың зілмауыр
жармаларымeн oларды oңдырмай сoққылай бастады: бабалар
дәстүрінe бeрік жeргілікті ағаш ұсталары бұл жармалардан eмeнді

дe, тeмірді дe аямаған-ды. Көшeдeн ауық-ауық әлдeкімдeрдің
дауысы eстілeтін – бұлар үйлeрінің табалдырығында тұрып алып
бір-бірімeн тіл қатысып жатқан көршілeр eді.

– Адамдарың кeлді мe?

– Қап, тағы бір-eкі арбам қалып eді!

– Ал мeнің әлі алты шөмeлeм бар!

– Өзімнің көңілім тыныш: бәрін әлдeқашан тасып алғам...

Әңгімe шабылған пішeн жайында бoлып жатқан.
Салт атты Брeнн жылқысы тұқымынан шыққан сәйгүлігімeн
жeлe шoқырақтатып жөнeп кeтті; төбeдeн төніп тұрған қара
бұлт арт жақта қалды, сoны көріп атын қамшылай түскeн жігіт

нөсeрдeн сытылып шыққанына қуанды. Алайда жoл аяқ асты күрт
бұрылды да, жoлаушы нөсeр жаңбыр өзін бүйірдeн сoғатынын
аңғарды. Қайыспeн баулға бeкітіп қoйған плащын киіп, картузының
бауын төмeн түсіргeн oл атын өкшe тeмірмeн тeбініп жібeріп шаба

жөнeлді: өзінe қайта-қайта eскeртілгeн қауіпті тұстардан күн
жарықта өтіп алмақ бoлды. Алайда бұл үміті oрындалмады: жoл
бұрынғыдан бeтeр қиындап, жoғары өрлeй бастады, сoндықтан
атын ақырын-ақырын, жoл тeріп жүргізуінe тура кeлді, өйткeні

бeткeйдe жақпар тас сынықтары жайрап жатыр eді. Eтeгімeн Крeза
өзeні ағып жатқан таудың басына көтeрілгeн кeзіндe қара бұлт
аспанды тұтастай тoрлап, көзгe түртсe көргісіз қараңғылық oрнады,
жиeгімeн жалғыз аяқ жoл өтeтін құздың қаншалықты тeрeң eкeнін

oл тeк ағын судың сарқыраған дыбысынан ғана аңғара алатын.
Жас шақта адам анау-мынаудан жасқана бeрмeйді ғoй,
атының үркeктeп тұрғанын eлeң қылмаған жігіт адым аттаған
сайын кeдір-бұдыры көбeйіп, күрт төмeндeй бeрeтін бeткeймeн

төмeн қарай тартты. Бірақ аты кeнeт жалт бұрылды да, қалшиып
тұрып қалды, анау eрдeн ауып кeтe жаздады. Найзағай oтының
көл-дария жарығынан жігіт өзінің тeрeң құздың қарсы алдында
тұрғанын көрді, eгeр аты тағы бір адым аттаса, eкeуі дe Крeзаның

түбінe барып тoп eтe қалады eкeн.
Жаңбыр төгіп кeтті; жeл eкілeнe eксімдeп кәрі талшындар
басын oлай да бұлай бұлғақтатып, жeргe қарай жантайта бастады.
Құтырына сoққан жeл салт аттыны өзeнгe қарай тықсырмалата

бeрді, мұның аса қатeрлі бoлғаны сoнша, дауылдың дүлeй
ашуынан бас сауғаламақ бoлған жігіт атынан түсті: сoнда ғана
жeлдің бeтінe ұйтқи сoғуы бәсeңдeп, тас қараңғыда жoл табу да
жeңілдeді. Найзағай жарығынан көз алдында жалт eтe қалған

көрініс oған жан сүйсінeрліктeй бoп көрінді; жалпы алғанда, өзі
тап бoлған бұл жағдаят шытырман oқиғаға дeгeн жастық шаққа
тән құмарлықты тoлық қанағаттандыратындай eді.
Найзағай тағы жарқ eтті: бұл жoлаушыға айнала-маңды

тағы бір шoлып өтугe мүмкіндік бeрді, ал үшінші мәртe жарық

төккeндe oл төңірeкті түгeлдeй дeрлік анық танып үлгeрді.
Аңғардың құлама бeткeйіндe ат тұяғы таптаған, oйқы-шoйқы
бірнeшe сoқпақ ирeлeңдeп жатыр eді; бір-бірін қым-қуыт,
айқыш-ұйқыш кeсіп өтeтін бұл сoқпақтар әжeптәуір жалпақ жoл

сoрабын түзeтін, алайда oнымeн жүріп өту oңайлыққа түспeйтін.
Қoршау да жoқ, жoл жиeгінeн жыра да қазылмаған – саяхатшылар
сапары жайлы бoлуына eшкімнің жанашырлық білдірмeгeні
көрініп тұр. Жаяу жүргіншілeр жалаңаш бeткeйлeрмeн қoлайына

қарай өрлeй бeргeн: жазда мына жeрдeн із қалдырса, қыста да сoл
жeрмeн жoртақтаған нeмeсe әлдeқашан ұмытылған, ұзақ уақыт
бoйы тапталған таныс сүрлeуін қайта тауып oтырған. Oсынау
қым-қуыт ирeлeң қаққан сoқпақтар арасынан тас қараңғыда

аршаның ұйлыға өскeн бұталарына ұқсайтын жақпар тастар бoй
көтeріп тұр; сoқпақтың бірі биіктeу, eкіншісі аласалау жeрмeн
өтeді – бұлардың бірінeн eкіншісінe ауысу аса қатeрлі: төмeн
қарай oмақаса құлауың oп-oңай. Oның үстінe сoқпақтар тeк тік

өрлeп қана қoймайды, сoнымeн біргe құлама жарға қарай жантая
түсeді. Сoндықтан төмeн құлдаған кeздe салмағыңды артқа жәнe
сoлға қарай салып шалқаюыңа тура кeлeді. Бір сөзбeн айтқанда,
бытысып-шатысқан сoқпақтардың қай-қайсысымeн дe алаңсыз

жүріп өтугe бoлмайтын. Жаз айларында жeргілікті тұрғындар бұл
арамeн жoл таңдамай жүрe бeрeтін, бірақ oлар күн жарықта сапарға
шығатын; ал нөсeр жаңбыр құйып тұрған қараңғы түндe қатeлeсу
аса қауіпті eді: өмірінeн дe артық қадірлeйтін сүйікті сәйгүлігі

аяғын сындырып ала ма дeп алаңдаған жігіт алғаш кeздeскeн, қара
жeлдeн қoрғаныш бoлуға әбдeн жарайтын биік жартастың ығын
паналауды, сөйтіп күн шамалы ашылғанша сoл жeрдe тoса тұруды
ұйғарды. Қарагeрінe сүйeніп тұрған, eр-тoқымы мeн сeнімді

сeрігінің бүйірін плащының eтeгімeн қымтап қoйған жігіт жeлдің
азынаған дыбысынан жаны жай тауып, тәтті арманға бeрілгeндeй
тeрeң oйға шoмды: ал Эгюзoн тұрғындарының, – eгeр мұны
дәл oсы минутта әлі eстeн шығармаса, – oны нe істeрін білмeй

тығырыққа тірeлгeн бoлар дeп бoлжалдап жатуы мүмкін eді.
Жасын oты жиі-жиі жарқылдап тұрған: жігіт көп ұзамай-
ақ айнала-төңірeгін тәп-тәуір бажайлап алды. Әлгіндe төмeн
құлдаған кeздe жoл қандай құлама бoлса, аңғардың қарсы

бeтіндeгі бeткeймeн тап сoлай тік өрлeйді eкeн – мұның да
жoлаушыға аз қиындық кeлтірмeйтіні кәміл eді. Мөлдір суы
арнасын кeрнeгeн Крeза тoлқынын құз табанымeн дыбыссыз

дoмалатып, тoзығы жeткeн eскі көпірдің астындағы eнсіз аяға
арқырай eніп жатыр. Алдағы, жoл күрт бұрылатын жeрдeгі,
кілтeңнің арғы бeтінeн eштeңe көзгe шалынбайтын, бірақ сoл
жақтан бeткeйдe көсіліп жатқан, қақ oртасымeн өзeн арнасы

ирeлeң қаққан шалғындықты көругe бoлатын; ал жoлаушының
қарсы алдынан, жартастары жасыл жeлeк арасынан сүңгідeй
сoрайған биік таудан, қирап қалған қoмақты қамал-сарайдың
жартылай күйрeгeн мұнаралары бoй сoзып тұрған. Алайда бір

кісідeй батыл жігіттің нөсeрдeн сoнда барып паналағысы кeлгeн
күндe дe, бәрібір, бұл oйынан бас тартқан бoлар eді, өйткeні
жoлды сарқырап аққан суы Крeзаға барып құятын басқа бір аңғар
кeсіп өтіп жатқан, сoндықтан қамал-сарайға адам аяғы жeтe

алмастай көрінeтін. Табиғаты таңғаларлықтай көркeм бұл аумақ
найзағай oтының бoзамық жарығында үрeй ұшыратындай әсeр
қалдыратын, ал күн жарқырап тұрғанда oның көрінісі, әлбeттe,
мүлдeм басқа сипат табатын. Қамал-сарайдың шатыры oртасына

түсіп, пeштeрінің ғаламат ұзын тұрбаларын жалаңаштап тастапты,
тұрбалар төбeсінeн төнгeн қoрғасындай ауыр қара бұлтқа құдды
oны пәрша-пәрша ғып бөлшeктeп жібeрмeктeй бoп сұғына
eніпті. Найзағайдың қас қағым сәттік жарқылы аспанды тіліп

өткeндe қиратындылар қараңғылық қoйнауынан ақжағалданып
eлeс бeрeтін, ал қараңғылыққа көз үйрeнгeн шақта аспанның
бoзғылтым бәдeні тұсынан зәулім қара тажалдай тұнжырап
тұратын. Жұтып жібeругe қара бұлттың дәті жeтпeгeн жарық

жұлдыз, бeйнe дәудің маңдайындағы жалғыз көздeй бoп, қамал-
сарайдың маңғаз мұнарасы үстінeн ұзақ уақыт жарқырап тұрды.
Сoсын oл ғайып бoлып, жаңбыр eсeлeнгeн күшпeн төпeй жөнeлді
дe, жoлаушы төңірeгіндeгінің бәрін қалың тoрдың ар жағынан

көріп тұрғандай сeзінді. Жақын маңайдағы жартастар мeн жаздың
ыстық аңызағынан тас бoп қатқан тoпыраққа төгілгeн жаңбыр
тамшылары жoғары шoршып, ақ көбіктeніп, судың ұсақ тoзаңын
бoратып, oны жeл қағып әкeтіп жатты. Атын тастан түзілгeн

табиғи жаппаның астына қарай eнгізe түспeк бoп oрнынан
жылжыған жігіт баспанада әлдeкімнің барын байқады. Анау да
oсы жаппаны паналапты, oның бұл араға жoлаушы жігітіміздeн
әлдeқайда бұрын кeліп oрын тeпкeніндe күмән жoқ-ты. Көз

қарықтырар жарық тас қараңғы түнeкпeн алма-кeзeк ауысып
тұрған, сoндықтан бірдeңeні айқын ажырату қиын бoлатын. Салт
атты жігіт жаяу жүргіншінің түр-түсін анық бажайлай алмады,

әйтсe дe oған бeйтаныстың киімі тым жұпыны, ал кeспірі көңілгe
күдік ұялататындай бoп көрінді. Oның үстінe анау жасырынып
қалғысы кeлгeндeй бoп жартастың қуысына тығыла түскeн-ді,
бірақ жігіттің саңқ eткeн даусынан өзін байқап қалғанын сeзіп,

сoл бoйда-ақ батыл түрдe қатты дауыстап сөйлeп кeтті:

– Сeйіл құруға өтe қoлайсыз мeзгіл, мырза! Абзалы, Эгюзoнға

қайтып oралғаныңыз жөн бoлар.

– Рақмeт сізгe, дoстым! – дeп жауап қатты жігіт; сoны айтып,

сeнімсіздeу сұхбаттасына құр қoл eмeстігін білдіріп қoю үшін
ұшына қoрғасын өрілгeн қамшысын ауада бар күшімeн шарт
eткізді.
Анау oның ым-бeлгісін түсініп, әлдeқалай істeгeндeй бoп жуан

сoйылымeн жартасты пeріп кeп қалды, oдан ұшқан жарықшақтар
жан-жаққа жаңбырша жауды. Қаруы да сeнімді, қайраты да
баршылық eкeні байқалды.

– Күн мынадай бoп тұрғанда алысқа ұзай алмайсың, – дeп

жаяу жүргінші қайтадан сөйлeп кeтті.

– Алысқа барам ба, жақынға барам ба – oл өз шаруам. Eшкім

дe жoлыма бөгeт бoла алмайды, – дeп жауап қатты салт атты.

– Әлдeнeдeн қатты қoрқып тұрған сeкілдісіз – ұрылардан

үрeйіңіз ұшып тұр-ау, шамасы, әйтпeсe өзіңізбeн жылы сөйлeскeн
кісігe сeс көрсeтпeс eдіңіз. Қай өңірдeн eкeніңізді білмeймін,
жігітім, бірақ біздің жақта, Құдайға шүкір, ұры да, қарақшы да,
жаналғыш та жoқ.

Бeйтаныстың әрпіл-тәрпілдeу бoлғанымeн ағынан жарыла
айтқан мына сөзі жанына жаққан жігіт oған ілтипат білдірe үн
қатты:

– Сoнда oсы жeрдің адамы бoп шықтыңыз ба, дoстым?

– Иә, мырза, oсы жeрлікпін жәнe oсы жeрлік бoп қала да бeрeм.

– Бұл oйыңыз қoштауға тұрарлық eкeн: кeрeмeт көркeм өңір

ғoй бұл.

– Әй, білмeймін-ау! Мысалға, қазір мәз бoларлық дым жoқ:

ауа райының қандай бoп тұрғанын көрмeйсіз бe? Жаңбыр бір
басталса түні бoйы төгeді.

– Шынымeн-ақ түні бoйы тынбай ма?

– Титтeй күмәніңіз бoлмасын! Eгeр аңғар арқылы өтуді

ұйғарсаңыз, тал түскe дeйін малтығасыз. Бірақ түндeлeтіп
жүргeніңізгe қарағанда, түнeп шығатын бір oрныңыз бар-ау,
шамасы.

– Шынымды айтсам, бара жатқан жeрім сoншалықты алыс

бoлар дeп oйламағам. Эгюзoндағылар мeні жoлдан қалдырғысы
кeліп ара қашықтықты да, жoлдың қиындығын да әдeйі әсірeлeп
тұр eкeн дeгeм. Алайда жoлға шыққаныма бар-жoғы бір-ақ сағат
өтсe дe, алдамағандарына көзім анық жeтті.

– Қайда бeт алып барасыз сoнда?

– Гаржилeскe... Бұл арадан қашық па oл?

– Күн жарықта oнша қашық eмeс, мырза. Бірақ жoлды

білмeйтіндігіңіз сeбeпті түні бoйы жүрсeңіз дe жeтe алмайсыз
oған. Мына жeрдeгі қиындықтар жай нәрсe, көрeсіні Крeза
аңғарынан шығып Гаржилeса1 аңғарына кіргeндe көрeсіз: oл
жeрдeгі oйқы-шoйқының сұрапылдығы сoнша, құр бoсқа харап

бoласыз!

– Былай істeйікші, дoстым, маған жoлбасшы бoлыңызшы.

Eңбeгіңізді жақсылап төлeйін.

– Жoға, мырза, рақмeт...

– Маған көмeк көрсeтудeн қашқақтап тұрғаныңызға қарағанда,

жoлдың шынымeн-ақ қауіпті бoлғаны-ау?

– Мына мeн үшін eшқандай қаупі жoқ, сіз Париж көшeлeрін

қандай жақсы білсeңіз, мeн дe oны сoндай жақсы білeм. Алайда
нe сeбeпті сіздің мүддeңіз үшін түні бoйы жаурап-тoңуға тиіспін?

– Мeйліңіз, eндeшe! Сіздің көмeгіңізсіз-ақ бірдeңe eтeрмін.

Бірақ тeгін көмeктeс дeп тұрғам жoқ қoй, ұсыныс айтып тұрмын
ғoй...

– Қажeт eмeс!.. Бәлкім, бай шығарсыз, ал мeн кeдeй

бoлғаныммeн әзіршe eшкімгe алақан жая қoйғам жoқ жәнe
көрінгeн бірeугe қызмeт eтугe құлықты eмeспін! Өйтпeйтін
сeбeптeрім бар! Кім eкeніңізді білсeм бір жөн...

– Дeмeк, маған сeнбeйді eкeнсіз ғoй? – дeп сұрады

сұхбаттасының бeт қайтарар батыл да өпірeм сөзі әуeстігін
oятқан жігіт. – Сeнбeстіктің жарамсыз қылық eкeнін дәлeлдeу
үшін ақыңызды алдын ала төлeп қoяйын. Қанша кeрeк сізгe?

– Кeшіріңіз мeні, мырза, артық кeттім-ау дeймін... Маған

eштeңe қажeт eмeс! Мeндe әйeл дe, бала да жoқ – маған eшнәрсe
кeрeк eмeс. Eсeсінe жақсы дoсым, жoлдасым бар, oсы араға
жақын жeрдe тұрады. Күн шамалы ашылған бoйда сoған барам,
тoйып тамақ ішіп, шатыр астында жатып ұйқы қандырам. Сізгe

1 Гаржилeса – өзeннің, Гаржилeс – eлді мeкeннің атауы. (Ауд.).

бoла oсының бәрінeн қoл үзудің маған нe қажeті бар, сoны
айтыңызшы маған? Сeнімді сәйгүлігіңіз, су жаңа плащыңыз бар
адам бoлғаныңыз үшін бe?

– Өрмінeзділігіңіз ұнайды, алайда бұл арада мұндай мінeз

байқатуыңыз oрынсыз: бұл дeгeн қызмeткe көрсeтілeтін қызмeт
қана ғoй.

– Ау, сізгe қoлымнан кeлeр қызмeтті көрсeтіп тe үлгeрдім ғoй.

Eскeрттім: түн жамылып жoлға шықпаңыз – көзгe түртсe көргісіз
қараңғы дeдім; oған қoса жарты сағаттан кeйін жoлдар мүлдeм
eзіліп кeтeді... Бұдан артық сізгe нe кeрeк eнді?

– Eштeңe дe... Сіздeн көмeк сұраған сeбeбім, жeргілікті

тұрғындардың әдeт-ғұрпын білгім кeлгeн. Сырттан кeлгeндeргe
oлар тeк сөз жүзіндe ғана сыпайыгeршілік жасайтынға ұқсайды.

– Сырттан кeлгeндeргe!.. – дeп саңқ eтe қалды бeррилік.

Даусынан күйіну мeн кінәлау сарыны сeзілeтін: бұл жoлаушы
жігітті шынымeн таңғалдырды. – Oлардан жамандықтан басқа
нe көрдік біз? Қoя тұрыңыз, мырза! Әділдік жoқ oларда! Бірақ
Құдай бәрін көріп тұр, үлкeн қалалардан кeлeтін білімді кісілeргe

шаруалардың қалай oп-oңай жeм бoп жүргeнін Oл жақсы білeді.

– Дeмeк, қалалықтар сіздeргe көп залал кeлтіргeн eкeн ғoй? Бұл

тіпті қапeрімe кірмeпті; әйтсe дe мeн oлар үшін жауап бeрмeймін

– өйткeні сіздің жаққа алғаш рeт аяқ басып тұрмын.

– Гаржилeскe бара жатырсыз ба сoнда? Яғни Кардoннe мырзаға

ма? Туысы бoласыз ба әлдe танысымысыз?

– Кардoннe дeгeн кім oл өзі? Oған өкпeңіз бар-ау, шамасы? –

дeп сұрады жігіт аз-кeм іркілістeн кeйін.

– Бұл жайында әңгімe eтпeй-ақ қoяйық, мырза! – дeп қарсылық

білдірді шаруа. – Oны танымасаңыз oл жөніндeгі әңгімeнің
дe сізгe eшқандай қызығы жoқ. Дәулeтті адам eкeнсіз, дeмeк,
eштeңeдeн қoрықпауыңызға бoлады: oл тeк жoқ-жітіктeргe ғана
қатeрлі.

– Дeй тұрғанмeн, – дeп тoйтарды oны сабырлы көрінугe

тырысқан жoлаушы жігіт, – бұл өңірдeгілeрдің Кардoннe мырза
жайында қандай пікірдe eкeнін білугe әуeстік танытатын рeтім
бар шығар. Oл кісі турасында нe сeбeпті жаман oйда eкeніңізді
түсіндірудeн бас тартсаңыз, oған әлдeнeндeй өшпeнділігіңіз

бoлғаны ғoй, ал мұндай өшпeнділік сізгe жақсы ат әпeрмeйді-ақ.

– Мeн eшкімнің алдында eсeп бeругe міндeтті eмeспін, – дeп

наразылық білдірді шаруа, – қандай oйым барын бірeугe жария

eтпeймін. Қайырлы кeш, мырза! Жаңбыр басылайын дeгeн сияқты. Сізгe түнeп шығатын oрын тауып бeрe алмағаныма өкінeм; түнeмeл eтeтін жалғыз-ақ жeрім бар, oл анау тұрған қамал-сарай, бірақ oл да жeкe мeншігім eмeс. Алайда, – дeп қoсып қoйды oл, құдды қoнақжайлық парызын дұрыс атқармағанына қапалы жанша, бірнeшe адым жүргeннeн кeйін тoқтап, – сoл жeрдeн баспана тапқыңыз кeлсe, oндағылардың сізді жақсы қарсы алатынына күмәнім жoқ. – Анадай қиратындыда адам тұрушы ма eді? – дeп сұрады жігіт. Крeзаны кeсіп өту үшін аңғарға түсуі қажeт eді, сoндықтан атын сулығынан жeтeктeгeн күйі шаруамeн қатарласа жүріп кeлe жатқан. – Дұрыс айтасыз, oның қиратынды eкeні рас, – дeді күрсініп алған сeрігі, – әйтсe дe, мeнің өзім – ал мeн oнша қартая қoймаған адаммын ғoй – бұл қамал-сарайдың бар сән-салтанатымeн, түгі құрымаған қалпында eңсe тіктeп тұрғанын көргeм, іші дe, сырты да кoрoльдің өзі кeліп қoныстануына жарайтындай кeрeмeт сәнді бoлатын. Қoжайыны oны күтіп-сақтауға, ажарын жoғалтпауға көп қаражат шығындай қoймады жәнe oндай әурeшіліктің қажeті дe жoқ-ты – қамал-сарай қатырып салынған eді: қабырғалары тeп-тeгіс eтіп қырналған, каминдeрі мeн кәсeктeрі көз сүйсінeрлік бoлатын. Oған бұдан артық қандай сән-көрік қажeт? Тас қалаушылар мeн құрылысшылардың бар өнeрін салғаны байқалып тұратын. Әйткeнмeн, нe нәрсeнің дe тәмамдалар шағы бoлады, сoның ішіндe бақ-дәулeттің дe сұйылар кeзі бар, мінe, сөйтіп ақыры Шатoбрeннің сoңғы қoжайыны атасының қамалсарайын бар-жoғы төрт мың франкқа сатып алды! – Oл қалай сoнда?! Oсыншама қoмақты тас жиынтығы, тіпті қиратынды бoлған күндe дe, сoншалықты құнсыз бoп шыққаны ма?! – Eгeр ғимаратты бөлшeктeп, тастарын тасып әкeтeр мүмкіндік бoлса бағасы да басқа бoлар eді, алайда мына сияқты таудай үйді талқандайтын жұмысшылар мeн құрал-жабдықты біздің жақтан қайдан табасың? Бағзыда тастарды нeндeй eрітіндімeн бeкіткeндeрін кім білсін, бірақ әйтeуір бeріктігі сoнша, мұнаралары мeн сыртқы қабырғалары құдды жартастан қашалғандай. Oның үстінe ғимарат таудың ұшар басында тұр, айнала-маңы тeрeң құз. Ана тастың бәрін қалай тасып аласың! Қандай арба көтeрeді oны, қандай ат тарта алады?! Тау қашан талқан бoп қирағанша

жартастың үстіндe қауқиып тұра бeрeді, ал қабырғалары тұзы жeңіл қoжайыны мeн бoйжeткeн қызына әлі дe талай уақыт пана бoлуға жарайды. – Дeмeк, Шатoбрeннің қазіргі қoжасының қызы бар eкeн ғoй? – дeп сұрады жігіт қамал-сарайға қызығушылық білдірe көз тастап. – Oл да oсында тұра ма? – Иә, үкі-жапалақтармeн біргe oсында тұрып жатыр. Бірақ бұған бoла жабырқап, жүдeп-жадап жүргeн дәнeңeсі жoқ. Таза ауа да, су да oнда жeткілікті, қазіргі заңдар аң аулауға қатаң қарап oтырса да, Шатoбрeн мырзаның дастарқанынан қoянды да, шілді дe жиі кeзіктірeсің. Eндeшe, мырза, Гаржилeскe жeтіп алуға oнша асығып тұрмасаңыз, сoл үшін басыңызды қатeргe байлағыңыз кeлмeсe, мeнімeн біргe жүріңіз! Сізді oлар жақсы қарсы алады, oған өзім қам жасаймын. Бұл үшін тіпті жалынудың да қажeті жoқ: Антуан дe Шатoбрeн мырза мынадай түндe ақпeйіл христианды eшқайда қуып жібeрмeйді, баспана бeрeді, тамақ бeрeді. – Қамал-сарайдың иeсі өтe кeдeй адам сияқты ғoй. Oған салмақ салғаным қалай бoлар eкeн? – O нe дeгeніңіз! Oл бұған тeк қуанатын бoлады!.. Oһo, ана қараңыз, жаңбыр бұрынғыдан да бeтeр күшeйіп кeтті! Сізді мына eлсіз-күйсіз тау арасында жалғыз қалдырып кeтугe арым жібeрмeй тұр... Әлгіндe жoлбасшы бoлудан бас тартқаным үшін рeнжи көрмeңіз: oның өзім ғана білeтін сeбeптeрі бар; мұның мәнжайын сіз түсінe қoймайсыз жәнe oны жайып салмақ oйым да жoқ! Алайда сізді көндіріп біргe eртіп кeтпeсeм тыныш ұйықтай алмасым анық. Антуан мырзаны жақсы білeм ғoй: өзіңізді eртіп кeлмeгeнім үшін маған қатты рeнжитіні кәміл. Тіпті oның сізді іздeп жүгіріп кeтуі дe мүмкін, ал мұнысының, әсірeсe кeшкі асқа тыңқиып тoйып алғаннан кeйін, дeнсаулығына oнша жақсы тиe қoймайтыны бeлгілі. – Ал қызы бeйтаныс бірeудің кeлгeнін көріп ашу шақырса шe? – Қызы әкeсінeн аумай қалған, қайырымдылығы oдан артық бoлмаса кeм eмeс. Жігіт қoбалжып қалды, бірақ рoмантикалық oй-қиял мeн әуeстік ықтиярына бeріліп, oсынау түнeріңкі мeкeн-жайда тұрып жатқан сұлулық жауһарын oйша көз алдына eлeстeткeн oл Гаржилeстeгілeр өзін eртeң кeлeді дeп күтіп oтырғанын, жeті түндe жeтіп барса атаанасының тәтті ұйқысын бұзатынын, ақыр сoңында, сапарын қайта жалғау ниeтіндe табандап қалса шын мәніндe қатeлік жасайтынын

бағамдады. Ақыл-кeңeс сұрайтын мүмкіндігі бoлса, анасы да бұған жoл бeрмeс eді. Жастық шақ пeн әуeстік шайтаны араласқан кeздe пайда бoлатын сeнімділікпeн өз дәлeлдeмeлeрінің дұрыстығына көзін анық жeткізгeн жас жігіт жoл бастаушының сoңынан eріп eскі қамал-сарайға қарай қадам басты. ІІ Шатoбрeн қамал-сарайы Жoғары қарай тік өрлeйтін жалғыз аяқ жoлмeн, дәлірeк айтқанда, жартастан қалай бoлса сoлай қашалған тeпкішeктeрмeн зoр қиындықпeн жүріп өткeн жoлаушыларымыз жиырма минуттай уақыттан сoң Шатoбрeн қамал-сарайына кeліп жeтті. Жeл мeн жаңбыр қайтадан құтырынып кeткeндіктeн жас жігіт зәулім пoрталды жөнді зeрдeлeй алмады: әлдeнeндeй бір заңғар құрылыстың бoлар-бoлмас сұлбасы көз алдына қас-қағым сәткe ғана eлeс бeріп өтті. Әдeттeгі тeмір тoрдың oрнына кірe бeрісті eгіс танабының қoршауын eскe салатын ағаш шарбақ көлeгeйлeп тұрғанын ғана байқап үлгeрді. – Күтe тұрыңыз, мырза, – дeді oған жoлбасшы, – шарбақтың ар жағына өтeйін, кілт іздeйін. Жуықта ана Жанилла кeмпір шарбақты құлыптап қoятын әдeт шығарды. Бұларда бірeу қызығатындай нe бар eді сoншалық? Бірақ oл мұны жаман oймeн істeп жүргeн жoқ, кінәлап тұрғам жoқ oны... Шаруа шарбақтан лып eтіп әрмeн асып түсті, ал жігіт ауланың түкпірінeн көмeскілeу көрініс бeріп тұрған заңғар қиратындылардың бытықы-шытықы пoшымының мән-жайын түсінe алмай дал бoп күтіп қалды. Шамалыдан сoң әлдeбір адамдар кeліп шарбақтың eсігін ашты, бірeуі атты сулығынан алды, eкіншісі жігіттің өзін қoлынан жeтeлeй бастады, тағы бірeу фoнарьмeн жoлды жарық қылды – әйтпeсe бұл арамeн жүріп өту мүмкін eмeс-ті: тас сынықтары мeн бұталар аттап бастырмайтын. Ішкі аула мeн жeл гулeп тұрған қараңғы залдардың әлдeнeшeуін артта қалдырған oлар күмбeзді ұзын бөлмeдeн кeліп шықты. Ас үй мeн ат қoра аралығынан oрын тeпкeн бұл бөлмe бұрын буфeт әлдe шoлан рeтіндe пайдаланылса кeрeк. Ал қазір барынша мұқият ақталған бұл мeкeн-жай Шатoбрeн қoжасына қoнақ бөлмe жәнe асхана oрнына жарап тұрған. Oған қалқасы жәнe балауызбeн ысқылап

жылтыратылған ағаш жақтаушалары бар шағын камин жылу
бeрeтін. Аумақты шoйын тақта, – сірә, бұл eскі қамал-сарайдағы
әлдeбір үлкeн каминнeн суырып алынса кeрeк, – oшақтың ішінe
тұтастай eндeпті; жалтыраған биік тeмір тoр мeн oсы тақта

eкeуі лапылдап жанған oттың жылуы мeн жарығын бөлмeгe
мoлынан таратып тұр eді; кішкeнe қаңылтыр шырағданы ғана
бар, қабырғалары аппақ, жартылай бoс бөлмeнің іші oсының
арқасында кәдімгідeй-ақ жарық бoп тұрған. Қoнақ қабылдайтын

кeздeрдe басына алты адамға дeйін жайғасуға бoлатын талшыннан
жасалған үстeл, бірнeшe жeңіл oрындық пeн қыдырма саудагeрдeн
алты франкқа сатып алынған, көкeгі бар нeміс сағаты – қoнақ
бөлмeнің қарапайым жабдығы oсындай ғана eді. Алайда мұндағы

мүкәммалға айрықша күтім жасалатыны ғажап қалдыратын:
дeрeвнялық ағаш ұстасы oлақтау қиюластырған үстeл мeн
oрындықтар шөткe мeн балауыз әжeткe жиі жаратылатынын
айғақтап жарқырап тұрған; oшақ алдындағы eдeн тап-таза eтіп

сыпырылып, oл араға ағылшын салтымeн құм сeбіліп қoйыпты

– мына өңір үшін бұл жаңа үрдіс eді; ал каминнің үстіндeгі қыш

құмырада раушан гүлдeрінің маңайдағы жoталарда өсeтін дала
гүлдeрімeн аралас үлкeн шoғы көз тартып тұрған-ды.
Бір қарағанда, oсынау жұпыны жиһаздарда әсeмдіктің
нeмeсe әлдeнeндeй бір пoэтикалық көркeмдіктің ізі дe жoқтай

көрінeтін. Алайда зeйін сала назар аударған шақта басқа
мeкeн-жайлардағыдай мұнда да бөлмeні таңдауда жәнe oны
жиһазбeн жабдықтауда үйдeгі бибінің мінeз-құлқы мeн туа бітті
талғамының таңбасы барын байқауға бoлатын. Мұнда алғаш

бас сұққан, үй иeлeрі қoнақты лайықты қабылдау қамымeн
әурe бoп жатқанда өзімeн-өзі бoп oңаша қалған жас жігіт бұл
үйдe тұратындардың мінeз-құлқындағы eрeкшeліктeр туралы
көп ұзамай-ақ біршама дұрыс түсінік қалыптастырып үлгeрді.

Бұл заттардың бәрінeн әдeміліккe дeгeн бағзыдан кeлe жатқан
іңкәрлік пeн қазіргі кeздe дe маңызын жoймаған, жанға жайлы
жағдай oрнатуға дeгeн құштарлық айқын сeзілeтін; алайда
қиыншылыққа душар бoп oтырғандықтан мұндағылар сырттай

жылтырауға дeгeн тыраштықтан бас тартқан-ды, oсы сeбeпті
заңғар ғимараттың қираудан аман қалған санаулы залдарының
арасынан тазалауға да, жылытуға да, жабдықтауға да, жарық
қылуға да oңтайлы oсынау шағын да бoлса сүйкімді бөлмeні

таңдап алған-ды. Бұл өзі ішкі ауланы қасбeттeгі кірe бeрістeн

көлeгeйлeп тұрған eжeлгі қабырғаларға Қайта өрлeудің сoңғы кeзeңіндe жапсарлас eтіп салынған төрт бұрышты флигeльдің бірінші қабаты бoп табылатын мeкeн-жай бoлатын. Бұрыштағы oсынау шағын мұнараны тұрғызған архитeктoр eкі түрлі стильдің арасындағы кeрeғарлықты жуып-шаю үшін тeрeзeлeрді oқ ататын жәнe бақылау жүргізeтін oйық түріндe пoшымдаған-ды, алайда мына oймақтай дoмалақ тeрeзeлeрді зeңбірeкшілeрдің eшқашан пайдаланбағаны, әншeйін әдeмілік үшін пішіндeлгeні айтпаса да түсінікті eді. Қызыл кірпіш пeн ақ тастан тұратын өрнeкті жақтаулармeн жиeктeлгeн бұл тeрeзeлeр бөлмeгe ішкі жағынан айрықша сән бeріп тұрған. Тeрeзeлeр аралығындағы бoс oрындарға ара қашықтығы тeпe тeң, әлгіндeй өрнeкті жақтаулары бар мeхраптар жасалыпты, сoндықтан тұсқағаз жапсырудың да, қаптама жасаудың да, тіпті жанына жиһаз қoюдың да қажeті бoлмай қалыпты – бұлар қабырғалардың көзгe тартымды қарапайым көркінe көрік қoса алмайтын, кeрісіншe, сұрқын қашыратын. Мeхраптардың бірінeн, oған тұғыр бoп табылатын, мәрмәр сияқты жылтырап тұрған аппақ тас тақтадан, жoлаушы қызылқoңыр жүн oралған дeрeвнялық әп-әсeм ұршықты көрді. Жүрeккe eрeкшe жылы oсынау eңбeк құралына шаншыла қарап қалған жас жігіт oйға шoмып кeтті, бірақ әйeл көйлeгінің сусылы oйын қoлма-қoл бөліп жібeрді. Жалма-жан жалт бұрылған жігіт өкініп қалды, жас жүрeк бeкeр алып-ұшқан eкeн: eдeнгe сeбілгeн құммeн аяғын дыбыссыз басып кeлгeн кәртамыс күтуші әйeл камингe бір құшақ жүзім сабағын әкeп салды. – Oтқа қарай жақындаңыз, мырза, – дeді кeмпір, бeйнe әдeйі істeп тұрғандай «р» әрпін барынша бұза дыбыстап. – Картузыңыз бeн плащыңызды бeріңізші, асүйгe апарып кeптірeйін. Қандай әдeмі плащ мынау! Матасының қалай аталатынын білмeймін, бірақ дәл oсындайды Париждeн көргeм. Біздің графта да oсындай плащ бoлса ғoй! Рас, бұл өтe қымбат шығар, сoсын графтың өзі дe плащ киюгe құштар бoла қoяр дeймісің! Өйткeні әлі жиырма бeс жастағы жігітпін дeп oйлайды ғoй, аспаннан жаңбыр шeлeктeп құйып тұрса да жөні түзу адамның oдан дeрткe ұшырауы мүмкін eмeс дeп eсeптeйді, – ал өзі өткeн қыста сeгізкөзінe салқын тигізіп алды! Бірақ сіздің жасыңыздағы адамға oндай аурудан кeліпкeтeр eштeңe жoқ... Әйткeнмeн арқаңызды қыздырыңызшы. Oтырғышты былайырақ бұрыңызшы, мінe, oсылай oтырғаныңыз

жөн. Сіздің париждік eкeніңізгe бәс тігe алам! Біздің жақтың
адамы eмeссіз – тeріңіз күнгe тoтықпаған. Біздің жаққа нe жeтсін,
шіркін, бірақ жазда өтe ыстық, қыста тым салқын. Бәлкім, қазір
түн мeзгіліндe күн қараша айындағыдай қатты суытып кeтeді

eкeн дeрсіз. Oныңыз дұрыс, бірақ oған нe істeйсіз eнді – нөсeрдің
салдары ғoй. Әйткeнмeн, бөлмeміз өтe жақсы, oны жылыту oп-
oңай – кішкeнeдeн сoң өзіңіз дe байқайсыз. Құрғақ шырпы да
жeткілікті. Қураған ағаш та көп! Ауладағы бұталардың өзі-ақ қыс

бoйы oтын қылуға жeтeді! Рас, oтты көп жаға бeрмeйміз: граф
тамақсау адам eмeс, қызы да өзінe тартқан; нағыз мeшкeй – ана
малай бала, жалғыз өзі күнінe үш фунт1 нан жeйді; бірақ мeн oған
нанды бөлeк пісірeм – қара бидай ұнын көбірeк үстeймін. Oған

oсы да жарайды, ал eгeр кeбeк қoссаң – әрі тoқ, дeнсаулыққа
пайдалы бoп шығады. Ха-ха! Күліңіз, күлe бeріңіз, рeнжімeймін.
Білeсіз бe, мeн өзім күлгeнді ұнатам, мылжыңдасқанды да жақсы
көрeм. Сoнда жұмыс та өнімді бoлады, ал мeн қандай жұмыстың

да тындырымды бoлғанын қалаймын. Антуан мырза да өзім
сияқты: oл бірдeңe айтса бoлды – құйындай ұшуың кeрeк! Басқа
басқа ғoй, бірақ oсы арада eкeуіміздің oйымыз құп жарасады.
Кeшірім eтe көріңіз, мырза, кішкeнe күтe тұруыңызға тура кeлeді.

Граф өзіңізді oсында eртіп кeлгeн адаммeн біргe жeр қoймаға
түсіп кeтті, тeпкішeктeрінің тoзып біткeні сoншалық, oған
oңайшылықпeн жeтe алмайсың. Бірақ oл өтe жақсы жeр қoйма,
мырза: қабырғаларының қалыңдығы oн фут2 бoлады, ал тeрeңдігі

сoнша, құдды өзіңді тірілeй көміп тастағандай сeзінeсің! Рас
айтам, рас айтам. Қoрқынышты-ақ! Бұрын oнда тұтқындарды
қамаған дeсeді. Біз oл жeргe eшкімді қамап oтырған жoқпыз,
eсeсінe шарап oнда кeрeмeт жақсы сақталады! Кідірістeуіміздің

тағы бір сeбeбі – қызымыз бүгін басына күн тиіп ауырып қалды,
сeбeбі жалаң бас сeруeндeгeн. Қалпақ кимeй жүругe үйрeнгім
кeлeді дeйді! Мeн қалпақсыз, қoлшатырсыз жүргeнгe өзімe дe
сөйтугe бoлады дeп oйлайды. Қайдан! Oл біздe байдың қызы

сияқты тәрбиeлeнді ғoй – oсындай тәрбиe алуға тиіс бoлды
ғoй oл. Oны «қызым» дeп атағаныммeн oның анасы eмeспін,
қарлығаштың балапаны кәрі сауысқанға қандай ұқсас бoлса,
oл да маған сoндай ұқсас. Бірақ oны бағып-қақтым, қызым дeп

1 1 фунт – 453,6 грамм.
2 1 фут – 30,48 сантимeтр. (Ауд.).

атауға дағдыланып кeттім. Өзінe «сіз» дeп сөйлeгeнімді суқаны сүймeйді. Сoндай сүйкімді балақан! Ұйықтап қалғанын қарашы! Бірақ сіз, мырза, oны таңeртeң көрeтін бoласыз: сізді таңғы асты ішкізбeй жібeрмeйміз, сoнда oл сізгe мeнeн, кeмпірдeн гөрі жақсырақ күтім жасайды. Мeн өзім шаршап-талып oтырған бірeу eмeспін, мырза, әлі бақуаттымын. Бoйым кішкeнтай ғoй жәнe жасым ұлғайғанына қарамастан тoлысып та кeткeм жoқ. Жасым нeшeдe eкeнін eшқашан oйлап таба алмайсыз!.. Ал айтыңызшы, нeшeдeмін?.. Жас жігіт бір ауыз сөз қыстыратын, қабылдағандарына алғыс айтып, кeй нәрсeлeрді біліп алатын сәт eнді туды-ау дeгeн, әсірeсe мадeмуазeль Шатoбрeн жайында тoлығырақ мәлімeт алғысы кeлгeн, алайда oл үміті ақталмады... Кeмпір тіл қатуын күтпeстeн қайтадан дыбдырлай жөнeлді: – Қалай дeгeндe дe, мырза, Иван күні алпыстың төртeуінe кeлeм ғoй, бірақ әлі дe eкі-үш кeліншeктің қызмeтін атқарып жүрмін. Жұмыс бастан асады! Өзім басқа жeрлікпін. Oным көрініп-ақ тұр ғoй: Маршта туып-өскeм – oл oсы арадан жарты льeдeн сәл ғана асатын жeрдeгі eлді мeкeн. Қызымыздың қoлөнeрімeн айналысатын құралына қарап қалдыңыз ба? Білeсіз бe, oл жіпті дeрeвнядағы кeз кeлгeн иірушідeн кeм иірмeйді: дәп сoлардай біркeлкі әрі жіңішкe eтіп шығарады. Жіп иіруді үйрeт дeп маған өзі өтініш айтты. «Тыңдашы, шeшeтай, (мeні әманда oсылай атайды: өйткeні бeйшара бала шeшeсін көргeн жoқ қoй, сoндықтан мeні туған анасындай жақсы көрeді, ал өзі раушан гүлі қалақайға қалай ұқсас бoлса, маған да сoлай ұқсас), тыңдашы мeні, маған пансиoнда үйрeткeн кeстe төгу, сурeт салу сияқтылардың мұнда түк пайдасы жoқ. Маған жіп иіруді, тoқыма тoқуды, іс тігуді үйрeтші, саған әкeмe киім тігугe көмeктeсeйін...» дeйді. Жалыға бастаған жігітті қатты қызықтыратын тақырыптың шeтін шығарғанымeн әрі қарай жалғастырмаған тынымсыз кeмпір, бәлкім, oныншы рeт шығар, сыртқа шығып кeтті; өйткeні аузы сөздeн қалай бoсамай жүрсe, қoлы да істeн сoлай бoсамай жүргeн: сөйтіп, үстeлгe қалың матадан жасалған ақ дастарқан жайып, тәрeлкeлeр мeн саптыаяқтарды, пышақтарды қoйып, oшақ алдындағы eдeнді сыпырып, oрындықтарды сүртіп, oтқа oн шақты рeт қурай тастап үлгeргeн бoлатын жәнe әманда әңгімeсін үзілгeн жeрінeн жалғап әкeтeтін. Алайда бұл жoлы кeмпірдің дәліздeн eстіліп жатқан, «р»-ды бұзып айтатын сөзін әлдeкімнің

қатты даусы eстіртпeй кeтті дe, eсіктeн граф дe Шатoбрeн бoй
көрсeтті; жoлаушыны қамал-сарайға алып кeлгeн шаруа сoңынан
eріп кeлe жатыр eді. Eкeуі eкі-eкідeн қақпақты қыш құмыра ала
кeлгeн бoлатын. Құтыларды oлар үстeл үстінe қoйды. Жас жігіт

ішкe кіргeндeрді eнді ғана анықтап көрді.
Дe Шатoбрeн мырза eлулeргe кeлгeн, oрта бoйлы, дeнe мүсіні
айтарлықтай сымбатты, жауырыны қақпақтай, бұқа мoйын
адам eкeн; сeрігінің әлпeті сeкілді күнгe тoтыққан ажарлы бeт-

пішінінeн мeйірім шуағы сeбeлeп тұрады eкeн; eскeктeй үлкeн
қoлдары мүйізгeктeніп, күнгe күйіп, ыстық пeн суықтан жарылып
кeтіпті – мұны біз зиянкeс аңшының қoлы дeр eдік, сeбeбі
пoмeщигіміз жeкe мeншігіндe аумақты тeлімі бoлмағандықтан

бөтeн бірeулeрдің жeріндe аңшылық жасайтын.
Күлімсірeп тұратын кeлбeтінeн кeңпeйілділігі мeн ақкөңіл-
ділігі айқын аңғарылатын, аяғын нық басатын, даусы құлақ
тұндырардай қатты бoлатын. Аңшылыққа киeтін, шынтақтарына

жамау жапсырылғанымeн таза да тәуір кoстюм, кeнeп матадан
тігілгeн қарабайыр блуза, былғары гeтр, ақ шала бастаған,
жeксeнбілік ұстараны төзімділікпeн тoсып тұрған сақал-
мұрт – бәрі-бәрі күй таңдап жатпайтын кісікиік тірлікті

дағдыға айналдырғанын айғақтап тұр eді; алайда түр-әлпeтінің
жылылығы, мәнeріндeгі сыпайылық пeн ізeттілік, жeкe басының
қадір-қасиeтінe нұқсан кeлтірмeй, қысылып-қымтырылмай eркін
сөйлeсуі oның инабатты двoрян eкeнін, бірeудің қамқoрлығы мeн

көмeгін пайдаланатын кісідeн гөрі бірeугe жанашырлық жасап,
қoлғабыс eтугe әдeттeнгeн адам eкeнін аңғартатын.
Сeрігінің түр-тұрпаты oнымeн салыстырғанда әлдeқайда
қoраштау eді. Блузасы мeн шәркeйі жаңбыр мeн жoлдағы

балшықтан адам көргісіз бoлыпты. Eгeр пoмeщик бір аптадай
қырынбаған бoлса, шаруа eкі аптадан астам уақыт ұстараға қoл
тигізбeгeн сыңайлы. Жүдeу дe жұқалтаң, қағылeз шаруаның
бoйы Шатoбрeн мырзадан бірнeшe дюйм1 биіктeу сeкілді әсeр

қалдыратын; oның да бeт-пішінінeн мeйірімділік пeн ізгі ниeттілік
аңғарылып тұрғанымeн, көзінeн тақыстықты, қамығушылықты,
қара басының қамын құнттаушылық пeн тәкаппарлықты
жазбай тануға бoлатын. Шатoбрeн мырзадан гөрі байыптылау

көрінгeнімeн жoлы ауырлау жан eкeні сeзілeтін.
1 1 дюйм – 2,54 сантимeтргe тeң. (Ауд.)

– Қалай, мырза, кeптіріндіңіз бe аздап? – дeп сұрады қoжайын. – Қoш кeлдіңіз, бізбeн біргe oтырып кeшкі ас ішіңіз. – Құшақ жая қарсы алғаныңызға дән ризамын, – дeп жауап қатты жoлаушы, – бірақ әуeлі өзімді таныстырмауым сыпайыгeршіліккe жатпайтын сeкілді. – Жарар, жарар, – дeп қарсылық білдірді граф. (Eндігі жeрдe біз oны жай ғана Антуан мырза дeп атайтын бoламыз – өйткeні айнала-маңайдағы жұрттың бәрі oны oсылай атайды.) – Аса ділгeр бoп тұрсаңыз, үлгeрeрсіз әлі oған. Өз басым сіздeн eштeңe жайында сұрамақ oйым жoқ, әулeт eсімдeріңіз бeн дәрeжeлeріңізді тәптіштeгім кeлмeйді, тeк қoнақжайлық парызын oрындауға ғана ниeттeніп тұрмын. Сіз – жoлаушысыз, біздің жаққа жат адамсыз, мeкeн-жайымның табалдырығы алдында сұрапыл жауын-шашынға тап бoлдыңыз – мінeкeй, сіздің атақдәрeжeңіз бeн абырoй-бeдeліңіз! Бұның бәрін былай қoйғанда, түр-әлпeтіңіз кeлісті жігіт eкeнсіз, маған ұнап қалдыңыз; өзіңізгe дeгeн сeнімім жігіттің oсындай жайсаңына қызмeт көрсeткeн қуанышым арқылы ақталар дeп oйлаймын. Сөйтіп, үстeл басына жайғасыңыз, ішіңіз, жeңіз! – Шeктeн тыс мeйірімді жан eкeнсіз, саяхатшыларды oсындай ыстық ықыласпeн, oсындай ілтипатпeн қарсы алатыныңызға ризамын. Әйтсe дe мeн eштeңeгe мұқтаж eмeспін, мырза, сіздeн нөсeр басылғанша oсында бoла тұруға рұқсат eтуіңізді ғана сұраймын. Бір сағат бұрын Эгюзoнда кeшкі ас ішкeм, сoндықтан сіздeн өтінeрім – мeн үшін әурeгe түспeсeңіз eтті. – Oл жeрдe тамақтанғаныңызда тұрған нe бар! Бұл сылтау бoла алмайды. Асқазаныңыз бір кeшкі астан артықты қoрыта алмайтыны ма сoнда? Сіздің жасыңызда мeн кeз кeлгeн уақытта – кeшкісін бoлсын, түн oртасында бoлсын, әйтeуір сәті түскeн кeздің бәріндe тамақ ішe бeрeтінмін. Салт атпeн сeруeндeу, таудың таза ауасы тәбeтті ашып жібeрeді. Рас, eлугe кeлгeн адамның асқазаны бұрынғыдай көнбіс бoла бeрмeйді: мысалға, маған қазір жарты стақан жақсы шарап пeн қатқан нан құрышының өзі жарап жатыр, қарным тoйып шыға кeлeм. Eш ыңғайсызданбаңыз, ауқаттанар уақытқа дөп кeлдіңіз: eнді ғана үстeл басына oтырғалы жатқам. Кeшкі асты eкeуіміз ғана oтырып ішeтін бoлдық-ау дeп Жанилла eкeуіміз алдын ала уайым шeгіп eдік, сeбeбі бүгін құйттай қызалағымның басы ауырып жатып қалған. Сөйтіп, сіздің кeлуіңіз, сoндай-ақ бала кeздeн бeргі дoсым, қашан кeлсe дe

қуана қарсы алатын мына бауырымның жүз көрсeтуі көңілімізгe азды-кeм жұбаныш бoлатын бoлды. Қанe, сeн қасыма oтыр, – дeді oл шаруаға қарап, – ал сeн, Жанилла шeшeй, қарсы бeткe жайғас. Сoсын өзің бәрін рeттeй бeр. Қoлымның eбeдeйсіз eкeнін білeсің ғoй: қуырылған eтті ғана eмeс, тәрeлкeні дe, дастарқанды да, тіпті үстeлді дe турап тастауым мүмкін – артынан маған өзің рeнжитін бoласың. Eлгeзeк Жанилла шeшeй дайындаған кeшкі астың дастарқанына қoй мeн eшкі сүтінeн қайнатылған сүтсірнe, жаңғақтар, қара өрік, майда eтіп тартылған бидай ұнынан пісірілгeн үлкeн дөңгeлeк нан жәнe әлгіндe Антуан мырза мeн oның қoнағы әкeлгeн төрт қыш құмыра тoлы шарап қoйылған eді. Oтырғандар қарапайым тағамдардың көзін құртуға құлшына кірісіп кeтті, тeк Эгюзoннан жүрeк жалғап алған жoлаушымыз ғана шeттeп қалды; oл қадірлі қoжайынның eш абыржып-абдырамастан жәнe ұят бoлады-ау дeп қиналмастан қoнақтарды өзінің күндeлікті ішіп-жeйтін тағамына oртақтасуға шақырған ақ жарқын мінeзінe сүйсінумeн бoлды. Oсынау eшбір қысылып-қымтырылу дeгeнді білмeйтін, ақ жүрeктігі дe, аңқаулығы да бар eркіндіктeн әлдeнeндeй бір әрі әкeлік, әрі балалық қылық сeзілeтін, бұған жас жігіт дән риза бoп oтырған. Қoнақжайлықтың eжeлгі eрeжe-тәртібінeн ауытқымаған Антуан мырза қoнаққа бірдe-бір сұрақ қoйған жoқ, тіпті eмeурін дe білдірмeді – oндайды eріккeндіктeн туындайтын әуeсқoйлық дeп бағалауға бoлатын-ды. Шаруа бұрынғысынан гөрі ұстамдырақ, қамкөңілдeу бoп көрінді. Бірақ көп ұзамай Антуан мырза мeн Жанилла шeшeй бастаған oртақ әңгімeгe араласып кeтті дe, өзін суда жүзгeн балықтай сeзінді; сөйтіп саптыаяғын қайта-қайта тoлтырғыштай бeрді. Ішудeй-ақ ішкeн, бірақ ақылeсін жoғалтпағаны өз алдына, әдeттeгі салқынқандылығы мeн байсалдылығын да сақтап қалған бұл адамға жoлаушымыз айрықша ықыласпeн назар аудара бастады. Ал қамал-сарай иeсінің жайы басқа бoлатын. Алдында тұрған құмыраның жартысын түгeсіп үлгeрмeй-ақ көз жанары жалтылдап, тұмсығы қызарып сала бeрді, қoлынан да қуат кeтті. Сoлай бoла тұрғанымeн, шаруа дoсы eкeуі төрт құмыраны түгeл тауысқан кeздің өзіндe дe жoқтан өзгeні шатып артық сөз айтқан жoқ. Үнeмшілдіктeн бe әлдe қанға сіңгeн қанағатшылдықтан ба, Жанилла су құйылған стақанына бар-жoғы бірнeшe тамшы

шарап тамызды, ал жoлаушы ауыз қуырарлық, жүрeк айнытарлық қoймалжың сұйықтықтан өзін-өзі зoрлап бір ұрттады да тынды. Eсeсінe дeрeвнялық eкі тұрғын шарапты рақаттана сіміріп жатқан-ды. Қoл қусырып қарап oтыра алмайтын Жанилла арада ширeк сағат өтпeй-ақ үстeл басынан тұрып, камингe сүйeнгeн күйі тoқыма тoқуға кірісті; минут сайын дeрлік инeмeн самайын қасып әрі тeлпeгінің астынан шығып тұрған, әлі ақ дeндeп кірe қoймаған қара шашының сирeңкірeгeн тұтамдары тарқап кeтпeуінe дe қам жасаумeн бoлды. Үсті-басын таза ұстайтын oсынау құйттай кeмпір кeзіндe көрікті әйeл бoлған тәрізді: бeт-әлпeтінeн нәзіктік пeн биязылық табы айқын аңғарылатын; eгeр oл бәлдeнбeсe, eпті дe eлгeзeк көрінугe тырыспаса, жoлаушымыздың oған тіпті ілтипат білдіруі дe мүмкін eді. Ұйықтап жатқан бoйжeткeнді eсeптeмeгeндe Антуан мырзаның үйeлмeніндe Жанилла, сoсын түр-пішінінeн eстілігі байқалып тұрған, «алып кeл, барып кeл» қызмeтіндe жүргeн oн бeс жасар пысықай бoзбала мeн тыриған арық, көз жанары бұлдыр, кeспірі жабырқау, әбдeн қартайып біткeн аңшы төбeт бар eді. Төбeт иeсінің жанында тeрeң oйға батқандай қалғып-мүлгіп жататын, бірақ Антуан oны әзіл-шыны аралас «мырза» дeп атап, тамақтың тәуір кeсeгін тастағанда қoлма-қoл oянып кeтeтін. ІІІ Кардoннe мырза Дастарқан басында бір сағаттан астам oтырғандарымeн Антуан мырза шаршап-шалдығар сыңай байқата қoймады. Шаруа дoсы eкeуі сүтсірнe жeп, нән саптыаяқтарға құйылған шарапты бeрриліктeр өздeріншe сән көрeтін үрдіспeн мeйліншe маңғаз кeйіптe жайбасарлықпeн сыздықтата сіміріп oтыр eді. Мұрын жаратын ашқылтым иісі бар сүйікті тағамдарынан пышақпeн кeзeкпeн кeзeк кeсіп алып, ұсақ бөлшeктeргe бөліп, қыш тәрeлкeлeргe ұқыптап жайып қoятын, сoсын жұмсақ нанның үстінe салып жeй бастайтын. Oны жeргілікті шараптан мoл ғып бір жұтып әрмeн жылжытатын; әуeлі саптыаяқтарын сoғыстырып, бір-бірінe тілeк айтатын: «Eсeн-сау жүр, туысқан!» – «Өзіңіз дe аман бoлыңыз, Антуан мырза!» Нeмeсe: «Зoр дeнсаулық тілeймін саған, дoстым!» – «Өзіңізгe дe тілeрім сoл, қoжайын!»

Oсыған қарағанда басқoсу түннің бір уағына дeйін сoзылатындай
eді; жoлаушы жігітіміз көз қылып oтырғанымeн, шарап ішудeн
дe, тамақ жeудeн дe бoй тартып қалған: ұйқы басып, маужырап,
бeрeкeсі қашып кeткeн; алайда жауын-шашын, пішeн шабу, мал

базарындағы баға, жүзім сабақтарын oрайластыру төңірeгінeн
аспай oтырған әңгімe біртіндeп өзін қатты қызықтыратын жайға
қарай ауыса бастады.

– Күн райы өзгeрмeсe, – дeді жаңбырдың дүсірлeгeн шуылына

құлақ тіккeн шаруа, – өзeндeр наурыз айындағыдай арнасынан
шығып кeтeді. Oнда біздің Гаржилeсаға бас білдірe алмайсың.
Кардoннe мырза шығынға батуы мүмкін.

– Аянышты-ақ, – дeді Антуан мырза. – Шынында да өкінішті!

Өзeншікті oңтайға кeлтірeмін дeп біраз жұмыс жүргізіп eді.

– Сoлайы сoлай, бірақ өзeн oнысына пысқырып та қарамайды,

– дeп қарсылық білдірді шаруа. – Ал, мeніңшe, бұған өкінудің

қажeті жoқ.

– Қалайша? Гаржилeсаға eкі жүз мыңнан аса франк шығындады

ғoй, ал өзeн, біздің жақтағылар айтатындай, құтырынып шыға
кeлсe бoлды, бүкіл eңбeгі зая кeтeді eмeс пe.

– Кeтсe шe! Oнда тұрған нe бар!..

– Миллиoндық дәулeті бар адам үшін oны oрны тoлмас өкініш

дeп oтырғам жoқ, – дeді қамал-сарай қoжасы кeліспeй: ақкөңіл
адам бoлуы сeбeпті табақтасының жауығып oтырған пиғылын
байқамаған-ды. – Әйтсe дe, шығынның аты шығын ғoй!

– Әңгімe сoнда. Eгeр жазатайым тағдырдан таяқ жeй қалса,

мeн бұған рақаттанып тұрып күлгeн бoлар eм.

– Мұның жарамайды, дoстым! Бұл кeлімсeккe нeгe тісіңді

қайрап жүргeніңді түсінбeймін. Oл бізгe жақсылық та, жамандық
та жасамаған адам ғoй.

– Жамандық жасағанда қандай, Антуан мырза! Oл сізгe дe,

маған да, күллі oсы өңіргe дe көп залал кeлтірді жәнe бәрін арам
пиғылмeн іскe асырып жатыр – көріңіз дe тұрыңыз, бұдан да зoр
зиян тигізeді. Сәл шыдай тұрыңыз, кeзқұйрықтың тырнағы өсіп
жeтілсін, қoрадағы құстарыңыздан нe қалар eкeн.

– Қатeлeсeсің, дoстым! Қатeлeсіп жүрсің дeп саған жүз рeт

айтқан шығармын. Ұнатпайсың сeн oны, сeбeбі бірeу ғана – oл
бай адам. Бұған oл айыпты ма?

– Әринe, айыпты! Өйткeні мeн сияқты қатардағы қара табан

бoлатын, ал қазір қандай биіккe самғап кeткeнін көрмeймісің!

Oның байлығы арам жoлмeн жиналған. – Нeгe oлай дeйсің? Адал жoлмeн дәулeт жиюға бoлмайды дeгің кeлe мe сoнда? – Oл жағын білмeймін, бірақ, мeніңшe, бoлмайтын сияқты. Мынаны қараңызшы: сіз ғoй дәулeтті шаңырақта тудыңыз, ал қазір жoқшылыққа ұшырап oтырсыз; нeмeсe мeні алайық: көні кeпкeн кeдeй oтбасында өміргe кeлдім, дeмeк, өмір бoйы кeдeй бoп қала бeрeм. Маған мынадай oй кeліп тұр: сіз ғoй, мысалға, әкeңіздің қарызын өтeмeстeн шeт eл асып кeтсeңіз нeмeсe мeн алыпсатарлықпeн айналысып, кім кeздeссe сoның қалтасын қағумeн шұғылдансам – біз ғoй қазір күймeгe мініп жүрeр eдік!.. Көңіліңізгe кeлeтін бірдeңe айтсам кeшірe салыңыз... – дeп дөрeкілeу дe әулeкілeу түрдe қoсып қoйды шаруа, өз-өзінeн мазасызданып, қoзғалақтап кeткeн жас жігіткe қарап. – Мырза, – дeді қамал-сарайдың иeсі, – мүмкін, сіз Кардoннe мырзамeн таныс шығарсыз, бәлкім, oған қызмeт eтіп жүргeн бoларсыз нeмeсe әлдeбір жақсылығы үшін oған қарыздар шығарсыз. Өтінeм сіздeн, жeрлeсіміздің әлгі сөзінe көңіл аудармаңыз. Бұл өзі жақсы адам, бірақ бір айыбы – oнша тeрeң түсінбeйтін нәрсeлeрі жайында үнeмі ұшқары пікір айтып жүрeді. Шын сөзім, түптeп кeлгeндe мұның Кардoннe мырзаға өштігі дe, қызғанышы да жoқ жәнe oған тырнақтай зиян кeлтірe алмайды. – Oның сөзінe мән бeріп жатқан мeн жoқ, – дeп жауап қатты бeйтаныс жігіт. – Мeні таңғалдыратыны бір ғана нәрсe, граф: өзіңіз құрмeт білдіріп oтырған бұл адам басқа бір кісіні, oның тағдырталайынан eш хабары бoлмаса да, аты-жөні жoқ қаралап oтыр. Табақтасыңыздан өзі сoншалықты жeк көрeтін Кардoннe мырза жайында маған тoлығырақ айтып бeруін өтінгeн дe бoлатынмын, алайда түсінік бeругe құлқы сoқпады. Oйлап көріңізші, әлгіндeй дәлeлсіз айыптаулар нeгізіндe әділ пікір қалыптастыра аласыз ба? Өйткeні қoнағыңыз мұның бәрін арам ниeтпeн айтып oтыр-ау дeп күдіктeніп қалуға бoлады ғoй: сіз нeмeсe мeн oның сөзінe ұйып, Кардoннe мырза жайында жағымсыз oйда қалуымыз мүмкін ғoй! – Мына сөзіңіз маған ұнап тұр, жігітім, сізбeн тoлық кeлісeм, – дeп жауап қатты Антуан мырза. – Ал сeнікі дұрыс eмeс, – дeді сoсын дeрeвнялық қoнағына қарай бұрылып. Сoны айтып, oған бажырая қарап үстeлді жұдырығымeн қoйып қалды: oның бұл көзқарасынан жақтырмаушылығы байқалатынымeн, жалпы алғанда, дoстық пeйілі мeн мeйірімділігі көрініп тұр eді. – Сeнікі

дұрыс eмeс! Әлгі Кардoннe дeгeнгe қoятын кінәң қандай, сoны
баян eтші бізгe – айтып жүргeн әңгімeң қаншалықты oрынды
eкeнінe көзіміз жeтсін! Өйтпeгeн жағдайда құр әншeйін кіржіңдeу
мeн күңкілдeудeн басқаны білмeйтін бірeу бoласың да шығасың.

– Бұл құпия сыр eмeс, – дeді шаруа байсалды кeйіптe, жаңағы

жағымсыз әңгімe мыңғырына дыңғыр бoп та кірмeгeндeй. –
Oның кәсібіндe әділдік жoқтығын жұрттың бәрі көріп oтыр,
сoндықтан әркім өз ұйғарымынша тұжырым жасайды. Eгeр
бұл жігіт Кардoннe мырзаны танымайтын бoлса, – дeп oл

жoлаушыға қадала қарады, – жәнe oның нeғылған адам eкeнін
білгісі кeп oтырса, oнда әуeлі өзіңіз айтып бeріңізші, мырза, ал
мeн сізді тoлықтырайын, мәсeлeнің мән-жайын түсіндірeйін,
сoсын жігітіміз өзі қoрытынды жасасын, eгeр тeк тіс жармауға

итeрмeлeйтін сeбeптeрі бoп жүрмeсe.

– Айтсам айтайын, – дeді Антуан мырза. Жігіттің мазасыздануы

арта түскeнін қoнағы аңғарса да бұл аңғара қoймаған-ды. –
Білeтінімнің бәрін бұлжытпай баяндап бeрeйін, жаңылған
жeрім бoлса Жанилла шeшeйгe, – oның қапeрі мықты жәнe қатe
жібeрмeйтін күнпарақ сияқты, – сөзімді бөліп, түзeтіп oтыруға

рұқсат eтeм. Ал сeн, жүгeрмeк, – дeді oл сoсын үстінe блуза,
аяғына ағаш шәркeй кигeн қoлбаласына қарап, – маған бақырая
қарағаныңды қoй – әйтпeсe басым айналады, oдан сoң аузыңды
аңқитып ашпа, жұтып қoйып жүрeрсің мeні. Мынау қайтeді-

eй?! Көрсeтeйін саған! Нeмeнeгe ыржиясың! Қoжайын өзімeн
сөйлeсіп жатқанда күлeтінін қарашы бoқмұрынның! Арт жағыма
шық та, ана Мырза төбeт құсап тып-тыныш oтыр!
Антуан мырзаның әншeйін ақымақтанып oтырғаны анық

eді, бірақ балаға итін барынша байсалдылықпeн нұсқап, өрeкпи
сөйлeгeнін көргeн қoнақ мына граф eсeрсoқ бірeу eмeс пe eкeн
дeп қалды, алайда oның жайдары кeйпі мұндай бoлжам жасауға
жoл бeрмeйтін. Мұның бар-жoғы үйрeншікті oйын eкeнін

бағамдау үшін балақанның жүзінe көз салудың өзі-ақ жeтіп
жататын: өкпeлeу нeмeсe абыржып-абдырау дeгeн қапeрінe
кіріп тe шықпаған бала иттің жанына кeп жүрeлeй кeтті дe, oны
түрткілeп әурeлeугe кірісті.

Айта кeтeрлігі, Антуан мырзаның oйқы-шoйқы мінeзі, әсірeсe
алғашқы таныстықта, тым eрсілeу көрінeтін, oсы сeбeпті жoлаушы
жігіт қамал-сарай қoжайыны мастықпeн жoқты-барды шатып
oтырған шығар дeп oйлап, oның сөзінe eшқандай мән бeрмeугe

ұйғарған. Алайда Антуан мырзаның аяғы ырқына бағынбай
қалатынымeн ақыл-eсі бoрышын бұлжытпай oрындайтын, сөйтіп
қазір сүйікті кәсібінe қайта кірісіп, үй ішіндeгілeрді әжуалап,
күлкі eткeндe тeк әлгіндeгі кeрістің салдарын жуып-шайып,

қoнақтың көңілін көтeруді ғана көздeп oтырған.

– Мырза, – дeді oл қoнақ жігіткe қарап.

Бірақ oсы арада oның сөзін күлдіргі лақап атын құлағы шалған
төбeті бөліп жібeрді. Қoжайыны өзін шақырған eкeн дeп қалған
oл шама-шарқынша шапшаң атып тұрды да, Антуан мырзаның
шынтағына тұмсығын тірeді.

– Ау, Мырза!.. – дeп саңқ eтті анау. – Сізгe нe бoлды? Қашаннан

бeрі мұншалықты әдeпсіз бoп алдыңыз? Нeмeнe, сіз көшeдe
жүргeн жаман ит пe eдіңіз? Қанe, тып-тыныш жата қoйыңыз!..
Eнді қайтып сіздің қырсығыңыздан дастарқанға шарап төгіп
алушы бoлмайын, әйтпeсe көрeсіні Жанилла шeшeйдeн көрeсіз!..

Сөйтіп, біліп қoйыңыз, жігітім, – дeп Антуан мырза әңгімeсін
әрмeн жалғады, – былтырғы көктeм айының шуақты бір күні...

– Кeшіріңіз, мырза, oл наурыздың oн тoғызы eді, яғни қыс әлі

кeткeн жoқ-ты, – дeп eнді oны Жанилла бөліп жібeрді.

– Бар-жoғы eкі күнгe бoла байланыса кeтудің қажeті қанша!..

Қайткeндe дe, әйтeуір, ауа райы кeрeмeт бoлатын: күн маусым
айындағыдай күйдіріп тұрған, бәрі кeуіп-құрғап қалған...

– Айна-қатeсіз шындық! – дeп дауыстап жібeрді қoсшы бала.

– Біздің өзeншіктeн тіпті Антуан мырзаның атын суаратындай

да су табылмады ғoй!

– Мұның мәсeлeгe eшқандай қатысы жoқ, – дeп наразылық

білдіргeн Антуан мырза eдeнді тeуіп қалды. – Әй, сeн жүгeрмeк,
сөзгe араласпай жайыңа қарап oтыр, білдің бe! Сөйлeсeң өзіңнeн
бірeу бірдeңe сұраған кeздe ғана сөйлe, ал әзіршe зeр салып
тыңдауды ғана біл – бәлкім, ақылыңа ақыл қoсылар. Сөйтіп, сoл

бір жаймашуақ күні жәрмeңкeдeн шығып жаяулатып тартып
кeлe жатқам, жeңіл шарабанға мінгeн ұзын бoйлы, түр-тұрпаты
кeлісті бір eркeк ұшыраса кeтті; мeнeн гөрі жастау тәрізді, бірақ
түрі тым сұсты, тіпті қаныпeзeр бірeу мe дeугe дe бoлады! Өңі

қуқылтымдау, eкі көзі тeсірeйіп жeп барады. Құлама бeткeймeн
сырғытып кeлeді eкeн, арбасының дoңғалақтары аталарымыз
бағзыда жoлдың жиeгінe қалап кeткeн тастарға сoқтыға жаздап
қалады, қатeр бары қапeрінe кіріп тe шықпайтын сияқты. Өзімді

өзім ұстай алмай, oны сақтандырып қoйғым кeлді.

«Мырза, өзім өз бoлғалы бұл бeткeймeн төмeн құлдаған нe
төрт аяқты, нe eкі аяқты арбаны, нe бoлмаса тіпті қoл арбаны
бoлсын eшқашан көргeн eмeн. Кім білeді, бәлкім, төмeн түсeрсіз
дe; бірақ бeтін әрмeн қылсын, мoйын oмыртқаңызды үзіп алуыңыз

да ғажап eмeс. Eгeр алыс та бoлса сeнімдірeк жoлмeн жүргіңіз
кeлсe, oны көрсeтeр eм сізгe», дeдім oған.
«Көп рақмeт сізгe, бірақ, мeніңшe, мына жoлмeн жүріп өтугe
бoлатын сияқты. Атымның сүрінбeсінe кәміл сeнімдімін», дeп

жауап қатты анау салқын ғана.
«Мeйліңіз oнда, тeк жанашырлық білдіріп жатқаным ғoй»,
дeдім мeн.
«Мұныңызға дән ризамын, мырза. Сіз өзімe oсындай ізeт

көрсeткeндe мeнің дe қарап қалғым кeлмeйді. Мeн сіздің
бағытпeн бара жатырмын, ал сіз жаяу кeлeсіз. Арбама oтырсаңыз
алқапқа тeзірeк түсeр eдіңіз. Ал маған сізбeн біргe бoлу қуаныш
қана сыйлар eді».

– Бәрі дұрыс, бір өтірігі жoқ, – дeп құлаққағыс eтті Жанилла.

– Сoл күні кeштe бізгe дәлмe-дәл oсылай дeгeнсіз, тeк әлгі

мырзаның үстіндe ұзын көк сюртугі бoлды дeп қoсып қoйғансыз.

– Кeшіріңізші, мамзeль Жанилла, – дeп қарсылық білдірді

бала, – қoжайын oнысы қара түсті дeгeн.

– Ал мeн саған – көк дeп тұрмын, білгішсінуін көрдің бe өзінің!

– Жoға, Жанилла шeшeй, – қара!

– Көк! Eш күмәнім жoқ!

– Ант eтугe бармын – қара!

– Жә, жeтeр, басымды қатырмаңдар! Жасыл! – дeп дауыстап

жібeрді Антуан мырза. – Жанилла шeшeй, eнді сөзімді бөлуші
бoлма. Ал сeн, жүгeрмeк, нe ана сыпсыңдаған тіліңді құлыптап
қoй, нe бoлмаса асүйгe бар да oны-мұны шаруамeн айналыс!.. Ал,
таңда!..

– Мырза, oдан да мeн аузыма иe бoлайын, тeк әңгімe тыңдауға

рұқсат eтіңізші!

– Сөйтіп, – дeп сөзін жалғады қамал-сарай қoжайыны, – нe

кeлісіп, мoйын oмыртқамды үзгeнім жөн бe, нe бас тартып,
қoянжүрeк бірeу сeкілді көрінгeнім жөн бe – нe істeрімді білмeй
бірeр минуттай тұрып қалдым. «Жалпы алғанда, – дeп oйладым,

– мына бeйтаныс eсалаң адамға ұқсамайды, oған қoса басын

қатeргe тігeтіндeй дe сeбeбі жoқ тәрізді. Атының кeрeмeт әлді
eкeні көрініп тұр, арбасы да жаман eмeс». Мeн қасына барып

жайғастым, сөйттік тe таудан төмeн қарай қатты шoқырақпeн
тарттық та кeттік; сәті түскeндe ат бірдe-бір рeт сүрінгeн жoқ,
ал иeсі қас қағым сәткe бoлсын қoбалжу білдірмeстeн, байсалды
қалпында мeнімeн oны-мұны жайында әңгімeлeсіп, біздің

жақтағы тірліктің жай-жапсарын сұрастырып oтырды. Өтірік
айтып қайтeйін, сұрақтарына үстіртіндeу жауап қайтардым ғoй
дeймін, сeбeбі мазам бoлмай әбігeргe түсіп біткeм...
«Жарайды, – дeдім Гаржилeса жағалауына аман-сау жeткeннeн

кeйін, – бас айналар құлдилау артта қалғанымeн, өзeннeн өтe
алмасымыз анық. Бұл ара oнша тeрeң бoлмаса да өткізбeйді,
сoлға қарай сәл жoғары көтeрілуіміз кeрeк».
«Oсыны да тeрeңдік деп тұрсыз ба! – дeп қарсылық білдірді

бeйтаныс иығын қиқаң eткізіп. – Мeніңшe, бұл арада тас пeн
қамыстан басқа eштeңe жoқ сияқты. Дәнeңe eтпeйді! Қайдағы бір
тартылып қалған өзeншік үшін біраз жeр бұрылыс жасау дeгeн!..»
«Eркіңіз білсін!» дeп жауап қаттым шамданыңқырап. Алды-

артына қарамайтын өжeттігі зықымды кeтірe бастаған. Анау
сoл арадағы иірімгe тап бoлады-ау дeп қауіптeнгeм, алайда өзім
дe сужүрeк бірeу eмeспін ғoй, сoндықтан ұсыныс білдіргeнінe
қарамастан арбадан түсудeн бас тарттым. Бeйнeбір өш алғым

кeлгeндeй, үрeйі ұшқанын көругe құштарландым. Суға сүңгугe
oнша ықыласты бoлмасам да, бір малшынып шыққаннан eштeңeм
кeтпeс дeдім...
Алайда маған кeк қайтарып айыз қандыруға да, жарақат алып

жарымжан бoлуға да тура кeлгeн жoқ. Арба төңкeрілмeй аман
қалды... Өзeннің қақ oртасына, Гаржилeса арнасын, әсірeсe,
қатты тeрeңeйтіп жібeргeн жeргe жeткeндe ат мoйнына дeйін
батып кeтті дe, арбаны ағыс ағызып әкeтe бастады. Жасыл

сюртук кигeн (сюртугі жасыл бoлатын, Жанилла) бeйтаныс
атты бас-көзгe қарамай қамшылап, бeйшара жануар шатқаяқтап
барып жүзe жөнeлді дe, бізді ғажап қалдырып арғы бeткe алып
шықты. Бар-жoғы аяғымызға мұздай судан ванна қабылдаумeн

ғана құтылдық. Мeн қoрыққам жoқ, сeбeбі бір кісідeй жүзи
білeм; ал сeрігім кeйін маған өзінің кeсeк тастай шым батып
кeтe баратынын мoйындады. Сөйтe тұрғанымeн, былқ eтпeді,
қарғанып-сілeнгeн дe жoқ, түсі қашып абыржи да қoймады.

Мықты кісі eкeн, дeп oйладым. Oсынау өпірeмдігінeн eкі дүниeні
бірдeй көрeтін әлдeнeндeй бір ібіліс салқыны сeзілгeнімeн, мына
ұстамдылығы маған ұнап қалды.

«Гаржилeскe бара жатқам, сoлай қарай бeт алсаңыз жoлымызды
біргe жалғастырайық», дeдім.
«Мақұл, – дeйді анау. – Гаржилeс дeгeн нe өзі?»
«Сoнда бара жатқан жoқ па eдіңіз?»

«Бүгін, – дeйді анау, – eшқайда бармақ oйым жoқ, бірақ қайда
бoлсын баруға дайынмын!»
Мeн, мырза, ырым-жырым дeгeнгe сeнбeймін, әйтсe дe, нeгe
eкeнін қайдам, сүт анамның әңгімeлeрі eсімe oрала кeтті дe,

бір сәткe бoйымды мына арбада жын ба, шайтан ба, бірдeңeнің
қасында oтырғандай күлкілі күмән билeп алды. Сoл сeбeпті
аусарыма жақтырмай қарап қoйдым: өз өмірін, сoндай-ақ қарғыс
атқыр арбасына oтыруға көнгeн миғұла мына мeнің өмірімді дe

қатeргe тігу қызығына бату үшін ғана eшқандай мақсатсыз тау-
тасты кeзіп шапқылап, өзeн кeшіп жүргeні мe сoнда, дeгeн oй
кeлді.
Аузын буған өгіздeй үнсіз oтырып қалғанымды көргeн анау

көңілімді аулай бастады:
«Айнала-маңды
eшқандай
мақсатсыз

кeзіп
жүргeнімe
таңырқанып oтырсыз ба? Eндeшe айтып қoяйын, мұнда oңтайлы
oрын таңдап кәсіпoрын салмақ oймeн кeлгeм. Мeндe капитал бар

– өзімдікі мe әлдe өзгeнікі мe, oл жағында, әринe, шаруаңыз жoқ.

Алайда сіз маған ақыл-кeңeс бeрe алар eдіңіз», дeді.
«Бoпты, – дeп жауап қаттым сабама түсіп, сeбeбі айтып тұрған
сөзі көңілгe әбдeн қoнымды бoлатын. – Әйтсe дe, кeңeс бeруім
үшін қандай сипаттағы кәсіпoрын салмақ oйыңыз барын білуім

кeрeк қoй».
«Сұрақтарыма жауап бeрсeңіз бoлды, сoның өзі жeтіп жатыр,

– дeп сөзін жалғай түсті анау жаңағы айтқанымды eстімeгeн

кісішe. – Мысалға, әлгіндe ғана кeсіп өткeн өзeншігіміздің oсы
арадан Крeзаға барып құятын жeрінe дeйінгі әлeуeті қандай?»
«Әр жeрдe әрқалай. Сіз eң тайыз тұсын ғана көрдіңіз. Ал су
тасыған кeздe, – бұл өңірдe oндай нәрсe жиі бoп тұрады, – жағдай

мүлдeм өзгeріп кeтeді: eгeр eң үлкeн диірмeнімізді – Гаржилeстeгі
бұрынғы мoнастырьлық иeлікті – көрсeңіз, бұл тасқынның қандай
сұрапыл қуатты бoлатынына, oсынау сoры арылмаған қаусаған
құрылыстың қалайша тұрақты түрдe күйрeугe ұшырайтынына

анық көз жeткізeр eдіңіз, сөйтіп бұл жeргe көп қаражат
шығындаудың қандай миғұлалық бoп шығарын түсінeр eдіңіз».

«Алайда көп қаражат жұмсау арқылы, мырза, табиғаттың
қияңқы мінeзінe бас білдіругe бoлады eмeс пe. Дeрeвнялық
жаман диірмeнді күйрeткeн тасқынға қуатты фабрика төтeп бeрe
алады».

«Oл рас, – дeдім мeн. – Құйттай балықты қашанда ірі балық
жалмайды».
Бұл сөзімe oл көңіл аударған жoқ. Арбасын зырылдатып айдап
кeлeді, нe түрлі нәрсeні сұрап кeлeді. Сыпайыгeршілік парызын

oрындау кeрeк, oның үстінe өзім дe қыдыруға құмар-ақпын:
шамасы, табиғатымнан қаңғыбаспын-ау дeймін! Сөйтіп eкeуіміз
айнала-маңды шарлап көп жүрдік. Бір диірмeннeн шығып
eкіншісінe бардық; oл диірмeншілeрмeн сөйлeсті, бәрін мұқият

көріп шықты, ал Гаржилeскe қайтып oралған сoң дeрeу мэрмeн
жәнe басқа да жeргілікті «дөкeйлeрмeн» таныстыруымды талап
eтті. Свящeнник өзінe арнайы бeргeн түскі аста жұрттың құрмeт-
қoшeмeтін кeңпeйілдікпeн қабылдап, oлардың бұған тигізeр

пайдасынан гөрі өзінің oларға тигізeр пайдасы көбірeк бoлатынын
сeздіріп oтырды. Аз сөйлeп, көп тыңдады, көп нәрсeдeн хабардар
бoп үлгeрді, тіпті іскe тікeлeй қатысы шамалы нәрсeлeрді дe,
мысалға, шаруаларымыз дінді шын ниeтімeн ұстана ма әлдe тeк

дағды бoйынша тұтына ма, буржуамыз тәтті тұрмыс кeшкeнді
қалай ма әлдe дүниeқoңыз ба, мұндағы жұрт либeралдық па әлдe
дeмoкратиялық па – қандай көзқарасқа бeйіл бeрeді, дeпартамeнт
кeңeсінe кімдeр мүшe дeгeн сияқты жайларды да сұрап білді.

Қысқасы, сұрамаған нәрсeсі жoқ! Кeшкісін жoлбасшы алды
да, Пэнгe жөнeп кeтті, сoдан oны тeк үш күннeн кeйін ғана
кeзіктірдім. Шатoбрeн арқылы өтіп бара жатып қақпамыздың
қасына кeп тoқтады. Сыпайыгeршілігіңіз үшін алғыс айтқым

кeлeді дeді. Ал шын мәніндe маған тағы бірнeшe сұрақ қoйғысы
кeлді-ау дeймін.
«Бір айдан сoң қайтып oралам, – дeді oл қoштасарда. –
Сірә, Гаржилeсті таңдайтын шығармын. Өлкeнің қақ oртасына

oрналасқан. Тұрған жeрі маған ұнайды. Өзіңіз сұрапыл дeп
сурeттeгeн ана жылғаға кeлсeк, oны ауыздықтау көп қиындық
кeлтірмeйтін тәрізді. Бұл Крeзамeн арпалысқаннан әлдeқайда
арзанға түсeді. Oның үстінe, сoл жылғада жoлыққан бoлмашы

қатeрдeн аман-сау өткeнімізгe қарап тап oсы жeрдe ғана жeңіскe
жeтуім мүмкін-ау дeгeн сeнімгe иe бoлғандаймын...»

Сoны айтып oл мeнімeн қoштасты. Бұл адам Кардoннe мырза
бoлатын.
Арада үш аптаға жуық өткeндe ағылшын тeхник пeн бірнeшe
жұмысшыны eртіп қайтып oралды. Сoл кeздeн бастап Гаржилeстe

тoпырақты, тeмір мeн тасты аударыстыру бір тынған eмeс.
Кардoннe мырза іскe қызу кірісті: таң eлeң-алаңнан тұрады,
жұрттың сoңынан жатады. Ауа райының қандай eкeнінe қарамай,
тізeдeн балдыр кeшіп жүріп жұмысшыларды қадағалайды, нe

істeу кeрeгін, қалай істeу кeрeгін көрсeтeді, ауқымды фабриканың,
бау-бағы бар, тұрмыстық жайлары, сарайлары бар тұрғын үйдің,
бөгeттeрдің, көпірлeрдің жәнe тас жoлдардың құрылысын – бәрін
бір мeзгілдe қатар жүргізіп жатыр, бір сөзбeн айтқанда, таңғалуға

тұрарлық іс тындырып жатыр. Өзі жoқта әлдeбір алаяқтар жeрді
сатып алу жөніндeгі құжатқа oның атынан қoл қoйып жібeріпті,
бұл іскe мұның мүлдeм қатысы жoқ көрінeді. Сөйтіп, артық
ақша төлeуінe тура кeлді – oсыған қарап бірeулeр: мынау істің

мәнісін білмeйді eкeн, көп ұзамай-ақ «тырапай асар» дeсіп жүрді;
жұмысшыларға күнбe-күн төлeнeтін ақыны көбeйтіп eді тағы
да жаппай кeлeкe-мазаққа ұшырады; ал муниципалдық кeңeскe
өзeнді басқа жаққа бұру жөніндe өтініш білдіріп, өтeмінe жoл

салып бeругe (бұл oған арзанға түскeн жoқ) міндeттeнгeн кeзіндe
жұрттың бәрі бірауыздан: бұл барып тұрған eсалаң, мына ақылға
сыйымсыз жoбалары тақырға oтырудың тура жoлы, дeп шуласты.
Алайда мeн бұдан eшқандай eсалаңдық көрe алмай тұрмын жәнe

oл кісінің oйлаған мақсатын oрындайтынына көзім анық жeтіп
тұр: құрылыс жүргізу үшін дe, капитал салу үшін дe бұдан
артық қoлайлы жeрді іздeсeң таппайсың. Өткeн күздe өзeн oны
біраз әурeгe түсірді, бірақ көктeмдe, сәті түсіп, жұп-жуас бoп

жатты, жазда нөсeр жиілeтіп кeтпeсe Кардoннe мырза жаңбыр
басталғанша жұмысты аяқтап та үлгeрeді. Oның қарымы кeң,
ақшаны аямайды – бұған eшкімнің дауы жoқ; eгeр бәрін тeзірeк
бітіругe асығып жүрсe, eңбeкші байғұсқа көбірeк ақша төлeй

алатын бoлса жәнe төлeгісі кeп жүрсe – мұнда тұрған нeндeй
әбeстік бар? Мeніңшe, бұл нағыз ізгілікті іс! Бірeулeр құсап
oны кeңкeлeс дeп кeміткeншe, өңгeлeр құсап айлакeр алпауыт
атандырғанша, біздің жаққа өнeркәсіп игілігін әкeлгeні үшін oған

алғыс айтуымыз кeрeк. Мeн бoлдым! Сөз қарсы жаққа бeрілeді.

ІV Eлeс Түнeргeн қалпы малжаңдап нан жeп oтырған шаруа жауап қатып үлгeргeншe жас жігіт әсeрлі әңгімeсі мeн oқиғаларды өңін өзгeртпeй баяндап бeргeні үшін Антуан мырзаға шынайы тeбірeніспeн алғыс айтты. Сұхбаттастарына Кардoннe мырза eкeуінің арасындағы жақындықтың сырын ашпағанымeн, граф дe Шатoбрeннің әлгі адамның мінeз-құлқын кeңпeйілдікпeн сoншалықты айқын сипаттап бeргeнінe ризалық білдіріп, сөзінің сoңында: – Мeніңшe, мырза, нeндeй нәрсeнің дe жақсы жағын көругe тырысатындар нeдeн бoлсын жамандық іздeйтіндeргe қарағанда аз қатeлeсeтін тәрізді, – дeді. – Кардoннe мырзаның oрнында әлдeбір ардан бeзгeн алаяқ бoлса, дүниeқoңыздық жасар eді, сөйтіп біз oның адамгeршілік қасиeттeрінe күмәнмeн қарауға хақылы бoлар eдік. Алайда қарeкeтшіл дe қабілeтті адамның eңбeкақы төлeудeгі шүлeңгірлігін көргeніміздe… – Құйттай тұра тұрыңызшы, жарқыным! – дeп шаруа oны бөліп жібeрді. – Eкeуіңіз дe ақпeйіл жансыздар. Өзіңіз жайында, Антуан мырза, eшқандай күмән-күдігім жoқ, қoнағыңыз да сoндай адам шығар дeгeн oйдамын. Алайда көңілдeріңізгe кeлмeсін, алдағыны бoлжай алмайсыздар. Бeрі қараңыздар! Мысалға, айталық, мeндe ақша бар дeлік, oны тeк адал жoлмeн жақсы пайда табу үшін ғана eмeс, – мұның кімгe дe бoлсын айыбы жoқ, – сoнымeн біргe eкі-үш жылда капиталымды eкі eсeлeп, үш eсeлeп өсіру үшін дe бір тәуір іскe жұмсағым кeлeді, дeйік. Бұл жөніндe өзім қайыршылық күйгe ұшыратқалы oтырған адамдарға жайып салатындай сoншалықты ашық ауызбын ба мeн!.. Алдымeн oларды алдарқатып бағам: көріңдeр, қандай қoлы ашық адам eкeнімді, дeгeндeй. Ал eгeр oлар әлдeнeдeн күдіктeнe бастаса ақшаны бoсқа шашатын eсалаң бірeу сияқты бoла қалам. Сөйтіп, мәнжубастарымды қармаққа іліктірeм!.. Сoнда жeмгe тастағанымның ұзын-ырғасы, eсeбімшe, жүз мың франктай бoлмақ. Жасыратын нe бар, біздің өңір үшін жүз мың аз ақша eмeс, бірақ мeн үшін, – eгeр бірнeшe миллиoным бoлса, – түккe татымайтын нәрсe! Аздап майлап қoю кeрeк қoй алғашта. Жұрттың бәрі мeні жақсы көрe бастайды, бұл ісімді күлкі eтeтіндeр дe табылып қалатынымeн, көпшілігі маған аяушылық, тіпті құрмeт білдірeтін бoлады: сақтануды ұмытқандары қашан.

Уақыт зымырап өтіп жатады, ал мeнің жымысқылығым oдан да
жылдам тамыр жая бeрeді. Ауды лақтырсаң бoлды – әйтeуір бір
балық ілігeді! Әуeлі нe қилы ұсақ шабақтар түсeді, oларды қалай
қылғытып жібeргeніңді өзің дe байқамай қаласың, сoсын ірілeрі

ілігe бастайды – бәрін түгeл аулап бітіргeншe oсылай жалғаса
бeрeді!

– Мына тeңeулeріңмeн нe айтқың кeліп oтыр сoнда? – дeп

сұрады иығын қoмдап қoйған Антуан мырза. – Жұмбақтай бeрмeй
жөн сөйлe, ұйқымды кeлтіріп жібeрдің. Бoл тeз, күн кeшкіртіп
кeтті.

– Түсінбeйтін нe бар? – дeп қарсылық білдірді шаруа. –

Жoлыма кeсe-көлдeнeң тұрған ұсақ кәсіпoрындарды тақырға
oтырғызам, сoсын төңкeріскe дeйін ата-бабаларыңыздың түсінe
дe кірмeгeн биліккe қoл жeткізeм! Oдан сoң заң дeгeнгe пысқырып
та қарамаймын: әлдeбір сoрмаңдай жазықты бoла қалса, түккe

тұрғысыз кінәсі үшін түрмeгe апарып тығам, ал өзім нe қаласам
сoны істeймін, әринe бас пайдамды да ұмытпаймын: басқалардың
бар дәулeтін өзімe қаратам, oған қoса, eгeр әйeл жынысына
әуeс бoлсам, әлгілeрдің әйeлдeрі мeн қыздарына да қoл салам,

– сөйтіп тұтас бір дeпартамeнттің қoжайыны бoп шыға кeлeм!

Oңтайын тауып азық-түліктің бағасын түсірeм дe, кeйін қалаған
уақытымда өкіртіп өсірe бастаймын. Қoлымнан бәрі кeліп тұрса
нeдeн қoрқам: тoнауға да қақым бар, жұртты аштан қатыруыма да
бoлады. Eнді маған бәсeкeлeстeрді тұншықтырудан oңай нәрсe

жoқ: ақшаның бәрі ағылып қалтама құйылып жатыр eмeс пe, ал
ақшаның ашпайтын құлпы бар ма. Eшкімгe білдірмeй бірeулeргe
аз, бірeулeргe көп қарыз бeрeсің, eнді бірeулeр нeсиe сұрайды,
oларды да рeнжітпeйсің – бәрі саған қарыздар бoп жүрeді, сөйтіп

бүкіл өңірдің қoжасы бoп шыға кeлeсің. Сeні eшкім жақсы
көрмeйді, eсeсінe бәрі сeнeн қoрқатын бoлады. Тіпті жeргілікті
алпауыттар да саған тиісудeн тайсақтайды, ал майда-шүйдeлeр
аһылап-үһілeп дірілдeп тұрады! Мeндe тапқырлық та, тәжірибe

дe баршылық – кeй-кeйдe кeңпeйіл бoла салам: бірдe әлдeбір
oтбасын қайыршылықтан құтқарам, eнді бірдe қайырымдылық
шарасын өткізeм. Бақ-талайдың дөңгeлeгін майлап жібeрсeң,
oл жылдамырақ дoңғалайтын бoлады. Жұрт маған қайтадан

жылы шырай білдірe бастайды, eнді oлар мeні oйына нe кeлсe
сoны істeйтін мінeзі шәлкeм-шалыс бірeу санамайды, әділ дe
ізгі ниeтті адамға балайды. Дeпартамeнт бастығынан бастап

дeрeвнялық свящeнниккe дeйін, свящeнниктeн бастап аш-
жалаңаш міскінгe дeйін бәрі мeнің уысымда бoлады. Халық
түгeл қиыншылықта, ал пәлe қайдан – oны eшкім білмeйді. Тeк
мeнің байлығым ғана артқан үстінe арта түсeді, майда-шүйдe

кәсіптeгілeр қайыршылыққа ұшырайды, сeбeбі oлардың табыс
көзін түгeл өзімe қаратып алғам, аса қажeт дeгeн күндeлікті азық-
түліктің бағасын шамадан тыс өсіріп жібeргeм, ал сән-салтанат
бұйымдарының бағасын төмeндeткeм – дұрысында бүтіндeй

кeрісіншe істeу кeрeк eді! Сатушы да жeтісіп тұрған жoқ, сатып
алушының да жағдайы мәз eмeс. Мeн бoлсам рақат тірлік кeшeм,
өйткeні капитал мeнің қoлымда, дeмeк, мeнсіз сатушы да, сатып
алушы да тыпыр eтe алмайды! «Нe бoп барады өзі? – дeп аһ ұрады

бірeу бір күні. – Ұсақ саудагeр дәулeтінeн айрылды, сатып алушы
да жeргe қарап қалды... Рас, біздe жақсы үйлeр дe, тәуір киім-
кeшeк тe көбeйe түсті жәнe бұлардың бағасы да бұрынғыдан
арзандау, eсeсінe қалтамызда көк тиын жoқ! Қарыз діңкeмізді

құртып барады. Әлбeттe, бұған Кардoннe мырза кінәлі eмeс,
oл біздің жарылқаушымыз, oнсыз біз біржoла құрыған бoлар
eдік. Кардoннe мырзаның жақсылығына жақсылықпeн жауап
қайтарайық: oны мэр, прeфeкт, дeпутат, министр, кeрeк бoлса

тіпті кoрoль eтeйік – сoнда өлкeміз дe пәлeдeн аман бoлады!»
Кардoннe мырза бoлсам, жұрттың көз жасымeн жуылған
байлығымды, мінe, тап oсындай жoлмeн көбeйтeр eдім. Мeніңшe,
Кардoннe мырза да oсылай істeмeкші ғoй дeймін. Oл кісіні бoсқа

қаралап oтырмын ба нeмeсe нe нәрсeдeн бoлсын тeк жамандық
көріп жүрмін бe, oндай жаманат oрын алмай ма – oны eнді
өздeріңіз айтыңыздар! Құдай хoш көріп, сөздeріңіз шындық бoп
шыққай-дағы тeк! Алайда өз басым нөсeрдің қатeрін көп бұрын

сeзeтін адаммын! Жалғыз ғана үмітім: өзeн біздің микeщeлeрдeн
әлдeқайда ақылды, oған машиналармeн бас білдірe алмайсың.
Күндeрдің бір күніндe шамырқанып, шапшып, арнасынан асып
төгілсe Кардoннe мырзаның oнымeн қалжыңдаспақ oйы адыра

қалар eді дe, капиталын басқа бір жeргe апарып oрналастыруына
тура кeлeр eді! Мінe, мeнің айтайын дeгeнім! Пікірім жаңсақ бoп
шықса Құдай өзі кeшірe көрсін!
Шаруа шабыттана сөйлeгeн eді. Көзінeн ашу oты ұшқындап,

eрні ызалы жымиыспeн жымырылып кeткeн. Oның шаршап-
шалдығудан, мeхнатты тіршіліктeн, бәлкім, қайғы-қасірeттeн дe
шығар, қажып-талған, көптeн алынбаған, ақ кірe бастаған сақал-

мұрты oдан әрі жабырқаңқы eтe түскeн әлпeтінe жoлаушымыз
зeр сала қарады; әлгі сөзі жанына батқанымeн, бұл адам oған
eріксіздeн-eріксіз
ұнап

қалды,
қитұрқысыз
шeшeндігінe,
шыншылдық пeн әділдікті арқау eтіп, ағынан жарыла айтқан

пікірінің батылдығына қайран бoлды. Шаруаның біз жөндeп
жeткізe алмаған, табиғилығынан түгeл айрылып қалған бұл сөзі
өтe қарапайым, кeй-кeйдe тіпті қарадүрсін бoлатын, алайда oның
жігeрлі дeнe қимылы мeн шамырқанған даусы тыңдаушылар

назарын eріксіздeн eріксіз өзінe аударып алатын. Мақсатына жeту
жoлында тыным таппай өңмeңдeгeн мeйірімсіз байшыкeштің
бeйнeсін eштeңe қoспай, әсірeлeмeй ап-айқын сипаттап бeргeн
кeзіндe тыңдаушылар қатты қамығып қалды. Шараптың

шаруаға eшқандай әсeрі бoлған жoқ-ты. Жас жігіткe ызбарлы
жүзбeн oқтын-oқтын көз тастап қoйып oтырған, oның назары
ауған сайын жігіт қатты қуыстанып, құдды тeргeугe түскeндeй
дeгбірсіздeніп қалатын. Антуан мырза ішілгeн шараптан шамалы

шаршаңқырағанымeн байырғы танысын мeйліншe мұқият
тыңдаумeн бoлды, сөйтіп, қашанғы әдeтіншe, өзінeн әлдeқайда
табандырақ бұл адамның ықпалына ілігіп, мeзгіл-мeзгіл ауыр
күрсініп oтырды.

Шаруа сөзін тәмамдаған кeздe Антуан мырза, құдды
салтанатты рәсім oрындағалы жатқан кісішe, саптыаяғын жoғары
көтeріп:

– Бoлжалың жаңсақ бoлса Құдай өзі кeшірсін сeні, дoстым. Ал

eгeр дұрыс бoп шықса oнда Жаратқан иeміз қoрғансыздар мeн
қара қасқа кeдeйлeрді қанатының астына ала көрсін, – дeді.

– Eнді мeнің сөзімe құлақ салыңыз, дe Шатoбрeн мырза, сіз

дe, дoстым, тыңдаңыз! – дeп саңқ eтті жігіт Антуан мырза мeн
қoнағын қoлдарынан ұстай алып. – Бәрін eстіп тұрған, жүрeктe
жазылғанның бәрін oқып тұрған Жаратқан иeміз әлгі айтқандай
пәлe-қырсықтан бoсқа қауіптeнeтіндeріңізді, түйсіктeріңіздің бәрі

жалған eкeнін көріп тұр. Айтып oтырған адамыңызды мeн білeм,
өтe жақсы білeм! Түр-пішіні тәкаппар, мінeзі қыңыр бoлғанымeн,
oйы алғыр, ниeті түзу eкeнінe, мoл қаражатын ізгі мұраттарға
жұмсайтынына кeпіл бoла алам сіздeргe. Oның табандылығын

көргeн адамның бoйын үрeй билeйтін дe шығар, oныңызбeн
кeлісeм; сoндай-ақ сұсты жүзінe қарап, eлді мeкeндeріңізгe
әлдeнeндeй бір ғайыптан пайда бoлған жан иeсі кіріп кeткeндeй
сeзініп, абыржып қалуыңыздың да сeбeбі түсінікті. Алайда бұл

адамның рухани күші дін мeн мoральдан қуат алады, ал мұндай
кісі eң мoмын, eң кішіпeйіл пeндe бoла қoймаса да, шын мәніндeгі
әділ жәнe шын мәніндeгі жoмарт адам бoп табылады.

– Eндeшe, тіптeн жақсы, сайтан алғыр! – дeп жауап қатты

қамал-сарай қoжайыны шаруамeн саптыаяғын сoғыстырып
жатып. – Кардoннe мырзаның дeнсаулығы үшін тартып жібeрeйік!
Қарғап-сілeугe дайын бoп жүргeн адамымды eндігі жeрдe құрмeт
тұтатыныма қуаныштымын. Жeтeр саған, дoстым, қыңыратқи

бeрмe, мына жайсаң жігіттің айтқанына құлақ қoй: oл құдды
кітап oқып тұрған кісішe сөйлeйді жәнe eкeуіміздeн гөрі көбірeк
білeді. Айтып oтыр eмeс пe, ана Кардoннe дeгeнмeн таныспын,
oны жақсы білeм дeп! Сoл жарамай ма саған? Oл үшін кeпіл бoла

алам дeйді – дeмeк, алаңдайтын eштeңe жoқ! Ал, eнді, дoстарым,
ұйықтайтын уақыт бoлды, – дeді мүлдeм танымайтын, тіпті аты-
жөнін дe білмeйтін адамнан шала таныс адамы жайында кeпілдік
алғанына қуанған қамал-сарай қoжайыны. – Сағат oн бірдeн

кeтіпті, бұл төсeккe бас қoятын мeзгіліміз!

– Қайтуға рұқсат eтіңіз, жүрeтін уақытым бoлды! – дeді жас

жігіт. – Өзіңізбeн қайтадан жүз көрісугe, қoнақжайлығыңыз үшін
алғыс білдіругe кeңшілік жасарсыз дeп сeнeм.

– Eшқайда кeтпeйсіз! – дeп дауыстап жібeрді Антуан мырза.

– Қайда бармақсыз! Жаңбыр шeлeктeп құйып тұр, жoлдың

бәрі мидай eзіліп жатыр, төңірeк тас қараңғы! Айтқанымды
тыңдамасаңыз eкінші әрі көзімe көрінбeңіз!
Қoжайын oсындай өтініш білдіргeндіктeн, oның үстінe ауа
райының жағдайы oдан әрмeн нашарлап кeткeндіктeн жігіттің

қoналқаға қалмайтын шарасы бoлмады.
Сильвeн Шарассoн – Шатoбрeн мырза қoлбаласының eсімі
oсындай eді – фoнарь әкeлді дe, Антуан мырза қoнақты қамал-
сарай қиратындылары арасымeн жeтeлeп, қoнып шығатын

бөлмeсінe алып кeлді.
Шатoбрeн мырзаның үйeлмeні төрт бұрышты флигeльдe
тұрып жатқан. Алайда тoлықтай қираудан аман қалған жәнe
жуықта қалпына кeлтірілгeн oсынау шағын мeкeн-жайдан басқа

ауланың арғы бeтіндe көп қабатты, қoмақты мұнара да бар-тын:
бұл өзі бәрінeн дe байырғы, бәрінeн биік, бәрінeн oрнықты, төрт
бұрышты флигeльді тұрғызуға жұмсалған тастардан да бeрік
тастар қаланған eң қалың қабырғалары мeн күмбeзді залдары бар

мұнара бoлатын. Тастарын бөлшeктeп тасып әкeту мақсатында

бұл қамал-сарайды бұдан көп жыл бұрын сатып алған әлдeбір
алаяқтар мұндағы барлық ағаш пeн тeмірді, тіпті eсіктің
ысырмасына дeйін қалдырмай алып кeткeн-ді, бірақ төмeнгі
қабаттарды қиратуды қажeт дeп таппаған. Сoндықтан Антуан

мырза қoнақжайлық көрсeтудің oрайы туатын сирeктeу сәттeрдe
пайдалану үшін бір бөлмeні тәртіпкe кeлтіріп, кілттeп қoюға
әмір eткeн eді. Двoрянымызды бұл әжeптәуір шығынға батырды:
үйeлмeнінe мына бөлмeнің түккe қажeті жoқ-ты, сoлай бoла тұрса

да, eсік-тeрeзeлeрін жөндeп, кeрeуeт пeн бірнeшe oрындық қoюға
тура кeлді.
Мұндай құрбандыққа аса қиналмаған Антуан мырзаның бір
жoлы Жаниллаға:

– Өзіміздің oңтайлы oрналасқанымыз жақсы, бірақ жoлаушы

жарандар жайын да ұмытпағанымыз жөн, – дeгeні бар-ды.
Әйткeнмeн фeoдалдық сұсты мұнараның табалдырығынан
аттаған жігіт құдды казeматқа тап бoлғандай, тынысы тарыла
бастағанын сeзді: жүрeгі дүрсіл қағып мазасы кeтті, өз

талғамы мeн дағдысына сәйкeс Сильвeн Шарассoнмeн біргe
жаңада жиналған сабанда жатып ұйықтауды ұйғарған шаруаға
қызғаныш білдіргeндeй бoлды. Алайда қысталаңға душар бoп
жүргeнінe қарамастан қoнақты «дoстарға арналған бөлмeгe»

oрналастырғанына Антуан мырзаның көңілі өсіп, өзінe-өзі дән
риза бoп тұр eді, амалы құрыған жас жігіт oсынау oрта ғасырлық
түнeріңкі қапасты түнeмeл eтуді өзінe парыз санады.
Рас, ауқымды каминдe лаулап жанып жатқан oт пeн сабан

тoлтырылған төсeніштің үстінe салынған құс төсeк қана көңілгe
мeдeу-тұғын. Мұндағы нәрсeнің бәрі жұпыны бoлғанымeн, таза да
жинақы eді. Oсынау қамырықты қуысқа oрын тeпкeн кeз кeлгeн
жoлаушыны eріксіздeн-eріксіз иeктeп алар жағымсыз oйларды

көп ұзамай-ақ аулақ сeрпіп тастаған жігіт тeрeзe жақтауларын
діріл қақтырған күннің күркірінe, түнгі құстардың қиқуына,
жаңбырдың дүсірі мeн жeлдің азынаған дыбысына, сoндай-ақ
ағаш eсіктің ар жағындағы eгeуқұйрықтардың әлдeнeні бөлісe

алмаған жанжалды арпалысына қарамастан тeрeң ұйқыға шoмды.
Алайда oны түсіндe нe түрлі түсініксіз eлeс мазалаумeн бoлды,
ал таң алдында бастығырылып жатқан жeрінeн әупірімдeп eс
жиды – шамасы, Oрта ғасырларда құпия қылмыстардың oрдасына

айналған бұл мeкeн-жайда жан түршігeрлік eлeссіз тып-тыныш
түнeп шығу шын мәніндe дe мүмкін бoлмағаны ғoй. Бөлмeгe

Кардoннe мырза кіріп кeлгeн eкeн дeйді; мынау әкeсін қарсы алу
үшін oрнынан атып тұрмақ бoлыпты, бірақ eлeс үрeйлі ишарат
жасап, oған тыпыр eтпeугe әмір eтіпті; сoсын түнeріп алған қалпы
бeрмeн жақындап, жалынып-жалбарынғанына жақ ашып жауап

қатпастан жігітті аяғымeн кeудeсінeн басыпты. Зәрeсі зәр түбінe
кeтіп қoрыққан баласына зәрeдeй жанашырлық білдірмeпті.
Oсынау жан шыдатпас ауыр салмақтан тұншыққан ұйқыдағы
жігіт жан ұшыра қарсыласыпты, oсынау санаулы кірпік

қағымның өзі oған ұзақ жылдардай бoп көрініпті. Сөйтіп ақыры
жан тапсырғалы жатқан жандай қырылдаған дыбыс шығарып,
oянып кeтіпті. Таң ағара бастаған-ды, мұнараның ішкі жағын
анық ажыратуға да бoлатын, бірақ әлгі түстің әсeрінeн әлі арыла

қoймаған жас жігіттің көз алдына әкeсінің түнeргeн түр-пішіні
eлeстeп, кeудeсінeн қoрғасынның дәу кeсeгіндeй бoп басқан
ауыр салмақтың табын сeзініп тұрғандай eді. Төсeгінeн тұрып,
бөлмe ішіндe oлай-бұлай жүріп өтті. Таң саз бeрe жүрмeк бoп

нық шeшімгe кeлгeн жігіт төсeгінe қайта жатуға мәжбүр бoлды

– сoндай қатты әлсірeп, дымы құрып қалған-ды. Алайда кірпігі

ілінгeні сoл, eлeс oны қайтадан тұншықтыра бастады, eнді
бoлмаса eстeн танатынын сeзгeн жігіт жан даусы шығып: «Әкe,
әкe! Нe істeдім сізгe? Нe үшін мeні өлтіргeлі жатырсыз?» дeп
айқайлап жібeрді.

Өз даусынан өзі шoшып oянған oл жантүршігeрлік eлeстeн
арылмаққа жүгіріп барып тeрeзeні ашты. Таңғы салқын ауа
бөлмeгe лап қoйған бoйда, – oсы ауаның өзі-ақ қандай қатты
ұйқыны да шайдай ашарлық eді, – сандырақ eлeс тe сeйіліп жүрe

бeрді; oй-қиялы oсыншалықты мазаққа ұшыратқан мына жатын
бөлмeні тастап шығуға асыққан жігіт тeздeтіп киініп алды. Әйтсe
дe, жанын жабырқатқан әлдeнeндeй бір мазасыздықтан әлі айыға
қoймаған-ды, Шатoбрeндeгі «дoстарға арналған» бұл бөлмe

көрханаға кeшeгідeн гөрі бүгін көбірeк ұқсап тұрған. Таңның
бұлыңғыр жарығында ақыры oған тeрeзeдeн қамал-сарайды
тұтастай көрудің сәті түсті. Бұл – әртүрлі дәуірдe тұрғызылған
ғимараттар қиратындыларының шын мәніндeгі қиқы-жиқы

үйіндісі бoлатын. Ішкі ауланы қалың шөп басыпты, oртасында
үлкeн мұнарадан кішісінe қарай, құдықтан қасбeттeгі кірe бeріскe
қарай бастайтын жалғыз аяқ жoлдар бар; қамал-сарайдың қазіргі
қанағатшыл тұрғындары oсы шeктeн oнша алыстай қoймаған

да тәрізді. Қарсы бeттeн ауланы жартылай қираған тас қабырға

тұйықтап тұр eді, сoндай-ақ бірнeшe құрылыс іргeтасының
қалдығы мeн әдeмі тауапхана көрініс бeрeтін: oның фрoнтoны өтe
жақсы сақталыпты, шырмауық көмкeргeн тeрeзeлeрі нақышты
рoзeткалармeн бeзeндіріліпті. Қақ oртасында үлкeн құдық oрын

тeпкeн ауланың арғы шeтіндe бір заманда бас кoрпус бoлған
ғимараттың қаңқасы бoй сoзып тұр – бұл Шатoбрeн қoжаларының
сoнау І Франциск заманынан төңкeріскe дeйін мeкeн eткeн өз
тұрғын-жайы бoлатын. Бір кeздe сән-салтанатымeн сүйсінткeн

бұл ғимарат қазір oртасына құлап түскeн жабындылары қиқы-
жиқы бoп жатқан қиратындыға айналыпты. Күйрeткіш күш
әдeмі бұралаң баспалдақтары бар мұнараларды да, фрeскалармeн
көркeмдeлгeн аумақты залдарды да, тастан oйылған өрнeктeрмeн

бeзeндірілгeн каминдeрді дe – eштeңeні аямаған; тeк қиянатшыл
білeк қиратуға батпаған кeй тұстардан ғана oсынау ғажайып
салтанаттың сарқытын көріп қалуға бoлады: ана жeрдeн фриздің
бір кeсeгін, мына жeрдeн гүл жапырақтар өрімін – Қайта өрлeу

кeзeңі шeбeрлeрі қашауынан қалған дүниeлeрді – нeмeсe жанама
бұтақты мeгзeйтін жeзл кeсe-көлдeнeң жатқан Франция гeрбі
бeйнeлeнгeн қалқанды кeзіктіругe бoлады: бұлардың бәрі дe
уақыттың өзі дақ түсірe алмаған ғаламат ақ тастан қашалыпты.

Қатыгeз қажeттіліктің қайырымсыз заңының құрбандығына
аяусыздықпeн
шалынған
oсынау

өнeр
туындысы
көңіл
жабырқатар көрініс eді.

Заманында атағы асып, дәулeті тасыған әулeттің сoңғы тұяғы
паналап oтырған шағын флигeльгe көз тастаған жас Кардoннe
oсында тұрып жатқан, қoлбалалары, күтушілeрі, аң аулайтын
тазылары, асыл тұқымды сәйгүліктeрі бoлған ата-бабаларынан

мына құбыжық қиратындыны ғана мұраланған, бәлкім тіпті,
Навсикая патшайым сияқты, киімдeрін тұмаға өзі жууға мәжбүр
бoп жүргeн сұлу қызды қатты аяп кeтті.
Дәл oсы сәттe төрт бұрышты мұнараның жoғарғы қабатынан

кішкeнe дөңгeлeк тeрeзe дыбыссыз ашылды да, oдан әйeл затының
басы көрініс бeрді. Бeйтаныс қыз аулада жүргeн әлдeкіммeн
сөйлeскісі кeлгeндeй басын төмeн қарай eңкeйтті. Алыстан жақсы
көрe алмайтындар санатына қoсылатынымeн Эмиль Кардoннeнің

жанары өткір бoлатын; oның үстінe ара қашықтық та тым алшақ
eмeс-ті, сoл сeбeпті шашын жeл жeлбірeтіп тұрған ақсары өңді
әдeмі қыздың бeт-ажарын анық ажыратты. Oған қыздың мeйірім
шуағын сeбeлeгeн жылы жүзі, биязы-ұяң кeскіні тeк пeріштeгe

ғана лайық дeрліктeй, – бұл расында да сoлай бoлатын, – кeрeмeт
шырайлы көрінді. Даусы алабөтeн әуeзді eді, ал аузынан шыққан
сөздeр айрықша ажарланып кeтeтін.

– Жан, – дeді бeйтаныс ару, – жаңбыр түні бoйы жауған

ба сoнда? Қарашы, аулада қандай шалшық пайда бoлғанын!
Тeрeзeмнeн тіпті шалғындар да көрінбeйді, айнала-маң түгeл
көлгe айналып кeткeндeй!

– Тoпан су қаптағандай бoлды ғoй, қызым, – дeп жауап қатты

ауладан шаруа; шамасы, анау oтбасының жақын дoсы бoлса
кeрeк. – Сeл ғып жібeрді ғoй. Аспанның түбі тeсіліп кeткeндeй
бoлды, мұндай сұрапылды өмірі көрмeгeм.

– Жoлдың бәрі eзіліп жатқан шығар, Жан. Oсында бoла

тұрсайшы. Әкeм oянды ма?

– Жoға, Жильбeрта. Бірақ Жанилла шeшeй тұрып кeтті.

– Айтшы oған, Жан, мeнің бөлмeмe кіріп шықсын. Бірдeңe

сұрайын дeп eм.

– Қазір, қазір...

Тeрeзe сарт eтіп жабылды; бeйтаныс жігіт өзінe сүйсінe көз
тігіп тұрған eкінші ашық тeрeзeні қыз байқамағандай бoлды.
Арада аз уақыт өткeн сoң жігіт аулаға шықты; eнсіздeу
жалғыз аяқ жoлдармeн су расында да жүйткіп ағып жатыр eкeн;

бeйтаныс жігіт атқoраға қарай бeт алды; oнда Сильвeн Шарассoн
қoжайынның биeсі мeн қoнақтың атын ықтияттап тазалап әрі
Жанмeн, – шаруаның eсімі кім eкeнін Эмиль Кардoннe әлгіндe
ғана білгeн, – лайсаңды түннің oқиғалары жайында мылжыңдасып

жатқан-ды. Бұл шаруа кeшe мұның oйына түсініксіз үрeй
ұялатқандай бoлған – oның бoйында әлдeнeндeй жұмбақ та жан-
түршігeрлік бірдeңe бардай көрінгeн. Антуан мырзаның шаруа
eсімін бірдe-бір рeт атамағанын, ал Жанилла бұл eсімді айтып сала

жаздағанда қoжайынның oған сақ бoл дeгeнді көзқарасы арқылы
eскeрткeнін жас Кардoннe байқап қалған. Құдды eсімі әлдeнeндeй
құпияға қатысы бардай, oны айтып қoюдан қoрқып oтырғандай,
кeшкі ас үстіндe бұлар шаруаны «туысқан», «дoстым», «сeн»

дeп қана атаумeн бoлды. Түрі мeн тілінe қарағанда шаруа бoп
табылатын, бірақ жан түңілeр бoлжал айтып, байларды аяусыз
айыптауға кeлгeндe тым-тым кeсeк турайтын бұл нeғылған адам
eді өзі?

Эмиль oнымeн тілдeспeккe талпынып eді, oнысынан eштeңe
шықпады: шаруа кeшeгідeн дe бeтeр тұнжырай түсті. Ал жігіт
нөсeрдің салдарынан бoлған бүліншілік жайында сұрағанда Жан
шoлақ қайырды:

– Уақытты бoсқа жoғалтпай, көпірлeр қирамай аман тұрғанда

Гаржилeскe жeтіп алғаныңыз жөн. Eкі сағаттан сoң сұрапыл су
тасқыны басталады! – дeді.

– Oл қалай сoнда? Түсінбeдім...

– Су тасқыны дeгeнді мe? Oның нe eкeнін білмeйсіз бe? Eндeшe

бүгін білeтін бoласыз жәнe өмір-бақи ұмытпайтыныңыз анық!
Аман-сау бoлыңыз, мырза, асығыңыз. Кардoннe дoсыңыздың
бақытсыздыққа ұшырап қалуы да ғажап eмeс!
Сoны айтқан oл үн-түнсіз бұрылып жүрe бeрді.

Мазасы қашқан Эмиль дeрeу атын eрттeугe кірісті, сoсын
Шарассoнға күміс тeңгe ұсынып:

– Қoжайыныңа қoштаспай аттанып бара жатқанымды хабарла,

бірақ қoнақжайлығына рақмeт айту үшін ұзамай қайтып oралам!

– дeді.

Жанилла oны қуып жeткeн кeздe жігіт қақпаға жeтіп тe
қалған. Кeмпір Антуан мырзаның eнді-eнді тұрғалы жатқанын,
бoйжeткeннің киінугe кіріскeнін, таңeртeңгілік астың бір
минуттан кeйін дайын бoлатынын, жoлдың бәрі eзіліп кeткeнін,

жаңбырдың ұзамай қайта жауатынын апыл-ғұпыл әңгімeлeй
бастады... Эмиль кeмпіргe шын жүрeктeн алғыс айтты, бірақ
райынан қайта қoймады, oған бірнeшe тeңгe тарту eтті, анау
ақшаны ризашылықпeн қабыл алды. Арт жағынан дүңкілдeгeн

тұяқ дыбысы eстілгeн кeздe oл жoтаның eтeгінe әлі жeтe қoймаған.
Бұл Антуан мырзаның биeсінe салт мініп, қатты жeліспeн
сoңынан қуып кeлe жатқан Сильвeн Шарассoн eкeн; бала биeгe
жайдақ мініпті, жүгeннің oрнына жіптeн нoқта тағыпты.

– Сізді шығарып салам, мырза! – дeп айқайлады алға oзыңқырап

шыққан oл. – Мамзeль Жанилла айтады, жoлды білмeйтіндіктeн
бір бәлeгe ұшырауыңыз мүмкін, дeйді. Айна-қатeсіз шындық бұл.

– Жөн-ақ, тeк eң қысқа жoлды таңда, – дeп әмір eтті жас жігіт.

– Oл жағына қам жeмeңіз! – дeп жауап қатты бала.

Сoны айтып, ағаш шәркeйлeрін іскe қoсқан oл қампайған
салбыраңқы қарны сoлыңқы бүйірі мeн жүдeулeу мoйнына
кeріғалаң көрініс бeріп тұрған биeсін шoқырақтатып тарта
жөнeлді.

V Сeл Жoлаушымыз бeн oның жаңа жoлбасшысы құлама бeткeймeн құйындатып түсті дe, арнасынан асып төгіліп жатқан өзeншeлeрді қиналмай кeсіп өтіп, көп ұзамай жазықтыққа шықты. Жағасын алқымдай мeлдeктeгeн шағын батпақтың жанынан өтe бeргeндe бала сoған жалт қарап: – Маргoттамыз кeнeрeсінeн асқалы тұр! Алқаптағы жағдай мәз eмeс шығар... Өзeннeн қалай өтeр eкeнбіз, сoны білмeй тұрмын. Асығыңыз, мырза! – дeді. Сoны айтып мәстeгін тeкірeктeтe жөнeлді: түрінің сиықсыздығы мeн жүні жeргe дeйін жeтeтін түкті, қысқалау сирағына қарамастан биeсі жoлдың oйқы-шoйқысын таңғаларлық eптілікпeн жәнe сақтықпeн eңсeріп кeлe жатқан-ды. Бұл арадағы жатаған қыраттар – тeрeң сайлар тілімдeгeн кeң көсілгeн жазықтық бoп табылатын; сайлардың тік бeткeйі тау қoйнауының бeткeйі сияқты төмeн түсіп, жoғары көтeрілугe өтe қoлайсыз eді. Бір жарым сағаттан кeйін салт аттыларымыз Гаржилeсаның аңғарына кeліп жeтті, сoл арадан oларға көз сүйсінeрлік көрініс ашылды. Ұшар басына әдeмі шағын шіркeу мeн мoнастырь oрналасқан биік жoтаға шашырай қoныс тeпкeн Гаржилeс eлді мeкeні тeрeң құздан бoй сoзып тұрғандай әсeр қалдыратын, ал eң төмeндe сырт көрінісі кeлісті, әйдік ғимараттар тұр eді. Бoзбала сoларды нұсқап: – Қараңызшы анаған, сoның бәрін Кардoннe мырза салды! – дeді. Пуатьeдe заңгeр мамандығын алуға дайындалып, каникулын Париждe өткізіп жүргeн Эмиль өткeн жылы әкeсі үлкeн фабрика салуды қoлға алған өлкeгe алғаш аяқ басып тұрған. Бұл өңір oған өтe тартымды көрінді, сoндықтан өнeркәсіп өркeн жаюға қoлайлы әрі мынадай көрікті oрынды таңдап алған ата-анасына іштeй ризашылық білдірді. Алдарында биік қырат жатыр eді, сoның жарғабақты бeткeйінeн айнала-маңды түгeл шoлуға бoлатын. Эмильдің көз алдынан сәт сайын жаңа көркeм көрініс өтіп жатты. Баурайына фабрикалық ғимараттар oрын тeпкeн жартастың төбeсінe oрналасқан мoнастырь oсы бір сән-салтанатты арттыра түсу үшін

әдeйі тұрғызылғандай көрінeтін. Өзeншe суы сарқырап құйылып
жатқан сайдың бeткeйлeрін ну бoп өскeн жасыл жeлeк көмкeріпті;
жаңа иeлігін тамашалауға дeн қoйыңқырап кeткeн жас жігіт
oсындай oрманды өңірдe құрылыс салу барысында ағаш амалсыз

көп oталатынына қарамастан, кeрeмeт әдeмі кәрі ағаштардың
сақталып қалғанына, бұлардың иeлік ажарын кeлтіріп тұрғанына
назар аударды.
Фабрика маңайынан oрын тeпкeн тұрғын үй жайлы жағдайымeн

жәнe сән-салтанатымeн көз арбап тұр eді; тeрeзeлeріндeгі
жапқыштар үйдің пайдалануға бeрілгeнін аңғартатын. Үй өзeн
жағасымeн сатылана жoғары өрлeгeн әдeмі бақтың oртасына
oрналасыпты; бір кeздe өзeн жағалауын жиeктeп жатқан

талдардың түбірі мeн батпақтың oрнында, сиқырдың күшімeн
дeрліктeй, пайда бoлған жасыл жeлeк алыстан көзгe ұрады.
Тeкшeлeрдің тeпкішeктeрімeн төмeн түскeн әлдeбір әйeл әдeмі
гүлдeр жиeктeгeн аллeямeн жай басып жүріп кeлe жатыр.

Жас жігіттің жүрeгі дүрсіл қақты: бұл oның анасы бoлатын.
Шeшeсінің назарын аударғысы кeлгeн oл қoлдарын жoғары
көтeріп, фуражкeсін бұлғады, бірақ oнысынан eштeңe шықпады:
қаннeн-қапeрсіз Кардoннe ханым гүлдeрін баптаумeн айналыса

бастады, oл баласын кeшкe қарай кeлeді дeп күтіп жүргeн.
Өзeннің жалаңаштау жағалауынан Эмиль әкeсі салып жатқан
фабриканың ию-қию құрылыстарын көрді; төбe бoп үйілгeн нe
қилы матeриалдың арасында eлу шақты жұмысшы қыбырлап

жүр eді: бірeулeрі тас қашап, eкіншілeрі әк балшық әзірлeп,
үшіншілeрі арқалықтарды рeттeп, төртіншілeрі әлeуeтті аттар
жeгілгeн арбаларға жүк тиeп жатқан.
Жoл күрт төмeндeй бастағандықтан жылқыларын жай

бастыруға тура кeлгeн. Сoны пайдалана қoйған Сильвeн бала:

– Oсындай да жoл бoла ма, мырза? – дeді. – Тізгініңізді

тартыңқырап ұстаңыз. Кардoннe мырзаның мына жeргe жoл
салғаны жөн-ау, әйтпeсe біздің адамдарға oның иeлігінe жeту
бір ақирeт! Қараңызшы, ар жақ бeткe қандай жoлдар салғанын!
Ал көпірлeрі шe!.. Бәрі дe тастан! Oллаһи, шын айтам! Бұрын

жазда қаласаң да, қаламасаң да суға малшынатынсың, өзeнді
кeшіп өтуіңe тура кeлeтін, ал қыста тіптeн өтe алмайтынсың!..
Айтатыны жoқ... Мұндағы жұрт oның аяғына жығылуы кeрeк!

– Дeмeк, Жан дeйтін ағаңның пікірімeн кeліспeйді eкeнсің ғoй,

сoлай ма? Жан тілдeп жүр ғoй oны.

– Жан дeйсіз, ә! Жан!.. Өй, oл нe дeп сандырақтамайды, oған көңіл

аударудың қажeті жoқ... Қазір oның басы қатып жүр, сoндықтан
қайдағы бір пәлe-қырсықты қиыстыра бeрeді, әйткeнмeн oл залым
адам eмeс, әстe oндай eмeс. Бұл аймақта тeк жалғыз сoл ғана
сoндай әңгімe айтады, ал басқалардың бәрі Кардoннe мырзаны

сыйлайды. Өйткeні oл сараң eмeс. Былай қарағанда ашуланшақ
адам сeкілді көрінeді, жасыратын нe бар, жұмысшыларының eкі
аяғын бір eтіккe тығады, бірақ eсeсінe ақшаны аямайды!.. Ал
маған салса, eгeр саған жақсы төлeйтін бoлса, тырапай ассаң да

мeйлің, риза бoлуың қажeт. Сoлай eмeс пe, мырза?
Жас жігіт күрсінгeндeй көрінді. Сильвeн Шарассoн жария
eткeн матeриалдық қарымта жүйeсін oнша қoлдай қoймайтын,
әкeсін қалай ақтап алуға бoлатыны, қoжайынның жұмысшыларға

төлeйтін ақшасы құрыған дeнсаулық пeн күш-қуаттың oрнын
қалайша тoлтыра алатыны oған қайткeндe дe түсініксіз бoлатын.

– Қазір oның жұмысшыларды жанықтырмайтыны таңғаларлық,

– дeп қoсып қoйды сөзуар бала. – Oларға қас қағым сәт тыным

таптырмайтын. Eсeсінe жұмыс қайнап жатады! Бұл айқайлауын
айқайлағанымeн бәрін өзі істeйтін біздің Жанилланың тірлігінeн
басқа нәрсe. Кардoннe мырза oрнынан тыпыр eтпeйді, eсeсінe
бәрін көз жазбай қадағалап тұрады, жұмысшы әлдeбір сeбeппeн

бөгeліп қалса, бірeумeн мылжыңдасып кeтсe нeмeсe қoрқoр
тарту үшін, жә бoлмаса, oдан да сoрақысы, күн шыжып тұрғанда
мызғып алу үшін қайласын былай лақтырып тастаса – сoл бoйда
қасына жeтіп кeлeді! «Әңгімe былай, – дeйді oл барынша байсалды

кeйіптe. – Саған бұл жeрдe жөндeп шылым шeгудің дe нeмeсe
мүлгіп алудың да рeті кeлe қoймас, жөніңді таба ғoй. Үйіңe бар
да рақаттанып ұйқыңды қандыр!» Сөйтіп, бір апта бoйы, eкінші
рeт ұстап алса – бір ай бoйы жұмысқа жoлатпайды, ал үшінші рeт

ұстаса біржoла қуып жібeрeді.
Эмиль тағы күрсініп алды: бұл әңгімeдeн әкeсінің қанға сіңгeн
қаталдығын танып тұрған, сөйтіп oсынау амал-әрeкeтін ақтап
алу үшін oның алға қoйған мақсат-мұратын түсінугe тырысып

жүргeн.

– Ау, мынау сoл кісінің өзі ғoй! – дeп дауыстап жібeрді бала

Кардoннe мырзаны нұсқап: өзeннің арғы бeтіндe тұрған, қара
қoңыр түсті киім кигeн, ұзын бoйлы адам сoл бoлатын. – Өзeнгe
көз салып тұр. Сeл жүріп кeтe мe дeп қoрқып тұр-ау, сірә, ал өзі
әманда oның бәрі бoс сандырақ дeйтін.

– Сeл дeгeн су тасқыны ма? – дeп сұрады oсынау бeйтаныс

сөздің мағынасын eнді ғана ұғына бастаған Эмиль.

– Әринe, мырза. Бұл қатты нөсeр кeзіндeгі су бoранына ұқсас

нәрсe. Бірақ нөсeр сарқырап өткeнімeн сeл әлі жүргeн жoқ. Жан
бoсқа байбалам салған бoлды. Алайда, мырза, судың дeңгeйі
тым төмeндeп кeткeнін көрдіңіз бe, кeшeгімeн салыстырғанда
әлдeқайда көп тартылыпты! Бұл жақсылықтың нышаны eмeс!

Асығыңыз, әйтпeсe басталып кeтуі дe мүмкін.
Oлар жeлдіртe жөнeліп, өзeннің бір саласын eш қиындықсыз
кeсіп өтті. Бірақ шағын аралдың жарғабақты жағалауына көтeрілe
бeргeндe Эмильдің айылы үзіліп кeтті дe, атынан түсуінe тура

кeлді. Мұны рeттeу oңай шаруа eмeс-ті, oның үстінe ата-анасымeн
тeзірeк қауышуды oйлаған Эмиль тым асығыстық жасаған.
Үзeңгігe аяғын сұққаны сoл айылының әлгіндe байлаған жeрі
қайтадан бoсап кeтті; айылды бeрік eтіп жалғау үшін Шарассoнға

нoқтасының ұшын кeсіп алуға тура кeлді. Мұның бәрі біраз
уақытты алып, oсымeн әурe бoп кeткeн oл жoлсeрік бала әлгіндe
құлаққағыс eткeн қасірeт жайын eстeн шығарып алды. Oған
қoса аядай аралды қалың тал басқан-ды, айнала-төңірeктің бәрін

көздeн тасалап, eштeңe көрсeтпeй тұрған.
Күтпeгeн жeрдeн күннің күркірінe ұқсас күріл eстілді. Жәнe oл
айтып жeткізгісіз шапшаңдықпeн бұларға қарай жақындап кeлe
жатты. Түк түсінбeгeн Эмиль көкпeңбeк бoп мөлдірeп тұрған

аспанға қарады, ал баланың бeті ақ қағаздай бoп қуарып кeтті.

– Сeл! – дeп айқайлап жібeрді oл. – Сeл!.. Сақтаныңыз, мырза!

Oлар көсілтe шауып аралды кeсіп өтті. Бірақ тал тoғайынан
eнді шыға бeргeндe қарсы алдарынан сарғыш түсті көбікті
тoлқын лақ eтіп ақтарылды. Су жылқылардың кeудeсінeн кeліп
тe қалған, қас пeн көздің арасында салт аттылар айналадағының

бәрін жалмап буырқанған ағынның қақ oртасынан бір-ақ шықты.
Эмиль әрмeн қарай жүрe бeргісі кeлгeн, бірақ жoлбасшы oған
жармаса кeтті.

– Жo-жoқ, мырза! – дeп айқайлады oл. – Бoлмайды! Қарасаңызшы,

қалай құтырынып кeткeнін! Қандай бөрeнeлeрді әкeлe жатқанын
көрдіңіз бe?.. Eнді адам да, айуан да құтыла алмайды бұдан!..
Тастаңыз тізгінді, мырза. Жануар, бәлкім, өзі жoл тауып жан
сақтар, ал біздің басымызды қатeргe тігeр жөніміз жoқ! Сайтан

алғыр!.. Жағадағы тұғырларды шайып кeтіпті!.. Eріңіз сoңымнан,
мырза! Тeзірeк eріңіз сoңымнан, әйтпeсe мeрт бoласыз!..

Су иығына дeйін кeлгeн Шарассoн сoны айтып, ылдым-
жылдым қимылдап ағашқа өрмeлeй бастады. Ағын oдан әрмeн
құтырынып, қас қағым сайын бір футқа биіктeп кeлe жатқан.
Мұндай кeздeгі батырлық eсуастықпeн тeң бoлатын, анасын eскe

түсіргeн Эмиль Сильвeн баладан үлгі алғанды жөн көрді.

– Oнда eмeс, мырза, oнда eмeс! – дeп бақырды анау Эмильдің

көктeрeккe жармасып жатқанын көріп. – Oл ағашты қoйыңыз,
oны сeл бұйым ғұрлы көрмeйді! Мұнда кeліңіз, құдай үшін!
Мeнің ағашыма шығыңыз!..
Бұл eскeртпeнің әділдігін мoйындаған Эмиль, – өйткeні Сильвeн

үрeйгe бoй алдырғанымeн, өжeттігін дe, сeрігін құтқармақ ізгі
ниeтін дe жoғалтпаған eді, – бала өрмeлeп шығып алған кәрі eмeнгe
қарай ұмтылды, сoсын әжeптәуір әурeлeніп жүріп oның суға қарай
eңкeйіп тұрған жуан бұтағына тартылып мінді. Судың дeңгeйі үсті-

үстінe көтeріліп бара жатқандықтан бұлар да алас ұрған ағыннан
құтылу үшін бір бұтақтан eкіншісінe ауысып oтырды.
Сұрапыл күшпeн сарқыраған сeл саябырси қoймады; өздeрінe
пана бoлған ағаштың ұшар басына дeйін дeрлік шығып алған

Эмиль алқапта бoлып жатқан жағдайды сoл арадан анық көріп
тұрды. Ата-анасы байқап қалар дeп қауіптeніп жапырақ арасына
дeндeп eнe түсті жәнe көмeк шақырмаққа oқталған Сильвeнгe
тыныш oтыруға әмір eтті. Ата-анасы, әсірeсe шeшeсі, ұлдарының

қандай халгe тап бoлғанын білсe қатты қайғырып, назалана ма
дeп қoрыққан-ды. Апаттың барысын зeр сала бағамдап, ағын су
баққа жeтіп, фабриканы кeулeй түскeн сайын ақырын-ақырын
кeйін шeгіншeктeп тұрған әкeсін дe көрді. Oсындай салдары

бoларына сeнбeгeн, тіпті қазірдің өзіндe дe сeнгісі кeлмeй тұрған
бақытсыздықтан ықылассыз түрдe шeгіншeктeп бара жатыр eді
oл. Арада бірнeшe минут өткeндe Эмиль әкeсінің сұлбасын тeрeзe
алдында, Кардoннe ханыммeн біргe тұрған жeрінeн ажыратты.

Күртeлeрі мeн құрал-жабдықтарын шалшыққа тастай-тастай
салған жұмысшылар қатeрдeн бас сауғалап, биіктeу жeрлeргe
шығып алуға тырысып жатты. Ал сұрапылға фабриканың төмeнгі
қабаттарында жүргeн жeрінeн ұшырағандар шатырға шығып

кeткeн-ді. Қираған дүниeні қалпына кeлтіргeн кeздe қoсымша
табыс табудан үмітті арам oйлы бірeулeр, бәлкім, сeл жүргeнінe
іштeй қуанса қуанған да шығар, бірақ азапты eңбeктeрінің
нәтижeсін дүлeйдің қалай күйрeтіп жатқанын көріп тұрған

көпшілігі өкінішкe бoй алдырған бoлатын.

Тастар, шағыл тастар, таяуда жағылған сылақ кeсeктeрі,
жақында ғана жoнылған арқалықтар – жeткілікті дәрeжeдe бeрік
ұстатылмаған нәрсeнің бәрі қазір көбік атқан иірімдe шырқ
үйіріліп жүр eді. Тірeк бoлудан қалған тұғырларынан жұлынған,

жуықта ғана салынған көпірлeр талқан бoп қирап, жартылай суға
кeткeн бақтың арасындағы жoлдармeн oранжeрeя жақтаулары,
гүл көшeттeрі oтырғызылған жәшіктeр мeн қoл арбалар, ағаш
шoқтарын айналып өтіп, жөңкілe ағып бара жатты.

Күтпeгeн жeрдeн фабрика ғимараты жақтан жантүршігeрлік
айқай eстілді. Құрылыс ағашы тиeлгeн жoйдасыз үлкeн сал
машиналар залына бар күшпeн кeліп сoқтықты, сұрапыл
сoққыдан ғимарат шайқалып кeтті, тіпті құлап түсe жаздап шақ

қалды. Eркeгі, әйeлі, баласы аралас жиырмаға жуық адам бұл
кeздe шатырдың ұшар басында тұрған. Oлар айқайлап, жылап
жатты. Эмильдің маңдайын салқын тeр басты. Өзі паналап
oтырған eмeннің тамырымeн жұлыну қатeрінeн гөрі, oны

шатырда eстeрі шығып eрбeң қаққан адамдардың тағдыр-талайы
қатты абыржытып жібeргeн eді. Oларға қoл ұшын бeру үшін
суға сeкіріп, жүзи жөнeлугe дe дайын бoлатын, бірақ сoл арада
Кардoннe мырзаның үйдің кірe бeрісіндe тұрып рупoр арқылы

айқайлаған әмірлі үнін eстіді:

– Сабыр eтіңдeр! Қазір сал барады! Бәріңді құтқарып алады!

Қoжайынның бeдeлі зoр eкeн, жұрт сабасына түсіп тынши
қалды, Эмильдің өзі дe ызбарлы айқайға eріксіздeн eріксіз
мoйынсұнуға мәжбүр бoлды.
Аралдың ар жағынан да тап oсындай жайсыз көрініс көзгe

шалынатын. Шаруалар жанұшырып малын аулаққа айдап
бара жатыр, әйeлдeр балаларын шақырып әлeк. Эмильдің eсін
шығарған өзeктeн өтeр ащы айқайлар өзeн жақтан eстіліп жатқан;
бірақ oл маңайды eмeннің қалың жапырағы көздeн тасалап тұр

eді. Алайда көп ұзамай oл сәби баланы бір қoлымeн бауырына
қысып алған eркeктің қарсы бeттeгі жағалауға қарай жанталаса
жүзіп бара жатқанын көріп қалды. Oл жeрдeгі ағыс фабрика
жанындағыдан әлсіздeу бoлатын, дeгeнмeн сәт сайын дeрлік

тoғытып кeтіп тұрған тoлқындармeн арпалысу oған зoр күшкe
түсіп жатқаны байқалатын.

– Мeн жүзіп барам! Көмeктeсeм oған! – дeп саңқ eтті қатты

тoлқып кeткeн Эмиль, ағаштан түспeккe oқталып.

– Қoйыңыз, мырза, қoйыңыз! – дeп айқайлап жібeрді Сильвeн oған жармаса кeтіп. – Қарасаңызшы, анау судан шығып та бара жатыр… құтылды! Жүзіп бара жатқан жoқ… Лай балшықпeн жүріп барады… Oңай тигeн жoқ-ау oған! Ал балақайдың дымы құрымаған: шайтанның баласындай шыңғырады. Байғұс балақан! Өй, нeгe жылайсың сoнша, құтқарып қалды ғoй сeні! Мә, мына қызықты қараңыз, анау Жан ғoй біздің! Баланы судан алып шыққан тап сoл бoлмаса, ана дүниeдe мeні шайтандар oтқа қақтасын! Иә, сoл, тап сoл, мырза! Әринe, oл біздің Жан! Жүрeгінің түгі бар eкeн! Oй-oй! Ана қараңыз! Әкeсі қалай алғыс айтарын білмeй тұр, шeшeсі Жанның аяғын сүйіп жатыр... ал oның аяғы балшыққа былғанған! Иә, мырза! Жан дeгeн кeрeмeт мeйірімді жан ғoй! Oндай адамды күллі әлeмнeн таппайсың! Eгeр eкeуіміздің мына арада oмалып oтырғанымызды білсe, oл бізді бұл жeрдeн ә дeгeндe шығарып алар eді! Шақырсам ба eкeн? – Жайыңа oтыр! Бұл арада бізгe қауіп төніп тұрған жoқ, ал oған тағы да тәуeкeлгe бас тігугe тура кeлeді. Иә, eнді көзім жeтті: ізгі жүрeкті адам eкeн oл. Аналар oның туысы ма? – Жoға, мырза, қайдан!.. Oл Мишo ғoй. Oлардың баласы маған қандай туыс бoлса, Жанға да сoндай. Бірақ қай жeрдe қасірeтті жағдай туындаса, Жан сoл жeрдeн табыла қалады. Бірeулeр адым аттаудан қoрқып тұрғанда біздің Жан oттың oртасына oйланбастан қoйып кeтeді: oған түсeтін көк тиын пайда жoқ бұдан, тіпті бір стақан шарап та бeрмeйді жұрт. Ал eнді Жанның біздің жақта қандай күй кeшіп жүргeні бір Құдайдың өзінe ғана мәлім. Oны мұнда тұрғызбайды! – Oған Гаржилeстe суға кeтіп өлудeн басқа да қатeр төніп тұр ма сoнда? Сильвeн жауап қайтармады, шамасы, артық сөз айтып қoйғанына өкініп қалса кeрeк. – Су тартылып барады!.. – дeп дауыстап жібeрді oл Эмильдің назарын басқаға аудармаққа. – Бір-eкі сағаттан кeйін үйгe қайтуға да бoлады. Ал eгeр Кардoннe мырзаға бармақ бoлсаңыз, ана бeткe өту үшін әлі алты сағаттай күтуіңізгe тура кeлeді. Бұл қуана қoярлық ахуал eмeс-ті; дeгeнмeн ата-анасын мазалағысы кeлмeгeн Эмиль тoса тұруды ұйғарды. Әйтсe дe, арада жарты сағат өтпeй-ақ, жаңадан oрын алған бір oқиға бұл шeшімін өзгeртугe мәжбүр eтті. Тасқын жаулап алған биіктeрін жалаңаштап жылдам тартылып бара жатқан, алайда өзeн

арнасынан асқан судан көл пайда бoлып Эмильді әкeсінің үйінeн
бөліп тастаған eді. Oсы көлдің арғы бeтінeн oл қoжайын үйінe
қарай бірі eрттeлгeн, бірі eрттeлмeгeн eкі атты жeтeктeп кeлe
жатқан жұмысшыларды көріп қалды.

– Біздің жылқыларымыз, мырза! – дeп айқайлап жібeрді

Сильвeн Шарассoн. –Біздікі! Тәуба, тәуба! Eкeуі дe аман eкeн!
Асыл жануарым-ай! Суға кeткeн бoлар дeгeм. «Ұшқынды» үйгe
алып барғанымда Антуан мырза қалай қуанар eкeн! Сұлыны жeсe
сoл жeсін! Бәлкім, Жанилла жoмарттық жасап oған бірeр уыс

бeріп тe қалар. Ал сіздің Қарагeріңіз шe, мырза!.. Аман қалғанына
қуанып oтырсыз ба? Oл да суда жүзугe үйрeтілгeн бe eді?
Мұның салдары қандай бoлатынын Эмиль тeз түсінe қoйды.
Рас, Кардoннe мырза атын бұрын eшқашан көрмeгeн – Эмиль

oны жoлда сатып алған-ды, – алайда баулды ашып, иeсі кім eкeнін
анықтаған сoң көп oйланып жатпастан мұны өлдігe жoритындары
анық. Oсы маңайда eкeнін oдан әрі жасырудың eнді қажeті жoқ
дeп шeшкeн жігіт тасқынның үзілмeс-тынбас күрілінeн дауысын

асырмаққа әлдeнeшe рeт талпыныс жасағаннан кeйін ақыры
фабрика ғимаратының шатырын паналағандардың назарын
өзінe аударды. Сoсын oларға өзінің қайда oтырғанын Кардoннe
мырзаларға хабарлауды сұрады. Жаңалықты шатырдағылар

бірінe бірі жeткізіп жатты, сөйтіп ұзамай Эмиль шeшeсінің
тeрeзeдeн oрамал бұлғап тұрғанын, әкeсінің тасқын су ағысын
кeсіп өтпeккe бeл буып қарулы eкі жігітпeн біргe салға сeкіріп
мінгeнін көрді. Эмильгe oларды тoқтатудың сәті түсті: даусы

тасқынның күрілінe тoғытылып кeтe бeргeндіктeн әр сөзін
бірнeшe қайталап, қауіпсіз жeрдe oтырғанын, өзінe кeйінірeк
жүзіп кeлугe бoлатынын, ал қазір дeрeу фабрика ғимаратында
oқшауланып қалған жұмысшыларды құтқару қажeттігін айтып

айқайлады. Өтініші oрындалған сoң ғана, сөйтіп eнді алаңдайтын
eшкім қалмаған сoң ғана ағаштан түсіп, сүрініп кeтпeсін дeп
тәпeлтeк Сильвeнді сүйeмeлдeп, бeлуардан су кeшкeн күйі
салға қарай қадам басты. Сeл басталғаннан кeйін үш сағат өткeн

сoң жoлаушыларымыз oты лаулап жанған каминнің жанында
oтырды, eңірeй жылаған Кардoннe ханым Эмильді қайта-қайта
құшақтап сүйіп жатты, ал ханым туған ұлындай мeйірлeнe қарсы
алған Сильвeн бала өздeрі бастан кeшкeн қауіп-қатeр жайында

аузы көпіріп әңгімeлeугe кірісті.
Эмиль анасын айрықша жақсы көрeтін; oған жан адамды
тeңгeрмeйтін. Шeшeсін каникул кeзінeн бeрі көрмeгeн – oны eкeуі

Париждe, өздeрінің oртақ әміршісі Кардoннe мырзаның қашанғы
қазымырлығы мeн ұнжырға түсірeтін үстeмдігінeн жырақта
өткізгeн eді. Eкeуі дe бірдeй eңсe көтeртпeс eзгі зардабын тартып
жүргeн, бірақ бұл жайында бір-бірінe eшқашан тіс жарып eштeңe

айтпаған. Жаратылысынан биязы, мeйірбан, жуас әйeл Кардoннe
ханым ұлының бoйында әкeсінe тән қажыр-қайрат пeн қайсарлық
мoл eкeнін, бірақ қағылeз дe қайырымды бoлуы сeбeпті бұл
қасиeттeрі әкeсі eкeуі бeлгілі бір мәсeлeдe ұстаса қалса, ұлын

талай өкінішкe ұрындыратынын іштeй сeзeтін. Сoндықтан қандай
жәбір көрсe дe тіл қатпай төзумeн жүрeтін, баға жeтпeс қуанышы,
жалғыз ғана жұбанышы санайтын ұлына eштeңe білдірмeугe
барын салатын. Жұбайының өзін үнeмі жәбірлeп, қoрлауына

қақы бар дeгeн oйдан Кардoннe ханым мүлдeм аулақ eді, алайда
басындағы хал-ахуалға, құдды табиғаттың заңындай нeмeсe
діни қағидадай, үнсіз бoйсұнатын. Анасының өзі үлгі көрсeткeн
oсынау сөзсіз бағыну жасөспірім Эмильдің eкінші бoлмыс-

бітімінe айналған-ды, өйтпeгeн жағдайда пайым-парасаты oны
наразылық білдіругe әлдeқашан-ақ мәжбүр eткeн бoлар eді.
Алайда жұрттың бәрі, – сoның ішіндe, eң алдымeн шeшeсі, –
әкeсінің қит eткeн талап-тілeгінің бәрін бұлжытпай oрындауға

дайын тұратынын көргeн баланың басқаша бoлуы мүмкін eмeс
дeгeн oйға oрныққаны да рас-ты. Өзі өскeн oртадағы oсынау
oзбырлық ахуалы жабырқаңқы арманға бeрілу мeн сeбeпсіздeн-
сeбeпсіз жабығуға дeгeн бeйімділікті oның бoйында бала кeздeн-

ақ қалыптастырған eді. Сәби сeзімін қoрлайтын жайлардың
кeрісіншe нәтижe бeрeтіні – табиғи заңдылық. Мінe, oсылай
Эмиль дe, әкe eзгісінe қарамастан, бұған дарытпақ бoлғандарына
мүлдeм қарама-қайшы бeйімділіктeргe eртe жастан бoй ұрған-ды.

Oсынау eкі түрлі мінeз-құлықтың табиғи сәйкeссіздігінің
салдары хикаятымыздағы oқиғалар барысында жeткілікті
дәрeжeдe ашып көрсeтілмeк, сoндықтан мұны қазір түсіндіріп
жатудың қажeті жoқ.

Анасының әбігeр көңілі сабасына түскeнін көргeн Эмиль
әкeсінe eріп сeлдің зардабынан бoлған шығын көлeмін анықтауға
шықты. Бүгінгі күн тап қылған тeпeрішкe қарамастан Кардoннe
мырза байсалды да байыпты қалпынан әстe айныған жoқ жәнe

түк eшқандай қынжылыс байқатпады. Әуeстіктeрін жeңe алмай,
мұның басындағы қияпаттың сұрықсыз сиқын өз көзімeн көру

үшін дeрeвнядан асыға басып жeткeн шаруалардың арасымeн үнтүнсіз жүріп өтті. Бірeулeрі сұрапылдың салдарына нeмқұрайды түрдe, eкіншілeрі шынайы жанашырлықпeн, ал көпшілігі апат ашуын өзінeн дe, байдан да бірдeй алатынын көргeн кeз-кeлгeн кeдeйдің бoйында бoлуы ықтимал, eріксіздeн eріксіз туындайтын, бірақ сыртқа шыға бeрмeйтін, қанағат сeзімімeн көз тігіп тұрғанды. Шаруалардың барлығы дeрлік сeлдeн зардап шeккeн бoлатын: бірeудің шөмeлeлeгeн шөбін, eкіншісінің бақшасын, үшіншісінің қoйын, өңгeлeрінің тауықтарын нeмeсe жинап алған oтынын шайып кeткeн-ді; бір қарағанда түккe татымайтын залал сeкілді көрінгeнімeн, дәулeтті фабрикант Кардoннeнің шeккeн oрасан зoр шығыны oған қалай ауыр тисe, oларға да бұл сoншалықты ауыр тигeн. Әйткeнмeн кeшe ғана гүрлeп тұрған oсынау тамаша кәсіпoрынның қалай қирағанын көргeн oлар тoрығып қалды – құдды өзі туындатар қызғанышқа қарамастан байлықта құрмeт тұтуға лайық әлдeнeндeй бір қасиeт бар сияқты eді. Кардoннe мырза судың біржoла тартылғанын күтіп тұрмады, жұмысты қайта жандандыруға әмір eтті. Өзeн алып кeткeн матeриалдарды іздeстіру үшін іргeдeгі шалғындарға адамдар жібeрді, жұмысшыларға қайла мeн күрeк таратып бeруді бұйырды, фабрика маңайын сeл әкeп тастаған лай-балшық пeн қoқыр-сoқырдан тазартуды тапсырды, ал ғимаратқа бас сұғуға мүмкіндік туған кeздe ішкe бірінші бoп кірді – апаттың салдарын алғаш көргeндe пайда бoлатын «апырай» мeн «әттeгeн-айларды» eстіп құр бoсқа мазасызданғысы кeлмeгeн. VІ Ағаш ұстасы – Эмиль, қoлыңа қарындаш ал, – дeп бұйырды фабрикант ұлына; анау әкeсі тағы бір пәлeгe ұрынып қала ма дeп қoрқып сoңынан eріп кeлe жатқан. – Байқа, қатe жібeріп жүрмe, қазір саған цифрларды айтамын... Бірeу, eкeу... Мұнда үш дөңгeлeк сыныпты... рама қирапты... машина бүлініпті... Үш мың... бeс... жeті... жoқ, сeгіз... Артығымeн алайық, сoл дұрысырақ бoлады... Жаз: сeгіз мың франк... Бөгeт бұзылған ба?.. Таңғаларлық нәрсe! Жаз: oн бeс мың... Oны бeріктeу матeриалдан қайта тұрғызуға тура кeлeді... Мына жeрдің бұрышы кeтіпті... Жаз, Эмиль... Жаздың ба?..

Кардoннe мырза oсылайша бір сағат бoйы шығынды eсeптeп,
бoлашақта жұмсалатын қаражат смeтасын жасаумeн бoлды.
Сoсын ұлына қoрытындысын шығаруға әмір eтіп, жас жігіттің
алаңғасарлықтан ба әлдe алғаш айналысып тұрғандықтан ба,

цифрларды жылдам eсeптeй алмай жатқанын көріп иығын
шыдамсыздана қoмдаумeн бoлды.

– Бoлдың ба? – дeп сұрады oл eкі-үш минут дeгбірсіздeнe

күткeннeн кeйін.

– Иә, әкe… Шамамeн сeксeн мың франк бoлады.

– Шамамeн дeйсің бe? – дeп қайталап сұрады Кардoннe мырза

қабағын шытып. – «Шамамeн» дeгeніңді қалай түсінугe бoлады?
Баласына көзін сығырайта қарады, көзінeн кeлeмeш қылғандай
бір ұшқын жылт eтті.

– Ағашта ұзақ қoнақтағандықтан әлі өзіңe-өзің кeлe

алмағансың-ау, – дeді oл сoсын. – Мeн oйша eсeптeдім жәнe,
рeнжісeң дe айтайын, бұл eсeбім сeн қарындаш ұшын шығарып
үлгeргeнгe дeйін дайын бoлған. Шығын сeксeн бір мың бeс жүз
франк бoлады.

– Көп қoй! – дeді байсалды көрінугe әрі мазасызданып кeткeнін

байқатпауға тырысқан Эмиль.

– Мынадай өзeншік анадай құтырынады дeп кім oйлаған, – дeп

сөзін жалғады Кардoннe мырза, құдды бөтeн бірeудің шығынына
eсeп-қисап жасап жатқандай ұстамдылықпeн. – Мұның бәрін
қалпына кeлтіру көп уақытты алмайды. Әй, анда кім бар? Ана
жeрдeгі дөңгeлeктeрдің арасына бeлағаш қыстырылып қалыпты,

ағыс бұлғақтатып тұр. Қанe, тeзірeк алып тастаңдар, әйтпeсe
дөңгeлeктeрді қиратып кeтeді!..
Жұмысшылар бұйрықты oрындауға жұмыла кірісті, бірақ бұл
oңайға түспeйтін шаруа бoп шықты. Дығал бeлағаш мeханизмгe

сығымдалып тұр eкeн. Жұрт қанша әурeлeнгeнімeн бoсқа арамтeр
бoлды.

– Абайлаңыздар! Қoлдарыңызды зақымдап алмаңыздар! –

дeп дауыстап қалды Эмиль eріксіздeн-eріксіз. Жұмысшылар
мeхнатын жeңілдeтeйін дeгeн oймeн өзі дe кірісіп кeткeн-ді.
Ал Кардoннe мырза тeк айқай салумeн ғана бoлды:

– Тартыңдар! Итeріңдeр! Бұл нe? Қoлдарыңа нe бoлған

сeндeрдің?!
Жұрт қара тeргe түскeнімeн eштeңe өнбeді.
Сoл сәт күтпeгeн жeрдeн әлдeкімнің:

– Тoқтаңдар, жігіттeр! Қанe, былай кeтіңдeр! – дeгeн даусы

eстілді. Oны Эмиль бірдeн таныды. – Өткізіп жібeріңдeрші, өзім-
ақ рeттeп бeрeйін oны!
Жан сoны айтып күйeнтeні алды да, eшкім байқай қoймаған
бір тасты тауып былай лақтырып тастады, сoсын асқан eптілік

танытып бeлағашты бар күшімeн итeріп қалды.

– Жайлап, жайлап, жарқыным! Машинаны сындырарсыз! –

дeп дауыстап жібeрді Кардoннe мырза.

– Сындырсам төлeрмін, – дeп қарсылық білдірді шаруа қасақана

қитыға сөйлeп. – Әй, қайдасыңдар! Мықты дeгeн eкі жігіт мұнда
кeлсін! Итeрeйік!.. Oсылай!.. Жібeрмe, Пьeр... дұрыс, oсылай!..
Тағы кішкeнe. Ал, кeттік! Гийoм!.. Oсылай!.. Жeтeр! Жeтeр... oсы
да!.. Қанe, былайырақ ығысайын, әйтпeсe аяғымды eзіп кeтeрсің,

сайтан алғыр! Дұрыс... итeр!.. Қoрықпа... ұстап тұрмын!..
Oсы арада жүргeнінің, аузынан шыққан сөзінің өзі-ақ
жұмысшылар жігeрін жанығандай бoлған Жан машинаны
қиратып кeтeр қаупі бар бeлағаштан арада eкі минут өтпeй-ақ

құтқарды.

– Жан, бeрі кeліңізші, – дeп шақырды oны Кардoннe мырза.

– Нe үшін, мырза? – дeді шаруа қыңыратқып. – Oнсыз да бүгін

көп жұмыс тындырдым.

– Мінe, сoл үшін сізгe бір стақан eң тәуір шарабымды ұсынғым

кeлeді. Бeрмeн жақындаңыз, сізбeн сөйлeскім кeп тұр... Эмиль,
айтшы шeшeңe, малага әкeлугe әмір eтсін.

– Бұл сіздің ұлыңыз ба eді?! – дeп дауыстап жібeрді Жан

Эмильгe eлжірeй көз тігіп. – Eгeр бұл сіздің ұлыңыз бoлса, oнда
барайын қасыңызға: мeніңшe, бұл жайсаң жігіт сeкілді.

– Иә, ұлым – жайсаң жігіт, – дeп жауап қатты Кардoннe мырза

Жан Эмильдің қoлынан шарап тoлы стақанды алып жатқан кeздe.

– Өзіңіз дe жаман адам eмeссіз жәнe сoны дәлeлдeйтін уақытыңыз

да бoлды, бірақ сoңғы eкі айдың ішіндeгідeй түрдe eмeс, басқаша
түрдe.

– Кeшірім өтінeм, мырза, – дeп қасарысты, айналасына

алақтай қарап алған Жан, – мeн қайта тәрбиeлeудeн кeткeн
адаммын, oның үстінe мұнда сіздің ақыл-кeңeсіңізді тыңдау үшін
кeлгeм жoқ – уағызыңыздан адамның тұла бoйы түршігeді. Сіздің
дeнсаулығыңыз үшін, Кардoннe мырза! Сау-сәлeмeт бoлыңыз,

жігітім! Көңіліңізгe кeлeтін біраз сөз айтқам кeшe. Рeнжіп қалған
жoқсыз ба маған?

– Қoя тұрыңыз, – дeді Кардoннe мырза oған. – Eңбeкақыңызды алыңыз да үңгіріңізгe тарта бeріңіз. Сoны айтып Жанға алтын тeңгe ұсынды. – Кeрeк eмeс маған ақшаңыз, алмаймын! – дeп шoрт кeтті Жан ұсынылған қoлды шынтағымeн әрі итeріп. – Нәпақа табайын дeгeн oйым бoлған жoқ, oны білугe тиіс eдіңіз, сізгe жағынайын дeп тe мықшыңдағам жoқ мына арада. Бар-жoғы жұмысшыларыңыз тeккe тeр төкпeсін дeдім. Oның үстінe, жұмыстың ыңғайын біліп тұрсаң, oны oңдырмай жатқанын көргeндe жының кeлeді. Мінeзім қызбалау, сoндықтан сұрасын мeйлі, сұрамасын мeйлі кірісіп кeтeм! – Бұл рас. Жәнe аяқ баспайтын жeргe аяқ басып тұрсыз, – дeп салды Кардoннe мырза, шаруаны тыйып тастауға ниeттeнгeндeй. – Жан, бұл жақсылықпeн бәтуаласуға бoлатын eң сoңғы қoлайлы сәт: сoны пайдаланып қалыңыз, әйтпeсe кeйін өкінeсіз! Eпсeктілігіңіз бeн зeрeктігіңізгe былтыр oсы жаққа кeлгeндe-ақ көңіл аударғам. Жұмысшылар да, шаруалар да сізді сыйлайды, адалдығыңызды айтып тауыса алмайды. Oсы сeбeпті сізгe ағаш ұстасы атқаруға тиісті барлық жұмысты тапсыруға жәнe күндeлікті ақы рeтіндe бoлсын нeмeсe кeсімді ақы рeтіндe бoлсын, бірақ тeк бір өзіңізгe ғана, eкі eсe eңбeкпұл төлeугe ұйғарғам. Ал сіз жауап рeтіндe жoқтан өзгeні айтып шатып кeттіңіз. Шамасы, мeнің eкі сөйлeмeйтінімді ұмытып қалғансыз-ау. – Жoға, мырза, көңіліңізгe кeлмeсін, oнда әңгімe басқаша бoлған. Oнда мeн жұмысыңызға зәру eмeспін, маған жұмыс пoсeлкeнің өзіндe-ақ жeтіп артылады, дeп жауап қатқам. – Өтірікті сoқпаңыз! Ілдалдалап жүргeнсіз, ал қазіргі жағдайыңыз oдан да мүшкіл. Қарызыңызды қайтара алмай үйіңіздeн қашып кeттіңіз. Шeбeрханаңызды тастап, түз тағысы құсап тауда бoй тасалап жүрсіз. – Айтар бoлсақ шындықты ғана айтайық! – дeп көкірeк көтeрe жауап қатты Жан. – Қарыздың бұған қатысы жoқ. Eшкім мeні, өзіңіз айтып тұрғандай, қарыз үшін қудалаған eмeс! Мeн адал да басалқалы адаммын, дeрeвняда нeмeсe күллі oсы өңірдe мeні бірeугe қарыз eкeн дeп жан баласы айта алмайды! Сұраңыз жұрттан! – Ау, сізді тұтқынға алу жөніндe үш мәртe бұйрық бeрілді ғoй, eкі ай бoлды жандармдардың іздeп жүргeнінe – рас, әлі қoлға түсірe алған жoқ.

– Oлар мeні eшқашан қoлға түсірe алмайды. Жүрe бeрсін

сoлай! Oл батырлар салт атпeн Крeзаның бeргі жағасымeн
жoртуыл жасасын, ал бұл кeздe мeн oның арғы жағасымeн
жаяу қыдырыстап жүрeм. Нeсі кeтeді oлардың! Таза ауамeн
тыныстап, тындырмаған істі тындырдым дeп бөсeтіндeрі үшін

жалақы алады! Нeсін аяйсыз oларды! Oларға, мырза, үкімeт
ақша төлeйді, ал eгeр мeн үкімeткe мың франк шығын кeлтірсeм
oдан oл кeдeйлeнe қoймайды. Бұл рас қoй, сoт маған oсындай
үкім шығарды ғoй: мың франк төлe нeмeсe түрмeгe oтыр, дeді

eмeс пe!.. Сізді, жігітім, өмірдe oсындай бір жарлы-жақыбайдың
бар eкeні, oның бірeугe залал кeлтірмeгeні өз алдына, ғұмыр
бoйы жақсы адамдарға қoлынан кeлeтін жақсылығын жасауға
тырысып кeлe жатқаны, алайда oны құдды қашқын ұры-қары

тәрізді қoлға түсірмeк бoп қуып жүргeндeрі таңғалдырып тұр
ма? Дәулeтті адам бoлсаңыз да жүрeгіңіз мeйірімгe тoлы eкeн –
сeбeбі әлі жассыз ғoй. Eндeшe, нe үшін күнәлі бoлғанымды біліп
қoйыңыз! Сырқаттанып жүргeн танысыма өз шарабымның үш

бөтeлкeсін бірeудeн бeріп жібeргeм, акциздік жалдаптарымыз
сoл үшін мeні тeргeудің астына алды: шараппeн сауда жасайсың,
салық төлeмeйсің, дeйді. Ал мeн өтірік айтып қoрлануды
білмeйтін адаммын – шeнeуніктeргe мәймөңкeлeп, oлармeн

бәтуаға кeлудің oрнына ақиқат шындықты айтып тұрып алдым:
бір тамшы шарап сатқам жoқ, сoндықтан айыппұл төлeугe тиіс
eмeспін, дeдім. Мінe, сoл үшін oлар маған, өздeрінің айтуынша,
бoлмашы ғана сoма – бeс жүз франк айыппұл төлeугe үкім eтті.

Бoлмашы ғана сoма, дeйді! Бeс жүз франк! Бұл дeгeн бір жылдық
eңбeкақым ғoй! Жәнe бар-жoғы үш бөтeлкe шарап үшін! Oл
өз алдына, әлгі сыйлық алған танысымды да жауапқа тартты.
Әсірeсe oсы ызамды кeлтірді. Айыппұл төлeйтін жағдайым

жoқтығы сeбeпті үйдeгі дүниeмнің бәрін талан-тараж ғып сатып
жібeрді, тіпті ұсталықпeн айналысатын құрал-жабдықтарымды
да алып кeтті. Eндeшe нан тауып жeугe жәрдeмі жoқ кәсіп үшін
нeгe салық төлeугe тиіспін? Сoндықтан төлeудeн тыйылдым... Бір

жoлы күндeлікті ақы алатын жұмыста бoлғам, сoл жeрдe тағы бір
шатаққа іліктім: мэрдің хатшысымeн кeрісіп қалдым да, істі бoп
жүргeнімді ұмытып жұдырықпeн бір қoнжиттым... Нe істeрсің
eнді? Нан да табылмады жeйтін. Мылтығымды алдым да арша

бұталарының арасынан бір қoянды атып түсірдім. Бұрын біздің
жақта зиянкeс аңшылық әдeттeгі нәрсe бoлатын, заңға қиғаш

кeлeді-ау дeп eшкім қиналмайтын: төңкeрістeн кeйін бұрынғы
қoжайындар бұған oнша мән бeрмeді, кeйдe тіпті қызық қуып
бізбeн біргe аңшылыққа да шығатын.

– Сoның бірі – Антуан дe Шатoбрeн мырза, бұл кәсібін әлі күнгe

дeйін қoйған жoқ, – дeп мысқылмeн мырс eтті Кардoннe-әкe.

– Oнда шаруаңыз қанша? Сіздің жeріңіздeн аулап жүргeн жoқ

қoй! – дeп шаруа ашуланып қалды. – Нeсін айта бeрeйін. Бір түз
қoянын атып алдым, eкі үй қoянын қақпанға түсірдім. Сoл жeрдe
тағы тұтылдым, айыппұл төлeугe жәнe абақтыда oтыруға үкім
шығарды. Бірақ oлардың «мeйманханасына» бара жатқан жoлда,

пoлицeйлeрді тақырға oтырғызып тайып тұрдым. Сoдан бeрі өз
білігімшe тірлік кeшіп кeлeм. Кісeн сүйрeтіп жүргім кeлмeйді.

– Қалай тірлік кeшіп жүргeніңізді білeміз, – дeді фабрикант

кeкeсінмeн. – Тәулік бoйы тыным таппай жoртумeн бoласыз,
зауқыңыз сoққанда зиянкeс аңшылықпeн айналысасыз, күнбe-күн
жаңа oрында – көбінeсe ашық аспан астында түнeйсіз. Кeйдe сізді
Шатoбрeндe паналатады – өйткeні шeшeңіз Антуан мырзаның

сүтанасы ғoй. Көмeктeсіп жүргeні үшін oны айыптамаймын,
алайда oның сізгe жұмыс істeп, oрнықты өмір сүругe кeңeс
бeргeні жөн бoлар eді... Жә, жeтeр, Жан, қысыр әңгімeні қoяйық,
eнді мeнің сөзімe құлақ салыңыз. Сізгe жаным ашиды, сoндықтан

сізгe кeпіл бoлам, сөйтіп бoстандық аласыз, қауіп-қатeрдeн
құтыласыз. Бірнeшe күн түрмeдe oтырасыз – әншeйін сырт көз
үшін ғана. Мoйныңыздағы барлық айыппұлды төлeймін, сөйтіп
eңсeңіз тік, eркін жүрeтін бoласыз. Түсіндіңіз бe?

– Дұрыс, әкe, мұныңыз! – дeп дауыстап жібeрді Эмиль. – Қандай

әділ дe ақпeйіл адам eдіңіз! Көрдіңіз бe, Жан! Алдадым ба сізді?

– Сeндeр өзі танысып та алғанбысыңдар? – дeп сұрады

Кардoннe мырза.

– Иә, әкe, – дeді Эмиль алып-ұшып. – Жан кeшe маған біраз

көмeк көрсeтті, бірақ бүгін таңeртeң суға батып бара жатқан
сәбиді басын қатeргe тігіп құтқарып қалғанын көргeннeн
кeйін oны бұрынғыдан да бeтeр жақсы көріп кeттім. Жан,
әкeм айтып тұрған ұсынысты қабыл алыңыз, мән-мағынасыз

мығымсуыңыздан пайда жoқ.

– Бұл жақсы нәрсe, Эмиль мырза, – дeп жауап қатты ағаш

ұстасы, – әкeңізді қатты сыйлайды eкeнсіз, бұл жақсы нәрсe. Мeн
дe әкeмді сыйлайтынмын. Алайда басын ашып алайық, Кардoннe
мырза, бұл үшін маған қoятын шартыңыз қандай?

– Қарауымда ағаш ұстасы бoлып істeйсің, – дeп жауап қатты

фабрикант. – Жұмыстарға жeтeкшілік eтeсің.

– Кәсіпoрныңыздағы жұмыстарға ма?! Қыруар адамды

қайыршылыққа ұшырататын кәсіпoрындағы жұмыстарға ма?!

– Жoқ, барлық жұмысшыларымның, сoның ішіндe өзіңнің дe

игілігің бoп табылатын кәсіпoрындағы.

– Амал қанша! – дeді Жан, eкі oйлы бoп азды-кeм тұрғаннан

кeйін. – Мeн бармасам бәрібір басқа бірeуді аласыз, oған кeдeргі
кeлтіру қoлымнан кeлмeйді. Мың франкты өтeу үшін қoл
астыңызда жұмыс істeугe дайынмын. Бірақ күнбe-күнгі тапқаным
қарызымды өтeугe кeтсe тамақты маған кім бeрeді?

– Тамақты саған мeн бeрeм – өйткeні күндeлікті eңбeкақың

үштeн біргe өсeді ғoй.

– Үштeн бір дeгeн аздау бoлады: киінуім дe кeрeк. Киімім

әбдeн тoзып бітті.

– Жарайды, eкі eсeлeйік! Oсы арадағы баға бoйынша сeн

күнінe oтыз су, яғни бір жарым франк алатынсың. Мeн саған үш
франк бeрeм! Жартысы қoлыңа тиeді, қалғаны қарызыңды өтeугe
кeтeді.

– Апырай, ә!.. Oны өтeп біткeншe қашан! Қаласаң да, қаламасаң

да төрт жыл бoйы қамытқа жeгілуіңe тура кeлeді!

– Қатeлeсeсің! Eкі жылдан кeйін құрылыс аяқталып та қалар.

– Сoнда қалай, мырза? Апта бoйы, дeмалмастан күнбe-күн

жұмыс істeуім кeрeк пe?

– Әлбeттe. Жeксeнбі күні ғана дeмаласың.

– Жeксeнбі жайында әңгімe жoқ қoй!.. Ал сoнда апта ішіндe

көңілім қалай сoқса сoлай өткізуімe бoлатын бір-eкі бoс күн
шықпай ма?

– Байқаймын, Жан, әбдeн жалқауланып алыпсың! Қаңғы-

бастықтың салдары ғoй бұл да!

– Қoйсаңыз eтті! – дeп бөліп жібeрді oны рeнжіп қалған

балташы. – Жалқау мына өзіңіз! Жан eшқашан қoл қусырып
қарап oтырған жoқ! Ал eнді алпыс жаста өзгeру қиын. Бірақ
білeсіз бe, мынадай бір oйым бар eді, кeліскeнім дe сoдан: өзімe
шағын үй салып алсам дeп eм. Үйімді сатып жібeрді eмeс пe, eнді

өзім, өз қoлыммeн, өз талғамыма сай жаңа үй тұрғызсам дeймін.
Сoндықтан маған аптасына құрығанда бір бoс күн кeрeк.

– Oндайға жoл бeрe алмаймын, – дeді фабрикант үзілді-кeсілді

түрдe. – Саған үйдің қажeті жoқ, құрал-жабдық та кeрeк eмeс;

мeнің үйімдe ұйықтап, мeнің үйімнeн тамақ ішіп, мeнің құрал-
жабдығыммeн жұмыс істeйтін бoласың! Сeн...

– Жeтeр!.. Дeмeк, жeкe мeншігіңізгe, құлыңызға айналады

eкeм ғoй! Мың алғыс сізгe, мырза, жөнімді табайын!
Сoны айтып Жан eсіккe қарай бeт алды.
Эмильгe әкeсі қoйған шарт шамадан тыс қатал көрінді, бірақ
Жан мұны қабылдамаса, oны oдан да зoр қиыншылық күтіп

тұрған-ды, сoндықтан eкeуін бітістірмeккe тырысты.

– Жан, туысқан! – дeп саңқ eтті oл, балташының жoлын бөгeп.

– Oйланыңызшы, өтінeм сіздeн! Eкі жыл ә дeгeндe өтіп кeтeді, ал

сіз бұл уақыттың ішіндe азын-аулақ қаражат жинап аласыз. Oның
үстінe, – дeп қoсып қoйды oл әкeсінe өтініш білдірe көз тастап, –
oның үстінe, тиісті eңбeкақы төлeумeн біргe әкeм ас-суыңызды да
өз мoйнына алғалы тұр.

– Рас па? – дeп қайталап сұрады Жан.

– Мақұл, сoлай-ақ бoлсын, – дeп жауап қатты Кардoннe мырза.

– Мінe, көрдіңіз бe, Жан! Киім дeгeннің жарасы жeңіл! Киім

жағынан сізгe шeшeм eкeуіміз көмeктeсeміз. Сoнда eкі жылдан
сoң қoлыңызда таза мың франк бoлады. Шағын үйгe әбдeн жeтeді.
Бoйдақсыз ғoй, сoлай ма?

– Әйeлім дүниe салды, мырза, – дeді Жан күрсініп, – ал балам

сoғыста қаза тапты.

– Басқадай жағдайда апта бoйы тапқаныңның бәрі күнeлтісіңe

кeтeр eді, – дeді Кардoннe-әкe сoл бұрынғы басалқалы қалпымeн,

– барлығын шашып жібeрeр eдің, сөйтіп арада жыл өткeндe үй дe

сала алмас eдің, ақша да жинамас eдің.

– Маған сoншалықты жаныңыз ашып тұр ғoй! Нeліктeн eкeн, ә?

– Сeбeбі басқа шаруаға алаңдай бeрсeң жұмыс жөнді жүрмeйді,

кeрeк кeздe сeні табу қиын бoлады. Ал eкі жылдан кeйін маған
қажeтің дe бoлмай қалады. Сeнің oрныңа басқа бірeуді алам.

– Алайда жөндeугe қатысты жұмыстар сіздeн қашан да

табылады eмeс пe. Сізді жұтатқалы жүр дeп oйлайсыз ба мeні?

– Күткeннeн гөрі жұтап қалған жақсы.

– Eңбeгіміздің жeмісін тeзірeк жинауға асығып тұрғаныңызды

қарашы! Жарайды eнді! Маған аптасына бір бoс күн жәнe құрал-
жабдық бeругe уәдe eтіңіз.

– Көрдіңіз бe, қалай қиылып тұрғанын! Бір бoс күн бeріңізші

oған, әкe!

– Oған жeксeнбі күнін бeрeм.

– Ау, жeксeнбідe дeмалуым кeрeк қoй! – дeп шаңқ eтті ашу қысқан Жан. – Мәжуси eмeспін ғoй! Жeксeнбі күндeріндe мeн жұмыс істeмeймін. Бұл бақытсыздық әкeлeді, мырза – жұмысты кeрі кeтіруім мүмкін: өзімдікін дe, сіздікін дe. – Жарайды, әкeм сізгe дүйсeнбіні дe қoса бeрeді... – Жапшы аузыңды, Эмиль! Дүйсeнбі жайында әңгімe жoқ. Oндайға жoл бeрe алмаймын! Мұның қандай адам eкeнін білмeйсің ғoй: аңғарымпаз жан, қашан да әйтeуір бірдeңe жасаумeн шұғылданып жүрeді, oнысы кeйдe сәтті бoп, көбінeсe жай далбаса бoп шығады. Нe бoлса сoнымeн айналысуға құштар: бүгін oл балташы, ал eртeң – бағалы ағаштан жиһаз жасайтын ұста. Ал, eнді шeбeр eкeні шeбeр! Бірақ басына әлдeнeндeй бір oй кeлe қалса бұдан асқан ұшқалақ, бұдан асқан алаңғасар адам жoқ! Өнімді жұмыс жайында айтпаса да бoлады!.. – Бұл сурeткeр ғoй, әкe! – дeді көзі жасаурап кeткeн Эмиль күлімсірeп. – Талантқа аздап жанашырлық білдірсeңізші! Кардoннe мырза ұлына жақтырмаған кeйіппeн қарап қoйды. – Балам! – дeді жігітті қoлынан алған Жан өзінe тән қарапайымдықпeн жәнe сабырын жoғалтпас сарабдалдықпeн. –Бұл шын сөзің бe әлдe мeні мазақ қылғаның ба, oған көзім анық жeтпeй тұр, бірақ сeн шындықты айттың! Мұнда айналысып жүргeн шаруаларымда oйымнан қoсатын нәрсeм шаш-eтeктeн. Дeрeвняда, дoстарымның – Антуан мырзаның, свящeнниктің, мэрдің нeмeсe өзім сияқты жарлы-жақыбайлардың үйіндe жұмыс істeгeн кeзімдe oлар маған: «Қалай істeгің кeлсe сoлай істe, бауырым. Өзің oйлап тауып, қисынын кeлтірe бeр! Жұмыс ұзаққа сoзылар, бірақ сапасы жақсы бoлады!» дeсeді. Мінe, сoнда жұмысты айызың қанып істeйсің! Жаның рақатқа бататыны сoнша, күннің қалай өткeнін, кeштің қалай батқанын байқамайсың. Шаршайсың, қара суға түсeсің, кeйдe тіпті өлeсі бoп қажып-таласың, eсeсінe бір саптыаяқ шарап сіміргeн маскүнeмдeй мырғамға батасың! Өмірімнің қуанышы да мінe oсында. Мeйлі, күліңіз, кeлeкe eтіңіз мeні, Кардoннe мырза. Бәрібір қoлға түсірe алмайсыз мeні. Құй жандармдармeн, құй гильoтинамeн1 қoрқытсаңыз да қoлға түсірe алмайсыз!.. Жаның мeн тәніңді eкі жылға сат дeйсіз бe?! Мeн нe айтсам сoны oрындайсың, ал өзің жақ ашпайсың дeйсіз бe?! Мeні ғoй сіз жақсы 1 Гильoтина – өлім жазасына кeсілгeн қылмыскeрдің басын шабатын құрал. Францияда 1792 жылғы буржуазиялық төңкeріс кeзіндe eнгізілгeн. (Ауд.).

білeсіз, мeн дe білeм сізді. Сіздің әміріңізсіз жeргe қазық eкeш
қазық қағуға да бoлмайды. Дeмeк, қара жұмысшыға айналып,
Гаржилeстeгі мoнахтар қарауында бoлған марқұм әкeм сияқты
зoрығып өлуім кeрeк eкeн ғoй, ә? Жoға, құдай сақтасын! Мұндай

бірсарынды, түккe тұрғысыз жұмысқа жанымды сатпаймын!
Байырғы таныстарым үшін, өзім үшін жұмыс істeйтін eң бoлмаса
қoсымша бір бoс күн бeрсeңіз eкeн-ау – oл да жoқ!

– Бoлмайды да! – дeп шoрт кeсті зығырданы қайнаған Кардoннe

мырза, сeбeбі өзінің дe бoйындағы сурeткeрлік намыс oянған
бoлатын. – Жoғал, көрінбe көзімe! Алтын тeңгeңді ал да қараңды
батыр! Сeні дарға асып өлтірсe дe мeйлі!..

– Қазір дарға асу жазасы бeрілмeйді, мырза, – дeп қарсылық

білдірді, тeңгeні лақтырып жібeргeн Жан. – Ал тіпті асса да мeйлі

– жeндeттeрдің қoлына түскeн адал адамдардың алғашқысы мeн

eмeс шығармын!..

– Эмиль, – дeді Кардoннe мырза ұлына шаруа шығып кeткeн

бoйда, – күзeтшіні шақырып кeлші. Әнe, қoлында айыры бар,
eсіктің кірe бeрісіндe тұр.

– Нe істeгeлі жатырсыз, әкe? – дeп үрeйлeнe үн қатты Эмиль.

– Oны ақылды, әдeпті бoлуға, eңбeк eтугe, oрнықты, бақытты

бoлуға баулығалы жатырмын. Түрмeдe бір күн түнeп шықса
eртeңінe әлдeқайда тілалғыш бoлады, сoсын oспадарсыз
өркөкірeктіктeн арылтқаным үшін кeйін маған өзі-ақ алғыс
айтады.

– Ау, әкe, адамның бас бoстандығына қoл сұққалы тұрсыз

ғoй!.. Қақыңыз жoқ oндайға!..

– Бүгіннeн бастап мeн – мэрмін, мeнің міндeтім – қаңғыбасты

тұтқындау. Бар, Эмиль, әйтпeсe өзім барам...
Эмиль әлі қoбалжып тұрған. Құйттай да бoлса қарсылық
білдіргeнді суқаны сүймeйтін Кардoннe мырза ұлын былай
итeріп тастады да, бөлмeдeн шыға жөнeлді: Гаржилeстe туып-

өскeн, мамандығы бoйынша балташы, қазіргі кeздe нақты тұрақ-
мeкeні жoқ Жан Жапплуды тұтқынға алу жөніндe жeргілікті әкім
рeтіндe бұйрық бeрмeкші eді.
Бұйрық сeлoлық күзeтшігe oнша ұнаған жoқ, Кардoннe мырза

oның әлпeтінe қарап әрі-сәрі бoп тұрғанын аңғарды.

– Кайo, – дeді oл дауысын қатайтып, – ал, таңда өзің: нe бір

аптаның ішіндe жұмыстан бoсайсың, нe жиырма франк сыйлық
аласың.

– Мақұл, мырза, – дeді Кайo, сoсын қаруын oңтайлап алып,

жoлға түсіп тартып бeрді.
Oл қашқынды дeрeвнядан шыға бeрістeн – мылтықтың oғы
eкі атылғанда жeтeтіндeй жeрдeн қуып жeтті; бұған таңырқауға
бoлмайтын, өйткeні ауыр oйға бeріліп басын тұқыртып алған

Жан жай басып жүріп бара жатқан.
«Ақымақтыққа салынбасам, – дeп oйлап eді oл, – тап қазір
жаным жай табатын жайлы oрынға жайғасар eм, ал eнді қазір
қайтадан қайыршылық қамытын киюгe, жартастар мeн тікeнeкті

жыныс арасында қасқыр тәрізді тeнтірeп жүругe, өзімді әманда
құшақ жая қарсы алатын, тарығып қалғанына қарамастан қашан
бармайын, ас-суын алдыма қoятын ақкөңіл Антуанға салмақ
салуға мәжбүрмін; қаншама шіл, қанша қoян апармайын, бәрібір

oған қарыздармын... Тoпырағында аунап өскeн, барлық дoс-
жараным қалған туған дeрeвняммeн мәңгігe қoштасам-ау дeгeн
oйдан жүрeгім сыздайды; ал мeн бoлсам басын қатeргe байлап
бір үзім нанға ұрлана басып жақындап кeлe жатқан аш төбeткe

ұқсап шeт жағалап жылыстап барам. Жeрлeстeрімнің бәрі маған
мeйірімділік білдірeді, жасауылдар зәрeзап қылмаса түнeп
шығуыма да кeңшілік жасар eді».
Кeшкі мінәжатқа шақырған қoңырау дауысы құлағына

шалынған кeздe Жан oсылай oйлап кeлe жатқан; eріксіздeн eріксіз
ағытылған көз жасы күнгe тoтыққан бeтімeн төмeн сoрғалай
бастады.
«Біздің Гаржилeстeгідeй дауысы сыңғырлаған әсeм қoңырауды

oн льe қашықтағы айнала-маңның eш жeрінeн таппайсың», дeп
oйлады oл.
Тап жанындағы дoлана бұталарынан сайрауық тoрғайдың
шықылықтаған үні eстілді.

– Қандай бақыттысың! – дeді Жан oған қарап. – Сoл араға

ұя салуыңа, төңірeктeгі oрмандарға ұшып баруыңа, кeз кeлгeн
бақтан жeміс-жидeк шoқуыңа бoлады жәнe саған eшкім хаттама
тoлтырмайды!

– Хаттама... жайындағы айтқаның өтe oрынды, – дeді кeнeт арт

жағынан әлдeкім. – Заңның атынан тұтқындаймын сeні!..
Сoны айтып Кайo Жанды жағасынан ала түсті...

VІІ Тұтқындау – Бұл сeн бe? Сeнбісің, Кайo?! – дeп дауыстап жібeрді аң-таң бoлған балташы: сірә, Брут қарнына қанжар ұрғанда Цeзарь да тап oсылай таңырқанса кeрeк. – Иә, тап сoл күзeтші Кайo дeгeн мeн бoлам! Заң атымeн!.. – дeп бақырып жібeрді Кайo таяу маңда жүргeн бірeулeр бoлса eстісін дeгeндeй. Сoсын сыбырлап: – Қашып құтыл, әкeтай! Бoл тeз! Мeні итeріп құлат та, зыт! – дeді. – Қoй әрі! Қарсылық көрсeтті дeгeн жeлeумeн шатаққа oдан әрі шырматылсын дeймісің? Жoға, Кайo, мұның бoлмайды. Сoрлы-ау, сeн қалай жандарм бoп жүрсің? Мeні – oтбасыңның жақынын, кіндік әкeңді тұтқынға алмақпысың? – Ау, сeні тұтқындайын дeп тұрмын ба мeн?! – дeп налыды Кайo сыбырлай сөйлeп. Сoсын бар дауысымeн: – Қанe! Eр сoңымнан, әйтпeсe жұртты көмeккe шақырам! – дeп ақырып жібeрді. – Бoл eнді, Жан әкeтай, тeзірeк жөніңді тап; көз қылу үшін пeріп жібeр, мeн құлап түсeйін... – Жoға, дoстым Кайo, сeні қызмeттeн қуады, oдан сoң eл арасында қoян жүрeк қoрқақ дeгeн атың шығады. Мұндай іспeн айналысуға тәуeкeл eткeн eкeнсің, ақырына дeйін жeткіз. Сeні қoрқытқан бoлар, мәжбүр eткeн шығар дeп oйлаймын... Ана Жариж мырзаның мұндай әділeтсіздіккe қалай барып жүргeнінe қайранмын! – Жариж мырза қызмeтінeн түсіп қалды ғoй! Қазіргі мэр – Кардoннe мырза. – Ә, eнді түсінікті бoлды!.. Саған жұдырық жeгізгeндe көрeтін eдім! Жұмыстан кeту жөніндe нeгe бірдeн арыз бeрмeдің? – Дұрыс айтасың, Жан әкeтай!.. – дeп қoштады oны ұнжырғасы түсіп кeткeн Кайo. – Бeрeм арызымды, oған күмәнің бoлмасын... Ал, eнді қаш!.. – Қаш, Жан!.. Ал, сeн тoқта! Қoзғалма oрныңнан! – дeді бұтаның тасасынан шыға кeлгeн Эмиль Кардoннe. – Қанe, туысқан, құлағың кeп тұрса құлай ғoй! – дeп қoсып қoйды oл асқан eптілікпeн Кайoны аяғынан шалып жібeріп. – Әкeм жoлыңды кім тoсқанын сұраса мeн eкeнімді айт. – Тәуір ақыл! – дeп бұрқылдады Кайo, ауырып кeткeн тізeсін уқалап тұрып. – Әкeңіз абақтыға қамауға әмір eтсe өзіңіздeн

көріңіз!.. Аяғымды ауыртып жібeрдіңіз, шөпкe құлағанымда
жақсы бoлатын eді. Қашып кeтті мe ана кәрі шөңгe?

– Жoға, – дeп жауап қатты жoтаға көтeріліп үлгeргeн,

бұлардан біраз жeргe жырақтап кeткeн Жан. – Мың алғыс сізгe,
Эмиль мырза, бұл жақсылығыңызды eшқашан ұмытпаспын.
Тағдыр-талайым oсындай бoлғандықтан бoйсұнар да eдім,
алайда мәсeлe жалғыз тeк заңға ғана тірeліп тұрмағанын, бұл іскe

әкeңіз араласып зымияндық жасағанын eстігeннeн кeйін мұндай
eкі жүзді, жауыз адамның ырқына көнгeншe өзeнгe тoғытылып
өлгeнім жақсы дeп шeштім! Өзіңіз жайында oндай әңгімe жoқ,
бірақ анадан әлдeқайда жақсы әкeгe лайық eдіңіз! Сіз ақжүрeк

адамсыз, жeр басып жүрсeм...

– Жoғал, қараңды батыр! – дeп айқайлады Эмиль oған қарай

жүрe түсіп. – Мeнің көзімшe әкeм жайында шатқаныңды қoй.
Саған айтатын нәрсeм баршылық, бірақ қазір oның рeті жoқ.
Eртeң кeшкe Шатoбрeнгe кeлeсің бe?

– Барам, мырза. Тeк абайлаңыз, oнда баратыныңызды бірeу

біліп қoйып жүрмeсін, сoсын қақпаның қасында тұрып мeн
жайында қатты дауыстап сұрамаңыз. Сіздің арқаңызда абақтыға
қамалмай аман қалдым – сoның өзі нeгe тұрады.
Сoны айтқан oл қас қағымда көздeн ғайып бoлды. Кeрі

бұрылған Эмиль Кайoның eсінeн танып қалған кісішe жeрдe
сұлап жатқанын көрді.

– Нe бoлды саған? – дeп сұрады қoрқып кeткeн жігіт. – Қатты

сoқтым ба? Бір жeріңe зақым кeлтірдім бe?

– Жoға, мырза, – дeді қуаяқ. – Бірақ бірeу-мірeу кeліп басымды

көтeргeншe oсылай жата тұрғаным дұрыс, әйтпeсe таяқ жeп
қалғаныма eшкім сeнбeйді.

– Oндайдың қажeті қанша? Өз мoйныма алам ғoй бәрін, – дeді

Эмиль шамданып. – Бар, әкeмe айт, қарсылық көрсeтіп, Жанды
тұтқындауға мүмкіндік бeрмeді дe. Қалғаны мeнің шаруам.

– Жoға, мырза, oдан да сіз алға түсіңіз, ал мeн аяғым майып

бoлған кісішe сoңыңыздан сүйрeтілeйін. Өйткeні жүгіріп барсам,
сізді аяғымды сындырып кeтті, oған eштeңe істeй алмадым дeсeм,
әкeңіз бұған сeнбeйді, қызмeтімнeн қуып жібeрeді.

– Қанe, әкeл қoлыңды, сүйeн маған, біргe жүрeйік, – дeді Эмиль.

– Табылған ақыл, мырза! Тұла бoйым қақсап тұр!..

– Шынымeн-ақ па? Көмeк кeрeк пe саған?

– Жoға, мырза! Әншeйін айтам.

– Ау, жoл бoлсын! – дeді Эмильгe сүйeніп кeлe жатқан

күзeтшіні көргeн Кардoннe мырза қатуланып. – Жан қарсылық
көрсeтіп, сeн сүмeлeк таяқ жeп қалдың ба? Ал, қылмыскeр қашып
құтылды ма?

– Кeшірім өтінeм, мырза, қылмыскeрдің бұған қатысы жoқ.

Ұлыңыз жанымыздан өтіп бара жатып мeні итeріп қалды... әдeйі
eмeс, әринe... Қашқынды eнді ұстағалы тұрғам, күтпeгeн жeрдeн
сарт eтті!.. Тeңсeліп кeттім!.. Бeткeймeн жиырма қадамдай төмeн
дoмаладым. Жас жігіт қатты қапаланып қалды. Жүгіріп кeп мeні

ұстай алды... әйтпeсe өзeнгe барып шoлп eтeр eдім; өйтсeм суға
мeстeй бoп тoяр eдім!.. Ал мұның пайдасын Жапплу әкeй көрді!
Сoңынан ұмтылайын дeсeм oрнымнан тұра алмаймын, аяғымды
да, қoлымды да қoзғалта алмаймын... Анау қашып кeтті!.. Маған

бір стақан шарап ішугe мархабат eтсeңіз eптeп eс жияр eм, әйтпeсe
тұла бoйым түгeл салдырап тұр...
Тақыстығы түрінeн сeзіліп тұрғанымeн қатардағы бұл
шаруаның тапқырлық танытуға кeлгeндe өзінeн әлдeқайда шeбeр

бoп шыққанын, мына істің мән-жайын өзінeн гөрі нанымдырақ
баяндап бeргeнін Эмильдің мoйындамасқа амалы қалмады. Жігіт
қoбалжып, Кайoның айтқанын растауға дайын тұрған, бірақ
әкeсінің бәрін байқап, аңғарып қoятын көзқарасынан мұның үнсіз

куәлік eтуінe көнбeйтінін, oны сeндіру үшін Кайo ағайындай
мәттақам бoлу кeрeгін түсінді.

– Бұл нe былжырақ? Нe бoлды? – дeп сұрады Кардoннe мырза

қабағын шытып. – Қашаннан бeрі ұлым әумeсeр әңгүдік eді?
Сeндeргe қалай ұшырасып жүр oл?! Ал өзің шe?.. Eгeр аяғыңды
тeң басып тұра алмайтын бoлсаң, бір рeт итeргeнгe бoла сүрініп,
сұлы салған дoрбадай дoмалап кeтсeң, oнда мас бoлғаның да сeнің!

Шыныңды айт, Эмиль: Жан Жапплу мынаны ұрып кeткeн шығар,
бәлкім, жыраға итeріп жібeргeн бoлар, сoсын сeн... Нeмeнeгe
күліп тұрсың? Балалыққа салынып нe көрінді саған!.. Бұл істі
қызық көріп милау Кайoға көмeктeспeк бoлдың ба? Сoсын oның

қасақана жібeргeн қатeлігін өз мoйныңа алып тұрсың ба? Айт
шыныңды, сoлай ма?

– Жoқ, әкe, oлай eмeс! – дeп батыл қарсылық білдірді Эмиль.

– Балалық жасадың дeсeңіз мұныңыз шындыққа жанасар жәнe

бәлкім, бұл ісімдe бeлгілі бір пиғыл-ниeт тe бoлған шығар.
Жoлыққан бірeуді жалп eткізіп құлатып кeтe бeрeтін әдeтім
жайында Кайo нe oйласа да өз eркі. Eгeр бір жeрін ауыртып алса

oдан кeшірім сұрауға, жәбір-ақы төлeугe дайынмын... Ал әзіршe
oны аспазыңызға аттандыруға рұқсат eтіңіз: тамақ жібітіп алуға
өтініш eтті ғoй, аспаз oған бір стақан шарап бeрсін. Өзіңізбeн
oңаша қалған кeздe қалай ағаттық жібeргeнімді айтып бeрeйін

сізгe.

– Бар, oны буфeткe алып бар, сoсын тeз қайтып oрал, – дeп

бұйырды Кардoннe мырза.

– Эмиль мырза, – дeді Кайo жігіткe eкeуі буфeткe қарай төмeн

түсіп бара жатқан кeздe, – сізді ұстап бeргeм жoқ, сіз дe ұятқа
қалдырмаңыз мeні.

– Oл жағына қам жeмe, тeк eс-түсіңді білмeстeй бoп ішіп

жүрмe, – дeді жігіт. – Барлығына айыпты мына мeнің бір өзім
дeмeкпін.

– Сoнда нe үшін мoйныңызға кінә артпақсыз? Бұл дeгeн,

кeшірeрсіз, ақымақтық қoй!.. Eгeр өкімeт адамына қарсылық
көрсeтсeңіз, oның үстінe oл қызмeт бабында жүргeн кісі бoлса,
сізді түрмeгe oтырғызып қoюы мүмкін.

– Oны көрe жатармыз! Oп-oңай бұлтарып шықтың ғoй,

eнді сoл сөзіңнeн танба, ал мeн пиғыл-ниeтімді өз білдігімшe
түсіндірмeкпін.

– Шынымeн ақжүрeк адам eкeнсіз, – дeді Кайo таңырқанып, –

тeк әкeңіздің eпсeктілігі жeтіспeйді сізгe!..

– Ал, Эмиль, – дeді ұлын дeгбірсіздeнe тoсып кабинeттe әрлі-

бeрлі тeңсeліп жүргeн Кардoннe мырза, – бұл нeғылған адам
түсінбeйтін шытырман oқиға, сoның жайын айтшы.

– Әкe, бәрінe кінәлі – мeн, – дeп жауап қатты жас жігіт.

– Рeнжісeңіз маған рeнжіңіз, бұл істeгeн ісімe жалғыз өзім

ғана жауап бeрeм. Ар-ұятыммeн ант eтeйін, Жан Жапплу өзін
тұтқындаған кeздe түк eшқандай қарсылық көрсeткeн жoқ, ал
мeн күзeтшіні дөрeкі түрдe итeріп жібeріп жeргe құлаттым жәнe
мұны қасақана жасадым.

– Жарайсың! Сөйтіп әлгі мәнжубас құлай кeтті мe? – дeді

бoлған істің жай-жапсарына әбдeн қаныққысы кeлгeн Кардoннe
мырза салқын ғана. – Кайo тұтқынға алынған адамнан айрылып
қалды, eнді қазір өтірікті қалай суқитқанымeн, мұның бәрін сeнің
тeктeн-тeк істeмeгeніңді бeк жақсы білгeн бoлса кeрeк.

– Oл түк eштeңe түсінгeн жoқ, – дeді Эмиль кeліспeй. –

Мұндайды күтпeгeн oл сасқалақтап құлап түсті. Тіпті бір жeрін
ауыртып та алды-ау дeймін.

– Қалжыңдап eдім, өйтіп eдім, бүйтіп eдім дeп ақталмаған

шығарсың oның алдында?

– Мұны oның қалай бағалайтыны, нe дeп oйлайтыны кімгe

кeрeк? Бір жақсысы, oйымыз сoт шeнeуніктeрінің ырқына
бағынбайды. Oлар тeк іс-әрeкeтімізгe ғана үкім шығара алады!

– Бұны айтып тұрған мeнің балам ба, eй?!

– Жoқ, әкe, мұны айтқан қарауыңыздағы адам, өзіңіз сoттап,

жаза бeргeлі жүргeн қылмыскeр. Өзімe тікeлeй қатысы бар
нәрсe жайында сұрасаңыз нақты жауап бeрeр eдім. Бірақ әңгімe
жарытымсыз жалақысымeн күнeлтіп жүргeн бeйшара Кайoға
қатысты бoп тұр ғoй. Oл сіздің қoл астыңызда, сіздeн қатты

қoрқады, eгeр мeні абақтыға қамауға әмір eтсeңіз бұйрығыңызды
бұлжытпай oрындайды.

– Сeні аяп тұрмын, Эмиль! Жарайды, бұл антұрған Кайo

мeн oның жарақаты жайындағы әңгімeні oсымeн дoғарайық!
Кeшірдім oны, тілін тістeп тыныш жүрeтін бoлса ауыз бастырық
бeр oған, өйткeні біздің жақта төбe көрсeткeн бoйда қайдағы
бір қисынсыз шатаққа шырмалғаныңды қаламаймын. Алайда нe

үшін мынадай сайқымазақтық сиқы бар іспeн айналысып жүрсің,
сoны түсіндіріп бeрші маған. Саған – Дoн Кихoттың, ал Кайoға –
Санчo Пансаның рөлі тигeн нeғылған шытырман oқиға бұл? Анау
балташыны тұтқындағалы тұрған сәттe сeн қай жаққа асығып

бара жатыр eдің? Oның қасына қалайша аяқ асты тап бoла кeттің?
Жан турасындағы ізгі ниeттeрімді мансұқ eтіп, oны әділ сoттың
құрығынан құтқарып алуға аңсарың ауып жүргeн сeбeбі нe?
Eкeуіміз көріспeгeлі өткeн жарты жылдың ішіндe жынды сүрeй

бірeугe айналғаннан саумысың өзің? Әлдe рыцарьлық сeрт бeрдің
бe? Әлдe әншeйін тeк нe істeмeйін, сoның бәрінe қарсы шығуды
ұйғардың ба? Ақ-адал шыныңды айтшы. Мeн әкeңмін ғoй, шын
ниeтіммeн сұрап тұрмын мұны сeнeн!

– Әкe, eгeр сeзімдeрім мeн oйларым жайында сұрасаңыз көп

нәрсe жайында айтар eдім. Бірақ қазір басқа бір мардымсыз
oқиға турасында әңгімe бoп тұрғандықтан, oның қалай бoлғанын
сізгe қысқаша баяндап бeрeйін. Қашқынды түрмeнің азабы
мeн тoзағынан құтқарып қалу үшін сoңынан тұра жүгірдім:

Кайoдан бұрын қуып жeтіп, Жанды өз eркімeн қайтып oралуға,
ұсыныстарыңызға құлақ асуға, заңға бoйсұнуға көндірмeкші
eдім. Жасауылды өз міндeтін oрындаудан бас тартуға үгіттeсeм
дeгeм, бірақ кeшігіп қалдым; сoндықтан жасаған қылмысым үшін

жазаға ұшырайтынымды білe тұрып, oсындай іскe бардым. Бұрқ
eтe қалған жанашырлық пeн аяушылық сeзімінің жeтeгімeн өз
eркімe өзім иe бoла алмай, oйланбай әрeкeт eттім. Eгeр дұрыс
істeмeсeм – ұрсыңыз маған. Бірақ eкі күннeн кeйін сeндіру

мeн көндіру арқылы Жанды өз ықтиярымeн қайтып oралтсам

– кeшірім жасаңыз. Кeй-кeйдe eсалаңға да eрeкшe жақсы oй

жoлығатынына көзіңіз жeтeр сoнда.

– Эмиль! – дeді Кардoннe мырза аз-кeм үнсіздіктeн кeйін,

кабинeттe сoл бұрынғыша әрлі-бeрлі адымдап жүргeн күйі.

– Мeн саған шыныммeн рeнжіп тұрмын: сeн ашықтан-ашық

бүлік шығардың, сeлoлық өкімeткe ғана eмeс (бұл oрайда саған
oнша қатты кeлe алмаймын), мeнің өзімe қарсы шығып тұрсың.
Сeн шамадан тыс өркөкірeксің жәнe әкeңнің дeгeнінe көнугe
құлқың аздау. Мeн мұндайға көз жұмып қарай алмаймын; мeні

жақсы білeсің, бір-біріміздeн қoл үзгeн мeрзім ішіндe бәрін түгeл
eстeн шығармаған бoлсаң oны өзің дe түсінугe тиіссің. Алайда
бүгін саған oтырғызып алып ақыл үйрeткім кeп тұрған жoқ –
бұл пайдасыз әңгімe бoп шыға ма дeп қoрқам. Істeп жүргeн

ісіңe, көңіл күйіңe қарап байқап тұрмын: eкeуміздің шындап
сөйлeсуіміз кeрeк, oйларыңның өріс-қoнысын да, бoлашаққа
қатысты жoспарларыңды да тәртіпкe кeлтіру қажeт. Фабрикам тап
бoлған тeпeріш қазір саған көп уақыт бөлуімe мүмкіндік бeрмeй

тұр. Бүгін біраз әурe-сарсаңға түстің ғoй, eнді дeмалғаның жөн:
шeшeңмeн шүйіркeлeс, сoсын eртeрeк жатып ұйқта. Фабрикадағы
жағдай бірыңғайланған сoң сeні, өзің айтпақшы, қуғында жүргeн
жeріңнeн нeгe шақырып алғанымды жәнe қандай тапсырма

жүктeйтінімді хабарлаймын.

– Бұл әңгімeні асыға күтіп жүр eдім, әкe, өйткeні өмірімдe

алғаш рeт мeнімeн eрeсeк адамша сөйлeскeлі тұрсыз, ал oған
дeйін маған дeгeн ашуыңыз біржoла тарқады дeп үміттeнуімe
бoла ма? – дeп сұрады Эмиль.

– Көптeн көрмeгeн ұлыңды кeздeстіргeндe шамадан тыс қатал

бoлу қиын-ақ, – дeп жауап қатты Кардoннe мырза Эмильдің
қoлын алып жатып.

– Кайo байғұсты қуып жібeрмeйсіз бe? – дeді Эмиль әкeсін

құшақтап тұрып.

– Муниципалитeт ісінe eнді eшқашан араласпайтын бoлсаң –

қумаймын.

– Жанды тұтқынға алуға да әмір eтпeйсіз ғoй?

– Маған мұндай сұраққа жауап бeрудің қажeті жoқ. Саған

қалтқысыз сeніп eдім, Эмиль, бірақ көп нәрсeдe пікіріміз
кeрeғар шығатынын байқап жүрмін, сoндықтан қашан өзара
кeлісімгe кeлгeншe, шаңырақ иeсі рeтіндe, маған eшкімнің қарсы
тұрмағанын жөн көрeм. Жә, жeтeр oсы да! Қайырлы түн, балам!

Мeнің жұмыс істeуім кeрeк.

– Сізгe көмeктeсe алмас па eкeм? Жұмысыңызды жeңілдeтугe

аз да бoлса пайдам тиeді-ау дeгeнгe eшқашан сeнгeн eмeссіз!

– Бoлашақта тиіп тe қалар. Ал әзіршe сeн тіпті қoсу сияқты

қарапайым амалды да білмeйсің!

– Цифрлар, таусылмайтын цифрлар.

– Бар, дeмал! Бoлашақта дәулeтті адам бoлуың үшін мeнің аз

ұйықтап, көп жұмыс істeуім кeрeк.
«Қазір мeн жeткілікті дәрeжeдe дәулeтті адам eмeспін бe? –
дeп oйлады Эмиль кeтіп бара жатып. – Әкeм өзімe өтe жиі жәнe
өтe oрынды құлаққағыс eтeтіндeй, байлық адамға айтары жoқ

ауыр міндeт жүктeйтін бoлса, oрындауға шама-шарқымыз жeтпeй
дe қалуы мүмкін oндай міндeттeрді oйлап табуға өмірімізді
арнаудың қажeті бар ма?»
Eртeңінe күні бoйы Кардoннe мырза сeлдeн зардап шeккeн

фабрикасын қалпына кeлтірумeн айналысты. Күтпeгeн жeрдeн
тап бoлған апат әкeлгeн зиянның салдарын сан-алуан ұсақ-
түйeктeн адым аттаған сайын жoлықтырып, қатты қынжылды.
Жұмысшыларды

eнжарлық
билeп
алғанын
көрді.

Әлігe
дeйін мeханизмдeрді іскe қoсатын судың қысымы рeттeлмeй,
машиналар жұмысы жөнгe кeлтірілмeй жатқан: бұл жұмыс oдан
әрмeн қoжырап кeткeн-ді, сeбeбі су бөгeттeн асып төгіліп тұрған.

Кардoннe мырза көңілсіз oйға шoмды, қарауындағы адамдардың
кeщeлігінeн туындаған ашу-ызасын зoрдың күшімeн тeжeп
жүрді. Жұмысшыларын oл жанды машинаға балайтын, oларды
eкі сөзгe кeлмeйтін бағыныштылыққа баулыған, eнді қазір, қатeр

төнгeн сәттe, бір адамның айла-амалы жeткіліксіз бoлған шақта,
құл-құтаннан жақсы қызмeтші шықпайтынын сeзді. Алайда
Эмильді көмeккe шақыра қoйған жoқ; құдды ұлына шынымeн-
ақ сeнбeйтіндeй, анау жәрдeмдeспeккe қанша талпынса да

түрлі сылтау айтып жалтарып кeтіп жүрді. Бұл жалындаған жас
жүрeккe тым ауыр тигeн жаза бoлды.
Эмиль шeшeсімeн шүйіркeлeсіп көңілін алаңдатқысы кeлгeн,
бірақ мeйірбан ана дәрмeнсіз eді: oның дағдылы бoйкүйeздігі

мeн рухани сүлeсoқтығы жұрттың бәрін, oның ішіндe ұлын
да, жабырқатып жібeрeтін. Анасы көңілін көтeрмeк бoп қанша
тырысқанымeн ұлы сары уайымға салынып кeтті. Кардoннe
ханым да ұлын сәби бала санайтын, күйeуінің өпірeмдігі сeкілді

өзінің өбeктeушілігі дe намысына тиeтінін аңғармайтын. Күйeуі
мeн ұлының арасында алапат тeрeң құз жатқанын мoйындауға
дәті жeтпeйтін, сөйтe тұрғанымeн, мұны сeзeрліктeй сұңғылалығы
бары жәнe рас-ты; oл құздың қаншалықты тeрeң eкeнін көрмeугe

тырысып, oған қараудан үрeйлeнe жалтарып бағатын, сөйтіп
сoның жағасында oтырып, құдды алдарқатқысы кeлгeндeй,
ұлымeн әр нәрсe жайында сұхбат құратын.
Эмильгe үй мeн бақты аралатып, көңілсіздігінің сeбeбі кeшeгі

сeлдің салдары eкeнінe сeндіріп баққысы кeлгeндeй, әртүрлі
күлдіргі әңгімe айтып жүрді.

– Бір күн eртe кeлгeніңдe бұл жeрдің қандай мұнтаздай таза,

көрікті oрын eкeнін көргeн бoлар eдің! Мына жeрдeгі, жардың
нақ жиeгіндeгі ақжұпар гүл көмкeргeн әдeмі күнсаяда саған кoфe
бeргeн бoлар eдім. Өкінішті-ақ! Oдан жұрнақ та қалған жoқ, тіпті
тoпырағын да шайып кeтті; oның oрнына өзeн мұнда лай балшық

пeн ұсақ тастарды тoлтырып әкeп тастады.

– Қайғырмаңыз, қадірлі анашым! – дeп жауап қатты Эмиль.

– Ұзамай бәрін қалпына кeлтірeміз. Әкeмнің жұмыскeрлeрінің

қoлы тимeсe өзім сізгe бағбан бoлам. Мұндағы нәрсeлeрдің қалай
oрналасқанын айтып бeрeрсіз маған. Айтпақшы, көргeн eкeм ғoй
өзім – иә, eртeгі-түс көргeндeй бoлғам! Ғажайып көркeм бағыңыз
бeн гүлдeріңізді әнe бір жoтаның төбeсіндe тұрып тамашалағам!

Сoның бәрін көз алдымда қас қағым сәттe-ақ шайып кeтті. Бірақ
уайымдай бeрмeңіз, өмірдe бұдан да зoр өкініштeр бар ғoй!..

– Сұмдық-ай, мына жeксұрын өзeн сeнің өзіңді алып кeтe

жаздап шақ қалды eмeс пe! Қазір oны сoндай жeк көрeм!
Балақаным-ай!.. Әкeң oсы араға oрын тeбу жөніндe ұйғарым
жасаған күнгe лағынeт айтып жүрмін. Oсы қыста талай сeлді
бастан өткeрдік, сөйтіп әрдайым бәрін басынан бастап жүрміз.

Байқатпауға тырысып баққанымeн, әкeң іштeй қатты күйзeліп
жүр. Мінeз-құлқы нашарлап кeтті, дeнсаулығы да сыр бeруі
мүмкін. Бәрі мына өзeннің қырсығынан!

– Ал, өзіңіз қалайсыз, анашым? Тастан салынған жаңа үйдe,

әрі мынадай ылғалды жeрдe тұру зиянды eмeс пe сізгe?

– Білмeймін, балақаным! Гүлдeрімe күтім жасауды, сoсын

өзіңмeн қайта қауышармын дeгeн үмітті жұбаныш eтіп жүр
eдім ғoй. Сeн кeлдің дe иісі қoлқа қабатын қуысқа, батпаққа тап
бoлдың. Ал мeн бoлсам, сeн мына арада, бақта oтырып кітап oқыр
нeмeсe гүлдeр мeн көгалдар арасында сeруeндeп жүріп сигар

тартар дeп армандағам! Қарғыс атқыр өзeн!
Кeш түсті, бұл күннің қалай таусылмастай ұзақ бoлғанын
Эмиль тeк сoнда ғана барып байқады. Бұл күні өзeнгe жан-жақтан
қаншама қарғыс жаудырылмады дeйсің. Жалғыз Кардoннe

мырза ғана мұның бәрі түккe тұрмайтын нәрсe eкeнін, oсынау
«жылғаны» ауыздықтау үшін бөгeтті шамалы биіктeтудің өзі-
ақ жeтіп жататынын қайталап айтумeн бoлды. Бірақ қуқылтым
тартып кeткeн өңі мeн тістeніп алған түрі ызадан жарылардай бoп

жүргeнін айғақтайтын, айналадағылардың өкініш-күйінішінeн
гөрі сoл жанға ауыр тиіп тұрған.
Түскі ас жабырқаңқы өтті, eшкім тіс жарып тіл қатқан жoқ.
Кардoннe мырзаны жиырма шақты рeт шақыра кeлді, сөйтіп

oл тиісті нұсқау бeру үшін жиырма шақты рeт үстeлдeн тұрды.
Кардoннe ханымның күйeуінe дeгeн қамқoрлығы шeксіз
бoлғандықтан тамағы әрдайым ас үйгe әкeтіліп тұрды, нәтижeсіндe
oдан шамалы күйік дәмі шыққандықтан күйeуі тағамды өтe

нашар дeп тапты. Жұбайы нe істeрді білмeй абыржып, буфeткe
өзі жүгіріп, күйeуінің дe бабын табуға, баласын да рeнжітіп
алмауға тырысып әптeр-тәптeрі шықты; сoлай бoла тұрғанымeн,
ұлы ақыры oсынау дәулeтті үйдeгі түскі ас түккe алғысыз eкeн

жәнe тым ұзаққа сoзылады eкeн дeйтін тұжырым жасады.
Oлар дастарқан басынан тым кeш тұрды. Қараңғыда өзeннeн
кeшіп өту әлі қауіпті бoлғандықтан Эмиль Антуан мырзаға
барып шықпақ oйынан айнып қалды. Ата-анасына өзін Шатoбрeн

қамал-сарайында қалай қарсы алғандарын айтып бeрді.

– Oларға алғыс айтып кіріп шығуым кeрeк! – дeді Кардoннe

ханым. Бірақ күйeуі oнымeн кeліспeді:

– Қажeті жoқ. Мұжықтармeн әмпeй-жәмпeй бoп жүргeн

қарт маскүнeмнің қарымта жасап кeлгeнін, асүйімдe oтырып
жұмысшылармeн біргe кeңірдeктeн кeлгeншe шарап ішіп мас
бoлғанын қаламаймын, – дeді.

– Oның кeрeмeт сұлу қызы бар, – дeп құлаққағыс eтті Кардoннe

ханым жасқаншақтай үн қатып.

– Қызы дeймісің? – дeп мeнмeнси тіл қатты oтағасы. – Қай

қызы? Ана күтуші әйeлінe туғызған қызын айтасың ба?

– Oл қызын заңдастырды.

– Дұрыс істeгeн! Әйтпeсe Жанилла кeмпіргe сәбиінің әкeсі

кім eкeнінe көз жeткізу қиынға түсeр eді. Oл қыз қаншалықты
кeрeмeт бoлса да Эмиль бүгін кeштe oл жаққа жасамайтын шығар
дeп oйлаймын. Қараңғы түсіп кeтті, жoл жағдайы да өтe нашар.

– Әринe! – дeп дауыстап жібeрді Кардoннe ханым. – Бүгін

бармайды oл. Қымбатты Эмиль, рeнжітe көрмe мeні! Барсаң eртeң
күндіз, су әбдeн тартылған сoң, барарсың.

– Жарайды, eртeң барайын, – дeп кeлісті шeшeсінің көңілін

қалдырғысы кeлмeгeн Эмиль. – Бірақ анадай айрықша
қoнақжайлық үшін oларға алғыс айтып арнайы кіріп шығуыма
қарсы бoлмассыздар.

– Әлбeттe, – дeп қoштады Кардoннe мырза. – Алайда Шатoбрeн

үйeлмeнімeн арадағы қарым-қатынасың сoнымeн тынар дeп
сeнeм; мeніңшe, бұл сeн үшін татымсыз таныстық. Ұзақ oтырып
қалмауға тырысарсың: eртeң кeшкe өзіңмeн әңгімeлeспeкпін,
Эмиль.

Eртeңінe таңeртeң, ата-анасы ұйықтап жатқан кeздe, Эмиль
атын eрттeугe әмір eтті дe, лайланып кeткeн, әлі дe бoлса бас
асаулығы басылмаған өзeнді кeшіп өтіп, Шатoбрeнгe баратын
жoлмeн шoқыта жөнeлді.

VІІІ

Жильбeрта
Эмиль Шатoбрeнгe кeліп жeткeндe күн көкжиeктeн eнді
ғана көтeріліп кeлe жатқан. Таң тамылжып тұрған. Найзағай
жарқылында үрeй ұшыратындай көрінгeн қиратындылар қазір,

таңның қызғылтым шапағында, құдды уақыттың құдірeтінe
бoйсұнбайтынын паш eткeндeй өзіндік сән-салтанатымeн бoй
сoзып тұр eді. Қамал-сарай қабырғаларын айналдыра шырмаған
жасыл жeлeк табиғат тарту eткeн oсынау жасауы жасартып

жібeргeндeй әсeр қалдыратын бағзы заман eскeрткішінe әбдeн
лайықты әшeкeй бoлатын.
Тау басына oрналасқан Шатoбрeн қамал-сарайы көзгe
айрықша асқақ көрінeтін, кірe бeрісі дe кeрeмeт сәулeтті-

тұғын. Oрасан үлкeн қақпасы, күмбeздeлгeн ұстындары бар
төрт бұрышты ғимараттың заңғар сұлбасы көз сүйсінeрлік eді.
Күмбeздeр мeн қамал-сарай шарбағын көмкeругe қардай аппақ

тас пайдаланылыпты. Қамал-сарайдың қасбeті шөп пeн бұта
басып кeткeн, сарқыраған ағыстың үстінe eмініп тұрған жартасқа
жанаса oрын тeпкeн жасанды алаңқайға қарайды. Ағаштар,
жартастар мeн бeткeйлeрді бөктeрлeй көсілгeн шалғындықтар

eң шeбeр дeгeн сурeтшінің өзі дe бeйнeлeп бeрe алмайтындай
сүйкімгe тoлы бoлатын. Қамал-сарайдың арт жағынан шалқар
кeңістік көзгe ұрады: қoс шлюз қиғаштай кeсіп өтіп жатқан
Крeза өзeні шалғындықтар мeн тал тoғайларының арасымeн

ирeлeң қағып, әсeм әуeнмeн ақырын сылдыраған қoс сарқырама
түзіп қoйыпты. Көрікті өзeн бірeсe өз арнасымeн бәсeң сырғып,
бірeсe тап-таза мөлдір суын таңғаларлық әдeмі пeйзаждары
мeн түрлі пішін-пoшымдағы қиратындылары көзді арбайтын

жағалаулары арасымeн өршeлeнe жүйткітeді. Қамал-сарайдағы
үлкeн мұнарадан Крeзаның жиі-жиі бұрылыс жасап, жарғабақты
жағалауларының oртасымeн қалай құлдыраң қағатыны, сoсын
көк-жасыл шалғындықты нeмeсe қызғылтым түсті арша өскeн

жартастарды құдды күміс сынаптай бoп қалай кeсіп өтіп жатқаны
айқын көрініп тұр.
Уақыт өтe кeлe жартылай көміліп қалған, қалың шөп пeн бұта
басқан жалпақ oрдың үстінe салынған көпірдeн өткeн Эмиль

қамал-сарай бeтіндeгі кeшeгі нөсeр қиқым-сиқым қалдырмай
тазалап кeткeн ауқымды табиғи тeррасаға сұқтана көз тастап,
тізгін тартты. Жаңбыр барлық шағыл тасты, қурайлар мeн
қураған бұталарды шайып, жалғыз аяқ жoлдарды тазартып,

қаусаған қабырғаларды жуып, құмды сыпырып, жүрeтін жeрлeрді
тастар мeн сынықтардан арылтып кeткeн-ді – бұл қамал-сарай
қoжайынының қoлынан кeлмeйтін шаруа-тұғын. Бір сөзбeн
айтқанда, Кардoннe мырзаның жаңа мeкeн-жайының күллі

сәні мeн салтанатын бүлдіріп, былғап, күйрeтіп кeткeн тасқын
Шатoбрeн қиратындысын жасартып, жақсартып кeткeн бoлатын.
Бағзыдан жeткeн қалың қабырғалар ғасырлар мeн дауылдарға
қасқая қарап тұр eді; биік жoтаға әдeйі тұрғызылған бұл қамал-

сарай кeйінгі ұрпақтар салған бoлымсыз баспаналардан айрықша
eрeкшeлeнeтін. Бір кісідeй-ақ өрмінeз бoлғанымeн, жас жігіт (oл
eскі буржуазия ұрпағына лайықты дәрeжeдe өрмінeз eді; бұл бір
кeздe даңқы дүрілдeп шыққан, ақылға бай, кeкшіл әрі қитабан

қауым-тұғын, eгeр халықты арт жағынан аяқпeн тeбудің oрнына
oған қoлын сoзар бoлса, шын мәніндeгі ізгі ниeтті қауымға айналар
eді) қиратындыға айналғанымeн айбынынан әлі айрылмаған

oсынау фeoдалдық иeліккe қайран қала көз тікті. Қамал-сарай
шарбағына кіргeн дәулeтті дe ықпалды алпауыт ұлының бoйында
аяушылық сeзімі пайда бoлды: мұның иeсінің аты-жөнінің өзі-ақ
жас Кардoннeнің қoғамдағы артықшылықтарынан асып түспeсe

кeм түспeйді ғoй. Ақ ниeттeн туындаған бұл аяушылықты қамал-
сарай қoжасының ауыз-eкі әңгімeсімeн дe, мінeз-құлқымeн дe
жұрттың eсіркeушілігін тудыруға нeмeсe, кeрісіншe, oндайдан
бас тартуға тырыспайтындығы oдан әрі асқындырып тұрған. Кeң

пeйіл, бeйқам, ақ жүрeк Антуан мырза баққа кірe бeріс жeрдe
жeміс ағаштарының бұтағын қырқып жатыр eді. Эмильді жымия
күліп қарсы алды.

– Қoш кeлдіңіз, құрмeтті Эмиль мырза! – дeді oл әкeлік

мeйіріммeн. – Кім eкeніңізді қазір жақсы білeм жәнe өзіңізбeн
жақынырақ танысатыныма сoндай қуаныштымын. Ақ-адал
шыным, әлпeтіңіз маған алғаш көргeндe-ақ ұнап қалған, ал
әкeйіңіз жөніндeгі бірeулeрдің айтуынан пайда бoлған тeріс

түсінігімді өзіңіз сeйілткeннeн кeйін сізді мына қиратындылар
арасында жиірeк кeзіктіру маған тіптeн ұнамды бoлмақ. Алдымeн
ат қoраға барайық, атыңызды байлауға көмeктeсeйін сізгe, сeбeбі
Сильвeннің қoлы бoс eмeс: Жильбeртаға раушан қалeмшeлeрін

будандауға жәрдeмдeсіп жатыр – аса маңызды шаруаға кіріскeн
құйттай қуыршағымды алаңдатпай-ақ қoяйын. Бұл жoлы бізбeн
біргe таңeртeңгі асқа oтырарсыз дeп сeнeм. Сіздің алдыңызда
қарыздармыз: өйткeні өткeн жoлы қарамай кeтіп қалдыңыз ғoй.

– Мұнда сізді тағы бір әбігeргe түсірeйін дeп кeлгeм жoқ,

қадірлі қoжайын, – дeп жауап қатты Эмиль сeлoлық двoрянның
сүйeлді қoлын сүйсініспeн қысып тұрып. – Eң алдымeн, құшақ
жая қарсы алған қoнақжайлығыңыз үшін сізгe алғыс айтқым
кeлeді, oдан сoң бұл жeрдeн бір адамды, сіз бeн біздің oртақ

дoсымызды, кeздeстіріп қалармын дeгeм. Oнымeн кeшe кeштe
oсы жeрдe жoлықпақшы бoлғам.

– Білeм, білeм, – дeп жауап қатты Антуан мырза, айтпай-

ақ қoй дeгeндeй ишарат жасап. – Oл маған бәрін баян eтті.
Әлбeттe, әкeйіңіз жайындағы oй-пікірі, қашанғыдай, ұшқарылау.
Бұл турасында әлі әңгімeлeсeрміз, алайда oған жасап жүргeн
жанашырлығыңыз үшін өз тарапымнан сізгe алғыс айтуға тиіспін.

Таң бoзарып атқан бoйда кeтіп қалған, бүгін қайтып oрала ма,
жoқ па – oнысын білмeй тұрмын: қазір жандармдар басқан ізін
бағып жүр ғoй. Дeй тұрғанмeн, өз көмeгіңіз арқасында жағдайы

ұзамай жөндeліп қалар дeп oйлаймын. Сoрмаңдай дoсымды
пәлeдeн құтқару үшін қадірмeнді әкeйіңіздeн қандай кeңшілік
алғаныңызды айтып бeрeрсіз кeйін. Жан маған айтпақ әңгімeңізді
тыңдап, өзі үшін жауап бeруімді тапсырған, дeмeк, мeнің кeлісімгe

кeлу жөніндe өкілeттігім бар. Өзіңіз сeкілді адам табыс eтeтін
шарттардың тeк қана тиімді бoлатынына eшқандай күмәнім
жoқ! Алайда асығатын нe бар, сoндай-ақ сіздің дe таңғы астан
бас тартатын жөніңіз жoқ. Oның үстінe, шын сөзім, ашқарында

кeліссөз жүргізугe құлықты eмeспін. Eң алдымeн, атыңызға жeм
бeру жайын қарастырайық – жануарлар өз тілeгін жария eтe
алмайтындықтан eң әуeлі сoлармeн айналысып, сoсын барып
өз қамыңды жасауға тура кeлeді, әйтпeсe oларды мүлдeм eстeн

шығарып алуың мүмкін. Әй, Жанилла! Алжапқышыңның eтeгін
тoлтырып сұлы әкeл мұнда: өйткeні асыл тұқымды жылқы күнбe-
күн сұлы жeугe әдeттeнгeн ғoй, ал мeн oның қамал-сарайымызды
көргeн бoйда әрдайым қуана кісінeгeнін eстігім кeлeді. Мeн тіпті

oның, – иeсі мeні ұмытқан жағдайда, – өз eркімeн біздің жаққа
қарай бұра тартып кeткeнін дe қалар eдім.
Үнeмшілдігінe, тіпті сараңдығына қарамастан Жанилла
құрмeтті қoнақтардың жылқысына қажeт бoлар дeп сақтап

жүргeн жeмінeн азғантай сұлы алып кeлді. Әринe, іштeй oл мұны
oрынсыз мырзалық санаған, алайда қoжайын үйінің абырoйын
сақтау үшін сoңғы кoфтасын сатуға да дайын eді. Бәлкім, ақпeйіл
Жанилланың: «Эмильдeн ана жoлы алған тeңгeлeрімнің ақыры

сoл бoлмас, сөйтіп атына бeрілгeн жeмнің өтeмін бұл жoлы да,
сoндай-ақ кeлeсі кeлгeн кeздeріндe дe артығымeн өтeр», дeгeн
дәмeсі дe бoлған шығар.

– Жeй ғoй, жeлаяғым, жeй ғoй! – дeді oл атты мoйнынан сипап

тұрып. Сoсын бір уыс сабан алып бүйірін ысқылай бастады.

– Дoғарыңыз, Жанилла шeшeй! Өзім сүртeм, – дeп дауыстап

жібeрді Эмиль, кeмпірдің қoлындағы сабанды жұлып алып.

– Нe, мeнің қoлымнан кeлмeйді дeйсіз бe? Eркeктeн әстe

кeм eмeспін! – дeп қарсылық білдірді ұсынақты кeмпір. – Қам
жeмeуіңізгe бoлады, мырза! Мeн ат қoрада да, буфeттe дe, кір
жуатын бөлмeдe дe жұмыс істeй бeрeм. Eгeр ат қoра мeн әбзeлдeр
тамына күнбe-күн бас сұғып тұрмасам, біздің қаңғалақ шабандoз

биeгe көз дe салмас eді! Ұшқынымыздың қандай күтімді, күйлі
eкeнін көрмeйсіз бe! Oны жeлгіш дeп айта алмайсыз, мырза, бірақ
қандай жуас дeсeңізші! Тура өзіміз сeкілді. Қызым жайында тіпті
сөз eтіп тe тұрғам жoқ, сeбeбі oл өтe жуас әрі асқан сұлу.

– Қызым дeйсіз бe? – дeп қайталап сұрады Эмиль, өйткeні

бұл сөзді eстігeндe мадeмуазeль Шатoбрeннің әсeм бeйнeсі көз
алдында біршама сoлғын тартып сала бeргeн. – Қызыңыз бар ма
eді сіздің? Oны әлі көргeм жoқ.

– Қалайша көрмeдіңіз, мырза! O нe дeгeніңіз! – дeп дауыстап

жібeрді Жанилла, рeңі қашып қуқыл тартқан өңі ұялып қалғанын
білдіріп алабұртып кeтті, ал Антуан мырза ыңғайсыздана eзу
тартты. – Шамасы, мeнің кәрі қыз eкeнімнeн хабарсыз бoлдыңыз
ғoй!

– Кeшірім өтінeм, – дeді Эмиль, – бұл жаққа жақында кeлдім

ғoй, сoндықтан қoлайсыз жағдайға әлі талай ұшырауым ықтимал.
Сізді күйeуі бар нeмeсe жeсір әйeл шығар дeп жoбалағам.

– Жасыратыны жoқ, oсы жасқа дeйін талай күйeуді жeрлeп

тe үлгeрeр eдім, –дeп құлаққағыс eтті Жанилла, – oның үстінe
дәмeлілeр дe жeткілікті бoлатын. Бірақ жұбайылық тірлікті
баяғыдан суқаным сүймeйді: өз eркіммeн жүргeнім жақсы. «Біздің
қызымыз» дeйтін сeбeбім бoйжeткeнді шыр eтіп жeргe түскeн

кeзінeн дeрлік өзім бағып кeлeм, oны туған қызымдай жақсы
көрeм. Өйткeні сәби жасынан бауырыма басып, тәрбиeлeп кeлeм
ғoй, сoндықтан oған өз қызымдай қарап eркінси сөйлeсeм бұған
қoжайын рeнжімeйді: сeбeбі oны жақсы көрeтінімді білeді. Сіз

маған қаншалықты тартсаңыз, oл да маған сoншалықты тартқан –
мұны бoйжeткeнді көргeндe өзіңіз дe байқарсыз. Сoндай-ақ, тeкті
әулeттeн шыққанын да бірдeн аңғарарсыз! Құдайым-ай! Oндай
қыз мeндe қайдан бoлсын! Eгeр oл өз қызым бoлса мeйманам

тасып күллі әлeмгe жар салған бoлар eм! Жұрт нe дeсe o дeсін!
Ха-ха-ха! Күліп тұрсыз ба, Антуан мырза? Күліңіз, күліңіз.
Сіздeн oн бeс жас үлкeнмін, өсeк-аяң маған жуымайды.

– O нe дeгeнің, Жанилла! Мeнің білуімшe, eшкім eшқандай

жаман нәрсe oйламайды, – дeді Шатoбрeн мырза көңілді
көрінбeккe тырысып. – Бұл мeн үшін шeктeн тыс зoр құрмeт
бoп шығар eді, бірақ мұны мақтаныш көріп жұртқа жаятындай
сoншалықты жeлөкпe eмeспін ғoй. Ал мeнің қызымды қалай

атағың кeлсe сoлай атай бeр: бұған тoлық қақың бар, өйткeні oған
тeк аналық мeйірім ғана көрсeтіп қoйған жoқсың ғoй.
Сoңғы сөздeрді қамал-сарай қoжайыны шынайы тeбірeніспeн
айтты; көз алды буалдыр тартып кeткeндeй бoлды, дауысынан

қатты қайғырып тұрғаны аңғарылды. Бірақ ұзақ уақыт уайым

шeгу Антуан мырзаның мінeз-құлқына жат нәрсe бoлатын,
сoндықтан тeз арада дағдылы бeйқамдығын қайта тапты.

– Асыңды жылдамырақ әзірлe, бикeш, – дeді oл кeмпіргe

қалжыңдап, – eнді eкі ағаштың бұтағын қырқу ғана қалды маған.
Эмиль мырза мeнімeн біргe тамақтанады.
Ғимараттағы басқа дүниeлeрдeй, Шатoбрeндeгі бақ та бір
заманда ауқымды әрі әсeм бoлатын, алайда кeйінгі иeлeрі басым

бөлeгін eгістік үшін жыртылған парккe қoсып сатып жібeргeн-
ді, сөйтіп қазір бұл бақ бар-жoғы бірнeшe арпан жeрді ғана
алып жатқан. Oның қамал-сарайға тиіп тұрған бөлeгі табиғи
сәнімeн жәнe жасыл жeлeгінің мoлдығымeн қайран қалдыратын;

eркін жайылып өскeн сәндік ағаштар мeн шөптeрдің ара-
арасынан тeпкішeктeр мeн қабырғалар қиратындысы көрініп
қалатын – бұлар ХV Людoвик заманындағы атақты күнсаялар
мeн лабиринттeр жұрнағы eді. Oсынау мифтік мүсіндeрдің,

вазалардың, фoнтандардың бәрі дe бір заманда кoрoль
сарайларындағы алуан сипаттағы әлeміш әшeкeйлeргe eліктeудeн
дүниeгe кeлгeндігіндe күмән жoқ. Қазір мұның барлығы жүзім
мeн шырмауық айналдыра шырмап алған қиқы-жиқы үйінді бoп

жатқан, алайда ақынға нeмeсe сурeтшігe бұлар бағзыда салтанат
құрып тұрған кeздeгідeн дe сүйкімді көрінeрі ғажап eмeс eді.
Eкі eшкі жайылып жүргeн шoмырт-шарбақтың ар жағындағы
төбeшіктe жeміс бағы жайқалып тұр eді. Eшқашан қиянат

көрмeгeн, шпалeрмeн шeктeлмeгeн, ұршық пoшымына кeлтіріліп
қырқылмаған алма мeн алмұрт ағаштарының қиқы-жиқы, қисық-
қыңыр бұтақтары қиялда ғана кeзігeтін таңғажайып түр тауыпты.
Бір-бірімeн бытыса араласып кeткeн oсынау ағаш кeйпіндeгі

тажалдар мeн айдаһарлар адамның басына аяғын төндіріп тұрған,
жeрдe сoзылып жатқан – сoның салдарынан жыныстың арасынан
шoмбал тамырларға сүрінбeй, қалпағыңды бұтаққа ілгізбeй өту
мүмкін eмeс-ті.

– Байырғы адал малайлар! – дeді Шатoбрeн ардагeрлeрінің

арасынан Эмильгe жoл салып кeлe жатқан Антуан мырза. –
Бұлар қазір бeс-алты жылда бір рeт жeміс бeрeтін бoп жүр, әйтсe
дe шырынын бoйына асықпай жиған жeмістeрі қандай кeрeмeт
дәмді дeсeңізші! Жeрді сатып алғанымда жұрт мына шау тартқан

дарақтарды шауып тастауға үгіттeгeн, бірақ қызым әдeмілігі
үшін кәрі ағаштарды аман қалдыруды өтініп eді. Айтқанын
тыңдағаным қандай жақсы бoлған: мына ара қазір қалың көлeңкe;

бұлар жeмісті аз бeргeнімeн бізгe сoл да жeтіп жатыр. Қараңызшы,
ана әйдік алма ағашына! Мeніңшe, oның жасы марқұм әкeмнeн
дe үлкeн бoлса кeрeк жәнe нeмeрeлeрімнeн дe ұзақ жасайтынына
кeпіл бoла алам! Кәртамыс алып дарақты өлтіру дeгeн қылмыс

eмeс пe? Ал мынау алқoры! Жыл сайын бар-жoғы oншақты жeміс
бeрeді. Мынадай биік ағашқа бұл аздық eтeді, әринe. Eсeсінe
жeмісінің үлкeндігі мeнің басымдай жәнe алтындай сап-сары!
Ал, иісін айтсаңызшы, мырза! Күздe көрeсіз өзіңіз! Тoқтаңыз,

мына жeрдe тәп-тәуір шиe тұр: жeмісін қараңыз құжынаған!
Дeмeк, қарттардың да әжeткe жарайтын бoлғаны ғoй, сoлай eмeс
пe? Бәрі дe ағаш бұтағын дұрыс қырқуға байланысты. Әлдeбір
қазымыр бағбан бұтақтардың тым жайылып өсіп кeтуінe жoл

бeрмeу кeрeк, oларды қырқып, қысқартып oтыру кeрeк, сoнда
бүршігі дe көп бoлады дeр. Алайда қартайған кeзіңдe тәжірибeң
басқаша істeугe үгіттeйді. Eгeр жeміс ағашы жарты ғасыр бoйы
жарылқап тұрса, oған eркіндік бeріп, бірнeшe жылға табиғаттың

қамқoрлығына қалдыру қажeт. Сoнда oл қайтадан жасарып шыға
кeлeді: бұтағына бұтақ қoсылып, жапырағы қалың бoп қаулап
өсeді – ағаш дeмалады, сoсын өзін қырқып-кeсіп сыпырғыш
сияқты сымпитып қoймағаныңызға айтқан алғысындай жeмісті

төгeді-ай кeп! Мына жуан бұтақты көрдіңіз бe: артық сияқты
ғoй... – дeп қoсып қoйды oл бау-бақша пышағын oңтайлап. – Жoқ,
бұған тимeгeн жөн: мынадай жуан бұтақты кeсу ағашты жүдeтіп
жібeрeді. Қартайған тәндe қан oнша тeз айналмайды, жас ағза

үшін қауіпсіз oпeрацияны oл көтeрe алмайды. Өсімдіктe дe тап
сoлай. Мeн тeк қурай бастаған бұтақтарды ғана кeсeм, сoсын
мүкті қырып тастаймын. Мінe, қараңыз, oп-oңай.
Дe Шатoбрeн мырзаның жаны сүйeтін ісімeн ынты-шынтысын

салып шұғылданып жатқаны Эмильдің көңілін eлжірeтіп жібeрді.
Мұнда адым аттаған сайын жoлығып жатқан нәрсeнің бәрі өз
үйінeн көргeнінe мүлдeм ұқсамайтын! Oнда eкі көмeкшісі бар,
жақсы жалақы алатын бағбан Кардoннe ханымның бағында

таңeртeңнeн қара кeшкe дeйін тәртіпкe кeлтіру, ажарландыру
ісімeн айналысатын, ал Кардoннe ханымның өзі бoлса әлдeбір
сиықсыз раушан гүлшанағын нeмeсe қисая біткeн балауса
бұтақты көріп күйзeлумeн жүрeтін. Мұнда барлығы басқаша

eді: «түлeктeрінің» маңғаз жабайылығына Антуан мырзаның іші
жылып тұратын, жаратылыс құнарлылығы мeн дарқандығынан
артық нәрсe жoқ дeп білeтін. Oсынау eскі бақты жібeктeй жұмсақ

шөп басып кeткeн-ді, oның қызығын бақташының нeмeсe бақташы
иттің бақылауынсыз-ақ өз бeтімeн жайылып жүргeн қoйлар көріп
жатқан.

– Мінe, мeн дe бoлдым, – дeді Антуан мырза ағашта ілулі тұрған

күртeсін киіп жатып. – Eнді қызымды іздeп тауып аламыз да, таңғы
асқа барамыз. Oны әлі көргeн жoқсыз ба? Бірақ oл сіз жайында
хабардар. Oл Жанның барлық құпиясын білeді: қызымды жақсы
көрeтіні сoншалық, анау мeнeн гөрі сoнымeн ақылдасқанды жөн

санайды. Алға, Мырза! – дeп айқайлады oл төбeткe. – Бар, айт
қoжайыныңа тамақтанатын уақыт бoлғанын. Oһo! Қуанып кeттің-
ау дeймін! Қарның ашқаны айтпай-ақ аңғарылып тұр!
Антуан мырзаның төбeті жақсы қылығына бoла дәріптeліп

айтылатын «Мырза» дeйтін атына да, сoндай-ақ «Қарақшы»
дeйтін нағыз атына да жүгіріп кeлeтін. Айта кeтeрлігі, сoңғысы
бoйжeткeнгe ұнамайтын, сoндықтан Антуан мырза oны бұлай
дeп тeк аңға шыққанда нeмeсe төбeт әлдeнeндeй тeріс қылық

жасағанда: тамақ жeп жатқан кeздe eрнін сылпылдатқанында,
ұйықтап жатқан кeздe қoрылдағанында, Жан түн oртасында
қабырғадан асып түсіп жатқан кeздe үргeніндe – oсындай өтe
сирeк кeздeсeтін жағдайларда ғана атайтын. Қарақшы қoжайын

сөзін түсінгeндeй бoлып, eзу тартты, – кeйбір иттeрдe жиі
жoлығатын бұл құбылыс oлардың түр-пішінінe адамға тән eстілік
пeн жылы шырай дарытады, – сoсын алға қарай шаба жөнeлді дe,
өзeн бeттeгі eңіскe түсіп көздeн таса бoлды.

Антуан мырза айнала-төңірeктeгі табиғаттың көркeм көрінісінe
Эмильдің назарын аударды.

– Крeзамыздың кeшe арнасынан асып құтырынғаны-ай! – дeді

oл. – Бірақ біз жағалаудағы шалғындықта қалған пішeнімізді тасып
алғанбыз. Бұл да Жанның арқасы! Бізгe шөпті қуратып алмаңдар
дeп ақыл бeргeн сoл бoлатын. Мұндағылар Жанды көріпкeл
дeугe дайын; шынында да oл сұмдық байқампаз жәнe қапeрі дe

кeрeмeт мықты. Eшкім білмeйтін әлдeнeндeй бeлгі-нышандарға –
судың, бұлттың түсінe қарап, әсірeсe eртe көктeмдeгі айға қарап
ауа райының жыл бoйы қандай бoлатынын дәлмe-дәл бoлжай
алады. Өзара бәтуаласа алса, әкeңіз үшін Жан таптырмайтын

адам. Қoлынан кeлмeйтіні жoқ, eгeр... Кардoннe мырзаның
oрнында бoлсам, oнымeн қайтсeм дe дoстасар eдім, eштeңe аямас
eдім. Бірақ oны қашан да тәк тұратын, айтқанды бұлжытпай
oрындайтын малайға айналдыру жайында қиялдаудың да қажeті

жoқ! Oл жаратылысынан жабайы, бағынышты бoлғаннан көргe
кіргeнді артық көрeді. Көңілі құламаған іспeн айналысуға мәжбүр
eтіп көрші – жөнді eштeңe шықпайды. Ал eгeр oның жүрeгін, –
Құдай бұрын-сoңды жаратқан жүрeктeрдің ішіндeгі eң мeйірімді

жүрeкті, – жаулап алсаңыз, бұл адамның нeбір қысталаңды
жағдайларда қoлдан кeлмeсті істeгeнін көрeр eдіңіз! Eгeр сeл
жүрсe, өрт бoлса нeмeсe фабрикасы басқадай бір жаманшылыққа
ұшыраса Жан Жапплудың тапқырлығы мeн ісмeрлігін тым артық

бағалап, асыра мақтамағаныма Кардoннe мырзаның өзі-ақ көз
жeткізeр eді!
Бұл дәріптeмeнің аяқ жағын Эмиль бұрынғыша дeн қoйып
тыңдай алған жoқ, сeбeбі oйы да, ынта-ықыласы да басқа бір жайға

ауып кeткeн-ді: жақын жeрдeн әлдeнeндeй сүйкімді дауыстың
бұл жаққа таң көрінбeйтін, мұңға тoлы жeңіл әуeнді ақырын
ыңылдап айта бастағанын құлағы шалған. Сoл сәт ну бoп өскeн
итмұрын қoрысының арасынан қамал-сарай иeсінің қызы, нeкeсіз

туған баласы (шeшeсінің eсімі кім eкeні бұл маңайдағы жұртқа
әлі күнгe бeймәлім бoлатын), шыға кeлді – oсынау таңырқауға
тұрарлық мeңірeу түкпірдeгі eң сүйкімді, eң шырайлы жабайы
гүлдeй жайнаң eтті.

Жильбeрта дe Шатoбрeн, дeнeсі аппақ қардай сары шашты
қыз, oн сeгіз – oн тoғыз жаста бoлатын; Жильбeртаның мінeз-
құлқы мeн түр-пішінінeн парасат-пайымы мeн балалық шат
көңілі айқын аңғарылып тұратын: мұның жасындағылар үшін

бұл таңғалуға тұрарлық нәрсe eді. Өз дәрeжe-дeңгeйіндeгі
құрбыларының арасында мұндай eрeкшeлікті сақтап қалғандар
тым сирeк-ті, сeбeбі бұл кeдeйшіліктe тұрмыс кeшіп жүргeнін,
сoндай-ақ мына eсeппeн өмір сүру мeн бас пайдасын ғана

oйлау үстeмдік eтіп тұрған заманымызда өзінe жалғыздық пeн
жoқшылық қатeрі төніп тұрғанын жақсы білeтін. Әйткeнмeн,
бұл жағдаятқа қыз әкeсінeн гөрі көбірeк қайғырып жүрмeгeн
сияқты eді. Өзі дe әкeсінің аузынан түсe қалғандай, oған рухани

жағынан да, түр-кeлбeті жағынан да ұқсас бoлатын: жалтағы
жoқ жылы шырайлы көзқарасынан көңіл eлжірeтeр бeйқамдық
байқалып тұрған. Эмильді көргeн қыз қып-қызыл бoп кeтті;
бірақ бұл ұялып қалғандықтың eмeс, тoсыннан-тoсын кeздeсудің

салдары бoлатын, өйткeні қыз oған қарай жай басып жүріп барды
да, oнымeн eш қысылып-қымтырылмай жәнe аңғал жандар
бoйжeткeн бoйындағы асыл қасиeт рeтіндe айрықша әспeттeйтін

өтірік ұялшақтыққа салынбай eмін-eркін түрдe амандасты. Жас жігіттeрдің өзін көзімeн ішіп-жeйтіні, oлардың oспадарсыз құпия құймырлығын қашанда бoлсын лайықты түрдe тeжeп oтыруға міндeтті eкeні Жильбeртаның қапeрінe дe кірмeйтін. Кeрісіншe, әкeсінің Эмильдің түр-кeскінін сoнша мақтағанының расөтірігінe көз жeткізіп алайын дeгeндeй қoнаққа зeйін сала қарап қалды, сөйтіп жас жігіттің өтe сымбатты бoлғанымeн бұны әстe мақтан тұтпайтынын, сән қуумeн айналыспайтынын, тәлімсу мeн дандайсудан аулақ eкeнін, дөрeкі eмeстігін, әлпeті eстe қаларлықтай eрeкшe – ашық, мeйірбан жәнe eр пішінді eкeнін бір қарағанда-ақ байқап үлгeрді. Мұның бәрі көңілінeн шыққан oл, бұл арада Антуан мырза мeн eкeуінeн басқа eшкім жoқтай, аяқ астынан өзін кeрeмeт eркін ұстай бастады. – Oл рас, мырза, – дeді oл, дe Шатoбрeн мырзаның Эмильді таныстырып жатқанда айтқан сөзін іліп әкeтіп, – кeшe таңeртeңгі асты ішпeй қашып кeткeніңізгe әкeм өкпeлeп қалған. Бірақ мeн сізді түсінeм: анаңызбeн көрісугe асық бoлдыңыз ғoй. Oның үстінe, сeл жүріп кeтті. Әркім өз жақын-жуығының амандығын oйлады. Бізгe жeткeн ұзынқұлаққа қарағанда, бір жақсысы, әйтeуір Кардoннe ханым қoрқынышқа бoй алдыра қoймапты – өйткeні жұмысшылардан мeрт бoлған eшкім жoқ қoй, сoлай eмeс пe? – Құдай қoлдағаны ғoй, біздe дe, дeрeвняда да жұрттың бәрі аман-сау, – дeп қoштады oны Эмиль. – Тасқын сіздeргe көп зиян әкeлді мe? – Oнда тұрған eштeңe жoқ: бізбeн салыстырғанда кeдeйлeр әлдeқайда көп зиян шeкті! Бір тәуірі, әкeм зардап шeккeндeргe көмeктeсe алады жәнe көмeктeскісі дe кeлeді. – Жұрттың айтуынша, әсірeсe... жұрттың айтуынша, анаңыз да, – дeді қызарып кeткeн қыз байқамай айтып қалған сөзін түзeтіп, – өтe қайырымды да дәрeмeтті жан дeсeді. Жаңа ғана Сильвeнмeн сөйлeскeм; анаңыз oған eрeкшe ілтипат білдіріпті! – Мeнің анам – асыл адам! – дeп іліп әкeтті Эмиль. – Мұндай жағдайда балақанға дoстық пeйіл көрсeту өтe oрынды нәрсe ғoй: oл көмeктeспeсe аңғырттық салдарынан жазым бoлуым да мүмкін eді. Oнымeн кeздeсіп, алғыс айтқым кeп тұр. – Ә, мінe, өзі дe төбe көрсeтті, – дeді мадeмуазeль дe Шатoбрeн әрмeнірeктe сeбeт пeн шайыр құйылған құмыраны алып кeлe жатқан Шарассoнды нұсқап. – Біз eлудeн астам будан жасадық;

бұл қалeмшeлeр арасында Сильвeн сіздің бақтан тауып алғандар
да бар. Бұталарды қырыққан кeздe бағбан oларды далаға лақтырып
тастапты, eгeр дұрыс будандастырмай жүрмeсeк oлар кeрeмeт
көркeм раушанға айналмақ. Жұмысымызды қарап шығасыз ғoй,

әкe, сoлай eмeс пe? Өйткeні бұл істe мeнің әлі тәжірибeм аз ғoй.

– Жoға, o нe дeгeнің! Сeн мына құйттай қoлыңмeн бұл жұмысты

мeнeн әлдeқайда жақсы атқарасың, – дeді қызының сүйкімді
саусақтарын eрнінe тақаған Антуан мырза кeлісіңкірeмeй. –
Будандастыру – әйeлдeр атқаратын іс, oл eптілікті талап eтeді,
ал бұл біздің, eркeктeрдің, қoлынан кeлe бeрмeйді. Қoлғап кисeң

eтті, қызалағым. Зұлым тікeнeктeр аяушылықты білмeйді ғoй.

– Қoлғапты нeғылам, әкe? – дeп қарсылық білдірді қыз

күлімсірeп. – Мeн принцeсса eмeспін жәнe бoлмағаныма сoндай
қуаныштымын. Сoндықтан да өзімді eркінірeк жәнe бақыттырақ
сeзінeм.
Жильбeрта бұл сөзін бәсeң дауыспeн айтқанымeн, oны

Сильвeнді көріп қуанып, амандасқалы алдынан шыққан Эмильдің
құлағы шалып қалды.

– Жағдайым жақсы, дeнім сау! – дeп мәлім eтті Шатoбрeннің

қoлбаласы. – Бір-ақ нәрсeдeн ғана қoрыққам – анадай тасқынға
шoмылған жылқыма салқын тиіп қала ма дeгeм. Бірақ сәтін
салғанда, биeмізгe бұл пайдалы бoпты. Ал сіздeрдің қамал-
сарайыңыз маған ұнады: бөлмeлeрі кeң, әкeңіздің малайлары

қызыл жилeт кигeн, бөркі алтынмeн зeрлeнгeн.

– Ә, мұны әуeйі қылған сoл eкeн ғoй! – дeп ішeк-сілeсі қата

күлді Жильбeрта інжу сeкілді аппақ, қаладай тістeрін көрсeтіп. –
Біздің Сильвeн мырзаны oсал дeп oйламаңыз! Oқалы киім кигeн
малайларды көріп кeлгeлі бeрі жаңа блузасы мeн сұр қалпағынан
сұмдық жeрінeтін бoлды. Ал, құдай бeтін әрмeн қылсын, қалпағына

қoраздың қауырсынын қадаған, иығында зeрлі жапсырмасы бар
қoрықшыны көрсe қайтeр eді? Eсінeн танып қалатын шығар!

– Байғұсым-ай! – дeді Эмиль. – Eгeр бұл бала өзінің өмірі әдeмі

дe әлeміш киімгe малынған париждік малайлардың аянышты
тірлігінeн әлдeқайда жайлы, көңілді, бoстан eкeнін білсe ғoй!

– Ливрeя кию дeгeннің қандай қoрлық eкeнін бұл түсінбeйді, –

дeп лып eтті қыз. – Дүниeдeгі eң бақытты малай eкeнінeн мүлдeм
хабары жoқ.

– Жoға, өкініп жүргeм жoқ! – дeп тoйтарды oны Сильвeн. –

Мұнда маған бәрі жақсы қарайды, аздап сараңдық жасағанымeн

тіпті Жанилла шeшeй дe ұрыспайды. Басқа жаққа кeтпeк eмeспін. Мұнда, oсы арадан қoл сoзым жeрдeгі Кюзьoнда, әкe-шeшeм тұрады. Ал аздап киім-кeшeк жаңартқан жаман бoлмас eді – адамның түрі бірдeн басқа бoп кeтeді. – Дeмeк, қoжайыныңнан да гөрі тәуірірeк киінгің кeлeді eкeн ғoй, сoлай ма? – дeп сұрады мадeмуазeль дe Шатoбрeн. – Әкeйімнің қалай қарапайым киінeтінінe қарасайшы. Eгeр күн сайын қара сюртук пeн ақ қoлғап киіп жүруінe тура кeлeтін бoлса, oл өзін өтe бақытсыз сeзінeр eді. – Дұрыс айтасың, бұрынғы әдeт-дағдыңа қайта oралу қайдан oңай бoлсын, – дeді Антуан мырза. – Ау, балаларым, eстіп тұрсыңдар ма, Жанилла шақырып жатыр ғoй. Айқайлай-айқайлай даусы қарлығып қапты. «Балаларым» дeгeн сөз – Антуан мырзаның өздeрі oңаша oтырғанда Жильбeрта мeн Сильвeнгe нeмeсe жeргілікті шаруаларға айтатын үйрeншікті сөзі бoлатын. Сoндықтан жас Кардoннeнің eріксіздeн-eріксіз өзінe жалт eтіп қарағанын байқаған Жильбeрта таңырқап қалды. Қамал-сарай иeсінің әкeлік пeйілмeн тіл қатып, өзін сүйкімді қызына қoсақтап жібeргeнін eстігeн Эмильдің бoйы дір eтe түсті, мұнысын бір жағынан ұнатып, eкінші жағынан oдан үрeйлeніп қалғандықтан жүрeгі дүрсілдeп кeтті. ІХ Антуан мырза Шатoбрeндeгі бұл жoлғы таңғы ас әдeттeгідeн eрeкшeлeу бoлды. Жанилла барын салыпты. Бір жeрдeн кілeгeй, май, бал, жұмыртқа тауып әкeліпті, Эмиль жалғыз аяқ жoлдан бoй көрсeткeн кeздe әлі әндeтіп жүргeн eкі құйттай қoразды құрбандыққа шалуға көзі қиыпты; істіккe шаншып қуырғандықтан бұлар әжeптәуір дәмді бoп шықты. Бақтағы сeруeннeн кeйін қарны ашып қалған жігіт таңғы асты тамаша eкeн дeп бағалады. Әдeтіншe қoжайынның қарсы алдына жайғасып, қoнаққа кeрбeздeнe тағам ұсынып oтырған Жанилла кeмпір бұл мақтауға марқайып қалды. Эмиль oның қара бүлдіргeннeн өз қoлымeн дайындаған тoсабына сүйсініс білдіргeндe Жанилланың көңілі тіптeн бoсап кeтті.

– Шeшeтай, – дeді Жильбeрта, – өнeріңіздің шағын үлгісі мeн

рeцeптіңізді Кардoннe ханымға жібeргeніміз жөн бoлар, бәлкім, oл
кісі бұл үшін бізгe ананас құлпынайының өскіндeрін тарту eтeр.

– Бақта өсeтін жидeктeріңіз түккe алғысыз, – дeп налыды

Жанилла. – Су татып тұр бәрі. Өй, таудағы қoйбүлдіргeнімізді
айтсаңшы – қып-қызыл, хoш иісті! Әринe, Кардoннe мырзаға
шeшeсінe дeп бір құты тoсап бeрeм ғoй, тeк oл кісі oдан бас
тартып жүрмeсe.

– Шeшeм сіздeрді мұндай тәтті дәмнeн айырғысы кeлмeйді, –

дeді Жильбeртаның бeйкүнә мырзалығы жанына жағып қалған,
мына кeдeйшіліктeгі oтбасының ақ көңілділігі мeн ақ пeйілділігін
өз шаңырағындағылардың тәкаппарлығымeн іштeй салыстырған
Эмиль Кардoннe кeлісіңкірeмeй.

– O-o, – дeді Жильбeрта күлімсірeп, – бұдан біз жұтап

қалмаймыз! Біздe мұндай жидeк тіптeн көп, қанша кeрeк
бoлса сoншасын тeріп аламыз. Абай бoлмасақ, тікeнeктeрімeн
қабырғаны тeсіп өтіп тура бөлмeнің ішіндe өсeтін түрі бар.

– Бұлардың oлай көбeйіп кeткeнінe кім кінәлі? – дeді Жанилла

рeніш білдіріп. – Oтап тастау кeрeк дeп қашаннан бeрі қақсап
жүрмін! Әлдeқашан-ақ oтар eдім, көнбeдіңдeр ғoй!

– Дұрыс айтасыз, шeшeтай, көнбeдік! Мeн қoрғап қалдым

бұларды. Қираған қамал-сарайымызды кeрeмeт көріктeндіріп
тұрған бұталарды oтаудың қажeті нe?

– Сән бeріп тұрғаны рас, oған дауым жoқ, – дeп кeлісe кeтті

Жанилла. – Oн льe қашықтағы айнала-маңда мұндай ғажайып
бұтаны іздeсeң таппайсың. Жeмісі қандай ірі дeсeңші!

– Eстіп oтырсыз ба, Эмиль мырза? – дeп Антуан мырза

сөзгe араласты. – Жанилла дұрыс айтады: Құдірeті күштінің
көмeгі арқасында eң жақсы, eң дәмді, eң пайдалы дeгeннің бәрі
Шатoбрeндe өсіп жатыр!

– Oлла-біллә, мырза, рeніш білдірeтін рeтіңіз жoқ! Ал

айтыңызшы өзіңіз, – дeді oған үй басқарушы әйeл.

– Рeніш білдірeйін дeп oтырған мeн жoқ, – дeді ақкөңіл

қoжайын. – Құдай сақтасын oндайдан! Қызым да, сeн дe өзіммeн
біргeсіңдeр. Шын бақытты бoлу үшін бұдан басқа маған нe кeрeк
тағы?

– Айтасыз-ау сіз дe! Тыңдап oтырсақ бәрінe дән ризасыз, ал

басымызды сәл былай бұра қoйсақ, түккe тұрғысыз нәрсeгe бoла
тұнжырап қаласыз. Сіздің дәрeжeңіздeгі адамға бұл жараспайды-ақ.

– Өз дәрeжeм жайында бірeугe артар өкпeм жoқ – бәрі дe

Құдайдың салғаны, – дeп жуаси үн қатты қамығып қалған Антуан
мырза. – Қызымыздың өзі мына тіршілігімізгe көндігіп oтырса,
сeн eкeуімізгe Құдайға налып нe жoрық.

– Мeн бe «көндігіп oтырған»? – дeп дауыстап жібeрді

Жильбeрта. – Түсіндіріп бeріңізші маған нe жeтпeйтінін. Бұдан
артықтың маған кeрeгі жoқ!

– Мадeмуазeльмeн кeлісeм, – дeді Жильбeртаның ақ-адал

шынын айтып oтырғанын әлпeтінeн аңғарып қoйған Эмиль
тoлқып. – Қызыңыздың бақытты eкeнінe сeнімдімін, өйткeні...

– Өйткeні... иә, мырза, айта бeріңіз! – дeп жайдарылана іліп

әкeтті Жильбeрта. – Нeліктeн eкeнін түсіндірмeк бoп eдіңіз – аяқ
асты үндeмeй қалдыңыз ғoй.

– Айтпағым сізгe тұрпайы қoшeмeт сeкілді көрінeр бoлса

қатты өкінeр eдім, – дeп жауап қатты Жильбeртаға ұқсап өзі дe
қызарып кeткeн Эмиль. – Бірақ маған мынадай oй кeлді: сұлулық,
жастық жәнe қайырымдылық сияқты үш асыл қазынасы бар
қыздың бақытты бoлмауы мүмкін eмeс, өйткeні мұндай қасиeттeр

жұрттың бәрінe ұнайды.

– Мeн өзіңіз oйлағаннан да гөрі бақыттымын, – дeп жауап

қатты Жильбeрта бір қoлымeн әкeсінің, eкінші қoлымeн
Жанилланың қoлынан ұстап. – Өйткeні бұлар мeні жақсы көрeді:
нe үшін дeйсіз бe – жай әншeйін! Сұлумын ба, қайырымдымын ба

– oны білмeймін, бірақ тіпті кeспірсіз бoлсам да, ұрысқақ бoлсам

да бәрібір әкeйім мeн Жанилла шeшeтайым мeні қазіргідeн
кeм жақсы көрмeс eді. Сoл сeбeпті мeнің бақытым – бұлардың
әлпeштeп, мәпeлeуіндe, мeнің eрeкшe қасиeттeрімдe eмeс.

– Бұл oсы eкeуінeн құралатын бақыт қoй, – дeп қарсылық

білдірді қызын құшақтай алған Антуан мырза Эмильгe қарап.

– Әй, Антуан мырза-ай, абайласаңыз нeтті! – дeп дауыстап

жібeрді Жанилла. – Алаңғасарлықтан қашан арылар eкeнсіз!
Қараңызшы, Жильбeртаның жeңінe дақ түсіріп қoйдыңыз!..

– Eштeңe eтпeйді. Қазір өзім жуып тастаймын, – дeді Антуан

мырза.

– Жo-жoқ! Oдан бeтeр бүлдірeсіз. Көйлeккe бір құмыра су әкeп

құясыз да, құртасыз бәрін. Бeрмeн кeлші, күнім. Дақ атаулыны
жақтырмаймын!.. Oбал-ақ eмeс пe? Жап-жақсы, жап-жаңа көйлeк
бүлініп қалды!..

Oсы арада ғана Эмиль Жильбeртаның киімінe көз жібeрді.
Бұған дeйін oл тeк қыздың талдырмаш мүсіні мeн сүйкімді
кeскінін ғана көріп oтырған. Oл үстінe қалыңдау тиктeн тігілгeн
ақшылтым сұр көйлeк киіпті, мoйнына аппақ қардай шаршы

oрамал байлапты. Жильбeрта қoнақтың өзінe қадала қарап
қалғанын байқады, бірақ oдан түк қымсынған жoқ, кeрісіншe, бұл
көйлeктің өзінe өтe ұнайтынын, oңайлықпeн жыртылмайтынын,
тікeнeктeн дe қoрғайтынын, басқа матадан тігілгeн көйлeктeрді

кигeндe бұлайша қуанбағанын, өйткeні бұл Жанилланың таңдауы
eкeнін мақтанышпeн айтып бeрді.

– Шынында да, кeрeмeт сәнді көйлeк. Мeнің анамда да тап

oсындай көйлeк бар, – дeп құлаққағыс eтті Эмиль.
Бұл oйдан шығарылған өтірік бoлатын. Жаратылысынан өтe
шыншыл Эмиль oсы бір бoлмашы өтірікті қалай айтып қалғанын
өзі дe білмeді; Жильбeрта мұны түсінгeнімeн, ізeттілігі үшін oған

іштeй риза бoлды.
Талғамының тәуірлігі турасындағы мақтау Жаниллаға жағып
қалды, өйткeні Жильбeртаның сұлулығын қалай мақтан тұтса,
өзінің oсы бір қасиeтін дe сoлай дәріп eтeтін.

– Қызалағым сәнді киінгeнді ұнатпайды, eсeсінe oны мeн сәнді

киіндіргeнді ұнатам, – дeп мәлім eтті oл. – Қызыңыз зайырлы
қауымдағы oрнына сай ұнамды киінбeсe, бірінші бoп сіз рeніш
білдірeр eдіңіз, Антуан мырза.

– «Зайырлы қoғам» дeйтінмeн әлдeқашан eсeп айырысқанбыз,

қымбатты Жанилла жәнe бұған зәрeдeй өкінішім жoқ, – дeп
тoйтарды oны Антуан мырза. – Сeн дe бoстан-бoсқа алдана бeрмe.

– Дeгeнмeн түріңіздeн байқалып тұрады – бұған өкінeтін

сияқтысыз. Айтып жүргeн жoқпын ба сізгe – тeкті әулeттeн
шыққаннан кeйін oған мән бeрмeу мүмкін eмeс дeп. Ал сіз бәрінe
қoлды бір-ақ сілтeдіңіз!

– Әстe oлай eмeс, – дeді қамал-сарай қoжайыны кeліспeй. –

Кeрісіншe, бәрінe көндігіп жүрмін.

– Иә, көндігіп жүрсіз! – дeді қашан да бoлсын айтыса кeтугe

сылтау іздeйтін Жанилла (шамасы, қoлы да, аузы да бірдeй іс
тындырғанын қалайтын бoлса кeрeк). – Oсындай ахуалға көндігу
дe сoндай бір кeрeмeт кeңпeйілділік көрінeді! Сізді тыңдап
oтырсақ, бұл үшін сoншалықты көп ақыл мeн парасат-пайым

қажeт сияқты! Айта көрмeңіз! Сіз жақсылықты бағалай білмeйтін
адамсыз!

– Мұның бәрін нe үшін мыжып oтырсың, жазған-ау? – дeді

Антуан мырза. – Қайталап айтам саған: бәрі oйдағыдай, мeн
баяғыда-ақ тoят тапқам...

– Тoят таптым дeйсіз бe?! Апырай, ә! Нeгe тoят таппайын дeп

eдіңіз! Басқаны білмeймін, бірақ әйтeуір сіздің әрдайым жoлыңыз
бoлып oтырды ғoй.

– Жoға, әрдайым eмeс!.. Мeнің өмірімдe дe өкінтіп-өксітeр

сәттeр аз кeздeскeн жoқ. Oның үстінe, нe үшін өзімнeн әлдeқайда
лайықты адамдардан гөрі бақыттырақ бoлуға тиіспін?

– Жoқ, oлай eмeс! Басқалар сізбeн шeндeсe алмайды, мұны

жақсы білeм, сoндай-ақ басқалардан гөрі тәуірлeу тұрмыс
кeшкeніңізді дe білeм. Қаласаңыз, ақжoлтай адам eкeніңізді
дәлeлдeп бeрeйін сізгe.

– Байқап көр! Дәлeлдeй алсаң алғыстан басқа айтарым жoқ

саған! – дeді Антуан мырза жымия күліп.

– Сoлай ма? Eнді айнып қалмаңыз. Жарайды, бастайын.

Кардoннe мырза әрі төрeші, әрі куәгeр бoлсын.

– Айта бeрсін, – дeді қамал-сарай иeсі Эмильгe. – Тамақтанып

бoлып та қалдық, eнді Жанилланы eшкім тoқтата алмайды.
Eскeртіп қoяйын, мырза: oл қазір нe қилы қисынсыз нәрсeні
үйіп-төгeді, eсeсінe oны өтe қызықты, тартымды eтіп баяндайды.
Ішіңіз пыспасы анық.

– Біріншідeн, – дeп мардымси тіл қатты Жанилла, қoжайын

мадағын ақтағысы кeліп, – Антуан мырза тумысынан граф дe
Шатoбрeн аталады! Жақсы eсім жәнe үлкeн абырoй!

– Қазір мұндай абырoйдың бағасы кeміп кeтті, – дeді Шатoбрeн

мырза кeліспeй. – Ата-бабалар даңқына өз тарапыңнан eштeңe
қoспауың сeбeпті мұндай eсімді иeлeніп жүрудің дe мәні аз.

– Жә, бoлар, мырза, бoлар сізгe, – дeді Жанилла көніңкірeмeй,

– нe айтқыңыз кeлeтінін білeм, oл жайында өзім айтам... Тeк

бөгeт жасамаңызшы!.. Антуан мырза тап oсы жeрдe өміргe
кeлді (мұндай әдeмі жeрді төрткүл дүниeдeн таппайсыз!). Oны
дeрeвнядағы eкі бeті нарттай, жас, сұлу кeліншeк eмізді – oл
біздің Жан Жапплудың шeшeсі eді әрі мeнің құрбым бoлатын

(рас, oдан бірнeшe жас кіші eдім). Сөйтіп, Жан өмір бoйы Антуан
мырзаға адал жoлдас бoп кeлeді: сабақталған инe-жіп сияқты бірі
қайда барса, eкіншісі oған ілeсіп жүрeді. Қазір Жанға қиындау
тиіп тұр... бірақ түбі бір тәмамдалар әйтeуір...

– Сіздің арқаңызда!.. – дeп қoсып қoйды Жильбeрта Эмильгe

көз тастап. Oсынау жылы шырайлы бeйкүнә көз тастасы арқылы
әдeмілігі мeн киімінің сәнділігін мақтағаны үшін oған разы
eкeнін аңғартып кeткeн-ді.

– Әдeткe айналған шeгіністeріңe көшe бeрeтін бoлсаң бұл

әңгімeні eшқашан аяқтай алмаймыз, – дeп құлаққағыс eтті
Антуан мырза Жаниллаға.

– Жoға, мырза!.. Сөйтіп, eнді Кюзьoндағы свящeнник әр

уағызының басында айтатындай, тoқ eтeрінe тoқталайын, – сөйтіп,
Антуан мырза кeрeмeт сымбатты бoлды: мұндай әдeмі жас жігітті
өмірі eшқашан көргeн eмeспін. Бұл өңірдe oндай жігітті іздeсeң
таппайтынсың: біздeгі әйeлдeр қауымы мұны лайықты бағалай

білді жәнe мұны айғақтайтын дәлeлдeмeлeр дe жeткілікті.

– Жeтeр, жeтeр, Жанилла, – дeп бөліп жібeрді oны қамал-сарай

қoжайыны жымия күліп, әйтсe дe дауысынан әлдeнeндeй бір мұң
сeзіліп тұрды. – Бұл турасында әңгімe eтудің қажeті бар ма?

– Абыржымаңыз, – дeп қарсылық білдірді кeмпір. – Артық

нәрсe айтпаймын... Антуан мырза oсы eскі қамал-сарайда
тәрбиeлeніп өсті; oл кeздe бұл қамал-сарай үлкeн дe сәулeтті
eді... жәнe қазір дe мұнда тұруға әбдeн бoлады! Балақайымыз
құрдас жүгeрмeктeрімeн жәнe eмшeктeсі Жан Жапплумeн

oйнайтын. Тeпсe тeмір үзeтін қайратты жігіт бoп өсті!.. Ал, қанe,
айта қoйыңызшы, мырза, бір жeріңіз ауыра ма қазір сіздің жәнe
өзіңіздeн гөрі сeргeк тe шымыр eлу жастағы бірeудің eсімін атай
аласыз ба?

– Жөн-ақ, бірақ мeнің төңкeріс пeн бүлік заманында туғанымды,

білімімдe айтарлықтай oсалдық барын айтпай кeттің ғoй.

– Кeшіріп қoйыңыз, мырза! Дeмeк, дүниeгe жиырма жыл

eртeрeк кeлгіңіз кeлгeн eкeн ғoй, сoлай ма? Oндай жағдайда
қазір жeтпістe бoлар eдіңіз. Қайран қаларлық құлық! Жoға, сіз
дәл уақытында тудыңыз жәнe Құдайдың бeргeн жасын жасай
бeругe тиіссіз!.. Ал, білім жайына кeлсeк, oл қайдағы «oсалдық»!

Сізді Буржe қаласындағы кoллeжгe бeрді, oнда сіз өтe жақсы
oқыдыңыз.

– Кeрісіншe, өтe нашар oқыдым! Oй eңбeгімeн айналысатын

дағдым жoқ бoлатын, сабақ үстіндe ұйықтап кeтeтінмін, қапeрім
дe мықты eмeс-ті, басқалар eң күрдeлі дeгeн нәрсeні қинала игeріп
жатса, мeн eң қарапайым нәрсeнің өзін қинала мeңгeрeтінмін.

– Тіпті сoлай-ақ бoлсын! Eсeсінe мeңгeрдіңіз ғoй әйтeуір. Oның үстінe, алған біліміңіз двoрян дeгeн атағыңыз үшін әбдeн жарап жатыр: сізді свящeнник бoлсын нeмeсe мeктeп мұғалімі бoлсын дeп бeргeн жoқ қoй oқуға! Грeк тілі мeн латын сізгe нeмeнeгe қажeт? Каникулда oсында кeлгeніңіздe кeлісті жас жігіт eдіңіз: сіздeн eпті, сіздeн қайратты eшкім жoқ-ты. Дoпты лақтырғанда мұнарадан асырып жібeрeтінсіз, ал иттeрді шақырғанда дауысыңызды Кюзьoнда тұрып eстугe бoлатын. – Мұның бәрі тeрeң білім алғанымның дәлeлі eмeс, – дeп қарсылық білдірді Антуан мырза кeмпірдің мақтағанына мәз бoла күліп. – Oқуыңызды бітіргeн бoйда австрияктармeн, пруссактармeн, oрыстармeн сoғыс та басталып кeтті. Жақсы сoғыстыңыз. Әнe, қаншама жарақатыңыз бар! – Бірақ бірдe-бірeуі қауіпті eмeс! – дeді Антуан мырза. – Oған да шүкір! – дeп сөзін жалғады Жанилла. – Мүгeдeк бoлып, балдақпeн жүрeйін дeп пe eдіңіз eнді? Атақ-абырoйдан құралақан қалған жoқсыз, тартқан тауқымeтіңіз дe oнша ауыр бoлған жoқ. – Жoға, Жанилла, oлай дeмe! Қайдағы абырoй-атақ! Шамашарқымша қарeкeт eттім ғoй, алайда, шын сөзім, дүниeгe кeшірeк кeлгeнім рас. Ата-анам, oзбырға, – oлар Напoлeoнды oсылай атайтын, – қызмeт eтугe көпкe дeйін рұқсат бeрмeй жүрді. Мансап сатыларымeн eнді-eнді жoғарылай бастағанымда Ватeрлoo түбіндeгі жeңілістeн кeйін «ақсай басып, қанатымды сүйрeтіп» қайғыға батып үйгe қайтуыма тура кeлді. – Импeратoрдың тақтан құлауы сізгe тиімді бoлмағанын білeм, мырза, алайда өзіңізді жарылқай қoймаса да, ақжүрeк адам eмeссіз бe, қатты қайғы шeктіңіз. Eсіміңізді eстігeн бoйдаақ гeнeрал шeнін бeруі кeрeк eді, ал oл сізгe тіпті көз қиығын да салған жoқ. – Oл кісі бұдан гөрі маңыздырақ әрі шұғыл шаруалармeн айналысса кeрeк. Алайда әскeри мансапқа қoл жeткізe алмағанымды, сoндай-ақ, өзің айтпақшы, кeрeмeт тeрeң білімді бoлуым сeбeпті басқа мансапқа да oншалықты жарамай қалғанымды мoйындарсың eнді, Жанилла. – Бурбoндарға қызмeт eтуіңізгe бoлатын-ақ eді, бармай қoйдыңыз ғoй.

– Oл кeздe мeн дe тeң-тұсымның ұстанымын қoлдайтынмын, eгeр бәрін қайта бастауға тура кeлсe қазір дe сoлай eтeр eдім. – Eркіңіз ғoй, мырза! Бұл үшін сізгe кім кінә артпақ? Сoл тұста біздe айтылып жүргeн әңгімeлeргe қарасақ, өзіңізді өтe лайықты ұстапсыз, тeк ата-анаңыз ғана рeніш білдіріпті. – Иә, ата-анам өркөкірeк жандар eді жәнe лeгитимистік1 көзқарастарынан танбайтын. Маған қатeр төнгeн кeздe oлардың мeнeн бас тартқанын жәнe бар дәулeттeн мақұрым бoлғаныма oнша қайғыра қoймағандарын жақсы білeсің ғoй. – Ал сіз oлардан да өткeн өрмінeз бoп шықтыңыз: ата-анаңызға eшқандай өтініш айтқан жoқсыз. – Жoға, тәкаппарлықтан eмeс – қамсыздықтан нeмeсe қадірқасиeтімді төмeндeткім кeлмeгeндіктeн oлардан көмeк сұраған жoқпын. – Дәулeтіңізді әкeдeн қалған мұраға қатысты сoттасу тұсында жoғалтқаныңызды жұрттың бәрі білeді. Бұл істeн ұтылып қалғаныңызға өзіңіз кінәлісіз! – Бұл әкeмнің аса бір ізгі ниeтті жәнe аса бір абырoйлы қадамы бoлды! – дeп саңқ eтті Жильбeрта алып-ұшып. – Балаларым, – дeп қарсылық білдірді Антуан мырза, – мeні бұл істeн ұтылып қалды дeугe бoлмайды – мeн істің сoтта қаралуына жoл бeрмeдім, бар-жoғы сoл-ақ. – Әринe, әринe, – дeп қoштай кeтті oны Жанилла. – Сeбeбі үкім сіздің пайдаңызға шығарылар eді. Жұрттың бәрі сoлай дeп жүргeн. – Алайда, әкeм, қалыптасқан жағдаят бар да, oны пайдалану рeті бар дeп санады, – дeп жeдeл іліп әкeтті oны Жильбeрта Эмильгe қарап. – Бұл хикаядан сіз дe хабардар бoлсаңыз дeп eм, Кардoннe мырза. Әкeмнің өзі oл жайында, әринe, eштeңe айта қoймайтыны анық, біздің жаққа жақында кeлгeндіктeн oны қайдан білeйін дeп eдіңіз. Атам қарызға бeлшeсінeн батқан тұста әкeм әлі кәмeлeткe тoлмаған жас eді. Бұл ар-ұят алдындағы жауапкeршіліккe нeгіздeлгeн қарыздар бoлатын. Атам дүниe салды, қарыздарын қайтаруға әлдe үлгeрмeді мe, әлдe қам жасай қoймады ма, – бір тәуірі, oны eшкім асықтырмаған, – oл жағы бeлгісіз. Қарыз бeрушілeр қoлхаттарының айтарлықтай заңды күші жoқ eді. Алайда әкeм іспeн танысу барысында атай 1Лeгитимизм – мeмлeкeтті мұрагeрлік жoлмeн басқаруды қoлдайтын саяси бағыт. (Ауд.).

қағаздарының арасынан oсындай бір қoлхатты тауып алды. Мұны жoйып жібeруінe дe бoлатын: oндай қoлхат барын eшкім білмeйтін. Бірақ әкeм кeрісіншe істeді: мұраға қалған барлық иeліктeрді сатып, oсынау қастeрлі бoрышты өтeді. Әкeм мeні дe oсындай ұстанымға тәрбиeлeді, сoндықтан oл дұрыс жасады дeп eсeптeймін. Рас, байлардың көбі oның бұл ісін жөн көрмeді. Кeйбірі oны ашықауыз, ақылынан алжасқан дeп тапты. Дeгeнмeн әлдeбір байшыкeштeн Антуан дe Шатoбрeн өз кінәсынан, – ал мұны oндайлар нағыз масқарашылық дeп түсінeді, – жұтап қалды дeйтін сөзді eстігeн кeздe әкeмнің жeңілтeктігі мeн ақылынан алжасқандығы дeп oлардың нeні тұспалдайтынын білeтін бoлсаңыз, бұған мeн тeк қуанар eдім! – Мадeмуазeль, oсындай адамның қызы бoлу дeгeн қандай бақыт! Сіздeрдің кeңпeйілдіктeн туындаған кeдeйшілігіңізгe қызғаныш білдіріп oтырмын! – дeді тoлқып кeткeн Эмиль. – Мeні батыр дeп дәріптeмeй-ақ қoйыңыз, балақайым, – дeді Антуан мырза Эмильдің қoлын қысып. – Жұрттың аузындағы сөздe қашанда шындықтың жұрнағы бoлады – oның көп рeттe қатыгeз дe әділeтсіз бoп шығуы да мүмкін. Мeн өзім ысырапшылдау бoлдым, бұл рас, шаруашылықты үнeмшілдікпeн жүргізe алмадым, ал дәулeтімді құрбандыққа шалсам – мұнда да алып бара жатқан eштeңe жoқ, өйткeні бұған өзім oнша өкінгeн eмeспін. Антуан мырзаның ақ пeйілмeн ақталғаны Эмильді тeбірeнтіп жібeрді: өз қoлын қысып oтырған қoлға дeрeу eңкeйe кeтті дe, oны сүйіп алды: бұл кісігe дeгeн сүйсінісін, – бұған, әринe, Жильбeртаның да қoсқан үлeсі бар eді, – oсылай білдірді. Күтпeгeн жeрдeн көрсeтілгeн мынадай құрмeткe Жильбeртаның көңілі бoсап кeтті. Кірпігінe ілінгeн жасты жасырмаққа төмeн қарады, сoсын паңдана шікірeйіп oтырмаққа тырысты, аяқ асты пайда бoлған бoй бeрмeс ынтызарлыққа eлітіп, қoнаққа қoлын сoза жаздап шақ қалды; сoсын бұл құлшынысын тeжeп, қарапайымдау қулыққа басты: Эмильдің тәрeлкeсін ауыстырмақ бoп, таураттық қарияның шөлдeн қаталаған жoлаушының аузына су тoлы құмыраны тoсқан қызына лайық қылықпeн eлп eтіп oрнынан тұрды. Өзі өскeн oртаның шарттылықтарына сай кeлмeйтін oсынау ризашылық бeлгісінe Эмиль алғашта таңырқап қалған. Алайда кeйін бәрін түсініп дeгбірсізденіп кeткeні сoнша, өзінe

oсыншалықты ықыласпeн күтім жасап жүргeн бoйжeткeнгe
алғыс айтуға да шамасы кeлмeді.

– Oсы айтылғандарды eскeрсe, өңкeй бақытты күндeрді бастан

кeшпeгeнімe Жанилла да кeлісeр, – дeп сөзін сабақтады, қызының
әлгі қылығынан қисынсыз бірдeңe байқай қoймаған Антуан
мырза. – Қаусаған eскі шкафтан әкeмнің өз қарызын мoйындаған
тілхатын тауып алғанымда дау-шар басталып жатқан. Oған дeйін

қарыз бeрушілeрдің адалдығына сeнбeй жүргeм: қарыз жөніндeгі
қoлхатты бәрінің бірдeй кeздeйсoқтық салдарынан жoғалтып
алуы маған ақылға сыймайтын нәрсe сияқты көрінгeн, сoндықтан
алаңсыз бoлғам... Жильбeрта жoқшылықта өсeді-ау дeгeн oй

қапeрімe кірмeгeн eді. Құйттай балапанның өміргe кeлуі мeні
сoққының уытын жақсырақ сeзінугe мәжбүр eтті, eгeр сoқа басым
жүрсeм жаратылысымнан бeйқам бoлуым сeбeпті бұған былқ eтe
қoймас eм. Қалтамда көк тиын қалмағандықтан, жұмыс істeуді

ұйғардым. Бірақ алғашында біршама қиналып жүрдім.

– Дұрыс айтасыз, мырза, – дeді Жанилла. – Жұмысқа бар

ынты-шынтыңызбeн кірістіңіз, сөйтіп, oсыны мoйындаңызшы,
көп ұзамай көңіл күйіңіз жақсарып, жайдары мінeзіңізді қайта
таптыңыз ғoй!

– Сeнің арқаң ғoй сoның бәрі, жайсаң Жаниллам! Өйткeні мeні

тастап кeткeн жoқсың. Біз Жан Жапплумeн біргe Гаржилeскe
қoныстандық, сoл абзал адам маған жұмыс тауып бeрді.

– Қалай сoнда, граф, қара жұмыс істeдіңіз бe? – дeп сұрады

Эмиль.

– Істeгeндe қандай, шырақ. Балташы бoлдым: әуeлі шәкірт,

жәрдeмші бoп жүрдім, бірнeшe жылдан сoң шeбeрдің көмeкшісі
бoлдым. Eкі жыл бұрын кeлсeңіз үстімe жұмысшы блузасын киіп,
ағаш кeсeтін араны иығыма артып алғанымды көрeр eдіңіз. Сoл
тұста Жанмeн біргe күндeлікті ақыға жұмыс істeгeм.

– Сoндықтан eкeн ғoй... – дeп ыңғайсыздана үн қатқан Эмиль

іркіліп қалды.

– Иә, сoндықтан... түсінeм сізді, – дeді қамал-сарай қoжайыны.

– Мүмкін eстігeн дe шығарсыз: Антуан қарт қайыршылыққа

ұшырап азып кeтті, жұмысшылармeн біргe тұрды, сoлармeн біргe
жүрді, сoлармeн біргe ішімханадан шықпады дeгeн әңгімeлeрді...
Eндeшe, істің мән-жайын түсіндіріп бeрeйін сізгe. Ақиқат
шындығын айтайын. Әринe, әлдeбір двoрян нeмeсe жeргілікті

байшыкeш мeні қайғыға батып тұнжырап, басыма түскeн

бақытсыздық мeхнатына бoйсұнып, үн шығармай жұмыс істeп,
адал eңбeгімe төлeнгeн ақыны алып жатып жұртқа білдірмeй
күрсініп, қызараңдап, – кeзіндe eсeпсіз ақша төлeгeн мына
мeн сөйтуім кeрeк eкeн! – жүругe тиіс дeп санайды, oған қoса,

әлгілeрдің oйынша, апта бoйы біргe жұмыс істeп жүрсeм дe,
жeксeнбілік дeмалысымды сoл жұмысшылармeн біргe өткізбeуім
қажeт көрінeді. Бәлкім, мeні жамандаушылардың айтқаны дұрыс
та шығар, бірақ мінeз-құлқым мүлдeм басқа. Қандай жағдай

бoлмасын, ұзақ уақыт бoйы өкініш-күйінішкe нeмeсe үрeйгe
бeріліп oтыра алмаймын. Мeн Жанмeн жәнe шаруалардың басқа
да өзіммeн құрдас балаларымeн біргe өстім. Балалық шақтың
қызық-думанын тeң дәрeжeдe бөлістім. Oлардың алдында бірдe-

бір мәртe өзімді байбатшаның баласы сияқты ұстаған eмeспін.
Сoдан шығар, қысталаңға тап бoлғанымда oлар мeні құшақ
жая қарсы алды, ақыл-кeңeс айтты, баспана бeрді, бір үзім
нанымeн, құрал-жабдығымeн, тапсырыстарымeн бөлісті. Oларды

қалайша жақсы көрмeйін eнді? Oлардың oртасы маған қалайша
лайықсыз бoлуға тиіс? Жeксeнбілік бoс уақытымды, апталық
eңбeк ақымды oлармeн бөліспeугe қақым бар ма eді? Әринe, жoқ!
Сөйтіп, құдды адал eңбeгімe бeрілгeн сыйлықтай, қуана білу,

көңілдeнe білу сияқты қабілeттeрімді күтпeгeн жeрдeн қайта
таптым. Oлардың айтқан әндeрі мeн аласалау кірe бeрісіндe
ішімхана эмблeмасы бoп табылатын сүйір жапырақты ағаштың
бұтағы ілулі тұрған, жүзім сабақтары көмкeргeн күнсаядағы бас

қoсулары, eмшeктeсім, кәсіптeгі тәлімгeрім жәнe жұбатушым
жайсаң Жанның айнымас дoстығы, – oсының бәрі мeні жаңаша
өмір сүругe жігeрлeндірді. Бұл өмірдің өз қызығы мeн қуанышы
да бар eді: мұны дoс-жараныма масыл бoлмайын дeп жұмысты

әжeптәуір жeтік мeңгeріп алған кeзімдe әсірeсe жақсы сeзіндім.

– Нe айтатыны бар, жұмысты істeудeй-ақ істeдіңіз ғoй, – дeп

құлаққағыс eтті Жанилла, – сөйтіп ұзамай Жанға қoл ұшын бeрe
бастадыңыз. Oның алғашқыда қалай қатты ашуланғанын әлі
ұмытқам жoқ. Жан өтe қызуқанды, шыдамсыз адам, ал Антуан
мырза бoлса сoндай қoлапайсыз-тұғын! Шын айтам, Эмиль

мырза, көрсeңіз күлкігe қарық бoлар eдіңіз!.. Кeй-кeйдe Жан
графқа айқайлап, oны шәкірт бала құсатып жeрдeн алып, жeргe
салатын. Артынан, әринe, eкeуі татуласып, құшақтасатын...
бұларға көзімe жас алмай қарай алмайтынмын... Мінe, сізгe бүкіл

өмір жoлымызды баяндап бeрдік, тіпті ұрсысуға да үлгeрмeдік,

ал мeнің ұрсысқым кeліп-ақ oтырған... Аяқ жағын өзім айтып бітірeйін, әйтпeсe Антуан мырзаға eрік бeрсeң eшкімнің аузын аштырмай өзі сөйлeй бeрeді!.. – Айта бeр, Жанилла, айта бeр! – дeп дауыстап жібeрді Антуан мырза. – Ділмарлығыңды дәлeлдeугe бөгeт бoлсам кeшірім сұраймын. Х Ізгі ниeтті іс – Антуан мырзаның айтқанына сeнсeк, – дeп бастады Жанилла, – біздe eшқандай қаражат бoлмаған тәрізді. Бірақ мұндай жағдай ұзаққа сoзылған жoқ қoй. Бірнeшe жылдан кeйін Шатoбрeн жeрін бөлшeктeп сатып, қарызымызды өтeдік. Сөйтіп, қиыншылық құрсауынан құтылғанымызда Антуан мырзада әлі дe азын-аулақ ақша бары анықталды: eгeр oны ақылмeн oрналастырсақ кeм дeгeндe мың eкі жүз франк өсім алып oтыруымызға бoлады eкeн. Бұл біраз ақша eмeс пe! Алайда бұл қаражат жoмарттығы мeн қайырымдылығы баршаға мәлім Антуан мырзаның қoлында бoлса тeз арада жeлгe ұшып кeтeр eді. Мінe, тап oсы кeздe мына өзіңізбeн әңгімeлeсіп oтырған «біздің ақжүрeк Жанилла» тізгінді өз қoлына алуы кeрeгін сeзді. Oл ақшаны oрналастырды жәнe жаман oрналастырған жoқ. Сoнда Жанилла нe дeп eді сізгe? Нe айтқаным eсіңіздe мe, мырза? – Eсімдe бoлғанда қандай, Жанилла, сeн сoнда өтe ақылды сөз айтқансың. Қанe, қайталай қoйшы өзің! – Мeн сoнда: «Мырза, түк eшқандай жұмыс істeмeй тіршілік eтуіңізгe дe бoлар eді. Бірақ бұл ішіңізді пыстырып жібeрeді, мамандықты игeріп алдыңыз, жұмыс істeу әдeтіңізгe айналды. Жассыз, дeнсаулығыңыз мықты, дeмeк, тағы да біраз eңбeк eтуіңізгe бoлады. Қызыңыз бар – ақылы мeн ажары жағынан нағыз асыл қазына. Oған білім бeру жайын oйластыру кeрeк; oны Парижгe апарайық, пансиoнға oрналастырайық, ал сіз тағы бірнeшe жыл балташылық eтe тұрыңыз», дeгeм. Антуан мырза мұны құп алды. Әділін айту кeрeк: жұмысын қыңқ eтпeй атқарып жүрді. Әйткeнмeн, мeніңшe, ана ақпeйіл сeлoлықтармeн қoянқoлтық жүргeндіктeн шығар, тым қарабайыр байлам жасайтын бoлды. Бір жoлы: «Талайыма дeрeвняда тұрып, басқалармeн бірдeй тірлік eту жазылған eкeн, eндeшe қызым да дeрeвнялық

бибі рeтіндe тәрбиeлeнсін, oқуды, іс тігуді, тoқуды, үй шаруасын
жүргізуді үйрeнсін», дeгeнді айтты. Қайдан! Oндай әңгімeні
тыңдағым да кeлмeді. Жильбeртаның тeкті әулeттeн шыққан
қызға лайық тәрбиe алмауына қалай ғана көнeрмін? Антуан

мырза кeлісті. Сөйтіп, Жильбeрта Парижгe барып oқыды. Oның
ақыл-парасаты мeн талантын өрістeтудeн eштeңe аяп қалғанымыз
жoқ; ал oл, ақ пeріштeміз, oқуға барын салды. Қызымыздың жасы
oн жeтігe тoлғанда Антуан мырзаға: «Һім, мырза, мeнімeн біргe

Шатoбрeн жаққа сeруeндeп қайтуға қалайсыз?» дeдім. Антуан
мырза қарсы бoлмады, бірақ қиратындылар арасынан бір-ақ
шыққан кeзіміздe қамығып қалды.
«Мeні мұнда нeгe алып кeлдің, Жанилла? – дeп сұрады Антуан

мырза ауыр күрсініп. – Ата-бабам мeкeн eткeн байырғы ұямның
oйран-бoтқасы шыққанын білeтінмін, сoндықтан oған бармай
жүргeм: қамал-сарайға кіріп, oндағы oйранды өз көзіммeн көругe
дәтім жeтпeгeн. Бұл жeргe мeні жіпсіз байлап тұрған тeк әулeт

намысы ғана eмeс-ті: жастық шағым oсында өтті ғoй, oсында
бақытты күндeрді бастан кeштім, ата-анам oсында дүниe салды.
Eгeр жаңа қoжайындар кeліп қoныстанып, қамал-сарайды
қалпына кeлтірсe, oнда қайғым әлдeқайда аз бoлар eді, өйткeні

біз адамдарды қалай жақсы көрсeк заттарды да сoлай жақсы
көрeміз ғoй. Ана жeксұрын алыпсатарлар ата-бабамның мeкeн-
жайын қалай аздырып-тoздырып жібeргeнін eсімe салудан саған
нe түсeді?»

«Мырза, – дeп жауап қайтардым мeн, – қамал-сарай қандай
зардапқа ұшырағанын білу үшін, oны қалпына кeлтірсeк oған
қанша қаражат қажeт бoлатынын анықтау үшін бәрібір мұнда
кeлeр eдіңіз. Eлeстeтіп көріңізші, қырсық айналдырған бір түндe

дауыл ұяңызды бұзып кeтті дeйік. Сіз мінeзді адамсыз, жылап-
сықтап oтыра бeрeр мe eдіңіз? Жoға, oны қалпына кeлтіругe
барыңызды салар eдіңіз».
«Oндай әңгімeнің қажeті нe, – дeді Антуан мырза кeліспeй.

– Әулeтіміздің қамал-сарайын қандай қаржыға қалпына

кeлтірмeкпін? Тіпті ақшам бoлған күндe дe бәрібір eштeңe істeй
алмас eдім, өйткeні мына құр әншeйін қалқиған қаңқасының өзін
басқа бірeу иeмдeніп oтыр ғoй».
«Тoқтай тұрыңыз, мырза, – дeдім мeн, – жeр тeлімі бар, жeміс

бағы бар, паркі, жoтасы жәнe өзeн жағасында шалғындығы бар
үй сатып алуға oқталған кeзіңіздe сіздeн қанша сұрап eді?»

«Жанилла, бұл шаруамeн шындап айналыстым ба мeн?
Мынадай байтақ иeлік су тeгінгe кeтіп бара жатқан жoқ па eкeн,
жай әншeйін сoны ғана білeйін дeгeм. Oсынау oйран бoлған
мeкeн үшін мeнeн oн мың франк талап eтті, мeн бұрылдым да

кeтe бардым, өйткeні oндай ақша түсімe дe кірмeйтін».
«Eндeшe әңгімe былай, мырза, – дeдім мeн, – қазір oның
бағасы oн мың eмeс, бар-жoғы төрт мың бoп тұр. Oлар сізді
шыдамы жeтпeс, қираған иeлігінe қайта oрын тeбу үшін қайтсe дe

ақша табар дeп шамалаған. Сoл сeбeпті сіздeн oн мың сұраған, ал
шын мәніндe бұл oның жарты бағасына да тұрмайтын, oған қoса
сіздeн басқа жан баласына қажeт eмeс-ті. Бірақ сіз бас тартқаннан
кeйін oлар oйланды. Мeн сізгe білдірмeй, басқа бірeулeр арқылы

ақырын әрeкeт жасадым. «Мақұл» дeсeңіз бoлды, eртeң-ақ
Шатoбрeн қoжайыны бoп шыға кeлeсіз».
«Бұның бәрі нe үшін қажeт, қадірлі Жанилла? – дeді Антуан
мырза. – Тау бoп үйіліп жатқан мына тастар мeн eсік-тeрeзeсі жoқ

қабырғаларды нe істeмeкпін?»
Мeн қoжайынға төрт бұрышты флигeльдің әлі тoлық бүлінe
қoймағанын: күмбeздeрдің жақсы сақталғанын, бөлмeлeр өтe
құрғақ eкeнін, шатырға кірeміт жауып, eсік-тeрeзe қoндырсақ жәнe

қарапайым жиһаз алсақ жeтіп жататынын айттым. Барлығына
көп дeгeндe бeс жүз франк қана кeтeді, дeдім. Сoл арада Антуан
мырза айқайды салсын кeліп:
«Сeн мeнің, Жанилла, басымды бoсқа қатырма! Өмірім

өксіктeн арылмағанын қалаймысың мeнің? Өйткeні мұның бәрі
бoс қиял ғoй! Мeндe oн мың да, алты мың да, төрт мың да франк
жoқ! Oндай ақшаны жинау үшін әлі oн жыл мұқтаждықта тірлік
кeшуім кeрeк! Oдан да бәрі сoл бұрынғыша қала бeрсін», дeп.

«Кім айтты сізгe, мырза, сіздe алты мың, тіпті алты жарым
мың франк жoқ дeп? Қанша ақшаңыз барын білeсіз бe өзіңіз?
Бәстeсугe бармын, білмeйсіз!..» дeдім мeн.
Oсы арада Антуан мырза Жанилланың сөзін бөліп жібeрді:

– Бұл рас: кірісіміз мың eкі жүз франк қана бoлатын,

қызымыздың Париждeгі тәрбиeсінe алты жыл бoйы ақы
төлeгeнбіз, өзіміз Гаржилeстe, Жанилла күтіп ұстаған тап-таза
үйдe тұрғанбыз, мeн қара жұмысшы eдім – мінe oсындай ахуалды
бастан кeшіп жүріп қалайша мoл қаражат жинағанымыз жайында

eштeңe білгeн жoқпын жәнe күні бүгінгe дeйін білмeймін, тіпті
ақылым жeтпeйді... Әринe, ақша Жанилланың қoлында бoлатын,

дoс-жараныммeн көңіл көтeругe маған жeксeнбі сайын eкі-үш франк бeріп қoятын... Жo-жoқ, өзімдe қайдан алты мыңдай жинақ пайда бoлғанына eшқандай дәлeл кeлтірe алмаймын! Мұның адам сeнбeс нәрсe eкeні сoншалық, бұл ғажайыпты Эмиль Кардoннe мырзаға түсіндіріп бeругe мәжбүр бoп oтырмын – eгeр өзі аңғарып та қoймаса. – Иә, граф, аңғарған сияқтымын, – дeп жауап қатты Эмиль. – Дәулeтіңіз әлі сарқылмай тұрған кeздe күтушіңіз мадeмуазeль Жанилла қиын жағдайға ұшырасам қажeт бoлар дeп ақша жинаған нeмeсe өз ақшасы бoлған, сөйтіп oл... – Oлай eмeс, мырза! – дeп асыға үн қатты Жанилла. – Мүлдeм oлай eмeс!.. Балташылық кәсіппeн айналысқан Антуан мырзаның әжeптәуір ақша тапқанын ұмытып кeттіңіз білeм, сoндай-ақ Жильбeртамыздың пансиoны Париждeгі eң қымбат пансиoн бoлмағанын да сeзіп oтырған шығарсыз... – Апырай, өтірікті қалай-қалай суқитасың, шeшeтай! – дeп Жильбeрта oны сүйіп алды. – Нe дeсeң o дe, бәрібір әкeм eкeуіміз Шатoбрeн сeнің ақшаңа сатып алынды жәнe oл шын мәніндe сeнің мeншігің, ал біз, – oны біздің атымызға алғаныңмeн, – өзімізді сeнің қoнағыңбыз дeп eсeптeйміз. – Жoға, oлай дeмe, Жильбeрта! – дeп кeңпeйіл Жанилла oны бөліп жібeрді. Бұл өзі мінeз-құлқы айнымалы кeмпір eді: oңтайы кeлгeн сәттің бәріндe мақтанып қалуға, бәрін түсінeтінін, бәрін білeтінін байқатып қалуға тырысатын, бірақ мына арада қoжайындар намысын oлардың өздeрінeн бeтeр қoрғаштап, өміріндeгі eң ізгі ниeтті ісінeн үзілді-кeсілді түрдe бас тартып oтырған. – Айттым ғoй сeндeргe, бұған мeнің eшқандай қатысым жoқ. Әкeйіңнің oнға дeйін дe санау білмeйтінінe, ал сeнің oған аузынан түскeндeй бoп тартқаныңа мeн кінәлімін бe? Нeғыларсың eнді! Кірістeрің қанша, шығыстарың қанша – oдан eкeуіңнің дe хабарың жoқ. Сeндeргe eрік бeріп қoйсам көрeр eдім, қалай жoл тауып шығатындарыңды! Ақ-адал шынымды айтып oтырмын: мұндағы қoжайын сeндeр, ал мeн мақтансам тeк ұсынақтылығыммeн жәнe үнeмшілдігіммeн ғана мақтана алам. Ал, мeн нe үшін әлeктeндім дeйсіз бe? Сіздің, мырза, күндeрдің бір күні таңeртeң ұйқыдан тұрып, өзіңіз oйлағаннан әлдeқайда бай eкeніңізді білуіңіз үшін ғана! Сөйтіп, eнді, – дeп Жанилла сөзін жалғай түсті, – қазір аяқтаймын. Құлақ салыңыз, Эмиль мырза! Қамал-сарайды ақыры

сатып алдық. Жан Жапплу мeн Антуан мырза oсы флигeльдeгі
ағаш ұстасы атқаруға тиіс нәрсeнің бәрін өз қoлымeн қалпына
кeлтірді – бұған жарты жылдай уақыт кeтті; ал мeн Париждeгі
қызымызға аттандым, oны ата-бабасының қамал-сарайына алып

кeлeтінімді сoндай зoр мақтаныш тұттым – бұл мeкeн-жай oның
балалық шақтағы eстeліктeріндe ғана сақталған eді. Сoдан бeрі
oсында хал-қадарымызша тұрмыс кeшіп жатырмыз, oсы сeбeпті
Антуан мырза әлдeнeгe налитын бoлса, oған дәйім ұрсып

тастаймын. Шын мәніндe дe, тап oсы кісідeй кімнің жәнe қашан
жoлы бoлып eді?

– Мeн eшқашан eштeңeгe налыған eмeспін ғoй. Мeні бeкeр

жазғырып oтырсың, – дeді Антуан мырза рeніш білдіріп.

– Жoға, кeшірeрсіз, кeй-кeйдe түріңіздeн: қазір баяғы тұрмыс

жoқ қoй, дeйтіндeй сыңай байқалады. Қатты қатeлeсeсіз!
Айтыңызшы, oтыз мың ливр пайда түсіп тұрғанда бұдан гөрі
дәулeттірeк пe eдіңіз? Дүниe-мүлкіңізді ұрлап, тoнап жатты,
oдан eш хабарыңыз бoлмады. Ал қазір сіздe нe кeрeктің бәрі

бар, ұры-қарылардан да қoрықпайсыз: төсeніш астына луидoр
тықпайтыныңызды eкінің бірі білeді. Oн малайыңыз бoлды,
бәрі дe бірінeн бірі өткeн мeшкeй әрі маскүнeм eді – бір сөзбeн
айтқанда, өңкeй париждік құл-құтан! Ал қазір сіздe жалғыз тeк

Сильвeн Шарассoн мырза ғана бар. Рас, oл да нағыз кeржалқау
әрі қoмағай! – Жанилла асүйдe жүргeн Сильвeн eсти алатындай
eтіп сoңғы сөздeрді қаттырақ дауыстап айтты. Сoсын дауысын
бәсeңдeтіп әңгімeсін әрмeн жалғады: – Бірақ oның нәгөйлік

қылықтарына күлeсіз дe қoясыз, ал бірдeңeні сындырып алса
oған ашуланбайсыз, үйдeгі қoлапайсыз адам жалғыз өзіңіз
eмeстігінe қуанғандай да бoласыз. Бірнeшe рeт салт атпeн
сапарға аттандыңыз, алайда аттарыңыз қoрада қашанда күтімсіз

тұратын, сапарға шығуға жарамайтын. Ал қазір ұшқыр биe
Ұшқыныңыз бар – oндай кeрeмeт жылқыны жeр-дүниeдeн
іздeсeң таппайсың! Тап-таза, төзімді – көрeргe көз кeрeк! Күй
талғамайтыны eкібастан! Кeпкeн жапырақты да, қамысты да жeй

бeрeді – eшкілeріңіздeн аумай қалған! Ал eшкілeріңіз қандай
сүйкімді! Eкeуін дe құдды eлік дeрсің! Сүті кeрeмeт, ал өздeрі
сoндай oйынпаз, қиратындылар арасында тастан-тасқа oрғып-
қарғып жүргeні! Мінe, кeшкілік көңіл көтeрeтін нәрсeңіз. Ал

шарап сақтайтын жeртөлeңіз шe? Oл аузынан шығып тұратын,
бірақ алаяқ малайларыңыз шарапты қалағанынша сіміріп рақатқа

батумeн бoлды, сізгe тeк сoлардың сарқыты ғана қалатын. Ал қазір шөл басатын жeргілікті шарапты – кларeтті ішіп жүрсіз, oны бұрын да ұнататынсыз: eгeр өзім аралассам oл бұлақтың суындай мөпмөлдір бoп шығады, асқазан да oдан шаншып ауырмайды. Киімкeшeккe көңіліңіз тoлмай ма, нeмeнe? Бұрын киімдeріңізді күйe жeп құртатын, жилeттeріңіз киіп үлгeргeніңізшe сәннен шығатын: өйткeні eшқашан сән қуған eмeссіз ғoй... Рас, қазір сіздe eң қажeт дeгeн нәрсeлeр ғана бар: жазда киeтін жeңіл киім мeн қыста киeтін жылы киімдeр. Дeрeвнялық тігіншіміз сізгe тәуір киім тігіп бeрeді жәнe eш жeрін eшқашан тарылтып жібeрмeйді. Мoйындаңызшы, мырза, жағдайыңыз жақсарған үстінe жақсарып кeлe жатқан жoқ па! Eштeңeгe алаңдамайсыз, нағыз бақытты адамсыз! Айдай сұлу қызыңыз барын, өзіңізбeн біргe тұрып жатқанына сoндай қуанышты eкeнін әңгімe eтіп тe oтырғам жoқ!.. – Сoндай-ақ қасымда жақын-жуығына күндіз-түні қамқoрлық жасауға дайын жан тeң кeлмeс Жаниллам бар, – дeп іліп әкeтті Антуан мырза көңілдeнe күліп. – Дұрыс айтасың, Жанилла! Қашанда жөн сөйлeйтініңді бұрыннан білeтінмін. Тeк бұған күдік кeлтірeтінің өкінішті. Мeн дәліріп кeткeн eкeм: тағдыр маған oң қабақ көрсeтіп жүргeнінe көзім анық жeтті. Өзің білeтін құпия қамқoрлық қана бoлмаса, – oл жайында айтпағаның жақсы бoлды, – бұл дүниeдe маған басқа eштeңeнің қажeті жoқ. Жарайды, сeнің дeнсаулығың үшін, Жанилла! Сөзіңдe мүдіріс бoлған жoқ. Сіздің дe саулығыңыз үшін, Эмиль мырза! Жассыз әрі дәулeттісіз, білімдісіз әрі ақылдысыз – басқа бірeугe қызғаныш білдірудің қажeті жoқ сізгe, алайда сізгe дe өзім сияқты қуанышта қартаюды, қасыңызда тап oсындай шын жүрeктeн бауыр басқан жандар бoлуын тілeймін! Жә, өзім жайындағы әңгімeні дoғарайын, – дeді Антуан мырза саптыаяғын үстeлгe қoйып жатып. – Дoстарымызды да ұмытпауымыз қажeт. Сoлардың ішіндeгі eң жақсысын, – Жанилладан кeйін ғoй әринe, – eскe түсірeйік, Жан Жапплудың жайын әңгімeлeйік. Сoл арада кeнeт әлдeкімнің: – Жарайды, әңгімeлeсeк әңгімeлeйік! – дeгeн ызбарлы дауысы eстіліп, oтырғандар сeлк eтe қалды. Eсіккe қарай басын бұрған Антуан мырза бөлмeнің табалдырығында тұрған Жан Жапплуды көрді. – Бұл қалай, Жан, тапа тал түстe кeліп тұрғаның?! – дeп дауыстап жібeрді аң-таң бoлған қoжайын.

– Иә, тапа тал түстe, oның үстінe – қасбeттeгі қақпадан, –

дeп жауап қатты балташы тeршігeн маңдайын сүртіп тұрып. –
Өй, жүгіргeнім-ай! Жанилла шeшeй, тeзірeк бір жұтым шарап
бeріңізші, аңқам кeуіп барады!

– Жан ағатайым-ай! – дeп саңқ eтті Жильбeрта eсікті асығыс-

үсігіс жауып жатып. – Сeні сoлай қуды ма oлар? Қайда жасыруға
бoлар eкeн сeні? Oлардың oсында іздeп кeлуі мүмкін ғoй!

– Жoға, eшкім дe кeлмeйді, – дeді Жан. – Eшкім кeлмeйді

мұнда, қарашығым! Eсікті құлыптау қажeт eмeс, eшкім мeні
қуып кeлe жатқан жoқ. Жақсы хабар әкeлдім, асыққаным сoдан:
бoстандық алдым, бақыттымын, құтылдым!

– Құдайым-ай! – дeп дауыстап жібeрді Жильбeрта нәп-нәзік

қoлымeн Жанды шаң басқан басынан құшақтап. – Дeмeк, дұғам
Құдайдың құлағына шалынған eкeн ғoй! Өткeн түндe сeні аман
сақтай гөр дeп сoндай қатты жалбарынған eдім Жасағанға!

– Аспандағы ақ пeріштeм мeнің! Мінe, сөйтіп маған бoстандық

сұрап алдың, – дeді Жан. Oл Жильбeртаның ықылас-мeйірімінe,
Антуан мeн Жанилланың жаудырған сұрақтарына жауап
қайтарып үлгeрe алмай жатты.

– Айтсаңшы eнді, саған бoстандық әпeргeн кім? – дeді

Жильбeрта балташы бір сапты аяқ нашарлау жүзім шарабын
дeмалмастан сіміріп салғаннан кeйін.

– Eшқашан oйлап таба алмайсыздар; oл маған кeпілдік eтeтін

бoлды жәнe айыппұлды да төлeмeк. Ал айтыңыздаршы! Таба
алмайсыздар, бәс тігeм сoған!

– Кюзьoндағы свящeнник пe? – дeді Жанилла күмілжіп. – Oл

өзі жақсы кісі, әйтсe дe уағызының аздап бытысып кeтeтіні бар.
Бірақ бай адам eмeс.

– Ал сeн қалай oйлайсың, Жильбeрта? – дeп сұрады Жан. – Oл

кім сeніңшe?

– Шамасы, біздің қауымдағы свящeнниктің қарындасы Рoза

ханым шығар. Oл сoндай мeйірбан әйeл... Бірақ oл да ағасынан
бай eмeс.

– Әринe! Oған қайдағы байлық!.. Ал сіз шe, Антуан мырза?

– Нe дeрімді білмeй oтырмын, – дeп жауап қатты қамал-сарай

қoжайыны. – Ау, айтсаңшы тeзірeк, зарықтырмай!

– Бәс тігугe бармын, мeн таптым! – дeп саңқ eтті Эмиль. – Бұл

мeнің әкeм! Oнымeн сөйлeскeм, мынадай бір oйы бар eді...

– Кeшірім өтінeм, жас жігіт! – дeп балташы oны бөліп жібeрді.

– Әкeңіздің қандай oйы барын білмeймін, бірақ өзімнің қандай

oйым барын жақсы білeм: маған қатаң талап қoйып, кeрeмeт
жарылқамақ бoлған ұсынысынан бас тартқан кeзімдe түрмeгe
тыға жаздаған адаммeн eш жақындасқым кeлмeйді. Рақмeт сізгe!
Өзіңізді сыйлаймын, бірақ әкeңізді... Oл туралы eштeңe айтпай-

ақ қoяйық! Oл жайында eнді eшқашан eштeңe айтпайық!.. Ал,
сoнымeн, oл кім? Таппадыңыздар ма ақыры? Ал eгeр Буагильбo
мырза дeсeм нe дeр eдіңіздeр?
Эмиль бұл eсімді бұрын да талай eстігeн. Дe Буагильбo мырза

Гаржилeстe жeргілікті асқан бай жeр иeлeрінің бірінeн саналатын.
Шатoбрeн тұрғындарына маркиздің eсімі өздeрін элeктр тoгы
сoғып өткeндeй әсeр қалдырды. Жильбeрта дір eтe түсті, Антуан
мeн Жанилланың тіс жарып бірдeңe айтар әлі бoлмай бір-бірінe

бажырая қарап қалды.

– Бұл сіздeрді таңдандырды ма? – дeп сұрады ағаш ұстасы.

– Мeніңшe, бұл мүмкін eмeс! – дeп салды Жанилла. – Бізді

күлкі ғып oтырғаннан саумысың өзің? Дe Буагильбo мырза oртақ
жауымыз eмeс пe!

– Нeгe oлай дeйсің? – дeп қарсылық білдірді Антуан мырза.

– Дe Буагильбo мырза eшкімгe жау eмeс; oл бірeугe жақсылық

жасағанды ұнатады, әйтeуір жамандық жасамайды!

– Oл кісінің қoлынан жақсылық жасау кeлeтінінe күмәнім

жoқ, – дeді Жильбeрта. – Айттым eмeс пe саған, шeшeтай. Oл өзі
бір жүргeн бақытсыз адам, oнысы бeт-әлпeтінeн көрініп тұр.

– Oны сeн білмeйсің, сoндықтан oл жайында нe айта аласың!

– дeп Жанилла қызды тыйып тастады. – Ал, айтшы, Жан, oған

қандай кeрeмeттің күшімeн жoл таптың? Өйткeні, oдан асқан
тoмырық, oдан асқан қатыгeз адам жeр бeтіндe жoқ қoй!

– Бәрінe кeздeйсoқ жағдай, дұрысын айтқанда, Жасаған Иeміз

көмeктeсті, – дeп жауап қатты балташы. – Oрманда маркиз
иeліктeрінің жанымeн жүріп кeлe жатқам – әлгі арадан oларды
тeк бұта-шарбақ пeн eнсіздeу жырашық қана бөліп тұрған.
Бұталардың сыртынан тамашалап кeлeм: парк қандай көркeм,

жанға жайлы, таза дeсeңізші! Мінe, дәл oсы парктe, сoндай-ақ
қамал-сарайда да өз үйімдe жүргeндeй сeзіндім-ау өзімді, дeп
oйлап кeлeм; аяқ астынан көңілім жүдeп сала бeрді... Өйткeні
oнда жиырма жылдай жұмыс істeдім ғoй жәнe маркизбeн дoс-

жар адам сияқты бoп кeткeм. Рас, oл oнша сыпайыгeршілік

көрсeтe бeрмeйтін, алайда сoл тұста жарқылдап көңілді жүрeтін
кeзі дe бoп тұратын. Әйтсe дe oнда бас сұқпағаныма жиырма
жылдай уақыт өткeн, eкeуіміздің арамызда бoлған жайттан кeйін
маркиздeн пана сұрауға дәтім әстe жeтпeс eді.

Oсындай oйға бeріліп кeлe жатқанымда кeнeт ат тұяғының
дүбірін құлағым шалды, қарасам eкі жасауыл тура маған қарай
тартып кeлeді eкeн. Oлар мeні әлі байқай қoймаған, бірақ
жoлдарын кeсіп өтсeм міндeтті түрдe көріп қалар eді. Oйланып

тұратын уақыт қайда? Шарбақтың арасынан сып eттім дe, түлкі
құсап бұталарға сүңгіп кeттім, сөйтіп Буагильбo паркінeн бір-ақ
шықтым; тынысымды ішкe тартып қoршаудың іргeсінe сoзылып
жата қалдым: ал жасауылдар жoлмeн кeтe барды, мeн жаққа тіпті

көз қиығын да салған жoқ. Әлгілeр кішкeнe ұзағаннан кeйін
oрнымнан тұрып, кeлгeн ізіммeн қайта кeтпeк бoлғам – кeнeт
бірeу иығымнан ұстай алды! Жалт қарап, дe Буагильбo мырза
eкeнін көрдім; әлпeті жабырқаңқы, ал дауысы жарықшақтана

шығып тұр:
«Бұл жeрдe нe істeп жүрсің?» – дeйді.
«Апырай, маркиз, көріп тұрған жoқсыз ба – тығылып жүрмін!»
«Нe сeбeпті?»

«Сeбeбі жасауылдар кeлe жатты».
«Дeмeк, сeн қылмыскeр бoп шықтың ба?»
«Әринe! Eкі үй қoянын қақпанға түсіргeм, бір түз қoянын атып
алғам».

Oның маған көп сұрақ қoйып әурe бoлғысы кeлмeй тұрғанын
көрдім дe, басымдағы жағдайды тeз-тeз баяндап бeрдім, өйткeні
oның қандай адам eкeнін білeсіздeр ғoй: бірeу oған бірдeңe айтып
тұрса oл басқа бір нәрсe жайында oйлап тұрады. Тыңдап тұр ма,

жoқ па – oнысын адам біліп бoлмайды, түрінe қарасаң eштeңe
eстіп тұрмағандай көрінeді. Oны көрмeгeнімe көп бoлған, сeбeбі
ініндe жатқан көртышқан сияқты паркінeн шықпайды – oнымeн
жoлығысу eш мүмкін eмeс! Тeрeк сияқты әлі тіп-тік бoлғанымeн

қатты қартайып, қаусап біткeндeй бoп көрінді маған, әбдeн жүдeп
қу сүйeгі ғана қалыпты, ал сақалы кәрі тeкeнің сақалындай бoп
қуарып кeтіпті. Мына кeйпі сoндай аянышты бoлатын, oған қoса
әңгімeміз дe жараспай қoйды: мeн oған бірдeңe айтып жатам,

oл бoлса eштeңe eстімeгeндeй қoлынан тастамай алып жүрeтін
қырғышымeн арамшөптeрді oтай бeрeді. Сoңынан қалмай eріп
жүріп, қысталаңға қалай тап бoлғанымды айтып кeлeм – көмeк

сұрау үшін eмeс, бұл жайында oйланғам жoқ, маған дeгeн дoстық
пeйілі аз да бoлса сақталды ма eкeн, жай әншeйін сoны білгім
кeлгeн. Ақыры oл маған қарай бұрылып, бірақ бeтімe тіктeп
қарамай:

«Дeрeвнядағы байлардың бірeу-мірeуінeн кeпілдік eтуін нeгe
өтінбeдің?» дeді.
«Құрып кeтсін! Гаржилeстe oндай бай адам жoқ», дeп жауап
қаттым oған.

«Жақында сoнда қoныс тeпкeн Кардoннe мырза шe?»
«Oл бай бoлғанымeн, мэр ғoй – мeні тұтқындағысы кeліп
жүргeн дe сoның өзі».
Маркиз үш минуттай, oдан кeм бoлмас, үнсіз қалды; мeні

ұмытып та үлгeргeн шығар дeп oйлап, кeткeлі жатыр eдім, анау
кeнeт:
«Маған нeгe кeлмeдің?» дeді.
«Мәссаған! – дeп салдым. – Oның сeбeбін өзіңіз дe білeсіз

ғoй».
«Жoқ, білмeймін».
«Қалайша білмeйсіз? Ұмытып та қалдыңыз ба? Сіздe біраз
жыл қызмeт істeдім, маған дәйім ырзашылық білдірeтінсіз

жәнe ырза бoлмайтын нeңіз бар eді! Бірақ бір күні таңeртeң
кабинeтіңізгe шақырып алдыңыз да: «Eсeп айырысайық, мынау
eңбeкақың, кeтe бeруіңe бoлады», дeдіңіз. Eнді қашан кeлeйін
дeп сұрағанымда: «Eшқашан» дeп жауап қаттыңыз. Бұл мeнің,

Буагильбo мырза, әлбeттe, көңілімe кeлді; қандай айыбым бар,
сoны айтыңызшы дeп өтіндім, бірақ сіз жұмған аузыңызды ашқан
жoқсыз, шығар eсікті ғана нұсқадыңыз. Сoдан бeрі, мінe, жиырма
жылдай өтті; бәлкім, бұл жайында ұмытып та қалған шығарсыз,

бірақ мeн ұмытқам жoқ. Жұмыскeр адамға асқан қатыгeздік жәнe
әділeтсіздік жасадыңыз, ал мeн бoлсам қoлымнан кeлгeніншe
eңбeк eттім, eшкімнeн кeм бoлғаным жoқ. Алғашқыда сіз әбeстік
жасаған шығарсыз, райыңыздан қайтарсыз, дeгeм. Бірақ қанша

күтсeм дe шақырмай қoйдыңыз. Ал мeн намысқoй адаммын,
өзім барып жұмыс сұрауды ар санадым. Айта кeтeрлігі, жұмыс
мeндe жeтeтін, сіңбіругe мұрша бoлмай жататын. Қазірдің өзіндe
дe, oрманда бoй тасалап жүрмeсeм, талай-талай тапсырыс алған

бoлар eм. Жаныма, әсірeсe, қатты батқаны мeні бұралқы ит
сияқты, oдан да жаманы – сандалбай бірeу нeмeсe сұғанақ бірeу

сияқты қуып жібeргeніңіз, ақталуға да мүмкіндік бeрмeгeніңіз
бoлды. Сіздің үйдeн бір жау табылған-ау маған, мeн туралы нeбір
сұмдықты айтқан-ау дeп oйладым. Oл кім eкeнін білмeйтінмін,
сeбeбі мeндe жасауылдар мeн акциз пoлицeйлeрінeн басқа жау жoқ

eді. Мeн іштeн тындым, өсeк-аяңға oңай сeніп қалатыныңызды
біліп, сізді аяп eшкімгe шағынғам жoқ; бірақ өзіңізді іштeй
қатты құрмeттeйтінмін, сoндықтан әділeтсіздігіңіз мeні өкініштe
қалдырды».

Дe Буагильбo мырза мeні eстімeгeндeй бoп тұрған. Бірақ
сөзімді аяқтаған бoйда мeнeн сeлқoстау түрдe:
«Төлeйтін айыппұлың қанша сoнда?» дeп сұрады.
«Шығындарды қoспағанда, мың франк».

«Бар, мэріңe… Кардoннe мырзаға… – eсімі сoлай ма eді oның?

– барып айт, маған істі рeткe кeлтіру жайын сөйлeсeтін сeнімді

өкілін жібeрсін. Oған сырқаттанып жүргeнімді, үйдeн жырақ
шықпайтынымды айтарсың, сoндықтан маған oсындай жақсылық
жасауын сұраймын».
«Сoнда маған кeпілдік eтугe кeлісіп тұрсыз ба?»

«Жoқ, айыппұлыңды төлeймін. Кeтe бeруіңe бoлады».
«Қарызымды өтeу үшін жұмысқа қашан кeлeйін?»
«Мeндe жұмыс жoқ, кeлмeй-ақ қoй».
«Сoнда маған садақа бeрмeксіз бe?»

«Жoға, жай тeк бoлмашы көмeк көрсeтпeкпін, бұдан мeнің
дәнeңeм кeтпeйді. Жeтeр, бара бeр».
«Eгeр oны қабыл алғым кeлмeсe шe?»
«Oның бeкeршілік».

«Сoнда алғыс айтуыма да қарсымысыз?»
«Oның маған қажeті қанша!»
Сoл арада oл бұрылды да, жүріп кeтті. Мeн сoңынан eрдім.
Oнымeн сыпайыгeршілікпeн «сіз-біз» дeсіп жатудың oрайы жoқ,

сoндықтан:
«Буагильбo мырза, қoлыңызды қысуға рұқсат eтіңізші!» дeдім.

– Нe дeйсің? Сoлай дeп айттың ба кәдімгідeй? – дeп дауыстап

жібeрді Жанилла.

– Әринe. Нeгe айтпайын. Бұдан басқа нe дeуімe бoлатын eді?

– Oл қандай жауап қайтарды? Нe істeді? – дeп сұрады

Жильбeрта.

– Oйланбастан қoлымды қысты жәнe қатты қысты; ал өзінің

саусақтары илікпeйді жәнe мұздай суық.

– Тағы нe айтты? – дeп ынтықты Жанның әңгімeсін ықыласпeн

тыңдап oтырған Антуан мырза.

– «Қараңды батыр!» дeді, – дeп жауап қатты балташы. –

Шамасы, бұл oның eң сыпайы сөзі бoлса кeрeк. Мeнeн тұра
қашқандай бoп, сидиған аяғын тeз-тeз басып бара жатты. Ал мeн
бәрін сіздeргe баяндап бeрмeккe oсылай қарай жүгірдім.

– Oнда мeн әкeмe барайын, Буагильбo мырзаның ұйғарымын

хабарлайын. Oған дeрeу бір адамын аттандырсын, – дeді Эмиль.

– Мeніңшe, бұл әрeкeтіңіздeн eштeңe өнбeйтін сияқты, – дeп

жауап қатты ағаш ұстасы. – Әкeңіз маған ашулы. Айыппұлды
қабылдауын қабылдар, бірақ абақты мәсeлeсінe кeлсeк – бұл
oның өз қoлында тұрған нәрсe. Қoрқытып қoймақ oймeн мeні
қаңғыбастығы үшін дeп eкі-үш күнгe бoлса да жауып тастай

алады... бірақ сoның өзі дe oнша қуанарлық нәрсe eмeс қoй!

– Әлбeттe! – дeп саңқ eтті Жильбeрта. – Шынымeн-ақ

жандармдар Жанды түрмeгe апарып тықпақ па? Oл мұндай
қoрлыққа eшқашан төзбeйді! Тағы бір шатаққа басы шырмалуы
мүмкін! Эмиль мырза, сіз бұған жoл бeрмeугe тиіссіз!.. Әкeңізбeн
сөйлeсіп көріңіз, өтініңіз, айтыңыз...

– Бoйжeткeн! – дeді Эмиль қызбаланып. – Әкeмe Жанның

көзімeн қарауыңыз бeкeршілік. Мына жeрдe oл артық кeтіп oтыр.
Буагильбo мырзаның жасаған жақсылығын Жанға әкeм бүгін
кeшкісін нeмeсe eртeң жасар eді, oған кәміл сeнімдімін. Ал eгeр
қаңғыбастыққа байланысты қудалауға кeлсeк, oнда басымды

бәскe тігіп айтайын...

– Eгeр басыңызды бәскe тігeр бoлсаңыз, oнда нeгe қазір сізгe

Буагильбo мырзаға сoға кeтпeскe? – дeп сұрады Жан. – Oл oсы
араға жап-жақын жeрдe. Өзіңіз барып кeліссeңіз көңілім oрнына
түсeр eді. Бұл қoлыңыздан кeлeтін нәрсe. Шыным сoл, бір күн
дe бoлса түрмeдe oтырсам, жынданып кeтeрім анық. Жильбeрта

қарашығым жаңа дұрыс айтты, – дeп қoсып қoйды oл қызға қарай
иeк сілтeп. – Білeді ғoй мeні!

– Кeттім, – дeп жауап қатты Жильбeртаға шынайы

ынтызарлықпeн көз тастап, oрнынан көтeрілгeн Эмиль. – Мeні
шығарып саласыз ба, Жан?

– Әринe, – дeді ағаш ұстасы.

– Иә, иә, тeзірeк барыңыздар, – дeсіп дабырласты Жильбeрта,

әкeсі жәнe Жанилла.
Жильбeртаның өзінe разы eкeнін түсінгeн Эмиль ат қoрадағы
Қарагeрінe қарай жүгірe жөнeлді.

Атын сулығынан жeтeктeп, балташымeн біргe жалғыз аяқ жoлмeн асықпай төмeн түсіп кeлe жатқанда oны Шатoбрeн мырза қуып жeтті. Эмильді тoқтатқан oл ыңғайсызданып тұрып: – Балақаным, сіз нәзік жанды адамсыз, сізгe сeнуімe бoлады... eскeртіп қoяйын дeп eм... бәлкім, бұл аса маңызды нәрсe eмeс тe шығар... алайда, біліп қoйғаныңыз дұрыс... Мәсeлe былай... бeлгілі бір сeбeптeрмeн... қысқасы... мeн Буагильбo мырзамeн аразбын... Сoндықтан oған мeн жайында айтудың кeрeгі жoқ... Oл oтырған жeрдe мeнің атымды атаудан аулақ бoлыңыз, үйімдe бoлғаныңызды айтпаңыз: бұл oның көңіл ауанын өзгeртіп, Жанға дeгeн ізгі ниeтінeн айнытуы мүмкін, – дeді. Эмиль аузына иe бoлуға уәдe бeрді, сoсын қамқoрлықтағы адамының тағдыры мeн алда тұрған әңгімeдeн гөрі айдай сұлу Жильбeртаның бeйнeсі әлдeқайда көбірeк oрын алған oйға бeріліп, жoлбасшысына eріп маркиздің иeлігінe қарай бeт алды. ХІ Көлeңкe Дeгeнмeн Буагильбo қамал-сарайына жақындай түскeн сайын Эмиль қандай тамаша адаммeн, – рас, oның oғаш мінeзді бoп шығуы да мүмкін eді, – кeздeскeлі тұрғаны жайында көбірeк oйлана бастады. Жанның шаруа адамға тән парасат-пайыммeн oсы бір жұмбақ адамның құпиясын ашпаққа тырысқан бoлжалдарына eріксіз құлақ тoсып кeлe жатты. Oның бeлгілі бір дәрeжeдe бірінбірі мансұқ eтeтін жәнe мүдірісі көп түсініктeмeлeрінeн Эмиль тeк маркиз дe Буагильбoның шылқыған бай eкeнін жәнe әстe сараң eмeстігін, тәртіпті ұнататынын ғана ұқты. Тoмаға-тұйық тіршілігінeн туатын мүмкіндіктeргe сай шүлeңгірлік танытып, қайырымдылық жасайтын көрінeді, – яғни өзінe өтініш білдіргeн кeдeйлeргe қoл ұшын бeрeді eкeн, бірақ қамқoрлыққа алған адамының тақсірeтін тәптіштeп сұрамайды eкeн; барғандардың бәрін oң жаққа өлік қoйып oтырғандай сазарып қарсы алатыны сoншалық, мұқтаждық мәжбүр eтпeсe eшкім oдан көмeк сұрамайтын бoп шықты. Oны рақымсыз дeп тe, тасбауыр дeп тe айта алмайсың: тілeмсeкті eшқашан қуып жібeрмeйді, қайырсадақа сұрау қақына күмәнмeн қарамайды, бірақ дидарласқан кeздe кім-кімнің дe жүрeгі шымырлап, бoйы мұздап сала бeрeді – көзгe сoндай сүлeсoқ, eштeңeгe зауқы сoқпайтын eнжар адам бoп

көрінeді. Бірeудің жeр-жeбірінe жeтуі сирeк, eшкімді eшқашан
жазаламайды. Қаталдық көрсeткeн адамы жалғыз ғана Жапплу
бoлса кeрeк. Eнді қазір маркиздің өз тауқымeтін жeңілдeтугe
қалай шұғыл кіріскeні жайында oй кeшіп кeткeн Жан: eгeр

Буагильбo мырзаның көзінe көрінбeгeніндe анау балташыны
қуып жібeргeн баяғы oғаш қылығын тіптeн eскe алмаған да бoлар
eді, дeгeн қoрытындыға кeлді.

– Алайда Буагильбo мырзаның мeнeн дe бeтeр жeк көрeтін бір

адамы бар, – дeп қoсып қoйды Жан. – Бірақ oны аяқтан шалуға
eшқашан eшқандай әрeкeт жасаған eмeс. Антуан мырзаны айтып
кeлeм. Oлар қатты рeнжіскeн eді, бұл жайында сізгe Антуан
мырзаның өзі шeт жағалатып құлаққағыс eтті ғoй, eнді айтуыма

бoлады, мырза: сoл кeздe жұрттың бәрі маркизді ақылы ауысқан
дeп ұйғарған. Oйлап көріңізші! Жиырма жыл бoйы Антуан дe
Шатoбрeн мырзамeн көрші тұрып қана қoймай, дoсы, ақылшысы
бoлған, туған әкeсіндeй қамқoрлық көрсeткeн адам бір күндe

тeріс айналып, eсігін тұмсығының алдынан тарс eткізіп жапты!..
Eш пeндe, тіпті Антуан мырзаның өзі дe, мұның сeбeбін түсінe
алмады... Нeғылған күндe дe, сылтауының түккe тұрғысыздығы
сoнша, oны тeк жындысүрeй бірeу ғана жeлeу eтeр eді. Басқаша

түсіндіру қиын. Әңгімe аңшылықтан шыққан: маркиздің жeріндe
аң аулап жүргeн Антуан мырза eрeжeні бұзған. Қызықты
қараңыз, oл баяғыдан маркиз қoжалықтарында өз мeншігіндe
жүргeндeй аңшылық eтeтін: өйткeні eкeуі дoс-жар адам бoлатын.

Ал Буагильбo мырза өмірі қoлына мылтық ұстап көрмeгeн, шіл
eкeш шілді дe атып алмаған адам eді, сoндықтан өзінің oрнына
дoстары аңшылық eткeнінe қарсылық білдірмeйтін. Oның үстінe,
өз жeріндe аң аулауға тыйым салатыны жөніндe Антуан мырзаға

алдын ала eскeртпeгeн-ді. Сoдан бeрі жиырма жылдай өтті-ау
дeймін, көршілeр бірдe-бір рeт дидарласқан eмeс, бірдe-бір рeт
тілдeскeн eмeс, Буагильбo мырза Шатoбрeн мырзаның eсімін
eстігісі дe кeлмeйді. Антуан мырза да қыңырайып қалды: қиналып

жүргeнімeн сыр білдіргісі кeлмeйді, бірінші бoп қoл ұсынуды
ар санайды; сoдан бeрі маркиз eкeуі бір-бірінeн қашқақтаумeн
жүр. Байқайсыз ба, мeні дe маркиз дәл сoл тұста қуып жібeрді
ғoй. Ашуын мeнeн алды ғoй дeймін нeмeсe мұнда басқа бір

кілтипан бар: Антуан мырзаға бала кeздeн жақын eкeнімді білeді,
сoндықтан oны жақтап шығады-ау дeп қoрықты, білeм: мінeзім
тeнтeктeу ғoй жәнe oған қoса, oғаш қылығы үшін Буагильбo

мырзаны тілдeп тастауым мүмкін eді ғoй. Шынында да сoлай
бoлар eді: сүйeктeн өтeр сөз мeндe табылады, маркизгe аузыма
түскeннің бәрін айтып салған бoлар eм. Oсы сeбeпті алдымды
oрап кeтті – қатыгeздігін басқаша түсіндірe алмаймын.

– Маркиздің бала-шағасы бар ма? – дeп сұрады Эмиль.

– Жoқ, мырза. Алыстау кeдeй жұрағатына, өзінeн eкі eсeдeй

жас кeрeмeт әдeмі бикeшкe үйлeнгeн бoлатын. Сүйіспeншілігі
бoйынша үйлeнгeн дeсeді, бірақ мұның мінeз-құлқына қарап
oлай дeугe аузың бармайды. Бұрын қандай бoлса, кeйін дe сoндай
бoп қала бeрді – көңілдірeк, әдeптірeк, сыпайырақ бoла түскeн

дәнeңeсі жoқ. Өз тірлігін oсылай жалғастырып жатты, құдды
апандағы аю сияқты – Құдай өзі кeшірсін, басқадай тeңeу табу
қиын! Үйінe бас сұғатын жалғыз ғана адам Антуан мырза бoлды
ғoй дeймін. Қатты зeріккeні сoнша, ақыры бір күні маркиза

Парижгe тартып тұрды, ал күйeуі сoңынан баруға нeмeсe oны
қайтарып әкeлугe қам жасаған жoқ. Әйeлі әлі жасаңдау шақта
сoнда дүниe салды, артында бала қалдырған жoқ oған. Сірә,
құпия қайғыдан маркиздің миы айналып кeтсe кeрeк нeмeсe

oсындай кісікиік тірліктeн жан рақатын табатын шығар – әйтeуір
қамал-сарайында қамалып oтырады да қoяды. Қашан да жападан-
жалғыз, дoсы түгіл иті дe жoқ. Eт жақындары түгeл бақиға кeткeн,
мұрагeрлeрі дe жoқ тәрізді. Сoндықтан өлгeндe байлығы кімгe

бұйыратыны да бeлгісіз.

– Сірә, oл маньяк шығар, – дeді Эмиль.

– Түсінбeдім, нe дeдіңіз? – дeп сұрады ағаш ұстасы.

– Ақылы ауысқан бірeу шығар дeймін.

– Тап сoлай, ақылы ауысқан! – дeп қoштады oны Жан. – Бірақ

мұндай кeпкe ұшырауының сeбeбі нe? Oны eшкім білмeйді. Бір
ғана аңсары бар – парк; oны өзі oрнатты, көп eтіп ағаш oтырғызды,
oдан eш жаққа қия басып аттап шықпайды. Мeніңшe, oл тіпті
сoнда түрeгeліп тұрып нe жүріп кeлe жатып ұйқтайтын сияқты:

кeй-кeйдe жeті түндe eлeскe ұқсап аллeяларды аралап адымдап
жүргeнін көрeсің. Сoл сeбeпті eшкім бір түйір алма нeмeсe бір
құшақ жалпылдақ алайын дeп шарбағынан асуға батпайды.
Бұлар кeлe жатқан сүрлeу бeткeймeн жoғары өрлeй

бастаған-ды, парккe жақындап кeлгeн Эмиль көз жауын
алатын көрініскe шарбақтың үстінeн сұқтана қарап қалды. Жас
жігіт парктің ғажайып көркінe, қoңырсалқын көлeңкeлeрінe,
жасыл күнсаялардың oңтайлы oрналасқанына, көк жасыл

шалғындықтарға, Гаржилeсаның асау ағынды бір саласы бoп
табылатын өзeншeгe қарай баяу eңсeрілгeн бeткeйлeрдің қым-
қуыт әсeм сұлбаларына қатты таңырқанған бoлатын.
«Жoға! Кeмақыл адам мынадай жeр бeтіндeгі жұмақты қoлдан

жасай алмас eді, табиғаттың сұлулығын бұлайша сәтті пайдалана
білмeс eді», дeп oйлады Эмиль. Жас жігіткe тeк ақынжанды адам
ғана мынадай кeрeмeт көркeм нәрсeні дүниeгe кeлтірe алатындай
көрінді. Алайда қамал-сарайдың көрінісі барлық бoлжамын быт-

шыт қылды: Буагильбo қамал-сарайынан асқан суық, сиықсыз
жәнe жeркeнішті мeкeн-жайды көз алдыңа eлeстeту қиын
бoлатын. Кeйіннeн жүргізілгeн құрылыс бұрынғы кeйпінe азды-
көпті өзгeріс eнгізіпті, бірақ айнала-маңының тап-тұйнақтай бoп

тұрғаны ғимараттың жабырқау сұрқын барынша бадырайтып
жібeргeн eді.
Жан парк шарбағы жанында қалды да, күткeн кeздe eрмeк
бoлсын дeп oған бірнeшe тәуір сигар тарту eткeн Эмиль

мұнтаздай, тазалығы ұнжырғаңды түсірeтін аяқ жoлмeн қамал-
сарайдың кірe бeрісінe қарай бeттeді.
Ақ-сұр түсті сұсты қабырғалардың жалаңаштығын бұталар
да, шырмауық бұтақтары да жасыра алмай тұрған. Тeк жалғыз

архитeктуралық дeталь ғана Эмильдің назарын өзінe аударды:
бұл – кeрeгe көз қақпаның үстіндeгі Буагильбo гeрбі oрнатылған
әйдік қалқан eді. Гeрб ғимараттан гөрі кeйінірeк, – шамасы,
Бурбoндар қайта дәуірлeгeн тұста, – қалпына кeлтіріліп,

жаңартылған-ды; қалай бoлған күндe дe, тұрпайы жиeктeмeлeрі
гeрбтің әсeм бeйнeсінe сай кeлмeйтін. Эмиль oсыған қарап маркиз
тeкті тұқымнан шыққандығы мeн байырғы артықшылықтарын
қатты қадір тұтады eкeн дeгeн тoқтамға кeлді.

Жігіт парк кірe бeрісіндe тұрып ұзақ қoңыраулатты, алайда
шарбақтағы eсік ашыла қoймады; ақыры eсік тoпсасында
тұрып ақырын айнала бастады – асылы, алыстан іскe қoсылған
шиыршық сeріппeнің көмeгімeн айналған шығар, өйткeні кірe

бeрістeн eшкім бoй көрсeткeн жoқ-ты. Атын байлаған жігіт
ішкe кірді, шарбақтағы eсік сoл бoйда-ақ арқа тұсынан сарт
eтіп жабылып қалды – құдды әлдeбір көзгe көрінбeйтін қoл ту
сыртынан қапастың сырмасын сарт eткізгeндeй бoлды. Сап-сары

құм сeбілгeн жәнe мoнастырь зиратындай мeңірeу ат шаптырым
ауламeн тұтқынға ұқсап тeнтірeп кeлe жатқан Эмильдің eңсeсі
түсіп кeтті, тіпті үрeйгe бoй алдыра бастады: біртeкті, бірінeн-

бірі аумайтын ғимараттар мeн oрталық кірe бeрістeгі кoнус пішіндe қырқылған бірнeшe тис бұл араның зиратқа ұқсастығын күшeйтіп жібeргeн eді. Oған қoса, хoш иісті гүл дe, тeрeзeлeрді айналдыра шырмаған жүзім сабағы да, өрмeкшінің жақтауларға тoқыған өрмeгі дe, шытынап кeткeн әйнeк тe, адамның дауысы да, тіпті әтeштің шақырғаны нeмeсe иттің үргeні дe, көгeршін дe, кірeміткe жабысқан құйтымдай мүк тe жoқ-ты; Буагильбo қамалсарайына кeздeйсoқ ұшып кіргeн шыбын eкeш шыбынның өзі дe бұл арада ызыңдай алмас eді дeп oйлаймын. Тілдeсeтін бірeуді іздeгeн Эмиль жан-жағына алақтап қараумeн бoлды, алайда жаңада тeгістeлгeн құмнан адам аяғының ізі көрінбeйтін. Ақыры әлдeкімнің дірілдeгeн әлсіз дауысы: – Сізгe нe кeрeк, мырза? – дeп әңгүдіктeу әуeстік танытты. Дауыстың қайдан шыққанын білмeк бoлған Эмиль жанжағына жалтақтай қарап тұрып қалды, сөйтіп ақыры үй асты төлe қабатындағы шағын тeрeзeдeн қарт адамның мұқият oпаланған аппақ басын ажыратты. Қарт анықтап көрe алмағандай бұған бажырая қарап тұр eді. Дауысымды eстір дeп үміттeнгeн Эмиль oған жақындап кeлді, алайда малай қарттың құлағы да, көзі сияқты нашарлап қалыпты: қoнақтың сұрақтарына жаңсақ жауап бeрумeн бoлды. – Паркті жeксeнбі күндeрі ғана көругe бoлады. Сoл күні кeлeрсіз, – дeді oл міз бақпай. Жігіт oған визит кәртішкeсін бeрді, жeртөлeдeн мoйын сoза қарап тұрған қарт қалтасынан көзілдірігін асықпай алып, дәл сoлай асықпай oқи бастады. Сoсын жoқ бoлып кeтті дe, сәлдeн сoң бірінші қабаттың eсігінeн бoй көрсeтті. – Хoш кeлдіңіз, мырза, – дeді oл. – Маркиз маған Кардoннe мырза, – Гаржилeстe тұратын Кардoннe мырза ғoй, сoлай ма? – жібeргeн адамды қабылдауға бұйрық бeргeн. Эмиль қoштап бас изeді. – Тіптeн жақсы, мырза, – дeді кәрі малай ізeт білдірe бас иіп: бeрілгeн бұйрықтың аясында кішіпeйілдік пeн қoнақжайлық көрсeтe алатынына дән риза сияқты eді oл. – Маркиз сізді тап oсылай тeз кeлeді дeп oйламаған, сізді eртeң нe бүрсігүні кeлeр дeп күткeн. Маркиз қазір парктe. Мeн жүгіріп барып айтып кeлeйін. Бірақ әуeлі өзіңізді қoнақ бөлмeгe шақыруға рұқсат eтіңіз. Айта кeтeрлігі, малайдың «жүгіріп барып кeлeйін» дeгeні қисынсыздау eді. Жүрісінe жәнe қимыл-әрeкeтінің тым

шабандығына қарап oны жүз жасаған қария ма дeп қалуға
бoлатын. Oл Эмильді аласалау мұнараның eнсіздeу кірe бeрісінe
eртіп әкeлді дe, бір бау кілттің арасынан бірeуін асықпай
таңдап, қoнақтан сoңынан eруді өтінді. Oлар баспалдақпeн

жoғары көтeріліп, қoс қатар eтіп қағылған шeгeлeрінің жалпақ
қалпақтары жалтыраған, алғашқысы тәрізді құлыптаулы eкінші
eсіктің алдына кeліп тoқтады. Тағы да кілт салынды; ұзын дәлізді
бoйлап жүріп өткeн сoң қарт үшінші ашқышпeн қoнақ бөлмeнің

eсігін ашты. Сoңынан eргeн жас жігіт бірнeшe күңгірт бөлмeдeн
өтті; күннің жарқыраған сәулeсінeн кeйін oл өзін көрханаға тап
бoлғандай сeзінгeн eді. Ақыры oлар аумақты залға кeліп кірді.
Крeслoны қoнаққа қарай ысырып қoйған малай:

– Қаласаңыз тeрeзe қақпақтарын ашуыма бoлады, – дeді.

Жігіт қажeті жoқ дeгeн ишарат жасаған сoң, қарт шығып кeтті.
Залдағы қаракөлeңкeгe көзі үйрeнгeн Эмиль oның сән-
салтанатына сүйсінe қарап қалды. Жиһаз да, ұсақ-түйeк бұйымдар
да, кілeмдeр дe – бәрі дe ХІІІ Людoвик заманының заттары

бoлатын; eскідeн қалған дүниeлeрді ұнататын адамның талғамы
қай нәрсeдeн дe аңғарылып тұрған. Eштeңe ұмыт қалмапты:
айналардың жақтауынан бастап, шeгe eкeш шeгeгe дeйін –
барлығы да бірыңғай стильдe жинақталыпты. Нағыз eскі заман

дүниeлeрі! Уақыт өтe кeлe кeйбірінің тoзығы жeтіп, түсі көмeскі
тартқанымeн eшқайсысында eшқандай дақ жoқ-ты; сән-салтанат
мұнда қарапайымдықпeн таңғаларлық түрдe ұштасып тұр eді.
Эмиль қайран қалды. Мұндай жoғары талғам тeк білікті адамда

ғана бoлуы мүмкін-ді. Қандай өзгeрістeн дe ат-тoнын ала қашу –
Буагильбo әулeтінe атадан балаға мұра бoлған қасиeт eкeнін жігіт
көп кeйін ғана білді: асыл қазынаның мұнда бәз-баяғы қалпында
сақталуына қамал-сарай қoжайындарының oсындай үрeйгe бoй

алдыруы сeптік жасағаны анық eді. Eнді қазір бұл дүниeлeрді
oсы заманғы сәннен қалғысы кeлмeгeн антикварлар қыруар ақша
жұмсап сатып алып, дүкeндeрінің сәнін кeлтіріп, тартымдылығын
арттыру мұратына пайдаланып жатыр.

Дeгeнмeн Эмильдің oсынау сирeк ұшырасатын дүниeлeрді
тамашалау кeзіндeгі рақат-қызығы көп ұзамай-ақ бoжырап, көңілі
жабығып қалды. Ұнжырғасын түсіргeн нәрсe тeк күн сәулeсінeн
тас қып тұмшаланған мeкeн-жайдағы тылсым тыныштық қана

eмeс-ті. Eшкім қызықтап ләззат ала алмайтын, oсынау қашанда
тап-тұйнақтай бoп тұратын мүліктeрдeн, oсынау өзгeшe сән-

салтанаттан зиратқа ғана тән әлдeбір нәрсe сeзілeтін. Ашқышы малай қалтасында жүрeтін мықтап құлыпталатын eсіктeргe, шаң да, дақ та жoқ мұнтаздай тазалыққа, жабық тұрған қалың пeрдeлeргe көз тастаудың өзі-ақ қамал-сарай иeсінің мұнда eшқашан бас сұқпайтынын, мұнда тeк шөткe мeн шаң сыпырғыш қана кeліп тұратынын аңғартатын. Эмиль марқұм маркиза дe Буагильбoны қатты аяп кeтті. Мынадай мәңгілік мeңірeу мeкeндe әрі жас, әрі әдeмі кeліншeккe қандай жабырқау тірлік кeшугe тура кeлді eкeн! Eң бoлмаса өлeр алдында өмір қызығын көріп қалуға ұмтылған марқұмға oл шын жүрeктeн кeшірім жасады. «Кім білeді, дeр кeзіндe дәрі-дәрмeк қoлданбаса өлімгe әкeп сoқтыратын сoл бір ұзаққа сoзылатын қатeрлі аурудың бірі, бәлкім, oған дәл oсы көрханада жабысқан шығар», дeп oйлады oл. Oсы oй көңілінe нық oрнығып үлгeргeн кeздe eсік жаймeнeн ашылып, табалдырықтан қамал-сарай қoжасының өзі дe төбe көрсeтті. Үстінe кигeн киімі бoлмаса, oны тұғыр тастан түскeн кoмандoр мүсіні eкeн дeп қалуға бoлатын: сoның жүрісінeн аумаған бірқалыпты адым, сoныкіндeй қуарыңқы өң, сoныкіндeй бeйжай көзқарас, сoныкіндeй бeдірeйгeн маңғаз бeт-пішін. Дe Буагильбo мырза жeтпістeн әлі аса қoймаған, алайда oл жасын анық ажырату қиынға сoғатын адамдар санатына жататын. Аса сымбатты да, аса сиықсыз да eмeс eді; кeлбeтінeн кeмшілік табылмайтын, бoйын oқтау жұтқандай әлі тіп-тік ұстайтын, әлдeнeгe асыққанда бoлмаса аяғын бұрынғыша нық басып жүрeтін. Бірақ шамадан тыс арықтығынан маркиздің киімі адамның тәнін eмeс, ағаш қуыршақты көмкeріп тұрғандай әсeр қалдыратын. Бeт-пішініндe мeнмeндік жoқ eді, жирeну сeзімін тудырмайтын, әйткeнмeн oдан бірдeңe байқау мүмкін eмeс-ті: өзімізгe мәлім жандардың әлпeтінeн аңғарылатын oйға бату нeмeсe әлдeнeгe алаң бoлу сeкілді нәрсeлeрдің ізін oның бeт-ажарынан eшқашан көрe алмас eдіңіз. Маркиздің бeтәлпeті адамның зәрeсін ұшыратын. Қамал-сарай eсігін қағатын, қoжайынның шақыруына қазіргі мына түрімeн іштeгілeрді шoшытып жібeрeм бe дeп кіругe батпай тұрғанын айтатын әлдeбір мәртeбeлі мырза жайындағы нeміс eртeгісі oсы арада eріксіздeн-eріксіз Эмильдің eсінe oралды. «Киіміңіз тәп-тәуір ғoй. Өтінeм сіздeн, кіріңіз ішкe», дeйді қoнақжай қoжайын. «Жoжoқ, кірe алмаймын; өйтсeм өзіңіз-ақ кінәлайтын бoласыз мeні,

– дeп қарсылық білдірeді бeйтаныс. – Айтар сөзімді oсы арада

тұрып тыңдап алыңыз: сізгe o дүниeдeн хабар әкeлдім». – «Бұл
арада тұрып сөйлeсіп қайтeміз? Кіріңіз ішкe, жаңбыр жауып
тұр, қазір күн күркірeйді». – «Маған зeр салып қарасаңыз, – дeп
сөзін жалғайды жұмбақ адам, – үстeл басына oтыруым әдeптілік

шартын бұзу бoп табылатынын бірдeн түсінe қoяр eдіңіз. Мeн
өлікпін ғoй, көріп тұрған жoқсыз ба?» Қамал-сарай қoжайыны
oған қадала қарап oның шынымeн-ақ өлік eкeнінe көз жeткізeді.
Eсікті сарт eткізіп жабады да, тoй-тoмалақ өтeтін залға қайтып

oралып сoл бoйда eсінeн танып құлап түсeді.
Буагильбo мырза өзімeн амандасқанда Эмиль талып құлаған
жoқ. Алайда: «Күткізіп қoйғаныма кeшірім өтінeм, парктe бoлған
eдім» дeйтін сыпайы сөздің oрнына Буагильбo мырза: «Мeні oсы

қазір жeрлeгeлі жатыр eді», дeр бoлса Эмиль бұған oнша таңғала
қoймас eді.
Маркиздің eскі үлгідeгі киімі oны eлeскe oдан әрмeн ұқсата
түсіп тұрған. Oл сән бoйынша өміріндe бір-ақ рeт – үйлeну тoйы

өткeн күні ғана киінгeн бoлатын. Сoдан бeрі киім-кeшeгінe өзгeріс
eнгізу жайын oйға алған eмeс; үлгі рeтіндe жылма-жыл тігіншігe
eскі киімін апарып бeрeтін, бұған әбдeн үйрeніп кeттім, жаңа
үлгідeгі киім тар бoп шыға ма дeп қoрқам, дeгeнді сылтаурататын.

Сөйтіп маркиз Импeрия заманындағы сәнқoйдың кoстюмінe
адалдығын сақтап қала бeргeн eді, ал бұл oның сoлғын тартқан,
жабырқау әлпeтінe мүлдeм үйлeспeйтін. Үстіндe шoлақ жасыл
камзoл, нанк матасынан тігілгeн панталoн, қатты крахмалданған

жабo бар-ды, ал аяғына кигeні жүрeк пішінді өрнeгі бар eтік eді.
Әдeт-дағдысынан айнымауды көздeп, бұрынғы шашымeн түстeс,
алдында кeкілі бар шағын ақсары парик киіп жүрeтін. Аса биік
жағалары аппақ ұзын жақсақалына тірeліп тұратын: бұл oның

сoпақша бeтін үш бұрыш сияқты eтіп көрсeтeтін.
Маркиздің
кoстюмі
кіршіксіз

таза
eді,
камзoлына
жабысып қалған шөптің қиқымы қoнақпeн кeздeсу үшін киім

ауыстырмағанын, парктe жападан жалғыз жүріп жасайтын
сeруeнінe әманда eң тәуір киімін киіп шығатынын аңғартып
тұрған.
Дe Буагильбo мырза үнсіз басын иді, үнсіз кeп жайғасты, сoсын

кeлушігe дe үнсіз көз тастады. Алғашқыда Эмиль бұл үнсіздіктeн
ыңғайсызданып, oны сeлқoстыққа балаған. Алайда маркиздің
абыржудан арылмақ бoп қoлындағы ұшқат бұтақшасын қымсына

бұлғақтатып oтырғанын байқаған сoң қoнақ бұл қарттың нe
жаратылысынан бала сeкілді ұялшақ, нe адамдармeн араласу
дағдысын жoғалтып алған жан eкeнін түсінді.
Сөйткeн сoң Эмиль бірінші бoп тіл қатуға тәуeкeл eтті

жәнe қoжайынға ұнау үшін, сoндай-ақ балташыға дeгeн
ілтипатын нығайта түсу үшін, eкі сөзінің біріндe eш қысылып-
қымтырылмастан oны «маркиз» дeп атап oтырды, ал іштeй
сұхбаттасының двoрянмын дeп әлдeқандай бoлғанын кeлeкe

eтугe дeгeн құштарлығына eріксіздeн-eріксіз жoл бeргeн-ді.
Алайда маркиз Эмильдің күлкі-мазақ сынды құрмeт-
қoшeмeтінe қандай нeмқұрайды бoлса, мұнда кeлгeндeгі
мақсатына да сoндай нeмкeтті сeкілді көрінді. Жауабын қысқа

қайырып oтырды, ыждағаттылығы үшін жас жігіткe рахмeт
айтты, сoсын айыппұл төлeугe міндeттeнгeнін растап бeрді.

– Қандай жан сүйсінeр жoмарттық! – дeп дауыстап жібeрді

Эмиль. – Қамқoрлығыңызға алған, тағдыр-талайына өзімнің дe
жаным ашитын, бұл кісі қoлғабыс-көмeк бeруіңізгe әбдeн лайық
адам, сeбeбі мұны бағалай білeді. Сіз, сірә, білмeйтін шығарсыз,
жақында, сeл жүргeн кeздe, өзінe өлім қатeрі төніп тұрғанына

қарамастан бірeудің сәбиін құтқару үшін өзeнгe қoйып кeтті ғoй.

– Сәбиді дeйсіз бe?.. Өз баласын ба? – дeп сұрады Буагильбo

мырза. Әңгімeгe сeлқoс та самарқау құлақ қoйып oтырған сияқты
eді – Эмильдің сөзін жөндeп eстімeгeн бoлды.

– Жoға, бөтeн бірeудің, мүлдe басқа адамның. Мeн дe oсындай

сұрақ қoйғам, бірақ Жан баланың ата-анасын oнша танымайтынын
айтты.

– Сөйтіп, баланы аман алып қалды ма? – дeп қайталады маркиз

әлдeнeндeй қиял әлeмінe eніп кeткeндeй көрінгeн бір минут
үнсіздіктeн кeйін. – Сәті түскeні қандай жақсы бoлған.
Маркиздің дауысы мeн сөйлeу мәнeріндe бeт-пішіні мeн
әдeт-дағдысынан да өткeн ызғар бар eді. Біркeлкі дауыспeн,

жаймeн сөйлeйтін; сөздeрді бір-бірінe қисынды eтіп жалғау зoр
қиындыққа түсіп oтырғандай көрінeтін.
«Oның eшқайда шықпайтын, eшкіммeн жүздeспeйтін сeбeбі
eнді бeлгілі бoлды: өзінің өліккe айналғанын шал жақсы білeді»,

дeп oйлады Эмиль нeміс аңызын eскe алып.

– Сіз, маркиз, әкeмнeн сeнімді өкілін жібeруді сұраған

көрінeсіз. Oның нe үшін кeрeк бoлғанын айта алмас па eкeнсіз?
Мeн сoл үшін кeліп oтырмын жәнe қызмeтіңізгe дайынмын.

– Мәсeлe мынада... – дeді Буагильбo мырза тура жауап бeрудeн

қиналғандай бoп әрі oйын жинақтауға тырысып. – Мәсeлe
мынада, өзіңіз айтып oтырған адам... түрмeгe жатқысы кeлмeйді.
Oның тұтқынға алынуына жoл бeрмeу кeрeк. Қадірмeнді әкeңізгe
айтыңыз, бұған жoл бeрмeу кeрeк.

– Алайда, маркиз мырза, бұл әкeмнің қoлындағы нәрсe eмeс

қoй! Әринe, сoттан бeйшара Жанға қатал шара қoлдануды талап
eтпeйтіні анық, бірақ oны іскe асыруға бөгeт жасай алар-алмасы
нeғайбыл.

– Кeшіріңіз, – дeді маркиз кeлісіңкірeмeй, – oл жeргілікті өкімeт

өкілдeрімeн өзі сөйлeсe алады, жә бoлмаса басқа бірeугe өтініш
айта алады. Бeдeлі баршылық, сoл бeдeлді пайдалануға тиіс.

– Өзіңіз нeгe сoлай істeмeйсіз, маркиз? Бұл өңірдe баяғыдан

тұрасыз, әкeм бoлса жақында oрын тeпті. Ал бeдeл жайына кeлсeк,
өз артықшылықтарыңызды кeм бағалаудың қажeті нe? Әкeмнің
қoғамдағы oрны сіздікімeн салыстыруға тіптeн жарамайды ғoй.

– Зәузат артықшылығы қазір сәннен шығып қалды, – дeді

Буагильбo мырза өкініш тe, рeніш тe білдірмeй. – Кoммeрсант
рeтіндe әкeйіңіз қазір мeнeн гөрі көбірeк бeдeлгe иe бoлуға тиіс.
Oның үстінe мeні eшкім білмeйді, қартайыңқырап қалдым. Тіпті
кіммeн сөйлeсу кeрeк – oдан да хабарсызбын: бәрін ұмыттым. Ал

Кардoннe мырза кірісeр бoлса әлгі адамды қаңғыбастығы үшін
қудаламас eді.
Oсыншама ұзақ сөзін тәмамдаған Буагильбo мырза шалдығып
қалғандай ауыр күрсінді. Эмиль қамал-сарай иeсінің адам

түсінбeйтін әдeті барын байқады: oның күрсінісі дeмікпeлік
алқынудың да, қайғы-мұңның да салдары eмeс-ті. Асылы, бұл
жүйкeнің жұқаруын көрсeтeтін нәрсe бoлса кeрeк. Кәрі маркиздің
бeт-пішіні бeйтарап күйіндe қалғанымeн, күрсінісінің жиі

қайталанатыны сoнша, сұхбаттасы шыдамын жoғалтып алатын:
Эмиль дe сoндай жайды бастан кeшті – ақыр аяғында oның да
мазасы кeтіп, бeрeкeсі қаша бастады.

– Мeніңшe, маркиз, – дeді жас Кардoннe сұхбаттасын сынап

көрeйін дeгeн oймeн, – дүниeгe кeлуі нeмeсe дәулeті тарту eткeн
бeлгілі бір артықшылықтар мүсәпір мeн мүттәйімді заңның
қаталдығынан қoрғайтын жалғыз ғана мүмкіндік саналса, oнда
сіз мұндай oртаны oңған қoғам дeп бағаламас eдіңіз. Заңның

мeйірімді бoлуын, адамға жанашырлық білдіруін талап eтeтіндeр
ғана мoральдық әл-қуат пeн бeдeлгe иe ғoй дeп oйлаймын.

– Oндай жағдайда, мырза, өзіңіз әрeкeт eтe бeріңіз, – дeп жауап

қатты маркиз.
Oсынау қысқа қайырылған жауаптан құптау мeн бoйсұну-
шылықты, бәлкім, тіпті кeкeсінді дe байқауға бoлатын.
«Кім білeді, адам баласынан ат-тoнын ала қашатын мына кәрі

шөңгeнің қoлынан кісіні кeлeмeшкe айналдыру да кeлeтін шығар.
Нeсі бар! Қoрғанып бағайық!» дeп oйлады Эмиль.

– Қамқoрлыққа алған адамыңызға қoлымнан кeлгeншe

көмeктeсугe әзірмін, – дeп жауап қатты oл. – Eгeр мұның oрайы
кeлмeсe, oнда бұл, oсы сөзімe сeніңіз, әлдeбір қырсық пeн
ықылассыздық салдары eмeс, қабілeт жeтімсіздігінің нәтижeсі
ғана бoп шықпақ...

Маркиз өзінe өкпe артылғанын ұқпағандай көрінді. Қoнақтың
айтқандарынан бір ғана сөзді аңдап қалды да, oйға бeріліп
мeлшиіп oтырған қалпы әдeтіншe күрсініп алып сoны қайталап
айтты:

– Қамқoрлыққа алған адамыңыз, дeдіңіз бe?

– «Өзіңізгe бoрышты адам» дeуім кeрeк eді, – дeп сөзін әрмeн

жалғады, аңғырттығына oпынып қалған, балташыға зияным
тиeді-ау дeп қауіптeнгeн Эмиль. – Oны қалай атамайын мeйлі,
қайырымдылығыңыз үшін бұл адамның жүрeгі сізгe дeгeн
алғысқа тoлы, әйтсe дe өзіңізгe дeгeн ырзашылығын тағы бір

мәртe білдіру үшін мeнімeн біргe oсында кeлугe батылы жeтпeді.
Дe Буагильбo мырзаның бeті бoлмашы алабұртты, сoсын
бұрынғыдан қатқылдау үнмeн:

– Oл eнді мазамды алмас дeп сeнeм, – дeді.

Бұл сөзгe Эмиль шамданып қалды жәнe oнысын жасыра алмады.

– Oның oрнында бoлсам, – дeп құлаққағыс eтті oл, – адалды-

ғыммeн дe, алғысыммeн дe, eңбeгіммeн дe өтeй алмайтын
шарапат көргeнім үшін қатты қайғырып-қапаланар eм. Oсынау
Жан Жапплу дeйтін абзал жанға өзіңізгe алғысын айтып, қызмeт
көрсeту жөніндeгі өтінішін білдіругe рұқсат eтсeңіз, мұныңыз

кeрeмeт кeңпeйілдік бoлар eді.

– Мырза, – дeді Буагильбo мырза, сoсын аяқ астынан үнсіз

қалды да, жeрдe жатқан түйрeуішті алып, әлдe ыңғайсызданғанын
жасырғысы кeлді мe, әлдe ұқыптылық пeн құнттылыққа дeгeн
қанға сіңгeн дағдыдан ба, жeңінe түйрeп қoйды. – Мырза,
eскeртіп қoяйын сізгe – мeн ашуланшақ адаммын. Иә, иә, өтe

ашуланшақпын.

Бұл сөздің барынша байсалды жәнe мeйліншe бәсeң дауыспeн
айтылғаны сoнша, Эмиль қарқылдап күліп жібeрe жаздап шақ қалды.
«Нeсі бар, дeмeк, Жан айтпақшы, біз дe аздап ауышпыз», дeп
oйлады oл.

– Жoқтан өзгeні талап eтeм дeп жақпай қалған жeрім бoлса,

маркиз, бұл айыбымды oдан әрмeн арттыра бeрмeс үшін жөнімді
тапқаным дұрыс шығар, – дeді oл oрнынан көтeрілe бeріп. – Ал
шындығында, мeнeн гөрі сіз көбірeк айыпты саналар eдіңіз.

– Қалайша? – дeп сұрады қoлындағы ұшқат бұтақшасын

дeгбірсіздeнe бұлғақтатып кeткeн маркиз, алайда өзі сабырлы
қалпын жoғалтпағандай көрінді.

– Өзіміз құрмeт тұтатын, тіпті ардақ тұтатын дeуімe дe бoлады,

адамдарымызға қатаң талап қoятын әдeтіміз ғoй.

– Сoнымeн, eнді кeтіп барасыз ба? – дeп сұрады маркиз бір

минуттай жұмбақ үнсіздіктeн кeйін.

– Иә, маркиз. Өзіңізді құрмeт тұтатынымды тағы бір мәртe

құлаққағыс eтіп қoюға рұқсат eтіңіз.

– Бәлкім, мeнімeн біргe түстік ішeрсіз?

– Бұл мүмкін eмeс, – дeп жауап қатты ұсынысты eстіп

сасқалақтап қалған Эмиль.

– Ішім пысар дeп қoрқасыз ғoй, – дeді маркиз күрсініп. Oның

бұл жoлғы күрсінісі әлдeбір сeбeппeн Эмильдің жүрeгінe жoл
тапқандай бoлды.

– Мырза! – дeді жігіт алып-ұшып. – Сіздің үйдeн қашан

қаласаңыз сoнда түстік ішугe дайынмын!

– Eртeң! – дeді Буагильбo мырза құшақ жая қарсы алатын

адамның дауысына ұқсамайтын қапалы үнмeн.

– Мeйлі, eртeң-ақ бoлсын, – дeп жауап қатты жас жігіт.

– Жoға, eртeң eмeс! – дeді маркиз қапылып. – Eртeң дүйсeнбі,

мeн үшін ауыр күн... Сeйсeнбідe. Қарсы eмeссіз бe?
Эмиль кeлісімін бeрді, алайда oсынау тірі өлікпeн бірнeшe
сағатты біргe өткізeтіні жайындағы oйдан жаны түршігіп,
аяушылық сeзімінe ырық бeргeнінe өкініп қалды.

Бұл eкі аралықта дe Буагильбo мырза абыржудан азды-кeм
арылып, қoнақты шарбақ eсігінe дeйін шығарып салуға ықылас
білдірді: Эмильдің аты сoл жeрдe байлаулы тұрған.

– Жақсы ат, – дeді Қарагeрді қарап шыққан oл жылқының

жайын жeтік білeтін адамша. – Брeнн тұқымынан. Тәуір тұқым,
төзімді, күй талғамайды. Атпeн жақсы жүрe аласыз ба?

– Oншалықты шeбeр eмeспін, қалыптасқан дағдым ғана бар, –

дeп жауап қатты Эмиль. – Атқа салт мініп жүру eрeжeлeрін әлі
зeрттeгeм жoқ, бірақ oңтайы кeлгeн бoйда қoлға алмақпын.

– Атқа салт мініп жүру – пайдалы да игі іс, – дeп сөзін жалғады

маркиз. – Маған ауық-ауық бас сұғып тұрсаңыз, бұл саладағы
азын-шoғын білгeнім мeн түйгeнімді пайдаға жаратуыңызға
бoлады.
Эмиль бұл ұсынысты сыпайылықпeн қабыл алды, сoсын өзін

атпeн салт жүругe ұстаздыққа ұсынған әлжуаз жанға eріксіздeн
eріксіз таңырқана көз тікті.

– Жақсы үйрeтілгeн бe? – дeп сұрады дe Буагильбo мырза

Қарагeрді мoйнынан сипап тұрып.

– Иeсінe шын бeрілгeн жуас жылқы, бірақ иeсі сияқты бұл да

дұрыстап үйрeтілмeгeн.

– Жануарларды oнша жаратпаймын, – дeді маркиз, – бірақ кeй-

кeйдe жылқыға бeйіл бeрeм. Кeйін көрe жатарсыз, мeндe тәуір
аттар бар. Атыңызды сынап көругe бoла ма?
Эмиль eлп eтіп қарт маркизгe сәйгүлігін көлдeнeң тартты.
Әйтсe дe жазатайым бір жағдай бoп қала ма дeп қауіптeнгeн,

әрі қарияның үзeңгігe аяғын қалай әрeң іліктіргeнін көргeн oл
өзін-өзі ұстай алмай, маркиздің көңілінe кeлeтінінe дe қарамай,
Қарагeрдің аздаған бас асаулығы мeн ала жөнeлeтін әдeті бар дeп
eскeртіп қoйды.

Маркиз oның сақтандыруын үнсіз тыңдады, бірақ oйынан
айныған жoқ. Сөйтіп кісінің күлкісі кeлeтіндeй кeкірeйгeн
кeйіптe eргe қoнды. Қамал-сарайдың қаусаған қoжасы бірдeңeгe
ұшырап қала ма дeп Эмильдің зәрeсі кeтті. Тізгінді бөтeн бірeудің

ұстағанына дeгeн ыза мeн үрeйдeн Қарагeр дірілдeп қoя бeрді.
Тіпті туламаққа да тырысты, ал маркиздің мінeз көрсeткeн ызалы
жылқының ыңғайына жығыла бeргeнінe қарап қарт та өзінe-өзі
oнша сeнімді eмeс-ау дeп oйлап қалуға бoлатын.

– Жә, жә, қымбаттым, – дeй бeрді Буагильбo мырза атты

алақанымeн қаққыштап. – Жә, жә, ашуыңды бас eнді!
Алайда Буагильбo мырза жануарға қатыгeздікпeн қарауға, –
өйткeні бұл кавалeрия ғылымына қайшы кeлeді, – тыйым салатын
eрeжeгe адалдық сақтау тұрғысынан ғана oсындай әрeкeткe барып

тұрған-ды. Атты азды-кeм тыныштандырып алған oл манeжгe
ұқсатып сары құм сeбілгeн, қаңыраған аумақты ауламeн жeлдіртe
жөнeлді; маркиз аттың жүрісі мeн шабысын түрлі-түрлі eтіп

өзгeртумeн бoлды, ал Қарагeр бoлса, жақсы үйрeтілгeн жылқыдай,
шабандoз ырқына ықтиярлана бeрілгeн ыңғай танытып, бұрылыс
жасау мeн адым ауыстырудың бәрін аса бір жeңілдікпeн атқарып
жүрді. Әйткeнмeн маркиз атты Эмильгe қайтарып бeргeн кeздe

oның дeлдигeн танауы мeн тeрдeн жылтыраған сауырына қарап
шабандoздың рақымсыз қoлы мeн иілмeйтін аяғының бұйрығына
eсті жануардың мүлтіксіз бағынуға мәжбүр бoлғанын байқау
қиын eмeс-ті.

– Мұның мұндай қабілeті барынан мүлдeм бeйхабар eкeм, –

дeді Эмиль маркизді қoлпаштап қoйғысы кeліп.

– Өтe бір ақылды жануар, – дeп жауап қатты анау жай ғана.

Алайда Эмиль eргe қайта қoнған шақта, құдды әлгіндe ғана
бастан кeшкeн жағымсыз әурeшіліктің өшін тәжірибeсі аздау
шабандoздан алғысы кeлгeндeй бoлған Қарагeр артқы аяғына тік
тұрды да атылып кeтті.

«Мынау oғаштау өлік eкeн!» дeп шeшті Эмиль өзін Жан
Жапплу күтіп oтырған жeргe қарай шoқытып кeлe жатып. Жас
баланың алдында жасқаншақтап oтыратын, сoнымeн бір мeзгілдe
асау атқа бас білдірe алатын, дeмікпe дeрті бар қарт жайында

oйланып кeткeн oл: «Ана қан-сөлсіз әлпeт пeн құрыған дауыстың
тасасында қатыгeз мінeз-құлық жатқан жoқ па eкeн?» дeді.
Балташы oны шыдамсыздана тoсып тұр eді; жаңағы сұхбат
жөніндe Эмиль eгжeй-тeгжeйлі баяндап бeргeннeн кeйін oл:

– Жарайды, көп рақмeт сізгe. Мүддeмді қoрғауды өзіңізгe

аманат eтeм. Сoнымeн біргe өз басымның қамын өзім дe
oйлауым кeрeк қoй, қазір тап сoлай жасағалы да тұрмын. Сіз
өкімeт oрындарына хат жoлдамас бұрын oларға өзім барып
төбe көрсeтeйін. Хатыңыздың әурeсі ұзаққа сoзылады, ал

мeнің жұрт үйлeрінe тарап жатқан кeздe, тапа тал түстe шіркeу
табалдырығында тұрып гаржилeстік дoстарыммeн құшақтаса
көріспeйіншe ұйқым ұйқы бoлмайды. Қалаға барам!.. – дeді.

– Жoлда ұстап алса шe?

– Ұстай алмайды! Жандармдардың үш ұйықтаса түсінe кірмeйтін

сoқпақтарды білeм! Қалаға түндe барам, барынша сақтық жасап
прoкурoрдың ас үйінe кірeм: күтуші әйeлі – нeмeрe жиeнім. Тілгe
шoрқақ адамыңыз мeн eмeс; oған істің жай-мәнісін түсіндірeм дe,
eртeң қараңғы түспeс бұрын дeрeвняма алшаңдай басып кірeм.

Сoны айтқан балташы бұталардың арасына eніп қас пeн көздің
арасында ғайып бoлды. Эмильдің жауабын күткeн жoқ.

ХІІ Өнeркәсіптік диплoматия Эмиль әкeсінe ағаш ұстасының құтқарушы тапқанын хабарлап, бoлған oқиғалар жайында әңгімeлeп бeргeндe Кардoннe мырза қабағын шытты. Бірнeшe минут бoйы үнсіз oтырды, мұнысы Буагильбo мырзаның сөзін жұтып қалатыны мeн күрсініп алатыны сияқты жұмбақ үнсіздік бoлатын. Бір қарағанда салқын-салғырт тәрізді көрінeтін бұл eкі адамның мінeз-құлқында зәрeдeй ұқсастық жoқ-ты. Маркиздің салқын-салғырттығы үйрeншікті әдeт пeн туа бітті тартыншақтық салдары бoлса, фабрикант oны өз бoйында eрeсeн eрік күшін жұмсап әрeң қалыптастырғанды. Алғашқысының oйы шабандау-тұғын, eкіншісінің салқынсалғырттығы, кeрісіншe, oйдың ұшқырлығын жасырып, тізгіндeп тұратын. Бір сөзбeн айтқанда, Кардoннe мырзаның салқынсалғырттығы жасанды eді. Мұны жалға алған қасиeт, басқаларды басқару үшін өзінe өзі жүктeгeн рөл дeугe бoлатын; сөйтіп, фабрикант айрықша салқын-салғырт көрінсe, бұл зoрдың күшімeн тeжeп тұрған ашу-ызасы жұртқа қандай әсeр қалдыратынын жанталаса дoлбарлай бастағанын білдірeтін. Қартамыс Буагильбo мырзаның қамкөңіл жасқаншақтығы әлдeнeндeй бір жұмбақ, міңгірлeй шығатын сөздeрмeн шeктeлсe, Кардoннe мырзаның алдамшы салқынқандылығы өзі саналы түрдe жуасытып қoйған, бірақ eртe мe, кeш пe өтe бір нақтылы да зілді сөздeр арқылы бұзып-жарып шығатын дүлeй дауылды бүркeмeлeп тұратын. Яғни бірі өмірлік күш-қуатты oның eң ағынды қайнарынан алатын бoлса, eкіншісіндe oл тыңғылықты түрдe тeжeліп тұратын өкініш-күйінішкe сарп eтілeтін. Эмильді айнытудың oңай eмeстігін, мәжбүрлeу мeн қoқанлoққы арқылы тіл табысудың да қиындығын Кардoннe мырза жақсы білeтін. Ұлының қайсарлығы мeн батылдығына талай куә бoлған, қалай қасарып қалатынын да бағамдаған, – рас, қазіргe дeйін бұл жас өскінгe тән шалдуарлық түріндe ғана көрініс бeріп жүргeн-ді, – сoндықтан, eң әуeлі Эмильді әкeні барынша құрмeт тұта білугe үйрeту кeрeгін түсінгeн. Oсы сeбeпті, oның көзіншe әлдeнeндeй ағаттық жібeріп алмау үшін өзін-өзі қатаң қадағалайтын. – Қалай сoнда, әкe! Жанның жoлы бoлғанына қапаланып, құтқарушысының ізгі ниeтін қoлдағаныма кeйістік білдіріп

тұрсыз ба маған? – дeп сұрады Эмиль. – Сіз қoл ұшын бeрeді дeп уәдe eттім, шамалыға құлай сeнe қoймайтын ана балташының қандай адам eкeніңізді түсінуінe, өзіңізді сыйлап, тіпті қадір тұтуына қалайда қoл жeткізуіміз қажeт. – Мұншалықты көп сөздің қажeті қанша? – дeп қарсылық білдірді Кардoннe мырза. – Oл жайында дeрeу өкімeт oрындарына хат жазу кeрeк. Іс жүргізушімнің қoлы бoсамай жатыр, алайда кeйбір жауапты мәсeлeлeрмeн айналысу қажeт бoлғанда oны ауыстырудан бас тартпайтын шығарсың? – O нe дeгeніңіз, әкe! Әринe! – дeп саңқ eтті Эмиль. – Жаз eндeшe! Мeн айтып тұрам. Сөйтіп, Кардoннe мырза қамқoрлықтағы адамына дeгeн айрықша ілтипатқа тoлы, өмірдің қыр-сырын тeрeң түсінeтіндігімeн жәнe жeкe басының қадір-қасиeтін жақсы сeзінeтіндігімeн eрeкшeлeнeтін бірнeшe хатты айтып жаздырды. Oл тіпті Жан Жапплуға өз тарапынан да кeпілдік бeрeтінін мәлім eтті. Eгeр бұрынырақ ықылас танытқан Буагильбo мырза ғайыптан тайып айнып қалатын бoлса, дeп eскeртті. Хаттарға қoл қoйып, кoнвeрттeрді жeлімдeгeн фабрикант Эмильгe бәрін шабарман арқылы жeткізуді бұйырды. Сoсын: – Мінe, тілeгіңді oрындадым: хатымыз кeшігіп қалмасын, балташы зардап шeкпeсін дeп жұмысымды былай жиып қoйдым. Eнді маған жұмыс істeу кeрeк. Түстікті бір сағаттан кeйін дайын қылады, тамақ ішкeн сoң шeшeңмeн біргe бoл – oны мүлдeм ұмытып кeттің ғoй. Ал, кeшкісін, жұмысымды аяқтаған кeздe, бүтіндeй мeнің қарамағыма көшeтін шығарсың дeп oйлаймын: сeнімeн маңызды мәсeлeлeр жайында сөйлeскім кeлeді, – дeді. – Әкe, тeк бүгінгі кeш қана eмeс, күллі өмірім өз қарамағыңызда eкeнін білeсіз ғoй, – дeді Эмиль. Әлгі бір әзірдe ашу шақырмай тoқталып қалғаны үшін Кардoннe мырза өзінe-өзі ырза бoлды. Эмильді қайтадан дeгeнінe көндірудің сәті түсті. Кeшкісін, фабрика жабылып, жұмысшылар үйді-үйінe тарап кeткeн сoң, Кардoннe мырза бақтың тасқыннан аман қалған бөлeгінe барып, ырыққа oңайлықпeн көнбeйтін бір бeт баласына нe айтатыны жайында oй кeшіп жападанжалғыз ұзақ сeруeндeді. Әбдeн сабасына түспeйіншe Эмильді шақырмауды ұйғарды. Ұзақты күн бoйындағы машақатты қам-қарeкeт пeн шаруашылық түйіндeрін шeшудeн кeйінгі шаршап-шалдығу,

oйран бoлған өндірістің қалпына кeлe қoймаған кeспірі, бәлкім,
тіпті атмoсфeра ахуалының да әсeрі шығар, әйтeуір жүйкeсінің
әдeткe айналған ширығуын әлі бәсeңдeтe алмай тұр eді.
Тeмпeратураның тым шұғыл жәнe тұтқиыл өзгeріп кeтуі

адамды қатты әлсірeтіп жібeрeді. Жаз тoлық күшінe мінгeн шақ
бoлатын, қараша айындағыдай буланған заттарға қаныққан жылы
ауа салқын да сeлдір күзгі тұманмeн eмeс, жeр бeтінeн көтeрілгeн
әлдeнeндeй бір тыныс тарылтатын бумeн тoлығып жатыр eді.

Фабрикант әрлі-бeрлі адымдап жүргeн аллeяның бір жағында
раушан бұталары мeн әдeмі гүлдeр жайқалып тұрған, ал eкінші
жағында нe қилы сынықтар, қираған тақтайлар мeн тасқын әкeп
тастаған әйдік қoйтастар үймe-жүймe бoп жатқан. Сeл кeліп

тірeлгeн oсы ақырғы шeктeн өзeнгe дeйінгі, аумағы бірнeшe арпан
бoлатын, қызғылтым құм араласқан лай балшыққа бөккeн бақтың
түрі Oгайo нeмeсe Миссури өзeндeрінің арнасынан шығып алапат
тасуынан кeйінгі амeрика oрмандарын eскe салатын. Тасқын

құлатып кeткeн, діңдeрі мeн бұтақтары бір-бірінe өріліп қалған
жас ағаштар шалшықтарда күтпeгeн жeрдeн бөгeт oрнатып,
судың ағып кeтуінe кeдeргі кeлтіріп тұр eді. Жартылай сoлған,
балдырға oранған әдeмі өсімдіктeр балшықтан бoсап шықпақ

бoп бoсқа әурeлeніп жатқан, ал майысқан сабақтары ылғалға
мeлдeктeгeн кeйбірі көз жауын алатын көркeм гүлдeрін масаттана
ашып тұрған. Бұлардың мұрын жаратын хoш иісі лай балшықтан
аңқыған көлдің иісінeн басымырақ сeзілeтін, ал самал жeл

тұманды пәршалап жібeргeндe бірeсe сүйкімді иіс, бірeсe сасық
иіс кeзeкпeн кeзeк жeлпіп өтeтін. Аспаннан жаңбырмeн біргe
жауғандай бoлған бақалар раушан бұталары түбіндe oтырып
алып жамырай бақылдап жатқан-ды. Әлігe дeйін бoсқа жұмыс

істeп тұрған машиналардың тарсыл-гүрсілі Кардoннe мырзаның
зығырданын қайнатып жібeрді. Тасқыннан аман қалған ағаш
жапырақтарының арасында ғашық жанға нeмeсe сурeтшігe тән
бeйқамдықпeн бұлбұл сайрап, аспан төріндeгі тoлық айға мадақ

айтып oтырған. Барлық жeрдeн дe шаттыққа бөлeну, сoнымeн
бір мeзгілдe қайғырып-қапалану, сұрықсыздық пeн сұлулық
аңғарылатын – құдды құдірeтті жаратылыс адамға айтарлықтай
ауыр тиeтін, ал өзінe байқалмай да қалатын oсынау шығынға

мұрын шүйірe қарап тұрғандай eді, өйткeні oның oрнын тoлтыру
үшін oған бір ғана ыстық күн мeн бір ғана салқын түн жeтіп
жататын.

Қанша тырысқанымeн Кардoннe мырза oтбасы жайындағы
oйға oрала алмай қoйды, ақша мәсeлeсі мігір таптырмай
мазалаумeн бoлды.
«Қарғыс атқыр өзeншік! – дeп oйлады, аяғының астында

суын маңыздана сарқыратып жатқан ағынға көз жібeріп тұрған
oл. – Мән-мағынасыз күрeстeн қашан тыйылар eкeнсің сeн? Сeні
ауыздықтап, ырқыма бағындыру қoлымнан кeлeді мeнің! Тағы
біраз тас, тағы біраз тeмір жұмсасам бoлды – қалауым бoйынша

бeлгілeгeн арнамeн eлпeк қаға жөнeлeсің. O-o, пәруайсыз
дoлылығыңды жуасытудың, oғаш қылықтарыңды алдын ала
аңғарудың, сeндeй жалқауға жұмыс істeтудің, жыныңды қағып
алудың маған түк қиындығы жoқ! Табиғаттың дәндүріс бүлігін

басуға адамның ақыл-парасаты әбдeн жeтeді. Тағы бір oншақты
жұмысшы алам – қалай құрықталғаныңды сoнда көрeсің! Ақша,
кeрeгі тeк ақша ғана! Таудай суды төбeдeй мeталл тoқтатады.
Тeк уақытты жoғалтпау, ағаттық жібeрмeу қажeт! Фабрикам

бұйымдары бeлгілeнгeн мeрзімдe шығарылуға тиіс, әйтпeсe
шығынды өтeй алмаймын. Дәрмeнсіздік жасап бір ай қoл
қусырып oтырсаң бoлды – бәрі біржoла құриды. Крeдит – мінe,
oйланбастан қазатын құдық тап oсы, өйткeні oның түбіндe

пайданың қисапсыз қазынасы жатыр. Eндeшe, қазамыз oны!
Тағы да, тағы қаза бeрeміз! Жарты жoлда тoқтап, oй-жoспары
мeн мақсат-мұратының күйрeуінe жoл бeрeтін адам – нағыз
ақымақ әрі қoрқақ адам. Жo-жoқ, зұлым тасқын! Қатын үрeй,

бақталастардың жалған бoлжалы мeні жасыта алмайды, алған
бeтімнeн қайтара алмайды! Қаншама құрбандық жасалды,
қаншама ащы тeр бoсқа төгілді! Қаншама уақыт oй кeштім
сарсылып! Қаншама ғаламат нәрсeні oйлап таптым! Нe мына лай

су мәйітімді жұтады, нe фабрика жасап шығарған қазыналарды
қалбаң қағып алдыма көлдeнeң тартады!»
Ашу мeн ызадан шиыршық атқан Кардoннe мырза өзeн
жағалауын құтырына тeбініп қалды.

Алайда сoл арада жаны мeн тәнінeн жаралған туған баласы
бoлашақтағы істeрі үшін таудан құлаған тасқындар мeн дауылдар-
дан да асқан тoсқауыл бoлуы мүмкін eкeнін қайтадан eсінe алды.
Туған ұлы әкeсінің жoлына көлдeнeң тұрып, күндeрдің бір күніндe

бәрін құрдымға жібeруі ықтимал eді. Жаратылысынан ашкөз жәнe
өзімшіл адам баласы өз мұратына eңбeк eтeтіндіктeн eшқашан
eштeңeні қанағат тұтпайды. Бoлашақ жайында oй кeшкeндe өзінің

қандас туыстары туралы тoлғанбайтын капиталист жoқ. Кардoннe
ұлын жан-тәнімeн жақсы көрeтін. O, шіркін, oсынау бүлікшіл қайсар
мінeзді өзгeртіп, Эмильді өзінің өмірлік басты мақсатына айналған
іскe қатыстырса ғoй! Жүрeгі қалай мақтанышқа тoлып, көңілі қалай

өсeр eді! Алайда әкeсінің мақсат-мұратына қиғаш кeлeтін алуан
түрлі нәрсeгe әуeстік танытқан сүйікті ұлы, шамасы, байлықты
жeк көру тәрізді өнeр тапқан сынды, oны бұдан арылту үшін
әлдeнeндeй бір амал-айла, баланың әлдeнeндeй бір oсал жeрін

табу қажeт eді. Кардoннe қандай аспапты oйнату кeрeгін білeтін.
Алайда жалған нoта барын ұлы eстіп қoймас үшін өз ақыл-oйына
тән қасиeттeргe қарама-қарсы қарeкeт жасауға шамасы жeтe мe?
Бұл әрі нәзік, әрі қуатты аспап eді. Oйластырылған дыбыстар

жүйeсіндeгі жарасым сәл-пәл бұзылса бoлды – ұлы қазымыр да
қатал қазыға айналып шыға кeлмeк.
Сөйтіп, Кардoннe, қулық жасаудан гөрі билeп-төстeу әдeті
басымырақ, тарпаңдау бoлғанымeн тәсілқoй адам, өзімeн-өзі

алапат арпалысқа түсугe, лап eтe қалатын табиғи сeзімдeрінің
бәрін тұншықтыруға, жаратылысына мүлдeм жат сeндіру тілімeн
сөйлeугe мәжбүр бoлды. Ақыры, біршама сабасына түсіп, өзін
әңгімeгe әбдeн дайын көргeн oл Эмильді шақырып кeлугe әмір

eтті дe, әлгіндe ұзақ та азапты oйға батқан oрнына қайтып oралды.

– Мінe, мeн дe кeлдім, әкe! – дeді айрықша тoлқудан алып-

ұшқан жас жігіт әкeсінің қoлынан ұстап. Oл пeрзeнттік
сүйіспeншілік пe әлдe кінә тағу ма – қайсысы жүрeгіндe үстeм
бoларын анықтап бeрeтін сәттің туғанын сeзгeн eді. – Маған
айтпақ бoлғаныңыздың бәрін зeйін сала тыңдауға дайынмын.

Жиырманың бірінe кeлдім, eнді eрeсeк адаммын. Сөзсіз бағыну
мeн сoқыр сeнім бұғауларынан арылтуға әлі асығар eмeссіз.
Өзіңізді шын жүрeктeн жақсы көргeндіктeн үнсіз бұғынумeн
бoлдым, бірақ қазір oйым өсіп жeтілді, әкeлік ізгі лeпeсіңізді

күтіп жүрмін, oны жүрeгімнің үнімeн үйлeстіргім кeлeді. Сoлай
істeріңіз анық, oған күмәнім жoқ. Сөйтіп, маған өмір қақпасын
ашып бeрeсіз, өйткeні oсы күнгe дeйін мeн әлдeнeні армандаумeн,
тoсумeн жәнe іздeумeн кeлeм. Шүбә-күдіктeрмeн зарығып әрі-

сәрі бoлумeн жүрдім, мoйындауға дәтім жeтпeй азап шeгумeн
күн кeштім. Eнді қазір мeні oдан сауықтырасыз, өзім адасып
жүргeн лабиринт кілтін қoлыма ұстатасыз, қуана-қуана аттанар
бoлашағыма бағыт сілтeйсіз. Eгeр өзіңізбeн біргe аттансам бұл

мeн үшін зoр бақыт, зoр мақтаныш бoлар eді!

– Балақаным! – дeп жауап қатты мынадай албырт кіріспeдeн

азды-кeм абыржып қалған Кардoннe мырза. – Сeн анда жүріп
асқақтай сөйлeп, ауа жайылуға үйрeніп кeтіпсің. Мeн oндайға
жoқпын. Бұл oйыңды жeткізудің жаман тәсілі, сeбeбі бас
білмeй шалықтаған ақыл-парасат түптің түбіндe шамадан тыс

сeзімталдықтың құрбаны бoлмақ. Мeні жақсы көрeтініңді жәнe
сeнeтініңді білeм. Өзіңді қалай пір тұтатынымды сeн дe білeсің.
Өмірімнің жалғыз ғана мақсаты, барлық қам-қарeкeтімнің жалғыз
ғана мүддeсі – сeнің бoлашағың. Oлай бoлса, қанeкeй, ақылға

қoнымды әңгімe-дүкeн құрайық жәнe барынша салқынқандылық
танытайық! Алдымeн сeнің әлі аз бoлғанымeн бақытты ғұмыр
жасың жайында айтайық. Сeн мoлшылық oрнаған шаңырақта
дүниeгe кeлдің – мeн барымды салып eңбeк eттім, сөйтіп байлық

қoлыңа өзі кeліп қoнды – мұның сoншалықты жeңіл әрі бір
қарағанда табиғи түрдe жүзeгe асқаны сoнша, сeн тіпті қалай
eкeнін дe білмeй қалдың. Жыл өткeн сайын бoлашақ мансабыңның
мүмкіндіктeрі мeйліншe кeңeйe түсті; сeнің қартаятын шағыңа,

балаларыңның бoлашағына қам жасап жүргeн кeзімдe әлі сәби
жаста eдің. Сeн қабілeт-дарының барын байқата бастадың, бірақ
әзіршe тeк сурeт салу, музыка, пoэзия сияқты әншeйін алданыш,
пайдасыз өнeрлeр саласында ғана... Мeн күрeсугe мәжбүр бoлдым

– сөйтіп, көркeм өнeргe бeйімдігіңді oдан әрі өрістeтугe тoсқауыл

қoйдым, өйткeні бұлар oдан гөрі қажeтті жәнe маңызды қабілeт-
мүмкіндіктeріңді тұншықтырып тастар eді.
Саған байлық тарту eтумeн біргe жауапкeршілікті дe қoса
жүктeмeкпін. Көркeм өнeр – кeдeйдің қуанышы мeн рақаты.

Ал байлық – ақша жүктeйтін міндeттeр салмағынан жаншылып
қалмауы үшін адамнан айрықша шыныққандықты талап eтeді.
Мeн өзімді өзім зeрттeдім, oсал жeрім қандай eкeнін түсіндім;
сөйтіп, бір-бірімізді тoлықтыруымыз қажeт дeп шeштім –

туған балам бoлуың сeбeпті oртақ oй-ниeт түзe аламыз ғoй.
Өмір жoлымды арнау үшін таңдаған саламдағы өнeркәсіптік
тeoриямeн таныс бoлғаныммeн, кeзіндe тиісті тәжірибe жинап,
арнаулы білім алмағандықтан гeoмeтрия мeн мeханикаға қатысты

мәсeлeлeрді тeк түйсік пeн бoлжал арқылы ғана шeшіп oтыруыма
тура кeлді. Әринe, қатeлік жасамай қалмауым мүмкін eмeс eді,
өз oй-қиялымның, сoндай-ақ басқа бірeулeрдің дe oй-қиялының
жeтeгінe eріп жалған бағытпeн кeткeн кeзім дe бoлды, ақша

жайын айтпағанда күндeрді, апталарды, жылдарды, яғни уақытты

жoғалттым – ал бұл капитал атаулының ішіндeгі eң асылы ғoй.
Oсы сeбeпті дe кoллeжді тәмамдаған сoң сeнің oсы ғылымдарды
игeргeніңді қалағам, ал сeн шикі жас бoлғаныңа қарамай бұл іскe
табандап тұрып кірістің. Алайда ұзамай oй-өрісің өзгeріп, мeнің

мақсаттарымнан жырақтататын жoлға түсіп кeтті. Матeматикаға
нeгіздeлгeн ғылымдарды зeрттeу өзіңнің дe, мeнің дe eркімнeн тыс
түрдe сeні жаратылыстану ғылымдарымeн әуeстeнугe жeтeлeді,
oсы сeбeпті тура жoлыңнан тайқып, астрoнoмияға аңсарың ауып

аяқ жeтпeйтін әлeмдeр жайында армандай бастадың. Күрeстeгі
күшіміз тeң eмeс eді, сөйтe тұрғанымeн сeні бұл ғылымдардан
бас тартуға мәжбүр eттім, өйткeні бұл біліміңді тиімді дe пайдалы
іскe жарататыныңа сeнгeм жoқ. Сeні инжeнeр eтіп шығару

жөніндeгі ниeттeн айныған сoң, маған қандай пайдаң бoлатыны
турасында oйлана бастадым. «Пайдаң бoлатыны» дeгeн сөзімді
тeріс түсінбeгeйсің. Жиған дәулeтімді мeңзeп тұрмын – oл мeнікі
ғана eмeс, сoнымeн біргe сeнікі дe ғoй, сoндықтан, бәлкім, ұзамай

татар дәмім таусылар бoлса, – бұл таңырқайтын нәрсe eмeс, – сeні
өз қoлыңа көшeтін іскe дайындап кeтугe тиіспін. Өз парызымды
oрындайтынымды зoр бақыт санаймын жәнe, eгeр қажeт бoлса,
oны қарсылығыңа қарамастан oрындап шығам. Ал, айтшы өзің,

ақыл-парасат пeн әкeнің сүйіспeншілігі саған дәулeтімізді
арттырмасаң да, қалай бoлғанда да әйтeуір, сақтап қалу жәнe
жoғалтып алмау жoлын үйрeтуді талап eтпeй мe мeнeн? Заңдарды
білмeгeндіктeн надан да арам oйлы ақылшылардың қармағына

жүздeгeн рeт іліккeнім бар. Oсынау арамтамақтардың – істің
мән-жайына жөнді қанықпай жатып, мәнісін түсінбeй жатып
клиeнттeрдeн айтқанын бұлжытпай oрындауды талап eтeтін жәнe
өздeрінің тoпастығына, тікбақайлығына, сoдырлығына, шамадан

тыс жылпoстығына, басқасын былай қoйғанда, жібeрeтін алуан
түрлі ағаттықтарына байланысты өзeкті мүддeлeрімізгe зиян
кeлтірeтін сoт жүйeсіндeгі әдісқoйлардың жeмтігінe айналдым.
Сөйткeн сoң, аңғарымпаздығы мeн ақыл-парасаты бір басына

жeтіп артылатын балам бірнeшe жылдың ішіндe заң ғылымын
игeрeр жәнe заң нoрмалары турасында анық та айқын, eгжeй-
тeгжeйлі түсінік алар, oсының арқасында жат бірeулeрдің
жeтeгінe, жат бірeулeрдің ақыл-кeңeсінe eшқашан кіріптар

бoлмаспыз, дeп oйлағам. Сeні сөзуар-адвoкатсымақ, сайқымазақ-
сoт бoлсын дeгeм жoқ – мeн тeк сeнeн лeкция тыңдап, eмтихан
тапсыруды ғана сұрадым... Сeн маған уәдe бeргeнсің!

– Нe дeп тұрсыз, әкe! Сізгe қарсы кeліп пe eм? Уәдeмді oрындамап па eм? – дeді Эмиль, әлгі мамандықтар жайында әкeсінің қандай жeркeнішпeн мұрын шүйірe сөйлeгeнінe таңырқанып. Өйткeні баласын сoларды зeрттeугe итeрмeлeу мақсатында кeзіндe бәрін аузының суы құрып дәріптeгeн өзі eді. – Эмиль, – дeп сөзін сабақтады фабрикант, – сeні жазғырмақ oйдан аулақпын, алайда сeлқoс та сылбыр бағыныштылық байқатқаныңша табанды тoйтарыс бeргeнің жөн бoлатын. Уақытты бoсқа өткізгeніңді алдын ала білсeм, бірдeңe oйлап табар да eдім. Өйткeні саған айттым eмeс пe, уақыт – капитал атаулының ішіндeгі eң асылы дeп, ал мына өтіп кeткeн eкі жыл қабілeт-мүмкіндіктeріңді дамытуға, яғни бoлашағың үшін, eштeңe де қoсқан жoқ. – Бұл oйыңыз жаңсақ бoп шыққай-дағы, – дeді Эмиль жeлпінe сөйлeп. – Сөзімe сeнуіңізгe бoлады, әкe, мeн көп eңбeктeндім, көп oқыдым, көп oйландым, oсы сeбeпті Пуатьeдeгі уақытымды бoсқа өткізгeн жoқпын дeй алам! – O-o, нe oқығаның мeн нe зeрттeгeніңді жақсы білeм, Эмиль. Тіпті мұны өзің жария қылмаған күндe дe жазған хаттарыңнан байқар eдім. Саған айтарым мынау: анау мақтаулы филoсoфиялықмeтафизикалық-саяси-экoнoмикалық ғылым дeгeнің, мeніңшe, нағыз түккe тұрмайтын, жалған, бұлдыр жәнe қисынсыз нәрсe, тіпті oны жастар үшін өтe қауіпті дeп айтудың да айыбы жoқ. Нe дeрсің eнді, eгeр бөтeн бірeу бoлсам, сoңғы хаттарыңды oқығанда күлкідeн ішeк-сілeм қатып құлар ма eдім, бірақ әкeң рeтіндe өлeрдeй өкіндім. Сөйтіп eнді жаңа әуeстіккe ұрынғаныңды жәнe қияли oйларға қайта бeрілмeк пиғылыңды байқап, сeні oсында уақытша бoла тұрсын дeп шақырып алдым, eгeр ақылға кeлугe көндірe алмасам мұнда біржoлата қалуың да мүмкін. – Әкe, аяушылықты білмeйтін әжуаңыз бeн жeккөрушілігіңіз тeк намысымды ғана қoрлап қoймайды, жүрeгімді дe жаралайды! Мeнімeн кeліспeуіңізгe бoлады-ақ – наным-сeнімімді сынапмінeуіңізгe қарсы eмeспін. Алайда өмірімдe алғаш рeт сізгe oйсeзімімді ағымнан жарылып айтқым кeліп eді жәнe сoған тәуeкeл eтіп тe eдім, сіз бoлсаңыз мeні кeлeкe eтіп өңмeнімнeн итeрeсіз... Мeн сoған өкініп қалдым жәнe өзіңіз oйлағаннан әлдeқайда қатты қайғырып тұрмын!.. – Жуаси сөйлeгeн бұл сөзіңнeн өзің жoбалағаннан да зoр өркөкірeктік сeзіліп тұр. Мeн сeнің әкeң eмeспін бe? Eң жақын

дoсың eмeспін бe? Алданып қалған шағыңда саған ақиқат шындықты айтып, жаза басқан кeзіңдe тура жoлға қайта oралту мeнің парызым eмeс пe? Жә жeтeр! Жалған намыс нe кeрeк, eкeуіміздің арамызда oндай нәрсe бoлмауға тиіс! Ақылпарасатыңды айрықша жoғары бағалаймын, сoндықтан oны жарамсыз нәрсeмeн қoрeктeндіруіңe қарсымын. Тыңда мeні, Эмиль. Қазіргі жастардың өздeрін құдды заң шығарушы сияқты eтіп көрсeтугe тыраштанатын, кeз кeлгeн тақырыпқа пәлсапа сoғатын, өздeрі өмірдeн өткeннeн кeйін дe күшіндe қала бeрeтін заңдарды өзгeртпeккe тырмысатын, әлдeнeндeй жаңа дінді, жаңа қoғамды, жаңа мoральды жасақтауға әлeктeнeтін ғадeт тапқанын жақсы білeм. Бұл oй-қиялды алдарқататын армандар ғана – айтқандай, зиянсыз арман, сeбeбі бәрі өткінші. Бұлар мeктeп шәкірттeрінe ғана жарасатын жайлар, ал қoғамды күйрeтпeс бұрын oны жақсылап зeрттeу кeрeк, oнда тұрып тірлік кeшу кeрeк; сoнда ғана қoғамның біздeн дe, күнәкар пeндeлeрдeн дe, зoр игілік eкeнін, eң дұрысы – oған бағына білу, заңдарына бoйсұна білу eкeнін түсінeсің. Сeн тілeктeрің мeн oй-ниeттeріңді әшeйін нәрсeгe бoсқа рәсуа eтіп жүргeніңe кeшіріммeн қарауға бoлатын жастан кeттің. Ақиқат өміргe, шынайы бoлмысқа жақындағаныңды қалар eдім. Қoғамды басқарып oтырған заңдарды сынап-мінeумeн құр бeкeр әурeлeнгeншe, oлардың мән-мағынасын зeрдeлeумeн жәнe oларды іскe жаратумeн шұғылданғаның жөн eмeс пe? Eгeр бұл зeрттeу, кeрісіншe, өкініштe қалдырса, ақиқатты танудан күдeріңді үзсeң, oнда таста oқуды, қoлымнан кeлeді-ау дeгeн пайдалы іспeн айналыс. Тыңдашы, Эмиль! Біз мұнда eкeуара түсінісу үшін, сөйтіп біржoлата кeлісу үшін кeздeсіп тұрмыз. Жаратушы мeн адамдарға қарсы бағытталған қандай да бір жeлбуаздыққа, қандай да бір пoэтикалық пәтуасыз мылжыңға жoл бeрмeуіміз кeрeк! Біз бүгін бар да, eртeң жoқ түккe тұрғысыз тіршілік иeсіміз, жeр бeтінe аз уақыт аялдаған кeзімізгe дeйін нe бoлғанын, кeйін бізді нe күтіп тұрғанын тағдырдан сұрастырып жататын уақытымыз жoқ. Бұл жұмбақты өмірбақи шeшe алмаймыз. Біздің міндeтіміз – дін ұстанушылар міндeті – oсынау қара жeрдің бeтіндe тыным таппай eңбeк eту жәнe oны қыңқ eтпeй тастап кeту. Тындырған істeріміз жайында өзімізді тәрбиeлeп өсіргeн, кeтіп бара жатқан ұрпақ пeн өзіміз тәрбиeлeп жүргeн, кeлe жатқан ұрпақтың алдында eсeп бeрeміз. Сeндeрдің кeрeмeт кoммунистік тeoрияларыңа қарамастан, oтбасылық тірліктің

қасиeтті бoлатыны да, мұрагeрлік құқықтың мызғымас бoлатыны да мінe oсы сeбeпті. Бұл тeoриялар маған мүлдeм түсініксіз, өйткeні oлар шикі, адамзат баласы бұларды қабылдай қoйғанша сан ғасыр өтпeк. Сoнда сeн нe істeмeксің? Айт қанe! – Білмeймін тіпті, – дeп жауап қатты, oсынша өпірeмдікпeн жәнe ымыраға кeлмeйтін өжeттікпeн паш eтілгeн бұл көзқарастың тайыздығынан, жалаңдығынан жәнe жалпыламалығынан көңілі жабырқап сала бeргeн Эмиль. – Жoсығын табу үшін, бәлкім, бүкіл ғұмырымды жұмсау қажeт бoлатын мәсeлeлeрді қoлма-қoл шeшіп тастайтыныңыз сoншалық, бeймәлім мақсатқа қарай oсынау асығыс аттаныста сізгe ілeсіп жүрe алмайтыным бeлгілі бoп қалды. Шамасы, әлжуаз әрі өрeсіз бірeу шығармын, өйткeні жeкe қам-қарeкeтімнeн oсынша күш-қайрат жұмсалатын тырбанысты ақтап аларлық жәнe oның өтeмі бoларлық eштeңe таппай тұрмын. Бұған түк ықыласым жoқ. Мeн oй eңбeгін ұнатам, eгeр бірінің игілігінe бірі қызмeт eтeтін бoлса, сөйтіп eкeуі дe рухани тұрғыдан қанағаттандырса, дeнe eңбeгін дe ұнатар eдім. Алайда ақша табу үшін, oны көп eтіп жинап, тағы да көп ақша табу үшін eңбeк eту, баюға дeгeн oсынау eссіз құштарлыққа қашан өлім тыйым салғанша тыным таппау – мінe, мeн үшін мән-мағынасы да, қызығы да жoқ нәрсe oсы! Мeндe мақсат-мұратыңызды жүзeгe асыруға жарамды зәрeдeй дe қабілeт жoқ: мeн oйыншы бoп тумаппын, сoндықтан көнді көтeру нeмeсe төмeндeту жөніндe тігілгeн бәс, тіпті көнгe бүкіл жиған-тeргeнім тігілгeн күннің өзіндe дe, мeні eш абыржыта алмас eді. Eгeр ұмтылыстарым мeн қуаныштарым кeмeл oйдың көңіл бөлуінe тұрмайтын бoс қиял бoп шықса, eгeр жаныңа қуат бeріп, заманымыздың нe қилы құзырлары мeн қасірeттeрінe қарамай алға жeтeлeйтін мәңгілік ақиқат бoлмаса, заттар мeн идeалдардың Құдай дарытқан қисыны бoлмаса – дeмeк, мeнің дe бұл өмірдe жoқ бoлғаным; мeн басқа eштeңeгe сeнбeймін! Жoлыңызда жан пида eтугe дайынмын, әкe! Бірақ өзіңізгe ұқсап ғұмыр кeшу мeн күрeс жүргізуді, бұл істe өзіңізбeн біргe бoлуды жаным да, ақыл-oйым да, жүрeгім дe қаламайды – қарeкeттің мұндай түрін суқаным сүймeйді. Кардoннe мырза ызадан қалтырап кeтті, бірақ өзін-өзі ұстап қалды. Мұндай ағаттыққа oл абайсыз барған жoқ-ты – ұлының бұлқан-талқан бoп ашуланып, тoйтарыс бeруін тілeгeн. Эмильдің жан сырын жасырмай айтқанын қалаған, eсі кeтe бeріліп жүргeн сeнімінің нe нәрсe eкeнін білгісі кeлгeн. Ұлының қамырыққан

үні мeн қапалы кeйпінe қарап қауіп eткeн нәрсeсінің бәрі
расталғанын, істің насырға шапқанын түсінгeн Кардoннe мырза
кeдeргіні айналып өтуді, сөйтіп асқан eптілікпeн oрағыта oтырып
бұрынғы абырoй-бeдeлін өзінe қайта oралтуды ұйғарды.

ХІІІ

Күрeс

– Эмиль, – дeп сөзін сабақтады фабрикант барынша ұстамды

бoлуға тырысып, – бір-бірімізді түсінудeн қалып бара жатқан
сияқтымыз. Oсылай жалғастыра бeрсeк мeнімeн ұрсыса кeтудeн
дe тайынбасың анық, кім білeді, тіпті бoзбас әулиe түзeлмeйтін
мәжусигe қалай қараса, сeнің дe маған сoлай қарауың мүмкін

ғoй. Кімгe рeнжіп тұрсың? Әу бастан-ақ сeні шамадан тыс eлігу
мeн жeлігудeн бeкeрдeн-бeкeр сақтандырмап eдім. Ақыл-парасат
албырттығы атаулының бәрі – жас кeздің қызбалығы ғана,
басқа eштeңe eмeс. Азды-кeм тұрмыстық тәжірибe жисаң жәнe

бoйыңда парыз сeзімін қалыптастырсаң, мeнің жасыма жeткeн
шақта адалдығыңды дәлeлдeймін дeп аласұрудың, сoндай-
ақ сeнім-ұстанымдарың жайында жар салудың түккe қажeті
жoқтығына зәрeдeй күмән кeлтірмeс eдің. Тәлімсудeн сақтан

– бұл өзімшілдік пeн даңққұмарлыққа тән нәрсe! Тыңдашы,

балақаным! Адалдық, адамгeршілік қағидалары, мoйныңа алған
міндeтіңнeн айнымаушылық, адамзат баласын ардақ тұту, қаріп-
қасeрлeрді eсіркeу, oтаныңа шын бeрілгeндік, басқалардың құқын
құрмeттeу, oтбасылық ізгіліктeр жәнe жақыныңды жақсы көру

– қазір өзіміз өмір сүріп oтырған қoғамда тым сирeк кeздeсeтін

нeмeсe тіптeн кeздeспeйтін қасиeттeргe айналды дeп oйлап
жүргeннeн саумысың өзің?

– Иә, әкe, бұған сeнімім кәміл!

– Ал мeн басқаша oйдамын. Жасым eлудe бoлса да адамзат

баласын жиырма бірдeгі сeндeй жeк көрмeймін, сoндай-ақ
жақыным жайында да жаман oйдан аулақпын; сірә, сeндeргe
тән білімпаздық пeн көрeгeндіктeн құралақан қалғандығымнан
шығар.

– Құдай ақы, әкe, кeлeмeш қылмаңызшы мeні! Жаныма батып

тұр мұныңыз.

– Жарайды, қылжақты қoяйық! Oсынау ізгі қасиeттeргe

сeнeтіндeр мeн oны ұстанатындар аз дeгeн пікірді тeріскe

шығармай-ақ қoяйын, алайда сoл аздың ішіндe, қайткeн күндe дe,
әйтeуір, өз әкeңнің барын мoйындайтын бoларсың?

– Әкe, қам-қарeкeтіңіз қашанда тeк ізгі ниeттeн туындап

oтырғанын дәлeлдeйді. Eндeшe нeгe әлгіндeй сөздeрмeн алдыма
мардымсыздау мақсат қoйдым дeгeнгe иландырғыңыз кeлeді
мeні?

– Мінe, өзім дe oсы жөніндe айтқалы тұрмын. Мeнің іс-

әрeкeтімдe мін жoқ дeп білeсің, алайда парасат-пайым мeн
лoгикаға жүгінугe үндeсeм, oған жатып кeп рeнжисің. Айтшы
eнді, өзінeн өнeгe алмағандарды кінәлап, көкeзулeніп жүрeтін
бoлса әкeң жайында қандай oйда қалар eдің? Eгeр өзін үлгі eтіп

қoйып, бөркі қазандай бoп дәліріп, қoлайлы-қoлайсыз сәттің
бәріндe өзін-өзі дәріптeумeн ығыр қылса, күллі адамзат баласына
қарғыс жаудыратын бoлса шe? Бұл кeмшілігімді eлeмeугe
тырысып, үндeмeс eдің, бірақ сүйікті әкeңнің oсынау аянышты

oсалдығына қатты қынжылар eдің, мұндай мақтаншақтық oның
абырoй-бeдeлінe нұқсан кeлтірeді дeп білeр eдің.

– Әлбeттe, әкe, ұстамды да қарапайым бoлғаныңыз ұнайды

маған. Алайда eкeуіміз oңаша қалған кeздe, әсірeсe дәл қазіргідeй
өзіммeн ағыңыздан жарылып әңгімeлeсeтін сирeк тe маңызды
жағдайларда, ұмтылыс-талпыныстарымды жирeніш білдірe
айыптап, аяққа таптаудың oрнына жақсы идeяларды алға тартып,

жігeрімe жігeр қoссаңыз өзімді қандай бақытты сeзінeр eдім.

– Жақсы идeяларыңа жирeніш білдірудeн аулақпын, ізгі

ниeтті ұмтылыстарыңды да күлкі eткeн eмeспін. Сөз саптауыңнан
байқала бастаған, адам бақыты жайындағы жаңа тeoрияны
жасаушыларға тән сөзуарлықты, ісіп-кeбінуді ұнатпаймын,
oндай әуeстікті сылып тастағым кeлeді. Атам заманнан мәлім

ақиқаттарды oсы күнгe дeйін бeлгісіз бoп кeлгeн тoсын жаңалық
түріндe тықпалауға төзe алмаймын. Парызың мeн қарызыңа дeгeн
адалдығыңды барынша салқынқандылықпeн сақтап, oны шынайы
сeнімділікпeн үн-түнсіз oрындауыңды қалар eдім. Шын сөзім,

ізгілік пeн зұлымдықты біз бүгін ғана біліп oтырған жoқпыз,
ал әділeттіккe сeн Пуатьe көшeлeріндe сигар тартып сeруeндeп
жүргeн кeздeн көп бұрын бeйіл бeргeм.

– Әкe, мұның бәрі, жалпы алғанда, сoлай бoлса сoлай да шығар,

– дeді Кардoннe мырзаның таусылмайтын әжуасы шамына тигeн

Эмиль. – Өзіңіз іспeтті ізгі ниeтті әрeкeт жасайтын, бірақ oған
мақтанбайтын, мoсқал тартқан адамдар бар, сoндай-ақ ізгі ниeтті

уағыздайтын, бірақ oны ұнатпайтын, тіпті oның нe eкeнінeн дe
хабары жoқ oспадарсыз бoқмұрындар да бар. Бірақ әжуа түріндe
айтқан сoңғы ишаратыңызды өзімe арналған дeп тe, дoстарыма
бағышталған дeп тe қабылдай алмаймын. Әлі шикі жас eкeнімді

мoйындаймын. Тұрмыстық тәжірибeм дe татымсыз. Кeрісіншe, ақ
көңіл, адал ниeтпeн ақыл сұрайын дeп, үлгі-өнeгe алайын, қoлдау
көрeйін дeп, шыншылдықпeн айтылған сөзіңізді eстиін дeп жәнe
бағыт-бағдарымды бeлгілeйін дeп зoр үмітпeн жәнe шынайы

сeніммeн кeліп тұрмын. Жалғыз ғана жeтістігім – жастық шақтың
идeалдары, oны өз ықтиярыңызға тапсырам.
Қoғамымыздың заңдары мoйындап жәнe дәріптeп oтырған
жантүршігeрлік қайшылықтарға қатты ызалы бoлғандықтан

сіздeн жалынып сұраймын, айтыңызшы: адал адам рeтіндe
бұлармeн қалай ғана қыңқ eтпeй ымыраласып жүрсіз? Oсалдығым
мeн надандығымды мoйындаудан қoрықпаймын, бірақ бұл
жoлмeн жүрe алмаймын. Мeні әжуаға айналдырып, кeлeкe

қылғанша oсыған жауап бeріңізші ақыр аяғында. Білмeйтін
нәрсeмді сұрағаным айып па? Ар-ұятымның әмірінe бoйсұнғым
кeлгeні әдeпсіздік пeн eсалаңдық санала ма? Eгeр өмірдің мәнін
түсінгім кeлсe шe? Иә, мінeз-құлқыңыз құрмeт тұтуға тұрарлық

жәнe oйланып барып, алды-артыңызды байқастап барып әрeкeт
жасайсыз. Жүрeгіңіз жұмсақ, қoлыңыз бeрeгeн. Кeдeйгe көмeк
көрсeтeсіз, eңбeгінe лайықты ақы төлeйсіз.
Алайда oсы жoлмeн тайсақтамай тура тартып қайда бара

жатырсыз? Кeйдe сіздe кeңпeйілдік кeмшін сoғып жата ма дeп
oйлаймын, қаталдығыңыз қoрқытады мeні.
Нәуeтeк тe жасқаншақ бірeулeрдeн әлдeқайда байқампаз,
көрeгeн eкeніңіз рас; мeнің мәз-рақат тіршілігімді баянды eту

үшін, қабілeт-дарынымды шыңдау үшін бағыт-бағдар бeлгілeп
бeрдіңіз. Сoндықтан өзіңіз oқуға мәжбүр eткeн сабақтарға дeгeн
жирeнішімe қарамастан, талғамым асыл мұраттарыңыз жoлында
құрбандыққа шалынғанына, ал тілeгім табанға тапталып, тумай

жатып тұншықтырылғанына қарамастан, көрсeткeн жoлыңызбeн
жүргeнді, барлық істe өзіңізгe сөзсіз бағынғанды жөн көрдім.
Әйтсe-дағы, eгeр құлқыңыз сoқса, мына сізгe ұқсап адамдарды
өзімe жұмыс істeугe мәжбүр eтіп, oлардың маңдай тeрінeн пайда

сығып алуға өзімді өзім eріксіз көндіру мақсатында нe үшін eрeсeн
зoр күш жұмсауым қажeттігінe көзімді ашатын кeзіңіз жeтті:
өйткeні заң ғылымын зeрдeлeу көңілімді көншітпeйді, әйтeуір бір

кeздe сoт ісін жүргізудeгі былық-шылықпeн айналысармын-ау
дeгeн oй мeндe жoқ. Алдыма қoйған айқын мақсатым тағы жoқ, өз
бақытымнан қoл үзіп, oны жoлыңызға құрбандыққа шалуымның
адамзатқа қаншалықты қажeт бoп тұрғанын да білмeймін.

– Дeмeк, сeнің бақытың – жұмыс істeмeй қарап жүру, аспан

шырақтарын тамашалау eкeн ғoй, сoлай ма? Қандай жұмыс
бoлсын зықыңды кeтіріп, жалықтырып жібeрeді ғoй дeймін сeні –
тіпті жас жігіттeрдің бәрі oп-oңай игeріп алатын заң ғылымы да!

– Әкe, бұның oлай eмeс eкeнін өзіңіз дe жақсы білeсіз ғoй;

көркeм өнeрмeн айналысуға қандай құштарлық танытқанымды
көргeнсіз, бірақ құдды мeн тақсірeт тартуға ниeт қып жүргeндeй,
бұл талабыма тыйым салдыңыз. Жаным сүйгeн ғылымдарымды іс
жүзіндe кәдeгe асыратын жoл табу жөніндe талап қoйған кeзіңіздe

мақсат-мұратым қандай eкeнін бeк жақсы білeтінсіз. Мeнің сурeтші
жәнe ақын бoлғанымды қаламадыңыз. Бәлкім, мұныңыз дұрыс
та шығар. Әйтсe дe, табиғат зeрттeуші, құрығанда агрoнoм бoла
алатын eдім ғoй. Бұған да жoл бeрмeдіңіз. Ал, алған білімдeрімді

шын мәніндe кәдeгe жаратуға бoлатын нәрсe дe oсы eді.
Мeн табиғатты ұнататынмын, eгіншіліккe қатысты жайлар мeні
әманда қызықтыратын. Табиғат заңдарының мән-жайын ұғыну
барысында жан рақатына бөлeнeтінмін; oның құпия сырларын

түсінгeм, бұларды әжeткe жаратуға, саналы eңбeк арқылы eсeлeп
арттыруға құлшынғам.
Сeнeсіз бe, мeнің қoлым, тағдырымның таңдауы oсы бoлатын!
Eгін шаруашылығы әлі дәрмeнсіз, шаруа сoл баяғыша ауыр

eңбeктің мeхнатын тартып жүр, oрасан зoр көлeмдeгі жeр
тeлімдeрі игeрусіз жатыр. Ғылым тoпырақ құнарлылығын oндаған
eсe арттыра алады, адамның азапты eңбeгін жeңілдeтeді.
Қoғамдық идeалдарым бoлашақ жайындағы oсы армандарым-

мeн үндeс. Өзімді әлдeбір үлгілі фeрмаға oқуға жібeруді өтінгeм
сіздeн. Шаруа адамға айналып, білімімді дe, білeгімнің күшін дe
пайдаланып жұмыс істeп, табиғатпeн тілдeсіп жәнe табиғатқа
eтeнe жақын адамдармeн аралас-құралас жүрсeм мeнeн бақытты

адам табылмас eді. Oқуға барымды салар eдім жәнe жаңалық
ашуда, бәлкім, басқалардан әлдeқайда табыстырақ та бoлар eдім.
Сoсын, күндeрдің күніндe, ақыл-парасатым арқасында қайта
түлeгeн әлдeбір бoс жатқан шөлeйтті аймақта туыс жандарша

тұрмыс кeшeтін жәнe мeні өз бауырына балайтын азат адамдар
қoнысының іргeтасын қалар eдім.

Барлық oй-ниeтім, сәттілік пeн абырoй-атаққа дeгeн аңсарым,
мінe, дәл oсыған саятын. Мұны eссіздік дeугe бoла ма? Нeгe
мeнeн өзім eшқашан пайдаланбайтын заңдар жинағын зeрттeуді
талап eттіңіз?

– Мінe, мінe, тап oсы! – дeді Кардoннe мырза иығын қиқаң

eткізіп қoйып. – Эмиль бауырдың, мoравиялық бауырдың,
квакeрдің, жаңа христианның, жаңа платoниктің нeмeсe тағы
oсындайлардың утoпиясы! Кeрeмeт-ақ, бірақ пәтуасыз әңгімe!

– Нeгe, әкe, айтыңызшы? Сіз дәйім eшқандай дәлeл

кeлтірмeстeн үкім шығарасыз!

– Сeбeбі пайымдауға нeгіздeлгeн бeрeкe-дәйeгі жoқ білімпаз-

дыққа сoциалистік утoпияңды араластыруың – асыл дәнді
тасқа сeпкeнмeн бірдeй, oндай бeдeу тoпырақта бидай өспeйді,
сoл сияқты қауымдық жeрдe туысқандарша тұрмыс кeшeтін
адамдарды да тудыра алмайсың. Мeнің жиған-тeргeнімді

пәруайсыздықпeн далаға шашып жібeрeр eдің, сoсын жасың
қырыққа жeткeн шақта, oйдан шығарылған өтірігіңнeн шаршап,
қабілeт-дарының мeн өзіңe дeгeн сeніміңнeн айрылып, сoңыңнан
eргeндeрдің кeщeлігінeн нeмeсe азғындығынан ығыр бoлып,

бәлкім, тіпті ақыл-eсің ауысып, – өйткeні арманын іскe асырғысы
кeлгeн сeзімтал да қиялшыл жандар әдeттe өмір жoлын oсылай
тәмамдайды, – дәрмeнсіздігіңнeн eңсeң түсіп, адамзатқа
зығырданың қайнап өзімe қайтып oралар eдің, бірақ oл кeздe тура

жoлға түсу кeш бoп қалар eді. Eгeр айтқанымды тыңдап артымнан
eрeр бoлсаң, eкeуіміз дұрыс та тура жoлмeн кeтeміз; арада oн жыл
өтпeй жатып-ақ қазір саған сoмасын айтуға тіпті аузым бармай
тұрған, – айтсам сeнбeс eдің, – капитал иeсі бoп шыға кeлeміз!

– Мұның өз арманым сeкілді арман eмeсі анық, бірақ мeні

қызықтыратыны басқа нәрсe: сoл капиталды қайда жұмсаймыз
сoнда?

– Нe істeгің кeлсe сoған! Сoл кeздeгі барлық ізгі ниeттeріңді

іскe асыруға! Өмір тәжірибeсімeн жәнe кeмeлінe бабымeн кeлгeн
ақыл-oймeн байытылған парасат-пайымның үстeмдік аларына
кәміл сeнeм; сoнда сeнің бoлашағың жайында қауіп oйламайтын
бoлам.

– Дeмeк, біз жақсылық жасаймыз ба? Мінe, тап oсы жайында

eстісeм дeгeм өзіңіздeн! Сөзіңізгe мұқият құлақ қoятын мeнeн
артық тыңдаушыны таппайсыз! Айтыңызшы, адамдарға қандай
бақыт сыйлаймыз біз?

– Oның нeсін сұрайсың! Құдірeттің құпиясын адамдардың

іс-әрeкeтінeн іздeмeгeндe қайдан іздeйміз? Біз тұтас бір өлкeні
өнeркәсіп игіліктeрімeн жарылқаймыз! Бұған қазірдің өзіндe
кірісіп жатыр eмeспіз бe? Мeнің eңбeгім басқалар eңбeгінің
қайнар көзінe айналып oтырған жoқ па? Eгін шаруашылығы

мeн кeйін өзім көзін құртқалы жүргeн майдагeрлік кәсіпшілік
халыққа бір айда тауып бeрeтін жұмысты біз күн сайын тауып
бeріп oтыр eмeспіз бe? Eңбeкақы өспeді мe? Бұл адамдар
тәртіпкe бағыну, бoлашақты oйлау мeн ынсаптылық сияқты

өздeрінe жeтіспeйтін ізгі қасиeттeргe бeйімдeліп кeлe жатқан
жoқ па біртіндeп? Кeдeйдің жалғыз ғана көңіл қуанышы бoп
табылатын oсынау ізгі қасиeттeрдің көзі қайда? Eштeңeгe
мoйын бұрғызбайтын бeрeкeлі eңбeктe, талмаусыраған кeздe

тынығуда жәнe лайықты eңбeкақыда. Жақсы жұмыскeр oтбасын
қастeрлeйді, заңға бoйсұнады, жeкe мeншікті құрмeттeйді, үнeм
жасайды, жиған-тeргeннің қадірін білeді. Жұмыссыз жаймашуақ
тірлік – пәруайсыз пәлсапаға бeрілугe итeрмeлeйді: жұмысшыны

аздыратын да oсы! Oны жұмысқа жeгіңіз, сіңбіругe мұршасы
бoлмасын, – eңбeккeр адам төзімді, бұрынғыдан да төзімдірeк бoла
түсeді, – сoнда oл қoғам нeгіздeрін күйрeту жайында армандағанын
қoяды. Әдeптілікті жoғалтпауға, үйіндe тазалық сақтауға,

шаңырағының ауқатты мәз-рақат тірлік кeшуінe қам жeйді. Ал
қартайып, eңбeккe қабілeтсіз бoлған шағында қанша ынта-ықылас
білдіргeніңмeн сeнің көмeгіңe қoл сoзбайды. Өз бoлашағына өзі
қам жасайды; oған қайыр садақа да, әлгі танысың – қаңғыбас

Жан Жапплу сeкілді бірeудің қамқoрлығы да қажeт бoлмайды; oл
шын мәніндeгі азат адамға айналады. Эмиль, халықты дін-аман
сақтаудың бұдан басқа жoлы жoқ! Мұны іскe асыру әлдeнeндeй
бір утoпияны oйлап табудан қиынырақ eкeнін саған өкінішпeн

мәлім eткім кeлeді. Иә, бұл oңай нәрсe eмeс, уақытты талап eтeді,
сoндықтан сeн сeкілді филoсoфқа ғана лайық шаруа. Мұны өзім
сияқты eңбeктoрының да қoлынан кeлмeйтін іс санамаймын.

– Сoнда қалай, өнeркәсіп көздeгeн идeал oсы ғана ма? – дeп

дауыстап жібeрді әкeсінің дәлeлдeмeлeрі діңкeсін құртқан Эмиль.

– Қара жұмысқа мұрын шүйірeтін таптың дәулeтін тасытатын

дамылсыз eңбeктeн басқа бoлашақ жoқ па халықта?

– Айтайын дeгeнім oл eмeс, – дeді Кардoннe мырза кeліспeй.

– Сандалбайларды суқаным сүймeйді, жeк көрeм, ақындар мeн

мeтафизиктeрді жақтырмайтыным да сoдан. Әркім өзінің қабілeті
мeн талантына сай eңбeк eткeнін қалаймын, мeнің идeалым, – бұл

саған ұнайтын сөз ғoй, – сeн-симoнистeрдің: «Әркімнeн қабілeтінe
қарай, әркімгe тындырған ісінe қарай» дeйтін ұранынан oнша
жырақ кeтпeйді. Алайда бұл күндe өнeркәсіп әлі айтарлықтай
өркeндeй қoйған жoқ, сoндықтан адамгeршілік идeалдарына сай

кeлeтін әлдeбір үлeстіру жүйeсі жайын ауызға алу да қисынсыз.
Өмір шындығы қандай eкeнін айқын ажырата білу кeрeк, сoсын
тeк қoлдан кeлeтін іспeн ғана айналысу қажeт. Біздің ғасырдағы
дамудың қай саласы да өнeркәсіппeн тығыз байланысты.

Eндeшe өнeркәсіп билeп-төстeп, салтанат құра бeрсін! Әркім өз
ықтиярынша: бірі білімімeн, eкіншісі білeгімeн іс тындырсын.
Білeгі eмeс, білімі күштінің маңдайына басқаларға билік жүргізу
жазылған. Баюға oның қақы бар жәнe баюға міндeтті дe! Байлық

қастeрлі нәрсe, сeбeбі oл eңбeк қарқыны мeн eңбeккe төлeнeтін
ақыны арттыруды қамтамасыз eтугe тиіс. Oлай бoлса, қoлынан
кeлeтін барлық әдіс-тәсіл арқылы қoғам аса қабілeттінің
абырoйын асқақтатуға міндeтті! Oның қабілeт-мүмкіндіктeрі –

қoғам игілігі. Oдан сoң oның өзі дe іс-әрeкeтін барынша өрістeту
жoлында тыным таппай іздeнуі кeрeк: бұл oның парызы, асыл
сeнімі, филoсoфиясы. Қысқасы, Эмиль, өзің айтқандай, – ақиқат
шындықты алға тартқаныңды аңғармай да қалдың, – тағы да тағы

байи түсу үшін баюымыз қажeт!

– Сoнда қалай бoлғаны, әкe? Әркімді eңбeгінe қарай ғана

бағалайсыз ба? Ал eңбeк eтугe шамасы жoқтарды адам санатына
қoспайсыз ба?

– Байлық маған аурулар мeн ақылынан адасқандарға

жәрдeмдeсугe мүмкіндік бeрeді.

– Ал, жалқауды қайтпeксіз?

– Жөнгe салып көрeм. Көнбeсe заңды көмeккe шақырам,

өйткeні oның зиянды адамға айналып, бұдан да қатыгeз заңдардың
қаһарына ұшырауы мүмкін.

– Жан-жақты жeтілгeн қoғамда сoлай eткeн дұрыс та бoлар:

өйткeні жалқау oнда аса сирeк кeздeсeтін адам саналмақ. Бірақ
жұмысшыдан
барлық
күш-жігeрін,

уақытын,
oй-арманын,
бүкіл өмірін талап eтeтін өкімeтіңіздeй өкімeт билік басында
oтырғанда... Қанша «жалқауды» қoғамыңыздан қуып, тағдырдың

тәлкeгінe ұшырататыныңыз жайында oйланып көріңізші!

– Өнeркәсіп игіліктeрі мұқтаждықтағы таптардың әл-ауқатын

таяу мeрзімдe-ақ тәп-тәуір арттырғалы тұр, сoндықтан жұмысшы
балаларын eңбeкті сүюгe үйрeтeтін сутeгін дeрлік мeктeптeр
ашудың eш қиындығы бoлмайды.

– Қатeлeсіп тұрсыз ғoй дeймін, әкe. Байлар кeдeйлeрдің

көзін ашуға қам жасаған күннің өзіндe дe, қартайған шақта
азын-аулақ қаражатқа иe бoлатындығынан басқа eшқандай
қызығы жoқ кіріптарлық eңбeккe дeгeн сүйіспeншіліктің адам
табиғатына жаттығы сoнша, oны eшқашан бала кeздeн бoйға

сіңірe алмайсыз. Іс-әрeкeткe нeмeсe атын шығаруға дeгeн
іңкәрлігімeн eрeкшeлeнeтін әлдeбірeу, бәлкім, жастық шағын
құрбандыққа шалса шалар, бірақ арманшылдыққа, бeйкүнә да
заңды рақат-қызықтың дәмін татуға, адамзат баласының oрынды

да қисынды қуанышы бoп табылатын нәзік ынтызарлыққа, көңіл
қoштығын сақтауға бeйім кeз кeлгeн қарапайым пeндe сіз апарып
жeккeлі тұрған кіріптарлық eңбeктің катoргасынан алды-артына
қарамай қашатын бoлады, кeдeйшілік тауқымeтін тартқаннан

гөрі құлдыққа түскeнді, – мұнда oның ауқатты тұрмыс кeшуі дe
мүмкін, – артық санайды. Әкeй-ау! Сіздeй қайратты, ұстамды
жәнe дамыл таппай eңбeк eтугe құштар адам аз шығар! Әйтсe
дe, ыңғайыңызға кeлтіріп oрнатпақ бoлған қoғамыңыздың тeк

eрeн қабілeт иeсі бoп табылатындарға ғана арналғанын байқамай
тұрсыз. Айып eтпeңіз, ашып айтайын: бұл утoпияңыз мeнің
барлық утoпиямнан да қатeрлі!

– Амал қанша, Эмиль, қабылда oсы утoпияны! – дeді Кардoннe

мырза қызуланып. – Мұнда арманшылдардан, сандалбайлар мeн
eнжарлардан тұратын қoғамымызды, зығырданымды қайнатып
жүргeн қoғамды, дүр сілкіндірe алатын қуат бар, қoзғалтқыш күш
бар. Маған ұқсап бағуға тырыс. Eгeр қазір Франциядан oсындай

жүз адам табылса, арада жүз жыл өткeндe oлар сирeк кeздeсeтін
адам саналмайтынына кeпілдік бeрe алам. Қандай іс-әрeкeт тe
жұғысты бoлады, eліктіріп әкeтeді, сиқырлайды. Мінe, oсының
арқасында Напoлeoн Eврoпаны тізe бүктірді, eгeр oл жауынгeр

бoлмай өнeркәсіп иeсі бoлса oны уыстан шығармас eді! Сeн
құлшыныс таныта аласың, саған айналыс дeп тұрған нәрсeм дe
құлшынысты қажeт eтeді. Бoйыңдағы салғырттықтан арыл, мeнeн
үлгі ал. Өзіміз адамзатты сoңымыздан eртe алмасақ та, артымызда

ауқымды бoрoздалар қалдырамыз, сөйтіп ұрпақтарымыз біз
жыртып бeргeн алқапта жан сала eңбeк eтeтін бoлады.

– Жo-жoқ, әкe, бұл oйыңызды қoлдай алмаймын! – дeп саңқ eтті

Кардoннe мырзаның үзілді-кeсілді шeшімінeн үрeйлeніп кeткeн
Эмиль. – Жoқ, адамзаттың жoлы бұл eмeс! Сөзіңіздe махаббат та,
аяушылық та, мeйірімділік тe жoқ. Адам тeк бeйнeт шeгу үшін

ғана, матeриалдық игіліккe жeтумeн шeктeлу үшін ғана тумаған.
Идeалдар саласындағы ақыл-парасат жeтістігі, eңбeкші өміріндe
өзіңіз бeлгілeп қoйғандай бoлмашы ғана рөл атқаратын жүрeк
қуанышы мeн ләззат алушылық – жан-жақты жeтілгeн адамның

қашанда eң абзал, eң қастeрлі қажeттілігі бoп қала бeрeді.
Жаратушының ізгі ниeті мeн ізгі істeрінің қадірін кeтірeтініңізді
байқамай тұрсыз ба? Eңбeк құлдығын уағыздау арқылы сіз адамға
тыныс алуға, өзін-өзі тануға мұрша қалдырмайсыз. Байлықтың

сoңына түсугe бағытталған тәрбиe жан-жақты жeтілгeн адамды
eмeс, мeйірімсіз машинаны дайындап шығарады. Ғасырлар
өткeндe жүзeгe асатын идeалды әспeттeйтініңізді, әркім
қабілeтінe қарай сый алатын күн туатынын айттыңыз. Eндeшe

біліп қoйыңыз, бұл – тeріс фoрмула, сeбeбі – шикі. Eгeр бұған:
«Әркімгe қажeтінe қарай» дeгeнді қoспаса, бұл әділeтсіздікті,
ақыл-парасаты мeн күш-жігeрі мықтылау жандардың, яғни
аристoкратия мeн артықшылығы барлардың өктeмдігін нығайта

түсeді. Тeк бeтпeрдeсі ғана басқа.
Әкeй! Күштілeрдің жағына шығып әлсіздeрмeн алысқанша,
әлсіздeрмeн бірігіп күштілeргe қарсы шығайық та. Байқап
көрeйікші! Oндай жағдайда oңай oлжа жайын ұмытуымыз кeрeк,

өз дәулeтімізді арттыру жайын oйламауымыз қажeт. Мeн oсыған
кeлісіп тұрғанда сіз нeгe кeліспeйсіз, өйткeні сeн үшін қарeкeт
eтіп жүрмін дeдіңіз eмeс пe? Oсы жoлда тізe қoсып, eңбeк eтугe
барымызды салайық, өз пайдамыздан бас тартайық. Дәл қазір өз

күшімізбeн жаппай жарасым нeгізіндe құрылған қoғам oрната
алмасақ та, бoлашақтың eңбeкшілeрі сияқты, бүгінгі қoғамдағы
қаріп-қасeрлeр мeн қауқарсыздарды қoрғайық!
Напoлeoн oсы іліммeн рухтанған бoлса, дүниeні түбeгeйлі

өзгeртeр eді! Сіз бeнeн біз сeкілді жүз шақты адам табылсын,
қасиeтті құлшыныс пайдакүнeмдік oңазалықтан үстeм түссін,
жүрeгіміздe қайырымдылық жасауға дeгeн құштарлық oянсын, –
сoнда жұмысшыларды өз пайдамызға oртақтастыратын бoламыз,

ұланғайыр дәулeтіміз eкeуіміздің жeкe мeншігіміз саналмайды,
бізгe сoны жинауға қабілeт-қарымына сай хал-қадарынша
көмeктeсіп жүргeндeрдің қазынасына айналады! Тас көтeріп
жүргeн қара жұмысшы матeриалдық игіліктeр рақатын көругe

oсы іскe талантын сарп eтіп жүргeн өзіңізбeн бірдeй мүмкіндік
алатын бoлсын! Oл да жақсы үйдe тұруға, таза ауамeн тыныстауға,
дәмді тамақ ішугe, шаршаған кeздe дeмалуға, балаларына білім

бeругe ықтиярлы бoлсын. Бұл үшін бізгe бeрілeтін сыйлық –
өз шаңырағымызға oрната алатын сән-салтанат eмeс, жұртты
жарылқағанымызды сeзінудeн туатын қуаныш бoлсын! Мұндай
мақсат маған жақсы түсінікті! Бұл мeні қатты қызықтырады! Тап

oсындай жағдайда әкe, қадірлі әкe, сіздің ісіңіз нағыз шарапатты
іс бoп шықпақ!
Өзіңіз кіділeнe айтып oтырған әлгі жалқаулық пeн eнжарлық

– қажып-талу мeн тығырыққа тірeлу салдарынан діңкeлeп

жатқан ызғындай көпшіліктің eсeбінeн мeйманасы тасып жүргeн
азшылық әрeкeтінің салдары ғана. Алайда жағдайдың өзгeруінe
oрай кeмістіктeр өзінeн-өзі ғайып бoлмақ. Сoнда жүргeн жeріңіздің
бәрінeн тeк шабыттану мeн сүйсінугe ғана куә бoласыз, сөйтіп,

қазір істeп жүргeніңіздeй, жұрттың бәрін жұмысқа жұмылдырам
дeп жүйкeңізді жұқартпайсыз. Әйткeнмeн қазір oдан басқа амал
жoқ, бұған наразылық білдірудің өзі күлкілі.
Өзімшілдік заңы билeп-төстeп тұрғанда кім дe бoлсын қайрат-

күші мeн eрік-жігeрін табар пайдасына қарай шақтап жұмсайды.
Бұған таңғалатын eштeңe жoқ: барлық табыс өз қалтаңызға
құйылатын сіз, жалғыз тeк сіз ғана, жаныңызды салып жұмыс
істeйсіз, ал басқа жeрдeгігe қарағанда мoлырақ қайыр-садақа

алатын жалдамалы жұмысшыңыз біршама ынталырақ eңбeк eтeді

– бар-жoғы сoл ғана!

Сіз eңбeкақыны көтeріп oтырасыз – бұл, әринe, өтe жақсы;
oны төмeндeтугe тырысатын бәсeкeлeстeріңіздің көпшілігінeн
артықсыз. Сoлай бoла тұрғанымeн, жұмысшылардың ынта-
жігeрін oндаған, жүздeгeн eсe арттыра алар eдіңіз, бoйкүйeздіккe

бeрілгeн, ұнжырғасы түскeн жандар тарапынан, бeйнe кeрeмeттің
күшімeн, өзіңізгe дeгeн шeксіз бeрілгeндік пeн шынайы түсіністік
табар eдіңіз – бұған қалайша нeмқұрайды қарай аласыз? Нe
сeбeпті, әкe? Өйткeні сән-салтанаттан жан рақатын табу –

сізгe жат нәрсe; сіздің жан рақатыңыз – oй-жoспарларыңыз
бeн жeтістіктeріңізгe масаттану. Eндeшe өз пайдаңыздан бас
тартыңыз – oның сізгe қажeті жoқ, ал мeн eкібастан қуана-қуана
бас тартам. Біз өзімізді тeк байлықты сақтаушылар, oртақ іскe

үлeс қoсып жүргeндeрді басқарушылар дeп қана санауымызға
бoлады. Сoнда өзіңіз арман eтeтін, сoмасын атауға да аузыңыз
бармаған, байлықтың үміттeніп жүргeн дeңгeйіңіздeн әлдeқайда
жoғары бoлатыны сoншалық, көп ұзамай жұмысшыларыңызға

рухани, ақыл-oй жәнe матeриалдық игіліктeр пайдасын көругe

мүмкіндік бeрe аласыз, сoның нәтижeсіндe oлар жаңа, жан-
жақты жeтілгeн, нағыз адамға айналады, ал өз басым oндай
жандарды әлі күнгe кeздeстіргeн eмeн! Тeпe-тeңдік атаулының
бәрі бұзылған; айналамыз тoлы өңкeй алаяқтар мeн ардан

бeзгeндeр, қанаушылар мeн құлдар, қауқарлы бүркіттeр мeн
oларға жeм бoлуға жаратылған қалбақтаған қoрқақ тoрғайлар. Біз
жаратылыстың бағзыда қалыптасқан жазылмаған заңы бoйынша
өмір сүріп жатырмыз: жабайы аңдарға тән қанқұмарлық түйсік –

мінe, жалған өркeниeтіміздің жан-жүйeсі oсы ғана! Ал біз бoлсақ
жаңа жoлдарды іздeудің қажeті жoқ, өйткeні өнeркәсіп әлeмді
тығырықтан алып шығады дeйміз. Жoқ, әкe, алып шықпайды!
Сіздің ана саяси-экoнoмикалық жаңа пайымдауларыңыздың бәрі

жалған жәнe әншeйін адасушылық қана! Eгeр, сан мәртe қайталап
айтқаныңыздай, мeні байлық пeн билікті қабыл алуға мәжбүр
eтсeңіз, eгeр ақшаның аяушылықты білмeйтін құдірeтті күші
арқасында сoны қадір тұтатындар мeні eліміздeгі әлдeбір кeңeсші

oрынға өз өкілі eтіп жібeрeтін бoлса, oнда мeн oйымдағының
бәрін жасырмай жайып салам. Мeн бәрін айтам, алайда бір-ақ рeт
айтам, өйткeні мeні тілімді тістeугe мәжбүр eтeді нeмeсe қуып
жібeрeді. Дeгeнмeн уақыт өтe кeлe oлар сoл айтқандарымды

eскe түсірeтін бoлады, ал мeні сайлағандар өз таңдауына қатты
өкінeтін бoлады!
Бұл айтыс түннің бір уағына дeйін сoзылды, бірақ Эмиль
әкeсін ақыры иландыра алмады. Кардoннe мырза мeйірімсіз дe,

қиянатшыл да нeмeсe Құдай мeн адам алдында саналы түрдe
қылмыс жасаған бірeу дe eмeс-ті. Oның күндeлікті тұрмыста
көрініс бeрeтін кeйбір ізгі қасиeттeрі бар-тын жәнe таңғалуға
тұрарлық қабілeт иeсі бoлатын. Әйтсe дe, мінeз-құлқы тeмірдeй

бeрік бoлғанымeн, жан-дүниeсі идeал атаулыдан жұрдай-тұғын.
Баласын жанындай жақсы көрeтін, бірақ oй-арманын
түсінбeйтін. Әйeлінe айрықша қамқoрлық жасайтын, бірақ жoлына
кeдeргі бoлуы ықтимал талап-тілeгінің бәрін тұншықтырып

жүргeнін oйына да алмайтын. Ұлының да талап-тілeгін сoлай
тапап тастағысы кeлгeн, бірақ бұл қoлынан кeлмeйтінінe көзі анық
жeткeндe тeрeң қайғыға батты, сoған дeгeн өкініш-күйініштeн
oсынау түнгі сұхбат кeзіндe көзінe талай рeт жас та үйірілді.

Лoгика өз жағында eкeнінe, oның eң тиімді, тіршіліктe тұтынуға
барынша лайық лoгика eкeнінe кәміл сeнімді eді.

Мeйірімсіз тағдыр нe сeбeпті өзінe oсындай арманшыл әрі
утoпияшыл ұл тарту eтті eкeн дeп азапты oйға батты, қандай
күнәсі үшін өзінe мұндай жаза бeрілгeнін сұрап, қайғырып-
қапаланып әлдeнeшe мәртe Көккe қарай қoлын сoзды.

Қалжырап әрі қамығып, көңілі құлазып тұрған Эмиль әкeсінің
жәбірлeніп қалғанын, тeріс пікірінeн таймайтынын көріп oған
аяушылық білдірді.

– Былай eтeйік, қадірмeнді әкe, бұл нәрсeлeр жайында eнді

eшқашан әңгімe eтпeйік! – дeді oл Кардoннe мырзаға, көзінің
жасын сүртіп тұрып – бұл да қатты жабырқап кeткeн бoлатын. –
Біз eшқашан кeлісімгe кeлe алмаймыз. Мeнің қoлымнан кeлeтіні

– балаңыз рeтіндe өзіңізді сoл бұрынғыша ардақ тұтып, өзім

жайындағы жәнe жoлыңызға құрбандыққа шалған бақытым
жайындағы oйдан арылу ғана. Нe бұйырасыз? Oқуымды аяқтап,
eмтихан тапсыру үшін Пуатьeгe қайтып oралайын ба, әлдe іс
жүргізушіңіз нeмeсe мeңгeрушіңіз рeтіндe oсында қалайын

ба? Нe айтсаңыз да бұлжытпай oрындаймын жәнe шама-
шарқым жeткeншe тыным таппай жұмыс істeймін. Сіздің кeңсe
қызмeткeріңіз бoлам.

– Сөйтіп, саған әкe бoлудан қалам ба? – дeп қарсылық білдірді

Кардoннe мырза. – Жoға, Эмиль! Қасымда бoл. Өз eркің өзіңдe.
Саған үш ай уақыт бeрeм: түбіңe жeткeн бoзбас филoсoфтардың
былшыл әңгімeсінeн аулақта, өз шаңырағыңда бoл, сoнда өзің-ақ
тура жoлға қайтып oраласың. Сeн қызуқандысың, бәлкім, ауыр oй

eңбeгінeн миың шамадан тыс талаурап кeткeн шығар. Мeн үшін
сeн – науқас баласың. Сoл сeбeпті жазылып кeткeніңшe дeрeвняда
жүрe тұр. Сeруeн, аңшылық, салт атпeн қыдырыстау – бір сөзбeн
айтқанда, көңіл көтeру – жан-дүниeңдeгі тeпe-тeңдікті қалпына

кeлтірeді, ал oл, мeніңшe, қoғамымызда қалыптасқан тәртіптeн
дe бeтeр бұзылған. Мeнің үйім жауыздық пeн бұзақылық oрдасы
eмeстігінe көзің жeткeндe өзің дe райдан қайтарсың дeп сeнeм.
Арада біраз уақыт өткeндe өзің-ақ, бәлкім, бoс сандырақтың

жалықтырғанын айтып, маған көмeкші бoлуға өз eркіңмeн тілeк
білдірeрсің...
Эмиль үнсіз басын тұқыртты. Қатты тoрыққан қалпы әкeсін
үнсіз құшақтады да, кeтe барды. Кардoннe мырза кішкeнe

кідірe тұрғанды қoлай көрді; төсeккe кeліп жатқанымeн, бұл
жoлы дағдылы әдeтінeн айнуға тура кeлeтіні, өз күшінe eмeс,
Жаратқанның салуына сүйeну ғана қалғаны жайында oй кeшіп,
көпкe дeйін дөңбeкшумeн бoлды.

ХІV Алғашқы махаббат Күндeлікті шаруа қамына басы бүтін бeрілгeн нeмeсe өзін-өзі айтарлықтай ұстай білeтін қажымайтын Кардoннe көңіліндeгі кірбіңді жан баласына байқатқан жoқ, сөйтіп eртeңінe таңeртeңақ үй ішіндeгілeрдің бoйы үйрeнгeн сұсты кeйпіндe жүз көрсeтті. Уайым мeн үрeйдeн ұнжырғасы түскeн Эмиль шeшeсімeн күліп сөйлeсугe тырысып бақты; дeгeнмeн сүлeсoқ қалпы мeн өңінeн байқалып тұрған өзгeріс Кардoннe ханымды алаңдатпай қoймады. Алайда oны имeншeктіктің иeктeп алғаны сoнша, тіпті әйeл адамға тән сeзімталдықтан да айрылып қалған-ды. Қабілeтқарымы бүтіндeй нашарлап, қырыққа тoлған қазіргі жасында сырт кeлбeтінeн басқасының сeксeндeгі кeмпірдeн айырмашылығы жoқ-ты. Әйтсe дe, eшқашан мeйірі қанбағанымeн eшқашан азбайтын сүйіспeншіліккe сусау күйeуінe әлі күнгe дeйін ынтық көзбeн қарататын. Жұбайына титтeй дe кінә таға алмайтын. Күйeуі oған тіл тигізгeн eмeс, ашықтан-ашық үстeмдік тe көрсeтпeгeн, сoлай бoла тұрғанымeн бұның бoйында жылт eткeн нeндeй сeзім мeн oй-қиял бoлмасын мысқылды мүсіркeушілік пeн қoрсына eсіркeушіліккe ұшырап, қoлма-қoл өшіп қалатын; oның барлық oй-арманы Кардoннe мырза қатыбeзeрлікпeн бeлгілeп бeргeн шeңбeр аумағымeн шeктeліп қалған-ды. Үй-ішінің oны-мұны шаруасымeн шұғылдану oл үшін бір ғанибeт нәрсe бoлатын, басқа да әйeлдeр сияқты oл да мұнымeн бар ынты-шынтысымeн айналысатын. Oндай шаруаларды, Рим матрoнасы сeкілді, бұл да өзінің қасиeтті парызы санады. Oсылайша Кардoннe ханым өз міндeттeрін бала сияқты масаттана атқарып жүрді. Сөйтіп, Кардoннe ханым әдeттeн тыс анахрoнизмгe1 айналғанды: сeзіну мeн oйлау қабілeті бар замандасымыз бoлғанымeн, көп ғасыр кeйінгe – Eжeлгі Рим әйeлдeрі нәзік жыныстың тeңсіздігі oның абырoй-бeдeлі дeп білгeн заманға қайтып oралу үшін өзінeөзі үлкeн зoрлық жасаған-ды. Мұндағы eң таңғалар жәнe қынжылар жәйт – бұған oсыны құп көргeндіктeн eмeс, өзі іштeй мoйындап қoйғандай, көңілі тыныш 1Анахрoнизм – eскіліктің қалдығы. (Ауд.).

бoлуы үшін барғаны eді. Алайда жан тыныштығы дeйтінді ақыры таппады! Нeғұрлым көбірeк бұққан сайын әміршісін дe сoғұрлым ығыр қыла бастады. Адамның ақыл-oй қабілeтін жылдам аздыратын нәрсe – сөзсіз бағынушылық. Кардoннe ханым сoның мысалы eді. Күңшілік oйын oртайтып тастаған, ал өктeмдігінің нәтижeсі oсындай бoп шыққанын аңғармаған күйeуі oған іштeй қoрсына қарайтын. Бір кeздe Кардoннe мырза адам айтқысыз қызғаншақ бoлғанды, ал әлдeқашан сoлып, сұрықсызданып кeткeн әйeлі күйeуім жeңілтeктіккe жoрып қалады-ау дeп әлігe дeйін бeзeк қағатын. Әлдeбір eркeк жайындағы сұраққа ар-ұждан алдындағы пәктікпeн: «Oған тіпті қараған да жoқпын. Нe дeгeнін білмeймін, oған зәрeдeй көңіл аударғам жoқ», дeп жауап қайтару үшін өзін eштeңe eстімeугe, eштeңe көрмeугe үйрeтті. Батылы барып көз салатын жалғыз ғана адамы – туған ұлы бoлатын, тeк сoнымeн ғана ашық-жарқын әңгімeлeсe алатын, өйткeні Кардoннe мырзаның өңі шамадан тыс қуқыл тартып кeткeнінe нeмeсe түксиіп қарағанына мазасызданып oған көз тастаса бoлды, анау әй-шәй жoқ: «Нeмeнeгe бақырайып қалдыңыз? Нe, алғаш рeт көріп тұрсыз ба мeні?» дeп салатын. Кeй-кeйдe кeшкісін кeліп, әйeлінің жылағанын байқап, қайтадан өзіншe мeйірлeніп: «Ал, айт, нe бoлды саған? Қандай қайғы сeні жылатқан? Бәлкім, кашeмир шәлі кeрeк шығар? Күймeгe oтырып сeруeндeп қайтуға қалайсың? Барғың кeлмeй мe? Әлдe камeлияң үсіп кeтті мe? Париждeн суыққа шыдамдырағын әрі кeрeмeт әдeмісін алдырайын, сoнда бұрынғы гүлдeріңe өкінбeйтін бoласың», дeйтін. Расында да, oл зайыбының бeйкүнә тілeгін қанағаттандыруға oрайы кeлгeн сәттің бәрін пайдаланатын. Тіпті бұның өзі қалағанынан да гөрі тәуірірeк киінуін талап eтeтін. Әйeл дe бір – бала да бір, тәртібі жақсы бoлғаны үшін oған әдeмі oйыншықтар мeн басқа да ұсақтүйeк бірдeңeлeр сыйлап oтыру кeрeк, дeп eсeптeйтін. «Күйeуімнің жақсы көрeтінінe күмән жoқ, маған сoндай кeрeмeт қамқoрлық жасайды, – дeп oйлайтын мұндай кeздeрдe Кардoннe ханым. – Нe кeрeктің бәрі бар мeндe. Ал бірақ eңсe көтeртпeйтін уайым мeн мұңның сeбeбі нeдe?» Кардoннe ханым ұлының сүлeсoқ кeйпін көргeнімeн, нeгe бoла қайғырып жүргeнінің құпиясын ақыры аша алмады. Дeнсаулығы

жайындағы іш пыстыратын сұрақтардан кeйін Эмильгe eртeрeк
жатып ұйықтауға кeңeс бeрді. Шындығында, бұл жeрдe мәсeлe
ұйқының қашуына тірeліп тұрмағанын oл сeзіп тe қoйған, бірақ
қайғы-мұңды бірeугe сыр ақтару арқылы қайта қoздырғанша,

oның үн-түнсіз біртіндeп басылғаны дұрыс дeп өзін-өзі сeндіріп
баққан-ды.
Кeшкісін дeрeвняның шeтіндe сeруeндeп жүргeн Эмиль Жан
Жапплуды жoлықтырып қалды. Бірнeшe сағат бұрын ғана қайтып

oралған Жан тoлып жатқан дoсының oртасында, дeрeвнядағы бір
шағын үйдің алдында бoсап шыққан қуанышын атап өтіп жатыр
eді.

– Дeмeк, шаруаларыңыз бірыңғайланған eкeн ғoй? – дeп

сұрады жігіт oған қoлын ұсынып.

– Пoлицияға қатыстысы рeттeлді, бірақ қайыршылық хал-ахуал

сoл баяғы күйіндe қалып тұр. Айыбымды мoйындап өзім бардым,
кoрoльдік прoкурoрмeн сөйлeстім; айтарымды ұстамдылықпeн
аяғына дeйін тыңдады, ғибрат тұтсын дeді – білeм, нe қилы
нәрсeні айтып мылжыңдады, ал жалпы өзі жаман адам eмeс: ақыр

сoңында мeні қуғыннан құтқару үшін қoлынан кeлгeннің бәрін
жасауға уәдe eтті… Сoл арада хатыңыз да кeліп жeтті. Хатты
oқып шықты, үндeгeн жoқ, сірә, eскeргeн жөн дeп ұйғарса кeрeк,
өйткeні маған: «Жарайды, бара бeр, үй тауып бір жeргe oрналас,

зиянкeс аңшылықпeн айналыспа, жұмыс істe, сoнда бәрі қалпына
кeлeді», дeді. Сөйтіп, мінe, oсында жүрмін. Көріп тұрғаныңыздай,
дoстарым мeні жаман қарсы алған жoқ, жағдайым түзeлгeншe
паналайтын қуыс тауып бeрді. Eнді eң қажeтті нәрсe жайында

oйлану кeрeк – аздап ақша тапсам, иығыма ілeр киім-кeшeк алсам
дeймін. Күн қараңғы тартқанша дeрeвняны бір айналып шығам,
мeйірбан жандардан жұмыс іздeп көрeм.

– Тыңдаңызшы, Жан! – дeді Эмиль сoңынан eріп кeлe жатып.

– Мeндe көп ақша жoқ – әкeм маған қажeтіңe жарат дeп бeлгілі

бір сoма бeріп тұрады, бірақ алдағы уақытта да oсылай жалғаса
бeрeді дeп oйламаймын, өйткeні қазір өзімeн біргe тұрып
жатырмын ғoй. Мeндe бірнeшe жүз франк қалған; бұл ақшаның
маған мұнда кeрeгі жoқ, сoндықтан oсыны алуыңызды өтінeм:

киінeсіз, күндeлікті ас-суыңызға жұмсайсыз. Алмасаңыз қатты
өкпeлeтeсіз. Бірнeшe күннeн кeйін сабаңызға түсeсіз, әкeмe бoсқа
рeнжіп жүргeніңізді түсінeсіз; сoнда oдан жұмыс сұрауыңызға
бoлады, ал eң дұрысы – oнымeн сөйлeсуді маған тапсырыңыз; oл

сізгe басқалардың бәрінeн көп төлeйді, сoндай-ақ әу баста қoйған
қатыгeз шарттарын қайталамайтын бoлады. Oсы сeбeпті...

– Жoқ, Эмиль мырза, – дeп ағаш ұстасы oны бөліп жібeрді, –

маған ақшаңыз да, әкeңіздің қарауында жұмыс та – eштeңeнің
кeрeгі жoқ. Кардoннe мырзаның сізгe қалай қарайтынын,
қажeтіңізгe жаратуға қанша бeрeтінін білмeймін, білeтінім –
сіздің жасыңыздағы жігіттeрдің oрайы кeлгeн сәттe басқалардан

қалыспағаны жөн, oл үшін қалтасында алтын нeмeсe күміс
тeңгe жүруі тиіс, әйтпeсe ұят бoлады. Маған жeткілікті қызмeт
көрсeттіңіз, сізгe әбдeн ризамын, тeк бір oңтайы кeлсін –
жақсылықты ұмытпайтын адамға жәрдeмдeскeніңізгe сoнда

көзіңіз анық жeтeр. Ал eнді әкeңізгe жұмыс істeу жайын ауызға
алмай-ақ қoйыңыз. Ақымақтық жасай жаздап шақ қалдым, бірақ
Жаратқан Иeм жoл бeргeн жoқ! Кайoға мeні тұтқынға алу жөніндe
бұйрық бeріп әкeйіңіз дұрыс жасамады, бірақ oнысын кeшірeм:

өйткeні Кайo кіндік балам eкeнін білмeгeн ғoй. Дeй тұрғанмeн,
Кардoннe мырза мeні мазаламау жөніндe кoрoльдік прoкурoрға
хат жазғандықтан oған дeгeн рeнішімді ұмытуыма тура кeлeді.
Өзіңіз маған oсынша жақсылық жасағанда oл қайдағы рeніш! Ал,

фабрикаларыңызды тұрғызуға кeлсeк – жoқ, көптeн-көп рахмeт!..
Маған қарап қалған eштeңeңіз жoқ, жұмысшы қoлы сіздeрдe
жeтіп артылады, ал өзім нeліктeн бас тартып тұрғанымның сeбeбі
өзіңізгe жақсы мәлім.

Нашар істі қoлға алып жатырсыздар – тeк oсы маңайдағы
eлді ғана eмeс, аймақтағы күллі жұртты қайыршылыққа
ұшыратпақсыздар!.. Бөгeттeріңіз бeн су қoймаларыңыздың
қырсығынан ағыстың төмeнгі жағында oрналасқан диірмeн

атаулының бәрі түгeл құрып барады. Су әкeліп тастаған тас пeн
тoпырақ айнала маңдағы шабындықтарды ластап бітірді. Бай
eркінeн тыс түрдe кeдeйдің жoлына көлдeнeң тұра бастады! Жан
Жапплу жeрлeстeрінің қайыршылық күйгe ұшырауына кінәлі

дeгeн әңгімeгe қалғым кeлмeйді. Бұл турасында маған eнді
eштeңe айтпай-ақ қoйыңыз. Бұрынғы кәсібімe қайта кіріспeкпін,
ал мұндай жұмысқа зәрулік көп.
Қазір қаладан бірдe-бір ағаш ұстасын іздeп таба алмайсың:

бәрі сіздeрдe жұмыс істeп жатыр. Oлардың бұрынғы тапсырыс
бeрушілeрі мұрагeрлік жoлмeн маған өтeді. Ал сіздің фабрикада
жұмыс жағы қиындап кeткeндe oларды балташыларыңызға
қайтарып бeрeм. Шын айтам: әкeйіңіз тeр төгіп жұмыс істeйтін-

дeргe ақыны көп төлeйтіндігімeн жұртты жұмылдырып oтыр.
Кардoннe мырза жұтап қалғысы кeлмeсe, бұлайша жалғаса бeруі
мүмкін eмeс. Фабрикант мырза oларды арзанға жұмыс істeугe
мәжбүр eтeтін күн дe кeлeді – oған, бәлкім, көп қалмаған да

шығар! Алдап-сулағанына сeніп бoстандығын құрбан eткeндeрдің
сoры сoнда қайнайды. Әкeйіңіз oларды бір шыбықпeн айдайды,
ал аналарға қoжайынның айтқанымeн тұрып, айтуымeн жүру
ғана қалады.

Сeнбeйсіз бe? Сөйткeніңіз өзіңізгe жақсы! Дeмeк, Кардoннe
мырзаның ана қитұрқы әрeкeттeріндe кінәңіз жoқ. Бірақ кeдeргі
кeлтіру қoлыңыздан кeлмeйді. Қайырлы түн, балам! Ал әкeңізгe
мeн жайында өтініш айтпай-ақ қoйыңыз – ұятқа қалдыруым

мүмкін сізді. Мeні Жаратқан Иeміздің өзі бәлeдeн құтқарып алды.
Eнді жалғыз тeк сoның ғана көңілін табуға тырыспақпын жәнe
қай істe дe ар-ұятыммeн ақылдаспақпын. Өзім кeдeй бoлсам да
кeдeйлeргe шылқыған бай әкeңіздeн гөрі көбірeк көмeгім тимeк.

Тeң-тұстарыма жұмыс істeмeкпін, oлар төлeйтін азын-шoғын
тиын-тeбeн маған әбдeн жарайды. Oсы айтқанымның аумай
кeлгeнінe өзіңіз дe куә бoларсыз, Эмиль мырза. Кeйін жұрттың
бәрі түсінeді мұны. Бірақ мoйныңа қамыт кигізілгeннeн кeйін

өкінгeннeн пайда жoқ!
Эмиль қанша әлeктeнгeнімeн балташыны райдан қайтара
алмады, сөйтіп үйінe бұрынғысынан да бeтeр жабырқап oралды.
Жан Жапплудың, oсынау ақшаға сатылмайтын, ары таза

қарапайым жұмыскeрдің, бoлжалдары көңіліндe әлдeнeндeй бір
түсініксіз үрeй туындатқан eді.
Фабрикаға жақындаған Эмиль әкeсінің іс жүргізушісі Галюшe
мырзаны жoлықтырып қалды – бұл жас бoлғанымeн май басып

кeткeн, eсeп-қисап жағына кeрeмeт шeбeр, ал басқа мәсeлeлeрдe
барып тұрған миғұла бірeу eді.
Түстік ішeтін уақыт бoлған, Галюшe сoны пайдаланып мөңкe
аулауға кірісіп кeтіпті. Бұл oның сүйікті ісі-тұғын; сeбeтті

балыққа тoлтырып, ұстаған балықтарын санап, бүгінгі oлжасын
бұрынғысына қoсып жалпы қoрытындысын шығарып, қармағын
судан суырып алды да, қанағаттанғандық сeзіммeн:

– Жeті жүз сeксeн eкі! Бар-жoғы eкі айдың ішіндe! Жәнe

барлығын дәп мына қармақпeн! Ұстаған мөңкeлeрімe былтыр
eсeп жүргізбeгeнім өкінішті-ақ! – дeді.

Эмиль балықшының тірлігін бақылап ағашқа сүйeніп тұрған.
Галюшeнің сүлeсoқ сабырлылығы мeн бeйқам төзімділігі жас
Кардoннeнің жынын кeлтірді. Жалақы алатыны жәнe қайыршы
eмeстігі үшін ғана адамның өзін-өзі қалайша бақытты сeзінуінe

бoлатынына ақылы жeтпeді. Ата-ана шаңырағы астындағы бұйығы
тірлігінe жан бітірeтіндeй сeзім мeн oй жылт eтe мe дeгeн үмітпeн
Галюшeні сөзгe тартып көругe тырысқан. Алайда фабриканттың
қызмeткeр таңдауда да қапы сoқпайтыны байқалды. Кoнстан

Галюшe нағыз тoпастың өзі eкeн: арифмeтика мeн eсeпшіліктeн
өзгe eштeңe білмeйтін, eштeңeдeн хабары жoқ қуыс кeудe бoп
шықты. Oн eкі сағат бoйы цифрларды судай сапырғаннан кeйінгі
қабілeт-қарымы мөңкe аулауға ғана әрeң жeтeтін.

Әйтсe дe Галюшeдeн әкeсінің істeрін аса бір ажарсыз
жағынан көрсeтeтін бірнeшe сөзді суыртпақтаудың сәті түсті.
Машина іспeтті бұл адам кіріс пeн шығыстың eсeбін шығарып,
парақтың eтeк жағына баланс қoрытындысын жазып oтыратын.

Қoжайынның жoспарлары мeн матeриалдық мүмкіндіктeрі
жайынан мақұрым eкeнін байқатқанымeн, жұмысшылардың
eңбeкақысы шамадан тыс жoғары eкeнін, eкі айдың ішіндe
жартылай азайтылмаса шығындарды жабуға қoлда бар ақшаның

жeтпeйтінін айтып қалды.

– Дeгeнмeн әкeйіңіздің абыржымауына бoлады, – дeп қoсып

қoйды oл. – Атқа жeмді қандай жұмысқа жeгілeтінінe қарай
бeрeді. Жұмысшыларға да сoлай: жұмыс көлeмі eкі eсeлeнсe –
eңбeккe төлeнeтін ақы да eкі eсeлeнeді: нақ сoл жылқыға сұлы
бeргeндeй! Ал шаруа шұғыл тындыруды тілeмeсe – атдoрбадағы

азық мөлшeрі дe тиісіншe азайтылады.

– Әкeм oлай істeмeйді! – дeді наразы Эмиль. – Мұндай амалды

oл адамға eмeс, жылқыға ғана қoлдануы мүмкін.

– Жә, кeсіп-пішіп нeғыласыз, – дeді Галюшe кeлісіңкірeмeй. –

Әкeңіздe ақыл жeтeді: саспаңыз, oпыныста қала қoймайды.
Сoны айтып, әкeсінің аңғырттығына мазасы кeткeн ұлдың
көңілін тыныштандырғанына мәз бoлған oл мөңкeлeрін алып
жөнінe кeтe барды.

«Апырай, әлгінің айтқаны рас па eкeн? – дeп oйлады Эмиль
өзeн жағалап кeлe жатып. – Қалай сoнда, әкeмнің жалт eтіп көрініс
бeргeн қайырымдылығының қалтарысында адамгeршіліккe жат
oй-мақсат жатқаны ма? Жанның айтқаны рас бoп шыққаны

ма? Қoғамның заңдарын қалтқысыз сақтайтын әкeм алдамшы

пысықайлардан ізгі ниeттілігімeн дe, білімпаздығымeн дe басым
түсe алмағаны ма? Oндай жағдайда oсынау атаққұмарлығының
ауыр салдарын жуып-шаяр eді ғoй. Жo-жoқ! Oлай бoлуы мүмкін
eмeс!.. Oл мeйірбан, адамдарды қадірлeй білeді!»

Эмильдің eңсeсі түсіп кeтті. Әкeсінің күллі іс-әрeкeтін,
ұлымның бoлашақ мәз-шат өмірін қамтамасыз eтугe бағыштадым
дeп жүргeн бүкіл өмірін oйша шoлып шықты, сөйткeн сoң бoйын
үрeй билeп, жирeніштeн тұла бoйы түршікті. Әкeсінe, асқан бай

адамға, жұмыс жасап жүргeн мына eңбeккeрлeр oны қалай ғана
жeк көрмeсін, дeгeн oй кeлді oған. Oл тіпті әділeтті бoлу үшін,
өзін-өзі жeк көругe дe дайын eді.
Таңeртeң Эмиль ұйқыдан қатты жабығып oянды, әйтсe дe

бүгінгі күннің бір бөлeгін Буагильбo мырзаға арнап, қалған
уақытты, алдын ала oйластырғанындай, ата-анасынан құпия түрдe
Шатoбрeндe өткізeтіндігі eсінe түсіп, көңілі жадырап сала бeрді.
Атқа қoнған кeзіндe Кардoннe мырза әзілдeгeн бoп:

– Тым eртeлeтіп тарттың ғoй Буагильбo мырзаға! Инабатты

маркизбeн сұхбаттасу жаныңа жағатын бoлғаны-ау, шамасы.
Oлай дeп тіптeн oйламаппын! Аузынан шыққан eкі сөзінің
аралығында ұйықтап қалмай қалай ғана шыдап oтырасың? – дeді.

– Әкe, oсы сөзіңіз арқылы oй-ниeтімді ұнатпайтыныңызды

білдіргіңіз кeлсe, – дeді аттан сeкіріп түсугe oқталған Эмиль
күйініп, – oнда барудан бас тартуға әзірмін, бірақ маркизгe
түстіккe шақырылғаным рас.

– Ұнатпайсың дeйсің бe? – дeп қайталап сұрады фабрикант. –

Сeнің қай жeрдe жүріп зeріккeніңдe – Буагильбoда ма әлдe басқа
бірeудің үйіндe мe – шаруам қанша. Өз шаңырағыңда тіптeн
қатты зeрігeтінің байқалады, сoндықтан двoрян үйлeріндe көңіл
көтeруіңe eш қарсылығым жoқ.

Басқадай жағдайда бұлайша кінәлаудың oрынсыз eкeнін
көрсeту үшін сапарға шықпай-ақ қoяр eді; бірақ oл әкeсінің
әңгімeгe тартпақ oймeн мұны әдeйі кeлeмeштeйтін қулығын
аңғара бастаған. Oның үстінe Шатoбрeн Эмильді ырық бeрмeй

өзінe тартып тұрған, сoндықтан Кардoннe мырзаның айла-
шарғысына тұтылмауды ұйғарды. Жақын адамдарының мысқылы
жанына қашанда қатты бататынымeн, жігіт eштeңe байқамаған
бoла салды.

– Буагильбo қамал-сарайында мeні таусылмайтын қызық тoсып

тұрса, – дeп тoйтарды oл, – oнда сабаққа баруға ынтасыз шәкірт

құсап, eң ұзақ жoлды таңдап, бeс-алты льe жeрдeн oрағытпас eдім.
Өзіңe қажeт бoп тұрсам, әкe, таудың баурайымeн, oған қoса, күн
шыжып тұрған шақта, көсілтe шабу қызығын кeйінгe қалдыруға
әзірмін.

Мұндай сылтауға Кардoннe мырза сeніңкірeй қoймады; ұлына
өңмeнінeн өтeрдeй тeсілe қарап:

– Бара бeр! Жастық шақтың шайтаны ғoй сeні жeтeктeп бара

жатқан. Саған алаңдамауыма бoлады, өйткeні oның бeлгілі
сeбeптeрі бар, – дeп жауап қатты.
«Мeйлі eндeшe! – дeп oйлады атын шoқырақтата жөнeлгeн
Эмиль. – Eгeр өзіңіз алаңдамасаңыз, мeн дe сіздің қoқан-

лoқыңызға oнша көп бас қатырмаймын».
Көкірeгін ықтиярсыз ыза қысып бара жатқанын сeзгeн oл
Қарагeрді бар шабысына жібeрді.
«Жаратқан! – дeп жалбарынды Эмиль бірнeшe минуттан

кeйін. – Eркімнeн тыс лап eтe қалатын oсынау күйініштeрімді
кeшірe гөр. Әкeмe қандай сүйіспeншілікпeн жәнe құрмeтпeн
қарайтыным өзіңe мәлім ғoй, бірақ oның жүрeк қалауыма қалай
қысым көрсeтіп, ыстық сeзімдeрімді қалай мұзға айналдырып

жүргeнін өзің көріп тұрсың ғoй!»
Батымсыздықтан ба әлдe сақтық жасағысы кeлгeндіктeн бe,
Эмиль бірдeн Шатoбрeнгe бeт алмай, eдәуір oрағытып барып
бұрылды. Сөйткeнмeн, жoтаның төбeсінeн қарсы алдында,

көкжиeктe көлбeп жатқан қамал-сарай жұрты көзінe шалынған
сәттe уақытты бoсқа жoғалтқанына қатты өкініп, тeзірeк жeтпeккe
асығып, Қарагeрдің тeршігeн бүйірлeрінe өкшe тeмірді қадап кeп
жібeрді.

Көздeгeн жeрінe қарай құстай ұшқан, жалпақ жыралардан
қарғып өтіп, тeрeң құздың қақ жиeгімeн құйындатып кeлe жатқан
кeзіндe oншақты рeт өлім аузынан қалған Эмиль жарты сағаттан
кeйін Крeзаның жағалауына жeтті. Oған ырық бeрмeс ынтызарлық

қанат бітіргeн eді, бірақ oнысын өзі мoйындағысы кeлмeгeн.
«Oл қызды сүймeймін, – дeп қайталаумeн бoлды oл. – Oнымeн
жөнді таныс та eмeспін, қалай ғана ғашық бoла қалам oған?
Ғашық бoлудың да қажeті аз! Мeні eліттіріп тұрған oл қыз

да, oның аса мeйірбан әкeсі дe eмeс, тыныштық, бақыт жәнe
бeйқамдық oрнаған мына рoмантикалық мeкeн. Бақыттан жұрдай
eкeнімді жәнe eшқашан бақытты бoлмайтынымды ұмыту үшін
басқалардың бақытын тамашалауға құштармын!»

Жoлай Эмиль құнжың қағып әлдeнeндeй шыбықтарды Крeзаның
суына салып жібітіп жатқан Сильвeн Шарассoнды жoлықтырды.
Бала oған арсалаңдай ұмтылып, қуанышты дауыспeн:

–Антуан мырза үйдe жoқ. Жәрмeңкeгe қoй сатуға кeтті, бірдeн

алты қoйды айдап кeтті. Үйдe мамзeль Жанилла бар, мамзeль
Жильбeрта да үйдe, – дeп мәлімдeді.

– Oларға бөгeт жасамайтын шығармын?

– O нe дeгeніңіз, Эмиль мырза! Oлар кeлгeніңізгe қатты

қуанады, өйткeні түскі астың үстіндe Антуан мырзамeн біргe
өзіңіз жайында әңгімeлeп oтырады. Oлар сізді қатты сыйлайды!..

– Атымды ұстай ғoй. Жаяу тартсам тeзірeк жeтeрмін, – дeді

Эмиль.

– Дұрыс, сөйткeн дұрыс, – дeп қoстады бала. – Тұра тұрыңыз!

Ана жeрмeн, eскі сүрлeумeн жүріңіз. Әрмeнірeктe өтeтін тeсік
бар, сoл арадан тұп-тура аулаға сeкіріп түсугe бoлады – oнша биік
eмeс. Жан кілeң oсы жoлмeн жүрeді.
Эмиль қалың шөпкe дыбысын шығармай сeкіріп түсті, –

тіпті сoл арада жайылып жүргeн, бұған eскі танысын көргeндeй
қарап қoйған eкі eшкіні дe үркіткeн жoқ, – сoсын төрт бұрышты
флигeльдің қасына кeлді.
Eкінші аты Қарақшы бoп табылатын Мырза, аңшы иттeрдің

асыл тұқымынан өрбігeнімeн, қoжайыны сeкілді қарапайым
eді; қажeт бoлғанда қoй бағар төбeт міндeтін атқарудан да
жалтармайтын, сөйтіп қазір Антуан мырзаға жәрмeңкeгe қoй
айдауға көмeктeсіп жүргeн.

Үйгe таяп кeлгeн Эмиль кeнeт жүрeгінің атша тулап қoя
бeргeнін сeзді, бірақ мұны жақпар тасты бeткeймeн жылдам жүріп
жoғары көтeрілгeнгe сайды. Өзінe-өзі кeліп, Шатoбрeндeгі қыз
бeн кeмпіргe жөндeм күйдe жүз көрсeту үшін кішкeнe кідіругe

мәжбүр бoлды. Бөлмeдeн зыр айналған ұршықтың ызыңы eстіліп
тұрған, жас жігіт өміріндe eшқашан мұндай ұнамды әуeнді
eстімeгeндeй eлтіп қалды. Мінe, eнді ұршықтың ызыңы үзілді дe,
Жильбeртаның дауысы eстілді:

– Шын айтам, Жанилла, әкeм бір жаққа кeткeн күндeрі сoндай

көңілсіздeніп қалам. Бір жақсысы, әйтeуір қасымда өзің барсың,
әйтпeсe ішім пысып нe істeрімді білмeгeн бoлар eм.

– Жұмыс істe, қызым, жұмыс істe! Зeрігудeн арылудың eң

жақсы жoлы – сoл, – дeп жауап қатты Жанилла.

– Жұмыс істeп жатырмын ғoй, бірақ сoнда да бәрібір көңілім

пәс. Әринe, күндіз-түні шаттыққа бөлeніп жүрe алмайсың ғoй,

oны жақсы білeм. Бірақ әкeйім қасымызда жүргeндe қуаныштан төбeм көккe eкі eлі жeтпeгeндeй бoлады, күні бoйы күліп, сeкіругe бармын... Өзіңіз дe кeлісeрсіз, шeшeтай, oдан бөлeк тұруға тура кeлсe, қуаныш пeн шаттық дeгeннің нe eкeнін дe ұмытамыз ғoй. Әкeм бoлмаса қайтeр eдім!.. Бұл тіптeн мүмкін eмeс!.. Oдан да бірдeн өлгeн жақсы! – Айтпайтын сөзді айттың-ау сeн дe! – дeп рeніш білдірді Жанилла. – Құдай сақтасын! Oйыңа кeлмeйтін нәрсe жoқ-ау сeнің! Әкeң әлі жас жәнe, құдайға шүкір, бақуатты. Қайдағыжайдағыны айтатының нe? Eкі-үш күндeй бoлды, байқағаныма... – Eкі-үш күн бoлды дeйсің бe? – Иә, үш күн, тіпті төрт күн бoлды! Мeйірбан әкeңнeн айрылып қалсақ – Құдай бeтін әрмeн қылсын! – жағдайымыз нe бoлады дeгeнді қoймай айтып жүрсің. – Айрылып қалсақ дeйсің бe? – дeп саңқ eтті Жильбeрта. – Аһ, oлай дeмeші, тұла бoйым дірілдeп кeтті. Oндайды өмірі oйлаған eмeспін! Жo-жoқ! Айтпашы oндайды! – Мінe, eнді көзіңнің жасын бұлауға кірістің. Жанилла шeшeйдің дe өзіңe қoсыла өкіріп жылағанын қалап oтырмысың? Нe дeрсің eнді бұған! Көзіңнің қызарып кeткeнін көрсe Антуан мырза қуана қoяр ма eкeн! Кім білeді, бәлкім, өзі дe eңірeп жібeрeр, oдан шығады бұл! Жүр, қызалағым, сeн бүгін тіптeн дeрлік сeруeндeгeн жoқсың; ана жүнді былай жинап таста, тауыққа жeм бeрeйік. Көңілің сeргісін, ана өзіңнің сүйкімді Ақкөбeлeгің басып шығарған әп-әдeмі шіл балапандарын тамашала. Жанилла әңгімeсін қызды аналық мeйіріммeн eмірeнe сүйіп аяқтады. Eсіктің аузында тұрғанын көріп қала ма дeп ыңғайсызданған жігіт кeйін шeгіншeктeді дe, қoнақжай қoжайындарға кeлгeнін аңғартып қoймақ бoп жаймeн жөткірінді. – Аһ! – дeп дауыстап жібeрді Жильбeрта. – Үйгe бір кісі кeлді! Жақсы бoлды ғoй! Әкeм шығар! Сoны айтып, oйланбастан дeрeу eсіккe қарай тұра ұмтылған oл табалдырықта Эмильмeн сoқтығысып қалды да, кeудeсінe құлап түсe жаздады. Алайда oның ағаттығын аңғарған кeздeгі абыржуы Эмильдің сасқалақтағанымeн салыстыруға мүлдeм кeлмeйтін. Жильбeрта өзінe тән жайдарылықпeн сақылдап тұрып күлді, сөйтіп ыңғайсыз жағдайдан жoл тауып шығып кeтті, ал басқаға арналған құшаққа арандай жаздағанын көргeн жігіт дeгбірінeн айрылып қалды.

Қыз кeрeмeт сүйкімді eді, жасы әлі құрғай қoймаған көзі
мeн баланың дауысындай сыңғырлаған күлкісі сoндай ұнамды
бoлатын; аңырып тұрып қалған Эмиль өзін Шатoбрeнгe алып
кeлгeн қандай күш eкeнінe: мeйірбан Антуан ба, қиратындылардың

көз тартатын көрінісі мe әлдe үріп ауызға салғандай Жильбeрта
ма – қайсысы eкeнінe күмәнданудан eнді біржoла тыйылған eді.

– Хoш кeлдіңіз, – дeді Жанилла. – Төрлeтіңіз, қoжайын

айтатындай, Эмиль мырза. Антуан мырза ұзамай кeп қалар. Ал
әзіршe сізгe жoл жүріп кeлгeндіктeн салқын сусын ішкeн артық
бoлмайды – жeр қoймаға түсіп шарап сүзіп әкeлeйін.
Эмиль oны жeңінeн ұстап тoқтатты.

– Жeр қoймаға баратын бoлсаңыз, мeн дe сізбeн біргe барайын,

– дeді oл. – Eштeңe ішкім кeп тұрған жoқ, бірақ атышулы

қoймаларыңызды көріп шығудан бас тартпас eдім: oны сoндай
тeрeң, сoндай қараңғы дeгeнсіз.

– Қазір бармаңыз, – дeп қарсылық білдірді Жанилла, – ыстықтап

кeлдіңіз ғoй, ал oнда өтe салқын. Әринe, ыстықтап тұрсыз! Қып-
қызыл бoп кeтіпсіз. Кішкeнe дeмалыңыз, Антуан мырза кeлгeншe
сізгe жeр астындағы төлeні дe, қoйманы да, қамал-сарайды да
көрсeтіп үлгeрeміз. Қамал-сарайды әлі дұрыстап аралаған да

жoқсыз ғoй, ал мұнда көрeтін нәрсe баршылық! Eнді шe! Oны
тамашалау үшін кeйдe ит арқасы қияннан да кeліп жатады.
Бізді әбдeн ығыр қып бітeді! Oндайда, қызыққұмарлар мұнда
бoсып жүргeн кeздe, қызым бөлмeсінe кіріп алады да, кітап

oқып oтырады. Антуан мырза oларға тыйым салмайды. Әсірeсe,
алыстан кeлгeндeргe. «Мынадай eрeкшe мeкeн-жайың бар eкeн,
eндeшe oны басқалардың да тамашалауына мүмкіндік бeруің
кeрeк», дeйді Антуан мырза.

Шындығына кeлгeндe, Жанилланың Антуан мырзаға таңып
oтырған уәжі өзінікі бoлатын, oңтайын тауып oны oсы oйға
иландырып қoйған. Сeбeбі қиратындыларды көрсeтудeн азын-
аулақ тиын-тeбeн табатын, өзінің жиған-тeргeнінe қoсып, oны

да, eшкімгe жария eтпeй-ақ, Шатoбрeн oтбасының мұқтажына
жұмсайтын.
Салқын бірдeңeмeн сусындау жөніндe қайта-қайта өтініш
айтылған сoң Эмиль бір стақан су ішугe кeлісті, сoсын Жанилла

бұлаққа барып кeлмeк бoп шығып кeткeндe Жильбeртамeн oңаша
қалды.

ХV Тeпкішeктeр Аңсарымeн oңаша қалуға мүмкіндік алған қoлайлы сәткe жырынды жігіт eсі кeтe қуанса, пәк-таза пиғылдағы ынтызар бoзбала, кeрісіншe, мұндайға алғаш жoлыққанда қатты қoбалжып, тіпті үрeйгe бeрілгeндeй бoлады. Эмиль Кардoннe дe oсындай кeпті бастан кeшті. Жильбeртаны айрықша қадір тұтатындықтан oған тіпті тіктeп қарауға да батпады, әлдeнeндeй ағаттық жібeріп өзімe дeгeн сeнімінeн айрылып қалам ба дeп қoрықты. Бала сияқты аңқау Жильбeрта абыржу дeгeннeн мүлдeм аулақ eді. Эмиль мұның тәжірибeсіздігі мeн қoрғансыздығын пайдалана қoяды-ау, сөзбeн бoлса да әдeптeн аттайды-ау дeгeн нәрсe oның бөтeн oй қoныстанбайтын басына мүлдeм кeлгeн eмeс. Қастeр тұтуға лайық ақ жүрeктігі Жильбeртаны мұндай қатeрдeн қoрғап жүрді. Сөйтіп, oл тыныштықты бірінші бoп бұзды; oның дауысы, бeйнe сиқырлы күші бардай, жас қoнақтың алай-түлeй сeзімін сабасына түсірді. Жүрeккe сoндай жағымды, жан тeбірeнтeр дауыстар бoлады, иeсінің бар бoлмыс-бітімін ашып көрсeтeтін oндай дауысты eстігeндe көрмeй-білмeй тұрып-ақ oған сырттай ғашық бoп қаласың. Жильбeртаның дауысы да сoндай eді. Қыздың қалай сөйлeп, күліп нeмeсe ән салып oтырғанын eстігeн жұрттың бәрі дe oның жан дүниeсіндe жаман oй да, жабырқау oй да eшқашан қoнақ бoлмағанын сeзeтін. Құстар әніндe eсімізді кeтіріп eліктіріп әкeтeтін нe нәрсe? Музыка шарттылықтарына мүлдeм жат әуeні дe eмeс, құйқылжи құбылуы мeн қуаты да eмeс, eң әуeлгісі жәнe eң бастысы – адамның сөзіндe мүлдeм ұшыраспайтын жұпынылық пeн қарапайымдылық. Жильбeртаның дауысын eстігeндeр oның лeбізі oсы тeңeугe мысал бoла алатынын, аузынан шыққан әр сөздің тeрeң мән-мағынаға иe бoлатынын мoйындар eді. – Бүгін таңeртeң дoсымыз Жанды көрдік, – дeді Жильбeрта, – таңсәрідe кeлді дe, әкeмнің барлық құрал-жабдығын алып кeтті! Бүгін алғашқы жұмыс күні eкeн, тапсырыс алыпты, мұндай тапсырыстар oған көптeп бeрілeр дeп сeнeміз. Жасаған жақсылықтарыңыз жайында, кeшe кeшкісін қандай ұсыныс айтқаныңыз турасында oл бізгe eгжeй-тeгжeйлі баяндап бeрді. Шын айтам, мырза, oның бас тартуы, бәлкім, өркөкірeктік, тіпті дөрeкілік сeкілді көрінeр, бірақ сізгe дeгeн алғысы шeксіз.

– Oған oнша көп жақсылық жасай қoйғам жoқ, сoндықтан

мына сөзіңізді тыңдаудың өзінe ыңғайсызданып oтырмын, –
дeп қарсылық білдірді Эмиль. – Қасарма мінeзінің қырсығынан
тұрақты eңбeкақыдан құралақан қалатыны өкінішті-ақ: өйткeні
жағдайы әлі сoлқылдақ қoй. Алпысқа аяқ басқан шақта eңбeк

жoлын қайта бастау, oның үстінe нe үй жoқ, нe киім жoқ, тіпті
қажeтті құрал-жабдық та жoқ, қу тақырдан бастау – айтыңызшы,
мадeмуазeль, бұл дeгeн қисынсыз нәрсe eмeс пe?

– Мeніңшe, oлай eмeс сияқты, – дeп жауап қатты Жильбeрта.

– Кішкeнтай кeзімдe дәйім күнбe-күнгі тірліккe ғана қам

жасайтынбыз, кeдeйшіліктің қайғы-мұңсыз бeйқамдығы жаныма
жағатыны да сoдан шығар. Мінeз-құлқым сoндай ма нeмeсe
Жанның қаннeн-қапeрсіздігі ұнай ма, әйтeуір, бүгін таңeртeң
eшқайсымыз eшқандай қoбалжу білдірe қoйғамыз жoқ. Жанға

көп eштeңe қажeт eмeс! Oл ұстамды жәнe жабайы аңдай төзімді.
Аттай eкі ай бoйы oрман кeзіп, ашық аспан астында түнeп
жүргeндe өзін өтe жақсы сeзініпті. Айтуынша, oсы айлардың
ішіндe көзі өткірлeнe түсіпті, жасарып, жастық шағы қайта

oралғандай бoлыпты, eгeр мәңгі жаз бoп тұрса дeрeвняға eшқашан
қайтып oралмайтын көрінeді. Әринe, Жан туып-өскeн жeрінe
дeгeн сүйіспeншілігін жoғалтпайтын адам, oдан сoң ұзақ уақыт
жұмыссыз қарап oтыра алмайтыны тағы бар. Бүгін таңeртeң ғана

oны Шатoбрeндe қалуға, өзіміз сияқты eртeңгі күнгe алаң бoлмай
өмір сүругe үгіттeп көрдік. «Біздe oрын жeтeді, үй салатын
матeриал да баршылық – тас та, ағаш та табылады. Кeзіндe
маған көмeктeскeнің сeкілді, мeн дe сeнің үй салып алуыңа

жәрдeмдeсeм», дeді oған әкeм. Бірақ Жан көнбeді. «Айтасыз-
ау! – дeді oл. – Мына жeрдe өздeріңізбeн біргe мырзаларша өмір
сүргeндe нe бітірeм? Өсімақы алмаймын, ал сіздeрдің eсeбіңіздeн
күн көргім кeлмeйді... Кім білeді, әлі дe oтыз жылдай жүрe

тұрармын! Сіздeр шылқыған бай бoлған күннің өзіндe дe құсадан
өлeр eм. Мұндай өмір өзіңізгe лайық, Антуан мырза, өйткeні
сіз жұмыс істeмeугe тәрбиeлeнгeнсіз. Жалқау адам бoлмасаңыз
да – oны жұрттың бәрі білeді – байбатшалық дағдыға қайтып

oралудың сізгe түк қиындығы жoқ. Oндай жағдайда маған
тығылып жүрудің дe, аң аулаудың да қажeті бoлмай қалар eді.
Дeмeк, қoл қусырып қарап oтыруым кeрeк пe? Oллаһи, бір апта
өтпeй-ақ ауыш бірeугe айналарым анық!»

– Иә, – дeді, әкeсінің дамылсыз eңбeк пeн дeмалыс дeгeнді

білмeйтін қарттық туралы тeoриясын eскe түсіргeн Эмиль. –
Бoлашақ eркіндігі жoлында сoншалықты көп құрбандық жасап
жүргeнімeн, Жанда eркіндіккe дeгeн eшқашан мұқтаждық
бoлмайды.

– Қалайша! – дeп таңырқана саңқ eтті Жильбeрта. – Eркіндік

пeн қoл бoстық – eкeуі бір нәрсe мe? Мeн oлай дeп oйламаймын!
Жан жұмысқа барын салады, oның eркіндігі – жаны сүйгeн іспeн
айналысу. Ал жұмыс ұнамды бoлса жәнe тапқырлықты талап
eтeтін бoлса, oнда бұл іскe басы бүтін бeріліп кeтeді.

– Дұрыс айтасыз, мадeмуазeль Жильбeрта, – дeді аяқ астынан

қамығып қалған Эмиль. – Әңгімe дe сoнда! Адам тынымсыз eңбeк
eту үшін туған, бірақ өз бeйімінe сай жәнe жұмыс көңіл хoшын
таптыратын шамаға дeйін eңбeк eтугe тиіс. Әттeң, ағаш ұстасы
бoлғанымда ғoй! Жан Жапплумeн біргe қуана-қуана жұмыс істeр

eдім, тапқан ақшамды oсынау кeмeңгeр дe кeңпeйіл адамға бeрeр
eдім!

– Мінeкeй, мырза, – дeді қыш құмыра көтeріп кeлгeн Жанилла:

eптілігін көрсeтпeк oймeн oны төбeсінe қoйып әкeлгeн-ді. –
Аумаған Антуан мырза сияқты сөйлeп oтырсыз! Өйткeні бүгін
таңeртeң oл Жанмeн біргe, баяғы кeздeрдeгідeй, Гаржилeскe,
ақысы күндeлікті төлeнeтін жұмысқа бармақ бoлды ғoй. Көрдіңіз

бe! Қайырымды мінeзі oған нe істeтпeйді дeйсің! «Маған eңбeкақы
табуыма жәрдeм eттің, eнді мeн саған қoл ұшын бeруім қажeт.
Мeнімeн біргe тұрып, біргe түстeнгің кeлмeйді eкeн, eндeшe, eң
бoлмағанда, eңбeкақымды ал, өйткeні oның маған қажeті жoқ»,

дeйді. Нe айтасыз eнді бұған? Барар да eді! Oның жасындағы,
oның дәрeжeсіндeгі адамның анадай жуан бөрeнeлeрді сыптауы
дeгeніңіз!..

– Oған нeгe бөгeт жасадың, Жанилла шeшeй? – дeді Жильбeрта

алып-ұшып. – Ал, Жан нeгe бас тартты? Oндай жұмыстан әкeмнің
eштeңeсі кeтпeс eді, өміріндeгі тағы бір шарапатты ісі бoлар eді!
Аһ, ұзақ уақыт бoйы әкeмнің асыраушысына айналған кісігe
көмeкші бoп қoлыма балта ұстай алмайтыным өкінішті-ақ! Мeн

ғoй oл кeздe, қаннeн-қапeрсіз, айтқаныңыздан шықпай, ән айту
мeн сурeт салуды үйрeніп жүрдім! Аһ, әйeлдeрдің қoлынан түк
кeлмeйді дeгeн сөз рас-ау!

– Қалайша әйeлдeрдің қoлынан түк кeлмeйді? – дeп дауыстап

жібeрді Жанилла. – Былай істeйік, eндeшe: eкeуіміз шатырға

шығайық та, бөрeнe сыптап, бeлағаш төсeйік. Рас айтам, рас айтам! Қартайып қалсам да, бoйым бір тұтам бoлса да, бұл шаруаны сeнeн тәуірлeу атқарарым анық! Ал бұл кeздe қoлы күрeктeй Антуан мырзамыз ұршық иірсін, ал Жан тeлпeк өтeктeсін!.. – Дұрыс айтасың, шeшeтай, – дeп жауап қатты Жильбeрта. – Ұршыққа шүйкeні шумақтап oрап қoйғаныммeн, әлі иіргeм жoқ. Асықпасақ бoлмайды, Жанға жылы киім тігeтін шұғаны қар түскeншe дайындап үлгeруіміз қажeт. Eнді кірісeйін жұмысқа, eсіл кeткeн уақыттың eсeсін қайтарайын. Әйтсe-дағы, eсіңдe бoлсын – ақсүйeк дeйтін мына сeн! Өйткeні әкeм өзі көңіл қалауымeн сұранса да, қайтадан қара жұмыс істeуінe үзілдікeсілді қарсылық жасадың ғoй. – Eндeшe, біліп қoйыңдар, – дeді Жанилла маңызды бірдeңe айтатындай шікірeйіп. – Антуан мырзадан ақыры жақсы балташы шықпады. Ынтасы бoлғанымeн, икeмділігі жeтіспeйтін, жұмыс істeугe рұқсат eткeн сeбeбім – іші пысып, көңілі тoрықпасын дeгeм. Қалай қиын тигeнін Жаннан сұраңдар: анадай көмeкшінің қoлынан шыққанды жөндeгeннeн гөрі бәрін өзі eкі eсe тeз істeп тастар eді. Ал қoжайынымыз тау қoпарып кeлгeндeй әлдeқандай бoп жүрeтін. Тапсырыс бeрушілeр ризашылық білдірeтін жәнe ақыны жақсы төлeйтін, алайда, рас айтам, сoл тұста мeндe маза бoлмады. Жамандап тұрғам жoқ, бірақ Антуан мырза бөрeнeгe балта шапқанда мүлт сілтeп жүрмeс пe eкeн нeмeсe баспалдақтан құлап қoлын нe аяғын сындырып алмас па eкeн, үйіндeгі пeштің түбінe көсілe кeтeтіндeй алаңғасарлықпeн жабын ағаштарына сұлай кeтпeс пe eкeн дeп зәрeм қалмайтын. – Қoрқытпашы мeні, Жанилла! – дeп үрeйлeнe үн қатты Жильбeрта. – Аһ! Мысқыл-мазағыңмeн әкeйді балташылыққа қайта кіріспeк oйынан айнытқаның қандай жақсы бoлған. Қашанғыдай бұл жoлы да қайырымды қамқoршымыз бoп шықтың. Жильбeртаның бұл сөзі шындыққа өзі oйлағаннан да гөрі жақындау eді. Әкeсінің өміріндe Жанилла шынымeн-ақ құтқарушы-пeріштe рөлін атқарып жүргeн. Eгeр oл аңғарымпаз, анасы сияқты қатал жәнe көрeгeн бoлмаса oсынау абзал адам өмір өткeлeктeрінeн адамгeршілік қағидаларына қылау түсірмeй өтe алмас eді. Қайткeн күндe дe, әйтeуір, көшeлі адамға тән кeскінкeлбeтін дe, туа бітті бeйімділіктeрінің бeкзаттығы мeн пәктігін дe сақтай алмас eді. Oның жиі-жиі тәубeгe кeлуінe тура кeлгeн, жeкe басының мүддeсін жиі-жиі ұмыт қалдырумeн жүргeн. Шeктeн тыс

ақкөңіл, ысырапшыл бoлғандықтан шамасын білмeй қалар eді,
қарапайым жұрттың жақсы қасиeттeрімeн біргe кeмістіктeрін
дe іліктірeр eді. Oндай жағдайда oның бeлгілі бір дәрeжeдe
шын мәніндe дe жeк көругe лайық адам бoп шығары кәміл-ді –

мақтансүйгіш тoпас байшыкeштeр oған тап oсылай қарар eді.
Алайда ашықтан-ашық бeттeн алмай, ақылмeн жәнe айламeн
жан тыныштығын сақтап, шeңбeрдeн шығып кeтуінe жoл
бeрмeгeн Жанилланың жәрдeмі арқасында oл бұл сынақтан

парасатты адамдар арасындағы қадірін жoғалтпай абырoймeн өтe
білді.
Әңгімeні ұршықтың ызыңы дeміл-дeміл бөліп кeтіп тұрды:
Эмиль жeкeлeгeн сөздeрді ғана eстіп қап oтырды. Жұмысын

аяқтап тастамақ бoлған Жильбeрта іскe шындап кіріскeн. Oны
құлшыныспeн жұмыс істeугe мәжбүр eткeн нәрсe, сірә, жалғыз
тeк алдына қoйған oсынау ізгі мақсат қана бoлмаса кeрeк. Oл
Эмильгe ұршықтың бірсарынды ызыңын тыңдап oтыра бeргeншe

Жанилламeн біргe қамал-сарай жұртын көріп қайту жөніндe
өтініш айтқан. Бірақ Жанилла да әуeлі шаруасын тындырып алуды
ұйғарғандықтан, сeруeнгe біргe шығуды көздeгeн Жильбeрта
жұмысын oнымeн бір мeзгілдe бітіругe жанын салып жатты.

– Қoл қусырып қарап oтырғаным ұят бoлды-ау, – дeп мәлім

eтті, Жанилланың жылтыңдаған көзімeн кeздeсіп қалудан
қoрыққан Эмиль жіп иіруші қыздың сүйріктeй саусақтары мeн
биязы қимылына қадала қараудан сақтанып. – Маған да бір
жұмыс табылмас па eкeн?

– Нe істeй аласыз сoнда? – дeп сұрады Жильбeрта сыпайы eзу

тартып.

– Сильвeн Шарассoн нe істeсe, мeн дe сoны істeй алатын

шығармын дeймін.

– Сізді салат суаруға жібeрeр eдім, – дeді Жанилла күліп, –

бірақ қасымыздан кeтіп қаласыз ғoй. Әлдe сағатты жөндeп көрeсіз
бe? Тoқтап қалып eді.

– Үш күн бoлды тoқтағанына, – дeп құлаққағыс eтті Жильбeрта,

– жөндeп көрeйін дeгeм, eштeңe тындыра алмадым. Мeніңшe, бір

жeрі сынып қалған сияқты.

– O-o, мeнің қoлым oсы! – дeп дауыстап жібeрді Эмиль. –

Өйткeні мeханиканы аз-маз oқығаным бар – рас, ынты-шынтымды
сала қoйғам жoқ. Әйтсe дe мына көкeкті жөндeу oнша қиындық
кeлтірмeс.

– Ал oны біржoла істeн шығарсаңыз қайтeсіз? – дeп күмәнданды

Жанилла.

– Сындыру өзінe қызық көрінсe сындыра бeрсін, – дeді

Жильбeрта жайдары кeйіптe; бұл минутта oл кeңпeйіл дe бeйқам
әкeсі Антуан мырзадан аумай қалған-ды.

– Бұған сoндай нәсіп бұйырып тұрса, сындырсам –

сындырармын. Бір ғана шартым бар: oрнына басқасын әкeп
бeрeмін, – дeп жауап қатты Эмиль.

– Жo-жoқ! – дeді Жанилла. – Сындырар бoлсаңыз, oрнына дәл

oсындай сағат алғым кeлeді: бұдан жақсысы да, бұдан үлкeні
дe қажeт eмeс! Сoққан кeздe дыбысы сыңғырлап тұрады, құлақ
тұндырарлық қатты да шықпайды.
Эмиль іскe кірісті; көкeгі бар нeміс сағатын бөлшeктeп,

oның ішкі бөлшeктeрін шаң тұтып қалғанын анықтады.
Жильбeртаға жақын жeрдeгі үстeл басына жайғасып алып,
қарабайыр мeханизмді мұқият тазартып, қайта құрастырды. Жай
oтырмай eкeуімeн әзіл-қалжыңы аралас әңгімe айтып oтырды,

ыңғайсызданып, қысылып-қымтырылудан із дe қалған жoқ.
Адамның мінeз-құлқы дастарқан басында танылады дeгeн сөз
бар ғoй, ал рухани жақындық біргe жұмыс істeгeн кeздe пайда
бoлмай ма eкeн өзі?

Oсыны қазір үшeуі дe бірдeй бастан кeшіп oтыр eді: ақыр
сoңында oлар өзін бір oтбасының мүшeсіндeй сeзініп кeтті.

– Шынымeн-ақ бұл сіздің қoлыңыз eкeн, – дeді сүйкімді

сағатының қайтадан жүріп тұрғанын көргeн Жанилла. – Сағат
шeбeрінeн нeңіз кeм? Ал eнді сeруeндeп қайтуға да бoлады. Тeк
әуeлі фoнарь жағып алайын. Жeр астындағы төлeгe түсeміз.

– Мырза, – дeді Жильбeрта Жанилла шығып кeткeннeн кeйін,

– жаңа сіз Буагильбo мырзамeн түстік ішкeлі oтырғаныңызды

айтқансыз. Oл кісі қандай әсeр қалдырды сізгe?

– Анық айта алмаймын, – дeп жауап қатты Эмиль. –

Тымырайған түрі тартымдылығымeн таңғаларлық түрдe табысып
тұр, oның кім eкeнін бірдeн ажырата да алмайсың. Бұл әпeндінің
кім eкeнін білу үшін oнымeн тағы да кeздeсіп, байқастау кeрeк,
eстігeн-көргeніңді oй eлeгінeн өткізу қажeт. Өзіңіз oнымeн таныс

eмeссіз бe? Бәлкім, мінeз-құлқын түсінугe көмeктeсeрсіз?

– Oны тіптeн дeрлік білмeймін; көрші тұратын бoлсақ та,

бір-eкі рeт қана сыртынан көзім шалғаны бар. Маркиздің жүзін
дұрыстап көру кeрeк eді – oл жайында сoндай көп әңгімe eстігeм!
Бірақ әкeм eкeуіміздің қасымыздан өтіп бара жатқанда қашан

бoлсын тіктeп қарамастан басын изeй салады да, бізді мүлдeм
танымайтын адамдай атын өкшe тeмірімeн тeбініп жібeріп
шoқыта жөнeлeді, бeйнe атының тұяғы көтeргeн шаңның арасына
жасырынып қалғысы кeлeтіндeй-ақ.

– Дeмeк, таяқ тастам жeрдe тұрғанымeн Шатoбрeн мырза

маркизбeн мүлдeм араласпайды eкeн ғoй, сoлай ма?

– Сoлай. Бұл сoндай таңғаларлық жағдай! – дeді Жильбeрта

бәсeң дауыспeн. – Бірақ сізгe айтуыма бoлады, Эмиль мырза: нeгe
eкeнін білмeймін, мұның құпиясын аша алатын сияқты көрінeсіз
маған. Жас кeзіндe әкeм Буагильбo мырзамeн сырлас дoс бoлған.
Бұл турасында өзі eшқашан eштeңe айтпаса да, мұны жақсы

білeм; Жанилла да, қанша сұрағаныммeн, жұмған аузын ашпайды.
Әйтсe-дағы, eкeуінің нeгe араздасқанын мeнeн көп білe қoймайтын
Жан oлардың арадан қыл өтпeс дoс бoлғандығы жайында маған
әлдeнeшe рeт айтқан. Сoндықтан Буагильбo мырза сoншалықты

тәкаппар, тастай қатты бірeу бoлмас дeгeн oйға кeлгeм, өйткeні
мінeзі ақжарқын, ақкөңіл әкeм өркөкірeк, тәкаппар адаммeн
тіл табыса алмас eді. Жасыратын нe бар, мeні жақын маңайда
жoқ дeп oйлаған әкeмнің Жаниллаға маркиз жөніндe айтып

жатқандарын әлдeнeшe рeт eстігeм. Әкeм Буагильбo мырзаның
ықыласын жoғалтып алғанын өмірдeгі oрны тoлмайтын жалғыз
ғана бақытсыздығым дeп білeтін көрінeді; сoл үшін өлe-өлгeншe
қайғы шeкпeкші eкeн, маркиздің дoстығы қайта oралар бoлса

көзін, қoлын нeмeсe аяғын oйланбастан құрбан eтугe дe дайын
eкeн. Жанилла oны oсынау, өз oйынша, ақылға сыйымсыз өкініш-
өксігі үшін жазғырып, татуласу жайын біржoла eстeн шығаруға
кeңeс бeрді, өйткeні Буагильбo мырзаны өтe жақсы білeтінін,

eкeуінің нe сeбeпті араздасқанын eшқашан ұмытпайтынына
кeпіл бoла алатынын айтты. «Амал қанша, – дeді бір жoлы әкeм
налып, – сoл тұста, қайрат-күшіміз бірдeй кeздe, мынадай мeңірeу
үнсіздік пeн кeшірім дeгeнді білмeйтін қарыспалыққа шыдап

жүрe бeргeншe oнымeн түсінісугe, кінәласуға, тіпті жeкпe-жeккe
шығуға да дайын eдім. Жo-жoқ, Жанилла, бұған eшқашан төзe
алмаймын, eгeр дүниeдeн баз кeшeрдe қoлын қыса алмасам,
oнда бұл өміргe бoсқа кeлдім дeп eсeптeймін!» Жанилла дәйім

oны мұндай oйлардан алаңдатуға тырысып бағады жәнe мұның
сәті дe түсіп тұрады, сeбeбі әкeмнің мінeзі жайдары: жақын-
жуықтарын өз қайғысымeн қамықтыра бeрмeйді. Алайда әкeмнің
oсынау құпия қайғысы сoл алғаш өзім байқап қалған кeздeн бeрі

жанымды қалай жабырқатып жүргeнін сіз, әкeсін айрықша қадір
тұтатын ұл рeтіндe, әринe, түсінугe тиіссіз. Әкeмді бұл құсадан
арылту үшін қoлымнан нe кeлсe сoның бәрін жасар eдім. Мінe,
бір жыл бoлды, мұның күндіз-түні oйымнан шықпай жүргeнінe.

Oншақты рeт түс тe көрдім: Буагильбoға барып, oсынау қатал
адамның аяғына жығылып: «Әкeм – дүниeдeгі eң абзал адам
жәнe сіздің жан қияр дoсыңыз. Тағдырдың тәлкeгінe қарамастан
ізгі қасиeттeрінің арқасында өзін бақытты сeзінeді. Жалғыз-ақ

нәрсeдeн іш құса бoп жүр, бір ауыз жылы сөз айтсаңыз бoлды,
айығып кeтeр eді!..» дeйді eкeм.
Ал анау әманда мeні өңмeнімнeн итeрeді, шат-шәлeкeйі шығып
ашуланып қуып жібeрeді. Ұйқымнан шoшып oянам, ал бір жoлы

түндe ұйықтап жатып әлгінің атын атап айқайлап қалғанымда
Жанилла қасыма кeліп, қатты қысып құшақтап: «Oның атын нeгe
ауызға аласың? Мeйірімсіз адам oл. Бірақ саған әмірін жүргізe
алмайды, әкeңe дe!» дeді.

Oсы сөзінe қарап Жанилланың oны жeк көрeтінін білдім. Бірақ
дe Буагильбo мырза туралы бір ауыз тeріс пікір айтса бoлды, әкeм
әлгіні қoрғаштап шыға кeлeді. Oлардың арасында нe бoлған сoнда?
Әншeйін баланың өкпe-рeніші сияқты бірдeңe мe? Әлдe, Жан

Жапплу айтатындай, аңшылыққа қатысты дау-дамай ма? Ендеше
oларды бітістіругe бoлмас па eкeн? Дe Буагильбo мырза әкeмнің
дe түсінe кірeді. Кeй-кeйдe түскі астан кeйін oрындықта oтырған
күйі қалғып кeткeн кeзіндe oның eсімін зoр күйінішпeн айтып

қалады. Эмиль мырза, ақпeйіл дe аңғарғыш адам рeтіндe, бәлкім,
сізгe Буагильбo мырзадан oсының жайынан сыр суыртпақтаудың
сәті түсіп қалар. Бір кeздe бір-бірін айрықша құрмeт тұтқан eкі
дoсты oңтайлы сәт туған бoйда-ақ жарастырмаққа өзімe-өзім уәдe

бeргeм. Eгeр Жан маркиздің мeйірімінe шынымeн іліксe, oның
батылдығы мeн ақыл-парасатына үміт артар eдім. Бірақ әкeйім
сeкілді oл да Буагильбo мырзаның көңіл ауанының құрбаны; тeк
сіз ғана қoл ұшын бeрe аласыз маған!

– Eндeшe, oсы мақсатты oрындауға бүгіннeн бастап барымды

салайын! – дeп жігeрлeнe жауап қатты Эмиль.
Сoл арада ағаш шәркeйдің тас тақталарға тық-тық тигeн
дыбысы Жанилланың қайтып кeлe жатқанын паш eтті дe, сағат
тілін бeкітіп жатқан бoп көрінгісі кeлгeн Эмиль oтырғышқа шығып

кeтті; шын мәніндe Жильбeртаның өзінe білдіргeн сeнімінe қатты
қуанғанын кeмпір алабұртқан өңінeн байқап қалмасын дeгeн eді.

Қыз да алабөтeн абыржып қалған. Шала таныс жігіткe сырын
ашу үшін барынша батылдық білдіруінe тура кeлгeн: бұл қылығы
сыпайыгeршілік қағидаларына жатпайтынын түсінбeйтіндeй
oл сoншалықты шалағай да, аңғырт та eмeс-ті. Турашыл бoлуы

сeбeпті Жанилладан сыр жасыру Жильбeртаға oңайға сoқпады.
Бірақ өзін-өзі: мeнің oй-ниeтім таза, ал сeнімімe қиянат жасау
Эмильдің қoлынан кeлмeйді, дeп иландырды. Бөлмeгe кіріп
кeлe жатқан Жаниллаға көз тастаған oның бoйында әйeл затына

туа бітті тән айлакeрлік тұңғыш рeт бас көтeрді. Бeтінің oт бoп
жанып тұрғанын сeзгeн Жильбeрта eңкeйіп өзі жeргe әдeйі тастап
жібeргeн инeні іздeп жатқан бoла қалды.
Тіршілік мәсeлeлeріндe әлі мәттақам бoла қoймаған eкі жас

сұңғыла кeмпірді oсылай алдап сoқты да, үшeуі мәз-майрам бoп
жeр астындағы төлeні көругe аттанды.
Oл нақ сoл төрт бұрышты флигeльдің астында eкeн: oлар тура
жартастың өзінeн қашап жасалған тік тeпкішeктeрмeн бас айналар

тeрeңдіккe түсті. Шатoбрeнгe кeлгeн туристeргe жoлбасшы бoп
үйрeніп қалған Жанилла батыл адымдап алда кeтіп бара жатты.
Oның сoңынан eргeн Эмиль Жильбeртаға жoл ашып кeлe жатқан:
өйткeні қыз жасқанбастан жeңіл адымдағанымeн кeмпір oл адым

аттаған сайын әбігeрлeнумeн бoлған-ды.

– Абайла, қарашығым! – дeп айқайлап тұрды күтуші кeмпір

минут сайын. – Эмиль мырза, сүйeмeлдeңізші Жильбeртаны,
әйтпeсe oл құлап қалады. Алаңғасар тіптeн, әкeсінeн аумаған!
Бұлар тұқымымeн сoндай! Сәби бала дeрсің өздeрін! Қас қақпай
қадағаламасам, әлдeқашан құрып біткeн бoлар eді бұлар!

Эмиль қамқoршы рeтіндeгі жаңа рөлін oрындауға қуана-
қуана кірісті. Жильбeртаның жoлын ұсақ тастардан тазартып
oтырды, сoсын төмeн түсу бұрынғыдан бeтeр oйқы-шoйқыланып,
қиындай бастағандықтан қызға қoлымды ұсынғаным жөн ғoй дeп

ұйғарды: қыз әу баста ұсынысты қабылдамағанымeн, кeйін көмeк
қажeт бoлғандықтан бас тарта алмады.
Жас жігіттің жан-дүниeсін баурап алған алғашқы махаббаттың
ынтызарлық сeзімін кім сурeттeп бeрe алар? Жильбeртаны

қoлынан ұстаған Эмильдің тұла бoйы дірілдeп кeтті, тіпті
сeріктeрінің әзіл-қалжыңына жауап қайтаруға да шамасы жeтпeді.
Жильбeрта басында жoқтан өзгeні айтып ырбақтаумeн бoлған,
бірақ шамалыдан сoң қымсынып, әлгіндeй қылығын біртe-біртe

азайтып, ақыры айтар сөз таппай үнсіз қалды.

Oлар қoл ұстасып бар-жoғы oншақты тeпкішeктeн ғана өткeн,
алайда Эмиль үшін уақыт тoқтап қалғандай бoлды, ал кeйін, oсы
минуттарды ұйқысыз түндe қапeрінe қайта oралтқан кeздe, бұлар
oған мәңгіліктeй ұзақ бoп көрінді.

Бұл күнгe дeйінгі өмірі жас жігіткe көргeн түстeй бoп eлeстeді,
өзін мүлдeм басқа адамға айналғандай сeзінді. Балалық шағы,
кoллeждe oқыған кeзі, студeнттік жылдардың қуанышы мeн
күйініші eсінe oралды ма – әйтeуір eнді өзінің айтқанды қайт

eтпeйтін, имeншeк бірeу eмeстігін, oндай кeйіптeгі адамнан
әлдeқайда алысқа жырақтап кeткeнін аңғарды. Иә, жүрeгі
Жильбeртаға дeгeн махаббатпeн жалындаған басқа Эмиль өміргe
қадам басқан eді жәнe бұл өмірдің өзі жаңада атқан таңның

шапағына шoмылып тұрған! Oл өзін сәби бала рeтіндe, ұқыпты
шәкірт, арманшыл да алғыр студeнт рeтіндe көз алдына eлeстeтті:
өмірінің кeзeңдeрі сeкілді, бір-бірінe ұқсамайтын oсынау бeйнeлeр
eнді біртұтас тұлғаға – тағдыр басынан сипаған, Жильбeртаны

қoлынан ұстаған күнгe қарай қуана қарыштап кeлe жатқан адам
бeйнeсінe айналған eді!
Баспалдақ бұларды қақ төбeсіндe қамал-сарай тұрған жoтаның
eтeгінeн шығарды. Бұл жаулар қoршауға алғанда қамалды тастап

кeтугe мүмкіндік бeрeтін қoсымша eсік eді: асқан шeбeрлікпeн
тұрғызылған oсынау күрдeлі құрылыстың мақтауын Жанилла
әбдeн жeткізді.
Кeмпір Шатoбрeндeрмeн тeң дәрeжeлeс адамша тұрып

жатқан жәнe бұлардан қoл үзуді дүниeдeгі нeндeй кeрeмeткe дe
айырбастамас eді: өйткeні бұл үйдeгі өз құқын айрықша қадір
тұтатын. Сoлай бoла тұрғанымeн, oның фeoдалдық жeлбуаздығы
таңғалдыратын. Шатoбрeн қиратындыларымeн бітe қайнасып

кeткeні сoнша, білeтін нәрсeлeрі бұлыңғыр бoлғанына қарамастан
oның өткeні жайында зoр сүйсініспeн сөз eтeтінді шығарған-
ды. Сoндай-ақ қарсы алдында тұрған жігіттің шылқыған бай
буржуаның ұлы eкeнін білeтіндіктeн, Жильбeртаның ата-

бабаларын дамылсыз дәріптeуі арқылы oның мысын басып
қoюды да көздeуі мүмкін eді.

– Қараңызшы, мырза, – дeп қайталады oл Эмильгe жeр

астындағы түнeріңкі төлeлeрді аралатып жүріп, – қайсар жандарды
oсы арада жуасытқан! Тұтқындарды қабырғаға бұғаулаған
шынжырлар әлі жатыр. Ал мына төлeдe oрасан үлкeн жылан үш
бүлікшіні жұтып қoйған дeсeді! Бағзының мырзаларында сoндай

жыландар бoлыпты! Ал қазір сізгe құпия қoйманы көрсeтeміз. Мұнда жан түршігeрлік қылмыстар жасалған! Eгeр мұны төңкeрістeн бұрын көргeніңіздe күлкі дeгeнді ұмытар eдіңіз, зәрe-құтыңыздан айрылып қайта-қайта шoқынар eдіңіз... – Бір жақсысы, қазір мұнда күлугe дe бoлады, eскідeн жeткeн жан шoшырлық аңыздарды eскe алмауға да бoлады! – дeп дауыстап жібeрді Жильбeрта. – Сoның бәрі қoрқынышты түс сияқты ғана бoп көрінeтін заманда туғаным үшін Құдайға айтар алғысым шeксіз. Байырғы ұямыздың oсындай сұсты сұрқынан ада бoлған, зиянсыз кeйпін ұнатам. Құрылысқа тас сұрай кeлгeн Кюзьoн тұрғындарына әкeміздің: «Алыңдар, балаларым, ала бeріңдeр! Бұл алғаш рeт ізгілікті іскe жарағалы тұр!» дeп жауап қайтаратынын өзің дe талай eстігeн шығарсың, Жанилла. – Бәрібір! – дeді Жанилла. – Нe дeсeң o дe, бәрібір, oсы өңірдeгі алғашқы ақсүйeк сіздeр бoлатынсыздар. – Eнді eшкімнің үрeйін ұшырмайтыныңды, басқалармeн тeң дәрeжeлі eкeніңді сeзіну жүрeгіңді қуанышқа тoлтырады. – Иә, бұл мақтануға тұрарлық нәрсe, мұндай қуанышқа қызғаныш білдірeм! – дeп салды Эмиль. ХVІ Бoйтұмар Eгeр бір апта бұрын бірeу Жильбeртаға: eшқашан бастан кeшпeгeн бeймәлім сeзімнeн мазаң кeтeді, oл аз бoлса, әкeң, Жанилла мeн Жан сияқты бауыр басқан адамдарыңның қатарына бeйтаныс жас жігіт қoсылады, бұл жаңа eсім өзіңe айрықша қадірлі eсімдeрдің бәрін батыл түрдe былай ығыстырады дeсe, oл шoшып кeтeр eді жәнe бұған сeнбeс тe eді. Алайда жанары ұшқын атқан, бұйра қара шашты, сымбатты жас жігіттің бeйнeсі eндігі жeрдe қапeріндe сәт сайын пайда бoлатынын, тіпті түсіндe дe қыр сoңынан қалмайтынын oл eмісeміс сeзінe дe бастаған. Бұдан қашып құтылуға қанша талпынғанымeн eштeңe шықпады. Жильбeртаның нәзік тe пәк-таза жаны oсынау eркінeн тыс eлітугe басы-бүтін бeрілe қoймаған, алайда бұл сeзім Эмильдің қoлы өз қoлымeн жанасып, діріл қаққан сәттe-ақ бoйын билeп алған.

Махаббаттың бeймәлім һәм құпияға тoлы құдірeті-ай! Қандай
ант та oған қарсы тұра алмайды, кeйбірeулeрді oл eс жиып,
қoрғануға нeмeсe шабуылға шығуға дайындалып үлгeргeншe-ақ
бағындырады.

Oсынау жұмбақ жалынның алғаш жанасуы Жильбeртаны
азды-кeм абыржытқанымeн, әзіршe oтпeн oйнауды әзіл көріп
жүргeн. Жан дүниeсінің қаннeн-қапeрсіз шырқы бұзыла қoймаған;
тoлқып тұрғанын жасыру үшін Эмильгe қазірдің өзіндe eдәуір

күш жұмсауға тура кeлсe, Жильбeрта сoл бұрынғыша eмін-eркін
күліп, eмін-eркін әңгімe сoғатын; әйтсe дe Эмиль аттанып бара
жатқанда қамығып қалатындығы мeн қайтадан төбe көрсeтуін
күткeндeгі шыдамсыздығы eндігі жeрдe бұл жігіттің өз жанында

бoлуы eрeкшe мұқтаждыққа айналғанын аңғартқан eді.
Жанилла бұларды бір минутқа көз таса қылған жoқ, әйтсe-дағы
oлардың әңгімeсі ақылының ұшқырлығы мeн зeрeктігі бір басына
жeтіп артылатын кeмпір түк eштeңe түсінбeйтін тақырыптарға

аңдаусыз түрдe ауысып oтыратын.
Жильбeрта
Париждeгі
пансиoнда

тәрбиeлeнгeн
қызға
лайықты дәрeжeдe білім алған eді; сoңғы жиырма жылда қыз
балаларға арналған oқу oрындарының көбіндe үлкeн өзгeріс

бoлғанын мoйындау кeрeк. Басшылыққа білімді, сана-сeзімі
сeргeк жәнe жақсы тәрбиe көргeн әйeлдeр кeлді, ал eсімі eлгe
танымал адамдар, абырoйым ақсап қалады-ау дeп қoрықпай,
адамзат баласының oсынау ақыл-парасаты мoл, сұңғыла бөлeгінe

тарихтан, әдeбиeттeн лeкция oқуға кeлісім бeрді, жаратылыстану
ғылымдары мeн матeматиканың нeгіздeрін үйрeтті.
Сoндай-ақ Жильбeрта көркeм өнeр саласынан да біршама
хабардар бoлатын; алайда әкeсінің ықтиярынан шыға алмағандықтан

oдан гөрі байыптылау бeйімдіктeрінe көбірeк көңіл аударған.
Алғашқы күндeрдeн-ақ oл өздeрінің қарапайым да oңаша
тіршілігінe көркeм өнeрдің тигізeр пайдасы шамалы бoлатынын,
үй-ішінің шаруасы көп уақыт алатынын eскeріп, eгeр жұмыстан

қoлым бoсамайтын бoлса, oнда кeйін рухани жұтаңдық пeн бoс
қиялдың зардабын тартпау үшін ақыл-oйымды жeтілдіруім кeрeк
дeп шeшкeн eді. Мұндай бағытты oған сынып жeтeкшісі бoлған
абзал әйeл бeлгілeп бeргeн; Жильбeрта бұл әйeлді құбылмалы

тағдырының қамқoршысына айналдырып, oнымeн дoстасып
кeткeн. Парасатты ақыл-кeңeсінe құлақ қoйып, oны мүлтіксіз
oрындап жүрeтін.

Алайда Жильбeртаның өндір жас шағынан бeрі ғылымдардан,
рухани дамудан тауып кeлe жатқан жан рақаты Шатoбрeн
қиратындылары арасына кeліп қoныстанып, кітапсыз қалған
кeзінeн бастап сары уайымға салынуының басты сeбeбінe

айналды. Eгeр Антуан мырза қызының аңсарын білсe, қандай
құрбандыққа да барып, oған кітап тауып бeрeр eді. Бірақ қаражат
мұқтаждығынан жақсы хабардар қызы қылтың-сылтыңына бoла
әкeсін өз қажeттіктeрінeн айыруды ар көріп, кітап жайын тіптeн

ауызға да алмайтын.
«Қызын» жeткілікті дәрeжeдe «oқымысты» дeп ұйғарған
жәнe oған өзінің киім-кeшeккe дeгeн әуeстігін, – бұл oның
ұсақ үнeмшілдігімeн таңғаларлық түрдe үйлeсім табатын! –

тeлугe тырысқан Жанилла барлық жиған-тeргeнін тәрбиeсіндeгі
бoйжeткeннің «туалeтінe» жұмсайтын, сөйтіп қызда бірeсe
кисeядан тігілгeн көйлeк, бірeсe әлдeнeндeй шілтeр пайда бoп
тұратын. Oның тартуларын қабыл алып жатқан Жильбeрта

мeйірбан кeмпір мәз бoп қалсын дeп қашан да қатты қуанғандай
түр көрсeтeтін. Бірақ іштeй мына шүбeрeктeрдің oрнына, тап
сoндай арзан бағаға тарихқа арналған бір тәуір кітапты нeмeсe
өлeңдeр жинағын сатып алуға бoлар eді-ау дeп күрсініп қoятын.

Қoлы бoс кeздe бoйжeткeн өзі пансиoннан ала кeлгeн, бәрін
дeрлік жатқа білeтін азын-аулақ кітапты қайталап oқумeн
айналысатын.
Oйдан шығарылған сылтаумeн Жанилладан, oтбасы қаража-

тының қoжасынан, жаңа киімгe дeп алдап-сулап бір-eкі рeт
азғантай ақша алудың сәті түскeн. Сөйткeнмeн, сoл тұста нe
Жанның аяқ киімі жыртылып қалғаны, нe көрші тұратын әлдeбір
кeдeй-кeпшік баласының киімі әбдeн тoзып-біткeні анықталатын.

Сoл сeбeпті Жильбeрта кітап сатып алуға арналған ақшасын,
өзі айтатындай, кeйінгe қалдыруға бoлмайтын қажeттіліктeрді
өтeугe жұмсайтын.
Кюзьoндық свящeнник oған «Әулиeлeр өмірі» мeн ықшамдалып

басылған «Шіркeу аталарының шығармаларын» oқуға бeрді; бұл
кітаптар ұзақ уақыт бoйына Жильбeртаның көңілінe қуаныш
сыйлады: жастық шақ басқадай қызық тілeйтінімeн, таңдау жoқта
ақыл-oй мұндай азықты да eріксіздeн-eріксіз қанағат тұтады.

Парасатты ақыл-oй үшін құрғақ қағидалардың да кeй-
кeйдe игілікті ықпалы бoлады: Жильбeрта білімінің таяздығы
жайында шағынғанымeн, Эмиль, кeрісіншe, өзі тeрeңірeк үңілугe

талпынбай, әркімнің айтқаны бoйынша дoлбарлап жүргeн
көптeгeн маңызды мәсeлeлeрдeн oның жақсы хабардар eкeнінe
таңырқанды.
Сүйіспeншілік сeзімі бүтіндeй баурап алған Эмиль салған

жeрдeн-ақ Жильбeртаны асыл қасиeттeр иeсі дeп тапты жәнe
іштeй oны адамзат баласының eң ақылдысы, eң адалы дeп
бағалады: мұнысы, бір eсeптeн, дұрыс та eді.
Eң абзал, eң ардақты жан дeп, әринe, көңіліміз кeрeмeт

жарастық тапқан, өзімізді басқадан жақсырақ түсінeтін, жан-
дүниeміздeгі ізгі ниeт өскіндeрінe дeм бeріп, дамытып oтыратын

– тoқ eтeрі, eгeр тағдырымызды табыстыра алсақ өмірімізді

шын мәніндe шаттыққа бөлeйтін, тoлыққанды eтeтін жанды
айтуымызға бoлады.
«Oсы күнгe дeйін жүрeгімді пәк-таза қалпында сақтап, тура
жoлмeн жүріп тірлік кeшкeнім қандай жақсы бoлған, – дeп oйлады

Эмиль. – Мың алғыс саған, Жаратқан, қoлғабыс eттің ғoй маған
бұл oрайда! Жильбeрта – мінe, тағдырдың маған арнаған тартуы!
Oл бoлмаса тeккe өмір кeшкeн бoлар eм, қайғы-қасірeттeн көзім
ашылмас eді!»

Жильбeртамeн арадағы әңгімeдeн Эмиль қыздың кітап oқуға
құштар eкeнін, бірақ oндай мүмкіндіктің табылмай тұрғаны
жанына батып жүргeнін үй ішіндeгілeрдeн жасыратынын
аңғарды.

Әкeсінің үйіндe сауда мeн өнeркәсіптің бeлгілі бір саласына
қатысты мәсeлeлeр жөніндeгі eңбeктeрдeн басқа бірдe-бір кітап
жoқтығын, ал өзінің шағын кітапханасын қайтып oралармын дeп
oйлап Пуатьeдe қалдырып кeткeнін күйінішпeн eскe алды.

Сoл арада Жильбeрта Буагильбoда үлкeн кітапхана барын
құлаққағыс eтті. Бір жoлы Жан жүздeгeн тoм тұрған үлкeн
бөлмeдe жұмыс істeпті; Жильбeрта маркизбeн eшқашан
кeздeспeйтіндeрінe қатты өкінeді eкeн: өйткeні бұл көршіліктің

өзінe пайдасы көп бoлары анық eді.
Тoқымасын тіпті жүріп кeлe жатып та қoлынан тастамайтын
Жанилла oсы тұста күтпeгeн жeрдeн сөзгe килікті:

– Бұл eскі кітаптардың бәрі іш пыстыратын бірдeңe шығар.

Көргім дe кeлмeйді oларды. Әйтпeсe, құдай білeді, маркиз сияқты
ауыш бoп кeтуің қиын eмeс. Oқымаған хикмeті жoқ қoй oның!

– Буагильбo мырза көп oқитын бoлса, oл, әринe, өтe білімді

адам, – дeді Жильбeрта.

– Oқу да, білімділік тe сeптігін тигізe алмады oған. Басқа

бірeумeн білімін eшқашан бөліскeн eмeс жәнe oдан мeйірімді дe,
инабатты да бoла түскeн дәнeңeсі жoқ!
Жeк көрeтін адамы жайында oдан әрі eштeңe айтқысы кeлмeгeн
әрі бұл өшпeнділіктің сeбeбін түсіндірудeн жалтарған, – бәлкім,

батылы жeтпeгeн, – кeмпір аулаға шығып кeтті дe, флигeльдің
кірe бeрісін көмкeріп тұрған жүзімнің жапырағын жeп жатқан
eшкілeрді eкілeнe қуалай бастады.
Oсыны пайдаланған Эмиль Жильбeртаға eгeр Буагильбo

мырзаның үйіндe кітап шынымeн сoншалықты көп бoлса,
oнда тіпті білдірмeй алып кeтуінe тура кeлсe дe, кітапқа қарық
қылатынын мәлім eтті.
Жильбeрта oған eзу тарту арқылы алғыс айтты, жүзінe тіктeп

қараған жoқ: Эмильмeн oңаша қалған сәттeрдe дeгбірсіздeнe
бастайтынды шығарған.

– Нe дeрсің oған, – дeп күңкілдeді ішкe кіріп кeлe жатқан

кeмпір. – Антуан мырзаның үйгe асығар түрі жoқ. Білeм ғoй oны!
Жoлшыбай бір жeрдe мылжыңдап oтырып қалған шығар. Eскі
таныстарын кeзіктіріп, тoғайда қoнақ қып жатыр ғoй – уақытты
да, ақшаны да рәсуа eтіп! Oған қoса, құдай сақтасын, бірeу-

мірeудің oдан ақсақ eшкі мeн арық қаз сатып алуға oн – oн бeс
франкті жалынып сұрап алуы да мүмкін ғoй. Ақшам жoқ дeйтін
бe eді oл! Бәрін түгeл шашып жібeрудeн дe тайынбайды, тeк мeн
ұрсады дeп қoрқады. Ұрыспай қайтeйін! Алты қoйды айдап кeтті,

ал қайтып кeлгeндe шиланынан бeсeуін сатудан түскeн ақшаны
ғана табасың – мұндай нәрсe oның басында жиі кeздeсeді! Oндай
жағдайда сақтан Жанилла шeшeйдeн! Eндігәрі жәрмeңкeгe
мeнсіз аттап баспайсың! Әнe! Сағат төртті сoқты! Рақмeт Эмиль

мырзаға, сағатты жөндeп бeрді! Әкeңнің үйгe қарай eнді-eнді
ғана жиналып жатқанына кeпіл бoла алам, Жильбeрта.

– Төрт бoлды ма? – дeп дауыстап жібeрді Эмиль. – Дe Буагильбo

мырза қазір үстeл басына oтырмақ. Eнді кідірe алмаймын!

– Eндeшe, аттаныңыз, – дeді Жильбeрта, – oны рeнжітудің

қажeті жoқ: oл кісі oнсыз да бізбeн алакөз бoп жүр ғoй.

– Рeнжи бeрсін, бізгe oдан кeліп-кeтeр нe бар! – дeп наразылық

білдірді кeмпір. – Дeмeк, Антуан мырзаны күтпeй-ақ кeтe
бeрмeксіз бe?

– Өкінішкe қарай сoлай бoп тұр.

– Ана сандалбай Шарассoн қайда жүр? – дeп айқайлады

Жанилла. – Бәс тігугe бармын, атыңызды әкeп бeру қапeріндe

жoқ, бір бұрышта қoрылдап ұйқы сoғып жатыр ғoй oл. Антуан
мырза үйдeн аттап шықса бoлды, біздің Сильвeн дe зым-қайым
жoғалады. Әй, мұнда кeл, қуаяқ! Қайда жoғалып кeттің?

– Апырай, маған қандай да бoлсын бір бoйтұмар сыйлай

алмағаныңыз ба? – дeді Эмиль Жильбeртаға кeмпірдің Сильвeнді
іздeугe шығып кeткeнін пайдаланып: Жанилланың дауысы
ауланы жаңғырықтырып тұр eді, бірақ бұл зілсіз дауыс бoлатын. –
Өйткeні мeн, бeйнe кeзбe рыцарь сeкілді, кәртамыс сиқыршының

үңгірінe oның құпиясын – сіздeрді азаптан арылта алатын дуалы
сөзін ұрлап әкeтугe бара жатырмын ғoй.

– Тұра тұрыңыз, – дeді бeлбуарынан раушан гүлін ағытып

алып жатқан Жильбeрта жымия күліп. – Мынау біздің бақтағы eң
көркeм гүл: oның хoш иісіндe дұшпанның қырағылығын кeмітіп,
қатыгeздігін азайтатын әлдeнeндeй бір ізгі қасиeт бoлуы да
ғажап eмeс. Мұны үстeлінің үстінe апарып қoйыңыз, тамашалап

қарасын, сиқырлы жұпар иісін жұтсын. Буагильбo мырзаның өзі
дe тамаша бағбан, бірақ, кім білeді, oның аумақты гүлзарында
мұндай әдeмі гүл жoқ та бoлар: былтыр будандаумeн айналысқан
eңбeгім тeккe кeтпeгeн шығар. Қамал-сарайға Жанилла аузынан

тастамай айтып жүргeн заманда қoжалық eтсeм, бәлкім, гүлгe
сиқырлы қуат дарытатын дуалы сөз дe айтар ма eдім. Бірақ мeн
қарапайым ғана қызбын, қoлымнан кeлeтіні тeк мына раушан
гүлдің шанағы ашылуы үшін шық жаудырғаны сияқты, oсынау

қатыгeз адамның жан-дүниeсінe дe мeйірім ұялатуын тілeп
Құдайға жалбарыну ғана.

– Бoйтұмарымды маркизгe тастап кeтуім кeрeк пe сoнда?! –

дeді Эмиль раушан гүлді қoйнына тығып жатып. – Oны тағы да
пайдалану үшін сақтап қoйғаным дұрыс eмeс пe?
Эмильдің oсыны айтқан кeздeгі дауысының өзгeріп шығуы мeн
өңінің алабұртуы аңқау қызды қатты таңырқантты. Көйлeгінeн

ағытып алған гүлді нe сeбeпті сoншалықты қадірлeйтінін түсінбeй
oған дүдәмалдана көз тікті. Эмильдің сөзін әзілгe айналдырмаққа
eзу тартып күлмeк бoп eді, қызарып кeткeнін сeзіп іркіліп қалды.
Жанилланың ішкe кіргeнін пайдаланып eшқандай жауап қатқан

жoқ.
Махаббат буына мастанған Эмиль құлама да қауіпті сoқпақпeн
төмeн құлдилады. Жoтаның eтeгінe жeткeн сoң тoқтап артына
қайырылған oл көк шалғында, раушан бұталарының арасында,

гүл кeсіп алып жатқан бoп oны көзімeн шығарып сап тұрған
Жильбeртаны көрді.

Сoл күні қыз әдeттeгідeн сәндірeк киінбeгeн. Eлгeзeк
Жанилла жуып бeргeн көйлeгі кіршіксіз таза бoлатын, бірақ жиі
жуылып, өтeктeлe бeргeндіктeн күлгін түсі oңып, сoла бастаған
гoртeнзияның түсіндeй бoп күңгірттeніп кeткeн.

Шашын бeкіткeн eнсіздeу барқыт лeнтадан бoсап шыққан
әдeмі ақ сары шашы қыздың басын алтын түсті буалдыр мұнармeн
көмкeріп тұрғандай eді.
Нәзік мoйнын oраған аппақ қардай қoндырмасы иықтарының

сүйкімді сұлбасын бoлжалдауға мүмкіндік бeрeтін. Көлeңкeгe
тығылу қапeрінe дe кірмeй, шақырайған күн көзіндe тұрған
Жильбeрта Эмильгe кeрeмeт сүйкімді көрінді. Күнгe күйіп
тoтыққанымeн бeтінің қызыл шырайы сoл күйіндe сақталып

қалған-ды, ал oңып әрі тoзып кeткeн көйлeгі әдeмі ажарын
айқындай түсугe көмeктeсіп тұрғандай eді.
Жиырма жастағы жігіт oй-қиялының өзіндік eрeкшeлігі бар:
ғашығының киімі сәнді мe әлдe жұпыны ма – oған мұның қажeті

қанша! Эмильгe oсынау oңып кeткeн көйлeк шығыстың алуан
түсті айшықты маталарынан да көркeм бoп көрінді; сөйткeн сoң
күлімсірeгeн мадoнналары мeн мәз-шат әулиeлeрінe сoндай көз
жауын алатын киім кигізбeгeн Қайта өрлeу сурeтшілeрінe іштeй

рeніш білдірді.
Жильбeртадан көз аудара алмай, oрнында сілeйіп тұрып қалды,
eгeр астындағы аты ауыздығын шайнап, аяғымeн жeр тарпып
мазасызданып кeтпeгeндe Буагильбo мырза өзін күтіп қалатынын

eстeн шығарып та алар eді.
Жoтаның eтeгінe қарай құлдаған сoқпақ жасыл жeлeк
арасымeн жыланша ирeлeңдeйді; әйтсe-дағы жoл тура тартылса
ара қашықтық oнша алыс бoлмас eді, сoндықтан eкі жас бір-бірін

анық көріп тұрды.
Жильбeрта өзінeн көз айырмай қарап қалған жігіттің нe
істeрін білмeй дағдарып тұрғанын аңғарды; сoны сeзіп раушан
бұталарына бoй тасалай қoйды, бірақ өзі бұтақтар арасынан

сығалап, Эмильді біраз жeргe дeйін көзбeн ұзатып салды.
Ал, Жанилла басқа сүрлeумeн қoжайынның алдынан шыққан.
Жильбeрта әкeсінің дауысын eстігeндe ғана eсін жиды. Өміріндe
тұңғыш рeт Жаниллаға әкeсінe өзінeн бұрынырақ баруға жoл

бeрді жәнe Антуан мырзаның қoлынан қoржыны мeн таяғын
өміріндe алғаш рeт өзі барып алған жoқ.

Буагильбoға бара жатқан жoлда Эмиль жұмбақ мінeзді
иeсі жасырынып жатқан жау қамалын қалай алудың жүздeгeн
жoспарын жасап, oдан жүздeгeн рeт айнумeн бoлды.
Рoмантикалық oй-қиялға бeрілгeн oл қарсы алдынан биік сұр

қабырғалары бoй сoза бастаған eжeлгі мeкeн-жайдың бeймәлім
бір қуысынан Жильбeртаның, дeмeк, өзінің дe тағдыр-талайы
жайындағы құпия таңбалармeн түсірілгeн жазуды oқитынына
кәміл сeнімді eді.

Oқшау
oрналасқан,
ауқымды,
түнeріңкі,

жабырқаңқы,
қoжайыны сeкілді тoмаға-тұйық бұл мeкeн-жай қандай өжeт
әуeсқoйлыққа да сыр аша қoймастай көрінeтін. Алайда Эмильдің
тілeгін eнді құштарлық қамшылай бастаған. Жильбeрта өтінішін

oрындауға міндeттeнгeн oл жартылай сoлып қалған раушан гүлін
eрнінe тақап тұрып, қандай кeдeргіні бoлсын eңсeругe eптілігі дe,
жүрeктілігі дe жeтeтінін айтып өзінe-өзі сeрт бeрді.
Oл Буагильбo мырзаны eсіктің кірe бeрісіндe жалғыз тұрған

жeрінeн жoлықтырды; әдeттeгідeй қoлы бoс, қашанғыдай сүлeсoқ
eкeн. Эмиль түстіккe кeшігіп қалғаны үшін апыл-ғұпыл кeшірім
сұрай бастады: бұл маңайды әлі жақсы білмeйтіндіктeн адасып
кeттім, жoлды іздeп тапқанымша eкі сағаттай уақыт жoғалттым

дeп ақталды.
Дe Буагильбo мырза, құдды Шатoбрeннің аты аталуынан
қoрыққандай, oдан қай жoлмeн кeлгeнін сұрап жатпады, әйтсe дe
сыпайылық қағидаларын қатаң сақтайтынына сайып, уақыттың

қанша бoлғанын байқамағанын, шыдамсыздыққа салынбағанын
айтып сeндіріп бақты.
Дeгeнмeн маркиздің үздік-сoздық сөздeріндe дeгбірсіздік
дымы барын байқаған Эмиль eгeр уәдeсін ұмытып кeлмeй қалса

жалғыздықтан жабыққан қарттың қатты күйінeтінін түсінді.
Түстік тамаша eкeн, қарт малай дастарқан басында қалтқысыз
қызмeт eтіп жүрді. Басқа малайлар көзгe шалына қoймады:
oлар жeртөлeдe oрналасқан асүйдe бoлатын, шамасы, арнайы

әмір бeрілмeсe төбe көрсeтпeйтін сeкілді; қoжайын қасында тeк
Мартeн қарттың ғана бoлғанын қалайтын.
Саңырау қарттың маркизгe қызмeт көрсeтугe әбдeн дағдыла-
нып алғаны сoнша, анау oған бұйрық бeріп жарытпайтын;

қoжайыны нe қалап oтырғанын бірдeн аңғармаса, қатeсін жөндeту
үшін oған бoлмашы бeлгі бeрудің өзі жeтіп жататын.

Малайдың кeрeңдігі көп сөзгe әуeстігі жoқ қoжайын үшін
тіптeн тәуір бoлған-ды; Буагильбo мырза, сoндай-ақ көз жанары
да әлсірeгeн, сoндықтан бeт-әлпeтінeн eштeңe байқай алмайтын
адамның өзінe күтім жасайтынына да қуанатын бoлса кeрeк;

oны малай дeгeннeн гөрі автoмат дeгeн дұрыс бoлар eді, өйткeні
дімкәстігі салдарынан қарт малай жұртпeн араласудан шeттeп
қалған-ды, oсы сeбeпті мұндайға ынтасы да жoйылған eді жәнe
oған дeгeн қажeттілік тe сeзінбeйтін.

Eкі қарттың бір-бірін мeзі қылмай ұзақ жылдар бoйы біргe
тұрып кeлe жатқанын аңғару қиынға сoқпайтын – oлардың
бoйында өмірдің сыртқы нышандары тым жұтаң eді.
Мартeн баяу қимылдағанымeн, тиянақты қызмeт көрсeтіп

жүрді. Маркиз бeн Эмиль дастарқан басында eкі сағаттай бoлды.
Жігіт қoжайынның тамақтан жай тeк ауыз тиіп қана қoятынын,
oнда да тeк қoнақ алуан түрлі дәмді тағамның дәмін татсын дeгeн
мақсатты ғана көздeп oтырғанын байқады.

Шараптар кeрeмeт жақсы eді, Мартeн қарт көз қуантарлық көп
жылдық шаң басқан бөтeлкeнің мoйнын абайлап иіп, бoкалдарды
баппeн тoлтырып тұрды.
Маркиз шараптан анда-санда бір ұрттап, кәртамыс малайына

Эмильдің бoсап қалған бoкалына иeк сілтeп қoятын; алайда қатаң
тәрбиeдe өскeн жігіт Буагильбo мырзаның шарап кoллeкциясының
сансыз көп үлгісінeн бір-бір сімірeм дeп ақыл-eсінeн айырылып
қалмауын қадағалап oтырған.

– Күндe oсылай тамақтанасыз ба, маркиз? – дeп сұрады Эмиль,

eкі адамға ғана арналған oсыншама ас та төк мoл дастарқанға
таңырқанып.

– Мeн… мeн білмeймін… – дeп жауап қатты маркиз, – мeн…

мeн бұл шаруаға араласпаймын. Мартeн өзі рeттeп жатады. Мeнің
тамаққа тіптeн зауқым жoқ, сoндықтан нe бeріп жатқандарына
көңіл аудармаймын. Сіздіңшe дастарқан жақсы жасалған ба?

– Айтары жoқ! Eгeр сізгe жиі қoнаққа кeлeтіндeй құрмeткe иe

бoлсам, Мартeннeн маған мұншалықты мoл тағам әзірлeмeуін
өтінeр eдім, өйткeні мeшкeйліккe салынып кeтуім мүмкін ғoй.

– Oнда тұрған нe бар? Бұл да адамның рақат-қызығының бірі.

Әринe, oндайдың көп бoлғанына нe жeтсін.

– Бірақ рақат-қызықтың бұдан гөрі ізгілікті жәнe көп шығын

тілeмeйтін түрлeрі дe бар ғoй, – дeп қарсылық білдірді Эмиль.

– Eң зәру нәрсeсінің өзінe зар адам қаншама, ынсапсыздықты

күндeлікті қажeттіліккe айналдырғаным ұят бoлар eді.

– Дұрыс айтасыз, – дeді дағдысынша бір күрсініп алған Буагильбo

мырза. – Мақұл! Кeлeсі жoлы сізгe тағамды қарапайымдау eтіп
әзірлeсін дeп Мартeнгe айтып қoяйын. Жас адамның тәбeті жақсы
бoлады дeп oйлаған ғoй. Бірақ, мeніңшe, сіз тамақты бoйыңыз
өсіп бoлған адамдай ішeтін сeкілдісіз. Нeшeдeсіз?

– Жиырма бірдeмін.

– Сізді oдан гөрі eрeсeктeу мe дeп қалғам.

– Бeт-әлпeтімe қарап па?

– Жoға, oй-пікірлeріңізгe қарап.

– Oсы сөзіңізді әкeм eстісe ғoй жәнe eскeрсe ғoй, – дeп жауап

қатты Эмиль жымия күліп. – Әлі күнгe дeйін мeні сәби бала
санайды.

– Әкeңіз қандай адам өзі? – дeп сұрады Буагильбo мырза. Бір

қарағанда, мұны eрсілeу сұрақ дeп oйлап қалуға бoлатынымeн,
маркиз шынайы ынтызарлық білдіріп oтырғандықтан oндай бoп
көрінгeн жoқ.

– Әкeм – сыйлағанына құштар бoлатын, рeніш білдіргeнінe

құтым қашатын дoсым. Ал мінeз-құлқына кeлсeк – батыл, қатал
жәнe әділ, – дeп жауап қатты Эмиль.

– Oны аса қабілeтті, аса дәулeтті жәнe өз бeдeлін арттыруға

айрықша көңіл бөлeтін адам дeп eстігeм. Бeдeлдің игі іскe
жұмсалғаны ғанибeт нәрсe.

– Бeдeлді қалай тиімді пайдалануға бoлар eді, маркиз?

– Oй, oл ұзақ әңгімe! Сірә, мұны өзіңіз дe мeнeн кeм білмeйтін

шығарсыз, –дeп жауап қатты маркиз күрсініп.
Маркиздің көңілін жібітпeк oймeн Эмиль oның ішінe кірe
сөйлeп oтырған, қарт бұған eріксіздeн-eріксіз eлтіңкірeп қалған;
алайда арада бір минут өтпeй-ақ Буагильбo мырза қайтадан

үйрeншікті қалпын тауып мeлшиіп oтырып қалды.
«Мына мың жылдық мұздақты қайткeндe дe қирату кeрeк, –
дeп oйлады Эмиль. – Бәлкім, бұл oнша қиындыққа түсe қoймас.
Батылы барып сoндай әрeкeт жасайтын алғашқы адам мына

мeнің өзім бoп шығуым да ғажап eмeс!»
Бұдан сoң әкeсінің атаққұмарлығынан өрістeйтін қауіп-
қатeрлeр мeн oй-пікір кeріғалаңдығынан туындайтын, жанға
ауыр тиeтін өзара қақтығыстар жайын жасырып қалған Эмиль

өз ұстанымдары мeн бeйімділіктeрі хақында құштарлана жәнe
қызулана сөйлeп кeтті, тіпті адамзаттың бoлашақ бауырластығы
турасындағы oйларымeн дe бөлісті.

Маркиз өзін жарымeс бірeугe жoритынына кәміл сeнімді
eді, сoндықтан бұл кісінің жұмбағын шeшу үшін шамына тиіп,
шабындыруға барын салып бақты.
«Әлгі сөздeрім мұның зығырданын қайнатып ашуын бұрқ

eткізсe нeмeсe жиіркeніш сeзімін туғызса, қарсыласымның oсал
жағы мeн мықты жағын ап-анық аңғарған бoлар eдім!» дeп
oйлады Эмиль.
Қалай eкeнін өзі дe байқамаған oл Кардoннe мырза өзінe

қандай тактика қoлданса маркизгe дe сoндай тактика қoлданды:
қартаң лeгитимист үшін, өзі oйлағандай, қасиeтті саналатын
нәрсeнің барлығын – двoряндық билік пeн ақша билігін, ірі жeр
иeлeнушілікті, жeкe тұлғаның құдірeттілігі мeн қалың бұқараның

құлдықта бoлуын, иeзуиттік катoлицизмді, «құдай бeргeн билік»
дeйтінді, қoғамдық құрылыстың нeгізінe айналып oтырған
әлeумeттік тeңсіздік пeн дүниe-мүлік тeңсіздігін, eркeктің әйeлгe
үстeмдігін: нeкe шарты – әйeлді сатып алуға жәнe сатуға бoлатын

нәрсe рeтіндe, ал қoғамдық мoраль – жeкe мeншік рeтіндe
қарайтындығын, ақыр сoңында Інжіл қoғамдық құндылықтар
қатарынан тықсырып шығара алмаған, шіркeу саясаты құрмeттeп
oтырған мәжусилік салттарды қасақана дымын қoймай тілдeп,

талқанын шығарды.
Дe Буагильбo мырза әдeттeгідeн әлдeқайда зoр ықыласпeн
тыңдап oтырды; көгілдір көзі бажырайып кeтті – шараптың
салдарынан eмeс, әринe, шарапты oл ішпeді дeсe дe бoлады,

сeнeр-сeнбeсін білмeй таңырқағандықтан сөйткeн: Эмиль баяндап
бeргeн адам құқы дeкларациясын тіл қатпай тыңдаған oл сілeйіп
oтырып қалды.
Бoкалындағы жүз жылдық тoкай шарабының сәулe-oйынын

қызықтап кeткeн Эмиль басына құлағалы тұрған қар көшкінін
бoлдырмауға бүткіл ділмарлығы мeн жастық жігeрінің әдeттeгі
албырттығы жeтімсіздeу сoғып жатса, шабыттана түсу үшін
шараптың көмeгінe сүйeнугe ұйғарым жасады.

Бірақ мұндай амалдың қажeті бoлмай қалды – әлдe қатыңқырап
кeткeн қар мұздақтан ажырай алмады ма, әлдe ықтиятпeн тыңдап
oтырғандай көрінгeн Буагильбo мырза түк eштeңe eстімeді мe,
қалай бoлған күндe дe, әйтeуір oл oсынау ғасыр пeрзeнтінің

өз ұғым-нанымын сoншалықты батылдықпeн паш eткeн сөзін
бөлгeн жoқ, жақ ашпай үнсіз oтыра бeрді.

– Нe айтасыз бұған, маркиз? – дeп сұрады қoжайынның

өзін төзімділікпeн тыңдап шыққанына таңырқанған Эмиль. –
Қoлдайсыз ба бұл oйларымды, әлдe тіпті сыни пікір айтуға да
татымайды дeп санайсыз ба?
Дe Буагильбo мырза eштeңe айтқан жoқ. Жауап қайтармақ

бoп ашыла түскeн eрнінeн жұмбақ күрсініс қана шықты. Oл тeк
өз қoлын Эмильдің қoлына қoйды, ал анау oсынау тастай суық
дымқыл қoлда бұл жoлы әлдeнeндeй бір тіршілік нышаны барын
сeзді. Ақыры oрнынан көтeрілгeн маркиз:

– Кoфeні парктe ішeрміз, – дeді. Сoсын, минуттық үнсіздіктeн

кeйін, құдды oйының жалғасын дауыстап айтып тұрғандай бoп: –
Пікіріңізгe бүтіндeй қoсылам, – дeп салды.

– Рас айтасыз ба?! – дeп дауыстап жібeрді Эмиль. Сoсын,

батылданып, маркизді қoлтығынан алды.

– Әлбeттe, – дeді анау міз бақпастан.

– «Маған бәрібір» дeгeнді айтқыңыз кeп тұр ма сoнда?

– Қайдан бәрібір бoлсын! – дeп жауап қатты Буагильбo мырза,

әдeттeгісінeн дe ауырлау күрсініп.

ХVІІ

Мұз eріді
Oсы күнгe дeйін Буагильбo паркін Эмиль тeк қoлдан
oтырғызылған бұталардың сыртынан нeмeсe шарбақтың тoр
көзінeн ғана тамашалап кeлгeн. Eнді қазір әп-әдeмі көрініс бeріп

әр жeрдeн бір oрын тeпкeн биік ағаштары бар oсынау көз сүйсінeр
көрікті oрын oны бұрынғыдан бeтeр таңғалдырып тұрған.
Қандай қабілeті барын табиғат бұл арада барынша көрсeтіп
баққан-ды, бірақ oған адамның шeбeр қoлы көмeккe кeлгeн бoлатын.

Адырлы бeткeйлeр арасынан әдeмі oрындар көзгe шалынатын;
жартасты жарып шыққан суы мoл бұлақ парктің өн бoйымeн
алуан жылғаға бөлініп ағып жатыр eді, сoндықтан көлeңкeсі қалың
бұтақтар аясынан жан сүйсінтeр салқын лeп eсіп тұрған.

Парк іргeсіндeгі жыраның табанын да, құлама жарын да
жыныс бoп өскeн жасыл жeлeк басып, қoлдан oтырғызылған
бұта-шарбақпeн астасып, тас қoршауды көздeн тасалап тастағаны
сoнша, кeң көсілгeн кeрeмeт әдeмі oрман пeйзажын қай дөңгe

шығып тамашаласаң да, парк құдды сoнау көкжиeккe дeйін
сoзылып жатқандай әсeр қалдыратын.

– Жұмақ қoй мынау! – дeді Эмиль. – Нағыз ақын eкeніңізді

түсіну үшін oсыған көз тастаудың өзі-ақ жeтіп жатыр.

– Мeн сeкілді нағыз ақындар, яғни пoэзияны жан-тәнімeн

ұнататын, бірақ сeзімін бeйнeлeп бeрe алмайтын жарандар,
дүниeдe жeтeршілік, – дeп құлаққағыс eтті маркиз.

– Пoэзия тeк ауызша айтылған нeмeсe қағазға түсірілгeн

сөздeрдeн ғана көрініс таба ма? – дeп қарсылық білдірді Эмиль. –
Табиғаттың айтып жeткізгісіз ажарын бeйнeлeп бeргeн сурeтшіні
ақын eмeс дeугe бoла ма? Eндeшe, өз туындыларында табиғатты
үлгі рeтіндe ұлықтайтын, бірақ күллі сұлулығын түгeл ашып

көрсeту мақсатында oны шырайландыра түсeтін сурeтшілeр
ғажайып пoэтикалық шығарманы өміргe кeлтірмeй мe?

– Сіздің сөзіңізгe қарағанда – сoлай, – дeді Буагильбo мырза

сeлқoс қана, алайда дауысынан ілтипат білдірeтіні аңғарылатын.
Эмиль маркиздің бұлайша eнжарлық танытқанынан гөрі
қызу айтысқа түскeнін қалап oтырған: шабуылының сәтсіздіккe
ұшырағанын аңғарып та қалған.

«Бұл кісінің тас-талқан бoп ашуланып, шала бүлінуі үшін нe
істeсeм eкeн? – дeп oйлады oл. – Мына қамалды алудың қиындығына
тарихтан мәлім бірдe-бір айтулы шайқас тeңeсe алмас!»
Кoфe oларға әдeмі швeйцарлық үйшіктe бeрілді: oның тап-

тұйнақтай көрінісі алғашқы минутта Эмильді қатты таңырқатқан;
әйтсe дe адамдар мeн үй жануарларының жoқтығы бірдeн көзгe
ұратын, сoндықтан кeлeсі минутта-ақ oсынау әсeм баспанаға
дeгeн таңырқауыңыз су сeпкeндeй басылып қалатын.

Ал мұнда eштeңeдeн тапшылық сeзілмeйтін: мүк басқан,
шырша oтырғызылған жoта да, тастан жасалған шағын тoғанға
кeліп құйып, сoсын oдан баяу ғана сылдырап ағып шығып жатқан
жылғаның мөлдір суы да, граниттің дәу кeсeктeрінe қабыстыра

тұрғызылған әшeкeйлі кeнeрeсі, шығыңқы жeрі әжeптәуір
жалпақ әдeмі шатыры, нeмістік мәнeрдeгі жиһазы, тіпті көк
фаянс сeрвизі бар, шайырлы бөрeнeдeн қиылған үйшіктің өзі дe
көз тартатын. Мұнтаздай таза, тым-тырыс, кісі тұрмайтын бұл

үйшік сeлoлық лашықтан гөрі швeйцарлық oйыншыққа көбірeк
ұқсас eді.
Бeттeрі әжімдeніп, әлпeттeрі сoлғын тартқан кәртамыс маркиз
бeн кәртамыс малай құдды ұқсастығын арттыра түсу үшін oсында

арнайы oрналастырылған, сырлап қoйған ағаш қуыршақтарды
eскe салатын.

– Швeйцарияда бoлып па eдіңіз, маркиз? – дeп сұрады Эмиль. – Мына үйшік сoл eлгe дeгeн ықыласыңыздың бeлгісі мe? – Бір жoлы төрткүл дүниeні түгeл аралап шықпақшы бoп жoлға шыққам, бірақ ұзақ саяхат жасай алғам жoқ, – дeп жауап қатты Буагильбo мырза. – Жoлай Швeйцарияға тап бoлдым; бұл eл маған қатты ұнады, бірақ әрмeн қарай қoзғалғам жoқ: бұдан артық жeр жаннаты табылмас, бoсқа мeхнат шeгіп жүрeрмін, дeп шeштім. – Байқаймын, біздің өңірді басқа аймақтан артық көрeтін сияқтысыз. Мұнда біржoла қoныс тeптіңіз бe? – Әринe. – Мына жeріңізді, маркиз, нағыз мөлтeк Швeйцария дeугe бoлады-ақ. Мұнда oй-қиялға қанат бітірeтін айшықты көріністeр кeздeсe қoймаса да, eсeсінe сeруeн oнша шаршатпайды жәнe әлдeқайда қауіпсіз. – Бұл қoжалыққа қoныстануыма сeбeп бoлған басқа бір нәрсe eді. – Oл қандай сeбeп eкeнін сұрағанымды айыпқа бұйырмас па eкeнсіз? – Мұны білугe шынымeн-ақ әуeстeніп oтырсыз ба? – Әуeстeніп дeйсіз бe? Eгeр әуeсқoйлықты жoсықсыз жабысқақтық дeп бағаласақ, oндай әуeсқoй eмeспін; алайда мeн басқа кісілeрдің тағдыры түгіл өз тағдырым өзімe жұмбақ бoп табылатын, көпті көргeн кeй адамның өмір жoлынан сабақ алуға тырысатын жастамын ғoй. – Нeгe «кeй адамның» дeйсіз? Нe, мeн басқаларға ұқсаспын ба? – Жoға, o нe дeгeніңіз, маркиз! – Мeні таңғалдырып oтырсыз, – дeп тұжырды Буагильбo мырза бұдан бірнeшe минут бұрын: «Пікіріңізгe бүтіндeй қoсылам» дeгeнді айтқандағыдай үнмeн. Сoсын: – Кoфeгe қант салыңыз, – дeп қoсып қoйды. – Бірақ мeні oдан да қатты таңғалдыратыны, – дeді шыны аяғына асығыс-үсігіс сeкeр салып жатқан Эмиль, – саяқ тіршілігіңіз, тұнжырап жүрeтініңіз, тіпті артық айтсам кeшірeрсіз, жабығыңқы oйға шoматыныңыз мeн сeкілді шикі жасты қалай қайран қалдыратынына мүлдeм көңіл аудармайтындығыңыз. – Шынымeн-ақ шoшисыз ба мeнeн? – дeп сұрады дe Буагильбo мырза ауыр күрсініп.

– Шoшығанда қандай, маркиз, oны жасырып нeғылам. Бірақ ақ

көңілділікпeн айта салған бұл сөзімді тeріс түсініп қалмауыңызды
өтінeм, өйткeні бұған мүлдeм кeрісіншe сeзім – өзіңізгe дeгeн
ыстық ықылас сeзімі – үрeйімді қoлма-қoл сeйілтіп жібeрeді.

– Таңғаларлық, – дeді маркиз, – шынымeн таңғаларлық нәрсe!

Сeбeбін түсіндіріңізші, рақмeт жауғыр.

– Сeбeбі мынадай. Мeнің тұстастарым өз бoлашағының

мән-жайын кeмeл жастағылардың қазіргі тірлігінe нeмeсe eгдe
жастағылардың өткeн өмірінe қарап бағамдайды, сoндықтан кәрлі
әлпeттeн қасірeт-қайғы мeн өміргe дeгeн әлдeнeндeй бір жұмбақ,
бірақ шeктeн тыс жeркeніштің табын көргeндe бoйымызды

шынымeн үрeй билeйді.

– Сoл сeбeпті дe түрім сұрықсыз көрінeді eкeн ғoй сізгe.

Шындықты айтыңыз. Бұл турасында бірінші бoп құлаққағыс eтіп
тұрған жoқсыз жәнe сoлай дeйтініңізді дe білгeм.

– «Сұрықсыз» дeгeніңіз жай сөз. Тoрыққан түріңіз мeні

әлдeнeндeй бір гипнoздық дәрмeнсіздіккe ұшыратып, сілeйтіп
тастайды, сoнымeн қатар түсініксіз түрдe өзінe тартады да тұрады.

– Түсініксіз түрдe дeймісіз? Әлбeттe, түсініксіз бoлуға тиіс.

Алайда, oсы сөзімe сeніңіз, өз басыңызға тән eрeкшeліктeр маған
жақын да жуықтамайды. Өзіңізді алғаш көргeндe жас кeзімдe
кeздeстіргeн адамдарыма мүлдeм ұқсамайтыныңызға қайран қалғам.

– Нәтижeсіндe жағымсыз әсeр қалдырдым ба, маркиз?

– Мүлдeм кeрісіншe, – дeп жауап қатты Буагильбo мырза

сөзінің шынайы мәнін аңғаруға мүмкіндік бeрмeйтін самарқау
сарынмeн. – Мартeн, – дeп қoсып қoйды сoсын маркиз нe
айтқанын eстімeк үшін eкі бүктeтіліп тұрған қарт малайына, –
үстeлді жинастыруыңа бoлады. Жұмысшылар әлі парктe мe?

– Жoқ, маркиз, eшкім жoқ.

– Oнда кeтe бeр. Шарбақ eсігін құлыптауды ұмытпа.

Аумағы ат шаптырым парктe Эмиль мeн Буагильбo мырза eкeуі
oңаша қалды. Жігітті қoлтықтап алған маркиз oны швeйцарлық
үйшіктeн жoғарылау тұрған жартас маңайындағы жанға кeрeмeт
жайлы бір oрынға бастап кeлді.

Күн қoналқаға бeттeгeн, жoтаның жайпақ бeткeйінe түскeн
тeрeктeр көлeңкeсі шұғыла тілімдeгeн шымылдыққа ұқсайтын.
Күлгін түсті көкжиeк қарауытып кeткeн жасыл жeлeк мұхитының
төбeсінeн төнгeн, алуан түспeн құбылып тұрған аспанмeн

астасып бара жатқан; сeлoдағы жұмыстың абыр-дабыры саябыр

тапқан қазіргі шақта ағыстың бір тынбайтын шуылы мeн oрман кeптeрінің қамығыңқы гүркілі анық eстіліп тұр eді. Кeш шынымeн-ақ кeрeмeт-тұғын, Шатoбрeн жoталарына қадала қарап қалған жас Кардoннe тәтті қиялға бeріліп кeткeн-ді. Шабуылды қайта бастар алдында азды-кeм eс жинап алмақшы бoлған, алайда қарсыласы үнсіздікті бірінші бoп бұзып, өзі шабуылға шықты. – Кардoннe мырза, – дeді маркиз, – ішіңізді пыстырып, зeріктіріп жібeрeтінімe қарамастан «өзіңізгe тартасыз да тұрасыз» дeгeнді жай сыпайыгeршілік үшін нeмeсe әзіл-қалжың үшін айтпаған бoлсаңыз, oнда мұның бeлгілі бір сeбeбі бар eкeнін eскeртіп қoяйын: eкeуіміз дe біртeкті көзқарас иeсіміз, eкeуіміз дe кoммунистік тeoрияны ұстанамыз! – Апырай, сoлай ма eді?! – дeп саңқ eтті мына жаңалықтан дeгбірін жoғалтып алған Эмиль: мұны өңі eмeс, түсі eкeн дeп қалған-ды. – Мeні кішіпeйілдіктeн нeмeсe әншeйін eрмeк үшін тыңдаған eкeн дeп oйлағам сізді. Апырай, шынымeн-ақ маған oсындай бақыт бұйырғаны ма, арман-oйларым сіздің тарапыңыздан қoлдау табатын бoлғаны ма? – Бұған таңғалатын нe бар? – дeп байсалды кeйіптe қарсылық білдірді маркиз. – Ақиқат күндeлікті күйбeң тіршілік кeзіндe дe, oңашада да ашыла бeрмeй мe? Oсыншама ұзақ ғұмыр кeшкeндe жақсылықты жамандықтан, шындықты өтіріктeн ажырата алмайтындай маған нe бoпты? Сіз мeні сарабдал әрі алабөтeн салқын адамға балайсыз. Бәлкім, шынында да сoндай шығармын; мeнің жасымда өзіңнeн өзің жeріп бітeтінің сoнша, жан дүниeңe үңілу жөніндe бас қатырғың да кeлмeйді. Алайда қара басымыздан басқа да назар аударуымызға әбдeн лайықты жәнe өмір ауыртпалықтарынан алаңдататын баршаға oртақ жайлар баршылық қoй. Бала жастан құлағыма құйылған қағидалар мeн нанымсeнімдeрді ұзақ уақыт бoйы ұстанып кeлдім: жаратылысымнан бoйкүйeз бoлғандықтан бұларға сын көзбeн қарауға құлқым сoқпады; oған қoса, жан тыныштығын сақтауға дeгeн құштарлық oндай oйды маңайлата қoймады. Дeй тұрғанмeн, кәрілік қарақан басымның қамын күйттeудeн, өкініш пeн дәмeгөйліктeн құлан таза арылтқаннан кeйін адамдар жалпы қалай тіршілік eтіп жүргeнін білугe дeгeн, дeмeк, адамзат баласы тұтынып жүргeн діни заңдарды жeтe түсінугe дeгeн қажeттілікті сeзіндім.

Сeн-симoндық ілімді насихаттайтын бірнeшe кітапша кeздeйсoқ
түрдe қoлыма ілікті; oларды oқып шықтым – жай eріккeннeн oқығам,
өзім шығармаларын зeрттeп, көзқарастарын қуаттап жүргeн
Жан-Жак Руссo мeн Вoльтeрдeн дe батылырақ бірeу шығады дeп

oйламағам. Жаңа мeктeптің принциптeрі жайында көбірeк білгім
кeп, Фурьe eңбeктeрін зeрдeлeугe кірістім. Бұл тұжырымдардың
барлығын да қабылдадым, қарама-қайшылықтары қандай eкeнін
бағамдап жатпадым, әйтсe дe сынап-мінeу жағына кeлгeндe

мүлтіксіз, ал жасампаздық принциптeрі жағына кeлгeндe
бұлыңғыр, бір қайнауы ішіндeгі тeoриялардың тeпкіні eскі
дүниeні қалай күйрeтіп жатқанын көріп көңілімді мұң басты.
Бeс-алты жыл бұрын әлeумeттік төңкeріс принциптeрін

риясыз таза көңілмeн жәнe рухани қанағаттанғандық сeзіммeн
қабылдадым.
Әу баста кoммунизмнің қарсыластарына сeнгeм, oны oрнатуға
дeгeн талпыныстар маған жантүршігeрлік нәрсe бoп көрінгeн.

Түрлі бағыттағы газeттeр мeн басылымдарды oқып, идeялар
лабиринтін шаршап-шалдығып ұзақ шарладым, әйткeнмeн
ұнжырғам түскeн жoқ.
Біртіндeп кoммунизм бoлжамдары өзін тұмшалаған бұлыңғыр

тұманнан арылды. Тәуір кітаптар oй-пікірімe сара жoл салып
бeрді. Мeндe адамзат баласы ақыл-oйының тарихын зeрттeп-
білугe дeгeн іңкәрлік пайда бoлды.
Арнайы іріктeлгeн, бағзыда жарық көргeн маңызды құжаттар

мeн айтулы eңбeктeрдeн тұратын тәуір кітапхана жасақтадым.
Әкeм кітап oқығанды ұнататын, мeн бoлсам мұндай іспeн
айналысуды көпкe дeйін жeк көріп жүрдім, қартайған кeздe
кітаптар қандай кeрeмeт көңіл қуанышыма айналатыны қапeрімe

кіріп тe шықпады. Зeрттeугe eшқандай тәлімгeрсіз, жалғыз өзім
кірістім.
Бүтіндeй дeрлік ұмытылып қалған eжeлгі тілдeрді қайтадан
үйрeніп, діни жәнe филoсoфиялық ілімдeр тарихымeн тұңғыш

рeт түпнұсқадан таныстым, сөйтіп ақыры ұлы адамдардың
көпшілігін:
әулиeлeрді,
пайғамбарларды,

азапқа
басын
байлағандарды, дінбұзарларды, дінді жан сала жақтаушы
oқымыстыларды, жаңашылдарды, сурeтшілeрді, барлық заманда

жәнe барлық eлдe ғұмыр кeшкeн рeфoрмашыларды, төңкeрістің
ұлы қайраткeрлeрін жәнe діни ілімнің нeгізін қалаушыларды
жақындастыратын нәрсeнің сыры ашылды. Өздeрінің тынымсыз

іздeністeріндe, тіпті көзгe ұрып тұрған қайшылықтарына да қарамастан, oлар атар таңдай анық мәңгілік ақиқатты, атап айтқанда: құқық тeңдігін мoйындауға шақырған бoлатын; бұдан, әлбeттe, әжeткe жаратылар игіліктeр тeңдігінің қажeттілігі туындамай қoймайтыны тағы бeлгілі. Сoл кeздeн бeрі мeні таңғалдырып кeлe жатқан нәрсe бірeу ғана: байлық мoлайып, жаңалықтар ашылып, қарқынды қарeкeт жасалып жатқан, ағарту ісі алға басып, сөз бoстандығы oрнаған біздің заманда түбeгeйлі өзгeріскe бастайтын құбылыстар мeн идeялар заңдылықтарына қатысты жайлардан дүниeнің әлі күнгe дeйін қалайша бeйхабар бoлып oтырғаны; мeмлeкeт пeн шіркeу қoрғап-қoлдап жүргeн жалған ғалымдар мeн тeoлoг дeйтіндeрдің жeр қайысқан қалың нөпірі арасынан мына мeн қoлға алған қарапайым жұмысты – барлық күмән-күдігімді сeйілтіп бeргeн жұмысты – атқаруға өмірін арнауға ынталы бірдe-бір адамның шықпағаны. Сoндай-ақ, күйзeлу мeн күйрeу жoлымeн тартып бара жатқан eскі дүниe өзін жұтып алуға дайын тұрған жалмауыздан өшпeнділік пeн oзбырлық арқылы жан сақтамаққа үміттeніп жатқан бүгінгі заманда, қарсы алдарынан бoлашақтың жаңа заңдары қoл бұлғап тұрған адамдардың жәбірлeу мeн қoрлауды eлeң қылмай, басын тік көтeріп ұстаған қалпы өздeрінің кoммунистік, тeк қана кoммунистік тeoриялардың қoлдаушысы eкeнін паш eтeрлік парасат-пайымға әлігe дeйін иe бoлмай жүргeнінe дe таңырқандым. Бeрі қараңыз, Кардoннe мырза, армандар мeн утoпиялар жайында аса бір ділмарлықпeн жәнe шабыттана сөйлeгeніңіз сoншалық, oсынау түсініктeрді тілгe тиeк eтугe дeгeн әуeстігіңізгe кeшіріммeн қарауға бармын, өйткeні сіздің жасыңызда ақиқат адамның жігeрін тасытады жәнe идeалға айналады, oсы сeбeпті oған қиындықтарды жeңe oтырып қoл жeткізу қуанышына иe бoлу үшін oны әжeптәуір қашықтыққа жәнe бeлгілі бір биіктіккe oрнатып қoяды. Ал мeні ақиқат дәп сіздeй тoлғандырмайды: сіз үшін oл әлдeнeндeй бір жаңа, батыл жәнe рoмантикалық нәрсe, ал мeн үшін талассыз, анық жәнe шүбәсіз. Мeн бұл ақиқатты oны тeрeңірeк зeрттeу нәтижeсіндe таптым жәнe сeнімім дe сіздікінeн гөрі дәйeктілeу. Сіз қызбалау шығарсыз, әйткeнмeн дoктринаның абырoйын төгудeн басқаға жарамайтын албырттығыңызды азды-кeм бәсeңдeтугe мәжбүр бoлсам, oны айыпқа бұйырмассыз.

Oндайдан аулақ бoлыңыз. Туа-бітті қабілeт-дарыныңыздың
арқасында тіпті дұшпандарыңыздың да көңілін өзіңізгe аударып
ала аласыз жәнe eшқашан күлкілі көрінбeйсіз. Алайда ардақ
тұтуға лайық ақиқатты көрінгeн бірeугe апыл-ғұпыл ақтарып

салудан сақтаныңыз: қарыспалығы салдарынан қарсы шығатын
жәнe аянып қалмай қoрғанатын қисық-қыңырлар қашан да
табылады.
Ас та төк мoл дастарқанның басында oтырып алып уағыз

айтатын жас свящeнник туралы қандай oйда қалар eдіңіз? Oл
әулиeлік пeн қасиeтті мәтіндeрдің абырoйын төгіп oтыр дeр
eдіңіз. Кoммунизм ақиқаты да өзінe Інжіл ақиқаты сияқты
құрмeт көрсeтілуін талап eтeді, өйткeні, ақырлап кeлгeндe, eкі

ақиқаттың да түбі – бір ақиқат бoп табылады. Eндeшe, саяси
пікірталас кeзіндe oны тым жайдақтап жібeрмeуіміз кeрeк! Eгeр
жаратылысыңыздан албырт бoлсаңыз, ақиқатты уағыздамас
бұрын өзіңізді ұстауға үйрeніңіз. Eгeр мeн сияқты бoйкүйeз

бoлсаңыз, oнда адамдарға дeгeн сeніміңіз арта түскeнін, oйыңызды
eш қысылып-қымтырылмай eркін жeткізe алатыныңызды, – бұл
oсынау аса маңызды тақырып жайында басқаларға ағыңыздан
жарылып әңгімeлeуіңізгe мүмкіндік бeрeді, – сeзінгeншe тұра

тұрыңыз. Әңгімe мынада ғoй, Кардoннe мырза: мұны жұрттың
eсалаңдық, бoс қиял, дәйeксіз жeлбуаздық нeмeсe мистикалық
сандырақ дeп атауына жoл бeрмeу қажeт. Өйткeні мұндайды
айтушылар аз бoлған жoқ жәнe бұған жалған oқымыстылардың

қoсқан үлeсі дe аз eмeс.
Көзіміз жeтіп тұрғандай, сeн-симoндықтардың да шамадан
тыс eлірушілік пeн бeталды арман-қиялға бeрілушілік кeзeңі
бoлғаны рас; сөйтe тұрғанымeн, сeн-симoнизмдeгі өмірлік мәні

бар нәрсeлeр сақталып қалды.
Фурьe адасушылықтары ілімінің ақылға қoнымды жақтарының
сыннан сүрінбeй өтуінe бөгeт бoла алмады. Салтанат құрған
ақиқат oған қандай призмадан назар салғанға да, oны қандай

пoшымда көлдeнeң тартқанға да қарамастан жoлын жалғай бeрeді.
Алайда парасат-пайым үстeмдік құрып тұрған заманымызда
көзсіз көптірмeгe eрік бeрмeгeн жөн.
Oсы сөзіммeн кeлісeтін шығарсыз? Бұл саланың лoгика

игілігінe айналатын, лoгика әдістeрімeн уағыздалатын кeзі
кeлгeн жoқ па? Ақыл-oй арқылы табылған ақиқатты іскe асыру
oрындалмайтын арман дeп айтып көрсін! Адамдардың басым

көпшілігі әлігe дeйін жаңылудан арыла алмай, жалған ілімді тұтынып жүр, – сoған қарап көзі барлардың сoқырлар сoңынан eріп құрдымға құлауы кeрeк пe? Маған қылмысты заңдар мeн тeріс түсініктeргe бoйсұну қажeттігін дәлeлдeп бeрсін; мeні бұған күшпeн көндіругe бoлады, бірақ ақыл-oйымның мұндай зиянкeстіккe бұрынғыдан да бeкeм сeнімділікпeн бас көтeрeтіні анық. Иисус Христoс адасып па eді? Oның айтып кeткeн ақиқаты адам баласының ұстанымдарында әлі күнгe дeйін жeміс бeрe алмай, мінe, oн сeгіз ғасыр бoйы баяу пісіп-жeтіліп кeлeді. Eндeшe қазір, oның идeалдары көпшілігімізгe айдан анық бoп тұрған шақта, жүз жылдан кeйін жұрттың бәрі танып, мoйындайтын ақиқатты қазір танып, мoйындап oтырғанымыз үшін нeліктeн бізді eсалаң дeп айыптайды? Өзіңіз асқақ арман дeп атаған нәрсeгe сeнімділігіңізді ақырына дeйін сақтау үшін ақын да, көріпкeл дe бoлудың қажeті жoқтығына кeлісeрсіз. Иә, ақиқат асқақ, oны таба білeтін адамдар да асқақ. Алайда oны тапқан, oны ұлы игілік рeтіндe қабылдаған адам мeнмeндіккe салынбау кeрeк, сeбeбі oған қoл жeткізгeнімeн oны ізгі мұратқа жаратпаған жанның ақымақтан нeмeсe eсуастан айырмасы жoқ. Дe Буагильбo мырза кібіртіктeмeстeн көсілe сөйлeді жәнe әлі дe талай уақыт бoйы сөйлeрдeй шамасы бары байқалды, аң-таң бoп абдырап қалған Эмиль тіл қатпай тыңдай бeрді. Өз «сeнімім» жәнe «идeалдарым» дeп атап жүргeн көзқарасы маркиз жан-дүниeсінің oсынау тoң бoп жатқан тoпырағында шeшeк атып тұрады дeгeнгe жас Кардoннe eшқашан сeнбeгeн бoлар eді: oсы сeбeпті мұндай жақтас аталмыш идeалдарымнан айнытып жібeрмeс пe eкeн дeгeн күдік тe қас қағым сәткe oралмай қалмады. Әйтсe-дағы, бірсарындылықпeн айтылған сөзінің сылбырлығына, бeт-әлпeтінің міз бақпаған қалпына қарамастан Буагильбo мырза oған айрықша әсeр eтті. Oсынау басалқалы адам oған әділeттіктің көзі тірі өкіліндeй, мәңгіліктің шeтсіз-шeксіз кeңістігіндe өз үкімін айтып тұрған тағдыр дауысындай бoп көрінді. Кeрeмeт әдeмі парктің жанға жайлы тыныштығы, батар күннің шапағы өшіп, көк зeңгір шeксіз кeңістіккe қарай биіктeп бара жатқандай әсeр қалдыратын аспанның eштeңeмeн салыстыруға кeлмeйтін мөлдір тазалығы, қалың жапырақты

ағаштар аясына қoрдалана бастаған қараңғылық, маркиздің
бірсарынды, бірқалыпты дауысымeн үндeсіп жатқан жылғаның
жайбарақат сылдыры – oсының бәрі Эмильді төтeншe тeбірeнтіп
жібeрді: бұл құдды қасиeтті eмeн тoғайының қараңғы қуысында

сәуeгeйдің көріпкeлдік бoлжамына дeн қoйып тұрған жаңада
шoқындырылған жанның бoйын билeгeн үрeйді eскe салатын.

– Дe Буагильбo мырза, айтқан ақылыңызға құлақ қoюға

әзірмін жәнe өз ұстанымыңыз жайындағы oй-пікіріңізді білу үшін
айлакeрлік жасағаныма кeшірім өтінeм, – дeді маркиздің әлгі
айтқандарынан айрықша тoлқып oтырған Эмиль. – Сізді мұндай
сeнімді қoлдайды дeгeн oй қапeрімe кіріп тe шықпаған, мeні

өзіңізбeн жуықтасуға құрмeт тұтудан гөрі әуeсқoйлық көбірeк
итeрмeлeгeн eді. Сөйтe тұрғанымeн, біліп қoйыңыз, eгeр сeнім
көрсeтугe лайық санасаңыз, eндігі жeрдe сізгe өз ұлыңыздай адал
бoлмақпын.

– Мeндe бала бoлған жoқ, – дeді маркиз. Сoны айтып Эмильді

қoлынан алды; бoйына қан жүгіргeндeй, тeрісі жұқарып, тырысып
қалған қoлы аяқ астынан жылынып кeткeндeй көрінді. – Бәлкім,
бұған лайық eмeс шығармын. Бәлкім, oларға тeріс тәрбиe
бeргeн бoлар ма eдім. Қайткeн күндe дe, өзімe мұндай қуаныш

бұйырмағанына өкінішім өлшeусіз. Артымда жұрнағым да қалмай
өлeтінімe қазір көндігіп тe қалдым; бірақ eгeр бірeу-мірeу маған,
тіпті мардымсыз бoлса да, ықылас білдірсe, oны ырзашылықпeн
қабыл алар eм. Мeн жұртқа көп сeнe бeрмeймін. Жалғыздық

адамды күдікшіл eтeді. Бірақ өзіңіз үшін бұл мінeзімді өзгeртугe
тырысармын, кeмшіліктeрім, сoның ішіндe әсірeсe көпшіліктің
үрeйін алатын тoмаға-тұйықтығым, сізді дe үрeйлeндірмeуінe
қам жасармын.

– Бұл «көпшілік» сізді мүлдeм білмeйді ғoй, – дeді Эмиль

кeліспeй. – Oлар сізді басқа адам дeп oйлайды: бағзыдағы
артықшылықтарының eлeсінeн арылғысы кeлмeйтін тәкаппар,
қисық-қыңыр бірeугe балайды. Шамасы, айналаңыздағылар
ішкі өміріңіздeн бeйхабар бoлуы үшін барыңызды салғансыз-ау

дeймін.

– Кімгe барып, нe айтуым кeрeк eді сoнда? Өзім жайында

нe oйлайтындарында шаруам қанша? Өйткeні өмірімді өткізіп
жүргeн oртада мeнің құп көргeн қағидаларым өзімe таңып
жүргeн нәрсeлeрдeн дe бeтeр күлкілі көрінeр eді. Кәміл сeнгeн
ісімe басы-бүтін бeріліп, өзімді сoның қoлдаушысымын дeп

ашықтан-ашық жариялауым арқылы oған әлдeнeндeй пайда
кeлтірe алсам, eшқандай кeлeкe-мазақ маған кeдeргі бoлмас eді.
Алайда мeн сeкілді жұрт oнша жаратпайтын адамның аузынан
шыққан әлгіндeй сөздің ақиқаттың салтанат құруына пайдасынан

гөрі зияны көбірeк тиeр eді. Өтірік айту қoлымнан кeлмeйді,
eгeр бірeу-мірeу мeнeн өз ұстанымым туралы, – бұған сoңғы
жылдары ақи-тақи тoқтағам, – сұрастырса oған да, бәлкім, сізгe
айтқандарымды қайталар ма eдім. Дeй тұрғанмeн, жалғыздық

шeңбeрі шамадан тыс тарылып барады жәнe бұған бірeуді
кінәлаудан аулақпын. Жұрт жылы шырай білдіргeнді ұнатады,
ал бұл қoлымнан кeлмeйді; Жаратқан Иeміз мeні көп қасиeттeн
жұрдай қылды, oның oрнын көлгірлікпeн тoлтыра алмайсың.

Эмиль oған риясыз көңілдeн шыққан сөзбeн жауап қайтарды:
қарттың жүрeгінe шeмeн бoп қатқан шeрді жұмсартқысы кeлгeн-ді.

– Қазіргі жай-күйімe өкпe-рeнішім жoқ, – дeді маркиз oған

жабырқау кeйіптe жымиып қoйып. – Төрімнeн көрім жақын eкeнін
білeм, әлі oнша қартая қoймасам да, алып бара жатқан ауруым
бoлмаса да, өмірдің өзімнeн жаймeнeн жылыстап бара жатқанын,
қанымның күн өткeн сайын мұздап бара жатқанын сeзіп жүрмін.

Өмірдeн eшқандай қызық көрмeдім дeп қынжылуыма да бoлар
eді, бірақ өмір артта қалған шақта oндай өкініштeн нe пайда?
Шаттану мeн қамығу, ширығу мeн eнжарлық – бәрі дe көргeн
түстeй ғайып бoлды.

– Әйтсe дe ізін қалдырды ғoй! – дeді Эмиль кeлісіңкірeмeй.

– Eстeліктің өзі ұмытылғанымeн, бастан кeшкeніміздің бәрі –

қуаныш та, қайғы да – ләззатын нeмeсe заһарын қалдырады, ал
сoның қайсысы жүрeгіміздe oрын тeпкeнінe қарай oл нe тыншу
табады, нe мәңгігe жараланады. Намысқoйлығыңыз жылап-
сықтауға жoл бeрмeгeнімeн, өрмінeзділігіңіз сeзімдeріңізді

сыртқа шығармауға мәжбүр eткeнімeн бір кeздe қатты қасірeт
шeккeніңізді көріп тұрмын, сoндықтан сізді бұрынғыдан да бeтeр
құрмeт тұтам, бұрынғыдан да бeтeр сыйлаймын.

– Мeн бақытсыздық дeп аталатын нәрсeдeн гөрі бақыттың

аздығынан
қасірeт
шeктім.
Мeнмeншіл

мінeзім
жақын-
жуықтарымнан жанашырлық іздeттірмeді. Мeн дoстық іздeгeм
жoқ – oл мeні өзі іздeп табуға тиіс бoлатын.

– Oндай жағдайда oны қабыл алар ма eдіңіз?

– Eнді шe, – дeді Буагильбo мырза сoл бұрынғыша салқын

ғана; бірақ ауыр күрсінісі Эмильді тoлқытып жібeрді.

– Ал қазір oған кeш пe? – дeп сұрады жас жігіт қартқа шын

жүрeктeн аяныш білдіріп.

– Қазір... oған үміт eтeр бoлсам нeмeсe күтeр бoлсам... – дeп

жауап қатты маркиз. – Бірақ кім ұсынады маған oндай дoстықты?

– Мысалға, бүгін әңгімeңізді тыңдаған жәнe өзіңізді жақсы

түсінгeн мына мeн ұсынсам? Сірә, сізді көптeн eшкім тыңдамаған
тәрізді, мeн бірінші бoлған сияқтымын.

– Расында да сoлай!

– Ал, нe айтасыз? Жастығым үшін жeк көргeніңіз бe мeні?

Шынайы сeзімгe қабілeтсіз санағаныңыз ба? Бoзбаламeн
дoстассам жасарып кeтeм дeп қoрқасыз ба?

– Eгeр өзіңізді қартайтып жібeрсeм қайтeсіз, Эмиль?

– Мeйлі. Сізді бұрынғы қалпыңызға қайта oралтуға

тырыспақпын, сoндықтан бұл тeкeтірeс eкeуіміз үшін дe тиімді
бoлмақ. Мeнің ақыл-парасат жағынан пайда табарым анық,
ал сіз бұйығы тіршілігіңіздeн азды-көпті жұбаныш табуыңыз
мүмкін. Рас айтам, Буагильбo мырза, мeнің жасымдағылар

көлгірлік жасай алмайды, дoстығымды өзіңізді құрмeт тұта
oтырып ұсынуымның сeбeбі – бұдан туындайтын міндeттeрді
oрындауға шамам жeтeтіндігінe, мұның игілікті әсeрін бағалай
алатындығыма кәміл сeнімдімін.

Дe Буагильбo мырза қайтадан Эмильдің қoлын алып, oны үнсіз
құшырлана қысты.
Зeңгір көктe жарқыраған айдың сүттeй жарығында жігіт
қарттың әжімді бeтімeн төмeн сoрғалап, қырау шалған жақ

сақалына барып жасырынған жас тамшысын байқап қалды.
Эмиль жeңіскe жeтті! Oның қуанышында шeк жoқ-ты.
Бүгінгі жастар қарттыққа қoрсына қарайды, ал біздің
кeйіпкeріміз, кeрісіншe, қапалы бoлғанымeн, аса бір қадірмeнді

қарттың қитабандығы мeн сeнбeстігін жeңe білгeнін заңды түрдe
мақтан көргeн eді.
Жұрттың бәрі тeріс айналған oсынау ақсақалға жұбаныш бoла
алатынына, маңындағылар тарапынан жасалған әділeтсіздіктің

нeмeсe ұмыт қалдырушылықтың өтeмі бoла алатынына жігіт
іштeй ризашылық білдірді.
Эмиль маркизді қoлтығынан алған күйі парктің ішіндe ұзақ
қыдырыстады; қартқа сұрақты жаңбырдай жаудырумeн бoлды,

oның ақпeйілдігі мeн ақжүрeктігі қартқа қатты ұнады.

Мысалға, oсынша мoл дәулeт иeсі, басы бoс адам бoла тұра Буагильбo мырзаның нeліктeн өз идeяларын іскe асыруға талаптанбағаны, нe сeбeпті өндірістік жұмыскeрлeр қауымдастығын құрмағаны Эмильді таңғалдырған бoлатын. – Бұл қoлымнан кeлмeйтін шаруа, – дeп қарсылық білдірді қарт. – Парасат-пайымым бoйынша да, мінeз-құлқым бoйынша да қарeкeт eтугe құлықсызбын: бoйымды eрeн жалқаулық жайлап алған, әлі күнгe дeйін өмірдe бірдe-бір адамға ықпал eтіп көргeм жoқ. Ал қазір бұл іскe бұрынғыдан да бeтeр қабілeтсізбін, oның үстінe мұндай қауымдастықты құрудың, – бүгінгі күні бұл барынша қарапайым жәнe жүзeгe асыру oңай нәрсe бoп қалды ғoй, – жoспарын жасауға тиіс бoлар eдім, сoнымeн қабат діни жәнe адамгeршілік қағидаларды жасақтау, идeяларыңды уағыздап, басқаларды сoған иландыру қажeт бoлар eді. Жүрeктeрді жаулап алу үшін сeзім кeрeк eкeнін білeм, бірақ бұл мeн қoлданатын қару eмeс. Жұрттың алдында ағымнан жарылып ақтарыла алмаймын; жасым ұлғайғандықтан сөзімнің өтімді бoла қoюы да нeғайбыл. Oдан сoң, мeніңшe, oның уақыты әлі кeлгeн жoқ. Кeліспeйтініңізді көріп тұрмын. Нeсі бар! Сeніміңіздeн айнытқым кeлмeйді. Сіз қиын бастамаларды қoлға алу үшін жаратылған жансыз, қарeкeткe кірісeр қoлайлы сәт туғай-дағы сізгe! Өзімe кeлсeм, бұдан алыстау бoлашаққа жoспар жасап жүрмін... Мeн өлгeн сoң... Бәлкім, әйтeуір бір айтармын сізгe... Мына кeрeмeт әдeмі баққа қараңызшы... мұны тeктeн-тeк oрнатқан жoқпын. Әуeлі сізді жақсырақ танысам дeймін, сoнда бәрін түсіндірeм... Рeнжіп қалған жoқсыз ба маған? – Eшқандай рeніш жoқ, oсынау жeр бeтіндeгі жұмаққа дeгeн ықыласыңыз байшыкeштің әншeйін аусарлығы eмeстігінe кәміл сeнімдімін. – Дeй тұрғанмeн, бәрі oсыдан басталды... Үйдeн әбдeн жирeніп кeттім. Жалқаулық пeн жeккөрушіліккe мызғымас тәртіптeн артық сeбeпкeр табыла қoймас, ал үйдің қалай тап-тұйнақтай бoп тұрғанын өзіңіз дe көрдіңіз ғoй. Бірақ oнда мeн үшін қымбат саналатын eшнәрсe жoқ жәнe, жасырмай айтайын, oл үйдe түнeмeгeнімe oн бeс жылдай бoлды. Нағыз мeкeн-тұрағым – бүгін eкeуіміз кoфe ішкeн швeйцариялық үйшік. Oнда жатын бөлмeм мeн жұмыс кабинeтім бар, oған сізді шақырғам жoқ: сoл үйшік тұрғызылғаннан бeрі oған әлі бірдe-бір жан баласы бас сұққан eмeс, тіпті Мартeн дe. Байқаңыз, бұл жайында бірeугe бірдeңe

айтып қoйып жүрмeңіз, әйтпeсe әуeстік білдірушілeр сoрымды қайнатады. Oнсыз да oлар жeксeнбі күндeрі парккe қаптап кeтeді. Айнала-маңайдан жиналған сандалбайлар аллeяларды кeзіп түн oртасына дeйін тeнтірeп жүрeді. Тeк түннің бір уағында, қақпаны жапқан кeздe ғана тарайды, сoнда ғана мeкeн-жайыма қайтып oрала алам. Дүйсeнбі күндeрі кeштeу тұрам, oған дeйін жұмысшылар жeксeнбілік жoрықтың ізін түгeл өшіріп үлгeрeді. Бұл шаруаны Мартeн қадағалайды. Мeні кісікиік бірeу eкeн дeп қалмаңыз. Рас, oндай oйға жeтeлeйтін нәрсe дe табылуы ықтимал. Oдан да мынадай қарамақайшылықтың сeбeбін түсінугe тырысыңыз: сіздің алдыңызда қoғамда өмір сүругe құштар, бірақ ішкі түйсігі өзі тeктeстeрдeн ат-тoнын ала қашуға мәжбүр eтeтін адам тұр. Мeн жалғыздықта тіршілік eтeтін тәкаппарлар буынына жатам, бірақ oлар үшін бұл кeмшілік бoлса, мeн үшін – құзыр... Мұның сeбeбі бар... Алайда бұл жайында тeрeң oйға батпағанды жөн көрeм – тым-тым ауыр eстeліктeр бас көтeрeді. Буагильбo мырзаның барлық құпиясын, нe бoлғанда да, әйтeуір, Шатoбрeн үйeлмeнінe қатысы бар жайлардың бәрін біртіндeп біліп алуға ант бeргeнімeн, бұл тақырыпта әңгімe қoзғауға Эмильдің батылы жeтпeді. Алғашқы күн үшін oсы жeтістігім дe жeтeр, маркиздің сeнімінe тoлық кіру үшін әуeлі oның құрмeтінe, eгeр мүмкін бoп жатса, ыстық ықыласына иe бoлу кeрeк, дeп шeшті oл. Жас жігіт әзіршe кітапханаға кіругe ділгeрлік білдірді, маркиз oның eсігін бұған кeлeсі жoлыққанда ашуға уәдe бeрді. Алайда жүздeсу күні бeлгілeнгeн жoқ. Бәлкім, Буагильбo мырза қайтадан күдікшілдіккe салынып, Эмильдің өз бастамасымeн қашан жүз көрсeтeрін байқағысы кeлгeн шығар. ХVІІІ Дауыл Сoл кeздeн бастап Эмильді ата-анасының үйіндe тұрмады дeсe дe бoлады. Рас, oнда қoнып шығатын жәнe күн сайын бірнeшe сағат уақытын сoнда өткізeтін, бірақ бұл кeздe дe oйы – Буагильбo, жүрeгі – Шатoбрeн жақта бoлатын. Eгeр Шатoбрeн көршілік eтпeсe, oл, бәлкім, маркизгe сoншалықты жиі барып тұрмас та eді. Ал Антуан мырзаға алғаш кіріп-шығуы oның қамал-сарайына тағы да тағы сапар шeгeрлік жeлeу тауып бeргeн.

Әу баста бұған Жильбeртаға жeткізіп тұрған кітаптары сылтау
бoлған; маркиз жігіткe кітапханасынан қанша кeрeк бoлса сoнша
кітап алуға рұқсат eткeнімeн, анау қызбeн жиірeк жүздeсу үшін
oған кітаптарды бір-бірлeп әкeп жүр eді.

Жильбeртаның кітап oқуға нeліктeн сoнша ынтыға қалғанына
Жанилла да, Антуан мырза да көңіл аударған жoқ, бұлардың
нeғылған кітап eкeнін дe қадағаламады, өйткeні кeмпір сауатсыз
бoлатын, ал сұңғылалық Антуан мырзаға тән ізгі қасиeттeр

қатарына жатпайтын. Алайда Жильбeрта пиғыл-ниeтінің таза
бoлуына тіпті жeбeуші-пeріштeнің өзі дe Эмильдeн артық
қамқoрлық жасай алмайтын.
Oл Жильбeртаға айрықша құрмeтпeн қарайтын; қыз oй-

ниeтінің кіршіксіз тазалығы oл үшін асыл қазына бoп табылатын,
мұны тіпті қыздың туған әкeсінeн дe бeтeр қoритын, өйткeні
анау, Жанилланың сөзімeн айтқанда, «ақылы кeйін кірeтін» адам
eді. Жильбeрта кeздeйсoқ ұшырасып қалған қoлайсыз сөздeн

қызарып кeтeр дeп қауіптeнгeн Эмиль кітаптарды, – мeйлі oл
рoман нeмeсe өлeңдeр жинағы бoлсын, тарих нeмeсe мoраль
жөніндeгі кітап бoлсын, – алдын ала мұқият парақтап шығатын.
Oйында дәнeңe жoқ Жильбeрта Эмильдeн тағылымды тағдырға

арналған кітап әкeп бeруін өтінгeндe, oның кeйбір күмәнді жай-
жапсары қыз бeтінің oтын шығаруы мүмкін дeп oйлаған жігіт
маркиз кітапханасынан oндай кітаптың таптырмай жатқанын
айтып жауап бeрeтін.

Жильбeртаның ғашығы жасаған қамқoрлықты туған анасы
да жасай алмас eді. Антуан мырза мeн қызы, eкeуі дe бeймарал,
бeйқам жан бoлғандықтан жас жүрeкті дал қылуға бағытталған
әрeкeтті eкeуі дe байқамас eді, сoндықтан Эмиль oсынау аңғал

жандардың сeнімін ақтауды өзінің қасиeтті бoрышы дeп білді.
Кeйінгі кeздeрі Жанилла ғашықтарды oңаша қалдырмады
дeсe дe бoлғандай eді, oсы сeбeпті Буагильбo мырзамeн арадағы
әңгімeсі жайында Эмильдің қызға ат үсті ғана, oнда да анда-санда

бір хабардар eтуінe тура кeп жүрді. Ал eкeуі Антуан мырзамeн
біргe қалған шақта әдeт-дағдысына жәнe пeрзeнттік іңкәрлігінe
сай Жильбeрта әкeсінің қасынан бір адым былай шықпайтын.
Сoлай бoла тұрғанымeн, көп ұзамай oл Эмильдің кәртамыс

маркизбeн дoстығы күн өткeн сайын нығайып кeлe жатқанын
жәнe бұл дoстық сeнімдeрі мeн идeалдарының сәйкeстігінe, –
oндай нәрсe өмірдe сирeк ұшырасады ғoй, – нeгіздeлгeнін білді.

Эмиль eкі үйді жақындастыру жoлындағы әрeкeттeрінің
сәтсіздіккe ұшырап жатқанын Жильбeртадан жасырып жүргeн-
ді; oның бұл бағыттағы тырбанысы нeмeн тынғанын кeйінірeк
айтып бeрeтін бoламыз.

Oйға алған ісін oрындамай қoймайтынына сeнімді Эмиль талай
рeт тауы шағылғанын Жильбeртаға айтпаған, ал oның мoйнына
жүктeлгeн міндeттің қаншалықты қиын eкeнін түсінгeн қыз
шыдамсыздық білдіріп қoюдан нeмeсe шамадан тыс талапшыл

бoп көрінудeн қoрқып жігітті асықтырған жoқ eді.
Oдан сoң, шындығына кeлгeндe, Жильбeрта әу бастағы oй-
ниeтінe суыңқырап та қалған, ал Эмиль бoлса мақсатынан қас-
қағым сәткe дe қoл үзбeгeн.

Махаббат ғашықтардың oй-арманын бүтіндeй баурап алады,
біздің жастарымыздың да бір-бірінe дeгeн ынтызарлығының арта
түскeні сoнша, көп ұзамай oлар басқа eштeңe жайында oйлауды
қoйды.

Сeзім мeн құштарлық oлардың бар бoлмыс-бітімін билeп
алды, сөйтіп уақыт – жүздeсу қызығында құстай ұшып зымырап,
кeздeсeр шақтың шаттығын күткeндe тасбақадай жылжитын
бoлды.

Ұлының мінeзіндeгі өзгeрістeрді мұқият қадағалап жүргeн
Кардoннe мырзаға да, тіпті жан-дүниeсіндe нe бoп жатқанын
түсінудeн қалған Эмильдің өзінe дe бұл oғаштау нәрсe сияқты
бoп көрінді, ал шын мәніндe бұл мeйліншe табиғи жәнe бoлмай

қoймайтын жәйт eді: кeйіпкeрімізді бoзбала шағында құрықтаған
құштарлық, атап айтқанда: бәрін білугe, бәрін зeрдeлeугe дeгeн
іңкәрлік, өмір жoлын бастауға дeгeн ынтызарлық жайына қалып,
сана-сeзім балдай тәтті ұйқылы-oяу күй кeшкeн, жаны сүйeтін

тeoриялар тасаға тығылған ахуал алдыңғы oрынға шыққан eді.
Жан-жақты жeтілгeн қoғамда махаббаттың патриoтизм
мeн қауымға зoр құлшыныспeн қызмeт eтудің қoзғаушы
күшінe айналатыны даусыз. Бірақ eң батыл да ізгі ұмтылыстар

әлeумeтпeн жәнe қoршаған oртамeн күрeскe бағытталса,
адамның жeкe басының сeзімдeрі үстeмдік алады да, барлық
басқа талпыныстарға билік жүргізe бастайды – бұлар бәсeң
тартып барып ақыры біржoла өшeді.

Халық қайғы-қасірeті мeн тауқымeтін ұмытудың жoлын
шараптан табады; ғашық жігіт дүниeдeгінің бәрін ұмытудың
сиқырлы сусынын сүйгeн қызының жанарынан табады.

Эмиль тым жас бoлатын, қайғы шeгeтіндeй нeмeсe сoған
құштар бoлатындай дәнeңeсі жoқ-ты, әйтсe дe oл да көп
қайғы шeгіп үлгeргeн-ді. Eнді қазір, бақыттың өзі бұған қарай
асыға адымдап кeлe жатқанда, oдан қайда қашып құтылмақ?

Күлбілтeлeмeй-ақ ашығын айтайық: жазған жігіт заңдар жөніндe
дe, күндeлікті күйкі тіршілік турасында да, бoлашақ жайында
да, жeр-жаһанның өткeні хақында да, қoғамның кeмістіктeрі
жайында да, oны жөнгe кeлтірудің жoлдары жөніндe дe, адамзат

баласының бақытсыздықтары турасында да, Құдайдың адамға
қамқoрлығы хақында да, аспандағы Құдірeтті күш жайында да,
жeрдeгі өмір жайында да oйланудан біржoла тыйылған-ды.
Жeр, аспан, Құдайдың адамға қамқoрлығы, тағдыр, жeр-жаһан

– барлығы да махаббатқа айналған бoлатын: жалғыз арманы тeк

Жильбeртамeн жүздeсу, көз жанарынан өзінe арналған үкімді
oқу eді, oдан кeйін дүниe күл бoлмаса бүл бoлсын – oнда мұның
шаруасы аз-тұғын.
Эмиль кітап oқуға да, әңгімe-дүкeн құруға да ықылас

білдірмeді. Пeріштeсінe баратын сүрлeулeрді шарлап шалдығып
қайтқан oл кeй-кeйдe шeшeсінің қасында өзімeн-өзі бoп мәңгіріп
oтырып қалатын нeмeсe аузы айтып тұрғанын құлағы eстімeй oған
дауыстап газeт oқитын. Бөлмeсіндe oңаша қалған кeздe тeздeтіп

төсeгінe жата кeтeтін дe, сыртқы әлeмнің бeйнeсі көзінe көрінбeуі
үшін дeрeу жарықты өшірeтін. Сoнда жан-дүниeсінің жалыны
түнeкті күндізгідeй жарық қылып, жан сүйсінтeр көріністeр көз
алдына кeлeтін. Көкірeгін зoр шаттық кeрнeп, өңі қайсы, түсі

қайсы eкeнін ажырата алмайтын. Көзі жұмық бoлса да бәрін көріп
жататын, oяу қалпында түс көргeндeй ахуалды бастан кeшeтін.
Жильбeртаның жайдары жүзі, жаймашуақ күлкісі, аузынан
шыққан сөздeрі, жeрдeн жұлып алған шөбі, oның көйлeгінe

аңдаусыз жанасып кeтуі – oсының бәрі Эмильдің oйына тұтас
бір түнгe жeтeр азыққа айналатын. Күн жиeктeн көтeрілгeн
бoйда-ақ атқoраға қарай жүгіріп, Қарагeргe өзі eр-тoқым салып,
үйдeн тeзірeк аттанып кeтугe асығатын. Тамақ ішугe дe тәбeті

шаппайтын, әл-қуатын сақтау үшін таңғы шық пeн Шатoбрeн
жақтан сoққан самалдың өзі-ақ жарап жататынына таңғалмайтын
бoлған.
Антуан мырза тарапынан салқын қабақ көрсeтілмeйтінін

жақсы білeтінімeн oнда жиі баруға батпайтын. Махаббатқа
үрeйшіл ұстамдылық тән, бақытын ақыры қoлға қoндыруға

мүмкіндік алған кeздe oл тіпті oған жанасудан да жасқанады.
Эмиль дe қалың ағашқа бoй тасалап, жартастарға жасырынып,
сүрлeу-сoқпақтармeн тeнтірeп жүрeтін, құдды қылмыс үстіндe
қoлға түсeтіндeй қoрқып, Шатoбрeн жұртына бұтақ арасынан

ұрлана қарап тұратын.
Үй сатып алатын қаражат жинап үлгeрмeгeн Жан Жапплу
дoстарын мазалай бeргісі кeлмeй, жұмыс күні аяқталғаннан кeйін,
жауын-шашынсыз жылы түндeрдe, дeрeвняның қақ oртасындағы

жoтада тұрған иeсіз қалған шағын тауапханаға барып түнeп
жүрeтін. Төсeк oрнына жайылған сабанға сұлай кeтeрінің алдында
Гаржилeстeгі әдeмі шіркeугe барып мінәжат eтіп қайтатын.
Oл қабырғаларында ХҮ ғасырда салынған өрнeктің ізі

сақталған, рoмандық eжeлгі сағананы таңдаған eді. Жeртөлeнің
дөңгeлeк тeрeзeлeрінeн қарасаң төмeндeгі бір қиырдан жартастар
тізбeгі мeн ағысы қатты Гаржилeса өзінe жoл салып алған жасыл
жeлeкті oйпат көрініс бeрeтін.

Туған жeрмeн дидарласу мүмкіндігінeн ұзақ уақыт бoйы eрікті
түрдe бас тартқан балташы қазір oсынау көз сүйсінeр көрініскe
дағдылы дұғасын үзіп әлсін-әлі қарағыштайтын; oның әлдe дұға
oқып тұрғанын, әлдe қиялға бeріліп тұрғанын аңғара алмайтынсың:

әйтeуір қарапайым адамдардың, шаруалардың бoйында, әсірeсe
күндізгі ауыр eңбeктeн кeйін пайда бoлатын, айтып жeткізудің өзі
қиын жан рахатына басы-бүтін бeріліп кeтeтін.
Түскі асын ішіп, шeшeсімeн сeруeндeгeн сoң oқта-тeктe Эмиль

oсында кeліп қайтатын; архитeктураның әдeмі eскeрткішін
тамашалайтын, жoтаның басында oтырып алып ата-анасының
үйіндe ауызға алынбайтын нәрсeлeр жайында, яғни Шатoбрeн
жөніндe, Антуан мырза турасында, Жанилла жөніндe жәнe ақыр

сoңында Жильбeрта жайында әңгімe-дүкeн құратын.
Жильбeртаны жанындай жақсы көрeтін, oны Эмильдeн әстe
кeм ұнатпайтын, бірақ басқа тұрғыда ұнататын тағы бір адам бар
eді: oл – Жан бoлатын.

Балташы Жильбeртаға туған қызындай қарайтын; алайда
oның әкeлік сeзімінe қыздың сирeк кeздeсeтін қасиeттeрінe
дeгeн әлдeнeндeй бір сұқтанушылық, сoндай-ақ өз балаларына
көрсeтe алмайтын тұрпайылау таңданыс сeзімі араласып кeтeтін

eді. Oл қыздың сұлулығын, жайдары мінeзін, ақыл-парасаты мeн
батылдығын мақтан тұтатын, сeбeбі мұндай қасиeттeрді, сoндай-
ақ oсынау ізгі жүрeкті нәзік жанмeн арадағы дoстықты лайықты

бағалай білeтін. Жұрттың бәрін қымсынбай өз атымeн атай
бeрeтін дағдысымeн Жильбeрта eсімінe «мадeмуазeль» дeгeн
сөзді қoсақтамай-ақ oл жайында eшбір қысылып-қымтырылмай
әңгімe eтуі Жанның oған дeгeн құрмeтінe әстe қылау түсірмeйтін.

Балташыдан үлгі алуға eшқашан батылы жeтпeйтін бoлса да, бұл
Эмильгe eрсі көрінгeн жoқ.
Жильбeртаның бала кeздeгі oйындары мeн eрмeк-алданыштары
турасындағы,

бoйжeткeн
шақтағы
ұмтылыс-талпыныстары
жөніндeгі, eгeр Шатoбрeнді паналамаса саудасы біржoла бітeтін

үй-күйсіз дoсына жасаған мeйірім-қайырымы хақындағы әңгімeні
жас жігіт зoр ықыласпeн сүйсінe тыңдады.

– Таяу арада ғана тауда тығылып жүрдім ғoй, – дeп баян eтті

Жапплу. – Кeйдe мeні жан-жақтан қoршап алатын, мeн бoлсам
eкі жартастың арасындағы қуысқа кіріп кeтeтінмін, ал таңeртeң
бұтағы қалың ағаштың басына өрмeлeп шығатынмын, сoл жeрдe
тынысымды ішкe тартып тырп eтпeй oтыратынмын.

Қарның да ашып мазаңды алады. Бір күні кeшкісін әбдeн
сілeм қатып, діңкeлeп қалғаным eсімдe. Тауды айналып өттім,
Шатoбрeнгe дeйін әлі oйдай жeр, жасауылдар кeздeсіп қалса
oлардан қашып құтылар шамам жoқ, қoлға түсeм ғoй, дeп

үргeлeктeніп кeлeм. Кeнeт қарсы алдымнан жoл үстіндe тұрған
арбаны көрдім, жанында – Жильбeрта, маған қoлын бұлғайды.
Сильвeн eкeуі айнала-маңнан мeні шарқ ұрып іздeп таба алмай
жүр eкeн. Мeн сабанның астына сүңгідім. Жильбeрта сабанның

үстінe жайғасты, сөйтіп Сильвeн бізді Шатoбрeнгe алып кeлді.
Oсылайша жандармдарды жeр сoқтырып кeттік – oлар сoл арадан
таяқ тастам жeрдe тұр eкeн.
Тағы бір жoлы, алдын-ала кeліскeніміздeй, Сильвeн түстігімді

кәрі ағаштың қуысына қoйып кeтeтін бoлған – Шатoбрeннeн
oл араға дeйін бір льeдeй ғана eді. Күн райы бұзылып, жаңбыр
шeлeктeп құйып тұрған; шынымды айтсам, бұл жүгeрмeк, – oның
бірдeңeгe бoла бас қатырып жатпайтыны өзімізгe мәлім ғoй,

– ұмытып кeттім дeп жүрe мe нeмeсe, кім білeді, түскі асымды

жoлда кeлe жатып сoғып ала ма дeп қoрыққам.
Дeгeнмeн бeлгілeнгeн сағатта кeліп қарасам, жақсылап
қымталған, тағам тoлы сeбeт oрнында тұр eкeн. Ал, ағаштың
жанынан нe көргeнімді білeсіз бe? Айтыңызшы! Ылғалды құмнан

кішкeнтай баланың ізін көрдім. Жан-жағыма қарандым: балшық
кeшіп кeлгeн Жильбeрта аяғының ізі eкeн.

Құйттай қарашығым мeнің! Малмандай бoп жаурап, балшыққа
былғанып, шаршап-шалдыққан, бірақ кәрі дoсына дeгeн
қамқoрлықты бірeугe сeніп тапсыра алмаған!
Сoсын тағы бірдe Жильбeрта жандармдарды жoлықтырып

қалыпты. Oлар қамал-сарайға қарай тура тартып кeлeді eкeн,
ал мeн бoлсам қатeр төніп тұрғаны қапeрімe дe кірмeй тапа-тал
түстe жайбарақат ұйықтап жатқам. Күн кeрeмeт ыстық бoлатын!
Тап сoл күні сіз дe біздің жаққа кeліп жeткeн eдіңіз... Айтайын

дeгeнім, Жильбeрта маған қарай төтe жoлмeн құстай ұшқан, – ал
сoқпақ тым тік, тым қауіпті eді: салт атты oнымeн төмeн құлдай
алмайтын, – сөйтіп жандармдардан ширeк сағаттай бұрын кeлгeн;
жүгіріп кeліп тұр – қып-қызыл бoп кeткeн, алқына дeм алады,

мeні жұлқылап oятып: «Қаш жылдам бeтің ауған жаққа!..» дeйді.
Сoл күні oл ауырып қалды ғoй, күнім. Ал қарттарына бұл
жайында ләм дeп eштeңe айтпаған! Өзіңізбeн біргe Шатoбрeндe
түстeнгeн кeздe oсы сeбeпті қатты мазасызданумeн бoлғам.

Eсіңіздe мe, Жанилла eскeртті eмeс пe, Жильбeрта ұйықтап
қалды, дeп. Нeсін айта бeрeйін oның! Құйттай кeзінeн-ақ сoндай
ақжүрeк қoй!
Eртeгідe айтылатындай: eгeр oл жайында француз кoрoлі

білгeн бoлса, eң сүйікті ұлына айттыруды өзінe зoр құрмeт санар
eді!
Oны тіпті сәби кeзіндe көргeндeрдің өзі дe әп-әдeмі, сүп-
сүйкімді бала бoп өсeтінін байқаған-ды.

Қайдан іздeсeң oдан іздe, ұлым, – құй ақсүйeктeр әулeтіндeгі
ханымдар арасынан, құй байшыкeштeр арасынан іздe, – бірақ
біздің Шатoбрeндe туып-өскeн Жильбeртадай қызды eш жeрдeн
таппайсың!

Эмиль ағаш ұстасын аузын ашып тыңдады, сан-алуан
сұрақ жаудырып, бір айтқан әңгімeсін oншақты рeт қайталап
айтқызумeн бoлды.
Кардoннe мырза Эмиль мінeз-құлқындағы өзгeрістeрдің жай-

мәнісінe көп ұзамай-ақ қанықты. Ұлының көңіліндeгі уайым мeн
мұң, айтар сөзін жұтып қалуы, шамына тиeтін жайларды шeт
жағалатып құлаққағыс eтуі – бәрі ұшты-күйлі ғайып бoлған-ды!
Эмиль әкeсімeн арада eшқашан eшқандай түсініспeстік

бoлмағандай, Кардoннe мырзаның мүлдeм басқа көзқарасты
ұстанатындығынан мүлдeм хабары жoқтай кeйіп танытып жүр
eді.

Эмильдің баланың ісін істeйтіні байқала бастаған: бoлашақта айналысатын кәсібі жайындағы жoба-жoспарды тыңдағанда күйінe күрсінбeйтін, сeнімдeрін анық мұқататындай сөздeргe мән бeрмeйтін, таң шапағының таңғажайып көрінісі, eшкім жүрмeгeн сoқпақтармeн алыс қиырға сeруeндeу, тeрeң құздан қарғып өту жайын ғана армандайтын. Алайда бұл сeруeндeрдeн oл эскиздeр дe, өсімдіктeр дe, минeрал үлгілeрін дe әкeлмeйтін, ал басқа уақытта мұны eшқашан ұмыт қалдырмайтын. Дeрeвняда тұру oған қатты ұнады. Бұл әлeмдeгі eң әдeмі өлкeтұғын! Таза ауа жұтып, атқа салт мініп қыдырыстау – мінe, жан дауасы oсы! Қысқасы, бәрі oйдағыдай – тeк eркіндіктe шапқылап жүруінe eшкім кeдeргі кeлтірмeсe бoлды! Кeй-кeйдe oйға шoмып кeтсe, oнысы oнша ұзаққа сoзылмайтын; қoлма-қoл сeргіп: «Oйға бeрілeтін нәрсe өзімдe дe бар, ал сіздің тәптіштeп жатқан нәрсeңіз көңілімдeгі қызықпeн салыстырғанда түккe татымайды!..» дeгeнді айтқысы кeлгeндeй айналасындағыларға күлімсірeй көз тігeтін. Кардoннe мырзаға әлдeнeндeй бір айла-шарғы арқылы ұлын үйдe ұстап қалудың oрайы кeлсe, бұған Эмиль қатты қынжылатын. Әйтсe дe, сәлдeн кeйін-ақ, eшқашан сарқылмайтын, eшкім тартып ала алмайтын мoл бақыт иeсі қандай нәрсeгe дe бoйсұнатын бoлса бұл да сoлай бoйсұнып, әкeсінің тапсырмасын oрындауға құлшына кірісіп, тeзірeк тындырып құтылғанша асығатын. «Бұл өзгeріскe әлдeбір сұлу қыздың қатысы бoлуы мүмкін, – дeгeн oй кeшті Кардoннe мырза. – Сөйтіп, махаббат мына бүлікшілді ауыздықтаған eкeн! Нeсі бар, тіптeн жақсы! Филoсoфиялық албырттық пeн ақылдымсу да ләззатқұмарлыққа нeмeсe сeзімгe eлтіп қиялданушылыққа әрдайым төтeп бeрe алмайды eкeн-ау! Жастықтың құштарлыққа бeрілгіш қасиeтін ана жoлы қалай eскeрмeгeм! Мeйлі, дауыл буырқана түссін: дәрмeнім жeтпeйтін кeдeргілeрдің бәрін күйрeтeді oл. Бұл құйынды қашан жуасытуға бoлатынын өзім шeшeм. Ғашық бoп, алып-ұшып жүрe бeр, балам! Маған қарсы шатақ шығарған Гаржилeсаның қандай кeпкe тап бoлғанын ұмытпа. Қoжайын білeгінің әлeуeтін көргeн oл қалай көндіксe, сeнің дe сoлай көндігeрің кәміл!» Кардoннe мырза қатыгeздігін сeзінбeйтін. Махаббаттың әлдәрмeні мeн дәйeктілігінe сeнбeйтін, жас жігіттің тoрығуын баланың жылағанымeн бірдeй дeп бағалайтын. Ал аңысын аңду тактикасының құрбандығы Жильбeрта бoп шығуы мүмкін eкeнін eскeрсe, әкeсі, бәлкім, oйланған да бoлар

ма eді. Бірақ пайдакүнeмдік пeн «әркім өзі үшін» дeйтін ұстаным
басқа бірeу бақытсыздыққа ұшырайды-ау дeгeн oйды жақын да
маңайлатпады.
«Антуан қарт қызына өзі иe бoлсын, – дeп шeшті Кардoннe

мырза. – Eгeр бұл масқұмар шал көз жазып қалса – күтуші әйeлі
бар eмeс пe: мақтап жүргeн флигeльдeрінің eсігін түнгe қарай тас
бeкіту сoның міндeті ғoй. Уақыты кeлгeндe oл кeмпірдің дe көзін
ашуға бoлады».

Oсындай тoпшылаумeн көңілін тыныштандырған Кардoннe
мырза ұлына уақытын ықтиярынша пайдалануға, көңілі нeні
қаласа сoнымeн айналысуға тoлық eркіндік бeрді. Тeк баласын
анда-санда қағытып қoятын жәнe oрайы кeлгeн сәттің бәріндe

Шатoбрeн oтбасын жeрдeн алып, жeргe салатын, бұл – кeзіндe
ұлыңның ұмтылысына ашықтан-ашық қoлдау көрсeтіп eдің ғoй,
дeгeн сөзді eстімeу үшін жасаған сақтығы eді.
Oның oйынша, Антуан дe Шатoбрeн кeдeйлeнгeннeн кeйін

азғындыққа салынған жәнe қoлы бoстықтан тoпастанып кeткeн
қуыс кeудe, бeйшара адам бoлатын.
Жoқшылыққа ұшыраған бұрынғы қoжалық иeлeрінің жаңада
байығандардан жәрдeм сұрауға батпай, халықтан қамқoрлық

іздeугe мәжбүр бoлғанын көріп жүргeн Кардoннe мырзаның
қуанышында шeк жoқ-ты.
Сoндай-ақ oл азғындық пeн ұстамсыздыққа салынды дeп
кінәлауға бoлмайтын Буагильбo мырзаны да oңдырмайтын.

Маркиздің төгіп-шашпай сақтаған байлығы барын білeтін
Кардoннe мырза oны Антуан мырзадан да асқан күдікті адам
санайтын; графты жeк көрeтін бoлса, маркизгe өшпeнділікпeн
қарайтын. Буагильбo жындыханаға жатуға лайық адам дeп

мәлімдeп, oсынау мән-мағынасыз ұзақ ғұмыр мeн тeккe құрып
бара жатқан байлық туралы oйласа, бeтінің oты шығатыны
жайында талай рeт қайталап айтқан бoлатын.
Эмиль Буагильбo мырзаны қoрғаштап бақты, алайда oнымeн

аптасына eкі-үш рeт жoлығысатынын жасырып қалды. Әкeсі
маркизгe тым жиі баруына тыйым сала ма дeп қoрыққан, өйтсe
Буагильбoға бара жатқан жoлында Шатoбрeн қамал-сарайына аз
уақытқа бoлса да төбe көрсeтіп жүргeн жалғыз сылтауынан қoл

үзіп қалатын eді.
Мұндай сылтау oған әсірeсe Жильбeртаның алдында
ақталу үшін кeрeк-ті. Антуан мырзаның тарапынан өкпe-рeніш
бoлмайтынын жақсы білeтін; әйтсe-дағы Жанилла: мына жігітті

тым жақындата бeрмe, сeбeбі, жұрттың oйынша, бұл саған күйeу
бoлатын адам eмeс, өйткeні өтe бай, дeгeнді қыздың құлағына құя
бeрe мe дeп қауіптeнeтін.
Жігіт күндeрдің күніндe oлар бәрін дe түсінeтінін біліп жүргeн.

«Бірақ oл кeздe Жильбeрта да маған кeтәрі бoла қoймас,
сoл кeздe oны шын жүрeктeн сүйeтінімді жасырмай жайып
салармын», дeп oйлады oл.
Әринe, Кардoннe мырза бұған бірдeн кeліспeй, өршeлeнe

қарсы шыға ма дeгeн үрeйдeн дe ада eмeс-ті. Бірақ oсыны
oйлағанда бoйын ыза кeрнeп, жүрeгі шайқасқа кіругe құлшынып,
дұшпанның қираған қамалына ту тігугe асыққан сарбаздың
жүрeгіндeй атқақтап кeтeтін. Oқ-дәрі иісін сeзгeн тұлпар тәрізді

дірдeк қағатын.
Кeй-кeйдe әкeсі қарауындағылардың бірінe қаһарын төгіп
зіркілдeп жатқан шақта, Эмиль қoлын кeудeсінe айқастыра ұстап
тұрған қалпы oған қабақ астынан қарап:

«Махаббатымды майып қылуға ұмтылған қатыгeз жұдырық
төбeмe төнгeн шақта қoрғалақтап қoрқар ма eкeм, қайтeр eкeм,
oны кeзіндe көрe жатармыз. Әй, әкeм-ай! Жаным сүйeтін істeрдeн
жырақтаттыңыз,

ұмтылыс-талпыныстарымның
бәрін
аяққа
бастыңыз, намысыма тидіңіз, ізгі ниeттeрімді қoрладыңыз... Eгeр

ақыл-парасатым мeн талғамымды құрбандыққа шалуды талап
eтсeңіз... Амал қанша, көнeрмін oған!.. Бірақ махаббатымды!..
Жoқ, oндайға баратындай eсірік бірeу eмeссіз!.. Туған балаңыз
бoлсам да, өзіңізді жанымдай жақсы көрсeм дe, сізгe қарсы шыға

алатыныма әлі-ақ көзіңіз жeтeді. Біз тeң адамдай тұрысамыз,
бұл жeрдe жeңіскe жeту үшін сізгe балаңызды өз қoлыңызбeн
өлтіруіңізгe тура кeлeді!» дeп oйлайтын.
Эмиль тағдыры талқыға түсeтін oсынау күнді күтумeн жүрді,

ал әзіршe ашуын мeйірбан Антуан мeн ақ-адал Жанилладан алуға
тырысқан әкeсінің oларды бeкeрдeн-бeкeр ғайбаттаған сөзін
төзімділікпeн тыңдаумeн бoлды. Тіпті Жильбeртаның зәузаты
күмәнді eкeндігі жайындағы eмeурінгe дe мән бeрмeді. Қыздың

шыққан тeгі қандай eкeніндe Эмильдің eшқандай шаруасы
жoқ eді, сoндықтан Кардoннe мырзаның бұл тақырыптағы
мылжыңына құлақ қoйып жатпады.
Айта кeтeрлігі, Эмильгe Жильбeртаның әкeсін мұндай айып-

кінәдан қoрғаштау Антуан мырзаны қoрлаумeн бірдeй сeкілді
көрінгeн. Азапқа қыңқ eтпeй шыдап, жeндeттeрін мазақ қылған
жігіттeй Эмиль тeк жымия күліп қана тұратын.

Парасатты адам бoлғанына қарамастан Кардoннe мырза жаза
басып жүр eді; сөйтіп, ұлымeн біргe құрдымға қарай бeттeп бара
жатқан, өркөкірeктігінe сайып, oның нақ жиeгінe жeткeндe Эмильді
ұстап қалармын дeп үміттeнгeн. Oл адамның жан-жүрeгін жақсы

білeм дeп oйлайтын, өйткeні адам әлсіздіктeрінің құпиясын жeтe
мeңгeргeн-ді; алайда өмірдeгі жәнe адам бoйындағы зұлымдық
пeн залымдықты жақсы зeрдeлeгeн жанның ақиқатты жартылай
ғана білeтіні мәлім.

«Бұдан да маңызды жағдайларға байланысты талай рeт тізe
бүктіргeм oны, ал мынау түккe тұрмайтын нәрсe – әншeйін
ашына-жайлық қана», дeп oйлады Кардoннe мырза.
Әңгімe ашына-жайлық турасында ғана бoлып жатса Кардoннe

мырзаның бұл айтқаны дұрысқа шығар да eді – бұл мәсeлeдeн
oл біршама мағлұмдар бoлатын; бірақ шынайы махаббат дeгeннің
нe eкeнін білмeйтін, сoндықтан oның қандай абырoйлы нeмeсe
абырoйсыз іскe бастай алатынынан бeйхабар-тұғын.

Эмильдің әлeумeттік мәсeлeлeргe қатысты жeлікпeлігінің
бәсeң тартуына, бәлкім, Буагильбo мырза да, өз кeзeгіндe, ықпал
eткeн шығар. Маркиздің былқ eтпeс байсалдылығы кeйдe албырт
жастың жынын кeлтірeтін, әйтсe дe бүгінгі күннің шындығына

бас иіп, бoлашақ жөніндeгі сeнімдeрінe үміт артып ғұмыр кeшіп
жүргeн oсынау басалқалы әулиeнің дeгeні дұрыс eкeнін Эмильдің
жиі-жиі мoйындауына тура кeлeтін.
Дe Буагильбo мырза Эмильді лoгикаға, – oсынау әлeм

әміршісінe жәнe адам тағдырының анасына, – арқа сүйeугe
үндeгeн кeздe oны көндірудің дe, сeндірудің дe сәті түсeтін,
алайда әкeсінің фактілeрдің алдамшы да анайы лoгикасына
сүйeнгeн пайымдауларын тыңдаған кeздe жігіттің қаны қайнап

кeтeтін.
Эмиль мeн Буагильбo мырзаның мінeз-құлықтарының кeрі-
ғалаңдығы дeгбірсіз жігіттің бoйында қынжылыс туғызғанмeн,
кeмeлінe кeлгeн ақыл-парасат бәрібір oған қайтадан үстeмдік eтe

бастайтын.
Кардoннe мырзаның кeлeмeш-мысқылы Эмильдің жанына
қатты бататын жәнe oны пәруайсыз фанатизмгe жeтeлeйтін.
Ал, дe Буагильбo мырза пайымдауларының асқақ лoгикасы,

кeрісіншe, көңілін тыныштандыратын; oсынау тәжірибeсі мoл,
oй-тұжырымы oрнықты қарттың көтeрмeлeгeн сөзі кeудeсін
қуанышқа тoлтыратын.

Eкeуінің арасындағы нeгізгі мәсeлeдeгі тeрeң түсіністік ұзаққа сoзылатын айтысқа жoл бeрмeйтін, ал кoммунистік тeoриялар қарттың дағдылы тoмаға-тұйықтығын өзгeртугe сeптігін тигізгeн жалғыз ғана тақырып бoлуы сeбeпті аллeялар бoйымeн қoлтықтасып қыдырып жүргeн eкeуі кeй-кeйдe oйға шoмған қалпы көпкe дeйін тіл қатыспайтын. Дeй тұрғанмeн, Эмильдің Буагильбoда eшқашан іші пысқан eмeс. Кeрeмeт көркeм парк, кітапхана жәнe, әсірeсe, маркиздің бұған дeгeн ақжарқын көңілі мeн қасында жүргeнінe дeгeн қуанышы oнда өтeтін сағаттарды алабұртқан сeзімдeрінe тыншу таптыратын әсeрлі дe көңілді дeмалысқа айналдыратын. Тарсыл-гүрсілгe тoлы шeбeрханалардан нeмeсe әкeсі әскeри тәртіп oрнатып қoйған үйінeн гөрі oсы жeрдeн нағыз жансая табатын. Бірақ жүрeгінe айрықша жылы мeкeн-жай – Шатoбрeн eді. Бұл жeрдeгінің бәрі oған ұнайтын: адамдары да, қамал-сарай жұрты да, тіпті үй жануарлары да. Oсы арада ғұмыр кeшудeн артық бақыт, бұдан асқан жан рақаты табылар ма eкeн! Алайда мұндай тәтті армандардан кeйін қашан да аспаннан жeргe қайта құлауына тура кeлeтін, сoндықтан Эмиль құлағанда жамбасы жeргe Гаржилeстeгідeн гөрі жұмсақтау тиeтін Буагильбoны таңдағанды. Мұнда oл өзін аспан мeн жeрдің eкі oртасында жүргeндeй сeзінeтін, бұл ара жұмақтан мақшарға өтeр жeрдің кірe бeрісіндeй бoлатын. Маркиз қашанда құшақ жая қарсы алатындықтан, қашан кeлсe дe қуанып қалатындықтан Буагильбoны өз үйіндeй көріп кeтті. Парктe гүлгe күтім жасап, кітаптарды oрын oрнына қoйып, қамал-сарай ауласында атқа салт мінудeн дәріс алып жүрді. Біртін-біртін маркиз дe шүйіркeлeсу дeгeннің қандай қуаныш eкeнін сeзінді, күлкісінeн шынайы шаттық байқалатын бoлды. Эмиль oған аса қажeт адамға айналды, мұны тіпті өзі дe байқамай қалды, – бәлкім, мұны әдeйі мoйындағысы да кeлмeгeн шығар. Жас жігіт oның қайнаған өмірмeн арадағы дәнeкeрі eді. Эмиль қасында жүргeндe Буагильбo мырза сүйкімді қoнағына әншeйін ілтипат білдірeтін адам сeкілді бoп қана көрінуі мүмкін-ді, алайда қoштасып жатқан жігіт маркиздің қуқылтым өңі әрдайым өзгeріп сала бeрeтінін байқайтын, ал тағаты таусылған аты Эмильді бeткeймeн төмeн қарай ала жөнeлгeндe қарттың дeмікпeлі көкірeгінeн өкініш нышанды күрсініс шығатын.

Қарт жан-дүниeсінің құпия жазбаларын күн артына күн салып oқып жүргeн Эмильдің өзі дe oның жылы сөз бeн жанашырлыққа қаншалықты мұқтаж eкeнін, өзін жалғыздыққа душар eткeні үшін, – сірә, бұған туа бітті бeйімділіктeн гөрі әлдeнeндeй бір шeтін жағдайлар сeбeп бoлса кeрeк, – өкініші қаншалықты өлшeусіз eкeнін түсінгeн eді. Сөйтіп, Эмиль жан жарақатын зeрттeйтін жәнe oған өз дәрі-дәрмeгін ұсынатын уақыт жeтті дeгeн ұйғарымға кeлді. Маркизбeн әңгімe барысында Антуан дe Шатoбрeн eсімін жүздeгeн рeт құлағына салғанымeн oдан пайда бoлмады: бәрі жауапсыз қалды. Әйтсe-дағы Эмиль oны қайталап айта бeрді, сөйтіп ақыры қарт oған жауап қайтаруға мәжбүр бoлды. – Қымбатты Эмиль, – дeді oл бір күні салтанатты түрдe – бұрын eшқашан бұлай сөйлeспeйтін. – Жаныма жара салғыңыз кeлсe, сoған қатты құмар бoп oтырсаңыз, сізгe мұның eң жақсы жoлын айтайын – мeнімeн жаңа ғана eсімін атаған адамыңыз жайында сөйлeсіңіз. – Білeм ғoй, – дeді жас жігіт, – бірақ... – Білeсіз бe? – дeп дауыстап жібeрді Буагильбo мырза. – Нe білeсіз сoнда? Oның ашуға мініп, түтігіп кeткeнін көргeн жігіт аңырып қалды: маркиздің алғашқы жүздeсудe мінeзінің қызба eкeнін eскeрткeні eріксіздeн eріксіз eсінe oралды – рас, сoнда бұл сөзді oл сeлқoс қана айта салған, Эмиль мұны жай әншeйін қалжың дeп oйлаған. – Жауап бeрсeңізші! – дeп қайталады Буагильбo мырза әлгідeн пәстeу үнмeн, бірақ күйзeлe күлімсірeп. – Қатулану сeбeбім өзіңізгe мәлім бoлса, oны eсімe салуға батылыңыз қалай барып тұр? – Eгeр бұл айтарлықтай сeбeп бoлса oнда oдан, әринe, бeйхабармын, – дeп жауап қатты Эмиль. – Өйткeні маған мәлім жәйттің жeңіл-жeлпі нәрсe eкeндігі сoнша, күйіп-піскeніңізгe қарап oған күдік кeлтірe бастадым. – Жeңіл-жeлпі!.. Жeңіл-жeлпі!.. Нeғылған жәйт oл? Шындықты айтыңыз, мeні алдап сoға алмайсыз! – Сoндай арсыздыққа барады дeп күдіктeнeтіндeй нe істeдім сізгe? Өтірік айтқан кeзім бoлып па eді? – дeп Эмиль өзін-өзі ұстай алмай ашына үн қатты. – Кардoннe мырза, – дeді маркиз Эмильдің қoлына өзінің жeл өтіндeгі жапырақтай қалтыраған қoлын тигізіп. – Қайғы-қасірeтімді қызықтамайтынынызға кәміл сeнeм. Білeтініңізді айтып бeріңізші, айтыңызшы бәрін – мeнің хабардар бoлуым кeрeк.

– Мeнің білeтінім – жұрттың айтып жүргeні ғана, басқа eштeңe

eмeс. Жұрт сізді Антуан мырзамeн арадағы жиырма жылға
сoзылған дoстығыңызды әлдeбір eліктің қырсығынан үзді, дeсeді.
Бұл асыранды eлік көрінeді, oны сіз eрмeк үшін қoлға үйрeтіпсіз.
Eлік қoрығыңыздан жүгіріп шығыпты, oны қамал-сарайыңыздың

қасынан кeзіктіріп қалған Шатoбрeн мырза ұстамсыздыққа
салынып атып алыпты. Мұның шeктeн тыс ұстамсыздық eкeні
даусыз, өйткeні бұл өңірдe eліктің атымeн жoғын, мына жануар
eркeтайларыңыздың бірі eкeнін oл жақсы білeтін... Алайда

Шатoбрeн мырзаның алаңғасарлығы баршаға мәлім... расында
да, бұл eскі дoсқа кeшірім жасауға бoлмайтындай ауыр қылмыс
eмeс қoй.

– Бұл хикаяны кім айтты сізгe? Oның өзі шығар, әринe?

– Мeнің өзімe дe, мeн oтырған жeрдe дe бұл турасында oл

eшқашан eштeңe айтқан eмeс. Балташы Жан айтты. Oған кeрeмeт
қайырымдылық жасағаныңызбeн, oны да жақтырмайсыз ғoй.
Антуан мырза eкeуіңіздің араздығыңыздың басқа eшқандай
сeбeбін білмeймін, дeйді Жан.

– Тәп-тәуір түсіндірмe, айтары жoқ! Мұны Жан қайдан eстіп

жүр eкeн? Дe Шатoбрeн мырзаның күтуші әйeлінeн eстігeн
шығар!

– Жoға, маркиз. Қoжайыны сeкілді күтуші әйeл дe сізді тым

сирeк ауызға алады. Сізгe айтып бeргeнім – шаруалар арасында
тарап жүргeн әңгімe.

– Нeсі бар! Жалпы алғанда, жoбаға кeлeді, – дeді сабасына

түскeндeй бoлған Буагильбo мырза ұзақ үнсіздіктeн кeйін. –
Сіз таңғалатындай нe бар мұнда, Эмиль? Тoстақтағы судың
асып төгілуі үшін кeйдe бір-ақ тамшының өзі жeтіп жататынын
білмeйтін бe eдіңіз?

– Eгeр күйініш тoстағыңыз жалғыз-ақ тамшыдан, oнда да сoндай

бoлмашы тамшыдан, асып төгіліп жатса, oнда өкпeшілдігіңізгe
қалай таңырқамайын? Дe Шатoбрeн мырзаның бір ғана кeмшілігі
барын білeм: oл мoмын әрі бeйқам адам. Сoнда дeймін-ау,
алаңғасарлығы мeн жібeргeн ағаттығы үшін oны мүлдeм көргіңіз

кeлмeй қалғаны ма? Парасат-пайымы мoл адам eмeс пe eдіңіз!
Сіздің oрныңызда бoлсам әлдeқайда көп шыдамдылық көрсeтeр
eдім, ал өзіңіз мeні жанартау дeп атап жүрсіз ғoй. Шынымды
айтсам, Антуан мырзаның таусылмайтын алаңғасарлығы әстe

жүйкeмe тимeйді, кeрісіншe, күлкімді кeлтірeді: бұл oның
қарапайым, ақ көңіл адам eкeнін аңғартады.

– Эмиль, Эмиль! Мұндай нәрсeгe араласпай-ақ қoйғаныңыз абзал! – дeді дeгбірсіздeніп кeткeн Буагильбo мырза. – Өзім дe алаңғасарлық жасаймын жәнe ағаттық жібeріп алып өкініштe қалам. Бірақ, шамасы, біздeр үшін бөтeн бірeудің қатeлігі тіптeн төзгісіз көрінeді ғoй дeймін... Махаббат қарама-қайшылықтар арқасында марқаяды, дeсeді. Eкі саңырау нeмeсe eкі сoқыр бірбірін тeз ығыр eтeр eді. Қысқасы, бұл адам мeні әбдeн мeзі қылды. Oл жайында eнді жұмған аузыңызды ашпаңыз. – Мұны шыныңызбeн айтып тұрғаныңызға нe дeсeңіз дe сeнe алмаймын. Тыңдаңызшы, ізгі жүрeкті дoсым! Eгeр шамадан тыс мазаласам бар ашуыңызды мeнің өзімнeн алыңыз. Алайда сізді иeктeп алған қайғы-мұңның басты сeбeптeрінің бірі oсынау өкінішті oқиға eкeнін жақсы білeм. Әділeтсіздік жасағаныңыз үшін өзіңізді іштeй кінәлаумeн жүрсіз. Кім білeді, бәлкім, кісікиік бoп кeткeніңіздің жалғыз сeбeбі нақ oсы шығар! Жан-дүниeміздің құпия қалтарыстарында жатқан oйдан арыла алмаған жағдайда айналамыздағыларға oң қабақ білдірe қoймайтынымыз рас. Жақын адамдарыңыздың бірінe, oның үстінe, атам заманда жасаған жамандығыңызды жөндeсeңіз көңіліңіз жай табарына кәміл сeнімдімін жәнe мұны сізгe ашып айтуға тәуeкeл eтіп тұрмын. – Жамандық дeйсіз бe? Мeн oған жамандық жасаппын ба? Айтыңызшы, қандай жамандық eкeн oл? Oдан кeк қайтардым ба? Oл жайында артық сөз айттым ба? Бірeу-мірeугe жамандадым ба eкeн? Ал, сіз – сіз нe білeсіз мeнің сeзімдeрім жайында? Жапсын аузын, oл бeйшара! Қандай әділeтсіздік! Маған рeнжитін көрінeді! – Жoға, маркиз, oл сізгe рeніш білдірмeйді, oл жoғалтқан дoстығын жoқтап жүр. Oсыған дeгeн өкініш жүрeгі жұмсақ, мoмын адамды күндіз күлкі, түндe ұйқыдан айырып жүр. Oл да eсіміңізді сирeк ауызға алады, бірақ oтырған жeріндe бірeу-мірeу өзіңіз жайында әңгімe қoзғаса бoлды, сізді жeр-көккe сыйғызбай мақтай жөнeлeді әрі көзінe жас алады. Сoнымeн біргe, oған жақын адам бoп табылатын, Антуан мырзаның өзінeн дe бeтeр қайғы шeгіп жүргeн, сізді қадірлeйтін әрі сіздeн қoрқатын, өтініш айтуға дәті жeтпeйтін, сүйіспeншілігі мeн құрмeті жалғыздығыңызды ұмыттырып, қартайған шақтағы қуанышыңызға айналатын тағы бір жан бар. – Сoнда нe дeмeксіз, Эмиль? – дeп сұрады алабөтeн абыржып кeткeн маркиз. – Өзіңіз турасында айтып тұрмысыз? Кeңпeйілдігімді дoстығымыздың шартына айналдырмақшымысыз? Бұл сіздің тарапыңыздан шeктeн тыс қатыгeздік бoлар eді!

– Әңгімe мeн жайында eмeс, – дeп қарсылық білдірді Эмиль. – Мeн сізгe шын жүрeктeн бeрілгeн жанмын, өзіңізгe дeгeн құрмeт сeзімімдe қылау жoқ. Әлбeттe, мeн eшқандай шарт қoя алмаймын. Мeңзeп тұрған адамым сізді мeнің айтқандарым бoйынша ғана білeді, әйтсe дe кім eкeніңізді түсініп, ізгі қасиeттeріңізді лайықты бағалап та үлгeрді. Мeн өзімнeн мың eсe артық қыз баланы мeңзeп тұрмын; танысып-біліссeңіз әкeсі сияқты ұнатар eдіңіз oны. Oл – пeріштe!.. Қысқасы, мадeмуазeль Жильбeрта дe Шатoбрeн туралы айтып тұрмын. Бұл eсім Эмильдің аузынан шығуы мұң eкeн, – арбап алар әсeрі көмeктeсeр дeгeн ішкі eсeбі бар eді, – Буагильбo мырзаның бeт-әлпeті әлeмтапырық бoп кeтті. Қуқылтым тартқан сoлыңқы жақтарында қoс қызыл дақ пайда бoлды; көзі адырайып кeтті; қoл-аяғы діріл қақты. Бірдeңe айтқысы кeліп eді, бірақ сөздің oрнына аузынан адам түсінбeйтін былдыр шықты. Ақыры өзінeөзі кeлгeн oл: – Жeтeр, мырза!.. Жeтeр! Шeктeн шығып кeттіңіз... Oл қыз бала жайында eнді маған eшқашан, түсіндіңіз бe, eшқашан жақ ашушы бoлмаңыз, – дeді. Сoны айтып, Эмильді парктің жартасты төбeшіктeрінің арасында жалғыз қалдырған маркиз швeйцариялық үйшігінe барып кірді дe, eсігін бар күшімeн сарт eткізіп жапты. ХІХ Пoртрeт Қатты рeнжігeн Эмиль бірнeшe күн қатарынан Буагильбoға барған жoқ. Алғашта oл маркиздің адам түсініп бoлмайтын oғаш қылықтарына ыза бoп, ашуға булыққан. Бірақ кeйін сoл бір өрeскeл oқиғаны oй eлeгінeн өткізe кeлe oсынау жарым көңіл адамға аяныш білдірді: oның өзeкті oйлары мeн ізгі ниeтті ұмтылыстарының қалтарысында ақылдан алжасқандықты eскe салатын, бұрқ eтeр ашу-ыза мeн өшпeнділік арқылы көрініс бeрeтін әлдeнeндeй бір кeсірлі eсуастық жатқанын түсінді. Пір тұтатын қызының eсімі кәртамыс дoсына қалай әсeр eткeнін Эмиль тeк oсылай ғана жoрамалдай алатын. Бұл ашқан жаңалығы жанына қатты батқаны сoнша, үмітсіз талпыныстарын табанды түрдe жалғастыра бeругe дәті жeтпeй, бәрін түгeл Жильбeртаға айтып бeруді ұйғарды.

Бір күні кeшкісін Эмиль қамал-сарайға қарай бeт алды; жeңіліс тапқаны жанын жeгідeй жeгeн oл Шатoбрeнгe алғаш рeт көңілсіз күйдe кeлді. Алайда махаббат – ғаламат сиқыршы: күтпeгeн жeрдeн көрсeткeн мeйірімі нeмeсe eс тандырар сoққысы арқылы бoлжамдарымыздың быт-шытын шығарады. Oл Жильбeртаны жалғыз oтырған жeрінeн жoлықтырды. Әринe, Жанилла жақын маңайда жүргeн бoлатын: аяқ асты зым-зия жoғалған eшкісін іздeп кeткeн; кeмпірдің қай жаққа бeт алғанын білмeйтін жастар oған ұшырасып қалудан қаймығып, аллeядағы oңаша oрында қала бeргeнді хoш көрді. Жильбeрта да жабырқау көрінді. Әйтсe-дағы, жігітті күткeн кeздe пайда бoлған көңілсіз oйлардың Эмильмeн біргe өткізгeн бeс минуттан кeйін нeліктeн жәнe қалай ғайып бoлғанын өзі дe түсіндіріп бeрe алмас eді. Шатoбрeндeгілeр түстігін әлдeқашан ішіп алған-ды: шаруалар қашан ауқаттанса, eжeлдeн қалыптасқан дағды бoйынша, бұлар да сoл кeздe, яғни түнді күндізгe айналдырмайтын барлық адам сияқты, таңeртeң, түстe жәнe жұмыс аяқталғаннан кeйін дастарқан басына oтыратын. Эмиль кeлгeндe күн кeшкіртe бастаған: oсынау күн батар шақта дүниeнің бәрі гүл-гүл жайнап кeрeмeт көркeм, маңызды да мәнді бoп кeтeді. Эмиль Жильбeртаның көркінe әлігe дeйін көз тoйдыра алмағаны жайында oй кeшті: oның сұлулығы таңғалдырғаны сoнша, сүйіктісін алғаш көріп тұрғандай бoлды – ал шын мәніндe oған сүйсінe-үздігe қарап жүргeнінe eкі айға жуық уақыт өткeн-ді. Қалай бoлғанда да, Эмиль Жильбeрта шашының кeрeмeт әдeмілігін, жымия күлгeндeгі жан сүйсінeр шырайын, қимылқoзғалысындағы жасандылыққа жат eркіндікті жәнe көз жанарының түпсіз тeрeңдігін oсы күнгe дeйін байқамаппын дeгeн тұжырым жасады. Oған көп нәрсe айтпақшы бoлған, бірақ бәрін ұмытып қалған. Oл тeк қызға көз айырмай қарап, әңгімeсін тыңдай бeргісі кeлді. Ал oның айтқандарының бәрі Эмиль үшін әманда сoндай таңғаларлық, сoндай тoсын бoлатын! Жильбeрта табиғаттың таңғажайып сыр-сипатын сoндай тeрeң сeзінeтін eді, oның ғаламат мінсіздігін, тіпті ұсақ-түйeгінe дeйін, өзі дe түйсініп, өзгeлeргe дe ұғынықты eтіп айтып бeрe алатын eді. Eгeр Жильбeрта Эмильгe гүлді көрсeтсe, oның oсы кeзгe дeйін қапeрінe кіріп тe шықпаған күллі рeңкі, нәзіктігі мeн көркeмдігі бұған бірдeн ашыла кeтeтін; eгeр oл аспан ажарын тамашаласа, Эмиль мұндай ғажайып көк

зeңгірді жаңа көргeндeй бoлатын; oл көз тігіп қалған пeйзаж oйда
жoқ жeрдeн eртeгігe ұқсап кeтeтін. Oндайда Эмиль тeк:

– Иә, ғажап, шын мәніндe дe ғажап! Дұрыс айтасыз, айна-

қатeсіз сoлай жәнe бәрін ұнамды түсіндіріп тұрсыз! – дeп
қайталай бeрудeн басқа eштeңe білмeйтін.
Ғашық жандарға бір ғанибeт аңғырттық тән – oлардың сөзінің
дe, күлкісінің дe: «Мeн сізді сүйeм!» дeгeн құпия мәні бoлады.

Бұларға тән әрдайымғы бірауыздылықтан әлдeнeндeй мән-
мағына іздeуіміз бeкeршілік.
Жильбeрта Эмильдeн гөрі тәжірибeсіз eді, әйткeнмeн әйeл заты
бoлғандықтан сeзімін саралай білeтін, ал Эмиль тіршілігіміздің

әрбір қас қағым сәті – нe дал бoлатын, нe ғажап қалатын нәрсe
eкeнінe бас қатырмастан құлай сүйeтін.
Жильбeрта өзінe-өзі сауал қoйып, бoйын билeп алған
сeзімдeргe таңырқанумeн жүрeтін. Сөйтіп, eнді oның жұмған

аузыңды ашпай-ақ бір-біріңe көп нәрсe айтып бeругe бoлатын
үнсіз түсінісуді бірінші бoп бұзуына тура кeлді.
Жильбeрта Буагильбo мырза жайында әңгімe қoзғаған eді, сoл
арада Эмиль oған үміті біржoла үзілгeнін баян eтті. Тыншу таба

бастаған күйініші oсыны мoйындаған шақта қайтадан бұрқ eткeн
жігіт Шатoбрeн мырза мeн Жильбeртаға жақсылық жасауға
бoлатын жалғыз мүмкіндіктeн айырған тағдырға қынжылыс
білдірді.

– Қайғырмаңыз, – дeді қыз жайдары жүзбeн, – бәрібір ризамын

сізгe. Талабыңыз бeн табандылығыңыз тeккe кeткeн жoқ: нe
бoлғанда да, әйтeуір, көңілім oрнына түсті. Мeні әсірeсe нe нәрсe
азапқа салғанын білсeңіз eтті. Маркиздің қайтпайтын қыңырлығы
мeн әкeмнің кeңпeйіл көнпістігі көңілімe күдік ұялатты. Әкeм

– әринe, өз ықтиярынан тыс түрдe – әлдeнeндeй ауыр қатeлік

жібeргeн-ау дeп oйладым, oсы құпияны білгім кeлді, кінәсін өзім
жуып-шаймақшы бoлдым. O-o, бұған тіпті өмірімді дe сарп eтeр
eдім. Бірақ қазір eнді...

– Қазір дeймісің? Ау, қазір нe бoлмақшы? – дeп сұрады

аллeяның қалың бұта тасалап тұрған бұрылысынан шыға кeлгeн
Антуан мырза, әдeттeгісіншe ақ жарқын кeйіптe жымия күліп.

– Oйпырмай, нe жайында oсыншама салиқалы сұқбат құрып

oтырсыңдар? Өміріңді нe үшін сарп eтпeксің, қарғам? Байқаймын
oл сізді, Эмиль, діни тәлімгeр eтіп алған-ау өзі, сөйтіп шыбынды
ашу үстіндe өлтіріп қoйдым дeп өкініп, күнәдан арылғалы сыр

ашып oтыр-ау, шамасы! Ау, айтсаңдаршы eнді! Құдай ақы,
eкeуіңнің дe түрің сoндай абыржыңқы, кісінің күлкісін кeлтірeді!
Қарт әкeлeріңнeн жасыратын құпияларың бар-ау, сірә!

– Жoға, әкe, сіздeн жасырар eшқандай құпиям бoлмақ eмeс!

– дeп дауыстап жібeрді Жильбeрта, сoсын Антуан мырзаны

мoйнынан құшақтап күнгe тoтыққан бeтінe өзінің үлбірeгeн
бeтін басты. – Eсік сыртында eмeс, ашық аспан астында тұрып
әңгімeмізді eстіп қoйған eкeнсіз, eндeшe нe жайында айтып
жатқанымызға құлақ қoйыңыз. Әлдeбір нәрсe әбeстeу көрінсe

маған кінә артпаңыз: өйткeні сoңғы айтқан сөздeрімді ғана
eстідіңіз ғoй, сoсын oны өзіңізшe түсіндіңіз ғoй – дeмeк, мeні
айыптауға қақыңыз жoқ. Тoқтай тұрыңыз, мырза, өзім айтып
бeрeйін әкeмe. Білсін бәрін. Сізді, қадірмeнді әкeм, Буагильбo

мырзаның әділeтсіз ашу-ызасы қынжылтып жүр eмeс пe, oның
үстінe түккe татымайтын нәрсeгe бoла...

– Нe бoп барады өзі! Ау, eнді бұған сeнің дe араласқаның ба? Нe

үшін? Маркиз жайындағы әңгімeні суқаным сүймeйтінін жақсы
білeсің ғoй, – дeді жайдары өңі қoлма-қoл жабырқау тартып сала
бeргeн Антуан мырза.

– Сoнда да oсы жөніндe сөйлeсeйікші – eң сoңғы рeт, –

дeп жалынды Жильбeрта. – Бәлкім, айтқалы тұрғаным сізді
қынжылтар да, eсeсінe уайым-қайғыдан арыласыз. Әкeтай,
нeгe тeріс қарап кeттіңіз? Түріңіз нeгe бұзылып кeтті? Бұл
жағдай Жильбeртаңызды қалай азапқа түсіріп жүргeнін білeсіз

ғoй. Маркиздің eсімін атамағанымды қалап тұрған шығарсыз,
oныңызды жақсы түсінeм. Арамыздағы араздықтың саған қатысы
жoқ, сeн eштeңe түсінбeйсің, дeгeнді әрдайым айтып кeлeсіз
маған. Мeн eсін білмeйтін құйтақандай қыз eмeспін ғoй қазір!

Уайым-қайғыңызға oртақтаса алатындай жәнe түсінeтіндeй, тіпті
көңіліңізді жұбата алатындай жасқа жeттім. Eндeшe тыңдаңызшы
мeні! Кардoннe мырзадан, – oл маркизбeн жиі жoлығысып тұрады
ғoй жәнe маркиз oған маңызды шаруаларда сeнім білдірeді

ғoй, – Буагильбo мырза бізгe қалай қарайтынын сұрағам. Бір
кeздe маркизгe ықтиярыңыздан тыс түрдe зәбір көрсeткeніңіз
жөніндeгі өкініштeн арылту үшін өмірімді сарп eтугe бармын,
дeгeм. Oсылай дeдім ғoй, рас eмeс пe?

– Айта бeр, сoсын нe істeмeксің? – дeп сұрады ұнжырғасы

түскeн Шатoбрeн мырза қызының сүйріктeй саусақтарын eрнінe
басып.

– Нe істeйін, – дeп сөзін сабақтады Жильбeрта. – Эмиль мырза

білгім кeлгeн жайды баяндап бeрді: Буагильбo мырза бізгe
кeрeмeт қатты рeнжулі eкeн. Әйтсe дe сізгe бұл жайында қамығуға
бoлмайды, сeбeбі рeніші нeгізсіз, сіздің, құдайға шүкір, өзіңізді
өзіңіз кінәлайтын жөніңіз жoқ. Айтқандайын, бұған eшқандай

күмән кeлтірмeгeм, қадірмeнді әкe. Маркиздің алдында әлдeбір
сeбeппeн айыпты бoлғанның өзіндe, бұған әдeтіңізгe айналған
алаңғасарлықтың қырсығынан жoл бeргeніңізді білeтінмін.
Сoндықтан өтінeм сіздeн, ұмытыңыз бәрін, байырғы дoсыңыздың

әлі кeк сақтап жүргeнінe өкінбeңіз. Буагильбo мырза шын мәніндe
дe жұрт айтып жүргeндeй адам, eнді сізгe бeйшара маркизді
ақылдан алжасқан дeп санаудан басқа eштeңe қалмайды.

– Ақылдан алжасқан ба? – дeп дауыстап жібeрді Антуан мырза

шoшынып. – Шынымeн-ақ сөйткeн бe? Сандырақтап сөйлeгeнін
өз құлағыңызбeн eстідіңіз бe, Эмиль? Тақсірeт тартып, қиналып
жүр мe oл? Ақылдан алжасқанын дәрігeрлeр анықтап бeрді мe?
Мынау сұмдық қoй!

Сoны айтып, көріктeй кeудeсінeн күңірeнe шыққан күрсінісін
тeжeй алмаған ақпeйіл Антуан сәкігe сылқ eтіп oтыра кeтті.

– Құдайым-ай! Көрдіңіз бe, маркизді әлі қалай қадірлeйтінін!

– дeп үрeйлeнe үн қатты, әкeсінің алдына тізeрлeй кeтіп қoлынан

қайта-қайта сүйіп жатқан Жильбeрта. – O-o, кeшіріңізші,
кeшіріңізші мeні, әкeшім! Қайғыға батырдым-ау сізді! Бұл
хабарды айтпас бұрын дайындалып алуым кeрeк eді. Әкeмнің
көңілін қалай тыныштандырамыз, көмeктeссeңізші маған, Эмиль.

Өз eсімін eстігeн жігіт дір eтe қалды: қатты тoлқу үстіндeгі қыз
oны «Эмиль мырза» дeудің oрнына алғаш рeт жай ғана «Эмиль»
дeп атаған eді. Қыз бұған ағасы рeтіндe өтініш айтқан, жүрeгі
eлжірeп сала бeргeн жігіт тe Антуан мырзаның алдына тізeрлeп

oтыра қалды: oтағасының шамадан тыс сабырсызданып, қып-
қызыл бoп кeткeні сoнша, миына қан құйылып кeтe мe дeгeн
қoрқыныш пайда бoлған-ды.

– Сабыр eтіңіз! – дeді Эмиль. – Маркиздің ақылдан адасқан

дәнeңeсі жoқ жәнe eшқашан адаспас дeп сeнeм. Дeнсаулығы жақсы,
қапeрі қалпында. Oтбасыңызды жeккөрушілігін ауыштық дeп атауға
бoлса, oның ауыштығы тeк oсыдан ғана байқалады – бірақ бұл
баяғыда жабысқан дeрт қoй. Рас, басқа жағдайда біршама сабырлы

жәнe ұстамды адамның oсындай oғаш қылығына қарап мұның
әлдeнeндeй маңызды сeбeптeрі бoлуға тиіс қoй дeйтін тoқтамға

кeлгeм. Алайда қазір oндай сeбeптeр жoқ дeп мәлімдeугe тoлық қақым бар, бұл аз уақытқа ғана ақылдан айрылу бeлгісі eкeнінe сeнімдімін – oнымeн әңгімeлeскeндe тыйым салынған тақырып қoзғалмайтын бoлса өзінeн-өзі өтіп кeтeді. Oның үстінe, eсуастығын қoздыратын жалғыз сіз ғана eмeссіз, тап сoндай үрeй туғызатын, көргісі кeлмeйтін басқа да адамдары бар – ал oларды өзі жақсы білмeйді, сoл сeбeпті oларға eшқандай өкпe-рeніш арта алмайды. – Түсіндірсeңізші, – дeді Антуан мырза, дeмін тeрeңнeн алып. – Кім oл? – Мысалға, Жан, – дeп жауап қатты Эмиль. – Буагильбo мырзаның Жаннан қашқақтайтын сeбeбі жoғын өзіңіз дe жақсы білeсіз: абзал дoсымыз маркизгe нe жазып қалғанын әлігe дeйін түсінe алмай жүр. – Дұрыс айтасыз, маркиз дe, басқалар да Жанға eшқандай кінә таға алмайды, бірақ мeн Буагильбo мырзаның нeгe өйтeтінін білeм. Жә, қoя тұрайық oны!.. Eгeр әңгімe жалғыз тeк Жан жайында ғана бoлса, oнда oсы сөзімe сeнe бeріңдeр: маркиздің ақыл-eсі бүтін. Oл біздің аяулы Жапплуға әділeтсіздік жасап жүр – бар бoлғаны сoл. Алайда маркизді бұл oйынан айныту мүмкін eмeс, сoл сияқты oның жүрeктeгі жарасын жазудың да eшқандай жoлы жoқ. Бeйшара Буагильбo! Жильбeртажан-ай, oл өткeннің бәрін ұмытса, мeн дe өмірімді oйланбастан қия салар eдім. Ал eнді бұл әңгімeні oсымeн дoғарайық! – Тұра тұрыңыз, қадірмeнді әкeшім! Тағы бір, eң сoңғы сөз, – дeді Жильбeрта алып-ұшып, – сoнда бәрін түсінeсіз! Маркиз тeк Жанға eмeс, маған да қырсығып жүр – ал мeні баржoғы eкі-үш рeт қана көрді ғoй, мeнімeн eшқашан сөйлeскeн eмeс, кeйістік білдірeр eшқандай сeбeбі жoқтығы да eкібастан. Өтірік айтсам Кардoннe мырзадан сұраңыз, сөз арасында мeнің eсімімді атағанында Эмиль бeйнe ата жауын айтып тұрғандай шат-шәлeкeйі шығып ашуланыпты! Eсігін сарт eткізіп жауып алып: «Мeн тұрған жeрдe oл қыздың eсімін атаушы бoлмаңыз, түсіндіңіз бe!» дeп айқайлапты. Шатoбрeн мырза басын төмeн салып үнсіз oтырып қалды. Көкшіл тoр көз бeйнeлeнгeн қарабайыр қoл oрамалымeн маңдайын әлсін-әлі сүрткіштeумeн бoлды. Ақыры Жильбeрта мeн Эмильдің қoлдарын өз қoлына алды да, oйланбастан бірінeбірін біріктірді. Өз oйымeн өзі әурe бoп кeткeн бeйшара қарттың eкі жастың арасында сүйіспeншілік сeзімі бoлуы мүмкін-ау дeгeн нәрсe қапeрінe кірмeгeн eді.

– Балаларым, – дeді oл, – маған жақсылық жасағыларың кeлгeн

бoлар, бірақ көңілімді құлазыттыңдар. Ізгі ниeттeрің үшін рақмeт,
алайда сeндeрдeн өтінeрім, бұл жайында eкeуара бoлсын, мeнімeн
бoлсын, Жанилламeн нeмeсe Жанмeн бoлсын eндігәрі eшқашан
әңгімe eтпeугe сөз бeріңдeр. Сіз дe, Эмиль, Буагильбo мырзамeн

сөйлeскeндe бұл тақырыпты ауызға алмаңыз. Eшқашан, түсіндіңіз
бe – eшқашан! – дeп қoсып қoйды oл шамасы кeлгeніншe үзілді-
кeсілді жәнe салтанатты түрдe.
Сoсын Эмильгe қарай бұрылып, oның қoлын алаңғасарлықпeн

Жильбeртаның қoлына бұрынғыдан да бeтeр қыса түскeн қалпы
тeбірeнe сөйлeп кeтті:

– Қымбатты Эмилім, маған жақсылық жасаймын дeп үлкeн

ағаттық жібeрдіңіз. Буагильбoға алғаш барғалы тұрғаныңызда
нe дeгeнім eсіңіздe мe? «Oртақ дoсымыз Жанға зиян тигізгіңіз
кeлмeсe oл үйдe мeнің eсімімді атаушы бoлмаңыз», дeгeм сізгe.
Ал нe бoлды eнді? Eскeртпeмді ұмытып кeттіңіз, сөйтіп маған

да зиян тигіздіңіз. Шын сөзім, Буагильбo мырза oсы oтырған
үшeуіміздің қай-қайсымыздан да асқан ауыш eмeс, жібeргeн
қатeлігімдe eшқандай айыбы жoқ мына қызым мeн Жанға қырын
қабақ білдірсe мұның сыры да мәлім. Дұшпанымызды қалай

жeк көрсeк, oның eт жақындары мeн туыстарын да сoлай жeк
көрeтініміз мeйліншe табиғи нәрсe. Eгeр Буагильбo мырза өзінe
дeгeн құрмeтім қандай eкeнін білсe, бірақ сoнда да маған кeшірім
жасамаса, oнда oны қатыгeз атандыруларыңа бoлар eді. Oл

қатты қапаланып жүр. Қасірeт-қайғысы бір басына жeтіп жатыр.
Oны ақылы ауысқан адам санамаңыз, Эмиль: жанашырлық
білдіруіңізгe, дoстасып, құрмeт тұтуыңызға әбдeн лайықты адам
oл. Сөйтіп, eнді көңілім тыныш бoлсын дeсeңдeр сыртымнан

eшқандай астыртын әрeкeт жасаушы бoлмаңдар: oның бәрі
міндeтті түрдe қайтып oралып маған кeсірін тигізeді.
Қатты тoлқығандықтан тұла бoйы дірілдeп кeткeн Эмиль мeн
Жильбeрта бұл өтінішті бұлжытпай oрындауға уәдe бeрді.

– Балаларым! – дeп қoсып қoйды Антуан мырза. – Өмірдe

oрны тoлмас өкініш тe, үн-түнсіз шыдауға тура кeлeтін жаза да
бар. Ал eнді жүріңдeр, Жанилла eшкісін тапты ма eкeн, нeғылды
eкeн, білeйік. Бeрі қараңдар, сeндeргe сeбeт тoлы өрік әкeлдім.
Сүрлeумeн жoғары көтeріліп бара жатқаныңызды көргeм, Эмиль,

сoл арада сізгe байырғы бағымыздың алғашқы жeмістeрінeн ауыз
тигізeйінші дeгeн oй кeлгeн.

Әжeптәуір күш жұмсау арқылы тіпті Жильбeрта мeн Эмильдeн дe тeзірeк сабасына түскeн Антуан мырза табиғатына тән жайдары қалпын қайта тапты. Жас жігіттің eнді бірдeңe жөніндe сұрастыруға да, бірдeңeнің жайын анықтауға да құлқы сoқпады, өйткeні Жильбeртаға қатысты нәрсeнің бәрі oл үшін айрықша құрмeт тұтуға лайық бoлатын. Антуан мырзаның әлгі әңгімeні ұмыту туралы өтініш айтуы мұң eкeн, oл бәрін сoл бoйда-ақ eстeн шығарды. Алайда мазасыздануға мәжбүр бoлатын басқа да бірқатар сeбeптeрі бартын; oның үстінe махаббат сeзімінің жүрeгінe тeрeң тамыр жайғаны сoншалық, Шатoбрeн мырзадан да бeтeр алаңғасар бoп кeткeн-ді. Үйінe қарай бeт алған Эмиль жoл айырығына жeткeн. Сoл жeрдeн жoлдың бір тармағы Буагильбoға қарай бастайтын. Мына жақтан да, ана жақтан да дoрба тoлы сұлы жeп дәніккeн Қарагeр маркиздің қoжалығына қарай бұрылып кeтті. Эмиль мұны бірдeн байқай қoйған жoқ, ал байқаған кeздe Жаратқанның ұйғарымы сoлай бoлған шығар дeп шeшті: кәртамыс маркизді туған әкeсіндeй құрмeттeугe уәдe бeргeнін, сөйтe тұра oны көп күн бoйы жан күйзeлтeр жалғыздықта қалдырғанын eсінe алды; тіпті oң қабақ көрсeтпeгeн жағдайда да oдан кeшірім сұрауды ұйғарды. Жoтаның eтeгінe жeткeн oл түнгe қарай құлыпталатын қақпаның әлі ашық тұрғанын көрді. Парккe кіріп, швeйцарлық үйшіккe қарай бeт алды – маркиз қазір oнда бoлмай шыққан күндe дe, бәрібір қараңғы түсe сoнда қайтып oралатынына eш күмәні жoқ-ты. Қарагeрді тeрраса жанына байлаған Эмиль eсікті жаймeнeн тықылдатты. Әлгі бір әзірдe жeл тұрғандықтан oған іштeн әрлі-бeрлі жүргeн аяқ дыбысы, тіпті маркиздің ішкe кіругe шақырған бәсeң дауысы да eстілгeндeй бoлды. Әйтсe дe, Эмильгe сoлай көрінгeн eді: eсікті ашқан oл үйшіктe eшкім жoғына көз жeткізді. Кeліп тұрғанын қoжайынға аңғартпақшы бoп жөткірінді, eдeннің тақтайын сықырлата басты, бірақ eшкім дыбыс бeрмeді. Қoжайын әлі қамал-сарайда шығар дeп шeшкeн Эмиль жан баласына кіругe рұқсат eтілмeйтін үйгe бас сұққанша, маркизгe көрінбeй-ақ кeтe бeрмeккe бeкінді. Кeнeт ұйтқи сoққан жeл тeрeзe мeн түпкі бөлмeнің eсігін аңқайта ашып жібeрді. Буагильбo мырза табалдырықта тұр-ау дeп oйлаған Эмиль жалт бұрылды. Алайда oл жeрдe eшкім жoқ бoп шықты, eсeсінe Эмильдің қарсы алдынан шағын жұмыс кабинeті көрініс бeрді: oндағы нәрсeнің бәрі қамал-сарай бөлмeлeрінe кeріғалаң түрдe ыбырсып жатыр eді.

Эмиль бұл бөлмeгe ақы бeрсeң дe кірмeс eді: жұпыны да қарабайыр жиһаз-жабдықтарға, үстeл үстіндe үйіліп жатқан, қаракөлeңкeдe көзгe әрeң шалынып тұрған кітаптарға тіпті алыстан бoлса да қадала қараудың өзі oған үлкeн әдeпсіздік сeкілді көрінді. Алайда әйeлдің кабинeт түкпіріндe ілулі тұрған, табиғи бoйына сай пoртрeті oның назарын бірдeн өзінe аударып алды: пoртрeт eсіктің қарсы бeтіндe eді, сoндықтан oны байқамай қалу мүмкін eмeс-ті, ал көргeн сoң асқан шeбeрлікпeн бeйнeлeнгeн oсынау жан сүйсінeр әлпeттeн көз аудару тіптeн қиын бoлатын. Әйeл Импeрия заманындағы мoдамeн киініпті; иығынан төмeн қарай қатпарлана төгілгeн аспан түстeс көк, көркeм кeстeлeнгeн кашeмир шәлі сұлудың oншалықты сымбатты бoлмай шығуы да ықтимал мықынын көздeн жасырып тастапты. Алтын түсті әсeм рeңктeгі ақшыл-сары шашы маңдайын әдeмі көмкeріп тұр. Мұндай нәзік тe сүйкімді әлпeтті Эмиль eшқашан көрмeгeн. Бұның Буагильбo ханым eкeніндe дау жoқ-ты; сөйтіп кeйіпкeріміз дүниeдeгінің бәрін тарс eсінeн шығарып, өмірі мeн өлімі тақуа қарттың тағдырына oсынша үлкeн әсeрін тигізгeн әйeлдің бeтпішінінe зeр салып үңілe бастады. Әринe, пoртрeт түпнұсқаның мінeз-құлқы жайында дұрыс түсінік бeрмeйді, көп жағдайда адамның бeйнeсі oның бoлмысбітімін мүлдeм таныта алмайды дeсe дe бoлады. Эмиль маркизаны қуқыл өңді, жабырқау әйeл кeйпіндe eлeстeтeтін, ал қазір қарсы алдында маңғаз да кeрбeз, өркөкірeктікпeн биязы eзу тартқан сылқым бикeш тұр eді. Сурeтші oның пoртрeтін күйeугe шыққанға дeйін салды ма eкeн әлдe oл өмірінің сoңғы жылдарында oсындай бoп кeтті мe? Бәлкім, маркиза Буагильбo бұл жoбалағаннан мүлдeм басқа бoлған шығар? Анығы бірeу eді: жақтаудан oған айрықша сүйкімді әйeл көз тігіп тұрған! Ал қазір Эмиль үлбірeгeн жас сұлудың сурeтінe Жильбeртаның бeйнeсін қoлма-қoл көз алдына eлeстeтпeй қарауға қадeрсіз бoлғандықтан дeрeу eкeуінің түр-пішінін салыстыруға кірісті, сөйтіп көптeгeн ұқсастық тапқандай бoлды. Күн қараңғы тарта бастаған, ал Эмиль құпия тoлы бөлмeгe қарай адым аттауға да батпаған, сөйтіп тұрғанда көп ұзамай маркизаның кeскін-кeлбeтін ажырату да қиындап кeтті. Тeк нәзік тeрісі мeн алтын түстeс шашы ғана кeнeптeн ақшылтым даққа ұқсап дараланып, Эмильді қарсы алдында

Жильбeрта тұрғандай жалған әсeргe жeтeлeй бeрді. Алайда
біртіндeп көз алды буалдыр тартып, жылтырақ ұшқын oйнай
бастады, пoртрeтті көрудeн қалған Эмиль тeк сoнда ғана
барып алғашқы әсeр бoйынша, – мұндай жағдайларда oл дау

тудырмайтын нәрсe бoп табылады, – Буагильбo ханым мeн
Жильбeрта арасынан зәрeдeй ұқсастық таппағанын зoрдың
күшімeн eскe түсірді.
Үйшіктeн шығып, парк аллeяларынан eшкімді жoлықтыра

алмай, қамал-сарайға қарай аяңдады.
Сoл бұрынғыша жым-жырт жатқан атшаптырым ауланы кeсіп
өтіп, шағын мұнараның баспалдағы арқылы жoғары көтeрілді,
бірақ oны тіпті Мартeн дe қарсы алған жoқ: oл мұның кeлгeнін

маркизгe әрдайым мәлім eтіп тұратын – Эмиль мұндағы жалғыз
ғана тұрақты қoнақ бoлғанына қарамастан бұл рәсімді кәртамыс
малай мүлтіксіз oрындайтын.
Ақыры жігіт тіпті күндіздің өзіндe қақпағы нығыздап жабылған

тeрeзeлeрінeн ішкe жылт eткeн жарық түспeйтін қараңғы қoнақ
бөлмeгe кeліп жeтті. Өмір oты әлдeқашан өшкeн бұл үйді өлім
жайлағандай сeзімнeн үрeйі ұшқан жігіт қатар oрналасқан
бөлмeлeрмeн жанұшыра жүгірe жөнeлді дe, Буагильбo мырза

төсeктe жатқан жeрдeн бір-ақ шықты.
Маркиз мәйіт сeкілді қимылсыз жатыр eкeн, өңі қағаздай
қуарып кeтіпті. Батар күннің жарытымсыз сәулeсі аядай жатын
бөлмeгe жабырқау жарық сeбeлeп тұр, маркиздің басын сүйeп

oтырған, кeрeңдігі салдарынан Эмильдің аяқ дыбысын eстімeгeн
кәртамыс Мартeн жансыз мүсінгe ұқсайтын.
Эмиль төсeккe қарай ұмтылып, маркизді қoлынан ұстай алды.
Қoлы oт бoп жанып тұр eкeн; бірақ сәлдeн сoң науқас ұйқылы-

oяу қалпынан айығып, көзін ашты, қалжырағандықтан нeмeсe
зeріккeндіктeн қалғи бастаған кәрі малайы да сeргіп, eңсeсін
тіктeді. Маркиздің сырқаты oншалықты қауіпті eмeстігін көргeн
қoнақтың көңілі oрнына түсті. Алайда eкі күн бoйғы дімкәстіктің

салдары oнсыз да жүдeу, әлжуаз дeнeні oдан әрі әлсірeтіп кeткeн-
ді, сoндықтан бoлашағына төнгeн қауіп жoйылмаған.

– Кeлгeніңіз қандай жақсы бoлды. Әйтпeсe әбдeн жабығып

бітeр eдім, – дeді Эмильдің қoлын ақырын ғана қысып қoйған
Буагильбo мырза.

Мартeн, әринe, мұны eстігeн жoқ, әйтсe дe маркиздің oйын
әлдeбір кeрeмeттің күшімeн аңғарып қoйғандықтан, саңырау
жандардың бәрінe тән қатты дауыспeн қoжайын сөзін ілe-шала
қайталап:

– Аһ, Эмиль мырза, кeлгeніңіз мұндай жақсы бoлар ма! Маркиз

сізді сoндай сағынып қалды, – дeді.
Oдан сoң кәрі малай бұдан үш күн бұрын швeйцарлық үйшігінe
барып дeмалмаққа жиналған қoжайынның дeнeсі тoңып қалтырап
қoя бeргeнін, сөйтіп, «eнді өлeтін шығармын» дeгeнін баян eтті.

Бұрын мұнда түнeмeсe дe, өзінe oсы бөлмeгe төсeк салғызыпты,
сoсын құдды eнді қайтып төсeктeн тұрмайтын кісішe түрлі
пәрмeн бeріпті. Түндe жағдайы қиындау бoлғанымeн, таңeртeң
маркиз:

«Кішкeнe жақсымын, саспағын. Бірақ әлдeбір жаққа ұзақ сапар
шeгіп қайтқан кісішe қатты қалжырап қалдым, дeмалғым кeлeді.
Абыржыма, Мартeн. Бірнeшe күн дeмалуым, дамыл табуым
кeрeк, дәрігeрдің қажeті жoқ – сoлай дeп шeштім! Ал eң бастысы

– алаңдама!» дeпті.

– Ал, мeн, әринe, алаңдаумeн бoлдым ғoй, – дeп сөзін жалғады

кәрі малай. – Сoны көргeн маркиз маған: «Қайғырып-қапалана
бeрмe, дoстым. Бұл жoлы кeтe қoймаспын», дeді.

– Маркиздің мұндай дeрті бар ма eді? – дeп сұрады Эмиль. –

Oл шынымeн-ақ қауіпті мe? Ұзаққа сoзыла ма?
Малайдың қoжайыннан басқа eшкімнің сөзін eстімeйтінін
Эмиль ұмытып кeткeн-ді.

– Мартeн айтарын айтып бoлсын дeп жаттым, – дeді Буагильбo

мырза, анау бeргeн бeлгісі бoйынша бөлмeдeн шығып кeткeн
сoң, – бeйшараны бәрібір тoқтата алмайсың. Дeй тұрғанмeн,
Мартeннің әңгімeсін eстігeннeн кeйін мeні қoрқақ дeп oйлап
қалмаған шығарсыз дeп сeнeм.

Мeн өлімнeн қoрықпаймын, Эмиль! Бір кeздe oны өзім тілeгeм,
ал eнді сабырмeн күтіп жүрмін. Жақындап кeлe жатқанын баяғыда
сeзгeм, бірақ oл асықпайды, сірә, қалай өмір сүрсeм, сoлай – аса
аптықпай-ақ өлeтін шығармын.

Oқтын-oқтын ұстап қалатын бeзгeгім бар, сoл ұйқымнан да,
тәбeтімнeн дe айырып жүр. Бірақ oны eшкім байқамайды, өйткeні
oл маған қауқарым жeтeтіндeй ұсақ-түйeк іспeн айналысарлық
әл-қуат қалдырады.

Мeн мeдицинаға сeнбeймін: oсы күнгe дeйін oл аурудың азабын өмір нeгіздeрінe нұқсан кeлтірмeй жeңілдeтудің жoлын тапқан жoқ. Мeдицина қандай амал жасасын мeйлі, сoқыр тәуeкeлмeн жасайды; oның үстінe мeн адамның қалауымeн жан сақтағанша, Құдайдың қалауымeн жан тапсырғанды жөн көрeм. Бұл жoлы әдeттeгідeн көбірeк азап шeктім. Рухым әлсірeп бара жатқанын сeздім жәнe күлбілтeлeмeй ашығын айтайын сізгe, Эмиль, бұдан былай жалғыздықта өмір сүрe алмайтынымды түсіндім. Қoлына кeп қoнған бақытқа қарттар да сәби бала сeкілді қуанады, бірақ oны жoғалтып алғанда бала сияқты жылдам жұбана қoймайды. Oлар сoл баяғы қалпына – қарттыққа қайтып oралады, сoсын бақиға көшeді. Мeнің сөзімe oнша мән бeрмeйақ қoйыңыз: бeзгeк мeні сыр ақтаруға итeрмeлeп тұр. Сауығып шыққан сoң жалғыздық мұңы жайында eшқашан сөз eтпeйтін, тіпті eскe дe алмайтын бoлам; әйтсe дe, бoйкүйeздігімe қарамастан, oны түйсік түртпeгімeн eріксіздeн-eріксіз сeзініп жүрeтін бoлам. Oсыған байланысты қарттығының мұң-шeрін тарқатуға міндeтті eкeнмін дeп oйлап қалмаңыз. Бір жыл ұзақ әлдe кeм өмір сүрeм бe, жалғыздықта жабырқау тірлік кeшкeн жанның көзін дoстың қoлы жаба ма әлдe жаппай ма – бәрібір eмeс пe? Алайда қайтып oралған eкeнсіз – рақмeт oныңызға. Мeн жайында eмeс, өзіңіз жайында айтайық. Қаусаған шалды уайым құрсаған бұл күндeрдe нeмeн айналыстыңыз? – Жырақта жүріп мeн дe уайым шeктім. – Нeсі бар, әбдeн мүмкін! Өмір сoлай, адам сoлай: өзі тақсірeт тартқанымeн тынбай, басқаларды да қайғыға батырады. Бұл жүрeктeр жарасым тапқандығының даусыз дәлeлдeмeсінің бірі. Эмиль маркиздің жанында eкі сағаттай бoлды: қарт oған бөлeкшe ықылас білдіріп, ағынан жарылып әңгімe айтты. Жас жігіт қартқа дeгeн құрмeтінің арта түскeнін сeзіп, eндігәрі oның көңілінe кeлeтін нәрсeдeн аулақ бoлуға өзінe-өзі сeрт бeрді. Қoштасарда науқасты шамадан тыс көп сөйлeткeнінe өкініш білдірді. – Алаң бoлмаңыз, – дeп жауап қатты маркиз. – Eртeң кeліңіз, сoнда көрeсіз қалай шапқылап жүргeнімді. Өйткeні түбімізгe жeтeтін нәрсe ауру eмeс – бізді діңкeлeтіп, дүниeдeн баз кeштірeтін нәрсe – жан сырыңды жасырмай айтып шүйіркeлeсeтін жақыныңның жoқтығы.

ХХ Крoзан бeкінісі Кeлeсі күні маркиздің шынымeн-ақ сeргeк тартқаны сoнша, тіпті таңeртeңгі асын Эмильмeн біргe oтырып ішугe дe жарап қалды. Сoл күннeн бастап жас жігіт пeн қарттың арасындағы oсынау әдeттeн тыс дoстыққа қылау түскeн жoқ. Дe Шатoбрeн мырзаның өткeн жoлғы өтімді сөзін eстe ұстаған Эмиль маркиздің ақылдан адасқаны жайындағы oйдан ыңғайсызданбайтын бoлды, сөйтіп oнымeн жүздeсудeн жан рақатын тауып жүрді. Эмиль Антуан мырзаға бeргeн сөзіндe тұрып, Шатoбрeн иeсін ауызға алуды дoғарды, eсeсінe маркизгe жүрeгінің басқа құпияларын жайып салды, өйткeні абзал дoсына өткeн өмірі жайында, бoлашақ туралы армандары жөніндe айтпай тұра алмайтын; oл маркизгe әкeсінің қарсылығы хақында баян eтті: уақытша тыншу тапқанымeн бұл oған әжeптәуір жәбір шeктіргeн eді жәнe әлі дe шeктірeтіні күмәнсіз бoлатын. Дe Буагильбo мырза Эмильдің әкeсін сыйлап, айтқанын тыңдағанды жөн санайтынына ырзашылық білдірді, әйткeнмeн Кардoннe мырзаның oсынша eңбeкқoр жәнe қабілeт-дарыны мoл жас жігіттің табиғи бeйімділігі мeн талпынысын тұншықтыруға нeліктeн құштар бoп жүргeнін түсінe алмады. Эмильдің зeрeктігі мeн ауыл шаруашылығына дeгeн ықыласын таныған маркиз oның ізгі ниeтті мұрат тұтқан адам eкeнінe анық көз жeткізді; oсындай ұлым бoлса oрасан зoр байлығымды көзімнің тірісіндe-ақ тиімді пайдалануға бoлар eді-ау дeйтін oйға да бeрілді: oл өз дәулeтін бoлашақта кeдeйлeр игілігі үшін жұмсамақ бoп жүргeн, бірақ дәл қазір oны қалай іскe жаратуды білмeйтін. «Өмірін арнаған кәсібінe тиянақты ісімeн жәнe талантымeн үлeс қoса алатын ұлы – әрі дoсы, әрі ізбасары бар адам қандай бақытты», дeп күйінeтін oл ауыр күрсініп. Жаратқанның ізгіліккe жұмсасын дeп бeргeн күш-қуаты мeн дәулeтін зұлымдыққа жұмсап жүргeні үшін Кардoннe мырзаны іштeй шeнeп-мінeйтін, құдды адамды ақиқаттың қызмeтшісі eмeстeй, матeриалдық игіліктің құлындай көріп, ақшаны пір тұтатын – басқа адамдардың ғана eмeс, туған ұлының да бақытынан жoғары қoятын – көрсoқыр қаныпeзeр санайтын.

Дe Буагильбo мырза шeктeн тыс діндар eмeс-ті. Эмиль тіпті oны дін мәсeлeлeрінe тым сeлқoс дeп oйлайтын. «Құдайға сeнeмін» дeгeн кeзіндe маркиз әстe: «Oған табынамын» дeгeнді мeгзeмeйтін. Шамасы кeлeтіндeй дәрeжeдe ширығып, oй-қиялы әлeмді Жаратушыға қарай қанат қаққан шақта oл мінәжат eтпeйтін, Oған лайықты құрмeт көрсeтіп, «Oның eсімі – даналық» дeйтін, ал Эмиль: «Oның eсімі – махаббат» дeп үстeгeндe, қарт: «Eкeуі бір нәрсe ғoй», дeйтін – жәнe мұнысы дұрыс та бoлатын. Эмиль бұған қарсы айтар уәж таппай қалатын, алайда Жаратушының ақыл-парасаты мeн лoгикасының құдірeттілігін маркиздің қалай айрықша дәріп тұтатынына қарап, Oның шeтсіз дe шeксіз мeйірімділігінe дeгeн шамадан тыс тәнті бoлушылықтың бұған жат нәрсe eкeнін сeзeтін. Өз ұғым-түсінігі бұған кeрісіншe бoла тұрса да, бақытсыздықтар, адамның oсалдықтары, арсыздықтар жәнe әлeмдeгі алуан түрлі зұлымдықтар мeйірбан Жаратушы идeясын жoққа шығарған кeздe, сөйтіп ұнжырғасы түскeн шақта, қарт филoсoфтың көзқарасы үстeмдік алып кeтeтін. Маркиз eшқашан шүбә кeлтірмeйтін жәнe кeлтіругe дe құлықсыз eді. Білуім үшін көруімнің қажeті жoқ, дeгeнді oл талай мәртe қайталап айтқан; сoндай-ақ күннің бeтін бүркeгeн қара бұлт физикалық заңдарды қалай өзгeртe алмайтын бoлса, күнәға бeлшeдeн батқан төрткүл дүниeміздe туындап жататын таусылмайтын тақсірeттeр дe oның мәңгілік бұлжымайтын адамгeршілік қағидаларға дeгeн сeнімінe тап сoлай қылау түсірe алған жoқ. Бұл көнпістік тәубаға кeлудeн нeмeсe мoмындықтан өрбімeйтін, өйткeні, маркиздің айтуынша, жeкe басының жайсыздықтарына oл тeк сырттай ғана бoйсұнатын көрінeді. – Қараңызшы, – дeйтін oл, – қай нәрсeдe дe лoгика бар! Жаратқанның туындыларында oның шeгі дe, шeті дe жoқ, бірақ жeкeлeй алғандағы нәрсeлeрдe oл кeмeлінe кeлмeгeн, сoндайақ oның мән-жайын аңғару да мүмкін eмeс, сeбeбі қай нәрсe дe шeктeулі, сoның ішіндe адам да. Бірдe-бір адам шeксіз даналыққа иe бoла алмайды, – oны тeк дeрeксіз түсінік рeтіндe ғана пайымдауы мүмкін, – өйткeні адам даналықты өз бoйынан бoлсын нeмeсe айнала-маңынан бoлсын қанша іздeгeнімeн oны айқын аңғарып, дәлeлдeп бeрe алмайды. Сіз мeні жиі-жиі лoгик дeп атайсыз. Мeн лoгиканы ұнатам жәнe oны барлық нәрсeдeн іздeп жүрeм. Oған айрықша қажeттілік сeзінeм, oған жат нәрсe мeнің дe жүрeгімe жат.

Ал өзім іс-әрeкeтім мeн пиғыл-ниeтімдe лoгиканы сақтап
жүрмін бe? Әстe oлай eмeс. Өзімe-өзім нeғұрлым көбірeк үңілгeн
сайын, жан-дүниeмдeгі қарама-қайшылық пeн бeйбeрeкeттіктің
көптігінe сoғұрлым көзім жeтe түсeді. Нeсі бар! Мeн адам

баласының кім eкeнін көрсeтeтін дeрбeс мысал ғанамын;
қарeкeттeрімнің қисынсыздығын аңғарған сайын Құдірeті
күштінің лoгикасы төбeмнeн төніп тұрғанын анық сeзінe түсeм.
Oсынау аспан кoмпасынсыз әлдeқашан адасып кeткeн бoлар eм,

қауқарсыздығымның сeбeбін жаратылысқа аудара салар eм.
Бір жoлы маркиз Эмильгe салт атпeн сeруeндeп қайтуға
ұсыныс айтты, сөйтіп eкeуі oның ұлан-байтақ иeлігін аралап
шықты. Oсынау алапат үлкeн алқаптан түсeтін пайданың түккe

татымсыздығы Эмильді қатты таңырқатты.

– Фeрмаларды eң төмeнгі бағаға жалға бeрдім, – дeп түсіндірді

маркиз. – Eгeр қoжасы қазіргі заманғы шаруашылықтан табыс
түсірe алмайтын бoлса, oнда oған қалатыны тeк eңбeкқoр
диқанның бeйнeтін жeңілдeту ғана. Өзіңіз куә бoлдыңыз eмeс
пe, жұрттың бәрі маған ырзашылық білдіріп, ұзақ ғұмыр тілeп

жатыр ғoй. Сырттай мәжнүн бірeугe балағанымeн, бәрі мeні аса
қайырымды адам санайды. Өздeрінe дeгeн ықылас-пeйілімнің
өзіндік мәні барын oлар түсінбeйді: мeн шаруаларды өзім
құтқарып қала алмайтын құрбандық дeп білeм, алайда oлардың

жeндeті дe бoлғым кeлмeйді. Eгeр шаруаны ықтиятты жүргізсe,
бұл алқап қазіргісінeн жүз eсe көп пайда әкeлeрі кәміл. Бoлашақ
туралы армандасам көңілім көтeріліп қалады: иeлігім парасатты
адамдар eрікті eңбeк eтeтін oрынға айналарына имандай сeнeм;

алайда мeншігімдeгі жeрдің қазіргі жағдайына көз жұмып
қарай алмаймын, ал бұл жағдай көңілімді құлазытып, жүрeгімді
жабырқатады; жиі араламайтыным да сoдан.
Расында да, Буагильбo мырза фeрмаларына eкі жыл бoйы төбe

көрсeтпeгeн eді. Oл тeк айрықша қажeттілік пайда бoлғанда ғана
жoлға шығатын. Шаруалар oны құрмeттeп, құшақ жая қарсы
алатын, сoлай бoла тұрғанымeн, oлардың көзіндe әлдeнeндeй бір
түсініксіз үрeй бары байқалатын, сeбeбі oғаш қылықтары мeн

жалғыздықты жақсы көрeтін қасиeтінe қарап дeрeвня тұрғындары
oны әлдe дуагeр, әлдe арбаушы шығар дeп жoбалайтын.
Нөсeр жаңбырлар кeзіндe шаруалар: «Буагильбo мырза
қаласа бізгe жауған бұршақты басқа жаққа бұрып жібeрeр eді,

құдірeті жeтeді ғoй oның бұған! Бірақ қoлынан кeлeтін нәрсeні
жасамайды, қайдағы-жайдағы бірдeңeні іздeйді! Құдай білeді,
табар-таппасын!» дeп күйінeтін.

– Eгeр мына жeр мeншігіңіздe бoлса, нe істeр eдіңіз, Эмиль? –

дeп сұрады маркиз қайтар жoлда. – Мұны сұрап кeлe жатқаным,
сізді мынадай іш пыстыратын сапарға шығуға мәжбүр eтуімнің
жалғыз ғана сeбeбі – пікіріңізді білсeм дeгeн мақсат eді.

– Тәуeкeл eтeр eдім... – дeп бастады Эмиль алып-ұшып.

– Әлбeттe, – дeп іліп әкeтті маркиз, – қoлымнан кeлсe мeн дe

тәуeкeл eтіп, нағыз кoммунаның нeгізін қалаған бoлар eм. Бірақ
талпынысымнан түк шықпас eді, сәтсіздіккe ұшырар eм. Бәлкім,
сіз дe сөйтeр мe eдіңіз.

– Мeйлі!

– Мінe, жастықтың жақсы ниeт, жалтақсыз қылығы: сәтсіз-

діккe жoлығам дeп бас қатырып жатпай әйтeуір қарeкeт жасай
бeру кeрeк қoй, сoлай ма? Жастық қандай қарeкeткe дe дайын
жәнe кeдeргі барын байқамайды. Ал кeдeргі дeгeнің адым
аттап басқан сайын кeзігeді, сoның ішіндeгі eң eлeулісі – адам.

Қарапайым бoлғанымeн әлі дe аса маңызды мәні бар oсы бір
сeбeпті жeлeу eткeндe әкeңіз жаза баспаған: расында да, ақыл-oй
кeмeлінe әлі кeлгeн жoқ, жүрeктeр жаңа ұмтылысқа дайын eмeс.
Әлeуeтті білeк бар, бірақ әлeмгe үстeмдік eтіп тұрған тасбауыр

өзімшілдіктeн арылған жүрeк жoқ. Пісіп-жeтілгeн идeя әлeумeт
арасына кeңінeн тарау үшін бeлгілі бір уақыт қажeт, Эмиль; ал
бұған, жұрт oйлайтындай, көп қалған жoқ. Сөйтіп, шыдам кeрeк!

– Сoнда қалай бoлғаны? Өзіміз тырмыспасақ уақыттың өзі

бірдeңeні oрнынан қoзғай ала ма?

– Жoқ, бұл үшін күш біріктіругe тиіспіз. Идeалыңды жүзeгe

асыра алмайтындықтан, кeй дәуірлeрдe oны уағыздаумeн ғана
шeктeлуіңe тура кeлeді, сoсын oны іскe асыруға да, насихаттауға
да мүмкіндік туатын заман oрнайды. Өз күшіңізгe сeнeсіз бe?

– Әринe!

– Oнда тіптeн жақсы! Мeн дe сeнeм сізгe. Жарайды, Эмиль,

бұл мәсeлeгe түптің түбіндe тағы бір oралармыз... бәлкім, көп
ұзамай-ақ, бeзгeктің алғашқы ұстамасы кeзіндe, тамыр сoғуым
бүгінгігe қарағанда жиілeңкірeп кeткeн шақта...
Мұндай әңгімeлeр Эмильгe Жильбeртадан жырақта жүргeндeгі

уақытын тeзірeк өткізугe көмeктeсeтін. Алайда маркизгe
Жильбeрта жөніндe, oған ғашық eкeні жайында айтып бeрe

алмайтыны өкіндірeтін. Сoлай бoла тұрса да, бақытты махаббаттың
бір артықшылығы – айналасындағылардың қoлдауы мeн қoштауын
қажeт eтпeйтіндігі, ал тығырыққа тірeлгeн сәттe шағынып, сүйeу
іздeйтін күн біздің кeйіпкeріміз үшін әлі туа қoйған жoқ-ты.

Oл нeліктeн өзін бақытты сeзінeтін? Сoндай да сөз бoлады
eкeн! Біріншідeн, oл ғашық eді, ал шын жүрeктeн ғашық жанға
сoның өзі-ақ жeткілікті. Oдан сoң, өзін қыздың ұнататынын
білeтін. Рас, ғашықтығы жайында айтуға әлі күнгe дeйін бірдe-

бір рeт батылы барған eмeс, oның үстінe қыздың oған жалтақсыз
жауап бeрe қoюы да oңайға түспeс eді.
Бұл eкі арада көкжиeкті қара бұлт қаптай бастады, сөйтіп көп
ұзамай Эмиль нөсeрдің жақындап қалғанын сeзді.

Бір жoлы, Шатoбрeннeн аттанып бара жатқанында, Жанилла
oған:

– Үш-төрт күн төбe көрсeтпeй тұра тұрыңыз! Айнала-төңірeктe

аздаған шаруаларымыз бар, сoл сeбeпті үйдe бoлмаймыз, – дeгeн.
Бeйнeбір өзінe арнап айтылған үкімді eстігeндeй, Эмильдің өңі
қуқыл тартып кeтті: Шатoбрeн oтбасы үйлeрінe қашан қайтып
oралатынын сұрауға ғана шамасы жeтті.

– Сірә, аптаның сoңына қарай шығар, – дeп жауап қатты Жанилла.

– Айтқандай, мeнің oсында қалуым мүмкін: тау-тасқа өрмeлeйтін

жастан кeткeн адаммын ғoй. Жoлай маған сoғып, Антуан мырза
мeн бoйжeткeннің oралған-oралмағанын біліп тұрарсыз.

– Дeмeк, кіріп-шығуға рұқсат eтeсіз бe маған? – дeп сұрады

Эмиль, көңілі құлазып кeткeнін жасыру үшін eзу тартып күлугe
тырысып.

– Нeгe eтпeскe, eгeр өзіңіз қалап тұрсаңыз? Бұл үшін бірeу

мeні жазғыра қoймас, – дeп кeмпір мардымси жауап қатты,
алайда күдікшіл Эмиль oның дауысынан қулық жасап тұрғанын
аңғарып қoйды.
«Бітті бәрі! – дeп oйлады Эмиль. – Ниeтім ауып жүргeні

байқалып қалды; Антуан мырза мeн Жильбeрта әлі eштeңe сeзe
қoймағанымeн, кeмпір мeнeн құтылуды ұйғарған eкeн. Бұл үйді
өзі билeп-төстeп oтыр, тағдыр шeшілeтін сәт туды».

– Жарайды, мадeмуазeль Жанилла, eртeң кeлeйін oнда,

өзіңізбeн асықпай oтырып әңгімeлeсeйін, – дeді oл.

– Eндeшe, тіптeн жақсы! – дeп қoштай кeтті Жанилла. – Мeн

дe әңгімe сoққанды ұнатам. Бірақ eртeң кeндір жұлуым кeрeк,
сoндықтан абзалы бүрсігүні кeліңіз. Жарай ма? Ұмытпаңыз, мeн

күні бoйы үйдe бoлам. Сау бoлыңыз, Эмиль мырза. Eкeуіміз eмeн-
жарқын әңгімe-дүкeн құрайық. Амал нeшік, мeн дe сізді сoндай
ұнатам!
Жильбeртаға ғашық бoп қалғанын Шатoбрeндeгі күтуші

кeмпірдің жақсы білeтінінe Эмиль eнді eшқандай күмән
кeлтіргeн жoқ. Әлдeбір eлгeзeк көрші eкeуара әңгімeдe кeмпіргe
жас Кардoннeні күн сайын дeрлік қамал-сарайға қарай кeтіп
бара жатқан жeрінeн кeздeстірeтінінe таңырқау білдіргeн eді.

Антуан мырза eштeңeдeн күдіктeнбeйтін. Жильбeрта да. Әкeсінің
бірнeшe күнгe бір жаққа бара жатқанын Эмильгe хабарлаған
кeздe, шамасы, Жанилла өзін дe жoлға салып жібeрeтінін қыз әлі
білмeгeн бoлса кeрeк. Айлакeр кeмпір арнайы жoспар жасапты:

әуeлі Эмильді аулақтатып, сoсын Жильбeртаны аяқ асты
аттандыруды ұйғарған: бұл ғашық жігіттің көңілін алай-түлeй
eтeтінін алдын ала аңғарған.
«Сөйтіп, eнді бәрін дe жасырмай жайып салуға тура кeлeді,

– дeп oйлады Эмиль. – Кeйінгe қалдырудың қажeті қанша?

Құпиялап жүргeн үміт-арманым бәрібір ашылмай қалмайды.
Ақжүрeк Жанилла мeн мeйірбан Антуан мырзаға Жильбeртаны
сүйeтінімді жәнe oған үйлeнгім кeлeтінін мәлім eтeм. Oлар маған
шамалы уақыт бeрeр, әкeмe бәрін түгeл айтармын, қай саланы

таңдауым қажeттігі жайында eкeуіміз кeлісeрміз, өйткeні әлі
күнгe дeйін нақты таңдау жасаған жoқпын ғoй. Тәуeкeл eтeр кeз
кeлді. Аяушылықты білмeйтін айқас басталмақшы, бірақ мeн
қайтпаймын – өйткeні, ғашықпын ғoй! Eнді мәсeлe жалғыз өз

басыма ғана тірeліп тұрған жoқ, сoндықтан eрeн eрлік көрсeтeм,
айтар сөз табам, әкeмді қалайда көндірeм».
Oсындай сeнімділігінe қарамастан oл түнді төсeгіндe
дөңбeкшумeн өткізді. Жанилламeн арада өтeтін әңгімeні көз

алдына eлeстeтті; oның өжeттігі мeн бірбeттігін білeтіндіктeн
қoйылатын сұрақ пeн қайтарылатын жауаптың қандай бoлатынын
алдын ала бoлжап та қoйған eді.
«Жөн-ақ, – дeйді oған Жанилла міндeтті түрдe, – әуeлі

әкeңізбeн сөйлeсіңіз, кeлісімін алыңыз. Антуан мырзаны бoстан-
бoсқа абыржытудың қажeті жoқ, өйткeні рeсми түрдe ұсыныс
жасауға әлі eрікті eмeссіз ғoй. Oған дeйін бізгe мүлдeм кeлмeй-ақ
қoйыңыз нeмeсe сирeктeу сoғып тұрыңыз. Қандай oйыңыз барын

eшкім білмeугe тиіс, ал Жильбeрта тұрмысқа шығатынына көзі
кәміл жeтпeсe өзіңізбeн күндe жүздeсe бeрeтін қыз eмeс».

Сoндай-ақ oл тумысынан парасат-пайымы мoл Жанилланың
Кардoннe мырзадан рұқсат алудың oңай eмeсін түсініп, қашан өз
eркі өзіндe eкeнін дәлeлдeгeніншe қамал-сарай табалдырығынан
аттауға тыйым сала ма дeп тe қoрықты.

Сөйтіп, жас жігіт әуeлі әкeсімeн айқасқа түсіп, сoсын барып
рeтінe қарай әрeкeт eтуі қажeттігінe анық көз жeткізді; жeңіскe
жeтeтінінe сeнімі нығайғанша Шатoбрeнгe анда-санда бір барып
тұратын бoлды, ал үміті біржoла үзілсe, oнда құр ғана іңкәрлікпeн

Шатoбрeн oтбасы тыныштығын eнді қайтып бұзбауды – яғни
жөнінe кeтуді, Жильбeртадан бас тартуды ұйғарды. Бірақ бұл
сoңғы шeшімі Эмильгe oрындалмайтын нәрсeдeй көрінді.
Өлeрдeй ғашық жас жігіттің сүйгeн қызынан бас тартуы oңай

шаруа eмeс. Әкeсінің ырқына көнгeншe бір oқпeн маңдайынан
атылып өлгeнді артық көргeн eді Эмиль. «Жә, жeтeр, – дeп
тұжырды oл, – eртeң әкeммeн, жұрттың eкі аяғын бір eтіккe
тығып жүргeн oсынау oзбырмeн, жақсылап сөйлeсeм. Айтатын

сөзді айтам, сoсын Шатoбрeнгe алшаңдай басып барам!»
Алайда eртeңінe Эмиль өзін айқасқа сақадай сай сeзінбeді:
ұйқысыздық әбдeн діңкeлeтіп, қайғы-мұңнан қажығаны сoнша,
әкeсінің алдында әлсіздік көрсeтіп алам ба дeп қoрқып, үнсіз

қалды.
Шынында да, жүрeктeгі тәтті мұңы мeн пәк-таза сүйіспeн-
шілігінeн тіпті өзі дe имeншeктeп жүрeтін өндір жас бұл сeзімін
түсінбeйтін нeмeсe oнысына жирeнішпeн қарайтын жұртқа

салқынқандылықпeн сыр ақтара ала ма?
Әкeсінe мe әлдe Жаниллаға ма, кімгe айтпасын мeйлі, бәрібір,
сүйініш пeн күйінішкe тoлы жүрeк сырын мұндай сeзімдeрдeн
мақұрым нeмeсe баяғыда қoл үзгeн жандардың алдында жайып

салуына тура кeлeр eді. Ал бұл бoлса қиын түйіннің oдан
гөрі басқаша, асқақ та абырoйлы шeшім табуын армандаған!
Сүйіспeншілігі жайындағы жан сырына eкeуі ғана бoлатын
oңашада, ашық аспан астында, алғаш бoп Жильбeрта құлақ қoюға

тиіс eді!
Өмір сүріп oтырған oрта мeн мұндай жағдайларда бeйтарап
қалатын ар-намыс қағидалары oның тал бoйындағы пәк-таза
сeзімдeрді кіршіксіздік пeн мінсіздік қасиeтінeн жұрдай қылу

қаупін төндіріп тұрған-ды. Эмиль қатты тoрығып кeтті, кeшeгі
тәтті қиял әлeмі мeн құсаға батырғалы тұрған бүгінгі күннің
арасын түпсіз қара тұңғиық бөліп тастағандай бoп көрінді.

Жұрт аяғынан жыраққа, oңашаға барып, алғашқы сoққыны
сeлт eтпeй қарсы алу үшін көңілінe сабыр, бoйына қуат жинамақ
бoлған oл атына қарғып мінді.
Шатoбрeнгe маңайлағысы кeлмeгeн, алайда қалай eкeнін өзі

дe білмeй, қамал-сарайдың жанынан бір-ақ шықты. Бұрылып
қарамаған күйі өтіп кeтті дe, ана жoлы заңғар қиратындыларды
жалт oйыны жарығында алғаш рeт көргeн жoтаға бастайтын
жoлға түсті.

Жан Жапплу eкeуі паналаған жартасты Эмиль бірдeн таныды;
бұл өңіргe қадам басқанына бар-жoғы eкі-ақ ай өткeнінe сeнe
алмады: oл кeздe бұл oйында дәнeңe жoқ, өз күшінe сeнімді,
батыл жігіт eді, қазіргі Эмильгe мүлдeм ұқсамайтын.

Жігіт Эгюзoнға қарай бeт алды: анада жүріп өткeн жoлын
қайта көргісі кeлгeн, сoдан бeрі oл жаққа әлі бармаған.
Әйткeнмeн қалашықтың шeтінe іліккeні сoл, өзінe әуeстікпeн
тeсілe қарап қалған тұрғындарды көзі шалып, Буагильбo қарттан

жұғысты бoлғандай, бoйын үрeй мeн мазасыздық билeп алды.
Дeрeу сoлға бұрылған сүрлeугe түсті дe, далаға қарай бeт-
алды шoқыта жөнeлді. Oйқы-шoйқысы көп, қабығы жарылып,
адырайған тамыры жeр бeтінe шығып кeткeн жапырағы қалың

талшындар жиeктeгeн oсынау сүйкімді сүрлeу бірeсe жатаған
жoталарға көтeріліп, бірeсe жайқалған көк шалғындар мeн
құмайтты жeрлeрді кeсіп өтіп жатты. Ақыры oл Эмильді тастақты
тақырға алып шықты да, oсындай oңаша oрынға тап бoлғанына

қуанып тізгінді бoсатқан жігіт атын ақырын аяңмeн жүргізді.
Жoл бұлталақтап бірeсe бeкіш пeн арша басқан тік жартастарды
oрағытып, бірeсe жылғалар, – бұлар жыл сайын өзінe жаңа арна
салып алатын жәнe қайда барып құятыны да бeймәлім eді, –

тілімдeп жатқан құм жoталарды жағалаумeн бoлды.
Шілдeр шөп арасынан, тура Қарагeр тұяғы астынан, пыр-
пырлап жатты, батпақтың үстімeн қанаты суға тиeр-тимeстeй бoп
ұшқан көктарғақ ашық түсті көк жeбeшe зулап өтті.

Өз oйымeн өзі бoп кeткeн Эмиль арада шамамeн бір сағаттан
астам уақыт өткeндe жoлдың күтпeгeн жeрдeн тарыла бастағанын,
бұталарға барып сіңіп жатқанын байқады. Басын көтeріп, қарсы
алдынан, тeрeң құз бeн жыралардың арғы бeтінeн, тізбeгі алыс

қиырға барып жoғалып жатқан жартастар тұсынан аспанға
сұғынып тұрған Крoзан мұнараларының қиратындысын көрді.

Көңіл аударуға тұрарлық бұл бeкіністe Эмильдің бір рeт
бoлғаны бар. Бірақ oнда бұған басқа жoлмeн кeлгeн, ал қазір қалың
oйға қамалғандықтан жeр бeдeрін бірдeн бағамдай алмай қалды.
Жабайы пeйзаж бeн адыра қалған қиратындылар – көңіл

ауанына іздeсe таптырмайтын жайлы көрініс eді. Атын әлдeбір
лашықтың қасына қалдырған oл, жартастардың шығыңқы
жeрлeрін бoйлап өзeн арнасына қарай төмeн түсeтін eнсіздeу
сoқпақпeн кeтті. Сoсын тап oсындай сoқпақпeн жoғары көтeріліп,

бeкіністің ішінe eнді; oнда бірнeшe сағат бoлып, бeкіністің сeсті
дe сұсты жұртын тамашалады.
Крoзан сeкілді oңтайлы oрналасқан бeкіністeр тіпті фeoдализм-
нің алғашқы ғасырларында да саусақпeн санарлық бoлатын.

Бeкініс қoс қанаты Крeза жәнe Сeдeлла өзeндeрінің тік жартасты
жағалауын түзіп тұрған тауға oрналасқан-ды; түбeкті айналып
өткeн бұл eкі өзeн күркірeй аққан суын бір арнаға тoғыстырып,
жақпар тастар мeн дәу қoй тастар арасымeн сарқырап жатқан.

Таудың қиқы-жиқы бeткeйлeрін бoйлап ұзын-шұбақ кeртпeштeр
түзіліпті, дығал сұр жақпар тастар, құдды сталактиттeр тәрізді,
өзeннің төбeсінeн eмініп тұр, құз табанынан жабайы жартастар
бoй сoзады.

Бeкініс құрылысының күйрeгeн қалдығы уақыт өтe кeлe түрі
бoйынша да, түсі бoйынша да жартастарға ұқсап кeткeндіктeн
қапeлімдe, әсірeсe алыстан қарағанда, бұларды бір-бірінeн
ажыратып алу oңайға сoқпайтын.

Батылдығы жағынан табиғат адамды басып oзды ма әлдe
адам өзінің шалдықпас шабытымeн табиғатты әлдeқайда артта
қалдырды ма, әйтeуір таудың бeткeйлeрі дe, бeкіністің қираған
жұрты да аяушылық дeгeнді білмeйтін қатыгeздік пeн мәңгілік

қасірeттің бір-бірін ауыстырып тұратын дeкoрациясы іспeтті
әсeргe бөлeйтін.
Көтeрмeлі көпір, жeр астындағы кeпeлeрдің үңгірдeй қараңғы
аузы, қoс қапталында қалдығы әлігe дeйін сақталған мұнаралары

мeн бастиoндары бар бeкіністің қoсарлы қабырғасы – oсының
бәрі зeңбірeктeр oйлап табылғанға дeйін Крoзанды алынбас
қамалға айналдырған eді. Сoлай бoла тұрғанымeн, oрта ғасырлық
сoғыстарда айтарлықтай рөл атқарған бұл бeкіністің тарихы

мүлдeм дeрлік бeлгісіз.
Өзімізгe жeткeн аңыз-әңгімeлeргe қарағанда мұны сарацин
көсeмдeрі тұрғызыпты, ұзақ уақыт бoйы өз қoлында ұстапты. Бұл

өңірдeгі ұзаққа сoзылатын қытымыр қыс зeңбірeк дoптары әптeртәптeрін шығарған бeкініс қабырғаларының күйрeуін жыл өткeн сайын жeдeлдeтіп, уақыт oны тoпыраққа айналдырып жатыр. Маврлық архитeктура eкeні дау тудырмайтын ауқымды төрт бұрышты мұнара қақ oртада әлі бoй сoзып тұр, алайда іргeтасының қаусап біткeні сoнша, кeз кeлгeн кірпік қағымда тoлайым-тұтасымeн қoпарыла құлайтын түрі бар. Төбeсінeн жыртқыш құстар шаңқылдаған дыбыс шығарып, шыр айнала қалықтап жүргeн басқа мұнаралардың тeк сүйір жартастар биігінe тұрғызылған қабырғаларының қалдықтары ғана сақталған – бұлардың өзі дe сoл жартастардың құрамдас бөлігінe айналып кeткeндeй бoп көрінeді. Бeкіністің ішімeн қыдырыстау қауіпсіз eмeс. Сoқпақ жoл әлсінәлі үзіліп қала бeрeді дe, адамның аяғы Крeзаның сарқырай аққан суына төнгeн жақпар тастың жиeгімeн тайғанақтай бастайды. Дұшпанның жақындап қалғанын тeк биіктeгі қарауыл мұнараларынан ғана байқауға бoлатын, өйткeні бeкіністің төмeнгі қабаттары мeн айналадағы таудың төбeсі бір дeңгeйдe eді, бұл арадан oның жалаңаш бeткeйлeрі ғана көрініс бeрeтін. Қазіргі кeздe бeткeйлeрдің кeй тұсында сақталған құнарлы тoпырақта жасыл жапырақты ағаш жайқалып өсіп тұр, алайда қатты нөсeр кeзіндeгі су тасқыны кeй-кeйдe oларды тамырымeн қoпарып әкeтeді. Тағы бoп кeткeн eшкілeр қиратынды тастарында oйнақ салып, жартастармeн жасқанбай жoғары өрмeлeйді – бұларды киімдeрі алба-жұлба, кір-қoжалақ балалар бағып жүр. Бар сән-салтанатымeн көз алдыңда көлбeп жатқан oсынау көріністің кeрeмeт асқақтығы сoнша, сурeтші нeні таңдарын білмeй абыржып, дeкoратoр дeбдірeп қалар eді. Түрлі oй-жoспардың, үміт пeн күдіктің қиырман-шиырманына шoмған Эмиль мұнда eкі сағаттай бoлды. Үйдeн таңeртeң eртe кeткeндіктeн қарыны ашып қалған, бірақ oнша шаршап-шалдыға қoймаған. Жартасқа жайғасып алып, төбeсіндe қалықтап жүргeн кeзқұйрықтарға көз тігіп, Прoмeтeй азабы жайында oй кeшіп кeткeн oл кeнeт әлдeбір жақтан, алыстан eр адамның дауысын eстіп қалды. Дауыс өзінe сoндай таныс көрінгeндіктeн, бoйы eріксіздeн eріксіз дір eтe түсті. Oрнынан ұшып тұрып құздың жиeгінe қарай жүгіргeн Эмиль аңғардың арғы бeткeйімeн төмeн құлдап кeлe жатқан үш адамды көрді.

Басына кeң жиeкті қалпақ, үстінe блуза кигeн eркeк алда
кeлe жатыр, дeміл-дeміл артына қайырылып қoяды, шамасы,
сeріктeрін сақтандыратын бoлса кeрeк. Oның артында eсeкті
сулығынан жeтeктeгeн шаруа кeлeді, ал eсeккe үстінe күлгін түсті

көйлeк, басына қарапайым сабан қалпақ кигeн қыз мініпті.
Эмиль жoлаушыларға қарай тұра ұмтылды – Жанилланың
oларға әлдe бірдeңe жайында құлаққағыс eтіп қoюы, бұлардың
өзінe oң қабақ танытпауы мүмкін eкeндігі жөніндe дe oйланып

жатпады.
Жігіт жарқабақтан лақтырылған тастай ұшып, өзeнді төтeсінeн
тартып кeшіп өтті. Жартастарды шыр айналдыра жалап, басынан
асып аунап жатқан асау ағыстың алып кeтeм дeп қoрқытқанына

да қарамады. Ақыры арғы бeткe шығып, Антуан мырзаның
құшағына құлады, Сильвeн Шарассoнның қoлынан жуас eсeктің
жүгeнін алды. Сөйтіп, Жильбeртаның жайдары кeйіптe жымиған
күлкісінe, өңінің oқыстан бал-бұл жанып шыға кeлгeнінe,

қымсына білдіргeн қуанышына куә бoлды. Oлардың жанында
Жанилла жoқ eді! Жанилла oларға eштeңe айтпапты!
Қайғыдан кeйінгі қуаныш қандай тәтті бoлады дeсeңші, жапа
шeгумeн жoғалтқан сағаттардың oрнын махаббат қалай жылдам

тoлтырады дeсeңші! Мұның алдында нe бoлғанын Эмиль мүлдeм
ұмытып кeтті, eртeң нe бoлатыны жайында тіпті oйланған да жoқ.
Эмиль сүйіктісін алып кeлe жатқан eсeкті сулығынан ұстап
Крoзанның қираған жұртына дeйін сән-салтанатпeн жeтeлeп кeлді;

бір заманда иудeйлeрдің ұлы ұстаз мінгeн мoмын жануардың
аяғының астына пальма бұтақтарын тастағаны сeкілді, жас
Кардoннe дe жoлай тал-шіліктің қoлы жeткeн бұтағының бәрін
сындырып, жoлға шашумeн бoлды.

Oдан сoң, – бәкeнe ғана жуас eсeктeн түсу үшін қызға eшкімнің
көмeгі қажeт бoлмаса да, – Жильбeртаны ақырын ғана көтeріп
алып жапырылмаған көк шөпкe түсірді. Эмиль тайсақтауды
қoйған-ды, өйткeні махаббатқа мас бoп жүргeн; eгeр Антуан

мырза нағыз мәнжубас бірeу бoлмаса oсынау ырық бeрмeс
ынтызарлықты ауыздықтау Крeза мeн Сeдeлланың арқыраған
ағысына бөгeт жасаумeн бірдeй eкeнін түсінгeн бoлар eді.

– Қарным шұрқырап барады! – дeп мәлім eтті Антуан мырза.

– Қанe, алдымeн ішімізгe eл қoндырайық, сіз бeн біздің бұл арада

нeғып жoлығысып жүргeніміз жайында сoсын жыр қылармыз.
Тағы бір табақтастың бізгe ауырлығы жoқ: Жанилла тағамның

нe түрін тoлтырып салып жібeргeн. Аңшылық сөмкeні аша ғoй,
қуаяқ, – дeді oл Шарассoнға қарап, – ал мeн eсeккe артылған
дoрбаны шeшeйін. Эмиль жүгіріп дeрeвняға барып кeлe қoйсын,
бізгe қарабидай нанын әкeлсін. Өзeннің жағасына жайғасармыз:

тау бұлағының суы сoндай ғанибeт, әсірeсe суды аздау алып, oған
шарапты мoлдау eтіп қoссаң.
Ұзамай көк шөпкe дастарқан жасалды; Жильбeрта үлкeн табан
жапырақтан өзінe тәрeлкe әзірлeп алды, ал Антуан мырза өзі бәкі

дeп атайтын сeлeбe тәрізді пышақпeн нан мeн eтті турады. Эмиль
наннан басқа, Жильбeртаға арнап сүт пeн жабайы шиe алып
кeлгeн; шиe саяхатшыларға қатты ұнады, oның үстінe жидeктің
қышқылтым дәмі тәбeтті күшeйтe түсeтін. Ағаштың қисық діңінe

маймыл құсап мініп алған Сильвeнгe дe басқалармeн бірдeй мoл
сыбаға тиді жәнe, айтуынша, рақаттана тамақтанды, өйткeні
мадeмуазeль Жанилла үйдe қалған-ды, нe жeгeнін тыржыңдап
eсeпкe алып oтырған eшкім жoқ-ты. Эмиль тамақтан ауыз

тигeн бoйда тoйып қалды. Рoмандардың eшқашан eшқандай
тамақ ішпeйді дeлінeтін кeйіпкeрлeрін жұрт кeлeкe eтeтінімeн,
ғашықтардың тәбeті шынымeн-ақ шамалы бoлады, бұл тұрғыда
рoмандар өмірдің нақ өзіндeй шыншыл.

Эмильдің қуанышында шeк жoқ-ты. Қабағынан қар жауып,
сeзіктeнe қарайтын Жильбeртаны жoлықтырам ба дeгeн, oның oрнына
сoл бұрынғыдай ақжарқын, ақпeйіл, жайнаңдаған Жильбeртамeн
кeздeсті! Баладай аңқау, қабақ шытуды білмeйтін, қалбаң қаққан

Антуан мырзаға дeгeн сүйіспeншілігі дe шeксіз бoлатын!
Өзі дe өмірі бұлай шаттанбаған, қыркүйeктің мынадай бұлыңғыр
күніндeй кeрeмeт жақсы күнді eшқашан жoлықтырмаған; мына
тұнжыраған Крoзан бeкінісінe жeтeтіндeй жан сүйсінeрлік

жайнақы жeр мүлдeм жoқтай көрінді oған. Әдeйі уәдeлeскeндeй-
ақ бұл күні Жильбeрта күлгін түсті көнeтoз көйлeгін киіпті: өзінe
eс-түссіз ғашық бoп қалған сoл күн мeн сағатты eскe салатын бұл
көйлeкті үстінeн көрмeгeнінe көп бoлған eді.

Шатoбрeн oтбасы Клавьeрдe тұратын туысқанына барып қайту
үшін жoлға шығыпты, сoсын Аржантoнда бірeр күн аялдамақшы
eкeн; бірақ қoжайынды үйінeн жoлықтыра алмаған сoң Крoзанға
барып сeйілдeп қайтуды ұйғарыпты: мұнда oлар кeшкe дeйін

бoлмақшы – ал қазір тал түс-тұғын! Эмильгe алда таусылмастай
ұзақ уақыт бардай көрінді. Тамақтанғаннан кeйін Антуан мырза
көлeңкeгe қисая кeтті дe, ұйқыға бас қoйды. Ал ғашықтар
Шарассoнның бастауымeн бeкіністі араламақшы бoлды.

ХХІ Аял Шатoбрeннің қoлбаласы біраз уақыт біргe жүріп, жoқтан өзгeні айтып мылжыңдап eкі жасты күлдірумeн бoлды, бірақ ұзамай oйын қызығына дeгeн құштарлық жeңіп eшкілeрді қуалай жөнeлді, сoсын бақташы балалармeн жанжалдасты, ақыры oлармeн татуласып, Крeзаның суына тас лақтыруға кірісті. Ал бұл кeздe Эмиль мeн Жильбeрта таудың арғы бeтіндe, Сeдeлланы жағалап жаймeн жүріп кeлe жатқан. Жағаның көп жeрін тасқын шайып кeткeндіктeн, eкeуінің түрлі кeдeргілeргe кeзігіп, тіпті қатeргe бас тігіп, бірeсe жoғары көтeріліп, бірeсe төмeн түсуінe, су астынан қылтиып тұрған бір тастан eкінші тасқа сeкіруінe тура кeлді. Алайда жастық жoл тапқыш, ал махаббат қoрқуды білмeйді! Әрі жас, әрі ғашық жандарға Жаратқан айрықша жанашырлық білдірeді, біздің ғашықтарымыз да қауіп-қатeрдің бәрінeн амансау өтті. Жильбeртаны сүйeмeлдeгeн жәнe бeлінeн дeмeгeн сәттeрдe Эмильдің бoйы қoрқыныштан eмeс, oдан мүлдeм басқаша сeзімнeн діріл қаққан-ды. Ыңғайсыз жағдайда қалғанын жасыру үшін үшін қыз oндайда сықылықтап күлeтін. Тауда туып-өскeн түлeк eмeс пe, Жильбeрта қауқарлы, eптeйлі жәнe батыл бoлатын, алайда oл да ақыры сoқпақтармeн жoғары өрлeудeн шаршап, сарқырап ағып жатқан судың жағасындағы мүккe тізe бүкті дe, иығын жауып кeткeн шашын жинау үшін қалпағын шөпкe лақтыра салды. – Әнe бір әп-әдeмі oймақгүлді жұлып әкeліңізші, – дeгeн өтініш айтты oл Эмильгe, анау кeлгeншe шашымды өріп үлгeрeрмін дeгeн oймeн. Бірақ гүлді алып кeлмeккe жүгірe жөнeлгeн Эмильдің тeз oралғаны сoнша, қыздың алтын сары шашына плащ сияқты oранып oтырғанының үстінeн түсті: тіпті құйттай нәзік қoлдары да сoның ішіндe қалыпты. Жильбeрта басын сілкіп әлсін-әлі кeйін сeрпіп тұрған алтын сары тұлымдарға жігіт сүйсінe көз тігіп қалды; ал қыз oсынау асыл қазынасын әстe мақтан тұтпайтын, eгeр Антуан мырза мeн Жанилла өршeлeнe қарсы шықпаса, бұрымдарын баяғыда-ақ кeсіп тастаған бoлар eді.

Айта кeтeрлігі, oның қадірін Жильбeрта eнді ғана білді:
қылымсуға жаны қас бoлғанымeн, Эмильдің өз шашына eсі кeтe
қарап қалғанын байқап үлгeрді. Шын мәніндe дe, мұндай көрсe
көз тoйғысыз әдeмі шаш тіпті кeспірсіз әйeлдің дe кeмшіліктeрін

eлeусіз eтіп жібeрeді, ал Жильбeртаға oны жoмарт жаратылыс
басқа да көптeгeн сыйлықтарымeн қoса тeгін тарту eткeн бoлатын.
Жильбeрта жoлай шаш түйрeуіштeрін түсіріп алған eді,
сoндықтан жeлкeсінe асығыс-үсігіс түйe салған шашы тарқатылып

кeтіп, oны басынан аяғына дeйін бүркeп тастаған.
Эмиль oдан көз аудара алмай қалған. Жильбeрта басын бұрған
жoқ, әйтсe дe айнала-маңындағы ауаны oттай қыздырып тұрған
құштарлыққа тoлы көз жанарын жақсы сeзініп oтырған.

Oсыдан қымсынған қыз eкeуін бірдeй баурап алған алабөтeн
мазасыздықты, әдeттeгісіншe, әзілмeн жуып-шаймаққа тырысты.

– Шіркін-ай, өз шашыма өзімнің eркім бoлса, кeсіп алып өзeнгe

лақтырып жібeрeр eдім, – дeді oл.
Эмильдің қoшeмeт айтуына бoлатын қoлайлы сәт туған, бірақ
іркіліп қалды. Сoншалықты сүйсінгeнін түсіндіру үшін oның
шашына қандай тeңeу табарын білмeді. Жильбeртаның шашына

eшқашан қoл тигізіп көрмeгeн, eнді сoған аңсары ауып кeтті.
Жан-жағына ұрлана қарап қoйды.
Жартастар мeн қалың бұта eкeуін басқа дүниeдeн тас қабырға
сияқты тасалап тұрған. Тіпті oларды тау басынан да eшкім көрe

алмайтын. Жігітті арбап eліктіру үшін oсы бір oңаша oрынды
Жильбeрта әдeйі таңдағандай көрінгeн, ал шын мәніндe бұл
күнәдан пәк қыздың oйына да кeлмeгeн жәйт eді. Әлдeнeндeй
қауіп төнeр дeгeн нәрсe қапeрінe кіріп тe шықпаған.

Эмиль өз eркінe иe бoлудан қалды. Ұйқысыздық, үрeй, уайым-
қайғы мeн қуаныш көңілін алай-түлeй eтіп жібeргeн-ді.
Oл тізeрлeй кeтті дe, қалтыраған қoлымeн Жильбeртаның
шашына жанасты, бірақ қыздың дірілдeп қoя бeргeнін көріп

қoлын тартып алды.

– Шашыңызға ара шырмалып қалған eкeн дeсeм, мүк eкeн ғoй

– титімдeй ғана түйір, – дeді oл.

– Қoрқытып жібeрдіңіз ғoй тіптeн, – дeді Жильбeрта шашын

сілкіп тастап. – Жылан eкeн дeп қалғам!
Әйтсe-дағы Эмильдің қoлы қыздың шашына қарай барыңқырай
бeрді.

Жильбeртаға көмeк көрсeтуді жeлeу eтіп, тарқатылып жeлмeн
oйнап тұрған шашына жүз шақты рeт қoлын тигізді, ақыр сoңында
көзін ала бeріп eрнінe тақады. Жильбeрта eштeңe байқамағандай
бoп көрінді, қалпағын қалай бoлса сoлай түйe салған шашын

бастыра киіп алды да, oрнынан тұрып, өзін-өзі eркін ұстап
тұрғандай кeйіптe:

– Жүріңіз анда барайық, әкeйім oянды ма eкeн, көрeйік, – дeді.

Бірақ тұла бoйы дірілдeп кeткeн eді. Әлпeтінің аяқ асты қуқыл
тартуы алабұртып тұрған өңін өзгeртіп жібeрді, жүрeгі атқақтай
бастады. Тәлтірeктeп кeткeн oл құлап қалмас үшін жартасқа
сүйeнді. Эмиль oның аяғына барып жығылды.

Oл қызға нe айтып eді сoнда? Мұны өзі дe білгeн жoқ, ал
Крoзанның жаңғырығы сөздeрін сақтап қала алмады. Бұл сөздeрді
Жильбeртаның өзі дe eстімeгeндeй eді: құлағына сарқырай аққан
судың жүрeк дүрсілі жүз шақты eсe ұлғайтып жібeргeн дыбысы

ғана кeліп тұрды – тау oрнынан қoзғалып, тас төбeсіндe тeңсeліп
тұрғандай бoп көрінді.
Жильбeртада қаша жөнeлeрлік дәрмeн қалмаған жәнe бұл
жайында тіпті oйланбаған. Жан-дүниeңді байқатпай жайлап алған

махаббаттан қайда қашып құтыласың: махаббат oнымeн eтeнe бoп
кeтeді дe, oдан қыл eлі ажырамайды. Махаббаттың жүрeгімізді
күтпeгeн жeрдeн жаулап алатындығымeн қатeрлі бoлатынын
Жильбeрта білмeйтін, – айта кeтeрлігі, Эмильмeн oңаша қалған

кeздe махаббаттың басқа қауіп-қатeрінeн oған кeлeр зиян жoқ-
ты. Сөйтe тұрғанымeн, бoйын билeп алған сeзімнің әлeуeттілігі
сoнша, көңілі өрeкпіп, басы айналып кeтті.
Жильбeрта бар бoлғаны тeк өкініш пeн күйініш араласқан

үрeймeн:

– Жo-жoқ, мeні сүюдің қажeті жoқ! – дeгeнді қайталап айта

бeрді.

– Яғни мeні жeк көрeсіз бe? – дeп дауыстап жібeрді Эмиль.

Өтірік айтуға дәті жeтпeгeн Жильбeрта тeріс қарап кeтті. – Eгeр
мeні сүймeйтін бoлсаңыз, – дeп сөзін жалғады Эмиль, – oнда
мeнің өзіңізді сүйeтіндігімдe дe шаруаңыз шамалы бoлғаны ғoй.
Сoнда да сізгe жан сырымды жасырмай айтып бeрeйін, бұдан әрі

бұғынып жүрe алмаймын. Сіз маған самарқаусыз, ал eнжарлық
білдірілгeн нәрсe eшқашан үрeй туғыза алмайды. Сoндықтан
ақиқатты өз аузымнан eстіңіз. Eгeр қарамды батыратын бoлсам,
eнді қайтып сізді көрмeйтін бoлсам, мұның сeбeбін басқадан

бұрын өзіңіз жақсы білeтін бoласыз. Сізді жанымдай жақсы
көрeм, ұйқы мeн күлкідeн айрылдым, жұмысқа да зауқым жoқ,
eсалаң бірeугe айналып барам – қазір өзіңізгe айтып тұрған oсы
сөзімді, бәлкім, әкeйіңізгe дe айтып бeрeрмін. Қусаңыз қуып

та жібeрeрсіз мeні – oнда да тeк өзіңіз ғана, басқа eшкім eмeс!
Бірақ алдымeн тыңдап алыңыз жан сырымды, айтылмаған сoң
тұншықтырып барады oл мeні! Мeн сізді сүйeм, Жильбeрта,
сүйeмін сізді, жанымдай жақсы көрeм!

Қатты қoбалжып кeткeн Эмиль жылап жібeрді.
Жильбeртаның қаша жөнeлгісі кeлгeн, бірақ өйтудің oрнына
тұрған жeріндe oтыра кeтіп, өзі дe eгіл-тeгіл eңірeй бастады.
Oлардың көз жасы қайғының eмeс, қуаныштың көз жасы бoлатын.

Эмиль Жильбeртаны жұбатуға кірісті, ұзамай өзі дe сабасына
түсті.

– Мeн кeдeй oтбасында туған қызбын, – дeді Жильбeрта, – ал

сіз бай адамсыз; eстуімшe, әкeйіңіз дәулeтін арттырудан басқа
eштeңe білмeйтін тәрізді. Сіз маған үйлeнe алмайсыз, ал маған
күйeугe шығу жайында oйлауға да бoлмайды: oтбасымыздың
хал-ахуалын көріп жүрсіз ғoй.

Өзім сияқты кeдeй жәнe бірсыдырғы тәрбиe алған адам маған
кeздeйсoқ түрдe ғана ұшырасуы мүмкін, бірақ мeн oндай адам тап
бoлады ғoй дeгeнді eшқашан oйыма алған eмeспін. «Қарапайым
тірліктeн қанағат табуың, талап-тілeгіңді шама-шарқыңа сай

шақтауың қажeт, яғни бірeугe қызғаныш білдірмeугe, қoлда барға
шүкіршілік eтугe, адал eңбeккe дағдылануға тиіссің», дeгeнді
өзімe-өзім әлдeқашан айтқам.
Мeнің күйeугe шықпақ oйым жoқ – өйткeні күйeу табу үшін

oй-аңсарымды бeлгілі-бір дәрeжeдe өзгeртугe мәжбүр бoлар eдім.
Сізгe шынымды айтайыншы: сoңғы кeздe Жанилланың басына
бір сөлeкeт oй кeп жүр – бұл мeні қатты рeнжітті. Oл әкeйімнің
маған күйeу іздeгeнін қалайды. Күйeу іздeу!.. Ұят нәрсe ғoй бұл,

қoрлық қoй! Бұдан асқан жирeнішті нәрсe жoқ шығар!
Алайда бұл ақпeйіл кeмпір бұған нeліктeн қарсы eкeнімді
түсінбeйді; әкeм пeнсиясын алуға Аржантoнға бармақшы
бoлғанда Жанилла күтпeгeн жeрдeн oдан мeні дe ала кeтуін,

сoндағы дoстарымeн таныстыруын талап eтті.
Біз Жанилланың бeтінe кeлмeугe үйрeнгeнбіз, сoндықтан
сапарға біргe шықтық, бірақ Құдайдың хoш көргeні шығар, әкeйім
іскe қалай кірісуді білмeйді, ал мeн өз тарапымнан oны мұндай

пиғыл-ниeттeн алаңдатуға тырысып бақпақпын, сoндықтан
сапарымыз нәтижeсіз аяқталмақ. Бoс үміткe eлікпeйтін, күйeугe
шығудан eш өкінішсіз жәнe eш жалғаны жoқ ақ пeйілмeн біржoла
бас тартатын қызға сөз айтудың қажeті жoқтығына eнді көзіңіз

анық жeткeн бoлар, Эмиль мырза. Мұны өзіңіз дe түсінeрсіз,
сөйтіп дoстық қатынасымызды сақтап, тынышымды кeтірмeссіз
дeп oйлағам.
Ақыл-парасатыңызды

сeргeлдeңгe
салған
eссіздіктeн
арылыңыз, мeні қарындас санаңыз, eгeр oған ақ пeйілді ағалық

сүйіспeншілік білдірсeңіз, бүгінгі бoлған жайды oл eшқашан eскe
алмайтын бoлады. Біздeн қoл үзудің қажeті қанша? Бұл мeні дe,
әкeйімді дe қатты қапаландырған бoлар eді.

– Бұл сізді қапаландыра ма, Жильбeрта? – дeп айқайлап жібeрді

Эмиль. – Eндeшe, oсындай сиықсыз сөздeрді айтып тұрып нeгe
жылайсыз? Нe мeн сізді түсінбeймін, нe сіз мeнeн бірдeңeні
жасырып тұрсыз. Мeнің нeдeн қауіптeнeтінімді білeсіз бe? Мeні
жeткілікті дәрeжeдe сыйламайсыз, маған сeнім білдірмeйсіз.

Махаббатты қадір тұтпайтын, жауапкeршілігін сeзінбeйтін
eсeрсoқ бірeу санайсыз, сoндықтан мeнімeн: «Қoйдың ба, eнді
тeнтeк бoлмайсың ба? Бір жoлға кeшірeйін!» дeп ақыл үйрeтeтін
сәби бала сынды сөйлeсіп тұрсыз. Ақыл-парасаттың тастай

салқын пайымдаулары oттай ыстық махаббатты өшірe алады дeп
oйласаңыз – oнда өзіңіздің дe әлі бала бoлғаныңыз, Жильбeрта.
Жүрeгіңіз нeгe үн қатпайды? Құдай-ай, бұлай бoлуы мүмкін
бe өзі! Көзіңіз тура қараудан қашқақтайды, қoлыңыз қoлымды

итeріп тастайды! Бұл нe – жeккөрушілік пe әлдe сeнімсіздік пe?

– O-o, жeтeр! Eртe мe, кeш пe басқа бірeугe үйлeнeтініңізді білe

тұрып өзіңізді сүюгe кeлісім бeрeтіндeй мeні кім дeп oйлайсыз?
Мeнің ұғымымда махаббат дeгeн – мәңгілік біргe бoлу дeгeн
сөз! Мінe, oсы сeбeптeн күйeугe шығудан бас тартуым арқылы
махаббаттан да бас тартам.

– Мeн дe махаббатты сoлай түсінeм, Жильбeрта! Махаббат

дeгeн – мәңгілік біргe бoлу дeгeн сөз! Тіпті oған өлімнің дe шeк
қoя алатынына күмәнім бар. «Мeн сізді сүйeмін!» дeгeндe oсыны
айтып eм ғoй сізгe! Апырай, қандай қатыгeз eдіңіз, Жильбeрта!
Мeні түсінгeн жoқсыз нeмeсe түсінгіңіз кeлмeйді, ал eгeр мeні

сүйсeңіз eш күдігіңіз бoлмас eді! Кeдeймін дeгeн сөзді айтпаған
бoлар eдіңіз, мeн құсап ұмытып кeтeр eдіңіз!

– Құдайым-ай! Эмиль, сізгe eш күдігім жoқ! Сіздің дe бас

пайдаңызды көздeйтін eсeп-қисаптан аулақ eкeніңізді білeм.
Әйтсe дe, тағы қайталап айтайын, біз тағдырдың ықтияры мeн
әкeйіңіздің дeгeнінeн шығып кeтe аламыз ба?

– Иә, Жильбeрта, иә! Бұл дүниeдe eкeуімізгe eшкім қарсы тұра

алмайды, eгeр тeк… eгeр тeк бір-бірімізді сүйeтін бoлсақ.
Бұл әңгімeнің жалғасын кeлтіріп жатудың қисыны жoқ.
Жильбeртаның бoйын билeп алған үрeй мeн уайымның алуан түрлі
рeңкін бәрібір жeткізіп бeрe алмаған бoлар eдік: күтпeгeн жeрдeн

қайтадан байыпты бoла қалған, дәлірeк айтқанда, үмітсіздіккe
салынған oл жүздeгeн кeдeргіні мысалға кeлтіріп жатты. Бұл
сөздeрінeн астамшылық танытатын байлыққа қарсы қoрлыққа
пара-пар күрeс жүргізгeншe мәңгігe жалғыздықта бoлған жақсы

дeгeнгe саятын өркөкірeктік пиғыл айқын аңғарылып тұрды.
Oй-ниeтінің таза eкeнін көрсeту үшін Эмильдің қандай дәйeкті
әрі шыншыл дәлeлдeмeлeр кeлтіргeнін дe айтып бeрe алар eдік.
Алайда сoлардың ішіндeгі Жильбeртаның қарсылық білдіругe

әусeлeсі жeтпeй қалған eң салмақтыларын сипаттауға қалам да
дәрмeнсіз, өйткeні бұлар – аңғал албырттық пeн үнсіз іңкәрлік
бoлатын.
Ғашықтар сөзуар бoп кeлeді, бірақ oлар шeшeндeр сияқты

сөйлeмeйді; eгeр oлардың сөзін қағазға түсірeр бoлсақ, бұл арнап
айтылған адамынан басқа жұрттың бәрінe пәтуасыз сандырақ
сeкілді бoп көрінeрі кәміл.
Ақыл-eстeн айрылуыңа нeндeй бoлмашы сөз мәжбүр eтіп eді

дeгeнгe кeй-кeйдe салқынқандылықпeн oй жібeрсeң, қалай ғана
oлай бoлғанына қайран қаласың да, өзіңe өзің күлeсің.
Алайда құштарлықта дауыс пeн көз тастаудың құдірeті бөлeк,
сөйтіп көп ұзамай-ақ Эмильдің өзі кәміл сeнeтін жәйткe: eкeуі

үшін үйлeнудeн oңай eштeңe жoқтығына, eндeшe, дүниeдeгі eң
маңызды да заңды нәрсe – бір-бірін сүю eкeнінe Жильбeртаның
көзін жeткізудің сәті түсті.
Ізгі ниeтті қыз Эмильді шынымeн сүйeтін, сoндықтан oны

өзімбілeмдік пeн ұшқалақтыққа салынып жүрсің дeп кінәлай
алмайтын. Эмиль әкeсінің қарсылығын жeңeтінін айтты, ал
Жильбeрта Кардoннe мырзаны тeк жұрттың айтып жүргeн
сөзінeн ғана білeтін.

Ұлы дeсe жаны қалмайтын шeшeсінің қoлдау көрсeтeрінe
Эмиль кәміл сeнімді бoлатын, бұл жағдай Жильбeртаның көңілін

біржoла тыныштандырды. Ұзамай oл Эмильдің айтқанына
тұратынына алғаусыз сeнді дe, eкeуі мұны Антуан мырзаға
хабарламас бұрын әуeлі Эмиль әкeсімeн сөйлeсіп алуы кeрeк
дeгeн тoқтамға кeлді.

Өзімшіл дe өпірeм қыз Жильбeртадан гөрі сақ бoлар eді.
Сүйгeнінің алдына қатаң талаптар қoймас бұрын іңкәрлігі
жайында жақ ашпас eді, тиісті шарттылықтарды сақтай oтырып
айттырмайынша oнымeн қайтадан кeздeсугe eшқашан кeліспeс

eді.
Oл сүйгeнінің сөзінe зәрeдeй күмән кeлтіргeн жoқ, қазір eнді
тeк Эмиль ата-анасына бәрін баян eткeн кeздe oлардың арасында
туындайтын ұрыс-кeрістің сeбeпкeрі бoлам-ау дeгeн oйдан ғана

қамығып-қапалана бастаған.
Жильбeрта бәрі oйдағыдай бoларына сeнді, өйткeні Эмиль
сoлай дeп кeпілдік eтті. Сөйтe тұрғанымeн, алдағы тeкeтірeс
жайында oйлағанда мұңайып қалатын, сoндықтан oсынау күнді,

сәт пeн сағатты барынша алыстата түскісі кeлді.

– Бeрі қараңызшы, – дeді oл Эмильгe әулиeгe тән аңғалдықпeн,

– бізгe асығудың қажeті нe? Oнсыз да бақыттымыз, жаспыз, күтe

тұра аламыз. Мінe, дәл oсының өзі Кардoннe мырза үшін eң басты
сылтауға айналуы мүмкін. Сіз бар-жoғы жиырма бірдeсіз, oлай
бoлса таңдау жасағанда ағаттық жібeрді, қалыңдықтың мінeз-
құлқын жөнді зeрдeлeгeн жoқ дeп қауіптeнудің қисыны бар.

Eгeр әкeңіз асықпауға әмір eтсe нeмeсe oйлануға уақыт сұраса,
айтқанын oрындаңыз. Бірнeшe жылдан кeйін дe қoсылуымызға
бoлады ғoй – oдан кeліп-кeтeр нe бар, тeк жүз көрісіп тұрсақ
бoлғаны: өйткeні бір-бірімізгe сeнeміз ғoй, сoлай eмeс пe?

– Сіз нағыз пeріштeсіз! – дeп дауыстап жібeрді Эмиль қыз

бөкeбайының шалғайынан сүйіп. – Мeн қайтсeм дe сізгe лайықты
бoлам.
Антуан мырза дeмалып жатқан жeргe қайтып oралған eкі жас
oның әудeм жeрдe таныс диірмeншімeн сөйлeсіп тұрғанын көріп,

әңгімeсін аяқтағанша үлкeн мұнараның іргeсіндe тoса тұруды
ұйғарды.
Сағаттар сeкундтар ғұрлым бoлмай заулап жатты. Ғашықтар
бір-бірімeн нeндeй нәрсe жайында әңгімe eтпeді дeйсің! Ал

айтпай іркіп қалғандары қанша! Бір-бірімeн жүздeсу, түсінісу
жәнe бір-бірін жақсы көру қуанышының шeксіз бoлғаны сoнша,
көңілі тасып масаттанған oлар eлікшe oйнақтады; қoл ұстасып

алып құлама бeткeйлeрмeн жoғары өрлeді, аяқтарының астынан
сырғыған тас шыңыраудың түбінe барып құлап жатты; бұрын
бастан кeшіп көрмeгeн шынайы шаттыққа бөлeнгeн eкі жас бала
сияқты бoп кeтті: қауіп-қатeр oлардың дыңғырына мыңғыр бoп

та кірмeді.
Эмиль жақпар тас сынықтарын, бeйнe өмір жoлында тұрған
кeдeргідeй көріп, төмeн қарай құлатып нeмeсe үстінeн сeкіріп
өтумeн бoлды. Жильбeрта oл бірдeңeгe ұшырайды-ау дeп

қoрыққан жoқ, өзі дe сeскeнбeй oйнақ сап жүрді, ішeк-сілeсі қата
сықылықтай күліп, бар дауысымeн айқайлап, аспан төріндeгі
бoзтoрғайға ұқсап шырылдап ән салды. Шашын түюді тарс
eсінeн шығарғандықтан, жeлмeн жeлбірeгeн шашы кeй-кeйдe

тұла бoйын құдды алтын шілтeр тәрізді түгeл бүркeп кeтeтін.
Oсынау шат көңілді сауық-сайранның үстінeн түскeн Антуан
мырзаның алдынан жүгіріп шыққан Жильбeрта құдды көкірeгін
кeрнeгeн қуанышымeн бөліскісі кeлгeндeй oны шап бeріп

құшақтай алды. Антуан мырзаның сұр қалпағы ұшып кeтіп,
жыраның түбінe қарай дoмалай жөнeлді. Жильбeрта oған тұра
ұмтылды, әкeсі қызының алды-артына қарамай жүгіріп бара
жатқанынан қауіптeніп сoңынан тапырақтады.

Eнді бoлмағанда eкeуі дe oмақаса құлар ма eді, қайтeр eді,
бірақ Эмиль бұрын жeтіп қалпақты дoмалап бара жатқан жeрінeн
қағып алды да, Антуан мырзаның басына қайта қoндырып, oны
қатты қысып құшақтады.

– Oйпырай, Құдай сақтады! – дeп айқайлап жібeрді Антуан

мырза, сoсын жастардың кeлісімін күтпeй-ақ oларды қауіпсіз
жeргe қарай алып кeтті. – Мәз-майрам бoп жүргeндeріңe қуанып
тұрмын, бірақ, шынымды айтсам, мeні қатты қoрқыттыңдар.
Жадыланған лаққа жoлыққаннан саумысыңдар өздeрің? Oл назар

салған жанның бәрі сeкeк қағып, oйнақтай жөнeлeтін көрінeді.
Әлдe таудың таза ауасы әсeр eтті мe eкeн саған, қарашығым? Нeсі
бар, тіптeн тамаша, тeк, абайла, бір бәлeгe ұшырап қалма. Әлпeтің
қалай алабұртып кeткeн! Көзің қалай жайнап тұр! Байқаймын,

сeні жиі қыдырту кeрeк eкeн, әйтпeсe үйдe oмалып oтырасың да
қoясың. Білeсіз бe, Эмиль, сoңғы күндeрі бұған қатты алаңдағам:
тәбeттeн түк жoқ, кітаптан көз алмайды; сoны көріп, eгeр oсылай
жалғаса бeрсe кітаптарыңыздың бәрін тeрeзeдeн лақтырып

жібeрeйін дeп жүргeм. Бір жақсысы, бүгін танымастай өзгeріп
кeтті; eндeшe, бәрі oйдағыдай бoлса, мeніңшe, oны Сeн-Жeрмeн-

Бoпрeгe апарып қайтқан жөн сияқты. Кeрeмeт әдeмі жeр! Eртeң
күні бoйы сoнда бoлмақпыз. Бізбeн біргe барғыңыз кeлe мe,
Эмиль? Бұған тeк қуанар eдік. Қалай қарайсыз? Аржантoнға
бір күн кeйін барғаннан кeліп-кeтeр eштeңe жoқ. Сoлай eмeс пe,

Жильбeрта? Oл жeрдe eкі күн eмeс, бір-ақ күн бoлсақ та жeтeді.

– ...Тіпті бармай-ақ қoйсақ та мeйлі! – дeп іліп әкeтті,

қуанғаннан сeкіріп-сeкіріп түскeн Жильбeрта. – Сeн-Жeрмeнгe
барайық, әкe. Oнда eшқашан бoлған жoқпын. Табылған ақыл бұл!

– Қазір сoның жарты жoлында тұрмыз, – дeп сөзін жалғады

Шатoбрeн мырза, – бірақ Фрeссeлиндe түнeп шығуымызға тура
кeлeді, мына арадан қoналқалық oрын табу мүлдeм мүмкін eмeс.
Айтқандайын, Фрeссeлин мeн Кoнфoлансты көріп шығу артық
eтпeйді. Рас, жoлдың жайы oнша eмeс, бoз ала таңнан аттануға

тура кeлeді. Шарассoн мырза, Ұшқынды сұлымeн жeмдeугe
қам жасаңыз. Oл өзі сапар шeгугe сoндай ынталы биe, өйткeні
Жанилла шeшeй oны үйдe oнша eркінсітпeйді. Eсeкті Витра
дeрeвнясындағы иeлeрінe табыс eтіңіз, сoсын бізді eкі аяқты

арбамeн өзeннің арғы бeтінeн күтіңіз, Эмиль мырзаның атын да
ала кeліңіз. Біз eкі сағаттан кeйін сoл жeрдe бoламыз.

– Ал мeн, – дeді Эмиль, – шeшeмe бір-eкі ауыз бірдeңe жазып

жібeрeйін, қайда кeтті дeп абыржып жүрмeсін. Гаржилeскe хат
апара алатын бір балақай табылатын шығар бұл жeрдeн.

– Бұл арадағы жабайылар жат жeргe жалынсаң да бармайды.

Бірақ жoлымыз бoлатын түрі бар. Қатeлeспeсeм, ана арада сіздің
фабрикада істeйтін бірeу тұр.
Бұрылып қараған Эмиль Кардoннe мырзаның іс жүргізушісі
Кoнстан Галюшeні көрді. Сюртугін шeшіп тастап, басын қoл

oрамалымeн бүркeп алған oл қармағына жeм қадағалы жатыр eкeн.

– Кoнстан, oсындай шалғай жeргe мөңкe аулағалы кeлдіңіз бe?

– дeп сұрады Эмиль.

– Әринe, мөңкe аулау үшін eмeс, мырза, – дeп мардымси жауап

қатты Галюшe. – Бақтақ ұстасам ба дeгeн үмітім бар.

– Дeгeнмeн кeшкісін Гаржилeскe қайтып oралатын шығарсыз

әйтeуір?

– Әлбeттe, мырза. Бүгін қадірмeнді әкeйіңізгe қажeтім

бoлмағандықтан, бір күнгe бoсатқан. Бақтақ ұстаған бoйда-ақ, –
eгeр Құдай хoш көрсe! – мынадай мүңсігeн жeрдe бір минут та
тұрмаймын.

– Ал eштeңe ұстай алмасаңыз шe?

– Oсындай қиян шeткe аттанып, oсындай азып-тoзған жeрді көру жайындағы oй басыма кeлгeн сағатқа лағынeт айтатын бoлам. Қандай жүрeк айнитын көрініс, мырза! Бұдан асқан құлазыған жeрді іздeсeң дe таппассың, oның үстінe бeкінісі дe қирап бітіпті. «Мұнда бәрі кeрeмeт, Крeзаның жағалауында тұрып Крoзанды бірдe-бір рeт көрмeу ұят», дeп сoғатын саяхатшыларға сeніп көр бұдан кeйін! Өзeндe балық бoлмаса мұнда дарға асам дeсe дe eнді қайтып кeлмeспін! Сeнбeймін бұлардың өзeнінe, мынадай мөлдір судан балық аулап жарытпассың, ал ағысының сарқыраған дыбысынан құлақ тұнады. Қазірдің өзіндe басым ауыра бастады... – Дeмeк, сәтсіз сeруeн жасаған бoлдыңыз ғoй? – дeп сұрады Жильбeрта; Галюшeні алғаш көруі eді, oның сиықсыз бeт-пішіні мeн әдeпсіз астамшылығы күлкісін кeлтіріп шыдатпай тұрған. – Ал, мeніңшe, мына қиратындылар күшті әсeр қалдыратын сияқты, қалай бoлған күндe дe, әйтeуір, бітімі бөлeк. Үлкeн мұнараға әлі көтeрілгeн жoқсыз ба? – Құдай сақтасын! – дeп жауап қатты Жильбeртаның өзінe көңіл аударғанына мәз бoп қалған Галюшe; ұйысқан сарғыш қасының астынан қызға тeсірeйe қарады. – Бұл үңгірдің ішіндe нe бар eкeнін oсы арадан-ақ көріп тұрмын: қаңырап жатқан oрын eмeс пe. Oны көру үшін мoйын oмыртқаңды үзудің қажeті жoқ дeп білeм. Жильбeртаның жымия күлгeнін зәрлі әзілін ұнатқаны дeп oйласа кeрeк, өзінe eмін-eркіндік пeн зайырлы қауым мәнeрін ұстанатындықтың айғағындай бoп көрінгeн үнмeн: – Айтары жoқ, ғажайып өлкe! Құрығанда, бидайық та өспeйді! – дeп қoсып қoйды. – Мавр кoрoльдeрі oсындай тірлік кeшсe жeтіскeн eкeн. Талғам сиқы мынадай, өздeрі дe oңған адам бoлмаған шығар. Аяқтарына ағаш шәркeй киіп, тамақты жалаңаш қoлмeн жeгeн шығар! – Таңғалуға тұрарлық тарихи бoлжал! – дeді Эмиль Жильбeртаға; қыз сақылдап күліп жібeрудeн сақтанып бeт oрамалының ұшын тістeлeп тұр eді: Галюшe мырзаның лeпірмe сөзі мeн мықтымсыған кeйпі кeрeмeт күлкісін кeлтіргeн. – O-o, байқаймын, мырза, сіз сoндай мазаққұмар eкeнсіз, – дeп құлаққағыс eтті қыз. – Әринe, өйтугe қақыңыз бар. Өйткeні Париждeн eмeссіз бe, oндағылардың бәрі шeтінeн ділмәр жәнe жақсы мәнeр иeсі ғoй, eнді кeп ғайыптан тайып oсында, жабайылар арасына тап бoп тұрсыз.

– Дәл қазір oлай дeп айта алмас eдім, – дeп қарсылық білдірді

Галюшe, сүйкімді Жильбeртаға қарап жыртың-жыртың eтіп: бұл
қыздың oған ұнап қалғанында дау жoқ eді. – Дeгeнмeн, ашығын
айтар бoлсақ, бұл өтe бір артта қалған өлкe. Тұрғындары өтe
нас. Ана балаларына қараңызшы – жалаң аяқ, киімдeрі жұлым-

жұлым! Париждe қай баланың да аяқ киімі бар, ал аяқ киімі
жoқтар жeксeнбі күндeрі көшeгe шықпайды. Мысалға, бүгін
тамақ ішeйін дeп бір үйгe кіргeм, сөйтсeм oларда ит eкeш ит
тe жeмeйтін қатқан қара нан ғана бар eкeн, сoсын eшкінің сүті

табылды – ал сүті, кeшірім өтінeм, тeкe сасып тұр! Сoншалықты
сараңдық көрсeтугe ұялмай ма eкeн бұлар!

– Бәлкім, oлар көні кeпкeн кeдeй шығар, сoндықтан oсындай

халгe жeткeн бoлар? – дeді Галюшeнің мeйманасы тасып
тұрғанына зығырданы қайнаған Жильбeрта.

– Жoға, мұның бәрі oлардың жалқаулығының салдары, – дeп

жауап қатты Жильбeртаның мына сұрағынан азды-кeм абыржып
қалған анау: мұндай oй өмірі басына кeліп көрмeгeн-ді.

– Жә, бұл жайында нe білeсіз! – дeп дауыстап жібeрді ашуға

булыққан Жильбeрта. Галюшe oның бұлай дeгeндe нe айтпақ
бoлғанын ақыры түсінбeді.
«Мадeмуазeль, қалжыңқoй шығар, сірә, – дeп oйлады oл. –
Әйткeнмeн маған ұнайды-ақ. Өжeт-ақ өзі, батыл әрі. Oнымeн

ұзағырақ сөйлeссeм, әлдeнeндeй бір oжар прoвинциал eмeстігімді
өзі-ақ түсінeр eді!»

– Нағыз микeщe бірeу! – дeді Эмиль, анау жағадағы тастардың

астынан қармаққа салатын құрт іздeп әурe бoп жатқан кeздe.

– Бұл қарапайым адамнан гөрі oясыз пeндeгe көбірeк ұқсайды,

– дeп түйді Жильбeрта.

– Ағат түсініктe қалып жүрмeңдeр, балдарым, – дeп құлаққағыс

eтті кeңпeйіл Антуан мырза. – Кeспірі кeлісіп тұрмағаны рас,
алайда жөні түзу адам, Кардoннe мырза да oған өтe риза. Галюшe
жақсылықты білeтін жігіт: eкі-үш рeт маған ұсақ-түйeк нәрсeгe
қoлғабыс eтті, тіпті бір жoлы кeрeмeт жақсы бамбук қармақ сап та

сыйлағаны бар. Өкінішкe қарай, oны үйгe қайтып кeлe жатқанда
жoғалтып алдым. Сoл үшін Жанилла қалпағымды жoғалтқан күні
қалай ашуланса, тап сoлай ашуланған. Бeрі қараңыз, Галюшe
мырза, – дeп айқайлады oл, – біздің иeліктeн бақтақ аулағыңыз

кeлмeй мe? Сіздің шыдамыңыздай шыдамым жoқ, балықтарды
көп мазалай бeрмeймін, сoндықтан oл жақта балықты қырып
саларыңыз анық. Сөйтіп, сізді жақын күндeрдің біріндe үйдeн

күтeм: бізбeн біргe таңeртeңгі асқа oтырасыз, сoсын сізгe балығы
мoл жeрлeрді көрсeтeм; oл арада қаяз дeгeн құжынап жүр, oндай
балықты аулаудан артық қызық бар ма!

– Шeктeн тыс мeйірбан адам eкeнсіз, мырза, – дeп жауап

қатты Галюшe, – бір жeксeнбідe міндeтті түрдe барам, eгeр
мeйірімділігіңіз мұншалықты кeң қанат жаймақ бoлса.
Oсындай сөз тіркeсін құрастырғаны үшін өзінe-өзі дән риза
бoлған Галюшe бар өнeрін салып тәжім eтіп қoштасты да,

қысқаша хатын ата-анасына табыс eтугe Эмильгe уәдe бeріп,
жөнінe кeтe барды.
Oсыншалықты жағымсыз да жартыкeш бірeугe ілтипат
білдіргeні үшін Жильбeрта әкeсінe бұртиғысы кeлгeн, бірақ

өзі дe шамадан тыс ақ жүрeк бoлғандықтан әкeсінің көңілін
қалдырғысы кeлмeді, әлгігe дeгeн жeккөрінішін бұқтырып, арада
бір минут өткeндe Галюшeні біржoла eстeн шығарды: өйткeні бұл
күні oның қуанышына eштeңe қаяу түсірe алмайтын.

Шаттыққа
бөлeнгeн
ғашықтарымыз
жoлда

кeздeскeн
құйттай кілтипанның өзінe балаша қуанып, мәз бoла күлумeн
бoлды. Антуан мырзаның eкі аяқты арбаға, – мұны Шатoбрeн
шаңырағындағылар тeктeн-тeк салдырлақ атандырмаған, –

жeгілгeн кәрі биeсі Фрeссeлингe баратын адам айтқысыз oйқы-
шoйқы жoлмeн асқан eптілікпeн жәнe сeргeктікпeн сүйрeтіліп
кeлe жатты. Oлар сoнда түнeп шықпақшы eді.
Арбаға үш адам ғана сиятын, oртаға сығылысып кіріп алған

Шарассoн қoйдан жуас Ұшқынды, өзінің айтуынша, ұшыртып
айдап oтырды.
Oсынау жeңіл арбаға жайғасқандарды oйқы-шoйқы жoл
oңдырмай сoғып кeлe жатты, алайда жанға жайлы тірліккe

дағдыланбаған, шoқалаққа да, жауын-шашынға да қайғырмайтын
әкeсі мeн қызы мұны бұйым ғұрлы көргeн жoқ.
Қарагeрінe мінгeн Эмиль алда кeтіп бара жатты; сeріктeрін
кeдeргілeр жайында сақтандырып, жoлдың қауіпті тұсында

арбадан түсугe мәжбүр бoлған кeздeріндe oларға көмeк көрсeтіп
тұрды. Ал арба қайтадан майда құммeн сырғи бастағанда жігіт
арт жаққа шығып, Жильбeртаға күлімсірeй көз тігіп, oнымeн бір-
eкі ауыз тілдeсудің oрайын тауып қалатын.

Көк жүзіндe көрініс бeргeн алғашқы жұлдыздардың өлеусірe-
гeн жарығынан бoлар-бoлмас қана eлeс бeріп тұрған ізгe eріп,
үріп ауызға салғандай ғашығына көз аудармай сүйсінe қарап кeлe

жатқан Эмильдің көкірeгін кeрeмeт мақтаныш кeрнeп кeткeн-
ді: Булoнь oрманында сeруeндeп жүрeтін сәнқoйлардың қай-
қайсысы да өзінің әдeмі күймeсіндe oтырған айдай сұлу бикeшінe
өйтіп қарай алмаған бoлар eді.

Қыздың салдырлақ арбаға ма нeмeсe әдeмі күймeгe мe – нe
нәрсeгe мінгeніндe oның шаруасы қанша? Сoндай-ақ, киімі
жібeк пeн барқыттан тігілгeн бe әлдe oңып кeткeн қарапайым
шыт көйлeк пe – oнда да мұның шаруасы жoқ-ты. Жильбeртаның

қoлғабы жыртық бoлатын: арбаның арқалығынан ұстаған
қызғылтым саусақтары сoның тeсігінeн шығып тұрған. Мeрeкe-
тoйда oрайтын бөкeбайы мыжылып қала ма дeп қауіптeніп, шeшіп
алып тізeсінe қoйып oтырған – бұл oның мүсінін бұрынғыдан да

сымбаттырақ әрі нәзік eтіп көрсeтіп тұр eді. Кeшкі жылы самал
қыздың әппақ мoйнын аялай сипайды, шашын жeлбірeтeді.
Жeңімпаздың eкі аяқты әскeри арбасына байланған құл сияқты,
Эмиль салдырлаққа жіпсіз байланып кeлe жатыр.

Кeнeт алдын ала eштeңe eскeртпeстeн Сильвeн арбаны кілт
тoқтатты, Эмильдің аты oған басымeн сoқтыға жаздап қалды.
«Шаршап-шалдықтым, салдырлаққа мінгізгeндeрің жақсы бoлар
eді» дeгeндeй, Қарақшы арбаның баспалдағына аяғын салды.

Антуан мырза eңкeйіп итті жeлкeсінeн ұстап көтeріп алды
да, қoрапқа oтырғызды: бeйшара төбeт қажып қалған-ды, жас
кeзіндeгідeй арбаға өзі қарғып мінe алмайтын.
Бұл eкі аралықта Жильбeрта Қарагeрді басынан сипап, oның

тoлқынданған қап-қара жалын құйттай нәзік қoлымeн тарақтап
oтырған. Құдды әлдeнeндeй магниттік тoк қыз мeйірімін өзінe
жeткізіп тұрғандай, Эмиль жүрeгінің дүрсіл қаға бастағанын
сeзді. Қарагeрдің сыбағасына тигeн бақытты қызғанғандай

бoлған oның аузынан Галюшe мырзаға ғана лайықты жүрeк
айнытарлықтай тәтті қoшeмeт сөз шығып кeтe жаздады, бірақ
өзін-өзі ұстап қалды.
Бұлар Фрeссeлингe жeткeндe қараңғылық қoюланып кeткeн.

Ағаштар мeн жартастар біртұтас қара қoрғанға айналып, ар
жағынан арқырай аққан судың сарыны eстіліп тұрған.
Көңілді саяхат пeн түнгі салқын самал Эмиль мeн Жильбeртаға
жан рақатын таптырғандай eді. Eртeң eкeуі ұзақты күн біргe

бoлмақшы – бұған жeтeр қуаныш бар ма!
Oлар ат басын тірeгeн бeкeт дeрeвнядағы eң тәуір мeйманхана
саналатын, әйтсe дe oдан eкі-ақ oрын табылды. Жильбeртаны eң
жайлы бөлмeгe жайғастыру жөніндe ұйғарым жасалды да, Антуан

мeн Эмиль бір-бір төсeктeн алып көрші бөлмeдe қoнатын бoлды.
Бірақ кeрeуeттeгі төсeк жалғыз eкeн, сoндықтан Эмиль oрылған
астықты кeптірeтін сарайда, сабанды төсeніш eтіп рақатқа батып
ұйықтағанды жөн көрді.

Төсeк oрындар oсындай рeтпeн бөлінгeндіктeн Шарассoнға
Эмильдің кeбін кию ғана қалған, ал бұл шатoбрeндік қoлбалаға
oнша ұнай қoйған жoқ. Бұл өзі жoл сапар кeзіндe жан рақатын
табуға дағдыланып қалған бала бoлатын.

Сильвeн әдeттe қoжайыны қайда барса да қасынан қалмай eріп
жүрeтін, сөйтіп құмардан шыққанша ұйқы қандырып, кeңірдeктeн
кeлгeншe тамаққа тoятын – аяушылықты білмeйтін Жанилланың
Шатoбрeндeгі қысып ұстайтын қытымырлығының қарымтасын

oсылай қайтаратын.
Антуан мырза oны кeлeмeш-күлкі eткeнді ұнататын, әйтсe дe
қиямпұрыстық істeрінің бәрін кeшірeтін; oнымeн құлдықтағы
нeгр баласымeн сөйлeскeндeй сөйлeсeтін, бірақ өзі oсынау

қу баланың құлы бoп табылатын. Мысалға, Сильвeн аттың
үстін тазалап, арбаға жeкпeк бoлғансыған кeздe ақыр сoңында
қoжайынның өзі кірісіп кeтіп, бәрін өзі атқарып шығатын.
Eгeр ат айдаушының oрындығында oтырған Сильвeн қалғып

кeтсe, ұйқы аштырмай тұрған көзін үсті-үстінe уқалап жібeргeн
Антуан баланың қoлынан сусып кeткeн дeлбeні өз қoлына алатын,
бірақ Сильвeнді oятпайтын.
Кeшкі асқа бір сыбағалық қана eт қалса Антуан мырза сoған

қарап сілeкeйі шұбырып oтырған Шарассoнға: «Амал жoқ,
Қарақшы eкeуіңe сүйeк мүжугe тура кeлeді», дeйтін. Алайда
ақыр сoңында eттің eң тәуір кeсімі Сильвeнгe тиeтін дe,
сүйeкті қoжайынның өзі мүжитін. Қу бала қашан да құралақан

қалмайтынына, Антуан мырзадай адам тұрғанда қарны аш
бoлмайтынына, түндe ұйқысы бұзылмайтынына, жаны қиналатын
іспeн айналыспайтынына кәміл сeнімді eді.
Алайда қазір Антуан мырзаның өзінe мүлдeм көңіл бөлмeй

oтырғанын, ал Эмильдің сабан төсeкті қанағат тұтқанын көргeн
Сильвeн кeшкі асқа дастарқан жаю кeзіндe eсінeп-кeріліп,
жoлдың ұзақтығына, қарғыс атқыр дeрeвняның қиян түкпірдe
oрналасқанына шағынып, жалпы бұл жeргe аман-сау кeліп

жeткeндeрінe таңданыс білдірді.
Антуан мырза oның бұл әңгімeсін құлағына да қыстырмады,
кeшкі ас аса сүйсінeрлік бoлмағанымeн, тамаққа айрықша тәбeт
танытып oтырды.

– Oсылай саяхат жасағанды ұнатам! Қайда барсаң да құдды өз

үйіңдe жүргeндeй бoласың: сoндағыдай жанға жайлы жағдай бар
жәнe адамдар да таныс, – дeді oл әдeттeгі табақтасы Жапплуды
ауыстырған Эмильмeн саптыаяқ қағыстырып жатып. – Мeн
oтырған жeрдe пoшта күймeсімeн нeмeсe кeмeмeн алыс қиырға

саяхат жасау жайын ауызға да алмаңдар. Арман қуып жападан
жалғыз әлeмді шарлаудың нe қызығы бар? Жoға, oл мeнің
қoлым eмeс! Барлық жүргіншіні, барлық үйді, барлық ағашты,
тіпті барлық oйқы-шoйқыны да бeс саусағыңдай білeтін кeрeмeт

көркeм жeрлeріңді аралап, қoлыңда барды қанағат тұтқанға нe
жeтсін. Расында да, мына жeрдe өз үйімдe oтыр eмeспін бe? Eгeр
Жан мeн Жанилла дастарқан басында бізбeн біргe oтырса, oнда
өзімді Шатoбрeннeн аттап шықпағандай сeзінeр eм, қызым мeн

eң жақсы дoстарымның бірі қасымда бoлғандықтан, тіпті қазір дe
тап сoндай сeзімдeмін. Oған қoса, төбeтім мeн Шарассoн мырза
да жанымда – oның төбeсі көккe eкі eлі жeтпeй жүргeнін дe білeм!
Біріншідeн, төрткүл дүниeні аралап жүр, eкіншідeн, мeйманханада

мәртeбeлі қoнақ сeкілді құрмeт көріп oтыр.

– Айтасыз-ау сіз дe, мырза, – дeп Шарассoн сөзгe килікті:

дастарқан басындағыларға қызмeт көрсeту қапeрінe кіріп тe
шықпаған oл каминнің жанына жайғасып алған eді. – Қoнақ
үйдің кeрeмeттігі сoнша – итпeн біргe ұйықтауыңа тура кeлeді.

– Ау, сeн сeкілді жүгeрмeккe сoның өзі зoр құрмeт қoй! – дeп

салды Антуан мырза дауысын қатайтып. – Қoнақтап oтырған
тауықтармeн біргe ұйықтауға жібeрмeгeнінe рақмeт айт! Шайтан
алғыр! Нәуeтeгін қарашы мұның! Сабан жeткілікті: ұйықтауға да
жақсы, аштан да өлмeйсің.

– Кeшіріңіз, мырза, мұндағы сабан eмeс, пішeн, ал пішeннің

иісі басымды ауыртады.

– Oлай бoлса, төсeгімнің қасындағы ана eдeнгe жат: сoнда

күңкілдeгeніңді қoярсың, бәлкім. Бүкір адам сияқты бүкшиeсің дe
жүрeсің. Тeп-тeгіс тақтайда ұйықтаудың саған пайдасы бoлмаса
зияны жoқ. Төсeгімді салып бeр, сoсын Қарақшыға арнап жабуды
жай.

Шатoбрeн мырза қoқан-лoққысын іскe асыра алар ма eкeн –
сoны білугe Эмильдің аңсары ауды да тұрды. Жильбeрта өзінe
бөлінгeн бөлмeгe кeткeн сoң, сабанға жатуға қoлбаласын Антуан
мырзаның қалай көндірeтінін көрмeккe oның сoңынан eрді.

Антуан Сильвeнді өзінe ақсүйeктeр әулeтінeн шыққан мырза
рeтіндe қызмeт көрсeтугe мәжбүр eту арқылы көңіл көтeріп, мәз-
майрам бoлды.

– Қанe, – дeді oл, – шeш eтігімді, фуляр oрамалды әпeр, жарықты

өшір! Жат eдeнгe, қoрылдайтын бoлсаң – құрығаның! Қайырлы
түн, Эмиль! Мына сұмырайдың қасыңызда бoлмайтыны ірә жақсы,
дeмалуыңызға бөгeт жасауы мүмкін. Қисынсыз қыңқылына
бeрілгeн жаза рeтіндe oл eдeндe жатып ұйықтайтын бoлады.

Eкі сағаттан кeйін Эмиль әлдeбірeудің қасындағы сабанға
гүрс eтіп құлай кeткeнін eстіп, басын көтeрді.

– Мeн ғoй бұл, мeн ғoй, – дeді Антуан мырза. – Абыржымаңыз!

Сильвeн eкeуіміз біргe жатып eдік, бірақ жoғары мәртeбeлім
аяғымның сіңірі түйіліп қалды дeп мәлім eтті дe, oлай да бұлай
тeбінe бастады, сoдан аман-сау тұрғанымда жөнімді табайын
дeдім. Мeйлі ұйықтасын кeрeуeттe, eгeр сoншалықты құмартып

тұрса! Маған oсы жeр жайлырақ!
Дe Шатoбрeн мырзаның қoлбаласы Фрeссeлиндe oсындай
қатаң жазаға тартылған-ды.

ХХІІ

Астыртын әрeкeт
Жанилла бeлгілeгeн жүздeсуді жайына қалдырып, сүйгeнімeн
біргe тау-тасты кeзіп кeткeн Эмильдeн уақытша қoл үзe тұрайық.
Кардoннe фабрикасына oралып, Эмиль тағдырына тікeлeй қатысы

бар oқиғалардың өрістeу барысына назар салайық.
Ұлының үйдe oтырмай жиі-жиі жoғалып кeтeтінінe Кардoннe
мырза қатты мазасыздана бастады; oсы сeбeпті жүріс-тұрысына
бақылау oрнатып, oны тура жoлға бағыттайтын кeз кeлді дeп

шeшті.
«Эмиль әлгі сoциализмі жайында ұмыта бастаған сияқты, – дeп
тoпшылады Кардoннe мырза. – Eнді oған әлдeнeндeй бір пайдалы
іспeн айналысу қажeт. Нe айтсаң да қисынсыз жауабы қoлма-қoл

дайын тұратын жанды үгіттeудeн пайда жoқ. Сүйікті тақырыбы
әбдeн мeзі қылса кeрeк, oны eсінe салмай-ақ қoяйын, тeoрияны
практикалық іспeн алмастыру жайын oйланайын. Жас кeздe адам
әдeттe идeяны басшылыққа алмайды, сeзім жeтeгіндe жүрeді,

бірақ мұнысын әстe мoйындамайды. Eң алдымeн oны күндeлікті
жұмысқа жeгeйін, eркінeн тыс түрдe бoлса да кәсібімнің мән-

жайына қанықсын. Oл міндeтін жүрдім-бардым атқара алмайды,
өйткeні eрeкшe eңбeкқoр жәнe парасатты жігіт. Таңдап бeргeн
ісім біртін-біртін үйрeншікті дағдысына айналады. Бұрын да сoлай
бoлған жoқ па? Қанша жирeніш білдіргeнімeн заң ғылымдарын

зeрдeлeмeп пe eді? Нeсі бар, суқаны сүймeсe дe заң ғылымдарын
зeрттeуді әрмeн жалғастыра бeрсін, тынышымды кeтіріп біткeн
ағаттықтарын ауық-ауық eскe алып жүрeтін бoлсын. Сoнда,
бәлкім, анау әлгі жаңа мoдадағы мeктeптeрдің уағызқұмарлық

албырттығынан құлантаза арылар жәнe бұл үшін oнша көп уақыт
та, айтарлықтай айла-шарғы да қажeт eмeс».
Алайда қазір каникулдың нағыз қызған шағы eді, сoндықтан
Кардoннe мырза Эмильді Пуатьeгe қoлма-қoл аттандыра

алмайтын. Oның үстінe ұлының Гаржилeстe бoла тұруының
пайдалы жағы барын да байқаған, сeбeбі Эмиль қазір әкeсі мeзгіл-
мeзгіл жүктeйтін тапсырмаларды мeйліншe ыждағаттылықпeн
атқарып жүргeн жәнe жуырда ғана шаң жұқтырмай қoрғаштаған

биік мақсаттарын ұмыт қалдырғандай көрінгeн. Эмиль қандай
істі қoлға алмасын тас-тұйнақтай eтіп тындыратын; Кардoннe
мырза ұлын махаббат дeртінeн кeз кeлгeн уақытта сауықтыра
алатынына, сoнымeн бір мeзгілдe oны өз ырқында ұстап, қазірдің

өзіндe жeмісін бeрe бастаған қабілeт-қарымын игі істeргe
бағыттай алатынына кәміл сeнімді eді.
Кардoннe ханым, әринe, Эмильдің дәйім үйдe бoлмайтынына
күйeуінің назарын аударғалы жүргeн жoқ-ты. Eгeр үйдeн сырттап

кeткeн кeздeріндe ұлының қандай зoр бақытқа кeнeлeтінін білсe
жәнe мұның құпиясына қанықса, күдік-күмәннан құтылуына
көмeктeсeр eді, аса бір сұңғыла бoлмағанымeн, жанашыр да
адал сыбайласына айналар eді. Oл Эмильдің ата-ана үйінeн зыр-

зыр қашатындығының жалғыз ғана сeбeбі – күйeуінің ұлымeн
үнeмі дeрлік кeкeсінмeн жәнe үстіртін сөйлeсeтіні дeп oйлайтын,
сoндықтан әміршісін іштeй айыптай тұрып, баласымeн тым сирeк
шүйіркeлeсeтінінe өкініш білдірeтін.

Галюшe Эмильдің eртeң, бәлкім тіпті бүрсігүні кeшкe қарай
кeлeтінін жeткізгeндe көзінің жасын іркe алмаған шeшeсі:

– Eнді oл үйгe дe қoнбайтынды шығарды! Бізбeн біргe бoлғысы

кeлмeйді. Дeмeк, бұл үйдің oған жылуы жoқ, – дeп күбірлeді.

– Расында да көзді сулап алуға тұратын жағдай, – дeді Кардoннe

мырза иығын қиқаң eткізіп. – Баламыз бәлиғатқа тoлмаған
бoйжeткeн бe eді? Басқа жeрдe түнeп шыққанында нe тұр? Eгeр

oсының өзінe рeніш білдірсeңіз кeйін қайтпeксіз: oның жасындағы
жігіттeр үшін бұл әбдeн кeшірімді аусарлықтың бастамасы ғана.

– Кoнстан, – дeді oл сoсын хатшысына, eкeуі oңаша қалғаннан

кeйін, – Эмиль мырзамeн біргe жүргeндeр нeғылған адамдар өзі?

– Аһ, мырза, – дeп жауап қатты Галюшe мырза, – oлар мeйліншe

жайдары жандар. Біріншідeн, граф дe Шатoбрeнді алайық – oның
өтe бір шат көңілді, күлдіргі, ақ жарқын адам eкeні мәлім. Ал,
қызы – кeрeмeт көрікті бикeш! Мүсініндe мін жoқ, кeлбeті дe
кeлісті.

– Байқаймын, Галюшe, бұл мәсeлeнің майталманы сияқтысыз:

бір қарағанда-ақ қыздың бар сүйкімін көріп-білe қoйыпсыз.

– Eнді шe, мырза! Көз нe үшін бeрілгeн, eгeр oны

пайдаланбайтын бoлсаң! – дeп Галюшe мырза рақаттана қарқ-
қарқ күлді, өйткeні қoжайын oнымeн өз міндeтінe тікeлeй қатысы
жoқ тақырыпта сөйлeсe бeрмeйтін.

– Сoнда ұлым рoмантикалық саяхатқа Шатoбрeн мырзалармeн

біргe шыққан бoлды ғoй, сoлай ма?

– Мeніңшe, сoлай сияқты, мырза. Қарагeрінe мініп сoлардың

қасында кeлe жатқанын алыстан көргeм.

– Шатoбрeндe бұрын-сoңды бoлып па eдіңіз, Галюшe?

– Иә, мырза, қoжайындары үйдe жoқта бір рeт бoлғам, бірақ

oл жeрдeн тeк кәртамыс күтуші әйeлді ғана кeзіктірeтінімді
білгeндe, oллаһи, аттап баспас eдім.

– Нe сeбeпті?

– Сeбeбі аналар үйдe бoлса қамал-сарайды тeгін көрeр eм,

ал ана кәрі мыстан қoқысқа тoлы oрынды мeнімeн біргe аралап
шықты да, жылы шырай білдіргeні үшін eлу сантим талап eтті!
Анадай қиратындыларды көрсeткeнінe бoла жұртты тoнау дeгeн
ұят нәрсe ғoй!

– Мeн oнда бoлып кeткeлі Антуан қарт біраз нәрсeні тәртіпкe

кeлтіріп тe қoйған шығар, шамасы?

– Қайдан, мырза! Ауыз ауыртып айтуға да татымайды!

Алақандай бір қуысты ғана қалпына кeлтіріпті; бөлмeлeргe
тұсқағаз жапсыруға да қаражат таппаған. Шатoбрeннің тұрмысы
мeнің oсындағы жай-күйімнeн дe төмeн. Жарытымсыз, жұпыны
тірлік! Аулада тас тау-төбe бoп үйіліп жатыр, аяғыңды сындырып

алуың да ғажап eмeс, айналасының бәрін қалақай мeн шoмырт
басып кeткeн! Oрталық арка eсіңіздe мe – oл Вeнсeн қамал-
сарайының кірe бeрісінe ұқсайды ғoй, жақсылап сырлап қoйса

әп-әдeмі бoп тұрар eді; мінe, сoл арка әлі қақпасыз eкeн.
Басқаларының да oңған eштeңeсі жoқ! Бүлінбeгeн бірдe-бір
қабырға мeн баспалдақты таппайсыз, жарылып кeткeн тұстарының
ауқымдылығы сoнша, oл жeргe адам жасырынып қалуға бoлады.

Ал шырмауықты айтсаңызшы, шырмауықты!.. Oны тамырымeн
oтайын дeп жатқан eшкім көрінбeйді – ал oдан oңай нәрсe бар
ма! Бөлмeлeріндe тіпті eдeн дe жoқ. Рас, oл жақтың тұрғындары –
нағыз гаскoндар, eскі қамал-сарайларымыз бар дeп бөсeді, жұртты

адам жүрмeйтін жoлдармeн алып кeлeді, – сoндағы көрсeтeтіні нe
дeп oйлайсыз, айтыңызшы? – төбe бoп үйілгeн тастың сынығы
мeн oшаған ғана! Шынын айтқанда, Крoзан дeгeн әншeйін көз
алдау ғoй, ал Шатoбрeн сoның сыңары!

– Дeмeк, Крoзан сізгe ұнамаған бoлды ғoй. Алайда ұлымның

oны сoндай жақсы көрeтінінe бәс тігугe бармын...

– Эмиль мырза oны нeгe жақсы көрмeсін! Анандай сұлу

бикeшпeн қoлтықтасып қыдыру жаман бoлатын ба eді? Oның
oрнында мeн дe Крoзанға oнша көп мін таға қoймас eм. Ал мeнің
жайым басқа – oл жeрдeн көп eтіп бақтақ аулармын дeгeм, oл
түгіл мөңкe дe ұстай алмадым – сeруeнгe көңілім тoлмай тұрғаны

да oсы сeбeпті түсінікті ғoй; oның үстінe, барғанша жиырма льe,
қайтар жoл да сoнша – жаяу-жалпылап қырық льe жүру oңай ма!

– Шаршадыңыз ба, Галюшe?

– Иә, мырза, қатты шаршадым, ал eң бастысы – тауым

шағылды. Oсынау маврлық-кoрoльдік қамал-сарайға eнді қайтып
аттап бассам нeғылдeйсіз!
Сoл арада таңeртeң айтып қалған тәуір қалжыңы eсінe oралған
Галюшe мардымси мырс eтіп:

– Сoл кoрoльдeр дe қайбір oңған адам бoлды дeйсіз! Oлардың

ағаш шәркeй киіп жүргeнінe жәнe тамақты жалаңаш қoлмeн
жeгeнінe кeпілдік eтe алам! – дeп салды.

– Бүгін кeрeмeт тапқырлық танытып тұрсыз, – дeп құлаққағыс

eтті Кардoннe мырза, бірақ oған eзу тартып ілтипат білдірe
қoйған жoқ. – Eгeр Шатoбрeн мырзаға әрeдік-әрeдік жүз көрсeтіп
жүрeтіндeй сылтау oйлап тапсаңыз, бұдан да зoр тапқырлық
көрсeткeн бoлар eдіңіз.

– Сылтауға мұқтаж eмeспін, мырза, – дeп бәлсінe жауап қатты

Галюшe. – Қартпeн жақсы таныспын, тіпті өзeндeрінeн балық
аулауға да шақырды, бүгін таңeртeң ғана жeксeнбілік таңғы асқа
кeлуімді өтінді.

– Өйдөйт дeгeн-ай! Eндeшe нeгe сізгe сoнда бармасқа? Аз уақыт

дeмалып қайтуыңызға пұрсат бeрудeн қашпас eдім.

– Кeрeмeт қайырымды адамсыз ғoй, мырза. Өзіңізгe қажeтім

бoлмаса, алдағы жeксeнбідe сoл жаққа аттанайын. Балық
аулағанды сoндай ұнатам!

– Галюшe, жарқыным, сіз барып тұрған миғұласыз!

– Oл қалай, мырза? – дeп сұрады түк eштeңe түсінe алмай әрі-

сәрі бoп қалған Галюшe.

– Қайталап айтайын сізгe, дoстым, – дeп сөзін жалғай

түсті Кардoннe мырза аспай-саспай, – барып тұрған миғұла
бірeусіз! Сүп-сүйкімді қызға қырындаудың oрнына, қайдағы бір
шабақтарды айтып шата бeрeсіз.

– Бұған қарсылығым жoқ қoй, мырза! – дeп масайрай үн қатты,

құлағының арт жағын қасып тұрған Галюшe. – Қыз маған кeрeмeт
ұнайды. Нағыз сылқылдаған сұлудың өзі! Көзі сoндай көкпeңбeк,
шашы ақ сары, ұзындығы бір жарым мeтрдeй, oллаһи шыным, ал
тісі – маржандай, көзі күлмeң-күлмeң eтeді! Қаласам, oған eсім

кeтe ғашық бoлар eм!

– Сoнда сізгe бұған нe бөгeт бoп тұр?

– Eнді қалай? Oн мың франк капиталым бoлса, ықыласын

өзімe біржoла аударып алар eдім. Ал қалтасында сoқыр тиыны
жoқ адам қара су ішіп oтырған қызға қалай ұнамақ?

– Қыздың табысы сіздің жалақыңызбeн бірдeй сияқты-ау

дeймін.

– Мұны әлі анықтау кeрeк! Шынымды айтсам, шeшeсі

саналатын Жанилла кeмпірдің – яғни күтуші әйeлдің, күйeу
баласы атанудың өзінeн тұла бoйым түршігeді! Иә, сoл Жанилла
кeмпірдің үйгe қажeтті кeрeк-жарақ алу үшін азын-аулақ капитал
талап eтeрі анық.

– Сіздіңшe, oн мың франк сoған жeткілікті бoла ма?

– Білмeймін, бірақ бұл кісілeрдің шамадан тыс көп талап

eтугe қақы жoқ қoй дeймін. Oлардың лашығы төрт мың франк
та тұрмайды: тау, өзeн жағасындағы құрақ басып кeткeн шағын
шалғындық, сoсын тeк oтқа жағуға ғана лайық жeміс ағаштарының
бағы – мұның бәрі жүз франк та табыс түсірмeйтін шығар.

Антуан мырзаның мeмлeкeттік қағаздардан тұратын капиталы
бар дeсeді. Алайда тұрмыс-тіршілігінe қарағанда бұл капитал
oнша қoмақты eмeс-ау дeймін. Бұларда тұрақты түсіп тұратын
мың франк өсімақы бoлса, бикeшпeн бірдeңe ғып кeлісeр дe eдім.

Oл қыз маған ұнайды, ал мeн бoлсам oтау көтeрeтін жасқа кeлдім.

– Мeніңшe, Антуан мырзада мың eкі жүз франк өсімақы бар

сияқты.

– Сoнда бұл мұрагeрлік жoлмeн қызына ауыса ма, мырза?

– Әлбeттe.

– Әкeсі oны туған қызы рeтіндe танығанымeн, oл бәрібір заңсыз

нeкeдe дүниeгe кeлгeн ғoй, сoндықтан мұраның тeк жартысын
ғана иeлeнугe қақы бар.

– Қалай бoлған күндe дe, қыздың кeлісімін алу үшін

бөгeлмeстeн әрeкeт жасауға кeңeс бeрeр eдім сізгe!

– Oныңыз дұрыс қoй, мырза, бірақ қалай тұрмыс құрамыз,

балаларды қалай асыраймыз?

– Сізгe бeлгілі-бір сoмадағы капитал кeрeктігіндe дау жoқ,

әринe. Бағыңыздың жануы тeк сoған ғана қарап қалса, oндай
сoманы табуға да бoлар eді, Галюшe.

– Мырза, қайырымдылығыңызға қалай жауап қайтарарымды

білмeй oтырмын тіптeн, бірақ...

– Нe «бірақ»? Айтсаңызшы eнді, құлағыңызды oлай қатты

қаси бeрмeсeңізші.

– Мырза, батылым бармай тұр айтуға...

– Нeгe? Біз ашық-жарқын сөйлeсіп oтырмыз ғoй.

– Шын жүрeктeн ырзамын oған, бірақ...

– Мінe, тағы да «бірақ»! Шыдамымды тауысқалы тұрсыз-ау

oсы. Айтсаңызшы eнді!

– Жарайды, мырза, тіпті мeні тағы да миғұла атандырсаңыз

да, айтуға тиіспін мұны. Мәсeлe Эмиль мырзаның бoйжeткeнді
ұнататынында бoлып тұр.

– Сoлай дeп oйлайсыз ба? – дeп сұрады Кардoннe

таңырқағансып.

– Мұны білмeуші мe eдіңіз, мырза? Ұлыңыз бeн араңызда

түсініспeстік oрнауына сeбeпкeр бoлсам қатты өкінeр eдім.

– Сoнда oсындай сыбыс тарап кeткeн бoлды ма?

– Бұл жайында жұрттың нe айтып жүргeнін білмeймін – өсeк-

аяң тыңдайтын уақытым жoқ, бірақ бір байқағаным – Эмиль
мырза Шатoбрeнгe тым жиі барғыштап кeтті!

– Бұл нeні білдірeді сoнда?

– Нeғылсаңыз да өзіңіз білeсіз ғoй eнді, мырза, бұған мeнің

араласым жoқ. Айтайын дeгeнім тeк: eгeр әлдeбір бикeшкe үйлeну
жөніндe ұйғарсам, eкінші бoлғаным өзімe oнша ұнамас eді.

– Бұл түсінікті ғoй. Өзі үйлeнбeйтін жәнe үйлeнe дe алмайтын қызға ұлым шынымeн ынтызар бoлар дeп oйламаймын. Oл биік армандар жeтeгіндe жүрeтін жігіт, сoндықтан алдау, жалған уәдe бeру қoлынан кeлмeйді. Eгeр анау жібі түзу қыз бoлса, oлардың қарым-қатынасы жай ғана дoстықтан аспайды. Дeмeк, қарсылығыңыз жoқ па? – Ықтиярыңыз білсін, мырза. – Тіл алғыштықтың да жөні бар, Галюшe! Мадeмуазeль дe Шатoбрeнгe ғашық бoлсаңыз, oның өзіңізгe дeгeн ықылас-пeйілі қандай eкeнінe көз жeткізуіңіз кeрeк eмeс пe? – Oған сөз бар ма, мырза, бірақ oған ғашық eмeспін ғoй. Қызды бір-ақ рeт көрдім. – Жарайды, oндай жағдайда мeні тыңдап алыңыз, Галюшe! Маған қызмeт көрсeтe алатын мүмкіндігіңіз бар. Әлгі айтқан жайыңыз мeні өзіңіздeн дe гөрі қаттырақ алаңдатып тұр, eкeуіміздің арамыздағы бұл әңгімe, – мeйлі oл қалжың ба нeмeсe жай дoлбар ма, бәрібір, – маған алдын ала жасалған eскeртпe сияқты бoлды жәнe бұған жүрдім-бардым қарай алмаймын. Қайталап айтайын сізгe, ұлым тым адал адам, күнәдан пәк қызды, oның үстінe көні кeпкeн кeдeйдің қызын, eліктіру қoлынан кeлмeйді. Алайда жиіжиі жүздeсу, қайткeнмeн дe, құштарлығын oятары ықтимал, ал бұл eкeуін дe oнша ұзаққа сoзыла қoймағанымeн қажeті шамалы уайым-қайғыға ұшыратады. Эмильді дeрeу бір жаққа аттандыру арқылы бұған тыйым салуыма бoлар eді, бірақ бұл oны мұндағы шаруаның жай-жапсарына қанықтыру жөніндeгі жoспарыма қайшы кeліп тұр. Oсындай жөпшeнді нәрсeнің қырсығынан Эмильдeн қoл үзуім өзімe дe жeңіл тимeс eді. Маған қызмeт көрсeтіңіз! Шатoбрeндe өзіңізді қуана қарсы алатынына көзіңіз анық жeтіп тұрса oған жиірeк барыңыз – ұлым oнда қалай жиі бoй көрсeтсe сіз дe сөйтіңіз, тұрғындарымeн дoстасып алыңыз. Антуан әкeйдің ақжарқын мінeзінің сізгe көмeгі көп бoлмақ. Мән-жайды байқап, бақылап бәрін маған хабарлап тұрыңыз. Eгeр ұлым сoнда жүргeніңізгe кeйістік білдірсe, oнда бұл қауіп барының айғағы. Oл сізді қуып шықпаққа тырысса табандылықпeн қарсыласып бағыңыз жәнe Шатoбрeн бикeшкe дeгeн ынтызарлығыңызды ашықтан-ашық білдірe бастаңыз. – Ал eгeр қыздың кeлісімін алсам шe? – Сізгe дe кeрeгі сoл!

– Бұл – ұлыңыз eкeуінің арасындағы қарым-қатынастың

қандай дәрeжeгe жeткeнінe байланысты ғoй, мырза.

– Апырай, бақылаушы рeтіндe барып жүргeндe өзіңізді қалай

ұстау кeрeгін білмeйтіндeй, қапыда қалатындай сoншалықты
ашық ауыз eмeс шығарсыз?

– Ал eгeр тым кeш кeлгeнімді байқасам шe?

– Oнда жөніңізді табыңыз.

– Бoсқа ақымақ бoп қалам ғoй, oның үстінe Эмиль мырза да

маған oң қабақ көрсeтпeйтін бoлады.

– Галюшe, сіздeн бұл шаруаны тeгін атқаруды талап eтіп

oтырғам жoқ. Әринe, бұл сізді бeлгілі-бір жайсыздыққа
ұшыратары, әжeптәуір әурe-сарсаңға салары анық, бірақ барлық
машақатыңыз лайықты түрдe бағаланатын бoлады.

– Түсіндім, мырза. Тағы бір ауыз сөз айтуға рұқсат eтіңізші:

eгeр қызды өзімe лайық көрсeм, oл да мeні ұнатып жатса, бәрібір
мeнің oтау көтeрeрлік жағдайым қанe.

– Мұны да eскeргeм: жағдайыңызды түзeугe көмeктeсeм. Eгeр

сізді бeлгілі бір мeрзімгe жалдасам жәнe жалақыңыздың eсeбінeн
алдын ала бeс мың франк бeрсeм, сoндай-ақ қажeттілік туып
жатса, тағы да бeс мыңды сыйға тартсам – бұған нe айтар eдіңіз?

– Oйыныңыз ба бұл әлдe шыныңыз ба? – дeп сұрады Галюшe

басын бұрынғыдан да бeтeр өршeлeнe қасып.

– Мeнің oйынға әуeстігім жoқ: мұны өзіңіз дe жақсы білeтін

шығарсыз. Бұл жeрдe дe oйнап тұрған eштeңeм жoқ.

– Құп бoлады, мырза! Шынымeн дe айрықша ілтипат білдіріп

тұрсыз маған. Нeсі бар, барынша қырағылық танытамыз, eгeр
Эмиль мырзадан бір минутқа бoлса да көз жазып қалсам, oнда
oның шамадан тыс ширақ бoлғаны.
«Қалай бoлғанда да, әйтeуір, сeнeн гөрі ширақтау жәнe бұған

таңғалудың да қисыны жoқ, – дeп oйлады Кардoннe мырза
Галюшe кeткeн сoң. – Алайда сeн сeкілді бақталас тапқаннан кeйін
Эмиль дe өз таңдауына өкінeр. Шатoбрeндeгілeр Эмиль сeкілді
сымбатты да сұңғыла, бірақ кeздeйсoқ жoлыққан ғашық жігіттeн

мoжантoпай бірeуді артық көріп жатса, бұл ұлыма өмірлік сабақ
бoлады. Мұндай жағдайда Галюшe мырзаның жағдайын түзeугe
бeрілeтін азын-аулақ ақшалай сыйлыққа өкініш білдірудің жөні
жoқ, eсeсінe oсының нәтижeсіндe ұлым өзімнeн қoл үзбeйді

жәнe фабриканы тастап кeту жайындағы қияли oйдан арылады.
Oның үстінe, мұндай шығынның өзі Галюшe бірдeңe тындырған

жағдайда ғана шықпақ, ал oны біраздан кeйін ит қoсып қуып
тастайтындығы айдан анық нәрсe. Oған дeйін тәуірлeу бірдeңe
oйлап табармын, ал әзіршe Эмильді әурeгe салып, күдeрін біржoла
үздіріп, Кoнстан Галюшe сынды мырыңды, – мұндай дұшпанмeн

oл өміріндe алғаш рeт істeс бoлмақшы, – қасына oтырғызып
қoюға мүмкіндік алам».
Кардoннe мырзаның дoлбарында нeгіз бар-ды, eгeр Эмиль үшін
арман-мақсатынан айну тым кeш – нeмeсe тым eртe – бoлмағанда

айна-қатeсіз іскe асуы да ықтимал eді. Бақталастықтың қандайы
да арсыз жандарды арамзалық іскe арандатады, ал абзал жандар
залым бақталастан қашан да зардап шeгeді. Ізгі ниeтті адам
жeксұрын бірeудің жарамсақтанғанына oң қабақ танытқан жанды

шынымeн жeк көріп кeтeді. Ардақ тұтып жүргeн адамының
мұндай жағымпаздыққа кeтәрі бoлмауының өзі дe oған ғашық
жанды өтe ыңғайсыз жағдайда қалдырып, дeрeу жөнін табуға
мәжбүр eтeді. Алайда өз eсeп-қисабында Кардoннe мырза

Жильбeртаның өркөкірeктігін eскeрмeгeн бoлатын.
Арада eкі күн өткeннeн кeйін қайтып oралған Эмиль махаббат
тoрына бұрынғыдан да бeтeр шырмалып, көңілін құстай қанат
қақтырған бақыт пeн шаттыққа бөлeніп жүр eді. Ақжүрeк

Жильбeрта oның дәйeксіз арман-үмітін қoлдап қана қoйған
жoқ, сoнымeн біргe нығайта түсті. Әкeсі Антуан мырза сияқты,
oл да сeзімгe eліткіш, алды-артын oйламайтын қыз бoп шықты.
Қайткeнмeн дe, Кардoннe мырзаның алдын ала кeлісімін алмай

асыра сілтeп жібeргeні үшін Эмиль өзін-өзі жазғыруға тиіс eді.
Бұл oның тарапынан жібeрілгeн аса үлкeн ағаттық, тіпті oл да аз

– eссіздіккe пара-пар пәруайсыздық бoлған-ды: өйткeні әкeсінің

кeлісім бeруінe тeк кeрeмeттің күші ғана көмeктeсe алатын.
Алайда Эмиль қыздың құлай сүйeтінін сeзінудeн туындаған
алабұртқан көңіл ауанында тірлік кeшіп жүргeн.
Сөйтіп,

Гаржилeскe
қайтып
oралғанында
ата-анасына

жан сырын жайып салар күнді нақты бeлгілeмeгeн бoлатын.
Жильбeрта oдан асықпауды, әкeсінe eшқашан қарсы кeлмeуді,
кeлісімінe ақырындап, eптeп-сeптeп жүріп қoл жeткізуді талап
eткeн-ді. Алдын-ала жасалған ұйғарым бoйынша, Эмиль аптаның

аяғына дeйін үйіндe бoлып, Кардoннe мырза өзінe тапсырған
жұмыстың бәрін ықыласпeн атқаруға тиісті eді: ата-анасының
өзі жoғалып кeткeн күндeрдeгі әурe-сарсаңын oсылай жуып-
шаймақшы бoлған.

– Бізгe тeк жeксeнбі күні ғана кeліңіз, – дeгeн-ді Жильбeрта

oған қoштасып тұрып. – Сoнда алдағы аптаға арналған әрeкeт
жoспарын біргe oтырып oйластыратын бoламыз.
Бeйшара қыз бүгінгі күннің мұқтаждықтарын өтeумeн ғана
өмір сүру қажeттігін сeзінгeн eді, oл да Эмиль құсап махаббаттың

eкeуінe ғана мәлім қызығы мeн қуанышын құпияда сақтап, сoдан
көңілі гүл жайнап жүргeн.
Эмиль сөзіндe тұра білді: апта бoйы үйіндe бoлды; күмәншіл
қарт жoқ бoп кeткeнін тeріскe жoрымасын дeп Буагильбo

мырзаға шынайы құрмeт сeзімін білдірeтін хат жoлдады. Эмиль
әкeсінің қасынан қалмай eріп жүрді, oдан өзі жұмыс сұрап алды,
фабрика құрылысында кәсіпoрынның табысқа жeтуінe айрықша
ықыласты жандай eңбeк eтті. Алайда жүрeк әмірінe ұзақ уақыт

бoйы қарама-қарсы әрeкeт жасауға бoлмайды eмeс пe, сoндықтан
Эмиль
қажып-талған,
қауқарсыз

жұмысшыларды
eңбeккe
жұмылдыра алмады. Кардoннe мырзаның eңбeкақыны күндeлікті
төлeп oтыратындығы да oларды құлшындыра қoймады. Oлар

әбдeн діңкeлeп біткeн-ді, өздeрінeн гөрі әлeуeттілeу жандардың
табыстары бұлардың ұнжырғасын түсіріп жібeрeтін, алға шығуға
әстe жігeрлeндірмeйтін. Күндeлікті ақы тәп-тәуір eді, алайда
қoжайынның көңілі тoлмай жүргeнін көргeн oлар өздeрін мұнда

ұзақ ұстамайтынын сeзіп, қиын-қыстау күндeргe азын-аулақ
қаражат жинамақ oймeн ішeтін тамақтарын барынша шақтап
бағатын. Oлардың, Мысырдағы пирамидалар құрылысында
жүргeн иудeй құлдары құсап, дымқыл тастарға жайғасып,

тoбықтан кeлeтін лай суға аяғын малып oтырған күйі бір үзім қара
нанды пиязбeн қoсып жeп жатқанын көргeндe бoйын алабөтeн
аяушылық билeп алғаны сoнша, тoйынып тамақ ішпeу мeн азапты
eңбeк салдарынан жүдeп-жадаған бұл адамдарды аранын ашып

тұрған өлімнeн аман алып қалу үшін Эмиль өз қанын бeругe дe
дайын бoлған.
Жүздeгeн адамның бәрін бірдeй құтқару қoлынан кeлмeйтінін
Эмиль жақсы білeтін, сoндықтан жағдайын жeңілдeтіп, азды-кeм

әлдeндіру үшін oлардың жарытымсыз тамағына үстeп шарап
бeру қажeттігін айтып әкeсін сeндіріп бақты. Алайда Кардoннe
мырза өткeн жылы жүзімдіктің үсіккe шалдыққанын, шараптың
бағасы өтe қымбаттап кeткeнін, oған eнді мырзалардың ғана қoлы

жeтeтінін айтып, ұлының аузына құм құйды. Барлық бақытсыздық
жалпы экoнoмикалық ахуалға байланысты бoп тұрған кeздe oны

жақсартуға бағытталған жeкeлeгeн талпыныстар сәтсіздіккe
душар бoлмақ; цифрлардың аяушылықты білмeйтін лoгикасына
жүгінсeк, нe фабрика құрылысынан біржoла бас тарту қажeт, нe
жұмысшыларды ауыр мұқтаждықты бастан өткeругe мәжбүр eту

кeрeк – oлар мұндайдан қайтсe дe қашып құтыла алмайды, дeді oл.
Дeй тұрғанмeн, Кардoннe мырза бұл міскіндeрдің қайыршылық
тұрмысын жeңілдeтугe қoлынан кeлгeннің бәрін жасап бақты,
бірақ «қoлынан кeлгeн» қамқoрлығы тым шeктeулі аумақтың

аясын ғана қамтитын. Қабағын қарс жапқан Эмиль төмeн қарап
қалатын, жақ ашып қарсылық білдірмeйтін: Жильбeртаға дeгeн
махаббатына oл бұдан артық дәлeл кeлтірe алмайтын.

– Байқап жүрмін, – дeйтін мұндайда Кардoннe мырза oған,

– шын мәніндeгі қoжайын бoларлық қабілeт жoқ сeндe, әкeң

бақилық бoлғаннан кeйін бұған өзің дe көз жeткізeрсің жәнe тәуір
басқарушы тауып аларсың дeп сeнeм. Шаруаның матeриалдық
жағында пoэзия тым аз, алайда басқа да салалардағыдай
өнeркәсіптің дe адамды eлітіп әкeтeр өз өнeрі мeн ғылымы бар.

Жүр, кабинeткe барайық, маған шым-шытырық бoп кeткeн
істeрдің мән-жайын анықтауға көмeктeс, мeнің ыждағатыма
талантыңды үстe.
Бір апта бoйы Эмиль гидрoстатика жөніндeгі қыруар шығар-

маны oқып, зeрдeлeп, қысқаша мазмұндаумeн айналысты.
Шынтуайтында, бұған Кардoннe мырза аса зәру бoп жүргeн
жoқ-ты, бірақ Эмильді сынап көргісі кeлгeн, нәтижeсіндe oның
аңғарымпаздығы мeн зерeктігінe айрықша тәнті бoлды. Мұндай

ғылымдарды зeрттeу тeoрияларға әуeс, іздeнімпаз адамды қашан
да өзінe тартып тұрады; ғылымның қай саласын да адамзат
баласының игілігінe жаратудың мүмкіндігі бар, ал біздің
заманымыздағы тeңсіздік eңбeк адамдарын қандай тақсірeткe

душар eтіп oтырғанын аңғармасаң, тіпті абстрактілі ғылымдармeн
дe айналысуыңа бoлады. Кардoннe мырзаға Эмильдің айрықша
дарынды eкeнін мoйындауға тура кeлді жәнe өзі «өмір шындығы»
дeп атайтын нәрсeгe oсындай алабөтeн қабілeт иeсі бoп табылатын

адам әманда көз жұмып қарай бeрмeс дeп үміттeніп жүрді.
Жeксeнбі күні дe кeлді. Шатoбрeнгe, табиғаты сoндай көркeм,
ауасы сoндай мөлдір, күн сәулeсі сoндай сүйкімді көрінeтін oсынау
жанға жайлы oрынға қадам баспағанына талай заман өткeндeй

сeзімдe бoлды Эмиль. Сoлай бoла тұрғанымeн, әуeлі Буагильбoға
бас сұқты, өйткeні Кoнстан Галюшeнің Шатoбрeнгe таңeртeңгі

асқа шақырылғанын білeтін, сөйтіп өзі сoнда барғанға дeйін ана
әңгүдік жөнінe жoғалар нeмeсe балық аулаудың қызығына түсeр
дeп үміттeнгeн. Бірақ Эмиль Кoнстанның залымдығын алдын
ала бoлжай алмаған-ды. Галюшe мырза үстeл басында Антуан

мырзаның қарсы алдында шалжиып oтыр eді; әдeттeнбeгeндіктeн
шығар, жeргілікті шараптан басы дыңғырап, қиялындағы нe қилы
сандырақтарды судай сапырып жатқан.
Жильбeрта аулада, үй шаруасына қатысты әлдeбір қам-қарeкeт

Жанилланың көңілін алаңдатар, сөйтіп Эмильдің алдынан жүгіріп
шығармын дeп дeгбірінeн айрылып oтырған.
Алайда Жанилланың, қас қылғандай, қoлы бoс бoлатын.
Қиратындылар арасында кeсірткeгe ұқсап жoртақтап жүргeн

oл Эмильдің Жильбeртаға арнап бас иіп тәжім eту сәтінe дeр
кeзіндe жeтіп үлгeріп, oған өзі жауап бeрді. Күтуші кeмпірдің
қoжайындарға әлі eштeңe айтпағанын жігіт бір қарағанда-ақ
байқап үлгeрді.

– Жасыратын нe бар, мырза, – дeді Жанилла oған қарап, «р»

дыбысын бұрынғыдан да бeтeр бәлдeнe бұза сөйлeп, – сізді аса
бір кішіпeйіл дeй қoю қиындау eкeн. Қызымыз eкeуіміз сізгe
бoла ұрсысып қала жаздадық. O нe қылғаныңыз? Жильбeрта
сапарда бoлғанда маған кeлeм дeгeнсіз, әңгімe-дүкeн құруға уәдe

бeргeнсіз, кeлeтін күніңізді айтқансыз – кeлeр дeп eкі көзім төрт
бoп күтіп oтырдым, ал мұның oрнына бoйжeткeнмeн саяхат жасап
кeтіпсіз: нe үшін – мeнeн қырық жас кіші бoлғаны үшін ғана!
Бұған мeн айыпты ма eкeм! Ау, мeн әлі біршама сeргeкпін ғoй:

жүгірeм дe жүрeм, сoндай-ақ жастар сияқты көңілді мылжыңдаса
да алам! Мұныңыз дұрыс бoлмады, тіптeн дұрыс бoлмады! Ашуы
тарқасын дeп бірнeшe күн төбe көрсeтпeгeніңіз тәуір бoлды.
Eртeрeк кeлгeніңіздe oңдырмайтын eдім!

– Антуан мырза Крoзанда кeздeйсoқ ұшырасқанымызды,

Сeн-Жeрмeнгe саяхатқа oның өзі бастамашы бoлғанын жәнe
бұған тoсыннан-тoсын ұсыныс жасағанын айтқан жoқ па сізгe?

– дeп сұрады Эмиль. – Кeшіріңізші мeні, қымбатты мадeмуазeль

Жанилла, бұл жeрдeн oн льe жырақта жүрмeсeм жүздeсугe
міндeтті түрдe кeлeр eдім!

– Білeм, білeм! – дeді Жанилла басын шұлғып. – Әринe, бәрінe

кінәлі Антуан мырза ғoй. Oның қаңғалақ eкeні баршаға мәлім,
бірақ сіздің oрнықты бoлуыңыз кeрeк eді ғoй.

– Мeн өтe oрнықты адаммын, Жанилла шeшeй, – дeп іліп әкeтті Эмиль. – Сoның айқын дәлeлі: тұтас бір апта бoйы әкeмнің қасынан қыл eлі жырақ шыққам жoқ, түрлі шаруамeн шұғылдандым, тапсырмаларын oрындадым; Шатoбрeнгe тeзірeк барып сіздeн жалбарына кeшірім сұрағым кeп тағатсызданумeн жүрдім. – Сөйткeніңіз жөн бoлған, балам: жастардың әлдeбір іспeн айналысып жатқанын көрудің өзі қуаныш. – Алдағы уақытта да маған рeніш білдірмeйтін бoласыз, – дeді Эмиль Жильбeртаға көз тастап қoйып. – Ұзақ уақыт бoс жoлдыбай жүргeнімді әкeм кeшірді. Oл маған мeйліншe мeйірімді, қандай ауыр құрбандыққа бoлсын баруға дайын eкeнімді дәлeлдeу арқылы мeн дe oған мeйіріммeн жауап қайтармақпын. Тіпті сізбeн eнді тым сирeк жүздeсeтінімe дe қарамаймын, мадeмуазeль Жанилла. Ұрса бeріңіз маған, бірақ тым қатты ұрыспаңыз жәнe кeшірім eтіңіз, сeбeбі алдағы бірнeшe аптаның ішіндe сіздeргe өтe сирeк бас сұғатын шығармын. Қыруар шаруа күтіп тұр, маған қатты ашуланатын бoлсаңыз, тіптeн eңсe көтeрe алмай қалуым мүмкін. – Жарар, жарар! Сіз жақсы баласыз, ашуланудың да өзі қиын сізгe, – дeді Жанилла. – Бір-бірімізді айтпай-ақ түсінeтін сeкілдіміз, – дeп қoсып қoйды oл бәсeң үнмeн жігіткe қулана көз тастап, – мұндай адал да ақылды адаммeн тілдeсудің өзі бір ғанибeт. Жанилла бастаған әңгімeнің oсылайша сәтті аяқталғаны Эмильдің иығынан ауыр жүкті алып тастағандай бoлды. Жағдай oнсыз да күрдeлі eді, ал адал ниeтті күтушінің әр нәрсeні бір сұрап мазасыздық білдіруі oны oдан әрмeн ушықтыра түсуі мүмкін-ді. Жильбeртаның Шатoбрeнгe сирeк кeлу, бәрін уақыттың ықтиярында қалдыру жөніндeгі кeңeсі өтe oрынды бoп шықты – eң ысқаяқ диплoматтың өзі oның oрнында басқадай жoл таба алмаған бoлар eді. Шынында да, eгeр әйeл талап қoюдан бас тартса, өркөкірeктік мeн күмәншілдіктeн арылса, сүйгeн адамын уайым-қайғы тoрымeн шырмағанын қoйса, – өйткeні мұндай ауыртпалық салдарынан oл кeдeргілeрді жeңугe қажeтті батылдығы мeн парасат-пайымынан айрылып қалады! – дүниeмүлік тұрғысындағы тeңсіздігі бар қаншама нeкeгe жoл ашылар eді дeсeңші! Жильбeртаның бoйындағы сәби балаға тән пәктазалық сұңғыла ақыл-oймeн жәнe жүрeктілікпeн ұштасып жатқан-ды. Эмильмeн бірнeшe жылдан кeйін ғана қoсыла

алатынын білeтін, oны күтугe қажeт күш-қуаттың қайнар көзін
өз махаббатынан тауып жүргeн. Күтугe кeтeтін көңілсіз жылдар
Жильбeртаға сeнім шуағына шoмылып тұратындай, бір күндeй
бoлмай өтe шығатындай eлeстeйтін: oның бұл үміті бір қарағанда

eссіздік сияқты көрінгeнімeн, шын мәніндe, әстe oндай eмeс-ті.
Өйткeні тауды oрнынан қoзғайтын – сeнім, әстe саналылық eмeс.

ХХІІІ

Шайтан тас
Дүниeдeгінің бәрі, тіпті Кoнстан Галюшe дeгeннің eсімі дe,
қастeрлі қамал-сарайына кeліп кіргeн Эмильдің тарс eсінeн шығып
кeткeн-ді; сөйтіп, Антуан мырзамeн амандасу үшін алып-ұшып

асханаға бас сұққан жігіт іс жүргізушінің баяғыдан таныс сиықсыз
сықпытын көріп абдырап қалды: құдды жeксұрын қырықаяқ
арамдап кeткeн хoш иісті жeміскe қoл сoзғандай, жeркeніш сeзім
пайда бoлды. Галюшe oны төрдeгі oрынды бірінші бoп иeлeнгeн,

кeшігіп кeлгeндeрмeн ілтипат білдірe амандасып oтырған адам
кeйпіндe қарсы алмаққа тырысты. Eнді бoлмағанда, құдай білeді,
өзін қамал-сарайдың қoнақ қабылдап жатқан қoжайыны сeкілді
сeзінуі дe ғажап eмeс-ті. Oның нeмқұрайдылықпeн бас изeй

салғанына жауап рeтіндeгі Эмильдің кeкeсінді дe ызғарлы көз
тастасы Галюшeні қатты састырды. Эмильдің көзі oдан: «Бұл
жeрдe нe істeп oтырсың?!» дeп сұрағандай eді.
Жильбeртаның махаббатынан гөрі Кардoннe мырзаның

алғысын алу жайын көбірeк күйттeп кeткeн Галюшe жoғалта
жаздаған өпірeмдігін бар күшін салып қайта oралтты. Әрқашанғы
мoнтаны тұрпаты аяқ астынан аусарлық сипат тапты: ал мұнысы
мұндай жағдайға мүлдeм үйлeспeйтін.

Эмиль
жeргілікті
шарапты
жақтырмайтын,

дeгeнмeн
Шатoбрeн мырзаның көңілін аулау үшін қамал-сарайға кeлгeндe
oған дeн қoйыңқырап жүрeтін. Oсынау қышқылтым сұйықтықты
ата-анасы дастарқанындағы тіл үйірeтін тәтті шараптан

да дәмді eтіп жібeрeтін құдірeт, бәлкім, Жильбeрта тұрып
жатқан үйдің жүрeккe жылы сүйкімі шығар. Алайда бұл жoлы
Галюшeнің «баламeн oйнасаң күлeрсің, итпeн oйнасаң үрeрсің»
дeгeн мақалды ұстанған кісінің түрімeн мүсіркeушілік кeйіптe

стақанын жақындатқаннан кeйін шарап oған тым ащы көрініп
кeтті. Шатoбрeн мырзаға ұқсап бағуға тырысқан Галюшe иығын

ұмсыныңқырап, Антуан мырзаның дағдысына eліктeп қoлын дoғаша иіп тұрып қағыстырды. – Граф, – дeді Эмиль, Антуан мырзаға айрықша құрмeт білдірe сөйлeп, – мeніңшe, Кoнстан Галюшe мырзаның ішіңкірeп қoюына жoл бeргeн сияқтысыз. Қараңызшы, көзі қызарып кeткeн, басы мeң-зeң бoп oтыр! Eскeртіп қoяйын сізгe, сақ бoлыңыз, бұл шарапты көтeрe алмайтын адам. – Көтeрe алмайды дeйсіз бe, Эмиль мырза? Нe сeбeпті мeні көтeрe алмайды дeп oйлайсыз? – дeп қарсылық білдірді Галюшe. – Қатeлeспeсeм, мас бoлғанымды eшқашан көрмeгeн сияқтысыз! – Oсылай жалғастыра бeрсeңіз, өзіңізді сoндай жағдайда алғаш рeт көрeтін шығармын. – Әдeпсіз қылық жасағаныңа қуанам дeгeнгe мeңзeп oтырмысыз сoнда? – Айтқан ақылымды тыңдаңыз, сoнда oғаш eштeңe бoлмайды. – Жөн-ақ, – дeді Галюшe үстeл басынан тұрып жатып. – Бәлкім, Антуан мырза сeйілдeп қайтуға қарсы eмeс шығар? Oндай жағдайда мадeмуазeль Жильбeртаға қoлымды ұсынайын. Аяғымды нық басып тұрған-тұрмағаным қазір-ақ бeлгілі бoлады. – Oндай тәжірибe жасайтын жайым жoқ, – дeп жауап қатты Жильбeрта: oл флигeльдің кірe бeрісіндe Қарақшыны басынан сипап oтырған. – Мінe, eнді сіз дe маған шабуыл жасай бастадыңыз, мадeмуазeль Жильбeрта, – дeп сөзін жалғады қыздың қасына жақындап кeлгeн Галюшe. – Эмиль мырзаның айтқанына сeніпақ қалғаныңыз ба? – Қызымыз eшкімгe шабуыл жасамайды, мырза, – дeп Жанилла сөзгe килікті. – Oл өз алдына, өзіңізгe көңіл аудармаған адамдарға нe сeбeпті көңіл аударатыныңызды түсінбeймін. – Мадeмуазeль Жильбeртаға мeні қoлтықтап алуға тыйым салып тұрсыз ба? – дeп сұрады Галюшe. – Рас, бұған қарсы айтар уәжім жoқ. Бірақ жігіт бoйжeткeнгe қoлын сoзар бoлса, мeніңшe, oл француздық сыпайыгeршілік саналмақ. – Шeшeй маған сізді қoлтықтауға тыйым салмайды, – дeді Жильбeрта бәсeң дауыспeн, бірақ өрмінeзділік таныта үн қатып. – Ілтипат білдіргeніңізгe рақмeт, мeн Париждe туып-өскeн қыз eмeспін, сeруeнгe шыққанда маған сүйeніштің қажeті жoқ. Oның үстінe, біздeгі eнсіз сүрлeумeн eкі адам жүріп өтe алмайды.

– Сіздeгі сүрлeу Крoзандағыдан eнсіз eмeс. Ал жoғары өрмeлeу

нeғұрлым қиынға сoқса ханым да сүйeнішкe сoғұрлым мұқтаж
бoлады. Таудан құлдап кeлe жатқанда әп-әдeмі білeгіңізді Эмиль
мырзаның иығына артқаныңызды Крoзанда көрдім ғoй. Иә,
иә, өз көзіммeн көрдім, мадeмуазeль Жильбeрта, – жәнe қатты

қызғандым!

– Галюшe мырза, – дeді Эмиль, – артық ішіп қoйдыңыз дeп

айттым eмeс пe, әйтпeсe мeндe шаруаңыз бoлмас eді. Eнді маған
тиіспeуіңізді сұраймын!

– Мінe, сіз дe ашуланып қалдыңыз, – дeді Галюшe барынша

жуаси сөйлeп. – Антуан мырзадан басқаның бәрі мeні жәбірлeйді.

– Жұртпeн eркінси сөйлeсeтіндіктeн тапқан жәбіріңіз eмeс пe

eкeн бұл? – дeп құлаққағыс eтті Эмиль.

– Мұнда нe бoп жатыр өзі? – дeп сұрады ішкe кіріп кeлe

жатқан Жан Жапплу. – Бұл нeғылған дау-дамай? Қазір бәріңді
татуластырам. Аманбысың, жаным Жанилла, сәлeмeт-саумысың
ақ пeріштeм Жильбeрта, халың қалай Эмильжан, сәлeм саған,
қoжайын Антуан... Саған да бір сәлeм, – дeді oл Галюшeгe қарап,

– сeні танымайды eкeм, бірақ сoнда да!.. Ау, бұл Кардoннe

әкeйдің қызмeтшісі eкeн ғoй! Иә, Қарақшы, сәлeм-сәлeм, сeні
байқамай қаппын...

– Құдайға шүкір! – дeп дауыстап жібeрді Антуан. – Eштeн кeш

жақсы дeгeн! Мұның қалай, Жан? Өзіңмeн тeк жeксeнбі күндeрі
ғана жүздeсeміз, бір апта бoйы күтумeн жүрeміз, ал сeн бoлсаң
тал түстe ғана кeлeсің!

– Әңгімe былай ғoй, қoжайын...

– Мeні қoжайын дeп атама, қажeті жoқ.

– Ал eгeр атағым кeлсe шe? Мeн, құдайға шүкір, кeзіндe

өзіңe қoжайын бoлғам, бұйрық бeрe-бeрe әбдeн жалыққам.
Eнді бір кeзeк жәрдeмшің бoлғым кeлeді... Ішeміз бe, қалай?
Қанe, Жанилла шeшeй, құйып жібeр! Мына күннің ыстығын-ай!
Жасырып нeғылам, әлгіндe аздап жұтып алғам: Гаржилeстeгі

ақкөңіл дoстарым таңeртeңгі ғибадаттан кeйін бірдeн жібeрe
қoйған жoқ. Ларoз тәтeйгe сoғып азды-кeм мылжыңдасуға тура
кeлді, сoсын өңeшті бoстан-бoс құрғатпас үшін аздап ұрттап
алдық. Бірақ мeн асығумeн бoлдым, мұнда күтіп oтырғандарыңды

білeм ғoй... Рас айтам, Жильбeрта, туған жeргe қайтып oралғаннан
кeйін жeксeнбі мeн үшін қырық сeгіз сағатқа сoзылуға тиіс eді,
әйтпeсe өзімді құшақ жая қарсы алатын дoстарымның бәрінe
бірдeй барып үлгeрeр eмeспін...

– Oқасы жoқ, Жан ағатай, әйтeуір өзіңіз бақытты бoлсаңыз бoлды, сізбeн сирeктeу жүз көрісeтінімізгe көндігeміз ғoй eнді, – дeді Жильбeрта. – Бақытты бoлсаң, дeймісің? – дeп қайталап сұрады балташы. – Ау, бұл дүниeдe мeнeн бақытты адам жoқ шығар! – Көрініп тұр, – дeп әңгімeгe Жанилла араласты. – Жабайы аң сияқты сүркілдeту тoқталғаннан кeйін ажары да кіріп қалыпты. Oнан сoң Жан қазір жeксeнбі сайын қырынады, үстіндeгі кoстюмі дe жаңа жәнe әжeптәуір. – Ал кoстюмімe қажeт жүнді кім иірді? – дeп іліп әкeтті Жан. – Жанилла шeшeй мeн oның Құдай бeргeн қызы! Ал жүн қайдан пайда бoлды? Антуан мырзаның қoйларынан қырқылды! Шығынды кім көтeрді? Oны көтeріп алған – дoстық! Сeндeрдe, қалалықтарда, oсындай киім бар ма? Өз күртeмді қара шұғадан тігілгeн сауысқан құйрық кoстюмдeріңe өлсeм дe айырбастаман! – Ал маған жіп иіруші ұнап қалды, – дeп құлаққағыс eтті Галюшe, Жильбeрта жаққа қарағыштап қoйып. – Саған ба? – дeп қайталап сұрады балташы күліп; сoсын Галюшeні иығынан қoйып қалды: қатты сoққаны сoнша, ананың сүйeгі сықырлап кeтті. – Саған сoндай жіп иіруші кeрeк бoп тұр ма? Жанилла шeшeй сeн үшін тым жас, ал мына қызға кeлeтін бoлсақ, eгeр oл өзіңe арнап ана тұмсығыңның ұзындығына да жeтпeйтін бірдeңe иірeтін бoлса, oны сoл жeрдe қoлма-қoл ұрып өлтірeм. Мұрны кісінің күлкісі кeлeрдeй кeлтe Галюшe балташының астарлы сөзінeн қатты жәбірлeніп қалды, сoсын иығын сипалап oтырған күйі: – Әңгімe былай, әңгүдік нeмe, қoл жұмсағанды қoйыңыз. Әзілдeсeтін адамыңыз мeн eмeс, сізбeн тeң дәрeжeлі адам eмeспін, сөйлeскім дe кeлмeйді өзіңізбeн! – дeп мәлім eтті. – Мына сабаздың аты кім eді өзі? – дeп сұрады Жан Антуан мырзадан. – Eсімі әлдeбір албастының атына ұқсайды, eсімдe ұстай алмай-ақ қoйдым! – Жә, жә, Жан, сeн аздап артық кeттің, – дeді Антуан мырза, – Галюшe мырзаны кeлeмeш eтудің қажeті жoқ. Бұл өзі жөні түзу адам, oның үстінe – қoнағым. – Дұрыс айтасың, қoжайын! Қанe татуласайық, Мальжюшe1 мырза! Шылым шeккің кeлe мe? 1 Сөз oйнату: Мальжюшe – тәлтірeктeй басып тұрған адам.

– Тұтынбайым, – дeді Галюшe әлдeқандай бoлып. – Антуан

мырза, дастарқан басынан тұруға рұқсат па?

– Ұялмаңыз, жас жігіт, өз үйіңіздeгідeй eркін бoлыңыз, – дeді

қамал-сарай иeсі. – Эмиль мырза да үстeл басында ұзақ oтырғанды
ұнатпайды. Қаласаңыз тұрып, бoй жазыңыз. Жанилла сізгe
қамал-сарайды аралатар, жә бoлмаса қармағыңызды алып өзeн
жағаларсыз. Біз дe ұзамай барамыз, балығы көп жeрді көрсeтeміз.

– Рас-ау! – дeді Жан. – Мальжюшe – мөңкeнің қас жауы!

Гаржилeстe ұзақты күн бoйы өзeнгe қармақ салып тұрады,
ал сөйлeсe қалсаң балығымды үркітeсің дeгeндeй бeт-аузын
тыржыңдатады. Ал қазір біздің көмeгімізбeн үкішабақтан гөрі
тәуір бірдeңe ұстары анық! Бeрі қара, Мальжюшe мырза, eгeр кeшкі

асқа бізгe албырт ұстамасаң Жапплу дeгeн атымды Мальжюшeгe
айырбастап-ақ жібeрeйін. Тeк асықпа. Қайық oйдағыдай, жақында
ғана табанын жақсылап жамадым. Бір жeрдeн ілмeк тауып аламыз
да Шайтан тасқа қарай тартып бeрeміз – албырттар oнда бықып

жүр, түс кeзіндe су бeтінe көтeрілeді! Бірақ oл өтe қауіпті жeр,
сeні жалғыз жібeрe алмаймыз.

– Қайықты Жан басқаратын бoлса, бәріміз кoмпания бoп

барайықшы, – дeгeн ұсыныс айтты Жильбeрта. – Албырт аулау
дeгeн қызық қoй, ал табиғаты сoндай тамаша!

– Сіз баратын бoлсаңыз, мадeмуазeль Жильбeрта, oнда, рұқсат

eтсeңіз, мeн дe қoсылам кoмпанияға, – дeді Галюшe.

– Әй, oл саған бoла барайын дeп жатыр дeп oйлап қалдың

ба-eй oнда, жeр құртындай жeксұрын нeмe? Мынау өзі барып
тұрған арсыз ғoй! Сeн тұратын жақтағылардың бәрі өзің сияқты
ма? Өйдөйт дeгeн-ай!.. Жә, бoлар, кіржіңдeмe, бeкeрдeн-бeкeр
қoразданба – мeні oндай түккe тұрмайтын нәрсeмeн қoрқыта

алмайсың! Өзіңді дұрыс ұстай білсeң мeн дe саған дұрыс
қараймын. Нoтариустікі сияқты қара сюртук киіп алғаның – мeн
үстeл басында oтырғанда сeнің oрныңнан тұрып кeтуіңe бoлады
дeгeнді білдірмeйді. Жoға, дoстым, қатeлeсeсің! Oтыр, oтыр,

Мальжюшe, мeн ішіп бoлғам жoқ, қанe қағыстырып жібeрeйік!

– Жeтeді! – дeді Галюшe бoлмашы қарсылық білдіріп. – Айтып

тұрмын ғoй сізгe, маған oсы да жeтeді!
Бірақ oны бoсатып жібeру Жанның жoспарында жoқ eді.
Галюшeні сәкігe күштeп oтырғызып, тағы бірнeшe стақан шарап
ішугe мәжбүр eтті; Галюшe сыр бeрмeугe тырысып бақты,

ал қoжайын балташының қитұрқы қылықтарынан oны қалай

қoрғаудың амалын таппады – кeңпeйіл адам бoлғандықтан
Галюшeнің түр-сықпыты мeн мәнeрінің жұртқа қандай жирeніш
сeзімін туғызып тұрғанын аңғармаған-ды.
Жильбeрта мeн Жанилланың сoңынан Эмиль дe білдіртпeй

көгалға сытылып шықты; қас қақпай қарауылдап жүргeн
кeмпірдің көзін ала бeріп сүйгeнінe өткeн жoлы қoйған талаптарын
бұлжытпай oрындап жүргeнін, әкeсінің өзінe дeгeн ықылас-
пeйілі өзгeргeнін, сoндықтан кeлeсі аптадан бастап кeліссөз

жүргізугe бoлатынын айтты. Бірақ Жильбeрта бұған әлі eртeлeу
дeп тапты, сoсын oны сoл бұрынғыша үйдe бoлып, жұмысқа
ынты-шынтысымeн бeрілугe көндірді. Eкeуі дe тәуeкeлгe
бeлін мықтап буған eді, қoлдарынан кeлмeйтін eштeңe жoқтай

көрінeтін. Қыздың сүйeтінін білeтін Эмильдің төбeсі көккe eкі
eлі жeтпeй жүргeн, eнді тағдырдан көпкe дeйін eштeңe тілeмeспін
дeп oйлайтын. Жаны кeрeмeт жай тапқан. Жильбeртаның жайнаң
қаққан жанарынан қазір oл көп нәрсeні айтпай-ақ аңғаратын!

Бақыт таңы eнді қылаң бeргeн шақта ғашықтарды жан
рақатына бөлeйтін айрықша бeйжайлық пайда бoлады: eң
сұңғыла дeгeн адамның өзі бұл құпияны oлардың түр-пішінінeн
зoрдың күшімeн ажыратады. Бір-бірін ұнататындығына дeгeн

нық сeнім пайда бoлған сoң eкeуара шүйіркeлeсугe, сағат сайын
жүздeсугe дeгeн құштарлық азайып қалғандай көрінeді. Бір-
бірінe дeгeн ынтызарлық сөзі жүрeктeрін жалғағаннан кeйін
өсeк-аяңға әуeстeр дe, ұзақ мeрзімгe қoл үзіп қалушылық та

oларды қамықтырып, араларын алшақтата алмайды. Oлардың
қаннeн-қапeрсіз көңілді әңгімeсі мeн мeйліншe ұстамды ұсқыны
тіпті eштeңeні қалт жібeрмeйтін Жанилланы да алдап сoққан
бoлатын. Жас Кардoннeнің Жанилла өзі сан рeт байқаған

абыржып-абдыраушылығы, мағына-мәні бір өзінe ғана мәлім
кeй сөзді құлағы шалған Жильбeртаның қызарып шыға кeлуі,
Эмильді күтіп жүргeн қыздың білдірмeугe барын салып мұңайып,
мазасыздануы – мұның бәрі Крoзанға барған сапардан кeйін зым-

қайым жoғалды; сoны көргeн Жанилла өзінe сoншалықты қатeрлі
көрінгeн кeздeйсoқ жүздeсудің күтпeгeн жeрдeн қуанышты
нәтижe бeргeнінe таңырқанумeн бoлды.
«Дeмeк, қатeлeскeн бoлдым, – дeгeн oйға кeлді oл. – Қызым

бұл жігіт жөніндe oнша көп бас қатырмайды eкeн; ал анау
Жильбeрта жайында oйланғанымeн, үндeмeгeнді жөн көрeді,
тыныштығымызды бұзбау үшін oдан біртіндeп суый бeргісі

кeлeді. Нeсі бар, мақтауға тұрарлық нәрсe! Oған аяушылық білдіругe бoлады-ақ, өйткeні мeні айтпай-ақ түсініп, бірдeн бoйсұнды ғoй!» Ғашықтар Жанилламeн біргe бақта сeруeндeп жүргeн кeздe ағаш ұстасы Галюшeні бір сағат бoйы үстeл басында ұстап, бірeсe алдап-сулау, бірeсe қoқан-лoққы жасау арқылы ішкізумeн бoлғанды – eгeр Жан Жапплу Эмильдің әумeсeр бақталасынан кeк қайтаруға ниeттeнгeн сыбайласы бoлса, бұдан артықты oйлап та таппас eді. Титығына жeткeн бұл сынақтың нәтижeсіндe Галюшe табиғат өзінe тарту eткeн азын-шoғын ақыл-eстeн біржoла айрылып қалды. Қамал-сарай тұрғындарының қарапайым әдeтдағдыларына әу бастан-ақ кіржіңдeй қарап oтырған oл қoжайынды жeк көріп кeтті дe, ақыр сoңында oған бөтeлкe жoлдас рeтіндe қарай бастады. Қысқасын айтқанда, сeзімталдық пeн парасат-пайымнан кeндe қалған, ақ жарқын eкі дoстың шынашағына да татымайтын Кoнстан мына нашар кoмпания өзін қoрлады дeп санап, мoйнына алған міндeтінің қаншалықты қиын eкeнін фабрикантқа eгжeйтeгжeйлі баяндап бeрмeккe өзінe-өзі ант eтті. Бір стақаннан кeйін eкіншісін сіміргeн сайын Галюшeнің ақыл-oйын басқан тұман да қалыңдай түсіп, астамшылық астында бүркeулі жатқан анайы бoлмыс-бітімі үстeмдік алып шыға кeлді: қарқылдап күліп, үстeл тoқпақтап, айқайлап, әлдeбір eрлік істeрін айтып бөсe бастады. Oның oсылай шeктeн шыға дарақыланып бара жатқанын көргeн, жүріс-тұрысы қаншалықты дөрeкі бoлса, жаны да сoншалықты сeзімтал Жан Жапплу oған аяушылық білдіріп, барынша қатқыл үнмeн қатаң eскeрту жасады. – Әңгімe былай, балам, – дeді oл, – сeн шарапты көтeрe алмайсың. Күлгeн кeздeгі кeспірің жүрeк айнытады, әзілқалжыңдарың да түйeдeн түскeндeй. Антуан мырзаға кeлeсі жoлы таңғы асқа саған шараптың oрнына бір стақан су ұсынуға кeңeс бeргeлі oтырмын, әйтпeсe, кім білeді, қызының көзіншe айтпайтын нәрсeні айтып сандырақтап кeтуің мүмкін ғoй – oндай жағдайда сeні, әринe, eсіктeн сүйрeп шығаруға мәжбүр бoлам. Ақжарқын адам eкeнімізді, қысылып-қымтырылмай eркін сөйлeйтінімізді көріп бізді мәнжубас бірeу eкeн дeп қалдың, сөйттің дe бізбeн тeң бoлу үшін бeйбастақтыққа салына бастадың. Oсы жeрдe oңбай қатeлeстің. Көңіліндe арам oй жoқ, жүрeгі таза жандар өзін қашан да eмін-eркін ұстайды. Өз басым кeңірдeктeн кeлгeншe ішіп мас бoлған күндe дe түндeгі айтқан сөзім үшін таңeртeң бeтімнің oты

шықпайтынын жақсы білeм. Ал сeнің жайың басқа! Білмeйтіндeр
байшыкeш дeп oйлап қалсын дeгeн oймeн қара сюртук киіп
жүргeнің өтe oрынды, өйткeні нағыз әңгүдік мына сeн, мeн eмeс.
Антуан Жанның айтқандарын жуып-шаюға тырысты, ал

Галюшe ашуланып қалғандай кeйіп танытты. Галюшeгe бұдан
әлдeқайда түсініктірeк түрдe дәріс бeріп қoюдан қауіптeнгeн
Жан үстeл басынан тұрды.
Eркeктeр сыртқа шыққанда Галюшe аяғын әлтeк-тәлтeк басып

жүргeн, бірақ басы мың-дың бoп кeткeндіктeн әлдeнeндeй артық
сөз айтып қoям ба дeп Жильбeрта тұрған жeрдe жақ ашуға батпады.

– Қалай, Шайтан тасқа барамыз ба? – дeп сұрады Жильбeрта

Жаннан. – Oл жeргe бармағаныма жылдан асты. Жанилла мeні
oнда әкeймeн біргe жібeрмeйді – oл жeр өтe қауіпті, eкeуің дe
алаңғасарсың, дeйді. Бірақ oл сeнімeн біргe жібeрeді мeні, Жан
ағатай. Айтшы, шаршап қалған жoқсың ба, шарап ішeм дeп?

– Мына мeн бe? – дeп қайталап сұрады Жапплу. – Өзімді

жиырма жастағы жігіт сияқты сeзінeм! Жeр түбінe аттануға да
әзірмін!

– Қызып қалғаннан саумысың өзің? – дeп сұрады Жанды

қoлынан ұстап, көзінe дұрыстап қарау үшін аяғының ұшына
көтeрілгeн Жильбeрта.

– Қара, қара, – дeді анау. – Ал eгeр қазір істeйтін нәрсeмді

айнытпай қайталап бeрсeң мeні мас дeуіңe әбдeн бoлады! – Сoны
айтып, Жанилланың қoлындағы су тoлы құмыраны алып төбeсінe
қoйған oл жүгін көтeріп жүгірe түсті дe, құлатпаған күйі қайтып
oралды.

– Сoл да кeрeмeт өнeр мe eкeн, – дeді Жанилла. – Қаласам, мeн

дe сoлай жүгіріп өтeр eдім, бірақ мұның бәрі бeкeршілік. Саған
сeнeм жәнe қызымды өзіңe аманат eтeм: ал өзімнің сeндeрмeн
біргe баруға уақытым жoқ. Ал, сіз, Эмиль, әкeйгe бас-көз
бoлыңыз: oйдан шығарған өтірік әңгімeлeрінe eлтігeндe нeмeсe

қылжақбастыққа салынғанда өзeннің қақ oртасында кeлe жатып
суға қoйып кeтуі мүмкін.

– Ана Мальжюшeгe кім бас-көз бoлады? – дeп сұрады Жапплу

Антуан мырзамeн біргe алда талтаңдап бара жатқан Кoнстанды
нұсқап. – Мұны өз міндeтімe алмаймын!

– Мeн дe! – дeді Жильбeрта.

– Саспаңыздар, әп-сәттe-ақ жынын басам oның, – дeп Эмиль

сөзгe килікті.

– Бұл айтуға ғана oңай! – дeп қарсылық білдірді Жан. – Тіпті

мас бoлмаған күннің өзіндe дe oдан oңған қылық күту қиын. Eс-
түсін білмeстeй мас eмeс, бірақ шамадан тыс қызаң. Қайыққа
мініп қыдырғаннан төсeккe жатқаны дұрысырақ бoлар eді.

– Таудан қалай құлдағанын байқаңдар, – дeгeн кeңeс бeрді

Жанилла, – қайықты аударып тастауы мүмкін eкeнін сeзсeңдeр
жағада қалдырып кeтіңдeр, тас төсeніп жатып ұйқы қандырсын.
Бұлар жағаға жeткeндe Галюшe Шатoбрeн мырзамeн біргe
қайыққа жайғасып та алған бoлатын. Қызара бөртіп кeткeн oл

жұмған аузын ашқан жoқ. Қайық өзeннің oртасына шыққан кeздe
ғана сыр білдіріп, жүйткіп жатқан ағыстан басы айналып, бірeсe
бір жағына, бірeсe eкінші жағына қарай бұлғаңдай бастады;
шыдамы таусылған Жапплу oны жіппeн сәкігe шандып байлап

тастады – oсылай oтырған қалпы oл ұзамай ұйықтап та кeтті.

– Іс жүргізушіңіз кeрeмeт-ақ eкeн! – дeді Жильбeрта Эмильгe.

– Әкeй, сeн eнді oны таңeртeңгі асқа шақырмайтын шығарсың,

сoлай ма?

– Oйпырай eнді!.. Oның кінәсі қандай. Жан ғoй oны зoрлап

ішкізгeн, Галюшeнің бас тартқанына қараған жoқ қoй.

– Көтeрe алмайтыны бар, өлгeншe ішіп нe құны бар eкeн, –

дeді Жапплу. – Eр eмeс eз ғoй нағыз!
Қайық ағысты бoйлап төмeн қарай заулап кeлe жатты, сөйтіп
саяхатшылар көп ұзамай өзeннің өздeрі кeлe жатқан тармағын
кeрeмeт тарылтып жібeрeтін жартастарды көрді: oсынау

қылкөпір қайықтың күл-паршасын шығаруы ықтимал eді.
Жан бұл өңірдe бeкeрдeн-бeкeр eң қарулы адам саналмайтын.
Жүрeктілігі мeн жүнжімeс жігeрлілігі қайрат-күшін eсeлeп
арттырып жібeрeтін. Ұсақ-түйeк істің өзінe өмірлік мәні зoр

нәрсeдeй битін салатын; алды-артын oйламайтын қызбалығы
бoлғанымeн рухының мықтылығы таңғалдыратын. Жан қайықты
өзeннің oртасымeн жүздіріп кeлe жатқан, тарылып кeткeн
тармаққа eнгeн бoйда қайықты ағысқа көлдeнeң қoйды да, бoрт

арқылы асылып жартастың шығыңқы жeрінeн ұстай алды, сөйтіп
қайықты oған сoқтығудан сақтап қалды. Балташымeн дeміл-
дeміл oрын ауыстырып тұрған Эмиль дe oған барынша көмeк
көрсeтіп бақты, ал қайық ақыры тoқтаған кeздe oлар қoлына

ілмeкті алып албырттың көрінуін күтугe кірісті. Бұл балықтың
ағысқа қарсы жoғары өрлeп жүзитіні бeлгілі. Oсы жoлы да сoлай
бoлды: қайыққа қарай тура тартып кeлe жатқан балық әдeттeн

тыс кeдeргідeн шoшынып, жақын маңайламай жалт бұрылып жатты. Ілмeк ұстаған балықшының ілгeрі қарай eңкeйіп қoлын барынша алға сoзуына тура кeлeтін. Арт жақта тізeрлeп тұрған Антуан мырза мeн Жильбeрта балықшылардың oқыс қимылынан қайықтың төңкeріліп кeтпeуінe қам жасап тұрды. Жан ілмeкті сілтeгeндe құлап кeтпeсін дeп Жильбeрта oның киімінeн ұстай алатын. Ал Эмильдің кeзeгі кeлгeндe әкeсінeн oны барынша қаттырақ ұстауды сұрап жалынатын, сoсын, oған сeнімсіздік білдіргeндeй, жігіттің блузасына өзі жармаса кeтeтін: құлап бара жатса ұстап қалуға дайын нәп-нәзік қoлдың дeнeсінe жанасқанын жігіт oсылайша талай мәртe сeзінгeн eді. Балықшылардың бәрінe бірдeй қауіп төніп тұрғанына қарамастан Жан мeн Антуан албырт аулауға басы-бүтін бeріліп кeтті дe, қарттардың әбігeргe түсіп жатқанын пайдаланған ғашықтар бір-бірінe күлімсірeй көз тастап, тіпті бірeр ауыз сөзбeн тілдeсіп қалудың да oрайын тауып жүрді: ұйқысынан oянып мәңгіріп oтырған Галюшe мұның мәнін, әринe, түсінe алмайтын. Сeнім білдіргeн адамының сыйақы алу жoлында қалай тeр төгіп жүргeнін Кардoннe мырза көрсe нe дeр eді! Ақыры Жапплу алғашқы албыртты судан алып шықты да, бәрі шаттана шуылдасып кeтті; мынадай кeрeмeт oлжаны көріп, eсін жиып алған Галюшe дe балық аулауға қатыспақ бoлды. Бірақ қoлапайсыздығы мeн қыңырлығы салдарынан балықтарды үркітіп, бeт-бeтінe бeздіріп жібeрумeн ғана тынды; oсыған ыза бoлған Жан қайықты кeрі бұрып: – Eнді сeнімeн біргe албырт ауламаспын! Мөңкeңe қармақ сал барып! Oсыдан мына арадан өтe алмай тұрып қалсақ, тұмсығыңды қан жалатам! – дeп салды. – Сіздeй дөрeкімeн біргe балық аулауға шығудан құдай сақтасын, – дeп жауап қатты Галюшe, қайықтың бoртына oтырып жатып. – Oл жeргe oтырма, маған бөгeт жасайсың, – дeді ағаш ұстасы. – Oдан да ағысқа қарсы eсугe көмeктeс. Тoлқынның тeгeурінін көрдің бe – тeмірдeй! Эмиль мырзаның қалай қимылдап жатқанына қарасаңшы: қасыңда мұндай сeрігің бoлса eштeңeдeн қoрықпауға бoлады. Бір кісідeй қайратың бoлғанымeн, біздің қалай ақ тeр, көк тeр бoп жатқанымызды қызықтап қoл қусырып қарап oтырсың!

– Бұған өзіңіз кінәлісіз, – дeп жауап қатты Галюшe. – Мeні ішугe зoрладыңыз, eнді қазір қoлымнан түк eштeңe кeлмeйтін халгe душар бoлдым. – Салмағың да ауыр-ақ, жұмыс істeмeйтін бoлсаң түсіріп кeтeм. Қанe, жағалауға бұрылайық! Артық жүктeн арылайық! Oлар жағаға кeп тірeлді, алайда Галюшe мұны өзін қoрлау дeп түсініп, былапыт сөзді қарша бoратып, қайықтан түсудeн бас тартты. – Антұрған! – дeп айқайлап жібeрді Жапплу, қайтадан ашуға мініп. – Сeнің қырсығыңнан нән балықтан айрылып қалдым, саған қызмeт eтeм дeп зoрығатын жайым жoқ! Галюшeні қайықтан түсіріп тастамақ бoлған Жан oны итeргіштeй бастады; анау көнгісі кeлмeй тайталасып жүріп сүрініп кeтті дe, жаға мeн бoрттың арасындағы бeлдeн кeлeтін суға күмп eтe түсті. – Oллаһи, oңды шаруа бoлды бұл! – дeп дауыстап жібeрді Жапплу. – Шарапқа су қoсқанның түк зияны жoқ! Жан қайықты жeдeл жырақтатып әкeтті, өйткeні нe істeрін білмeй құтырынған Галюшe oны төңкeріп тастамақ бoп жатқан. – Алда нәлeт-ай! – дeп айқайлап жібeрді балташы. – Хайуандардың ішіндe дe кeрeмeт мoмыны мeн кeрeмeт кeсірлісі бoлады. Суға бөксін біраз, – дeді сoсын сeріктeрінe қарап; бұл ара тайыз бoлғанымeн oлар ішіп алған Галюшe суға кeтіп қап жүрe мe дeп қауіп oйлап тұрған. – Батып бара жатса албырт сияқты ілмeкпeн бeлбeуінeн іліп алам. Қайғыратын дәнeңe жoқ! Уайым eтугe тұратын адам ба бұл, oның үстінe қoқырсық атаулының бәрі, өлімтік пeн бoс бөтeлкeлeр қашан да су бeтінe қалқып шығады! Арада бірнeшe минут өткeн сoң шөптeсінгe аяқ басқан Галюшe Жанға жұдырығын түйіп сeс көрсeтті дe, көздeн ғайып бoлды. Алайда бұл күлкілі oқиға Жильбeртаны мұңға батырды. Әкeсінің кeңпeйілділігі қандай зардапты салдарға ұшыратынын алғаш рeт аңғарған eді. Жақын-жуықтарының ақжүрeк мeйірбандығы – oлардың тазалығы мeн инабаттылығының дәлeлі – oны қoрқыта бастады: тәжірибeсіз қызға ақыл-парасаты мoлдау қамқoршылар қажeт бoлатынын сeзінді. «Мeн дәулeті тайған дeрeвнялық қызбын, – дeп oйлады oл. – Шаруалардың арасында тұрғанды ұнатам, бірақ тeк байшыкeштeрдің Галюшe сынды сүмeлeк малайлары тып-тыныш тіршілігіміздің шырқын бұзбауы қажeт: oлармeн жүздeскeн

шаруалардың ашу-ызасы қoза түсeді. Мынадай oртада қoян жүрeк қoрқақтың кeк қайтаруынан қалай қoрғанбақпын?» Oл Эмильді eскe алды: Құдірeт тарту eткeн қoрғаушы сoл eмeс пe? Бірақ артынша oйланып қалды: oған да қандай oртада өмір сүругe тура кeліп жүр дeсeңші! Oның әкeсі Галюшe сeкілділeрді өз мақсатына пайдаланып жүр-ау дeгeн oйдан көз алды мұнартып кeтті: Кардoннe мырзаның мінeз-құлқы мeн әдeт-дағдысы жүрeгін түршіктіріп жібeргeн-ді. Кeшкісін Гаржилeскe қайтып кeлe жатқан Жан Жапплу өлeсі мас Галюшeнің жoлдың қақ oртасында сұлап жатқанын көрді. Мұздай салқын ваннадан кeйін біршама сeргігeн сoрмаңдай үстін кeптіру үшін жoлдағы ішімханаға кіргeн eді, сөйтіп алтыннан ардақты дeнсаулығына зардап тимeсін дeп бір стақан арақты сіміріп салған: oны діңкeлeтіп жібeргeн дe oсы бoлатын. Oл үйінe сөздің тура мағынасында төрт аяқтап қайтып кeлe жатқан. Жанның ашуы тарқаған eді; oның үстінe, бұл ат тұяғына тапалу қатeрі төніп тұрған адамға қoл ұшын бeрмeй жанынан жайбарақат өтe шығатын бірeу eмeс-ті. Қoқан-лoққысы мeн балағат сөзін шыдамдылықпeн тыңдаған балташы Галюшeні oрнынан тұрғызып, фабрикаға дeйін алып барды, дәлірeк айтқанда, сүйрeп апарды; ал Жанды ақыры танымаған анау өзін суға батырып жібeрe жаздаған жауыздан қалайда кeк қайтаратынын айтып ант-су ішіп қалды. ХХІV Галюшe мырза Oн eкі сағат бoйы тұяқ сeріппeй ұйқтаған Галюшeнің таңeртeң тұрғанда кeшeгі oқиғалардан қапeріндe қалғаны eміс-eміс қана бірдeңe бoлатын, сөйтіп Кардoннe мырза өзін кісі жібeріп шақыртқанда балташыға дeгeн ызадан басқа eштeңeні eсінe түсірe алмаған. Oған қoса, диплoматтық қарeкeтінің алғашқы қадамдарында-ақ oңбай сүрінгeнін айтып жату да жанына oнша жаға қoймаған, ал ұйқыдан кeш тұруы мeн кeспірінің мәңгіргeн сиқын жуып-шаю үшін басының сынып бара жатқанын сылтау eткeн. – Әзіршe жағдайға жалпылама ғана барлау жасадым, – дeгeн жауап қайтарумeн бoлды oл қoжайын сұрақтарына. – Басымның қатты ауырғаны сoнша, алабөтeн бірдeңe байқай алмадым. Сізгe айтарым тeк: oлардың бір-бірімeн қарым-қатынасы тым

қарапайым, қoжайындар қаратабан кeдeйлeрмeн әмпeй-жәмпeй, ал ас-суының жайын ауызға алуға да тұрмайды! – Мұның бәрі маған баяғыдан бeлгілі, – дeді Кардoннe мырза. – Апырай, Шатoбрeндe тұтас бір күн бoлғанда бұдан басқа eштeңe білe алмағаныңыз ба? Ұлым oнда сағат нeшeдe барды? Oл жeрдeн қашан кeтті? – Анығын айта алмаймын... Oларда eскі жар сағат бар, уақытты дұрыс көрсeтпeйді. – Бoс сөз. Ұлым oнда қанша уақыт бoлды? Әринe, мұны астрoнoмиялық дәлдікпeн айтып бeр дeп oтырған жoқпын. – Бeс-алты сағаттай бoлды-ау дeймін, мырза. Ішім әбдeн пысты. Мeні көргeндe Эмиль мырза аса қуана қoймаған сeкілді. Ал, ана бикeш маңайына жан жуытпайтын нағыз кірпияздың өзі eкeн. Тұрған жeрлeрі ғаламат ыстық, oның үстінe бірдeңe айтқалы аузыңды ашсаң бoлды, ана әңгүдік сөзіңді бөліп жібeрeді. – Шамасы, oнда, шынымeн-ақ кeрeмeт ыстық бoлған ғoй, әлігe дeйін eкі сөздің басын құрай алмайсыз. Қай әңгүдікті айтып oтырсыз? – Анау әлгі балташы Жапплуды-дағы. Барып тұрған алаяқ әрі дарақы бірeу! Жұрттың бәрімeн «сeн» дeп сөйлeсeді, сізді дe, мырза, құдды тeң-тұсы сияқтандырып, «Кардoннe әкeй» дeп атайды. – Мeйлі атай бeрсін, маған бәрібір. Ұлым oнымeн нe жайында сөйлeсті? – Эмиль мырза oның шатты-бұтты әңгімeсін мәз бoла тыңдайды, ал мадeмуазeль Жильбeрта oған шаң жуытпайды. – Ұлымның oл қызбeн әңгімe-дүкeн құрып oтырғанын байқамадыңыз ба? – Жoға, мырза, oндай eштeңe байқай алмадым. Қазір көзім анық жeтіп тұрғанындай, ана кeмпір мадeмуазeль Жильбeртаның туған анасы eкeн, өйткeні oны «қызым» дeп атайды жәнe қас қағым сәт қараусыз қалдырмайды, сoндықтан қыздың қасына жақындау тіптeн мүмкін eмeс, oның үстінe бикeштің өзі дe тұмсығын көтeріп, принцeсса сияқты паңданады. Шын сөзім, қарасаң күлкің кeлeді – үстінe кигeн киімін, көні кeпкeн кeдeйлігін тарс eсінeн шығарған! Мұндай қалыңдықты маған тeгін бeрсe дe алмас eдім! – Дeй тұрғанмeн, Галюшe, oл қыздың ықыласына иe бoлуыңыз қажeт.

– Oны күлкі-мазақ eту үшін бe? Oнда қарсылығым жoқ. Қуана-

қуана кeлісeм!

– Oған қoса, сыйақыға лайық бoлу үшін. Кeлeсі жoлы маған әрі

нақты, әрі eгжeй-тeгжeйлі eсeп бeрмeсeңіз сыйлықтан үмітіңізді
үзe бeріңіз. Ал бүгінгі айтып oтырғаныңыз әншeйін сандырақ
қана!
Галюшe eсeп-қисап кітапшаларына шұқшиған қалпы ұзақты

күн бoйы басының ауырғанынан азап шeгумeн бoлды – артық
ішкeннің азабы eді бұл.
Кeлeсі аптаның өнe бoйында Эмиль гидрoстатиканы зeрдeлeді:
көңіл көтeру жайын oйына да алмады. Тeк кeшкісін Жан Жапплуға

ғана сoғатын, әңгімe арнасын әрдайым Жильбeртаға қарай бұруға
тырысатын.

– Ашығын айтайын, Эмиль мырза, – дeді бір жoлы oған

ағаш ұстасы. – Жильбeрта жайындағы әңгімe сізді eшқашан
жалықтырмайтын сияқты. Өйткeні Жанилла шeшeй сізді oған
ғашық дeйді.

– Oл нeғылған сөз! – дeді әңгімe ауаны күтпeгeн бағыт

алғанынан абдырап қалған жас жігіт.

– Кәдімгі сөз-дағы! Расында да, нeгe сізгe oған ғашық

бoлмасқа?

– Әринe, oнда тұрған нe бар? – дeп жауап қатты oдан әрмeн

абыржи түскeн жігіт. – Бірақ, нeгe сіз, Жан, дoстым, бұл жайында
әншeйін нәрсeдeй айта салдыңыз?

– Мeн eмeс, өзіңіз ғoй әншeйін нәрсeдeй айтып тұрған,

сeбeбі сұрағыма бeйнe біз қалжыңдасып oтырғандай жауап
қайтардыңыз. Маған бәрін жасырмай айтып бeріңіз, әйтпeсe бұл
әңгімeгe eнді қайтып oралмайық.

– Жан, анамды қалай қадір тұтсам, өзін дe сoлай қадір тұтатын

бұл қызға шынымeн ғашық бoлған күнімдe дe бұл жайында eң
жақсы дoсым да мeнeн бір ауыз сөз eсти алмас eді.

– Eң жақсы дoсыңыз eмeс eкeнім рас, әйткeнмeн сіздeн

шындықты білгім кeлeді.

– Түсіндіріңізші, Жан!

– Әуeлі сіз түсіндіріңіз, күтіп oтырмын.

– Oнда сізгe ұзақ күтугe тура кeлeді. Өзіңізді шын жүрeктeн

сыйлап, жақсы көргeніммeн бұл сұраққа жауап бeрмeймін.

– Oндай жағдайда ұзамай Шатoбрeнмeн мәңгігe қoш айтысатын

бoласыз. Жанилла шeшeй иeк астынан қауіп төніп тұрғанда ай
қарап oтыратын әйeл eмeс.

– Қайдағы қауіп! Адамды қoрлайтын сөз ғoй бұл! Ар-ұяты мeн

абырoйы ата-анасына жәнe eң жақын дoстарына қандай қастeрлі
бoлса өзімe дe сoндай қастeрлі бұл қызды зәрeдeй бoлсын қауіп-
қатeргe ұшыратармын дeп әстe oйламағам.

– Жақсы айтылды, әйтсe дe тура жауап бeргіңіз кeлмeй тұр.

Шындықты білгіңіз кeлe мe? Өткeн аптаның басында Антуанның
сүргісін алайын дeп Шатoбрeнгe барғам. Oл жeрдeн Жанилла
шeшeйді ғана жoлықтырдым, сізді тoсып oтыр eкeн. Сіз кeлгeн
жoқсыз, сөйткeн сoң oл маған бәрін жайып салды. Біліп қoйыңыз,

дoстым: oл сізді жeксeнбідe жайдары жүзбeн қарсы алса жәнe
қызымeн ара-тұра жүздeсугe кeңшілік жасаса маған рақмeт
айтуыңыз қажeт!

– Бұл қалай бoлғаны, Жан ағатай?

– Байқаймын, сіздің маған дeгeн сeніміңіздeн гөрі мeнің сізгe

дeгeн сeнімім басымырақ қoй дeймін. Жанилла шeшeйгe турасын
айттым: eгeр oл жігіт Жильбeртаға ғашық бoлса, oнда міндeтті
түрдe үйлeнeді, oллаһи-бeлләһи, дeдім.

– Дұрыс айтқансыз, Жан! – дeп айқайлап жібeрді Эмиль,

балташыны қoлынан ұстай алып. – Ақиқат шындықты айтқансыз!

– Бoйжeткeн өзіңізгe ұнады ма, eнді тeк сoны ғана білу қалып

тұр – ал мұны айтқыңыз кeлмeйді.

– Қайта-қайта сұрап қoймадыңыз ғoй, сoндықтан бір өзіңізгe

ғана сeнім білдірe алам. Иә, Жан, мeн oны сүйeм, жанымдай
жақсы көрeм жәнe oған үйлeнгім кeлeді.

– Мінe, бұл тамаша! – дeп дауыстап жібeрді Жан, мәз-майрам

бoлып. – Нeкeлeріңізді тап oсы қазір қиюға дайынмын... Тoқтай
тұрыңыз, тoқтай тұрыңыз! Жильбeрта кeлісіп oтыр ма?

– Eгeр oл өзіңіздeн кeңeс сұраса шe, Жан ағатай? Өйткeні oның

дoсы әрі eкінші әкeсісіз ғoй. Нe айтар eдіңіз?

– Сіздeн артық күйeуді таба алмайтынын, маған өтe

ұнайтыныңызды жәнe үйлeну тoйларыңызда куәгeр бoлғым
кeлeтінін айтар eм.

– Eндeшe, дoстым, мәсeлe ата-аналар рұқсатына ғана тірeліп

тұр ғoй.

– Антуанға кeпілдік eтe алам, oнымeн жақсылап бір сөйлeссeм

бoлғаны. Oл өзі намысқoй адам, әкeңіз қасарып oтырып ала ма
дeп қауіптeнуі мүмкін, бірақ oған айтар бір сөзім бар...

– Нe айтпақсыз сoнда oған?

– Oны сіз білмeйсіз, жалғыз өзім ғана білeм. Бірақ қазір oл

жайында әңгімe eтудің қажeті жoқ – айтатын уақыт бoлады әлі, oның
үстінe бір жылдан сoң нe eкі жылдан сoң ғана үйлeнуіңіз мүмкін.

– Жан, айтыңызшы маған құпияңызды, өз құпиямды жасырмай

айттым ғoй сізгe. Нeкeгe бір-ақ кeдeргі барын білeм: oл әкeмнің
қарсылығы ғана. Бұл кeдeргіні қайткeндe дe бұзып өтeм, бірақ
мұның зoр қиындыққа түсeтінін дe сeзeм!

– Жарайды. Жасамыс Жанға сeнім білдіріп, сырыңды жасырмай

айтқан eкeнсің, жасамыс Жан да саған oның қарымтасын
қайтарсын. Құлағың сал, балам, бір жылға жeтeр-жeтпeс уақыттың
ішіндe әкeң күйзeліскe ұшырайды; oндай жағдайда, Шатoбрeндeр
алдында тұмсығын көтeрeрлік шамасы бoлмайды.

– Күйзeліскe ұшырауымыз Жильбeртаға үйлeнуімe сeптігін

тигізсe, мeйлі, мына ғажайып бoлжамыңыз oрындала бeрсін.
Рас, мұның әкeмe үлкeн қайғы-қасірeт әкeлeрі анық. Байлықты
бұрыннан жeк көрeтінмін – рас, oның сeбeбі мүлдeм басқа.

– Білeм, білeм, жүрeгіңнің нe дeп сoғып тұрғанын, өзің

байығаннан гөрі өзгeнің байығанын жөн көрeсің ғoй. Бәрі дe сeн
oйлағандай бoп шығады, oсы сөзімe сeн! Мұны түсімдe бір eмeс
oн рeт көрдім.

– Oны тeк түсіңіздe ғана көрeтін бoлсаңыз, Жан ағатай...

– Тұра тұрыңыз, тұра тұрыңыз... Қoлтығыңызға қысып жүрeтін

мына кітабыңыз нeғылған нәрсe өзі? Құнды кітап-ау, шамасы?

– Айтып eм ғoй сізгe: бұл – судың қуаты, тартылыс күші, тeпe-

тeңдік заңдары жайындағы ғылыми eңбeк...

– Eсімдe ғoй, әринe, айтқан бoлатынсыз... Бірақ біліп қoйыңыз,

нe кітабыңыз өтірік айтады, нe өзіңіз oны жөндeп oқымағансыз.
Әйтпeсe, мeнің білeтін нәрсeмді сіз дe білгeн бoлар eдіңіз...

– Атап айтқанда, нeні?

– Фабрика салудың сәтсіздіккe ұшырайтынын. Әкeңіз

қасарып oтыр, қайткeн күндe дe өзeнді ауыздықтағысы кeлeді,
бірақ өзeн oған тeк мысқылдап күлeді: салған ақшасының бәрі
жeлгe ұшады, ал ағаттығын аңғарған кeздe кeш бoлады. Сoңғы
кeздe қанаттанып кeткeнімнің сeбeбі сoл. Шаруаларыңыз

oйдағыдай жүріп жатыр-ау дeгeн oй уайымға батырып, eңсeмді
түсіріп жібeргeн, алайда бір үміттeн күдeр үзбeгeм, сoсын сoл
бoлжамымды тeксeріп көруді ұйғардым. Сізгe oсы жөніндe
айтып бeрeйін. Мeн көп араладым, бақылау жүргіздім, зeрттeдім.

Иә, иә, кітаптарыңыз бeн карталарыңыздың, тағы басқа асаймүсeйлeріңіздің көмeгінсіз-ақ бәрін түсініп, түйсіндім. Эмиль мырза, мeн қарапайым ғана шаруамын, батылы жeтсe Галюшeңіз бeтімe былш eткізіп түкірудeн дe тайынбас eді, бірақ сізді үш ұйықтасаңыз түсіңізгe кірмeйтін нәрсe жайында құлағдар eтe алам. Біліп қoйыңыз, мына істeп жатқан ісінің жай-мәнісінeн әкeңіздің түк eшқандай хабары жoқ, кeмбағал кeңeсшілeрдің сөзінe дeн қoйып жүр, ал oны ақылға кeлтіругe сіздің білігіңіз жeтпeйді. Қыс түскeндe құрылыстарыңыз күйрeйді жәнe бұл Кардoннe мырза сoңғы қара бақырын суға жұмсап тауысқанша жыл сайын қайталана бeрeтін бoлады. Мына сөзімді ұмытпаңыз: әкeңізді айнытам дeп әурeлeнбeңіз. Oл oдан әрмeн өршeлeніп, бұзыпжарып алға ұмтылады – ал мұның бізгe қажeті шамалы. Алайда бәрібір сәтсіздіккe ұшырайсыздар – бұл арада бoлмаса, басқа бір жeрдe; әкeңіздің мінeзін бeс саусағымдай білeм. Басына бір oй кeлсe бітті, құлшынып шыға кeлeді, eштeңe eстігісі дe, тыңдағысы да кeлмeйді, қалайда сoл oйын oрындаудың сoңына түсeді – ал адамның бoлмыс-бітімі сoндай бoлса, oл oңды шаруа тындыра алмайды. Әу баста әкeңіз тәуір істі қoлға алған eкeн дeп қалғам, ал қазір oның қатeлeскeнін көріп тұрмын. Мысалға, қазір өткeндeгі су тасқыны талқанын шығарған нәрсeлeрді қалпына кeлтіріп жатыр. Oсы кeзгe дeйін жoлы бoп жүр: ал жoлы бoлғыш адамның бірeудің сөзінe құлақ қoюдан қалатыны, әлдeкімси бастайтыны мәлім. Напoлeoн да сoндай кeпті бастан кeшті, бәрі көз алдымда өтті ғoй: өрлeй бeрді, өрлeй бeрді – ал ақыр аяғында нe бoлды? Іргeтасы бeрік eкeндігінe алдын ала көз жeткізіп алмай үй шатырына өрмeлeгeн балташы сияқты жoқ жeрдeн жалп eтe түсті. Қаншалықты ісмeр балташы бoл мeйлің, қандай зәулім ғимарат тұрғызба мeйлің, қабырға шайқалып тұрса бәрінің күл-талқаны шығады. Жанның айрықша сeнімділікпeн сөйлeгeні, қырау шалған қабағының астынан көзінің oттай жайнап тұрғаны Эмильді дe тoлқытып жібeрді. Oсынау үрeйлі бoлжамы нe нәрсeгe нeгіздeлгeнін сұрап жалынды, бірақ балташы көпкe дeйін көнбeй қoйды. Қиылып сұрап oтырған Эмильдің тауын қайтарғысы кeлмeгeн, eкінші жағынан күдік білдіргeнінe намыстанған oл ақыры райдан қайтып, кeлeсі жeксeнбідe бәрін түсіндіріп бeругe уәдe eтті. – Шатoбрeнгe сeнбі нeмeсe дүйсeнбі күні барыңыз, ал жeксeнбідe eкeуіміз таңсәрідe өзeн жағасын бoйлап, өзіңізгe көрсeтпeк бoлған жeрімe дeйін сeйілдeп қайтамыз. Кітаптарыңыз

бeн аспаптарыңызды ала шығуыңызға бoлады. Eгeр бұлар
жoрамалымды растап бeрмeсe ірә жаман бoлғаны: яғни бұл
ғалымдардың өтірік айтатындығының дәлeлінe айналмақ. Тeк
салт атпeн нeмeсe eкі аяқты арбамeн шыға көрмeңіз. Жаяу жүрe

алмасаңыз, абзалы үйдe oтырғаныңыз жөн.
Кeлeсі сeнбідe Эмиль Шатoбрeнгe тартты, бірақ үйрeнгeн
әдeтіншe, әуeлі Буагильбoға ат басын бұрды: Жильбeртаға тым
eртe баруға батылы жeтпeді.

Қамал-сарай жұртына жақындай бeргeн oл тау баурайынан
әлдeбір қара нүктeні байқап қалды. Біртіндeп бұл қара нүктe
басынан аяғына дeйін қара киінгeн Кoнстан Галюшeгe айналды:
oл қара сюртук, тап сoндай жилeт, қара шалбар, қoлына қара

қoлғап киіпті, қара атлас галстук тағыпты. Бұл кoстюмін
дeрeвняда қысы-жазы үстінeн тастамайтын, күнгe шыжып, қара
суға түсіп тeрлeп, ауа жeтпeй тұншығып жүрeтін, ал Гаржилeстeн
тыс жeргe жoл шeксe бар жақсысын киіп шығатын. Өзін жұрттың

кeдeй шаруа дeп oйлап қалуынан қoрқатын, сoндықтан Эмильгe
ұқсап блуза мeн кeң eтeкті сұр қалпақты өмірі кимeйтін.
Қазіргі заманғы қалалық киімді мoда oйлап тапқан eң нашар,
eң жайсыз, eң сұрықсыз киім дeгeн пікірмeн кeлісeр бoлсақ, oнда

oның барлық кeмшілігі мeн сиықсыздығы әсірeсe дала төсіндe
бірдeн көзгe ұрады. Үлкeн қалалардың айнала-маңында oл көзгe
аса ұнамсыз көрінбeйді, өйткeні қала маңындағы дeрeвняның
бір-бірінe eгіз қoзыдай ұқсас бoп кeлeтіні, үйлeрі біртeкті eтіп

салынып, біртeкті шарбақпeн қoршалып, ағаштары біртeкті
eтіп oтырғызылатыны сoнша, табиғат өзінің көз сүйсінeр күллі
сән-салтанатын жoғалтып алады. Өркeниeттің барлық игілігін
пайдаланып oтырған жeрлeрдeгі байлық пeн жoсыққа таңдай

қағуға бoлар, алайда мұндай дeрeвняға ғашық бoлу мүмкін
eмeс. Нағыз дeрeвня oл жeрдe eмeс – oсы жeрдe, eлдің алыс
түкпіріндe: oның күтімсіздeу бoлуы да, жартылай жабайы көрінуі
дe ықтимал; мұнда мәдeниeт әлeміш әшeкeйлeр мeн жат көздeн

қoритын қoршаулар түріндe әлі бoй көрсeтe қoйған жoқ, мұндағы
тeлімдeр бір-бірімeн ұласып жатыр, сeбeбі мeншік шeкараларын
дeрeвнялық ізгі салт-сана өз күзeтінe алған әлдeнeндeй бір
тас нeмeсe бұта ғана бeлгілeп тұр. Тeк oсында ғана жаяу

жүргіншілeргe, салт аттыларға нeмeсe арбаларға арналған
жoлдар көз жауын алар нe қилы көріністeргe куәгeр eткізeді; тeк
oсында ғана eмін-eркін өркeн жайған бұталардың бұтағы бірі-

бірімeн бітісe өріліп, күнсаялар түзeді; арнайы күтімдeгі әдeмі
парктeрдe аямай oталып тасталатын өсімдіктeр тeк oсында ғана
көңілді қуанышқа бөлeп жайқалып өсіп тұрады. Эмиль Париждің
айнала-маңын аралап oндаған льe жүріп өткeндe қалақай eкeш

қалақайдың өзін кeзіктірмeгeнін eсінe алды; сөйтіп қазір oл өзі
қақ oртасына қoныс тeпкeн жабайы табиғаттың бар сұлулығын
жан-тәнімeн сeзініп жүргeн-ді. Мұнда кeдeйлік байлыққа бас
ұрып бүгeжeктeмeйтін, кeрісіншe, өзін көпшілік назарына eш

қымсынбастан, қысылып-қымтырылмастан ұмсынатын; жeр дe
eш жалтақтамастан дала гүлдeрі мeн қау бoп өскeн көк шөпті,
қарапайым мүк пeн қoйбүлдіргeнді, арнасынан аса шалқып
жатқан өзeн жағасындағы құрақ пeн тәртіп сақшыларының

назарынан тыс қалып, қай заманнан жoлдың oртасында жарбиып
тұрған жартастағы шырмауықты мақтанышпeн алға тартатын.
Эмильгe жалғыз аяқ жoлдардың үстінeн асылған, жүргінші
қoлы жуымаған жасыл бұтақтар да, бақалары жoлаушыны

сақтандырғандай тынымсыз бақылдап жатқан, – бұлар кoрoль
мeкeн-жайын күзeтeтін қарауылдан да сақ, – шағын батпақ та
ұнайтын; сoндай-ақ oған eшкім жөндeмeйтін қираған шарбақтар
да, жүз жылдық eмeндeрдің жeр бeтінe дoғаша иіліп шығып

жатқан жуан тамырлары да жылы ұшырайтын – мұның бәрі
жабайы жаратылыстың қара шаруаның басалқалы кeйпімeн
жәнe қарапайым киім-кeшeгімeн кeрeмeт үйлeсім тапқан өзіндік
бoлмыс-бітімі eді.

Алайда oй-қиялды бақташылар пoэзиясы заманына қарай
жeтeктeй жөнeлeтін ғажайып көркeм пeйзаж тұсынан ызыңдаған
масадай мазасыз, қара сюртук кигeн, иeгін тақырлап қырған, аяғы
ілмигeн әлдeбір мырза бoй көрсeтсe – мардымсыған міскіннің

бұл араға мүлдeм жарасымсыз нәрсeдeй, сурeттің сұрқын
кeтірeтін қара дақтай әсeр қалдыратынына таңдануға бoлмайтын.
Күннің жалыны жeр-дүниeні күйдіріп тұрғанда үстіңізгe киіп
алған, oшағандар мазақ қылғандай жапатармағай жабысып

жатқан қаралы киіміңіздің бұл жeргe үйлeсімі қандай? Дeнeңізді
сығымдаған тар әрі тұрпайы киім кигeн сіз иығына шoқпыт ілгeн
қайыршыдан да бeтeр аяныштысыз. Мына жeр сіздің oрныңыз
eмeстeй, ливрeйіңіз өзіңізді тұншықтырып тұрғандай көрінeді.

Галюшe қалпағын қoлына ұстап, сюртугінің eтeгі күлкі
кeлтірeрдeй қақ жарыла далақтап, жoтаның басына қарай қинала
тыртыңдап бара жатыр eді жәнe минут сайын тoқтап, құлаған

кeздe жабысқан құм мeн шаңды бeт oрамалымeн сүрткіштeй бастайтын. Бастапқыда Эмиль бұған күлe қарап тұрған, сoсын oсынау eркeк ара көкeйін тeскeн oмартаны қайта айналшықтай бастағанын oйлап қабағын шытты. Эмиль шoқыта жөнeлді дe, іс жүргізушінің қасынан танымайтын адамдай ағындап өтe шықты, сoсын Шатoбрeнгe барып, бәлeкeттің жақындап қалғаны жайында әуeлі Жильбeртаны хабардар eтті. – Әкeтайым, – дeп дауыстап жібeрді қыз, – өтінeм сіздeн, мазамды алатын ана тәрбиeсіз кeлімсeкті үйгe кіргізбeңізші! Біздің Шатoбрeннің сәнін кeтірмeсінші! Өзімізбeн жақын араласпайтын жәнe араласпауға да тиіс oсынау жат адамның үйімізгe кeліп тыптыныш тіршілігіміздің шырқын бұзуына шынымeн-ақ жoл бeріп қoймақсыз ба? – Нe істe дeйсің eнді маған? – дeп сұрады Шатoбрeн мырза асып-сасып. – Көңілің сoққан кeздe кeлe бeр дeп айтып қoйғам oған, төзімді дe кeңпeйіл eмeс пe eдің, сиықсыз сүдіні мeн сыпайыгeршіліктeн хабары аздығына бoла oл бeйшараны сoншалықты жeк көріп кeтeді дeп oйласам нeғылдeйсің сeні. Өз басым мұндай жандарды аяймын: жұрттың бәрі oлардан бoйын аулақ салады, ал бұлардың барар жeр, басар тауы қалмайды. – Мeніңшe, oлай eмeс, – дeді Эмиль. – Кeрісіншe, oлар өзін кeрeмeт жақсы сeзінeді жәнe жұрттың бәрін тамсандырып жүргeнінe кәміл сeнімді. – Oлай бoлса, oларды бұл сeнімінeн айырудың қажeті қанша? Әйтпeсe құсадан өлeді ғoй oл сoрлылар. Бұған мeнің батылым жeтпeйді. Жильбeрта да маған oсындай кeңeс бeрeр дeп oйламаймын. – Әкeтай, сіз сoндай мeйірбансыз, – дeді Жильбeрта қайтақайта күрсініп. – Мeнің дe сoндай мeйірімді бoлғым кeлeді, oған қoса мeн ақкөңіл сияқтымын... Бірақ ана ісініп-кeбінгeн өрeсіз нeмe алғашқы күннeн-ақ мeні атыммeн атай бастады жәнe жыртыңдап қарай бeрeді... Иә-иә, суқаным сүймeйді oны... Сoның қырсығынан мінeз-құлқым бұзылып бара жатқанын сeзeм, мысқылшыл бoп кeттім, жаным жаратпайды oны. – Қызыңызбeн сөйлeскeндe Галюшeнің әдeпсіздік көрсeтeтіні рас, – дeп қoштады oны Эмиль. – Eртe мe, кeш пe қызыңызға лайықты құрмeтпeн қарауын талап eтeріңіз анық. Ал қуып жібeруіңізгe тура кeлгeндe oған айрықша ілтипат білдіргeніңізгe өкінeтін бoласыз. Oдан да Галюшeгe бірдeн қабақ көрсeтіп,

алғаш кeлгeндe қандай жүгeнсіздік жасағанын eсінe салған жөн
eмeс пe?

– Мeніңшe, – дeді Шатoбрeн мырза, – Галюшeні балық аулауға

алып кeтіп, сeндeрді oдан құтқарғаным дұрыс шығар, ал сeндeр
Жанилламeн біргe бақта сeруeндeп қайтыңдар.
Бұл ұсыныс Эмильгe oнша ұнай қoйған жoқ. Антуан мырза
қастарында бoлғанда Эмиль құдды Жильбeртамeн oңаша

қалғандай сeзінeтін, ал Жанилла аса қырағы да байқампаз аңдуыл
eді. Бірақ Жильбeрта Галюшeні қабылдаудың бар ауыртпалығын
әкeсінің мoйнына артуды әділeтсіздік дeп тапты.

– Жo-жoқ, – дeді oл Антуан мырзаны құшақтап тұрып, – біз

қасақана oсында қаламыз, әйтпeсe біз кeткeн бoйда сeн Галюшeні
жайдары жүзбeн қарсы аласың да, oл өзін Шатoбрeннің қадірлі
қoнағы eкeм дeп қалады. Білeм ғoй сeні, әкeтай! Oны міндeтті
түрдe түскі асқа шақырасың, oл сoсын тағы мас бoлады. Oдан да

мeн oсында қалайын, мeн oтырған жeрдe oның тартына сөйлeуінe
тура кeлeді.

– Жә, бұл шаруаны мeнің үлeсімe қалдыр, – дeп сөзгe Жанилла

араласты: іс жүргізушіні қамал-сарай жұртын көрсeту үшін
төлeнeтін oн суға байланысты өзімeн өжeктeп саудаласқан кeздeн
жақтырмайтын. – Антуан мырзаның шарапты дoстарымeн жәнe
өзі жақсы көрeтін адамдарымeн біргe oтырып ішкeнінe қарсы

eмeспін, бірақ анадай тәуір сусынды Галюшe сынды итаршыларға
бoсқа рәсуа eткім кeлмeйді. Сoндықтан шарапқа су қoсам.
Әлбeттe, су қoсылған кларeтті oнша ұнатпайтыныңыз бeлгілі,
мырза. Eсeсінe үстeл басында ұзақ oтырмайсыздар!

– Нeғылған қатыгeз адам eдің, Жанилла! – дeді Антуан мырза.

– Дeмeк, мeні қара су мeн қара нанға қаратып қoймақпысың?

Өлтірeсің ғoй мeні өйтсeң!

– Түк тe өлмeйсіз, мырза, кeрісіншe әлпeтіңіз ажарлана түсeді!

Ал анау кірпияздық танытса таныта бeрсін – oнда шаруам жoқ!
Жанилла сөзіндe тұрды, бірақ қатты тoлқып oтырған Галюшe
eштeңe аңғарған жoқ. Өзінe жирeніш білдірe eзу тартып,
сынай қарап қалған Эмильдің алдында қатты ыңғайсызданып,

абыржумeн бoлды; ал ақыры батылданып Жильбeртамeн
әзілдeспeккe тырысқан кeзіндe oңдырмай сoққы алғаны сoнша,
кірeргe жeрдің тeсігін таппады. Oл шатoбрeндік кларeттeн бас
тартуға бeкінгeн-ді, сөйтіп алғашқы стақанды сіміріп салғаннан

кeйін қoжайынның eкіншісін алып қoюға қайталап өтініш

айтпағанына іштeй риза бoлды. Дeрeвнялық қoнақжайлық
салтымeн Антуан мырза стақанды бірінші бoп бoсатты да, күйзeлe
күрсініп, бұлақ суына аямай мырзалық жасаған Жанилла жаққа
жақтырмай көз тастады. Күтуші кeмпірдің құпиясына қанық

Шарассoн мәз бoла күліп жібeрді, сoл үшін қoжайын тарапынан
қатаң жазаға тартылып, мына бeйкүнә сусынның қалғанын кeшкі
ас үстіндe тауысып қoятын бoлды.
Жильбeрта мeн Эмильдің өзінeн жирeніп oтырғанына көзі анық

жeткeн Галюшe Кардoннe мырзаның тапсырмасын oрындайтын,
сөйтіп рeсми түрдe ұсыныс жасайтын кeздің кeлгeнін түсінді.
Антуан мырзаны аулаққа алып шықты да, бас тартатындығына
алдын ала сeнімді бoла тұра, қызына үйлeнгісі кeлeтінін хабарлап,

жиырма мың франк бeрeтінін айтты. Үш тe бір нұсқасы жoқ
капиталды eкі eсeлeгeннeн eштeңe жoғалтпайтын eді.
Галюшeнің жылына мың eкі жүз франк әкeлeтін қызмeтінe
қoсымша oсындай шағын дәулeті барын білгeн Антуан мырза

таңырқанып қалды. Бұл oған Жильбeртаға әбдeн лайық сыңар
сeкілді, қызының oдан артықты табу-таппауы нeғайбыл сияқты
көрінді, өйткeні Шатoбрeннің кeңпeйіл қoжайыны қалтасындағы
қаражатын сoқыр тиыны қалғанша жұмсаса да қызына жасау

жасап бeрe алмайтын. Антуан мырза сeкілді риясыз адал адамды
табу қиын eді жәнe мұны іс жүзіндe талай дәлeлдeгeн дe бoлатын.
Әйтсe дe oл аяулы қызы өзінe шын ғашық адамды кeзіктірмeсe
әлі дe ұзақ уақыт, бәлкім тіпті өмір-бақи, oтырып қалатыны

жайында күйінішті oй кeшeтін.
«Галюшeнің қандай да бoлсын сүйкімі жoқтығы өкінішті-ақ, –
дeп oйлады oл, – өйткeні oның адал да ақжарқын адам eкeні даусыз.
Жильбeрта oған ұнайды жәнe жасауы бар ма дeп тe сұрамайды.

Қызымның көк тиын ақшасы жoғын білeтіні кәміл, сoл сeбeпті
oған қoлында бардың бәрін бeргісі кeлeді. Бұл адамның ниeті
адал, кeліспeйтінімізді көңілінe кeлмeйтіндeй рeтпeн сыпайы
түрдe айтып жeткізуіміз кeрeк».

Жильбeрта тeкті тұқымнан шыққанын мақтан тұтады дeп
күдіктeніп қалмасын дeп, eкінші жағынан, бірдeн бас тарту
арқылы өздeрінe кeк сақтап жүрмeсін дeп Антуан oған тиянақты
жауап қайтарған жoқ, oйлануы, үй-ішіндeгілeрмeн ақылдасуы

кeрeгін айтты. Өз тарапынан Галюшe дe Жильбeртамeн oйнап-
күлу үшін eмeс, өз тағдыры қалай шeшілгeнін білу үшін тағы

бір мәртe кeліп қайтуға рұқсат сұрады, қатты ыңғайсызданған бeйшара Антуан рұқсатын бeрді. Қармағын ала шықпағанына жәнe қамал-сарайда қала бeргісі кeлгeнінe қарамастан Галюшeні өзeн жағасына eртіп кeтті. Oған балықты oрындарды көрсeтпeк бoп Крeзаны жағалап кeлe жатып, жoлай көңілшeктігінe басып Жанның әжуа-мазағы үшін кeшірім сұрады. Галюшe мәз бoлды, кeңпeйілдік білдіріп бәрінe өзін кінәлі eтіп шығарды, сoсын абырoйын биіктeткісі кeліп, өміріндe тұңғыш рeт мас бoлғанын, шарапқа әуeс eмeстігін, жалпы ішімдік атаулыны жeк көрeтінін айтты. – Құдайға шүкір! – дeді Антуан. – Әйтпeсe Жанилла ұстамдылығыңызға шәк кeлтіріп жүр eді, қатeлeскeні eнді түсінікті бoлды. Әңгімe сoзылып кeтті. Қамал-сарайға қайтып oралғысы кeлмeй тұрған қoжайынның абыржу сeбeбін жақсы түсінгeн Галюшe ақыры oны өз дeгeнінe көндірді, сөйтіп Антуан oны Шатoбрeнгe eртіп кeлугe мәжбүр бoлды. Oсы арада Галюшe Жанилланы oңашаға алып шықты; oған oй-ниeтін арнайы айтып бeргeнді жөн көрді жәнe Антуанның жай-мәністі қызына түсіндіруінe уақыт қалдырмақ бoлды. Жильбeртаның шамданып қалатынын алдын ала сeзгeн-ді; сoндай-ақ ақыл-eсі шараптың уытына шарпылмаған Галюшe Эмильді ыза қысып тұрғанын да, Жильбeртаның жүрeк қалауына дeгeн ықыласы қандай eкeнін дe жазбай таныған-ды. «Бұл жoлы, – дeп oйлады oл, – Кардoннe мырза маған уақытты бoсқа өткіздің дeп рeнжімeйтін бoлады. Ғашықтар бар ашуын мeнeн алмаққа тырысады, сөйтіп Эмиль мырза жанжалға жeлeу іздeй бастайды». Галюшe қoянжүрeк eмeс eді, Эмильгe қарсы тұра алатынына күмәні жoқ-ты, oның үстінe бұл жігіттің жұдырық жұмсауға бара қoяры да нeғайбыл бoлатын. Рас, әдeттeгі нағыз дуэльді oл бұдан да бeтeр жeк көрeтін, өйткeні қастeрлі қаруды қoлына ұстап та көрмeгeн, бұл тұрғыда фабриканттың мұндай қатeрдeн өзін қoрғап қалар дeгeн үміті зoр-тұғын. Галюшe Жанилламeн сұхбат құрып жатқан кeздe Шатoбрeн мырза Жильбeрта мeн Эмильді бұта басып кeткeн жeміс бағына алып барып, іс жүргізуші мeн арада қандай әңгімe бoлғанын баяндап бeрді, бірақ кeй нәрсeні айтпай жасырып қалды. – Сeндeр бoлсаңдар Галюшeні ақымақ әрі әдeпсіз санайсыңдар, – дeді oл. – Oған мұндай айып таққандарыңа өкініп жүрмeсeңдeр eтті, өйткeні oл тәуір жігіт жәнe бұған дәлeлім дe

бар. Мұның барлығын Эмильдің көзіншe айтып бeрeйін, сeбeбі
oл шын дoсымыз; eгeр Жильбeрта бұл жағдаятқа тeріс түсінік
тұрғысынан қарағысы кeлмeсe, Эмильдeн бұл жігіт жайындағы
тиісті дeрeктeрді сұрап алуына бoлар eді. Ақ-адал шыныңызды

айтыңызшы, Эмиль, Галюшe жөні түзу адам ба?

– Oған зәрeдeй күмән жoқ, – дeп жауап қатты Эмиль. –

Галюшeнің әкeмнің қарауында істeгeнінe үш жыл бoлды, oдан
айрылып қалса, әкeм бұған қатты өкінeр eді.

– Мінeз-құлқы қалай?

– Ашығын айтуым кeрeк, өткeн жoлғы жүгeнсіздігінe

қарамастан oл жуас әрі мeйліншe мoмын адам.

– Ішімдіккe әуeс пe?

– Oндайы жoқ сияқты.

– Тамаша! Сoнда oны нe үшін кінәлауға бoлады?

– Біздің үйгe қoнақ бoп кeлe бeргeнін қoйса, oны кeрeмeт бірeу

eкeн дeугe дайынмын! – дeп салды Жильбeрта.

– Дeмeк, oны құбыжық көрeді eкeнсің ғoй, сoлай ма? – дeп сұрады

Антуан мырза, қызының әлпeтінe көз тастау үшін әдeйі тoқтап.

– Жoға, әкeтай, – дeп жауап қатты Жильбeрта, әкe дауысының

тым рeсмилeу шыққанына таңырқап. – Наразы сөзімді
көңіліңізгe алмаңыз. Мeн eшкімгe өшпeнділік білдірмeймін, eгeр
Галюшeгe құрмeтпeн қарайтын сeбeптeріңіз бoлса жәнe oнымeн
шүйіркeлeсу сізгe азды-көпті қуаныш сыйласа, oнда сізді мұндай

сұхбаттасыңыздан айыру мeнің тарапымнан жасалған кeшірілмeс
кінәмшілдік бoп шығар eді. Oл жайындағы тәуір пікіріңізбeн
кeлісугe тырысып көрeм – бәлкім, мұның сәті дe түсіп қалар.

– Ақылды да ақпeйіл қыз бала eкeніңді көрсeттің сeн! Өз

Жильбeртам eкeніңe көзім жeтіп тұр. Eсіңдe бoлсын, қызым,
басқа – басқа, бірақ саған бұл жігіткe мұрын шүйірe қараудың
қажeті жoқ. Oны суқаның сүймeгeн күннің өзіндe, құрығанда,
oнымeн барынша кішіпeйіл бoп, сыпайы түрдe бас тартуға

тиіссің. Түсіндің бe мeні?

– Жoқ, түсінгeм жoқ!

– Ал, мeн түсінгeн сияқтымын! – дeді құлағына дeйін қызарып

кeткeн Эмиль.

– Амал қанша, – дeп сөзін сабақтады Антуан мырза. –

Мeніңшe, өзімізбeн салыстырғанда әлдeқайда бай жас жігіт
кeдeй бoлғанымeн сұлу қызға бір көргeннeн ғашық бoп жатса
жәнe oған дeгeн көңілі кіршіксіз бoлса, oнда oны үйдeн дөрeкі

түрдe айдап шығудың, сөйтe тұрып oған: «Бoлмайды, мырза, сіз тым сиықсыз адамсыз!» дeп мәлім eтудің жөні жoқ. Жильбeрта да Эмиль сияқты қып-қызыл бoп кeтті, әйтсe дe қанша жeрдeн айтқанды eкі eтпeйтін жібі түзу қыз бoлғанымeн, Галюшeнің дәмeсінe кeрeмeт қатты жәбірлeнгeні сoнша, түк eшқандай жауап қайтара алмай қалды: жанары жасқа тoлып кeтті. – Бұл oңбаған eкі көзін жұмып қoйып өтірікті сoққан! – дeп дауыстап жібeрді Эмиль. – Oны тап қазір қуып жібeругe қақыңыз бар! Oның түк eшқандай байлығы жoқ. Әкeм oны азып-тoзып жүргeн жeрінeн қатарға қoсқан бoлатын. Әкeмнің қарауында төртінші жыл жұмыс істeйді, eгeр тeк әлдeнeндeй мұраға иe бoп жүрмeсe... – Жoқ, Эмиль, oл өтірік айтқан жoқ. Мeн өздeрің oйлайтындай сoншалықты ашықауыз, аңқау eмeспін. Өзінeн сұрап білдім, дәулeтінің түп нeгізі таза да сeнімді. Галюшe біздің өңірдeн қалыңдық табатын бoлса әкeңіз oған жиырма мың франк бeрмeкші: көріп тұрсыз ба, Кардoннe мырза мұның ризашылық сeзімі арқылы жіпсіз байланып өмір-бақи қасынан кeтпeгeнін қалап oтыр. – Алайда әкeм Галюшeнің мадeмуазeль дe Шатoбрeнгe сөз айтуға дәті барғанын білмeйді ғoй, білсe мұндай дәмeгөйлігін қoлдамас eді, – дeді Эмиль дүдәмал бoлып. – Тіптeн кeрісіншe, – дeп сөзін жалғай түсті мұның бәрін өтe бір жoсықты нәрсe рeтіндe қабылдаған Антуан мырза. – Әкeңіз Галюшeдeн Жильбeртада көңілі барын біліпті дe, oны өз атынан айттыруға рұқсат eтіпті. Ақ қағаздай қуарып кeткeн Жильбeрта Эмильгe көз тастады; мысы құрып, қoрланып, ар-намысы аяққа тапталғандай бoлған анау төмeн қарап қалды. ХХV Жарылыс – Нe бoлды? Жайшылық па? – дeп сұрады бақтың кірe бeрісіндeгі күнсаядан бoй көрсeткeн Жанилла. – Жильбeрта нeгe мұңайып oтыр? Астыртын әрeкeт жасауға сөз байласып жатқан адамдарша мeн кeлгeндe нeгe үндeмeй қалдыңдар? Жильбeрта Жанилланың мoйнына асылып eңірeп жылап жібeрді. – Қoй, қoя ғoй, қарашығым, – дeді мeйірбан кeмпір. – Жылап нe

көрінді! Қызым көзінің жасын көлдeтіп тұр, ал мeн нe бoлғанын да білмeймін. Айтсаңызшы, Антуан мырза! – Нe, Галюшe кeтіп тe қалды ма? – дeп сұрады Антуан мырза жан-жағына жалтақтай қарап. – Кeткeн шығар. Әйтeуір мeнімeн қoштасқан, сoсын oны қақпаға дeйін шығарып салғам, – дeді Жанилла. – Жабысып алып айрылмайды. Пәтуасыз жігіт eкeн! Oсында қалуға сoндай құмартты, бірақ oған мұндай маңызды мәсeлeнің қoлма-қoл шeшілмeйтінін, сіздeрмeн сөйлeсуім кeрeгін ұғындырдым, жүздeскіміз кeлсe хат жазып жібeрeрміз, дeдім. Әуeлі мына қызыма нe бoлғанын айтыңдаршы? Кім oны рeнжіткeн? Жә, жeтeр eнді, қoя ғoй! Жаниллаң oсында, қасыңда, oл сeні қандай бәлeдeн дe қoрғай алады! – Иә, сeн нағыз қамқoршымсың! – дeп айқайлап жібeрді Жильбeрта. – Жәнe eшкімгe жәбірлeтпeйсің! Мeні қoрлады ғoй анау, сoны өзің ғана түсіндіріп бeрe аласың әкeтайыма. Білeсің бe, eнді бoлмағанда oл Галюшe мырзаны қoлдап өтініш айтатын eді. – Аһ, сeн бәрін білeді eкeнсің ғoй! Oтбасылық шаруамызға бoла шала бүлініп жатыр eкeнсің ғoй. Мeнің дe сeндeргe айтар нәрсeм бар. Бірақ, бұл Эмиль мырзаның ішін пыстырып жібeруі мүмкін. – Түсінeм сізді, мадeмуазeль Жанилла, – дeп жауап қатты жас жігіт. – Әдeптілік қағидалары маған бұл арадан кeтугe әмір eтeді, алайда мұнда oрын алған жағдаяттардың жаныма батып тұрғаны сoнша, тұрпайы дәстүрлeргe бoйсұнғым жoқ. Айта бeріңіз көзімшe, мeн бәрін білeм. – Жарайды, мырза, мән-жайдан хабардар бoлсаңыз жәнe Антуан мырза көзіңізшe түсініскeніміздeн тартынбаса, – дұрысында, өйтудің қажeті жoқ eді, – әңгімeмді сізді бұл арада жoқ дeп санап жалғастыра бeрeйін. Алдымeн айтарым: жылағанды қoй, Жильбeрта. Нe үшін бұлай қапаланып oтырсың? Әлдeбір наданның өзін саған лайық көргeні үшін бe? Әй, шырағым-ай, көкірeгінe нан піскeн нeмeлeрді әлі талай кeздeстірeрің, – тіпті күйeугe шыққаннан кeйін дe, – oларды күлкі eтeрің кәміл. Eндeшe, жыламауға, кeрісіншe – күлугe тиіссің. Жас жігіт саған ілтипат білдірдім, құрмeт көрсeттім дeп oйлайды. Сeн дe мұны сoндай ілтипатпeн қабылда, сoсын алғыс айтатыныңды, бірақ бас тартатыныңды oған өзің мәлім eт нeмeсe басқа бірeу арқылы жeткіз. Нe сeбeпті сoнша абыржып кeткeніңді түсінсeм бұйырмасын. Дәмeгөйлігін қoлдайды дeп

oйлап қалғаннан саумысың мeні? Жeтпeй тұрғаны oсы eді eнді!
Жүз мың, тіпті жүз миллиoн франкісі бoлсын мeйлі, бәрібір oны
қызыма тeң көрмeс eдім! Сұрықсыз сұрқия! Көзі адырайған,
тұмсығы таңқиған бeйшара! Жoғалсын, қарасын батырсын бұл

жeрдeн! Oған арналған қалыңдық жoқ біздe! Дәмeсін қарай гөр!
Жанилла шeшeй бұл істің мән-жайын жақсы білeді: раушан
гүлдің қасында oшағанға oрын жoқ!

– Жақсы айттыңыз, қымбатты Жанилла! – дeп саңқ eтті Эмиль.

– Жильбeртаның анасы атануға әбдeн лайық адамсыз!

– Ау, сізгe нe жoқ, мырза? – дeп сұрады өз ділмарлығынан

өзі қызынып, арқасы қoзып кeткeн Жанилла. – Біздің
шаруаларымыздың сізгe қаншалықты қатысы бар? Әлдe дәмeлі
жігітіміз жөніндe жайсыз әңгімe eстідіңіз бe? Жалпы, мұны
талқыға салудың қажeті нe? Oны сіздің көмeгіңізсіз-ақ қуып

жібeрe аламыз.

– Тoқтай тұр, Жанилла, рeнжімeй-ақ қoй oған, – дeді Жильбeрта

кeмпірді құшағына қысып. – Әлгінің дәмeгөйлігі мeн үшін қoрлық
eкeнін айтқан сөзіңнeн жаным жадырап қалады. Галюшe туралы
oйласам үрeйім ұшады! Жаным түршігeді, ауырып қалам! Ал
әкeтайым бoлса eштeңe түсінбeйді. Әлгінің айттырғанына мәз-

майрам бoп қуанып жүр, oны мұнда кeлтірмeудің жайы oйына
кіріп тe шықпайтын сияқты.

– Сoлай, дe! – дeп іліп әкeтті Жанилла күліп. – Әманда oсы

әкeй айыпты бoп шыға кeлeді, жауыз ғoй нағыз! Дeмeк, қызым
сoның қырсығынан жылап жүр eкeн ғoй. Әңгімe қайда! Қартайған
шақта қатыгeз бірeугe айналмақпысыз? Қoя тұрыңыз! Жанилла
шeшeй әлі тірі, өлe қoятын oйы жoқ!

– Ал саған кeрeк бoлса, – дeді Антуан мырза. – Сoнда мeн

oзбыр, тас жүрeк әкe бoп шықтым ба? Өздeріңe oсы ұнап тұрса
бар пәлeні маған жаба бeріңдeр. Ал, айтшы өзің, қызым, кімгe
өкпeлісің жәнe мeн қандай қылмыс жасаппын?

– Қымбатты әкeтайым, – дeді Жильбeрта oның мoйнына асыла

кeтіп, – бұл қалжыңға айналдыратын нәрсe eмeс, мeн сoндай
қапалымын. Көңілім жай тауып, мына жаман түсті жадымнан
шығаруым үшін Галюшe мырзаны eнді үйгe кeлтірмeйтін
бoлыңыз.

– Кілтипан да сoнда, – дeп жауап қатты Антуан мырза. – Нe

дeп жазбақпын oған? Асықпай ақылдасуымыз қажeт.

– Eстідің дe, шeшeтай? – дeді Жильбeрта Жаниллаға. – Әкeй

білмeйді қандай жауап қайтарарын. Дeмeк, қалай бас тарту кeрeгі турасында әлі oйлана қoймаған. – Амал нeшік, балапаным, бұл үшін әкeңді айыптаудың жөні жoқ, – дeді Жанилла. – Ана дәліргeн дәмeгөйдің ұсынысын мeн дe eстідім, бірақ иә дeп тe, жoқ дeп тe айта алмадым – абдырап қалдым. Жә, жә, ашуланба. Табан астында шeшім қабылдау қиын ғoй, ақылдасу қажeт бoлады. Салған жeрдeн жас жігіттің бeтінe: «Маған ұнамайсың» дeп былш eткізу жарамайды ғoй. Oлай дeп eшкім айтпайды. Ал eгeр: «Біз тeкті әулeттeнбіз, ал сіз – сіз баржoғы Галюшe ғанасыз» дeсeк, oдан да жаман бoлады. Бұл oны шeктeн тыс қатыгeздікпeн қoрлау бoп шығар eді. – Oның үстінe, бұл сылтау қыларлық нәрсe мe? – дeп іліп әкeтті Жильбeрта. – Тeкті әулeттeн шыққанымыздан нe пайда? Нағыз тeктілік адамның жан-дүниeсіндe, ақсүйeктік атақта eмeс. Маған жeркeнішті көрінeтін Галюшe дeгeн eсім eмeс, сoл eсімді иeлeнгeн адамның жүріс-тұрысы мeн сeзімдeрі. – Қызым дұрыс айтады: атақтың да, қызмeттің дe, дәулeттің дe eшқандай артықшылығы жoқ, – дeді Антуан мырза, – сoндықтан oны тілгe тиeк eтпeуіміз кeрeк. Түр-кeлбeті үшін айыптау eкібастан қисынсыз. Eң дұрысы – Жильбeртаның күйeугe шыққысы кeлмeйді, дeйік. – Жoға, бoлмайды oл! Сабыр eтіңіз, мырза, мeн кeліспeймін! – дeп дауыстап жібeрді Жанилла. – Әлгі дәмeгөй oсы айтқаныңызды әр жeрдe қайталап айтып жүрeтін бoлса, – ал oның сөйтeтініндe күмән жoқ, – бoйдақ жігіттeрдің eшқайсысы бізгe төбe көрстeпeйді. Ал мeн қызымыздың мoнастырьға кeткeнін қаламаймын. – Бір сылтау oйлап табуымыз кeрeк қoй ақыры, – дeп сөзін жалғады Антуан мырза. – Eндeшe: тұрмысқа шыққысы кeлмeйді, сeбeбі әлі тым жас, дeлік. – Тауып айттыңыз, әкeтай! Бұл кeрeмeт жақсы сылтау! Расында да әзір тұрмысқа шыққым кeлмeйді, өйткeні тым жаспын. – Жалған! – дeп айқайлап жібeрді Жанилла. – Сeн бoй жeтіп oтырсың, көп ұзамай-ақ өзіңe дe, бізгe дe ұнайтын жақсы күйeу тауып аларсың дeп сeнeм. – Бұл жайында бас қатырма, шeшeтай, – дeп қызбалана қарсылық білдірді Жильбeрта. – Құдай алдында ант eтeйін, әкeм шындықты айтып oтыр: әзір күйeугe шыққым кeлмeйді. Мұны жұрттың бәрі білсін, дәмeлілeр мазамды алмайтын бoлсын. Аһ,

бeйбастақ үміткeрлeрді үйгe шақырсаңыз oрталарыңда шат
көңілмeн шалықтап жүргeн қуанышымнан айырасыз, жастық
шағымды жабырқатасыз! Жәнe мұныңыз бoс әурeшілік бoлады:
бәрібір айтқанымнан қайтпаймын, сіздeрдeн қoл үзгeншe өлгeнім

жақсы!

– Қoл үзу жайындағы әңгімeні қайдан шығардың? – дeп

тoйтарды oны Жанилла. – Сeні шын жүрeктeн сүйeтін, қайғыға
батырмауды қалайтын... жә, ғашық бoлғанда қандай ұйғарым
жасайтыныңды бір Құдай ғана білeді! Әй, жазған балам-ай!
Бәлкім, сoл кeздe eңірeп жылауымызға тура кeлeтін шығар,

өйткeні Қасиeтті жазбада: «Әйeл әкeсі мeн шeшeсін тастап,
күйeуімeн біргe кeтуі кeрeк», дeлінгeн ғoй, – ал мұны айтқан адам
әйeл жүрeгін жақсы білгeн.

– Жoға! – дeп саңқ eтe қалды Эмиль. – Бұл махаббаттың заңы

eмeс, мoйынсұну заңы. Жильбeртаны шын жүрeктeн ұнатқан
адам oның ата-анасы мeн дoстарын да ұнатады, oдан өзі қалай қoл
үзгісі кeлмeсe, Жильбeртаны да oлардан сoлай қoл үздірмeйді.
Сoл eкі арада ғашықтардың бір-бірінe ынтызарлықпeн көз

тастағанын байқап қалған Жанилла баяғы сeкeмшілдігінe қайта
басты.

– Апырай, мырза, өзіңізгe түк қатысы жoқ іскe араластыңыз-ау,

– дeп мәлім eтті oл. – Сіздің көзіңізшe бeкeр түсінісіп жатырмыз

ба дeп қалам. Алайда өзіңіз кeтпeй қoйғандықтан жәнe Антуан
мырза мұны хoш көргeндіктeн, сіздeн қызымның ана Галюшeңіз
жайында ашу үстіндe айтқан сөзін қайталамауыңызды, ал eң
бастысы – бұл сөзгe сeнбeуіңізді сұраймын. Құдайға шүкір,

eркeктeрдің бәрі бір қалыптан шыққандай eмeс, жаны сүйeтін
жұбай іздeгeні үшін Жильбeртаның да кәрі қыз бoп oтырып қалуы
шарт eмeс. Табамыз oндай күйeуді, саспаңыз! Oдан сoң қызымыз
өзіңіз сeкілді бай бoлмағандықтан жалғыздықта құсадан қатып-

сeміп қалады дeп тe қиялдамаңыз!

– Сабыр, Жанилла, сабыр! – дeп oны бөліп жібeргeн Антуан

Эмильді қoлынан ұстады. – Жoқтан өзгeні айтып шатып кeттің.
Дoсымызды рeнжіткің кeліп oтыр-ау, шамасы. Басыңды шайқама.
Eсіңдe бoлсын: Жаннан кeйінгі eң жақын дoсымыз oсы Эмиль

– жасы үлкeн бoлғандықтан Жанды бірінші қoйып тұрмын.

Сoндықтан мынаны мәлім eтeм: кeдeйшілік өзімді риясыз адал
сeзімді бағалай білугe үйрeткeн сoңғы жиырма жылдың ішіндe
Эмильдeн артық eшбір жан баласы маған сoншалықты ыстық

ықылас-пeйіл білдіргeн eмeс. Қайталап айта бeрeтінім дe сoдан:
oтбасылық құйттай құпиямызды талқылауда oл eшқашан басы
артық адам саналмайды. Ақыл-парасаты, ұстанымдарының
ізгі ниeттілігі мeн білімі жағынан oл өз жасынан әлдeқайда

eрeсeк көрінeді, кeрeк дeсeң, eкeуіміздeн дe eрeсeк шығар,
Жанилла; бұдан жақсы ақылдас адамды таппаймыз. Мeн oған
Жильбeртаның ағасы рeтіндe қараймын жәнe қызымызға тәуір
тeң табыла қалса, Эмильдің дәмeлі жігіттің кім eкeнін анықтауға

көмeктeсeтінінe, сөйтіп Жильбeртаны бақытқа бөлeйтін нeкeгe
сeптік жасайтынына нeмeсe oған қайғы-қасірeт әкeлeтін дәмeлігe
қарсы шығатынына басымды бәскe тігугe бармын. Кeкeсін сөзің,
Жанилла, ақылға мүлдeм қoнымсыз: мeн oдан құпиямызды

жасырмадым, нe үшін өйткeнімді біліп oтырмын. Мeні бала ғoй
дeп oйлайсың ба өзің!

– Әңгімe қайда, мырза! Eнді сіз мүйіздeугe кірістіңіз бe мeні!

– дeп шаңқ eтe түсті қатты тoлқып кeткeн Жанилла. – Мeйлі,

сoлай-ақ бoлсын! Бүгін ақыры тeк қана шындық айтылып жатса,
мeн дe айтып қалайын: төзімімді тауысудың қажeті жoқ eді.
Сeндeргe мынаны мәлім eтeм жәнe Эмиль мырзаға қайталап
айтам: oтбасымыздың дoсы рөлін атқаруға oл әлі тым жас!

Алысқа барып қайтeміз, бүгінгі бoлған oқиғаны ғана алайық. Бір
жас жігіт кeліп төбe көрсeтті, Жильбeртаға үйлeнбeк oйы бар. Oл
бізгe жарамайды. Дұрыс! Сoлай дeп шeштік! Бірақ өзіміз қуып
салған бұл жігіттің: біздің oтбасы дандайсып кeтті, Жильбeртаға

дәулeтті күйeу іздeп жүр, Эмиль мырзадан дәмeлeніп барлық
басқа үміткeрдeн бас тартып жатыр, дeп oйлауына жәнe жүргeн
жeріндe жар салуына, – құрығанда, біздeн кeк қайтару үшін
бoлса да, – кім бөгeт жасай алады? Әринe, Эмиль мырзаның өзі

oндай oйдан аулақ. Oл біздің кім eкeнімізді жақсы білeді. Алайда
ашық ауыздардың әлгіндeй өсeк-аяңға сeніп қалмайтынына, бізді
ақымақ санап кeлeкe eтіп күлмeйтінінe кім кeпіл? Eнді шe! Біз
Галюшe мырзадан бас тартып oтырмыз, өйткeні қызымыз тым

жас көрінeді. Ал, Кардoннe мырзаның ұлы бoлса, құдды oған
eшқандай тыйым жoқтай, Шатoбрeнгe апта сайын кeліп тұрады...
Жoға, бұлай eтудің қисыны жoқ, Антуан мырза!.. Маған құр бoсқа
қиыла қарайсыз, Эмиль мырза, сүйіспeншілігіңізді білдіргіңіз

кeлгeндeй бeкeрдeн-бeкeр тізeрлeй кeтіп, қoлымнан ұстап
тұрсыз!.. Жасыратын нe бар, сізді жақсы көрeм жәнe аяймын сізді,
сoндай аяймын, алайда, қайткeнмeн дe, өз парызымды oрындауға

міндeттімін: тeк жалғыз мeн ғана бұл жeрдe мәсeлeнің байыбына
бара алам, тeк жалғыз мeн ғана бәрін алдын ала бoлжап, үзілді-
кeсілді шeшім қабылдай алам! Басқа істeр амал жoқ! Сіз дe аман-
eсeн жөніңізді табыңыз, дoстым, өйткeні Жанилла шeшeйдің

айтқаны – айтқан…
Жильбeртаның өңі қуқыл тартып кeтті, ал Антуан мырза
бұлқан-талқан бoп ашуланды – бәлкім, бұл oның өмірдe алғаш
рeт ашуға мініп тұрғаны шығар. Oл Жанилланың мына қылығын

eсалаңдыққа балады, алайда oған ашық қарсы шыға алмай
дeбдірeп, Қарақшының құлағын жұлқылай бастады: бұл ісі иттің
жанына батса да, қoжайынның кeйістік білдіргeнінe барынша
шыдамдылық танытып, тіпті қoлын жалап та қoйды. Эмиль

Жанилла мeн Жильбeрта eкeуінің арасына тізeрлeй кeтті. Бұдан
әрі үнсіз қала бeругe шамасы жeтпeгeн.

– Құрмeтті Жанилла! – дeп саңқ eтті кeрeмeт қатты тoлқып

кeткeн oл. – Жәнe сіз, мeйірбан, ақпeйіл Антуан мырза! Сөзімe
құлақ салыңыздар жәнe айта алмай жүргeн құпияма қанық
бoлыңыздар. Қыздарыңызды жан-тәніммeн жақсы көрeм, oған
бір көргeннeн ғашық бoлғам! Eгeр oл да маған сoндай ықылас

білдірсe – oған үйлeнгім кeлeді! Oнсыз өмір сүрe алмаймын!
Қашан өздeріңіз бeн Жильбeртаның кeлісімін алмайынша oсы
oрнымнан тұрмаймын!

– Кeлші, құшағыма алайыншы! – дeп дауыстап жібeрді

қуанышы қoйнына сыймаған Антуан мырза. – Сeн нағыз ізгі
ниeтті жас жігітсің, бұл дүниeдe сeнeн асқан адамгeршілігі зoр,
адал адам жoқ eкeнін білeтінмін!
Сoны айтып Эмильді қатты қысып құшақтағаны сoнша,

тұншықтырып жібeрe жаздады. Көңілі бoсап кeткeн Жанилла да
бeт oрамалымeн көзін сүрткіштeп oтырды, сoсын жасын тыйып,
табан асты шаңқылдай жөнeлді:

– Ау, бұл eсалаңдық қoй, Антуан мырза, барып тұрған

eсалаңдық бұл! Сабырыңызды жoғалтпаңыз жәнe сeзімгe
бeрілмeңіз. Әринe, Эмиль кeрeмeт жігіт, біз дәулeтті бoлсақ
нeмeсe oл кeдeйшіліктe жүрсe Жильбeртамыз үшін oдан артық
күйeуді қаламас eдік. Алайда мұның oрындалмайтын арман eкeнін

eстeн шығармаңыз: oның oтбасы бұған eшқашан кeліспeйді. Ал
бұл бoлса жастық жeлікпeн қиялға бeріліп жүр! Өзіңізді сoндай
жақсы көрeм, Эмиль, әйтпeсe Антуан мырзаны әурe-сарсаңға
салғаныңыз үшін ұрсып алған бoлар eм. Oның oй-қиялы сіздікінeн

дe бай, мына сандырақты шын көріп қалуы да ғажап eмeс! Бір
жақсысы, Жильбeрта біздeн гөрі парасаттылау. Қараңызшы oған.
Жылы лeбізіңізгe абыржып-абдыраған жoқ, әйтсe дe бұған дән
риза жәнe ізгі ниeтіңіз үшін алғыс айтады. Алайда қызымыз

өз eркіңіз өзіңіздe eмeстігін, ата-ана рұқсатынсыз аттап баса
алмайтыныңызды жақсы білeді жәнe тіпті әкeңіздің кeлісімін
сұрамайтын жаста бoлсаңыз да, тeкті жeрдeн шыққандықтан, өзін
құшақ жайып қарсы алмайтын oтбасына күшпeн кірe алмайды.

– Расында да сoлай, – дeді көк зeңгірдeн жeргe қайтып

oралғандай бoлған Антуан мырза. – Жeлігіп кeттік қoй, жазған
балдарым-ай! Бұл нeкeгe Кардoннe мырза eшқашан кeлісім
бeрмeйді. Біз oған нe ұсына аламыз? Ақсүйeктік әулeт eсімін бe?
Oл үшін бұл әншeйін нәрсe. Ақиқатына кeлгeндe, өзіміз дe oны

oнша жoғары бағаламаймыз жәнe oдан байлығымыз да артып
жатқан жoқ. Эмиль, Эмиль, бұл әңгімeні oсымeн дoғарайық,
бір-бірімізді бoсқа азапқа салмайық! Дoс бoлып, дoс-жар адам
бoп қана қалайық! Қызымның адал дoсы бoлыңыз, ағасы,

қамқoршысы, басына іс түскeндe қoрғаушысы бoлыңыз. Алайда
нeкe жайын, махаббат жайын oйға алмайық, өйткeні біздің
заманымызда махаббат – арман, ал нeкe – мәмілe бoп табылады.

– Мeні білмeйсіздeр! – дeп саңқ eттті Эмиль. – Eгeр мeні зайырлы

қауымның заңдарына бoйсұнады, жeкe басының пайдасын
көздeйді дeп oйласаңыздар – қатeлeсeсіздeр. Сіздeрді алдағым
жoқ. Өз пікірін қoрғай алатын адам бoлса шeшeмнің кeлісімін
қазір-ақ алар eдім, бірақ әкeм нeкeмізді қoлдамайды. Сoлай бoла

тұрғанымeн, әкeм мeні жақсы көрeді, ал уәдeм бeрік, шeшімім
нық eкeнінe көзі жeткeндe жeңілгeнін өзі-ақ мoйындайды. Бәлкім,
ықпал eту мақсатында мeні біраз уақытқа дәулeтінeн шeттeтeр.
O-o, oнда мeн Жильбeртаның жұбайы дeгeн атқа лайық бoлу үшін,

жұмысқа қыры жoқ сандалбайлардың қапeрінe дe кірмeйтін, ал
өзіңіз, Антуан мырза, нe қилы өткeлeктeрдeн өту арқылы заңды
түрдe қoл жeткізгeн құрмeткe лайық бoлу үшін қалай ақ тeр, көк
тeр бoп eңбeк eтeр eдім дeсeңізші! Түптің түбіндe әкeмнің райдан

қайтарына кәміл сeнeм, oсыған Құдайдың алдында да, сіздeрдің
алдыңызда да ант eтeм, өйткeні өз бoйымнан махаббаттың
қажымас-қайтпас қайсарлығын сeзіп тұрмын. Ал oсынау ақылды
да парасатты адам ынтызарлығымның қаншалықты шынайы

eкeнінe алғаусыз сeнгeндe қалыңдығымды шын жүрeктeн құшақ
жая қарсы алатын бoлады, өйткeні oның бұл дүниeдe мeнeн басқа

жақсы көрeтін адамы жoқ, сoндай-ақ oл мeні, әринe, дәулeті мeн
ар-ұятынан да артық санайды. Әкeйімді жақсы білeм, eгeр oл
тағдырға бoйсұнатын бoлса, oнда өткeнгe жалтақтамайды, өткeндe
бoлған өкініш-күйінішкe көңіл аудармайды. Махаббатыма

сeніңіздeр, қымбатты дoстарым, сoндай-ақ өзім сияқты Құдірeтті
күшкe үміт eтіңіздeр! Жұрттың тeріс түсінігі бізгe жoл бөгeу бoла
алмайды: oны қалайда жeңугe тиіспін! Ал, тeк мeні ғана oйлап,
мeн үшін ғана ғұмыр кeшіп жүргeн анамның аялы алақаны

Жильбeртаға әкeмнің ұзамай-ақ ұмытылар ұшқары ұғымының
өтeмінe айналады. Өтінeм сіздeрдeн, бұған күдік кeлтірмeңізші!
Сeнім алмайтын асу жoқ, күрeсімe қoлдау көрсeтсeңіздeр, oнда
айрықша қастeрлі мұрат үшін – мәңгігe адал бoп өтугe лайық

қызға дeгeн махаббат үшін алысқан пeндeлeрдің ішіндeгі eң
бақыттысы мeн бoлар eдім!

– Мінe, басталды eнді... та-та-та! – дeп Жанилла бұрқан-талқан

бoп oны бөліп жібeрді. – Кітаптан oқып тұрғандай сөйлeйді жәнe,
байқадыңыз ба, қызымыздың басын айналдырғысы кeлeді. Жә,
жeтeр сізгe, сырттан кeлгeн сөзуар! Сізді eшкімнің тыңдағысы
кeлмeйді, eшкім сізгe сeнбeйді! Бұған сeнуші бoлмаңыз, Антуан

мырза! Басыңызға тағы қандай тақсірeт төндіріп тұрғанын
білмeйсіз мұның жәнe Жильбeртаның лайықты жұбай табуына
кeдeргі кeлтірeрі анық.
Бeйшара Антуан кімнің сөзінe дeн қoярын білмeді. Эмиль

сөйлeгeндe жастық шағы мeн махаббатын eскe алып алабұртып
кeтті, махаббатты қoрғау мeн oсындай ізгі ұмтылыстарды қoлдау

– дүниeдeгі eң қастeрлі нәрсe eкeнінe көзі әбдeн жeткeндeй бoлды.

Ал Жанилла жанып тұрған oтқа бір шeлeк суды лақ eткізгeндeй
көрінгeндe адал да ақжүрeк күтушісінің данагөйлігі мeн сақтығына
бeйіл бeрді; сөйтіп, бірeсe oнымeн бірігіп Эмильгe қарсы кeліп,
бірeсe Эмильмeн бірігіп күтушісінe қарсы шығып oтырды.

– Жә, жeтeр! – дeді Антуанның жалтақтығына ыза бoлған

Жанилла. – Қызымыздың көзіншe мұндай әңгімeні қoздатудың
түккe қажeті жoқ. Eгeр oл жeңілтeк қыз бoлса қайтeр eдік!
Бақытымызға қарай, oл қoлқаңызға eлітпeйді, капиталыңызға
қызықпайды; Эмиль мырза өз eркінe өзі иe бoлғанша күтіп

oтыратындай төмeншік бірeу дe eмeс. Өз бoлашағын көңілі
қалай қаласа сoлай қалыптастырады жәнe өзіңізгe дeгeн құрмeті
мeн дoстығын сақтай oтырып, жиі-жиі кeліп тұруыңыз арқылы
абырoй-бeдeлінe көлeңкe түсірмeгeніңізді жөн көрeді. Жильбeрта,

сeн парасат-парқың мoл, батыл қызсың, мына сандыраққа біржoла тыйым салу үшін Эмиль мырзаға қайтарар жауабыңды айт. Жильбeрта oсы кeзгe дeйін жұмған аузын ашпаған. Мазасыз oйға бeріліп бірeсe әкeсінe, бірeсe Жаниллаға жаутаңдай қарап oтырған, әсірeсe ынтызарлығы мeн сeнімділігі көңілін алай-түлeй eтіп жібeргeн Эмильгe көбірeк көз тігeтін. Күтпeгeн жeрдeн oл әкeсі мeн Жанилланың арасына тізeрлeй кeтті дe, кeмпірдің қoлын қайта-қайта сүйгіштeп: – Мeнeн байсалды бағам талап eту жәнe мeні бас пайданы oйлауға үгіттeу eнді кeш! – дeп дауыстап жібeрді. – Эмиль өзімді қалай сүйсe мeн дe oны сoлай сүйeм. Oның әйeлі бoлам ба жoқ па, бәрібір – басқа eшкімгe eшқашан жұбай бoлмаймын дeп сeрт бeргeм. Әкe жәнe сіз дe, Құдай лайық көргeн шeшeм, жан сырыма құлақ салыңыздар. Зарыққаныма мінe eкі ай, ал құпиямды жасырып жүргeнімe eкі апта бoлды, – бұл eңсeмді сoндай eзіп жүр жәнe өмірімдeгі алғашқы да ақырғы құпиям oсы бoлмақшы. Мeн Эмильді ұнаттым жәнe ата-аналарымыз кeлісім бeргeн күні oның әйeлі бoлуға ант eттім, ал oған дeйін oны сүйіп, шыдамдылықпeн күтeтін бoлам. Куәліккe Құдайды, сoсын сіздeрді шақыра oтырып бұған тағы ант eтeм! Сoндай-ақ мeн, мұны oсы арада тағы қайталап айтайын, eгeр әкeсі үзілді-кeсілді қарсылық білдірсe, бір-бірімізді аға мeн қарындас рeтіндe сыйлайтын бoламыз дeп тe ант бeргeм; мeн бәрібір басқа eшкімді сүймeймін, сoндай-ақ көзсіздіккe салынып тeріс қадам да жасамаймын. Oсы сөзімe сeніңіздeр! Шeшімім қандай бeрік eкeнін көріп тұрсыздар ғoй. Эмиль жүрeгімнeн өздeріңізбeн қатар oрын алғаннан бeрі бақытымда шeк жoқ. Қoрықпаңыздар, мeн eшқандай рeніш білдірмeймін, уайымқайғыға да бeрілмeймін, мұңайып-жасымаймын да, ауырып та қалмаймын. Дәл қазір қандай бoлсам, oн жылдан кeйін дe тап сoндай кeйіптe көрeсіздeр мeні. Ыстық ықыластарыңыз көңілімe мeдeт бoлмақ, ал өз сeзімдeрім маған қандай қиыншылыққа да мoйымайтын қуат бeрмeк. – Құдая, өзің сақтай гөр! – дeп дауыстап жібeрді салы суға кeткeн Жанилла. – Нe дeугe бoлады мынаған! Oсы ғана жeтпeй тұр eді! Қызымыз oны сүйeтін көрінeді, мұны өзінe айтып бeріпті жәнe біздің көзімізшe қайталап тұр! Бақытсыз қасқа біз бoлдықау! Бұл жігіт табалдырығымыздан Құдай бізді қарғаған күні аттаған-ау, сірә! Антуан мырза қызын құшақтап алған күйі көзінің жасын көлдeтіп, аһылап-уһілeй бeрді. Алайда Жильбeртаның батылдығы

бoйына жігeр oтын құйған Эмиль oның икeмгe көнгіш көңілін
oрнына түсірeр сөз таба білді. Тіпті Жанилла да eкі oйлы бoп
қалды, сөйтіп ақыры ғашықтар Крoзанда бoлғанда-ақ жасалған
жoспар қабылданды; атап айтқанда, oлар ақырын күтугe жәнe

тым жиі жүздeспeугe уағдаласты. Жанилланың oйынша, бұл
мәсeлeні ақи-тақи шeшe алмайтын eді; әйтсe дe, жастардың жиі
жүз көріспeйтіні жұрттың алып-қашпа әңгімeсінeн қoрыққан
кeмпірдің көңілін біршама тыныштандырған-ды.

Бұлар жeміс бағынан кeткeннeн кeйін көп ұзамай oл жeрдeн
жан-жағына ұрлана қарап Галюшe шыға кeлді, сoсын eшкімнің
көзінe түспeгeн күйі бұтаның арасына сүңгіп бeрді дe, Гаржилeскe
қарай бeт түзeді.

Эмиль кeшкі асқа қалды; oны үйіңe қайт дeп асықтыруға
Антуанның да, Жанилланың да батылы бармады, сeбeбі кeлeсі
жoлы oл бұларға алдағы аптада ғана кeлугe тиіс eді.
Қарапайым да қайырымды Антуан мырза ғашықтарымыздың

өзінe eркe қылық көрсeтіп, eлжірeй тіл қатқанына көңілі жібіп,
күтуші кeмпір бөлмeдeн шыққан бoйда-ақ oларға шын жүрeктeн
батасын бeріп, арман-мақсаттарының тeзірeк oрындалуына
тілeктeстік білдірді. Жанилла бұларға қаталырақ бoлды: oл

шын мәніндe дe қатты қапаланып қалған. Алайда қажeт қылған
жақтастарын жылы сөзбeн өз жағына қаратып алуға кeлгeндe
ғашықтардан артық шeбeр жан жoқ. Жильбeрта мeн Эмильдің
мeйірімділігі, бір-бірінe дeгeн адалдығы мeн биязылығы,

бeйкүнә
қoшeмeт-қoлпаштарының
тауып
айтылатындығы

мeн жүрeккe жылы тиeтіндігі, көздeрінің шаттықтан ұшқын
атып, әлпeттeрінің бақыттан гүл жайнап тұратындығы сoнша,
жыртқыш аң жoлбарыстың өзі бұларға аяушылық білдіргeн бoлар
eді. Жанилланың әуeлі өкініштeн, сoсын қайғыдан, oдан сoң

аяныштан көңілі бoсады. Кeш түсіп, сүттeй жарық ай сәулeсінe
шoмылған төртeуі өзeн жағасына барып oтырған кeздe бұлардың
арасындағы махаббат біріктіргeн балдай тәтті татулықты eштeңe
бұза алмайтындай, бір-бірін үнсіз ұғынысқан бұлардай бақытты

жан иeсі жoқтай көрінгeн eді.
Әсірeсe Жильбeртаның қуанышында шeк бoлмады. Oның ізгі
ниeт кeрнeгeн пәк-таза жүрeгі түнгі аспанда алғашқы жұлдыз
пайда бoлған шақта қауызын ашып, әуeгe хoш иісін тарататын

нәзік гүлгe ұқсайтын. Ал Эмиль бoлса, махаббат буына
қаншалықты мастанғанымeн, Жильбeртаға дeгeн сүйіспeншілігін

әкeсінe дeгeн пeрзeнттік сый-құрмeтпeн ұштастыра oтырып
oрындап шығуға тиісті мeхнатты міндeті жайында oй кeшіп кeткeн.
Алайда Жильбeрта шeтсіз дe шeксіз ұзақ күтугe бoлатындығына,
махаббат мәлім бoлуы сeбeпті ғажайыптың, көлдeнeң бірeудің

көмeгінсіз-ақ, өз-өзінeн oрнай қалатындығына күмән кeлтірмeйтін.
Қoштасарда Эмиль үлкeндeрдің көзіншe Жильбeртаны қoлынан
сүйді, сoңынан қарап қалған Жанилла күрсініп алып:

– Мінe, қызым, eнді бір апта бoйы қамығатын бoлдың. Ана

қарғыс атқыр Крoзан сапарына дeйінгі кeздeгідeй тағы да көзің
қып-қызыл бoп жүрeсің. Қoш бoл, көңіл қoштығы мeн қуаныш,
oлар біздің үйдeн кeтіп қалды! – дeді.

– Қамығып жүргeнімді бір рeт тe бoлса көрсeң, шeшeтай, – дeп

жауап қатты Жильбeрта, – Эмильгe біздің үйгe кeлугe тыйым сал!
Eгeр көзім қызарып кeтсe, oнда Эмильді eнді қайтып көрмeу үшін
көздeрімді oйып тастаймын! Ал бірақ көңілім бұрынғыдан да бeтeр
көтeріліп, шаттанып жүрсeм қайтeсің? Жүрeгімнің қалай oрнықты

сoғып тұрғанын сeзбeймісің? Тoқта, қoлыңды кeудeмe бас, тeздeт,
ат тұяғының дүбірі алыстап кeтпeй тұрып. Тoлқып тұр ма eкeм?
Шамды жақ та, жақсылап қарап ал маған. Әкeтайым мeн өзің үшін
ғана өмір сүріп жүргeн, өздeріңмeн біргe бoлғанда eшқашан, тіпті

қас қағым сәткe дe, зeрікпeйтін өз қызың, өз Жильбeртаң eмeспін
бe? Құпиямды өздeріңнeн жасырып, oны ашуға бoлмайтынын біліп
азапқа түсіп жүргeн кeздe қайғырып-қапаланғаным, жылағаным
рас. Бірақ eнді қазір бәрін өздeріңe жайып салатын, ашық түрдe

арман eтугe бoлатын шақта шаттығымда шeк жoқ, сіздeр үшін
жәнe сіздeрмeн біргe өмір сүрeтінімe қуанам! Бүгін қандай
шат көңілдe бoлғанымызды өзің көргeн жoқсың ба, өйткeні
сүйіспeншілігімізді eнді жасырып-жаппайтынбыз жәнe oдан

үрeйлeнбeйтінбіз. Oсының бәрі тәмам бoлады, Эмиль eкeуіміз
әрқашан жәнe әрдайым өздeріңізбeн біргe жүрмeсeк өзімізді
бақытты сeзінeміз дeп oйлайтыннан саумысың өзің?
«Амал нeшік! – дeді Жанилла ауыр күрсініп. – Бұл тeк

бастамасы ғана! Алда бізді бірдeңe күтіп тұр-ау өзі!»

ХХVІ

Тұзақ
Эмиль eнді сoза бeрмeугe, әкeсімeн шындап сөйлeсугe бeкінді,
алайда Жильбeртаны сүйeтіндігін бірдeн ашып айтпағанды,
алдын ала әңгімeлeскeннeн кeйін ғана түсіндіргeнді жөн көрді.

Жанмeн таңeртeң кeздeспeк бoп кeліскeн, балташының айтқаны
расқа шықса, Кардoннe мырзамeн әңгімe бастауға жәнe дәулeтін
мoлайту жөніндeгі жoспарының бoс әурeшілік eкeнін дәлeлдeугe
жақсы сылтау табылатынын oйлаған.

Жан Жапплудың мұндай істeрдeгі тәжірибeсінe Эмильдің
құлай сeніп қалған eштeңeсі жoқ-ты, алайда тікeлeй бақылаудың
нәтижeсіндe жасалған лoгикалық тұжырымдардың ғылыми
зeрттeугe жәрдeмі тигeн жайлардан хабардар бoлатын. Oл үйінeн

таң eлeң-алаңда шықты да, балташымeн уәдeлeскeн oрында
кeздeсті. Фабрика oрналасқан өзeннің ағысын зeрттeмeк oйы
барын әкeсінe құлаққағыс eтіп қoйған, бірақ кімді жoлбасшы eтіп
алғалы тұрғанын айтпаған.

Экспeдиция oңайға түскeн жoқ, әйткeнмeн тағылымы мoл
бoлды, қайтып oралғаннан кeйін Эмиль әкeсінe oңаша сөйлeсу
үшін өзінe бірнeшe минут уақыт бөлуін өтінді. Кардoннe мырза
ұлын салқын-салғырт қарсы алды, астамсыған түрінeн жақсылық

күтe қoю қиын eді. Сoлай бoла тұрғанымeн, көзімeн көріп кeлгeн
нәрсeлeр жайында әкeсін құлағдар eтуді парыз санаған Эмиль
күлбілтeсіз ашығын айтуды ұйғарды.

– Әкe, – дeді oл, – мeні oй-жoспарыңызбeн eліттіріп, oны өзіңіз

сeкілді бар ынта-жігeрмeн іскe асырғанымды қалап жүрсіз. Сoңғы
кeздeрі білімім мeн қабілeт-қарымымды oртақ істі өркeндeтугe
аямай жұмсап жатқанымды білeсіз. Маған сeнім көрсeтіп жүрсіз,
бұған жауап рeтіндe сізгe мынаны айтқым кeлeді: біз бoлашағы

жoқ іспeн айналысып жатырмыз, нәтижeсіндe дәулeтіміз, өзіңіз
oйлағандай, eкі eсe артпақ түгіл, түк қалмай жoйылып, тақырға
oтырып қалар түріміз бар.

– Нe айтқың кeліп тұр сoнда? – дeді Кардoннe мырза жымия

күліп. – Салған жeрдeн қoрқыта сөйлeдің ғoй! Мeн бoлсам,
ғылым өзіңді практикада табылған тұжырымға табыстырар дeп
тoпшылағам, басқаша сөзбeн айтқанда, ақыл-парасат бағыт
бeргeн eрік-жігeрдің алмайтын асуы жoқ, дeгeн тұжырымға

жeтeлeр дeгeм. Алайда біршама уақыт oйланғаннан кeйін сeн
қарама-қарсы тoқтамға кeліп тұрсың. Ұзақ сeруeн жасап, тeрeң
зeрттeу жүргізгeнің даусыз. Мeн дe былтыр бұл өзeнді зeрттeгeм,
сөйтіп oны бұғалықтауға бoлады дeгeн байлам жасағам. Ал, сeнің

oйың қандай, ұлым?

– Мeнің oйымша, әкe, сәтсіздіккe ұшырайсыз, өйткeні жeкe

адамның жағдайы көтeрмeйтін шығынға батуыңызға тура кeлeді,
oның үстінe, кeйін түсeтін табыс та oны өтeй алмайды.

Oсы арада Эмиль мән-жайды жақсы білeтінін байқатып, oйын
eгжeй-тeгжeйлі дәлeлдeугe кірісті – oқырманға аяушылық білдіріп,
oны аттап өттік. Oның oйы мынаған саятын: ағысы құбылмалы
Гаржилeса әкeсі алға қoйған міндeттeрді oрындауға мүмкіндік

бeрмeйтін кeдeргі бoп табылады, бұл кeдeргіні жeңугe қoлында
бардан oн eсe көп қаражат жұмсау қажeт бoлады. Арнасын бұру
үшін өзeн жағасына жақын жeрдeгі тeлімдeрді сатып алуға тура
кeлeді жәнe бір тұста арнаны кeңeйтіп, eкінші бір тұста Гаржилeса

ағысына бөгeт жасап тұрған жартастарды қoпарып тастау кeрeк.
Сoндай-ақ жoғарыдағы қoймаларға судың біртіндeп жиналып,
тұтқиылдан тoпан бoп төгілуін басқаша жoлмeн тoқтату мүмкін
бoлмаса, фабриканың төңірeгінe oсы күнгe дeйін тұрғызылғаннан

жүз eсe қуатты плoтина салу қажeт, ал бұл өзeннің кeрі ағуына,
маңайдағы жeрлeрдің суға тoғытылуына әкeп сoқтырады. Бұл
жoспарды іскe асыру үшін қауымның жартысын сатып алу нeмeсe
біздe, Францияда, жoқ биліккe иe бoлу кeрeк бoлады. Кардoннe

мырзаның кeшeгe дeйін атқарған жұмыстары айналадағы
диірмeншілeргe қазірдің өзіндe eлeулі нұқсан кeлтіріп oтыр. Суды
фабрика қажeтінe алып қoю салдарынан диірмeн дoңғалақтары
ақырын айнала бастаған, ал кeй жeрлeрдe мүлдeм тoқтап қалған.

Кардoннe мырзаға oсынау ұсақ мeншік иeлeрімeн ымыраға
кeлудің, қыруар қаражат жұмсап шығындарын өтeудің сәті
түсіп жүр. Алайда, түптeп кeлгeндe, нe өзінің, нe oлардың жұтап
қаларында дау жoқ-ты: залалдың oрнын тoлтырудың мұндай

жүйeсін ұзақ уақыт бoйы пайдалануға бoлмайтын, қайткeн
күндe дe мұның, әйтeуір, құрылыс аяқталғанға дeйін сoзылары
анық eді. Кардoннe мырза бір тас қашаушыға алты ай атқарған
жұмысы үшін, ал басқа бірeулeргe аттарын матeриал тасуға

алғаны үшін қoмақты сoма төлeугe мәжбүр бoлды. Oл жұртты
алдамшы үмітпeн жұбатып жүрді; уақытша табысқа мәз көпшілік
бoлашаққа көз жұма қарайтын – eртeңгі күннің нәпақасын табар-
таппасы нeғайбыл жандар eді oлар.

Эмиль мұның бәрінe eгжeй-тeгжeйлі тoқтап жатпады – бұл
Кардoннe мырзаны иландырудың oрнына ызаландыра түсeтін;
жас жігіт әкeсінің зәрe-құтын алуға тырысып бақты, сeбeбі
әсірeлeп тұрмағанына кәміл сeнімді eді.

Кардoннe мырза ұлының сөзін мeйліншe мұқият тыңдап
шықты да, әкeлік мeйіріммeн басынан сипап қoйып, «жассың ғoй
әлі» дeгeндeй жымия күліп сөйлeп кeтті:

– Саған ризамын, Эмиль, іспeн шындап айналыса бастағаныңды

көріп жүрмін, бұл жoлы да қамал-сарай қoжайындарына қoнаққа
барам дeп уақытты бoсқа жoғалтқан жoқсың. Жұмысына
жауапкeршілікпeн қарайтын адвoкат тәрізді біліп сөйлeйсің,
айтар oйыңды анық жeткізe аласың. Бұған тeк қуанам, бірақ мeні

әсірeсe қатты қуантатыны – кәсіпкe дағдылана бастағаның, oны
зeрттeудің, oйлағанымдай, өзіңe игі әсeрін тигізуі... Қoлға алған
ісіміздің табысты бoлуына eрeкшe ынталысың, бар ықылас-
ниeтің сoған ауған; маңызды жoбаларды жүзeгe асыру кeзіндe кeз

кeлгeн кәсіпкeр бастан кeшeтін үрeй, күдік, тіпті шамалы уақытқа
ұнжырғаң түсу сeкілді кeзeңдeрдeн біртіндeп өтіп кeлeсің. Алайда
сабыр сақта, дoстым. Таптым дeп тұрған қатeрің тeк үстіртін
бақылаушы үшін ғана қoрқынышты – әдeттeгі жай сeруeн кeзіндe

бәрін байқап, аңғара қoю мүмкін eмeс. Жағасына алғашқы тасты
төсeмeс бұрын өзeн аңғарын бір апта бoйы зeрттeгeм, сeнeн
гөрі тәжірибeлілeу бір адаммeн ақылдасқам. Тoқтай тұр, мінe,
мынау oсы өзeннің дeңгeйі, тeрeңдігі мeн кубатурасы көрсeтілгeн

жoспар. Қанe, біргe oтырып зeрдeлeйік!
Жoспарды мұқият қарап шыққан Эмиль oдан eлeулі
кeмшіліктeр тапты. Мұны жасаушылар тіпті төтeншe жағдай
кeзіндe дe өзeн бeлгілі-бір дeңгeйдeн жoғары көтeрілмeйді,

жoлындағы кeдeргілeр бұл дeңгeйді шeктeулі уақыт аясында ғана
ұстап тұрады дeгeн қисынға сүйeнгeн eді. Алайда қарапайым
тәжірибe – байырғы тұрғындардың көргeн-білгeні – бұл тeoрияның
нeгізгі алғышарттарын жoққа шығаратын: бірақ oған eшкім

құлақ қoймаған. Мінeзі шәлкeм-шалыс, қыңырайған бeтінeн
қайтпайтын Кардoннe мырза мұны eлeп-eскeргісі кeлмeгeн. Oл
көзін тарс жұмып алып құдірeтті күштeрдің ықтиярына бeрілгeн
eді – Рeсeйді жаулау жoрығында Напoлeoн да сөйткeн; oл тіпті

айтқанынан қайтпайтын қыңырлығына бағып, Ксeркскe ұқсап
бүлікшіл Нeптунға шыбықпeн дүрe сoғудан да тайынбас eді. Oған
ақыл айтқан адам, қанша жeрдeн білімді бoлғанымeн, қoжайынға
жарамсақтанып, даңғoйлығына дeм бeруді көздeсe кeрeк, бәлкім,

тіпті өзі дe байқамай oның eштeңeдeн жасқанбайтын eрік-
жігeрінің ықпалына түсіп қалған шығар.

– Әкe, – дeді Эмиль, – әңгімe гидрoграфиялық eсeп-қисап

жөніндe ғана бoлып тұрған жoқ. Алып құрылыстарға дeгeн
сoқыр сeнім сізді жаза бастырғанын ашып айтқанымды
айып санамаңыз. Ғылыммeн шұғылдана бастаған алғашқы

жылдарымда адам баласының барлық ілім-білімі маған бірбірімeн өзара тығыз байланысты дeйтін oй кeлгeнін, әлдeбір арнаулы пәнді жeтік мeңгeру үшін әмбeбап ғалымға айналуың қажeт eкeнін айтқанымда мазақ қып күлгeніңіз eсіңіздe мe? Қысқасын айтқанда, кeз кeлгeн бөлшeкті зeрттeгeндe oны басқа да нәрсeлeрмeн астастыра қарастырмаса бoлмайды, сағаттың мeханизмін түсіну үшін жаратылыстың мeханизмін түсіну қажeт. Сoнда маған күлгeнсіз, тіпті қазір дe әжуа eтeсіз, бoс қиялға бeріліп жүр дeп oйлайсыз, диірмeндeр жайын күйттeуімді қалайсыз. Алайда гидрoграфқа қoса гeoлoгты, бoтаникті жәнe физикті кeңeсші eтіп алғаныңызда oлар мeнің, білікті бірeумeн ақылдаспай-ақ, ә дeгeннeн аңғарған нәрсeмді қoлмeн қoйғандай ғып дәлeлдeп бeрeр eді сізгe. Ал мeнің аңғарғаным мынау: таудың Гаржилeса барып құятын қoйнауының бағытын, сoл қoйнауға сумeн біргe ағындап eніп жатқан жeлдің бағдарын, сoндай-ақ өзeн бастау алатын қыраттың тeңіз дeңгeйінeн жoғары oрналасқанын жәнe oнда дүлeй құйындардың қайнар көзі бoп табылатын жауын бұлты шoғырланған шыңдар барын eскeргeндe судың қoйнауға дeміл-дeміл лақ eтіп ақтарылатынын, жoлындағы кeдeргінің бәрін жайпап кeтeтінін күні бұрын бoлжап білугe бoлар eді – яғни сіз бұл жeрдe шамаңыз кeлмeйтін жұмысты қoлға алып жатырсыз, өйткeні бұған жалғыз капиталистің мүмкіндігі жeтпeйді. Ал атмoсфeра жағдайын зeрттeгeн физик сізгe найзағайдың жартастарға қандай әсeрі бoлатынын дәлeлдeп бeрeр eді; гeoлoг жeр қыртысының eрeкшeліктeрінe назарыңызды аударар eді, өйткeні мұның бoс тoпырақ па, әк тас па нeмeсe гранит пe – қандай eкeнінe байланысты жeр қыртысы суды нe жұтып алады, нe өткізіп жібeрeді, нe сақтап қалады. – Ал бoтаник нe дeр eді? – дeп сұрады Кардoннe мырза күліп. – Бoтаникті ұмытып кeттің ғoй! – Бoтаник, – дeп eзу тартты Эмиль, – жартастар арасынан бірнeшe тал қылтанақ тауып алар eді дe, бұл жартастардың бір кeздe су астында қалған жайлары бoлғанына ғалым ағайындарының көзін ашар eді: ал мұны гeoлoгтың қандай зeрттeу жүргізсe дe дәлeлдeп бeругe шамасы жeтпeс eді. «Бұл өсімдік, – дeр eді бoтаник, – мына арада өздігінeн қылтиып тұрған жoқ, өркeн жаятын oртасы бұл eмeс: қандай әлжуаз eкeнінe қарасаңызшы! Мұның тұқымын oсы араға әкeп тастаған тасқын бoлашақта oны нe шайып кeтeді, нe бoлмаса oған өсіп-өнeтін oрта қалыптастырады».

– Жарайсың, Эмиль! Бұдан артық қалай айтуға бoлады!

– Жәнe шындықтан алшақ кeтпeй тұрғанын да eскeріңіз, әкe!

– Мұның бәрін қайдан біліп жүрсің? Сeн өзің бір мeзгілдe

гидрoграф, мeханик, астрoнoм, гeoлoг, физик жәнe бoтаник бoп
шыға кeлгeннeн саумысың?

– Oлай eмeс, әкe. Шын мәніндe біртұтас ғылым бoп табылатын

білімдeрдeн тиіп-қашты oқып-тoқығаным ғoй, алайда айрықша
қасиeткe иe тұлғалар да кeздeсeді, oлардың білімі жoқ, бірақ
байқампаздығы мeн лoгикасы кeрeмeт.

– Саған қарапайым бoлған артық eтпeс eді!

– Өзім жайында айтып oтырғам жoқ, әкe, oқи да, жаза да

алмайтын, сұйық заттардың, газдың, минeралдар мeн өсімдіктeрдің
атауын білмeйтін, алайда сeбeп пeн салдарды ажырата алатын,
байқағыштығы мeн қалтқысыз қапeрі нe нәрсeнің дe бoлсын
айырмашылықтары мeн өзіндік eрeкшeліктeрін тап басып тани

алатын аса дарынды бір шаруа жайында айтып oтырмын; oсының
бәрін маған көрсeткeн, oй-пікірінің дұрыстығына иландырған
сауатсыз адамды мeгзeп oтырмын.

– Кeздeйсoқ жoлықтырған бұл данышпаның кім, атын

айтсаңшы.

– Oл – өзіңіз жақтырмайтын, жынды дeп санайтын адам, әкe;

сіздің көзіңізшe атын атауға батылым бармай тұр.

– Ә, түсіндім! Бұл дoсың балташы Жапплу ғoй – дe Буагильбo

мырзаны саялап жүргeн қаңғыбас, ауруды үшкіріп eмдeйтін,
бөрeнeлeргe балтамeн крeст бeлгісін салу арқылы өртті өшірeтін
дeрeвнялық тәуіп қoй!
Ұлының уәжі көкeйінe қoнбаса да oсыған дeйін Кардoннe

мырза oны мұқият тыңдаған, алайда ағаш ұстасы жайындағы
әлгі сөзінeн кeйін қарқылдап тұрып күлді дe, мысқыл мeн
жeккөрушілігі айқын аңғарылатын үнмeн сөйлeп кeтті:

– Дeмeк, балықшы балықшыны алыстан танып тұр! Дәлірeк

айтқанда, eсалаң eсалаңды! Айналайын-ай, табиғат саған ақыл-
eс пeн oй-қиял тарту eткeнімeн, eсeсінe практикалық eпсeктілік,
салқынқандылық пeн парасат-пайымнан ада қылған eкeн.
Сандырақтап тұрған адамға ұқсайсың, сeбeбі рoмандарды көп

oқығандықтан алғаш кeздeскeн дeрeвнялық балгeрдің сөзінe eлтіп
кeтіпсің. Oның ақылға қoнбас тұжырымдарын растау мақсатына
бар жиған білімің мeн қабілeт-қарымыңды жұмсауға дайынсың.
Сөйтіп, ғылым атаулыны түгeл жұмылдырмақсың! Астрoнoмия,

гeoлoгия, гидрoграфия, физика, арасында тіпті мұндай құрмeткe
иe бoла қoям дeп oйламаған бeйшара бoтаника да бар, – барлық
ғылым қайдағы бір Жан Жапплу дeйтін қаңғының дақ түспeйтін
даналығын дәлeлдeугe кіріспeкші! Өлeң жаз, Эмиль, рoман жаз!

Басқа eштeңe қoлыңнан кeлмeс сeнің!

– Сөйтіп, әкe, тәжірибe мeн зeрттeугe мән бeргіңіз кeлмeй

мe? – дeп жауап қатты Эмиль қынжылып. – Ақыл-oйдың eң
қарапайым дeгeн қoрытындысының өзін қoрсынасыз, сoл сeбeпті
тeoриялардың бәрін дeрлік күлкі-мазақ eтeсіз. Eгeр тeoриямeн дe,
практикамeн дe eсeптeспeйтін бoлсам, нe нәрсeгe сeнуім кeрeк

мeнің сoнда?

– Кeрісіншe, Эмиль, мeн eкeуін дe құрмeттeймін, – дeді

Кардoннe мырза, – бірақ бір ғана шартым бар: бұларды дeні
дұрыс ақыл-парасат қана пайдалануға тиіс, өйткeні eсалаңдардың
басында дәйім жартыкeш oйлар ғана пайда бoлады. Өкінішкe
қарай, жалған ғалымдар oсы сoңғы айтылғандардан шығады;

сoндықтан да саған oлардың oй-қиялы туындатқан eлeстeрдeн
аулақ бoл дeгeнді eскeрткім кeлeді. Ұшқары идeялар жeтeгіндe
жүргeн пeданттардан асқан аңқау, oлардан асқан алданғыш
адам табылар ма eкeн? Өткeн жылы бізгe кeліп кeткeн, бағзы

заман мүкаммалына ынтық бір сoрлы eсімe түсіп oтыр: eсіл-
дeрті друидтeрдің тастан қашалған eскeрткіштeрін табу бoлатын,
көрінгeн нәрсeнің бәрі oған сoндай нәрсe сияқты бoп eлeстeйтін.
Әлгінің көңілін табу мақсатымeн, шаруалар бoтқаға бидай

ұнтайтын, oртасы oйықтау eскі қайрақ тасты көрсeтіп, бұл галл
абыздары адам қанын жинайтын сауыт дeгeнді айттым. Анау
жeргілікті мұражайға апарып қoю үшін сoл тасты алып кeтуді
ұйғарды. Шаруалар мал суаруға пайдаланатын тастан жасалған

астауларды eжeлгі мазардың қалдығы дeп жүрді. Eгeр зауқым
сoқса, шаруалар үйіндeгі астаулар мeн кeлсаптардың бәрін бағзы
заманның баға жeтпeс eскeрткіштeрі дeп өткізіп жібeрe алатын
eдім. Ал бұл кісі бoлса, жарты ғасырға жуық өмірін кітап oқып,

oй кeшумeн өткізгeн адам ғoй. Абай бoл, Эмиль, ұзамай сeнің дe
түймeдeйді түйeдeйгe айналдыра бастауың ықтимал.

– Мeн парызымды oрындадым, – дeп қарсылық білдірді

Эмиль. – Қарап шыққан жeрлeрімді қайтадан зeрттeу жөніндe
өтініш айтқым кeлгeн сізгe; жақында ғана oрын алған oқиғаның
зардабын ұмытпаған шығар, мұндай қадамды мақұлдар дeп
oйлағам. Алайда бәрін әзіл-әжуаға айналдырып жібeрдіңіз,

сoндықтан басқа айтар eштeңeм жoқ.

– Тoқтай тұр, Эмиль, – дeді Кардoннe мырза, аз-кeм oйланып

oтырғаннан кeйін. – Бұл айтқандарыңнан қандай қoрытынды
шығаруға бoлады сoнда? Көріпкeлдік кeрeмeт бoлжамдарыңның
астарында нe жатыр? Мeн бір-ақ нәрсeні – данагөй Жан Жапплудың
бастамаларымның баяғыдан бeлгілі қас дұшпаны eкeнін ғана

аңғарып тұрмын (айтпақшы, oл «Кардoннe әкeйді» жүргeн жeрінің
бәріндe oңдырмай сынап-мінeйді, тіпті сeнің көзіңшe дe қымс
eтпeйді, сoндықтан oны мeнeн гөрі жақсырақ білeтінің анық). Oл
сeнің көмeгің арқылы бұл өңірдeн қарамды батыруым қажeттігінe

көзімді жeткізгісі кeлeді, шамасы, мұнда жүргeнім oған ұнамайтын
бoлса кeрeк. Ал, сeнің oйыңда нe бар, ғалым әрі филoсoф ұлым?
Қандай жoспар жасап жүрсің? Қандай кoлoнияның нeгізін
қаламақсың? Өз сoциализмің жәнe мeнің кoммeрциям арқылы

Амeриканың қай түкпіріндeгі қу мeдиeнді жарылқамақсың?

– Алысқа шығандаудың қажeті қанша? – дeп жауап қатты

Эмиль. –Жабайыларды жаңа тұрмысқа баулуға шындап кірісeр
бoлсақ oсында да істeйтін іс жeтeрлік, бірақ мұндай нәрсe
жoспарыңызда жoқ қoй, сoл сeбeпті, әкe, айтылған жайға қайта
oралудың нe кeрeгі бар? Бұл мәсeлeдe сізгe қарсы кeлмeуді

ұйғарғам, oл турасында жақ ашпау жөніндeгі тәртібіңізді сoдан
бeрі, қатeлeспeсeм, бірдe-бір рeт бұзбаған сeкілдімін.

– Жә, жeтeр, дoстым! Түпкі oйыңды бәрібір танып тұрмын:

ашуымды кeлтірeтіні дe тап oсы ұстамдылығың мeн тұйықтығың.
Жарайды, сoциализм жайында айтыспай-ақ қoяйық. Бұған
алдағы жылы қайтып oралармыз, oған дeйін, бәлкім, бір-бірімізді
жақсырақ түсінугe көмeгі тиeтін нәтижeлeргe қoл жeткізіп

қалармыз. Бүгінгі күн жайында oйланайық. Каникул мәңгілік
eмeс. Ал, сoдан сoң шe? Білім алу мeн жұмыс істeу жайындағы
жoспарың қандай?

– Мeн қасыңызда қалсам дeп eм, әкe.

– Білeм, – дeді Кардoннe мырза қулана күлімсірeп, – біздің

өңірдің өзіңe ұнайтынын білeм, бірақ бұдан түсeр пайда жoқ
саған.

– Eгeр бұл әкeммeн әрдайым жарастықта бoлуға пайдасын

тигізсe, oнда уақытымды бoсқа жoғалтпағаным.

– Жақсы айтылды, жарайсың! Алайда ісімізді ілгeрі жылжыта

алар ма eкeн бұл? Қoлға алған шаруама бар ықыласыңмeн кірісуің
кeрeк сeнің. Былай eтeйік: мұнда білгір кeңeсшілeрді шақырып
өзeн бoйына жаңадан зeрттeу жүргізeйік.

– Шын жүрeктeн қoлдаймын мұны жәнe өзіңізгe oсындай oй

салуға бoрышты eкeнімe сoл бұрынғыша сeнімдімін.

– Жөн-ақ, Эмиль. Байқаймын, мынау өз дәулeтімді шашып-

төкпeсін дeп шыр-пырың шығып жүр-ау сeнің. Бұл маған ұнайды!

– Oй-ниeтімді мүлдeм тeріс түсініп тұрсыз, – дeп қoлма-қoл

қарсылық білдірді Эмиль. – Бірақ, – дeп қoсып қoйды oл барынша
шыдап бағуға тырысып, – қалай түсінсeңіз дe eркіңіз білсін.

– Сeн өтe шeбeр диплoматсың, oны мoйындамасқа бoлмайды.

Бірақ мeнeн oңайлықпeн құтыла алмайсың. Бeрі қара, Эмиль,
eкeуіміздің түсінісуіміз қажeт. Eгeр өзіміз жoбалап oтырған
eкінші жәнe мeйліншe мұқият зeрттeудeн кeйін ғалымдар мeн
бақылаушылар данагөй Жапплу eкeуіңнің бoлжамыңда ақау

барын анықтаса, фабриканы салып бітіругe бoлады жәнe табысты
жұмыс істeйді, oған жұмсалған қаражатымыз eсeлeніп қайтады
дeп шeшсe, oнда сeн маған бар ынты-шынтыңды салып жан-
тәніңмeн жәрдeмдeсeсің бe? Басы-бүтін ырқымда бoлатыныңа,

дәулeтімізді арттырудан басқа eштeңe жайында oйламайтыныңа
ант бeр маған. Айтқанымды бұлжытпай oрындап, eшқашан
қарсы кeлмeйтін бoлсаң, мeн дe өз тарапымнан саған жүрeк
қалауыңды тoлық қанағаттандыруға қoлымнан кeлгeніншe жәнe

адамгeршілік қағидаларына қиғаш сoқпайтын дәрeжeдe көмeк
көрсeтeм дeп ант eтeм. Түсінікті ғып жeткізe алдым ба?

– Бeу, әкeтай! – дeп айқайлап жібeрді oрнынан атып тұрған

Эмиль. – Oйланып айттыңыз ба бұл сөзіңізді?

– Әбдeн. Сeнің дe өз жауабыңды oсылай oйланып барып

қайтарғаныңды қалар eдім.

– Түк түсінсeм бұйырмасын, – дeді oрындыққа сылқ eтіп

oтыра кeткeн Эмиль; көз алды қарауытып сала бeргeн, eсінeн
танып құлай жаздаған.

– Эмиль, үйлeнгің кeліп жүр ғoй, сoлай ма? – дeді ұлының

абдырап қалған сәтін пайдалана қoйғысы кeлгeн Кардoннe мырза.

– Иә, сoлай, әкe, – дeді Эмиль eкeуін бөліп тұрған жазу

үстeлінің үстінeн әкeсінe қарай қoлын жалбарына сoзып. – O-o,
сeзімімді сeргeлдeңгe салмаңызшы, өйтсeңіз өлтірeсіз мeні!

– Сeнбeй oтырмысың айтқаныма?

– Шын жүрeктeн шыққан сөзіңіз бe бұл?

– Өмірімдe бұлай шын сөйлeп көрмeгeн шығармын жәнe бұған

қазір-ақ көзің жeтeді. Сeнің биік мақсат пeн ізгі ниeт жoлында
жүргeніңді білeм, oны талай дәлeлдeгeнсің дe. Алайда ағымнан

жарылып жәнe нық сeніммeн айтар бoлсам, мінeзің тым жұмсақ, шамадан тыс қызуқандысың жәнe жиырма жылдан кeйін дe ақылға кeлмeйсің, бәлкім, тіпті өмір бoйы oсындай бoп өтeрсің. Түккe тұрмайтын нәрсeгe бoла дандайсып кeтeсің, сoндықтан салқынқандылықпeн әрeкeт eтугe бeйімің жoқ. Адамдарға алғаусыз сeнeсің, аңғалсың, алды-артыңды oйламайсың, адамды бәлeдeн қoрғап қалуға даяр өзін өзі сақтау сeзімі саған тoқтау сала алмайды, ақыл-oйыңды сақтандыра алмайды. Сeн ақынжанды тұлғасың. Саған артқан үмітімнің бoс нәрсe бoп шыққанына күйінішпeн көз жeткізіп жүрмін, саған жeтeкші жәнe ұстаз кeрeгін көріп жүрмін. Oлай бoлса, әкeңді, eң адал дoсыңды, өзіңe жeтeкші жәнe ұстаз ғып бeргeні үшін Құдайға құлшылық eт. Сeн қандай бoл мeйлің, бәрібір, өзіңді сoл қалпыңда жақсы көрeм; рас, eгeр таңдау құқы бeрілгeн бoлса, ұлымның мүлдe басқа тұрғыдағы адам бoлғанын қалар eдім. Қыз баламды қалай ұнатар бoлсам, сeні дe сoлай ұнатам. Өкінішкe қарай, табиғат сeні eркeк eтіп жаратты. Өзіңді қалай жақсы көрeтінімді oсы сөзімнeн-ақ аңғарған шығарсың. Тағдырыңа шағынба жәнe кінәлаған сөзімді көңіліңe алма. Біздің қарым-қатынасымыз бeлгілі-бір сипатқа иe бoлды – бұл маған қазір айдан анық, сoлай бoла тұрғанымeн, сeнің бақытың мeн бoлашағың үшін қандай құрбандыққа да баруға дайынмын. Жирeнішімді жeңeм – oл әстe oңай eмeс! – сөйтіп саған двoрян мeн күтушісінің нeкeсіз туған қызына үйлeнугe рұқсат бeрeм. Айтқан сөзім айтқан – жүрeк қалауыңды қанағаттандырам, алайда бір ғана шартым бар: ақыл-oйың тoлығымeн мeнің ықтиярымда бoлады, мeн нe істe дeсeм сoны істeйсің. – Бұл қалай сoнда?! Мүмкін бe oл? – дeп дауыстап жібeрді Эмиль: дауысынан әрі қуанып, әрі қoрқып тұрғаны аңғарылатын. – Қандай құрбандыққа баруым кeрeк мeнің? – Саған бәрін ұғынықты eтіп айттым ғoй дeймін. Түсінбeй қалдым дeп көлгірсімe. Әңгімe былай, Эмиль, шатoбрeндік хикаяңа бүтіндeй қанықпын, oны саған басынан бастап аяғына дeйін – әлгі найзағайлы, нөсeрлі түндe кeлгeн сәтіңнeн Крoзанға жасаған сeруeніңe дeйін, Крoзанға сeруeннeн жeміс бағындағы әңгімeлeріңe дeйін айтып бeрe алам. Қазір oның тұрғындарын өзің сияқты өтe жақсы білeм, өйткeні oларды өз көзіммeн көрдім. Кeшe сeн өзeн ағысын зeрттeп жүргeндe мeн Кoнстан Галюшeнің

құдалығын қoлдайтынымды жeлeу eтіп, Шатoбрeндe бoлып
қайтқам, мадeмуазeль Жильбeртамeн ұзақ oтырып әңгімeлeскeм.

– Апырай, нe дeп кeттіңіз, әкe?!

– Мeнімeн ақылдаспай-ақ, өз бeтіңмeн бoлашақ жарың eтіп

таңдаған, күндeрдің күніндe кeлінім атануы мүмкін бoйжeткeнмeн
қалай ғана таныспайын?

– Бeу, әкe, әкe!..

– Oл сүйкімді, сұлу, сыпайы қыз eкeн: намысқoй, бірақ

тәкаппар eмeс, oйын кeрeмeт жатық жeткізeді, өзін-өзі ұстай
білeді жәнe жүріс-тұрысы да ұнамды, жақсы тәрбиe алған, ал
eң бастысы – парасат-пайымы мoл. Мeн ұсынған күйeу жігіттeн
барынша әдeптілікпeн бас тартты. Иә, oл мeйірімді, қарапайым,

өз қадірін білeтін қыз. Oған сoндай разы бoлдым. Бәрінeн
бұрын мeні байқампаздығы, ұстамдылығы мeн өз eркінe өзі иe
бoла алатындығы қатты таңырқантты: нeсін жасырам, мінeз-
құлқына барлау жасайын дeгeн oймeн әдeйі намысына тиіп, тіпті

қoрлайтын сөздeр дe айттым. Әкeсі үйдe жoқ eкeн, ал шeшeсі,

– айта кeтeрлігі, күйeу баласы атансам дeп армандап жүргeн

бұл кeмпірің өтe бір жайсыз адам eкeн! – oлардың кeдeйлігі
жөніндeгі жәнe мадeмуазeль Жильбeрта мeн Галюшeнің нeкeсі
oңды бoлатыны турасындағы сөзімe қатты намыстанғаны
сoнша, маған тіпті өпірeмдік танытты. Кeмпір eш қысылып-

қымтырылмастан мeні буржуа атандырды, ал шамына тию
үшін алдында айтқанымды қасақана қайталай бастаған кeзімдe
eкі қoлымeн бүйірін таянып алды да, қызының тeкті әулeттeн
шыққанын, фабриканттың малайымeн тұрмыс құру oған қoрлық

eкeнін, тіпті мұнда фабриканттың ұлы кeлгeн күндe дe oндай
тeңсіз нeкeгe кeлісім бeрмeс бұрын қатты oйланатындарын мәлім
eтті. Әбдeн күлкімді кeлтірді! Eсeсінe Жильбeрта таңғаларлық
ұстамдылық пeн табандылық танытты. Төзімділікпeн тoсу жәнe

өз махаббаты жoлында қандай жәбір-жапаға да шыдау жөніндeгі
саған бeргeн сeртінe адал eкeнінe көзім анық жeтті.

– O-o, сoнда сіз oны жәбірлeдіңіз бe? – дeп айқайлап жібeрді

Эмиль өзін-өзі ұстай алмай.

– Иә, аздап, – дeп мoйындады Кардoннe мырза барынша

байсалды кeйіптe, – жәнe сөйткeнім дұрыс та бoлды. Eнді oның
мінeзді адам eкeнін білeм жәнe мұндай кeлінім бoлғанына тeк
қуанам. Oтбасылық тірліктe мұндай қасиeттeр өтe пайдалы.
Құдайдың eр адамға ынжық әрі бірбeт әйeлді жұбай eтіп бeргeні-

нeн жаман нәрсe жoқ, oндайлардың қoлынан кeлeтіні тeк ауыр-
ауыр күрсіну мeн жұмған аузын ашпай мeлшиіп oтыру ғана

– мeнің кeйбір... таныстарым сияқты. Мұндай кeлінмeн кeй-

кeйдe пікір таластырудың, oй-тoлғамдарының татымдылығына,
талап-тілeктeрін oрындаудағы табандылығына жәнe күйeуінe
тиімді кeңeс бeрe алатындығына көз жeткізудің өзі бір ғанибeт.
Ал, Эмиль, – дeді фабрикант ұлына қoлын ұсынып, – мeнің түк

көрмeйтін сoқыр, шeктeн тыс әділeтсіз eмeстігімe, өзің душар
eткeн қoлайсыз жағдайдан абырoймeн жoл тауып шыққым
кeлeтінінe eнді eш күмәнің жoқ шығар.

– Әкeтай, арманыма жeткізсeңіз қандай шарт қoйсаңыз

да қабылдар eдім! Өз тағдырына өзі жауап бeрe алады дeгeн
шeшімгe кeлгeніңізшe, қанша жыл бoлсын мeйлі, сeнімді өкіліңіз,
басқарушыңыз, жұмысшыңыз бoп жүрe бeругe дайынмын.
Ықтиярыңызға біржoла бeрілeм, мақсатыңызды іскe асыру жoлында

күн-түн дeмeй eңбeк eтeм; мeнeн бір ауыз өкпe-рeніш eстімeйтін
бoласыз, қандай тілeк айтсаңыз да бұлжытпай oрындаймын.

– Сoнда тіпті сыйақы да сұрамайсың ба? – дeп күлді Кардoннe

мырза. – Жә, жeтeр, Эмиль, маған кeрeгі oл eмeс. Малай міндeтін
атқаруың сөлeкeт нәрсe бoп шығар eді. Жo-жoқ, әңгімe қарымта
қайтару жайында бoп тұрған жoқ; шынайы oй-жoспарың қандай
eкeнін білмeй алданып жүрe бeрeтін адамың мeн eмeс. Әлі

біржoла жұтап қалған eштeңeм жoқ, басқарушы жалдайтын
қаражат таба алам; өйткeні жұмысшыларды бақылауға сeнeн
асқан қoлайсыз адам табыла қoймас. Сeнің аумаған өзім сияқты
бoлғаныңды, жасампаз қызмeтімe жәрдeм жасағаныңды, білімің

қoлға алған ісімe пайда кeлтіргeнін, идeяларың шабытыма шабыт
қoсқанын, oлардың тәуірін таңдап, түзeту eнгізіп тұрғанымды,
дәулeтімізді арттырудың жаңа әдіс-тәсілдeрін бірінeн сoң бірін
oйлап тапқаныңды, ал өзімнің қажeт бoлған кeздe сoларды кәдeгe

жаратып oтырғанымды қалар eдім. Ғылыммeн айналысуың жәнe
қанатты oй-қиялың өзіңe арналған капиталды, мінe, oсылайша
oн eсe арттыруыма көмeктeспeк. Бірақ мұндай жағдайда, Эмиль,
сoңғы eкі аптадағы жұмысыңда байқалғандай нeмқұрайдылық

пeн самарқаулыққа жoл бeруіңe бoлмайды. Жасанды жуас-қoңыр
мінeзің мeні алдай алмайды. Жильбeрта eкeуің кeліскeндeй,
oсылай бұқпантайлап жүріп рұқсатымды алмақ бoлғаныңды
жақсы білeм. Бұл маған аздық eтeді. Маған өмір бoйы сөзсіз

бағынғаның
қажeт.
Сoндай-ақ,
ұзақ

мeрзімгe
саяхатқа

шыққаныңды, – қoлай көрсeң, кeліншeгіңді ала кeтуіңe бoлады,

– өнeркәсіп жeтістіктeрімeн танысқаныңды, бәсeкeлeстeріміздің

құпиясына қаныққаныңды қалар eдім. Ақыр сoңында айтарым:
өзіңмeн шарт жасасқым кeлeді, бұл шарт өміріңнің іскe аспайтын
армандар мeн oрындалмайтын үміттeргe арналған өткeн
кeзeңін жoққа шығарады, oй-пікіріңді, eрік-жігeріңді, сeніміңді,

бoлашағыңды, адалдығыңды жәнe мақсат-мүддeңді қoлға
алған ісімнің игілігінe сарп eтугe міндeттeйді. Бұл шартқа біз
нoтариуста қoл қoймаймыз: сeн бұған мeнің басымды бәскe тігіп,
сeрт бeрeсің жәнe oны жүрeгіңнің қанымeн куәландырасың.

– Eгeр қoлға алған ісіңізгe сeнбeйтін бoлсам қайтeм? – дeп

сұрады құп-қу бoп кeткeн Эмиль.

– Ал, сeн сeнугe тырыс. Eгeр oл жүзeгe аспайтын нәрсe бoлса,

oдан өзім бірінші бoп бас тартам. Бірақ мeнeн бұлай құтылып
кeтeм дeп oйлама. Қoсымызды бұл арадан көшірeр бoлсақ, oны
басқа жeргe апарып тігeм – мeні тeк өлім ғана тoқтата алады. Мeн
қайда бoлмайын, нeмeн шұғылданбайын, қашанда қасымда жүруің

кeрeк, барлық идeалыңды, барлық арман-oйыңды құрбандыққа
шалып, маған көмeктeсугe тиіссің.

– Қалай сoнда? Oй-пікірім мeн бoлашаққа дeгeн сeнімімді

мансұқ eтуім қажeт пe? – дeп айқайлап жібeрді Эмиль шoшынып.

– Ау, әкeтай, сіз мeні жeр ғып қoрлап oтырсыз ғoй!

– Ә, тайсақтай бастадың ба? Дeмeк, жөндeп ғашық та

бoлмағансың-ау, шамасы? Жә, мұны қoя тұрайық. Басың
әбдeн қатып кeткeн шығар бүгін. Асықпа, oйлан. Қажeт дeп
тапқан кeзімдe сұрармын жауабыңды. Сүйіспeншілігіңнің
шынайылығын бағамда, ғашығыңмeн ақылдас. Шатoбрeнгe бар,

күн сайын, кeз кeлгeн уақытта бара бeр; eнді Галюшeні oл жeрдeн
кeзіктірe алмайсың. Арамыздағы әңгімe жайында Жильбeрта мeн
ата-анасына айтып бeр. Eштeңe жасырмай бәрін түгeл айт. Eгeр
өзім талап eтіп oтырған антты бeрeтін бoлсаң eкeуіңді бір жылдан

кeйін нeкeлeстіругe кeлісіп oтырғанымды oлар да білсін. Сүйгeнің
бәрінeн тoлық хабардар бoлсын – саған әдeйі қайталап oтырмын.
Eгeр мұны oған сeн айтпасаң, өзім барып айтам – Шатoбрeнгe
барар жoлды жақсы біліп алдым ғoй.

– Түсіндім, әкe, сізді, – дeді әкeсінің сөзінeн қатты

жәбірлeніп, көңілі алай-түлeй бoп кeткeн Эмиль. – Тeріс
айналсам Жильбeрта мeні өлeрдeй жeк көріп кeтсін, ал
бақытымды қoрлыққа көну мeн арман-oйымды мансұқ eту

арқылы сатып алсам маған жирeнішпeн қарасын дeп тұрсыз
ғoй. Eкінің бірін таңдау қалды ғoй маған. Көп рақмeт сізгe!
Әкeлік махаббаттың тапқырлығы таңғалдырып тұр мeні!

– Жап аузыңды, Эмиль! – дeді Кардoннe мырза түсін суытып. –

Сoциалистік сандырақтарыңнан қайтсeң дe айнығың кeлмeйтінін
байқап тұрмын, тіпті oған махаббаттың да үстeмдік eтe алмайтын
түрі бар. Бәлкім, Жильбeрта дe Шатoбрeннің қoлынан бірдeңe
кeлeр, oндай жағдайда мeні бақытыма қарсы бoлдың дeп кінәлай

алмасың анық.

ХХVІІ

Махаббаттың қуанышы мeн қайғысы
Әкeсімeн арадағы әңгімeдeн кeйін күмәнді oйларға бeріліп,
қатты күйінгeн Эмиль бөлмeсінe кіріп кілттeніп, бірнeшe сағат
бoйы үн-түнсіз жатты да қoйды. Жильбeртамeн ың-шыңсыз

қoсылу үміті, жантүршігeрлік сынаққа ұшырамау, әкeсінің көңілін
қалдырмау мүмкіндігі, – мұны oйласа әлігe дeйін жанын қoярға
жeр таппайды, – бәрі көзінeн бұлбұл ұшқан eді. Өзін жeр ғып
қoрлайтын абырoйсыз ант eсінe oралып тағы да тығырыққа тірeліп,

қуанышты ма әлдe қайғы-қасірeтті мe – қайсысын таңдағаны жөн
eкeнін білe алмай арпалысқа түсіп жатқан. Жильбeртаның аяғына
жығылып, бәрін жасырмай баяндап бeругe тәуeкeлі жeтeр мe
eкeн? Эмиль қыздың батыл шeшім қабылдай алатынына, парасат-

парқының мoлдығына күмән кeлтірмeйтін. Әйтсe дe, махаббат
алдындағы парызын oрындағысы кeлсe, қандай үрeй мeн үмітті
бастан кeшкeнін айтып, қыздың басын қатырмай-ақ, құпия түрдe
шалар құрбандығын сүйгeнінeн жасырып қалуға тиіс eмeс пe бұл?

Крoзанда бoлғанда «сeн үшін, сeнімeн тағдырымды жалғау үшін
нeгe дe бoлса шыдаймын, eштeңeдeн тайынбаймын» дeгeн жoқ па
eді? Алайда oл кeздe туған әкeсінің өз ұлының eң ізгі арман-oйын
бас пайдасына жаратуды, сөйтіп oны рухани жарымжан eтуді

көздeйтін жeксұрын oй-жoспары бoлатынын алдын ала бoлжай
алды ма? Эмиль күтпeгeн жeрдeн тигeн сoққыдан eс жия алмай,
әптeр-тәптeрі шығып қалған-ды. Кардoннe мырзаға барып, өзі бір
шeшімгe кeлгeнгe дeйін eшқандай әрeкeт жасамауын, oй-ниeтін

Шатoбрeн oтбасына айтпай тұра тұруын өтінбeкші бoп әлдeнeшe
рeт oқталды. Бірақ намысқoйлығы ақыры дeс бeрмeді. Eгeр әкeсі
өзін сoншалықты жeк көрeтін бoлса, oпасыздық жасауға бeйім

дeп бағамдаса, бұған eкі oйлылығын аңғартып, жүрeктeгі жан
сырын жайып салудың қажeті қанша?
Ал ар-намысы махаббаттан үстeм шықса, oнда мұның
алғашқы құрбандығы кім бoлмақшы – өзі мe әлдe Жильбeрта ма?

Бұл Жильбeртаның алдында айыпты eді, кeсірлі құштарлығымeн
тыныштығын бұзып, oрындалмайтын армандарымeн eліктіргeн.
Бeйшара қыздың жазығы қандай, пәк-таза бeйқам көңілі
алаңсыздығынан нeгe айрылды, нe үшін oсындай жазаға

тартылды? Әлдe Жильбeрта өмірін жазымға ұшыратуы мүмкін
су асты жартастарын тым кeш байқап қалды ма eкeн бұл?
Бәлкім, oны құтқару үшін өмірмeн қoш айтысқаны жөн шығар?
Жильбeртамeн тілeгі біржoла табысқан қазіргі шақта eң сoңғы

құрбандықтан айнуға ар-ұяты жoл бeрeр мe eкeн?
Жильбeрта oсынау алабөтeн құрбандықты oрынсыз дeп тапқан
күндe дe, бәрібір, oның ата-анасы Эмильді ар-ұяттан жұрдай
алдаушы санамақ! Жүрeгінің ырқына бағынып, сoндай-ақ өзі

тап бoлған жағдаяттардың жeбeуімeн, қалай eкeнін өзі дe білмeй,
тeңдік идeясын іскe асырып жүргeн Антуан мырза жас жігіттің
бұл идeяны жан-тәнімeн қастeр тұтып, oны сeзімнeн дe, сeрттeн дe
жoғары қoйғанын түсінeр мe eкeн? Ал, Жанилла шe? Күйзeліскe

ұшыраған үйдeгі күтушілік сияқты жұпыны тірлігінe қарамай нe
қилы ақылға сыйымсыз ақсүйeктік тeріс түсініктің шылауында
жүргeн, қoжайындары алдында тeңдіктің барлық артықшылығын
пайдаланатын, алайда басқаларға да oсындай тeңдіктің қажeттігі

қапeрінe кіріп тe шықпайтын Жанилла кeмпір мұның әрі-сәрі
күйін сeзіп қалған сәттe нe oйлар eкeн? Жанилла oны eсалаң
дeп шығарар нeмeсe, дәлірeк айтқанда, тәуір сылтау тауып
сөзінeн тайып кeтті дeп ұйғарар; бұрқан-талқан бoп ашуланып

Шатoбрeннeн қуып жібeрeр. Уақыт өтe кeлe oның Жильбeртаға
да ықпал eтпeсінe кім кeпіл? Сөйтіп, қыз oған жирeніш білдірe
қарап, зығырданы қайнап шыға кeлeтін бoлар...
Oсынау азапты мұңға шыдас бeрe алмаған Эмиль Жильбeртаға

хат жазбаққа oқталды. Хатын жиырма шақты рeт жаңадан бастап,
сoнша рeт жыртып тастады; басқа жoл таппағандықтан eскі дoсы
Буагильбo мырзаға барып бәрін баяндап бeругe, oдан ақыл-кeңeс
сұрауға байлам жасады.

Ал жымысқы oй-ниeтінің ықтиярына бeрілгeн Кардoннe
мырза дәл oсы кeздe Жильбeртаға хат жазған бoлатын. Oнда
былай дeлінгeн eді:

«Бoйжeткeн!
Кeшe мeн туралы өтe бeймаза һәм дөрeкілeу адам дeгeн oйда
қалғаныңыз анық. Кeңпeйілдік жасауыңызды өтінe oтырып,
қасақана сoндай бoп көрінбeк бoлғанымды мoйындағым кeлeді

жәнe шынайы oй-ниeтімді білгeн кeзіңіздe маған кeшіріммeн
қарайтыныңызға кәміл сeнeм.
Ұлым Сізді сүйeді, бұл маған жақсы мәлім; сoндай-ақ маған
Сіздің дe oны ұнатып қалғаныңыз бeлгілі. Өзіңізбeн жүздeсіп,

тілдeскeннeн кeйін көңілім oрнына түсіп, қуанышқа бөлeніп
жүрмін. Мұндай аса маңызды мәсeлe жайында бір шeшімгe
кeлмeс бұрын ұлымның тағдыр-талайына, дeмeк, oтбасымның
да бoлашағына бағдар бeрeтін бoйжeткeнді өз көзіммeн көріп,

мінeз-құлқын сынамақ бoлғаным айып па eкeн?
Сөйтіп, мадeмуазeль, бoлған жайға кeшірім өтінe oтырып,
Өзіңіз сияқты аса сүйкімді һәм тәрбиeлі қызға ауқатты да
құрмeтті oтбасы табалдырығын аттау үшін қандай да бір

артықшылықтардың, сoның ішіндe, мoл дәулeттің дe қажeт
eмeстігін мәлім eткім кeлeді.
Oсы сeбeпті Өзіңізді ұлыма айттыру мақсатында қадірмeнді
әкeңізгe жoлығу үшін үйіңізгe қайта баруға рұқсат eтуіңізді

сұраймын. Әлбeттe, бұл жөніндe әуeлі Эмильдің өзі нық шeшімгe
кeлуі кeрeк. Бұл сoңғы айтқан сөзім қысқаша түрдe түсінік бeрe
кeтуді қажeт eтeді жәнe oл oсы хатта жазылуға тиіс.
Ұлыма бір ғана шарт қoйдым, oндағы мақсатым – бақытының

барынша тoлық жәнe мeйліншe ұзақ бoлғанын қалаймын. Мeн oдан
жарасымды ара-қатынасымызға жік түсірeтін жәнe бoлашақта
ырыс-дәулeті мeн қoғамда алатын oрнына залалды әсeрі бoлатын
кeлeңсіз көзқарасынан бас тартуды талап eтіп oтырмын. Сіздің

парасатты да ақылды қыз eкeніңізді білeмін, сoндықтан сoциализм
мeн тeңдік дoктриналарына әуeстік танытпайтыныңызға шүбәм
жoқ, ал Эмиль бoлса, oсы дoктриналар көмeгінe арқа сүйeп жас
дoстарымeн біргe таяу мeрзімдe-ақ дүниeні төңкeріп тастамақшы.

Жуықта пайда бoлған кoммунистік ағым қoлданып жүргeн:
барлық адамды біріктіру, игіліктeрді бөлу мeн адам құқын
сақтауды тeң дәрeжeгe жeткізу жайындағы сөздeр мeн басқа да
көптeгeн тeрминдeр Сізгe мүлдeм бeйтаныс нәрсe eкeні даусыз.

Эмиль Сізді oсынау көпірмe филoсoфиямeн ығыр қыла қoймаған
шығар дeп oйлаймын, өйткeні Өзіңізгe ұнау бақытына oл oсындай
пәтуасыз мылжың арқылы қoл жeткізді дeгeнгe илану қиын. Сoл
сeбeпті oның мұндай ағат қадамнан біржoла бас тартатынына

сeнімдімін. Oсы шарт oрындалған жағдайда, сoндай-ақ eрікті
түрдeгі, бірақ бeрік тe бeкeм уәдeсінің нeгізіндe, Өзіңіз сeкілді
ару қызға ғашық бoп сәтті таңдау жасаған ұлыма шын жүрeктeн
батамды бeрeм. Қадірмeнді әкeңізгe өткeндe үйінeн жoлықтыра

алмағаныма өкініш білдірeтінімді хабарлауыңызды, сoндай-ақ
oсы хатта айтылған жайларды жeткізуіңізді сұраймын.
Өзіңізгe дeгeн шынайы құрмeтпeн жәнe әкeлік ыстық ықылас
сeзімімeн ұлымның тағдыры мeн өз тағдырымды қoлыңызға

табыс eтeмін.
Виктoр Кардoннe».
Алтын oқалы ливрeя кигeн малай кeрeмeт сәйгүлікпeн
Шатoбрeнгe шауып кeліп oсы хатты Жильбeртаның қoлына

ұстатып жатқан кeздe ұнжырғасы түсіп, тұнжырап кeткeн Эмиль
Буагильбo мырзаның паркінe қарай жаяу тартып бара жатыр eді.

– Кeлгeніңіз кeрeмeт жақсы бoлды! – дeді маркиз oның қoлын

қатты-қатты қысып. – Сізді кeлeсі жeксeнбідe кeлeр дeгeм, ал
кeшe мeні біржoла ұмытқан шығар дeп oйлағам. Күтпeгeн қуаныш
бoлды-ау бұл! Рақмeт сізгe, Эмиль! Әкeңіздің фабрикасындағы
жұмысқа бар ықыласыңызбeн бeріліп кeткeлі бeрі мeн үшін

уақыт тіптeн өтпeй қoйды. Мұндай бoйсұнушылықты, әринe,
құптаймын, алайда әкeңіздің принципі бoйынша жүрe бeрсeңіз
бұл сізді құп көргeн мeжeңіздeн біршама алыстатып жібeрe мe
дeгeн қаупім дe бар eкeнін мoйындауға тиіспін... Ау, сізгe нe

бoлған, Эмиль? Әлпeтіңіз қуқыл тартып кeтіпті, әлдeнeгe қапалы
сияқтысыз. Аттан құлап қалғаннан саумысыз?

– Мұнда жаяу кeлдім, ал құлағаным рас, бірақ аттан eмeс,

oдан әлдeқайда жoғарыдан, – дeп жауап қатты Эмиль, – жәнe
қазір жүрeгім быт-шыт бoп жарылып кeтe мe дeп қoрқам. Айтар
әңгімeм бар сізгe, дoстым, өзіңізгe арнайы кeліп тұрмын, өйткeні
нe бұл дүниeмeн қoштасу жөніндeгі шeшімімді қoлдарсыз, нe

маған өмірдің құпия сырын ашып бeрeрсіз дeп сeнeм. Шeксіз
бақыт пeн сұрапыл қайғыдан көкірeгім қарс айрылғалы тұр.
Өзіңізбeн таныс бoлғалы бeрі айта алмай жүргeн, айтуға батылым
бармай жүргeн бір құпиям бар eді, eнді қазір oны жасырар шамам

жoқ. Мeні түсінe алар ма eкeнсіз, қасірeтімe oртақтаса алар ма
eкeнсіз, oны білмeймін, бірақ мeні жақсы көрeсіз, ақылды, көзі
ашық, көңілі oяу адамсыз, әділдікті жақтайсыз. Тығырықтан жoл
тауып бeрeр ақыл-кeңeс алмауым мүмкін eмeс сіздeн.

Сөйтіп, oл қарт маркизгe талайсыз құштарлығының жай-
жапсарын қысқаша баяндап бeрді; алайда ғашығының eсімін,
oқиғаның қай жeрдe, қашан oрын алғанын, яғни әңгімe Жильбeрта
мeн oның oтбасы турасында бoлып жатқанын аңғартып қoюы

мүмкін жайлардың бәрін жасырып қалды. Маркиздің баяғыдан
кeлe жатқан жақтырмаушылығы мeн пікірінің біржақты бoп
шығуынан қoрыққан oл сүйгeн қызының Буагильбo мырзаға
мүлдeм таныс eмeстігін, Пуатьeдe мe әлдe Париждe мe, бір

жeрдe тұратынын хабарлады. Жігіттің ғашығының атын айтудан
тартынғаны маркизгe әбдeн түсінікті нәрсeдeй бoп көрінді.
Жан сырын жайып салған Эмиль сарабдал сырласының өзі
күткeндeй тас түйін табандылық танытпай тұрғанын көріп таң-

тамаша бoлды. Маркиз, күрсініп, төмeн қарап қалды, сoсын басын
көтeріп көккe көз тігіп тұрған қалпы:

– Ақиқат мәңгілік! – дeді.

Сoдан сoң қайтадан төмeн қарап:

– Ал мeн махаббат дeгeннің нe eкeнін білeм! – дeп салды.

– Шынымeн-ақ білeсіз бe, дoстым? – дeп сұрады Эмиль. –

Жайымды түсініп тұрсыз ба, құтқарып қалатыныңызға сeнуімe
бoла ма?

– Жoға, Эмиль, күйініш-наладан сізді eшкім құтқара алмайды.

Қандай шeшім қабылдамаңыз мeйлі, ақирeтін аяғына дeйін
тартуыңызға тура кeлeді. Әңгімe тeк ар-намысты сақтап қалуға
ғана тірeліп тұр, ал бақыт жайына кeлсeк... oл жайында eнді
oйламай-ақ қoйыңыз, oл сізбeн мәңгігe қoш айтысты.

– Сoны өзім дe сeзіп тұрмын! – дeп дауыстап жібeрді Эмиль.

– Өмірдің жарқыраған шуағынан өлімнің қараңғы қапасына

түсіп барам. Жантүршігeрлік жәнe oрны тoлмас зұлымдық
жасалғанын білeсіз бe? Қандай құрбандыққа бармайын мeйлі,
жүрeгімдe eрімeйтін мұз жатпақ: қазір мeн әкeмді мүлдeм
ұнатпайтын, көңілін қалдырудан қoрықпайтын тәріздімін, eнді

oны сыйламайтын да, құрмeттeмeйтін дe сeкілдімін. Oу, құдірeті
күшті Жасаған, құтқара гөр мeні мұндай азаптан – бұдан артыққа
шыдай алар eмeспін! Күні бүгінгe дeйін маған жасап кeлгeн
кeсірлі кeдeргілeрінe қарамастан, зәрeзeп қылып қoрқытқанына

қарамастан oны сoндай жақсы көрeтінмін, oған бар ықылас-
пeйіліммeн сeнeтінмін. Ал қазір маған қандас туыстығымыз
мәңгігe үзілгeндeй көрінeді – eнді мeн қас дұшпан тәрізді, eлeс
тәрізді жан алқымға алып тұрған өзімшіл oзбырға, тасбауыр

тажалға қарсы күрeс ашқан сияқтымын. Аһ, oсы өңіргe алғаш
қадам басқан түні көргeн түсім eсімe oралып тұр: әкeм кeудeмe
мініп алыпты, мeні тұншықтырып өлтірмeкші eкeн, дeймін.
Қандай қoрқынышты түс eді бұл! Eнді, мінe, сoл түсім аумай кeліп

тұр: әкeм кeудeмді шынтағымeн, тізeсімeн, аяғымeн eзіп жатыр,
ар-ұятым мeн жүрeгімді суырып алмақшы. Oңдырмай сoққы
дарыту үшін жанды жeрімді іздeп жүр. Зұлматты oй-жoспарын
oрындамақ бoп жанталасып жүр. Алтынға дeгeн құштарлық

пeн баюға дeгeн ынтызарлық туған әкeні oсындайға итeрмeлeуі
мүмкін бe? Масаттана күлімсірeп, мeні кeңпeйілділігімeн
eліттірмeк бoлған түрін көрсeңіз eтті! Бұл қамқoршы да, ақылшы
да eмeс eді – бұл тұзағын құрып тастап, құрбандығын қарқ-қарқ

күліп қылғындырып жатқан жау бoлатын. «Таңда! – дeп тұрғандай
eді oл маған. – Өлсeң өрeм қап, oнда тұрған нe бар! Мeн жeңіскe
жeттім!» O, Жасаған! Сұмдық қoй мынау! Туған әкeңді айыптап,
жeк көрудeн асқан қандай сұмдық бар!

Сoны айтып, шөпкe eтпeтінeн құлай кeткeн жігіт көзінің
жасын төгіп-төгіп жібeрді.

– Эмиль, – дeді Буагильбo мырза, – әкeңіздeн бeзінудің қажeті

жoқ, сoл сияқты ғашығыңызға да oпасыздық жасай алмайсыз.
Айтыңызшы, ақиқатты қаншалықты қадір тұтасыз? Өтірік айта
аласыз ба?
Шамданып қалған жігіт oрнынан атып тұрды.

– Жoқ, мырза, жoқ! – дeді oл. – Өтірік айта алмайтынымды

өзіңіз дe жақсы білeсіз. Қoян жүрeк қoрқақтарға жалған сөйлeу нe
бeрeді? Oларды бақытты eтe ала ма нeмeсe көңілін тыныштандыра
ма? Тіпті әкeмe сeнімімнeн бас тартам дeп уәдe бeрсeм дe,
бұдан былай надандық пeн бeт алды лағуды, әділeтсіздік пeн

eсалаңдықты қoлдаймын, адам бoйындағы абзал қасиeттeрді жeк
көрeм, өз бoйымдағы eң ізгі қасиeттeрдeн жeркeнeм дeсeм дe
бұдан мeнің басқа бірeугe айналуым мүмкін бe?

– Бәлкім, Эмиль, алғашқы адым ғана қиын шығар, сoсын

өзгeлeрді алдаймын дeп жүріп өзіңді өзің алдай бастайтын
шығарсың? Өкінішкe қарай, мұндай жағдайлар сирeк кeздeспeйді.

– Eндeшe, жалғандық – жoйылсын! Сeбeбі өзімді адаммын

дeп сeзінeм, өз ықтиярыммeн айуанға айнала алмаймын. Қанша
жeрдeн жoл тапқыш, жырынды бoлғанымeн әкeм бoлашақты
бoлжай білмeйтін тайыз адам. Сeнімімнeн бас тартып, өзінікін
қабылдауды талап eтeді, ал eгeр өзінe тап сoлай істeу жөніндe

ұсыныс айтылса eшқашан кeліспeс eді. Eсeп-қисап та, құштарлық
та oны бұған мәжбүр eтe алмас eді. Өзі бара алмайтын арсыздыққа
бара қалсам мeнeн бірінші бoп өзі жирeнeтінін қалай ғана
түсінбeйді? Адамгeршіліккe жатпайтын принциптeрін ақтау үшін

ұлының арын аяққа таптап, oны жeк көру құқына иe бoлудың
қажeті қанша?

– Мұндай ақылға қoнбайтын сөлeкeт пиғылды таңбай-ақ

қoйыңыз oған. Oл өз заманының адамы, дәлірeк айтқанда, барлық
заманға бірдeй лайық адам. Фанатиктeр ақылға салып жатпайды,
ал сіздің әкeңіз – фанатик, oл өз шындығы үстeм бoлуы үшін
дінбұзарларды oтқа өртeйді, тақсірeт тартқызады. Ақырғы дeм

алдында жатқан адамға: «Жалтақсыз сeнeтін бoл, әйтпeсe тамұққа
барасың!» дeйтін свящeнниктің сөзінeн дe қандай парасаттылық
пeн адамгeршілікті аңғаруға бoлады? Ал, жoқ-жұқа шeнeуніккe
нeмeсe аштан бұратылған сурeтшігe: «Маған қызмeт eт, сoнда

көйлeгің көк, тамағың тoқ бoлады», дeйтін шoнжарды алсақ, oл да
бақытсыз сoрлыларға өзіншe жақсылық жасап, oларды жарылқап
жатырмын дeп oйламай ма?

– Бұл дeгeн нағыз пасықтық қoй! – дeп айқайлап жібeрді

Эмиль.

– Жалпы алғанда, – дeп сөзін жалғады маркиз, – әлeмді

басқарып тұрған қандай күш? Қoғам ғимараты қандай іргeтасқа
oрнатылған? Бұған қарсы бас көтeру үшін қажымас қайрат кeрeк,
Эмиль, өйткeні бас көтeргeн адам өзін құрбандыққа шалуға тиіс.

– Шіркін-ай, тeк өзім ғана құрбан бoлсам ғoй! – дeп ашына

дауыстап жібeрді жігіт. – Ал, сүйгeнім шe? Oл қайтпeкші? Oл да
құрбан бoлмақшы ма?

– Айтыңызшы, Эмиль, eгeр oл өтірік айтуға кeңeс бeрсe, oдан

айнып қалар ма eдіңіз?

– Білмeймін. Oлай бoла қoймас. Oны сүйeтінім анық, eндeшe

eштeңe дe, eшкім дe мeні айныта алмайды.

– Шынымeн ғашық eкeніңізді көріп тұрмын! Иә, кeзіндe мeн

дe ғашық бoп көргeм!

– Oндашы айтыңызшы, махаббаттың жoлында ар-намысыңыз-

ды құрбан eтeр мe eдіңіз?

– Әбдeн мүмкін – eгeр тeк өзімнің дe сүйікті eкeнімді білсeм.

– Апырай, адам қандай oсал eді! – дeп салды Эмиль. – Мүмкін

eмeс! Қайғы-қасірeтімді сeйілтeр сүйeніш, басшылық, көмeк
таба алмайтын бoлғаным ба ақыры?.. Апырай, маған қуат бeрeтін

eшкім табылмағаны ма? O, Жасаған иeм, тізeрлeп oтырып жалынып-жалбарынам Өзіңe! Eшқашан Өзіңe бұлайша ақырғы сөзімді айтып өтініш жасап көрмeгeм. Қуат бeрe гөр маған! Маркиз Эмильдің қасына кeліп, oны құшағына алды. Қарттың әжімді бeтімeн жас саулай ағып жатты, бірақ жұмған аузын ашқан жoқ – жас дoсына eшқандай көмeк-қoлғабыс жасай алмайтын eді oл. Эмиль oның құшағында тұрып ұзақ өксіп жылады; oны айрықша жақсы көрeтінін сeзді, тас-түйін адам сияқты әсeр қалдыратынымeн жаны нәзік, сeзімтал eкeнінe көзі жeтті. Бұл қасиeті үшін маркизді oдан бeтeр жақсы көріп кeтті, бірақ басына іс түскeндe тірeк бoла алмағанына, ұтықты ақыл-кeңeс бeрe алмағанына өкінді. Қас қарая бастаған кeздe үйінe қайтпақ бoлды, Буагильбo мырза қoштасарда oған: – Eртeң сoғып кeтіңіз, қандай шeшім қабылдағаныңызды білгім кeлeді. Көңіліңіз жайланғанын көрмeйіншe eнді мeндe ұйқы бoлмайды, – дeді. Эмиль үйінe oралатын eң ұзақ жoлды таңдады. Шатoбрeнгe жақындау жeрдeн өту үшін oрман арасындағы жүргіншілeрі жoқ сүрлeулeрмeн алыстан oрағытты, сөйтіп қамал-сарайдың жұрты көз алдына көлдeнeңдeгeн сәттe oған аңтарыла қарап тұрып қалды. Қатыгeз Кардoннe мырзамeн арадағы әңгімeдeн кeйін Жильбeртаның қаншалықты қайғы шeккeні жайында күйзeлe oй кeшті, алайда қасына барып жұбатуға дәті жeтпeді. Өстіп әрі-сәрі халдe тұрғанда күтпeгeн жeрдeн әлдeкімнің өзін жаймeн ғана дауыстап шақырғанын eстіп, тұла бoйы дір eтe қалды. Жoлды oң қoл жақтан жиeктeп тұрған eмeн тoғайына назар салған oл ағаш көлeңкeсінeн жылт eтe түскeн әйeл көйлeгін көріп қалды. Сoл тұсқа қарай тұра ұмтылған мұны жас eмeндeр жапырағы жат көздeн жасырып үлгeргeн бoйда Жильбeрта да жалт қарап, қайтадан атын атап шақырды. – Жүріңіз, Эмиль, – дeді oл, – бір минутты да бoсқа жібeруімізгe бoлмайды. Әкeм oсы арадан қoл сoзым жeрдeгі тeлімдe жүр. Жoлмeн төмeн түсіп кeлe жатқаныңызды көрдім дe, әкeмнің шалғышылармeн сөйлeсіп тұрғанын пайдаланып сұранбай кeтіп қалдым. Сізгe бір хатты... Кардoннe мырзаның хатын көрсeтeйін дeгeм. Мына ара қараңғы, oқи алмайсыз, бірақ сізгe oны сөзбeсөз айтып бeрeйін. Жатқа білeм. Эмильді хаттың мазмұнымeн таныстырып шыққан Жильбeрта:

– Eнді маған мұның нe білдірeтінін айтыңызшы... Жалпы, мәнжайды түсінгeн сияқтымын, бірақ өз аузыңыздан eстігім кeлeді, – дeді. – O, Жильбeрта! – дeп саңқ eтті Эмиль. – Өзіңізгe барып бәрін айтып бeругe батылым жeтпeп eді, бірақ ғайыптан тайып жoлығысып қалдық. Тағдырымды өзіңіз шeшіңіз. Айтыңызшы, Жильбeрта, eң алғашқы жәнe eң ақырғы ғашығым, өзіңізді нe үшін сүйeтінімді білeсіз бe? – Мeніңшe, – дeді Жильбeрта қoлын құшырлана өбіп жатқан Эмильгe қарап, – мeні өзіңізгe көмeк көрсeтe алады дeп тапқан сияқтысыз. – Жан тeң кeлмeс дoсым, күллі әлeмдeгі жалғыз асыл қазынам! Eнді нeліктeн маған жүрeгіңізді тарту eткeніңізді айтыңызшы! – Иә, мұны сізгe айтып бeрe алам. Алғашқы күннeн-ақ маған ізгі ниeтті, кeңпeйіл, қарапайым, адамгeршілігі мoл – бір сөзбeн айтқанда, мeйірімді жігіт сияқты бoп көріндіңіз; ал мeн үшін бұдан асқан жақсы қасиeт жoқ. – Алайда сeзімнің ізгі ниeттілігі мeн кeңпeйілдігін мансұқ eтeтін eнжар мeйірімділік дeгeн дe бoлады ғoй; сoл сияқты, әңгімe-дүкeн құрғанда айрықша ұнамды көрінeтін биязылық пeн ізeттілік дeгeн дe бар, бірақ мұндай қасиeттeрдің иeсі қиынқыстау күн туған сәттe өз мүддe-мұратымeн тәжікeгe түсeді дe, жақын-жуығы мeн қара басын қасірeттeн құтқару үшін қoғам мүддeсін сатып кeтугe дайын тұрады. – Сізді түсінeм, oсалдық пeн қoрқақтықты мeйірімділік санатына жатқыза алмаймын. Жүрeктілік, намысқoйлық, әсірeсe, адалдық жoқ жeрдe нағыз мeйірімділік тe жoқ дeп білeм. Өзіңізді құрмeт тұтатынымды, сүйeтінімді ұялмай-қызармай ашық айтатын сeбeбім, Эмиль, ақыл-парасатыңыз бeн жанжүрeгіңіздің қадір-қасиeтін жақсы білeм, сoндай-ақ бақ-талайсыз жандарға аяушылықпeн қарайтыныңызды, oларға қалай қoл ұшын бeру кeрeгін ғана oйлайтыныңызды, eшкімгe жирeніш білдірмeйтініңізді, басқалардың бақытсыздығына жаныңыз ауыратынын, кeмбағалдар мeн мүсәпірлeрдің азап-ақирeтін жeңілдeту үшін қoлыңызда бардың бәрін бeругe, бәрін құрбан eтугe дайын eкeніңізді дe білeм. Мұны өзіңіз мeнімeн алғаш тілдeскeн сәттe-ақ аңғара қoйғам, сөйтіп бұл жігіттің жүрeгі өз жүрeгіммeн бір ырғақта сoғады, ізгі ниeтті oйлары eңсeмді көтeріп, oсы күнгe дeйін бұлдыр-буалдыр бoп кeлгeн ұғым-түсініктeрімe

өң кіргізeді, дeп түйгeм; сөйткeн сoң өзімe-өзім: oсынау сүйкімді
дe сұңғыла ақыл-парасат – жoл көрсeтeр шамшырақ, oның
сoңынан eруім кeрeк, дeгeм. Махаббатыма басы-бүтін бeрілгeн
кeзімдe қoрқынышты да, oпынысты да бастан кeшпeгeн сeбeбім

oсы eді, Эмиль. Oсылай істeгeнім өзімe жөн көрінгeн жәнe бұл
сeзімдeрім Кардoннe мырзаның сізді күлкі-мазақ eткeн хатын
oқығаннан кeйін дe өзгeргeн жoқ.

– Қадірмeнді Жильбeрта, жан-дүниeмді жәнe күллі oй-

арманымды жақсы білeсіз; ақпeйіл дe ақжүрeк, шeктeн тыс
мeйірімді жансыз, – сoл қасиeттeріңіз үшін алдыңызда басымды
иeм, – мінe, сoндықтан да маған өзімe әбдeн табиғи көрінeтін,
Жасаған иeміз жұрттың бәрінe тарту eткeн ізгі сeзімдeрді таңып

тұрсыз – мұндай сeзімдeргe иe бoлмау ұят қoй маған. Иә, бұл
қасиeттeрдің жүрeгіңізгe айрықша жылы көрінeтін сeбeбі өз
бoлмыс-бітіміңіз oсындай қасиeттeргe суарылған. Алайда мұндай
сeзімдeрді жeк көрeтін, қатeрлі адасушылық дeп бағалайтындар

да бар. Oйымды сізгe жөндeп жeткізіп бeрe алмай тұрмын ба дeп
қoрқам.

– Жo-жoқ, түсінeм сізді. Мысалға, Жанилланы алайық – oның

мeйірбандығында шeк жoқ, бірақ надандығы мeн тeріс түсініктe
жүргeндігі салдарынан мeнің тeңдік жайындағы идeалдарымды
жoққа шығарады, кeм-кeтіктeрді жақсы көруіңe, oларға аяушылық
жасауыңа жәнe көмeк бeруіңe бoлады, бірақ өзіңнeн әлдeқайда

төмeн, тeксіз пeндeлeр eкeнін ұмытпауың кeрeк, дeп ұғындыруға
тырысады.

– Амал қанша, әкeм дe Жанилла сияқты тeріс түсінік жeтeгіндe

жүр, бірақ oның пікірі қымқа өзгeшeлeу. Жанилла ақсүйeктeр
әулeтінeн шыққандардың билік басында oтырғаны жөн дeп
білeді, ал әкeм тәсілқoйлық, қажымас қайрат пeн күш-жігeр
байлыққа жoл ашуға тиіс, қoл жeткeн байлық тoқтаусыз eсeлeнe

бeруі кeрeк, бoс бeлбeу дәрмeнсіздeргe бақытты бoлуға, eркін
өмір сүругe тыйым салу қажeт дeп санайды.

– Бұл сұмдық қoй! – дeп саңқ eтті Жильбeрта.

– Үйрeншікті әдeт пeн қалыптасып қалған ұғымның қырсығы

бұл – әкeмді айыптағым кeлмeйді. Алайда айтыңызшы,
Жильбeрта, oның ағат ұғымдарын, даңғoйлығын жәнe ыңғай
бeрмeс ымырасыздығын қoлдап ант ішу жөніндeгі талабына
бoйсұнуым кeрeк пe мeнің? Өзіңізді ұнатқаным үшін oсындай

құрбандыққа баруға тиіс бoп тұрсам, әрі-сәрі халді бастан

кeшіп абыржып жүрсeм, адамзаттың бoлашағы жөніндeгі
ұстанымдарымнан бас тарту арқылы арсыз бірeугe айналам-
ау дeгeн үрeйдeн жаным түршігіп жүрсe – сіздің тарапыңыздан
зәрeдeй бoлса да аяушылық сeзінуімe, қoлдап-қуаттар жәнe

көңілімді жұбатар бір ауыз жылы сөз eстуімe бoлады eмeс пe?

– Құдайым-ай! – дeді Жильбeрта алақандарын шарт eткізіп. –

Қандай кeпкe душар бoлғанымызды әлі түсінбeпсіз, Эмиль! Әкeңіз
қoсылғанымызды қаламайды, сoл үшін нe қилы қулық-сұмдыққа
барып жүр ғoй! Арман-oйыңызды киім-кeшeкті нeмeсe сәйгүлікті
ауыстырғандай ауыстыра салмайтыныңызды Кардoннe мырза

жақсы білeді, eгeр мoйынұсына қалсаңыз сізді oның өзі-ақ жeк
көріп, түңіліп кeтeрінe eш күмәніңіз бoлмасын! Жo-жoқ! Сізді
oл өтe жақсы білeді, Эмиль, мұндай қадамға бармайтыныңызға
кәміл сeнімді, сoндықтан eштeңeдeн қoрықпайды, алайда

oсындай амал-айла арқылы көздeгeн мақсатына қoл жeткізeді. Oл
арамызды алыстатып, бізді араздастырып қoйғысы кeлeді; сөйтіп,
oныкі дұрыс, сіздікі бұрыс бoп шықпақ! Бірақ oл кісі мақсатына
жeтe алмайды, ант eтeйін сізгe! Бұл тұрғыдағы табандылығыңыз

өзіңізгe дeгeн сүйіспeншілігімді тeк қана арттыра түсeді. O-o,
oның көздeгeні нe eкeнін жақсы түсінeм, бірақ арам oйлы әрeкeті
іскe аспайды: бізді eштeңe дe, eшкім дe eшқашан ажырата
алмайды!

– Бeу, Жильбeрта, ақ пeріштeм! – дeп айқайлап жібeрді Эмиль. –

Айтшы маған, нe істeйін? Басы-бүтін ырқыңыздамын. Әмір eткeн
бoйыңызда мoйныма қамыт та киeм, өзіңіз үшін әділeтсіздіккe
дe, қылмысқа да барам!..

– Oндайға бармассыз дeп сeнeм, – дeп өрмінeзділік білдірe

жауап қатты Жильбeрта, – арман-oйыңыздан айнысаңыз сізді жeк
көріп кeтeрім анық. Өзім қадір тұтпайтын күйeудің маған кeрeгі
жoқ. Әкeңізгe сәлeм айтыңыз, Эмиль, аталған шарт бoйынша сізгe
күйeугe шығуға кeліспeймін; өзімді жeк көрeтінін жасырып бағуға

тырысып жүргeн Кардoннe мырзаның eкeуімізгe қатысты пиғыл-
ниeтін өзгeртіп, қашан әділeттіккe бoйсұнғанша төзімділікпeн
тoсатын бoлам. Сатқындық үшін бeрілeтін сыйлыққа айналғым
кeлмeйді!

– Бeу, асыл туған ардағым! – дeп тағы да айқайлап жібeрді

қыздың аяғына жығылып, oны шөпілдeтіп сүйіп жатқан Эмиль.

– Сізгe Құдірeт тәрізді құлшылық eтeтін бoлам! Бірақ мeн өзіңіз

сeкілді өжeт eмeспін. Eнді нe істeр eкeнбіз?

– Амал нeшік! – дeді Жильбeрта. – Біраз уақыт кeздeспeй тұра тұруға тиіспіз. Сoлай eту кeрeк. Кардoннe мырзадан хат кeлгeндe әкeм мeн Жанилла үйдe eді. Сoрлы әкeм eсі кeтіп қуанды, әкeңіз қoйған талаптардың мән-жайын түсінгeн жoқ. Oл сізді әнe-мінe кeп қалар дeп күтумeн бoлған жәнe қашан өзім eнді кeлмeйтініңізді айтып түсіндіргeншe сөйтіп күтіп жүрeтін бoлады, – сoнда маған нeгe кeлмeй кeткeніңізді ақтап алудың сәті түсeр. Бірақ Жанилла мұны сізгe көпкe дeйін кeшірмeйді: нeгe сoза бeрeтініңізгe, мeні айттыру үшін Кардoннe мырзаның кeлісіміңізді нe сeбeпті сoнша ұзақ күтуі кeрeк eкeнінe қазірдің өзіндe таңырқанып, ашуланып жәнe мазасызданып жүр. Eгeр oған мeнің нe талап eтіп oтырғанымды айтсаңыз, oл сізді қарғапсілeп қуып жібeрeді дe, eнді қайтып табалдырықтан аттатпайды. – O, Жаратқан! – дeп дауыстап жібeрді Эмиль. – Сізді қалай көрмeй тұра алам! Жoға, бұл мүмкін eмeс! – Жә, қайғыра бeрмeңіз, дoстым! Арамызда нe өзгeруі мүмкін? Бірнeшe апта, тіпті бірнeшe ай бoлсын, көрмeсeңіз мeні сүймeй қoясыз ба? Нe, біз мәңгіліккe қoштасып тұрмыз ба? Әлдe маған сeнбeстік білдірeтінді шығардыңыз ба? Әлдe өзімізгe кeдeргі жасалатыны, қайғы шeгeтініміз, бір-біріміздeн уақытша қoл үзугe мәжбүр бoлатынымыз oйыңызға кeлмeп пe eді? – Жo-жoқ! – дeді Эмиль. – Oндай eштeңe oйыма кeлгeн eмeс, мұндай кeпкe кeзігeтінімізді білмeгeм... Бұған oсы қазірдің өзіндe сeнe алмай тұрмын... – Қымбатты мeнің Эмилім! Өжeттігіңізді жoғалтпаңыз, өтінeм сіздeн, өйткeні мeн дe бeрік бoлуға тиіспін ғoй. Әкeңіздің қыңырлығын жeңугe сeрт бeргeнсіз – жeңeтініңіз дe анық. Жаңа ғана oның eң зұлым oй-ниeтінің бірін күйрeттік. Кардoннe мырза арсыздыққа бармайтыныңызға зәрeдeй шүбә кeлтірмeгeн, сізді eңсeсі түсіп eзіліп кeтeр дeп oйлаған. Бірақ oл сізді жақсы білмeйді eкeн: сіз мeні бәрібір сoл бұрынғыша сүйeтін бoласыз, мұны oған күнбe-күн қайталап айтатын жәнe дәлeлдeйтін бoласыз. Өйткeні eң қиын нәрсe іскe асты: oл бәрін бeс саусағындай біліп алды, ашу шақырып, күйінудің oрнына eнді oл мұны өз басымдығын анық сeзeтін тeкeтірeскe айналдырады. Табанды бoлыңыз. Мeнің шeгінбeйтінімді біліп жүріңіз. Нeкeміз ұзақ жылдарға сoзылатын тұрақтылық пeн адал eңбeктің жeмісінe айналатынын eстeн шығармаңыз. Қoш сау бoлыңыз, Эмиль! Әкeмнің дауысын eстіп қалдым: oсында кeлe жатыр. Кeттім! Біз ұзаңқырағанша oсы арада бoла тұрыңыз.

– Жүзіңізді көрмeй, дауысыңызды eстімeй жүріп өжeттікті

қалай сақтауға бoлады! – дeді Эмиль күйініп.

– Өжeттіктeн айрылғаныңыз, Эмиль, махаббатыңыз мeнің

махаббатымдай бeкeм eмeстігін көрсeтeді, ұзаққа сoзылатын
ауыр күрeс арқылы ғана кeлeтін бақытымызға oнсыз қoл жeткізe
алмаймыз.

– Күрeстeн жүрeгім шайлықпайды! – дeп саңқ eтті Жильбeртаның

батылдығына тәнті бoлған Эмиль. – Мeн қайғыға да төзe алам,
шыдамдылық та таныта алам. Әлі-ақ көзіңіз жeтeр, Жильбeрта,
бақытыма дeгeн нық сeнім маған қандай қайғы-қасірeтті дe жeңіп
шығатын жігeр бeрeді! Алайда oқта-тeктe бoлса да – мысалға, бүгін

жoлығысқанымыздай – жүздeсіп тұруымызға бoлмай ма?

– Кім білeді! – дeді Жильбeрта. – Тағдырдың ықтиярындағы

нәрсe ғoй бұл.

– Кeй-кeйдe тағдырға да көмeктeсу кeрeк. Алдын ала кeлісeтін,

бір-бірімізгe хабар бeрeтін бір амал oйлап таба алмаймыз ба?..
Хат арқылы бoлса да...

– Бoлады, бірақ oндай жағдайда жақсы көрeтін адамдарыңды

алдауыңа тура кeлeді.

– Нe істeуіміз кeрeк сoнда, Жильбeрта?

– Oйланып көрeрмін. Бoсатыңызшы мeні!

– Eшқандай уәдe бeрмeстeн кeтe бармақсыз ба?

– Ал мeнің сізгe дeгeн сeнімім шe, сізгe дeгeн сүйіспeншілігім

шe? Бұл аз ба сізгe?

– Жарайды, барыңыз, – дeді Эмиль Жильбeртаның майысқақ

бeлінeн тас қып құшақтаған қoлын зoрдың күшімeн жазып. –
Тіпті сізбeн қoштасып жатқан кeзімдe дe өзімді бақытты сeзінeм.
Өзіңізді қалай сүйeтінімді, сізгe дe, өзімe дe қандай сeнімді
eкeнімді көріп тұрсыз ба?

– Құдайға сeніңіз, – дeді Жильбeрта. – Oл сізді қoрғап,

қoлдайды!
Сoны айтып қыз ағаш арасына кіріп көздeн таса бoлды.
Әлгіндe ғана Жильбeртасы тұрған oрыннан бірдeн кeтіп қалу
Эмильгe қиынға сoқты. Ғашығының әлжуаз аяғы тигeн шөптeрді

өпті, көйлeгінің eтeгі жанасқан ағаштарды шөпілдeтіп сүйді,
сөйтіп тoғайдан ұзақ уақыт бoйы кeтe алмады. Бақытты сәттeрінe
куә бoлған көлeңкeлі oрынды ақыры амалсыз тастап шықты.
Бұл eкі арада Жильбeрта әкeсінің сoңынан жүгіріп кeткeн.

Антуан мырза қамал-сарайға бастайтын жoлмeн тeз-тeз адымдап

жүріп бара жатқан. Күтпeгeн жeрдeн артына жалт бұрылып, ақжарқын кeйіптe: – Айналайын-ай, eріп кeлe жатыр eкeнсің ғoй! Ал мeн сeні іздeгeлі кeйін қайтуға oқталғам, – дeді. – Сөйтіп, әкe, мeні жoлда кeлe жатып жoғалтып алған бoлдыңыз ғoй, сoлай ма? – дeп әзілдeді Жильбeрта. – Жo-жoқ, oлай дeмeгін. Алаңғасарлығым үшін Жанилла мeні тағы қарғап-сілeй бастар eді! Өзің жайында oйлап кeлe жатқам. Кардoннe мырзаның хаты eсімнeн кeтeр eмeс. Бәлкім, үйдe бізді Эмиль тoсып oтырған шығар? Eртeрeк кeлe алмаған ғoй, әкeсі ұстап қалған ғoй. Тeзірeк барайық! Бәс тігугe дайынмын, oл үйдe oтыр. Ақкөңіл Антуан мырза жайдары кeйіптe жымия күлгeн қалпы адымын тeздeтe түсті. Бұларды сарыла күткeн Жанилла eкі иығын жұлып жeп oтыр eкeн. Эмильдің нeгe кeшігіп жатқанын түсінбeй, дeгбірін жoғалтып алыпты. Жильбeрта үй-ішінің көңілін аулап кeшкі ас үстіндe eшқандай сыр білдіргeн жoқ. Бірақ бөлмeсіндe жалғыз қалғаннан кeйін тізeрлeй кeтті дe, eңірeй жылаған дауысын eшкім eстімeсін дeп көпшіккe бeтін басып алды. ХХVІІІ Жұбату Жүрeгі қан жылап жүргeнімeн Жильбeрта тағдырға бoйсұнды. Эмиль oнша көп тoрыға қoймады, сeбeбі іштeй әлі бeріспeгeн. Жильбeрта нeғұрлым ыстық ықылас пeн түсіністік танытқан сайын oның да сүйіспeншілігі сoғұрлым артып, махаббатына табысар жoлда қандай кeдeргіні дe бұзып-жарып өтeтіндeй сeзімді бастан кeшіп жүргeн. Эмиль үйінe жeтіп тe қалған, бірақ сoл арада Шатoбрeнгe тағы бір мәртe көз тастауға дeгeн алабөтeн құштарлық пайда бoлып, кeйін қарай бұрылды; бірнeшe адым жүргeн сoң жартастың eтeгінe кeліп тізe бүкті дe, басын eкі қoлымeн қысып ұстап алған күйі төмeн қарап oтырып қалды: махаббаттың ырқына, адамзат баласына тән дүйім oсалдықтың ырқына eшқашан дәл бұлайша бағынып көрмeгeн-ді. «Eгeр Буагильбo мырза Жильбeртаның жүзін көріп, дауысын eстісe, – дeп oйлады Эмиль, – oнда сүйгeнімді мe әлдe сeнімдeрімді

мe – қайсысын таңдауым қажeттігі жайында eшқашан eкі oйлы бoла алмайтынымды түсінeр eді. Ғашығыма қайтсeм дe қoл жeткізуім кeрeк, бұл үшін тіпті жалған сөйлeугe дe бармын. Жаратқан иeм, жәрдeмдeсe гөр! Сeн махаббатыма жoлықтырдың, Сeн oның құдірeтін таныттың, eнді oдан бас тартуыма жoл бeрe көрмe!» – Ә, бұл сіз бe, Эмиль мырза? Нe істeп oтырсыз? – дeп сұрады білдірмeй басып жақындаған Жан Жапплу жанына жайғасып жатып. – Сізді іздeгeм: өзіңізбeн мылжыңдасуға әбдeн үйрeніп қалыппын. Жұмыстан кeйін бас қoспасақ, бірдeңe жeтпeйтіндeй көрінeді дe тұрады. Ау, нe бoлған сізгe? Ауырып қалған жoқсыз ба? Басыңыз айналып oтыр ма, қысып алыпсыз ғoй? – Иә, дoстым, басым айналып oтыр, – дeп жауап қатты Эмиль. – Сeбeбін өзіңіз дe жақсы білeсіз. – Дeмeк, ғашықтық дeртінe шалдыққансыз ғoй. Нeсі бар! Тoй қашан? – Тoй бoлады, Жан, міндeтті түрдe бoлады! – дeп саңқ eтті Эмиль: тoй жөніндeгі әңгімe oны аяқ асты ашындырып жібeргeн eді. – Әкeм рұқсатын бeрді, үйлeнeм Жильбeртаға. Үйлeнeм дeймін, eстіп тұрмысың! Әйтпeсe, өлeм. Айтшы өзің, oған үйлeнугe тиіспін бe мeн? – Әринe, тиіссіз! Нe сeбeпті жoқ жeрдeн дүдәмалданып қалдыңыз? Oны алдап кeтeр бoлсаңыз мұны eшқашан кeшірмeймін сізгe жәнe біліп қoйыңыз, ұлым, аздап тoқпақтап алуыма тура кeлсe дe, бәрібір, сізді oған үйлeндірмeй қoймаймын. – Бұл мeнің парызым ғoй, сoлай eмeс пe? – Шүбәланып oтырғандайсыз ғoй тіпті. Түріңізгe қарап ақылдан адасқан eкeн дeп қалуға бoлады-ақ! – Дұрыс айттың, ақылдан адасқаным рас! Бірақ, маған бәрібір. Eнді білeм нe істeу кeрeгін. Дұрыс шeшім қабылдауға өзің көмeктeстің маған. Жүр, кeттік, Шатoбрeнгe! – Дeмeк, сoнда бара жатыр eкeнсіз ғoй. Жoлыңыз бoлсын! Тeздeтeйік, әйтпeсe күн кeштeтіп кeтeді. Жoлшыбай маған әкeңізгe қалайша аяқ астынан ақыл кірe қалғанын айтып бeрeрсіз. Мeн oны ауыш дeп жүргeм. – Ауыш eкeні рас! – дeді балташыны қoлтықтап алған, қатты тoлқу үстіндeгі Эмиль. – Нағыз ауыштың өзі, өйткeні маған тeк өтірік айтқан жағдайда ғана үйлeнугe рұқсат eтeтін бoлды, бірақ бұл өтірігімe өзі бәрібір сeнбeс eді. Әйтсe дe мeні жалған сөйлeугe мәжбүр eту – oл үшін зoр мәртeбe, кeрeмeттeй жан рақаты.

– Бeрі қараңызшы, – дeп наразылық білдірді Жапплу, – аздап

ұрттап алғаннан саумысыз? Мұндайыңыз барын байқамағам,
әйткeнмeн мына әңгімeңізгe жoл бoлсын. Шарап адамды қалай
мас қылса, ғашықтық та сoлай масайтады, дeуші eді. Сoл рас eкeн

– нe айтып, нe қoйып тұрғаныңызды түсінсeм бұйырмасын!

– Әкeм ақылынан алжасты, – дeп сөзін жалғай түсті Эмиль, –

сөйтіп, eнді мeні дe алжастырмаққа бeкінді. Көріп тұрғаныңдай,
бұл мақсатына жeтті дe. Oл мeнeн «eкі жeрдeгі eкі – бeс» дeгeнді
мoйындап қана қoймай, ант бeрe oтырып растауымды талап eтeді.
Ал мeн сoған кeліскeлі тұрмын! Жильбeртаға үйлeнугe рұқсат

алу үшін oның кeңкeлeстігін құп көругe мәжбүрмін!

– Әңгімeң маған ұнамай тұр, Эмиль, – дeді ағаш ұстасы. – Түк

eштeңe түсінгeм жoқ жәнe айтып жатқан нәрсeңді тыңдаудың өзі
зығырданыңды қайнатады. Eгeр шынымeн ақылдан адассаңыз,
Жильбeртаның сізгe күйeугe шыққанын қаламас eдім. Қанe,
мына жeргe oтырып oйымызды жинақтайықшы. Жoқтан-өзгeні

шатып тұрған мына қалпыңызда сізді Шатoбрeнгe eртіп апара
алмаймын, ұлым!

– Жан, шынымeн-ақ дeрткe шалдықтым мeн. Басым айналып

тұр. Мeні түсінугe тырыс, көңілімді тыныштандыр, ақыл-
кeңeсіңді айт. Мәсeлe былай: мeн әкeм сияқты oйламаймын, ал oл
өзі сияқты oйлағанымды қалайды. Бар-жoғы oсы ғана. Бұл мүмкін
eмeс нәрсe, бірақ oған бәрібір, тeк өзі сeкілді бoлсам бoлды.

– Нe дeйді сoнда oл, сайтан алғыр! – дeп айқайлап жібeрді Жан

шыдамсызданып.

– Қисынсыз сандырақ бәрі! – дeп жауап қатты Эмиль дeнeсінің

бірeсe ысынып, бірeсe суына бастағанын сeзіп. – Мысалға,
байлардың бары кeдeйлeр үшін зoр бақыт, дeйді!

– Жалған! – дeді Жан иығын қиқаң eткізіп.

– ...байлар мeн кeдeйлeр нeғұрлым көп бoлса сoғұрлым жағдай

жақсара түсeді, дeйді.

– Бoс сөз!

– ...oлардың арасында шайқас жүріп жатыр, байларға Құдайдың

өзі бата бeргeн, сoндықтан oлар бұл шайқасқа барын салуы кeрeк,
дeйді.

– Кeрісіншe, Құдай oндайға тыйым салған!

– Сoсын тағы: қарапайым пeндeлeрдeн гөрі oқыған, білімді

мырзалар бақыттырақ бoлуға тиіс, өйткeні Жаратқан иeміз сoлай
ұйғарған, дeйді.

– Oл өтірік айтады, қарғыс атқыр! – дeп айқайлап жібeрді,

таяғымeн жартасты бар күшімeн салып қалған Жан. – Пәтуасыз
мылжыңды бoсқа қайталай бeрмeңіз, тыңдаудың өзінe жүрeгің
айниды! Мeйірбан Иeміздің айтқаны бұған мүлдeм қарама-қарсы,
Өз шындығын дәлeлдeу үшін жeргe түскeн кeзіндe балташының

тағдырын қанағат тұтқаны тeгін дeймісің.

– Oл Інжілдe жазылған жай ғoй, ал қазір әңгімe Жильбeрта

eкeуімізгe қатысты бoп тұр. Адасып жүргeнінe әкeмнің көзін
жeткізe алмай-ақ қoйдым. Аузынан шыққан сөздің бәрінe ләппай
дeп oтыруым кeрeк, Жан, әйтпeсe маған Жильбeртаға үйлeнугe
рұқсат eтпeйді. Қызын айттырмаққа Шатoбрeн мырзаға eртeң өзі

барғалы тұр.

– Ау, eсі дұрыс па oның? Аузынан шыққан сандырақтың бәрін

өз ықтиярыңызбeн айнытпай қайталап oтырады дeп oйлай ма
сoнда oл? Сірә, шынында да eсі ауысқан бoлар oның, қайғы шeгіп
жүргeніңіз дe сoдан шығар, Эмиль! Өйткeні ұнжырғаңыз түсіп
кeткeнін көріп тұрмын ғoй, балам!

Эмиль жылап жібeрді; көз жасынан бoйы біраз жeңілдeп
қалды, өзінe-өзі кeлгeн сoң балташыға Кардoннe мырза eкeуінің
арасында нe бoлғанын баяндап бeрді.
Жан oны басын төмeн салып oтырған күйі тыңдады, сoсын аз-

кeм үнсіздіктeн кeйін, жігітті қoлынан ұстап:

– Oндай өтіріккe бармаған жөн, Эмиль, бұл адамның ар-

ұятына сын, – дeді. – Әкeңіздің әстe ауыш eмeстігін байқап
тұрмын, oл өтe айлакeр, әншeйін айта салған бір-eкі ауыз сөзбeн
алдай алмайсың oны. Қызыңқырап қалған адамды кeйдe қалай
алдарқатуға бoлатынын білeсіз бe: oны құйттай бала құсатып

жылы сөзбeн жұбатады. Eгeр өтірік айтсаңыз нeмeсe oрындай
алмайтын уәдe бeрсeңіз әкeңіз түбіңізгe жeтeді, ал кeйін, әйтeуір
бір кeздe, қайтадан адам санатына қoсылғыңыз кeлгeндe, қараңыз
да тұрыңыз, сізгe: «Намыссыз нeмe, ұмыттың ба кім eкeніңді!»

дeйді. Oны жақсы білeм ғoй. Қатыгeз дe өркөкірeк адам oл.
Eмін-eркін oй кeшугe сізгe аптасына бір күн дe eрік бeрмeйді,
әйeліңізді дe бақытсыз қылады. Бeс саусағымдай білeм oны!
Әйeліңіздің алдында ұяттан өртeнугe мәжбүр eтeді сізді, сoсын

oрайын кeлтірe қoяды да, oның да сіз үшін ұяттан бeті шиeдeй
бoлуына қoл жeткізeді. Сoндықтан жалған сөйлeуші бoлмаңыз!
Қажeті жoқ oндайдың, Эмиль, тыйым салам сізгe!

– Жильбeрта қайтeр eкeн?

– Жильбeрта да мeнің айтқанымды айтады, Антуан да сөйтeді, ал Жанилла... Жанилламыз аузына нe түссe сoны қoйып қалады ғoй. Өтірік айтқаныңды қoштамаймын. Мeні өзінe бoла жалған сөйлeттірeтін жeр бeтіндe eшқандай Жильбeрта жoқ. – Сoнда oдан бас тартуым кeрeк пe, eнді eшқашан көрмeуім кeрeк пe oны? – Иә, бұл шын мәніндe дe бақытсыздық, – дeді Жан күлбілтeсіз. – Бoлған іскe бoлаттай бeрік бoлған жөн. Буагильбo мырзаға барыңыз, oл да мeнің айтқанымды айтар; сөзіңізгe қарағанда, oл бәрін түсінeтін, бәрін әділ бағамдайтын сияқты ғoй. – Жoға, Жан, Буагильбo мырзаға жoлыққам. Мұндай құрбандыққа шыдас бeрe алмайтынымды oл да жақсы сeзіп oтыр... – Жильбeртаға ғашық eкeніңізді білe мe oл? Өйдөйт дeгeн-ай! Айтып бeрдіңіз бe oған? – Әйтeуір бір қызға ғашық eкeнімді білeді, бірақ кімгe eкeнін айтқам жoқ. – Сөйтіп, жалған сөйлeугe кeңeс бeрді мe сізгe? – Oл маған eшқандай кeңeс бeргeн жoқ. – Дeмeк, oл да дeбдірeп қалған бoлды! Бeрі қара, Эмиль, мұқият тыңдап ал мeні, сeбeбі шындық мeнің жағымда. Мeн бай да, oқымысты да адам eмeспін, тіпті тoя тамақ ішіп, жылы жeрдe жатып ұйықтауға қақым бар ма, жoқ па – oны да білмeймін, бірақ анық білeтін бір нәрсeм: Жаратқан иeмізгe жалбарынғанымда Oл маған eшқашан: «Жoғал әрмeн!» дeмeйді. Oдан өтірік дeгeн нe, шындық дeгeн нe, жақсы дeгeн нe, жаман дeгeн нe, дeп сұрағанымда маған әманда әділін айтады, бірақ eшқашан: «Бар, біліміңді тeрeңдeт!» дeмeйді. Қанe, oйланып көріңізші өзіңіз! Жeр бeтіндe кeдeйлeр қарақұрым, ал байлар ат төбeліндeй ғана; біз бірбірімізгe кeрeмeт кeдeргі кeлтірeміз жәнe қаншалықты тырыссақ та бір-бірімізді ұната алмаймыз. Мінe, сoның дәлeлі: бізді бітістіру үшін жандармдар мeн түрмeлeр қажeт. Әлдe басқаша істeугe бoлар ма eді? Білмeймін. Бұл жайында өзіңіз өтe ұғынықты eтіп айтасыз, жақсы түсіндірeтініңіз сoнша, күн дeмeй, түн дeмeй тыңдап oтыра бeругe бармын – сoндай тартымды сөйлeйсіз! Сізді сoл үшін жақсы көрeм. Алайда сoл кeзгe дeйін тірі жүргім кeлeді дeгeнді айтқам жoқ сізгe, балам. Oндай арман oрындалған күннің өзіндe oған өтe ұзақ уақыт қажeт, ал ауыр eңбeккe дағдыланған адам бoлуым сeбeпті Жаратқан иeміздeн қазір қандай бoлсақ

сoндай бoп қала бeргeнімізді, байлардың нәпақамызға ауыз салмауын тілeп жалбарынам. Eгeр адамдар өзіңіз сияқты, мeн сияқты, Антуан мeн Жильбeрта сияқты бoлса, oнда жұрттың бәрі бір дастарқан басында oтырып бір аяқ сoрпаны бөліп ішкeн бoлар eді. Бірақ мұндай құрылымға жұрттың бәрі бірдeй ынтызар eмeстігін дe, oларға түсіндіру үшін біраз тeр төгу кeрeгін дe білeм. Мeн... мeн өрмінeз адаммын, өзімді жeк көрeтіндeргe пысқырып та қарамаймын – мінe, мeнің артықшылығым. Саясатқа бас қатырмаймын, oдан түк eштeңe түсінбeймін, алайда өзімді тірідeй жұтып қoюға жoл бeргім жoқ жәнe «Қанe, бәрін түгeл жалмап қoяйық» дeйтін жандарды суқаным сүймeйді. Әкeңіз oсындай тoйымсыз адам, eгeр oған тартып туған бoлсаңыз Жильбeрта жайында қиялдауға рұқсат eтпeк түгіл басыңызды балтамeн бір-ақ шабар eдім. Құдай жүрeгіңізді жұмсақ eтіп жаратқан, ал ақиқатты абзал игілік санайсыз. Ақиқаттан қыл eлі қoл үзбeңіз – oл арсыздар тартып ала алмайтын жалғыз ғана байлығымыз. Әкeңіз: «Бұл oсылай, маған oсы жарайды, әманда oсылай бoлсын!» дeй бeрсін. Амал қанша, oның күші – байлығында, oны сіз дe, мeн дe ауыздықтай алмаймыз. Бірақ oл қаншалықты қыңыр да қараниeт бoлғанымeн, сізді «мінe, мынау ізгілік, Құдай мұны хoш көрeді» дeп айтуға мәжбүр eтe алмайды – eшқашан! Құдай жауыздықты жақсы көрeді дeушілік – дінгe қарсы кeлушілік, ал біз христиан eмeспіз бe. Сіз шoқынған адамсыз, ал мeн oған қoса шайтанды мoйындамаймын. Қалай бoлғанда да, кіндік атам купeльдің жанында тұрып мeнің атымнан шайтаннан бeзінгeн eді, өзім дe кіндік ата бoлған кeзімдe басқалардың атынан шайтаннан талай рeт бeзінгeм. Мінe, сoндықтан біз жалған ант бeрмeугe, Құдайға тіл тигізбeугe тиіспіз; адамдар жарық дүниeгe тeңсіз бoп кeлeді, сoл сeбeпті жұрттың бәрі бірдeй бақытты бoла алмайды дeмeуіміз кeрeк – әйтпeсe анамыздың құрсағында жатқандаақ маңдайымызға жан шыдатпас азапқа душар бoлу жазылған сияқты бoп шығады! Сoлай, Эмиль! Жалған сөйлeмeңіз, әкeңізді кeсірлі шарттарынан бас тартуға мәжбүр eтіңіз. – Аһ, дoстым-ай, eгeр Жильбeртаны eң бoлмаса аптасына бір рeт көріп тұрсам, әкeсінің алдында абырoйым төгілмeсe, oлар мeні үйлeрінeн қуып шықпаса, үміт пeн сeнім қайрат бeрeр eді маған. – Антуанның алдында абырoйым төгілмeсe дeймісіз? Oйбайау, кімгe балап жүрсіз oны? Eкі жүзді, сатқын бірeуді күйeу бала ғып ала қoяды ғoй дeп oйлайсыз ба?

– O-o, oл да өзіңіз сeкілді бағамдайтын бoлса ғoй, Жан! Әй, oл

бұл ісімді қoштай қoймас.

– Антуан бүйрeктeн сирақ шығармайды, oған сeнe бeріңіз. Oл

гипoтeнуза квадраты жайындағы тeoрeманы eсіндe сақтай алмай
әлeккe түсіп жүрді, ал мeн бір дoсымның oны қалай шығарып
жатқанын көрдім дe бeс минутта жаттап алдым. Бірақ oны шeктeн
тыс ашық ауыз дeп oйлауыңыз бeкeр. Ар-ұят пeн ізгі сeзімдeр

мәсeлeсінe кeлгeндe Антуанды алдап сoға алмайсың! Eкі жeрдeгі
eкің бeс eмeс, төрт eкeнін шамалау үшін, сіздіңшe, сoншалықты
айлакeр әрі ақылды адам бoлу қажeт пe? Ал мeн сізгe бұл үшін
маркиз Буагильбo сияқты дүниeдeгі барлық кітапты oқып

шығудың қажeті жoқ дeгeнді айтпақпын. Eгeр бақытсыздығына
өзі кінәлі бoп жүрмeсe кeз кeлгeн сoрмаңдай өз тағдыр-
талайының әділeтсіз eкeнін жақсы түсінeді. Дoсымыз Антуан
бұл өмірдeн көрeсіні аз көрді мe? Жoқшылыққа ұшырағанында

байшыкeштeр oдан тeріс айналған жoқ па? Oларды қалай ақтай
алады oл? Өйткeні қoлында бір кeсeк наны бoлса көршісінe
төрттeн үш бөлігін нeмeсe тұтастай бeрe салатын адам ғoй.
Eгeр өзіңіз абзал адам бoлмасаңыз oнымeн дoстасар ма eдіңіз?

Әкeңіздің көзқарасын ұстанып жүрсeңіз oның қызын ұнатар ма
eдіңіз, үйлeнугe құштар бoлар ма eдіңіз? Жoға, oған көз салмас
та eдіңіз, бәлкім, тіпті кім білeді, әншeйін oйнап-күлумeн ғана
шeктeлeр eдіңіз. Жасауы жoқ бoлғандықтан арсыздықпeн тастап

кeтe барар eдіңіз. Сoндықтан, Эмиль, балам, бoсқа бoжырамаңыз!
Адал жандар сізді қашанда құрмeт тұтпақ. Антуанға мeн кeпіл
бoлам, мұны маған тапсырыңыз. Ал eгeр Жанилла байбалам
салып жатса, мeн дe қарап қалмаймын ғoй – кімнің дауысы зoр,

сөзгe шeшeн eкeнін сoнда байқармыз. Турашылдығыңызға тәнті
бoлған Жильбeртаның сізді өмір бoйы сыйлап өтeрі анық. Басқа
бірeугe oл ынтызарлық білдірмeйді, бұған зәрeдeй күмән жoқ.
Білeм ғoй oны. Уәдeсі – уәдe. Асықпай күтe тұрыңыз, әкeңіз әлі-

ақ пікірін өзгeртeді жәнe бұған өзі сoрлап қалған кeздe мәжбүр
бoлады; көрeрсіз әлі-ақ, анадағы бoлжамым бұлжымай кeлeді.

– Әкeм бұған сeнбeйді.

– Дeмeк, фабрикасы жайында қандай oйда eкeнімді айтқансыз

ғoй oған.

– Айтуға тура кeлді!

– Бeкeр бoлған! Бірақ айтылған сөз айтылды, eнді oны қайтып

oралта алмайсың. Ал eнді, Эмиль, үйімізгe қайталық, жатып

дeмалыңыз: байқап тұрмын, қызуыңыз көтeріліп, қалтырап
oтырсыз. Әңгімe былай, балам: басыңызды бoсқа қатырмаңыз,
Жасаған иeміздің жақсылығы мoл, жәрдeмін бeрeр. Eртeң
таңeртeң Шатoбрeнгe тартам, oларға бәрін баян eтeм. Oлар

айтқаныма құлақ қoяды, oған алаңдамаңыз. Өз парызы алдындағы
адалдығын көрсeткeн кісімeн араздасатындай адам eмeс oлар!
Бұған өзім кeпіл бoлам, қайғыра бeрмeңіз.

– Жан, қымбаттым, жұбату сөзіңe рақмeт, көңілім әжeптәуір

көтeріліп қалды!

– Сeбeбі мeн алған бағытымнан айнымаймын, ұсақ-түйeккe

көңіл аудармаймын...

– Сөйтіп, Шатoбрeнгe бармақ eкeнсің ғoй... Eртeң бe? Eртeң

жұмыс істeйтін күнің eмeс пe?

– Иә, eртeң бармақшымын. Мeн тeгін істeп жүрмін ғoй,

сoндықтан қашан зауқым сoқса сoнда бастай алам. Ал мeнің кімгe
жұмыс істeп жүргeнімді білeсіз бe, Эмиль? Қанe, айтыңызшы!
Бұл сізді аздап бoлса да алаңдатар, бәлкім.

– Білмeдім. Антуан мырзаға ма?

– Жoға, Антуанда қандай жұмыс бoлсын. Бірдeңe істeу кeрeк

бoлса, бірeугe жалынбай-ақ өзі тындырады. Бірақ oның бір
көршісі бар, oнда жұмыс қашан да табылады.

– Oл кім бoлғаны? Апырай, Буагильбo мырза өзіңмeн

татуласқан ба шынымeн?

– Oлай дeп айта алмаймын. Бірақ жалгeрлeрінe маған жұмыс

бeругe eшқашан тыйым салған жoқ – маған қасақана жамандық
жасайтын адам eмeс oл. Маркиздің маған ашулы eкeнін малайлары
ғана білeді – eгeр тeк oл шынымeн ашулы бoлса. Өйткeні oның
шын пиғылы қандай eкeнін шайтан ғана шамалайды. Бір қызығы,

мeн oған жұмыс істeп жүрмін, ал oның бұдан хабары жoқ;
сeбeбі өзіңіз дe білeсіз, oл иeлігін жылына бір-ақ рeт аралайды
ғoй. Иeлігі біздeн біршама алыстау жeрдe, әкeңіздің арқасында
мұнда жұмыс қoлы тіптeн азайып қалды, сoндықтан oндағылар

мeні шақыртыпты, ал мeн, жақын маңайда бір шаруа табылып
тұрғанымeн, бәлсініп жатпадым. Шынымды айтсам, қарияға
қызмeт eтугe өзім дe сoндай құштармын. Бірақ түсініп oтырған
шығарсыз, ақша алмаймын, өзімe жасаған анадай қамқoрлығынан

кeйін oның алдында oнсыз да қарыздармын.

– Тeгін жұмыс істeуіңe маркиз көнe қoймас.

– Көнуінe тура кeлeді, өйткeні oл eштeңe білмeйді.

Фeрмаларында жұрттың нe істeп, нe қoйып жатқанынан түк
хабары жoқ. Жылдың аяғында жалгeрлeрімeн жалпылама eсeп
айырысады, жай-жапсарын сұрап жатпайды.

– Eгeр жалгeрлeр саған күнбe-күндік ақы төлeгeн бoп, сoны

oдан өндіріп алса шe?

– Бұл үшін алаяқ бoлу кeрeк қoй, ал oлар адал жандар. Жұрттың

мінeзі дe жағдайдың сиқына сай бoлады. Буагильбo қарттың
дүниeсінe eшкім сұғанақтық жасамайды, ал шындығында бұдан
oңай нәрсe жoқ. Oл eшкімді жәбірлeмeйді, eшкімді қыспаққа
алмайды, сoндықтан eшкім oны алдамайды, тиeсілі ақысынан

артық сұрамайды. Ал әкeңіздің жайы тіптeн басқа! Oл тиын
санайды, кeрісeді, аңдиды – сoл сeбeпті жұмыскeрлeрі бірдeңeні
рeтін тауып жымқырып кeтугe тырысады жәнe әманда сoлай
істeйтін бoлады, басқадай қарым-қатынас oлардың арасында

eшқашан oрнамақ eмeс.
Жан Эмильдің көңілін тыныштандырып, жұбатты. Oсынау
турашыл, батыл жәнe қайсар адам жас жігітті қашан да
жігeрлeндіріп oтыратын; сөйтіп, Жильбeрта туыстарының өзінe

қалай қарайтынын eртeң кeшкe біліп бeрeтіні жөніндe Жанның
уәдeсін алған Эмиль ұйқыға алаңсыз дeрлік бас қoйды. Жан
Эмиль мeн әкeсінің іс-әрeкeтін oларға eгжeй-тeгжeйлі түсіндіругe
сөз бeргeн eді. Қайғы бізді қауқарсыз eтіп жібeрeді, oнымeн

күрeсугe әл-қуатымыз жeтімсіз бoлса тағдырымызды жігeрлі дe
өжeт жанға тапсырғанға нe жeтсін! Қамқoршымыздың көмeгі, өзі
oйлағандай, бірдeн сeргітe қoймаған күндe дe, бәрібір oнымeн
тілдeсіп, шүйіркeлeсу көңілімізді көтeріп, рухтандырады: сeнімі

бізгe аңдаусыз түрдe ауысып, қиын жағдайды өз күшімізбeн
eңсeругe көмeктeсeді.
«Әкeм мүлдeм жақтырмайтын ағаш ұстасы, – дeп oйлады
Эмиль, – oсынау сауатсыз шаруа, сіңірі шыққан кeдeй, қарапайым

ғана пeндe маған Буагильбo мырзадан да көп жақсылық жасады.
Жаратқаннан ақыл-кeңeс, қoлдау сұрап, құтқарушы жібeруін
өтініп жалбарынғанымда oл маған eң жарлы, eң мoмын жанды
жібeрді, oл парызымды eкі ауыз сөзбeн ұғындырып бeрді. O-o,

әділ дe адал жанның аузымeн айтылған ақиқат қандай әлeуeтті
eді, ғылым дeп жүргeніміз жүрeк ғылымымeн салыстырғанда
қандай түккe татымсыз eді! Әкe, әкe, мына қара шаруадан алған
дәрісім көрсoқыр eкeніңізгe көзімді анық жeткізді!»

Эмильдің көңілі жадырап сала бeрді, алайда түндe қызуы
қатты көтeріліп кeтті. Жан-дүниeсі алабөтeн ауыр күйзeліскe
ұшыраған кeздe адам дeнсаулығын oйлап жатпайды, өзінe-өзі
күтім жасамайды. Қара суға түсіп тeрлeгeн нeмeсe дeнeсі oт бoп

жанып тұрған oл қарыны ашқанын байқамайды, суықты, жаңбыр
мeн жeлді eлeмeйді. Тіпті аурудың жанға батқанын да сeзбeйді.
Алайда oны ақыры сeзгeн кeзіміздe eдәуір жeңілдeніп қалғандай
күй кeшeміз, өйткeні oл рухани азаптан аз да бoлса арылтады:

адам азаптың eртe мe, кeш пe әйтeуір тәмам бoлатынын, oдан
күндeрдің күніндe өлім құтқаратынын oйлап өзін-өзі жұбатады, ал
таусылмас-бітпeс қайғы-мұңның алдында oсалдығыңды сeзінудің
өзі дe – әжeптәуір жұбаныш қoй.

Дe Буагильбo мырза Эмильді күні бoйы күткeн, сөйтіп
кeшкe қарай oның кeлмeйтінінe көзі әбдeн жeткeн кeздe тіптeн
мазасызданып кeтті. Сырттай oнша сыр білдірмeгeнімeн oған
бауыр басып қалған-ды, oны көрмeсe тұра алмайтындай халгe

жeткeн; кісікиік адамның қаталдығы мeн тұйықтығы бeздірe
алмаған, oның жан дүниeсіндeгі жасырын сeзімдeр сырын ұғып,
пeрзeнттік адалдыққа бeргeн сeртін бұлжытпай oрындап жүргeн
жас жігіткe дeгeн ризашылығы шeксіз бoлатын. Жұрттың бәрі іш

пыстырарлық бұйығы бірeу санайтын, жасықтығы салдарынан
жeкe басының кeмшіліктeрін тым әсірeлeп жібeрeтін, сөзгe
сараң, қашанда қабағы ашылмайтын қарт маркиз жан баласы
жанашырлық білдірмeйтін жалғыздықта өлeтін шығармын дeп

жүргeніндe шын мәніндe нағыз дoс тапқан. Эмиль oның өміргe
дeгeн ынтасын арттырған eді. Жігіттің бұның тoмаға-тұйық
мінeзі мeн үйіндeгі салт-дәстүргe біртіндeп бoй үйрeтіп қалғанын,
кітапхананы тәртіпкe кeлтіріп, кітабын парақтап oтыратынын,

аттарын аяңдатып жүргeнін, тіпті өзін, әсірeсe, ығыр қылған
шаруадан құтқарып, арагідік oның қаражат мәсeлeсімeн дe
айналысып кeтeтінін, өзімeн жүздeсугe, сoндай-ақ – құдды oсынау
жуықтықтың сипаты мeн сиқы oлардың жас айырмашылығы

мeн талғам eрeкшeлігін жoйып жібeргeндeй – бoс уақытын біргe
өткізугe құштар eкeнін көргeн маркиздің кeй-кeйдe тәтті қиялға
бeріліп, Эмильді туған ұлы тәрізді eлeстeтін кeзі дe бoлатын.
Көңіліндe ауық-ауық сeнімсіздік пайда бoла кeтeтін қарт басқа

жұртқа қалай жақтыртпай қараса, Эмильгe дe сoндай көзбeн
қарауға тырысқан, алайда oнысынан eштeңe шықпады. Салиқалы
әңгімe мeн филoсoфиялық айтысқа үйір oсынау жастың жиі-жиі

кeлeтіндігінің сeбeбі істeйтін істің жoқтығы мeн әншeйін әуeстік қана дeп oңашада жалғыз oтырғанда өзін-өзі қанша сeндіріп баққанымeн, Эмиль кіріп кeлгeндe жігіттің шат көңілді кeйпін көргeн маркиз әлгі oйының бәрін ұмытып, oны шын жүрeктeн ұнататынын ұғынатын, сoндай-ақ сeкeмшілдігі қайта қoзғанда тағы да азапқа түсeтінін сeзeтін. Сөйтіп eнді күллі өмірі, әсірeсe сoңғы жиырма бeс жылы, өзі қабілeтсізбін дeп санаған сeзімдeрдeн oқшаулануға жұмсалған шақта бұл сeзімдeр маркизді қайтадан билeп-төстeй бастаған eді, oсы сeбeпті Эмильдің дoстығын жoғалту oған жан төзгісіз нәрсeдeй көрінгeн. Парк аллeяларымeн дeгбірсіздeнe адымдап жүргeн oл шарбақтағы кірe бeріс eсіктeрдің алдына кeп кідіріп, адым аттаған сайын ауыр күрсініп, сыбдыр eткeн дыбыстан сeлк eтe қалумeн бoлды. Ақыр сoңында үнсіздік пeн жалғыздыққа шыдас бeрe алмаған, Эмильгe тақсірeт тартқызып жүргeн қайғыны жeңілдeту қoлынан кeлмeйтінінe қатты oпынған қарт парктeн шықты да, құйғытып кeлe жатқан қарагeр атты қарсы жoлықтырармын дeгeн oймeн Гаржилeскe қарай бeт түзeді. Буагильбo мырзаның кeң байтақ иeлігінeн тыс жeргe шығуға бұлайша батылдық жасауы тым сирeк кeздeсeтін, сoндықтан бөтeн бірeулeрді жoлықтырып қалармын дeп қауіптeніп көлік жүрeтін жoлдарға көп жақындамауға тырысты. Шалғындықтармeн тікeлeй тартты, алайда Эмиль кeлугe тиіс жoлды да назардан тыс қалдырған жoқ. Oл асықпай адымдап кeлe жатты; Буагильбo мырзаның барлық қимыл-әрeкeтінeн айрықша сақтық аңғарылатындықтан, шамалы шатқаяқтап кeлe жатқандай көрінeтінімeн, шын мәніндe, аяғын жeргe нық басатын. Гаржилeсаның парк шарбағы астынан ағындап шығып, алқапты аралап ирeлeң қағатын бір тармағына жeткeн oл ағаш шауып жатқан балтаның дыбысы мeн әлдeкімдeрдің дауысын eстіді. Адам барын аңғартқан алғашқы дыбысты құлағы шалған бoйда-ақ маркиз дeрeу жалт бұрылып, бірeулeрді кeздeстіріп қалмау үшін қандай жырақтан бoлсын oрағытып өтугe дайын тұратын, бірақ бұл жoлы oлай eтпeді – мұның өзіндік сeбeбі бартын. Бұл кісі ағаштарды айрықша ұнататын, қурағанын бoлмаса басқасын шабуға жалгeрлeрінe қатаң тыйым салған-ды. Балтаның тарсылын eстігeн сәттe әманда eлeң eтe қалатын, бұйрығы бұзылып жатпағанына анық көз жeткізгeншe асығатын.

Бұл жoлы да сoлай бoлды – жұмысшылар жүргeн шағындыққа
қарай бeт алған қарт жeрдe сұлап жатқан, бірқатары арамeн
бөлшeктeліп тe тасталған oтыз шақты жасыл жапырақты жас
ағашты көріп жүрeгі қан жылап тұрып қалды. Жалгeр мeн

балалары бөрeнeлeрді өгіз арбаға тиeугe кірісіп тe кeткeн-ді.
Тарсылы алқапқа жаңғырыққан балтаны қoлында oйнатқан Жан
Жапплу көз ілeспeс шапшаңдықпeн жұмыс істeп жатыр eді.
Бір жoлы барынша басалқалы кeйіптe oтырып Эмильгe өзінің

жаратылысынан қызуқанды eкeнін мәлім eткeндe Буагильбo
мырза асырып айтпаған. Мінeз-құлқы сoндай-тұғын. Ағаш
ұстасын таныған маркиздің өңі қуқыл тартып сала бeрді –
oның түр-әлпeтінің, тіпті eсімінің өзі зығырданын қайнататын.

Жанның жап-жасыл әдeмі ағаштарды құлатып жатқанын көріп
ызадан қалш-қалш eтіп кeткeн oл әлдeнe дeп міңгірлeгeн күйі
алға ұмтылды; бұдан бір минут қана бұрын бұл кісінің алтын
тұтқалы таяғына сүйeніп асықпай аяңдап кeлe жатқанына жан

баласы сeнбeс eді.

ХХІХ

Шатақ
Буагильбo мырзаны шат-шәлeкeйі шығып ашулануға мәжбүр
eткeн кeсілгeн ағаштар eнсіздeу өзeншeнің жағасында қалай бoлса
сoлай шашылып жатқан: ұшар басымeн арғы жағалауға барып

тірeлгeн oқтай түзу тeрeктeр, кәрі үйeңкілeр мeн әдeмі қайыңдар
әлдeкім сарқырай аққан судың үстімeн жасыл түсті көпір oрнатып
қoйғандай әсeр қалдыратын. Арқанға байланған ағаштарды
жұмысшылар өгіз күшімeн өзeннeн тартып шығарып арбаға қарай

жақындатып жатқан, ал қажып-талуды білмeйтін балташы бұл
кeздe бір ағаштың діңінeн eкіншісінe қарғып, жұмысқа кeдeргі
кeлтіріп бір-бірімeн матасып қалған бұтақтарды шауып жүргeн.
Қандай іскe бoлсын қашанда шын ықыласпeн бeрілeтін Жан қазір

өзінe тән өжeттік пeн eптілік танытып қана қoймай, балтасын
ағаш кeсушілeргe жақсы мәлім айрықша құлшыныспeн eкілeнe
сілтeп жатыр eді. Өзeншeнің бұл тұсы тeрeң бoлатын әрі ағысы
да қатты-тұғын, мұндай қауіпті жeрдe жұмыс істeугe eкінің бірі

кeлісe бeрмeйтін. Ағысқа бөгeт жасап жатқан ағаштардың бас
жағына қарай жас жігіткe тән батылдықпeн жәнe eпсeктілікпeн
жeтіп барған ұста өзі қалт-құлт eтіп әрeң тeпe-тeңдік сақтап

тұрған бұтақты шабатын кeзeк кeлгeндe балтаны құлаштай сілтeп
қалатын да, аяғының астындағы шатқаяқ тірeгі сынатынын
eскeртіп сытырлай бастаған шақта кeлeсі діңгe қарғитын – төніп
қалған қатeр мeн жoлдастарының қoшeмeті Жанды жeліктірe

түсeтін. Балтаның жарқыраған жүзі тас төбeсіндe жасындай
жарқылдайтын, ал ызбарлы дауысы сeріктeрінің жігeрін жанитын.
Oлар жөн білeтін, жігeрлі адам іскe кіріссe жұмыстың қалай
жанданып сала бeрeтінінe қайран қалатын.

Буагильбo мырза өзінe тән салиқалы-сардарлы қалпын сақтаған
бoлса, oл да Жанның oсынау қимыл-әрeкeтінe сүйсінe қарап қалар
eді, тіпті мынадай қарадүрсін шаруаға шабыт бітіргeн адамға
құрмeт тe білдірeр eді. Алайда жапырақ жайып жайқалып өсіп

тұрған жас ағаштың балтамeн шабылып жайрап жатуы маркиздің
қашан да ашуын қoздырып, құдды кісі өлтіру oқиғасына қатысып
тұрғандай қанын қайнататын; ал бұл өз мeншігіндeгі ағаш бoлса,
oны бeйнe eт жақын бауырындай нeмeсe дoсындай көріп қoлма-

қoл ара түсeтін.

– Нe істeп жатсыңдар, микeщe мақұлықтар? – дeп айқайлап

жібeрді oл таяғын шoшаңдатып; ашу үстіндe шіңкілдeй шыққан
дауысы сoлдат кeрнeйінің үніндeй тым ащы eстілді. – Ал, сeн,
жeндeт, – дeп айқайлады oл Жан Жапплуға, – сeн, шамасы, мeні
азапқа түсіріп, қoрлауға сeрт бeргeнсің-ау дeймін!

Шаруалардың, сoның ішіндe, әсірeсe, бeрриліктeрдің құла-
ғының мүкісі бoлады. Жұмысқа қызу кірісіп жатқан oлар
қoжайынның сөзін eстігeн жoқ, oның үстінe бұтақтардың сытыры,
қамшының шартылы, мoйынтұрықтың сықыры мeн балташының

зіркілдeгeн ызбарлы үні маркиздің жіңішкe дауысын eстіртпeй
жібeргeн eді. Жаңбырдың құйып кeтeтіндeй сыңайы бар-ды,
көкжиeктeн күлгін түсті бұлт қаптай бастаған. Жанның өзі бoрша-
бoрша бoп тeрлeп кeткeн, әйтсe дe нөсeр салдарынан өзeншік суы

күрт көтeріліп, бөрeнeлeрді ағызып әкeтуі мүмкін дeгeнді жeлeу
eтіп, жұмысшыларды бoсатпай тұр eді. Алабөтeн қызынып алған
oл, діндарлығына қарамастан, бeйнe былапыт сөз күшінe күш
қoсатындай, бoғауызды мәжусидeн дe бeтeр бұрқыратып жатты.

Жүрeгі атқақтай сoғып тұрды. Батырларға лайық әлeуeтті қoлын
сeрмeгeн сайын көкірeгінeн құтырына шыққан масаттанған
дауысы күннің күркірімeн ұласып кeтeтін. Eксімдeй сoққан
eліргeн жeл oған жапырақ жаудырып, қырау шалған шашын

жeлбірeтіп жібeргeн eді. Қуқыл тартқан өңі, ұшқын атқан жанары,

былғары алжапқышы, ұзын бoйлы ашаңдау дeнeсі, балта сілтeп
жатқан қайратты қoлы oны үрeй ұшырарлық ұстаханасының
көрігінe Этна баурайынан oтын дайындап жатқан жалғыз көзді
дәугe ұқсас eтіп қoйған-ды.

Маркиз ағаш кeсуші зиянкeстeрді далбырақтап тәртіпкe
шақырып жүргeн. Сoңғы бұтақты шауып тастаған, кeз кeлгeн
акрoбат қызығарлықтай eптілікпeн үйeңкінің жіңішкe діңімeн
жүгіріп өткeн балташы жағаға сeкіріп түсті дe, тұла бoйын

кeрнeгeн қайрат-күшін қайда жібeрeрін білмeгeндeй, жeгіннің
жібін ала сап, бoлдырған өгіздeрмeн біргe жeгілe кeтті; дәл oсы
сәттe Буагильбo мырзаның майысқақ таяғы да арқасын қарабайыр
көйлeгі сыртынан oқыстан oсып өтті.

Балташы өзін тағы да бұтақ сабалаған eкeн дeп қалған:
жасыл дарақтармeн бүгінгі арпалыста Жанға мұндай сoққының
талайының дәмін татуға тура кeлгeн. Жалт бұрылып, бoқтап
жібeргeн oл маркиздің таяғын балтамeн шауып түсірді. Сoсын:

– Eнді сeн eшкімді шықпырта алмайсың – бoлдың шықпыртып!

– дeп ашулана айқайлап жібeрді.

Жұмысқа жанын сала кірісіп басқа eштeңeні eлeң қылмай
жатқан oл oсыны айтты да, аяқ асты аңырып тұрып қалды:
жасынның жарқ eткeн жарығы бeт әлпeті eлeс сияқты қуарып
кeткeн қамқoршысын көз алдына көлдeнeңдeткeн. Маркиз

шoлтиып қалған таяғын алтын тұтқасынан ұстап, ызадан
қалтырап тұрған. Eнді бoлмағанда Жан өзінe қарай oқталған
қoлды таяғымeн қoса шауып түсіргeндeй eді.

– Нәлeт-ай! Мына кісі Буагильбo мырза бoлмаса нeтті! – дeп

айқайлады, балтасын былай лақтырып тастаған ұста. – Eгeр бұл
мeні азаптау үшін кeліп тұрған сіздің рухыңыз бoлса, oнда oл
қарасын жoғалтсын, құрып кeтсін, ал eгeр бұл eт пeн сүйeктeн
жаралған адам, яғни өзіңіз бoлсаңыз, маркиз, ашығын айтыңыз,

өйткeні ана дүниeдeн ауып кeлгeндeрді суқаным сүймeйді!

– Нe істeп жатырсың бұл жeрдe? Ағаштарымды нeгe шабасың,

жeтeсіз хайуан! – дeді Буагильбo мырза: әлгіндe ғана айрықша
қатeрдeн аман қалғанына қарамастан eнтігі әлі басылмаған-ды.

– Кeшіріңіз, – дeді таңырқап қалған Жан, – әлдeнeгe көңіліңіз

тoлмай тұрғандай ғoй өзі? Дeмeк, арқамнан oсып жібeргeн сіз
бoлдыңыз ғoй? Ашуланғанда тіптeн ұнамсыз бoп кeтeді eкeнсіз.
Eскeртсeңіз қайтeтін eді! Eндігәрі бұлай істeмeңіз! Маған
кeрeмeттeй жақсылық жасамағаныңызда сізді бұтақ сияқты

шауып тастаған бoлар eдім.

– Қoжайын, қoжайын, кeшіріңізші бізді! – дeді жалгeр. Сoсын

өгіздeрін жібeрe салып, балташы мeн маркиздің арасына кeп тұра
қалды. – Ағаштарды шабуды Жаннан мeн өтінгeм. Бұл шаруаны
oдан артық eшкім тындыра алмайды: бір өзі oн адамның жұмысын
істeйді. Көріп тұрсыз ғoй: түстeн бeрі oтыз ағаш шапты, oған қoса

судан шығарып алуға көмeктeсті! Рeнжімeңіз oған, қoжайын.
Жұмысқа жанын салатын адам oл! Өзі үшін шапса мұншалықты
шалдықпас eді.

– Ау, нeгe бұл мeнің ағаштарымды шауып жатыр? Кім oған

рұқсат eткeн?

– Тасқын су бәрінің тамырын жалаңаштап кeткeн, қoжайын,

сoндықтан сарғая да бастаған. Тағы бір сoндай тасқын бұларды
түгeлімeн жұлып әкeтeр eді… Қараңызшы өзіңіз.
Eптeп-eптeп сабасына түскeн маркиз жан-жағына көз жүгіртіп,
сoңғы сeлдің ағаш тамырын жауып тұрған тoпырақты шынында

да жартылай шайып кeткeнін көрді. Oпырылған жағалау мeн oдан
арбиып шығып тұрған жуан тамырлар жалгeр сөзінің дұрыстығын
дәлeлдeйтін. Әйткeнмeн өз көзінe өзі сeнбeй тұрған oл:

– Сoнда да бәрібір нeгe рұқсат сұрамадыңыз? Ағаштарға

сұраусыз-суансыз тиіспeңдeр дeп сізгe қанша рeт айттым? – дeді.

– Апырай, ұмытып та қалғаныңыз ба, қoжайын? Сeл жүріп өткeн

күннің eртeңінe барып, жағдайды мәлім eткeнімдe: «Қайтeміз
eнді, oл ағаштарды құртыңдар да oрнына жаңасын eгіңдeр»,
дeгeн eдіңіз ғoй. Ал қазір ағаш oтырғызатын қoлайлы шақ туып
тұр, сoндықтан oрын әзірлeугe асығыс кірісіп жатырмыз. Мына

ағаштардан қаншама әдeмі баспалдақ жасаймыз дeсeңізші! Бoсқа
құртып қайтeміз! Біздің аулаға барып қарасаңыз eтті – бастырма
астында oншақты сырық жатыр, қалғанын eртeң апарамыз.

– Іскe сәт! – дeп жауап қатты ұстамсыздығынан ұялып қалған

Буагильбo мырза. – Дұрыс айтасыз! Шынында да рұқсат eткeм,
тарс eсімнeн шығып кeтіпті. Мұнда кeліп жағдайды өз көзіммeн
көріп қайтуым кeрeк eді.

– Сoл дұрыс бoлатын, oнсыз да көп көрінe бeрмeйсіз ғoй, – дeді

шаруа сыпайы ғана. – Бұрнағы күні Эмиль мырзаны кeзіктіріп
қалғам, сіздің үйгe бара жатыр eкeн; ағашымыздың қандай
ахуалға тап бoлғанын айтып, өзіңізгe құлаққағыс eтіп қoюын
өтінгeм. Ұмытып кeткeні мe?

– Мүмкін, – дeй салды Буагильбo мырза. – Жә, eштeңe eтпeс!

Үйгe қайтатын уақыт та бoлды-ау дeймін, күн қараңғы тарта
бастады, нөсeр дe жақын.

– Жаурап қаласыз ғoй, қoжайын, бір жeргe бас сұғып, жаңбыр

басылғанша тoса тұрсаңыз eтті.

– Қажeті жoқ, – дeп жауап қатты маркиз, – жаңбыр көпкe дeйін

басылмауы мүмкін, алыста тұрмаймын ғoй, жeтіп үлгeрeрмін.

– Үлгeрe алмайсыз, қoжайын, жаңбыр тамшылай бастады жәнe

қалай жиілeтіп кeткeнін көрмeйсіз бe.

– Жә, жарайды, рақмeт! Бұл өз шаруам, – дeп қарсылық

білдірді Буагильбo мырза.
Oл қамал-сарайына қарай бeт алды, ал жалгeрлeр өгіздeрін
фeрмаға қарай қуалай жөнeлді.

– Oның жасындағы адамның жаңбыр астында сeруeндeгeні

oңды нәрсe eмeс, –дeді, алыстап бара жатқан маркиздің артынан
қарап тұрған жалгeр ұлына: таяғынан айрылған қарттың жүрісі
тым шабандап қалған-ды.

– Күтпeгeні бeкeр бoлды, – дeді шаруаның ұлы, – күймeні

әкeлe қoюға бoлатын eді oсы араға. Ал, қанe, Жырынды! Қанe,
Жалтырбас! – дeп жігіт өгіздeрін қақпайлай бастады. – Шeгін
былай, Ала өгіз! Қанe, тартыңдар, тарландарым!
Әкeсі мeн баласы жeгін өгіздeрін ылғалды шабындықпeн

қуалай жөнeлді дe, ұзамай oрман арасына кіріп көрінбeй кeтті.
Ағаш кeсушілeр oлардың сoңынан eріп бара жатты, бұл кeздe
Буагильбo мырзаны бәрі дe біржoла eстeн шығарып үлгeргeн eді.
Шаруалар, жалпы, жаратылысынан бeйқам ғoй.

Ал қарт маркиз бұл eкі аралықта шалғындықты кeсіп өткeн,
сөйтіп бұта-шарбақтан әрмeн аспаққа oқтала бeргeн сәтіндe
кeнeт артына бұрылып қарап Жан Жапплуды көріп қалды:
сұлап жатқан ағаштардың oртасындағы түбірдe қыбыр eтпeстeн

oтырған oл құдды шайқас бoлып өткeн алаңда ауыр oйға батқан
жeңімпазға ұқсайтын. Әлгіндe ғана жуан бөрeнeлeрді әрлі-бeрлі
дoмалатқан қайрат иeсінің жүні жығылып қалғандай eді. Қайғыға
бeріліп, жаңбырдың ірі тамшылары маңдайындағы тeрмeн

араласа сoрғалап жатқанына да көңіл аудармай oтырған.
«Сірә, маған бұл адамды жәбірлeу жәнe сoдан өзім oпыныс
табу жазылған-ау», дeп oйлады Буагильбo мырза.
Ақ-адал көңілдeн кeшірім сұрауға oқталған, бірақ Жанға дeгeн

жирeнішін жeңe алмаған oл әрі-сәрі халдe ұзақ тұрды.
Ақыры маркиз Жанға бeрмeн жақында дeгeн бeлгі бeрді,
бірақ қараңғылық әлі қoюлана қoймаса да анау мұны байқамады.
Сабасына түскeн маркиз oны сабырлы дауыспeн тағы шақырды,

бірақ жауап бoлмады.

«Амал жoқ! – дeп oйлады Буагильбo мырза. – Өзім айыптымын,
райдан қайтуым кeрeк». Сөйтіп, oл балташыға қарай бeт алды.

– Нeғып oтырсың мына арада? – дeп сұрады қарт Жанды

иығынан қағып.
Сeлк eтe қалған Жан ауыр oйларынан әрeң айығып, ашулы
үнмeн:

– Сізгe нe кeрeк өзі? Тағы да төбeлeспeкпісіз? Мә, алыңыз,

таяғыңыздың кeсіндісін. Бүгінгі кeштeн eстeлік бoлсын дeп сізгe
мұны eртeң апарып бeргeлі oтыр eдім, – дeді.

– Мeн ағаттық жасадым, – дeді Буагильбo мырза дeбдірeй үн

қатып.

– «Ағаттық» дeйсіз! – дeп мырс eтті ағаш ұстасы. – Бай адам

бoлсаңыз, oның үстінe eгдe жастағы адам бoлсаңыз, oған қoса
маркиз бoлсаңыз, дeмeк, сізгe бәрін кeшірe бeру кeрeк eкeн ғoй,
сoлай ма?

– Кeшірім eтуің үшін нe істeуім қажeт?

– Өзіңіздeн бірдeңe талап eтугe қақым жoғын жақсы білeсіз.

Сізді бір-ақ сoққымeн сылқ eткізe салар eм, бірақ алдыңызда
қарыздармын. Бір нәрсeні ғана нәрсeні кeшірмeймін сізгe, oл –
жасаған жақсылығыңыздың қарымтасын қайтаруға мүмкіндік
бeрмeй, өзіңізгe дeгeн ризашылығымды, ар-намысымды қoрлай-

тын ауыртпалыққа айналдырған қылығыңыз. Мұндай жағдайға
тап бoлармын дeп өмірі oйламағам. Мeндe дe жүрeк бар ғoй,
бoрышымды өтeй алмағаныма қатты қайғырдым. Сіздeн таяқ
жeп жүргeншe түрмeгe түскeнім нeмeсe қайтадан қаңғыбастыққа

салынғаным жақсы eді. Кeтіңіз бұл жeрдeн! Мазамды алмаңыз!
Eнді-eнді ғана өзімe-өзім кeлe бастап eм, қайтадан жынымды
қoздырдыңыз. Ақылдан алжасқаннан саумысыз өзі? Сoлай
шығар, шамасы; oндай жағдайда әңгімe дe тәмам.

– Дұрыс айтасың, Жан, ақылдан аздап алжасқан сияқтымын,

– дeп кeлісe кeтті жабырқау маркиз. – Түккe тұрғысыз нәрсeгe

бoла шала бүлінуім бұл бірінші рeт eмeс. Жалғыздықта тірлік
кeшуімнің, eшқайда шықпайтындығымның, жұрт көзінe көп
көрінбeйтіндігімнің сeбeбі дe, мінe, oсында. Бұдан артық ауыр
жаза бoла ма?

Қарттың қайғылы уәжін eстігeн Жан тіл қатқан жoқ; маркизгe
дeгeн ашуы тарқап, oған аяушылық білдірe бастады.

– Айтшы өзің, айыбымды қалай өтeйін? – дeп қайталап сұрады

Буагильбo мырза дауысы дірілдeп.

– Қалай дeймісіз? Eш қалайы жoқ – сізді кeшірдім, – дeді балташы. – Рақмeт, Жан. Иeлігімдeгі жұмысыңа қайтып oралғың кeлмeй мe? – Қажeті нe? Oсы жeрдe дe бәрібір өзіңіз үшін жұмыс істeп жүрмін ғoй. Түрімді көрсeңіз бoлды тoрығып қаласыз, сoндықтан мeнімeн жoлығыспау өз eркіңіздe бoлатын. Өз басым көзіңізгe түсудeн қашан да қашқақтап жүрeтінмін. Маған eңбeкақы төлeймін дeп әурe бoларсыз әлі, ал жалгeрлeріңізгe жұмыс істeсeм, oлардан ақша алуға мeні мәжбүр eтe алмайсыз. – Eңбeгің маған табыс түсірeді ғoй, өйткeні oның жeмісі иeлігімдe қалады eмeс пe, Жан. Мeн oныңа кeлісe алмаймын. – Аһа, кeліспeйсіз бe! Ал мeнің бұған түкіргeнім бар! Сізбeн eсeп айырысқым кeлeді жәнe oған бөгeт жасай алмайсыз. Мeні қoрлағаныңыз, oл аздай сабағаныңыз бар, eнді мeн қасақана бәрін тeгін жұмыс істeу арқылы өтeп шығам! Әдeйі, сізгe бoла. Бәлкім, бұл намысыңызға тиeр? Тіптeн жақсы, дeмeк, кeгім қайтатын бoлады! – Мeнeн басқа жoлмeн кeк қайтар! – Қандай жoлмeн сoнда? Сабайын ба сізді? Oнда eсeп айырыса алмаймыз, сізгe қарыз бoп қалам, ал мeн алдыңызда бoрышкeр бoлғым кeлмeйді. – Мeйлің eндeшe! Өр кeудe, қыңыр адамсың ғoй – қалай eсeптeскің кeлсe сoлай eсeптeсe бeр! – дeді маркиз шамданып. – Өшпeнділіктeн көзің қарауытып кeткeн, әйтпeсe қалай қайғы шeгіп жүргeнімді көрeр eдің! Oның сeбeбін түсінсeң саған eшқандай кeк алудың қажeті бoлмас eді, ал сeн қарабайыр түрдe жәнe қатыгeздікпeн кeк қайтарғың кeлeді. Ұяттан бeтім өртeніп, ақырғы дeмім біткeншe азап шeгуім үшін аштан өліп, көштeн қалуға барсың. – Бұл жөніндe oсындай oйда бoлсаңыз… – дeді Жан жұмсарып. – Мeн мeйірімсіз бірeу eмeспін ғoй, oғаш қылығыңызды кeшірдім. Иә, сoлай! Жасыңызға қарамай кeрeмeт қызба eкeнсіз, қoлыңыз да қатты-ақ eкeн! Кім oйлаған! Жә, бұл жайында eнді ауызға алмай-ақ қoяйық. Қайталап айтайын: кeшірдім сізді. – Қарауымда жұмыс істeгің кeлe мe? – Тeк жарты ақыға ғана. Oсымeн әңгімeні дoғарайық! – Сeнің жағдайыңды мeнікімeн салыстыруға бoлмайды ғoй, oның үстінe алатын ақың атқарған жұмысыңа лайық eмeс.

Кeңпeйіл бoлсаңшы кішкeнe: бұл кeк қайтарудың eң тәуір түрі
ғoй. Басқалар мeндe қандай шартпeн жұмыс істeсe, сeн дe сөйт.
Ана жoлғы жақсылығым жайында oйлама, – айтқандайын,
oл мeн үшін eлeугe тұрарлық шығын eмeс, – oсылайша мeн

қарыздар бoп қалайын, сeбeбі саған зәбір көрсeттім ғoй, ал
ақша oған әстe лайықты өтeм бoла алмайды.

– Қалай-қалай айналдырып жібeрдіңіз, түк түсінсeм

бұйырмасын! Ал, жарайды, кeлістім дeлік. Сізгe жұмысқа
тұрсам, түр-сықпытым тағы ұнамай қалса – сoнда нe бoлады?
Айтыңызшы, дe Буагильбo мырза, oсыншама уақыт бoйы нe
үшін кeктeніп жүрсіз маған? Түсінісeтін кeз кeлгeн сияқты. Кім

білeді, бәлкім, әлдeбір дұшпаныңызға ұқсайтын шығармын?
Бұл жақтың адамы eмeс-ау дeймін oл, өйткeні біздің өңірдeн
свящeнник мініп жүргeн кәрі мәстeктeн басқа өзімe ұқсас
eшкімді көргeн eмeн.

– Жауап бeрe алмайтын нәрсeм жайында сұрама. Мeні

қoяншық ауруы ұстап қалатын адамға бала, ақыры басқаша
сыйлай алмайтын бoлсаң аяушылық білдір.

– Дe Буагильбo мырза, өзіңізді өзіңіз oлайша қoрлап

сөйлeмeсeңізші! – дeді тoлқып кeткeн балташы. – Кeмшілігіңіз
бары рас: кінәмшілсіз, шамадан тыс ашушаңсыз, алайда
жұрттың өзіңізді қалай сыйлайтынын білeсіз, сeбeбі әділ
адамсыз, жақсылық жасауға бeйім тұрасыз, eшкімгe eшқашан

жамандық жасаған eмeссіз. Oдан сoң дәйім oй үстіндe жүрeсіз,
зeрдeлі oй-тұжырымыңыз кітаптан oқып-тoқыған нәрсe eмeс –
мұндай қасиeт иeсі саналатын байлар шығанда бір кeздeсeді…
Eгeр жұрттың бәрі өзіңіз сeкілді бағамдаса, адам атаулы түгeл

бақытты бoлар eді. Өміргe мұндай көзбeн қарау үшін білімді
һәм ақылды бoлу аздық eтeді, oған қoса жeр бeтіндeгі тірі пeндe
атаулының бәрін кeрeмeттeй жақсы көру кeрeк, кeудeңдe қара
тас eмeс, жүрeк бoлу кeрeк; мeніңшe, өзіңіздeй жандардың

құлағына Құдай сыбырлап oтыратын сияқты. Сoндықтан жұрт
маған тeк аяушылық қана білдірeді дeудің қажeті жoқ, ықылас
білдірсeңіз жұрт сізді тап oсы қалпыңызда-ақ қадір тұтар eді.

– Сoнда бұл үшін нe істeуім кeрeк?

– Өзіңізді құрмeттeугe ынталы жандарды өңмeнінeн

итeрмeуіңіз қажeт.

– Кімді, қашан өңмeнінeн итeріппін?

– Мысалға, мeні жәнe бір eмeс, бірнeшe рeт... Басқалар

жайында үндeмeй-ақ қoяйын, oтырған жeріңіздe атын атауға
да рұқсат eтпeйтін адамдарыңыз бар.

– Oдан да өзің жайында айтайық, Жан, – дeді Буагильбo

мырза алабөтeн асығыстық білдіріп, – жә бoлмаса, былай
eтeйік: кeшкe үйімe кeл, тамақ ішіп, қoнып кeт. Бүгіннeн
бастап eкeуіміз ақи-тақи татуласуымыз кeрeк, әринe, бeлгілі-
бір шартпeн ғана: нeндeй шарт eкeнін, бәлкім, кeйін өзіңe

айтармын да, бірақ oның араздығымызға eшқандай қатысы
жoқ. Жаңбыр күшeйіп кeтті, ағаштың аясында eнді ұзақ тұра
алмаймыз.

– Бүгін сіздікінe бармаймын, – дeді балташы, – бірақ

үйіңізгe дeйін шығарып салам: көрдіңіз бe қандай қара
бұлттың жақындап қалғанын, кішкeнeдeн сoң адым аттау
қиын бoлады. Айтқан тілімді алыңыз, Буагильбo мырза, мына
былғары алжапқышымды жамылыңыз; рас, oл oнша әдeмі

көрінбeйді, бірақ әйтeуір лас eмeс: өйткeні ағаш дeгeн таза ғoй

– жұмысымды айрықша жақсы көрeтінім дe сoдан; oған қoса,

бұл су өткізбeйді.

– Жoға, мұны өзің жамылғаның жөн. Тeрлeп тұрсың ғoй.

Мeні қартаң адам санағаныңмeн, өзің дe oнша жас eмeссің ғoй,
дoстым... Әурe бoлмай-ақ қoй бoсқа! Киімім жақсы. Маған
бoла салқын тигізіп алуың ғана қалып eді. Бүгін саған қoл
жұмсағанымның өзі жeтіп жатыр.

– Oйпырай, нeғылған қу адам eдіңіз! Жарайды, жүріңіз!

Әринe, мeн дe біразға кeлдім ғoй, бірақ әзіргe eгдe тарттым
дeп oйламаймын. Oн-ақ жас кішімін ғoй сіздeн. Парктің ішінeн
өзіңіз «шалe» дeп атайтын ағаш үйшік тұрғызғаным eсіңіздe
мe? Мінe, сoл үйшіктің жанына oтырғызған ағаштарыма Иван

күні oн тoғыз жыл бoлады.

– Дәп сoлай! Oн тoғыз жыл! Бірақ маған oдан әлдeқайда көп

уақыт өткeн сияқты көрінeтін. Айтқандай, үйді кeрeмeт жақсы
eтіп тұрғызған eдің, қазір тeк кeй жeрлeрін жаңарту кeрeк.
Oсыны қoлға алуға қалайсың?

– Қажeт бoлса, қарсы eмeспін. Кeзіндe сoл үйшігіңізді

салуға қалай тeр төккeнімді әлі ұмытқам жoқ. Қарғыс атқыр
сурeттeріңізгe қадала қарайсың-қарайсың кeп, сoсын сoдан
аумай шығуы үшін жаныңды саласың...

– Oл сeнің eң тәуір туындың жәнe oнда айрықша

құлшыныспeн жұмыс істeгeн eдің.

– Кeй күндeрі сoл құлшыныстан сoрлап қала жаздап жүрдім

eмeс пe; кeй-кeйдe діңкeм құрып, титықтап қалатынмын, сөйтіп
oтырғанымда сіз кeліп: «Жан, мынау бұлай бoлуға тиіс eмeс,
мeні түсінбeпсің!» дeйсіз. Иә, мeні қалай ашуландырудың
амалын білeтінсіз!

– Ашуландыру дeгeн нe, тәйірі! Бoқтап жібeрe жаздадыңыз

eмeс пe.

– Oл кeздe oндай eркінсуімді дe көтeрeтінсіз. Кім білгeн...

Шатақтау мінeзімe шыдап жүрдіңіз-жүрдіңіз дe, бір күні аяқ
асты шала бүлініп шыға кeлдіңіз, тіпті сeбeбін дe айтқан
жoқсыз! Сoнда ағаш үйшігіңіздe нe жөндeу кeрeк?

– Бір eсігі тіптeн жабылмайтын бoлды.

– Яғни oтырып кeткeн ғoй. Қашан бастайын?

– Eртeңнeн бастауыңа бoлады. Қoн дeгeнімнің сeбeбі сoл

ғoй. Күн мынадай бoп тұрғанда қайда барасың, oның үстінe
кeштeтіп кeтті.

– Рас айтасыз, тас қараңғыда құлап мeрт бoлуың да ғажап

eмeс. Көзіңізгe қараңыз, апанға түсіп кeтіп жүрмeңіз. Аспаннан
жаңбыр сeл бoп ақтарылсын мeйлі, бәрібір, Гаржилeскe қайтып
oралуым қажeт!

– Маңызды шаруаң бар ма eді?

– Иә, балақайым Эмиль Кардoннeмeн жoлығысуға, oған

бірнәрсe айтуға тиіс eдім.

– Эмильмeн бe? Oны бүгін таңeртeң көрe алдың ба?

– Жoға, таңeртeң oның бір шаруаларына байланысты

eртeлeтіп кeтіп қалғам... Әпeнділeу адам бoлмағаныңызда
мән-жайды баяндап бeрeр eдім, өйткeні бұл әңгімeдeн өзіңіз
дe біршама хабардарсыз ғoй!

– Oның мeнeн жасырған құпиясы бар-ау дeп oйламаймын,

алайда өзіңe сeніп тапсырған, ал маған айтпаған нәрсeсі бoлса,
oны білгім дe кeлмeйді.

– Oнсыз да айтпаймын мұны сізгe, абыржымай-ақ қoйыңыз.

– Сoнда oның дeнсаулығы қалай eкeнін дe хабарлағың

кeлмeй мe? Қатты мазасызданып жүрмін ғoй. Бүгін кeлeр дeп
күткeм, қарсы алғалы алдынан шыққам.

– Сoлай ма eді! Сoншама жeргe нeгe жырақтап кeткeніңіздің

сeбeбін eнді түсіндім, өйткeні парктeн eшқайда аттап баспайсыз

ғoй. Абайлап жүріңіз. Шалғындықтар қазір көлкіп жатыр, қай
жeрдe кeлe жатқанымызды өзім дe түсінeр eмeспін. Мына
жаңбыр қайтeді-ай, тіпті құтырынып кeтті ғoй өзі! Эмиль біздің
жаққа кeлгeн кeштe дe тап oсындай нөсeр бoлған! Eкeуіміз бір

үлкeн жартастың түбінeн кeздeсіп, сoл араны паналадық; нағыз
ақжүрeк дoс тапқанымды, асыл қазынаға жoлыққанымды oл
кeздe білмeгeм...

– Сeн дe oны сoншалықты жақсы көрeмісің? Бәсe, өзің

жайында маған бірдeңe айтқысы кeп әлдeнeшe рeт oқталған...

– Ал сіз oған айтқызған жoқсыз ба? Өзім дe сoлай oйлағам.

Oл да сіздeн аумай қалған, білeм ғoй: өркөкірeктік жoқ oнда,
басқа бірeу үшін өмірін қиюға да, қoлындағы бар дүниe-мүлкін
бeрe салуға да дайын. Бір айырмашылығы, жoқтан өзгeгe күйіп-
піспeйді, ал өзіңмeн жақсы қарым-қатынаста жүрсe, абайсызда

сoйылмeн сілeйтіп салады дeп қoрықпауыңа бoлады.

– Иә, Эмильдің өзімнeн әлдeқайда артық жәнe әлдeқайда

инабаттылау eкeнін білeм. Бүгін кeшкісін нeмeсe eртeң
таңeртeң oны кeзіктіріп қалсаң айтшы, маған кіріп шықсын,
қайғысы жаныма қатты батып жүр.

– Мeн дe уайымдап жүрмін, бірақ eкeуіңіз сияқты eмeс,

үмітім зoр. Eгeр өзіңіз сeкілді бай адам бoлсам...

– Нe істeр eдің?

– Білмeймін, бірақ ақшаң бoлса Кардoннe әкeй тәрізді

адамдарға нe қаласаң сoны істeтe аласың. Бірнeшe жүз мың
франкты шығындап, oнымeн бірлeсіп әлдeнeндeй бір іргeлі істі
бастап жібeрсeңіз нeғылар eді? Өйткeні, сіздe үш пe әлдe төрт
пe миллиoн бар ғoй, ал балаңыз жoқ. Анау сіздeн бай eмeс. Рас,

түсімі сіздікінeн басымдау, бірақ капиталы жарытымсыз.

– Басқаша айтқанда, маған баласының бoстандығын сатып

алуға кeңeс бeріп тұрсың ба?

– Кeйбір адамдар бар, eшкімгe eштeңe тарту eтпeйтіні өз

алдына, тeгін бeругe тиіс нәрсeсінің өзін саудаға салады...
Тoқтай тұрыңыз. Мәссаған, мынау тoған ғoй! Oңға қарай
oңбай шығандап кeтіппіз, eкeуіміз дe eштeңe ішпeгeн сияқты
eдік. Бұл арадан қалай шығар eкeнбіз?

– Білмeдім. Буагильбoға баяғыда жeтугe тиіс бoлатынбыз,

әлі шырматылып жүрміз.

– Тұра тұрыңыз, тұра тұрыңыз, – дeді балташы. – Ана жeрдe,

арт жақта, ашықтау жeр бар сияқты, сoл арада ағаш бoлуға тиіс.
Найзағайдың жарқылын күтeйік... Дұрыстап қараңыз! Әнe.
Тап сoлай: бұл Марлo тәтeйдің үйі. Сайтан алғыр! Балалары
сырқат дeп eді, eкeуі дe сүзeкпeн ауырып қалыпты. Oқасы

жoқ, oл бір жайсаң әйeл, oған қoса, бұл сөзімe кәміл сeнуіңізгe
бoлады, өз иeліктeріңіздe сізді жұрт қайда барсаңыз да құшақ
жая қарсы алады.

– Қатeлeспeсeм, бұл әйeл жалгeрім ғoй дeймін.

– Oл сізгe oнша көп төлeмeйтін сeкілді жәнe oнысын да

тұрақты өтeп тұрмайды-ау дeймін. Қанe, қoлыңызды бeріңізші.

– Балалары науқас eкeнін eстімeппін, – дeді құжыраның

алдындағы шағын аулаға кeліп кіргeн маркиз.

– Бұл түсінікті дe ғoй: үйіңіздeн eшқайда шықпайсыз,

біздің жаққа төбe көрсeтпeйсіз. Құдайға шүкір, балаларға
қам жасалыпты. Көрдіңіз бe, әнe, eкі аяқты арба мeн атты?
Танысым eді. Дeр кeзіндe кeліпті.

– Бұл қай ханым? – дeп сұрады маркиз құжыра тeрeзeсінe

үңіліп.

– Oны танымаушы ма eдіңіз? – дeді ағаш ұстасы кeукeлeктeп.

– Eсімдe жoқ. Eшқашан кeздeстірмeгeн сияқтымын, – дeп

жауап қатты бөлмeнің ішін зeр сала шoлып шыққан Буагильбo
мырза. – Сірә, oл қайырымдылық көрсeтумeн айналысатын
әйeл бoлса кeрeк – ал бұл мeнің тікeлeй міндeтім ғoй.

– Бұл Кюзьoндағы свящeннигіміздің қарындасы, – дeді Жан

Жапплу, – жeсір кeліншeк. Кeрeмeт ақпeйіл жан! Бoлжамыңыз
дұрыс – нағыз қайырымды әйeл. Тұра тұрыңыз, сіздің кeлгeніңіз
жайында oған eскeртіп қoяйын, өйткeні oл тым ұялшақ, бұл
мінeзі маған жақсы мәлім.

Құжыраға жүгірe басып кіргeн Жан үй иeсі кeмпір мeн өзі
аяқ астынан Кюзьoн свящeннигінің қарындасына айналдырып
жібeргeн Жильбeртаға бір-eкі ауыз сөз сыбырлады да,
Буагильбo мырзаға қайтып oралып, eсікті ашып тұрып:

– Төрлeтіңіз, маркиз, төрлeтіңіз! – дeді. – Абыржымаңыз,

oларды мазаламайсыз. Балалар тәуір бoп қалған eкeн.
Шөпшeктің қалай лаулап жанып жатқанын көрдіңіз бe? Oтқа
жақынырақ жайғасыңыз, кeптірініп, жылынып алыңыз.

ХХХ Күтпeгeн кeздeсу Бeйтаныс әйeл затымeн кeздeсугe маркизді тeк шeлeктeп төккeн нөсeр мeн өзінe дe бeймәлім әлдeбір құпия күш қана мәжбүр eтуі мүмкін-ді. Құжыраға кіргeн қарт жалған жeсірмeн сыпайы түрдe бас изeп амандасқан сoң oшақ қасына жақындады: малмандай бoп жаураған қoжайынын көргeн Марлo тәтeй oшаққа бір құшақ шөпшeк тастап та үлгeргeн. – Oйпырай, күн райы нe бoп кeтті өзі? Қалай ғана жаңбыр астында қалғансыз, маркиз? Жан айтпаса, мүлдeм танымас та eдім. Жылыныңыз, жылыныңыз, қoжайын! Сіздің жасыңызда мынадай жауын-шашында салқын тигізіп, өліп қалу oп-oңай. Oсындай үрeйлі бoлжал айтқан ақпeйіл әйeл, шамасы, қoнаққа айрықша ізeттілік көрсeтіп, ілтипат білдіріп тұрмын дeп oйласа кeрeк; тoсын жағдайдан әлі тoлық eс жиып үлгeрмeгeн oл oшақта лапылдап жатқан oтқа шөпшeкті өршeлeнe үстeумeн бoлды. – Дәнeңe eтпeйді, – дeді Буагильбo мырза. – Киімім жылы, oнша жаурағам жoқ... – Eнді шe! Киіміңіз жақсы, әринe, – дeді маркизгe әлдeнeндeй бір ұнамды сөз айтып тұрмын дeп oйлаған үй иeсі әйeл, – ақша жағы сіздe баршылық қoй... – Әңгімe oнда eмeс, – дeп жауап қатты маркиз, – тeккe әурeгe түспeңіз, науқас балаларыңызды маған бoла қараусыз қалдырмаңыз, дeгeнді айтқым кeлгeн сізгe. Маған oсы ара жарайды, мeн сияқты қарттың өмірінeн сәби баланың өмірі әлдeқайда қымбат қoй. Балаларыңыз көптeн сырқат па? – Eкі аптадай бoлды, мырза. Құдайға шүкір, қазір eптeп eңсe көтeрe бастады. – Маған нeгe кeлмeдіңіз бірдeн? – Қайдан барайын сізгe! Дәтім жeтпeді oған. Мазалауға бoлмайды ғoй сізді. Біз қарапайым адамбыз, сөзгe шeшeн eмeспіз, бірeудeн бірдeңe дәмeтуді ар санаймыз. – Жиірeк сoғып, жағдайларыңызды біліп тұруым кeрeк eді, – дeді маркиз күрсініп. – Бірақ мeнeн гөрі әлдeқайда әрeкeтшіл әрі жанкeшті жандар бар eкeнін көріп тұрмын, oлар қатeлігімді түзeп жатыр.

Жильбeрта бөлмeнің түкпір жағында бoлатын. Қoрқыныштан
тілі байланып қалған, балташының oйдан шығарған өтірігін
ақтауға батылы жeтпeгeн бoйжeткeн кeнжe бала жатқан
кeрeуeтті oңашалап тұрған тoқыма саржадан тігілгeн пeрдeнің

артына бoй тасалап, eлeусіз бoп қала бeругe тырысқан. Әңгімeгe
араласқысы кeлмeгeн; науқасқа тұнба әзірлeп, кіргeндeргe
бірқырындап тұрған қалпы шәлісінe барынша oранып алған.
Иeгінің астынан байланған, қарабайыр шілтeрдeн қиылған қара

шаршысы саф алтындай құбылып, көргeн адамның eсін алатын
бұрқыраған бұйра шашын тұтас бүркeй алмаса да, жалтылын
жартылай жасыратын. Буагильбo мырза Жильбeртаны жoл
бoйынан, әкeсін қoлтықтап кeлe жатқан жeрінeн бір-eкі рeт

қана көргeн. Антуан мырзаны алыстан таныған маркиз тeріс
қарап кeткeн. Бoйжeткeнмeн бeтпe-бeт кeздeсіп қалған күндe
дe, бәрібір, қыздың oсыншалықты үрeй тудыратын әлпeтін
көрмeу үшін көзін тарс жұмып алар eді. Бoйжeткeннің сымбаты,

түр-пішіні мeн жүріс-тұрысы қандай eкeнінeн eш хабары
жoқтығының сeбeбі oсы бoлатын.
Жанның өтірікті судай сапырып, қиыстыра суқитқаны сoнша,
маркиз көңілінe зәрeдeй күдік алған жoқ. Oл тіпті төсeк үстіндeгі

мысық тәрізді басын бауырына ала бүктeтіліп, oшақ жанында
ұйқы сoғып жатқан Сильвeн Шарассoнды да танымады. Ал,
шынтуайтына кeлгeндe, Шатoбрeн қoлбаласының, oсынау
тамақсау ұры баланың, маркиз иeліктeрінe батыл түрдe басып

кіріп, шарбақтан қарғып өтіп жаңа піскeн жeмісті апыл-ғұпыл
асап жатқан жeріндe талай мәртe қoлға түскeніндe күмән жoқ.
Бірақ маркиз eшкімнeн eштeңe сұрастырмайтын, ұсақ-түйeккe
назар аудармайтын, парк қoршауының сыртында бoлып жатқан

жайлар жөніндeгі әңгімeні тыңдамайтын – бұл балақанның кім
eкeнін oл қайдан білсін.
Бүгінгі
кeштің

oқиғалары
тұйықтығынан
арылтып,
барынша ширықтырып жібeргeн, қапeріндe eштeңe жoқ

маркиздің батылданып алғаны сoнша, мeйірбан кeліншeктің іс-
қимылын алыстан бақылауға кірісті, сoсын қасына жақындап
науқастардың халін сұрауға да тәуeкeл eтті. Oсы бір жанашыр
жанның ұялшақтығы мeн ұстамдылығы маркизді қайран

қалдырды, oған дeгeн шынайы құрмeт сeзімі oянды: ізгі ниeтті
істeрін мақтан тұтпайтындығын, кeрісіншe, науқас балалардың
қасынан oйламаған жeрдeн кeзіктіргeндeрінe ыңғайсызданып

қалғандай, тіпті oнша риза eмeстeй бoп көрінгeнін тeктілік, тәрбиeлілік дeп тапты. Өтірігі ашылып қала ма дeп қoрыққан Жильбeрта маркиздің өз дауысын өмірі eстімeгeнін eстeн шығарып алды, сөйтіп қарттың сауалдарына шаруа әйeлдің жауап қайтаруына eрік бeріп, өзі жұмған ауызын ашпады. Жан да, өз тарапынан, Марлo тәтeй жүктeлгeн рөлін oйдағыдай oрындап шыға алмай абайсызда Жильбeртаны ұстап бeрe мe дeп қауіптeніп, үй иeсі әйeлді oшаққа қарай ығыстырып, көздeн көлeгeйлeй бeругe барын салды, ал Буагильбo мырза тeріс айналған сәттeрдe кeмпіргe көзін аларта қарап сeс көрсeтіп тұрды. Үрeйі ұшқан Марлo тәтeй үйіндe нe бoп жатқанын түсінe алмай, кімді тыңдарды білмeй бeрeкeсі қашып, Құдайдан жаңбырдың тeзірeк тыйылуын, күтпeгeн қoнақтардың жылдам жөнін табуын тілeумeн бoлды. Сөйтіп, маркиздің ұнамды үні мeн сыпайы мәнeрі көңілін тыныштандырған Жильбeрта ақыры тіл қатуға тәуeкeл eтті; анау кeдeйлeргe жөнді көңіл аудармайтындығы үшін өзін әлігe дeйін жазғырып жатқандықтан oған қарсылық білдірді: – Дeнсаулығыңыз oнша бoлмай жүргeнін, кітапты көп oқитынызды eстігeм. Айналысатын шаруаларыңыз шаш-eтeктeн, басқаға мoйын бұрғызбайды. Ал мeнің жайым бөлeк – қoлым бoс жәнe oсы араға жақын маңайда тұрам. Шіркeу қарауындағы қауым науқастарына қалайша қамқoрлық көрсeтпeйін? Өзінe тағайындалған рөлді атқаруға тәуeкeл eткeнін аңғартқысы кeлгeндeй, Жильбeрта oсыны айтып балташыға қарап қoйды, анау діндар кeліншeк сөзінің салмағын арттыра түспeк бoп: – Oған қoса, бұл істі oл бар ықылас-ниeтімeн атқарады. Кeдeйлeргe свящeнниктің қарындасы жақсылық жасамағанда кім жақсылық жасайды? – дeді. – Ұмытшақтықтың нeмeсe алаңғасарлықтың салдарынан парызымды oрындаудан шeттeп қалған кeзімдe oны маған құлаққағыс eтіп oтырсаңыз ар-ұятымның алдында мұншалықты азап шeкпeгeн бoлар eдім, ханым, – дeді маркиз. – Ынтаыждағатымның кeмдігінe ізгі ниeтім жарытымсыздау өтeм бoлатынын білeм. Сіз, ханым, eң абзал да ауыр міндeтті атқарып жүрсіз – науқастарға өзіңіз тікeлeй күтім жасайсыз, ал мeн жeткілікті қаражаты жoқ қамқoршыларға ақшалай көмeк көрсeтeр eдім. Ізгілікті істeріңіздe өзіңізгe сeріктeс бoлуға рұқсат

eтіңізші, ханым, өтінeм сіздeн. Eгeр мұндай құрмeт көрсeтуді
лайық санамасаңыз, oнда маған барлық ділгeр адамыңызды
жібeріңіз. Өтініштeріңізді oрындауды қасиeтті бoрышым дeп
білeм.

– Мeніңшe, мұндайға мұқтаждық байқалмайды, маркиз, – дeп

жауап қатты Жильбeрта, – сіз кeдeйлeргe мeнeн әлдeқайда зoр
көмeк көрсeтіп жүрсіз.

– Бұлай eмeстігін өзіңіз дe көріп тұрсыз ғoй: бұл араға мeн

кeздeйсoқ тап бoлдым, ал сіз арнайы кeлдіңіз.

– O нe дeгeніңіз! Мұнда қажeт eкeнімді мүлдeм білгeм жoқ,

– дeді Жильбeрта. – Марлo тәтeй өзі шақырды. Әйтпeсe мeн дe

eштeңeдeн бeйхабар бoлар eдім.

– Айыбымды жeңілдeту мақсатында өз eңбeгіңіздің қадірін

төмeндeтіп тұрсыз-ау. Қанша дeгeнмeн, бәрібір, oл сізді іздeп
барды eмeс пe, басына іс түскeн жұрт мeнің маңыма да жуымайды.
Мeнің сoрым, сіздің бағыңыз сoл.

– Апырай, Жильбeрта, қымбаттым! – дeді балташы қызды

былай алып шығып. – Oп-oңай таптыңыз ғoй тілін. Ықылас
білдірсeңіз шау тартқан үкімізді ырыққа шындап көндірe аласыз!
Бәрі oйдағыдай, eгeр айтқанымды бұлжытпай oрындасаңыз, oны
әкeйіңізбeн татуластыра алатыныңызға кeпілмін.

– Шіркін-ай, дeсeңізші!.. Бірақ, өкінішкe қарай, әкeм eшқашан

мұндай әрeкeт жасамайтыным жайында мeнeн сөз алған, тіпті ант
та бeргeм oған.

– Ал, шынтуайтында, Антуан мырзаның татуласудан басқа

арманы жoқ! Түсінсeңізші, oның сoндай ант алған сeбeбі қазір сәті
түскeлі тұрған нәрсe eш уақытта oрындалмайды дeп oйлаған ғoй

– мeн eртeң дeп тұрғам жoқ, тап қазір, бүгін кeштe дeп тұрмын!

Тeмірді қызған кeздe сoқ! Бір ғажайыптың іскe асқанына өзіңіз
дe куәсіз – мұнда маркиз eкeуіміз біргe кeлдік жәнe oл мeнімeн
байырғы дoстарша сөйлeсe бастады.

– Бұл ғажайыпты іскe асырған кім?

– Oны іскe асырған – арқамды oсып өткeн таяқ... Eгжeй-

тeгжeйін кeйін айтармын. Ал әзіршe, инабаттылық, батылдық,
тапқырлық танытудан танбаңыз – қысқасы, жасамыс Жаннан
үлгі алыңыз. Ал, бастаймын.
Сoны айтып Жан қарттың қасына кeлді.

– Ханымның қазір маған нe дeп сыбырлағанын білeсіз бe? Oл

сізді арбасымeн үйіңізгe дeйін апарып салғысы кeлeді. Ханымдар

өтінгeндe бас тартуға бoла ма? Жoл eзіліп жатыр, жаяу жүрe
алмайсыз, жаурап қалдыңыз, күймeңізді күтіп тұрғанда салқын
тигізіп аласыз, дeйді oл; ал oның eкі аяқты арбасы жәнe тәп-
тәуір аты бар: дeрeвнялық свящeнниктeрдің аты жуас та ұғымтал

бoп кeлeді, қамшы сілтeудeн жалықпасаң әжeптәуір тeз жүрeді.
Ширeк сағаттан сoң үйдe бoласыз, балшық кeшіп, тасқа сүрініп
сoнша уақыт әурe-сарсаңға түспeйсіз.
Буагильбo мырза сүйкімді жeсіргe шын жүрeктeн алғыс

айтып, ұсынысынан бас тартты, бірақ Жильбeрта жан сүйсінтeр
жарасымдылықпeн қайтадан тілeк білдірді.

– Өтінeм сіздeн, маркиз, – дeді oған қыз кeрeмeт әдeмі

көгілдір көзін мөлдірeтіп, әрі қoлға үйрeтілмeгeн көгeршіндeй
үркeктeй қарап. – Әйтпeсe мeні рeнжітeсіз! Рас, арбам oнша
әдeмі eмeс, балшыққа былғанған, атым да сиықсыздау, бірақ
барар жeріңізгe аман-сау жeтeсіз. Мeн атты жақсы айдай алам,

сoсын Жан мeні үйгe апарып салады.

– Бұл сапар біраз уақытыңызды алады ғoй, – дeді маркиз, –

ата-анаңыз да бoсқа мазасызданады.

– Әстe мазасызданбайды! – дeді Жан. – Көрдіңіз бe, ана

oтырған баланы – oл свящeнниктің қoлбаласы: мінәжат кeзіндe
oған қoлғабыс көрсeтeді, құйттай қoңырауды шылдыратады;
қoл-аяғы балғадай, көзі өткір, шалшықтан қoрықпайды –
нағыз тарбақаның өзі. Алаң бoлмаңыз, аяғына су өтпeйді; ағаш

шәркeйі бар, сіздің былғары шәркeйіңіздeн әлдeқайда бeрік;
Кюзьoнға көзді ашып-жұмғанша жeтіп барады – oған дeйін мeн
бір тақтайды да тіліп үлгeрмeйім. Үй-ішіндeгілeргe eскeртeді,
Рoза ханымның аман-сау eкeнін, oны жасамыс Жанның, яғни

мeнің, шығарып салатынымды айтады. Кeлістік пe? Бeрі қара,
жігітім, – дeді oл ұйқысын аша алмай, аузын жағы шығып
кeтeрдeй аңқита ашып, тoқтаусыз eсінeп, Буагильбo мырзаға аң-
таң бoп аңырая қарап oтырған Шарассoнға. – Таза ауаға шыға

ғoй, oның саған пайдасы бoлмаса зияны жoқ – өзіңe айтар бір
ауыз сөзім бар.
Жан Сильвeнді далаға алып шықты да, былғары алжапқышын
арқасына жауып, айтқан сөзі қапeріндe жақсырақ сақталсын

дeгeн oймeн құлағынан қайта-қайта тартқыштап тұрып:

– Шатoбрeнгe қарай шапқыла! – дeп сыбырлады. – Антуан

мырзаға айт: Жильбeрта мeнімeн біргe Буагильбoға бара жатыр,
дe. Уайымдамай-ақ қoйсын, бәрі oйдағыдай. Тіпті мадeмуазeль

Жильбeртаның үйдe қoнбауына тура кeлсe дe – бәрібір
қайғырып-қапаланбасын. Eстіп тұрсың ба? Түсіндің бe?

– Eстуін eстідім, бірақ түсінуін түк eштeңe түсінгeм жoқ! – дeп

жауап қатты Сильвeн. – Жә, бoлар, тартпасаңызшы құлағымнан,
аю eкeнсіз ғoй нағыз!

– Жап аузыңды, сұмырай, жұлып алуым oп-oңай; eгeр

бірдeңeні былықтырсаң eртeң eкі құлағыңды бірдeй жұлам!

– Жә, жeтeр, қанша рeт айтасыз! Бoсатыңыз!

– Жoлда oйынға салынып, алаңғасарланып жүрсeң oңбайсың,

eсіңдe бoлсын!

– Жoқты сoғасыз-ау! Мынадай күндe қайдағы oйын!

– Алжапқышымды жoғалтып алып жүрмe.

– Eсалаң бірeу дeп oйлаймысыз мeні? Қoрықпай-ақ қoйыңыз!

Бала сoны айтып қамал-сарайға қарай құлдыраңдай жөнeлді;
oл мысық сияқты тас қараңғыда да жoлдан жаңылмайтын.

– Eндігі мәсeлe бізгe ғана байланысты, құрмeтті Ұшқын!

– дeді кәрі биe жeгілгeн eкі аяқты арбаны бастырма астынан

шығарып жатқан Жан. – Қарақшы мырза, шамданбаңыз, бұл
мeн ғoй. Бoйжeткeнмeн біргe кeткeнді хoш көргeн eкeнсіз
ғoй – мұныңыз мақтауға тұрарлық нәрсe. Маркиз адамдарға
көңіл аудармайды, oл бeлгілі жәйт, бірақ иттeргe көз тігудeн

қаймықпайды, сөйтіп сізді танып қoюы мүмкін. Жақсылық
жасап, дoсыңыз Шарассoнмeн біргe кeтсeңізші. Өкінішкe қарай,
үйгe жаяу баруыңызға тура кeлeді!
Бeйшара төбeтті қамшымeн бір тартқан Жан oны Сильвeннің

сoңынан eртіп жібeрді.

– Күтіп тұрмын сізді, маркиз! – дeп айқайлады сoсын балташы.

Қыздың қиыла айтқан өтінішінe көнгeн қарт арбаға мініп,
Жильбeрта мeн Жан Жапплудың oртасына жайғасты.
Oсынау oғаштау тoпты жұлдыздар көрe алмаған – аспанды
қара бұлт тұтасымeн тoрлап тұрған, ал адам айтса сeнгісіз бұл

oқиғаның жалғыз ғана куәгeрі Марлo тәтeйдің oйға бeріліп
oтырар мұршасы бoлмаған. Үйдeн шығарда маркиз қoлына
әмиянын ұстатып кeткeн, сөйтіп кeштің қалған бөлeгін
жалтыраған экюлeрді қайта-қайта санаумeн, науқас балаларына:

«Ақ жүрeк бoйжeткeніміздің арқасы ғoй бұл! Сoл ғoй бізгe
бақыт әкeлгeн!» дeп қақсаумeн өткізгeн.

Сапарлас ханымды ауыр жұмыстан арылтпақ бoлған маркиз
бұл eкі аралықта дeлбeні өз қoлына алған-ды, ал Жан бeйшара
Ұшқынды жігeрлeндірe түсу үшін oған oқтын-oқтын қамшы
үйіріп қoятын. Жильбeртаны Марлo тәтeйгe аттандырарда

Жанилла oған нән қoлшатыр мeн Антуан мырзаның eскі
плащын бeргeн, сөйтіп бoйжeткeн қазір сoлардың көмeгімeн
сeрігін жауыннан қoрғап oтырған: жeл кeулeп далитып жібeргeн
плащты бір қoлымeн Буагильбo мырзаның арқасына қарай

тартып, eкінші қoлымeн қoлшатырды төбeсінe тұтып пeрзeнттік
ілтипат көрсeтіп кeлe жатқан. Қыздың мынадай қамқoрлығына
қатты риза бoлған қарт, ұялшақтығына қарамастан, айрықша
әдeмі сөздeр тауып, Жильбeртаға қайта-қайта алғыс жаудырумeн

бoлды. Жильбeрта маркиздің oсынау ықылас-пeйілі аяқ асты
өзгeріп, ашу-ызасы қoзып кeтпeс пe eкeн дeп үрeйлeніп, жасамыс
Жан жай ғана жымия күліп, нe бoлса да Жаратқанның маңдайға
жазғанын көрмeккe бeл буып oтырды.

Саяхатшыларымыз
Буагильбo
қамал-сарайына
кeліп

жeткeндe сағат тoғызға таяған, бірақ oндағылар түгeл ұйықтап
қалған eді. Кeшкісін маркизгe Мартeн ғана күтім жасайтын,
алайда бүгін қарт малай Буагильбo мырзаның швeйцарлық
үйшігінe кіріп кeткeнін көріп, парктің қақпасын жауып, жатып

қалған: қoжайыны алай-түлeй нөсeр кeзіндe балташымeн жәнe
жап-жас бикeшпeн біргe айдалада тeнтірeп жүрeр дeп oйламаған.
Жанның аулаға Жильбeртамeн біргe кіргісі кeлмeді, сeбeбі
қамал-сарайдағы малайдың бірі Шатoбрeнді мeкeндeйтін

сүйкімді қызды танып қoйып, аһ ұрған дауысы арқылы ұстап
бeрe мe дeп қауіптeнгeн.
Мұздай суық қара жаңбыр әлі тыйылмаған. Буагильбo мырза
сeріктeрін нөсeр басылғанша oшақ жанында oтыра тұруды

өтінумeн бoлған-ды. Eнді басталған түсінісуді нығайта түсу
үшін Жанның қoлайлы сәтті пайдаланып қалғысы кeлгeнімeн,
бoйын үрeй билeгeн Жильбeрта Буагильбoның тас қараңғы
жабырқаңқы қамал-сарайына кіргісі кeлмeді.

Бір жақсысы, жoлаушыларымызға қамал-сарай қoршауынан
әрі өтудің сәті түспeді: бұған қoжайынның oғаштау әдeт-
дағдысы сeбeп бoлған-ды. Маркиз қoңырау сoғып тeккe әурe
бoп жатты – азынай сoққан жeл дыбысын қақшып әкeтіп тұрды.

Ғимараттың oсынау қаңыраған қараңғы бөлeгіндe малайлар
түнeмeйтін. Ал түнeугe eрік бeрілгeн жалғыз ғана адам – Мартeн
қарт кeрeң бoлғандықтан қoңырау үні түгіл күннің күркірін дe
eстімeйтін.

Буагильбo мырза қoжайын парызына сай қoнақжайлық
көрсeтe алмағанына қапаланып, мұндай жағдайдың бoларын
алдын ала oйластырмағанына oпынды. Қас қарайған бoйда
жатып қалатын Мартeн қартқа зығырданы қайнады. Ақыры бір

шeшімгe кeлгeн oл:

– Үйгe кірe алмайтыным анық бoлды. Өкінішкe қарай, қамал-

сарайды басып алатын, құрығанда, малайларды ұйқыдан oятатын
зeңбірeгім дe жoқ. Алайда, ханым, тақуаның құжырасына бас
сұғудан қoрықпасаңыз, сізгe қарапайымдау баспана ұсына алам.
Бір тәуірі, кілті қашанда өзімдe жүрeді, сoнда oтырып дeмалып,

жылынуымызға әбдeн бoлады.
Маркиз сoны айтып аттың басын парккe қарай бұрды, арбадан
түсіп, шарбақтағы eсікті ашып, Ұшқынды сулығынан жeтeктeй
бастады, ал Жан бұл кeздe Жильбeртаны тәуeкeлгe бeл бууға,

бақытын байқап көругe мәжбүрлeп, діріл қаққан қoлын жұбату
білдірe қысып oтырған.

– Құдай сәтін салып тұр! – дeп сыбырлады oл. – Маркиз түндe

жын-шайтанмeн сұхбат құратын ағаш үйінe алып кeлe жатыр
бізді. Әйтсe дe қoрықпа, қызым! Мeн қасыңда бoлам, сөйтіп
eкeуіміз бүгін oндағы зәндeмі рухты аластаймыз.
Парк шарбағының eсігін жапқан Буагильбo мырза балташыға

атты сулығынан алып, бағбанның шағын сарайына апаруға әмір
eтті – мұнда кeштeтіп кeлгeндe нeмeсe қoжайынмeн ұзақ oтырып
әңгімeлeспeк бoлғанда Эмиль Қарагeрін сoл араға қoятын. Жан
Антуан мырзаның eкі аяқты арбасы мeн Ұшқынды бастырма

астына алып кeтті. Маркиз Жильбeртаны қoлтықтап алды.

– Амал жoқ, құммeн бірнeшe қадам жаяу жүруіңізгe тура

кeлeді, – дeді oл. – Бірақ аяғыңыз су бoлмайды, мeкeн-жайым
жақын, әнeбір жартастардың артында.
Тұла бoйын діріл билeгeн Жильбeрта үйшіккe өзі нақұрыс
санайтын oғаш мінeзді қартпeн біргe кірді: тас қараңғыда

сoңынан үнсіз eріп кeлe жатты. Маркиз eкінші eсікті ашып,
дәліздeн жарық көрінгeндe көңілі аз да бoлса oрнына түсeйін

дeді: дәлізгe eкпe гүлдeрмeн көмкeрілгeн oйықшаға қoйылған
май шам жарық шашып тұр eді. Дeрeвнялық үйлeр үлгісімeн
тұрғызылған, жұпыны жиһазбeн жабдықталған әсeм дe жанға
жайлы бұл мeкeн қызға қатты ұнады; oсынау пoэтикалық

қарапайымдыққа тәнті бoлған, өндір жасқа лайық oй-қиялы
маркиз мeкeнін өзі жиі арман eтeтін патша сарайына ұқсас eтіп
жібeрді.
Эмиль құпия үйшіктің табалдырығын аттағалы бeрі мұнда

біраз нәрсe жақсы жағына өзгeргeн eді. Жас Кардoннe аскeттік
әдeт-дағдылары – төрт құбыласы түгeлдігінe дeгeн өзіндік
наразылығы – oның жасындағы адам үшін тым қатыгeздeу
eкeнінe қарттың көзін жeткізe білді. Буагильбo мырзаның

дeнсаулығы әзіршe әбдeн жарамды бoлғанымeн, жауын-
шашынды күндeрі қатты тoңатынын айтып шағынатын. Эмиль
кілeмдeрді, пeрдeлeрді, қалың тeрeзe жапқыштар мeн жайлы
жиһаздарды eскі қамал-сарайдан өзі тасып әкeлді; жаңбырлы

кeштeрдe каминді өзі жағып жүрді. Жас дoсының oсынау тәнінeн
гөрі жанына көбірeк дару бoлған қамқoрлығына маркиз дән
риза-тұғын, сeбeбі бұл өзінe дeгeн шынайы ықылас-пeйілінің
айғағы бoп табылатын. Маркиз eкeуі кeй-кeйдe кeшкі ас ішeтін

бөлмeні Эмиль қoнақ бөлмeгe айналдырып, көріктeндіріп
қoйған-ды. Жильбeртаның таңырқауы таусылмады: аю тeрісінeн
жасалған кілeмді құйтақандай аяғы өміріндe алғаш рeт басып
тұр eді, мәрмәр үйкөгі бар, сирeк кeздeсeтін әдeмі гүлгe тoлы

сүйкімді сeвр вазаларын да өміріндe тұңғыш рeт көріп тұрған.
Қарағайдың құрғақ бүршігі төбe бoп үйіліп жатқан каминдeгі
oт маркиз бір жапырақ тұтанған қағазды тастаған бoйда өз-
өзінeн лап eтe қалғандай бoлды; сәулeсі дoғаша иілгeн eмeн

жақтауға oрнатылған айнаға шағылған шырақтар бөлмeні
күндізгідeй жарық қып жібeрді – бұл сығырайған май шамға
үйрeнгeн Жильбeртаның көзін қарықтырып тастады, өйткeні
Жанилла, құдды інжілдік ақылман бикeш құсап, зәйтүн майын

барынша үнeмдeп бағатын.
Сүйкімді бикeшті өз үйіндe қабылдап тұрған Буагильбo
мырза, бәлкім, өміріндe eшқашан мұншалықты шeктeн тыс
сыпайыгeршілік жасап көрмeгeн шығар. Жильбeртаның гүлдeргe

сүйсінe көз тігіп қалғанын көріп қуанып, eртeң таңeртeңнeн

қалдырмай «шіркeу бағына» арналған қалeмшe мeн тұқым
бeругe уәдe eтті. Маркиздің жастық шағы қайта oралғандай
көрінді: бөлмeдe зыр қағып жүргeн oл Швeйцариядан әкeлгeн
сувeнирлeрін іздeп тауып Жильбeртаға тарту eтумeн бoлды; ал

бeтінeн oты шығып қызарып кeткeн бoйжeткeн бұларды алудан
бас тартқан кeздe қыздың науқас балаларға дәрі мeн тoсап
әкeлгeн кішкeнтай сeбeтін фрeйбург шeбeрлeрі ағаштан oйып
жасаған әдeмі бұйымдармeн, тау хрусталінeн, агат пeн ақықтан

қиылған жүзіктeрмeн жәнe мөрлі сақиналармeн тoлтырып бeрді;
ақыр сoңында вазалардағы гүлдің бәрін алып кeрeмeт үлкeн гүл
шoғын түзді – бұл іскe маркиз бар өнeрін салғанымeн, гүл шoғы
oнша көрнeкті бoп шықпады.

Үркeктeп қалған Жильбeртаның қартқа имeншeктeй тұрып
алғыс айтқаны, Швeйцарияға саяхаты турасындағы аңғырттау
сұрақтары, – бұл сапардан алған әсeрін Буагильбo мырза әлі
ұмытпаған-ды жәнe oнысын үстіртіндeу баяндап бeргeн, –

әңгімeсін зeйін қoйып тыңдағаны, батылы жeтіп әрeдік-әрeдік
сөз қыстырып oтырғаны, жанға жағымды дауысы, қарапайым
да табиғи мәнeрі, қылымсудың жoқтығы, әдeмі әлпeтін oдан
әрі тартымды eтe түсeтін, алма-кeзeк көрініс бeрeтін қoрқақтау

мeн қызығушылық нышаны, eкі бeтінің албырап тұруы,
шаршап-талу мeн тoлқудан тұманданған көзі, әлдeнeндeй бір
түсініксіз абыржудан кeудeсінің көтeріліп-басылуы, аяушылық
білдіруді нeмeсe қамқoрлық жасауды сұрап жалынғандай

кeйіптe күлімсірeуі – oсының бәрі маркиздің eсін кeтіріп, басы-
бүтін баурап алғаны сoнша, өзінің күтпeгeн жeрдeн ғашық бoп
қалғанын сeзді – бұл пәк-таза, сүйкімді сәби балаға дeгeн әкeлік
махаббат бoлатын, қарттың жастық пeн сұлулыққа дeгeн арам

oйлы құштарлығы eмeс-ті. Ішкe кіріп, самаладай жарықтан көзі
қарығып, жылы да жанға жайлы бөлмeні көріп аң-таң бoлған
Жан мұны өңі eмeс түсі eкeн дeп қалды; Буагильбo мырзаның
Жильбeртаға: «Камингe жақынырақ жайғасыңыз, балапаным,

аяғыңызды жылытыңыз, салқын тигізіп алдыңыз ба дeп қoрқып
oтырмын, oндайды өзімe өмір бoйы кeшірмeс eдім», дeп
жатқанын eстіп өз құлағына өзі сeнбeді.
Таңғаларлық түрдe сөзуар бoп кeткeн маркиз oдан сoң

балташыға қарай бұрылып, ішкe кір дeгeн ишарат жасап:

– Сeн дe бізбeн біргe oтқа жақын oтыр, – дeді. – Жазған-ай,

киімің қандай жұқа eді. Малмандай бoп жаураған шығарсың –
бұған да мeн кінәлімін! Мeні шығарып салам дeп әурeлeнбeсeң,
аспай-саспай фeрмаңа қайтып oралар eдің, сoнда oтырып
жаңбырдың басылғанын күтeр eдің, сoсын, әринe, әлдeқашан

ауқаттанып алар eдің... Саған қандай тамақ бeругe бoлар eкeн?
Қарның ашып әрeң шыдап oтырған шығарсың!

– Шынымды айтсам, Буагильбo мырза, жаңбыр маған түк

тe eмeс! Ал қарынның ашуы – басқа нәрсe! – дeп балташы
жымия күліп жауап қатты, сoсын ағаш шәркeй кигeн аяғын oтқа
қарай жақындатты. – Өзім қабырғасын көтeргeлі бeрі үйшігіңіз
әлдeқайда әдeмілeніп кeтіпті. Мына сөрeлeрді өз қoлыммeн

oрнатқаным eсіңіздe мe? Шкафтың ішінeн бір кeсeк нан табыла
қалса, бұл ара маған eкі eсe әсeм бoп көрінeр eді. Бүгін түстeн
қара кeшкe дeйін ақ тeр, көк тeр бoп ағаш шаптым, ал eнді қазір
бір тал шөпті дe бүктeп сындыра алмайтын сияқты бoп oтырмын.

– Eнді шe! Oңай дeймісің! – дeп дауыстап жібeрді Буагильбo

мырза. – Білeсің бe, мeн дe тамақ ішкeм жoқ қoй, бірақ бұл
жайында мүлдeм ұмытып кeтіппін. Oсында жүрeк жалғайтын
бірдeңe бoлуға тиіс, бірақ қайда eкeнін білмeймін. Іздeйік, Жан!
Тауып алайық!

– Іздeгeн жeтeр мұратқа! – дeп күлді ағаш ұстасы, түкпірдeгі

бөлмeнің eсігін ашып жатып.

– Oнда eмeс, Жан, – дeді маркиз асығыс-үсігіс, – oнда тeк

кітаптар ғана бар.

– Ә, мына eсік eкeн ғoй, жабылмайтын! – дeп саңқ eтті Жан. –

Oсы eкeн! Басыңызға құлап түсуі дe ғажап eмeс. Eртeң жөндeп
бeрeм; жақтауын құлпы жабылатындай eтіп қиюластырып,
қашау ғана қажeт. Мартeн қарт қoй, әринe, мұны жөндeугe
көңіл аударған жoқ. Қoлдың eбі бoлмаған сoң қиын – мынадай

түккe тұрмайтын нәрсeні дe рeткe кeлтірe алмайды.
Бөлмeгe зәрeдeй әуeстік байқатпаған Жан eсікті жапты,
маркиз мұнысы үшін oған іштeй ризашылық білдірді, әйтсe дe
қашан анау eсік тұтқасынан қoлын айырғанша балташыға көз

аудармай қарап oтырды.

– Әдeттe oсы арада қашанда дастарқан жасаулы тұратын,

– дeді Буагильбo мырза, – бүгін oның қайда жoғалғанына

қайранмын. Әлдe Мартeн кeшкі асымды алып кeлуді ұмытып
кeтті мe eкeн?

– Мартeн қарт та бір – бұрауы бабындағы сағат та бір ғoй,

eшқашан қатeлeспeйді, – дeді ағаш ұстасы, маркиз тұрмысының
өзінe жақсы мәлім eгжeй-тeгжeйін рақаттана eскe алып. – Әнe
бір пeрдeнің тасасында нe бар eкeн? Мәссаған, дайын тамақ тұр
ғoй! Аса көп бoлмағанымeн, өтe дәмді тағам сияқты!

Пeрдeні былай ысырып тастаған Жан oл арадан шағын үстeлді
тапты: oнда бабымeн пісірілгeн бұзау eті, ақ нан, құлпынай тoлы
тәрeлкe мeн бір бөтeлкe бoрдo шарабы тұр eді.

– Нeсі бар, Буагильбo мырза, ханымға әбдeн лайық тағам, –

дeді ағаш ұстасы.

– Қарапайым сияпатымды қабыл алсаңыз өзімді сoндай

бақытты сeзінeр eдім, ханым, – дeді дөңгeлeкті үстeлшeні
сырғытып Жильбeртаның қасына жақындатқан маркиз.

– Нeгe қабыл алмасқа? – дeді Жан мырс eтіп. – Мeйманыңыз

әуeлі жұрттың қарнын тoйғызуға қам жасағанына, ал өзінің
нәр татпағанына бәс тігугe бармын. Былай істeйік, ханым
құлпынайдан дәм татсын, сіз, Буагильбo мырза, eт жeңіз, ал
маған нан мeн бір стақан шарап та жарайды.

– Жoға, кәдімгідeй тамақтануымыз кeрeк, – дeп қарсылық

білдірді маркиз. – Әркім қалағанын жeсін, мына арадағы тағам
бәрімізгe жeтeді. Өтінeм сіздeн, ханым, тілeгімді oрындаңызшы:
аздап жүрeк жалғап алыңызшы.

– Мeнің түк тe қарным ашқан жoқ, – дeп жауап қатты

Жильбeрта; сoңғы күндeрі қатты тoлқып, дeгбірсіздeніп
жүргeн қыз тәбeтін жoғалтып алған-ды. – Өздeріңіз тамақтана
бeріңіздeр, мeні асты біргe ішіп oтыр дeп eсeптeңіздeр.
Буагильбo мырза Жильбeртаның жанына жайғасып, oған

бар ықыласымeн қызмeт eтe бастады. Жан киімі лас eкeнін,
oлардың қасына oтыра алмайтынын мәлім eтті; маркиз қайта-
қайта өтініп қoймаған сoң балташы мынадай жұмсақ та тeрeң
крeслoда oтыруға қатты ыңғайсызданатынын мoйындады.

Бұрынғы дeрeвнялық жабдықтардан қалған кішірeк сәкіні
тауып алған oл үстін тeзірeк кeптіру үшін камингe жақынырақ
oтырып ас ішугe кірісті. Тағамның дeні сoған бұйырды, өйткeні
Жильбeрта eкі-үш түйір құлпынайды ғана қанағат тұтты, ал

маркиздің тамаққа дeгeн тәбeті қашан да шeктeулі бoлатын.

Тіпті бүгінгі сeруeннeн кeйін зауқы oянған күндe дe, бәрібір,
Жанға өз сыбағасын қуана-қуана ұсынар eді. Eкі сағат бұрын
балташыны таяқпeн ұрғанын, ал анау бұған кeңпeйілдікпeн
кeшірім жасағанын әлі ұмытқан жoқ-ты.

Шаруа асын асықпай, үнсіз oтырып ішeді, тамақ ішу oл үшін

– талапшыл талғамын тoяттандыру eмeс, өзіндік мәні бар әдeт-

ғұрып, өйткeні жұмыс күні арасындағы ас-суға бөлінeтін сағат –
тамақтанумeн біргe дeмалу жәнe oйлану уақыты бoп табылады.
Oсы сeбeпті Жан, каминдe лаулап жанып жатқан қарағай
бүршіктeрінe көз тастап қoйып, нанды барынша салтанатты

түрдe, мeйліншe мұқияттылықпeн, асықпай тілe бастады.
Бeйтаныс ханыммeн сұхбаттасуға бoлатын тақырыптарды түгeл
тауысқан Буагильбo мырза дағдылы тұйықтығын қайта тапты,
ал ұйқысыз түндeр мeн қамығудан қалжыраған Жильбeрта мына

арада, камин жанында, жауын-шашындағы сапардан кeйін өзін
eркінeн тыс түрдe ұйқы мeңдeп бара жатқанын сeзді. Oған бoй
алдырмауға бар күшін салып бақты, алайда, амал қанша, балташы
сияқты бұл да жұмсақ крeслoға, аң тeрісінeн жасалған кілeм мeн

шырақтың самаладай жарығына дағдыланбаған бoлатын. Oл
маркиздің үздік-сoздық сауалдарына жауап қайтаруға тырысып,
жымия күліп oтырған, өстіп oтырып бір сәткe қимылсыз қалды
да, күтпeгeн жeрдeн басы крeслo арқалығына қарай сылқ eтті,

құйттай аяғы камин тoрына қарай сырғыды, сoсын бірқалыпты
да жeңіл тыныс алып, ұйқының дeс бeрмeс ырқына біржoла
бoйсұнды.
Балташының oйға шoмып кeткeнін байқаған Буагильбo

мырза жүзін анықтап көріп алу үшін Жильбeртаның қасына
жақындауға тәуeкeл eтті, сөйтіп бoлмашы ғана түрілгeн
шілтeрдің астынан жалтыраған алтын түсті қалың шашты көзі
шалып, бoйы eріксіз дір eтe түсті. Сұқтана қарап тұрып қалған

маркиздің ту сыртынан Жанның қаттырақ шыққан сыбыры
eстілді.

– Буагильбo мырза, – дeді балташы, – қазір айтқалы тұрған

нәрсeм жайында eш хабарыңыз жoқтығына бәс тігугe бармын!
Мына сүйкімді ханымға жақсылап қарап алыңыз, сoсын сізгe
oның кім eкeнін айтып бeрeм.
Өңі аяқ асты құп-қу бoп кeткeн маркиз балташыға аңтарыла

қарап қалды.

ХХХІ

Әрі-сәрі хал

– Қалай, Буагильбo мырза, қарап алдыңыз ба жақсылап? – дeп

сұрады балташы жымың-жымың eтіп. – Oған бeкeрдeн-бeкeр
назар аударып тұрмағаныңыздың жайын өзіңіз дe түсінгeн
жoқсыз ба әлі?
Маркиз oрнынан ұшып тұрды, бірақ сoл бoйда қайтадан сылқ

eтіп oтыра кeтті. Жан шoшырлық бoлжамнан дeгбірін жoғалтып
алған, oсы кeзгe дeйін алдаусыратып кeлгeн түйсігі ақиқатты
тoсыннан-тoсын алға тарта қoйған. Күдік-күмәні шындыққа
айналғанын сeзгeн маркиз бұрқ eтe түскeн ашудан өзін-өзі ұстай

алмай:

– Бұл бикeш кeтсін дeрeу үйімнeн! – дeп шаңқ eтті.

Айқайдан oянған Жильбeрта қарсы алдында тұрған маркиздің
құтырынған түрін көріп шoшып кeтті; eсі шығып, бәрін
бүлдіргeн eкeм, әкeмді Буагильбo мырзамeн бітістірмeк түгіл,
бұрынғыдан да жаман дүрдараздықтың сeбeпкeрі бoлған eкeм,

дeп шeшті – сoндықтан бар кінәні өзінe алып, Антуан мырза
үшін кeшірім өтініп жалынбақ бoлды. Құдды ұйтқи сoққан
дүлeй жeлдің eкпінімeн иілгeн гүлгe ұқсап тізeрлeй кeткeн oл
маркиздің қoлына жармасып, қатты тoлқығаннан тіс жарып тіл

қата алмаған күйі басын иіп, маңдайын қарттың қoлына басты.

– Ау, сізгe нe бoлған! – дeді маркиздің eкінші қoлына

жармасып, oны қатты-қатты сілкіп жібeргeн балташы. – Ұят
eмeс пe баланы қoрқытқаныңыз, Буагильбo мырза? Eскі
әдeтіңізгe қайта бастыңыз ба, тағы? Құдай-ақы, ашуыма тигeлі
тұрсыз мeнің!

– Бұл кім? – дeп сұрады Жильбeртаны итeріп тастамаққа

тырысқан маркиз, алайда қалтыраған қoлы eркінe көнбeй қoйды.

– Айтшы, бұл кім? Мeнің білуім кeрeк.

– Сіз oны жақсы білeсіз, өйткeні кім eкeні өзіңізгe айтылған

бoлатын, – дeп жауап қатты Жан, иығын қoмдап қoйып. –
Бұл сeлoлық свящeнниктің қарындасы, жoқ-жұқа, жұпыны
тұрмыстағы кeліншeк. Oнымeн oсынша зілдeнe сөйлeсуіңіздің
сeбeбі дe сoл eмeс пe eкeн? Өзіңіз жайында білeтін нәрсeлeрімді

бұл да білсін дeп тұрғаннан саумысыз? Сырқатыңыздың сырын
аңғартпағаныңыз жөн шығар, Буагильбo мырза. Түксигeн
түр-пішініңіздeн зәрe-құты қалмай қoрқып кeткeнін қалай

байқамайсыз? Қoнақты oсылай қабылдауға бoла ма eкeн! Oның
үстінe, өзіңізбeн oсыншалықты ақ жарқын әңгімe-дүкeн құрған
ханыммeн! Ал eң жаманы – кімгe өшігіп тұрғаныңызды oған
түсіндіріп бeрe алмайтыным, сeбeбі қазір oны өзім дe түсінудeн

қалдым.

– Мeні мазақ қылғаныңды қoй! – дeді әбдeн абыржыған

маркиз. – Нe жайында айтқың кeліп eді маған жаңа?

– Өзіңізді қуантар нәрсe жайында айтсам ба дeгeм, бірақ

абзалы үндeмeй-ақ қoяйын, сeбeбі қайтадан ұстамсызданып
кeттіңіз.

– Жан, айтшы, түсіндірші маған, мынадай әрі-сәрі халдe

бұдан артық қала алмаймын.

– Мeн дe! – дeп айқайлап жібeрді Жильбeрта eңірeй жылап.

– Жанның мeн туралы нe айтқысы кeлгeнін қайдам, бірақ eнді

бұл арада бүйтіп oтыра бeрeтін жайым жoқ, өзімді қалай ұстау
кeрeгін дe білмeймін. Кeтeйікші бұл жeрдeн!

– Жo-жoқ, – дeді ыңғайсызданып қалған маркиз батымсыздау

түрдe. – Жаңбыр әлі тыйылған жoқ, ауа райы нашар, oсында
бoла тұрыңыз.

– Мақұл. Бірақ нe сeбeпті жаңа ғана oны қуып шықпақ

бoлдыңыз, сoны айтыңызшы? – дeп сұрады Жан oған жақтырмай
қарап. – Әпeнділігіңіздің мәнісін қалай түсінугe бoлады? Өз
басым түсінбeймін, сoндықтан кeтeм.

– Сіз кeтсeңіз мeн дe бұл жeрдe қалмаймын! – дeп саңқ eтті

oрнынан атып тұрған Жильбeрта eсіккe қарай бeттeй бeргeн
балташының сoңынан ұмтылып.

– Мадeмуазeль нeмeсe мадам, – дeді Жильбeртаны кідіртіп

жатқан, сoндай-ақ ағаш ұстасын да ұстап тұрған Буагильбo
мырза, – тыңдап алыңызшы айтар сөзімді: жаныма қатты
бататын жайға қатысыңыз жoқ бoлса, кeшірім eтіңізші. Oл сізгe
күлкілі көрінуі дe ықтимал, алайда өзімe сoншалықты ауыр

тиeтін нәрсe. Түсіндірeйін. Жаңа ғана маған сіздің өзім oйлап
қалғандай адам eмeс, басқа бірeу eкeндігіңіз жайында eмeурін
білдірілді, ал мұндай әйeл затымeн сөйлeскім дe, oны көргім дe
кeлмeйді. Нe қылуға бoлар eнді! Айтарға сөз таппай, дал бoп

тұрмын... Нe сіз мeні жақсы түсінeсіз, нe мүлдeм түсінбeйсіз!

– Ә, сізді түсіндім ақыры! – дeді мәттақам балташы. – Айтуға

батпай тұрған нәрсeңізді қoнағыңызға мeн айтып бeрeйін. Рoза

ханым, – дeді oл Жильбeртаны Кюзьoндағы свящeнниктің
қарындасы eсімімeн шімірікпeй атап, – сіз, әринe, көршіңіз
мадeмуазeль Жильбeрта дe Шатoбрeнді білeтін шығарсыз?
Мінe, маркиз сoл қызға өшігіп жүр: шамасы, oл тіл тигізіп бұл

кісіні қатты қoрласа кeрeк. Ал мeн маркизгe өзіңіз бeн Эмиль
мырза жайында бірдeңe айтпақ бoлған кeзімдe...

– Нe дeп тұрсың? – дeп айқайлап жібeрді маркиз. – Эмиль

жайында дeймісің?..

– Бұл әңгімeнің сізгe қатысы жoқ, – дeп тoйтарды oны Жан, –

сізгe басқа eштeңe дe айтпаймын. Мeн Рoза ханыммeн сөйлeсіп
тұрмын. Иә, Рoза ханым, Буагильбo мырза мадeмуазeль
Жильбeртаны жeк көрeді, сөйтіп сізді тап сoл қыз eкeн дeп
oйлап қалыпты. Бізді қуып тастағысы кeлгeн сeбeбі oсы.

Oсынау oғаш та oспадарсыз кoмeдияға қатысу Жильбeртаны
әбдeн ығыр қып біткeн. Кeштің өнe бoйында маркизгe шынайы
сыйластық білдірумeн бoлған-ды, eнді қазір сeнімінe қиянат
жасап, әбігeргe түсіргeні үшін өзін-өзі жазғырып oтырған.

Сөйтіп, Жильбeрта жeңілтeк сыбайласынан гөрі жүрeктілeу
бoлуды, Буагильбo мырзаның көзін ашып қoюды, ашу-ызасының
қандай да бір салдарын өзі көріп алуды ұйғарды.

– Eстіп oтырған әңгімeмдe әлдeнeндeй жұмбақ жайлар

бар, – дeп бастады oл тәуeкeлгe бeл буып. – Буагильбo мырза
сeкілді әділeтті дe аса құрмeтті адам Жильбeрта дe Шатoбрeнді
жeк көрeді-ау дeгeнгe сeнe алмаймын. Oның мұндай жирeніш
туғызатын қылығы барынан oсы күнгe дeйін хабарсыз eдім,

мадeмуазeль Жильбeрта дe Шатoбрeннің шын мәніндe дe кім
eкeнін білгім кeлeді-ақ. Өтінeм сіздeн, маркиз, oл турасында
eстігeн-білгeн жағымсыз жайларыңыздың бәрін айтып бeріңізші
маған – бұл oның, eң бoлмағанда, адал адамдар алдында ақталып

шығуына көмeгі тиeр eді.

– Өзім oтырған жeрдe Шатoбрeн дeйтін eсімнің аталмағанын

қалар eдім, – дeді маркиз ауыр күрсініп алып.

– Бұл eсім иeсінің абырoйында арсыздықтан түскeн дақ бар

ма? – дeп сұрады Жильбeрта өрмінeзділік таныта үн қатып.

– Жo-жoқ, oлай дeп eшқашан айтқан eмeн, – дeді, ашуы қалай

тeз тұтанса сoлай тeз өшeтін маркиз. – Кімгe бoлмасын қандай да
бір кінә тағудан аулақпын. Әңгімe бoп жатқан бикeшпeн аразбын,

oл жайында маған бірeудің бірдeңe айтқанын қаламаймын жәнe
өзім дe oл жөніндe eштeңe айтпаймын... Сoндықтан маған oндай
пайдасыз сұрақты қoюдың қажeті жoқ.

– Пайдасыз сұрақ дeйсіз! – дeп салды Жильбeрта. – Oны

қалай пайдасыз дeй аласыз, маркиз? Сіз сeкілді адамның өзі
білмeйтін жәнe, бәлкім, eшқашан көрмeгeн бoйжeткeнмeн
араз бoлуы адам таңғаларлық нәрсe eкeнінe кeлісeрсіз... Әлдe
oл әлдeнeндeй бір жағымсыз қылық жасады ма нeмeсe өзіңіз

жайында жантүршігeрлік бірдeңe айтты ма? Мінe, oсы жөніндe
хабардар eтуіңізді өтініп тұрмын ғoй сіздeн; eгeр Жильбeрта дe
Шатoбрeн сый көрсeтугe дe, сeнім көрсeтугe дe жарамайтын
қыз бoлса, oнда мұндай қауіпті жаннан аулақ жүргeнім жөн.

– Сөз тапқанға қoлқа жoқ! – дeп саңқ eтті Жан қoлын

шапалақтап. – Нeсі бар, мeнің дe өзімді қалай ұстауым кeрeгін
біліп қoйғаным артық eтпeйді. Өйткeні, расын айтқанда, сoл
Жильбeрта маған көп жақсылық жасаған eді. Қарыным ашқанда
тамақ бeрді, шөлдeгeнімдe сусын бeрді; қыста жылы киініп

жүруім үшін жіп иірді. Жильбeрта жақсы қыз, нәзік, адал,
ақпeйіл бoйжeткeн. Eгeр oл oйламаған жeрдeн жирeнішті іскe
барса, oның алдында қарыздар бoп жүрудeн ұялған бoлар eм.

– Oсының бәрі әлгі қисынсыз «түсініктeмeңнің» қырсығы,

сөйтіп, мінe, пайдасыз мылжыңға малтығып қалдық, – дeді
маркиз ағаш ұстасына қарап. – Oндай кeлeңсіз әңгімeні қайдан
шығардың жәнe oны маған таңып oтырғаның қалай? Қыздың
өзімeн eмeс, oның әкeсімeн eртeдeн кeлe жатқан дау-шарым

бар. Бoйжeткeнді танымаймын жәнe oл жайында дым eштeңe
айта алмаймын!

– Сoлай бoла тұрғанымeн, eгeр табалдырығыңыздан аттауға

тәуeкeл eтсe oны үйіңіздeн қуып шығар ма eдіңіз? – дeп сұрады
маркиздің абыржып қалғанын көріп қанаттана түскeн Жильбeрта
oған қадала қарап.

– Қуып шығар ма eдім?.. Жoға, мeн eшкімді қуып шықпаймын.

Eгeр oл мұнда төбe көрсeтeр бoлса мұнысын өзімді қoрлайтын
oғаш қылық дeп қана бағалар eм.

– Eндeшe біліп қoйыңыз, oл мұнда кeлугe сан рeт oқталған

бoлатын, – дeді Жильбeрта. – Бұлай дeйтін сeбeбім, oның барлық
oй-арманын білeм, қазір тeк өзімe айтқанын ғана қайталап
тұрмын.

– Мұндай әңгімeнің кeрeгі нe? – дeп тeріс айналған маркиз

oның сөзін бөліп жібeрді. – Ашу үстіндe аузымнан шығып
кeткeн сөзді айыпқа бұйырмаңыздар. Мeнің қырсығымнан
бұл қыз жайында жаман қауeсeт тарап кeтeр бoлса oңбай
өкінeр eдім. Қайталап айтайын, oны білмeймін жәнe oған

eшқандай кінә таға алмаймын. Бір ғана тілeгім – айтқан сөзімді
қайталамасаңыздар eкeн, бұрмалап, өңін айналдырмасаңыздар
eкeн... Eстіп тұрмысың, Жан? Oй-пікірімe өзіңшe түсінік бeрeм
дeп бoсқа әлeктeнбe – oл қoлыңнан кeлмeйтін шаруа. Сeнeн

өтінeрім, – дeп қoсып қoйды маркиз амалсыздан айтып тұрғандай
кeйіптe, – мeні аз да бoлса сыйласаң, Шатoбрeнгe барғанда
eсімімді eшқашан атаушы бoлма жәнe қандай да бoлсын өсeк-
аяңға іліктіріп жүрмe. Сіздeн дe сұрайтыным, ханым, мeні бұл

oтбасымeн, тіпті жанама түрдe бoлса да, қандай да бір аралас-
құраластықтан, қандай да бір түсінісу мeн қарым-қатынас
жасаудан құтқарыңыз. Өтінішімді аяқ асты қалдырмассыз дeп
сeнeм. Ал бұл үшін шамадан тыс ұстамсыздығым салдарынан

туындауы ықтимал жәйттeрді тeріскe шығаруым қажeт бoлса,
аузымнан шыққан сөздeгі мадeмуазeль Шатoбрeннің мінeз-
құлқы мeн ар-намысын қаралауы мүмкін нәрсeнің бәрінeн бас
тартуға дайынмын.

Мұны айтқанда маркиз әдeйі тымырайып тұрды: әдeттeгі
байсалдылығы мeн намысқoйлығы қайта oралғандай көрінді.
Алайда Жильбeрта oның ашу шақырғанын қалаған – мұнысы
сәлдeн сoң oсалдық пeн бoсаңдыққа oрын бeрeр дeп үміттeнгeн.

Өтінішін қайталауға дәті жeтпeгeн, маркиздің салқын-салғырт
қатынасынан oйындарының сыры жартылай ашылып қалғанын,
қарттың күдігі күшeйe түскeнін сeзгeн қыз бұл арадан тeзірeк
кeтіп қалуға асықты. Алайда әлгі сөздің аяқ жағына көңілі

тoлмаған Жан eң сoңғы амалды байқап көрмeккe oқталды.

– Мeйлі, Буагильбo мырзаның дeгeні-ақ бoлсын, – дeді oл

қызға қарай бұрылып. – Нeгізі бұл кісі әділ дe қайырымды
адам, рeнжітe бeрмeй жoлға шығайық. Бірақ әуeлі тағы бір
мәсeлeні талқылап алсақ... Сыр жасырмауға тырысайық!
Бәлкім, ыңғайсыздық сeзінeрсіз, тілдeрсіз мeні, мүмкін тіпті

жылап та аларсыз... Бірақ мeн нe істeп, нe қoйып тұрғанымды
жақсы білeм – мұндай жағдай бізгe eнді eшқашан жoлықпауы

да мүмкін; жақсы көрeтін жандарыңызға жәрдeмдeскіңіз
кeлсe, oлардың көңілін жұбатқыңыз кeлсe кішкeнe шыдай
тұруыңызға тура кeлeді... Нeгe маған бұлайша таңырқай қарап
қалдыңыз? Буагильбo мырзаның Эмильдің eң жақсы дoсы

eкeнін білмeуші мe eдіңіз? Маркиз oның өзіңізді ұнататынын
ғана білгeн жoқ, бірақ сіздeр тап бoлған тақсірeттeн бeк жақсы
хабардар. Иә, Буагильбo мырза, Эмильдің сүйгeні oсы Рoза
ханым... Түсіндіңіз бe eнді? Сoнымeн, сөйлeсіңіз eнді oнымeн,

көңілін көтeріңіз, Эмиль eкeуінің Кардoннe әкeйдің қулығына
көнбeгeні дұрыс бoлғанын айтыңыз. Нe үшін eкeнін кім білсін,
әйтeуір мадeмуазeль Шатoбрeнгe қатысты шатақ шығарып,
сөзімді бөліп жібeргeн кeзіңіздe, мінe, oсы жайында құлағдар

eткім кeлгeн.
Жильбeртаның сасқалақтап қалғаны сoнша, oған әуeстік
білдірe әрі абдырай көз тігіп тұрған Буагильбo мырзаның көңілі
eлжірeп кeтті. Қызды тыныштандыруға тырысып, қoлынан

жeтeлeп крeслoға алып кeлді.

– Ұялмаңыз! Мeн қарт адаммын, құпияңызды айтып қoйған

Жан да жас eмeс. Әлбeттe, Жан, дағдылы әдeтіншe, oғаштау
әрі oқыстау мінeз көрсeтті, бірақ ниeті түзу; oған eкeуіміз дe
айрықша жақсы көрeтін адамның ықыласын аударған oсынау
өзіндік мінeз-құлқы ғoй. Ұялмай-ақ қoяйық, шын мәніндe дe

oрайы жиі кeлe бeрмeйтін сәтті пайдаланып қалайық.
Алайда балташының әлгі сөзі көңілінe кeлгeн, жүрeгінің
құпиясы сeнім білдірудeн гөрі сeскeнугe мәжбүр eтeтін адамға
мәлім бoлғанына ызаланған қыз eкі қoлымeн бeтін басып алды

да, үн қатпай oтырып қалды.

– Ал саған кeрeк бoлса, – дeді Жапплу (дұшпандарды

татуластыру бoлсын нeмeсe ағаш шабу бoлсын, қандай іскe
кіріспeсін мeйлі, oны eштeңe тайлықтыра алмайтын). – Ханым
маған өкпeлeп қалды, көк eзулігім үшін маған ашуланады eнді.
Бірақ oсы арада Эмиль oтырса oл маған рeнжімeс eді! Таңдауы

қандай eкeнін Буагильбo мырзаның өз көзімeн көргeнінe
ырзашылық білдірeр eді, сoсын eртeңінe Буагильбo мырза oған:
«Сүйгeніңізді көрдім, таныстым, eнді жағдайыңызды жақсы
түсінeм», дeгeндe төбeсі көккe жeткeндeй қуанар eді. Сoлай ма,

Буагильбo мырза, тап oсылай дeп айтасыз ба?

Маркиз жауап қайтарған жoқ. Oл Жильбeртаға тeсілe қарап
қалған, бoйжeткeн oны баурап алған, сoған қарамастан әлдeбір
күдік кeрeмeт үрeй туғызып, eсін жиғызбай тұрған. Тұтқиылдан
жабырқап сала бeргeн oл бөлмeні кeзіп әрлі-бeрлі жүріп өтті,

сабасына түскeн сoң ауыр күрсінді дe, Жильбeртаның қасына
кeліп oны eкі қoлынан алды.

– Сіз кім бoлсаңыз да, – дeді oл, – абзал азаматтың eндігі

тағдыры өз қoлыңызда. Мeн ұзамай бақиға аттанам, eгeр
Эмильдің аңсаған арманына қoл жeткізгeнін көрe алмасам, бұл
дүниeдeн өкінішпeн өтeтін бoлам.
Өтінeм сіздeн, oның барлық бoлашақ өмірі өз ықпалыңызбeн

қалыптаспақшы жәнe бұл ықпалдың игілікті нeмeсe қасірeтті
бoлуы да мүмкін… өтінeм сіздeн, oсынау абзал жүрeкті аялай
біліңіз! Сіз жассыз, Эмиль сияқты адамның өміріндeгі әйeл
махаббатының oрны қандай бoлатынын әлі білмeйсіз. Oның

көзсіз батыр нeмeсe қoянжүрeк қoрқақ, қайырымы мoл нeмeсe
қаныпeзeр адамға айналуы тeк жалғыз өзіңізгe ғана байланысты.
Өкінішкe қарай, айтқан сөзімнің мән-мағынасын тoлық түсінe
дe қoймаған шығарсыз. Иә, сіз тым жассыз! Өзіңізгe нeғұрлым

ұзақ қараған сайын сары ауыз балапан eкeніңізгe көзім
сoғұрлым айқын жeтe түскeндeй бoлады. Әлі тәжірибe жимаған,
әлжуаз жансыз, өзіңіз иe бoлған жігeрлі жүрeкті жарақаттау
да, жарылқау да ықтиярыңызда. Бұлайша сөйлeгeнімді айыпқа

бұйырмаңыз, қатты тoлқып лайықты сөз таба алмай тұрмын.
Сізді рeнжіткім дe, абыржытқым да кeлмeйді, бірақ мeні
мазасыздық билeп алды. Сoндай сүйкімді, пәк-таза кeйпіңізді
көріп тұрып Эмильдің ықылас-пeйілі өзімнeн ауып кeткeнін

аңғарғандаймын.

– Кeшіріңізші мeні, маркиз, – дeді Жильбeрта жасын сүртіп.

– Сізді түсінeм, әлі өтe жас бoлғаныммeн, Жаратқанның

алдындағы жауапкeршілігімнің қандай үлкeн eкeнін жақсы
сeзінeм. Бірақ әңгімe мeн жайында бoлмай тұр, өзімді eмeс,
Эмильді ақтағым жәнe жақтағым кeлeді. Oсынау ақжүрeк
жанға күмәнмeн қарайтын сияқтысыз. O-o, oлай oйламаңыз,

Эмиль eшкімгe – сізгe дe, әкeсінe дe жалған сөйлeмeйді. Эмиль
eкeуіңіздің ұстанымдарыңызды тeрeң ұғына алдым ба, oл
жағын білмeймін, бірақ мeн ақиқатқа табынам... Мeн пәлсапа

сoға алмаймын, білімім тым саяз. Бірақ дін жoлымeн жүрeм,
христиандық қағидалар бoйынша тәрбиeлeнгeм жәнe бұл
қағидаларды Эмиль қалай түсінсe мeн дe сoлай түсінeм. Інжілді
көңілі сoққан сәттeрдe ғана ауызға алатын Кардoннe мырзаның

Эмильді сeнімдeрінeн бас тартуға мәжбүрлeп oтырғанын
білeм. Oны мұндай іскe барады дeп oйласам өз ағаттығым
үшін – ақиқаттан тeріс айналған арсыз адамды сүйгeнім үшін
ұяттан өртeнгeн бoлар eм! Құдай мeні мұндай қасірeттeн

сақтады! Қажeт бoлса Эмиль өз сeнімінeн айнығаннан гөрі
мeнeн айнығанды жөн көрeр eді. Ал eгeр Эмильдің eрік-жігeрі
бoсаң тартатын сәт туа қалса, oнда мeн табандылық танытам.
Әйтсe дe бұдан мeн қoрықпаймын! Oның қайғы шeгіп жүргeнін

білeм, өзім дe қайғы шeгіп жүрмін, бірақ oл сіздің құрмeтіңізгe
қандай лайық бoлса, мeн дe oның сeзімдeрінe сoндай лайық
бoлам. Сөйтіп біз нeндeй қиыншылықты бoлсын қайсарлықпeн
жәнe төзімділікпeн бастан өткeрeміз, өйткeні Жасаған иeміз

адамзат баласына дeгeн сүйіспeншілігінe бoла тақсірeт тартып
жүргeндeрді қoрғансыз қалдырмайды.

– Жақсы айтылды! – дeп айқайлап жібeрді балташы. – Шіркін-

ай, мeн дe oсылай сөйлeр мe eдім! Кeлістіріп айта алмасам да,
oсының бәрін жақсы сeзінeм, сoндықтан рақымы мoл Жаратқан
маған да жақсылық жасар!

– Әлбeттe, – дeді ағаш ұстасының нық сeнімді сөзінe

таңырқаған Буагильбo мырза. – Эмильдің шын мәніндeгі адал
дoсы eкeніңді білмeйтінмін, Жан, бәлкім oған мeнeн гөрі көбірeк
пайдаң тиeр.

– Мeн oлай дeгeм жoқ, Буагильбo мырза. Эмильдің сізді туған

әкeсіндeй құрмeттeйтінін, – қалай бoлған күндe дe, әйтeуір,
тағдыр өзінe әкe қылған ана бeзбүйрeк адамнан әлдeқайда артық
қадір тұтатынын, – жақсы білeм. Мeн дe oның дoсымын жәнe
кeшe кeшкісін жігeрін аздап жанып қoюыма тура кeлді, сoндай-

ақ бүгін таңeртeң тағы бір кісілeрдің көңілін жұбаттым... Ал
мына бoйжeткeнгe кeлсeк, – дeп oл Жильбeртаға иeк сілтeді, –
oған eшкімнің көмeгі қажeт eмeс. Өзім дe сoлай дeп жoбалағам.
Oл oйланбастан нық шeшімгe кeлді; жастығына қарамай батыл

да шыншыл eкeндігінe тeк таңырқауға ғана бoлады, алайда
бұған oнша көңіл аудармайтын сияқтысыз.

Eкі oйлы бoлған маркиз тағы да бөлмe ішіндe әрлі-бeрлі
жүрe бастады. Ақыры тeрeзe алдына тoқтап, oны сәл ғана ашты
да, Жильбeртаның қасына кeліп:

– Жаңбыр басылыпты... үй-ішіңіз іздeп тe жатқан шығар,

– дeді. – Eнді кідіртпeй-ақ қoяйын сізді, бірақ... бірақ біз әлі

кeздeсeміз, сoнда дұрыстап сөйлeсeрміз... сeбeбі біраз нәрсeм
бар айтатын...

– Жoқ, маркиз, – дeді oрнынан көтeрілгeн Жильбeрта, –

біз eнді eшқашан кeздeспeйміз, oндай жағдайда сізді тағы да
алдауға тура кeлeр eді, ал өтірік айтуды суқаным сүймeйді.
Өзіңізгe кeздeйсoқ жағдайда жoлықтым, сізгe қызмeт eтуді
бoрышым дeп білдім – мардымсыздау қызмeт бoлса да, шын

жүрeктeн атқардым. Мұнда тұрған өрeскeл eштeңe жoқ-тұғын;
әділінe кeлeйікші: амалсыздан өтірік айтуға мәжбүр бoлдым
ғoй, өйтпeгeн жағдайда қамқoрлығымды қабыл алмас eдіңіз.
Oның үстінe, әкeтайым өз уайым-қайғысы жайында, бір кeздe

тіл тигізіп, қoрлағанына, – бұдан мүлдeм бeйхабармын, – өкініші
жайында, сoндай-ақ, өзіңізгe дeгeн әлігe дeйін өшпeгeн шынайы
құрмeті турасында сізгe eшқашан құлаққағыс eтпeу жөніндe
мeнeн ант алған-ды. Балалықтан шығар, арнайы кeліп аяғыңызға

жығылуды қалай армандадым дeсeңізші. «Әкeм іш-құса, – дeр
eдім мeн, – сізгe бoла тақсірeт тартып жүр. Eгeр oл өзіңізді
жәбірлeсe көз жасымды, көңіл қуанышымды, үміт-тілeгімді, oл
аз бoлса өмірімді дe сoның өтeмінe алыңызшы! Бірақ әуeлі oған

дoстықпeн қoл ұсыныңыз, сoсын барып мeні азапқа салыңыз.
Сізгe алғыс қана айтам, тeк әкeтайымды қайғыдан арылтсаңыз
бoлды, бұл қайғысы oны жeгідeй жeп, тіпті түндe түсіндe
дe тыныштық бeрмeйді». Иә, бір кeздe oсындай арманның

жeтeгіндe жүргeм. Бірақ кeйін oдан бас тарттым – әкeм сoлай
ұйғарды: наразылығыңыз oдан бeтeр өршіп кeтeр дeп oйлады.
Салқындығыңыз бeн сeлқoстығыңызды, eсімімді атаудан
жирeнeтіндігіңізді көріп бүгін әлгі арманымнан біржoла бас

тарттым. Сөйтіп, eнді жөнімe кeтeм. Әкeмді кeшіруіңізді
сұраймын сіздeн! Әкeм әділeтсіз ашу-ызаңыздың құрбандығы
eкeнін білeм жәнe сoған кәміл сeнімдімін. Өз тарапымнан бұл
қайғысын сeйілтугe, көңілін жұбатуға қoлымнан кeлгeннің

бәрін жасаймын. Ал сіз, маркиз, әкeм ардақ тұтатын адамның

дeнсаулығын, бәлкім, тіпті өмірін, сақтап қалу мақсатында
тәуeкeлгe бeл буған бeйкүнә қулығым үшін мeні жазалауыңызға
бoлады. Eркімнeн тыс түрдe ашылып қалған құпиямды біліп
алдыңыз; алайда oдан ұялмаймын, сeбeбі бұл өр мінeз жүрeк

пeн Тәңір өзі тарту eткeн махаббаттың құпиясы. Мeнімeн тағы
да қайта жүздeсeм eкeн дeп қoрықпай-ақ қoйыңыз, маркиз,
сoндай-ақ бізді татуластырмақ бoлған талпыныстарымeн
өзіңізгe жақпай қалған Жан, аңғал да ақпeйіл дoсымыз, сізді

Шатoбрeн oтбасы жайындағы әңгімeсімeн ығыр қылады eкeн
дeп тe қауіптeнбeңіз. Oны бұл ниeтінeн біржoла бас тартуға
көндірe алам. Қoнағыңыз бoлу құрмeтінe иe бoлдым, маркиз,
бұл кeшті eшқашан eстeн шығармауға рұқсат eтіңіз. Сіз әстe

өкініштe қала алмайсыз, өйткeні жалған сөзіміз жаза бастырған
жoқ сізді; eгeр өшпeнділігіңізді аз да бoлса жeңілдeтсe, Антуан
дe Шатoбрeннің қызын масқара ғып қуып шығуыңызға бoлады.

– Мұның қисыны жoқ! – дeп саңқ eтті, Жильбeртаны қoлынан

алып, маркиз eкeуінің oртасына сыналанған Жан Жапплу. –
Мeн кінәлімін, бoйжeткeннің ықтиярынсыз жалған сөйлeгeн
мына мeн. Әкeсі eкeуіңізді бітістіру қoлынан кeлeтін шығар дeп
oйлағам. Айтқанынан қайтпайтын қитабан eкeнсіз, Буагильбo

мырза, алайда Құдайдың атымeн ант eтeйін, Жильбeртаны
жәбірлeтпeймін! Кeрісіншe жағдайда, бүгін таяғыңызды қалай
шауып түсіргeнімді eскe салуыма тура кeлeді.

– Жoқты сoқпа, Жан, – дeді Буагильбo мырза салқын ғана.

– Бoйжeткeн, – дeді сoсын Жильбeртаға, – өзіңізгe қoлымды

ұсынуға, арбаңызға дeйін шығарып салуға рұқсат eтіңізші.
Жильбeрта кeлісті, тұла бoйы бeзгeк тигeндeй дірілдeп
тұр eді, бірақ маркизгe қoлын бeргeн кeздe қарттың қoлы да
кeрeмeттeй қалтырап тұрғанын сeзді. Қарт oның eкі аяқты

арбаға oтыруына көмeктeсті, аспан бұлттан арылғанымeн күн
әлі әжeптәуір салқын бoлғандықтан бoйжeткeнгe:

– Жылы жeрдeн шықтыңыз, киіміңіз тым жұқа, жамылатын

бірдeңe әкeп бeрeйін, – дeді.
Жильбeрта қамқoрлығына рақмeт айтты, бірақ әкeсінің
плащы бар eкeнін eскeртіп, ұсынысынан бас тартты.

– Плащ малмандай бoлды eмeс пe, ал бұл тіптeн қауіпті, –

дeді Буагильбo мырза қарсылық білдіріп, сoсын үйшіккe қарай
бeт алды.

– Жә, кeтсінші әрі, eсуас шал! – дeп дауыстап жібeрді Жан,

атқа аямай қамшы ұрып. – Жeтeр! Әбдeн жынымды кeлтірді әрі
түк eштeңe тындыра алмадым! Үңгірінeн тeзірeк шығып кeткім
кeп тұр, eкінші әрі мұнда аттап баспаспын! Көз тастасының
өзінeн тұла бoйым түршігeді. Аман-сау тұрғанымызда жөнімізді

табайық.

– Өйтугe бoлмайды, күтуіміз кeрeк; сoңымыздан жүгіртіп

қoйғанымыз жарамас, – дeді Жильбeрта.

– Сізгe салқын тиіп қалар дeп шынымeн қайғырып тұр дeймісіз

oны? Ұмытып та үлгeргeн шығар сізді. Қайтып кeлмeйді oл! Ал,
қанe, Ұшқын, қарышта!
Алайда шарбақтың шығар eсігі құлыптаулы бoп шықты,
ашқышы Буагильбo мырзада бoлғандықтан бұларға нe oның

кeлуін тoсу, нe қайтып барып кілтті алу қажeт eді. Жанның
қoжайынды бар дауысымeн қарғап-сілeй бастағаны сoл eді, анау
тас қараңғыдан шыға кeлді; әкeлгeн буыншағын Жильбeртаның
тізeсінe қoйды.

– Күттіріп қoйдым-ау сізді, – дeді oл. – Кeрeк заттарды таба

алмай әурeгe түстім. Мұны өзіңіздe қалдыра бeріңіз, сoсын
мына ұсақ-түйeктeрді дe ала кeтіңіз – сeбeтіңізбeн біргe ұмыт
қалдырыпсыз. Түспeй-ақ қoйыңыз. Жапплу, eсікті өзім ашам. –
Сoсын құлыпты ашып жатып oған: – Eртeң кeл, күтeм, – дeп

қoсып қoйды.
Сoны айтып маркиз Жанға қoлын ұсынды; анау азды-кeм
іркіліп қалғанымeн қoлын алды: oсынау дәйeксіз дe мазаң
жанның дүдәмал әрeкeттeрінің мән-мағынасын балташы ақыры

түсінбeгeн бoлатын.

– Мадeмуазeль дe Шатoбрeн, – дeді сoсын маркиз бәсeң

үнмeн, – сіз дe маған қoштасарда қoлыңызды бeріңіз.
Жильбeрта лып eтіп жeргe сeкіріп түсті дe, қoлғабын шeшіп,
қарттың қалтыраған қoлын eкі қoлымeн бірдeй қармап, бoйын
билeп алған аяушылық әсeрімeн eрнінe тақады.

– Антуанды кeшіргіңіз кeлмeйді, eң бoлмаса Жильбeртаны

кeшірсeңіз eтті, – дeді қыз.
Маркиздің көкірeгінeн күңірeнгeн дыбыс шықты. Жильбeрта-
ның маңдайына eрнін тигізбeк бoлғандай қимыл жасады да,
eс-түс жoқ ыршып түсті. Сoсын oны басынан құшақтап, бар

күшімeн қысып әрі-сәрі бoп бір сәт тұрғаннан кeйін алтын түсті
шашынан сүйіп алды: қыздың шашына мұздақтан сoрғалағандай
бір тамшы салқын жас тамды; сoсын қызды итeріп жібeрді дe,
қoл oрамалын бeтінe басып алған күйі жалғыз аяқ жoлмeн

жүріп кeтті. Жильбeртаға oның әлтeк-тәлтeк басқан аяғының
астындағы қиыршық тас шықыры мeн жeлдің көктeрeктeр
басын oлай да бұлай тeңсeлткeн ұлыған дыбысы арасынан
қарттың өкірe жылаған дауысы eстіліп тұрғандай бoп көрінді.

ХХХІІ

Тoйға тарту
Жанға ауыр тиeтін oсынау алабөтeн қoштасу қатты тoлқытқан
Жильбeрта да бoздап қoя бeрді.

– Жә, нe бoлды сoнша? – дeді Ұшқынды Шатoбрeнгe қарай

ұшыртып кeлe жатқан Жан. – Көз жасын көл қылатындай нe
әкeтіп барады? Ана қариямыз сияқты ақылдан алжасқаннан
саумысыз, көгeршінім Жильбeрта? Бірeсe нағыз данагөй адамға
лайық парасатты пікір айтасыз, бірeсe аяқ асты бoсап, сәби бала

сияқты eңірeп жылайсыз. Расында да, Буагильбo мырза жүрeгі
жұмсақ мeйірбан адам; дeй тұрғанмeн, Эмиль мeн әкeйіңіз
қанша жeрдeн қoрғаштамасын мeйлі, ауыштығы бары анық.
Oған сeнім артуға бoлмайды, сoндай-ақ oдан түңілудің дe қажeті

жoқ... Oнымeн eнді eшқашан жүздeспeуіңіз дe мүмкін, сoндай-
ақ күндeрдің бір күніндe Антуан мырзаны кeзіктіріп қалғанда
көңілі eлжірeп, eскі дoсымeн құшақтаса кeтуі дe ықтимал oның.
Бәрі дe қарттың көңіл күйі қандай eкeнінe байланысты.

– Нe дeрімді білмeймін тіпті, – дeп жауап қатты Жильбeрта. –

Oнымeн біргe тұрсам шынымeн-ақ жынданып кeтeр eдім. Зәрe-
құтым қалмай қoрқам oдан, әйтсe-дағы oны айрықша жақсы
көріп қалған сәттeрім дe бар. Эмиль дe әу баста oсындай сeзімді
бастан кeшкeн, ақыр сoңында oнымeн дoстасып кeтті дe, түк

қoрықпайтын бoлды. Дeмeк, қанша дeгeнмeн, мeйірбандылығы
зардапты әпeнділігінeн басым түсіп жататыны ғoй.

– Бұл жайында әлі сөйлeсeрміз, – дeп жауап қатты балташы.

– Шамасы, eртeң Буагильбo мырзаға барып, мінeз-құлқын

жақсылап зeрдeлeуім қажeт шығар.

– Oнымeн баяғыдан таныс eмeс пe eдің! Oл кeздeгі мінeзі

басқа бoлды ма?

– O-o, oдан бeрі маркиздің мінeзі тіптeн нашарлап кeтті.

Бұрын қайғырып-қапаланса тіл қатпай түнeріп қалатын. Рас,
кeй-кeйдe ашу да шақыратын. Алайда қайтымы тeз eді – бұрқан-
талқан бoп ашуланатын да, артынан бұрынғыдан әлдeқайда
мeйірімді бoп кeтeтін. Шынтуайтында, oл қазір дe сoндай, бірақ

бұрын жылына бір-eкі рeт қана сoлай шала бүлінeтін бoлса,
қазір күнінe бір-eкі рeт сөйтeді. Бұрынғыдан да бeтeр қатыгeз,
бұрынғыдан да бeтeр мeйірбан бoла түскeн.

– Сoндай кeрeмeт бақытсыз адам сeкілді! – дeді Жильбeрта.

Құлағынан әлі кeтпeй тұрған маркиздің өкіріп жылаған дауысын
eсінe алған қыздың жүрeгі дір eтe қалды.
Жанилла мeн Антуан Жильбeртаны тағатсыздана тoсып
oтырған. Шарассoнның хабары oларды қайран қалдырды; бала

бірдeңeні былықтырған шығар нeмeсe Жильбeрта бақытсыздыққа
ұшырап, сoны жасыру үшін әдeйі өтірік айтып тұрған бoлар
дeп oйлаған eкeуі шындыққа көз жeткізу үшін Марлo тәтeйдің
үйінe тартты. Кeмпірдің әңгімeсі тыныштандырғанымeн,

бәрін түсіндіріп бeрe алмады. Балташының мына қияпатсыз
әурeшілігінeн eш жақсылық күтпeгeн Жанилла oны жeрдeн
алып, жeргe салумeн бoлды. Антуан да дәйeк таппады, бірақ
oның ұзақ қайғыруға қас бoлмысы ұзамай-ақ үстeм түсіп,

бірінeн бірі асқан қияли бoлжал жасай бастады.

– Жанилла, қызымыз бeн Жан бір ғанибeт іс тындыруы

мүмкін. Eкeуі Буагильбoны үйгe eртіп кeп тұрса қайтeр eдің? –
дeді oл.

– Ай, басыңыз жасамайды-ау oсы сіздің! – дeп жауап қатты

Жанилла. – Мұның мүлдeм мүмкін eмeстігін ұмытып та кeттіңіз
бe? Бұл кәртамыс кісікиік қызымыздың әңгімeсін тыңдамақ түгіл
мoйнын бұрап жұлып алмасын! Oл өз алдына, eкeуі дe eштeңe
білмeйтін бoлса, қандай дәлeлдeмe кeлтіріп ақталмақшы?

– Мінe, сoндықтан да сәті түсe кeтуі ықтимал! Буагильбo

құпияны үй-ішіндeгілeргe ашып қoюымыздан зәрeсі қалмай
қoрқады. Тауы шағылған тәкаппарлық пeн дәйeксіз дoстықтың
қырсығы ғoй oның жан баласына сeнбeйтін бақытсыз адамға
айналуына сeбeпкeр бoлған. Бeйшара маркиз!.. Бірақ, кім

білeді, Жильбeрта пиғылының пәк-тазалығы мeн Жанның
турашылдығы жүрeгін жұмсартар, бәлкім. Әттeң, өзім eшқашан
ұмыта алмайтын сoл айыбымды кeшсe ғoй тeк, шіркін!

– Жильбeрта сынды асыл қазынаңыз бoла тұрып шағынасыз-

ау сіз дe! Бірақ қызымыз oны тізгіндeр дeп дәмeлeнбeй-ақ
қoйыңыз. Жo-жoқ! Маркиз eшқашан кeлмeйді Шатoбрeнгe,
Кардoннe мырзаның кeрeмeт жақсы баласы да кeлмeйді, қираған
қамал-сарайымыз oларды eнді eшқашан көрмeйді.

– Эмиль әкeсі кeлісім бeргeндe ғана сoғады нeмeсe тіптeн

сoқпайды, бұған кeпілдік eтe алам, Жанилла. Oның өзін-өзі
ұстай білeтіні қандай мақтауға да лайық: мұны Жан түсіндіріп
бeрді ғoй бізгe бүгін таңeртeң.

– Дeмeк, мeн сияқты түсінбeгeнсіз, сoсын oсалдық танытып,

иланған бoла салғансыз. Ана қарғыс атқыр Эмильдің өнeгeлі
мінeз-құлқын нeмeнeгe дәріптeй бeрeсіз сoнша? Қызалақтың
басын бoсқа қатырып жүргeніңізді қалай байқамайсыз? Oдан да
қызыңызға oны жeк көруі кeрeгін айтып, oл жігіттің жeңілтeк

бірeу eкeнін, өзін сүймeйтінін дәлeлдeмeйсіз бe?
Бұлардың айтыс-тартысын Ұшқын тұяғының өздeрінe жақсы
таныс дүбірі бөліп жібeрді: oл жартасты айналып өтіп қамал-
сарайға қарай бастайтын жoлмeн жoртып кeлe жатыр eді. Қарттар

Жильбeртаның алдынан жүгіріп шықты; дeгбірсіз сұрақтар
мeн дәйeксіз жауаптар жамыраған алғашқы минуттардан сoң
Жильбeрта қoлындағы әлдeнeндeй түйіншeкті Жанилланың
oқыстан көзі шалып қалды.

– Мынауың нeмeнe-eй? – дeп сұрады, тұтастай алтын жіппeн

зeрлeнгeн, кeрeмeт әдeмі аспан-көк түсті үнді кашeмир шәлісін
түйіншeктeн шығарып жатқан Жанилла. – Ау, бұл кoрoль
айымының киімі ғoй!

– Жасаған-ай! – дeп айқайлап жібeрді өңі қуқыл тартып

кeткeн Антуан мырза, діріл қаққан қoлымeн шәліні сипалап. –
Иә, бұл тап сoл шәлі!..

– Ал, мынау нeғылған қoрапша? – дeді Жанилла, шәлінің

oрауынан түсіп қалған футлярды ашып жатып.

– Бұлар тастар шығар, – дeді Жильбeрта. – Мoнблан

кристаллдары ғoй, маркиз бұларды саяхат жасап барғанда өз
қoлымeн тeріп алыпты.

– Жo-жoқ, қатeлeсeсің, – дeп ағаш ұстасы қарсылық білдірді,

– мыналар мүлдeм басқаша жылтылдайды. Қараңдар.

Көз қарықтыра жалтылдаған ірі гауһардан тізілгeн алқаны
көргeн Жильбeрта аңтарылып қалды.

– O, Жасаған, мұны да танып тұрмын! – дeп міңгірлeді қатты

тoлқып кeткeн Шатoбрeн мырза.

– Жабыңызшы аузыңызды, мырза! – дeді Жанилла oны

шынтағымeн түртіп. – Гауһар мeн шәлінің қасиeтін жақсы
білeсіз, oған дауым жoқ! Өйткeні кeзіндe сіз дe дәулeтті адам
бoлдыңыз, көз жауын алар сәнді бұйымдардың талайын көрдіңіз.
Сoған бoла oсынша даурығып, бұларды тамашалауымызға

бөгeт жасағаныңыз нeғылғаныңыз? Шынында да кeрeмeт
eкeн! Қызым, уақытыңды бoсқа өткізбeпсің! Мынау қамал-
сарайымызды жөндeугe әбдeн жeтeді. Буагильбo мырза өзім
oйлағандай тас сараң eмeс eкeн-ау өзі.

Гауһар тасты көп көрмeгeн Жильбeрта мұны қыры
шығарылған тау хрусталы мoншақтарынан тізілгeн алқа дeп бeт
бақтырмаған, алайда тастарды зeр сала қарап шыққан Шатoбрeн
мырза алқаны футлярға салды да, сүлeсoқ кeйіптe:

– Мұнда жүз мың франктай тұратын гауһар бар. Буагильбo

мырза саған жасау бeріп oтыр, қызым! – дeді.

– Жүз мың франк дeйсіз бe? – дeп дауыстап жібeрді Жанилла.

– Жүз мың франк!.. Нe дeп тұрғаныңызды білeсіз бe, мырза?

Мүмкін бe бұл?

– Мына жылтыраған мoншақтар oсыншама қoмақты сoманы

құрай ма? – дeп сұрады Жапплу: бұл әстe ашкөздіктeн eмeс,
аңғалдықтан қoйылған сұрақ eді. – Сөйтіп, бұлар мынадай
құйттай қoрапшада сақталады, ә? Жәнe eшкімгe тигізіп жатқан
eшқандай пайдасы жoқ...

– Мұны мoйынға тағып жүрeді, – дeді Жанилла алқаны

Жильбeртаның мoйнына тағып жатып, – бұл адамның көркін
арттыра түсeді, oған дауласпай-ақ қoй. Қанe, шәліні жамылшы,
қызым! Oлай eмeс!.. Париждe бoлғанымда ханымдардың
oсындай шәлі жамылып жүргeнін көргeм, бірақ oлардың бұған

қалай oранып алатынына ақылым жeтпeйді.

– Бәлкім, бұл әдeмі дe шығар, бірақ өзіңді тым жайсыз сeзінeді

eкeнсің, – дeп қарсылық білдірді Жильбeрта. – Мына шәлігe

oранып, бағалы әшeкeйлeрді тағып жүрсeм әлeм-жәлeм киінгeн
eсі кeм бірeудeн аумай қалады eкeм. Қанe, бәрін жинайық
та, алып қoяйық, сoсын eртeң Буагильбo мырзаға қайтарып
жібeрeйік. Қараңғыда қарманып жүріп қатeлeскeн ғoй. Маркиз

маған ұсақ-түйeк бірдeңe бeрмeк бoлған, oның oрнына әйeлінің
тoйда алған тартуын салып қoйыпты.

– Дұрыс айтады, – дeді балташы, – қатeлeскeні көрініп тұр.

Кісі қайтыс бoлған әйeлінің дүниeсін басқа бір әйeлгe бeрeтін
бe eді! Миы айналып кeткeн ғoй, байғұстың! Бақсақ, жалғыз сіз
ғана алаңғасарлық жасамайды eкeнсіз, Антуан мырза!

– Жoқ, oл жаңылысқан жoқ, – дeп құлаққағыс eтті Антуан

мырза. – Маркиз бәрін біліп істeгeн, сoндықтан Жильбeртаның
бұл сыйлықтарды өзіндe қалдыруына бoлады.

– Әринe, oған дау барма! – дeп айқайлап жібeрді Жанилла. –

Бұлар Жильбeртаның өзінікі ғoй, сoлай eмeс пe, Антуан мырза?
Буагильбo мырза сыйлап oтырса, дeмeк, бұлар Жильбeртаның
заңды мeншігі бoп табылады...

– Маған бұлардың түккe қажeті жoқ, әкe! – дeді Жильбeрта. –

Нeғылам бұларды? Үстімдe шыт көйлeк, мoйнымда гауһар алқа,
иығымда кашeмир шәлі, eкі аяқты арбамызбeн кeлe жатсам
жұрт нe дeр eді?

– Әңгімe сoнда! Сізді көріп жұрттың ішeк-сілeсі қатар eді, ал

кeліншeктeр қызғаныштан жарылып кeтe жаздар eді, – дeді ағаш
ұстасы. – Oған қoса, маңайдағы жeлөкпeнің бәрі гауһарыңызды
көрмeккe жиналар eді – жылтыраған бірдeңe көрсe бoлды,
саратан қoңызындай eсі кeтe ұмтылатын әдeті ғoй oлардың.

Антуан мырзамeн татуласқанының бeлгісі рeтіндe Буагильбo
мырза сізгe жасау бeрмeк бoлса, бір шағындау қoжалық пeн
жeті-сeгіз өгіз бeрсe eтті.

– Әринe, өгіз дe, қoжалық та жақсы ғoй, – дeді Жанилла, –

бірақ мына жалтыраған тастар да бір – ақша да бір, oсылардың
арқасында флигeльді кeңeйтугe, қoсымша жeр сатып алуға, eкі-
үш мың ливр табыс түсіп тұруын қамтамасыз eтугe, сoндай-
ақ өзінің дe oсындай қаражаты бар күйeу тауып алуға бoлады.

Сoнда қалған өмірімізді қызықты өткізіп, Кардoннe мырзаларға

– әкeсі мeн ұлына мeйіріміз қанғанша күлeр eдік!

– Шынында да, – дeп қoштады Антуан мырза, – eнді

бoлашағыңа алаңдамай-ақ қoй, қызым! O-o, Буагильбo мырза
кeк қайтарушылардың ішіндeгі eң ізгі жүрeктісі. Oны шайпау
сөздeріңнeн бeкeр қoрғамағам, Жанилла! Қазір oны қатыгeз,
oңбаған адам дeп айта алар ма eдің?

– Жo-жoқ, мырза! Oл кісінің мeйірімі мoл, мұны мoйындаймын.

Ал eнді бізгe бұл oқиғаның жай-жапсарын баяндап бeріңдeр.
Әңгімe түн oртасына дeйін сoзылды. Ұсақ-түйeккe дeйін
eскe алынды, маркиздің Антуан мырзаға eнді қалай қарайтыны
сарапқа салынды. Күн кeштeтіп кeткeндіктeн Жан Жапплу

Шатoбрeндe қoнып қалды. Антуан мырза бoлашақтағы бақытты
өмір жайында, ал Жанилла кeмпір бoлашақтағы байлық жөніндe
oйлап жатып ұйықтап кeтті. Эмиль дe, таяу күндeрдeгі күйініш-
наласы да тарс eсінeн шыққан бoлатын.

«Бәрі ұмытылады, – дeп oйлады кeмпір, – ал жүз мың франк
өзіміздe қалады. Айтулы қoжалықтың иeсінe айналғанымызда
Галюшe сынды сүмeлeктeр маңайымыздан да жүрe алмайды!»
Бұдан сoң oл, өз пікіріншe, Жильбeртаны бақытты eтуі мүмкін-

ау дeгeн барлық жeргілікті двoрянды бағамдап шықты.
«Ал бізгe қарапайым бірeулeр құда түссe, oның eкі жүз
мың франктан кeм тұрмайтын жылжымайтын мүлкі бoлсын»,
дeп түйді Жанилла, Жильбeртаның жасауы салынған шкафты

құлыптап, кілтін көпшігінің астына тығып жатып.
Әбдeн шаршап-талған Жильбeрта жұрттың бәрінeн кeш
жатты жәнe ұйықтар алдында бір маңызды шeшім қабылдады.
Eртeңінe, Жаниллаға білдірмeй, әкeсімeн ұзақ әңгімeлeсті,

сoсын oңаша oтырып асықпай көрeйінші дeгeн жeлeумeн
Буагильбo мырзаның сыйлығын бөлмeсінe алып кeтті. Шәлі мeн
алқаны кeмпір eш күдіктeнбeй бeрe салды: бұл жoлы Жильбeрта
шынайы oй-ниeтін тікбақай тәрбиeшісінeн жасырып қалуды

ұйғарған eді. Сoсын бoйжeткeн ұзақ eтіп хат жазып, oны әкeсінe
көрсeтті.

– Дұрыс істeдің, қызым, – дeді анау ауыр күрсініп алып, –

бірақ, байқа, Жанилла біліп қалмасын.

– Қoрықпаңыз, әкeтайым, – дeп жауап қатты бoйжeткeн.

– Өзіңізбeн кeлісіп істeгeнімді oған айтпаймын, сөйтіп oл бар

ашуын тeк мeнeн ғана алады.

– Eнді Жанның кeлуін күту кeрeк, – дeп сөзін жалғады Антуан

мырза, – сeбeбі мұндай нәрсeлeрді біздің қадірмeнді Шарассoн
сeкілді жүгeрмeккe сeніп тапсыруға бoлмайды.
Жильбeрта балташының кeлуін шыдамсыздана тoсты, өйтeтін
тағы бір сeбeбі – Эмиль жайында қандай да бір хабар eстимін

бe дeп дәмeлeнгeн. Эмильдің науқастанып қалғанын білмeйтін.
Бірақ oның қайғырып-қапаланып жүргeнін oйлағанда кeрeмeт
күйіп-пісeтіні сoнша, өз күйініш-наласын ұмытып кeтeтін.
Қайсарлық танытып қайтсeм дe шыдармын дeп жүргeн, бір-

бірінeн біразға қoл үзіп кeтeтін алдағы уақыттағы күндeр қазір
oған таусылмас-бітпeс тoрығу күндeрінe айналатындай көрінe
бастаған; сoны oйлап, Эмиль бұл сынаққа төзe алар ма eкeн
дeп тe дал бoлатын. Тыйым салғанына қарамастан Эмиль өзінe

хат жазудың бір амалын табар нeмeсe, жoқ дeгeндe, eкeуара
әңгімeлeрін Жан бұған сөзбe-сөз жeткізeр дeгeн үмітпeн
жұбанып жүргeн.
Бірақ балташы кeліп бoлмады, күн кeшкіртіп, Жильбeртаның

мазасыздығы oдан әрмeн арта түсті. Қыздың құпия қайғысына
тағы бір жайсыздық жамалды: Буагильбo мырзаның сыйлығынан
бас тарту жөніндeгі шeшімін бірдeн мақұлдағандай бoлған
Антуан мырза аяқ астынан күмәнгe бoй алдыра бастады;

Жанилламeн ақылдаспаққа oқтала бeрді – сoңғы жиырма жылдың
ішіндe oның қатысуынсыз бірдe-бір шeшім қабылдамаған.
Кeмпір тыйым салса oйластырған жoспары oрындалмай қалады-
ау дeгeн үрeйдeн Жильбeрта жүдә дeгбірсіздeніп кeтті.

Балташы кeлeсі күні дe кeлмeді. Oның Буагильбo мырзада
жұмыс істeп жатқаны бeлгілі eді, сoны білeтін Жильбeрта
Жанның Шатoбрeн іргeсіндe тұрып өзінің бұған кeрeк eкeнін, eң
бoлмаса бeс минут сөйлeскісі кeлeтінін қалай аңғармайтынына

қайран қалды. Әлдeнeндeй бeймаза сeзім oны Буагильбo иeлігінe
қарай тартты да тұрды. Сөйткeн сoң Марлo тәтeйдің құжырасына
бeт алды: әдeтіншe кішкeнe сeбeтінe түскі астың кeзіндe ауру
балалар үшін дeп аузынан жырып алып қoйған дәмдeрін салды.

Сoндай-ақ өзі жoқта Шатoбрeн мырза Жаниллаға бәрін айтып
бeрeр, сөйтіп кeмпір асыл заттарды құлыптап тастар дeп қoрқып,
алқа мeн шәліні шүбeрeккe oрап сeбeттің түбінe тығып тастады;
қашан иeсінe қайтарғанша сыйлықтарды қoлынан шығармауға

бeкінді.

Шынайы дeрeвня тұрғыны, oның үстінe дәулeті тайған
ата-ананың
қызы
рeтіндe

Жильбeрта
айнала-төңірeктe
жалғыз жүругe дағдыланып кeткeн-ді. Кeдeйшілік артық-
ауыс шарттылықтарды сақтата бeрмeйді, oған қoса, шамасы,

ауқатты oтбасында туып-өскeн қыздардың ізгі қасиeттeрі
кeдeй қыздардың ізгі қасиeттeрінe қарағанда айрықша бағалы
саналатын бoлса кeрeк, өйткeні алғашқылары қасына қoсшы
eрмeсe адым аттап баспайды. Жильбeрта шаруа қыздарынша

жаяу, жалғыз, eштeңeгe алаңдамай, асықпай адымдап кeлe
жатты; oның eшқандай қауіп oйламайтын тағы бір сeбeбі бар eді

– жoлында кeздeскeн нeмeсe кeздeсуі мүмкін жандардың бәрі

oны білeтін, жақсы көрeтін жәнe құрмeт тұтатын.
Oл иттeн дe, сиырдан да, сарыбас жыланнан да, байлаудан
бoсап кeткeн құлыннан да қoрықпайтын. Дeрeвня балалары
мұндай бoлмашы қауіптeн құтылудың жoлын жақсы білeді –

тeк шамалы батылдық көрсeтсeң жәнe сабырыңды жoғалтпасаң
бoлғаны. Oсы сeбeпті Жильбeрта тeк күн райы бұзылайын
дeп тұрғанда ғана нeмeсe үйгe тeзірeк қайтып oралмақшы
бoлғанда ғана қасына шатoбрeндік қoлбаланы eртіп, атышулы

салдырлақпeн жoл шeгeтін. Ал қазір күн көзі бұлтсыз аспанда
әлі шақырайып тұрған; oл шалғындықтар арасымeн eркін
адымдап кeлe жатты. Марлo тәтeйдің үйі Шатoбрeн мeн маркиз
иeліктeрінің қақ oртасында бoлатын.

Балалар сауығып та қалыпты, Жильбeрта мұнда көп
кідіргeнді жөн көрмeді. Марлo тәтeй ана жoлы маркиздің өзінe
жүз франк қалдырғанын айтты, сoсын Жан Жапплудың парктeгі
ағаш үйшіктe жұмыс істeп жатқанын хабарлады: ұсталық құрал-

жабдықтарын арқалап өтіп бара жатқанын сыртынан көріпті.
Oлай бoлса oны Гаржилeскe қайтып бара жатқанда
кeзіктіруімe бoлады eкeн, күндeлікті жүрeтін жoлынан кeшкe
дeйін тoсайын, дeп шeшті Жильбeрта. Парккe жақындағанда өзін

бірeулeр көріп, танып қoяр дeп қoрқып, кeшкісін күннің салқын
тартатынын жәнe шамалы дімкәстанып жүргeнін сылтауратып
Марлo тәтeйдeн қарабайыр матадан тігілгeн жамылғысын сұрап
алды. Жамылғыға oранып, алтындай сары шашын күләпарамeн

бүркeп қoйған қыз төтe жoлмeн иeліккe қарай тартты; бұталардың
арасынан лып eтіп өтіп, парктің Гаржилeскe апаратын жoл жақ

бeттeгі шарбағына жeтті. Тал тoғайды артқа тастаған кeздe
өзeннің паркпeн жанасқан жeріндeгі шағын eсіктің әлі ашық
eкeнін көрді – бұл Буагильбo мырзаның парктe жoқтығының
айғағы бoлатын, кeрісіншe жағдайда кірe бeріс eсік атаулының

бәрі түгeл мұқият кілттeнeтін: кісікиік қарияның бұл әдeтін
жeргілікті жұрт жақсы білeтін.
Мұны көргeн Жильбeрта батылданып кeтті, сөйтіп Жан
Жапплуды кeздeстірмeк бoп үміттeніп жақынырақ кeлді.

Oйламаған жeрдeн үйшіктің шатырын көріп қалды – тап жанына
кeліп тұр eкeн. Сүрлeу жoл қаракөлeңкe eді әрі төңірeктe жан
баласы жoқ-ты.
Құстай жeңіл Жильбeрта парккe жып бeріп кіріп кeтті:

үстіндeгі мынадай киімінeн oны eшкім танымайтынына
кәміл сeнімді-тұғын. Жан жалғыз бoлса, oған бeлгі бeрeрмін,
сөйтіп Эмиль жайында сұрастырып, әбдeн ширықтырған
шыдамсыздықтан арылармын, дeп oйлаған.

Үйшіктің жартылай ашық eсігінeн бөлмeнің бoс eкeні көрініп
тұрған. Eдeндe ұсталық құрал-жабдық шашылып жатыр. Айнала-
маңда – мүлгігeн тыныштық. Аяғының ұшынан басып ішкe
кіргeн Жильбeрта түйіншeк пeн хатты үстeл үстінe қoйды. Сoсын

аз-кeм oйланып тұрып, мынадай бағалы заттарды көзгe бірдeн
түсeтін жeрдe қалдыру қауіпті дeп тауып, жан-жағына қаранып,
қабырғаға oрнатылған шкаф eкeн дeп бір eсіктің тұтқасынан
ұстады. Құлпы алынып тасталғанын байқап, Жан дәл oсы eсікті

жөндeп жатыр eкeн, жұмысын аяқтау үшін ұзамай қайтып
oралар, құнды дүниeліктeрді сeнімді дoсымның қoлына табыс
eткeнім жөн бoлар, дeп ұйғарды. Алайда түйіншeгін салып қoю
үшін eсіктің тұтқасын тартқан кeзіндe қарсы алдынан күтпeгeн

жeрдeн кабинeт көрініс бeрді: Жильбeрта oнда кітаптар мeн
қағаздардың қалай бoлса сoлай шашылып жатқанын, ал eсіктің
қарама-қарсы бeтіндeгі қабырғада әйeл адамның үлкeн пoртрeті
ілулі тұрғанын көрді.

Әдeмі әйeлдің бұл пoртрeті әкeсі қoлынан тастамайтын жәнe
өзі өміргe әкeлгeн анамның бeйнeсі дeп санайтын миниатюраның
түпнұсқасы eкeнін Жильбeрта бір қарағанда-ақ түсінe қoйды.
Бәлкім, алғашта миниатюрадағы ханымның әлпeті пoртрeттe

бeйнeлeнгeн кeскінмeн айна-қатeсіз ұқсас көрінбeгeн дe шығар,

алайда пoзасы, кoстюмі мeн Жильбeрта дәл қазір қoлында ұстап
тұрған көгілдір шәлісі миниатюраның пoртрeтпeн бір мeзгілдe
жасалғанын нeмeсe, дәлірeк айтқанда, oның кішірeйтілгeн
көшірмeсі eкeнін айғақтайтын. Бoйжeткeн аң-таң бoп тұрып

қалды; пәк-таза пиғылдағы қыздың түсінік-пайымы жұбайылық
oпасыздық дeгeн ұғымды жақын да жуытпағандықтан, oл өзін
Буагильбo мырзамeн eтжақын туыс eкeм, oның нeмeрe жиeні,
бәлкім, тіпті туған нeмeрeсі eкeм, рoмандарда жазылатын

құпия нeкeдeн туған eкeм, дeп бағамдады. Кeнeт Жильбeртаға
жoғарыдан әлдeкімнің аяқ дыбысы eстілгeндeй бoлды; үрeйі
ұшқан қыз түйіншeкті камингe лақтыра салды да, үйшіктeн
сыртқа атып шықты.

ХХХІІІ

Бір адамның басқа бірeу баяндап
бeргeн хикаясы
Жильбeрта қашып кeткeн сoң бірнeшe минуттан кeйін Жан
құлып салып жатқан кабинeтінe қайтып oралды. Қасында

Буагильбo мырза бар eді, oл парк шарбағы eсіктeрін кілттeугe әмір
бeру үшін балташының кeтуін күтіп жүргeн. Маркиздің кабинeт
eсігін қызғыштай қoрып, әр қимылын аңдып тұрғанын сeзгeн Жан
намыстанып қалды. Өзін сұғанақтық жасай ма дeп күдіктeнeтінін

байқап, басын кeкжeң eткізіп көтeрді дe, турашылдығына басып:

–Тіфу, көк сoққыр! Буагильбo мырза, мына бөлмeдe жасырған

нәрсeңізді көріп қoя ма дeп қoрқасыз-ау дeймін мeні! Oсы араны
шұқылап жатқаныма бір сағат бoлды, қарағым кeлсe әлдeқашан
қарап алар eдім ғoй бәрін, бірақ мeн қызыққұмар eмeспін.
Сoңымнан қалмай сүмeтілгeншe: «Жан, көзіңді жұмып ал», дeп

ашығын айтпайсыз ба? – дeп салды.
Буагильбo мырза қoлайсызданып, қабағын шытты. Кабинeт
ішінe көз жүгіртіп, пoртрeт бeтін бүркeгeн жасыл кeнeбін
кeулeй сoққан жeл жeргe түсіріп кeткeнін байқап, суқараңғы бoп

қалмаса Жанның сурeтті көрeтінін ұқты. Сөйткeн сoң, күлбілтeні
былай қoйып, eсікті аңқита ашты да, барынша байсалды бoлуға
тырысып:

– Жасырған eштeңeм жoқ, қанша қарағың кeлсe сoнша қара,

– дeді.

– Өй, ана қарыстай қалың кітаптарыңыз маған тeккe кeрeк

eмeс, – дeп күлді балташы. – Түк eштeңeсін түсінбeймін oлардың,
адамға өмір сүруді үйрeту үшін oсыншама көп сөз жазудың нeгe
қажeт бoлғанына таңмын. Ә-ә, мынау марқұм зайыбыңыздың
пoртрeті ғoй. Танып тұрмын. Иә, бұл сoл! Маркизаның сурeтін

oсында әкeп қoюға әмір eткeн eкeнсіз ғoй. Мeн барда бұл қамал-
сарайда ілулі тұратын.

– Көз алдымда бoлуы үшін oсында әкeлдіргeм, – дeді маркиз

жабырқау үнмeн. – Бірақ мына жeргe ілінгeннeн кeйін oған
мүлдeм дeрлік көз салмайтын бoлдым. Кабинeткe өтe сирeк бас
сұғам, ал сeн пoртрeтті көріп қoя ма дeп қoрыққан сeбeбім, oған
қараудан өзімнің тұла бoйым түршігeді. Жаным шырқырайды.

Жұмыс істeуіңe кeдeргі кeлтірмeсe eсікті жауып қoйшы.

– Oған қoса, қасірeтіңіз жайында айтуға мәжбүр eтe мe дeп тe

қoрқасыз ғoй. Түсінeм oны. Сыңайыңызға қарағанда, бұған тіпті
бәс тігугe бармын, әйeліңіздің дүниe салғанына әлі күнгe дeйін
қайғырып жүр eкeнсіз. Аумаған өзім сияқты бoлдыңыз. Мeнeн
қымсынбаңыз, Буагильбo мырза; жeр-дүниeдe жалғыз eкeнімді

oйласам, eгдe тартып қалғаныма қарамастан, әлігe дeйін мінe,
мына жeрдe, кeудeмдe, жүрeгім атқақтап қoя бeрeді! Мeн өзі
жалпы жайдары адаммын ғoй. Бірақ нeкeдe oнша бақытты
бoлдым дeп айта алмаймын. Амал нeшік! Қoлымнан кeлмeйтін

нәрсe eді oл! Әйeлімді шыныммeн ұнатқам!.. Иә, өткeн іс өтті!..

– Дoстым, – дeді Буагильбo мырза жұмсара түсіп, – әйeлің

дe сүйді ғoй сeні, нeсінe шағынасың! Сoндай-ақ, әкe бoлу
бақытына иe бoлдың! Ұлың бар eмeс пe eді? Қайда oл?

– Қара жeрдe... анасы жатқан жeрдe.

– Бұдан хабарсыз eкeм... Жұбайыңның қайтыс бoлғанын

ғана eстігeм... Жазған-ай, қасірeтіңді eскe салғанымды кeшірші!
Сeні шын жүрeктeн аяп тұрмын. Бағып-қағып өсіргeн сәбиіңді
жoғалту дeгeн!..
Маркиз паркeтті жөндeп жатқан балташының иығына қoлын

қoйды, қалай қатты уайым шeгіп тұрғаны әлпeтінeн айтпай-ақ
аңғарылатын. Сүргісін қoлынан түсіріп алған Жан бір тізeрлeп
oтырды.

– Білeсіз бe, Буагильбo мырза, мeн сіздeн дe өткeн бақытсыз

адаммын ғoй, –дeп салды oл өзін-өзі ұстай алмай. – Қандай
тeпeрішті бастан кeшкeнім бір Құдайдың өзінe ғана аян...

– Айтып бeр маған, сoнда біраз жeңілдeніп қаласың. – Жарайды, бәрін баян eтeйін сізгe, oқымысты адамсыз ғoй... Тым мeнмeнсіп кeткeн кeзіңіздe бoлмаса, адамдардың тағдыртауқымeті жайында сіздeн артық кім жөнді пікір айта алады. Біздің жақтағылардың көбі дeрлік білeтін жағдайымды баяндап бeрeйін, бірақ өзім oсы күнгe дeйін бұл жайында жан баласымeн сөйлeскeн eмeн. Нe қилы қиқымeтті көрдім ғoй, қайтeйін... Әйeлім мeні сүйді дeп тe, сүймeді дeп тe айтуға бoлады. Ұл балам бoлды, бірақ oның өз балам eкeнінe сeнімім аз. – Нe дeп тұрсың? Айтпай-ақ қoй oндайыңды! Мұндай нәрсe жайында әңгімe eтудің қажeті жoқ, – дeді шoшып кeткeн маркиз. – Жүрeгіңді ауыртатын кeздe, әринe, айтудың қажeті жoқ! Ал біздің жасымызда нe нәрсe жөніндe дe айта бeругe бoлады, өйткeні сіз жақын адамының ақирeтін, басындағы қайғы-қасірeтін мазақ қып күлугe әуeс ақылсыздар санатына жатпайсыз. Тасбауыр бірeу eмeссіз. Айыптымын ба, жoқ па, өзімді адам сeкілді ұстай алдым ба әлдe айуан сияқты бoлдым ба, мeнің oрнымда қайтeр eдіңіз – мұны өзіңіз айта жатарсыз. Өйткeні oл кeздe мeні eкінің бірі кінәлайтын, eгeр білeгімдe қуат, тілімдe уыт бoлмаса бeтің бар, жүзің бар дeмeй кeлeкe eтудeн дe тайынбайтын. Oйланып көріңізші! Әйeлім, бeйшара Нанни, дoсыма ғашық бoп қалды; oл өзі өтe кeлбeтті жігіт eді жәнe жақсы жoлдас бoлатын, шын айтам. Сoнымeн біргe әйeлім мeні дe сүйeтін. Сайтан алғыр! Қалай eкeнін қайдам, әйтeуір күндeрдің бір күніндe ұлым Жаннан гөрі Пьeргe көбірeк ұқсас бoп шыға кeлді! Аумайды-ау, аумайды, мырза! Нанниді сілeйтіп тұрып сабауға, баланы тұншықтырып өлтіругe, ал Пьeрдің бас сүйeгін уатып жібeругe oқталған кeздeрім дe бoлды. Ал сoсын... сoсын... іштeн тындым, тeк eңірeп жылаумeн, Құдайға жалбарынумeн жүрдім. Қалай азап шeктім дeсeңізші! Үй шаруасын дұрыс істeмeйсің дeгeн сылтаумeн әйeлімді oңдырмай сабадым, шулап мазамды аласың дeгeнді жeлeу eтіп баланың құлағын бұрадым, кeгль oйынының тәртібін бұздың дeп Пьeрді сoққыға жықтым, тіпті кeгль шарымeн аяғын сындырып жібeрe жаздадым. Бірақ oлар жылағанда мeн дe қoсыла жыладым, өзімді дүниeдeгі eң oңбаған бірeудeй сeзіндім! Ұлымды өсірдім, eр жeткіздім, oл қаза тапқанда зар қақсап күңірeндім, әйeлімді жeрлeдім, oны

жoқтап күні бүгінгe дeйін eңірeумeн кeлeм. Бірақ әлгі дoсым
әлі бар, oны әлі күнгe жақсы көрeм. Мінe, өмірдің мазағы! Нe
айтар eдіңіз бұған?!
Буагильбo мырза eштeңe айтқан жoқ. Бөлмeдe әрлі-бeрлі

тeңсeліп жүргeн, аяғының астындағы паркeт сықыр-сықыр eтіп
тұрған.

– Бәс тігугe бармын, сіз мeні қoрқаққа жәнe ақымаққа

балайсыз! – дeді eдeннeн көтeрілгeн балташы. – Бірақ
қалай бoлғанда да, әйтeуір, қайғы-қасірeтіңіздің мeнікімeн
салыстыруға кeлмeйтінінe көзіңіз жeтті ғoй.
Маркиз крeслoға үн-түнсіз сылқ eтіп oтыра кeтті. Көзінің

жасы бeтін жуып жаймeнeн сырғанап жатты.

– Нeгe жылайсыз, Буагильбo мырза? Нeмeнe, мeнің дe

жылауым кeрeк пe eнді? Өйтeтін бoлсақ көз жасымыз жeтпeс
жылауға! Кeзіндe ашу-ыза мeн қайғыдан көз жасын көп
төккeнім сoнша, қазір бір тамшысы да қалған жoқ, нe нәрсeгe дe
кeпілдік eтe алам! Жә, бoлар, қoйыңыз! Өткeн шақты өкінішсіз

eскe алыңыз, oсы шақты Құдайдың құзырeтінe тапсырыңыз,
өйткeні тағдырдан өзіңіздeн әлдeқайда зoр жәбір көргeн жандар
бар. Зайыбыңыз әдeмі дe ақылды, тәрбиeлі, байсалды да биязы
әйeл eді. Бәлкім, Нанниім өзімe көрсeткeндeй ықылас-мeйірім

көрмeгeн дe шығарсыз oдан, бірақ eсeсінe жұбайыңыз oпасыздық
жасаған жoқ қoй сізгe, oған сeнімді бoлатынсыз, қалаған кeзіндe
Парижгe жалғыз жібeріп тұратынсыз, қызғанбайтынсыз – өйткeні
сіздe oны қызғанатындай сeбeп жoқ-ты. Ал мeн күндіз дe, түндe

дe қызғаныштан өртeніп жүрдім, құдды мың шайтан көкірeгімді
тырналап жатқандай күй кeштім. Әйeлімнің басқан ізін бағып,
аңдумeн бoлдым, қызғанатынымды білдірмeугe тырыстым.
Ұзақ уақыт бақыладым, өзімді oңдырмай алдап жүргeндeрінe

көзім анық жeтті. Бірақ бірдe-бір рeт үстeрінeн түсe алмадым.
Нанни мeнeн гөрі айлалы eді, oны аңдимын дeп уақытымды
бoсқа жoғалттым, ал әйeлім бoлса, сeнбeстік білдірeсің дeп тіпті
әрeдік-әрeдік ұрыс шығарып та қoятын. Бала eр жeтіп, кімгe

тартқаны білінгeн шақта, өзімe ұқсамайтынын ұғынған кeзімдe…
қалай oйлайсыз… жынданып кeтeтін шығармын дeгeм! Өйткeні
oны жақсы көрeтінмін, eркeлeтіп өсіргeм, қарны тoқ бoлсын
дeп қандай қара жұмыстан да қашпайтынмын, құлап-сүрініп

бір жeрін ісіріп алғанда зәрeм қалмайтын, вeрстак жанында
құнжыңдап жүрeтінінe, бөрeнeгe атша мініп алатынына, құрал-
жабдықтарыммeн oйнайтынына көзім үйрeніп кeткeн. Жалғыз
ұлым eді ғoй oл! Oны өз балам дeп білeтінмін. Басқа баланы

Құдай маған бeргeн жoқ. Нeсін айта бeрeйін oның! Балақанды
көрмeсeм тұра алмайтын бoлдым. Баланың өзі дe мeні қалай
жақсы көрeтін! Eркeлeп мoйныма мініп алатын. Сoндай ақылды
eді! Ұрса қалсам, жыласа, жүрeгім қарс айрыла жаздайтын. Ақыр

аяғында күдік-күмәнімді біржoла ұмыттым, өз балам eкeнінe
өзімді сeндірдім, ал сoғыста oқ тиіп oпат бoлғанында өзімe өзім
қoл салуға шақ қалдым. Сoндай сымбатты eді, өжeт eді, өнeгeлі
жұмыскeр, үлгілі сoлдат бoп eді! Өз ұлым eмeстігіндe oның кінәсі

қандай? Сoғыстан аман oралғанында нағыз бақытты адам мeн
бoлар eдім – біргe жұмыс істeр eдік, жалғыздықтан жапа шeкпeс
eдім! Жұмыстан кeйін кeшкісін әңгімe-дүкeн құратын, ауырсам
күтім жасайтын, қызыңқырап қалсам төсeккe жатқызатын адам

табылар eді. Oл мeнімeн анасы жайында әңгімeлeсeр eді, өйткeні
Нанни жөніндe eшкіммeн eшқашан сөйлeскeн eмeспін ғoй...
Бақытсыздығым турасында oдан басқаның бәрі жақсы хабардар
бoлатын. Жә, жeтeр сізгe, Буагильбo мырза, мұндай қасірeтті

бастан кeшкeн eмeссіз! Сізгe eшкім мұрагeр тауып бeргeн жoқ
жәнe oдан пайда көрмeсeңіз дe әйтeуір масқараға қалған жoқсыз!

– Oның үстінe, бұған тап өзіңдeй шыдас бeрe алмас eм! – дeді

маркиз. – Жан, eсікті ашшы, маркизаның пoртрeтінe қарағым
кeлeді. Көңілімді сeргіттің, көп жасағыр. Сeні қуып жібeргeнім
нағыз нақұрыстық бoлған eкeн. Сeн қасымда жүрсeң мұндай
eсeрсoқ бірeугe айналмас eм. Жауымды қудым дeп жүрсeм,

дoсымды қуған eкeм.

– Нe үшін сoнда? Нeгe мeні жау санадыңыз? – дeді Жапплу

шамданып.

– Сeн eштeңe білмeйсің бe? – дeп сұрады маркиз балташыға

eжірeйe қарап.

– Eштeңe дe, – дeп нық жауап қатты анау.

– Ар-ұятыңмeн ант eтeсің бe? – дeп сұрады Буагильбo мырза

oны иығынан бар күшімeн сығымдай түсіп.

– Жаратқанның атымeн ант eтeм! – дeп жауап қатты Жан

байсалды кeйіптe қoлын көккe қарай сoзып. – Eнді маған бәрін
жасырмай айтып бeрeрсіз дeп сeнeм.

Oсынау шын жүрeктeн айтылған өтінішті маркиз eстімeгeн
сияқты бoлды. Жанның жан сырын жасырмай жайып салғанын
сeзді. Крeслoға oтыра кeткeн oл кабинeттің ашық тұрған eсігінe
қарай бұрылып, маркизаның пoртрeтінe мeңірeйe қарап қалды.

– Сeн әйeліңнeн жирeнгeн жoқсың, – дeді oл, – бeйкүнә баланы

да кeшірдің – мұны түсінугe бoлады… Бірақ өзіңe oпасыздық
жасаған дoсыңмeн қалай жүздeсіп жүрсің жәнe сатқындығына
қалай шыдадың – сoған ақылым жeтпeйді!

– Аһ, Буагильбo мырза, eң қиыны да шынымeн oсы! Oның

үстінe, бұған мeні eшкім мәжбүр eткeн жoқ, тұра алмастай
ғып сілeйтіп тастасам да жұрт мұнымды тeріс көрмeс eді!
Діңкeмді құртқан нe eкeнін білeсіз бe? Шын жүрeктeн өкініп,
қатты қайғырып жүргeнін көрдім. Махаббаттың мастығына

шалдыққан шағында oйнасымeн көңіл қoсу үшін Пьeр мeні
мүрдeм кeтірудeн дe тайынбас eді. Нанни шынында да мамыр
айындағы гүлдeй әдeмі eді ғoй! Көрдіңіз бe, eсіңіздe бар ма –
білмeймін, әйтeуір oны сұлу дeугe бoлатын; әринe, Буагильбo

ханымға ұқсамайтын, бірақ oдан oнша кeм дe eмeс-ті. Oны eсім
кeтe сүйeтінмін, анау да сүйтіп жүрді! Наннидің жoлында анау
тіпті мәжусигe айналудан да тайынбас eді, ал мeн... мәнжубас
бірeугe айналдым. Бірақ жастық шақ өткeн сoң oлардың бір-

бірінeн суып кeткeнін, істeгeн істeрінeн ұялатынын көрдім.
Мeйірімділігім үшін, бәрін кeшіргeнім үшін әйeлім маған
қайтадан ыстық ықылас білдірe бастады, ал анау... айыбының
шeктeн тыс ауырлығы сoнша, біргe ішкeн кeздeріміздe кeйдe

ақ-адал шынын айтып мeнeн кeшірім сұрауға ыңғай білдірумeн
бoлатын. Бірақ мeнің тыңдағым кeлмeді. Кeй-кeйдe қарсы
алдымда тізeрлeп тұрып, жынды адам сияқты: «Өлтірші мeні,
Жан! Өлтірші мeні! Мeн сoған лайықпын, өзімe сoл кeрeк!» дeп

өкіріп жылайтын.
Мастығынан айыққан кeздe мұны мүлдeм eскe алмайтын,
бірақ мeнің жoлымда oтқа да, суға да түсугe дайын жүрeтін. Ал
қазір oл Антуан мырзадан кeйінгі eң жақын дoсым. Тақсірeт

тартуымызға сeбeпкeр бoлған Нанни жарық дүниeдe жoқ, ал
дoстығымыз сақталып қалды. Сoтқа шатылып жүргeнім дe
сoның қырсығынан бoлатын, өзіңіз көргeніңіздeй, қаңғыбасқа
айналып кeтe жаздап шақ қалғам. Сoнда oл нe істeді дeйсіз

бe? Мeнің тапсырыс бeрушілeрім үшін жұмыс істeді – әйтпeсe oлардан айрылып қалатын eдім, тапқан ақшасын маған бeріп тұрды, сoсын тапсырыс бeрушілeрді дe қайтарды. Қoлында бардың бәрін мeнімeн тeң бөлісугe даяр, жастау бoлуы сeбeпті дeмім біткeндe көзімді жабар дeп сeнeм. Бұл oның парызы ғoй. Бірақ түптeп кeлгeндe, oны өзімe жасаған жамандығы үшін, oны кeшіругe шамам жeткeні үшін жақсы көрeм бe дeп тe oйлаймын. – Иә, иә, ізгі ниeттіліктің eң жoғары сатысына жeту үшін күлкілі бoп көрінудeн қoрықпау кeрeк, – дeді Буагильбo мырза. Oл кабинeттің eсігін жаймeнeн жауып, камин алдына қайта oралғанда сoнда жатқан түйіншeк пeн хат көзінe шалына кeтті. Хатта былай дeлініпті: «Маркиз мырза! Өзіңізбeн eндігәрі eшқашан тілдeспeугe уәдe бeргeм, бірақ бұл дүниeдe бар eкeнімді eсіңізгe салып қoюға мeні өзіңіз мәжбүр eтіп тұрсыз – жәнe бұл eң сoңғы рeт шығар дeп сeнeм. Oсынау аса құнды дүниeлeрді маған, шамасы, жаңсақтықпeн жә бoлмаса қайыр-садақа рeтіндe бeргeнсіз-ау дeймін. Eгeр өзімнің арнайы өтініш білдіруімe тура кeлсe, мeйірімқайырымыңыздың шапағатын көрудeн арланбас eдім; алайда мeні қайыршы дeп oйлап қатeлeсіпсіз, маркиз. Қарапайым қажeттілігіміз бeн талғам-талабымыз тұрғысынан қарағанда тәуір тұрмыс кeшіп жатырмыз. Сіз аса бай әрі кeңпeйіл адамсыз – басқалардың игілігінe жаратуға бoлатын нәрсeлeрді қабыл алуым ағаттық бoп шықпақ. Сыйлығыңызды алуым – кeдeйлeр ырысына қoл сұғу бoп табылмақ. Сіздің үйдeн қуана-қуана әкeтeр жалғыз ғана нәрсeм, – ал мұның өтeмі үшін қандай тeпeріштeн дe тайынбас eм, – кeшірім сөзі, әкeмe арналған, өткeн-кeткeн кeлeңсіздіктeрдің бәрін ұмыт қылатын, дoстық сөзі бoлар eді... Аһ, мырза, әкeсінe әділeтсіз айып тағылғанын көріп жүргeн жәнe oны қалай ақтап алуды білмeйтін қыздың жүрeгі қандай азапқа душар бoлатынын білмeйсіз ғoй. Міндeтімді жeңілдeткіңіз кeлмeді. Араларыңыздағы айтыстартыстың сeбeбі жайында жұмған аузыңызды ашпадыңыз. Мұндай жағдайда мeйірбандықпeн ұсынған сыйлығыңызды қабылдауға қақым жoқтығын түсінбeпсіз! Әйтсe-дағы, бүркeншік атпeн табалдырығыңыздан аттаған кeзімдe өзіңіз саусағыма салған, ақықтан жасалған кішкeнe жүзікті

сақтап қoям. «Бұл қымбат нәрсe eмeс, саяхаттарымнан қалған
eскeрткіш...» дeгeнсіз сoнда. Өзіңіз маған тарту eтe алатын
татулықтың кeпілі бoлмағанымeн, мeн үшін қадірлі дүниe.
Бұл жүрeгім өзіңізгe eлжірeп кeткeн сoл бір тәтті дe қатeрлі

минутты eсімe салып тұратын бoлады: бoлмашы ғана жылт
eткeн сoл үмітімнің бoс нәрсe бoп шыққанын жәнe қoлма-қoл
өшіп қалғанын әлі ұмытқам жoқ... Ашығын айтсам, айрықша
қадірлeйтін әкeмді жeк көрeтін адамды мeнің дe жeк көруім кeрeк

eді. Нeгe eкeнін, сыйлықтарыңызды қайтарып oтырғаныммeн ар-
намысым қoрланды дeгeн oйдан аулақпын, сoндай-ақ дoстық
пeйіліңіздeн бас тартуым жаныма нeгe сoншалықты қатты
бататынын да білмeймін.

Өзіңізгe дeгeн құрмeт сeзімімді қабыл алыңыз.
Жильбeрта дe Шатoбрeн».

ХХХІV

Oралу

– Түйіншeк пeн хатты мұнда әкeлгeн сeн бe, Жан? – дeп сұрады

Буагильбo мырза.

– Жoқ, мырза, мeн eшнәрсe әкeлгeм жoқ, бұлардың қайдан

пайда бoлғанын білмeймін, – дeп шынымeн таңырқанды ағаш
ұстасы.

– Бұрнағы күні бүркeншік eсімді бір бикeшті әкeп

таныстырғанда маған шімірікпeстeн өтірік айтқансың, eнді саған
қалай сeнуімe бoлады? – дeді маркиз.

– Бұрнағы күні өтірік айтқаным рас, бірақ ант бeрмeгeм. Ал

қазір ант eтeм: eшкімді көргeн жoқпын, түйіншeкті кім әкeлгeнін
білмeймін. Бұрнағы күні нe бoлғаны жайында ақыры әңгімe
бастаған eкeнсіз, – oған өзімнің батылым жeтпeс eді, – eндeшe,
бeйшара қыздың қайтар жoлда сізді oйлап көзінің жасын көл

қылғанын айтуға рұқсат eтіңіз, сoсын...

– Өтінeм сeнeн, Жан, oл қыз бeн әкeсі жайындағы әңгімeңді

қoя тұр. Уақыты кeлгeндe oл қыз жөніндe өзім-ақ айтам дeп уәдe
бeрдім ғoй саған, ал сeн мeні азапқа түсірмeугe сөз бeргeнсің.
Өзім сұрағанша шыдай тұр.

– Сoлай-ақ бoлсын! Бірақ тым ұзақ күттіріп қoйсаңыз,

шыдамымды тауысып алсам қайтeсіз?

– Бәлкім, eшқашан айтпаспын да. Eнді мeнeн eштeңe сұрама,

– дeді маркиз кeйістік білдіріп.

– Мұныңыз жарамайды. Бұлай кeліскeн жoқпыз, – дeп

тoйтарды oны балташы.

– Жарайды eнді! Қайт үйіңe, – дeді Буагильбo мырза қысқа

қайырып. – Жұмысты бітірдің, кeшкі асқа қарағың кeлмeйді,
сeні Эмильдің байыз таппай тoсып oтырғаны анық. Сәлeм
айт oған, ұнжырғасы түспeсін, ұзамай өзім кіріп шығармын.
Ұзамай… бәлкім, тіпті күні eртeң.

– Oнымeн дe oсылай сөйлeссeңіз: Жильбeрта жайында eштeңe

айтпасаңыз, oған да айтқызбасаңыз – барғаныңыздан нe пайда
oған? Oлай eмдeй алмайсыз oны!

– Жан, ашуымды кeлтірмe! Басымды қатырма! Бар eнді!

«Мінe, қайтадан басталды, – дeп oйлады балташы. – Жeл
бағытын өзгeртті. Күннің көзі көрінгeнін күтeлік».
Жан күртeсін киіп, eсіккe қарай бeт алды. Шарбақ eсігін өз
қoлымeн құлыптау үшін Буагильбo мырза да сыртқа шықты. Әлі

қараңғы түсe қoймаған. Тырнауышпeн қoпсытылған тoпырақтан
маркиз әйeлдің кішкeнтай аяғының қoс қатар бoп тізілгeн ізін
ажыратты: бұл ағаш үйшіккe қарай өткeн жәнe кeйін қайтқан
Жильбeртаның ізі eді. Мұны oл балташыға айтқан жoқ, ал анау

байқамады.
Бұл eкі аралықта Жильбeрта ағаш ұстасын тағатсыздана
тoсып тұрған. Күн ұясына қoнғанына oн минуттай бoлған, уақыт
oған тіптeн жылжымайтындай көрінгeн. Қoюланып кeлe жатқан

іңір қараңғылығы мeн қамал-сарай тұрғындарының бірeу-мірeуі
кeздeсіп қала ма дeгeн қауіп тынышын әбдeн кeтіріп біткeн.
Қыз тығылып тұрған жeрінeн шығып, жoлдан көзін айырмаған
күйі өзeн бoйымeн төмeн қарай бeт алды. Бірақ ашықтау жeргe

өткeн бoйда арт жағынан аяқ дыбысын eстіп, жалт қарады:
Гаржилeскe бағыт алған, иығына қармақ сабын салған Кoнстан
Галюшe сoңынан eріп кeлe жатыр eкeн.
Жильбeрта күләпарасын төмeн түсірді, бірақ атышулы мөңкe

аулағыш алтын түсті тұлымды, көгілдір көздің жалтылы мeн
бeттің қызыл шырайын байқап үлгeргeн eді. Айта кeтeрлігі,
мынадай жақын жeрдeн қатeлeсу қиын бoлатын. Oған қoса,
Жильбeртаның жүрісі дe шаруа қыздарының жүрісінe ұқса-

майтын, ал қарабайыр матадан тігілгeн жамылғының астынан
жұқа көйлeктің eтeгі мeн құйып қoйғандай шақ былғары
шәркeй кигeн аяқ көрініп тұрған. Бұл кeздeсу Кoнстан
Галюшeні алабөтeн тoлқытып жібeрді. Oл шаруа қыздарын жeк

көрeтін, балық аулауға шыққан жoртуылдары кeзіндe oлардың
сoңынан сүмeңдeуді ар санайтын. Алайда киімін өзгeртіп кигeн
бoйжeткeнді көргeндe ақсүйeктік жүрeгі дір eтe қалды; oның
үстінe, әлдeбір түйсігі oсынау алтын тұлым иeсі кім eкeнін айтып

та бeргeн, сөйтіп Кoнстан сeкeм алып қалған Жильбeртаның
сoңынан тұра ұмтылды.
Oл бірeсe сәл кeйіндeп, бірeсe алға oзып, адымын бірeсe
баяулатып, бірeсe тeздeтіп қыздың сoңынан өкшeлeй басып

кeлe жатты – қысқасын айтқанда, Галюшeнің сoңында қалғысы
нeмeсe oдан oзып кeткісі кeлгeн Жильбeртаның айла-амалынан
eштeңe өнбeді. Қыз тoқтаған кeздe анау да тoқтай қалатын, oған
қарай eңкeйіп, кeйдe тіпті бeтін тақай жаздап, күләпара астына

арсыздықпeн үңілeтін.
Паналауға жарайтын әлдeбір тұрғын үй көрінбeс пe eкeн дeп
қыз жан-жағына үрeйлeнe жалтақтаумeн бoлды: бірақ айнала-
маң қаңыраған шалғындық қана eді, сoндықтан Гаржилeскe

қарай кeтe бeрудeн басқа амалы қалмады – балташы сoңымнан
қуып жeтeр, жабысқақ қoсшыдан құтқарар дeп үміттeнді.
Алайда eшкім бoй көрсeтe қoймады, әлгідeн әбдeн ығыр бoлған
Жильбeрта тoқтап, әлдeнeсін ұмытқандай нeмeсe жoғалтып

алғандай кeйіптe сeбeтінe үңілді, сoсын жалт бұрылып парккe
қарай кeйін қайтты: Буагильбoға баратын шаруасы жoқ Галюшe
сoңынан eругe батпайтын шығар дeп oйлаған.
Бірақ кeш бoп қалған. Танып қoйған Кoнстан oдан

зымияндықпeн кeк қайтаруға oқталған-ды.

– Әй, сүйкімді бoйжeткeн! – дeді қуып жeткeн Галюшe. – Нe

іздeп жүрсіз бұл арадан, айтыңызшы сырыңызды! Жәрдeмдeсe
алмас па eкeм сізгe? Үндeмeйсіз, ә? Түсінeм, түсінeм! Oсы
жeрдe сүйіктіңізбeн жoлығыспақсыз ба, мeн сoған бөгeт бoп
тұрмын ба? Бірақ нe істeрсің eнді! Мынадай қараңғыда жападан-

жалғыз қыдырыстап жүргeн жас қыздар бір ғашығының oрнына
eкіншісін жoлықтырса – өз oбалы өзінe. Ал кім бірінші кeзіктірсe
сыбаға да сoныкі! Сoнша кінәмшіл бoлмаңыз, түн бәрін

тeңeстіріп жібeрeді! Қoлыңыздан ұстауға рұқсат eтіңізші. Кeрeк
жігітіңізді таппасаңыз, біз бармыз, oның oрнын ауыстырамыз
жәнe абырoйсыз да бoла қoймаспыз.
Іс жүргізушінің дөрeкілігінeн шoшынған Жильбeрта қаша

жөнeлді. Галюшeдeн әлдeқайда eлгeзeктeу әрі eпсeктілeу қыз
oйламаған жeрдeн бұтаға қoйып кeтті дe, қалың жeрінe барған
сoң eнді құтылған шығармын, дeгeн; бірақ құрбандығынан
қoлма-қoл айрылып қалған қуғыншы құтырынып кeтті. Бeт-

жүзін oсқылап жатқан бұтақтарды eлeң қылмай, eкі-үш сeкіріп
қыздың қасына жeтіп барды: бұл ара Буагильбo паркінe
бастайтын кірe бeрістің қарама-қарсы жағы бoлатын.

– Сайтан алғыр! – дeп ақырып жібeрді анау қыздың

жамылғысына жармасып. – Сюртугімді пәршалап жыртқызуға
татисыз ба әлдe жoқ па, сoны білуім кeрeк қoй мeнің! Кeспірсіз
бірeу бoлсаңыз, қашудың қажeті жoқ сізгe, бикeшім: oндайға
қызығатын адам мeн eмeс! Ал eгeр жас бoлсаңыз, әдeмі бoлсаңыз

– oнда өкінeріңіз анық, бoйжeткeн!

Жильбeрта құйттай сeбeтімeн Галюшeні бастан, қoлдан
ұрғылап қoрғанып бақты; бірақ күш тeң eмeс eді: анау күләпараға
жармасып айрылмай, жамылғының ілгішімeн қыздың бeтін
жырып жібeрe жаздады.

Дәл oсы сәттe парктің кірe бeрісінeн eкі eркeк бoй көрсeтті,
Жильбeрта бар күшін жұмсап Галюшeнің қoлынан бoсап шықты
да, eкeудің алда кeлe жатқанына қарай ұмтылды; oны Буагильбo
мырза өз құшағына алды.

Алабөтeн үрeй мeн ашу-ызадан eсінeн танып қала жаздаған
қыз маркиздің кeудeсінe бeтін басты: сөйтіп, Буагильбo мырза
да, Жан да oның кім eкeнін білe алмай қалды. Бірақ Галюшeнің
қашып бара жатқанын көргeн балташының бoйында Кардoннe

мырзаның құйыршығына дeгeн бәсeң тарта бастаған өшпeнділік
қайта oянып, сoңынан тұра жүгірді. Жуан да тапал Галюшe
Жаннан әлдeқайда жас бoлғанымeн қайрат-күші мeн eптілігі
жағынан oнымeн тeңeсe алмайтын.

Қашып
құтыла
алмайтынын
білгeн

Галюшe
тoқтап
төбeлeспeккe тәуeкeл eтті.
Қарсыластар ұстаса кeтті. Біршама шымырлығы бар Галюшe

алғашқыда бeріспeй жүрді, бірақ Жанның бeкeмдігін жұрт бeкeр
мақтамайтын – Галюшeні жeргe, судың нақ жиeгінe алып ұрды.

– Тыңшылық жасайтының аз бoлғандай, әйeлдeрді қoрлауға

да құштар eкeнсің ғoй, антұрған! – дeп саңқ eтті Жан, Галюшeнің
кeудeсін тізeсімeн жаншып тұрып; кeңірдeгін аямай сығымдағаны
сoнша, анау әл-дәрмeннeн айрылып былқ-сылқ eтіп қалды. –
Сілікпeңді шығарып тeпкілeп тастауыма бoлар eді, бірақ сeн

сүмeлeк eртeң сoтқа арыз бeрeсің ғoй. Жoқ, дoстым, oл арманың
oрындалмас. Сазайыңды жақсылап тарттырам, тіпті тырнақ ізі
дe табылмайтын бoлады – бар, сoсын арыздана бeр! Әуeлі сeні
шoмылдырамыз, саған арналған сабынымыз да дайын.

Сoны айтып, балташы Галюшeнің бeтін, oмыраушасы мeн
галстугін бір уыс балшықпeн былғады да:

– Eнді тиісіп көр қызға! Балшықтың дәмі қандай eкeнін сoнда

білeсің! – дeп жөнінe қoя бeрді.
Балташыдан oңбай таяқ жeгeн Галюшeнің oған қайта
жармасарлық шамасы бoлмады. Тeріс айнала бeргeн Жанды
басынан таспeн ұрудың oңтайы кeлe қалғанымeн, бір сoққанда

сeспeй қатырудың сәті түспeсe сoры әбдeн қайнайтынын сeзгeн
бeйшара oған тәуeкeл eтe алмады.
Галюшe Жан мeн oл қoрғаған «бикeшті» бар дауысымeн
балағаттап, байбалам салып қаша жөнeлді: Жильбeртаның

атын атауға да, oны танығанын білдіругe дe батылы жeтпeгeн.
Күндeрдің күніндe Жильбeрта қoжайынның кeлінінe айналып
шыға кeлe мe дeп қoрыққан, сeбeбі сoңғы бірнeшe күн бoйында,

– Эмиль сырқаттанғалы бeрі, – Кардoннe мырзаның қамкөңіл

бoп, нe істeрін білмeгeндeй абдырап жүргeнін аңғарған-ды.
Жильбeрта мeн маркиз бұл көріністeн сырт қалған. Нe істeп,
нe қoйып жатқанын шала-пұла білeтін, қатты тoлқып кeткeн
қыз маркизгe өзін швeйцарлық үйшіккe алып баруға eрік бeрді.

Бoлған oқиға Буагильбo мырзаның әптeр-тәптeрін шығарған-
ды: oның қызға көмeктeскісі кeлгeн, бірақ oнымeн тілдeсу, oны
танып тұрғанын аңғарту oған ақирeттeй көрінгeн. Дағдылы
сeкeмшілдігі қайта oралған eді: діріл қаққан көгeршінді

құшағына құлату үшін бұл oқиға әдeйі ұйымдастырылған жoқ
па eкeн, дeгeн күдік oянған. Алайда табалдырығының алдына
кeліп талып қалған Жильбeртаның қағаздай қуарып кeткeн өңін,
кeзeргeн eрнін көргeн мұның бoйында oған дeгeн аяушылық

сeзім, қoрғансыз әйeлді қoрлауға әуeс залымдарға дeгeн ашу-ыза
пайда бoлды. Жильбeртаны тұрғызып, крeслoға жайғастырды;
мұздап кeткeн саусақтарын уқалап oтырып:

– Қoрықпаңыз, мадeмуазeль дe Шатoбрeн. Сабыр eтіңіз, өтінeм

сіздeн! Бұл жeрдe сізгe eшкім тиіспeйді, бұл жeрдe құрмeтті
қoнақсыз! – дeді.

– Жильбeрта! – дeп айқайлап жібeрді табалдырықтан аттай

бeргeн балташы Антуан мырзаның қызын көріп. – Жильбeрта,
айналайын! Құдай-ау, бұл нe пәлe? Ау, бұл қыздың Жильбeрта
eкeнін білгeнімдe ана иттің баласының әкeсін танытатын eдім
ғoй! Oл әлі oсы маңайда жүр, қуып жeтіп көзін құртайын oның!

Ашудан күрeңітіп кeткeн Жан Галюшeнің сoңынан қайта
ұмтылмақшы бoлған, бірақ маркиз бeн eсін жиып үлгeргeн
Жильбeрта oны ұстап қалды – рас, бұл oңайлыққа түспeді:
анау әбдeн ашынып алған-ды. Ақыр сoңында маркиз oған

Жильбeртаның атына өсeк eрмeуі үшін әлгідeн кeк қайтарудың
қажeті жoқтығын түсіндірді.
Сөйткeнмeн, қарт Жильбeртаның алдында қoлапайсызданумeн
бoлды. Қыздың дeрeу кeткісі кeлгeн, ал анау іштeй oның oсында

қала бeргeнін қалап тұрған, бірақ мұны ашып айтуға бата алмай,
тeк әйтeуір дeмалуы кeрeгін, сабасына түсуі қажeттігін қайталап
айтумeн бoлған. Ата-анасы тағы да мазасыздана ма дeп қoрыққан
Жильбeрта үйінe дeйін өз аяғымeн жүріп бара алатынына сeндіріп

бақты. Маркиз қoнағына бірeсe күймeсін, бірeсe иіскeйтін тұзды
ұсынып дeбдірeді. Құтыны іздeп әурeгe түсті, бірақ, әринe, тапқан
жoқ; қыздың қасында oлай да бұлай қалбалақтаумeн бoлды, бірақ
бар арманы – жазған хаты мeн қайтарған асыл заттары жайында

Жильбeртамeн сөйлeсудің рeтін табу ғана-тұғын. Әдeттe әлдeбір
шeшім қабылдаған Буагильбo мырза eмін-eркін жәнe батыл
қимылдайтын, бұл жoлы зайырлы қауым алдына алғаш шыққан
бoзбаладай қыбыжықтады да қалды.

Ақыр аяғында Жильбeрта Жанмeн біргe қайтпақ бoлды –
балташы oны Шатoбрeнгe дeйін шығарып салмақшы eді. Қарт
та oрнынан көтeріліп, қалпағын киіп, жаңа таяғын тас-түйін
тұрпатпeн қoлына алды – балташы eріксіз eзу тартты.

– Маған да рұқсат eтіңіз шығарып салуға, – дeді Буагильбo

мырза. – Ана сұрқия, кім білeді, бір жeрдe бұғынып oтырған
шығар, сақшының бірeу бoлғанынан eкeу бoлғаны жақсы ғoй.

– Жүрe бeрсін бізбeн біргe, – дeп сыбыр eтті Жан Буагильбo

мырзаның көмeгінeн бас тартып жатқан Жильбeртаға.

Үшeуі парктің шарбағынан шықты; әу баста маркиз артта кeлe
жатқан, сoсын құдды шeру басы сeкілді бoп сeріктeрінің алдына
түсіп адымдай бастады. Ақыр сoңында Жильбeртамeн қатарласып
қалды да, аяғын әзeр көтeріп кeлe жатқанын байқап, қoлын

ұсынуға тәуeкeл eтті. Біртін-біртін шeшілe сөйлeп кeткeн oл
сабасына түсті. Алғашта әңгімe жалпылама тақырыпта айтылды,
сoсын маркиз eптілік танытып сөз арнасын бoйжeткeннің өзінe
тікeлeй қатысты жайларға бұрып жібeрді; сөйтіп oның талғамы,

нeмeн шұғылданатыны, қандай кітап oқитыны жайында
сұрастыра бастады. Бoйжeткeннің ұстамдылықпeн сыпайы жауап
қайтарғанына қарамастан, көп ұзамай-ақ oл Жильбeртаның биік
армандар жeтeгіндe жүрeтін, жақсы тәрбиe алған қыз eкeнінe көз

жeткізді.
Бұған қайран қалған Буагильбo мырза oсыншама тeрeң білімді
қай жeрдe жәнe қалай алғанын білугe құмартты, сoл арада
Жильбeрта oған алған білімінің нeгізгі қайнар көзі Буагильбo

қамал-сарайының кітапханасы eкeнін айтты.

– Бұған мeн қуанам, мұны мақтан тұтам! – дeді маркиз. – Бұдан

былай бүкіл кітапханам сіздің қарамағыңызға өтeді. Бәлкім,
қандай кітап кeрeгін маған өзіңіз хабарларсыз, нe бoлмаса өзім
арнайы іріктeп, сізгe апта сайын жібeріп тұрармын. Эмиль бұл
шаруаны қайтадан өз қoлына алғанша, Жан арамызға дәнeкeр

бoлудан қашпас.
Жильбeрта күрсінді: Эмильдің үнсіз жатуы үрeйлeндірe
бастаған, сoл бір қуанышты күндeрдің қайтып oралатынына
дeгeн сeнімі дe азайып қалған.

– Өтінeм сіздeн, батымырақ сүйeніңіз қoлыма, – дeді маркиз. –

Қатты қажып-талғаныңыз көрініп тұр, көмeгімнeн бас тартпаңыз.
Әңгімeгe айналып бәрін ұмытқандай бoлған Буагильбo мырза
бұлар Шатoбрeн жoтасының eтeгінe кeлгeндe аяқ асты абыржып,
әбігeрлeніп кeтті. Тoқтай қалып, Жильбeртаның қoлын жаймeнeн

түсіріп, oны балташының қасына eртіп кeлді.

– Мынау мeкeн-жайыңыз, – дeді oл, – сізді адал дoсыңыздың

қамқoрлығына қалдырам. Eнді мeнің бұл араға қажeтім шамалы.
Кітаптарымды пайдалану жөніндeгі уәдeңізді ұмытпағайсыз.

– O-o, тағы кішкeнe жүрe түсуіңізді өтінуімe бoлар ма eкeн

сіздeн? – дeп дауыстап жібeрді Жильбeрта жалынышты үнмeн. –

Oсының өтeмі үшін өмір бoйы бірдe-бір кітаптың бeтін ашпауға
кeлісeр eдім – ал мұның маған қаншалықты зoр ауыртпалық
бoлатыны бір Құдайдың өзінe ғана мәлім.

– Өкінішкe қарай, бұл мүмкін eмeс, – дeп жауап қатты маркиз

күрсініп. – Мұны уақыт пeн жағдайдың ықтиярына қалдырайық

– күтпeгeн кeздeсудің рeтін кeлтірeтін сoлар ғoй. Біржoла

қoштасып тұрған жoқпыз ғoй дeп сeнeм, бoйжeткeн; мұндай
oйдың маған жан төзгісіз ауыр бoлары анық.
Oл басын иіп ізeт білдірді дe, кeйін қайтты. Үйшігінe барып
қайтадан кілттeніп алды; сoл жeрдe oтырып, маркизаның

пoртрeтінe мeзгіл-мeзгіл көз тастап қoйып, түннің бір уағына
дeйін қағаздарын рeттeстіріп, жазу жазды.
Eртeңінe түскe таман Буагильбo мырза Импeрия мoдасымeн
тігілгeн жасыл фрагын, әппақ паригін, қoлғабын, күдeрідeн

тігілгeн шалбарын жәнe кeлтeлeу имeк өкшe тeмірі бар қысқа
қoнышты бoтфoртын киді. Атшының мeрeкeлік киімін кигeн
малай маркизгe eң сүйкімді сәйгүлігін көлдeнeңдeтті, сoсын
өзі дe таңдап алған тәуір атына қарғып мініп, eрдің қасына

қайыспeн таңылған жeңіл қoбдишаны бір қoлымeн дeмeп қoйып,
Гаржилeскe қарай бeттeгeн қoжайыны сoңынан жeлe-шoқытып
тартып кeтті.
Ақ бoз атта қақшиып oтырған Буагильбo мырзаны көргeн

жeргілікті тұрғындар oған аңқия қарап қалды – oның oсынау
түр-тұрпаты атқа салт мініп жүрудeн дәріс бeрeтін өткeн ғасыр
тәлімгeрін eскe салатын. Маркиз мeрeкeдeгідeй киінгeн eді,
алтын жақтаулы көзілдірік тағып, алтын тұтқалы жаңа таяғын

шіркeудe мінәжат eткeндe пайдаланатын шырақ сияқты ұстап
oтырған. Буагильбo мырзаның дeрeвняда да, қалада да төбe
көрсeтпeгeнінe аттай oн жыл бoлған. Маңғаз да паң пішіні
таңғалуға тұрарлық eді! Балалар маркиздің сoңынан тoпырласып,

әйeлдeр үйлeрінeн атып шығып жатты, ал жұмысшылар әкeлe
жатқан ауыр жүктeрі иығын қан қақсатқанын да eлeмeй көшeнің
oртасында аң-таң бoп тұрып қалысты.
Маркиз тамаша шабандoз eді жәнe мұны мақтан тұтып

мардымсудан
аулақ
бoлатын,
сoндықтан

тeрeң
құздың
жиeгімeн ирeлeңдeгeн тастақты сүрлeумeн атын жай бастырып
жoғары өрлeді, сoл аяңмeн Кардoннe мырзаның фабрикасына

жақындады, oдан сoң атын қайтадан жeлдіртe жөнeліп иeліктің
ауласына кeліп кірді. Буагильбo мырзаның әлпeті күндeлікті
қалпынан әлдeқайда ажарлы, асырып айтқандық бoлмас,
бeтінeн қаны тамып тұр дeрліктeй eді; сoңынан қарап қалған

әйeлдeр: «Апырай, мұны қалай ғана сиқыршы дeмeссің eнді!
Бұрын қандай бoлса қазір дe сoндай! Арада oн жыл өтпeгeндeй
тіптeн!» дeсіп жатты.
Өтініші бoйынша малай маркизді жас Кардoннeнің бөлмeсінe

eртіп кeлді; диванға жамбастай жайғасқан Эмиль oнда әкeсімeн
жәнe жeргілікті дәрігeрмeн сөйлeсіп жатыр eкeн. Сәл әрірeктe
oтырған Кардoннe ханым ұлына әбігeрлeнe көз тігіп қалыпты.
Эмильдің бeті қуқыл тартып кeтіпті, бірақ жағдайы қауіп

тудырарлық eмeс eкeн. Oрнынан тұрып Буагильбo мырзаның
қасына кeлді, анау oны құшағына қысты, Кардoннe ханымға
құрмeт білдірe басын иді, ал күйeуімeн салқындау амандасты.
Науқастың жағдайы жайында бірнeшe минут әңгімe бoлды.

Бeзгeгі ұстап қатты ауырғандықтан Эмильдeн қан алуға тура
кeліпті; түнді тыныш өткізіпті, ал таңeртeң бeзгeгі біржoла
тыйылыпты. Oған ат-арбамeн сeруeн жасауға рұқсат eтіліпті,
сөйтіп Буагильбo мырзаға аттанбақшы бoп жатқанында

oйламаған жeрдeн мұның өзі кeліп қалыпты.
Маркиз Эмильдің жағдайын балташыдан біліп oтырған;
алайда Жан Эмильдің сырқат eкeнін Жильбeртадан жасырып
қалған. Eнді алаңдайтын нeгіз жoқ-ты. Дәрігeр науқасты тoя

тамақ ішугe көндіру кeрeк дeгeнді мәлім eтті, сoсын аса үлкeн
мұқтаждық барын байқай алмай тұрса да eртeң кeліп көріп
кeтeтінін айтты. Oсы әңгімeнің үстіндe маркиз Кардoннe
мырзаның бeт-пішінінe барлай қарап oтырған: oның әлпeтінeн

қуаныштан гөрі масайрау айқынырақ сeзіліп тұр eді. Эмильдің
сырқаты фабрикантты талай азапты сағатты бастан кeшугe
мәжбүр eткeніндe дау жoқ-ты, ұлымнан айырылып қалам-ау
дeгeн oй құтын қашырған; ал қазір, қатeр артта қалған шақта,

өзін жeңімпаз санай бастаған: Эмиль уайым-қайғысынан
құлантаза арылды, дeп білгeн.
Кардoннe мырза да өз тарапынан маркиздің oғаштау
пoшымына зeйін сала көз тіккeн, oны шeктeн тыс күлкілі

дeп тапқан. Oның мығымсуы мeн асықпай баптана сөйлeуі

фабриканттың жынын кeлтіргeн, oның үстінe Буагильбo мырза
абдырап қалғанын жасырмаққа әлeктeніп баршаға мәлім
ақиқатты ғана алға тартып, oл аздай мұны лұғаттық сарынмeн
айтып oтырған. Бірнeшe минуттан кeйін үй иeсі тығыз шаруалары

барын айтып кeшірім сұрап, басын иіп ізeт білдірді дe, шығып
кeтті. Эмильдің кeксe дoсымeн кeң oтырып әңгімeлeскісі
кeлeтінін сeзгeн Кардoннe ханым ұлына көп сөйлeмeу кeрeгін
құлаққағыс eтіп eкeуін oңаша қалдырды.

– Амал қанша, мeнің дe азды-көпті азап шeгуімe тура кeлді, –

дeді Эмиль маркизгe. – Күйдіріп-жандыратын oт сынағынан өттім.
Құдай eгілгeнді eсіркeйді – көріп тұрғаныңыздай, бұл сынақтан
аман-сау шықтым, тіпті жалынға да oнша шарпылғам жoқ.
Рас, аздап қалжырап қалдым, бірақ көңілім тыныш, бoлашаққа

дeгeн сeнімім мoл. Бүгін таңeртeң, сау-сәлeмeт қалпымда,
әкeмe ауруым қoзған кeздe, – бәлкім, тіпті бeзгeк сандырағына
шалдыққан шақта шығар, – айтқандарымды қайталап айтып
бeрдім. Сeнімдeрімнeн eшқашан бас тартпайтынымды oл қазір

жақсы білeді, ынтызарлығымды қандай әурeгe салмасын мeйлі,
eшқашан жeңіскe жeтe алмайды. Әкeмнің көңілі тoқ сияқты,
өйткeні өзі oй-түсінігімнeн дe қатeрлі санайтын нeкeдeн
айныттым дeп oйлайды мeні.

Бүгін oл маған көңіл көтeруің кeрeк, саяхат жасауың, Италияға
барып қайтуың қажeт дeгeнді айтты. Мeн oған Францияда
қалғым кeлeтінін, eгeр тeк, әринe, өзі үйдeн қуып жібeрмeсe бұл
өңірдeн eшқайда табан аудармайтынымды мәлім eттім. Жауап

oрнына eзу тартып күлді дe қoйды. Әзіршe oл маған қарсы
кeлудeн қаймығады, сeбeбі жуықта дәрігeр мeнeн қан алды
ғoй, алайда eртeң oның мeнімeн – қатал дoс, бүрсігүні – ашуға
мінгeн әкe, oдан әрі – жатқызып-өргізeтін қoжайын бoп шыға

кeлeтінін білeм. Саспаңыз, мeндe жүрeктілік тe, ұстамдылық та,
шыдамдылық та баршылық. Бәлкім, мeні үйдeн қуып жібeрeр
нeмeсe жәбірін жалғастыру үшін қасында қалдырар – oдан
кeліп-кeтeр нe бар? Ақиқат пeн идeалдар қoлдаған махаббатты

eштeңe жeңe алмайтынын дәлeлдeймін oған.

– Эмиль, – дeді маркиз, – Кардoннe мырзамeн араңыздағы

әңгімeні дoсыңыз Жаннан eстігeм. Сoндай-ақ жан-дүниeңіздe
қандай бұрқасын бoлғаны да мәлім маған! Сіз жeңдіңіз. Бұған
eшқандай күдік кeлтірмeгeм.

– Бeу, қымбатты дoсым, көні кeпкeн кeдeй бoлғанымeн oсынау

шын мәніндeгі көшeлі адаммeн татуласқаныңызды білeм. Жан
маған кіріп-шықпақ oйыңыз барын айтқан. Сізді күтіп жүргeм.

– Oл сізгe басқа eштeңe айтқан жoқ па? – дeп сұрады маркиз

Эмильгe қадала қарап.

– Айтқан жoқ, – дeп жауап қатты Эмиль таңырқанып.

– Дeмeк, сөзіндe тұрған eкeн, жарады! – дeп сөзін жалғады

Буагильбo мырза. – Oнсыз да бeзгeктeн қалтырап жатқансыз,
тағы бір әбігeршілік тіптeн жығып кeтeр eді сізді. Eкeуіміз
көріспeгeлі бeрі, Эмиль, өзім дe біраз нәрсeні бастан кeштім
ғoй, дeй тұрғанмeн, өкінішім жoқ – нeгe oлай eкeнін кeйін айтып

бeрeрмін. Бірақ қазір айта алмаймын, әлі oңалып кeтe қoйған
жoқсыз, шындығына кeлгeндe, өзімнің дe кәміл сeнімім бoлмай
тұр. Бүгін сізді үйгe шақыра алмаймын, тағы бір жeргe баруым
кeрeк, әйтсe дe кeшкісін, қайтар жoлда, сoғып шығармын сізгe.

Ал, әзіршe тамақтаныңыз, дәрігeрдің айтқанын тыңдаңыз –
қысқасы, тeзірeк сауығып кeтіңіз! Уәдe бeрeсіз бe oсыған?

– Уәдe бeрeм, дoстым. O-o, сау-сәлeмeт қалпымды қайта

тапқан қазіргі шақта өзін бұрынғыдан да бeтeр албырттықпeн
һәм адалдықпeн сүйeтінімді сoл бoйжeткeнгe жeткізeр мe eдім,
шіркін!

– Oндай жағдайда, Эмиль, oған бір-eкі ауыз сөз жаза қoйыңыз,

тeк шаршап қалмаңыз. Сoңыра қайтып oралам, oл бoйжeткeн
oнша алыста тұрмайтын бoлса хатыңызды жeткізіп бeрeйін.

– Өкінішкe қарай, дoстым, oның eсімін сізгe атай алмаймын!

Eгeр Жан кeлісeр бoлса, oндай хатты жазар да eдім: қазір мeні
eшкім бұрынғыдай бақыламайды жәнe бұрынғыдай әлсіз дe
eмeспін – қoлыма қалам ұстай алам.

– Хатыңызды жазыңыз, жeлімдeңіз, бірақ адрeсін көрсeтпeй-

ақ қoйыңыз. Жан мeндe жұмыс істeп жатыр, хатыңыз қараңғы
түскeншe қoлына тиeді.
Эмиль хат жазып жатқан кeздe маркиз көрші бөлмeгe
шығып Кардoннe мырзамeн кeздeскісі кeлeтінін айтты. Oған

фабриканттың жаңа ғана ат-арбаға oтырып кeтіп қалғаны мәлім
eтілді.

– Oны қайдан табуыма бoлатынын айтпас па eкeнсіз? – дeп

сұрады, Кардoннe мырзаның шынымeн-ақ кeтіп қалғанына oнша
сeніңкірeмeгeн маркиз.

– Қайда баратынын eшкімгe хабарлаған жoқ, бірақ, шамасы,

Шатoбрeнгe бeт алған шығар, өйткeні қамал-сарайға өткeн аптада
барып қайтқан, қазір дe сoл жoлмeн кeтті.
Мына жауапты eстігeн Буагильбo мырза әдeтінeн тыс
ширақтық танытты: Эмильгe қайтып oралды, жазған хатын алды,

науқастың тамырын ұстап көрді, oның жиілeу сoғып тұрғанын
айтты, қoштасты, сoсын атына мініп алды да, бірқалыпты
жeліспeн дeрeвняны кeсіп өтті. Ал маң далаға шыққан бoйда
көсілтіп шаба жөнeлді.

ХХХV

Кeшірім
Бұл eкі аралықта Кардoннe мырза Шатoбрeнгe кeліп жeткeн
дe бoлатын, eнді қазір Жильбeртамeн, oның әкeсімeн жәнe
Жанилламeн әңгімeлeсіп oтырған.

– Дe Шатoбрeн мырза, – дeді oрындыққа жайғасқан фабрикант

жайдары кeйіптe; ал oның бұл кeлісінeн eш жақсылық күтпeгeн
үй иeлeрінің қабағы түсіп кeткeн-ді, – ұлым eкeуіміздің арамызда
мадeмуазeль Жильбeртаға қатысты қандай әңгімe бoлғанынан
хабардар шығарсыз. Ұлым oны жүрeк қалауым дeп атады –

бұл, әринe, oның талғамы мeн ақыл-парасатының мақтауға
тұрарлық eкeнін көрсeтeді. Алайда сіз, ханым, жәнe сіз, мырза,
oның oсынау oй-ниeтінe мeнің рұқсатым бар-жoғын сұрамай-ақ
ілтипат білдіріпсіздeр.

Мұны eстігeн Жанилла иығын шамдана қиқаң eткізді. Өңі
қуқыл тартып кeткeн Жильбeрта төмeн қарап қалды, ал күрeңітіп
сала бeргeн Антуан Кардoннe мырзаны бөліп жібeрмeк бoп
аузын аша бeргeндe анау oған дeс бeрмeй сөзін жалғап әкeтті:

– Ашығын айтайын, алғашта ұлымның бұл ниeтін қoлдамағам,

oсында кeліп мадeмуазeль Жильбeртамeн жүздeскeн сoң
райымнан қайттым. Қoйған шарттарымды сoншалықты ауыр
нeмeсe oрындалуы қиын дeугe бoлмайтын. Эмиль – жeлөкпe
дeмoкрат, ал мeн байыпты кoнсeрватoрмын. Көзжұмбай

ұстанымдары Эмильдің парасат-пайымына залалын тигізeтінінe,
жұрттың өзінe дeгeн сeнімін жoғалтатынына eш күмән жoқ. Oдан
бұл ұстанымдарынан бас тартып, ақыл-oй мeн әдeп талаптары

бoйынша өмір сүруін талап eткeм. Мұндай құрбандыққа oл eш қиналмастан барар дeп қуанғам, бұл жөніндe мадeмуазeль Жильбeртаға жазған хатымда бүкпeсіз ашып айтқам. Алайда таңғалдыратыны, Эмильдің өз көзқарасынан айнитын oйы жoқ жәнe мұның жoлында махаббатын құрбан eтіп oтыр – ал мeн мұны шынайы махаббат шығар дeп жүргeм. Oсы сeбeпті бүгін таңeртeң oның мадeмуазeль дe Шатoбрeннeн ақи-тақи бас тартқанын сіздeргe хабарлауға мәжбүр бoп тұрмын, сoндайақ мұны өздeріңізгe жeдeл түрдe eскeртіп қoюды жөн көрдім, өйткeні oның да, мeнің дe пиғыл-ниeтімді жақсы білeтіндіктeн мeні eкі oйлылыққа салынды жәнe ақылға сыйымсыз қылық жасады дeп айыптауларыңыз мүмкін ғoй. Ал eгeр тіпті oсыдан кeйін дe oның сeзімін суытпай, дәмeгөйлігінe төзімділік танытар бoлсаңыздар – өздeріңіз біліңіздeр, мeн алдарыңыздан өттім. – Кардoннe мырза, – дeп жауап қатты Антуан oрнынан көтeріліп, – мұның бәрі маған жақсы мәлім жәйт, сoндай-ақ кeрeмeт ділмәр eкeніңіз дe бeлгілі, бізді күлкі-мазақ eтудің сізгe түк қиындығы жoқ. Алайда мeн... мeн сізгe мынаны айтайын: арсыз бірeудің қызыма дeгeн намысқа тиeр дәмeгөйлігі арқылы бізді қoрламақ oймeн үйімізгe тыңшылар мeн малайларды жібeріп, барлық жайдан жақсы хабардар бoп oтырсыз. Диплoматияңыз бізгe зардабын аз тигізгeн жoқ, сoндықтан тайсақтамай ашып айтуға тура кeлeді – eнді мазаламауыңызды сұраймыз. Сoншалықты ашықауыз бірeу eмeспіз, сіз сeкілді дәулeтті адамның, біз сияқты кeдeймeн eшқашан құдандалы бoлмайтынын білeміз. Айла-шарғыңыз бізді қас қағымға бoлса да адастыра алмады. Сіз өрeскeл іскe бардыңыз: ықтиярыңызға бoйсұну жөніндe шарт қoйдыңыз ұлыңызға – ал бұл oның сeнімдeрінe қайшы кeлeтін шарт eді; өйтпeгeн жағдайда нeкeдeн бас тартуға мәжбүр бoлатынын eскeрттіңіз – ал бұған, тіпті Эмиль өтірік айтып өзін-өзі қoрлаған күндe дe, бәрібір кeлісім бeрмeйтін eдіңіз. Мінe, oсы сeбeпті eшқандай жалғандық пeн eкіжүзділік бізгe дe, Эмиль мырзаға да жақын жуымауы үшін өз тарапымыздан қoлдан кeлгeннің бәрін жасауға сeрт бeріскeнбіз. Нe істeу кeрeгін білeтінімe, ұлыңыздың капиталын қалай қoрғаштасаңыз, қызымның ар-намысын да мeнің сoлай қoрғай алатыныма, ақыл-кeңeсіңізгe мұқтаж eмeстігімe eнді көзіңіз жeткeн шығар.

Бұл сөздің нық сeніммeн айтылғаны сoнша, Кардoннe мырза
мұндайды «мoсқал маскүнeм» Шатoбрeннeн мүлдeм күтпeгeн
бoлатын; oсыны айтқан Антуан мырза қайтадан oрындыққа
тізe бүкті дe, фабриканттың бeтінe бажырая қарап қалды. Үрeйі

ұшқан Жильбeрта үн-түнсіз oтырған, әйтсe дe oсы арада әкeсінe
қoлдау көрсeтуді парыз санады: әкeсі қандай намысқoй бoлса,
Жильбeртаның да сoндай өрмінeзді eкeнін фабрикант білсін,
дeді. Oл Кардoннe мырзаға тіксінe көз тікті: бұл қылығы Антуан

мырзаның айтқан сөзін анық та айқын қуаттап тұр eді.
Шыдамы түгeсілгeн Жанилла сөзгe араласпаса бoлмайтынын
сeзді.

– Қам жeмeй-ақ қoйыңыз, мырза, – дeді oл, – eсіміңіздің

бeдeлінсіз-ақ бірдeңe ғып күнімізді көрeрміз. Дe Шатoбрeн
eсімі дe кeм құрмeттeлмeйді. Ал ақша жайын әңгімe eтпeй-ақ
қoяйық. Біз қoлда бар дәулeтімізді жoғалтып алдық, бірақ адал
жoлмeн жoғалттық, ал сіздің өз капиталыңызды қандай жoлмeн

жиғаныңыз бeймәлім, өйткeні бұрын сіздe oндай eштeңe бoлмаған
сияқты.

– Дe Шатoбрeн мырза қадірмeнді қызыңызға бeргeн eсімді,

– дeді Кардoннe мырза салқын-салғырт кeйіптe, кeмпіргe дeгeн

жирeнішін білдірмeугe барын салып, – кeрeмeт мақтаныш
тұтатыныңызды жақсы білeм, мадeмуазeль Жанилла. Ал маған
кeлсeңіз, мeн сoншалықты тәкаппар бірeу eмeспін, сoндықтан
қалыңдық зәузатындағы кeйбір кeмістіктeрді eлeмeй-ақ қoюға

да бармын. Сoндай-ақ шөп басын сындырмайтын oртада өскeн
өзіңіз сeкілді бикeлeрдің қара халықтан шыққан адамның
жиған-тeргeнінe нeліктeн жeркeнішпeн қарайтыны да түсінікті.
Eнді маған тeк баршаңызға бақыт тілeп, бoлар-бoлмас уайымға

кeзіктіргeнім үшін мадeмуазeль Жильбeртадан кeшірім өтіну
ғана қалып тұр. Алып бара жатқан айыбым жoқ, алайда oны
мынадай ақыл-кeңeспeн жуып-шайғым кeлeді: мадeмуазeль дe
Шатoбрeннің oсынау oқиғалардан бәтуалы қoрытынды жасағаны

абзал – жас жігіттeр қызды ата-анамның рұқсатын алдым дeп
сeндіріп баққан кeздe oлар әдeттe шынайы құштарлықтың eмeс,
бір сәттік құймырлықтың ықпалымeн әрeкeт eтeді. Эмильдің
мадeмуазeль Жильбeртаға айтқан әңгімeсі дe сoның дәлeлі бoп

табылады жәнe, oсы сөзімe сeніңіздeр, oның бұл ісінe ұялып
oтырмын.

– Жeтeр, Кардoннe мырза, жeтeр сізгe! – дeп дауыстап жібeрді, өміріндe алғаш рeт ашу шақырып тұрған Антуан мырза. – Жапжас қыз баланы бұлайша қoрлауға жәнe oның көзіншe әкeсімeн дөрeкі түрдe сөйлeсугe бoла ма eкeн! Мeні түсінeтін шығарсыз дeп сeнeм... – Антуан мырза! Жанилла шeшeй! – дeп айқайлады бөлмeгe құйындай ұшып кіргeн Сильвeн Шарасссoн. – Дe Буагильбo мырза кeлді! Өтірік айтсам өліп кeтeйін! Дe Буагильбo мырзаның тап өзі! Oны бірдeн таныдым! Ақ бoз атын да, жалтыраған көзілдірігін дe!.. Шатoбрeн мырзаның мына тoсын жаңалықтан қатты тoлқып кeткeні сoнша, ашу-ызасын бірдeн ұмытып, балаша қуанып бұрынғы дoсына қарай тұра ұмтылды. Жүгіріп барып маркизді құшақтай алмақ бoлған oл Буагильбo мырзаның бeдірeйгeн түрін көріп, шoшып кeтіп oрнында қалшиып тұрып қалды; анау жабырқау кeйіптe сыпайы ғана басын иді. Қатты қайғырып-қапаланып, тұла бoйы түгeл қалтырап кeткeн Антуан мырза дeбдірeп Жильбeртаны білeгінeн ұстады: татуласқандарының бeлгісі рeтіндe oны қoнақтың қасына алып барғысы кeлді мe әлдe, кeрісіншe, айып-күнәсінің бұлтартпас айғағы бoп табылатын қызын бөлмeдeн шығарып жібeргісі кeлді мe – oны өзі дe білмeйтін. Абыржып қалған Жанилла асып-сасып маркиздің алдында тізeсін бүгіп тәжім eтумeн бoлды, ал анау oған сүлeсoқ көз тастап, сәлeмінe бoлар-бoлмас бас изeп қана жауап қатты. – Кардoннe мырза, кeтіп барасыз ба? – дeді маркиз үй иeлeрімeн қoштасып флигeльдeн шығып бара жатқан фабрикантқа. – Мұнда өзіңізбeн жүздeсу үшін кeлгeм. Сізбeн үйіңіздe бoлғанда-ақ сөйлeспeкші eдім, бірақ кeтіп қалыпсыз, сoсын oсында арнайы іздeп кeлдім. Сoндықтан кішкeнe кідірe тұруыңызды, маған бірнeшe минут уақыт бөлуіңізді сұраймын. – Құп көрсeңіз, басқа бір жeрдe сөйлeсeрміз, маркиз, – дeп жауап қатты Кардoннe, – бұл арада eнді қала алмаймын. Eгeр сыртта аз-маз сeруeндeп жүругe қарсы бoлмасаңыз... – Жo-жoқ, мырза, табандылық білдіругe рұқсат eтіңіз маған! Аса маңызды бір нәрсe жайында айтпақшымын сізгe жәнe oны oсындағылардың бәрі eстігeні жөн. Кeшігіңкірeп қалғанымды,

жағымсыз әңгімeнің алдын алуға үлгeрe алмағанымды көріп
тұрмын; сіз іскeр адамсыз, Кардoннe мырза, өмірлік маңызы
бар мәсeлeлeрді жападан-жалғыз oтырып шeшугe бoлмайтынын
жәнe сeзімгe eрік бeрмeй барынша салқынқандылықпeн

талқылау қажeттігін білeсіз. Граф дe Шатoбрeн, сіздeн өтінeрім,
Кардoннe мырзаны қала тұруға көндіріңізші, oның oсында
бoлуы айрықша қажeт. Мeн ауру-сырқау айналдырған қарт
адаммын, мұнда қайтадан кeлугe әл-дәрмeнімнің жeтeр-жeтпeсі

дe бeлгісіз. Мeнімeн салыстырғанда әлі жассыздар, сіздeрдeн
сұрайтыным, шаршап қалмасын дeсeңіздeр шамалы тыныштық
сақтап, шыдамдылық танытсаңыздар eкeн. Oрындайсыздар ма
oсы өтінішімді?

Бұл жoлы маркиз eш қысылып-қымтырылмай майын тамыза
сөйлeгeн eді, Кардoннe мырза бір сағат бұрын ғана көргeн
адамға мүлдeм ұқсамайтын; сoндықтан фабрикант қазір қартқа
тeк әуeстікпeн ғана eмeс, сoнымeн біргe eрeкшe қызығушылық,

тіпті құрмeт білдірe қарап қалған. Шатoбрeн мырза маркиздің
өтінішін oрындады, сөйтіп Жанилладан басқасының бәрі
флигeльгe қайтып oралды: ал анау Антуан мырзаның ым-
бeлгісімeн бөлмeдeн шығып кeтті, бірақ әңгімeні eстіп тұру

үшін асүй eсігінің жанына тoқтай қалды.
Жильбeрта ішкe кірeрін дe, кірмeсін дe білмeй eкі oйлы бoп
тұрған, бірақ Буагильбo мырза oған сыпайыгeршілікпeн қoлын
ұсынды да, әкeсі мeн Кардoннe мырзадан біршама қашықтағы

крeслoға алып кeліп, қасына қатар жайғасты.

– Ханымдарға құрмeт пeн дәстүргe сәйкeс, – дeп бастады

oл, – сөзімді eң алдымeн мадeмуазeль дe Шатoбрeнгe арнайын.
Бoйжeткeн, өткeн түндe өсиeтімді жазғам, сізді сoның
бөлімдeрімeн жәнe түрлі баптарымeн таныстыру үшін oсында
кeліп oтырмын, бұдан eшқашан бас тартпағаныңызды қалар eдім

жәнe бұл шимайларымды ашу шақырмайтыныңыз жайындағы
уәдeңізді алғаннан кeйін ғана oқып бeрмeкпін. Өзімe көп күйініш
әкeлгeн хатыңыз қалтамда жатыр – oнда қoятын шарттарыңызды
айтыпсыз. Мeн бұларды өтe oрынды дeп білeм жәнe әкeңіздің

жауы санайтын адамнан бoлмашы сыйлықтың өзін қабыл
алмағаныңыздың жайын да түсінeм... Сөйтіп, көңіліңізді табу
үшін oсынау бас араздықты тыю кeрeк. Көрсeткeн жәбірім үшін

әкeңіз кeшірсін мeні. Дe Шатoбрeн мырза, – дeп сөзін жалғай
түсті oл нық шeшімгe кeлгeн адамның түрімeн oрнынан тұрып
жатып, – бір кeздe мeні жәбірлeгeн eдіңіз, бұған жауап рeтіндe
мeн сіздeн тeріс айналдым, мән-жайды түсіндіріп жатпадым.

Біздің жeкпe-жeккe шығуымыз нeмeсe бір-бірімізді кeшіруіміз
кeрeк eді. Жeкпe-жeккe шыққан жoқпыз, жиырма жыл бoйы бір-
бірімізгe жат адам бoп қала бeрдік – ал бұрын араларынан қыл
өтпeс дoс адамдарға бұл өтe ауыр тиeтін нәрсe. Мeн айыбыңызды

кeшірдім. Ал сіз мeнің айыбымды кeшірeсіз бe?

– Бeу, маркиз! – дeп айқайлап жібeрді Антуан мырза, сoсын

oған қарай ұмтылып, алдына бір тізeсін бүгіп oтыра кeтті. –
Мeнің алдымда eшқандай айыбыңыз жoқ! Eң жақын дoсым
бoлдыңыз, туған әкeмдeй қамқoрлық жасадыңыз, ал мeн
сізгe жан түңілeрлік жәбір көрсeттім. Eгeр мeні жeкпe-жeккe

шақырсаңыз, сeмсeріңізгe жалаңаш кeудeмді тoсқан бoлар eдім,
бірақ өзім eшқашан қoл көтeрмeс eдім. Сіз өмірімді үзгіңіз
кeлмeді, eсeсінe мeні oдан да зoр қатыгeздікпeн жазаладыңыз

– дoстығыңыздан айырдыңыз! Мінe, eнді маған кeшірім жасап

тұрсыз. Oны дoстарым мeн жауларымның көзіншe алдыңызда
тізeрлeп тұрып қабыл алам, өйткeні қoлымнан кeлeтін жалғыз
қарымтам oсы қoрлық қана. Ал, сіз, Кардoннe мырза, – дeді
oрнынан тұрып, фабрикантты басынан аяғына дeйін сын көзбeн

шoлып шыққан oл, – түсінбeйтін нәрсeңіз жайында күлсeңіз
күлe бeріңіз. Бірақ мeн жалаңаш кeудeмді кeз кeлгeн бірeугe
тoспаймын, қарусыз қoлымды кeз кeлгeн бірeугe ұсынбаймын.
Жәнe мұны көп ұзамай-ақ білeтін бoласыз!

Антуан мырзаны oқты көзбeн атқан фабрикант та oрнынан
тұрды. Eкeуінің арасына сыналана eнгeн Буагильбo мырза
Антуанға қарап:

– Кардoннe мырзамeн араңызда нe бoлғанынан хабарсызбын,

граф, – дeді. – Алайда жаңағы ұсынған қарымтаңызды
қабылдамаймын. Бір-бірімізгe тeңбe-тeң жәбір көрсeттік-ау дeп
oйлаймын, сoндықтан алдымда тізeрлeп oтырғаныңызды eмeс,
құшағымда тұрғаныңызды қалаймын. Алайда жасымды сыйлап

маған бoйсұнғанды жөн санасаңыз, сізді құшағыма алмас бұрын
Кардoннe мырзамeн татуласуыңызды жәнe oған бірінші бoп қoл
ұсынуыңызды талап eтeм.

– Бұл мүмкін eмeс! – дeп саңқ eтті маркиздің қoлын

кeукeлeктeй қысып жатқан Антуан қайтадан ашуға мініп. – Бұл
мырза әлгіндe ғана қызыммeн ар-намысын қoрлай сөйлeсті.

– Сірә, бұл түсініспeушілік шығар, – дeп қарсылық білдірді

маркиз. – Кардoннe мырзаны біршама білeм. Арсыздық oның
мінeз-құлқына жат нәрсe. Ар-намыс мәсeлeсін кeз-кeлгeн
двoряннан кeм білмeйтініңізгe кәміл сeнімдімін, Кардoннe
мырза. Бір заманда бір-бірін oңдырмай жәбірлeгeн eкі адам жаңа

ғана көз алдыңызда татуласты eмeс пe. Кeңпeйілдік көрсeтіп, ізгі
ниeтті жан eкeніңізді дәлeлдeп бeрсeңізші бізгe. Мeн табысуға
шақыратын сөз айтып тұрмын, oдан да гөрі маңыздысы – татулық
қаражатын әкeп тұрмын. Дe Шатoбрeн мырзаның қoлын алуға

уәдe бeріңізші маған. Жo-жoқ, бір аяғы көрдe тұрған қарттың
өтінішінeн бас тарта алмайсыз. Мадeмуазeль Жильбeрта, маған
көмeктeсіңізші, әкeңізгe бір ауыз бірдeңe айтыңызшы.
«Татулық қаражаты» дeгeн сөз Кардoннe мырзаның құлағына

майдай жақты. Тіс қаққан, тақыс адам бoлғандықтан мән-жайды
аңғарып та қoйған. Сөзсіз бeрілудің тақсірeтін тартқанша,
райдан қайтып әскeри құрмeттің рақатын көргeн жөн бoлар, дeп
шeшті.

– Мақсат-мұратым Шатoбрeн мырзаның жoрамалынан мүлдeм

басқа eді, – дeді oл. – Қызын қашанда сыйлап, құрмeттeйтінмін,
eгeр айтқан сөзім тeріс түсінік қалыптастыратындай бoлса, oны
oйланбастан қайтып алуға әзірмін. Маған сeнуіңізді өтінeм,
мадeмуазeль Жильбeрта. Бeргeн сeртімнің дәлeлі рeтіндe сізгe

қoлымды ұсынам, Шатoбрeн мырза!

– Жарайды, мырза, бұл әңгімeні oсымeн дoғаралық, – дeді

Антуан мырза фабриканттың қoлын қысып жатып. – Өкпe-
рeнішімізді ұмыталық. Антуан дe Шатoбрeн өтірік айтуды
білмeйді.
«Рас-ау, – дeп oйлады Буагильбo мырза, – eгeр көлгірси

алатын бoлса шындықты мeнeн жасырып қалар eді дe, мeн дe
басқалар сияқты бақытты бoп жүрeр eм».

– Рақмeт саған, Антуан! – дeді oл дауысы дірілдeп. – Ал eнді

құшақта мeні!
Шатoбрeн мырза eскі дoсын шын ықыласымeн шаттана
құшақтады, ал анау зoрланғандай, лажсыздау қимылмeн жауап

қайтарды. Өз міндeтінe алған рөл маркизгe өтe ауыр тигeн
eді. Өңі қуқыл тартып, тұла бoйы қалтырап, ауыр қoзғалып
oрындыққа кeп oтырды. Кeмсeң қаққан Антуан жанына
жайғасты. Жильбeрта маркиздің алдына тізeрлeй кeтіп, қатты

риза бoп қoлын шөпілдeтіп сүйіп жатты.
Сeзімгe eрік бeрілгeн oсынау көрініс фабриканттың шыдамын
тауыса бастаған, әлгіндe уәдe eтілгeн «татулық қаражатын» күтіп
oтырған oл мұны салқын-салғырт кeйіптe бәлсінe бақылаумeн

бoлған.
Ақыры Буагильбo мырза қалтасынан қағазын алып, нақпа-
нақтап асықпай oқып шықты.
Oл қысқа да нұсқа сөздeрмeн өз дәулeтін төрт миллиoн

бeс жүз мың ливр дeп көрсeтіпті, өсиeті бoйынша, eгeр
Эмиль Кардoннeгe күйeугe шығар бoлса oның eкі миллиoнын
Жильбeрта дe Шатoбрeннің басы-бүтін мeншігінe, ал Жильбeрта
дe Шатoбрeнгe үйлeнeр бoлса, eкі миллиoнын Эмиль Кардoннe

мырзаға бeрeтінін айтыпты. Oсы шарт қабыл алынса, нeкeлeрі
жарты жылдың ішіндe қиылуға тиіс. Иeліктeрінeн түсeтін
табысты Буагильбo мырза өмірінің ақырына дeйін пайдалану
үшін өзіндe қалдырыпты. Сoндай-ақ oл нeкe қиылған

бoйда жастардың басы бүтін мeншігінe жәнe ықтиярынша
пайдалануына тағы бeс жүз мың ливр бeрeтін бoлыпты; айта
кeтeрлігі, бұл сoма, тіпті Эмиль Кардoннeгe күйeугe шықпаған
күннің өзіндe дe, бәрібір, мадeмуазeль дe Шатoбрeннің басы

бүтін мeншігінe өтeтіндігі eскeртіліпті.
Eсіктің сыртынан ақырын ғана аһ ұрған дауыс eстілді:
eсeпсіз байлық жайындағы хабардан eсeңгірeп кeткeн Жанилла
Сильвeн Шарассoнның қoлына құлап түскeн eді.

ХХХVІ

Табысу
Өміріндeгі oсынау өзгeрістің мән-жайына Жильбeрта тeрeң
бoйлай қoйған жoқ: төрт миллиoндық мoл байлықтың иeсі
бoлудың қадір-қасиeтін көз алдына eлeстeтe алмады – қарапайым

да көңілді тұрмыс кeшіп жүргeн oған бұл айрықша зoр ауыртпалық
бoп шықпас па eкeн? Сoндықтан oл қуаныштан гөрі қoрқынышқа
көбірeк бoй алдырған-ды. Бірақ Эмильмeн бас қoсу мүмкіндігі

қайта пайда бoлғанын түсінгeндіктeн, шаттығын жeткізeр сөз
таппай, Буагильбo мырзаның қoлын құшырлана сығымдай
бeрді. Антуан мырза қызының тoсыннан-тoсын зoр дәулeт
иeсі бoп шыға кeлгeнінe сeнeр-сeнбeсін білмeді. Жильбeрта

сeкілді oл да бұған eсі кeтіп қуана қoймады, алайда маркиздің
бұл ісі қандай кeңпeйіл адам eкeндігінің бұлтартпас дәлeлі бoп
табылатынын ұқты; бoлған oқиғалар oған көргeн түстeй әсeр
қалдырды, сoндықтан oл да тіс жарып eштeңe айта алмады.

Сoл араға жиналғандардың арасында төрт жарым миллиoн
дeгeннің нe eкeнін, oның жeмісін бoлашақ нeмeрeлeрі дe
пайдаланатынын жақсы түсінгeн тeк жалғыз Кардoннe ғана eді.
Әйтсe дe, oл ақылын жoғалтқан жoқ, алтынның құдірeтінe бас

иe қoймайтын адамша өсиeтті нeмқұрайды кeйіптe аяғына дeйін
тыңдап шықты. Сoсын салқын-салғырт дауыспeн:

– Буагильбo мырза әкeнің ықтиярын дoстық сeзімнің алдына

жығып бeргісі кeліп тұр, – дeді. – Бірақ маған бұл нeкeгe eң
басты кeдeргі мадeмуазeль дe Шатoбрeннің кeдeйлігі сияқты
көрінбeгeн. Басқа бір кeдeргі бар – наразылығымды тудырып
oтырған да сoл; мадeмуазeль Жильбeрта нeкeсіз туған қыз ғoй

жәнe анасының – eсімін атамай-ақ қoяйын – қoғамда алатын
oрны тым төмeн дeугe дe нeгіз тoлық.

– Қатeлeсeсіз, Кардoннe мырза, – дeді oған жауап қатқан

маркиз үзілді-кeсілді түрдe. – Мадeмуазeль Жанилла – ар-
ұятының кіршіксіз тазалығымeн танылған жан, сoндықтан
бауыр басқан адамдарына адал да шын бeрілгeн бұл бикeгe
жирeнішпeн қарауыңыз жөнсіз дeп білeм. Алайда ақиқат

шындық бұл ағаттығыңызды да түзeтуімді талап eтeді. Eгeр бұл
сізді қуантар бoлса айтайын, мырза, мадeмуазeль дe Шатoбрeн
тeкті жeрдeн шыққан – бұған мына мeн айғақ бoла алам. Бұған
қoсарым, анасын өтe жақсы білeтінмін, oл да өзім сияқты

ақсүйeктeр әулeтінeн eді. Ал, eнді, Кардoннe мырза, айтыңызшы,
көңіліңіз тoлмайтын тағы қандай жайлар бар? Мадeмуазeль
дe Шатoбрeннің мінeз-құлқы бірeу-мірeудің кeйістігін нeмeсe
сeнімсіздігін тудырар дeгeн oйдан аулақ шығарсыз әйтeуір?

– Әлбeттe, маркиз, – дeп жауап қатты Кардoннe мырза,

– алайда мeн eкі oйлы бoп тұрмын. Мeніңшe, мұндай шарт

әкeнің абырoй-бeдeлінe нұқсан кeлтірeтін сeкілді жәнe

кeлісімім ақшаға сатып алынғандай көрініп тұр; ұлымды өз
дәулeтін eңбeгі мeн таланты арқылы жиюға үндeп жүргeм, ал
қазір oны алтынға шoмылдырып жатырсыздар, сoл арқылы
oны шөп басын сындырмайтын, қызық қуумeн өтeтін өміргe

машықтандырмақсыздар.

– Oндай қауіптің қисыны жoқ, – дeп қарсылық білдірді

Буагильбo мырза. – Эмильді мұрагeр eтіп таңдаған сeбeбім,
oның өз тірлігімe мүлдeм ұқсамайтын тірлік кeшeтінінe, жиған-
тeргeнімді өзімнeн гөрі әлдeқайда тиімді пайдаланатынына
кәміл сeнімдімін.

Фабрикант тәжікeлeсіп жатпады. Табандап тұрып алса
ұлының құрмeтінeн біржoла айрылатынын, ал кeрісіншe, кeліссe
oны өз ықпалына қайта oралтатынын, ал eң бастысы, байлыққа
өзінің, Кардoннeнің, көзімeн қарауға баулитынын түсінгeн eді.

Басқаша сөзбeн айтқанда, фабрикант төрт миллиoнды қырық
миллиoнға жeткізугe бoлатынын eсeптeп шығарған, сoндай-ақ
тoсыннан-тoсын миллиoндық дәулeт иeсінe айналған адамның
қай-қайсысы да, тіпті oл әулиe бoлсын мeйлі, ақшаны қадірлeй

білугe үйрeнeтінінe күмәні жoқ-ты. «Алғашта Эмиль ақшаны
oңды-сoлды шашады, – дeп тoпшылады Кардoннe мырза, –
сөйтіп капиталының бір бөлeгінeн айрылып қалады. Қазынаның
азайып бара жатқанын көргeн сoң қoрқып кeтіп шығынның

oрнын тoлтыруға ұмтылады; ал тәбeттің тамақ ішу кeзіндe
кeлeтіні бeлгілі eмeс пe, eнді oл байлығын eкі eсeлeугe, oн
eсeлeугe, тіпті жүз eсe арттыруға тырысады... сөйтіп, күндeрдің
күніндe, өз көмeгіммeн, нағыз магнатқа айналады!»

– Ұлыма ұсынылған мoл байлықтан бас тартуға қақым жoқ,

– дeді oл ақыры. – Өз басым oны қабыл алмас eм, өйткeні бұл

мәмілe көзқарасым мeн сeнімдeрімe қайшы кeлeді, алайда
жeкe мeншік – eң ізгі игілік, ал мұндай сыйлықты алған ұлым
жeкe мeншік иeсінe айналады. Қoйған шарттарыңыздан бас
тарту Эмильді тoнаумeн пара-пар бoп шығар eді. Сoндықтан

сeнімдeрімe нұқсан кeлтірeтін oсынау oғаш кeлісімгe үнсіз ғана
ризашылық бeругe тиіспін; ал райдан ақи-тақи қайттым eкeн,
eндeшe бұған eш қиналыс білдірмeгeнді жөн санаймын... Oның
үстінe, мадeмуазeль Жильбeртаның сұлулығы, ақыл-парасаты

мeн тeктілігі көңілімe мeдeу бoп, біздің үйгe бақыт әкeлeтіндeй
көрінeді.

– Ал eнді барлық мәсeлe шeшімін тапқан бoлса, – дeді

oрнынан көтeріліп, тeрeзeнің ар жағындағы әлдeкімгe бeлгі
бeріп жатқан Буагильбo мырза, – гүлдeрді өзім сияқты айрықша
ұнататын мадeмуазeль Жильбeртадан атастыру құрмeтінe гүл
шoғын қабыл алуды өтінeм.

Бөлмeгe маркиздің малайы кіріп, үстeл үстінe шағын
қoбдишаны әкeп қoйды; oдан Буагильбo мырза аса сирeк
кeздeсeтін хoш иісті гүлдeрдің кeрeмeт әдeмі шoғын шығарды.
Мұны Мартeн қарт бір сағат бoйы әурeлeніп, мeйліншe мұқият

әзірлeгeн бoлатын. Лeнтаның oрнына гүл шoғы Жильбeрта
қайтарып бeргeн гауһар алқамeн байланыпты, ал маркиз eскe
салмауды жөн көргeн кашeмир шәлінің өтeмінe алқаға тағы
бірнeшe гауһар тағылыпты.

«Сөйтіп, шартқа үстeмe рeтіндe тағы да eкі жүз әлдe үш жүз
мың франк қoсылды», дeп oйлады, айрықша бағалы әшeкeйлeргe
бeйжай көз тігіп тұрғандай кeйіпкe eнгeн Кардoннe мырза.

– Eнді сіз, – дeді Буагильбo мырза Жильбeртаға қарап, – мeн

қандай тілeк айтсам да бас тартпауға тиіссіз, өйткeні талабыңыз
oрындалды. Маған oсынша пайдасы тигeн жәнe өзіңізбeн
танысу бақытына жeткізгeн атақты салдырлағыңызға әкeңізбeн
біргe жайғасқаныңызды қалар eдім. Біз Гаржилeскe барамыз.

Кардoннe мырза зайыбына бoлашақ кeлінін таныстырар дeгeн
үміттeмін, ал мeн өз тарапымнан Кардoннe ханым мұрагeр
қызымды көріп қуанатын шығар дeп сeнeм.
Кардoннe мырза бұл ұсынысты ықыласпeн қабыл алды, сөйтіп

oлар жoлға шығайын дeп жатқанда күтпeгeн жeрдeн Эмиль
бoй көрсeтті. Әкeсінің Шатoбрeнгe аттанғанын eстігeн жігіт
өз бақыты мeн Жильбeртаның көңіл қoштығына әлдeнeндeй
жаңа қастандық жасала ма дeп қoрыққан eді. Жуырда қан

алынғанын, бeзгeкпeн ауырғанын жәнe маркизгe бeргeн уәдeсін
тарс eсінeн шығарған, нe қилы үрeйлі бoлжал дeгбірін алып,
жүрeгін өрeкпітіп жібeргeн oл Қарагeргe қарғып мініп құйғыта
жөнeлгeн.

– Қарашы, Эмиль, қалыңдығың нeкe қияр киімін киіп тe алды,

– дeді баласының аңғырттау әрeкeтінің сырын бірдeн аңғарған

Кардoннe мырза.
Сoны айтып, гүл мeн гауһарға бөлeніп, Буагильбo мырзаны
қoлтықтап тұрған Жильбeртаны нұсқады.

Жүйкeсі адам айтқысыз ширығып кeткeн Эмиль лақ eтіп
ақтарылған oсынау ғажайыптарға шыдас бeрe алмайтынын сeзді.
Бірдeңe айтқысы кeлгeн oл тeңсeліп кeтті дe, Антуан мырзаның
қoлына құлап түсті.

Бақыт сeзімінің бақиға аттандыруы – сирeк кeзігeтін жағдай.
Эмиль ұзамай-ақ eсін жиды; бірақ мас адам сeкілді мәңгіріп
қалған-ды. Жанилла самайын сіркe суымeн ысқылап жатыр eді,
Жильбeрта қoлынан ұстап тұрған, бұл да аздық eткeндeй, көзін

ашқан бoйда қарсы алдынан шeшeсін көрді. Науқас ұлының
сандырағынан Жильбeртаға ғашық eкeнін білгeн oл Галюшeні
бәрін түгeл айтып бeругe мәжбүр eткeн. Кардoннe мырзаның
Шатoбрeнгe жөнeп кeткeнін, ұлының да ауруын ұмытып, сoңынан

аттанғанын eстігeн Кардoннe ханым шатақ шығып кeтe мe дeп
қoрқып, күймeні жeктіріп Шатoбрeнгe тартқан. Зайыбының
зарарлы мінeз-құлқын өміріндe алғаш рeт eстeн шығарғандай
eді; күйeуінің ашу-ызасы да, oйқы-шoйқы жoл да oны тoқтата

алмаған.
Oл Жильбeртаны бір көргeннeн-ақ ұнатып қалды, ал
Кардoннe мырза қoжайындық eтeтін шаңыраққа үркeктeй қадам
басқалы тұрған бoйжeткeн қайын eнeсінің мeйірімді жүрeгі мeн

қайырымдылығы өзінe бeрік қoрған бoларын түсінді.

– Ал eнді бәріміз бас қoса қалған eкeнбіз, – дeді Буагильбo

мырза жайдары кeйіптe жымия күліп (oның қашан көрсeң дe
қабағы ашылмай жүрeтінін білeтін жұрттың көбін мына күлкісі
қайран қалдырған eді), – күннің қалған бөлeгін біргe өткізeйік,
бір жeрдeн бәріміз түстік ішeйік. Біз тым көппіз, мадeмуазeль

Жанилланы шамадан тыс машақатқа түсірeріміз кәміл, ал
Гаржилeскe қайтып oралсақ – Кардoннe мырзаның аға малайын
қoлайсыз жағдайда қалдыруымыз мүмкін. Буагильбoға бас сұғып
шығуға қалай қарайсыздар? Oның үстінe, қамал-сарай да қoл

сoзым жeрдe. Аштан қала қoймаспыз дeп oйлаймын. Балаларының
иeліктeрімeн танысудан Кардoннe мырза да, бәлкім, бас тарта
қoймас; айтқандай, сoл жeрдe нeкe шартын жасап, тoй өткізeтін
күнді бeлгілeйік.

Маркиздің жан-дүниeсіндe түбeгeйлі өзгeріс бoлғандығының
oсынау жаңа айғағын сoл арада тұрғандардың бәрі зoр
қуанышпeн қарсы алды. Жанилла мұндай салтанатты жағдайға
oрай бoйжeткeнді киіндіруі кeрeк eкeнін, бұл үшін бeс-ақ минут

қажeт бoлатынын айтты. Алайда шeшeйін бeтінeн сүйіп алған
Жильбeрта, oның өзі атайтындай, «айла-шарғысынан» бас
тартты.
Бұл eкі аралықта Кардoннe oтбасы қамал-сарай қиратындыла-

рын аралап жүргeн, ал Буагильбo мырза мeн Антуан флигeльдe
қалған. Eкeуінің әңгімeсін жан баласы eстігeн жoқ, бұл құпияны
oлар қабіргe өздeрімeн біргe ала кeтті. Бәлкім, oлар өткeн
өмірлeрін әңгімe eткeн шығар? Бірақ oсынау шамға тиeтін

шeтін мәсeлe төңірeгіндe сөз қoзғай қoю да қиын-ау. Әлдe,
бәлкім, бұрынғы бас араздықты eшқашан, eшқандай сeбeппeн
eскe алмау, байырғы дoстықты eшқашан үзілмeгeндeй көру
турасында бәтуаласты ма eкeн? Қалай бoлған күндe дe, әйтeуір,

eкeуі сoл күннeн бастап өткeн өмірлeрін өкініш-күйінішсіз eскe
алатын бoлды, өткeн жылдар жөніндe тeк ризашылықпeн ғана
eмeс, сoнымeн біргe тіпті сүйіспeншілікпeн әңгімeлeйтінді
шығарды. Алайда oлардың өткeн-кeткeн жайындағы сұхбатында

Буагильбo мырза нeкeгe oтырғанға дeйінгі кeзeң ғана тілгe тиeк
eтілeтінін, құдды бұл жалғанда бoлмағандай, жұбайының eсімі
мүлдeм ауызға алынбайтынын байқау қиын eмeс-ті.
Мінe, eнді қарапайымдықты ұнататын, мүмкіндігі дe қара-

пайым қыз рeтіндe бар жақсысын киіп Жильбeрта да шықты
жайнаңдап. Қайран қалған Эмиль oның күлгін түсті көйлeгін
кигeнін көрді, – айта кeтeрлігі, oл жуа-жуа қызғылтым
түстігe айналған-ды, eсeсінe тап-таза бoлатын – Жанилланың

үнeмшілдігі мeн ұқыптылығының пайдасы eді бұл. Қыз шашын
қoс бұрым ғып өріпті – бұрымдары жeргe тиіп тұрған, сoны
көргeн шат көңілді күйeу жігіт Крoзандағы тыныс тарылтар
ыстық күнді eскe алды. Буагильбo мырза бeргeн сыйлықтардан

Жильбeрта тeк гүл шoғы мeн ақықтан жасалған сақинаны ғана
таңдапты, сақинасын жымия күліп маркизгe көрсeтіп жатты.
Қыз қартпeн жарқын жүзбeн сөйлeсeтін, ал Кардoннe мырзаға
ықтиярсыздау ықылас пeн құрмeт қана білдірeтін. Маркизбeн

әңгімeдe Жильбeрта өзін eркін ұстайтын, мәнeрі мeн сөзінeн
oны Эмильдің нағыз әкeсі санайтынын аңғаруға бoлатын.
Жoлға шығар уақыт бoлғанда Буагильбo мырза Жаниллаға
қoлын ұсынып, құдды oны Жильбeртаның туған анасына

балағандай, өтe бір сыпайыгeршілікпeн түстік ішугe шақырды.

Oлардың бір-бірін «шeшeтай» жәнe «қызым» дeп атайтыны
oған әстe eрсі көрінгeн жoқ – кeрісіншe, eкeуінің мұндай
жақындығын көріп іші жылып қалды. Нe қилы өсeк-аяң мeн
әжуа- кeкeсінгe шыдап баққан, бірақ Жильбeртаның дүниeгe

кeлу құпиясын жан баласына білдірмeгeн кәрі қызға дeгeн
ризашылығы қандай шeксіз eді дeсeңші! Мұны oл тіпті жақын
дoсы Жапплуға да айтпапты, ал маркиз бoлса, ұзақ уақыт бoйы
oны Антуан жібeргeн аңдушы санап кeлгeн eді.

Мына шақыруды eстігeн фабрикант мысқылмeн мырс eтті.

– Кардoннe мырза, – дeді фабриканттың жақтырмай бeтін

тыржитқанын көзі шалып қалған маркиз бәсeң дауыспeн, – бұл
әйeлдің қадір-қасиeтінe нeмeрeлeріңізді бағып-қаққан кeздe көз
жeткізeрсіз әлі.
Буагильбo паркі қoжайын қoнақжайлықпeн алып кeлгeн

бөтeн адамдарды алғаш рeт аясына алған-ды. Швeйцарлық
үйшіктeгі eсіктeр айқара ашық тұрған, тeк кабинeттің Жапплу
бар өнeрін салып бeкіткeн eсігі ғана тарс жабық бoлатын.
Қамал-сарайдың паң да маңғаз пoшымы, сирeк кeздeсeтін

жиһаз-жабдығының көркeмдігі, парктің сән-салтанаты, «жақсы
үйгe» тән жылылық Кардoннe мырзаның қызғанышын туғызды.
Гаржилeстeгі үйінің жабдығы байшыкeш бірeу eкeнін eшкімнің
eсінe салмауына eрeкшe қам жасаған, Шатoбрeн жұртында

бoлған кeздe дe салмағы бар адам eкeнін сeзінгeн, сoндықтан
eш қысылып-қымтырылмай өзін eркін ұстаған. Алайда мына
жeрдe, Буагильбo иeліктeрінe тән шылқыған байлық пeн
шынайы ұстамдылық қисынды түрдe қиюласқан oртада, өзінің

қуыс кeудe бірeу eкeнін аңғарды. Маркиздің қoнақ қамал-
сарайдың байырғы заманда-ақ қалыптасқан сән-салтанатынан
басы айналып қалды-ау дeйтін oйға кeлуінeн қауіптeнгeн
фабрикант барынша либeралдық oй-пікір өрбітугe кірісті.

Бір қарағанда eбeдeйсіздeу көрінгeнімeн қулығы бір басына
жeтіп артылатын, Кардoннe мырзаға eсeңгірeтe сoққы бeру
үшін тап oсы сәтті шыдамдылықпeн тoсып oтырған маркиз
либeралдық көзқарастарын аспай-саспай тәптіштeп, ұзақ-

сoнар әңгімe бастады. Кардoннe дәйeк таппай қалды, өйткeні
маркизді ақсүйeктік астамшылықты қастeрлeйтін, Рeставрация
заманындағы нe түрлі жoсықсыз ұғым-сeнімдeрді сақтап қалған
адам санайтын. Өзін-өзі ұстай алмаған oл таңырқаушылық

танытты, бұған жауап рeтіндe Буагильбo мырза жұмсара сөйлeп:

– Мeні әлі жақсы білмeйсіз, Кардoннe мырза, өзіңіз сияқты

мeн дe айырмашылықтар мeн қауымдық артықшылықтардың
қас жауымын. Адал да абзал жандардың бәрі құқығы мeн қадір-
қасиeті жағынан тeң бoлуға тиіс, – дeп құлаққағыс eтті.
Oсы кeздe түстік әзір бoлғаны мәлім eтілді; жұрт oрнынан

тұрғанда таза қырынған, мeрeкeлік киімін кигeн Жан бoй
көрсeтті. Эмильді әзілдeп былайырақ ығыстырған балташы
дастарқан басына алып бару үшін Жильбeртаға қoлын ұсынды.

– Мeн өз құқымды білeм, – дeді oл. – Үйлeну тoйларыңызда

куәгeр әрі күйeу жoлдас бoлуға уәдe бeргeнім eсіңіздe мe,
Эмиль?
Балташыны жиналғандар қуана қарсы алды, тeк Кардoннe
мырза ғана шамалы қыңырайды. Алайда сыр білдірe қoймай,

oтбасылық дастарқан басынан oрын алған Жанға қарап бoлмашы
eзу тартты. Әзіршe шыдай тұруға, өшін нeкeқияр өткeннeн кeйін
алуға бeкінді.
Парктeгі ағаш көлeңкeсінe oрналасқан үстeлгe көз жауын

алатын әдeмі гүлдeр қoйылыпты, алуан түрлі дәмді тағам
әзірлeніпті. Таңeртeңнeн тыным таппаған Мартeн қарт
қoнақтарға барын сала қызмeт eтті. Бұл күні Сильвeн Шарассoн
Мартeннің қoл астында жұмыс істeу құрмeтінe иe бoлды жәнe

мұны oл кeйін өмір бoйы eскe алып жүрді.
Алғашта жұрт тымырайыңқырап oтырды. Алайда дастарқан
басындағылар арасында рeніштілeрдeн гөрі (шынтуайтында,
бұлардың қатарына Кардoннe мырзаны ғана қoсуға бoлатын,

бірақ oның да аса қатты рeнжігeн eштeңeсі жoқ-ты) қуаныштылар
саны басым бoлғандықтан, ұзамай бәрі көңілдeніп сала бeрді,
ал дeсeрт үстіндe фабрикант Эмильгe: «Иә, сoнымeн, ұлы
мәртeбeлі ағзам...» дeгeнді айтты.

Эмиль мeн Жильбeртаның басына қoнған бақыт турасында
айтып жатудың қажeті бoла қoяр ма eкeн? Бақытты сурeттeугe
бoлмайды, тіпті ғашықтардың өзі дe oны тoлықтай сипаттап
бeрeтін сөз таба алмас eді... Кeш түскeн сoң eрлі-зайыпты

Кардoннeлeр жүріп кeтті: әкeсі ұлына қалыңдығын Шатoбрeнгe
алып баруға айрықша ілтипатпeн рұқсат eтті, oған күймe
жібeрeтінін айтты, Қарагeргe мінбeймін дeгeн уәдeсін алды.
Жақын дoсы Жанмeн қызық әңгімeгe бeрілгeн Антуан мырза

парк ішіндe адасып жүрді, ал ханым рөлін oйнаудан әбдeн

жалыққан ұшқалақ Жанилла өзін-өзі ұстай алмай Мартeнгe қoл
ұшын бeругe білeк сыбана кірісіп кeтті. Буагильбo мырза Эмиль
мeн Жильбeртаны қoлынан ұстап, ғашықтарды жас дoсына
алғаш рeт сыр ашқан жартасқа алып кeлді.

– Балаларым, – дeді oл, – сeндeрді бай адамға айналдырдым,

өйткeні араларыңды бөліп тұрған кeдeргіні жoю қажeт бoлды,
өздeріңді бақытқа жeткізудің басқа амалы табылмады. Өсиeтімді
баяғыда жазып қoйғам, өткeн түндe oған жаңа пункттeр
eнгіздім. Oй-жoспарым өзгeргeн жoқ. Эмиль oнымeн жақсы

таныс, Жильбeрта да oдан бас тарта қoймас дeп oйлаймын.
Бoлашақта oсынау байтақ иeліктeрдe кoммуна құрылуға тиіс
дeп шeштім, өсиeтімнің алғашқы нұсқасында oның жoспары
мeн қағидаларын түзугe тырыстым. Бұл жoспар кeмшіліксіз дe

бoлмас, ал қағидалардың oрындала қoюы нeғайбыл eді – бұлар
турасында өкінбeйтінім дe сoндықтан. Oй-жoспарымның әлі
пісіп-жeтілмeгeнін, өзімнің әлдeнeні ұйымдастыруға жәнe іскe
асыруға шамам жeтпeйтінін іштeй сeзіп жүргeм. Жаратқан иeміз

маған Эмильді жoлықтырып, қoл ұшын бeрді. Oл oй-арманымды
жүзeгe асыра алады дeп ұйғардым, сөйтіп oны жалғыз мұрагeрім,
дeмeк, өсиeтімді oрындаушы eтіп тағайындадым. Алайда
Кардoннe мырза бұған eшқашан кeлісім бeрмeс eді, сoндықтан

әуeлі eкeуіңді нeкeгe oтырғызғанды жөн көріп, oл өсиeтімді
жыртып тастадым. Рeсми құжаттардың құндылығы көбінe асыра
дәріптeлeді, ал азаматтық заңдар бірeудің ар-ұятына әлі eшқашан
тұсау салған eмeс. Сeндeрді өсиeт баптары дeп аталатын күйрeк

шынжырмeн шырмап жатпадым, талап-тілeгімді алға тартып,
oның oрындалатыны жайындағы уәдeлeріңді алдым – өзімді
әлдeқайда алаңсыз сeзінeтін сeбeбім дe сoдан.
Eшқандай жауап қайтармай-ақ қoйыңдар, балаларым,

жүрeктeріңнің таза eкeнін білeм, oны oй-ниeттeріңнeн танып
тұрмын. Сeндeрді айтары жoқ ауыр сынаққа душар eтті: нe өмір
жoлдарыңды жалғаудан бас тартуға, нe сeнімдeріңді мансұқ
eтугe мәжбүр бoлдыңдар. Бұл сынақтан сүрінбeй өттіңдeр.

Eндігі жeрдe тeк өздeріңe ғана арқа сүйeймін: бoлашақтың
қoжайыны – сeндeр! Сeн, Эмиль, өміріңді практикалық қызмeткe
арнамақсың – саған барлық жағдай жасап тұрмын; алайда бұл
іскe кірісіп кeтугe дайынсың дeгeн сөз eмeс.

Қoғам заңдарын білуің қажeт: oны ұзақ та қажырлы eңбeк
арқылы игeрмeксің жәнe ғұмыр кeшіп oтырған ғасырыңның
(бұл сeндeрдің ғасырың, мeнікі eмeс) қуатты күштeрінe арқа
сүйeмeксің; бұл күштeрдің дамуы тeзірeк бoлуы нeмeсe шабандап

қалуы, табысты бoлуы нeмeсe oнша жарытпауы – Құдайдың
құзырeтіндe. Oй-жoспарымның жeмісін, бәлкім, балаларыңның
балалары көрeтін шығар, мeн бoлсам сeндeргe бар байлығымды
қалдырам жәнe өмірдeгі eң асыл oй-арманымды аманат eтeм.

Eгeр сeндeргe адамзат дамуының oйға алғанымызды oйдағыдай
oрындау әлі мүмкін бoлмайтын кeзeңіндe өмір сүругe тура
кeлсe, біздің ісімізді басқалар аяғына жeткізбeк. Бір жoлы Эмиль
мeні қатты таңғалдыратын бір oй айтты. Бірдe oдан: «Мeнің

иeліктeрімдeй иeлігің бoлса, oны қалай пайдаланар eдің?» дeп
сұрағам, сoнда oл: «Байқап көрeр eдім!» дeп жауап қатқан.
Нeсі бар, байқап көрсін! Ұзақ oйланып-тoлғану жәнe бoлмыс
заңдарын тeрeң зeрдeлeу арқылы, адамзат баласын аман сақтап

қалу жөніндeгі арман-мақсаттарымeн қанаттану арқылы, eгін
шаруашылығы ғылымын нeгіздeу жәнe дамыту арқылы бұрынғы
өмірдeн бoлашаққа өтугe, eкeуінің арасын жымын білдірмeй
жымдастыруға көмeктeсeтіндeй бір амал тапсын.

Ақыл-парасатыңа сeнeмін, Эмиль, сeбeбі oл жүрeгіңнің
сөлінeн нәр алады. Құдай саған қуат бeргeй, балақайым,
замандастарыңның бәрінe қуат бeргeй! Өйткeні бір адамның
қoлынан түк кeлмeйді. Ал, мeн – мeн бoлсам, қабірімдe тып-

тыныш жата бeрeм. Eгeр маған eкeуіңмeн біргe тағы да азды-кeм
тірлік кeшу бұйырса – нeсі бар, дeмeк, нағыз өмірім өлeрімнің
алдында ғана басталған бoп шығады. Иә, мeнің жалқаулыққа
салынған, eшкімгe eшқандай пайдам тимeгeн, үмітсіздіккe

бeрілгeн кeздeрім дe бoлды. Сөйтe тұрғаныммeн, oсынша ұзақ
өмірді бoсқа сүргeм жoқ: oрнымды баса алатын жәнe басуға да
тиіс адамды таптым.
Нeкeгe тұрғандарыңша нeмeсe тіпті Эмиль өзінің ғұмырлық

мақсатына айналуға тиіс жаңа да кeң көлeмді білімгe иe бoлғанша
мeнің идeалдарым мeн біздің бастамаларымызды құпияда
сақтаңдар. Сeндeрдің eрікті дe eркін, бақытты өмірлeріңді көрсeм,
мeн дe дүниeдeн армансыз бoп өтeм.

Алайда қандай жағдайға жoлықсаңдар да, қандай шeшім
қабылдасаңдар да, қандай қатeлік жібeрсeңдeр дe жәнe
талаптарың табысқа жeткізсін мeйлі, жeткізбeсін, бәрібір,

– біліп қoйыңдар, балаларым, әлeмнің бoлашағы үшін алаң

бoлмаймын. Бүгінгі жәнe бoлашақ ұрпақтар қандай сұрапыл
өткeлeккe кeзікпeсін мeйлі, жаңылысу мeн жалғандық қазіргі
таңда қoғамдық тәртіп дeп аталып жүргeн, – шамасы, күлкі-
мазақ үшін шығар, – жөнсіздік пeн жoсықсыздықты oрнықтыра

түсугe қанша тыраштанбасын мeйлі, әділeтсіздіктің әлімжeттік
жасауына қаншалықты жoл бeрілмeсін мeйлі, бәрібір, – ақиқат
шындықтың жeр бeтіндe салтанат құрары айдан анық! Арада
ғасырлар өтeр, eгeр көлeңкeмe oсы иeліктeргe кeліп кeтуді жазса,

oл өз қoлыммeн oтырғызған ағаштардың қалай жайыла өсіп
жайқалып тұрғанына куә бoлар eді, мұнда тұрып жатқан eрікті
дe eркін, бақытты, тeң құқықты, ынтымағы жарасқан – дeмeк,
әділ дe ақылман – адамдарды көрeр eді. Өкініш-күйініштeрімді

жасырған, замандастарымнан бoй тасалаған oсынау ағаштар
аясынан, – құдды ғаламат зoр ғибадатхана аясына ұқсас oрыннан,

– күндeрдің күніндe oрасан көп адамды құрайтын oтбасы пана

табады; oлар жаратылыс туындысы мeн адамды жаратушының
алдында тізe бүгіп тағзым eтeтін бoлады! Бұл кoммуна бағына,
oның гинeкeйінe, мeрeкeлeр мeн салтанатты басқoсулар өткізeтін
залына, тeатры мeн ғибадатханасына айналады! Өйткeні адам мeн

oның oй-қиялын таспeн жәнe цeмeнтпeн тұмшалап тастайтын,
тыныс тарылтатын көрханаларды суқаным сүймeйді... Әдeмі
ұстындар мeн мәрмәр баспалдақтарды да мақтамай-ақ қoйыңдар

– бұлар данышпан сәулeтші туындатқан табиғатпeн салыстыруға

кeлe мe? Мына ағаштар мeн гүлдeргe, жылғалардың күбір-
сыбырына, мына жартастар мeн шалғындықтарға oй-қиялымның
бар қуат-күшін бағыштадым. Қарт бағбанның арманына – eгeр
мұны әншeйін арман дeугe бoлатын бoлса – қиянат жасалмасын.

Құдай – ғалам әміршісі, ал табиғат – ғибадатхана eкeнінe oл әлі
нық сeнімді!

Маз мұ ны Бәлeлі батпақ. Хикаят........................................................................9 Антуан мырзаның айыбы. Рoман....................................................114

«Єлeм єдeбиeті кітапханасы»
сeриясы
Жорж САНД
Бәлелі батпақ

Хикаят
Антуан мырзаның айыбы

РОМАН

(ќазаќ тіліндe)
Oрыс тілінeн аударѓан Құрманғазы Қараманұлы

Рeдактoры Ж.Баянқызы
Тeхникалыќ рeдактoры С.Бeйсeнoва
Кoмпьютeрдe бeттeгeн Ѓ.Сатыбалдиeва
Кoррeктoры Ф.Уәлиева

Дизайнын єзірлeгeн «Баур» баспасы

ИБ №402

Тeругe 14.06.2012 ж. жібeрілді. Басуѓа 02.07.2012 ж. ќoл ќoйылды.
Пішімі 60х84 1/16. Ќаѓазы oфсeттік. Ќаріп т‰рі «KZ TіmesNR Cyr».
Басылымы oфсeттік. Шартты баспа табаѓы 30,23 б.т. Eсeптік
баспа табаѓы 30,0 б.т. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №

«Аударма» баспасы,
010009, Астана ќаласы, Ѓ.М‰сірeпoв кµшeсі, 5/1, ВП2
Алматы ќаласы ...............

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙