Жаңақорған
Адырбек Сопыбеков
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Жаңақорған. Адырбек Сопыбеков
ЖАҢАҚОРҒАН - КЕЛЕШЕГІ АЙҚЫН, КИЕЛІ ӨҢІР
Замана толқынымөн өткен, ғасырлар қойнауына еніп кеткен ғажап тарихымызды білу, одан кейінгі кешегі жүріп өткен сан тараулы жолымызды зерделеу және жаңа ғасырдың алғашқы он жылдығына қадам басқан бүгінгі жарқын өмірімізді сараптай отырып, алдымыздағы кемел келешегімізді бағамдау - ғибраттылық болмақ. Бұл қазіргі және өскелең ұрпағымыз ҮШІН де - парыз. Бұрыннан қаймағы бұзылмаған, ынтымағы мен бірлігі жарасқан, Алаштың Анасы атанған Сыр бойы, мұның ішінде Жаңақорған ауданы - тарихи шежіреге толы өңір. Олай дейтініміз, мұнда XІІ ғасырда Қыпшақ мемлекетінің, ХІҮ-ХҮ ғасырларда Ақ Орда мемлекетінің астанасы болған Сығанақ қаласы жатыр. Мұнда Орыс хан, Барақ, Әбілхайыр, Тоқтамыстар хандық құрған. Кезінде қырғидай тиген жоңғарлар шабуылына берілмеген, жеті қабат қорғандармен қоршалған Сауран қамалы да осы өңірде. Атақты Алпамыс батырдың әйелі Гұлбаршын сұлудың басына орнатқан күмбезді «Көккесене» орны да Қожамберді ауылының күнбатыс іргесінде жатыр. Тылсым сырын ішіне бүгіп жатқан, тарихы тереңге тартқан Құмиян мен Аққорған, Өзгент пен Ордакент секілді құм жұтқан қалалар мен қамалдар да осында. Ислам діні мен мәдениетін Сыр бойына алғаш алып келген, Мұхаммед пайғамбардың немере інісі әрі күйеу баласы Әзіреті Әлінің ұрпағы Хорасан Атаның (Әбдіжәлил Баб), апайтөс Қабанбай батыр мен ақын Ақтайлақ бидің ТҮП бабалары, Қылышты Атаның күйеу баласы Телегетайдың жамбасы да осы жерге тиген. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың, кешегі облысымызды басқарып кеткен, бұл КҮНДЕ республикамыздың Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің бабалары ХҮІІ ғасырда өмір сүрген Бақсайыс әулиенің бейіті де осындағы Төменарық маңында. Кезінде Самарқанды билеген Ақсақ Темір Сығанаққа келіп түстеніп кетсе, XІX ғасырдың ортасында Кенесары хан қоқаңдаған қоқандықтарды Жаңақорған қамалынан қуып шығып осында ТҮСІП, атының белін суытқан. «Сыр елі - жыр елінің» бір өлкесіне айналған Жаңақорған жыл өткен сайын өсіп-өркендеп, мәдениеті мен өнері дамып келе жатқан, келешегі кемел, адымы қарымды, тынысы кең аудан. Жаңақорған - Құлан ақын мен КҮЙШІ-композитор Әлшекейді, кешегі айтыс туын көтеріп кеткен Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкеновты, Халықаралық дирижерлар конкурсының Дипломанты, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық әртісі Төлепберген Әбдірашевті, әсем әндері жұрт жүрегінде сақталған композиторлар Бексұлтан Байкенжеев пен Нағызхан Жаманбаевты, Нұрберген Тастаев пен Тәңірберген Қалауовты берген, көмейіне бұлбұл ұя салған Құтбай Дүрбаев пен Әбужүсіп Баймұратовтай әнші-жырауды, тыңдаушысын асқақ ән мен төгілген термеге кенелтіп кеткен Есіркеп Қоңқабаев пен Әмір Мәжитовты туған өнерлі өлке. Есімдері елге танымал атақты академиктер Сұлтан Сартаев, Альфарид Илялетдинов, Бірлесбек Әлияров, Әбілхайыр Бақтыбаев , Мейірбек Молдабеков, Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков , сондай-ақ белгілі қаламгерлер Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті драматург Қалтай Мұхамеджанов, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжан, Тынымбай Нұрмағанбетов, Жақсылық Рахматулла, Республикалық ақындар айтысының жеңімпазы, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Әбілхайыр Сыздықов, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, әнші-композитор Әбдірейім Өміров пен Республиканың Мәдениет қайраткері, композитор-әнші Сауранбек Елеуов сынды тарлан таланттар осы өлкенің перзенттері. Еліміздің Тәуелсіздік алып, бұғанасының бекігеніне 17 жыл толса, осы Тәуелсіздіктің әр жылы өзінің ұмытылмас оқиғаларымен екшеленеді. Еліміз тұрақты даму, өрлеу жолына ТҮСТІ. Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстанды әлем таныды. Жаңа қоғамның жаңару, даму сипаты - қасиетті Сыр бойына да ортақ. Ауданымыздың эконсмикасы нығайып, мәдениеті артып келеді. Аудан халқының тұрмыс-күйі жақсара түсуде. Мал басын өсіріп, одан өндірілетін өнімді арттыру, егін шығымдылығын көтеру, шағын және орта бизнесті дамыту тұрақты назарға алынды. Шалқия кенішінің «Қазақстанның 30 корпаративті көшбасшьсы» бағдарламасына енуі, «Қазатомөндіріс» компаниясының басшылығымен Байкенже ауылдық округі аймағындә «Хорасан-1», «Хорасан-2» негізінде уран өндіру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізе бастауы - ен байлықтьң көзін ашпақ.
Жаңақорған - келешегі айқын, киелі өңір.
БІРІНШІ ТАРАУ
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЫ
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Жаңақорған ауданы - Қазақстан Республикасы Кызылорда облысының ОҢТҮСТІК шығысындағы әкімгершілік аудан. Аудан 1928 жылғы 17 қаңтарда құрылған. Аудан аумағы батыстан шығысқа қарай - 130 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай - 230 шақырым жерге созылып жатыр. Ол шығысында және оңтүстік-шығысында ОҢТҮСТІК Қазақстан облысымен, оңтүстік-батысында Өзбекстанмен, батысы мен солтүстік-батысында Шиелі ауданымен (Қызылорда облысы) шекаралас жатыр. Ауданның жер көлемі - 16,6 мың шаршы шақырым, бұл облыс жер көлемінің 6,8 %. Басқару құрылымы - аудандық әкімшілік пен аудандық Мәслихат депутаттарының жиналысы. Жаңақорған кенті - ауданның әкімгершілік орталығы. Жаңақорған темір жол стансасы Қызылорда қаласынан 178 шақырым. Жаңақорған облыс орталығы Қызылорда қаласымен Алматы - Мәскеу темір жолы және жалпы мемлекеттік маңызы бар Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе автожолы арқылы байланысады. Аудан орталығы шаруашылықтармен, елді мекендермен республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдар және темір жол арқылы байланысады. Аудан орталығынан ең қашық «Көктөбе» ауылы -108 шақырым, қалған шаруашылықтар 20-60 шақырым қашықтық төңірегінде орналасқан. Аудан көлеміндегі республикалық маңызы бар жолдың ұзындығы 228 шақырым, мұның ішінде 167 шақырымдық жол Жаңақорған - Түгіскен - Қандөз - Балтакөл арқылы өтеді. Бұл жол дарияның сол жағалауындағы барлық шаруашылықтарды аудан орталығымен байланыстырады. Бұған қосымша 33 шақырымдық Жаңақорған -Байкенже жолы бар. 2008 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша аудан орталығында 23400, ал жалпы аудан аумағында 73 300 тұрғын бар. Ауданда 19 ұлттың өкілі тұрады. Аудан орталығында 6 орта мектеп, 1 мектеп-интернат, 1 өнер мектебі, 1 жасөспірімдер спорт мектебі, 1 кәсіптік мектеп, 2 мәдениет ҮЙІ,1 ардагерлер ҮЙІ, 3 балалар бақшасы, 4 аурухана, 1 аудандық емхана, 1 санэпидстанция, 6 дәріхана, республикалық маңызы бар Жаңақорған шипажайы мен «Ақшуақ» шипажайы, 1 балалар мен жасөспірімдердің тәрбие орталығы, 4 кітапхана халыққа қызмет жасайды.
Ауданда өндіріс орындары да қанат жайып, өркендеуге бет алған. Ауданда 37 елді мекен, оның 30-ы ауыл шаруашылығына байланысты, 5 темір жол стансасы, 6 темір жол бекеті, сондай-ақ бір-екі мың адам тұратын 7 елді мекен бар.
Аудан негізінен мал және егін шаруашылығымен айналы-са ды.
ЖЕР БЕДЕРІ, ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҮРЫЛЫМЫ, ЖЕР ҮСТІ ЖӘНЕ ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫ
Жаңақорған ауданының аумағы Азия белдеуіндегі шөлейтті келген Тұран ойпатына, Сырдария өзенінің орта ағысы жағалауына орналасқан. Орталығы құмдауыт болып келеді. Ауданның оңтүстігі мен батыс бөлігінде белес-белес Қызылқұм шөлі, солтүстіктен оңтүстікке қарай ені 2-2,5 шақырымға жететін, ұзындығы бірнеше шақырымдарға созылған, биіктігі 10-30 метрге баратын жолбарыстың жотасындай құм төбелер көсіліп жатыр. Ауданның оңтүстік-шығыс аумағынан солтүстігіне қарай Тянь-Шань тау тізбегіне жататын Қаратау жоталарының тарамдары сұғына кірген. Олардың биіктігі 900 метрден аспайды. Таудың аласа бөлігінің біршама биіктігі көп жерде 300-400 метрдей болады. Бұл жерлерді көптеген шағын өзендер кесіп өтеді де, олар тау бөктерінен шыға бере тарамданып жерге сіңіп кетеді. Аудан жерінің көп бөлігіндегі топырақ төртінші дәуірдегі (неолит-жаңа тас дәуір) қайырлардан құралған. Олар -Сырдария қойнауы сағасының аллювийлі іиөгінділері. Аллювийлік шөгінділер (латынша - шайма , тосқын) дегеніміз тау жыныстары үгінділерінің сумен ағып барып, өзен аңғарларында жиналуынан пайда болатын борпылдақ шөгінділер. Бұлар дөңбек тас, малта тас, қиыршақ тас, құм, құмайт, саз, саздақтан құралады. Қаратау полезойлық кристалды жыныстардан құралған. Қаратауда қиыршақ тас мол, қазба байлықтары да аз емес. Сырдария өзенінің екі жағасы дымқыл топырақты егістік аймаққа жатады. Ылғалдылық жағдайымен жер бедерінің әр түрлі болуы, топырақ шөгіндісінің біртектес болмауы, табиғи жерлерді шаруашылық түрғысынан пайдаланудың түрлі жүйесі топырақ құрамдарынын сән алуан болуына әкелген. Аудандағы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің топырақ құрамын алатын болсақ, олар: сұр топырақты жер - 19,3 %, сортаңдау тақыр тақілеттес жер топырағы - 27,5 %, қоңыр-сұр топырақты жер - 19,6 %, шалғынды сазды жер топырағы - 16,5 %, таудың ақ-сарғылт топырағы - 4,3 %, құмды топырақ - 3,2 %, тұзды және сортаң топырақты жер - 1,9 %. Аудан жерінің топырағы шөлді және жартылай шөлді аймаққа жатады. Жалпы алғанда, топырақ қабатын -егіншілік алқаптың ылғалды топырағы және бағы заманан суландыру жүйелерінің ізі қалған құрғақ топыракты деп екі үлкен өңірге белуге болады. Табиғат жағдайы мен топырағының сипаты жөнінен Қаратау бөктері мен Қызылқұм алқабы бір-бірінен өзгеше. Жазықтың неғұрлым аласа өңірі сұр қоңыр, саздақ, бозғылт сұр, сортаң топырақты болып келеді. Ауданның су қоры жер ҮСТІ суынан, жер асты және ағын сулардан құралады. Ауданда жер ҮСТІ сулары онша көп емес. Бұған Қаратаудың баурайынан ағатын бұлақтар мен өзендер, уақытша су жиналатын тоспалар мен көлдер жатады. Аудандағы ағын судың негізгі қоры - Сырдария өзені. Ол аудан жеріне сырттан ағып келеді. Басын сонау Тянь-Шань тауының қалың қары мен сірескен мұздақтарынан алып, аяғын Арал теңізіне құятын Орта Азиядағы ірі өзеннің бірі - Сырдария өзені ауданымызды кесіп өтіп,халқымыздың құт-берекесіне айналған. Сырдария өзені - ауданды суландырудағы күретамыр. Суы тұнық емес. Өзеннің арнасы 100-200 метр аралығында өзгеріп отырады. Тереңдігі 1,5 метрден 30 метрге дейін, көп жерінде - 5-8 метр. Жаңақорған су торабы бағанасының есептеуі бойынша, судың жылдық ағысы орта есеппен 9,72 текшешақырым болса, сол судың біздің аудандағы шығысы 1 ,96 текшешақырым екен, ал қалған 7,76 текшешақырым су ілгері қарай ағып кетеді. Сырдария өзенінің суын Өзбекстан, Қырғыз, Тәжікстан және Қазақстан республикалары пайдаланады. Сырдария өзені бағы замандарда арнасына симай толқындана ағып, Арал теңізі шалқи тасып жататын-ды. Кейінгі ондаған жылдары дария бұл күйінен айырылып, өзен суы жыл сайын азайып келеді. Салыстырмалы түрде айтсақ, 1934 жылы өзеннің жылдық ағысының жалпы көлемі Төменарық стансасының тұсында 17 миллиард текшеметр болса, 1947 жылы 5,45 миллиард текшеметр ғана су өткен. Ал кейінгі жылдары бұдан да азая түскен. Мұның басты себебі дария бойына салынған сан бұғалықтарда жатыр. Дарияның жоғары жағындағы Тоқтағұл мен Қайраққұм су қоймалары 25 миллиард текшеметрдей суды ұстап тұрса, ал Шардара тоғаны 5,7 миллиард текшеметр суды бөгейді. Әсіресе, Өзбекстанның мақталы өңірі Фөрғана алқабының 300 шақырым жерін Сырдария өзені басып өтеді. Осы жердегі мақтаны суару ҮШІН өзеннің екі жағалауынан да үлкен-үлкен арналы каналдар тартылған. Одан шыға бере «Фархад» су электр стансасы бар. Бұдан басқа да жолай бірнеше су тоспалары салынған. Оның үстіне Шардараға симай жатқан су Арнасай арқылы Өзбекстан жеріне, ұшы-қиырсыз Қызылқұмға кетіп жатты. Енді бұл жағдай қайталанбайтын болады. Өйткені, «Көксарай» су реттегіш тоспасы салына бастады. Дария алқаптарына егілген жүздеген мың гектар мақта мен күріш, бау-бақша мен ауыл шаруашылығының басқа да дақылдарына Сырдарияның суы жұмсалуда. Қазақстан аумағының 1000 шақырым жерінен ағып барып, Аралға тұмсығын әрең тірейтін Сырдария өзені жоғарыдағыдай қолдан жасалған қыл өңештерден өтетіндіктен, оның суы жыл сайын азайып Аралға құюы төмендеген. Осындай ойсыз пішілген алапаттардың салдарынан Арал теңізі жағалауынан 120 шақырымға дейін шегініп, екі есе қысқарып кеткен теңіз табанынан жыл сайын 100 миллион тонна ұшаты тұз-тозаң ғасырлар бойы сіресіп жатқан Тянь-Шань мен Памир тауларының ұшар бастарындағы мұз қабаттарына түсі, еріте бастаған секілді. Экологиялық жағдай ауа райына өзгерістер туғызған. Құм суырып, сор қысқан қияпат жағдайлардан Арал аймағын мекендейтін 178 түрлі хайуанаттар мен жәндіктердің 38 түрі ғана қалған, 300 түрлі өсімдіктің түбірі құрып, жойылып кеткен. Жыл өткен сайын жер сорланып, су тұздана бастаған. Дария суының кермектігі қалыптағыдан 2 есе артқан. Экологиялық апатты жағдай дүниенің өзге түкпірлерінен де біліне бастаған. Сырдария өзені суының жоғарыда айтылған азаюы себебінің салдарынан жыл өткен сайын су тапшылығы сезіле түсуде. 1996 жылы ақпанда Шардара су қоймасына секундына 631 текшеметр су құйылып жатса, ал осыдан Арал теңізіне жетіп жатқаны секундына 180-190 текшеметр ғана екен. Ауданда 1989 жылы егісті суландыруға бір науқанда 700,2 миллион текшеметр су берілсе, ал 1995 жылы дария сағасынан егіске 526,7 миллион текшеметр су алынған. Демек, суды тиімді, ұқыпты және ысырапсыз пайдалану KYH тәртібінен түспейтін күрделі мәселеге айналып отыр. Жаңақорған темір жол стансасының батысында Қалғандария көлі бар. Оның ұзындығы - 6,3 шақырым, ені - 300 метрдей. Аумағы шағын Шұқырой көлі - «Бірлік» елді мекенінде. Сондай-ақ «Теріскен», «Борықты», «Жашыкөл», «Ызғар», «Қандыарал» көлдері бар. Шалғая, Жиделі, Талдысу, АҚҮЙІК деп аталатын шағын өзендер ағады. Бесарық өзеніндегі су тұрақты ағады да, Шалғая, Жиделі, Талдысу, АҚҮЙІК өзендерінің суы көктемде ғана пайда болады. Тау өзендерінің суларын шаруашылықтарға тиімді пайдалану мақсатында Бесарық және Жиделі су қоймалары салынды. Бесарық су қоймасының сиымдылығы - 21 миллион текшеметр. Мұның суын «Талап» пен «Кеңес» шаруашылықтары пайдаланады. Жиделі су қоймасының сиымдылығы - 10,5 миллион текшеметр. Бұл суды «СҮТТІҚҰДЫҚ» шаруашылығы пайдаланды. Ауданда күріш және ауыл шаруашылығының басқа да дақылдарын суландыратын, жалпы ұзындығы 206 шақырымдық Зұлпыхар Мұсаханов атындағы, Сунақата, Тайпақкөл, Қандыарал, Күркіреуік каналдары бар. Осы каналдар бойында шаруашылықтарға қажетті су деңгейін ұстап беру мақсатында салынған 21 су құрылыстары мен автокөлік өтетін 6 көпір орналасқан. Осы су жүйелері арқылы ауданда 1989 жылы 42460 гектар егін, мұның ішінде 13110 гектар күріш суғарылса, 1995 жылы суғарылған erіc көлемі 36217 гектар, мұның ішінде күріш 9635 гектар болды. Ал 2007 жылы 28122 гектар ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Барлық егілген бұл дақылдардың 13265 гектары дәнді, мұның ішінде 7868 гектары күріш дақылы болды. Суармалы егіс көлемі, яғни суды өте көп қажет ететін күріш дақылы көлемінің азаюына басты себеп - соңғы жылдардағы су тапшылығы болып отыр. Су мамандарының есептеуі бойынша, 1 гектар күріш алқабын суару ҮШІН кемінде 10 мың текшеметр су керек.
Аудан аумағы екі гидрогеологиялық аймаққа бөлінеді. 1. Артезиандық бассейндердің (су алаптарының) Сырдариялық жүйесі. 2. Қаратау жүйесі. Артезиан сулары - тереңде жатқан шөгінді құм, құм тас, әк тас секілді тау жыныстары қатпарлары арасында пайда болатын жер асты сулары. Бұл жер асты суларының негізгі қоры өзен, көл, теңіз суларының және қар мен жаңбырдың жерге сіңуі нәтижесінде қалыптасады. Олар су өткізбейтін жыныс қабаттары арасында жатқандықтан, арыны күшті болып, бұрғыланған скважиналар арқылы жоғары көтеріліп жер бетіне шығады. Кейде шапшып атылады. Сырдария жүйелеріндегі артезиандық су алабы аудан аумағының ОҢТҮСТІК бөлігінің үлкен көлемін - 76 % алады. Бұл алқаптың жер асты сулары мол. Оның борлы қабаттарында жоғары қысымды, ал жердің төртінші қабатында әлсіз қысымды сулар таралған. Осыған сәйкес төртінші борлы қабаттарындағы су іріккіш құрамаларға бөлінген. Скважиналардың тереңдіктері 20-50 метрден 100-300, кейде 800-1000 метрге дейін барады. Артезиан су алабына дейін жеткен бұрғылау скважиналарынан су секундына 15-20 литрге дейін өзінен-өзі атқылап шығады. Судың сапасы тұщы және тұзды болып келеді. Қызылқұмның құм жоталы жазықтарындағы ыза суы 5-10 метр тереңдікте жатады. Құм жоталары мен оның шұңқырындағы сулар 10-30 метр, кейде одан да тереңге кетеді. Судың минералдануы әр түрлі - тұщы және сортаңдау келеді. Қызылқұмдағы артезиан сулары 200-300 метр тереңдікте жатады. Қаратаудың бөктерінде бұлақ көздері мол, бірақ бұлардың көпшілігін тазартылмағандықтан топырақ, тас басып қалған. Қаратау жүйесіндегі сызаттан шығып жатқан су алабы аудан шекарасыны солтүстік бөлігінің 24% алқабын алып жатыр. Суы тұщы келеді. Скважиналардың тереңдігі 1000 метрге дейін барады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Геология институтының мәліметтеріне қарағанда, Қаратау бектеріндегі жазықтың астындағы су қоры жер бетіне се-кундына 2,1 текшеметр су бере алатындығы анықталған. Демек, жер асты суын толық пайдаланған жағдайда байтақ алқапты суландыруға болады деген сөз.
ТАБИҒАТЫ МЕН АУА РАЙЫ
Аудан қысы біршама жылы болғанымен, бірақ суық, қары аз түсетін, ал жазы құрғақ та ыстық және ұзақ болып келетін континеттік ауа райына жатады. Ауа температурасы жылына (ең ыстық және ең суық айлардың орташа температурасының айырмашылығы) + 35 С ыстықтан -38 С суықтыққа дейін ауытқиды. Аудандағы ең суық ай - қаңтар, ең ыстық ай - шілде. Аудан ауыл шаруашылығына кей жылдары ауа райының құрғақшылық пен аңызағы, шаңды дауылы мен КҮШТІ желі, көктемнің кеш шығуы мен суық күздің ерте түсуі, әсіресе қарсыз немесе қардың аз жауған кездерінде боран, мұздақтар қолайсыз жағдайлар туғызады. Бірақ мұндай жағдайлар сирек кездеседі. Негізінен ауданда қыс кеш түседі. Желтоқсанның екінші жартысында түскен қар ақпанның аяғына дейін жатады, қалыңдығы 9-10 мм-ден аспайды. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 6 С жылылықтан асса, өсімдіктің даму кезеңі деп есептеледі. Осыған орай ауданның ауа райы негізгі климаттан басқа агроклимат өзгешеліктеріне қарай бөлініп отырады. Осыған байланысты өсімдіктер 180-196 КҮН аралығында өсіп жетіледі. Жайылымды пайдалану ұзақтығы 275 күнге созылады немесе жылдың 75% мезгілін қамтиды. Ал жалпы ауданның жазғы ауа райы күріш, жүзім, қауын, тағы басқа да жылуды сүйетін дақылдарды өсіруге қолайлы. Ауданда жыл бойы түсетін жауын-шашынның 50-60 % сәуір мен мамыр, маусым мен шілде айларында жауады. Жауын-шашын, әсіресе таулы өңірге көбірек түседі. Ауданда қатты нөсер 1957 жылы 6 маусымда болған. Жауын-шашынның бұл тәулік ішінде түскен мөлшері Аққұм метеорологиялық стансасының бақылауы бойынша 44 мм-ге жеткен. Сол кезде біраз жерлердің топырағын шайып, таулы өзендер тасыған. Жайлаудағы ойпаңға тігілген шопандардың киіз үйлерін жығып, ағызып кеткен жағдайлар да болған. Бірақ нөсер жаңбыр ауданымызда өте сирек болады, 10-15 жылда 1-2 рет байқалады. Аудан аумағында найзағай жарқылы да болып тұрады. Найзағай жарқылдау сәуір, мамыр айларынан бастап, қыркүйек, кейде қазан айларына дейін байқалады. Кей жылдары жай да түскен жағдайлар болған. Басқа аймақтармен салыстырғанда аудан аумағында найзағай оншалықты көп болмайды . Ең көбі 1954 жылы найзағай жыл ішінде 20 КҮН жарқылдаса, ең азы, 1966 жылы жыл бойына 5 КҮН ғана жарқылдаған.
Аудан аумағының кейбір жерлеріне бұршақ та жауып тұрады.
Аққұм және Төменарық метеорологиялық стансаларының мағлұматтары бойынша, ауданның кейбір жерлеріне 1934, 1954, 1958 жылдары жалпы қосындысы екі күнге тең, 1963, 1965, 1967,1979 жылдары жалпы қосындысы бір күнге тең бұршақ жауған. Бұл мезгілдері жауған бұршақтың түсу ұзақтығы 5 минуттан 10 минутқа дейін созылған. 2008 жылдың көктемінде ауданның бір елді мекеніне торғайдың жұмыртқасындай нөсерлетіп бұршақ жауып, біраз үйлердің шиферларын тесіп, кейбір уақ малдың шығыны да болған. Ауданымыздағы жай желдің орташа жылдық жылдамдығы Сыр бойына секундына 3 метр болса, таулы жақ беткейде секундына 5 метрге дейін барады. Қатты қарлы боран ауданда 1963 жылдың қысында болды. Бұл жылы қар қалың болып, автокөліктердің өзі малшы қыстауларына жете аламай қалған. Бұлардың жүрер жолдарын шынжыр табанды трактор күректерімен аршып отырған. Сол жылы егін бітік болып, шөп қалың өсті. Қарлы боран ауданның таулы өңірлерінде жылына орта есеппен 11 КҮН болса, Сыр бойында екі күн болады. Жалпы ауданның ауа райы тым қатал болмайды, шаруаға жайлы келеді. 2008 жылдың 2009 жылға қараған қысы жылы болды. Жылдың терт мезгілі - қыс пен көктемі, жаз бен КҮЗІ көбінесе езінің табиғи қалпын сақтайды.
ӨСІМДІКТЕРІ МЕН ЖАНУАРЛАРЫ
Жаңақорған - пайдалы өсімдіктер мен жан-жануарларға бай аудан. Өсімдіктері. Таулы өңір мен жазық далаларда, құмдауыт жерлерде жусан, қара барқын, баялыш, күйреуік, жантақ, қоңырбас, итсигек, итмұрын, адыраспан, есекмия, қызғалдақ, тау жуасы өседі. Өзен мен көл жағалауларында құрақ, қияқ, қоға, қамыс, жыңғыл, жиде, шеңгел болады. Сырдария өзенінің су жайылған көп жерлерін, жағалауларын тоғай қаптап жатады. Қаратау аңғарларында сәмбітал, қаратал, тораңғыл өседі. Сыр бойындағы тоғайда да тораңғыл кездеседі. Қаратау қыраттарында жусан қаптап жатады. Мұнда 36 мың гектар қатты жусан, 27 мың гектар Қаратау жусаны, 8 мың гектар Тұран жусаны бар. Мұндай түрлі жусанды жайылым тек Қаратау жайылымында ғана кездеседі. Жусан малға жұғымды, қуаты мол шөп. Сондай-ақ жусан топырақтың бетін жел үрлеп кетуден сақтайды, шағыл құмның жылжуын тоқтатады, қыста қар ұстайды. Көктемде қар кетіп, КҮН жылынып, жердің ылғалы кете қоймаған шақта жазық алқаптар мен құмды далаларда қаптап раң өседі. Малдың сүйсіне жейтін азығының бірі -осы раң шөбі. Бұл 50-60 КҮН балғын күйінде тұрады да, жердің ылғалы кетіп, қуаңшылық басталған кезде қурап ұшып кетеді.
Ауданда 11 мың гектардай жантақты жайылым бар.
Ауданның таулы, құмды, сортаңды жерлерінде бағалы мал азығы боз изен өседі. Шөлейт және құмды жерлерде алабота мен түйеқарын кездеседі. Өзен, көл жағалауларында, қалың тоғайлы жерлерде қызыл жыңғыл өседі. Өзен бойында, көл жағалауларында құрақ пен қамыс өседі. Сыр бойы бұрын тұнған қалың қамыс болған. Бірақ кейінгі жылдары дария суының азаюына байланысты, табиғат қорғау жұмыстарына жеткілікті дәрежеде кеңіл бөлінбеуі салдарынан қамыстың қоры азайып кетті. Қызылқұмның басты байлығының бірі - сексеуіл. Орман-тоғай шаруашылығы мамандарының есептеуі бойынша, аудан аумағындағы Қызылқұмның 42,7 мың гектрында ақ сексеуіл, 11 мың гектердай жерінде қара сексеуіл өскен. Сексеуіл бір жағынан ықтасын болса, екінші жағынан құм көшкінін тоқтатады. Сексеуілдің орташа жасы 40-50 жыл болады. Жеміс ағаштарынан ауданда алма, өрік, жиде, шие, алмұрт, шабдалы, жүзім, қара өрік жақсы өнім береді. Жануарлары. Бағы замандарда Сыр бойы, Қаратау өңірі, Қызылдың құмы жануарлар дүниесіне бай болған. Өткен ғасырларда дарияның жағалауындағы ну боп өскен қалың қамыс пен тоғайлы жерлерінде жабайы шошқадан бастап жолбарысқа дейін болған. Сондай-ақ ертеректе өзен мен көл, жылға мен тоспа жағалауларында ұсақ қоректенушілердің 70-тен аса түрі ұя салып тұрақты мекендейтін және белгілі маусымда ұшып келіп, қайта ұшып кететін құстың 319-ға тарта түрі бар еді. Кезінде Сырдария өзенінде салмағы 350-500 килограмм келетін жайын балықтар да болған. Бірақ келе-келе экологиялық қолайсыз жағдайларға байланысты аң-құстардың саны бұрынғыға қарағанда едәуір азайып кетті. Қазір ұсақ қоректенушілердің 37 түрі, құстың 168 түрі қалған. Қаратаудың өңірі мен жыраларын арқар, жабайы шошқа, қасқыр, ТҮЛКІ, қарсақ, қоян секілді аңдар мекендесе, құстардан бүркіт, қырғи, ҮКІ, ителгі, күшіген, кекілік, жиек, кептерлер бар. Сыр бойында қасқыр, жабайы шошқа, ТҮЛКІ, борсық, шибөрі, мәлін, қарсақ, қоян мекендейді. Құстардан қырғауыл, ҮКІ, байғыз, бөдене, қырғи, қаршыға болады. Қызылқұмда ақбөкен, қара құйрық, қасқыр, ТҮЛКІ, қарсақ, мәлін, қоян, құстардан бұлдырық, жиек, күшіген, кептер мекендейді. «Борықты», «Ызғар» көлдерінде ондатр кездеседі. Өзен, көлдерде қаз, үйрек, жылқышы, шағала бар. Шөлді жерлерде баурымен жорғалаушылар, ал сүт қоректілерден кемірушілер көп кездеседі. Саршұнақ, қосаяқ, кірпілер бар. Далалық жерлерде бозторғай, шымшық, көкек, сауысқанг қыста ала қарға болады. Балық та байлықтың бір түрі. Бұл байлықтан ауданның өзен-көлдері кенде емес. Сазан, жайын, ақсерке, мөңке, табан балық, қылыш балық, шортан, көксерке, майшабақ, жылан балықтары бар. Баяғыдай ірі жайындар жоқ, қазіргі жайындардың салмағы 70-100 килограмнан аспайды. Жетпісінші жылдардан бері ақ амур, дөңмаңдай және жылан балықтары пайда болды. Бұл балықтар Өзбекстанның өзен, көлдерінен Сыр бойына ауысып келген. Үй жануарларынан қой, ешкі, ірі қара, жылқы, түйе өсіріледі. Көлік ретінде есек пайдаланылады, қоян өсіріп, мысық, ит ұстайды.
Үй құстарынан тауық, қаз, үйрек, күрке тауық асырайды.
ЕКІНШІ ТАРАУ
ЕЛ МЕН ЖЕР ТАРИХЫ – ХАЛЫҚ ТАРИХЫ
ЕЖЕЛГІ ЖАҢАҚОРҒАН ӨҢІРІ
Жарық дүние жаралып, табиғат құбылыстарының асты-үстіне шығып, аласапыран болған мың-миллиондаған жылдар бойғы алапат өзгерістерден соң, әлемнің төрт мұхиты мен құрлығы қазіргі қалпына түсіп, жер бетінде тұңғыш тіршілік пайда болған кезеңнен бері, адамның миы жете бермейтін қилы-қилы көріністерге толы өмірде қаншама ықылым заманалар өтті. Көне дәуірлердің қазбаларын ашқан археологтардың, әр заманның тынысын шежірелеген тарихшылардың, өмір тіршілігін зерделеген ғалымдардың мол мағлұматтарға бай бағалы еңбектері көзіңді бүгін осыған жеткізеді. Қазақтың ұланғайыр даласы бір-бірімен сабақтасып жатқан шежіреге толы, тарихы бай болса, соның бірі – Сыр бойы. Сыр бойы елінің де, жерінің де тарихы әріде, тереңде жатыр. Жері мен табиғат жағдайына келсек, есте жоқ ескі заманда қазіргі Каспий теңізі мен Арал теңізінің арасы қосылып жатқаны айтылады. Бұл жаны бар сөз. Олай дейтініміз, жердің жаратылу және құрлықтың бір қалыпты пішінге түсу тарихына келсек, осыдан 230 миллион жыл бұрын басталып, 160 миллион жылды қамтитын мезозой эрасында (палеозой эрасы мен кайназой эрасы аралығындағы өмір) құрлықтың төмендеуінен, кейде мұхит деңгейінің көтерілуінен теңіз сулары жердің бетін қаптап кетіп отырған. Бұған жылы ылғалды климаттың құрлыққа таралуы да әсер еткен. Сол кезде Сібірдегі теңіз сулары Еуропаға, Тұран ойпатына жайылған. Теңіздің бір шеті Ферғана мен Шу ойпаттарына дейін жеткен. Міне, осы дәуірде Арал теңізі мен Каспий теңізінің арасы қосылып жатқан. Сол заманаларда қазіргі Жаңақорған өңірі де су астында қалған. Сол бір дәуірлерде Сыр бойында құс жамбасты алып динозаврлар тіршілік еткен. Мұны 1983 жылдың жазында СССР Ғылым академиясының көлтану және жер қыртыстарын зерттеу институтының, Ленинград университетінің, Қазақ ССР Ғылым академиясының зоология институты ғалымдарының комплексті экспедициясы Қызылорда облысының жерінде қазба жұмыстарын жүргізген кезде анықтаған. Бұл экспедиция Жосалы өңіріндегі Қызылдың құмынан мезозой дәуірінің шөгінділері арасында құс жамбасты, биіктігі 3-4 метрлік динозаврдың толық қаңқасын тапқан. Сыр бойының басқа да өңірлерінен динозаврлардың көптеген сүйектері, акула мен крокодилдің тістері шыққан. Бұлар осы аймақта бұдан 130 миллион жыл бұрын жылы климаттық, тіршіліктің болғанын байқатады. Соңғы дәуірлерде теңіз сулары кейін шегініп, климат өзгерді. Арал, Каспий теңіздері бөлек-бөлек теңізге айналды. Динозаврлар жойылып, келесі жануарлардың дамуына, өзге өсімдіктердің өсуіне жол ашылды. Сырдария мен Амудария өзендері пайда болып, Арал теңізіне құйды. Ал енді бір заманаларда (біздің дәуірімізге дейінгі) шалқып жатқан Арал теңізінің тартылып, құрғап қалған кезі де болғанды. Бұған бір дәлел – қазіргі заманның кейінгі жылдары қайта тартыла бастаған Арал теңізінің кетпен табанын археологтар қазып зерттеген кезде мешіт құрылысының шығуы. Демек, бұл өңірлерге ел орныққан деген сөз. Мың құбылып аударылып жатқан дүние, өзгеріп жатқан табиғат емес пе, араға мың-миллиондаған жылдар салып, Арал теңізі қайта пайда болған. Кейін қазіргі тіршілік қалыптаса бастаған. Жаңақорған өңірінің табиғат жағайы мен тыныс тіршілігін де сол кезеңдердегі Сыр бойының жағдайынан бөліп алып қарауға болмайды. Маңайлас өмір тіршілігі қашан да бір-бірімен тығыз байланыста болған. Бұл – табиғат заңы. Табиғат өз тепе-теңдігін сақтап келген.
КӨНЕ ДӘУІРДЕ
Қазақтың көз жетпес көсіліп жатқан ұшы-қиырсыз дала төсінде тіршілік жаралғалы адамзат баласының қаншама ізі қалды. Сол қасиетті ата-баба ізін өзгеге таптаттырмай бүгінгі ұрпақтары жалғастырып келеді. Кең байтақ Қазақстан жерін бағзы замандардан бері басқа ел жайламаған. Мұнда қазір өмір сүріп отырған өскелең ұрпақтың арғы ата-бабалары мекен еткен, тіршілік жасаған. Қазіргі Жаңақорған халқы да жел айдаған қаңбақтай бір жақтан жер ауып келген емес немесе ғайыптан көктен түсе қалған жоқ. Осы Сыр бойында туып, тұрақты өмір сүрген, өсіп-өнген сонау заманалардағы түбі бір ата-бабаларымыздың заңды да табиғи жалғасы. Олай болса, бұл халықтың да адам баласының алғашқы қауымдық құрылысы – тас дәуірін (б.з.д. 1 млн. 800 мың ж. – б.з.д. 4 мың ж.), одан кейінгі қола дәуірін (б.з.д. ХҮІІ – ІХ ғ.ғ.) және темір дәуірін де (б.з.д. ҮІМ – ІҮ ғ.ғ.) басынан өткізгендігінде дау жоқ. Қилы-қилы заман болған. Бірақ халық жойылған жоқ. Өмір үшін ұйымдасып тіршілік жасаған: елі мен жерін қорғаған, ұрпақтар жалғасын тапқан. Жан-жақты зерттелінген, бірыңғай ғылыми жүйеге түскен тарихи деректерге сүйенсек, б.д.д. ҮІІ – ІҮ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерін сақтар мекендеген. Бұл сақтарды грек тарихшылары «азиялық скифтер» деп те атаған. Демек, Жаңақорған өңірінде б.д.д. ҮІІ – ІҮ ғасырларда мекен еткен халық сақ тайпалары деген қорытындыға келеміз. Бұдан шығатын түйін – қазіргі түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының түп тарихы осы сақ тайпаларына барып тіреледі. Сырдария өзені б.д.д. ҮІІ – ІҮ ғасырларда Яксарт деп аталған. Сақ тайпалары осы Яксарт бойында, Қаратау өңірінде қоныстанған. Сақ тайпалары біздің жыл санауымызға дейінгі ҮІІ ғасырдан бастап біздің дәуіріміздің ІІ ғасырына дейін өмір сүрген. Кейіннен басқа тайпалармен араласып, соларға сіңісіп кетеді. Зерттелінген деректерге сүйенсек, сақ тайпаларының тілі Алтай тілдік тобынан тараған, яғни тілі де, жазуы да түркі тілдес топқа жатады. Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ ғасырдан бастап қазіргі заманның ҮІІ ғасыры аралығында өмір сүрген қаңлы тайпалары сақ тайпаларының жалғасы болып келеді. Осы Сыр бойын мекендеген қаңлылар өздерін түрікпіз деп санаған. Академик В.В.Бартольд қаңлы тайпалары Сырдарияның орта тұсында өмір сүрген деп тұжырымдайды. Ал археолог-тарихшы А.Н.Бернштам бұл пікірді қуаттай келіп, сол қаңлы тайпаларының бір саласы Сырдарияның орталық ағысындағы Жаңақорған қаласынан солтүстік батысқа қарай, Қазалыға дейінгі үлкен аймақты алып жатқандығын айтады. Демек, бұдан қаңлы тайпаларының ежелгі Жаңақорған өңіріндегі сақ тайпаларының тікелей жалғасы екендігін ұғынамыз. Бұдан кейінгі ғасырларда түріктің ата-тегі саналатын ғұн тайпалары шаңырақ көтерді. Кейін бұдан бірнеше тайпалар мен ел-жұрттар өрбіді.
ОРТА ҒАСЫР КЕЗЕҢІНДЕ
(YІ – XYІІ ғ.ғ.)
ҮІ ғасырдан бері қарай қазақ жерінде үлкен өзгерістер бола бастады. Орта Азия мен Қазақстан аумағында көптеген түркі тілдес ру-тайпаларын қамтитын Түрік қағанаты құрылды. Түрік қағанаты Батыс және Шығыс болып екіге бөлінген кезде, қазақ жерінің оңтүстік бөлігі Батыс түрік қағанатына кірді. Осы кезеңде Жаңақорған өңірі де Батыс түрік қағанатына қарағаны сөзсіз. ІX ғасырдан бастап Сырдарияның орта және төменгі ағысын, Қаратаудың өңірін оғыздар жайлап, феодалдық Оғыз мемлекеті
(ІХ – ХІ ғ.ғ.) пайда болды. Оғыз мемлекеті бірнеше тайпалардан тұрды. Жаңақорған өңіріндегі Қаратау баурайы мен Сыр бойын мекендеген оғыздар жартылай көшпелі және отырықшы мал шаруашылығымен айналысты. Көптеп қой, ешкі, жылқы мен түйе, сиыр өсірді. Қызылдың құмын жайлады. Қаратауды баурайлап, Сырдарияны жағалап Ұлы Жібек жолының өтуі бұл жердегі халықтардың экономикалық жағдайы мен мәдениетінің өсуіне, өзге ру-тайпалармен қарым-қатынасының күшейіп, алыс-берісінің дамуына ықпал етті. Сол кездегі Жаңақорған аймағындағы Сауран, Аққорған, Өзгент, Сығанақ қалалары өзінің өркендеп өсуімен, өндірісінің дамуымен, мәдениетімен танымал қалаларға айналады. Бұлар Орталық Азия, Иран, Қытай, Орыс секілді елдермен сауда-саттық жасады. Кейінгі жылдары Қызылқұмның оңтүстік-шығыс өңірінде қазба жұмысын жүргізіп жатқанда, осыдан мың жылдай бұрын жер астында қалған жүзімнің, қарбыздың, қауынның, өріктің дәндері табылуы осыны дәлелдей түседі. Сондай-ақ ертеде пайдаланып, кейінгі сан жылдарда құм басып қалған құнарлы егістік алқаптардың осы өңірлерден кездесуі де көп нәрсені аңғартса керек-ті. Егіншілікпен Жаңақорған өңірінің тек Сыр бойындағы ғана емес, сонымен бірге Қаратаудың батыс баурайындағы елді мекен халықтары да айналысып келген. Қаратаудан бастау алатын Бесарық, Талдысу, Ақүйік, Шалғая, Жиделі өзендері мол сулы болып, сол замандарда, тіпті Бесарық, Талдысу өзендері Сырдарияға құйып жатқан. Бесарық өзенінің бойындағы Берістемнің, Бегманның, Жұмаділланың, Айсынның, Басқожаның, Үкештің, Тұрғанбайдың, Маханның диірмендері, бауларының болуы, сондай-ақ көздері бітеліп су шықпай қалса да орны сақталып қалған кәріздерінің өзі осы өңірде диқаншылықтың орын тепкенін көрсетеді. Сыр бойы халықтары мал шаруашылығымен және диқаншылықпен ғана айналысып қойған жоқ, сонымен қатар олар балық аулау мен аңшылықты, қолөнерді де кәсіп етті. Ұсталық пен зергерлік кең етек алды. XІ ғасырдың екінші жартысынан күшейе бастаған Қыпшақтар Оғыздарды Сыр бойынан ығыстыра бастады. Қыпшақтардың қысымына шыдамаған оғыздардың бір бөлігі Еуропаға, екінші бөлігі Азияны өрлеп жылжыса, қалғаны қыпшақтарға сіңісіп кетті. ХІ-ХІІ ғасырларда Қыпшақ мемлекеті дәуірлей бастады. Қыпшақтар Орал тауының қыраттарынан Арал теңізіне дейін, Орталық және Шығыс Қазақстан, Жетісу өңірлеріндегі ұлан-ғайыр алқапты алып жатты. Қыпшақ мемлекетінің астанасы Сығанақ қаласы болды. Орта Азия мен Қазақстанның, соның ішінде Сыр бойындағы, Жаңақорған өңіріндегі қалалар мен елді мекендердің өсіп-өркендеуіне, мәдениетінің дамуына ежелгі дәуір мен орта ғасырларда Шығыс пен Батысты байланыстырып жатқан Ұлы Жібек Жолының маңызы айрықша болды. Ұлы Жібек Жолы біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырдың өзінде-ақ Шығыс пен Батыс елдері арасындағы дипломатиялық және сауда қарым-қатынасының үлкен күретамырына айналды. Ұзындығы 7 мың шақырымнан асатын бұл Ұлы Жібек Жолымен Шығыстан Батысқа Қытайдың жібегі, Үнді, Иран елдері мен Араб халифатының асыл бұйымдары жеткізілсе, Батыстан Шығысқа шыны, мыс, қалайы, қорғасын, інжу-маржан, ыдыс-аяқ, алтын, күміс тасылды. Ұлы Жібек Жолының маңызы ХҮ ғасырға дейін бәсеңдеген жоқ. Қазақстан үстінен өткен Ұлы Жібек керуен жолының бір тармағы бойында Жаңақорған өңірінің сол кездегі Сауран, Сығанақ, Аққорған, Өзгент қалалары жатты. Сондай-ақ бұл керуен жолы осы қалалардың ірі сауда нүктелеріне айналып, тұрмысының артуына, қала мәдениетінің өсуіне едәуір ықпал етті. Қарым-қатынасты нығайта түсті. XІІІ ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жеріне басталған монғол шапқыншылығы халықтың саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын әлсіретіп кетті. Қалалар қирады, отырықшы халықтардың берекесі кетті. 1211-1215 жылдар арасында Қытай жерін басып алып, енді Үнді жерін жаулап алуға әзірленіп жатқан кезінде, Шыңғыс ханның табан астынан бұл бағытын өзгертіп, Орта Азияға әскер басын бұруының себебі не? Орта Азияда Хорезм мемлекетінің дәуірлеп тұрған кезі болатын. Хорезм шахы Мұхаммед жан-жағындағы елдерге саудагерлерін жіберіп, бұйымдарын бірнеше есе қымбат бағаға саттырып, оңай олжа тапқысы келеді. Бұл жөнінде атақты Ақсақ Темірдің немересі, қырық жылдан астам уақыт Орта Азия мен Қазақстанның көп өлкесіне әмірлік еткен Ұлықбек өзінің «Төрт Ұлыстың тарихы» деген еңбегінде былай баян етіледі. Сұлтан Мұхаммед Хорезм шахтың саудагерлері көп пайда тапқысы кеп түрлі киім, бұйым маталарды Шыңғыс ханның еліне апарады. Бағасын 10 – 20 есе қымбат айтады. Мұны естіген Шыңғыс хан қазынадан мың тай мата алдыртып, базаршылардың алдына қойдырып, бағасын аналардікінен 10 – 15 есе темен айтып, олардың дүниесін хаттауға бұйрық береді. Хорезмшах саудагерлерін басқарып келген біреуі келіп, Шыңғыс ханның алдына басын иіп, кешірім сұрап жалынады. Араласып тұратындығын айтады. Бұған Шыңғыс хан келіседі. Шыңғыс хан енді 450 адамымен, 500 түйеге зат арттырып, Мұхаммед, Омар, Жүсіп секілді үш елшісін қоса Хорезмшахқа аттандырады. Бұлар жолшыбай Отырарға келгенде, Отырардың әкімі алдарынан шығып күтіп алады. Шыңғыс хан саудагерлерінің бірі үнділік жігіт (бұрын атақты адам болған), ойында ешнәрсе жоқ, алдынан шыққан Отырар қаласының әкімін: «Е-ей, бауырым, Иланшық, сен осында ма ең?» – деп құшақтай амандасады. Иланшық Шыңғыс хан саудагерлерінің өзін танып қойғанынан шошып кетеді. Енді Иланшықтың бұл жерде шошып кетуінің себебі неде? Ол бір кездері Шыңғыс ханға опасыздық жасап, қашып кеткен болатын-ды. Оның енді Отырарда әкім болып жүргендігін үнділік саудагердің, сөз жоқ, Шыңғыс ханға жеткізетіндігін біледі. Ал шын мәнісінде Иланшық өзінің есімін жасырып, Отырардың әкімі Қайырхан боп жүрген-ді. Бұл Иланшық Мұхаммед Хорезмшахтың анасы Тұран қатынның інісі болатын. Мұхаммед шах Отырардың әкімі Қайырханды астыртын өлтіріп жібертіп, Отырарға әкім етіп өзінің нағашысы Иланшықты отырғызған-ды. Иланшық Шыңғыс ханның саудагерлерін «әдейі жіберген жансыздары екен» деген сылтаумен, Мұхаммед шахпен келісе отырып, бір түнде бәрін қырып жібереді. Қашып шыққан бірлі-жарым саудагерден Шыңғыс ханға хабар жетеді. Шыңғыс хан кідірмей түрік тайпасының Бағра деген елшісі мен екі әскери қолбасшысын жағдайды біліп келуге жібереді. Хорезм шахы бұл адамдардың да басын кестіріп, Шыңғыс ханға жібертеді. Міне, Шыңғыс хан мен Хорезм шахы Мұхаммедтің арасындағы жағдай осылай ушығып кетеді. Шыңғыс хан енді басқа жоспарларын жинастырып қойып, 1219 жылдың күзінде 200 мың қолды өзі бастап, Ертістен Сырдарияға қарай жорыққа аттанады. Шыңғыс ханның екі ұлы - Шағатай мен Үгедей келіп Отырар қаласын қоршайды. Ханның үлкен ұлы Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның орта ағысы мен төменгі ағысы бойындағы қалаларды басып алуға аттанады. Шыңғыс хан кіші баласы Төлемен бірге Бұхара мен Самарқанға шабуыл жасайды. Бес айдай қоршаудан құтылмаған Отырар қаласы 1220 жылы ақпанда Шыңғыс хан әскерлерінің шабуылымен қирайды, қала әкімі Қайырхан болып жүрген Иланшық қолға түсіп, азаптап өлтіріледі. 1220 жылы Шыңғыс хан Бұқараны алып, Самарқан қаласын тас-талқан етіп, Жебе мен Сүбітай батырларын 30 мың қолмен Хорезмнің шахы Мұхамедті өкшелей қудырып, оны да тындырады. Жошы Өзгент, Баршынкент қалаларын қарсылықсыз алса, Сауран қаласына аяусыз шабуыл жасайды. Қыпшақтардың астанасы Сығанақ қаласын 7 күн мен түн бойы қоршап, ақыры басып алады. Мал-мүлкі талауға ұшырайды, халқы қырылады. Монғол шапқыншылығынан кейін бұл қалалар мен елді мекендер көп жылдарға дейін оңала алмайды. Экономикасы әлсіреп, жағдайы нашарлайды. Тек ХІҮ – ХҮ ғасырларда ғана бұл жерлердің шаруашылық жағдайлары біртіндеп қалпына келе бастады. Отырықшы және көшпелі шаруашылық аймақтар арасындағы сауда-экономикалық байланыстар қайтадан орныға бастады. Шыңғыс хан өзінің жаулап алған жерлерін төрт ұлына төрт ұлыс етіп бөліп берді. Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошының үлесіне Ертіс өзенінен Орал тауларына және Каспий мен Арал теңізіне дейінгі жерлер тиді. Сондай-ақ бұған Амударияның төменгі жағындағы аймақтар, Хорезм мен Сырдария өңірі де кіреді. Қазақ халқының басым көпшілігі Жошы ұлысының құрамына қосылып, алғашқыда Алтын Орда хандығында, кейіннен оның сол қанаты болды. ХҮІ ғасырдың басында Ақ Орда атанып, өз алдына жеке феодалдық мемлекет болып бөлініп шыққанда, соның құрамына кірді. Ақ Орда – Ертіс пен Тобыл, Сырдария алқабы мен Арал өңірі, Балқаш, Алакөл, Ырғыз бен Жайыққа дейінгі аралықты, кең байтақ қазақ даласын алып жатты. Ақ Орданың астанасы Жаңақорған аумағындағы Сығанақ қаласы болды. ХҮ – ХҮІІ ғасырларда Қазақ хандығы құрылады. Қазақ мемлекеті өмірге келіп, даму дәуірі басталады. ХҮІІ – ХҮІІІ ғасырларда қазақ даласы жоңғар шапқыншылығына да ұшырады. Жазықсыз жандардың қаны төгілді. Бұл қазақ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» да басынан кешірді. ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда Хиуа мен Қоқан хандығының езгісіне де түсіп, Ресейдің отарлау саясатына да амалсыз мойын ұсынды. Өмір тарихы тартыс-күреспен өтіп жатты.
ҮШІНШІ ТАРАУ
ИСЛАМ ДІНІ МЕН МӘДЕНИЕТІНІҢ СЫР БОЙЫНА
(ЖАҢАҚОРҒАН ӨҢІРІНЕ) ТАРАЛУЫ
АРАБТАРДЫҢ ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНЕ БЕТ АЛУЫ
Қуатты Араб халифатының құрылуына байланысты, олар өзге елдерге көз салып, ислам дінін тарата бастайды. Арабтардың ҮІІІ ғасырдан бастап Орта Азия мен Казакстан жеріне дендеп енуі мұндағы түркі тайпаларына, соның ішінде оғыз-қыпшақтардың өміріне, мәдени тіршілігіне көп өзгерістер туғызды. Бұл өңірді бұрыннан мекен еткен түркі тектес ежелгі сақ, қаңлы, ғұн тайпаларының діні – Тәңір діні, тіпті Түркі қағанатының мемлекеттік діні Тәңірлік дін болып келген еді. VІІ – VІІІ ғасырларда Орта Азия жерін арабтардың жаулап алуына байланысты Амудария өзенінің оңтүстік жағы мен Сырдарияның солтүстігі аралықтарындағы жерлерді Мәуереннахр деп атады. Бұл арабша «Өзеннің арғы жағы» деген сөз. Хорасан әміршісі Күтайб ибн Мүслим бастаған араб басқыншылары 705 жылы осы Мәуереннахрдың біраз жерін басып алып, өз халифатының құрамына қосады. Олардың салт-дәстүріне жол бермей, шариғат бұзғандарды аяусыз жазалап отырды. Бұл зорлыққа жергілікті халықтар оңайлықпен бағынғысы келмейді. Ақыры бір шайқаста Құтайбаның басы шабылады. Осыдан барып арабтар Ислам дінін бейбіт жолмен таратуды қолға алады. Олар жергілікті халықтар арасына алдын ала сауда керуендерімен бірге Ислам дінін уағыздаушыларды қоса жіберіп, түсінік жұмыстарын жүргізіп, халықтың сеніміне кіре бастаған. Олардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына тыйым салмаған. Осылай Ислам діні мен мәдениетін енгізу Орта Азия мен Қазақстан жерінде ІХ – ХІ ғасырларға созылған. VІІІ – ІХ ғасырларда Ислам дінін қазіргі Қазақстан жеріне сонау Арабиядан Әбдірахман Бабтың қос ұлы Ысқақ Баб пен Әбдіжалил Баб және Өбдірахман Бабтың туған інісі Әбдірахим Баб алып келеді. Сыр бойына Әбдіжалил Баб, Оңтүстік Қазақстан өңіріне Ысқақ Баб, Жетісу аймағына Әбдірахим Баб иелік етеді. Қазіргі Қараханидтер деп жүргеніміз (Жетісу өңіріндегі) осы Әбдірахим Бабтан тарағандар еді. Ислам мәдениеті араб жазуымен араб тіліндегі «Құран» арқылы алғашқы бастауын алады. Кейінірек араб тілінің арқасында бірқатар түркі ғалымдары мен ақын-шайырларының еңбектері Ислам дүниесіне таныла бастайды. Бұл жөнінде Әл-Фараби, Хисамеддин ел Сығанақи, тағы басқаларын айтуға болады. Ежелгі Сыр бойы, мұның ішінде Жаңақорған өңірі бір Алланың нұрына бөленген әулие-әмбиелердің жамбасы тиген тектілер мекені.
ХОРАСАН ATA (ӘБДІЖАЛИЛ БАБ)
Сан ғасырлар қойнауының қатпарынан өтіп келген барлық өмірі мен өнегелі тірлігі алты алаштың баласына мәлім, сонау Арабиядан Орта Азия, түркі, қазақ жерлеріне, соның ішінде Сыр бойына Ислам діні мен мәдениетін алғаш әкелгендердің бірі халықты имандылық парасатына тәрбиелеген Хорасан Ата атанған Әбдіжалил Баб еді. ІX ғасырда Иран мен Тұран бағытында қазіргі Орта Азия мен Қазақстанға ислам дінін тарату мақсатында Әбдірахим Баб, Ысқақ Баб және Әбдіжалил Баб бастаған топ жіберіледі. Бұл кездері Ысқақ Баб пен Әбдіжалил Бабтың әкесі Әбдірахман Баб Шам шаһарының патшасы еді, ол қайтыс болған соң орнына үлкен ұлы Ысқақ Баб таққа отырып, патшалық құрады. Ал Әбдірахманның інісі Әбдірахим Баб Бағдаттың (қазіргі Ирак), Әбдіжалил Баб Иеменнің патшасы болатын-ды. Әбдіжалил Баб ондаған мың қолмен Исфахан, Тебриз, Мазандаран, Балх шаһарларын басып алып, Иранның Хорасан қамалын қоршайды. Үш күн, үш түн шабуылмен бұрын ешкім ала алмай жүрген 32 қақпалы Хорасан қамалын Әбдіжалил Баб басып алады. Әбдіжалил Баб иемденген жерлердің бәрінің халқын Ислам дініне кіргізіп, мешіт-медреселер салдырып, арабша сауатын ашып, мәдениетінің өсуіне де ықпалын тигізіп отырған. Хорасан өлкесіне де осындай игілікті тірліктер жасап, осы елден бастап Хорасан Ата атанады. Ол ірі қолбасшы, әрі жолбарыс жүректі батыр болады. Хорасаннан қалың қолмен аттанған Әбдіжалил Баб Термез, Бұқара, Ферғана, Шаштан өтіп, Сыр бойын жағалап, Өзгент, қазіргі Жаңақорған өңірін, Баршынкент, Жалтырсек, Жаркент елдерін қамтиды. Сонымен Хорасан Ата атанған Әбдіжалил Баб Сейхундарияның (Сырдария) сол жағалауындағы Қызылқұм өңіріндегі «Тотықұс» аралына (қазіргі Жаңақорған ауданының аумағында) келіп табан тірейді, осы жерді тұрақты мекен етеді. Мешіт-медресе салдырады, бала оқытады, емшілік те жасайды, мәдениетін өркендетеді. Ал енді Әбдіжалил Баб (Хорасан Ата) Мұхаммед пайғамбарымыздың ұрпағы болып табылады. Олай дейтініміз, шежіре деректеріне сүйенер болсақ, Әбдіжалил Бабтың (Хорасан Атаның) 6-шы атасы Әзіреті Әлі мен Мұхаммед пайғамбарымыз екеуі немере болып келеді. Мұхаммед пайғамбардың әкесі Әбділда мен Әзірет Әлінің әкесі Әбутәліп екеуінің әкелері бір, Әбдімүтәліптің балалары. Сонымен қатар, Әзірет Әлі пайғамбардың әрі немере інісі, әрі күйеу баласы оның қызы Фатиманың күйеуі. Ал Әбдіжалил Бабтың туған ағасы Ысқақ Бабтан тараған 6 ұрпақтан кейін, 7-ші ұрпақ боп Қожа Ахмет Иассауи дүниеге келген. Шежіре деректеріне қарағанда, Қылышхан деген патшаның Сарытонды Өтеміс деген батыр ұлы Жентте патша екен. Бірақ Ол Хорасан Атаны (Әбдіжалил Баб) ала алмай жүреді. Бірде Сарытонды Өтеміс жансыз арқылы көп әскермен қамалға басып кіріп кеп, бамдат намазының үстінде ұйып отырған Хорасан Атаның басын шауып, қалған ел-жұртын қырғынға ұшыратады. Ал енді бұл кезеңде Ислам дінін тарату мақсатында Түркістан өңірінде жүрген Ысқақ Баб інісі Хорасан Атаның Сарытонды Өтемістің қолынан қаза тапқан хабарын естіп, елу мың қолды өзі бастап оған қарсы жорыққа аттанады. Ізінен қалмай Өтемісті ұстап, тірідей жаңадан соғылып жатқан дуалға тік қойып өріп жібереді. Бұл қорған содан бастап Шолаққорған болып аталып кетеді.
Хорасан Атаның мәйіті Жаңақорған ауданы орталығынан 35 шақырымдай қашықтықтағы Әбдіғаппар ауылының күнбатыс жағындағы қос күмбезді кесенеде жатыр. Ислам діні мен мәдениетін тарату мақсатында Хорасан атаның Орта Азия мен Сыр бойындағы жүріп өткен жерлерінің халқы, бірен-сараны болмаса оған қарсылық көрсете қоймаған. Себебі, бұл жерлердің халқының сыйынатыны да бір Тәңір болған. Ешқандай пұтқа, Ай мен Күнге, немесе от пен суға табынбаған. Ал енді Жаратушы Иені арабтар – Алла десе, түркілер – Тәңір, парсылар – Құдай деп түсінген. Айналып келгенде, аталуы өзге болғанымен, мазмұны мен түбі бір – Жаратушы Ие. Мұхаммед пайғамбардың ең жақын, ең сенімді серіктері және кейін халиф болған Әбу Бәкір, Омар, Оспан және Әзіреті Әліден өрбіген ұрпақтар осы күнгі Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қазақстанның басқа да облыстарында, сондай-ақ өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрікмен, ауған, иран, қытай жерлерінде тұрып, мешіт салып, медреселер ашып, тұрғын халықтармен жақын араласып кеткен. Осы ұлық кісілерден тараған ұрпақты содан бері жергілікті халық «Қожалар» деп атайды. Қожалар ешқандай Жүзге (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз) кірмейді. «Қожа» атауы араб тілінен аударғанда «Ағартушы» деген мағынаны білдіреді. Ал түріктер мен парсылар сұлтан, әмірлерді Қожа деп атаған. Жалпы, «Қожа» деген сөз – еге, мұсылман дінінің егесі, сол дінді уағыздаушы деген мағынада айтылған, яғни халықтың құрметтеп, қадірлеп, көтермелеп айтқаны. Ислам діні мен мәдениетін Орта Азия мен Сыр бойында уағыздаудың көш басында тұрған Хорасан Атаның қадір-қасиеті арада уақыт өткен сайын биіктей түсіп келеді. Оның ұлылығына бас иген Хорасан Атаның (Әбдіжалил Бабтың) туған ағасы Ысқақ Бабтың 7-ші ұрпағы Қожа Ахмет Иассауи 63 жасқа (Мұхаммед пайғамбарымыздың жасына) келіп, қылуетке (жер асты мекені) түскенге дейін жылдағы Ораза, Құрбан айт намаздарында осы Бабаның басына келіп Құранын бағыштап, Меккедегі Қағбатілләнің осындағы көшірмесіне жүзін беріп намазын оқып қайтады екен. Бұған Қожа Ахмет Иассауидің: «Уа, Бабам Хорасан, келдім арасан, Зиярат етейін деп ісімді сұрасаң. Мүшкіл ісімді оңына қылғайсың, Рахым ете көр, Бабам Хорасан!» – деген өз өлеңі дәлел болса керек-ті. Мұндағы «арасан» сөзі «емші» деген мағынада. Хорасан Ата Ислам діні мен мәдениетін таратушы оқымысты, батыр да батыл, білікті әскери қолбасшы, бойына қасиет қонған емші, халықты адамгершілік пен имандылыққа, шыншылдық пен адалдыққа, білімділікке тәрбиелеген ағартушы болған. 1995 жылдың күзінде Хорасан Атаның 1100 жылдығы аталып өтіп, жүз қаралы киіз үй тігіліп, үлкен ас берілді. Аудан халқы, облыс азаматтарымен бірге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Өзбекстан мен Қырғыз елінен, басқа да жерлерден Баба ұрпақтары жиналды. Осы жиын бас қосу үстінде 13 ғасыр бойы сақталып келген Әзірет Әлінің сатылап келіп Хорасан Атаға мирас боп қалған Туы хорасандық қожа, «Қожакент» ауылының тұрғыны Төлегенұлы Берден ақсақалға салтанатты түрде тапсырылды. Бұған дейін бұл ту Ташкент облысының Янги-Юль ауылында тұратын Патша қожаның қолында болған. Тудың сабы қоладан құйылып, сүйір ұшы мыстан жасалған. Тудың жоғары жағында «Аллаху Ахад», одан таменірек «Әли» деген арабша жазуды оқуға болады. Бұл Туды Берден қажы дүниеден қайтар алдында ұлы Өбілғазыға аманаттаған. Әбілғазы бұл Туды Хорасан Ата кесенесі жанындағы мешітке тапсырды. Хорасан Ата Туы қазір осында тұр. Аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ибадулла Байхожин «Әбдіжалил Баб» деген атпен хорасандық қожалардың шежіресін кітап етіп шығарды. Бұл кісінің әкесі Бапқожа 40 – 50 жылдары осы Хорасан Атаның шырақшысы болған. Одан бұрынғы кезеңдерде Бабан Қожа, Әлтайлар шырақшы болған. Ап кейінгі жылдары Әбітай, оның баласы Нұрқожа жалғастырды. Қазіргі шырақшы әрі Хорасан Ата мешітінің бас имамы Нұрқожаұлы Мейрамхан. Хорасан Ата кесенесінің биіктігі – 14 метр, ұзындығы – 16 метр, ені – 8 метр, қос кұмбезді. 2006 жылдан бастап кесененің бұрынғы архитектуралық қалпын сақтай отырып, Өзбекстанда тұратын Изатулла Шарапұлы бастаған жан-жақтағы Баба ұрпақтары қайта жаңғыртып салуды қолға алып, демеушілік жасаған болатын-ды. Бұған Астана қаласында тұратын жаңақорғандық кәсіпкер, Қоңыраттың Құрбан Ата ұрпағы астаналық Омар Жусанбаев пен оның Ақтау қаласында тұратын кәсіпкер ұлы Ғалымжан екеуі де демеушілік қолын созды. Бұлар көмек ретінде кесенеге өз есебінен Хиуадан 10 мың дана қаптама кірпіш түсіріп беріп, өз қалталарынан 6 миллион теңге берді және Хорасан Ата шырақшысының астына «Джип» автокөлігін мінгізді. Сонымен бірге «Хорасан Ата. Бәйтерек» пен «Хорасан Ата» тарихи поэма кітаптары да осы әкелі-балалы кәсіпкердің қаржысымен жарық көрді. Сондай-ақ Ақтөбе қаласында тұратын хорасандық Төрехан Жәдігеров Баба бейітін қара мрамормен қаптап беріп, басқа да қол ұшын жасады. 2007 жылы 21 маусымда Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, тарлан ақын Қадыр Мырза Әли мен Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, республикалық «Қазақ радиосының» Бас редакторы, сатирик акын Көпен Әмір Бектің және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші – композитор Шәміл Әбілтайдың қатысуымен Сейіт – Омар Саттарұлының «Абдул – Жалил Баб» (Хорасан Ата) кітабы мен Адырбек Сопыбековтың «Хорасан Ата» кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Шәміл Әбілтай «Хорасан Ата» толғауын шығарды. 2007 жылы 23 маусымда Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағанбетов атындағы Мәдениет орталығында Хорасан Атаның 1110 жылдық мерейтойына арналған «Заман – ай!» атты республикалық термешілердің байқауы өткізілді. Бұл байқаудың өтуіне де кәсіпкер Ғалымжан Омарұлы Жусанбаев демеушілік жасады. 2007 жылы 23 қарашада облыс әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің, аудан әкімі Әнуарбек Қалтаев пен басқа да қонақтардың қатысуымен қайта жаңғартылып қалпына келтірілген Хорасан Ата кесенесі ашылып, ас берілді. 2007 жылы 24 қарашада аудандық мәдениет үйінде «Орта Азия мен Қазақстанға Исламның келуі және ондағы Хорасан Атаның рөлі» деген тақырыпта аймақтық ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Конференцияда Алматы мен Өзбекстаннан келген ғалымдар баяндамалар жасады. Конференциядан соң Хорасан Атаға арналған «Баба ұлағаты» атты жазба ақындар мүшәйрасы және қырағаттап «Құран» оқудан жарыс өткізілді. Сыр бойына шығармашылық сапармен арнайы келген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-композитор, толғаушы Шәміл Әбілтай өзінің «Хорасан Ата» атты толғауын (өлеңін жазған Адырбек Сопыбеков) шығарып, республикалық «Қазақ радиосы» арқылы эфирге таратты. Бұл дүние «Қазақ радиосының» алтын қорына алынды.
ХИСАМИДДИН СЫҒАНАҚИ (СУНАҚ АТА) (1132 – 1199)
Сығанақ қаласы Қыпшақ мемлекетінің астанасы болып тұрған заманда Хисамиддин осы қалада XІІ ғасырдың ортасында дүниеге келген. Оның толық аты – Хисам ад-Дин Әл-Хусейн бин Әли ас-Сығанақи. Мұндағы Әли әкесінің есімі болса, Сығанақи деген сөз оның сығанақтық екенін білдіреді. Сығанақ қаласы – кезінде мәдениеті өркендеп, өнері дамып, білім ордасына айналған, үлкен кітапханасы болған, ғұламалар шыққан қала. Хисамиддин осы бай кітапханадан білім алған. Кейін ол араб, парсы елдерін көп аралаған, тамаша кітаптар жазған ғалым әрі ақын, есімі елге танымал кісі болған. Кезінде Қожа Ахмет Иассауидің имамы болып қызмет атқарған. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас муфти, қазақтың белгілі Шығыстанушы ғалымы Әбсаттар қажы Дербісәлі Хисамиддин Сығанақидың атағы әуелі дін ғылымының Орта Азиялық көрнекті мамандардың еңбектеріне түсіндірме жасауымен шыққандығын айта келіп: «Әбу Абд Алла Мұхаммед Әл-Баласағұни мен Мухаммед Әл-Кердери секілді Хисам ад-дин ас-Сығанақи еңбегінде де Әбу Ханифа мектебін қостап, оның еңбектеріне көбірек тұсіндірмелер жасалуының себебі – Қазақстан мен Орта Азияда, әсіресе осы діни-хұқықтық мектеп (мазһаб) ілімі кеңінен белгілі болған. Осы ілім заңын отырықшы, жартылай отырықшы көшпелі түркі тайпалары да қолдап отырған. Өйткені, ол о баста дін немесе өзге мазһаб теориясы мен қағидаларына шыдамдылық, төзімділікпен қараумен ерекшеленген. Әбу Ханифа мазһабының қазақ даласына кеңінен таралуының тағы бір сыры да осында болса керек». (Әбсаттар Дербісәлиев. «Қазақ даласының жұлдыздары». Алматы. «Рауан», 1995. 128-бет). Сондай-ақ Хисамиддин Сығанақи Бурханеддин Маргинанидың шығарған «Кашф Зуиуи» атты заң кітабына да талдау жасайды. Бұл жөнінде Хисамиддин «Нихайа» деген кітап жазды. Сонымен бірге Хисамиддиннің «Ан-Насафи кітабының кіріспесіне түсіндірме нысана» және «Дәлелді өнертапқышпен дұрыс келе жатқанның көмекшісі» деген екі еңбегі 1902 жылы Берлинде басылып шыққан неміс ғалымы Карл Брокельманның «Араб әдебиетінің тарихы» атты бес томдық еңбегінің екінші томында аталып өтеді. Хисамиддиннің ақындығы әдебиет әлеміне «Хикаялар» ( деректі дастандар) атты жыр маржанымен танылған. Оның біраз өлеңдеріне К. Брокельманның «Араб әдебиетінің тарихы» атты еңбегінде талдау да жасалған. Академик В.В.Бартольд Стамбулға барған бір сапарында оның кітапханасынан «Миһман-намаий Бұхара» («Бұхаралық қонақтың жазбалары») атты еңбекті кездестіреді. Осы қолжазбадан ол сығанақтық бір ақынның:
«Көрген кісі пейіш екен дер еді,
Құтты білік ұя салған жер еді.
«Нихайаны» жазды мұнда бір бауыр,
«Хидеяны» ұқтырды ері өрелі.
Шыққан мұнда ғұлама да, дана көп,
Айтады жұрт қасиетті қала деп.
Қайта туу нәсіп болса, дүние – ай,
Қайтып осы Сығанақты қалар ек», – деп жазған өлеңін көшіріп алады. Оны сол кездері Сығанақты зерттеп жүрген А.Ю.Якубовскийге әкеліп береді. Осы жыр жолдарын да кейбір зерттеушілер Хисамиддин Сығанақидікі деп те жүр. Кім білсін, шет өңірде жүрген кезінде кіндік қаны тамған жерін, туған елін сағынып жазуы мүмкін ғой. Белгілі қаламгер, жерлесіміз Дүкенбай Досжан «Жібек жолы» романында Хисамеддинді кейіпкер етіп алады. Хисамиддин Сығанақи (Сунақ Ата) XІІ ғасырдың аяғында Сығанақ қаласында қайтыс болып, осы қалада жерленеді.
1927 жылдың жазында А.Ю.Якубовский Сығанаққа келіп, қираған қала орындарын аралап, ғимарат қалдықтарын суретке түсіріп, бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ол осы сапарындағы Сығанақ жайлы зертеуінде: «Егер Кіші сарайды Хисамиддин Сығанақидың қабірі дейтін болсақ, батыс беттегі Үлкен сарайы ханәка – қонақ үй деп қарауымыз керек», – деп жазды. – Бізде сақталған Убайдулла ханның шежіре дәптері бар. Убайдулла хан 1544 – 1634 жылдары өмір сүрген. Сол дәптерде мынадай деректер бар: «Осы кіші күмбез сарайда Әл-Сығанақи ақын жерленген. Жергілікті жұрт ақынды әулие тұтып, басына құрбандық шалған, садақа берген. Бертін келе ол әулиені Сунақата деп атап кетті». Демек, Хисамиддин Сығанақидың мүрдесі осы Сығанақ қаласында жатыр деген сөз. Хисамиддин Сығанақи (Сунақ Ата) 1132 жылы туылып, 1199 жылы дүниеден өткен. Баба ұрпақтары 1992 жылы қазан айында оның басына күмбезді келісті кесене тұрғызып, ас берді. Хисамиддин Сығанақи (Сунақ Ата) он алтыншы атада Мұхаммед пайғамбардың әйелі Айшаның әкесі, Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткеннен кейін Арабтын бірінші халифы болған Әбу Бәкір ас-Сыддыққа барып қосылады. Ал енді Хисамиддин Сығанақидың бір ұлы Сүлеймен Мәулене Қожа Ахмет Иассауидің кіші қызы Айымға (кейін Гауһар Ана атанған) үйленеді. Осы екеуінен туған Мәулене Зияддин Қожа (Қожа Ахмет Иассауидің туған жиені) елге Хусамеддин Сығанақи деген атпен танымал болған. Бұл да ғұлама ғалым болып шығады. Ол атасы Хисамиддиннің «Нихайа» деген еңбегін талдай отырып, оны одан әрі жалғастырып 6 томдық (бұл кейінгі жылдары белгілі болғаны ғана) еңбек жазған. Бұл Мысыр кітапханасынан шықты. Ал «Хисамиддин Сығанақи мен Ахмет Иассауидің өмір жолы туралы» еңбегі Стамбул кітапханасынан табылды. Сондай-ақ оның басқа да еңбектерінің ізі Ташкент, Бейрут, Тегеран, басқа да шетел кітапханаларынан шығып тұр. Хусамиддин Сығанақидың еңбектерін іздестіріп табуда оның ұрпағы, Қазақстан Республикасының еңбөк сіңірген мал дәрігері, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы Шазында Қарақожаевтың сіңірген еңбегі айрықша. Соның нәтижесінде 2004 жылы күзде Хусамеддин Сығанақидың 3 томдық 7 кітабы сонау Египеттен Республика Ұлттық кітапханасы арқылы электронды нұсқада алдырылып, туған топыраққа оралған бұл құнды дүниелер аудандық тарихи және өлкетану музейіне қойылды. Гүлбаһрам Жебесіннің республикалық «Түркістан» газетінде жарияланған «Ислам әлеміне белгілі қазақ ғалымы» деген мақаласында (мамыр 2006 жыл) былай деп жазған: «Сығанақ қаласында дүниеге келген қазақтың даңқты перзенті Хусам-ад-Дин-ас-Сығанақидың жер жүзіндегі мұсылман қауымына ортақ атақты ислам ғалымы болғанын қандастарымыз біле бермейді. Осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат еткен Нұр-Мүбарак Египет-Ислам мәдениеті университеті жақында ҚР Ұлттық кітапханасымен бірлесе отырып «Орта ғасырлық ғалым Хусам-ад-Дин-ас-Сығанақидің ғылыми мұрасы» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді. Ұлы бабамыздан қалған құнды қазына шын мәнінде өте бай екен. Аллаһ тағала талант, дарынды аямай үйе салған «сегіз қырлы, бір сырлы» қандасымыз өзіне нәсіп болған қабілетті барынша тиімді пайдаланып, ғылымның сан-саласына қалам тартқан... Ислам дінінде әрқайсысы өз алдына бір бөлек үлкен сала болып саналатын ақида (сенім), фиһк (шариғат), усул фиһк, қалам, тіл ілімі бойынша қомақты еңбек жазған қазақ ғұламасының бұл еңбектеріне мұсылман ғалымдары әр елде, әр ғасырда сүйеніп, өз кітаптарында сілтеме жасап отырған. Сондықтан ол кісінің мұраларына қазіргі ұрпақтары жанашырлықпен назар аударып, жан-жақты ғылыми тұжырымдама жасағандары қуанарлық жағдай», – дейді. Ия, туған топырағына оралған ғұлама ғалымның еңбектеріне жол ашылды, сең бұзылды. Шазында Қарақожаевтің «Сунақ Ата» (Хисамиддин) кітабы Астананың «Нұржол» баспасынан жарық көрді. Бұл кітапты кейін академик Сұлтан Сартаев өзі орыс тіліне аударып, 2007 жылы Алматының «Дәуір» баспасынан кітап етіп бастырып шығарды. Хисамеддин Бабаның (Сунақ Ата) ұрпағы академик Сұлтан Сартаев өз қаржысымен Хисамиддиннің (мүсінші Болат Досжанов) ескерткішін соқтырып, оны туған топырағына әкеліп орнатты және Жаңақорған кентінен жеке өзінің қаржысымен үш қабатты Хисамиддин (Сунақ Ата) мешіт-медресесін салдырды.
АЙҚОЖА ИШАН (1773 – 1857)
Білімдарлығымен, көрегендігімен есімі Сыр бойына ғана емес, бірқатар мұсылман қауымына мәлім болған Айқожа ишан Темірұлы 1773 жылы Жаңақорған өңірінде дүниеге келген. Бала кезінде байдың малын баққан ол асқан зеректігімен ерекшеленген. Айқожа жастайынан сауатын ашуға ынтық болып, Жібек Жолы бойымен үздіксіз өтіп жататын керуеншілерге ілесіп, Ташкентке жетеді. Керуенбасы оны Ташкендегі бір медресеге тапсырып кетеді. Мұны жақсы оқып бітіреді. Бұдан соң ол оқуын Бұқарада жалғастырады. Мұны бітірген Айқожа осындағы ұстазының ақылымен білімін одан әрі жетілдіру мақсатында Ауғанстанға сапар шегіп, атақты ғұлама Ислам Шайхтың қарамағында төрт жылдай білім алады. Ғұлама Ислам Шайх өзінің оқытып жатқан шәкірттерінің ішінде Айқожаның зеректігін, білімдарлығымен қоса оның бойында адам сезе бермейтін бір тылсым күштің барлығын, көріпкелдігін аңғарады. Бірде Ислам Шайх шәкірттерін сынамақ мақсатында өзінің алдына шақырады. Басқа шәкірттері Ислам Шайхтың алдына кідірмей кіріп барғанда, Айқожа табалдырықтан аттамай есіктің алдында тұрып қалады. Ислам Шайх себебін сұрағанда, сонда Айқожа: «Мына табалдырықтың астындағы қасиетті затты басып өтіп, қалай күнахар боламын? Соны алдырып тастасаңыз өтемін!», – дейді. Сөйтсе, Ислам Шайх шәкірттерін сынау үшін табалдырықтың астына сездірмей Құран кітапты жасырып қойған екен. Сонда Ислам Шайх та, өзге шәкірттері де Айқожаның көріпкелдігіне таң қалған екен. Бұл Ауғанстандағы Ислам Шайхтың медресесінде Айқожамен Үш Жүзге пір болған Мүсірәлі сопының баласы Қасым қожа, өзімен аталас боп шығатын Мәді қожаның (Дуана қожа) ұрпағы Құлболды, Кенесары ханмен бөле боп келетін Марал бірге оқиды. Айқожа да тегін адам емес, ол 24-ші атада Қожа Ахмет Иассауидің туған інісі Садыр шайхқа, 33-ші атада Әбдіжалил Бабтың (Хорасан Ата) туған ағасы Ысқақ Бабқа, ал 38-ші атада Мұхаммед пайғамбардың немере інісі, әрі күйеу баласы Әзіреті Әліге барып қосылады. Бұл төрт ғұлама бір-бірімен замандас болады. Бұл төртеуі де Ислам Шайхтың қолынан Шатырхат (Диплом) алыл, Марал ишан Қармақшыға, Құлболды ишан Тереңөзекке, Қасым ишан Қазалыға, Айқожа ишан Жаңақорғанға аттанады. Бұлар елге келіп имам болады, бала оқытады, Ислам дінін насихаттайды. Айқожа ишан жасы келген шағында: «Таңдайым таңдайыма тимеген ақын едім, жаурыным жерге тимеген палуан едім, теңдесі жоқ шабандоз едім, бірақ имандылықпен осы үш қасиетімнің біреуін де көрсете алмай барамын», – деп отырады екен. Айқожа ишан 1857 жылы 84 жасында дүниеден етеді. Мәйітін Ақтас әулиенің қасына әкеліп жерлейді.
Айқожа ишанның 11 баласы болған. Айқожа ишанның басындағы кесенені, Ақтастағы «Айқожа» мешітін Айқожа ишанның үлкен ұлы Ибаділла салдырып, әкесінің жолын одан әрі жалғастырады. Айқожа ишанның шөбересі Жапар мағзұмға да бабасының ақындық, тәуіпшілдік қасиеттері қонған. Жапар мағзұмның жолын оның ұлы Балтақожа жалғастарып келеді. Балтақожа Жапарұлы мен Жұмабай Омарұлы 2002 жылы Қызылор даның «Алтын Орда» баспасынан «Қажы Мәді (Дуана) қожа баласы Бақмұхаммедтің ұрпақтары» атты шежіре кітабын шығарды.
2008 жылы 11-12 қазанда «Айқожа ишан қайырымдылық қорының президенті Балтақожа Жапарұлының ұйымдастыруымен Айқожа ишанның туғанына 235 жыл толуына орай «Айқожа ишан және Ислам діні» деген тақырыпта пікір алысып, ас берілді.
ҚАРАСОПЫ ӘУЛИЕ
(ХVІІІ – ХІХ ғ.ғ.)
Айқожа ишанның қасында көп жүріп сенімді серігі болған, өнеге-өсиетін құлағымен тыңдап, тәрбиесін көрген Қарасопы да әулие кісі болған. Қарасопыны Айқожа ишн Қаражан деп атайды екен. Кейін Қарасопы дүниеден өткеннен соң оның мәйіті Айқожа ишанның ескі жұртына қойылады. Бұл мазар қазіргі Кейден ауылының солтүстік жағындағы дарияға жақын жерде. Басына төрт құлақ кесене тұрғызылған. Ал енді соның қасындағы күмбезді кесенені кейінгі кезге дейін Қарасопының кесенесі деп келген. Бұл күмбезді кесененің суреті «Қазақ Совет Энциклопедиясына» да (6-том, 498-бетте) Қарасопының кесенесі болып еніп кеткен. Ал бұл күмбезді кесене, шын мәнінде, Айқожа ишанның балалары Мамырайым шайх пен Ыбырайым шайхтың басына тұрғызылған кесене. Өткен ғасырдың 30 жылдарындағы діннің аяғын тұсап, қожа-молдалардың соңына шырақ алып түскен қуғын-сүргін кезеңінде Айқожаның ұрпақтары күмбезді кесенені Мамырайым шайх пен Ыбырайым шайхтың кесенесі деп айтуға қорқып, «баяғыда өткен Қарасопының кесенесі» дей салған. Ал шын мәнінде, Қарасопының кесенесі күмбезді кесененің алдында тұрған төбесі ашық, төрт құлақты кесене.
ҮШ АТА: МОЛЛА ШӘМШІ, САБҰЛТ ҚОЖА, ҚЫРЫҚ САДАҚ
Бағы заманда Ұлы Жібек Жолының бойында жатқан Жаңақорған өңіріндегі «Көне Өзгент» («Қыр Өзгент» деп те атайды) шаһарында дүниеге келіп, осында өмір сүріп, Ислам діні мен имандылықты насихаттаған Шәмші Бүзірік (Лақап аты Молла Шәмші) пен Шаһ-Бүзірік (лақап аты «Сабұлт) және Әл Әмин Баб (лақап аты Қырық Садақ) болған. Үшеуі де XYІ – XYІІ ғасырда қатар өмір сүрген, пікірлес болған. Қаладан мешіт-медреселер ашып, балаларды оқытқан, елді сауаттандырып, халықты имандылыққа баулыған. Мұхаммед пайғамбарымыздың ең жақын, ең сенімді серіктері Әбу Бәкір Сыддықтан – Молла Шәмшілер, Омардан – Қырық Садақтар, Әзірет Әліден – Сабұлт Қожалар тараған. Дүниеден өткен бұларға ұрпақтары «Көне Өзгент» шаһары орнынан 1996 жылы үш күмбезді әсем кесене тұрғызды.
МОЛЛА ШӘМШІ
Мәуләна Шәмшідінді Молла Шәмші, кейде Шәмші Бүзірік деп те атаған. «Бүзірік» деген сөз оқымысты, ғалым деген мағынада. Ол алдымен Бұхарада Халимол медресесінде оқып, одан кейін Ауған, Иран елдеріне сапар шегіп, үлкен ғұламалардан дәріс алады. Парсының Асфаһан шаһарында Лотфолла Шайх мешітінде білімін жетілдіреді. Оқудан елге оралған ол Өзгент өңірінде бірнеше мешіт, медреселер ашып, шәкірттер тәрбиелейді. Шәмші Бүзірік (Шәмшідін ) Өзгент қаласының өркендеуіне де өзінің лайықты үлесін қосты. Қала төңірегінде жатқан әулиелерге белгі қояды. Шәмші Бүзірік Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи мешітінде де шариғат айтушы болып қызмет атқарады. Ол өз шығармаларын сол кезде кең тараған шағатай тілінде жазған. Өзі ұстаз тұтқан Қожа Ахмет Иассауидің хикметтерін жинақтап, кеңінен уағыздап отырған. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапхана қорының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінен Қожа Ахмет Иассауидің «Хикмет Хазрет Сұлтан Қожа Ахмед Иассауи» деп аталатын қолжазбасының табылуы (Халықаралық «Түркістан» газеті, 24 қаңтар 1996 жыл), оның ішінде Шәмші Бүзіріктің де ғазалдарының (өлеңдерінің) жүруі осыны дәлелдей түседі. Шәмші Бүзірікке Өзгент өңірінің топырағы бұйырмады. Ол өз өмірінің соңғы кезеңін Самарканда өткізіп, сонда дүние салады. Ал енді Шәмші Бүзіріктің Самарқандағы мазарын іздеп табуда, оның хикметтерін тауып, аудартып «Хикметтер» деген атпен 1997 жылы кітап етіп шығаруда оның он үшінші ұрпағы Дәумен қажы Шоманұлының еңбегі өлшеусіз.
САБҰЛТ ҚОЖА
Шаһ-Бүзірік ХҮІ ғасырдың соңы мен ХҮІІ ғасырдың басында «Көне Өзгентте» («Қыр Өзгент») дүниеге келіп, осы шаһарда өмір сүріп, осында жамбасы жерге тиген. Шаһ-Бүзірік Әзіреті Әлі мен Мұхаммед пайғамбарымыздың қызы Бибі Фатимадан тараған жиырма жетінші ұрпағы. Оның лақап аты «Саһбұлт», яғни оның білімдарлығына қарап халық «Бұлт үстіндегі әулие» деп түсінген. Бұдан тараған ұрпақтарды «Сабұлт қожалар» деп атап кеткен. Шаһ-Бүзірік алғашқы сауатын Шәмші Бүзіріктен ашады. Бұдан соң ол Бұхарада, одан кейін Бағдатта оқып, үлкен ғұламалардан дәріс алып, Имам атағына ие боп, білімдар болып елге оралады. Медреселер ашып, бала оқытуды ұйымдастырған. Өзі шаһардың бас имамы болып қызмет атқарған. Шаһ-Бүзірік ойға түйгендерін, көрген-білгендерін өлең жолдарына түсіріп отырған. Адалдықты, адамгершілікті сүйген, әділетсіздікке жаны қас болған. Сәдуақас деген қаланың әкімі халыққа тізесін батырып, жөнсіз қанап, шектен тыс алым-салық төлетіп, орынсыз ойына келгенін істейтін болған. Үлкендердің айтқан ақылына құлақ аспаған. Тіпті, Сәдуақас әкім қала тұрғыны Амандық пен Гүлайымның бойжетіп отырған Күмісай деген жалғыз қызының арын таптайды. Намысқа шыдамаған қыз дарияға батып өледі. Осындай қылықтарына шыдамаған Шаһ Бүзірік («Сабұлт») Шәмші Бүзірікпен («Молла Шәмші») және Батыр Әл Әмин Бабпен («Қырық Садақ») Сәдуақас әкімге ашықтан ашық қарсы шығады. Мұны жұрт та қолдайды. Шаһ-Бүзірік қала әкімі Сәдуақастың жағымсыз кылықтарын әшкерелеп «Сәдуақаспен шайқас» деген дастанын жазып, жыршылар арқылы елге таратады. Жүзі күйген Сәдуақас жұртқа қарауға беті болмай, Шаһ-Бүзірікпен және оның жақтастарымен өшіге түседі. Шежіре деректеріне қарағанда, залым Сәдуақас аңысын аңдып жүріп, Шаһ-Бүзірік пен Әл Әминді («Қырық Садақ») таң намазы үстінде отырған қапылыста өлтіріп, қаладан қашып шығып кетеді. Дүниеден өкінішпен ертерек өткенімен, бұлардың өнегелі істері аңыз болып елге тарады, бұлардың ізін артында қалған ұрпақтары жалғастырды.
Шаһ-Бүзіріктің алтыншы ұрпағы Бәймен Бұхарадағы «Көкілташ» діни медресесін бітіріп «Ахун» дәрежесін алған. («Ахун» деген Муфтиден кейінгі діни атақ. Муфтидің шариғат негізінде айтқан шешімі Ахунның келісімінсіз жүзеге асырылмайтын болған.) Ол мешіт салдырған, бала оқытқан. Бәймен ахунның ұлы Шамшадин де діндар болған кісі, оны «Мыңшоқы» ауылы пір тұтқан. Шамшадиннен Мұқым, Бұрхан, Шайхы туған. Мұқымнан Тоқтар, Дінислам дүниеге келген. Тоқтардан Руслан, Дінисламнан Нұрлан мен Ерлан тарайды. Бұрханнан Темір, Өмір туған. Бұлар Қызылордада тұрады. Бұл күнде Шаһ-Бүзірік («Сабұлт қожа») бабаның бұрын Жаңақорған аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған, қазір облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Ибрагим Әбибуллаев, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, оншақты повесть пен романдардың авторы, облыстық «Сыр бойы» газетінің көп жыл Бас редакторы болған, қазір «Сырдария» альманахының Бас редакторы Жақсылық Рахматулла секілді, тағы басқа да көптеген танымал ұрпақтары бар.
ҚЫРЫҚ САДАҚ
Ислам дінін насихаттап, соның ақ жолында еңбек сіңірген ұлағатты кісінің бірі Әл Әмин Баб болған. Оның лақап аты – Қырық Садақ. «Қырық Садақ» қожалар осыдан тараған. Қырық Садақ (Әл Әмин Баб) «Көне Өзгент» шаһарында өмірге Шәмші Бүзірік және Шаһ-Бүзірікпен қатар келіп, бірге өмір сүрген. Ол жүрегі түкті батыр болған. Әл Әмин Баб Әбу Бәкір Сыдықтан кейін 2-ші Халиф болған Хазіреті Омардың 27-ші ұрпағы. Ал енді Әл Әмин Бабтың «Қырық Садақ» деген лақап атының шығуы жөнінде Сейт-Омар Саттарұлы былай деп жазады: «Қырық Садақ» сөзінің мағынасы Хазіреті Омар Фарухтың соғыста қолданған әскери жүйесі екен. Бұл адам әскерді соғысқа дайындағанда, жау шабуылының алдына қырық адамнан бір бөлек етіп, бірнеше жерге қояды екен. Жиырма адам алға бір қадам шығып, садақ тартады. Олар садақ тартып болып, бір қадам шегінгенше арттағы жиырма адам садақты оқтап үлгеріп, алдағы can кейін шегінгенде, бір қадам ілгері өтіп садақ тартады. Сонда садақ оғы дамылсыз жауып тұратын болған. Дамылсыз жауып тұрған оқтан бұққан дұшпан үстіне садақшылардың арасынан атты әскер кіріп жауды жайпап кететін болған. Бұл жүйе тарихта «Қырық садақ» жүйесі болып кірумен қатар, қазақ арасында осы жүйені іске қосқан әулет «Қырық Садақ» болып аталған». (Абдул-Жалил Баб (Хорасан Ата) Алматы, «РИИЦ-Азия» 2007. 341 – 348 беттер) «Қырық Садақ» ұрпағынан белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Исатай Әбдікәрімов, тағы басқа да азаматтар көптеп шыққанын ел жақсы біледі.
БАҚСАЙЫС ӘУЛИЕ (Камаледдин шайх)
Камаледдин шайх (Лақап аты Бақсайыс әулие) YІІІ – lX ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан өңіріне Ислам діні мен мәдениетін таратуға келген төрт бабтың бірі Ысқақ Бабтың ұрпағы. Бақсайыс әулие (Камаледдин шайх) 5-ші атада Қожа Ахмет Иассауиге, 16-шы атада Әбдіжалил Бабтың (Хорасан Ата) туған ағасы Ысқақ Бабқа, ал 22-ші атада Мұхаммед пайғамбардың немере інісі әрі күйеу баласы Әзіреті Әліге барып қосылады. Бұлар Әзіреті Әлінің әйелі Әнафиядан туған Мұхаммедәнафия есімді баласынан тараған ұрпақ. Шежіре деректерінің бірінде Бақсайыс әулие атақты Ақсақ Темірдің үзеңгілес серігі, кеңесшісі болған деген дерек те бар. Мұндай жағдайда Бақсайыс әулие
ХІV – ХV ғасырларда өмір сүрген болады. Жаугершілік заманда өмір сүрген Камаледдин батырлармен сайысқа көп түсіп, мерейі үстем бола берген. Сайыста басына бақ қонған адам болғандықтан Бақсайыс атанып кеткендігін айтады. Бақсайыс әулиеден әр заманда талай мықты ұрпақтардың өсіп-өнгенінде сөз жоқ. Журналист, жазушы 1911 – 1915 жылдары «Айқап» журналын шығарған, 1923 – 1926 жылдары «Ауыл» газетінің редакторы болған Мұхамеджан Сералин, есімі әлемге танымал классик жазушы Мұхтар Әуезов, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат Министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы колледждің директоры Әлима Әбдіхалықова, жазушы Ермахан Төреқожаев Бақсайыс әулиенің ұрпақтары.
Бақсайыс әулиенің жамбасы Жаңақорған топырағына тиген. Баба кесенесі Сырдарияның сол жағалауындағы Байкенже елді мекенінен он шақырымдай жердегі құм беткейінде. Баба ұрпақтары 1994 жылы басына жаңадан күмбезді кесене тұрғызып, ас берді. Ермахан Төреқожаев пен Мұхаметхан Омартаевтың Алматының «Тамыр» баспасынан 2006 жылы «Бақсайыс әулие» атты кітабы шықты.
ҚЫЛАУЫЗ
(Жақып Ата)
Қылауыз (Жақып Ата) – Мұхаммед пайғамбарымыздың досы болған және ер адамдардың ішінен Ислам дінін бірінші қабылдаған, Пайғамбар дүниеден еткен соң орнына алғаш Халиф болған Әбу Бәкір Сыддықтың 21-ші ұрпағы. «Қылауыз» – Жақып Атаның лақап аты. («Қылауыз» деген сөздің өзі арабша «Бастаушы» деген сөз.) Дариядан бөлініп шығып, біраз жерден орағытып дарияға қайта құйған суды жергілікті ел «Қылы» дейді. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, сондай суды дариядан арық тарттырып, тұрғындардың егіншілікпен айналысуына мүмкіндік жасаған Жақып Ата екен, сол «Қылы» сөзінен Қылауыз Ата атаныпты деген де сөз бар. Қожа Ахмет Иассауимен замандас болған Қылауыз Атаның қара құрт, жылан шаққан адамдарды оқып жазатын, тісі ауырғандарды емдейтін де қасиеттері болған әулие кісі екен.
Қылауыз (Жақып Ата) – Әбу Лайстың ұлы. Ал Әбу Лаис ІХ – Х ғасырларда өмір сүрген ғалым әрі ойшыл, Ислам дінін насихаттаушылардың бірі болған, Самарқанды мекен еткен. Әбу Лайсты Шығыстың ұлы ақындары Әлішер Навои, Әбдірахман Жәми, тағы басқалары өздеріне ұстаз тұтқан. Ал енді осы Әбу Лайстың ұлы Жақып Ата (Қылауыз) Ферғана мемлекетінің Батыс қағанатының XІІ ғасырдың басында билеушісі болған. Ол Сырдария өңіріне Самарқаннан өзінің жолын ұстаушы 500 нөкерлерімен XІІ ғасыр ортасында келген. Қылауыз Ата билік еткен Ферғана мемлекетінің Батыс қағанатына қазіргі Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз және Қазақстанның Оңтүстік аумағы қараған. Астанасы – Ұлы Жібек Жолы бойында жатқан Өзгент қаласы болған. (Қойшығара Салғарин. «Хандар кестесі», Алматы, «Жалын» – 1992 ж. 32 – 33-беттер.) Қылауыз Атаға топырақ Сыр бойынан бұйырған. Оның мәйіті дарияның сол жағалауының күнбатыс жақ беткейінде (аудан орталығынан 30 шақырымдай қашықтықта) жерленген. Басына ұрпақтары күмбезді кесене тұрғызған. Өзбекстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары болған Айдар Құдайбергенов, кезінде Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінің бас редакторы, кейін республикалық (Теміржолшы» газетінің бас редакторы қызметін атқарған Базарбай Сарбасов, Өзбекстанның Янги-Юль, Жетісай аудандарында аудандық партия комитетінің хатшысы болған Төлеген Рүстемұлы, «Қазақ ССР-ның ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкері» құрметті атағына ие болған Зұлпыхар Мұсаханов, ақын Мұсабек Әшімұлы, басқа да атпалы азаматтар Қылауыз Атаның ұрпақтары. Төлеген Рүстемұлының «Қылауыз ата шежіресі» атты кітабы (1996 ж.) жарық көрді.
ҚЫЛЫШТЫ ATА МЕН ТӨЛЕГЕТАЙ БАБА
Шежіре деректеріне қарағанда, XІІІ ғасырда Мадина қаласынан келген Сайд Камалиддин Ферғана сұлтаны Ілкі Мағзұмның қызына үйленеді. Ол кезде Ферғана мемлекетінің Батыс қағанатының астанасы Өзгент шаһары болған екен. Сайд Камалиддин үйленген соң Мекке Мадинаға қажылыққа барғанда, сол жақта дүние салады. Артында қалған Ілкі Мағзұмның жүкті қызы ұл туып, оның есімін Бурханиддин қояды. Жас Бурханиддин нағашы атасы, Ферғана сұлтаны Ілкі Мағзұмның тәрбиесінде болады, оқып білім алады, бір сөзді, өтірік, өсекке жаны қас боп өседі. Ілкі Мағзұм қартайып дүниеден өткенде, оның орнына таққа отырады. Бірақ кейінірек өз еркімен тақтан түсіп, Ислам дінін насихаттауды, дін жолында қызмет етуді алдына мақсат етіп қояды. Ол Алланың парызын орындамағандарға, өтірікші, өсекшілерге қатал кісі болған. Аңыз әңгімелерге қарағанда, ол жиналған жұртқа екі жүзді қылышын жалтылдатып жоғары көтерген кезде көбелек, қоңыздар өздері келіп қылышқа ұрынып қақ бөлініп қала бергенін керсеткен. Ол: «Кімде-кім адал болмаса, жаулық көрсетсе осы кебелек, қоңыздарша күн кешеді» деп ескерткен. Содан Бурханиддин «Қылышты Ата» атанып кетеді. Қылышты Ата (Бурханиддин) батыр әрі әулие кісі болады. Қылышты Ата туралы «Бабырнама», Камилқан Қаттаевтың «Махдуми Ағзам және Дағбед», Ақсақ Темірдің өмірі туралы Шарафиддин Али Аздидің «Зафарнама» кітаптарында жазылған. Қылышты Ата кесенесі Төлегетай Баба кесенесімен қатар Жаңақорған ауданы орталығынан 30 шақырымдай қашықтықта, Сырдарияның сол жағалау бетіндегі Әбдіғаппар ауылынан 10 шақырымдай жерде. 1992 жылы Қылышты Ата ұрпағы Есқожа Ысқақұлы Ата ұрпақтарын ұйымдастырып, қатар тұрған екі кесенені қайта жөндетіп, екі әулие кісігіе ас берген болатын. Төлегетай Бабаның Қылышты Атаға қатысы жайлы бұл жөнінде көкірегі шежіреге толы, кезінде «Келінтөбе», «Төменарық» кеңшарларын басқарған, бұл кұнде аудан әкімдігінің жауапты қызметкері Батырбек Есқожаұлы Ысқақовтың айтуынша, Төлегетай Қылышты Атаның өкіл қызына үйленген, екеуі сыйлас болған. Төлегетай Бабаға да топырақ Қылышты Атаның қасынан бұйырған.
Ал енді Төлегетай Баба кім болған? Бұл жөнінде әңгіме былай өрбиді: Баяғы жаугершілік заманда жау қалың қолмен келіп Найманның ауылын шабады. Найман жас кезінде қол бастаған батыр болғанымен, бұл жау шапқан уақытта жасы сексеннен асқан шағы екен. Наймандардан бұрын қайта – қайта жеңіліп запыста болып жүрген болуы керек, қаны қарайған жау Найман шалдан басқа еркек кіндіктіні қалдырмай қырып тастайды. Енді Найман шалға қандай жаза қолданамыз дегенде, бір қаныпезері тұрып: «Дүниеде ұрпақсыз өткеннен ауыр жаза жоқ, осыны көзімен көріп азаптанып өлсін. Тоқсанға жақындаған шалдың қолынан не келеді, мұны тірі қалдырайық», – депті. Осы пәтуаға келісіп, жаулар аттарының басын кері бұрып, келген жақтарына қарай шаба жөнеліпті. Осы шайқаста Найман шалдың батыр ұлы Тоқпан да оққа ұшып, жас келіншегі Ақсұлу да жесір қалыпты. Оның де перзенті жоқ екен. Енді бір ұрпақтың, бір әулеттің жер бетінен жойылып кету қаупі туады. Осыны ойлаған есті жесір келіншек Ақсұлу атасы Найман шалдың күшін байқайын деп, оның ізін аңдиды. Бір күні кіші дәретке отырған жерін артынша барып көрсе, кіші дереті құмдауыт жерді қазып жіберіп көпіршіп жатыр екен. Мұны көрген Ақсұлу: «Атамның бойында әлі бір перзенттік қуаты бар екен» деп қуана ойлап, көп ұзатпай өзінің төркін жұртынан Тоқсұлу деген сіңлісін атасына қосады. Тоқсұлу өзінен кіші болғанымен Ақсұлу оны: «Қызеней» деп атап кетеді. Сонымен, Тоқсұлу екіқабат болып, ұл табады. Найман шал қайтыс боп кетеді. Баланың атын бір әулеттен қалған белгі ғой деп «Белгібай» қояды (Кейде «Өкіреш» деп те аталады). Бұл жөнінде Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов: «Қанаттас ағайындар: Найман қарт жас арудың құшағында балқыған сол алғашқы кеште-ақ өкірген күйі өліп кетіпті. Баласының атын «Өкіреш» қойыпты деп әр алуан әңгіме шығарып алған. Тіпті солай-ақ болсын. Бұған намыстанудың түкке де керегі жоқ. Одан Найман шалдың мәртебесі титтей де кемімейді. Қайта, сексен бес жасында ұрпақ үшін бойдағы бар қуатын сарқып беріп, сол жолда өліп кетуі теңдесі жоқ ерліктей», – дейді. Ақсұлу кішкентай қайнысы Белгібай он алтыға толғанша күтіп, өзі отыз беске келгенде соған косылады. Белгібай мен Ақсұлудан Сүйініш, Сүйініштен Телегетай дүниеге келеді. Ал Төлегетайдан Қытай, одан «Төрт Төлегетай» атанған: Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл деген ұлдары дүниеге келеді. Белгібай Ақсұлудан кейін де бірнеше әйелге үйленген. Олардан: Сұгірше, Серікбай, Келбұқа, Кетбұқа деген ұлдар дүниеге келеді. Енді шежіре бойынша , тоғыз таңбалы қалың Найман осылардан тарайды. Енді бұларды таратыңқырап айтар болсақ, тоғыз таңбаның алғашқы төртеуі бәйбіше Ақсұлудан тараған «Төрт Төлегетай» – Қаракерей, Садыр, Матай, Төртуылға тиеслі болса, кейінгі үш таңбаны Сүгіршенің Саржомартынан өрбіген «Ергенекті» – Кекжарлы, Бура, Қарабай иеленеді. Соңғы екі таңба Кетбұқадан тарайтын Бағаналы мен Балталыға тиеді. Ал Келбұқадан тарайтындарға таңба жетпей қалып, бір ағасының таңбасын теріс басып «Терістаңбалы» атаныпты. Бірақ оған «Исі Найманның ноқта ағасы» деген жоғары мәртебе беріліпті. Міне, Қылышты Атаның өкіл қызына үйленген Телегетай осылайша қалың Наймандардың түп бабасы болып шығады. Ал Төлегетайдың немересі Матайдан туған Қаптағай батыр аты 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» дейінгі Найманның ұраны болып келген. Қаптағай батырдың сүйегі Сауран камалының (Жаңақорған ауданында) сырт жағындағы қасына қойылған (Күншығыс бетінде). Жоңғарларға қарсы кейінгі жылдардағы айқастарда Қабанбай батыр аты ұрандалған. Төлегетай Баба – XІІІ ғасырдың басындағы Күшілік ханның ұрпағы. Наймандарды жер-жерлерге бөлген кезде Төлегетай ежелгі Өзгент-Түркістан өңіріне жіберіледі. Бұрын да бірінің атағын бірі сырттай білетін Төлегетай мен Қылышты Сыр өңірінде кез болып, бірін-бірі құрмет тұтып өтеді. Бұл күнде қатар жатқан қос әулие Қылышты Ата мен Төлегетай Бабаның басына жаңадан келісті қос кесене тұрғызылған. Оның авторы Алматыда тұратын белгілі сәулетші, Сыр бойының перзенті Бек Ыбырайымов болса, оның құрылысын ұйымдастырушы Телегетай Бабаның ұрпағы аягөздік Қонысбек Ақжасаров деген атпал азамат. Қазақстанның Халық Қаһарманы, партизан-жазушы Қасым Қайсенов, еліміздің Елтаңбасының авторы Мәлібек Жандарбеков, Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, академик, техника ғылымдарынын докторы, профессор, «Қазғарыш» ұлттық компаниясының вице-президент! Мейірбек Молдабеков, Халықаралық «Алаш» және Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби сыйлықтарының лауреаты, Астанадағы «Отырар» кітапханасы ғылыми орталығының директоры, белгілі қаламгер Тұрсын Жұртбай, басқа да есімдері елге танымал азаматтар осы Төлегетай Бабаның ұрпақтары.
ИСЛАМ ДІНІНЕ САРА ЖОЛ
Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бері халқымыздың рухани тіршілігінің үлкен бір қайнар көзі – қасиетті Ислам дінінің арнасы кеңи бастады. Жетпіс жыл бойы бұл жағынан қысым көрген халық өз дініне қайта оралды. 1992 жылғы қаңтарда «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» тұңғыш заң қабылданғаннан кейін республикамызда, шын мәнінде, Ислам дінінің қоғамдағы орны өзгерді, оң көзқарас қалыптасты. Бұл оң көзқарас – ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызға қайта оралып, оңымыз бен солымызды танып, төрт құбыламызды түгендеуге жеткізді. Бұл оң көзқарас – біздің ұрпағымызды «Жеті атасын білмеген жетесіздіктен» құтқара бастады. Бұл оң көзқарас – тірлігі жан-дүниемізде сайрап, есімдері тіліміздің ұшында тұрғанымен, соны айта алмай жүрген, тарихтың шаң басқан қойнауында елеусіз қалып бара жатқан біртуар әулие бабаларымыз бен апайтөс батырларымыздың өз ұрпағына қайта оралуына жол ашып берді.
АУДАНДА ӘР ЖЫЛДАРЫ БАС ИМАМ БОЛҒАН КІСІЛЕР
ЖАПАР МАҒЗҰМ СЕЙДАХМЕТҰЛЫ (1890 – 1973)
Көптеген мұсылман қауымына есімі мағлұм білімдар Айқожа ишанның шөбересі Жапар мағзұм Сейдахметұлы 1890 жылы дүниеге келген. Жапар мағзұмға да Айқожа ишан бабасы сияқты, оның ақындық, тәуіпшілік қасиеттері қонған.
Дүниеден не манаттар кетті қайда,
Ажалға таба алмастан ақыл-айла.
Құдайдың құлымын деп құлшылық қыл,
Ойлап қой барарыңды анау жайға, – деп жазған Жапар мағзұм өзінің бір өлеңінде. Жапар мағзұм 1938 – 1973 жылдар арасында 35 жыл ауданның Бас имамы болып, халық арасында Ислам дінін уағыздап, оларды адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеуде көптеген жұмыстар жүргізді. Ол Ұлы Отан соғысы кезінде көмек ретінде ауыл имам-молдаларын ұйымдастырып 20 мың сом ақша жинап өткізген. Сол еңбегін бағалап, Жапар мағзұмның атына Тәшкенттегі Орта Азия Мұсылмандары басқармасынан Алғыс хат та келген. Жапар мағзұм 1973 жылы дүниеден өтті. Оның ислами жолын ұлы Балтақожа жалғастырып келеді.
ЯССАУИ МЫРЗАХМЕТОВ (1908 – 1987)
1973 жылы ауданда мешіт ашуға рұқсат етілді. Аудан орталығынан Құмсахаба мешіті ашылды. Ауданның Құмсахаба мешітінде 1973 – 1982 жылдары ауданның Бас имамы Яссауи Мырзахметов болды.
ТҰРСЫНҚОЖА ШАЛАПОВ (1915 – 1999)
Тұрсынқожа Шалапов 1915 жылы Жаңақорған ауданына қарасты «Балапантөбе» деген жерде дүниеге келген. 1934 – 1942 жылдар аралығында қазіргі Талап, Төменарық, Жұлдыз, Жайылма ауылдарында тракторист, комбайнер болып жұмыс істеген. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, 1946 жылы елге жеңіспен оралған Тұрсынқожа қайта механизатор болып жұмыс істеді. Майдандағы ерлігі үшін 2 рет Қызыл Жұлдыз орденімен, бірнеше медальмен марапатталған.
1982 – 1994 жылдары ауданның Бас имамы болған. 1986 жылы 1 қазанда Баку қаласында өткен Халықаралық Ислам конференциясына қатысқан. 1990 жылы 12 қаңтарда Қазақстан Мұсылмандарының І құрылтайына шақырылып, Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы өз алдына отау құруына тікелей араласты.
1992 жылы 19 мамырда Қазақстан Мұсылмандарының кезектен тыс ІІ құрылтайына қатысып, Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы төралқасының мүшесі болған. Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының Мақтау қағаздарымен марапатталған.
Тұрсынқожа Шалапов 1999 жылы дүниеден өтті.
СӘБИБУЛЛА ШАЙЫХСЛАМҰЛЫ ӨСЕРОВ (1948 – 1997)
Сәбибулла Шайыхсламұлы Өсеров 1948 жылы туған. № 169 Н. Илялетдинов атындағы орта мектебін тәмамдаған. Ол әкесі Шайхыслам молладан діни сауатын ашып, медресе көрген Зәкір Бейбітовтен дәріс алады. Түрлі шаруашылықтарда жұмыс істейді. 41 жасқа келгенде екі жылдық Ислам институтына түсіп, оны ойдағыдай бітіреді. Сәбибулла Шайхысламұлы 1994 – 1997 жылдар аралығында ауданның Бас имамы болды. Шәкірттер тәрбиелеп, дәріс берді. Шәкірттерінің алды Египет, Пакистан, Түркия секілді елдердегі діни жоғары оқу орындарында оқыды. Сәбибулла Шайхысламұлы 1997 жылы дүниеден қайтты.
ЖАНӘДІЛ ЖҰМАДІЛЛАЕВ, Жаңақорған ауданының бас имамы.
1939 жылы туылған. Жоғары білімді. Діни сауатын бала кезінде атасы Төлбасы Бұхарбайұлынан алған. Кейін 1991 жылдан 1996 жылдар аралығында Ахметов Оразбектен діни сабақ алып отырған. Діни сауаты жоғары. 14 қазан 1997 жылдан Қоңырат Алты – Ата мешітінің Бас имамы және Жаңақорған ауданының Бас имамы, Қызылорда діни басқармасының алқа мүшесі болып істеп келеді. 2003 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру курсын өте жақсы деген бағамен бітірген. Куәлігі Алтын әріппен жазылған.
Құралбай Мамуов Қоңырат Алты-Ата мешіт медресесінде біраз жылдан бері іс басқарушысы әрі ақпарат хатшысы болып қызмет атқарып келді. Ол бұл күнде аудан көлеміндегі мешіттер жайлы, имамдар туралы, әулие-әмбиелер жөнінде деректер жинаумен шұғылданып жүр. Сонымен бірге Құралбай Мамуов діни уағыздар, имандылық жайлы баспасөз беттерінде материалдар жариялап тұрады.
МЕШІТ – АЛЛАНЫҢ ҮЙІ
Мешіт – Алланың үйі. Мұнда Алла Тағала адамдардың жүрегінде нұр құяды. Мешіт – Алла Тағалаға құлшылық ету арқылы, оған бір табан жақындата түсетін қасиетті орын.
Мешіт – Исламның өміріміздегі қадір-қасиетін насихаттайтын діни орын. Мешіт – имандылық пен инабаттылыққа, сыйластық пен бауырмалдыққа, қайырымдылық пен мейірімділікке баулитын тәрбие орны.
Мешіт – ілімділікке көзіңді шырадай ашатын шамшырақты орын.
Бұл күнде ауданымызда 29 мешіт бар. Аудан орталығында алғашқы ашылған мешіттің бірі – Құмсахаба мешіті. Бұл мешіттің 1995 жылдан бергі Бас имамы Ержан Әлиякбарұлы Сейітжаппаров, ол әрі ауданның найб имамы. Ержан Әлиякбарұлы біраз жылдан бері бір топ жасөспірімдерді тәрбиелеп, дәріс беріп жүр. Қоңырат Алты Ата мешітінде Ержан Қибасаров пен Қыздығой, ал Хиссамеддин Сығанақи (Сунақ-Ата) мешітінде Дәурен (бұл мешіттің бас имамы Жеңіс Әшімов) жастарға діни дәріс беріп келеді. Жаңақорған кентінде академик Сұлтан Сартаев салдырған Хисамеддин Сығнақи (Сунақ-Ата) мешітінің ашылу рәсіміне (23 қазан 2007 жыл) қатысып, құттықтау сөз сөйлеген Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас муфти, Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі Хазіретінің сөзінен:
– Құрметті жаңақорғандықтар! Сіздердің туып-өскен жерлеріңізді қасиеті сол, ол ғұламалар мекені. Бұл жерден әлемдік биікке көтерілген ірі тұлғалар шыққан. Бұл дәстүр өзінің жалғасын тауып отыр. Міне, қала орталығынан Мешіт үйі бой көтерді. Аллаһқа құлшылық ететін Мешіттің салынуына Сұлтан ағаның имани жүрегі себеп болды десек қателеспейміз. Ол кісі осы Мешіттің ірге тасы қалана бастағаннан бастап, елдің ынтымағы артып, бірлігі нығайып, достығы жақындасып, имандылығы беки түсетіндігіне сенді. Солай болды да! Осындағы халық бақытты! Сіздер Һисамиддин сияқты ғұлама шыққан, білімнің алтын күмбезінің үстінде отырсыздар.
Араб елдерінде ұлы ғұламаның еңбектері өте көп. Мешіт үйі –мұсылмандардың ар-ұяты. Исламдай асыл дін жоқ! Құранның 719 жерінде білім туралы айтылады. Ислам білім мен ғылымды құрметтейді. Әйгілі ғалым Сұлтан Сартаевқа Жаңақорғандағы Һисамеддин – Сунақата мешітінің ашылуына қатысуға уәде берген едім. Міне, Аллаһ Тағала сәтін салып, уағданы орындап, осында тұрмыз. Сауаптың ең үлкені Мешіт салу делінген хадисте. Олай болса, бұл Мешіт Аллаһқа құлшылық ететін барша мүміндердің ортақ үйі болсын деп тілейік!
АБДУЛАЗИЗ – ҚҰРАН ОҚУДЫҢ ӘЛЕМДІК ЖЕҢІМПАЗЫ
Абдулазиз Мұзаппарханұлы Әлімбетов Құттықожа ауылындағы орта мектепті 1994 жылы бітіріп, сол жылы түскен Алматыдағы Ислам институтын 2000 жылы ойдағыдай тәмамдаған. Қазір Алматы облысы Іле ауданындағы Алтынбек Құлыбайұлы мешітінің Бас имамы. Жерлесіміз Абдулазиз 2007 жылы 8 – 10 маусымда Үндістанның Хайдарабад қаласында Құранды мәнерлеп оқудан және азан шақырудан өткен халықаралық жарыста 2-ші орынға ие болды. Бұл жарысқа Әлемнің 186 мемлекетінен өкілдер қатысқан еді. Бірінші орынды ирандық Абу Саид иеленсе, екінші жүлдені бүкіл Орта Азия елдерінен қатысқан жалғыз үміткер, жерлесіміз Абдулазиз қанжығасына байлап, Үнді жерінде Қазақстанның көк туын желбіретті. Ал үшінші орын Бангладештен келген Саид атты 8 жасар балаға бұйырды.
МҰСЫЛМАНДЫҚ ПАРЫЗДЫҢ БІРІ – ҚАЖЫЛЫҚ
Қолға түскен мәліметтер бойынша, Жаңақорған ауданы өңірінен Қазан төңкерісіне дейін және одан кейінгі қазірге дейін 114 адам Меккеге қажылыққа барған. 2006 – 2008 жылдың аралығында қажылыққа 19 жаңақорғандық барса, бұлардың арасында Айтмұхаммед Жүсіпов, Әлайдар Әбдуайтов, Қалаш және оның ұлы Дәулет Басқожаевтар, Рашид Әлиякбаров, Гүлжан Жүсіпова, Ұзақбай Зекенов, Сүлеймен Мырзаев, Ермахан Төреқожаев, Арыстанбай Мырзабаев, Аман Әбласанов, тағы басқа кісілер бар.
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
ҚҰМ ЖҰТҚАН
ҚАЛАЛАР МЕН ҚОРҒАНДАР, КЕСЕНЕ МЕН ҚАМАЛДАР
Өткен тарихымызды білмей бүгінгі тірлігіміздің қасиетін бағалай алмаймыз, ал онсыз ертеңгі өмірімізді сезіну де қиын. Тарихсыз халық жоқ, мәдениетсіз ел кездеспейді, қадір-қасиетсіз жер болмайды. Көнекөз қариялардан бізге жеткен әңгімелерге құлақ түрсек, Аралдан шыққан лақ шатырдан-шатырға секіріп отырып, Бұхараға дейін жетеді екен. Бұл сөз әсірелеп айтылғанымен, шын мәнісінде Сыр бойында 30 қала болған екен. Сыр бойындағы құм астында қалған қалалар мен қорғандардың, биік-биік төбелер мен қамалдардың, арықтар мен каналдардың орны осыны меңзесе керек-ті. Өйткені, ел де сулы жерлерді көбірек мекендейтіні түсінікті. Сондықтан тұнып тұрған шежіре, қатпар-қатпар тарихы бар жердің бірі тұтас Сыр бойы болса, соның ішінде Сыр мен қарт Қаратау қапталын алып жатқан Жаңақорған өңірі.
САУРАН ҚАМАЛЫ
Тылсым сырын ішіне бүгіп жатқан, тарихы тереңге тартқан, кезінде талай адам бақытын тапқан көне қалалардың бірі – Сауран қаласы. Ол Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1982 жылғы 26 қаңтардағы қаулысымен республикалық маңызы бар археологиялық ескерткіш ретінде есепке алынған. Сауран қаласы Жаңақорған ауданы аумағында жатыр. Аудан орталығынан оңтүстікке қарай 60 шақырымдай жерде, Сырдарияның оң жағалауы мен темір жолдың батыс беткейінде өркеш-өркеш дуалдары опырыла құлағанымен баяғы еңселі биіктігін аңғартқан ескі қаланың орны алыстан көз тартады. «Бір кезде Сауран бекінісіне Шыңғыс ханның тас атқыш қарулары, Абдолла ханның Рухади ұстасының «Қара бура» бу қазаны жасаған қойдай-қойдай шойын тастарын лақтырса, бүгін жоңғар басқыншыларының швед унтер офицері Ренат пен қытай шеберлері құйған болат зеңбіріктерінің қорғасын оқтары жауып тұр. Сонау алыс кезеңде осы бекініске тоқпақ жалды аласа жылқы мінген Жошының қанішер жауынгерлері сұр топырақты көкке көтеріп, «гу-гулеп!» атой салса, бүгін сол жылқының тұлпар тұяқты тұқымын мінген жоңғар жауынгерлері шабуылға шықты! Бәрінің де мақсаты біреу-ақ: шаһардың күлін көкке шығарып, халқын қырмақ, ұлын – қ ұл, қызын – күң етпек! Зеңбірек оқтары бекініс үстіне кепг тынбай жарылып жатыр. Сыртқа шығарар емес. Зеңбіректер кенет тына қалды. Қабырғаға басқыштарын сүйеп үлгірген жоңғарлар, енді құмырсқадай қаптап. жоғары қарай тырмысып. көтеріле берді. Сауран қорғаншылары ғажайып ерлік көрсетті. Жауға қарсы білтелі мылтық, шоқпарт сойыл, алдаспан, алмас қылыштарымен қатар, қара тас, қазан-ошақ, қолға түскен қатты заттың бәрі жұмсалды. Бірде-бірін қамал үстіне шығармады. Қорғаншылар ерлігіне шыдай алмаған жоңғарлар қамал түбіне көптеген өліктерін қалдырып, кейін қашты. Сонда ғана барып Бұқар жырау өзіне таяу қамал шетінде, кіндік тұсына жау найзасы қадалған Науан ұстаны көрді. Жүгіріп қасына барды. Найзасын суырып алайын деп еді, сұп-сұр боп кеткен ұста оның қолын кейін итерді.
– Тимей-ақ қой, – деді даусы әзер шығып, – бәрібір өлемін. Өкінбеймін... Жоңғардың құрығанда жиырмасын жайраттым білем. Әттең дүние, әңгімеңізді тегіс ести алмай кеттім...
Соны айтты да, Науан ұста сылқ етіп құлап түсті.
Жоңғарлар сол күні де, келесі күні де осы тәсілмен сан рет шабуылға шықты. Бірақ бекіністі ала алмады. Ақыры күздің қара суығы басталған кезде, Сауранды тастап, Яссыға қайтуға мәжбүр болды. Бұқар жырау да осы оқиғаға арналған «Тас қамал» атты дастанын шығарып еліне қайтты». Қазақтың белгілі қаламгері Ілияс Есенберлин өзінің «Көшпенділер» атты тарихи трилогиясында Сауран қаласының ғажайып бір ерлігін осылай суреттеп жазған болатын-ды. Бұл күндері сол ежелгі Сауран қаласының орны қаншама ғасырлар бойы сабалаған жаңбырдың асты мен уілдеген желдің, борап соққан боранның өтінде мүжілгенімен, әлі де жер бетінен тып-типыл болып құрып кетпей, ел қорғаған ерлігіміздің тұмарындай боп тұрған, сонау мұнарланған ғасырлар қойнауынан сыр тартып жатқан қорған. Сауран қаласы жайлы алғашқы деректер X ғасырдағы араб саяхатшыларының жазбаларында кездеседі. Демек, бұл қала бұдан көп бұрын, тарихшылардың айтуынша, ҮІ ғасырда пайда болғандығын аңғартады. X ғасырда өмір сүрген арабтың географ-ғалымы Макдиси Әл-Мутаххар Таһир жиырма екі тараудан тұратын «Дүниенің басталуы мен тарихы» деген кітап жазған. Осы еңбегіне ол: «Сауран – бірінің сыртынан бірі 7 қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде күмбез, сарай, мешіт бар», – дейді. Сондай-ақ қала ішінде теңселмелі 2 мұнарасы бар ғажап медресе де болған. Ал сол заманның тарихшысы Рузбехан Сауран туралы: «Бұл қала керемет сұлу және шексіз көңілді, ауасы өте таза, адам жанын көңілдендіріп, сергітеді. Маңайы құлпырған бау-бақша, әртүрлі ағаштар, қаланы айналдырып биік дуалдар қоршап тұр, ешқандай жау ала алмайды. Бұл қаланың топырағы білім мен ғылымның ордасы. Халқы ерекше білімқұмар, зерек және қонақжайлық олардың табиғатына әбден сіңген», – деп көрсетеді. Қала сол айналасындағы жерлерден 2 метрден жоғары табиғи төбенің үстіне дәлдік есеп өлшемімен шебер соғылған. Сол заманда Қаратау етегінен аққан өзендер Сырдарияға құйып жататын. Тасқын су мен өзен суы жайылымдарға тарап, көгерісі өте мол болған. Сайрам, Отырар, Сауран арқылы солтүстікке қарай Ұлы Жібек керуен жолының өтуі қаланың өркендеуіне үлкен үлес қосқан. Қала сауда орталығына айналған. Сауранның маңайында жер өңдеу мәдениеті ертеден-ақ дамыған. Егіні суармалы болған. Сыр өзенінен үлкен каналдар қазылған. Сауран қаласы, сонымен қатар үлкен қорғаныс орны.бекініс қамалы болды. Қаланы биік дуалдармен қоршап, ол дуалды айналдыра тереңдігі 3 метрге дейін, ені 15 – 20 метр келетін ор қазып, су жүргізіп қойған. Қалаға екі қақпа арқылы ғана кіретін болған. Бас қақпасы қабырғаның солтүстік-шығыс бөлігіне, екінші қақпасы оңтүстік-шығыс бөлігіне орнатылған. Ал бұдан басқа шығыс жағындағы мұнараның ішінде қалаға кіріп-шығатын құпия есігі болған. Қаланың осы екі қақпасының алдындағы ор үстіне қорған қақпасына кіретін аспалы-жиналмалы көпір орнатқан. Бұл аспалы көпір түнемеге жиналып қойылады екен. Қала тұрғындары ауыз сумен Сырдариядан тартылған жерасты құбырлары арқылы қамтамасыз етілген. Бұл құбырдың ұзындығы 7 шақырымға жеткен. Қала ішіндегі қоймаларда азық-түлік пен ауыз судың мол сактық қоры болған. Қару-жарақ, ок-дәрі сақталған. Қорған қабырғаларының әр жерінде және биік мұнараларында сыртқы жауларға қарсы қару қойып, оқ ататын арнайы орындар жасалған. Зерттеуші Хафиз Тыныш: «Оның мықтылығы соншалық, оның мұнарасы мен дуалын бұзу ешкімнің де ойына келмеген», – деп жазды. Сауран қаласының орны солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 800 метр, ал солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 550 метрге дейін созылып жатыр. Қаланың айналасы екі жарым шақырымдық қисық төртбұрышты ормен қоршалған. Қорғанның құлап, шөккен қазіргі қалдықтары биіктігінің өзі 3 метрден 6 метрге дейін жетеді. Зерттеуші-ғалым В.М.Флоринский 1888 жылғы зерттеуінде Сауран мұнаралары жайлы көзбен көргенін былай деп жазды: «Сауран мұнарасының аман қалған бөлігінің биіктігі 7 сажын (яғни, 15 метрдей - А.С), оның жанында 16 фут (яғни 500 метрдей) қашықтықта 1867 жылғы көктемде қираған мұнара тұр. Бүгін қалған мұнараның табанында төбені қазған кезде оның қазіргі үстінен іргетасына дейін толық сажын (яғни, 2 метр 13 сантиметр) болып шықты. Мұнаралар күйдірілген кірпіштен тұрғызылған, түрі тізбектелген тәріздес, айналмалы түрде жақсы салынған ішкі сатысынан ең жоғарғы жағына дейінгі диаметрі 6 аршын (яғни, 4 метр 26 сантиметр). Мұнараларының бірінің түп жағы алтын жалатылған көгілдір әшекейлермен безендірілген. Бұл құрыльістың ішіне кіру үшін бір жағынан табанына бір жарым сажын (яғни, 3 метр 20 сантиметрдей) биіктікте бұранда тәрізді басқышқа (айналмалы сатыға) кішкене төрт бұрышты саңлау (тар есік) жасалған. Басқыш жарықты қабырғаларда жасалынған кішкене төрт бұрышты терезелерден алады». Мұндай мәліметтерді белгілі шығыстанушы-ғалым, жиһанкез П.И.Пашино «1886 жылғы Түркістан өлкесі – Жол-жазбалар» атты кітабында да келтірді. Демек, бұл зерттеушілердің жазғандарына қарағанда, Сауран сұлу қала болған. Сауран жерінің топырағы қатты, тозанды, жабысқақ келеді. Сондықтан құрылысқа өте қажет материал болып табылады. ХІҮ ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи зиратының басына алғашқы қышын өз қолымен қалап, сәулетті ғимарат (мавзолей) салдырды. Осы ғимаратқа Сауран топырағынан күйдірілген қыш дайындалады. Дайындалған қышты көлікпен тасытпай, Саураннан 30 шақырым жердегі Түркістанға дейін 40 мың құлды қатар тұрғызып, қышты бірінің қолынан біріне бергіздіріп жеткізген екен. Сауран қаласы да Сыр бойының өзге қалалары секілді талай аласапыран заманды басынан кешірді. Алғашқыда бұл өлкені қаңлы тайпалары биледі. Олан кейін Сауран қаласы біраз уақыт Оғыз мемлекетінін құрамында болды. XІІ ғасырда қыпшақ мемлекетінің ірі саяси және мәдени орталығына айналды. Тарихта Сыр бойындағы қалаларды 1219 – 1220 жылдары Шыңғыс ханның жаулап алғаны белгілі. Осы шапқыншылықта Сауран қаласы да зардап шегеді, қирайды. Ал XІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап Сауран қаласы қайтадан көркейіп, дами бастайды. Алтын Орда заманында Сауран соның құрамында болады. Кейін Орталық және Оңтүстік Қазақстан жерінде Ақ Орданың құрылуына байланысты қала Ақ Орда құрамына енеді. ХІІІ – ХІҮ ғасырларда Сауран қаласы Ақ Орданың астанасы болды. Мұнда Сасы-Бұқа (1309 – 1320 ж.ж.) хандық құрған. Ал Сасы-Бұқа болса, ол Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошынын баласы Бату ханның бауыры Орда-Ежен ханнын шөбересі. Сасы-Бұқа хан 1320 жылы қайтыс болып, осы Сауран қаласында жерленген. Сасы-Бұқа хан қайтыс болған соң орнына ұлы Эрзен таққа отырған. Ол да кезінде зәулім ғимараттар салдырып, қаланы көркейте түскен. Осы жерде айта кетсек артық болмас, ежелгі Сауран қаласының түбінде Қаптағай батырдың да қабірі жатыр. ХҮІ ғасырдың басында Найманның батыры Қаптағай Қасым хан әскерінің қолбасшысы болған. Оның есімі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» дейін Найман ұлысының ұраны болған. ХІҮ ғасырдың екінші жартысында, атақты Ақсақ Темір заманында, Сауран қаласы тағы да талай тайталастың куәсі болады. Қырғын соғыстарды басынан өткізеді. Бұл өлкенің халқы да аз күйзеліске ұшырамайды. Қылышынан қаны тамған Орта Азия әміршісі Ақсақ Темір Сауран қаласын 1405 жылы Қытайға шабуыл жасу үшін 800 мың қол жинап, әскерлерге соғыс өнерін үйрететін және қару-жарақ сақтайтын үлкен қорғаныс қамалына айналдырды. Бірақ Ақсақ Темірдің сол жылғы ақпанда Отырар қаласындағы мешітте намаз үстінде жүрек талмасынан кенеттен қайтыс болуы оның Қытайға жорығының аяқсыз қалуына әкеліп соқтырды.
Сауран Жәнібектен кейінгі қазақ хандары Бұрындық, Қасым, Хақназар, тағы басқалары тұсында шапқыншылықтың салдарынан біресе өзбек, біресе қазақ хандарының қол астында болып отырған. Сауран Түркістан, Сығанақ қалалары секілді қазақ хандығының құрамына біржолата 1598 жылдан бастап қараған. Түркістан Қазақ хандығының астанасы саналып, ал Сауран мен Сығанақ қалалары әкімшілік орталықтары болып қалады. Сауран қаласы XVІІІ ғасырларда жоңғарлардың шапқыншылығына ұшырады. Одан кейін Қоқан хандығының езгісіне де түсті. Осыдан бастап қаланың құлдырау дәуірі басталады. Осындай аласапыран заманның бірінде халық қаланы қимай, Сауранды екі айналып еңіреп барып кеткен екен. Содан «Сауран айналған» деген сөз қалған. XІX ғасырдың ортасында қала біржолата күйрейді. Қазір мұнда «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшісі Карл Байпақов) қазба жұмыстарын жүргізуде. Қазба кезінде түрлі ғимараттар мен теңселмелі қос мұнараның орындары белгілі бола бастады. Қазіргі кезде Сауран қаласының құлаған қабырғалары мен мұнара белгілері, қорған ішінде уатылған қыш сынықтары шашылып жатыр. Қорған ішіндегі үйінді төбелерді басып жатқаи топ-топ жусан мен шағыр, молтық өскен жыңғыл бастары соққан желмен ыңырси ызыңдап, еткен замандардан сыр шертіп, мұңын шағып тұрғандай.
ҚҰМИЯН ҚАЛАСЫ
Сонау есте жоқ ескі заманаларды басынан өткізген Сырдың бойында сырын ішіне бүккен талай тарих жатыр. Оның оқылмаған парақтары құм жұтқан қалалар мен корғандар, кесене мен камалдар. Соның бірі – Құмиян қаласы. Құмиян қаласының аты тарихи зерттеулерде бір-екі жерде аталып қалғаны болмаса, көбіне кездеспейді. Неге олай? Оның себебі - Шыңғыс хан шапқьіншьільіғынан қайта бой көтеріп дами алмаған. Сондықтан кейінгі зерттеушілердің қаламына ілінбей қала берген. Ал Сауран, Сығанақ, қалалары моңғол шапқыншылығынан кейін қайта гүлденіп, тіпті Қазақ хандығының басын қосқан Ақ Орданың астанасы болған. Ал ойландыратын нәрсе, Құмиян қаласы да тарих сахнасына алғашқыда Сауран, Сығанақ, Өзгент қалаларымен қатарлас шыққандығы. Өйткені, Құмиян қаласының қалған орны, табылған жәдігерлері соған мегзейді. «Сыр елі» экциклопедиясында (Қызылорда облысы) былай деп жазылған: «Құмиян қаласы – ортағасырлық қала орны. 7 ғасырда өмір сүрген. Сырдарияның сол жақ бетінде Келінтөбе елді мекенінен батысқа қарай 10 км-дей жерде орналасқан. Қала үйіндіге айналып, сыртындағы кесек қорғаны құлаған, кейбір бұрыштары жартылай қалған. Кесек қорған үсті төрт аттылы кісі сиятындай қалыңдықта жасалған». (331-бет.) Құмиян қаласы камал ретінде салынғандығы аңғартылады. Өйткені, қорғанның кейбір сақталған қазіргі биіктігінің өзі 5-6 метрге жетсе, дуалының ені 3-3,5 метр келеді. Төбе боп үйіліп жатқан қорғанның төрт жағында бес-бестен мұнара болған. Үлкен қақпасы оңтүстік шығыс жағына орналасқан. Қала қорғанының сыртын айналдыра ені 8 метр, тереңдігі 1,5-2 метр op қазылған. Демек, сыртқы жаулардан қорғану үшін орды сумен толтырып қоятын болған. Күндіз аспалы көпірді пайдаланып, түнемесі жинап алып отырған. Қаланың құлап, үйінді болған төбе үстерінен табылған құмыра мен әсем өрнектелген сырлы ыдыстардың сынықтары Отырардан табылған жәдігерлермен ұқсас боп келген. Демек, Құмиян ХІІ-ХІІІ ғасырларда сақталған қаланың орны екендігі аңғарылады. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, Құмиян қаласын ордалы жыландар ойрандаған деген де сөз бар. Кім білсін, рас та болуы ғажап емес. XІ ғасырдың орта шенінде Қыпшақ тайпалары Оғыз мемлекетін қиратқаны белгілі. Ал осы Қыпшақ тайпаларының құрамына кіретін Қимақтардың туында жыланның суреті болған. Ордалы жылан деп жүргені осы болуы да мүмкін. Өйткені, Құмиян қаласы сол заманда Оғыз мемлекетінің қарамағында болған ғой. Ал енді «Құмиян» атауы қайдан шыққан? Көйбір шежіре деректеріне қарағанда, тегімізді ағайынды Жайылхан мен Сейілханнан таратады. Сейілханнан сегіз арыс түрікмен өрбиді де, Жайылхан түпкі аталарымыздың бірі боп шығады. Жайылханнан Майқы би, одан Өзбек пен Жиен туған дейді. Жиеннен Құмиян мен Тұмиян туады. Тұмияннан ұрпақ қалмайды. Ал Құмияннан Алаш пен Наурыз туады. Наурыздан перзент болмайды. Алаштан Айырқалпақ, одан Қазақ пен Созақ туған. Созақтан Қарақалпақ. ал Қазақтан Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс тарайды. Құмиян қаласы сол кісінің атымен аталды ма дегенге де алып барады. Кім білсін?.. Дегенмен, не болса да Құмиян қаласы кезінде өркендеген қаланың бірі болғаны сөзсіз.
АҚҚОРҒАН
Орта ғасырдағы қамалды қалалардың бірі – Аққорған. Ол Жаңақорғаннан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырымдай жерде. Сырдарияның сол жағалауындағы қазіргі «Түгіскен» елді мекенінің аумағында болған. Бұл күнде қаланың төбеге айналған орны ғана қалған. Аққорған қаласы ХҮ – ХҮІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы кезеңіндегі Сыр бойында өркендеген біраз қалалармен қатар аталады. Тарихшы Ибн Рузбихан «Түркістаннын, отыз бекінісі» атты еңбегінде Сырдария мен онын сол жағалауындағы Аркөк, Өзгент қалаларымен бірге Аққорған қаласын да дамыған қалалардың қатарына жатқызады. Бұл қала үлкен сауда орталығы болмағанмен, суармалы егін шаруашылығы дамыған бекіністі қала. Кейбір жазба деректерге қарағанда, Аққорғанда астықтың мол қоры болған. Халқы жер жыртып, егін салған. Жаздық, Күздік бидайларды көп еккен. Әбілқайырдан кейінгі өзбек ханы Мұхаммед Шайбанидің хатшысы болған Рузбиханның жазуына қарағанда, Шайбани хан Аққорған және сол маңдағы бекіністі қалалардан өзінің әскерлерін азықтандыру үшін қанша астық жинаса да табыла беретіндігін айтады. 1446 жылы Шығыс Дешті Қыпшақ ханы Әбілқайыр Сығанақ, Өзгент қалаларымен бірге Аққорған қаласын да басып алған. 1581 жылы Өзгентке жорық жасап бара жатқан Абдолла ІІ Аққорғанды жағалап өткен. 1582 жылы маусымда болашақ қазақ ханы Тәуекел сұлтан Абдолла ІІ ағасы Ибадулла сұлтанмен Аққорға маңындағы кең жайлауда кездескен.
Аққорған қаласы кезінде сол аймақтың саяси және экономикалық өмірінде лайықты рөл атқарған. «Лайықты рөл атқарған «Аққорған» төбе әлі де биік, еңселі», – деп жазады жазушы Ермахан Төреқожаев өзінің
XX ғасырдың орта кезеңіндегі аққорғандықтар жайлы жазылған «Аққорған» атты роман-эссесінің алғысөзінде. – Төбесіне қарасаң басыңдағы тақияң жерге түсердей, құдды ересен зор түйе осы араға келіп шөгіп, манаурап, күйіс қайтарып жатқандай сезіледі... Төбеде тұрып айналаңа қарасаң, көз ұшындағы кең алқап сағымданып көрінеді. Ал, нақ түбінде үлкен қаланың орны байқалады. Қираған, құлаған сан ғасырлық қалдық үйме-үйме топырақ төбелерге айналған».
ӨЗГЕНТ
Өзгент – Сығанақ, Сауран қалаларымен қатар салынған, солардың тарихымен тағдырлас, Сырдың сол жағалауындағы орта ғасырлық мәдениеті мен саудасы, саяси экономикасы, ілім-білімі дамыған қала. Шығыстанушы ғалым В.М.Жирмунский «Оғыздардың Сырдарияның төменгі ағысындағы ежелгі мұралары» деген еңбегінде Өзгент атауының төркіні оғыздармен байланысты екендігін айтады. Мұның жөні дұрыс секілді. Өйткені, тарихи деректерге қарағанда, ҮІІІ – ІХ ғасырлар шамасында Қаратау бөктері мен Сырдария алқабын оғыз тайпалары мекендеген заманда Өзгент аты шыққан шаһар болған. Сол кезде Өзгент атауы «Оғызкент» болуы да мүмкін. Сонда қала аты «Оғыз» және «кент» деген сөзден қүрылған. Кент «қала» дегенді білдірсе, «ғызкент» («Оғыз қаласы») айтыла келе, дыбыс үндестігіне байланысты «Өзгент» болып өзгеріп, кейін солай қалыптасып кеткендігі көрініп тұр. Археолог-ғалым, полковник Б.А.Каллаурдын айтуы бойынша: «Өзгент дегеніміз – ол, біріншіден, Сырға косылатын өзен; екіншіден, ішкі Өзгент және қыр Өзгенті деген екі бекініс, соның екіншісі XІІІ ғасырдағы Өзгент», – дейді. Демек, сол замандарда бұл жерде шағын өзеннің де болғандығын аңғартады. Бәлкім бұл қолмен қазылған канал болуы да мүмкін. Ішкі Өзгенттің орны қазіргі «Өзгент» пен Қожакент» елді мекендерінің аралығында болса, ал қыр Өзгентінің орны «Өзгент» елді мекенінен батысқа қарай 15 шақырым дай жерде. Ішкі Өзгентті Сырдарияға жақын болғандықтан Сыр Өзгенті, қыр Өзгентін қашықтау болғандықтан Сыртқы Өзгент деп те атаған. 940 жылы дүниеге келген Қарахан Қағанаты билеушілердің арасындағы тақ таласы мен алауыздық тұбіне жетіп, Батыс және Шығыс Қағанаты болып (ХІ-ХІІ ғ.ғ.) екіге бөлініп кетеді. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, елдің көне тарихын зерттеуші-жазушы Қойшығара Салғарин «Хандар кестесін» (1992 ж.) жасай отырып, Батыс Қағанатының билігі «Маураннахрды және Ферғананың батыс бөлегін Ходжентке дейін иеленді. Астанасы Өзгент қаласы болды» дейді (33-бет). Ал осы Батыс Қағанатының XІІ ғасырдағы билеушісі Әбу Лайстың ұлы Жақып (Қылауыз Ата) болған. Сол замандағы бұл мемлекетке қазіргі Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз және Қазақстанның Оңтүстік аумағы қараған. Ұлы Жібек жолы бойындағы Өзгент қаласы кезінде гүлденген қала болған. Кейін ішкі Өзгент моңғол шапқыншылығына дейін Қыпшақ мемлекетінің құрамында болып, Сығанақ билігіне қараған. Моңғолдар қиратып, тонаған соң бұл қала қаңырап бос қалған. XІІІ ғасырда қаланың орны қыр Өзгентіне көшіп, қала қайтадан жаңара бастайды. Өзгент қаласы 1269 жылы құрылған Хидухан мемлекетінің құрамында болып, кейін Ақ Ордаға қарайды. Бұл кезеңде Ақ Орданың орталығы Сығанақ қаласы болатын. 1428 жылы Әбілқайыр хан болып сайланып, жан-жағына шабуыл жасап жер иелігін кеңейте бастайды. 1446 жылы ол Ақ Орданың Сығанақ, Созақ, Аққорған қалаларымен қоса Өзгент қаласын да басып алады. Өзгентке билеуші етіп маңғыт Уақас биді қояды. Қалада керуен сарайлар, мешіт-медреселер, басқа да мәдени ошақтар салынады. 1468 жылы Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін Сырдың ортаңғы ағысындағы қалалар үшін оның ұрпақтары мен жаңадан қалыптаса бастаған Қазақ хандығы арасында кескілескен ұрыстар болып отырды. Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани Қазақ хандығының негізін қалаушы Кере й мен Жәнібектің балалары Бұрындық ханмен, Қасым сұлтандармен болған ұрыста, Сығанақ, Сауран секілді басты қалаларынан айырылып қалғанымен, Өзгент, Отырар, Ясы (Түркістан) қалалары өзінде қалады.
Өзгент қаласы Қасым ханның тұсында Қазақ хандығына қараған. Өзгентке талас мұнан кейін де тоқтамаған. ХҮ – ХҮІІІ ғасырларда бұл шаһар жоңғар қалмақтары мен Ақсақ Темір және оның ұрпақтарының жорықтарында қирап, халқы қуғын-сүргінге ұшырап, тарих сахнасынан біржола кеткен. Қазір осы Өзгент қаласының аумағы төрт шақырымдай жерді алып, төбе боп қалған орны жатыр. Қалаға кіретін қақпасының жобалары осы уақытқа дейін сақталған. Қаланың 62 қақпасы болған. Қорған төрт бұрышты етіп төбе үстіне салынған көрінеді. Үзындығы 1,5 шақырымдай. Аралаған кезде шөгіп қалған қорған ішінен саз балшықтан жасалған түрлі-түсті ыдыс сынықтарын кездестіресің. Тарихи зерттеушілердің еңбектеріне қарағанда, қалада сегіз қырлы және дөңгелек қалыпта күйдірілген қыштан соғылған биік мұнаралар салынған. Әр мұнараның ішінде тастан қаланған 40 басқыштан тұратын айналмалы сатысы болған. Қаланы қоршаған қорған сыртында айналдыра қазған ордың орны байқалады. Бұл жерде Сардобаның да кешеге дейін орны сақталып көлген. Онда жаугершілік кезінде, басқа бір жағдайларда қайтыс болған адамдарды уақытша сақтап қояды. Өзгент қаласы Орта ғасырда маңызды әкімшілік орталығы болған. Сырдан және Өгіз жылғасынан ағып келген су (канал) арқылы егіншілікпен айналысқан. Зерттеуші И.А.Кастанье: «Өзгент Хорасанға дейінгі жол бойында барлық жерлер ескі арықтармен кесіліп қалған. Бұл бұрынғы Өгіз жылғасы өзенінің суы көп екендігін және бұл жерде сол кездері егіншіліктің дамығандығын білдіреді», – деп жазған. Сондай-ақ Өзгент өңірі – Сыр бойына Ислам діні мен мәдениетін алғаш әкелгендердің бірі Әзіреті Әлінің ұрпақтары Хорасан ата атанған Әбдіжалил бабтың, кемеңгер ойшыл Қожа Ахмет Иассауидің табандары тиген жер. Алпамыс батырдың жұбайы Гүлбаршынның әкесі Қармыс бай да осы Өзгентте тұрыпты. Мұхаммед пайғамбарымыздың жақын серігі және оның ізбасары болған Әбу Бәкірдің ХІҮ-ХҮ ғасырларда өмір сүрген ұрпағы Мәуләна Шәмшідін осы Өзгентте дүниеге келген. Бұл кісіні Молла Шәмші немесе Шәмші Бүзірік деп те атаған. Бүзірік оқымысты, ғалым деген мағынадағы сөз екен. Шәмшідін Өзгент қаласындағы мешіттің имамы әрі сол елдің ұлығы, ақын болған кісі. Сондай-ақ ол Өзгент қаласында тұрғандықтан, Шәмси Өзгенди деп те аталады. Шәмшідін өзі ұстаз тұтқан Қожа Ахмет Иассауидің (Сүлеймен Бақырғани Қожа Ахмет Иассауидің қызы Гауһардан туса, Мәуләна Шәмшідін осы Сүлейменнің шөбересі) хикметтерін жинақтап, кеңінен уағыздап отырған. Республикалық Ұлттық кітапханадан табылған «Хикмет Хазрат Сұлтан Ахмет Иассауи» деп аталатын қолжазбада Шәмшідіннің де ғазалдарының (өлеңдерінің) жүруі осыны дәлелдей түседі. Сондай-ақ шығыс әдебиетіндегі белгілі ақын Молла Софы Мәуләна Шәмшідіннің үзеңгілес серіктерінің бірі болған. Кейінірек тағдыр тауқыметімен Мәуләна Шәмшідін Самарқанға кетіп, сол жақта қайтыс болады. Сол кезде Молла Софының:
Кетті Самарқан атланып,
Келмеді ол қайта айналып.
Болды Самарқан да ғарып,
Мәуләна Шәмшідін қані?..
Молла Софы бәді сафа,
Иғілап айтур не бар кұда.
Рухыңды қыл менің риза,
Мәуләна Шәмшідін қані? – деп жоқтауы да сондықтан.
Сондай-ақ Әзіреті Әлінің жиырма бесінші ұрпағы Шаһбүзірік баба да осы шаһарда дүниеге кеп, өмірден өткен. Ол ғұлама-шайыр имам болған кісі. Лақап аты «Сабұлт» (бұлт үстіндегі әулие) «сабылт» атанған Сейд қожалар.
Өзгент шаһары – Сыр бойындағы тарихи оқиғаларға толы қалалардың бірі.
«...Бірақ адамды Құдай адастырар алдында ең алдымен ақылынан айырады. Күз тоқсанның ең ақырғы айында Сыбан Рабтанның баласы Қалден Цареннің қолы Түркістаннан шығып, Жаңақорғанға беттеді. Бұл жолы оның қарамағында 40 мың атты әскер бар-ды. Өзге ескерін жаулаған жерін иемденуге қалдырған. Бірақ Жаңақорғанға таяған кезде бүкіл әскерін кілт тоқтатуға тура келді. Бір күн бұрын алға жіберген қызы Хочга басқарған барлаушы топтан: «Алдымызда қаптаған қазақ әскері келе жатыр» деген хабар жеткен. Сыбан Рабтан таң қалды. Қайдағы әскер? Кім басқарып келеді? Сонау Құлжадан аттанғалы алты айдан бері қарсы келер жөнді күшті көрмей әбден асқынып алған Сыбан Рабтан қызына кісі шаптырды: «Қайдағы әскер? Ондай қалың өскер шығаратын қазақтың көбі қырылған. Сенің көргенің, сірә, көп малы болар. Абайлап қара, егер көргенің шынында мал болса, онда айдап алуға қанша адам жіберейін, тез хабарын бер» – деді. Өзі енді әскеріне тағы алға қарай жүруге бұйрық берді, Бірақ Хочгадан тағы хабар келді. «Алдымыздағы бізге қарсы келе жатқан қазақтың Кіші Жүзінің әскері екен. Басында Әбілхайыр хан. Аз дегенде 30 мыңдай. Осындай қалың қол оң жағымыздан, Орта Жүзден де бүгін-ертең келмек көрінеді. Оны Болатханның інісі Сәмеке басқарады дейді қолға түскен жігіт. Екі жақтың әскері Шиелі тұсынд түйіспек. Әбілхайыр әскері қазір осы Шиелі жағасында қостарын тікті. Шамасы, Сәмекенің қолын күтпек. Жау қарасы әбден шоғырланғанша, сол жерде аялдау керек. Келе жатқан жауға күтпеген жерден шабуылдасақ, жеңіс біздікі болатынына дау жоқ», – депті қызы. Сыбан Рабтан алдында жау бар екенін енді ұқты... ...Қатты желіске салып, қырық мың қол шаңқай түстен бесінге дейін жүрді. Күн еңкейе, Сыбан Рабтанның алдыңғы шебі Шиелі өзеніне жиырма шақырымдай жердегі бір қоғалы көлге келіп жетті... ...Әрқайсысы әр тауды мекендеген қазақ руларының әскерлері жиналғанша, жаз ортасы да болып қалды. Жұт жеті ағайынды дегендей, Арқаның жауынды-шашынды мезгілі биыл жылдағысынан ерте түсті. Сәмеке әскерінің тегіс жиналуын күтпей, Батыр Баян үш мың салт атты ығай мен сығай ер жігіттерден құралған жаужүрек қолмен Сыр бойына беттеді. Бұлар сапарға шығар алдында ғана Сәмекенің сәлемін алып, Кіші Жүздің ханы Әбілхайырға шабарман жіберілген. Екі ханның уәдесі бойынша қазақ қолы қарашаның орта шенінен қалмай Шиелі мен Жаңақорған арасындағы Сыр бойында бас қоспақ-ты. Осы арада ел болып бірігіп, жоңғарға қарсы аттанбақ еді. Қырық мың қолмен Сыбан Рабтанның келе жатқанын естіген Әбілхайыр дабыл қақтырып бар әскерін сапқа тұрғызып, «Тәуекел!» деп Сыбан Рабтанға қарсы жүрген. Бұл жолы Сыбан Рабтан емес, оны Әбілхайыр (Жаңақорған маңайында - А.С.) ойламаған жерден шапты. Әскері шұбалаңқы келе жатқан жоңғар қонтайшысы кұтпеген жерден тиген жаудан шүу дегенде сескеніп қап, сәл кейін шегінсе де, қазақ қолының анағұрлым аз екеннін көріп, тез-ақ есін жиған. Жоңғар әскерінің де соңғы шептері жетіп, Кіші Жүздің жігіттері қанша ерлік көрсетіп қарсыласқанымен де, ерікке қоймай, қазақ әскерін кейін қарай ығыстыра түскен. Енді бұларды жеңуге айналдым ғой деп, ақырғы қимылына кіріскен кезде, кенет «Қабанбай!», «Қабанбай!» деп ұрандасып, қамыс арасынан Қабанбай батыр бастаған Найманның екі сап қолы жоңғар шебінің дәл өкпе тұсынан тиген. Әуелде Арқаның қалың әскері келіп қалған екен деп абыржыған Сыбан Рабтан, бүйрінен тиген жау жаңадан жеткен шағын жасақ екенін түсінісімен, тез-ақ бойын жинап алған. Жоңғар қолы қайтадан шабуылға шықты. Ұрыс шиеленісе түсті. Күн екіндіге таяп қалған кез. Қазақтың бұдан басқа әскері жоқ екеніне көзі жеткен Сыбан Рабтан өзінің көптігін көріп, әскеріне «бірде-бір қазақ жауынгері құтылушы болмасын, жан-жағынан қоршап алыңдар!» деп бұйрық, берді, Жоңғар әскері қонтайшысының бұйрығын орындаған. Ұрысқа қызу кіріскен Әбілхайыр өздерінің қоршауда қалғанын күн батып бара жатқанда бір-ақ білді. Қандай қақпанға түскендерін аңғарған Кіші Жүздің жігіттері қашып құтыла алмайтындарын түсінісімен-ақ, өлімге біржолата бел буған. Жастықтарын ала өлмек болды. Қазақ жігіттерінің ерлігі, қайсарлығы бұрынғысынан он есе, жүз есе арта түсті. Жауының оңай берілмейтініне көзі жеткен жоңғар жауынгерлері де барын салды. Екі жақтан да бірдей батыл қимыл, қан-жоса кескілеу басталды. Бірақ Әбілхайыр қолының жан-жағынан темір қоршау бірте-бірте тарылып. қазақ жігіттерінің шеңберден шыға алмай қырылатыны шындыққа айнала бастады. Сонда да әйгілі Адай, Тама, Найман жігіттерінің қоршауында, маңына жан жуытпай жүрген Әбілхайыр «Жеңілдім» деп қол көтермеді. Бұған ызыланған Сыбан Рабтан «Қазақтың бірде~бір жауынгері тірі қалмасын!» деп тағы жарлық берген. Қанды көрген қасқырдай, қазақты қыруға әбден құнығып алған жоңғар қонтайшысының бұл бұйрығын орындар ма еді-қайтер еді, кене солтүстік жақтан «Аруақ!», «Ақжол!», «Ақжолдаған!» айбарлы ұран шықты. Бұл кезде күн де батып бара жатқан-ды. Ойламаған жерден айбарлы ұран естілгенде Сыбан Рабтан шын сасып қалды. Семекенің қолы жеткен екен деп ойлайды. Ал бұл жеткен бар болғаны үш мың жауынгері бар Батыр Баян еді. Ол Іле бойында бұрын да қалмақпен сан айқасқан, сан жеңген, жау жағына бұрыннан белгілі батыр. Ақбоз атын қол алдында көсілдіре салып келе жатқан жігітті көргенде, жоңғарлар «Батыр Баян!» деп шу ете түсті. Жау шебінің бір жағы шегіне бастады. Сол шегінген тұстан Әбілхайыр әскері қоршаудан босанып шыға берді. Бұл кезде қас қараюға айналған. Заматта қараңғы түсіп кетті. Енді екі жақ та ұрыстарын тоқтатып кейін шегінді... Көп кешікпей жаңбыры жоқ, қары жоқ, күпілі адамның өкпесінен өтетін, бүкіл Сыр бойының жұртына мәлім күздің қара суығы да басталды», - деп суреттейді Сыр бойының Жаңақорған өңіріндегі Жоңғарлармен болған шайқасты Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі қаламгер Ілияс Есенберлин өзінің атақты «Көшпенділер» трилогиясында.
Ия, Жаңақорған өңірі де қилы-қилы небір заманды басынан өткізген ғой... Сырдарияның оң жағалауындағы темір жол бойында орналасқан қала типті Жаңақорған қонысының (аудан орталығы) тарихы да әріде жатыр. «Қазақ Совет Энциклопедиясында» былай деп анықтама берілген: «Село XІX ғасырдан бері Жаңақорған деп аталады. ХҮІ – ХҮІІІ ғасырларда Дінқорған, Шепқорған аталған. Оның түбінде ертеде шағын қала болған. Оның қазіргі сыртқы көрінісі оңтүстіктен солтүстікке қарай 100 метрге созылып жатқан тебе. Осы төбенің оңтүстік жағында 20 метрдей жерде екінші шағын қаланың орны бар. Екеуінің де биіктігі 2х4 метр, ал ортасындағы қамалдың биіктігі 8 метрге дейін барады. Археологиялық барлау жұмысының нәтижесінде құманның, табақтың, керсеннің, күбінің сынықтары табылды. Ыдыстардың сыртында ою-өрнектер салынбаған. Археологиялық материалдарға қарағанда, бұл көне қала біздің заманымыздың І – ҮІІІ ғасырларында өмір сүрген, тұрғындары егін егіп, мал өсірген». (Қазақ Совет Энциклопедиясы. - Алматы, 1974, 4 том, 286-бет).
Демек, бұл деректерге қарағанда, көрсетілген елді мекендердің сонау сақ, қаңлы, ғұн тайпалары кезінде болғандығын аңғартады. Кейінгі зерттеу мәліметтеріне сүйенер болсақ, Жаңақорған орнындағы ең алғашқы қоныс біздің дәуіріміздің І – Ү ғасырларында пайда болған. Оның орны қазіргі Құмсаба. Құмсабаның астында көне қаланың орны бар. Бұл жөніндегі пікірді қазақтың мәдениеті мен тарихына терең барлау жасап жүрген белгілі қаламгер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дүкенбай Досжан қуаттайды. Ал соңғы кездері қазақ өнері мен мәдениетінің тарихына ден қойып зертеп жүрген жазушы-журналист Әбілхан Өбіласанов былай деп жазады: «Жаңақорған – Қоқан қорғаны. Қоқан хандығының Сыр бойына салдырған көп бекіністердің (крепость) бірінің аты. Оның ежелгі аты – Құмсаба, Құм, қом – көне түрік замандарынан бері кәдімгі құм мәнінде айтылып келеді. «Қоғалы көлдер, қом сулар» дегендегі «қом» осы құм мәнін білдіреді. Қай жерде су болса, сол жерде құм да бар. Судың табаны құм. Қызылқұмның ежелден судың асты болған деседі. Саб, саба– жер, мекен, толқын деген ұғымдарды білдіретін көне түрік сөзі. Сонда Құмсаба құмдауыт жер, құмды қыраттар, құм толқын, құмайтты мекен деген сөз. Бұл атау оның табиғи жағдайымен де сәйкес келеді». («Ана тілі» газеті, 6 бет, 22 қазан 1992 жыл.) Зерттеуші П. Лерх пен А.Ю.Якубовский: «Қаратаудың күнгей бетінде, ұлы өзеннің қойнауы бұрылатын тұсында, оң жағалауда отырықшы оғыздардың қорғаны, мекен-жайы болды», – деп жазады. Сонда Құмсабаның орны Сырдарияның иін қолтығына тура келіп тұр. Құмсаба кейінірек Құмкент деп аталып кеткен. Бұл жөнінде Дүкенбай Досжан «Жаңақорғанның тарихы» деген зерттеу мақаласында: «Махмуд Қашғарлықтың жазбасында Құмкент, Оғызкент, Сығанақ аталады. Тұман жазбаларында «Құмкент – Сығанақтың серігі» деген дерек бар. Қазіргі Құмкент деп жүргеніміз -«Құмсаба», - дейді. («Мирас» газеті, 13 ақпан 1991 жыл). Ал белгілі археолог-тарихшы Әлкей Марғұлан «Оңтүстік жеріндегі көне орындар» атты кітабында: «Құмкент деп жұрт Қаратудың бел ортасындағы Баба атаны, не болмаса Саудакентті шатастырып жүр. Құмкенттің географиялық орны Саураннан темен, ұлы өзеннің бойында жатыр», деп жазуы Дүкенбай Досжанның әлгі сөзін растай түседі. Құмкент туралы деректер араб тарихшылары мен жиһанкездерінің жазбаларында жиі кездеседі. Бірақ Құмсаба тұрғындары бұл жерде тұрақтап қоныс тебе алмады. Өйткені, дария арнасы бір аунаған кезде қала судың астында қалып қояды. Халық енді дарияны өрлей отырып, Дінқорған қамалын (қазіргі «Кейден» ауылының орны) салып, сонда қоныстанады. Дариядан канал тартып, егін егеді, малын өсіреді. Бұл жерлер сол кезде Қоқан хандығы билеп тұрған Түркістан уәлаятына қараған еді. Уәлаятты Әзіз Парманыш деген Қоқан бегі басқарған. Жергілікті тұрғындарға қоқандықтардың салған алымсалықтары ауыр тие бастайды. Халық арасында реніш туады. Сондай күндердің бірінде: «Дінқорғандықтар орыстарға бағынғалы жатыр екен», - деген жайсыз хабар Әзіз Парманышқа жетеді. Ол Нармат батыр бастаған 400 сарбазын Дінқорғанды шабуға аттандырады. Дінқорғандықтардың көбі қырғынға ұшырайды. Сарбаздар қамалды қиратып, түк қалдырмай өртеп жібереді. Халық тағы босқынға түседі. Олар енді қашықтағы жазық далаға орналасып, сол жерді тіршілік ұясына айналдырады. Бұл жерді - Ордакент деп атайды. Бірақ бұл мидай жазық дала тұрғындарға қолайлы қоныс бола қоймайды. Суы да тапшылау болады. Халық енді суы мол, қонысқа қолайлы жер іздейді. Сол кезде Сунақтан шыққан Сасықбай батыр жергілікті сунақ халқын ұйымдастырып, қонысқа қолайлы орын - көл жағасынан жаңа қорған салады. Аңызақ даладағы Ордакентке орналасқан ел енді кел жағасында жаңадан соғылған қорғанды елді мекенге келіп орналаса бастайды. Осы жерде айта кеткен жөн, бұл жердің Ордакент деп аталуы, тарихи деректерге қарағанда, біздің заманымыздың 1 ғасырында бұл жерде шағын Ордакент қаласы пайда болған. Қала ҮІІІ ғасырға дейін өмір сүрген. Сол кезеңдердегі жаугершілікте қала қирап, орны үйінді төбеге айналған. Ал енді, содан арада 1000 жыл өткенде Дінқорғаннан үдере кешкен халық осы ескі қаланың маңына келіп қоныстанған соң бұл да бұрынғы қаланың ізімен Ордакент деп аталып кеткен. Сондай-ақ археолог зерттеушілердің анықтағанындай, Жаңақорғаннан оншалықты қашық емес Ақүйік өзенінің аяқ жағындағы құрғап қалған аңғарынан 4 қаланың орны табылған. Бұл жөнінде кезінде Жаңақорған, Шиелі аудандық оқу белімдерін басқарған, 25 жылдан аса Жаңақорған аудандық Кеңес атқару комитетінің хатшысы болған, бұл күнде Еңбек ардагері Әбдіхалық Әйтілеуов былай дейді: «Сол Ақүйік езені арнасы бойынан табылды деп отырған терт қаланың үшеуін қайдам, ал біреуін мен жақсы білемін. Ол қазіргі «Бірлік» ауылының оңтүстік батысына қарай 4-5 шақырымдай жерде жатқан құлаған қорған бар, үйінді төбе. Біз бала кезімізде соған барып, дуалының басында жүгіріп ойнайтынбыз. Қызық көріп үйінді төбенің әр жерін қазғанымызда, қыш құмыралардың сынығын, күміс теңгелер тауып алып жүрдік. Бұл жерде баяғы заманда үлкен қала болғандығын соғыс ардагері Сейтхан Байдүйсенов, еңбек ардагері Әбдірахым Ақбалаев, 90-ға келген Найманбай ақсақал, қазір Алматыда тұратын тарих ғылымының кандидаты Әбибулла Әбсадықов айтып отыратын еді», – дейді. Бұл жерде біздің бұл мәселені қозғап отырған себебіміз сол, ол осы белгілі болған көне қала орындарының әлі сыры ашылмай, өзінің зерттеушісін күтіп жатқандығы. Енді бұрынғы әңгімемізді қайта жалғастырсақ, жаңадан соғылған қорған – Жаңақорған деп аталады. Бұл 1803 жыл еді. Соғылған қорғанның орны қазіргі Жаңақорған қонысындағы Қорған (Крепость) көшесінің айналасы болады. Сол кездері бекініс ретінде салынған биік те жалпақ қорғанның қалдықтары қазіргі аудандық Мәдениет үйінің солтүстік іргесінен орталық базардың орнына дейін (1944-1945 жылдары) созылып жатқандығын дербес зейнеткер Тастемір Жүзбаев әңгімелейді. Ол: – Қазіргі Жаңақорғанның іргесін қол ұстаған Сунақ батыры Сасықбайдың ұйымдастырып, дуалын қалағанын «Біздің бабаларымыздың бабасы айтыпты» деп қариялар айтып отыратын еді, – дейді. Жаңақорған салынғанда Қоқанның бұрынғы ханы Нұрботаның баласы Әлім ханның (1799-1809 ж.ж.) Қоқанды билеп тұрған кезі еді. Сондықтан Жаңақорғанды, бір жағынан, қоқандықтар орысқа қарсы бекініс ретінде де пайдаланды. Бұл бекініс жөнінде Алексей Брагин «Третье рождение» деген кітабында: «Жаңақорған – жаңа бекініс күтпеген жерден пайда болды, көпшілікке байқаусызда салынды. Бекініс төрт бұрышты қорғанмен қоршалды. Қорғанға қойып ататын білтелі мылтықтары болды. Жаңақорғанның ұрма дуалдары Ақмешіттегідей (Қызылорда – А.С.) ұрма саз балшықтан тұрғызылған. Оған шығыс жағындағы жаппалы қақпа арқылы кіруге болады. Қорған ішіндегі қалашықтың жартысы саздан салынған, аздап ағаштан да тұрғызылған үйлер бар. Сонымен бірге кішігірім сұр киіз үйлер мен ауқатты ақ боз үйлер болған», – деп жазды. XІX ғасырдың ортасында Қазақстанның кең байтақ жері үшін Ресей империясы мен Хиуа, Қоқан хандықтарының арасындағы қақтығыс шиелінісе түсті. Бұлар халықтан алым-салық жинап қана қоймай, ауылдарға оқтын-оқтын шабуыл жасап, адамдарын қырғынға ұшыратып, мал-мүлкін тонап кетіп отырды. Мұндай ауыр жағдай сол кездері Қоқан хандығының иелігіндегі Жаңақорған тұрғындарының да басында болды. Алым-салықтардың зекет, ұшыр, түтін пұлы сияқты тағы басқа да түрлері көбейіп кетті. Мұндай орынсыз зорлық-зомбылықтардың өзі халықтың ашу, ыза-кегін туғызды. Сондықтан да Хиуа, Қоқан бектерінің езгісінен құтылу мақсатында Сыр бойындағы елдер де бас көтере бастады. Біразы сол кездегі атақты Абылай ханның немересі Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты. Соның бірі дала батыры атанған қазалылық Жанқожа Нұрмұхаммедұлы еді. Осы батыр жайлы деректі кітап жазған жазушы-тарихшы Әбдісаттар Оспанов Жанқожаның 1841 жылғы қоқандықтарға қарсы бір шабуылын былай көрсетеді: «Ертеңіне, тамыздың жиырма тоғызына қараған таң алдында, Ақмешітке тұтқиылдан шабуыл жасап, Якуп бектің есін жиғызбай, бекіністің ойран-ботқасын шығарған. Бас-аяғы ет пісірімдей уақыт ішінде қоқандық сарбаздардың қарсыласуға да шамасы келмей қалды. Бек қолға түспей, құтылып кеткен. Сәске түстің кезінде Жанқожа сарбаздарын қаладан алып шығып, шығысқа, дарияны өрлеп жүріп кетіп еді. Ақмешіттегілер қапаны шапқан кімдер, қайдан келді, қанша әскер, қайда кетті, тіпті еш нәрсеге де түсінбей қалған. Бұл Кенесарының ыпаңы ғой деп ойлаған Якуп бек: «Ол бүгін Арқада болса, ертең Сырдан бір-ақ шығатын көкжал ғой» деген де, Шералыға шабарман жіберген. Бұлар сол бетімен суыт жүріп отырып, сегіз күн ішінде дарияның екі бетіндегі әрқайсысында елуден үш жүз сарбазға дейін бар қоқандық бекіністерді бірінен соң бірін алып, Жөлек пен Жаңақорғанды да тас-талқан етіп, сол жерден Ордакенттің үстімен Түлкілі өзенін жағалап, Қаратаудың күнгей бетіндегі қара жондарға сіңіп кеткен-ді. (Ә.Оспанов. «Жанқожа батыр». - Алматы, 1992, 147-бет). Бірақ көп ұзамай Жаңақорған қоқандықтардың езгісіне тағы да тап болады. Кенесары қайта айналып қоқандықтарға қарсы күреске шығады. Сөйтіп, Кенесары бастаған сарбаздар 1845 жылдың күзінде қоқандықтардың бір-екі бекініс қаласымен бірге Жаңақорған қамалын да басып алды. Тарихшы А.Сабырханов сол кездегі халықтардың бас көтерулерін былай деп жазады: «XІX ғасырдың орта шенінде қазақ еңбекшілері тек патша өкіметінің отаршылық езгісіне қарсы бас көтеріп қоймай, сонымен қатар Орта Азия хандықтары жүргізген талан-тараж, зорлық-зомбылық саясатына қарсы талай рет қолына қару алып күрескен. Бұлардың ішінде, әсіресе 1858 жылы Шудың екі жақ бетін жайлаған, сондай-ақ Әулиета (қазіргі Тараз қаласы- А.С.) Шымкент, Түркістан, Арыс , Мерке, Сайрам, Шолаққорған, Жаңақорған төңірігіндегі қазақтардың Қоқан билеушілеріне қарсы бағытталған көтерілісі ерекше орын алды. Бұл Қоқан бектерінің тонаушылық саясаты мен шектен тыс алым-салықтарына шыдай алмаған қазақ пен қырғыз еңбекшілерінің батыл бас көтеруі еді. Көтеріліске 20 мыңнан аса адам қатынасып, ол үлкен территорияны қамтыған.» (А.Сабырханов. «Ұлы бетбұрыс». -«Мектеп», 1981, 217-218-бет). Міне, сол кезде осындай көтерілісті Жаңақорған төңірегіндегі Қашқынбай, Қайқы, Сасықбай, Нияз, тағы басқа да осы секілді батырлар ұйымдастырып бастаған. Қоқан феодалдық езгісіне қарсы бағытталған бұл көтерілістер өзінің сипаты жағынан ұлт-азаттық қозғалысы болғанымен, негізгі сүйенер түп-тамыры мықты болмағандықтан, стихиялық жағдайға ұшырап, жеңіліс тауып отырған. Дегенмен, халықтың азаттық жолындағы биік мақсатын көрсете білді. Бұл кезеңде отаршылдық мақсатты көздеген Ресей империясы да Сыр бойын Қоқандықтардан тазартып, басып алуды ойластырып жатқан еді. 1853 жылдың күзінде патша тапсырмасымен Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы В.А. Перовский қалың қолмен келіп қоқандықтарға шабуыл жасап, Ақмешіт қаласын басып алады. Ұзамай генерал Черняев бастаған орыс әскерлері Сыр бойындағы қалаларға шабуыл жасайды. Патша әскерлері 1865 жылы Ташкентті алғаннан кейін, Қоқан хандығы енді Ресейге тәуелді екендігін мойындады. Осы уақытта Жаңақорған да орыстардың қарамағына өткен болатын. Орта Азия хандықтары мен Қазақстанның Ресейге қосылған жаңа аймақтарын ұтымды басқару мақсатында 1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы құрылып, өлкенің әкімшілік орталығы Ташкент қаласы болды. Бұл өлкеге Сырдария, Жетісу облыстары қарады. Сырдария облысының құрамына Перовск (қазіргі Қызылорда -А.С.), Қазалы, Түркістан, Шымкент, Әулиеата (қазіргі Тараз -А.С.), Ташкент қалаларымен бірге Жаңақорған да кірген болатын. Сыр бойын жайлаған қазақтар Қоқан хандығының ауыр езгісінен осылай құтылғанымен, енді Ресей империясының шырмаулы торына келіп түскен еді. Қазір қасиетті мекенге айналған Жаңақорғанның құм басып, төбе болған бағы заманғы көне орындары талай шежірелі-сырларды бүгіп жатыр.
СЫҒАНАҚ
Кезінде қазақ халқының басын құраған Ақ Орданың астанасы болған, Сыр бойының мәдениетті, сәулетті де көрікті, әрі саудасы мен қолөнер кәсібі дамыған, он бес мұнаралы қорғаны бар, Ұлы Жібек Жолының бойында жатқан басты қалалардың бірі – Сығанақ шаһары. Сығанақ қаласының бұл күндегі орны «Сунақата» елді мекені орталығынан солтүстік-батысқа қарай екі шақырымдай жерде 7-8 гектардай алқапты алып, шөккен түйедей болып үйіліп жатқан бес бұрышты төбе. Қаланың жалпы аумағы 20 гектардай жерді алып жатыр. Кейбір деректерге қарағанда, қаланың алғашқы негізі Ү ғасырдан басталғандығын аңғаруға болады. Ғалым Әуелбек Қоңыратбаев ҮІ ғасырда Қытайдан Византияға дейін созылып жатқан Жібек Жолының осы Сығанақ арқылы өткендігін айтады. Ұлы Жібек Жолының бойында жатқандықтан, әуел баста шағын бекініс, керуенсарай ретінде салынған Сығанақтың бірте-бірте маңызы арта түседі. Оның үстіне қала табиғи қолайлы жерден бой көтерген. Сығанақ бұрын Сырдың Қаратау жақ етегінен ағатын үлкен арнасы мен түстік жағынан өтетін кіші бір саласы арасында, айнала судың ортасында жатқан табиғи су қорғаны. Сонымен қатар қала аймағында шаруалар өмір сүрген. Егін егіп, мал өсірген. Төменарық, Бозғыл - Ұзақ арықтары Сырдариядан тартылса, Мыңбұлақ, Келте Шалғая, Арыстанды өзендері Қаратаудан аққан. Қаланың аты араб жазба деректерінде X ғасырдан бастап белгілі бола бастайды. Түрлі заманалар мен шайқастарды басынан өткізген қала XYІІІ ғасырға дейін өмір сүріп келген. Сығанақ қаласы жайлы мәліметтер М. Қашқари, В.В.Бартольд, Ә.А.Диваев, В.А.Каллаур, И.А.Кастанье, П.И.Лерх, В.Ю.Якубовский, А.Н.Бернштам, тағы басқа ғалымдар мен археолог-зерттеушілердің, саяхатшылардың жазған еңбектерінде кездесіп отырады. ІХ-Х ғасырларда Сыр бойын оғыз тайпалары мекендеген. Сол кездері Сығанақ оғыздардың иелігінде болған. X-XІ ғасырлардың ортасында ішкі алауыздық салдарынан Оғыз мемлекеті әлсірей бастады. Осының әсерінен XІ ғасырдың бас кезінде қыпшақтардың шапқыншылығына төтеп бере алмайды. Біраз оғыздар Сыр бойынан ығысып кетсе, қалғаны қыпшақтарға сіңіседі. Қыпшақтар басып алған жерлер «Дешті Қыпшақ», яғни Қыпшақ даласы деп аталады. ХІ-ХІІ ғасырларда Ертістен Еділге дейінгі ұланғайыр аумақты қамтып жатқан Қыпшақ мемлекеті Сығанақ қаласын өз астанасына айналдырады. «Орта ғасырдағы Сығанақтың саяси тіршілігін, мәдениетін, ұлан байтақ базарын, қала құрылысын, үйлерін, толығырақ жазған ғалымдар Шараффуддин Иазди, Фазулулла Ибн Рузбихан, – деп жазды академик Әлкей Марғұлан. Бұлардың баяндауынша, Сығанақ қыр даланың іргесінде әдемілеп салынған шаһар. Ескі дәуірлерде ол өте гүлденіп тұрған үлкен қаланың бірі болған. Бұл өлкенің жер байлығы елінің әдеп, мәдениеті көзге ерекше түскен. Сәулетті салынған шаһардың халқы да көп болған. Қаланың базарында күн сайын 500 түйеге артылған тауар сатылып отырған. Оның маңайы толған егіндік, бақша, арық, тоған еді. Бұл қалаға Арқадан (Дешті Қыпшақ), Хажы-Тархан (Астрахань) жағынан қаншама бай дүние келетін, олардың ішінде мыңдаған қой, топталған жылқы, түйе, қымбат ішіктер, тондар, қару-жарақ, қайыңның безінен жасалған жебелер, жібек маталар болатын. Сығанақ әрі сәулетті, әрі бай жер болғандықтан, оған Еділден, Каспий теңізінен, Қашқардан, Хотаннан, Мәуреннахрдан қаптаған саудагерлер келіп, сахараның халқына өзінің нәрселерін сататын». (Әлкей Марғұлан. «Ежелгі жыр, аңыздар». - Алматы. «Жазушы», 1985. 197-198 бет) Сығанақ қыпшақ хандарының құрылтай өткізіп, ақылдасатын ордасына айналған. Ұлы Жібек керуен жолының бойында жатқан сәулетті де сәнді Сығанақ шаһары «Қыпшақ даласының қақпасы» атанған. XІІ ғасырдың орта шені мен XІІІ ғасырдың бас кезіндеқыпшақтар мен Хорезм шахының арасында Сығанақ қаласы үшін бірнеше шайқастар болып, ақырында хорезмдіктержеңіп, Сығанақ Хорезм шахы Текештің қарамағына өтеді. 1219 жылы Сығанақ қаласы монғол шапқыншылығына ұшырайды. Жошы қаланы шаппас бұрын ең алдымен жергілікті саудагер Хасан-қожаны қала тұрғындарын берілуге көндіру үшін Сығанаққа жібереді. Бірақ сығанақтықтар сатқын Хасан-қожаны өлтіріп, өздері жауға қарсы кұреске шығады. Жошының әскерлері қаланы қоршап алады. Қала халқы 7 күн бойы берілмей, арпалысып бағады. Бірақ күші басым Жошы қаланы басып алып, халқын қырып-жойып, қаланың күл-талқанын шығарады. XІІІ ғасырдан бастап Сығанақ қаласы қайта салынып,қалпына келтіріледі. Қала жандана түседі. Қала біртіндепСыр бойындағы саяси және экономикалық орталыққа айналады. Монғол шапқыншылығынан кейін, ХІҮ ғасырдың басында алғашқы феодалдық Ақ Орда мемлекеті құрылады. Ақ Орда мемлекеті Жайықтан Ертіске дейінгі, Арал теңізінен бастап Сырдарияның оң жағалауынан Қаратауға дейінгі аралықтарды қамтиды. Астанасы Сығанақ қаласы болады. Ақ Орданы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханнан тараған ұрпақтары билей бастайды. Эрзен хан тұсында Сығанақта көптеген құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Қала гүлденеді. Сыр бойындағы қалалармен байланыс жасайды. Эрзен хан кейін Сығанақта қайтыс болып, осында жерленген. Эрзеннен кейін хан тағына оның ұлы Мүбәрәк хан (1320-1344) отырады. Мұның тұсында Сығанақта теңге соғылады. Одан кейінгі хандық Орыс ханға (1361-1378) тиеді. Осы кездері Хорезм тағына Ақсақ Темір отырған еді. Ол Дешті Қыпшақ жерін өз қарамағына алуды армандады. Осы ойда жүргенде Орыс ханның қаһарынан қаймығып, Хорезмге Тоқтамыс қашып келген болатын. Ақсақ Темір енді өз ойын іске асыру үшін Тоқтамысты пайдаланбақ болады. Сөйтіп, оған көп әскер жинап беріп, Орыс ханға айдап салады. Бірақ Тоқтамыс Орыс ханнан екі рет оңбай жеңіледі. Үшінші жорықты Ақсақ Темірдің өзі бастайды. Осы кезде Орыс хан қайтыс болады. Ақсақ Темір Сығанақты алып, Тоқтамысты хан етіп отырғызады. Тоқтамыс енді Ақсақ Темірдің қарамағынан құтылғысы келіп, соның әскеріне қарсы жорыққа шығады. Бірақ Тоқтамыс үш жорықта да (1389,1391 және 1395 ж.) Ақсақ Темірден тас-талқан жеңіліп, ең соңында Тоқтамыс Сібірге қашады. Бірақ Сібір ханы Шәдібек Тоқтамыстың Алтын Орданы билеп тұрған кезінде оған қайта-қайта шабуылдап көрсеткен қорлығы үшін Тоқтамыстың соңына шырақ алып түседі. Тоқтамыс енді өзінің қасына ерген қырық нөкерімен өзі кезінде хандық құрған Сығанақты айналып, Қаратауға қарай қашады. Осы жердегі бір жайлауда паналап жатқан жерінде бір түнде соңына түскен қуғыншылар Тоқтамыстың басын кесіп алып Шәдібекке алып барады. Тоқтамыстың бассыз қалған денесін және өлтірілген қырық нөкерін жергілікті халық жерлейді. Бұл 1406 жыл еді. Бұл жер содан бастап Тоқтамыс деп аталып кетеді. Тоқтамыстың денесі жатқан мола және оны айналдыра көмген қырық нөкерінің төмпешіктерінің орыны әліге дейін белгілі болып жатыр. Сөйтіп, Ақсақ Темірдің қанды жортуылдары Сығанақ қаласының шаңырағын шайқалтып, Ақ Орданы қиратып кетеді. Ақсақ Темір 1405 жылы қайтыс болғаннан кейін, әлсіреп қалған Ақ Орда қайтадан бой көтереді. Орыс ханның немересі Барақ хан 1423-1428 жылдары Ақ Орданы қалпына келтіре бастайды. Бірақ ол көп ұзамай қайтыс болады. Ақ Орданың билігі енді Жошы ханның бесінші ұлы Шайбанның ұрпағы Әбілхайыр ханның (1428-1468 ж.ж.) қолына көшеді. Әбілхайыр хандығының аумағы батысында Жайықтан басталып, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірін, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жалпақ қазақ жерін алып жатты. Тарих ғылымдарының докторы, археолог Кемал Ақышев зерттеу еңбегінде: «1446 жылы (және одан кейін де) ол (Әбілхайыр хан - А.С.) аса ірі жеңістерге қол жеткізіп, мемлекетінің құрамына Қаратау алабы мен Сырдария жағалауындағы Созақ, Сығанақ, Арқұқ (Артық ата), Аққорған, Үзгент сынды қамалды қалаларды қосып алады. Сөйтіп, ол астананы үшінші рет, бұл жолы «Дешт Қыпшақ айлағы» саналатын Ақ Орданың бұрынғы астанасы Сығанақ каласына көшіреді. Әбілхайыр хан мемлекетінің құрамына өз кезінде бұрынғы қағанаттар мен хандықтардың құрамында болған, кейіннен қазақ және өзбек халықтарын құраған көптеген тайпалар енеді», – деп жазды. («Қазақ тарихы» журналы. 7-бет № 3, 1995 жыл). Осылай Сығанақ бірде Орда билеушілерінің, бірде Ақсақ Темірдің, енді бірде Ұлықбектің қол астына қараған. Әбілхайыр – өзбек ханы, оның хандығы «Көшпелі өзбектер мемлекеті» деп аталған. 1449 жылы Әбілхайыр хан Самарканд қаласын басып алғаннан кейін, Ақсақ Темірдің немересі, атақты ғалым Самаркандтың билеген Ұлықбектің Жошы тұқымынан алған Шаһарбек атты бәйбішесінен туған он бес жасар қызы Рабиу-Сұлтан-Бегімді өзінің төртінші әйелі етіп алып қайтады. Бұл жеті жасынан медреседе оқып, парсы, араб, түрік тілін білген сұлу қызды Самарканд бекзадалары тарту-таралғысымен ақ пілді бас етіп, асыл қазына жасауымен қырық құл, қырық күңді қосып беріп ырғалтып-жырғалтып Сығанақ қаласына шығарып салады. Бұл кезде Әбілхайыр хан 40 жаста еді. Сығанақ қаласы тақ таласы заманында аласапыран оқиғаларды басынан өткізіп жатты. Орыс ханның ұрпақтары Керей және Жәнібек сұлтандар Әбілхайыр ханның билігінен бас тартып, соңына ерген жұртымен Қаратау қойнауларының шығыс жағына, Шу өзенінің бойына шоғырланады. Бұлардың Әбілхайыр ханмен арасындағы жауластығы күшейе түседі. Әбілхайыр хан Моғолстанды алам деп аттанып кеткенде, Жәнібек хан Шиелі жақтан келіп Сығанақты басып алады. Әбілхайыр хан ауырып қайтыс болады, сүйегін Созаққа қояды. Жәнібек хан Ордасын Сығанаққа көшіріп, билікті Бұрындыққа береді. Сөйтігі, қазақ хандығының тұңғыш астанасы Сығанақ қаласы (1468 ж.) болады. Бірақ көп ұзамай Хан Ордасын Жайық бойындағы Сарай-Беркеге көшіреді де, Сығанақ қаласын Бұрындыққа, Сауран қаласын үлкен ұлы Жиреншеге қалдырып кетеді. Сығанақ қаласы ХҮ – ХҮІІІ ғасырларда қайтадан сауда орталығына айналған, Қазақ хандығының құрамына кірген. Қала кезінде жоңғарлардың шапқыншылығына да ұшырады. Басынан қилы-қилы заманалар өтті. Қасым ханның баласы Хақназар хандық құрған (1538-1580 ж.ж.) кезеңде Қазақ хандығы нығаяды. Хиуа, Ташкент, тағы басқа қалаларды бағындырады, Сығанақ өркендейді. Сол кезеңде осы Сығанақ өңірінде өмір сүрген Қожамберді батыр Бұхараны аларда өзінің ерлігімен Хақназар ханның көзіне түсөді. Хақназар хан ересен ерлігі үшін Қожамберді батырға өзінің болат семсерін сыйға тартқан. Бұл өңірде елін, жерін қорғаған ерлер аз болмаған. Сығанақ қаласын зерттеу 1867 жылдан басталады. Сол жылы археолог П.И. Лерх келіп көріп, ол туралы «Түркістан өлкесіне археологиялық саяхат» деген еңбегін жазады. Мұнан кейін қалаға 1899 жылы В.А. Каллаур, 1906 жылы жазда арнайы тапсырмамен ғалым А.Ю. Якубовский келіп, қаланың қираған орнын суретке түсіреді. Сол зерттеудің негізінде «Развалины Сыганака» («Талқандалған Сығанақ») деген көлемді еңбек жазады. Ал 1937 жылы А.Н.Бернштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеу жүргізген. Сондай-ақ зерттеу материалдарын ұтымды пайдалана отырып, елеулі еңбек жазып жүрген журналист Әбілхан Әбіласанов «Сығанақ» атты кітабында (1991 ж.) қала тарихы жайлы тартымды мәліметтер келтірген. М.А.Кастанье 1906 жылы Сығанақ қаласының қираған орнына жасаған саяхатында былай деп жазады: «... Екі күн бойы мен осы шаһар жұрты төңірегінде болып, ХІІ-ХІІІ ғасырларға тән керамикалық үлгілер коллекциясын жинадым. Қас бетіне көтерме күнқағарлы қалақша қойылған мавзолейлермен қатар қарапайым құлпытасты сарт (өзбек) зират-қабірлері де, өте өсем жасалған қазақ мазарлары да ұшырасады. Әсіресе, зияратшылар жыл сайын ағылып келіп жатқан әулие Сығанақ ата мавзолейі ерекше екен. Мавзолейдің ішкі жағы аса кеңіл аудартады. Онда ақ жапқышпен жабылған қабір үстіне бірнеше арқар мүйіздерін, бейнесі жақсы сақталған жылтыр шыны сырлы жұқа қыштарды, Меккеден әкелінген, арабша жазулары бар қара жібектен жасалған қасиетті туды керуге болады. Мына құла жаһанның жалғыз тұрғыны бейіт маңындағы қадым заманғы мешіт сұлбасына жайғасқан әулиелі орынның күзетшісі (шырақшысы) екен. Көне бір уақыттарда әр түсті шыны сырлы жұқа қыштармен өрнектелген қабырғалары ғана бүтін қалып тұрған бұл мешіт те көңіл аудартпай қалмайды; мешіт тұрғыны оның құлаған төбесін қамыспен және басқа да далалық шөп түрлерімен жауыпты. Мұнда өзінің шаңқылдаған қыран даусымен қасиетті орын тыныштығын бұза тұғырда тұрған қол бүркітіне жақын, сыбайлас көрші болып мен де жайғастым. Бірақ тап мешіт еденінің астында зындан-үңгір болар деп кім ойлаған. Мен оған тіпті де күтпеген жағдайда тап болдым. Фотографиялық аппарат кассетасын зарядтау үшін қараңғы бір бұрыш керек болды да, әлгі қазақтан қол ұшын беруін өтіндім. Біраз толқып тұрды да, ол мені мешітке алып келді, тоқылған шиді көтеріп, астындағы үлкен бір шаршы тақта тасты (плита) қозғауға әрекет жасай бастады. Көп әуреленіп оны орнынан жылжытқаннан кейін, еденнен төменге түсетін күйдірілген кірпіш төселінген тар үңгір жол шықты. Біз оған көп қиындықпен әзер түстік. Үңгір түбінен бір сажын тереңдікте тағы бір жер асты жолының есік секілденіп түскен жартылай дөңгелек ауызғы жағы көрінді, оған өту үшін аяқты алға жібере отырып жылжу керек болды, сонда барып қыш күмбезді әлдебір сағанаға ұқсас жайға лып ете түстік. Шырақ шам (фонарь) жағып, мен енді бұл ауасы тынысқа ауыр жұмбақ құпиялы орын ішінен жол табуға тырыстым. Алға аттам үлгірмей жатып мені сағананың бір бұрышына жабыса қалған қазақ әлденені мегзей қарлығыңқы дауыспен айқайлап тоқтатты. Қызыл шырақ шамның әлсіз сәулесінде оның үрейлі әрі қатерлі жүзіне аң-таң болдым; сол сәт мұның тегін емес екенін аңғардым. Шын мәнінде де абайлап қарасам, әлденеге оралған мәйіт жатыр екен, сәл болмағанда қақтығысып қала жаздаппын. Қалшиып тұрып қалдым. Бір сәт жарықты жақындатыңқырап байқасам, оған таяу бір мәйіт, мұнан соң үшіншісі көрінді, сөйтіп, жетеуге дейін санадым. Енді бұл мәйіттер өздеріне сағана болған мына зынданға қалай келді деген сұрақтар мазалай бастады. Мұнда адамның жай түсіп-шығуының өзі қиын ғой. Бұл арада мына әсем ғимарат ішінде жатуға лайық белгілі әулеттен шыққан кісілер жерленді ме, әлде бұлар да бір ел жаулаған қанішерлер қолымен тірідей табытқа түскен, сөйтіп, шаршы тақта ауыр тас қылмыс не кек ізін ғасырлар бойы жауып жасырып келген бақытсыз бейшара бейбақтар ма? Кассета таспасын ауыстырып болған соң ажал ызғары ескен қатыгез өлім, ауыр құпия мекен түнек сағанадан шыққанша асықтым». (Кастанье А. «Поездка по Тургайской и Сыр-Дарьинской области», 51-52 стр.) Бұл Сығанақ қаласынан атақты ғұлама ғалым, ақын Хисамиддин Сығанақи (Сунақ Ата), оның немересі ғұлама Хусамиддин Сығанақи шыққан. (Бұлар жөнінде осы кітаптағы «Хисамиддин Сығанақи» (Сунақ Ата) деген материалда толық айтылған. - А.С.) Стамбулдан табылған сығанақтық ақынның өлеңіндегі: «Шыққан мұнда ғұлама да, дана көп» дегеніндей, кезінде бұл шаһарда Хисамеддин Сығанақиден басқа да ел мәдениеті мен өнеріне өздерінің лайықты үлестерін қосқан танымал перзенттері болған. Соның бірі - XІІІ ғасырда өмір сүрген Шайқы баба Сығанақи еді. Ол араб, парсы тілдерін жақсы білген. Құран мен тәпсірдің білгірі болған. Жастарды оқытып, ұстаздық еткен. Ол белгілі филолог, философ, тарихшы болған. Біраз еңбектер жазған. Ғұлама ғалым Жамал Қарши кезінде Шайқы баба Сығанақимен кездесіп, ол жайлы: «Шайқылардың шайқысы, хұқық ілімі бойынша кемеңгер ғалым, әуелде Әл-Хорезми, соңынан Сығанақи атанған, түркілер елінде Шайқы баба деген атпен де белгілі болған кісіні таптым. Онымен сұхбаттастым. Оның ерік-жігерінің мығымдылығы мені таң қалдырды» деп жазды. Сондай-ақ Сығанақ қаласынан шыққан Дәруіш Әли ас-Сығанақи, Молла имам ас-Сығанақи. Камалад-Дин ас-Сығанақи, Шайдай шайқы Сығанақи сияқты біртуар ұлдар кезінде Сыр бойының мақтанышына айналды. Өзбектің Хамза атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қарымды қаламгер Пірімқұл Қадыров көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы. дарынды ақын-жазушы, ғұлама-ғалым, тарихшы, алғашқыда Ферғана әмірі болған, кейін Үндістан билеушісі, Үндістанда Моғол империясының негізін қалаған, белгілі «Бабырнама» кітабының авторы, Ақсақ Темір әулетінен шыққан Захириддин Мұхаммед Бабыр (1483-1530 ж.ж.) жайлы жазған «Жұлдызды түндер» деген романында:
«Түріктерге өз әрпі де бұйырмады-ау, киелі, Бабыр хаты бөтен емес, Сығанақтың сыйы еді», - деген өлең жолдарын келтірген.
(«Жұлдызды түндер». Роман. - Алматы: «Жазушы», 1986. 380 бет). Бұл өлең жолдарында үлкен мән бар. Өйткені, Бабыр араб әріптерінің орнына Сығанақ қаласынан табылған ежелгі түркі жазуы негізінде балалардың сауатын тез әрі оңай ашу үшін ерекше жаңа әліппе жасады. Бұл тарихта «Хатти Бабури» («Бабыр жазуы») деп аталып кетті. Демек: өлең жолдарында айтылғандай, Бабыр әліппесі «Сығанақтың сыйы» еді. Кезінде Сығанақ шаһарында талай рухани дүниелердің туғандығына талас жоқ. Бірақ олардың көбісінің анық-қанығы кейінгі ұрпақтарға жетпей, тарих қойнауларының қатпарларында қалып қойғандығы кәміл. Дегенмен, біздің ғалымдарымыздың архив шаңдарын қағып, табанды зерттеулерінің арқасында кейбір маржан мұраларымыздың ізі де шығып жатыр. Солардың бірі ХІҮ ғасырда түркі тілінде жазылған «Хұсрау уа Шырын» («Хұсрау мен Шырын» ) дастаны. Мұның авторы Құтба деп есептеледі. Құтба Низамидің парсы тілінде жазылған осы аттас шығармасын өзінше қайта жырлап, жаңа нұсқасын жасаған. Әзірбайжанның ұлы ақыны Низами «Хұсрау уа Шырын» Арыстан шахты мақтаса, ал Құтба бұл шығармада Алтын Орда ханы Өзбек ханның (1312 – 1342) баласы Тыныбек пен оның әйелі Мәликені мақтайды. Ал Тыныбектің бұл кезде Ақ Орданың ханы болып, Сыр бойындағы Сығанақ қаласында билік құрып тұрған кезі екен. Дастанның негізгі сюжеті Шырын мен Хұсраудың адал махаббатын үлгі ете отырып, Құтба өзінше Тыныбек пен Мәликенің арасындағы оқиғаларды қосып, олардың да махаббаттарын мақтайды. Демек, Құтбаның «Хұсрау уа Шырын» дастаны Сығанақта жазылған шығарма екендігінде дау жоқ. Бұл дастанның қыпшақ Берке Факих көшірген жалғыз ғана қолжазбасы Париждің кітапханасында сақтаулы екен. Оны поляк ғалымы А.З. Чуковский Варшавада бастырады. Кейін 1958 – 1969 жж. Қазанда, 1946 жылы Ташкентте, 1974 жылы Алматыда басылып, зерттеулер жүргізіле бастайды. Бұл дастан жөнінде профессор Ханғали Сүйіншәлиев, филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Қыраубаева зерттеу жасап, ғылыми тұжырымды ойлар айтады. Осы жерде айта кетуіміз керек, Алма Қыраубаеваның әкесі Мүтәліп Қыраубаев (1921-1987) Төменарық ауылында туып өскен айтыскер ақын. Сондай-ақ көне дәуірдегі құнды шығармалардың бірі, қыпшақ тіршілігін суреттейтін Раванды Хорезмидің «Махаббатнама» дастанының да Сығанаққа қатысы болуы мүмкін. Дастан авторының:
...Махаббатнама жырын біттім мұнда,
Бәрін де жаздым Сырдың жағасында, – дейтін өлең жолдары ой салды. Құм астында қалған Сығанақ қаласының әлі ашылмай жатқан, бізге белгісіз құпия-сырларының бірі - бекіністі қаланың жер асты жолдары. Бұл жөнінде осы Сығанақ жайлы зерттеу жасап, біраз еңбектенген Өбілхан Әбіласанов былай деп жазады: «Жергілікті тұрғындар шаһар қақпасына жақын, оның терістік шығыс жақ шетіндегі мазар жанынан басталып, сонау Қаратау етегінен - Мыңбұлақтан шығатын жер асты жолы туралы да аңыз-әңгімелер шертеді. Бұл әңгіме желісі бойынша жер асты жолы өте ертеде жалдамалы жұмыскерлер кұшімен салынған. Оны қаздырушы билік иесі жалданушылардың әрқайсысымен жеке-жеке «келісім-шарт» жасасып, олардың өз бойындай алтын беретін болған да, бұл жайлы сыр шашып жанындағы серіктеріне де айтпауын табыстайды. Ал жұмысын орындап тысқа шыққан кезде олардың біртіндеп басын алып отырған екен. Сығанақтың жер асты жолы туралы ақиқат-шындық әлі ашылмаса да, болжамға негіз боларлық жайттар бар. Солардың бірі, жоғарыда аталған тұста, яғни шаһар қақапасына таяу маңдағы құлпытасты мазар іргесінде жер асты жолына апарар бастау болуы мүмкін дерліктей көне баспалдақты үңгірдің бары рас. Оның аузы бұл күнде де шеңгелмен жабулы. Сығанақтың жер асты жолы құпия әскери мақсаттар мүддесінен туған қажеттілік болуы да ғажап емес. Соғынлық (Сұғонлық) асуы (Ақсүмбе) аса көне аскери бекініс орны болғандығы тарихи деректерден мәлім. Ертеде «Сүмбе» – мұнара деген ұғымды білдірген. Якубовский Сығанақтың сауда орталығы болуымен бірге, «байырғы бекіністі шаһар ретінде көшпенділердің Мавреннахр мәдени аймақтарына шабуылдар жасап отыру мақсатында да, сонымен бірге даланы хорезмшахтардың XІІ-XІІІ ғасырлардың басындағы басқыншылық әрекеттерінен қорғау үшін де әскери күштерін жинайтын саяси орталығы болғанын» жазады. Әскери бекініс орны тұрған Соғындықтың Сығанақпен құпия қатынас жолы болуы әбден мүмкін еді. Хандар шежіресі бұл асудағы әскери қақтығыстар туралы аса дәріптеп жазады.» (Өбілхан Әбіласанов. «Сығанақ». - Алматы: «Өнер», 1991,17-18 беттер). Демек, Сығанақ қаласынан шығатын бұл жер асты жолы XІІ ғасыр шамасында Қаратаудың солтүстік бөктерінде, тау етегінен екі жүз метр жоғары жотаның үстіне салынған Ақсүмбе мұнарасымен байланысып жатқан. Бұл аяқ астынан келетін жауды бағдарлап, қарауыл қарап тұратын мұнара болған. Мұнараның биіктігі 12 метр, диаметрі 14 метр, кіретін есігі оңтүстік-шығысқа қараған. Қарауыл қарайтын терезелері бар мұнараның биік басына ішіндегі айналмалы басқышпен шығады. Ақсүмбе мұнарасы және оның теңірегіндегі елді мекендер ХІ-ХІІ ғасырларда Қыпшақ мемлекетінің астанасы болған Сығанақ қаласына қараған.
Академик В.В. Бартольдтың пайымдауынша, Сығанақ тұрғындары XІІ ғасырға дейін мұсылман дінінде болмаған. Сығанақ Хорезм шахы Текешке (1172 – 1200) қараған кезінде ғана мұсылман дінін қабылдаған. 1987 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда пединституты тарих бөліміің студенттері (кафедра меңгерушісі Үсен Абдуллаев) мен Қазақ ССР Ғылым академиясының тарих, археология , этнография институтының зерттеушілері (ғылыми қызметкері Пернәлі Қаратаев) бір айдай Сығанақ қаласының құм басқан орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген. Осы қазба жұмыстары кезінде қаланың шет аймағынан мүрде шыққан. Бұл жерленген мүрденің бас сүйегі күн шығысқа қарап жатқан екен. Әдетте, мұсылман діні бойынша өлген адамның басын солтүстік-батысқа беріп, бетін оңтүстік құбылаға қаратып жатқызады. Ал мынау табылған бас сүйегі күн шығысқа қарап жатқан мәйіт, демек, XІІ ғасырдан бұрын өлген адамның мүрдесі екендігін аңғартады. Академик В.В. Бартольд 1902 жылы Орта Азияға келген ғылыми сапарында Ташкенттегі архив материалдарынан Сығанақ қаласына байланысты 4 хан жарлығын (грамота) тауып алады. Бұл табылған бірінші, екінші және төртінші құжаттар түрік тілінде, ал үшінші құжат парсы тілінде жазылған. Бұл құжаттардың орыс тіліндегі аудармасы 1969 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы шығарған «Материалы по истории казахских ханств ХҮ – ХҮІІІ веков» деген томдыққа (313-319 беттер) енгізілген. Грамотаны нышан деп алатын болсақ, ал бұл Нышан – хан жарлығы болып табылады. Бұл нышанның ең көнесі бірінші нышан – 803 Хижра жылы (1400-1401 ж.ж.) жазылған Әмір Темірдің жарлығы. Мұнда шариаттың білгірі Сражиддинді Сығанақ уәлаятына шәйх әл-ислам етіп тағайындау және оған Ордакент, Кызылтал, Тұман, Бұзғыл-өзек арықтары бойынан бір-бір участок жер бөлігін беріп, оны алым-салықтан біржола босату туралы айтылған. Екінші нышан Хижраның 950 жылы (1543-1544 ж.ж.) Абу-ар-Рахим хан атынан жазылған. Мұнда Сиратшәйх-накибты қазы етіп тағайындап, оның хұқықтарын белгілеп, оған Қызылтал арығы бойынан бір участок жер беріп жөне оны алым-салықтан босату туралы жазылған. Үшінші нышан Хижраның 1006 жылы (1598 ж.) Абдолла ханның атынан жазылған. Мұнда шариатты терең білуімен айрықша көзге түскен Мәулен Камал ал-дин шәйхтың өзіне қарасты арықтарға көшпенділердің зиян келтіріп жатқандығы жайлы шағым түсіргендігін айтады. Осыған байланысты хан жарлығында Тоқтамыс, Қанаш бұлақтары, Келте-Шалғая, Қызылтал, Арыстанды, Жөлек, Мыңбұлақ арықтары. Сығанақ тұрғындарының мүлкі деп есептеледі. Ал Хисарғұқ бұлағы ғұлама Абу-л-Хасан зийа ад-Дин шәйх Сығанақи мазарының мүлкі деп танылады. Осыларға ешкім нұқсан келтірмесін деп жарлық берілген. Төртінші нышан Хижраның 1044 жылы ашур айында (1634 жылғы маусым-шілде айлары) жазылған Убайдулла ханның жарлығы. Мұнда Хисарғұқ бұлағын Хазіреті ғұлама Абу-л-Хасан Зийа ад-Дин шәйх Сахиб-и «Ниһая» Сығанақи мазарының мүлкі екендігі және оның ұрпақтарына, олардың аталған мүлкіне ешкімнің тиіспеуі куәландырылған. Бұл табылған хан жарлықтарының Сығанақ тарихын тереңірек тани түсуде маңызы зор. Бетін шағыр мен жусан басып, ызыңдаған желге құлағын тосып, құм астында көміліп қалған Сығанақ шаһары сырласар зерделі жандарын күтіп жатқандай көрінеді.
КӨККЕСЕНЕ
Сыр бойындағы аса маңызды, кезінде республикалық дәрежеге енгізілген тарихи ескерткіштердің бірі – Көккесене. Көккесененің орны Жаңақорған ауданындағы Төменарық теміржол стансасының солтүстік күншығысынан 5 шақырымдай жерде, қазіргі Қожамберді ауылында. Академик Әлкей Марғұлан: «Оғыз елінің атақты бір қаласы - Баршынкент, – деп жазды. Баршынкенттің тағы бір қызық тарихы ол қаланы оғыз елін басқарған жеті данышпан қыздың бірі-Баршын сұлуға арнап салынғандығы. Казактар ол қаланы бергі кезге дейін «Қыз қала» деп келді, демек қызға арнап салды дегенді мегзейді». (Әлкей Марғұлан. «Ежелгі жыр, аңыздар». -Алматы, «Жазушы». 1985 ж.-196-197 беттер). Сонымен бірге академик бұл қаланың атақты болуының бір себебі - Алпамыс батырдың зайыбы Баршын сұлудың (Гүлбаршынның) есімімен аталуында екендігін де айтады. Ал Көккесене кұмбезі (мавзолейі), тарихи деректерге қарағанда, осы Баршын сұлудың (Гүлбаршынның) кесенесі екендігін көрсетеді. Бұл жөнінде «Қазақ Совет Энциклопедиясында» мынандай анықтама берілген: «Көккесене – оғыз-қыпшақ заманында (XІ ғ) Сырдария жағасына (Қызылорда облысы, Төменарық стансасының солтүстік батысында) тұрғызылған сәулетті күмбез. Көккесене Қармыш (Қармыс - А.С.) байдың қызы Мамыш бектің (алып-мамыш\ Алпамыс) жұбайы Баршын сұлудың (Гүлбаршын) қабіріне салжұқ-хорезмшаһ заманында сәулет өнері үлгісімен (биік мұнара) салынған. Көккесененің астыңғы негізі берік етіп жасалып, оның үстіне бірінен бірін биіктете үш барабан тұрғызылған. Орталық барабанды михраб түрінде қуыстагі келтіріп, үстіне сүйір мұнара орнатқан. Күмбездің арқасын жебенің үшкір басына ұқсатып, екі иығын өрнекті бағаналармен көмкерген. Қабырғаларын Алаша хан күмбезі секілді қыштан кілем өрнегі үлгісіне ұқсатып қалаған... Қазір бұл тамаша ескерткіш түгел дерлік бұзылған. Көккесенеге таяу жерде Баршын сұлудың әкімшілік құрған астанасы Баршынкенттің қираған орны бар». «Қазақ Совет Энциклопедиясы» - Алматы, 1975 ж.б-том, 2 -бет). Ал ғалым Жанбибі Дүйсенбаева өзінің «Қазақтың төл дүниесі» деген зерттеу еңбегінде: «Қазақстан жерінде қатынның атымен аталатын бір-ақ қала бар. Ол – Баршынкент. Баршынкенттің атын «Алпамыс батыр» жырындағы Гүлбаршынның есімімен байланыстырамыз». («Жұлдыз», № 11. 2003 ж. 183-бет). Сондай-ақ басқа да бірқатар зерттеу еңбектерінде Баршынкент қаласы Сырдария өзенінің оң жағасында, Көккесене кұмбезіне таяу жерде болғандығы айтылады. Мұның жөні бар секілді. Өйткені, Баршын сұлу (Гүлбаршын) қайтыс болғанда оны айдалаға апарып қоймай, сол өзі билік жүргізген қала маңындағы мазарға жерлеу керек қой. Демек, Баршынкент қаласының орны да қазіргі Көккесене орнынан оншалық қашық болмаған. Олай болса, Баршынкент қаласының орнын айдаладан іздеп әуре болмай, XІ-XІ! ғасырларда Ертістен Еділге дейінгі ұланғайыр аумақты қамтып жатқан Қыпшақ мемлекетінің, кейін Қазақ хандығы кезінде Ақ Орданың астанасы болған Сығанақ қаласының (Көккесенеден 20-25 шақырымдай қашықтықта) маңындағы мұң басып, үнсіз жатқан белдеу-белдеу биік төбелерден іздеген жөн сияқты. Түп тіреп тағы айтарымыз, Баршынкент қаласы мен Көккесене күмбезі атақты Алпамыс батырдың зайыбы Баршын сұлуға (Гүлбаршынға) байланысты қасиетті орын екендігіне талас болмаса керек-ті. Бұл жөнінде кезінде Хиуа ханы болған (1643-1663), араб пен парсы, түркі тілдерін жетік білген шежіреші-тарихшы Әбілғазы (1603-1663 ж.) да жазған еді. Ол-«Шежіре-и-Түрік» («Түрік шежіресі» және «Шежіре -и-Тарахима» («Түрікмен шежіресі») атты тарихи екі үлкен еңбек жазып қалдырған кісі. Осы «Түрікмен шежіресінде» ол қаланың Баршын аталуы Оғыз еліне даңқы жайылған жеті қыздың бірі- Гүлбаршын сұлудың атымен байланысты екендігін, ал Гүлбаршын (Қармыс байдың қызы) Алпамыстың зайыбы болғандығын, оның сол кезде Сырдың жағасында Көккесене деген атпен белгілі екендігін жазады. Ал қазақтың тарихын біршама зерттеп, шежіресін жасаған Мұхаметжан Тынышбаев 1925 жылы Ташкентте басылып шыққан «Материалы истории киргиз-казахского» деген өзінің еңбегінде атақты Алпамыс батырды Қоңыраттың Божбан руынан шыққандығын көрсетеді. Бұл Божбан рулары қазіргі Жаңақорған ауданындағы «Бірлік» және Көккесене тұрған Төменарық аймағында тұрады. Ендігі бір деректерде Гүлбаршынның әкесі Қармыс байдың Өзгент қаласында тұрғандығы айтылады. Бұл Өзгент те Жаңақорған өңірінде. Демек, бұдан шығатын қорытынды Алпамыс батыр мен оның зайыбы Гүлбаршын сұлудың оғыздар дәуірінде (ІХ-Х ғ.ғ.) Жаңақорған өңірінде өмір сүргендігі байқалады. Олай болса, «Аппамыс батыр» жыры да Сыр бойында жазылғандығына дау жоқ.
Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің мүшесі, полковник В.А. Каллаур Көккесенеде 3 рет болып зерттеген, қаланың орнын суретке түсіріп алған. Ол алғаш 1898 жылы келіп көргенде Көккесене оншалықты қирамаған екен. Қабырғалары сегіз қырлы болып басталып, одан жоғары он алты қырлы бөлікке бөліне отырып; тебесі күмбезге ұласып кеткен. Күмбездің ішкі жағында айналдыра арабша жазылған жазулары болған. Ал В.А. Каллаурдың 1900 жылдың 7 ақпанындағы «Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесі» хаттамасының қосымшасында «1219 жылы Шыңғысхан ескері қиратқан Перовск уезіндегі ежелгі қалалар» атты мақаласы жарияланып, онда Көккесенеге де кенінен тоқталған. Алғаш рет оның суретін беріп, «Бұл биік, күйдірген кірпіштен соғылып, көк түсті орнаментті әшекейлерімен көмкерілген ғимарат» деп жазды. Оның қалану әдісінің Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи мавзолейімен бірдей екендігіне назар аударған. В.А.Каллаурдың үшінші рет келуі жөнінде үйірме хаттамасының 1901 жылғы 2 желтоқсандағы санының қосымшасында жазған. Осы сапарында ол Көккесене кұмбезінің артындағы астында табыт жатқанын анықтаған. 1906 жылы Сығанақты зерттеуге келген И.Кастанье: «Осы арадан (Сығанақтан – А.С.) қарағанда Төменарық тарапынан, биік Көккесене ескерткіші мұнарта көтеріліп көрінеді» деп жазды. Демек, бұған дейін Көккесене кұмбезі толық бұзыла қоймаған, бүтін болған (сурет сол кездері түсірілген). В.А.Каллаурдан соң Көккесенеге атақты ғалым А.Ю. Якубовский келген. Ол Сығанаққа келген сапарында Көккесенеге арнайы соғып, жергілікті тұрғындардан оның 1914 жылы қирағанын біледі. Қирағаннан қалған кішкене бөлігін суретке түсіріп, сол арқылы және Көккесененің В.Каллаур түсірген екі сурет арқылы салыстыра отырып зерттеу жүргізеді. А.Ю. Якубовский: «Мұнда келіп біз аянышты халді көрдік. Портал аркасының оңтүстік бөлігіндегі тірегі ғана тұр. Құрылыстың көлемі мен оның қазба жұмыстарын жүргізбей анықтау мүмкін болмады. Төбенің үстінде көлемі 25х25х 5 см келетін күйдірген кірпіштер үйіліп жатыр. Кірпіш бетіндегі әшекей өте жоғары сапалы, қалың шыны тәріздес қабатпен құйылған. Оның көкшіл түсі өзінің өңі жағынан Самарқан мен Бұхара әшекейлерінен өзгеше және олардың ең жақсы дегенінен кем түспейтіндігін» жазған. А.Ю.Якубовский көрген кездегі тірегінің көлемінің өзі 6,5 метр, биіктігі 4,5 метр шамасында болған. Төбенің көлемі айнала 110 қадам, биіктігі 3,1 метр болған. «Көз жүгірте қараудың өзінен Көккесененің әсемдігі жағынан сәулетті құрылыс екендігін айтуға болады» деп, ол сөзін толықтыра түседі. Бұл жазбалар оның «Талқандалған Сығанақ» деген еңбегінде орын алған. Көккесене туралы Жошы ханның ұрпағы, Дешті Қыпшақ ханы Әбілхайыр ханның ұлы Сүйінішқожаның хатшысы болған Масул ибн Кухистанидің жазған «Тарих-и-Абулхайр-хани» («Әбілхайыр ханның тарихы»), Мұхамед Хайдар Дулатидің 1544-1546 жылдары жазған әлемге әйгілі «Тарих-Рашиди» («Рашидидің тарихы» ) және 1722 жылы жазылған Ходжамкулибек Балхидің «Тарих-и Кингаки» («Қыпшақ тарихы») атты еңбектерінде айтылған.
Көккесене жөнінде этнограф-ғалым Әбубәкір Диваев, академик В.В. Бартольд, тағы басқа да зерттеушілермен бірге соңғы жылдары журналист-зерттеуші Әбілхан Әбіласанов, филолог-ғалым Тынысбек Қоңыратбаев, өмірден ертерек өткен заңгер-зерттеуші Бейбіт Айсынов зерттеу-мағлұматтар жасады. Көккесене кұмбезін сонау ерте кезден-ақ есепке алып, қорғау керектігі айтылды. Соның бірі қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлин еді. Ол 1926 жылдың өзінде республикалық «Еңбекші қазақ» газетіне (сол жылғы 20 қарашадағы нөмірінде) «Мәдениет мұралары» деген атпен көлемді мақала беріп, онда Көккесенені «алдымен қорғайтын, не күйде түрғанын жазып білдіретін, тұрғын елдің аузында жүрген материалдарды жинайтын мөдениет мұраларының» қатарына жатқызған. Бірақ, амал не, классик жазушы Бейімбет Майлин айтқаннан бері де 80 жылдан асыпты. Көккесене орны төбе боп, шеңгел басыпты. Кейбір жұрт жоғын іздеп таппай жүргенде, біз қолдағы барымызды көрсете алмай келеміз. Өкінішті-ақ!
ҚАТЫНҚАМАЛ
Сондай аласапыран оқиғалардың бірі ХҮІІІ ғасырдың бас кезіндегі қонтайшы Цэван Рабданның баласы Калден Церен бастаған жоңғарлардың тосын шабуылы болды. Жер қайысқан қалың қолмен Шығыстан Қаратауды бетке алып, жоңғарлардың бұл жасаған жантүршігерлік толассыз шабуылы мал жайылымы ыңғайымен көшіп жүрген қазақтардың тез қосылып ұйымдасуына үлгіртпеді. Ел басына ауыр күн туды, жазықсыз жандардың қаны төгілді. Мал-мүліктер таланды. Ер азаматтар сүйем жер үшін қасық қаны қалғанша жаумен айқасып жатты. Алысқа қашып үлгіре алмай қалған қатын-қалаштар, бала-шағалар тау-тасты паналады. Ел басына қара бұлт боп үйірілген «Ақтабан шұбырын-ды, Алқакөл сұлама» (1723ж.) басталды. Міне, осындай ауыр зұлматты күндерде тау өңірін мекендеген ауылдың қыз-келіншектеріне пана болған, оларды селдей қаптап келген қара жүрек жоңғарлардың қанды шеңгелінен аман алып қалған Қаратау басындағы Қатынқамал үңгірі еді. Ел арасына аңыз боп тараған, көнекөз қариялардан бізге жеткен әңгімелерде жоңғар шапқыншылығында Ақүйік өзені бойында Қаратаудың ұшар басындағы осы үңгірге қырық қыз-келіншек паналаған. Ақүйік өзені екі таудың арасындағы аңғармен бетін күнбатысқа түзеп ағып жатыр. Қатынқамал осы өзенмен қапталдай биік тар қуысқа орналасқан. Бұл үңгір бағы замандардағы үлкен бір табиғи қопарылыстан пайда болған секілді. Үңгірді паналаған қырық қыз-келіншек Жоңғар шапқыншылығы аяқталғанша сонда өмір сүрген. Азық-түлігін оқта-текте түнделетіп ер адамдар жасырын жолдар арқылы жеткізіп тұрған. Бұл үңгір төменгі өзен бойынан, еңістен қарағанда көзге шалынбайды. Өйткені, маңайында жатқан жақпар тастар мен топ шеңгелдер үңгірдің аузын көрсетпейді, жауып қалған. Оған таудың етегінен көтеріліп, өрмелеп шығып бару мүмкін емес, тек тау сыртындағы кез келген жан біле бермейтін, айналма жолдармен таудың басына шығып, одан қия-қия соқпақтар арқылы үңгірге қарай темен түсетін болған. Жол жобасын білетін жергілікті тұрғындар болмаса, сырт адамдар бұл үңгірге жете алмаған. Міне, осы үңгірді паналаған қырық қыз-келіншек жоңғарлардың ажал құрығына ілінбей аман қалып, кейін еліне қосылған. Содан бері бұл үңгір – Қатынқамал атанған. Қатынқамал «Бірлік» елді мекені орталығынан 20 шақырымдай қашықтықта. 1975 жылдың жазында Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Құдайберген Ертасов Қаратаудағы Қатынқамалға барып, үңгірдің ішіне кіріп керген. О л жөнінде кейін былай деп жазды: «Кірер аузы (Қатынқамал үңгірінің-А.С.) адам еңкейіп әзер өтерліктей тар болғанымен, ары қарай іші біртіндеп кеңи түседі. Әдетте аузы бірден кезге түсе бермейді, маңына жабайы шие сияқты тырбық бұталар қалың өскен. Үңгірге арқан бойы кіргеннен соң кісі тұрып жүре алатын тас үй басталады. Тас үйдің іші әрдайым дымқылданып тұрады. Оның (үңгірдің - А.С. ) ішінің ауасы өкпе қысарлықтай емес, таза. Үңгір 12 қанат киіз үйдің ішіндей үлкен де жарық. Табанына ұлпа тәріздес майда тозаң шөгіп қалған. Ішінде сәл ғана дауыстың езі жаңғырып естіледі». Аудандық «Жаңақорған тынысы» газеті. № 110, 14 желтоқсан, 1991 жыл. Қ.Ертасов «Қатынқамал - құпиясы мол үңгір»), Біз кейін журналист Құдайберген Ертасовпен осы Қатынқамал сапары женінде әңгімелескенімізде, ол үңгір ішінде саздан жасалған ыдыс-аяқ сынықтарының да жатқанын айтты. Демек, мұның езі жаугершілік заманында осы төңіректегі адамдардың жаудан жасырынып, паналағанын растай түсетін сияқты. Құпиясы мол «Қатынқамал» үңгірі талай тылсым сырды ішіне бүгіп жатқандығында сөз жоқ.
ҚАРАТАУ КЕРЕМЕТТЕРІ
Жағалай шөккен нар түйедей боп жатқан қатпарлы қарт Қаратаудың әр қатпары, әр жартасы, әр шыңы, әр сай-саласы шежірелі сыр шертіп тұрғандай сезіледі. Талай аңыз-әңгімелер де осы Қаратаудан өрбіп жатады. «Қатынқамал» құпиясының өзі бір төбе болса, Казақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің қызметкері Қаныбек Шәрібекұлы Жаңақорған ауданына келген бір сапарында:
– Осы өңірдің жергілікті тұрғыны Бейбіт Рашидиновтың бір әңгімесі мені елең еткізді, – дейді ол. Оның айтуынша, Ақүйік өзенін бойлап жатқан Естекбелдің үстінде күзетші мұнарасы сияқты ғажап құрылыстың орны бар. Бауырлап жатса адам еркін бойлайтын жайлы орыннан төрт құбыла түгел көрінеді. Тастан қалаған мықты қорғаныстан оқ өтуі екіталай. Сол күйі сақталған, оны талай таңырқап тамашаладым, дейді ол. Ал енді, «Қара ешкінің сайындағы» үңгір тау ішілік жолдарға ұласады екен. Аңыз-әңгімелерге карағанда, бір қара ешкіні үңгірмен жібергенде ол Бесарық өзенінен барып шығыпты деген де әңгіме бар. Кім білсін, бұл үңгірдің де «Қатынқамалмен» қатысы болуы мүмкін, – дейді журналист Қаныбек Шәрібекұлы. Бәлкім, солай да шығар.
Ежелден ел жайлаған берекелі Бесарықтың жалпақ жазығынан өтіп, қатпарлы қарт Қаратаудың алқымынан аяқ басқаннан бастап, сонау мұнартып тұрған Егізқараның қарасы көрінгенге дейін өзен жылғасы үзілмейді. Кейде жағалап, кейде кешіп өтіп отырасың. Ал екі жағыңды қап-талдай қабаттасып отыратын өркеш-өркеш тау жоталары тілін тапсаң шежіре-сыр шерткендей болып жатады. Жақпар-жақпар тастардың жылтыр беттерінде қашап салынған әртүрлі таңбалар мен суреттерден бағы заманаларда осы өңірде мекен еткен халықтың тыныс-тіршілігін, тұрмыс-салтын аңғарасың да таңғаласың. Қаратас беттерінен жайылып жүрген жылқылардың, боталы түйелердің, қарап тұрған арқардың, садақ тартып тұрған адамның, киіз үйлердің салынған суреттерін кездестіруге болады. Ал енді тау ішіндегі Күйкентай деген жердегі биік жартастарға Қожа Ахмет Иассауидің мавзолейінің суретін екі жерге қашап салған. Оның біріне «Азан» деген сөз жазылған. Бұл жерде Мешіт деген жер де бар. Одан әрі жүре берсең Қабыланды сайынан өтісімен «Дат» деген жерге кез боласың. «Дат» деген сөздің өзі мұң шағу, әділеттілікті талап ету, тілек айту деген мағынаны білдіреді. Ал таудағы «Дат» жері туралы ел аузында мынадай аңыз бар. Бағы бір заманда осы жерде шал мен кемпір өмір сүріпті. Перзент көрмепті. Өмірден түңіліп, ызадан булыққан шал тау-тасты кезіп, үңгір мен құзды паналап, әулие-әмбиені жағалап, бір перзентке зар боп жүріп хабар-ошарсыз кетіпті. Сол кезде бір Алла жар болып, тауда жалғыз қалған кемпір ұл туыпты. Осы жерде қазірге дейін түнде шырақ жанып тұрады дейді. Қандай бір жерге, немесе елді мекенге, өзен-суға, тау-тасқа, ойпат пен төбеге ат қойылмасын, сол атаулардың мән-мағынасы, шығу төркіні болады. Ерте заманнан бастап мал шаруашылығымен айналысып, көшіп-қонып жүрген қазақ халқы өсіп-өнген жеріне, тау-тасына, өзен-бұлағына, кейбір естен кетпес мәні бар уақиға өткен, не болған жердің өзіне дейін ат беріп, атау қойып отырған. Мұның өзі кейінгі ұрпаққа жер жағдайын, ел жағдайын жақсы білуге, тіпті сол өңірдің тарихын зерттеймін деушілерге өлшеусіз көмек болары сөзсіз. Осы аңғардың бойында «Кітән ұшқан» деген биік тау бар. Түбінде тұрып төбесіне қарасаң басыңдағы тақияң жерге түседі. Түбінен өзен айналып өтеді. Таудың биік жарқабақтарына құстар ұя салады. Бұл «Кітән ұшқан» жөнінде ел аузында мынадай бір аңыз-әңгіме бар. Баяғы бір заманда Мүтән деген бір кедейдің Кітән деген жалғыз баласы болыпты. Мүтән байдың жылқысын бағады екен. Ал Мүтәннің баласы сал-сері болып өсіпті. Оның Желжүйрік деген шапса жеткізбейтін, додаға түссе көкпарды қалай болса солай ап шығатын, той-жиындарда бәйгенің алдын бермейтін жалғыз аты болыпты. Бір түні сол ат ұшты-күйлі қолды болып кетеді. Қаншама іздегенмен Желжүйріктің сыбысы да шықпайды. Бір күні жылқылы бай мұңайып жүрген Кітәнді шақырып алып, «Жоғалып кеткен Желжүйрігіңнің бір жерден дыбысы шықты, тауып берсем сүйіншісіне не бересің?» – депті. Қуанып кеткен Кітән: «Не қалайсыз, соны аласыз!» – дегенде, жамбастап жатқан бай: «Еһе, бере қоятын малың жоқ, оны мен сенен сұрамайын, одан да қолыңнан келетін бір нәрсеге жұмсайын, барасың ба?» – депті. Сонда жүрегі жарыла қуанған Кітән: «Байеке, Меккеге жұмсасаңыз да барамын!» – депті көзіне Желжүйрігі елестеп. Бай сонда: «Ондай алыс жерге жұмсамаймын, осы ауылдың маңайы», – деп жұмбақтай сөйлегенде, манадан жүрелеп отырған Кітән орнынан қарғып тұрып: «Құп, болады, тақсыр! Құп!..» – дей беріпті.
– Олай болса, мынау құз шыңның басына биылғы көктемде бүркіт балапандапты, қазір балапаны темір қанат болып қалған шығар, – деп бай сөзін одан әрі жалғапты. – Сол балапанды алып бер, сүйіншің сол болсын! – деп бай өрімін қайырып ұстаған қамшының сабымен былғары мәсінің қонышын бір салып қап, орнынан тұрыпты. Бұған қуана келіскен Кітән келесі күні күн көтеріле арқан мен ілгек, бақанын алып, құз шыңның қыр желкесіне ту сыртынан қиялап шығып, арқанның бір басын жартасқа бекітіп, екінші жағын беліне байлап, он бес-жиырма метр төмендегі үңгірге қарай сырғып түсе береді. Кенет зуыл естіледі. Жоғары жалт қараса, жемтік іздеп кеткен бүркіт құйылып төмендеп келеді екен. Кітән бақанын сермеп қорғана бергенде, ызалы бүркіт бір соғып өтіп, қайқаң етіп жоғары қайта көтеріліп барады екен. Бүркіттің соққан екпінімен Кітән орнында шыр айналып, арқан ширатылып қалады. Ол арқанын жазамын деп жүргенде бүркіт қайта айналып кеп соғады. Арқанның тастың қырына тиіп тұрған бел ортасы егеле-егеле үзіліп кетіп, Кітән терең құздан құлдырай құлап, жан тапсырыпты. «Кітән ұшқан» деген жердің аты содан қалыпты.
Бұл уақиғаны осы Бесарық өңіріндегі «Талап» ауылында туып-өскен белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының лауреаты Жүсіп Қыдыров өзінің «Кітән ұшқан» деген өлеңіне арқау етіп алады. Ал заңғар тау аңғары мен сылдырап аққан бұлақ кездеріне, бұлқына ұмтылған езен бойындағы жерлерге, тақиялы тебелер мен мұнартқан шоқыларға, жықпылы көп сайларға қойылған мәні бар атаулар жетерлік. Осы өңірден елін қорғап, халқына пана болған, елінде, жерінде өз орны, өз салмағы бар талай атпал азаматтар шыққан. Жауға шабар он бір атаға ұран болған Жаманбай батыр, ерен ерлігі үшін Хақназар ханның қолынан сыйлыққа болат семсер алған Қожамберді батыр, алты атаға ұран болған Көкен батыр, жаудан жүрегі қайтпаған Тағай мен Сасықбай батырлар, сонау Меккеде Құнанбай қажымен бірге зиярат етушілер үшін қонақ үй салған Алысай қажы, Елғонды датқа, әділін айтып ақ сейлейтін Төбе би Аралбай және Калкөз бен Жантере, Үкеии, Тұңғышбай мен Тасболат, Байболат пен Елтияр, Абылай мен Нарынбай сияқты болыс пен билер, сезге жүйрік шешендер, ауру-сырқаудың емін тамыр ұстап, тап бастырмай табатын Тәмпек тәуіп, тәжік әдебиетінің классик ақыны Садридтин Айнимен және қазақтың шайыры Тұрмағанбет Ізтілеуовпен Бұқарадағы «Көкелташ» медресесінде бес жыл бірге оқыған Айдар молда, күйші-композитор Әлшекей, «аузында өлең деген алмасы бар» Құлан ақын, ат құлағында ойнайтын шабандоз-палуан Иса, қып-қызыл шоқты тілімен жалап, көз алдыңда қара лақты бауыздап тастап, қайта тірілтіп жіберіп, қара қобызын аңырататын Ахмет бақсы, өлең-жырды табан астында суырып салып айта жөнелетін Нұрман жырау Қаратау мен Сыр өңірінің төл перзенттері. Ал енді XVІІІ ғасырдың екінші жартысында еліміздің батысындағы қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі болған, 1712 – 1802 жылдары өмір сүрген даңқты батыр, әрі әйгілі шешен Сырым Датұлының төртінші ұрпағы Хадиша Ғұбайдуллақызы (Сырым батырдан Қазы, Қазыдан Хұсайын, одан Ғұбайдулла туады) Қаратау етегіндегі Асанбектің шаңырағына 1947 жылы келін болып түседі. Асанбектің ұлы Әбибулламен 33 жыл бірге ғұмыр кешіп, өсіп-өнеді. Сырым батырдың ұрпағынан тараған жиендері қазір Орынбасары №54 Ж.Қыдыров атындағы орта мектептің директоры, Үмбеті аудан орталығындағы № 13 кәсіптік мектебі директорының оқу және тәрбие жөніндегі орынбасары, Әбжаны кәсіпкер, Дәулеті ғалым ұстаз, Алтынбегі ғылыми зерттеу институты директорының бірінші орынбасары.
Міне, Қаратау кереметтері!
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
АУДАН – ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА
«Соғыс» деген сөзді естігенде адамзат баласының жүрегі дір ете қалады. Неге? Өйткені, соңғы 5 мың жыл ішінде 15583 соғыс (ірі мен майдасын қосқанда) өткен екен, 4 миллиард адам қаза тапқан. 5 мың жыл ішінде тек 292 жыл ғана соғыссыз тыныш өткен. Осынау жойқын соғыстардың ішінде ең ірісі – 72 мемлекет қатысқан екінші дүниежүзілік соғыс болған. 110 миллион адам қолына қару алып, қанды шайқасқа кірген. Жалпы екінші дүниежүзілік соғыста 55 миллион адам, ал Кеңес Одағы бойынша 29 миллион адам қаза тапқан. Осы 29 миллион адамның әрқайсысын 1 минуттан еске түсіргенде, сол күні туған бала 60 жасқа келеді екен. Екінші дүниежүзілік соғыстың басы 1939 жылы 1 қыркүйекте фашистік Герман әскерлерінің Польша шекарасынан өтіп, бүкіл майдан шебінде шабуыл жасауынан басталды. Аш бөрідей құныққан гитлершілдер екі жылдың ішінде Польшаны, Австрияны, Бельгияны, Голландияны, Данияны, Норвегияны, Чехословакияны, Югославияны, Венгрияны, Румынияны басып алды. Сол арқылы Францияны жеңіліске ұшыратып, Англияға басып кіру қатерін төндірді. Қанқұйлы фашизм тобырларын тоқтата алатын күш табылмады. Гитлершіл басқыншылар 1941 жылдың көктемінде көлемі 2 миллион шаршы шақырым келетін, 142 миллион халқы бар Еуропаның 12 елін оккупациялап алып, бұл елдерге өзінің «жаңа тәртібін» орнатты. Алайда, фашист басқыншылары Кеңес Одағы өмір сүріп тұрған кезде дүниежүзілік үстемдікті жеңіп алу жөніндегі өз жоспарының жүзеге аспайтынын түсінді. Батыстағы жеңістерінен кейін гитлершілер енді СССР-ге соққы беретін кез туды деп белдерін буыл, қанжығаларын сипап, алақандарына түкірді. Гитлер 1941 жылғы 30 наурызда генералдармен болған кеңесте: «Орыстар танк және авиация күшімен жасайтын біздің жойқын шабуылымызға төтеп бере алмайды», – деп есіре мәлімдеді. 1941 жылдың 22 маусымында Герман фашист басқыншылары бір-біріне тиіспеу туралы фактіні бұзып, біздің бейбіт жатқан елімізге қарақшылықпен түн жамылып, соғыс жарияламастан таңғы сағат 4-те опасыздықпен тұтқиылдан шабуыл жасады. Біздің қасиетті жерлерімізге қан құйлы жау бірден 5 миллион 500 мың солдаты мен офицерін төкті, аспаннан 5 мыңға жуық ұшағы қаптап, жерден 3700-ден астам танкісі, 48 мыңдай зеңбірегі мен минометі Боренцово теңізінен Қара теңізге дейінгі төрт жарым мың шақырымдық кеңістіктен бірден лап қойды. Елдің бейбіт өмір тыныштығы осылай бұзылды. Ұлы Отан соғысы басталды. Фашизмнің бас жендеті Гитлер жаулап алған жерлерді басқарудың жоспарын жасады. «Ост» («Шығыс») деп аталатын бұл жоспар бойынша Польшаның, Совет Одағының ондаған миллион халықтарын қырып-жою, Сібірге, Африкаға, Оңтүстік Америкаға жер аудару, олардың орнына немістерді орналастыру мақсаты көзделді. Сондықтан да Гитлер өз жендеттеріне: «Біз тұрғын халықты қырып-жоюға міндеттіміз – бұл біздің неміс халқын сақтау жөніндегі борышымызға жатады», – деп көкіді. «Ост» жоспары мәдениет атаулыны, әсіресе ұлт мәдениетін атымен жою мақсатын көздеді. Фашист жендетінің бірі Геббельс: «Менің көзімше мәдениет туралы сөз айтылса, қолым дереу револьвердің шаппасына барып қалады», – деп мәлімдеген. Ел басына катты қауіп төнді. Кеңес адамдары күшті және зымиян дұшпанмен бетпе-бет кездесіп отырғанын, не өмірді сақтап қалу, не өлу сағаты соққанын жақсы түсінді. Сондықтан да барлық ұлт топтаса түсті. Кеңес Одағының Қарулы Күштері жерде де, көкте де, теңізде де теңдесі жоқ ерліктер көрсетті. Көп ұлтты Кеңес жауынгерлері тарихта бұрын-соңды болып көрмеген сұрапыл соғыстың от-жалынында ғаламат қаһармандықпен шайқасты. Жау тылында партизан қозғалысы өріс алды. Бұған тылдағы ерлік еңбек ұласты. Осының бәрі сарқылмас күшке, алынбас асқар таудай қамалға айналды. Кеңес Армиясының жауынгерлік тулары астында 1 миллион 200 мың қазақстандықтар сапқа тұрды. Яғни, әрбір бесінші Республика тұрғыны майданға аттанды. Жауға жайпай тиген әрбір снарядта қазақстандықтардың ыза-кегі жатты. Дұшпанның жүрегіне атылған әрбір 10 оқтың 9-ы Қазақстан қорғасынынан құйылды. Армия қолындағы байланыс аппараттардың 70 пайызы қазақ жерінің мысынан жасалды.
Облысымыздың әрбір төртінші тұрғыны майданға аттанды.
Қызылордалықтар өздерінен жасақталып шыққан 75-ші теңізшілер бригадасының көрсеткен ерліктерін мақтаныш тұтты. Бұл бригада Мәскеу түбіндегі ауыр шайқастарға қатысты. Ол 27-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы болып қайта жасақталып, майданның алғы шебінде жүрді. Жерлестеріміз Ленинград пен Мәскеу, Сталинград пен Курск, Киев пен Минск үшін болған шайқастарда табандылықпен күресті. Еуропа елдерін азат етуге қатыса отырып, Берлинге дейін барды. Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен ерліктері үшін облысымыздың 10 мыңнан аса жауынгері, оның ішінде 64 әйел ордендермен және медальдармен марапатталды. Ал облысымыздың 20 азаматына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Жаңақорған ауданынан Ұлы Отан соғысына 4949 жауынгер аттанды.
Аудан еңбекшілері майданда да, тылда да ерен ерліктер жасады.
Жаңақорғандық жауынгерлер майдандас достарымен тізе қоса отырып Мәскеуді қорғады, Сталинград пен Курск шайқастарына қатысты, Украина мен Белорус майдандарында, партизан жорықтарында болды. Еуропа елдерін неміс басқыншыларынан азат етісті, Берлинге дейін барып, Рейхстагқа шабуылмен кірді. Фашистік Германияны талқандау жолындағы аудан еңбекшілерінің тылдағы ерен еңбегі ерекше болды. Күндізгі қажырлы еңбек түнде де бір толастамай, таңғы сан-салалы жұмыстарға күн сайын ұласып жатты. Өмір мен өлім таразыға түскен осындай алапат шақта елдегі бар ауыртпалық буыны қатпаған бала мен еңкейген кәріге, боздағы мен бозбаласын майданға аттандырған кейуана мен талшыбықтай бұралған келіншектерге түсті. Майдандағы теңдесі жоқ қаһармандық ерліктер тылдағы жанқиярлық еңбекпен жалғасты. 1941 жылы егіс көлемі ауданда 7810 гектарға жетіп, 1940 жылмен салыстырғанда, 2510 гектарға артты. Бұдан 55191 центнер өнім жиналып, 1940 жылмен салыстырғанда, 17 мың центнер астық артық алынды. Мал шаруашылығы едәуір алға басты, сол 1941 жылы әр 100 аналықтан 122-ден қозы, 93 бұзау, 52 бота алынды, 74500 дана жұмыртқа жиналды. 1941 жылы 2 желтоқсанда, соғыстың ең қиын кезеңінде, Совет Информбюросы таңертеңгісін Мәскеуден радио арқылы: «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының колхозшылары көктемгі егіске тыңғылықты әзірлік жүргізуде, – деп хабарлады. – Мыңдаған гектар зябь жыртылып, тұқым тазалау және тыңайтқыш дайындау ойдағыдай жүргізілуде». Бұл хабар жігер туғызды. 1942 жылы, 1940 жылмен салыстырғанда, егіс көлемі 5217 гектардан 9362 гектарға жетті. Аудан бойынша 1942 жылы егін егу 25 күн бұрын, мемлекетке астық тапсыру жоспары 40 күн бұрын орындалды. Мұның ішінде «Келінтөбе» ұжымшары 70 күн бұрын, «Кеңес» ұжымшары 60 күн бұрын жоспарды артығымен орындап шықты. Мемлекетке күріш тапсыру жоспары 242%, мақта 140% орындалды. Ұлтарақтай жер орусыз қалған жоқ, жалғыз масақ жерде жатпады. Ел басына түскен ауырпалықты халық жабыла көтерді. Мал басы өсіп, одан өндірілетін өнім артты. 1942 жылы, 1940 жылмен салыстырғанда, ірі қара 3160 бастан 5445 басқа, қой-ешкі 16740 бастан 31885 басқа, жылқы 3317 бастан 4671 басқа, түйе 726 бастан 947 басқа дейін өсті. Сондай-ақ қоғамдық малға 198 бас шошқа қосылды. Осы жылы «Екпінді» (төрағасы Б. Тұрымбетов), «Бірлік» (төрағасы Орманов), «Келінтөбе» (төрағасы Әбдіқадыров) ұжымшарлары мал өсіруге басты назар аударып, мал басының барлық түрлерін аман сақтады. 1941-1942 оқу жылында мектептердің жоғары сыныптарында және Жаңақорған МТС-де 217 механизатор, 283 ауыл шаруашылығы кадрлары, мұның ішінде 123 әйел бітіріп шықты. Мекеме, өндіріс орындарында
380 адам оқыды. 1942 жылдың алғашқы 2 айында «Қызылорда танк колоннасын» жасау қорына еңбекшілерден 95 мың сом қаржы жиналды, 74800 сомның соғыс заемы өтті. Сол жылы осы қорға ұжымшар басқармаларының төрағалары Исатай Топышев, Бекжұман Сәрсенбаев, Үсен Сопиев, тағы басқалары өз еңбектерінен 20 мың сомнан қаржы берді.
Аудандық өндіріс комбинатында пима басушы Жантуов айына
90 пиманың орнына 132 пима басып шығарып, ұрыс даласына жіберіп тұрды.
1941 жылдың қыркүйек, қазан, қараша айларында майданға «Жаңақұрылыс» ұжымшары 5 пима, 6 құлақшын-тұмақ, 5 шалбар, 3 тері тон, 7 көйлек, «Кеңесарық» ұжымшары 20 пима, 5 тон, 7 құлақшын, 5 фуфайка, 6 көйлек, «Елтай» ұжымшары 6 пима, 10 құлақшын, 3 күртеше, 2 көрпе, 7 қолғап жіберсе, аудандық қаржы бөлімінің комсомол ұйымы 1329 сом жинап, танк колоннасына берген. Еңбекшілер уақытпен санаспай күндіз-түні жұмыс істеді. «Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!», «Тылдағы барлық жұмыс майдандағыдай ұйымдастырылсын!» деген ұранмен жүргізілді. 1943 жылы аудан бойынша 6590 гектар ерте егісті 5 жұмыс күні ішінде, ал 2600 гектар кеш егісті 10 жұмыс күні ішінде жинап алды. Жастар жұмысқа белсене араласты. 1941 – 1943 жылдары аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Мақсұт Мұсаев болды. Кезінде халық ағарту саласы мен партия органдарында ұзақ жыл абыройлы еңбек еткен, «Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалінің иегері, «Бірлік» ауылының ардагер азаматы Әбсадық Әйтілеуов (1927 – 2003) соғыс жылдарындағы ауылдағы ауыр жағдайды былай деп баян еткен еді: «Жаңа оқу жылында оқушылардың жағдайы да әдеттегіден басқаша болды. Түске дейін мектепте оқимыз. Түстен кейін саппен барып шаруашылықта жұмыс істейміз. Бәріміз 1942 жылы Бірлік жетіжылдық мектебін бітірдік те, еңбекшілер қатарында жұмыс істеуге кірісіп кеттік. Ол кезде ауылдық жерде телефон, радио болмайтын. Соғыс басқыншыларының барлық майданда тоқтаусыз, көптеген қалаларды басып алып, ілгері қарай қауырт жылжып келе жатқандығы баспасөздерде жазылып жатты. Газет келісімен біз ол хабарларды жұмыс басында ауыл адамдарына оқып беретінбіз. Әрбір газетті асыға күтетінбіз. Ауылымызға немістер басып алған аймақтардан құтқарылған «көшпенділер» – белорустар, украиндар, еврейлер келді. Оларға жергілікті тұрғындар – қазақтар екі бөлмелі тамы болса, біреуін берді, дәлізді тамы барлар бірге араласып отыра берді. Тапсырма солай еді. Ауыл шаруашылығы өнімдері түгелдей дерлік мемлекетке тапсырылды. Әр отбасынан қолғаптар, шұлықтар тоқылып, майданға жіберу үшін тиісті орындарға өткізіліп жатты. 1943 жылы қазан айында аудан еңбекшілері майданға 1351 килограмм ет, 720 килограмм картоп, 400 килограмм күріш, 230 килограмм пияз, 184 килограмм қауынқақ жөнелтсе, аудан жастары сүңгуір қайық жасау үшін 16 мың сом жинап жіберді. Шаруашылықта жұмыс істейтіндер – қарттар, әйелдер, әскерге жасы толмаған балғын балалар еді. Тауқымет бізді тез есейтті. Барлық қиындықтарды мойындадық. Шаруашылық техниканы тек МТС-тер арқылы пайдаланатын. Барлық жұмыс қолмен атқарылатын. «Бірлік» ұжымшарында бір ғана «ЗИС-150» жүк автомашинасын көретінбіз. Соғыс басталысымен оны аудандық әскери комиссариат майданға жіберді. Астық қолмен орылып, қолмен бастырылды. Мемлекетке астық тапсыруда қатынас көліктерінің ең үлкені арба, түйе, ат, өгіз, есектер еді. Осы тасымал көліктерінің көпшілігінде балалар жүрді. Қыс айларында егіндік даласына тыңайтқыш үшін әрбір шаруа үйінің маңындағы күлдер мен қи үйінділерін қапқа, дорбаға салып, күн сайын жаяу арқалап, егістік жерлерге тасып төгетінбіз. Әсіресе, ауылдағы әйелдердің жұмысы ауыр еді. Өйткені, күні бойы дала жұмыстарында болған олар түнде қол диірмен
тартатын, келі түйетін. Бала-шағаға ас-су дайындайтын да солар. Жұмыстан бір күн де қалуға болмайтын. Оған небір аязды, боранды күндердің өзі себеп-сылтау бола алмайтын. Мысалы, жас балалы әйелдер бала емізіп келуге үйіне барғанда, егер кешігіп қалса, артынан шақырушы келіп тұратынын көзімізбен көрдік. Себепсіз кешіккендер «прогульщик» атанатын. Оларға бір-екі ескертуден кейін тиісті шаралар қолданылатын. Жұмыстың түрлері бойынша әрбір жұмыс қолының күндік нормалары болатын. Оны орындау міндет. Егер орындалмаған жағдайда тапқан еңбеккүннің белгілі бір мөлшерін «күйдіру» деген шаралар қолданылатыны да есімде. Қатаң тәртіп сақталмаса болмайтын да еді. Өйткені жауды жеңу, Отанды қорғау мүдделері еңбекті осылай ұйымдастыруды қажет етті. Бүгінгі жұмысты ертеңге қалдыруға тіпті болмайтын». Бұл күнде дүниеден өткен Әбсадық Әйтілеуов ақсақалдың бұл айтқан жағдайлары аудандағы әрбір шаруашылық, елді мекендерде болды. Жау басып алған аймақтардан ауып келушілер қатары көбейе бастады. 1941 жылдың өзінде ауданға 2742 «көшпенділер» келді. Мұның 551-і орыс, 1562-і еврей, 557-і украин, 73-і белорус ұлтынан еді. Бұларды аудан орталығына және басқа шаруашылықтарға бөліп-бөліп орналастырды.
1944 жылы жер аударылғандар қатарында шешендер де келді.
Соғыс жылдарында майдан онкүндіктері ұйымдастырылып, оған партия ұйымдары барлық күш-жігерлерін жұмылдыра білді. 1942 жылы 16 қыркүйекте «Правда» газеті: «Өсіресе, республикалық майдан онкүндіктері кезінде еңбек қарқыны арта түсті. Қазақстанның егін далаларында 300 мыңнан астам қала халқы, миллион еңбекші жұмыс істеді, – дей келіп, – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы «Политотдел» ауыл шаруашылығы артелінің мүшесі Әбдрахимова күріш орудың нормасын 200%, «Жаңарық» ұжымшарының мүшесі Құдиярова 300% орындады», – деп жазды. Соғыс жылдары партия ұйымының қатары нығайды. 1942 жылы партия қатарына 62 адам, оның ішінде 26 әйел қабылданса, 1943 жылы партия қатарына 84 адам, оның ішінде 49 әйел алынды. Соғыстың осы жылдары ауданда 2 әйел ауылдық Кеңестің төрайымы, 6 әйел бастауыш партия ұйымының хатшысы, 2 әйел ұжымшар басқармасының төрайымы, 35 әйел комсомол ұйымының хатшысы, 2 әйел ферма бастығы, 35 әйел бригадир, 97 әйел звено жетекшісі болып жұмыс істеді. 81 әйел тракторист, 4 әйел комбайнер болды. Бұлардың қатарында көп жыл ауылдық Кеңестің төрайымы болған Гүлсім Бәкірова мен Шәрипа Әбілхасымова, ұжымшар басқармасының төрайымдары болған Шайхан Бахрамова мен Сәпура Әлиярова, аудандық Кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары болған Альфина Дузакашова, ферма меңгерушілері болған Қыздаркүл Баратбаева, Ұлтуар Шаухаманова, Әпикүл Ақбалаева, Бибіш Өмірбекова, сондай-ақ ауылдық Кеңесте хатшы болған Жәмила Омарова, тағы басқа да көптеген әйелдердің еңбектері айтуға тұрарлық. Соғыс жылдарында «Екпінді» ұжымшарынан Ленин орденді Халипа Түлкібаева, «Кеңес» ұжымшарынан Мәрия Нарымбетова, «Октябрь» ұжымшарынан Нұрбала Шерімбетова, «Жайылма» ұжымшарынан Күлдархан Саптаева, «Қосүйеңкі» ұжымшарынан Патима Назарбаева, сондай-ақ Шәрипа Әбілқасымова, тағы басқа да кептеген әйелдер трактор руліне отырып, жер айдап дән септі, егін орып, астық бастырды. Сондай-ақ сунақаталық Ленин орденді күрішші Орынша Камалова мен Еңбек Қызыл Ту орденді механизатор Құндызай Қарымбаева, келінтөбелік еңбек Қызыл Ту орденді жұмысшы Мәрия Бексұлтанова, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған кейдендік сауыншы Палжібек Мекебаева, миялылық жұмысшы Мәрия Әпетова, политотделдік Ленин орденді жүгеріші Патшамал Ізәтіллаева, «1941 – 1945 жылдардағы үздік еңбегі үшін» медальдарының иегерлері келінтөбелік Ұлша Мұстиярова, «Жұлдыз» шаруашылығынан Ұлби Пернебаева, бесарықтық Жайынбаева, қаратөбелік Қамқа Айтбаева мен Нәлиша Төребаева, төменарықтық Ұлбазар Шомақова мен Үміткүл Байзақова, өзгенттік Кенжехан Елекенова, ақүйіктік Ұлбөпеш Каренеева, аққорғандық Үміт Оспанова, задариялық Зиба Сматова, жаңақорғандық Күлжан Әбужүсіпова мен Әмина Ізтілеуова, Зейнеп Бегеметова, Зәтен Ысқақова, Балбибі Нарымбетова, госпитальда медбике болған Нәтиша Досмағанбетова, тағы басқа да көптеген әйелдер соғыс жылдарында ауыл шаруашылығы жұмыстарында ерекше еңбектерімен көзге көрінді. Соғыс жылдарында Жаңақорған санаторийі госпитальға айналдырылды. Жаралы жауынгерлерге Жаңақорғанның тұзды суы мен балшығы ем болды. Бір ғана 1942 жылдың қыркүйегінде – 165, қазан айында – 235, қараша айында – 111 жаралы жауынгерлер осында емделді. Жазылған жауынгерлер майданға қайта аттанып жатты. Аудан өнерпаздары концерт қойып, жаралылардың көңілін көтерді. 1942 – 1944 жылдары осы госпитальда қазіргі еңбек ардагері Тастемір Жүзбаев еңбек етті. Жау шегініп, Ұлы Жеңістің лебі сезіле бастаған 1944 жылы аудан еңбекшілерінің тылдағы ерен еңбегі еселене түсті. Осы жылы «Сунақата» каналын қазу жоспарланды. Канал құрылысын 15 қазанда бастап,
1945 жылғы 15 қаңтарда аяқтау көзделген. Каналдың ұзындығы 23 шақырым, табан ені 6 метр болып, 450 мың текшеметр топырақ шығару белгіленген. Канал біткен кезде 3000 гектар жер суғарылып, егін егілетін болған. Мұның ішінде «Екпінді» ұжымшары 300 гектар, Ленин атындағы ұжымшар 200 гектар, «Мәдениет» ұжымшары 300 гектар, «Жаңарық» ұжымшары 450 гектар егін салады. Канал бойына 10-нан астам шаруашылық орналаспақ. Канал құрылысын жүргізуге 23 ұжымшар мен «Горняк» қосалқы шаруашылығынан 1500 адам қатысты. Сондай-ақ
1 автомашина, 3 трактор, 2 грейдер. 6 беккер күрегі, 10 ат скрепері, 29 шана, 50 көлік бөлінген. Канал құрылысы 3 учаскеге бөлініп, 1 қарашада 1150 адам жұмыс істеген. Канал құрылысына 50 киіз үй тігіліп, 3 медпункт, 3 шаштараз, 3 етік тігетін орын ашылып, 3 дүкен, 3 қызыл мүйіс жұмыс істеді. «Сунақата» деген 11 жауынгерлік листок, 3 қабырға газеті шығып тұрған. Канал құрылысшылары үшін мемлекет қорынан 42,2 тонна ұн, 5,7 тонна жармақ, 400 кг ет, 250 кг шай, 3,7 тонна қант, кәмпит, 324 кг табак (темекі), 14 мың дана шырпы, 2250 кг кір сабын, 3 мың дана иіс сабын, 450 метр кездеме, 300 мың сомға тігулі киім, 1500 пар аяқ киім, 150 кг өсімдік майы бөлінген. Канал құрылысы қызу жүргізіліп, белгіленген мерзімде аяқталды. Сол жылғы көктемде каналға су алынып, күріш, тағы басқа дақылдар егіліп, канал бойына ел орныға бастады.
Ұлы Отан соғысы кезінде майдан даласы мен тылдың арасы тығыз байланыста болды. Жауынгерлердің бір мезгіл тыныс алған кездерінде окопта отырып жазған үшкіл хаттары ауылда қалған аналары мен сүйген жарларының, іні-қарындастарының көңіл-сенімдерін нығайтып, Жеңіс жолындағы еңбекке деген құлшыныстарын арттыра түсті. Соның бірі – «Екпінді» ұжымшарының тұрғыны Пазылбек Қалыбековтың майданға аттанып бара жатып, 1942 жылғы 15 шілдеде өлеңмен жазған хаты. Хат былай басталады:
Аттанып кетіп барам майданға мен,
Қоштасып алтын бесік қайран елмен.
Мен бәлкім оралармын, оралмаспын,
Артымда белгі болып қалсын өлең, – деп одан әрі эшелонмен алып бара жатқанын, жолда көргендерін, одан Чкалов қаласына келгенін өлеңмен жырлайды:
Шілденің алтысында бізді бөлді,
Жолығу бір-бірімізге қиын болды.
Менімен Шах, Ырымжан, Сұлтанбек
Төртеуіміз бірге жүрдік сілтеп қолды.
Сол күннен тоғызыншы күнге дейін,
Күрек ап жұмысына қойдық зейін.
Әскери тәртіпке біз дағдыландық,
Туған жер, ата-ана қалып кейін.
Аз қалды алғы шепке аттанармыз,
Демеңдер кетті ғой деп хат-хабарсыз.
Бұл күндер көшкен бұлттай өте шығар,
Қауышып аман-есен шаттанармыз, – деп аяқтайды.
Пазылбек 1940 жылы Қандыарал орталау мектебін бітіріп, сол жылы Капланбектегі оқуға түседі. 1942 жылы 27 маусымда майданға аттанады. Ол Чкалов қаласында әскери даярлықтан өтіп, қазан айында Уфа қаласында болады, сол жерден соғысқа кіреді. Ең соңғы хатын 1943 жылы шілдеде жазып, содан хабарсыз кеткен Пазылбек Қалыбеков те майданнан оралмай қалды. От пен жалынға оранған Ұлы Отан соғысы кезінде болашағы жастайынан жарқырап көрініп тұрған небір боздақтарымыздан айырылдық. Соның бірі – Райс Пәзілбекұлы Абдуллаев еді. Ол 1923 жылы Жаңақорған ауданы, сол кездегі «Келінтөбе» колхозында (қазіргі Манап ауылы) туған. Райс 1941 жылы №51 орта мектебін (бұрынғы қыш мектеп, қазіргі аудандық музейдің орны) бітіріп шыққан. Мектепте жақсы оқыған ол қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан. Мектепте шығатын қабырға газетінің, ай сайын шығатын әдеби журналдың редакторы болған. Орта мектепті жақсы бітірген Райсты аудандық оқу бөлімі «Келінтөбе» колхозындағы жетіжылдық мектебіне мұғалім етіп жіберген. Ол оқушыларға химия мен биологиядан, алгебрадан, тағы басқа да пәндерден сабақ берген. Райс Абдуллаев 1942 жылдың маусымда майданға аттанды. Артында екі қалың дәптерге жазған «Күнделігі» мен бір топ өлеңдері қалған. Ол әскери комиссариаттың әскерге шақырылған повестка алған күні «Күнделігінің» ең соңғы бетіне былай деп жазыпты: «Үй-іші әбіржуде. Не пайда?! Енді ертең таңертең жүремін. Маған осы «Күнделігіммен» қоштасуға тура келіп тұр. Уақыт болса, «Күнделікті» барған соң басқа дәптерге жазармын. Осы «Күнделікті» қайтып айналып келіп оқитын уақыт болса, қандай қызық болар еді! Кім біледі? Әлдекімнің қолына түсіп, қандай көзқарас жасар екен? Мейлі, қош, «Күнделігім»! Бақытты бол, Жеңіспен қайтуымды күт! Райс Пәзілбекұлы Абдуллаев. «Келінтөбе» 1942 ж. 25 июнь. Күндізгі 1 сағат 40 минут.»
Райс күнделігін осылай аяқтап, майданға аттанып кетеді, алдынан көп үміт күтеді. Майданға аттанып бара жатып және болған жерлерінен елге хат жазып тұрады. Майданнан оралмай қалған боздақтың ең соңғы үшкіл хаты 2 қаңтар 1943 жылы Ростов облысынан жазылыпты.
Райс өзінің жазған хатына: «Амандық хабар!» деп тақырып қойып, одан әрі «Қымбатты aпa, қадірлі Жеңеше!» деп бастап: «Денсаулықтың терең байлығының арқасында тиісті міндеттерің мен басқа түскен қиыншылықтың қандайын болса да серпіп тастап жүрген боларсыңдар?! Өсжан мен Бекарыстың дені сау, ойнап-күліп жүр ме?» – деп одан әрі ауылдың аманшылығын сұрай келіп: «Әзір аман-саумын. Қазір біз бұрын немістер болған жердеміз. 3-4 күннен бері Ростов облысының Шевтихово деген станцияларындамыз. Ал передовой линия қашық – 150 км. Біз әр жерде бөлініп қалған бандылармен күресіп жүрміз. Бір деревня үшін соғыста болдық. Сау қалдым. Италиялықтар мен немістерді қырып салдық. 1500-ін пленге алдық. Көп олжа бар (құрал-сайман). Осы жеңісіміздің беті бойынша ұзамай-ақ бұрынғы шекараға жетіп, одан Берлинге де жетіп Жеңіспен аман болса ауылға барып қалармыз. Я, соғыста болған кісіге таң қалып, біртүрлі өзгеше көрінетін сияқты еді. Міне, өзіміз катысып көрдік. Ең әдеп өлген кісілерді көргенде тұла бойым түршігіп, шашым тік тұрып еді. Ақырында өлгендермен тірі кісіше араласып жүретін болдық. Кеше ғана түнде далаға дәрет сындыруға шығуға қорқушы едім. Енді жеті түнде бораған оқтың астында әскери тапсырманы орындауға тура келеді. Басқа түскесін батыр болады екенсің. Жақсы. Басқа не айтайын? Ауылдың үлкен кісілеріне тегіс сәлем жолдаңдар. Хат салыңдар. Өздеріңнің Райстарың. Адрес: Полевая почта-2190. Часть-538. 2.01.1943 года.» Соңына өз қолы қойылған, қара қаламмен әдемі етіп жазылған хат осылай аяқталыпты. Бұл ең соңғы жазылған хаты екен. Райстың артында қалған бірлі-жарым мұралары, түскен суреттер мен екі қалың дәптер «Күнделігі», өлеңдері мен мектепте оқып жүргенде шығарған қабырға газеті, қолжазба әдеби журналын Райстың туған інісі Бекарыс Абдуллаевтың ұлы Нұрлан жинақтап, аудандық музейге табыстаған. Шалқыған әнімен әуелеп ұшқан құсқа үн қосқан атақты әнші-ақын Нартай Бекежанов Сыр бойының ақын-жырауларының басын құрап, концерттік бригада ұйымдастырды. Бұл облыста «Нартай ансамблі» атанып кетті. Ансабмль құрамында Әлібек пен Ақмырза, Күндебай мен Мырзабай, Кәделі мен Хадиша, Бану мен Айзахан, Жолдыбай мен Әбужүсіп, Гүлбаһрам мен Фатима сынды термеші, әнші, биші, күйшілер болды. Нартай басқарған ансамбль аудандарды, колхоздар мен ауыл, елді мекендерді аралап, Ұлы Жеңіс үшін күндіз-түні еңбек етіп жүрген адамдардың рухын көтеріп, концерт қойып, жыр арнады, жаңа істерге жігерлендіріп отырды. 1942 жылдың бір маусымында Нартай ақын Жаңақорған ауданын аралап концертін қойып, ел-жұртты бір серпілдіріп келіп, аудан орталығындағы клубта қойған концертінде өзінің «Жаңақорғанның еңбек майданындағы ерлеріне» деген өлеңін гармонға қосып шырқайды. Нартайдың сондағы айтқан бұл өлеңі кейін баспасөз беттерінде жарияланып, елге тарады.
НАРТАЙ БЕКЕЖАНОВ, Халық ақыны.
ЖАҢАҚОРҒАННЫҢ ЕҢБЕК МАЙДАНЫНДАҒЫ ЕРЛЕРІНЕ
Біз көрдік Жаңақорған егістерін,
Аралап тау колхозын тегіс көрдік.
Сылқылдап таудан асып сырғыған су,
Гүлденген күздік бидай, жемістерін.
Басқарма «Жайылманың» Омары бар,
Жасынан еңбек-іске қоғамы бар.
«Ленин» мен «Жайылманың» ортасында,
Бір үлкен су ұстайтын тоғаны бар.
Омарды қадірлейді қатты сыйлап,
Егісін айдап болған күшін жинап,
«Лениннің» басқармасы бір жас жігіт.
Жұмысты атқарады ол да ойлап.
Біз бардық одан шығып «Құрылысқа»,
Әшекей жер бетіне салған нұсқа.
Кенбаев сол колхозды басқарады,
Жасынан араласқан ол жұмысқа.
Колхоздың күндіз бардық «Бірлігіне»,
Сапасыз көрсең мұның тірлігі де.
Орманов қазақылау қарт адам ғой,
Омыраулап көзін таппай килігуде.
Бижанов «Ынтымақта» жарыстағы,
Ат семіз, соқасы сай қарыштады.
«Талдысуда» Софиев қарт басқарма.
Белінен бір-ақ бүктер алысқанды.
Қамтамасыз адамын қалдырмаған,
Жерді суға, мақтаны қандырмаған,
«Қосүйеңкі» колхозының Шәкеті бар,
Астын-үстін шығырдай салдырлаған.
Еңбекке шын көңілмен ұмтылмаған,
Буыны жас баладай былқылдаған.
«Қызылмақташы» колхоздың Ақылбегі,
Ұстараның жүзіндей қылтылдаған.
Мақтайды Шәріповты халық тегіс,
Тамаша көркейтті деп бізге жеміс.
Қой, түйе, жылқы, сиыр жонға симай,
Толықсып малға толған байтақты өріс.
Ауданның алға басқан сондай ісі,
Ұйтқының ұйымдасқан мықты күші.
Жастары жанған оттай жайнап шыққан,
Мен көрдім Отан Ері сегіз кісі.
Жайқалтқан еңбекпенен колхоз ісін,
Бұлжытпай партияның айтқан ісін,
Ал енді Досмаханова Бибіраба,
Бітірген Жаңарықтың бар жұмысын.
Тұрғашы бар, Зияда түрген білек,
Шура қыз талмайтұғын бір жас түлек.
Қайратымен танылған Жұлдыз бала,
Ашып төс Отанына берген жүрек.
Мәгүлісім Мәмбетова «Тақыркөлде»,
Асырған сапалы қып ісін жөнге.
Кәмеш бар «Жаңажолдың» колхозында,
Жайнатқан озып алып туын төрге.
Аударған жерді аспанға алыпты күш,
Істеген сондай сұлу сапалы іс.
Сырғытып, солқылдатқан жердің бетін,
МТС-та Жаңақорған тракторист.
Құндызбай ұйықтамай күндіз-түні,
Айдаған жерінің жоқ еш бір міні.
Айтайын қалдырмастан озаттарды,
Көзбенен көргенімді бүгінгіні.
Сәрсенкүл бұған серік талмайтұғын,
Жарыста алдына жан салмайтұғын,
Нұрбала, Әшімменен айдағанда,
Трактор дуадақтай самғайтұғын.
Мінекей, мұның бәрін көрдім көзбен,
Ақындар анықтайды айтып сөзбен.
Қайраткер ақын Нартай мұны жазған,
Жалқауды түзетеміз салып тезбен.
1942 жыл. Жаңақорған ауданы.
Өлеңдегі айтылған адам есімдеріне түсініктеме:
Омар Асанов – «Жайылма» колхозының төрағасы.
Кенбаев Тоқболат – «Жаңақұрылыс» колхозының төрағасы.
Орманов Міншәрі – «Бірлік» колхозының төрағасы.
Бижанов – «Ынтымақ» колхозының төрағасы.
Софиев Үсен – «Талдысу» колхозының төрағасы.
Шәкет – «Қосүйеңкі» колхозының төрағасы.
Ақылбек Есдәулетов – «Қызылмақташы» колхозының төрағасы.
Шәріпов Қасым – Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы.
Досмаханова Бибіраба – сол кездегі «Жаңарық» колхозының активі,
кейін Қызылордада тұрды.
Тұрғаш Мәмиева – аудандық комсомол комитетінің хатшысы.
Зияда – аудандық партия комитетінің қызметкері.
Шура – аудандық партия комитетінің қызметкері.
Жұлдыз Шәріпова – аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.
Мәгүлісім Мәмбетова – сол кездегі актив, еңбек ардагері, Қызылордада
тұрды. Исатай Әбдікәрімовтың әйелі.
Құндызбай – МТС-тің тракторисі.
Нұрбала Шерімбетова – «Октябрь» колхозының (қазіргі Талап ауылы)
тракторисі.
Әшім – МТС-тің тракторисі.
Кәмеш – «Жаңа жол» колхозының тракторисі.
Сәрсенкүл – «Екпінді» колхозының тракторисі.
Ұлы Отан соғысының қайнап жатқан кезінде, 1943 жылы күзде еңбекшілерді Жеңіс жолындағы еселі еңбекке жігерлендіре түсу мақсатында тұңғыш рет Алматыда республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Мұндай айтыс кейін жер-жерлерде де өткізілді. Осындай айтыс сол жылдың күзінде ақын Нартай Бекежановтың ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданы орталығында да өтті. Бұған №51 орта мектебінің сол кездегі оқушылары Манап Көкенов пен Әбжан Құрышжанов та қатысты. Манап аудандағы «Кеңесарық» колхозының, ал Әбжан «Елтай» колхозының атынан айтысқа түсті. Екі бала ақын да өздері атынан түскен колхоздарының жетістіктерін айтып мақтаса, қарсыласының колхозындағы кемшіліктерін сын садағына алады, Жеңіс жолында аянбай еңбек ету керектігін айтады.
Манап:
– «Ақын – думан көркі» деп халық айтқан,
Дұрыс болды-ау бастары құралғаны.
Бәрі де ел құрметтеп жүрген жандар,
Оларға ешкімнің жоқ күмәндары.
Қан кешсе майданда ер, тылда еңбекші,
Жеңістің күнін күтіп тұр алдағы.
Мақсатымыз ерлікпен жауды жеңу,
Белгілі бүгін сондай ұран бары.
Осы тойға ұласса Жеңіс тойы,
Халықтың жүзеге асар шын арманы.
Төрімізге кеп отыр Нартай ақын,
Сынайтын сөздің болса бұраң жағы.
Екеуімізге берілсе қорытынды сөз,
Бәрі де табысқа орай жыр арнады.
Ортаға сап жояйық бар кемісті,
Еңбектің көзге түссін қырандары.
Көп алдында шарықтап шалқитын күн,
Ал, Әбжан, бүкпей өнерді шығар, кәні! – деп шалқиды. Әбжан да Манапқа лайықты жауап кайтарады.
Айтыс соңында Нартай Манап пен Әбжанды қасына шақырып алып:
Дарияның ағып жатқан тұнығысың
Тұнықтың бойында өскен шыбығысың.
Тең түстің Манап, Әбжан қарақтарым,
Халықтың ел билейтін құлынысың, – деп екеуінің арқасынан қағып, маңдайынан сүйіп, болашақтарына сәт сапар тілеп, ақ батасын берді. Бұл Манаптың тұңғыш рет түскен айтысы еді. Сол кезде Манап 15 жаста болатын. Ақын Нартайдың ақ батасы қабыл болып, кейін Манап Көкенов Қазақстанның Халық ақыны, ал Әбжан Құрышжанов филология ғылымының докторы, профессор-түркітанушы болып ел құрметіне бөленіп өтті.
Совет Одағы мен антигитлерлік коалицияға қатысушы басқа елдер қарулы күштерінің соққыларынан Германияның одақтастары бірінен соң бірі қаруларын тастап тізе бүкті, фашистік мемлекеттер блогы ыдырап кетті, гитлершіл Германия толық оқшауланды. Орасан күшті Берлин рейхтың бір кезде аса қуатты армиясының қалдықтарын отты шеңбер буындырып, қылғындыра түсті. Гитлершілдер құритынын біліп, жанталаса қарсыласты. Фашистік Германияның фюрері және көсемі Адольф Гитлер соңғы бірнеше күннен бері өзінің жер астындағы мекенінен шықпай қойды. Бомбадан паналайтын орынның, немесе немістер «Гитлербункер» деп атағанның төбесі қалыңдығы 8 метрлік бетонмен жабылған болатын. Бункердің бір жартысында Гитлер, фюрердің дербес дәрігері Морелль, хирург Штумпфегер, Ева Браун және Блондин атты ит тұрды. Келесі жартысында аспаздар, қызметшілер, фюрердің қосшысы Линге орналасқан-ды. Гитлердің тік бұрышты аса кең кабинетінде үлкен жазу столы, ал оның жанындағы тұғырда соңғы кездері шаң басқан үлкен глобус тұрды. Міне осында, дәл осы кабинетте 1945 жылғы 20 сәуірде нацистік басшылар Гитлердің туған күнін атап өту үшін соңғы рет бас қосты. Жиналған нацистік басшыларға қырылдаған дауыспен ол Берлиннен ешқайда бармайтынын, тағдыр не жазса да Берлинмен бірге көретінін мәлімдеді. 22 сәуірде Гитлер соңғы оперативті кеңес өткізді. Соғыс жағдайы туралы баяндағаннан кейін Германия жөнінде енді үмітін үзген фюрер өзінің жақындарына бұл өмірден өз еркімен кетуіне тура келетінін тұңғыш рет айтты. Одан әрі оқиға өте тез өрістеп кетті. Совет Армиясы Берлиннің айналасындағы қоршауды қыса түсті. Гитлер үлкен сенім артқан генерал Штейнердің топтары мен генерал Бенктің армиясы бірінен соң бірі талқандалды. Содан кейін Геринг, Дениц, Гиммлер, Кейтель, Июдль Берлиннен ғайып болды. 26 сәуірде Гитлерге Герингтен келген телеграмманы табыс етеді. Телеграммада: «Қымбатты фюрер, сіздің Берлинде қалып, оны қорғамақ болған ұйғарымыңыздан кейін мен 1941 жылғы 29 маусымдағы заң бойынша империяның барлық ішкі және сыртқы ісін жүргізуді өз қолыма алуыма сіз келісетін шығарсыз деп ойлаймын, – деп жазды Геринг, – егер 22 сағатқа дейін жауап алмасам, онда сізді іс-әрекет еркіндігінен айрылған деп есептеп, өзімше әрекет ете беремін». Герингтің бұл телеграммасы Гитлердің жынын келтірді. Ол өзінің бұрыңғы ең жақын досын, мұрагерін дереу тұтқындауға бұйырды. 27 сәуірде жаңа соққы тиді. Бұл Гитлер бункерден өзінің жақын серігі және туысы эсэс генералы Фегелейннің қашып кеткенін естіді. Фюрер генералды ұстап алып атып тастауға бұйырды. 29 сәуірде Гитлер Ева Браунмен некелескенін тойлайды. Дәл сол күні Гитлер лейб-медик Морелль қалдырған удың әсерін өзінің иті Блондинге беріп көрді. 30 сәуірде ертемен Совет әскерлері Берлиннің орталығына бет қаратпайтын шабуыл бастады. Бомбадан паналайтын орындар жер сілкінгендей тітіреп тұрды. Дәл осы кезде Гитлер ең жақын адамдарымен қоштаса бастайды. Олардың кейбіреулеріне сыйлықтар тапсырады. Дербес ұшқышы Бауэрге өзінің жақсы көретін картинасы Фридрих ІІ-нің портретін береді. Осыдан кейін Гитлерді де, Ева Браунды да ешкім көре алған жоқ. Осы кезде бомбадан паналайтын орында болған «Гитлерюгенд» ұйымының жетекшісі Аксман кейін Нюрнберг процесінде Гитлердің өлімі туралы былай деп мәлімдеді:
– 1945 жылдың 30 сәуірінде 15 сағат 30 минутта Гитлердің кабинетінен фюрердің адъюданты Гюнше шықты да:
«Мырзалар, фюрер өліп қалды..., – деді. – Біз диванда отырған фюрерді көрдік, – дейді ол одан әрі. – Жанында басын Гитлердің иығына сүйеген Ева Браун отыр. Фюрер ілгері қарай еңкейіпті, оның өлі екені анық болды, аузы ашылып, төменгі жақтары салбырап кетіпті, еденде револьвер жатыр екен», – деді. Кейін Совет өкімет орындары Гитлердің өзін-өзі өлтірген жағдайын мұқият зерттеп, кейбір жайларды анықтады. Атап айтқанда, Фюрер мен Ева Браун адамды тіл тартқызбай өлтіретін күшті уды ішкен. Олар жан тапсырғаннан кейін Фюрердің адъютанты Гюнше Борманның нұсқауы бойынша Гитлердің ауызынан атыпты. Рейхтың Жоғарғы қолбасшысы өзін-өзі атып өлтіріп, нацистік армияның офицерлер корпусының «абыройы» сақталып калды деген жұрт көзі пікір жасалыпты. Міне, сұм Гитлердің үні осылай өшті.
1941 жылғы 22 маусымдағы елең-алаңдағы басталған соғыстан бері фашист басқыншылары ең алдымен Мәскеу түбінде талқандалды, Сталинградта қоршауға алынып, күлі көкке ұшты, Курск шайқасында сілікпесі шықты, Украина мен Белоруссия жерлерінде есінен тана есеңгіреді. Мұнан әрі даңқты Қарулы Күштеріміз неміс-фашист басқыншыларына күйрете соққы бере отырып, бауырлас Польша, Чехословакия, Румыния, Венгрия, Болгария елдерін азат етті. Ақырында сүлдесін сүйреткен сілімдіктер өздерінің құзғын ұясы Берлинде күл-талқан боп жеңіліп, тізе бүкті. Гитлер өз басын өзі жұтты. 1418 күнге созылып, күндіз-түні от пен жалынға оранған, Совет адамдарын әділетті күрес жолында талай құрбандыққа душар еткен сұрапыл соғыс осылай Жеңіспен аяқталды. 1945 жылдың 1 мамырға қараған түні Рейхстаг күмбезіне Жеңіс Туы тігілді. Жеңіс Туын қазақстандық Сьянов басқарған автоматшылардың қорғауымен Ту ұстаушылар Егоров пен Кантария, сондай-ақ Рахымжан Қошқарбаев сынды батырлар қадады. Жау осылай жаншылып, осылай жойылды. Гитлершіл фашистердің соңғы ұясы – Рейхстаг осылай басып алынып, оның оқ-дәрінің қарақошқыл түтініне тұмшаланып тұрған төбесінде Совет туы – Ұлы Жеңіс Туы желбіреді.
2 мамыр күні – Берлин гарнизоны тізе бүкті. мамырда – Германияның сөзсіз тізе бүгуі туралы Актіге неміс фельдмаршалы Кейтель қол қойды. мамыр – Жеңіс күні боп белгіленіп, Кеңес Одағы халқының Ұлы мерекесіне айналды. Біздің халқымызға бұл Жеңіс қымбатқа түсті. Біздің жауынгерлеріміз үшін от пен оққа оранған, көкала түтінге тұншыққан, қарлы боран мен батпақты шалшыққа батқан жорық жолдарымен жанталаса шабуылдап, кейбір жерлерден жер бауырлап еңбектеп өтуіне 4 жыл, яғни 1418 күн мен түн, немесе 34 мың сағат уақыт керек болды. Жорық жолдарында біз 29 миллион отандастарымызды қалдырдық. Әрбір шақырымда – 8,5 мың адам, Яғни, 2 метр сайын - 20 адам немесе әрбір минут сайын 15 адам өліп жатты. Отандастырымыздың әрбір
9-шы тұрғыны соғыстан оралмады. Отан қорғауға Қазақстаннан аттанған 1 миллион 200 мың адамның 600 мыңы оралмай қалды. Облысымыздан аттанған 40 мың азаматтың 20 мыңы, ауданымыздан аттанған 4949 адамның 2289-ы кіндік қаны тамған еліне оралмай, туған жерінің топырағы бұйырмай қалды. Қан сасып, өрт шалған майдан даласынан аман-сау оралып жатқандар некен-саяқ еді. Өмір жолы өксумен өткен жарым көңіл, ақ шымылдығын әлі кір шалмаған жас келіншек екі көзі төрт болып жан жарын тосты, әкесіз жетім қалғанын сезгендей көзі боталаған жас бала «көкелеп» шешесінің етегіне орала берді, маңдайында жұлдыз боп жанған перзентінен хабар-ошар жоқ кеудесі күпті, мұңлық Ана күнде жаутаңдап, әлі қара бұлт арыла қоймаған батыс жақтағы созалаңдаған жолға қарағыштай берді. Сондай аналардың бірі – 17 құрсақ көтеріп, жұбайы Тоқтар екеуі сол балалардың 7 ұлы мен 3 қызын балиғатқа жеткізген, Жаңақорған ауданында тұңғыш рет СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Указымен «Батыр Ана» атағына ие болған, Ұлы Отан соғысы басталғанда:
Тілегін алып халқының,
Қалдырып артта бал күнін,
Көппенен бірге менің де,
Аттанып кетті алты ұлым, – деп, қағанағын жарып шыққан 6 перзентін Отан қорғауға батасын беріп, өзі Жаңақорғаннан шығарып салған Үміт ана Үміт Мұратбайқызы еді. Сол 6 ұлының біреуі – Мәрсәлі ғана Жеңіспен елге оралғанда, алдынан шығып күтіп алған Үміт ана:
Көрінді әне, бір ұлым,
Айналайын, құлыным!
Келдің бе балам, Мәрсәлі,
Шыққандай болды бір күнім,
Ашылып тыныс бір үнім.
Иіп те кетті-ау емшегім,
Тарқады мыңнан бір мұңым.
Қалғаның қайда, құлыным?
Қалғаның жоқ қой, құлыным?!
«Жоқ!» дедің бе, не дедің?!
Таппай тұр жаным бір тыным,
Күрмеліп қалды бұл тілім.
Аттанып ең алты ұлым,
Ермеді ме соңыңнан,
Ең болмаса бір інің?
Не боп кетті бұл күнім?! – деп, соғыс жүріп өткен батысқа қарай көкке қолын жайып, мұңлы дауыспен:
Жалынып жауға бас ұрмай,
Қасқайып қарсы ап өлімді,
Төбеңнен жауды асырмай,
Қай жерде қаның төгілді?!
Қан майданда шайқасып,
Өлімге буып беліңді,
Қара бет жаумен айқасып,
Қай жерде қаның төгілді?!
Жас жаның кетті-ау қиылып,
Қорғаймын деп өмірді.
Қай жерден топырақ бұйырып,
Қай жерде қаның төгілді?!
Ажалдың оғы қойды ма,
Алып та тынбай, ой, Алла-ай!
Сендердің кетті-ау мойныңа
Білегі жардың оралмай!
Жоқтап жатты халқың да,
Қырқылып түсті қияғың.
Ең болмаса артыңда,
Қалмады жалғыз тұяғың! – деп жоқтады. Бұл тек Үміт Ананың ғана емес, бұл – майданнан оралмай қалған, майдан даласында қыршын кеткен барлық боздақтардың Аналарының да зары еді.
Бірақ елдің Қаратаудай қайғысын қайыспай белімен көтерген Ана:
Дедіңдер: «Болсын ел есен!» –
Үзіліп жаның кетерде.
Жат топырақ демесең,
Мерт болмадың бекерге!
Боздақтарым! Ел алдында,
Еске алатын өтер күндер.
Ел үшін мерт болдың да,
Жеңіс Туын көтердіңдер! – деп өзіне-өзі тоқтау айтып, «Шүкіршілік» етіп, бойын тіктеген. Есімі елге белгілі академик, заң ғылымының докторы, профессор, Республиканың еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, Жаңақорған ауданының «XX ғасыр Адамы» Сұлтан Сартаев өз қаржысымен «Батыр Ана» Үміт Мұратбайқызына арнап «Үміт ана – арманда кеткен Аналардың Анасы» деген атпен бойы үш метрлік ескерткіш салдырып, Жеңіс күні 9 мамыр 2007 жылы аудан орталығындағы «Тағзым» алаңына орнатты. Ескерткішті жасаған – мүсінші Болат Досжанов.
Әлемді дүрліктіріп, талайды қан қақсатқан сұрапыл соғыс осылай Ұлы Жеңіспен аяқталды.
Бұл Жеңіс –
Біз тағзым етіп басымызды иіп тұрған,
Топырағы жат жерден бұйырған,
Майдан даласынан оралмай қалған
Боздақтарымыздың Жеңісі!
Бұл Жеңіс –
Денелеріне оқтың тыртығын дарытып алған,
Өмірде бір аяқ, бір балдақпен қалған
Көкелеріміздің Жеңісі!
Бұл Жеңіс –
Табам деп рахатты осы бір үйден,
Жалғыз қолымен жарын құшақтап сүйген
Ағаларымыздың Жеңісі!
Бұл Жеңіс –
Қас жауын жеңіп бір ел деп келген,
Сонау Берлиннен аяқсыз еңбектеп келген
Мүгедектеріміздің Жеңісі!
Бұл Жеңіс –
Майданға ілінбей, амалсыз ауылда қалып кеткен,
Маңдай тері сорғалап, күндіз-түні еңбек еткен,
Күлкі мен ұйқыны ұмытып кеткен
Тылдағы еңбеккерлеріміздің Жеңісі!
Бұл Жеңіс –
Елге аман оралып, қызығын көрген көппен,
Бірақ бұл күнде арамызда жоқ, дүниеден өткен
Марқұм боп кеткендердің Жеңісі!
Бұл Жеңіс –
Қазір жастары сексеннен өтіп, тоқсаннан асқан,
Самай-шаштарын ақ қырау басқан
Ардагерлеріміздің Жеңісі!
Соғыс жылдарында өзінің лапылдап жанып өртенген ұшағын дұшпанның машиналар колоннасының үстіне түсірген Николай Гастеллоның ерлігін 6 қазақстандық, ал өз денесімен жаудың атыс ұясының аузын жапқан Александр Матросовтың ерлігін 19 қазақстандық қайталады. (Айта кету керек, бұл ерлікті А. Матросовтан бұрын Сұлтан Баймағанбетов жасаған екен.) 7 миллион Кеңес жауынгері фашистерге қарсы шайқаста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталды. 11603 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, мұның ішінде 91 әйел бар. Ал 104 адам Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алса, мұның ішінде қазақстандық атақты ұшқыштар Талғат Бигелдинов пен Сергей Данилович Луганский бар. Данқты ұшқыштар А.И.Покрышкин мен И.Н.Кожедуб үш рет, Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков төрт рет марапатталды. Кеңес Одағының Батыры атағына 520 қазақстандық жауынгер ие болса, Данқ орденінің үш бірдей белгісімен 110 адам наградталды. Кеңес Одағының Батыры атағын 99 қазақ, 66 өзбек, 16 түрікмен, 15 тәжік, 12 қырғыз жауынгері алды. Қаһармандығы мен Батырлығы үшін наградталған жалпы 800 мың қазақстандық болса, мұның ішінде Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған ауданымыздан – Әнуар Әбутәліпов пен Александр Дмитриевич Романов бар.
ӘНУАР ӘБУТӘЛІПОВ, Кеңес Одағының Батыры. (1923 – 2003)
Әнуар Әбутәліпов 1942 жылдың қазанында 19 жаста (1923 ж. туған) майданға аттанды. 1943 жылғы ақпанда ол тұңғыш рет ұрысқа кірді. 2-Украин майданының 53 армиясы 1 гвардия Суворов орденді Звенигород әуе-десанты атқыштар полкінің станокты пулемет расчетының командирі Әнуар Әбітәліпов 1944 жылдың қазан айында Дебрецен операциясына қатысты. Венгрия жерінде өpіc алған бұл операцияның мақсаты Клуж-Ораля-Дебрецен ауданындағы жау тобын талқандап, майдан әскерлерін Тиссаға жеткізу еді. 23 күнге созылған шабуыл нәтижесінде әскерлер бүкіл Тисса өзені бойына жетті де, кең майдандағы ірі плацдармды алды. Әнуар Әбутәліпов Венгрияны азат ету кезінде қаһармандық ерлік көрсеткен жауынгерлер қатарында болды. Тисса-Дорогма төңірегіндегі Тисса су бөгетін дұшпан ұдайы атқылап тұрды. Сырдария бойында туып өскен, жақсы жүзе білетін Әнуар ротаны өзеннің оң жақ жағалауына өткізуді ұйымдастыруды өз қолына алды. Сөйтіп өзеннен жалғыз өзі жүзіп өтіп, дұшпан жақтың жағалауында тұрған бір қайықты бергі жағаға алып өтеді. Сол жалғыз қайықпен дұшпанның жауып тұрған оғы астында ол арғы жағаға 47 рет қатынап, жауынгерлерді, оқ-дәрі, байланыс заттарын өзеннен өткізеді. Әнуар ұйқысыз, демалыссыз бір тәуліктен астам уақыт жұмыс істеді. Рота ешбір шығынсыз өзеннен өткізілді. Шаршап-шалдыққанына, қалжырағанына қарамастан, жау қысымына тойтарыс беруге кірісті. Өз пулеметінен оқ жаудырып, 18 жауды жайратты. Жаудың 3 «Тигрын» от-жалынға орады.
Осындай ерліктері үшін СССР Жоғарғы Кеңесі Президуымының 1945 жыл 24 наурыздағы Жарлығымен Әнуар Әбутәліповке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Жеңіспен елге оралған ол бейбіт еңбекке араласты. Келінтөбе ауылдық Кеңесінің төрағасы болды, кейін диқаншылықпен айналысып күріш егіп, мол өнім жинады. Сол еселі еңбегі үшін екінші мәрте Ленин орденімен марапатталған. Әнуар Әбутәліпов 2003 жылы дүниеден қайтты. Түгіскен ауылындағы №209 орта мектепке Кеңес Одағының Батыры Әнуар Әбутәліповтің есімі беріліп, мектеп алдындағы тұғырға оның бюсті орнатылған. Әнуар Әбутәліповтың соғыстағы ерлігін суреттейтін «Жүрекжұтқан» атты поэма жазылып (авторы Адырбек Сопыбеков), кітапқа басылған. Батырдың өмір жолдарын баян ететін деректеме жәдігерлер аудандық тарихи-өлкетану музейіне және облыстық музейге қойылған.
АЛЕКСАНДР РОМАНОВ, Кеңес Одағының Батыры. (1922 – 1945)
Александр Дмитриевич Романов 1922 жылы Жаңақорған ауданындағы Төменарық селосы темір жол жұмысшысының отбасында дүниеге келді. Соғыстың басталған алғашқы күндерінде Александр әскери үчилищені бітіріп, майданға аттанды. Ал 1942 жылдың маусым айынан бастап қан майданға араласып кетті. Кеңес офицері жаумен шайқаса отырып, Еділден Эльбаға өтті. 1-Украин майданындағы 3-гваридияшы танк армиясына қарасты Қызыл тулы Суворов орденді 70-механикаландырылған Проскуров бригадасының 1-Мотоатқыштар батальонында рота командирі болған лейтенант Александр Дмитриевич Романов 1945 жылдың көктемін Берлиннің іргесінде, Нейсе өзенінің жағасында қарсы алған. Осы өзен бойындағы шайқаста ол басқарған рота жауынгерлері аянбай соғыса отырып, 104 немістің көзін жойып, 118 адамын тұтқындаған. Романовтың жеке өзі 19 дұшпанды жер жастандырып, рота 15 автомашина мен 45 автомат,
9 станокті пулеметті қолға түсірді.
Берлинге шабуыл жасаған күндері офицер Александр Романовтың командирлік дарыны мен теңдесі жоқ ерлігі барынша айқын көрінді. 23 сәуірде Романовтың ротасы күші басым жаудың алты бірдей қарсылығын тойтарып тастады да, пулемет пен минометтен қарша бораған оққа карамастан, Тельтов каналын кешіп өтті, плацдармды қолға түсірді, сөйтіп, арттан жеткен әскерлердің каналдан өтуін қамтамасыз етті. 27 сәуір күні Романовтың ротасы көшеде қиямет-қайым ұрыс ортасында болды. Айқаста еті қызған жауынгерлер жаудың өршеленген қарсылығының бірінен соң бірінің бетін қайтарып отырды. Неміс басқыншылары ауыр шығынға ұшырайды, кезекті шабуылға шыққанда өзінің жау жүрек командирі бастаған гвардияшы рота олардың жолына кес-кестей тұра қалды. Шабуыл тойтарылды, бірақ осы шайқаста Александр Романов жау оғынан қаза тапты. Отанға шексіз берілгендігі, керемет ерлігі мен батылдығы, сондай-ақ командованиенің жауынгерлік тапсырмаларын мүлтіксіз орындағаны үшін СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 27 маусымдағы Жарлығымен Александр Дмитриевич Романовқа, қаза тапқаннан кейін, Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оның есімі мәңгі ел есінде қалды. Ол оқыған Төменарық поселкесіндегі орта мектеп қазір Александр Романов есімімен аталады. Мектеп музейінде батырға арнаулы бұрыш ұйымдастырылған.
ТАНКИСТ АЙТМАҒАНБЕТ НАҚИПОВ (1924 – 1998)
Ұлы Отан соғысындағы талай қанды жорықтарды басынан өткізген, жауға қарсы күресте ерен ерліктер жасаған жаңақорғандық жауынгерлердің бірі - Айтмағанбет Нақипов. Ол 1924 жылы Жаңақорғанда туған. Он сегіз жасында от кешкен Айтмағанбет Нақипов Ұлы Отан соғысының отты жылдарында Кеңес Одағының Маршалы И.С.Конев қолбасшылық жасаған 1-Украин майданындағы генерал-полковник
П. Рыбалко басшылық еткен 3-гвардиялық танк армиясына қарасты 9-гвардиялық механикаландырылған корпустың 229 Проскуров-Берлин атындағы ерекше танк полкінде «Т-34» маркалы № 24 танк экипажына көздеуші-атушы болды. Оның танкісі шабуылмен Берлинге алғаш кіргендіктен, Рейхстаг түбіндегі тұғырға ескерткіш ретінде қойылған. Танкист Айтмағанбет Нақипов соғыстың соңғы күндерін былай деп еске алатын еді:
– Біз күндіз-түні шабуыл жасай отырып, 1945 жылғы 19 сәуірде Берлин іргесіндегі Тельтов қаласына келіп тұмсық тіредік. Берлинге
18-19 шақырымдай ғана қалды. Тельтов қаласындағы жауды айналдыра қыспаққа алып соққылау сол күні кешке дейін созылды. Таң алдында қаланы алып, ілгері тарттық. 21 сәуір күні Берлин қаласыны оңтүстік жағынан кіре бастадық. Біздің танк армиясын басқа артиллериялық корпустармен, дивизиялармен, авиация корпусымен нығайтып жатқанын байқадық. Фашистер мықтап бекініп алған екен, табан тіресіп қарсылық көрсетіп жатты. Сол күні кешке Берлиннің шығыршық қыспаққа алына бастағанын сезіндік. Сонда да жау қарсылығын күшейте түсті. Олар шегіне отырып, тосқауылдарда жасырынып қалып, үй-үйлерді айналып, кез келген тұстан оқ жаудырғанын қоймады. 25 сәуірдің таңын үлкен шабуылмен бастадық. Берлиннің іргесіндегі жау бекіністерін бұзып өтіп, қиындықпен ілгері жылжыдық. Біздің артиллерия үсті-үстіне соққы берді. Ұшақтарымыз төбемізден өтіп, Берлинді бомбалап жатты. Біздің полктың танкистері десанттармен бірге түс қайта Берлинге Саарланд көшесімен кіре бастады. Қаланың үстін қара түтін мен шаң басып кетті. Қала ішіндегі нағыз кескілескен ұрыс 30 сәуір күні басталды. Қым-қиғаш атыс. Біздің жаяу әскерлер де көше ұрысына кірісіп кетті. Снарядтар мен миналардың, бомбалардың жарылысынан құлақ тұнады. Бұрыштарда, көше бойларында өртенген неміс танктерінің, аударылып қалған машиналарының есебі жоқ. Біз қаланың Герман Геринг көшесінің бойымен шабуыл жасай отырып, бас жағына жеткенімізде, үлкен бір алаңға шыға келдік. «О-о, Рейхстаг көрінді!» – деді танктың артында отырған командиріміз Минаев қолын алға қарай нұсқап. Алдымыздан қаптаған буалдыр түтіннің арасынан бұлдырап биік күмбезді сұр үй көрінді. Рейхстаг сол екен! Жүрегім шымыр ете қалды. «Соқ, Рейхстагты!» – деді командирім. Зеңбіректің ату расчетін тез дәлдеп, тартып қалдым. «Гүрс» еткен дауыс шықты. Рейхстаг теңселіп кеткендей болды. Сол күні түнімен көз ілмедік, қиян-кескі ұрыс тоқтаған жоқ. 1 мамырдың таңы зеңбіректер гүрсілімен, автомат, пулеметтердің сарт та сұрт үнімен атты. Біз тағы шабуылға шықтық. Бранденбург қақпасын сол жағымызда қалдыра отырып, Рейхстагты атқылай бастағынымзда, танкімізге зеңбіректің оғы кеп тиді. Танк бір алға, бір артқа қозғалды да тұрып қалды. Танкті от-жалын орай бастады. Қарасам жүргізуші-механик, радист-пулеметчик екеуі де көз жұмыпты. Взвод командирі Минаевты танк ішінен шығара бергенімде, үстімдегі комбинезонға от тиді. Оны өшіремін деп жүргенімде, Минаев:
– Қош бол... елге сәлем айт, – деп үзіліп жүре берді. Оқ тиген екен.
Оны сүйрей бергенімді білемін, аржағын білмеймін... Содан есімді жиып, көзімді ашсам, госпитальда жатыр екенмін.
– Жолдас танкист, Жеңіс күніңіз құтты болсын! – деді жаныма келген ақ халатты медбике қыз жымиып. – Бүгін 9 мамыр!
Палатадағы қалпакты репродуктордан көңілді музыка ойнап тұр екен. Жүрегімді шаттық кернеп, көзіме ыстық жас үйірілді, – дейді. Зейнеткер Айтмағанбет Нақипов өзі өткен соғыс жолдарын мектеп оқушыларымен болған кездесулерде осылай айтып отыратын. Оның кеудесіне 1 дәрежелі «Отан соғысы» орденімен бірге «Берлинді алғаны үшін», «Праганы азат еткені үшін», сондай-ақ Тула, Орел, Киев қалаларын азат еткені жөніндегі медальдары жарқырап тұратын. Кездесу жиындарында:
Діңкесі фашистердің құрып қалған,
Ұстап ап көк желкеден ұрып та алған.
Танкісі Нақиповтың мініп барған,
Берлинде ескерткіш боп тұрып қалған, – деп жас бүлдіршіндер тақпақтата жөнелетін еді. Өйткені, Қазақстаннан қан майданға қатысқан 82 мың танкистің алдыңғы қатарлылардың бірі – Айтмағанбет Нақипов еді. Оның танкісі 1943 жылдан Берлинге дейін талай шайқастардан аман өткен болатын-ды. Қазақ теледидары «Қаһарлы жылдар шежіресі» деген айдармен 1985 жылы «Қазақстан Ұлы Отан соғысында» атты түсірілген көп сериялы бейнефильмнің 38-ші сериясына Айтмағанбет те арнайы түсірілген.
Айтмағанбет Нақипов 1998 жылы қаңтарда дүниеден қайтты.
РӘЗИЯ ЫСҚАҚОВА,Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің «Флорена Наитингеил» медалінің иегері.
Рәзия Ысқақова 1922 жылы Жаңақорған ауданындағы Жайылма ауылында дүниеге келген. Медициналық училищені фельдшер мамандығы бойынша бітірген Рәзия қызметке енді араласа бергенде, Ұлы Отан соғысы басталып та кетті. Ер азаматтар майданға аттанып жатқанда, бойында қайрат пен жігері бар Рәзия қыз ауылда қалуды өзіне ар санады. Өзі сұранып, 1941 жылдың казан айында әскери фельдшер болып соғысқа аттанды. Бұл кезде Рәзия 19 жаста болатын-ды. Рәзия Ысқақова – Украин майданында генерал-полковник П. Рыбалко қолбасшылық еткен атақты танк армиясының қарамағындағы 55-танк бригадасында фельдшер боп жүріп, жауып тұрған қорғасын оқтың арасынан талай жаралыларды аман алып шығады. Фельдшер Рәзияның бір ерлігі жөнінде дәрігерлік қызмет бригадасының бастығы майор Багуславский:
– Медицина қызметінің лейтенанты – Ысқақова нағыз ерлік көрсетті. Ол жанып жатқан танктен батальон командирі Федоров пен оның экипажын алып шықты. Оның есебінде өлімнен аман қалған 4 экипаж мүшесі мен айқас алаңынан сүйреп алып шыққан жаралы 15 адамы бар, – дейді. Бұл Сандомир шайқасында болған еді. Рәзияны кейде «Қазақстан Розасы, қазақтың гүлі» деп те айтатын. «Қазақтың бұл гүлінде он адамдық жігер бар» деп мақтан тұтатын.
Рәзия 1942 жылы Сталинград қанды шайқасына қатысты. Ол лапылдап жанып жатқан танктердің арасында жер бауырлай жылжып жүріп, отқа күйіп жараланған 21 танкистке жедел дәрігерлік көмек беріп, командалық пунктке жөнелтеді. Ол соғыста бірнеше рет жараланды, бірақ жазылысымен майданға қайта оралады. Рәзия Ысқақова Сталинградтан бастап Харьковты, Киевті, Варшаваны азат етуге қатысты. Құзғындар ұясы Берлинді алу шайқасында болды. Праганы азат етуде де майдан ортасында жүрді. Ол осы шайқастарда қан кешіп жүріп, жаудың қарша бораған оғының арасынан тағы да 44 жаралы жауынгерге медициналық көмек көрсетіп, майдан шебінен ерлікпен алып шықты. Рәзия соғыс кезінде ерен ерліктері үшін Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің «Флорена Найтингейл» медалімен марапатталды. Үлкен апаттарда жаралылар мен ауруларға көмек көрсеткен, оларды ажалдан құтқарған және мейірімді жүрегімен қамқорлық жасаған медбикелер марапатталатын мұндай медальмен Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағы бойынша 26 медбике, ал Қазақстаннан 3 фельдшер, соның бірі мейірімді жүрек Рәзия Шәкенқызы Ысқақова марапатталып еді. Сондай-ақ Рәзияның кеудесінде «Қызыл Жұлдыз» ордені мен «Жауынгерлік ерлігі үшін» және басқа да медальдар жарқырайды. Соғыстың басынан аяғына дейін Рәзия Ысқақова 55-ші танк бригадасында болды. Осы танк бригадасының командирі генерал-полковник, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Давид Амбрамович Драгунский соғыс аяқталған соң Рәзия Ысқақова жайлы былай деп жазды: «Алғашқылар қатарында армиядан жасы үлкен солдаттар, жаралылар, әйелдер, халық шаруашылығы мамандары қайтуға тиіс болатын. Осы топтан ең бірінші эшалон жасақталды. Күн шұғыла шашып тұрды. Отан алдындағы борыштарын етеген солдаттар қатары салтанатты. Олардың ішінде Роза Ысқақова да (Рәзияны еркелетіп Роза дейтін – А.С.) бар еді. Енді оның аяғында керзі етік жоқ, тамаша веналық туфли, шинелі мен дөрігерлік сумкасы чемонданға салынған, гимнастеркасында ордендер мен медальдары жарқырайды. Мен оған да, басқа қыздарға да гүл шоқтарын ұсындым». («Роза – дочь казаха». «Дружба народов» журналы, 1987 жыл, № 5). Рәзия елге жеңіспен оралды. Отыз жылдан бері зейнеткер. Жолдасы Қали Әлиярұлы екеуі тәрбиелі ұл мен қыз өсіріп, немере сүйді. Қызы Сәуле мен ұлы Жеңіс әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде қызмет істейді, екеуі де ғылым кандидаттары. Қали бұл күнде қайтыс болған. Сұрапыл майдан жолдарын кешіп өткен Рәзия Шәкенқызы Ысқақова бейнетінің бүгінгі таңда зейнетін көріп отырған бақытты ана. Биыл 85 жастан асқан Рәзия апай бұл күнде Шымкент қаласында тұрып жатыр. Рәзияның суреттері мен өміржолдары жайлы және ерліктері туралы жазылған құжаттар Лондон мен Мәскеудегі, Көкшетау мен Шымкенттегі мұражайларда тұр. Рәзияның қан майдандағы ерліктері жайын суреттейтін «Он тоғызда от кешкен қыз» атты поэма да (авторы Адырбек Сопыбеков) жазылып, кітапқа шыққан.
* * *
Ұлы Жеңіс жолындағы фашистермен шайқас ерліктен ерлікке жалғасып жатты.
Валентина Васильевна Калинина Ленинград қоршауында ерлік жолынан етсе, Мария Николаевна Есипова 1942 – 1945 жылдары бірінші Белорус майданы арқылы Саратов, Белоруссия, Польша соғыс жолдарымен Берлинге дейін барып, 16-әуе флоты госпиталінде жаралы жауынгерлерді емдеді. Бұл екеуі де Жеңіспен елге оралып, бейбіт еңбекке араласты. Басқа да көптеген жаңақорғандық жерлестеріміз жауға қарсы күресте оқ пен отқа оранып, ерлік пен майдан жолдарынан өтті. Жерімізді жаудан тазартып, Еуропа елдерін азат етіп, Берлинге дейін жетті. Бұлардың қатарында ІІ және ІІІ дәрежелі Данқ ордендері мен І дәрежелі Отан соғысы ордендерінің иегерлері Әбсемет Мәдиев пен Тұрғанбек Оспанов, ІІІ дәрежелі Данқ және І дәрежелі Отан соғысы ордендерінің иегері – Әбдірашит Ибрагимов, І дәрежелі Отан соғысы және қос Қызыл Жұлдыз ордендерінің иегерлері – Бердібек Ертаев, Қалмырза Тәжіғұлов, Тұрсынқожа Шалапов, І дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері – Махметжан Сапарбаев, Әбіласан Әшірбеков, Кенже Жүсіпов, ІІ дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері – Нәжім Жамуров пен Жолдықожа Шермұхаметов, Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері – Ахмет Шынтаев пен Әбдіхалық Жарысбаев, сондай-ақ ордендер мен бірнеше медальдардың иегерлері – Өмірбек Өмірәлиев, Ысқақ Әбдірамашов пен Қожахмет Әшенов, Батырхан Сейітов пен Төрехан Біләлов, Әнәпия Әлжанов, Александр Балясников пен Сатыбалды Әлібеков, Әбутәліп Тастанбеков, Шамшудин Изатов, Жақанша Садуов, Қайыпбек Қайназаров, Қасымбек Нысанбаев, Төлепберген Арынов, Бектас Жүсіпов, Төлеген Бердібаев, Марқабай Дүйсебаев, Жұмаділла Қазыкеев, Қалмахан Мәмбетов, Шалай Үкешев, Әсен Құлымбетов, Сүлеймен Мұстафаев, Құрбанқожа Саданов, Мамахан Жидебаев, сондай-ақ Польша, Югославия, Италия жерлеріндегі партизан отрядтарында Омар Тойымбетов, Жолдас Жүнісов, Жүнәйдулла Оразқожаев, Ағабай Еспенбетов, тағы басқа да көптеген жауынгерлеріміз ерлікпен шайқасты. Қасық қаны қалғанша қасқайып жауға қарсы тұрған аға-апаларымыздың ерлігі мен өрлігі арқасында сұрапыл соғыс 1945 жылы 9 мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Туған елін қорғап, сүйем жер үшін талай азаматтар қанын да төкті, жанын да қиды. Ауданнан Ұлы Отан соғысына аттанған 5 мыңға тарта жауынгердің 2 мыңнан астамы майдан даласында қаза тапты. Оларға топырақ туған жерден жырақта бұйырды. Жеңістің 50 жылдық құрметіне аудан орталығында Жеңіс паркі ашылды. Осы парк ішіне Тағзым мемориал ескерткіші орнатылып, майданнан оралмаған 2040 боздақтың есімдері қашалып жазылды. Майданнан оралмаған немесе хабарсыз кеткен жаңақорғандық боздақтарды анықтап, архив құжаттарынан іздестіріп жинақтауда Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, бұл күнде өмірден өткен Орынбай Ахметовтың еңбегі зор. Ол облыста құрастырылған «Боздақтар» кітабының Жаңақорған ауданы бойынша редакторы болды. Осының нәтижесінде «Боздақтар» кітабының ІҮ томы (Шиелі ауданының да боздақтары енген) жарық көріп, қолға тиді. Ұлы Жеңістен соң елге оралып, бейбіт еңбекке араласқан бірқатар майдангерлер өздерінің Жеңіс жолында жасаған ерліктерін, көрген қиыншылықтарын баспасөз беттерінде жазып та жүрді. Соғысқа 1942 жылдың басында елден аттанған Сүлеймен Бекенов сол жылдың шілдесінде Харьков бағытындағы майдан даласында үш армияның (6; 9; 57-ші) 250 мыңдай жауынгерлерімен жау қоршауында қалып, амалсыз тұтқынға түсіп қалады. Ол тұтқында жүргенде одан ебін тауып қашып шығып, елге келген (Кеңес Одағына) кезде де көрген азаптарын көркем тілмен суреттеп жазып, 2007 жылы «Қазақ тұтқыны» деген атпен кітап етіп бастырып шығарды. Бізге Жеңістің оп-оңай келмегенін осыдан-ақ көруге болады. Ия, бұл Ұлы Жеңістің тұла бойында майданнан оралмай қалған боздақтардың қаны мен қапылыста тұтқынға түсіп қалғандардың көрген азабы, аман қалған жауынгерлердің ерлігі, тылдағылардың күндіз-түнгі еңбегі мен тілегі жатыр.
ЖЕТІНШІ ТАРAУ
АУДАН – СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДА
Ұлы Отан соғысын Жеңіспен аяқтаған еліміз бейбіт, жасампаз еңбекке қайта кірісті. Соғыстан кейінгі жылдардағы барлық кұш-жігер ауыл шаруашылығын қалпына келтіру және оны одан әрі өркендетуге жұмылдырып, халықтың тұрмыс-күйін жақсартуға бағытталды. Колхоздарды ұйымдық-шаруашылық жағынан нығайту, ауыл шаруашылығында өндірістік қатынастарды жетілдіре беру, колхоздық меншікті нығайту және ауыл шаруашылығы артелінің Уставын қатаң сақтау жөнінде маңызды шаралар жүзеге асырылды. Соғыстан кейінгі бес жылдықта (1946-1950 ж.ж.) ауданның ауыл шаруашылығы едәуір дамыды. Аудан еңбеккерлері ынта-жігермен аянбай еңбек етті. Майданнан аман оралған жауынгерлер бейбіт еңбекке араласты. Аудан партия ұйымы (аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы - 1945-1947 жылдары М.Мергенбаев, 1947-1949 жылдары Ш.Әбжанов, 1949-1950 жылдары С.Ахметов болды) экономика және әлеуметтік тұрмыс, мәдени құрылыс мәселелеріне тереңірек араласып, шаруашылық жұмыстарын жақсартуға бағыт беріп отырды. Комсомол ұйымдары (аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы - 1946-1949 жылдары Батырхан Сейітов, 1949-1951 жылдары Файзолла Көзбаев болды) партияның қолғанаты болды. Аудан партия, кәсіподақ және комсомол ұйымдары, ауылдық Кеңестер еңбекшілерді бесжылдық жоспарды орындауға жұмылдырды. Ауыл шаруашылығының еңбеккерлері төртінші бесжылдықтың (1946-1950 жж) және одан кейінгі бесжылдықтар мен жетіжылдықтардың тапсырмаларын орындауда бірқатар табыстарға қол жеткізді. Аудан еңбеккерлері арасынан Социалист Еңбек Ерлері, өндіріс озаттары шыға бастады.
ҚАДЫР ТАҒАЕВ, Социалистік Еңбек Ері. (1890-1980)
Қадыр Тағаев 1890 жылы Жаңақорған ауданында туған. Қадыр «Келінтөбе» ұжымшарында 30 жыл үзбей еңбек етті. 1938 жылы оған бір үйір жылқы табыс етілді. Ол кезде үйірде не бары 30 жылқы бар болатын. Он жыл өткен соң Қадырдың алдындағы жылқы саны 670-ке жетті. Оған осы кезде мал шарушылығының шебері атанған Қ.Тағаевтың қосқан үлесі аз емес еді. Қадыр Тағаев өзі қалаған іске бар өнерін, күш-жігерін жұмсады. Биелерін аман құлындатып, 55 биеден 55 құлын алып, шығынға жол бермеді. Сондықтан да оның еңбегі жоғары бағаланды. СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылы 23 шілдедегі Жарлығымен Қадыр Тағаевқа Социалист Еңбек Ері атағы берілді.
Қадыр Тағаев 1980 жылы дүниеден өтті.
НАҚЫП ЕРЖАНОВ, Социалистік Еңбек Ері. (1887-1962)
Нақып Ержанов 1887 жылы Жаңақорған ауданы «Талап» ауылында туған. Ол 1930 жылы ұйымдасқан «Талап» ұжымшарына алғашқылардың қатарында мүше болып кірді. Оны жылқышы етіп бекітті.
Жаңа шаруашылықтың алғашқы қадамы ауыр болды. Қызылқұм ішіне жасырынған басмашылар жылқыға шабуыл жасап, малды қырып, қастандығын тоқтатпады. Нақып жолдастарымен бірге қолына қару алып, басмашылардың шабуылына талай рет тойтарыс берді. 1937 жылы Нақып жылқы фермасының меңгерушісі болды. Ол бар күш-жігерін артельдің қоғамдық байлығын арттыруға жұмсады. Ұлы Отан соғысы жылдарында жылқы фермасының ұжымы атты әскерлерге бірнешелеген сәйгүліктер жіберді. 1946 жылы 50 биеден 50 құлын алып, аман өсірді. Ал 1947 жылы 60 биеден 60 құлын, 1948 жылы 80 биеден 80 құлын алды. Мал шаруашылығын өркендетудегі еңбегі ҮШІН СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылы 23 шілдедегі Жарлығымен Нақып Ержановқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
САПАРБАЙ СҰЛТАНМҮРАТОВ, Социалистік Еңбек Ері. (1890-1977)
Сапарбай Сұлтанмұратов 1890 жылы Жаңақорған ауданы «Ынтымақ» ауылында дүниеге келген. Сапарбай Сұлтанмұратов өзінің бар өмірін жылқы өсіруге сарп етті. Алғаш ұжымдастыру басталғанда «Ынтымақ» ұжымшарына бірінші болып кірді. Ол 1929-1938 жылдары осы шаруашылықта жылқышы болып, өз
ісіне әбден машықтанды.
Бейнеті көп жылқышы еңбегі табандылықты, жігерлілікті, тапқырлықты қажет етеді. Тәжірибелі жылқышы ауа райының өзгерісін КҮНІ бұрын біліп, жылқыларды қауіпсіз, ықтасыны мол жерге айдайды. Малға қай мезгілде қандай шөп пайдалану керек екенін тәжірибелі жылқышы ғана біледі. Осы орайда Сапарбайдың көргені мен көңілге түйгені көп еді. Ұлы Отан соғысы жылдары Сапарбай Сұлтанмұратов майданға 87 СӘЙГҮЛІК берді. 1947 жылы 51 биеден 51 құлын алып, олардың бәрін аман сақтады. СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылы 10 тамыздағы Жарлығымен Сапарбай Сұлтанмұратовқа «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді. Сапарбай Сұлтанмұратов 1977 жылы қайтыс болды.
ӘЛИ ЕЛАМАНОВ, Социалиста Еңбен Ері. (1902-1975)
Әли Еламанов 1902 жылы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында туған. Ол 1930-1958 жылдары Елтай атындағы ұжымшарда, кейін «Төменарық» кеңшарында жұмыс істеді. Кедей шаруаның баласы Әли 12 жасынан жалшы әкесіне қолғабыс етті. Байдың егінін торғайдан қорғады, құдықтан қауғамен су тартып, соның малын суарды. 1942 жылы Әли Еламанов еңбек армиясына шақырылды. Ол Гурьевте, Сталинград маңында жұмыс істеді. Әли Еламанов 1946 жылдың басында туған ауылына оралып, күрішшілер звеносын басқарды. Жыл сайын мол өнім жинады. 1941 жылы 6 гектар күріштің әр гектарынан 48,4 центнерден өнім жинаса, 1948 жылы 5 гектар күріштің әр гектарынан 81,4 центнерден өнім алды. Жаңашыл Ә. Еламановтың еңбегі жоғары бағаланып, осы жылы оған Социалист Еңбек Ері атағы берілді.
Бұдан кейін ол «Төменарық» кеңшарында түйе өсірді, қой бақты.
Әли Еламанов 1975 жылы қайтыс болды.
ӘЛИ ИСАЕВ, Социалистік Еңбек Ері. (1898-1975)
Әли Исаев 1898 жылы Жаңақорған ауданы Айдар ауылында туған. 1926 жылы ол «Байзақ көл» деп аталатын кооперативтік бірлестікке мүше болды. Бірлестік бидай екті, Әли сушы болды. 1930 жылы Әли «Екпінді» ұжымшарына мүше боп, мақташылар звеносын басқарды. Ол енді 1937 жылы күріш звеносына жетекшілік етті. Әли Исаев 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанды. Одан Жеңіспен оралған Әли қайтадан күріш звеносын басқарды. 1948 жылы Э.Исаев қарамағындағы күріштің әр гектарынан 80,5 центнерден өнім жинады. Еңбегі жоғары баға ланды. СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1949 жылы 20 мамырдағы Жарлығымен Әли Исаевқа Социалисте Еңбек Ері атағы берілді. Ол 1951-1953 жылдары ҮШ жылдық агрономиялық курста оқыды. Бұдан кейін жеті жыл бойы күріштен мол өнім жинады.Осы қажырлы еңбегі ҮШІН ол екінші рет Ленин орденімен марапатталды.
Әли Исаев 1975 жылы қайтыс болды.
СЕРДАЛЫ ҚҰРЫМБЕКОВ, Социалистік Еңбек Ері. (1888-1948)
Сердалы Құрымбеков 1890 жылы Жаңақорған ауданы Талдысу ауылында туған. Сердалы Құрымбеков жастай еңбекке араласты. Ауылдағы шаруашылық жұмыстарының бел ортасында жүрді. Алғашқы жылдары қой бақты. 1936 жылы «Талдысу» ұжымшары құрылғанда оған мүше боп кірді. Осы шаруашылықтың бір үйір жылқысын алып бақты. Тәжірибе жинақтады, араға көп жыл салмай-ақ аудандағы озат жылқышылардың қатарына қосылды. Мал басын шығынға ұшыратпай, құлындатқан биелерінің КҮТІМІН жақсартты. Ұлы Отан соғысы кезінде майданға СӘЙГҮЛІК жөнелтіп отырды. Тәжірибелі жылқышы 1945 жылы 50 биеден 50 құлын алды. 1946 жылы 65 биеден 65 құлын алды. 1947 жылы 80 биеден 80 құлын алды. Еңбегі жоғары бағаланып, СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылы 23 шілдесіндегі Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сердалы Құрымбеков 1948 жылы қайтыс болды.
ОРЫНБАЙ БИДАШЕВ, Социалистік Еңбек Ері. (1922-2005)
Орынбай Бидашев 1922 жылы Жаңақорған ауданы Төменарық селосында дүниеге келген. Ол жастай еңбекке араласты, 17 жасынан қой бақты. О.Бидашев 1940-1983 жылдары «Төменарық» кеңшарында шопан болды. О.Бидашев жыл сайын отардан көп төл өргізді. Ол тоғызыншы бесжылдықта (1971-1975 ж.ж.) орта есеппен әр ЖҮЗ саулықтан 170-тен қозы алып, мемлекетке 2685 дана қаракөл елтірісін бірінші сортпен тапсырды. Мал басын 98 пайыз аман сақтады. Осы жылдар ішінде кеңшарға бір өзі 1032800 сом таза пайда келтірді. Яғни, сол кездегі бағанын құнымен есептегенде бұл қаржыға шаруашылық 206 «Жигули» автокөлігін сатып алуға болады екен. Ал 1975 жылы ол қарауындағы отардың әр 100 аналығынан 228-ден төл алып, 400 қозыны өсімге қалдырды. Оның осы еңбегі жоғары бағаланып, СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 10 наурыз 1976 жылғы Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ол «Қазақ ССР-на еңбегі сіңген ауыл шаруашылығы шебері» деген құрметті атаққа ие болды. Сондай- ақ ол Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Орынбай зайыбы Зейнерап екеуі 3 ұл 7 қыз өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған жан. Олардан 50 немере, 10 шөбере СҮЙДІ. Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкенов Орынбайдың өмірі және еңбек жолы жайлы кезінде «Шыңдағы шынар» атты көлемді өлең-очерк жазды. О. Бидашев 2005 жылы 25 ақпанда дүниеден өтті.
ҚЫЛЫШБАЙ ОМАРОВ, Социалистік Еңбек Ері. (1906-1996)
Қылышбай Омаров 1906 жылы Қандөз округінде (қазіргі «Түркістан» кеңшарының орны, Қандөз елді мекені) дүниеге келген. Қ.Омаров жастайынан еңбекке араласып, 1930 жылдан ұжымдық шаруашылыққа мүше болды. 1942-1944 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. Қ.Омаров 1945-1958 жылдары шопан болды. Ол қой өсірген жылдары қарауындағы отарын аман сақтап, міндеттемеге сай көп төл өргізді. Шығынға жол бермей, мал өнімділігін арттырды. 1947 жылы ол қарамағындағы отардың әр жүзінен 104-тен төл алып, өсімге көп қозы қалдырып отырды. Оның осы еңбегі жоғары бағаланып, СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылғы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Қылышбай Омаров 1996 жылы 90 жасында дүниеден қайтты.
АРАПБЕК ӘБИЕВ,
Социалисты Еңбек Ері.
Арапбек Әбиев 1941 жылы Жаңақорған ауданы қазіргі «Қожакент» ауылында туған. Ол орта мектептен соң Жаңақорғандағы № 17 кәсіптік-техникалық училищені бітіреді. Дала академигі атанған атақты күрішші Ыбырай Жақаевтың мектебінен өткен. 1967 жылы Арапбектің туған ауылынан Келінтөбе (қазіргі З.Мұсаханов атындағы) каналының өтуіне байланысты бұл елді мекеннен КПСС-тің XXІІІ съезі атындағы (кейін «Қожакент» кеңшары) күріш кеңшары құрылды. А.Әбиев 1968-1977 жылдары кеңшарда күріш екті, звено жетекшісі болды. Ол алғашқы жылдан бастап, жыл сайын күріштен мол өнім жинап, мақтаулы диқан атанады. Ол қарауындағы 25 гектар күріштің әр гектарынан 1968 жылы 56,8 центнерден, 1969 жылы - 70 центнерден, 1970 жылы - 90, 1971 жылы - 92,3, 1972 - 93, 1973 жылы - 101 , 1974 жылы - 113, 1975 жылы - 106, 1976 жылы - 120 центнерден Сыр маржанын жинап, облыс жене республика жеңімпазы атанды. Арапбек Әбиевтің еңбегі әрдайым жоғары бағаланып келді, СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 24 желтоқсан 1976 жылғы Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ол екі рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы жетістіктері көрмесінің КҮМІС, алтын медальдарымен марапатталды жене осы көрменің «Москвич-412» жеңіл автокөлігі сыйлыққа тартылды. Сондай-ақ ол «Қазақ ССР-ның ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкер» құрметті атағына, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасына ие болды. КПСС ХХҮ съезіне делегат болып қатысты. ВСЦПС-тің 3 съезіне делегат болды, ол 2 рет басқарма мүшелігіне сайланды. 1978-1994 жылдары кеңшарда күріш бригадирін басқарды. Бұл жылдары да бригада бойынша әр гектардан 50-55 центнерден кем өнім алған жоқ. 1994 жылдан кеңшар директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары болды. Қазір Республикалық дәрежедегі зейнеткер.
ШОМАНБАЙ ӘБЖАЛОВ,
Социалистік Еңбек Ері.
Шоманбай Әбжалов 1932 жылы ОҢТҮСТІК Қазақстан облысы, Созақ ауданы, «Қаратау» кеңшарында дүниеге келген. Жетіжылдық мектепті бітірген ол соғыс кезінде ауылдағы ауыр жағдайға байланысты оқуды одан әрі жалғастыруға МҮМКІНДІГІ болмады. Еңбекке жастайынан араласып кетті. 1950-1952 жылдары Отан алдындағы борышын өтеп қайтты. 1952-1984 жылдары Жаңақорған ауданындағы «Жұлдыз» кеңшарында 32 жыл шопан болып, қой өсірді. Ол бұл жылдар ішінде мал басын аман сақтауда, тел алуда, қаракөл елтірісін өндіруде жоспарды үнемі артығымен орындап отырды. Ш.Әбжалов оныншы бесжылдықта (1976-1980 ж.ж.) отардың әр 100 аналығынан 150-215-тің аралығында қозы алып, әр қойдан 3-4 килограмнан ЖҮН қырықты. Оның еңбегі жоғары бағаланып, СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1981 жылы 8 сәуірдегі Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталды, оның есімі Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алтын кітабына жазылды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің Алтын, КҮМІС медальдарына ие болды. Казакстан Компартиясының XІІІ съезіне делегат болып қатысты. Ол «Жұлдыз» кеңшарының Құрметті азаматы, Республикалық дәрежедегі зейнеткер.
ӘЛИАСҚАР СУЛТАНОВ,
Еңбек Даңқы орденінің толық иегері. (1926-1996)
Әлиасқар Сұлтанов 1926 жылы Шымкент облысы Шәуілдір ауданы, Ақжар ұжымшарында туған. Түгіскен тыңы игеріле басталысымен Сыр өңіріне егін егуді аңсаған диқан 1966 жылы «Түгіскен» кеңшарына көшіп келді. Келе сала жаңадан жасақталып жатқан күріш звеносына жетекші болып бекітілді. Алғашқы жылдары бірқатар қиындықтарды басынан кешірді. Иен дала, құлазыған алқаптың мейірін қандырып, өнім алу оңайға соқпады. Еңбекшіл Әлиасқар жыл сайын тәжірибесін шыңдай ТҮСТІ. Жақаев мектебінен дәріс алып, сан-салалы күріш егу технологиясын меңгерудің арқасында бұл дақылдан жыл сайын мол өнім алып, ауданның майталман күрішшілері қатарында болды. Ауыл тұрғындары Әлиасқар Сұлтановтың еңбегін бағалап, бірнеше рет Түгіскен ауылдық Кеңесінің және аудандық Кеңестің депутаты етіп сайлады. Нәтижеде, 1972 жылы желтоқсанда Үкіметіміздің алғашқы наградасы «Еңбектегі ҮЗДІК ерлігі ҮШІН» медаліне ие болса, 1975 жылдың сәуірінде Еңбек Даңқы орденінің ІІІ-дәрежесіне , 1976 жылы желтоқсан айында екінші дәрежелі Еңбек Даңқы орденін алған Әлиасқар облыс жөне республика көлеміне танылды. Осы кезден бастап Түгіскен алқабының жерлері тегістеліп, мәдениеттендіріле бастады. Әлиасқар күріш өндіруде 1984 жылы мол табысқа кенелді. Аудан осы жылы облыста күріш өндіру жоспары мен міндеттемесін асыра орындап, алға шықты. Бұл қуанышқа Әлиасқардың қосқан үлесі мол еді. ЖҮЗ центнершілер қозғалысына қатысып, жүлделі орынға ие болды. 1984 жылы Ә. Сұлтанов І-ІІ-ІІІ дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің толық иегері атанып, республикамыздың Еңбек Қаһармандары қатарын толықтырды. Әлиасқар Сұлтанов 1996 жылы дүниеден қайтты.
Цой Иван - Жаңақорған ауданы «Красная Звезда» ұжымшарының звено жетекшісі болған. Ол күріштен мол өнім өндіргені ҮШІН СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 20 мамыр 1949 жылғы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Ескерту: И.Цойдың өмірі мен еңбек жолы жайлы мәліметтер табылмағандықтан толық жазылмады.
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
АУДАНДЫҚ ПАРТИЯ КОНФЕРЕНЦИЯЛАРЫ, ШАРУАШЫЛЫҚТАРДЫҢ ІРІЛЕНДІРІЛУІ, ТҮГІСКЕН АЛҚАБЫНЫҢ ИГЕРІЛУІ ЖӘНЕ ОДАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕР
Барлық шаруашылықты басқаруды, партиялық ұйымдастыру және саяси идеологиялық жұмыстарды жүргізуді Коммунистік партия тікелей өз қолына алды. Мұнда оның көмекшілері жергілікті Кеңестер мен комсомол ұйымдары болды. Аудандық партия ұйымының алғашқы конференциясына (1928 жылғы қаңтарда өткен) 18 бастауыш ұйымдағы 75 партия мүшесі мен 25 мүшелікке кандидат делегаттар қатысты. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығына Сырдария округтік партия комитетінің ұсынуымен он жыл Қызыл Әскер қатарында саяси қызметкер болып жұмыс істеген Қожамберді Қанаев сайланды. Ол ауданды бір жыл басқарды. Аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы Бисұлтан Құлтасов болды. 1928 жылы ауданда 3 оқу ҮЙІ, 2 .клуб, 1 фельдшерлік пункт қызмет көрсетті. 5 орталау, 25 бастауыш мектеп жұмыс істеді. 1929-1932 жылдары аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып Қ. Көсеубаев қызмет атқарды. Осы жылдары аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Жамал Құлымбетов болды. Аудандық ІІ партия конференциясы 1929 жылы, ІІІ партия конференциясы 1933 жылы қыркүйекте, ІҮ партия конференциясы 1933 жылы желтоқсанда өтті. Ұжымдастыру жұмыстарының жүзеге асуы, елді мекендердің бірігіп ұйымдасуы, халықтың алдындағы мақсатқа жұмылуы және ауданның құрылып, жоспарлы жұмыс жүргізілуі ауыл шаруашылығын біртіндеп жақсарта ТҮСТІ. Егіншілікте даму басталды. Мал шаруашылығы да өсті. Егер 1926 жылы аудан көлемінде 7306 ірі қара, 166139 қой-ешкі, 4867 жылқы, 2590 тұйе болса, ал аудан құрылып, ұжымдастыру жүргізіле бастаған соң 1931 жылы ауданда ірі қара -16800, қой-ешкі - 226800, жылқы - 27800, ТҮЙӨ -2600 басқа дейін өсті. Бірақ 1931-1933 жылдары қолдан жасалған ашаршылық елді жайлап, қасіретті жылдар басталғанда, әсіресе 1932-1933 жылдары ауданның ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы күрт төмендеп кетті. 1932 жылдың аяғындағы 4940 малдан 1935 жылы аудан бойынша мал саны ептеп өсіп, 11544 басқа жетті. Мұның ішінде 3905 ірі қара, 1453 жылқы, 5580 қой-ешкі, 606 түйе бар еді. Бұған қосымша ауданда 573 шошқа болса, мұның 193 басы ұжымшарларда өсірілді. Сондай-ақ шаруашылықтар есебінде 384 есек болды. Ауданда егін шаруашылығы да недәуір өркендей бастады. 1936 жылы ауданда 4858 гектар бидай, 2250 гектар күріш егілді. Бидайдан мол өнім жиналып, оның эр гектарынан 26 центнерден өнім алынды. Күріштің әр гектарынан алынған өнім 10 центнер болды. Мақта көлемі алдыңғы жылдармен салыстырғанда күрт төмендеп кетті. 1935 жылы аудан мемлекетке 3164 тонна (бұл да жоспардың 54 проценті) мақта өткізсе, ал 1936 жылы өткізілген мақта 2820 тонна болды. Гектарына 3,1 центнерден өнім берді. Осы 1936 жылы «Елтай», «Кеңесарық», «Тақыркөл», «Еңбек», «Мәдениет», «Жаңажол» ұжымшарлары жоспарлы мақтаны еге алмады. 1937 жылы аудан шаруашылықтарында 2005 жылқы, 597 түйе, 7007 ірі қара, 13807 қой-ешкі, 1336 шошқа, 955 есек болды. Ал жеке қожалықтарда 120 жылқы, 8 түйе, 314 сиыр, 241 қой-ешкі болды. 1937 жылы 15 мамырда Жаңақорған аудандық Ү партия конференциясы болып өтті. Конференцияда аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Емберген Алтынбеков есепті баяндама жасады. Аудандағы 23 бастауыш партия ұйымында 198 коммунист, кандидаттар тобында 50 адам есепте тұрған. Есеп беріп отырған мезгілде (желтоқсан 1933 ж. -мамыр 1937 ж.) 25 кісі түрлі себептермен партиядан шығарылған, екі кісіні төлқұжаттан (паспорттан) айырған. Партия баскару орнына бір ғана адам жіберілген. Мұстафа Шоқайдың туысысың деп Қалмұхамедовты партиядан шығарған. Накуповты ишанның баласы және 1933 жылы ауыл азаматтарын Өзбекстанға қашырдың деп репрессияға ұшыратқан. Ауданда 3756 адам сауатсыз болған, мұның 1909-ы ер адамдар еді. Конференцияда аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Е.Алтынбековтың жұмысын қанағаттанғысыз деп тапты. Ол басқарған кездегі партия қатарында ұлтшылдықтың элементтері, контрреволюциялық көзқарас, шаруашылықтағы түрлі былықтардың көптігі сөз болды. Абдуллаев -ұлтшыл, Жұмаділлаев, Майлыбаев, Мелников - жапон шпионы (тыңшысы) , Иван - троцкишіл деп партия қатарынан шығарылған. 1933 жылғы ІҮ партия конференциясының қаулысы орындалмаған. Устав және ішкі демократия сақталмаған деген кінә тағылды. Партия оқулары сапасыз өткен, саяси-көпшілік жұмыстары, дінмен күрес нашар жүргізілген. Кеңес Үкіметіне қарсы насихаттаушылардың қалдықтары бар деп есептеген. Е.Алтынбековке осындай айыптар тағылған. 1937 жылы 15 мамырдағы Ү партия конференциясында аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Емберген Алтынбеков орнынан алынып, оның орнына бірінші хатшылыққа Ж.Ізбасаров сайланған. Емберген Алтынбеков сол КҮНІ ТҮНГІ сағат үште қамауға алынған. (Бұл жөнінде жоғарыда М.Көкенов пен Ә.Ибрагимовтың сұхбатын бергенбіз - А. С.) 1938 жылы 19 қаңтарда Қызылорда облысы құрылды. Осы кезде Жаңақорған ауданы Шиелі ауданынан бөлініп шыққан еді. Бұрын ОҢТҮСТІК Қазақстан облысының құрамында болып келген Жаңақорған ауданы Қызылорда облысының құрамына енді. 1938 жылы ауданда 25 ұжымдық шаруашылық, 1 өндіріс артелі, 1- бау-бақша өсіретін Ащысай комбинатына қарасты «Горняк» қосалқы шаруашылығы болды. Ауданда 2150 гектар егін егіліп, оның әр гектарынан 4,5 центнерден өнім жиналды. Мал басы 18 мыңға жетті. 1938 жылы 5 мамырда аудандық ҮІ партия конференциясы, 1939 жылы 16-20 қаңтарда аудандық ҮІІ партия конференциясы болып өтті. Бұл жылдары аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы П.Игісінов болды. Аудандық ҮІІІ партия конференциясы 1940 жылы 23 ақпанда өтті. Бұл кезде аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Қ.Шәріпов еді. 1940 жылы ауданда 53 СХТЗ, 30 универсал, 6 ЧТЗ, 2 СТЗ, 2 дизель - барлығы 93 трактор болды. Сонымен қатар 15 комбайн, 2 молотилка бар еді. Мұның өзі ауыл шаруашылығы жұмыстарын нәтижелі жүргізуге едәуір ықпалын тигізді. Бұл жылы ауданда erіc көлемі 7,7 мың гектарға жетті. 5,2 мың гектарға дәнді дақылдар егілді. Мұның ішінде 4 мың гектарға бидай, 300 гектарға арпа, 500 гектарға тары, 100 гектарға дәндік жұгері, 300 гектарға күріш егіліп, біршама жақсы өнім жиналды. Осы жылы аудан шаруашылықтарында 6218 ірі қара, 16044 қой, 2798 ешкі, 530 шошқа, 3400 жылқы, 700 түйе болды, 3000 құс өсірілді. 1942 жылы 13-15 желтоқсанда аудандық ІX партия конференциясы өтті. Конференцияға обкомның хатшысы Зеленчук, уәкілдер Ерниязов, Смағұлов қатысты. Конференцияны кешкі сағат 8-де аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Қ.Шәріпов ашты. Президиумға 11 кісі (Шәріпов, Зеленчук, Сопиев, Ақдәулетов, Цой Петр, Жүсіпова, Смағұлов, Мұсаханов, Бұланбаев, Нұрпейісов, Поляков) сайланды. З.Мұсаханов конференцияның Құрметті Президиумына Сталин, Молотов, Калинин, Каганович, Ворошилов, Микоян, Жданов, Андреев, Маленков, Берия, Шверникті ұсынды. Делегаттар орындарынан тұрып, қол шапалақтап құрметтеп, бірауыздан сайлады. Президиумды З.Мұсаханов басқарып (ол аудандық партия комитетінің кадрлар жөніндегі хатшысы болатынды), есепті баяндама жасау ҮШІН Қ.Шәріповке сөз берді. Ол аудандық партия комитетінің есепті баяндамасын жасады. Баяндамада істелінген жұмыстар, орын алған кемшіліктер айтылып, алдағы міндеттер белгіленді. Тексеру комиссиясының баяндамасын Қалымбетов жасады. Жарыссөзге «Кеңес» ұжымшарының төрағасы Дүйсебаев, «Мәдениет» ұжымшары партия ұйымының хатшысы Әбдіразақов, АҚҮЙІК ауылдық Кеңесінің төрағасы Мырзахметов, аудандық НКВД бастығы Бұланбаев, май зауытының директоры Сейтпенбетов, аудан госпиталінің (Жаңақорған санаторийіндегі) комиссары Несмиянов, аудандық Кеңес атқару комитеті төрағасының мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Ақдәулетов, аудандық «Екпінді» газетінің редакторы Усабаевтар шығып сөйледі. Соңғы екі жылда ауданның егіс көлемі 4145 гектарға өскен. Осы қыста 2300 гектар күздікке қар тоқтату, 300 гектар жерді қысқы суарудан өткізу алға қойылды. Мақта орнына ауданда 1350 гектар ҮПІЛМӘЛІК егу тапсырылды. Келесі жылы әйелдерден 70 тракторшы, 2 комбайншы даярлау керек болды. 1942 жылы ауданда мал басын өсіру жоспары - ірі қара 100 %, жылқы мен түйе 101 %, қой-ешкі 99,5 % орындалды. Партия конференциясы аудандық партия комитетінің есеп беріп отырған мерзімдегі жұмысын қанағаттанарлық деп тапты. Аудандық партия комитетінің жаңа құрамы сайланды. Бюро мүшелігіне Шәріпов ( бірінші хатшы), Смағұлов, Мұсаханов, Ақдәулетов, Нұрманов, Бұланбаев сайланды. 1942 жылдан 1947 жылға дейін соғыс жағдайына, тағы басқа да себептерге байланысты аудандық партия конференциялары өткен жоқ. Бірақ аудандық партия комитетінің хатшылары өзгеріп отырды. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы 1942-1945 жылдары Б.Мырзахметов, 1945-1947 жылдары М.Мергенбаев болды. 1947 жылы 2-3 қарашада аудандық X партия конференциясы болып өтті. Конференцияға 82 делегаттан 79 делегат қатысты. Конференция жұмысына облыстық партия комитетінен Запоржцев, Оспанов, Әбжанов, Азаматов, Әлсейітовтер қатысты. Конференцияда аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы М.Мергенбаев есепті баяндама жасады. Ол екі конференция аралығын (1942 ж. XІІ -1947. XІ) қамтыды. Жетістіктер де, кемшіліктер де айтылды. Конференцияда 28 адам шығып сөйледі. 1947 жылы ауданда 5420 гектар бидай, 219 гектар арпа, 551 гектар тары, 629 гектар дәндік жүгері, 659 гектар күріш егілді. 1947 жылы ауданда жылқы - 8499, ірі қара - 7670, қой-ешкі - 64593, түйе - 1276 басқа жетті. Мал өнімділігі артты. «Талдысу» ұжымшарының шопаны Қалтай Жансейітов әр 100 саулықтан 141 қозы, «Октябрь» ұжымшарының шопаны Шерімбет Нәлібаев әр 100 саулықтан 150-ден қозы, Ворошилов ұжымшарының шопаны Сүлейменов әр 100 аналықтан 158 қозы, «Бірлік» ұжымшарының жылқышысы Дәумен Мәмеков 102 биеден 102 құлын алып, озат малшылар атанды. Ауданда мал шаруашылығы өнімдерін 16 шаруашылық орындап шықты. Бұлардың ішінде «Талдысу», «Келінтөбе», «Жаңақұрылыс», «Политотдел», Ленин атындағы ұжымшарлар бар. 1946 жылы Сунақата каналының арнасы тазаланып, аяқ жағы 10 шақырымға созылды. Аудандық Кеңесте 14 депутат, ауылдық Кеңесте 65 депутат болды. 1947 жылы аудандық «Екпінді» газетінің таралымы 1800-ге жетті. Ауданда 17 еңбеккер орден-медаль алып, 1233 адам «1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы еңбектегі ерлігі ҮШІН» медаліне ие болды. Ленин орденімен «Талдысу» ұжымшарының төрағасы Сопиев, Еңбек Қызыл Ту орденімен «Жаңақұрылыс» ұжымшарының төрағасы Асанов, «Құрмет белгісі» орденімен Ленин атындағы ұжымшардың төрағасы Дүйсебаев марапатталды. 1949 жылы 9-11 қаңтар күндері аудандық XІ партия конференциясы болып өтті. 52 делегат қатысты. Конференция жұмысына облыстық партия комитетінен Қанатов, Сарбасов, Пендеева, Ақкөбеков қатысты. Конференцияда аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ш.Әбжанов есепті баяндама жасады. Партия ұйымдарының екі конференция аралығында жүргізген жұмыстары, ауыл шаруашылығының жайы, жетістіктер мен кемшіліктер айтылды. 1948 жылдың аяғында ауданда жылқы - 10452, ірі қара -8156, қой-ешкі -81671, түйе - 1368 басқа жетті. Сол жылы ауданда әр 100 аналықтан 95 құлын, 92 бұзау, 122 қозы-лақ, 33-тен бота алынды. Аудандағы 12 ұжымшар төрт ТҮЛІК мал басының жоспарын орындап шықты. Соның ішінде Бесарық ауылдық Кеңесіне қарасты «Кеңес» ұжымшары (төрағасы И.Топышев) мал басын өсіруді: жылқыны - 100 %, ірі қараны - 128 %, қой-ешкі -102 %, ТҮЙЕНІ - 101 % қамтамасыз етті. Мал өнімдері артып, аудан бойынша 1948 жылы 1949 жылдың есебіне 1350 центнер ет, 102 пұт сары май, 204 пұт ЖҮН артық өткізілді. Егін шаруашылығы да дамыды. «Қызылмақташы» ұжымшарының звено жетекшісі Әмірбек Бәйімбетов 18 гектар бидайдың әр гектарынан 29 центнерден, «Екпінді» ұжымшарының күрішшісі Әли Исаев 5 гектар күріштің әр гектарынан 80 центнерден өнім алып, еңбек озаттары атанды. Аудан халқының тұрмыс-күйі жақсара бастады. Аудан еңбеккерлеріне арнап 210 ҮЙ салынды, «Красная Звезда» ұжымшарында электр стансасы орнатылып, 300 үйге электр жарығы берілді.
1950 жылы 8-9 қаңтарда аудандық XІІ партия конфе-
ренциясы болды.
Конференцияға 57 делегаттан 55 делегат қатысты. Облыстық партия комитетінен Ахметов, Боранбаев, Демеуов қатысты. Есепті баяндаманы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы С.Ахметов жасады. 1949 жылы ауданда 4094 гектар бидай, 295 гектар арпа, 15 гектар сұлы, 624 гектар тары, 574 гектар дәндік жүгері, 1670 гектар күріш, 100 гектар бақша, 16 гектар картоп егілді. 1951 жылы 19-20 мамырда аудандық XІІІ партия конференциясы өтті. 61 делегат болды. Обкомнан Сейітқұлова, Шөкенов, Ысқақов, Мәлібеков қатысты. Конференцияда аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Демеуов есеп берді. 1940 жылмен салыстырғанда, 1950 жылы, яғни 10 жыл ішінде ауданның егіс көлемі 7,7 мың гектардан 9,4 мың гектарға жетті. Осы мерзім ішінде егілген дәнді дақылдар 5,5 мың гектардан 9 мың гектарға дейін барды. Бидай 4 мың гектардан 4,7 гектарға, тары 500 гектардан 900 гектарға, дәндік жүгері 100 гектардан 600 гектарға, күріш 300 гектардан 1800 гектарға артты. Мал шаруашылығы өркендеді. Аудан ұжымшарларында (жеке қожалықтарды қоспағанда) 1940 жылмен салыстырғанда ірі қара 6200 ден 9300 басқа; мұның ішінде сиыр (аналығы) 900- ден 2400-ге, қой-ешкі 18 800-ден 88900 басқа, жылқы 3400-ден 10 мың басқа, түйе 700-ден 1600 басқа жетті. 1950 жылы аудан мемлекетке 621 тонна СҮТ, 140 тонна ЖҮН, 8800 дана қаракөл елтірісін өткізді. Әр койдан 2,4 кг ЖҮН қырқылып, әр сиырдан 900 литрден СҮТ сауылды. Еңбек озаттарының қатары көбейді. «Красная Звезда» ұжымшары 435 гектар күріштің әр гектарынан 42 центнерден , Ким басқарған бригада 60 гектар күріштің әр гектарынан 64 центнерден өнім алды. «Кеңес» ұжымшарынан Сағындықов басқарған бригада 115 гектар бидайдың ер гектарынан 17 центнерден өнім жинады. Аудандағы 11 шаруашылық мемлекетке астық тапсыру жоспарын асыра орындады. Ауданда 915 әйел егін егіп, 545 әйел шаруашылықта және 27 әйел артельдерде жұмыс істеді. Ауданда халық ағарту, медицина, мәдени-көпшілік жұмыстары жақсара ТҮСТІ. Комсомол ұйымының (аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Боташ Уәлиев) жұмысы да жандана бастады. 1951 жылы қарашада аудандық ХІҮ партия конференциясы болып өтті. Баяндамашы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ж.Демеуов болды. 1952 жылғы 23-24 тамызда аудандық ХҮ партия конференциясы болды. 176 делегат қатысты. Конференцияға облыстық партия комитетінен Айнағұлов, Мәженов қатысты. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Б.Өтешов есепті баяндама жасады. Ауданда бұл жылы 3776 гектар жаздық бидай, 440 гектар арпа, 260 гектар сұлы, 185 гектар тары, 105 гектар жүгері, 1800 гектар күріш, 700 гектар мақта, 19 гектар овощ, 777 гектар бақша егістері болды. Мал шаруашылығы жақсара ТҮСТІ. «1 май» ұжымшарының жылқышысы Сапарбаев 150 биеден 147 құлын, «Политотдел» ұжымшарының шопаны Әлжанов 330 саулықтың әр 100-нен 126 қозы, «Кеңес» ұжымшарының шопаны Қазкеев 1900 аналықтың әр 100-нен 123-тен қозы алды. 12 шаруашылықтағы комсомол ұйымдарында 1509 мүше есепте тұрды. Ауданда 2 қызыл отау, 9 оқу ҮЙІ, 6 ауылдық кітапхана, 2 қызыл МҮЙІС, 1 мәдениет ҮЙІ халыққа мәдени-көпшілік қызмет көрсетті. Аудандағы 3 орта, 9 жетіжылдық, 20 бастауыш мектепке 4066 оқушы тартылды. Мектептерде 21 жоғары , 39 ортадан жоғары, 128 орта , 18 ортадан төмен білімді мұғалімдер сабақ берді. 1953 жылғы 21-22 қарашада аудандық ХҮІ партия конференциясы болып өтті. 133 делегат қатысты. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Б.Өтешов есепті баяндама жасады. Ауданда 579 коммунист, 1699 комсомол мүшесі есепте тұрды. 195 әйел, мұның ішінде 50 әйел партия, Кеңес, халық ағарту, мәдениет саласында, 35 әйел ферма меңгеруші қызметтерін атқарды. Егістің 87 % суармалы жерге орналастырылды. Ауданда 4300 гектар бидай, 400 гектар арпа, 200 гектар сұлы, 200 гектар тары, 100 гектар дәндік жүгері, 1600 гектар күріш, 100 гектар бақша егіліп, жиналып алынды. Күріш ору жұмысы 2 айдай уақытқа созылған.
МТС жұмысы жанданып, 12 түрлі 57 машина іске қосылды.
Мал шаруашылығы өркендеді. Аудан ұжымшарында 11100 ірі қара, 129900 қой-ешкі, 12100 жылқы, 1900 түйе бағылып, 2300 құс өсірілді. Аудан бойынша (ұжымшарлар мен басқа да шаруашылықтардағы жеке қожалықтарды қоса есептегенде) бұл жылы мемлекетке 19000 центнер астық сатылса, мұның ішінде 10000 центнер күріш болды. 2 тонна картоп, 774 тонна СҮТ, 145 тонна ЖҮН, 52 мың дана жұмыртқа, 16200 дана қаракөл елтірісі сатылды. Әр ЖҮЗ аналықтан «Кеңес» ұжымшары 117-ден қозы, «Политотдел» ұжымшары 100 бұзаудан алды. «Красная звезда» ұжымшарының Ленин орденді шопаны Нұрдин Рахманбердиев әр 100 саулықтан 138-ден қозы, Сталин атындағы ұжымшардың жылқышысы Райымбердиев 68 биеден 68 құлын алды. Бұдан кейінгі аудандық ХҮІІ партия конференциясы 1954 жылғы қаңтарда, ХҮІІІ партия конференциясы 1955 жылғы сәуірде, XІX партия конференциясы 1955 жылғы қазанда, XX партия конференциясы 1956 жылғы қарашада, XІX партия конференциясы 1957 жылғы қарашада болып өтті. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы 1953-1954 жылдары С.Оспанов, 1954-1957 жылары Ә.Наурызбаев болды. Аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшылары 1953-1955 жылдары Ерсұлтан Тұрғанбаев, 1955-1956 жылдары Әбсаттар Жұмаділлаев, 1956-1961 жылдары Әбибулла Балабиев болды. 1955-1956 жылдары ауданның ауыл шаруашылығы өркендеп, халықтың да әл-ауқаты арта бастады. Халық ағарту, медицина, мәдени-көпшілік жұмыстары жақсара ТҮСТІ. Осы жылдары ауданда erіc көлемі 12400 гектарға дейін жетті. 8900 гектар дәнді дақылдар егілді. 1955 жылы ауданда 5800 гектар бидай, 400 гектар арпа, 300 гектар сұлы, 200 гектар тары, 900 гектар дәндік жүгері, 1300 гектар күріш егілді. Мемлекетке 10 мың центнер астық сатылса, мұның 5 мың центнері күріш болды, 6 тонна картоп, 12 тонна көкөніс сатылды. Аудан бойынша 11200 ірі қара, 128200 қой-ешкі, 8600 жылқы, 1200 түйе, 400 шошқа болды, 4600 құс өсірілді. Мемлекетке 1695 тонна (малдың тірідей салмағымен) ет, 1080 тонна СҮТ, 283 тонна ЖҮН, 29200 дана қаракөл елтірісі, 60 мың дана жұмыртқа өткізілді. Ұжымшарлар шаруашылығын жүйелі басқарып, оны өркендетуде, өздерінің өмір тәжірибелерін пайдалана отырып аянбай еңбек еткен, ұйымдастырушылық және іскерлік қабілетімен танылған талай майталман кадрлар өсіп жетілді. Соның бірі - еңбек ардагері Исатай Нақыпұлы Топышев еді. Исатай Топышев 1935-1937 жылдары «Кеңес» ұжымшарының төрағасы болса, ал 1942-1945 жылдары Ворошилов атындағы ұжымшарды басқарды. 1946 жылы ол «Кеңес» ұжымшарының басқарма төрағасы болып қайта сайланды. И.Топышев содан «Октябрь» мен «Кеңес» ұжымшарлары ірілендіріліп, 1958 жылы Сталин атындағы ұжымшар (алғашқы төрағасы Сүлеймен Әлиев болды) болып ұйымдасқанға дейін осы шаруашылықты басқарып келді. И.Топышев басшылық жасаған «Кеңес» ұжымшары 1956 жылдың өзінде 595 гектар бидай, 175 гектар мақта, 60 гектар жүгері, 10 гектар бақша екті. Шаруашылықта 7592 қой, 540 ірі қара, 235 жылқы, 102 түйе болды. Сол жылғы таза табыс 1 миллион 236 мың 550 сом болып, ұжымшар «миллионер» атанды. Әр еңбеккер жылына 150-ден 450 еңбеккүнге дейін тапты. Әр еңбеккүн-ге 4,5 сомнан ақша, 2,5 килограмнан бидай берілді. Шаруашылық есебінен жаңадан үйлер салынып, ҮЙІ нашар еңбеккерлер жаңа үйлерге қоныстанды. Ұжымшар шағын радиостанса сатып алып, әрбір ҮЙ радиоландырылды, әрбір үйде электр шамдары жанды. Еткен еңбек босқа кеткен жоқ, И. Топышев 1957 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне қатысты. «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбектегі жетістігі ҮШІН» басқа да медальдарымен марапатталды. 1958 жылы 25-26 қазанда 221 делегат қатысқан аудандық XXІІ партия конференциясы болып өтті. Конференцияға облыстық партия комитетінен Себастьянов, Сыздықов, Райысов қатысты. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ә.Әлжанов (1957-1960 жылдар) конференцияда есепті баяндама жасады. Ауданда 713 коммунист, 1654 комсомол мүшесі есепте тұрды. Аудандық Кеңесте - 31, ауылдық Кеңесте - 172 депутат болды. Аудан бойынша жаздық бидай егу жоспары 2338 гектар орнына 4313 гектар, яғни 183 %, дәндік жүгері 525 гектар орнына 539 гектар, яғни жоспар 102,8 % , күріш 400 гектар орнына 550 гектар, яғни жоспар 138 % орындалды. Осы жылы аудан мемлекетке 165 мың пұт астық беріп, облыста бірінші болып міндеттемесін орындап шықты. Аудан бойынша 12600 ірі қара, мұның ішінде 4100 сиыр, 187400 қой-ешкі, 5200 жылқы, 1100 түйе, 800 шошқа болды, 4200 құс өсірілді. Мемлекетке 1180 тонна ет (малдың тірідей салмағымен есептегенде), 637 тонна СҮТ, 418 тонна ЖҮН, 40200 қаракөл елтірісі сатылып, 35 мың дана жұмыртқа өткізілді. Басқа да салалардың - халық ағарту, медицина, мәдени-көпшілік, тұрмыстық қызмет көрсету жұмыстары жақсара бастады. 1959 жылғы 2-3 желтоқсанда аудандық XXІІІ партия конференциясы өтті. 237 делегат қатысты. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ә.Әлжанов баяндама жасады. Жұгерінің erіc көлемі 1722 гектарға жеткізіліп, оның 767 гектары дән үшін егілді. Дәнді дақылдар уақытында жиналды. Мемлекетке 114606 пұт астық, оның ішінде 48300 пұт сортты жүгері өткізіліп, аудан 20 қыркүйекте астық тапсыру жоспарын 102 % орындап шықты. Бірыңғай 14 өндірістік трактор бригадасы жасақталды. Шәймерден Бәкіров пен Ғафур Мұхамеджанов аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып тұрған кезде Түгіскен алқабы игерілді. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Сәмит Далдабаев ауданның астық өндіру және оны мемлекетке тапсыру жоспарлары мен міндеттемелерін жыл сайын орындалуын қамтамасыз етті. Құрылыс мекемелері, халықтың көмегімен аудан орталығынан стадион салынды. Мәдениет және демалыс паркі қалпына келтірілді. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, кейін әкім болған Ибрагим Әбибуллаев «Ордакент» саяжайын ұйымдастырды, аудан мекемелерінің көмегімен 150 шопанға тұрғын ҮЙ салынды, аудандық тарихи-өлкетану және мәдени музей ашу алғаш қолға алынды. Аудан әкімі Мұхит Ысмайылов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жылдығы қарсаңында аудан орталығынан елге оралмай қалған 2 мыңнан аса боздақтың есімдері қашап жазылған тастақта -қабырғалар орнатылып, монумент тұрғызылды. «Жеңіс» паркі ашылды. Салхадин Мырзабеков аудан әкімі болған жылдары ауданда қой мен ешкі -160445, ірі қара -21406, жылқы 5456, түйе - 700 басқа жетті. Малдан өндірілетін өнімдер де артты. 23200 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Мұның 12600 гектары дәнді дақылдары болса, оның 8000 гектары күріш болды. 68 шаруа қожалығы, 10 өндірістік кооператив, 4 серіктестік құрылды. 215 жеке кәсіпкерлер тіркеуден өтіп, куәлік пен патенттер алды. Меншікті жер үлесі құқығына 33503 адам ие болды. Басқа да көптеген жұмыстар атқарылды. Нәжімедин Мұсабаев аудан әкімі болған жылдары бірқатар табыстарға қол жеткізілді. Үшінші мыңжылдықтың басында (2001жыл) ауданның «XX ғасыр Адамы» белгіленді. Мұнда бүкіл қазақ халқының мақтанышына айналып, еліміздің дамуы жолында кезінде белсенді қызмет атқарған мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым мен мәдениетті, өнерді өркендетуге елшеусіз үлес қосқан, Жаңақорған топырағында туып-өскен біртуар 14 азамат Жаңақорған ауданының «XX ғасыр Адамы» деп танылды. 2002 жылы ауданда erіc көлемі 25075 гектарға жеткізіліп, облыс аудандарының ішінде бірінші орынға шықты. 6000 гектар күріштің әр гектарынан 43 центнерден, 5240 гектар КҮЗДІК бидайдың әр гектарынан 35 центнерден өнім алынды. Осындай жетістіктердің нәтижесінде ауыл шаруашылығы жылының қорытындысымен аудан облыста жүлделі 2-орынды жеңіп алды. 2001 жылы 3-ші орынды иеленген болатын-ды. Республика көлеміндегі 160 ауданның 38-інің бірі болып, облыста бірінші боп «Қамқоршы» несие серіктестігі (төрайымы Зина Балабиева) құрылып, алғашқы жылдың өзінде шаруаларға 50 миллион теңгедей тиімді несие берді. «Ауыл жылы» бағдарламасы аясында облыс әкімінің жас мамандарға арнап 1000 ҮЙ салу жөніндегі бастамасын қуаттаған ауданымыз екі айда 60 тұрғын ҮЙ салып пайдалануға берді. Соңғы 35 жылдан бері игерілмей жатқан «Саусакөл» алқабына канал тартылып, су алынып, 500 гектар жер игеріліп, ауыл халқы erіc екті. Ауыл шаруашылығын жекешелендіру кезінде аудандағы 7 күріш кеңшары 217 шаруа қожалығына бөлініп, мөр ұстап, папка қолтықтаған басшыларға көбейіп кеткен-ді. Қайта ұйымдастырудың нәтижесінде күріш алқабындағы ұсақ шаруа қожалықтары 217-ден 28-ге ірілендірілді. Мұның өзі шаруашылықты ұтымды да тиімді жүргізуге қолай туғызды. Мәдениет пен өнерге қолдау көрсетілді. Жаңадан клуб, кітапханалар ашылды. Аудан әкімінің шешімімен жазушы Адырбек Сопыбековке жаңа жеке тұрғын ҮЙДІҢ кілті тапсырылса, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, республикалық ақындар айтысының жүлдегері Әбілхайыр Сыздықовқа жеңіл автокөлік сыйға тартылды. Нұрлыбек Жолдасбаев ауданға басшылық жасаған жылдары аудан орталығындағы алаң қайта жасалып, ашық сахна орнатылды. Кент орталығынан жабық спортзал салынды. Мал басы өсті, өнімділігі артты. Eгіс көлемі 25798 гектарға жетті. Ауданда іріленген 14 заңды тұлға, 270 жеке шаруа қожалықтары жұмыс жасады. Кәсіпкерлік саласында 770 нысан жұмыс істеді. Әнуарбек Қалтаев әкім болған жылдар ішінде ауданда қой-ешкі - 255326 басқа, жылқы - 8222 , ірі қара -37664, түйе -951 басқа жетті. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда мал басының өсімі бар, өнімділігі де артты. «Шөгірлі» шаруа қожалығы СОЛТҮСТІК Қазақстан облысынан 113 бас асыл тұқымды «Қарала» қашарлар әкеліп, күтімге алынды. Жеке қожалық иелеріне малын қолдан ұрықтандыратын 9 пункт ұйымдастырылды. Ауданда 30 күріш ақтайтын, 6 ұн шығаратын диірмен, 1 нан өнімдерін шығаратын наубайхана, 1 СҮТ өнімдерін өңдеу зауыты жұмыс істеді. Шағын кәсіпорындар 1988-ге жеткізіліп, жұмысшы-қызметкерлер саны 4667-ге артты. Олар 981,8 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, жергілікті бюджетке 60,5 млн теңге салық түсірді. Шағын цехтар айына 1000 тоннадан астам күріш тартса, 30 тонна ұн өнімдерін, 18 тонна сүт және 37 тонна нан өнімдерін шығаруға қол жеткізді. 2007 жылы егілген 7867 гектар күріштің әр гектарынан 41 центнерден өнім алынып, 32259 тонна астық жиналды. Ауданда қырқыншы жылдардан кейін халық депутаттары аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағалары: Саяхов, Сәйімов, Ержанов, Келімбетов, З.Мұсаханов, Б.Ыбыраев, Ә.Әбішев, Ж. Сарыбаев, С.Далдабаев, Қ.Қалмырзаев, Қ.Егізбаев болды. Аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып 1961-1962 жылдары Манзура Құлымбетова, екі аудан қосылғанда Шиеліде 1963-1964 жылдары Майгүл Кәрімбаева, 1964-1965 жылдары Срайыл Скендіров, Шиеліден бөлініп шыққан Жаңақорған ауданында 1966-1967 жылдары Аманкелді Құдайбергенов, 1967-1973 жылдары Жаңаберген Ахатаев, 1973-1975 жылдары Зоя Өрғараева, 1975-1982 жылдары Рысбек Мәмбетов, 1982-1985 жылдары Алғашбек Шаухаманов, 1985-1989 жылдары Ерімбетов Сапан, 1989-1991 жылдары Ғабит Оспанов, 1991-1992 жылдары Алтынбай Мұстафаев қызмет атқарды. Ауданда 15-тен аса ұлт өкілдері тұрды, 1959 жылы аудандағы 23424 халықтың 18929-ы қазақ болды. Сонымен қатар 1743 орыс, 883 кәріс, 256 украин, 250 татар, 67 әзірбайжан, 419 шешен, 74 өзбек, 88 неміс, 33 белорус, 13 еврей, басқа да ұлт өкілдері мекен етті. Қазір 2008 жылы, яғни арада 50 жыл өткенде аудан халқының саны -73275-ке жетіп отыр. Ауданда 19 ұлт өкілі тұрады. 50 жылдың ішінде аудан халқы 50 мыңға өсіп отыр. Мұнда қазақ 72610, орыс - 246, түрік - 200, кәріс - 89, грек - 34, шешен -24, татар - 22, өзбек -12, ұйғыр -12, украин -6, башқұрт -5, түркмен-4, неміс - 3, армян - 2, латыш - 2, қырғыз - 1, болғар -1, ноғай-1, мореец-1 адам. Соғыстан кейінгі 50-60-70 жылдары ауданда шаруашылықтарды ірілендіру жұмыстары жүргізіле бастады. Ұжымшарлар бір-біріне қосылып, ірілендірілген ұжымдық шаруашылықтарға, кейіннен кеңшарларға (совхоздарға) айналып жатты. 1950 жылы «Жаңаталап», «Мәдениет» ұжымшарлары «Октябрь» ұжымшарына (Өзгент ауылдық Кеңесі) қосылды. Бұл «Октябрь» ұжымшары кейін «Бірлік» ұжымшарына берілді. «Ынтымақ», «Қосүйеңкі», «Талдысу» ұжымшарлары - «Қазақстанның 30 жылдығы»; «Қызылмақташы», «По-литотдел» , «Елтай» мен «Қандыарал» Молотов атындағы ұжымшарға қосылды. 1957 жылы мұның аты өзгертіліп «Коммунизм» ұжымшары деп аталды. «Келінтөбе» мен «Талап» ұжымшары (Аққорған ауылдық Кеңесі) Ворошилов атындағы ұжымшарға қосылды, 1954 жылы «Талап» деп өзгертілді. «Жаңақұрылыс» пен «Жайылма» ұжымшарлары Ленин атындағы ұжымшарға қосылды. «Тақыркөл» «Красная Звезда», «Жаңарық» пен «Кеңесарық» ұжымшарлары «1 май», Ворошилов атындағы және «Октябрь» ұжымшарлары (Бесарық ауылдық Кеңесі) Сталин атындағы ұжымшарларға қосылды.
1958 жылы «Кеңес» ұжымшары Сталин атындағы ұжымшарға қосылды. Сонымен аудандағы бұрыңғы 25 ұжымшардың орнына 1958 жылы ауданда шаруашылығы ірілендірілген 10 ұжымшар құрылды. Бұдан кейінгі жылдары ұжымшарлар қайта біріктіріліп, мемлекеттік шаруашылықтар -кеңшарлар (совхоздар) құрыла бастады. 1957 жылы «Бірлік», «Қазақстанның 30 жылдығы» және «Политотдел» ұжымшарларының негізінде «Бірлік» қаракөл қой кеңшары құрылды. 1962 жылы «Екпінді», «Коммунизм», «Красная Звезда» және Ленин атындағы ұжымшарларының негізінде «Красная Звезда» қаракөл қой кеңшары ұйымдастырылды. «XXІІ партсъезд» және «Талап» ұжымшарының негізінде «Талап» қаракөл қой кеңшары құрылды. «Төменарық» қаракөл қой кеңшары «Бірлік» шаруашылығынан енші алып ұйымдасты. 1965 жылы «Сунақата» күріш кеңшары «Төменарық» кеңшарынан енші алып құрылды. 1970 жылы «Түркістан» қаракөл қой кеңшары (1964 жылы құрылған) Шымкент облысынан Жаңақорған ауданының қарамағына берілді. 1977 жылы аудандық дайындау кеңсесі негізінде және «Бірлік» кеңшарынан ішінара жер бөлініп, Жаңақорған аудандық арнайы мамандандырылған мал бордақылау бірлестігі ұйымдастырылды. 1978 жылы «Төменарық» кеншарынан енші алып «Алмалык» жеміс-жидек кеңшары құрылды. «Талап» кеңшарынан енші алған «Юбилейный» жеміс -жидек кеңшары өз алдына бөлек шаңырақ көтерді. «Юбилейный» кеңшары Кеңес ауылдық Советіне (төрағалары алғашқыда Тұрғанбек Жайынбаев, кейін Бектөре Исмайлов) қарады. «Юбилейный» кеңшары (алғашқы директоры Әбдіқадыр Жандарелиев, кейінгі жылдардағы директорлары Үсейін Асанов, Бекмырза Шалғынбаев, Қайып Басқожаев, Нұрділда Жаңабеков) 400 гектар жүзім, 600 гектар алма өсіріп, 130 гектар бақша, 62 гектар овощ, 40 гектар картоп, 370 гектар бидай мен арпа екті. Жылына 350-400 тонна ЖҮЗІМ өндіріп, шарап жасау цехы жұмыс істеді. Алғашқы жылдары 160 қоян, 3000 тауық өсірді. Шаруашылықта 11 трактор, 20 автомашина болды. Шаруашылықта 200- ден аса жұмыс қолы болды. Еңбек өнімділігі жаман болған жоқ. Тұрғындарға 50-ге тарта жаңадан ҮЙ салып берілді. Овощ-бақша сататын ларек ашылды, - дейді сол жылдары «Юбилейный» кеңшарының бас есепшісі болған Пернебай Ақанбаев өткенді еске түсіріп. «Алмалық» жеміс-жидек кеңшары (алғашқыда Мұзарап Махмудов, кейін Жармахан Төреқожаев, қайтадан Мұзарап Махмудов басқарды) 40 гектар ЖҮЗІМ, 15 гектар алма өсіріп, тонналаған картоп пен овощ-бақша, көкөніс өнімдерін берді, алдыңғы қатарлы шаруашылыққа айналды. Кеңес Одағы халық шаруашылығын өркендетудің 1956-1960 жылдарға арналған алтыншы бесжылдық жоспары орындалып болмай жатып, алтыншы бесжылдықтың соңғы екі жылының жоспарын қайта қарап, оны жасалатын жаңа жоспарға қосып, 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспарын қабылдады. Алпысыншы жылдардың ішінде аудан экономикасы бірте-бірте көтеріліп, мәдениеті артып, халықтың тұрмысы да жақсара ТҮСТІ. Ауыл шаруашылығы өркендей бастады. Мал басын өсіріп, одан өнідірілетін өнім арта түсті. Ауданда халық саны 1966 жылы - 29600, 1967 жылы -31100, 1969 жылы - 35800 (осы жылы ғана 1926 жылғы 31645 адам санымен деңгейлескен), 1979 жылы - 50900, 1989 жылы - 60844 адамға жеткен. Ауданда астық молшылығын жасаумен қабат, мал шаруашылығын, әсіресе оның ішінде азайып кеткен ірі қара басын көбейтіп, одан өндірілетін өнімді молайту жолындағы шаралар қолға алынды. Осы мақсатта жүгері егісін ұлғайту мәселесі КҮН тәртібінен түспеді. Жүгері әрі астық, әрі малдың құнарлы азығы деп есептелді. Сол кездері ақындар жүгері туралы:
Жұгері дақыл бағалы,
Жесе - малдың тамағы.
Жүгері дақыл мол болса,
Май мен CYT боп ағады, - деп жырлады. Ауданда 1953 жылы 100 гектар ғана дәндік жүгері егілсе, бұл 1960 жылы 2400 гектарға жеткізілді. 1955 жылы ауданда 4 мың центнер жүгері дәні өндірілсе, ал 1960 жылы өндірілген жүгері дәні 31 мың центнерге жетті. Елуінші жылдардың орта кезіне дейін сүрлемдік жүгері егілмесе, ал 1966 жылы ауданда 2400 гектар сүрлемдік жүгері егілді. Ауданда жүгері өндірудің майталман шеберлері өсіп шықты. Әсіресе, «Бірлік» кеңшарының жүгеріші-диқандары Әбдірахым Ақбалаев, Жақат Әбдірейімов, Әбдіхалық Ошановтардың есімдері облыс, республикаға мәлім болды. Өбдірахым гектар сайын 500 центнерден көк балауса жинаса, Жақат әр гектардан 50 центнерден жүгері дәнін алды. Майталман диқандардың қажырлы еңбектері жоғары бағаланды, Әбдірахым Ақбалаев Ленин орденімен, кейінірек Октябрь революциясы орденімен марапатталды. «Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері» атанды. Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасын да алды. Мәскеудегі көрмеге барды. Сол жылдары Жақат Әбдірейімов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, «Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері» деген құрметті атаққа және Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасына ие болды. Сыйлыққа «Волга» жеңіл автокөлігін алып мінді. КҮН өткен сайын ауданның алдында ауыл шаруашылығын одан әрі өркендету міндеті тұрды. Қоғамдық мал шаруашылығын еркендетумен қатар егіннің де шығымдылығын арттыра отырып, одан мол енім жинаудың басқа да жолдары қарастырылды. Бұл жөнінде, әсіресе Сырдарияның сол жағалауындағы талай заманалар бойы кенезесі кеуіп , суландыруды күтіп, түгін тартсаң түлегелі тұрған Түгіскен алқабын игеру мәселесі атпал азаматтардың ойын мазалап, салиқалы жиын мінбелерінен айтылып, жоғары орындардың алдына да аз қойылмады. Мұның жөні де бар-ды. Бағзы замандарда Сырдарияның сол жағалауындағы ел енді-енді отырықшылыққа айнала бастаған кезеңде диқандар шағын-шағын жерді қоршап алып, ағаш соқамен жерін жыртып, өгіз жеккен шығырмен егінін суғарып, диқандық еткен. Осы өңірдегі «Өгіз жылғасы» мен оның бір тармағы «Ішкі Өзгент» бойына қоныстанған ел өзеннен арық тартып егін салған. Бірақ бұл өңір алғашқыда моңғолдардың, кейінірек Бұқар, Хиуа хандықтарының тұс-тұстан жасаған шабуылы салдарынан бүліншілікке ұшырап, тоз-тоз боп кеткен. Қазан төңкерісінен кейін бұл Түгіскен алқабын суландыруды қолға алуды жаңақорғандық Раушан Әбенқожаев деген азамат ұйымдастырды. Ол Ленинградтағы су шаруашылығы институты мен Ташкенттегі адвокаттар даярлайтын мектепті бітіріп, Средазбюрода жауапты қызмет істеп жүрген болатын. Раушан Әбенқожаев Ташкенттегі қызметін тастап, жиырмасыншы жылдардың басында елге оралды. Ондағы мақсаты - Сырдарияның сол жағалауындағы осы өңірді суландырып, отырықшылыққа айналдырып, елді диқангершілікке баулу. Осы оймен елге келген Раушан 1921 жылы Түгіскен алқабын бастан-аяқ аралап шығып, болашақ арықтың сағасын қай тұстан алдыратынын, арнасын қай бағытта жүргізіп, қалай қаздыратынын су маманы ретінде өзі толық зерттеп, жүйелеп қағазға түсіріп алды. Оның жоспары бойынша арықтың басын «Томар үйген» деген жерден алып, кең алқапты суландыру болатын. Осы мақсатпен бұл жұмысқа құлшына кіріскен Раушан елді ұйымдастырып, мыңнан аса адам жинап, арықтың құрылысын бастап жіберді. Сонымен қатар Раушан түркістандық Нұрмағанбеттың Қалжаны деген байдың тілін тауып, оны канал қазушыларға материалдық көмек көрсетіп тұруға көндірді. Сөзінде тұрған Қалжан арық қазып жатқан адамдарға алғашқы күні-ақ қырық қап ұн мен бірнеше күнге жететін қант-шайды, ет пен майды жеткізіп берді. Ол бұдан кейін де азық-түлікті жеткізіп тұрған. Айналасы үш-төрт айда қыруар жұмыс атқарылды, арықтың ұзындығы 20 шақырымнан асып қалады. Осы кезде күтпеген жағдайда кетпеншілер арасынан жұқпалы ауру шығып, жұмыс біржола тоқтайды. Раушанның өзі де қатты ауырып, денсаулығы нашарлайды. Қанша емделгенмен жазылмай, ақыры жастай дүниеден қайтады. Ел Раушан қаздырған арықты кейін «Раушан арық» деп атап кетеді. Оның сұлбасы әліге дейін бар. «Раушан» арықты кезінде біразға дейін пайдаланып келген. Осы арқылы көтерілген су бес-алты шақырымға дейін барып, «Қашқанкөлге» құяды екен. Осы екі арада отырықшы ел қауын-қарбызын, тарысын егіп, диқангершілік еткен. Түгіскен алқабының құйқалы жер екендігіне жұрттың көзі жеткен. Мұнда суландыруға жарамды 60 мың гектардан астам жер бар. Егер бұл жерлер игерілсе, ауданда астық молшылығының жасалатындығына сөз жоқ. Мал шаруашылығының өркендеуіне де ықпалы тиеді. Түгіскен алқабын игеру 60-жылдардың басынан бастап-ақ қолға алына бастады. Бұл (1963-1965 ж.ж) Жаңақорған ауданының Шиеліге қосылған кезі болатын. Аудандық партия комитетінің хатшысы алғашқыда Байбол Сопбеков, кейіннен Ғафур Мұхамеджанов еді. 1964 жылы - «Келінтөбе» кеңшары «Талап» кеңшарынан енші алып, тұңғыш рет Түгіскен алқабында шаңырақ көтерді. Кеңшар директоры Жұмағали Атабаевтың, кеңшар партия комитетінің хатшысы Сүлеймен Әлиевтің ұйымдастыруымен бұл шаруашылыққа 230 ҮЙ көшіп келіп қоныстанды. Түгіскен алқабын игеруді аудан, облыс болып қолға алды. Күрделі мәселе ретінде республика алдына қойылды. Келінтөбе каналының сағасын Сырдарияның Түркістан тұсындағы «Үш қайық» деген жерден бастау алып, 35 шақырымға канал тартылды. 1966 жылы қаңтарда Жаңақорған ауданы Шиеліден бөлініп шығып, өз алдына аудан боп құрылды, Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Шәймерден Бәкіров, аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы Балтабай Ыбыраев болды. Осы жылдың күзінде облыстық партия комитетінің (бірінші хатшысы М.Ықсанов) Түгіскен алқабын игеру жөнінде арнайы қаулы қабылдады. Облыстық Кеңес атқару комитеті қаржы бөлді. Көп ұзамай облыс орталығынан ПМК-29, ПМК-33, көрші Шымкент облысынан ПМК - 8 құрылыс мекемелерінен экскаваторлар мен бульдозерлер, самосвал машиналары келе бастады. Осы кезеңдерде (1966-1967 ж.ж.) тағы Келінтөбе каналының төменгі жағынан ҮШ күріш совхозы ұйымдастырылды. Осы совхоздарға су беру ҮШІН Келінтөбе каналының аяғын 40 км-ге, сағадағы шлюзді үлкейту, терт жерден тоспа шлюздерін салу, каналдың 32 км жоғарғы жағын кеңейту, сонымен бірге совхоздардың ішкі су жүйелерін салу, келешекте Түгіскен массивін игеру мақсатында жаңадан №2-ші трес ұйымдастырылды. Оның екі ПМК-сы болды (ПМК - 33, ПМК - 34). Осы ПМК-лар 1967 жылдың желтоксан айларында ұйымдастырылды. ПМК - 34-ке бастық болып жоғары білімді су құрылысы маманы Қонысбек Қанаев келді. Ауданның ПМК-34 мекемесінің механизаторлары жұмысқа
қызу кірісіп кетті.
Түгіскен төскейінде 75 «С-100» бульдозер, 20 скрепер, 50 экскаватор және 100-ге тарта автомашиналар іске қосылды. Аудандық партия комитеті аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Зұлпыхар Мұсахановтың басқаруында Келінтөбе каналының құрылысын жүргізетін штаб құрды. Түгіскен тыңына шабуыл басталды. Үлкен ұйымшылдықтың нәтижесінде канал құрылысы қызу қарқынмен жүргізілді. З.Мұсаханов осы каналдың алғашқы казылған қазығынан бастап 100 км-лік каналдың толық іске қосылғанынша басы-қасында жүрді. Механизаторлар мен еңбеккерлер арасында бірге қонып, айлар бойы бірге болды. Каналдың әрбір тоспасын, қосымша әрбір каналдың су ашып-жабар тетігін бірге іске асырды. Қай жерде канал орып кетіп кездейсоқ жағдай орын алса, ол соның басында басшылық етті. Түгіскен алқабында тұңғыш рет ірге көтерген «Келінтөбе» кеңшары алғашқы жылы 205 гектар күріш егіп, әр гектарынан 40 центнерден өнім берді. Келесі жылы бұл шаруашылық күріш көлемін 550 гектарға жеткізіп, гектарына 50 центнерден өнім алуды қамтамасыз етті. Кеңшар директоры Жұмағали Атабаев Ленин орденімен марапатталып, сыйлыққа «Волга» жеңіл автокөлігін мінді. «Келінтөбе» кеңшарын кейінгі жылдары Шәуленбек Дүйсебеков, Сүлеймен Әлиев, Батырбек Ысқақов, Қозтай Әбуов, Мәдияр Ахметовтер басқарды.
Соңғы екі-үш жылында канал аяғы межелі жерге дейін созылды.
ЗҮЛПЫХАР МҮСАХАНОВ (1914-1988)
Зұлпыхар Мұсаханов 1914 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
Қызметке ерте араласқан. Еңбектен қол үзбей жүріп жоғары білім алған.
Аудан экономикасы мен мәдениетін көтеруде Зұлпыхар Мұсаханов елеулі еңбек етті. Ол 1933-1938 жылдары аудандық комсомол комитетінің хатшысы болды. 1940-1956 жылдары Жаңақорған МТС-нің саяси бөлімінің жетекшісі, МТС директоры, аудандық партия комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1957-1962 жылдары еңбекші депутаттар Жаңақорған аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1962-1966 жылдары Қармақшы, Шиелі аудандарының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы және аудандық Кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет істеді. 1966-1981 жылдары Жаңақорған аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. «Келінтөбе» каналының штаб бастығы болған Зұлпыхар Мұсаханов «Қазақ ССР-ның ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкері» құрметті атағына ие болып, екінші рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. «Құрмет белгісі» орденіне ие болды.
1981 жылы дербес зейнеткерлікке шықты.
З.Мұсаханов 1988 жылы ақпанда дүние салды. Оның сіңірген еңбегі жоғары бағаланып, оның есімін сақтау ҮШІН Келінтөбе каналы Зұлпыхар Мұсахановтың есімімен аталды. Жаңақорған кентіндегі ұзақ жылдар өзі тұрған көшеге оның есімі беріліп, ол отырған үйге Ескерткіш тақта орнатылды. Алпысыншы жылдардың орта кезі мен жетпісінші жылдарыдң ішінде ауданда мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығы, оның ішінде күріш дақылының көлемін ұлғайтып, одан мол өнім өндіру қолға алынды. Осыған байланысты 1965 жылы «Төменарық» кеңшарынан «Сунақата» кеңшары енші алып шықты. Оның алғашқы директоры, білікті маман Камал Сапарәлиев болды. Асқан ұйымшылдықпен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде бас-аяғы екі-үш жылда ұзындығы 100 шақырымдық Келінтөбе каналы қазылып, пайдалануға берілді. Ғасырлар бойы құлазып жатқан маң дала марқайып, құлпырып шыға келді. Түгіскен алқабына ел келіп қоныстанып, ҮЛКЕН бір тіршіліктің тынысы ашылды. ТҮГІСКЕН алқабына алғаш орналасқан «Келінтөбе» кеңшарынан кейін бұл алқапта 1966 жылы «Красная Звезда» кеңшары негізінен енші алған «Задария» кеңшары, 1967 жылы «Талап» кеңшарының негізінен бөлінген «Түгіскен» кеңшары мен «Бірлік» кеңшарының базасынан бөлінген КПСС XXІІІ съезі атындағы кеңшар, 1972 жылы «Түркістан» кеңшарының базасынан бөлінген КПСС ХХІҮ съезі атындағы кеңшар және 1973 жылы «Задария» , КПСС XXІІІ съезі атындағы, Жаңақорған орман-тоғай шаруашылықтарынан ішінара жерлер алған «Өзгент» кеңшары шаңырақ көтеріп шыға келді. Қонысбек Қанаев Түгіскен алқабын игеруге белсене араласа жүріп, ПМК жұмысын қызу жүргізді. Жаңақорған қонысынан 124 ҮЙ салып, пайдалануға берді. 120 орындық балалар бақшасы, кинотеатр, екі қабатты кеңсе ҮЙІ салынды.
Бесарық су қоймасының жұмысы басталды.
ТҮГІСКЕН тыңын игеру барысында жаңадан кеңшар ашу қажеттілігі туды. Осы мақсатта 1972 жылғы көктемде XXІV парсъезд атындағы кеңшар ұйымдастырылып, бұған тәжірибелі маман Қонысбек Қанаев тағайындалды. Мидай даланың шеңгелі аршылып, ЖҮЗ қаралы киіз тігілді. Отызыншы жылдары Жетісайға көшіп кеткен ағайындарды көшіріп әкеліп, жаңа кеңшарға орналастыра бастады. Бұл кеңшар сол-1972 жылдың өзінде 900 гектар күріш екті. Қонысбек Қанаев басқарған 11 жылда бұл кеңшар үлкен шаруашылыққа айналды. Бірнеше тұрғын үйлер салынып, көшелерге тас төселіп, асфальтталды. Клуб ҮЙІ, монша, сауда дүкендері салынды. Жемісті еңбектері ҮШІН Қонысбек Қанаев "Құрмет белгісі" орденімен, бірнеше медальдармен марапатталды. Мәскеудегі Бүкілодақтық Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне 4 рет қатысты. Түгіскен тыңын игеруде, сондай-ақ су мамандары Құлжабек Әйменов, Болат Бегімбетов, тағы басқалардың да еңбегі аз болған жоқ. Түгіскен алқабын игеру барысындағы үлкен құрылыс -Бесарық стансасы тұсында дарияға үлкен көпір салынды. Бұл Одақтық деңгейдегі құрылыс еді. Бұл көпірдің аудан экономикасын көтерудегі ролі аса зор болды. Облыстан үлкен қолдау көрсету нәтижесінде Түгіскен алқабын игеру жұмыстары қарқынды жүргізілді. Ұзындығы 100 шақырым, сиымдылығы 107 текшеметр сумен бірге бұл өңірге өмір келді, тіршілік келді. Енді жұмысшы қолы көп қажет болып, ел азаматтары 1932-1937 жылдары Өзбекстанға , Тәжікстанға,ОҢТҮСТІК өңірге кеткен ағайындарды алып келу ҮШІН ел ағалары сол жаққа аттанып кетті. Ел ағылып атажұртқа келе бастады. Республикалық Глав-рис мекемесіне 4 кеңшар берілді. ТҮГІСКЕН, Келінтөбе, XXІІ! партсъезд жәнө Задарья кеңшарлары жаңа типпен салынды. Бұрын дарияның сол жағалауы мидай дала болса, сол жерде 6 күріш кеңшары орнады, бау-бақшалы осы заманғы үлкен елге айналды. 1967 жылы 4 мың гектар, 1970 жылы 8000 гектар, 1980 жылы 15000 гектар жер инженерлік жүйеге келтірілді. Ауданда 40 мың гектардан астам erіc егіліп, бір жылда 600 мың центнер күріш мемлекетке берілетін болды. Түгіскен алқабында ұйымдасқан шаруашылықтарда жаңа типті клубтар мен мектептер, сауда дүкендері, шаруашылық кеңселері мен тұрғын үйлер салынды. Халықтың әл-ауқаты, тұрмыс-күйі жақсарды. Өздерінің күштерімен салған еңселі үйлер бой көтерді. Бау- бақша өсірді. Бұл алқапта күріш есіруде майталман диқандар мен механизаторлар өсіп шықты. Бұл өңірде Кеңес Одағының Батыры Әнуар Әбутәліпов еңбек етті. Күріш өсірудің шебері атанған Арапбек Әбиев Социалистік Еңбек Ері атанып, тесіне Алтын Жұлдыз медалін қадады. Диқан Әлиасқар Сұлта-нов Еңбек Даңқы орденінің толық иегері болды. Қамар Үсенбаева мен Тынысбек Ысқақов өздерінің қажырлы еңбектерінің арқасында халық құрметіне беленіп, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты боп сайланды. Мол өнімші диқандар Керуенбай Ысқақов, Есқожа Ысқақов, Айымтай Әжібаева, тракторшы қыз Айша Наубаева, тағы басқа да ондаған озаттардың есімдері алғашқы жылдардың өзінде осы Түгіскен тыңын елге танытты. Түгіскен төсінде шаңырақ кетерген шаруашылықтарды алғашқы жылдары ұйымдастыруда өздерінің білімі мен өмірден алған тәжірибесін , қажыр қайратын жұмсап, қабілетімен көріне білген Жұмағали Атабаев («Келінтөбе» кеңшары), Шарап Зәреров («Түгіскен» кеңшары), Әбдіғаппар Нұртазаев («Задария» кеңшары), Нәлібай Айдарбеков {КПСС XXІІ съезі атындағы кеңшар), Мұсахан Жапаров («Өзгент» кеңшары), Қонысбек Қанаев (КПСС ХХІҮ съезі атындағы кеңшар) секілді шаруашылық басшыларының есімдері елге танымал болды. 1966 жылы «Задария» кеңшары жаңадан ұйымдастырылғанда бұл шаруашылыққа директор болып білімді маман, бұған дейін «Талап» кеңшарын басқарып келген, «Қазақ ССР-не еңбегі сіңген агроном» Әбдіғаппар Нұртазаев тағайындалды. «Задария» кеңшарын кейінгі жылдары Тұрсынхан Құрманбеков, Ермаханбет Ибрагимов, Есалы Тұрсынбаев, Әбдіғаппардың ұлы Бақыт Нұртазаев басқарды.
НӘЛІБАЙ АЙДАРБЕКОВ,
Еңбек Қызыл Ту, «Октябрь революциясы» ордендерінің иегері.
(1937-1994)
«Түгіскен» алқабында 1967 жылы құрылған күріш кеңшарларының бірі - КПСС XXІІІ съезі атындағы кеңшар. Бұл шаруашылық алғашқы үш-төрт жылда аяғынан тік тұрып кете алмады. Көп ұзамай бұл шаруашылықты басқаруға аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының экономика жөніндегі орынбасары болып қызмет істеп жүрген, жоғары білімді маман Нәлібай Айдарбеков тағайындалды. Жаңа директор шаруашылықпен жан-жақты танысып алғаннан кейін, маман кадрлармен, ауыл ақсақалдарымен ақылдаса отырып, шаруашылық тізгінін қолына алды. Бұл 1971 жылдың көктемі еді. Ол алғашқы жылдың өзінде-ақ диқандар мен механизаторларды егіс науқаны кезінде дала қосында тұрақтап жатып еңбек етуге үйретті. Дала қосы еңбекшілердің екінші үйіне айналды. Мұның өзі еңбекті ұтымды ұйымдастыруға МҮМКІНДІК туғызды. Жиын-терімнен кейін жыл сайын қыс бойы егінші, механизаторлар түгелдей дерлік агрономиялық , экономикалық оқуға тартылды. Шаруашылықтағы «Экономика білімі нөгіздері» мектебін директордың өзі басқарды. Шаруашылық біртіндеп дамуға бет түзеді. 1973 жылы егілген 1400 гектар күріштің өзіндік құны 18 сом 70 тиынға түссе, оны мемлекетке 32 сом 30 тиыннан сатты. Қалған жылдары да Сыр маржанын өндіру жаман болған жоқ. Тоғызыншы бесжылдықтың (1971-1975 жылдары) қорытындысында шаруашылық тек күріш сатудың өзінен 577921 сом таза пайда тапты. Оныншы бесжылдықтың алғашқы жылы, яғни 1976 жылы шаруашылық мемлекетке 54363 центнер астық тапсырып, жоспарды 124 % асыра орындап шықты. Бұл тапсырылған астықтың 33280 центнері күріш еді. Күріштің әр гектарынан 49,9 центнерден енім алынды. 1978 жылы күріш егісінің келемі 1500 гектарға жеткізілді. Сол жылы мемлекетке 53153 центнер астық сатылса, мұның ішіндегі 50849 центнер Сыр маржаны еді. Шаруашылықта егінмен қатар мал өсіру да қолға алынды. 1977 жылы 1636 ірі қара, 144 жылқы болды. Осы жылы әр 100 аналықтан 59 бұзау, 71 құлын алынды. Сол жылы 788 центнер ет, 2030 центнер СҮТ ӨТКІЗІЛДІ. Шаруашылық өркендеді, халықтың әл- ауқаты артты. Шаруашылықты дамытудағы еңбегі жоғары бағаланып, Нәлібай Айдарбеков 1973 жылы Еңбек Қызыл Ту, 1976 жылы «Октябрь революциясы» ордендерімен марапатталды. Аудандық партия комитетінің мүшесі, аудандық Кеңестің депутаты болды. Кезінде шаруашылықтың іскер басшысы ретінде танылған Нәлібай Айдарбеков дүниеден ертерек өткенімен, ол көптің есінде қалды. Бұл шаруашылықты (қазіргі «Қожакент») кейін Әсет Шоманов, Тұржігіт Рамазанов, Керімхан Егізбаевтар басқарып, одан әрі өркендетті. 1967 жылы «Түгіскен» кеңшары ұйымдастырылды. (Алғашқы директоры Шарап Зареров болды. Бұдан кейін шаруашылықты 1973-1978 жылдары Тұрсынхан Нысанбаев, 1978-1983 жылдары Сман Жұмаділлаев, 1983-1987 жылдары Қалау Саданов, 1987-1996 жылдары Наятулла Қарақожаев, 1996 жылдың ІІ-ІІІ тоқсанында Мұса Әсенов, 1996 жылдың соңғы айларынан 1999 жылға дейін Серқожа Ыдырысов басқарды).
НАЯТУЛЛА ҚАРАҚОЖАЕВ, "Түгіскен тәжірибе шаруашылығы" мемлекеттік ЖШС-інің директоры
1999 жылдан бастап бұл шаруашылықты жоғары білімді, тәжірибелі маман агроном Наятулла Қарақожаев қайта қолға алып, басқарып келеді. Ол бұған дейін «Келінтөбе» кеңшарының бас агрономы, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, аудан әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары қызметтерін абыройлы атқарған. Кезінде облыстық Мәслихаттың депутаты болып сайланды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы, Республика Парламентінің 10 жылдығы мерекелік медальдарымен марапатталған. 90-шы жылдары бұл «Түгіскен» шаруашылығы Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны болып келсе, өткен жылдардағы қайта құрылымнан кейін «ТҮГІСКЕН тәжірибе шаруашылығы» мемлекеттік жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып аталды. Шаруашылық тікелей Республика Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарайды, барлық жоспарлары мен есептерін министрлік қабылдап, бекітіп отырады. «Түгіскен» тәжірибе шаруашылығының егін шығымдылығын арттырудағы, күріштің жаңа сорттарын өндіріске енгізудегі ізденістері мен жетістіктері жеткілікті. Шаруашылық 2004 жылы 1460 гектар күріштің әр гектарынан 54,4 центнерден өнім алып, 7950 тонна Сыр маржанын жинады. 700 гектар КҮЗДІК бидайдың әр гектарынан 34,6 центнерден өнім келтіріп, 2411 тонна астық алды. 10 гектар картоптан 60 тонна өнім жинады. 1700 гектар жоңышқадан 7540 тонна балғын шөп дайындады. Сөйтіп, облыс шаруашылықтары ішінде 3-ші орынға ие болып, жеңімпаз атанды. 2007 жылы егілген 1900 гектар күріштің әр гектарынан 42 центнерден, 1100 гектар бидайдың әр гектарынан 22 цент-нерден, 1100 гектар жоңышқаның әр гектарынан 60 центнерден өнім алуды қамтамасыз етті.
2008 жылы 1900 гектар күріштің әр гектарынан 40 центнерден өнім алды. Шаруашылық күріштің «Маржан», «Түгіскен», «Авангард» және Краснодар өлкесінен әкелген «Рапан» сорттарын өсіріп келеді. Өткен жылы шаруашылық облыстың Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Қазалы аудандарына 1000 тонна элита «Маржан», 1500 тонна 1 - репродукция «Маржан» тұқымдарын сатса, «Түгіскен» сортын өз ауданымыздың шаруашылықтары алды. Сондай-ақ шаруашылық Жамбыл және ОҢТҮСТІК Қазақстан облыстарынан сатып әкелген ет және СҮТ бағытындағы 50 «Қарала» асыл тұқымды қашарды бұл күнде 70 басқа жеткізді.
Шаруашылық жылма-жыл 2,5-3,5 млн. теңге таза пайдамен шығып келеді.
Сонымен жиырмасыншы жылдары су маманы Раушан Әбенқожаев бастаған ауқымды арық абзал азаматтың қайтыс болуына байланысты белгілі нысанаға жетпей аяқсыз қалғанымен, сол ел бастаған ердің ісін одан әрі жалғастыратын көзі ашық, көкірегі ояу елбасшыларының қолға алуымен Түгіскен тыңына шабуыл 45 жылдан соң қайта басталып еді, іс нәтижелі аяқталып өз жемісін берді. Бұл өңірге «Түркістан» мал шаруашылығы кеңшарынан басқа, енді арнайы Сыр маржанын өсіретін 6 шаруашылық орнады. Ауданның жыл сайын мемлекетке сататын астығының, орта есеппен 90 % осы тың шаруашылықтары өндірді. Түгіскен алқабындағы күріш өсіретін шаруашылықтар сегізінші бесжылдықта (1966-1970 жылдары) мемлекетке 628 мың центнер, тоғызыншы бесжылдықта (1971-1975 жылдары) 1 миллион 127 мың центнер Сыр маржанын тапсыруды қамтамасыз етті. Осы жылдар ішінде ауданның ақшалай табысы 4 миллион сомнан 22 миллион сомға өсті, мұның 10,5 миллион сомы тек күріш сатудан ғана ТҮСТІ. Құнарлы Түгіскен алқабының игерілуі ауданда астық молшылығын жасаудың көзін ашты, жұғымды мал азығын дайындау молая ТҮСТІ. Ауданда erіc көлемі 1966 жылы 13500 гектардан 1980 жылы 32700 гектарға, мұның ішінде дәнді дақылдар 7900 гектардан 17400 гектарға дейін ұлғайды. Күріш 2700 гектардан 13500 гектарға жетті. Жоңышқа 2900 гектардан 12900 гектарға дейін көбейді. Ғасырлар бойы ерні кезеріп сусап жатқан Түгіскен тыңы игеріліп, санаулы жылдар ішінде тонналап Сыр маржанын өндірген бау-бақшалы, гүлденген өңірге айналды. Еселі еңбегімен елге танылған диқандар мен механизаторлар өсіп жетілді. Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкенов түлеген Түгіскен тыңын, ондағы майталман еңбек адамдарын өзінің өлең-жырларына арқау етті. Сыр маржаны және оны өсірген диқандар жайлы жерлес жазушыларымыз Дүкенбай Досжан «Дария», Тынымбай Нұрмағанбетов «Жер исі» романдарын жазса, белгілі журналист Құдабай Ертаев «Түгіскен түлектері» атты кітабын шығарды. Сазгерлер Бексұлтан Байкенжеев пен Сәрсенбек ЖҮНІСОВ әнге қосты.
Түгіскен алқабы шежірелі елге айналды.
Ауданымыз егін мен мал қатар өскен облыстағы үлкен аудандардың бірі болды. Ауданда тау өзендерінің су коймасын салу жұмыстарды да көзден таса қалмады. Бесарық су қоймасы 1974 жылы салынып (21 млн/куб сиымдылығы) пайдалануға берілді.1985 жылы «Жиделі» су қоймасы да (сиымдылығы 10,5 млн/куб) ел игілігіне айналды. Осы екі су қоймасының гидротехникалық тоспаларын салуға инженер-гидротехник Қанат Әбдіхалықұлы Әйтілеуов басшылық жасады. Ауданда 5 қой совхозы болды. Қой саны барлық меншікте 250-300 мың бас болып облыста ең көп қойлы аудан еді, сонымен қатар 10 мың бас жылқы; 2000 бас түйе, 17000 бас ірі қара мал болды. Осы мал ҮШІН 13000 га жоңышқа, 5000 гектар жүгері егілді. Аудан ауыл шаруашылығын өркендетуге барлық КҮШ-жігерін жұмылдырды. 36506 гектар жер, мұның ішінде 30457 гектар
күріштік жер инженерлік жүйеге сай тегістелді.
Аудандық жол бөлімшесі 1958 жылы Шиеліден бөлініп, өз алдына бөлімше болды. Мұны 1958-1964 жылдары Нәлібай Нысанбаев басқарды. Сол жылдары Шымкент -Қызылорда үлкен асфальт жолы салына бастады. 1964 жылы жол бөлімі екіге бөлінді. ДӘУ - № 502 мекемесін Тастемір Жүзбаев, ДӘУ - № 532 мекемесін Жамал Құлымбетов басқарды. Ауданда жол құрылысын жөндеуде Н. Нысанбаев, Т. Жүзбаев, Ж. Құлымбетовтермен қатар Ж. Егізбаев, Қ. Штабаев, Ә.Тілепбаев, Д. Айдарбеков, Н. Мінуәровтар да лайықты еңбек етті. 1958 жылы ауданда алғаш рет әуе жолы ашылды. Әдепкіде Қызылорда - Жаңақорған, Шымкент - Жаңақорған маршруттары болды. Пошта, хат-хабар, газет-журналдар ауданға осы ұшақ арқылы жеткізіліп тұрды. 1961 жылы аэродром аэропорт болып кеңейтілді. Енді бұл жерден ұзақ сапарларға (Ташкент, Мәскеу т.б.) жолаушыларға алдын ала билет саталатын болды. Аэропорт бастығы болып 40 жыл Мұсабек Әшімұлы істеді. Қазір аэропорт жабылған. Байланыс қызметі де халық шаруашылығының маңызды бір саласы болып табылады. 1940 жылы Жаңақорғанда 32 телефон нүктесі ғана болған. 1945 жылы ауданда байланыс кеңсесі құрылды. Сол жылы Жаңақорған мен Төменарықта ғана 2 байланыс бөлімі болды. 1975 жылы ауданда байланыс торабына қарайтын 12 байланыс бөлімшесі, 2 жылжымалы байланыс бөлімшесі жұмыс істеді. Қазір ауданда ұлғайтылған байланыс бөлімшесі жұмыс істейді. Аудан орталығында қалааралық байланыс, телеграф жұмыс істейді. Аудан шаруашылықтары мен елді мекендер телефон желісімен байланыстырылған. Байланыс торабында әр жылдары Е.Тұрсынбаев, Н.А. Евдокимов, С.Базылбеков, Р.Дәлханов, Ш.Әшімов, С.Нарымбетов, М.Бакиров, Қ.Қасқабаева, Ә.Төрехожаев, тағы басқа да азаматтар қызмет етті. Жаңақорған қонысының кұншығысына қарай 20 шақырымдай жерде Шалқия қорғасын-мырыш кеніші жатыр. Кеніштегі алғашқы жұмыстар 1963 жылы басталды. Жер кенін зерттеп, оны барлауды Қаратау геологиялық зерттеу партиясы жүргізді. Жалпы кен орнынан алынатын 15 түрлі элемөнттің бар екендігі , бұл аймақта ЖҮЗ жылға жететін 300 миллион тонна бағалы кеннің қоры жатқандығы анықталды. 1986 жылы ақпанда өткен КПССХҮІІ съезінің қаулысында: «Шалқия кеніші игерілсін» деп нақты атап көрсетілуі де сондықтан. Шалқия кенішінің маңызы аса зор болды. Мұнда тек қорғасын, мырыш қана емес, КҮМІС, басқа да табиғи балык жетерлік еді. Шалқиядан 50-60 шақырым жерде алтын да жатты. Бентонит деп аталатын құнды саздың да мол коры анықталды. Бұл материалды мұнай айырғанда өңдеу ісіне пайдалануға, кір жуатын ұнтаққа қосуға, мата тоқу өндірісіне де қолдануға болады. 1975 жылы кенішті қазу, бұрғылау ісі одан әрі жалғасты. 1979 жылдан бастап құрылыс, жер асты жұмыстары қызу қолға алынды. Жаңақорған стансасынан Шалқия кенішіне қарай темір жол тартылды. «Ащполиметалл» комбинатының күшімен жүргізілген кенішті игеру жұмыстары 1985 жылдан бастап тікелей Қызылорда облысының қарамағына өтті. 1985 жылғы 22 сәуірде кеніштен ең алғашқы кен (руда) шығарылды. Сол жылы 100 мың тонна, 1986 жылы 102 мың тонна, 1987 жылы 180 мың тонна, 1993 жылы 460 мың тонна кен өндірілді. Жалпы 1985 жылдан 1995 жылға дейін 2 миллион тонна кен шығарылды. Шалқия кенішінің бастапқы жобасында кеніште 17 нысан (объект) салынуы тиіс болатын. Бұл біткен кезде жылына 3 миллион тонна кен шығару жоспарланған-ды. Кеніш толық қуатында жұмыс істеген кезінде Қазақстандағы қорғасын қорының жылына 15 %, мырыштың 30% береді екен. Кенішке қарасты ҮШ құрылыс басқармасы - «Өркендеу» құрылыс-монтаж басқармасы, «Шалқия» құрылыс басқармасы , «Құттыкен» тау-кен басқармасы жұмыс істеді. 1979 жылы 17 мың адамға арналған Шалқия қонысының іргетасы қаланды. Алдымен 100 орындық 6 жатақхана, 16 пәтерлік 10 ҮЙ, 20 коттедж салынды. Кейіннен тағы да 5 қабатты үйлер бой көтерді. Ұзамай 3 дүкен, 3 асхана, 3 монша, 2 балабақша, 25 орындық аурухана, 1 емхана, 1 дәріхана, 1 наубайхана, 1700 бала оқитын орта мектеп іске қосылды. 1 клуб, 1 кітапхана, 1 мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету пункті, 1 жинақ кассасы, 1 байланыс бөлімшесі халық игілігіне қызмет көрсетіп келді. Шалқия қонысында тұратындар 1200-ден аса жанұяға жетіп, халық саны 13000 адамға дейін өсті. Кезінде кеніште 1800-ге дейін адам жұмыс істеді. Кеніштің қосалқы шаруашылығында 50 түйе, 60 жылқы, 300 қой, 250 тауық, 3 гектар ЖҮЗІМДІК, 6 гектар бауы болды. Шалқия кенішінің алғашқы бастығы Әбдізан Бейімбетов болса, одан кейін кенішті Сақ Мауленқұлов, Жарылқасын Тұрабаев басқарды. 1995 жылғы қарашадан бастап «Шалқия кен басқармасы» мемлекеттік акционерлік қоғамының президенті Абдул Камбарбеков болды. Кейінгі кезде қаржы тапшылығына байланысты Шалқия кенішінде кен өндіру уақытша тоқтап тұрғанымен, оны іске қосудың жолдары жан-жақты қарастырылып жатты.
ҚАЗАҚ ССР ЖОҒАРҒЫ КЕҢЕСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ
1947-1900 жылдар арасында өткен депутаттар сайлауларында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып Жаңақорған ауданынан 9 адам сайланды. Олар: Махан Бегдуалиев, Шырын Нарымбаева, Қалипа Түлкібаева, Мәден Мырзахметов, Баян Әріпова, Қамар Үсенбаева, Шәзінда Қарақожаев, Әзия Қыстаубаева, Тынысбек Ысқақов.
МАХАН БЕГДУАЛИЕВ (1903-1971)
Махан Бегдуалиев 1903 жылы Сауран болысы, Түркістан уезінің № 3 ауылында туған. 1938 жылдан КПСС мүшесі. Жаңақорған МТС-і жанындағы ҮШ жылдық агрономдар даярлайтын мектепті бітірген. 1927 жылдың желтоқсанынан 1929 жылдың қарашасына дейін Бесарық ауылдық Кеңесінің төрағасы, 1930 жылы хатшысы, 1931 жылы орманшы, 1934 жылдың қыркүйегінде № 21 ауылдың, желтоқсанынан № 23 ауылдың төрағасы болып бекітілген. 1932-1936 жылдары Ворошилов атындағы ұжымшардың төрағасы, 1936-1939 жылдары АҚҮЙІК ауылдық Кеңесінің төрағасы, 1939-1941 жылдары Жаңақорған поселкелік Кеңесінің, 1940-1942 жылдың қазанына дейін Төменарық ауылдық Кеңесінің төрағасы болды. 1942-1943 жылдары қараша-тамыз аралығында Отан соғысында Украина майданына катысып, сонда ауыр жарақаттанып елге оралған. 1944-1951 жылдары Бесарық ауылдық Кеңесінің төрағасы, 1952-1954 жылдары Сталин атындағы ұжымшар төрағасының орынбасары, кейін төрағасы болып істесе, 1954-1957 жылдары Жаңарық ауылдық Кеңесінің төрағасы болды. М.Бегдуалиев бірнеше рет ауылдық, аудандық Кеңестің депутаты болса, 1947 жылдың 16 ақпанында өткен сайлауда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Ол «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Махан Бегдуалиев 1971 жылы 22 маусымда қайтыс болған.
ШЫРЫН НАРЫМБАЕВА (1922-1983)
Шырын Нарымбаева 1951 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне (ІІІ шақырылған) және 1955 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне (ІҮ шақырылған) депутат болып қатарынан екі рет сайланды. Шырын Нарымбаева 1922 жылы Жаңақорған ауданы Құмарық ауылдық Кеңесіне қарасты Қандыарал ауылында туған. Ұлы Отан соғысының зардабы толастамаған шақта ауылдағы 7 жылдық мектепті бітірген Шырын АҚҮЙІК ауылдық Кеңесіне қарасты «Бірлік» ұжымшарында еңбек жолын бастады. Алғашқыда жонға бидай ексе, кейінгі жылдары мақта және мал азығы ҮШІН жүгері дақылдарын егумен айналысты. Стахановшылар қозғалысына қатысып мол өнім алып, диқан атанды. Шырынның еңбекшілдігі, ұйымдастырушылық қабілеті және халықпен етене араласа білетіні ескеріліп, ол кейін АҚҮЙІК ауылдық Кеңесінің төрайымы болып сайланды. Шырын АҚҮЙІК ауылдық Кеңесіне қарасты шаруашылық пен елді мекендердің өсіп-өркендеуіне, ондағы тұрғын халықтардың тұрмыс ахуалының жақсаруына, ауылдың мәдениетінің артуына үлкен үлес қосты.
Шырын Нарымбаева 1983 жылы ақпан айында дүниеден өтті.
ҚАЛИПА ТҮЛКІБАЕВА (1918-1983)
Қалипа Түлкібаева 1959 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің (Ү шақырылған) депутаты болып сайланды. Қалипа Түлкібаева 1918 жылы Жаңақорған ауданы Құмарық ауылдық Кеңесіне қарасты «Екпінді» ауылында дүниеге келген. Қалипаның еңбек жолы Ұлы Отан соғысының басталу уақытымен тұспа-тұс келді. Еңбекке ерте араласты. 1943 жылы қаңтар айында азаматтарын майданға аттандырып, ауылда қалған қарт-қариялар мен қыз-келіншектер көктемгі егісті ұйымшылдықпен жинау жөнінде бастама көтерді. Сол бастама көтерген «Екпінді» ұжымшарындағы 32 қыз-келіншектің ішінде Қалипа да бар еді. Сол жылғы қыста Қалипа Жаңақорған МТС-і жанындағы екі айлық трактористік курсты бітіріп шықты, көктем басталысымен трактор руліне отырып, егіс жұмыстарына араласып кетті. Содан ол ұзақ жылдар бойы механизатор болды. Жастайынан механизаторлыққа жаны құмар Калипа әр жылдарда ХТ-3, СТ-3, ЧТЗ, МТЗ, «Белорусь», Нати, ДТ, және «К-700» тракторлардың руліне отырып, ауыл шаруашылығы жұмыстарына белсене араласты. Қалипаның еңбегі еш кеткен жоқ. Күйеуі Алдаберген соғыста қайтыс болғанымен, жалғыз ұлы Нұрділланы ер жеткізіп ел қатарына қосты. Қалипаның ерен еңбегі әрдайым жоғары бағаланып келді. Ол 1966 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 1971 жылы екінші рет «Құрмет белгісі», 1973 жылы Ленин орденімен және 1971 жылы Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталды. Сазгер Бексұлтан Байкенжеев «Қалипа туралы ән» (сөзі Жақсылық Рахматулланікі) жазды. Қалипа Түлкібаева 1983 жылы наурызда қайтыс болды. Оның өмірі мен еңбек жолы жастарға ҮЛГІ болып қалды.
МӘДЕН МЫРЗАХМЕТОВ (1929-1992)
Мәден Мырзахметов 1963 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің (ҮІ шақырылған) депутаты болып сайланды. Мәден Мырзахметов 1929 жылы қаңтарда Жаңақорған ауданы «Полит отдел» ұжымшарында туған. Ол жетіжылдық мектепті бітірген. 1950-1953 жылдары Отан алдындағы борышын өтеді. 1957-1985 жылдары «Бірлік» кеңшарында шопан болды. Бұл жылдар ішінде ол көп төл алып, мал басын өсірді, одан өндірілген өнімді көбейтті. Мәденнің еңбегі жоғары бағаланды. Ленин орденімен (1966 ж.) Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен (1963 ж.) марапатталды. 1967 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысты.
Мәден Мырзахметов 1992 жылы дүниеден өтті.
БАЯН ӘРІПОВА
Баян Әріпова 1967 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне (жетінші шақырылған) депутат болып сайланды. Баян Әріпова 1943 жылы Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылдық Кеңесіне қарасты «Красная Звезда» ұжымшарында туған. 1958 жылы жетіжылдық мектепті бітірісімен Баян Ленин атындағы шаруашылыққа сауыншы болып кірген. 1962-1983 жылдары «Красная Звезда» кеңшарында майталман сауыншы болды. Өзінің еселі еңбегі арқасында озаттардың алдыңғы сапында жүрді. 1961 жылы аудандық Кеңестің депутаты болды. Баян Әріпова 1970 жылы В.ИЛениннің туғанына 100 жыл толуы мерекелік медалімен, 1971 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 1987 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. 1983 жылдан кеңшар орталығындағы асхана меңгерушісі болып қызмет істеді. Ол шаруашылықтың, ауылдың экономикасы мен мәдениетін арттыруға өзінің лайықты үлесін қосты. Баян Әріпова 1992 жылдан Республикалық дәрежедегі зейнеткер. Қазір Қызылорда қаласында тұрады.
ҚАМАР САҚИҚЫЗЫ ҮСЕНБАЕВА
Қамар Сақиқызы Үсенбаева 1971 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңөсінің (ҮІІ! шақырылған) депутаты болып сайланды. Қамар Сақиқызы Үсенбаева 1942 жылы маусымда Жаңақорған ауданы АҚҮЙІК Кеңесінде туған. Жастайынан ол «Задария» кеңшарында күріш егумен айналысқан. 1970 жылдардан бастап Қамар атақты диқан Ыбырай Жақаевтың Сыр өңіріндегі күріштен мол өнім жинау жөніндегі «100 центнершілер» тобына қосылып, белсене еңбек етті. Қарауындағы күріштің әр гектарынан 1976 жылы 117 центнерден, 1977 жылы 122 центнерден өнім жинады. Осы екі жылда Қамардың өзі шаруашылыққа 39697 сом таза пайда келтірсе, жеке қосымша еңбегіне 9600 сом ақша алды. Бүкілодақтық Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің КҮМІС медаліне ҮШ рет ие болды. 1975-1982 жылдары облыстық Кеңестің депутаты болып сайланды. Қамар Үсенбаева 1976 жылы Қазақстан Компартиясының ХІҮ съезіне делегат болып қатысып, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланды. Үнемі озаттар қатарында болған Қамардың еңбегі әрдайым жоғары бағаланып, көп құрметіне бөленіп келді. 1972 жылы Еңбек Қызыл Ту, 1976 жылы Ленин орденімен марапатталды. 1990 жылы «Еңбек ардагері» медаліне ие болған Қамар Үсенбаева бұл күнде Республикалық дәрежедегі зейнеткер.
ШӘЗІНДА ҚАРАҚОЖАЕВ (1934-2007)
Шәзінда Қарақожаев 1975 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің (ІX шақырылған) депутаты болып сайланды. Шәзінда Қарақожаев 1934 жылы ақпанда Жаңақорған қонысында туған. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының малдәрігерлік факультетін 1957 жылы ойдағыдай бітіріп шығып, сол жылғы қыркүйектен 1958 жылдың маусымына дейін Бесарық малдәрігерлік пунктінің меңгерушісі, одан кейінгі жылдары аудандық малдәрігерлік мекеменің малдәрігері, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, «Төменарық», «Бірлік» кеңшарларында бас мал дәрігері боп қызмет етті. 1965-1978 жылдары «Красная звезда» кеңшарының директоры болды. 1978-1980 жылдары аудандық партия комитетінің екінші хатшысы ,1981-1990 жылдары «Бірлік» кеңшарының директоры болып қызмет істеді. 1990-1992 жылдары халық депутаттары аудандық Кеңесі атқару комитеті төрағасының бірінші орын-басары, 1992 жылдың ақпан айына дейін аудан әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. 1994 жылы ақпанда республикалық дәрежедегі зейнеткерлікке шыққан ол «Красная Звезда» кеңшарының «Жайылма» бөлімшесін бөліп алып, жеке ұжымдық кәсіпорынға айнал-дырып, оны ҮШ жыл басқарды. Ол басшылық жасаған жылдары «Красная звезда» кең-шарында қой саны 42 мыңнан 65 мыңға өсті. Жергілікті тұрғындардың, шаруашылықтың игілігі ҮШІН «Жиделі» су қоймасы, «Үштөбе», «Жайылма», «Қарақұм» каналдары іске қосылды. Скважина қазылды. Ш.Қарақожаев «Бірлік» кеңшарын басқарған жылдары қой саны 33 мыңнан 57 мыңға дейін көбейді. Шаруашылықты суландыруды қолға алды. «АҚҮЙІК» тоспасынан орталыққа дейін су арығы жүргізілді. «Шоқтал», «Жаманқұм» каналдары қазылып, екі мың гектарға дейін жер игерілді. Ақбастауға тас жол салынды. Ауыл көгалдандырылды. Стадион салынып, базар ашылды. Басқа да көптеген жұмыстар жүргізілді. Шәзінда Қарақожаевтың аудан экономикасы мен мәдениетін көтерудегі еңбегі әрдайым жоғары бағаланып келді. Ол Еңбек Қызыл Ту орденімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет Грамотасымен марапатталды, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мал дәрігері» атағына ие болды. Ол «Еңбек ардагері» медалінің иегері, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы. Зайыбы Дариха 10 ұл-қыз өсіріп тәрбиелеген «Батыр ана». Ш.Қарақожаев 2007 жылы дүниеден өтті.
ӘЗИЯ ҚЫСТАУБАЕВА
Әзия Қыстаубаева 1980-1985 жылдары қатарынан екі рет Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің (Х-ХІ шақырылған) депутаты болып сайланды. Әзия Қыстаубаева 1957 жылы Жаңақорған ауданы Сығанақ өңіріндегі «Екпінді» елді мекенінде туған. Онжылдықты бітірісімен Әзия аудан жастары арасында ерекше көзге ТҮСТІ. Жалынды жас механизатор болуды қалап, № 17 Жаңақорған кәсіптік-техникалық училищесіне оқуға ТҮСТІ. Ынталы жас тракторшы мамандығын алып шығысымен белді буып еңбекке араласты. Ауылдағы Қалипа Түкібаева, Беркімбай Тәжібаев, Әбдірәшит Бапғабаев секілді байырғы механизаторлармен тізе қоса еңбек етіп, алғашқыда Белорусь («МТЗ-80») тракторының руліне отырған ол кейіннен шынжыр табанды тракторды, алып «К-700» тракторын меңгеріп, комсомол жастар арасында жұлдызы жарқыраған механизатор болды. «Сунақата» кеңшарының сан салалы шаруашылық жұмыстарына араласты. Қыс бойы тыңайтқыш тасыды, көктемде жер жыртты, дән септі, күзде тонналап Сыр маржанын тасыды. Үнемі еңбектің алдыңғы шебінен көрініп жүрген Әзия Қыстаубаева Қазақстан ЛКСМ-нің ХІҮ және ХҮ съездеріне делегат болып қатысты. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағына ие болды. 1980 жылы Бүкілодақтық Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Құрмет дипломын және сыйлыққа «Москвич-412» жеңіл автокөлігін алды. Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтының экономика - бухгалтерия факультетін өндірістен қол үзбей жүріп бітіріп алды. «Еңбектегі ерлігі ҮШІН» медаліне, ВЛКСМ Орталық Комитетінің Құрмет грамотасына ие болды. Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері. Әзия Қытаубаева облыстық партия комитетінің мүшесі, аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болды. 1986 жылы ақпанда Әзия КПСС-тің ХХҮІІ съезіне делегат болып қатысып, КПСС Орталық Комитеті Тексеру комиссиясының мүшесі болды. 1986 жылғы маусымнан «Сунақата» кеңшары партия комитетінің хатшысы, 1992 жылдан Сунақата ауылдық Кеңесінің төрайымы, ал 1994 жылдан бері Сунақата ауылдық округінің әкімі қызметін абыройлы атқарып келеді. «Астана», «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы», «Тыңның 50 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталған. Әзия Қыстаубаева 2003 жылы Әйелдердің 8 наурыз мерекесінде Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдау бақытына ие болды.
ТЫНЫСБЕК ЫСҚАҚОВ
Тынысбек Ысқақов 1990 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің (XІІ шақырылған) депутаты болып сайланды. Тынысбек Ысқақов 1944 жылы қаңтарда Жаңақорған ауданында туған. Түгіскен алқабы игерілген соң, 1972 жылдан бастап ол Жаңақорған ауданындағы КПСС -тің ХХІҮ съезі атындағы кеңшарда (қазіргі Қаратөбе ауылы, «Баспақкөл» елді мекені) күрішші-механизатор болып ҮЗДІКСІЗ еңбек етті. 1975-1985 жылдары күріш егіп, оның әр гектарынан жыл сайын 72-79 центнерден өнім жинады. 1988 жылдан ол erіc бригадирі. Арендалык тәсілмен жұмыс істеу әдісіне көшіп, өнімнің мөлшерін де, сапасын да арттырды. Тынысбек Ысқақов Ленин, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, Бүкілодақтық Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің медальдарымен марапатталды.
БІРІНШІ БАЙЛЫҚ - ДЕНСАУЛЫҚ
Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі. Сол себепті денсаулықты сақтап, оны нығайтуға, аурудын алдын алуға әрдайым айрықша көңіл бөлініп келеді. Халықтың денсаулығын сақтауда аудандық медицина орындарының жүргізіп жатқан жұмыстары ерекше. 1940 жылы аудандық ауруханада төсек саны 23 болса, бұл 1942 жылы 30-ға жетті. 1947 жылы 1 аудандық аурухана, 2 амбулатория, ауылдық жерлерде 7 медпункт болды. Ауданда 19 маман медицина қызметкері болса, оның 4-і жоғары білімді, 15-і арнаулы орта буын кадрлар еді. 1958 жылы 2 емхана, 18 медпункт, 5 әйелдер босанатын ҮЙ болды. Ауданда 5 жоғары білімді дәрігер, 36 фельдшер жұмыс істеді. 1959 жылы 3 емхана, 19 медпункт, 5 әйелдер босанатын ҮЙ болды. «Төменарық» елді мекенінде екі қабатты аурухана ҮЙІ пайдалануға берілсе, Сталин атындағы ұжымшарда 15 орындық аурухана іске қосылды. Ауданда Түгіскен алқабының игерілуіне және Шалқия кенішінің ашылуына байланысты жаңа елді мекендер пайда болды. «Түркістан», «Келінтөбе», «Қожакент», «Задария» шаруашылықтары мен Шалқия кенішінде жаңа ауруханалар ашылса, Бірлік, Талап, Төменарық және аудан орталығындағы ауруханалардың материалдық-техникалық базалары нығайып, Сунақата, Алмалық, Өзгент, Түгіскен, Қаратөбе, Жұлдыз, Бесарық, тағы басқа елді мекендерде емдеу және акушерлік орындары іске қосылды. 1985 жылы 8 ауруханадағы төсек саны 460-қа жетіп, 41 фельдшерлік-акушерлік пункт халыққа медициналық қызмет көрсетті. 1990 жылы аудан ауруханаларындағы төсек саны 570-ке дейін артты. Мұның ішінде төсек саны аудандық ауруханада - 200, өкпе аурулары диспансерінде - 75, тері аурулары диспансерінде - 35, Төменарық учаскелік ауруханасында -50, Бірлік ауруханасында - 35, Талап ауруханасында - 25, Түркістан ауруханасында - 25, Келінтөбе ауруханасында -50, Қожакент ауруханасында - 50, Задария ауруханасында - 25 төсек болды.
Ауданда 415 төсектік аурухана халыққа медициналық қызмет жасады. Халықтың денсаулығын сақтауда, оларға медициналық көмек көрсетуде аянбай еңбек еткендері аз емес. Бұлардың ішінде «Қазақ ССР-не еңбегі сіңген дәрігер» Г.В.Попова, «Құрмет белгісі» ордендерінің иегерлері Ә.Нұрбаев, М.Валитова, Ә.Өтетілеуов, Е.Әмитов, «Денсаулық қорғаудың» озаттары Қ.Басқожаев.А, Нұрмышев, А.Қожабеков, Н.И. Чулкова, С.Рахманов, Б.Нысанбаев, П.С.Попов, С.Құлықбаева, 3. Ысқақовтардың есімдері көпшілікке аян. Емдеуші дәрігерлер Ж.Сейтмұратов, С.Әлқожаев, Ғ.Үйсінбаев, М.Жұмағалиева, С.Ысқақов, Г.Ысқақова, Ө.Бердиев, Д.Исманова, Б.ЖҮСІПОВ, М.Ысқақов, Ә.Қожақов, Ә.Скендіров, тағы басқалар бар. Кезінде аудандық ауруханалардың бас дәрігерлері болған М.Бақбаев, Ш.Әлназаров, Х.Спатаев, Е.Әмитов, Ж.Қалкөзов, А.Тоғызбаев және қазіргі аудандық аурухананың бас дәрігері, білікті хирург Нұрылда Талипов өздерінің ұйымдастырушылық қабілеттерімен танылған жандар. Аудан, елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтаумен күресуде, санэпидемстанция жұмысын жақсарта түсуде оны басқарып келген А.Нәбиев, А.Шәденов, Т.Мещанов және қазіргі бастығы А.Отарбаев елеулі еңбек етті. Жұртшылықты алаңдатып отырған аурудың бірі - туберкулез (өкпе ауруы). Сондықтан соңғы жылдары айрықша мән беріп, туберкулез ауруына қарсы қолдан келген жұмыстардың бәрін жасауда. Ауданда 1963 жылы тамыз айында 55 төсектік аудандық туберкулезге (өкпе ауруына) қарсы күрес ауруханасы тұңғыш рет ашылды. Бұған дейін туберкулез ауруларын аудан орталығындағы тубкабинетте қабылдап, тиісті емдерін жасап келген. Аурухана ашылған кезде мұнда 4 жоғары білімді дәрігер, 10 орта буынды медбике, 12 техникалық қызметкер жұмыс істеген. Аурухананың алғашқы бас дәрігері Сауранбек Әлқожаев болған. Бұдан кейін бұл аурухананың бас дәрігерлері- 1965-1972 жылдары Егемберді Әмитов, 1972-1979 жылдары Құлтас Әшірбеков, 1979-1985 жылдары Жалғасбек Қалкөзов болып келсе, 1985 жылғы ақпаннан 2002 жылға дейін «СССР медицина ҮЗДІГІ» Қалила Басқожаев, 2002 жылдан Ерғабит Ильясов қызмет етіп келеді. 1970 жылы 50 орындық асхана салынды. Келесі жылы 20 орындық балалар бөлімі ашылып, жалпы төсек орны 75-ке жетті. 1976 жылы аурухана жанынан рентген кабинеті ашылды. 1988 жылы жаңадан 50 орындық қарқасты стационар ҮЙІ берілді. Дезинфекциялық аппаратты ҮЙ, физкабинет ашылды. Өкпе, қолқаға дәрілерді бүркіп беру іске асырылды.
ЕГЕНБЕРДІ ӘМИТОВ,
«Құрмет белгісі» орденінің иегері,
«Денсаулық сақтаудың үздігі»
Егенберді Әмитов 1940 жылы 15 қазанда Жаңақорған ауданы Өзгент ауылында туған. 1963 жылы Ақтөбе қаласындағы Мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін тәмамдаған. Сол жылы Жаңақорған поселкесінде ашылған тубдиспансерге (оның алғашқы бас дәрігері Сауранбек Әлқожаев болады) дәрігер-ординатор болып орналасып қызмет істейді. Сауранбек Әлқожаев 1965 жылы ДҮНИеден өтеді. Содан кейін, 1965 жылдан 1972 жылға дейін Егенберді Әмитов осы аудандық тубдиспансердің бас дәрігері қызметін атқарды. Бұл жылдары 60 орындық диспансер үйін салдырды. Егенберді Әмитов 1972-1985 жылдары аудандық аурухананың бас дәрігері болып абыройлы еңбек етті. Ауруханада төсек орны 150-ден 200-ге дейін артты. Дәрігерлер саны 17-ден 50-ге жетті. Келінтөбе, Қожакент елді мекендерінен 50 төсектік ауруханалар ашылды. Ауданда медпункттер саны 29-дан 41-ге дейін артты. Еселі еңбегі еленіп, Егенберді Әмитов 1976 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталып, «Денсаулық сақтаудың ҮЗДІГІ» атанды. 1978 жылы Алматыда өткен Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) ұйымдастырған «Алғашқы медициналык көмек» конференциясына делегат болып қатысты. Егенберді Әмитов 1985 жылдан 1996 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін республикалық маңызы бар (кезінде Одақтық) Жаңақорған санаторийінің бас дәрігері болды. Қазіргі кезде осы санаторийде терапевт-дәрігер болып қызмет атқарып келеді.
Егенберді Әмитовтың медицина саласына сіңірген еңбегі аз емес.
АСЫЛБЕК ТОҒЫЗБАЕВ,
«Құрмет» орденінің иегері,
Қызылорда қалалық ауруханасының
бас дәрігері.
Ел алғысына бөленіп, денсаулық сақтау саласында абыройлы еңбек, етіп жүрген азаматтың бірі -жоғары санатты дәрігер, бұл күнде Қызылорда қалалық ауруханасының бас дәрігері Асылбек Тоқмырзаұлы Тоғызбаев . Ол 1990-1994 жылдары Жаңақорған аудандық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет істеді. Асылбек Тоғызбаев аудандық ауруханаға бөлінетін қаржының көбеюіне ықпал жасады. 1961 жылы салынып, содан бері күрделі жөндеу көрмеген аудандық аурухана ғимаратын толық жөндеуден өткізді. Алғашқы екі жылда денсаулық сақтау саласына 11 санитарлық автокөлік алынды. Жедел жәрдем, жандандыру бөлімдері ашылды. Балалар СҮТ кухнясы ұйымдастырылды. Түгіскен, Сунақата, Юбилейный елді мекендерінен дәрігерлік амбулаториялар ашылды. Бірқатар ауылдық ауруханалардың материалдық-техникалық жағдайлары біршама жақсарды. -Жақсының жақсылығын айту керек,- дейді кейін Асылбек Тоғызбаев, - сол кездегі Республика Қаржы министрінің орынбасары, осы ауданның азаматы Мырзахмет Ауановтың тікелей көмегімен облыста бірінші болып Жаңақорған ауданы Жапонияның УЗИ және эндоскопия аппаратын алып, халық игілігіне пайдаландық. Ауданға 3 жылда 13 жас дәрігер маман келіп қосылды. Басқа да медициналық құрал-жабдықтар алынып, дәрігерлердің ауруларға ем жасау мүмкіндіктері артты. Соның нәтижесінде Жаңақорған ауданында балалардың шетінеуі екі есеге азайып, бірде бір ана өлімі болған жоқ. Қазір Қызылорда қалалық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарып жатқан Асылбек Тоқмырзаұлы Тоғызбаев 2008 жылы Тәуелсіздік КҮНІ мерекесі қарсаңында «Құрмет» орденімен марапатталды.
СҰЛТАНБЕК ӘЛҚОЖАЕВ,
Жаңақорған кентінің Құрметті азаматы,
аудандық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі
Сұлтанбек Башарұлы Әлқожаев 1944 жылы 2 мамырда Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында дүниеге келген. 51 М.Қаратаев атындағы орта мектепті 1961 жылы ойдағыдай бітіріп, сол жылы Алматы Мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне ТҮСІП, 1967 жылы бітіріп шығады. Сол жылы ол еңбек жолын Жаңақорған аудандық ауруханасында дәрігер-хирург болып бастайды. Сұлтанбек Әлқожаев 1975 жылдан бастап қазірге дейін аудандық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі болып абыройлы еңбек етіп келеді. 1977 жылдан бастап 1-ші санаттағы, ал 1995 жылдан бастап Жоғары санаттағы хирург. Мәскеу, Минск, Алматы қалаларындағы білімін жетілдіру институттарында оқып, білімін көтеріп қайтты. Кезінде СССР Хирургиялық қоғамның пленумына, Қазақстан хирургтарының республикалық съезіне делегат болып қатысты. Сұлтанбек Әлқожаев облыстық хирургия қоғамының мүшесі, 30 жылдан аса аудандық денсаулық сақтау бөлімінің медицина кеңесінің мүшесі. 2001 жылы ауданның «Жыл Адамы» атанды. Медицина саласы бойынша жоғары орындардың бірнеше Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталған. Сұлтанбектің еңбегі облыстық, республикалық басылымдарда мадақталып жазылған. Ол - «Астана 10 жыл» медалінің иегері, ол - Жаңақорған кентінің Құрметті азаматы, ол - ҮЛГІЛІ отбасы. Алты ұл-қыз өсіріп тәрбиелеген, екі баласы ғылым кандидаты.
Сұлтанбектің еңбегін ел таныған.
МЕКТЕП - КЕМЕ, БІЛІМ - ТЕҢІЗ
Қазан төңкерісіне дейін Жаңақорған ауданы көлемінде мешіттер жанында діни оқулар болған. Жаңақорған қонысында алғаш рет 1904 жылы Омар төренің ұйымдастыруымен 2 жылдық қазақ-орыс мектебі ашылды. Мектеп 1904-1905 оқу жылында Омар төре Жанғалиннің бастауымен салынған үлкен қыш үйге орналасады.Мектептің алғашқы мұғалімдері Омар Жанғалин, Байнияз Хангелдиндер еді. Омар төре Жанғалин Ташкенттің мұғалімдер даярлайтын гимназиясын бітірген. Кейінірек Петербургте дәріс алған білімді де ұйымдастырушы азамат болды. Ол қармақшылық төре еді. Жаңақорғандағы бұл орыс-қазақ мектебін тұңғыш бітіріп шыққандардың бірі - көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері Садықбек Сапарбеков, Бегайдар Аралбаев. Кеңес Одағы дәурінде бұл қыш мектепке № 51 орта, одан кейін № 169 орта мектептері орналасты. 1918 жылғы 16 қазанда қабылданған «РСФСР бірыңғай еңбек мектебі туралы» Ережеге сәйкес екі басқыштық мектеп жүйелері бекітілді. 1 басқыш - оқу мерзімі 5 жыл, 8-13 жастағы балалар ҮШІН, 2 басқыш - оқу мерзімі 4 жыл, 13-17 жас-тағы балалар ҮШІН. 1918-1919 оқу жылында ашылған Жаңақорған мұсылман училищесі 1 басқышының 1 класына 70 бала қабылданып оқыды. 1920 жылы Жаңақорғанда алғаш рет орыс-қазақ семинариясы ашылып, 1920-1921 оқу жылында 1 класқа 46 оқушы, 2 класқа 37 оқушы, 3 класқа 17 оқушы қабылданып дәріс алды. Төменарық мұсылман училищесі 1 басқышының 1 класында 44 оқушы, Герасимов атындағы орыс училищесінің 1 класында 24 оқушы, 2 класында 9 оқушы оқыды. Бесарық мұсылман училищесінің 1 класында 57 бала, Өзгент училищесінің 1 класында 30 бала оқып білім алды. 1921-1922 оқу жылында Жаңақорғандағы мектепте 120 бала оқыса, мұнда 4 мұғалім сабақ берді. Төменарықтағы мектепте 81 бала оқып, 4 мұғалім сабақ берді. Бесарықтағы мектепте 91 балаға 3 мұғалім, Өзгенттегі мектепте 62 балаға 2 мұғалім дәріс берді. Жаңақорған ауданында сауатсыздықты жою мектептерінде сабақ бергендердің қатарында Низамутдин Илялетдинов, Самат Әшімов, МҮТӘЛІП Нұрманов, Рәзия Құлымбетова, Оразбек Қашқынов, Әбдіхалық Мұсабеков, Асан Шерімов, Әбіласан Әшірбеков, Әбдіқадыр Қансейітов, Таңқашбек Төрегелдиев, Анарбек Төкеев, Төлепберген Арынов, тағы басқа ардагерлер болды. 1936 жылы ауданда жаңадан 6 мектеп ҮЙІ салынып пайдалануға берілді. 2 жетіжылдық, 26 бастауыш мектеп жұмыс істеді. Жетіжылдық мектептерде - 545 бала, бастауыш мектептерде - 2699 бала оқыды.
1935 жылы алғаш рет таудан 100 балалық пионер лагері ашылды. 1940 жылы ауданда 2 орта мектеп (Жаңақорған қазақ орта және Төменарық орыс орта мектептері), 6 жетіжылдық (Қандыарал, Октябрь, Ынтымақ, Жаңарық, Талап, Бірлік) мектептері, 16 бастауыш мектеп болып, бұларға 2589 оқушы тартылды. 1945 жылы ауданда 3 орта, 9 жетіжылдық, 8 бастауыш мектеп жұмыс істеді. Жетім балалар (детдом) оқитын бастауыш мектеп ашылды.
Аудан орталығында Пионерлер ҮЙІ жұмыс істеді. 1958 жылы ауданда 5 орта, 10 жетіжылдық, 9 бастауыш мектептерде 282 мұғалім сабақ берсе, бұлардың ішіндегі 104 мұғалімнің жоғары білімі болды. 4 орта, 3 жетіжылдық мектептер жанындағы бюджеттік интернаттарда балалар жатып оқыды. 1971 жылы ауданда 12 орта, 18 жетіжылдық, 8 бастауыш мектеп болды. Осы жылы ауданда орта білім беру жүйесін ұлғайту мақсатында сырттай оқыту орта мектебі ұйымдастырылып, оның алғашқы директоры болып Әнуар Мәженов тағайындалды. 1972 жылы аудан орталығынан алғаш рет балалар музыка мектебі ашылып, мектеп директоры сазгер-әнші Бексұлтан Байкенжеев болды. Кезінде мектептің Түгіскен, Төменарық, Шалқия орта мектептері мен аудан орталығындағы «Арман» мәдениет ҮЙІ жанында филиалдары жұмыс істеді. 1982 жылы № 54 ЖҮСІП Қыдыров атындағы орта мектеп жанынан балалар музыка мектебі ұйымдастырылды.
Ауданда 2 жасөспірім спорт мектебі жұмыс жасады. 1971 жылы білім беру жүйесінің барлық көрсеткіштері бойынша аудандық оқу бөлімі (меңгерушісі Мақсұт Ибрагимов) жарыс қорытындысында республикада бірінші орынды жеңіп алып, 14 мың сом ақшалай сыйлыққа ие болды. Елді мекендерде жыл өткен сайын халық санының өсіп, балалардың көбеюіне байланысты жаңадан мектептер ашылып, жоғары сынып оқушыларының саны артып отырды. 1978 жылы ауданда 19 орта, 13 сегізжылдық, 6 бастауыш мектеп оқушыларға білім берді. Осы жылы аудан орталығынан оқушыларға кәсіптік мамандық беретін мектепаралық оқу өндіріс комбинаты ашылып, бұл комбинат 1994 жылға дейін жұмыс істеді. Комбинаттың алғашқы директоры Жұмаділла Сөкенбаев болды. 1984 жылы аудан орталығынан Жас натуралистер стансасы ашылып, жұмыс жүргізді. Мұның сол кездегі директоры Ғазис Құлымбетов болды. Ауданда жас ұрпақтарға сапалы білім, саналы тәрбие беру кезінде көп жылдар бойы еңбек еткен ұлағатты ұстаздар аз болмады. Олардың ішінде қос Ленин орденді Низамутдин Илялетдинов (1898 жылы ақпанда Татарстанда туған -1967 жылы тамызда Жаңақорғанда қайтыс болған) елеулі еңбек сіңірді. Қазір аудан орталығындағы № 169 орыс орта мектебі Низамутдин Илялетдиновтың есімімен аталады. Жаңақорған кентіндегі бір көшеге оның есімі берілген. Ұлағатты ұстаздардың бірі, Ленин орденінің иегері Қосман Жұматаев (1926 жылы туып, 1994 жылы қайтыс болған) еді. Ол 1950-1956 жылдары Ленин атындағы және Тақыркөл сегізжылдық мектептерінің директоры болды. 1957-1961 жылдары № 54 Октябрь (қазір ЖҮСІП Қыдыров атындағы) орта мектебінде ұстаздық етті. 1963-1964 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясында ғылыми қызмет-кер болып істеді. 1968 жылдан өмірінің соңына дейін «Қазақ Совет Энциклопедиясында» Әдеби-бақылау редакциясының меңгерушісі және энциклопедияның Бас редакциясы жанындағы терминологиялық комиссияның мүшесі болды. Ол көп томдық энциклопедиядағы бірқатар материалдардың да авторы. «Кеңес» ауылындағы бір көшеге Қосман Жұматаевтың есімі берілді. Сондай-ақ «Құрмет белгісі» орденінің иегерлері Еркінбек Қожатов, Зікір Қошқаров, Зинаида Косолапова, «Қызыл Ту» орденінің иегері Мамырай Үсенов, СССР Халыққа білім беру қызметінің озаты Әбіласан Әшірбеков, Рәзия Құлымбетова, А.А.Нам, Л.А. Исакова, СССР халыққа білім беру қызметінің озаттары Зинабдин Шермағанбетов, Төлеген Шәметов, Бегман Әбжәлелов, ЖҮНІС Үпенов, В.М. Дудина, Нығмет Сыдықов, Мағжан Махамбетов, Өтеген Увайдаев, Мәткәрім Досжанов, Оразбек Мәмбетов, Нұртас Шалысбайұлы, Базарбай Бибасаров, Ә. Қансейітов, С.Сапарбаев, Ә.Мұсабеков, Ә. Абылов жас ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеуде көптеген ұстаздармен бірге өздерінің білімдері мен тәжірибелерін жұмсай білді. Сонымен қатар өткен жылдар ішінде ауданда 95 мұғалім Қазақ ССР халыққа білім беру ісінің ҮЗДІГІ, 32 мұғалім «Білім озаты» атағына ие болды. 1990 жылы ауданда оқу-ағарту саласы ұлғая ТҮСТІ. Ауданда 31 орта, 5 орталау, 8 бастауыш мектеп жұмыс істеді. Барлық 44 мектепте 17662 оқушы тартылып, бұған 1535 мұғалім дәріс берді. Мектептер жанындағы 7 интернатта 300 бала жатып оқыды. Сырттай оқыту мектебіне 200 адам тартылды. Аудандағы 3 музыка мектебінде 810 оқушы оқыды. 2 спорт мектебіне 1100 жасөспірім қатысты. Жас техниктер мен жас натуралистер стансасы 800 оқушыны қамтыды. Мектепаралық оқу өндірістік комбинатында (кейінгі жылдары болған директорлар Нәдір Айсынов, Әбибулла Балабиев, Қалдар Тұңғышбаев т.б.) 740 оқушы кәсіптік мамандықты оқып үйренді. 1992 жылдан аудан мектептері қосалқы шаруашылықтармен айналыса бастады. Мектептерде шеберханалар, цехтар, шағын кәсіпорындар, әр түрлі тұрмыстық қызмет көрсету топтары жұмыс істеді. 1995 жылы аудан мектептеріндегі қосалқы шаруашылықтарда 334,5 гектар жер игерілді. Мұның ішінде 94 гектар бидай, 190 гектар күріш, 45 гектар мақсары, 50 гектар бау-бақша, барлығы 14 түрлі дақыл егілді. 1935-2000 жылдар аралығында аудандық оқу бөлімінің (кейін білім бөлімінің) меңгерушісі болғандар - Қ.Жайлыбаев, Пайыз Әлімбетов, Дәуренбеков, Анарбек Төкеев, Өскенбай Қисықов, Жәреке Асанбаев, Ахмет Бапиев, Қани Мұсабеков, Жүндібай Жайпанов, Әбіласан Әшірбеков, Бақытжан Еспаев, Дәумен Шоманов, Әбдіхалық Әйтілеуов, Мақсұт Ибрагимов, Анарбек Асанов, Жұмабай Жәнібеков, Зинабдин Шермағанбетов. Жастарға кәсіптік мамандық беруде кәсіптік-техникалық училищелердің маңызы зор болды. 1961 жылы аудан орталығынан ауыл шаруашылығы механизаторларын даярлайтын № 187 училище ашылды. Алғашқы директоры Шарап Зареров болды. 1961-1968 жылдары училищені 1000 оқушы бітіріп шықты. 1968 жылы селолық кәсіптік-техникалық училище, ал 1971 жылы орта білім қоса берілетін орта кәсіптік-техникалық училище болып қайта құрылды. 1968-1990 жылдары 7842 оқушы қабылданып, 6968 оқушы кәсіптік мамандық алып бітіріп шықты. 1986 жылы № 17 кәсіптік-техникалық училище болып аталды. 1996 жылдан бастап училище № 13 Жаңақорған кәсіптік-техникалық мектебі болып өзгертілді. Мұнда 1963-1968 жылдары Тұрсынхан Нысанбаев, 1968-1972 жылдары Мұсахан Жапаров, 1972-1977 жылдары Әбдімәлік Оспанов, 1977-1986 жылдары Мақсұт Ибрагимов, 1986-1990 жылдары Әбибулла Балабиев, 1990-1994 жылдары қайтадан Мақсұт Ибрагимов директор болды. СССР және Қазақ ССР Халық ағарту ісінің ҮЗДІГІ Мақсұт Ибрагимов кәсіптік-техникалық училищені басқарып тұрған жылдары 6 рет облыстың, 4 рет республиканың Ауыспалы Қызыл туы мен ақшалай сыйлықтарын жеңіп алды. Ал 1994-1999 жылдары Жаңаберген Ахатаев, 1999-2001 жылдары Қалмырза Ильясов, Мәметәлі Мырзабаев, 2001 -2005 жылдары Нұрберген Тастаев, 2005 жылдан қазірге дейін кәсіптік мектеп директоры осы мектептің түлегі болған Мадияр Ахметов басқарып келеді. 1961 жылдан қазірге дейін бұл кәсіптік мектептен 15900 жұмысшы мамандар даярланды. Бұлардың арасынан елге белгілі азаматтар шықты. Мадияр Ахметов (1956 ж.туған) - 1974 жылы қазіргі өзі басқарып отырған кәсіптік мектепті ҮЗДІК дипломмен бітіріп, Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының Қызылорда филиалын ойдағыдай тәмамдап инженер-механик мамандығын алып шыққан. Бұдан соң ол 1991-2005 жылдар аралығында «Сельхозхимия» мекемесінің бастығы «Келінтөбе» кеңшарының директоры, Жаңақорған кентінің әкімі, басқа да жауапты қызметтер атқарып келген. БҮГІНГІ таңда мектепте барлығы инженер-педагогикалық қызметкерлерді қосқанда барлығы 105 ұжым мүшелері қызмет етуде. Мектепте 22 оқу кабинеті, 6 зертхана, 3 шеберхана, автотрактодром, жаттығу алаңы, оқу шаруашылығы бар. Оқушыларға 200 орындық мәжіліс залы, 52 орындық жатақхана, 60 орындық кітапхана, 160 орындық асхана және монша, типтік жобамен салынған спорт залы мен алаңдары қызмет етеді.
ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ
Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкенов алматылық ақын Әсімхан Қосбасаровпен өзінің бір қақтығысында: Сыр бойынан мен келдім, Сүлейлердің мекені.
Сыр туралы сыр шерткен, Ақын болып кетеді, - деп айтқандай, «Сыр елі- жыр елі» атанған өнер сұйген, табиғатынан әнге әуес, күйге ынтық, жырға құмар Сыр бойы халқының рухани қазынасы өте бай болса, ел мәдениеті мен әдебиетін, өнерін өрге бастырған және сол рухани туымызды көтеріп келе жатқан дара тұлғаларымыз бен талантты жастарымыз да аз емес. Сондай өнерлі өлкенің бірі - Жаңақорған ауданы. 1938 жылы ауданда 1 аудандық клуб, 1 темір жол клубы, 4 ұжымшар клубы, 1 аудандық кітапхана, ауылдық Кеңестердің жанында 12 кітапхана жұмыс істеген. Бұлардағы кітап қоры 976 дана болған. Кітапханалар 43 газет, 38 журнал алып отырған. Клубтарда 7 патефон, 6 биллиард, 12 шахмат, 2 радиоқабылдағыш болған. 1946 жылы қаңтарда ақындардың аудандық слеті өткізілді. Мұнда ақындар айтысы ұйымдастырылды. Айтыста халық ақыны Нартай Бекежанов, жыршы-термеші Әбужүсіп Баймұратовтар қазылық жасады. «Октябрь» ұжымшарының атынан Сәдібеков пен «Екпінді» ұжымшарынан Төлепова, «Ынтымақтан» Дүйсембаева мен «Жаңақұрылыстан» Молдабаев, «Октябрь» ұжымшарынан Ибрагим Шыназбаев пен Жаңақорған қонысынан Тұрсынбай Ахметов, «Кеңесарықтан» Манап Көкенов пен «Елтайдан» Әбжан Құрышжанов айтысқа ТҮСТІ. Ақындар айтысы қызықты да тартымды өтеді. Айтыс қорытындысында І орынды Тұрсынбай Ахметов жеңіп алып, сыйлыққа 1 сиыр мен 1 етік алады. 2 орынды иеленген Сәдібеков 1 сиыр, 3 орынға шыққан Төлепаова 1 қашар алады. Сыйлыққа Шыназбаев, Құрышжанов, Көкеновтер 1 қой мен 1 етіктен, Дүйсембаева 1 қой алады. 1947 жылы ауданда 2 клуб, 3 кітапхаа, 9 оқу ҮЙІ, 1 қызыл отау болды. № 1 қызыл отауда (меңгерушісі Манап Көкенов) аздаған кітап қоры, 1 граммофон мен 1 радиоқабылдағыш, қолмен айналдыратын 1 қиноқондырғы болды. Қызыл отау киіз ҮЙДІ түйеге артып, малшылардың жазғы жайлауларын аралап, көшіп-қонып мәдени қызмет көрсетті.
ОҢҒАРБАЙ ОРАЗБАЙҰЛЫ, аудандағы тұңғыш киномеханик.
(1907-1968)
Оңғарбай Оразбайұлы 1907 жылы Жаңақорған қонысында туған.
Оңғарбай Оразбайұлы ауданға жаңалық әкелген тұңғыш киномеханик болды. Ол аудан орталығындағы қыш мектепте 1 кластың алғашқы бір тоқсанын ғана оқып, әрі қарай тұрмыс жағдайына байланысты оқи алмай қалса да, бойына біткен қабілетдарынының арқасында қолынан өнері тамған шебер болды. Әкесі Оразбай темірден ТҮЙІН түйген, қаңылтырды түрлі бұйымға ыңғайлап иген темір ұстасы еді. Оңғарбай да ҮЙ тұрмысы заттарын, зергерлік бұйымдар жасаудың хас шебері болып өсті. Ол аудандағы алғашқы фотограф та болды. Соның арқасында соғысқа бармай бронмен қалды. Ауданға келген қолмен айналдыратын алғашқы мылқау (сөйлемейтін) киноқондырғының да киномеханигі Оңғарбай болды. Ол ұжымшарлар мен елді мекендерді аралап жүріп, кинолентаны қолмен айналдырып, кино уақиғасын өзі ауызша түсіндіріп кино көрсетіп жүрді. Кейін жетілген киноаппаратура келгенде де, оның да алғашқы киномеханигі өзі болды.
Оңғарбай Оразбайұлы 1968 жылы дүниеден өтті.
Оңғарбайдың темір ұсталығы оның мұғалім болған қызы Сәпияға қонып, ол да жұрттың әжетін шығарып жүрді. Оңғарбайдың сіңірген еңбегі ескеріліп, ол дүниеден өткен соң Жаңақорған кентіндегі бір көшеге Оңғарбайдың есімі берілді. Қазақтың белгілі ақыны Жүсіп Қыдыров кезінде Оңғарбайды өзінің бір шығармасына кейіпкер етіп алған.
1953 жылы ауданда 1 мәдениет ҮЙІ, 2 ауылдық клуб, 7 кітапхана, 9 оқу ҮЙІ, 2 тұрақты, 2 жылжымалы киноқондырғы болды. Жаңадан қызыл отаулар ұйымдастырылды. Сөйтіп, қызыл отаулардың саны төртке жетті. № 1 қызыл отауды ақын Манап Көкенов басқарса, қалған 3 қызыл отаудың жұмыстарын ақын-әнші Есіркеп Қоңқабаев, өнерпаз жігіттер Нәлтайхан Қыжыров пен Қалдан Жиенбаевтар жүргізді. 1990 жылы ауданда 4 мәдениет ҮЙІ, 24 селолық клуб, 2 қызыл отау, 16 автоклуб, 5 халықтық атағы бар өнер ұжымы, 1 Халық ақыны Манап Көкеновтың шығармашылық өнер мектебі, 5 тұрақты киноқондырғы халыққа мәдени-көпшілік қызмет көрсетті. Аудандағы 38 кітапханада кітап қоры 836 мың данаға жетті. 28 мыңға тарта оқырман болды. Ауданда мал төлдету, қоғамдық мал азығын дайындау, егін жинау науқаны кездерінде мәдени-үгіт бригадаларының сапарлары тұрақты ұйымдастырылып тұрды. 1991 жылы мамыр айының 17-19 жұлдыздары аралығында Халық ақыны Манап Көкеновтың шығармашылық өнер мектебінің тікелей ұйымдастыруымен Жаңақорған аудандық Мәдениет үйінде республикалық аймақтық ақындар айтысы болып өтті. Үш күнге созылған бұл жыр додасына Шымкент облысынан Қазақстанның Халық ақыны Әселхан Қалыбекова, Жамбыл қаласынан Әзімбек Жанқұлиев Түркістаннан Манап Көкеновтың ұлы ақын Әбдікәрім Манапов, Шымкенттік жас ақын қыз Қалима Жетпісова, жүлдегер атанып жүрген Өзбекстан Республикасы Шыршық қаласының ақыны Әшірамат Мұсаұлы, қармақшылық айтыс ақыны Серік Ыдырысов, Қызылорда қаласының ақыны Жәмила Ахметова және жаңақорғандық ақындар Нұрберген Тастаев, Әмір Мәжитов, Аманбай Өтебаев, Жұмабай Шерниязов, Асқар Дүйсенбиев қатысты. Ақындар айтысының негізгі тақырыбы экология және халықтар достығы болды. Аудандық мәдениөт бөлімін 1948-1950 жылдары Әбен Үржігітов, 1950-1952 жылдары Өскен Битабаров, 1952-1953 жылдары Бекарыс Абдуллаев, 1953-1955 жылдары Әбдікәрім Бимырзаев, 1955-1960 жылдары Ерман Әйтпенбетов, 1961-1962 жылдары Әбілқасым Иманбердиев, 1963-1966 жылдары (Шиелі мен Жаңақорған қосылған жылдары) Жақаш Қоңыратбаев, 1966- 1973 жылдары Мавжуда Бегалиева, 1973- 1990 жылдары Әбілтай Сүлейменов, 1990-1992 жылдары Есен Оңалбаев,1992-1995 жылдары Махмуд Әуезов, 1995- 1996 жылдары Зайнидин Әбусейітов, наурыз 1996- қазан 1996 жылы Дүйсен Сыздықов, қараша 1996- шілде 1999 жылдары Нұрберген Тастаев, шілде 1999-2002 жылдары Әбдірейім Өміров, 2002- қазан 2004 жылдары Нұрдин Палуанов, қазан 2004- желтоқсан 2007 жылдары Әбілхайыр Сыздықов, 2008 жылғы қаңтардан- қыркүйекке дейін Жадыра Шертекова басқарып келсе, ал 2008 жылғы қазан айынан бастап Әбілхайыр Сыздықов қайта қолға алды. Сондай-ақ осы кезеңдерде аудандық киноландыру жүйесін Ерман Әйтпенбетов, Зұлпыхар Байзақов, Жақсыгүл Бегманова, Өлмесхан Болатбеков, Ізатілла Нәрзілдаев, Ербол Сәрсенов басқарып, халыққа қызмет көрсетті.
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ, ҒАЛЫМДАР, АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР МЕН ӨНЕР ИЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЕҢБЕГІ ЕЛЕУЛІ АЗАМАТТАР
Қазыналы Қаратау алқабы мен сұлу Сыр бойын жайлап жатқан Жаңақорған өңірінің қасиетті топырағынан елге танымал қоғам қайраткерлері, білімдар ғұламалар, ақын-жазушылар мен өнер иелері, еңбегі елеулі азаматтар шыққан. Жаңақорған өңірі осынау азаматтарымен тұлғаланып, Жаңақорған аспаны осынау азаматтарымен биіктеп тұрады.
ИСАТАЙ ӘБДІКӘРІМОВ,
Социалистік Еңбек Ері.
(1923-2001)
Исатай Әбдікәрімов 1923 жылы 15 мамырда Жаңақорған ауданының Өзгент ауылында туған. 1952 жылы Қызылордадағы Н. В. Гоголь атындағы педагогикалық инсти-утын, 1954 жылы КПСС Орталық Комитетінің Жоғары партия мектебін, 1962 жылы Қызылорда гидротехникумын бітірген. 1935-1940 жылдары ауылшаруашылық техникумында, ауылшаруашылық институтында оқыды. Ол өзінің еңбек жолын 1940 жылы Жаңақорған аудандық «Екпінді» газеті редакциясының әдеби қызметкері болып бастады. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. Гвардиялық полк командирі, атқыштар бригадасының командирі болды. Әскери қызметтен оралғаннан кейін 1946-1948 жылдары И.Әбдікәрімов Жаңақорған аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, Қармақшы аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет істеді. 1949 жылдан бастап облыстық партия комитетінің аппаратында нұсқаушы, сектор меңгерушісі, партия органдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1953-1955 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, облыстық Кеңесі атқару комитетінің хатшысы болды. 1955 жылдан И.Әбдікәрімов Шиелі аудандық партия комитетінің МТС аймағы бойынша хатшысы, Шиелі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қармақшы өндірістік басқармасы партия комитетінің хатшысы, Жалағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1972-1978 жылдары Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. 1978 жылдың желтоқсанынан 1979 жылғы желтоқсанына дейін Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Төрағасы болды. Исатай Әбдікәрімов КПСС ХХІҮ съезінің делегаты, СССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ол Отанына сіңірген зор еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды, екі рет Ленин орденімен, Октябрь революциясы, «Құрмет белгісі» ордендерімен және СССР медальдарымен марапатталды. Оның 1993 жылы «Көп екен көргенімнен көрмегенім» атты естелік кітабы жарық көрді. Жаңақорған ауданының «XX ғасыр Адамы» құрметіне ие болды. Исатай Әбдікәрімов 2001 жылы 7 сәуірде дүниеден өтті. Ол туралы «Дүниеден ғажайып бір жан өтті» атты естеліктер кітабы (2002 ж.) шықты.
МҰХТАР ӘЛИЕВ, Қазақстанның Халық Қаһарманы,
академик, «Әлем азаматы».
Мұхтар Әлиев 1933 жылы 2 ақпанда Жаңақорған ауданына қарасты Төменарық стансасы темір жол қараушысының отбасында дүниеге келді. Мұхтар Әлиев 1953 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне түседі. Оны бітіргеннен кейін Шымкент облысы Қызылқұм ауданының орталық ауруханасында бас дәрігер және хирург болып істейді. 1958-1960 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтының ординаторы болды. 1960-1963 жылдары Республикалық клиникалық аурухананың дәрігер-хирургі, Он-кология және радиология ғылыми зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері, Алматы қалалық екінші ауруханада хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1963-1966 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтының факультеттік хирургия кафедрасының аспиранты, 1966-1969 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтының факультеттік хирургия кафедрасының ассистенті, 1969-1976 жылдары Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының кафедра меңгерушісі, доценті болды. Мұхтар Әлиев 1966 жылы «Жедел сәуле ауруы кезінде артерияны емдеу» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын, ал 1974 жылы «Түйдектелген сәулемен зақымдалған артерияны емдеу» деген тақырып бойынша докторлык диссертациясын қорғады. 1976 жылы оған профессор атағы берілді. 1978-1982 жылдары Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрлігінің бас хирургі, Бүкілодақтық хирургтер қоғамы басқармасының мүшесі болып сайланды. 1980-1985 жылдары А.Н.Сызғанов атындағы Қазақ клиникалық және эксперименттік хирургия ғылыми-зерттеу институтының директоры, 1982-1987 жылдары Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрі болды. М.Әлиев - 1983 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. Осы жылы «Советское здравоохранение» журналы редакция алқасының мүшесі болды. 1983 жылы XІ сайланған, 1985 жылы XІІ сайланған, 1990 жылы XІІІ сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 1988 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының толық мүшесі (академигі), Дүниежүзілік ассоциация мүшесі, 1986 жылы Қазақстан Компартиясының ХҮІ съезіне делегат және Қазақстан КП Орталық Комитетіне мүшелікке кандидат болып сайланды. Академик Мұхтар Әлиев 1987 жылы А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығының директоры болды. Ол СПИД-тен алдын ала сақтандыратын және оған қарсы күресетін республикалық қоғамдық комитет ұйымдастырып, оған төрағалық етті.
«Хирургия», «Денсаулық» журналдарының редакциялык алқасының мүшесі болды. Академик Мұхтар Әлиев АҚШ-тың Балтимор қаласының Құрметті азаматы және Кентуки штатының Құрметті полковнигі. Ол - Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының 2 мәрте иегері. Ол - Нью-Йорк Ғылым академиясының және Еуропа Ғылым академиясының мүшесі, Республикалық хирургтер ассоциасының Президенті, Қазақстан медицина Ғылым академиясының Президенті болды. Ол -Түркістан қаласының, Жаңақорған, Қызылқұм аудандарының Құрметті азаматы. Ол - «Әлем Азаматы». Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен академик Мұхтар Әлиевке Қазақстанның Халық Қаһарманы атағы беріліп, Алтын жұлдыз медалі тапсырылды. Мұхтар Әлиев республикада бірінші болып өт қабын, аналық бездің ісігін алып тастау операциясын және Казакстан мен Орта Азияда тұңғыш рет балаларға бүйрек ауыстырып салу операциясын жүзеге асырды. Сондай-ақ өзінің ғылыми қызметінде іш және көкірек хирургиясы мәселелеріне көп көңіл бөлді. Бұлар өңеш, төс асты немесе айыршық без, асқазан, ұлтабар, тоқішек, бауыр және өт шығару жолдары, өкпе, қан тамырлары хирургиясына қатысты. Барлығы 16 мың операция жасады. Академик М.Әлиевтың жетекшілігімен 34 докторлық және 45 кандидаттық диссертация қорғалды. Ол 600-дей ғылыми еңбектің авторы, олардың ішінде 50 монография, 15 ғылыми еңбек жинағы, 127 жаңалықтар патентінің авторлық куәлігіне ие. Ол Жаңақорған ауданының «XX ғасыр Адамы» деп танылды.
БЕРДІБЕК МАШБЕКҰЛЫ САПАРБАЕВ,
Қазақстан Республикасының Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі, экономика ғылымының докторы, Жаңақорған ауданының
«XX ғасыр Адамы».
Бердібек Машбекұлы Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда Жаңақорған ауданы Бесарық селосында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін ол еңбек жолын 1969 жылы Жаңақорған ауданындағы «Задария» кеңшарында жұмысшы болып бастады. 1971-1973 жылдары әскери борышын Германияда өтеді. 1977 жылы Алматы халық шаурашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірді. Бердібек Машбекұлы Сапарбаев 1977-1978 жылдары Қазақ ССР Қаржы министрлігінде алғашында экономист, кейіннен бас экономист, бөлім бастығының орынбасары қызметтерінде болды. 1988-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Басқарма бастығы, министрдің орынбасары болды. 1994 жылдың қаңтарынан тамызына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мен Министрлер Кабинетінің әлеуметтік және еңбек қорғау, қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1994 жылғы тамыздан 1995 жылдың наурызына дейін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Басқарма Істерінің әлеуметтік және еңбек қорғау, қаржы бөлімінің меңгерушісі, 1995 жылғы наурыздан қыркүйек айына дейін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппаратының басшысы, Республика Министрлер Кабинетінің мүшесі болды. 1995-1999 жылдар Қызылорда облысының, 1999-2002 жылдары ОҢТҮСТІК Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарды. 2003-2005 жылдары Қаржы министрлігінің Кеден комитетін басқарды. 2006 жылы қаңтардан Қазақстан Республикасы Үкіметінің Парламенттегі өкілі болды. 2007 жылдан Қазақстан Республикасының Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін абыроймен атқарып келеді. «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған. Бердібек Машбекұлы Сапарбаев экономика ғылымының докторы, ҮШ тілді жетік меңгерген. Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, Жаңақорған ауданының «XX ғасыр Адамы» . Бердібек Машбекұлының еңбек жолы жайлы жазушы Жақсылық Рахматулла «Жібек жолындағы жұлдыздар» атты деректі хиқаят жазып, 2000 жылы кітап етіп шығарды.
СЕЙІЛБЕК ШАУХАМАНОВ, Қызылорда облысының
Құрметті азаматы, Жаңақорған ауданының
«XX ғасыр Адамы», облыс ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Сейілбек Шаухаманов 1939 жылы 15 мамырда Жаңақорған ауданы Өзгент ауылында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын инженер мамандығы бойынша тәмамдаған және Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Экономика ғылымының кандидаты, саясаттанушы. 1962-1967 жылдары Шиелі РТС-нда бақылаушы-инженер болып жұмыс істеді. 1967-1968 жылдары Сырдария, Тереңөзек аудандық комсомол комитеттерінің бірінші хатшысы, 1968-1974 жылдары Тереңөзек ауданы Партияның XXІ съезі атындағы кеңшарға директор, 1975-1980 жылдары Жалағаш аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, 1980-1983 жылары Сырдария аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1983-1987 жылдары Шиелі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. 1987 жылдың маусым, шілде айларында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті партия органдары бөлімінің инспекторы, 1987 жылдың шілдесінде Талдықорған облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағалығына сайланды. Сейілбек Шаухаманов 1989 жылдың шілдесінде Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшылығына сайланды. 1991 жылдың қарашасынан 1992 жылдың ақпанына дейін Қызылорда облыстық Кеңесінің төрағасы болды. 1992 жылдың ақпанынан 1995 жылдың қыркүйегіне дейін Қызылорда облысының әкімі, 1995-1997 жылдары Республика Парламент Сенатының депутаты болды. Бұдан соң Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болды. Сейілбек Шаухаманов ауыл шаруашылығын дамытудағы белсенді қызметі ҮШІН екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісі», «Қазан революциясы» , «Халықтар достығы» ордендерімен марапатталған. Үш рет Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына, екі рет Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшелігіне сайланған. Ал КПСС ХХҮІІ съезінде Орталық Комитетінің мүшелігіне сайланған бірінші қызылордалық. Сейілбек Шаухаманов қазіргі кезде облыс ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қызылорда облысының Құрметті азаматы. Қазақстан мен Өзбекстанның Құрмет грамоталарымен марапатталған. Сырдария ауданының (Қызылорда облысы) және Хорезмнің (Өзбекстан) Құрметті азаматы. «Құрмет» орденімен марапатталған. Сейілбек Шаухамановтың 2006 жылы «Мұхтар Әуезовтың текаталары туралы, Ұрпақтардың ұлы үндестігі» атты және 2007 жылы «Иесі кім бұл елдің, киесі кім бұл жердің?» атты кітаптары шыққан.
ОРЫНБАСАР БӘЙІМБЕТОВ,
Социалистік Еңбек Ері.
Орынбасар Бәйімбетов 1930 жылы Жаңақорған ауданы Төменарық селосын да туған. О.Бәйімбетов жеті жылдық мектепті бітіріп, 15 жасынан жұмысқа араласты. Соғыстан кейінгі ауыр жыл, жанұясына көмектесуге тура келді. Екі жылдан кейін ол Қазалыдағы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумға түседі. Оны бітіргеннен кейін екі жыл жұмыс істеп, Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтта оқиды. Оны бітірген ол Төменарықта, «Бірлік» кеңшарында мал дәрігері болды. 1961-1962 жылдары еңбекші депутаттары Жаңақорған аудандық Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.1962 жылы Сырдария ауданы «1 Май» мал шаруашылығы кеңшарының директоры болып тағайындалды. Кеңшарда 5 жыл директор болған ол, бұрын артта қалған шаруашылықтың экономикасын жақсартты, мал басын өсіріп, өнімділігін арттырды. 1964 жылы О.Бәйімбетовке «Қазақ ССР-на еңбек сіңірген мал дәрігері» құрметті атағы берілді. 1966 жылы кеңшар ұжымы барлық көрсеткіштер бойынша мемлекеттік жоспарды артығымен орындап, өнімді 269 % орындады. Орынбасар Бәйімбетовтың бұл еңбегі жоғары бағаланып, СССР Жоғарғы Кеңесі Президиуымының 1966 жылғы 22 наурыздағы Жарлығымен оған Социалист Еңбек Ері атағы берілді. 1967 жылы О.Бәйімбетов Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1967-1970 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болды. 1970-1983 жылдары Орын-басар Бәйімбетов Шиелі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет істеді. Ол екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, Халықтар достығы орденімен марапатталған. Орынбасар Бәйімбетовтың Шиелі ауданы өмірінен жазылған «Шиелі шынарлары» (1980) атты кітабы жарық көрген.
Қазір Орынбасар Бәйімбетов Республикалық дәрежедегі зейнеткер.
Ол Жаңақорған ауданының «XX ғасыр Адамы» деп танылды.
МЫРЗАХМЕТ ҚОЖАХМЕТҰЛЫ АУАНОВ,
«Құрмет» орденінің,
«Ерен еңбегі ҮШІН» медалінің иегері.
Мырзахмет Қожахметұлы Ауанов 1944 жылы қазан айында Жаңақорған қонысында дүниеге келген. 1961 жылы аудан орталығындағы №169 Н.Илялетдинов атындағы орыс орта мектебін бітіріп, С. М. Киров атындағы Қазақтың Мемлекеттік университетінің экономика факультетіне оқуға түседі. Оқуды ойдағыдай тәмамдап, жоғары білім алып шыққан ол Республикалық Қаржы министрлігіне экономист болып қызметке орналасады. Мырзахмет Қожахметұлы кейін бөлім меңгерушісі, басқарма бастығы, одан соң Қаржы министрінің орынбасары қызметтерін атқарды. 1994 жылы Қаржы министрлігіне қарасты Қазынашылық департаментін ұйымдастырып, соны басқарады. Мырзахмет Қожахметұлы Ауанов - 1995 жылдан 1999 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. 1999 жылдан Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары, кейін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқару бөлімі бастығының орынбасары, қазіргі кезде осы бөлім бастығының кеңесшісі болып қызмет атқарып келеді. Мырзахмет Ауанов «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі ҮШІН» медалімен және «Астана -10 жыл», «Ата Заң - 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.
СҰЛТАН САРТАЕВ,
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Ғылым Академиясының академигі,
Заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, Қызылорда облысының
Құрметті азаматы, Жаңақорған ауданының
«XX ғасыр Адамы».
Сұлтан Сартаев 1927 жылы 15 қазанда қазіргі Жаңақорған кентінде дүниеге келген. Сұлтан Сартаев аудан орталығындағы қазіргі № 51 М.Каратаев атындағы қазақ орта мектебін (қыш мектепте) ҮЗДІК бітіріп шыққан. Бұдан соң ол 1949 жылы Алматы Мемлекеттік заң институтын бітіріп, 1952 жылы Мәскеу Мемлекеттік заң институтының аспирантурасын тәмамдаған. Ол 25 жасында кандидаттық диссертациясын қорғап, оның кандидаттык еңбегі - «Қазақ АССР-ның құрылуы мен дамуы» атты авторефераты Мәскеу баспасынан кітап болып басылып шыққан. 1952-1955 жылдары Алматы Мемлекеттік заң институтында аға оқытушы, доцент, мемлекеттік құқық кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1955-1995 жылдары қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде доцент, кафедра меңгерушісі, заң факультетінің деканы болды. 1970 жылы Мәскеудегі М. В. Ломоносов атындағы мемлекеттік университетте екі томдық, жалпы көлемі 1000 беттен асатын «Социалистік мемлекеттілікті құру және Қазақстандағы халық өкілдері органдарының проблемалары» атты тақырыпта докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғады. 1971 жылы оған профессор атағы берілді. 1975 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды. 1992 жылдан өзі ұйымдастырып құрған Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының (КИПМО) ректоры болды. 1996 жылы Қазақстан Республикасының әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, ал 2002 жылы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі болып сайланды. Сұлтан Сартаев ұзақ жылдар бойына ұстаздық етумен бірге, 50 жылға жуық ғылыми дәреже беретін Ғылыми Кеңесті де басқарып, қаншама заңгерлерді, ғылым кандидаттары мен докторларын даярлап шығарды. Қазақстан Заңгерлер одағының президент СССР Заңгерлер одағы төрағасының орынбасары болып сайланды. Қазіргі кезде Қазақстан Заңгерлері ассоциасының вице-президенті, ТМД мемлекеттері заңгерлерінің Мемлекеттік емес халықаралық Одағының төрағасының орынбасары қызметін атқаруда. Ол 1961 жылғы Қылмыстық, қылмысты-процессуалдық, азаматтық және азаматтық-процессуалдық Кодекстерін жасауға қатысты. «Тіл туралы концепция» мен «Тіл туралы» Заң жобасын жасау жөніндегі Комиссияның Төрағасы болды. Сұлтан Сартаев 2 рет (XІІ және XІІІ шақырылған) Республика Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланып, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің алғашқы негізін қалауға, оның құқықтық базасын жасауға өлшеусіз үлес қосқан қоғамдық-саяси қайраткер. «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның» жобасын жасады, «Республика Президентінің лауазымын енгізу туралы» Заңды, «Мемлекеттік Тәуелсіздік туралы» Конституциялық Заңды, «Қазақстан республикасынң азаматтығы туралы» Заңды жасауға белсене қатысты және бұлар туралы Жоғарғы Кеңестің сессияларында баяндамалар жасады. Кезінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Президенттік Кеңестің мүшесі, сонымен қатар Президент жанындағы Кешірім жасау Комиссиясының Төрағасы болып тағайындалды. Академик Сұлтан Сартаевтың ел алдындағы еңбегі әрдайым жоғары бағаланып келеді. «Құрмет белгісі» (1981), «Парасат» (2001), «Құрмет» ордендерімен, Қырғыз Республикасының жоғары наградасы - «Даңқ» (2008) орденімен және бірнеше медаль, Құрмет грамоталармен марапатталды. Қазақстан Ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, Жаңақорған ауданының «XX ғасыр Адамы» атақтарына ие болды. Салмақты да сабырлы Сұлтан ағамыз қандай бір істі қолға алмасын оны аспай-саспай тиянақты жүзеге асыруға дағдыланған. Ол шетелдердегі өткен түрлі жиындарға, конференциялар мен конгрестерге қатысып сөз сөйлегенде де, баяндамалар жасап, лекциялар оқығанда да өзінің білгірлігімен, шешендігімен шоқтығы биік көрініп жүрді. Сұлтан Сартаев екі рет - 1979 жылы Мәскеуде, 1982 жылы Бразилияда өткен МАПН-ның халықаралық саяси ғылымдар Ассоциациясының дүниежүзілік конгрестеріне, ҮШ рет - 1980 жылы Мальтада, 1984 жылы Грецияда, 1988 жылы АҚШ-та МАИОД-тың халықаралық демократ заңгерлері Ассоциациясының дүниежүзілік конгрестеріне қатысып, баяндамалар жасады. 1962 жылы Польшада, 1979 жылы Болгарияда, 1982 жылы Испанияда, 1988 жылы Бразилияда, 1989 жылы Вьетнамда, 1989-1992 жылдары ФРГ-де, 1988-1993 жылдары АҚШ-та болып, әр түрлі заң мәселелерінен баяндамалар жасады, лекциялар оқыды. Сұлтан Сартаевтың 500-ден астам ғылыми еңбектері, мұның ішінде 30-ға жуық монографиялары жарық көрді. Солардың қатарында «Қазақ Советтік мемлекеттілігінің құрылуы мен қалыптасуы» (1960), «Қазақ ССР-нің мемлекеттік өкімет билігінің жоғары өкілді органдары» ( 1972), «Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасуы», тағы да басқа еңбектері бар. Жалпы жазған еңбектерінің негізгі бағыты - өкілетті органдар мен адам құқығының мәселелері. Ал енді Сұлтекеңнің шығармашылығы - өз алдына бір төбе. Оның бойына біткен тума талантын «Ар мен дар алдындағы сөз» атты алғашқы кітабынан бастап, бірінен кейін бірі баспадан шығып жатқан кітаптарын (қазақ және орыс тілдерінде) оқып сүйсінесіз. Омар Хайямның рубаилары стилінде жазылған 10 томдық жинағы Сұлтекеңнің ақындық дарынын айшықтай түседі. Сондай-ақ оның қаламынан туған «Жизнь», «Юристы Казахстана в лицах», «Сафари по континентам мира», «Пять-десят лет: одно мгновение совместной жизни», «Назидание», «Смысл жизни», «Сөз құдіреті», «Не дано душе стареть», «Улыбнитесь друг другу», «Ой түйіндері», «Көңілім», «Елім», тағы басқа да кітаптары бұл күнде оқырмандардың қолдан қолға тигізбей оқитын туындыларына айналған. Кейбір кітаптарын Сұлтан ағаның өзі орыс тілінде жазып шыққан. Академик Сұлтан Сартаев бұл күндері шабытты еңбек үстінде. Ол «СССР-дің күйреуі» атты 500 беттік монографиясын жазып бітіп, енді «СССР-дің күйреуі туралы материалдар мен деректемелер» атты көп томдық кітаптарының қолжазбаларын баспаға әзірлеуде. Сондай-ақ «Мы живем в Конституционном пространстве» атты кітабын да орыс тілінде қабат дайындауда. Академик Сұлтан Сартаев туралы, оның өнегелі өмірі мен еңбек жолы жайлы, Ерлан Нұрланбаевтың «Ғасырдың перзенті», Фарид Фахрутдиновтың «Тағдырдың тағы бір тартуы» атты кітаптары Алматы баспаларынан жарық көрсе, «Академик Сұлтан Сартаев» атты кітап баспаға тапсырылды. Академик Сұлтан Сартаев өзі туып-өскен Жаңақорған кентінің орталығынан зәулім де сәнді 500 орындық мешіт ҮЙІН салдырса, аудан орталығындағы саяжайға ғұлама Хисамеддин Сығнакидің ескерткішін, ал «Тағзым» алаңына 5 баласы бірдей майданнан оралмай қалған «Батыр Ана» - Үміт ананың ескерткішін орнатса, өмірден ертерек өткен композитор-әнші Бексұлтан Байкенжеевтің мүсінін жасаттырды. (Бұл ескерткіштерді жасаған мүсінін Болат Досжанов) Бұл игілікті істердің бәрін де академик Сұлтан Сартаев өз қаржысы есебінен жасады. Сондай-ақ Сұлтекең жаңақорғандық бір жазушының көлемі 26 баспатабақтай (410 бет) «Өнерім сіздерге» атты кітабын өзі қаржы төлеп, баспадан шығарып берді. Оның басқа азаматтарға жасаған қамқорлығы аз емес. Сұлтан ағаның жан-жары Азат - химия ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің химия факультетінің доценті, ұлы Рүстем -саяси ғылымдардың кандидаты, қызы Раушан - биолог-философ, заңгер, Ұлттық Ғылым Академиясында қызмет істейді.
Академик Сұлтан Сартаевтың өмір жолы мен еңбегі -ұрпаққа ҮЛГІ.
АЛЬФАРИД НИЗАМҰЛЫ ИЛЯЛЕТДИНОВ,
Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор.
Альфарид Низамұлы Илялетдинов 1929 жылы 16 қаңтарда Жаңақорған ауданы Бесарық стансасында туған. 1946 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің биология факультетіне түседі. Оны бітірісімен 1951 жылы ол микробиология кафедрасының жанындағы аспирантураға қалдырылады. 1954 жылы «Аммонифика-торлардың зат алмасуында тотығу-тотықсыздану жағдайлары мен көмір қышқылының рөлі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1954-1957 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясы Топырақтану институтында алдымен кіші, содан соң аға ғылыми қызметкер болып істеді. 1958 жылы Қазақ ССР Ғылыми академиясы Микробиология және вирусология институтының микроорганизмдер экологиясы лабораториясын меңгерді. 1960-1961 жылдары осы институт директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары болды. Альфарид Низамұлы 1966 жылы «Минералды қосылыстардың биологиялық жолымен мобилизациялануы» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады, 1968 жылы оған профессор атағы берілді. Альфарид Низамұлы Илялетдинов 1966 жылдан Қазақ ССР Ғылым академиясы Микробиология және вирусология институтының директоры болды. 1976 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы биология бөлімшесі академик-хатшысының орынбасары болып сай-ланды. 1980 жылы Бұкілодақтық микробиология қоғамы Қазақ бөлімшесінің төрағасы болды. А.Н.Илялетдинов 1983 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, Қазақ ССР Ғылым академиясы Президиумының мүшесі болып сайланды. 1983-1988 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясы биология ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы болды. А.Н. Илялетдинов «Құрмет белгісі» орденімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған, «Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері» құрметті атағының иегері. Жаңақорған ауданының «XX ғасыр Адамы» деп танылған. Ол 217 ғылыми еңбек жариялады, соның ішінде 3 монографиялық және 24 авторлық куәліктің иесі. Оның басшылығымен 25 адам кандидаттық диссертация қорғады.
БІРЛЕСБЕК ҚАНИҰЛЫ ӘЛИЯРОВ,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы.
Бірлесбек Қаниұлы Әлияров 1939 жылы 1 қыркүйекте Жаңақорған қонысында дүниеге келген. Аудан орталығындағы № 51 Мұхаметжан Қаратаев атындағы орта мектепті бітірген соң, 1956 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің физика факультетіне оқуға түседі. 1961 жылы университетті бітірісімен академик Ш.Ч. Чокин атындағы Қазақтың ғылыми зерттеу энергетика институтында қызмет істеді. Алғашқыда жылу физикасы лабораториясының аға лаборанты, 1963 жылы инженер, 1966 жылы кіші ғылыми қызметкер, 1972 жылы аға ғылыми қызметкер болса, 1982 жылдан лаборатория бөлімшесін басқарды. 1988 жылы институт директорының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары болып тағайындалды. Бірлесбек Қаниұлы Әлияров 1992 жылдан Ш.Ч. Чокин атындағы Қазақтың ғылыми-зерттеу энергетика институтының директоры болып 13 жыл басқарды. 2002 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының ғылыми жағынан атқарушы директорлық қызметін атқарып келеді. 1968 жылы техника ғылымдарының кандидаты дәрежесінде диссертация қорғады. Диссертацияның негізгі арқауы - жазық беттерді (тегіс немесе тұтықтардан құралған) жоғары температуралық жану қалдықтарының әсерінен салқын ауамен қорғау әдістерін зерттеу болды. 1985 жылы Мәскеуде БҮКІЛОДАҚТЫҚ жылу техникалық Ф.Э. Дзержинский атындағы институтта техника ғылымдарының докторы диссертациясын қорғады. Оған Бүкілодақтық аттестациялык комиссияның шешімімен 1992 жылы профессор атағы берілді. 1983 жылы Алматы энергетикалық институтының жылу энергетика факультетін «Жылу электр станциялары» мамандығымен бітіріп алды. 1987 жылы Б.К. Әлияров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 1994 жылы Республика Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды. 1995 жылдан Халықаралық Энергетика Академиясының академигі, 2004 жылдан Ұлттық Ғылым академиясының академигі. Бірлесбек Қаниұлы ғылыми жұмыстарымен қатар жастарға білім берумен де айналысып келеді. 1969-1972 жылдары Қазақстан Ұлттық-техникалық университетінде, 1973-1982 жылдары Киев азаматтық авиация инженерлері институтында, 1986-1989 жылдары Алматы энергетикалық институтында, 1990-1995 жылдары Алматы сәулет-ғимараттық академиясында сабақ берді (соңғы екеуі қазақ тілінде). Сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым мен техника жөніндегі кеңестің мүшесі, Ғылым мен жаңа технологиялар министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесі төрағасының орынбасары, Мемлекеттік аттестациялық комитеттің сараптаушылық кеңесінің мүшесі, «Қазақстанның энергетикасы және отын қорлары», «Магистральды регулятор» атты ғылыми-техникалық журналдардың бас редакторының орынбасары, докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғайтын екі мамандырылған кеңестің мүшесі. Бірлесбек Қаниұлы Әлияровтың 150-ден астам ғылыми еңбегі, 4 кітабы жарық көрген, «Екібастұздың көмірін жағуды игеру» және «Қазандық қондырғылар» атты еңбектері бар. Оның жетекшілігімен 15 техника және физика-математика ғылымдарынан кандидаттық, 3 докторлық диссертация қорғалды. Польшада, Болгарияда, екі рет Англияда, Индияда, Италияда, Туркияда, Германияда, ҮШ рет Қытайда, ОҢТҮСТІК және СОЛТҮСТІК Кореяда, Венгрияда, Чехияда, Исландияда, АҚШ-та іссапарлармен болып қайтқан. Ол ағылшын тілін жетік меңгерген. Бірлесбек Әлияров электроэнергияның экологиясы және экономикасы жөнінен Лондон (1993) мен Алматының (1994), АЭС қауіпсіздігі жөнінен Стамбулдың (1995), кіші су электр станциялары жөнінен Индияның сертификаттарына ие болған. ТМД елдерінің электроэнергетика кеңесінің мүшесі. Өз білімі мен мамандығына байланысты Ұлы Британия, Алмания, АҚШ, Франция секілді шет елдердің көптеген компанияларымен бірге зерттеулер жүргізіп, оларға кеңес беріп келді. 2006 жылдан бастап БҰҰ-ның экономика және әлеуметтік қатынастар департаментінің энергетикалық тиімділік жөніндегі халықаралық сарапшылар қатарындағы мүшесі ретінде жыл сайын өткізілетін Халықаралық дөңгелек столына қатысып келеді. Еліміздегі ең қиын кезеңінде, 1997-2002 жылдары Бірлесбек өзінің ғылыми жұмысымен қабат тікелей өндіріске де араласып, Алматыдағы 25 мың тұрғынға жылу энергиясын беретін Солтүстік-Шығыс жылу кешенін ойдағыдай басқарып шықты. Академик Бірлесбек Әлияров көмірді ірі қондырғыларда жағуды игеру және жетілдіру, олардың қоршаған ортаға әсерін кемітумен айналыса отырып, кейінгі жылдары тарифті анықтау, нарықтық қатынастарды дамыту сияқты қажетті бағыттарға көбірек көңіл бөлуде. Осыған байланыстьы мұның жауапты редакторлығымен «Қазақстан энергетикасы», «Қазақстанның темір жол көлігі» атты көп томдық монографиялар жарық көріп келеді. Бірлесбек өзі бітірген № 51 М.Қаратаев атындағы орта мектептің физикадан ҮЗДІК оқушысына 1997 жылдан бері өз атынан стипендия тағайындап, ал аудан көлеміндегі физика пәнінің ҮЗДІК мұғаліміне 1998 жылдан бері өз жанынан сыйлық беріп келеді. Бірлесбек Әлияровқа 2005 жылы Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.
ӘБІЛХАЙЫР БАҚТЫБАЕВ,
Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы.
Әбілхайыр Бақтыбаев 1938 жылы 25 тамызда туған. Жетіжылдық мектептен соң технологиялық техникумды бітірген. Жаңақорғандық Әбілхайыр 1956 жылы В.И.Ленин атындағы Тәжік мемлекеттік университетінің физика факультетіне оқуға түседі. 1961 жылы университетті бітіріп, жолдамамен Тәжікстанның Қорғантөбе қаласына жіберіледі. Осындағы С.Макаренко атындағы орта мектепте 1961-1962 жылдары физика және математика пәнінен сабақ береді. Әбілхайыр Бақтыбаев 1962-1966 жылдары Тәжік мемлекеттік университетінде алғашқыда аға лаборант, кейіннен ассистент, аға оқытушы және физика факультеті деканының орынбасары қызметтерін атқарады. 1967-1970 жылдары СССР Ғылым академиясы А.Ф. Иоффе атындағы Ленинград физика-техникалық институтының берік физика лабораториясының сынағы мен аспирантурасына өтіп, 1971 жылы физика-математика ғылымдары бойынша кандидаттық диссертациясын қорғайды. 1971-1973 жылдары Тәжік мемлекеттік университетінде аға оқытушы және физика факультеті деканының орынбасары болды. Ә. Бақтыбаев 1973-1975 жылдары Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технология институты физика кафедрасында аға оқытушы, ал 1975-1993 жылдары физика кафедрасын басқарды. 1992 жылы Петербург техникалық университетінің ғылыми кеңесінде докторлық диссертация қорғап, физика-математика ғылымдарының докторы болды. Әбілхайыр Бақтыбаев 1993 жылдан Қожа Ахмет Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент бөлімшесі физика кафедрасының меңгерушісі. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ал 1996 жылы толық мүшесі (академик) болып сайланды. Ә.Бақтыбаевтың жетекшілігімен 10 кандидаттық, 1 докторлық диссертация қорғалды. Әбілхайыр Бақтыбаев - физика-математика саласы бойынша 77 ғылыми еңбектің авторы.
СЕЙФОЛЛА АБДІРЕЙІМОВ,
Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген агрономы.
Сейфолла Әбдірейімов 1939 жылы 25 қыркүйекте Жаңақорған ауданы Бірлік ауылында туған. 1961 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтының агрономдық факультетін бітірген соң ОҢТҮСТІК Қазақстан облысы Созақ ауданы Энгельс атындағы кеңшарда біраз уақыт агроном болып істеді. 1961-1964 жылдары Одесса ауыл шаруашылығы институтының аспирантурасында оқыды. 1964-1965 жылдары Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы министрлігінде жауапты қызмет істеді. Сейфолла Әбдірейімов 1965 жылдан Қазақ Қаракөл қой шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында жайылым мен мал азығы өндірісі бөлімінің меңгерушісі, ал 1978 жылдан институт директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып келеді. 1969 жылы оған «Мал азығы өндірісі мен жайылымы» мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер атағы берілді. 1990 жылы «Қазақстанның шөл жайылымдарын тиімді пайдалану мен оны жақсартудың теориялық және практикалық негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оған профессор атағы берілді. «Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген агрономы» құрметті атағына ие, Қазақ Ауыл шаруашылығы Ғылым академиясының академигі. Сейфолла Әбдірейімов Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының толық мүшесі, академик, Қазақстан Министрлер Кеңесі сыйлығының иегері. «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен, сондай-ақ БҮКІЛОДАҚТЫҚ ауыл шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Алтын және Күміс медальдарымен марапатталған. 1994 жылы шөлді игеру саласындағы зерттеулері мен ғылыми жаңалығы үшін оған АҚШ Ұлттық Ғылым академиясының дипломы берілді. Ол Республикалық Мемлекеттік «Мал азығы және жайылым» ғылыми бағдарламасының жетекшісі. Сейфолла Әбдірейімов қоршалған мәдени жайылымдар жасау мен мал азығына пайданылатын өсімдіктердің тұқым шаруашылығын дамытуда Қазақстан қаракөл шаруашылығы тиімді технологиясын жасауға үлкен үлес қосқан ғалым. Мал азығына пайдаланылатын өсімдіктердің жаңа сорттарын ойлап тапқан. Оның басшылығымен Қазақстанның Оңтүстік-Батыс 6 облысында 200 мың гектардан астам қоршалған мәдени жайылымдар жасалды. Сейфолла Әбдірейімовтың 190 ғылыми мақалалары, 3 монографиясы, 2 кітапшасы және 10 практикалық ұсыныстары жарық көрді. Оның жетекшілігімен «Шөл жайылымдарын түбірімен жақсарту», «Шөлдегі көгілдір желкен», «Шөл жомарттығы», «Терең тамыр» атты ғылыми-көпшілік фильмдер жасалды. Сейфолла Әбдірейімовтың Қазақстандағы шөл жайы-лымдарын жақсарту туралы ұсыныстарын біздің республикамызда ғана емес, сонымен қатар Ресейдің Волгоград пен Астрахань облыстары, Қырғыздың Ош облысы мен Әзірбайжан Республикасында да кеңінен пайдаланады. Сейфолла Әбдірейімов 1972 жылы Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің (СЭВ) жұмысшы тобын Монғол Халық Республикасына басқарып барып, ол елдің 1976-1990 жылдарға арналған мал азығы қорының қажетті болжамын жасауға қатысты. 1974-1976 жылдары Йемен Халықтық Демократиялық Республикасында болып, мал азығының қорын жасау жөнінде ғылыми және практикалық кеңес берді. 1975 жылы Самаркандта өткен қаракөл қой шаруашылығы жөніндегі Халықаралық симпозиумның жұмысына, 1994, 1995, 1996 жылдары Тель-Авивте, Ташкентте, Тунисте (Африка) өткен халықаралық семинарларға қатысып, ғылыми баяндамалар жасады. 1979-1991 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымына қарасты ЮНЕП-тің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Халықаралық курстың аймақтық ғылыми жетекшісі болды. Бұл курста жайылым мәселелері бойынша лекция оқып, практикалық жұмыстар жүргізді, 12 жыл ішінде Халықаралық бұл курстан Азия, Африка және Латын Америкасының 40 елінен 100 маман даярлықтан өтті.
Сейфолла Әбдірейімовтың жетекшілігімен 10 кандидаттык диссертация қорғалды.
МЕЙІРБЕК МОЛДАБЕКОВ,
Қазакстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, «ҚазҒарыш» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Вице-президенті.
Мейірбек Молдабеков 1947 жылы Жаңақорған ауданы Төменарық қыстағында дүниеге келген. Төменарық орта мектебін Алтын медальмен, одан соң Қазақтың политехникалық институтын автоматика және телемеханика мамандығы бойынша бітірген. Институт қабырғасында жұргенде «Дос-Мұқасан» ансамбліне мүше болып, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты болды. Мейірбек Молдабеков 1977 жылы Мәскеу авиация институтының аспирантурасын автоматты басқару теориясы мамандығы бойынша тәмамдап, «Ұшқыш аппараттарының басқару жүйесі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Қазақ мемлекеттік ұлттық университетіндегі машиналар техникасының лабораториясында аға ғылыми қызметкер болды. Кейін осы университеттің ғылыми кеңесінде техника ғылымдарының докторы (1990) диссертациясын қорғады. 1991 жылы механизм мен машиналар мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын алды. 1992 жылы Казакстан инженерлік Ғылым академиясының академигі болды. Мейірбек Молдабеков 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды. Үздік жетістіктері ҮШІН Ресейдің ғалымдарына берілетін В.Г.Шухов атындағы Алтын медальға ие болды. 2003 жылы Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі болып сайланды. Техника ғылымдарының докторы, профессор Мейірбек Молдабеков 179 ғылыми еңбек жариялаған, 4 ғылыми оқулықтың, 7 монографияның (шетелде шыққан) авторы. Оның жетекшілік етуімен 7 ғылым кандидаты еңбектерін қорғады, 5 патент иегері. Мейірбек Молдабеков Қазақстан Ұлттық аэроғарыш агенттігі бас директорының орынбасары, Байқоңыр ғарыш айлағы басқармасының бастығы, Ғылым министрлігі -Ғылым академиясының ғылыми кадрларды аттестациялау департаментінің директоры қызметтерін атқарды. 1998 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры болып тағайындалды. Қазіргі кезде «ҚазҒарыш» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Вице-президенті. Негізгі ғылыми еңбектері машиналар мен механизмдердің және автоматты басқару теория салаларына арналған.
«Байқоңыр» ғарыш алаңында Қазақстандық құрылым жасауға қатысты.
ҚАСЫМ БЕЙСЕНБИЕВ,
философия ғылымдарының докторы, профессор. (1919-1980)
Қасым Бейсенбиев 1919 жылы 5 қыркүйекте Жаңақорған ауданы «Талап» ауылында туған. Қасым 7 жасқа келгенде Кеңестік дәуірдегі асыра сілтеушілердің қуғын-сүргініне ұшыраған ағайын-туыстарымен бірге Өзбекстанның Ташкент облысы Жаңажол ауданына барып паналаған. Сол ауылдың «Шоралы сай» интернатынан тәрбие алып, онжылдықты бітірген. Қасым Ташкент қаласындағы мұғалімдер даярлайтын екі жылдық техникумды бітіреді. Техникумда жүріп, осы оқу орнында комсомол ұйымының хатшылығын қоса істейді де, жиі араласып жүрген кейбір мұғалімдері «Халық жауы» деп ұсталғанда, Қасым да солармен бірге айыпталып, Ташкенттің тас түрмесінде бір жыл қамауда отырады. Ұзамай ұстаздарымен Қасым да ақталып шығады. 1939 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің философия факультетіне оқуға түседі. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда өзі сұранып, әскерге аттанады, техникалық дивизияда комиссар болады. Жаралануына байланысты 1944 жылы майданнан оралады. Университеттегі оқуын жалғастырып бітіріп алады. Қасым Бейсенбиев елге оралып, Шымкент облысы Келес аудандық байланыс бөлімінің бастығы, Шымкент қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, қалалық партия комитетінің насихат және ҮГІТ бөлімінде нұсқаушы болып қызмет істейді. 1948 жылы КПСС Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітіреді. 1947 жылдан бастап философиядан сабақ береді. 1952-1961 жылдары Қазақ ССР Ғылым Академиясы Философия және құқық институтында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істейді. 1960 жылы докторлық диссертациясын қорғайды. Қасым Бейсенбиев қазақтан шыққан тұңғыш философия ғылымдарының докторы болды. Оған профессор атағы берілді. 1961-1964 жылдары Қазақ политехникалық институтында философия кафедрасын басқарды. 1964-1975 жылдары мемлекеттік университетінің Ғылыми коммунизм кафедрасын басқарды. 1975 жылдан өмірінің соңына дейін Халық шаруашылығы институтының философия кафедрасы меңгерушісі болды.
Қасым Бейсенбиев 1980 жылы желтоқсанда қайтыс болды.
Оның 8 ғылыми кітабы жарық көрді. Бұлардың ішінде «Қазақ ағартушыларының әлеуметтік -саяси және философиялық көзқарастары туралы» (1958), «Мировоззрение Абая Кунанбаева» (1956), тағы басқа да кітаптары бар. Қасым Бейсенбиевтің өмір жолы мен еңбегі «Қазақ Совет Энциклопедиясына» енген.
АХМЕТ ЕРЖАНОВ,
тарих ғылымдарының докторы, профессор.
(1922-1997)
Ахмет Ержанов 1922 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1940 жылы аға пионер жетекшісі, бастауыш сыныптардың мұғалімі болды. Өндірістен қол үзбей жүріп педагогикалық училищені бітіріп алды. Жаңақорған ауданындағы жетіжылдық және орта мектептерде мұғалім, кейіннен оқу ісінің меңгерушісі болып қымет істеді. 1943-1946 жылдары әскер қатарында борышын өтеді. Ташкенттегі әскери училищені бітірген соң, оны сол училищеде курсанттардың взвод командирі етіп қалдырады. 1946-1948 жылдары Жаңақорған ауданы орталығындағы қазақ орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болды. Ахмет Ержанов 1948 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің тарих факультетіне оқуға түседі. 1953 жылы университетті ҮЗДІК бітірген оны Жоғары оқу орындарына қоғамдық ғылым оқытушыларын даярлайтын курсқа жібереді. 1954-1968 жылдары Алматы малдәрігерлік институты КПСС тарихы кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент болып істеді. 1968 жылдан Қазақ политехникалық институты КПСС тарихы кафедрасының меңгерушісі, өмірінің соңғы жылдарында Қазақ Ұлттық техникалық университетінің профессоры, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты жалпы гуманитарлық тәртіп кафедрасының меңгерушісі болды. Ахмет Ержанов 1962 жылы кандидаттық, 1974 жылы докторлық диссертация қорғады. Оған профессор атағы берілді. Ол 84 ғылыми еңбектің, мұның ішінде 2 монографияның, 13 кітап пен кітапшалардың авторы, сондай-ақ 8 ұжымдық монография авторларының бірі. Бірқатар ғылыми мақалалары көп томдық «Қазақ Совет Энциклопедиясына» енген. Профессор Ахмет Ержановтың еңбектері мен қоғамдық қызметтері жоғары бағаланды. «Құрмет белгісі» орденімен, 8 медальмен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Ахмет Ержанов 1997 жылы қайтыс болды.
ӘБДУӘЛІ ӘБАЕШОВ,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,
химия ғылымдарының докторы, профессор,
Кенmay қаласының Құрметті азаматы.
Әбдуәлі Баешов 1946 жылы 26 сәуірде Жаңақорған топырағында дүниеге келген. Шымкент химия-технологиялық институтының химия факультетін 1969 жылы ҮЗДІК дипломмен бітіріп, Қазақ ССР Ғылым академиясының Қарағандыдағы химия-металлургия институты аспирантурасына түседі және сол институтта өндірістен қол үзбей жүріп, лаборанттан лаборатория меңгерушісіне дейін көтеріледі. Осында ол академик Е.Букетовтың жетекшілігімен шикізат қалдықтарын халық шаруашылығында пайдалану жолдарын тынбай зерттейді. «Пайдалы химиялық заттарды өндірудің ғылыми-технологиялық әдістері мен тәсілдерін өндірісте және халық шаруашылығында пайдалану туралы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Әбдуәлі Баешов бір ғана химиялық заттардың жаңа түрлерін өндіру мен пайдалану туралы 300- ге тарта ғылыми еңбегін, мұның ішінде 3 кітабын жарыққа шығарса, 60 еңбегіне авторлық куәлік алып, «СССР өнертапқышы» деген атаққа ие болды. 1991 жылдың қаңтарында Ә.Баешов Орта Азия мен Қазақстан біріккен мамандандырылған докторлық ғылыми кеңесінде «Құрамы мыс және халькогендерден тұратын материалдарды жаңа электрохимиялық әдістермен өңдеуден ғылыми негіздерін жасау» деген тақырыпта докторлык диссертация қорғады. Оған 1993 жылы профессор атағы берілді. 1995 жылы жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі болып сайланды. Қарағандыда жұмыс істеген 21 жыл ішінде жемісті еңбек етті. Академик Е.Букетовтың басшылығымен Әбдуәлі Баешов фосфор шламындағы фосфорды анықтау проблемасын шеше келіп, Жамбыл өндірістік химия бірлестігінің жұмысын жеделдетуге жол ашты. Мұны сол кездегі СССР Өнертабыстар мен жаңалықтар жөніндегі мемлекеттік комитетінің шешімімен «Фосфор шламындағы фосфорды анықтаудың Букетов-Баешов әдісі» деп атады. 1988-1989 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясы Орталық Қазақстан бөлімшесіндегі химия-металлургия, органикалық синтез және көмір химиясы ғылыми-зерттеу институтында, Қарағанды мемлекеттік университетінде су және органикалық ерітіндідегі электрохимиялық процестерге зерттеу жүргізілді. Бұл еңбектің құндылығы мынада болды: өндірістік жиіліктегі айналмалы токпен электрохимиялық реакцияларды жүргізудің жаңа тәсілдері. Бұл арқылы айналмалы токпен металл ұнтағын алуға қол жеткізілді. Бұл кұрделі жұмыстар сол кездегі химия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Жұрынов пен ғылым кандидаты Әбдуәлі Баешовтың басшылығымен атқарылды. Бұл жаңалық «Металл ұнтағын алатын Жұрынов-Баешов әдісі» болып өндіріске енді. Профессор Әбдуәлі Баешов 1991-1995 жылдары Түркістан қаласында Қожа Ахмет Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті экология факультетінің деканы болды. 1996 жылғы қаңтардан осы университеттің Вице-президент! болып сайланды. Кейін осы университеттің Кентау бөлімінің ректоры, директоры қызметтерінде болы. 2002 жылдан жалпы химия және химия-экология кафедрасының меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері фосфор, мыс алу әдістеріне арналған. 550-ден аса ғылыми еңбектері жарық көрді. 2003 жылы Әбдуәлі Баешовтың еңбектері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталған. Кентау қаласының Құрметті азаматы. Ғалым Әбдуәлі Баешов ән-жырды жанындай сүйеді, әуесқой сазгер. Оның «Өмірімнің жұлдызы» әні мен «Яссауи толғауы» аттыы күйі оңтүстік өлкесінің өнер сүйер қауымына кең тараған.
АХМЕТ ҚОШҚАРОВ,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор.
(1912-1992)
Ахмет Қошқаров 1912 жылы 15 қаңтарда Жаңақорған қонысында туған. 12 жасынан Ташкенттегі интернатта тәрбиеленеді. Осыдан соң Шымкент ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетін бітіріп, 30 жылдан астам Бүкілодақтық мақта шаруашылығы Ғылыми-зерттеу институты саласында еңбек етті. 1936-1941 жылдары осы ғылыми-зерттеу институтының Аққабақ тәжірибе стансасында аспирант-тәжірибеші, аға ғылыми қызметкер және жер суландыру бөлімінің меңгерушісі, 1941-1943 жылдары Ферғана тәжірибе станциясында агротехника бөлімінің меңгерушісі, 1943-1950 жылдары Әндіжан тәжірибе станциясының директоры, 1950-1960 жылдары Ферғана тәжірибе станциясында аға ғылыми қызметкер, 1960-1961 жылдары директордың ғылым жөніндегі орынбасары, 1961-1962 жылдары Өзбек ССР-і Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғылым жөніндегі Бас басқармасының бастығы, 1962-1963 жылдары Орта Азия Мақта өсіру шаруашылығы мемлекеттік комитетінің ғылыми жаңалықтары мен шетел тәжірибелерін ендіру бөлімінің бастығы болды. Ахмет Қошқаров 1939 жылы кандидаттық диссертациясын, 1965 жылы Мәскеуде Тимирязев атындағы Академияда докторлық диссертациясын қорғады. Оған 1966 жылы профессор атағы берілді. 1964-1967 жылдары бүкілодақтық мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институты агротехника бөлімінің меңгерушісі болды. Ахмет Қошқаров 1967 жылдан Ташкент ауыл шаруашылығы ирригация жене механизация институты топырақтану кафедрасының меңгерушісі болып 20 жылдан астам жұмыс істеді. Профессор Ахмет Қошқаров топырақты баптау және суару жөніндегі 22 ғылыми еңбектің авторы. Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен және Өзбекстан Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталды. «Өзбекстан Республикасының ғылымына еңбегі сіңген қайраткері» .
Ахмет Қошқаров 1992 жылы 80 жасында қайтыс болды.
ҚАДЫР ЖАМАНБАЕВ,
тарих ғылымдарының докторы, профессор. (1914-1986)
Қадыр Жаманбаев 1914 жылы 18 тамызда Жаңақорған ауданы АҚҮЙІК ауылында туған. 1932-1934 жылдары аудандық халық ағарту бөлімінде хатшы, Жаңақорғандағы бастауыш мектепте мұғалім болды. 1938 жылы Абай атындағы педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдап, Алматыдағы Қазақ педагогикалық училищесінде оқытушы болды. 1938-1940 жылары әскери борышын өтеді, Фин майданына қатысты. 1941 жылы Жамбыл облыстық халық ағарту бөлімінде әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, кейін Буденов орта мектебінің директоры, Жамбыл аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1942 жылы Ташкенттегі ҮШ айлық саяси-әскери училищені бітіріп, сол жерден майданға аттанды. Ауыр жарақаттанып, 1943 жылы елге оралды. 1943-1944 жылдары еңбекші депутаттары Жаңақорған аудандық Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, одан соң Қызылорда облыстық партия комитетінің нұсқаушысы қызметтерін істеді. Қадыр Жаманбаев 1944-1946 жылдары Мәскеуде БКП(б) Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы болды. 1946-1952 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясының Марксизм-лениннизм кафедрасын басқарды. 1952-1954 жылдары Қызылорда педагогикалық институтының директоры, 1954-1957 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтының марксизм-ленинизм кафедрасының меңгерушісі, доцент, 1957-1958 жылдары Ақтөбе мединститутының кафедра меңгерушісі болды. 1958-1962 жылдары Гурьев педагогикалық институтының директоры, 1962-1974 жылдары Целиноград педагогикалық институтының ректоры, 1974-1976 жылдары Караганды мемлекеттік университетінің КПСС тарихы кафедрасының меңгерушісі, 1976 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, профессоры болды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жа-манбаев «Қазақ ССР Жоғары мектептерге еңбегі сіңген қызметкер», «Қазақ ССР халық ағарту саласының ҮЗДІГІ» деген құрметті атақтарға ие болды. «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі ҮШІН», басқа да медальдармен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Ол орыс тілінен өзге қырғыз, қарақалпақ, өзбек, татар тілдерін еркін меңгерді. Қадыр Жаманбаев 1986 жылы қайтыс болды.
РОМАН ЖАНПЕЙІСОВ,
Ауыл шаруашылығы
ғылымдарының докторы, профессор.
(1924-1998)
Роман Жанпейісов 1924 жылы 10 сәуірде Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылында туған. № 161 «Ынтымақ» орта мектебін аяқтаған соң, Қазақ мемлекеттік университетінің биология-топырақтану факультетіне түседі. 1956 жылы Мәскеуде «Қазақстандағы топырақ эрозиясы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Жас ғалым осы саланы көп зерттеді, бірнеше ғылыми еңбектер жазды. Қазақстандағы жер қыртысының эрозиясы тақырыбын кеңейте отырып, 1969 жылы Новосібірде докторлық диссертация қорғады. Оған 1970 жылы профессор атағы берілді. Профессор Роман Жанпейісов 1970 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы ғылыми кеңесінің, 1971 жылы СССР Ғылым академиясы ғылыми кеңесінің мүшесі болды. 1969 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының топырақтану ғылыми институтында эрозия бөлімін басқарды.
Роман Жанпейісов 1998 жылы 24 қыркүйекте дүниеден өтті.
ШОРА КӨПЕШЕВ,
экономика ғылымдарының
докторы, профессор.
Шора Көпешев 1930 жылы 12 мамырда Жаңақорған ауданы Қазақбай елді мекенінде туған. 1948 жылы Шымкент ауыл шаруашылығы техникумын ҮЗДІК, 1954 жылы Алматы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын ойдағыдай бітірді. Ғалым-агроном, экономист Шора Көпешев 1963 жылы кандидаттық диссертация қорғады. 1977 жылы доцент атағын алды. 1990 жылы докторлық диссертациясын қорғады. Оған 1991 жылы профессор атағы берілді. Ш.Көпешев 1954-1992 жылдары Шымкент ғылыми-өндіріс бірлестігінде экономика бөлімінің меңгерушісі болып істеді. 1992 жылдан Қазақ химия-технология институтында кафедра меңгерушісі. Оның жетекшілігімен 10 аспирант кандидаттық диссертация қорғап шықты. Профессор Шора Көпешевтің 260-тан астам ғылыми еңбектері жарық көрді. Ол мақта шаруашылығы жөніндегі 3 кітаптың авторы. Украинада, Ресейде, Өзбекстанда, Қырғызда, Әзірбайжанда, Түркіменстанда әр жылдары өткен ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасап отырды.
ӘШІМ ИСАМБАЕВ,
биология ғылымдарының докторы, профессор.
(1934-1998)
Әшім Исамбаев 1934 жылы 15 тамызда Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылында туған. 1948 жылы Жаңақорған қонысындағы онжылдық мектептің жеті сыныбын бітіреді. Түркістан педагогикалық училищесіне ТҮСІП, оны 1952 жылы ҮЗДІК дипломмен тәмамдайды. Сол жылы Қазақ мемлекеттік университетінің биология -топырақтану факультетіне ТҮСІП, оны 1957 жылы ойдағыдай бітіріп, университеттің Ботаника бағына директор болады. 1959 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Ботаника институтының кіші ғылыми қызметкер, кейін аға ғылыми қызметкер болды. Әшім Исамбаев 1967 жылы кандидаттық диссертация қорғады. Оның 190-ға тарта ғылыми еңбектері жарық көрді. 1994 жылы докторлық диссертация қорғап, биология ғылымдарының докторы болды, профессор атағы берілді. Профессор Әшім Исамбаев Орта Азия мен Қазақстан жерінде өсетін емдік қасиеті бар жүздеген өсімдік түрлерін зерттеп, замана медицинасына қосқан үлесі шексіз. Оның көп жылғы зерттеуінің нәтижесінде анықталған емдік қасиеті бар өсімдіктерден дәрі-дәрмектер жасалынды.
Ә.Исамбаев 1998 жылдың қазан айында қайтыс болды.
МАХМҰТҚАЛИ ҚАЛДАРҰЛЫ,
геология-минералогия
ғылымдарының докторы, профессор.
(1933-2008)
Махмұтқали Қалдарұлы 1933 жылы 3 қарашада Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Жаңақорған қонысындағы № 51 М.Қаратаев атындағы орта мектепте оқыды. Ташкенттегі В. И. Ленин атындағы Орта Азия мемлекеттік университетінің (САГУ) геология факультетін гидрогеология мамандығы бойынша 1955 жылы тәмамдап, Ашхабад қаласындағы Түркмен геологиялық басқармасына қызметке орналасады. 1955-1958 жылдары еліміздегі шөлді және ауа райы қолайсыз СОЛТҮСТІК Қарақұм аймағындағы Заунгуз гидрогеологиялық партиясының гидрогеологы, аға гидрогеолог қызметтерін атқарды. 1958 жылы Түркменстан Ғылым Академиясы геологиялық институтының аспирантурасына ТҮСІП, 1962 жылы СОЛТҮСТІК Қарақұмдағы жер асты сулары жөнінде кандидаттық диссертация қорғады. 1961-1964 жылдары Түркменстан Ғылым академиясының шөлдер және геология институтында аға ғылыми қызметкер болды. 1965-1972 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының «Инженерлік-геология» кафедрасын басқарды, оған доцент ғылыми атағы берілді. 1972-1975 жылдары осы институттың гидромелиорация факультетінде декан, кейін «Су шаруашылығы жүйелерін пайдалану» кафедрасының доценті болып жұмыс істеді. Махмұтқали Қалдарұлы гидрогеологиялық барлау-тәжірибелік жұмыстарының нәтижесінде СОЛТҮСТІК Қарақұмда тұщы су қорларының мол көзін ашты. СОЛТҮСТІК Қарақұмнан өткен ғасырда аққан Зеравшан дариясының шөгінділерін тауып, оған еліміздің геологиялық қоғамы «Калдар топырақтары» деген ат беріп, «СССР стратиграфиялық сөздігіне» енгізді. Сондай-ақ Арал бассейінінің экологиялык жағдайы және Қарақалпақстан тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету, Қызылқұм суландыру аймағының жер асты суларын зерттеу, Сырдария өңірін гидрогеологиялық аудандарға бөлу, Тараз қаласы жер асты суларының химиялық өнеркәсібінің салдарынан ластануы проблемаларымен де шұғылданып келді. Махмұтқали Қалдарұлы 1995 жылы «Қарақұм жер асты суларының пайда болуы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оған профессор атағы берілді. 120-дан астам ғылыми және әдістемелік еңбектердің авторы, оның 50-і басылымдарда жарық көрді, 3 оқулық жазды. Институттың кеңейтілген Ғылыми кеңесі және инженерлік-мелиоративтік факультеті кеңесінің мүшесі болды. Профессор М.Қалдарұлы геология-минералогия ғылымдарын дамытуға зор үлес қосқан ғалым.
М.Қалдарұлы 2008 жылы 18 қарашада қайтыс болды.
ЖҰМАХАН СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ МҰСТАФАЕВ,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының
докторы, профессор.
Жұмахан Сүлейменұлы Мұстафаев 1950 жылы 11 ақпанда Жаңақорған ауданы Ынтымақ аулында дүниеге келген. Ол орта мектепті бітірген соң еңбек жолын 1966-1967 жылдары «Бірлік» кеңшарының Қосүйеңкі бөлімшесінде жұмысшы болудан бастады. 1967 жылы Жамбыл су-құрылыс институтының гидромелиоративтік факультетіне оқуға түсіп, оны 1972 жылы инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын осы институттың тоырақтану және егіншілік кафедрасында кіші ғылыми қызметкерден бастап, 1975-1978 жылдары аталған кафедраның аспиранты болды. Ж.С.Мұстафаев 1983 жылы осы Ташкенттің ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлерін даярлайтын институты жанындағы мамандандырылған ғылыми кеңесінде «Тентек алқабында қант қызылшасын жаңбырлатып суарудың технологиясын жетілдіру» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. 1982 жылдан баста Жамбыл су-құрылыс институтының ауыл шаруашылық мелиорация кафедрасына оқытушылық қызметке ауысты.1988 жылы оған доцент атағы берілді. 1986 жылы топырақтану және топырақтың мелиорациясы саласындағы ғылыми еңбектері үшін Жұмахан Сүлейменұлы Мұстафаевты СССР-дің топырақтану қоғамы белгілі орыс ғалымы В.В.Докучаев атындағы Естелік медальмен марапаттады. Жұмахан Сүлейменұлы Мұстафаев 1992 жылы желтоқсанда Мәскеудің гидромелиоративтік институты жанындағы мамандандырылған кеңесте «Қазақстандағы ауыл шаруашылық егістік жерлердің мелиорациясын тоырақ және экологиялық салада негіздеу» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ж.С.Мұстафаев 1993 жылдан бері Жамбыл су-құрылыс институты ауыл шаруашылық мелиорация кафедрасының меңгерушісі, Қазақстандағы мамандандырылған ғылыми кеңестердің МҮШЕСІ. Оның жетекшілігімен 5 кандидаттық диссертация қорғалды. Профессор Жұмахан Сүлейменұлы Мұстафаев 150-ден астам ғылыми еңбек жазды және 3 кітаптың авторы.
АМАНГЕЛДІ ҚҰРБАНҮЛЫ САДАНОВ,
биология ғылымдарының
докторы, профессор.
Амангелді Құрбанұлы Саданов 1951 жылы Жаңақорған ауданы «Талап» ауылында дүниеге келген. 1968 жылы № 54 ЖҮСІП Қыдыров атындағы орта мектепті, Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының биология факультетін 1974 жылы ойдағыдай тәмамдады. Содан соң 1974-1979 жылдары № 209 Түгіскен орта мектебінде химия жене биология пәндерінен дәріс береді. 1979 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы Микробиологиялық және вирусология институтының аспирантурасына ТҮСІП, 1984 жылы аталған институттың ғылыми кеңесінде кандидаттық диссератциясын қорғады. 1986-1994 жылдары осы институттың микробиологиялық лабораториясына жетекшілік етеді. А.Қ. Саданов өзінің ғылыми еңбектерін өндіріске енгізу мақсатында Жаңақорған ауданындағы «Түгіскен» және «За-дария» кеңшарларында 2774 гектар күріштік жерге тәжірибе жүргізіп, әр гектарынан 45,8 центнерден (яғни, бұрынғы алынып жүрген өнімнен 5,8 центнер артық) өнім алып, 16782 центнер Сыр маржанын жинады. Ол тәжірибе жұмыстарын жинақтап және зерттеулерін жалғастыра отырып, жеке өз атынан және бірнеше ғалымдармен бірлесіп 31 ғылыми еңбектерін жарыққа шығарды. Аманкелді Құрбанұлы Саданов 1993 жылы Ташкент қаласындағы Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Микробиология институтының ғылыми кеңесінде «Күріш өсетін алқаптардағы топырақтың құнарлылығын арттыру» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап шығады. 1994 жылы оған профессор атағы берілді. Биология ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Құрбанұлы Саданов 1994 жылдан 2002 жылға дейін Қазақ Мемлекеттік аграрлық университеті экология кафедрасының меңгерушісі, Халықаралық экология комитетінің мүшесі болды. 2002-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнологиялық орталығы ғылыми істер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2004 жылдан «Биологиялық зерттеу орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының Бас директоры. 200-ден аса ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 7 монография, 3 оқулық бар.
ӘБЖАН ҚҰРЫШЖАНОВ,
филология ғылымдарының докторы, профессор.
(1930-2007)
Әбжан Құрышжанов 1930 жылы 5 тамызда Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылындағы «Ынтымақ» елді мекенінің «Шоңбұлақ» деген жерінде дүниеге келген. Үш жасында әкеден, он ҮШ жасында анадан айырылған Әбжан орта мектепті 1948 жылы аудан орталығындағы № 51 орта мектеп (қыш мектеп) жанындағы интернатта жатып оқып бітірген. Бұдан соң 1953 жылы Алматыдағы Қазақтың Мемлекеттік Университетінің филология факультетін ҮЗДІК дипломмен бітіріп шығып, Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл жәнө әдебиет институтының аспирантурасына қабылданған. Бұл аспирантураны ойдағыдай тәмамдаған ол, 1956 жылы Тіл және әдебиет институтының Қазақ тілі тарихы және диалөктологиясы бөліміне кіші ғылыми қызметкер болып орналасқан. 1960 жылы кандидаттық диссертация қорғады. 1964-1968 жылдары Тіл білімі институтының директорының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары болып қызмет атқарды. 1973 жылы филология ғылымдарының докторы атағын қорғады. 1986 жылы «Профессор» деген ғылыми дәреже берілді. Әбжан Құрышжановтың көне тіл тарихы жөнінде бірнеше ғылыми зерттеу еңбектері жарық көрді. Мұның көпшілігі қазақтың тіл тарихы көне түркі және көне қыпшақ тілдерінің жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған. «Кодекс Куманикус» жайында ғылыми еңбектер жазды. Түркі халықтарының рухани-мәдени, тарихи өмірінде XІ-XІІ ғасырларда жасаған ақыл-ой мен білімінің төрт алып тұлғасы -М.Қашқари, Ю.Баласағұни, А.Йугінеки және Қ.А. Иассауидің туындыларын түгелдей қазақ тіліне аударды. Ә. Құрышжанов Орал педагогтік институтында, Қазақтың Мемлекеттік университетінде және 1989 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Қазақтың Мемлекеттік қыздар педагогтік институтындағы қазақ тілі кафедрасының профессоры ретінде дәріс оқыды. Оның «Куман тіліндегі араб-парсы тілдерінің элементтері» (1962), «Көне қыпшақ тілінің ескерткіштері» (1966), «XІІІ ғасырдағы көне қыпшақ жазба ескерткіші», «Түрік-араб сөздігінің лексикасы бойынша зерттеулер» (1970), тағы басқа да ғылыми еңбектері жарық көрді. Әбжан Құрышжанов жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған «Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің зерттелу тарихы мен грамматикалық очерктері» (1964), «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» (1971), «Ескі түркі жазба ескерткіштері» (2001) атты оқу құралдарының авторы. Ол 2004 жылы «Парасат» орденімен марапатталған. Әбжан Құрышжановтың ғылыми шығармашылығынан басқа оның екінші қыры - ақындығы. Ол мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде ауданда ұйымдастырылған айтыс додасына ТҮСІП, СОЛ кезде оқитын кластасы Манап Көкеновпен айтысқан. Екі жас ақынның айтысын Нартай ақын жоғары бағалаған. Әбжан ақындықты тұрақты кәсіп етпегенмен, ол поэзиядан қол үзген жоқ. Өлеңдерін баспасөз беттерінде жарияламағанмен, ол өздігінше қаламын құрғатпай жазып жүрген. Әбжан дүниеден өткен соң оның артында қалған әдеби мұраларын оның жары Шайзада ұқыптылықпен жинап «Өмір өрнектері» (2008) деген атпен көлемді кітап етіп бастырып шығарды. Кітапқа 1946 жыл-дан 2006 жылға дейін әр жылдары жазған өлеңдері, айтыс пен поэмалары, аударма өлеңдері, арнау-толғаулар мен жеке шумақтары енген.
Әбжан Құрышжанов 2007 жылы дүниеден өтті.
ЖАРЫЛҚАСЫН ТҰРЛЫБЕКҰЛЫ,
медицина ғылымдарының докторы, профессор.
(1943-2008)
Жарылқасын Тұрлыбекұлы 1943 жылы 28 қазанда Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылында дүниеге келген. Түркістан медучилищесін бітіріп, «Талап» ауылында екі жылдай медпункт меңгерушісі болып істеді. Одан соң Алматы медицина институтын бітірді. 1991 жылы оған профессор атағы берлді. 1972-1974 жылары Алматы мемлекеттік медицина институтында ассистент, 1974-1978 жылдары Талдықорған облысының бас эпидемиологы болды. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Жарылқасын Тұрлыбекұлы 1991-1996 жылдары Республикалық гигиена және кәсіптік аурулар ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары болды. 1997 жылдан Шымкенттегі дәрігерлер академиясы гигиена кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Жарылқасын Тұрлыбекұлының 213 ғылыми еңбегі, 1 монографиясы, 1 әдістемелік нұсқауы жарыққа шыққан. Ғалым қолының бос кездерінде ән-күй шығарумен де айналысқан. 50-ден аса ән-күйдің авторы. Оның «Жұлдызым», «Қазағымның байлығы», «Туған жерім-Қаратау» тағы басқа да әндері өнер сүйер қауымға жақсы таныс.
Ж.Тұрлыбекұлы 10 қазан 2008 жылы дүниеден қайтты.
АМАНГЕЛДІ ҚОШҚАРОВ,
филология ғылымдарының
докторы, профессор.
(1939-2007)
Аманкелді Қошқаров 1939 жылы 31 тамызда Жаңақорған қонысында туған. 1956 жылы аудан орталығындағы № 51 орта мектептен кейін, Абай атындағы педагогикалық институттың тарих-филология факультетін бітірді. Одан соң Балқаш ауданында екі жыл мектепте дәріс беріп, кейін аудандық оқу бөлімінің инспекторы қызметін атқарады. Бұдан кейін Мәскеудің Морис Торез атындағы шет тілдер институтының эксперименттік лабораториясындағы атақты тілші-психолог, профессор В. А. Артемовтың ғылыми жетекшілігімен аспирантурада оқыды. Одан кейін Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институтында кіші ғылыми қызметкер бола жүріп, 1972 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің ғылыми кеңесінде «Тіл дыбыстарын спектральды талдау» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Аманкелді Қошқаров 1973-1978 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында аға оқытушы және доцент, 1978-1986 жылдары Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институты филология факультетінің доценті, ал 1986 жылдан осы институттың орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі болды. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі ин-ститутында «Қазақ тіліндегі ызың дауыссыздар /синхронды және диахронды аспектері/ деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 1997 жылдан Астана қаласы Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі болды. Филолог-ғалым А.Қошқаров тіл мәселесіне байланысты одақтық, республикалық ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға қатысты. Филология ғылымдарының докторы Аманкелді Қошқаровтың ана тілі мәселелеріне арналған 20-дан астам ғылыми зерттеу еңбектері жарық көрді. Сонымен қатар орыс мектептерінің 8-сыныбына арналған «Қазақ тілі» оқулығы авторларының бірі болды.
Аманкелді Қошқаров 2007 жылы 22 маусымда дүниеден өтті.
ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖАҢАБЕРГЕНОВ,
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
Ы.Алтынсарин атындағы бірінші сыйлықтың иегері.
Құдайберген Жаңабергенов 1937 жылы 9 қаңтарда Жаңақорған ауданы «Екпінді» елді мекенінде дүниеге келген. 1954 жылы қазіргі № 51 М.Қаратаев атындағы орта мектепті бітіріп, Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтына түседі. Институттың физика-математика факультетін ойдағыдай тәмамдап, Төменарықта А.Романов атындағы мектепте екі жылдай мұғалім болып істеді. Одан соң Құдайберген Жаңабергенов 1961 жылы Қызылордадағы өзі оқыған институтта оқытушы болды. Көп ұзамай Ташкент мемлекеттік университетінің аспирантурасына түседі, оны бітірген соң физика-математикадан кандидаттық диссертациясын қорғайды. 1970-1981, 1995-1997 жылдары Қызылорда мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, 1981-1993 жылдары факультет деканы, партбюро хатшысы қызметтерін атқарды. 2000 жылы педагогика ғылымдарының докторлығы дис-сертациясын қорғады, 2001 жылы профессор атағы берілді, 2002 жылы Ы.Алтынсарин атындағы бірінші сыйлығы беріліп, бірінші дәрежелі педагогикалық білім беру академиясының академигі атағына ие болды, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің ҮЗДІГІ. Негізгі ғылыми еңбектері «Қатты денелер физикасы», «Жоғары және орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі», 100-ден астам ғылыми еңбегі, 3 монографиясы, 4 оқу-әдістемелік құралдары жарық көрген.
Ғалым Құдайберген Жаңабергенов бұл күнде Алматы қаласында тұрады.
ЖАНДАРБЕК МӘЛІБЕКОВ,
Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы, профессор.
Жандарбек Мәлібеков 1942 жылы Жаңақорған ауданы «Екпінді» ауылында туған. Төменарықтағы № 53 орта мектепті 1959 жылы бітіріп, Ташкент политехникалық институтының сәулет факультетіне түседі. 1964 жылы институтты бітіріп, Ташкенттегі Өзбекстан Республикасы Ғылыми-инженерлік қала құрылысын жобалау институтына /УЗНИИП/ орналасады. Мұның алғашқы ҮШ жылында қатардағы сәулетші болған ол осы институттың бас сәулетшісі болды. Білікті сәулетші Жандарбек Мәлібеков тәуелсіз Қазақстан Республикасының Елтаңбасын жасауға байланысты 1992 жылы жарияланған жабық бәйгеге қатысады. Бәйгеге 293 сәулетші-суретшінің жабық Елтаңба жобасы түседі. Үлкен сұрыптаулардан соң Жандарбек Мәлібековтың жасаған Елтаңбасы мақұлданған. «Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші» құрметті атағының иегері, Қазақстан Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков Өзбекстанға сәулетшілік өнерімен танылған жан. 1980-1985 жылдары Наманган, Қоқан, Самарқан және Ташкент қалаларының орталықтарын безендіру мақсатында жарияланған бәйгеде жеке авторлық еңбегі ҮШІН І-ІІ дәрежелі сыйлыққа ие болды. Ташкенттегі метро салу құрылысына қатысып, екінші дәрежелі сыйлықты жеңіп алды. 1983-1984 жылдары Қарақалпақ АССР-ы Нөкіс қаласының орталығын жобалау жөніндегі Бүкілодақтық бәйгеде жеке авторлык еңбегі ҮШІН тағы да бірінші дәрежелі сыйлыққа ие болды. Сәулетші Жандарбек Мәлібековтың жобасымен салынған ғимараттар Өзбекстанда аз емес. Ташкент қаласындағы бірқатар үйлер мен даңғыл алаңдар, бұрыңғы Министрлер кеңесінің қонақ ҮЙІ, Андижан аэровокзалы, Ферғана облыстық байланыс ҮЙІ, тағы басқа сәулетті ғимараттарда жерлесіміз Жандарбек Мәлібековтың авторлык қолтаңбасы бар. Жандарбек Мәлібеков Өзбекстаннан туған елі -Қазақстанның орталығы - Астана қаласына 2002 жылы көшіп келіп орналасты. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде архитектура кафедрасының оқытушысы. Ол келгелі Астана қаласының әсем қала болуына өзінің лайықты үлесін қосып келеді. Оның жасаған жобасымен Есіл өзені жағалауынан «Алатау» тұрғын ҮЙ кешені салынды, тарихи-мәдени маңызы зор «Отырар» кітапханасының жобасы жасалынды. Сәулетші Жандарбек Мәлібеков өз еңбегінің нәтижесінде Мемлекеттік награда - «Құрмет» орденін иеленді.
Жаңақорған ауданының «XX ғасыр Адамы» деп танылды.
АЙТБАЙ АЙҒАБЫЛҰЛЫ,
филология ғылымдарының докторы, профессор.
(1936-2001)
Айтбай Айғабылұлы 1936 жылы Жаңақорған ауданы Билібай ауылында туған. Орта мектептен соң 1959 жылы Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтын бітіріп, 1959-1972 жылдары мектепте мұғалім, мектеп директорының орынбасары болып қызмет істеді. 1972-1978 жылдары «Қазақ Совет Энциклопедиясы» Бас редакциясында редактор, аға ғылыми қызметкер, 1978-1984 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтында қазақ тілін оқыту әдістемесі бөлімін басқарды. 1984 жылдан өмірінің соңына дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде аға оқытушы, доцент, профессор қызметтерін атқарды. «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту», «Қазақ тілін оқыту методикасы» атты еңбектерін жазып, әдіскер-ғалым ретінде танылды. 1995 жылы «Қазақ тілінің морфологиясы» атты оқу құралын жазды. Кейін осы тақырыпта 1997 жылы докторлық диссертациясын қорғады. СССР оқу ісінің және Қазақстан Республикасы оқу ісінің ҮЗДІГІ . Қазақ тілі білімі бойынша жазылған мектеп және жоғары оқу орындарына арналған бірқатар оқулықтардың авторы. Түрлі басылымдарда 140 ғылыми еңбегі жарық көрді.
Айтбай Айғабылұлы 2001 жылы 7 маусымда қайтыс болды.
Айтбай Айғабылұлының «Қазақ тілі морфологиясы және лексикологиясы» атты ғылыми еңбегі кітап болып басылып шықты. Айтбай Айғабылұлының туғанына 70 жыл толуына арналған «Қазақ тілі ғасырлар тоғысында: теориясы, тарихы және қазіргі жайы» деген тақырыпта екі күнге созылған республикалық ғылыми-теориялық конференция (Алматыда) болып өтті.
ХАЗІРЕТӘЛІ МАХАНҰЛЫ ТҰРСЫН,
тарих ғылымдарының докторы, доцент.
Хазіретәлі Маханұлы Тұрсын 1960 жылы 27 ақпанда туған. 1977 жылы Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылындағы № 52 Бегайдар Аралбаев атындағы орта мектепті бітірген соң, екі жыл «Красная звезда» кеңшарында жұмысшы болып істеген. 1983 жылы Шымкент педагогикалық институтын тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. 1983-1984 жылдары № 162 Қожамберді орта мектебінде мұғалім, 1984-1985 жылдары «Красная звезда» кеңшары комсомол комитетінің хатшысы, 1986-1987 жылдары Жа-ңақорған аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, 1987-1991 жылдары «Білім» қоғамы аудандық ұйымының жауапты хатшысы, аудандық партия комитетінің нұсқау-шысы, 1991-1992 жылдары «Қазақ тілі» қоғамы аудандық комитетінің жауапты хатшысы, 1992-1994 жылдары № 52 Б.Аралбаев атындағы орта мектебінің директоры, 1994-1995 жылдары аудан әкімі Тіл басқармасының бастығы, 1996-2000 жылдары № 86 Шалқия орта мектебінің директоры болып қызмет істеді. 2000-2002 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Туркология институтында ғылыми қызметкер, 2002 жылдың қыркүйегінен қазіргі кезге дейін «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті. 2001 жылы «Түркістан (Қоқан) автономиясы: құрылуы мен күйреуі (1917-1918 ж.ж.)» тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаты, 2007 жылы «Түркістан ұлттық элитасының қалыптасуы мен қызметінің тарихы» (1900-1924 ж.ж.)» тақырыбында тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қорғаған. Республикалық басылымдарда 70-тен астам ғылыми, көпшілік еңбектері жарық көрген. «Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы және ұлттық элита тарихы» тақырыбы бойынша республикалық, халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда баяндамалар жасаған. 1993 ж. «Құрбан Ата тағылымы», 1996 ж. «Бегайдар Жантөреұлы Аралбаев» атты кітабы, 2006 ж. «Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы жөне Түркістан мұхтарияты» атты монографиясы жарық көрген. Жоғары оқу орны бағдарламаларына сай жаңа үлгідегі оқу-әдістемелік кешен дайындауға қатысқан. 2004 жылы жарық көрген «Мектепте тарихты оқыту әдістемесі» оқу құралы республика жоғары оқу орындарында оқытылып келеді.
Түркістан қаласы бойынша 2007 жылдың «Үздік ғалымы» атанды.
ЖҰМАБАЙ ӘБІЛ,
филология ғылымдарының докторы, профессор.
(1954-2007)
Жұмабай Әбіл 1954 жылы Жаңақорған ауданы «Бірлік» ауылында дүниеге келген. 1971 жылы «Бірлік» ауылында орта мектепті бітірген соң, бірнеше жыл көмекші шопан болып жұмыс істеді. 1976 жылы Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетке ТҮСІП, оны 1981 жылы бітірді. Университеттен кейінгі еңбек жолын Жаңақорған аудандық мәдениет бөлімінен бастап, 1983-1992 жылдар аралығында «Жаңақорған тынысы» газеті бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы болы еңбек етті. 1992-94 жылдары Жаңақорған аудандық «Қазақ тілі» қоғамын басқарды. 1994 жылдан Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасында дәріс оқып келді. Кейін осы кафедраның меңгерушісі болып қызмет істеді. Ол драматургияның комедия саласын зерттеді. 1995 жылы қазақ әдебиетінің классигі Қалтай Мұхамеджанов драматургиясынан кандидаттық диссертация қорғады. 2001 жылы «Қазақ комедиясының генезисі мен жанрлық негіздері» деген тақырыпта филология ғылымдарының докторы дәрежесін қорғады. Профессор Ж. Әбіл қазақ әдебиетінің жай-күйі мен дра-матургия, театр тақырыбында 200-ден астам ғылыми мақалалар жазды. Ж. Әбіл ҮШ монографияның авторы. Олар «Қазақ комедиясы» (2000), «Жазба комедияның даму ерекшеліктері» (2001), «Қалтай Мұхамеджанов драматургиясы» (2004) деп аталады. «Диалог комедия сөздігі» деп аталатын көп томдық сөздіктің алғашқы томын әзірлеп біткен.
Жұмабай Әбіл 2007 жылы дүниеден өтті.
ЕСЕНЖОЛ ҚАНИҰЛЫ ӘЛИЯРОВ,
Саяcamтану ғылымдарының
докторы, профессор, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы.
Есенжол Қаниұлы Әлияров 1956
1 қаңтарда Жаңақорған кентінде туған.
1978 жылы Қазақ Мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, инженер-механик мамандығын алып шыққан. 1978-1981 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Талғар» кеңшарында инженер-механик, 1981-1984 жылдары «Октябрь» кеңшарында бөлімше меңгерушісі, 1984-1986 жылдары Еңбекшіқазақ аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1986-1989 жылдары Еңбекшіқазақ аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1989-1992 жылдары Алматы облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Алматы облыстық Жастар одағының төрағасы қызметтерін абыроймен атқарып келді. 1992-1994 жылдары Қазақстан Жастар Одағы Орталық Комитетінің екінші хатшысы болған ол, 1994 жылы Қазакстан Жастар Одағы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметіне жоғарылатылды. Содан 1996-2002 жылдары Қазакстан Жастар Одағының төрағасы болды. 2002-2007 жылдары «Казинтермол» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (ЖШС) бас директоры қызметін атқарды. 2002-2007 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың саясаттану кафедрасының аға ғылыми қызметкері, ал 2007 жылдан қазіргі дейін Қазақстан гуманитарлық-саяси коньюнктура орталығының президенті, Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының профессоры. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы отбасы, әйелдер ісі және демографиялық саясат кеңесінің мүшесі (1995-1998 жж.), Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы жастар саясаты кеңесінің мүшесі (1999-2001 жж.), Қазақстан кәсіпкерлері форумы кеңесінің мүшесі (1997-2002 ж.ж.) болды.
Оның 40-тан астам ғылыми еңбегі жарық көрді.
Е. Әлияров Еңбекшіқазақ ауданының (Алматы облысы) Құрметті азаматы.
СЕЙІТКЕРІМ БИМЫРЗАЕВ,
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.
Сейіткерім Бимырзаев 1942 жылы 5 қарашада Жаңақорған ауданы «Кеңес» ауылында дүниеге келген. 1959 жылы қазіргі № 54 Ж.Қыдыроев атындағы орта мектепті үздік тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын туған ауылда еңбек етуден бастады. 1969 жылы Алматыдағы С. М. Киров атындағы Қазақтың Мемлекеттік университетінің физика факультетін бітірген. Алматы медицина институтында және университетте ұстаздық етті. 1979 жылы М.И.Калинин атындағы Ленинград политехникалық институтының ғылыми кеңесінде физика-математика ғылымдарының кандидаты диссертациясын қорғады. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ядро физикалық орталығының масс және электрондық спектроскопия лабораториясында аға ғылыми қызметкер болып еңбек етеді. Сейіткерім Бимырзаевтың 72 ғылыми еңбегі АҚШ, Жапоия, Канада, Италия, Ресей мемлекеттерінің ғылыми журналдарында жарық көрді. 1998 жылы Канада мемлекетінің шақыруына сай осы мемлекеттің Квебек қаласындағы Левальск университетінде аспирант, докторанттар мен ұстаздар алдында бірнеше лекциялар оқып, әңгімелер өткізіп қайтты. С. Бимырзаев бірнеше рет әлемдік деңгейдегі ғылым ордалары мен университет, академиялары белгілеген білім гранттары мен стипендияларының иегері атанды. Ядролық физика институтының Ғылыми кеңесінде «Электростатистикалық фокустанушы жүйелердің корпускулдық оптикасы» деген күрделі тақырыпта физика-математика ғылымдарының докторы дәрежесін алуға арналған диссертациясын ойдағыдай қорғап шыққан. С.Бимырзаевтың бұл еңбегіне академик Ж.С. Тәкібаев, танымал ғалым-профессорлар Э.С. Айтхожин, СП. Пивоваров, П.Л. Тәжібаевалар жоғары баға берген.
ТЫНЫСБЕК ДОСМАҒАНБЕТОВ,
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.
Тынысбек Досмағанбетов 1946 жылы Жаңақорған ауданы «Екпінді» ауылында дүниеге келген. Жастайынан жетім қалған Тынысбек шопан ағасы Сейітбектің қолында өседі, кейін Қызылорда қаласындағы жетім балаларды тәрбиелейтін Ю.Гагарин атындағы орта мектеп-интернатта оқиды. Одан соң Ташкент Мемлекеттік университетінің физика факультетін бітіреді. Тынысбек Досмағанбетов Қазақ ССР Ғылым академиясының ядролық-физика институтында кіші ғылыми қызметкер, аспирант, аға ғылыми қызметкер болды. 1984 жылы физика-математика саласында кандидаттық диссертация қорғады. 1996 жылы докторлық диссертациясын қорғады, профессор атағы берілді. Профессор Тынысбек Досмағанбетов Алматы технология институтының проректоры қызметін атқарды. Тынысбек Досмағанбетов 2003 жылдан Астанадағы Тех-нология және БЭЗИС университетінің ректоры.
АХАН БЕГМАНҰЛЫ ӘБЖАЛЕЛОВ,
биология ғылымдарының докторы, профессор.
Ахан Бегманұлы Әбжалелов 1959 Жаңақорған қонысында 1960 дүниеге келген. 1976 жылы М.Қаратаев атындағы №51 орта мектебін бітірген. 1988 жылы Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университетінің биология факультетін тәмамдады. 1989-1992 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының аспирантурасында оқыды. 1992 жылы биология ғылымының кандидаты атағын қорғап шықты. 1999 жылы биология ғылымының докторы дәрежесін қорғап, 2003 жылы профессор атағына ие болды. 1992-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының микробиология және вирусология институтының ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 1997-2000 жылдары Алматыдағы Қазақтың Ұлттық аграрлық университеті экология кафедрасының доценті, профессоры болды. 2000 жылы ОҢТҮСТІК Кореяның Сеул қаласындағы жоғары оқу орындарында «Агроөнеркәсіпті өркендетудің саясаты» атты оқу курсын өткізді. 2000-2004 жылдары Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде профессор, ка-федра меңгерушісі қызметін атқарды. 2004 жылдан бастап 2006 жылға дейін Түркістандағы Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің жаратылыстану кафедрасының меңгерушісі қызметінде болды. Ол күріш асты топырағының гумификация процесі механизімін алғаш рет жасап, ғылыми жаңалық ашты. 80-ге жуық ғылыми мақалалар мен оқу құралдарының авторы. 3 ғылым кандидатты дайындаса, қазір 2 аспиранттың, 5 ізденуші жұмыстарының жетекшісі. 2006 жылдан Қазақстан Республикасының Микробиология және вирусология институты директорының орынбасары қызметінде. «Жалпы экология» атты әдістемелік оқу құралының авторы.
ОСПАН ҚҮДАЙБЕРГЕНҰЛЫ ӘБДІРАХМАНОВ,
биология ғылымдарының докторы.
Оспан Құдайбергенұлы Әбдірахманов 1943 жылы Жаңақорғанда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университетінің биология және химия мамандығы бойынша 1969 жылы тәмамдаған. 1969-1971 жылдары Ресейдің Мәскеу облысындағы Пущино қаласындағы Ресей Ғылым академиясы биология-физика институтында ординатор, 1971-1974 жылдары осы институттың аспиранты болды. 1978 жылы радиобиология ғылымы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 1979-1983 жылдары ҚР Ғылым академиясының Ботаника институтының радиациялық лабораториясының кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс атқарды. 1984-1989 жылдары Ресей Ғылым академиясының (Пущино қаласындағы) биофизика институтының доктарантурасы болды. 1990-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Ботаника институтының радиациялық лабораториясының аға ғылыми қызметкері, Арал кешенді экспедициясы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 1994-1999 жылдары ҚР Ғылым академиясы Ботаника институтының аға ғылыми қызметкері, лаборатория меңгерушісі болды. 1999 жылдан ҚР Ұлттық ғылым академиясы Ботаника және фитоинтродукция институтының жетекші ғылыми қызметкері, кәсіподақ комитетінің төрағасы. 2002 жылы биология ғылымдарының докторы дәрежесі диссертациясын қорғап шықты. Оспан Құдайбергенұлы Әбдірахмановтың 50-ге тарта ғылыми еңбегі Қазақтан және шетел журналдарына шықты, мұның ішінде 3 монографиясы бар.
АСЫЛХАН ӘШІМҰЛЫ ШОМАНТАЕВ,
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор.
Асылхан Әшімұлы Шомантаев 1953 жылы 1 шілдеде Жаңақорған қонысында дүниеге келген. № 169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектебін бітірген соң, 1971-1973 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеген. Әскерден оралған соң бірер жыл «ПМК-1603»-те слесарь-моторист болып жұмыс істеді. 1980 жылы Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын ҮЗДІК бітірген соң, 1980-1986 жылдары жоғарыда аталған институттың Қызылорда филиалының «Арнаулы пәндер» кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы қызметін атқарған. 1986-1990 ж.ж. ЖГМҚИ аспирантурасынан соң, 1991 жылы Мәскеуде кандидаттық диссертация қорғап, 1994 жылы доцент ғылыми атағын алды. 1991-1996 ж.ж. Ы.Жақаев атындағы агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтында (қазіргі Қорқыт Ата атындағы ҚМУ) аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 1995-1998 ж.ж гидромелиорация, одан кейін инженерлік-экологиялық факультетінде декан қызметін атқарған. 1999-2001 ж.ж. аға ғылыми қызметкерлікте болып, 2002 жылы қазан айында Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің Диссертациялық Кеңесінде «Сырдария өзенінің төменгі ағысының гидрохимиялық режимі және қайтармалы суларды ауыл шаруашылығында пайдалану» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 2004 жылы профессор атағы берілді. Профессор А.Ә.Шомантаев 2003-2008 ж.ж. университеттің жаратылыстану факультетінің деканы, 2008 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор қызметін атқарып келеді. Ғалымның жетекшілігімен 5 кандидаттық диссертация қорғалды және қазіргі кезде 2 аспирант, 3 ізденушілерге жетекшілік жасауда. 120 ғылыми-әдістемелік, соның ішінде 2 монография, 1 оқулық, ауыл шаруашылығындағы төгінді су мәселесіне қатысты 6 ұсынымның авторы. А.Ә.Шомантаев бірнеше халықаралық ғылыми конференцияларға, симпозиум, семинарларға қатысып, баяндамалар жасады. 2008 жылғы облыс әкімінің стипендиясының иегері. Про-фессор А.Ә.Шомантаев қызметтегі жетістіктері ҮШІН Казакстан Республикасы Президентінің, Білім және ғылым министрлігінің (2 рет) және Қызылорда қаласының Білім және спорт бөлімінің Алғыс хаттарымен, ҚР білім саласын дамытуда сіңірген еңбегі ҮШІН «Қазақстан Республикасы білім саласының Құрметті қызметкері» кеуде белгісімен марапатталған.
БЕКШОРА КӨПЕШОВ,
профессор.
Бекшора Көпешов 1939 жылы жел-оқсанның 5 жұлдызында Жаңақорған ауданының «Келінтөбе» ауылында дүниеге келді. 1946-1953 жылдары Талап атындағы 7 жылдық мектепті, 1953-1956 жылдары Түркістан қаласындағы № 19 орта мектепті бітірген. 1956-1961 жылдары Шымкент қаласындағы Шымкент Мемлекеттік мұғалімдер институтының физика-математика факультетінде білім алып, физика-математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1961 жылы Шымкент педагогикалық институтында оқытушы болып бастады. 1964-2004 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің (бұрынғы КазХТИ) жоғары математика кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор қызметтерін атқарған. 1976 жылы кандидаттық диссертация қорғап, физика-математика ғылымдарының кандидаты, 1980 жылы жоғары математика кафедрасының доцент ғылыми атағы және 2000 жылы университеттің академиялық профессор атағын алды. 100-ге жуық ғылыми еңбектері басылымдарда жарық көрді. Оның ішінде бірнеше оқулық әдістемелері мен монографиялары бар.
СӘЛІМ ЗАИЫРҰЛЫ,
Доцент.
Сәлім Зайырұлы Жаңақорған қыстағында 1938 жылы 26 мамырда туған. № 51 қазақ орта мектебінде оқыған. Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін бітірген соң (1961), Мәскеуде БҮКІЛОДАҚТЫҚ дән ғылыми зерттеу институтының аспирантурасын аяқтап, кандидаттық диссертация қорғаған (1966). 1966-1983 ж.ж. ҚазМҰУ-нің биология факультетінде кіші ғылыми қызметкерден бастап, аға ғылыми қызметкер, доцент, ғылыми лаборатория меңгерушісі, факультеттің ғылыми зерттеу жұмыстары секторының (ғылыми деканат) жетекшісі қызметтерін атқарған. Осы жылдары ол бидай дәні клеткаларындағы белоктардың алмасуы мен қордалануы заңдылықтарын айқындау бағытында құнды зерттеулер жүргізген. 1983 жылы Қазақ Ғылым Академиясына ауыстырылып, әйгілі ғалым-академик Мұрат Әбенұлы Айтхожинмен бірге «Молекулярлық биология және биохимия» институтын ашып ұйымдастырып, институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Қазақстанда бірінші болып өсімдіктердің гендік инженериясы саласында ғылыми-зертеулерді жолға қойып, осы салада кадрлар (мамандар) даярлауға өзіндік үлес қосқан. 1986 жылы институт құрамында өзінің жетекшілігінде трангеноз (гендерді ауыстыру және сырттан өндіру) лабораториясын ашып, зейнетке шыққанша (2000 жыл) сол лабораторияның меңгерушісі болған. Өз саласында 7 ғылым кандидатын даярлап шығарған, солардың біразы бүгінде алыс шетелдерде ғылыми қызметте жүр. Сәлімнің 200- ден астам ғылыми жұмыстары баспа бетінде жарияланған. Соның ішінде екі монографиялық кітап, ондаған ірі ғылыми-сараптамалық мақалалары бар. Ол 12 томдық «Қазақ Совет Энциклопедиясының» 8 томында (2-10 т.т.) жарияланған биохимиялы мақалалардың авторы.
ҚУАНДЫҚ ӘЛІМБЕТОВ,
профессор.
Қуандық Әлімбетов 1933 жылы қаңтар айының 10-да Жаңақорған ауданының «Өзгент» ауылында ДҮНИеге келген. 1949 жылы № 51 қазақ орта мектебінің 9-сыныбын бітіріп, сол жылы Түркістан педагогикалық училищесіне түсіп, оны 1950 жылы ойдағыдай бітіреді. Бұдан соң бір жылдай Жаңақорған ауданының мәдени-ағарту мекемесінде инспекторлық қызметін атқарады. 1951 жылы Ташкент қаласындағы қазіргі халықшаруашылық институтының ауылшаруашылық экономика факультетіне ТҮСІП, 1955 жылы бітірді. 1955-1957 жылдары Жаңақорған аудандық жоспарлау комиссиясының бас экономисі, одан кейін осы ауданның бұрынғы «Бірлік» қой совхозында бас экономист болды. 1958 жылдан бастап партия қызметіне көтерілді. Әдепкіде Жаңақорған аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, кейін Қызылорда облыстық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1961-1965 жылдары облыстық партия комитетінің бірінші хатшысының көмекшісі болды. Облыстық партия комитеті мен облыстық Совет атқару комитеті жанындағы бақылау мекемесінде екі жылдай инспекторлық қызмет атқарды. 1968 жылдан 1974 жылға дейін Қызылорда облыстық ауылшаруашылық басқармасының бастығының орынбасары, 1974-1976 жылдары Қызылорда облыстық партия комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. 1976 жылдан бастап Қазақтың күріш ғылыми-зерттеу институтының, кейіннен Қызылорда ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры болып 16 жылдай қызмет істеді. 1993 жылдан 1995 жылға дейін Қызылорда облыстық ғылыми өндірістік орталығы төрағасының бірінші орынбасары, ал 1995 жылдан 1997 жылға дейін қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кафедра профессоры және меңгерушілік қызметін атқарды. 1997 жылдан бастап Шымкент қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы Қазақтың экономикалық университетінің, ОҢТҮСТІК Қазақстан экономикалық институтында экономикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі болып істеді.
Қуандық Әлімбетов - күріштің «Маржан» сортын шығарушылардың бірі. 1973 жылы Мәскеу қаласында кандидаттық диссертация қорғап, экономика ғылымдарының дәрежесін алды. Ол Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Экономист ретінде Қ.Әлімбетов жеке өзі және әріптестерімен 200-ге жуық ғылыми еңбектерін жарыққа шығарды. Оның екеуі монография , 12 кітапша, 20 ұсыныстар және жоғары оқу орындарына арналған «Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері», «Кәсіпорын экономикасы» атты оқу құралдары. Ол «Құрмет белгісі» орденімен, 8 медальмен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің және халық депутаттары Қызылорда облыстық Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
БЕКТӨРЕ ШЫРБАНҰЛЫ ЕСЕНҚАРАЕВ,
Американың техника ғылымдарының докторы, «Құрметті теміржолшы».
Бектөре Шырбанұлы Есенқараев 1958 жылы 20 наурызда Жаңақорған ауданы Бесарық стансасында теміржолшылар отбасында туған. Ол Алматыдағы теміржол техникумының техник-электрик мамандығы бойынша 1977 жылы бітіріп, диплом алды. Еңбек жолын Алматы темір жол магистраліне қарасты № 1 белгі беру және байланыс дистанциясында жұмыс жасады. Бұдан соң әскер қатарында болып, Отан алдындағы борышын өтеп қайтты. Оқып-ізденіп кәсіби мамандығын жоғарылатты. 1986 жылы Алматы темір жол көлігі инженерлері институтының «Автоматика, телемеханика жене байланыс» факультетін жақсы бітіріп шықты. 1994 жылы Қызылорда белгі беру (сигнализация) және байланыс бас дистанциясының бас инженері, 1995 жылы осы дистанцияның бастығы болып тағайындалды. 2002 жылдың ақпанынан 2007 жылдың қаңтарына дейін Қызылорда белгі беру және байланыс бас дистанциясының директоры болып қызмет атқарды. Кейінгі құрылымдарға сейкес Бас дистанциялардың жабылуына байланысты Бектөре Шырбанұлы 2007 жылдың ақпанынан бастап Қызылорда белгі беру (сигнализация) және байланыс дистанциясының директоры болып, абыройлы қызмет атқарып келеді. Ол ізденімпаздығының, біліктілігінің арқасында ғылым жаңалықтарын өндіріске батыл енгізіп келеді. Соның нәтижесінде ол басқарған мекеме салалық конкурстарда әлденше рет алдыңғы орындарға ие болды. 1995 жылы мекемеге «Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін ұйымдастырушы ҮЗДІК мекеме» атағы беріліп, Бектөре лауреат атанып, «Жылдың ҮЗДІК басқарушысы» құрметіне ие болды. Мекеме 2003 , 2004 және 2005 жылдары да 1-орынды жеңіп алып, Бектөре 3 рет ҮЗДІК басқарушы атанды. «Ұлттық экономика жетекшісі» бағдарламасы аясындағы 2006 жылы Мәскеуде өткен Халықаралық конкурсқа қатысып, мекеме лауреат атанып, Бектөренің өзі «Құрмет белгісіне» ие болды, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Э. Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. 2006 жылы кандидаттық диссертация қорғады. Талмай ізденудің, тынбай еңбек етудің нәтижесінде Бектөре Шырбанұлы Есенқараев 2007 жылы Америка Құрама Штаттарының үлкен ғылыми кеңесінде диссертация қорғап, техника ғылымдарының докторы ғылыми атағына ие болды. Бектөре Шырбанұлы өзінің кіндік қаны тамған жерден қол үзген емес. Ол Бесарық стансасы ғимаратының қабырғасына ұзақ жылдар темір жолда жұмыс жасап, өмірден өткен бір топ ардагерлердің есімдері жазылған Ескерткіш тақта орнатса, өз қаржысы есебінен Бесарықта мешіт салдырды.
СЕЙДУЛЛА СЕЙДЕМЕТҰЛЫ АБДУЛЛАЕВ,
Техника ғылымдарының докторы.
Сейдулла Сейдеметұлы Абдуллаев 1970 жылы қыркүйек айында Жаңақорған ауданы қазіргі Манап ауылында туған. Сонда орта мектепті бітірген. 1996 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын ҮЗДІК бітірген Сейдулла сол академияға ұстаздық қызметке қалдырылады. 2003 жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми диссертациясын қорғайды, доцент ғылыми атағына ие болады. Жас ұстаз кейінгі жылдары осы академияның факультет деканының орынбасары, факультет деканы, ректордың бірінші орынбасары қызметтерін абыройлы атқарып, ұжым арасында зор беделге ие болды. 2007 жылы Сейдулла Сейдеметұлы Абдуллаев Казакстан Республикасы Көлік қатынас жолдар университетінің ғылыми кеңесінде «Қозғалыс құрамының динамикалық параметрлерін бағалауға арналған темір жол кейстерін модельдеу әдіснамасы» дегөн тақырыпта техника ғылымдарының докторы дәрежесін алу диссертациясын ойдағыдай қорғап шықты. Оның диссертациялық еңбегін Б.М.Қуанышев, Р.С. Закиров, Э.П.Исаенко, Б.Р. Қанғожин секілді техника ғылымының докторлары мен профессорлары жоғары бағалады.
Сейдулла Сейдеметұлы Абдуллаевтың бірнеше ғылыми еңбегі жарыққа шыққан.
САТЫБАЛДЫ ДІЛМАНОВ,
Әскери Ғылым Академиясының академигі, тарих
ғылымдарының докторы, профессор, полковник.
Сатыбалды Ділманұлы Ділманов 1947 жылы 1 мамырда Жаңақорған ауданы Қыраш ауылында дүниеге келген. Орта мектепті тәмамдағаннан кейін Сатыбалды Ділманов 1966 жылы Кеңес Одағының Қарулы Күштерінің қатарына шақырылып, 1966-1969 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасының Қаршы қаласында орналасқан әскери бөлімде радиотелеграфист, радиостанция бастығы және байланысты біріктіру кезекшісі болып әскери қызметін атқарды. 1969 жылы Ресейдің Курган қаласындағы Жоғары әскери-саяси авиациялық училищесіне ТҮСІП, оны ҮЗДІК бітіргеннен кейін, 1973-1986 жылдары аралығында әскери бөлімше және бөлім бастықтарының саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары болып қызмет етті. 1986-1991 жылдары Қырғыз Республикасының астанасы Фрунзе қаласында 15590 әскери бөлімінде әлеуметтік-экономикалық пәні бойынша оқытушы болды. 1991-1992 жылдары осы оқу орнының курсанттары бастығының әскери-саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары және де сол жылдар аралығында Семей облысы әскери комиссариатының жеке құрамының мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер бөлімі бастығының аға көмекшісі, ал 1992-2000 жылдары Алматы зооветеринарлық институтының әскери кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, Қазақстан мемлекеттік аграрлық университетінің әскери кафедрасында цикл бастығы болды. 2000 жылдан 2003 жылдың қараша айына дейін Қазақстан гуманитарлык заң университетінің әскери кафедра бастығының орынбасары болып, 2003 жылдың қараша айынан бастап қазіргі күнге дейін Ұлттық Қорғаныс университет! бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқық жұмыстар жөніндегі орынбасары болып қызмет атқаруда. Полковник С. Д. Ділмановтың адал қызметінің арқасында, лауазымды бастықтарының рұқсатымен басқа да жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіншілік жасалынып, 1984 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін, 1986 жылы Алматы Жоғары партия мектебін ҮЗДІК бітіріп шықты. 2005 жылы 18 қарашадағы Ұлтты Қорғаныс университеті бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, полковник Ділманов Сатыбалды Ділманұлына Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестациялау комитетінің шешімімен «Профессор» жоғары ғылыми атақ берілді. Полковник Сатыбалды Ділманов 2005 жылы Ұлттық Қорғаныс университетінің Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің институтымен бірігіп құрылған диссертациялық кеңесінің құрам мүшесі. Оның ғылыми жетекшілігімен Ұлттық Қорғаныс университетінде опөративтік өнер жәнө тактика кафедрасының аға оқытушысы, подполковник Серікбаев Мұхтар Өмірсерікұлы кандидаттық диссертация қорғады. Сараптау комиссиясы мен ізденушілердің ресми оппоненті болып, диссертациялық кеңеске ұсынылатын ғылыми жұмыстарды аса зор жауапкершілікпен тексеріп, оларға әділ баға бере біледі. Қазіргі уақытта өзінің қызметін жалғастыра отырып, халқымыздың басынан өткен қайғы-қасіреттері мен еліміздің тарихындағы «ақтаңдақтарды» және де Отанымыздың әскери тарихын жан-жақты зерттеуді одан әрі жалғастыруда. Әскери ғылымға қосқан аса зор үлесі ҮШІН 2005 жылдың 17 желтоқсанында полковник С.Д. Ділмановқа Ресей Федерациясының Әскери ғылым Академиясы мүшелерінң жалпы жиналысында осы ғылыми мекеменің нақты мүшесі (академик) ғылыми атағы берілді. Ол Қазақстан тарихындағы «ақ таңдақтарды» зерттеуге үлкен үлес қосты. Республикамыздың аумағындағы еңбекпен түзеу жұмыстар лагерінің тарихы мен олардың жұмыс барысын жан-жақты зерттеді. Сатыбалды Ділманұлының қазіргі кезеңде Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасында және еліміздің көптеген ғылыми басылымдарында 70-тен аса ғылыми еңбектері жарық көрді. Солардың ішінде маңызды басылымдары: «Қазақстан аумағындағы ОГПУ-НКВД-МВД СССР-дің еңбекпен түзету лагері (XX ғасырдың 30-50 жылдары)» және «Қазақстан жастарын Отан қорғауға дайындау» монографиялары. Сонымен қатар «Қазақстан тарихының көне заманынан бері XX ғасырдың 20 жылдарына дейінгі» және «Қазақстан тариыхының XX ғасырдың 20 жылдарынан қазіргі уақытқа дейінгі» оқу құралдары, жалпы көлемі 92 баспа табақ (1480 беттей) болып жарық көрді.
ӘЛІМ МҰХАМЕДЖАНОВ, полковник. (1920-2005)
Әлім Мұхамеджанов 1920 жылы Жаңақорған ауданы Өзгент ауылында дүниеге келген. Ол отызыншы жылдары Жаңақорған қонысындағы № 51 мектепті (қыш мектеп) бітірді. Әскери училищеде оқыды. Ұлы Отан соғысы басталғанда әскерге алынды.Оқ пен оттың арасында жүріп, талай қанды шайқастарға қатысты, ерлік жолдарынан өтті. Ұлы Жеңіспен елге оралған Әлім бейбіт еңбекке араласты. Еңбектен қол үзбей жүріп институтты бітіріп, жоғары білім алды, полковник шеніне ие болды. Көп жылдар бойы Шиелі аудандық әскери комиссариатты, бұдан кейін Қызылорда қалалық әскери комиссариатты басқарды. Бұдан соң алпысыншы жылдары Алматы қаласындағы Фрунзе аудандық әскери комиссариаттың бастығы болды. 1970 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. Әлімнің ұлы Бауыржан Мұхамеджанов бұл күнде Казакстан Республикасы Ішкі істер министрі.
Әлім Мұхамеджанов 2005 жылы 25 сәуірде дүниеден қайтты.
ОҢАЛБЕК СӘПИЕВ,
Қазақстан Республикасы Парламентінің жауапты қызметкері, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы.
Оңалбек Сәпиев 1944 жылы 11 қаңтарда Жаңақорған ауданы Өзгент ауылында дүниеге келген.
1960 жылы қазіргі № 51 М.Қаратаев атындағы қазақ орта мектебін бітірген. Орта мектепті бітірісімен, 1960-1962 жылдар аралығында туған ауданның «Октябрь» колхозында қойшы болып істеді. 1962 жылы Өскемен мемлекеттік пединститутына оқуға түсіп, оны 1968 ж. орта оқу орындарының оқытушысы мамандығымен бітіріп шықты. 1971 ж. ВЛКСМ Орталық Комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясын бітірді. 1968 ж. ақпаннан Өскемен пединститутында оқытушы әрі комсомол комитетінің хатшысы, 1971 ж. сәуірінен Шығыс Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы, ал 1972 ж. ақпанынан екінші хатшысы болып қызмет атқарды. 1973 ж. мамырында ВЛКСМ Орталық Комитетінің жауапты ұйымдастырушысы қызметіне бекітіліп, Мәскеу қаласында қызмет істеді. 1977 ж. қыркүйек айында Қызылорда облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. 1983 ж. бірінші тамызынан Қызылорда облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, сол айдың 24-нен Сырдария аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1985 ж. тамызынан Жалағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1987 ж. бірінші сәуірінен облыстық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. 1991 ж. қазан айынан Қызылорда облыстық Кеңесі төрағасының кеңесшісі, 1992 ж. екінші қаңтарынан Сырдария аудандық Кеңестің төрағасы, ақпан айынан ауданның әкімі болып істеді. 1997 ж. шілде айында Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне ауысып, қазан айының 8-де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды. Еңбек Қызыл Ту ордені мен ҮШ медальдің иегері, Казакстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен және екі медальмен марапатталды. Ал 2008 жылы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталса, осы жылы Қызылорда облысының Құрметті азаматы атағына ие болды. Республикалық «Отан» партиясының, республикалық социал-демкоратиялық «Ауыл» партиясы құрған «Ел мен Жер» депутаттық тобының, ТМД елдері Парламентаралық Ассамблеясының, Әлемдік Ислам мемлекеттері Парламенттік Одағының мүшесі болды. 2002 жылы қазан айында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайлауында Оңалбек Сәпиев сенатор болып екінші рет қайта сайланды. 2008 жылдан бастап Қазақстан Республика Парламентінде жауапты қызмет атқарып келеді. Оңалбек Сәпиевтің «Ерте ағарған шашым куә» атты кітабы шыққан.
ӘБДІҚАДЫР ІБЕНҰЛЫ НҰРМАҒАНБЕТОВ,
СССР Прокуратурасының
Құрметті қызметкері, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген
заңгері, генерал-майор.
Әбдіқадыр Ібенұлы Нұрмағанбетов 1932 жылы 20 желтоқсанда Жаңақорған ауданы «Бірлік» ауылында туған. Ауылдағы жетіжылдық мектептен соң 1950 жылы Түркістан педагогикалық училищесін ҮЗДІК бітіріп шығып, өз ауылындағы мектепте 2 жыл мұғалім болған. 1955 жылы Алматы Мемлекеттік заң институтын ойдағыдай тәмамдаған оны жолдамамен Свердловск қаласындағы Совет Одағы Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің (КГБ) бір жылдық мектебіне оқуға жібереді. 1956-1962 жылдары Қазақ ССР-і Министрлер Кеңесі жанындағы КГБ Басқармасы тергеу бөлімінің ОҢТҮСТІК Қазақстан облысы бойынша алғашқыда тергеуші, кейін аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы болды. 1962-1965 жылдары ОҢТҮСТІК Қазақстан өлкелік партия комитетінің сауда және әкімшілік бөлімінің нұсқаушысы, кейін жалпы бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1966-1973 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің әкімшілік органдары бөлімінің нұсқаушысы болып қызмет істеді. Өбдіқадыр Нұрмағанбетов 1973-1977 жылдары Маңғыстау облысының прокуроры, 1977-1985 жылдары Алматы облысының прокуроры, 1985-1994 жылдары Талдықорған облысының прокуроры болып абыройлы қызмет атқарды. Ол 1994 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін де біраз жыл «Қазпотребсоюз» басқармасы төрағасының орынбасары болды. Әбдіқадыр Нұрмағанбетов СССР Прокуратурасының Құрметті қызметкері, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген заңгері атақтарына ие болып, «Құрмет белгісі» орденімен және Республика Жоғарғы Кеңесі Президиуымның Құрмет грамотасымен марапатталып, Әділет саласының генерал-майор шеніне ие болған. Әбдіқадыр Нұрмағанбетов өз қаржысы есебінен өзі туып өскен «Бірлік» ауылына мешіт салып берді. Сондай-ақ Әбдіқадырдың ұйымдастыруымен Түркістан қаласынан 400 адамдық мешіт, 50 орындық медресе, 600 орындық қайырымдылық асханасы, 20 орындық қонақ ҮЙ салынды. Бұл игілікті тірліктер қор ұйымдастыру арқылы жүргізілді.
ҒАЙЫС ЕГЕМБЕРДИЕВ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,
Алматы облысының Құрметті азаматы,
соғыс және еңбек ардагері.
Ғайыс Егембердиев 1924 жылы
наурыз айында Жаңақорған ауданы АҚҮЙІК ауылында туған.
Ғайыс Егембердиев АҚҮЙІК ауылындағы мектеп табалдырығын 1935 жылы аттайды. Жасынан алғыр боп өскен ол сабақты жақсы оқиды. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» қиссаларын, шығыс шайырларының бәйіттері мен ғазалдарын, рубаяттарын жатқа соғатын болады. Өзі де өлең жаза бастайды, мектептің қабырға газетінің редакторы болады. Жетіжылдық мектепті бітірісімен, 1943 жылы Ғайыс Егембердиев те көп қатарларымен майданға аттанады. Артиллерия кіші лейтенаттарын даярлау курсынан өтеді. Екінші, Үшінші Белорусь майданында, Үшінші Балтық бойы майданында әуелі жаяу әскерде пулеметчик , кейін аса қаһарлы, сол кездің өзінде 90 килолық снарядты 18 шақырымға ататын, Бас Қолбасшының пәрменімен жойқын шайқастарда жауды жайпайтын 203 миллиметрлік зеңбірек (гаубица) командирі болған. Рига қаласын азат етіп, Пруссияға тұмсық тіреп, Курляндияда соғысты Жеңіспен тәмамдайды. Елге оралған Ғайыс Алматы кооператив (Қарғалыдағы) техникумын ҮЗДІК тәмамдап, «Советтік сауданың бухгалтері» мамандығын алып шығады. Бұдан соң Қазақтың Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін ҮЗДІК дипломмен бітіріп, 1959-1974 жылдары республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, 1974-1985 жылдары Талдықорған облыстық «Октябрь туы» (қазіргі «Жетісу») газетінің Бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған. Алматы облысының Құрметті азаматы. Ол 7 ұл-қыздың әкесі 12 немеренің атасы. Ғайыстың 3 немересі Жапон елінің жауынгерлік спорты кингбокстан әлем чемпиондары. Ғайыс Алматы облысы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі. Талдықорған қаласында тұрады.
Ғайыс Егембердиевтың «Жарық дүниеге іңкәрлік» атты кітабы (2004) шыққан.
АХМЕТ ӘДІЛОВ,
Тау-кен іcтepі генералы, Алматы қаласының
Құрметті азаматы.
(1912-1999)
Ахмет Әділов 1912 жылы Жаңақорған ауданы қазіргі Құттықожа елді мекенінде туған.Тұрмыс жағдайының ауырлығына байланысты Ахмет мектеп табалдырығын 16 жасқа келгенде аттайды, 9 жасар балалармен бір сыныпта оқуға мәжбүр болады. Бірақ алғыр Ахмет оқуды тез игеріп алып кетеді. 1928-1932 жылдары (ақпанға дейін) Ташкенттің Су шаруашылығы политехникалық техникумында оқиды. 1932 жылы күзде Мәскеудің И.В. Сталин атындағы Тау-кен институтына түседі. Институтты 1939 жылы қызыл дипломмен ҮЗДІК бітіріп шығады. Шығыс Қазақстан облысындағы Зыряновскі кеніш басқармасына жолдамамен келген ол таулы учаскенің бастығына тағайындалады. Келісімен кенішке руда өндірудің жаңа тәсілін енгізіп, еңбек өнімділігін ҮШ есеге көтеріп жібереді. Көп ұзамай ол кеніш басқармасы партия комитетінің хатшысы болып сайланады. 1941 жылы мамырда Ахмет Әділов Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ТҮСТІ металлургия бөлімінің меңгерушісі болып бекітілді. Сол кезде ол 29 жаста еді. 1943 жылы Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің ТҮСТІ металлургия жөніндегі хатшының орынбасары қызметіне ауысады. 1946 жылғы қыркүйектен 1948 жылғы мамырға дейін Шемонаиха мекеніндегі Николаевск полиметалдық руда басқармасының директоры болып істеді. 1948 жылғы мамыр мен 1950 жылғы қаңтар аралығында СССР Министрлер Кеңесінің жанындағы Мемлекеттік тау-кен істерін бақылау бас басқармасының Қазақстандық Кен істері округының бастығы болды. 1949 жылы Ахмет Өділовке Тау-кен істерінің ІІІ-рангтегі «Генерал-директоры» деген құрметті атақ берілді. 1950 жылы Ахмет Әділов Қарағанды қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. 1953 жылы Қазақ ССР-ның Жергілікті және отын өндірістері министрі болып тағайындалды. Бұдан кейінгі жылдары Ахмет Әділов Халық депутаттары Алматы қалалық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Алматы совнархозының төрағасы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті және Республика Министрлер Кеңесінің партия-мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Қазақ ССР-ы Жоғарғы Кеңесінің жоспарлау-бюджеттік комиссиясының төрағасы қызметтерін абыройлы атқарды. Партияның XІX, XXІІ съездеріне делегат болып қатысты. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне 20 жыл бойына депутат болып сайланды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, 3 мәрте «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды, Алматы қаласының Құрметті азаматы атағына ие болды. Шалқия кенішінің ашылуына да кезінде көп еңбек сіңірген азаматтың бірі де осы Ахмет еді.
Ахмет Әділов 1999 жылы 87 жасында дүниеден өтті.
Ахмет Әділовтың өмір жолдары мен елі ҮШІН еткен елеулі еңбектерін баян ететін «Жүректен шыққан естеліктер» атты кітап (2004 ж.) жарық көрді.
ЕРЖАН УБАЙДАҰЛЫ УАЙС,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, журналист-дипломат.
Ержан Убайдаұлы Уайс 1951 жылы дүниеге келген.
Орта мектепті 1967 жылы Алтын медальмен бітірген. 1973 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Ержан Уайс мектеп қабырғасында жүрген кезінде-ақ жазу-сызуға құмар болған. Оның жазған мақалалары аудандық, облыстык, республикалық газеттерде басылып тұрды, «Тілші бала» атанды. Жоғары білімді журналист еңбек жолын Қазақ теледидарында режиссердің көмекшісі болып бастаған ол «Жаңалықтар» бағдарламасында тілші, «Қазақстан» ақпараттық бағдарламасында редактор, экономикалық сараптамашы, саяси шолушы, Қазақ радиосында диктор, Парламент пен Үкімет тілшісі, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін (1969-1992 ж.ж.) абыройлы атқарды. Мәскеуде СССР-дің Мемлекеттік телевидение және радио комитетінің жанындағы кәсіптік мамандығын арттыру курсынан, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігі (Алматы) жанындағы дипломатиялық курсынан өткен. Тәуелсіз Қазақстанның Қазақ теледидары мен Радиосының Түркиядағы тұңғыш меншікті тілшісі болды. Сонымен бірге «Егемен Қазақстан», «Халық Кеңесі», «Заман-Қазақстан» газеттері мен ҚазТАГ-тың Түркиядағы тілшісі, Германияның Мюнхендегі «Азаттық» радиосының түрік еліндегі өкілі қызметтерін де қоса атқарды. 1993-1999 жылдары Қазақстан Республикасының Түркияның Стамбул қаласында Бас консул қызметін абыроймен атқарды, Қазақстан мен Түркия арасындағы достық байланысының негізін салушылардың бірі болды. Ержан Уайс Тәуелсіз Қазақстан жөніндегі, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы, Қазақ елі мен Түрік елі арасындағы достық байланысы жайлы телефильмдер мен фотоальбомдардың авторы. 1999 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық пресс-клубының Вице-президенті, сондай-ақ Қызылорда облысы әкімінің сыртқы саясат мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі. 2007 жылғы сәуір айынан бері Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келеді. Шетел инвестициясын Сыр өңіріне тартуда да Ержан Уайс аз еңбек сіңіріп жүрген жоқ. Түркияның «Түркуаз» фирмасы Қызылордада жаңа әуежай салып беруге келісімін берсе, ОҢТҮСТІК Кореялық фирма күл-қоқысты өңдейтін фабриканы іске қоспақ. Шыны зауыты жобасын жүзеге асыру үшін Мәскеудің бір компаниясын тартқан да Ержан Уайс болатын-ды. Ержан Убайдаұлы Уайс Қазақстан Журналистер Одағы-ның мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, танымал журналист-дипломат. Ол 2008 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері деген құрметті атаққа ие болды.
AMАНГЕЛДІ ШОРАҰЛЫ ЕСЕЙ,
Қазақстан бойынша
пансионат-медреселердің директорлары
кеңесінің төрағасы, дінтанушы.
Амангелді Шораұлы Есей 1951 жылы Жаңақорған ауданындағы «Қыраш» ауылында туған. 1967 жылы Жаңақорғанда № 51 орта мектепті бітіріп, сонан соң кәсіптік училищеде оқып, механизатор болып жұмыс істеді. 1968 жылы Шымкенттегі Қаз.Хим.Технологиялық институтына ТҮСІП, 1973 жылы пластмасс-технолог инженері мамандығын алып шықты. 1973-75ж. жолдамамен Өзбекстанда Жиззах пластмасс зауытында аға инженер, 1975-80ж. қалалық техникалық уичлищенің директоры болып қызмет атқарды. Республика оқу-орындарының ішінде үздік басшы ретінде марапатталып, 1979 ж. Түркия, Сирия, Египет, Франция, Италия мемлекеттерін аралап шықты. 1980-1995 ж. Шымкент агротехникалық колледжінде басшылық қызметте болды, 1987 ж. Қазақ ауыл шаруашылық институтын тәмамдап, ғалым агроном мамандығын алды. 1994-95 ж. АҚШ-тың Мюнхендегі орналасқан «Азаттық» радиосында Қазақстанның Оңтүстік үш облысының тілшісі болды, саясатпен айналысты. Радио арқылы тіл мен дін мәселелерін насихаттады. «Азаттық» радиосының директоры, «Алаш» сыйлығының иегері Хасан Оралтай мырзаның өз қаржысына «Кейден» ауылынан мешіт салуына себепкер болды. Көп ғалымдармен байланыста болып, Түркі дүниесінің бірлігіне атсалысты. Түркияда бірнеше ай болып, білімін жетілдірді, тәжірибе алмасты. 1995-98 ж.ж. Германияның фермерлерді қолдау «ТАСИС» қорының және Американың «Евро-Азия» қорының ОҢТҮСТІК Қазақстан облысындағы консултанты болып фермерлерді, шаруа қожалықтарын жекешеге қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастырды. 1997 жылдан Түркиямен бірлескен Халықаралық «Қамар» және «Түркістан» қайырымдылық мекемелерінің төрағасы болып, Шымкент, Түркістан, Кентау қалаларында бюджеттен қаржы алмастан, Түркиялық құрылтайшылардың демеуімен жеке, мемлекеттік емес, 7 интернаттың ашылуына, әл-ауқаты нашар отбасыларының жүздеген балаларын мектептен қол үздірмей оқытып, Құран курстарының ұйымдастырылуына, жастарды имандылыққа тәрбиелеуге атсалысты. Отыз шақты жас жігіттерді Түркияда Исламдық білім алуын ұйымдастырып, діни мамандар даярлауға мұрындық болды. Олардың бірнешеуі Қары болып, көпшілігі Құран курстарында ұстаздық етті. Амангелді Есей Түркиялықтармен бірлесіп, Ханафи мазһабымен білім беретін, елімізде алғашқылардың бірі болып, Құран курстарын ұйымдастырды. БҮГІНГІ таңда 12 облыста ҮШ мыңнан астам оқушысы бар 38 пансионат-медресе жұмыс істейді. Бұлар Орта Азияда Нахив, Нуру изаһ, Мектубат секілді ислами-ғылыми кітаптар оқытатын ең жоғары медреселер болып есептеледі. Медресені бітіргендер бірнеше облыста және көптеген аудандарда имамдық қызметтерде, сондай-ақ ТМД елдерінде медреселер ашып басшылық, ұстаздық жасауда. Қазір Амангелді Қазақстан бойынша осы пансионат-медреселердің директорлары кеңесінің төрағасы қызметінде, «Мұхтасар Ғылымхал», «Имам Ағзамның өмірі», «Алтын сілселе», тағы басқа бес оқулық ислами кітаптарды қазақшалап бастырып шығарды.
БАҚЫТЖАН МҰХАМЕДЖАНОВ,
Қазақстан Республикасының
Құрметті спорт қайраткері, социология ғылымдарының
кандидаты, доцент.
Бақытжан Мұхамеджанов 1961 жылы 10 маусымда туған. 1978 жылы Жаңақорғандағы № 51 М.Қаратаев атындағы орта мектепті бітірген. 1978-1982 ж.ж. Қазақтың Дене тәрбиесі институтының педагогика факультетін бітіріп, еңбек жолын № 163 қазақ орта мектебінде бастап, 1982 -1984 жылдары аралығында Кеңес Армиясы қатарында болып, 1984-1993 жылдары Жаңақорған аудандық Спорт және туризм комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 1993-1999 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ дене тәрбие кафедрасында аға оқытушы, спортклуб төрағасы, 1999-2003 жылдары дене шынықтыру және спорт кафедрасы меңгерушісі, 2003-2008 жылдары Спорт және өнер факультетінің деканы қызметтерін атқарған. 2008 жылдан Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-дың Кентау институты директоры қызметін атқарады. 1999 жылы «Студент-әлеуметтік бітімі, жай-күйі, құндылықтық-көзқарастық бағдарлары» тақырыбынан кандидаттық диссертация қорғап, социология ғылымдарының кандидаты атағына ие болды. 2003 жылы оған Қ.Р. ЖАК доценті атағы берілген. Осы уақытқа дейін 5 оқу-әдістемелік құралдары мен 48 ғылыми мақалалары жарық көрді. Бақытжан Мұхамеджанов Түркістандағы Қазақ-түрік университетінде спорт факультетін ашып, іргетасын алғашқы қалаушылардың бірі. Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері.
ӘБДІХАЛЫҚ КӨШЕРБАЙҰЛЫ АБДИЛЛАЕВ,
Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері, Республика спорт шебері, қазақша күрестен республика жеңімпазы.
Әбдіхалық Көшербайұлы Абдиллаев 1949 жылы туған. 1966 жылы орта мектепті бітірген. Одан соң Қазақтың Дене тәрбиесі институтын тәмамдаған. 1974-1976 жылдары Жаңақорған ауданындағы № 240, № 51 орта мектептерінде дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы, 1976-1978 ж.ж. аудандық спорт мектебінің оқу істері жөніндегі директор орынбасары, 1978-1985 ж.ж. аралығында Халық депутаттары Жаңақорған аудандық атқару комитетінде Денешынықтыру және спорт комитетінің төрағасы, 1985-1991 жылдары №163 қазақ орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы қызметтерін атқарған. 1991 жылдың 1 қыркүйегінен 1993 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға оқытушы және спортклуб төрағасы, 1993-1995 ж.ж. Дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі, доцент. 1995-1996 ж. университет бойынша жалпы спорт клубтарының төрағасы болды. 1997-2002 ж. заң факультеті деканының тәрбие істері жөніндегі орынбасары, 2002-2006 жылдары Спорт факультеті деканының оқу істері жөніндегі орынбасары, 2006-2007 оқу жылынан бастап «Денешынықтыру жене спорт» кафедрасының меңгерушісі. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі пәні бойынша 38-25 баспа табақ оқу құралының толық курсын (2004 ж. 1-бөлімін, 2007 ж. 2-3-4- бөлімдерін) баспадан шығарып, Республика Жоғары оқу орындарына таралған.Соңғы 4 жылда 9 ғылыми еңбектері ғылыми басылымдарда жарияланған. Қазақтың Спорт және туризм жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік секцияның және оқулық, оқу-құралдарын шығару бойынша Республикалық сараптау комиссиясының мүшесі. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігінің 2003 ж. 24 қарашадағы бұйрығымен Абдиллаев Абдіхалыққа «Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері» атағы, сол сияқты ҚР Білім және ғылым саласындағы қадағалау және атестаттау комитетінің 2006 ж. 6 мамырдағы (№ 7 хаттама) шешімімен «Педагогика мамандығы бойынша доцент» ғылыми атағы берілген. А.Абдиллаев Қазақ күресінен еліміздің бірнеше дүркін түйе палуаны, республика жеңімпазы, Қ.Р. спорт шебері . 2008 ж. 1 қазанына дейін «Дене мәдениеті» (300 бет) оқулығы мен «Олимпиадалық білім» (350 бет) жене «Дене шынықтыру және спорт тарихы» (350 бет) оқу құралдарын Б.Мұхамеджановпен бірігіп баспадан шығарды.
НҰРҒАЛИ ТҮРШЕКОВ,
Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері.
(1916-1975)
Нұрғали Түршеков 1916 жылы Жаңақорған ауданы АҚҮЙІК ауылдық Кеңесінде дүниеге келген. Ол еңбек жолын 1932 жылы «Бірлік» ұжымшарының өндіріс бригадирлігінен бастаған. Мұнан соң Мерке аудандық халық сотының хатшысы қызметін атқарған. 1937 жылы Шымкент қаласындағы Жоғары коммунистік мектепті тәмамдап, Мерке аудандық (Жамбыл облысы) комсомол комитетінің насихатшысы, 1939 жылы КП(б)К Орталық Комитетінің жанындағы насихатшылардың Жоғары мектебін бітіргеннен кейін Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің нұсқаушысы, 1939-1943 жылдары ОҢТҮСТІК Қазақстан облысы Сайрам аудандық комсомол комитетінің хатшысы, Шәуілдір МТС-ы директорының саяси жұмыс жөніндегі орынбасары, Созақ МТС-ы саяси бөлімінің бастығы қызметтерінде болған. 1943 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, Жеңіспен елге 1946 жылы оралған. 1946-1953 жылдары Жаңақорған МТС-ның директоры, 1953-1954 және 1958-1962 жылдары Тереңөзек аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1954-1958 жылдары осы аудандағы Аламесек МТС-нің директоры, 1962-1968 жылдары Қармақшы ауданындағы Ақжар МТС-нің және Жалағаш аудандық астық қабылдау пунктінің директоры болып қызмет істеді. Өндірістен қол үзбей жүріп, агроном мамандығы бойынша жоғары білім алған. 1968 жылдан өмірінің соңына дейін № 187 КТУ-де оқытушы болды. 1939 жылдан КПСС мүшесі болды, республикалық дәрежедегі зейнеткерлікке шықты. Көп жылғы еңбегі бағаланып Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, 3 мәрте Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған. Нұрғали Түршеков 1975 жылы 23 наурызда дүниеден өтті. Н.Түршековті есте қалдыру мақсатында Жаңақорған кентінен және «Бірлік» ауылынан бір-бір көшеге оның есімі берілді.
МҰХАМЕДЖАН АХМЕДИЯҰЛЫ ПАХЫРДИНОВ,
Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарының
Құрметті қызметкері,
Әділет генералы, заң гылымдарының кандидаты, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы.
Мұхамеджан Ахмедияұлы Пахырдинов 1950 жылы Жаңақорған ауданы «Бірлік» ауылында дүниеге келген. Аудан орталығындағы №169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектептен соң Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетіне ТҮСІП, оның заң факультетін ойдағыдай бітіріп шыққан. Мұхамеджан Ахмедияұлы ұзақ жылдар бойы Республика көлемінде қала мен аудан және облыс деңгейінде құқық қорғау органдарында абыройлы еңбек еткен. Ол осы жылдар кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Коллегиясының мүшесі болды. Батыс Қазақстан, Шығыс Казакстан және Жамбыл облыстарында облыстық прокурор қызметтерін атқарды. 2003-2004 жылдары Қазақстан Республика Президенті Әкімшілігінің Сот жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Ал 2005 жылдан бері Карағанды облыстық сот төрағасы болып қызмет атқарып келеді. Мұхамеджан Ахмедияұлы Пахырдинов Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарының Құрметті қызметкері, Әділет генералы, 3-ші сыныпты Мемлекеттік әділет кеңесшісі, Заң ғылымдарының кандидаты. Ол «Құрмет» орденімен марапатталған. Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы.
МЕДЕТ ӘЛТАЕВ,
профессор.
Медет Әлтаев 1936 жылы 16 желтоқсанда Жаңақорған ауданы «Екпінді» ауылында туған. Орта мектепті ойдағыдай тәмамдаған ол, сол жылы Ташкенттегі Орта Азия Мемлекеттік университеттің (САГУ) геология және жер асты байлығын барлау факультетінің «Мұнай және газ» мамандығы бойынша оқуға ТҮСІП, оны 1959 жылы қызыл дипломмен ҮЗДІК бітіріп шығады. Үздік бітірген Медет Әлтаевты университетке ассистент-оқытушы етіп қалдырады. Ол шетелдерге есімі белгілі академик В.И. Поповтың жетекшілігімен 1968 жылы «Гиссар (Байсын) тауының Юра дәуір қабатының литологиясы» деген тақырыпта диссертация қорғап, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты атағын алады. САГУ-де ассистенттен аға оқытушы, доцент, профессор лауазымына ие болады. Медет Әлтаев 1966-1968 жылдары Мәскеудің «Краснохолмск барлау-зерттеу» бірлестігіне (өте құпия мекеме болатын) қарасты мекеме жанынан ашылған «Ғылыми-зерттеу өндірістік экспедициясына» (университетпен бірге) алғашқыда қосымша бас инженер, кейін экспедиция бастығы болып қызмет атқарады. Осы кезеңде ол басқарған экспедиция Қызылқұм, Сырдария ойпатында уран кендерінің бар екендігіне алғашқы фациал-палеографиялық картасын құрастырып және ол өндіріске ендірілген болатын (Мәскеу. Бүкілодақтық геология фондысы. 1968 ж.) -Біздің сол кезде жасаған болжамдарымыз айтылмайтын, өте құпия сақталатын, - дейді профессор Медет Әлтаев бізбен әңгімесінде. - Міне, енді арада 40 жыл өткенде барып сол болжамдарымыз іске асырыла бастады. Қазіргі «Қазатомөндіріс» Ұлттық компаниясының Байкенжедегі «Хорасан-1», «Хорасан-2» уран өндіруді қолға алып жатқан жерлерін баяғыда белгілеп, картаға түсіріп кеткен болатынбыз. Бірақ бұл жөнінде тісімізден шыққан жоқ, құпия болатын. Міне, енді айтуға да, мақтануға да болады!- дейді Медет көңілдене сөйлеп. Профессор Медет Әлтаев бұдан кейін де Үкімет тапсырмасы бойынша 1970-1985 жылдары Орталық Азия көмір кендерінің геологиялық құрылымы және кендерді геологиялық тұрғыдан тиімді пайдалану бойынша атқарылатын ғылыми-өндірістік жұмыстарға жауапты атқарушы болып, жетекшілік етті. Бұл саладағы еңбегі де жоғары бағаланып жарыс жеңімпазы, бесжылдық жеңімпазы атанып, медальдармен марапатталып, оған жеңіл автокөлігі сыйға тартылды. 2001 жылы Медет Әлтаев туған елге оралып, 2007 жылға дейін Шымкент университетінің география кафедрасына кафедра меңгерушісі болып қызмет етті. Ал 2007 жылдан бері Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуроазия Ұлттық университетінің «География және экономикалық география» кафедрасының профессоры. Профессор Медет Әлтаев 200-ге тарта ғылыми еңбектің авторы. Оның бірқатар баяндамалары Мәскеу, Ленинград, Киев, Новосибирск, Львов, Ташкент қалаларында өткен Одақтық, республикалық ғылыми конференцияларда талқыланып, сол қалаларда басылып жарық көрді. Мұның ішінде 4 монографиясы - «ОҢТҮСТІК Тәжікстанның Юра дәуірінің динамикалық формациясы» (Ташкент, 1966 ж.), «ОҢТҮСТІК Азия бөлігінің (Тәжікстан, Өзбекстан, ОҢТҮСТІК Қазақстан) платформалық формациясының динамика фациальдық-палеографиялық картасының атласы» (Ленинград, 1968 ж.), «Орталық Азияның мезазойға ҮЗІЛІС формациясындағы жерасты байлықтарын болжау және зерттеу» (Мәскеу, 1981 ж.), «Шөгінді жыныстармен байланысты кендерді табуға литология-геохимиялық әдістерді пайдалану әдістемесі» (Ташкент, 1987 ж.) деген атпен кітап болып басылып шығып, жоғары оқу орындарында оқулық ретінде пайдаланылуда.
БАХАУАДДИН-БЕК МЕЙІРБЕКҰЛЫ СОПЫБЕКОВ,
«Жыл суретшісі» дипломанты.
Бір отбасынан оқыған 4 маман суретші шыққан. Соның бірі - Бахауаддин-Бек Мейірбекұлы Сопыбеков. Бахауаддин-Бек Мейірбекұлы 1977 жылы қаңтарда Жаңақорған ауданы «Кеңес» ауылында туған. Ол 4-сыныптан бастап Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы «Өнер» Академиясының сурет-өнері мектебін, онан соң колледжін қызыл дипломмен ҮЗДІК бітіріп, сол Академияға қабылданып, оның бейнелеу өнерінің «Дизайн» факультетін 2000 жылы ойдағыдай тәмамдап, диплом алып шығады. Сол жылы Алматыдағы «Мектеп» баспасына суретші болып орналасып, кейін бас редактор қызметіне дейін көтеріледі. Ол бірнеше кітаптардың суреттерін салып, көркемдеген. Мектеп оқулықтарының мұқабаларын бейнелеген. 2000 жылғы «Қазақ күнтізбесінің» суреттерін салған. «Мектеп» баспасынан шыққан «Марко Поло» кітабын, Оразақын Асқардың «Қуырмаш» кітабын, «Таймс», баспасынан орыс тілінде шыққан «Насорок» кітабын безендірген. «Алматы кітап» баспасынан шыққан ақын Ермек Өтетілеуұлының қазақ, орыс, ағылшын тілінде шыққан «Қазақ оркестрі» кітабының да суреттерін салған. Ол безендірген басқа да кітаптар бар. Алматыда өткен сурет көрмелеріне қатысып жүр. Ол 2007 жылы «Жыл суретшісі» дипломына ие болды. Қазір ол «Алматы кітап» баспасында суретші-дизайнер және «Айгөлек» журналында суретші болып істейді. Бахауаддин-Бектің туған ағасы Қадырбек пен жеңгесі Жанат та маман суретшілер. Ол екеуі де Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы қазақ-түрік университетінің «Дизайн және жарнама» өнер факультетін 1997 жылы бітірген. Бұл екеуі безендірген Түркістан қаласындағы Орталық базар республикалық аймақтық байқауда екі мәрте бірінші орынды жеңіп алып, Дипломмен марапатталған. Бахауаддин-Бек пен Қадырбектің әкесі Мейірбек Сопыбеков 1975 жылы Алматыдағы Н.В.Гоголь атындағы сурет училищесінің «Театр суретшісі-декоратор» бөлімін бітіріп, жазушы-драматург Тахауи Ахтановтың «Ант» спектаклін сахнаға бейнелеуден ойдағыдай диплом қорғаған. Оның сиқырлық та өнері бар. Ол бұл жөнінде 1967-1968 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеті бетінде сабақ жүргізген. Ол 1988 жылы Қызылорда қаласының 170 жылдығы тойында киіз ҮЙДІ түрлі-түсті ұлттық ою-өрнекпен безендіргені ҮШІН 1-дәрежелі Дипломмен марапатталған. Сонымен бірге Мейірбек Түркістандағы екі жылдық медресені, Алматыдағы имамдар даярлайтын Ислам институтын да тәмамдаған. Сондай-ақ оның немересі Жандос та Алматыдағы суретшілер даярлайтын Орал Таңсықбаев атындағы колледжінің «Дизайн» бөлімнің 3-курсының студенті, оның салған суреті Алматының «Наурыз» көрмесіне қойылған.
Әулетімен өнерлі жандар.
ЕРТАЙ БЕКҚҰЛОВ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,
Республикалық Журналистер бәйгесінің жеңімпазы.
Ертай Бекқұлов 1953 жылы 12 шілдеде Жаңақорған ауданы Қауық елді мекенінде дүниеге келген. 1979 жылдары ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1979-1982 жылдары Қостанай облыстық «Коммунизм жолы» газетінде әдеби қызметкер, 1982-1990 жылдары Республикалық «Лениншіл жас» газетінің әуелі СОЛТҮСТІК Қазақстан облыстары (Қостанай, Көкшетау, СОЛТҮСТІК Қазақстан), кейін ОҢТҮСТІК Қазақстан облыстары (Шымкент, Жамбыл, Қызылорда) бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. 1991-1996 жылдары «Халық Кеңесі» газетінің, 1996-2000 жылдары «Ана тілі» газетінің ОҢТҮСТІК Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. Қазіргі кезде ҚР Үкіметінің «Үкімет жаршысы», «Правительственный вестник» басылымының ОҢТҮСТІК Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі болып қызмет істейді. 1982 жылдан ҚР Журналистер одағының мүшесі. Бірнеше публицистикалық жинақтарға автор болып енген. Республикалық Журналистер бәйгесінде 1983 жылы жеңімпаз атанған. 1993 жылы Халық депутаттары ОҢТҮСТІК Қазақстан облыстық Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. ОҢТҮСТІК Қазақстан «Шығармашыл зиялылары» энциклопедиясына есімі енгізілген. Қазір Шымкент қаласында тұрады.
КЕНЖЕБЕК ӘБДІМӘУЛЕНОВ,
Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты.
Кенжебек Әбдімәуленов 1949 жылы қазіргі Жаңақорған кентінде туған. Алғашқы еңбек жолын Жаңақорған аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, кейін аға инспектор қызметін атқарған. Бұдан кейінгі жылдары аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі қызметтерінде болған. Кенжебек Әбдімәуленов жоғары білімді журналист. Аудандық радио хабарын ұйымдастырушысы, аудандық «Коммунизм жолы» (қазіргі «Жаңақорған тынысы») газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді. 1982 жылдан Қазақстан Республикасы Телерадио корпорациясының «Шалқар» ұлттық бағдарламасында қатардағы редактордан оның бас редакторына дейін көтеріліп, кейін «Қазақ радиосы» Үкімет арнасының бас редакторы қызметтерін абыроймен атқарған.
Бүгінде Астанада «Қазақстан» Ұлттық арнасында жауапты қызметте. Кенжебек Әбдімәуленов Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты мен Мәжілісі төрағаларының Алғыс хатымен, Республика Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
ТІЛЕУХАН ҚАЛИЛАҰЛЫ БАСҚОЖАЕВ,
Қапшағай гарнизонының әскери полиция бастығы, әскери майор.
Тілеухан Қалилаұлы Басқожаев 1975 жылы 24 қазанда Жаңақорған кентінде туған. 1992 жылы № 169 Н.Илялетдинов атындағы орыс орта мектебін бітірген. 1998 жылы Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік Заң университетін тәмамдап, сол жылы Ұзынағаштағы № 28237 әскери бөлімінде взвод командирі болып қызмет істеген. 2000 жылдан Алматы әскери полициясында анықтаушы инспектор, 2001 жылдан аға анықтаушы инспектор болған. 2003 жылдан анықтау және жедел іздестіру бөлім бастығы, 2005 жылдан Алматы әскери полиция бастығының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған. Тілеухан Қалилаұлы Басқожаев 2006 жылдан қазірге дейін Қапшағай гарнизонының әскери полиция бастығы, әскери шені - майор.
2007 жылы АҚШ-та білімін жетілдіріп қайтқан.
Тілеухан Басқожаев «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне - 10 жыл» мерекелік медалімен, «ҚР Әскери полициясының құрылғанына - 5 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталған.
КАМАЛДИН ШЕРМАҒАНБЕТҰЛЫ,
Ғалым-агроном, аспирантураны тәмамдаған.
Камалдин Шермағанбетұлы 1950 жылы Жаңақорған ауданы «Кеңес» ауылында туған. 1967 жылы № 54 Ж.Қыдыров атындағы орта мектепті бітірісімен Жаңақорған аудандық байланыс бөлімінде монтер болып жұмыс істеген. Бұдан соң ҮШ жыл Семей облысында атомды сынақтан өткізетін әскери бөлімде қызмет еткен. 1977 жылы Қазақтың ауыл шаруашылығы институтын қызыл дипломмен ҮЗДІК бітіріп, ғалым-агроном мамандығын алып шыққан. 1977-1989 жылдары Қызылордадағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, 1989 жылдан егіншілік бөлімнің меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Осы жылдары ішінде күріш ауыспалы егісінің жаңа үлгілерін, күріштің жаңа сорттары мен әртараптандыру дақылдарын өсіру технологиясын әзірлеген. Камалдин Шермағанбетұлы аспирантураны тәмамдаған. 101 ғылыми еңбегі кітап пен журналдарға шыққан. 4 ғылыми жаңалықтың (патент) авторы. 1 монография мен 2 кітапша шығарған. Облыста аудандастырылған күріштің «Түгіскен-1» сортының негізгі авторларының бірі. Жаңадан әзірленген күріштің «Арал-4» сорты мен арпаның «Сыр сұлуы» сорттары бұл күндері мемлекеттік сынақтан өтуде. Бұл сорттардың да авторларының бірі.
ЖАНАРБЕК АЙТБАЙҰЛЫ ОРЫНБАЕВ,
«Құмкөл транссервис» мұнай компаниясының қаржы директоры.
Орынбаев Жанарбек Айтбайұлы 1963 жылы 16 желтоқсанда Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында туған. 1980 жылы № 52 орта мектепті бітірген. 1982-1984 жылдары әскери борышын өтеді. Бухгалтерлік мамандығын алғаннан кейін 1986-1997 жылдар аралығында «Красная звезда» кеңшарында есепші, кассир, бухгалтер қызметтерін атқарды. 1997-1998 жылы «Айтбай» шаруа қожалығының бас бухгалтері, 1998-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Қызылорда облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департаментінің бас маманы қызметін атқарған. 2004-2007 жылдары «Сырдариямұнай» акционерлік қоғамында бас бухгалтер орынбасары болды. 2007 жылдан «Құмкөл транс сервис» мұнай компаниясының қаржы директоры қызметін атқарып келеді.
KEPІMXАН ЕГІЗБАЕВ,
Ғылыми-өндірістік корпорациясы «Агротехнология» ЖШС-нің президенті, ғалым-агроном, аспирантураны бітірген.
Керімхан Егізбаев 1950 жылдың 15 мамырында Жаңақорған ауданы АҚҮЙІК ауылында дүниеге келген. № 55 С.Қожанов атындағы орта мектебін ойдағыдай бітірісімен, алғашқы еңбек жолын 1967-1968 жылдары «Бірлік» кеңшарында механизатор-жүгеріші болып жұмыс істеді. 1977 жылы Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша ҮЗДІК қызыл дипломмен бітірген. Бұдан кейін екі жылдай «Келінтөбе», «Түгіскен» кеңшарларында бөлімше агрономы, бас инженер-гидротехник, бас агроном болып қызмет етті. 1978 жылы Жаңақорған аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1981 жылдан аудандық агроөнеркәсіптік бірлестігі бастығының бірінші орынбасары, 1985-1989 жылдары КПСС XXІІІ съезі атындағы кеңшардың директоры болып абыройлы қызмет атқарды. Осы жылдары шаруашылық жұмыстарын ғылыми негізде басқару әдістері мен жаңалықтарды өндіріске батыл енгізуді қолға алды. Соның нәтижесінде еңбек өнімділігі артып, мол өнім жиналып, кеңшар тәжірибе шаруашылығына айналды. 1990 жылы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітіріп алды. Ол күріш дақылы егілген жылы сол босаған танапқа КҮЗДІК бидай дақылын орналастырып, одан мол және арзан өнім алуды тұңғыш рет зерттеп, оны өндіріске енгізген ғалым да өзі болды. Сондай-ақ Керімхан Егізбаев облыс көлемінде қаракөл қой тұқымын етті мол беретін қазақтың байырғы Еділбай қой тұқымына ауыстырудың пайдалы екендігін мәселе етіп көтеріп жүріп, соның іске асуына ықпалын тигізді. Соның нәтижесінде Орал облысының Жаңақала ауданынан біраз тұсақтар мен қошқарлар алдырып, Еділбай қой тұқымын өсіру бағытында жұмыстар жүргізілді. Керімхан Егізбаев 1989 жылдың қараша айынан Халық депутаттары Жаңақорған аудандық Көңесі атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1991 жылы атқару комитеті тиісті Заңмен таратылғанға дейін бұл қызметті абыройлы атқарды. 1991-1993 жылдары «Келінтөбе» кеңшарының директоры болды. Осы көзеңде жаңадан құрылған ғылыми-өндірістік «Агротехнология» корпорациясының президенті болып сайланып, бір мезгілде «Келінтөбе» өндірістік кооперативінің төрағасы, кейіннен «Келінтөбе» жабық акционерлік қоғамының президенті қызметтерін 2002 жылдың ақпан айына дейін, 1998 жылы наурызда қайта тіркеуден өткен Ғылыми-өндірістік корпорациясы «Агротехнология» ЖШС-нің перзиденті болып сайланып, осы кезге дейін ғылыми жұмыстармен тікелей айналысуда. Келінтөбе ауылының «Ауыл» партиясының төрағасы. Ғалым-агроном Керімхан Егізбаев 2001 жылы 7 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болып, ауылды көтерудің, халықтың әл-ауқатын жақсартудың өз ойында жүрген проблемалық мәселелерін Елбасына жеткізген болатынды. Сондай-ақ осы қабылдауда ол қазір қолға алынып жатқан Көксарай су реттегішін де қажеттілігін айтқан екен. Керімхан Егізбаев басқаратын «Агротехнология» ғылыми-өндірістік корпорациясы КҮЗДІК бидайдың «Стекловидная-24», «Наз», «Расад» секілді өнімді сорттарын шығарған. Мұны Шиелі, Жалағаш, Жаңақорған ауданының бірқатар шаруашылықтары пайдалануда. Бұл корпорация 2007 жылы 70 гектар күріштің әр гектарынан 56 центнерден өнім алса, 2008 жылы 100 гектар КҮЗДІК бидайдың әр гектарынан 46 центнерден, 40 гектар жоңышқаның әр гектарынан 198 центнерден өнім жинады. Керімхан Егізбаевтың 20-дан аса еңбегі баспасөзде жарияланса, әдістемелік-ұсыныстары 3 кітапша боп шығып, таратылды.
МАТАЙ ҚҰЛАЖАНҰЛЫ ШОРАБЕКОВ (1921-2002)
Матай Құлажанұлы Шорабеков 1921 жылы Жаңақорған ауданы «Екпінді» ауылында туған. 1941 жылы мал дәрігерлік техникумын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. 1950-1954 жылдары Тереңөзек аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1954-1958 жылдары Қызылорда облыстық Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1958-1960 жылдары Сырдария аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін абыройлы атқарды. 1960-1962 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің аппаратында қызмет етті. Жамбыл облысының Сарысу аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1962-1983 жылдары Алматы облыстық партия комитеті партиялық-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып қызмет істеді. Еңбек Қызыл Ту орденімен, 3 мәрте «Құрмет белгісі», 2 мәрте Қызыл Жұлдыз, «Отан соғысы» ордендерімен марапатталған.
Матай Шорабеков 2002 жылы қайтыс болды.
ЖАҚАН УӘЛИШЕРҰЛЫ АХАНОВ, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
(1936-2004)
Жақан Уәлишерұлы Аханов 1936 жылы 12 қаңтарда Жаңақорған ауданында туған. 1960 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің биология факультетін бітірген. 1960-1984 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Топырақтану институтының кіші ғылыми қызметкері, ғылыми хатшысы, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерінде болды. 1984-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Биология ғылымдары бөлімінің академик-хатшысы болып істеді. 1997 жылдан өмірінің соңына дейін Ғылым Академиясының Топырақтану институтының директоры болды. Оның ғылыми еңбектері сортаң топырақты суландыру, топырақ генетикасы, топырақтың техногендік ластануы және экология салдарынан бұзылған топырақты қалпына келтіру мәселелерін зерттеуге арналған. 1981 жылы биология ғылымдарының докторы дәрежелік диссертациясын қорғаса, 1988 жылы оған профессор атағы берілді. 2003 жылы Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі болып сайланды. Оның ғылыми еңбектері 1984 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
Ж.У. Аханов 2004 жылы 29 маусымда қайтыс болды.
САРДАРБЕК ӘБИЕВ,
Биология ғылымдарының докторы, профессор.
Сардарбек Әбиев 1946 жылы 1 қаңтарда
Жаңақорған ауданы Өзгент ауылында туған.
1969 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1969-1970 жылдары «Задария» кеңшарында бас агроном болып жұмыс істеді. 1970-1973 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы институтының аспиранты болды. 1973-1995 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Ботаника институтында аға лаборант, лаборатория меңгерушісі, 1995-2005 жылдары институт дирек-торы қызметтерін атқарды. 2005 жылдан Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің «Биология жэне экология» кафедрасының меңгерушісі. Сардарбек Әбиев Қазақстанда эксперименттік микология мектебін алғашқы ұйымдастырушы ғалым. Оның 4 монографиясы, басқа да ғылыми еңбектері жарық көрді.
ҚОЗЫТАЙ ӘБУОВ,
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері. (1930-1996)
Қозытай Әбуов 1930 жылы 23 қыркүйекте Жаңақорған ауданы «Кеңес» ауылында туған. 1953 жылы Қазақтың ауыл шаруа шылығы институтын бітіріп, ғалым-агроном мамандығын алып шыққан. 1969 жылы КПСС Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін тәмамдаған. 1953-1961 жылдары Тереңөзек ауданында әртүрлі жауапты қызметтер атқарды, күріш кеңшарын ұйымдастырды. 1965-1967 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, 1969-1974 жылдары Арал, Қазалы аудандық Кеңес атқару комитеттерінің төрағасы, 1974-1979 жылдары Қазалы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. Кейін Жалағаш ауданының «Мәдениет», Жаңақорған ауданының «Келінтөбе» кеңшарларының директоры болды. Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен және Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
1963 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған.
Қозытай Әбуов 1996 жылы 2 ақпанда өмірден өтті.
ОҢҒАРБЕК БЕРДІБАЕВ,
Медицина ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстанның еңбек сіңірген
ғылым қайраткері.
(1911-1972)
Оңғарбек Бердібаев 1911 жылы 7 ақпанда Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында туған. 1937 жылы Алматы Қазақ медицина институтын бітірген. 1937-1946 жылдары сол институтта тері-венерология кафедрасында ординатор, ассистент, доцент, 1946-1952 жылдары Қазақстан Өлкелік патология институтында директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары, директоры, 1952-1956 жылдары Қазақ тері-венерология ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметтерін абыроймен атқарды. 1956 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы мемлекеттік медицина институтында кафедра меңгерушісі болып қызмет етті. Негізгі ғылыми еңбектері таз ауруларын емдеуге арналған.
Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. 1955 жылы медицина ғылымдары докторы дәрежесі диссертациясын қорғады. Келесі жылы ғалымға профессор атағы берілді. 1961 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағына ие болған.
Оңғарбек Бердібаев 1972 жылы 7 қаңтарда дүниеден озды.
БАҚЫТЖАН ӘБДІХАЛЫҚҰЛЫ САЙЛЫБАЕВ,
Педагогикалық білім беру Халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі.
Бақытжан Әбдіхалықұлы Сайлыбаев 1955 жылы 15 қазанда Төменарық ауылында туған. 1976 жылы Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика факультетін тәмамдаған. 1990 жылы Мәскеуде СССР Педагогика ғылымдары академиясының білім берудің мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. Педагогика ғылымдарының кандидаттық дәрежесі диссертациясын қорғаған. 1976-1981 жылдары Қызылорда қаласындағы орта мектептерде мұғалім, мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болған. 1981 жылдан Қызылорда педагогикалық институтының бастауыш сыныптарға білім берудің педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында оқытушы, 1991 жылдан Қызылорда гуманитарлық университетінде , 1998 жылдан Қызылорда Мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, оқу-әдістемелік жұмыстар жөнінегі проректоры, 2003 жылдан осы университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарып келеді. Бақытжан Сайлыбаев Педагогикалық білім беру Халықаралық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, 40-тан астам ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы, республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мүшесі.
САДЫҚ ЖҮНІСҰЛЫ САФАРБЕКОВ,
қоғам қайраткері
(1902-1938)
Садық ЖҮНІСҰЛЫ Сафарбеков 1902 жылы 2 тамызда Жаңақорған ауданында туған. 1919-1920 жылдары Ташкентте Ұлттар Халық комиссариатының курсында, бұдан соң Коммунистік университетте оқыған. 1920-1922 жылдары Алматыда Жетісу облыстық комсомол комитетінің хатшысы, 1923-1924 жылдары Ташкентте Сырдария облыстық бақылау комиссиясы коллегиясының мүшесі, Қосшы одағы (кәсіподағы) облыстық комитетінің төрағасы болған. 1925-1927 жылдары Шымкент және Петропавл губерниялық, 1928-1929 жылдары Алматыда Қазақ Өлкелік партия комитетінде бөлім меңгерушісі болды. 1930-1932 жылдары Ақмола және Қарсақбай аудандарында, 1932-1933 жылдары Шығыс Қазақстан облысында, 1933-1936 жылдары Қызылорда ауданында, 1936-1937 жылдары Қарағанды облысында, Гурьев округінде, Батыс Қазақстан облысында, Орал қалалық комитеттерінің бірінші, екінші хатшы қызметтерін атқарған.
Садық Сафарбеков 1938 жылы дүниеден еткен.
ҒАФУР МҰХАМЕДЖАНОВ,
Қоғам қайраткері, соғыс ардагері,
Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы
(1924-2007)
Ғафур Мұхамеджанов 1924 жылы Жаңақорған ауданы «Өзгент» ауылында туған.
1942 жылы 18 жасында майданға аттанды.
1945 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатысқан Ғафур Мұхамеджанов Ленинград майданында болып, Маннергейм қамалы, Выборг, Тарту қалаларының шабуылына қатысып, ерлік көрсеткені ҮШІН «За отвагу», ІІІ дәрежелі «Даңқ», «Бірінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордендерімен марапатталды. 1944 жылы Тарту қаласы түбінде жараланып, емделіп, 1945 жылы елге оралды. 1945-1947 жылдар аралығында Шиелі аудандық Совет атқару комитеті аппаратында, 1947 жылдың қарашасынан 1949 жылдың қыркүйегіне дейін Шиелі аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды.
Алматы Жоғары партия мектебін, Қызылорда пединститутын бітірген. 1959 жылдан 1964 жылдың желтоқсанына дейін аудандық Совет атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы қызметтерін, ал 1964 жылдың желтоқсан айынан 1975 жылдың желтоқсан айына дейін Шиелі, Жаңақорған аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшысы болды. Сол жылдары Шиелі және Жаңақорған аудандарының экономикасының нығайып, мәдениетінің өркендеуіне және Түгіскен алқабының игерілуіне өлшеусіз еңбек сіңірді.
Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы. 1975 жылы желтоқсаннан 1979 жылдың қазан айына дейін облыстық партия комитетінің әкімшілік сауда-қаржы жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметін, 1979 жылы қазаннан 1986 жылдың қаңтарына дейін облыстық Совет атқару комитетінің орынбасары және бірінші орынбасары қызметтерін атқарды, 1986 жылдың қаңтар айынан бастап Одақтық дәрежедегі зейнеткерлікке шықты. Соғыстан кейінгі жылдары халық шаруашылығы саласындағы жемісті еңбектері ҮШІН ҮШ рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және оннан аса медальдармен марапатталған, екі рет Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Жұбайы Айбибі Сейдахметқызы екеуі 6 ұл-қыз тәрбиелеп өсірген үлкен жанұяның басшысы болды. Бұлардың ұлдары Алмас жоғары білімді мұнай маманы болса, Бектас Жаңа саясат жөніндегі халықаралық институттың бас директоры, Нұртас «Қазтелекомда» жауапты қызметкер, ал Әлия қызы облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы болған, техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазір Астанада.
Ғафур Мұхамеджанов 2007 жылы 3 наурызда дүниеден өтті.
ӘБДІҒАППАР НҰРТАЗАЕВ,
Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген агрономы, Еңбек ардагері.
(1928-1989)
Әбдіғаппар Нұртазаев 1928 жылы Жаңақорған ауданы Қызылмақташы аулында туған. 1945 жылы Шымкент қаласындағы ауыл шаруашылығы техникумын қызыл дипломмен ҮЗДІК бітірді. Аудан басшылары оның зеректігін, қажыр-қайратын біліп және ауылда кадр жетіспеушілігіне байланысты 17 жастағы Әбдіғаппарды «Қызылмақташы» колхозын басқаруға сенім білдірді. Бұл шаруашылықты ол 12 жыл басқарды. 1957 жылы ұжымшарлар ірілендіріліп, «Бірлік» кеңшары құрылғанда Әбдіғаппар Нұртазаев бұл шаруашылыққа бас агроном болып барып, 1963 жылға дейін абыройлы еңбек етті. 1961 жылы Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген агрономы атағына ие болды. 1963-1966 жылдары «Талап» кеңшарының директоры, 1966-1977 жылдары «Задария» кеңшарының директоры болып қызмет атқарды. Әбдіғаппар Нұртазаев 1966 жылы жаңадан шаңырақ көтерген «Задария» совхозына ертеректе аштықтан бас сауғалап өзбек еліне қоныс аударып кеткен ағайынның ата қонысына қайта оралып, көшіп келуіне белсенді жұмыстар жүргізді. Оларға жайлы үйлер, мектептер мен клубтар, ит тұмсығы батпайтын тоғай арасынан жол салу, жер тегістеу, күріш плантацияларын белгілеу секілді мың сан шаруалар жүзеге асырылды. Нәтижесінде «Задария» совхозы облыстағы ең ірі астық шаруашылығына айналды. 1969 жылы Еңбек Қызыл Ту, 1973 жылы «Октябрь революциясы» ордендерімөн, көптеген медальдармен марапатталды. Іскер басшы Әбдіғаппар Нұртазаев 1989 жылы қайтыс болды. Елге жасаған еңбегі ескеріліп, 1996 жылы Қыркеңсе елді мекені Әбдіғаппар ауылы болып аталды.
МҰРАТ АБДУЛАМИТҰЛЫ
ӘБЕНОВ,
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Мұрат Әбенов 1965 жылы Жаңақорған ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақтың гуманитарлық заң университетін бітірген, мамандығы орта мектептің математика жене информатика мұғалімі, заңгер. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін еңбек жолын Қызылорда қаласындағы № 4 орта мектебінде информатика және есептеу техникасы мұғалімі болып бастаған. 1991 жылдан Қызылорда қалалық халыққа білім беру белімінің кадр женіндегі инспекторы, № 1 қазақ мектеп-лицейі директорының оқу-тәрбие ісі женіндегі орынбасары, 1992 жылдан қалалық әкімшіліктің қоғамдық пікірді болжамдау және баспасөз бөлімінің бас маманы, 1993 жылдан Алматы қаласындағы «Атамекен» ЖШС-і директорының орынбасары, 1999 жылдан Қызылора облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің консультанты, 2000 жылдан ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы, 2002 жылдың желтоқсан айынан облыстық ішкі саясат департаментінің директоры болып қызметтер атқарды. Мұрат Абдуламитұлы Әбенов 2007 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты.
АЛТЫНБЕК ДӘУМЕНҰЛЫ ШОМАНОВ,
Облыстық Мәслихаттың
депутаты, «Қызылорда
жолдары» ЖШС-нің
Бас директоры.
Алтынбек Дәуменұлы Шоманов 1961 жылы 8 сәуірде Жаңақорған поселкесінде дүниеге келген. 1978 жылы №169 Н.Илялетдинов атындағы орыс орта мектебін бітірген. 1983 жылы Қарағанды қаласындағы Қызыл Ту орденді политехн икалық институтының жол құрылысы машиналарының инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдап, диплом алып шықты. Еңбек жолын сол жылы Қызылорда облыстық автожол басқармасында инженер-механик қызметінен бастады. 1985 жылдың қаңтар айынан бастап, Шиелі аудандық жол құрылысын жөндеу және пайдалану басқармасына басшылық қызметтеріне ауыстырылды, 1985-1993 жылдар аралығында осы аталған басқармада бас механик, бас инженер, мекеме басшысы қызметіне дейін көтерілді. 1993 жылдан бастап облыстық автожолдар басқармасының ұйғарымымен облыстық басқарманың бас инженер қызметіне шақырылды. 1994 жылдан бастап 1996 жыл аралығында нарық талабына сай жаңа құрылған «Қызылорда жолдары» Ашық Акционерлік Қоғамының 1-ші Вице-президенті болып тағайындалды, ал 1996 жылдан 2006 жыл аралығында осы қоғамның президенті болды. 2006 жылдың қазан айында Ашық Акционерлік Қоғамы Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі болып қайта құрылуына байланысты осы серіктестіктің Бас директоры қызметін атқарып келеді. «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы», «Ата Заңның 10 жылдығы мерекелік медальдармен марапатталған. 2003 жылы ҮШІНШІ шақырылған облыстық Мәслихаттың депутаты болып сайланды. Ауыл шаруашылық дақылдары мен күріш егістігіне баратын орталық каналдар мен қашыртқыларды тазарту жұмыстарына депутат ретінде араласып, көмектесті. Тұрғындар тілегіне сай Өзгент ауылына өз қаржысымен мешіт салып берді. Елді мекеннің бір көшесін асфальттады, балабақшаны күрделі жөндеуден өткізуге өз есебінен 1,5 млн теңге бөлді. Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе, Түгіскен, Қожакент, Өзгент елді мекендерінің ішкі жолдарын жөндеу ҮШІН әр ауылға 300-400 тонна тас тасылып берілді. Әр ауылдық округтегі мектептерге бір-бір спорт алаңын асфальттап берді, басқа да көмектер көрсетілді. Алтынбек Дәуменұлы Шоманов 2007 жылы төртінші шақырылған облыстық Мәслихаттың депутаты болып екінші рет сайланды.
ҚАМБАР (ҚАЛҚАЗБЕК) ӘЖІБЕКОВ,
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, облыстық
Мәслихаттың депутаты.
Қамбар (Қалқазбек) Әжібеков 1948 жылы 7 ақпанда Жаңақорған ауданы Қыраш ауылында туған. 1965 жылы орта мектепті, 1970 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын ғалым агроном-экономист мамандығы бойынша бітірген. 1970-1976 жылдары Жаңақорған аудандық қаржы бөліміндө аға инспектор, меңгерушінің орынбасары, 1976-1987 жылдары Қызылорда облыстық қаржы бөлімінде бөлім бастығы, меңгерушінің орынбасары, 1988-1992 жылдары КСРО тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік саласын несиелендіру банкі облыстық басқармасының бастығы, 1992-1997 жылдары облыс әкімі орынбасары, аумақтық мемлекеттік МҮЛІКТІ басқару комитеті төрағасы - облыс әкімі орынбасары болып қызмет атқарған. 1997-2007 жылдар аралығында облыс әкімі орынбасары - қаржы басқармасы бастығы, қаржы басқармасы департамент! басшысы қызметтерін, ал 2007 жылғы сәуір айынан бастап мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы директоры болып қызмет атқаруда.
ГФР, Нидерланды, АҚШ, Жапония елдерінде білімін көтеріп қайтқан. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағының иегері, «КСРО қаржы жүйесінің ҮЗДІГІ» белгісімен марапатталған, бірнеше медальдің иегері. 2007 жылы төртінші шақырылған облыстық Мәслихаттың депутаты болып сайланды. «Парасат» ордендерімен марапатталған.
ЖАРЫЛҚАСЫН ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ КЕНЖЕБЕКОВ,
облыстық Мәслихаттың депутаты.
Жарылқасын Әбілқасымұлы Кенжебеков 1970 жылдың 18 қаңтарында Жаңақорған кентінде дүниеге келген. Алғашқы білім баспалдағын № 163 қазақ орта мектебінде бастап, Алматы банкі колледжі, содан кейін Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінде жалғастырды.
Білімі: жоғары-экономист, заңгер. 1988-1990 жылдар аралығында әскерге шақырылып, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеді. 1995 жылдан басталған еңбек жолы «Банк Тұран Әлем» АҚ Қызылорда облыстық филиалында, 1999 жылы Қызылорда облыстық Кеден басқармасында жалғасады. 2001-2003 жылдары «Қазақстан Халық банкі» АҚ Жаңақорған аудандық, 2003-2004 жылдары Шиелі аудандық филиалдарының меңгерушісі қызметін атқарды. 2004-2006 жылдары «Халық Банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары.
2006 жылдан бері «Альянс Банк» АҚ Қызылорда филиалының директоры. 2007 жылы төртінші шақырылған облыстық Мәслихаттың депутаты болып сайланды.
ҚҰТТЫҚОЖА ЫДЫРЫСОВ,
облыстық қаржы басқармасының бастығы,
«ҚР Қаржы министрлігі қаржылық қызметінің үздігі».
Құттықожа Ыдырысов 1951 жылы 1 маусымда Жаңақорған ауданында туған. 1974 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. 1977-1984 жылдары - Жаңақорған ауданы «ТҮГІСКЕН» кеңшарының бас экономисі, 1984-1985 жылдары - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ревизор-бухгалтер!, бөлім бастығы. 1985-1990 жылдары қаржы басқармасының агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру саласында басшылық қызметтер атқарды. 1993-1995 жылдары -ҚР Қаржы министрлігінің Қызылорда облысы бойынша қаржы басқармасы бастығының бірінші орынбасары, 1995-2004 жылары - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің облыс бойынша Қазынашылық басқармасының бастығы.
2004 жылдан облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2008 жылғы мамырдан облыстық қаржы басқармасының бастығы болып қызмет атқарып келеді. 2006-2008 жылдар аралығында Лондонда экономика мектебінде, Нью-Йоркте Корнел институтында, Францияның Париждегі мемлекеттік басқару институтында курстардан өткен. «Ерен еңбегі ҮШІН» медалінің және 2 мерекелік медальдың иегері.
ЖАНAT ӘБДІХАЛЫҚҰЛЫ ӘЙТІЛЕУ, Алматы қаласының
Бас архитекторы.
Жанат Әбдіхалықұлы Әйтілеу 1954 жылы 25 ақпанда Жаңақорған ауданы «Бірлік» ауылында туған. Аудандағы № 51 М.Қаратаев атындағы орта мектебін, одан соң 1976 жылы Алматы политехникалық институтының архитектура факультетінің қала салу мамандығы бойынша ойдағыдай бітріп шықты. Сол жылы мемлекеттік жолдамамен Алматы қаласындағы «Казграждансельпроект» республикалық жобалау институтына мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, 1999 жылға дейін абыройлы қызмет атқарған. 2001-2005 жылдары Алматы қаласының Медеу ауданының архитекторы, одан кейін Алматы қаласы әкімдігінің сәулет-құрылыс департаменті директорының бірінші орынбасары, ал 2007 жылдың қараша айынан бастап Алматы қаласының Бас архитекторы болып қызмет істеп келеді. Жанат Әбдіхалықұлы Алматы мегаполюсінің құрылысын күшейту жұмыстарына басшылық жасаған . Ол жобалау институтында жұмыс істеп жүрген кезінде республикадағы көптеген селолық аудандардың орталықтарын және кеңшарлардың орталықтарының жобаларын жасаған. Отбасылы, ұлы Бауыржан мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша 2007 жылдан бері АҚШ-та жоғары оқу орнында есептеу техникасы, электроника мамандығы бойынша білім алып жатса, қызы Гүлжан Банкі мамандығы бойынша Алматыда университетте оқиды.
СЕКСЕНӘЛІ РАХАНОВ,
Ы.Алтынсарин медалінің иегері, Сұлтанбек Қожанов
атындағы сыйлықтың лауреаты,
Қызылорда облысының
Құрметті қайраткері.
Раханов Сексенәлі 1945 жылы Жаңақорған ауданы «Бірлік» кеңшарында дүниеге келген. 1964 жылы Шиелі ауданындағы № 97 селолық кәсіптік-техникалық училищесінің бір жылдық курсында оқыған. Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы институттың физика-математика бөлімін бітірген. Кеңес армиясы қатарында болған. Жоғарғы оқу орнын бітірген оң, 1971-1976 жылдары қалалық, облыстық комсомол ұйымдарында жауапты қызметінде, ал 1976-1979 ж.ж. № 69 кәсіптік училище директоры, 1979-1987 ж.ж. облыстық кәсіптік техникалық білім беру басқармасы бастығының орынбасары, 1987-2002 ж.ж. № 9 кәсіптік мектеп директоры, 2002-2005 ж.ж. № 7 кәсіптік мектеп директоры, 2005-2008 жылдары № 8 облыстық арнаулы санаториялық мектеп-интернатта директорлық қызмет атқарған. Оннан астам әдістемелік, қосымша оқу құралдарының, әдеби шығармалардың, бағдарлама жобаларының авторы. Қазақстан және ССРО кәсіптік-техникалық білім жүйесінің ҮЗДІГІ, Қазақстан білім беру саласының ҮЗДІГІ төс белгілерімен, Ыбырай Алтынсарин медалімен, «Қазақстанның білім саласының құрметті қызметкері», Сұлтанбек Қожанов атындағы сыйлықтың иегері, «Қызылорда облысының Құрметті қайраткері» атағымен марапатталған. Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінің делегаты.
ӨМІРӘЛІ САНСЫЗБАЙҰЛЫ ТӨЛЕУОВ,
Түркістан қалалық Әділет басқармасы бастығының орынбасары.
Өмірәлі Сансызбайұлы Төлеуов 1962 жылы 2 тамызда Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1979 жылы № 163 орта мектепті бітірісімен, еңбек жолын аудандық Тас ұнтақтау зауытында жұмысшы болудан бастаған. 1986 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университеты заңгер мамандығы бойынша ойдағыдай бітіріп шыққан. 1986-1994 жылдары Қызылорда қалалық, Жаңақорған аудандық, облыстық Ішкі істер басқармасында тергеуші болып қызмет атқарған, облыстық Кеден басқармасының Контрабанда бөлімінде аға инспекторы болып жұмыс істеді. 1994-2001 жылдары Жаңақорған ауданындағы «Шаруа» қауымдастығында, кейін «Әсемхан» шаруа қожалығында заңгер болып қызмет істеді. 2001-2005 жылдары Шымкент қаласындағы (ОҢТҮСТІК Қазақстан облысы) «Құрық» агенттігі ЖШС-де күзетші, кейін «Стража» агенттігі ЖШС-де аға күзетші болды. 2005 жылдың шілдесінен бастап Түркістан қалалық Әділет басқармасы бастығының орынбасары болып абыроймен қызмет атқарып келеді.
МЕЙРАМБЕК ЗИНАБДИНҰЛЫ ШЕРМАҒАНБЕТ,
облыстық білім басқармасының бастығы.
Мейрамбек Зинабдинұлы Шермағанбет 1972 жылы 25 желтоқсанда Жаңа-қорған ауданы «Кеңес» ауылында дүниеге келген. 1989 жылы № 239 «Кеңес» орта мектебін КҮМІС медальмен бітірген. 1994 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын тарих, адам және қоғам пәнінің мұғалімі, 2000 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін заңгер мамандығы бойынша, 2007 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітіргөн. Еңбек жолын 1994 жылы Жаңақорған ауданы Кеңес ауылындағы № 239 орта мектептің тарих, адам және қоғам пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1995 жылы Жаңақорған ауданы № 163 орта мектептің тарих, құқықтану пәнінің мұғалімі, мектеп директорының орынбасары, 2000 жылы Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі, 2001 жылы аудан әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарған. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хатымен» марапатталған. 2005 жылы Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған. 2007 жылдан бастап Қызылорда облысы білім басқармасының бастығы болып қызмет атқарады.
ҚАЙЫП БАСҚОЖАЕВ,
Түркістан қаласының Құрметті азаматы,
Еңбек ардагері.
Қайып Басқожаев 1937 жылы Жаңақорған ауданы «Кеңес» ауылында туған. № 54 Ж.Қыдыров атындағы орта мектепті бітірген. 1962 жылы Алматы ауыл шаруашылығы институтының механика факультетін тәмамдаған. Содан соң 3 жыл «Талап» кеңшарында механик болған. 1965-1968 жылдары «Главриссовхозстройдың» Түркістан қаласындағы мекемесінде аға инженер, 1968-1972 жылдары Түркістан ауданындағы Куйбышев кеңшарында бас инженер, 1972-1975 жылдары Түркістан аудандық «Казсельхозтехника» бірлестігінің бастығы қызметтерін атқар-ды. 1975-1985 жылдары сол аудандағы «Майдантал» кеңшарының директоры болған кездері шаруашылықты өрге бастырды. 1981-1982 жылдары қатарынан екі жыл кеңшар КПСС Орталық Комитетінің , ВЦСПС-тің, ВЛКСМ Орталық Комитетінің ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алып, 2 жеңіл автокөлік пен ақшалай сыйлыққа ие болды. Шаруашылықта су қоймасының, 35 су скважинасының салынуын қамтамасыз етті. Мал басын өсіріп, егін шаруа-шылығын арттырды. 1985 жылы Қайып Басқожаевты артта қалған Жамбыл ұжымшарына төраға етіп жібереді. Тоған салдырды, шаруашылықты алға шығарды. Осы ұжымшарда келесі жылы мақта шаруашылығын өркендетуге байаланысты Казак-стан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Д.А. Қонаев қатысқан аймақтық семинар өтті. 1990 жылы Жаңақорған ауданының «Юбилейный» кеңшарына директор болып келді. 1991 жыл қорытындысында шаруашылық екі-үш миллион қарызынан құтылып, 500 мың таза пайдамен аяқтады. Облыстағы тұңғыш виноцех ашты - 2 жыл қатарынан 500 тоннадан астам шарап дайындаған. 1992 жылы «Юбилейный» мен «Талап» қосылып, «Талап» кеңшары деп аталып, 1995 жылға дейін осы шаруашылықты басқарды. Еткен еңбегі бағаланып Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар Достығы» ордендерімен және 3 медальмен марапатталды. Кезінде аудандық , облыстық Кеңестердің депутаты болды, Түркістан қаласының Құрметті азаматы. Зейнеткерлікке шыққан Қайып Басқожаев қазір Түркістан қаласында тұрады.
ҚҰЛАН АЛДАБЕРГЕНҰЛЫ,
Ақын.
(1861-1934)
Құлан Алдабергенұлы 1861 жылы Қосүйеңкі ауылындағы Тастүскен елді мекенінде дүниеге келген. Жастай әке-шешесінен айырылып, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған болашақ ақын ауыр тұрмыс тауқыметін тартады. Ақындық талант Құланның бойына ерте дариды. Жоқшылыққа мойымаған ақын уыт тілді болып өседі. Кісілігіне қарамастан, шындықты бетіне басатын болған. Сондықтан да ауылдың атқа мінер әкімсымақтары: «Құлан келді дегенше, ылаң келді десейші», - деп ат-тонын алыстан алып қашқан. Құлан жас шағында-ақ айтысқа түскен. Оның Шегір келіншекпен, Перне қызбен айтыстары осыны көрсетеді. Құлан ақын сол кезеңнің майталман жүйріктері Құлыншақ пөн Мәделі, Майлықожа мен Молда Мұса, Қаңлы ЖҮСІП пен Кете ЖҮСІП, Шораяқтың Омары және Тұрмағанбет ақындармен үзеңгілес жүріп, талай рет табақтас болған. Реті келгенде өнер сынасып та отырған. Сол кездің ақындары өзара әзілдесіп, сөз қағыстыра беретін болған. Жас шамасы 20 жылдай айырмашылығы бар Құлыншақ ақын Құланмен қалжыңдаса береді екен. Кейде екеуі табан астында суырып салып айтысып қалғанда, бір-бірімен тең ТҮСІП жататын көрінеді. Бір жаздағы түсте Құлан ақынның ҮЙІ өртеніп кетіпті. Сол жазда бір кеште Құлыншақ ақынның ҮЙІ де өртенеді. «Ең алдымен ҮЙІ өртеніп, бәлені бастаған Құлан ғой» - деп ойлаған Құлыншақ, сонау Созақтан Қосүйеңкідегі Құланның үйіне ат басын тірейді. Құлыншақ ақын ат үстінен түспей тұрып, сәлем бере шыққан Құланға былай дейді:
- Кепке Құлан сөйлеуші едің өштеніп,
Жоқ-жұрқаға бармаушы едің кеш келіп.
Жастан жиған сұм дүние, батыр-ай,
Шыныменен кетті ме еңбек еш болып
Бір Құдайдың қаһарына ұшырап,
Қалып кете жаздапсың-ау, мес болып.
Қайта сені қаһарына алмастан,
Тастап кеткен көрінеді ескеріп.
Бір зиянын тигізбестен кетті ме,
Бір қонақ кетті деп естіп ем түстеніп.
Сонда Құлан ақын мүдірместен:
- Ауылым көшіп жатыр, келіп жатыр,
Пенденің қай дегені болып жатыр.
Арманды есептейік, кел, Құлыншақ,
Ісіміз қайсымыздың оңып жатыр.
Құдайдың қаһарына ұшыраған соң,
Сенде де, менде де арман толып жатыр.
Құдайы, пайғамбары, періштесі,
Алдымен екөумізді торып жатыр.
ТҮСТЕНІП біздің үйден шыққан қонақ,
Кешқұрым сізге барып қонып жатыр, -деген кезде, Құлыншақ: «Ә, пәтшағар, біздің ҮЙДІҢ өртенгенін естіп қойған екенсің ғой», - деп аттан қарғып ТҮСІП, Құлан ақынды құшақтай алған екен. Құлан Алдабергенұлы 1934 жылы Төменарықта ДҮНИӨ салды. Ақынның мол мұрасын жинақтауда және насихаттауда Халық ақыны Манап Көкенов ақын, әнші Есіркеп Қоңқабаев көп еңбек сіңірді. Құлан ақынның «Туған жер», «Молда», «Ағасы жақсы қандай-ды», «Күйдірет тілім - қызыл шоқ», «Өсиет», «Нарымбайға көңіл айтқаны», «Құдайдан қатын сұраймын», тағы басқа да өлең-жырлары кепшіліктің рухани қазынасына айналған. Құлан ақынның есімі «Қазақ Совет Энциклопедиясына», «Ақын-жыраулар» кітабына енді. Оның өлеңдері мен термелері, айтысы «Бес ғасыр жырлайды», «Айтыс», «Ай, заман-ай, заман-ай» кітаптарына шықты. Филология ғылымдарының докторы, профессор Ханғали Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері», «Қазақ әдебиеті ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда» кітаптарында Құлан ақынның шы-ғармашылығына назар аударылған. Сондай-ақ ақын-жазушылар Тынымбай Нұрмағанбетов, Жолтай Әлмашевтың Құлан Алдабергенұлы туралы жазған материалдары бас-пасез бетінде жарияланды. Файзулла Сахиевтың «Қосүйеңкінің қос бәйтерегі» (2003) атты кітабында Құлан ақынның шығармашылығын әңгімелейді және ақынның бір топ елеңі мен Перне қызбен айтысы берілген.
МАНАП КӨКЕНОВ,
Қазақстанның Халық ақыны.
(1928-1992)
Манап Көкенов 1928 жылы 20 мамырда Жаңақорған ауданындағы «Талап» елді мекенінде дүниеге келген. Орта білімді Манап 17 жасынан 1945 жылдың жазында № 1 Қызыл отаудың меңгерушісі болып жұмысқа орналасады. Ол осы жұмысты өмірінің соңына дейін атқарды. Манаптың ақындық таланты ерте оянып, ол ең алдымен төңірегіне айтыс ақыны ретінде танылды. Манап Көкенов Әбжан Құрышжановпен (филология ғылымдарының докторы) тұңғыш айтысқа тұскенде 15 жаста еді. Содан бері Манап 50 рет ақындар айтысына қатысты. Өнер өлкесіне жастайынан қадам басқан Манап тек қана айтыс ақыны емес, сонымен қатар газет тілшісі, мәдени және тарихи ескерткіштерді зерттеуші, халық мұрасын қастерлеп жинаушы болды. Аудан, облыс, республиканың мәдени өміріне, қоғамдық істерге белсее қатысты, облыстық Кеңестің депутаты болды. Ақын Манап Көкеновтың ұзақ жылдар бойы шығарған өлеңдері мен айтыстары «Қазақтың қазіргі халық поэзиясы», «Халық поэзиясы және бүгінгі өмір», «Шұғыла», «Жыр-шашу», «Бір қыз бен он алты ақын» атты топтама жинақтарда жарық көрсе, оның бір топ өлеңдері мен бірқатар айтыстары «Жазушы» баспасынан 1983 жылы «Сырдария саздары», 1991 жылы «Сыр әуендері» деген атпен жеке кітап болып басылып шықты.
Сондай-ақ 1987 жылы «Екі мыңыншы сапар» атты кітабы жарық көрді. Манап ертеректе өмір сүрген жергілікті ақын Құлан Алдабергенұлының 3 мың жолдық өлөңін жинап, Қазақ ССР Ғылым академиясының алтын қорына тапсырды. Ол бұрынырақ өмір сүрген жергілікті күйші-сазгер Әлшекей Бектібайұлының 14 КҮЙІН тауып зерттеп, 10 КҮЙІНІҢ күйтабаққа түсіріліп-таралуына үлкен үлес қосты. Арқалы ақын Манап жемқор, алаяқтар жайлы «Сырбаздар», диқандар тақырыбына «Ыбырай көктемі», Нартай, Құлан ақындар мен Әлшекей КҮЙШІ туралы «Шағалалы шалқар» пьесаларын жазып, бұл спектакльдердің көпшілігіндегі басты рөлдерді өзі ойнады. Манаптың басшылығымен алғаш рет ауданда «Дала жұлдыздары» мәдени-көркем ҮГІТ бригадасы ұйымдастырылып, аудан диқандары мен малшылары арасында өнер көрсетті. 1983 жылы оған «Халықтық» деген құрметті атақ берілді. Мәскеуде өткен Бүкілодақтық байқауға қатысты. Майталман мәдениет қызметкері Манап Көкенов Мәскеуде өткен Бүкілодақтық клубтардың «Үндеуіне» екі рет қатысты. БҮКІЛОДАҚТЫҚ және республикалық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне жеті рет жолдама алды. 1960 жылы «СССР-дың ҮЗДІК мәдениет қызметкері» белгісіне ие болса, 1961 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, 1971 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1976 жылы «Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» құрметті атағын алды. Манап Көкеновке 1980 жылы «Қазақ ССР-ның Халық ақыны» құрметті атағы берілді. 1988 жылы «Халықтар достығы» орденіне ие болды. Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкенов туралы телефильм түсіріліп, радиоочерктер жасалды. Сондай-ақ Манап туралы көрнекті ақын Сырбай Мәуленов «Талаптың Манабы», белгілі жазушы Бақытжан Момышұлы «Дала қыраны» , Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Құдабай Ертаев «Ақиық ақын» атты очерктер жазса, филология ғылымдарының докторы, профессор Әуелбек Қоңыратбаев «Еңбек пен жыр-егіз», филология ғылымдарының докторы Тоқболат Еңсегенов «Өмірмен өзектес жырлар» тақырыптарында зерттеу еңбектер жазды. Алматыдағы қазақ қыздар педагогтік институтының студенті Жәмила Насырқызы Көркембаева «Сыр сүлейі Манап Көкенов» деген тақырыпта диплом қорғады. Ал Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Адырбек Сопыбеков «Бір өзі - бір театр» атты поэма, белгілі ақын Базарбай Исаев хат-өлең, жергілікті драматург Әмір Мәжитов «Бәйтерек» атты пьеса жазса, сазгер Бексұлтан Байкенжеев «Ардақты аға», Сауран Елеуов «Ақынға» деген әндер шығарды, күйші-сазгер Жарқынбек Нұрсұлтанов ақынға КҮЙ арнады. Халық ақыны Манап Көкенов 1992 жылы 29 сәуірде дүниеден қайтты. Ақын Манаптың қабірі басына күмбезді кесене тұрғызылды. Өзі туып-өскен мекені Манап ауылы деп аталды. Аудандық мәдениет ҮЙІ мен Жаңақорған кентіндегі және Түркістан қаласындағы үлкен бір-бір көшелерге оның есімі берілді. Ол Жаңақорған ауданының «XX ғасыр Адамы» деп танылды. Ауданда Халық ақыны Манап Көкеновты шығармашылық өнер мектебі жұмыс істейді. Манап ақын дүниеден өткен соң оның артында қалған, бұрын көбісі жарияланбаған өлеңдері, толғау-термелері, айтыстары жинақталып «Көгілдір күмбездер» (1999), «Ардағы болдым елімнің» (2004) деген атпен кітап болып шық-ы. Жазушы Адырбек Сопыбековтың Манап Көкеновтың өміржолы мен шығармашылығына арналған «Манаптың бір өзі - бір театр» (2004) атты әдеби-зерттеу еңбегі Алматының «Құс жолы» баспасынан кітап болып шықты. Манап Көкеновтың 80 жылдығына байланысты 2008 жылы 20 маусымда Қызылорда қаласында А.Тоқмағанбетов атындағы Орталық мәдениет үйінде «Манаптың бір өзі - бір театр» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Айтысқа 18 ақын қатысты. М.Көкенов туралы «Жүрегі жырдан жаралған» (2008) атты естеліктер кітабы шықты. Сонымен бірге «Сырдария кітапханасы» сериясымен ақынның бір томдығы жарық көрді. Академик-жазушы Сәбит Мұқанов: «Халықтың мәдени-рухани дәрежесін көтеруде Көкенов сияқтылар көп жерде керек екен», - десе, Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті ақын Әбділдла Тәжібаев «Манаптың бір өзі - бір театр екен ғой», - деп жоғары баға берді.
Бұл халықтың бағасы еді.
МҮТӘЛІП ҚЫРАУБАЕВ,
айтыс ақыны, жыршы-жырау.
(1921-1987)
МҮТӘЛІП Қыраубаев 1921 жылы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында туған. Қызылорда пединститутында оқып жүріп, 1942 жылы майданға аттанған. Майдан даласынан жараланып елге оралған ол ұжымшарда бригадир, кейін ұжымшар төрағасының орынбасары, ұжымшар төрағасы болып қызмет істеген. 1979 жылы облыстық ақындар айтысында бірінші, 1980 жылы республикалық ақындар айтысында ҮШІНШІ орын алған. «Шаһнама», «Кеншімбай мен Айсұлу», «Мансұр мен Дәмеқыз» айтыстарын, Тұрмағанбет, Нартай, тағы басқа да ақындардың жыр-дастандарын жатқа айтып, қазақтың жыршы-жыраулық дәстүрін дамытқан. Оның бір топ өлеңдері «Жыр шашу» (1982), «Өсиет» (1989) кітаптарында жарық көрген.
МҮТӘЛІП Қыраубаев 1987 жылы 23 желтоқсанда қайтыс болған.
МҮТӘЛІП Қыраубаевтың қызы Алма Қыраубаева ( 1947-2001) филология ғылымдарының докторы, профессор болған. 1974-2000 жылдары Қазақтың Ұлттық университетінде ұстаздық еткен, кейінгі жылдары Л.Н. Гумилов атындағы Еуразия университетінің профессоры және Қазақ Ұлттық музыка академиясы қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болған. Ол орта мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған бірнеше әдебиет оқулықтарының авторы.
ШӘЙМЕН ДӘРІБАЕВ,
Ақын.
(1857-1933)
Шәймен Дәрібаев 1857 жылы Төменарық ауылы Көккесене өңірінде дүниеге келген. Ол жасынан өлең шығарып, айтысқа ТҮСІП, ән салып, серілік құрған. Кездескен қиыншылықтарға мойымаған. 1900 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Құлан ақынмен бірге жүрген, ауылының қамын ойлайтын азамат болған. 1908 жылдың күзінде Шәймен ақын Құлан ақын екеуі ауыл тұрғындарына астық іздеп сапар шеккенде, Бетпақдаладағы бір ауылда жыр ДҮЛДҮЛІ Жамбылмен кездеседі. Екеуі Жамбылмен танысып, ауыл адамдары жиналған бір үйде таң саз бергенше жыр-дүкен құрады. Жамбыл ұзақ жыр толғайды, Шәймен мен Құлан өз жырларынан бастап Майлықожа, Құлыншақ ақындардың жырларын термелеп береді. 1936 жылы Алматыдағы ақындардың басқосуында Сыр бойынан барғандардан Жамбыл Шәймен мен Құланды сұрастырыпты деген әңгіме бар. Ақын-әнші Есіркеп Қоңқабаев ел аузынан жазып алған Шәймен ақынның бір өлеңінің тарихы былай боп келеді: 1928 жылы астық науқаны жүріп жатқан кез екен. Ауылнай Анят келіп, азырақ тары еккен Шәйменге астық тапсыр дейді. Сонда Шәймен ақын Анятқа:
Жасасын кедей дегенге,
Қуанып жүрек жарылды.
Жұрт қатарлы еңбек қып,
Жерге шаштым барымды.
Қоспен айдап жатқанда,
Көріп еді халімді.
Қыстық үнем болар деп,
Ойлап едім қамымды.
Мен дегенде бауырым,
Пейілің мұнша тарылды.
Отанға астық керек деп,
Жиып жүрсің алымды.
Жақының қатал болған соң,
Кімге айтайын зарымды.
Жаман жолға жүрместен,
Сақтап жүрмін арымды.
Аз тарыны бергін деп,
Қинадың ғой жанымды.
Бастырып тары алуға,
Тақырға салсаң тарыңды,
Анят алар барыңды, - депті. Сонда Анят: «Ой, тарың құрсын, тарың қабыңда тұрсын», - деп жүре берген екен. Шәймен суырып-салма ақын болған. Ол біреудің оғаш қылығын көрсе, кемшілігін білсе соны табан астында өлеңге қосады екен. Мұндай өлеңдері кезінде ел аузына тез тарап кеткенімен, қағаз бетіне түспеген соң кейін көбісі ұмыт қалады. Шәймен ақын күрделі шығармаларға да қалам тартқан. Ол шығыс халықтары аңыз-әңгімелерінің негізінде «Үш соқыр», сондай-ақ «Сараң бай» жене өзінің өмірі жайлы «Жетім бала» дастандарын жазған. Шәймен Дәрібаев 1933 жылы дүниеден өтеді. Шәйменнің Әріп, Тәліп деген екі баласы болған. Әріптің қызы Баян Әріпова 1967 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ол қазір Қызылорда қаласында тұрады. Шәймен ақынның артында қалған рухани мұраларын жинастырып, жарыққа шығаруда Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі, жазушы Айдархан Бибасарұлы көп еңбек сіңіріп келеді. Ол Шәймен ақынның бір топ өлеңдері мен айтыстарын жинақтап, басын құрап, 1998 жылы «Өмір-дәурен» деген атпен шығарса, ал 2008 жылы бұрыңғы жинағын жаңадан табылған жаңа туындыларымен толықтырып, кіріспе сөзбен «Өмір-дәурен» деген атпен қайта бастырып шығарды.
РАЙХАН БЕКЖАНҰЛЫ ШОПАНОВ, ақын. (1892-1970)
Райхан Бекжанұлы Шопанов 1892 жылы Жаңақорған ауданында туған. Ақындық таланты ерте оянған Райхан оқып- білуге құмартқан, халықтың жыр-дастандарымен сусындаған. Парсы, түрік, араб тілдерінен хабардар болған. Шығыс жұлдыздары Фзули, Шамси, Сайхали, Навои, Сағди, Фирдоуси, Хожа Хафиздің көптеген ғазалдарын жатқа білген. Талай рет ақын Нартай, Құтбай, Балқы Базар, Кете ЖҮСІП, ақын-жазушы Қалмахан, Қанағат жыраулармен бірге болған. Олардың өлең-жырларын тыңдап, өзі де суырып салып өлеңдер шығарған, ән салып, күй шерткен. Райхан ақын Өзбекстан мен Тәжікстанды аралап, онда тұратын қазақтардың арасында болып, олар жайлы жыр толғаған, қисса-дастандар жырлаған. Ақын Райхан ел басына түскен тауқыметке, үргін-сүргінге байланысты отызыншы жылдары Тәжікстан мен Өзбекстанға Жаңақорған өңірінен қоныс аударған жерлестерін аралап, өлеңдерін оқып, қисса-дастандарды жырлаған, жүрген жерлерін жыр мен өнер кешіне айналдырған, реті келген жерде айтысқа да түскен. Райхан табан астында өлең шығарып айта беретін суырып салма ақын болған. Бұл жөнінде Оңтүстік Қазакстан облысының Сарыағаш қаласында тұратын Әлшекей күйшінің ұрпағы, жазушы-журналист Жақыпбек Аяшев Райхан ақынмен алғашқы кездесуін былай әңгімелейді: «Ұмытпасам, жаңа отау тігіп, шаңырақ көтерген жыл еді. Яғни, алпысыншы жылдың жаз айында Қанымгүл әпкеміз іздеп, құтты болсын айта келді. Қасында Шоқан /қайнысы/ және бір шал бар. Ол әпкеміздің күйеуі болып шықты. Райхан ақын, шайыр келді деп әке-шешем, ауыл- аймаққа хабар берді. Ер азаматтар жиылды. Ірі басты кісілер Ахмет Өуезов /ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың ағасы/, Халима Тұрағұлқызы/ ақын Абайдың немересі/, түп нағашым Әузетай Алтыбаев, тағысын- тағылар», -болғанын айта келіп, сол КҮНІ жақсы бір жыр кешінің өткенін еске алады. Сонда Райхан ақын отырған кісілердің бетіне бір-бір қарап алып, табан астында әндетіп өлең шығара берген. Бірде Райхан ақын:
Келіп ек іздеп Аяш құданы біз,
Көңілге шу дегеннен ұнадыңыз.
Әлшекей, Алысай, Күнікенің бір ұрпағы,
Сенің де Жаңақорған тұрағыңыз, -десе, енді бірде:
Сұрасаң келген жерім Жаңақорған,
Елім бар күріш егіп, орақ орған.
Сарыағашқа бір соққан қонағың мен,
Тұрақтап мекеніңе қона қалған, -
деп одан әрі өлеңдете берген. Демек, ақпа ақын Райханнан мол мұра қалғаны сөзсіз. Оның біраз дүниелері қазір жазушы-журналист Жақыпбек Аяшевтің қолында екен.
Ақын Райхан Бекжанұлы Шопанов 1970 жылы қайтыс болған.
ҚАЛТАЙ МҰХАМЕДЖАНОВ, Қазақстанның Халық
жазушысы, көрнекті драматург. (1928-2001)
Қалтай Мұхамеджанов 1928 жылы 24 желтоқсанда Жаңақорған ауданы Ақтас елді мекенінде дүниеге келген. Қалтайдың әкесі Мұхамеджан 1926-1932 жылдары Ақтастағы Айқожа ишан мешітінде бала оқытқан, оны «Қара молда» дейді екен. Кейін бұлар Тереңөзек жаққа көшіп кетеді. Қалтай Мұхамеджанов 1953 жылы Ташкенттің театр және көркемөнер институтын тәмамдаған. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінде, Мемлекеттік кино комитетінде, Қазақстан Жазушылар Одағының, Кинематографистер одағының екінші, бірінші хатшысы болды. 1988-1998 жылдары республикалық «Ара-Шмель» журналында, халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінде Бас редактор болды. Өмірінің соңғы жылдары халықаралық «Түркістан» газетінің Бас редакторы қызметін атқарды. Оның «Бөлтірік бөрік астында» атты тұңғыш дарамалық туындысы 1959 жылы М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында қойылды. Мұнан соң қаламынан «Құдағи келіпті», «Қуырдақ дайын», «Өзіме де сол керек» сияқты комедиялар туып, сондай-ақ «Жат елде», «Біз періште емеспіз», «Көктөбедегі кездесу» (Ш.Айтматовпен бірігіп жазған) атты драмалары республикалық және облыстық театр сахналарында тұрақты қойылды. «Шыңдағы шынар», «Айман-Шолпан» киносценарийлерінің де авторы. С.Айнидің «Құлдар», Айбектің «Киелі қан» романдарын, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Ана», «Арманым, Әселім» пьесаларын, Шығыстың інжу-маржаны «Мың бір түнді» (1-4 томдарын) қазақшалады. 1992 жылы «Қазақстанның Халық жазушысы» құрметті атағына ие болды. «Құрмет белгісі», «Халықтар Достығы», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
Қалтай Мұхамеджанов 2001 жылы дүниеден өтті.
ДҮКЕНБАЙ ДОСЖАН,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Жаңақорған ауданының «XX ғасыр Адамы».
Дүкенбай Досжан 1942 жылы 9 қыркүйекте Жаңақорған ауданы Құланшы қыстауында дүниеге келген. Орта мектептен соң қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын журналистік қызметтен бастаған ол 1963-1966 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газетінде әдеби қызметкер, 1966-1970 жылдары «Жазушы» баспасында әуелі редактор, сосын аға редактор, 1976-1984 жылдары Баспасөз және Бұқаралық ақпарат Министрлігінде көркем әдебиет бөлімінің бастығы, 1984-1990 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының проза жөніндегі кеңесшісі, 1990-1991 жылдары «Ауыл» апталығында тілші, 1991-1994 жылдары «Жалын» журналында проза редакторы болып жұмыс істеді. Кейін авторлық жене сабақтас құқықтар мемлекеттік агенттігінде шетелдермен байланыс бөлімінің бастығы болған. Д.Досжан жазуды ерте бастады. Алғашқы өлеңдері газет бетінде он бес жасында жарияланса, «Тұңғыш кітабы» /өлеңдер/ 22 жасында жарық көрді. Одан соң Дүкенбай өлеңді қойып, проза жанрында қалам тартты. Оның «Жусан мен гүлдер» /1966/, «Тұлпардың ізімен» /1967/, «Зауал» /1970/, «Жібек жолы» /1973/, «Дария» /1976/, «Кісі ақысы» / 1978/, «Келіншек таудағы тас түйелер» /1979/, «Табалдырығыңа табын» /1980/, «Жолбарыстың сүрлеуі» /1984/, «Мұхтар жолы» /1988/, «Таразы» /1992/, «Абай айнасы» /1994/, «Ақ Орда» /2005/, тағы басқа да кітаптары жарық көрді. Оның қаламынан 9 роман, 20-ға тарта повесть, 100-ге жуық әңгіме туды. Дүкенбай Досжанның шығармалары орыс, өзбек, татар тілдерінен басқа әлемнің 19 тіліне -ағылшын, испан, жапон, қытай, моңғол, корей, чех, басқа да шет тілдеріне аударылды. Оның «Құмда қалған кемелер» кітабына Қазақстан Жазушылар Одағының Мұхтар Әуезов атындағы сыйлығы берілді. Дүкенбай Досжан 1996 жылы «Құм кітабы» ҮШІН Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын алды. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған. Түркістан қаласының, Жаңақорған, Созақ, Отырар аудандарының Құрметті азаматы. Жаңақорған ауданының «XX ғасыр Адамы» деп танылды.
ТЫНЫМБАЙ НҰРМАҒАНБЕТОВ,
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Ғабит Мүсірепов атындағы сыйлықтың лауреаты, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы.
Тынымбай Нұрмағанбетов 1945 жылы10 маусымда Жаңақорған ауданы «Қауық» елді мекенінде туған. 1968 ылыҚызылорда қаласы Н.В. Гоголь атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиеті факультетін бітіргеннен кейін, еңбек жолын осындағы көп таралымды «Су құрылысшысы» газетінен бастаған. Сосын Қызылорда облыстық радиокомитетінде , «Жазушы» баспасында редактор, «Қазақфильм» киностудиясында қызметкер болды. 1981 жылы Мәскеуде М.Горький әдебиет институтының жоғары курсын бітірген. Тынымбай Нұрмағанбетов Қазақстан Жазушылар басқармасының мүшесі, Бердібек Соқпақбаев атындағы бала-лар жазушылары қауымдастығының президенті болған. Ол еларалық «Қазақ елі» газеті бас редакторының орынбасары болды. Т.Нұрмағанбетовтың алғашқы әңгімелер жинағы 1971 жылы «Қауын иісі» деген атпен жарыққа шықты. Оның «Қош бол, ата!» повесі «Жалын» альманахының жабық бәйгесінде бірінші орынды жеңіп алды. Бұдан соң Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Қош бол, ата!» /1972/, «Қарлығаштың ұясы» /1975/, «Ата қоныс» / 1977/, «Дарияның арғы бет» /1981/, «Тұнық су» /1980/, «Бәйтеректер» /1987/, «Жер иісі» / 1990/, «Балалық шақтың әуендері» /1985/ кітаптары жарық көрген. Сондай-ақ «Табалдырығыңа табын» , «Жоғалған көл», «Кемпірлер үкімі», «Біз түріктерміз», «Апат», «Ескі үймен қоштасу» пьесаларының, «Тырналар ұшып барады» телефильмі сценарийінің авторы. Тынымбай Нұрмағанбетовтың шығармалары орыс, украин, эстон, неміс тілдеріне аударылған. Тынымбай Нұрмағанбетов Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, 2008 жылдың Мемлекеттік стипендиаты.
БАҚЫТ САРБАЛАҰЛЫ,
Халықаралық Алаш
сыйлығының лауреаты,
Қазақстан Жазушылар
Одағының мүшесі.
Бақыт Сарбалаұлы 1947 жылы 18 мамырда Жаңақорған ауданы Жайылма ауылында туған. Ол қазіргі Сүттіқұдық ауылындағы Бегайдар Аралбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған соң, Қызылорда педагогика институтының Қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түсіп, оны 1969 жылы бітірген. Туған ауылына оралып, сондағы мектепте бір жыл мұғалім болды. Бақыт Сарбалаұлы 1970 жылдан бастап Республикалық «Қазақстан мұғалімі» , «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде , «Жалын» журналында тілшілік , редакторлық қызметтер атқарды. 1982 -1986 жылдары Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінде репертуарлық редакциялық алқасында Бас редактордың орынбасары, 1990-1995 жылдары «Ана тілі» апталығында Бас редактордың орынбасары, 1995 жылғы сәуірден еларалық «Қазақ елі» апталығының және Қазақстан Жазушылар Одағының «Сын» журналының Бас редакторы болды. 1979 жылы Мәскеуде еткен жас жазушылардың Бүкілодақтық ҮІІ Кеңесіне қатысты. Бақыт Сарбалаұлы 1974 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі. Бақыт Сарбалаұлы қазақ әдебиетінің сынын дамытуда елеулі еңбек етіп келеді. Оның «Қызыл алма» /1980/, «Ақиқат алдында» /1986/, «Бейімбет Майлин» /1989/, «Өткірдің ЖҮЗІ» /1991/, «Ілияс Жансүгіров» /1992/ атты кітаптары шықты. Бақыт Сарбалаұлына 1992 жылы «Өткірдің ЖҮЗІ» кітабы үшін халықаралық Алаш сыйлығы және сол жылғы ана тілі туралы мақалалары ҮШІН Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығы берілді.
БАЗАРБАЙ ИСАЕВ,
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты,
Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы,
ҚР Қарулы Күштерінің запастағы полковнигі, ақын-жазушы.
Базарбай Исаев 1941 жылы 5 қазанда Жаңақорған ауданы қазіргі Манап ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін Жаңақорған аудандық өнеркәсіп комбинатында жұмысшы, аудандық байланыс мекемесінде монтер болып жұмыс істеді. Отан алдындағы борышын өтеп оралған соң, Қызылорда педагогикалык институтының филология факультетін бітіреді. Содан бастап оның журналистік өмірбаяны басталды. Шиелі аудандық «Өскен өңір» , Қызылорда облыстық «Ленин жолы» /қазір «Сыр бойы»/, республикалық «Лениншіл жас» /»Жас Алаш»/, «Социалистік Қазақстан» /»Егемен Қазақстан»/ газеттерінде тілші болып он жыл еңбек етті. Базарбай Исаев 1977-1986 жылдары Қазақ ССР Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратында саяси қызмет атқарып, бөлімше бастығы болды. 1986-1990 жылдары «Жалын» баспасында аға редактор, 1990-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «На страже» - «Сақшы» газетінде тілші, редактордың орынбасары, редактор болып жұмыс істеді. Полковник-жазушы Базарбай Исаев Қазақстан Республикалық Шекарашы жауынгерлер Әскери институтының редакция-баспа бөлімі бастығының орынбасары, 1997 жылдан «Ұлан» -«Гвардия» газетінің Бас редакторы, кейін «Қазақстан сарбазы»- «Воин Казахстана» газеті редакторының орынбасары болды, танымдық «Тылсым» газетін шығарды. Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі, 1994 жылы Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты атанды. 1991 жылдан Жаңақорған қонысының Құрметті азаматы. Б. Исаев СССР Ішкі істер министрлігі мен СССР Жазушылар Одағының милиция тақырыбында жазылған таңдаулы көркем шығармаларға жариялаған әдеби бәйгесін 6 рет алды. Базарбай Исаевтың «Отызыншы көктем» /1972/, «Ақ жауын» /1975/, «Ақ қайнар» /1977/, «Көктем шерткен КҮЙ» / 1982/, «Бақыт құсы» /1984/, «Қауышу мен қоштасу», «Сезім селі» атты жыр жинақтары, «Өң мен ТҮС», «Алтынай, ақ көйлек, Кербала және тергеуші», «Жігіт пен жендет», «Қиянат қылма ешкімге» атты прозалық шығармалары жарыққа шыққан. Сондай-ақ ол Н. Думбадзенің «Алаң болма, апа!» романын, А.Чаковскийдің «Алыс жұлдыздың жарығы» повесін қазақшаға аударды.
СЕЙСЕН МҰХТАРҰЛЫ,
Қазақстан Жазушылар, Суретшілер және Журналистер
одақтарының мүшесі.
(1946-1999)
Сейсен Мұхтарұлы 1946 жылы 22 шілдеде Жаңақорған ауданы Жетітөбе елді мекенінде дүниеге келген. 1969 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы «Жазушы» баспасында корректор, 1971-1982 жылдары «Қазақ Совет Энциклопедиясында» аға ғылыми редактор, 1982-1986 жылдары «Өнер» баспасында редакция меңгерушісі болған. 1992-1995 жылдары «Жалын» баспасында аға редактор, ҚР Мемлекеттік Орталық мұрағатында ғылыми басылымдар бөлімін басқарды. Өмірінің соңғы жылдары Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи атындағы Қазақ-түрік униеврситетінде аға оқытушы қызметін атқар-ды. Жасынан жалындап әдебиетке келген Сейсен өзінің аз ғұмырында шығармашылық жолында өнімді еңбек етті. 1967-1998 жылдар аралығында «Бүлдіршін» (1967), «Құм кешкен керуен» (1971), «Қара шаңырақ» (1971), «Нұрлы жүрек» , «Ата мекен» (1985), «Шоқан және өнер», «Тезек төре» (1996), тағы басқа да 14 кітабын баспадан шығарды. Осы шығар-малары арқылы қазақ поэзиясы мен өнер танымына және ғылымға лайықты үлесін қосты. Әсіресе, «Қорқыт ата», «Шоқан және өнер» атты кітаптары арқылы Қорқыттану мен Шоқантануға айтарлықтай игілікті жұмыс жасады. Сейсен Мұхтарұлы 1999 жылы дүниеден өтті. Оның артында өшпес мол мәдени мұрасы қалды. Қызылорда мен Түркістан қалаларының бір-бір көшесіне Сейсен Мұхтарұлының есімі берілді.
ЖҮСІП БАЙБОЛАТҰЛЫ ҚЫДЫРОВ,
Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, күйші-композитор.
(1937-1983)
Жарқын сәуле ҮШІН күресіп, тәтті тіршілікке шөлі қанбай кеткен, қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі, аяулы ақын әрі сазгер, Қазақстан Жазушылар Одағы І.Жансүгіров атындағы сыйлығының лауреаты ЖҮСІП Байболатұлы Қыдыров 1937 жылы 18 наурызда Жаңақорған ауданы «Талап» ауылында туған. Жеті жылдықты «Талап» ауылында, орта мектепті Түркістан қаласында бітірген. 1960 жылы ҚазГУ-дің филология факультетінің журналистика бөлімін тәмамдаған. 1960-1966 жылдары «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1966-1967 жылдары «Қазақфильм» студиясының дубляж бөлімінде аға редактор, 70-80 жылдары «Жалын» баспасында аға редактор болды. ЖҮСІПТІҢ халықтық рухани қазына - әдебиетімізге қосқан зор үлесін түгелдей тізбелеп жату артық болар. Дегенмен, 46 жыл ғұмырында «Гүлқайыр», «Жанартау жүрек», «ГҮЛ ашқан шақ», «Жібек жол», «Шынарым, шырайлым», «Ғұмыр бұлбұл», «Жайсаң жаз», «Салтанатым, шеруім», «Үкілі домбыра», «Мың бір КҮН», «Сүйемін сені, өмір» , тағы басқа жиырма шақты жыр жинағы мен қазіргі қазақ поэзиясының жайы туралы жазған сериялы сын мақалаларын, республикалық сахналарда қойылған драмалық шығармаларын атап өтпеуге болмайды. Осыншалықты шығармаларымен оқырмандарына таныс үлкен қалам қайраткерінің көптеген туындылары көршілес және шет ел тілдеріне аударылған. ЖҮСІПТІҢ ӨЗІ де аударма саласында мол еңбек еткен. Әлі баспа бетінде жарық көрмеген, көзі тірісінде жариялауға МҮМКІНДІГІ болмаған драмалық шығармалары, әдеби сындары, орыс тіліне аударылып, баспаға әзірленген жыр жинағы, әлемдік классик ақындар туындыларының аудармасы, жазушылармен, оқырмандармен алысқан хаттары, нотаға түспеген оншакты әндері мен 42 КҮЙІ бар. Ақынның төрт-бес КҮЙІ Құрманғазы атындағы республикалық ұлт аспаптар оркестрінің репертуарына енгізілген. Ақынның 60 жылдығына арнап інісі Бақтыбай Айнабеков «Мың бір КҮН» махаббат кітабын толықтырып, қайта бастырып шығарды.
ЖОЛТАЙ ӘЛМАШҰЛЫ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Керемет» сыйлығының иегері, филология ғылымдарының кандидаты, жазушы-драматург.
Жолтай Әлмашұлы 1957 жылы 14 ақпанда Жаңақорған ауданы «Бірлік» ауылының Қыраш елді мекенінде дүниеге келген. 1974 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. Университетті 1979 жылы бітіріп, күзде Сырдария аудандық «Сырдария» газетінде тілшілік қызметін бастады. Бұдан кейін 1981-1986 жылдары Қызылорда облыстық комсомол комитетінде бөлім бастығы, 1986-1990 жылдары облыстық Журналистер Одағының төрағасы, 1990 жылғы қыркүйек айынан бастап Алматы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы болды. 1991 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Жалпы бөлімінде, одан соң Баспасөз министрлігінде жұмыс істеді. Қазіргі кезде ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісінің орынбасары - Үкіметтік басылымдардың Бас редакторы. Жолтай Әлмашұлы Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Сұлтанбек Қожанов атындағы Республикалық Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Жазушы-ғалым Жолтай Әлмашұлының «Біздің команда» (1979), «КҮН тәртібі» (1990), «Жетім жұлдыздар» (1993), «Найза шың» (1997) атты прозалық, «Сұлтанбек Қожанов» (1995), «Нәзір Төреқұлұлы» атты деректеме-зерттеу кітаптары жарық көрген. «Оянған ұрпақ», «Ұмытылған ұрпақ», «КҮЛКІ мен жас» романдарының авторы. Оның «СҮЮ серті», «Абақты-ғұмыр»», «Сана дерті» драмалары облыс сахналарында қойылып келеді.
ЖАҚСЫЛЫҚ РАХМАТУЛЛА,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Жаңақорған ауданының
Құрметті азаматы.
Жақсылық Рахматулла 1945 жылы 18 қыркүйекте Жаңақорған қонысында туған. 1964 жылы № 51 М.Қаратаев атындағы орта мектепті бітірген. 1971 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдады. 1966-1978 жылдары Жаңақорған аудандық «Коммунизм жолы» (қазіргі «Жаңақорған тынысы») газетінде бөлім меңгерушісі, Қызылорда облыстық кәсіподақтар кеңесінде саяхат бөлімінің бастығы, 1979-1983 жылдары облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінде қызмет істеді. 1983-1985 жылдарда Алматы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы болды. 1985-1996 жылдары Сырдария аудандық «Сырдария» газетінің редакторы, баспа кәсіпорнының директоры қызметтерін атқарды. 1996 жылдан 2008 жылға дейін облыстық «Сыр бойы» газетінің Бас редакторы болды. Қазір «Сырдария» альманахының Бас редакторы. Жақсылық Рахматулла 1971 жылдан Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, 1996 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. 1997 жылы Қазақстан Журнали-стер Одағының сыйлығына ие болды. Жақсылық Рахматулла проза жанрында қалам тартып жүрген жазушы. Оның шығармалары «Жалын» , «Балауса», «Қайнар» баспаларынан жарық керген. «Жасыл белес» топтама кітабына (1984) оның «Өз жолыңды таңдай біл» әңгімесі, «Жастықтың жанар таулары» (1985) топтама кітабына «Қымбат қазына» әңгімесі, «Қызғалдақ қалың шыққан жыл» (1986) топтама кітабына «Жанымның жарығы»» повесі енген. Бұдан кейін Жақсылықтың «Болашаққа сенім бар» (1992), «Өмір самалы» (1993), «Дария ғұмыр» (1996), «Алыстай берген аяулым» (1997) деген атпен жеке кітаптары шықты. «Жібек жолындағы жұлдыздар» (2002), «Тулаған толқындар» (2004) , «Меңсұлу» (роман, 2004), «Арғымақ ағын, желмая желіс жылдарым» (2005), «Қасқыр қуырдақ» (2008) кітаптары бұл күнде оқырмандардың іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналып кетті. Осындай жемісті еңбектерінің нәтижесінде жазушы Жақсылық Рахматулла Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы атақтарына ие болса, Казакстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды.
БАЙБОТА СЕРІКБАЙҰЛЫ ҚОШЫМ-НОҒАЙ,
Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты,
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
Байбота Серікбайұлы 1954 жылы Жаңақорған ауданы «Талап» аулында туған. 1977 жылы СМ. Киров атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. «Жалын» баспасында, «Ана тілі» газетінде , «Парасат» журналында қызмет істеді. «Жазушы» баспасының жетекші редакторы болды. Қазір шығармашылықпен айналысады.
Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1988).
Байбота Серікбайұлының «Гүлдерайым» (1979), «Жұлдызым жоғары» (1981), «Қош бол, менің қуыршағым» (1984), «Жариям айдай» (1992), «Жүректің көзі ашылса» (1993), «Сам жамыраған шақ» (2001), «Тіл ұшандағы тарих» (2003), «Тәңірі таразысы « (2005), «Дидар-ғанибет. Профиль» «2005), тағы басқа да өлеңдері мен публицистика туындылары кітап боп басылып шықты. Әртүрлі баспадан 20-дан аса кітабы жарық көрді.
ТЕМІРХАН МОМБЕКҰЛЫ,
Қазақстан Жазушылар
Одағының мүшесі..
Темірхан Момбекұлы 1953 жылы 23 желтоқсанда туған. 1976 жылы Қазақ Мемлөкеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. ОҢТҮСТІК Қазақстан облысының «Мақтарал» аудандық газетінде бөлім меңгерушісі, Алматы облысының Талғар аудандық «Алатау жұлдызы» газетінде аудармашы, «Мектеп» баспасында, Қазақ теледидарында редактор болып істеген. Қазіргі кезде «Қазақ радиосында» редактор. «Қуанышы көп күндер» (1981), «КҮМІС велосипед» (1982), «Әдемі қыздың жігіті» (1983), «Ғашықтық жөні бір басқа» (1988) атты кітаптардың (әңгімелер мен повестер) және «Тағдыр» (2000), «Қасиетіңнен айналайын» (2000), «Алысқа ұзатылған қыз» (2001) атты көркем және публицистикалық кітаптарының авторы. «Қазақ әдебиеті» газетінің лауреаты. Қазақстанды әр жыл сайын бір ай бойы велосипедпен аралап жүрген саяхатшы-жазушы.
НҰРТАС ИБРАГИМҰЛЫ ИСАБАЕВ,
Қазақстан Жазушылар
Одағының мүшесі,
Қазақстан Жазушылар Одағының және
Ораз Жандосов қоры сыйлықтарының иегері.
Нұртас Ибрагимұлы Исабаев 1954 жылы 13 қарашада Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1982 жылы Мәскеу қаласындағы М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. Еңбек жолын орта мектептен кейін аудандық газет корректорлығынан бастаған. 1980 жылы автомобиль апатына ұшырап, 1-топтағы мұгедек болып қалғандықтан, шығармашылық жұмыспен ғана айналысады. Нұртас Ибрагимұлы Исабаевтың «Бастау» (1980), «Өмірді СҮЮ» (1987), «Ұлылықпен сырласу» (1990), «Қимаймын сені» (1988) атты өлеңдер мен поэмалар кітаптары жарық көрген. Біраз өлеңдері «Разбег» атты орыс тіліндегі топтама жинаққа кірген. Сондай-ақ Нұртас «Өмірге құштарлық» атты романның авторы. 2008 жылдың Мемлекеттік стипендиясының иегері.
АЙДАРХАН БИБАСАРҮЛЫ,
Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі.
Айдархан Бибасарұлы 1937 жылы 14 мамырда Жаңақорған ауданының Қожамберді ауылында дүниеге келді. Аудан орталығындағы № 51 М.Каратаев атындағы орта мектебінің түлегі. Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Алғашқы 60-шы жылдары Жаңақорған аудандық «Екпінді» (қазіргі «Жаңақорған тынысы»), Шиелі аудандық «Өскен өңір» газеттерінде, кейінгі жылдары Жаңақорған аудандық «Коммунизм жолы» (қазіргі «Жаңақорған тынысы») газетінде жауапты хатшы қызметін атқарған. 1981-1986 жылдары Жаңақорған аудандық партия комитетінің саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, 1986-1998 жылдары аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің редакторы болып абыройлы қызмет істеді. Қазір шығармашылық жұмыспен айналысады. Айдархан Бибасарұлы Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі. 2008 жылғы облыс әкімінің стипендияты. Оның «Қожамберді батыр және оның ұрпақтары» (1995), «Бәйтеректің қос бұтағы» (2000), «Дала перзенттері» (2002), «Жылдың соңғы кеші» (2004), «Өнегелі ғұмыр» (2008) атты деректі повестер мен әңгімелер, шежірелі кітаптары баспалардан шығып, оқырмандар қолына тиген. Сондай-ақ «Батырдың ұрпағы», «Тағдыр тауқыметі», «Зобалаңды жылдар елесі» атты кітаптарды әдеби өңдеп, баспаға әзірлеген де Айдархан Бибасарұлы болатын-ды.
Шәймен ақынның «Өмір-дәурен» атты кітабын құрастырып, баспадан шығарды.
БАҚТЫБАЙ ҚАЖЫ АЙНАБЕКОВ,
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты.
1949 жылы Жаңақорған ауданы Бесарық стансасында дүниеге келген Бақтыбай қажы Айнабеков өзінің еңбек жолын 1968 жылы осы ауданда аудандық радио хабарын таратуды ұйымдастырушылықтан бастады. 1969 жылдан аудандық «Коммунизм жолы» газетінің еңбекші хаттар бөлімінің меңгерушісі, 1974 жылдан аудандық «Білім» қоғамының жауапты хатшысы, 1975 жылдан Қазақстан Компартиясы Жаңақорған аудандық комитетінің нұсқаушысы, саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі болды. Б. Айнабеков 1981 жылдан творчестволық қызметке біржола бет бұрды. Ол осы жылы Алматы облыстық «Жетісу» газеті партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі, соңынан республикалық Баспасөз комитетінің қоғамдық-саяси және ауыл шаруашылығы әдебиеттері бөліміне жетекшілік етті. Ал 1983 жылдан республикалық теледидарда қызмет жасап келді. Комментатор, насихат хабарларының Бас редакторы, қоғамдық-саяси творчестволық бірлестіктің Бас редакторы қызметтерін атқарды. Қазіргі кезде «Жұлдыз» журналы мен «Заң газетінде» қызмет істейді. Ақын Бақтыбай Айнабеков «Арманым менің» (1978), «Енші» (1981), «Балықшы бала» (1982), «Әңгелек» (1998), «Мәңгілік өмір» (2000) кітаптарының авторы. Бұдан басқа көптеген әңгімелері мен өлеңдері, аудармалары бірнеше ұжымдық жинақтарға енген. Бақтыбай Айнабеков Казакстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының иегері. Қазақ Журналистері арасында алғаш 1996 жылы қажылық жасап, сол сапардан алты сериялы «Сәлем, Мекке!» видеофильмін әзірледі. Жерлесіміз Бақтыбай сазгер-әнші Б.Байкенжеев жайлы түсірілген видеофильмінің де авторы.
ШАЙХ-АСАН ҚҰРАЙШЫН ас-СУННА (АСАН САРҚҰЛОВ), Қазақстан Республикасы Парламенті және Қазақстан Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан
Республикасының Мәдениет қайраткері, журналист-жазушы, дінтанушы.
Асан Сарқұлов (Шайх-Асан Құрайшын ас-Сунна) 1957 жылы 5 сәуірде Жаңақорған қонысында дүниеге келген. 1974 жылы № 51 М.Қаратаев атындағы орта мектебін бітірген. Бұдан соң № 13 кәсіптік мектепте оқып, бульдозерист-скрепист мамандығын алып шығып, түрлі салада жұмыс істеп, 1984-1987 жылдары № 13 кәсіптік мектепте тәрбиеші, мұғалім қызметтерінде болған. 1989 жылы Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы жанындағы республикалық Имамдар білімін жетілдіретін Ислам институтының екі жылдық курсын бітірген. 1987-89 жылдар аралығында Алматыдағы С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық музейде аға ғылыми қызметкер, ал 1989-91 жылдар ішінде Алматы қалалық мәдениет басқармасының жанындағы «Жерұйық» тарихи-этнографиялық бірлестігінде жауапты хатшы, содан кейінгі 1991-92 жылдары аралығында республикалық «Мәдениет» газетінде бөлім меңгерушісі, 1992-94 жылдарда «Үркер» журналында жауапты хатшылық қызметтерін атқарды. 1994-2003 жылдары «Қазақстан телевидениесі мен радиосы» корпарациясының Қазақ радиосында аға редактор, комментатор, бас редактор болды. 2003-2004 жылдар аралығында «Астана дауысы» - «Голос Астаны» ақпараттық агенттігінде Бас редактордың орынбасары, «Елорда-Астана» газетінің Бас редакторы, содан соң 2004-2006 жылдар ішінде халықаралық «Қазақстанның ғылыми әлемі» - «Научный мир Казахстана» журналында Бас редактордың орынбасары қызметінде болды. Асан Сарқұлов 2007 жылы «Нұр» Медиа Холдингтің төрағасы, Республикалық «Ел мәдениеті», «Өмір-Айна» газеттерінің Бас редакторы қызметін атқарды. Қазір ол Алматыдан шығатын «Қазақ Энциклопедиясының» Ғылым бөлімінің редакторы қызметінде. Оның эр жылдарда Қазақ радиосынан жүргізген авторлык «Радиоэнциклопедия», «Әлемнің Әуезові», «Алаш арыстары», «Имандылық әліппесі», т.б. бағдарламалары өз тыңдармандарының сүйіктісіне айналды. Шығармашылық биік табыстарға қол жеткізді. Шайх-Асан Құрайшын ас-Сунна (Асан Сарқұлов) «Замана көшіндегі дін ақиқаты», «Ақ сөйлейік!» кітаптарының авторы. Асан Сарқұлов (Шайх-Асан Құрайшын ас-Сунна) Казакстан Республикасы Парламенті және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері.
ҚАПАН ҚАМБАРҰЛЫ (ҚАНДӨЗИ),
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,
Түркістан қаласының Құрметті азаматы.
(1921-2005)
Қапан Қамбарұлы (Қандөзи) 1921 жылы 1 шілдеде Жаңақорған ауданына қарасты Қандөз елді мекенінде туған. Түркістан қаласындағы балалар ҮЙІ мен интернатында тәрбиеленіп, педучилищені бітірген соң ауыл мектебінде мұғалім болған. Ұлы Отан соғысының ардагері. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын және Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. ОҢТҮСТІК Қазақстан облыстық «ОҢТҮСТІК Қазақстан», Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы», республикалық «Социалистік Қазақстан» ( қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінің редакцияларында отыз жылдан аса жауапты қызметтер атқарған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде жиырма жылға жуық дәріс оқыды, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысты. Қапан Қамбарұлы отыз шақты кітаптың авторы. «Қанды жылдар», «Махаббаттың тұрағы», «Қаракөзайым», «Екі арудың махаббаты» атты романдары мен «Ақ қайың», «Көксеңгір», «Таудағы қала», тағы басқа да повестері кітап болып жарық көрді. Үш томдық «Әзірет Сұлтан» роман-хамсасы шыққан.
Қапан Қамбарұлы (Өзгенти) 2005 жылы 1 маусымда дүниеден өтті.
ӘБІЛХАЙЫР ӘБІЛПАТТАҰЛЫ СЫЗДЫҚОВ,
Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Республикалық ақындар айтысының Бас жүлдегері.
Әбілқайыр Әбілпаттаұлы Сыздықов 1971 жылы 23 қазанда Жаңақорған қонысында дүниеге келді. Аудан орталығындағы № 3 мектеп-интернатты ҮЗДІК бітірген. Түркістан қаласындағы Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Әбілқайыр Әбілпаттаұлы Сыздықов 1993 жылдан бастап аудандық мәдениет ҮЙІНІҢ автоклуб меңгерушісі, 2001 жылдан С.Қожанов атындағы қоныстық мәдениет ҮЙІНІҢ директоры, 2002 жылдан аудандық мәдениет ҮЙІНІҢ әдіскері қызметтерін абыроймен атқарып келді. 2004 жылдан бастап аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметіне жоғарылатылды. 2005 жылғы қаңтардан бастап аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі, 2007 жылғы желтоқсаннан облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарса, 2008 жылғы тамыздан бастап Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы қызметін атқарып келеді. 1988 жылдан бастап аудандық және облыстық ақындар айтысына қатыса бастады. 1995 жылы Ақтау қаласында өткен «Шабыт» өнер фестивалінде 1-орынды иемденді. 1998 жылы Астана қаласында өткен «Шабыт» өнер фестивалінде «Айтыс» номинациясы бойынша ҮЗДІК өнер көрсетіп, республикалық айтыс сахнасында алғашқы қадамын сәтті бастады. Бұдан кейінгі жылдары республикалық белді айтыс ақындары Серік Құсанбаев, Мұхамеджан Тазабеков, Айнұр Тұрсынбаева, Бекарыс Шойбеков, Сара Тоқтамысова, Аманжол Әлтаев, Ақмарал Леубаева, Қуаныш Мақсұтов, Оразалы Досбосынов, Айбек Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, тағы басқа да өнер жүйріктерімен додаға ТҮСІП, көрермен қауымының ыстық ықыласына бөленді. Ақын Әбіқайыр 2003 жылы Алматы қаласында өткен «Тілім менің бүлінбеген» атты республикалық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алып, «Волга» жеңіл автокөлігін ауылға мініп қайтса, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналып Қызылорда қаласында 2006 жылы өткен республикалық айтыста тағы да 1-ші орынға шығып, екінші рет «Волга» автокөлігіне ие болған-ды. Филология ғылымдарының докторы, профессор Тынысбек Қоңыратбай Әбілқайыр ақынның айтыс шеберлігіне жоғары баға берген еді. Әбілқайыр Сыздықовтың мәдениет пен өнерге сіңірген еңбегі әрдайым жоғары бағаланып келеді. Ол Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты болса, «Ерен еңбегі ҮШІН» медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Мәдениет пен Ақпарат және Қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
НҰРМАХАН ЕЛТАЙ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, сатирик ақын, жазушы.
Нұрмахан Елтай 1953 жылы 28 қыркүйекте Жаңақорған ауданы Қандөз ауылында туған. Нұрмахан Елтай өзінін еңбек жолын «Түркістан» кеңшарында жұмысшы боп бастап, жастар ұйымының жетекшісі, комсомол жастар бригадасының бригадирі, кеңшар директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Ауыл әкімшілігінде еңбек еткен. Қазір Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы тілшісі. «Ара-KS» журналының «Сатира стадионының» бапкері. Жоғары білімді. Аудандык «Жаңақорған тынысы» газетінің «Көк ине» , облыстық «Сыр бойы» газетінің «Түрлі-түрлі бастар бар» сатиралық беттерінің редакторы болған. Атақты Асқар Тоқмағанбетовтен бата алған, әйгілі әзілкеш Оспанхан Әубәкіровтің қамқорлығын көріп, етене дос болған сықақшы. Бірнеше әзіл-сықақ кітаптардың авторы. «Жайма базар» (1987), «Қатырамыз» (1997), «СҮЙІНШІ дайындаңыздар» (2004), «Ауылдағы айтқыштар» (2005, 2008-екі кітап) атты кітаптарын жұрт іздеп оқиды. «Қияға қонған қыран» атты деректі кітабы бар. Мерзімді басылымдарда жиі жарияланып тұрады. Жаңақорған, Шиелі аудандарында оның шығармалары желісінде өткізілген әзіл-сықақ кештері көп көңілінен шықты. Қызылорда қаласында шығармашылық кеші өткізілді (2008). Ол өз шығармаларында қоғамдағы қырсыздықтарды, рухани жұтаңдықты, адам бойындағы оғаш қылықтарды әдемі әзілмен сынай отырып, замандастарын белсенді өмір сүруге шақырады. Тоғышарлық, немқұрайдылық, білімсіздік, КҮНШІЛДІК, менмендік автордың сын-садағына жиі ілінеді.
ӘМІР МӘЖИТОВ,
режиссер, драматург, ақын, әнші.
(1937-1993)
Әмір Мәжитов 1937 жылы 22 сәуірде Жаңақорған ауданы Тоқтамыс деген жерде дүниеге келген. Ол орта мектептен соң Қазалы ауыл шаруашылығы техникумының бухгалтерия бөлімін бітіріп, бір-екі шаруашылықта есепші, экономист болып жұмыс істеді. Өндірістен қол үзбей жүріп Ташкент ауыл шаруашылығы институтын бітіріп алды. Бірақ жастайынан бойына біткен дарындылық, өнерге деген құмарлық оны аудандық мәдениет бөліміне қызметке алып келді. Ол 1960 жылы автоклуб меңгерушісі болып жұмысқа орналасты. Сол жылдардан бастап танымал Мәриям Райшеваның басшылығымен спектакльдерде ойнай бастады. М.Әуезовтың «Айман-Шолпанындағы» Арыстан, «Қаракөзіндегі» Сырым тұлғаларын сахналады. Ол өз білімін жетілдіру мақсатында өнерден қол үзбей жүріп, Қызылорда пединститутының филология факультетін бітіріп алды. Өнерпаз Әмір Мәжитов шалқытып ән салды, төгілдіріп терме айтты, тайсалмай ақындар айтысына ТҮСТІ. Ол кейінгі жылдары Жаңақорған және Бірлік театрларының режиссері болды. М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек», Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», Қ.Мұхамеджановтың «Құдағи келіпті», «Өзіме де сол керек», «Бөлтірік бөрік астында» , О.Бодықовтың «Қарақұм трагедиясын» сахналады. Жаңақорған және Бірлік драма ұжымының «Халық театры» атағын алуына Әмірдің қосқан үлесі орасан зор. Әмір Мәжитов азапты жылдардағы ауыл өмірін көрсететін «Бір ҮЗІМ нан» пьесасын жазып, Жаңақорған халық театрында қойды. Бұл спектакльмен халық театры Алматыға, Орынборға барып, табыспен оралды. Халық ақыны Манап Көкенов туралы «Бәйтерек» атты пьеса жазыл, оны Бірлік халық театры сахналады. Сондай-ақ Әмір «Мың асқанға - бір тосқан» атты пьеса жазды. Әмір Мәжитов 1993 жылы 14 наурызда дүниеден қайтты. Ол режиссер, драматург, ақын, әнші ретінде ел есінде қалды. Әмір Мәжитовты мәңгі есте қалдыру мақсатында Жаңақорған кентіндегі үлкен бір көшеге оның есімі берілді. Өзі отырып, шығармашылықпен еңбек еткен үйіне Ескерткіш тақта орнатылды. Аудан орталығындағы Әлшекей атындағы өнер мектебінің бір бөлмесі «Әмір Мәжитов бөлмесі» деп аталып жабдықталды және осы мектепте Әмір Мәжитов атындағы балалар қуыршақ театры ұйымдастырылды. Республикаға танымал кинорежиссер Қалила Омаров «Әмір Мәжитов» атты деректі фильм түсірді. Драматург, режиссер Әмір Мәжитовтың 70 жылдығына байланысты 2007 жылы 20 қазанда «Сахнаның болған саңлағы» атты ауданаралық театрлар байқауы өтті. Сол КҮНІ Әмір Мәжитовтың «Аманат» атты кітабының (Құрастырғандар Әмірдің ұл-қыздары Нұрпейіс пен Шолпан) тұсаукесер рәсімі болды.
ӘБДІКАМАЛ ДҮЙСЕБАЕВ,
Ақын.
Әбдікамал Дүйсебаев 1949 жылы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Қызылорда педагогикалык институтының филология факультетін ойдағыдай тәмамдап, алғашқы еңбек жолын ұстаздықтан бастап, содан табан аудармай абыройлы еңбек етіп келеді. Біраз жыл № 53 А.Романов атындағы мектепте ұстаздық еткен ол, қазіргі кезде № 223 Төменарық мектебінде дәріс беруде. Әбдікамал ұстаздық қызметін шығармашылықпен ұштастырып келе жатқан ақын. Оның өлеңдері облыс, респуб-лика көлеміндегі баслымдарда жарық көрді. Әбдікамал Дүйсебаев 1999 жылы «Саған деген махаббатым», 2002 жылы «Ауыл әуендері», 2006 жылы «Туған жер» атты өлең кітаптары шыққан.
ФАЙЗУЛЛА ПӘЗІЛБЕКҰЛЫ САХИ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Жаңақорған кентінің Құрметті азаматы.
Файзулла Пәзілбекұлы Сахи 1948 жылы 15 желтоқсанда Жаңақорған ауданы Ынтымақ ауылында туған. 1966 жылы №51 мектепті бітірген. Сол жылы аудандық «Коммунизм жолы» газетіне корректор болып орналасып, кейін әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. Файзулла Пәзілбекұлы Сахи 1976-1981 жылдары «Білім» қоғамы аудандық ұйымының жауапты хатшысы, 1981-1986 жылдары аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1986-1996 жылдары аудандық «Жаңақорған тынысы» газеті редакторының орынбасары болса, 1996 жылдан бері аудан әкімі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2005 жылдан аудандық Мәслихатта бас маман. 1973 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Файзулла Пәзілбекұлының шығармалары 1988 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Тоғыз перне», 1983 жылы «Жыр бесік» өлеңдер жинағына, 1989 жылы «Өнер» баспасынан шыққан «Күлеміз бе, қайтеміз?», «Алтын орда» баспасынан шыққан «Жүректегі жауһарлар» кітаптарына енген. 2003 жылы «Тұмар» баспасынан «Қосүйеңкінің қос бәйтерегі» , «Келешегі кемел аудан» атты деректі тарихнама кітаптары, 2004 жылы «Арман жылғасы», 2006 жылы «Көңіл көзімен» , 2008 жылы «Өмір-өзен» және «Айтыстың ақтаңгері» атты жеке өлеңдер жинағы шыққан. СССР халықтық Бақылау комитетінің грамотасын, облыстық Советі атқару комитетінің грамотасын алған, Жаңақорған кентінің Құрметті азаматы. Жазба ақындар кітабында Есіркеп Қоңқабаев, Дінислам Сапаров, Жорабек Әбдікәримов, Құдайберген Орынбасаров, Мұхамеджан Нұрхановтармен жыр сайысына түскен. Көптеген өлеңдеріне ән жазылған.
ӘЙГЕРІМ БОЛАТҚЫЗЫ ӘЛЖАНОВА,
Филология ғылымдарының докторы.
Әйгерім Болатқызы Әлжанова 1978 жылы 12 қыркүйекте Жаңақорған кентінде туған. 1995 жылы № 169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектепті бітіріп, 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 1999-2001 жылдары осы факультеттің магистранты, 2002-2005 жылдары аспиранты болды. Одан соң Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық-техникалық университетінің «РАС» газетінде жауапты хатшы, 2002-2005 жылдар аралығында «Репутация» коммуникативтік технология Орталығының бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг және талдау жасау бөлімінде редактор, 2005 жылдан бері Қазақстан баспасөз клубында БАҚ-тарға мониторинг және талдау жасау бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарып келеді. Ғылымның шыңына көтерілуде тынбай ізденіп келе жатқан зерек те зерделі Әйгерім Болатқызы 2008 жылы Алматыда филология ғылымының докторы атағына диссертациясын сәтті қорғап шықты.
ГҮЛЖАЗИРА ҚҰДАЙБЕРГЕНҚЫЗЫ ЕРТАСОВА,
Қазақстан Журналистер
Одағының мүшесі, ақын.
Гүлжазира Құдайбергенқызы Ертасова 1982 жылы 11 мамырда Жаңақорған кентінде дүниеге келген. № 125 С.Сапарбеков атындағы орта мектепті ойдағыдай тәмамдаған ол, 2003 жылы Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін үздік дипломмен бітірген. 2006 жылы Түркістандағы Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистратурасын бітіріп, қазақ әдебиеті мамандығы бойынша филология магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған. Қазір ол республикалық тарихи, этнографиялық және қоғамдық «Ұлы Дала тынысы» газеті Бас редакторының орынбасары қызметін атқарып келеді, әрі ол Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік ұлттық университетінде дәріс береді. Гүлжазира - ақын қыз. Оның өлеңдері республикалық басылымдарда жарияланып жүр. Студент кезінде бір топ өлеңдері «Жас толқын» атты кітапқа енсе: одан кейінгі туындылары «Әуелі бұл шіркінді бастау қиын» атты топтама жинаққа кірген.
АЙГҮЛ АМАНТАЙҚЫЗЫ СӘТБЕКОВА,
Педагогика ғылымдарының
кандидаты, профессор,
Ы. Алтынсарин медалінің иегері, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика университетінің проректоры.
АЙГҮЛ Амантайқызы Сәтбекова 1967 жылы Жаңақорған қонысында туған. № 169 Н.Ильялетдинов атындағы орта мектепті 1984 жылы тәмамдап, одан соң Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика институтының тарих-филология факультетін қызыл дипломмен ҮЗДІК бітіріп шығады. Институт қабырғасында жүргенде қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан АЙГҮЛДІ институт комсомол комитетінің хатшысы қызметіне қалдырады. Бірақ АЙГҮЛ ғылымға бет бұрады, кафедраға ауысып студенттерге дәріс оқиды. Бұдан соң аспирантураға түседі. Көп ізденеді, зерттейді. 1996 жылы мамыр айында «Қазақ тіліндегі септіктерді орыс мектебінің 6 класында оқылуы» деген тақырыптағы диссертациясын тамаша қорғап, «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. АЙГҮЛ Сәтбекованың бұл ғылыми жұмысын орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосылған үлкен үлес деп бағаланады. Көп ұзамай доцент атағы беріліп, институттың тарих-филология деканы қызметіне жоғарылатылады. Қазіргі кезде АЙГҮЛ Амантайқызы Сәтбекова Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика университетінің проректоры, профессор. Ойы мен қаламы жүйрік АЙГҮЛ ұстаздық саласында ұзақ жылдары жемісті еңбек еткен ата-анасы Амантай мен Зылиха жайлы «Ғұмыр-дастан немесе ата-анаға тағзым» атты деректі повесть жазып, 2002 жылы кітап шығарды. Көркем тілмен жазылған бұл кітап өзге де ата-аналарға тән туындыдай тартымды оқылады.
ШАЙДАРБЕК ҚАЖЫ ӘШІМҰЛЫ, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, тарихшы-зерттеуші, Шалқия қонысының
Құрметті азаматы.
Шайдарбек Әшімұлы 1934 жылы Жаңақорған ауданы Шәлімбет елді мекенінде (қазіргі Ақжол) туған. 1945-1947 жылдары № 51 орта мектебінде оқыған. Бұдан кейін Түркістан педучилищесін, Шымкент пединститутының тарих бөлімін бітірген. 1955-1957 жылдары Жаңақорған аудандық комсомол комитетінде нұсқаушы болды. 1958-1971 жылдары аудандық баспасөз тарату бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 1971-1980 жылдары Задарья ауылдық Кенесінің төрағасы, бұдан кейінгі жылдары «XXІҮ партсъезд» кеңшарында партия комитетінің хатшысы болды. 1987-1995 жылдары Шалқия қонысы Кеңесінің төрағасы қызметін атқарып, осыдан облыстық дәрежедегі зейнеткерлікке шықты. Шалқия қонысының «Құрметті азаматы» атағына ие болды. Ол зейнеткерлікке шыққанымен аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы қызметін атқарды. Меккеге барып, Қажы атанып келді. Шайдарбек қажы әрі тарихшы, әрі журналист. Оның қаламынан «Сыр ғұламалары», «Сыр бойындағы әулиелер», «Кереметтер тағылымы», «Қажылық- әр мұсылманның парызы», «Атадан қалған мұралар» (2 кітап), «Бегайым» атты кітаптар дүниеге келді.
РАЙЫМБЕК ӘДІЛБЕКОВ,
Қазақстан Журналистер
Одағы мен Қазақстан Ақын-жыршылар
Одағының мүшесі.
Райымбек Әділбеков 1937 жылы 25 наурызда Жаңақорған ауданы «Екпінді» ауылында туған. № 51 М.Қаратаев атындағы орта мектепті тәмамдаған. 1967 жылы Ташкент Мемлекеттік университетінің география факультетін бітірген. Бұдан соң ұстаздық қызметінде болған. 1967-1997 жылдары зейнетке шыққанға дейін аудандық партия, кәсіподақ комитеті, аудандық Кеңестің ұйымдастыру-нұсқау бөлімінде жауапты қызметтер атқарған, аудандық мұрағаттың директоры болған. Кезінде поселкелік, аудандық Кеңестердің депутаты болып сайланған. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан. Қазіргі кезде аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы, № 51 М.Қаратаев атындағы қазақ орта мектебінің ата-аналар комитетінің төрағасы. Райымбек Қазақстан Журналистер Одағының және Республика Ақын-жыршылар Одағының мүшесі, ақын. Бірақ өлеңіне ән шығарылған.
Райымбек Әділбековтың 2006 жылы Алматыдан «Ақерке-әнім» атты кітабы шыққан.
ХАДИША БАЯЗИТОВА,
ақын, Қазақ ССР Оқу ісінің үздігі, аудандық Мұсылман әйелдер
қоғамының төрайымы,
Хадиша Баязитова 1938 жылы дүниеге келген.
Жоғары білімді ұстаз. Қазақ ССР Оқу ісінің үздігі . Ұзақ жылдары Жаңақорған ауданындағы № 162 Қожамберді атындағы, № 125 С.Сапарбеков атындағы мектептерді басқарған, абыройлы еңбек еткен. Хадиша -ақын. Оның терең сезімге құрылған өлеңдері кез-келген оқырманның жүрегіне жол тауып жатады. Өлеңдері баспасөз беттеріне шыққан. Хадиша Баязитованың 2006 жылы «Қазақ Энциклопедиясы» баспасынан «Бақытымды босағамнан күтемін» атты кітабы жарық көрген. Хадиша Баязитова әйел-аналар делегациясы құрамында Елбасы Н.Назарбаевтың қабылдауында екі мәрте болған. Елбасының Алғыс хатымен марапатталған. Хадишаның қызы Баян жазушы-журналист.
ОРАЗБЕК МАҚСҰТҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты,
Мұстафа Шоқай атындағы сыйлықтың иегері,
Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, жазушы-журналист.
Оразбек Мақсұтұлы 1956 жылы 5 мамырда Жаңақорған ауданының Жетітөбе ауылында туған. Жаңақорған кентіндегі № 51 М.Қаратаев атындағы орта мектепті тәмамдап, Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы - журналист. 1978-1984 жылдары Сырдария аудандық «Сырдария» газетінің тілшісі, 1984-1987 жылдары облыстық телерадиокомитеттің редакторы, аға редакторы, 1987-1991 жылдары облыстық «Ленин жолы» («Сыр бойы») газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген. Бұдан соң облыстық партия комитетінің жауапты қызметкері болған. 1991-1996 жылдары облыстық телерадиокомпанияның бас редакторы болса, 1996 жылдан облыстық «Сыр бойы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болып абыройлы қызмет істеп келеді. Оразбек Мақсұтұлы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен, облыс әкімі мен облыстық Мәслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталса, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Мұстафа Шоқай атындағы сыйлықтың иегері. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, облыстың «Үздік журналисі». Жазушы Оразбек Мақсұтұлының біраз әңгімелері, хиқаяттары (повестері) «Арман қанатында», «Қос ішек», «Жүректегі жауһарлар», «Өнеге өрісі», «Сыр пернелері» атты жинақ кітаптарына енсе, бір тобы республикалық газеттер мен журналдарға жарияланған
МҰСАБЕК ӘШІМҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Жаңақорған кентінің Құрметті қариясы, ақын.
Мұсабек Әшімұлы 1938 жылы Жаңақорған ауданы қазіргі Машбек ауылының Шәлімбет деген елді мекенінде туған. Орта мектепті Түркістан қаласында тәмамдаған. Содан соң ауылдық жерде әртүрлі шаруашылық жұмыстарында болған. 1960 жылдан Қызылорда облыстық азаматтық авиациясына қарасты Жаңақорған қонысындағы аэропортта меңгеруші қызметін ұзақ жылдар абыройлы атқарып, 1996 жылы зейнеткерлікке шыққан. Ол Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Жаңақорған кентінің Құрметті қариясы» дипломымен марапатталған. Облыстық «Ұрпаққа ұлағат» атты шешендік сөздер мен бата беру байқауының бірінші орынды жүлдегері. Мұсабек Әшімұлының 2001 жылы «Ақын жүрегі», 2006 жылы «Ұрпаққа ұлағат» атты кітаптары шыққан.
АНАРБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ,
Ақын.
(1955-2003)
Анарбай Мырзахметов 1955 жылы 1 қарашада Жаңақорған ауданы Бесарық өзенінің бойында дүниеге келген. Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы эконо мист. Ол кезінде аудандық ауылшаруашылық басқармасында аға экономист, «Юбилейный», «Сунақата» кеңшарларында бас экономист қызметтерін атқарды. Өмірінің соңғы кездерінде Сунақата ауылындағы «Ақмаржан» шаруа қожалығының төрағасы болған-ды. Жастайынан әдебиетке жаны құмар болып өскен ол, мектеп қабырғасында жұрген кезінде-ақ өлеңдері республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), аудандық «Коммунизм жолы» (қазіргі «Жаңақорған тынысы» ) газеттерінде жарық көре бастаған. Қаламы ұштала келе жырсүйер қауым оның көңілге шуақ құяр лирикалық өлеңдерін республикалық газет-журналдарынан оқи бастаған. 1985 жылы «Жалын» баспасынан шыққан жас ақындардың «Қарлығаш» атты өлеңдер жинағына Анарбайдың 12 өлеңі енген. Ал бір топ өлеңдері 2001 жылы «Жүректегі жауһарлар» атты кітапқа басылған.
Анарбай Мырзахметов 2003 жылы дүниеден өтті.
ЕРМАХАН ҚАЖЫ
ТӨРЕҚОЖАЕВ,
Жазушы.
Ермахан Төреқожаев 1942 жылғы 15 қаңтарда Жаңақорған ауданы қазіргі Манап ауылында туған. 1958 жылы қазіргі № 51 М.Қаратаев атындағы орта мектебін бітіріп, 1963 жылы Қызылордадағы Н. В. Гоголь атындағы педагогикалық институтының физика-математика факультетін темамдаған. Бұдан соң Манап ауылындағы мектепте мұғалім, мектеп директорының орынбасары болған. 1968-1972 жылдары аудандық партия комитетінде нұсқаушы қызметін атқарса, 1972-1976 жылдары «Түгіскен» кеңшарында жұмысшылар комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген. 1976-1992 жылдары «Өзгент» кеңшары партия комитетінің хатшысы болды. Бұдан кейінгі жылдары Байкенже елді мекеніндегі орта мектепте мектеп директорының орынбасары, 1996 жылдан 2005 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін № 209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта мектепте оқу ісі жөніндегі орынбасары, кейін тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-психолог қызметтерін атқарды. Ермахан жасынан әдебиетке құмар болып өсті. Аудандық газетке әңгіме, мақалалар жазып тұрды. Кейін облыстық «Сыр бойы» газетіне әңгімелері шығып жүрді. Ермахан Тереқожаевтың «Кіші келін» повесі мен «Пұшайманды бала» әңгімесі 1988 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Ерте келген КҮЗ» атты ұжымдык жинаққа енді. 2006 жылы «Тамыр» баспасынан «Бақсайыс әулие» атты тарихи-шежіре кітабы шықты. 2007 жылы «Жалын» баспасынан «Аққорған» атты роман-эссесі кітап болып жарық көрді. Бұл Ермахан Төреқожаевтың күрделі жанр - романға тұңғыш қалам тартуы еді.
Ол 2008 жылы Меккеге сапар шегіп, Қажылық парызын өтеп қайтты.
АБДОЛЛА АЛТЫЙ СҮЛЕЙМЕН, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты.
(1955-2003)
Абдолла Алтый Сүлеймен 1955 жылы 3 ақпанда Жаңақорған ауданы қазіргі Манап ауылында туған. № 54 Ж. Қыдыров атындағы орта мектептен Кәмелеттік аттестат алып шыққан. Содан соң өз ауылында тракторшы болып жұмыс істеген. 1981 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университетінің журналистика факультетін ойдағыдай бітіріп шыққан. 1982-1991 жылдары «Қазақ радиосында» алдымен қоғамдық-саяси хабарлар Бас редакицясының редакторы, кейіннен аға редакторы, одан соң осы редакцияның меңгерушісі қызметтерін атқарды. Абдолла Алтый Сүлеймен 1991 жылдан бастап Қазақ теледидарында үздіксіз 11 жыл жұмыс істеді. Бұл жылдар ішінде алғаш «Шарайна» ақпарат бағдарламасының саяси шолушысы, кейін қоғамдық саяси хабарлар редакциясының бөлім меңгерушісі, «Аманат сағаты» Парламенттік тобының жетекшісі, қоғамдық-экономикалық редакция Бас редакторының орынбасары, «Қазақстан-2» телеарнасының («Алатау») директоры қызметтерін атқарды. Абдолланың Семей полигоны турапы түсірген көпсериялы телеқойылымы ел арасында жоғары бағаланды. Оның проблемалық мәселелерді көтере білетіндігі және баска да жемісті еңбектері ҮШІН Әлихан Бөкейханов атындағы сыйлыққа ие болды. 2002 жылдың қазан айынан өмірінің соңына дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне қарасты «Қазақ газеттері» акционерлік қоғамының менеджері болды.
Абдолла Алтый Сүлеймен 2003 жылы 8 қазанда қайтыс болды.
Қаламы қарымды журналист Абдолла Алтый Сүлейменді мәңгі есте қалдыру мақсатында ол оқыған № 54 Ж.Қыдыров атындағы орта мектептің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кабинетіне кафедра мәртебесі беріліл, бұл кафедраға Абдолла Алтый Сүлеймен есімі берілді. Жаңақорған кентіндегі бір көше Абдолла Алтый Сүлеймен көшесі деп аталды. Алматының баспасынан «Арамыздасың, Абдолла» атты естеліктер кітабы шықты. Сондай-ақ бұл кітапқа Абдолланың СҮЙІКТІ жары Сәуленің «Мәңгілік сағынышым» атты деректі романы да енген.
ОҢАЛБАЙ САДЫҚҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, еларалық «Қазақ елі» және республикалық «Заң газетінің» Қызылорда облысы мен Түркістан қаласы бойынша меншікті тілшісі.
Оңалбай Садықұлы 1951 жылы 29 мамырда «Талап» ауылында туған. 1967 жылы № 54 Ж.Қыдыров атындағы орта мектепті бітірген. Бұдан соң Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Аудандық «Коммунизм жолы» (қазіргі «Жаңақорған тынысы») газетінде әдеби қызметкер, аудандық комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі болған. 1980-1996 жылдары Жаңақорған, Шиелі аудандық ішкі істер бөлімдерінде бөлім бастығының орынбасары болып қызмет атқарған. 1997 жылдан еларалық «Қазақ елі» газетінің Қызылорда облысы бойынша, 2008 жылдан «Заң газетінің» облыстағы және Түркістан қаласындағы меншікті тілшісі. Оңалбай Садықұлының академик, танымал математик Асқар Жұмаділдаев, милиция генералдары Есен Демесінов, Кеңшілік Жұмабаев, әнші Әлмырза Ноғайбаев, ұстаз Зинабдин Шермағанбетов, атақты шопан Мамырайым Шалысбаев, агроном Медетбек Сәдірбаев, «Құрметті теміржолшы» Қосыбай Топаев жайлы жазған дүниелері жеке кітап болып басылған. Оңалбай Садықұлы өнегелі шаңырақ иесі, жұбайы Гүлнәр екеуі бес ұл-қыз өсіріп, олардан өрбіген оңға тарта немерелерінің қуанышы мен қызықшылығына бөленіп жүр. 2001 жылы орта мектепті ҮЗДІК бітірген қызы Райхан «Алтын белгіні» алғашқылар қатарында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз қолынан алу құрметіне ие болған талантты шәкірттердің бірі. Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің халықаралық қатынастар факультетін қызыл дипломмен бітірген Райхан бұл күндері ғылым саласында жемісті еңбек етуде.
ӘЛШЕКЕЙ БЕКТІБАЙҰЛЫ,
күйші-композитор.
(1848-1932)
Әлшекей Бектібайұлы 1848 жылы Жаңақорған ауданы Төменарық аймағындағы өз әкесінің есімімен аталатын «Бектібай сазы» деген елді мекенде дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған Әлшекейдің балалық шағы жоқшылық пен таршылықта етеді. Бірақ талантты бала бұған мойымайды. Ол жас кезінде нағашы атасы Рүстемнің тәрбиесінде болып , одан сыбызғы тартуды үйренеді. Кейін сыбызғыдан домбыраға ауысады. КҮЙ шығара бастайды. Той-думан мен ойын-сауықтың ажары, дастарханның базары болған Әлшекей жігіт шағында Мұстафа, Өтемәлі секілді КҮЙШІ, жыршы, әнші серіктерімен бірге серілік те құрған. Күйші-сазгер Әлшекей туралы белгілі сазгер, жазушы, өнер зерттеуші Ілия Жаханов өзінің «Аққулар қонған айдын көл» кітабында: «Ол (Әлшекей - А.С.) Созақ, Шу, Арқа жағына да ауық-ауық ұзап барып, серілік құрып, атақты Ықылас КҮЙШІНІ көріп, КҮЙІН тыңдаған. Одан Түркістан, Әулиета, Ташкент базарының гүлі боп, КҮЙ толғаған, ұлы жиынның сәнін кіргізген. Қызылқұм, Сыр алабы, Қаратау елі бәрі-бері Әлшекейдің тамылжыған күйлеріне елтіген», - деп тебірене жазды. Әлшекей кемеліне келіп, атағы шыға бастаған кезде өнер жарысына түсе бастайды. Оның «Бөпе қызбен тартыс», «Айша қызбен тартыс» деген күйлері кезінде ел арасына аңыз боп тарайды. Бөпе КҮЙШІ Әлшекейдің күйшілік өнеріне, өзіндік мәнеріне дән ризашылығын білдірген. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, Әлшекейдің Айша қызбен КҮЙ тартып, өнер сайыстырғаны тіпті қызық. Ақырында бірін-бірі жеңісе алмаған соң, Әлшекей аяғындағы мәсісін шешіп тастап, «Терісқақпай» деген КҮЙДІ аяғының башпайымен тартып, Айша қызды тоқтатқан екен. Әлшекей КҮЙ мәнеріне қарай домбыраны ойнатып тартатын болған. Ол домбыраны шертіп отырып, бір қолы пернеде жүрсе, екінші қолымен КҮЙ мінезіне сәйкес неше түрлі қимыл жасап отырады екен. Бірде Жаңақорғаннан келген бір жеңгесі Әлшекейге бұрын естімеген жаңа КҮЙ тартып беруін өтініп қоймапты. Сол кезде Әлшекей сәл ойланыңқырап, домбыра құлағын әрі-бері бұрай отырып, бір КҮЙДІ шерте жөнеледі. КҮЙ қайырмасына келгенде ол сол қолымен домбыра тарта отырып, оң қолын КҮЙДІҢ ырғағымен жанында отырған әлгі жеңгесіне жүгірте бастайды. Біраздан соң бұл сәті тағы да қайталанады.Әлшекейдің мұндай өнеріне риза болған дастархан басындағылар күлкіге кенеліпті. Бұл КҮЙ «Жаяу кербез» аталып кетеді. Күйші-сазгер Әлшекей Бектібайұлы 1932 жылы 84 жасында Тәжікстанның Душанбе қаласы Шарабат ауданындағы «Жауан» қыстағында қайтыс болған. Сыр елінің Тәттімбеті атанған Әлшекей 100-ге тарта КҮЙ шығарған Әлшекейдің бізге жеткен күйлері: «Тепен көк», «Аққу кеткен», «Тайшұбар», «Жаяу кербез», «Адасқан қаз», «Ақсақ тоқты», «Айрауықтың ащысы», «Тоқтаған», «Толқын», «Егес», «Шерлі», «Төрісқақпай, «Бозторғай», «Нар идірген», «Желмая», «Бозінген», «Қара жорға», «Қыран қайғысы», «Нар соққан», «Жіп жүгірту», «Қаратау», «Айша қызбен тартыс». Әлшекейдің күйлерін кезінде Әбдіқадыр Әбдіхалықов, Тынысбек Дүйсебеков, Абыдын Мұсабаев, Әбілтай Сүлейменов, Үсен Әбшенов, Аман Жаманқұлов, Айсын Райымбеков, Бәден Айсынов , Жарқынбек Нұрсұлтанов тартып жүрді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-композитор, толғаушы Шәміл Әбілтай 1976 жылы Қазақ теледидарынан Әлшекей күйшіге арналған «Домбыра-дастан» хабарын ұйымдастырды. Хабарға Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкенов бастаған күйшілер Әбдіқадыр Әбдіхалықов, Тынысбек Дүйсебеков, Әбілтай Сүлейменов қатысты. Бұл «Домбыра-дастан» хабары кейін «Алтын қорға» алынды. Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкенов Әлшекейдің 15 шақты КҮЙІН магнитті таспаға түсіріп, 1972 жылы Республика Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына тапсырады. КҮЙШІНІҢ 10 КҮЙІ Бүкілодақтық пластинка фирмасынан КҮЙ табаққа жазылды. Әбдіқадыр Әбдіхалықов пен Тынысбек Дүйсебековтың орындауында Әлшекейдің біраз күйлерін журналист-оператор Тұмарбай Жәненов бейнетаспаға түсірді. Әлшекейдің шығармашылығын Манап Кекенов, Құдабай Ертаев, Досан Шпақов, Бейбіт Айсынов, Хазәретәлі Тұрсынов, Есіркеп Қоңқабаев баспасөз беттерінде насихаттады. Әлшекейдің өмір жолы мен күйлері жайлы мағлұмат «Қазақ Совет Энциклопедиясына» енді. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Ақселеу Сейдімбек Әлшекей туралы «КҮЙ шежіре» кітабына енгізді. Халықаралық «Түрксойдың» мұрагер сыйлығының және Республикалық «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, фольклортанушы, жыршы-әнші, доцент, бұл күнде Қызылорда облысының мәдениет басқармасының бастығы Берік ЖҮСІПОВ Әлшекей күйлерін тереңнен алып зерттеген ғалым. 2008 жылы қарашада Қызылорда қаласында Әлшекей Бектібайұлының 160 жылдығына байланысты республикалык күйшілер байқауы өтті. Осы байқауда Жаңақорғандағы Әлшекей атындағы өнер мектебінің түлегі, Астанадағы музыка академиясының 2-курс студенті Ержан Аркабаев саңлақ күйшілердің арасынан 2-ші орынды жеңіп алды. Аудан орталығындағы Өнер мектебіне және «Талап» ауылындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестріне Әлшекейдің есімі берілген. Жаңақорған кентіндегі бір көше Әлшекейдің есімімен аталады.
ҚҰТБАЙ ДҮРБАЕВ,
ақын-композumop, әнші-жыршы,
термеші, күйші.
(1906-1971)
Құтбай Дүрбаев 1906 жылы 25 мамырда Жаңақорған ауданы Өзгент ауылында туған. Ол он екі жасынан ән салып, домбыра тартқан. 1933-1939 жылдары Ташкенттегі музыкалық-драма театрының (қазіргі Науаи атындағы опера және балет театрының) әртісі болды. 1947-1950 жылдары Өзбекстанның Жоғары Шыршық ауданындағы Қазақ халық театрының музыкалық бөлімін басқарды. Сонымен қоса-қабат Ташкент педучилищесінде мұғалім болып, скрипка, гармонь, домбыра, дутар сыныптары бойынша шәкірттер тәрбиеледі. Құтбай Дүрбаев әнші әрі ақын, сазгер, шертпе КҮЙДІҢ шебері болды. Ол елуінші жылдардан бастап халық арасында ӘН-КҮЙ, терме, дастандар орындаған. Оның репертуарында 250-ге жуық өлең-жыр, ән-күй болған. Өнер жолына біржола түскен Құтбай Сырдың орта ағысы мен Қызылқұм өңірін, Өзбекстанның Ташкент, Сырдария, Жызақ облыстарын, Мырзашөл алқабын, Тәжікстан, Түрікменстан, Қарақалпақ елдерін көп аралаған жан. Өнерге сегіз қырлы, бір сырлы Құтбай қобыз, сыбызғы, домбыра, сырнай, дутар, дойра, най, рубаб. скрипка аспаптарын құйқылжыта тартса, ал орыс, қазақ, қырғыз, қара-қалпак, тәжік, түрікмен. өзбек, татар, ҮНДІ Әндерін орындаған. 1969 жылы Алматыда өткен Халык ақындарының слетіне арнайы шақырылған Құтбайдың орындауында бірнеше әндер дыбыс таспасы мен күйтабаққа жазылып алынған. Құтбай өмірінің соңғы жылдарын Ташкент облысының Янгиюль, Жоғары Шыршық аудандарында өткізді. «Ақ қанат» ән-би ансамблін ұйымдастырып, соған басшылық етті. Құтбай Дүрбаев 1971 жылдың 14 қаңтарында, 65 жасында, Өзбекстанның Жоғары Шыршық ауданында қайтыс болды. Құтбайдың ақындық және музыкалық шығармашылығы туралы зеттеуші ғалымдар Көбей Сейдеханов.Талиға Бекхожина, Қыдырәлі Саттаров, Қалдыбек Сейданов, Оразқожа Бекахметов, Мұхамедрахмет Жармұхамедов, Мұхаметжан Рүстемов өздерінің жазған еңбектерінде баян етті, ал Төлеген Айбергенов, Манап Көкенов, Қайыпназар Әйтпенов өлеңдеріне арқау етті. 2006 жылы маусымда Құтбай Дүрбаевтың 100 жылдығына байланысты Жаңақорғанда ғылыми-тәжірибелік конференция болып, жыршы-термешілер байқауы өтті. «Қожакент» ауылындағы бір көшеге Құтбай Дүрбаевтың есімі берілді. Сондай-ақ Өзбекстандағы Жоғары Шыршық ауданындағы К.Маркс ауылындағы ақын тұрған көшеге есімі беріліп, сондағы клуб Құтбайдың атымен аталды.
ТӨЛЕПБЕРГЕН ӘБДІРАШЕВ,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық әртісі, профессор.
(1948-2007)
Төлепберген Әбдірашев 1948 жылы
28 шілдеде Жаңақорған ауданы «Кеңес» ауылында дүниеге келген.
1966 жылы № 54 ЖҮСІП Қыдыров атындағы орта мектепті бітірген соң, бір жыл шаруашылықта тракторист болып жұмыс істеді. 1967 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияға оқуға ТҮСІП, оны 1974 жылы қобызшы және ұлт-аспаптар оркестрінің дирижері мамандықтары бойынша ҮЗДІК бітіріп шықты. 1974-1975 жылдары Шымкент музыкалық училищесінде оқытушы болды. 1975-1979 жылдары Мәскеудің Чайковский атындағы консерваториясында опера және симфония оркестрінің дирижері мамандығы саласы бойынша Лениндік сыйлықтың лауреаты, Кеңес Одағының Халық әртісі Геннадий Рождественскийдің сыныбында дәріс алған. Осында оқып жүрген студент кезінде-ақ, 1977 жылы Батыс Берлинде өткен Герберт фон Караян атындағы Халықаралық дирижерлар конкурсына қатысып, дипломант болды. Мәскеудегі оқуын тәмамдаған соң Қазақ мемлекеттік симфония оркестрінің дирижері болды. 1982-1983 жылдары Австрияның Вена қаласындағы музыка академиясында білімін көтерді. Төлепберген Әбдірашев 1983 жылдан Қазақ мемлекеттік симфония оркестрінің бас дирижер! және көркемдік жетекшісі болды. Ол екі жыл Қазақ мемлекеттік Абай атындағы опера және балет театрының бас дирижері де болды. Сол жылдары бұл өнерлі ұжымды Германияға алып барыл, А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операларын өнер сүйер қауымға алғаш таныстырып қайтты.Төлепберген Әбдірашевке 1982 жылы «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген өнер қайраткері» атағы берілді. 1983 жылы Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты болды. 1989 жылы Украина Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. 1995 жылы «Қазақстан Республикасының Халық әртісі» атағына ие болды. Төлепберген Әбдірашев 1998 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреатын алса, 2004 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. 2006 жылдың соңынан бастап Құрманғазы атындағы Мемлекеттік ұлт-аспаптары оркестрінің жетекшісі және бас дирижері қызметін де өзінің бұрыңғы қызметімен қоса атқарды. Ол әр жылдары өнер сапарымен АҚШ-та, Англияда, Германияда, Австрияда, Кубада, Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Украинада сол елдердің симфониялық оркестрлерінде дирижерлік етті. Төлепберген Әбдірашев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтар беру (Әдебиет пен өнер саласында) комитетінің мүшесі, Қазақ мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры болды.
Төлепберген Әбдірашев 2007 жылы 26 қазанда дүниеден өтті.
ЕСІРКЕП ҚОҢҚАБАЕВ,
«СССР-дің үздік мәдениет қызметкері», айтыс ақыны, әнші.
(1922-1991)
Есіркеп Қоңқабаев 1922 жылы Жаңақорған ауданы Бесарық аумағындағы «Кеңес» ауылында туған. 1935 жылы орта мектепті бітірген. 1936 жылғы аумалы-төкпелі заманның ықпалы Тәжікстанның Қорғантөбе ауданына дәм-тұз айдап барады. Содан елге, туған жерге 1950 жылы оралады. 1952 жылдан өмірінің соңына дейін аудандық мәдениет бөліміне қарасты № 2 қызыл отаудың, кейін № 15 автоклубтың меңгерушісі болып ұзақ жылдар малшы қауым мен диқандар арасында мөдени қызмет көрсетіп келді. Ақын әрі әнші Есіркеп Қоңқабаев әрбір мәдени сапарында жақсы істерді, кездескен кемшіліктерді өлең тіліне салып, домбырамен әндетіп айтып жүрді. Ол ақын Манаппен бірге Жаңақорған халық театры қойған спектакльдерде көптеген рольдерді ойнады. Есіркеп Қоңқабаев қазақтың халық әндерімен қатар қарақалпақтың, тәжіктің әндерін де орындап жүрді. Манап Көкенов, Әбужүсіп Баймұратов, Айдархан Бибасаров, Аманбай Өтебаев секілді ақындармен талай жыр додасына түсті. Ақын-әнші Есіркеп Қоңқабаев ел арасынан мәдени мұраларды жинаушы болды. Құлан ақынның біраз өлеңдерін жинап, Ұлттық Ғылым академиясының алтын қорына өткізді. Палымшаның, Шәймен ақынның мұраларын жинастырды. Есіркеп Қоңқабаев Мәскеудегі Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне қатысты. «СССР-дың ҮЗДІК мәдениет қызметкері» белгісімен марапатталды.
Есіркеп Қоңқабаев 1991 жылы 8 қазанда қайтыс болды.
ӘЗІМХАН БЕРДӘЛІ,
«Тамаша» ойын-сауық
отауының Бас директоры.
Әзімхан Бердәлі 1951 жылы 28 наурызда Жаңақорған ауданында туған. Орта мектептен соң, 1973 жылы эстрада-цирк студиясына оқуға түседі. Ал 1976 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал бөлімін тәмамдайды. 1977 жылы Шымкент қаласы әл-Фараби атындағы мәдениет және өнер институтына түседі. Аталған иснтитутты ҮЗДІК бітіріп, 1983 жылы Алматы теледидарына жолдама алады. Осында жауапты қызметтер атқарады.
Әзімхан Бердәлі 1991 жылдан «Тамаша» ойын-сауық отауының Бас директоры.
ТӘҢІРБЕРГЕН ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ ҚАЛАУОВ,
Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,
Республика оқу ісінің үздігі, композитор.
(1936-2004)
Тәңірберген Құдайбергенұлы Қалауов 1936 жылы 2 ақпанда Жаңақорған ауданы «Талап» ауылында туған. Орта мектептен соң Құрманғазы атындағы консерваторияға оқуға ТҮСІП, ОНЫ 1957 жылы ойдағыдай бітіріп шықты. Сол жылы Қызылорда қаласындағы облыстық мәдениет ҮЙІНІҢ көркемдік жетекшісі болды. 1958-1964 жылдары Қызылорда педагогикалық институтында оқытушы, кейін музыка кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. Институт жанынан құрылған «Сыр сұлуы» ән-би ансамблін алғаш ұйымдастырушылардың бірі еді. 1964-1972 жылдары қаладағы өнер мектебін басқарды. 1972- 1977 жылдары облыстық филармонияға директор болды. 1977- 1982 жылдары өнер мектебін қайтадан басқарды. 1982-1987 жылдары музыка училищесіне басшылық жасады. 1987 жылдан өзінің бұрынғы өнер мектебін басқарды. Ол жас өнерпаздарды тәрбиелеуде, халық өнерін насихаттауда игілікті жұмыстар жүргізді. «Республика оқу ісінің ҮЗДІГІ» атағын алды. «Еңбектегі ерлігі ҮШІН» медалімен, облыстық Кеңестің грамотасымен марапатталды. Қалалық Кеңестің ҮШ рет депутаты болды. Сазгер Тәңірберген Қалауов атақты «Қызылорда вальсі» , «Күлімдеші, ГҮЛІМ сен», «Қалқажан», «Шалқиды ән», «Той жыры», «Биші қыз», тағы басқа да жүзден аса ән жазды. 2000 жылы оған «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» құрметті атағы берілді.
Тәңірберген Қалауов 2004 жылы 17 наурызда қайтыс болды.
БЕКСҰЛТАН БАЙКЕНЖЕЕВ,
Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстанның Білім беру үздігі, композитор-әнші. (1949-1993)
Бексұлтан Байкенжеев 1949 жылы 7 қарашада Жаңақорған ауданы «Қосүйеңкі» елді мекенінде дүниеге келген. 1966 жылы № 51 Мұхаметжан Қаратаев атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болды. 1968 жылы Қызылорда педагогикалық институтының музыка факультетіне түсіп, оны 1972 жылы бітіріп шықты. Сол жылдан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін аудан орталығындағы Әлшекей атындағы өнер мектебінің директоры болып қызмет істеді. Бексұлтан Байкенжеев облыс орталығында ұйымдастырылған «Сыр сұлуы», «Нұргүл» ән-би ансамбльдерінің құрамында әнші ретінде Болгария, Германия елдерінде және Мәскеу, Кишинев, Нөкіс, Алматы, Шымкент, Жамбыл (қазіргі Тараз) қалаларында болып, өнер көрсетті. Бексұлтанның әсем әндері елге тарала бастады. Эфирге шықты, теледидардан берілді. Алғашқы әні «Ақбаяннан» бастап, «Жеңешем», «Сырдария», «Ақшолпаным», «Ақ ГҮЛІМ», «Нағашым», «Гүлденген Жаңақорған», «Құда болып жүрейік», басқа да көптеген әндері елге тез тарап кетті. Бексұлтанның әндерін республикамыздың белгілі әншілері - Қазақстанның Халық әртісі Зейнеп Қойшыбаева, Республикаға еңбегі сіңген әртіс Мәдина Ералиева, сондай-ақ Венера Қармысова, Люция Телешова, Бибажар Маханбетова, тағы басқалары орындап жүрді. Қазақтың сүйікті әншісі Мәдина Ералиева өзінің жеке ұйымдастырған ансамблінің атын «Ақбаян» деп атады.
Композитор-әнші Бексұлтан Байкенжеев 100-ге тарта ән жазған. Өзбекстан Республикасының әм Қарақалпақстанның Халық ақыны, осы екі елдің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тілеуберген Жұмамұратовтың, академик Мұхаметжан Қаратаевтың, Қазақстанның Халық жазушысы, арқалы ақын Әбділда Тәжібаевтың, белгілі сазгерлер Әсет Бейсеуов пен Мыңжасар Маңғытаев, Кеңес Дүйсекеевтің, фольклорист ғалым Мардан Байділдаевтың Бексұлтан Байкенжеев әндерін жоғары бағалаған жылы лебіздері, оның өнерінің биіктігін көрсетсе керекті. Демек, сазгер Бексұлтан Байкенжеевтің өзі - бір мектеп. Бексұлтанның бір топ әндері «Әнің болып төгілемін» атты қазақ әндерінің антологиясына, «Ауыл кеші көңілді», «Әнім сен едің», «Жастық шақ әуендері», «Ақшолпаным», тағы басқа да жинақтарға енсе, «Ақбаян» (1984), «Ақ ГҮЛІМ» (1992), «Сағынып жүрші» (1994) деген жеке әндер жинағы жарық көрген. Бексұлтанның өнері көзі тірісінде де жоғары бағаланып келді. Ол Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты, «Қазақстан Республикасы мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер», «Одақ көлемінде село мәдениетін шефке алу ҮЗДІГІ», «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің ҮЗДІГІ» құрметті атақтарына ие болды. Мәскеуде өткен Бүкілодақтық білім беру қызметкерлерінің съезіне делегат болып қатысты. Кезінде аудандық партия комитетінің бюро мүшесі, аудандық Кеңестің депутаты болды. Бексұлтанның есімі көркем шығармаларға енді, белгілі журналистер Бақтыбай Айнабеков, Кенжебек Әбдімәуленов деректі фильм тұсірді, эфирге шығарды. Бексұлтан Байкенжеев 1993 жылы 10 мамырда 44 жасында мезгілсіз дүниеден қайтты. Бексұлтанның өмір жолы мен шығармашылығы жайлы ақын Файзулла Пәзілбекұлы Сахидың «Қосүйеңкінің қос бәйтерегі» (2003) атты кітабында, Адырбек Сопыбековтың «Ақбаян» атты поэмасы мен «Сағынтып кеткен Бексұлтан» (2006) атты естеліктер кітаптарында баян етілген. Академик, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, Жаңақорған ауданының «XX ғасыр Адамы» Сұлтан Сартаев өз қаржысымен Бексұлтан Байкенжеевтың ескерткішін (мүсінші Болат Досжанов) жасатты. Елі сүйген сазгер-әншіні мәңгі есте қалдыру мақсатында өзі тұрған көшесіне Бексұлтан Байкенжеев есімі берілді. Қабірі басына кесене тұрғызылды. Аудандық мәдениет үйінен сазгер Бексұлтан Байкенжеевтің өнер мектебі ашылып (директоры Бексұлтанның ұлы Әбсұлтан), оған шығармалары мен өзі тұтынған заттары, бірсыпыра киімдері қойылды.
ӘБДІРЕЙІМ ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ ӨМІРОВ,
Қазақстанның Еңбек сіңірген қызметкері,
композитор-әнші.
Әбдірейім Әбілқасымұлы Өміров 1955 жылы 5 мамырда туған. 1972 жылы қазіргі № 209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта мектепті бітірген соң талантты жас аудан орталығындағы «Экспресс» ән-би ансамблінде өнер көрсетті. 1973-1975 жылдар аралығында Кеңес армиясы қатарында әскери бөлімнің ән-би ансамблінде қызмет етіп, бүкіл Армиялық байқаудың лауреаты атанды.
Туған елге оралған соң шарушалықта күрішші-механизатор болып жұмыс істеді. 1977-1979 жылдар аралығында Алматы қаласындағы эстрада өнері студиясын ҚР Халық әртісі, профессор Н.Ә.Шарипованың класында оқып, жеке дауыстағы әнші (вокал) мамандығын алып шықты. 1993 жылы Алматы қаласындағы Орталық концерт залында жеке концертін өткізді. 1982 жылы Республикалық Халық таланттары телефестивалінің лауреаты. 1985 жылы БҮКІЛ Одақтық Халық творчествосы фестивалінің лауреаты. 1988 жылы Республикалық жастар даусы атты телебайқаудың лауреаты. 1991 жылы Республикалық Н.Бекежанов атындағы әншілер байқауында Бас жүлде алды. 1998 жылы Елбасының Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы берілді. 1999 жылы ҚР Білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайының делегаты.
2006-2008 жылдары Түркияда өткен жыршылар фестивалінде өнер көрсеткен. М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Сыр», Қ.Аманжоловтың сөзіне жазылған «Ғашық едім...», Міржақыптың сөзіне жазылған «Қайда едің», Н.Исабаевтың сөзіне жазылған «Әке туралы ой», «Сағыныш» т.б. көптеген әндердің авторы. 2008 жылғы Қызылорда облысы әкімінің өнер жөніндегі стипендиты. Қазіргі таңда Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық Әлшекей атындағы Өнер мектебінің директоры.
САУРАН ЕЛЕУОВ,
Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты,
Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері,
Түркияның Афион қаласының Құрметті азаматы, композитор-әнші.
Сауран Елеуов 1955 жылы 10 мамырда Жаңақорған ауданы аумағындағы көне қаланың орны - ескі Сауранның іргесінде ДҮНИеге келген. Орта мектептен соң 1979 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби атындағы педагогикалық-мәдениет институтының медени-ағарту факультетін бітірген. 1979-1986 жылдары Жаңақорған аудандық мәдениет ҮЙІНІҢ әдіскері, 1987-1990 жылдары Жаңақорған қонысындағы мәдениет және демалыс паркінің директоры, 1991-1995 жылдары Сұлтанбек Қожанов атындағы «Арман» мәдениет үйінің директоры болып қызмет атқарды. 1996 жылы Түркістан қаласы Қожа Ахмет Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде қызмет істейді. Алғашқы әндерін сексенінші жылдардың басынан бастап жаза бастаған Сауран қазір 80- нен астам әннің авторы. Оның көптеген әндері республикалық газет-журналдарда, мерзімдік баспасөз беттерінде жарық көрді. «Апатайым-анашым», «Домбыра сазы», «Туған жер», «Бесік жыры», «Жұлдызым», «Айналайын», тағы басқа да әндері қазақ радиосы мен теледидарында жиі орындалып жүр. Бір топ әндері Алматыда басылған «Ауыл кеші көңілді», «Жастық шақ әуендері» әндер жинағына енсе, енді бір топ әндері нотасымен және автордың қысқаша өмір жолы мен суретін берген «Сыр әуендері» (1991), «Айдында жүзген аққулар» (1996) атты кітаптарына шықса, өзінің жеке «Түркістан» атты ән кітабы (2000) шықты. Сауран әндерінің өзіндік ҮНДІЛІГІ мен саздылығына қазақтың белгілі сазгерлері Мыңжасар Маңғытаев, Кеңес Дүйсекеев. 1993 жылы қыркүйек айында Алматының Орталық концерт залында өз шығармаларынан концерт берді. Сауранның біраз әндерін Қазақстанның Халық әртістері Зейнеп Қойшыбаева мен Нұрғали Нүсіпжанов, танымал әнші Бибажар Маханбетовалар орындады. Сазгер-әнші Сауран Елеуов Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивальдарының лауреаты, Республикалык «Жігер» фестивалінің дипломанты, Саратов қаласында өткен жас сазгерлер байқауының жүлдегері, кезінде СССР Композиторлар одағының Дипломымен марапатталған, Республикалық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Алтын медаліне ие болған. Сондай-ақ Шәмші Қалдаяқов атындағы Республикалық өнер байқауының жүлдегері. Сазгер-әнші Сауран Елеуовке жеке шығармашылық саласы бойынша әндер циклі және өнерпаздық шығармашылықты дамытқаны үшін 1994 жылы Қазақстан Жастар Одағының сыйлығы берілді. 1999 жылы 26 қараша мен 2000 жылдың 7 қаңтар аралығында Түркия мемлекетіне университет өнерпаздарын басқарып барып, бірнеше қаласында концерт берді. Сауран Афион қаласының Құрметті азаматы болып оралды. 2007 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері атағына ие болды.
ҚАЛИЛА ОМАРОВ,
Қазақстан кинематографистер Одағының мүшесі, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының және Халықаралық Жамбыл сыйлығының лауреаты, кинорежиссер.
Қалила Омаров 1957 жылы 4 мамырда Жаңақорған қонысында туған. № 51 орта мектепті тәмамдады. Содан соң Ленинград медени-ағарту училищесінің кино-фото факультетін оқып жүрген кезінде деректі киноның білікті маманы В.Гориннен дөріс алды. Одан кейін Мемлекеттік мәдениет институтында оқыған Қалила 1982 жылы «Кісен ашқан» атты КҮЙШІ-сазгер Құрманғазының өмірі жайлы түсірген фильмімен «Ақ түндер - 82» кинофестивалінде 88 қысқаметражды фильмдер арасынан Бас бәйгені жеңіп алды. Қалила біраз жылдар Жаңақорған аудандық мәдениет Үйінде жұмыс істеді. 1987 жылдан он жылдай «Қазақтелефильм» студиясында режиссер болып істеп келді. Қазір 90-ға тарта деректі фильмдердің авторы. Деректі фильмдер түсірудің шебері атанған режиссер Қалила Омаров, әсіресе өнер адамдарының бейнесін жасауда көрермендерге кеңінен мәлім. Оның Құрманғазы жайлы «Кісен ашқан» телефильмінен бастап, Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Мәриям Хакімжанова туралы «Ата-мекен», МҮСІНШІ Рысбек Ахметов жөнінде «Заман- шеру», қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев жайлы «Мағжан», ақын Міржақып Дулатов туралы «Міржақыптың оралуы» деректі фильмдері үлкен еңбектен, ізденістен туған құнды дүниелер. Қалила Омаров 1992 жылы Қазақстан Жастар Одағының сыйлығын алды. 1996 жылы Халықаралық Жамбыл сыйлығына ие болды. Ол Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі.
1999 жылдан «Хабар» агенттігінде дубляж режиссері қызметінде. Сонымен қатар Қалила жүрген жерін күлкіге көміп жүретін әзілқой жан. Ол туралы талай қызықты әңгімелерді арқау етіп, сатирик-жазушы Доқтырхан Тұрлыбектің «Қалила Қожаның хикаялары» (2002) атты кітабы шыққан.
НҰРБЕРГЕН ТАСТАЕВ,
Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ақын, композитор-әнші, термеші.
(1957-2006)
Нұрберген Тастаев 1957 жылы 15 желтоқсанда дүниеге келген. 1974 жылы Жаңақорған қонысындағы № 3 сегізжылдық мектеп-интернатты, 1976 жылы № 163 орта мектепті бітіріп. сол жылы Қызылорда қаласындағы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының филиалына оқуға ТҮСІП, институтты 1981 жылы инженер-механик мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 1981-1983 жылдары Жаңақорған аудандық «Госкомсельхозтехника» бірлестігінің жабдықтау бөлімінде аға инженер, 1983-1986 жылдары №17 кәсіптік-техникалық училищесінде бастауыш комсомол ұйымының хатшысы, кейін өндіріс шебері, 1986-1990 жылдары «Білім» қоғамы аудандық ұйымының жауапты хатшысы, кейіннен аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1990-1991 жылдары «Задария» кеңшары партия комитетінің хатшысы, 1991-1993 жылдары осы кеңшар директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 1994-1996 жылдары Қаратөбе ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. 1996-1999 жылдары аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1999-2000 жылдары С.Қожанов атындағы қоныстық мәдениет ҮЙІНІҢ директоры, 2001-2005 жылға дейін № 13 кәсіптік мектептің директоры болып абыроймен еңбек етті, көптің құрметіне бөленді, іскерлігі мен біліктілігін көрсетті. 2005 жылдың 14 мамырынан өмірінің соңына дейін аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Аудан мәдениеті мен өнері және спорты үшін де білікті басшы, жақсы жаттықтырушы ретінде көп еңбектер сіңірді. Нұрберген 30-ға тарта әсем әндер жазған өнер сүйер қауымға танымал, ешкімге ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасы мен әуені бар сазгер. «Көңіл сыры», «Жанымда бір жүрші тым болмаса», «Арман-ай, он сегіз», «Туған жер», т.б.әндері құлағыңнан кетпей, есіңнен шықпай, жаныңды жақсы сезімнен арылтпай жүретін таңдаулы туындылар. Әртүрлі деңгейдегі ақындар айтыстарына 30-ға тарта рет қатысып, бірнеше рет жүлделерге қол жеткізді. 2001 жылы «Алтын Орда» баспасынан «Көңіл сыры», «Туған жер» ән-жыр жинақтары кітап болып шықты. Нұрберген Тастаев пен оның 9-шы сыныпты бітірген ұлы Нұрым екеуі 2006 жылы 10 шілде КҮНІ жол апатынан қаза тапты. 2007 жылы 15 желтоқсанда С.Қожанов атындағы қоныстық мәдениет үйінде ақын, композитор-әнші, термеші, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Нұрберген Тастаевтың туғанына 50 жыл толуына байланысты «Өнерде дес бермеген дара тұлға» атты әншілер байқауы өткізілді, соңынан ас беріліп, Құран бағышталды.
АМАНБАЙ ӨТЕБАЕВ, Композитор,әнші, ақын.
Аманбай Өтебаев 1948 жылы 30 қаңтарда туған. Жаңақорғандағы № 17 кәсіптік-техникалық училищені бітірісімен, Отан алдындағы әскери борышын өтеп қайтты. Келісімен Түркістандағы индустриалдық-педагогикалық техникумды бітіреді, бірақ оның ыңғайы ауыл шаруашылығы жұмыстарына келе қоймады. Оны мектепте оқып жүрген кездері өнерге бейімділігі Жетісайға жетелеп, сондағы мәдени ағарту училищесін бітіріп шықты. Аманбай Өтебаев 1975 жылдан бастап автоклуб меңгерушісі, 1990-1997 жылдары Төменарықтағы музыка мектебінде терме сыныбына дәріс беріп келді. 1998 жылдан сазгер Бексұлтан Байкенжеевтің өнер мектебінде қызмет істеді. Аманбай 70-тен аса әннің авторы. Оның «Анашым», «Гүлсара», «Сағынсам да», «Гүлнар қыз», «Бөлелер», «Аққу қыздар», тағы басқа да әндері өзінің нақыш бояуымен, кестелі өрнегімен ерекшеленіп тұрады. Біраз әндерінің сөздерін Аманбайдың өзі жазған. Сондай-ақ Аманбай Өтебаев айтыс ақыны ретінде де танымал. Ол Есіркеп Қоңқабаев, Әмір Мәжитов, Бибігүл Жаппасбаева, Нұрберген Тастаев сынды ақындармен айтысқа түскен. Аманбай Өтебаев 1999 жылдан бері Төменарық ауылдық клубының меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді. 2006 жылы Аманбайдың Алматыдән «Сағынышым» атты өлеңдер кітабы шықты.
ӨМІРБЕК МАРСАЛИЕВ,
Бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауының Алтын және КҮМІС жүлдегері, Білім озаты, композитор-әнші.
Өмірбек Марсалиев 1946 жылы 20 қазанда Жаңақорған қонысында туған. 1965 жылы қазіргі № 51 М.Қаратаев қазақ орта мектебін бітірген. 1969 жылы Қызы-лорда педагогикалық институтының музыка факультетін тәмамдады. 1972 жылдан аудан орталығында Өлшекей атындағы өнер мектебінде мұғалім, 1982 жылдан осы мектеп директорының орынбасары, 1993 жылдан осы онер мектебінің директоры болды. Білім министрлігінің «Білім озаты» белгісінің иегері, Бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауының Алтын, КҮМІС жүлдөгері. «Сыр сұлуы» ән-би ансамльнің мүшесі бол-ған.
Композитор-әнші Өмірбек Марсалиев 50-ге тарта әсем әндер жазған. Оның «Аталар даңқы» (сөзі Р.Әділбековтікі), «Жаңақорған вальсі» (сөзі А.Сопыбековтікі), «Ән-ғұмыр» (сөзі А.Өтебаев), «Ұмытпаңдар» (сөзі М.Көкеновтікі), «Ұстазым» (Сөзі Р.Әділбековтікі), «Аңсау» (сөзі Б.Тәжібаев), «Кешегі арман он жеті» (Сөзі З.Елғондиеваныкі),тағы басқа да әндері жұртшылыққа кеңінен танымал. Оның бірқатар әндері «Ауыл кеші көңілді», «Жастық шақ әуендер» жинақтарына енген. Өмірбек Марсалиев 2002 жылдан бері аудан орталығындағы Әлшекей атындағы Өнер мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып, талантты жастарды өнерге баулуда жемісті еңбек етіп келеді.
НАҒЫЗХАН ЖАМАНБАЕВ, композитор.
(1940-1990)
Нағызхан Жаманбаев 1940 жылы Жаңақорған қонысында дүниеге келді. Орта мектепті тәмамдаған соң, 1963 жылы Атырау қаласындағы музыкалық училищесін домбыра бөлімінде оқып, Жаңақорғандағы № 51 қазақ орта мектебіне мұғалім болып келді. Біраз жыл осында қызмет етті. Ұстаздықтан қол үзбей жүріп, 1976 жылы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін бітіріп алды. Кейінгі жылдары Әлшекей атындағы өнер мектебінде домбыра сабағынан дәріс берді. Оның алғашқы жазған «Қаракөзайым» әні (өлеңін жазған Жақсылық Рахматулла) аудан, облыс қана емес республикаға тарап көтті. Мұнан соң ақын Жақсылық Рахматулланың сөздеріне жазған «Сағыныш», «Бақытым менің», «Дән өлкесі» әндері де саздылығымен тыңдаушыларын әсерге бөледі. Ақын Адырбек Сопыбековтың өлеңдеріне жазған «Жүрек сыры», «Кектем мерекесі», «Кентау кеші», «Аққұсым» әндері көпшіліктің жүрегіне жол тауып жатты. Сазгер, ұстаз Нағызхан Жаманбаев 1990 жылғы 29 желтоқсанда дүниеден қайтты. Оның соңында өлмес мұра -30-ға тарта әсем де сазды әндері қалды. 1997 жылы 25 сәуірде аудандық мәдениет бөлімі сазгер Нағызхан Жаманбаевты еске түсіруге арналған «Сағыныш» атты кеш еткізді. 2003 жылы 28 мамырда «Өтті өмірі ән болып» деген тақырыпта композитор-әншілердің аудандық фестивалі ұйымдастырылды. 2006 жылы Нағызхан Жаманбаев оқыған аудан орталығындағы № 3 мектеп-интернаттың қабырғасына Ескерткіш тақта орнатылды.
ДҮИСЕН СЫЗДЫҚОВ,
Республикалық «Рауан» фестивалінің лауреаты, композитор-әнші
ДҮЙСЕН Сыздықов 1961 жылы Жаңақорған ауданы Талап ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Шымкенттегі музыкалық училищені бітіргеннен кейін Жетісай қаласындағы музыкалы драма театрында оркестр жетекшісі болып алғашқы еңбек жолын бастады. Бір жылдан соң туған жерге оралған ол «Экспресс» ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі болды. Еңбектен қол үзбей жүріп Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы мәдени-педагогикалық институтын ойдағыдай тәмамдап алды. Бұдан соң аудандық мәдениет ҮЙІНІҢ директоры, мәдениет бөлімінің аға инспекторы болды. 1996 жылы аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1997 жылдан бері Алматыда шығармашылық жұмыспен айналысып келеді. Дүйсен Сыздықовтың Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазған «Аңса, жаным» атты тұңғыш әні белгілі әнші Бақыт Шадаеваның орындауында елге тез тарап кетті. Ал Дүйсеннің «Сағындым туған елімді» (Өлеңін жазған Адырбек Сопыбеков) әнін Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева Дүние ЖҮЗІ қазақтарының Алматыда өткен Құрылтайында асқақтата шырқады. Қазір бұл әнді көбінесе Толқын Забирова орындап жүр. Дүйсеннің «Құдаша», «Таңшолпан» әндері (өлеңдерін жазған Адырбек Сопыбеков) Бақыт Шадаеваның орындауында Қазақ теледидарының «Тамаша», «Алтын дала» концерттік-танымдық бағдарламасы арқылы көрермен-тыңдаушыларына жол тартты. Ал Дүйсеннің «Бақытың жансын» әні (өлеңін жазған Адырбек Сопыбеков) эстрада әншісі Шәкизаданың репертуарына енген. Сондай-ақ Дүйсеннің «Анажан» енін (өлеңін жазған Исраил Сапарбаев) Сәкен Қалымов, «Мен сондаймын» (өлеңін жазған Иран-Ғайып) әнін Роза Рымбаева, «Ғажап ертегім»әнін (өлеңін жазған Исраил Сапарбаев) Шәкизада секілді эстрада жұлдыздары орындап келеді. Дүйсеннің «Аққу арманы» (өлеңін жазған Әбілхайыр Сыздықов), «Шуақты көктем» (өлеңін жазған Аманбай Өтебаев), «Жарқын күндер» (өлеңін жазған Райымбек Әділбеков), «Бесік басында» (өлеңін жазған Мұқағали Мақатаев) әндері де тыңдаушылардың жүрегіне жол тапқан.
Бұл күнде 70-ке тарта әсем әндердің авторы.
ЖАҚСЫГҮЛ БЕГМАНОВА,
Қазақстан Журналистер
Одағының мүшесі, композитор, ақын, биші.
Жақсыгүл Бегманова 1942 жылы 17 наурызда Жаңақорған ауданы «Тақыркөл» елді мекенінде туған. Қызылорданың М.Мәметова атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын мектепте мұғалімдіктен бастап, кейін балалар бақшасының меңгерушісі болған. 1972-1976 жылдары Жаңақорған қоныстық Кеңесі төрағасының орынбасары, 1976-1988 жылдары Сунақата ауылдық Кеңесінің төрайымы, 1988-1994 жылдары аудандық киноландыру жүйесінің директоры қызметтерін атқарды.
Жақсыгүл Бегманова өнерге мектеп қабырғасында жүргенде араласты. Жақсыгүл - ақын әрі композитор. Біраз өлеңдері облыстық, республикалық басылымдарда жарық көрген. Оның шығарған «Аққу-Арман», «Сунақтың сұлу қыздары», «Сұлу қыз», «Жеңешеме», тағы басқа әндері өзінің саздылығымен ерекшеленіп тұрады. «Жақсыгүл» атты телефильм түсірілген. ЖАҚСЫГҮЛ Бегманованың 2005 жылы «Аққу-арман», 2008 жылы «Аққу-сезім» атты кітаптары шыққан.
ҰЛЗИРА ЕРМАХАНҚЫЗЫ ҰСАЙНОВА,
айтыс ақыны.
Ұлзира Ермаханқызы Ұсайнова 1973 жылы 1 ақпанда дүниеге келген. 1993 жылы Жетісай қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы педагогикалық училищені тәмамдаған. Түркістан қаласындағы Қ.А. Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы «Майдантал» орта мектебінде (ОҢТҮСТІК Қазақстан облысы) мұғалім болып бастаған. 1998 жылдан бері Жаңақорған ауданы Манап ауылындағы № 160 орта мектебінде мұғалім. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде Ұлзираның өлеңдері «Ақжелкен», «Балдырған» журналдарында жарық
көріп тұрған. Есейе келе домбыра шертіп, айтыс өнеріне машықтана бастайды. Мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың, жазушы Саттар Ерубаевтың мерейтойларында өткізілген аудандық айтыстарға қатысып, әуенді сөз қағысуымен көзге түскен. Шымкент қаласында өткізілген ауданаралық айтыста 1-орынды жеңіп алған. 1997 жылы Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығында, 1998 жылы Халық ақыны Манап Көкеновтың 70 жылдығында, 1999 жылы облыстық «Сыр бойы» газетінің 70 жылдығындағы «Қорқыт ата жырының жалғасымыз» атты облыстық айтыстарға қатысып, дарындылығымен көрінген. 2004 жылы өткен «Манап-айтыстың ақиығы» атты аудандық ақындар айтысында 1-орынға ие болған.
ОРАЗҒАЛИ БЕКСҰЛТАНҰЛЫ БИДАШЕВ,
«Туған жер» атты композиторлар мен әншілердің бірінші аймақтық конкурсының Бас жүлдегері, композитор - әнші, ақын.
Оразғали Бексұлтанұлы Бидашев 1963 жылы 31 каңтарда туған. Жетісай мәдени-ағарту техникумының хор-дирижері факультетін тәмамдаған. Ол 1980 жылдары Түркістан қаласында «Яссы» вокалды-аспапты ансамблін ұйымдастырды. Түркістанның медучилищесінде қыздар ансамблін, № 93 кәсіптік-техникалық училищеде ұлттық ансамблін құрған. Оразғали өзінің «Жүрек толғауы», «СҮЙШІ мені», «Қарындасым» деген алғашқы әндерінің өзімен көпшілік жүрегінен орын алған. Оразғали Бидашев 1989 жылдан бері Жаңақорған ауданындағы Келінтөбе ауылдық клубында баянист болса, зайыбы Гауһар - «Жастар дауысы» конкурсының лауреаты, осы ауылдың мәдени ошағын басқарады. «Сәлем» атты отбасылық ансамбль ұйымдастырған. Ұлы Бақыт облыстық байқаулардың жүлдегері. Оразғалидің «Кешір мені», «Қоштасу», «Соңғы тілек» әндерін тебіренбей, еміренбей тыңдау МҮМКІН емес. Оразғалидың асыл қасиеттерінің бірі ән шығару болса, сол қасиеттерінің екінші қыры - оның ақындығы. Сондықтан да ол өз әндерінің мәтінін өзі жазады. Оразғалидың қазір 50-ге тарта әні бар. Ол белгілі композитор Кеңес Дүйсекеевтің 60 жылдығында Қызылордада өткізілген «Туған жер» атты композиторлар мен әншілердің байқауында Бас жүлдені жеңіп алды.
Оразғали Бидашевтің «Жүрек толғауы» әндер жинағы шыққан.
Ол өндірістен қол үзбей жүріп, Шымкенттегі Халықаралық гуманитарлық университетінің музыка факультетін бітіріп алғ
ПӘЗІЛБЕК ҚАЖЫ ОРЫНБАСАРҰЛЫ,
темір жол генерал-майоры, «Құрметті теміржолшы»,
Еңбек ардагері.
Орынбасарұлы Пәзілбек 1936 жылы қыркүйек айында Жаңақорған ауданына қарасты Бесарық ауылдық Кеңесінде дүниеге келген. Темір жол саласында 1957 жылдың қыркүйегінен бастап 2000 жылға дейін еңбек етіп келді. Қазір зейнеткер. 1965 жылдың қазанынан Байқоңырда № 17 темір жол дистанциясында байланыс жөнінде бірінші орынбасар, Қызылорда темір жол бөлімшесінде бірнеше жыл жолаушыларды тасымалдау бөлімін басқарды. 1993-1997 жылдары Қызылорда темір жол бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары болды. 1997 жылдың тамызынан Алматы темір жолында жолаушыларды тасымалдау қызметі бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 1981 жылы Қызылорда облыстық атқару комитетінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған, 1991 жылы Темір жол министрлігінің «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған. Бесарық ауылдық Кеңесінің «Құрметті азама-ты». Пәзілбек Орынбасарұлы Меккеге барып, Қажылық парызын өтеп қайтқан.
ОЛЖАБАЙ САПАРБАЙҰЛЫ,
милиция полковнигі,
«Білім саласының үздігі»,
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Еңбек ардагері.
Олжабай Сапарбайұлы 1937 жылы Жаңақорған ауданы «Екпінді» ауылында дүниеге келген. 1956 жылы қазіргі № 51 М.Қаратаев атындағы орта мектебін бітірген. 1963 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиет факультетін ойдағыдай тәмамдаған. Сол жылы еңбек жолын №53 Төменарық орта мектебінде ұстаздықтан бастаған. 1964 жылдан Шиелі ауданы «Білім» қоғамының жауапты хатшысы, ал 1966-1977 жылдары Шиелі және Жаңақорған аудандық партия комитеттерінде хатшының көмекшісі, нұсқаушы, кейін насихат және ҮГІТ бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде болды. 1977-1979 жылдары Алматы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, ал 1979-1983 жылдары Қызылорда облыстық партия комитетінде қызмет атқарды. 1983 жылы облыстық партия комитетінің жолдамасымен Қызылорда облыстық Ішкі істер басқармасы саяси бөлімінің бастығы қызметіне жіберілді. Бұл қызметті 1991 жылға дейін абыройлы атқарды. Милиция полковнигі. 1991 жылдың тамызынан 1997 жылдың қыркүйегіне дейін облыстық атқару комитеті құқық қорғау бөлімінің бас маманы, кейін кәсіптік-техникалық білім басқармасының бастығы болып қызмет істеді. Мұнда бес жылдай жемісті жұмыс жасап, зейнеткерлікке шықты. Кезінде бірнеше мәрте аудандық, облыстық партия Комитетінің мүшесі, аудандық, қалалық Кеңестің депутаты болып сайланды. В.И.Лениннің 100 жылдығы, «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталған. «Білім саласының ҮЗДІГІ» атанды. 2008 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
СРАЙЫЛ СКЕНДІРОВ,
Жаңақорған ауданының
Құрметті азаматы.
(1938-2004)
Сырайыл Скендіров 1938 жылы 28 мамырда Жаңақорған ауданы Бесарық ауылында туған. 1956 жылы № 54 Ж.Қыдыров атындағы орта мектебін тәмамдаған, содан соң Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын және КПСС Орталық Комитеті жанындағы 3 жылдық Одақтық партия мектебін бітірген. 1956 жылы Бесарық ауылдық Кеңесінің кітапханашысы, 1958-1969 жылдары ұжымшарда есепші, 1959 жылы аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы., 1961-1962 жылдары Жаңақорған аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, 1963 жылы Шиелі, Жаңақорған аудандары қосылғанда, Шиелі өндірістік басқармасы комсомол комитетінің екінші хатшысы, 1964-1965 жылдары аудандық өндірістік басқармасы комсомол комитетінің бірінші хатшысы болды. 1965 жылы Алматыдағы бір жылдық кеңшар директорларын даярлайтын мектепті бітірген. 1966 жылы Жаңақорған ауданы қайта құрылғаннан кейін аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1968 жылы «Талап» кеңшарында партия комитетінің хатшысы болып сайланған. 1971 жылы Жаңақорған аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, 1977 жылы аудандық партия комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, 1978-1981 жылдары «Красная звезда» кеңшарының директоры, 1981 жылдан аудандық Кеңес атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, 1992 жылдан аудандық Кеңестің төрағасы, одан соң аудан әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келді. 1994 жылдан аудандық Мәслихаттың хатшысы қызметін атқарды. 1999 жылдан бастап өмірінің соңына дейін аудандық тарихи-өлкетану музейінде маман ретінде жемісті еңбек етті. Бірнеше рет аудандық партия комитетінің бюро мүшесі, облыстық партия комитетінің мүшесі, аудандық және облыстық Кеңестің депутаты болып сайланды. «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбектегі ерлігі ҮШІН» , «Астана», «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» медальдарымен және облыстық Кеңестің Құрмет грамотасымен марапатталған, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы.
Срайыл Скендіров 2004 жылы 8 қаңтарда дүниеден өтті.
ЖАҢАҚОРҒАН – КИЕЛІ МЕКЕН
Академик, белгілі әдебиет сыншысы Мұхаметжан Каратаев Жаңақорғанда қазіргі № 51 мектепте (қыш мектепте, яғни аудандық музей орналасқан ғимаратта) бастауыш білім алса, Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, қазақ тілі білімінің білгір маманы, мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған қазақ тілі оқулықтарының авторы Мәулен Балақаев Бесарық стансасындағы бастауыш мектепте оқыған. Қазақстанның Халық жазушысы, дараматург Қалтай Мұхамеджановтың балалық шағы Ақтас елді мекенінде өтсе (әкесі Мұхамеджан молла Айқожа мешітінде балаларға дәріс берген), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, белгілі акындар - Есенғали Раушанов Келінтөбе ауылынан түлеп ұшса, ал Иран-Ғайып (Иранбек Оразбаев) аудандық тас ұнтақтау зауытында инженер болған. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы Сыдық Алдабергенов аудандық «Екпінді» (қазіргі «Жаңақорған тынысы») газетінде редактор болса, осы газетте жазушы-драматург Оразбек Бодықов жауапты хатшы болып қызмет атқарған. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Дүрбелең» мен «Шырғалаң» романдарынын авторы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты Жанат Ахмади «Келінтөбе» кеңшарында жұмыс істеген. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Тоты аралының тұрғыны» атты кітаптың авторы, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Гүлзат Шойбекова, «Ғұмырдария» атты кітаптың авторы, Қазакстанның еңбек сіңірген қызметкері, жазушы-журналист НӘЗГҮЛ Әбутұрапова, жезтаңдай әнші Бибажар Махамбетова осы Жаңақорған топырағынан түлеп ұшқан қыздар. Кезінде республикамызда ақындар айтысының туын биікке бір көтеріп кеткен Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкенов пен белгілі сазгер-әнші Бексұлтан Байкенжеевтің үзеңгілес өнер иелері мен «ат тұяғын тай басып» келе жатқан ізбасарлары Жаңақорған топырағында бұрын да кем емес еді және қазір да аз емес. Өлең өлкесінде жыр толғап, драматургия саласында бағын сынап, хиқая-әңгімелерде қалам тартып жүрген дарындылар да бар. Тұрсынбай Ахметов, Жүнісбек Әбішев, Есіркеп Қоңқабаев, Нұрберген Тастаев, Әмір Мәжитов, Артай Кенжетаев талай рет жыр сайысына түскен тарландар еді. Бұлар өмірден өткенімен артында өлмес мұралары қалды, «ат тұяғын тай басып» келеді. Қазір Әбілхайыр Сыздықов, Оразхан Сөйілханов, Оразқожа Мәмбетов, Ұлзира Үсейінова, Жұмабай Шерниязов, Мұхит Құрбанбеков, Аманбай Өтебаев, Әбдікәрім Манапов, Асқар Дүйсенбиев, Ербол Ысмайылов, Нұрлан Жапеков, Батырхан Жоланов, Шынар Садықовалар айтыс дәстүрін жалғастырып келеді. Өмірден ертерек өткен Құдабай Ертаевтың «Түгіскен түлектері», «Сыр саңлақтары» атты кітаптары, Ақмырза Құлтасовтың топтама жинақтарға шыққан әзіл-сықақ өлеңдері, Елеусіз Жәңгірұлының баспаға тапсырған өлеңдер жинағы, Әмір Мәжитовтың «Аманат», Дәумен қажы Шоманұлының «Ғибратнама», Оңалбек Жақыпұлының «Өнердің үлесі бар менде аласы» атты кітаптары мен Бұрхан Мұхамеджановтың мұңлы қобыз ҮНІ, Досан Шпақовтың шертпе күйлері ұрпақтарға мұра боп қалды. Баспасөз беттерінен өздерінің сезімді өлеңдерімен, әсерлі әңгімелерімен көрініп жүрген Баян Үсейінова, Қанат Жүрсін, Құдайберген Ертасов, Ақтолқын Әуешова, Көбей Өтжанұлы, Қошқар Әділбеков, Нұрғайша Қыпшақбаева, Әбибілла Шер, Оразалы Мұсабеков, Дінислам Сапаров, Шерхан Әшімов, Әйгерім Мырзахметова, Ақерке Бегматова, Табылған Әбілқасымов, Бегалы Сыздықов, Мейірбек Камаладинов, Қабылан Әбілқайыровтардан оқырман қауымның тың туындылар күте берері сөзсіз. Ал «Өлеңім-өмірбаяным» атты кітаптың авторы Шәмшідін Садықұлы, «Әкем менің» атты кітабын шығарған Нұридин Палуанов, «Маздаған отың сөнбесін» атты кітабын оқырмандарға ұсынған Мұхит Құрбанбеков өзіндік қолтаңбасы бар авторлар. Ауданымызда өзіндік ән-күйлерімен көп құрметіне бөленіп жұрген композиторларымыз бар. Бұл жөнінде Бәден Айсынов, Бибіраба Байболатова, Қуат Оразбаев, Талап Тотаев, Жарқынбек Нұрсұлтанов, Шәрбану Жиенбаева, Құлахмет Нәлтаев, Жансейіт Түкібаев, Асқар Дүйсенбінің есімдерін айтуға болады. Қыл қаламмен сурет салып, көпшіліктің ілтипатына бөленіп жүрген кәсіпкер суретшілеріміз де аз емес. Бұлардың ішінен ерлі-зайыпты Қайрат Әлібеков пен Ұлмекен Мауытованы, Хасен Әшірбековты, Бақуадин Мейірбекұлын, Афрайлды айтар едік. Жаңақорған - талай тарлан таланттарды шығарған, әлі де шығара беретін киелі мекен, қасиетті топырақ.
ОНЫНШЫ ТАРАУ
АУДАН-ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ
Өзінің табиғи жаратылысынан «қой аузынан шөп алмайтын» Қазақ талай заманалар бойы осы момындығынан таяқ жеп, азап пен дозақты, қасірет пен қайғыны; уайым мен мұңды басынан кешірді. Бірақ бұл Алланың емес, адамның қолымен жасалған қасіреттер еді. Сонда да қазақ халқы «Еліңді жамандасаң-көмусіз қаласың, Жеріңді қорғамасаң - кебінсіз қаласың, Тіліңді қорласаң-қадірсіз боласың» деген аталы да баталы бабалар сөзін тұғырлы Ту етіп ұстап, ұланғайыр елімізді қорғап, жау табанына ұлтарақтай да жерімізді бастырмау ҮШІН қанын төкті, жанын қиды. Қазақ халқы бостандық жолында КҮНІ кешеге дейін 300-ден астам ұлт-азаттық көтерілістер мен толқулар жасағаны да сондықтан. Талай рет жау дегенің жар астынан шыға кеп қаптап, шапқыншылардың аттарының тұяқтары даламызды таптап, шаңын бұрқыратып аспанға атқан еді. Бірақ қазақ сонда да берілмей - Атамекенін қорғап қалды. Елді шулатып, азан-қазан еткен «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» да қазақ аман қалды. Іргемізден қисық көздің қисайыл жатып ап аяқтан шалып, көршілес көккөзіміз көгенін қайта-қайта ала жүгіріп, қазақтың адымын аштырмаған заман да артта қалды.
Бөрі бөркіңе жармасып, ит етектен тартқан кезеңнен де кеттік.
Ештеңені жалтақтап батып айта алмайтын қоян жүрек уақыттан да өттік.
Шүкір, ештен де кеш жақсы екен, Егеменді ел болып, Тәуелсіздікке де жеттік!
Кешегі Абылай хан армандап өткен: Кенесарыны мерт етіп кеткен, семсер сөзді Махамбет басын тіккен, Алашордашылар межелеп кеткен - осындай Тәуелсіздікті қазақ баяғыдан КҮТКӨН! Бұл Тәуелсіздікте - кешегі кіріптарлыққа қарсы күрескен 86-шы жылғы дүниені дүр сілкіндірген ызғарлы Желтоқсанның мұзда жанған Алауы жатыр! Бұл Тәуелсіздікте -Қазақтың сан ғасырлар бойы аңсаған Арманы мен Қалауы жатыр! 1990 жылы 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ ССР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Бұл КҮН – Республика күні боп тарихқа енді. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет Республика Президенты жалпы халықтық сайлау өтті. Қазақстанның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақтың Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚазССР)-Қазақстан Республикасы болып аталды. Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңға қол қойды. Республикамызда «16 желтоқсан - Тәуелсіздік КҮНІ» болып жарияланды. Республика тарихында жаңа кезең басталды. Тарих өлшемімен алғанда, содан бері онша көп уақыт өте қоймағанымен, бұл - ел ҮШІН, халқымыз ҮШІН ғасырға бергісіз уақыт болды. Олай дейтініміз, өркениет айдынына желкенін керіп ЖҮЗІП шыққан алып кеме - КҮН сәулелі Қазақстанның аты Тәуелсіздіктің арқасында төрткүл дүниеге мәшһүр болды. Егеменді елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды, халқымыздың өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ел ішінде ауызбіршіліктің қыры сынбай, саяси тұрақтылық орнықты. Әр ұлттың тіл, діл, дін және сенім бостандығын беріп, өмір сүру құқығын негіздеген Ата Заңымыз, Елбасының көрегендікпен кемері кең келешегімізді белгілеп берген «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағыттар экономика мен элеуметтік дамудың одан әрі өрістеуіне барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуіне, қауіпсіздігіне және әл-ауқатының артуына сара жол салып беріп отыр. Қазақ елі өркен жайып дамудың жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты. Жаңа құрылымдар жүзеге асты. Аудан дамудың жаңа кезеңіне көшті.
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ
1994 жылы 7 наурыздағы жергілікті Мәслихат депутаттарының сайлауы қорытыныдысынан кейін 29 наурызда аудандық Мәслихаттың 1 сессиясы шақырылды. Ұйымдастыру мәселесінің қорытындысымен Мәслихат хатшысы болып Срайыл Скендіров, тексеру комиссиясының төрағасы болып Есен Оңалбаев сайланды.
Мәслихаттың 19 депутаты болған, аппаратта 5 адам істеген.
Екінші шақырылған аудандық Мәслихаттың ұйымдастыру сессиясы 16 қараша 1999 жылы болған. (Сайлау 10 қазан 1999 жылы өткен). Онда Мәслихаттың хатшысына Сәулебек Дүйсебеков, тексеру комиссиясының төрағасына Есен Оңалбаев сайланды.
Мәслихаттың депутаты - 15, аппаратта істейтіндер - 7 адам.
* * * Үшінші шақырылған аудандық Мәслихаттың ұйымдастыру сессиясы 14 қазан 2003 жылы болды. (Сайлау 20 қыркүйек 2003 жылы өткен). Ұйымдастыру сессиясында Мәслихат хатшылығына Сәулебек Дүйсебеков, тексеру комиссиясының төрағалығына Тұрғанбай Мелдебеков сайланды.
Мәслихаттың 15 депутаты болған. Аппаратта 7 адам жұмыс істеген.
Төртінші шақырылған аудандық Мәслихаттың ұйымдастыру сессиясы 29 тамыз 2007 жылы болды. (Сайлау 18 тамыз 2007 жылы өткен). Сессияда аудандық Мәслихат хатшылығына Сәулебек Дүйсебеков, тексеру комиссиясының төрағалығына Есдәулет Сейілов сайланды.
ДЕПУТАТ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ
Бірінші шақырылған Қызылорда облыстық Мәслихаттың Жаңақорған ауданынан сайланған депутаттары (1994-1999 ж.ж.)
Әскербек Рақымбеков Болатбек Абылбеков Молдахмет Ибрагимов Жарылқасын Тұрабаев - ол Шиелі ауданы әкімі болған соң орнына 1996 жылы Бақберген Доспанбетов, онан соң 1997 ж. Арасат Фейзуллаев сайланды.
*** Екінші шақырылған Қызылорда облыстық Мәслихаттың Жаңақорған ауданынан сайланған депутаттары (1999-2003 ж.ж.)
Нұрлан Құдайбергенов Сәулебек Ысқақов Арасат Фейзуллаев - бұл кісі қаза болғаннан кейін орнына 2002 ж. Сейлбек Шаухаманов сайланды.
Үшінші шақырылған Қызылорда облыстық Мәслихаттың Жаңақорған ауданынан сайланған депутаттары (2003-2006 ж.ж.)
Нұрлан Құдайбөргенов Алтынбек Шоманов
Наятолла Қарақожаев
Төртінші шақырылған Қызылорда облыстық Меслихаттың Жаңақорған ауданынан сайланған депутаттары (2006 ж. 18 тамыз) 1. Алтынбек Шоманов Қалқазбек Әжібеков Жарылқасын Кенжебеков
Бірінші шақырылған аудандық Мәслихат депутаттары (1994-1999 жж)
Тәженов Қалмахан
Бибасаров Айдархан
Оңалбаев Есен
Елеуов Сауранбек
Тұрсынов Хазіретәлі
Абдуллаев Аманқожа
Қарақожаев Шәзінда
Үйсінбаев Ғабит
Сейданов Әбіл
Қожахметова Баян
Әбілов Жұмабай
Скендіров Срайыл
Құрманбеков Тұрсынхан
Тұрғанбаев Бекмұрат
Тәукебаев Серікбай
Сапарбаев Еркінбек
Ахметов Зәріпәлі
Ержанов Рахмет
Мелдебеков Тұрғанбай
Екінші шақырылған аудандық Мәслихат депутаттары (1999-Х. 2003 ж. дейін)
СҮЙІНДІКОВ Әбутәліп
Есболғанов Мұханбетхан
Дүйсебеков Сәулебек
Ибадуллаев Іскендір
Оңалбаев Есен
Бәкіров Әбутәліп
Мелдебеков Тұрғанбай
Әбуов Боран
Скендіров Срайыл
Ибрагимов Ермағанбет
Рүстемов Сүннетілла
Әбусейітов Заинидин
13 Мырзабаев Әбсаттар
Сейтахметов Әбдіғафур
Сәрсенов Ербол
Палуанов Нуридин
Шайыхов Әбдіхан
Әмитов Тәңірберген
Үшінші шақырылган аудандық Мәслихат депутаттары
(2003 жылдан - 08. 2007 жылға дейін)
Тұрабаева Ғалия
Ибрагимов Ермағанбет
Дүйсебеков Сәулебек
Айтжанов Асылбек
Айдарбеков Дәрібай
Сейілов Есдәулет
Шермағанбетов Зинабдин
Жүнайдов Әметхан
Құтыбаев Рахым
Мелдебеков Тұрғанбай
Бекжігітов Алмас
Ерімов Жәнібек
Сыздықов Әбілхайыр
Ысқақов Сәулебек
Абдуллаев Амангелді
Қарақожаев Қуандық
Төртінші шақырылған аудандық Мәслихат депутаттары
(2007 жылғы 18 тамыздан)
Талипов Нұрділла
Дүйсебеков Сәулебек
Айдарбеков Дәрібай
Құтыбаөв Рахымбаба
Ибрагимов Жанадил
Исаханов Құлмағанбет
Қалдыбаев Тұрдыалы
Ибрагимов Ермағанбет
Айтжанов Асылбек
Тоқтыбаев Бақтияр
Жүнайдов Әметхан
Нәлібаев Әлібек
Ысқақов Сәулебек
Сейілов Есдәулет
Үйсінбаев Ғабит
«Нұр Отан» Халықтық
Демократиялық партиясының аудандық филиалы
Ауданымызда партия ұйымы «Отан» Республикалық саяси партия өкілдігі болып 1999 жылы құрылды.
Алғашқы жылдары мүшелер саны 400-дей болды.
Қазақстан қоғамындағы нақты саяси КҮШ ретінде кейін «Отан», «Асар», «Азаматтық», «Аграрлық» партияларының бірігуі нәтижесінде өмірге «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы келді. Оның төрағасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазіргі танда ауданымызда 72 бастауыш ұйымға біріккен 3000-дай мүше бар. Аудандық партия филиалының бірінщі орынбасары
Садыбай Сүлеймен
Аудандық партия филиалылының төрағалары:
Жәнібеков Жұман - 1999-2001 ж.
Ибрагимов Болат -2001- 2004 ж.
Тастаев Нұрберген - 2004-2006 ж.
Дүйсебеков Сәулебек - 2006 жылдан.
Аудандық партия филиалының бірінші орынбасарлары:
Ахатаев Жаңаберген - 2000-2002 ж.
Нәрзілдаев Ізәтіллә - 2002 - 2006 ж.
Садыбай Сүлеймен - 2006 жылдан.
БІЛІКТІ БАСШЫ - ЕЛ ТҰТҚАСЫ
Ауданның әр жылдардағы басшылары (Шымкент, Қызылорда мұрағат құжаттары негізінде) Қазақстан Компартиясы аудандық комитетінің бірінші хатшылары
Қ.Қанаев
К.Көсеубаев
Т.Нұрпейісов
Е.Алтынбеков
Ж.Ізбасаров
П.Игісінов
Қ.Шәріпов
Ш.Әбжанов
С.Ахметов
Б.Өтешов
ӘКІМДЕР:
1 Әбибуллаев Ибрагим
2 Мұхитдин Исмайлов
3 Салхадин Мырзабеков
4 Жаңабай Бектібаев
5 Нәжмадин Мұсабаев
6 Нұрлыбек Жолдасбаев
7 Әнуарбек Қалтаев
8 Ерлан Мұстафаев
9 Бекмырза Еламанов
АУДАНДЫҚ КЕҢЕСІ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАЛАРЫ:
Б. Құлтасов
Б. Ыбыраев
Саяхов
Ә. Әбішев
Сәйімов
Ж. Сарыбаев
Ержанов
С. Далдабаев
Келімбетов
Қ. Қалмұрзаев
Мұсаханов
К. Егізбаев
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫЛАРЫ
С. Скендіров
С. Дүйсебеков
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫН БАСҚАРҒАНДАР
3. Мұсаханов
Н. Қарақожаев
С. Скендіров
С. Ыдырысов
Б. Ысқақов
Е. Сейілов
А. Нәлібаев
Ә. СҮЙІНДІКОВ
КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАЛАРЫ
Б. Абдуллаев
Ә. Сүлейменов
Д. Шоманов
Т. Мелдебеков
Б. Шоманов
Ж. Қосдәуіров
ЖАСТАР ОДАҒЫНЫҢ БІРІНШІ ХАТШЫЛАРЫ
К. Шіркімбаев
Ж. Құлымбетов
Н. Жақыпов
Н. Бекжанов
М.Қалыбаев
Ш. Сарықұлов
М. Мұсабаев
Т. Мәмиев
Б. Сейітов
Б. Уәлиев
Е. Тұрғанбаев
Ә. Жұмаділлаев
Ә. Балабиев
М. Құлымбетова
М. Кәрібаева
С. Скендіров
А.Құдайбергеов
Ж. Ахатаев
3. Өрғараева
Р. Мәмбетов
А. Шаухаманов
С. Ерімбетов
Ғ. Оспанов
А.Мұстафаев
Ескерту: Аудандық Кеңесі атқару комитеті мен ауыл шаруашылығы (бұрынғы РаОЗо) басқармасының, кәсіподақ комитетінің басшылары жөніндегі мұрағаттық құжаттардың жеткіліксіздігінен бұл саладағы басшылардың тізбесі де толық болмай отыр.
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ № 55 ШЕШІМІ
27 ЖЕЛТОҚСАН 2000 ЖЫЛ «ХХ ҒАСЫР АДАМЫ» ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ
XX ғасыр бүкіл қазақ халқының мақтанышына айналып, еліміздің дамуы жолында белсенді қызмет атқарған қоғам, мемлекет қайраткерін, ғылым мен мәдениетті, өнерді өркендетуге үлкен үлес қосқан, Жаңақорған топырағында туып өскен біртуар, бірегей азаматтарды мәңгі есте қалдыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН: ХХ-ғасырда ауданнан шыққан төмендегі тұлғалы азаматтар Жаңақорғанның «XX ғасыр Адамы» деп танылсын: 1. Аралбаев Бекайдар (1886-1949) - Жайылма ауылында туған. Сырдария облаткомының төрағасы, Республика Жоғарғы Сотының төрағасы, Республика Ішкі Істер Халық комиссары болған. 2. Сапарбеков Садықбек (1902-1935 ж) - Қыркеңсе ауылында туған. Мемлекет, қоғам қайраткері, Ақмола, Гурьев округтік, Батыс Қазақстан облыстық, Қызылорда мен Қарсақбай аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшысы болған. 3. Төреғұлов Нәзір (1892-1937 ж.) - Қандөз ауылында туған. 1919 Түркістан Орталық атқару Комитетінің төрағасы, Сауд Арабиясында елші болған. 4. Көкенов Манап (1928-1992 ж.) - Талап елді мекенінде туған. Қазакстанның Халық ақыны. 5. Әбдікәрімов Исатай (1923-2001 ж) - Өзгент ауылында туған. Еңбек Ері, мемлекет, қоғам қайраткері, Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Президиумының төрағасы, Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған. 6. Илялетдинов Альфарид Низамұлы - 1929 ж. Бесарык бекетінде туған. Биология ғылымының докторы профессор. Ұлттық Ғылым академиясының академигі. 7. Әлиев Мұхтар - 1933 ж. Төменарық бекетінде туған. Қазақстанның Халық Қаһарманы, Ұлттық Ғылым академиясының академигі. Әлем азаматы. 8. Capтаев Сұлтан - 1927 ж. Жаңақорған қонысында туған. Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент -мүшесі, Заң ғылымының докторы, профессор, Қ.Р. Конституциясын жазуға қатысқан. 9. Бәйімбетов Орынбасар - 1930ж. Төменарық ауылында туған. Еңбек Ері, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, облыстық партия комитетінің бюро мүшесі, Шиелі аудандык партия комитетінің бірінші хатшысы болған.
10. Шаухаманов Сейілбек - 1939 ж. Өзгент ауылында туған. Мемлекет, қоғам қайраткері, Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық Кеңестің төрағасы, облыс әкімі болған. 11. Мәлібеков Жандарбек - 1942 ж. Екпінді ауылында туған. Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы. 12. Досжан Дүкенбай - 1942 ж. Қосүйеңкі ауылында туған. Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. 13. Әбдірашев Төлепберген - 1948 ж. Кеңес ауылында туған. Қазақстанның Халық әртісі, профессор. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. 14. Сапарбаев Бердібек Машбекұлы-1953 ж. Өзгент ауылында туған. Қызылорда, ОҢТҮСТІК Қазақстан облысының әкімі болған. Республикалық Кеден агенттігінің төрағасы.
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫН АЛҒАНДАР
М. Әлиев
И. Әбдікәримов
С. Адамбеков
Қ. Мұхамеджанов
Д. Досжан
Ғ. Мұхамеджанов
Т. Нұрмағанбетов
Ш. Қарақожаев
С. Молдалиев
О. Бидашев
Д. Шоманов
Ш. Бәкиров
С. Далдабаев
С. Скендиров
Б. Сапарбаев
М. Пахырдинов
3. Шермағанбетов
М. Махмұтов
А. Абдуллаев
С. Әбдірейімов
Б. Әлияров.
Д. Айдарбеков.
Т. Мелдебекұлы.
Ж. Рахматулла
ГАЗЕТ - ӨМІР АЙНАСЫ
Газет -өмір айнасы. Олай болатыны, күнделікті өмірдің тыныс-тіршілігін халыққа уақтылы жеткізіп тұратын, айнадай алдыңа алып келетін ақпаратты құрал. Сондықтанда баспасөздің маңызы айрықша зор. Міне, соның бірі - аудандық «Жаңақорған тынысы» газеті. Аудандық газеттің тұңғыш нөмірі 1933 жыл 1 қыркүйекте «Қызылмақташы» деген атпен шыққан болатынды. Газетке биыл 75 жыл толып отыр. Қазіргі аудандық газеттің сапасы жақсарды, мазмұны артты, оқырманы көбейді.
Бұл жөнінде аудандық газеттің Бас редакторы Алмас Бекжігітов былай дейді: -Аудандық «Жаңақорған тынысы» газеті мемлекеттік кәсіпорын ретінде 2000 жылдан бастап жаңа құрылымды жұмыс жасауда. 2000 жылы мекеменің қаржы көлемі 4 миллион болса, 2008 жылға 15 миллионға жетті. Еңбекақы көлемі 2000 жылы 4 мың болса, бұгінгі таңда 50 мың көлемінде журналистер айлық алады. Орташа айлық 27 мың көлемінде. Редакцияда 20 адам жұмыс істейді. Жылдық жалақы қоры 5 миллионға жетті. Газетті өзімізде бастыруға қол жеткіздік. 2004 жылдан бастап 2008 жылы А-2 форматты «Громкий УК-9600» шағын баспа машинасын аудан әкімі бюджеттен қаржы бөліп алып берді. Ақпараттандыруда интернет жүйесін пайдалануға қол жеткіздік, электронды байланыс жүйесі жұмыс жасайды. Негізгі қор 13 миллион.
Суретте {солдан оңға қарай): Айнұр, Құдайберген, Алмас, Баян, Ерубай Түрегеп тұрғандар; Ерлан, Раушан, Әйгерім, Ғазиза, Наташа, Ұлжан, Нұрила, Жұпар, Оразалы.
Қосымша түрлі мекемелер тапсырыстарымен баспа өнімдерін шығарамыз. 2005 жылы өз қаржымызбен^редакция ҮЙІН соғып, 2006 жылы осы ғимаратқа орналастық. Жалпы құны 7600 мың теңге сол кездегі бағамен. Аудан әкімімен мемлекеттік тапсырыста жұмыс жасаймыз. 2009 жылға 6002 мың қаржы қаралды. 2009 жылға мекеменің жылдық қаржы көлемі 18 миллион болады деп күтілуде. Әрине, бұл қаржының бәрі теңгемен есептегенде. 2000 жылы газет данасы 2,5 мың болса 2009 жылға 5200 данаға жетіп, оқырмандар саны жылдан жылға өсіп келеді. Редакция жанынан «Қайнар тынысы» жастар шығармашылығына арналған қосымша газет айына екі рет шығады, 1500 данамен таратылуда. Алдағы уақытта редакция ұжымы газеттің мазмұндық сапалық жағдайын көтеріп, уақыт ағымында ақпарат қызметін жақсартып газеттің беттік санын, көлемін көтеру секілді мақсат қойып, жұмыс жасауда.
АУДАНДА ТҰРАТЫН ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Аудандық Журналистер қауымдастығының төрағасы Алмас БЕКЖІГІТОВ
ӨЗГЕ АУДАНДЫҚ ПАРТИЯ, АТҚАРУ КОМИТЕТІН БАСҚАРҒАНДАР ЖӘНЕ ӘКІМДЕР:
ТУҒАН ЖЕРДЕН НӘР АЛҒАНДАР,
ЕРЛІГІ ЕЛГЕ ТАРАЛҒАНДАР
(Аудан ардагерлері)
Өткенді дәйім еске саласыңдар,
Тірлікті жасап берген сан асылдар.
Өмірде көш басшы боп барасыңдар,
Жүректе от боп лаулап жанасыңдар!
МАХМЕТЖАН САПАРБАЕВ,
Мемлекеттік «Құрмет» орденінің иегері,
Жаңақорған кентінің Құрметті азаматы,
аудандық ардагерлер кеңесінің
төрағасы.
Махметжан Сапарбаев 1923 жылы Жаңақорған кентінде жұмысшы-теміржолшы отбасында дүниеге келген. 1932 жылы Жаңақорған орталығындағы аралас орталау мектебіне (қазіргі № 51 орта мектепте) оқуға барып, бір жылда жартыншы, бірінші, екінші класты бітіріп, сол оқу жылын 3 класқа өтумен аяқтаған. 1939 жылы 7 -класты ҮЗДІК бітірді. Махметжан 6 айлық финанс қызметкерлерін даярлайтын курсты бітіріп, аудандық ақша бөлімінде жәрдемші бухгалтер, 1940 жылдан бастап салық бухгалтер!, салық инспекторы, бас салық инспекторы қызметінде істеді. 1942 жылдың шілде айында Совет Қызыл Армия қатарына шақырылған. Чкалов облысында 92 -запастағы атқыштар дивизиясының құрамында, одан кейін офицерлер даярлайтын училищеде оқып, 20 - танк корпусы 155-моторланған танкінің десанттық әскери құрамында командир взводтың жәрдемшісі болып, 1942 жылдын қараша айының аяғында Брянск майданының құрамында Орел қаласын алу шайқасына қатысты. Осы майданда 1943 жылдың шілде айына дейін 4 рет соғысқа ТҮСІП, 3 рет жараланды. 1943 жылдың шілде-тамыз айларында Курск доғасы, Орел қанды шайқастарына қатысты. Содан ауыр жарақаттанып, 1944 жылдың 11 караша айында елге оралды. Келген сон, ол аудандық қауіпсіздендіру инспекциясының бастығы, аудандық Кеңес атқару комитетінің мобилизация бөлімі бастығы, аудандық қамсыздандыру бөлімі бастығының орынбасары, 1949 -1952 жылдары аудандық еңбек жинақ кассасының меңгерушісі, 1952 - 1972 жылдары Мемлекеттік банкінің аудандық бөлімшесін басқарды. 1972 жылдан 1980 жылға дейін аудандық Тұтынушылар одағының басқарма төрағасы, 1980 - 1986 жылдары Жаңақорған поселкелік Кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Содан соң облыстық дәрежедегі зейнеткерлікке шықты. 1987 жылдан аудандық ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары, одан соң қазірге дейін төрағасы болып істеп келеді. Бірнеше рет аудандық, поселкелік Кеңестің депутаты болып сайланды. Өндірістен қол үзбей жүріп Қызылорда педучилищесін, Алматыдағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген. Мамандығы -жоғары білімді экономист. Бүған қоса Одақтық, Республикааралық Мемлекеттік банкінің басшыларын даярлайтын 5 айлық курсын тәмамдаған. Сіңірген еңбегі ҮШІН Ұлы Отан Соғысының І-дәрежелі «Жеңіс» және «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен және Кеңес Одағының 15 медалімен марапатталған. Отбасылы, зайыбы Әмина екеуі 4 ұл мен 2 қыз өсіріп, 26 немере, 11 шөбере СҮЙІП отыр. - Ауданымыздың ұзақ жылғы дамуында, оның экономикасының артып, мәдениетінің өсуіне біздің қазіргі қарттарымыздың маңдай терлерінің тамшылары жатыр, - дейді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Махметжан Са-парбаев. - Біздің қазіргі ардагерлеріміздің көбісі ашаршылықты, қуғын-сүргінді, қаһарлы соғысты басынан өткізді, ұжымдастыру, халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарында жаңқиярлық еңбек ҮЛГІСІН көрсетті. Олардың көз алдарында ауданның барлық елді мекендерінде тас жолдар салынып, электр, телефон желілері тартылыл, каналдар қазылып, Түгіскен алқабы игеріліп, мыңдаған гектар суармалы жерлер тегістеліп, жаңа шаруашылықтар бой көтеріп жатты. Егін алқаптарында, мал фермаларында, өндіріс пен кәсіпорында, халық ағарту, басқа да саларда еңбек етті. Өткен өмірлері тарихқа айналып бара жатқан бұл қарттардың қазіргі әңгімелері шежіреге толы. Егемендік алған елімізді, Тәуелсіздік алып әлемге танылған мемлекетімізді, өсіп-өркендеген ұрпағымызды көріп «шүкіршілік» етеді. Жаңақорған ауданынан Ұлы Отан соғысына 4949 жауынгер аттанса, оның 2289 боздағы майдан даласында қалды. Дәм бұйырып, Жеңістен соң елге аман оралған 2660 жауынгердің қазір 48-і ғана арамызда. Ия, Жеңістен соң да 63 жыл өтті ғой! Қазір ауданда 4890 ардагер болса, мұның ішінде 534 адам соғысқа қатысқандармен теңестірілгендер, яғни соғыс жылдары тылда еңбек еткендер (соғысқа қатыспағандар). Кезінде Отан қорғаған, еселі еңбек етіп, ел құрметіне бөленген ардагерлеріміз аз емес. Бұлардың қатарында Кеңес Одағының Батыры Әнуар Әбуталипов, Социалистік Еңбек Ерлері Орынбай Бидашев, Шоманбай Әбжалов, Арапбек Әбиев, сондай-ақ Исатай Топышев, Тілеу Тотаев, Зұлпыхар Мұсаханов, Ерман Байзақов, Есқожа Ысқақов, Керуенбай Ысқақов, Бекжұман Сәрсенбаев, Зұлпыхар Байзақов, Сүлеймен Әлиев, Ерман Әйтпенбетов, Әнешбек Баетов, Сейтхан Байдүйсенов, Ахметжан Байниязов, Абыдын Мұсабаев, Орман Ильясов, Қуандық Штабаев, Нәлібай Нысанбаев, Қаржау Өміров, Ұзақ Өтебеков, Тастемір Тілеубергенов, Асан Шерімов, Асқар Мұқанов, Әблезім Абылов, Бейсенбек Шаншаров, Асылбек Қошқаров, Шәмші Сырымов, Шәймерден Сүйіндіков,Әсен Құлымбетов, Мамырай Үсенов, Әнуар Ахметов, Әбділда Жаңабеков, Ойшы Ысқақов, Жақанша Сәдуов, Теребек Сапарбаев, Мәткәрім Досжанов, Нартай Дәлдібаев, Нәрзілдә Қалилаев, Оразбек Қашқынов, Ғабит Манасбаев, Қонысбек Қанаев, Әбсадық Әйтілеуов, Иса Мұсаев, Әбдіғаппар Нұртазаев, Қалдыбек Кеншінбаев, Мұсахан Жапаров, Шарап Зәреров, Нәлібай Айдарбеков, Шәзінда Қарақожаев, Сәдірбай Сапарбаев, Мақсұт Ибрагимов, Назарбек Шаухаманов, Тұрсынқожа Шалапов, Сүлеймен Бекенов, Қожахмет Ауанов, Ақанбай Балтабаев, Ибадулла Байғожин, Бидаш Исқақов, Орынбай Ахметов, Сейфолла Мырзаев, Тастемір Жүзбаев, Бекмахан Дүйсенбаев, Машбек Нәлібаев, Смайыл Ысқақов, Терехан Біләлов, Әбдіқадыр Қансейітов, Қалипа Түлкібаева, ГҮЛСІМ Бәкірова, Жәмила Омарова, Аманкүл Болтаева, Тұрсынхан Тастеміров, Сейдемет Абдуллаев: Тұтқабай Сабырханов, Өтешов Ыбырай, Шаметов Ағман, Сүлеймен қажы Мырзаұлы, Берден қажы Телегенұлы, Дәумен қажы Шоманұлы, Жасұзақ Аманбаев, Әлібек Сүгірбаев. Жаңаберген Ахатаев, тағы басқа да кептеген ардагерлерді айтуға болады. Бұлардың кейбіреулері дүниеден өтіп кеткенімен ел есінде қалды. Ардагерлер кеңесі қарттарды зейнетақымен қамтамасыз ету, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, Ауғанстан соғысына қатысқан жауынгерлерге, тұрмысы нашар отбасыларына мүмкіндігінше көмек беру бағытында жұмыс жүргізіп келеді.
СОҒЫС ЖдНЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ
Суреттерде (солдан оңға қарай Әбсемет Мәдиев, Нажім, Жамуров, Бағлан
Ақынбеков (аудандық аскери комиссариаттың бастығы), Қожахмет Ауанов,
Сейдолла Мырзаев, Омар Тойымбетов, Махметжан Сапарбаев, Тасан Әбенов, Темірбек Сатыбалдиев, Тілеу Тотаев, Зұлпыхар Байзақов, Ергеш Сабырханов,Кенже Жүсіпов, Павел Козырев, Нажім Мыңбаев.
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ЕРЛІГІН ҰРПАҚ ҰМЫТПАЙДЫ
Кеңес Одағы кезінде, 1979 жылы желтоқсан айында Совет дивизиясы Ауғанстанға кірген болатын. Бұл барған жастар Отан тапсырмаларын орындау ҮШІН жат жердің топырағын басқан еді. Басынан бақайшығына дейін қаруланған 140 мың Кеңес әскеріне 30 мың Ауған армиясы бірігіп, тау бандиттеріне қарсы соғысқанымен оларды жылдар бойына түп-тамырымен жоя алмады. Бұл дұшпандарға американдықтар қару-жарақпен, басқа да заттармен көмектесіп отырды. 10 жылдай болған осы Ауған соғысында Кеңес Одағы 14 мың адамынан айырылды. 1989 жылы 15 ақпанда Кеңес Одағы Ауғанстаннан қалған әскерін шығарып алып кетті. Бұл Ауған соғысына 22 мың қазақстандық қатысқан болатын. Міне, осы Ауған соғысына Жаңақорған ауданынан 54 азамат қатысқан еді. Мұның ішінде бір азамат - Мұхтар Нарымбетов майдан даласында шейіт болды. Мұхтар Оразбекұлы Нарымбетов 1960 жылы 6 маусымда Жаңақорған кентінде туған. № 169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектебін бітірген. Ол 1979 жылы әскер қатарына шақырылып, әскери міндетін өтеуге Ауғанстанға жіберіледі. Онда атқыштар құрамасында болады. 1980 жылы 29 тамызда Базарак қаласында Мұхтардың ротасы қоршауға ТҮСІП қалып, атыс үстінде Мұхтар сол жерде ауыр жараланып, ерліклен қаза табады. Марқұмның соғыста көрсеткен ерлігі ҮШІН «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталады. Мұхтар Нарымбетовты мәңгі есте сақтау мақсатында Жаңақорғандағы бір көшеге оның есімі беріліп, ол оқыған мектепке Ескерткіш тақта орнатылды. Ауған соғысынан елге аман оралып келген азаматтар бұл КҮНДЕ қырықтың қырқасынан асып, түрлі салада еңбек етіп жүр. Бұлардың қатарында Қуаныш Аблакимов , Пазылбек Сегізбаев, Бектұрсын Ахметов, Серік Азынабаев, Әділхан Қадыров, Ермек Әуелов, Жақсылық Аюпов, Аюпхан Сайфназаров, тағы басқалары бар. Бұларға жыл сайын әскери госпиталь, санаторийлерде демалуға тегін жолдама беріліп тұрады, басқа да жеңілдіктер жасалған. Сондай-ақ 24 адам Чернобыль АЭС-іне көмекке барған.
Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін ұрпақ ұмытпайды.
Ауданда «Ауған соғысы ардагерлері және патриот жастары қоғамының аудандық бірлестігі» құрылған. Оның төрағасы -Ауған соғысының ардагері Қуаныш Аблакимов. Ол «Ерекше еңбегі ҮШІН», «Ата Заңымыздың-10 жылдығы» басқа да медальдармен, Елбасы Н. Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған. Қазір ол №163 орта мектебінде мұғалім.
ГУЛ БОЛЫП АШЫЛҒАНДАР,
ШУАҚ БОЛЫП ШАШЫЛҒАНДАР (Әйел-өмірдің гүлі, көңілдің нұры, әлемнің ажары, отбасының базары)
Әйелдерсіз өмір алға бармайды,
Мейірімі дүниенің қанбайды.
КҮН шуағы терезеңнен түспейді,
Әйелдерсіз үйде отың жанбайды.
Біздің жыл санаумыздан бұрынғы сонау 530 жылдары қазақтың ТҮП төркіні боп саналатын, жалпақ Орта Азияны жайлаған Сақ тайпасының басын қосқан, Ұлы Ордаға айналдырып патша болған Тұмарханым қыз-келіншектерден әскери жасақ құрып, екі ЖҮЗ мың әскері бар парсы патшасы Кирмен шайқасудағы ерлігі бүкіл әлемге аңыз боп тарап кеткен. Ол өзін әйелдікке алып, елі мен жерін билегісі келген пиғылына қарсы Кир патшаның қалың жасауылын Қаратау төңірегінде ортасын қақырата шауып барып:
- Мені, айттырмақ болған «күйеу бала» қайдасың, шық бері!.. - деп айқай салуы, өзімен қарсыласуға келген Кир патшаның басын алмас қылышпен қағып алып, төбе шашынан жоғары тік көтеріп тұрып: «Іздегенің қан еді, енді өз қаныңа той!» - деп, сабадағы өз қанына СҮҢГІТІП жіберуі - Аналардың зұлымдықтың түп-тамырына балта шапқандай болып көрінеді.
Қазақтың қасиетті топырағында туып, есімдері Ұлы Далаға мағлұм Құртқа мен АҚЖҮНІС, Назым мен Қарлыға, Қыз Жібек пен Баян Сұлулар- батырлық пен ерлікті, сұлулық пен елдікті көрсетпей ме ?! Атақты Алпамыс батырдың әйелі Гүлбаршын сұлу Сыр бойындағы бір қалаға әкім болыпты. Ол қайтыс болған соң ел жиылып сол қаланың атын «Баршынкент» («Қызкала») деп атапты. Сол қалаға таяу тұрған Көккесене Гүлбаршын сұлудың басына орнатқан күмбезі екен. Ал бұл Көккесене орны Қожамберді ауылының (Төменарық аймағы) іргесінде жатыр. Бұларды айтып отырғанымыз, қай заманда болмасын атақты қыз-келіншектер өз дәуіріне қарай шығып отырған. Сол атақты апаларының жолын кейінгі толқын сіңлілері жалғастырып келеді. Әйел-Ана, ал Ана-Өмір. Өйткені, Ана жарық дүниеге ұрпақ әкеледі, өмір әкеледі. Ол әкелген ұрпағын ақ СҮТ беріп аялап, от пен судан, ыстық пен суықтан сақтап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, қанатының астына алып, бауырына басып өсіреді. Ананың ыстық ықыласы мен жылы құшағында өскен бала өмірде мейірімді, адал, бауырмал болып өседі. Академик-жазушы Ғабит Мүсіреповтың: «Құрметтесек - Ананы құрметтейік, ардақтасақ- Ананы ардақтайық, өйткені ол бізге өмір берді», -деуі де сондықтан. Әйел арасында тәлім-тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде, оларға қамқорлық жасап отыруда аудандық әйелдер кеңесі маңызды рөл атқарып келеді.-Әйелдер кеңесінің басты міндеттері әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, ана мен баланы қорғау туралы заңдардың орындалуын бақылау және оны іске асыру, олардың еңбегі мен демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасалуына күш салу, әйелдердің творчестволық қабілеттерінің дамуына жөрдемдесу болса, біз осы бағыттарда жұмыстар жүргізіп келеміз, - дейді аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болған, аудандық партия комитетінің насихат және ҮГІТ бөлімін басқарған, көп жыл № 163 қазақ орта мектебінің директоры болған, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Зоя Өрғараева. - Ауданда 72 мың халық тұрса, соның 51 % әйелдер. Аудан мектептеріндегі мұғалімдердің дені, медицина саласында қызмет көрсететіндердің көбі, мәдениет пен басқа да салаларда еңбек етіп жүргендердің біразы қыз-келіншектер. Көп бала тәрбиелеп өсіріп, «ұлын ұяға, қызын қияға қондырып» отырған ардақты аналарымыз да аз емес. Кезінде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары болып қатарынан екі реттен сайланған Шырын Нарынбаева мен Әзия Қыстаубаева, сондай-ақ Қалипа Түлкібаева, Баян Әріпова, Қамар Үсенбаева мақтанышымызға айналған. Ауданымызда кезінде еңбек еткен және қазір де жұмыс істеп көпшілік құрметіне бөленіп жүрген әйел-аналар, қыз-келіншектеріміз аз емес. Бұлардың қатарында Мавжуда Бегалиева, Қадиша Баязитова, Фатима Тілеубаева, Аягөз Айдосова, Зәкира Баймаханова, Қатира Қасқабаева, Калдан Әбдрахманова, Жамила Бадирова, Зада Исаева, Тұрсынай Мырзатаева, КҮЛӘН Әбілтанова, Әдемі Дәрібаева, Кенжегүл Көпесова, Жадыра Шертекова, Бибісара Жұмабаева, Сәуле Ильясова, Зина Балабиева, Әсима Құлымбетова, Сәулет Досбаева, Ғалия Байтелеева, Ұлбазар Жұмаділлаева, Зере Хайникеева, Ұлбосын Төлеу, Гүлнар Байдүйсенова, Раушан Назарова, Айзада Сақтағанова, Баян Үсейінова, Айсара Нәлібаева, Әсем Тілеубергенова, Мейрамкүл Сүгірбаева, басқа да көптеген әйелдер бар.
Ұзақ жылдар бойы аудандық әйелдер кеңесі игі жұмыстар жүргізіп келеді.
КЕНТ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР
Ауданда 2 кент, 24 ауылдық округі бар. Бұлар кент пен ауылдардың, ауданның әлеуметтік және экономикалық, мәдени дамуы, тұрғын халықтың хал-тұрмысының жақсаруы, шағын жене орта кәсіпкерліктің өркендеуі бағытында жасалған кешенді бағдарлама негізінде жұмыстар жүргізіп келеді.
ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІ
Орталығы -Жаңақорған кенті. Жаңақорған кентінде 23800 адам тұрады. Мұның ішінде қазақ - 23370, орыс - 197, түрік- 168, кәріс -28, грек -20, татар - 8, шешен -12, башқұрт -4, өзбек-2, неміс - 1 адам. Кентте 3680 отбасы бар. Жаңақорған кентінің негізгі шаруашылығына Ә. Ибрагимов тегін мен мал шаруашылығы, кіші кәсіпкерлік жатады. Кент бойынша 517 кәсіпкер, 70 шаруашылық бар. Кент көлемінде 79 мекеме жұмыс жасайды. Кент тұрғындарының жыл еткен сайын әл-ауқаты артып, тұрмыс КҮЙІ жақсарып келеді. Жаңадан салынған тұрғын үйлер қанат жайып барады. Көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселе бастады. Ауыз су мәселесі шешілу үстінде. Мәдениет саласы бойынша 2 мәдениет ҮЙІ (директорлары Мәдениет Тотаев, КҮЛӘН Әбілтанова) және орталықтандырылған аудандық кітапхана ( директоры Зәуреш Шоманова) мен аудандық балалар кітапханасы (меңгерушісі Роза Еркишева) , 2 кенттік кітапхана (Гүлзипа Ибрагимова, Жайдар Аюпова) мәдени-көпшілік жұмыстарын жасап келеді. Басқа да мекемелер бар. 20-дан аса адам Жаңақорған қонысының және кентінің «Құрметті азаматы» атағына ие болған.
Жаңақорған кентінің бас жоспарын жасау қолға алынды.
Кент төңірегінде Тайпақкөл, Жашыкөл, Қандарал, Малдыбайкөл, Бозкөл, Борықты көлдері, Қорғантоғай елді мекені бар.
Жаңақорған кенті округінің әкімі Әбдірәсіл Ибрагимов.
ШАЛҚИЯ КЕНТІ
Шалқия кентіне Құттықожа, Шалқия елді мекендері қарайды. 475 отбасы, 3025 жан тұрады. Кент қамтуында 2 орта мектеп (директорлары Бекмахан Ахметжанов, Манат Тайманова) , 1 емхана, 1 ФАП, 1 облыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы күресу шипажайы (бас дәрігері Тілеуберген Шегенбаев), 1 кенттік және 1 ауылдық кітапхана, 1 электронды АТС, 1 учаскелік полиция пункті, 1 пошта, 2 СТК, 7 жеке сауда дүкені жұмыс істейді. Бағалы кен өндіріп жатқан «Шалқия Цинк» ЖШС мекемесі бар. Кенттегі шаруа қожалықтары мен жеке қожалықтар мал өсіріп, оның өнімін өндіреді, картоп, көкөніс жинап, дәнді дақылдар егеді.
Жаз бойы оқушылар демалатын «Тау самалы» лагері де осы кент аумағында.
Шалқия кентінің әкімі Тұрсынбай Иматаев.
БЕСАРЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Орталығы - Талап ауылы. Ауылдық округке 3 елді мекен қарайды. Олар - Талап, Кеңес ауылдары мен Апанғақ елді мекені. Бесарық су қоймасы бар. Мұның суын «Талап», «Кеңес» ауыл тұрғындары пайдаланады. Бесарық ауылдық округінде 525 отбасында 3320 жан тұрады. Халықтың негізгі айналысатын кәсібі - егін мен мал шаруашылығы. Шаруа қожалығы - 46 . Ауылдық округінде 2 орта мектеп (директорлары Орынбасар Әбибуллаев, Бердібек Ермахан), 1 аурухана (бас дәрігері Алғатай Қаратаева), 2 клуб (меңгерушілері Рашид Нәлтаев, Сейтқасым Биғабылов), 1 бала бақша (меңгерушісі Гүлби Шәметова), 2 кітапхана (меңгерушісі Шара Қайбергенова, Гүлнар Нәлтаева) жұмыс істейді. «Ел ырысы» селолык, тұтынушылар кооператив! (СТК) бар. 1 өнер мектебі ашылды.
СУНАҚАТА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Округке Сунақата, Еңбек елді мекендері қарайды. 386 отбасында 2345 жан тұрады.
Шаруа қожалықтар саны -27, жеке кәсіпкерлер саны -13.
Ауылдық округте жалпы білім беретін 1 орта мектеп (директоры Дариха Жармахан), негізгі білім беретін 1 орталау мектеп (директоры Есенкелді Ержігітов), 45 орындық 1 балалар бақшасы, 1 отбасылық емхана, 1 фепьдшерлік пункт, 1 клуб ҮЙІ, 2 кітапхана, 1 учаскелік полиция пункті, 1 пошта бөлімі, 1 халыққа қызмет көрсететін «Бір терезе», 150 нүктелік АТС, 1 күріш диірмені, 1 ауыз су скважинасы, 8 сауда-саттық дүкені, 1 мешіт халыққа қызмет көрсетеді. 1 СТК бар.
Сунақата ауылы Жиделі су құбырына толық қосылды.
Сунақата ауылының сол қанат іргесінде XІІ ғасырда Қыпшақ мемлекетінің астанасы, ХІҮ-ХҮ ғасырларда Ақ Орда мемлекетінің астанасы болған тарихи Сығанақ қаласының орны жатыр.
Сунақата ауылдық округінің әкімі Әзия Қыстаубаева.
АҚҮЙІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
АҚҮЙІК ауылдық округіне қарасты «Бірлік» ауылында 386 отбасы, онда 2385 жан тұрады. Жалпы жер көлемі 51801 гектар. Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі - мал шаруашылығы және овощ, бақша кәсібімен айналысады. Ауыл тұрғындарына 1 орта мектеп (директоры Есімхан Кемелбеков), 15 орындық ауылдық аурухана, емхана, балабақша, клуб, кітапхана, пошта, 192 нүктелік АТС, 2 шақырымдық ауыз су құбыры қызмет етеді. 1 мешіт, 1 тойхана бар. «Бірлік» селолық тұтынушылар кооперативі (СТК) жұмыс жасайды.
СҮТТІҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
СҮТТІҚҰДЫҚ ауылдық округі 2001 жылы құрылды.
СҮТТІҚҰДЫҚ ауылдық округінде халық саны - 2181, отбасы саны -327. Ауылда 20 шаруа қожалығы жұмыс істейді. 8 отбасының жеке дүкені бар. Ауылда 1 орта мектеп (директоры Серік Дүйсебаев), 150 орындық клуб (меңгерушісі Болат Бейсенов), 1 кітапхана (кітапханашы Ұлбике Биімбет), 1 пошта (меңгерушісі Алмагүл Жүсіпбекова), 1 отбасылық емхана (фельдшері Қалилулла Шотаев), 150 нүктелік АТС, «Жансая» селолық тұтыну кооперативі жұмыс жасайды. Ауылда қой-ешкі 16386 басқа, ірі қара 2100 басқа, жылқы 220 басқа, түйе 297 басқа жеткен.
СҮТТІҚҰДЫҚ ауылдық округінің 1977-94 жж ауыл әкімі Жолан Тұрысбеков.
ЖАЙЫЛМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Жайылма ауылдық округі 2005 жылы ақпан айында құрылды.
Халқының саны - 1243, отбасының саны -189.
Жер көлемі - 20443 га, оның 244 гектары егістік жерлер.
Округте «Қазына» селолық тұтынушылар кооперативі мен «Ынтымак» су пайдаланушылар кооперативі жұмыс жасайды.
Ауылда 17 шаруа қожалығы, 5 кәсіпкер жұмыс істейді.
Ауылдық округте 1 орта мектеп (директоры Жанат Жүсіпова), 1 балабақша, 1 дәрігерлік пункт, 1 клуб және 1 кітапхана жұмыс жасаса, 1 пошта халыққа қызмет көрсетеді. 30 нүктелік АТС жұмыс істейді. Жайылма ауылдық округінің әкімі болып Сандыбек Қалдыбаев қызмет атқарып келеді.
ЕКПІНДІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Екпінді ауылдық округі 2005 жылы құрылды. Ауылда 174 отбасы болса, халық саны - 879 адам. Округ қамтуында 1 мектеп (директоры Құралай Орынбасарова), 1 фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП)-меңгерушісі Нұржан Орынтаев, 1 кітапхана (кітапханашы Қарлығаш Сәрсенова), 1 пошта (бастығы Бакира Құрбанова) жұмыс істейді. 1 мешіт бар. Ауыл тұрғындары мал және егін шаруашылығымен айналысады. 2 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Тұрғындар қолында 1725 қой-ешкі, 600 ірі қара, 23 жылқы бар, 600 құс өсіреді. 1 селолық тұтынушылар кооперативі бар. Ауыл іргесінде «Жаман бала көлі», «Қамбаш көлі» бар. Екпінді ауылдық округінің әкімі Сәбит Айтбаев.
БАЙКЕНЖЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Байкенже ауылдық округі 1992 жылы құрылған (3 ауылдың - Билібай, Байкенже, Алмалықтың негізінде). Округте 202 отбасы, 1302 халық тұрады. Негізгі шаруашылығы - мал мен егін. 25443 га жері бар, 10 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Ауылда 2 мектеп (директорлары Т.Төрениязов, Қ.Садыбаев), 3 кітапхана (кітапханашылар Н.Сәрсенова, Р.Реметова, Ж.Садыбаева), 2 ФАП (О.Райымбекова, ЖҮНІС П. ), 1 пошта (Т.Торғаева), 200 нүктелік АТС (С.Төрениязов), 2 клуб (С.Төрениязов, Б.Алиева), 1 балабақша бар. 1 селолық тұтынушылар кооперативі жұмыс жасайды. Округ территориясында 2006 жылдан бастап «Волковгеология», «Байкен-У», «Хорасан-1», «Қызылқұм-1» мекемелері уран өндіру бағытында жұмыстар жүргізіп келеді.
Ауылдар төңірегінде «Мамыт», «Ақшығанақ», «Құлбарыс» көлдері бар.
Байкенже ауылдық округінің әкімі Жұмаділда Өткелбай.
КЕЙДЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Кейден ауылдық округі 2004 жылы қазан айында құрылды.
Ауылдық округ қамтуына Кейден, Аққұм, Қауық, Бөройнақ ауылдары кіреді. Жалпы жер көлемі 7019 Га халық саны 1391 адам, 218 жанұя тұрады.
Округ көлемінде 7 шаруа қожалығы тіркелген.
Халықтың негізгі кәсібі мал шаруашылығы, егін шаруашылығы ҮЙ іргелік жерлерінде. Ауылдық округтің қамтуында әлеуметтік-тұрмыстық орындар: Кейден ауылында орта мектеп (директоры Қ.Елемесов), фельдшерлік-акушерлік пункт (Г.Сәдібекова), клуб ҮЙІ (меңгерушісі А.Сырымова), кітапхана (меңгерушісі Ш.Әлжан), 2 пошта, «Кейден баба» мешіті (имамы С.Әділбеков), Аққұм стансасында негізгі мектеп (директоры Ж.Жанасбаев), фельдшерлік пункт, Қауық елді мекенде бастауыш мектеп бар. Кейден ауылдық округі бойынша 60 телефон нүктесі , 256 оқушы, 57 мұғалім бар. Кейден ауылында Шоқталды, Қоғалы, Шөгірлі, Қарғалы, Жеті тебе, Жаман төбе, Жаман құм, Тасқұдық, АЙГҮЛ сай деп аталатын жер-су атаулары бар.
Кейден ауылдық округінің әкімі Сырлыбек Кенжебай.
КӨКТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Көктөбе ауылдық округінде - 93 отбасы, онда -567 жан бар.
Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі мал мен егін шаруашылығы. Отбасыларда 372 бас ірі қара, 3163 бас қой-ешкі, 77 бас жылқы, 680 тауық бар. Егін саласында негізінен тары және бақша өсірумен айналысады. Округ бойынша барлық жер көлемі 3741 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер-2266 га, шабындық жерлер -197 га. Округ қамтуында 1 негізгі мектеп, 1 дәрігерлік пункт, 1 клуб, 1 кітапхана халыққа қызмет жасауда.
ҚАНДӨЗ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Қандөз округіне Қандөз, Қалғансыр, Қашқанкөл ҮШ елді мекен кіреді. Округ бойынша 247 жанұяда 1458 халық тұрады. Жер көлемі 6646 га. Ауылдық округ көлемінде 1 мектеп, 1 клуб, 1 селолық аурухана, пошта, 15 шаруа қожалығы, 9 жеке кәсіпкер тіркелген. Қашқанкөл, Қалғансыр елді мекендеріне ауа арқылы тарайтын Қаратөбе ауылының сандық АТС-нен екі ауылға бір-бірден екі нұкте телефонын іске қосты. Мал басы өсті. Қандөз ауылдық округінің әкімі Қален Жәнібеков.
ҚАРАТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Қаратөбе ауылдық округіне қарасты елді мекенде 1757 адам, 302 отбасы тұрады. Мемлекет тарапынан елді мекенге бөлініп берілген жер көлемі жалпы 29280 га, жайылымдық, ауыл-шаруашылық жерлер 22719 га, тегістелген жер көлемі 1360 га, суармалы жерлер 2572 га болып белгіленген.
32 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Негізгі кәсібі - күріш. Мал өсіреді. Ауылда 1 орта мектеп (директоры Т.Дандаев), 1 клуб (меңгерушісі Ж.Жанұзақов), 1 кітапхана ( Г.Жұмабаева), 1 емхана ( Н.Әбдіреймов), 1 мешіт халыққа қызмет көрсетеді. 200 нүктелік АТС, пошта, 1 монша, 5 сауда дүкені, 2 күріш ақтайтын цех, 9 тасымал көлігі қызмет жасайды.
КЕЛІНТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Келінтөбе ауылында 3808 халық тұрады. Ауылда 1 орта мектеп (директоры Болат Шерімбетов), 1 кітапхана, 1 клуб, 1 аурухана, 1 пошта, 100 нүктелік АТС жұмыс істейді.
Округ 18361 га жерді қамтиды.
Егіске жарамды жер -12495 га, суармалы жер- 4027 га.
16 кәсіпкер жұмыс істейді. Тұрғындар қолындағы қой-ешкі 4481 басқа, ірі қара -2864, жылқы -511, түйе -13 басқа жетті.
АҚҚОРҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Аққорған ауылдық округінде 611 жанұя, 4050 халық тұрады. Ірі қара саны -2660, уақ мал саны -3570, жылқы -825, құс -4015. Округте «Түгіскен» мемлекеттік тұқым шаруашылығы жұмыс жасайды. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша егілген егіс көлемі 5712 га, оның ішінде: күріш - 2235 га, бидай-1087 га, жоңышқа -1250 га. Қазір Аққорған ауылдық округінде 2 орта мектеп (директоры Ермағанбет Құлымбетов, Әділмырза Теждинов), 10 орындық КҮНДІЗГІ емхана, 2 балалар бақшасы, 1 пошта, 300 нүктелік АТС, 1 спорт мектебі, 1 клуб халыққа қызмет көрсетеді. Сондай-ақ 22 шаруа қожалығы, 11 кәсіпкер жұмыс жасайды, 1 кірпіш зауыты бар.
ҚОЖАКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ!
Қожакент ауылдық округі 13371 гектар жерді қамтыған болса, оның 5011 гектары инженерлік жүйедегі тегістелген егістік алқабы, 4288 гектары жайылымдық, 132 гектар жер шабындық, 138 гектар ҮЙ іргелік жер болса, қалған 3802 гектардан ары басқа санаттағы жерлер. Ауылда 458 отбасы бар, ондағы халық саны 3045 адамды құрайды. Ауыл тұрғындарына 2 мектеп (директорлары Әсіл Айтжанов, Жорабек Әбдікәрімов), 15 төсектік аурухана, кітапхана, клуб, пошта, 250 нұктелік АТС қызмет көрсетеді. 4 күріш ақтайтын диірмен бар. 70 шаруа қожалығы, 3 су пайдалану кооперативі, 1 селолык тұтыну кооперативі, әртүрлі бағытта қызмет көрсететін 28 кәсіпкер болса, оның 8 ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін шағын цехтар , 10-нан астам ақылы жолаушы және ЖҮК тасымал қызметі, қалғаны азы-түлік сату қызметімен тұрғындарға қызмет жасайды.
Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі - егін және мал шаруашылығы. Ауыл ішінде 26 шақырымдық ауыз су жүйелері іске қосылған, «Билайн» ұялы телефон қондырғысы орнатылған.
Қожакент ауылдық округінің әкімі Әбілғазы Берденқажыұлы Төлегенов.
ӨЗГЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Өзгент ауылы 1973 жылы «XXІІІ-партия съезі» атындағы кеңшарынан «Ақжол» және «Ақсуат» ауылы «Задарья» кеңшарынан бөлініп, «Өзгент» кеңшары болып жаңадан құрылды.
Ауылдық округ қамтуында Ақсуат,
Өзгент елді мекені бар. Өзгент көлі екі ауылдың ортасында орналасқан.
Округте 259 отбасы бар. Халық саны -1706 адам. Округ қамтуында 2 мектеп (директорлары Нұралы Әбілқасыомв, Жанұзақ Мырзабаев), 1 фельдшерлік-акушерлік пункті (Бегайша Әбенова), 2 фельдшерлік пункт (Қырмызай Әбибуллаева), 2 кітапхана (Мейрамкүл Айымбетова, Айгул Дулатбаева), 1 пошта (Аймаңдай Сопбекова), 1 телеком ( Сейфулла Әбшенов), 2 сауда нүктесі (Алқожа Ядгаров, Меруерт Ысқықова), 1 клуб (Бақытжан Жакудаев), Дәуменқажы мешіті (имамы Халел Сейтмұратов), 1 бала бақша халыққа қызмет көрсетеді. 240 нүктелік АТС бар. «Ауыз су» бағдарламасына сәйкес Өзгент ауылынан тереңдігі 420 метр, 2 ұңғы, Ақсуат елді мекенінен тереңдігі 420 метрлік 1 ұңғы қазылып, пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындарының қолында 850 қой-ешкі, 1180 ірі қара, 180 жылқы және 1420 құс бар.
Егін шаруашылығымен айналысатын 10 шаруа қожалығы бар.
Өзгент ауылдық округінің әкімі Бекболат Шоманов.
МАШБЕК НӘЛІБАЕВ
АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Машбек Нәлібаев ауылдық округінде халық саны -1038 адам. Халықтың негізгі кәсібі егін егу және мал шаруашылығы. Машбек Нәлібаев ауылдық округінде 1 мектеп, 1 ФАП, 1 клуб ҮЙІ, 1 монша, 1 мешіт, 1 бала-бақша , 1 кітапхана және 13 шаруа қожалығы халыққа қызмет жасауда. Жер көлемі - 5678 га, оның ішінде : ауылшаруашылық мақсатында -4571 3452 га, шабындық - 81 га. МҮЙІЗДІ ірі қара - 1154 бас, қой мен ешкі - 2100, жылқы -225 бас, құс -1470, түйе -20 бас . Мал шаруашылығын өрістетуде «Бақытжан» шаруа қожалығының табыстары мал асылдандыру арқылы көрінуде . СТК-нің жұмысы айтарлықтай.
ЖАҢАРЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Жаңарық ауылдық округі 2005 жылдың ақпанында құрылды. Округте 312 отбасы, 2020 жан бар. Ауылда 1 мектеп (директоры Ұлбазар Жұмадуллаева), 1 клуб, 1 ФАП, 3 диірмен, 1 кітапхана, 1 АТС, 1 СТК халыққа қызмет көрсетіп, 26 шаруа қожалығы, 11 кәсіпкер жұмыс жасайды. Ауылда егіншілік артып, мал басы өсті.
ҚЫРКЕҢСЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
2003 жылдан Қыркеңсе ауылдық округі, ал елді мекені 1997 жылдан Әбдіғаппар ауылы болып аталып келеді.
БҮГІНГІ таңда ауыл жыл өткен сайын көркейіп өсіп келеді. Ауыл тұрғын Т.Қурманбеков дары ауыз және аяқ сумен, электр қуатымен, байланыс жүйесі, теледидар көрсетілімімен, аудан орталығы және басқа қалалырмен қатынас көліктерімен толық қамтамасыз етілген. Ауылда халыққа орта мектеп, аурухана, тойхана, клуб, кітапхана, стадион, пошта , байланыс және телехабар бөлімшелері, сауда орындары мен ұн, күріш диірмендері қызмет жасайды. Аудан орталығы мен Түркістан қаласы аралығына автобус қатынайды. Шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары өз алдына су пайдаланушылар кооперативы құрған. Ауылда 5 шақырымдық жаңадан ауыз су жүйесі тартылып, тұрғындар таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ауылды ыза судан арылту мақсатында 1 тік дренаж іске қосылған. Мал тұқымын асылдандырып жатқан «Мырзабай» шаруа қожалығы бар.
Қыркеңсе ауылдық округінің әкімі Тұрсынхан Құрманбеков.
ҚОЖАМБЕРДІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Округтегі халық саны 920 адам, 139 отбасын құрайды.
Ауылда 1 мектеп (директоры Орынбасар Абдуллаев), 1 ФАП, 1 клуб, 1 кітапхана, 1 СТК халыққа қызмет жасайды. Округте 29 телефон нүктесі бар. Ауылда 6 шаруа қожалығы, 2 кәсіпкер жұмыс істейді.
Тұрғындардың негізгі кәсібі мал мен егін шаруашылығы.
Ауыз су жүйесі іске қосылған.
Ауыл тұрғындарының қолында 5500 қой-ешкі, 770 ірі қара, 75 жылқы, 35 түйе, 1129 құс бар.
ТӨМЕНАРЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Округте 757 отбасы, 4416 адам бар. Округ қамтуында 2 орта мектеп (директорлары Нарымбай Көлжанов, Болат Әбен), 1 ауылдық аурухана (басдәрігері Зере Хайникеева), ауылдық клуб (меңгерушісі Аманбай Өтебаев), «Балдәурен» балабақшасы (меңгерушісі Г.Әмірбекова), байланыс бөлімі (М.Жұмашев), селолық тұтыну кооперативі (Т.Құтжанов), емхана, халыққа қызмет көрсететін «Бір терезе», темір жол стансасы, спорт мектебінің бөлімшесі, АТС, кітапхана, 3 дәмхана, 7 дүкен, жанар-жағар май қую бекеті халыққа қызмет көрсеттеді. 3 дербес ауыз су жүйесі жұмыс істейді. 25 шаруа қожалығы, 16 жеке көсіпкер бар. Ауылдық округ есебінде 12458 га жер бар. Оның ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатыны 9785 га.
Ауыл тұрғындары мал және егін шаруашылығымен айналысады.
Төменарық ауылдық округінің әкімі Найрахман Фазылов.
ҚЫРАШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Қыраш ауылдық округі 2005 жылы ақпан айында құрылды. Ауылдағы 126
отбасында 895 адам тұрады.
Бұл ауыл ілгеріде, яғни 1927 жылы «Тоқтамыс» колхозы болып құрылып, кейін «Қызылмақташы» деп аталған. Іргесінде «Қайнарбұлақ» көлі бар. Қазір Қыраш ауылдық округінде 1 орта мектеп (дирек-торы Тұзақбай Тұртанов), 1 ФАП, 1клуб, 1 кітапхана, 3 сауда дүкені халыққа қызмет көрсетеді. 9 телефон нүктесі бар. Ауылдық округ қамтуында 17795 га жайылымдық, 656 га егістік жер бар. 7 кәсіпкер, 8 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. 1 СТК бар.
Ауылда 12900 қой-ешкі, 576 ірі қара, 102 жылқы, 57 түйе бар.
Қыраш ауылдық округінің әкімі Сәруар ЖҮсіпбекұлы Биімбетов.
МАНАП АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Манап ауылдық округі 2005 жылы ақпан айында құрылған. Округке Манап ауылы мен Талап бекеті қарайды. Округ бойынша 168 отбасы,
994 халық тұрады. 2 мектеп (директорлары Асанбай Толысбаев, Ербол Әлменов), 1 клуб, 2 ФАП, 2 кітапхана, 2 АТС, 1 СТК халыққа қызмет жасайды. Манап ауылындағы мектеп жанында 28 орындық интернат (тәрбиешісі Рысбек Керімбеков) бар. Үлкен трасса бойында дәмхана, асханалар жолаушыларға қызмет көрсетеді.
Округте 9200 қой-ешкі, 460 ірі қара, 140 жылқы, 180 түйе бар.
Манап ауылдық округінің әкімі Мәжит Байқожаұлы Балқожаев.
ТАЛАП АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Талап ауылдық округі 2005 жылы 7 сәуірде құрылды. Ауылдық округіне Бесарық бекеті мен Сатымсай елді мекені кіреді. Округте 180 отбасы, 1078 жан тұрады. Халықтың негізгі кәсібі темір жол жұмысы мен мал өсірумен айналысады. Ауылдық округте 4164 қой-ешкі, 442 ірі қара, 21 жылқы, 896 ҮЙ құстары бар. Округ қамтуындағы 4 шаруа қожалығы, 5 кәсіпкер жұмыс жасайды. 1 орта мектеп (директоры Тұрар Сүлейменов), 1 клуб (Ж.Сыздықов), 1 кітапхана (З.Ахмедова), 1 мешіт (имамы Ә.Қожамұратов), 1 ФАП.
Талап ауылдық округінің әкімі Ергенбай Мәмбетов.
ҚОСҮЙЕҢКІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Қосүйеңкі ауылдық округі 2005 жылы ақпан айында құрылған. Округте 138 отбасы, 928 жан тұрады. Қосүйеңкінің негізі 1950 жылы «Ынтымақ», «Талдысу», «Қосүйеңкі» колхоздарын біріктірген, «Қазақстанның XXX жылдығы» колхозында жатыр. Колхоз орталығы 1954 жылы «Қосүйеңкі» болған. 1957 жылдан Бірлік» совхозының № 3 фермасы болып келді. Ауылды әр жылдары Әбіш Шоқыбаев, Сәрсен Сариев, Алтынбек Нүржігітов, Әбутәліп Бәкіров, Әбдіманап Бәкіров басқарған. Қазіргі ауылдық округ қарамағында 1 орта мектеп (ди-ректоры Айыпбек Ертасов), 1 клуб (Әлімхан Ақтаев), 1 ФАП (Айжан Назарова), 1 кітапхана (Перизат Әлжанова) халыққа қызмет көрсетеді. 1 СТК бар. Халық негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Үй іргелік жерлеріне, бұлақ айналасына азын-аулақ егін салады.
Тұрғындар қолында 1102 қой-ешкі, 580 ірі қара, 97 жылқы бар.
Қосүйеңкі ауылдық округінің әкімі Жанай Өтежанұлы Жанпейісов.
КӘСІБІҢ - НӘСІБІҢ
Елімізде экономиканы нығайтып, ауыл шаруашылығын өркендетудің, өнеркәсіпті дамытудың, шағын және орта кәсіпкерлікке кең жол ашудың, сол арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың келелі міндеттері белгіленіп берілген. Осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Ауданның агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы жасалған. Ауданда ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі 319866 гектар болса, оның ішінде егістік жер 26424 га, жайылымдық жер 291602 га, 936 га шабындық жер бар.
Ауданда 463 шаруашылық егін кәсібімен айналысады. 2008 жылы ауданда 5864 гектар күріш егіліп, одан 21110 тонна астық жиналды. 2,5 га мақтадан 12 центнерден өнім түсті.. 3200 тоннаның үстінде картоп, 31 мың тоннадай көкөніс-бақша дақылдары және 29 мың тоннаның үстіндегі жоңышқа да аудан диқандарының үлесінде. Ауданда 244 шаруашылық мал шаруашылығымен айналысады. Ауданда 250 мың қой-ешкі, 40 мың ірі қара, 10 мың жылқы, 960 түйе және 53850 ҮЙ құстары өсіріліп, мал өнімдері артып келеді. Аудандық кәсіпкерлік бөлімі (бөлім бастығы Нұрділда Жаңабеков) жүйелі жұмыс жасайды. Ауданда 2128 кәсіпкерлік болса, оның 1149-ы ауылдық округтерде. Бұларға 4750 жұмыс қолы тартылған. «Жаңажол», «Сұңқар», «Мырзабай» шаруа қожалықтары өнімді жұмыс жасап келеді. «Бақытжан», «Ынтымақ» ЖШС-тері жылқы, қой ТҮЛІГІН асылдандыру, «Шөгірлі» шаруа қожалығы «Қарала» қашарлар тұқымын асылдандыру бағытында жұмыстар ұйымдастырған. Ауданда 30 күріш ақтайтын, 6 ұн шығаратын, 1 наубайхана, 1 СҮТ зауыты халыққа қызмет көрсетуде. «Исатай» және «Асыл» селолық тұтыну кооперативтері ет және СҮТ өнімдерін өңдейтін шетелдік озық технологиялық жабдықтармен жабдықталды. Ет өңдеу цехы бір мезгілде 500 килограмм қайнатылған, ысталған шұжық дайындаса, СҮТ зауыты бір мезгілде 2,5 тонна СҮТТІ өңдеп айран, қаймақ, май, сүзбені «тетрапакетпен» шығарады.
«ҚАМҚОРШЫ» АУЫЛДЫҚ НЕСИЕ СЕРІКТЕСТІГІ
Ауданның ауыл шаруашылығының қанат жайып өркендеуіне 2002 жылы 25 құрылтайшыны біріктіріп, 3,5 млн. теңге жарғылық қормен құрылған «Қамқоршы» ауылдық несие серіктестігі (төрайымы Зина Балабиева) ерекше роль атқарып келеді. Бұл ауылдық несие серіктестігінің қазіргі кезде құрылтайшылар саны 53-ке жетсе, жарғылық қор көлемі 38,3 млн. теңгені құрап, 2008 жылы 293,8 млн теңгеге несие желісі ашылып отыр. Серіктестік құрылған уақытынан бастап өз құрылтайшыларына 785,3 млн. теңге несие берген болса, оның ішінде 2008 жылдың 10 айында 168 млн теңге несие беруге қол жеткізді, оның 77,5 млн теңгесі егін шаруашылығына (немесе 46 %), 4,3 млн теңге техника, көлік алуға ( 2,6 %), 86,2 млн теңге (51,4%) мал шаруашылығын өркендетуге берілді. Ауданда өнеркәсіп, өндіріс салалары да дами бастады. Мұның өзі аудан экономикасының дамуына қомақты үлес қосып келеді.
«ӨТЕМІС» ЖШС-і
Ауданда кәсіпкерлікті алғашқылардың бірі болып, жоғары білімді, іскер азамат Мұханбетхан Есболғанов бастаған еді. 1998 жылы негізгі өндірісі облыс көлеміндегі құрылыс, жол мекемелерін қиыршақ таспен қамтамасыз ету мақсатында «Өтеміс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрған болатынды. Қиыршақ қоры 2,5 млн текшеметрді құрайтын 56 гектар жерді 25 жылға жалға алып, іске кірісіп те кетті. Жұмыс қарқын ала бастады. Бірақ аяқ астынан келген мейрімсіз ажал 2003 жылдың 12 шілдесінде Мұханбетханды жарық дүниеден алып кетті. Тағдырға амал жоқ, тірі адам тірлігін істеу керек. Тізгінді Мұханбетханның жан-жары, жоғары білімді маман Сара Жақыпқызы Құсаинованың өзі алып, «Өтеміс» ЖШС-тің директоры болып, белді буып жұмысқа кірісті. 2005 жылы 36286 текшеметр қиыршақ тас өндірсе, 2007 жылы оның көлемін 47683 текшеметрге жеткізді. Ал 2008 жылдың 9 айының өзінде 66451 текшеметр қиыршақ тас өндіріп, сұраныс орындарының қажетін өтеді. Сонымен бірге Сара Құсаинова тұрмысы темен ҮШ отбасын тұрақты қамқорлыққа алған. Жаңақорған кентіндегі 7 көшеге қайырымдылық қор есебінен 1 млн 300 мың теңге есебінде қиыршақ-құм аралас тәс төксе, Төлегетай-Қылышты ата сағанасына өз көлігімен 40 машина қиыршақ тас түсіріп тас түсіріп берді. Іскер кәсіпкер ретінде Сара Құсаинованың еңбегі жоғары бағаланып келеді. Ол 2003 жылы желтоқсанда Алматыда, кейін Астанада өткен іскер әйелдердің республикалық Форумына қатысты. 2004 жылы 1-2 сәуірде Астанада өткен «Ауылды дамытуға-әйелдер белсенділігі» атты республикалық конференцияға қатысып, «Ауылда іске асқан ең таңдаулы идея» номинациясы бойынша 1- орынға ие болып, ауданға жүлдемен оралды. Кәсіпкер Сараның кәсібінің тыныс-тіршілігін бейнелейтін «Темірқазық» атты деректі телефильм түсірген.
«БАҚЫТЖАН» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ
Қолға алған кәсіпкерлігін іскерлікпен жан-жақты дамытып келе жатқан айтулы азаматтардың бірі, «Бақытжан» шаруа қожалығының төрағасы және (Жаңақорған-газ» ЖШС-нің директоры міндетін қоса атқарып жүрген аудандық мәслихаттың депутаты Әлібек Машбекұлы Нәлібаев. Ол егін егіп, мал өсірумен айналысә отырып, ауылды көркейтуге бет бұрған. 4000-нан аса асыл тұқымды қой, 200 жылқы, 20 інген өсіріп, 40 сиырды сауынға қойған. Сиыр сүтін Жаңақорғандағы май зауытына еткізсе, қымыранды ауыл тұрғындарына арзан бағамен сатады. Сонымен бірге өткен жылы 250 гектар күріш, 120 гектар бидай, 120 гектар жоңышқа егіп, мол өнім жинады. Сондай-ақ өзі тұратын Машбек ауылынан мешіт, монша, күріш ақтайтын және мал бордақылайтын цехтар, ауылда және Жаңақорған кентінен 5 жерден жанар-жағар май құю бекеттерін, жолаушылар аялдамасын, Жаңақорған кентінен бір монша мен 500 орындық тойхана салып; халық игілігіне берген де кәсіпкер Әлібек. Ол сонымен қатар ауылдағы тұрмысы темен бірнеше отбасына жыл сайын күрішпен, жем-шөппен көмектесіп тұрады. Жаңақорған кентінің Алтынсарин елді мекеніндегі сиқы кеткен бірнеше тұрғы үйді өз қаржысымен жөндеп, төбелерін шиферлап, бірнеше жерден су колонкілерін орнатып берді. Осындай іскер де қайырымды кәсіпкерлер көбейе берсе - елдің мерейі.
«ЫНТЫМАҚ» ЖШС-і
Бұрын аудандық «Сельхозхимия» мекемесін басқарған жоғары білімді маман Рахымбаба Байбосынұлы Құтыбаев кейін «Ынтымақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрған-ды. Бұған директор болғанына да 10 жылдан асып барады. «Ерен еңбегі ҮШІН» медалінің иегері, ІІІ-ІҮ шақырылған аудандық мәслихаттың депутаты Рахымбаба Құтыбаев бұл күнде танымал кәсіпкерге айналды. Ол басқарған серіктестік «Асыл тұқымды қаракөл қойын өсіретін шаруашылық» статусына ие болды. Қазір қой басы 10 мыңға жетті. Сонымен бірге егін шаруашылығымен де тұрақты айналысады. Серіктестікте күріш ақтайтын шағын зауыт жұмыс істейді. Жаңақорған кенті орталығынан халыққа қызмет ететін 2 тойхана салды. Серіктестікте 150 адам жұмыс істейді. 2004 жылы серіктестіктің құрылтайшылығымен «Ауданның тұрмысы төмен азаматтарын қолдау корпоративтік қоры» құрылған. Содан бері осы қор арқылы аудандағы тұрмысы төмен азаматтарға және әлеуметтік мақсаттарға 40 млн. теңгедей көмек көрсетілді.
«БЕРЕКЕ» ЖЕКЕ КӨСІПОРНЫ
Ғалия Сермаханқызы Тұрабаева өзінің «Береке» атты жеке кәсіпорнын ашып, жұмыс жасап келе жатқанына да он жылдан асып қалды. Бұрын көп жыл сауда орындарында басшы қызметтерін атқарған, жоғары білімді экономист-есепші мамандығы бар Ғалияға кәсіпкерліктің жұмысын көзін тауып жолға қою оншалықты қиындыққа соқпады. Жаңақорған кенті орталығынан «Ыстық нан» сауда үйін ашты. Тұтынушыларды сапалы тамақ, нан өнімдерімен қамтамасыз ете отырып жылдық сауда айналымын 15-16 - І млн.теңгеге жеткізді. Кәсіпкердің халыққа көрсетіп жатқан еңбегі еленді. Үшінші шақырылған (2003-2007 ж.ж.) аудандық Мәслихаттың депутаты болып сайланды. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталды. Облыстық «Үздік кәсіпкер Әйел» атағын жеңіп алды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен үш рет кездесу құрметіне ие болды.
КӘСІПКЕР АЛШЫНБАЙ ТҰРТАНОВ
Өмір талабын тез түсінетін, қолға алған ісін бітіргенше жаны тынбайтын кәсіпкердің бірі - Алшынбай Тұртанов. 1964 жылы Қызылорда қаласындағы Ю.А. Гагарин атындағы мектеп-интернатын үздік бітірген ол Ташкенттегі Орта Азия политехникалык институтының құрылыс факультетін де 1969 жылы қызыл дипломмен тәмамдаған. Еңбек жолын Қызылордадағы құрылыс материалдары зауытында бас инженер боп 1973 жылдары Бірлік, Өзгент мал бордақылау бірлестіктерінің құрылыс жұмыстарын басқарған. 1987 жылдан РАПО-ның бас құрылыс инженері, кейін сыртқы экономикалық байланыс бөлімін басқарған. Сол жылдары аудан шаруашылықтары мен мекемелеріне Ресейдің Тюмень облысының Ханты-Мансиск округінен жылына 500 вагон ағаш құрылыс материалдарын әкеліп беріп тұрған. Әкелінген ағаштың құрылыс сәлудан артылған бөлігін жанар-жағар майға, қант пен шайға, пісте майға, химиялық тыңайытқыштарға айырбастап әкеліп, аудан халқының шаруашылық қажетін өтеп отырған. 2001-2004 жылдары аудандағы берекесі кеткен мұнайбазасын жинақтап, «Нұр-Назар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрған. Іскер кәсіпкер Алшынбай Тұртанов бұл күнде «Ынтымақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (директоры Рахымбаба Құтыбаев) асыл тұқымды қой есіретін статусына ие болған мал шаруашылығын ұқыпты басқарып келеді. Қарамағындағы 10 мың қойдың бағымы жақсы.
КӘСІПКЕР ФАХРИТДИН ТҰРҒАНБАЕВ
Аудан халқына танымал, өз шаруасын жинақы ұстайтын кәсіпкердің бірі -Фахиритдин Тұрғанбаев. Ол Жаңақорған кенті орталығынан 1985 жылдың басында жаңадан алғаш ашылған отын (көмір) тарату мекемесіне бастық боп барғанды. Қысқа мерзімде материалдық-техникалық базасын жасады. Отын алаңы 14 вагон жүкті бір мезгілде түсіруге лайықталды. Көтерімділігі 30 тонналық автотаразы орнатылды. Тиегіш, тасымал көліктері алынды. 1999 жылға дейін аудан шаруашылықтары мен мекемелерді көмірмен қамтамасыз етіп келді. Нарық жүйесіне байланысты 1999 жылдың соңында мекеме жекешелендіріліп, Фахиритдин Тұрғанбаевтың жеке кәсіпкерлігіне көшті . Қазір бір маусымда 165-170 вагон көмір келіп, ауданның мекеме мен мектептеріне, жеке тұрғындарға таратылады. Сонымен қатар Фахиритдин Тұрғанбаев тек көмір таратумен (сатумен) шектеліп қалмай, кәсіпкерлік саласын дамыта ТҮСТІ. Ол мал базарын ашып, 2 жерден монша салды. Теміртаудан әр жылғы көктемде 400-500 тонна минералдық тыңайытқыш әкеліп, ауылдық шаруа қожалықтарына несиеге беруді қолға алды. Мал ұстайтын кент тұрғындарына жемшөп әкеліп сатуды да ұйымдастыра бастады. Тұрмысы төмен 20 шақты отбасын қамқорлыққа алып, қыс алдында 2-3 тоннадан тегін көмір түсіріп те беріп жүр. Мектептерге де қолғабысын тигізіп отыр.
МАҚСҰТ ДӘУМЕНҰЛЫ ШОМАНОВ,
«Жаңақорған жолдары» ЖШС
мекемесі мен «Жаңақорған Жібек Жолы»
ЖШС мекемесінің директоры.
Мақсұт Дәуменұлы Шоманов 1958 жылы 20 шілдеде Жаңақорған кентінде туған. Аудандық кәсіподақ ұйымында нұсқаушы,техникалық инспектор, аудандық өндірістік жол мекемесінде механик, бас инженер қызметтерін атқарған. Мақсұт Дәуменұлы жоғары білімді маман. Алматы темір жол техникумын, одан соң халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің экономика факультетін тәмамдаған. 2000 жылдан «Жаңақорған жолдары» ЖШС мекемесінің директоры болса, 2001 жылы өз қаржысын, пайын қосу арқылы «Жаңақорған Жібек Жолы» ЖШС мекемесін ашып, аудандық жене облыстық маңыздағы автожолдарды жөндеу жұмыстарын сапалы атқарып келедІ. «Жаңақорған Жібек Жолы» ЖШС мекемесі 2006 жылы 18 млн. 590 мың теңгенің жол жөндеу жұмыстарын атқарса, 2008 жылдың өзінде 39 млн.849 мың теңгенің жұмысын іске асырды. Мекеме 50 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Ауданның «Жолаушы» бағдарламасы аясында «Шайықов» пен «Ғасыр тұлпары» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен бірнеше жеке таксист кәсіпкерлер халыққа қызмет көрсетіп келеді. Кеңестік дәуірдегі тасымалдау автобазасы тығырыққа тіреліп, өз жұмыс тоқтатқан кезде, жолаушылар талап-тілегін жеке кэсіпкерлер қысқа мерзімде орындауды қолға алды.
«ШАЙЫХОВ» ЖШС-і
Осындай кезеңде Әбдіхан Әбдірашитұлы Шайыхов бұрынғы автовокзалды, автокөліктері мен құрал-жабдықтарын сатып алып, жауапкершілігі шектеулі «Шайыхов» серіктестігін құрып, жұмыс ұйымдастыра бастады. Автобус шығаратын зауыдтармен тікелей байланыс жасап, жаңа автобустар алдырды. Автовокзалды күрделі жөндеуден өткізіп, «Мақсат» сауда орталығы мен «Сезім» дәмханасын ашты. Серіктестік қарамағындағы жолаушыларға жайлы 50 орындық 2 «Мерседес» автобусын қала аралық (Қызылорда) маршрутқа қойды. Бұдан басқа 8 «Газель», 3 микромерседес, 11 ПАЗ автобустары дарияның сол жағалауындағы Қандөз, Келінтөбе, Қыркеңсе, Байкенже секілді ауылдар мен елді мекендерге, Қызылорда, Түркістан қалаларына қатынайды. Сондай-ақ кәсіпкер Әбдіхан Шайыхов бір жыл ішінде аса мұқтаж 40-тан аса отбасына қаржылай кемек көрсетті.
«ҒАСЫР ТҰЛПАРЫ» ЖШС-і
Жоғары білімді инженер-механик Жақсылық Әбішев, басқаратын «Ғасыр тұлпары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2000 жылдан бастап халыққа қызмет көрсетіп келеді. Серіктестікте келісім шартпен 34 автобус (24 Газ, 8 ПАЗ. 2 сЕтра) бар. Бұлар Сунақата, Төменарық, Талап секілді ауданның тау беткейіндегі ауылдар мен елді мекендеріне, Жаңақорған кенті орталығында қатынайды. Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан, ал жаз айларында Алматы қалаларына маршруттары бар. Кәсіпкер Жақсылық Әбішев тұрмысы төмен бірқатар отбасының оқушы балаларына киім-кешек әперсе, бастауыш сынып оқушыларын тегін тасиды. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті, шаруа қожалықтарын дамытуда «БСК-Астық» ЖШС-і (директоры Қалдыгүл Тәжібайқызы Бүркітбаева), «Айналайын» кәсіпкерлігі мен шаруа қожалығы (төрағасы Бақыт Төлепбергенов), «Ер-Қуаныш» ЖШС-і (директоры Жолдасбек Айтбаев), "Исатай" селолық тұтыну кооператив! (төрағасы Сайлау Мұсабеков), «Мейірім» ЖШС дәріханасы (директоры Қуандық Қарақожаев), «Әнуар» мейрамханасы (директоры Сәпен Сәрсенов), «Мирас» дәмханасы (меңгерушісі Шарбану Молдашева), кәсіпкерлер Нұржан Айдосов, Гұлнар Мансурова, Қараман Көшербаев, шаштаразы Латуша Байсалов, сондай-ақ жұмысын енді бастап жатқан «Тэту Агро» шаруа қожалығы (атқарушы төрағасы Ораз Сүлейменұлы Әлиев) Алматыдағы "ШАНРРИЗ" ЖШС фирмасының бас директоры Несібелі Бектасқызы Жүсіпова, басқа да жеке кәсіпкерлікпен айналысып, халыққа қызмет көрсетіп, тынымсыз еңбек етіп жүрген жандарды айтуға болады. 1992 жылы кәсіпкер Мұсабек Асенов аудан орталығындағы базарды аукцион арқылы жекешелендіріп, «Нұр» жеке базарына айналдырған-ды. Осы базардың қазіргі директоры Аблан Мұсабекұлы Асенов былай дейді: -Бұл базарды алғаннан бастап біраз жұмыс істедік, жабық сауда орындарын салдық. Бірақ бұл тұтынушыларды толық қанағаттандырмайтынын жақсы білеміз. Сондықтан сауда орындарын әлі де дұрыстап, тазалығын сақтау ҮШІН біраз жұмыстар жүргіземіз. Қазір базарда 250 сауда орны бар. Жылына аудан бюджетіне 1 млн.теңге қаржы түсіріп тұрмыз,- дейді. Ал «Тэту Агро» шаруа қожалығы жұмысын 2008 жылы бастады. Бұл қожалық Талап пен Кеңес ауылдарынан 13086 гектар жерді мемлекет арқылы 45 жылға жалға алып, осы жылдың өзінде 8 га жүзім, 4 га бау отырғызып, 600 гектар КҮЗДІК бидай екті. Осы «Тату Агро» шаруа қожалығының атқарушы төрағасы, жоғары білімді маман Ораз Әлиев алдағы атқарылар
жұмыстары жөнінде былай дейді: -2009 жылы 300 га жерге помидор егіп, жас ЖҮЗІМДІ 400 гектарға жеткізіп, екеуін де тамшылатып суару арқылы өсіретін боламыз, - дейді ол.- 100 га жерге алма, өрік,шие, тағы басқа жеміс ағаштарын отырғызамыз. Eгіс көлемін арттырамыз. Мал шаруашылығымен де айналысамыз. Бұл ҮШІН 5000 қой, 200 ірі қара, 200 жылқы, 100 түйе өсіреміз. Біз бау-бақша, жеміс-жидек және мал өнімдерін өңдеп шығарып, ауыл тұрғындарына арзан бағамен беріп, артығын сыртқы саудаға шығарамыз. Бұларды іске асыру ҮШІН жылына 70 мың тонна өнім өндіру қуаты бар италияндық томат өңдеу зауыд және ЖҮЗІМ, бау өнімдерін өңдейтін италияндық зауыд салып, ауыл мен Бесарықтан (бұрынғы астық қабылдау пункті орнынан) ұн тартатын, күріш ақтайтын диірмендер мен көкөніс және мал өнімдерін өңдейтін (ЖҮН өңдеу, тері илеу, шұжық жасау, СҮТ өнімдерін өңдеу) цехтар ашамыз. Біздің шаруа қожалығымызда қазір 40-тан аса адам жұмыс істесе, әлігі айтылған тірліктер толық іске қосылған кезде жұмыс қолы 500 адамға жетеді. Ауылдан 1 монша, 1 маркет (жаңа үлгідегі дүкен), 1 шаштаразы, 1 фотосалон, тағы басқа да халыққа тұрмыстық қызмет көрсететін орындар салып, пайдалануға береміз. 2009 жылы 12 тұрғын ҮЙ салынса, келер жылдары тұрғын үй санын 60-қа жеткізіп, қыс маусымында барлык үйлер бір орталық қазандықтан жылытылмақ. Ауыз су құбыры тартылып, тратуар-көшелері асфальтталып, үйлерге телефон орнатылып, радиоландырылады. Электр жарығы үзілмейтін болады. Аз жылдың ішінде бау-бақшалы шағын қалашыққа айналмақ. Бұл тұрғын үйлер ең алдымен жас мамандарға, баспанасы жоқ отбасыларына және қажетсінген адамдарға беріледі, - дейді. Мұның сөзін осы шаруа қожалығының белсенді мүшесінің бірі Әділ Мұқанұлы Аскаров та қуаттайды. Жаңадан ашылып, ұйымдастырылып жатқан бұл «Тату Агро» шаруа қожалығының алғашқы қадамы мен алдағы атқарылар жұмыстары жан сүйсіндіреді. Елі ҮШІН, халқы ҮШІН осындай қажетті жұмыстарды «қалауын тапса, қар жандыратын» азаматтар қолға алатын болса, табыс деген аспанда емес алақаныңда екенін, еңбектің көзін тапса, байлықтың өзін табатынын, сол арқылы өзінің де, өзгенің де несібесі көтерілетінін сезінесің.
ӨНЕРКӘСІП - ӨНДІРІСТІҢ КҮРЕТАМЫРЫ
Еліміз егемендік алып, Тәуелсіздігіміз тұғырына қонғалы ауданымыздағы өнеркәсіп саласы бой көтеріп. өндірістің күретамырына қан жүгіре бастады. Ауданымыздағы өнеркәсіп орындарының ең ірісі, табиғи мол қоры бар қорғасын мен мырыш өндіретін «Шалқия-Цинк» компаниясының Қазақстан Республикасындағы 30 көшбасшы корпоративті кәсіпорындардың катарына енуі өркендеудің үлкен жолын бастады. Осыған орай Шалқияда жаңа кен байыту фабрикасы да салынатын болды. Шалқия кенішіне 2006 жылы қазан айында директор болып келген, бұған дейін Алматы метросында, Батыс Жезқазған кенішінде бас инженер, шахта бастығы болып қызмет Істеген Қазақ политехникалық институтының тау-кен инженері мамандығын ойдағыдай бітірген Нышан Орынбасарұлы Ильясовтың: «Менің жаңа қызметке келуіме орай Шалқия кенішінде Жаңа Ғасыр құрылысы басталды», -деуі де сондықтан. Кеніште жұмыс істейтін жұмысшы саны 2001 жылғы 50 адамнан кешеге дейін 1300 адамға жетті. Орташа айлық жалақы 45 мың теңгені құрады. Бірақ нарық жағдайына байланысты қазір Шалқия кенішінің жұмысы уақытша кідіріске ұшырап тұр. Компания 2004-2007 жылдар аралығында 1 млн. 461 мың тонна кен шығарды. Кен байыту фабрикасы біткен кезде мұнда жылына 4 млн.тонна өнім өндіріліп байытылады. Байыту фабрикасы толық іске қосылған кезде мұнда 4 мың адамға дейін жұмыс істейтін болады.
«Шалқияның» шалқитын күні шыққан.
Елбасының ұстанымына орай біздің Тәуелсіз мемлекетіміз: «Алдымен- экономика, содан соң саясат» бағытымен дамып келеді. Ал бүгінгі таңда Қазақстанның элеуметтік-экономикалық дамуы негізінен тау кен және мұнай-газ кешендері есебінен қамтамасыз етілуде. Байлықтың бұл түрлерінің әлі де берері мол екені даусыз болғанымен, сараптаушылардың есептеулері бойынша түбінде көмірдің де, мұнай мен газдың да таусылары анық. БҮКІЛ дүниежүзіне танымал экономист-сарапшылар мен саясаткерлердің «Мұнайдың дәурені таяп қалды, XXІ ғасыр-Атом энергиясының салтанат құрар кезеңі болады» деуі де сондықтан. Ал атом энергиясы ураннан өндірілетіні белгілі. Қазақстан барланған уран қоры жөнінен (1,6 млн.тоннадан астам) дүние жүзінде Австралиядан кейінгі 2-ші орында. «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы (президенті Мұхтар Жәкішев) уран өндірісі бойынша әлемде 1999 жылғы 13-орыннан 2005 жылы 3-орынға көтерілді. Еліміздің аумағында 129 уран кен орны және уран көрінген кендер барланған. Қазақ атомы - ұлттың беделін арттыратын дәуір туды. Таяу жылдар ішінде еліміз табиғи уран өндіру бойынша әлем көшін бастайтын болады. 2007 жылдан бастап жаңақорғандықтардың да мол байлықтың тұтқасына қолы жетті. Аудан халқының бағына Байкенже ауылдык округі аймағынан мол қоры бар «Хорасан-1» және «Хорасан-2» уран кеніші табылып, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы күшімен өндіріс құрылысы басталып та кетті. Кеніш аумағы 10 гектардан астам жерді алып жатыр. «Хорасан-1» кенішін пайдалануға беру арқылы уран өндіруді жылына 3 мың тоннаға дейін жеткізуге болады, ал бұл орташа көрсеткіштен 10 есе көп. Өйткені, әлемдегі кеніштердің орташа өнімділігі 300 тоннадан аспайды. Ал «Хорасан-2» кеніші пайдалануға берілгенде, 2 кеніш жылына 5 мың тонна уран өндіруге қол жеткізеді. Екі кеніштің уран қоры 160 мың тонна құрайды. Бір сіріңкенің көлеміндей атоммен Ленин мұзжарғыш кемесі (Кеңес Одағы кезінде) тоқтаусыз бір жыл жүрген екен. Атомның күшін осыдан-ақ есептей беріңіз! ' Осы уран өндірісі құрылысына байланысты Сырдария өзенінен өтетін, жалпы құны 15 млн АҚШ доллары болатын, ұзындығы 303 метр, ені 10 метр Хорасан Ата көпірін қысқа мерзімде салынып, пайдалануға берілді. Сырдария өзенінен «Хорасан-1» кен орнына дейін 46 шақырым жол салынып, асфальттанады. «Хорасан-1» уран өндірісі 2012-2014 жылдары толық қуатта жұмыс жасаған кезде, мұнда 5000-ға дейін адам жұмыс істейтін болады. Уран тұнбасы жер астында 500-700 метр тереңдікте жатады. Табиғаттың жаратылыс күшіне сай уранның екі қабаты (асты-үсті) қатты саз топырақпен бекемделген. Бұл кен рудасын алу ҮШІН сілті (күкірт) қышқылы пайдаланылады. Бұрғылау әдісімен соншама тереңдікте орналастырылған құбыр арқылы күкірт қышқылы жіберіліп, ол айналымға түсіп отырады. Бұдан экология бұзылмайды. Жер астында жүрген реакция барысында ажыратылған уран ауа қысым не насос арқылы сүзіліп алынады. Бұл зиянсыз озық тәжірибе екендігі дәлелденген. Ал енді өндірістік жобалық құны 680 млн. АҚШ доллары тұратын, қуаты жылына 500 мың тонна сілті шығаратын осы күкірт қышқылы зауытын Жаңақорған ауданына қарасты № 26 бекеттің маңынан (Кейден ауылының тұсы) салу қолға алына бастады. Компания көмегімен бұл шағын бекет жүк қабылдау-жөнелту алаңымен үлкен стансаға айналады. Бекетте 39 нысан бой көтереді. «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының көмегімен салынатын бұл күкірт қышкылы зауытын салу жұмысын «Қазақстан Республикасы Атом өнеркәсібінің еңбегі сіңген қызметкері», жоғары білімді химик және заңгер, осы зауыттың бас директоры Мәдіхан Әріпұлы Бекжанов тікелей қолға алды. Мұнда 200 адам жұмыс істейтін болады. Ал «Хорасан-1» уран өндірісі жұмысын «Қызылқұм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Б. Қалмұрзаев жүргізіп келеді. Ауданда межесі биік, талабы таудай басқа да бірқатар өндіріс орындары өнімді жұмыс жасауда. 2004 жылы бірінші кезеңі жылына 86 мың тонна қиыршақ тас шығара алатын жобалық қуатпен «Қазпром-Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрып, оның жұмысын ілгері бастыруда сол кездегі бас директоры Қайрат Өтелбаев пен осы салада көп жылдық іс-тежірибесі бар Таңат Ағманов, Сабыр Тоқымов, Нұрғабыл Тәжімбет секілді маман кадрлар аянбай еңбек етті. «ӨГІЗМҮЙІС» өңірінен өндіріліп, өңделген қиыршақ тас «Әйтеке» су торабы, «Арнасай» құрылыстарына және Повлодар, басқа да жақтарға жіберіліп тұрған. «Қазпром-Қызылорда» ЖШС-і (қазіргі бас директоры Сайфудин ЖҮНІСОВ) 2007 жылы 164 мың тонна өнімі өндіріп, бюджетке салық есебінен 84,7 млн. теңге түсірген. Жұмысқа 110 адам тартылған. 2006 жылдың ортасында «Тасбұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ашылып, бұл өндіріс орнын бұрын «Қазпром-Қызылорда» ЖШС-нің бас директоры болған Қайрат Өтелбаев басқаруды қолға алды. Сол жылдың 7 айында сұраныс берген мекемелерге 71942 тонна тас жөнелтіп, бюджет қаржысына 2,4 млн. теңгеден аса қаржы түсірді. Ал 2008 жылдың 9 айының өзінде 96 мың тонна түрлі тас өнімдерін артып, бюджетке 6,3 млн. теңгеден аса қаржы құйды. Қайырымдылық шараларына жылына 400-500 мың теңге көлемінде қаржы бөліп отыр. 2007 жылы Қызылорда қаласында «Қазақстан-үздік тауарлар» («Алтын сапа») жөне шағын көсіпкерліктегі жетістіктерді байқау конкурсында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған темір бетон құрылыс материалдарын шығаратын «Дархан-2006» ЖШС-і (директоры Таңат Ағманов) өнімді еңбек етіп келеді. Алдағы жылдардың бірінде кендік қоры Кеңестік кезінде зерттеліп анықталған Талап кеніші де ашылмақ. Мұндағы кеннің басты құрамын қорғасын мен мырыш, КҮМІС, германит құрайды екен. Өндірістің күретамырына айналған өнеркәсіп орындары жыл еткен сайын бой көтеріп келеді.
АУДАНДЫҚ ҚАРЖЫ БӨЛІМІ
Аудандық қаржы бөлімі 1928 жылы құрылған. Аудандық қаржының кіріс-шығысын реттеп, ауданның дамуына, халық тұрмысының жақсаруына елеулі үлес қосып отыратын бөлім. Аудан қаржысы жылдан-жылға артып келеді. 2009 жылға арналған аудандық бюджеттің кірістер көлемі 3325107 мың теңге көлемінде белгілеу жоспарланды. Жалпы шығындар көлемі де осындай болмақ. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы Өмірсерік Тақырбасов.
АУДАНДЫҚ САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ
Аудандық салық комитеті 1991 жылы құрылды. Кейін аудандық салық басқармасы болып қайта құрылды. Салық - экономиканың тірегі. Тиімді, жүйелі жүргізілген салық саясаты ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін берері сөзсіз.
Б.Нұридинов Аудан бойынша салық басқармасы 2008 жылы мемлекеттік кіріс болжамын 130,8 пайызға асыра орындады, яғни кіріс болжамы 740504, 0 мың теңге орнына, 968495,4 мың теңге немесе 2007 жылмен салыстырғанда бюджетке 167151,8 мың теңгеге артық салық төлемдері ТҮСТІ.
АУДАНДЫҚ СЭС МЕКЕМЕСІ
1958 жылы аудандық аурухана құрамының бір бөлімі боп санитарлық-эпидемиологиялық бөлімі ашылды. 1963 жылы Жаңақорған санитарлық-эпидемиологиялық станция болып қайта құрылды. 2003 жылы Жаңақорған санитарлық-эпидемиология лық қадағалау басқармасы болып құрылды. Мекеме бастығы Асхан Отарбеков.
АУДАНДЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІ
Аудан орталығын және елді мекендерді көркейтіп-сәулеттендіруде көптеген жұмыстарды іске асырып келеді. 2008 жылы 35 нысанға сөулет-жоспарлау тапсырмасы дайындалып берілді. Мұның ішінде Бесарық бекетінен 250 орындық орта мектеп, Төменарық ауылдық округіндегі қалқымалы көпір, Жаңақорған кентіндегі коммуналдық базар, Жаңақорған кентіндегі 90 орындық санаторийлік балабақша құрылыстары бар. Сондай-ақ Жаңақорған кентінің бас жоспары мен аудандағы 10 елді мееннің даму сызбалары әзірлік үстінде. Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы болып Зейнулла Әшірбеков қызмет атқарып келеді.
АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ
Жаңақорған аудандық жер қатынастары бөлімі 2006 жылы құрылды. Бөлім жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асырады. Аудан бойынша жер реформасы басталғалы, яғни 1996 жылдан бері жер учаскелерін жеке меншікке мемлекеттен ақы төлеу арқылы 644 жер учаскесі берілген. Аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы Ермахан Әбсаттарұлы Жұмаханов басқарып келеді.
АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ
Аудандық құрылыс бөлімі 2006 жылы құрылған. Аудандық құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады. Аудандық құрылыс бөлімі ҮШ жылдың ішінде жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінген 837015,93 мың теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстарын атқарып, ауыз су бағдарламасы бойынша 68921 метр су құбырын жүргізіп, 2 шахталық құдық, 5 скважина қазып, 10 елді мекен таза сумен қамтамасыз етілді.
-тұрғын үй бағдарламасы бойынша - 20 үй салынып пайдалануға берілді. -электрлендіру бағдарламасы бойынша - 4 елді мекенде 7-КТП орнатылып, электр желілері тартылды.
АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ
Бұл бөлім 2002 жылы құрылды. Елді мекендерде ауыз су құбырларын жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2003-2005 жылдары жас мамандарға арналып 162 тұрғын ҮЙ салынып, пайдалануға берілді. Аудан көлемінде республикалық маңыздағы 105 шақырым, облыстық маңыздағы 117 шақырым, аудандық маңыздағы 166 шақырым автомобиль жолдары бар. Осы көшелердің біраз шақырымдары күрделі, орташа және жәй жөндеулерден өтті. Бөлімде Нұрғали Мінуаров - бас маман, Нұрлан Жүзбаев -жетекші маман, Жамбыл Ыдырысов -есепші. Бөлімді 2002-2006 жылдары Медетбек Сейдахметов, 2006-2008 жылдары Әжімұрат Мұсабекұлы Оразбаев басқарған. 2008 жылғы шілдесінен бастап бөлім бастығы -Орман Айтмағанбетұлы Ахметов.
АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі аудан халқын азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету: нарықтық қатынастарды қалыптастыру және экономикалық басқару әдістерін дамытуда мемлекеттік саясатты жүргізеді. Ауданның негізгі өндірісі ауыл шаруашылығы болуына байланысты, аудан экономикасының дамуына, қай кезеңде де аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің зор ықпалы болды. Егемен еліміздің нарықтық экономикаға көшіп, ауыл шаруашылығы өндірісін жекешелендіру кезеңінде бірде ауылшаруашылығы басқармасы, бірде ауыл шаруашылығы бөлімі болып жұмыс жасаған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі қызметкерлері осы бағыттағы мемлекет бағдарламасын тиянақты жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде жылдан жылға ауданда мал басы өсіп, одан өндірілетін өнім молайып, егін шығымдылығы артты.
АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ БАСҚАРМА
Аудандық аумақтық басқарма 1999 жылы құрылған. Аумақтық басқарма құрамында 7 инспекция жұмыс істейді. Олар –Ве Ветеринариялық инспекция; Фитосанитариялық инспекция; Тұқым инспекциясы: Малды асылдандыру инспекциясы; Мемтехинспекция; Балық инспекциясы; Өсімдік карантин инспекциясы. Аумақтық басқарма осы салалар бойынша қадағалап отырады.
Басқарма бастығы - Қажымұқан Исламұлы Сопыбеков.
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ
1995 жылдың 15 қарашасында Үкімет қаулысымен бұрынғы коммуналдық шаруашылық құрамындағы техникалық инвентаризациялау бюросы (БТИ) бөлініп, облыстарда жылжымайтын мүліктерді бағалау және тіркеу басқармасы, аудандарда аудандық бөлімшелері құрылды. Соның бірі Жаңақорған бөлімшесі. 1996 жылы 15 сәуірде аудандық филиал болып қайта құрылды. «Қызылорда облыстық жылжымайтын МҮЛІК Орталығы» РМҚК Республикалық Мемлекеттік Қазыналық кәсіпорын Жаңақорған аудандық филиалы болып аталады. БҮГІНГІ таңда мекеме ауданымыздағы жылжымайтын мүліктерге қатысты барлық мәселелермен айналысатын бірден-бір мекеме. Атап айтқанда жылжымайтын МҮЛІКТІҢ барлық түрлерін: тұрғын, тұрғын емес ғимараттар, әкімшілік, ауылшаруашылық, өндірістік мақсаттағы ғимараттардың құқығын тіркеу, кепілге қою ҮШІН бағалау, МҮЛІК кепілін тіркеу, сату, сыйға беру, айырбас жасау сияқты мәмілелер жасау, жылжымайтын мүліктерге қатысты ақпараттық анықтамалар беру, есебін жүргізу және жылжымалы мүліктерді (техника, мал, айналымдағы тауарлар) кепілін тіркеу сияқты күрделі жұмыстарымен айналысады. Аудан көлемінде 14 мың тұрғын тіркеліп, техникалық құжат алды. Аудандық филиалды 1996 жылдан бері Медетбек Салбекұлы Тұрысбеков басқарып келеді.
АУДАНДЫҚ
СТАТИСТИКА БӨЛІМІ
1920 жылы 8 қарашада Қазақ Ав-тономиялы Социалистік Реслубликасының Статистика басқармасы құрылған. Алғашында халық шаруашылығының есебін жүргізудің аудандық инспектурасы, кейіннен машина-есептеу станциясы болып құрылған. 1980 жылдан бастап аудандық статистика бөлімі болып аталады. Негізгі атқаратын қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің статистикалық есептерді бекіткен заңды және жеке тұлғаларды жинақтайды, бақылау, зерттеу және санақ жұмыстарын ұйымдастырады.
Аудандық статистика бөлімінің бастығы Болат Құтыбаев.
ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ («БІР ТЕРЕЗЕ»)
2007 жылдың желтоқсан айында Қызылорда қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығының Жаңақорған аудандық филиалы ашылды. Бұл «Бір терезе» қағидатына сәйкес халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің 25 түрі бойынша жұмыс жасайды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу (тіркеуден шығару), жер телімдері туралы, азаматтарға жұмыссыздығы туралы анықтама беру, тағы басқа да көптеген салалар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіп келеді. Мұның өзі әр адамның уақытты үнемдеуін, қажетті құжаттарын бір жерден алып кетуі халыққа тиімділігін, әрі ыңғайлығын көрсетеді. Жаңақорған ауданынының ауылдық округтерінде 2008 жылдың қазан айында Қызылорда қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығының Төменарық, Сунақата, Бірлік өкілдіктері ашылды, онда 4 терезеден халыққа мемлекеттік қызмет көрсетіп келеді. Енді Бесарық, Түгіскен, Қандөз өкілдіктері ашылмақ. Қызылорда қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығы Жаңақорған филиалының жетекшісі Медет Есдәулетұлы Сейілов.
АУДАНДЫҚ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ ТОРАБЫ
2008 жылы ауданда 1766 телефон нүктесі орнатылды . Соның ішінде 50 жене одан да аз халық тұратын 5 елді мекенге телефон құрып берілді. 233 абонент деректерді беру желісі (Ин-тернет мегалайн) жүйесін пайдаланып келеді. Оның ішінде 70-сі заңды, қалған 173-і жеке тұлға. 2008 жылы Жаңақорған кентінде 1000 нөмірлік санды ЗАТС СДМА іске қосылып, бұл 1000 нөмір түгелімен тұтынушыларға пайдалануға берілді, аудан орталығындағы 23-ші ЗАТС 300 нөмірге сыйымдылығын кеңейту жұмыстары жүргізілді. 10 елді мекендегі аналогты АТС сандық АТС-ке ауыстырылып, ЦРРЛ желісіне қосылды. Басқа да елді мекендерге телефондар жеткізілді. Қашқанкөл, Қалғансыр, Қауық, Хорасан, Апанғақ елді мекендері радио ұзартқыш аппаратуралары арқылы түгелімен телефондандырылды. Байланыс жүйесі жақсара ТҮСТІ.
Аудандық телекоммуникация торабының директоры Әшім Төреқожаев.
ТӨЛЕМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ
АУДАНДЫҚ БӨЛІМШЕСІ
Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы облыстық филиалының аудандық бөлімшесі 1997 жылы құрылған. Содан бері зейнеткерлерге, әлеуметтік және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға қызмет жасап келеді. Аудан бойынша барлығы 20850 адамды қамтыған. Бұларға ай сайын 185 млн. 110 мың теңге таратылып беріледі. Төлем орталығының аудандық бөлімшесінің бастығы Балғабай Итаяқов.
АУДАНДЫҚ ПОШТА
БАЙЛАНЫС ТОРАБЫ
Аудандық пошта байланыс торабы мемлекеттік мекеме ретінде аудан құрылған (1928 ж.) кезден бастап, халыққа пошта қызметін көрсетіп келеді. Ауданның елді мекендеріндөгі 17 байланыс бөлімшесі мен 7 пункт арқылы халыққа жердемақы төлеу, мерзімді баспасез таратумен қатар арнайы байланыс қызметін көрсетеді. 1976 жылы жоғары білім алып келісімен осы мекемеде бас есепші болып еңбек жолын бастап, одан соң бас экономист, кейін бастықтың орынбасары қызметтерін абыройлы атқарып келген, Қазақстан Республикасының «Құрметті байланысшы» атағының иегері Қатира Дүйсенбайқызы Қасқабаева 1993 жылдан бері аудандық пошта байланыс торабын басқарып келеді.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ИНСПЕКЦИЯСЫ
1989 жылы аудандық табиғат қорғау комитеті ұйымдастырылып, ол 1993 жылы экологиялық басқарма боп қайта құрылды. Бұл 1999 жылы аудандық қоршаған ортаны қорғау инспекциясы болып қайта өзгерді. 2008 жылғы сәуірден бастап, Арал-Сырдария экология департаментінің Жаңақорған ауданы бойынша өкілетті экологиялық инспекторы болып аталды. Мұның 1989 жылдан 1999 жылға дейін алғашқы төрағасы Ахметов Байкенже болса, 1999 жылдан кейінгі аудан бойынша өкілетті инспекторы Тілеубеков Бақыт.
АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ
Бұл бөлім жұмыссыздарды есепке алып, оларды жұмысқа тарту, қысқа кәсіптік курстарға оқытып алу, жалғыз басты сырттан көмекті қажет ететін мүгедектер мен қарттарды қамқорлыққа алу, 18 жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі мүгедектерге жағдай туғызу, тұрғын үй-коммуналдық жәрдемақы беру, атаулы әлеуметтік көмектермен көмектесу бағдарламалары бағытында тиянақты жұмыстар атқарып келеді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Молдахмет Қожахметұлы Ауанов.
ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕКЕМЕСІ
Жаңақорған орман шаруашылығы мекемесі 1958 жылы құрылған. Қазіргі кезде мемлекеттік орман қоры жері 803112 гектарды құрайды, оның ішінде тоғайлы жері 38548 га, құмды 764564 га. Атқаратын негізгі жұмыстары - орман, сексеуіл қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру жене орман өсіру. Орман және аң, балық өсіру заңдылығын сақтайды.
Орман шаруашылығы мекемесінің бастығы Ермағамбет Ибрагимов.
«ЖАҢАҚОРҒАН СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» ЕНШІЛЕС КОММУНАЛДЫҚ -МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ
Су - өмір нәрі, сусыз өмір жоқ. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. «Судық да сұрауы бар» дейді халық. Біздің аудан халқының маңдайына біткен бір бақыты, ол - Сыр өзені. Осы арқылы Сыр бойының егіні де, малы да өсіп отыр. Осы су байлығын егін шаруашылығына жеткізіп, реттеп беріп отыратын мекеме - аудандағы су шаруашылығы кәсіпорны. Мұның маңызы, әсіресе Түгіскен тыңын игеру кезінде арта ТҮСТІ. Түгіскен өңірінің күретамыры - ұзындығы 86 шақырым үлкен канал қазылды, ол кейін З.Мұсаханов каналы деп аталды. Кезінде аудандық су шаруашылығы басқармасы құрылып, игілікті жұмыстар жасады. Бұған қоса 1987 жылы Жиделі су қоймасы аудандық су шаруашылығы басқармасының балансына берілді. Бұл су шаруашылығы басқармасы қазір «Жаңақорған су шаруашылығы» еншілес коммуналдық-мемлекеттік кесіпорнына айналды. Бұл кәсіпорынның директоры Дәрібай Айдарбеков.
ХАЛЫҚТЫҚ БАНК
Бүгінде халыктың сенімді серігіне айналған Халықтық банк 1932-1934 жылдары Еңбек жинақ касса деп ашылған. 1961 жылы Еңбек дегенді алып тастап Мемлекеттік жинақ кассасы болып аталады. Уақыт көшіне сай соңғы жылдары Жинақ Банкі, Халықтық Банк болып аты өзгеріп отырған. Қазіргі таңда Қызылорда облыстық Халық Банк филиалы Жаңақорған аудандық басқармасы 3664 адамға зейнетақы мен жәрдемақы, 5900 адамға айлық жалақыны ағымдағы шоттар немесе пластикалық карточкалар арқылы таратуда жұмыс жасайды. Банктен халыққа несие беріп жағдайын жақсартуда. Халықтың жинаған ақшаларын арнайы депозиттық шоттарға салып көбейтіп беруде. Ауданның барлық заңды тұлғалары осы Халық Банктің қызметін пайдалануда. Аудандық банкте жалақыларын алуға және де басқада төлемдер жасау ҮШІН 2 дана Банкомат қызмет жасауда. Қызылорда Облыстық Халық Банк филиалы Жаңақорған аудандық басқармасында 11 адам еңбек етеді. Басқарма бастығы Ербол Еркишев.
АУДАН МЕКЕМЕЛЕРІ
Аудандық қазынашылық банкісі - Қалыбаев Дәулет
Мұрағат мекемесі - Әбдіжаппарова Зағипа
Электр қуатын тарату жүйесі - Құрысжанов Еркін
Аудандық әскери комиссариат - Жұматов Ораз.
Аудандық Әділет басқармасы - Ысқақов Төребек
№ 8 Аудандық өрт сөндіру мекемесі - Махашев Ердәулет
Аудандық төтенше жағдайлар белімі - Әбдіреймов Мақсат
Аудандық емхана - Ьісқақов Сәулебек
Аудандық прокуратура - Қожанов Ерлан
Аудандық сот - Жұмағұлов Марат
Аудандық ішкі істер белімі - Нәлібаев Пазылбек
Аудандық балалар емханасы - Байхожина Ғалия
Аудандық қаржы полициясы - Оразгелдиев Сермұхамед
«Мейірім» ЖШС-і дәріханасы - Қарақожаев Қуандық
«Нотариус» мекемесі (жеке) - Әлайдаров Әбушахма
Өсімдіктердің зиянкерлеріне қарсы болжамдар жасайтын
әдістемелік орталықтың аудандық филиалы -
Нақышпанов Асан. Жол полициясы белімшесі - Телегенов Салыхан
Аудандық заң консультациясы -Төлепбергенов Қасымбек
Қаржы бақылау инспекциясы - Насыров Асылхан
Балалар мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталығы -Өтебеков Еркін
«Шиелі жарығының»Жаңақорған филиалы - Амалбеков Жасұлан «Қызмет Жаңақорған» КМК -Әнуарбеков Анарбек
Аудандық тұтынушылар одағының қазіргі саласы - Тұрсынбаев Ибадулла.
ДЕНСАУЛЫҚ - ТЕРЕҢ БАЙЛЫҚ
«Денсаулық -терең байлық» дейді халық. Тән саулығы - жан саулығы. Адамның саулығы - қоғамның саулығы. Олай болса, денсаулық - әлеуметтік байлықтар негізі. Елбасының денсаулық саласын үнемі назарда ұстап, «ауруды емдеуден гөрі, оның басымдығы ретінде алдын алып, алдын ала диагностика жүргізу мен анықтау, емдеу секілді бағдарламаны қабылдау қажет» деуі де сондықтан. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген осы болса керек-ті. Қазіргі кезеңде денсаулық сақтауды дамытудың басым бағдарламасын тездетіп жүзеге асыру қолға алына бастады. Қысқа мерзімде іске асырылатын «ЖҮЗ Мектеп, ЖҮЗ аурухана» бағдарламасы көптің көңілінен шықты. Халықтың денсаулығын сақтауда және салауатты өмір салтын насихаттауда аудан медицина қызметкерлерінің де еңбегі зор болды. Молдахмет Бақбаев, Егенберді Әмитов, Жалғасбек Қалкөзов, ерлі-зайыпты Бектұрсын Нысанбаев пен Мәрия Жұмағалиева, Зұлқарнай Ысқақов пен Гүлбарам Ысқақова, Базарбай Жүсіпов пен Роза Мұсахметова, Қалаш Басқожаев, Фатима Момбекова, Асылбек Тоғызбаев, Жұмабек Сейітмұратов, Ғабит Үйсінбаев, Сұлтанбек Әлқожаев, Өтеп Бердиев, Дүрия Исманова, Зәуреш Тілепбаева, Сәулебек Ысқақов, Тәңірберген Әмитов, Ғалия Теребаева, Ерғабит Ильясов, Сәкен Үсейінов, Зере Хайникеева, Нұрдылда Телипов, тағы басқа да кептеген медицина қызметкерлерінің есімдерін ел жақсы біледі. Ауданда аудандық аурухана, аудандық емхана, туберкулезге қарсы күресу диспансер!, тері-жіңішке аурулар диспансері 7 ауылдық аурухана, 4 жанұялық дәрігерлік емхана, 14 фельдшерлік акушерлік бекет, 8 фельдшерлік бекет және 4 ғимаратсыз медициналық жүйе жұмыс жасайды. Ауданның емдеу, алдын алу мекемелерінде 100 жоғары білімді дәрігер, 532 орта буынды медицина және 303 кіші буынды қызметкерлер бар.
Дәрігерлердің 6 жоғары, 24 бірінші, 18 екінші санаттық дережесі бар. Аудандық емхананың (бас дәрігері Сәулебек Ысқақов, орынбасары Жақсылық Абдусаметов) 3 бөлімі - терапия (меңгерушісі Дариха Есимова), балалар бөлімі (меңгерушісі Ғалия Байғожина), тар буынды мамандар бөлімі (меңгерушісі Ділді Медетова) халыққа қызмет жасайды. Аудандық емханада қызмет жасайтын 33 дәрігер 19 ма-мандық бойынша мамандандырылған. 8 терапиялық аймақ бар. 7 терапевті, 1 жасөспірімдер дәрігері ЖҮМЫС жасайды. Аудандық ауруханада 23 жоғары білімді дәрігер, 152 орта буынды медицина қызметкері, 108 кіші буынды қызметкер жұмыс жасайды. Жоғары білімді дәрігерлердің 2 жоғары, 11 бірінші, 1 екінші санатты дәрігер болса, орта буынды медицина қызметкерлерінің 4 жоғары, 25 бірінші, 35 екінші санатты. Аудандық аурухана 190 орындық жаңа үлгідегі ғимаратқа көшті. Аурухана кейінгі жылдары жаңа аппаратуралармен жабдықталған. 2008 жылы телемедицина орталығы ашылып, жұмыс істеді. Бұл дегеніңіз, ауруды осы жерде қарап, түсініксіз жағдай болса кез келген орталықпен теледидар арқылы байланыс жасап, кеңес алып, дұрыс ем жасауға мүмкіндік туған деген сөз. Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, жоғары санатты дәрігер Тәңірберген Әмитов.
Бөлімдері:
Хирургия - Сұлтанбек Әлқожаев, Терапия - Зәуреш Тілепбаева, Балалар бөлімі - Ханзада Байниязова, Перзентхана - Сәуле Бектұрғанова, ЖҮКТІЛІК патология - Базарбай ЖҮСІПОВ, Жұқпалы аурулар - Алмагүл Төреқожаева, Жандандыру - Ғалия Төребаева, Жедел жәрдем - аудандық мәслихаттың депутаты Ғабит Үйсінбаев, Шаруашылық - А.Беркімбеков, Гараж меңгерушісі -Әбутәліп Құдайбергенов.
ТЕРІ-ЖІҢІШКЕ АУРУЛАР ДИСПАНСЕРІ
1973 жылдан бастап аудандық емханада дерматовенеролог кабинеті ашылып қызмет көрсете бастаған. Кабинет меңгерушісі болып Өтеп Бердиев жұмыс істеді. 1921 жылы Жаңақорған тері венерологиялық диспансері болып ашылған, бас дәрігері болып Өтеп Бердиев тағайындалған. 1994 жылы медицина саласындағы реформаға байланысты диспансер қайта таратылып, аудандық аурухана құрамындағы бөлім болып қалды. 2000 жылы көкек айынан бастап тері - жіңішке аурулар диспансері болып қайта құрылып, бас дәрігері болып Өтеп Бердиев тағайындалып, 2006 жылы қаңтар айына дейін жемісті еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. 2006 жылдан бастап І дәрежелі ұйымдастырушы-дәрігер Сәкен Үсейінов бас дәрігер болып тағайындалды. Аудан халқына құрамында 25 төсектік стационар, емхана серологиялық, бактериялогиялық, клиникалық - зертханасы бар аудандық тері-жіңішке аурулар диспансері қызмет көрсетеді. Бөлім меңгерушісі 30 жыл Шиелі аудандық тері-жіңішке аурулар диспансерінің бас дәрігері болып абыройлы қызмет атқарған РЫСКҮЛ Әйменова болса, медбикелері Күлшат Мамирова, Зұлпия Жұпарбаева, Хасия Әбсаттарова, Ардақ Мәуленовалар жемісті еңбек етіп келеді.
АУДАНДЫҚ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС АУРУХАНАСЫ
Аудандық туберкулезге қарсы күрес ауруханасы 1963 жылы ашылды. Бұл кұнде аурухананың материалдық-техникалық базасы жақсара ТҮСТІ. Амбулаториялық емдеу, ауруларды алдын ала байқау, егу ЖҮЙӨЛІ жүргізіліп келеді. Ауру бұрынғы жылдармен салыстырғанда азая ТҮСТІ.
Аурухананың бас дәрігері Ерғабит Ильясов.
Өзінің шипалық емімен кезінде Одақ көлеміне танымал болған емдеу орын дарының бірі - Жаңақорған санаторийі Санаторий аудан орталығынан екі шақырым жердегі «Теріскен» көлінің жағасына темір жол бойына орналасқан. «Теріскен» көлінің шипалы балшығы мен тұзды суы өте ерте кезден белгілі болғанымен, Жаңақорған санаторийі 1918 жылы ашылған. Санаторийдің негізгі емдік қоры осы «Теріскен» көлінің шипалы қара батпағы мен тұзды суы болып табылады. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұнда әскери госпиталь орналасып, мыңнан аса жаралы жауынгерлерді емдеп шығарған. «Теріскеннің» шипалы қара батпағы мен тұзды суының табиғи мол қоры бар. Тіпті мұның шипалы қара батпағын бірқатар профилакторийлерге тасып апарып, емдікке пайдаланып келген. Санаторийде кейбір маусымда 700 адамға дейін жатып емделетін болған. Қазіргі кезде емделушілер саны ықшамдалған. Соңғы кездері санаторий аумағында жер астынан емдік қасиеті жоғары, сапалық жағынан атақты Сарыағаш курортындағы минералды су құрамымен бірдей су көзі табылып, ішкі ауруларды емдеу ҮШІН пайдалануға берілді. Жаңақорған санаторийі өзінің қасиетті қара батпағы мен тұзды суы арқылы сүйек-буын ауруларын, остеохондроз, нерв жүйелерінің ауруларын, әйелдер жыныс ауруларын, бедеулік індеттерін, еркектердің созылмалы простатитін, басқа да жел-құз ауруларын емдеп жазады. Емге қолданылатын тұзды су құрамында калий, магний, натрий, хлор, тағы басқа элемент иондары кездеседі. Ал жаңадан табылған Жаңақорған минералды суы асқазан-ішек жолдарының ауруларын - гастрит, бауыр мен өт жолдарын жуу, тоқ ішек ауруларын, бүйрек ауруларын, ондағы тастарды еріту, қант ауруларын, түрлі жараны емдеуге қолданылады. Санаторийде су және батпақпен емдеу корпусы, тіс емдеу, денені үгу, физиокабинеттер бар. Бес қабатты жене екі қабатты жақсы жабдықталған, жатақхана корпусы, сондай-ақ жеке салынған үйлер бар. Клуб, кітапхана залдары, би алаңы жұмыс істейді. Бір мезгілде тамақтанатын 2 асханасы бар. Жазда саялы көлеңкелі бауы көз тартады. Елуінші жылдардан бері қарай Жаңақорған санаторийінің бас дәрігері болып Ж.Жұмағұлов, Ш.Омаров, А.Нәбиев, Қ.Әшірбеков, Е.Әмитов, С.Үсейінов атқарып келді. 1997 жылғы сәуірден бастап Жаңақорған санаторийі акционерлік қоғамға айналды. Жаңақорған санаторийі акционерлік қоғамының президенті болып, аудан шаруашылықтарында көп жыл басшылық қызмет атқарып келген Аманкелді Абдуллаев сайланды. Санаторий директорының емдеу жөніндегі орынбасары, жоғары білімді білікті хирург Молдахмет Ысқақов. Аманкелді Абдуллаев өтпелі кезеңнің қиындығынан жабылу алдында тұрған Жаңақорған шипажайына өзінің қаржысын (инвестиция) салып, оны қайта аяғынан тұрғызып, халықтың денсаулығын жақсартуға үлкен үлес қосты. Кезінде «Өзгент», «Бірлік» кеңшарларының директоры болған, шаруашылықтардың да экономикасын көтеріп елге танылған Аманкелді шипажайды екі-үш жылдың ішінде республика көлеміндегі ең көп тынығушылар емделетін, демалатын орынға айналдырды. Ем алатын корпус пен демалатын корпустардың арасын жан-жағы, төбесі жабық жолдармен қосты. Жаңа асхана салынды. Корпустардың аулалары гүлзармен көмкерілді. Емделушілер жатып тынығатын басқа да үлкен корпустар салып қосты. Аманкелді Абдуллаев аудандық Мәслихаттың депутаты болған. Ол Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы.
«АҚШУАҚ» ШИПАЖАЙЫ
Жаңақорған шипажайының үлкен де кең ауласы ішінен емделушілер жатып демалатын жаңа корпустармен толыға түсуде. 2008 жылы 60 орындық люксті екі қабатты «Ақшуақ» шипажайы ашылып, пайдалануға берілді. Тұрақты ыстық , мұздай суы, душы бар. Телефон орнатылған. Демалушылар сол корпустың өзінде тамақтанады.
«СУНАҚ АТА» ШИПАЖАЙЫ
Құлтас Әшірбеков Алматы Мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған маман. Ол 1970 - 1979 жылдары аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, аудандық тубдиспансердің бас дәрігері, 1979-1985 жылдары Жаңақорған шипажайының бас дәрігері, ал 1985-1999 жылдары Алатау бөктеріндегі «Түркісіб» шипажайының бас дәрігері қызметтерін абыроймен атқарып келді. Ол кейінгі кездері білікті кәсіпкер ретінде аудандық аурухана мен Жайылма, Бірлік ауылдық ауруханаларына қайырымдылық көмегін көрсетті. Жаңақорған кентінің күншығыс жақ бетінің іргесінде жатқан тұзды көлдің емдік қасиетін жергілікті тұрғындар күні кешеге дейін жабайы түрде пайдаланып келген еді. Осы тұзды көлді пайдаланып курортолог-кәсіпкер Құлтас Әшірбеков өзінің жеке қаражатымен қазіргі заманға сай 200 орындық «Сунақ Ата» шипажайын ашуды қолға алды. Сөйтіп, тұзды көлді қоршап, бір мекеменің көлге жақын демалыс ҮЙІН сатып алып, оны күрделі жөндеуден қайта өткізіп қалпына келтірді. ЕндІ айналасына қызмет көрсету орындары салынып, ағаштар отырғызылмақ. Сейтіп, бұл да бір шипалы ем беретін орынға айналмақ. Жаңақорғандағы осындай шипажайларға келген адамдар әрі ем алады, әрі демалады.
СПОРТ - ЕЛ НАМЫСЫ
Спорт - ел намысы. Спорттың беделі - оның жетістігімен өлшенеді. Әлемдік жарыстарда ҮЗДІК жеңістерге жетіп Еліміздің Туын желбіретіп, Әнұранын кекке самғатып жүрген спортшыларымыз аз емес. 2008 жылы Қытай мемлекетінің астанасы Бейжіңде өткен XXІX Әлем Олимпиадасында 200-ден аса мемлекет арасында қазақстандық спортшылар өздерін бүкіл дүниеге таныта білді. Спорттың 22 түрінен 132 спортшы қатысқан Қазақстан командасы 2 алтын, 4 КҮМІС, 7 қола-барлығы 13 медаль жеңіп алып, әлемде 29-шы, Азияда 4-ші орынды иемденді. Алтын медальді жеңіп алған боксшы Бақыт Сәрсекбаев Олимпиада чемпионы болса, енді Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері атанды, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына ие болды. Ал Алтын медальды жеңіп алған Олимпиада чемпионы, қызылордалық жерлесіміз Илья Ильин зілтемірді кетеруден ең жас Әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енсе, енді Қызылорда облысының Құрметті азаматы атанды. Осы Бейжіңде еткен XXІX жазғы Олимпиадаға Жаңақорғандық жерлесіміз, «Бірлік» ауылының түлегі, еркін күрестен Республика чемионы Германиядағы әлемдік жарыстың КҮМІС жүлдегері Жасұлан Мұхтарбекұлы да қатысып КҮШ сынасты. Сондай-ақ алыс-жақын шет елдерде өткен жарыстарда тұғырлы орындарда көрініп жүрген халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жаңақорғандық жерлесіміз, № 166 Екпінді орта мектебінің түлегі Алмас Өтешев 2008 жылы қараша айында ОҢТҮСТІК Кореяның Чонджоу қаласында зілтемір көтеруден өткен жастар арасында Азия біріншілігінде чемпион атанып, елге оралды. 2008 жылы облыстың «Қайсар» футбол командасы ҮШІН табысты жыл болды. «Қайсар» - республикадағы 16 футбол командасының ішінде ойынның жыл қорытындысында көп ұпай жинай отырып, ойып тұрып 4-ші орынды алды. Бұл «Қайсар» тарихында болмаған жеңістің жемісі еді. Ал енді осы команданың басқа ойыншыларымен бірге жерлесіміз, қақпашы Ахмет Әбушахманұлы Әлайдардың да еңбегі ерекше. Ол өткен ғасырдың соңғы онжылдығында жас Ахмет Жаңақорған кенті орталығындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы Тұрсынхан Мұсаевтан дәріс алған. Сондай-ақ Ахметтің туған ағасы Ақеділ де Түркістанда футбол шабуылшысы болды. Ахмет № 110 орта мектептің түлегі. Спорт шеберлігіне кандидат Ахмет қазір «Қайсар» футбол командасының белсенді қақпашысы. Ауданда дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық іс жылдан жылға жақсарып келеді. Бұл салада ауданда 45 ұйым жұмыс істейді. Ауданда 241 спорт ғимараты болса, мұның ішінде 1 орталық стадион, 1 спорт сарайы, 29 спорт зал, 19 тир, 23 шағын қосымша спортпен шұғылданатын бөлме, 166 спорт алаңы бар. 2896 адам спорттың 15 түрімен тұрақты шұғылданады. Бұған қосымша 36 адам ат спортымен айналысады. 2007 жылы ауданнан Қазақстан Республикасының 4 чемпионы, 12 КҮМІС, қола медаль иегерлері, 1 Азия ойындарының қола жүлдегері ,1 Еуразиялық ойындарының қола жүлдегері шықты. Жыл ішінде 3 адам спорт шебері атағын алса, спорт шеберлігіне үміткерлер саны 8- ге жетті. Ауданның бірқатар спортшылары облыстың, республиканың намысын қорғау жарыстарына қатысып жүр. Аудандық балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектебінің Төменарық, Сүттіқұдық және Қыркеңсе ауылдарында филиалдары жұмыс істесе, ал Түгіскен ауылында спорт мектебі бар. Жастарды футбол ойынына баулуда аудандық спорт мектебінің бірінші дәрежелі жаттықтырушысы Тұрсынхан Мұсаевтың еңбегі зор. Ол бұл салада жиырма жылдан бері айналысып келеді. «Бір атаның балалары доп ойнайды» атты республикалық турнирде (2003 ж.) 44 команданың ішінде 1-ші орынды жеңіп алып, аудан атын республикаға танытты. Кезінде студенттер арасында өткен жарыста бокстан Ресей чемпионы болған, Спорт шеберлігіне кандидат Құрбаш (Құрбанай) Сарқұловтың еңбегі де ерекше. Ол жаттықтырған Руслан Шайдаров, Бейбіт Рыспанбетов республика чемпионы болса, Самат Нұрекеев, Камалжан Нақышпанов, Асхат Сайдинов, тағы басқалары әртүрлі турнирлерде топ жарып, көзге түскендер. Қазір ол 50 шәкіртті баулуда. Аудандық спорт мектебінің жаттықтырушылары, еркін күрестен - Илман Изатов, Серік Әбдімәуленов, Қайназар Байтеміров, қазақ күресінен - Берікқазы Әуесбаев, Әбдісаттар Садықов, волейболдан-Ғазиз Құламетов, Батырқожа Бабаев, Еркін Бекаев, баскетболдан - Қанат Айдаровтар тындырымды жұмыс жасауда. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімін 2006 жылдан бері, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерекелк медалінің иегері Өмір Рысбеков басқарады. Ал қырық жылға жақын тарихы бар аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2001 жылдан бергі директоры Әбдіғаппар Әшімов.
«ОҚУСЫЗ БІЛІМ ЖОҚ,
БІЛІМСІЗ КҮНІҢ ЖОҚ»
Қай халықтың болмасын, болашаққа бет түзеген көш-керуенінің елге қажетті бір саласының алғаш бұйдасын ұстап, жетекке алған тұлғалары болады. Қазақ даласында ағарту саласының тұңғыш бұйдасын ұстаған сондай тұлғалардың бірі, тұңғыш ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин: -Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар, - деген болатын-ды. Ал сол шырақ боп жанатын білімді беретін мектептің жүрегі - Мұғалім екендігін де айтқан Ыбырай Алтынсарин. Осыған орай, халқымыздың «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деуі де сондықтан. Елбасы Н.Назарбаев «бастауыш және орта білім беру мен мамандарды қайта даярлау жүйесінің әлемдік стандартқа жақындату қажеттігін» айтты. Алдағы үш жылда білім берудің тиімді инфрақұрылымын аяқтау жүктелді. «100 мектеп,
100 аурухана» бағдарламасы игі тірлікті жеделдете ТҮСТІ.
Ауданда 36 орта, 6 орталау мектеп пен 1 өнер мектебі, 1 кәсіптік мектеп және 1 спорт мектебі жастарға білім беріп, өнерге баулып, мамандық беруде. Аудандағы орта және орталау мектептерінде 15922 оқушы оқыса, бұларға 2131 мұғалім сабақ береді. Бұлардың ішінде жоғары білімдісі - 1830, аяқталмаған жоғары білімі бары -82, арнаулы орта білімдісі - 219 ұстаз. 2008 жылы 909 оқушы мектепті бітіріп шықса, мұның ішінде 216 оқушы грантқа ие болды. Мектептегі 4 интернатта 374 оқушы жатып оқиды. 42 мектеп компьютерленген. 35 мектепте интерактивті тақта бар. 2001-2008 жыл ішінде жаңадан 10 мектеп салынып оқушылардың игілігіне берілсе, «Кеңес» ауылы мен Жаңақорған кентінде және «Кейден» ауылында жаңа мектептер іргесі көтеріле бастаса, Жаңақорған кентінде 90 орындық балабақша салынады. Ауданда шығармашылықпен айналысып жүрген мұғалімдер де аз емес. № 223 Төменарық орта мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Әбдәкәмал Дүйсебаевтың «Саған деген махаббатым», «Ауыл әуендері», «Туған жер» атты жыр жинақтары шықса, осы мектеп директорының кәсіби бағдар беру жөніндегі орынбасары Қанат Жүрсін жыр мүшәйраларының жүлдегері болса, мұғалім Шәрбану Жиенбаева бірнеше әсем әндердің авторы. № 162 Қожамберді орта мектебі директорының кәсіби бағдар беру жөніндегі орынбасары, Елбасы Н. Назарбаевтың Алғыс хатының иerepі Ақтолқын Әуешова аудандық, облыстық мүшәйраларда көрініп жүрген болса, Манап ауылындағы орта мектептің мұғалимасы Ұлзира Хұсейнова айтыс ақыны, ал Түгіскен ауылындағы мектептің мұғалімі Құлахмет Нәлтаев композитор. «Астана - 10 жыл» мерекелік медалінің иегері, № 194 Сунақата орта мектебінің мұғалімі Әмидулла Дәулетов «Тригонометриялық функциялар» ұғымын ұтымды тәсілдерін зерттөу нәтижесінде «Сығанақ дөңгелегі» атты дидактикалык құрал жасап шығарды. Елбасы Н.Назарбаевтың Алғыс хатының иегері, № 51 М.Қаратаев атындағы орта мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы женіндегі орынбасары Талғат Нақипов «Жаңашыл әдіскер» номинациясының жеңімпазы, № 53 А.Д.Романов атындағы орта мектептің мұғалімі Сәуле Ильясова өлеңді орыс тілінде жазатын ақын. Өздерінің кәсіби мамандығын шығармашылықпен ұштастырып жүрген басқа да ұстаздар аз емес.
№ 3 МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ
Малшы балаларын оқытып, тәрбиелеу мақсатында аудан орталығынан 280 балалық № 3 сегізжылдық мектеп-интернат 1963-1964 оқу жылында ашылды. Мектеп-интернатты 1963 жылдан 1980 жылға дейін «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалім» , білімді ұстаз Әбіласан Әшірбеков, бұдан соң Фатима Тілеубаева, 1981-2001 жылдары Арасат Фейзулдаев басқарды. 2001 жылдан бері бұл мектеп-интернаттың директоры - «ҚР білім беру ісінің» үздігі, Ы.Алтынсарин және «Ерен еңбегі ҮШІН» медальдарының иегері, аудандық мәслихаттың депутаты болған, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы Зинабдин Шермағанбетов. Бұл мектеп-интернаттан талай жастар білім алып, тәрбиеленіп шығып, өмірге қанат қақты, елге қызмет етті. Республиканың Мәдениет қайраткері, композитор-әнші, ақын Нұрберген Тастаев, республикалық ақындар айтысының жүлдегері, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Әбілхайыр Сыздықов осы мектеп-интернаттың түлектері. Соңғы жылдары мектеп-интернаттың білім сапасы арта ТҮСТІ. Оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нетижесі бойынша 2002-2003 оқу жылында республикадағы ҮЗДІК 50 мектептің бірі болса, облыста 1-орынды иеленді. Келесі оқу жылында республикадағы ҮЗДІК 32 мектептің бірі болды. Ал 2006-2007 оқу жылында ауданда 2-орын, облыста 6- орын, республикадағы ҮЗДІК 44 мектептің бірі болып шықты. Жыл сайын мектепті бітірген тілектердің (2002-2008 жылдары) 53-85 пайызы арасында мемлекеттік грантқа ие болған. Бірқатар оқушылар республикалық пәндік олимпиадалар мен байқаулардың жүлдегерлері атанды. Осындай сүйсінерлік табыстардың барлығы да ұстаздардың еңбегінің арқасында екендігі сөзсіз. Бұл жөнінде мектеп директоры тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ҚР оқу ісінің ҮЗДІГІ, облыстық «Алтын глобус» иегері Ұлбосын Төлеу, озат ұстаздар Гүлнар Әлібекова, Гүлнар Байкенжеева, Күлпан Дәнебекова, Гүлнар Әйтілеу, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Шолпан Мәжитова, тағы басқа да ұстаздарды айтар едік.
МӘДЕНИЕТСІЗ, ӨНЕРСІЗ, ӘНСІЗ ӨМІР МӘНСІЗ
Қай заманда болмасын, мәдениеті кенже дамыған ел, мәдениеті төмен халық болуы МҮМКІН, ал мәдениеті жоқ ел, мәдениетсіз халық болған емес, болмайды да. Білімдарлығымен аты шыққан академик С.Д.Лихачев кезінде, үлкен бір мінбеге шығып сөйлеген сөзінде былай деген еді: «Қоғамда мәдениет болмаған жерде адамгершілік те жоқ. Ал қарапайым адамгершіліксіз әлеуметтік, экономикалық заңдар да әрекет етпейді, жарлықтар орындалмайды және қазіргі ғылым да өмір сүре алмайды». Ал Түрік елінің тұңғыш Президенті Кемал Ататүрк бір сөзінде : «Мәдениеті кемшін халық бір көзі соқыр, бір қолы шолақ, бір аяғы ақсақ мүгедек адамға ұқсайды,» - деген екен. Демек, адамдарды ізгілікті, ақылды, рухани жандүниесі бай, парасатты, адамгершілігі мол жандарға айналдыратын да мәдениет. Олай болса, қашанда мәдениетті елдің - туы биік, мәдениетті елдің - мерейі үстем болмақ. Кез келген мемлекет дамуының тарихи жолы мен қазіргі кезеңдегі ерекшелігі оның экономикалық және саяси жағдайымен ғана емес, материалдық және рухани мәдениетінің деңгейімен да анықталады, ал оның рөлі мен маңызы өлшеусіз. Бұл аса маңызды мәселе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көңілінен тыс, көзінен әсте таса болған емес. 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» , 2003-2005 жылдар «Ауыл жылы» деп аталса, 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы қабылданса, бұл бағдарлама 2007-2009 жылдарға созылды, бұл одан әрі де жалғасы түсері сөзсіз. Аудандық мәдениет жене тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Әбілхайыр Әбілиаттаұлы Сыздықов.
Ал енді адамның бойына қуат, ойына нәр беретін, жігеріне жігер косатын кітаптың ұлылығы ұшан-теңіз! Жиырма төрт жасында тас соқыр боп қалған орыс жазушысы Николай Островскийді өлімнен аман алып қап, өмірге қызықтырған - кітап! Екінші класт(сыныпты) бітірер-бітірместен-ақ ауыр дертке шалдығып, жиырма бес жыл төсек тартып жатып қалған аралдық Зейнолла Шүкіровты тағдыр қыспағынан өмір ұшпағына алып шығып, оны қарымды қаламгерге айналдырған - кітап! Бір аяғын оқыста комбайнға шайнатып алып, аяғынан айырылған шиелілік Жадыра Таспанбетованы комбайн штурвалына қайта отырғызып, кеудесінде «Алтын Жұлдыз» медалін жарқыратқан да - кітап! Сан ұрпақты өзінің мөлдір тұнығынан сусындандырып, олардың сана-сезімдері мен ой-толғамдарын нұрландырып келе жатқан да - осы кітап! Аудандық кітапханалар жүйесінде 36 кітапханашы жұмыс істейді. Оның ішінде 1 аудандық кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы, 2 кенттік кітапхана, 32 ауылдық кітапхана бар. Аудан кітапханаларының кітап қоры - 389281 дана, оның 213109 данасы қазақ тіліндегі әдебиеттер. Оқырмандар саны - 27669, кітап берілімі - 513364.
Кітапханаларда мәдени-көпшілік шаралар жүйелі өткізіліп тұрады. Аудандағы 54 кітапханашының 19-ы жоғары білімді болса, 31-інің арнаулы орта білімі бар мамандар. Ауданда 1 аудандық пен 1 кенттік мәдениет ҮЙІ, 26 ауылдық клуб, 6 халықтық атағы бар ұжым,3жылжымалы мәдени кешені,2 шығармашылық өнер мектебі және 1 ойын-сауық отауы халыққа мәдени-көпшілік қызмет көрсетіп келеді.Бұл мәдени ошақтарында 171 өнерпаз иелері жұмыс істейді. Мәдениет пен өнердің есігін көрінген көк аттылар аша бермейтіні белгілі. Олай болса, бұлардың бірі әнші, бірі КҮЙШІ, бірі биші, бірі термеші, бірі ақын, бірі композитор. Бұлар ауылдар мен елді мекендерде өнер көрсетсе, мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарда көңілді кештер өтіп тұрады. Түгіскен ауылындағы Құлахмет Нәлтаев жетекшілік ететін ұлт-аспаптар оркестрі мен белгілі қобызшы Бұрхан Мұхамеджановтардың, Оразғали Бидашевтардың жанұялық ансамбльдері кезінде өз өнерлерімен көрінді. Қазақстанның Халық ақыны М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет ҮЙІ (директоры Мәдениет Тотаев) мен С.Қожанов атындағы «Арман» калалық мәдениет ҮЙІ (директоры КҮЛӘН Әбілтанова) және 26 ауылдық клуб, аудандық орталықтандырылған кітапхана (директоры Зеуреш Шоманова) мен балалар кітапханасы (меңгерушісі Роза Еркішева) және 36 ауылдық кітапхана, сондай-ақ халықтық атағы бар 6 өнер ұжымы халыққа мәдени қызмет көрсетіп келеді. С. Қожанов атындағы кенттік Мәдениет ҮЙІ 1973 жылы пайдалануға берілді. Мәдениет үйінде әдіскерлер Рыскүл Ұлықпанова, Шәки Қарабекова, еншілер Сайран Ділманов, Талап Тотаев халыққа қызмет көрсетеді. Сондай-ақ Мәдениет үйінде аудандық кітапхана мен өнер мектебінің филиалдары жұмыс істейді.
ЖАҢАҚОРҒАН ХАЛЫҚ ТЕАТРЫ
Жаңақорған халық театрының негізі 1961 жылдан талантты өнерпаз Мәриям Райшеваның режиссерлік етуімен, драма ұжымының алғашқы қойған репертуарларынан басталды. Драма үйірмесінің негізін қалап, шаңырағын көтеруде ақын Манап Көкенов, әнші Есіркеп Қоңқабаев, тігінші Әнуар Мүлкайдаров, мұғалім Әнуар Мәженов, кітапханашылар Зада Исаева, Зияш Сейтпанова, кейінірек қосылған өнерпаздар Жәдігер Тұрсынов, Гүлнар Байтөреева, Қуат Алдабеков, Халима Ибрагимова, КҮЛӘН Әбілтанова, Шолпан Садуақасова, Мұсахан Үсейінов, Қуат Мырзабаев, тағы басқалардың еңбектері зор болды.
Жаңақорған драма ұжымы 1967 жылы Халық театры атағын алды.
Халық театрының қазіргі режиссері, талантты өнерпаз Ролан Бахтыбаев.
«ДАЛА ЖҮЛДЫЗДАРЫ» ХАЛЫҚТЫҚ МӘДЕНИ-ҮГІТ БРИГАДАСЫ
Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкеновтың басшылығымен және оның алғаш рет жазған «Дала жұлдыздары» атты сценариімен аудандық мәдениет ҮЙІ жанында мәдени-үгіт бригадасы ұйымдастырылды.
«Дала жұлдыздары» мәдени-үгіт бригадасы
1971 жылы р е с п у б л и к а л ы қ байқауға қатысып, оның 1-дәрежелі жүлдесіне ие болды. Бүкілодақтық,республикалық байқаулардың бірнеше рет лауреаты атанды. 1983 жылы бригада ұжымына «Халықтық мәдени үгіт бригадасы» деген атақ берілді. 1987 жылы бригада республикалық өнер сайысында 1 орынды жеңіп алып, 1988 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық байқауға қатысып, «Агитатор» журналының дипломына ие болды. Режиссері - Қалтай Арқабаев.
«ЭКСПРЕСС» ХАЛЫҚТЫҚ ӘН-БИ АНСАМБЛІ
«Экспресс» ән-би ансамблі алғаш рет енерпаз Махмуд Әуезовтың ұйымдастыруьімен 1972 жылы Жаңақорған қонысындағы № 1 автотранспорт кәсіпорны жанынан құрылды. Ән-би ансамблі 1981 жылы аудандық мәдениет ҮЙІ қарамағына берілді. 1988 жылы «Экпресс» ән-би ансамблі Халықтық деген құрметті атаққа ие болды. Ансамбль 1989 жылы республикалық «Алтын алма» фестиваліне қатысып, теледидардан өнер көрсетті. Ансамбль өнерін дамытуда кезінде Махмуд Әуезов, Бексұлтан Байкенжеев, Уәли Ибрагимов, Ермек Құланбаев, Дүйсен Сыздықов , Әбдірейім Өміров, кейінгі кездері Әйткүл Камалова, Қалтай Арқабаев, Рыскүл Ұлықпанова, Талап Тотаев, Кенже Ибрагимов, Серік Жаңабеков, Гауһар Бидашева, Кенже Әкімбаева, Нұрлан Бабажановтар еңбек сіңірді. Қазір ансамбльдің көркемдік жетекшісі - Нұржан Ержігітов.
ӘЛШЕКЕЙ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҚ ҰЛТ-АСПАПТАР ОРКЕСТРІ
Әлшекей атындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің негізі 1987 жылдан бастап қаланған болатын. Бұл оркестрге Құрманғазы атындағы консерваторияның түлегі, сазгер Бәден Айсынов жетекшілік етіп келді. Оркестр 1989 жылы Халықтық атаққа ие болды. Талап ауылындағы бұл оркестрдің тұрақты 55 мүшесі бар. Олар ауыл өнерпаздары, мектеп оқушылары, мұғалімдері. Қазіргі көркемдік жетекшісі Сырым Айсынов.
АЙСЫНОВТАРДЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ-ЖАНҰЯЛЫҚ АНСАМБЛІ
Айсыновтар жанұяық ансамблінің негізі 1985 жылы қаланды. Көркемдік жетекшісі-Бәден Айсынов. Шаруашылықтар мен елді мекендерде өнер көрсетіп, көрермендердің құрметіне бөленіп жүрген «Айсыновтардың жанұялық ансамбліне» 1992 жылы Халықтық атақ берілді. 1993 жылы қыркүйекте Павлодар қаласында өткен жанұялық ансамбльдердің республикалық байқауында «Айсыновтардың жанұялық ансамблі» 1 орынды жеңіп алып, дипломға ие болды.
Ансамбль құрамында 11 мүше бар.
«ЖАҢАША» ОЙЫН-САУЫҚ ОТАУЫ
«Жаңаша» ойын-сауық отауы 1988 жылы ұйымдастырылды. Бұған жоғары білімді, талантты өнерпаз Қалтай Арқабаев жетекшілік етеді. Бұл ойын-сауық отауының төңірегіне сын-сықаққа, әзіл-қалжыңға, ән-биге бейімі бар талантты жастар топтастырылған. Бұлардың қатарында Қалтай Арқабаевтан бастап, Гүлнар Байтөреева, Казбек Башаров, Құралай Мұсахметова, Рыскүл Ұлықпанова, Абай Камалов, Мөдениет Тотаев, Қуат Мырзабаев сияқты талантты өнерпаздар бар.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ АҚЫНЫ МАНАП КӨКЕНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨНЕР МЕКТЕБІ
Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкеновтың шығармашылық өнер мектебі 1987 жылы құрылтай жиналысының қаулысымен қоғамдық негізде құрылды. Бұл мектеп сол жылы аудандық партия комитеті мен аудандық Кеңес атқару комитетінің біріккен шешімімен заңдастырылды. Мектептің өз жарғысы қабылданды.
1990 жылдан мектеп директоры - жазушы Адырбек Сопыбеков.
Шығармашылық өнер мектебінің басты мақсаты ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді, өнерімізді, әсіресе Сыр бойы және Жаңақорған өңірінде туып өскен әдебиет пен мәдениет, өнер иелерінің шығармашылығын насихаттау, мәдениет мұраларын жинақтау және жастарды өнерге баулу мен таланттыларды табу, сондай-ақ халық ақыны Манап Көкеновтың шығармаларын жинақтап жарыққа шығару, оның жол салып кеткен айтыс өнерін дамыту болып табылады. Осы бағытта жұмыстар жүргізіліп келеді.
КОМПОЗИТОР-ӘНШІ БЕКСҰЛТАН БАЙКЕНЖЕЕВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨНЕР МЕКТЕБІ
1997 жылы күзде композитор-әнші Бексұлтан Байкенжеевтің шығармашылық өнер мектебі ашылды. Мектептің директоры - әке арманын жалғастырып жүрген әнші Әбсұлтан Бексұлтанұлы Өтепбергенов. Бұл өнер мектебінің негізгі мақсаты - Жаңақорған өңірінен шыққан өнер адамдарының, сазгерлер мен күйші, жыршы-термеші, әншілердің шығармашылығын зерттеу, жинақтау, Сыр өңірін насихаттау, жас таланттарды өнерге баулу. Мектепке арнайы бөлме беріліп, музей үлгісінде жабдықталған. Мұнда Бексұлтанның киген киімдері, тұтынған заттары, домбырасы мен баяны, құжаттары қойылған.
АУДАНДЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ
Аудандық тарихи-өлкетану және мәдени музейінің негізі 1992 жылдан бастап қолға алынып, аудан тарихын, осы тарихты жасаушы адамдар жайлы мәліметтерді бір жерге жинақтап, оны халық игілігіне айналдыру мақсатында жұмыс жүргізе бастады. Музейдің алғашқы директоры Әмір Мәжитов, одан кейін Ахмет Есіркепов болды. Аудандық тарихи-өлкетану музейі 4 залдан тұрады. Музей қорында 6200-ден астам экспонат жинақталып сақталуда, оның 1000-ға жуығы экспозицияға қойылған.
Ауданда 27 тарихи-мәдени ескерткіш есепте тұрады.
ОБЛЫС ПЕН РЕСПУБЛИКА КӨЛЕМІНДЕ ҚЫЗМЕТ ІСТЕГЕНДЕР
(Қолдағы мәліметтер бойынша)
Құтжанов Әбдіманап - (1944 жылы туған)-Су шаруашылығының маманы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы. Қалтаев Әнуарбек - (1948 жылы туған) -2006 - 2008 жылдары Жаңақорған ауданының әкімі болып сайланған, 2008 жылғы маусымнан облыс әкімінің кеңесшісі. Жәнібеков Жұмабай Омарұлы (1953 жылы туған) -Жаңақорғанда 1991-1995 жылдары аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, 1995-2000 жылдары аудан әкімінің орынбасары болған. 2005 жылдан Қызылорда қаласындағы № 6 кәсіптік мектептің директоры. Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері. Еденбаев Жандос Серікұлы (1978 жылы туған) - облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің меңгерушісі. Ысқақов Қуатбек Есқожаұлы (1960 жылы туған) -2007 жылдан Қызылорда облысы бойынша Көліктік бақылау инспекция бастығының орынбасары. Астананың 10 жылдығы мерекелік медалімен марапатталған. Дүкенбаев Оңласбек -облыстық психоневрологиялық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген дәрігері. Рахимов Тастемір -облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, Қызылорда, Торғай облыстарында Мемлекетік тергеу баскармасының бастығы болған, полиция полковнигі, қазір Алматыда адвокат. Әбдуайтов Әлайдар - Қызылорда темір жол ауруханасының бас дәрігері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген дәрігері, қажы. Алмасбаев Марат - облыстық сәулет және қала кұрылысы басқ-армасының бастығы. Әлқожаев Сәруарбек Сұлтанбекглы (1970 ж. туған) -Алматыдағы Туберкулез мәселелері жөніндегі ұлттық ғылыми орталықтың аға ғылыми қызметкрі, медицина ғылымының кандидаты.
Мұхамеджанов Зұлқарнай (1979) - Шиелі темір жол вокзалының бастығы. Қойшыбай Үсенов (1943 ж.туған)- Маңғыстау облысында мұнай компанияларында басшы қызметтер атқарған. қазір Италияндық «АДЖ и П - К» біріккен компаниясында үкіметпен арадағы байланысшы. Яғмусов Файзулла (1957 ж.туған) -Алматы қалалық Архитектуралар үйінің директоры. Туып-өскен «Бірлік» ауылына өз қәржысымен мейрамхана, дәмхана, сауда дүкенін салып берген. Түйменов Ибадулла Махмудұлы (1958 ж.туған)-Қызылорда облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бастығы болған, полковник, Қазақстан Республикасының Төтенше Жағдайлар агенттігінің Еңбегі сіңген қызметкері, «Республика Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерекелік және «Мінсіз қызметі үшін» ІІ, ІІІ дәрежелі медальдарымен марапатталған, «Спорт шебері». Нысанбаев Тұрсынхан (1932 жылы туған) -1962-1968 жылдары Жаңақорған кәсіптік-техникалық училищесінің директоры, 1968-1973 жылдары «Казсельхозтехника» аудандық бірлестігінің бастығы, 1973-1977 жылдары «Түгіскен» кеңшарының директоры, 1977-1981 жылдары «Сельхозтехника» облыстық базасының директоры, бұдан кейінгі жылдары Қызылорда қаласындағы № 2 автобаза директоры қызметтерін абыройлы атқарған. Башарова Гүлнар Сұлтанбекқызы (1980 ж.туған) - Алматыдағы М.Тынышбаев атындағы мемлекеттік көлік және коммуникация академиясының доценті, техника ғылымының кандидаты. Болатбеков Өлмесхан (1960 ж.туған)-Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, 1997-1998 жылдары «Жаңақорған тынысы» газетінің редакторы және газет-баспа мекемесінің директоры, бұдан кейінгі жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі кезде «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, сыбайлас жемқорлық жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы болып қызмет істеп келеді. Мәмбетов Рысбек- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің облыс бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы. Нұртазаев Бақыт Әбдіғаппарұлы -Жаңақорған ауданында тас ұнтақтау зауытының директоры, кеңшар директоры, аудан әкімінің орынбасары, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Қазір Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекицясының бастығы, «Құрмет» орденінің иегері. Баешев Мәулен - Қызылорда облыстық Білім басқармасында жауапты қызмет атқарды, одан соң қаладағы техникалық училищенің директоры болды, кейін Кентау қалалық білім бөлімін басқарды. Бақтияр Қожа - (1957 ж.туған) - Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы Академиялық драма театрының әртісі, киноактер, «Құрмет» орденінің иегері. Мамбетов Жолдасбек Ормаханұлы (1962 ж. туған) -филология ғылымының кандидаты, доцент. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің факультет деканы, 50-ге тарта ғылыми еңбектердің авторы, Шорабаев Яхия - облыстық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің меңгерушісі. Сапарбаева Алтын Махметжанқызы (1958ж. туған) -Алматыдағы халық шаруашылығы университетінің доценті, филология ғылымының кандидаты. Есімжан Балтабайұлы Жамантаев (1964 ж.туған) - Алматыда «Сеймар» фирмасы директорының орынбасары. Орынбаев Қазыбек Айтбайұлы (1957 ж.туған) - «Сырдариямұнай» АҚ-ның бас есепшісі. Бименов Жалғас (1966 ж.туған) - Қызылорда табиғат қорғау прокуроры, ОҢТҮСТІК Қазақстан аймақаралық табиғат қорғау прокурорының Қызылорда облысы бойынша өкілі қызметтерін атқарған, 2003 жылдан Қызылорда облысы прокурорының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары жөніндегі аға көмекшісі қызметін атқарып келеді, шені -әділет кеңесшісі. Шаихсламов Мерғали Мұсаұлы (1964 ж.туған) -1993 жылдан Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасының (7-ші басқарма) облыс бойынша аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі. Полиция подполковнигі. Ішкі істер органының ҮЗДІК қызметкері. Мұсаев Қайрат Еркінұлы (1984 ж. туған)- Қызылорда облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы (қаржы полициясы) күрес департаментінің тергеу басқармасының тергеушісі, қаржы полициясының лейтенанты. Жұматаев Амангелді -Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының бастығы болған, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған, қазір облыстық «Мәдениет қорының» президенті. Сапарбаев Mapaт Махметжанұлы (1960ж.туған)-Алматыда «Сах-ли-Ихсам» ЖШС-ның президенті. Боранбаев Жомарт (1941 ж. туған) -Қызылорда қаласының Халық банкісінің меңгерушісі, 1994 жылы Қызылорда қаласындағы тұңғыш ашылған Қазынашылық мекемесінің алғашқы басшысы болып тағайындалған, кейін бірінші орынбасары болған. Бердібаев Ерлан Құлахметұлы (1963 ж.туған) - 1998 жылдан облыстық қаржы полициясында ұйымдасқан жемқорлықпен күрес бөлімінде бөлім меңгерушісі, қаржы полициясының майоры. Әбдірашев Бақтияр Төлепбергенұлы (1972 ж.туған)-2005 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының оркестр факультетінің деканы, әрі Жамбыл атындағы мемлекеттік үрмелі оркестрінің әртісі. Сүлейменов Дәулет-облыстык, жол полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі. Иманбердиев Қасым - облыстық «Кызылординские вести» газетінің Бас редакторы болған, қазір «ҚазГерМұнай» компаниясы директорының кеңесшісі, «Кешегі қоңырау сыңғыры» кітабының авторы, Казакстан Журналистер Одағының мүшесі.
Ибрагимов Жомарт Мақсұтұлы (1964 ж.туған) -Қостанай қаласында кәсіпкер. Боранбаев Қайрат Жомартұлы (1967 ж.туған) - 1999-2007 жылдар арасында Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы болған, «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған. Увайдаев Берік Өтегенұлы - облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының балалар бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер. Бақыт Әбдікәрімов - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің деканы, ғылым докторы. Абдуллаев Төрехан Бекмаханүлы (1957 ж.туған) - «Банк ЦентрКредит» ААҚ Қызылорда филиалының директоры. Уайсов Нұржан -Түркістан медицина колледжінің аға оқытушысы, медицина ғылымының кандидаты, доцент.
Ділманов Орынбасар -«Жедел күзет» ЖШС директоры, полиция полковнигі.
Сопыбеков Қалдарбек -Шымкент мұнай өңдеу зауытының қызметкері.
Мүбараков Қамбар Аманкелдіұлы -Шиелі аудандық салық басқармасының бастығы.
Жусанбаев Омар (1948 ж.туған; -Астана аэропортының жабдықтау бөлімінің бастығы.
Абдуллаев Қанаггі- облыстық әкімшілік соттың судьясы.
Аманов Жалғасбек -«Ел тілегі» газетінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын. Оспанов Ғабит - облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль басқарма бастығының орынбасары.
Әйменов Сейтмахан - облыстық салық комитетінің басқарма бастығы. Ахметов Байкенже - облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қорғау бөлімінің меңгерушісі. Бұрын осы басқарманың бастығы болған. Мантаев Бекет -облыстық медицина орталығынң бөлім меңгерушісі, республиканың үздік хирургі. Сопыбеков Жандарбек -{1956 ж.туған) - Алматы қалалық ГСК-да тергеуші болған, қазір қалалық органда тергеуші. Гүлімбетов Өксікбай -Қызылорда қалалық қаржы бөлімінің бастығы болған, Еңбек ардагері. Қалиев Бақыт - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттіқ университетінің проректоры, математика ғылымының кандидаты. Шерниязов Жұмабай -Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртісі, айтыс ақыны, әнші. Шарабидинов Қуат - «Қазақстан -Қызылорда» телеарнасының аға редакторы, облыстың үздік журналисі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Мұхамеджан Нұрхан - ақын, журналист, бірнеше жыр жинағының авторы. Қызылорда қаласында тұрады. Әділжан Үмбет - облыстық «Сыр бойы» газетінің бөлім меңгерушісі, облыстың үздік журналисі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Мұятов Бақытбек - Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының бастығы, полиция полковнигі. Әділов Орынбасар - Қызылорда қалалық сауықтыру мекемесінің бастығы, полиция подполковнигі
Еркінбек Mұхтap - Қызылорда облысының соттар әкімшісі
Нұрымбетов Жорабек -Қызылорда қалалық су шаруашылығы мекемесінің бастығы.
Балтабайұлы Сәдібек -облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры. Абылбеков Байділда -«Қазақстан темір жолы» ҰҚ Қызылорда тасымалдау бөлімшесінің бөлім меңгерушісі Жаңабекова Айман Әбділдақызы (1972 туган) -Алматыдағы А.Байтұрсынов атындағы Тілдер академиясының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымының кандидаты. Асылбаев Орынбек - ҚР Ішкі істер министрлігі Қызылорда полиция училищесі бастығының орынбасары, полиция полковнигі, «Зауал» шытырман оқиғалы кітабының авторы. Айдаров Оразхан -Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, биология ғылымының кандидаты.
Скендіров Әбіш - Шымкент қаласында кәсіпкер. медицина ғылымының кандидаты.
Әділбеков Асқар - № 1 Қ.Мұхамеджанов атындағы мектеп-лицейдің директоры.
Сыздықов Жолдыбай -«Қазакстан теміржолы» Үлттық Компаниясы Қызылорда тасымалдау бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары. Құрметті теміржолшы. Қонысбаев Ғалым -облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары. Жаубасаров Әмір -Қызылорда қалалық сотының судьясы, Жалағаш, Қармақшы аудандарында сот төрағасы болған. Кенжебаев Бақытжан -Қызылордадағы радиотелеорталық директорының орынбасары, ішкі істер ардагері, полиция подполковнигі Нәбуова Роза -облыстық білім беру қызметкерлерінң біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары.
Жусанбаев Ғалымжан Омарұлы -Ақтау химмұнай өңдеу зауытының директоры. Байқадамов Махмұт) -Қызылордадағы № 1 емхананың хирургия бөлімінің меңгерушісі, жоғары санаттағы хирург. Әмитов Нұридин Егенбердіұлы -облыстық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі. Нұртазаев Ерлан -«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қызылорда филиалы директорының орынбасары. Мұсаева Айнұр Еркінқызы (1981 ж.туған)-Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, аспирант. Дүкенбаев Сөулебек - облыстық телекоммуникациялар дирекциясының техникалық директоры. Сопыбеков Нұрымжан - Қызылорда қаласындағы «Ақниет» мейрамханасы мен «Көктем» сауда үйінің директоры.
Кенжебаев Әріп -облыстық көлікті бақылау басқармасының бөлім меңгерушісі.
Битасов Қуаныш- көлік прокурорының көмекшісі
Тұрабаев Мәдіхан - облыстық ішкі істер департаментінің бөлім бастығы, полиция подполковнигі.
Мекебаев Шалқыма -Қызылорда вагон депосы директорының орынбасары
Сүлейменов Таубай - облыстық салық комитетінің бас есепшісі.
Наурызбаев Әбибулла -облыстық жүйке аурулары ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары. Әмірбеков Талғат Анарбайұлы - (1970 жылы туған) полиция майоры, Арал және Шиелі аудандарында аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет атқарған. Мұхтаров Абдулла - полиция подполковнигі, Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болған, оның 4 ұлы - Әбдіхалық пен Мұрат, Бауыржан мен Қанат та полиция қызметкерлері. Ысқақов Ұлан Тыныштықбайұлы - (1965 жылы туған) полиция подполковнигі, Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасары. Сапарбаев Төребай Ысқақұлы - (1961 жылы туған) полиция подполковнигі, Орал стансасы Желілік ішкі істер бөлімінің бастығы. Әлияров Есенали Қаниұлы - (1956 жылы туған) «Қазинтермол» ЖШС-нің Бас директоры, саясаттану ғылымының докторы.
Ақбергенов Ақтай - «Арна» АҚ президент!
Абылбеков Бекболат - «Қазақстан темір жолы» ҰҚ Қызылорда тасымалдау бөлімшесінің бастығы болған, Құрметті теміржолшы.
Әуелбеков Әнуарбек - «Алматы ақшамы» газеті Бас редакторының орынбасары. Мұхамеджанов Бектас Ғафурұлы (1957) - ҚР Бірінші Президенті Қорының атқарушы директоры, биология ғылымдарының кандидаты.
ГҮЛДЕНГЕН ЖАҢАҚОРҒАН
Өлеңін жазған Әбдірахман АСЫЛБЕКОВ.
Әнін жазған Бексұлтан БАЙКЕНЖЕЕВ.
Қаратаудың бөктерінде,
Қанат жайып көкке өріле.
Жадыратып көңілдерді,
Жалындатып өмірлерді.
Ей, жарасымды қала болған,
Жаңақорған, Жаңақорған.
Ақ маржандай күріші бар,
Шалқып тасқан ырысы бар,
Қойыны толған кендері бар,
Мал қаптаған белдері бар.
Ей, жайлауына жаңа қонған,
Жаңақорған, Жаңақорған.
Даңққа бөлеп ер еңбегі,
Өркендеген өрендері.
Ел қараған шын құмартып,
Бір күнінен бір күні артық.
Ей, барар жолы сара болған,
Жаңақорған, Жаңақорған.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру