TELEGEI

Home

Ағыбай батыр

Kitap.kz

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ағыбай батыр

Ағыбай батыр

«БАБАЛАР СӨЗІ» СЕРИЯСЫНАН

ТАРИХИ ЖЫР

Жақсы ауыл, жаман ауыл – Баянаулы,
Өзара елдерінің аты даулы.
Қызылшілік осы өңірдің сол жағында,
Бір жылы ел қонысы соған ауды.

Сыртында сол шіліктің қаптаған мал,
Қойшының даусына келіппін дәл.
Көп қойдың ортасында бір түйеде,
Кеңескен екі қойшы, біреуі – шал.

10. Жас қойшы тыңдап отыр қасындағы,

Тымағын қолына алып басындағы.
Шынтақтап қатқан тонды кәрі қойшы,
Айтады әңгімесін жасындағы.
Ертеде болған екен ер Ағыбай,

Ол күнде ер болмаған Ағыбайдай.
Ағыбайдың алты алашқа аты шығып,
Ерлігін ол көрсеткен елге талай.
Білмеген Ағыбайды ел болмаған,

Теңесіп қарсыласар ер болмаған. 20. Ағыбайдың алты алашқа аты шығып,

Сол кезде ол бармаған жер болмаған.
Батырда бес жүз кісі нөкер болған,
Соғысқа шеттерінен шебер болған.
Шықпаған айтқанынан жолдастары,

Ағыбай не бұйырса соны қылған.
Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр тазы.
Теп-тегіс бар оларда қыс пен жазы.
Айтыс, той, ойын-сауық жоқ ол білмеген,

Және көп неше түрлі өнерпазы. 30. Жүреді қару асып жігіттері,

Шорлатқан алтын-күміс белдіктері.
Сап қанжар, айбалта мен қылшы екен,
Жауына көрсететеін ерліктері.
Асынған жіне белге қорамсақтар,

Жайы жоқ жауды көрсе жарам сақтар.
Бәрі әзір күндіз-түні өздерінде,
Ерлері меншіктенген елін сақтар.
Ол кезде жаугершілік заман екен,

Әдеті халқының да жаман екен. 40. Күшті елдің батырлары одақтасып,

Егескен елін шауып алады екен.
Қапияда дұшпанына кез боп қалса,
Тоқталып жұрдай болып қалады екен.
Кез болып бір жорықта қалың дұшпан,

Ағыбай соны есіне алады екен.
Кез болып, қалың дұшпан қамап алып,
Жолдасы қолға түскен жараланып.
Жолдасы Ағыбайдың ер Көлебе,

Келгенде жеке дара жекпе-жекке. 50. Жекпе-жек Ағыбайдан кем соқпаған,

Сүйсінген елі талай ерлігіне.
Туысы сұлу еді, сұңқар қабақ,
Айдыны Ағыбайдан артығырақ.
Жерінде жолдастары байқаушы еді,

Өрт мінез, аңғал еді батыр бірақ.
Атақты Алтай аты таудан арман.
Бар еді қалың қалмақ қоныс ауған.
Бастығы сол қалмақтың Құлаба батыр,

Сол еді Көлебені байлап алға 60. Бар еді ол қалмақтын жалғыз қызы,

Ізіндей құмырсқаның басқан ізі.
Аспанның астында жоқ ондай сұлу,
Мөлдіреп қарақаттай екі көзі.
Сыртынан талай қалмақ болған ғашық,

Бата алмас ешбір адам аяқ басып.
Бір күні жұртын жиды әлгі Ағыбай,
Келіпті жиылған жұрт бірі қалмай.
Ұнатып жиылған жұрт ақылдасып,

Батырға ерсін деді ер Таңбай. 70. Іріктеп сексен жігіт нөкер алып,

Жөнелді сол қалмаққа содан былай.
Көлденең көк найзасы, белде садақ,
Кигені үстіндегі күміс жарақ.
Басқасы жолдастардың қос-қос атты,

Ішінде дара мінген Ағыбай-ақ.
Баянның мына тұрған бауын құлай,
Асыпты кәрі Шыңғыс тауға қарай
Ертеде түік кезген Сарыарқаны,

Кезіпті ең соңында ер Ағыбай. 80. Шырылдаған бозторғайға әнін қосып,

Ән салған сексен жігіт дала шулай.
Жеке жұмбақ, ер жұмбақ, ертек жұмбақ,
Ғұмыры керуен боп өтті солай.
Батырлар сол бетімен он бес қонып,

Кендірлік өлкесіне келді жетіп.
Төрт-бес арада демін алып,
Қалмақты қарауылдап жатты күтіп.
Ағыбай сол арада жата тұрсын,

Қызыққа, ойын-күлкіге бата тұсын. 90. Қолаба Көлебені байлап алған,

Солардың аз сөйлейін әңгімесін.
Қолаба Көлебені байлап алған,
Мақтанып ол еліне алып барған.
Бекітіп қол-аяғын әлгі қалмақ,

Шынжырлап, терең қазып орға салған.
Көлебе бірнеше күн сонда жатты,
Болғанда бес-алты күн бір дәм татты.
Құдықта Көлебедей батыр бар деп,

Қара көз бағана айтқан іздеп тапты. 100. Қара көз біледі екен Көлебені,

Жас сұлу ғашық екен бір көргелі.
Құдықтан Көлебені шығарып ап,
Отырды төмен қара сөйлегелі.
Сен рас Ағыбайдың жолдасы ма?

Атақты ер Көлебе қолбасы ма?
Сені мен шығаруға ант беремін,
Төгілген қараймысың көз жасыма?
Қиямын бір сен үшін ел-жұртымды,

Ойлама өтірік деп бұл сертімді. 110. Неғылсам да шығаруға көңілім хақ,

Жалғыз-ақ білдір маған ниетіңді.
Көлебе жауап берді Қаракөзге,
Бар сөзін айтып сұлу болған кезде.
Сен сүйсең, мен де сені қабыл алдым,

Абылайдың әруағы – айғақ осы сөзге.
Үндемей түні шықты жым-жырт болп,
Сүйісіп екі жастың көңілі тынып.
Құшармын Қаракөзді деген шақта,

Бал дағы Қаракөздің кетті үзіліп. 120. Екеуі кетпек болды осы түнде,

Қалмақтан құтылуға сәтті күнде.
Қаракөз екі тұлпар алып келді,
Тастамай қару-жарақ, киімін де.
Екеуі мініп екі ақбоз атқа,

Білдірмей кетіп қалды көп қалмаққа.
Арқаның күнбатысын бетке алып,
Бастады Көлебе енді елі жаққа.
Шаң қайтып екі ақбоз ат ынталанып,

Үміті екі жастың жүрегінде. 130. Алтайдың ақтау алға асуынан,

Тоқтамай тағы да өтті ертеңінде.
Еліне қыз әкесі бүлік салды,
Кеткенін жалғыз қыздың біліп қалды.
Кетті деп, дұшпан менен дұшпан болып,

Қасына сегіз жүз кісі нөкер алды.
Қос жирен қос алғанның қос бедеуі,
Ішінен арша көкті таңдап алды.
Жарысты ұшқан құспен арам қатқыр,

Жетпеген Көлебеге несі қалды. 140. Жан өтпес жартастардан кетті қарғып,

Тау жарып жалғыз қалмақ асыр салды.
Бұлдырап сағым қуып Қолаба ұшты,
Артынан қарасын жұрт көре алмады.
Мінгені олардың да сондай жүйрік,

Сонда да жолдастары ере алмады.
Ағыбай үш күн жатып демін алған,
Жан-жаққа қарауылдап қарап тұрып,
Алыстан бір қараны көзі шалған.

«Аттан» – деп батырларды өзгерткенше, 150. Жақындап екі құйын келіп қалған.

Таңбай тағы байқап қара тұрып.
Дәл осы Көлебе деп айтып салған.
Көтерді ала туын Ағыбайдың,
Биікте қолында еді Таңбайдың.

Көлебе Таңбайға қарсы жүрді,
Көрген соң қарауылын Ағыбайдың.
Батырлар аман көріп көңілі тынды,
Қаракөз аттан түсіп сәлем қылды.

Ағыбай Қаракөзге риза болып, 160. «Жарқыным, көп жаса!»- деп бата берді.

Таңбай таңғы байқап айналаны,
Көреді келіп қалған бір қараны.
«Аттан» – деп батырларға хабар беріп,
Майдан қып тұра қалды бір қараны.

Қалмақ та тұра қалды жақын келіп,
Сайдағы Ағыбайдың туын көріп.
Ең мықтың жекпе-жекке тезірек кел,
Шашайын қандарыңды ұрттап төгіп.

Ағыбай күреңшеге өзі мінді, 170. Шақырып ескі әруақ, кәрі жынды.

Көлебе: «мен барайын кегім бар» -деп,
Өтініп Ағыбайға жол бермеді.
Қаракөз сонда айтады Ағыбайға,
Ініңнің айлалары түспеді ойға.

Әкемнің ашуланған кейпі жаман,
Қоймайды Көлебені енді жайға.
Айтқанша осы сөзді бітті жұмыс,
Сілкісіп батырлардан басталды ұрыс.

Сұм қалмақ қылышпенен қағып өтті, 180. Әйткенмен сұм қалмақтың беті дұрыс.

Көлебе тигізбеді қағып қалды,
Ол қалмақ қайта айналып найза салды.
Әлеуетті алып қолдық қаруымен,
Өкпеге сағасынан найза барды.

Көлебе жер бауырлап аттан түсті,
Сұм қалмақ кегін алып қанын ішті.
Ес кетіп Ағыбайдың әскерінен,
Қаракөз жансыз тәнді келіп құшты.

Ағыбай ол қалмаққа өзі барды, 190. Қалмаққа өзіндей қып найза салды.

Қорқырап аттан қалмақ құлағанда,
Қаракөз ақ семсермен басын алды.
Басынан Қолабаның дәурен өтті,
Кешікпей көп әскері келіп жетті.

Таңбай Қаракөзді сақтап тұрып қалды,
Соғысқа басқалары кіріп кетті.
Қалмақтың қашқандары қашып кетті,
Қашпаған мықтыларын қырып болды.

Найзаның қылышпенен қанын сүртіп, 200. Ағыбай Қаракөзге қайтып келді.

Құныңды өлгеніңше жоқтармын деп,
Құшақтап Көлебені зар еңіреді.
Еліне сөйтіп қайтып келді Ағыбай,
Бір жыл қатты қайғы көрді Ағыбай.

Тетелес Көлебенің ағасына,
Таңбайға Қаракөзді берді Ағыбай.
Сан сорлы сол секілді өткен талай,
Күн жоқта жетім болған әлем мен ай.

Жазықсыз сан сорлыны отқа салған,
Рақымсыз қара пейіл сұм жалған-ай.
Құдай-ау, айналайын Алла Тағалам,
Ғаламаға он сегіз мың жеткен панаң.

Жарандар аз айтты деп ғайып етпе, 214. Қиссасы Ағыбайдың болды тамам.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙