Алғырлықты ар тұтқан асыл аға
Әдебиет порталы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Бұл кітапқа ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басында Шығыс Түркістанда өмір сүрген Сейілхан Айсақажыұлы өміріне қатысты естеліктер және оның сақталған өлең-жырлары, сондай-ақ кітап авторы Қ.Қамашұлының кейінгі жылдары жазылған өлеңдері енгізіліп отыр. Кітап көпшілік оқырманға арналан.
______________________________________________________________________ 1 Қайырғажы Қамашұлы ҚЫҢЫРБЕК
2 _____________________________________________________________________ ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 Қаз) 7-5 Қ 86 Қайырғажы Қамашұлы Қыңырбек Қ 86 Алғырлықты ар тұтқан асыл аға: ғұмырнама, жинақ өлеңдер, арнаулар. Алматы, 2016. - 77 бет. Бұл кітапқа ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басында Шығыс Түркістанда өмір сүрген Сейілхан Айсақажыұлы өміріне қатысты естеліктер және оның сақталған өлең-жырлары, сондай-ақ кітап авторы Қ.Қамашұлының кейінгі жылдары жазылған өлеңдері енгізіліп отыр. Кітап көпшілік оқырманға арналан. ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 Қаз) 7-5 ІSBN
______________________________________________________________________ 3 І ТАРАУ СЕЙІЛХАН АҚЫН ҒҰМЫРЫНАН ҮЗІК СЫР Сейілхан Айсақажыұлы – Барқытбел, Жетісу және Шығыс Түркістанды мекендеген исі қазаққа 19-ғасырдың аяғынан айтулы ақын, аса оқымысты, шежіреші һәм қоғам қайраткері ретінде танымал адам болған. Сейілханның ащы шындыққа шырылдап ара түсуі, шыңыраудың түбіндегі ақиқатты айдай ғып шығарып,айтыскерімен айтысып, қазақ үшін қам жеген қаншылдығы, ұлт жандылығы әлі де талай ғасырға алаш аспанының шоқ жұлдызы іспетті жарқырай бермек. Ақын 1876 жылы желтоқсан айында туған. Өз заманының, өз аймағының ірі тұлғаларының бірі болған. Зеректігі мен алғырлығы, білімдарлығы кәміл азамат, он сегіз жасында атқа мініп Қожақұл елін басқарған. Ағартушылықты пір тұтып, жұртты білім жолына, ғылым көкжиегіне, өнер өткелдеріне әрдайым бағыштап, өркениетті бағдар берген. 1909 жылы Қазан қаласында Абайдың Кәкітай бастырған тұңғыш кітабын 1910 жылы алғызып Мәмбет еліне Абайды танытқан. Осы кітап Шыңжаңдағы қандастарымызды сусындатып, үлкен ел мәдениет-ғадабиетіне арқау болған. Талаптыға қанат бітірген жыр-жинақ қолданқолға ауысып оқылды. Сөйтіп бұл кітап 1962 жылы арғы беттен туған елге өзіммен бірге оралды. 1995 жылы ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында мұражайға өткіземін деп «құда түсіп» болмағасын Аманжан Ілиясұлы Жақыповқа табыс етіп, әлі күнге бойтұмар кітабіміздің арғы тағдырынан бейхабармын.
4 _____________________________________________________________________ Сондай-ақ, Аужекең 2001 жылы әңгіме өзегі Сейілхан ақынның отыз беттей көзайым қолжазбасын Астанаға музейге тапсырмаққа алып аллаху акбар... құмда ізі жоқ... Сейілханның болмыс бітімі тумысынан турашыл, пікіріне берік, алған ісін тиянақтамай тынбайтын мықты атқамінер болған. Ол өзінен жоғары үкірдайлардың / үкірдай – аудан әкімі, зәңғі – ауыл әкімі /қиғаштығы мен теріс пікірін тыйып, ерегескенде күш бермейді екен. 1917 жылы Шәуешек жамбылынан /жамбыл – дауал, қорған ішіндегі мекен /шыққан көп қытайлар БүргенТекше, Сүйін, Шүршіт, Тасты, Бұрған деген жердегі Дөртуыл, Қожақұл / ру аттары / келіп қарағай кесіп, тақтай тіледі. Өңмеңдеген өңкей едірең, жұрттың жарамды көлігін әй-шәйға қаратпай тартып әкетеді, кіре тартады. Басынғандар басқа да, зорлықшылдыққа барған: жас келіншектердің күйеулерін қуып, кіріп алған. Бадана көз бір бетпағы мұсылманмын-дүнгенмін деп ділмарсып, айттырып қойған қалыңдық қызды күйеу жігіттен айырып әкетпекші болған. Қыздың шешесі де бір қарағым болса керек, ақшасын қылтитып шақшасын шұншитқан қытайға қызын қолжаулық етіп, жазғаннан жаңылады... Күйеу жігіт салы суға кетіп Сейілханға шағынады. Жәбір шегіп жапа шеккен өзге жұрт та Сейілханды қорған тұтып, көз жасын көл етіседі. Мына басынғандыққа түтінген Сейілхан сөзге келмей атқа қонады.Батыр барған бетте-ақ, мықтысынғандарды қойдай тырқыратып айдаған бойы Шәуешектегі ұлықтың алдына апарып иіреді. Қазақ, орыс, шағатай, түрік, иран, тілдерінде судай жүйрік шешен, заң баптарын бақайшағына дейін шағып тұрып, ел жәбірлеуші жәдәгөйлердің ит терісін басына қаптайды. Е, бұлдыр-бұлдыр күн өткен, бұрынғыдан кім өткен. Тарих тағылымдарын, ел басына түскен
______________________________________________________________________ 5 ауыртпалықтарды қазіргі зиялы оқырманымыз жақсы білсе керек-ті. Ресей империясының 1914-1916-шы жылдары мылтық орнына күрек ұстатып, қазақты соғыстың қара жұмысына айдаған озбырлығы әз ұяүлкен елдегілердің Шығыс Түркістанға босуына мәжбүр етті... тіске басар талшық жоқ, аш-жалаңаш панасыздарды қанатының астына алған да осы кісі еді. Көптеп-көмектеп баспана салғызып, жәрдем көрсеттіріп, жұма сайын мал сойғызып тамақтандырып отырған екен, жарықтық, халық мұны: «Сейілханның жұма қазаны» - деп, атап кеткен. Тегінде, Сейілхан аға ғылым дүниесінен, әлем тіршілігінен қол үзген емес. Өткен ғасырдың 50-жылдары ол кісі жиған мұрағаттары, таңдамалы шығармаларға толы кітапхананы өз көзіммен көргенмін. Тақтайлардан жасалған қатпар-қатпар сөрелерде қаз қатар тізілген мол кітаптан бұрын-соңды мұндай байлықты көрмеген басым, мұхиттың сеңіне балап, есеңгіреп қалғанмын. Ішінде өзім танитын бірлі-екілі қаріптер қараңдағаны болмаса араб, парсы ирелеңдерінен тұратын көлемді кітаптардан тақтай сөрелер қайысады. Бұл жалған дүниеде бар ғой, қытайдың жымысқы саясатынан асқан қулық жоқ. Заман қалай болса, бөркіңді солай бұрғыза қояды. Ұлы халық – миллиард құмырсқаны бұлай басқармаса еш лажы жоқ екені де анық. Амалсыз бас шұлғи түсесің, емеурініне мойынсынасың. Сөйтіп, астан-кестен дүрбелеңге толы 50-жылдарда байларға істел / характер түзету / басталғанда, Сейілханның ұлы Мұқаш зәңгі ұсталып, шаш ал десе бас алған әпербақандар қарасын ба, кітаптың бір қойма қорын өртеп жіберген деп естідік. Қызуы бет шарпыған аждаһа жалынында ғылым, әдебиет пен өнер, құран мен дұғалықтардың қасиетті мұралары зұлымдықтың құрбаны болып бір апта түн баласы маңайды нұрға бөлеп алаулап тұрған...
6 _____________________________________________________________________ Жылнамаға жүгінсек, дәл бүгін туғанына 140 жыл толғанымен Сейілханның жарқын бейнесі әлі аға күйінде қалып отыр. Иә, ел-жұртының бел баласы, тұтқалы перзенті алмас қылыштай қылшылдаған 44 жасар арғымақ үстінде отырған күйі бақиға аттанды. Ат айылын тартып мінген балаң шағынан, шоқтығы биіктеп ел ағасына айналған тұсына дейін қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы мәрт азамат мәтқапыл кетті... әз ағаны 1922 жылы қазанның 17-сінде Тастының бойындағы Жар шапқан деген жерде, орыс әскерлері ту сыртынан қапылыста атып өлтіреді. Түз тағысын қуа сейіл құрған сері Сейілхан қолына бесатарын ұстаған күйі аттан аумай ескерткіштей қатты да қалды... оның,тіпті, ажал құшқандағы қайсар тұлғасы сахара еркіндігінің ақжелкен жалауындай, алғырлық алауындай ұрпақтар жадында шапағаттың нұр шапағы болып сақталған. Ақиық ақын, аспандағы гәккумен үн қосқан дүлдүл әнші, мақамы сан дарынды әуреге салған сәйгүлік композитор Әсет Найманбаев ер қазасына қаймыға, көз жасын көлдете отырып жоқтау айтқан. Көнекөзкәріқұлақтың «сарқытқа» сақтағаны болмаса өкінішөлең қағазға түсірілмей өткінші нөсердей сіркіреп өте шыққан. Дей тұрғанмен, жоқтаудың басын зердеме түйген едім: Тайынан атқа қосылып, Бәйгеден келмей қалып па? Ат көтермес шой еді, Алысқан дұшпан алып па? Бітімсіз жерде дау болса, Пайдасы тиген халыққа. Құдай үшін қайран ғып, Аш-жалаңаш, арыққа... Ел көшкенде қайран ер, Қалады-ау, жалғыз салықта... Осыны Досбосынұлы Әбдікәкім ағамыз күрсініп қойып айтып отырушы еді.
______________________________________________________________________ 7 Сейілхан шежірешінің қолжазбасында біздердің әулет пен үрім-бұтағымыз жайлы дерек-мағлұмат баршылық. Ол кісінің қолжазбасында: «Сәнік Әліұлы 1774 /қой жылы/ туып, 84 жасында /жылқы жылы/ дүниеден қайтқан. Сәнік пен бәйбішесі Нақ екеуінің зираты Қарабұлақтың жиегіндегі /өзіміздің Қарабұлақ/ қорғанда. Ізбасар ұлы Әлінің бейіті Аягөздің басындағы Қара сулы Тастақ дөңгіл жердегі қорғанда»-деп жазылған. Әрі қарай «Ізбасар Қожақұлұлының сүйегі Хазіретті Қара тауында әулиелердің мазарына қойылған екен» - деген тіркестер бар. Сондай-ақ, дерекнамада: Ақмырзаұлы Шәуменнің айтуына қарағанда, Мәмбет, Қожақұл елі /руы/ Құлыстай Қарағашқа (қазіргі Жарбұлақ ауылы) Тарбағатай асып ит жылы келген. Әгәрәкім, үшбу ит жылынан 1910 жылғы ит жылына дейін қисап қылғанда бұл мәуліт 108 жыл мерзімді қамтиды. Ендеше біздің ел 1802 жылы келген деуге негіз бар. Сегізбай Сәнікұлы 1813 жылы туып, 1886 жылы қайтыс болған. Бейіті Қарағашта Әулиебұлақтың бойында. Ал, енді Сейілханның тегіне келсек, Қабанбайдың кенжесі Әлі, Әліден Сәнік, Сәніктен Сегізбай, Сегізбайдан Айса /қажы/, Айсадан Сейілхан, Сейілханнан Мұқаш, Мұқаштан Рахманқұл, Қайролла, Өлмесін деген ұлдары болған. Сейілханның өзі Қабанбайдың /Ерасылдың/ бесінші ұрпағы. Сәніктен – Сегізбай, Ақмырза, Көкежан, Молқай, Ақжігіт, Бағатай, Жазыбай, Баян, Алпысбай. Ақмырза атамыздан Сейілхан ақын ғұмырнамасынан оқырманымызға сыр суыртпақтап отырған, қолдарыңыздағы кітаптың авторы Қайырғажы тарайды. Айналып-үйіріліп келгенде есімдерін атап отырған аталарымыз – бір Сәніктің балалары. Жә, орайлы тұста Сейілхан аға жайлы естігенбілген тағы бір хикаяға қанығалық. Әуелгіде, есіл аға
8 _____________________________________________________________________ турасындағы уақиғаларды тілге тиек еткен сонау сонар заманда арғы бетте черкестің пысықай саудагерлері қытай басшыларына зергерлік бұйымдарды сыяпатпен таратады. Береген қолым – алаған, тұс. Лауазымдылар әшекей бұйымның құнын үш жүз қойға бағалап Шәй үкірдайдан аласың деген қолхат ұстатады. Ол кезде Шай үкірдай Мәмбет елін басқарады. Черкестің екеуі Шәй үкірдайға келеді. Бірақ, Шәй үкірдайға көрсеткен малдар ұнамай, тентектік танытып малды тебеді. Шәй үкірдай, «бір тапса, бұлардың амалын осы табар» - деп, Сейілханға шығарып салады. Сейілхан бес уақыт намазын қаза етпейтін діндар адам екен. Әлгі екеуі бесінге дөп келеді. Сейілхан қонақтарын құрметпен күтеді. Ертеңіне қойларын көрсетсе емеурін екеу қомсынып, қойды теуіп тұрғызады. Бұған Сейілханның ашуы келіп: Сендер, мұсылман емессіңдер ме, малды тепкенің не? – десе,біреуі: Ә, солай ма, - деп, тапаншасын суырып сес көрсетеді. Іздегенге сұраған Сейілхан да наганын кезей қойып: Мына екеуін байлаңдар, - деп жігіттерге айқай салады. Жау қайдамен желіккен жігіттер қоя ма, ана екеуін дереу матап тастайды. Сейілхан айтқанынан қайтпайтын бірбеткей адам екен. Жігіттерге кетпен, күрек ала жүруді тапсырып, қоқаңдағандарды ат шылбырына көгендеген бойы дедектетіп сайға тартады. Зәре-құты қашқан екі черкес өлеордегісін айтып кешірім сұрай жалбарынады. Сейілхан райынан қайтпайды. Өлдім-талдым дегенде Сейілханның ағасы Сұрша әрең көндіріп, екеуінің жанын алып қалады. Сейілхан черкестерге: Мал керек пе, жан керек пе? – деген сауал қояды. Жан ... жан керек, - деп шырқырасады пұшаймандар. Онда, «Шәй үкірдайдан тиесілі қойды алдым» - деп ресми шартқа қол қоясыңдар және қолхат бересіңдер! – дейді. Құп, тақсыр, құп...
______________________________________________________________________ 9 Сөйтіп, Сейілхан, үкірдайдың, өзінің, черкестердің мөрі қойылған шартты жөнге келтіріп, «қойды алдық» деген құжат қолхаттарын қолына алған соң, черкестерді қоя берген. Асылы, Сейілхан, қарақшылықты, ұрлыққарлықты, парақорлықты, қиянатты жаны сүймейтін, кешірімсіздікпен қарайтын адам екен.
10 _____________________________________________________________________ СЕЙІЛХАН АЙСАҰЛЫНЫҢ ШЕЖІРЕСІ Тоқтарқожа – Сәйбек хан баласы екен. Жұпар Ханым дейтұғын Анасы екен. Үлкендердің айтуын өлең қылдым, Атасы өліп мәнсапқа талас екен. Мәнсап талас – бұрыннан мирас қалған. Бұл сөзді білген адам демес жалған. Тоқаңа патшалық нәсіп болмай, Ойлағаны орнамай, көңіліне алған. Бауыр туған өкпелеп ел-жұртына, Қапа болып, жүрегіне қайғы салған. Туысқан отыз бауыр арасынан, Қия алмай ата жұртын естен таңған. Жұпар ана қоштасып шәһар, жерге, Қатты ренжіп жүрегі от боп жанған. Алдамшы, опасы жоқ, ғаяр дүния, Кетуге ұзақ жерге ойына алған. Әзелде, көретіні осылай боп, Ләуқұлда Хаким қылған хақтан пәрман. Алла Кәрим әзелде жазған дүр көп, Бес жолдаспен жөнелді тәуекел деп. Қазақ – Арыс елінде Байыс ауылы, Қасыретпен күн өтті уайым жеп. Байыс қызы Мақта апай жұптыланды, Қатындыққа нәсіп боп, оны алды. Байжігіт, Жанжігіт деген екі бала. Алла беріп, сол жерде туып қалды.
______________________________________________________________________ 11 Хабар келді құзырлы шәһар жақтан, Қайтыңыз, елге кел деп ол тараптан. Сағынып ел шәһарын жүрген еді, Әр қандай хұкім еткен пәрмен Хақтан. Тоқтарқожа қайтпаққа жұрт сағынып, Ел-жұртымнан айрылдым мен не қылып? Қоштасты Ата, халық, ағайынмен. Тоқтамады тұрса да ел жалынып. Жер ортаға барғанда жасырынып, Бәйжігіт бала қашты, түн жамылып. Көрмеген жер, танымайтын елге брып. Сағынып қалай жүрем деп налынып. Нағашы ата, халық, ағайын жұрт, Той қылды қуанышқа ел жабылып. Байыс би жұрттан асқан бай еді бек, Төрт түлігі елден асқан қисапсыз көп. Өз балам, бөтен деме, халайығым, Айтқандарың, күнәда қаласың, - деп. Бәйжігіт, нағашыда қалды саяқ. Үйленді, бағы ашылды, айтудай-ақ. Субхан Алла сұрауын қабыл қылды, Артық дәулет берді Алла аямай-ақ. Қатыны құрсақты боп әуелі алған, Үлкендер анық сөзді демес жалған. Екінші алды қатын, үлкені өліп, Жас балдыз және алуға кісі салған. Үлкен үйге балдызын кіргізіпті, Қосқан соң құдірет Кәрім, қылып пәрмен.
12 _____________________________________________________________________ Әуелгі қатынынан құрсақ туды, Жетім қап, көз жасымен бетін жуды. Екінші қатынынан Жұмық-Тоғас, Қалдырды қалың тұқым ырғын-дуды. Үшінші қатынынан Мәмбет туған, Осылайша айтады ата қуған. Апасының орнына сіңлісі кеп, Құрсақ – Мәмбет еншілес бірге тұрған. Мәбеттің тоқалынан һәм Қожақұл, Біз сондай тараламыз топты дудан. Бір қатыннан Өмір мен Күшік туып, Білген үлкен айтады ата қуып. Күшіктен Дәулен, Есір болған бала, Дәулен – Өмір аналас бізден жуық. Қожақұлдан – Есенбай, Есенаман. Қабанбай үшінші ұлы, батыр бабам. Көмектеп барша әруақ, көтере гөр, Қайғы-қасірет бұл күнде көңілм алаң... Қабанбай болған батыр қазаққа ұран. Өтіпті талай артық сайыпқыран. Адамнан үміт ету лайықсыз, Алладан әр не мақсұт, берер сұран! Алыпты атам батыр, жауды асқан. Мен-менсінген дұшпанның көңілін басқан. Абылай хан, Қабанбай заманында, Жоламай маңайынан дұшпан қашқан. Әр патша елін жаулап алады екен. Өктем күш дұшпандарға салады екен.
______________________________________________________________________ 13 Айлық жерді жортумен кеңінен байқап, Ғаскермен жүріп бәрін шалады екен. Бірі – патша, бірі – батыр, ақылы –серік. Жұрт мұның ісіне таң қалады екен. Бұлардың өнерін біліп, ақылын естіп, Сыйлы ғып дұшпан әрман барады екен. Жұртын аман сақтапты елін қорғап, Кәмәл ойлап, кең толғап, алыс шолмақ. Ақыл-қайрат, өнері үнемсозар, Ретін келтіретін кеңнен толғап. Түбейлі ғып, тыңдыра, тыңдайды екен. Ойланып әгәр қолдап. Қазақия халқына хаділ болып, Заманында бақ дәулет тұрған орнап. Қытай Ежен, Қалмақ ханы Қонтажымен. Аз байқасып, ұрыспай артық зорлап. Кішілік қып Қонтажы қызын беріп, Сізді көріп кетті, - деп, ішім еріп. Әлі атты ұлына жұптылапты, Естуімше айтайын біраз теріп. Кәрәматлі , Қонтажы патша екен. Батырдың қасиетін білген көріп. Қабанбайдан туғаны жеті ұл бала. Әр іске кетіп көңіл болады ала. Әр уақытта жарылқа, ақырын бер, Рақым қыл,сүбүқан, айа пана. Батыр ұлы Үмбетей мырза келді, Жаппар Хақ және артын хайыр қылды.
14 _____________________________________________________________________ Кішкентай, Мойнақ, Едіге, Сырымбет, Байтоқ, Қызыр қонған Әлі атам айдын көлді. Батырдың қатыны көп бала тапты, Басқасынан кенжесін шала тапты. Бек нашар, шала жансар қайтемін деп, Баланы бір тұмаққа сала сапты. Мұңайып анам сонда тұрған жылап, Тыңдаңыз бір аз ғана салып құлақ. Құдірет шапағат қып өзің оңда, Деп сабыр ғып отырды анам сұрап. Сонда үйіне қария келді кіріп, Орынды ақсақалға берді тұрып. Бара жатқан тоқтамай жұмысым бар, Деп жауапқа кірісті мойын бұрып. Балаңды керегеге қырық күн іл, Анық ұқ, менің айтқан сөзімді біл. Берекелі, қайырлы болар балаң, Бұл баладан жайылар жұрт, неше гүл. Бала болар, бақытлы, несібелі. Қартайғанда болмағай уайымшыл. Әлі болсын балаңның есім-аты, Мүбәрәк болар дейді қайырлы ұл. Ұшбуыны айтып ақсақал ғайып болды, Рас сөз ағат емес, әншейін тіл. Ұлы кәрі бабамыз бәрі айтады, Қаншасынан естідім жиырма жыл. Осындайлық бірқатар өткен заман, Батыр да баһи жайға қайтты һәмән. Жұрт шулап, ел қайғырып, келіп аңырып,
______________________________________________________________________ 15 Айырылып қалды халқы, бәрі тәмәм... Пәнилік Пайғамбарға қылған емес, Біраз сөйлеп қылайын Сізге кәләм. Әлі бала жолаушы кетті бір күн, Ағалар бөліп алды енші тәмам: -Кәрі қатпа, қайқы, бүкіш және ақсақ, Ылғи нашар қалтырып бәрі жаман. Деп анасы мұңайып отыр келсе, Не себепті кейідің?-деді Анам. Анасы баласының айтты жайын, Маған ақыл салмады тұрған дайын. Қартайғанда қалайша асырайсың? Дегенде Әлі айтты: - қылма уайым. Қайқыны Қызыр мінер тынышты деп, Бүкішті – жақсы жорға, жүрісті деп. Кәрі қатпа нашарда – құт қалады, Ренжіме, балам қылды бұл істі деп. Алланың рахмет, жәрдем, жарылқауы, Малы артылды көбейіп, он есе боп. Әлі атам алыпты екі қатын. Қарқара дер,бірінің Мөней атын. Пұсырман, Садырбай мен Жақас кенже, Қарқара ана шығарды үш ұл атын. Айтқұл, Шаған, Шыңғыс пен Сарқұл, Дәуік. Қонтажы қызы, Мөней дейді затын. Алла Кәрім әуелден әбзел етіп, Көп адамнан асырған хәрәкәтін. Құдыретіңмен қуат бер, Құдай өзің, Тигізіп ата-анамның шарапатын. 1905 жыл
16 _____________________________________________________________________ ЖЕСІР ҚАТЫН Бұрында болыпты бір жесір қатын. Жерлі-жесір қатын боп шығарды атын. Жерін майлап, ас, киім қылды байқұс, Қолында болмаған соң сатар сатым... Бір бай майлап бірер жыл жерін алды, Пәлеге жесір қатын міне, қалды. Жер менікі деді де, көмегі көп, Өкім қылып қатынды айдап салды. Жер кетіп әр орынға арыз қылды, Сөзін алған ешкім жоқ, анық білді. Шикі өкпе, жас жетімді шуылдатып, Өткізді осыменен неше жылды. Бір күні жесір келді әлгі байға, Пұлым жоқ біраз ақша берсең, жайға? Я болмаса бірер қап топырақ берсең. Пақырға болар дейді бұл да пайда. Ақшамның мәнісі жоқ беретұғын, Қатын едің, бек тәуір көретұғын. Екі нәрсе сұрап ең, бірін бердім, Топырақты ал, не қылсаң көнетұғын. Бұл қатын, бір қап топырақ алды жерден, Құса боп, жүрген пақыр қайғы-шерден. Арқасына көтеріп қоя алмады, Халі қалмай су болды, шыққан терден. Бай-еке, рақым еттің, топырақ беріп, Тағы жәрдем қылыңыз, тұрсыз көріп. Мәрхамат қып, арқама қойып берсең, Көптеген бұдан рыздық жермін теріп.
______________________________________________________________________ 17 Бай ренжіп орнынан түрегелді, Қапты енді көтермекке икемделді. Қозғалта алмай екеуі тағы отырды, Жесір қатын білімді еді, сөзге желді. Бір қап топырақ көтермей қалдық қалай? Бұл қорада топырақ, бар ғой талай. Жерді арқалап қалайша апарасыз, Махшар күні жалдайсыз қанша малай? Мен жүрмін жылап-еңіреп еш шарасыз, Кәсіп жоқ жетімім көп баспанасыз. Күшпенен мекенімді, жерімді алдың, Пұлсыз, даусыз, зәредей бір шаласыз. Алла бөліп қарамас кедей-байға, Пендеге залым етпек Хаққа ұнай ма? Мақшарда шәксіз топырақ көтересіз, Тозаңдай ісің аян бір Құдайға. Бай қорықты сөзінен бұл жесірдің, Ғажабын қатын айтып, беріп – жердің. Қатынға бек тамаша, таң қалады, Бірі-ау деп бұл заманғы кемеңгердің. Жерін беріп, ризалық тіледі көп. Бір қаталдық білмеген іс екен деп. Осылай жеңді жесір жерін алып, Үйдегі жетімдерді қуантты бек. Ұмтылсақ бекер кетпес еңбегіміз, Зор қата қарап жатып өлмегіміз. Қайрат қылмай қайғырып бекер жатсақ, Анық-шын ғаріптікі көрмегіміз.
18 _____________________________________________________________________ Ұлы Алла жарылқа жәрдем беріп, Қорлықты көріп жүрміз болмай ерік. Сақта, Алла сансыз залым дұшпаным көп, Барлығын Ғаділет Алла тұрсың көріп. Өкпемді алып ұшып қарсы шықтым, Нашар-азбын көмек жоқ, болар серік. Сеніп ұста, сырласты анық байқап, Адам аз, сөзі біреу, аузы – берік. Ғазиз елім ойламайсың ғақіл жайын, Ақ ниет шын көңілім сізге дайын. Жем болып көп залымға кетеміз бе, Неше ай, неше жыл боп күн-түн сайын... 1916 жыл ЖОҚШЫ Жазайын аз хикая қалам алып, Бұл зеректің ісі екен ұқсаң нанып. Әңгімені көрген соң көңіл кетті, Зейінмен жүрсін жігіт сырды ойланып. Пендеге бала бермек артық – Дана. Әр істі байқап білер болса сана. Көшпелі қазақ елі Сахарада, Бір жігіт қырға шықты жалғыз ғана. Жолықты қырда жүріп екі сартқа, Қарайды олар төңірекке, әрбір жаққа. -Түйе іздеп жүрсіздер ме,-деді жігіт, Қарбалас көз салған соң әр тарапқа. Екеуі жақындады сөзін сүйе, Сұрады көрдіңіз бе, жалғыз түйе.
______________________________________________________________________ 19 Түйең, соқыр, ақсақ па,- деді жігіт, Рас дәлел мына сөз болды жүйе. Жүгінің бірі бидай, бір жағы бал. Рас, үкем, - деді сарт, шүйіншіңді ал. Және айтты: - бір тісі түскен бе, -деп, Біз іздеп жүргеніміз осындай мал. Түйені анық көріп, жүкпен көзін, Айтқаныңыз бәрі де дәлел сөзің. Асығып, абдыраған ісіміз тез, Әпенді түйемізді көрсет өзің. Соқыр көз, ақсақ аяқ, түскен тісін. Жүгін көріп бітірген ұқсайды ісің. Тауып бер, шүйіншіңді ал, жөнін көрсет, Бітіргін, жолаушының бұл жұмысын. Тәмәм көріп, тексеріп түйені өзің, Бір жерге қойған анық айтқан сөзін. Болмаса барып тұрған орнын көрдің, Сықылды жайластырған қол не көзің. -Екі сарт, тура айтайын білгің келсе, Айдап әкеп берер ем көзім көрсе. Көргем жоқ, я біреуден естігем жоқ, Нанған жөн ғой, анығын айтып берсе. Түйенің жоғалғанын айттың өзің, Пайда етіп жасырам ба, көрсе көзім, Түйені көргенім жоқ алмақ түгел, Мәнісі осы сұрасаң менің сөзім. Сарт абдырап шығарды ашты сөзін. Түйең соқыр, ақсақ па, деген өзің.
20 _____________________________________________________________________ Жүгін, тісін, баршасын түгел айтып, Құтылудың ойладың енді кезін. Жағасына жабысты екі сарт кеп, Өзің айтып, жеймісің, түйемді, - деп. Қазының алып барды құзырына, Қажы әпенді тексерді бұл істі бек. Тексерді бұл жігітті әбден тінтіп, Тәптіштеп іс, зәредей таппады түк. Қауіп-қатер бір нәрсе болмаған соң, Қазы айтты қайда, қазақ, түйе мен жүк? Жігіт тұрды әуелгі сөзінде бір. Қазы да жөн таба алмай абдырап жүр. Түйенің кейпін, жүгін қайдан білдің, Көрмепсің, естімепсің, бұл қандай сыр? Түйе іздеп жүрсіз бе, -деген өзің, Жүк: балын, бидай, асқақ, соқыр көзін. Бір тісі түскен бе, деп тағы айтасың, Сыртың көркем, сөйлеген қалай сөзің? Жігіт айтты: Тұрағым-қырда жайым. Қазы ғаділ ақылға әр іс дайын. Пайымдап сыйын жүрек, көкірек көрсе, Байқап істің біледі әрқандайын. Мен бүгін ерте тұрып жолға түстім, Бір түйе басқан екен құмның үстін. Басқа хайуан, адамның еш ізі жоқ, Иесі қашқан ғой деп ойлауым шын. Жолмен жүріп бір жақтың жепті шөбін, Білімі бар, пайымдар істің ебін.
______________________________________________________________________ 21 Сол жақтың шөбін ыңғай жегендігі, Ойладым оң жақ көзі емес тегін. Қолжазбаның соңғы беттері жоғалған екен. 1915 жыл. ЖАЛҒАБАЙ ҮКІРДАЙҒА Жәке, келдің жетпіске, қырыққа біз де. Жете ме өміріміз біздің жүзге? Екеуміз ел жегеннен айнымадық, Түбі жақсы блмайды өзімізге. Екеумізді көрген ел болды мезі, Атыны да, тамақтан өтті жезі. Зарлатып тентіреткенге разы ма? Аллаға жетпей ме екен нашар сөзі. Бір малың зорлық етсе бір малыңа, Түзулік боп ұнай ма өз қалыңа? Сүзсе, тепсе, өзіңді тістелесе, Нашардың шықпас па едің оң жағына? Баршаға жоқтан бар ғып жан бергені, Адам ғып бір нәсілден теңгергені. Нақақ жерде жылатып пәле салып, Жапа тартып қайғыдан ел сенделгені. Сүлеймен пайғамбар, хәм патша болды, Биледі дүниені оңды-солды, Ол дағы еңбек сүйіп адал болды, Екеуміз қайдан таптық мына жолды. Ғаламға болса дағы үлкен патша, Кәсіп, ғаділдік іздепті жатса-тұрса,
22 _____________________________________________________________________ Егер топқа шақырса барша халқын, Шыбық кесіп алады, ел жиылғанша. Пақыр, жетім, мүскіннің халін қарап, Халқын түнде аралайды ел жатқанша. Патшамын деп отырсам бойын балап, Салтанатпен дүниені тамашалап. Бос бекерге отырып жұта берсем. Сұрақсыз бола ма ішкен-жеген тамақ? Харакетпен ізденіп пұл табайын, Мақшарды алдымдағы ойға алайын. Хан болдым, қара болар уақыт келер, Өзімді өзім аяп қорғалайын. Шыбықты зәмбіл тоқып алады екен, Кешке елеусіз базарға барады екен. Зәмбіл сатып пұлына тағам алып, Нәпақа алып шүкірлік, қылады екен. 1915 жыл ҮЛГІЛІ БОЛ, ҮЙРЕНІП Үлгілі бол, үйреніп, Өрнек бар білген сөзіңде. Тұсыңнан өтпей тез қамдан, Қайырып қалар кезіңде. Істермін ертең деп жатпа, Өнер болса өзіңде. Көз салма елдің құмартып, Алтынына, жезіне.
______________________________________________________________________ 23 Қараймын, газет оқимын. Артта қалдық бұл не хәл? Ұмтылып өнер үйренбей, Ерінгенге не амал. Еңбек қылмай ерініп, Арқада сауыр, қалмай жал. Алаңсыз ұйықтап жатқанды, Оятарға бар ма амал? Талпынып жылдам кәсіп қыл. Кезінде жұмыс дәлме-дәл. Еңбекпен өнер іздеңіз, Мейлің бала, мейлің шал... Өнердің оқу үлкені. Тәттілігі бейне бал. Оқып ұқ, кітап сөздерін, Ұнағанын жаттап ал. Оқуменен озып жүр, Не данышпан, не кәмәл. Біліп үйрен бек шындап, Ұмтылсаң берер, Зүлжәләл. Оқу біл, үйрен тезрек. Жас күніңнен қамданып. Білімді бол көбірек, Қайраттанып, жанданып. Ғылым оңай қонбайды. Баю жеңіл, малданып. Екі дүние әбзәлі, Оқып ғылым үйренсең. Тәрбиелі таза боп, Бұзықты көрсең, жиренсең.
24 _____________________________________________________________________ Әдеп пен ақыл сөзді алып. Өз алдыңа жүрсең жөн. Жасы үлкен ағаны, Сіз деп жүрсең, демей сен. Аш жүрер адам, тоқ жүрер, Ұрлық істеп сұғынба. Кері кеткен аусармен, Ала өкпе сөзін ұғынба. Ынтаң кетіп ұмтылып, Қойны-қонышыңа тығынба. Нақақ, пәле жабатын, Жауды көрсең бұғынба. Айтқанға кінәлі емеспін, Сүйсең ұқ, сүймесең ұғынба. Үйден шықпай айналып, Ынтаң салма тамаққа. Жол жүлгемен жүріп көр, Көңіл жібер сабаққа. Далада жатып былғанып, Мас болып жүрме араққа. Ағалық ақыл, айттық сөз, Жасөспірім қараққа. Теріспе мұным, я жөн бе? Сал өздерің сарапқа. Жігіт болсаң аулақ жүр, Сөз соқтырғыш бораннан. Оқысаң бұл сөз кем емес, Даурыққан айқай, ұраннан. Бекер жүріп мүскін боп, Тәуір емес сұранған. Білімдіні жағатта,
______________________________________________________________________ 25 Өзіңді сақта наданнан. Дүниеде жаман жоқ, Бұзақы, арам адамнан. 1922 жыл ЖІГІТТЕРГЕ АЙТАЙЫН, БІР ҮЛГІ СӨЗ Жігіттерге айтайын, бір үлгі сөз. Ойлыларға күңгіртсіз, көргендей көз. Қыртқанды езген жеңер арсыздықпен, Болмайма езіп-қыртқан сөз дүмбілез. Тоқтатып бір кісіні жеңсең сөзбен. Асқақтап өршеленбе, тиыл тезден. Қыртқанды езген жеңсе, енді езгенді Ақырында жеңеді Хақтан безген. Тоқтасын жеңілгенін білген кісі, Білімсіздің тоқтауға жетпес күші. Булығып күре тамыры адырайып, Жұтатындай бұзылар сәтте түсі. Білімді тоқтап, сөзге қылар сабыр. Сөз қумай тоқтағаннан келмес забыр. Сөз қалай, көңіл қайда толқығанын. Өң бұзбай кең толғанып, әбден таныр. Білімсіз байлауы жоқ, сөйлер ұзақ. Әр жерден саламын деп сөзден тұзақ. Дабыршыл, алаңғасар, алып қашпа, Бұрқылдар үйден шығып кеткенше ұзап. Білім сол – жеңгенді біл, жеңілгенді. Артық-кемін салмақта, төгілгенді.
26 _____________________________________________________________________ Жел толтырып үрлеген жас қарындай, Өнер көрме бос сөзбен семіргенді. Жеңгенде, жеңілгенде сөзден тоқта, Аптықпа, арындама орны жоққа. Шын жеңілген орныңнан үндемей кет, Кезегін тос, айналма сөз бір соқпа. 1920 жыл АЙЫРА АЛМАЙ КЕЛЕМІЗ ДОС ПЕН ЖАУДЫ Білмедім, әрбір сөзге көңілім ауды. Айыра алмай келеміз дос пен жауды. Өрекпіген бұлданып, бос желігіп, Ала өкпе буырқанып айтар дауды. Керегеден ұстап ап, кеңірдектеп. Аударып тастайтындай Алатауды. Үйде отырып, идіріп, қара тасты. Бауырына шелек тосып, сүтін сауды. ТІРЛІКТЕ ЖҮРМІЗ, МІНЕ... Тірлікте жүрміз міне, өлем демей. Келешек дүниенің қамын жемей. Көрінгенді алмақ та, алдамақ та, Өзі тапқан ырыздыққа толмай көмей. Іздемей адалдық пен қайбір істі. Өрекпіген көңіл көп, өршіл күшті. Өзін өрге мақтанмен сүйрелейді, Тартам демей түбі бір күйінішті. 1914 жыл
______________________________________________________________________ 27 АРТЫ ЖАМАН ОЛ ІСТІҢ... Елді жеген сауап па, жұрт жылатқан. Арты жаман ол істің несі мақтан? Қайырлы, қасиетті іс ізделік, Данышпен молда алайық ішкі жақтан. Медіресе салдырып, бала оқытып. Хабар тапсақ, дүниеде әр сабақтан. Көпке пәрмән өтінген сөзім осы, Қалмайық өнер деген үлкен саптан. 1914 жыл КЕЙ СЕРІГЕ Кей серінің мінезі тон-томырық, Жөн ісіне иіліп бермейді ырық. Алып қашпа, адырлау, ала өкпелеу, Көңілінде көсеу зорлық, мол жұдырық. Жылмаңсып, ширақ пысық, кем білімі. Кінәмшіл, кекшіл мінез, жоқ ұғымы. Арам пейіл, тартыншақ, таяу тәсіл, Топтан келсе, ұққан сөз, жоқ жұғыны. Сыртқы жұрт сырын көрмей, түрін көріп. Сырласқан бір айналмай қалар жеріп. Өтірік, жылпың, табанды табары кем, Өкінішке қалдырар болмай серік. 1922 жыл
28 _____________________________________________________________________ ІІ ТАРАУ СЕЙІЛХАН АЙСАҚАЖЫҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ (1876 ж. - 1922 ж.) Бұл құнды шығармаларды 62 жыл сақтап, (1954 ж.) тұңғыш рет баспаға беріп отырған Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының Қаратұма ауылының тұрғыны Қамашұлы Қайырғажы ЖЕМІС Бір ағаш миуалы өскен жеміс екен, Бір доңыз мекен етіп жүреді екен. Тойынып, рахаттанып алғаннан соң, Әлгі доңыз бір түрлі ойға келген. Ойланды түбін қазып жығайын деп, Тояйын рахаттанып,миуасын жеп. Қорсылдап,қорбаң қағып құлатыпты, Қас болған пайдасына біліңіз көп. Қасқа-қас,досқа-достық қарыз білсең, Іздеп қас бол, мойнына кінә ілсең. Бергенім сүйгенімнен көрсем жапа, Жөн бе шырақ досыңа жау боп жүрсең.
______________________________________________________________________ 29 КӘСІП ҚЫЛ Кәсіпсіз қатарға енбес дүниеде жан, Еңбек қылмай теңдік жоқ бұл сөзге нан. Еңбекегін тұқымы көктеп өніп, Толып пісіп тұрады басында дән. Бай болмадым деп, кейіп жатпа үйіңде, Байлық жоқ ренжіп кейіп жатқан күйде. Талпынсаң, тер ағызсаң, табылады, Қадыр жоқ бір тиындық жалқау биде. Мисалы жөніңді біл қара алдыға, Келіншек, қайным дейтін дер қайнаға. Балалық, жігіттік күн өткенін көр, Адам өмірі нәрсе емес бір жәй ғана. Адам болып жаралсаң кәсіп керек, Жылпың, пысық, ширақ бол және зерек. Тамақсау, мешкейлікті өнер көрме, Бүгін тойған ертеңге болмас қорек. САУДА Пайдалы кәсіп сауда деп, Осыған ғана ерме тек. Егінші, малшы, ағашшы, Темірші болсаң пайда көп. Бірін тұрақ етсеңіз, Басқасы оған болар сеп. Ертеңгіңді бүгін тап, Сыпырып маңдай терін төк.
30 _____________________________________________________________________ Қыдырып ішсең пайда деп, Қадірің кетер ойла көп. Кісілігің келмейді, Ақыл сөзді көрме жек. АҚЫНҒА Ақын бар ағып кетер көрсе пұлды, Өрмекшінің жібіне матар пілді. Біреуге қанат байлап көкке ұшырар, Серкештің мүйізіне қайрап тілді. Өлең айтсаң, үлгі айт күтпе тиын, Жолыңа сенің салған түссін жиын. Бірді мақтап, біреуді боқтап жүрген, Ақындар бар мінезі ала құйын. МЫСАЛ Бір құмай салғызыпты тастан сарай. Күйкентай, қаршығадан алып малай. Құс біткенді бір өзі билеп алып, Құбылып түрлі ойға түскен салай. Жұмсапты қаршығаны кекілікке, Мақтапты тәуірсің деп ептілікке. Торғайға мені дағы жұмсайды деп, Күйкентай әзірленді тұрмай текке. Тас сарайға ұлар құс барып қонған, Құмайдың құлқынынна кез боп оңнан. Кешегі шақырылған кекілік торғай, Сарайда жатыр бүгін додаланған. 1922 жыл
______________________________________________________________________ 31 БІР МАҚАЛ Бір мақалды бұрынғы айтады екен, Кейінгілер мұны жек көрме бөтен. Жаман үйдің қонағы билейді деп, Артқы сыншы айтып жүр көріп төтен. Мақалы бұрынғының мақұл ма деп, Айтпақшымын бір сөзді көңіліме кеп. Тұрғын елді қонақ ел көшіріп жүр, Тұрғын ел кетпеп еді қақысын жеп. Жаман үйді көшіріп алып та тұр, Билік қып түрлі салық салып та тұр. Тұрғын баста ерік жоқ қиын болды, Қайғыда қалың қазақ қалып та тұр. Жаман үй – жаман елдің мысалы ғой, Толғансаңыз сізге де түседі ой. Жамандығым емес пе көп жем болдым, Есе алып қайтаруға жете ме бой. 1918 жыл БЕКБАЙ Бекпай айтты бір кекпен елден шықтым, Жолбарыс ем тышқаннан қорқып бұқтым. Мың қайғыға жолықтым, қапаландым. Қаңтар туып шілдеде желден ықтым. Аштан өлсем айрылмай елімнен еш, Таразы да, қазы да, жұртта екен күш, Бірі – дұшпан, бреуі дос-туысқан. Көріпті әр ісімді қалыптан тыс.
32 _____________________________________________________________________ Бір кекпен кетіп едім елден шығып, Мың кек болып кезікті басым шіріп. Астам жүрек, зор көңілім ағат екен, Одан көрі жатсам ғой бастан бұғып. Осылай айтушы еді моса мен шай, Әр істің мәнісі бар емес қой жәй. Бір себеппен сырласып отырғанда, Ақыл беріп тоқтау ғып, деді осылай. МЫСАЛ Тышқанға кірпі келді айтып дәтін: «Біраз күн болар ма екен мархабатың, Үйіңнен аз уақытқа орын берсең, Естен кетпес болар ем, сізбен жақын». Кірпіге орын берді тышқан іннен. Алдыңғы пайда, үміт қып келер күннен. Баласына қадалды кірпі түгі, Тырнап, жыртып кетірді ретінен. Бір күні тышқан айтты кірпіге кеп: «Жайлы орын іздесеңіз бізден бөлек, Аз уақыт құрметті қонақ болдың, Хош айтысып ажырассақ», - деп етті тілек. Тышқанға кірпі сонда қарап қиыс: «Басындың, басқа шықтың, - бұл қандай іс? Мұндай үй сендей жанға лайық емес, Жағдайлы орын іздеу саған тиіс».
______________________________________________________________________ 33 Қонағың мықты болса, қожаға өкім, Мықтылар келтіреді іс ретін. Қай-қашан жуандікі астамшылық, Жем болма, күн бұрын сақтан, бекін. САРАҢ Сараң көп ағайынға бермес тиын, Алса бар, бергенге жоқ жалғыз бұйым. Жалшының да еңбегін толық бермес, Күншіл, асқан, тәкәппар, құлқы қиын. Түнде күзет, күндізде малын бағып, Тамақты да жай ішпес алаң қағып. Бір лағы жоқ болса зарлатады, ӨЗІҢНЕН БАСҚА ЖАНҒА НАНСЫН НЕ ҒЫП Жаз ыстыққа күйеді, қыс суықта, Ауру болар осымен жел буып та. Сасық, паң, зор тәкәппар қожайын көп. Дегендей елден мендей ұл туып па? Жатар төсек, төр алды толған бопыр, Алқам-салқам үй іші, опыр-топыр. Ыдыс кір, ішкен астың түк дәмі жоқ, Борсыған қылшық ет жеп мырзаң отыр. Байсынып, кеуде кеуіп, көңілі асқан. Ғайбаттап жанның бәрін өр таласқан. Иті бірге ішіп-жеп өздерімен, Ел жылатып, бай болып, лақабы асқан.
34 _____________________________________________________________________ ӨМІР ЖАЙЛЫ Өмірім жақсы өткен жоқ бұдан бұрын, Соңғы тірлік туралы, жоқ бір сырым. Өткен күйік, келер хал тағы күйік, Қайғысыз алданумен өтті өмірім. Екі күйік ортасы бұл тірлігім, Өлімді ойға алғам жоқ күні-бүгін. Я өмір жеңе ме, я өлім, Дүрмекпен сезбей жүрмін әлі бірін. ХАТ ЖАЗДЫМ Хат жаздым көңілім ишарат еткенінде, Арман ғып жұрттың надан кеткенін де. Іштен тынып, түтін боп, көріп жүрмін, Біреуді біреу басқа тепкенінде. Жарыққа дүние халқы шығып жатыр, Оқып білсең таңдайға балдай татыр. Салғырттық, салақтықпен сандалуда, Оқу жоқ, өнері жоқ қазақ пақыр. Біз дағы ел пайдасын ізделік те, Өнерлі ел үлгісін көзделік те. Бала жыйып оқытып, мектеп жасап, Осылай жетіскенін сезелік те. Ұлықтар кел кеңеске ел жемелік, Адалдық қып, түзелік, жөнделелік. Халық пайдасы дегенде қамқор болып, Тазалықпен тексеріп, теңгерелік.
______________________________________________________________________ 35 Әйтеу ажал түбінде бір алады, Қиянат аздан көп боп құралады. Бүгінгі атқа мінген ел билеуші, Тәңір алдына не қылдым деп барады. ЖАСЫҢНАН ІЗДЕН Жасыңнан іздеп үйрен әр іс жөнін, Іздеп тап талаптанып білім кенін. Тасқа басқан нақыстай бекіп кетпес, Асықпай кеңнен толғап кемелденгін. Өмірің жастан озса салақтанар, Көз көріп,құлақ естіп көңіл қанар. Ұғып,біліп,түйінді болжағанға Жұлдыздай жол бастаушы болар пана. Ұқпағанға жорға да желісте емес, Бір шәлдір делдірендеу болады елес. Құлақ естіп көкейге қондырмайтын Түйсінбеске несі сөз, несі кеңес. Тобықты елде Ибраһим дана-ақ екен, Қазақтан асып туған жан-ақ екен. Арты-өкініш, алды-үміт,-депті ғұмыр Қақ илләйһи жәннәттән қылсын мекен. 1912 жыл
ЖАЛҚАУ
Петер Град патшасы Пинләнді елі-
Айналасы құрлыққа кірген көлі.
Жалқау – аз, өнерлі – көп, зауаты – мол,
Өнердің Русия анық белі.
36 _____________________________________________________________________ Жалқаулары бар болса некен саяқ, Құдыққа салады оны аямай-ақ. Үстіне арықпенен су жіберіп, Расқа өлтіруге көңілі таяп. Жалқауға кеңірдектеп келгенде су, Шығарға оған амал жоқ талпыну. Бір шелекті қолына берер сонда, Тірлік сүрсең су төгіп құдық құру. Су төкпесе өлуі сондай анық. Шелекке жабысады жалқау барып, Дамыл көрмей тездетіп суды төкті, Қара терге бой алып шаршап арып. Суы көп ағып тұрған орта құлақ, Құдайы көз салмады тұрса жылап. Өлімге басы байлы жалқау сорлы Аузына су жақындап таяуырақ. Шелек ап назары боп құдайына, Тынбастан төкті суды ұдайына. Тұрмайын,отырмайын,тоқтамайын, Ұйықтамайын,шыдайын бір айына. Деп қасам ғып,ант ішіп,суды төгіп, Уақыт жоқ сіңбіруге естен зеңіп. Тіл алайын,көнейін көбіңе деп, Жалынып жалықпасқа сертін беріп. Су төкпесе қалғаны сол құдықта, Білімділер өнердің жолын құпта. Соның үшін бір жалқау табылмайды, Неше миллион шамасы халайықта. 1917 жыл
______________________________________________________________________ 37 КІР БАСҚАНДЫ Кір басқанды пенде деме, Үйіне барма,тағам жеме Етін-қасыр, иісісасыр, Осыда емей ауру неде? Өз басына құнт қылмаған, Биті өскен, бейне кене. Дүниеде су арзан-оған кірді жумаған, Ақымақ емей немене? Жүр,барайық үйіне, Ақыл айтайық күйіне. Кіріңді жу, битті өлтір, Тыңда сөзді сүйіне. Кірлесең қысқа ғұмырың, Тірлікпен табылар дүние. Осылай ақыл айтқан жөн, Сырттап жүрмей жирене. 1921 жыл ҮЙ ІШІ Топырақтың астында жатыр сырмақ, Жөн айтсаң жүргізбейді сөзбен шырмап. Көйлек, жаулық, кимешек – мақпал барқыт, Қолы баран алусыз қара тырнақ. Қазаны жалын, қаспақ құлақ толып, Қақпақ, тақтай, астау тұр бат кір болып. Тегене, аяқ-табақ, қасық-шөміш, Ішінің кірін көрсең көңілің солып.
38 _____________________________________________________________________ Шәугімнің іші қақ, сырты сары, Жүк төсек қиқы-жиқы түс ажары, Дастархан орамалы бейне желім, Сүртпей тұрып кір болды қолдың бәрі. Қолға ұстамай шошисың сулық түрін, Қолға өзі жұқтырады бірер кірін. Ұялама, болмаса сөге ме деп, Сүрткен болып қоясың қолдың қырын. Үй әйелі қыдырғыш болса салақ, Ұялмаса әрине болады олақ, “Олақтан салақ жаман”, - дейді халық, Үйренген жөн жақсыдан қылып талап. 1910 жыл ЫРЫЗДЫҚ Жоқтан бар қып ырыздық беруші – Алла, Пәруар қақ ерікті не қыларға. Құдіретпен көндіріп барлығына, Бүгінде мұқтаж қылды осы тарға. Ғұрпым-қазақ, Байжігіт-Мәмбет елім, Тіршілікке келмейді нелер керім. Хан Ежен билеуші Мәгәр амбы, Тарбағатай Азияда тұрған жерім. Қазақта ұрлық былықпа, пасық бақа, Кесірткі ел жылатқан бар нелерім. ........ Ұлығың шайтан болса әмірін күт, Содыр сойқан болса да сонда кілт.
______________________________________________________________________ 39 Егер сабыр қылмасаң басың кетер, Бұзық ұлық аямас қылма үміт. Сүбіқан өзі еткен соң хүкімия. Бізге нәсіп болыпты жарық дүниә. 1870-те алтыншы жыл Туыппын, қисабым мелладиә. МОЛДАҒА Жан шошыр, өлім қалың халайықта, Молдалар ысқат підиә алайықта. Өлгендерді жуайын, олжа алайын, Мені кіргіз тәуібіне ылайық-та. Деп айтып, сыбырлап та, жекелеп жүр, Жаназа оқып алсам деп қарасын бір. Олжалас қылса, мені, мен алсам деп, Жемтік көрген құзғындай қылқыңдап тұр. Молдалар зыр жүгірді дәрет алып, Өлікке молда риза, халық налып. Дәл осы ниетпенен пыдиа алған, Бір қанша молда көрдім, мұным анық. Нәпсім-ау, көремін ғой сенен жапа, Аларда теке-жезде, ешкі-апа. Әр жерде ыбыр-сыбыр, жылдам жүріс, Қиянат істеріңнің бәрі қата. Өзі өлгісі келмейді олжа алуда, Пайда іздеп, сыбырлап, сөз салуда. Аз берді, көбірегін анау алдыДеп кейіп, құлқы жаман бос налуда. Осылай жүргендер көп дүние кезіп, Нені сүйер, нені ойлап, неден безіп?
40 _____________________________________________________________________ Берік ниет, хақ көңіл көре алмадым, Білмедім не парлаған, нені сезіп. 1921 жыл ДҮНИЕ ҚОРҒА Пенделік нәпсіге еріп дүние қуған, Талай бекзат жан өтті нағыз туған. Ешбіріне жолдастық опа қылмай, Айырылды жиған дүние көпті дудан. Болмайтынға болдырма, ойлан бөгел, Қанша дүние жисаңда қайғы түгел? Батырдың жұмысындай күнде қайнап, (батыр-жұмыскер адам) Тәмәмдалмас болсаңда қанша шөгел. Байлық деген болады ақыл-қанағат, Ойлаңыз, адал ниет көп жамағат. Іштарлыққа ынтызар болмаған жөн, Ондайларға болады іс қабағат БҰЛ ЗАМАНҒА Қалам алып, қағазға салдым сызық, Дүниенің көбі уайым азы қызық. Бас салып, алып ұрма мықтылар көп, Қиянатшыл, өктемшіл пиғыл бұзық. Қазақтың көбі қоян осы кезде, Адам-ақ тең жаралған рас сөзде. Қырғиға бөдене мен кекілік жем, Адамдардан табылар бұл мінезде.
______________________________________________________________________ 41 Қасқыр жейді, борсықта басып қойды, Адамбыз деп көрсетіп жүрміз бойды. Әр орында азық қып ерік бермей, Қазақтың егеспенен есін жойды. БАЛА ТӘРБИЕСІ Мақал бар: «Ақыл жастан, асыл тастан», Тәрбие тәуір болса әуел бастан. Баланы дәйім жуып таза өсірсін, Анасы татымасын шуәл астан. Күнде дәйім шомылдыр жас баланы, Бала – асыл тас әбзәлінің анық дәні. Емшектің терін, кірін жуып еміз, Зор аманат анада бала жаны. Дәреттенбей, жуынбай емізбеңіз. Ғылым, еңбек, тазалық болады егіз. Тіл шықса, әуелі ата-ана дегіз. Қолыңды әбден жуып тағам жегіз. Таза ұста тән киім ішер асын, Болар сауап қайыры ұшан теңіз. Бөтен пиғыл үйретпе боқтық сөзді, Кірсіз таза жүруге ашып көзді. Әдеппен ашық жүзбен, анық сөзбен, Қатарға қос жол көрсет бір мінезді. Иран халқы тіл шықса жас баласын, Анасы оқытады сөз данасын. Бұдан ары ұстазбен жалғасады, Тағылымды елдегі үлгі бір жарасын.
42 _____________________________________________________________________ ҮКІРДАЙҒА Дұғай сәлем Жалбаққа, Бүйідей ти жан-жаққа. Ұрлатып елден айдап ал, Еңбектеніп мал бақпа. Әлің жетіп тұрғанда, Әлсізді жәншіп жармақта. Төңіректен ізде жауыңды, Қарама құдай аруаққа. Ол дүниеге Үкірдай Ойладың ба жылқы айдап? Салтанатпен бармаққа, Қиямет жолы жіңішке – Жылқы өтпейді ары жаққа.
ШАЙ ҮКІРДАЙҒА
Ол рас сөктің мені Үкірдай шай,
Әр істің мәнісі бар емес қой жай.
Баланы жастан, әйелді бастан деген,
Көненің айтып кеткен сөзі қалай.
Мұқашжан ерте тұрып жылқы жыйды,
Бұл жұмыс өз көңіліме кәміл сыйды.
Бүгін – бай, ертең – кедей уақыт жетсе,
Еңбекпенен тағамын тауып жейді.
Сынаптай сырғымалы заман сыйқы,
Адамды аздырады артық ұйқы.
Арымас ат, тозбас тон, еңбек-білім,
Басқасының болады түбі шүйкі.
______________________________________________________________________ 43 ****** Ия Алла, ризамын пәрменіңе, Адамнан ғып жан берген жәрдеміңе. Тағы да пайғамбарға үммет етіп, Жол көрсетіп қоғамға алғаныңа. Мұсылман Ислам дінін нәсіп етіп, Өзіңді тану жолға салғаныңа. Ал енді тіршілік қып, күнелтсін деп, Жіберген пәни дүние жалғаныңа. Күнде аптап қайғы-қасірет қалыңдаған, Шүкірлік мұндай күйге қалғаныма. Рахман жарылқауың болар ма екен, Мақсұтлы жетер ме екем арманыма? 1910 жыл
44 _____________________________________________________________________ СЕЙІЛХАН ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТЕР Бір жылы көктемде Тастының бойында, Жаршапқан деген жерде Айса Қажының жылқысы жатады. Күзетте Жүніс, Долда, Мұқаш бар. Таңға жақын жылқышылар жантайып, көздері ілініп кетеді. Жылқының шұрылдағанынан оянып, төре жайлауға қарай жылқы қуып бара жатқан дүбірді естиді. Мұқаш ауылға шауып, Жүніс ұрлаған жылқыны қуып кетеді. Төре жайлаудың үстіне шыққанда, үстінен қуып жетіп оқ жаудырады. Жеті ұрының бесеуі аттарды тастап, қалың орманға кіріп құтылады, екеуі қолға түседі. Қолға түскен екі адам Жалбағай үкірдайдың інілері. Шор желке Ыбырай деген кісі. Тағы біреудің атын ұмыттым. Сонан ер тоқымды, жеті жылқыны, екі ұрыны жылқыға қосып қайырып тұрады. Осы мезгілде Сейілхан да жетіп келіп, ұрыны жылқымен қосып ауылға әкеледі. Екеуінің аяғына кісен салып, “Үйге келген қонаққа шыны әпересің, қолына су құясың”- деп жібермей ұстайды. Бір айға дейін артынан ешкім келмейді. Сейілхан Жалғабай үкірдайға кісі жібереді. « Келіп мына кісісін алсын, кісі керексіз болса, Жамбылға өткіземін», - дейді. Жалбағай бірнеше билерін жіберіп, екі жақтың билері Үкірдайға үлкен айып кесіп, ұрының жеті атын – қанды ат деп жылқыда қалдырып, жеті ер тоқымды қайтарып, істі бітірген екен. «Дұғай сәлем Жалбаққа» деген өлең осы тақырыпта жазылған секілді. СЕЙІЛХАН... Сейілхан Мәмбет елінің жұнғайшысы болып сайланады. Халықтың малын санап, малының санына қарай қойға шағып бір қанша қойды белгілеп, үкіметке өткізеді. Мұны Жұнғайшы дейді екен. Осындай жұмыс үстінде Жалбағайдың баласы Сәдуақас қойымды
______________________________________________________________________ 45 қайшылатпаймын деп Сейілханмен қарсыласып, Сейілхан күш бермей, қойын қайшылап кеткен. Жалбағаймен Сейілханның арасындағы қайшылық осыдан басталыпты... 1920 жылдары 50 үй шамалы қытайлар мен дүнгендер Советпен шекараға апиын салады. Бұрған деген жерге орнығады. Халықтың жарамды көлігін сұраусыз алып кетіп, жігіттерді айдап апарып қопын қаздырады. Алты зәңгі елден алты ат, алты кісі шабарман алмақшы болады. Бұған Дұңдарын деген адам басшылық етеді. Сейілхан: «Ат бөлмейміз, адам бермейміз, бұлар өз бетімен келген кәсіп іздегендер, бұл іске халықтың қатысы жоқ, арызданайық», - деп басқа зәңгілерге айтса, олар қорқып көнбейді. Дұндарын қарсы болғандарды қопынды тонады деп жала жабады. Сейілхан Жамбылға барып арызданып, бұны тексеруге Шиқалдай шығып бірінші – Еміл, екінші – Сарыбұлақ, үшінші – Құсақ, төртінші – Шағантоғай, бесінші – Тасты, алтыншы – Шүршіт, осы қара ауылды қоса тексеріп, алты қара ауылдың бастығы да Дұндарын екен. Осы барыста Дұндарынды жазалап, халыққа зәбір тигізбей өз бетімен жүретіндей етіп жуасытып кеткен. Және алты қара ауылдың, отыз қазақ, отыз қалмақтың бастығы болған Дұндарын айып тартып халыққа тиіспейтін болған. СЕЙІЛХАН ЕСТЕЛІКТЕРІНЕН Ізбасарұлы Әлінің бейіті Аякөздің бойында Қарасулы Тастақ дөңгіл жердегі Қорған бейіт. Сәнік Әліұлының бейіті Қарабұлақтың жиегінде, бәйбішесі Нақ деген кісі екеуі бір қорғанда. Сәнік 1774 жылы қой жылында туып, 84 жасында жылқы жылы өлген деп жазады. Ақмырзаұлы Шәумен айтады: «Мәмбет Қожақұл елі Тарбағатайдан асып құлыштай Қарағашқа ит жылы
46 _____________________________________________________________________ келген екен. Үшбу ит жылынан есеп қылғанда, 1910 жылы 109 жыл болған екен. 1802 жылы келіпті. Жақас және Құлбекке мыңдаған жылқы осы жерде біткен. Сәнік атам қайтыс болғанда 27 жаста едім», - дейді Шәумен. 1911 жылы Шәукең осылай деді. Сәнікұлы Сегізбай 1813 жылы туып, 1886 жылы 73 жасында опат болды. Бейіті Қарағашта Әулиебұлақ бойында. «1876 жылы айдың күні апам Үкі Міндиярқызының айтуынша дүниеге келіппін. Айсақажы Сегізбайұлы (1829-1889) Асылбай Сегізбайұлы (1835-1909) 1866 жылы қазақ орысқа бодан болды, қоян жылы. 1870 жылы Сүлеймен болыс болды. Келесі қоян жылы 1875 жылы Қоңырат Тоқжігітұлын керейлер өлтірді. 1879 жылы сьезде құн кесілді. 1893 жылы бірінші октябрьде Қытайға қарадық», - деп жазған. СҮЛЕЙМЕН ТӨБЕ БАСЫНЫ ЖОҚТАУЫ Күллі Найман білетін, Ғаділбектің қадірін. Ешкім бұзып көрген жоқ, Жарлық еткен әмірін. Риза болып қазаға, Алланың күтіп сабырын. Жасында кетті қырық алты, Тигізбей жанға зәбірін. Өлең етіп айтайын, Дұғасының қабылын. Әр нұсқадан сөйлейін, Ақылының кәмілін... Біраз баян етейін,
______________________________________________________________________ 47 Қалайша өткен назымын... Осыдан ойла, опасыз – Баянсыз дүние нәзігін. Байжігіттің ұйтқысы, Қажымас болат қазығым. *** Мырза қайтып дүниеден, Атам қалды жасында. Жиырманың ішінде, Қамқоры аз боп қасында. Үш Байжігіт бытырап, Береке болмай асында, Жерінен ауған Байжігіт, Билік болмай басында. Қарағашқа жиылып, Жаны ашыған жақынға. Қонысынан қозғалмай, Ақылдасты жатуға, Ақылын тауып тұрған соң, Кім ермейді асылға. Мәмбет қайта құралып, Кезің болды бірік деп, Бас жоқ елдей бытырап, Байыпталмай жүрдік деп, Байдікіне келіпті. Алтынды тіреу кіндік деп, Тоқыр, Мыңбай, Буратай Кімді кісі қылдық деп. *** Жұрт болды ғой мұңлық деп. Атамды қолға ұстаған.
48 _____________________________________________________________________ Жас та болса ұлық деп. Арғымақ аунап, құт қонған, Аруақ шыққан түңлік деп. Мыңбай патиқ етіпті, Айтқаныңа тұрдық деп, Қиярыстан, Хакім бай, Әміріңе кірдік деп, Жаманбала, Отыншы, Жаңабай, Мәстек жүйрік боп, Ұлы қария патиық қып, Айтқанына тұрдық деп. Жиырма тоғыз жасында, Сайланып болыс болғаның, Атама тізгін беріпті, Ықыласпен сонша көп. Оралдан шыққан ақиық, Орнына барған асыл тек. Азулыға алдырмай, Жібермеген жауға кек... Шолақ... Нұрсапа, Сол күндегі замандас, Елшібай, Бапы, Жаманкөз, Кек алмай жаудан құр қалмас. Айдыным – атам, қорғаным, Исламбол соққан ақ алмас. Қарайған жүрек күйігі, Арыдан айтпай ағармас. Қасиеті ерекше, Қайран атам елге бас... Сейілханның бұл шығармасының толық нұсқасы жазылған және бір бөлім естеліктері жазылған дәптерімді 2002 жылы Зейнолла Сәнікке берген едім. Ол дәптер қолымда жоқ болғандықтан, Зейнолланың «Хан батыр Қабанбай» романындағы қысқартып кіргізген шумақтарды алып отырмын.
______________________________________________________________________ 49 *** Бір жылы Шай Үкірдай елдің жайлауға жаңа қонған кезінде Айсақажының үйіне бір топ адаммен келіп қонады. Таңертең ерте тұрып сыртта жүргенде Сейілханның ұлы Мұқаш таңғы көктің суына киімдері су болып, даладан жылқы жиып келіп, жігіттерге құлын байлатады. Мұны қонақтар сырттан көріп тұрады. Мұқаш үйге келіп, киім ауыстырып, қонақтарға келіп сәлем беріп, шайға шақырады. Шай үстінде Шай Үкірдай Сейілханды сөгеді: «Жалғыз ұлыңды неге таң атпай жылқыға жібересің? Дәулет мынау, жігіттер мынау». Сонда Сейілхан бір жапырақ қағазды жазып, үкірдайдың хатшысы Тотия Қыдырмаға береді. Қыдырма қағаздағы үш шумақ өлеңді оқиды. «Ол рас – сөктің мені үкірдай Шай» деген өлең осы тақырыпта жазылған секілді. Осы әңгімелерді менің әкем Қамаш Қыңырбекұлы айтушы еді. *** 1991 жылдың басында “Қабанбай зираты қайда”- деген айдармен Республика бойынша іздеу салынған. Сол тұста әркім әр түрлі пікір жазбаларын газет бетінде ұсынған. Әңгіме Сейілхан жайлы болып отырғандықтан, сол қатарда мен де төмендегі деректі пікірді Мақаншы аудандық “Ленин туы” газетіне 26 қазан 1991 жылы шыққан газет бетіне жазған едім. Осыны кіргізе кетуді жөн көрдім. Аудандық “Ленин туы” газетінде осы жылғы қыркүйектің 28 жұлдызында Дәуітбек Нұртазаұлының “Қабанбай ұрпақтарына хат“- деген мақаласы “Ойды ой қозғайды”- деген айдармен басылды. Ондағы айтылған пікірлер бізге, Қабекең елі мен ұрпақтарына арналғандықтан ынта қоя оқып шықтық. Біріншіден –
50 _____________________________________________________________________ қымбатты Дәуітбек, сіздің ұлы бабаңыз Қабанбайдың мәңгілік мекені жайлы ізденіс пен толғаныста жүргеніңізге, пікіріңізді ортаға салғаныңызға ризалық білдіреміз. Екіншіден – Қабанбай ұрпақтары атынан сіздің мақалаңызда айтылған жайларға орай бабамыздың зираты жөнінде төмендегі деректерге негізделген жауап қайтаруды жөн деп білемін. Зират жайлы айтудан бұрын ойымды айту үшін Сейілхан Айсаұлы деген адаммен таныстыра кетейін. Қабанбай батырдың кенжесі Әліден туған сегіз ұлдың бірі – Сәнік. Сәніктен туған 9 ұлдың бірі – Сегізбай. Ал, Сезізбайдан туған төрт ұлдың бірі – Айса. Мен таныстырғалы отырған Сейілхан -Айсадан туған бес ұлдың бірі. Көріп отырсыз, Сейілхан Қабанбайдың бесінші ұрпағы. Мекен жайы Шыңжаңда Шағантоғай ауданында болған.Ол 1876 жылы туып, 1922 жылы қайтыс болған. Бұл жерде тағы бір ескерте кететін нәрсе, қай заманда болсын үш ұрпақ: әке-бала-немере арасында жанды байланыс болады. Ал төртінші, бесінші ұрпақ арасындағы уақыт нақты фактілер шындықтан алшақ кететін аңызға айналатындай ұзақ болмайды. Сонымен Сейілхан өзі жасаған дәуір мен ортаның озық ойлы адамы, сауаты толық, атқа мініп,ел тізгінін ұстаған айтулы кісі болған. Сөзіміз дәлелді болу үшін бұрынғы өткен үлкендер “Әсет ақынның Сейілхан өлгенде шығарған жоқтауы” - деп айтып отыратын мына жолдарды келтірейін. Ол былай басталатын: Тайынан атқа қосылып, Бәйгеден келмей қалып па? Ат көтермес шой еді, Алысқан дұшпан алып па? Бітімсіз жерде дау болса, Пайдасы тиген халыққа.
______________________________________________________________________ 51 Құдай үшін қайран ғып, Аш жалаңаш арыққа. Ел көшкенде қайран ер, Қалады-ау жалғыз халықта.... Өкінішке орай мұны да толық білмейміз. Осы жоқтауды білетіндер болса толықтырып айта жатар. Мұндағы “Құдай үшін қайран ғып” –деп отырғаны 1916-1917 жылдардағы босқындарға Сейілхан жұма сайын молынан тамақ жасатып, ғаріп-ғасірлерге бергізіп отырған. Мұны халық “жұма қазан” деп атап кеткен тайқазан екен. Сейілханның жұма қазанының шапағатымен көптеген адам аштықтағы ажал аранынан аман қалған. Мұны Әсет ақын көрді деуге де мынандай дәлел бар: Қоныстан біз қозғалдық өткен жылда, Қайғы бар жан иесі әрбір құлда Мың тоғыз жүз он жеті, оныншы март, Шұбырып Қожеке өрлеп келдік мұнда... - дейтін Әсет өлеңінің жолдары бар. Әсеттің жалғыз ұлы Қожеке сол жылдардағы босқында Қожеке сайында туғандықтан аты солай қойылғандығын біздің ауылдың үлкендері айтушы еді. Сейілхан Айсаұлының зерделі, білімге құштар адам болғандығына тағы бір дәлел келтірейік. Абай Құнанбайұлының жылы Қазанда Кәкітай Ысқақұлы бастырған кітабын Сейілхан 1910 жылдары қолына түсіріп, осы кітаптан көп тәлім алып, Абайды насихаттап өз ортасына ту қылып көтерген адам. Абайдың бұл кітабы Шыңжаңда тұратын қазақтарды елу жыл сусындатып, 1962 жылы менімен бірге Қазақстанға өтті. Және менің қолымда қырық жылдай уақыттан бері бас-аяғы толық емес, тозығы жетіп, кейбір жері жұлынған, Сейілханның өз қолжазбасы бар. Бұл кітап Ахмет Байтұрсыновтың төте жазу алфавитінен бұрынғы
52 _____________________________________________________________________ орта емлемен жазылған. Мазмұнына қарағанда 1900 жылдардан басталған естелік кітапқа ұқсайды. Бұл кітапта “Шәукең айтады, атам Сәніктің жылы қой еді, 84 жасында жылқы жылында опат болды. Өзім 27 жаста едім, жылым-ұлу. 1911 жылы 80 жасында Шәукең осылай деді“- деген жазулар бар. Қабанбайдың балалық шағында біздің елдің Есіл, Нұра, Арқа жерінде болғандығын өзіңіз дәлелдепсіз, қымбатты Дәуітбек. Бұл өте дұрыс. Бірақ Қабанбайдың бала кезіндегі тарихты бұрмалап, әркім өз ойынан тарих жасап, оны дүдамал деректермен бекітпек ниеттегі адамдарға қосылу қиын. Мысалы, осындай оғаш пікірлердің бірі елді Қабанбайдың 13-14 жасында Мақаншы, Жарбұлақ өңіріне орналастырып, Есенбайды Тоқта тауында өлтіріп қояды. Шындығына жүгінсек, бұл кезде осы маңай сыңсыған жоңғар қалмақтарының мекені болған. Одан кейін Қызай мекендеп, Қызайдан кейін Байжігіт елі қоныс тепкен екен. Бұған дәлел ретінде Сейілханның мына жазуын келтіруге болады. Шәумен Ақмырзаұлы айтады: Мәмбет, Қожағұл елі Тарбағатайдан асып ит жылынан қисап қылғанда биылғы 1910 жылғы ит жылында бұған 109 жыл болған екен. Мәмбетке, яғни, Жақас, Құлбекке мыңдаған жылқы, мыңдаған қойлар осы жерде, Құлыстай, Ұзынағашта біткен”- деп жазылған. Осы дерекке сүйенсек, Байжігіт елінің осы өңірге 1802 жыл шамасында орын тепкенін білу қиын емес. Сонымен қатар айтылмыш естелікте өз аталарының туған, өлген жылдары, зираттарының қайда орналасқандығы туралы деректер де жазылған. Мысалы: “Сегізбай Сәнікұлы 1813 жылы тауық жылында туған, 1886 жылы 73 жасында опат болған,бейіті Әулие бұлақ ағынының аяғында.... Сәнік Әліұлы 1775 жылы қой жылында туған, бейіті
______________________________________________________________________ 53 Қарабұлақтың жиегінде. Бәйбішесі Нақ деген кісі екеуі бір қорғанда дейді” –деп жазылған. “Әлі бабамыздың бейіті Аягөздің басында Қара сулы дөңгіл тастақ жерде қорған бейіт” – деген дерек бар. “Ізбасар Қожағұлұлының бейіті (Қабанбай бабамызды айтып отыр) Ғазіреттің Қаратауында әулиелердің мазарына қойған екен” – деп жазылған. Сейілхан естелігінде, жоғарыдағы Әлінің, Сәніктің, Сегізбайдың зираттарының орыны дұрыс жазылып көрсетілгендігін бүкіл халық қуаттайды және сол орынды көрсете алады. Біз Қабанбай ұрпақтары оқиғаға, дәуірге сабақтас жазылған осы естелікке сүйене отырып, Қабанбайға жеке зират соғылмаған, қасиетті орындағы дайын мазарға қойылған деп санаймыз. Бұрынғы дуалы қариялардың айтуы да солай. Ал сіз айтып отырған Қыдырмолда Әділбековтің айтып жүргені “Бәлен-екеңнен” естідім деген негізсіз дақпырт қана. Өйткені біз бала күнімізден Қыдырмолданың жанында жүріп бірге өскен адамдармыз. Сіздің екінші бір дәлеліңіздегі айтылған Нәби Дауылбаев ұзағанда жетпістерде шығар. Сонда қалай болғанда естелік иесі Сейілхан өлген жылдардың ар жақ, бер жағында туған бала ғой. Сондықтан ол кісінің сөзі малдануға татырлық дәлел болмақ емес. Қорыта келгенде, Әлі бабамыз өз әкесі Қабанбайдың қайда қойылғанын сөзсіз біледі, оны өзінің баласы Сәнікке қалай да ұқтырды. Сәнік өлгенде Шәумен 27 жаста екен. Сейілхан өз естелігін Шәукеңнің аузынан жазып отыр. Ол кезде Шәуменнің тұстастары болған Асылбай, Айса, Шатан, Әнкежан тағы басқа сұңғыла салауатты қариялардың тірі кезі. Оны былай қойғанда, Сейілханның өзі Қанағат болыстың әкесі Сүлеймен төбе басы қайтыс болған кезде атқа мініп, ел басқаруға кіріскен жігіт ағасы.Қабанбайдың зираты туралы деректі естелікке түсіргенде, өзіңнен үлкен шежіре қариялар сөзіне жүгініп отыр.
54 _____________________________________________________________________ Сондықтан осы естеліктегі деректерді негізсіз деуге ешбір хақымыз жоқ. Қабекең өмірі мен тарихын зерттеуге талпынып жүрген барлық зерделі азаматтар менің қолымдағы Сейілхан естелігін көремін десе қарсылық жоқ. Ендігі міндет зерттеушілердің еншісінде қалып отыр. Олардың зерделі болуын, нақты дерек-дәлелдерге сүйеніп, салауатты тұжырым ұсынуын қалар едік. Қайырғажы Қыңырбек, Қаратұма ауылы.
______________________________________________________________________ 55 ІІІ ТАРАУ “Саңлақтар” кітабыма кірмей қалған және кейіннен жазылған өлеңдерім ЗАМАН – АЙ..... ... Әй, біздің мына заман-ай, Өркендермісің аман-ай... Тайғақ табан секілді, Жылуыңның шабаны-ай... Атқа мінген адамың, Залымдыққа маман-ай. Қопара жесе тоймайтын, Жабайы жүрген қабан-ай... Тарармысың мұнымен, Бата ма елде қараң-ай?... Бай аз ғана, кедей көп, Көз жасы алты тарам-ай. Екі алып биге шығады, Басқарушың арам-ай... Сүліктерді көбейткен, Бет алысың жаман-ай! Таңды атып құлатқан, Ерікті сөзді жылатқан...
56 _____________________________________________________________________ Әділдіктің мойнына, Қыл бұрау салып бұратқан. Пәле-қаза, жаланы, Күйедей жағып сұратқан. Мойындама, мойында, Темір торға сұлатқан... Көзіккендерін көзсіз күш, Қанды жасын бұлатқан. Жазықсызды жаламен, Тұқырта басты құлақтан. Қорлық-зорлық, қысастық, Мұныңды кім ұнатқан. Тұнықтық жоқ ісіңде, Болашағың мұнартқан... Әй, заман-ай, халықтың, Үміті қайда қол артқан? Кенелмек болған жеңіске, Суынды жүрек құмартқан... Шалысын айтса шамданып, Қылша мойнын бұратқан. Әй, заман-ай, заман-ай, Кір іздеген тырнақтан. 2000 жыл ЧЕМПИОНДЫ СҰЛАТТЫ Тарс-тұрс еткен дыбыстар, Арысы-күрісі тыныстар. Былғары қолғап тоқпақтап, Жүріліп жатыр ұрыстар.
______________________________________________________________________ 57 Басың көзің демейді, Ұшырады үрейді. Шайрасқан бура секілді, Асырсам дейді мерейді. Білектің еті бұлтылдап, Қимылдары лыпылдап. Денеден шып-шып тер шықты, Кетті ме жүрек лықылдап. Қабақтардан қан шығып, Кеңсіріктер жаншылып. Намысты қолдан бермейді, Кетпесе болды жан шығып. Зіл батпан соққы батса да, Өкпесі өшіп жатса да Үмітін елдің ақтамақ, Сілесі әбден қатса да. Зеңбіректей зор екпін, Қуантып басын әр оттың. Мексикалықты сұлатты, Қазақстандық Головкин. Шалқыды қазақ даласы, Бас чемпион баласы. Жасасын біздің – Головкин, Әлемнің жоқ таласы! 19 қазан, 2014 жыл КӘРІ КӨҢІЛ Білмеймін аздан бері көңілім алаң, Неліктен жабырқағыш болып барам. Бағып жүрген малымды ұры әкетіп,
58 _____________________________________________________________________ Бір күнде бос қалғандай болып қорам. Әлде осылай бола ма кәрі көңіл, Еңсені белгісіз бір басады зіл Соңғы он екі ай сөлімді азайтқан ба, Мұндай емес едім ғой былтырғы жыл. Құрдастар да келді ғой сексен беске, Ойды орып,қырды қырып,шапқан төске Еңкейгенім солардан ұят болар, Түрлентіп түсірейін сөзден кесте. Алдымдағы биік шың тоқсан болса, Шарықтап қыран көңіл соған қонса. Жазып жүрген кітаптың кем қосы бар, Тоқсанда бос парағы деймін толса. Бұл ойыма Құдайым тоқтата ма, Құрығын салам десе аттата ма. Көк кілемге оратып көлденең сап, Боздатып бәйбішеме жоқтата ма? Ризамын оныңа да патша құдай, Өзіңе танытпаймын бөтен рай. Аманатты алдыңда табыс етіп, Кету парыз көз жұмып,мойын бұрмай. Әйтсе де жүргенім жоқ өлім іздеп, Раббым жүрегімде жатқан ізет. Пендемін алуан түрлі ой ойлайтын, Кешіріп артық ауыз кетсем түзет. 2016 жыл ҚАБАНБАЙ БАТЫРҒА
______________________________________________________________________ 59 Ежелгі Қаракерей ер Қабанбай, Халқына қорған болған тас қамалдай Қара бұлттай жөңкілген Жоңғар қолын, Дауылдай ыдыратқан тыным алмай. Алқа көл, сұлама боп ел босқанда, Қыз сыңсып, кәрі зарлап үн қосқанда От пен суға түскен ер елі үшін, Ойда тонап кезеңнен жау тосқанда. Құдай артық жаратқан намысты ер, Кесек келбет берген хақ қайрат жігер. Қанға да, қараға да өтімді боп, Қалмапты Қубас атпен бармаған жер. Қырандай көк жүзінде қалықтаған, Алтай арқа Атырауға шарықтаған. Жүз үш рет жеңісті жекпе жекте, Өзіне жау найзасын дарытпаған. Жиылған Арғын, Найман, Керей, Уақ, Бармысың Қоңыр атпен Қара қыпшақ, Үлгілі би Ханзада ұрпағысың, Дүбірлі тойыңды өткіз соларға ұқсап. Ел қарыздар Батырдың еңбегі үшін, Жалғастырып келеді ерлік ісін. Бүгінгі егеменді елге қарап, Көңілі толып тұрғандай ұлы мүсін. Үржарда орнатылған мүсін тойында оқылды ҚАЗАҒЫМ
60 _____________________________________________________________________ Қазағым, халқым басылды көп жыл көңілің, Бейнетпен қайнап төгілді тасып көбігің. Қып-қызыл оттың ішіне тастап жасытты, Сұм тағдыр басып отаршылдықтың көрігін. Шетелде қанша бауырластарың жүр әлі, Кетіре алмай көкіректегі керігін. Иенде қалған иесіз малдай жүр олар, Талқысын көріп азулы арлан бөрінің. Намысың болса құшағыңды ашып жинап ал, Тілегі түзу қолқанат болар серігің Намызсыз болсаң мысқылмен күліп жүре бер, Кейпіне түс деп, малмада қалған терінің.
АУЫЛ ТОЗЫП
Бара жатқан секілді ауыл тозып,
Жан-жағыма қараймын мойын созып.
Көшелердің қоңырқай тіршілігі,
Адам аз бір бірінен жүрген озып.
Бұлда бір біз көретін заман екен,
Тарихтың өтпелі қадамы екен.
Жұмыспен қарбалас боп қайшалысқан,
Ауылдың қан тамыры адам екен.
Заман шіркін ауылымды түзетсе екен,
Жұтаңдықты жолатпай күзетсе екен.
Иесі жоқ бос үйлер иелі боп,
Осы бір қоңыр тұрмыс тез өтсе екен.
2015 жыл
ЖАҚСЫ АТ
______________________________________________________________________ 61 Топ кекіл, майда жалды, қылыш құйрық Аршынды тік сирақты тұрды биік. Жуан бақай төңкерген тостағандай, Тұяқтар жасалғандай тастан құйып. Талыс танау, отты көз, белі қысқа, Бөрі құлақ, аяма, айда алысқа. Тоқпақтай шатқа біткен шақпақ еті, Жылқыға сирек бітер мұндай нұсқа. Арқар таң мелжемді ұна арты талтақ, Шоқтықпен бірдей келген жая жалпақ. Кеуделі, кең омырау құлжа мойын, Мінсең алға тіленген емес жалтақ. Етсіз тақыр шағындау орақ басты, Шапқанда моншақ татар көзден жасты Көз көрім жерден қашқан ақ бөкенге, Әне - міне дегенше араласты. Біз қазақпыз осындай атқа мінген, Ат жалында ұл-қызы өсіп өнген. Ақ көңіл әрі ашулы мінезі бар, Ақ найза арынды атпен жауға төнген. 2015 жыл ЖҮСІПБЕККЕ О, қадірлі Аймауытұлы Жүсіпбек, Сендей болып қасіретті қақпанға біз түсіп пе ек Жүрегіміз қан жылайды тағдырыңды ойласақ, Сенің биік идеяңнан құдай куә күсіп пе ек. Алашымның азаматы ішіндегі бірегей,
62 _____________________________________________________________________ Қарт Қожаңмен ақ білегің кілкіп тұрған кілегей Әдебиет әлемінің көшбасшысы деп білем, Тәттілігі тілді үйірді, шұбырылды сілекей. Халқы үшін азап тартты жанын берді халайық, Қалың қазақ ер-азамат қарызды еске алайық Ұсақ-түйек Жүсекеңе татымайтын секілді, Асыл ерге саф алтыннан мүсін қойсақ лайық. 2014 жыл ЖҰМЫСКЕРМІН Жұмыскермін қара табан күс қолды, Күс қолымда темір тозып 83 жаз қыс келді. Күс қолыммен баспаналар басқалар да жасалып, Күс қолыммен тер тамшылап, қара жұмыс істелді. Күс қолымнан түскен емес ақ таяқ, Күс қолымды қусырмадым менде аяп. Нөсер жаңбыр, қарлы боран, қызыл шұнақ аязда, Күс қолымнан ырыс кетпей алып жүрдім көп тоят. Күс қолыммен сансыз қамба, сансыз құдық қазылды Күс қолдарым құт қол болып еселеді азымды. Күс қолыма Құдай қуат берді ме? Күс қолыммен төрт-бес дастан, қанша өлең жазылды. *****
______________________________________________________________________ 63 Ауылдан аттап шықпады қара табаным, Сары қиға піскен нанын жеп шойын табаның Қой ешкінің құрт-ірімшік майына бөгіп, Қымызын іштім қақталған тері сабаның Сондықтан да сүйегім қалың сом болды, Кигенім жылы қошқар түкті тон болды Қаланың тақ-тұқ шөп шалаңынан ауаша, Ауылдың нәрін еміп өскенім оң болды. 2014 жыл ШЕТЕЛДЕГІ ҚАНДАСТАРҒА СӘЛЕМ Қайтпаймыз елге Қорғаймыз жерді Ұмытар кім бар бізді? (осы әнмен айтылады) Егеменді елім, Еркімде жерім, Құтылдық біз отардан. Шат болды көңіл, Жайнады өмір Орын алдық қатардан. Оқыды жастар, Бақытқа бастар, Нұрланады болашақ. Сөгілген іргем, Құлдықта жүрген, Келмейді енді өткен шақ. Ұлт ара достық,
64 _____________________________________________________________________ Тілекті қостық, Бастаушымыз Нұр Отан. Шекарам берік, Тұр әлем көріп, Сынбайды ағаш бір тұтам. Сағыныш қозған, Шет елге тозған, Жиналыңдар қазағым. Басыңды қосып, Қайт елге жосып, Аздықтың тартпа азабын. Ата жұртты ойла, Беліңді байла, Ұрпағыңды елге қос. Отаның үшін, Арналсын күшің, Бастаңдар елге ұлы көш. Тебіренсе жаның, Қызынса қаның, Сендер үшін зор кеңес. Ез тойған жерге, Ер туған елге, Менен шыққан сөз емес. Кіна артпа маған, Ой салып саған, Мен айтпай кім айтады. Мұңдарын шағып, Қанатын қағып, Құс та кері қайтады.
______________________________________________________________________ 65 Үзілген қылдай, Бөлінген шылдай, Не шығады жортудан. Баянды бақыт, Орнықты тақыт. Табасың биік көк тудан. Тастадық ұран, Шеттегі қыран, Салиқалы саңлаққа. Бабадан тәмсіл, Уық болып шәншіл, Қара орман ұлы шаңыраққа. Толықсып халық, Астана салып, Белгіленді әлемге. Тілек бұл айтар, Қандасты қайтар, Жар саламыз әр елге!!! 2015 жыл ҚҰТ ДАРЫҒАН ЖЕРІМ Ұлан байтақ құт дарыған жерім, Көңілі дархан бауырмалды елім. Кіндігімді кестің, сенде туып өстім, Бақытым зор деп білем менің. Бай бақытты күндеріңнің бүгін, Жеткізе алсам айтып мыңнан бірін. Жиырма үш жыл өтіп, өркенді елге жетіп, Жайнаттық біз көңілдің гүлін.
66 _____________________________________________________________________ Халқың тыныш, іргең бүтін сенің, Тілегі сол басқаның да, менің Ойыңда жоқ алаң, еркін өсті балаң Қазақ елі бекіді белің. Нұр үстіне бола берсін нұр тағы, Көкірегімде бір мақтаныш тұр тағы. Ұл қыздарың жұп боп бір біріне құт боп Өркен жайды өсті ұрпағы. Тұнық болды еліміздің заңы, Арайлады, атты алтын таңы Гүлдене бер заман, ел борышты саған, Тек өзіңсің еліңнің сәні. 2014 жыл РОЗА ӘЛҚОЖАҚЫЗЫНА 2013 жылы 15 маусым күні телеарнадан берілген шығармашылық кешінде. Жеткізе алар ма жүректің, Жан сырын, жасырын “Жас қалам” деген әннің әуенімен айтылады. Роза Әлқожақызысың, Тегі бар тектінің көзісің. Мың алғыс өсірген анаңа, Роза Бағланның ізісің. Сахнаның сайраған бұлбұлы, Ажарың жайнаған қыр гүлі Бұрала бұлықсып шыққанда, Тұлғаңның байқалмас бір міні. Ақ тісің маржандай тізілген,
______________________________________________________________________ 67 Аш белің құмырсқа үзілген. Жұрт ләззат алғандай ақша жүз, Нұр шашқан қоңырқай көзіңнен. Ән залын толқытып тұрдың сен, Сұлу сөз таппадым саған тең. Оң көздің астына жарасып, Орнапты тарыдай қоңыр мең. Дауысың қоңыраудай сыңғырлап, Ақ күміс бұлақтай сылдырап. Сүйкімді жас бота тәрізді, Періште десті жұрт сыбырлап. Сазды әннің сиқырлы бұрмасын, Жүрекке жеткізіп тұрғансың. Сайрай бер қазақтың бұлбұлы, Халқыңның мейірі бір қансын. Сахнада жүрдің сен үлпілдеп, Қаншама бүйректер бүлкілдеп. Кеш бітіп телеарна жабылды, Таң қалып отырдым “шіркін”деп. ҮРЖАРЫМ-ГҮЛСТАНЫМ Үржарым Тарбағатай күнгейінде, Келбеті шуақ шашқан күн бейімде, Алакөл, Арасаны жанға шипа, Таза жұмсақ ауасын гүл дейінде. Жері кең Үржарымның шалқып жатқан, Жасыл бел, жасыл таулар нұрға батқан. Жері байдың елі бай деген осы,
68 _____________________________________________________________________ Халқымыз қойнауынан бақыт тапқан. Мақтан қып шұбат, суын, топырағын, Көкірегімді шаттыққа толтырамын. Алма, өрік сан жемістің иісі аңқып, Мәуелеп жайқалтады жапырағын. Күміс көл жарқыраған оң мен солы, Ертеден тарихы бар сырға толы. Батыс пенен шығысты жалғастырып, Жарып өтіп жатады Жібек жолы. Ақ берлі қабар асу тау биігі, Мекендер арқар, бұғы кер киігі. Үржарка алып өзен көлге құйған, Іздейтін осы емес пе жер ұйығы. Кейде ебі тазалық күйін шерткен, Жер бетін арылтады түрлі дерттен. Су тұнық, жұғымды шөп, таза ауада, Тай шығып, тоқты,шібіш төлін ерткен. Халқы бар малшы, егінші қойдан қоңыр, Төрт түлікпен жарасып жатады өңір. Сай саласы омарта бал ағызған, Жер асты жетпіс қабат толған көмір. Өркендей бер Үржарым-Гүлстаным, Егемендік көк туын тік ұстадың Бір өзіңе қарайтын алпыс ауыл, Сан түрлі жамыратқан жұмыстарын. 2015 жыл СӨЗ
______________________________________________________________________ 69 Сабылтып ойын санасын, Іздеген сөздің сарасын Ұлтының тілін ұлықтап, Әр істің берген бағасын Сөз ғана шағып сүйекті, Сөз жазған көңіл жарасын Әділ сөз ашып бере алған Қара мен ақтың арасын. Сөзінен халқы таныған, Адамның асыл данасын. 2014 жыл ҚОРҒАУШЫҢ БОЛЫП ҚАЛАЙЫН Құштар қып мені өзіңе, Түсесің жиі көзіме Әр түрлі ойда жүремін, Сырыңды алмай сезіне Ұнатып әлде жүрмісің, Қолдайтын мені пірмісің Жабырқау, жадау жаныма Шуағын төгер нұрмысың Көргенде сені сілкініп, Көзіме келер нұр тұнып Басатын пісің бар ма екен? Қаламын сөзге іркіліп. Тәуекел қарсы қарайын, Қасыңа жақын барайын Көңілімді ыстық суытпа, Қорғаушың болып қалайын. 1960 жыл ӨЛЕҢ
70 _____________________________________________________________________ Өлеңнің түп төркіні, сөз бен сөйлем, Сөзден сөйлем шығады, оны білем Абай айтқан уәзіңді сақтай білсе, Сөйлемдерден құралып тұрады өлең. Өлеңнің қазы-қарта, жал жаясын, Бере алса ақындар неге аясын? Сондай тәтті бір шумақ өлең тапсам, Мінгендей болам Асан жел маясын. Қазы қарта өлең бер көкірегім, Татымсыз көбік сөзге көпірмегін Түсіре көрме мені жел маядан, Тек өзіңнен осыны өтінемін. 2015 жыл ЖЫЛЫМ МЕШІН Мың тоғыз жүз отыз екінші туыппын мешін жылы Қаңтардың басы, сәрсенбі дейтін күні Күн шығып келе жатқан мезгіл екен, Қатесіз айтқан еді әкем мұны. Көрдім міне жеті мүшел, жеті мешін, Қадір тұтып, қарсы алдым таң мен кешін Қазақша декабрьді қаңтар дейді, Бұдан артық анықтап айтам несін Сексен үштен тоғыз ай асып тұрмын, Алланың өзі білер ендігісін. 26 тамыз, 2016 жыл БІР АДАМҒА
______________________________________________________________________ 71 Өзіңнен басқа жанды көре алмасаң, Қан бармай тандыр болған ойың қасың Жабайы мысық секілді алыстайсың, Адамзаттың тобына қалай қосам. Сүзеген сиыр секілді шадыр көзі, Қылығыңа маңайың болды мезі Қыр аспайтын қыршаңқы жылқыдайсың, Тебеген, әрі тістеуік сыр мінезі Улы жылан секілді жалаңдаған, Зәр шашқан сала құлаш тілің жаман. Өз ниетің өзіңе жолдас болсын, Сендейлерден басқаны қылсын аман. 2016 жыл КӨК ДӨНЕН Күмістелген жүгенімді, Көк дөненге жүгендеп Белдеуіме байлап қойдым, Ер тұрманын түгендеп. Қос құлағын қайшылайды, Ауыздығын басады Қос көзінің тұнықтығы Жалт жұлт етіп тереңдеп. Ауызын ашып есінейді Жан жағына елеңдеп Жарысатын жүйрік бар ма? Әкеліңдер көрем деп Көк дөненім көрген емес, Жылқы малын оздырып Жалғыз қара келіп жүрді Мақтанымды қоздырып Осы жолы көк дөненім,
72 _____________________________________________________________________ Көңілменен жарысып, Бара жатыр алыса алмай, Бір бірімен қарысып Екі жүйрік егескендей Бар өнерін салысып Қайта қайтып келе жатыр Көз ұшына барысып Көңіл озып келеді екен Теңдесі жоқ сетердей Ала бөтен арынды екен. Басып жәншіп өтердей Теңдігіне көз ілеспес Көкке атылып кетердей Ішім күйіп арең тұрмын Жұрттан қатты ұялып Есім шығып көк дөненді Мақтағаным бекердей Көк дөненім көтерілді Қағыстырды зөңгісін Айғайладым “Шап көк дөнен” Көңілден сен кембісің? Екі жүйрік таласқандай, Қатар зырлап барады Бір біріне десетіндей Менімен сен теңбісің? Озатыны көк дөнен бе? Әлде көңіл оза ма? Талқылада айт өздерің, Бебердім сөздің соңғысын. 2016 жыл АҚША
______________________________________________________________________ 73 Осы халық неге құмар ақшаға, Сыры терең, сиқыр бар ма ақша да? Нысаптарын тежей алмай жүр бәрі, Бірі мыңды, бірі миллион тапса да. Өйткені ақша бар мұқтажын шешеді, Қылыш кеспес қаттыны да, ақшаменен кеседі. Тірлігінің кепілі ақша болған соң, Тыным бермей күндіз түні көкейлерін теседі. Жауларымен жарасуға жүргізеді араға, Не қылсаң да, ағартып кел, деп жұмсайды қараға Мәңгі тірі жүрем, мені, алма деп, Тек ажалға, өткізе алмас параға. 2016 жыл БАҚЫТ Бақыт деген немене білесің бе? Бақыт жатқан нәрсе емес күресінде Жарық дүние бақытқа лықылдап тұр, Аз көп алу өзіңнің үлесіңде. 2016 жыл СОР Сор басады еңсесін еріншектің, Ондайларға аз кеңес берімсекпін Қар теппейтін малдарға ұқсатамын, Жерден басын шалмайтын бір тал шөптің. 2016 жыл “Саңлақтар” атты кітабымда Абай туралы 2
74 _____________________________________________________________________ өлеңім бар. ТАҒЫ ДА АБАЙҒА Қай қазақ еске алмайды дейсің Абайды, Абайды жазған, оқыдым мен де талайды Жарыса жаздық, жарыла жаздық Абайды Жұмбағын шешер, таппадық сөзді орайлы. Ұлы арман қуған, тірлікке күйкі бұрылмай, Заманнан озған күншілдерге де ұрынбай Көкірекке жарық, көңілге жылу беріп тұр, Мәңгілік болып, күн менен айдың нұрындай. ДӘРІГЕР ЕСЕНГЕЛДІ ҚАНАПИЯҰЛЫНА
Елу жыл бұрын көзімнің,
Алдында өскен баласың
Уақыт жүйрік зымырап
Алпыстан асып барасың.
Жас кезіңнен таңдадың,
Дәрігерліктің саласын.
Қырық жыл болды жүгіріп,
Арашалап келесің.
Өлім мен өмір арасын,
Ауру мен бірге ауырдың,
Жаныңның тырнап жарасын,
Жазылса бірге жазылдың.
Ауаның жұтып тазасын,
Дүзде дүз аман өсірдің
Жас туыт Ана баласын,
Кәрілерің де жалғады.
Тоқсан бес дүздің арасын,
Қыраулы қыстың түнінде
______________________________________________________________________ 75 Халқыңа бердің қырық жыл Тәтті ұйқыңның шаласын УКөрмеген сірә қиянат, Дәрігердің сендей сарасын Адамға қарттық жақын-ау, Зейнетке шығып барасың. Қайырлы болсын зейнетің, Көрсетсін тоқсан қарасын. Рахмет Есен аман жүр, Біз үшін сен дарасың!!! 27 тамыз, 2016 жыл ҚҰТТЫҚТАУ Сексен жыл бұрын перзентті болып Ата-анаң, Тойға деген қысырақтарды матаған. Құдайдан тілеп, болаттай берік болсын деп Атыңды қойып Болатбек деп атаған. Ат шаптырып, қыз қуғызып, теңге алған Кезі жоқ дейді тұстасынан кем қалған Тумада асқан аты әйгілі ерлермен, Батырбайдың абыройы тең болған. Батекеңнің қабыл болып тілегі, Болатбегі балапан құстай түледі. Қызды қия, ұлды ұяға қондырып, Атының басын сексенге бүгін тіреді. Сексен деген сергек ерге серілік, Қартайдым деп отыратын, мезгіл емес ерініп Жиырма қадам сексен мен жүздің арасы, Рекорд жаса жүз тауының биігінен көрініп. Сексеніңді тойлады бүгін ауылың,
76 _____________________________________________________________________ Ақ ниетпен дастарханға жиылып жатыр қауымың Шат көңілмен шарықтай бер, жасай бер Ауылдасым, әрі құда, әрі сыйлас бауырым!!! 27 наурыз, 2016 жыл ҰСТАЗЫМ ТУРАЛЫ
Мұқаметрақым Әбенұлы менің алғашқы ұстазым. Халыққа танымал аты – Мұқатай. Біз Мұқатай аға деуші едік. Бұл кісінің руы-Мұрын ішінде Құттымбет. 1910 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласының Мыңбұлақ ауылында туылған. 1930 жылы Қытайға өтіп, Шағантоғай ауданына қарасты Тасбастау ауылына орналасқан. 1932 жылы салынған Тасбастау мектебінің тұңғыш мұғалімі болып орналасқан. Көмекшісі өзінің туған қарындасы Күләш Әбенқызы болады. Бұл маңайдағы ел
негізінен Қожақұл елі болғандықтан, осы елдің көп азаматының көзін ашқан адам. Мысалы алдыңғы шәкірттері Қабдолланың Ахметбайы, Ақмардың Перщщасы, Шығыс Түркістан кезінде рота командирі болған, Даярдың Шыңғазысыаудандық есепші болған, Қанағатұлы Байділданың Дыңғазысын өзіне көмекші мұғалім етіп алған. Және Мұқанның Әбділдабегін де өзіне көмекші мұғалім етіп алған. Сол секілді Мансурдың Мержақыбы, Долданың Тұрсынханы, Жамаудың Ақырынбайы, Тәуірбектің Анарбегі, Қалидың Дінжаны, Қамаштың Қайырсләмі, Мұқаштың Рақманқұлы, Секілді толып жатқан азаматтар осы кісінің алдынан
______________________________________________________________________ 77 тәлім алды. Мен бұл кісінің мектебіне 1948 жылы 15 жасымда келдім. Менің қатарымда Зәмзәмнің Қасені, Қанапиясы, Мүбарактың Зейнолласы, Қозыбайдың Асырбегі, Дәлекінің Дүйсебайы, Бәкірдің Құсайыны тағы көптеген қыз жігіттер болды. Бұл кісінің киім киісі, жүріс тұрысы, сөз сөйлеу мәнері тұнып тұрған үлгі еді. Тік шыққан шынардай сұңғақ бойына әдемі киімдері жарасып тұрушы еді. Аққұба өңді, ашаң жүзді, дөңгелек көз, қыр мұрынды сұлу кісі еді. Сыртқы тұлғасына сай ішкі әлемі де таза қалтқысыз мейірімді жұмсақ мінезді адам еді. ҰСТАЗҒА Жақсылар ел есінде сақталады, Ел үміті солармен ақталады Қара да, хан да ұстаздан сабақ алып, Көкірек көзбен дүниеге жалт қарады. Ұстаздықтың аз емес шытырманы, Сезілмейді қабақтың шытылғаны Оқушының шыдаған татасына, Шыдамаса біледі ұтылғаны. Ұстаздықтың қыр сырын терең білген, Кешірімді кеңдікті назарға ілген. Мұқатай Әбенұлы үлгілі ұстаз, Күш қуатын шәкіртке сарқып берген. Ұмытпайды мектебі асқаралы, Ұмытпайды халқы да дос жараны. Риза болсын рухың асыл ұстаз, Шәкірттерің мәңгілік еске алады. Сол заманда перезенский деген қалың есеп кітап
78 _____________________________________________________________________ болды. Осыны шығара алмаған мұғалімдер Мұқатай ағаға әкеліп шығартып алушы еді. Бұл кісі 1953 жылы аудандық толықсыз орта мектебі Рустый мектебіне ауысты. Осыдан бастап 1955 жылдың көктеміне дейін Рустый мектебінің 7-сыныптарына математикадан сабақ берді. Мен 1954 жылдың қыркүйек айында Үрімжіге кеттім. 1955 жылдың қысында Үрімжіде оқып жүріп, Рустый мектебіне және мұғалімдеріме хат жаздым. Алтын ұя мектебім білім кені, Өсірген адал ұл қып сенсің мені. Алысқа қанат қағып кетсем дағы, Жадымда мәңгі сақтап жүрем сені. Дұғай сәлем ардақты ұстаздарым, Білемін білім егу парыздарың Сіздерді де сағынып еске аламын, Аз да болса қайтсын деп қарыздарым. Осылай бастап бірнеше шумақ өлең жаздым. Қолдарына тиген хатты 300 оқушыны залға шығарып, жиын ашып Мұқатай аға шешен тілімен оқушыларды шабыттандырып, хатымды мәнерлеп оқып беріпті. Кейін бірнеше оқушылар осыны айтып жүрді.Мұқаңның Мәулітқан атты жалғыз ұлы болды. Көбінше орыс мектебіне беріп оқытты. 1955 жылдың жазында руы Сұлу, Зимолланың Фарида деген қызына үйлендірді. Осы жылы қызыл паспортпен Совет үкіметіне қайтты. Өзінің туған ауылы Мыңбұлақ совхозына келіп, сол жылдың күзінде осы ауылдың мектебіне мұғалім болып орналасады. Ұлы Мәулітқанмен келіні Фаридадан 6 ұл,1 қыз, немерелер көріп,барлығын өзі тәрбиелеп, бір бір мамандық иесі етіп шығарған. Немересінің үлкені Қажетқан өзі секілді мұғалім. Немере қызы мұғалім. Құрметханы – инженер, сол секілді бәрі де
______________________________________________________________________ 79 бір бір мамандықтың иесі. Ұлы Мәулітхан орыс тілін, жазуын жақсы білгендіктен совхозда шаруашылықтың зоотехнигі болып, совхоз тарағанша қызмет атқарған. Мұқатай аға зейнетке шыққаннан кейін де мұғалімдігін үзбей істей берген екен. 5-6 жыл ғана дем алыпты. Бұл кісі гармон, мандалин, гитараны шебер ойнаушы еді. Дойбыға ешкім шақ келмеуші еді. Жастар қашан да арманшыл ғой, Мұқатай аға секілді өнерлі, әрі білімді жұмсақ мінезді таптаза жүретін адамға қарап, осындай болар ма еді деп армандаушы едік. Кейіннен шәкірттерінен көптеген мұғалімдер шығып, шәкірттер тәрбиеледі. Бұл кісінің тағы бір қыры ақын адам еді. Жас кезімізде Данияр дейтін қолжазба дастанын оқыдық. Ертедегі аңыз әңгімеден өлеңге аударып былай басталатын. Дүниеде өнер серік адамзатқа, Бір мысал сол туралы жаздым хатқа Лайық өнеріңе орын даяр, Халқыңнан дәм таусылып кетсең жатқа. Талпынып талапты істен тәжірибе еткен, Түбінде жетпей қалмас сол мұратқа Осы сөз осыменен тұра тұрсын, Айтайын бір мәселе жамағатқа. Бағдатта бір бай болған дәулеті мол, Тұсында басқа байдан артылған сол Шаужайға жерлігінде қақпады ешкім, Әр жерде бақыттыға ашық қой жол. Дәулетке ақылы сай инабатты, Ақ пейіл тілі майда саясатты Кем бағал ғұзырына жылап келсе, Тартпаған жомарттықпен ас пен атты. Осы байдың Данияр атты жалғыз ұлы болып, барлық
80 _____________________________________________________________________ пәндерді үздік оқиды. Дойбы, шахмат шатырнаш деген ойындарға жетік болады. Ақыры шетелге шығып, көптеген кедергі қастандыққа ұшырап, ақыры өнерінің арқасында барлығын жеңіп, мақсатына жетеді. Өте шебер тілмен қызықты суреттелген шығарма еді. Дастанның аяғында: Меллади 37 болған жылы Өлең қып жай нұсқадан жаздым мұны Құттымбет бергі ұраным затым Мұрын, Мұқатай қолын қойдым Әбенұлы - деп аяқталатын еді. 1945 жылы Күләш-Шайхан деген екі ғашықты үстем таптар қоспай, соның салдарынан Шайханның құсадан өлгенін баяндайтын трагедиялық дастан жазып шығарған. Қадірлі ұстазым Мұқатай ағаның рухын еске алып, халқымызға сіңірген еңбегін соңғы ұрпақтарының есіне салуды жөн деп білемін. Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді деген осы шығар. Бұл кісі 1987 жылы 77 жасында дүниеден қайтқан екен. Жаны жаннатта,тәні рахатта болсын! Арты жақсылық болсын! Рухына тағзым етіп еске алушы шәкірті Қайырғажы Қамашұлы. 2 қазан, 2016 жыл МАЗМҰНЫ
______________________________________________________________________ 81
82 _____________________________________________________________________
______________________________________________________________________ 83
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру