Мазмұнға өту
Home

Шалқар К. Үш томдық шығармалар. 3-том

Кеңесжан Шалқарұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Шалқар К. Үш томдық шығармалар. 3-том

Авторы: Кеңесжан Шалқарұлы

К. Шалқар ШЫҒАРМАЛАРЫ Үш томдық Алматы 2015 К. Шалқар БҮЛДІРШІН БҮРШІКТЕРІ /Лирикалық өлеңдер жинағы/ 3-том Алматы 2015

ISBN 978–601–264–143–1 (3-т.) ISBN 978–601–264–049–6 © Шалқар К., 2015 © «Таймас» баспа үйі, 2015 Барлық құқықтары қорғалған Басылымның мүліктік құқықтары «Таймас» баспа үйіне тиесілі ƏОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 Қаз)-5 Ш 21 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлiгi “Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша жарық көрді Шалқар К. Үш томдық шығармалар/ Кеңесжан Шалқар. – Алматы: «Таймас» баспа үйi, 2015. 3-т. – 480 б. ISBN 978–601–264–143–1 «Бүлдіршін бүршіктері» кітабында ақынның көп жылдан бергі жазған ли рикалық жəне балалар туралы туындылары топтастырылған. Ол екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде жастық шақ, студенттік кез, жігіттік жігер, азамат болып қалыптасқан ке мелді мезгілдің келісті кездері жан-жақты жырланған. Сонымен бірге, орманды ел мен теңізді ел жайлы желілес жырлары да бар. Ал екінші бөлімі «Балаларға базарлық» деп аталады. Онда бөбектерге деген тəлім-тəрбие түрлері, поэзия тілімен баяндалған. Бұрын ақынның «Айнагүл», «Ақкөбелек», «Ботақан» т.б. жинақтары шыққан болатын. «Самырсында» сол жеткіншектерге арнаған оқиғалы өлеңдермен қоса жұмбақтар мен жаңылтпаш, мазақтама сияқты түрлі жанрларда жазғандары берілген. Жамбыл атындағы жəне Қазақстан Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты Кеңесжан Шалқарұлының ақындық асқан асуын қол жеткен шығармашылық табысын көрсететін бұл еңбектері ерекше. Тілі көркем, ойы анық. ƏОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 Қаз)-5 Ш 21

БІРІНШІ БӨЛІМ БҮЛДІРШІН БҮРШІКТЕРІ

КӨКТЕМ Арықта күндегіден көп су ақты, Жаңғыртты құс біткеннің даусы бақты. Қомдалып қос қанаты тұр аспанда Бозторғай бейне қара мең сияқты. Сезіліп кең даладан қуақылық, Ақ бұлттың тұр суреті суда тұнық. Жыл құсы келіп жатыр түстік жақтан, Шалманың арқанындай шұбатылып. Үстінен қалқып ұшқан жазираның, Жүректен көктем əнін тез ұғамын. Шопан қыз күрең бетін термен жуып, Көтеріп бара жатыр қозы-лағын. Табиғат тіршілігі емес бөтен, Құмартам гүл жамылған белеске мен. Оранып таң нұрына туса шолпан, Тұлғасын сүйген қыздың елестетем. Тұп-тұнық жайма-шуақ сəске қандай, Балқытып айналаны тастағандай. Кемерден су тұнығын мөлдіретіп, Көл жатыр жерден ойған тостағандай. Тас бұлақ арнасынан күлкі тынбай, Ойнайды жапырақты түртіп ыңғай. Барады сайды қуып көбелектер, Желге ұшқан ақ қағаздың қиқымындай. ЖАЗҒЫ ТАҢДА Келеді қасын керіп таң шығыстан, Аймаққа беріп хабар əнші құстан. Жапырақ сыбдырынан секем алып, Басынан сұр жартастың қаршыға ұшқан.

Мүсіні сұлу біткен қыз қасындай, Кідірді таяу барып құз басына ай. Табиғат ауылында бірге туған, Ойнайды гүл мен самал құрдасындай. Ғажап қой жарқын жаздың таңғы шағы, Ашылған думанды өмір сəн құшағы. Көл бетін көлбеп өтіп, көк ала үйрек, Осынау кең аспанмен жарасады. Қалғандай көл демінен бусанып маң, Мөлдір шық аумайды тау бұршағынан. Бетке алып өзен жақта пысқырынып, Барады жылқы өріп жусауынан. ЖАЙЛАУ Жасыл жер бетегелі, шұрайланған, Құмартып келбетіңе жыр ойланам. Шатқалдан ұшып шыққан тау қыраны, Шарықтап аспаныңда шыр айналған. Қашан да туған елге дана мақтан, Өзіңді аңсап келем қала жақтан. Жолдай боп жалғыз аяқ ту аспанға Ақ түтін созылады шаңырақтан. Өтеді қанша жүрсең күн білінбей, Кетеді қызықтан көз түнде ілінбей. Шұбалған көлеңкесі ақша бұлттар Шопанның үйлерінің түндігіндей. Жаз жайлау жаннат өмір кең өрісті, Келесің көркейтумен келелі істі. Бал тамған бармағынан суретшілер Өзіңнен үйренген-ау кемел түсті. * Қандай жақсы жанға рақат таңғы ауа! Келем көше құшағында таңдана. Ағытпапты ақ күмістей алқасын Алматыдай ару қала, сəн қала.

Дидарыңа қарай берем таңдана, Тұрғанын-ай, тұлғасының паңдана. Жылылықтың барын бойға жинаған Ғашықпын-ау, осындай бір жанға да. Дидарыңа қарай берем таңдана, Тұрғанын-ай, тұлғасының паңдана. Ойхой, досым, арманшыл жас жаныңа Таңғы ауадай тапшы аруды таңда да. * Іргеден көтерілді жаңадан ай, Аққу жүр көлдің бетін жағалап жай. Жиекте жылжымастан ақша бұлт тұр Қанатын қанға малған шағаладай. Ақ қайың бұтағынан бұрылмастан, Жапырақ жұпар леппен сыбырласқан. Сан жетпес сіріңкесін шаға салып, Көруге тіршілікті үңілді аспан. ШІЛДЕДЕ Шағырмақты ұнатпай, Түсі қашқан ырғайдың. Қуырылған құлақтай, Жапырағы қурайдың. Желге ойнағыш шаң шашы, Жер бетінде татыр көп. Кей бұлақтың арнасы Кеуіп жатыр тақыр боп. Оқтын-оқтын құйын бар Опыратын түбірді. Оқыралап сиырлар Суға қарай шұбырды. Түс кезінде көріңіз, Қызыл шоқтай қызған жар.

«Тотығар, – деп, – өңіміз», Үйден шықпас қыздар бар. ЖАҢБЫР Жан сəулемдей тұрған жаңа күліп күн, Жасырынды ар жағына бұлттың. Сонда айдаһар ашуланып күрілдеп, Жалаңдатты жалын атқан тілін кеп. Айбарынан кетті сайға тас аунап, Жапырақтар жаутаңдады жасаурап. ҚЫС СУРЕТТЕРІ Жіберші жанарыңды аралатып, Оранды ақ көрпеге дала жатып. Арнада сынған мұздың дауысынан, Ақ қоян кеуегінен барады атып. Ғажап-ай, аумағындай алақанның, Таппайсың жер бетінің қара дағын. Шеберлік өнерімен шытқыл аяз, Бетіне бояу жаққан əр адамның. Бықсыған түтіндей бір тыйылмады, Булары жатқан көлдің қиырдағы. Бір жазып, бір өшірген жыр жолындай, Қым-қиғаш жортқан аңның шиырлары. Ақ тұздай қой кемірген кетіктеніп, Таулар тұр көрген көзге не түрге еніп. Барады орман түлкі бұлаң қағып, Желге ұшқан қызыл жаулық секілденіп. ҚАР ЖАУҒАН СОҢ Жамбасын табиғаттың сызға малып, Үскірік ентігеді қызбаланып. Қоңыр күз қонып өткен дала жонын Қойғандай көрінеді тұзға малып.

Жамылып мұз көрпесін көл беттері, Жатыр ғой жасырынып «көр, – деп, – мені». Дала аңы, өрген малдың тұяғымен Тіршілік жазулары өрнектелді. СЕМЕЙ Шыңғысы бар, Ертісі бар гүл өлкем, Көңілімнің күмбезіндей күй көркем. Көкірегімді көгалыңа сүйгізіп, Келе жатқан мен де сенің бір еркең. Пəк махаббат періштесі Баян да, Сыр шертісіп, серт беріскен саяңда. Қос ғашықтың көрген сайын моласын Тебіренемін, алуан ойға қалам да. «Татьяна» əні алғаш таралып, Сенде Пушкин жүрді өлеңі жаңарып. Қауырсынын қалам етіп сұңқардың Сенде Абай қалдырды ойын даналық. Аспаныңда қалықтаған сүзбе – бұлт, Жазығыңда жатыр жомарт күз қонып. Сенде жүріп, əкем менің жігіт боп, Сенде апам шолпы таққан қыз болып. 1963 ж. АЯКӨЗ Жырауларда жырланбаған, Өткізсе де ауыр күн. Махаббаттан құрбан болған, Атысың-ау, арудың. Толқыныңнан тұнып аққан Шөлдегеннің шөлі қанар. Нұрлы жүзі күлім қаққан, Елестейді сырлы жанар.

Бақыт таңы атқанынша Тағдыр күзі солдырған. Сылдыр-сылдыр қаққаныңша, Сыр айтсаңшы сол қыздан. ЖОЛ Кер маралдың бауырындай ағарып, Таң келеді шығыс жақтан жаңарып. Мен де келем таң нұрына бөленіп, Ұзақ жолға жолаушы боп саналып. Ғасырлардың жылдарында шыңдалып, Жатқан жолда сырлар бар-ау тыңдарлық. Əлі келем, менен кейін оянған, Ұясына демін алды күн барып. Қанатты құс, жүгірген аң, барша адам Жете алмастан жол шегіне шаршаған. Жолдай ұзақ болсайшы адам өмірі, Деген менің арманым бар аңсаған. ДОСТАРЫМА Əрқайсымыз – бір асылдың бөлігі, Əрқайсымыз – тамшы тердің төлімі. Əрқайсымыз – шумақтарын құрайтын, Жас ақынның жаны ғашық өлеңі. Əрқайсымыз – бақыт тауып арманнан, Атырамыз ақниетпен таңды алдан. Əрқайсымыз – арналы өзен толқыны, Шөлдегенде ақ шəрбатын арнаған. Жақсылыққа құштарланған жанымыз, Үні бөлек болғанмен бір əніміз. Бас пен кеуде жаралғанмен əртүрлі, Бір тілекке қауышамыз бəріміз.

КӨК ПЕРДЕ Бастағандай өзіңді, Бақыты мол көктемге. Күн батқан соң көзіңді, Шақырады көк перде. Көк перденің ішінен Күлімдейді жылы күн. Көк перденің түсінен Көрем көлдің тұнығын. Көк пердеден түсінген Ойларым да көп менің. Көк перденің түсінен Көрем гүлін көктемнің. Ұялаған жас үміт, Көз алдымда көп бөлме. Сонда аруды жасырып, Тұрғандай-ақ көк перде. Терезе тұр көкпеңбек Сəулеге бір батқандай. Көгершіндер көкке өрлеп, Ұшып бара жатқандай. * Жанымның ізгі сырын Орнаттым жүрегіңе. Мен сəулем, түз құсымын, Үйренген бір өзіңе. Сезім боп сүйенерлік, Болмаса жаттық деген. Сайраймын күйім келіп, Жүремін шаттықпенен. Басқадай жолдың бірде Ілесіп жетегіне, Өзгерсе орның мүлде, Ұшамын мекеніме.

МІНЕЗІМ Ғасыр болсаң, асылмын өтелмейтін, Албырт болсаң, ақылмын «жетем» дейтін. Арна болсаң, толқын боп аунақшимын, Айдын болсаң, аққу боп мекендеймін. Күз боп келсең – ұстайды ақпандығым, Түнек болсаң, шығыстан атқан нұрмын. Мұз боп келсең, жібітер шұғыламын, Көгал болсаң, көктемгі ақ жаңбырмын. Қайғы болсаң, көзіңде жас боламын, Адам болсаң, ескірмес баспанаңмын. Қия болсаң, қыранмын ұялаған, Асқар болсаң, басында ақша қармын. КЕШКІЛІК Көл базары тарады, Тына қалды толқыны. Күңгірт тартып барады, Таудың сонау қолтығы. Бұлттанды аспан өңірі, Өңінде бар құбалық. Ауық-ауық көрінді, Алтын арқан шұбалып. Құрбылардың дабыры, Қырымнан жүр естіліп. Сахараға сабырлы, Келе жатыр кешкілік. Салқын самал құнығып, Аралап кең Арқаны. Бұталардың бұрылып Құлағынан тартады.

СЫЙЛАСЫМ БОЛШЫ (Əні бар) Бақыт Кəрібаеваға Құбылып нұры гүл атқан, Жүзіңнен сенің таң күліп. Қимасым едің құмартқан, Сыйласым болшы мəңгілік. Көп мезгіл жүрдім жасқана, Арманымды іштей əн қылып. Қимасым едің басқаға, Сыйласым болшы мəңгілік. ТІЛЕК Орманның болсам əншісі, Əуенімді əнге қосып ал. Ақ бұлттың болсам тамшысы, Алақаныңмен тосып ал. Жаралсам жаз боп тегін мен, Жайсаңға келіп дамылда. Аспаннан нұр боп төгілем, Асқардан гүл боп қабылда. САҒЫНАМЫН МЕН СЕНІ Əні Əсет Бейсеуовтікі Шықса ашық аспанға Ақша бұлттың бөлшегі. Арман туып жас жанда, Сағынамын мен сені. Жаз таңында тұп-тұнық Қонса гүлге көл демі. Құмарлықпен құлшынып, Сағынамын мен сені. Көктем келсе бояу ап, Бөлеп түрге өлкені.

Өлең жазып, ой аулап, Сағынамын мен сені. АЛАТАУ БАУЫРЫ Алатау бауыры көк шалғын, Жайқалып тұрған жазира. Көркіне бөлеп көл маңын, Ұшады қоңыр қазы да. Алатау бауыры ну жыныс, Адамдар аңыз еткен көп. Ұшар басы сұр қылыш, Ұмтылған шыңдар көкке өрлеп. Алатау бауыры қарағай, Өрмелеп көкке бара жатқан. Саумал иіс самалы-ай! Жұпарын гүлге таратқан! ТУҒАН ЖЕРГЕ Айтуға өмір бойы құлшынамын, Туған жер – ой тербеткен сыршыл əнім. Мен сенің жазиралы кең төріңде, Лапылдап жанып тұрған бір шырағың. Өз тұлғаң сарқылмайтын өлең-дастан, Ұлыңа композитор – сен алғашқы əн. Мен сенің шөлдеріңе, құмдарыңа Бұлақ боп жүгіремін демалмастан. БҮЛДІРГЕН БҮРШІКТЕРІ Көктеммін мен де өмірге, Бүлдіргенім бүрлеген. Мөлдіреп жатқан көңілде Танысқан жақсы жырменен. Жетілсін десең алғы күн, Жаңбыр мен нұрды аяма.

Жалғыз талын шалғынның, Аяққа баспай, аяла. АЙЛЫ ТҮНГІ АҚ ҚАЙЫҢ Тартылған аспан төсімен Доға жол бойын қуалап. Барады ай жол жорғасымен Шомылды нұрға ну алап. Осынау түнді бүркеніп, Еш жаққа мойны бұрылмай. Ақ қайың көлге тұр төніп, Бақытын күткен сұлудай. СТУДЕНТТІК ШАҚТАРЫМ Мен өзіңде таттым білім бал дəмін, Сенде жүріп өсті менің талғамым. Бір биіктен, бір биікке құмартып, Арман жолын алға қарай жалғадым. Сенде ашып жүрегімнің аптабын, Құрбы қызды достарыма мақтадым. Арылмайтын арман берген жаныма, Ыстықсың-ау, студенттік шақтарым. * Қиын екен көңілге күдік кіріп, Жазықсызды өсекке іліктіріп. Білмегенсіп ештеңе адал досың Қиын екен алдаған күліп тұрып. Қиын екен жанарға жас толуы, Қиын екен жүректің тас болуы. Сыр-шарабын өмірде бөліп ішкен, Қиын екен досыңның қас болуы. Қиын екен сертінен жар тайғаны, Қиын екен толыңның ортайғаны.

Қиын екен бəрінен өмір гүлі – Жас арудың мезгілсіз қартайғаны. СЕН ЕКЕУМІЗ Ақ толқынын аймалаған майда леп, Сен екеуміз бір бұлақтың қайнары ек. Құрбы-достар іздеп келген шақтарда Жанарына жаз орнатқан жайдары ек. Сен екеуіміз бір тəуліктің кезі едік, Сен екеуміз мұңсыздың қос көзі едік. Мағынасын мазмұндырақ беретін, Сен екеуміз бір сөйлемнің сөзі едік. Сен екеуіміз бір көшенің шынары ек, Бірімізге біріміз тым құмар ек. Шаттығымыз ортамызда əн-күй боп, Жүруші едік жүректерді əлдилеп. Сен екеуіміз бір көктемнің құлпырған, Қызыл гүлі ек, өңімізден нұр тұнған. Арманым сол – айрылмасын арамыз Екі парақ қағаздайын жыртылған. СЕНІҢ КӨЗІҢ Көзіңнен сенің нұр көрем, Күншуақтан жаралған. Көзіңнен сенің жыр көрем, Арманымдай жаралған. Көзіңнен сенің үміттің Жұлдызын көрем ойнатқан. Көзіңнен сенің сыр ұқтым, Өмірді маған ойлантқан. Көзіңнен сенің шырқайтын, Көремін көңілді əн барын. Көзіңнен сенің ұстаймын, Күлкіңнің балапандарын.

НАЗ Мен сені талай-талай өкпелеттім, Адамың сияқтанып жек көретін. Сол кездің түссе есіме елестері, Алдыңа кешіріммен көп келетін. Мөлдіреп кінəратсыз көзің тұнып, Өзіңсің ұялатқан көңілге үміт. Кетпеші, кекке санап аңқаулықпен, Кейде бір айтқан сөзді өзімсініп. ТАБИҒАТ ТҰЛҒАСЫ Сыр ұқтырып тастан да Пейілденді күліп күн. Алып шатыр – аспанда Жұғыны жоқ бұлттың. Айналасы жыр тұнған – Бұл өмірдің жылуы. Жер бетінде құлпырған Қызыл гүлдің сұлуы. Нұрға малды көк жүзін Кешкілікте туған ай. Толқындары теңіздің Тұнып аққан, туламай. Дауысында нəзіктік, Құбылғаны епті ылғи. Көл үстінде қаз ұшып, Қанатынан төкті күй. Бұрылып ап бұлаққа, Арманыңдай аңсаған. Бүрлеп тұрған бұтаққа Бұлбұл қонып əн салған. Үзіп өскен гүлді еркін, – Дүниені алаң ғып.

Табиғаттың қыз көркін Бұза көрме жамандық. ШЕКАРАШЫ Жердегі аңның ізі мен Көктегі құстың ұшқанын Өткізеді көзінен Айласы деп дұшпанның. Сақшылыққа жаттығып, Зерттеп жолды тегіс, кең. Талай таңды атырып, Келеді ол жеңіспен. Күндіз-түні, сен мейлі, Қара ұзақ таң алды. Ешқашан да сөнбейді Бейбітшілік жанары. ҚАРЛЫҒАШ Көзің қыздың жасындай Сағынышта таматын. Жас сұлудың қасындай Жарасқан қос қанатың. Бал үніңе қанықпын, Тағы сайрап, шалқышы. Бауырындай балықтың Жүрегіңнің дəл тұсы. Көзің қыздың жасындай Сағынышта таматын. Жас сұлудың қасындай Жарасқан қос қанатың. АУЫЛ КЕШІ Көзі – от, бауыры – жаз, басы – нұрлы, Күн барып тау артына жасырынды.

Мен сонда елестеттім, бір кездегі, Қоштасып кетіп қалған ғашығымды. Күн осы қызық-ақ қой батарында, Ақша бұлт боялды нұр шапағына. Электр мейман болып аралап жүр, Ауыл-үй, жұмысшылар жатағында. Есігін ойын-үйдің айқара ашып, Балалар жүр ауылда айқайласып. Көлдегі жайылымнан қонақтауға, Келеді балапан қаз тəй-тəй басып. КЕЗДЕР-АЙ СЫЙЛАСЫМДЫ Аралар талай рет, Алматы көшелерін. Жүр десем жарайды деп, Ілесіп кете бердің. Сыпайы сөздеріңнен, Көрсетіп əн ұшқынын. Күлкіңді көздеріңнен Көзіме ауыстырдым. Көңілдер қызықтаған, Жүректе кір жоқтығын. Сыйлап ем үзіп, саған Бақшаның бір шоқ гүлін. Сол кезің қызықты еді, Жұлдызды аспаны да. Сол кезің қызықты еді, Бүрлеген жас талы да. Сол жерге көп оралдым, Жетектеп сағынған күн. Желбіреп орамалың – Бірақ та табылмадың. Жастық шақ – мұң алдағы, Жоғалтсаң қимасыңды.

Бөліп жер бір алманы, Кездер-ай сыйласымды! КӨКЕМАРАЛ Арудай, күрең көйлекті, Көзімді тартып барады. Алып ең қайдан келбетті, Даланың көкемаралы. Алыстан көрсем сенбеймін, Қурай деп сені əсте де. Құмарта жүріп өрлеймін, Құрбыларменен бəстесе. Тарихқа бөлшек бар сенде, Сырыңа қанбай толғандым. Кімдерге көке, кімдерге, – Белгісіз марал болғаның. ҚҰШАҒЫҢДЫ АШШЫ, ТУҒАН ЖЕР Жарыммен алғаш танысқан, Жадымда тасып жырдан сел. Сағынып келдім алыстан, Құшағыңды ашшы, туған жер. Өзіңсің айтар жаңа əнім, Қанбайтын мəңгі құштарым. Алыста қалған анамның, Ап келдім сағыныштарын. Жамылып келдім қыс айын, Жаныңның оты жарқылдап. Көгершін болып ұшайын, Көгіңде биік шарықтап. ЖАРЫҚ ДҮНИЕ Жанары жайнап, төгеді еркін күн нұрын,

Жарық дүние шіркін, жаннатым менің тірлігім. Қасиетің ғой сенің, өрт қаптап бара жатқандай, Қаулатқан анау қыр гүлін. Қарасаң оған жетеді ойлар тербеткен, Қайғыңды сырып, күй сезім өбіп жер-көктен. Қасиетің ғой сенің, тоздырмай жасыл тұлғасын Қарағайларды өрлеткен. Сиқырлы тұлғаң арбайды көзді тау жақтан, Сыбызғыға үн толғап, қағады қанат аунап əн. Қасиетің ғой сенің, жаныммен толқып мына мен, Өлеңнің отын лаулатқан. Жарық дүние шіркін! Бақыттың көзі, қайнары. Кететін бастап биіктіктерге қайдағы. Ой жеткен жерге қол жеткен кезде төмендеп, Қалуы хақ қой Ай-дағы. Жанары жайнап, төгеді еркін күн нұрын, Жарық дүние шіркін! Жаннатым менің тірлігім. Бабалар біздің осы үшін ұран шақырып, Өткенін баурым, біл бүгін. * Дауыл дарын, Бауырларым. Шаттық гүлін жайқалтқан, Жауындарым. Бауырларым, Ауылға Күн.

Сендер барда білінбес Ауырғаным. Сендердегі пəк тұныққа Қанбадым, БауырларымАтып келе жатқан жаңа Таңдарым. СƏСКЕ СЫРЫ Шеңберлеп жанған шағын от, Сөнуді білмес əсте бір. Бесіннің жастық шағы боп, Бетімді сүйіп сəске тұр. Жан берді тағы сəндікке, (Жасампаз өмір бұл деген). Жабырқап тұрған жəндік те, Жадырайды ойнап гүлменен. Шаттық ап ана-жанардан, Күлкіге тұнды қыр қызық. Ақ мұнар нұрдан жаралған, Айдында аққу жүр жүзіп. Дөңгелеп жанған шағын от, Сөнуді білмес əсте бір. Жалынды жастық шағым боп, Жаңа арқан бойлы сəске тұр. АҚСЕЛЕУГЕ Жермен де сырлас, көкпен де, Бір шыққан күннің нұрымыз. Бұлбұл құс қонған көктемде, Бір жылғы емен бүріміз. Көзіңе алма əсте мұң, Гүліңді сақта көктеген.

Сен дағы мендей сəскесің, Сиыр түске əлі жетпеген. Кесілді бірге тұсау да, Келешек қарсы ап ашық жүз. Аяқтанған бір тауда, Арқардың қозықасымыз. Бағы бар жерге гүл болып, Гүлі бар жерге нұр болып. Келгенде досқа сыр болып, Кетейік жаным бір болып. Көңіліңе алма əсте мұң, Гүліңді сақта көктеген. Сен дағы мендей сəскесің, Сиыр түске əлі жетпеген. ҚОЛДАРЫМ Қотарып қойнын Алатау, Алтай, Жоңғардың, Қорғасын дəнге толтырдың баурын жондардың. Түйе жүн толқын Іленің иін қандырдың, Рақмет саған! Қолдарым менің, қолдарым. Ерлігің тарих, қатерлі жылғы, сондағың Өмірін жалғап алаңда гүлдің солғанын. Қаптаған өрттің ішінде жүрдің күймедің, Қаһарлы қыстың тісіне түстің тоңбадың. Жаналқымға алып, келгенде жаудан қорғадың, Жарым мен жайсаң достарды құшып, қолдадың. Байжігіт күйін, Абайдың жырын жалғадың, Ризамын саған, қолдарым менің, қолдарым.

  • * Қар суымен атойлап, сай бұлағы қуанып, Сен туғалы екі көктем келді міне гүл алып. Тарамдалды тəжіктердің қыздарының шашындай, Солтүстіктің орман-орман қайыңдары бүр алып. Сеніменен жылдас түлек болат топшы қыран боп, Асқар алып, аспан шарлап ерлігімен жүр əн боп. Ауыздықпен алысады алдын бермей бəйгенің, Сеніменен құрдас туған құлын қазір құнан боп. Ал сен жүрсің өздігіңнен көйлегіңді кие алмай, Ал мен жүрмін осы біреу тағдырларды қиялдай... ЖАЛҒЫЗ ҚАЗ Баллада Шыдап бір тағы кетесің, Шіліңгірдегі шөлге де. Айналып тағы өтесің, Аялдамай көлге де. Қаңқылдап дамыл алмадың, Тобына қаздың қосылмай. Неліктен сонша зарладың, Неліктен болдың осындай. Болғандай куə құба дүз, Шығады сенен соны үн. Жұбайың қайда жуас құс, Жұмғызды көзін оның кім? Қалбаңдап ұшып аспанға, Қарайсың шошып жерге де.

Жазығым жоқ, жасқанба – Сен тұрмақ жəндіктерге де. Жақын кеп маған тыңдатшы, Атырдың қандай таңдарды. Жоғалттың қайда, тіл қатшы, Көк қанат балапандарды? Болмаса дағы түк кінə, Тірлік бар жерде, ылаң бар. Сұрланып əлде жұтты ма, Судағы сарбас жыландар. Қылғитын тіпті ішегін де, Бөдене менен кептердің. Кез келіп əлде жеді ме, Кезқұйрықтар мен бөктергі. Қаңқылдап дамыл алмайсың, Тобына қаздың қосылмай. Неліктен жерге қонбайсың, Неліктен болдың осындай. Жақын кеп маған тыңдатшы, Атырдың қандай таңдарды? Жоғалттың қайда, тіл қатшы, Өрімдей балапандарды? Жазымыш солай жазған соң, Басқа бір көлге өтті ме. Бауырын жазып алған соң, Басы ауған жаққа кетті ме? Тағы бір жайды айтайын: Немесе ол да болып құс. Қауырсындары қатайып, Қанаттарына толып күш. Қуат қып қоңыр өз үнін, Оянып жаңа сезімі.

Іркіліп жасы көзінің, Іздеп жүр ме екен өзіңді. Жақындап келші сен жырлап, Жасқанбай, мына Құт көлге. Жазығым жоқ, сен тұрмақ, Жаратылыс біткенге. Шыдап бір шалғай кетесің, Шіліңгірдегі шөлге де. Айналып тағы өтесің, Аялдамай көлге де. Бақытың қалған қоршалып, Табасың қайдан даңғыл жол. Қара басыңды соншалық, Қаңғыртқан қандай тағдыр ол? Жобалап ұқтым мұңыңды, Сырласқандай-ақ сенімен. Адамдай білсем тіліңді, Аянбас едім тегі мен. Жабығып қарап жалғанға, Өз басын өзі жоя алмай. Қаз дағы жалғыз қалғанға, Қайғырады екен ой, аллай! Бүркеніп бұлтқа асыл Ай, Төнбесін қою жерге түн. Жалғыздық күйін осындай, Адамдарға əсте бермесін. АНАШЫМ (əні бар) Ақ шаңқай шұғылаңды есіме алам, Тал түстен асып кеткен Бесін анам. Тауысқан шəрбатыңды кенжең едім, Тас жастап, салқын тартсам кешір, анам.

Көргем жоқ сен жайлы əлі əн суалтып, Атса да гүлді шықпен таң шылатып... Шайыңнан бір шыныаяқ ішпегенге, Анам-ау, өтті міне қанша уақыт? Лаулайды мұны ойласам ішімдегі от, Келе алмай əлсіреймін күшіме көп. Өңімде елестетіп дидарыңды, Көремін ылғи ғана түсімде тек. Ақ анам, абзал анам, ақылды анам, Жүздесу арман болды ақыр маған. Осы бір алыс жүрген сапарларым, Сияқты сағынышқа шақырған əн. Көргем жоқ сен жайлы əлі əн суалтып, Атса да гүлді шықпен таң шылатып... Қатықтан өзің ұйтқан татпағанға, Айтшы, ана, өтті міне қанша уақыт? Балалық махабаттың тұнығынан, Шаршамай келем шырқап күнұзын əн. Анашым, қай мезгілде шөлдерімді Қандырар екем сенің қымызыңнан?! Тұрсаң да менен шалғай сан шақырым, Анам-ау, көз алдымда таңша күлдің. Салмағын сағыныштың көтере алмай, Анам-ау, Бұл күндері шаршап жүрмін. ТОҚАЙҒА Тағдырда таулары көп, еңісі көп, Өстік біз екі көктем төлісі боп. Қаншалық туысқанмен, бір қазаннан – Көрмедік ризықты бөлісіп жеп. Біреуге оңай, біреуге қиын дала, Өмірдің жатты жолы шиырлана.

Əкеміз екеуміздің бір екенін, Ұқтым тек шыққан кезде жиырмаға. Кей-кейде көрінеді дала тар боп, Басылып табаным мен алақанға от. Өстік біз, бір əкеден жаралсақ та, Екеуміз екі ұяға балапан боп. Өссек те екі ұяға балапан боп, Нұрымен біріктірді жаңа таң кеп. Біздің бұл тағдырларға, бұрын қанықБір минут қараған жоқ дала таң боп. Махаббат тұнығына қанады екен, Арада болмаған соң алабөтен. Қалтқысыз туысқандар қайда жүрсін, Қалай да бірін-бірі табады екен. КҮЗГІ КӨЛ Мезгіл алып бар сəнін, Көл базары тарқады. Көшіп кеткен малшының Жұртындай көз тартады. Əлсізденбей жанары Ойланады күнұзақ. Түнде ғана салады, Көзəйнегін шынылап. ƏКЕ ТУРАЛЫ ЖЫРЛАР БІРІНШІ ЖЫР Дəмі мүлдем таусылды барқыт жолдың, Жесір қалған анама сарқыт болдым. «Ағузыны» үш рет айта отырып, Осы өлеңді жазуды артық көрдім. Қарагердің құлап бір құлағынан, Қабіріңді құшақтап жыладым сан.

Ардақты əке! Белгісіз қалған жоқсың, Болмаса да құлпытас мрамордан. Көтеремін еріксіз көңіл мұңын, Көрсеткен соң қайтейін өмір бүгін. Ауыр тасты орнатып, неғылайын, Тілеп жүріп топырақ жеңілдігін. Төрт құлақты бейітің жолда тұр ғой, Тебіренуге қосқандай ол да тың ой. Жүргендігім Кеңесжан Шалқар болып, Ең таңдаулы Ескерткіш болғаны ғой. ЕКІНШІ ЖЫР Біреу айтты: – Əкең сенің жаман, – деп. Қыстаяңда қарамаған маған деп. Біреу айтты: – Əкең сенің жақсы, – деп, – Қарайласқан тартқанымда қасірет. Қайсысы қате, Қайсы дұрыс білмеймін. Ерте айрылдым. Күнсіз өскен гүлдеймін. Мақтағанға мақтау сөзді жаудыртып, Даттағанда Қалай ғана күндейін. Ержеткен соң мəн-жайына бұл істің, Кəдімгідей қанығуға кірістім. Туған анам əлдеқашан көз жұмған, Топырағын қоян жон ғып қыр үстін. Ойладым да: «Несін оның жасқанам! Бітіруім керек істі бастаған». Бір кездегі Бардым өгей анама, Əкем өзі бір ұлымен тастаған.

Ат жақтылау, сұлу жүзді жан екен, Лебізінен естілетін əн əсем. Өгей деген аты ғана болмаса, Кездескендей болдым туған анаммен. Байырқалай қарасынан көзінің, Бал мейірімнің күншуағын сезіндім. Баппен айтқан əр сөзінен аңғардым, Иесі екен ақыл менен сезімнің. – Жас кездегі көңілі көктем, жазы күн, Арманымның көзі екенін таныдым, – Деді тағы. Маңдайымнан иіскеп, Жанарына үйірілді тағы мұң. Сырғып түсті, Бір тамшы жас сынаптай. Білді ойымды. Ешкімге де сұратпай. Көзін сүртіп кимешектің ұшымен, Деді: – Тағдыр кімді қойған жылатпай. Ауық-ауық көзін тастап маған жай, Егіледі «ішіп» алған адамдай: – Сенің əкең тастап кеткеннен бастап, Көп сандалдым . Жалғыз ұлды баға алмай. Домбыраны шерткеніме таңданып, Қарай қалды. Сөз сөйлеуге қамданып. – Серілігі сенде қапты. Кейде əйел Жақсыны ұқпай кетеді екен сандалып. Жүрдім-жүрдім, Өзіме де сол керек. Ол шикіөкпе Болды талай қол бөгет.

Шайқақтадым Шəкеңді мен түсінбей, Шақпақ тастай жолығатын жолға кеп. Өз қатемді кейінірек түсіндім, Ешкімге айтпай. Қатты егілдім, қысылдым. «Мезгілінен кеш сермедім қолымды». Бəрі қиғаш болды істеген ісімнің. Қабақ түймей адамдарға келімсек, Қажет болса атын түсіп беруші ед. Ер дейтұғын бір сөзінде тұрған-ды. Екі сөзділерден мүлдем жеруші ет. Жылт еткізбей бойындағы жылы отын, Тартысқанға Табаны аумай жүретін. Сұстанғанға қаңтардайын суық боп, Сыйласқанға ұсынатын жүрегін. Қайғырғанға қуаныш боп баратын, Қатігезге қара тас боп қалатын. Сағынғанға сағыныштың сазы боп, Асыққанға тілейтін құс қанатын. Əкең сенің еді жанған қырда от, Ақ сақасы алшы түскен мырза ед. Ержеткен соң білуге əке қадірін, Келгеніңе Қалдым балам ырза боп. Əлі ұғасың Əке сырын сатылап, (Əке жайлы кітаптарды сатып ап). Жақсы əкені баласына қалайша, Жамандайды. Болмаса егер ақымақ. Даттағанның қолдарында өлемін, – Деп шығарды дауысынан бөлек үн.

Алғаннан соң əкем жайлы түсінік, Сұрамадым ажырасқан себебін. Жақсылықты жария ету адамдық, Жаратқан соң бізді құдай Адам ғып. Жақсы əкені баласына жамандау, Жарық мынау дүниедегі надандық! ҮШІНШІ ЖЫР Ағайынға беріп адал қол ұшын, Азамат боп тек ауылда толыстың. Адамдықты арамдыққа қорлатпай, Алыстың да, шабыстың да сол үшін. Шыға алмадың шығам деген беліңе, Үкіметтің сатылмадың шеніне. Шұбартаудан шұбырынды жасадың, Ауылың бастап Қытай еліне. Белорус пен Берлин жаққа бармадың, Орыстардан бұйрық дағы алмадың. Танк емес, атпен жүріп қорғадың, Алтай менен Тарбағатай аймағын. Алдың талай ол жақтағы маң сырын, Көрдің қанша болғандығын жан шығын. Гоминданның шерменде ғып шерігін, Тік ұстадың Шығыс Түркістан Туын. Ол Ту бірақ көп тұрмады желбіреп, Боран болды бір кездегі жел жібек. Тиген оқтың кесірінен шайқаста, Үйіңе кеп қайтыс болдың сен жүдеп. Қайран, əке! Елуді де көрмедің, Елді қорғау – өмір бойы көргенің. Арпалысқан тағдырыңнан алғаның, Мен болыппын Омырауыңдағы орденің.

Қыс ызғарын, өткізіп жаз аптабын, Сұр бұлттай үйірілтіп басқа мұң. Малды тастап, Елді бастап келгенде Мен болыппын, Жат өлкеде тапқаның. Шыға алмадың шығам деген беліңе, Орындалмай қалды арманың сенің де. Қайран, Əке! Жалғау үшін жазыңды, Оралып ем қасиетті Еліңе. Келгеніммен ... Ойды кернеп құсалық, Ашылмады адымдарым тұсалып. «Ежелгі жау ел болмайтын» сияқты, Мені «бақты». Сені қуған үш əріп... ТӨРТІНШІ ЖЫР ƏКЕ ЗИРАТЫНЫҢ БАСЫНДА Басында тұрмын əке зиратыңның, Бермейді ойлар легі миға тыным. Жеткенше осы араға сан мəртебе, Ағаштай дауыл күнгі қиратылдым. Сұладым .... Сыдырылды қабықтарым. Болмады күресуден жалыққан күн. Керістім кедергімен! Берілмедім Қайратпен өзімді-өзім алып қалдым. Өлмедім. Ауырсындым, Ыңырандым, Айтуды тоқтатпастан ғұмыр əнін. Үміттің лапылдаған отын жағып, Үстімнің шаңын қағып зымырадым...

Жол тегіс. Айықпадым көк тұманнан, Шыға алмай шырматылдым көп құмырдан. Ториды анадайдан арлан-күдік Шайқалған шақша басы соққылардан. Жол тегіс ... Арылған соң көк тұманнан. Көрмедім ешбір жайды соққыға алған. Шақырды шаң-тозаңнан арылған соң, Шадыман қарсы алдымнан отты арман. Шақырды ... Құшақ ашты, Жол бастады. Мен ердім. Жатты істеліп жол бастаны. Мұңдарын ішіндегі жаспен жуып, Булықпай еркіндіктің қолдасты əні. Сол əнді айтушының бірі менмін, Жүрегі болып соққан жылы жердің. Телегей Шалқар деген атыңа сай, Тербелдім толқыны боп ұлы көлдің. Көрдім мен Жорғаң1 менен Бақанасты2, Болдым мен берген жерде атаң асты. Сен емес, ол кездегі халық емес. Заманың зəкүнчик боп қаталасты. Мен көрдім Сарқамыс3 пен Қусағыңды4, Қан менен суғарылған жусаныңды. Қаңқасы2 Шəкəрімнің қаңсып қалған, Болып бір кетпейтіндей жуса кірі. Қытайды панасы ғып, Сел боп тері Қандайлық оңды болған ел кеткені.... 1,2,3,4 Ақынның əкесі туған Шұбартаудағы жер аттары. 5 1931 жылы қыркүйекте Абзал Қарасартов атқан Шəкəрім мүрдесі айдаладағы Құрқұдықта 1962-жылға дейін жатқан.

Əйтпесе сүйегіңді шашар еді, Əйгілі НКВД-ның жендеттері. Бітпейтін дана дастан толғаса өзі, Шəкəрім əрі ұстаз, жолдас еді1. Тағдырың болмаса, ондай, мына мендей, Талантты ақын ұлың болмас та еді. Егер де ұстап алса, Жолда сені Бұл Жерде зиратың да болмас еді. Батырлық-Бостандықтың бастаушысыБітпейтін нағыз дастан толғаса өзі. Оқ аттың оқ атқанға өжеттеніп, Көрмедің көкаттыға бөзек болып. Күн көрдің еркіндіктің арқасында, Кетсең де күншығыстан тезек теріп. Тұманға тұмау болып тұтылмадың, Өсек боп үрді артыңнан құтырған үн. Советтің құрығынан құтылғанмен, Құдайдың «құрығынан» құтылмадың. Аруағың бір қозғалып жатқан шығар! Немерең сені бүгін мақтан қылар. Өмірде байлық, даңқ болса дағы, Өзіңдей қайда маған Бақ табылар? Басында тұрмын əке, зиратыңның. Бермеді ойлар легі миға тыным. Жеткенше осы араға азап тартып, Ағаштай дауыл күнгі қиратылдым. Басында тұрмын Əке зиратыңның, Бермейді ойлар легі миға тыным. Жеткенше осы араға азап тартып, Ағаштай дауыл күнгі қиратылдым. 1 Кеңесжанның əкесі Шалқар – Шəкəрімдей ұлы ақынның ең сенімді адамы болған.

АҚ ҚАЙЫҢДАР АЙМАҒЫ Аруыңнан ақжарқын əн аңсағам, Арман гүлін жайқалтқан жан ем саған. Балалығын қалдырған Мағжан ақын, Ақ қайыңдар аймағы сəлем саған. Аққуыңнан сыбызғы үнін аңсаған, Ақпейілден берілген жан ем саған. Академик ұлы бар Сəбең сынды, Ақ қайыңдар аймағы сəлем саған. Ауылыңнан ақжарқын əн аңсаған, Əлдилеген пəктікті жан ем саған. Ізтоллиндер шомылған Есілі бар, Ақ қайыңдар аймағы сəлем саған. Аруың жүр көктемін бастап маған, Алабұртам көңілмен ас батпаған. Əттең, шіркін! Біржан боп жаралсам мен Əн көтеріп жетер ем асқақтаған. Ақ қайыңдар, əзсің-ау шалқар өскен, Ұмыттырмай жүретін қалқаны естен. Сəлем, сəлем ақынның жүрегінен, Қожаберген Жыраудың алқабы өскен. СƏБИТ АҒА Бақытыңыз тұр бүгін бақтай гүлдеп, Біздер үшін лаулаған дап-дайын от. Шашыңыздың талдары елестейді, Өлкеңізде өсетін ақ қайың боп. Сөзіңізден еседі көктем лебі, Көзіңізден көреміз өткендерді. Елестейді тағылған ордендерден, Солтүстіктің ботагөз көп көлдері. Ортамызда шырқалып сыйластық əн, Аға дейміз қарттыққа қимастықтан.

Туған күнің қазақты тік көтерді, Думандатып жатады күй тасып маң. Қарамастан мезгілді таң сəрі деп, Тойыңызға бар бұлбұл əн салды кеп. Академик жазушы жасауың хақ, Біздің əдебиеттің маршалы боп. СƏБИТ АУЫЛЫ Қарапайым ауыл тұр көз алдымда, Қабатты үйде санаулы өз алдына. Сонда дағы қараймын ғашық көзбен, Бала Сəбең жүргендей қозы алдында. Дауыл күнгі теңіздей бар өлеңі, Балуан иық, қыран көз, сал денелі. Жігіт Сəбең жүргендей осы күнгі шешемізге əзілдеп əлденені. Сұлушаш боп қыздары елестейді, Көгершін ғып ұшырып көмескі ойды. Мектебінде Асқар жүр Шəкірттерін, Ақ қайыңдай аялап белестегі. Ботагөз жүр кемелді дəрігер боп, Жүрек оты күн сайын жанып, өрлеп. Ерлігіне еңіреп ел сүйсінер, Бүркітбайлар қадірлі пенсионер. Елестейді Пəтестің жылауы да, Итбай емес, Игібай бұл ауылда. Академик Сəбең тұр көпшіліктің, Жауап беріп жаңбырдай сұрауына. * Жас толып көген көзге, Жамырап əн ұшады.

Қайыңды көрген кезде, Қабырғам қайысады. Не қылған сезім едің, Оралған жоралғылы. Тұрғандай сезінемін, Көңілімнің көгершіні. Қайыңға тие көрме, Қартайған қариялар. Сіздерге таусылмаған Сыбызғы үн ария бар. Табылған бақтан құмар, Табиғат дастанымыз. Сықылды ақ қайыңдар, Сіздердің шаштарыңыз. Сондықтан сүйеді ел де, Сүйгендей ауылдарын. Қайыңға тие көрме, Қадірлі бауырларым. * Айқай, шіркін! Ақ қайыңы Арқаның, Сенен таптым махаббаттың дарқанын. Құмартамын тұлпар үйір бақтардан, Құшақ ашып күлгендей-ақ əр таңым. Жатқандайсың əлі жақсы жырланбай, Қайыңды аймақ қойды құмар бір қанбай. Əлденеден секем алып айдын да, Ақ құтандар мойын созып тұрғандай. Жатқандайсың əлі жақсы жырланбай, Қайыңды аймақ қойды құмар бір қанбай. Күміс төсін жарқыратып тобымен, Пингвиндер қарсы қарап тұрғандай. Аққу қанат, ару тамақ, ақ маңдай, Сүт шұғыла сұлулыққа батқандай.

Шақырымнан шалынады көзіңе, Шағалалар ұшып келе жатқандай. Ф-ҒА Ақ қайыңдар арасынан Шыққан менің ақ гүлім. Көздеріңнің қарасынан Көрдім сезім пəктігін. Ақ қайыңның арасында Алаулаған ақ гүлім. Солтүстіктің даласында Самал болған шаттығым. Ақ қайыңды көрсем қайдан, Аймалаймын аялап. Жортып жүрген жігіт кезде Болды алғаш саябақ. Ақ қайыңға исем басты, Ару қызға игенім. Ақ қайыңды сүйсем жақсы, Əнді дағы сүйгенім. Ақ қайыңның арасынан Алаулаған ақ гүлім. Сарыарқаның даласынан Самал болған шаттығым. АЙЫМЖАН Ақын, ғалым, жезтаңдайлы жырау бол, Түсінбейді қанша айтсаң да сұрауға ол. Қыршын кеткен қыздың көзі секілді, Айымжан деп аталатын мынау көл. Тағдыр талай тəлкек еткен тепкілеп, Бұл жайында көнекөздер көп білет. Нағыз жүрек оттарына өртенген, Осы көлге Айымжан қыз кетті деп.

Түсіндірді... Ой бесікке бөлендім. Ауласында ақ көгершін өлеңнің. Махаббаттың нағыз айын көргендей, Көл бетіне көз талдырып төнемін. Сүйіктімсің ақ қайыңнан табылған, Сүйіп тұрмын, Өзің болып бар арман. Сен мен үшін күннің ыстық нұрынан, Қырмызысың, Қыр гүлісің нəр алған. Өзің жайлы толғанарым көп менің, Өртін тастап кетті жанға өткен күн. Басқа жанға қаңтар болып кетсең де, Сен мен үшін көгорайлы көктемсің. Сен мен үшін қасиетті көктемсің, Сондықтан да менен алыс кеткенсің. Басқа жерден керегі жоқ іздеудің, Ақ қайыңдар тұрған анау беттесің. Рас, сенің даусың əнге келмейді, Отырғанда үзілдіріп басқа қыз. Өздігінен ақша маңдай терлейді, Думандатып сауық құрсақ басқамыз. Біз айтқанда əн біткенді таңдайдан, Берен бауыр қырқаларды көмілтіп. Қиялыңда қызықтырып самғайды əн, Жүрегіңде жұлдыз болып өмірлік. * Себебінен кездеспей сол қырсықтың, Кеткенің бе Баяны солтүстіктің.

Сенің күлген жүзіңде тек мен үшін, Көрінеді тұрғандай толықсып Күн. Сенің жүрген жеріңде жайқалып гүл, Өскендігі əрқашан байқалып тұр. Көк күмбезден сүйеді махаббат боп, Саған арнап құшағын айқарып нұр. Жүрмегейсің басқаның көктемі боп, Жүрегінде бір сəтке шектеліп от. Ол мен деп ұқ. Сағынған пəруана жан – Елестесе көзіңе өткен күн кеп. Кетпесінші білінбей хат-хабарың, Солтүстіктің Баяны – ақмаралым. Саған ынтық Қодардың мысын құртып, Алматыдан Көрпеш боп аттанамын. ТАЙРА АТТЫ ҚАРЫНДАС Біз кездестік дастарқанның басында, Ақша қоңыр бұлт қонғанда басыма. Бүлдіргенді ормандар да ержеткен, Бойжеткен қыз кеп отырдың қасыма. Осы орныңнан жылжымашы, айналдым, Осы орынға мен де еріксіз байландым. Құрқылтайдың ұясындай төр мына, Көрінеді жайлауындай жайлы орын. Есілде өскен көгілдірі аққудың, Жанарыңнан көрдім жанның шаттығын. Жүрегімді езілдіріп барады, Жүрегімнен жүдеп шыққын тəтті мұң. Қанат болсын ұшар кезде талмаған, Осы өлеңім, Тайра саған арналған. Сен Есілде, Мен Емілде жүрсем де, Сенім артқан қарындас боп қал маған.

Қайталанбас қызықтарға толы күн, Қарсы алдында болады ақын жолының. Айып етпе, Ата салты, ұсындым, Құрметпенен құнан қойдың тобығын. Бұл тобықты жоғалтпайсың. Сақтайсың, Тобық ойны – қазақ салты жақтайтын. Болжаусыздау уақытта сұраймын, Болғайсың сен сенімімді ақтайтын. ҚЫЗЫЛЖАР Шықты ересен білік көп, Шындық таппай шешімін. Ұрпақтарға ұмыт боп, Бара жатыр есімің. Ең алғашқы қазақтың Еңсесі үлкен мұрасы ең. Айтылатын ғажап күн, Əні едің бір əсем. Ұл мен қызың жетеді, Бір сен үшін қамыққан. Еңірегенде етегі, Жасқа толған тарихтан. Айналайын, Қызылжар! Ақтаңдағы Жерімнің. Қансоқталы ізі бар, Ізтоллиндей əр ұлдың. Көңіліме етіп мұң, Көз жіберем көшіңе. Мағжан киген етіктің Ізі қалған көшеңде.

АМАНСЫҢ БА, БАУЫРЛАР! (Мағжан ауылында оқылған өлең) Сағыныштан жарамыз, Жазылмастан барамыз. Амансың ба, Бауырлар! Алыстаған арамыз. Тағдыр өзі теппеген, Күндері жоқ. От денем. Амансың ба, Бауырлар! Көзден жасы кетпеген. Орны толмас ауылдар, Ойран қылған дауыл бар. Ана тілден айрылған, Амансың ба, Бауырлар! МАҒЖАН АҒА Келер, туар кезекпен көктем, өлең, Тірлік бар ма, тамыр ап көктемеген? Мына жарық дүниеге ақын аға, Қарамашы қабақпен өкпелеген. Үміт-сəулең күлердей басқа таңнан, Қанаты қиялының босқа талған. Тас-тағдыр тастай қатып ерімепті, Көріп бір көз жасыңды тасқа тамған. Аңсаған үзіп алмай əн арқауын, Жүректің жарқыратып жанартауын. Арманшыл ақын жырын əлдилейді, Тербетіп ақ самалы Сарыарқаның. – Есті, – деп əн салғандай бұлбұл маған, Шашбауы ару таңның сылдырлаған.

Жаралған махаббаттан, сұлулықтан, Жыр – Мағжан алтын сарай сыңғырлаған. Кеудесін дүбірлетіп дүлдүл далам, Сəуледен суыртпақтап күнді ұрлаған. Тіл қатып ескен желмен жас ұрпаққа, Гүл – Мағжан жас баладай былдырлаған. Сағынып Мағжан аға, сырлы үніңді, Гүл – өмір гүлдеп сүйді нұрлы күнді. Сол күннің көлеңкесі қуды ажал боп, Қызғанып сенің сұлу тірлігіңді. САСЫҚКӨЛ Болғанмен есуастау ерікті күн, Басылды басыңа кеп жерік бүгін. Шаштарым шағалаңдай болған кезде, Шабытпен сəлем беріп келіп тұрмын. Көк жайлау басталатын қасыңнан кең, Армысың, Мағжан туған асыл мекен. От болып өне бойды араладың, Осындай жерде өсіп ем жасымда мен. Толғандым өткен күнгі жайыңды естіп, Топтанған жағажайда қайың өсіп. Осынау көк құла атты жазығыңда, Жүрді-ау бала Мағжан тай үйретіп. Білмеді-ау, сол кездерде сағынарын, Сен жайлы жыр жолына салынарын. Сол тайдай асаусыған қайран, Мағжан, Кеш білді-ау келетінін жанына мұң. Суатқа келген жылқы үйіріне, Болашақ ақын шалма үйірді ме? Оспадар болыс əке ожарлығын, Осында көріп тұңғыш күйінді ме? Құлағым күңіренген сазын тапты, Мұңайып бойжеткендей жазың жатты.

Қалқыған айдынында аққуың жоқ, Қаңғыған қара үйрек пен қазың қапты. Тіршілік түрлі-түрлі тарап жатқан, Баурайды көңілдерге далаң қаққан. Қызғыш пен шəукілдектің ұясын аңдып, Қарғалар қаңқылдамай далаң қаққан. Ол кезден қазір өскен бұта бөтен, Ауаңа ашылды аңсар, жұта берсем. Қалайша «Сасықкөл» деп атады екен, Есілген жібек желің жұпар, мекен. МАҒЖАННЫҢ ЗАРЫ (Арнаулы əні бар) «Абақтыда Ай мен Күннен жаңылдым, Сарылдым ғой, Сарыарқаны сағындым. Қарлығашым, құлыным деп зарлаған, Алыстағы сорлы анамды сағындым!» Жүрегім – у, құр сүлдері жанымның, Хақ тағала тек өзіңе жалындым. Мен дегенде таусылмайтын мейірімі, Ағалар мен бауырларды сағындым. Əнге қостым күңіреніп жан сазын, Ауылымды көрмегенге қанша күн. Тұмалардың тұнық кəусар суындай, Туған жердің ақ самалын сағындым. Ақын көңіл арамдыққа жақпадың, Сұм замана құрды маған қақпанын. Аярлықтың ортасындай ортада, Шыбын жанды қояр жерді таппадым. Осыншалық тағдыр саған не қылдым?! Айтқаныңа, айдауыңа бағындым. Аққулары ақша бұлтқа ұқсаған, Аулымдағы Айдынкөлді сағындым.

Имандылық ұялаған түсімде, У боп жатқан мұң-зарым бар ішімде. Осыншалық азап тартып жүргенім, Əлде қазақ болғандығым үшін бе? * Аға деймін жан тартып, жақынсырап, Ақша емес, жүремін ақыл сұрап. Жақсылықты жаһанға жаннат санап, Түңілтеді топас ой, татымсыз зат. Көңіліңнен табамын көктем таңын, Қайта оралып, қалықтап, өткен əнім. Мен аңқылдап жүргенде салқын тартсаң, Тарқамастай көңіліме өкпе артамын. Аға деймін жан тартып, жаным қалмай, Құлағыңа естілсін əнім балдай. Боз сұңқардай бабыма келер едім, Бұрылып, деп сұрасаң «халің қалай». Ойла, аға, ініңмін, жағалаған. Өмір отын бекерге жаға ма жан. Кіші болу біреуден айып емес, Кісі болмау ортаңа жаман одан! АҚҚУ Самалға төсеп сауырын, Қара көздері мөлдіреп. Айналып аспан бауырын, Айдынға аққу қонды кеп. Бауыры аппақ, жоны аппақ, Ару құс жүзді мақтанып. Тұрғандай көлге қонақтап Біршөкім ғана ақша бұлт.

ЖЕКЕ ШУМАҚТАР Біреулердің ат сабылтқан жақсы ісі – Біреулердің қуырылуы апшысы. Біреулердің келекесі, мазағы – Біреулердің құтылмаған азабы. Жақындықты жағымпазға балама, Аңғалдықты, арамдық деп санама. Көңіл деген тұнған тұма мөлдірі, Оған əсте тас лақтырып қарама? Əрине бұл көзқарасым өзімнің, Тілейтінім қойма маған көпшікті! Білетінім маған деген сезімің, Білмейтінім шашыңнан да көп тіпті. Тапсаң да менен басқа мін, Сырымды осы адал ұқ. Жалғандық болса, шаштарым Найза боп тұрсын қадалып! АЙТІКЕШ Таудың кешкі самалындай жайлысың, Айтікешім, Айтікешім ай мүсін. Тағдыр бізге жеткізбей-ақ қойсыншы, Ата-анамыз тартқан өмір қайғысын. Айтікешім, қарындасым сабырлы, Алыс жүрсем ағаң сені сағынды. Көз ұшында қалған ауыл келбеті, Сенің жарқын жанарыңнан табылды.

Ой-пышаққа екі жағым жанылып, Не де болса мен жүрейін сабылып. Алыстағы туыстарды қайтеміз, Жүргенде біз өзімізді сағынып. Шығып келе жатқандай бір жаңа күн, Көтерілсе сенің жабық қабағың. Жаздың нұры жанарыңда тұрғандай, Биіктеп бір қаламын. Аралдан шыққан арба жол, Аулыма артқан иегін. Асыр сап сонда ойынмен, Көтергем «жүгін» түйенің. Ақша бұлт шаңды шығардым, Ақ сауыр болған тағаннан. Ақ талқан топырақтардың, Аптабы өтті табаннан. Ол кезде рас, сəби ем, Бітпеген мұндай күш бұрын.! Келемін сақтап əлі мен, Сол туған жердің ыстығын. Жанымды жыр боп кернеген, Жанары нұрлы əр таңым. Арамдықты ойлап көрмеген, Ақкөңілдіктен тартамын. Жалт етіп көзге жалған өң, Жарамсақтанып кетеді. Сырымды тыңдап алған соң, Сыртымнан күлкі етеді. Қамшымды жұмыр өрместен, Қатыгез болмай жылып тым.

Өзгені өгей көрместен, Өзіме санап жүріппін! Табиғат сүйген, таң нұры ашқан тау гүлі, Табысқан шақта езілтпе менің баурымды. Тəттілік сенің көзіңнің анау нұрында, Тамызба жасты қырыңа. Жауып бір кетсе жанарды торлап жаңбыр жас, Жабыққан көңіл бағында бірде əн тұрмас. Мөлдір боп қанша көрінсе-дағы ол пəле, Ешкімнің шөлін қандырмас. Мүмкін ғой оның морт етіп бір күн сынары, Қаншама биік болса да көңіл шынары. Қап-қара көзден түсірсең егер бір тамшы, Қасірет қаулап шығады. Мен үшін мұның барлығы-дағы жыр ғажап, Жығылсам дағы көтерем тағы тұра сап. Құлағы тұнар бізге ортақ мынау өмірдің, Екеуміз бірдей жыласақ. Күлкіңнен сенің шуақты көктем басталар, Бүрлетіп қайың, түрлентіп дəйім, баққа бал. Əлдилеп менің махаббат қызғалдағымды, Күлкіңнен сенің еседі таңғы ақ самал. Көсіліп келіп айызы қанар арғымақ, Күлкіңде сенің меруерт моншақ бар бұлақ. Сұлулық жатты сіміріп ғашық көздерді, Сəріде сөнген жұлдыздар нұрын бауырына ап. Толқытқан тосын тұп-тұнық жатқан жан көлін, Толастар емес тоты құс назы сан керім.

Ол əлі бір де нотаға түсіп көрмеген, Əуені тəтті айтылмай жүрген əндерім. АҚЖАРҚЫН СƏУЛЕ Ақжарқын сəуле арманым болып кеткен ең, Ары асып бұлттан, таласып шырқау көкпенен. Жетсем деп соған ынтықсам дағы жете алмай, Биіктеп барып, тау болып сұлап шөккен ем, Биіктеп барып, тау болып сұлап шөккен ем, Сен болып менің бар биіктігім жетпеген. Қарасам бір сəт көзімді салып төменге, Қаптап жүр екен аласа жандар менен де. Шүкірлік етіп, кеткем жоқ бірақ мен бұған, Басқаша болып көңілімдегі ендігі əн. Болған соң жаным арманның қуған асқарын, Аласармасын дей бердім биік сен тұрған. ЕМІЛ Арнасында тасыған, Су емес, Күн. Сенесің. Алты қырдың астынан, Ақ сағым боп келесің. Бастан кешкен өзімдей, Баяндайды сол сырын. Жас баланың көзіндей, Жалт-жұлт еткен толқының. Құсжолындай шұбалып, Құйқылжыттың маған əн. Құлындарды суғарып, Құрақ орам жағаңнан. Соқпағыңды тармақтап, Араладым нуыңды.

Кендір баулы қармақты ап, Кешкем талай суыңды. Егілдіріп барасың, Емілім-ау, Емілім. Көрмей жүрген ағасын, Көңілі жүдеу мен ұлың. Сар далада балқиды əн, Сағынышым – ақ нұрым. Таңдайыма бал құйған, Тамшы суың – тағдырым. ЖИЫРМА БЕСІНШІ БӨЛМЕ Тұрғыны осы бөлменің, Тобылғы торы төртеу ек. Тұрымтай көздің көркемін, Тұрғылас еттік ертерек. Тұрымтай көздің көркемін, Тұрғылас еттік ертерек. Санымыз төртеу болғанмен, Салтанат құрдық өлке боп. Толқытып күйдің ырғағын, Толасы болмай думанның. Тоғысып тұнық толқынмен, Тойланды талай туған күн. Жалғанып ұзақ сырға сыр, Өтті ол кез жанға арай сап. Біздерден қалған бір ғасыр, Тұрғандай қазір қарайлап. СƏЛЕМ, САҒАН Ұлыма Сағынып елді жүргенде, Сабылтып жаным, сен келдің.

Сайрады сонда жыр кеуде, Сарылтқан сырым сен бе едің. Нұрланып кетті бұл маңай, Өлеңге толып өзегі. Жанардан жасым құрғамай, Жалғыз боп жүрген кез еді. Хат күткен елден батыр ем, Келмейді одан ақыры. Арымнан келген хатым ең, Архат деп қойдым атыңды. Қуаныштан мас боп тербелдім, Ашыла түсті түндігім. Жалғасым болып сен келдің, Жабықтан қарап күлді күн. * Архатым құйттай кеудең жалынды ұя, Беретін тіршіліктің балын жия. Осынау сенің атың, келешекте, Жазылар куəлікке – фамилия. Лаулата беруі қақ ғасыр отын, Жетпей-ақ қойсын, саған қасіретім. Сен жайла мен шықпаған асқар шыңды, Сен жамыл мен көрмеген аспан нұрын. Иллаһи! Бітсін саған ісмерлігім, Тағы да бітсін шаттық күлкілерім. Құрбыңмен сауық кеште сайраңдайтын, Сен үйрен мен білмеген би түрлерін. Кетсе егер кездейсоқта сөніп нұрым, Тапсырам тілегімді сеніп ұлым. Ұмытпай өз тауыңның биіктігін, Ұлттың мен білмеген сен ұқ тілін. Мүмкін сен геолог боп кен іздерсің, Сауырын тауып жаңа семіз жердің.

Бұл күнде тебірентіп өлең болған, Махаббат маған арман сені іздесін. Жеткізбей жебірлердің қастандығын, Сен терші мен термеген аспан гүлін. Сен ұшта мен алмаған қарындашты, Қазақтың жалғастырып дастан-жырын. Түсіріп шумағына жырларымның, Біткем жоқ біреуін де сырларымның. Зайыбы немеремнің босанғанда, Мен болып гүлін апар қырларымның. Мен болып атын қой да шөберемнің, Той жасап, тасыт селін көп өлеңнің. Меймандос келушілер малдас құрып, Думанды жатсын солай жалғастырып. Мейлі ол айтпаса да босқа еніп, Жат көрме келсе адамы басқа ауданның. Мен болып құрметтеп қолдарын қыс, Бəйгені алып шыққан бас балуанның. Талықсыт күйші қолын таңдар бойы, Білінсін адам тұрмақ аңдар ойы. Егерде бөгет болса той үстінде, Мен болып сылқита соқ жанжалқойды. Сəн болып қуаныштың салтына əн, Дəстүрді жалғастырып халқыңа тəн. Қымызға қызып алған қыз-қырқынға, Құрулы тұрсын дайын алтыбақан. Осындай шілдеханаға налымай кеп, Айналса нəрестеден «жаным-ай», – деп. Жайылып көрпе бол сен, Қонақтардан – Қалмасын тайқазанда тарыдай ет. Сəлем саған көмір мұртты кейінгі, Алдыменен даламнан ұқ пейілді.

Бабаларың, əкелерің бəрі де, Бастаған ғой сол даладан сейілді. Қуаныштан көздің асыл құсы ұшып, Сол далада доспен қолды қысыстық. Сарша тамыз айлары бар қаз тұрмақ, Қаңтары бар сол даланың қысы ыстық. Сапары сəт ғұмырнамам өздерің, Сəлем саған мойыл қара көздерім. Шаттық құсы ауыспаған сапардан, Шаң баспасын біздер жиған сөз қорын. Гауһар дейді Ұшанқардың тастарын, Сəлем саған геологы аспанның. Сауық кезде ұмытылып жүрмесін, Біздер ұққан əуендері жақсы əннің. Бұл сəлемім – бұлбұл тілді күй осы, Бүкпесі жоқ тек сендерге тиесі. Арқалаңдар бабалардың парызын, Жасалмаған домбыраның иесі. * Сейілде кезі келген шақтарда əлі, Бұлбұлмен дуэтпен айт бақтарда əнді. Адассын сені таппай, ақша бұлт боп, Шашымның ерте түскен ақ талдары. Саған нұр болсын қыздың əзілдері, Саған жыр гүлмен құрдас наз үндері. Адассын сені таппай тасты ұялап, Уақыттың маған салған əжімдері. Парағын судырлатып жаңалықтың, Зулайды көз алдыңнан сан алып күн. Бұлшықты қос білектен қайтқан күштер, Қаңғымай басқа жақты саған бітсін. Парағын судырлатып жаңалықтың, Зулайды көз алдыңнан сан алып күн.

Дүниені тағы да бір таңғалдырып, Əн шырқау, Əміре боп саған бітсін. Парағын судырлатып жаңалықтың, Зулайды көз алдыңнан сан алып күн. Даланың қасиетін арттыратын, Дарыны Құрманғазы саған бітсін. Іркілме сайыстарда күшің барда, Мейлі сен жолықсаң да ысылғанға. Сəлемдес, кішілерді кісі санап. Діндері будда ма, əлде мұсылман ба? Ағаңның өзімсініп осқанынан, Зиян жоқ, қираса да қос қабырғаң. Аяма астыңдағы атыңды да, Өзіңмен өзегі бір достарыңнан. Өзіңе əкелік сыр осы өлеңім, Өмір-Дос! Қобызына қоса бер үн. Үйіне шөберемнің аттанарда, Мендегі сағынышты қоса бердім. Ойлама, деп сөзімді: жалық етті, Тілеймін жанарыңа барлық отты. Ұмытпай есіңе ал, көз ұшында – Бабаңның басы қалған арғы бетті. Ну болғайсың туған жер шөлдеріне, Нұр болғайсың гүлдерге көмкеріле. Құраннан соң, оқисың жырларымды, Қабірімнің басына келгеніңде. От болғайсың қаңтарда терлететін, Күй болғайсың көңілді тербететін. Құрмет көрсет құшағын ашқандарға, Алакөзге болғайсың белдесетін.

  • Теңестірме үйеңкіні қайыңға, Сал қармақты шабаққа емес, жайынға. Жүрегіңде жанған жұлдыз болмаса, Жұртқа сенбей, жүргенің жөн жайыңа. Айлар тұрмақ, күндер өткен сайын да, Созбағайсың қолдарыңды дайынға. Балуандықтың бас бəйгесі нар емес. Намыс үшін! Майданға шық тайынба. Терің сіңген тесік тасты тастама, (Қасиет бар тамған тер мен таста да). Бұл өмірде басқа «еркелік» жетеді, Бүлік салма қарап тұрып басқаға? Бояу нұр ойнап түсіңде, Барғыштап жүріп үйіңе. Бармағын бүгіп ішіне, Бас игендерге иілме. Ашуың келсе тосын, сен, Ұстама тасты қос қолға. Қастасып жүрме досыңмен, Қастасар болсаң дос болма! * Қасқыр көрсең түспесін ит есіңе, Азаяды ол бар жерде несібе. Уақыттың кездемесін ұйқы етіп, Балап жүрме сəске түсті бесінге. Жылан көрсең кесірткі деп ұғынба, Тұнықтық жоқ тұманданған ұғымда. Күн нұрына жатқанменен жылтырап, Арылмаған ажал жатыр жылымда.

Шеңгел гүлін қызғалдаққа балама, Шың тұрғанда шынар басын қалама! Жақсылықтың көптігіне шүбəм жоқ, Жамандық та болуы хақ ғаламда? Қаншама алыс жол жүргенмен, сенем мен, Машинадай болу қайда арбалар. Бұлбұлдардың жүректерін жегенмен, Бола алмайды əсте əнші қарғалар. Қонбаса да үстіңе жол шаңдағы, Атың – Адам. Сен сəби болсаң дағы. Сырым дағы осы сөз, шыным дағы, Сен жыласаң дейді жұрт: «Шырылдады». Сырым, шыным осы сөз көңілдегі, Мен жыласам дейді жұрт: «Еңіреді». * Неге іздейді бұлақты, көл тұнығын, Шөлдегенде қасында арақ тұрып? Асырасаң қасқырдың бөлтірігін, Неге ұлиды аспанға қарап тұрып? АЙНАШ ПЕН АРХАТҚА Сендер деп айтып əн атын, Серуендеп гүлді құшамын. Екеуің екі қанатым, Елдерді самғап ұшатын. Сапарын тілеп бұл жырға, Салиқалы ой мен күшін де. Саздарын арнап бұлбұл да, Сайрайды сендер үшін де.

Көретін шаттық үй маңын, Екеуің нұрлы көзімсің. Сендерге ғана сыйлаймын, Жанымның мөлдір сезімін. 5-10 ақпан, 1969 жыл. Алматы * Біреулер ойлайды, Аялап күлсінші деп. Біреулер ойлайды, Аямай күрсінсін деп. Біреулер ойлайды, Ала арқан аттамас деп. Біреулер ойлайды, Албаты бақталас боп. Біреулер ойлайды, Жолынан не көрер деп. Біреулер ойлайды, Қолынан не келер деп. Біреулер ойлайды, Сағынып келсе екен деп. Біреулер ойлайды, Ауырып өлсе екен деп. Іс бітпес күрсінтіп те, Беталды ойланғанмен. Бас барда тіршілікте, Дұрыстап ойлаған жоқ. ҚАРЛЫҒАШЫМ Сауырыңнан аяласа жел жібек, Бауырыңнан айналды нұр елжіреп. Бұл өмірде сүю деген тұнықтық, Тұратұғын мөлдіреп.

Сен дегенде бойды билеп күш ағын, Қыр гүліне толды менің құшағым. Қарлығашым қанатыңды қаға түс, Кеңістік боп құшамын. Қарлығашым, кете алмайсың қиып бір, Махаббатым шуақ болып сүйіп тұр. Бұл өмірде сенің жаның сондықтан, Барлығынан биік тұр. ƏЖЕ Басыңа қонса дағы қыраулы қыс, Біз үшін жүрегіңде тұр-ау тыныс. Ұл, күйеу үйлері боп бөлінсек те, Көзіңнің нұры барда бір ауылмыз. Кəрілік рас таяп, жуықтады, Мамыр күн көңіліңді суытпады. Өзіңе шетімізден қауышамыз, Сияқты бір шаңарақ уықтары. Əжетай шаттанамыз күлімдесең, Асқар боп биіктейміз «Күнім», – десең. Аяғын тəй-тəй басқан Айнашымның, Айтылған алғашқы əні, тілінде – Сен. Бір сөзің бізді аспанға самғаттырған. Думан ғып, қызықтырып, таңды аттырған. Əжешім, сенің ізің алтын жол ғып, Іргесін үйіміздің жалғап тұрған. Жайылып күннен-күнге керегеміз, Есейдік. Еншілікке не береміз? О, таптым! Дүние деген қалсын адыра, Жүргенде жұлдыз болып немереңіз! * Кешкілікте ауыл шамы костер боп, Ту алыстан шақырады: – Қош кел, – деп.

Тал бойыңа таудың суын құйғандай, Егінжайдың мұртын сылап ескен леп. Аспанында ауылдың тұр əн кілкіп, Айғағындай салтанатты сан тірлік. Топырақтың дымқыл тартқан сауырын, Тоңазытып, келеді кеш паң жүріп. Топтай түсіп, ұшқан қаздай қатарың, Төгілдіріп ақ жаңбырын мақалдың. Кең өріске көз жіберіп шалдар тұр, Саусағымен тарап қойып сақалын. ТОЛҚЫНДАР Толқындар тулайды, Тұлпар күш билеген. Толқындар зулайды, Меруерт күймемен. Толқындар ағады, Толықсып жайменен. Қанатын қағады, Сырласып айменен. Қытықтап тастарды, Ойнайды алқалап. Жұлдызды аспанды, Жүреді арқалап. КЕШ Көбейтіп көлеңкені даладағы, Күн таудан тепкен доптай домалады. Бантик боп қадалып тұр гүл басына, Көбелек ұшып жүрген бағанағы... Сар маса сияқтанып жеңіл əріп, Бір сəтке мазалайды сені барып. Аспанда ұзақ күнге əн шырқаған, Бозторғай бұтада отыр демін алып.

Лаулайды тебіреніп, сезімдегі от, Осынау жазғы кештің кезінде тек. Аспанды жұлдыз қаптап бара жатыр, Қасқырдың анталаған көзіндей боп. МЕРГЕНДЕР Болса да аңы, мынау жердің қандай бір, Шүріппені басуыңнан қалмай жүр. Көріндіңдер шеттеріңнен ысылып, Көбелекті көзге атқан жандай кіл. Бірақ əлі өз бағамды бергем жоқ, Таңғалса да жатқан байтақ жер мен көк. Адамдағы арамзалықты атқанда, Мүлт жіберме, айтам сонда мерген деп. АУЫЛ Шағырмақтанса шағи күн, Көлеңке керек басыңа. Алдында əрбір ақ үйдің, Трактор менен машина. Адамын бірден танисың, Тотыққан жазық маңдайы. Тұсында əрбір ақ үйдің, Түтінін созған комбайн. Жүзінде кейіс жоқ тегі, (Көрмеген бір де суып тер) Бұлтылдап бұлшық еттері, Бұлғайды қолын жігіттер. Төгіліп кəусар күлкісі, Түрленіп түске жаз алаң. Жастықтың ұшса жыл құсы, Жас келіншектер мəз оған.

Жаңғыртып даусы даланы, (Жайлауға жасыл тым құмар). Суаттап кетіп барады, Соңырқап келген жылқылар. Өнерлі мұнда бауыр көп, Еңбектен шыққан шыңдалып. Өмірде осы ауыл боп, Өсудің өзі шын бақыт. БІЗДІҢ ЖІГІТТЕР БІРІНШІ ЖЫР Ауылда өскен жолдардың жұтып шаңдағын, Атырып не бір ақ жарқын дала таңдарын. Қайысып бір сəт қабырғалары көрмеген, Қаршадайынан, көтерсе де өмір салмағын. Күс қолды көріп, іс жолын толық білгендер, Көңілі ала, көлеңкелі оймен жүрмеңдер. Алатын үлгің толып та жатыр ауылдан, Тор сыра сатып, тотықпай жүзі жүргендер. Жаңалық десең кетеді жаны балқып тез, Жанына жағып, үйіріп тілді бал сүт кез. Сауық күндерде «Сарыарқа» болып күмбірлеп, Жүреді шалқып, естілмей бір де артық сөз. ЕКІНШІ ЖЫР Жұлдыз боп күліп, күн болып туып, нұрланып, Шетінен бəрі ақжайсаң сəуле, жүр жанып. Шын досы болсаң дүние тұрмақ, өздері – Жолыңа сенің құрбандық.

Болады тағы бұлбұлды баққа бұлақ та, Шегіршін сынды құлпырған гүлдер қыратқа. Үйірден ұстап құлағында ойнайды құдай боп, Үйретілмеген құр атқа. Жеткізу қиын қасиетін сонша сөз етіп, Олардан ада опасыздық пенен кезептік. Олардың жауы жағымпаздар мен жасықтар, Өздері тұрған өжет жұрт. Көрмеген бірде көсілген жолға шаң қонып, Көлбеген белден көтерілгенде таң болып. Көңіліңе мəңгі көгілдір аспан орнайды, Келгенде олар əн болып. АҚ БҰЛТТАР Тауларыма барад деген дақпырт бар, Сол рас па, аспан кезген ақ бұлттар. Онда менің жан теңгермес анам бар, Өрешеден үзбейтұғын ақ құрттар... Күнə емес, сағыныштан егілген, Ысырап емес, көздің жасы төгілген. Ей, ақ бұлттар, жолда қалар жаңбырың, Анам жайлы ағытсам жыр селін мен. Толастамай өтіп жатыр талай күн, Топ-топ болған керуеніңді санаймын. Сəлемімді өлеңменен жазылған, Сəл төменде, саған орап салайын!. Берсе дағы бұл табиғат сондай күш, Мен кенжесі ем, аңсады ғой ол байғұс. Жай-күйімді жеткізші тез ақ бұлттар, Зиратының құлағына қонбай құс!... КЕНЕСАРЫНЫҢ МОНОЛОГЫ Мен Хандықты құрмадым ермек үшін, Жақтамадым күресті ерлеу үшін.

Кең өрісте баптадым керегімді, Кездей жерді орысқа бермеу үшін. Қуатым бар тұратын батыл жауға, Ақ мылтықпын. Қақым жоқ атылмауға. Өміріме ант етем! Тірі жүрсем, Өзенімнен тамшы су татырмауға. Маған қарсы жан-жақтан даярланды, Түлкі болып түрленді жай арланы. Ағасұлтандарды алдап «Алқа» таққан, Жолыменен жолбике аярланды. Періштесін пері боп сүймедім мен, Шенін тағып, шекпенін кимедім мен. Бүйірімнен түрткілеп бүйрегімді, Жаралады. Күңіренген күйге ендім мен. Күннен-күнге түнеріп ашынған күн, Үдей түсті бораным, басылмадым. Безек болам қашанғы қас-жауыма, Емеспін бе баласы Қасымханның. Ақ патшадан келерін көріп алдым, Қол жинадым Арқадан шеру тарттым. Ешқашан да өліспей – беріспеймін, Ел-жұртымды қорғауға берік Антым. – Бағын! – деді. Кезеніп орыс келіп, – Жағын! – деді, – Жеріңнен өріс беріп! Туған Жерге қормалдық еткеніме, Шыға келдім баскесер, теріс болып. Қаһарына өртеніп улы көңілі, Орманды өртеп, ағылған суды бөлді. Бүлікшіл деп ат қойып, айдар тағып, Бостандықты қуғандай қуды мені.

Болашақты армандап күйге орандым, «Елім-ай!» ғой, «Елім-ай!» сүйген əнім. Жерім байтақ болғанмен, елім тайғақ, Осыны ойлап мен бейбақ қиналамын. Амалым не, амалым! Ортам надан! Арылмаған ашкөз бен қорқаулардан. Ақ патшадан келетін ажал емес, Бəрінен де қан жұтып, қорқам содан. Бас басына би болған, бақсы болған, Рушылдар оларға жақсы қорған. Ұлттың жайын ойлайтын адамдар аз, Қалай іске асады жақсы арман? Арпалыстым, алыстым жанымды жеп, Лапылдады алдымнан жалынды от. Көпке дейін күймедім. Шаштым оған, Көңілімнің көл-көсір қарын күреп. Қыр көрсеттім қырғызға, оянсын деп, Езілу мен езуден ой алсын деп. Манаптары жақтасып ақ патшаға, Қорғалады қой болып қоян жүрек. Ұға алмады заманның жайы қандай, (Сайқалдары қамалған сайы қандай?) Жалтаңдайды шен менен шекпен күтіп, Жақсы менен жаманды айыра алмай. Аңсағаным – Еркіндік, Асыл Арман, Қанат қағып келеді ғасырлардан. Менің басым мың жерден алынса да, Қазағым бар Даламның Басы болған. * Домбыраңды Тартшы бір келістіріп,

Мен емес, Күтіп отыр неміс жігіт. Құлақ күйін келтіріп алсыншы деп, Іштен тынып, Жымидық, тегіс күліп. Бұйығамыз. Өзара ығамыз кеп, Домбырадан көп нəрсе ұғамыз деп. –Қасиетті қазақтың күйін тыңдап, Қазір, қазір құмардан шығамыз, – деп. Шықардағы жұмыс жоқ Тықыр-шумен, Біз отырмыз. Тағатсыз тықыршумен. Күй орнына күйкілік сөзге көшіп, Басқаларды отырдың сыпыртумен. Қаза сөйлеп Арғыны-бергіні кеп: Алдыменен мен туған Жерді біл, – деп. –Домбыра емес, Көсеу ғой, – дедің дағы Дос алдында бəлсініп, кергідің кеп. Осы айтқаның Ойыңның тереңі ме? Олай болса Не жатыр «тереңінде». Қасиетін білмесең Домбыраның, Қазақ болып жүрудің керегі не. Ұқсамайсың. Көктемде Көктейтінге, Ұқсап тұрсың Ұятқа жетпейтінге.

Сен «көсеу» деп отырған ұлы аспаптың, Тиегінен садақа кетпейсің бе! ЖАНБОЛАТ АУЫПБАЕВҚА Шығысымнан таң атып, Күн күледі, Шуағымның жарқырап мың күрегі. Сендер жаққан қуаныш шырағданын, Содан іздеп сенделем, Кім біледі?.. Кім біледі? Бар шығар... Таба алмадым. Еміренгенім елес боп тағы алдандым. Үкідейін ұшады үміт шіркін, Сағынышым ғажайып, саған жаным... Тілегіме жеткізші, Жасаған Ием! Мейлі жазсам жазайын осал өлең. Самал ессе, сендерден Лебіз бе деп, Құлағымды құмартып тоса берем. Тілегіме жеткізші, Жасаған Ием! Келіспеген жолымыз барыспапты, Қанша жазып жүрсек те таныс хатты. Бір шəугімнен шай ішкен қайран Жандар, Бұл күндері қайырылмай алыстапты. Ермек еткім келмейді еріккенді, Елестейді алдымнан көрік көлі. Аман болып əйтеуір жүріңдерші, Менің сағынышымның кейіпкері. * Мынау сəтсіз хабарың, рас па, бұл! Болушы ем ғой кішкене қыр ассам гүл. Таудан да астым, бұл күнде ойдан да астым Өрнектедім не түрлі трассқа жыр.

Тасқа жаздым бұл жырды, тауға жаздым, Осы болды өмірден аулағаным. Қаз-үйректің басқалар төксе қанын, Бұлбұл үні үшін мен бауға бардым. Жібермедің сұм тағдыр, ерттедің сен, Жүрегімді шыжғырдың өрттеріңмен. Арқандағы ботадай боздасам да, Айықтырмай ұстадың дерттеріңмен. Естігенде кетті ғой денем шошып, Көз алдымда дүние елеңдесіп. Таңғы ауадан жаралған табиғат ең, Тазармаған белеңге келем көшіп. Өсетұғын əлі де ұланым бар, Айтатұғын асқақты бір əнім бар. Тарғақ болып өртеңде өртенем бе, Тарлау едім тауда өскен құлан құмар. * Атың Лəйла! Жаным-ау, атың Лəйла, Жанарыма тұрасың жақын жайда. Қиялыммен қыр кезген бейбақпын ғой, Құмарымнан шығатын шақыр жайға. Атың Лəйла! Сүйікті атың Лəйла. Кейде саған алмаймын жақындай да. Бұл өмірде тірліктің бəрі керек, Бірақ алдыменен сен, ақынды ойла! Атың Лəйла! Қымбаттым, атың Лəйла, Алдырғайсың осы бір хатыңды ойға. Есіміңді ежелгі түркі еліне, Дастан етіп сақтаған ақынды ойла. Лəйла, Лəйла! Беу, Лəйла, Лəйла жаным, Қарлығаш боп айланып ойланамын. Ганжауйды өзіңе пір санасаң, Онда мені жақсылап ойлағаның.

Лəйла, Лəйла! О, Лəйла, Лəйлажаным, Жүрегімді быт-шыт қып бөлшектедің, Соның мұңын жанымнан өлшеп көргін. Мəжүнінді құдірет санасаң сен, Онда маған сый-құрмет көрсеткенің. Алысып өмірдегі қайғыменен, Атымды жазған жырым əйгілеген. Көктеменің гүліндей жайқалсын деп, Көңіліңнен көктетіп жайдым өлең. Көңілімнен көктетіп жайдым өлең, Құлпынай боп құлпырсын жайлы белең. Оң қабағым күлімдеп жүрейінші, Оңтүстіктен өзіңдей жайды көрем. Бара жатыр ойларым жалын болып, Əр қимылың аяулы жанымда өтіп. Қара құсын қайғының қашан, жаным, Тарқатамын өзіңнен таңын көріп. Жырым-жырым өңірің Алып Далам! Күннен-күнге күйіңе қанып барам. Тұлпар едің тусыған күндерің де, Тулақ бопсың! Ат бопсың арықтаған. Аймағың бар... Беу, Далам гүлдеп өскен, Қанаттарын кең жайған мүлде көктем. Торықтырды кеңдігің амалым не, Топырағың тозаңнан күл боп кеткен. Мақұлықты бұл күнде сезікті еткен, Мотор үні жайылып кезіп кеткен. Жайлап келген сан жылғы жайылымнан, Дуадақ пен безгелдек безіп кеткен.

Бұрынғыдай бүлдірген терілмейді, Бұталардың қалыпты темірдейі. Қояндыда қоян жоқ, Бұл күнде қоңыз қалған. ....Үкі тұрмақ, жапалақ көрінбейді. Арылмаған еді-ау, аң қырыңнан, Бүгін түк жоқ. Не пайда жан шырылдан. Шалқар көлің айналған ақ тақырға, Мұң ұғамын қаздардың қаңқылынан. Бұландыда бұлан да, бұғы да жоқ. Бізтұмсықтар бүр іздер бұғына кеп. Керіштау да кетіліп бітіпті ғой, Жылқы жусап жататын ығына кеп. Тозып біткен шалғыны жақса араның, Тозаңы шығып жатыр тасты алаңның. Бір кездегі «Құланды» аталған жер, Бұл күндері мекені тасбақаның. ШЫҢЫРАУ (Аңыз) Байжігіт күйінің ізімен Өн бойына күш толған, Өміріне қысталған. Аңыздарда тамсантқан, Шыңырау деген құс болған. Туралы ол қыран құс, Кең даламда жүр аңыз. Егер білмек болсаңыз, Абыздардан сұраңыз. Құлағымда саз үні, Мұңды, жырлы наз үні.

Мұны қазақ кез келген, Біле бермес абызы. Күйшілерде нар тұлғам, Заманада жарқыл əн. Байжігіттің қолымен Домбырада тартылған. Алдыңа əкеп көнені, Ұлы бабам өнерлі. Шыңыраудың тұлғасын, Күймен сомдап келеді. Со-на-у! Ерте заманда, Дүн-дүние аманда. Керемет құс Шыңырау Саған да жұмбақ, маған да. Күштілер жоқ тегінде Бетін оның қайтарған. Алыптығы Алып-ақ, Мөлшерлеп те айта алман. Тек айдаһар қауіпті, Болып оған жауықты. Бір ғасырда Алып Құс, Бір жұмыртқа тауыпты. Бел-белестен аса алған, Белгі ме екен қашаннан. Жұмыртқа жұтса айдаһар, Елу жылға жасарған. Кəрі айдаһар құлшынды, Жасаруға ұмтылды. Бəйтерекке салды ұя, Жұмыртқалап бір күні. Қызыл жартас қасында, Сол Бəйтерек басына.

Ұябасар шайқады, Жұмыртқасын астына. Жұмыртқасын шайқады, (Артта талай ай қалды). Жемсаудан ас арылып, Қалғанында байқады. Алда əлі тұспалы Бір жұмыртқа құшқаны. Айдаһардан секем ап, Ұябасар ұшпады. Ұрпақ оған қадірлі, Басты ұясын сабырлы. Асықпады таулар мен Аралауға адырды... Жартасты ін-үй қылып, Жатты айдаһар ұйлығып. Жұмыртқадан үмітті, Есінейді иіріліп... Ашыққан соң Алып Құс, Қанаттарын қағып құс. Ұшты ұядан еріксіз, Бойды кернеп алып күш. Кетті аспанды еңсеріп, Тұрды терек теңселіп. Тұлғасына таңғалды, Оны қалың ел көріп. Қанаттарын қаққанда, Күннің көзін жапқандай. Көлеңкелер үлкейіп, Қалғиды аспан ақ маңдай. Қалың орман жерді үлкен, Түйекиіктерді үлкен.... Бір жегенде бір таудың Аңын түгел жейді екен.

Тікті көзін қияға, Мұңды ойын тұл ала. Ол осылай тояттап, Ұшты асығыс ұяға. Зар жылады өмірі, Құлазыды өңірі. Тояты əбден болғанмен, Толмады оның көңілі. Көздеріне қан толды, Ыза кернеп дал болды. Жұмыртқасын айдаһар Жұтып жатқандай болды. Телім-телім, телім боп, Жегендері желім боп. Кетті қатты мазасы, Дегбірінің шегі жоқ. Жігері өрт боп жағылды, Қанаттары қағылды. Сағынышы ғажайып, Сағым болып ағылды. Шыңыраудың шыдамы Таусылды. Қан жылады. Ондай кезде адамның Көзінен қан шығады. Телім-телім, телім боп, Жегендері желім боп, Қатты кетті мазасы, Дегбірінің шегі жоқ. Кедергі қандай жолдағы, Белгісіз тылсым ол дағы. Келгенде жақын болған жер, Қайтқанда бітіп болмады.

Осынша азап шеккенде, Осындай күйді шерткенде. Демін алмай заулады, Ұясына жеткенше. Күйші бабам толғанып, Домбыраны қолға алып. Шыңыраудың күйімен, Жатты арманы жолданып... Алатұғын еркіңді, Лаулататын өртіңді. Байжігіттің қолымен, «Шыңырау» күй шертілді. Шықса дағы əрі де, (Жатыр өнер нəрі де). Талай заман өтсе де, Тартылады əлі де. Жүрегіне даритын, Тыңдайтыны əр үйдің. Күй тілінен білеміз, Шыңыраудың тарихын. Күй тілімен жанды күн, Көңіл тербеп сəнді мұң. Ұқтырады домбыра, Ұлы құстың тағдырын. Қанаттарын жайды үміт, Қасірет пен қайғы қып. Шертілді күй шымырлап. Бұрауымен1 Байжігіт. Құбылдырып құба түз, Айтылады мың аңыз. Ұғам десең бұл күйді, Домбыраны тыңдаңыз. 1 Автор домбыраның құлақ күйіндегі «сол бұрау», «сыңар бұрауды» айтып отыр.

КЕЛШІ, КӨКТЕМ! Келші, көктем! Қыс ызғарын көтеріп, Жайқала өссін жас бұтақтар жетіліп. Кеуде керіп кекірейген нарық тұр, Кер бестісі саудасымен секіріп. Келші, көктем! Кең даланы жылытып, Кеңістікке ұшсын торғай жыры тік. Замана-тас! Сен болмасаң көктемім, Көрген емес тас маңдайын жібітіп. Келші, көктем! Бар үмітім өзіңсің, Сенсіз менің қисыны жоқ сөзімнің. Көңілің – самал аңқылдаған жайдары, Жүзің – шуақ, күлімдеген көзің – күн. Сол нұрыңмен жібіт дағы мұз-қарды, Сол нұрыңмен кетірші аяз, ызғарды. Жан жарасы жазылмаған адамның, Беу, көктемім өзің ғана ізгі əні. Сен келгенде шырқалады маған əн, Күй тыңдатып он сегіз мың ғаламнан. Түймедейін түйедей ғып тұратын, Не пайда бар алыпсатар заманнан? Келші, көктем! Ғашығымдай күлімдеп, Қара жерді түрлендірген гүлің көп. Жақсы ақын болсам дағы сенің сол Базардағы гүлдеріңдей құным жоқ. Бірақ, бірақ! Сонда дағы тозбаймын, Соншалықты жүдетсе де өз қайғым.

Сағынышым саған ауған. Туса да – Ақындардан алааяқтар озған күн! Келші, көктем! Кереметтей əн салып, Кемтар болған кең далама жан салып. Керегім жоқ. Құрсағы аш адамға, Жазсам дағы жақсы жырды қаншалық. Көкірекке шер байланып көп күзден, Қайғысымен қабырғаны сөккізген. Өмір де жоқ, Көңіл де жоқ, тегінде – Ақындарды арманына жеткізген. Масайраса құстарымен көлдерім, Гүлге толсын қар жамылған белдерім. Ортамызға оралсаңшы тезірек, Өрістесін түлегім мен төлдерім. Келші, көктем! Сияқтысың жас күнім. Асқындырмай мына қыстың қастығын. Трактордың майын қымбатқа алса да, Бейбақ Диқан! Тез ексе екен Астығын! Жайқалсыншы Қазағымның даласы, Арта түссін дастарқанда дəм-асы! Жалаңаяқ қыста үйде қамалған, Жадырасын жақыбайлар баласы. Жүзің күлсе бұтақтанам жыр боп мен, Күннің көзін бұлт баспасын нұр төккен. Сен сияқты керек мынау Заманға, Нарық қысын көтеретін бір Көктем!

ШЫҢҒЫСТАУ АЛҚАБЫНДА Мұхтар жайлы жиналыстан шықтым да, Ғажаптандым ғасыр толған мықтыға. Ғалым, Ұстаз, Һəм жазушы Əуезов, Осыларды мұрат қылып тұтты ма? Асулардан биік ұшып самғаған, Кездессе де кедергіге сандаған. Бір басына бар ұлылық жиналған, Бұл адамға, ұлы адамға таңданам! Айтты оны Төреқұлдың Шыңғысы, (Əр сөзінен нəр алатын мың кісі). Баян етті академик кəдімгі, Кабдоловтай сұлу сөздің құндызы. Бұл жиында небір жайсаң, қасқа да Кең төрінде сөз сөйледі Астана. Бір Əуезов мың адамға əңгіме, Бітпейтұғын кəрі менен жасқа да. Осы жайды мен де ойландым, ойладым, Уақытымды ойсыз əсте қоймадым. Үйге келіп мызғып кетіп түс көрдім, Сол еді əлгі жастыққа бас қойғаным. * ...Жер аспандай көкпеңбек боп түрленген, Көктем еді көзді арбап гүл өнген. Арқа жері, Шыңғыстаудың алқабы, Аспан асты сұлулыққа бөленген. Ералының жазығы мен Бөрілі, Жидебайлы толған адам көрінді.

Желпіп ескен самалынан Арқаның, Толқып тартқан домбыра үні өрілді. Күмбір-күмбір, күңгір-күңгір атырап, Көңіліңді кетті тербеп сатылап. Аспан астын, жердің үстін əлдилеп, Бар əлемді бір өзіне шақырат. Топ басында ұлы күйші Байжігіт, Маңайына көз тастайды жай жүріп. Құрманғазы, Дəулеткерей, Махамбет... Домбыра алған, жетегінде сайгүлік. Шыңғыстаудың бауырындағы Жасаңда, Орын тепкен Қорқыт пенен Асанға. Сəлем берді домбыраның пірлері, «Парызымыз үлкен сыйлау қашанда». Осы топқа Мұхит келді Біржанмен, Тойлық жасап, тоймайтұғын сырлы əнмен. Əннің ұлы əуезіне тас балқып, Тербетілді миллион жыл тұрған дөң. Байжігіттің «Сарын» күйі тартылды, Күңіреніп көкке қайта шалқыды. Дəугерлігін жұртқа тағы танытты, «Шыңырау» мен «Көкейкесті» арқылы. «Сарыжайлау» мен «Сарыарқа да» жосылды, Бұған келіп Қазтуғандар қосылды. Екі ішекті домбыраға таңданып, Моцарттар мен Глинкалар тосылды. «Жаралмадым неге осының бірі боп, Айтылмадым неге қазақ жыры боп» - Деген кезде Моцартқа кеп Арагон: – Жатыр мұның даласында құдірет!

Қарашы анау, көз ұшында шексіздік, Қалай ғана жаратылған шексіз ғып. Толқын таулар аспанменен таласқан, Бауыры жаз, басы оның көк мұздық. Анау, Бел де, Бұлағы да, Қайың да, Қарағайы қаптап өскен сайында. Опера ғой. Тіпті əр түп жусаны, Əн салады осы халық жайын да. Ару болып би билеген жас талы, Абыз болып аңыз айтар асқары. Топырағы тұлпар болып кісінеп, Тарих жайлы сыр шертеді тастары. Осы кезде Татьяна əн салды, Əуеніне шетелдіктер тамсанды. Ресейден келгендерді бастаған, Пушкин оны сергек тыңдап жан салды. Лев Толстой ойлы жүзбен қарайды, Күндегіден айналасы арайлы. Біздің Мұқаң Гете менен Пушкинді, Ертіп келіп таныстырды Абайды. Абай айтып неше түрін мақалдың, Байсалданды артқанына қатардың. Қуанышты жүзіне нұр жүгіріп, Қолын алды Толстойдың Шəкəрім. Ұлы тойдың ұлылығын сезінген, Қонақтардың күлкі ұшады көзінен. Омарғазы аудармашы қасында, Либəй менен Дуфу келді Бежиннен. Толқытты бір қытайша айтқан əн сазы, Тойға келген халық оған тамсанды.

Шығысымның жеті жарық жұлдызын, Абай барып құшақ жайып қарсы алды... Токиядан, Бухарестен, Кабулдан, Америка жақтан дағы ағылған. Тұрғыт Озал тобыменен бірлікте, Мұстафа да келді елін сағынған. Ахмет пен Мағжан жəне Міржақып, Ұлы тойдың қызығына тұр батып. (Шекспирмен таныстырып Абайды, Мұқаң ойлы аяқтарын жүр басып). Сəкең, Сəбит, Ғабиттер тұр топтанып, Маңайында Уəлиханов шоқталып. Мұқағали, Төлегендер бір жақта, Жыр оқыды жанарында шоқ жанып. Қасым, Ғали, Қалижандар толғанды, Осылайша мүшəйраға жол салды. «Мен қазақпынды» оқығанда Жұбекең, Арафаттың ілтипаты-ай сондағы. Екіленді кейін шыққан дүйім жас, Мұндай кезде қалай өлең құйылмас. Сұлтанмахмұт біраз сілтеп алған соң, Одан əрі жалғастырды Ілияс. Сағи, Қадыр, Тоқтархандар толғады, Менде оқыдым өлеңімді қолдағы. Əбділда мен Тұманбайлар толғанды, Тартты жұртты жырларының жолдары. Мариям да, Шолпандар да шалқыды, Ақын біткен қанаттанып шарқ ұрды. Ұлы өнердің өмір жолын түсінді, Жиналған жұрт қазақ жыры арқылы. Ой мен шолып əрбір дəуір өткелін, Ақындардың күткен Шыңға жеткенін.

Ұқты Абай мерейі өсіп ғажайып, Қара өлеңнің көзі көріп көктемін. Бұқар жырау тəмсілдеп бір бастады, Қабат-қабат сөздерінің астары. Қабан жырау, Мұрын жырау тағылар, Қосылды кеп осылайша бастары. Термешілер сайыстары басталды, Желіктіріп, еліктіріп жастарды. Иса ағамыз желдірмемен желдіріп, Жыр жаңбырын нөсерлетіп тастады. Жыраулар ма, Жыршылар ма, пері ме, Айтып жатыр əнші, сазгер, сері де. Осынау бір думанына өнердің, Қосылды кеп Сырдың сүлейлері де ... Біржан тұрды аққу əні қалықтап, Топ арудан Лəйлім қызды анықтап. Сегіз сері сейіл құрып келеді, Көмейінен «Гауһартасы» шарықтап. Енді бірде ақындардың айтысы, Қыза түсті. Бір-біріне сай түсті. Біржан, Сара, Əсет пенен Ырысжан .... Асар екен қайсысынан қайсысы. Қатаған мен Сүйінбайлар, Кемпірбай... Жамбыл менен Құлмамбеттер, Кеншімбай... Өтті айтыстар тартыспенен шетінен, Қызықты оған күндіз-түні ел тынбай. Дегелеңде жалмап жатқан жандарды, Атқан атом бомбасының шаңдары... Арқау болды айтыс ақындарына, Бұл өнерге шетелдіктер таңданды. Таңданды олар айтыс деген өнерге, Тасқын судай, таусылмастай өлеңге.

Таңданды олар Қазақ деген халықтың, Талантының жатқандығын тереңде. III Шұбартаудың жазығында соқпағы, Шоғырланып бəйге аттар топталды. Шеткерірек Құлагер мен Ақан тұр, Жұрттың бəрі соған қарай оқталды... Бір жағында теңге ату басталды, Ілу үшін жерге жамбы тасталды. Қызды думан. Балуандардың сайысын, Қажымұқан мен Балуан Шолақ басқарды. Бауырында əсем Арқат тауының, Көре аламыз Алтыбақан қауымын. Баян, Жібек, Еңлік пенен Мамырлар, Сайрандаған салтанатты сауығын. Ештеңенің көрмегендей тарлығын, Ешқайсысы айтпайды əнді зарлы-мұң. Шетелдердің теледидар тілшісі, Камераға түсіріп жүр барлығын. Айналаны қызықтаумен бағып бір, Арасында Димаш күлкі жағып тұр.. Қарауылдың үстінде Абай Мұхтарға, Шапан жауып, арқасынан қағып тұр. Көңіліндей болып Мұқаң баланың, Күліп қана байыздады алабын. Жанарында ойы тұнып жаһанның, Кеңістігі маңдайында даланың... Елбасы да əсерленген көңілмен, Таныстырды Егеменді өмірмен. Абай əнін Күлəш айтқан сəттерде, Қосылды кеп қуанышпен өңірге өң.

Уланған су тазаланып көз ашты, Кетті аймақтан радиация дозасы. Орманына бұлбұл қайта оралды, Гүлге оранды бұрын жатқан Бозащы. Жалаңаш тау қарағайға бөленді, Абыралыда ел көркейіп, ел өңді. Ауру деген атыменен жоғалып, Атырабы курорт болып келеді. Топырағы құнарланды қайтадан, Құс көбейіп бұрынғыдай айтады əн. Дегелең мен Саржалдарда ешқандай, Дерттің болмайтыны байқалған. Дей алмаймын той қызығына тоя алдым, Тал бойыма бір адамдай ой алдым. Үй ішінің дыбырынан еріксіз Түс бұзылды. Тəтті ойымнан ояндым.. Қалқаман, 7-ші емхана. Тамыз, 1997 жыл ЖЕТІМ БОТА Айналадан табылмай бар таңдауы, Жетім бота боздап тұр арқандаулы. Енесінен айрылған бейбағым-ай, Көрінгенге қоймайды жаутаңдауды. Көрінгенге дəметіп емінеді, Көңілінің табардай емін өзі. Қайыс ноқта басында қатып қалған, Қайта-қайта үзердей шегінеді. Жасы іркіліп мөлдіреп қос жанарға, Толған тұма суындай тостағанға. Ширығады айналып ши түбірді, Жалғыз адам сияқты достан ада.

Өлетіндей бір күні арығы асып, Ағаш болған денесі арып-ашып. Сіңіріне ілініп жүрген ептеп, Сүзек болған баладай қаны қашып. Айналадан табылмай бар таңдауы, Жетім бота боздап тұр арқандаулы. Көңіліне күткендей бір жұбаныш, Көрінгенге қоймайды жалтаңдауды. Болса дағы иесі бөлетін ой, Соған лайық бақытты беретіндей. Айрылған соң ақ сүттен аузындағы, Болмайды екен қамқорлық енесіндей. МҰҚАҒАЛИ ҚАБІРІНІҢ БАСЫНДА Жеткізбей көз алдымда сағым көлім, Жеміссіз құр көктеуде бағым менің. Жетелеп жетімдіктің жез шылбырын, Басына қабіріңнің тағы келдім. Түсімнен шықпай қойдың ақын ағам, Өмірден өжеттікті батыл алған. Оқыдым құранымды мінажат қып, Бір туған ағекемдей жақын маған. Сұраған тілегімді бер дейсің бе, Арқамды төсеуім қақ сендей күнге. Азаптың тозағына түсінуші ең, – Бүтіндей Кеңсай жаққа кел, – дейсің бе? Барам ғой. Асықпашы, ақын аға, Өзіңе өлеңімдей жақын, аға. Жүрейін жүрек жарды əндерді айтып, Əзірше Егеменді сахнада. Бармайтын жалғандыққа не тілегің, Ақ сүттей аппақ еді көкірегің.

Атымды əкем қойған атамастан, Өмірден «Əй, бала», – деп өтіп едің. Ол кездей емеспін мен. Ашынғанмын, Сұйылды аппақ болып шашым қалың. Жанымды сусамырлық дерт жайлаған, Абайдың өлер жылғы жасындамын. Ол кезде жақын жоқ ед саған менен, (Білмеймін артық болды бағам неден). Бір өзің бүкіл қазақ боп көрінген, Жасты едің менің ортаншы ағамменен. Тасмүсін сұмдық ойға сұғынғандай, Дегендей: «Кеше сондай, бүгін қандай?» Табынып тастұлғаңа Мұқа сенің, Сырымды қотарайын түгім қалмай. Жауладың жырларыңмен сахнаны, Өзіңе бүкіл қазақ жақындады. Алматы астана емес, Бас қала боп, Өзіңнің көшесінде атың қалды. Жанымды түсініп ең тірлігіңде, Қуанып менде өнген жыр бүріне. Көре алмай оны сұмдар өсектейді, Күбірлеп, кəдімгідей бір-біріне. Біз бүгін Егеменді ел атанамыз, Тарихта көрінбеген атағы аңыз. Шетелге алтын, мұнай дегендерді, Ешкімге жалтақтамай сата аламыз. Құлаттық коммунистік қатал жайды, Маркс те бұрынғыдай аталмайды. Ежелгі партияның хатшылары, Бұл күнде діндар болып жата алмайды. Жасатып көпшілікке бастаманы, Халыққа сөз айтудан жасқанады.

Құбылып құбылғыдай Құран ұстап, Аятын пайғамбардың жастанады. Құтылдық социалистік «сара жолдан», Даңғаза жержүзіне дара болған. Кешегі «Ұлы көсем» қолын созған, Құлаттық ескерткішін қалалардан. Өткендей сабақты ине сəтіменен, Жазудан жасқанбаймыз батыл өлең. Айтпақшы, Нарынқолың аудан болып... Аталды Райымбек атыменен. Білем ғой, ол кездегі ақ-қараны, Ұялмай ұяттарын таптағанды. Үстіңнен арызданған ұятсыздар, Бұл күнде сеніменен мақтанады. «Өрісі қарға адым боп бітті» деумен, Адамға қарайтұғын бұлт тілеумен. Өзіңнің мазаңды алған сұмырайлар, Мені де келе жатыр түрткілеумен, Жан аға! Жан даусымның сазын аңда, Қоя бер шағаласын, қазын ал да. Болса да қай заманда қорлық көру Ақынның маңдайына жазылған ба?! Тірліктің өзгертілді жолы керім, Ұғарсың өлеңімнен оны менің. Мектеп пен балабақша таратылып, Бизнес деген басты оның орнын. Көбейді сөмкелері салақ қаққан, Жыландай тілдері айыр жалақ қаққан. Орнына туған тілде кітап сату, Молайды темікі мен арақ сатқан.

Ауылда кедейшілік мазаны алған, Көбейді «самопалдан» қаза болған. Жұмыстың жоқтығынан қарақшы боп, Қазақтар қамалуда жаза алған. Айтамын ұғынардай жалғанға сыр, Тыңдайды құшақ ашып алдан ғасыр. Доллардың құны артты теңгемізден, Ағылшын тілін білу арман қазір. Болады намыс жерге сүйрелгендей, Жүрегім қан жылайды түйрелгендей. Қазақтар ағылшынға қойды ықылас, Баяғы орыс тілін үйренгендей. Барады күнім зулап өтіп алдан, Оттары қатарластың өшіп жанған. Басқадай жаңалықты айтар өзі, Баласы Əлдибектің кетіп қалған. Өзіңді «Қатты аңсадық!», – дейді ауылың. Сөзіңді естіп жазған: «Ей,бауырым!». Мұқам-ау! Намысыңды қорғай алмай, Қорқумен сақсынады кей бауырың. Кезінде сені араша талағанның, Кейбірі бар. Ойлаған бала қамын. Шіркін-ай! Түре келсең бір аптаға, Түсінер едің толық дала жайын. Айтатын ойға қазір ерікті Күн, Сөздердің жүргендер жоқ теріп бүрін. Түсіме жиі-жиі кіргеннен соң, Жан аға, Құран оқи, келіп тұрмын. * Тілегім қосылғандай тілегіммен, Сан рет жақсылықты тіледің сен.

Жолымен имандылық иландырдың: «Тірегің боламын деп біле білсең». Мен сендім. Сенбесіме амалым жоқ, Берместі алмайтұғын каналың көп. Мекке боп ардақталдың. Мына өмірде, Мен үшін жаралғандай қамалым боп. Əттеген! Жүріппін ғой далбасалап, Дайындап мінетұғын таңдасаң ат. Сөйтсем сен, бұлаңдаған түлкі болып, Аңдыпсың мысалдағы қарға санап. Заманға, тіршілікке ойланам деп, Басымды жүргенімде ойға бөлеп. Қан талап көздеріңді қасқыр болып, Жүріпсің, жанымды сен қойға теңеп. Жаныма егістіктей жыр егілген, Оңаша ойларменен жүре білгенЖан едім. Қақпан құрып аяғыма, Қанша рет жараладың жүрегімнен. Жасарған тау-тасына таралып əн, Жан едім, даналықтан даланы ұққан. Тұтасқан сазбалшықтай анау тұлғаң, Түсіндім, жаралғанын Арамдықтан. ҚАТАРЫМ ЕҢ Өтежанға Өте-өте! Тым өте, жан едің Сен. Өте жақын жүрген соң ғана білгем. Тракторға тіркеуші болған кезден, Көктемде де сырластың жаңа гүлмен.

Жаңа ауамен, Жаңа таңмен Сен ерте амандастың, Трактор боп тірлікке қадам бастың. Опаланды қап-қара топырақпен, Өлеңді ойлап жүретін жалаңбасың. Осылайша Байғанин даласына, Боразданы тарттың сен таң атыра. Ойларынан өлеңнің түрендері, Өрілді кеп қазақтың баласына. Ақындардың ішінде досым ғана ең, Өзегіңде еркінсіп қосылған ем. Мекен еткен ғашықтар даласына, «Менің махабатым» боп қосылған ең. Жалынына тастамай бөтен оттың, Өтінішім айтылған өтелетін. Қатарым ең, Қаталдау болсаң дағы, Еркінсіген кезімді көтеретін. Тоғысатын ойларым арманыңмен, Жарастық қой осы бір жалған күнмен. Шақырып ең үйіңе əнеугүні, Əттеген-ай! Неліктен бармадым мен? АЛТЫН ҚАЛАМ Бауырым Ғалым Боқашқа Көздің жауын жаулап бір жалтылдаған, Көңілімді тербейсің Алтын қалам. Күн шуағы ойнайды жылы ұшырап, Күлкі орнатты көзіме алқынған əн. Ұқтырғандай басқаның парқын маған, Көз алдымда гүл болып Алтын қалам. Түсіндіріп тұрғандай түсіменен: «Ақын ақын бола ма, шарқ ұрмаған».

Елестетіп Емілді сарқылмаған, Гауһар көзбен қарайды жалтылдаған. Мыс болсаң да алтын ғып бағалаймын, Айналайын, атыңнан Алтын қалам. Үмітпенен қарайды əр күн маған, Өмір жəйлі тербетіп Алтын қалам. Қуанышпен көңілімді көтереді, Қуат беріп күшіме сарқылмаған. Алтын қалам! 3 маусым, 2005 жыл ӨМІР ЖАЙЛЫ Хасен Əдібаевқа Өстің қазір жігіт болып ержетіп, Тіршіліктің ақ бесігін тербетіп. Бұл өмірдің оңайлығы деп ұқпа, Маңдайыңды жүргендігің терлетіп. Өмір деген шырыны емес жүзімнің, Үсті де емес өткір қанжар жүзінің. Бұл өмірдің жеңілдігі деп ұқпа, Күн нұрына тотығуын жүзіңнің. Көктеміңді өзің тауып кетпесең, Шыға алмайсың биіктікке, Көкке сен. Бұл өмірдің қиындығы деп ұқпа, Күтіп тұрған бақытыңа жетпесең. Адамдардың жүрегіне тыңдатқан, Бұл өмірге жылылық та, қымбат та əн. Бұл өмірдің кедергісі деп ұқпа, Бұлбұл боп кеп, бозторғайша үн қатсаң. Өмір деген қос қанатың ұшатын, Өмір-ағаң қолтығына қысатын. Өмір деген анаңнан да мейірбан, Ылғи дағы сүйеп, сені құшатын.

Өмір деген құбылысқа дарқан-ды, Ауыр салмақ жүктерін де артады. Өмір деген əкең емес еркелер, Кезі келсе жағыңнан да тартады. БАРКӨЛІМ Сағыныш болған күн, айда, Саздары тəтті жыр өзің. Өзіңе жетер гүл қайда, Өзімнің қозы мінездім. Кеудеме толған сұрақ көп, Оларға жауап өмірден. Өзіңе жетер бұлақ жоқ, Өзіме тұнық көрінген. Ойлаймын қазір сонау бір, Ойқастап өткен кезімді. Едің-ау Баркөш онда гүл, Толтырған нұрға көзімді. Арада айқыш жол жатыр, Жеткізбес жүрсе күнұзын. Сағыныш деген ол жатыр, Сапырып ойдың қымызын. Қараймын алып қолыма, Қағазға жазған атыңды. Арнаймын мəңгі жолыңа, Ағалық махаббатымды. Өзіңе жетер əн қайда, Өзегіме отты, бағалы. Жүрсің-ау жаным, шалғайда, Жүдетіп жалғыз ағаңды. РОССИЯ «Россия жуылып тазармаған» Деген еді Лермонтов казармадан.

Аянбастан қарумен, қаламмен де Алып қалды Ер ұлдар ажалдан сан. Қазір ғажап жуылып, тазарғаннан, Көрем көркем тұлғасын ғазалдардан. Мəртебесі үлкейді Конгресте, Сата алмайды жалдаптар Базарлардан. Россия! Кешегі Сібір емес, Россия – Ошағы ұлы Кеңес. Россия ... Кең байтақ ырысты Жер Россия ... басқа елдің бірі емес! Ұл-қызының білеміз ер екенін, Ұлағаты ұлғайған Жер екенін. Орыс тілі тірліктің тілі болды, Болған берік ұйтқысы берекемнің. Халық болып туысқан өне бейім, Достық жайлы бүлкілдер көмекейім. Хас сұлу боп көрінер орыс қызы Киген кезде қазақтың төбетейін. Біздің достық ұстатып азаларын, Кетіреді дұшпанның мазаларын. Олжас жазса орысша отты өлеңді, Татьяна айтып жүр қазақ əнін. Өнерінен өшпес от тауып жанға Орыс əнін айтамыз сауықтарда. Билерін де билейміз, Көки берсін, Не демейді күндестер жауыққанда! * Жамандықты көргенде арынды шақ, Іркіледі.

Боламын жарым құрсақ. Қуанамын Жақсылық құшақ ашса Ең алғашқы танысқан жарым құсап. Көңілсіздік орнаған құрысын жай. Кез келгеннің жүрсінші түрі сынбай. Құшақ ашса жақсылық, Шаттанамын. Көп жылдан соң кезіккен туысымдай. Орнай берсін адамның үйіне күн. Жоламасын көңілді күйіне мұң. Жаманшылық бір қарыс жақындаса, Əкем жаңа өлгендей күйінемін. САРЫАТАН Аңсаттырған көктемдегі əнім бе ең, Сарыатаным, Сайрап тұрған сəріден?! Жақындашы! Көп естіген əндердің Сенің үнің артық соның бəрінен. Аспанымда шөкімдей де бұлт жоқ, Тұрғандай бір жарық сəуле күліп кеп. Келші бері! Талай таныс толқынның Бəрінен де естілді əнің тұнық боп. Біржолата сұлулықты қиғандай Бұл табиғат, Тұрмын ұйып имандай. Атып келе жатқан анау таң нұрын, Ал күрең ғып көкірегіме құйғандай. Сезім толы айналамды қаусырған, Сенің үнің асты, білем, тау-шыңнан. Ертеменен еркелеген əлемге,

Айналайын, Айналайын даусыңнан! Көк əлемнен көптен күткен сəнім бе ең, Сарыатаным, Сайрап тұрған сəріден?! Қымбат маған, Тыңдап бағам, Өйткені Менің əбден сағындырған əнім сен! ДИҚАН АҒА Диқан Əбіловқа Жасарып бір бозбалаша бас алға, Қартаймайды шыққан емен жасаңға. Шөпшегіңіз «Ата» десе, арман жоқ, Ал біздер ше, «Аға» дейміз қашан да ... Ризамыз Сіздей ақын ағаға, «Миллиардтың жыры» болған далаға. Романды өлеңменен жаздыңыз, Керек бізге Дихан атты баба да. Болсаңыз да ғашық өмір балына, Қарамаңыз шаштың аппақ талына. Сіз жасауға тиіссіз ғой, Тиіссіз Нобель ақын үшін жетпіс тағы да. Атыңызда ажары бар даланың Басыңызда ойлары бар дананың. Жетпіс деген Əліппені жаңа ашқан Жасы ғой бұл он-ақ ғана баланың. АРХАТҚА Он алтыға келдің, ұлым, сен бүгін, Білдің өмір тарлығы мен кеңдігін.

Балалықтан, Шалалықтан арылып, Жігіттік боп басталады ендігің. Он алтыға келдің, ұлым, сен бүгін, Түсінесің елді қамқор , елдігін. Енді мені ұғынасың, Қай жерде Бар екенін Жетістік пен кемдігім. Он алтыға толдың, балам, толдың сен, Сапары бар алдыңда əлі жолдың кең. Сол сапарға ең сенімді болатын Төлқұжат бар бір азамат болдың сен. Мұрт тебіндеп, Өсіп қапты бойың да, Əуестене берме, жаным, ойынға. Ақыл кіріп, Қосылмаса ой ойыңа, Аяғыңның тұрқы өскенге Бой ұрма! Мұрт тебіндеп, Өсе берер бойың да ... * Қарап тұрсың Дегендей бір сыр ақтар, Көңіліме ұялатып сұрақтар. Жылытатын Тоңазыған ойымды Жанарыңда шуақ бар. Қарап тұрсың Көз алдымда көк орман. Көргендеймін Асылымды жоғалған. Көктеменің

Ең алғашқы нұрына Көктеген бір Қызыл гүлде жоқ арман. Қарап тұрсың Көздеріңде нұр тұнып, Қарлығаштай қанат қағып Күлкі – үміт. Бір-біріне асығады Ынтық боп Кеудемізде Екі дүние бұлқынып. Қарап тұрсың Бар əлемді қиып-ақ, Қарап тұрмын Сезім оты қиын-ақ. Өзгермейтін Дəл осындай көзқарас, Өмірдегі Биіктен де биік-ақ! ӨМІР ҮШІН I Жоқ болса да кегіміз, Мысқылменен күлетін. Бір бөлмеде сегізбіз, Жұмыс істеп жүретін. Айтпаса да арнап əн, Бар бізде жұрт қалауы. Əрқайсымыз əр жақтан Шыққан жолдың тарауы. Болмаса да кісіге Бұзық мінез ұятты, Осылардың ішінде Тентегі мен сияқты.

Қанды қанша тасыттым, Бірақ өмір өлеңім. Айтқанына бастықтың Сондықтан да көнемін. II Оны өзі отырады аңғарып, Жүргендігін қулығымен жан бағып. Ал біреулер түсіне алмай бұл істі, Аңқаулыққа батар, тоба-ай, таңданып. Кейбіреулер түймедей ғып түйені, Қаралауға қолына алса күйені. Ал біреулер бадырайтып барыңды, Бұл өмірде сені ғана сүйеді. Айтпай қалсаң бірлікте егер бір күн əн, Ертеңінде арызданар сыртыңнан. Өмірі үшін өтірікті сіміріп, Кейбіреулер бұзады өстіп шырқыңнан. Кейбіреулер білсе дағы білмейді, Шамырқанып, шаттығына күлмейді. Шыңға шықсаң шыңырауға жол салып, Шылым шегіп күйінеді, күндейді. Өтсе дағы талай күндер талмастан, Осылайша бір-бірімен арбасқан. Осылайша сау адамды «қотыр» ғып, Жүретұғын кездер бар-ау! О, тірлік... III Желге жүзін желпіте, Кəнігі аңшы Бақталы. Бір күні ерте жемтікке Құрды шойын қақпанды. Тұрса дағы «кел бері» Болса дағы асық татқанға.

Ашықса да ол бөрі, Жоламады қақпанға. IV Көзін əлі ашпаған Ұяда үш балапан. Тірлікті енді бастаған, Таң қаласың қарасаң. Демін алып жыбырлап, Денелерін қозғайды. Жатпаса да тыным ап, Мойны ұядан озбайды. Келсе анасы жем алып, Шырылдайды, қонбастан. Сондықтан да дем алып, Отырмайды ол бастан. РЕНІШ Талай-талай өткен бірге қолдас үн, Оқуда озат бар еді бір жолдасым. Кемтар адамдарды көрсе қиналып, Жанарына іркуші еді ол жасын. Студенттік еді кездің соңғысы, Емтиханнан шықты өзгеріп өң-түсі. Күздігүні жауар бұлттай тұнжырап, Тұрды өңінде реніштің белгісі. Не болды деп жүрсем мұндай күрделі, Бес орнына төрт алыпты, бұл жолы. VI Төбесінде күлтеленіп тұлымы, Тор жорғаның кісінейді құлыны. Көк шалғынды алдына егер апарсаң, Онан артық жануар жоқ тынымды.

  • * Ұмытып мүлдем Шығарам қалай мен естен, Ықтасын болғам Кездерде суық жел ескен. Болсаң да үлкен, Аға деп сені айтпадым. Құрдастай көрдім, Өйткені жастай тел өскем. Құйғытып жүрген, Құйыны қызық белестен. Құйындай ойнап, Ұзады-ау уақыт тел өскен. Екеуміз қанша Ойламай кеттік десек те, Ешқашан бізді Шығармайды ғой ел естен. Жүрмесек те əлі Төңкеріп тастап тауды біз, Қырмасақ тағы Қырқыншы жылдар жауды біз, Екеуміз қанша Ұмытып кеттік десек те, Еш уақыттарда Санамайды алыс аулымыз. Екеуміз талай Əн айтпап па едік бірлікте, Сағына қарап Бүгінгі мынау тірлікке. Жұбымыз əсте ажырамайтын, Байланған – Балапандарындай қарлығаштың бір жіпке. Бұл күнде саған Бəрі де жат-ау солардың,

Бүйрегің болып Бір мендей жақын болар кім? Хатың да жоқ-ау! Оқитын бір сəт шалқыта. Самарқаулықты Санаймын қалай қарттыққа. Сырласып жүрген Сыпайы мінез өмірде, Сыйласып жүру Сені мен маған артық па?! ЕМІЛДЕН ЕСКЕН ЛЕП ЖЕЛІЛЕС БІРІНШІ ЖЫР Толқыныңнан Емілім, Тарады əсем Күй күмбірлеп, Көсілді далама кең. Сол күйіңді сомдап бір жырға қосып, Бар ынтаммен үйретем балама мен. Əн ғып өтем! Көңілді күндеріме, Сыр ғып өтем! Тыңдаса кім беріле. Сен тұрасың Қулықтың құрсағынан Жаңа туған құлынның үндерінде. Қоңыр қобыз тартатын күй ішінде, Қозықаның таң алды күйісінде. Сен тұрасың Емілім, Сен тұрасың Көктемдегі көк жуа иісінде.

Ойларымды ақтарған барла мына, Бақыттымын жағаңа барғаныма. Сағынса ана баласын, Аға-інісін, Саған келіп жеткендей арманына. Туған жері адамның – дара мекен, Сондай болып көріндің балаңа сен. Арнаңдағы суыңды сия етіп, Жағаңдағы нуыңды қалам етем. ЕКІНШІ ЖЫР Бауырынан жаратып Алшағырды, Барқыт жолмен барладым қанша қырды. Қараймын да жағаңнан Еміл, саған, Кеудемдегі басамын аңсарымды. Ақша бұлтың қалқыған көгімдегі, Аққуымдай айдынды көлімдегі. Атты қойып, аспанмен ұшсам дағы, Таба алам ба, сəулемді өмірдегі. Қарағайың жоқ сенің қатарланған, Еміл, Еміл, Еміл боп атанғаннан. Сонда дағы сұлусың, Нұр аласың Ай мен Күннен, Тап-таза атар таңнан. Жақұты боп жарқырап көзінде ойдың, Жан анамның ақыли сөзіндейсің. Өлеңімнің ең ыстық ұясысың, Оны ақын боп қалайша сезінбейін. Сезінемін Емілім, есімдесің, Сеніменен тағдырым шешілгесін. Тебірентті. Тұп-тұнық толқыныңдай, Торғын самал толықсып есілгесін.

Бауырынан жаратып Алшағырды, Барқыт жолмен шарладым қанша қырды. Толқын атып жатасың өр өзенім, Баса алмадым лебіңдей аңсарымды. ҮШІНШІ ЖЫР Тебіндеп, Бойлап өсіп бір Теңселіп жасыл тұр құрақ. Емілден самал есіп тұр, Ерменнің иісі бұрқырап. Қой мен түйе күйісі, Тартқандай күйін өмірдің. Жусан мен изен иісі, Жұпары осы өңірдің. Кеудемді ашып тағы да, Келемін оймен келелі. Сағыныш болған жаныма, Саумалдың иісі келеді. Па, шіркін! Терең дем алам, Айызым əбден қанғандай! Жалтақтай берем мен оған, Жалт беріп арман қалғандай. Жұлдызы болған əр үйдің, Жүрегінде отты сыр бардай. Мен жақсы көрген сəбидің, Уілін салып тұрғандай. ...Есіліп, Желпіп қыр гүлін, Естілді лептен əдемі үн. Ауылда қалған құрбымның, Айтқандай нəзік сəлемін. Құсындай бірде ол жаңа таң Қанаты қатып бекіген.

Жасаурап көзі жан апам Жатқандай сүйіп бетімнен. Бəрі де маған бағалы Үн, (Ерікті не ұқса ел нендей). Сағынып жүрген ағамның Сəлемін айтып келгендей. ТӨРТІНШІ ЖЫР Атамен де ақсақал, Анамен де, Ақ қайыңды ат қылған баламен де, Сырлас болған, Емілім, Ежелден-ақ Ағын болып қосылған Алакөлге. Алакөл де бассалды бауырына ап, Қыстың күні оранып дауылына ақ. Құлжа мүйіз, Хрусталь толқындары Жаздың күні жатады ауыр құлап... Кеткенмін Алакөлге кəнігі боп, Көңілімде жатады əні бүрлеп. Көктем күні шашылған уылдырық, Есейеді жазды күн балығы боп. «Мың бір түнге» айтады тақай əрі, Өзен мен көл аңызын атай əлі. Көктемеде балапан болған үйрек, Күздігүні қанаты қатаяды. Көл, өзеннен жері жоқ шошынысқан, Айдынға өзен құйылған осы тұстан. Алакөлім өзендер «коллективі», Қандай жақсы бірігіп, қосылысқан. БЕСІНШІ ЖЫР Өзеннің бойы көкпеңбек, Елімнің көсегесіндей.

Топшысы бекіп көкке өрлеп, Толқындай толқып көсілді ой. Өзеннің бойы жап-жасыл, Еркелеп көктем жатқандай. Еккендей жұмсақ жанға сыр, Есілген лебі мақпалдай. Тауап қып лепке жүгінем – Есе түс! Есші! – дей берем. Алқына маған жүгірген Анамның деміндей көрем. АЛТЫНШЫ ЖЫР Емілім, менің, Емілім! Еншіме сендей бақ бардай. Жақұты жастық кезімнің, Жағаңды жайлап жатқандай. Емілім, менің Емілім! Ыстықсың маған жанымдай! Өзіңе тартқан өр ұлың Өріңде жанған жалындай. Таңдарды күтіп, Ақырын Табысар кезді білгендей. Созылып ағып жатырсың Соңымнан іздеп жүргендей. Кеш болса дағы сезіндім Шырағын арман жаққандай. Жырларын ақын көңілдің, Жүремін қалай ақтармай. Болмысыменен тыңдайтын Бозторғайға əнді создырған. Боз ала таңнан шулайтын Бота мойын боз тырнаң.

Таусылмас сенен сыр ұғып, Толқимын ұстап қолды артқа. Толқының толқып жүгіріп Жатады Алакөл жаққа. Емілім, менің Емілім! Ыстықсың маған жанымдай Бір өзің бүкіл елімсің, Жүремін қалай сағынбай. ЖЕТІНІШІ ЖЫР Жəмилаға Емілдің гүлі жүзіңде, Ерте кеп көктем құлпырған. Ізгілік бітіп ізіңе, Ілтипат қылам сыртыңнан. Толқыны бота көзінде, Тұп-тұнық болып тұратын. Жан қайда жетер өзіңе, Жанымды сендей ұғатын. Өзіңе сырды ақтардым, Өмір деп ұққан ұятты. Көңілің сенің ақжарқын Көктемгі самал сияқты. Қызықты өткен қыз күнің Қымбатты дала бауырында. Боз бурыл аттың тізгінін Бұрғамын талай аулыңа. Айлы да, Айсыз күн келсе, Аялап қарап, – Тек, – дедім. Əуейі əлдекімдерше Əдептен асып кетпедім. Емілдің қызы, Мен саған

Есілген леп боп өтемін. Көре алмай Көптен аңсаған, Көңіліме əн ғып кетемін. Атқанмен бірге таңым да, Төккенмен нұрын алдан күн. Елжіреп жүрген жаныма, Емілдің қызы – арманым! СЕГІЗІНШІ ЖЫР Мен бір бақ, Алқабымда көктегем көп, Арманым! Боларыңды шектегем жоқ. Жылына бір-ақ рет келетұғын Күз емес, жүрші менің көктемім боп. Гүлім бар, Көктем болсаң құлпыратын, Шыңым бар шуақтанып күн шығатын. Сəніне келсе қайың жасылданып, Сайрайтын бұлбұлым бар құлшынатын. Далам бар, Дəн-дария егісім бар, Көктейтін таулары мен еңісім бар. Арманым көктем болып келсең егер, Ақ гүлден албырайтын жемісім бал. Жаралған жақсы əуенсің əнім үшін, Жаныма беретұғын жалын күшін. Келемін қысқа қолды жеткізе алмай, Көтеріп көңілімнің сағынышын. Қоштасып соңғы жолдың айрығында, Беу, арман, Қалдырмашы қайғы-мұңға! Ару қыз болмасаң да жанымды ұғар, Аққу боп жүрші менің айдынымда.

ТОҒЫЗЫНШЫ ЖЫР Ауыл қысы тамаша, Қоңды атым, Тоным барда емес бұл тоңдыратын. Босаңсыған борпылдақ борбас жерді, Аязы бар қатырып, тоңдыратын. Келтірмек боп ауылдың атына сын, Үзбек болды кейде жол қатынасын. Үскірігі уындай қарақұрттың, Желген итті сол жерде қатыратын. Бораны бар ақ бишік иіріп тұрған, Адамды да, малды да ширықтырған. Ақша қары қалыңдап жауған анау, Алтын дəнге арналған сүйікті əн. Бұл өңірдің жері жоқ су қатпаған, Бұлан құйрық жатады құлдап боран. Күйіс қайырған тай өгіз танауында, Көк бурыл бу бұрқырап будақтаған. Таза ауасы жұпардай жалайды ішті, Ауыл қысы, Шіркін-ау, қандай күшті! Өмірінде ояңсып көрмеген мал, Өткізсе де осындай талай қысты. Ұнатпаймын қары жоқ қысты мүлдем, Ұялайды мұндайда ішті кірбең. Қаһарланған аязын сүйемін ғой, Қасиетті жанымның ыстығымен. ОНЫНШЫ ЖЫР – Болады қашан саған ес кіретін, Бұлжытпай айтқанымды ескеретін. Ойнасаң сол күйіңмен жоғаласың, Осынша неге үйге кеш келесің?

Жабағы тілін шайнап тұр кісінеп, Шөбі мол мая жақта тұрғысы кеп. Торпақ та мөңірейді мазаны алып, Шөліркеп, ішкісі кеп суды сімеп. Қорасы қаз-үйректің ашылған жоқ. Шулап тұр, Жемі де əлі шашылған жоқ. Оларға менің қолым тимей жатыр, Жұмысым білгің келсе шашымнан көп. Қора тұр, Неше күннен тазаланбай, Осыған кім шыдайды назаланбай. Сен жүрсің құр сенделіп қолың тимей, Ақпақұлақ қып берген ғажап, аллай! – Деп анам, Ыза болып, ұрысты кеп, Ұруға ойтайланып, кірісті кеп. Қиқарланып көрейін деп едім бір. Қорықтым, Кеткеніне тым ыссы боп! Өсек пен өтірікке бұрылмайтын, Мінезі жан анамның бұрын да айқын. Бұлыңсыз ешнəрсеге бұлтармай-ақ, Былайша болған істің шынын айттым. – Білесіз балаңыздың алданбасын, Қасымда көрші үйдегі Алдан, Қасым. Даладан отын бұтап, суын əкеп, Осылай кəрі əжеге жəрдемдестім. Ішпепті түске дейін азан асын, Шəйнегін отқа қойып қазан астым. Арылтып жауған қардан есік алдын, Қоқырдан қораларын тазаластым. Сіз оны білесіз ғой, баласы жоқ Жүретін қарты да өлген панасы боп.

Кетпейді ештеңеңіз жүрсек егер, Көзінің ағы менен қарасы боп, - Дегенде пəктігімді біліп келіп, Жайнаған жанарымнан үміт көріп! – Хабарла ондай істі, жарай ма? – деп Иіскеді маңдайымнан күліп келіп. ОН БІРІНШІ ЖЫР Демалып талай, Көп көрдім, Қапталың қамыс, көгілдір. Айналаң айдын Көк толқын, Алмайды тыныш демін бір. Шағалаң бейне жауған қар, Шаңқылдап ұшқан тынымсыз. Жағаңда жазың шыбынсыз, Күндізің шуақ,түнің күз. Ойыма қанық есімің, Өлең ғып жазам ерінбей. Алакөл – ару бетінің, Сияқты қара меңіндей. ОН ЕКІНШІ ЖЫР Сəкен Иманасовқа Тарқады құсбазары алып тыным, Далиып жатты Алакөл жарықтығым. Шопанның жолыменен қайтты ауылға Шофері, жүгі ауыр балықшының. Өлең боп оралады ойға бүгін, Өн бойы Тоқта, Барлық қойнауының. Шабарман болып бізді шақырады, Шамдары самаладай қойлы ауылдың. Аспанда Ай Алакөлді сағынғандай, Толқынға шомылады лағыл маңдай.

Айдынды көл төсіне сыйлық болып, Аспанның бар жұлдызы тағылғандай. Жамылып кешкі ауасын салқындаған, Аққу-қаз жайлымында қаңқылдаған. Қалтқысыз қанат қаққан қоңыр самал, Қазақтың көңіліндей аңқылданған. ОН ҮШІНШІ ЖЫР Қарындасым Мейреш Қаженқызына I Алыстан ауыл, Атадан Жүргенде үрлеп сөз отын. «Ағалап» мені атаған Сөзіңе сенің не жетсін! Жаңбырыңды алып көзіме, Жанымның жазам жарасын. Сағынып барған кезімде, Сабылып қарсы аласың. Туыстық үшін сүйініп, Өткеріп жүрем күнімді əр. Өмірден түссе қиындық, Өзіңнен жақын кімім бар. Алыстап туған қия бел: Ақ қырау толған шашыма. Ағадан қалған тұяқ ең, «Ағалап» жүрші қасымда. II Өмірі өлең ойлантқан, Ризамын атқан таңыма. Қоныстап жүріп қой баққан, Қыстауың өзен маңында.

Əуені құлақ бұрады, Жалғасы болып жазғы əннің. Естіліп даусы тұрады, Өзеннен ұшқан қаздардың. Ұғылар сонда сырларым, Өмірге мынау бағалы. Өзенге барып жүр, жаным, Еске алғың келсе ағаңды. Суын іш егер шөлдесең, Үй ішіңменен бірлікте. Сонда мен тағы кездесем, Соңырқап келіп тірлікте. ОН ТӨРТІНШІ ЖЫР Еміл əні (Бұл өлеңнің əнін К. Шалқардың өзі жазған) Шағалаң боп шабағыңды Шарлаған бір бала күнгі, шіркін-ай! Еске түсіп сол күндерім, Арнап жүрмін сөз гүлдерін. Қайырмасы: Емілім-ау, Емілім-ау, Сені көріп егілдім-ау! Арнаңменен жүруші едім, Айырды ғой өмір мынау. Еске түсіп ағаларым,қойнауыңды жағаладым. Дариға-ай! Ақ толқының əн салғандай, Анам менің қарсы алғандай. Қайырмасы: Толқының боп, Емілім-ау, Толықсиды көңіл мынау. Арқалаған өмір жүгін Аққу болды көгілдірің,

Дариға-ай! Асулардан асып келген, Арнасында тасып күлген. Қайырмасы: Саған арнап менің мынау, Салған əнім, Емілім-ау! Жасыл мақпал қойнауында, Болғам талай қойлы ауылда, Шіркін-ай! Толқының боп, Емілім-ау, Толықсиды көңіл мынау. Қайырмасы: Емілім-ау, Емілім-ау, Көріп сені егілдім-ау. Арнаңменен жүруші едім, Айырды ғой өмір мынау. * Мен сені таба алмадым, Самалдан түнгі ескен. Мен сені таба алмадым, Сенбі күнгі кештен. Мен сені таба алмадым, Іздедім жолдасым əн. Мен сені таба алмадым, Думанның ортасынан. Білмеймін не боп кеткен, Көңілім сен дегенде. Тұратын бөлеп көктем, Таппадым бөлмеңнен де. Мен сені таба алмадым, Алматы бақтарынан. Мен сені таба алмадым, Достардың хаттарынан.

БАТЫРЛЫҚ ТУРАЛЫ БАЛЛАДА Мен онда сəби едім, бала едім, Ұйқыдан оянбаған санам менің. Үйге бір қонақ келді дегеннен соң, Ағайдың тілін алып шам əкелдім. Пəлендей жарық болсын үйде қайдан, Айнала қалың жыныс ши мен тоған. Шамды да жаққызбады əлгі «қонақ», Қап-қара көзілдірік кигендей маң. Алған жер көзбен шолып, күндіз көріп, Жол тапқан итке естілмес сылдыр болып. Ел жатқан мезгіл еді ептілікпен, Білдірмей жетіпті үйге түн бүркеніп. Ағаймен екеуінің қыбырлары. Бітпеді. Түсініксіз сыбырлары... Тағы да сəби көңілім біле алмады. Қайсысы қайсысынан сыр ұрлады. Осылай демін алмай түніменен, Сөйлесіп жатты екеуі күбірменен. Кім білсін. Əлде неден сақтанады, Егер де дыбыс шықса дүбірлеген. Іргеде жатыр тынбай бұлақ көшіп, Жасаудай жағасында құрақ өсіп. Далаға дел-сал болған ауық-ауық, Қояды үйде жатып құлақ тосып. Тыл, – дейді, Ақтар, – дейді, Майдан, – дейді Сақтану керек осы жайдан, – дейді. Əсілі меньшевикті жеңу үшін, ...Көп керек құрал-жабдық, сайман, – дейді.

Сен оған абыржыма саспа, – дейді, Бұл сырды көрінгенге ашпа, – дейді. Біздің жол қашан дағы Əділдік жол, Олардың ойлағаны басқа, – дейді. Қостайды бізді қазақ, мыңдап əлем, Бəрібір жеңіс бізде шындағанмен. Халықтың еркіндігі, – деді рухпен, Ұқпадым қанша оны тыңдағанмен. Кетсе де кейде маған түк естілмей, Қойды бұл əңгімесі түгесілмей. Жауларға талай-талай соққы берген, Жерін де айтып жатыр күрестің кей... Үйдегі таусылмайтын бұл күбірден, Менің де кетті ашылып ұйқым мүлдем. Естіліп сыбырлары қызық-қызық, Əзерге тыйып жаттым күлкімді мен. Сонымен кірпік қақпай жаттым да алдым, Батыл жоқ, келсе дағы жақындағым. Соншалық кішкенемін, ең болмаса Кез де емес, тартып мінер аттың жалын. Қарайлап алды дағы жан-жағына, Бір кезде шақпақпенен шам жақты да. Ағамның жауырынан қағып қойды, Əзілдеп əлденені қалжақ қыла. Сонан соң, көзі түсті маған келіп, Нұрланды жылы жүзбен ағам төніп: Ишарат еткеннен соң атып тұрып, Мен оған түрегелдім сəлем беріп. Таңғалтты, Мені, оның жүдеу өңі, Таңғалтты, Жерге мылтық тірегені. Таңғалтты Тобарсыған еріндері.

Таңғалтты, Оқ салғышы беліндегі. Қорқыныш ойлар келіп тітіркендім, Болмады одан басқа бітіргенім. Жетпеді ойым оған қандай «қонақ» (Нендей іс сəби кезде бітірер кім?) Жел қаққан бет əлпеті қоңырланған, Ғажайып екен нұрлы көңілі таңнан. Кірлеген үстіндегі киімі де, Шаң басқан сақал, шашы – қою орман. Жанынан жанға жайлы күй ұғылып, Көзінен күннің жарқын нұрлы күліп. Ақырын баппен ғана созды қолын, Ашқандай жыр құшағынан жылы үміт. Көтерді мені келіп иығына, Қондырып күлкі құсын миығына. Шертілді шешен тілдің ырғағымен, Арналған бір мен деген күйі мына. – Əкең кім? Айтшы, кəне, – деді келіп. – Барыз дедім біртүрлі тебіреніп. – Қайда қазір? – Өлген... – Ендеше сен, – Деді ол, əңгіме айтты шежіре ғып, – Əкең сенің – Ұлы Отан ұғасың ба, Жылға емес, кететін бұл мың ғасырға, Еңбек, Күрес, Еркіндік барлығы да. Жарасқан төнкерістік тұлғасына. Пайда боп тебірену жанымда тың, Мен оған түсінбестен таңырқадым. Бұл кезде, əлгі қонақ айтты тағы: – Болады сол мəңгілік жаныңа күн. Өнері нұр боп жанған қолындағы, Ол ерен батырлықтың жолы мəңгі.

Көрмеген, тарих бойы естімеген, Ол – Халықтың айтатын соны əні. Ол – шұғыла қараңғы түнді қуған, Ендігəрі баспайды күнді тұман. Жылағанды Уатып қамқор болған. Ол – азаттық өмірден мұңды қуған. Ол – күрес, ол – шуақты жеңіс күні, Жердегі құлпыратын тегіс гүлі. Ол – қамқоршы жетім мен жетпегенге, Ол – жайқалған диқанның егістігі. Ол – нұрлы өмір барлық ел адамына, Ол – сəт сапар сəбидің қадамына. Барлық адам ақын боп кетсе дағы, Таусылмайтын шабыт – ол қаламына. Саған əке сондықтан, сендейлерге, Құнар – ол. Жатқан дəнге өнбей жерде. Көрсең де дауылдарды, жауындарды, Оларға ырық беріп сөнбей, өрле, – Деді де оқиғаны түсіндірді, Жаныма азаматтың күшін құйды. Айтылған бұл батырдың сөздерінен, Ұққандай болды əйтеуір ішім сырды. Айтылған ақыл сөзін құп алдым да, «Əке» деп Отанымды қуандым да. Есейдім. Бақыты үшін Туған елдің Ерекше сапқа тұрдым ту алдым да... Өтті қыс. Ұлпа қарлы мұз боп бөккен, Қоштасты қырмен талай қыз бет көктем. Ғарышқа қара қостан сапар шегіп, Өтті жыл, Өтті айлар тізбектеп Күн.

Мен содан көрмедім сол партизанды, Айтқаны от боп жанды шарпиды əлі. Ол маған бірінші рет ұқтырған-ды, Бүгінгі «Нұр Отандай» партияны. Ойласам ізгі жанды партизанды, Жанымда күрескерлік шалқиды əні. Біз үшін, ұрпақ үшін болыпты-ау, Күн сүйген күреңітіп жүдеу өңі. Өктем сөз, Өткір ойлы, Өр үндері, Желқақты, тобарсыған еріндері... Бүгіннің, келер күннің қамы екен-ау, Сондағы оқ салғышы беліндегі... Өтсе де көп жыл шықпас естен мүлде, Шаң басқан киімдерін шешкені де. Қамы үшін қара бастың емес еді-ау, Қау болып сақал-шаштың өскені де. Көрсеткен шын бақыттың соны жолын, Ол десем, қазір таппас көңіл толым. Мен үшін ең алғашқы Педагогсың, Үйреткен Əліппе ғып Өмір томын. Ойлаған қазағымның бақытын көп, Мен оны ұмытуға уақытым жоқ. Бақытсыз уақытқа батыл жүрген, Айтамын дəуірдің шын Батыры деп. Жоғалтып байсалдықты, сабырымен, Ол десе шулайды Отан бағы мүлдем. Шайқаста шаһит болса, онда бүгін, Бөлер ем қызыл гүлге қабіріңмен. Жуды-ау! Сумен емес, термен өңін, (Табиғат төзімдікті берген тегін) Құлыптас орнатар ем атын қашап,

Білмеймін. Қайсы жерге жерленгенін! Қастерлі дəуірімнің досы еді, Көктемгі көңілімнің хошы еді. Өшпес от өлең – оған Ескерткішім, Көп мезгіл тебіренткен осы мені. ҒАБИТ-ҒАЗАЛДАР БІРІНШІ ЖЫР Қызылжардан күтіп алды бұларды, Ішінде бар есектер мен құланы. Бəріне де базар болды Мұқанов, Мүсірепов баппен шеттеп тұрады. «Тапқандаймыз сіздерменен бақ молын!...» Деп бастады секретары парткомның. Бұйрықпенен əрбəр сөзін шегелеп, Мақтан етті өзі отырған тақ төрін. Қос жазушы жайлы еді айтпағы, Айта алмады. (Білмеген соң айтпады). «Ұлы» сөзін қисынсыз-ақ қыстырды, Шын Ұлылыр «Ұлымын» деп айтпады. Сөз сөйледі балдыр-батпақ жай ұзын, Қандырмады ешкімнің де айызын. Қонақтардың құрметі үшін бастады, Белорустың ұшуымен «Аистын». Тосты алдыменен Сəбең сөйлеп көтертті... (Белгілі ғой келер кезек Ғабеңдікі екені). ... күн ыссы екен, өртенерміз-з мынауме-е-н, Нұрлы болсын туған жерді-ің ерте-ең-ң-і. Ел мен Жерді аман қылсын Құдайым, Бəріміз-зден аулақ болсы-ын уай-йы-ыым!

Мен сағындым ауылымның ауас-с-ы-ын, Со-л үшінде-е Мен ауаны жұта-а-йы-ын. Деді Ғабең бастап айтып сөздерін Қыз-келіншек алмай тікті көздерін. Шаң көтеріп машиналар жосылды, Преснов ауданына көзкөрім.... ЕКІНШІ ЖЫР Сəбит!, – деді: – Осы ауданда туған едік екеуміз, Көтеріліп көкжиекке жетеміз. Қожаберген жырау туған бұл жерде, Соны неге ұмытып біз кетеміз! Преснов кім? Аудан аты болатын, Алтын көріп, жұрттағы елдің қоласын. – Онда Біздің бірімізге қойылсын, – Деді күліп, – Сонда тыныш боласың! – Сəбе, – деді, Ғабит созып дауысын, Аралап кеп ақ қайыңдай бау ішін. – Толыбайдай-й сыншы туға-ан бұл жерде-е! Сонда Сəбең ұқты ойдың аңысын. – Дұрыс Ғабит! Бұл бұрын болмаған, Бұдан былай осы жайды қолға алам. Саған – Құдай бойды емес, ой берген, Батырсың сен Бейімбетті қорғаған. Тек асықпа. Барлығы да болады, (Айымжанның көлі тағы толады). Жыршы бабам, Сыншы бабам даңқы артып, Пресновтар біртіндеп-ақ солады.

ҮШІНШІ ЖЫР – Ғабит! – деді Сəбең жымыйып кеп, Шоққайыңды паналап жүр киік, – деп. – О-о-нда-а со-оға-а-ан барайық мелкашты алып, Күйдіргенше көңілді құр күйік о-от! – Сөйтіп көңіл көтеріп қайтайық біз, Солтүстіктің көлдерін шайқайық біз. Сайран күйін тартайық күмбірлетіп, Сап-сары боп аңырсын қайқайып күз. Барып екі жазушы баспалады, Қолдарынан мелкашты тастамады. Шүріппе əлі басылмай аялдауда, Мылтық даусы болған жоқ аспан «əні». Қос талантын көргенде бусанды маң, Қайыңды алқап қарайлап тұр сағынған. Ық жағынан таяды екі «мерген», Киік əлі тұрған жоқ жусауынан. Сəбең айтты: – Тұра тұр мен атайын! Ғабең айтты: – С-с-ен сабыр е-ет, мен а-а-таайын Бұрымдары төгіліп «аңшыларға», Биіктіктен қарайды көне қайың. Барлығы да өзінің мекенінде, Барын салып тіршілік етеді де. Ақша бұлт пен асқарын құшағына ап, Аспан көзін төңкерді екеуіне. Ғабең алып кезекті сығалады, Болу үшін олжалы, сыбағалы. Көздеріне қап-қара... Көзі түсіп, Шүріппені басуға шыдамады. – Киікті атып өө-з-з-імді жаралы е-ете-ем, Көздерін-ай!

Қап-қара шаралы ее-ке-е-н! Мен атпа-аймы-ын! Сəбит-ау, сенде-е а-атпа-а, Жүре берсін сұлулық да-ала-а-да а кеең-ң! 11 мамыр, 2002 жыл ЖҮЗДЕН АСҚАН ЖҮРЕК Ғалым, музыкант, этнограф, қоғам қайраткері, 103 жасқа толған Омар Хаймолдинге арнаймын Сияқты тау етегі шалғайың-ай! Сырласып сыр толғаған маңдайыңа ай. Секілді екі шекең қос планета, Маңдайың Сократтың маңдайындай. Жатқандай жүрегіңде тынығып күн, Жылынам шуағына жылылықтың. Қасқайып оймен қарап мына əлемнен, Қаһарлы қасіреттің жырын ұқтың. Қыстарын өткіздің де қиындықтың, Жазындай жақсылықтың үйін күттің. Сапырып саусағыңмен салаланған, Сарнаған замананың күйін ұқтың. Айтқанда тарау-тарау оғуз мұңын, Тəулігі таусылады тоғыз күннің. Еменнің иір біткен бұтағынан, Иілген ұғам қара қобыз үнін. Жанымды сарыныңмен егілдірдің, Жайқалтып жазыменен сенім гүлдің. Тереңін айдын көлдің таңдап алып, Тербеттім аққу-тарих көгілдірін. Көрсеттім көңілімде көл тұнғанын, Кесілді ойымда ой толқындарым. Сырлары сарын болып естіледі, Сағымы сан құбылған сол қырлардың.

Даламның таусылмаған жыры болып, Қобыздың ішегіне мұңы толып. Басынан самырсынның сағымдайын, Ұшардың самғап ұштың үні болып. Қобызым күңіренген мұңы қалың, Күйіңе құлақ тігіп құнығамын. Созылып таңнан таңға таусылмайды, Тарихы Қорқытымдай ұлылардың. Қанаттың екпінімен тондыратын, Қалған бір Соғдыдағы соңғы лашын. Бұтақтан қарағайға қарсы біткен, Жасалған қасиетті домбырасың. Қуанам үнің сенің көпке жетсе, Аралап өз ішімді шетке кетсе. Күйіңе көңілімді ілестірем, Тартатын шертпелеп те, төкпелеп те … Сөйледің Махамбеттен қылыш көріп, Сазыңа қанаттанған тыныс беріп. Шалқардай айдынына тарта берді, Шалқыған аққудайын күміс көрік. Ту қылып тік көтеріп мақсаттарын, Көзісің кешегі өткен жақсы атаның. Қобызға домбыраның үнін қосқан, Құдайым қуат берген ақсақалым. Шертілші! Шешен тілмен тыңдайын мен, (Тектінің баласымын тыңдай білген). Ұқтырған құдіретін күй сазының, Айналып кетпейін бе мұндай күйден. Бабына келген əбден сəйгүліктің, Сырына қанамын деп қайғы жұттым. Атасын домбыраның ардақ тұттың., Аруағы риза ұлы Байжігіттің…

Күйіне «Көкейкесті» тербетіліп, Маңдайың кере қарыс терге тұнып. Келесің қалың жылдар арасында, Кетсе де талай терек жерге сіңіп. Жанарың жаз күнінен нұр алады, Мұндайда кім əн айтпай тұра алады. Ғалым да, этнограф, күйші де өзің, Аңыз бен шежіренің ғұламасы. Абызым, ақылгөйім! Жан түсінген, Жасаған Адамдардың алғысымен. Айтпай-ақ қояйыншы Поль Робсон деп, Қазақтың Омар атты əншісін мен. Атанып азамат боп айналаңа, Қарамай жүріп жеке пайдаңа да. Мағжан мен Шəкəрімнің өлеңі үшін, Сібірге айдалдың-ау! Қайран, Аға! Қалдырған біздерде аз ба артына Əн, Иелеп қасиетті халқына тəн. Кешегі күнге дейін бұл қазақты, Пəлекет қалмады ғой шарпымаған. Ешқандай бəсеңдемес ірі көңілің, (Ажалдан Алла жар боп тірі келдің). Жарқылдап жүргеніңде жазықсызданЖаламен кеткендердің бірі едің. Жаныңа Əн егілген, Жыр егілген, Келгендей желпінші бір жыр елінен, Арқаның самалындай аңқылдаған, Айналдым, Жүзден асқан Жүрегіңнен! Көрінген қара орманым жасыл болып, Беретін айналаңа асыл көрік.

Қазақтың барлығы да Өзіңіздей Отырсын ортамызда Ғасыр болып. Мамыр, 2003 жыл. Алматы * Көк шалғындай романс тау жағы, Құс қанаты талатындай аумағы. Екей менен Есқожадан таралған, Ақындар мен батырлардың ауданы. Ел мен Жерін қорғап келген аянбай, (Одан қалған кездері жоқ аялдай). Араласам гүлдері – Жыр, тоғайы – Найза болғандығын айтам баяндай. Солар жайлы айқайлаймын жар сала, (Өмір жайлы өркен жайған қаншама). Бабалардың аруақтарын ардақтаған деп білем, Кімдер мені қолын соғып қарсы алса. Ұлыларға бесік болған бұл аудан, Ғасырға тəн сый-құрметтен нұр алған. Таратқанда əр аймаққа байлықты, Тəңірімнен еншісіне Жыр алған. Дастарқаннан татқам талай бал дəмін, Бабалардың жалғап жүрмін арманын. Ұлы кеуде дəл тұсында жұлдызсың, Ұлы жырау атындағы ауданым. Құтылғандай тірліктегі бораннан, Құшағыңда гүл құшақтап болам əн. Келген сайын Қарасайға бас иіп, Бата алғандаймын Жамбыл бабамнан. Осында отыр оқырманның керімі, Осында отыр хас өнердің өрімі. Осында отыр көздерінде күн нұры, Жаттап өскен жақсы өлеңдеріңді.

Жаман өлең жазбасымды білесің, Жақсы жырда бар менің де үлесім. Ауылыңда қотарылған бұл ойдың, Авторы өзің – Жамбылымдай ұлы есім. * Білесің бе? Мен қазір аурумын. Кінəраты жоқ өкпе, бауырымның. Жүдететін жүзімді салқындығың, Жүрегімде орнаған дауыл үнің. Бір күнім жоқ өтетін жайлы деген, Қара бұлттан айықпас айды көрем. Түсімде емес, өңімде арпалысып,, Түтін үзбей келемін қайғыменен. Өзің тұрмақ, шағамын тауыма мұң, Неге бұлай мезгілсіз ауырамын, Егер келсең мейірімді келбетіңмен, Онда шипам – өзіңсің, сауығатын. ҚАЙРАУ Түтетіңдер көк түтінін əкеңнің, Таза ауасын талқан қылып пəтердің. Отаға мен келген қонақ сен де тарт, Таусылса егер дүкенде көп. Əкелгін. Түтетіңдер көк түтінін əкеңнің. Өздеріңе, көздеріңе береді от, Денсаулыққа мүмкін «əбден» керемет. Қалтаңда ақшаң таусылса егер алуға, Көшедегі тұқылын да тере кет. Пайда емесін барлығың да білесің, Біле тұра бұрқыратып күлесің. Көшедегі жарнамалар айтқандай, «Ағылшыннан алатұғын үлесің!».

  • Қажеті аз көбелек жыр көп гүлді өпкен, Керек-ақ самал жырлар екпіндеткен. Алатау өзеніндей өзен болса, Бір толқын бір толқынды тепкілеткен. Жанымның арманы ғой сүйікті өлең, Өзіңдей, талай жылдан сүйіп келем. Арманын алты алаштың орындасам, Алатау қыранындай биіктер ем. Қыбыр, қыбыр, қыбырлап, Шыға алмадың əлектен. Сылти басып, сыбырлап, Жүрсің бе сол əдетпен. Ауылдағы өсекті , Алматыға жеткізіп. Сол баяғы «есепті» Жүрсің бе əлі өткізіп. Неге осынша желігіп, «Жолман» жүрдің жосылма. Ақын дейді сені жұрт, Ақындығың осы ма? КҮЗ Теректер тұр қара шалдай қартайған, Жапырақсыз бұтағынан əр тайған. Сайын дала сұлап жатыр шалқалап, Сары ауру болғандайын сарғайған. Маңы біткен жыл құсына тойланып, Көлдер жатыр кірпік қақпай ойланып. Тымақ киген қойшыдайын сары қамыс, Тапжылмайды орынынан ой бағып.

Боз қыраудан көйлек киген кезеңдер, (Бойы сонша мұздаса да төзем дер). Өлген адам денесіндей сұп-суық, Өкіреді арнасында өзендер. Төңіректі оймен шолып түйілдім, Торлап келе жатқандай-ақ дүйім мұң. Табиғаттың осы біреу кезеңі, Жалғасындай менің көңіл күйімнің. САЗҒА БӨЛЕП ТАРТҚАНДА... Жамағат Темірғалиевке Бауырында құйын бар үйіріп келген, Жаралғандай тұрасың жүйріктен сен. Сазға бөлеп тартқанда домбыраны, Саусақтарың салалы сүйріктенген. Кетбұғылар, Байжігіт, Асанқайғы... Сен шерткенде қозғайды қасаң қайғы. Құрманғазы, Түркеш пен Махамбетті, Естігенде ойдан жан масаңдайды. Жігіт десе, жігітсің өрімделген, Пейілің бар адамға төріңнен кең. Кімде болса таниды анадайдан, Кісілігің кісіге көрінгеннен. Жаның сенің өнерден жаратылған, Əлпетің де əсемдік таң атырған. Көңіліңде тамылжып əн тұрады, Көктемдегі жыл құсы қанатынан. Жаның сенің өнерден жаратылған, Тұрғандайсың жаңа күй, таратып əн. Бекер саған қормал боп жан тартпаған, Нұрғисадай ұлы адам, дара туған.

  • * Жаным-ау, аңқаусың ба, жуассың ба? Біле алмай келем жүріп жыл астында. Шығайық Алатаудың биігіне, Қайтеміз уақыт алып қыр астына. Іздейік жоғымызды тегіс жерден, Толтырып ұртымызды жемістермен. Шығатын болса мүйіз шығар еді, Шырмалып жүрдік қой біз, еңістерден. Кез емес, бұта аралап гүл көретін, (Десе де табылар-ау жүр, керегің). Самырсын саясына дамылдап ап, Кезге де жетейікші гүл теретін. ЕКІ ЖҰЛДЫЗ Халық əртісі, əнші қарындасым Мақпал Жүнісоваға «Екі жұлдыз»! Шырқалды əні, шырқалды. Желпіп өтіп бетегені, шыршаны. Алатаудың аспанында қалықтап, Арғы бетте аралады қырқаны. Ғашықтардың жанарында мөлтілдеп, Ғарыштағы жұлдыздардай еркіндеп. Аспанында қанат қағып Үстірттің, Ақжайықтың арнасында толқын боп. «Екі жұлдыз» тұрып алмай аспанға, Ақша бұлт боп қонақтады асқарға. Үйіріліп иірім боп Ертіске, Гүл боп өнді Арқадағы тастарға. Бұлбұлдардың үні болып таңдағы, Нұрын шашты, Гүлін ашты жан бағы.

«Екі жұлдыз» ертеңі боп елімнің, Алматы мен Ақмоланы жалғады. «Екі жұлдыз»! Күлімдеген көктемім, Көктемімде көңіл күйім көп менің. «Екі жұлдыз»! Биіктетіп көтерген, Мақпалымдай – Аспаның да жоқ сенің. «Екі жұлдыз» – көктегі үн. «Екі жұлдыз»! Жүректегі мақтаным, Көктеменің гүлдеріндей аппағым. Қазағымның ғарышында ғаламат, Сол Жұлдыздың бірі өзіңсің – Мақпалым. САЙРА-САЙРА БҰЛБҰЛ ҚҰС Сайра-сайра бұлбұл құс, жасқанбашы, Адаммын балалықтан асқан жасы. Сен жақсы сайрасын деп жаз қалпағын, Киюде Алатаудың асқар басы. Мен саған тиіспеймін, айналайын! Құмармын дəл осындай жайға дəйім. Мен де өлең толғаған сəттерімде, Ойымды бөлгендерді жақтырмаймын. Сайра, сайра! Жаныңды түсінемін, Сыртқа шығар, жиғанша ішіңе мұң. «Əнімді үйрен», – деп мені мазалаумен, Ұзақ түнде ұйықтаған түсіме ендің. Өзге құстан əрі əсем, батыл үнің, Тағы ерекше таңды да атыруың. Сен торғайдың ішінде бұлбұл болсаң, Мен адамның ішінде ақынымын.

ТҰМАНБАЙДЫҢ АУЫЛЫНДА Алматыдан тура алпыс бес шақырым, Ақшиге кеп өлең оқып жатырмын. Қарсы алдымда қара көздер мөлдіреп, Қарап отыр демін алып ақырын. Ықыласты ниетіне тоямын, Өтіп жатыр аққан судай ой ағын. Өлеңдерім өлеңіңдей болмаса, Тұман аға, қымсынып та қоямын. Алдымда отыр арулардың нелері, Иелеген парасаттық кемені. Жас ақын боп жүргенің де тебіренткен, Сұлулардың мүмкін шөберелері. ОТЫЗ ТУРАЛЫ ОДА (Əшімге) Бала едің балмен біріккен, Көңілің ада күдіктен. Отызға келдің, қарағым, Өмірмен «ойнап» жүріп сен. Күн неткен жүйрік көліктен, Кезі жоқ тізгін іріккен. Есігін аштың отыздың, Егесіп жүріп тірлікпен. Өтіп бір қатерлі өткелден, Отызды мен де өткергем. Өтесің əлі-ақ қауышып, Отыз бір деген көктемнен. Арманың сенің тау ма еді, Толқын боп ұрдым арнаны. Ормандай қалың қаптаған, Ойлайсың қазір əрнені.

Ойлардың түсіп көліне, Ағарған шашым менің де. Опасыз мынау жалғанда, Ойланған жақсы тегінде. Осы жұрт мені тани ма, Арманын айтқан Фəниге. Өлеңге қосқан отызын, Мен тұрмақ, Мұқағали да. Үлкенді сыйла бүгіліп, Қазаққа қажет інілік. Ақжарқын жанға қашанда, Артықтау жаным, ірілік. Жігіт боп өстің ең пысық, Қалған жоқ қолдан жең түсіп. Біреуді жеңіп, біреумен Келесің, қарғам, тең түсіп. Ұғынып əке мекенін, Ойлардың татып шекерін. Барасың барлап бұл күнде, Бала мен жардың не екенін. Тұрғанда тірі анашың, Мейірімге əбден қанасың. Қасиетті ана қасында, Қашанда əлі баласың. Балаңа көрсет барыңды, Жалғасқан жастық жалыны. Жағылған отың үйіңде, Жаныңдай сана жарыңды. Бес саусағыңдай бес əпкең, Бөсіп бір жүрер бес көшең. Албырттық жасап тегінде, Артықтау кетпе əсте сен.

Алдымда тұрсаң əн-күй боп, Балқимын оған жан билеп. Ақ самал болып есіліп, Əлдилеп жүрем, əлдилеп. Қараша қазды атып ап, Қапы қап жүрме, қапы қап. Жиырманың жырын тамамдап, Отыздың отын лапылдат. Төрт құбылаң сай болып, Мұрат қой жүру бай болып… Əкеге ұл боп туған соң, Əлемге таныл Ай болып. Маусым, 1999 жыл БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА БАРЛАУ Нүкешке Бала кезде Қыр соңыңнан қалмаушы ем, Сен су кешсең, Етікпенен жалдаушы ем. Күн ыстықта көлеңкеде демалып, Қайтар кезде Балығымды ап алдаушы ең. Бізге қарап көк құлатты жатты маң, Барлауменен дүниеге атты таң. «Мынау алған Еміліңнің балығын, Барғаннан соң алып берем Ақсудан». Айтқанына бейбақ басым сенетін, Сеніп солай күнде үйіне келетін. – Біз алатын балық əлі келмепті, Деп толқынға ауық-ауық төнетін. Екі өзенде тұрсақ тағы екеуміз, Бір ау алып, бір көпірден өтеміз. Жаздың жазғы қапырығын қарсы алып, Күні бойы сандалумен кетеміз.

Менің шала істеріме күлуші ең, (Күліп жүріп Пайдаңды да білуші ең). Ауды маған арқалатып ыстықта, Мақтап-мақтап Құнанымды мінуші ең. Өтті күндер... Бір мектепте оқыдық Бірге жүріп, бір партада отырдық. Сен үлкен ең, Аға санап көрмедім, (Ол жағынан менен кетті олқылық). Кейін келе сен түсіндің көңілді, Мен таныдым оңым менен солымды. Содан бірте қолыма алып қаламсап, Бастап кеттім ақындыққа жолымды. Үлкен едің Менен кейін бастадың, Соның өзі талант үшін қас қағым. Амалым нешік, томдарыңды жаза алмай, Қара жерді қапылыста жастандың! Мен Емілде, Сен Ақсуда туып ең. Шабақтарды шағала боп қуып ем, Екі өзеннің көк толқынын жамылып, Қызықтадың тастай таза суымен. Нұргелдім-ау! Қаулап еді өлеңің, Түсіп едің жолына өр өнердің. Поэзия спутнигі зырлайды, Ерен энергияменен келемін. * Ата-ана қамқорлықты биік тілеп, Жүрдік біз сүйіктіден сүйікті боп.

Мəз болып еркіндіктен тоқтамадық, Біріміз-бірімізге иық сүйеп. Мен сені Алматыға алып келдім (Жеріңе көлеңкелеу жарық бердім). Менен сен болсаң да үлкен Дипломды, Қамқорлық көңіліммен алып бердім. Шіліңгір жазды аңсап, Күзге келдім. Бұл емес еді менің іздегенім, Алыстап ауылымнан жүргенімде Амал не? Іздемедің, Іздемедің! ҚАРА ЕРТІСІМ ӨЗЕНІМ ЕҢ Ақын Нүкеш Бөдіғұловқа Ғұмырың тірліктегі тым тарылса, Болады бүршік пайда мұң талына. Қаршығасы көп елден ұшып едік, Қанатымыз қатайып Сұңқарлыға. Мақсаттың ұға білдік не екенін Біз, Аңсаған ұя болып мекеніміз. Таланттың қарлы тауын аса білдік, Таныссыз, талайлының жетегінсіз. Жүректен жаға білдік жолға алыс от, Біріміз бірімізге қолғабыс боп. Өссекте ақын болып, жеке жүріп Өмірді бастап кеттік жолбарыс боп. Бəйгеден анда-санда дараланып, Жыр жаздың жүрегіңнен қалам алып. Дариға-ай, сол жүректен үзілдің ғой, Дал болды бұл күндері дала налып.

Туыстар бара жатыр аңыздалып, Шығыстан атқан сайын таң қызарып. Мен қазір ойсоқты боп кеткендеймін, Оңтүстік астанада жалғыз қалып. Нүкеш-ау! Шыныменен кеткенің бе? Қосылмай айдыны үлкен көп көліңе. Өзіңнен самал тілеп жүргенімде, Өксідім сарыуайым өпкеніме! Құдай-ау, қалай қиям қарағымды, Бірге өскен туысымды бала күнгі. Қалайша уақытсыз қалдың тоқтап, Қара Ертіс өзенім ең дара ағынды. Оқ тиді қалай сенің жүрегіңе, (Тегінде қақысы жоқ жыр өлуге). Суытты-ау сұстылықпен ыстық қанды, Не дейін, не дейін мен, бұл Өлімге! 12 қараша, 1999 жыл СУРЕТШІ ҰЛЫМА Ақын болып айта алсам сөздер легін, Сен сызасың өлкеңнің өзгергенін. Бояуларды сөйлеткен суретшілік, Келе бермес қолынан кез келгеннің. Ой толғап дүниенің еле бəрін, Ондайға қапталынан келер əлің. Қашанда шақырымнан шабыт алып, Қамшылап өзіңді өзің деме, жаным! Адамның ойға қанық қас-қабағын, Айнытпай келтіріпті жас талабың. Қадамы бұл алғашқы деп білемін, Қадірлі Өнер атты асқақ Əннің.

Жанның жаз шуақты күйін құптар, Қылқалам бояуында жиынтық бар. Қаншалық қайраттанып жүрген кезде, Соншалық кездеседі қиындықтар... Əлсіздің көрсетпессің босаңдығын, (Алдыңнан жаңа күшті тосам бүгін). Шаң жұтып шалдықсаң да шыда, қарғам Шабанның қайталама осалдығын. Өртеніп жүрсе дағы денең отпен, Көн соған. Бəз біреудей елең етпен. Сен суретті ғажайып сызсаң дағы, Суретші бар, тегінде, сенен өткен. * Сайраш Əбішқызына Толқындарын сапыратын сөз-көлі, Талай-талай ғажайыпты көз көрді. Бір отбасы баласындай болып біз, Бірге өткіздік студенттік кездерді. Жасқанбадық алдымызда тау болсын, Деп ойладық: «Дені-қарын сау болсын!» Сен жар таңдап, мен əйел ап кететін, Ойламадық бұл күндердің əуресін. Жаның сергек, ойың алғыр жансың сен, Ешбір əнші айта алмаған Əнсің сен. Көл қоритын құсбазары болатын, Маңдайдағы мөлдіреген тамшыңмен. Ашылмаған сыр сандығы жүрегің, Дос алдында күмбірлі күй, жыр өзің. Сенің жазған еңбегіңді ешқашан, Академик жаза алмасын білемін.

Желсіз түнде майшамдайын маздаған, «Таланттылар» бірі емессің «аздаған». Кім болса сол алып жатқан ғылым, Атақты да тағдыр саған жазбаған. Ойың биік, сөзге ділмар адамсың, Қуаттайтын құттылығын қадамның. Қалықтаған желді күнгі қыранның, Қанатысың жазатұғын қаламның. Сайраш десе, Сайрашсың сен сайраған, Дос мүддесін артық қойған пайдадан. Алғырлықтың аспанында самғайтын, Бір өзіңдей мына өмірде қайда Адам! * АҚША БҰЛТТАР Жан анашым Рəзия Балпыққызы рухына Ақша бұлттар ақ гүлдің тақтасындай, Алмаағаштың көктемгі бақшасындай. Орайланып биіктен көз тартасың, Оңтүстіктің кəдімгі мақтасындай. Бара жатыр аппақ бір бұлт таранып, Баран аспан барады бұлтқа оранып. Апай төстен есілген ақ самалға, Ақ түлкінің бауырындай ұлпаланып. Атып келе жатқан бір таң сияқты, Не аяулы ақкөңіл жан сияқты. Ақша бұлттар қанатын кеңге жайған, Алғашқы жерге жауған қар сияқты. Туғызады сен десем сөз жаныма Ай, Қиыр шеттеп қиялым озған ұдай. Жанды тербеп барасың көрген сайын, Жаңа туған ботаның боздағындай.

Қанат берген жырына ақындардың, Ақша бұлттар маған да жақындаған. Қасым менен Əбуді толғандырған, Ақша бұлттар көрінеді лағыл маған. Көк жүзінде «мінезің» еш білінбей, Көрінесің қара аю төстігіндей. Қара бұлттар түсіңе дақ салмасын, Қарлы таудың болсаң да көшкініндей. Əкеледі қашанда үмітім ой, Тебіренемін əрқашан болып күндей. Ақша бұлттар аспанды астарлаған, Ақ серкештің бұп-бұйра түбітіндей. Асқақтықты таңғалам сенен көріп, Табиғатқа біткен бұл кемеңгерлік. Ақ тырнадай аспанда қанат қаққан, Ақша бұлттар барады көгенделіп. Мамырлаған ақ бұлттай қағып қанат, Ақ үкіні əлемдеп тағып қалап. Ақ сағымды ойнатып ақ боз аттай, Аспан айдың бетіне ағып барад... Келбетінде кербездік жарасым бар, Беу, ұлпа бұлт! Қай жаққа барасыңдар? Түсің аппақ болған соң түңілместен, Тілек қоям, маған да қарасыңдар? Келбетіңде керемет жарасым, əр. Ақша бұлттар қай жаққа барасыңдар? Сабырменен аулыма беттепсіңдер, Сағындырған сол жақта анашым бар. Ақша бұлттар! Бері таман келіңдерші?! Бота бұлттар, боз бұлттар еріңдерші. Ақ қағаздай түсіңе өлең жазам, Соны апарып анама беріңдерші!

Пəк тілегім бұл менің. Толғандырды. (Елестеттім анаммен болған күнді). Ол жарықтық əнші еді, ақын еді, Білсін сүті арқылы қонған жырды. Өшірмейтін өмірде сезім отын, Туған анам қашан да өзіме Күн. Тауысқан бал шырынын кенжесі едім, Талантыма анамның көзі жетсін. Тигізгенін пайдасын тиімді күн, Ұқсын анам. Қуантып сүйінгенін. Ана ақынның өлеңі, бала ақынның Өлеңдерін осылай сүйіп жүрсін. Жарықтықты көп ойлар өкіндіріп, Жетектейді күндерін өтімді үміт. Сағыну мен сарылу белгісіндей, Басымдағы аппақ бір шөкім бұлт. Келбетінде кербездік жарасым бар, Ақша бұлттар, қай жаққа барасыңдар? Көп жайланба, аулыма қарай жылжы, Көптен бері көрмеген нағашым бар. Сағындырған сол жақта ағаларым, Сен тыңдашы, арнаған маған əнін. Жазып қойған хатыма конверт бол, Жан-жүрегін адамның бағаласын. Сағындырған сол жақта құрдастарым, Сəби кезден бірге өскен сырлас жаным. Балалығым бағында қалған аулым., Болашақта жазылар жыр-дастаным. Сағындырған сол жақта апаларым, Сол жақтан боп өзім де аталамын. Бірге оқыған қыздарға дұғай сəлем, Ара-тұра болса да хат алатын.

Сағындырған сол жақта қарындасым, Ұялатты жаныма арылмас мұң. Беу, ақша бұлт! Өзіңдей болды бүгін, Соларды ойлап менің де қалың шашым. Ақша бұлттар! Бері таман келіңдерші, Бота бұлттар, боз бұлттар, еріңдерші. Өздеріңнің түсіндей көңілменен, Сəлемімді жеткізіп беріңдерші?! Біледі елім есейіп, өсерімді, Самал болып сəуірден есерімді. Маңдайымнан төгілген терім болсын, Ауылымнан аяма нөсеріңді. Шаңын шайып, құт нұрын аша түссін. Диқан баба еңбегі аса түссін. Емілімнің суы өссін елім үшін, Еңлікгүлдің түстерін аша түссін. Шөлі қансын шөжіген бақтарымның, Шөбі өссін жайылым жақтарының. Жаңбырыңды аяма, жаңбырыңды, Жан сырыммен өзіңе ақтарылдым. Ақша бұлттар, Асқардан əрі асыңдар, Аймағыма жетуге таласыңдар! Тыңдамасаң айтқанын бұл ақынның, Сендер дағы арманда қаласыңдар. 1975 ж., Алматы қаласы ҚАРА СҰР АТ Баллада Қадірлі əкем Шалқар Барыз рухына Əлі есімде . Ес білген кезім еді,

Қара сұр ат жем іздеп өзі келді. Атдорбамен жем беріп, Жатып апам, Атқа қарап сөйледі өзіне-өзі. Ана сөзін анықтап, білгім келді, Білгім келіп жақындап, Жүргім келді. Түсініксіз шұбыртпа құрһани тіл, Ықыласты ойымды бүлдіргені. Ұға алмадым. Түкті де түсінбедім, Ұялағандай болды ішімде мұң. Мінезі еді анамның мен білетін, Жақтырмайтын адамның ісінгенін. Саябырлап Демімді алдым дағы: – Апа, атқа не дедің алдыңдағы, – Дегенімде. Шаруақор қимылменен: – Құдай сөзі, – деп айта салды дағы, Атты апарып бекітіп қорасына Дайындалды. Кештегі ол асына .... Түрегелсем таңертең қара сұр ат, Жоқ боп шықты түндегі қорасында. Бір үйлі жан қараған қара сұр ат, Мінеді оны шал дағы, бала сұрап. Жаңбырлығы жұнттай жануарым, Ауыздықпен ойнайтын таң асып ап. Желқайықтай сырғитын тақымыңда, Бір кездегі Шалқардың аты, мына. Бұдан басқа тігерге тұяқ та жоқ, Маған енші етіпті ақырында.

Бойындағы ірікпей күшті күллі, Анам айтып барлығын түсіндірді. – Бас көтерер үйдегі өзіңсің, – деп, Маңдайымды терлетіп қысылдырды. Жатты қызып Күн сайын дала өмір, Тірлік үшін толғанған жаңа небір. Атым бар деп мақтанып ауыл-үйге, Мəз боп жүрдім, Мен бейбақ бала көңіл. Сөйтіп жүрген кезімде əлгі атты, Ұрлапты ұры. Қинады жанды қатты. Ауырлығы тұрмыстың үдей түсіп, Əжімдерін Анамның қалыңдатты. Қуанышым шашылды құмдай болып, Қаларымды білмедім Мұндай болып. Бұл күйімді егерде берсе еменге, Қалай ғана өседі Сынбай солып. Тұрмыс гүлін тасқынға солдырмас ем, Күрсінуді күш жетсе болдырмас ем. Амалым не ұрланды қара сұр ат, Екінші рет өлгендей болды əкем. Қонар құсты құнығып қондырмаған, Болар істі Қырсық қой болдырмаған. Қара сұр ат қайғылы жоғалған күн, Əкемді ұрлап кеткендей болды маған. Атбегі боп, Аялап баққан өзі, Бəйге бермей еліне жаққан еді.

Тағыларды жібермей таяқ тастап, Тақымына əкемнің жаққан еді. Оянып кеп қарайтын түнгі ұйқыдан, Бұл туралы айтатын күнде ұйытып əн. Қара сұр ат біреу боп жүргенменен, Кем көрмейтін Мыңғырған мың жылқыдан. Əкем төсек тартқанда ел де келген, Дəрі-дəрмек қалмады емделмеген. Сонда əлгі жануар оқыранып, Қайғырғанан оттамай, жем жемеген. Өлгенде Əкем. Азалы үн аспандаған. Жыламаған кəрі мен жас қалмаған. Кісінеп кеп табытын иіскегенде, Мөлт-мөлт етіп Көзінен жас парлаған. Мұны көрген адамдар егілді кеп, Жаспен бірге жатқандай төгіліп от. Қара жерді салмағы қайыстырған, Бұл қайғыға тұрғандай сөгілді көк. Естілмеді ол аттан Еш жаңалық, Жаз да өтті. Түгеді қыс та барып. Қасқыр емес, əрине, Адам ғой ол, Жануарды қор қылған ұстап алып. Алағызып, Ұйықтамай көптеген күн, Содан бастап, Сенуді шектегенмін. «Кісі аласы ішінде» дегенді ұғып, Содан бастап Ұрлықты жек көремін.

  • * Жиырма жыл – жиырма еккен гүл екен. Жиырма жас терек көктеп тұр ескен. Бұл жиырма жыл Бұлбұлдайын сүйкімді, Қайрат пенен Нұрсұлудай бүр екен. Мұндай тойда тебіренбей жата алған Ақын бар ма? Сонау қазақ атамнан. Желге ұшырмай Жездібаев ордасын, Ата-анасы – қос босаға атанған. Өмір жайлы суық қысқа тоңдыңыз, Өстіңіздер, өркен жайып толдыңыз. Бір пəтердің мəңгілікке жағылған, Екеуіңіз қос шырағы болдыңыз. Екеуіңіз ата-анасыз, басшысыз, Өтті уақыт, жетті бақыт жақсы күз. Кейінгіге келешегін үйреткен, Демек, Сіздер гүл өмірге Жақсысыз. КИЕЛІ АЙМАҚ Киелі аймақ! Киімшең туған балаңмын, Терімде менің исі бар сіңген даламның. Қосағашың да құрмет тұтқан Моласын, Ұланымын, Шақантай батыр Бабаның. Алаңдап өткен! Алаң да алаң, алаң Күн! Алаңдап жүріп, алыстап кеткен балаңмын. Аралап жүрген самалындай Арқаның, Аялап сүйген өзің де асқақ бар əнім. Жорықты сүйген еріткен майдай терлікті, Шақантай батыр сыйлаған екен ерлікті.

Шарынға қарай шарболатыменен қуыпты, Шағанобадан шаң көтеріп келген Дербітті. Білесің бе оны, білесің бе оны, Киелім, Батыр Бабамды сүйетіндей сені сүйемін. Əкеме менің бұйырмаған сенен біруыс топырақ, Арманым жоқ қой, Өзіңде қалса сүйегім. Оралсам саған, алпыс екі тамырымменен егілем, Жолығып қалып қазақтың шекпен киген шерімен. Қайран да қайран, қасиетті байтақ аймағым, Шəкəрімнің нақақтан қаны төгілген. Шыңқожадай батырдың шынтағы қалған, аймағым, Төлеудей тұлпар ақынның ұрпағы қалған, аймағым. Саған келсем болды, түседі еске қайдағым, Қалқып алып қылқыған сүт бетіндегі қаймағын. Киелі аймақ! Киімшең туған балаңмын, Тұрағы болған Тоқайдай туған ағамның. Атағың шыққан сутегі Атом бомбадан, Амалым қанша, Алаңмын соған, алаңмын. Киелі аймақ! Сенде Ай мен Таңсық аттары, Жасымнан-ақ жүрекке сіңіп жатталды. «Қозы мен Баян» моласы тұрған кезіңде, Басталады сенен əлемнің махаббаттары. МАХАББАТ МОЛАСЫ Талай келіп, талай кеттім қасыңнан, Тарих жазған жырларды оқып тасыңнан. Арқанаты тасындай боп қаланып, Сырын ұқтым сұм дүниенің жасырған. Талай келіп бағышталып құраным, Жаңбырыңнан жарқабақ боп құладым. Зұлымдығын елестетіп Жантықтың, Аягөздің арнасы боп сұладым.

Аязы боп сақылдадым қысыңның, Уақыттың қысымына қысылдым. Сағымыңның өкпесі боп желпілдеп, Сары даланың шілдесі боп ысыдым. Мына дала тасында да тұнған Əн, Бізден бұрын Баян сұлу тыңдаған. Қарабайдың қараулығы қазақта, Сол Қазақтың ақыны боп мұңданам. Сен тұрғалы он бес ғасыр болыпты, Самұрық Құс қонақтаған Шоқтерек те солыпты. Айбарынан Ай тіксінген саған кеп, Қылыштісті жолбарыстар солықты ... Аярлықпен арамдықтың жолы боп, Ал Адалдық шаң қауыпты зорығып. Көлеңкеңнен Күннің көзі торығып, Болды талай мақұлықтың жолы ұмыт. Өтіп жатыр, бір жүйрік бір күннен, Жүрек шіркін, арманы боп күрсінген. Куəлік қып кең даласын қазақтың, Махаббатқа төлқұжат боп тұрсың сен. Тұр Киелім! Халық өзі береді Ат! Керегі жоқ, анау-мынау «делегат». Кең далама құдіреті өзіңдей, Керемет бір ұлы Ескерткіш керек-ақ! АЙКӨЗ Өзенісің қай кездің? Өтті талай белес-күн! Құрып кеткен Айкөздің, Көзіндей боп келесің.

Əн тыңдағам таңыңнан, Аңдап ару елесін. Мөртостаған маңынан, Мөлдіреп бір келесің. Таланттардың жыры боп, Таптың елден жарасым. Жеті өзеннің бірі боп, Жетісуға барасың ... Келмегелі өзіңе, Кетті талай жыл болып. Сағым болған көзіме, Сағынышты жыр болып. Атыңдағы қаланың, Тұрғыны ғой туысым. Мен де сенің балаңмын, Кеңитұғын тынысым. Болса дағы қай кезің, Таңындай ғой Тамыздың. Аягөзім – Айкөзім, Алтын ұясы аңыздың. ҚАЙРАН, АҚБОЗ! Қайран, Ақбоз! Əкемнен қалған маған, Ешкімнің де жеміне алданбаған. Сені ойласам түсемін сергелдеңге, Сеңгірімнен шықпайды зарланған əн. Қайран, Ақбоз! Ұшатын қанатым ең, Бауыр басқан бауырымдай бала күннен. Шығатұғын шыңыма құстай ұшып, Күткен жерге уақытында баратын ем. Кім болғанын білдіріп көліксіздің, Амалым не, Ақбозым өліп тындың. Тасбақаның тірлігі тағдырым боп, Маңдайыма жазылдың күлкісіз күн.

Өкініштер жанымды тербегенде, Күйге түсем қабағат елден өзге. Арманыма жетер ем, əттеген-ай, Құлагердей Ақбозым өлмегенде. САУЫҚ КЕШ Күн батты. Кетті əне сам жамырап, Домбыра сағағында сан жаңа ырғақ. Аспанның бар жұлдызын бауырына алып, Көл жатыр кірпік қақпай таңданып ап. Жайылған алдымызда дастарқан тоқ, Қызықты өткізуден басқа арман жоқ. Біреулер шын көңілден көрсетсе өнер, Біреулер тəлімсиді басқарған боп. Орнады шұғыласы от арманның, Арулар дидарындай атар таңның. Аққудың қанатының сыңғырындай, Дыбысы қолға ұстаған бокалдардың. Шампандар құйылады қаз тамақты, Тағы да, жадыратып жаз қабақты. Əлдилеп атырапты жүректерден, Аспанды астарлайды саз қанаты. Бұл кешке тақалған жоқ ұйқы жолы, Тірліктің кезікпейді күйкілері. Қыздар мен жігіттерді қызықтырып, Барады бұл кештегі би түрлері.

ШОТАН БАТЫР НАЗАРҰЛЫНЫҢ 300 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ БІРІНШІ ӨЛЕҢ МАҢҒЫСТАУ Ассалаумағалейкүм! Бекет Ата! Даңқың кең далама жетеді Ата! Ішінен алпыс екі əулиенің, Пір болып Биіктікке кетеді Ата! Өзіңді ұлықтаған асыл елміз, Ұлтым да рухтанған, Бас иеміз. Керемет Маңғыстаудан Пір тұтқанда, Кең дала керіледі ашып өріс. Түсініп құдіретті ұққандаймын, Тұтасып терге толып сүт маңдайым. Бейнеңді күнтізбеден көргенімде, Алатау биігіне шыққандаймын. Ассалаумағалейкүм күйдің елі, Қонақтан босамайтын үйдің төрі. Домбыра үкілеген күмбірлесе, Ежелгі Ескерткіштер би билейді. Маң дала! Түрікпенмен айқайласқан, Жамылып Адайларым шаңқай аспан. Мендекеш, Əбіш пенен Фаризалар, Мекені кəдуілгі тəй-тəй басқан... Сарынды Ескерткіштер сөздерінде ой, Сан ғасыр өтсе дағы өзгерілмей. Мəңгілік маңдайына біткен ырыс, Маңғыстау көне тарих көздеріндей.

Өзіңе бір баруды Арман етем, Қараумен жалынышпен жалғанға əсем. Шаштары ақ балықтың бауырындай, Хамиттың балалығы қалған мекен. Өңің – Күн, жүрегің – мұң, күйік жеген, Қонысын құрметтеп сүйіп келген. Нарына кəтептеген жүгін артып, Намазын қаза қылмай биіктеген. Өнерге жастарының құмарын-ай! Биіктеп жүреді тау ұларындай. Ілінген əр шаңырақ төріне кеп, Домбыра қазақы үйдің тұмарындай. Күй болып маң даладан самал ескен, Тыңдаған адамдардың жамалы өскен. Құмарлы түсінігі жоқ адамның, Құлағы керең болып, жанары өшкен. Ғажап қой қазақ деген ел тілегі, Жусаны домбыра боп шертіледі. Адайдың сол далаға төккен тері, Абылдың шежірелі шер жүрегі. Көп көрген жерін қорғап сырттан елім! (Бұл удан бабаларым ұрттап едің). Үстінде мол мұнайдың кешіп жүріп, Үйлерін баялышпен жылтқан елім… Сапарда айтылатын тамыздағы, Сар далам таусылмайды аңыздары. Сақтаған алтын ұлды құрсағына, Сабырлы Анадайсың аңыздағы. Өртенген сексеуілдей жағылам кеп, Өкінем айырылғандай бағымнан көк. Бір кезде бабаларым асыраған Тазы иті Үстіртте жүр қабылан боп. Мөп-мөлдір таңғы шықтай терлеп денем, Ақ бұлттай тауларына өрлетті өлең.

Көрмеген аққу ұшып иен далаңда, Көлбеген мұнаралар өрнектелген. Маң Дала! Маңғыстауда қызық арман! (Əлі бар таусылмаған тұзы бар жан). Үкілеп көк найзасын жауға шапқан, Үстіртте батырлардың ізі қалған. Маңғыстау əн елісің, жыр елісің, Тербеген тебіреніссің жүрегімнің. Ақтардың генералын аттан жығып, Алысқан түрікпенен Түбек үшін… Желі – күй, Маңғыстаудың, батпағы – май, Торғын боп топырағының жатқанын-ай! Арттырып абыройын Атыраудың Пір болып Бекет Ата! Сақта, Құдай! ЕКІНШІ ӨЛЕҢ ШОТАН БАТЫР ТУРАЛЫ ЖЫР Шақантай1 бабам өзіндей, Шарқ ұрып жаумен соғысқан. Айшылық жерге көз ілмей, Аңсаған жаққа болысқан. Рудан шығып сыбанып, Ұлттың батыры атанған. Жүрекке біткен жыр анық, Батырдың жолы – қатал заң. Болса да күндер қиында. Адымдай басып салмақпен. Қырғын сап талай Қиыл да, Қырқыстың қара қалмақпен. 1 Шақантай – Шотан баһадүрдің замандасы. Елін, жерін қал мақтардан ерлікпен қорғаған Орта жүздің жырау, батыры. Қазір күмбезі Ар қада Ортақарауылда. Дəлірек айтсақ, бұрынғы Семей облысының Шұбартау ауданында. Еліміз Шақантай батырдың 300 жылдығына орай ас беріп, ат шаптырып той жасаған.

Ат ізі қалды ер болып, Аспанға шаңы бұрқырап. Ну тоғай жатты жол болып, Үйірлі жылқы шұрқырап… Бұйдасын үзді үлектер, Боздады бота адасқан. Қайратқа толды тілектер, Қас батыр шықты алаштан. Құм дала жатты далиып, Қып-қызыл қанды сіміріп. Қан тамған жерге əн ұйып, Қапасқа түсті шыңғырып. Шаңырақ шаңға көмілді, Шашылды уық, кереге… Шабынды мынау өмірді, (Немене дейміз, немене?) Атына қонды қазақтар, Алқабын қорғап қалмақтан. Далама толған азаптар, Қаптады жау боп жан-жақтан. Торғауыт, дербіт қаптады, Қаптады қарақұрым боп. Қан қылып жерді таптады, Қырсыққа біздің қырын кеп. Алдаспанды қолына ап, (Ақсақалды тыңдады...). Қалың жұртты жолына ап, Қайраттысын жинады... Сонда атойлап, топ бастап, Адайдан шықты Шотан ер. Жанына жаудың шоқ тастап, Жанына батты Отан – Жер! Шашақты найза қолына ап, Шаң қаптырды оларды.

Батырлық жырын толғанып, Бастады батыл «сонарды». Бота тұрмақ даладан, Бұтаны да бермеді. Сарғайған сай-саладан, Сазды күй жүрек кернеді. Барқытбел1, арқа сабылып, Жеткенде Маңғыстау жаққа. Қазақтың руы жабылып, Қалмақты қуды аулаққа. Үркітті ұрып, шоқпарлап, Үстіртке аттап басқызбай. Ішінде дəрбіт от қайнап, Су кешіп жүріп, басты лай… Өлігі қалды қан сасып, Ит пенен құсқа жем болып. Күшіне қазақ таңданып, Еділге келді сенделіп… Жоңғардың қара қалмағы, Жолдарын жолай толғады. Басқа амалы қалмады, Шегінер жері болмады. Еріксіз өтті Еділден, Амалы əбден таусылып. Көзінде жасы егілген, Қазақтай жауы дəу шығып. Маң далаға келгенде, Маңдайдан тиген соққы бар. Жоңғарды қазақ көргенде, Жұмылды келіп соққылар. Алдаспаны басты алар, Қорқыныш беріп көңілге. 1 Барқытбел – Тарбағатайдың бұрынғы аты.

Жансауғалап қашты олар, Жаны қалар өңірге… Сонымен солай, солай боп, Айырылып алтын теңінен. Астрахан жақ қолай боп, Аттанды қалмақ Еділден. Осылай қуды қас-жауын Шотан батыр сарбазы. Биіктетіп асқарын, Айқаспен өтті бар жазы. Ең қас жауын аластап, «Уһ» дегенде осылай! Түрікпен шықты ту ұстап, (Болған туыс, досындай). Бермеген қалың қалмаққа, Бекініс үшін айқасты. Толғап та ойын, талғап та Шотан батыр байқасты. – Тегіміз туыс біздердің, Ойнатпа Ақалтекеңді. Созылған жері көзкөрім, Маңғыстау жері жетеді. Жүрейік біздер құда боп, Ат мініп, шапан жамылып. Дегенде көнбей. Ыза бопАдайлар кетті шамығып. Үлегін ұрлап, жылқысынҮйірлеп айдап жоғалтты. Бір емес, жасап мың қысым, Түрікпендер талай тонапты. Күндерін көрген еңбекпен, Жылатты бейуаз халықты.

Ой-санасын сенделткен, Ол жандар қатты тарықты. Ақсақалдан бата ала, Атқызып сергек ақ таңын. Сиынып Бекет Атаға, Сиынып мінді ат жалын. Дауыл күй жүрек тербеді, (Жетектеп келер ғасырға). Маңғыстаудың бермеді, Тауы тұрмақ, тасын да. Ереуіл күй тербеді, Елдің орман, талын да. Маң даланың бермеді, Малы тұрмақ, аңын да. Елдіктің жыры таста тұр, Ерлікті айтқан бұрын да. Адайдан шыққан қас батыр, Айналды алаш ұлына. Өштесті жаумен аталы, Өлім құрып жолына. Қазақтар жағы қатайды, Қаруын алып қолына. Қырық ру болып жүрсек те, Қызығын көрдік намыстың. Ұлы ана бізді жөргекте, Осылай етті ар үшін. Жағдай туды тұруға, Жұртымызға құт құнып. Бөлінсек те руға, Бүтінделдік ұлт болып. Тілімізді сақтадық! Дінімізді сақтадық! Ділімізді сақтадық! Ата жолын ақтадық.

Елдіктен шексіз жыр ұқтым, Ерліктің жолы қатал заң. Рудан шыққан рухтым, Ұлттың ұлы атанған. Шотан батыр! Шотан батыр! Шотан батыр! ҮШІНШІ ӨЛЕҢ МЕН ТУҒАН ЖЕРДІҢ БЕЛГІСІ Мен туған жерде Бар еді қыстау ескірген, Табушы едім, сұрамастан-ақ ешкімнен. Солардың бəрі жағалай құлап бітіпті, Үстінен таптап, жол салып талай көш жүрген. Мен туған жерде бар еді терек көктеген, Бала кезде оған торғайкөз дəнді төккен ем. Көзіме сонда көрінуші еді, ой, алла-ай! Тұрғандай бейне көкпенен тілдесіп Көрінуші еді көкпенен биік тілдесіп, Білінуші еді келе жатқандай күнде өсіп. Жым-жылас орны, Семдірсін Құдай Тағала! Айтарым осы, əкетсе теректі кім кесіп. Мен туған жерде жоқ еді белгі басқа көп, Тал əкеп ексем, боламын тағы босқа əлек. Белгісіз болып кетсе де мəңгі Ақтаудан. Белгі етіп жана, Қоялман мəрмəр тасты əкеп. Жоқ Белгі енді! Мен туған жерде көретін. Ойланып тұрмын. Ойымды соған бөлемін.

Қыстаудай үгіп, Теректей бөліп ала алмас, Мен туған жердің Белгісі осы өлеңім. ЖАЛАЙЫРЛАР Батыр боп ел қорғаған талай ұл бар, Батырып бармағымен бал айырар. Шытырман заманада шыңға өрлеп, Шығарған қазақ атын Жалайырлар. Тұншықты тұғырыңда талай үнің, Құйылып ертіндісі қалайының. Керейдің ханын сатқан Жалмұқамен Ешқандай өлшенбейсің, Жалайырым. Еңкейіп батса дағы күйіп күнің, Келеді аласармай биік шыңың. Таңдаулы тарихыңмен таудай болып, Талайды таңдандырып биік тұрсың. Айтамын шындық сөзін сүйіп бүгін, Мақтаулы тарихтағы сүйікті ұлың. Ғасырдан ұмытылмай келе жатқан – Қадырғали Жалайыр – Биіктігің. Бір емес, өлең қылып жазайын мың, Жазбасам тарқамайды аза-мұңым. Жалайыр жалпақ жатқан ұлы Ата! Жасарған жайлауы боп қазағымның. Тарихта талай-талай тұраладың, (Бір кезде мұңғұл болып ұран-Əнің). Он екі ата – он екі тарау болған, Қазақтағы – ең үлкен романым. 20 қыркүйек, 2001. Алматы.

ТІЛЕУЛЕСОВКЕ Баспаның бабын баптап, тілін білген, Ойланған көзіңізден білім күлген. Көңілге көрік беріп, тыныс болған, Шыққан сөз шырай болып білімдіден. Тыныстап, сергек қарап жаңа таңға, Жұмсаған күш-жігерін жан Отанға. Адуын, аусар небір жұмысшыны, Үйреткен көгершіндей алақанға. Жұмыстың түрін ұғып, сырын алған, Құрылыстар бой көтерді бұрын арман. Журналдар, газеттер мен қанат қақты, Арқалап ақындардың жыр-маржанын. Қыруар жоспардағы ойға үңілем, Қуанам, үйренгендей ойға денем. Тікелей Сіздің ғана нұсқауменен, Баспалар қалашығы бой көтерген. Көгілдір туымызда жанымыз бар, Өзгерте алмайды еш жаны ызғар. Қазақ барда – Сіз барсызАл Сіз барда – Мен де, ол да, басқа да – бəріміз бар.

ЛИРИКАНЫҢ АЛТЫН КІЛТІ (Тұманбай туралы жырлар) Таң атады, Күн шығады, Батады ай. Тұрағы жоқ уақыттың қаталы-ай! Алпыс тұрмақ, Келсе дағы жетпіске, Розалар жүр ғой тойын атамай. Сол сияқты біз де сөйтсек қайтеді, Өкпелейді-ау қара өлеңнің бай кені. Ақынжанды қазақ деген халықпыз, Тойламасақ елден ұят əй, тегі. Ал тойлайық жастар менен кəріміз, Түрік, ұйғыр, балғар болып бəріміз. Тұманбайға деп атайық ендеше, Жетісуда биылғы еккен дəніміз. Тұмаш ақын жай ақын ба, ұлы ма? Сөз берейік көктем деген сұлуға. Бағы жансын қосылғанда бəйгеге, Ақынға арнап ен салайық құлынға. Ақын жаны көктеменің сəніндей, Ақын сазы бұлбұлдардың əніндей. Бақшамызға жемістерді егейік, Болсын ақын жырларының дəміндей. Жетісудың бақтарында бұлбұл көп, Əн салатын армандары бір гүл боп. Ал Алатау айналайын, жарықтық, Тұманбайдан басқа сенде дүлділ жоқ. Құрқылтай мен шымшықтар көп бауырында, Қанша ұшса да қоналмайтын сауырына.

Менде өзіңдей болар ма екем егер де, Жаратқаным ақын етпей тау қылса. Алатау бір. Даласында елімнің, Дауыл күнгі толқынындай көлімнің. Көп болса да бізде Молдағалиев, Ақын Тұмаш біреу болып көріндің. Тебіренсе ел де, жер де, көкте жыр, Жарсу жақта қурай менен шөп те жыр. Бəрі бар-ау атақ, даңқ дегенің, Депутаттық деген шіркін, жетпей жүр. Бірі емес бұл Тұманбай екінің, Нағыз өзі поэзия отының. Лириканың алтын кілтін ұстаған, Ұлы ақыны қазақ əдебиетінің. Келген мынау – Алпысыншы көктем бұл, Көкшалғын мен гүлді сүйіп өткен нұр. Алмаағаштың бұтағына ақ гүл боп, Алпыс рет аққайыңға жеткен бүр. Келген мынау – Алпысыншы көктемім, Тұмашымдай ақын ағам деп менің, Қараңызшы самал болып сағынып, Арулардың беттерінен өпкенін. Алпыс рет Жарсу тасып көсілген, Ақша қардан Ақши жатып шешінген. Алпыс рет Алатауға жылқұсы, Жұмыртқалап балапанын өсірген. Алпысыншы көктем болып ол күліп, Туған елге тілеп жатыр молшылық. Қызыл гүлді жайқалдырып тастады, Туған жердің омырауын толтырып.

Көзімізге көрінеді сəн болып, Келген көктем келбетті-ай, таң көрік. Алпысыншы көктем келді, ақынның Той күніне таусылмайтын əн болып. Тыпыршиды тұлпар көңіл тұра алмай, (Осқыратын жағы да бар құланның). Көктем-ақын, Көтем – шуақ, Көктем – күн, Гүлдейсің бе, Үрлейсің бе көктегін. Арманым жоқ болар еді дариға-ай, Болса осындай алпысыншы көктемім. Тыпыршиды тұлпар көңіл тұра алмай, (Жүрген оның күші де жоқ қуанбай). Алпысыншы көктем болып келіп тұр, Алатаудың ақиығы Тұманбай. ОҚЫШЫ АҒА, ЖЫРЫҢДЫ! Өтеген батыр ауылындағы Мұқағали атындағы мектепте өткен кездесуден туған ой Оқышы, аға! Оқышы, аға, жырыңды. Аспандағы қарлы далам жылынды, Күлкісінен мектептегі шəкірттің, Күміс күй боп естіледі жыр үні. Тыңдайтындар парта болып, дəліз боп, Құмарланып келе жатыр əлі іздеп. Ойларынан парасатты ұстаздың, Оқылады сыныптарға дəріс боп. Оқыңызшы! Оқыңызшы тағы да, Көктем қонсын бұл араның бағына. Жыр жолдары жетелейді біздерді, Ойдағы үлкен омартаның балына.

Ынтығады ілім тартып айнала, Өлең болып оралады қайдағы əн. Қарасаз бен Кеңсайдағы тасмүсін, Мұқағали тыңдап тұрғандай маған. Қабырғалар, терезелер, есіктер, Мұқаң болып селк етпейді шешіп бел. Қара өлеңнің қайнар бұлағы едіңіз, Тұмаш аға молынан бір көсіп көр. Ақында жоқ жыр жазудан қанағат, Осы еңбекпен мəңгі өшпестей қалады ат. Мұқағали жазбай өткен ойларды, Жалғастыру сіз бен бізге аманат. Қарындастар қоршап отыр жан салып, Өлең деген ұлы өнерге тамсанып. Тұмаш аға, тұрған жоқсыз жыр оқып, Тұрғандайсыз ортамызда əн салып. КӨККӨЛ ЖЫРЫ Бек Тоғысбаевқа Көккөл сені көргем жоқ, Көгалыңа аунап бір. Көңілімді көркемдеп Көкше жырым қаулап тұр. Атыңды айтқан сайын мен, Əрленемін биіктеп. Жақындайсың дəйім сен, Жалғасы боп биік көк. Қаламы оң жолының, Қарап оң мен солыңа. Қармақ алмай сол ұлың, Қалам алған қолына. Оның жазған кітабы, Ел аңсаған күй сазы.

Оның жазған кітабы, Отау үйдің жиһазы. Ат шылбырын бұратын Ауыл болсаң, Сенің де – Беренім деп ұғатын, Бегің осы тегінде. ЖЕЛТОРАҢҒЫ Қалдырған жақсы əсер елге орамды, Соқса да қанша рет жел-бораны. Ысты мен Жалайырдың күйін тартып, Тұрғандай көрінеді Желтораңғы. Тыңдашы, гуілдейді, гуілдейді, Ішінде сəби үні уілдейді. Бұл аймақ не ойласа соны айтады, Бармағы ішке қарай бүгілмейді. Қазақта мақал сөз бар «сыйға сый ем», Жасаған жүз ғасырмен, мың ғасырмен. Бұл өңір бүкіл жұртқа қасиетті Кешегі кемеңгерім – Димашыммен. Мұнда бар мыңдаған жан, көптеген ел, Мұнда бар пайда тапқан ептегенмен. Тораңғы гүлдерінде бірге гүлдеп, Жырлары Балтагүлдің көктеген жер. Əз елім қанатыңды толыс, жайып, Өркендеп өссін алда қоныс байып. Сенің сол құшағыңда өскен тағы, Қазақтың жазушысы Тоғысбаев. Жазды ол қурайыңды қола қылып, Алдында жатпаса да жол ағылып. Гүліңді домбырада күй қып шерткен, Бекеңе дəн риза болады жұрт.

Осындай ұлдарыңның арқасында, Тəңірдей тауап қылам əр тасыңа. Іленің албырт атқан бір толқыны ем, Ынтыққан Көкшетеңіз – Балқашыңа. ЕСКЕ АЛУ Нарынқолда (қазіргі Райымбек ауданы) қарақшылардың қолынан мерт болған милиция капитаны Қанаттың анасы Раяның өтініші бойынша Бала десе, шуағы бар күн құштым, Əуездері бұлбұлдайын үн құштым. Ол мен үшін табылмайтын асылым, Өмірдегі тұла бойы тұңғышым. Айналайын, айналайын жарығым, Алып кеттің бүтін істің жарымын. Бұл күндері мына тұрған əлемнің, Атаң үшін, анаң үшін бəрі мұң. Қанат десе, қанатым ең қарағым, Серкесі едің ішіндегі баламның. Сен кеткелі қанша уақыт өтсе де, Іздеп жүрмін, сені қайдан табамын. Бұл өмірде таудай еді талабың, Ішіндегі Шолпаны едің баламның. Қайырылдым ғой оң топшыдан құдай-ау, Қалай ғана қанатсыз боп қаламын. Жазықсыздан өліп кеттің қарағым, Сені өлтірген сұмды ешкім жоқ табатын. Өртендіріп бара жатыр жанымды, Өрісім де тарылды ғой баратын. Жерім де жоқ сені іздеп табатын, Балам менің – бауыр етім – Қанатым. Қарақшылар өлтірсін деп тегінде Еш ата-ана өсірмейді баласын.

ЖАМБЫЛ КҮЙІ ТОЛАССЫЗ КҮМБІРЛЕГЕН БІРІНШІ ЖЫР ЖАМБЫЛ ТАУЫ ТУРАЛЫ Көз ұшында мұнартып көрінесің, Көтеріліп көңілімдей өріңе күн. Сағынышты сазым бар саған деген, Самалындай сабылып өрілетін. Құстарым көп асығып қанат қаққан, Көктем келе жатқандай парақтап əн. Етке біткен ежелгі қазақылық, Көңіліммен ұмтылам далақ қаққан. Қызығыңды қызықтап тоймағанмын, Орманындай ойланам ойға қалың. Алатаудың шыңына шығып алып, Абай болып өзіңді ойға аламын. Суы мөлдір, саялы тал бастауың, Сұлуыңмен жайғасқан жалғас жаным. Гомер ақын мың жерден туса дағы, Шүйіншіге алмаймын Парнас тауын. Сұлулығың тамыздың таң нұрындай, Ыстықтығың жазылған жан жырымдай. Қазағыма қадірлі киелі тау, Ұлылығың қарт жырау Жамбылымдай. ЕКІНШІ ЖЫР Ұл да туды өзіңдей, қыз да туды, Төлқұжатқа ардақтап ізгі атыңды. Біреулері бауырыңа бал үйірсе, Біреулері тас болып мұз қатырды. Қыран болып біреулер қанаттанды, Жыр, əн болып біреулер талаптанды.

Ұран болып біреулер көтеріліп, Тауығы боп шақырды таңы атқанды. Батыр да бар өзіңде аңыз толған, Ақын да бар көңілге тамыз болған. Сұлулар да туды ғой сұңғақтанып, Ақбөпедей аяулы жаны ізгі арман. Талай ұлан көтерді балғын ана, Сəуегейлік қылмады алдын ала. Ғасыр – ғалым толғатқан осылардан, Ұлы жырау атанған Жамбыл ғана. Алса дағы данқты малға матап, Нағыз бақыт болмайды жалған атақ. Уақыт өзі өлшейді қашандағы, Талант бола алмайды алған атақ. ҮШІНШІ ЖЫР ЖАМБЫЛ КӨШЕСІ Алматының бүйірінен басталып, Салтанатпен сəн түзеген жақсарып. Бір кездегі Басарықты Жəкеңнің Өзі келіп жантайғандай жастанып. Көне ізді асфальтпен өшірген, Қаракастек жаққа қарай көсілген. Жамбыл қарттай көшесі де мықты екен, Көтермейтіндері де жоқ төсімен. Қарашы анау, қабат-қабат үйлерін, Үш батыр боп жұп жазбаған түйдегін. Бұл көшемен жүрер болсам естимін, Қырғыздағы Мұратəлі күйлерін. Бұл көшеге келсем жырды өргендей Болам, Артпас бұдан артық тер нендей.

Бұл көшеге келсем болды таңданам, Манас пенен Көрұғлыны көргендей. Бұл көшеге келсем жырды өргендей Болам, Артпас бұдан артық тер нендей. Бұл көшеден мəз боламын Жамбылға Еркелеген Күлəштарды көргендей. Бұл көшеде өлең таңы атқандай, Жырға ғашық жүрегіме от жаққандай. Қарт жырауға сəлем беруге асығып, Мұхтар, Сəбит кетіп бара жатқандай. Ұлы ақынның махаббатын ұққандай, Болдым көріп сұлуларын сүт маңдай. Айтбаласын қасына ертіп, майпаңдап Ғали ағам қарсы алдымнан шыққандай. Шабыт алам, қуат алам жаныма, Бір ыстық қан қосылғандай қаныма. Осы көше арманыма жеткізіп, Апарардай поэзия Бағына. ТӨРТІНШІ ЖЫР ЖАМБЫЛ ЕСКЕРТКІШІ АЛДЫНДА Талғар шыңын арқаға ап. Иық сүйеп, Көрінетін биіктен биіктірек. Ескерткіші Жамбылдың бой көтерді, Тартқан күйі секілді сүйікті боп. Сияқтанып қараймын тірі көрген, Сырласқандай боламын жырыменен. Көрінеді ұлы ақын көздеріме, Халық поэзиясындай іріленген. Замананың ашылып сұмдық сыры, Залымдарды жүріппіз күн ғып ұлы.

Бір кездегі Ленин төмендеді, Биіктеген кезінде шындық шыңы. Қиналса да түседі жаны егеске, Ақын деген баһадүр жан емес пе? Ақын деген адамның ақкөңілі, Қайран сөзі қор болған коммуниске. Ақын деген тілегі ұлы кептің, Сенде талай ғұмырдың мұңын өптің. Қасиетін арттырып тұрсың қазір, Ақындықтың танытып құдіретін. Енді міне, жатқандай қала жырлап, Хатшылары жүргендей қаламын ап. Бұрым келер ме екен деп, бұл көшеге, Біздің Жəкең отыр ғой қарауылдап. Келдім өлең оқуға дайындалып, Ұлылығы тербетіп ойымды алып. Отыр Жəкем қолға алып домбырасын, Айкүмістер келер деп дайындалып. Қартайдым деп қарт жырау қайта тынбай, Жыр аулына барып бір қайтатындай. Балғабектей ағадан естіп-біліп, Барлық жайды толғанып айтатындай. II Бір ғасырдың тұлғасын көріп бүгін, Қандай жырлар жазсам да еріктімін. Өзіңізге ескерткіш ұқсаған соң, Тас болса да табынып, келіп тұрмын. Келіп тұрмын, қарт жырау бөрік киген, Бір дəн едім жаралған өрік гүлден. Жарық дүние төрінде домбырамен, Жан сырымды айтамын, еріп күймен. Аққу жүзер айдынға үйрек қонды, Ниетіміз сиырдай бүйректенді.

Сыпайылық сыйымыз – пара болып, Сөз ұғатын адамдар сиректенді. Дина да жоқ бұл күнде, Күлəш та жоқ, Маңайымыз пайда үшін ұласқан от. Не боп бара жатырмыз, есейгенде Ақниеттен аппақ боп гүл ашқан ек. Мұқаң да жоқ бұл күнде, Сəбең де жоқ, Аты қалды олардың əлемде көп. Ақсақалдар орнында кешегі обком – Хатшылары деп жүрген «Бəлемге тек»! Соғып жатыр жан-жақтан дауылымыз, Жемістерге болды апат жауынымыз. Қарық болған байлыққа кеше ғана, Қаңсып жатыр арнадай ауылымыз. Таланттардың бұл күнде зоры қалып, Сумақайдың озады жолы барып. Арманына жеткендей қуанамыз, Дипломды саудагер болып алып. Ауызыңа қаратқан бізді бұрын, Ұлы ақын ең таусылмас ізгілігің. Басқа емес, жан баба жасырмаймын, Қазақтар бар түсінбес Сізді бүгін. Күнкөріске тастан да таспа тілдік, Ойымызды отарлап басқа тірлік. Орысшамен жетпіс жыл оңдырмап ек, Ағылшынша оқимыз бас қатырып. Миымызды ашытса азап мұңы, Жүректерді тербетті азат жыры. Өз жері мен өз елі тұрса дағы Өксуменен келеді Қазақ тілі.

Бұл күндерде кеще көп, өрен азған, Басшы боп жүр рухани тереңі аз жан. «Нағыз атым – Халық» деп, Буырқанып Осы Тіл ғой, өзіңіз өлең жазған. Бір ғасырдың тұлғасын көріп бүгін, Қандай жырлар жазсам да еріктімін. Тəңірімдей табынып сырымды айтып, Тас болсаң да қасыңа келіп тұрмын. Қазір тұрсыз сақталып көзімізде, Ұялатып ұлы ұғым сөзімізге. Біз сияқты ақындар біткен күні, Мəңгілікке өлесіз өзіңіз де. БЕСІНШІ ЖЫР Жамбыл жылы басталды. Жамбыл жылы, Нөсерлейді қазақтың жаңбыр жыры. Нөсерлесе Қазақтың жаңбыр жыры, Шуақтана төседі жанның нұры. Ғасыр жылы басталды, Ғасыр жылы. Қанат қағып қаламнан ғасыр жыры, Жамбыл тауы бауырында тəй-тəй басқан, Тəу етеміз тəкаппар тасыңды ұлы. Жамбыл жылы – жанымның думандары, Көтереміз көгілдір тудан да əрі. Көрсете біл өнерді ұлы тойда, Жержүзінде қазақ боп туған бəрі. Айқай, шіркін! Өлеңнің дарабозы, Дарқан жатқан лайық далама өзі. Əкесі оның – Екейдей ұлы атадан, Ал, Анасы – қазақтың қаракөзі.

Жамбыл жылы – қызыққа далам тұнып, Жасылданған бұтақта жаңа əн күліп. Жетісудың барлығы сия болса, Ормандарын ұстаймын қалам қылып. Дəстүрімнен, салтымнан мол мұра алған, Құсбегідей қолына қондыра алған. Бəз біреудей қолына шоқпар алмай, Жəкем менің, қолына домбыра алған. Есімінде сайраған таңғы бұлбұл, Қасиетті халқымның əн-жыры тұр. Жиырмасыншы ғасырдың Гомері емес, Жыр боп туған Қазақтың Жамбылы бұл. АЛТЫНШЫ ЖЫР ЖАМБЫЛ ЖАЗЫ Қараңдаршы, Қазақтың даласына, Көңілімнің ұқсайды сарасына. Айналыпты асқар тау, алып өзен, Ағы менен көзінің қарасына. Аспанымда жерім жоқ күн күлмеген, Көңіл емес, көзімді тұндырды өлең. Жан жүректі езілтіп заман сазы, Жамбыл күйі толассыз күмбірлеген. Жанарында жұлдыздың жанып дастан, Жақұт болып төгілді жалықпастан. Жамбыл əнін қазақтың əншісі емес, Жасыл баққа бұлбұлдар алып қашқан. Айналып ақша қоңыр бұлты менен Ақ жаңбыр аспанынан сіркіреген. Ұқсайды табиғаттың осы шағы, Жамбылды толғандырған шіркін, өлең! Сел болды қосылған су сан жылғадан, Жақпардан мақпарға ұшты жаңғырған əн.

Шөп те көп, жеміс те мол Секілденді, Мына жаз шабыттанған Жамбыл бабам. ЖЕТІНШІ ЖЫР Жамбыл елі дегенде Жамбыл елі, Жамбыл елі – атанған əн жыр елі. Шөлдеп жүрмін. Жəкеңнің дəстүріне, Кеңірдектен келтіріп қандыр мені. Арулары алаулы жан гүлі еді, Асқарынан Алатау таң гүлі еді. Əнім болып шырқалдың кеңістікке, О, айналып, кетейін, Жамбыл елі. Жамбыл жері жайлау боп кете берді, Жас күнімде жастанғам бетегеңді. Жас сұлуың жанымның арманы боп, Жасыл белді ары асып жетеледі. Жамбыл елі Алатау аясында, Жер біткеннің жаннаты жаясында. Жамбыл елі жемісті баққа оранған, Махаббатым гүл ашқан саясында. СЕГІЗІНШІ ЖЫР ТАУАП Бұлбұл қонып кеудеме, Басыма Əн - Ұя салды. Мен оны жасыра алман. Аялаған өзіңді бір балаң ем, Аруағыңмен қолдадың ғасыр атам. Орындалып ойымнан игі арманым, «Құлансаз» деп аталған күй де арнадым.

Қаршығадай қатайтты қанатымды, Қасиетімен Жетісу құйған дарын. Өзің деген асылым жан сазыңда, Тебіреніп бөлендім қанша мұңға. Бірге туғандай болдым Абыз ақын, Болмасам да Жамбыл мен Хан тауында. Арылмаған ақын ем басым сордан, Мұқағали, ал бірде Қасым болған. Көздеріме ортаймас күлкі бердің, Күңіренген кезімде жасым толған. Өлеңің де тұмар ғып сөздеріңді, Өмірімде жинаймын көздеріме əл. Данагөйім сол шақта жебе мені, Дарынсыз боп қалатын кездерім бар. Шашты ағартып тағдырым ондырмаған, Қанаттары қалтылдап болдырған əн. Жүзге келген жасыңды сұрамаймын, Бақыт құсын ұшпастай қондыр маған. ТОҒЫЗЫНШЫ ЖЫР (Бұл өлеңге К. Шалқардың жазған əуені бар) Құбылып дидарыңдай таң нұрының, Заманнан заман өтіп жаңғырды үнің. Ешқандай Гомер емес, Қазағымның Тауының асқарындай Жамбылымсың. Тасқындап тау өзендей келеді ойым, Халықпыз жомарттықты елемейтін. Жайлауда қымыз ішкен қарт жырауды, Сыра ішкен ел қатарына теңемеймін. Өмірде қуанышпен күйік көрген, Ақылгөй абызысың сүйікті өлең. Атанып қартайғанда Алып ақын, Қазақтың құдіретімен биіктеген.

Ақындық тасымас талант əлі бізде, Қыста айтсақ таусылмайтын кəрі күзде. Құламас шын бақыттың шыңы болған, Жəкеңнің жасын берсін бəрімізге.

ЛАТВИЯ ЕЛІНДЕ ЕУРОПА ТҮНІ Кəдімгі аспан! Ал қара көк тұңғиық, Бауыр басқан құшағында түн ұйып. Жұлдыздар да сол баяғы қалпымен Жерге қарап желпінеді жымиып. Жібек желі қанат қақса шарқ ұра, Жиегіне көлі жатыр талпына. Аспанына көтерілген Біз жақтан Айы дағы өзгеріссіз қалпында. Өзені көп бөлінбейді қаздан үн, Ұғам бірақ тылсымдықтан саз барын. Тап осындай ма екен шіркін, сонау кез Тебіреніп Гете өлең жазған түн. Қаласы да Алматымдай шашқан нұр, Қуаныштың нышанындай асқан бір. «Құбыжығы» көрінбейді ешқандай, Құрлық бөлек болса дағы Аспан бір. Түнгі поезд шойын жолмен өрлеген, Таңсық емес. (Мұны дағы көрген ем). Бейбіт өмір құшағында қалғыған, Еуропа түнін келіп көрмеп ем. Көрдім енді. Тербеді ой сан ұлы, Шымырлатып шымқай қызыл қанымды. Оралмасын қырық бірдің қырсығы, Бұзылмасын осы түннің қалыбы.

ЛАТВИЯ Латвия – сыңсыған жасыл орман, Саясына сақтаған асыл арман. Латвия – мекені Ескерткіштер, Келе жатқан ежелгі ғасырлардан. Айдын шалқар көгілдір көлдер елі, Жарылқаған шалдығып, шөлдегенді. Мұнарадай көтерді биіктікке, Мұнар-мұнар тарихтың мол дерегі. Латвия – Балтықтай теңіз елі, Сəби болсаң, анаң боп емізеді. Еркіндік – аққу болсаң қанат қаққан Ерекше айдын болып сені іздейді. Қонақ болсаң сыпайы күте алады, Гүл боп түссең қолына тұта алады. Сонау қалың қарағай орманы мен Музыка ойнап тұрғандай бұталары. Латвия – жасыл жер, жасыл алаң Ақын емес бұл елде тасымаған. Дымқыл майда құбақан құм төбе мен Əн сап тұрған секілді тасы маған. Латвия – əн елі, өнер елі Жаңалық боп көрінер көнелері. Лигуасы толқынды биге ұласып, Сауықшыл ел өлеңге бөленеді. Қаласының келеді қыры сынбай, Көрсе де сан алапат ірісін-ай!

Ригасы – жүрегі, Ал Даугава – Тасып жатқан латыштың ырысындай. Латвия мекені латыштардың, Сарсаңменен атқызған батыс таңын. Лачплесистей1 қаһарман жүрекпенен, Естен кетпес жауыңмен атысқан күн. ЛАТЫШТАР Анайы сөз кездеспейді тілінен, Бұл бір үлкен мəдениет білінген. Адамдарды ғайбат сөзге қарамай, Түсінеді екен бірден тілінен. Киіміндей кір шалмаған жаны да, Тазалықты тілейді екен таңына. Өзің адал болып келсең, өзіңді, Саған туыс таны, мейлі таныма. А дегенде ашылмайды кісіге, Көрінеді тəкаппарлау пішінде. Кездескенде өз тілінде сөйлейді, Жұмысы жоқ түсін, мейлі түсінбе. Көрсе егер сенен ұлттық көнені, Қадірлейді ойларымен келелі. Таулары жоқ болса дағы шетінен Бір-бір тау боп көрінгісі келеді. Аз болсада дəстүріне қанықтым, Сөйлемінің сөздерінен Əн ұқтым. 1 Лачплесис – эпос кейіпкері.

Шеттерінен шұғыла боп тұрса да, Барлығы да күнге ғашық халықтың. Махаббаттың белгісіндей аруы, Таусылмайтын қасиеті бар ұлы. Қарапайым жұмысшы боп жүріп те, Қатар алған қалам менен қаруды. Сертке берік, Сөзге ұстамды мəрт екен, Деме оның қарсы алдында «жалт» етем, Байлығы оның мəшинесі, дача емес, Байлығы оның туған ұлты, халқы екен. Осылайша сүйеді екен өз елін, Тат түсірмей таза сақтап өзегін. Қасіреті – баласының оқудан Құлауы емес, Ластануы өзеннің… Олар үшін жапырақтың өзі күн, Гүлдендірген жүрегінің сезімін. Ормандарын. Қорғандарын шетінен, Қорғайды екен қарасындай көзінің. Тарихына бір кісідей қанықтым, Көздерінің жанарынан танып күн. Жері толған бұлбұлдардың бағы екен, Жезтаңдайлы латыш деген халықтың. ЯНИС ҚАРТ Күнде көрем бір қартты Көлдің суын шөптеген. Бойы ұзын, сұңғақты. Еңбек еткен еппенен.

Гүл алаңын баптаған, Жеміс ағаш тағы бар. Көктем таңы атқаннан, Осы жерден табылар. Дубултының өңірі, Шындығында жыр өзі. Өміріне көңілді, Күнде əн сап жүреді. Бір күні кеп таныстым, Янис деген қарт екен. Əн сап жүру латыштың, Атасының салты екен. Тоқсан жасқа келіпті, Оған ешкім сенбейді. Еңбек етіп ерікті, Еппен жерді өңдейді. – Зейнетақы жетпей ме, Жатпайсыз ба демалып? – Еңбек өмір шектей ме, – Қарт күлімдеп деді анық. – Зейнетақы жетеді, Бұл еңбекке ақы алман. Уақыт зулап өтеді, Қол қусырып жата алман. Ақыл-ойың толған оң, Халық қамын білесің, Латыштар аз болған соң, Қосқан менің үлесім. ЛАТЫШТЫҢ ГАУСАР ƏНДЕРІ Тыңдасам əн мен қай хорын, Жүрегімменен сеземін. Қалғып тұрғандай болдым, Қайығындай өзеннің.

Көп қоңырау сыңғыры Көмейлерде жатқандай. Музыканың мың тілі Қанаттарын қаққандай. Ақ самалға теңселген Ақ қайыңдай болдым мен. Ақ толқынға еңсерген Шағаладай болдым мен. Құлағымда ең ізгі үн Сый-құрметі сезімнің. Толқындары теңіздің Тербеткендей сезіндім. Латвия өңірі Орманындай қалың əн. Асқақ ақын көңілі Алыстаса сағынған. Ғасырлардың сырларын Ғажайып əн ұқтырып – жатса. Осы ғой жырларым Бұдан артпас мықтылық. ЛАТЫШТЫҢ «БАЛЫҚШЫ» ƏНІН ЕСТІГЕНДЕ Аңсағаның ақ сазан балық болып, жүріп, Тағы əн салдың қарық болып. Суға келген қыздарға қырындайсың, Маягіндей теңіздің жанып-сөніп. Қағынам деп бойжеткен көк шелегін, Қара тасқа түсіріп, текке бөлдің. Балиғатқа толса да əлдеқашан, Баса алмады өксігін көпке дейін.

Янтарь алып теңізден силадың сен, Бір жігіттей қысылып, қиналып өң. Алмады оны, көнбеді көпке дейін, Ауылың боп барыңмен жиналып ең. Ой жүгіртіп болған жай-байыбына, Жығынды боп істеген айыбына. Күні-түні аулаған балық пенен, Қарамады əкелген қайығыңа… Таңғалатын көргендер сымбатына Сондай шелек жасатып қымбатына. Шықпай қойды үйінен сұлу бикеш, Шың көңілмен барсаң да күн батыра. Ең соңында балықшы өзің жылап, Тамылжытып əн айттың сөзін сұрап. Сұлу сонда күлімдеп барды саған, Өміріңе бағыштап өзін бірақ. ЛАТЫШ ЖІГІТІ АЛЬБЕРТПЕН МИНУТАРАЛЫҚ ƏҢГІМЕ – Ұнады ма жеріміз, қандай екен?! – Жаратылған сұлулық жандай екен! Аспаздардың жасаған тамағы емес, Арналы өзен суы да балдай екен. – Дос дегенде ашылып гүлдейсің ғой, Тұрағымды пырақ қып іздейсің ғой. Орманымыз дəрімен уланғанын, Былғанғанын Лилефе1 білмейсің ғой. Жерлерің кең. Жетеді айлаң, Күшің. 1 Лилифе – Латыштың суы мол өзен деген сөзі. Қағаз жасау зауытының химиялық зат қалдықтарынан аталмыш өзенге үлкен зиян келген.

Мұқтажсыздың деді ол, – айғағысың. – Сол кең жерден Қазаққа пəтер жетпей, Жүргендігін бұл жігіт қайдан білсін. Жеріміздің кеңдігі сор болды ғой, Зымияндық өркеші зор болды ғой. Еуропаға орнатқан ракетаға, Азиядағы Сарыөзек қор болды ғой! Семейім де полигон күн деместен, «Жұмыс» істеп жатады түн деместен, - Дегенімде ақжарқын Альберт досым Қалды отырып, мұңайып үндеместен. * Затың латыш! Атың сенің Инара. Куаклада шертілетін күй дара. Амалым не, түсінбеймін тіліңді, Ақ жүзіңді нұрға бөлеп қинама, Латыш қызы Инара! Аунап түскен аспанымнан көк теңбіл, Жанарың-ай! Жазғы күндей төккен нұр. Мынау ұлы бай табиғат жаратқан, Көздерің-ай! Көлдеріңдей мөп-мөлдір. Қандай жаннан қуат алған шаттық ең, Қандай таңнан шуақ алған ақ гүл ең. Қарай берем қара көзім талғанша, Қайтпай қалған оңтүстікке аққу ма ең! Əлі де аппақ тұңғиықтың гүлі ме ең, Əлі де айдың бұлтсыз түнгі нұры ма ең. Жаратылған толқынынан Балтықтың Су періштелерінің бірі ме ең?!

ЛАТВИЯ ОРМАНЫ Жапырағын жел тербеп төгілдіріп, Ұшар басы ұмтылған көгін сүйіп. Орайланып созылған көз ұшында, Орманды алқап тəрізді көгілдір бұлт. Бұйрат-бұйрат бұйырғын қалың орман, Қарап тұрмын көңілден кəні болған. Орман қалың болса да латыш елі, Орман арқылы өздерін танып алған. Қарағай мен қайыңы көкке өрлеген, Биік болып өсуі шектелмеген. Бұйықтырып соқса да қара дауыл, Қаңтарда да қайтпаған көкпеңбек ең. Ажал құшқан кездерде жосып алдан, Қорған болып оларды тосып алған. Латвия еліне баспана боп, Кеме болған еліне осы орман. Осы орман халқына болған түрлі əн, Райнисті жасынан толғандырған. От пен оқтан аман бол, жасыл мекен, Латвия алқабы толған орман. ЛАТВИЯ КӨКТЕМІ Таулары жоқ қыс белгісін сақтаған, Тақтасы жоқ балық бауыр мақтадан. Жасаң шалғын шық моншағын тағынып, Жазық жері жасыл орман қаптаған. Ылғалы көп қыс ызғарын сақтаған Диқаны көп жердің бабын баптаған. Кездестірдім Латвия көктемін, Қайшыласқан жыл құстары қаптаған.

Қыс пен күзін, жазын əлі көргем жоқ, Қызықтадым, қызғалдағын тергем жоқ. Кездестірдім Латвия көктемін, Кереметтей тоғайы бар жерден кеп. Бет көрістім жасымен де, кəрімен. Жолығатын латыштар көп əлі мен. Кездестірдім Латвия көктемін, Бұтақтағы бұлбұлдардың əнінен. Көрдім тағы мəдениет тəртібін, Бір-біріне шығармаған артық үн. Кездестірдім Латвия көктемін, Кереметтей толқынынан Балтықтың. Ойларым көп өлең болар сезінген, Түндерім жоқ тебіренбей көз ілген. Кездестірдім нұрлы аспанын көктемнің, Кербезденген қыздарының көзінен. ҚҰСТАР ƏНІ Құстар əні сан құбылтып айналаны, Бірде қонып, бірде ұшып айналады. Түріменен жайқалған түрлі гүлдің, Түрлендіріп жүреді сай-саланы. Теңіз құсы, Гүл құсы, Орман құсы Бəрінің бір ұшуы, толғанысы. Тұлғалары кішкене болғанменен, Бір-бірімен үндескен зор дауысы. Мұның да бар: ақ, қара, қоңыр түсі Толымсызы кезеңі, толымдысы.

Үндерінен бұлардың естіледі, Құлағыңа қонымды, қонымсызы. Жемге, орынға өзара таласуы Бұларда бар – табиғат жарасымы. Бір-біріне болғанмен жан ашуы, Бір-біріне білмейді данасуды. Бірін-бірі абайлап тору жағы, Бір-біріне жақтасып қору жағы Болғанменен. Бұларда кездеспейді Байлық жиып, Мансапты болу жағы. Ал əн айтса еркімен көсіледі, Демей мынау: «сиыр түс, бесін еді!». Бұтақтарда бұлбұлы, Көлде аққуы Самал болып саз үні есіледі. * ДУБАЛТЫ Қалың біткен қарағай, Қалтарысы ду күлкі. Көшелері қаладай, Көрікті жер Дубалты. Арман тауып көзінен, Ардақтадым, қарадым. Кездестірдім өзіңнен Латвия маралын. Бəтеңкемнің жұлығын Көгалыңа сипаттым. Күндей маған жылысың, Күліп тұрған сияқтым.

Бір жағыңда Балтығың, Бір жағыңда өзенің. Жасағандай жарты мың Жайлауымдай сеземін. Райнистай ұлы ақын Сенде жырын тудырды. Бұлбұл болған бұла күн Бұтағыңда Дубалты. Жаратылған сезім бе ең Көздеріндей көненің. Кездестірдім өзіңнен Кер маралын өлеңнің. Пейіліңмен қуанған, Таза ауаңды сыйладың. Келгенімде қуансам, Кетерімде қиналдым. * ҚАРАҚАТ КӨЗДІ АҚҚУЛАР Бұл жерде жаман-жақсы бар, Сөзіме айтқан сеніңдер. Қарақат көзді аққулар, Қай жақтан ұшып келдіңдер. Үйреніп өскен кең жерге Ілесіп бірге менімен. Келдіңдер ме əлде сендер де Қазақтың айдын көлінен. Келгендей маңай жаңара (Емес бұл айтқан дақпыртым). Бөлініп түскен жағаға, Бөлшегі ме еңдер ақ бұлттың. Маңғазсып маған қырыңнан

Қарайсыңдар-ау! Сақсыңдар. Мамырдың түнгі нұрынан Жаралдыңдар ма, аққулар? Мəн беріп əрбір бедерге ол Ақ толқындардан ойғандай. Ақ мəрмəр тастан шебер қол, Сендерді қашап қойғандай. Көрініп бейне егіздей Біріңнен бірің аумайсың, Көңілімді тербеп теңіздей, Көзімді менің арбайсың. Көріну үшін елдерге Балтықтың айдын төрінен, Келдіңдер ме əдейі сендер де Қазақтың Шалқар көлінен. * ҒАРИФАҒА Маған сендің. Саған сендім мен дағы. Бүрлей берді біздің үйдің кең бағы. Күлімдеді гүл дидарлы келер күн Білінбеді арада ызғар жел бары. Өмір – бақтан сені ғана таңдадым, Таңдадым да ұқтым бағым жанғанын. Сен көтерген қиыншылық салмағы, Маған жеңіл көрінбейді жан жарым. Қайда барсаң мені өзіңмен бірге де, Түсірме ақау маған деген іргеңе.

Ауырлықты көрген кезде аяулым Жайбарақат мен дем алып жүр деме. Тоңсаң егер, тұла бойым мұздайды, Шіліңгір жаз болсын – денем қызбайды. Сенің басың ауырғанда жаным-ау, Менің мынау жүрек етім сыздайды. Күлімдесең басталады той маған, Оралады өзің деген ойға да əн. Сенің ұйқың бөлінсе егер, бір сағат, Ұзақ таңға кірпік қақпай ойланам. * МАЙОРИ. ЯУНА-291 Жаңа көше аталатын үйде мен Жаттым біраз. Тебіреніп күйге енем. Демек жаңа келушінің бірімін, Тұрғынындай тұрмысына үйренем. Ешкімнен де жасқанбадым, саспадым, Ешкімге де көтермедім асқақ үн. Жаңа сағат толған сайын санадым Жаңалыққа аяғымның басқанын. Кейде маған Юрмаладай қала тар, Кейде, тіпті, көрінеді дала тар. Құрқылтайдың ұясындай бөлмеде, Жаңа ойым – жаңа өлең таратар. Тілегінде ақниетпен баршаның, Осы үйде жаңа таңды қарсы алдым. 1 Юрмаладағы (Майори қаласындағы) жаңа көшенің аты.

Бақытымдай көрінетін сəттерде, Бар жаңалық атаулыға жар салдым. Аэропорттан жаңа ұшқан самолет, Əр күн сайын бара жатты əуелеп. Латыштардың бақшасында гректің, Жаңғақтары келе жатыр мəуелеп. Лилефенің көрдім соны толқынын, Бекеттерде болмай жатты жол тыным. Өтіп жатты көз алдымнан көлбеңдеп, Лативия қыздарының сорты мың. Жаңалық боп естілді əр құс үні, Санадым мен солай деп əр ісімді. Жаңа адамға бағаладым көшеден Əр минөтте көрген сайын кісіні. Осылайша осы үйде жаттым мен, Тағамды да жаңалап бір таттым мен. Өміріме жаңалығын қалдырып Өтіп жатты, жаңа күндер шат күлген. Өмірдегі жаңалығым – байлығым, Ол көбейсе көңілімде жайлы күн. Жүрегімді жұлып түсер бір мезет, Жолықпаса болды жаңа қайғы-мұң. * Юрмала түнін жамылып, Жағалап келем Балтықты. Талардай мені жабылып Толқынға толқын малтықты. Даусындай тіпті қарқын көп, Алардай баурап еркіңді. Теңізден ескен салқын леп, Терімді сүртіп, желпиді.

Самолет ұшты көкті есіп, Күркіреп күндей күй ақты. Кемемен бірге от кешіп, Келе жатқан сияқты. Шалдыққан кеме ой басып Тербетті толқын аяп бір. Жалғыз көзін ойнатып Жанып-өшіп маяк тұр. БОЛАР МА ЕДІҢ, ҚАСЫМДА Ақ түскен шашыма, Бақ болып менің басыма. Боталап бота көздерің, Болар ма едің қасымда. Ойыңда жоқпын білемін, Тілегің адал, тілегің. Ауырған мына жүректің Табамын қалай бір емін. Күйіне сезім ерейін, Көңілді жырға бөлейін. Ойымды ұғар ма екенсің, Осы өлеңді оқып берейін. Көктемнің соңғы басында, Бақ болып менің басыма. Көктеміңді алып көңілге Гүл болып келші қасыма. * Айналайын, Айнагүлім! Бақ – балам. Сен дегенде қанаттарын қаққан əн. Басқа байлық керегі жоқ өмірде, Бар байлығым тек өзіңсің сақтаған. Қандай күйде жүр екенсің, ақ балам?

Аман-есен жүр ме екенсің, тентегім, Тойлай білген, Ойлай білген ертеңін. Өмір – теңіз, Əкең сенің – желқайық, Өзің маған ақ қанатты желкенім, Аман-есен, жүр ме екенсің, тентегім. Телефонмен ауық-ауық сөйлестім, Көз алдыма келдің болып бейне күн. Азияда мекендеген сенімен Еуропадан тұрып, жаным, сөйлестім. Жүр ме екенсің жан анаңды кейітіп, Сөздеріңнің кейі жалын, кейі тік. Ақ алмастай алып түсер тентегім, Жүр ме екенсің, досыңмен де кейісіп. Сөздеріңнің кейі кездік, кейі тік. Күндіз-түні ойлағаным сен болып, Жағалаймын Балтық бойын сенделіп. Қанша ақылды болғанменен адамда, Болады ғой аз-кем деген пенделік. Мазамды алам, ойлағаным сен болып. ЮРМАЛА * Кездестірдім латыштың ақ маңдайын, Көздерінде күлімдеп жатқандай күн. Дубалтыда таныстым, аты Ира, Іздеп жүрген Əнімді тапқандаймын. Бір демалдық. Сыйласып амандастық, Жағажайда серуендеп, қадам басып. Берілмедік сезімге əлдекімше, Білдірмедім көңілді алаңдатып.

Балтық теңіз жағасы. Күн екінті. Жанымда Ира келеді тым өтімді. Жері менен елінің тарихынан Бір кісідей бар екен білетіні… Неміс, Поляк бандысы болғандығы, Помещиктер молайып толғандығы. Бөлшектенген латыштың бүтін жері Айтушыны ағынан толғандырды. Оқиға айтты бір қанша өкіндірер, Өкіндіріп, жігерді жетілдірер. Сұрақ қойды кенеттен: – Сіздің елде Бар ма «Ромео – Джульетта» секілділер? Осы сəтте күй кернеп жанды бөлек, Арқау болған эпосқа мəңгі дерек. «Інжу-маржан» тербетіп жүрегімді, Баянымды жөнелдім əңгімелеп. Қарабайдай пасықтың болғандығын, Кең далаға жылқысы толғандығын. Екіжүзді Жантықтың жалғандығын Айтып, сейілдесімді толғандырдым. Оймен басып аяғын үндемеді, Ұясына таяды күн де енді. Күннің нұрын жамылған толқындардың Басымырақ естілді гулегені. Тулап толқын тыпырлап жөңкіледі, Шағала ұшып бетімен тентіреді. Қарағайдың бұтағын теңселдіріп, Кешкі теңіз лебі есіп ентігеді. Осы самал сияқты жүрек үні, Дүрсілінде шумақты жыр егілді.

– Бекежандай безбүйрек кеселінен Тағдыр жылатқандығын Жібегімді. Айттым: – Міне, жауыздың қырсығы, – деп, – Адал соққан жүректің дүрсілі, –деп. Бағанадан үндемей келе жатқан Ира осы арада күрсінді кеп. Басын шайқап, көздерін жасқа малды (Болу керек қалмаған басқа амалы). Содан кейін денесін сергек ұстап, Бір хикая былайша бастағаны: – Мың алты жүз жиырмасыншы жыл ішінде Еркіндік жоқ латыштың жүрісінде. Поляк помещиктері билеп-төстеп Алған екен көл, өзен ірісін де. Алған екен жерін де, орманын да, Салған екен не түрлі қорғанын да, Арис деген латышты қадағалап, Күзетші ғып қойыпты сол маңына. Ол күзетші орманның талын алған, Өзеннен су, Көлінен балық алған. Ильменский сол үшін өтелместей, Арисқа көп, Керемет салық салған. Арис байғұс бас иіп талай барған, Өтей алмайтындығын хабарлаған. Барма ол кезде помещик жарылқайтын, Құрметтеп қорғайтын малайды алдан. Мойнына іліп жазалау мойынтұрық1 Дүрелеген шыпылдап сойыл-шыбық. 1 Мойынтұрық – ерте кездегі жазалау құралдарының бірі. Жазалының мойнына кигізілетін ағаш қамыт.

Қанын судай ағызып қатыгездік Күресінге тастаған өлімші ғып. Мұндай жаза сан рет қайталанған, Мүшкіл халін Аристың байқаған маң. Орман шулап, Көл, өзен ашуланған. Бұлт жылаған, тіл қатып айта алмаған. Содан Арис таяқтан шаһит болған, Қаралы əн айтылып бəйіт болған. Ал бұл кезде помещик Ильменский Іріп-шіріп қанаумен байып толған. Онан əрі жүргізіп өктемдігін, Енді Аристың қызына төккен «нұрын». – Төлеуіне салықтың аламын ғой, Тек сен үшін шырғалап көптен жүрмін. Мал-жаным да сенікі біле білсең, Мына жарық əлемде тілегім сен. Басқа еш нəрсе өзіңнен қаламаймын, Соқса болды жүрегің жүрегіңмен, - Деп помещик торлады Розаны, Қызы еді Аристың бұла жаны. Шын сүйгені бар еді Цигульды да, Зытпақ солай табылса бір амалы. Жасырынып қалайда кетпек болды, Сүйгенінің жанына жетпек болды. Розаның ойлары орындалса, Табар еді қалайда ептеп жолды. Жалғыз өзі ойланды бас қатыра, (Жамандықты жұқтырмау жақсы атына). Зытты Роза жамылып түн пердесін, Жету үшін болашақ мақсатына…. Турайдсқа келгенде таң атыпты, Тұманданған көріксіз дала тіпті.

Атқа мінген қуғыншы таяп келіп, «Мұндалап» кеп дауысын таратыпты. Шалдықса да соншалық əлі құрып, Жүгіріпті тастардан шаң ұшырып. Соңғы күшін жинаған сұңқардайын, Бір биікке шығыпты жан ұшырып: «Арамтамақ байлыққа бас имеймін, Кедейліктен келмейді жаси бергім. Адамдықтан жаралған адал ой бар Еріккеннің добы емес басым менің. Замананың жетеді қосқан мұңы, Адал жанның жетеді босқандығы. Еркін өскен емендер қандай мықты, Еліміздің жасасын бостандығы! Жердің гүлін мəпелеп уыстадым, Келмейді енді онымен кір ұстағым. Бостандықты іздеген құс болса да, Болмыстан сол болар туысқаныным. Адалдыққа үйрендім бала күннен, Өз орнымды Адам боп ала білем. Роза боп гүлденіп өсіп едім, Роза боп мəңгілік қаламын мен. Еркіндіктің жолына ерлеңіздер, Ерлеп жүріп жүректі тербеңіздер. Махаббаттың жолында құрбан болам, Маған қарғыс жаудырта көрмеңіздер.» Деп айқайлап, Еңіреп жылап алып, Шыңырауға көз жұмды құлаған тік. Қаны тамған тастардан гүл шығыпты, Жасы тамған жартастан бұлақ ағып. Қастерлейміз махаббат куəсі деп, Əндер туған.

Əлі де туады үдеп. Мақтанымыз қашан да. Бұл болмаса Тоқтайтындай күрсінді сірə, жүрек. Өзімізге Джульетта тəрізденіп, Тарап келген сүйікті аңыз болып. Курорттарға демалып келушінің Турайдсқа барады бəрі ізденіп, – Деді Ира. Жан-жақтан күлімдейді от. Түн болыпты... Өтті кез білінбей кеп. Қараңғыны қақ жарып жанған шамдар, Көрінеді Турайдс гүліндей боп. 15 маусым, 1989 жыл. Дубалты

РИГА ЫРҒАҚТАРЫ ЕСКІ РИГАДА Көшелері қуықтай. Тас табаны Аяғыңның астына жасталады. Тарантаспен өлшенген жол тағаннан, Талыстай автобустар жасқанады. Талай оқ пен отттардан аман қалған, Үйлері тұр. Не қилы замандардан. Бір қышының мұрты да бүлінбеген, Маған шындық. Көрмеген саған жалған. Латыштарға ежелден жүрек болған – Тап осы маң – күш болған, білек болған. Мүсіндері құдайдың босаға боп, Қабат-қабат үйлерді тіреп қалған. Қанаты бар арыстан бақырғандай, Ұшып жүрген періште шақырғандай. Көне ғасыр тұлғасы жақтауында Терезелер қарайды батыл жандай. Оның бəрін өте алсын елемей кім! Осы болып тұрғанда керегі ойдың. Мұнарасы аспанға тік шаншылған, Адырнадан атылған жебедейін. Тұрғындарға тұрғанмен саналып жай, Ал мен үшін табылмас даналықтай. Аты көне болғанмен көңіліңде Қалады екен таңғалтып жаңалықтай.

ТҮНГІ РИГА Даугава, Балтық самалы, Табысып тасты жағада-ақ. Таксидей қуып барады, Тал бойын көше аралап. Теңіздің барлық янтарын Шашқандай қала ішіне. Жағылған шырақ-шамдардың, Жастық бар жарқын түсінде. Күндіздей теңіз іргесі, Күлімдеп көкте нұрланды ай! Көрікті қала суреті, Көрме боп суда тұрғандай. Жарқ-жұрқ етіп жасындай Қатердің төбел маңдайы. Музыка үні басылмай, Жастары биге қанбайды. Шағала ұшып жағалап Құсындай түннің жүреді. Суында фонтан «ға-ғалап» Сұқсырдай үйрек жүзеді. Сарайдай самсап бір өзі, Көз жауын алар порт жағы. Жұлдыздай ағып жүреді, Рига транспорттары. «ТРИБРАТА» ҮЙІН КӨРГЕНДЕГІ ОЙ Алдымда үш үй. Тұрмын көзді алмастан, Айтылды-ау деп қалай-қалай алғашқы Əн! Іргелері бөлінбеген бұлардың, Шатырлары бір-бірімен жалғасқан.

Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бес қабат! Сырын білгенімше жоқ қой еш тағат. Туған кезі орта ғасыр ортасы, Тұрған жері – Ескі Рига десті алап. Иесі оның батыр да емес, бай да емес, Жер де құдай, Аспандағы ай да емес, Кəдімгі Адам. Аты-жөні белгісіз – Болса дағы, Үш туысқан жай да емес! Үшеуі де бір анадан туыпты, Даугаваға кіндік қанын жуыпты. Екі інісі ағасының айтқанын Бұлжытпастан еңбекке бел буыпты. Сөйтіп бұлар туысқандық жол сілтеп, Бір-бірінен еңбек өнім өнсін деп. Үй салыпты тұтастырып бір жерден, Үйіміз де Біз сияқты болсын деп. Олар қанша жыл тұрғаны белгісіз! Апта болса – ғасырларға бергісіз. Қанша бірге туысқанмен кей біреу, Қаныпезер болып жүр-ау көргісіз. Бұл өмірде туысқандық күші екен! Мен де түйдім. Сақта інішек ішке сен. Жақындықты баспанамен көрсету, Əлде Латыш халқына тəн іс пе екен? Əлі қарап тұрмын көзім талмастан, Ой, шатыры бір-бірімен алмасқан. Іргелері бүгілмеген бұл үйде, Инабатты дəстүр жатыр жалғасқан.

Бұған бола, барар жерден кеш қалдым, Естіп тұрмын Риганың кешкі əнін. Еріксізден көзге жасым үйіріліп, Елде қалған екі ағамды еске алдым. * Риганың көшесінде көп халық, Арасында цыгандар жүр топталып. Қара көзі өңменіңнен өтеді, Қарсы алдыңнан қарағанда оқталып. Əйелдердің кең етегі шұбалып, «Айналдырды» мені шетке шығарып. Кооператив «джентельмені» сияқты, Тек қана ақша табуға тұр сұранып. ЦЫГАН КЕЛІНШЕГІ Отыз екі тісі түгел алтыннан, Алтын алқа алғандай-ақ алқымнан. Алтын сырға, Сақинасы тағы алтын. Осылардың салмағынан алқынған. Нəрестесі қолтығында көтерген, Жолын кескен көрінгенді төтеннен. Екі көзі еміренді «Тиын», – деп, Қалай бұған тебіренбей өтем мен. Кез келгеннен ақша сұрап қол жайған, «Қайыршы» деп кім ойлайды ондай жан. Көзі ояу, Көкірегі көр соқыр, Сақта құдай адамдарды сондайдан.

ЕСКЕРТКІШ Ригада Коммунар бағындағы латыштың ұлы ақыны Я.Ранис ескерткішіне Осы арада Лигуасы1 тойланып, Өткендігі тарихқа аян, ойға анық. Енді міне, кере қарыс маңдайы, Ақын отыр тас тұғырда ойланып. Шаштары тас, Бет əлпеті, Көзі тас. Қапсағайлы денесімен өзі тас. Оның жазған өлең кітаптарының Жан-жүректі балқытатын сөзі тас. Орындығы кресло емес, мрамор Шумақталып келетіндей сірə жыр. Ойларында қиратылған қарағай, Аққулы көл, Ойпаттармен тұр адыр… Ойларында Латгалия2 бақтары, Онда өткен бала махаббаттары. Асыл жары – Аспазия ақынның Абақтыда сан жазысқан хаттары. Не бір үлкен томы болар халықтың, Ойларына тұрғандай-ақ салып мұң. Ойларында айдауда3 өткен жылдар мен Болашағы өзі туған халықтың. Ойларында латыш əні көп оның, Ұқтыратын жүрегінің дегенін. Данққұмар даңғазалар секілді Ойларында – сыйлық алу жоқ оның. 1 Лигуа - Латыштың ұлттық мерекесі. 2 Ақынның туған жері. 3 Ақын он алты жыл қуғын-сүргінде болған.

Осы алаңда Лигуасы тойланып, Өткендігі тарихқа аян, ойға анық. Еңбек Ері болмаса да екі рет, Ақын отыр асқақ қарап ойланып. Көңіл толып ескерткішке сенеді ой, Қиял деген болады екен телегей. Қақ төрінен Риганың тұп-тура Ғарышқа тік көтерілген кемедей. БОСТАНДЫҚ АЛАҢЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШ Қолында үш жұлдызы бар бір Ана Ренжіп те, Тұрғаны жоқ қуана. Əйелге тəн парасатты мінезбен, Ұшар биіктіктен қарап тұр, Ана! Мұның өзі латыштарға асқақ əн, Толып жатса дағы бұдан басқа əн. Топ жұлдыздан шоқ жұлдызды уыстап, Түсіп келе жатқандай ту, аспаннан. Үш жұлдызын ұшар қар ма деп қалам! Ойландырған ойлар келіп топтанған. Күрес, Еңбек, Бостандық па Ананың Алақанынан шуақ тауып тоқтаған. Сəулетшінің бұл өнерін білер кім? Талай рет ойға батып түнердім. Ерте бастан қасиетін асырған Елі, Жері, Суы ма екен бұл елдің. Үш ұл ма екен армандаған бір Ана! Үш бақыт па қолы жеткен бұл Ана.

Елге еркін жарқыратып жұлдызын, Ескерткіш боп тұрып қалған – ұлы Ана. ДАУГАВА ӨЗЕНІН КӨРГЕНДЕ Қиялым толқынында кезе берді, Оралып ойларыма сөз өнері. Он кеме қатар жүрсе сиятындай, Арнасы неткен үлкен өзен еді. Толқынын қаласына жанар етіп, Іргесін Риганың жанар етіп. Балтықтың теңізіне тербетіліп, Бара жатқандай ғажайып дала көшіп. Шынында толқын болған дала, мына! Алып қой сыйғанменен жанарыма. Жетпейді-ау құдіретім, амалым не? Жетектеп əкетер ем Аралыма. БАЛТЫҚ ТЕҢІЗІНЕ БАРҒАНДА Балтық мені сыйласаң, Шағалаңдай ұшайын. Толастамас қимас Əн Толқыныңды құшайын. Кең даламнан бетер сен, Қарай берем елеңдеп. Тең-тең жүкті көтерген, Тербелейін кемең боп. Өзіңді аңсап талай күн, Өлең іздеп шығып ем. Маягің боп қалайын, Маған сенсең шынымен.

Балтық мені сыйласаң, Сені өзіме баладым. Тас янтарын қимасаң Жыр янтарын алайын. БАЛТЫҚ ТЕҢІЗІ Көріп тұрмын көзіммен Көңіліммен сезінгем. Төңкерілген аспанның Қақпағындай сезінем. Қаптап шыққан жағалай, Қалың орман қарағай. Жағажайға орнаған Курорттарың қаладай. Табыласың сырдан да, Табыласың жырдан да. Дəрігердің қажеті аз, Сенің ауаң тұрғанда. «Балтық, Балтық, Балтық!» деп, Айдыныңа қалқыт деп. Айлы түнде ұйқтамай, Əн шырқадық шалқып кеп. Көріп тұрып көзіммен Жеткізем жыр-сезіммен. Мынау алып аспаның, Жалғасындай сезінем. * Жағасында Балтықтың, Жағалап жай келем мен. Толқындарда балқып күн Жанғандығын көрдім мен. Келбетіне Балтықтың, Кереметтей таңғалдым.

Кемесіндей малтықтым, Көп ойларды аңғардым. Самал да жоқ есілген, Сайын дала белдерден. Көз ұшында көсілген, Көк торғындай тербелген. Толқындары майталман, Таңдайланған алабы. Егін көгі жайқалған, Елестеттім даламды. Рақаты аулымдай, Лебі қандай аңқыған. Альбатрос бауырындай Ақша бұлттар қалқыған. Көңілімде тасыған Көзімді алмай о бастан. Башпайымның басынан Басталғандай көк аспан. * Қағаз қанат шағала Қалықтап ұшқан көп тегі. Қағылып жатыр жағада Теңіздің текеметтері. Жағады жайлап көңілге от, Жасалып жырдың тиегі. Беріле соққан қоңыр леп Бетімді келіп сүйеді. Самсаған толқын өрілген, Самалға майда таранды. Құмырсқа ізі көрінген Құм сүйіп жатыр табанды. Табиғатта ғой бар қылық Байырқап тұрсаң ақырын.

Шағала қанат шарбы бұлт Шарлап бір келе жатырсың. Шарлай бер... Шарла тау барып, Шарпы боп жұмсақ шыңды өрле. Əлемнің көңілін аударып, Не жетсін еркін жүргенге. АЯУЛЫ ƏН Зағижанға Тербейсің жүрегімді теңіздейін, Аяулы Əн, Сені аңсап, Сені іздеймін. Жатсам да, тұрсам дағы жабырқаймын, Жаратқан жаратылыс егіздейін. Аяулы Əн! Сені кімнен сұрап білем? Мазалай береді осы сұрақ кілең. Көңілді желпіндіріп таң сəріден, Көктемгі гүл бақтарға құлақ түрем. Əуенің мұңайғанды тыңайтатын, Əуеде күн айтатын, Түн айтатын. Адасып қалған жастық кездерімнен Аяулы əн! Өзің ғана сыр айтатын. Қайдасың, кеттің бе, сен, Əн еліне? Қиналдым келтіре алмай мəнеріңе. Тулатқан жүрегімді аяулы əнім, Туған жер табиғаты тəн өзіңе. ТЕҢІЗ КЕШІНДЕ Теңіз жатыр қорғасын түсіндей боп, Ақ кемелер тізілген тісіндей көп.

Шағалалар жиналды жағажайға, Қалайыдан жасалған мүсіндей боп. Басталғандай тамаша көңілділік, Шамын жағып қарайды өңір күліп. Теңізге кеп шомылып ес жиғандай, Кешкі нұрға өртенген қоңыр бұлт. Түн құсының көрініп ересегі, Тұтқиылдан шошынар көре сені. Сарайыңды ашатын сал айдыннан Салқын саумал секілді леп еседі. Көре алмайсың ешкімнің кірбіңдігін, Мəз боламыз сөзіне күлдіргінің. Көбейеді біртіндеп сейіл-серуен, Көлеңкесі секілді бір-бірінің. ТЕҢІЗГЕ ТІЛЕК Оу, Теңіз! Теңіз, теңіз… Толқышы сен! Толқымай жатсаң егер олқы мүшем. Ауаңнан ем қонбайды онда маған, Ауырам өмір бойы қорқынышпен. Оу, Теңіз! Теңіз, теңіз… Толқышы сен! Бойыңа шалқар толқын шақырамын, Биікке, тереңдікке шақыратын. Кемені қайықтайын тербетпесең, Тегінде Теңіз деген атыңа сын. Жатады толқындарда алып екпін, Жасымнан мықтылықты танып өстім. Күткені көңілімнің осы менің, Көк толқын көп толқынды жарып өткен.

Оу, Теңіз! Теңіз, теңіз… Толқышы сен Толқымай қалсаң егер олқы мүшем. Ауаңнан ем қонбайды онда маған, Əуре болам мəңгі қорқынышпен. Оу, Теңіз! Теңіз, теңіз… Толқышы сен! * Көргендей жаңа енесін Көздеріңде маздайды от. Жарысып толқын келесің, Жаңа ұшқан балапандай боп. Біріңді-бірің қуалап, Тығырыққа алып жатасың. Сылдырлап күліп су алап Сыбанып маржан шашасын. Қорғасын балқып аққандай Көріндің тағы жаңара. Көгілдір қанат таққандай, Көсіліп жатқан жағаға. Өзгердің демде бұл қалай? Шынжырын толқын өресің. Қоршауда қалған құлжадай Құйғытып жарды сүзесің. Тынымсыз аңсап даланы, Күні мен мейлі, түнімен. Жабылып толқын жағаны Жалайсың толқын тілімен. Демін ап іштей іркіліп, Таратып жалын ақ мойнақ. Бүркіттей кейде сілкініп, Бұп-бұйра толқын жатты ойнап.

Тебіренген ақын жандайсың Қол созған биік арманға. Əйтеуір тыным алмайсың, Арпалысып арнаңда. ТЕҢІЗ ДАУЫЛЫ Дауыл тұрды теңізге. Шағалалар Алысқа ұшты. Мұнда үлкен мағына бар. Жұдырығы толқынның дөп тигеннен Есеңгіреп тұрғандай жағада жар. Көрінбейді қаптаған шағалалар. Дауыл тұрды. Аспанға күміс шашқан. Екпініне шыдамас тыныстап жан. Балқып жатқан қорғасын сияқтанып Бағанағы əзірде тыныш жатқан. Қазір міне, ақ бурыл күміс шашқан. Буырқанған толқындар бұлтқа қарғып, Көрінеді үрей боп жұртқа барлық. Кемелерді көрмейді кесек тастай, Лақтырады. Түсердей сыртқа барып... Бурыл толқын жеткендей бұлтқа барып. Мейірімсіз қарашы, теңіз заңын Шығарғандай іштегі ең ызғарын. Халі қандай болды екен мұндай сəтте Жылауықтай қаптаған медузаның. Айтыңдаршы, білгендер теңіз заңын? Балық біткен теңізге бауыр басты, Теңіз түбі лайсаң ауырласты. Жатқан жері қопсыған янтарь тасын. Жағажайға лақтырып дауыл шашты.

Дауылдан соң алыңдар, ауыл жасы. Саваннадан үріккен аңдар көшіп, Тас үгіліп жатқандай таулар көшіп. Мүйізіндей бұланның тарамдалған Мың толқынды бір толқын аударды өстіп, Таулар көшіп жатқандай, таулар көшіп. Түндіктей толқындардың көші ме екен, Осыншалық тасыған көсіле кең. Болатұғын теңіздің тоғыз балы, Айвазовский көргені осы ма екен?! * Жағасында Балтықтың əн айтамын, Атып жатыр жарқырап талай таңым. Өз тілегімде ұя сап өзегіме, Бір адам жоқ, дейтұғын «қалай халің». Жағасында Балтықтың əн айтамын, Тез өткенін білмеймін қалайша күн?! Туған тілде сөйлеуді сағынғаннан Тура қазақ тілінде ғана айтамын. Сенсіз мына əлемнен жалығамын, Бүлкілдеткен бүйректі жаным, əнім. Коклесін1 латыштар шерткен кезде, Домбырамды еске алып сағынамын. Əн айтпасам өмірден жалығамын, Ұялайды құс болып жаныма мұң. Кең даламның самалын жұтқандаймын, Айтқан кезде қазақтың халық əнін. Балтық теңізі жағасында, 1989 ж. 1 Кокле – латыш халқының шертіп ойнайтын музыка аспабы.

БАЛТЫҚТЫҢ ШАҒАЛАСЫ Қалықтап жаға талды Қанатын қақты зырлай. Балтықтың шағаласы Бақыттың ақ құсындай. Толқынның арманы боп Топшыдан күй арылмай. Айдынды шарлады кеп Ақынның қиялындай. Сұңқардың қанатындай Сұлулық ұялаған. Жаралған дара тұлға-ай, Жаныма ұя салған. Əрі ұшқыр, Əрі текті, Айдынды аралайды. Қоңыр қаз, қара үйректі Қомсынып қарамайды. Ақ гүлдей гүлденген ең Аяулы, жақсысын-ай! Теңізде жүргенменен Көңілдің ақ құсындай. * Шағала аппақ болып қанат қақса, Қарға да бірге ұшады қабаттаса. Шағала тапқанына ортақ болып, Мəз əйтеу, жағалауда далақтаса. Шағала шаңқылдаса, ол қарқылдайды, Теңізден білетіндей артық жайды. Шағала қайда барса сонда барып, Өлермен қылығымен тартынбайды.

Келді оның көрінгісі басым болып, Тұрғандай көздерінде жасын толып. Осы сəт қара қарға сырт көздерге, Кеткендей шағаладан басым болып. Ол бірде жоққа жомарт, барға керім, Осылай болды өзін арда ететін. Шағала толқындарда жүзген кезде Сезінді сонда ғана қарға екенін. Пəктігім ақ шағала айдын толған, Қалықтап өсіп-өніп сайлы болған. Қарғадай адамдардың топастығы Көңілге қасіретті қайғы болған. * Күнге күйіп жатыр ем құм жастанып, Жазар ойға бөленіп тың дастан ғып. Таяу келіп жайласты бір перизат, Мынау жарық əлемнен қымбат барлық. Сұлу мүше қоладан құйылғандай, Католиктер құдай ғып сиынғандай. Көз жасқаншақ, Айтуға тіл ұялшақ, Бар сұлулық бір соған жиылғандай. Бір ыстыққа бір ыстық қосылысты, Қаным ойнап денемде жосылысты. Жүрегімді ақырын сипай бердім, Сақтай гөр деп құдайым осы тұсты. Қалдым сөйтіп отында екі күннің, Жата берсем жанатын секілдімін. Əлі апат асқынбай тұрғанында, Əлгі жерден ақырын кетіп тындым.

ЯНТАРЬ ТЕРЕ БАРҒАНДА Басылып теңіз дауылы, Бəсеңдеді арна аптығы. Демалған адам қауымы Басталды серуен-шаттығы. Əдеппен ғана қозғала, Сабырлы сөйлеп өтініп. Іріктелдік өзара Іздеуге янтарь бекідік. Көрініп жаға жер құты Ойлаймыз «Янтарь ғана бар». Бөлініп қалған көлшікті, Бөлісіп жатты балалар… Іздедік сөйтіп янтарьды, Аузында елдің мақталған. Іздедік… Артты жан саны, Шашылған бақалшықтардан. Жағаға келіп байланған Балдырдан, оның түсінен. Іздедік қалған қайраннан, Іріген құмның ішінен… Таппадық. Алып керішті Янтарь деп жаттық күлісіп, Аңқаулар оған келісті… Сөйткенше кетті күн ысып. Аспанның сонау төрінен Артты ғой күннің жылуы. Янтарьдан артық көрінген, Біз таптық бір-бір сұлуды.

АҚШАҒАЛА (Г.А-ға) Қанатың ай жаңа туған Бақ құсымдай сен менің. Ақ көңілден жаратылған, Ақ тілегім сен бе едің. Əлде ақынның жырымысың Арман еткен қызыққаннан. Ақ тұңғиық гүлімісің Аспанға ұшып қызықтаған. Құлдап ұшқан, Өрлеп ұшқан Неткен ғажап сағым ең. Ақ толқыннан бүрлеп ұшқан Теңіз жапырағы ма ең. Судың сұлу періштесі Сымбатты ғып жаратқан. Сағым құсым бері келші, Саған күміс жалатқан. Сұңқар қанат, Сұқсыр аяқ, Еркесісің теңіз, көктің, «Өңім тұрмақ, түсімде де» Өліп-өшіп сені іздедім. Жарқылдайды күн шуағы Сенің тұла бойыңнан. Көңіл шіркін құлшынады Саған ауып бой ұрған. Ақ көгершін ұшқанменен, Толқынға ол қонбайды. Толқындарды құшқанменен, Жайлы қоныс болмайды. Аққулар да, Ақ тырна да

Теңізге кеп қонбайды. Жасыл көлдей бақ тұрғанда Жайлы қоныс болмайды. Аспан дайын сен ұшсаң Беу, теңіздің жақұты. Еркін жайлап кең ұшқан Қандай құссың бақытты. ОРМАН ƏНІ Қарағайы қаптаған қалың орман, Өздеріңнен он есе əні болған. Соның бəрін жалықпай айтатұғын, Бұлар дағы өзінше «заңы» бар жан. Кəдуілгі паркі бар, алаңы бар Орман көзбен салынған қала бұлар. Топ-топ болып айтатын хоры менен, Шымырлата шырқайтын дара əні бар. Қарағайға қастерлеп данасың деп, Шібиталды сен нəзік баласың деп. Қараталға қатулы қабақ түйіп, Қаралығың үшін сен қаласың деп, - Шеттететін шектеулер атымен жоқ. Əуезділер айтады сəтімен кеп. Ал қайыңдар «Ақпын» деп асқақтамас, Емен кеуде кермейді «Батырмын» деп. Əн сазына жапырақ елжірейді, Оған мəз боп жезөкше жел жүреді. Барлығы да біркелкі əн айтады, Бір-біріне қозбайды «нервлері». Кооператив бұларға кеген емес, Дауыл соқса əніне береді егес. Өз қызығы өзінде өседі орман, Сыйлық,

Даңқ! Дегенің керек емес. Топырақта уланған дерт болмауын, Деп тілеймін оларға: «Көп бол жауын». Орман айтқан əндердің мазмұндары, Жер бетіне тілейді өрт болмауын. Сыбызғы үні сыңсыған қалың орман, Өздеріңнен он есе Əні болған. Қажетіне Адамның жаратылған, Бұлардың да «Тілі» бар, «Заңы» бар Жан. ҚИРАҒАН ҚАРАҒАЙЛАРДЫ КӨРГЕНДЕ Янис Райнистің ізімен Сылдыр-сылдыр даусынан сыр аңдатқан, Бұлақ жатыр құйрығын бұлаңдатқан. Қарағайлы орманда келе жатып, Қарағайға жолықтым құлап жатқан. Тамырымен қопарылып түскен екен, Осыншалық кім оны күштеді екен? Кесірі жоқ ешкімге бұл кербездер, Кесілетіндей сонша Не істеді екен? Қираса да қарағай бар атағы. Кебежеге, Төсекке жаратады. Көк орманда жығылған қарағайлар, Көпірлерге қажет қой даладағы. Қалмайды өстіп бекерге қарағайлар, Көңіліме осыдан тарады ойлар. Амандығын сақтайық ормандардың, Тыңдаңдаршы інілер, бар ағайлар.

РАЙНИС ҚАРАҒАЙЫ1 Таң атқанда шығыстан құшқан арай, Жағасында Балтықтың үш қарағай. Көрінеді көзіме ұлы ақыннан, Латыштарға қалдырған үш баладай. Үш қарағай бір ана баласындай, Үшеуінің өзара жарасуы-ай! Құнарлы топырақ пен күннің нұры, Құнарын берген екен аласынбай. Жап-жасыл бұтақтары саяланған, Жыр болып қанаттарын жаяды арман. Ұлы ақынның көзі емес, өзіндей боп, Ұрпақтары үзілмей аялаған. Теңіз лебін шығыстан құшқан арай, Жағасында Балтықтың үш қарағай. Бұл үшеуі қасына барғандарға Данышпаннан үлгі алған үш данадай. Қарағайды көргенде күйіп денем, Ала қызды. Райнистай сүйікті екен! Тірегі бар мызғымас латыштардай, Тілегіндей ақынның биіктеген. Оқығанда жүректен саралап жыр, Мүмкін емес қалуы тарамай нұр. Тұлпар – ақын болса егер, түк қалар ед, Орман – ақын болған соң қарағай тұр. ОСЫ ҚАРАҒАЙ БАСЫНДА ОҚЫЛҒАН ЖЫР Əңгімеңді тыңдай берем сеніп мен, Альберт досым, айта берсең зерікпен. 1 Балтық теңізі жағасындағы Бумбури деген жерде латыштың ұлы ақыны көзінің тірісінде барып, саялап жүрген қарағайды Ранис атымен атаған.

Дубалтының қарағайы тұрғанда Бумбуриді таңдады екен неліктен? Ол белгісіз – ойласақ мың күніне, Ол сəттердің жоқ қой қазір бірі де. Мəңгі жасыл қарағайдың қылқанын, Ұқсатты ма жырдың нəзік бүріне. Бумбури деп айтамыз жас қылқанды, Атты сонда талай жаңа жыр таңы. Жастық шақта жас қарағай сая боп, Жүргендігі, Дəлел болып тұр тағы. Осы жерде ұлағаттың үлгісі, Жетер адам жиылса да күлкісі. Ұлы ақынның махаббатын тудырған, Тұр осында Аспазия күлкісі1. 1 Ақынның сүйікті жары.

БАРЛЫҚ ТАУЫ БАУЫРАЙЫНДА АТТАНЫС Бетке алып Алакөлді, Мотор кетті «жөтеліп». Аяулым да қала берді, Архатымды көтеріп. Тұрымтайдай түнем бірде, Айналамды сəл барлап. Иіріледі төменде Іле, Қол бұлғайды Талғар жақ. Көрінеді қарасаң сəл, (Ұмытылып басқа жай). Көшелері балапан тал, Күлімдейді Қапшағай. Бетке алып Алакөлді, Мотор кетті «жөтеліп». Алатауда қала берді, Асқарына ай көтеріп. Болса дағы нар күші, Босаңсыдым талғандай. Жүрегімнің жартысы, Алматыда қалғандай. * Ойларымда өлең балқып, – Əкем туған аймағым, – деп. Асығумен келем шалқып, Аспанның ақ қаймағы боп. Жайсаң жерге құмартқан, Жанарымда шат күлкі көп. Көз алдымда мұнартқан, Алатаудың ақ бұлты боп. Келем қалқып жан-толқытып, Алдым неткен арайлы.

Атырабым əн болып, Алуан үнмен тарайды. Туыстықтың сəлемдерін, Алып келем шектелмей. Барлығы да сол əндердің, Сағынышты шерткендей. * Айтшы, Барлық қазбауырлы, Аса алмайтын асуың көп. Алматының ақ жауыны, Келсін бе əлде шашуың боп. Асып барған алты қырды, Жатырқамай жат кісі, – деп. Алатаудың аққу бұлты, Жүрсің бе əлде бақ құсың боп. Жырларымды жеті буын, Бауырыңнан терейін де. Көк орманын Жетісудың, Көрімдікке берейін бе? Айтшы, Барлық – қастерлі Жер, Асыл мекен ағайынға. Шешіміңді тағайында, Əлде сенде, қалайын ба? ТУҒАН ӨЗЕН Арнасында тасыған, Су емес, күн. Сенесің. Алты қырдың астынан, Аққайың боп келесің. Бастан кешкен өзімдей, Баяндайды жол сырын. Жас баланың көзіндей, Жалт-жұлт еткен толқының. Арқалықты алқалап, Барлық бауырын бөктерлей.

Арғы беттен арқалап, Сəлемін алып жеткендей. Егілдіріп кетесің, Емілім-ау, Емілім. Толқыныңнан өтетін, Тобылғы өңді мен ұлың. Құс жолындай шұбалып, Құйқылжыттың маған əн. Құлындарды суғарып, Құрақ орғам жағаңнан. Соқпағыңды тармақтап, Араладым нуыңды. Кендір баулы қармақты ап, Кешкем талай суыңды. Егілдіріп барасың, Емілім-ау, Емілім. Көрмей жүрген ағасын, Көңілі жүдеу мен ұлың. Сар далада балқиды əн, Сағынышым – ақ нұрым. Таңдайыма бал құйған, Тамшы суың – тағдырым. Сипау үшін басымнан, Сыйын алып Жəйірідің. Алты қырдың астынан, Алақан боп жайылдың. Егілдіріп барасың, Емілім-ау, Емілім. Көрмей жүрген анасын, Көңілі жүдеу мен ұлың. ЖАРБҰЛАҚТЫҢ ЖАСТАРЫ Жүзінен жастарының қызыға күн, Қарайды өміріне қызығатын.

Жүрсе де жауындарда, дауылдарда, Шетінен жомарт көңіл, жүзі жарқын. Сыйлайды туғанындай көз көргенді, Сөйлесе ағылады сөздер легі. Əлемнің жаңалығын ауылда айтқан, Əсерлі əңгіме етер кез келгені. Үйреніп хоккей ойнын жиі көре, Біледі жанкүйер боп күйіне де. Демалыс күндерінде, біледі екен, Астана жастарындай киіне де. Біреуі автор болса Құнанбай боп, Біреуі Қасым болды бұлаңдай кеп. Біреуі əн шырқаса Роза боп, Ал бірі өлең жазды Тұманбай боп. Жүзінен жастарының қызына күн, Қарайды өміріне қызығатын. Жүрсе де жауындарда, дауылдарда, Шетінен жомарт көңіл, жүзі жарқын. БАРЛЫҚ ТАУЫ БАУЫРЫ Кекілденген кер бетеге көсілген, Керім белдер көз ұшында көсілген. Қалыпты-ау, бұл өңірге арылмастай əжімсіз, Қайтқан құстай тізілген ел көшінен. Ор жусан мен боз бұйырғын өсірген, Оймауыт жер көз ұшында көсілген. Біреулердің əкесіне орнатылса ескерткіш, Біреулердің кіндіктері осы өңірде кесілген. Оралса іңір машинадан таң ұшқан, Орағытып толқынданып таныс əн. Қоңыр жонда қоныстанған қойшылар, Ақ сағым боп шақырады алыстан.

Көздерімнің қарасы мен ағы бар, Көрмей кетсем бұл өлкені сағынам. Таяқ алған қарттарында – əкемнің, Жастарында менің балғын шағым бар. БАЛӨРІК Тұнығымды тасыттың-ау, Тұрмыс деген қырсық күн. Қайран əпке, қажыпсың-ау, Бойындай боп ұршықтың. Түсірмеген жолақ ізін, Тұрушы еді толып Ай, Болыпты ғой сол ақ жүзің, Шекараның торындай. Бір сөз айтып қаларыңда, Қараушы едің жай шолып. Қалыпты ғой жанарыңда Таңғы жұлдыздай болып. Қонақ деген қайдан келсе, Қабылдаушы ең күн болып. Қартаймашы, қайран əпке, Қарға адым жер мұң болып. Жүре берші жер бетінде, Бірақ тағдыр байқатпас. Қақпан белді келбетіңе, Қайғырамын шайқап бас. * Арайлы жолдасың ем, Айтатын балаша мұң. Көңліңе орнаттым мен, Көктемнің тамаша əнін. Күрсінтіп бүлінбеген, Өмірі нұр тұрсын деп. Күн болып күлімдеп ем, Гүл болып құлпырсын деп.

Шақырып жолға кілең, Шабыт боп жыр ағысы. Көзіме орнатып ем, Көк аспан қуанышты. Шарлатып кең өлкені, Қақтырдым əн қанатын. Сейілтіп көлеңкені, Сен жаққа таң боп аттым. * Тұрса көзге шықтар гүлдей, Төгілсем күн нұрлары боп. Апорттары шыққан күндей, Алматының гүл бағы боп. Орнасам-ау жаннат болып, Орталатпай бақыт балын. Тал бойыма қайрат қонып, Өкінбес еді уақыттарым. БАЛАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ Мəуелхан есенсің бе, құрбым менің Теріп ек қойжуа мен қыр гүлдерін. Ақсудың жағасында, есіңде ме, Шомылып ақ жаңбырға бір жүргенің. Іргелес болушы еді үй арасы! Итіміз бір-бірімен ұялас-ты. Жалаңбас, жалаңаяқ екеумізді, Жасырған талай рет ши арасы. Біріміз бірімізге безек болып, Жүруші ек, сөз айта алмай өзек толып. Мен сенің бұзауыңды қайырғанда, Қоюшы ең, сен мен үшін тезек теріп. Осылай өтіп жатты күн кешкіріп, Əніміз қой күзеткен түнде естіліп.

Мектепке барарда да, Келерде де Жүргенмін тайыншама мінгестіріп. Ымыртта қоюшы едік бұйрырғынға от, Жатса да шөпшек деген үйінді боп. «Əндайқұл», «Ұшты-ұшты» ойыны орындалып, Таласқа түсуші еді сиыр жүн доп. Біздерді қалқалайтын таса там бар, Сияқты шөкпей тұрған жас атандар. Сол жерге тығылмақты бастағанда, Сумаңдап, табал алмайтын Башақандар. Бұл күнде есейдік біз ата-ана боп, Шын жанған жүректегі жата ма от. Адасқан балалықпен кездесейік, Қай жерде қалды екен ап-адал боп. Аңсадым…! Жан-жағыма қарап қалдым. Бергендей болды маңай бар аптабын. Тығылмақ ойнаған жер, қой күзеткенҚораны тұрдым жанға балап бəрін. Мектеп те оңалыпты басында қыр, Ақсу да арнасында тасып жатыр. Ши, тезек… бəрі де бар, ұғасың ба? Балалық өзің болып қасымда тұр. Көзіңнен баяғыдай таң көрінген, Күлкіңнен көктемдегі сəн көрінген. Қандыршы құмарымды бір кездегі Қорада қой күзеткен əндеріңмен..

ТҰРМЫС ТОЛҒАУЫ Тоқай қажы Шалқарұлының рухына бағыштаймын БІРІНШІ ЖЫР Өртенді-ау менің өзегім, Өртенді-ау менің өзегім! Əлемде мынау, жан аға, Əкейден қалған көз едің. Көз едің жалғыз, көз едің, Өртенді менің өзегім. Жаратқан ием берді-ау, Ажалдың ерте кезегін. Сөйлесе бітпес сөз едің, Шешеннің асып кезеңін. Барыздың ұлы Шалқардың Аумаған аға, өзі едің. Тілегімде жылы едің, Жүрегімде жыр едің. Өмір бойы əкемді Ұмыттырып жүр едің. Алдымда тұрған биігім, Асылдан қалған қиығым. Алдымда ағам қалмады, Басылды-ау төмен иығым. ЕКІНШІ ЖЫР Күмісті айыра алмай қалайы деп, Көңіліңе дақ салдым-ау талай рет. Өзге емес, Өр көңілім Бұл заманның Сайраған бұтағында Абайы боп. Ақындық – тағдырымның сыйы маған (Шын өнер барған сайын қиындаған).

Ақындық аспанында биік боп тұр, Абайдай болу деген қиын маған. Алатау шыңдарында мекендедім, Топшымды жетілдірдім, бекемдедім. Қымызға құмар болдым, (шын мəнінде), Арақты жүз грамдап көтермедім. Қаймығып қабағыңнан ыға білдім, Аға боп, болдың менің мұғалімім. Тағы да Біржандай боп домбыра алып, Астында əн шырқадым құба қырдың. Айттым мен Баяндардың, Қозылардың Əндерін ту аспанға созылатын. Көңіліне ұяладым, қияладым, Түстім мен тұрымтайдай көзі бардың. Ешкімнен көргемін жоқ аласарып, Орады, қарсы алды таласа бұлт... (Тастаған Құрқұдыққа Шəкəрімді, Қалдығы НКВД-ы Қарасартов). Соңымда жүрді менің солай бола, Қозғады өздеріне қолайлы арна. Кеселім тиді сонда келсаптай боп, Жазықсыз жүрген сонда Тоқайға да. Өзінше саясатқа кесектеліп, Жүрді олар қауесеттен өсек теріп. Туғанда егемендік өміріміз, Қалды олар кəдімгідей есек болып. Қаптаған жан-жағыңнан қауіпті ой, Бояуын баттастыра жағыпты ғой. Болса да азаматтық адалдығың, Кейітіп жүрегіңді ауыртты ғой. ҮШІНШІ ЖЫР Төсегіңде жатырмын, аға, сенің, (Осы жерден алсыншы қаласа өлім).

Өзіңменен жаным бір туысқанмын, Өзің туған əкенің баласы едім. Барызұлы Шалқардың баласы едім, Қажы атанған атағың дара сенің. Мұң шағамын ағатай рухыңа, Мұңаямын кəдімгі балаша өзім. Əлек болған мен бейбақ əлін білмей, Теңселемін тыншымай жаным бүрлей. Жамылғанда көрпеңді жан ағаекем, Алғандайсың құшаққа кəдімгідей. Рақатқа бөлендім бойым балқып, Қуат табам оралып ойыма құт. Төсегіңе жатқанда тал бесіктей, Тарағандай болады ғой бойыма сүт. Қағаз дайын, жазуға қалам дайын, (Өртке оранған жатырмын адамдайын). Сықыр етсе есіктің босағасы, Кіріп келе ме екен деп алаңдаймын. ТӨРТІНШІ ЖЫР (Данаға) Көзіңнен айналайын мөлдіреген, Мен қанша қартайсам да сен жүдеме. Тамырым жер астына терең кеткен, Дауылға теңселмейтін мен бір емен. Самалда бұтағыма самұрық боп, Даламнан дарқан жатқан əн ұғып кеп. Бүрлеймін, Бұтақтаймын, Биіктеймін. Атаңның табиғатын сағынып кеп. Жаныңнан айналайын елпілдеген, Елпілдеп күн көзіне сен гүлдеген. Жазыңның аққуы мен қаздарына, Атаңмын айдын шалқар көл тілеген.

БЕСІНШІ ЖЫР (Жеңешем Гүлзадаға) Күн өтіп бара жатыр тұманданып, Секілді аққан бұлақ бұлаң қағып. Сол өткен уақыттың қысымы ма, Шашың да көрінеді қылаңданып. Ағайдың бақ боп біткен маңдайына, Жеңешем шырқалатын əн ғой мына! Жүргенде бұл өмірдің өрісінде, Шыдадың қиындықтың қандайына. Мейірімің көктеменің мамырындай, Тұрады шуақтанып жаның ұдай. Жақсылық дегендерге жайдары боп, Лапылдап жанатұғын жалының-ай. Жеңеше-ау, мен сені көш басы етем, (Бұл сөзім əз жаныңды қозғаса екен). Жүрегің шұғыладан жаралғандай, Бұлттар күннің жолын тоспаса екен. АЛТЫНШЫ ЖЫР Ардағым-ау! Ардағым, Ардағым-ау! Өлеңіме даусымды жалғадым-ау. Қоңыр киік секілді қарындасым. Сая тапқан ішінен алмалы бау. Сүйкімдісің ұлардың баласындай, Сүйкімді ғып тұратын қанатыңда ай. Айналайын əкешің бар кезіңде, Болғаны жоқ қанатың талатындай. Атады əлі шығыстан есіл таңым, Таңдамайды қазақтың еш ұрпағын. Шалқарұлы əкеңдей бола алмаймын,

Шалқарұлы болсам да Кешір, жаным! Ақылың бар бір адам ақылындай, Ардақ десе, Ардақсың жақыным-ай! Еске алдырып Əсеттің əсем əнін, Неткен ғажап əсерлі атың мұндай. ЖЕТІНШІ ЖЫР (Ғылымбек пен Нұрланға) Екеуің екі көзімсің, Ертеңгі күнді көретін. Екеуің дағы өзімсің Ауырлықтарға көнетін. Екеуің екі қолымсың, Ту менен гүлді көтерген. Сол жағым менен оңымсың, Сақтайтын бөгде, бөтеннен. Екеуің екі биігім, Арманым болып өтелген. Екеуің екі иығым, Ауырлықтарды көтерген. Бекерге қарап тұрмастан, Қанаттарымды жаямын. Шаңғымды алға зырлатқан, Екеуің екі таяғым. Шығармын жеңіл, ауыр да, (Тасырмын көмір, Кендер де). Болат жолсың бауырым да, Пойызбын сенген Сендерге. 2011 жыл, ақпан. Аягөз – Алматы

  • * Философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифоллаға Ғарифолла Есімов, Сөйлейсің-ау есіліп. Кетесің-ау, Кетесің Бəйге кердей көсіліп. Шаң шалмайды шашаңды, Бетке алып көк жасыңды. Қазып сөйлеп кетесің, Қарттарымдай қашанғы. Ғарифолла Есімов Сөйлегенде шешіліп. Даласында қазақтың, Самалындай есіліп. Бұлақ ағып тіліңнен, Бал тамады діліңнен. Сарқылмайды сар таңға, Профессорлық біліммен. Ғарифолла толғаған Сөз алтынын сомдаған. Сөйле, сары шешенім, Тілде буын болмаған. АСЫЛБЕК СҮЛЕЙҰЛЫ Ұлы Отан соғысының ардагері Демалдық Талғардың бір гүлбағында, Татитын өткен ғасыр жылдарына. Аға сіз соғыс өртін көрген жансыз, Жүріңіз менің жазған жырларымда. Көргенсіз, Қытай, Жапон аймақтарын Кешкенсіз қызыл қанды тайғақтарын.

Жауларды қарсыласқан тобыменен, Жеткенсіз ажалына айдап бəрін. Алғансыз осылайша елдің кегін, Басқансыз бақыт билеп жердің кеңін. Осының дəлеліндей жарқырайды, Көз тартып кеудеңізде ордендерің. Қазағым мақтан етер сендей ұлды, Қадірлеп азаматтық Еңбегіңді. Атаңды асықтай да санамайтын Атадан жаратылған кеңпейілді. Сəн берген салтанатты гүл атанған, Аға боп,Ата болып ұл балаға. Шымкентте темір жолды мықтап салып, Арыста арыстан боп жүрген, аға. 2011 ж., 22 тамыз “Спутник” демалыс орны * Депутат Нұртай Сəбилияновқа Нарыннан барып нан жегем, Нарыннан барып шай ішкем. Көңілімді тербеп əн деген, Шабытым артып бар істен. Шілігі өскен ши билеп, Шыңқожа деген ауылды. Аралап талай би билеп, Ерткемін жиен, бауырды. Балөрік деген əпкемнің Мекені болған бұл ауыл. Қарындасы ол əкемнің, Қоныстар жері бұл ауыл. Желтоқсанның батыры, Нұртай өскен мекен бұл.

Қазақстан ақыны, Маған ауыл екен бұл. Сəбилиянов та бауырым, Қарасаң дағы қай жақтан. Ауылым деймін, Ауылым Күнімді туған тойлатқан. ҰШҚАРА (Көзі суқараңғы азамат) Ұшқара сенің атың алпамсадай, Айналған мол тұлғаңнан жалған қалай. Қиядан шала туған қыран көзің Қайрылып қанатынан қалған қалай. Келгендей көрінесің жыр елінен, Сөздерің төгілгендей жүрегіңнен. Ұшқара, Арқадағы ұлы Мəди. Айтатын əндеріңнің біреуі ме ең. Тарихқа таңдап берген қазақ көрік, (Қойғаны-ай, көздеріңе азап беріп). Бөртенің сіңлісін ап бөртіп жүрсің, Батырға Тимошиндей бажа болып. Ер мінез, ерен тұлға жанысым-ай, Тік өскен ертегінің қамысындай. Құлжаны қожыр тастан бас салатын, Қоңыр аю сияқты барысым-ай. КӨК ТУДЫ… Көк туды жақсы көргенің, Қазаққа көңіл бөлгенің. Жаныңа жазды орнатып, Жартасты жарып өнгенің.

Көк туды келіп сүйгенің, Еліме басты игенің. Жүректен жазып өлеңді, Жүрекпен елді биледің. Жеткіздің əнді аспанға, Жазуды ойып тастарға. Жалт қаратты жаһанды, Жаңадан орнап Астана. КҮЗ Көкқұтан ұшып барады, Көз тастап бұйрат белдерге. Көзілдірігін салады, Шалқалап жатып көлдер де. Ұрысты бұлақ күбірлей, Жаз киімін шешті атырап. Сарыала қаздың жүніндей, Бұрқырап жатыр жапырақ. СЫҚПА ҚҰРТ Жетемін деп бір күннен соң, бір күнге, Жүрісімді жеделдетіп жүрдім де. Күн жылыда алыстадым ауылымнан, Күн суықта пенде болып бұл күнге. Арманыма дедім дағы жетемін, Аһ ұрғызды азаптаған жеке мұң. Қорғадым мен өрешені қарғадан, Тегін тұрған сықпа құртты жемедім. Таба алмайсың барсаң дағы бас қала, Таба алмайсың қалтаңдағы ақшаға. Алтын бар да, базарда жоқ Сықпа құрт. Бұл не деген, бұл не деген масқара!

Ол күндерде көңілімде бала тым, Самалындай аңқылдаған даланың. Сағындым ғой сықпа құртты, амал не? Саусағының табы қалған анамның. МҰҚАҒАЛИ Мұқағали албан боп мақтанған жоқ, Жыр жолында зулады ақтаңкер боп. Сөздерінде сөнбейтін от лаулады, Оқыдық біз жүректі мақтан кернеп. Қаңқу сөзден жұмыстан келсем жүдеп, Көтере алмай салмақтан еңсемді көп. Жырларынан жүгімді жеңілдеттім, Жыбырлаған тірлікке белсенді боп. Шабыттанды өлеңмен сурет салып, Қарасаздан қаз ұшты, үйрек қалып. Қанатында қаздардың күй күмбірлеп, Қас сұлулар мəз болды билеп барып. Көз алдымнан кетпейді əлі күнге, Менің жақсы айналған тəліміме. «Тұмаш, Тұмаш!» деп алып алшаң басып, Асығатын құрдасы Шəміліне... Жазды бəрін сол ойды ерен болып, Жалғастырды талантты өрен келіп. Ол күндерді кім білген қалатынын, Бітпейтұғын бұл күнде өлең болып. Қашықтағы ғажайып айды алатын, Қайрағына шабыттың қайралатын. Абай болып жүргенін абайламай, Сəби болуды аңсады-ау, қайран ақын!

МЕНІҢ ПІРІМ ƏЗІЛХАН Айтатұғын сенің тартқан сазыңды əн Кішіпейілдік жүрегіңе жазылған. Айтыспайтын, Тартыспайтын ешкіммен Менің ағам, Менің пірім Əзілхан. Жан-жағына ұран тастап жар салып, Өбектеме Əлдекімше қарсы алып. Атқа мініп алыстама жер шалып Сен іздеген мінезінде байсалдық. Адалдық бар айтқанында сүттейін, Көңілімдегі бар ойымды бүкпеймін. Даусы нəзік, Бойы шағын болғанмен, Құдіреттей рухы бар бітпейтін... Ағалық бар, Əкелік бар – жылылық. Бер қолыңды қаласың сен жылынып. Ағылшыннан, Француздан іздеме. Өз ағаңды сөйлет, Сонда ұлылық. Айтатұғын сенің тартқан сазыңды əн, Кішіпейілдік жүрегіне жазылған. Айтыспайтын, Тартыспайтын ешкіммен, Менің ағам, Менің пірім Əзілхан. НАҒАШЫБЕК Нағашыбек! Қарашы, қарсы алдыңа, Табиғаттың жасалған бар, залы да.

Шие өсіп тұр. Мөлдіреп көзді тартып, Дəмі тілді үйірген əр талында. Нағашыбек! Қарашы қаршығадай, Ана бетке асықпай баршы қарай. Сонда өсіп тұр қарақат, қойбүлдірген, Беретіндей жаныңа алтын арай. Тигізерсің байыпты қолғабысты, Бұлшық етпен ойнатып қолға күшті. Бұл дүниеге бұрылып сабырменен, Сонда тұр ғой, Жəкеңнің жолбарысы. Сонда тағы айтатын елдің жыры, Естідік те ертеден Көрдік мұны. Көрмегелі көп болған, Сағынышпен Сені күтіп, Сонда тұр еңлікгүлі. 15 наурыз, 2010 жыл АУБАЙ БАЙҒАЗЫҰЛЫНА Бақтардың қонған кезде нұр гүліне от, Ақын боп алып-ұшып жыр қылып ек. Арудың алма бетін əңгіме ғып, Алматы көшесінде бір жүріп ек. Аспанды кернегендей көп мұңымыз, Жүретін демімізде оттығымыз. Қызықты қызыл түлкі бұлаң қағып, Қысылдырып ететұғын жоқтығымыз. Біріміз-бірімізге сын тақпадық, Өстік біз еккен талдай сұңғақтанып. Аз ғана шəкіртақы алған күні, Аспанның ақша бұлтын шынтақтадық.

Ойымнан арылмастай ағылды бұлт, Өзіңің құрсауыңа бағындырып. Барлығы кешегінің бүгінгідей, Шіркін-ау, барады ғой сағындырып. ҚОС БОСАҒА (Академик ерлі-зайыптылар Серік пен Əлияға) Бірің оң, Бірің сол жақ Босаға боп, Бас қостың. Бақыттылық осы ара деп. Сеніммен Болашаққа аттанғанды, Қарсы алды қақ жарылып қош ала кеп. Дос қылып, Туыс қылып көріскенді, Бар-жоқты ортаға алып бөліскенді. Үмітпен құшақ ашқан шəкірттерге, Ұстаздық ұлы ықылас өрістелді. Біріне екіншісі сай ұстазым, Білімнің желісінен тай ұстадым. Құлпыртып құрметтің асыл нұры, Қондырып омырауға Ай ұстадың. Барласам, ұстаздардың көзінде ой көп, Тербейді ақын жанды сезімдей от. Қос орден жылы ұшырап баулай берді, Құрметті Отанның өзіндей боп. Жұлдызды қос ұстазым! Қос босаға (Биіктің сеңгірінен тосты осы ара). Секеңе серік болған жан жеңеше, Қайныңа жүре берші дос боп дана! Қараймын! Басты шайқап, таңдай қағып, (Талайлар өшті бықсып, жанбай жатып).

Бейнеттің зейнеттері осы екен -ау, Осындай болу шіркін, қандай Бақыт! ЕКІНШІ ӨМІР ТУРАЛЫ ОДА Қондырып алақандай көзіңе мұң, Қарадың болмағандай өзіңе дым. Байғали ағамызға барғанымда, Бақытты екеніңді сезіп едім! Ана едің қазақтағы аталы ұлға, Пана едің алаштағы қатарыңа. Аруағы Əуезовтің бір аунады, Қазақша сөйлегенде Катерина. Құбылыс Шəкенменен аңыз болды, (Қазаққа бұл оқиға маңызды еді). Бөлшегі сайын дала сахнамыз, Бұлар тек ұлыларға тəн із еді. Орындап ұстаздықтың жоспарларын, Талантқа таңдамалап қосқан дарын. Апатай соның алтын белгісіндей, Тұңғышбай, Əшірбек пен Досхандарым. Қазақтың ұлы қызы – Хадишасы, Қадірлі театрдың падишасы. Есімің ел есінде мəңгі қалды, Мұсылман елдерінің Хадымшасы. Жұмақтай саяжайда тынығып ап, Қазақты ағылшындар ұғыну хақ. Қолтықтап Шəкен аға Байғалиды, Алдыңнан жылы ұшырап шығуы хақ. Жылдардан келе жатыр жыл алмасып, (Пенделер өзіне тəн қылар нəсіп). Алланың адамға тəн ажалына, амал не? Еш қарсы боп тұра алмадық.

Туу хақ, Жасау да хақ, Өлу де хақ. Өлген соң топыраққа көму де хақ. Бəріміз аттанамыз сол сапарға, Ол бізге екінші рет өмір болмақ. Жазылмай жүрген əлі жарасы көп, Бəріміз бір қазақтың баласы ек. Қаншалық басталса да екінші өмір, Өнердің қалдың мəңгі данасы боп. КӨКЖАЛ Қоршап алып Сарықамыс пен Көкталды, Бердеңкеден жаудыртты кеп оқтарды. Атты-жаяу ауыл болып жабылып, Атып алды арыстандай көкжалды. Осындайда келеді екен тегі еске Қай-қайдағы. (Түскенім жоқ егеске). Дедім сонда: – Неге аттыңдар, жарандар, «Бөрі азығы жолда» деген емес пе? Есеймедік Өмір жайлы ес кірмей, Өскеміз жоқ аталы сөз естімей. Не болса да сендер туған осынау, Шұбартауға бауыр басып өсті ғой. – Қисық істі айналдырып дұрысқа, Не деп тұрсың? Бара алмаймыз ұрысқа. Қамқорлықтың қажеті не қасқырға, Қарағым-ау, ақыл-есің дұрыс па?! Бұзау бос жүр, қарсыдағы Көкбетте, Бота бос жүр Қаңбақты мен Көкбекте. Бүгін болмаса да əйтеу бір күні, Біз қайтеміз, ол пəтшағар жеп кетсе?

– Күшіктесе. Басқа жақтан жем алар, Сосын келіп, осы өңірге демалар, – Дегенімде: – Қанша туып-өссе де Осы дұрыс. Оған кімдер сене алар? – Деді. Жеңілдеткендей-ақ ел жүгін. (Елдің сақтай білу керек елдігін). О, халайық! Сылтау таппай сыныққа, Тарылтпайық туған Жердің кеңдігін. ЖЕТІСУ ЖЫРЫ Жер сұлуы жауын алған жанардың, Жетісуым қалай саған қанармын? Сенің сеңгір биігіңе сермелді, Қаршығаның қанатындай қаламым. Тəжісіндей байтақ жатқан даламның, Жетісуым бақтарың да бар Əнім. Жетесі жоқ жексұрынға атылған, Желқанатты жебедейін балаңмын. Сенен шықты Алтын Адам аңызы, Күллі əлемді күндей бөлеп маңызы. Көкшетеңіз Көктəңірі секілді, Жеті өзен «Жетіжарғы» тəрізді. Биіктікті бір өзіне алғандай, Таулары-ай, Асқақтаған армандай! Қырандар да қонақтайды төмендеп, Ұша-ұша қанаттары талғандай. АКАДЕМИК Қарттарыңнан үйреніп, Доктор болып алшаңдаған сый көріп.

Жетігеннің ішегіндей Жеті өзен, Домбырамда күмбірлеген күй болып. Тауларыңда таңғы ауаны сақтаған, Бұлақтарың толқынданып аққан əн. Таңқурайың таңдайымды тамсантқан, Таңғажайып қуанышпен мақтанам. МИЛЛИАРДҚА СƏЛЕМ Миллиард болған мына Жүңго жері, Тербейді алақанға ап күнде мені. Бірі – туыс, біреуі – дос-жараным, Ойымда қайың бүрлеп, гүл өнеді. Ел сені теңей берсін құмырсқаға, Бəрі бір сыға алмайды уысқа ала. Алыпсың, қадамыңда Алып Сенің, Айқасты құшақтарың туыс сана. Қазақпын! Жүздескенде сəлем берем. Сонымен ерекшемін əлемге мен. Салмағым сағыныштан арта түскен, Қара Жер қайысумен əрең келем. Қазақпын! Жақындасқа сəлем берем. Сонымен ерекшемін əлемге кең. Сыйғызған кіп-кішкене ет жүрекке, Басымда шашымнан көп сəлемдемем. Алдымен сəлем берем бір туғанға, Жамасар етек-жеңім жыртылғанда. Волганы қайтем, бауыр, Хуаңқыға ... Қазақтың Есілі мен Сыр тұрғанда. Сəлем де тұңғыш табан тиген жерге. Жан анам омырауын иген жерге Сəлем де сағыныштың сазын шерткен, Алғашқы махаббатым сүйген жерге.

Ат жалын тартып тұңғыш мінген жерге, Кестелі орамалды ілген жерге. Алғашқы əн менен күй, өлең жазып, Домбыра құлақ күйін білген жерге. Сен жақтан біреу келсе далаңдаймын, Сен деген көңілімде жаңа əн дайын. Маңдайым кірбеңдікке ұя салса, Манастың дариясындай манаураймын. Сонау бір сұрғылт тартқан зар заманнан, Мұңдары бір сəткеде тарқамаған. Керейдің Майлы, Жайыр жайлауына, Сəлем де Албан жері Қарқарадан. Сəлем де Қазаққа тəн дала, баудан, Сəлем де сан ұлтқа қалаға ауған. Сəлем де Баркөліңе Алакөлден, Сəлем де Жыңғаңсанға Алатаудан. Не керек ағайынға араз, ылаң! Дұшпанның табылмайық ғаразынан. Үзілген Жібек Жолын қайта жалғап, Кеп тұрмын Бесбалыққа1 Таразыдан. Сəлем де ... Қорғаныңа Жота, Қырдан. (Сырлассаң шынымды айтып қотарылам). Сəлем де Гомороның өлкесіне. Ахмет Байтұрсынның Отанынан. О, Құдай! Сақта өзің қырсығыңнан! Сəлемді алып келем жыршы ұғынған. Дуфудың томы тұрған сөрелерден, Либайдың туған жері Шыршығымнан2. Миллиард астанасы жанға тың əн, Естіртіп дауысымды алға шығам. 1 Бесбалық – Үрімжінің орнында тұрған бұрынғы қала. 2 Қытайдың ұлы ақыны Либайдың туған жері.

Бежинге деген ұлы Сəлəмім бар, Қазақтың астанасы Алматымнан. ШИҢЖАҢ «Омиң Шиңжаң хау дифаң» Қытай əнінен Шиңжаң! Шиңжаң – Кең өлке! Мүлде мені, Жырға бөлеп, Көтердің күнде тегі. Сен осылай күлімдеп тұра берсең, Саяланып бақтарым гүлденеді. Шиңжаң! ШиңжаңКең өлке Жұңғо жері. Шиңжаң! ШиңжаңЖаңа Жер өркендеген, Өркен жайып арудай көркемделген. Майтау менен Қарамай1 қазынасы Құшақтарын ашады ертеңге кең. Құлыны ем құланның тауында өскен, Омбылап қар, Көктемде жауын кешкен. Бүйрегіндей сиырдың аймағың көп, Бұрқыраған дауылдың дауы көшкен. Ұлы тарих өзіңді дерек еткен, Кереметті туғызған кереметтен. Ұлттарға жып-жылы ұя болып, Ұрпақтарын өрбіттің керемет сен! Əкем қалған төсіңде, Анам қалған, 1 Майтау, Қарамай – атақты өндіріс орындары.

Арман атты сусыннан қана алмаған. Досым емес, Дұшпаным саналады, Болса адамдар өзіңді жамандаған. ҮРІМЖІНІҢ «ЧЫҢХУА» КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ С. Найманқазыға Баспалардан шартарапқа тараған, Кітаптарды алайын деп қалаған. Кіріп келдім... Сөрелерде тізіліп, Жылы ұшырап Либай, Люшин1 қараған. «Нихаума»2 деп қала жаздап аңырдым, Минуттары жылжи берді дамылдың. Төрін ала Абай, Мұхтар, Ғабең тұр, Қасын керіп таңындай боп мамырдың. Сəбит, Шыңғыс, Сафуандар, Сəкендер ... Таңырқасып шақырғандай: «Əкем, кел!» Қол созымнан қуанғандай көз тартты, Шəміс Құмар, Омарғазы, Шəкендер3. Кітапхана іші толған жыр екен, Көрінбеді Қадырлар мен Тұмекең. Ұшырғандай қара саздан қаздарын, Оң жағымда Мұқағали4 тұр екен. 1 Либай, Люшин қытай халқының классик ақындары. 2 Нихаума қытай тілінде «сəлеметсіз бе» деген сөз. 3 Шəміс Құмар, Омарғазы, Шəкендер Шыңжаң қазақтарының белді ақын, жазушылары. 1 Автор Мұқағалидың «Қаздар қайтып барады» деген жинағын меңзеп отыр.

Бірден барып еш кітапқа бөгелмей, Қолыма алдым. Қойдым көзді көгендей... Ақын ағам əдетінше баяғы, Асқақ қарап: «Кел, əй-бала!» дегендей. Бір ініңдей тағдырыңды ұғамын, Құтты болсын жырмен тұрған тұрағың. Алматыдан шектелгенмен бір күні, Өзің тұрған сөрелерде тұрамын. * Күш беріп, Қанаттарым талғанда Сен, Көріндің мына жарық жалғанда əсем. Аяулы ата-анамның зираты бар, Армысың, Балалығым қалған, мекен! Армысың, Балалығым қалған, мекен! Ыстықсың мына жарық жалғанда Сен! Өзіңнің ақ жаңбырың ғана басар, Өртеніп сағыныштан жанғанда мен. Жүргендей бұлбұлыңда əнім ұшып, Жүрегім бұлқынады, қаным ысып. Өмірде сен де ыстық, мен де ыстық Көріну қандай жақсы сағынысып. Бір кезде өз қолыңмен еккен гүлің, Шоқтанған шуағымен көктеміңнің. Шаштары ағарғанға жатырқама, Шалдығып, Шаршауменен жеткен ұлың.

Қуанам құшағыңда баладайын, Құшайын гүлдеріңді арадайын. Сағым боп алыстап ем, қайран мекен, Самал боп кең төсіңді аралайын. Емілім лебі желі беліндегі, Ақсуым ақ шуақтай төріндегі. Алдымнан асқар таудай ағаларым, Əкемнің көздеріндей көрінеді. Сарайым ашылады алғанда дем, Теңгелер еш теңеу жоқ, жалғанда – Сен. Жан анам құсап менің құшақ ашып, Жатасың, Туған Жер боп барғанда Мен. «Əуп!» дейтін қолтығымнан қол да керек, Азапсыз жүретұғын жол да керек. Аралап емін-еркін өтейінші, Алдына ақын ұлдың болма бөгет. Орай бұлт тұрған шыңнан түлеп едім, Жетуге қазір оған тіленемін. Орнына қолдарымның қанат бітір, Орайлы сапарда осы тілегенім. Көліңді мекендейтін қазың болып, Көңілді көтеретін сазың болып. Келермін əлі талай сайран салып, Кетпесем бір күндері жазым болып.

МАЙЛЫ, ЖАЙЫР ЖЫРЛАРЫНАН МАЙЛЫ Серік Қапшықбайға Көтерші қарт басыңды, Құшағыңды аш! Аңсаған сұңқарыңдай ұшам рас. Айналып Қоңыробаңды келейінші, Үркітпей арқарыңның тұсағын жас. Аршаңды ауа сүйген иіскейін, Иіскеп жүру солай тиіс деймін. Жасаушы ем тобылғыңнан қамшыға сап, Ал қазір оған дағы тиіспеймін. Қайың, тал саясына таяп бүгін, Басамын көңілімнің жай аптығын. Сындырып бұтақтарын ат қып мінген, Сұңғыла теректерді аяп тұрмын. Аунайын құлан кекіл бетегеңе, Түскендей түрленемін жеке көлге. Тауыңнан күйіс тапқан тайлағыңды, Аралат, ары қарай жетеле де ... Осылай-осылай ғой, Майлым менің, Ұласқан той-думанға жай күндерің. Соныға сонау тұрған бие байлап, Кетпейді əлі есімнен тай мінгенім. ҚҰШТАРЛЫҚ Жайыр саған қалдырдым, Жақсы өлең мен жайдары əн. Көрдім өнер сан қырын, Күнді өткізіп айлаған. Қарттарың да баладай, Басын иіп алдым да.

Құшақ ашты жағалай, Құрмет қылып жаныма. Көңілімнен бұлт тарап, Еріген соң тоңдары. Сырдаң тартып, сырт санап, Отырмадым мен дағы. Ауасындай Жайырдың, Сендім тазалығыңа. Шабындықтай жайылдым, Шабыттанып қырыңа. Қазақстан күйлерін, Қайта-қайта тартқызды. Қазақстан əндерін, Қайта-қайта айтқызды. Айрылғандай жүрегі Бірі қатты күрсінді. Шыдай алмай біреуі, Шылымына ұмтылды. Көңілі толды бəрінің Болдым ба əлде Əсеті. Дыбыс таспаларының, Толды талай кассеті. ЖАЙЫР САҒАН ҚАЛДЫРДЫМ Қызығына қандырдың Қызыл іңір кешіңнің. Ізін əдейі қалдырдым, Совет бəтеңкесінің. Жүрдім сенде еркін боп, Жөргемдерім бұйырып. Арқарыңның етін жеп, Атты міндім жүйрік. Туысқанды аралап Тойдым жомарт пейілге.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙