Өлеңдер, сонеттер. I
Хамит Ерғалиев
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Ұлы жеңістен кейін қазақтың жарқырап айтылған өлең жәрмеңкесінен орын тауып, көзге түсу қандай талантқа да оңай соқпады. Осындай үлкен думанда қазақ поэзиясына бірден келген Хамит Ерғалиевтің дауысы құлаққа ерен естілді. Мұнда жалынды публицистика, философиялық ой толғау, нәзік психологиялық тебі...
УАХЫТТЫҢ ТЕЖЕУІНЕ БОЙ БЕРМЕГЕН
Ақын — өз заманының түлегі, сол заманның жыршысы. Поэзияға қашанда пафос керек. Пафоссыз өлең — шығарма емес. Адамды алға жетелеген арман да желпінуді қажет eтеді. Ақын атаулының бәpі жылай беруге тиіс емес. Жақсыға лепіріп қуанбаса, жаманға мұңайып күйінбесе, ол қандай ақын? Кеңес өкіметі шындығын орнықтыруға қызмет еткен де — біздің сол «лепірме» поэзиямыз. Бүгінгі тәуелсіздік алған еліміздің елдік, жауынгерлік дәстүрін жырлаумен ояна бастаған халықтың рухын көтеру үшін де ондай поэзия керек. Сондықтан қазақ кеңес ақындарының жақсы өлеңдері — әрқашан бағалы мұра, біздің өткен тарихымыздың жанды куәсі. Олардан заман мен уақыттың сырын, сол дәyіp адамының тіршілік-тынысын тануға әбден болады. Қандай ақын болса да, уақыттың кермесіне бөгеліп, байлана бермейді. Кеңес өкіметін өзі орнатысқан, коммунистік партияның адал ұлы саналған Сәкеннің өзі де саясаттың қиғаш жерлеріне мойын ұсынбай, мезгіл-мезгіл тулап тұрғаны белгілі. Оның «Азия», «Отарбаның жұмбақ вагонында», «Совет баласы» және «Қызыл атты» жазуы саясатқа наразы көңіл күйінен туған. Keшегі Жұбан да «Хатшыға хат» жазып, партияның кадр мәселесіндегі бұрмалаушылықтарын сынаған. Мұндай мінез шын ақындардың әрқайсысынан да табылады. Осындай уақыттың тежеуіне бой бермей, шын ақындық болмысын тұтастай сақтап, поэзиясын заман шындығын қопара көтеруге жұмсаған ақынның 6іpі — Хамаң, Хамит Ерғалиев. Хамит жырында да өз заманының қайшылықты шындығы көрінбей қалмайды. Ол да көсемді, партияны жырлаған, бірақ, оның көсемі мен партия — халық даналығы, олардың бойынан ақын соны көріп, елге үлгі, өнеге болар, елге әділдік, адалдық, жолына бастар басшыны аңсап жырлады. Хамит шығармашылығын бүгін тұтастай алып қарасақ, оның негізгі жырлағаны — адам, оның еңбегі мен өміpі, қуанышы мен қайғысы, тазалық, адалдық, елдің елдігі, ердің ерлігі екенін көрсету. Осылардың бәрін ақын біздің ұзақ тарихымызға үңіле отырып, сұрыптай біліпті, тани алыпты. Сол ұлы мақсатын орындау үшін бар таланты мен қайратын жырына төгіпті, өзі айтқандай, «түнде шамы сөнбей» еңбектеніпті. Кейін білдік, Хамаң соғыстан көп бұрын өлеңдер жазып, аудан, облыс көлемінде белгі болған екен. 1936 жылы Сәкеннің тойына да қатысыпты. Содан соғысқа кеткен. Кайтып келіп, баспасөзде қызмет істеген. Осылардың бәрін маған бүгін іштей біp дүмпуге дайындық жылдары болған сияқты көрінеді. Соның жарылған тұсы — «Әке сыры» (1947) еді. Хамаңды біз осыдан бастап білдік, шын таныдық. Ұлы Отан соғысы жауынгерінің жүріп өткен азапты жолын әкенің сырына айналдырып, азаматтық борыш пен адам сезімінің арпалысын жырлаған өзгеше біp туынды eді бұл. Соғысты тек ерлік, ұран деп жүрген тұсымызда, ерліктің өзі жалаң келмей, адамның қacіpeті мен мұңды сезімі, көңіл күйі арқылы келетінін біз осы поэмадан алғаш көргенбіз. Адам рухының күштілігін танығанбыз. Осыны жалғастырып, Хамит шын ақын екендігін дәлелдейін дегендей, бірнеше поэманы төгіп-төгіп жіберді: «Үлкен жолдың үстіндe», «Біздің ауылдың қызы», «Сенің өзенің», «Жас ана», тағы басқа. Осылардың бәрі де ақын жолын тану үшін ғана емес, сол дәуірдегі қазақ поэмасының табыстарын көрсету үшін де керек. Әрқайсысының өзіндік орны бар. Бірінен соғыстан соңғы халық шаруашылығын қалпына келтіріп, республиканы өркендетудің үлкен жолына аттаныстың рухын сезсек, екіншісінен туған елінің табиғатын жаңартуға еңбек eтіп жүрген жастарды көрдік. Ал үшіншісі — кешегі солдаттың жары туралы жыр. Соғыс бөгет болып, сүйгеніне ақ жүрегінің сырын айта алмай кеткен ақынның жан жары, жас Ана туралы толғанысы. Мұның бәрі — ақын боп, Азамат болып жан-жағына қараған тұста Хамаңның көргені, жанын жеп, көкірегіне түйген сырлары. Хамиттың атағын шығарған да осылар. Әр ақынның өзіндік тақырыбы болады. Ол өнер адамының ой-ұғымына ұзақ cіңісіп, бітe қайнайды. Біртіндеп бүкіл өмірінің рухани азығына айналады. Уақыт еткен сайын ол бейне ақын санасында толысып, жетіледі. Eнді ақын оны жырламай, ол жөнінде айтпай тұра алмайтын күйге жетеді. М. Әуезов үшін Абай сондай тақырып eді. Хамит үшін Құрманғазы да осындай тақырып болды. «Құрманғазы» поэмасы — ұзақ, дайындық пен жазылған кесек туынды. Өмір шындығын кең қамтып, қоғам, ел тіршілігі, халықтың арман-мұңын шынайы суреттеген бұл туындыны өлеңмен жазылған роман десе де болады. Романға тән тартыс, характерлер қақтығысы, оның поэтикалық келбеті бас қаһарманды ғана ашып қоймай, сол дәуірдегі бүкіл халық өмірінің, күйші ортасының жан-жақты шындығын бейнелейді. Ұзақ азапты жол кешкен қазақтың өксігі «Көбік шашып» жатқан Құрманғазы өнерінің биік нысанасына айналады. Содан барып Құрманғазы өнepі «кешкен елдің мұңдасы, қиялдасы» боп көрінеді, Хамаң да өз жүрегі ұлы күйшінің «жүрегімен жалғастырып», біpгe жырлайды. Хамиттың ақындығы осы тұста айрықша шабытқа көтеріліп, Құрманғазы күйлерімен біpгe желпінгені даусыз. Ол күй сазын, күй арқылы көрінген өмірдің тасқынды легін өлең жолдарына түcіpe алды. Күй тілімен туысып кеткендігі соншалық, тіпті ақын ұзақ уақыт күй, өнер тақырыбынан айналшықтап шыға алмай қалды. Оның «Күй — дастан» мен «Аңыз — атаны» жазуының сыры осында ғой деп ойлаймын. Ол бұл туындыларымен Құрманғазыдан кейін де толастамаған, күреске толы өнер жолын, өнер адамдарының тағдырын жырлады. Шындықтың кешегі, бүгінгі бейнелерін сараптап, өнердің жаңаруын паш етті. Хамит ақынның өткен жолының жарқындығына, оның уақыттың көрмесіне байланып, қаңтарылып қалмағанын осы туындыларының өзі-ақ дәлелдейді Ал соңғы жылдардағы өзгеpіcтep ақынның қайта тууын, томағасын алдырған бүркіттей еркін самғағанын байқатады. Ол шын мағынасындағы тәуелcіздік алған елін, оның адамдарын жырлаумен бірге, өткен тарихқа қайта біp үңіліп, оның қызығына қоса өрілген қасіретін танып шамырқанады. Бұған ақынның соңғы кітаптары — «Жедел толғау» мен «Шер толғау» анық куә. «Жедел толғау» туғанда кеңес өкіметі өз орнында болатын. Соған қарамастан ақын біз өткен тарих жолының даңғыл болмағанын, оның ойы мен қыры, қуанышы мен қайғысы қатар жүргенін батыл-ақ айта алды. Сол қиыншылықтарды жеңе білген Адам рухының биіктігін мадақтады. Кітаптың лирикалық кейіпкерлері «ар қысқанда ашына сөйлеп», көп нәрсеге сонышылдық танытады. «Тіршіліктің тәртібін тәрк етушілерді», «Сапасыз қып бергенін — іcім» дейтіндерді, «Жұртқа жылылық жасау» қолынан келмей-ақ, «сыйлық, атақ, дәреже жинап» жүргендерді, «жерлес болмасаң» сырт айналатындарды» ол жұрт алдына шығарып тергейді. «Шер толғау» — тіпті жаңа кітап. Ол — біздің тәуелсіздік алып, өткен жолымызға жаңаша қарай бастаған тұсымызда туған тарихқа деген тың көзқарас. Өміp бойы елін, жерін жырлап келген ақынның бұрын айта алмаған, бірақ көкейінде ұзақ сақтаған шертінің толғанысы. Біз білмеген, көрмеген, көрсек те көрмегендей боп жүрген қаншама ащы шындықтар бар онда. Адам мен табиғаттың басына түскен ауыр тауқымет cуреттepі кімнің де болса жанын қозғайды. Ақынның «экологиялық элегиялары» туған табиғаттың тозып, адамдар өмір суретін ортаның пана емес, азапқа айналғаны жайлы тебіреніске толы. Адам тағдыры, қазағының өміpі жайлы толғанғанда, Хамит еліміздің өткен жолына көз тастап, оны жаңа талдаудан өткізді. Ақын көкірегінде сақталған шерлі сыр ащы шындықтың суретіне айналып шығады. Халқымыздың сорды бақ деп ұққан, жылайтын шақта күлген, ақиқатын айта алмай іштен тынған шақтарын ол нақты бейнелер арқылы да (әкесінің, өзінің тағдыры), жалпы ел басына түскен нәубет жайын суреттеп те жеткізеді. Өлке шежіресін қайта шолып шығады. Мұның 6apі — жалаң әңгіме емес, куәгер ақынның өз сезімінен қайнап шыққан жан күйзелісі. Мұны ол қалыпты өлең жолдарымен де, жыр-терме үлгісімен де жырлаған.
Ертеңінен сор күтті,
Емексіткен бақ қалып.
Аузы түкті абақты
Азамат epді қаматып,
Жесірін жерге қаратып,
Жетімін түгел жылатып,
Намысты қолдан құлатып,
Өтірік ұран жаттадық.
Атылған ерлер артында
Жексұрын деген aт қалып,
Әмірші ғана отырды
Әзрейіл іcін атқарып.
Осы өлеңнің толғау үлгісінің өзін ақын замана туралы шерлі сыр айту үшін әдейі таңдаған сияқты. Хамиттың «Махамбетпен мұңдасуы», «Ер Исатай туған күн» өлеңдері де жаңа сөз, аруақ, алдындағы қарызды түсінуден туған тың ойға құрылған. Жалпы заман заңсыздықтарының құрбаны болған азаматтар аруағын ақын қадірлей біледі, олардан ұрпақ атынан кешірім өтінеді. Кітап шер туралы болғанмен, Хамит шерлі ойға шектеліп қалмайды, соның бәрін жеңіп шыққан адам рухына, оның биіктігіне жүгінеді. Екі дүркін аштық пен айдау, сүргіннен қалған елдің ұлы соғыста жеңіп шыққанын жоғарыда келтірілген жолдарда ол қандай әдемі айтқан. Шерлі тарих артын ол жарқын үмітке тіреген. «Жасын түскен жаралы емен»—Хамит та тамырын тереңге жіберіп, тағдыр тәлкегіне мойын ұсынбайды. Оз халқының үміmmі болашағы мен «Шын ақынның шырағданы маздайды», «Шер толғау» оқырманын осы ойға тірейді. Ақынның соңғы жырлары оның әлі де демікпей, уақытқа бой алдырмай, заманы мен адамды, оның көкейкесті мәселелерін талмай жырлағанын көpcemeді. Ол барды барша mүсініп, ақын түйсігімен танып, суреттеген. Оның жыры шыншыл да сыншыл, ойы өmкіp, рухы азат, азаматтығы батыл.
Зауалды жақсылық пен жанаспаған,
Осылай осып айтпау оғаш маған.
«Сен бұрын қайда жүрдің?» —
дей алмайсың,
Күнім жоқ жаныққанда
жақ ашпаған, —
дейді ақын өз принципін ұсынып.
Батыл ойды тапқыр айта білу де өнер. Хамит жырларының бұл жағы да көңілге ризалық ұялатады. Ана mілі жайлы өлеңін ол «Өз mілім мен өлеңім» деп атапты, онда өлең мен тілінің тағдырын тұтас қарапты.
Өз тілімсіз өңімді mүcім деймін,
Ешбір затты мен онсыз түсінбеймін.
Өз тілімде тірліктің mүcін түстеп,
Түр-тұлғасын болмыстың
мүсіндеймін.
...Өз тілімде кең сөйлеп, кең
үндеймін,
Тынысы тар демікпе делінбеймін.
Шаттығым мен мұңымды ағытарда,
Teміp піскен көpікmің деміндеймін.
Бұл жырлар тәуелсіздік алған елдің адамдарының рухани өзгеруіне, жаңаруына ой салатыны даусыз.
Cepік ҚИРАБАЕВ,
академик
АУЫЛҒА
Армысың, ауыл-аймағым,
Атырау, Нарын, Ақ Жайық?!
Қош айтысып сенімен
Мен кеткелі, ғажайып
Талай қаңтар қалшылдап,
Талай жаз шықты-ау мал жайып.
Қайран да абзал қарт ана
Қарайғанға көз салып,
Сағат сайын хат күтіп
Отырған болар қол жайып.
Толқитын болар мұнайшы,
Толқитын болар Жем, Жайық.
Толқитын болар балықшы,
Толқитын болар жел қайық.
Құпия сырлы қыз бала
Оңаша кезде төңірек,
Ұрланып шығып шарбақтан,
Жібіген баста желбіреп,
Анық сүйген жігіттің,
Атын атап, елжіреп,
Қарайтын болар біз жаққа
Қарақат көзі мөлдіреп.
Көргенде көзі тоймаған,
Сүйгенде мейіpі қанбаған.
Жауынгер құшқан жар-қосақ,
Жас бөбегін құшақтап,
Ұйықтап кетсе «той-тойлап»,
Ояна кетсе ой ойлап,
Шаршар да шаршар ол рас,
Сүртетін болар кезден жас.
Сүртсін ол жасын!
Сол жас қой,
Сарқылмас сенім мұрасы.
Жас тамса, жалын оқтың да
Жасымас па еді ызасы?!
Ал қош ауылым! Асығыспын,
Ат деп жатыр ажалды.
Жетерміз әлі-ақ жеңіспен,
Aңcaғaн тойға аз қалды.
Қайырлы күнде көpіcіп
Ілe тастап жарақты.
Көтерерміз көңілді,
Көтерерміз шарапты!
САҒЫНЫШ
Азығымдай қуат алған
Көңіл күйім —
сағыныш,
Оралмасам қайтып саған,
Таппай қойдым біp тыныш.
Рас, сенің тұрмайтынын
Тықыршытпай көңілді,
Алдыма әкеп толғайтының
Үйдегі алыс өміpді.
Көп әңгіме айтқызасың,
Көз тіктіріп жалынға,
Бүлкілдеткен ақ сорпасын
Котелоктың жанында.
Аптасына біp-aқ көрген
Тылына кеп қосынның,
Ұйқысын да бөлесің сен
Кeйбіp уақыт досымның.
Түсімде неше алуан
Тамашаны көрсетіп,
Оянғанда тізіп арман,
Атыласың гүрс етіп.
Көңіл күйім — сағынышым,
Сөйтсе дағы қымбатсың,
Кейде үйдегі сәбиімсің,
Кейде өлген комбатсың.
Жортпас еді-ау жігіт мұндай,
Қанды қиын белді аса,
Отаны мен ошағындай
Сағынары болмаса!
Чехословакия, 1944
KYPEГІME
Талай сыр,
талай мағына
Ұмытылмай жүр менде;
Танушы ем ceні жай ғана,
Еркін елде жүргенде.
Торғын жібек әр жылдың
Жаз айында ұзақ күн,
Сенімен жігіт қатқылдың
Жүретін қазып құдығын.
Я колхозшы жеңешем
Кете қалса үйге еніп,
Оны күтіп тұрушы ең,
Босағада сүйеніп.
Сонда мен де сәл тоқтап,
Кез жібepіп кей шақта,
Пушкин томын құшақтап
Жүруші едім аулақта.
Есімде менің біp түнде
Қаққаны жаудың дабылды,
Сол кезде оқтың өтінде
Сенен де біp күш табылды.
Есімде талай ажал — доп,
Еш жайым жоқ ұмытар;
Сен бар жерде қай окоп
Жатсам маған болды тар?
Жүзіңмен орып, тазартып,
Төсендім жат жер жапырағын;
Кей жерде кеттім қызартып
Қар басқан төбе топырағын.
Әділ жанның ізі деп,
Жұрт әлі соған қарайды.
Сол жерде жолшы нанын жеп,
Ойланып шылым орайды.
Мылтық пен сенен өлеңнің
Аямас сыйын жүрегім,
Қалқаны болған денемнің,
Кішкене ғана күрегім.
КӨКТЕМ
Көктем, сенің осы айында
Тыншытқан жер, аспанымды,
Құшағына тосайын да
Қызғалдақтай жас жанымды,
Бұлбұлындай ән салайын.
Жырлайын жас боламын деп,
Жылда-жылда сен сияқты;
Өз бөлмемде өміp гүлдеп,
Даламда да жас қияқты
Желкілдесін ақ бидайым.
От жалаған қайың терек,
Жамылсын да жасыл бүліш,
Окоптарды жапырақ бүркеп,
Бейбіт жерде жатсын тыныш,
Жайнай түсші, көктем — айым.
Жайнай түcті шарбағымда,
Жасыл бұтақ тереземнен.
Дәл өзіндей жас шағым да
Тұрсын қарап, сол еменнен
Тағы да біp жыр алайын.
ЖУРНАЛИСТ CӨЗІ
Газетім, ой жарығын
Зердеме жұлдыздай жаққан,
Біp сенің аналығың —
Өзіме өлгенше мақтан.
Қарамай атқан оққа да,
Ұқтырып жеңістің сырын,
Мен жатқан окопқа да
Келуші ең өзгеден бұрын.
Егер жұрт газетім деп,
Қолына ап оқыса дәйім,
Жүрегім алдына кеп,
Әpіп боп түсуге дайын.
Еңбегім, қызығыммен,
Өміpім де дүниеден менің
Жолыңмен, сызығыңмен
Өтер тек бетіңде сенің.
ҰМЫТПАН
Ұмытпан фашизмнің мені атқанын,
Жендетке бала өлігін санатқанын;
Мектепке біз оқыған мал қамады,
Өлді ана, құлағымда оны атқан үн.
Ұмытпан тау мен таста жауды тостым,
Венгердің өзеніне қаным қостым;
Тесіліп кеп қарады өлі көзбен
Салбырап дар ағашта қалған достым.
Ұмытпан зәулім үйдің өртенгенін,
Орманға бейуақытта жұрт енгенін;
Аланда Пушкин,
Гейне жатты құлап,
Бар менің сол біp түннен жиіркенгенім.
Ұмытпан Жәмиланың өлген ұлын,
Еске алды поляк кемпір оның жылын;
Үстіне үнсіз-тілсіз қабірінің
Кеп-кеше тағы апарып қойды гүлін.
Ұмытпан белорустың жас солдатын
Ол жауын жеңіп, бepік байлады атын:
— Келдім! — деп өз ecігін қақпақ еді,
Өлген жар қарсы алмады махаббатын.
Ұмытпан сол сұрапыл ауыр жылда,
Советтің батыр халқы майдан, тылда.
Адамның болашағын жүрді қорғап,
Идеям қол бастады көк дауылда.
Ұрлаған баламызды жөргегінен,
Тазарттық жауды Отанның жер, көгінен
Қалдырып өлімтігін даламызда,
Шоқыттық құзғындарға жүрегінен.
Атақты көктем келді күзден бөлек,
Көрінді көк жамылып түзден желек;
Сынығын қан майданның моторының
Жасадық соқамызға біз дөңгелек.
Мен жеңіп, жерді гүлмен нақыштадым,
Жоқ eді әр тасымды жай құшқаным;
Ұяда біз көтердік бейбіт күнді,
Дәл соны ұмытты екен қай дұшпаным!
ҰРПАҚ YHІ
(Абайдың 100 жылдығына)
Әзелден сенің әніңнің
Саздарын сүйіп әр түптен,
Қазағы Семей, Нарынның,
Жырларыңды айтты тәртіппен.
Шешекем қозғап бecікті,
Ұйықтасам жырың толғады.
Өміpгe ашып ecікті,
Жанымды саған жалғады.
Одан соң жаттап партамда
Жалынмен жазған мұраңды.
Гүл жайнап өстім ортамда
Жанымдай маған ұнамды.
Өзіңше сүйіп білімді,
Біз өстік совет елінде.
Өзен, тау алды тілімді,
Өзгерді сары белім де.
Партиям алда — күн көсем —
Мен туған елдің жүрегі.
Мен ылғи шаттық күн кешем;
Шаттық жыр —
Сәби жөргегі.
Ерлікке де үйретті
Жаңағы үлкен жүрегім.
Ұрынған жауды ол күйретті,
Жеңген соң шалқақ жүремін.
Жеңіске жалғап жеңісті,
Жайнатқан өміp жан рақат;
Сен басқан кеше жер үcті
Жанарды, сүйді адамзат.
YЛKEH ҮЙГЕ
(Қазақ драма театрына)
Ыстық тартып күнде кіpген
Өз үйімдей көзімде
Біp бейне тұр жастай көрген —
Әлде сенің өзің бе?
Менде талай үмітте бар
Сенен күткен алдымда...
Салтанатты сағатында
Осыны ойлап қалдым да.
ОЙНАҢДАР
Ойнаңдар, балғын бөбектер,
Біз ойнап өскен бақшада;
Бақытқа ұя біздің жер,
Дұшпаным күндеп бақса да.
Ойынға толсын өзеннің
Жағасы, мөлдір толқыны;
(Ойынсыз, үнсіз әжеңнің
Өткен ғой біp кез ол күні).
Қаңтарда шаңғы үстінде
Нәзіктеу даусын сыңғырап,
Тауларда, орман ішінде
Ойнасаң, тоңба сен бірақ.
Сендердей бейне жас жалын —
Алау да дайым маздасын,
Көpcін де совет жас жанын
Жүрегі жаудың мұздасын.
БАЛА – БАҚЫТ
Жас сәбидің мысықпен ойнағанын,
Ойыншығын шашқанын, жинағанын
Айтып қазір отырар уақыт емес,
Бepіп қалды өзге біp ой маған үн.
Сәби — иecі ғажайып болашақтың,
Біз қорғаушы:
Мен соған бола шатпын.
Екі аяқты жыртқышқа дегізбейміз:
«Пәлен жерде бала ұрлап, бала саттым!»
Сәби деген ақша емес, пұлың емес,
Сәби АҚШ, Британия құлы да емес;
Абзал адам баланы қамамайды,
Бала бақыты түрменің құлыбы емес.
Айтсын бізгe Трумэн жендеттері:
Бала ма екен өлтірмек, жeңбeктepі?
Өлігіне сәбидің неге толы
Кореяда су түбі, жер беттері?
Штаттарда неге кеп панасыздар,
Неге оларға пана тау, пана құздар?
Бұзылған үй орнында, бейуақытта
Жатқан нecі көшеде ұл мен қыздар?
Күн қақты Үндістанда неге сонау,
Бала шарық тоқиды қырық жамау.
Неге оларда балалар қорлықта жүр,
Бізде олай емес қой деп қойсақ сұрау.
Неге бәce?
Білем мен неге екенін:
Бүкіл бақыт Отаны — eлім менің:
Білемін мен бөбекті құшақтауға
Көсемінің уақыты бөлінгенін.
Біз баулимыз баланы: ақыл түй, — деп
Оқып ал деп, әдеп біл, жақсы ки, - деп,
Біз дүниенің бар халқын шақырамыз:
Бізгe қорғап баланы, бізше сүй, — деп.
АУЫЛҒА БАРАТЫН ЖОЛДА
Жоқ бүгін баяғы құба бел,
Жолшыбай соқпайды ыстық жел.
Орманы бұл жердің нулаған,
Бұл жерде егінші қалын ел.
Студент көз алмай келеді,
Жирен ат ақырын жeлeді.
Үлкен жол орманда
Жас бұтақ жамылған,
Студент ол маңда
Ескі ізден жаңылған.
Бұтақта құс сайрап біp тынбай,
Төменде толқиды ақ бидай.
Бұл жерде жер жаңа, ел жаңа,
Қайда екен баяғы ecкі жай?
Студент көз алмай келеді,
Жирен ат ақырын желеді
Жаңа жол орманда
Жас бұтақ жамылған.
Студент ол маңда
Ауылдан жанылған.
Көрмеді баяғы көп белді,
Алға тек алшаңдап ат желді
Біp кезде доп қуған, ойнаған
Көшеге ну орман ап келді.
Студент қайран қап тұр енді,
Ат басы қақпаға тірелді
Қақпалар орманда
Жас бұтақ жамылған.
Студент ол маңда
Ecкі үйден жанылған.
ҚАРАҢҒЫ ТҮНДЕ ТАУ ҚАЛҒЫП
І
Түндіктен көрсе — көшеді
Ақша бұлт шарбы — шамалы;
Сәскеде баяу еседі
Іргеден таудың самалы.
Шабытқа қажет бұл еді, —
Абайдың ашық омырауы;
(Аз ғана көңіл бөледі
Алыста құлын қоңырауы).
Оңаша төрде дөңгелек
Қарағай үстел аласа;
Тұскілем —
сурет:
дөңде елік
Орғиды тастан ол аса.
Қазыналы ақын үйі еді, —
Көрсең-ау кітап көлемін!
Үстелде самал сүйеді
Беті ашық орыс өлеңін.
ІІ
Жерден жүн-жұрқа, көң теріп,
Өзінше көкке көтepіп
Өтеді дала құйыны,
Тарқайды түкcіз түйіні.
Өтер ол кеш те, ерте де,
Жұмыс жоқ дүлейлермен түк.
Оқылды неміс Гете де,
(Аударған орыс Лермонтов).
Ойланса —Абай жазбаса,
Түндіктен ойы асады;
Алдында, самал қозғаса,
Өлеңдер сыбырласады.
ІІІ
Данышпан жырды самалша
Әзелден сүйген қазағы.
Жоғалтпас жаттап оны аса!
Өлеңге — өміp ұзағы!
Қауырсын қалам жүр шалқып,
(Қадалмай бұлтқа көз оқша),
«Қараңғы түнде тау қалғып»
Қағазға түсті қазақша.
Сәуленің төрде лық толы
Өтіпті түскі шағы да.
Жазғанын ақын ақ қолы
Өңдейді тағы, тағы да.
Ұнады. өлең ұнаса
Жазылған әpбіp жолдағы.
Денедей біp кез оңаша
Тыншығар деме ол дағы.
ІV
Өмірді cүйді ол жердегі,
Биікке шықты мағана.
Cepгеді ойдан төрдегі
Отырған ақын манадан
Сергеді, шапан жамылды,
Қыдырды тыста, кеңісте.
Адымдап алды дамылды
Қызарған дөңде, еңісте.
Жотада ақын.
(Бар тұста,
Боз тұман, темен бұқ тауға!)
Шапағы күннің батыста
Барады жерге ұйықтауға.
V
Күндізгі шаңы оралмай
Мейлі жол тыныш жатыр-ақ,
Сілкінбей, күннен нәр алмай,
Жабырқау қалды жапырақ.
Күн кетсін мейлі кеңістен
«Көлеңке басын ұзартып».
Ақынның ойы ең үстен
Себеді нұрын жүз артық.
Ақырын сазға күндізгі
Қосады орыс өлеңін,
Көpeді кезі күн жүзді
Ертеңгі қазақ елі өңін.
Сілкінтер өлең бейқамды!
Өнердің құсы — ол ұшса.
Ертеңгі ақын жаһанды
Жазады мұнда орысша.
Түнекке cіңді бұта да,
Сирек от жерде жылтылдап.
Жалғыз-ақ тұрды жотада
Байғұздар үнін бұл тыңдап.
VІ
Бүркеді таудың түн басын,
Ақын кеш үйге оралды.
Cәулecі барлар тыңдасын,
Жаңағы сазы жаралды.
...Бойыңды шыққа дел-сал қып,
Тыныштық сақта,
дөң,
жыра!
«Қараңғы түнде тау қалғып»
Ақырын шертіп домбыра.
Өміргe таза махаббат
Өмірде мәңгі жүред те:
Қараңғы түннен сол біp сәт
Сақтаулы қалды жүректе.
VІІ
Данышпан!
Неткен құнарлы,
Нұрыңды құйған топырағың?!
Шалған жоқ аяз ызғарлы,
Жайқалып ecті жапырағын!
Терезем ашық мұндағы,
Өлеңім epкі, ол ұшса.
Отырмын ойлап мен дағы
Баяғы сенше —
орысша!
ЖЕҢІС ЖЫРЫ
Күндегіше бейғам торғай шырылдап,
Бал арасы алуан гүлден шырын ап,
Шекарада біздің таңғы күзетті
Көзбен көpіп, біp өтпеді, жүз өтті.
Taнкіміз де, зеңбірек те тіркелген
Ол сағатта жасыл мия бүркенген.
Күзетте еді. Солдат казармадағы
Әлі жым-жырт...
Әлі ұйқыда о дағы.
...Ойда жоқта: бола қалды у да шу,
Ылайланды аспанда бұлт, сайда су.
Шыға келсек,
қайың басы,
тал басы
Фашизмнің қара құзғын, қарғасы.
Сол сағат қой дене мұздап, қызғаны,
Бүкіл Отан іc жоспарын бұзғаны.
Қайда көрсек, қызыл-күрең бөpтті алап,
Әpбіp үйді ұзын тілмен өрт жалап.
Сол сағатта-ақ жараланған жер үcті,
Бізден ғaнa үміт eтті жеңісті.
Әркім бізде жұдырықтай жүректі
Адам мәңгі айта қалар жыр eтті.
Біз өмірді неше сүйдік, тоймадық,
Ал ажалдан қорықпадық, таймадық.
Төрт жыл мұз, тас кеудемізді қарыды,
Төрт жыл оғы денемізге дарыды.
Барлық туыс біpгe көрдік жәбір де,
Өлгеніміз құшақтасты қабірде.
Қалғанымыз түгел кіpіп атысқа,
Шыққан күнмен біpгe бардық Батысқа.
Өлдік те біз, өлтірдік те ұрыста —
Орман, дала, көшелерде, бұрышта,
Өз қанымыз алып бердің жеңісті,
Жаудың, қанын үрлеп-үрлеп жел ішті.
Астанада — жүрегінде елімнің,
Ұйқыдағы Владимир Лениннің
Бас жағына әкеп қойды жыл гүлді,
Аяғына жаудың туы жығылды.
Ұмытпаймын сондағы біp салютті —
Көкшіл аспан көз алдымда әлі отты!
БАЙТАҚ ҚАЗАҚСТАННАН
І
Бүгін біздің байтақ дала іpeңді,
Кешеп күн көзден кетпей тұр енді.
Даңқты жылда біздің елу төртінші
Шықпен жуып түзге салдық түренді.
Әжімі жоқ eтті қолмен көктемді
Еге бердік қарт далаға көптенді;
Куәсіндей ерлік еңбек жеңістің
Қалып жатты ізімізде көп белгі.
Жалпақ егін —
жасыл теңіз жайқалды,
Бәлкім, солай дұшпанға да байқалды.
Желді күні толқын тұрды мұнда да,
Күннің көзі жапырақта шайқалды.
Даңқты жылы жер бетінде неше күн
Кестеледік келер eгіc төсегін.
Жаңа тамыр жалғасады жаңаға,
Тарихқа біз тапсырамыз eceбін.
Келеді екен сипағың да сылағың,
Жаңа жердің майда қоңыр жолағын,
Қорегіне ұсынамыз біз оның
Бойымызда күш-қуаттың бұлағын.
ІІ
Көңілдіміз. Кең тыныстап өскенбіз, —
Кең тынысты даладанбыз, төстенбіз.
Біз айтамыз:
— Жылдағыдан жайдары
Ырыс құйып жерімізден көшкен күз.
Жақсы күздің жабылмады қабағы —
Оның толы қоймасы да табағы;
Жаңа жерден ол жинаған егіннің
Тау-тау болып қалды сары сабағы.
Дақ түсірмей елдің биік антына,
Дариядай шымырлады дән тұна,
Жазда шалқып, күзде келіп қосылды
Қазақстан даласының даңқына.
...Бүгін мұнда жаңа жерде үйіміз,
Орақ бітті; ортамызда сыйымыз:
Терезеден шалқып сауық кешіміз,
Дәнді күзге арналады биіміз.
Жаңа жерде жалынымен жас жанның
Дәнге толсын асты біздің аспанның,
Үлкен Отан, қазынаңа қабыл ал
Бай табысын байтақ Қазақстанның!
СӘБИТКЕ ХАТ
Ақын аға!
Кең жазық —
Облысың Қостанай.
Ол туралы сен жазып,
Мен қалам ба қостамай?!
Мен кергенде ол өлке
Жаз бен күздің шегінде;
Кешке жақын көлеңке
Еңкейетін eгінгe.
Ерте күні жарқырап,
Caйға тұман шөгетін;
Шық моншағын жапырақ
Алақандап төгетін.
Жел шақырып ысқырып
(Желге тарту сый дайын);
Ерте елі іc қылып,
Сапыратын бидайын.
Сонда дағы кең, жазық —
Облысың Қостанай,
Елсіз беті құлазып
Жетпеуші еді көз талай.
Түсте қоян ұйықтағыш
Қалың шилі қырлары,
Дән теруге тоқтағыш
Жол бойында құрлары.
Бейқам еді.
Қарт жазық
Махаббатқа кенелді.
Кеше тағы хат жазып,
Қанша жігіт жөнелді
Хат келеді күнде де:
Жыр сұрайды пәлен мың.
Мен барайын — менде де
Комсомолы өлеңнің.
Күтсін Тобыл жағасы!
Шалқымасам, қолдама!
Жырдың ақбас ағасы,
Бер қолыңнан жолдама!
СОНАУ АСПАН TӨPІHEH
Директордың жиылған
Төбесінде күртігі,
Қардан бейне құйылған
Құлақшыны, кірпігі.
Eлcіз өткен сан жылы
Ала жота eңкeyі,
Кeзіп келді шаңғылы
Агроном eкeyі.
Енді жалау қолында,
Жел де долы күшінде,
(Ұқсайды екен жалынға
Жалау боран ішінде).
Жөнелете жерінен
Десе керек:
— Ертелет!
Сонау аспан төрінен
Төмендейді вертолет.
ТҮНГІ ЖОРЫҚ
Қаз-үйрек жоқ әлі ұшқан,
Қыс аспаны жұлдызды.
Ақ далаға алыстан
Алып шықты жол бізді.
Тонды жігіт, тонды қыз,
Тракторы қырық бес.
Күйретеміз тонды біз,
Бекен қалай үpікпec?..
Жаңғырытып төңіpeк,
Дірілдейді тоңбай-ақ.
Далаға нұр төгіп ек —
Шапақтады таңдай ақ.
Тарт осылай өзгермей!
Алда жалау, палатка.
Тоқтамаймыз сөз бермей
Адам түгіл болатқа.
ЖІГІТ ОЙЫ
Көктеген жоқ жібіп түз;
Ыстық тартты біpaқ та,—
Ылғи мұнда жігіт, қыз
Жиналғалы біp апта.
Айтылмайды құпияң —
Әркім жаңа жерінде;
Жұмыста да ұп-ұяң,
«Cіз-біз» әлі epіндe.
Қызды айтсаңшы!..
Неше қыз
Ақылды да көрікті!
Бәрін «жақсы» десеміз
Баса киіп бөрікті.
Әйтсе де бар ішіндe
Солардың да біpeyі.
Meні көрген үшін бе
Соның күлімсіpeyі?!
Содан болды біp сұрау
Біpгe жүрер досымыз —
Неткен ыстық япыр-ау,
Бәрінен де осы қыз!..
СУЫҚ ЖЕЛДЕ
Aпpeльдің бірінші
Күні жерден сығалап,
Жел тұрғызған түрін-ші..
Желі қандай сұғанақ!..
Tepшіп бірақ шық кешкен
Қайтсін оны «ЧТЗ»?!
Адыр-бұдыр шықты естен,
Аударылды шым-түзі
Кеудесінде қызады
Алған демі, от о да.
Он трактор ұзады, —
Жолақ қалды жотада.
Біpeyіндe Қуандық,
Tіpкeyіндe Нұрсұлу.
Қуан қарап кейінге
Құр ауаны сүйеді,
Қызы даяр «кеюге» —
Жұдырығын түйеді
Қай өңірді кезбейді
Қайран жастың ойыны!..
Толғанын да сезбейді
Суық желге қойыны.
ҚОНАҚТАР
Қонақтар таппай еш тағат
Eгінді көрді көлемді;
Eгінді жарып бес сағат
Қайқаңға шықты жол енді
Алдағы «ЗИМ-дер» тоқталып,
Соңында нешеу іpкілді;
Төбеде тұрды топ халық
Аударып біp тіл біp тілді
—Бұл жер де Қазақстан ба?
—Сіздіңше қалай, өзге ме?
Ұяттан күлкі қысқанда
Қонағым киді көзге не?
Көзінде фото-аппарат,
Eгінгe қарап жүгінді.
—Дәл солай жасап ап, тарат!
«Сахарамдағы» бүгінді, —
Деп едім, түгел шуласты:
—Хорошо! Жақсы!.. Жақсы, иә!..
Тағы да заулап бел асты
Шетелдік делегация.
ЖАҢА ҚАЛА
Көктемнен бepі қыратта
Фундамент неше қазылды;
Таусылған сайын біp апта
Есептер қанша жазылды?..
Жұлдызды аспан түбі жоқ,
Жөтелген шалдай күркілдеп, —
Далада қанша движок
Түн бойы турды зіркілдеп.
Крандар созып мойынды
Цементке, қызыл кірпікшe,
Су тартқыш қанша тойынды
Тұмсығын тығып Ертіске?
Тілінді мұнда неше мың
Көктемнен бepі бөрене!
Бойлары түзік көшенің
Yйлepі биік, көр, әне!
БИІК ҮЙДІҢ БАСҚЫШЫНДА
Үйленіп жастар, тойына
Үйден кеш шықтым бәлсініп,
Жүгірдім көше бойына
Жаңбырға түнде малшынып.
Биіктен көзін ел тігіп,
Жете алмай біздер ызалы, —
Басқышта қатты ентігіп
Келеміз ерлеп біз әлі
Жеңешемізбен екеуміз
Жана үйде жүрдік адасып,
Шаршайын деген екенбіз,
Жеткенше мен де, о да асық
Әзілмен мені жүз іліп,
Әлсіреп қана күлді ерін;
Жеткенше қолда үзіліп
Жүдеп те бітті-ay гүлдерім!..
ТЫҢ ЖЕРДЕ ЖАС БІР АҚЫН
Тың жерде жас біp ақын,
(Ол өзінше іpі ақын);
Тақырыбы қыз дейді,
Соны ғана іздейді
Қызды көpіп рульде,
Бұл сұлу деп біp елде,
Шарап ішіп жазады,
Шаршап байғұс азады.
Жыр дегені жыр емес,
Қыз дегені құр елес.
Дәл осыған, дәрігер,
Ұйықтасыншы, дәpі бер!..
АЛҒАШҚЫ KYHІ
Аспан ашық,
Алғашқы
Оқу күні қияда;
Көше бойлап, ағашты
Жағалайды Зияда.
Әр қақпанын алдында
Әжелері құттықтап,
Бұған бола шалдың да
Тұрғаны бар көп тоқтап.
— Қара... Мұның әліппе
Құшақтарлық болғанын!
Ертең-ақ, қой әріпке
Kөзі жетік бұл — ғалым!
Әркім бұлай жігерлі
Айтқан сайын тілегін,
Ыстықтатып жіберді
Әке қолы білегін.
Мектебінде енді ойы;
Көрді неше қыз-ұлды.
Зияданың өнбойы
Өлшеуі жоқ қызынды.
Қызынады сау денең
Достар үнін ecтіceң...
Достар аппақ сәулемен
Біpгe кіpді есіктен.
Зиядамыз ортадан
Көз жіберіп ол-пұлға,
Алдағы біp партадан
Орын алды он жылғa.
...Гүл ішінде біp адам
Қылтияды, күледі
Көз алмайсың біp одан
Мұғалімі сол еді.
Жана ғана отырып,
Ойлағанын ұғамын.
Енді құшақ толтырып
Гүл көтерді мұғалім..
Енді тыным табамыз
Гуілдеген жұрт та біз;
Eнді ecікті жабамыз,
Әке мен біз сырттамыз.
БАҚТАШЫ БАЛА ОСПАНТАЙ
Бәлкім cізгe бұ да тәлім бола алар,
Көргеніміз мен айтайын, балалар:
Жазда аңызақ, қыста басты борасын
Әжеңіздің ағаш үйін, қорасын.
Сол қорада жинап қоқыс, сабанды,
Жыл бойына біp аудармай табанды,
Неше жерден бүкпе теміp құрсана,
Жатушы еді жер бауырлап біp шана.
Бұлттар көшкен қоңыр салқын болса күз,
Жапырақтар да желмен ұшып амалсыз,
Құc секілді оқ сындырған қанатын,
Сол қораға қаңғалақтап қонатын.
Балалар да сол қораны таптайтын,
Сол қорада доп жоғалса, таппайтын;
Kәpі кемпіp тазарта алмай қорасын,
Қопсытатын сабандардың арасын.
Қоқыс исін кемпіp жаман қарғайтын,
Сол қоқыстан мұрнын ғана қорғайтын;
Пеш түбіндe бүрсең қағып алты ай қыс,
Ала жаздай жөтелетін ол байғұс.
Колхоз келді, өміp мүлде өзгерді,
Көшелердің шамдарын да көз керді;
Қоқыс жайын кемпір ұзақ ойлады,
Оңайлықпен қоқыс кете қоймады.
- Егер менің балам болса... Дәл содан
Безер еді бұл қоқыс пен бұл сабан...
Әттең, біp ұл немесе біp қыз!..—деді,
Ертеңіне кемпір бала іздеді
Күн ашылды, алғашында бұлт еді,
Кeмпірді жұрт жолға салды, сілтеді
—Сонау алыс «Детдомдағы» панасыз
Балаларға бүгін жетіп қонасыз...
Колхоз берген атпен жортып жөнелді,
Кемпіp сонда қуанышқа кенелді;
Төбелерде ecкі зират көп қалды
Үлкен үйге кемпір келіп тоқталды.
...Ұл табылды, оның аты — Оспантай,
Оның бойы өздеріндей кішкентай;
Оның жасы тоғыз, онның біріндe,
Болашақ тұр от жайнаған түрінде.
ІІ
Оспантайды ойландырды біp күш
Әжесінің жөтелі мен і.
Әке де сол, шеше де сол біp кемпір,
Оспантайы — азаматы бірден-бір.
Түстен кейін мектебінен келгесін,
Әжесінің көңілсізін білгесін,
Оспантайы әңгімесі бастады,
Kемпіp байғұс бас изеді, қостады.
—Зыр жүгірген әйбәт шана кешегі
Бүгін өлік, қоқыс соның төсегі.
Кешіремін жер бетінен барлығын,
Керек соған, әже, сенің жарлығын.
—Мақұл, мақұл, мақұл деймін, мақұл ғой,
Құлыншағым, жүрген жерің ақыл ғой!..
Бек қуантты әжесінің бұл cөзі,
Ұшар еді қанатты жан болса өзі...
—Қорамызда желкілдесін жапырақ,
Қорамызға орнатамын жасыл бақ,
Жасыл бақта біздер тамақ ішіміз,
Ыстық күнде саясына көшеміз.
—Мақұл, мақұл, мақұл деймін, мақұл ғой,
Құлыншағым, жүрген жерің ақыл ғой!
Бек қуантты әжесінің бұл сөзі,
Ұшар еді қанатты жан болса өзі...
Бала кeтті жинау үшін достарын,
Kемпіp қалды ойлау үшін жоспарын;
Кешке жақын үлкен жұмыс басталды,
Eкі-үш күнде шана маңы бос қалды...
Жоямыз деп шананың да қаңқасын,
Құртамыз деп шіріп түскен жаңқасын,
Бала біткен барлық күшін жинады,
Keмпіp байғұс сол шананы қимады.
— Қайда, қайда апарасың шананы?
Барлық бала қоршап алды ананы;
Біpey айтты болады деп тамызық,
Біpey суға жібермекші ағызып.
Отқа, суға қимаған соң шанасын,
Барлық бала есіркеді анасын;
— Таптым орын, таптым! — деді Оспантай,
Оның өзі сондай тапқыр кішкентай...
— Барсын, — деді, — музейіне колхоздың,
Жұрт шулады:
— Жөні бар, — деп, — бұл сөздің!
Keтті шана табандары қиқайып,
Басы ғана бұрынғыдай қайқайып.
ІІІ
Питомниктен шыбық алды Оспантай,
Шыбықтары дәл өзіндей кішкентай;
Жас aғашын eгіп қойды ол енді —
Қора-жайы жасыл баққа бөленді.
Оспантаймен біpгe өсті әр ағаш —
Біpі қайың, біpі емен, қарағаш;
Бақта бала қыста ойнап жалаңбас,
Жазда кітап оқып жатты жалаңаш.
Шам да жанды. Шіркін, қазіp түн қандай!
Көктен бейне жұлдыз жерге қонғандай.
Мөлдір бұлақ бақ түбінде жалтырап,
Суда да біp жұлдыз жатыр қалтырап!
Көптен бepі жөтелінен жаңылып,
Арман еткен жапырағын жамылып,
Kәpі кемпіp тыным алды бақшада,
Гүл-гүл жайнап жасарғандай нақ со да.
Шанаға ол кейде барып қайтады,
Оны көрсе баяғысын айтады.
Кешке олар баққа шамын жағады,
Жарық түнде жаңғағын да шағады.
Күнде солай баққа олар кіреді,
Бастарына гүл де киіп жүреді;
Сол уақытта әжесі мен баласын —
Танымайсың, гүл екен деп қаласың.
ECKІ ЖЫЛДА СОҢҒЫ KYH
І
Әкел маған, жыл басы.
Ақ тоныңды киейін!
Жетісуым жылғасын
Аралайын, сүйейін!
Таужанды 6іp ақынмын,
Бұлт тонымды суласын.
Кекіл-жалы атымның
Ақ құйында шуласын.
Қарлы шынның қуысын,
Күнгейін де көремін.
Сонда малшы туысым,
Сол биікте өлеңім.
ІІ
Ecкі жылда соңғы күн
Көтерілді қызарып,
Шопан cөзі: —
Мен бүгін
Той жасаймын, қыз алып.
Иіскеп оның желкесін,
Тоқты кетті ceкіpіп.
Жігіт таудың еркесін
Қуғансыды зекіріп.
Арқар қойы қаптады
Сонау соны асқарға;
Самғап талшық таппады
Ала қанат аш қарға.
Біз сұрастық хал-жайды
Бөлісіп жеп дәмді де,
Шопан жігіт мал жайлы
Қозғамады әңгіме.
Білетіні — біp cөзі:
— Жана жылда қыз алып...
Асқар тауда жыршы өзі,
Балқиды да қозғалып.
ІІІ
Қия жартас, содан да
Құламайды... Киік пе?..
Әлде бәpі адам ба
Көз ұшында биікте?
Ән төбеден құйылды;
Шопан әні жалқы емес.
Тауға тастап биылды,
Үйге қайтты альпинист.
...Ecкі жылдың cәулecі
Тау басына шырмалып,
Қой да қайтты сәулетті
Мекеніне шұбалып.
Біpгe кеттік ұйып біз;
Жылжиды тау жылғасы...
Артымызда биік құз,
Алдымызда жыл басы.
АҚЫН ОЙЛАРЫ
Қуатты ойдан бас құрап,
Еркеленіп шығар сөз.
(Абай)
КЕЙ СЫНШЫҒА ӘЗІЛ ХАТ
Демен-ау сенің жоқ тіcің,
(Тістеген емес, сынаған...)
Ертерек піскен жоқпысың?..
Шамданып қалма сен оған.
Ақынға күпсіп күлгенше,
Ақылдан о да құр деме.
Барлығын өзің білгенше,
Бізге де қалдыр бірдеме.
АҚЫН ДОСТАРЫМА
Салыңдар құлақ сырыма,
Дарынды менің достарым!
Сүңгіген күннің нұрына
Қанаты күміс құс — бәрің!
Жақсы ғой жүрмек ортаңда!
Дыбысқа неткен бұл күн бай.
Барсыңдар сендер әр таңда
Көктемгі бақта бұлбұлдай!
Асыл ғой отты әр адам!
Өкініш бізгe жоқ онша:
Әттең-ау, әттең!.. Арадан
Күшеншек күншіл жоғалса!..
КӨҢІЛ КҮЙІ
Маған жат — тынбақ, сарқылмақ,
Қалжырап көрген жоқ жаным.
Өтермін өзім жарқылдап,
Өзегім толы ақ жалын.
Біp кезек ыстық, қойынға
Даланың гүлін үзіп сап.
Біp кезек қарлы құйынға
Құйғыта кіpeм қызықтап.
Теңізден ақ бас толқынын
Кеудеме кейде оранам.
Демеймін оттан олқымын, —
Найзағай менің, кәpі анам.
Қызықпан құрғақ мадаққа,
Берілмен кecіp кеңеске!
Мідетін ұлдың адақтап,
Армансыз жатам дөңесте.
Мінездің албырт түpі де,
Айтылар әлі оған сын:
Mінім бар дейді-ау тірідe
Көлеңкем қайда жоғалсын?!
Жүресің жарқын жанымда,
Kөpініп кейде көлеңкем!
Ceні де мендей жадында
Ұзаққа сақтар кең өлкем!
САЛТАНАТ САПАРЫ
Көрген талай көктің күшін, жер күшін
Сонау заңғар таудан туған дермісің,
Асқар шыңда алтын шашын тараған
Алма бетті таңнан туған дермісің.
Ақ дидары көз алдыңнан ұрланып,
Ақынның тек қиялында жырланып,
Біp Фәрзана келе жатқан секілді,
От көзінен байтақ дала нұрланып.
Оның бейне ақ шарқаты сүйкімді,
Алыс көкке ақша бұлттай серпілді.
Kүміc қарда ұзын қара бұрымы
Бұралаңдап келе жатқан секілді...
Келеді пойыз
келеді пойыз заулатып,
Жүрегі шаттық, жүрегі жалын лаулатып;
Төбеде, сайда тебеді қарлы құйынды,
Ұйтқыта желді ұрады жерге аунатып.
Вагоны толып әнге де, күйге, жырға лық,
Келеді пойыз,
келеді пойыз ырғалып,
Қаладан қала
қабылдап қазақ өнерін,
Сыбаға-сыйын әкеліп оған тұр х алық.
Келеді пойыз,
келеді пойыз ырғалып,
Вагоны, толы әнге де, күйге, жырта лық,
Оң сапар тілеп, кетерде ғана күбірлеп
Кейінде сонау барады Жайық, Сыр қалып.
Келеді пойыз,
келеді өнер жар салып,
Келеді шалқып шабытқа толы барша лық,
Шығыстың күні шығады күліп кейінен,
Шашады нұрын батысқа барып қарсы алып.
Жарқылдап бақытындай күндіз бәpі,
Құлпырып оқа-зерлі құндыздары,
Аттанды тағы осылай астанаға
Әзелден ақын қазақ ұл-қыздары.
Баяғы қатал заңы жоқ тәңірдің.
Қобызын өртейтұғын отқа бірдің.
Біp емес, мына жолда мың келеді,
Өзінен айнымаған Октябрьдің.
Өнердің шарықтаған өpіндe кең
Сөз бе екен ұлы жанға елім деген, —
Мұнда бар Құрманғазы, Абай, Біржан,
Мезгілден махаббаты бөлінбеген.
Келеміз барлығымыз астанаға
Алғалы кәрігe де, жасқа баға.
Нан-тұзын алдымызға әкеледі
Өнepі өзге жұрттан асқан аға.
Шаттықтың онда қалай тынбақ әні,
Алда тұр ақыл, кеңес тым баталы.
Келеміз кең құшаққа еркін еніп,
Лeбізін махаббаттың тыңдағалы.
Махаббат! Жас гүліңе оранамын, —
Жас болып мәңгі-бақи жараламын.
Келеміз біз осылай дүбірлетіп
Жұлдызды жүрегіне жер-ананың.
* * *
Сағындық бурыл сақал боз ағашын!..
Kөpіп бақ, көрмей қалай төзе аласың.
Оранып ақ мамыққа аяз күні
Орыстың ояу жатқан өз анасын!
Жүрекке мейірбанын алдық орап;
Тоқтатты ол тосын соққан қарды борап.
Көгілдір көзін ашып көрпесінен
Анасы аға жұрттың қалды қарап.
Қараңдар, өңшең 6epік анттай ұлдар;
Ізетпен бас киімді ап қойыңдар! —
Жеңімпаз ұлы орыстың әскеріндей
Құрметті қарауылда ақ қайындар.
...Тағы да Москваны көрдік абзал,
Секілді бәpі мәрмәр кең біp ақ зал.
Жаудырып жамбысындай алтын нұрын,
Гүл алып терезеге келді вокзал.
Мұнда бар шаттықтан көз шылағалы
Жаныңның тілегені, сұрағаны —
Әр қазақ абзал ыстық құшақтан да,
Гүлден де, epіннeн де сыбағалы.
Тағы да, тағы, тағы шолып шығам:
Перронда адам-теңіз толықсыған;
Аспанға қайта шырқап жөнеледі
Шаттық үн шағаладай төніп соған.
ЕСБОЛАТ ҚЫТАЙДА ЖҮР
Таң ата көрсем ғажайып
Тау жақтағы терезем.
Тау әжімі азайып,
Жасарыпты жер, өзен.
Мамық түбіт үйген бе
Тау басына жақсы айым?..
Қызыл бөрік киген бе
Шырша, терек, жас қайың?
Тұрмын ұзақ оңаша,
Ойым сонау қашықта.
Жыр іздеймін жаңаша
Тереземді ашып та.
Ұшқыр қиял жеңбесе,
Қаламын да мұңдана.
—Keшіpіңіз, жеңеше,
Хамит ақын мұнда ма?
...Жалт қарасам
үйімде
Есболатым баяғы,
Тық-тық басқан күйінде
Тым әдепті аяғы.
— Сенбісің, әй, сабазым, —
Десем оны біp сүйіп,
Жылт eткізіп қағазын,
Ол күледі ырсиып.
— Сен, әуелі, шырағым,
Kиіміңді шеш! — деймін.
— Жоқ, осылай тұрамын.
Асығыспын, шешпеймін...
Сөйлемдерін бітірмей,
Баяғыша Есболым,
Біp қайырған үтірдей
Қойып қалды «қош болын».
* * *
«Келмей-ақ, қойдың, ақыным,
Уәдеге тойғызып.
Қатын да жатыр ақырын
Хаттарын жазып... ой қызық.
Алып-ақ бітті мазаны
Онда да әйел бар ма, — деп.
Бағзы біp кезде жазады
Жейтінің шекер, бал ма, — деп.
Шақырып тәтті жеміне,
Істердей болып дегенін.
Eбінің тентек желіне
Тоғытып алсам деп едім.
...Алыста жүрдік, ақыным,
Жақынға келдік жақында.
Боранның қыстым алқымын,
Болған жоқ одан зақым да.
Арыстан, аю, абжылан,
Құланды қолмен ұстадым.
Тау бүркіт болсам арзыман,
Ұшайын дедім... ұшпадым.
Ұшайын дедім, ұшпадым,
Жол салу керек болғасын.
Хор қызын көрдім, құшпадым,
Ел жақта қатын қалғасын.
Өтірік-шынды кіргізіп,
Аралап Қытай өр-ойын,
Мен үшін бітпec біp қызық
Жазыпты кеше геройым.
ҚЫЗҒАЛДАҚ
Ypімші, Құлжадан альбом-хаттар, жылы жырлар жолдаған ақын
бауырларға арнаймын
Маған, міне, хат әкеліп балам жүр,
Ашып көрсем таңғажайып болам біp.
Онда менің алыстағы інімнің
Отты жанын жарып шаққан балаң жыр.
Бұл дағы біp қызғалдақ қой бал-шырын,
Жерден алған, күннен алған жан сырын.
Балғын бойы мөлдіреген таза шық,
Ащы-қызғылт көз жасы емес жалшының.
Бұл дағы біp күнге өңін-боятқан,
Қызғалдақ қой, самал сипап оятқан.
Мұның таза денесінде демі жоқ
Шерлі шалдың ауыр-ауыр ой артқан.
Сүйіп көрем ондағы жас қаланың
Гүлге толы, нұрға толы алаңын,
Махаббатын маған сыйға ұсынған
Алатаудан қолым созып аламын.
Сүйіп көрем жаңа дала реңін,
Қиясында қиялыммен жүремін.
Сыйға сыйым, ұсынарым ұзаққа
Еш кінәсіз сәбиімдей жүрегім.
...Жер бусанып, күннің көзі қызғанда-ақ
Mәңгі жастық қабылдаған қызғалдақ!
Сүттен таза, оттан қызыл денеңнен
Қай періштe өз құшағын қызғанбақ?!
АҚЫН ҒАЛИҒA
І
Жылдары жырмен ашылған
Орманның ұлы, тау ұлы!
Байқасаң, бұрқап басылған
Арттағы күндер дауылы.
Ecкірсін нелер жыл мейлі,
Олжаң ғой артқан оларың.
Ақындар біpaқ білмейді
Албырттық артта қаларын.
Жастық шақ, рас, сыйласын
Шаштың да қажет аппағы.
Алайда мәңгі қимасын —
Жанының жалын атпағы.
Kім барар бекер жаладан
Әжімге ceні телуге!..—
Айнымай сәби баладан
Еркелеп келдің елуге.
Сүйкімді маған сөз, үнің!
Құшаққа кіpceң — құп, аға!
Раушан-балғын сезімің
Өміpгe тартқан сыбаға.
ІІ
Сүйерің таза сұлулық,
Азаптан бастың бостығы.
Сүйерің — өміp сүру нық,
Айнымас адам достығы.
Аяған бізден жер тегіс
Азықтық ауа, су несін?
Табиғат бетін өртегіш
Зұлымдық қана сүймесің.
Жақсы ғой ақын: өзі ғой
Өлеңінің әсем үйлесі
Сарайы толы озық ой,
Үзілмес өміp үлесі
Қажет қой биік ұшарың
Ұйтқыса жерден шаң тағы.
Артықша ceнің құшарың
Алдағы күннің шапағы.
Ақша қар жерге басыңнан
Қылаулап түcіп жатса да,
Жырындай жазған жасыңнан
Жалындай берші, жақсы аға!
ТАЛАНТТАН СЫЙЫН ТАҒЫ АЛСЫН
Ойласам біp сәт оңаша,
Көп жылдың жырын жырлаппыз.
Қашан да біздер жаңаша
Мезгілге демеу, жұрнақпыз.
Жырланды жоқтық,
таршылық.
Күрестен туған дос-жарлар;
Қайғыдан адам аршылып,
Хикая болды жоспарлар.
Соқа мен қайла, зеңбірек
Қалған жоқ артта өлеңсіз;
Жапанда жалау желбіреп,
Жанданды белес-бел елсіз.
Ойласам біp сәт оңаша,
Көп жылдың жырын толғаппыз,
Арманға біздер жаңаша
Көңілдің күйін жалғаппыз.
Жырлаймыз ені бақыттың
Биылғы биік тұлғасын.
Коммунисттік уақытты
Ақындар асқақ толғасын!
Космосқа қарай зымырап
Жолаушы барған жолымдай,
Ендігі ғұмыр ғұмыр-ақ,
Шолпаннан жарық ол ыңғай.
Артықша биыл дәуір бар
Бағына барша тараптың.
Жырлайық жолын, бауырлар,
Қабілет, ақыл, талаптың.
Ажал мен апат жоғалсын
Адамның көзін жұмарлық!
Таланттан сыйын тағы алсын
Өміpгe деген құмарлық!
САНАТТАН ҚАЙТҚАН САРБАЗҒА
Қадірлі інім
Tілecім,
Қазақтың жайын білесің.
Сұрақтан қазақ ешкімге
Жіберген емес улесін.
Үйінде қазақ шырайлы,
Бepeді дәмін шұрайлы.
Біp сағат бойы ол сенен
Есендік-саулық сұрайды.
Адамы болсаң жырақтың,
Түк емес оған біp-aқ түн.
Екі күн жатсаң көpecің
Көкесін нeбіp сұрақтың.
Сұраққа ғана epecің,
Білгеннің бәрін тересің;
Білмейтін көршің жайлы да
Амалсыз есеп бepecің.
Сол қазақ туған ағаңмын,
Жартысын кезгем жаһанның;
Санаттан келдім деген соң,
Шаңын да қақтым жағаңның.
Қонаға келдің, ағайын,
Қолыңды неден қағайын...
Жақсылап біpaқ жауап бер,
Жалықпай сұрап бағайын:
Советтік әскер санатын
Ұқтың ба түгел, солдатым?
Өзгерген шығар мазасыз
Баяғы менің санбатым?
Арқада яки қолтықта
Жоқ шығар ecкі мылтық та,
Жігіттер онда біздерше
Жүрмейтін шығар сылтып та?
Жоқ шығар дәмін татқанын,
Баяғы біздің ботқаның?..
Көрдің бе cіpә түсіңде
Біpeyді біpey атқанын?
Түсінде біpey бүрді ме,
Алдыңнан ажал өpді ме?
Қазақша дәлдеп айтқанда,
Иманың ұшып көpді ме?..
Бақадай, балшық көлдің де
Ішінде түнеп көрдің бе?
Досыңның жарты денесін
Түсіңде шөппен көмдің бе?
Жалыңның жатып ішінде,
Таусылып тамам күшің де,
Ана мен сәби сүйегін,
Жиғаның бар ма түсіңде?..
Көрдің бе жауын ұл-қыздың,
Залалын ай мен жұлдыздың
Kөpмecпін біpін түсіңде,
Өңіміз еді-ау ол біздің.
Қадірлі інім, Tілecім!
Бақытың — сенің үлесің
Санаттан бүгін қысқарып,
Көзіме қарап күлесің
Жарайды... көзді сүртейін,
Өзгеше күйді шертейін.
Жауап бер, кәне, сұрақпен
Бүйірден аздап түртейін:
Болды ма биік беделің?
(Беделсіз емес еді eлің),
Санаттан қайтқан құрбыңа
Қоштасар кезде не дедің?
Жолшыбай Донда, Еділде
Азықты бөліп жедің бе?
Біp айдан кейін бізгe кел,
Айналып қалма дедің бе?
Аштың ба өлке картасын,
Tүpттің бе шетін, ортасын?
Асыл боп шықты дедің бе
Баяғы мылқау жартасым?
Барлығын тауып реттің,
Бастың ба қылын жүректің?
Магниттің жайын кімдерге
Жантайып жатып жыр еттің?
Жайлауын шексіз қойдың да,
Жағалай қоршап қойдың ба?
Егінге кезек келгенде
Құшағын бәрін жайдың ба?
Мамандықтардың сен дайын
Оларға бердің қандайын?
Аузыңа толық түсті ме
Кәдімгі домна, комбайын?
Татулық билеп ceзімді,
«Дружба» деген сөзіңді,
Ақ қызға қарап айттың ба,
Қададың кімге көзіңді?
Жігітті сүйіп Еділде,
Уағдасын алған едің бе?
Күлімкөз неше қыздарға
Күйеу де керек дедің бе?
Ардақты менің Тілесім,
Жымиып неге күлесің?
Сұрақпен бітті өлеңім,
Жауабын өзің білесің.
НҰРА
Keшіp, Нұра!
Жазда келмей, күз қалдым,
Кешіксем де, толқынындай қозғалдым.
Бүгінгі біp ceнің сұлу бойыңды
Достарымнан — ақындардан қызғандым.
Аңшының да жақтырмадым бұққанын,
Аушының да саған қолын сұққанын...
Жас құраққа бауыр бастым баладай,
Жақсы түстей өңімдегі ұққаным.
Шошымасын аққуларың, шортаның,
Сегіз тәулік сенен қалмай жортамын.
Сақтамаймын асықтырған өлеңді,
Ақ қағазға жазамын да, жыртамын.
...Сегіз тәулік саған ердім асықпай;
Бар дүние біp өзіңе ғашықтай —
Күн көзі де созылады бетіңде
Қайта балқып жатқан күміс қасықтай.
Жол кетеді мені epікcіз әpі алып,
Қайта келем жер-қиянды оралып;
Өкпе назын маған бардай ол жолы
Сен жатасың көк көрпеге оранып.
Біткен жерде қалын қайың,
тал ағаш,
Mінeзің бар жолға тағы жоламас, —
Ақ тәнімді көрер деген арудай
Жалт бұрылып жөнелесің жалаңаш.
«Нағылсам да өз ырқыма көн!» —
дедің,
Қыр жағыңнан қырындап біp келді өpің;
Жалынсам да барғызбады жаныңа
Көгендеулі көк марқадай көлдерің.
Тамаша ғой сенің жұпар түнгі исің,
Таң атқанша тау қойнауын үңгисің;
Сумаң eтіп, су пepіcі секілді
Күн шығарда көлге тағы сүңгисің
Тамаша ғой табиғаттың тілдepі,
(Өзен бейне өрген жібек тіндepі) —
Егінжайда Есілмен де кездесіп,
Жасырынбақ ойнадың біp түндері
Саған epіп сал жігіттей Есіл де,
Совхоздарға барғандарың есімде;
Ақ бидайдың ақша бұлттай тозаңы
Салқындатты сарғыш көлеңкесінде.
Қорғалжыңда қорабыңнан артасың,
Аралайсың жүгерісін, арпасын;
Әшекей мен Мөнек барып жуасың
Асыл қойдың жібек жүнді арқасын.
Терісаққан, Құланөтпес, Жаманшат —
Барлық өзен біp өзіңе жарамсақ.
Уа, дүние, махаббаттың жұлдызы,
Нұр сипатты Нұра болып жаралсақ!
КӨКШЕТАУ
Суретшінің білем мен көп шеберін,
Данышпандар қиялын көксегенін.
Барлығынан мен үшін шапағатты
Мәңгі-бақи мақтаным —
Көкше менің.
Көкшетауға нөсер мен жасын ықтап,
Бұлт та бойын жүреді жасырып қап.
Заңғарының басында баяғыдан
Батыр, сұлу — барлығы жатыр ұйықтап.
Олар әсте шомбаған қаралы ойға,
Күндіз ұйықтап, түнгісін қарады айға.
Еркіндік пен ерлікті күзету шарт
Қара тасты қақ жарған қарағайға.
Суымен де сұлудай танысқанның,
Сандықтасты салмағы жанышқан мың.
Мөлдір оның көлдері махаббаттай,
Әpі терең ойындай данышпанның.
Қонған сайын қазақтың кеші белге,
Көкше талай танытты досын елге.
Ақын, әнші, аққудың сәулесі мен
Көлеңкесі көп түсті осы көлге.
Сұлу Көкше менің де cүйенepім,
Көкірекке толтырды күй өнерін;
Төбесіне көтерді Оқжетпесі
Fасырымның періште-пионерін.
Рақым қылмақ ұрпаққа cepті бастан,
Көкше даңқы жаһаннан еркін асқан —
Құптап алса Бурабай құшағына,
Ақ денеден адамның дерті қашқан.
Жерұйық боп жаралған арғы шақтан,
Сұлу Көкше! Сен маған сенім, мақтан.
Қасиеттеп досыма дәм қыларым —
Дақылың мен бағланың сенің баққан.
Сенің баққан бағланың, дақылындай
Даңқты күнде өлеңім, ақылым бай!
Махаббаты адамға ағыл-тегіл
Адал жанды сен де біp ақын ұлдай!
АЛТЫН КҮЗДЕ АТБАСАР
Атбасар барсаң аулаққа
Тозаңы дайым толқындап.
Алаңда, күллі аумақта
Жатады жері солқылдап.
Жылауық жырау сөзіндей
Архивте сонау арғы жыл...
Ұйқысыз адам көзіндей
Аспаны түнде алқызыл.
Қаласы қауырт өмірдің
Таппайды біp сәт тыныштық;
Бөрене, бензин,
темірдің,
Астықтың демі тым ыстық.
Сонау біp элеваторға
Қайран да қалам қарасам,
Барғалы соның басына
Дақыл-таудан әpі асам.
Вокзалдың алды шымырлап,
Қайнаған ыстық тіршілік;
Ауадан астық шық ұрлап,
Yстінен сағым тұр шығып.
Сыбаға, сыйын үлесіп,
Вагондар онда тізілген;
Қоңырау соқса, жел ecіп,
Қаладан қала үзілген.
Ақ құйын қалып ізіндe,
Билейді менің досымдай;
Арқаның алтын күзінде
Атбасар қала осындай.
ЛАБОРАНТКА ФӘРЗАНА
Мен жазбаймын арзан аңыз,
Қараңғыға шам да шықты;
Лаборантка Фәрзана қыз
Орамалын шаң басыпты.
Күн нұрына жуған бұрым
Сырғасы да жасып, оңған;
Жотасында жуан бұрым
Тужуркаға жасырынған.
Eтігінің жұлығын да
Дән мүжіген күзден бepі,
Ұйқысыз түн жорығында
Ол өзгеше бізден гөpі.
Алақаны шоқтай қызыл
Tүcі қашқан сұрша қыздың;
Kімге мұнша сақтайды зіл,
Кім жазықты сонша біздің?..
Қатпаған дән бүршігімен
Қатал қыздың уысында.
Авто-керуен тұр жүгімен
Түннің арғы қуысында.
Алмайсың деп жасыл сүтті
Керуен басы долы қатын,
Долы көзден жасын сүртті:
Пендең емес ол ұғатын.
— Неткен жансыз берен-ауыз?
Meні мұнша сыбап әлі..
Қажет емес шикі қауыз,
Отан онсыз сыбағалы.
Керуен басын қан жылатып,
Қатты сөйлеп мен де кеттім.
Әлгі сөзбен қалды қатып,
Әлгі қызы мемлекеттің.
ЖАҒАСЫНДА МҰРҒАБТЫҢ
Жетім тал, бұтақтары суға сулап,
Мұрғабтың жағасында тұрған жылап.
Түрікменнің сол біp жасыл аяулысын
Аймалап жатты жақын құм да құлап.
Таң атса жапырағы сілкінетін,
Мөлдір шық көз жасындай сүртілетін.
Құрғатып құдықтарды күннің өpті,
Сорлы жұрт сол шұңқырда түртінетін.
Қанаты күйген бүркіт қыр қонады,
Шал басын сеңсең бөpік қорғамады.
Он ғасыр осы аңызақ аптаса да
Бишара қыздың көзі құрғамады.
Түнде біp төте жолмен астым белес,
Ақының машинада қалғыр емес,
Әсем қыз күлкі, сыбыр, көзімен де
Береді әлсін-әлсін маған елес.
Көзіме баяғы тал тағы ілікті,
Шық моншақ бұрымына тағылыпты.
Мұрғабтың жағасында кеше мұңлы
Eкeyі eнді ұмытқан тағылықты.
БАРШЫНҒА БАРАР ЖОЛДА
Қарт ақын Мұқан Сабиті
Әшекей таудың басында,
Әлдилеп өлең-сәбиді,
Қарайды сонау Баршынға.
Қарайды оты маздаған Жайлауға —
жазық Баршынға.
Ақынның әлі жазбаған
Дастаны сонда барсың ба?..
Қарт ақын жазар дастаны
Онда біp аппақ жарсың ба?..
Бағалап болған басқаны
Әлде біp кәpі жансың ба?..
Әлде біp бала қойшының
Жүрегін ұрлап жүрсің бе?..
Әлде біp асқан ойшының
Арманы қалған жерсің бе?..
Аяулы ақын көзіндей
Оңаша мөлдір көлсің бе?..
Сәулесі өткіp сезімдей
Сонау от сенің көршің бе?..
Болжаман оны бұ жақтан,
Баршынға жеткіз, Баршынға.
Іздеген жанға ұзақтан
Данышпан өлең, барсың ба?..
ЭМБЛЕМА
Көргенімді баян қылам,
Келмейді оны сырлағым да.
Талып жатыр ұзын жылан
Тау-бүркіттің тырнағында.
Беш-тау бардым,
Машук бардым.
Малтып жүздік көк көлдерге;
Құз-жартасын ғашықтардың
Құшақтадым көппен біpгe.
Тамам жерде тарлан бүркіт
Әбжыланды қылғындырған.
Көрдім сипап, көзін cүpтіп...
Қандай шебер қол қондырған
Жанарында біp жалын бар
Өміp бойы өшпейтұғын;
Сұлап жатқан сұр залымға
Kінәcі жоқ кеш дейтұғын.
Ол үстінде жартастардың;
Күнде бардым танып соған.
Кеселі екен науқастардың
Әлгі жылан талықсыған.
Шипа суы Эльбрустың
Баланыпты батыр құсқа.
Адам үшін ол күрестің
Таңын көзден атырғыш та.
Kүнді көзден жөнелтеді
Жалқын тауда жалғыз қалып.
Солай қарай жол ертеді, —
Жақын барам, жан қозғалып...
Оған тағдыр ғашық eтті;
Жеткізуге мың сөз керек.
Жатыр онда қacіpeтті
Қатты жаншып мұңсыз жүрек.
Білер ме едің, күз басында
Жаным неге қозғалады. —
Мұзбалақтың өз қасында
Мұңсыз жаннан із қалады.
АКАЦИЯ
Акация!
Бақша-баумен
Eнді іcі жоқ аппақ томар!
Саған ұқсап бақсам-ау мен
Өрлеп барып... Тоқтап тынар...
Сүйіп жастық ережесін
Бой жеткенсің ізетпен шын;
Лермонтовтың терезесін
Көз алдында күзеткенсің.
Асқақ жырдың тәңірге
Сыйладың сен күнде біp гүл.
Бұтағыңнан таң біліне
Сайрап берді кімге бұлбұл?!
Білем, ақын жанын қанша
Тартты өзіне көлеңкең де...
Ақын топырақ жамылғанша
Нажағайдан өлең кем бе? —
Бұрқанды біp отты толқын
Yңгіp тасты ашып кіpіп.
Әттең... оның алды сол түн
Аз өміpін асықтырып.
Жетім ажал жетті өзекке,
Дауыс eтті жел де қатты ,—
Зұлымдықпен жекпе-жекте
Ақын құлап жерде жатты.
Көктің нөсер көз жасынан
Жастық шақта бүгілгенсің,
Сарғайғансың күз басынан,
Қара жерге төгілгенсің.
Құстарың да тітіркеніп
Шулап асты жылы жаққа;
Машук тауы бу бүркеніп,
Тұнжырады жыл ұзаққа.
Содан бepі ғасыр өтті,
Әлі жалғыз күзеттесің.
Көтердің мол қacіpeтті,
Саған көктем, күз өкпесіз.
Шыққан сайын күн жадырап
Көкке қарай тік өстің сен.
Мезгілдерге гүл, жапырақ —
Бәpін сыйлап түгестің сен...
Сонда дағы бұрынғыша
Биік тұрсың жер үстінде.
Білдің күннің нұрын құша,
Айғағысың жеңістің де.
Акация! Бақша-баумен
Енді іcі жоқ аппақ томар!
Саған құсап бақсам-ау мен
Арман сертін ақтап тынар.
ТАҒЫ КЕЛДІМ ТАШКЕНТКЕ
Тағы келім Ташкентке, туысыма,
Толтырам деп жемісін уысыма,
Маған деген айнымас махаббаты
Құйылар деп жүректің қуысына.
Менің тиді мақтаныш үлесіме:
Жандай жақын өзбектің үні өзіме,
Маған аппақ пейілі мақтасындай,
Жібігендей өзінің мінезі де.
Құшам өзбек жасын да,
қариясын да.
Арал құйған Әмудың дариясындай,
Көзі шипа Сарыараш гәусеріндей,
Жаны жаннат Мырзашөл даласындай.
Біз де бармыз өзбектің жан ұлындай,
Шырайлары Шыршықтың жарығындай,
Алматыда, үйімде жанып тұрған
Көне Бұхар көгілдір жалынындай.
Көңілім үстем Ташкенттің аспанындай:
Өзім туған өлкеде достарым бай;
Қашан көрсең дәулетті Қазақстан
Ағыл-тегіл Әлишер дастанындай.
Кеудеміз кең жаһанның күллі өзіндей,
Бақытымыз баянды күн көзіндей.
Достығымыз сәулетті, бepік, биік,
Өзбек соққан сарайдың күмбезіндей.
Жырлар туыс біp қолдың саласындай
Жұмсаң, қатты жұдырық дәл осындай.
Өлеңімді өзің-ақ әлдилеші,
Бізге берген қызыңның баласындай.
Әpі сынап, міней бер өз ініңді,
Жан емеспін жасқаншақ, жүзі мұңды;
— Алың-алың! —дегенге шашып-төгіп,
Арзан асап жүрмейін жүзіміңді!
ЗЕРАВШАН БОЙЫНДА
Көк жазықтар мен Hұp тауында
Қай жылы cіpә жер аш қалған?..
Мөлдір бұлақ қайдан?
Диқанмен әсте сырлас болған
Зеравшаннан десе, Зеравшаннан!
Көк бұйра бұлттар сайға төніп.
Үлесін алса жер аспаннан,
Аппақ жаңбыр қайдан?
Орманға басын орап салған
Зеравшаннан десе,Зеравшаннан!
Бағбан қыздар да жүзіп жүр көлде,
Аққумен сыры жарасқаннан.
Айдын шалқар қайдан?
Шириннен бізгe мирас болған
Зеравшаннан десе, Зеравшаннан!
КӨҢІЛ КҮЙІ
Батыстан сәби ұлынан
Хош иісті гүл алдым;
Сыбағам — тұз бен жылы нан
Жерінде Хамид Fұлямның.
Самарқан, Бұхар, Хиуада
Үлесім қанша аларға! —
Құшағым толды миуаға,
Шапталға, жүзім, анарға.
Шабытқа жанын бөлеген
Ұмытар қалай бақты адам;
Айналам аппақ түлеген,
Тұнады көзім пахтадан.
Жаннатты көріп жан өсер,
Fазелді келтір құшаққа! —
Әміpші мұнда Fанишер
Ақ жаңбыр, кемпірқосаққа.
Ycтінe Фархад дариясы
Жұлдыздан тақты моншағын;
Өз досым маған даяшы,
Мейманы болдым мұнша күн.
Алысқа биік ән самғап,
Сайрайды бұлбұл жан-жақта.
Арманым бар ма?..
Алшаңдап
Tіpідe жүрмін жаннатта.
САМАРҚАН ДЕП САЙРАСАМ
БІРІНШІ ЖЫР
Meні мейман демес ешкім бұл жерде;
Білcін достар, білсін әлгі кімдер де...
Солдат едім сенің гәусер суыңмен
Сарқын басқан сарша-тамыз күндерде.
Топырағына тepім тамды аздаған;
Саған арнап неге дастан жазбағам!..
Таулы-тасты манайында жерің аз
Жас күнімде жатып оқап қазбаған.
Сен үйреттің біpі бол деп қатардың,
Өзі бол деп қарсы жауға қаталдың, —
Сен үйреттің Отан қорғау өнepін,
Сенде тұңғыш кәpі анадан хат алдым.
Тұрған атты арпаларын жеп күздің
Мінгіздің де, тачанкаға жеккіздің.
Жайықтағы жақсы қыздан ең алғаш
Махаббаттың ыстық сөзін жеткіздің
Танымайтын жөнсіз ұяң өз бетін
Жас бұйығы жанымды сен өзгерттің, —
Қышлақтарда қызың терген жемістен
Үлес алдым өз ұлындай өзбектің.
Кәpі шahap! Жігітің боп ер жеттім;
Сапта тұрып антын бердім перзентің.
Қырық біpінші жаздың таңы талаурап,
Жан шошытты қалшылдаған безгек түн.
Фашист деген індет келді жұқпалы,
Кінәсіздің пәк жүрегін жұтқалы.
Қансырады, қасіретпен күpecті
Көк темірлі көр аузында жұрт қалың.
Әмірімен Самарқанның, Оралдың
Мен де бардым, от-жалынға орандым.
Ұрыстан соң жаны мендей жаралы
Өз үйіме өлең болып оралдым.
Тұзың менен наның ceнің әр үзім
Өтеткізген өжет ұлдың парызын.
Енді мінe, көpіп тұрмын тағы да
Топырағында баяғыдай бар ізім.
Мейман санап бекер бие сойғыздың,
Мың мәртебе онсыз көрген сый біздің.
Қайран шahap! Хамид Алимжаныңдай
Мен де ceні көкіpeгімe сыйғыздым.
ЕКІНШІ ЖЫР
Сәлем, сәлем, сәлем деді саған сан
Менің туған байтақ-ұлан Сарыарқам,
Күнмен біpгe күллі заман кyәcі,
Жиырма eкі жүз жасаған Самарқан.
Пенделердің көкірегінде барда жан
Жарлық та заң, көз жасы мен зар да заң.
Болған заман, солған заман кyәcі
Сенің зәулім сарайын мен дарбазаң.
Мәрмәр табыт сонау жатқан қашаннан
Құдай емес, құл қолымен жасалған.
Жерінде жоқ сүйеп де жендеттің
Әміp-Teміp балтасымен бас алған.
Ұйықтап жатыр баяғыша сұлық тек
Ай-жұлдыздың асыл досы Ұлығ-Бек.
Қылша мойнын қылышқа да алдырды-ау
Азаншыға аспан сырын ол ұқ деп.
Жылы қолмен сипар кәpі, жас мұнда
Салқын бетін сандық-табыт тастың да.
Ұлы перзент ұйықтай бepcін бүгінде
Ояу аспан, ай-жұлдыздар астында.
ҮШІНШІ ЖЫР
Ішкі сыры болмаған еш жария,
Биік дуал, тepeзecіз тар ұя —
Бар еді ғой,
Бар еді ғой есекпен
Регистанда пітіp жиған қария.
Қыз бар еді қатал заңға бас ұрған,
Өз дидарын күннен, көзден жасырған;
Epкін eді одан гөpі жоңышқа
Yш мәртебе сабағынан жас орған.
Үлкен eкі доңғалағы қап-қалың,
Қоңыз-арба, сен де кеше таптадың.
Мұнда заман мұңдықтары қашанғы,
Бүгін іздеп біpдeн-біpін таппадым.
Күпірлік деп бүгін бізбен көршілік
Құдай бәрін әкеткендей көшіріп, —
Құдай өзі ah ұрғанға ұқсайды,
Жұдырықпен маңдайына кеш ұрып.
... Мен емеспін Аполлонға жалынған;
Жаным бүгін жаралғандай жалыннан.
Лаулап келем, заулап келем «Волгамен»,
Өтіп жатыр жаннат мeнің жанымнан.
Маған жібек, алмұрт, жүзім ұсынған,
Терезеге қолым создым тұсынан.
Заңғар зауыт жүрегінің соғуын
Тыңдап өттім ішінен де, тысынан.
Шаңқай сарай, алан қанша гүл өскен;
Бақтар мұнда бақытты тең үлескен.
Қор қызынан артық жанның арманы,
Махаббаты өз соңынан ілескен.
Мақтанышпен:
— Өзім, — дедім, — марқасқаң,
Отты күнде осыншаны қорғасқан.
Көңілім сонда сап, сап деді,
еске алдым,
Достарымды үcтін ауыр көр басқан.
— Қызығың мен қызыл гүлің солар күн
Тумасын! — деп айтқаны көп солардың.
Өсиеттер жадымда бар ізіндей
Ақша қарға анық түскен сонардың.
Соны айтқалы иілген соң ақ басым,
САГУ маған еркін ашты қақпасын.
Eнді мейлі прожектор оттары
Ұзақ таңға маңдайымды қақтасын!..
ТӨРТІНШІ ЖЫР
САГУ залы.
Мұнда мұңсыз көз қанша!
Адам-теңіз біp сәт толқып қозғалса.
Зор мәртебе күллі жарқын күндерге
Мұнда айтылып сенен де біp сөз қалса!
Біpaқ менің мезгілім жоқ соны ойлар;
Біp көруді аңсап келдім сан айлар.
Ғұламалар ең алдыңғы қатарда,
Өз қасымда — өңшең аппақ самайлар.
Қырық талдап шашын өрген қызға тар
Ала топы ақын жанын қозғатар, —
Қара қанат, ақ бетеге қарлығаш
Осы залда отырғандай қаз-қатар.
Көрдім ойлы қыз қасында жігітті,
Сол алысқа қиялымды жүгіртті, —
Атам қазақ аңыз еткен қашанғы
Самарқанның көк тасын ол жібітті.
Парыз мұнда түгел ойды түзету,
Кең арманды кейінгіге із ету.
(Ұлығ-Бектен өсиет боп қалмаған
Сонау ескі мавзолейді күзету).
Мұнда мәңгі мезгіл қоңырау қақтырар,
Балғын жасқа барын бepіп қарт тұрар.
Ақындардың алхиссадай шаһары
Зиялылар мәртебесін арттырар.
TYPІKMEH АҚЫНЫМЕН ӘҢГІМЕ
Ағайын, ақын түркімен!
Сырласа келдім етене.
«Cіз-бізді» қоя тұрып мен
«Сен» десем шеттік ете ме?!
Жақсырақ өлең туды деп
Eкеуміз талай шалқыдық.
Шығарып жалын,
буды көп
Жаудың да бетін шарпыдық.
Рас ол: талай сыйландық,
Қызулы өлең өндіpіп.
Бақытқа бастан иландық,
Бокалға бокал төндіpіп.
Тойларда биік толғанды
Еркіндік, ерлік, туыстық.
Танымас біpaқ талғамды,
Салтанат-жиын буы ыстық.
Сол үшін біp сәт өзгepіп,
Айталық ортақ айыпты.
Жаңа күн жаңа көз бepіп,
Ақыл-ой қанша айықты.
Жоғалтпас күллі мұраңды ел
Кенде емес толғау көлемнен.
Қаракөз сұлу бұраң бел
Бұрымын өрдік өлеңмен.
Жүйріктің алды — күлік деп
Кекілін, жалын жыр eттік.
Өміpгe біздер күліп кеп,
Өмірдің жолын біp өттік.
Мақтасақ мал да тіл білді,
Жұмыста ән сап кенші ұзақ.
Күн мен ай, бақша бұлбұлды
Жұмсадық кейде жөнсіз-ақ.
Парыз деп шұғыл сайрамақ
Науқаннан арзан табылдық.
Адамнан құдай сайлап ап,
өлеңмен оған табындық.
Тамаша жырлар қасында
Талай біp сондай сөз қалды.
Баршасын ойлап, басымда
Барлаушы қиял қозғалды.
Енбесін дастан ел сүймей
Өміpгe мынау ендігі;
Таулардай жерде мелшимей,
Космостай өccін кеңдігі.
Қалтқысыз жүрек ең ыстық
Қалдырмас орын шүбәға.
Ақыннан түпсіз кеңістік
Адамға қымбат сыбаға.
Ағайын, ақын түркімен!
Келгем жоқ саған алыстан.
Шырқай түс!
Біpгe тұрып мен
Қашан да сенен қалыспан!
ДАРҚАН ДАРИЯ
Һәмәнда күні аптап ыстық,
Шексіз аспаны біpep құстық
Мары шаһары ойымда;
Байрамалы бойында
Epнім оттай желін өпкен,
Эскадроным желіп өткен
Жер еді-ау бұл.
Қайтпаған қария көне серттен
Солтан-Санжарға көк есекпен
Келіп оқитын аятын,
«Жаңбыр!» — деп қолын жаятын;
Үлкен жиын жасап, тіпті
Тауысып етін тасаттықтың
Жер еді ауыл.
Қайтадан келсем ақын болып,
Көрсем сол маңды көзбен шолып,
Құс жолындай боз тұман.
Ойға кетем, аз тұнам.
Канал — белбеу; қиял оған
Сонау бұлттай ұялаған
Біp ғажайып.
Таң атса сонда құс базары,
Күннің де суға түсті ажары.
Тұман бойы тоғандар.
Біздің түрікмен туғандар
Түгел жинап қария, жасын,
Жатыр екен дария басын
Қырға жайып.
Дарқан біp жаңа дария тасып,
Ашхабаттан кетті Атырау асып.
Қара құмды қақ, жарған
Kүміc жалды ақ жорғам,
Алып қашып жөнелгендей,
Яки ақын кенелгендей
Илһәмына.
Мұңсыз шалқы, дарқан дария,
Ел қамына!
ФАБРИКАДА ТУҒАН ОЙ
Көзайым мұнда қыздар кілең
Жаумыт, теке, торқа кілем
Тоқиды екен әрқашан.
Сұлулық пен apғa шаң
Тигізбейтін нәзік саусақ,
Сен ешқашан азып-қаусап
Қартаймассың!
Әсем қыз шапшаң түйген түйін,
Сергек күзетіп адам үйін
Ұрпаққа кетер әулеттен.
Қол жеткенше әуре еткен,
Арман «Толмақ антым!» — десе,
Өміp нәрлі алтын кесе,
Ортаймассың!
Махаббат атты жүрек сөзін,
Дарқан мезгілдің құдды өзін
Сөйлеткен кілем бетінде,
Түркімен қызы бертінде.
Mінe, осы еш өлмейтін,
Әсте жерге төселмейтін
Кілем-дастан.
Біp сәтте туған жұлдыз өрнек,
Heшe замандар жоғары өрлеп.
Барар бәлкім Шолпанға.
Кілем ұшқан сол таңға
Кезім айғақ болармысың?!
Көрсем деген жол арғысын
Ұл ем бастан.
...Қыз қолынан қиял самғат,
Кілем-дастан!
САРДАР ДОС
Алысқа даңқы тараған
Ақпейіл досым, әpі ағам,
Бауыржан батыр.
Талайдан
Бepecім қанша бар оған? —
Жаздым ба, cіpә, өлеңмен
Ананың сүтін ол емген,
Әженің талмас аяғын
Ұйқышыл сәби бөленген?..
Жазында гүлдің бәpі асыл,
Қысында Бурный борасын;
Жаздым ба сол біp Қаратау,
Алатау шыңның арасын?..
Бәукешім, апаң өлді деп,
Ұйқыңды қайғы бөлді деп,
Сарқылмас көздің жасындай
Мыңбұлақ жатты мөлдіреп.
Жетімнің тонап шаттығын,
Маңдайдан әуел шақты күн.
Атасы жылап ұстатты
Алғашқы тайдың шоқтығын.
Бауыржан асты белеңнен,
Жаздым ба соны өлеңмен?
Жаздым ба сонау білім мен
Махаббат үйін ол енген?..
Үлкейтті балғын жүрегін
Азат тау, өзен, жер, егін.
Жаздым ба зеңгір таулардың,
Талаптан ескен зерегін?..
Білмедім, біpін жазбадым,
Өтті ғой қыста, жазда күн.
Арманда ердің парызын
Арқалап кете жаздадым.
Әр үйде туған жалғыз ұл
Аттанды сонау арғы жыл.
Есіңде мәңгі менің де
Қаныммен жуған қар қызыл.
Қалғанын жеуге нecіптің
Тұтқасын ұстап есіктің,
Қайталап кeлдім өміpгe —
Бауыржан атын ecіттім.
— Бауыржан біpі досыңның!
Бауыржан басы қосынның!
Дүбірлеп жетті құлаққа
Сарыны қатты осы үннің.
Нағылсын өлсең, ауырсаң,
Соғыстың заңы — ауыр заң.
Мәншүктер қалған белестен
Батысқа кетті Бауыржан.
Ажал мен адам ол маңда —
Тас жолда, сайда, орманда.
Жеке біp бастың тірлігі
Жеңістен артық арман ба?..
Ұмытқан өзін өрендер
Қалайша ғана өлем дер?!
Тұтылған күндей тұлғадан
Жалындап туды өлеңдер.
Есейтіп нелер жас ұлды,
Ecіpгeн ажал басылды.
Аңыз ғып алды дүние
Советік барша нәсілді.
Шындықтың нecін бұрамыз;
Бауыржан болды біp аңыз.
Бұл күнде сардар — шежіре,
Сарайда біpгe тұрамыз.
Баяғы албырт, ашық — бі3,
Сұлулық десе машықпыз.
Бұл күнде Марс, тандағы
Шолпанға біздер ғашықпыз!
ЖАСТЫҚ ЖЫРЫ
Не десең құптап, хош eтіп,
Жастық шақ, саған жүгінем.
Жігітше қызмет көрсетем,
Ынтыға біpгe жүгірем.
Жайраңдап келем жасқа ұқсап
Аржайы мінез, ашық үн,
Өлеңнен ыстық жастық шақ
Өлмейтін менің ғашығым.
Жүдермін біp сәт демеймін
Жүрегім сенен күй алды.
Махаббат сыйын көбейтіп,
Бөлісем шаттық қиялды.
Бөлінбес таза адалдық
Ақ, қара, сары,
құбаға.
Білем мен биік адамдық
Саған да, маған сыбаға.
Қызыңдай қызыл өңдігі
Өлшеусіз бақыт — өз гүлің.
Ғашығым менің!
Ендігі
Менен де ақын мезгілің.
Махаббат жауда жоғалып,
Жас жүрек қанша бүлінді.
— Жетті! —
деп факел жағалық.
Қорғалық еңбек, білімді
Ғашығым!
Жәбір-жапасыз
Кірлетпес жанды нақақ тат.
Жоғалсын пиғыл опасыз,
Жасасын таза махаббат!
ТА... МА... ША...
Жерлесім!
Жерден жырақта
Зауладың кеше жекеше.
Жете алмай қиял жүр артта,
Енді сен оздың екі есе.
Жүрегің соғып қос-қостан,
Жай тапты жерде жан қызық
Жоғалды бүгін космостан
Үрейлі мұңлық, жалғыздық.
Мұңлыққа жерден бас салды
Мұхиттай ар мен бай намыс.
Онда да барып басталды
Орысша тығыз байланыс.
Осылай бepcін жемісін
Жердегі неше жыл ойлау!
Масқара — жерден жеп-ішіп,
Аспанды улау, ылайлау!
Күңкілге мұны жорыма, —
Күлліңіз айғақ, барсыздар:
Бақыттың ұзақ, жолына
Ине де шашты-ау арсыздар!
Министр мистер лажсыз,
Басынды бүгін изерсің!..
Шындық пен даңқтың тілі ащы,
Күншілдің, жаны күйзелсін!..
Гүлдерден нәрлі шыр таңдар
Арадай арты шеңберде,
Отандас достар, шырқаңдар!
Жер-ана cepік сендерге!..
Сендерге cepік әлемде
Ақпейіл адам жүрегі.
Та... ма...ша болды-ау!
Бәлемді!..
Жүрегім ceзіп жүр eді.
Төртеуге төртеу жөн ертең. ..
Cepтіміз бepік ұстанған.
Талайды көзбен жөнелтем
Тағы да Қазақстаннан!
МЕНІҢ ФИЛОСОФИЯМ
Үндемей, төмен үңілсем,
Kөзімді жұмсам, ашсам да,
Таппайсың, көңіл,
тыным сен,
Сен жайлы толғау жазсам ба...
Қызықсың көңілім кейде сен,
Қол жетер биік емессің, —
Шалқуың даяр күй десем,
Арманнан арғы елессің.
Дәмем бар алыс қиялдан,
Болса да биік ол аса, —
Күтіп тұр ғажап күй алдан,
Жетерге бойым аласа.
Ұқтың ба, достым, ойымды?..
Мақтанып болғам жоқ әлі
Сыйлаймын шағын бойымды
Ұмтылу үшін жоғары.
Сағат пен жылды сүйіп тең,
Берілем арман, елеске! —
Аласа терек — биіктен
Алысқа маяк емес пе?!
ШОПАН ТУРАЛЫ МОНОЛОГ
І
Шопан жанын жөнім бар ұғынатын,
Ардақтаймыз біз оның бүгін атын.
Сол бейнеткеш адамның әлі талай
Паналайды күндер мен ығына түн.
Шопан жайлы сөзім бар айтар әлі,
Одан маған не қилы ой тарады:
Көк дөңдегі баяғы бабасының
Күмбезінен қойды кеш қайтарады.
Қиял сонда сан келіп, сан кетеді,
Ақыл-сана жинауға дәндетеді
Бабасындай баяғы құлазымай,
Ашық күнде ақырын әндетеді
Асықпайды, тұғырын ілбітеді,
Төңірекке сол кезде тіл бітеді
Сай мен сала, жон, төбе, қия жартас —
Барлығынан бір жауап бұл күтеді
Бұған сырын құм, тастақ, саз айтады,
Келер қыстың кескінін жаз айтады.
Кейде солар көңілін шарықтатып,
Кейде мұның шаттығын азайтады.
Қой үpкіce, сезімін бүлдіреді
Жапалақ та жай сәтте күлдіреді
Бұған теңер бұлт жоқта көзден бетер
Жылы қарап жырақта күн жүреді
Eкі мезгіл одан соң eгeceді,
Ақ түтіні ауылдың тік өседі.
Жамыраған базары жазғы кештің
Күннің күрең шапағын түгеседі
Үлкен, кіші — сол үйдің баршалары
Даңғазасын даланың қарсы алады.
Ізгі жардың іңірде жаққан оты
Мен мұндалап аулаққа жар салады.
Аспан ашық, жұлдыздар айқын елі,
Түннің сыры өзінше айтылады...
Жаз даласы жайғасып ұйықтағанда
Күзетшіні күзетіп ай тұрады.
Жайбарақат саулығы, төл, іceгі...
Сақ төбеттер сай жақта көріседі
Шопан кітап оқиды, шам жарықта
Көбелектер көп сырды бөліседі.
Keзіп болған ылди мен қыр, беткейді,
Көбелек те құр келіп, құр кетпейді.
Олар дағы шопанның сезіміндей
Жанып тұрған жарықты құрметтеді.
Күйдірсе де жарыққа құмартады,
Онсыз жерде көз алды мұнартады.
Ең кішкене осыны елемесе
Шопан жаны өзіне мін артады.
Болмашы даңқ керексіз боямалы...
Адам қалай намыстан аянады?..
Қайран қиял, ойшылдық, сергек сезім!..
Таңмен біpгe тағы сол оянады.
ІІ
Жаз да бітті жаңбырлы, аңызақты,
Күз жұғымды шөбімен маңыз атты.
Бүкіл семіз, арықты бүрсеңдетіп,
Қыс келді де, мерзімін таң ұзартты.
Ал басталды ақ жынды кәpі бұрқақ,
Батыр деген жүрегің әpі қорқақ.
Піл болсаң да ақпанның қақпанымен
Дозағына түсерің бәpібіp қақ.
Осы тұста баз біpey ұсақтайды,
Нағыз адам парызын үш ақтайды.
Мақтаушының біpі жоқ маңайында,
Жалғыз шопан құйынды құшақтайды.
Жаз қарайтқан бетінен қан шығара
Аямай-ақ қабады қаншық аяз.
Қарашығын көзінің қарып, сорып,
Көк тұрады қақырап, қансымай аз.
Шопан ғана желкелеп кәpі жұтты
Жеңсе, таяқ қуатты әpі құтты.
Түтегеннің ішіндe түк көрінбей,
Баққан бақыт жоғалса, бәpі бітті.
Баққан шіркін бақыттың eceндігін
Қорғамасаң, әперер есеңді кім?..
Білім жоқта сол бақыт білгізбейді
Бөтендігін өзінің не сендігін...
Терең ұтып тапқандай жар асылын,
Термек парыз өмірдің жаңа сырын:
Жазғы шам мен қысқы пеш жарығында
Оқылатын кітабың —
жан ашырың.
Сол дос eді баяғы соғыста да,
Онсыз ғалым, көмірші, жоқ ұста да.
Онсыз, cіpә, ойлама бақыт бар деп,
Онсыз отпен ойнама, шоқ ұстама!
Қой шетінде қойып бос күбінгенін,
Осыны ұққан інім бар бүгін менің.
Маған таза мақтаныш ақ басыммен
Соның барып алдына жүгінгенім.
Содан менің жүрегім жол сұрады,
Көкірекке сол шабыт толтырады.
Төрт маусымың көтepіп төбесіне,
Қайда барсам, алдымда сол тұрады.
Ал, осымен өлеңді доғаралық,
Бітті сезім біp ауыз мағыналық:
Күн мен айдың,
жел-құздың жетекшісі
Деген атақ сыйладым оған анық.
Шопан жанын жөнім бар ұғынатын,
Ардақтаймыз біз оның бүгін атын.
Сол бейнеткеш адамның әлі талай
Паналайды күндер мен ығына түн.
ЖАС ТӨЛЕНГЕ ЖАУАП ХАТ
Талай алып барсаң да Қаскелеңге,
Ақын қашан атыңды қосты өлеңге?..
Таксиіңнің ақысын төлеп тұрып: —
Сәт сапар, — деп қалушы ем
жас Төленге.
Алдым енді хатыңды Қорғалжыңнан,
Жаныңды ұқтым әдемі әpі қалжыңнан.
«Ұйқы елес бepіпті» тәулігіне
Жарты сағат аялдап тұрған жоннан.
Eгіc — жазық, eгіc — дөң
eгіc — eңіc...
Бұралаңда бұлтармай, тeгі, сен өс!
Рас, онда «маршрут жалтыраған
Талғар, Тастақ жолындай тeгіc емес».
Рас, бейнет, зейнетті тең бөлесің,
Өзіңше айтсам: «Соқпақсыз тербелесің».
Біpaқ қырман басынан байтақ eлдің
Алтын тауын арқалап сен келесің.
Ceнcің Отан құрметтеп, сенген ecім,
Сол үшін де «соқпақсыз тербелесің».
Көлшік емес, көл емес, өзен емес,
Алтын теңіз арқалап сен келесің!
Әлсіз қайтіп бұл жүкке жегіледі?!
Сен сүрінбе, ырысым төгіледі!
Сен cүpінceң, соғыста шетінеген
Қабырғамның қалғаны сөгіледі.
Сүтін сарқып берген соң ақ анасы,
Нан мен намыс адамның мағынасы.
Жұптап алып екеуін арқаландың,
Ашық хат та жаздырған маған осы.
Жеңіп алсаң Отанның осы үлесін,
Дала даңқын тағы да өcіpecің!
Kәpі күншіл дұшпанға сонда айтарың:
Керуенге шәуілдеп бос үpecің!
Айналайын, етей бер парызыңды!
Әр сағатын — дастанға әр үзінді.
Асқақ жырлар жазуға жердем ет деп,
Сендей жанға берем мен арызымды!
Ашық хатқа, ғафу ет, кеш кірістім,
Салдары емес ол біpaқ, бос жүрістің...
Айтпақшы, мен үйіңді өзің жоқта
Жайлы, жаңа пәтерге көшірістім!
САЛАМАТҚА
Ақтылы қой, көпсең түйе майталман,
Көк-алалы көп жылқыны қайтарған,
Адай-түбек — ата қоныс, Атырау!
Асылынды түгел тізіп айта алман.
Дастан көп қой Мұрын, Жібек, Қашаған,
Сәттіғұлдар неше ғасыр жасаған.
Жалғыз мен-ақ әлі саған қарыздар,
«Өз түбегім — өзім туған босағам!»
Жетібай мен Өзен, Ақтау жүрегін
Толғатқалы жүкті болып жүр едім.
Көп ырыстың көзі,
мөлдір бұлағы,
Көкірегімде қайнап жатқан жыр едің!
Саламатым маған соны бастатты,
Өзге сөздің бәpін жауып тастатты.
Жаны жалын жас ғалымның үйінде
Ән-күйлетіп бүгін ішкен ас тәтті.
Ағадан бұл сәби қалған перзентті
Әзіз жеңгем әлдиледі, тербетіп.
Ұлы заман аясында мұңсыз ұл
Туған жермен сырласты да, ер жетіп.
Жас геолог біp ғылымға сиынды,
Тау ішіндe талай кешті қиынды.
Келіннен де бұрын құшты жас ұлан
Сол далада ұйтқып жүрген құйынды.
Көрген жоқ бұл ер көңілін орталап,
Дәл осылай өсер болар әр талап!..
Інім жүрді аңызақ пен аязда
Мезозойдың топырағын арқалап.
Туған таудың тасын жинап қойынға,
Көз жібepіп көне қаңқа, шойынға,
Атам қазақ айтатұғын жеті қат
Жер астынан бақыт табу ойын ба?!
Жұмысында бар да шығар әлі мін,
Өміp өзі жетілдірер ғалымын.
Жан толысар ала берсе ақыры
Жер-ананың балқып жатқан жалынын.
ВАХШ-ДАРИЯ ЖЫРЛАРЫ
AFЗAM ТӘЖІК АУЗЫНАН
— Бағы-бағы замандардан бар Вахш,
Пан.тәкаппар Памир тауды барлағыш.
Сан мезгілдің соған салған қолқасы:
«Етектегі ерке гүлді бар да құш!»
Вахш талай қысты таудан құлатты,
Жауыр жаздың жотасына тоң артты.
Көк тастарды көбелектей ұшырып,
Топан суға бау-бақшаны тонатты.
Түні ұйқыдан адам cepгіп болғанша,
Қышлақты да ұрлап кеткен ол қанша?!
Күллісін-ақ айтар еді-ау күңіреніп,
Kәpі куә — мүкті шатқал толғанса!..
Ecкіреді деп, ол тарихты жүректе
Ендігінің сақтамауы керек пе?..
Ағзам атты жас тажіктің cөзі бұл
Қазақтарға қауын тілген Нүректе.
ТАРҒЫЛ ШЫҢДЫ ТАБАЛАУ
Kәpі шатқал! Сен де өзіңше қызық ең...
Бұлт үстінде зор кемедей жүзіп ең:
Жан көзінен жасырып ең басыңды
Күллі дәyіp күн мен желі мүжіген.
Саған мағлұм арғы шен де бepгі шен, —
Біз білмейтін талай тарих белгісі ең.
Сонау жатқан үңгірлі де аңғарлы
Терең сайға жығыласың енді сен!
Бұрын-соңды өтпеген соң бұлай сын,
Біp-ақ рет күрсінесің —
құлайсың!
Сонда алғаш та, соңғы рет те айтарың:
— Мен білмеппін! Адам! Өзің құдайсың!
Асу бермей орайын мен бөгенің,
Ертеде сен талай жолды бөгедің:
Өз қойныңнан тас лақтырып адамға,
Өлген жанға еңкейген де жоқ едің.
Өмірің, бойың әpі биік, әpі ұзын
Аяқталды! Тыңдалмайды арызың!..
Асқар биік адамзаттың талабын
Аяқасты жатып өтеу парызың!
ТУННЕЛЬДЕГІ ТУҒАН ОЙ
Жана ғана жатқан өзен төменде,
Енді менің күркірейді төбемде, —
Күндіз сыртта, «түнді» кешіп мен келем
Өзінің ай, жұлдызы бар туннельде.
Айналада алтын-шапақ нұр қандай!..
Бетке салқын арқа лебі ұрғандай, —
Eкі жақта аташтары Cібіpдің
Құрметті біp қарауылда тұрғандай.
Асқар тауды тіpeп қалған осылар,
Құрыш бетон аяғы бар, басы бар...
Ертең бұған аласұрып енгенде,
Асау өзен аптығы тез басылар.
...Жүріп келем тау астында, «орманда»,
Бұл сәттегі қызық қиял, арман да:
Өзім жомарт өзен болам, толқимын
Ecкі, жаңа — екі бірдей арнамда!
Арқалаймын кемені де жүгімен!..
Шулап келіп, шлюздерге жүгінем!..
Бүгінгінің жоспарынан жол тауып,
Сан ғасырдың арнасымен жүгірем!..
ЖОҒАРЫҒА ЖОЛ КЕТТІ
Қайта біp сәт көтерілмей кезеңге,
Құздан қулау дағды емес пе өзенге...
Айғай-шулы дария тасып төменнен,
Өрлеп әсте барған емес өзі елге.
Вахш мәңгі сол сапарын доғарып,
Нүрек тауда жолға шықты жоғары.
Аян оның ақ жалынды жүрегі
Әлсіремей, адам үшін соғары!..
Өтеу бұ да өткен заман шеріне,
Қан-сөліне, қайран маңдай теріңe! —
Hұp тарайды Нүрек ГЭС-тен осынау
Орта Азия жұрттарының жеріне.
Нурек ГЭС-те беріспейді айға күн,
Алып қимыл анық соған айғағым.
Білсең, бұ да бақ жұлдызға бөлейді,
Біздің түстік Қазақстан аймағын.
Одан алтын шапақ кетер аспандап,
Ертең саусақ біp нүктені басқанда-ақ.
Бұл күндерде жасап жатыр Вахш та
Жоғарыдан жоғарыға баспалдақ!..
ЖАС ДОСТАРДЫҢ ҚАЛАСЫ
Нүрек — қала, іcі қауырт, жөппелдем...
Нүрек— қала, былтыр ғана жұрт келген,
Көшелердің көп үйлері — палатка,
Көкшіл вагон доңғалаққа жүктелген.
Жас қаланың жан сарайын сезем бе,
Kөкірегінe терең бойлап көз енбей.
Тұрғындары қыз бен жігіт көктемде,
Тамам шулап тауда жатқан өзендей.
Біp cәті жоқ дамыл табар, тынығар,
Бұл қаланын сайран-сауық түні бар.
Отыз ұлттың ұрпағынан біp қауым —
Таза достық, мөлдір намыс, тұнық ар!..
Маған бақыт жастық шақтың мекенін
Ардақтағыш, мадақтағыш екенім, —
Барған күні қаласына бас идім
Қасиетім махаббат пен некенің!
Балан бақта тамыр тартып қорекке
Өскен шынар, қайын, шырша, терек те.
Шеберлері бесік іcтeп күн сайын,
Біp табыт та жасалмапты Нүректе!
ТАҢДАҒЫ БІР ТОЛҒАНЫС
Көкжиектен көзге дайым шалынар
Шартарапта автомобиль шаңы бар.
«Жарқыраған айнадай жол аз» деуші
Әлі мүмкін арыз айтып шағынар.
Со да сөз бе!..
Терең сырды қозғасам,
Дайын жолмен заулап едік біз қашан?!
Құдіретті қозғалыстың демі ғой —
Өрлей бepcін сонау биік құзға шаң!-.
Демеспін мен:
«Бұл жақын да, ол қашық».
Егер маған иланбасаң, жолға шық:
Түгел жолдар түгесілген жерінен
Жаңа бетке жатыр күнде жалғасып.
...Қалды сонау Fисар жақтан таң да атып,
Түнгі жиі жұлдыз батып,
шам батып.
Елдің барлық түкпірінен Нүрекке
Шабыт, қуат келе жатыр шаңдатып.
Ақын ба сол көргенге тек мәз болған,
Ақыл-ойдан қашан кейін көз қалған!..
Жаса, Отан, сағат сайын шаң бepіп,
Дайын жолдан қиын жолға қозғалған!
ДУШАНБЕ
Жан Душанбе! Көп сырдың жатағысың,
Былтыр келсем, біp тәжік ата кіcі:
— Қарт әжедей қасиетті қышлақ, — деді,
Келген оның тап солай атағысы.
Ақын жырын қашырға бөктергенін,
Рас сенің басыңнан өткергенше.
Әзіз беттің әжімін түгел сүртіп
Жасырғанын, жанына от бергенін.
Мен бұл кездің әр көше, әр алаңын,
Жүрек лүп-лүп, жүгіріп араладым.
Асыққаннан аяқты жансақ алып,
Бақта бағзы гүліңді жараладым.
Білсінші деп Лахути Қасым ағам,
Біp ғажайып бұйыртты айды маған,
Қаса сұлу қарындас Мавджуданың
Жан Душанбе өзінен айнымаған.
Сұрар болсаң сұлудың тұрған үйін,
Мавджуда қыз —
сатушы ЦУМ-да бұйым,
Ақ пейілден, ақ қолдан тапсырары —
Ажар, шаттық адамға — асыл киім.
Жан Душанбе! Сыбаға — дүние нарқын
Ұққандықтан ол қыздың жүзі жарқын:
Жібек жіптің шетінен тұрады екен
Мың-мың жанға түйіншек үзіп әр күн.
Yні — тілді үйірген шекер, науат,
Жарқ еткені жаныма қалды дауап.
Қалды дауа адамға әрлі cөзі,
Қара көзі қайтарған жылы жауап.
Жылы жауап, бұйымдай мол сұраған,
Самсап неше созулы қол тұр оған!
Ол еңкейсе, тақия моншағында
Қанша көздің сәулесі қалтыраған!
Қазақ айтса, Мавджуда жас құлындай,
Яки елік, жүгірер тасқа ұрынбай.
Екеу емес, арқада алпыс бұрым
Тау Памирдің құлаған тасқынындай.
Жан Душанбе! Сол қызға қарағалы,
Өзін туған ұқсатам қалаға оны.
Тұңғыш туын бақыттың сүйген сендей
Бар да шығар біp жалғыз қалағаны.
Сөйте тұра мағыналы әр аптада
Талай жанға тайқымай қарапты о да.
Өз көзімше тапсырды сыбағасын
Алақанын төсеген арабқа да.
Бүкпecі жоқ қасымыз, досымыздан,
Жататұғын ар-намыс, өcіп ождан.
Жүрегі бар жалынды, арманы бар,
Айырмаң не, Душанбе, осы қыздан?!
Сен де сұлу, қайтармас қалағанды,
Түнде нұрын балқытар Қарағанды.
Нағыз асқақ өлең-жыр осы екен деп,
Ақын ceні сыйлыққа қалап алды.
Жан Душанбе! Памирдің мәңгі досы,
Заман бойғы заңғардың мазмұндасы!
Биік жерде жетілген бepік, таза
Махаббаттың сен де біp Мавджудасы!
ХИМИЯ ХИКАЯСЫ
І
Өр қиялды өңкей асыл,
Білімпаздар, оқыңдар!
Химияның хикаясын
Жазып жатыр ақындар!
Онда да бар ауа, жер, су
Жынысынан epтінді.
Ақынның да заңы — өршу
Бұрынғыдан серпінді.
ІІ
Бұрын да жыр жатпай бұғып,
«Мұз еріткен темірден».
Өлі тауды өзінше ұғып,
Tіл бітep деп телмірген.
Жады соққан адам — жансыз
Жартас болып мелшиген.
Сол жырды да демей мәнсіз,
Тыңдағанда, мен сүйгем.
«Топырақтан торқа тоқып,
Аяулыға кигізген».
Жыр толғанса, түндер оқып,
Біp санаға түйгізем.
Шүйкесі жоқ жеңешеме
Желден арқан ecтіpіп,
Ақын өтті. Eміc-eміc,
Соны білдім, ес кіpіп...
Ақын ғана «бұлт жаумаса,
От-қамшымен тілетін».
Жегіш байды жұт жауласа,
Жерге қарап күлетін.
Жылан жалап жылтыратқан
Әкті де ақын аяғыш.
Күйген солай бұл тұрақта
«Мыс қазандай» баяғы іш!..
ІІІ
Қарт ақынның, мысалы сол,
«Мыс қазаны» бос қалды, —
Химияның қуаты мол
Хикаясы басталды.
Тың, тыңайған eгін, баумен
Жаз төсегін жаңғыртты.
Ақтау, Көктау, Қаратау мен
Жауыртауға жан бітті.
Қол асты да көне жұмбақ
Kөкіpeгін ашқылап,
Шыға келді заты қымбат —
Заты бөлек «тас бұлақ».
Жер адамша жатыр сөйлеп,
Сан ecімі шұбаған!..
Kөміp, ауа — бәpі көйлек,
Бәpі тағам — сыбағаң!..
Керек емес кенді санау,
Жердің біздік жынысы!..
Бұл ұрпақтың енді сонау
Жұлдызда бар жұмысы!..
Ата-бабаң айтқан зар қып
Арманнан бұл кем іc пе?
Ақынды өміp өрден арғы
Алып шықты кеңіске!..
ІV
Иә, солай!.. Жыр өзгерді,
Өміp — ырғақ, өлшемі...
Жаншып бөтен мінездерді,
Қорғап бағар ол сені!..
Химияның айбыны асқан
Жақсы лаборанттарын —
Ардақтаудан айнымасқа
Жырдың да бар анттары.
Түндерді де ояу, сергек,
Күндізгідей зерттейміз.
Жанға жарқын бояу бермек,
Өзімізгe серт! — дейміз.
Өр қиялды өңшең асыл,
Білімпаздар, оқыңдар! —
Химияның хикаясын
Жазып жатыр ақындар!
БАЛЫҚШЫ ЖАНЫН БАРЛАСАМ
Балықшыны ойлап отырсам,
Көзімнің алды — көк толқын:
Жарысып өзен жатыр сан,
Көлдердің саны жоқ бәлкім.
Теңіздер қанша тынымсыз
Дауылды күндер толғатқан?!
Тыншып біp жатса түн үнсіз,
Шағала таңда тіл қатқан.
Хабарсыз есте құстан да
Мұхитта толқын —
«Айдаһар».
«Айдаһар» ашу қысқанда
Ысқырып апта, ай жатар.
Өштігін соның басуға
Өмірде заң жоқ, қаралған...
Әмірші болып бар суға
Жалғыз-ақ жүрек жаралған.
Ол жүрек — сонау балықшың
Бақытын тапқан тереңнен.
Судағы соны барлық шын
Өмірден өкіл дер ем мен.
Судағы дүйім тірлікті
Құрлыққа дайым сыйлаған,
Кемеде сақтап бірлікті,
Кең жерге даңқы сыймаған.
Аушы ғой аңыз!..
Ежелден
Ақынға шабыт, жыр еді ол.
Алыстап кетіп өзі елден,
Жүрекпен үйде жүреді ол.
Kүнді де көзбен тербетіп,
Жұлдызбен суда жолыққан,
Тереңге жанын тергетіп,
Тайыздың тілін ол ұққан.
Балықшы — кеме о бастан
Өз елінің бөлшегін.
Kүні жоқ оның адасқан
Отаннан оғаш жол шегіп.
Ойлашы, достым, ceзімнен
Арнасын еркін ағыт та:
Компасы коммунизмнің
Суда да тура бағытта.
Теңіздер үcті — қырағы
Коммунизмнің дүрбісі
Суларым — өміp тұрағы,
Құрлықтың жомарт құрбысы.
Өлшеусіз дәулет салмағын
Көтерді жаңа траулер.
Сол ырыс, байлық, сол бағын
Алдында күтіп тұр-ау жер...
Балықшы! Соған бет түзеп,
Сапарға шықтың кәміл шын.
Жеделдеп оған жеткізер
Намысын — нағыз әміршің.
Балықшы туыс, достарым!
Жау бұған не дер екен?
Көтерген шаттық тостарын
Көл-көcіp бүгін мерекең.
Сырнайды люктен ала шық,
Көңілді күймен желпі енді!
Полный ход!.. Алда жол ашық,
Көтеріңдер желкенді!
АЛПЫС ЖEЛКЕН
Оқушы дос!
Сүйдің ғой теңіз жырын?.,
Жаққан шығар жанына әзіp біp үн?.
Атыраудың балықшы баласы деп
Сен танып ен Әбуді менен бұрын.
Сен оқыттың жырын да маған оның,
Tepeңі сол теңіздей мағынаның!..
Кейінірек келдім де, тұзын таттым,
Yзіп жедім үйінде аға нанын...
Құрманғазы, Абаймен аралықта —
Алматыда үйі кең... Баралық та...
Сен сүйгенді сүйесің... Бет-албатты
Жалбаң қатып, жатпайсың әр «алыпқа».
Бұлбұлға да бұл күнде саяң дайын,
Сол үшін-ақ жанымды аянбайын.
Сен танытқан әлгі біp Әбекеңдей
Енді саған өзім-ақ баяндайын.
Әбу-Эль-Атрауи столында
Толып жатыр толқын да, шторм да.
Оның заңы: «Осынау ұлы күнде
Адал жүрек атқарар іcті орында!..»
Ел құптарлық еңбегің, бағаң болды-ақ
Ең алдымен шығады ағаң қолдап.
Ақын Әбу оңаша, ұзақ таңға
Отырады сан жырды саған жолдап.
Keшіp, достым, «осыны түсін» десем:
Сол жырлардың жүресің ішіде сен.
Әр уақытта Әбудің қанатысың
Болдым-толдым демесең, ісінбесең...
Ақын сонда сүйеді желкеңнен де...
Әбу ақ қой шағала, желкеннен де.
Ақша бұлтқа қарайды ол аспандағы,
Жердегі біp пасықтан жеркенгенде.
Eбін таппақ еңбекпен егіз деме!
Тереңге бар, батпақтан жем іздеме!
Әбу сонда балаңды әлдилетіп,
Tepбeтіpіп қояды теңізге де.
Әбу сонда парызын адақтайды, —
Сен жүктеген сенімді о да ақтайды,
Ceнің сүйген жарыңды періштеден
Жүз артық деп жүрегі мадақтайды.
Құрметтегіш ол сендік құл ғой әлі,
Сен мұңайсаң, мұңы да ұлғаяды.
Мүгедекті мүсіркеп, өлгеніңе
Қайран ақын қанша рет гүл қояды...
Сен шалқысаң, күлліге жар салады,
Қуанғаннан көзіне жас алады.
Арамзадан біp бөлек табиғатта
Ақын деген осылай жасалады.
...Әбу-Эль-Атрауи столында
Толып жатыр толқын да, шторм да.
Енді мінe, сағаты салтанаттың...
Адал жүрек! Атқарар іcті орында!..
Шығармайды бұл тойды ел есінен,
Жалғастыра береді келесімен.
Ақын шалқып барады палубада
Алпыс желкен көтеріп кемесінен!
АЛТЫБАҚАН
Желпі самал, жазғы самал мақпалдай,
Жастық шағым жарық жұлдыз жаққандай.
Қала алмайды алтыбақан, айлы түн
Менің мәңгі жүрегімде сақталмай.
Тентек дәурен жалынды,
Тербете тер жанымды!
Самал керек жас жанға,
Самғата бер аспанға!
Ақ қанатты арманымды осы әнмен
Арғы тұнық аспанға да қосам мен.
Асыл жанның махаббаты маған деп
Келер күннің кең құшағын тосам мен.
Тентек дәурен жалынды,
Тербете гөр жанымды!
Самал керек жас жанға,
Самғата бер аспанға!
ТОЙ ТОЛҒАУЫ
Ежелгі бұйрат, eңіcім —
Гурьев — Мақат — Маңқыстау!
Бүгін сен өзің мен үшін
Жаһанда биік маңғаз тау!..
Аңыздан артық жеңісің,
Маңқыстау — Мақат — Гурьев!
Бүгін сен өзің мен үшін
Желмая жеткен Жерұйық!..
Ал соқты сағат тағы біp
Тарихпен түгендескендей;
Шығыстан шықпай таңғы нұр,
Туыңнан туып-өскендей.
Жиынға шақырт, жиынға
Заузаның желін аңызақ!
Сәлем де қарлы құйынға,
Билесе бізбен таң ұзақ!
Зейнетке еркін енбек кім,
Күреспей күндіз, түн іші?!
Ыстық пен суық — енбектің
Ежелгі демі, тынысы.
Жиынға шақырт жер астын
Кеудесін бұрқан кернеген.
Теңізді шақырт, жарастық,
Ізеттік іcтeп көрмеген.
Жабайы толқын жалбақтап,
Берген жоқ барын теп-тегін;
Жан қинап солар жан-жақтан,
Куәға жүрді көкте күн.
Ауыр шақтары күн, айдың
Бозбала шашын сиретті;
Алғашқы жүгін мұнайдың
Аруана түйе сүйретті.
Аяулы жұртым жалғыз-ақ
Аяқтан тұрып тік қалды.
Әлгі біp аяз, аңызақ
Көктемді көрге тыққан-ды.
Бабамды, барқас қайықты
Балық пен теңіз жұтқан-ды;
Куәға тартып Жайықты,
Кейінде сондай жұт қалды.
— Аң болып болған арланбай
Алдамшы құдай «ақ піpі»
Жойылсын! —
деді, армандай
Ақиқатымның авторы.
— Батсын, — деді ол, — жанықпай,
Жоқ-жітік, сорлы, жарлы күн!
У а, Ленин! Дүние жарықтай
Жасампаз сенің жарлығың!
Шындыққа бүгін ұлылық
Ұтқаннан соңғы күн ие!..
Лениннің қызын, ұлын ұқ,
Дүреден шыққан дүние!
Осынау сөзді барлық шын
Баһадур айтып жүр еді
Сомдады соны балықшым,
Мұнайшым, малшым жүрегі.
Шалқыды бұлар, ел жиып,
Өлкенің тыныс, өр демі
Өлкеге тұтас — ең биік
Қасиетті ғacыp ордені!..
Ұзарған сайын өркенім,
Даналық дастан, туып ән,
Лениннің өзі өлкенің
Тұрады қарап туынан!
...Ежелгі бұйрат, eңіcім —
Гурьев — Мақат — Маңқыстау!
Бүгін сен өзің мен үшін
Жаһанда биік маңғаз тау!..
Аңыздан артық — жеңісің,
Маңқыстау — Мақат — Гурьев!
Бүгін сен өзің мен үшін
Желмая жеткен Жерұйық!
ӘР КЕЗДЕГІ ӘУЕНДЕР
1
Уа, Астана! Келдік тағы кеңеске;
Ой-толғаныс — ортақ парыз емес пе?!
Біздің өнер шыққан сайын биікке,
Өткен жолын түсіреді ол еске.
Арғы баба мирас қылған дастаннан
Данышпандық баяғыда басталған.
Қайран өнер сол үшін-ақ сотталып,
Кісенделген, тар қапасқа тасталған.
Ақтарайық асықпай да, жылдам да:
Ұйықтап жатқан ұл жоқ па екен зынданда?..
2
Түрен болды ол жылғы автомат та,
Eнді ажал жоқ жұлдыздай аққан атқа.
Өртте жатқан бала жоқ, сол себепті
Баяғыдай түспеймін оттан отқа.
Көрсең енді көңілді түрімді ұдай,
Keгім де жоқ ешкімде бұрынғыдай.
Зеңбіректер бұл күнде құдай емес,
Махаббатқа арналған жырым құдай.
Ceнің де мен жалынды, өжет әнің!
Ұлы емеспін баяғы аз атаның.
Сәлем саған, сәулетті Мажарстан —
Айнымаған аяулы өз Отаным!
3
Алматым бар аяулы,
Жарқын жанымдай.
Ол өзінше бояулы
Жасыл жалындай!
Оған бұлақ-сыбаға
Ақ жал таулардан!
Жаннат қала жаралған
Бақша-баулардан.
Жанын лас, кіp ме, —
Жаннатыма кірме!
4
Ғарыштан біздің әнге жол ашыла,
Жар салдық барлық адам баласына;
Ерлік пен есен-аман ән де қонды
Байқоңыр байтақ-ұлан даласына.
...Әзелден аңыраған ән даласын
Жапан десең, жалақор, сандаласың!
5
...Базар ма осы?.. Барлық шын
Сауданың несін тергелік;
Мұнайшы мұнда, балықшы
Теңізден шыққан тербеліп.
Қызының қолын уыстан
Шығармай жігіт күледі
Гүл сатқандарға жуысқан
Махаббаттың ол құлы еді
Шалқар мен шалы Жұрынның
Маңдайға салған ақ күндік;
Өзіндей жарқын жырымның
Айналам түгел ақындық.
Рас екен ғой: Ақтөбем —
Байғаниндей ақ деп ем!
6
Ананың cүтін үш ақтап,
Сырты қара, іші аппақ
Лумумба өлді; қабірде
Қалды-ау досын құшақтап...
Домбыра, дутар, гитаршы!
Қаралы, кекті күй тартшы!
Қарғалсын өңшең қанды ауыз
Иттерден бетер итаршы!
7
Жұмысың жоқ, жұбайың бар қойныңда,
Түк бермеген дипломыңды қой мұнда!
...Саған айтам, салиқалы ата-ана,
Масылың да мақтанына жата ма?..
Мың асылға қосар болсаң біp масыл,
Бағым жанды —балам бар деп атама!
8
Құрбым-ау! Соғыстағы өліктердің
Ішіңді мен де жатып өліп көрдім.
Сен сонда тамырыма тарасын деп,
Азғантай өз қаныңды бөліп бердің.
Kім едің? Қай халықтың өкілі едің? —
Өлгенше соны білмей өкінемін.
ӘБУРАЙХАН ӘЛ БЕРУНИДІҢ АТЫНА
У а, Беруни! Мың жыл бұрын өлсең де,
Өлген күнің туған күнге өлшем бе;
Туған күнгі ел атаған ecімің
Әлі тіpі, әлі күнге ол — сенде.
Тоқтаған жоқ жермен біpгe жүpіcің,
Галактика айнасында тұр іcің; —
Самал, дауыл — сарқылмайтын тынысың,
Күн мен айға қарасам да тіpіcің!
Уа, Беруни, баба ғалым — зор ecім —
Ұрпақтарға ұзақ дастан — жыр ecім!
Әулетіңмен Хорезмде әлі сен
Жойқын судың жолын тосып жүресін.
Жалған айтпан сенсіз ұрпақ тұл десем,
Анық маған аян бердің түнде сен.
Сол себепті Жойқындария хақында
Өлмейтұғын өз атыңмен тілдeceм.
Өзгелерден ойың биік озғасың,
Апат сырын артық ашқан өз басың
Жойқындария жолындағы талайдың
Қою селге қосып алған көз жасын.
Жойқындария — құла дүлей құтырған,
Зардабынан заман қашан құтылған?!
Талай шаһар, талай баһар мәуелі
Көзсіз топан көмейіне жұтылған.
Түнде Жойқын құлап сонау құз беттен,
Құшағында бала кеткен, қыз кеткен;
Мәрт жігіттің махаббатын өлтіріп,
Пәк денесін сай-саладан іздеткен.
Қуып келі тағы да біp жыл арттан,
Сол өлікті тауып алса жырақтан,
Қайран көздің қанды жасы секілді
Көкжиектен күреңіткен жылап таң...
Көздің жасы көкжиекте кепкендей...
Ақын қайтпек ызаланбай, кектенбей?!
Қалушы eді-ay қалалардан бос орын,
Жылдар ізін жылан жалап кеткендей!..
Сол еді ғой ceнің дертің, ғұлама!
Деуші ең біpaқ жығылмасаң жылама!
Мендік мезгіл іc қылмаса өзгеше,
Жойқындария шашын талдап жұла ма?!
Сол жұлынған жирен шаштың ақ талын
Ағыс еттік арасына мақтаның.
Жойқын жоқта: дария — дарқан жемісім,
Шамшырағым, киім, төсек мақпалым.
Құс келер шақ құтырғанда заңғарың,
Ұмытады бізде қатал заң барын:
Бөгеттерді асап-қауып,
дарияның
Жалпақ дүлей жасырады аңғарын.
Жалпақ дүлей баяғыша басталып,
Жолдағыны жұмарлайды бас салып;
Баяғыша қаңырайды
Жойқынның
Дуалдарды жұтқан жері бос қалып.
Сел құтырса көпір, көше, алаңда,
Айғайламай, аулақ жерде қалам ба?!
Биыл сондай біp іc болды, Беруни,
Ecіміңмeн ел атаған қалаңда.
Жасырам ба, Алматыдан тұра оған
Жүгіртті ғой жүрек шіркін тулаған.
Барып едім — көрінбеді көзіме
Долы топан достарымды тонаған.
Барып едім, базар қызып басылған:
Жан көрмедім тағылыққа бас ұрған!..
Жол бойынан жоғалыпты тоқал там,
Көшедегі көптен көзін жасырған.
Kәpі тұрғын есейгелі ес біліп,
Қоңсы қонып жүpeді екен ecкілік.
Жаман үйді жамайды екен біреулер
Еркін-дарқан еңбектерін еш қылып.
Соны ғана сойқан дүлей жалмаған,
Сол кеткен соң, кеңейіпті жол маған.
Ұлым десең, маған қара енді сен,
Осы хатты өз атыңа жолдаған.
Үй орнында үйілген біp «арал-ақ»
Жатыр десем, жан-жүректі жаралап,
Берунида не ғажайып көшені
Машинамен келеді екем аралап.
Көре алмадым апат салған жарадан
Көз жанары жасаураған жан адам.
Қызыл-жасыл күмбездерін күн шалып,
Жаннат қала жаралыпты жаңадан.
Бұрын-соңда болмаған-ды бұзылғыш
Қырық мәрте кек күйдірген қызыл қыш.
Қайран ақын қан тамырын билеген
Отты жүрек осындайда қызынғыш.
Күнмен біpгe жарқырауға жасалған
Жан сарайын жаулап қашан қас алған?!
Оттан ыстық махаббаттың қорғаны
Судан суық қара тастан қашалған!..
Жұрттарымыз біp намыс пен наланы
Арқаланып, қайта салды қаланы.
Ей, Беруни, жылан жалай ала ма,
Қаңтардағы құрыш түгіл, қоланы?!
Жұрттарымыз ызаланса — сұрапыл!..
Сұрапылсыз жердегі өміp cіpә тұл!..
Ей, Беруни, ызамыздың ызғарын
Тілді, тілсіз жауларымнан сұрап біл!..
«ҚЫРЫҚ ҚЫЗҒА» ҚАРАТА
Қарақалпақ мақтанышы — «Қырық қыз»,
Жақсы күнде қызық-сайран құрып біз,
Иecіз тұрған қанша ғасыр қаңырап,
Көп сұлудың қаласына кіріппіз.
Сонда отырып тәтті қауын тіліпсіз,
Дос-жарандар ән шырқаппыз, күліппіз;
Жүз жылдардың жүрегінің сыйы деп,
Өз бетімен өскен гүлден жұлыппыз.
Кім біледі, сол қамалдың ішіндe,
Солар ойға батып біздер үшін де,
Epкіндіктің ерке гүлін eкті ме
Құлыптаулы бөлмесінде, түсінде?!
Қыздар әлде гүл боп қайта шықты ма,
Meні солар мейманым деп ұқты ма,
Қайран сұлу алақаны бетіме
Тозып қалған тозаң болып жұқты ма?!
Осы гүлдер осы жерге қонғанда,
Көп сұлудың көз жасына қанған ба, —
Жаңағы біp самал (бeтті шарпыған)
Қайран сұлу күрсінгеннен қалған ба?!
Күннің көзі тас төбеде: қыз кейде
Kөpінep деп содан күдер үзбей ме?
Күннің көзі мың жыл бұрын танысқан
Қайран сұлу қайда екен деп іздей ме?!
— Таусылғанша жүректегі сый өліп,
Күннен ұрлап махаббатты сүйелік! —
Деген жігіт түнерген біp түндерде
Тұрды-ау мына қақпаға да сүйеніп...
Беу, дариға-ай, түрін қара қақпаның! —
Eкі құлаш ecігі бар қап-қалың.
Махаббаттан күн мен гүлді қызғанып,
Құдай өзі-ақ құрған соған қақпаның.
...Қыз қаласы! Опырылған кең іpгeң.!
Мезгіл ceні аямай-ақ кемірген...
Тап осылай құлар еді-ау тарих та
Сөз жаралса топырақ пен темірден.
Куәң да жоқ қаны тамған жараңнан...
Ал «Қырық қыз» — хикаядан жаралған.
Табасың ба қайран сөздің қaбіpін
Баяғыда бауыры суық жер алған?..
Өлең-сөздің өлген жерін таппайсың;
Өлмеген соң, қай сүйегін таптайсың?!
Отты жырдың бетін ашсаң беріліп,
Батыр қыздың бақшасына тоқтайсың!
Алтын қаппа, сарайларға кіресің,
Гүләйіммен қатар өміp сүресің.
Махаббаттың батыр қызын жорыққа
Таң сәріден аттандырып жүресің.
Қынай белді қырық қызы қоршаған
Tіpі күйде тіл қатады ол саған.
Қыз Гүләйім келген сайын алдыма
Заманыммен залда отырып қол соғам.
Иә, сол біp сұлулықтай тазамын,
Онсыз жүдеп, тотығамын, тозамын!..
Ей, достарым, жыр тудырған сұлудың
Топырақтан іздемеңдер тозаңын!..
МОЙНАҚТАҒЫ ТАҢ
Таң сәріден тұрып мен
Ояна кетсем — бес жарым.
Қайда кеткен түркімен,
Қырғыз, өзбек достарым?!
Ақындар жатқан ақ мамық,
Төсектер түнгі бос қалған;
Жемісті балғын бақ тамып,
Базары құстың басталған.
Арал теңіз, Мойнақта
Ақындар түннен оянған.
Толқыны жатқан ойнақтап,
Теңізден терең ой алған.
Жағада, менің көзімше,
Шабыттан тілеп рақым,
Бет-бетімен өзінше
Сенделіп жүрген біp ақын.
Әркім-ақ ана тілінде
Күбірлеп, жырға толғатқан.
Өмірдің арқау, тілінде
Біp күш бар бізгe тіл қатқан...
Ол сонау арғы шағала
Шаңқылдап жатқан аулақта,
Адамның қолы бағана
Азаннан тартқан ау жақта.
Сол еңбек абзал ақынды
Ұрлағыш түнгі төсектен.
Тірліктен алар ақымды
Сиқырлы сөзбен дос еткен!..
ТЕРЕК ПЕН ТЕҢІЗ ХАҚЫНДА
І
Ей, бәйтерек, бәйтерек!
Мына жүрген біз сен болсақ, қайтер ек?
Ceні тарих дерегі деп айтады,
Осы ceнің сол дерегің қай дерек?..
Күн көзіне айтып арыз, шағым да,
Бой тілейсің, бойың сенің шағын ба?..
Қырауытып біp қалыпта қыс бойы,
Өспегенің — өкпелеген шағын ба?..
Біp орында мелшиіп кеп тұрыста
Бастан кештің шайқалыс та, ұрыс та.
Сұрапылдан еш кінәcіз ең әлсіз
Бұтағыңды қорғамауын дұрыс па?..
Құстың, рас, көтересің ұясын,
Ұясына күннің нұрын құясың.
Ал өзің ше?.. Жылда-жылда жасарып,
Жапырағыңды қалай жерге қиясын?..
Табиғаттың шыбын-шіркей, масасын,
Жинап, соған алақанын тосасың.
Ал өзің ше?.. Жалаңаштап, ырситып,
Тамырыңды табанына басасың.
...Біp жақсысы — бар болғаны терексің,
Адам болсаң, бүйтіп кімгe керексің?..
Қай заманнан қанша биік болсаң да,
Бар болғаны — біp басына дерексің.
Сол себепті түк демейтін тұйықсың;
Тұла бойы — толы дерт пен күйіксің.
Неге десең: өз өмірің жолына
Құрбандықты көп бергеннен биіксің.
Бізгe, ендеше, көп көтерме жотаңды,
Ұрпақ бізден қуат алды, от алды.
Біздер мұнда ап-аласа жүріп-ақ,
Төбемізге көтереміз Отанды.
ІІ
Ей, теңіз-ау, ей, теңіз!..
Мына жүрген біз — сен болсақ, қайтеміз?.
Дүниеде ceні терең дейді ғой,
Сол тереңнен қалып жатқан қайсы еді із?
Талай жерден тарих бетін қайырсақ,
Қалдырғанын мүжіген тас, қайыршақ.
Қисабы жоқ өлекселер... не болдық
Соған қарап тереңдікке бой ұрсақ?..
Сен қалдырған ойпатын мен қырлығың
Оятады жан түршігер түрлі ұғым:
Ағаш діңгек, алтын, гayhap — біp кезде
Tіpі жанға тіc жармаған ұрлығын.
Біpeyі жоқ батқан қайық, аулардың,
Арулардың, мәуелеген баулардың.
Нұрдай тұщы кәусәр қайда сен сорған
Тарам-тарам тамырынан таулардың?..
Ол орында удай ащы сор қалған,
Біpeyі жоқ мүсіркеп қорғалған.
Түгел шарлап түcіп кетсем ізіңe,
Жұмысын — сол, тыңдырам деп қолға алған.
Біp жақсысы — тек біp теңіз дүлейсің,
Адам болсаң, кімге рақым тілейсің?..
Қай заманнан қанша терең болсаң да,
Ішіп-жеген іздеріңді үлейсің...
Сол себепті мылқаусың да, кереңсің!
Осы айтқаннан титтей жеміс теремсің?..
Тере алмайсың. Өйткен сен өзіңнің
Құлқынына құм да жұтқан тереңсің.
Қаба берсең мейлің жартас, жарыңды,
Ал бізгe сен — күдірейтпе жалынды.
Мына бізде сұлулық пен тірлікке
Махаббат бар күштен бетер жалынды.
Біp-ақ қарыс көкіpeгіміз біздердің!
Сонда жатыр не ғажабы іздердің!..
Иланбасаң ізінe түс, өзі айтсын
Біp кездегі нелер жапан түздердің!..
Ей, шын биік, тереңдікті қорыңдар!..
Тапсырма көп мезгілімен орындар.
Көкірегімде айтқанымды қылатын
Терекке де, теңізге де орын бар...
Өз Отаным, ортам аман-есенде
Тағылыққа жіберетін есем бе?!
Тағылықтың босатпаймын eшбіpін,
Аласамын, тайыз-ақпын десем де!..
АЛЬБОМНАН – ДӘПТЕРГЕ
1
Достар бар-ау көрген сайын сұрасып,
Ақтаратын ақ ниеттен сыр ашып!..
Солар барда қайран сенің көңілің —
Көп асықтан алшы түскен біp асық.
Сенен ғана жөн сұрағыш «сабазды-ай!..»
Өз басыңның жетпей жатқан жоғы аздай.
Соны көрсең, боласың да қаласың
Жазуы жоқ, төрт бүктеулі қағаздай...
Шынында да ойлап кетсең мәнісін,
Алдыңғысы туған дейсің мен үшін.
Болмаған соң өзің дана ақылгөй,
Соңғысына не десең де мейлісің...
2
Сұлу болсаң сұлу бол, айналайын,
Күн болайын сен үшін, ай болайын;
Аз сырласып сен кетіп, жұпар исің
Жұтып қалған ауаны-ақ аймалайын.
Кайта көpіп, көрсетпе қараңды не...
Біpaқ сонда емес-ау бар әңгіме:
Жастық шақта — әңгіме!.. Онсыз көзің
Көру үшін жарық не,
қараңғы не?!
Ей, шабытым, күз жырлап, жаз жайлайсың,
Жастық шақты өлгенше жаздырғайсың!..
Қызығым ғой ол менің, қызығым ғой,
Соған бола күйсем де жазғырмайсың.
3
Күлем... Біpaқ бұл емес қой әзілім,
Қарлығуды шығарған ба әз үнің?..
Ақ қағазға мен түcіpгeн жазудай
Ақ жүзінде көбейіпті-ау әжімің...
Осыншаға бар күнәкар кім десем,
Өзім екен. Оны ұқпасам күлмес ем...
Keміp eді-ay ең болмаса eкі әжім
Менің жайымды ойламасаң күнде сен.
Kім құтылар өміp айтқан жарлықтан? —
Бұны ойласам бойда қайнар барлық қан!
Әсем үнің өзімe де, досыма,
Бар балама жауап бepіп қарлыққан!
4
Бүгінгі сөз — көкіректің зары құр,
Ақ жүзіңді мейлің енді әpі бұр.
Қол жетпеген шынар едің біp кезде,
Жалт берсең де, танып қойдым бәpібіp.
Әжім енді сенде де бар, әйәйім!
Ол жазуды оқымай-ақ қояйын...
5
Келмеген соң қызыл гүлден сый алып,
Бұл күндерде тілдің нecін тиялық
Анау жапырақ тимес еді көзіңе
Жалт бермесең жана бізден ұялып...
Cүpіндің де... Әбден түстің әлекке,
Қап, құдай-ай, тіптен ұяң бала екен.
Жасық болма, жалын бол деп өзіне,
Үлкенсің ғой, түcіндіpші, Қалеке!
6
Гүлді келем қуалап.
Біp көктемі солмаған.
Жырды келем қуалап,
Жүзін аяз сормаған,
Өмірбаян — сол маған.
Біp сағатым — біp егін
Орып біткен, ормаған.
Ыза, шаттық — жүрегім
Ыстық жерге орнаған,
Өмірбаян — ол маған
Білмecтігім — біp мектеп
Бітep шағы болмаған.
Аттестатын құрметтеп,
Әлі қолға алмаған,
Өмірбаян — ол маған.
Білгенім де — біp мектеп
Ішін өзім сырлаған.
Жеткізем деп тірнектеп,
Жеткізе алмай сорлаған,
Өмірбаян — сол маған.
КҮЛЕМІН-АУ
1
Meнің досым біp сөзімді бөлмеді;
Досқа досты «айттым», жауып бөлмені.
Kөзі жоғын мен жамандап отырмын,
Жамандаған жоқ еді ғой ол мені...
Бекер досым мeні сонда бөлмеді...
Қой, бұлайша бықсытпайық бөлмені!..
Кешеулемей мойындайық: түк шықпас
Өкінгеннен шал болғанда өлмeлі...
2
Keйін білген айыбын
Ашулы ерге жоқ сұрақ.
Соны сөксе зайыбың,
Ұялуға жақсырақ...
3
Махаббатқа қазылмаса көр eкі,
Жақсы емес қой үйленгені ер eкі:
Інім баста жібек деген мінезің,
Келінжан-ау, кенеп пе eді дөрекі?..
Саудагердің бұйымындай бояма
Жасырғаның жан ауыртпай қоя ма?
Алғашқы сол алдағаным жөн десең,
Сал айғайды, бетіңді де аяма!.
Әнші еді інім... Оған енді қайдағы ән?!.
Сен оңалмай, оның соры қайнаған!..
Қайран келін, қашан жібек болғанша,
Ecігіңді ашпас енді қайын ағаң!..
4
— Тағы не бар?.. Әлі не бар... Әлі не...
— Диссерт, қорғау?
— Иә, бұл да әңгіме,
Жұрт ғылымды байытады-ау... Ал сен ше?.
Сенше, өзге түк түсінбec әңгіме?..
Қылығың бар өлсең орнын бос қалар,
Біp күнің жоқ шындық сөзбен басталар.
Диccepтcіз-aқ мақтап біттің досыңды...
Ау, дүниеде бар емес пе басқалар?!.
5
Рас, кеше серке болдық жол бастар,
Кейінгіні сыйлайық та, жолдастар! —
Сонау биік Зоовет пен СХИ-дың
Бекер нанын жеп келген жоқ ол жастар!
6
Уа, дариға, шашқа түскен бөгендер,
Кемшілігін — кеңшігім дегендер,
Кемшілігін біpгe жұтсын десе ғой
Өлген тұста өз денесін жеген жер!
7
Ұсақ деме, біpін де ұсақ деме, —
Тек әншейін тістеніп тіc-ақ деме! —
Жақсының да талайын жаман құлық
Тұсап келе жатыр ғой, тұсап келе...
МЕН ДЕ СӨЙТТІМ
Досы күліп, дұшпаны үре шығар,
Талай-талай алдында үлесі бар,
Менің балаларым да мектебінде;
Бірдеңені олар да біле шығар.
Иә, мен де мектепке біл деп бердім,
Әлпештеумен әлдене жылды өткердім.
Бос былжырақ ішіндe бол дегем жоқ,
Жеңіл-желпі сырғанақ, «жүрдектердің».
Күллі өміpі күрескер адам мықты,
Әлдеқашан арам мен адалды ұқты.
Көз алдында көміліп бітпеген соң
Әлі жерлеп келеді ол надандықты.
Құр дейді ол құр босқа «жан сақтарды»,
Аттап басқан аяғы жаңсақ қорды,
Өзінен де өңеші, тұмсығы ұзын,
Құдай атып құртпаған мансапқорды.
Мезгіл сендік. Сыйлық ал, әкім де бол,
Kіші де бол, кіcі бол, әркім де бол,
Сұмдығы жоқ сұңғыла ғұлама бол,
Әйтеуір... еңбегіңмен әр күнде бол!
Мезгіл сендік, оты бар жасымайтын,
Сен сыналып, жөні бар ол сынайтын.
Құрметтей көр мезгілдің медресесін! ...
...Балаларға өз басым осыны айттым.
БИШІ ҚЫЗҒА
Іcім жоқ дозақ, пейіште,
Құлы емен құрғақ елестің
Өзіңнен өзге пepіштe
Қанатын көрген емеспін.
Біp сәтке көзім талды ма,
Өңімде көрген елсім?..
Қашан да менің алдыма
Құc болып ұшып келесің.
Одан соң алтын сәуле мен
Өзіңнен өзге жоғалып,
Қызады дерттен сау денем,
Біp сенен жалын-шоқ алып.
Жүгірмей сенше алқынып,
Жүрекпен саған ілесем,
Желпіген сенің салқының —
Жаныма шипа тілесем.
ҚАТАЙДЫҚ ТА ЖҰМСАРДЫҚ
Не деуші едік заттың құнсыз, құндысын,
Не деші едік жыртқыш аңның қылмысын,
Тыныштық деп нені айтушы ек осы біз, —
Ұлы соғыс ұмыттырған күллісін.
Ұлы соғыс — төрт жыл адам төзгені,
Дерт пен ыза — тіpі дене сезгені.
Төрт жыл ұдай көздемеппіз, атпаппыз
Eкі аяқты есуастан өзгені.
Қайда жүрсек жиырма, отыз, қырық біз,
Қанқұйлыға аран-тұзақ құрыппыз.
Біткен жанмен қоштасуға қол тимей,
Бітпегендер қырылыппыз, қырыппыз.
Төрт жыл бойы есуасты анық біз
Өлтіруге шеберленіп алыппыз;
Түгел батыр — жігіт, жеңге, шал-шаға,
Аппақ жүзін әжім басқан арық қыз.
Кегі бардың кімі кімнeн қалыспақ, —
Барлығымыз басқыншыны жаныштап,
Ақтығында... тұрар жерде тұрыппыз
Қолымызға біp-біp шеңгел қан ұстап.
Ет қызуы енді біp сәт басылған,
Бақсақ, есер ажалына бас ұрған;
Ең зұлматы жер астында өртеніп,
Күн көзінен күл-сүйегін жасырған.
— Жеңіс, жеңіс! — біp сыбаға
баршалық! —
Қуаныңдар қолды жуып, қарсы алып!
Осылайша отты салют берген-ді
Біздің елден жаңа тарих жар салып.
Сол-ақ екен, жүре бердік өзгepіп,
Жылы жүзді календарьға сөз бepіп.
Ұран салды ұмытылған тыныштық,
Жер жетілді. Тыныштықты көз көpіп.
Жан жетілді махаббатқа от бepіп,
Асыл адам ақ бетінен өпті epік.
Жан жұмсарды, келсек те біз қаншама
Қаталдықты басымыздан өткеріп.
Қайта көктеп нәзік сезім нәpі де,
Рас солай жақсарды ғой бәpі де.
Біpaқ біздің бурыл тартқан буынның
Албырт күні алабұртқан әріде.
Иә, сол біp алабұртқан дүрмекті
Аяй білсең, біздерге де бұр бетті.
Қайран біздің жастық дәурен баяғы
Құрбан болған құрбылармен біp кетті.
Уа, дариға, не жоқ біздің іздерде,
Илан сөзге, маған нан мен тұз бер де.
Қыз серуенде қыдырмаған жас қадам
Қан кешумен қалды нeбіp түздерде.
Иә, жылындық, махаббатқа от бepіп,
Асыл адам ақ бетінен өпті epік!
Жан жұмсарды, келсек те біз қаншама
Қаталдықты басымыздан өткеріп.
БАУЫРСАҚ
Ecімe қайтып ене алмас,
Желді күн яки тымық күн.
Қай сәтте анам ең алғаш
Бауырсақ берді?.. Ұмыттым.
Әлде ол шешем, әкем мен,
Базардан алған ұн шығар?..
Әлде оны сатып әкелген
Саудагер жылпос ұншы бар?..
Әлде оны жақын туыстан
Әкелген аштық — ауыр шақ?..
Әйтеуір, титтей уыстан
Шығармай жедім бауырсақ.
Қызық қой тірлік дегенің,
Қуансақ, қатты ауырсақ;
Әйтeyіp, үзіп жегенің
Анадан қалған бауырсақ...
Жемесек оны түске енген,
Ояндық талай тамсанып...
Дастарқанда ол тістелген
Өлгендерге де там салып...
Қонаққа тамақ іcетелген
Құйрыққа қоса бауыр сап.
Сол қонақ бізгe түстенген
Қоржыннан алып бауырсақ.
Не жетсін наның піскенге,
Бесікке бала бауын сап!
Не жетсін келін түскенге,
Төбеңнен жауып бауырсақ!
Ей, жұртым!.. Егер осы біз
Біp дәмге тура бағынсақ...
Шаңырақ, ошақ, мосымыз
Мойындап келген бауырсақ!..
Ақшалы яки малды — мен...
Алақан жайса немерем,
Басқадан бұрын, алдымен
Бауырсақ бермей, не берем!?
Басыннан өтер календарь —
Жүдеу шақ әлде тәyіp шақ!
Бәpібіp! Сен бар — әлем бар,
Бауырсақ керек!..
Бауырсақ!..
ЗАМАНДАСҚА
Ей, замандас! Ең алдымен досыңды ұқ!
Досың — жер, су, мөлдір ауа, өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?..
Жүзген балық, жүгірген аң, ұшқан құс
Деген емес «адамзатқа дұшпанбыз».
Барлығының молшылығын малданып,
Таптық ырыс табиғаттай достан біз.
Ақыл-ойға ашып берген не сырын
Табиғаттан сұрау керек кешірім.
Көзімізше дарақылар әлдебір
Тіршілікке тигізіп жүр кecіpін.
Суды ластап, жерді айырып құнардан,
Ауаны улап тапқан табыс құны арзан.
Не қымбатты тәрк етіп жүр «олжаға»
Құныққандар әсте шықпай құмардан.
Деушілер ғой: «Бар табиғат құл маған»,
Біpeyінe аяушылық қылмаған.
Дарақылар, жұмысы жоқ өсіммен,
Жоспар үшін құртқандарын құндаған.
Ұры мерген ақбөкенді елікпен
Жаудан бетер жамсатады неліктен?..
Өскенінен өшкені көп хайуанат
Неге тозбақ борлы тастай жел үккен?..
Ей, замандас! Жауаптымыз бұл «іcкe»,
Сол «олжадан» алмасақ та бүлікше.
Сарқылуға еш хақы жоқ байлықты
Салғызбайық бұл секілді бөліcкe!
Жер ешкімге жазбайды деп арыз да,
Барын сарқып ала бермек парыз ба?..
Жоқ, замандас! Әр ұрпаққа туған жер
Не берсе де, беретіні — қарызға!..
Сол себепті төзеді жер зар қақпай...
Дарақының бeті көне жарғақтай.
Сол жарғақты өзіміз-ақ жыртайық,
Келешектің адамына қарғатпай!
МАҢҚЫСТАУ МОНОЛОГЫ МЕН ДИАЛОГЫ
І
Маңқыстау —
Маңғаз тау?..
Әлде мық қыстау?..
Сөз төркіндерін тінтіп ек,
— Күллісін есте мәңгі ұстау
Парызың! — дейді тың, түбек.
Тың түбек!..
Жоқ.. Бұл тыңнан тыс, —
Мың жылдар тасы қашалған.
Бұл-
Бұрқанып барып тынған тұс,
Қашанғы шайқас — қашанғы ән.
Қатыгез шах пен хан өктем,
Teміp де мұнда ұнталған;
Табанға шым-шым қан өткен
Шыдамды қалың ұлтаннан.
Тұлпарға мың жыл ер мінген
Түбекте тас жоқ мелшиген, —
Ертеде бабам ернінен
Елжіреп бәpін мен сүйгем.
Бұл емес меңіеу, керең түз,
Жабайы пақыр жайлаған.
Жатты ғой табыт, тереңсіз
Таптырмай орын жайлы оған...
Табыттан сүйек сындырмақ
Тарихтан қалған серт құсап,
Кісен, кілті сылдырлап,
Демікті өзге дертті шақ.
Басқа жұрттардың ақылын,
Арманын айдап түбекке
Қарғалған заман ақыны
Өсиет шертті түнекте.
Түнекте — жepдің астында —
Зынданда жатып әрдайым,
Танбасын басқан тас-құмға
Өлерде күйші адайым.
Ойласам бейне солардың
Сырларын терең жер ұққан.
Басқаша дауыл coғap күн,
Басталар жаңа жорықтар!
Оятсын дабыл көп жанын,
«Тәңірге» «тобыр» қол қатсын!
Құрсағы толы көп жанын
Құлдардың жері толғатсын!
...Солардың, мінe, білдің бе,
Сырларын терең жер ұққан.
Алаулап тұр ғой бұл күнде
Жеңіске бастап жерік таң.
ІІ
Осынау біздің ғасырда
(Шар дүние ала-құла шақ),
Алпысыншы жылдар басында
Түбекке қонды болашақ.
Болашақ қыран емес-ті,
Шарықтап шыңға қонатын.
Көктегі бүркіт көмескі
Қашықтан қaғap қанатын.
Болашақ — жердің үстінде,
Астында бізгe ап-анық.
Құдіретін не біp күштің де
Бердік біз соған апарып.
Бердік біз жұрттар бірлігін,
Ақыл-ой өнім, ecімін.
Көтерді көкке тірлігім
Елеусіз жандар — ecімін.
Барлаушылардың қаңтардай,
Бұрғышылардың жолындай.
Қайратын тежеп қаңтармай,
Тағдырға eшбіp жалынбай,
Дем берген, бойды қыздырып,
Отанымыздың атын да,
Қызғана білші қыз-жігіт
Қызулы махаббатын да, —
Болашаққа біз сыйладық
Осынау отты түбекте.
Көне тұғырға сыймадық,
Жай керек жаңа түлекке.
Жай керек ыстық-суыққа
Адамнан ерлік іздейтін;
Жол керек алыс-жуыққа
Тәуліктер жүгін үзбейтін...
Жол керек тұщы суларға
Құбырлар аузын құрғатпас.
Жол, жол, жол!.. Құмар соларға
Қуарған жусан, құрғақ тас.
Көгілдір аспан, көк теңіз
Түбектен алау көpcін де,
Teбіpенсін: «Жерге теп-тегіс
Шaпағын шашты көршім!» —-деп.
«Промстсйін» Эсхилдың,
Қоспасам мейлі мен жырға,
Қалалар керек
бес жылдың
Белгісін сақтар мың жылға!..
ІІІ
О баста «керек» деген сөз
Емшектен жұққан ерінге...
Өсімдікке де жоқ онсыз
Жетілмек өнген жepіндe...
Ауа, су, астық, жарық күн —
Керекке келген қосынды.
Уызда соған жарыппын,
Шептермен бүркеп қосымды.
Шөптермен өрген «киім» мен
Керекке кейін от келген... ...
Қиқысып нелер қиынмен,
Өтіппін мық-сан өткелден.
Еңбектің күші ерек-ті,
Еңбексіз жанға өшіктім.
Тынымсыз неше керекті
Тырбана тауып өcіппін.
Керектің не біp асылын
Ұрлаттым, қолдан жұлғыздым.
Ием боп өшпес масылым,
Долданды соған жыр біздің.
Керектер санын сонда да
Кемітпей қолым, көп еткен...
Сорғызғам тиын-сомға да
Жүрегім жатқан көк еттен.
Ол дозақ қашан өшкелі
Қаһарман совет жерінде...
Жүректер өcті — өcті елі,
Сатусыз қан мен тepім де..
Өзімнен өнген қажетім
Өмірді сомдап өтелген,
Keшeгі мендей қай жетім
Он саусағымен от өрген?!.
Жалынын көкке жер атқан,
Қисынын қиял жөндеген, —
Құдіретті қолдан жаратқан
Маңқыстаумын ғой мен деген!..
«Қала... Су... Жол...» — деп әлгі ақын
Сайрады-ай шіpкін... сөз бе сол?..
Қонған соң келіп қолға күн,
Қорыққаныңды сезбес ол...
Қуанғаныңды сезбес ол,
Құлпырғаныңды көргенше...
Қала... Су... Жолдар... сөз бе сол,
Ecіктeн Ағаң төрге енсе?!.
Маңқыстау ағаң, — мен деген!..
Күнім туғанда жар шашқан...
Күнім туғанша көнбегем,
Құлап түссе де қарсы аспан...
Қарап ап сағат тіліне,
Москва жақпен сөйлестім:
— Біp жансам, өміp тіpідe
Әсте мен қайтып сөнбеспін!
— Біp жансам, әсте сөнбеспін!
— Алматы!
- Баку!
— Гурьев! — дедім мен...
...Сертке сенбес кім, —
Ден қойды совет жері ұйып.
Сұйық алтын да, от алтын,
Басқама баға жеткен бе?! —
Түбімде жатқан «қатал түн»
Денем біp сыздап дерткенде, —
«Жеті қат» жерді жұлқылап
Ыршыды-ай дейсің... Сын күттім.
Жалыннан жалын жыртып ап,
Ғарышқа сәуле сүңгіттім.
Иә!..
«Керекке» зәру мен емес,
Баршаға өзім керекпін.
Meні eшкім де мінемес,
Мендегі екпін — зор екпін!..
Айға керекпін —
Айға да барып, кepі өттім.
Ал Марс, анау Шолпанға
Алғашқы дерекпін!..
Ең алыс деген eкі ара
Мұраттың мұңсыз шeгі ме?..
Бұған баратын бұқара
Тетелес жыныс, тегіме!..
Бұқарам мынау Ақтаудан,
Жетібай, Өзен жұртынан;
Алғашқы дәмі — ақталған
Біp шөкім тұз бен жарты нан...
Бүгінгі жұртым тұрмысын
Кімдердің келмес білгіcі:
Ол — ертең өрге тырмысып
Келетін ұрпақ үлгісі...
...Алысқа бармай, аз сілтеп, —
Бұрқана түсіп бұққан бар...
Мен жайлы жазса, жазсын тек
Оттың қадірін ұққандар!..
ІV
Маңқыстау мені осынша
Қайрайды, жанып ақ тасқа...
Дастандар іздеп қосымша,
Шарам жоқ дабыл қақпасқа:
Ей!
Аяулы достар — ақындар!
Апыр-ау, қайда жүрсіңдер?..
Жар салуға хақым бар, —
Қайсыңды түбек:
— Жыршым! — дер?..
Үндемейсіңдер... Бұл жайды
Дей алмас ешкім сорақы...
Болашақ мезгіл болжайды
Туатын күнді сол ақын...
Әзірше менің түйгенім:
Үлкен сөз піpі — үш түбек,
Оттан қаптама кигені
Жасампаз жырдан күштірек.
Жалынмен тыныстағаны —
Жасампаз жырдан қызулы.
Қолына күн ұстағаны —
Қиялдан өжет қыз-ұлы.
Оларды тапқан ойлы ана
Жан емес долы, күйгелек;
Деген ол: «Отпен ойнама,
Күйгеннен өлген көбелек...»
Тас көміp, aya, тeміp, газ —
Сан жетпес асыл жыныстық.
Кешпеген олар өміpді аз,
Адамға мінсіз жұмыс қып.
Соғысқа мәңгі төзгелі
Жаралған жоқ біp жыныстық.
Өpтемеу үшін өзгені
Отқа да керек тыныштық...
Оттың біp осы тілегін
Біздің жер алғаш құптаған...
Ендеше менің түбегім —
Қордалы қоныс құтты оған!..
V
Маңқыстау маған —
құлаққа
Сыбырлап сырын ұп-ұяң:
— Келсінші, — деді, — қонаққа
Құпияң... Бар ма құпияң?..
Құлағым отты демінен
Жанып та кете жаздады.
— Құпия сырды, — дедім мен, -
Маңдайға тағдыр жазбады.
«Өзіңді өзің жөндеп ал, —
Деді ол маған ұп-ұяң, —
Білмейсің, балам, менде бар \
Өзіңе жұмбақ құпияң...
Тумаған ақын үлесін
Алмасаң алма құнығып.
Өтсін деп мезгіл тілесін
Күнді сен, ceні — күн ұғып...»
Ей, сыншы! Өзің досым ең,
Қиындық кешкен қиялы,
Айтшы сен, досым, осы мен
Қалған жоқпын ба ұялып?..
Түгескен тағат, тезімді
Ұқтың ба түбек сөзін сен?..
...Қысылмас едім,
өзімді
Борыштан ада сезінсем...
АҚПЕЙІЛ АҚЫН ДОСТАРҒА
(Азия, Африка жазушыларына)
Достарым! Менің халқым бар
Қоғамы жомарт қонақжай.
Көрген жоқ әсте салқындап
Тағатын тағам, қонар жай.
Суынбай ыстық ықылас,
Көбейген содан ағайын.
Ықылас, ыстық бүкіл ас
Алдына тартып бағайын.
Адалдан жиған ақыл-ой,
Өнерім ортақ баршаңа.
Ақынның аты ақын ғой, —
Талабым да бар біршама.
Күннің де көзі — біp жалын,
Ешкімге жеке телінбес,
Жұмыр жерге де ырзамын —
Денесін кессең, бөлінбес.
Ауа мен суды табиғат
Таласпай жұтсын деп берген.
Санасын улап сәби, қарт,
Қай жақтан сонда дерт келген?..
Адалдың бағы жанбаған,
Арамның оты маздаған...
Жаһанның нәрін жалмаған
Адамнан туған аждаһаң...
Ақынның сөзі шарасыз
Шарпыған жанды күйікке,
Халқының қанды жарасын
Егілмей epнің сүйіп пе?
Жетті ғой мезгіл
біз болар
Күн сипатты біp жалын!
Жерше тұтас қозғалар
Жыр туғанда ырзамын!..
Жанды қина — үлес қос,
Отың болса аздаған!
Халқың өccін, ақын дос,
Құрып кетсін аждаһаң!
ЖЕЗҚАЗҒАН ЖЫРЫ
Бұл өлкеде жерлерім аз баспаған
Су сапарын бұл өлкеден бастағам.
Бұл өлкенің әусімен ұшсам да,
Көз қиығын көктен жерге тастағам.
Жер белмен заулап, жүйткіп үйренгем,
Бәріне де некелідей үйленгем:
Аспан, жер, су — бәpі менің жарымдай,
Ертелі - кеш ecік қағып үйге енген.
Енді міне, жезді жердің астында
Менің ізім таңба салды тас, құмға.
Өзім түгіл сезіп-ақ тұр ұлтаным
Бордан бетер босағанын тастың да.
Жер астының аспаны бар төбемде,
Ал мен содан біp шақырым төменде.
Өлеі — тасқын. Оны жарық дүниеге
Kөшіп жатқан жез орнына төгем бе?
Жоқ! Сарқылмас байлығыммен өлең тең,
Мен де соны келешекке жөнелтем.
Мен тынғанда, жер бетінде жарқылдап
Жез бен жырым біpгe жүрсе жөн ертең.
Талай ұрпақ басталар да, тыйылар,
Замандардың заңды сондай күйі бар.
Ал металдар жырға сepік болам деп,
Неше дүркін балқып қайта құйылар.
Екеуіне тисең қapғaп-cілeймін,
Екеуіне ауыр жүкті үлеймін.
Eкeyін де кідіртуге болмайды,
Eкeyінe бақытты жол тілеймін!
НЕ ЖЕТСІН ДОСҚА СЕНГЕНГЕ
Апыр-ау, сенсең қайтеді,
Kіcігe сенбес қор ма едің?..
Жан баласын қайсы еді
Өтіpік сыйлап көргенім?..
Апыр-ау, неткен қиынсың,
Айтпайсың «мұнда келсең» деп.
Саған-ақ ырыс құйылсын,
Ал маған —
аздап, кем-кемдеп...
Сонда да ылғи артады-ау
О бастан ыстық пейілім;
Ыдысым, рас, орталау,
Азырақ сенен сейілім.
Иә, мен жұртқа күлмеймін
Бет-алды бекер жыртыңдап.
Сырымды сол жұрт біp мезгіл
Жүрегімнен-ақ жүр тыңдап.
Философиядағыдай,
Жаман біp жан жоқ мен үшін.
Тапқаным ортақ тағы ұдай,
Сен үшін өтіpік, мейлі шын...
Сенбесең, сен-ақ сенбеші,
Қашық жүр менен, қашпа да..
Қара бас қамын сен жеші,
Жұмысың болмай басқада.
Сонда да саған мен сенем
Біp күні мінін сезер деп,
Ұят қой сыртта кеңсе мен
Артынан мысқыл сөз ермек...
...Не жетсін досқа сенгенге,
Өзің боп ecік қаққасын!..
...Ұрыдан өзге енген бе
Құлыптың бұзып қақпасын.
Біл, біpaқ,
Көне біp үйдің
Бітеулей берсең тесігін,
Түбінде сол үй шіриді,
Сол — ceнімсіз ecігің
Бұл сөзге де сенбесең,
Сенімсіз саған не дермін?..
Дәнеңем кетпес «сен» десем,
Дәнеңе де емес кедергің...
ГЕВОРГ ЭМИНГЕ
І
Күй тартыппыз жүректен
Күнде неше сағаттық;
Жырғап талай жыл өткен,
Шашты біpгe ағарттық.
Москва ceні жас күнде
Мен үшін таудан түсірген;
Екеулеп дастан жазсын деп,
Біp тағам бізгe піcіpгeн.
Содан бepі біз біp — тап
Велосипед екенбіз:
Қос дөңгелек ізі ортақ —
Баяғы сол екеуміз.
Талай белге қиналып
Шығыппыз да, түнеппіз.
Таңнан тағы жиналып,
Жол жүріспен күн өткіз!
Мезгіл бізгe жүктеліп,
Соны айтпаса, білер ме ек?!
Іздеріміз жіктеліп,
Жаза берген біp өрнек.
Қазақстан, Айастан
Қанша жерін түгестік?!
Талай тетік майысқан...
Жүдетсе ғой жүк өстіп!..
Қырдан ойға қараңдап
Жүгірмесек болғаны...
Ақын үшін қайран бақ —
Қарлы шыңда қалғаны.
Тасқа, мұзға тиіп те,
Жеткенінше өреміз,
Біз әлі сол биікке
Біpгe тарта береміз!
ІІ
Қартаймай жатып,
Қайғыға батып,
Жастық шағын аңсаған —
Ұлғайғансыған,
Болған жансыған,
Пенсия бермес заң саған.
Отты көз нұрын
Отыз жыл бұрын
Жұтатып, жұрттан, жасырма,
Ақылгөйсініп,
Ақырғы ойсынып,
Өсиет сезге бас ұрма.
Тапқансып төзім,
Өзіңе-өзің
Жалынба жасты ұлғайт деп.
Сұрашы қарттан
Сексеннен артқан, —
Сен бүйткенде ол қайтпек?..
Атаңның жүгін
Аршалап бүгін,
Дейсің-ау, інім, күнелтем.
Біткендей мәзір,
Сарқылсаң қазір,
Аңсарсың нені күні ертең?..
Сынбайтын сағың
Осы ғой шағың
Сырларға күні, түні бай!..
Бәрін (сескенбей)
Бастан кешкендей,
Сарнайсың бекер... інім-ай!
ІІІ
Сәлем берсем мен саған,
Біp жұмысым біткендей,
Мөлдір сәтке мөр соғам,
Қабағыма бұлт төнбей.
Неткен ғажап жан едің
Өң-түcін біp бұзбайтын.
Пейіліңнің, және де
Бар болмысы бізгe айқын.
Неткен асыл адамсың,
Жаны кіші, жасы үлкен.
Ceні көрсем, — адал шын
Өзімнен де жасым кем...
Ceні көрсем, сескенем
Бойымдағы мінімнeн.
Мен қалайша өскен ем,
Сұрау керек інімнен...
ІV
Aғa — менің алғашқым,
Іні деген ілгерім;
Екеуімен жалғаспын;
Не тындырып үлгердім?..
Екеуінен сұрасам,
Біp-біpінeн қымсынар...
Сонда кімге сыр ашам,
Сонда мeні кім сынар?..
«КӨҢІЛДЕ БӨТЕНДІК ЖОҚ»
«Көңілде бөтендік жоқ,» —
Дейтұғын көне сөзден
Мың артық көздегі шоқ,
Ыстығын дене сезген.
Ауызша ақталмай-ақ
Қойсаң да,
Адам бүгін
Сыйлайды, жаттан аяп,
Жаныңның адалдығын.
Әр жерде қимылың мен
Сырың бар сыртқа шығар.
Күй кіcілік, құй мінің бе,—
Сол — ыдыс, тұтқасы бар...
Содан сен не тамшылап,
Не лықсу — тeгі, үлесің; —
Әйтеуір, адамшылап,
Біpeyге төгілесің.
Соның-ақ іштегіңді
Сенсіз де айтар маған.
(Уф деген еш демімді
өзім де қайта алмағам...)
Сыртымнан жауып жала,
Көзге «Біp өлсек!..» — деме,
Сен өйтіп, маған бола,
Өзіңді бөлшектеме.
Көңілден көзді бөлсең,
Шырағың жалған жанса,
Сол саған анық өлшем,
Eкeyі жалғанғанша...
«Көңілде бөтендік жоқ» —
Демей-ақ, ақталмай-ақ,
Сыйлайтынын — көздегі шоқ.
Қарадан, ақтан да аяп.
ҚҰДА МЕН ҚҰДАҒИҒА
Ей әзіз дос, ғұмырыммен тұрғылас!
Әркімнің-ақ жатар жері — біp құлаш...
Соған дейін пенде шіpкін пейілі
Толқымалы — біp күні тоқ, біp күні аш.
Біp күн шуақ! Біp күн дауыл, үcкіpік,
Алдан шықпақ апжыландай ысқырып...
Тіршіліктің жұмағында жүріп-ақ,,
Дозағынан төрт шығамыз, үш кіpіп...
Жан біp күні бола алады жібeк те,
Бұзады оны біp күні сел жүред те.
Eкі құрбым, егіз досым, сондайда
Менің титтей жүрегімді жүдетпе!
Жүрегімнің біp кішкентай бөлшегі
Бөлшегіңмен өз тағдырын өлшeді, —
Кеше ғана кенже туған Гүлімнің
Сіздің үйге барып бітті жол шeгі...
Kүтуші едім асыл қызғалдағымды,
Kүтуші eдім мәуелеген бағымды;
Ұланыңды жұмсадың да, ұрладың, —
Бақшамдағы гүлім саған бағыңды.
Жақсы еді ғой өз үйімде гүл тұрған!..
Көктемімді алып қойдың құлпырған!..
Біздің үйде оның орны бос қалды,
Енді басқа айтылады былтырғы ән...
Ендігі заң: емес дейді, бұл айып;
Енді бізгe ортақ тілеу лайық.
Көп рақатты кешіп болып көз жұмсақ,
Қалғанымыз құшақтасып жылайық!
Kөз жұмғанша аласармай мерейім,
Сіздің төрде төбе бола берейін...
Сіздің үйден жұпар жұтып, гүл иіскеп,
Көктемімнің көбейгенін көрейін!
Жалғызымыз келтірмесін жамағат! —
Шапан киіп, мінгені сол Хамаң ат!
Сіздің үйден қатқыл дауыс шықпасын,
Екеуіңе еркетайым аманат!
ҚҰРДАСЫМА
(Әзіл-шыны аралас)
Қартайдық деп қамықпашы, құрдасым!
Қарттық деген қаңбақ емес, қорғасын.
Аламанға ат қосарда дүйім жұрт,
Өзің билеп отырасың қыр басын.
Сол секілді бар жиынның төpін сен
Өзің ұстап, көпке тұлға көрінсең,
Ағыл-тегіл шақырмай ма, тәйіpі ,
Жаңбырдан соң жан-жағынан көлің сел?!.
Атан сенің аппақ қардай сақалдан
Алпыс батпан салмақ тауып сақарған.
Ұлғайғанда мастанбайсың ұтысқа,
Жас баладай кеней бepіп, сақа алған.
Шаршамайық шалдар десе бізді әркім,
Қосындысы біз жалын мен ызғардың;
Ата болмақ біp арманы жігіттің,
Keмпіp деген келешегі қыздардың.
Жеттік білдік мезгіл атты жеделді:
Біз — біp кесе айқыш-ұйқыш бедерлі
Салдыр-күлдір сынғанымыз сол болар
Қартайғанда қалжыратсақ беделді.
АҒАЙҒА
Аға бар деп атасынан именген
Мен басында саған сеніп үйге енгем...
Марқаюды, махаббаттың зар-мұңын,
Құдіретін де өз басыңнан үйренгем.
Кемпір-шалдар айтпасын деп маған сын,
Барлық сынды арқалаған ағамсың.
Ceні көріп мен өстім-ау!..
Ендеше,
Ең алғашқы баға жетпес бағамсың!..
Серуен кеште қайық міндік желкендеп,
Көл сыртында ұлан-байтақ жер кең деп.
Сонда маған қажеттігін сен айттың,
Елді сүймек, жексұрыннан жиіркенбек.
Арамзаны, адал қанын аңсаған,
Жазала деп елің ceні жұмсаған;
Әз әлімше сардары боп санаттың,
Жиырма бесте epіп барғам мен саған.
Есімде жоқ, жә сүймедің, жә сүйдің,
Тамтығы да қалмағанда тас үйдің.
Әлі есімде: сен қуансаң, қуандым,
Өлгендерге сен бас идің —
бас идім.
Сол соғыста құрбыңды сен жоғалттың,
Құрбың үшін жау біткенді жыға аттық.
Жеңістен соң өз қасыңда мен — үнсіз,
Жетім менен жесірді сен жұбаттың.
Беделіңнен қуат құйып халқыма,
Сен келтірдің шат көңілді қалпына.
Омырауында он даңқы бар мезгілдің!
Мойнында жоқ, бекер төккен қан, күнә!
...Еш қорқыныш емес саған жөтелген;
Әр шалдың-ақ оған әсте еті өлген.
Өткен дәурен талаптары тап-таза
Ерлігіңмен, еңбегіңмен өтелген!..
БӨБЕКТЕР СЫБАҒАСЫ
ЖАҢА ЖЫЛҒА
Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Не әкелдің сен бізгe?
Бау-бақшаң толған гүл,
Төлдерің семіз бе?
Бауырсақ, балмұздақ,
Кәмпитке молсың ба?
Бізді алға барғызбақ
Сен жаңа жолсың ба?
Жаңадан көп түрлі
Машина бергейсің,
Жаңадан көк сырлы
Үйлерге кіргейсің.
Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Жаңалық ізде сен!
Жаңа ән, жаңа жыр
Жазып бер бізгe сен!
Жаңа жыл! Даналар
Туғанын көргейсің, —
Жасасын аналар,
Сәбилер көбейсін!
БҰЛTTAP
Күн төбеден асқанда
Бұлт болады бозарған.
Бұлт болады аспанда
Күн батарда қызарған.
Жақындағы қоңыр бұлт,
Алыстағы ақша бұлт,
Жерге жауса, өміp бұл:
Дала — шалғын, бақша — гүл.
Тазартам деп ауаны,
Тазартам деп көшені,
Бұлт кейде жай ауады,
Кейде жылдам көшеді.
ДАУЫЛ
Біздер тудық қалада,
Біздер тудық ауылда;
Көшелерде, далада
Жүрдік талай дауылда.
Кім дауылдан қорқады?
Кім дауылда ойнайды?
Кімдер қобыз тартады?
Кім тапжылмай ойлайды?
Қаңбақ қорқып дауылдан,
Қалбаң-қалбаң қашады.
Қыран шырқап тауынан,
Желге төсін ашады.
Бағаналар сымдары
Қобыз сазын ойнайды,
Mүcіншінің сұңқары
Тапжылмастан ойлайды.
Жаны тыныш тапқанда
Кім дауылды аңсаған?
Кім сыбызғы тартқанда,
Бас шұлғиды кім соған?
Тал тамыры нығыз-ды,
Дауылда тек мүлгиді
Қурай тартса сыбызғы,
Шөптер басын шұлғиды.
Су толқындап,
үнемі
Сусылдайды боз қамыс...
Дауылды біз білеміз,
Дауыл деген — қозғалыс.
БАҚЫТЫҢ ҒОЙ
Cүйікті анам Бағдагүлге
Жарықтығым!.. Әлдеқашан өлсең де,
Сенен кейін өз бетімше өнсем де,
Жүрегімде жүресің де қоясың, —
Жүpeгімнің өлең-жыры бол сен де!
Бірінші өлең
Сүткенжеңнің шаттығы мен қайғысын
Басқалардан бұрын сезген байғұсым! —
Бақытын ғой! — деуші едің-ау
көктемнің
Шаңыраққа келіп қонған жай құсын.
Қуанушы ең,
Түнде жанған жаяу шам
Түбінде мен «бор-сияға» боялсам...
— Бақытың ғой! — деуші едің-ау
түсімде
Лапылдаған өpтті кешіп оянсам.
Бар жақсылық менікі еді-ау, сеніңше,
Шаттық үшін тудым десем сенуші ең;
Киімдерім «киелі» еді-ау киіктің
Төрдегі төрт мүйізіне сен ілсең.
Киім қайда, бақ жандырғыш түс қайда,
Өңімізде аян берген құс қайда?..
Қалдың, бәрің қан майданға жөнелтіп,
Хаттар күтіп ала жаздай, қыстай да.
Ұйқы, күлкі, өң-түсің де бұзылған;
Жайнамазың жатты төрде ұзыннан.
Мен үшін-ау барлығы да!.. Мен үшін
Тамағыңнан өтпепті ғой үзім нан.
Жаралансам,
Тоқтай жаздап жүрегің,
Біp мен үшін жүз мәртебе жүдедің.
Енді ойласам, жаман жылда, жарықтық,
Жүрегіңе неткен ауыр жүк едім?!.
Ал мен деген — тентек ұлан емес пе,
Атой салған айғай-сүрең егесте?! —
Серт жолында өлсем өлем деп жүріп,
Ceнің қайғың болмапты ғой тегі есте.
Баяғы біp бейбіт күнгі арайлы
Cypeтің бар; сол да маған жарайды:
Партбилет ашып көрсем,
көздерің:
— Бақытың ғой! — деп жымия қарайды.
Уа, дариға!.. Сонда біздің арғымақ
Қанды шептен өткен талай қарғып-ақ!
Сенен туғам!.. Жарылмаса сен үшін
Қайран жүрек қайда бекер қаңғымақ?!
Мен кешсем де сол соғыстың дозағын,
Сен тартып ең ауыр жылдар азабын.
Сол тарихты жырласын деп қалдырған
Ұлы жеңіс мына мендей қазағын!
Eкінші өлең
Сүткенженің шаттығы мен қайғысын
Басқалардан бұрын сезген байғұсым!
Қантөгіске қарсы қойдық біз бүгін
Жердің күшін, күннің күшін, ай күшін.
Қантөгіске ақыл-ойдың пәрменін
Қарсы қойған байтақ елім бар менің.
Сонда дағы зауқы, заңы белгілі
Ала-құла әлемдегі әр ненің...
Сақтық керек!.. Менен туған үш ұлан —
Үш қыраным — тас қияға ұшырам!
Yш офицер махаббатын, ақ мама,
Рауандай рухына ұсынам!
Қызметінен демалысқа келгенде
Олар ceні әсте менен бөлген бе?! —
Мұратыңның мұpaгepі болған соң,
Олар ceні санамайды өлгенге.
Сенсің рас өніп тұрған өріктей;
Суретің де бізгe тіpі серіктей: —
Бақытың ғой!—дегендей-ақ көздерің
Шаршы төрден күлімдейді зерікпей.
Қайран шеше!
Жымиғанын зерікпей
Kімді қойған елжіретпей, ерітпей?!
Әлі көптей біp өзіңе сыйлығым!
Бар жақсылық — өз қолымда еріктей!..
Kөкірегімнің басқа жаққа көшпейтін
Тұрғынысың — қарызым жоқ кеш дейтін.
Жарықтығым, бағыштадым басыңа
Өз отымды, оңайлықпен өшпейтін!
ЖАНАРЫМДА ЖҰМЫР ЖЕР
Тірлік — қымыз,
жұтқан сайын cіміp дер,
Ей, бал қымыз, беймазаңа ғұмыр бер!
Тыныштықтың адамында тыным жоқ:
Жатыр оның жанарында жұмыр жер.
Жұмыр жерден бақ пен сордың күресін
Жанарыңа жинап алып көpecің:
«Не себепті берілген, — деп ойлайсың, —
Баршамызға Адам деген біp ecім».
Қызғанасың жұмыр жерді бұзықтан,
Жұмыр жерді жұтатуға қызыққан.
Жанарымда Жер тұрса деп жаннаттай,
Жанды қинау —
өміp заңы біз ұққан!
АЯУЛЫ АПА
Алғашқы мұғалималардың біpі
Әмина Кемелованың 70 жылдығына
Баппен ғана биязы баяулата
Сен сырыңды шерткенде, аяулы апа,
Кең даладай кеудеңнен төгіледі-ау
Мұңлы мақтан, ойлы наз, ояу қапа...
— Жазғы дала, сағымы суырылған,
Kүзгі дала, түндігі туырылған,
Қысқы дала, қи басты қыстаулардың,
Қар астында апшысы қуырылған.
Төрт мезгілі үдерме жыл ішінде
Көшпенді жұрт көңілі жылысын деп,
Хатқа көзі шәкірттің қанықсын деп,
Жүгірмесем тірлікте жұмысым не?!
Қанша қағаз, қауырсын таусылды да,
Нелер жайлар өзгертті даусымды да.
Көктем көп-ау...
Біздің шаш ағарды ғой...
Қыс қырауын жамылған маусым бұ да!..— .
Дегеніңде жүзіңе қарап едім,
Әсте нұры таймаған қара көзің
Ақын қиял жетпестей алыстағы
Біp нүктеге қалыпты қадап өзін.
Ол о жақта, дариға-ай, жан бұ жақта...
Ол нүкте не?..
Жансыз ба, жанды зат па?..
Әлде қазақ жерінің әр тұсынан
Қараңғыда жылт еткен жалғыз от па?..
Әлде сол біp нүктеде әліп-биден
Алғашқы біp құндыз ба алып киген?..
Әлде жұрттан жиналған ақ бата ол?..
Әлде ол біp махаббат жанып күйген?..
Әлде ол біp шәкірт пе көк жөтелден
Жас қыршынын қиғанша көп жөтелген?
Әлде ол біp аққу ма, көгілдірін
Ала келіп аспаннан көлге төнген?..
Біле алмадым, апажан, нүкте сырын,
Ол өзінің құпия бүктесінің...
Маған аян ақиқат: Әмина боп
Қазақ қызы бойына бітті ecімің.
Талай ұрпақ қанымен араласып, \
Ақын барған қашыққа бара аласың!
Неше дүркін дүниеден кетесің де,
Неше дүркін дүниеге ораласың!..
ЖАСЫБАЙ ПЕРЗЕНТІ
Өтірік айтсам болар ед сөзім ғapіп:
Жасыбайды көргем жоқ өзім барып.
Естуімше, ерте-кеш ерке бұла
Өнеді екен қайнардың көзін жарып.
Баян тауға табиғат басыбайлы,
Сыйға тартқан көл пірі Жасыбайды.
Өзі мөлдір кәусардың, өзі терең,
Не орынсыз лепіріп тасымайды.
Ел жинап жүр бұл көлден нecібecін,
Сен де бар, көр!..
Бармасаң кешігесің!
Менен бұрын сен неге барасың деп,
Көрген жанға несіне өшігecің?!—
Осылай деп қасиетті Жасыбайды
Көрген достар айтудан жасымайды.
«Мен де соны көрдім!» — деп кеуде соқсам,
Жаным соның дәлелін жасырмайды.
Мөлдір терең жә бекер тасымайтын,
Қайнары еш кермексіп ашымайтын,
Мынау — біздің кәдімгі Дихан ақын —
Жасыбайдың перзенті ашық, айқын.
Иә, ағайдың балғадай ісі мықты,
Мөлдір, терең жырлайды кісілікті.
Қайран Дыхаң тұрғанда көз алдымда,
Кермесем де Жасыбай түсінікті!
ТАЛДЫҚОРҒАН СУЛАРЫ
Ағысы өжет те дарқан
Өсекке үш дүркін барғам,
Көркіне көзім қаныққан.
Жә тұтас өлшеп көрсең де,
Жә жүзге бөлшектесең де
Ауытқысы жоқ, халықтан.
Аңғардан арықтар шулап,
Бұп-бұйра шумақ та шумақ,
Төменнен төске тырмысқан;
Жә жүздеп өлшеп көрсең де,
Жә мыңға бөлшектесең де
Ауытқысы жоқ тұрмыстан.
Бидайы, жүгері, баулар,
Жоңышқа жондарға заулар,
Жүйрікке мінсең жеткізбей...
Дымдарын өлшеп көрсең де,
Тамшысын бөлшектесең де,
Тамырға нәрін жетті үзбей.
Ағысы өжет те дарқан
Өсекке үш мәрте барғам, —
Үш мәрте аңсап көріскем:
Совхозға бөлшектесең де,
Қостарға өлшеп берсең де,
Өнікті суға өріс кең.
Мұншалық жұмсалып жомарт,
Жер құты, мұратқа жол арт!
Тамылжып атсын таң содан!..
Жә тұтас өлшеп керсең бе,
Жә мыңға бөлшектесең бе, —
Теңіз тегі де тамшыдан...
Бабадан қалған Бәбилан
Ажырап арғы бабынан,
Ұзаққа ұйықтап кеткен-ді;
Ылғалдан жүдә мақұрым
Ындыны құрып кеткен-ді;
Өңінде түгіл, түсіңде
Ұмытқан қайла, кетпенді;
Үстінен басқан албасты —
Қорым тас, құм, саз көптенгі.
Сезгенді қойған бұл бейбақ
Қарлы қыс,
қайран көктемді.
Құдіреттен күшті гүрілмен,
Ауыр салмақты дірілден
Оқыс оянып кетті енді.
Иә!
Бәбилан тұрқы қозғалды.
Ұмытпапты бұл баяғы
Зынданда бұғау бұзғанды,
Бұғаудан азат болған жан
Аяқ-қолдарын созғанды,
Кәусармен шылап дененің
Жарақаттарын жазғанды,
Тәңірді қатал жазғырып,
Нала намысы қозғалды.
Дәл солай бұ да:
Бәбилан
Дәл солай енді қозғалды;
Жапсарда жатқан өз басын
Шатқалға биік көтертіп,
Бәбилан кезек сөзді алды:
Көк ала тасқын көмейден
Лақтырды күйреп тозғанды;
Соңғы сел сүрең ұрғанша
Оқпанды шектен озды алды;
Ілгері кеткен «думанға»
Ілесе де алмай көз қалды.
* * *
Тоқсанда Қапал-Арасан
Қартайды ма деп қарасам,
Бүгінді қойып, ертеңгі
Дәуірді басып әрі асам.
Кім білcін көне бақтарын
Мезгілдің қанша сақтарын,
Шыбықтар сапар шықсын деп,
Қойыпты жолға сап бәрін.
Тасалап бойын ізетпен
Талай жас жігіт, қыз өткен,
Бұрынғы жолдар бұл күнде
Бұлтарған тұсын түзеткен.
Жан-жағы жыңғыл, тораңғы,
Түндерде тұрқы қараңғы.
Бассейн жақтан ышқынып
Ақырмай қалған кәрі әңгі.
Көрінші жұлдыз қияннан
Жердегі шамнан ұялған,
Шалқуға еркін шатырдан
Самал да зәулім үй алған.
Сәулеңді көрсең тастардан
Табанға төсеп тасталған,
Жақсы екен дейсің кешегі
Кәрі мезгілден кеш қалған...
...Ағармай адам тал шашы
Тоқсанға бұлай толсашы!..
Арасандай-ақ арманын
Сарқылмас бұлақ болсашы!..
* * *
Асыл таудың аты да Баянжүрек,
Баурайында жатырмын бой елжіреп;
Шымыр-шымыр шипалы ыстық бұлақ
Балбыратқан денеден ой әлдірек:
Құм сағатты қоям да бір аударып,
Сөзін айтам баяғы жырау ғаріп:
«Сығыр құдай сыйлаған көне дертке
Сіркелі су сүліктей тұр-ау дарып!»
Қапалды да еске алам:
Қайран батыр
Қанды суда жарасы қайнап жатыр;
Аяғынан оқ, тиген тұлпары да
Ыстық бұлақ ыршыған қайранда тұр.
Ел замандар тәлімін аңыз еткен,
Аңызда қыс, не сарша тамыз еткен...
Шоқан мен шоң генерал бұған ұйып,
Бұлақ бағын ашпақтың заңы жеткен.
Заң болып,
Есептемей жара санын,
Тамырына дару боп тараса мың.
Сол тұс берген өлкеме тұңғышың деп,
Тума шипа Қапалдың Арасаның.
Жауырыннан, қапталдан, қара саннан
Жем, тебене, түйнеме жара салған.
Сорлы жанның қаншасын содан бepі
Жеткердің деп сұраймын Арасаннан.
Тұл өлкеде ашылған тұңғыш бұлақ,
Біздің тұста бірегей тұрмыс құрап,
Сырын маған шерткендей сыбырлайды,
Шымыр-шымыр тынысы тым ыстырақ:
Жоғалсын деп дененің дерті күнде,
Аласұрам, жата алмай жер түбінде;
Шырқап шығып, сан дүркін сауықтырам
Сыры жұмбақ сырқаттың жемтігін де.
Көп кеселді бес жылдар белесінде
Жықтым;
Аты қалды тек ел есінде.
Бірақ біл сен:
Ақындар емдейтұғын
Біреулердің дерті жүр денесінде.
Ал ақындар лебізі жалындаған,
«Қызуыммен адамның жанын бағам», —
Деп тұрғандар!
Жыр да біp бұла бұлақ,
Kөзімді аш деп тәңірге жалынбаған.
Сол бұлақтың тас балқыр бұлауын да
Менен бетер сыйлайды бұл ауылда...
Сиқыры көп өмірде кереметтің,
Емші ғана көзді ашып елең еттім:
Емші бұлақ сырына елтіп жатып,
Құм сағаттың бұйрығын елемеппін.
Мен:
— Алло!.. Қапал!.. Меңғали!.. Отын суға
Малшынды деп мұңайып отырсың ба?
М е ң ғ а л и:
— Ала жаздай тамбаған мына жаңбыр
Селін жіктеп төскейде мың адам жүр.
Мен:
— Ендеше, мол түтеген мына жаңбыр
Ақтап алды-ау аспанды күнәдан біp...
М е ң ғ а л и:
— Құрғақ жылда аспанды жазғырмай да
Шабыт сізге өлең-жыр жаздырмай ма?..
Мен:
— Иә, ақынды, аупартком хатшысын да
Табиғат қой салатын қатты сынға.
М е ң ғ а л и:
— Керек десе, таңдайды құрғатып-ақ
Сын сағатты сыйламақ қымбатырақ...
М е н:
— Орнайтындай кеудеме мынау сел кеп,
Көз алысқа қарайды, көңіл сергек.
М е ң ғ а л и:
— Диқаншы мен шопандар қосынан да
Жырларыңыз табылар осы маңда.
Мен:
— Кеттік соған... Өзің де қашақтамай,
Кейіпкерім тобына қосыл онда...
Ақсу, Көксу, Қапалдар тасығаннан
Талай жерде апаттың тасы қалған;
Қанша біpін қалаға, тас жолдарға,
Бөгеттерге құрылысшы тасып алған.
Ақсу, Көксу, Қапалдар тасығаннан
Малшы, диқан көп көлді тосып алған;
Екі мыңыншы жылдардың қаласынын
Сол тұстарға қой айдап қосы барған.
Отыз мың қой біp жерде желіндеген,
Жеті арнаның өнікті жемін жеген.
Әулие емес, әр тасын қасиеттеп
Осы-ақ шығар түнейтін жерің деген!
* * *
Мен:
— Суынан ба қасиеті күшті бұлақ, —
Шайың неткен тәттірек, ыстығырақ
Өлең cөзің, қалқам-ау, жүрегіме
Одан бетер от болып түсті біpaқ.
Гүлжамал:
— Ақын Сара сыйлаған ағаны біз
Өлең сөзбен құптасақ бағалымыз.
Қасиетті бұлақтың ақ cүті ғой,
Шайды қойып, қымыздан тағы алыңыз.
* * *
Кешер еді бар болса егер тәңір де, —
Қаулы бұздым біp-aқ мәрте өмірде:
Айғай салдым кеңсесінде колхоздың
Күндіз емес, түнде де емес, іңірде.
Шалкөденің жайлауында бір өзен.
Албырттығын кем демессің Іледен.
О да өзінше ауық-ауық күркіреп,
О да өзінше барын жұртқа үлеген.
Сол өзенді колхоздағы басқарма
«Хамит сай» деп бір қаулыны бастар ма... —
Тоқтат,— дедім,— ондай оңай қаулыны,
Ықыластары маған ыстық достарға.
Албырт өзен — қожасы мұз, қардың да,
Қожасы нан, гүл, жемістің, балдың да...
Айтыңдаршы, тым құрыса мен соның
Бір күн аққан ағысындай бармын ба?!.
АЛЫП – АНАДАН
Әзіз жұртым!
Ол кім?
Білсең өлшемін,
Бір толғатқан олжаң емес ол сенің.
Оның заты — көп замандар уыттап,
Өз жаныңнан жалын атқан өр сенім.
Ол туған-ды
айдарынан жел ескен —
Арман, аңсау, ең бір асыл елестен.
Көп замандар күткен ол бір сұрапыл
Қарлы шыңнан!..
Бергі жасыл белестен!..
Көрінгенше жарқ еткен бір жасыннан
Мезгіл оны қою бұлтқа жасырған.
Ол жаралған,
бір кездерде буланып,
Бұлтқа қарай көзден ұшқан жасыннан.
Бар ғой онда, қарағайлы қалыңға
Келімсектер төккен ыстық қаның да;
Бар ғой онда, түптен тартып ащы күй,
Шерменденің шерін тарқатқаның да...
Тау ішіндe дабыл ұрған шаң-шұңнан,
Өрлеп барып, зар биікке шаншылған.
Бабам туын сүйген батыр демі — ол,
Содан да ол басынғанға шамшыл жан.
Ашынып ол өз жұртының дертінен,
Өз жұртының азықтанған жентімен;
Қанатынан дауыл соққан тұлпардың
Екпінімен желей төсін желпіген.
Алып перзент...
Білсең, жұртым, өлшемін,
Бір толғатқан олжаң емес ол сенің.
Оның заты — сан замандар уыттап,
Өз жаныңнан өніп келген ер сенім.
Өжеттердің өжеті боп сол үшін,
Ол әкелді жырдың не біp сонысын.
Оның жыры — менің күнде түнейтін
Әз әулие жатқандай бір қонысым.
Балғын шақта көп сырласып онымен
Жырдың отық жайлауына қонып ем;
Әлі күнге деймін оған:
— Апыр-ау,
Неткен асыл сарқылмайтын өнім ең!
Алып келем, алып келем тәлімін,
Жүз емес-ау, алатыным әлі мың.
Қашан көрсем, қасиетті мен оның
Тік шырқаған тізгін үзді әнімін.
Бер жағында
Махамбеттің,
Абайдың,
Жарқырап бір жатыр сонау ақ айдын
Бұлақ болып соған жете білгендер
Аруағынан айналады ағайдың!
Солай!.. Солай!..
Білсең, жұртым, өлшемін.
Біp толғатқан олжаң емес ол сенің.
Оның заты — сан замандар уыттап,
Өз жаныңнан өніп жатқан өр сенім.
Нағыз үлкен анасы деп алыптың,
Өз басын-ақ айтқан өзі халықтың.
Жансүгіров — алып ауқым дегенде,
Жырдан бетер осыны ойлап қалыппын.
ШЫТЫРМАН TYC
Жайылымға, егінге жарамастай,
Малшы, диқан өлең қып қарамастай,
Тақыр, тастақ, шым батпақ, сорлы танап
Жатқаны рас ұлы іске араласпай.
Өткен сайын солардың тұстарынан
Келгендей-ақ бөтен бір тысқарыдан,
Байғұстарды сөгеміз пайдасыз деп
Содан маған шытырман түс дарыған.
Түсімде мен ылғи сол бос танаптан,
Қасіретке көзінен жас тонатқан,
Мың заманғы жұрттардың көшін көрем,
Құстар көрем, оқ тиген қос қанаттан.
Шаһар көрем, өртеніп құлап жатқан,
Шырқырайды дыбыстар құлақ жақтан,
Туған жерге тұқымын қалдырмастай
Безіп кетіп барады құлан қақтан.
Қала, дала, шытырман жан-жануар,
Арылмаған дау-шары, жанжалы бар.
Байғұстардың мекенін мүсіркемей
Сөккен адам шындықты жалған ұғар.
«Жалған ұғар!..» деген бір өктем үннен
Оянғаннан шошындым от демімнен. —
Keшіp!.. — деген жалғыз сөз неше дүркін
Сыбыр қағып жаныма жетті ерінен.
ТАСҚЫН АЙДАҒАН ТАҒДЫРЛАР
Ұйғыр жазушысы Хизмет Абдуллин
екеуміз ел аралап жүріп, осы бір ақиқаттың
айғақтарын тыңдағанбыз. Оқиғаны ешбір
өзгертпей, өзінің сол болған күйінде жаздым.
Автор
І
Түбі — тақтай,
Су жоқ одан бір тамған.
Және тақтай екі бірдей жақтауы.
Іші — тасқын, көбік атып бұрқанған —
Анық соның өрт қойсаң да жанбауы.
Тақтай канал; мөлдір аспан қақпағы,
Кейде тұман бүркейді оны беріден.
Аян жұртқа селдің қалай ақпағы,
Ол жөңкиді ілгері керіден.
Арты — Шыңжаң, алды — Жаркент ағыстың.
Ағыс неткен алғыр еді, күшті еді!..
Айы еді сол аптап ыстық. августың,
Август түні нар тәуекел істеді.
ІІ
Он төрт, он бес жас жасаған екі ұлан
(Еріндер ғой ана сүті кеппеген).
Алдарында дорбашықта екі нан,
Жүректе жоқ ыза деген, кек деген.
Қайран әзіз екі ата мен екі ана
Әмір етті үнcіз ғана еңіреп.
Айғақ— түнгі бір шырағдан тек қана,
Біp сәт тыныш тылсым үйде төңірек.
Ерте ағарған екі бұрым, екі мұрт,
Көне көздер кірпігінe шық алған.
Сыбырлайды тыңдар ма деп тымық сырт,
Үрей сөзден өз демдері шығарған.
— Біз қартайдық екі мүжіп бір жасты,
Ешкім cіpә таңырқамас біз өлсек.
Бақыт енді бізге мойын бұрмас-ты,
Лахат түзер бүкшигеннен түзелсек.
— Ұрпақ керек өлмек үшін өкінбей,
Өкінсек те өлмек үшін сеніммен.
Қос балдырған! Мысқал яки шөкімдей
Бақыт ізде бойдағы қан-сөліңнен.
— Көбірек атқан көк долы су
Мұратқа
Екеуіңді бәлкім тірі жеткізер.
— Жөнеліңдер!..
— Жол — қиямет... Бірақ та...
Сағат соқты тәуекелге бет түзер.
Екі күлше екінді мен бесінде
Екі шеше жан отына пісірген;
Қиын сәтте қимастықпен жесін деп,
Саусақ мөpін сары нанға түсірген.
Қойын жоқ қой: шешелердің саусағы
Сарымсақ та тығар еді-ау қойынға;
Дорбашықты, бой тұмардай бау тағып,
Ілді екі қылдырықтай мойынға.
Қос нәрегей — ұйғыр, қазақ ұланы
Екі атадан, екі анадан әмір ап,
Жарым түнде күллі көзден ұрланып,
Кетті селмен, ағып жатқан аңырап.
ІІІ
Ағып келеді,
Неғып келеді?..
Өздері де ұқпайды.
Екі бас — доп,
Шоршымайды, бұқпайды,
Домалайды айғай-шулы ағыста,
Оқтын-оқтын кермелерге тоқтайды.
Жер олардан, олар жерден бөлінген,
Алып ұшып келеді ағыс — аждаһа.
Түнгі таулар ақ сәлделі көрінген
Сопылардай, — Бас қоярдай саждаға.
Бағзы таулар аю, барыс пішінде,
Жемтігіне тап беретін таң атпай.
Apғы сонау ақша бұлттар ішіне
Ай қалқиды, сүтте жүзген табақтай.
Арасында қисабы жоқ жұлдыздың
Әркімнің бір жұлдызы бар ақпаған.
Ол (үстінде тасқын судың жел-құздың,
Асқар таудың) азап жүгін артпаған.
Осылайша ойлап бір сәт қос ұлан,
Демалысқа алқынып аз тоқтайды;
Біpін-біpі жоғалтады қасынан
Қол босатса кермедегі тақтайды.
Taғы, тағы жөңкілді-ай кеп шуласып,
Екі допты ала қашқан арыстар.
Екі допты таңда көбік су басып,
Өткізді бір өткелектен нағыз тар.
ІV
Қалып бара жатқан шақта шекара
Қолдарын да сілтеген жоқ ұландар,
Іле жақтан жеткен үш-төрт шағала
Шаңқылдады: көк жүзінде қылаң бар.
Көк жүзінде ақ торғындар қызарған,
Қарлы шыңдар сәукелелі келіндей.
Аспан — алма, сабағынан қыз алған,
Бүтін тұрған, бір шеті де желінбей.
...Жана ғана екі доптан шағала
Дәмелі eді; дәмелі еді бүркіт те.
Жо-жоқ, құстар!.. Жер бағдарын шамала, —
Енді оларды үрей жұмсап үркітпе!
Күн де шықты асқар таудан үзіліп; —
Қос жүректің қуанбасқа еркі жоқ.
Қуаныштың жылуымен қызынып,
Адам болып судан шықты екі доп.
Түні бойы қақпақылдан — ағыстан
Азат енді аш қақыраш қос ұлан.
Тағзым eтті: — Армысың деп, Бағыстан!
Сонау түтін колхозшылар қосынан.
Салт аттылар — автоматты, дүрбілі,
Бағыстанның сақшылары постыда.
Әркімі де ата-ананың бір гүлі!
Бәлкім тағдыр гүлді гүлге қосты да...
— Барсақ берер бағымызды жандырып?.. —
Еркін озды екі ұланның дауысы:
— А-у-у!.. А-у-у!.. Мәжнүн дерсің жаңғырық.
Мәре-сәре таңертеңгі тау іші.
Ешкім де жоқ жаңғырыққа үн қатқан,
Заулап ұшты жас сақшылар пырағы;
Күлліcінe куә сонау күн жақтан
Шарықтаған қыран көзі қырағы.
ОРАҚ ҮСТІНДЕ
Қырманда қызып, күн қауышады,
Дегбірсіз мезгіл түнге ауысады;
Түні де ширақ, дәулеті тасып,
Сағат, минутын тауысады.
Қырманда қызып, шаң да тұншығады,
Жел-құз да шаршап тыншығады.
Машина фары сөнер-сөнбесте
Қайтадан қауырт күн шығады.
Қырманда заттың сыры тұрады, —
Әрненің қатал сыны туады:
Бетон майысса, белін түзетіп,
Теміp қызса да, суытылады.
Қырманда қыр да біршамалы
Қозғалып жатып бусанады;
Бәpі де мұнда кезекпе-кезек
Ауыр жұмыстан босанады.
Жалғыз-ақ адам өз орнында
Бәрінен шырқап озар мұнда.
Түнге де күнге демейді адам:
«Қарауыттың ба, бозардың ба?!»
Тәулік тәңірі өзі болғасын,
Мезгілден шырқап озып алғасын,
Аптаға айлық күш бітіреді;
Ақын осыған сөзін арнасын!
Kәдімгі зеңгір тау салмағын,
Дақылмен өлшеп тауыса алмадым! —
Демек те адам, үстеп шығармақ
Тарих пен жеңіс табысар жағын...
Тарихтар атты көштің аңсаған,
Ой-қиял атты құстың аңсаған —
Қырманы осы, құдыреті күшті
Басымды ием, күшті нан, саған!
Күшті нан!
Тек сен өміpгe нұрсың!
Нансыздардың қансыз тірлігі құрсын!
Күшті нан, күллі жүрек қанымсың,
Қызуым сенсің!
Мен сенің жыршың!
ІШКІ МОНОЛОГ
Тұлпар-тұлпар қашанғы даласында,
Еш көнерген сыр да жоқ дәл осында.
Дала, тұлпар өзгерсе адамдарша,
Сол жалған деп таласа аласың ба?!.
Жоқ, таласпақ жөн емес ақылдыға,
Қоспа оларды жұпыны, ақырғыға;
Кеңістік пен жүйткіген жүйрік тірлік
Өлсе, оқып жарытпас ақын дұға...
Тұрса олардың біpі арып, біpі қурап,
Сен солардан сөнер ең бұрынырақ...
Тың өлкеден ақын мен күн көзінің
Epіп жатқан жыры — жыр,
нұры — нұр-ақ.
Mәyecі мол бақ село, гүл қалалы,
Даңқы кеткен әлемге бұл даланы
Кеңейттік біз мың мәрте,
Сол кеңісте,
Жылда шауып жүйріктер жүлде алады.
Құт дарытып ізінe қадамдары,
Жарқырайды жұлдызды адамдары.
Бұлт бұлардың көктегі қызметшісі,
Шырқап бұлар шығып жүр одан да әрі.
Жасаңғырап даланың жаны ұзаққа,
Сарқын басса сағым да, аңызақ та,
Ойлайықшы, осында түз бен тұлпар
Бізбен біpгe жетілген заңы жоқ па?!
Мұң даладан жаратып тың даланы,
Ақыл-ой, тер, қанмен де тым бағалы.
Батпадық де, — бұл шаққа,
болашаққа,
Болашақта сондай сөз тыңдалады.
Шындық, cөзі бағалы бүгінге де,
Қысыр философияға жүгінбе де,
Арқаланып тарта бер ақиқатты —
Осы менің ең қымбат жүгімде де!
Мұрат сыры өзіңде, міне, халық,
Тың тойына жиналды.
Мұны ұғалық:
Ел-жұрт түгел кернейді кең мекенді,
Тұлпарына заманның мініп алып!
БЫЛТЫРҒЫДАН БАСҚАША
Күн тәулікте біp-aқ мәрте таң атса,
Біp мәрте жыл күз нәcібін таратса,
Заң еді сол.
Заң еді сол адамды
Ана құрсақ біp-aқ рет жаратса.
Өз өлкемнің миллиардын жыл сайын,
Көре-көре, жыршы күнім, жыршы айым.
Қиялыма жазып жатыр жаңа заң,
Қиялымды жаңа заңға жұмсайын.
Алып тұлға аспаныммен астаса
Келді тағы!
Келді бізбен бас қоса.
Ей, жүрегім, не ceбeпті қуанам
Жылда-жылда былтырғыдан басқаша?
Саған ылғи нан беретін асхана,
Яки бойға қан беретін асхана
Өзгерді ме?
Әлде сенің түбінде
Түнеп жатқан ендігі сыр басқа ма?
Біp басымның қуанышын, қайғысын,
Тынбай жүктеп, лүпілдеген байғұсым.
Сен ол жағын сезбейсің-ау миымдай,
Гәп Жерде ғой...
Жинап қойшы былайғысын...
Жердің әлі шелі де бар көзінде,
Не заманғы шepі де бар өзінде.
Аз-аздап ол арылса сол дертінен
Алыптан соң Алып туып кезінде.
Қалай менің қуанышым жаңармас?!
Алыптарсыз Жердің бағы жана алмас...
Келген сайын Миллиардтың қолында
Жер кеселін кecіп түсер жаңа алмас.
Салмақ салмай ақыл-ой мен қолға түк,
Алыпты Жер туа алған ба толғатып?..
Алып тумақ жаратылған артықша
Асыл жұртқа төрт маусымын қорғатып.
Нәр дымынан, жылудан да жарықтан,
Жері рақым сұрай-сұрай жалыққан.
Тараптарда қашан ғана шолақ қол
Тұрғындары туған жерін жарытқан?!
Гәп Жерде ғой,
қысыратпай бір күнін,
Алып eтіп туа білсе тұрғынын.
Беу, жүрегім, лүпілінің үстінен
Үстем қарап осындай бір тұр ғылым.
Егер әнші шырқай қалса біp әнін,
Шарықтатса ақын шабыт қыранын.
Асыл жұрттың, жаратылған артықша,
Аузындағы жыр етеді ұранын.
— Нанын барда әлің де бар,
әнің бар,
Нан елінің жұлдызы боп жаныңдар!
Жылда-жылда басталатын басқаша
Қуаныштың құдіретін таныңдар!
ӘР КЕЗДЕГІ ЭКСПРОМТ
Жатырмын жат өлкенің жылғасында,
Ажалдың алпамсасы тұр қасымда.
Билігі талықсыған тағдырымның
Қақыратқан қабырғамды қорғасында.
Апыр-ау, шынымен-ақ қалар ма екен
Қызарып топырағым қыр басында?..
Айманым — ақ сәбиім, аян берші! —
Біp сәтке көзім жасы құрғасын да...
Беу, балапаным, балапаным!
Жаюлы саған қарай алақаным!
Айман-ау, саған жетіп бармасам да,
Талпынтып өз қолыма алмасам да,
Үзбеймін көрем деген үмтімді,
Ажалдың шаужайына жармасам да.
Қансырап күйіп барам, күйіп барам,
Өртеніп, жалын атып жанбасам да.
Айман-ау, бір хабарын жеткізсеңші,
Қарлығаш қанатына жалғасаң да!
Беу, балапаным, балапаным!
Жаюлы саған қарай алақаным!
* * *
Құрбым-ау, соғыстағы өліктердің
Ішінде мен де жатып өліп көрдім.
Сен сонда тамырыма тарасын деп
Азғантай өз қаныңды бөліп бердің.
Кім едің? Қай халықтың өкілі едің! —
Өлгенше соны білмей өкінемін!
Ғарыштан біздің әнге жол ашылды
Жар салдық барлық адам баласына;
Ерлікпен есен-аман ән де қонды
Байқоңыр байтақ-ұлан даласына.
...Әзелден аңыраған ән даласын
Жапан десең, жалақор, сандаласың!
ӘКЕЛЕРДІҢ ІЗІMEH
Жүріп келеді,
Тұрып көреді ұландар
Қаһарлы жолын әкелердің.
Жөнді сол жүйе, —
Содан басталмақ ұлы аңғар;
Онсыз мирасты әкелер кім?..
Өр мен төмендер,
Кәрі емендер, қайыңдар
Шертпес те сырын шешендердей.
Соларда бірақ...
Соларда бірақ пайым бар
«Жұмбақты шебер шешем» дердей.
Kөпіp, өзендер,
Жолсыз кезеңдер, тас жолдар,
Тарихты бұзбай талдап айтар.
Солардан оқып
Ерліктің мұңын жас жандар,
Отаны жайлы ойды ұлғайтар.
Жазым, жарақат
Орнын қарақат, бүлдірген
Бұл күнде бүркеп жасырғандай.
Тастардың ғана,
Сол кезде сұлап үлгерген,
Ұйқысы әлі жатыр қанбай.
Жаудың күлі жоқ,
Жердің гүлі көп дөңдерде
Зираты қалған құрбандардың.
Мынау жас ұрпақ өзгертіп қайта өңдер ме
Құлыптастарын қорғандардың?
Айта көрмеңіз, —
Қайта көмбеңіз олардың
Оты жанса да лахаттардан:
Өшпейтін мәңгі
Шырағданы ғой ол ардың!—
Арлыдан бізге рақат қалған.
Неткен ұзын ең
Әке ізімен ұландар
Жыл сайын шеру түзген сапар!
Ұрпақпен бірге
Мені де апар, ұлы аңғар!
Ақырғы демім үзілгенше апар!
ОРЫНСЫЗ ОПЫҚ
Бәрі ұйқыда тоған, дала,
Тыныш екен түн, дача.
Айтарым бар саған, бала,
Балам, мені тыңдашы!
Жаба тұршы кітабыңды,
Көзілдірік кимеші;
Үнсіз-тілсіз, жұтап енді;
Маған бола күймеші...
Жасырмаймын, бұл күндерде
Жаным саған өкпелі, —
Өрге баса білгендерге
Өмірдің көп өткелі
Біз де болдық комсомолда,
Жаңа ауылмен бірге өстік.
Қанша төре, қанша молда,
Қанша баймен күрестік.
Жер бөлістік, мал бағыстық,
Тастан сарай салыстық.
Жер астына шам жағыстық,
Аспанға да сан ұштық.
Сұрапылдың кездерінде
Су да кештік, от кештік;
Көрдік ажал көздерін де,
Зілзаламен беттестік.
Пайғамбарға сиынбадық,
Құдайға да — еш құлдық!..
Азат еңбек сыйын алдық
Алты дүркін бесжылдық
Ұрпақ жетті тілегіне,
Ұран болды жеті жыл.
Жеті жылдың түлегіне
Ай да қоныс жер түгіл.
Бәрін ұғып әлі келем,
Әлі цехта жұмысым;
Тұрмысқа ой әpі бөлем,
Білсең еді, кім үшін...
Озып келем қатарымнан,
Мақтан емес, тағы шын.
Жүрерім көп жатарымнан,
Баршылық бар табысым.
Саған осы басым үлгі
Болмағаны неткені?..
Сарқып айтсам бар шынымды
Ата қанға не еккені?..
Оқуына зерек едің,
Мінезің де қызымдай.
Мен шешеңе: «Зере, — деуім, —
Өле кетсем, ізім бай».
Сен-ақ едің, рас еді,
Айнымаған өз қаным.
Ecіpтті ғой, cіpә, сені
Елден ерек — озғаның.
Келмей жатып кемеліңе
Бригада басқардың.
«Байқа бала, — демедім бе, —
Іс басына жас бардың».
Жақсылардың басын қостың,
Жақсы болдың сол үшін.
Енді кімнің қасында өстің?
Маңдайыңның сорысың!..
Өңшең асыл құрбыдан да,
Өзің кеттің тіленіп.
Түк бітірмей жүр бұдан да
Үйде ғана түленіп.
Оңғаны жоқ қырсықтарды
Оздырам деп сұранып,
Азап-сорың қысып барды,
Енді соның сыры анық...
Жыларсың да енді егіле;
Жолың ұзақ бөгелер!..
Байғұс бала, еңбегіне, —
Сыбағаңа не келер?!
Айдан бepі тапқаның да
Жалақының жартысы;
Үйде салқын тартқаның да
Жат қылығы, жат ісі.
Айнымаса алар қызың,
Тоқтай тұрар тойыңда.
Ол біp піскен анар, жүзім...
Не жоқ менің ойымда...
...Әке мұнша налығаны
Қатты батты Асанға:
Мақтанышы — наны, қаны...
Әке бүйтер қашанға.
Оңбайтұғын адам жоғын
Ойласа біp қайтеді?..
Жайнап тұрған жанның шоғын
Үрлегені қайсы еді?..
АРДАҒЫМ – ATAMEKEHІM
Көп тірлікті көгертіп,
Тас, темірді қыздырған,
Көнерген ойды шегертіп,
Жаңаның бойын оздырған.
Адам мен Мамыр арасын
Жырлаушы ақын туғалы
Жырлап жүр әзіз анасын:
Анамыз — Ел ғой тұлғалы.
Тұрасың өзің көк тіреп,
Туған ел — зәyлім көк терек!
Көктемде саған нәpі мол
Жарық пен жаңбыр көп керек.
Тұтасы керек әлемнің
Адамы шерден айыққан;
Бірінші Мамыр сәлемін
Жерің жоқ сенің жай ұққан.
Мұратың сенің: өзгелер
Өзіңше биік, тік өссе;
Бақ нұрын берсе көзге Жер!..
Зұлымдық қорын түгессе!..
Махаббат жайса жапырақ,
Маңдайға түспей көлеңке,
Мәуелі бақтан жақсырақ,
Тұрмысқа жерде көлем кең.
Тыныштық үшін тынымсыз
Жарқырап жанса ақыл — шам!
Мүлгімеу керек түн үнсіз,
Күн сөйлеу керек ақынша!
Заң eтіп жаздың бұл ғaнa
Ақиқат жолы екенін.
Hұp жаусын биік тұлғаңа,
Ардағым — Атамекенім.
FАРИФОЛЛАҒА
(Әзіл де ішінде)
Қайран аға, еркелігім жарасқан,
Әзіл айтсам, әдеп сөзден әрі аспан:
Білеміз ғой, өзің жайлы тынбастан
Бұл күндерде не деп жатыр жер, аспан.
Артып жүріп, ауыр жүгін өнердің,
Тағы туды мақтау сөзге көнер күн.
Мақтау сөзге көнбесіне шараң жоқ, —
Анкетада бір азырақ көнердің.
Арта түспек сыйлықтардың құны әлі,
Бұрынғыдан күшейтеміз бұны әлі
Даурықпас ек, қайталамай өзгені,
Дербес туған демін соған кінәлі.
Аз болғандай қырық бес жыл жаңғырық,
Алақанын жұрттың оттай жандырып,
Tік шырқасаң шайқалады шам біткен
Аспандағы люстраға жан кіріп.
Сахнаға келген сәтте құйынсың,
Кетер сәтте одан бетер қиынсың:
Кемпір-шалдың ұмытқанын қозғайсың,
Дегендей-ақ басына қан құйылсын...
Қызынғанда қыз-жігітке төзім — сын,
Екі бірдей жай оғындай көзің шын.
Махаббатты қорғасындай қайнатып,
Қайдағыны шығаратын өзіңсің.
Сырласқанда күнің түгіл түніңмен,
Өзің жастай қарындас пен ініңнен,
Тірілерді ғашық етіп өлердей,
Өлгендерді тірілтерсің үніңмен.
Арқаланып адал мезгіл жарлығын,
Көрмей өстің еш пейілдің тарлығын.
Елдің әнін бөлшектемей әр тұсқа,
Сайраттың сен баптап алып барлығын.
Сұлулықтың өрге созып өресін,
Қызықтадың періштесін, пepіcін.
Қайран менің қара нардай тұлғалы
Өз жеңгемнің арқасында cepіcің.
Шындық осы — әзіліме қосынды,
Сен сыйлайсың менің тіккен қосымды.
Қой қоралас, қазан ортақ болған соң,
Сөзім барып сазыңа да қосылды.
Қандай жақсы қарсы алдыңнан нан ұстап,
Біp өзіңмен жүз қайтара таныспақ!
Нан мен әнді егіз ұққан елденбіз,
Екеуінсіз тірлікті дерт жанышпақ.
Бұл сөзімді дамытпай-ақ, ұғарсың,
Үнің — күрес.
Жығып келдің.
Жығарсың.
Ән дариясын нан дариядай тасытып,
Мақтау сөзден зеріккен де шығарсың.
Жоқ, ағатай, әсте одан зерікпе!
Табиғатың қоймас жұртты ерікке!
Қанша қайта жаралса да ән асқақ.
Ұзақ-ұзақ сен жарайсың серікке!
ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВ
Әжем айтса ертегінің маңызын,
Тез таусылып қалушы еді таң ұзын.
Ендігіге біздің Қасым Қайсенов —
Ертеңгіден ұзағырақ аңызым.
Ерлерім көп, мен де соның бірімін,
Жөні басқа аңыз болған тірінің —
Жөні басқа оттың, судың, жел-құздың
Адамзаттан жаратылған пірінің
Қасымым көп, мына Қасым — бір Қасым,
Ажалмен де ойын-сауық құрғасын...
Біp қарасаң, жаны нәзік жауқазын,
Біp қарасаң, балқымайтын қорғасын.
От көрдің бе қар жамылып, сыз төсеп,
Маздап жанған тамызыққа мұз көсеп?
Ондай отты ала алмаған Прометей,
Ондай отты біз табамыз іздесек.
Ол — партизан аталып жүр бертінде,
Бес сөндірсең, он жанатын бір түнде.
Бірін атсаң, ертеңіне — екеу ол!..
Жұртым десең, осыларша жұртым де!
Қасым — сол от! Көкі — оттың көркінде;
Жалын жанып тұрады оның бөркінде!
Бақ пен copғa түкірген ол, маңдайдан
Қос шырақтың бірін алсаң — еркіңде...
Құз басынан құласа да бір түнде —
Бәpібіp ол баз баяғы сертінде;
Халық дейтін періштеcі қаққан соң,
Оған ешбір дарымайды дертің де!..
Мен отырам осы жайды ойлап қап,
Теңеу іздеп мысқалдап та, оймақтап.
Қасым болса, айғай салып жүреді
Қарлы шыңда машинамен ойнақтап.
Шүкір!.. Аңыз Қасым інім қасымда,
Өлмеу үшін жаралған соң басында...
Саспа, құрбым, шөберең де көреді
Бұл тентекті бір жүз алпыс жасында!..
МАЙДАНДАС ДОСТАРЫМ ХАҚЫНДА
1
Басымды имей өте аламын дермісіз,
Бұл зиратта жатыр солдат белгісіз.
Өміp-бақи өшпейтұғын алауы
Әсте мың-сан шырағданға бepгіcіз.
Әсте бұны бейтаныс жан дермісіз?..
Әттең демі біткен жepі белгісіз!..
Ол біp жылы өз үйіңнен аттанған
Бауырың ғой бұл, мың танысқа бepгіcіз...
Ыстық қайнар бұлағына бepгіcіз
Көздің жасын бекер төктім дермісіз...
Неше дүркін түсіңізге енгелі
Cізгe аян, басқа жанға бeлгіcіз.
Өз туысың, мың танысқа бергісіз,
Бір зиратқа айналмаса белгісіз,
Өзгелерге: «Оны соғыс жұтты да,
Жетім өстім, жесір қалдым!..» — дермісіз?..
...Енді, мінe, жатқан жepі белгілі;
Күнде соған қойылады ел гүлі
Тымық сәтте маздайды көк жалыны,
Одан бетер өршіп оты жел күні.
Көрге сыймай жатқан ыстық тынысын
Күнде барып көрмек үшін тірісің.!..
2
Миуалы бақ, іші толы гүлдерге,
Майдандастар жылда келіп бұл жерге
Бас қосатын.
Мезгіл жеткен секілді
Ол жайлы да бір әңгіме бы дерге.
Mінe, кемпір...
Осы eді ғой қыз деген,
Қарыздар-ды бұған адам жүздеген.
Осы еді ғой өлежақты тірілтіп,
Өз бақытын оқ астынан іздеген.
Мына шал да жігіт еді — ер еді
Найзағайдан жаратылдым дер еді, —
Бұлттан арғы тарап жайлы тарихын
Сан жиынға сарқып айтып береді
Уағдалы жер...
Үнсіз екі тарапқа,
Екeyі тұр көз талғанша қарап та.
Келмей қалды қайран достың eкeyі
Ең ақырғы төрт кісілік парадқа...
Хат жазбайды үзілмеген күдерге —
Жүрек осал жайсыз жауап күтерге...
3
Ет, сүйекті жау оғына жұлғызып,
Кем етсе де сонау қанды жыл бұзық,
Ұлы Жеңіс бізді көкке көтерген:
«Осылар, — деп, — жұртымыздың жұлдызы».
Әрқайсымыз біpey емес, қос едік —
Қаза тапқан қайран ердің досы едік,
Атасы едік ұл-қыздардың, кейінгі,
Әжесі едік, қайғы-шерден бос едік.
Отырғанда біздер иін тіpecіп,
Омырауда орден, медаль cіpecіп,
Хикаяны тыңдағандар біздерден
Қалушы еді сағат сайын бір өсіп!..
Қан майданды кешкен қайран сабазға
Тағдыр сыйға тартқан сор мен бақ аз ба?!.
Бітпес еді-ау біздер білген әңгіме
Әлі жүз жыл көшірілсе қағазға.
Аздың нарқы көтерілмей қалмаған:
Бара жатыр артып күнде шал бағам!..
Тайпалмалы жорға мына біз едік,
Әупірімде аяғын біp шалмаған!..
Қалған сырдың енді несін қазайық...
Беу, табиғат!.. Біз де қалдық азайып!..
ЖАР-ҚОСАҚ ЖАЙЛЫ БАЛЛАДА
Сүйікті Әнуашыма
Жаяу емес, көк сәйгүлік көлікті
Біpey үйдің ту сыртына келіпті.
Өңің бе, әлде түсің бе — сол Төлеген
Біp өзіңе махаббатын тeліпті.
Аударып ап көк сәйгүлік көлікті
Мінсем деген бір Бекежан өліпті
Нақсүйерің анық саған сыйлапты,
Бес құралай ертіп алған елікті
Тұтқын емес, бес құралай epікті
Енесімен түгел саған epіпті.
Наксүйерің ашықтырып алма деп,
Жер түбінен жемін тауып беріпті.
Жаның нәзік, жұқасы едің жұқаның,
Бал болсын деп қорегіңе жұтарың,
Нақсүйерің бір сен үшін жинапты
Жер гүлінің нeбіp асыл жұпарын.
Бал құюлы қолында алтын табағың;
Ертелі кеш жадырапты қабағың,
Нақсүйердің әз піpі де бар екен
Оқытатын періштенің сабағын.
Пай-пай шіркін, арман ба,
әлде түсің бе —
Әйтеуір сол кейін аңсау үшін де
Аян берді!..
Tіpі жанға тіc жарып
Ләм деместен сақтай бердің ішіндe.
Ұмыттың ғой, сол көргенің түсің бе,
Арманын ба — менен күткен іcің, бе?!
Әттең сол бір тәтті кезде десемші
«Меш, қалқам, Төлеген деп түсінбе!»
Бақыт енді жүрегіңнің жейді етін:
Елік — өзің, бес балан ғой бейнетің
Бал шырынның салмағы ауыр,
қолыңды
Талдырып жүр, шаршатып жүр зейнетің.
Мен емес деп Төлегені кітаптың
Айтпадым да, жүрегіңді жұтаттым:
Сүю деген осы екен деп құр бекер
Қызғаныштың құнсыз отын тұтаттым.
Көзің жетті, енді қандай кісіңмін?..
Тал бойыңды әлсіреткен күшіңмін.
Алтын емес, он күн сүртпей отырсаң
Көз алдында көгеретін мысыңмын!..
Ер осылай деген сәтте жар айтты:
— Өкінбеші, epcің ғой сен жарақты.
Тағдыр мені азабы мол адамды
Дүниеге әкелсін деп жаратты.
Кім сүйеді сен сүймесең қызғанып, —
Ер не істемек, қызғанусыз қыз қалып?..
Балың қашан айналғалы балаға,
Қолым емес, құрсағымда қозғалып...
Бейнет дер ем,
балдың демін татқаным,
Толғағыма татымаса тапқаным.
Ризамын, гүл шағымда Жібек боп,
Төлегеннің тақсіретін тартпадым.
Рас, рас, беймазалау кісімсің,
Алтын емес, әлсіретпес күшімсің:
Құл мезгілі құммен ысып алсам да
Электрдің тогын тұтқан мысымсың.
...Үзілді сыр аппағынан жарылған,
Бір іс болды жар сөзінен жаңылған:
Анық елес — Төлеген мен Қызжібек,
Екі бөлек ақ кіреуке жамылған.
Бір-біріне қол созады өзара;
Қол жетпеген махаббатқа не шара?!
Қайран жардың көз алдынан көлбеңдеп
Өте шықты өлген екі бейшара...
— Ах!.. Асылық!..
Асылық айттым несіне?! —
Бір-бір қарап өтті маған тесіле!..
...Осылай деп аяулы жар маңдайын
Жыға салды беймазаның төсіне.
Махаббаттың пірлерімен шошыған,
Жарды жігіт дей алмайды кеш ұғам;
Өзі түкті көрмесе де үлгіде,
Көзден жасы ыршып кетті осыған!..
CEHІ ОЙЛАСАМ...
З.Қабдоловқа
Бірінші жыр
Әз досым-ау,
Сырымның тең жартысы-ау!
Әсте сынақ —
Нар мен жүктің тартысы-ау...
Бақ дегенің —
Ер кісінің даурықпай,
Ақыл-ойға бұрғы салар әр тұсы-ау...
Сенің күллі ғұмырыңнан соны ұқтым,
Сағатына дейсің: «Баппен соғып тын!»
Өзің болсаң, жырдан жалын өндіріп,
Көкірегіңде күн жанады, сөніп түн.
Біp кеудеде тежеу, бұрқау — eкі күш,
Жарасымды жасайды екен бекініс.
Әсте соны бұза алмайтын тәрізді
Пендеге тән астамшылық, өкініш.
Мұнайшының мұң, шаттығы тербеткен
Бесікте сен
мазуты мен тер кепкен
Әкең бөркін, қалың кенеп қолғабын
Қармап жатып, Жер мінезін тербеп пе ең?..
Жерге сенің ұқсатамын жаныңды, —
Ол да сендей сабырлы һәм жалынды.
Магнитың бар мәрт жүректен тартатын!..
Ол да түпсіз тұңғиықтан алынды.
Жұқпасын деп адамдағы арға шаң,
Жан баласын құрметтейсің әрқашан.
Денеге дерт жүгіртін зұлымдық —
Дерттен бетер қарғайтынын, қарғасаң.
Титтейіңнен тікенектей сезгенің —
Мүсіркеткіш қасіреті өзгенің.
Мұңсыз мұрат өccін дейсің ұрпақтан,
Сабадан-ақ санап піспей өз демін...
Титтейіңнен кең тыныстап кезгенің —
Жұтқан ауаң — жан шаттығы өзгенің.
Дос пейілін салмақтаған жерің жоқ,
Саудакештің санап созып безбенің.
Сен қайтадан түйір дән боп өнсең де
Сыймас едің ондай көне өлшемге;
Жас жандарға сарқылмайтын мол сыйлық
Бір мейірде бола қалса, ол — сенде.
Сенімің мен сенің сабыр, ұстамың,
Ұлан-асыр ұрпақ сырын құшқаның.
Айнымайды өзің туған өлкеден,—
Кең ғой сондай кемел Қазақстаның.
Зарын тартпай елпең, елік-солықтың,
Көкірегіңде күн жанады, сөніп түн.
Ей, дастаншы ғұлама дос,
зиялы
Ceнің күллі ғұмырыңнан соны ұқтым.
Екінші жыр
Тай едім мен, сен болғанда құлыншақ,
Жылдар озды бізге көздің қырын сап.
Қайтер еді жемтікқұмар құзғындар
Үйір жұтап, қыс боранда қырылсақ?!
Жәбір-жапа шекпедік біз қыстардан,
Көктем сайын ән тыңдадық құстардан.
Ойнақ салдық, желден озып жетілдік,
Балаң шақта, кекіл-жалы қысқарған.
Жақсы күнде жал-құйрық та ұзарды,
Қарғып өттік жарқабақты, құздарды.
Албырт шақтың қызығына түскенде
Шүйде шықты, көздеріміз қызарды.
Бел бекіттік, мезгіл бізге ер салды,
Mініп алды, оқпан-оқпан жер шалды.
Аламанның бәйгесіне қосарда
Жан-жағымыз сыншы көзбен қоршалды.
Мезгіл айтты осы eкeyі жүйрік деп,
Hecібecі — арпа, бидай, сүйрік деп;
Біз ойладық:
«Енді бізге тыным жоқ,
Шаба бермек біp құдайдан бұйрық,» деп.
Шаба бердік, шаба бердік алыстап,
Оңай іc пе жүз жүйрікпен жарыспақ, —
Намыс деген қан-сөліңді сығымдап,
Шоқтығыңнан басады екен жаныштап.
Біздер енді үдеттік сол шабысты,
Арқаланып мезгіл артқан намысты.
Кең жазықта аңыратып келеміз,
Көзбен шолып көкжиектен алысты.
Сәйгүліктің сейіс бабын ceзініп,
Бүгін түйсем, бұрынғының cөзі ұлық:
Заулап ұшқан деңгейіме қарасам,
Сен келесің алты құлаш созылып.
Еңсең — ecік, сауырың бар сандықтай,
Көсілесің, демікпеге шалдықпай, —
Алдағылар шалғайына шырқадың,
Топырлаған көп тұяқтан шаң жұтпай.
Ой жүгіртсем, өтіп кеткен не замат;
Шоқтығыңда мезгіл атты азамат.
...Құлын едің, болыпсын-ау, қарағым,
Арғымақтан асыл туған қазанат!
ӨMІP САПАРЫ
Созып келем, созып келем сапарды:
Сапар меш жер-қиянға апарды.
Мен өтсін деп не істемеді бұл өміp, —
Талай таудың қойнауын да қопарды.
Kөпіp салды өткел бермес өзенге,
Бекет соқты жан баспаған кезеңге.
Өмірсіз мен шырқап шығып аспанға,
Жеті қабат жердің астын кезем бе?!
Құстар шулап айдын көл мен орманда,
Көктем қалды, есеп-қисап бар ма онда?!
Қара шашты ағартқалы асығыс
Қарай-қарай кеттім одан арманда.
Күн қызуын, аяз демін, жел күшін.
Азап-сордың алдын орап келгішін, —
Бәрін көрдім, бәpі: «Бізді көрді!» — деп
Маңдайыма соға берді белгісін.
Алдым неткен алыс жатқан жан едім,
Күндер батса, түнге сүңгіп жөнедім.
Қанып ішкен қайнар бұлақ басында
Қапшығымнан қандай азық жемедім?!
Жол азабы менің ұзақ жырымдай,
Рақатын қайдан берсін бірыңғай;
Ауыра ма eкі бірдей аяғым
Өтсем қатер қақпанына ұрынбай?!
Соқтықпаса сұм ажалдың сырығы,
Сырқырай ма қабырғамның сынығы?..
Адал жандар жол үстінде кезіккен
Өттің дейді-ау бәрін сабақ, сын ұғып...
Қайдан білсін, көп жәйтті жазбадым,
Кейде шалқып, шектен шыға жаздадым.
Күндіз бейне күн орнатып кеудеме,
Түнгі жонда алау болып маздадым.
Тасып кеттім тәңірді де танымай,
Тежеу! жоқ тентексің-ау, жаным-ай!..
Сөйтесің-ау келетінін білгесің
Кезектесіп қарашы түн, жарық ай...
Бірін көрдім кең жазық пен асудың,
Неше түрлі тарығу мен тасудың.
Білгізбей-ақ қойсын өмір айласын
Аяғымды байқап-байқап басудың.
Сапарыма өмірімнің өзі бас,
Дей береді не тұрса да озып ас.
«Орға бола орағытпа!» — дейтұғын,
Айналайын өмірімнің cөзі рас!
Жақын өpіc, жайылатын қозы-лақ,
Қалды кейін, келем жолды созып-ақ.
Мақсатына барар жолда, меніңше,
Өтіп алған азап-сордың өзі — бақ!..
Біpey даттар, біpey мені ер десе,
Мейлі маған мақтау, қолпаш ермесе.
Өткен жолым өзі біліп сыйлығын
Берсе бepcін, қала берсін бермесе!
Өсімдіктің өсерінде көгі шын —
Түйнек салдым біpey үшін, көп үшін.
Өзім алмай, жол-жөнекей соларға
Татқанымның тастап кеттім көбісін.
Анкетадан айттым біpaз тізімді,
Үлкен сөзден осы да біp үзінді.
Бәpі жөн-ay...
Әттең, әттең, мен енді
Қайта барып көре алмаймын ізімді!..
Жатқан шығар өткен ізді шаң басып;
Аян өмір өз заңынан таңбасы.
Жоқ!..
Өшпестей тым құрыса біp жерде
Жатқан шығар табанымның таңбасы?!.
Ей, жас тентек, әлі сөзден әсер ұқ,
Бастап кетсе қарттығыма қас epік;
Кім біледі қарлы шыңнан асқан соң
Жатар бәлкім табанымда тас epіп!..
СОНЕТТЕР
Мен үшін киелі едің дала неткен,
Оба да түзде соқпай жанап өткен.
Құрсақтан құм үстіне түскен екем
Қазанда қызыл шақа жалаң етпен.
Қаңсырап қар үстінe құласам да,
Қалдырдың жау оғынан жаралы еткен.
Ел барсам, даладағы жаңалықпен
Қайтушы ем қайраттылау жаралып мен.
Қаладан жырақ кетіп жылаушы едім
Бейкүнә жармасса да жала біткен.
Осынша мені желеп-жебегендей
Мен ceнің жыртығыңа жамалып па ем?!
Түз Ана! Жалбарынбай аруаққа
Қондырған ерді қашан ару атқа?!
Қай жырау қалжырамай сөз түгескен,
Бұл жұртта сөз өркені сөйтіп өскен.
Тіл бұзсам тілге тікен қадалсын деп
Бабаның баласына cepті көшкен.
Айтқышым, сөз алмайсың лепіргенде
Несие не құдайдан, не пірден де.
Тоса біл тосаңсытпай құлағыңды
Астарлап Абай саған зекіргенде.
Біз сөйттік жазатайым сүрінгенде,
Сол тұстан ішке түйген сырың кем бе?
Кем шықсаң, кеселдей-ақ кешегі бір
Түрткіден түcі қашқан сұрыңды емде.
Мәуесін үcік шалған бақтағыдай
Сауатсыз самыржақтан сақта, құдай!
Келін дәурен кеткесін бәйбіше күн
Ажыратпақ шаттық пен қайғы шегін.
Өздігінен албырт шақ айтпайды ғой
Қандай сыншы аузында қай кіcі едің.
Ақ жалындай, дариға-ай, асыл ыстық
Көнбесе ғой ырқына асығыстық.
Жас аруға өйтпесе болмас па eді
Аяғы жаз көктемнің басы қыстық?!.
Қашса қоймай, еліктей ентікіpіп,
Біз ғой соны сүйетін елтіп тұрып.
Жазық жоқтай бізде де тұрмаған соң
Сұлулыққа сұқтанбай ел тұп-тұнық.
Адалдыққа зәрулік зарықтырмай,
Көзсіз түнек түбінде жарық тұрғай!
Сүйерің бар, сүймесің бар жалғанда,
Онсыз дүние ceні екіге жарған ба, —
Біле білсең, бұл өмірде, қалқам-ау,
Біp өзің ғой жанбаған да, жанған да.
Жазғырмашы адасқанды біp беткей, —
Тағдыры — қамшы салдырмайтын жүрдектей.
Ол да бәлкім баққа бағыт ұстанып,
Шырақ тұтар бұл фәниден құр кетпей.
Әйел ғой ол, әлжуаз ғой сенен де,
Ортақ сауал — сендім бе, әлде сенем бе?..
Бұл диуани һәм жеруаны тірлікте
Демейді ешкім ceміpeм де, семем де.
Обал болар сорлымен түгендеспек
Біp байланған бағыннан түк өнбес деп.
Қыз Баян көркі сұлу, көзі батыр,
Азалы жүрегінде Қозы жатыр.
Қойсын-ақ қыннан пышақ қыз суырмай.
Сөйтсін-ақ... Сәл сабыр ет... Сөз ұға тұр.
Сөз қайсы бұл фәниде ол ұғатын,
Мұнда жоқ жарты жаны жолығатын, —
Қайтсін ол шын ғашығы күтіп тұрса,
Мақшарда жолға түзеп жорық атын?!
...Десек те ондай қыз жоқ бүгін бізде,
Жас бейбақ, сен де өлшеулі жүгіңді ізде.
Құсадан құдай салған құтылам деп,
Жіңішке жаратылған жібіңді үзбе...
Бәрібір — кәpі қайсың, жасың қайсың,
Басыннан өзің қарғып аса алмайсың...
Аңғалмын, ер болған соң еңіреумін.
Білгім де келмесе мен меңіреумін.
Ұқпаймын ұрыншақты ол түскенше
Жолына мені мүжіп, мені жеудің.
Жаласы жанға батып көкіменің,
Қарымтам қатты тисе өкінемін.
Қорқамын көзжасынан әйелінің,
Нанбасаң еңбегімді оқы менің.
Әзелден әйел затын тербетемін,
Жоқ, менің соған төккен терге теңім.
Сотқарды зайыбына табалатпай,
Шыққам жоқ сақал сатып төрге тегін.
Кез болса кecіpінe махаббатың,
Кешірмес фәни түгіл лахатта түн.
* * *
Жазда сыйлап ақ, қызыл, жасылын бақ,
Сонда ойнап ең досыңмен жасырынбақ.
Шағы eді сол шала ұйқы махаббаттың,
Көңілдегі көзінің жасы құрғақ.
Енді сен — сол жасырын кездің құлы,
Удан бетер қайғының өз дымқылы.
Ұшып жатыр ұрланып орамалдан
Жесір жанын жегенде бозғыл түні.
Қайтсін енді жалғыз тек Жамал қалса,
Тасқа айналса махаббат амал қанша?!
Құса-шерге қуыс тар көкіректе,
Ұш дейсің бе қапаста қамалғанша?..
Тұншықтырып, түндегі түрілмеген
Қай қасіреттен қайрат-күш тірілмеген?!
* * *
Сен қартайдың, сенің атаң, анаң да
Жоқ дегенге осы ел барда нанам ба?..
Оған нансам, бесік жыры — бекер сөз,
Біздікі емес біз жеп жүрген нан онда...
Отан Ана — Атамекен .үшін деп,
Өлуді де біp парыз деп түсінбек.
Еш перзентті жоғалтпаған... Өзің де
Өле алмайсың тіpі тілді тіcің жеп.
Tіcің түсер... Ал тілің ше?.. Өлсең де
Осы өмірде қалу үшін ол сенде.
Тілсіз деген махаббат та түлектей
Tүбі сайрап бағынған сол өлшемге.
Мен жоқпын деп кеткеніндей шалдардың
Әлі-ақ жұртты мен де өзімше алдармын.
* * *
Орнын бөлек, жаным сүйген жар қасы, —
Жар қасында мен де мезгіл марқасы.
Жабырқаудан жалықсам да сол шығар
Арымайтын махаббатың арқасы.
Кірпігімнен кірбің көрсе, үрейді!
Періште мен өзіне жар үлейді
Соны сезген жүрегімде — жүгініс,
Тәубе, тағзым үстемелеп үдейді.
Ықпай сосын ызғырықтың өтінен,
Жарық күнге өкпем үшін өкінем, —
Үнемделмей жұмсалған ұрт мінезден
Біp емес-ау, екшеп алам екі үнем.
Аяулы жар, жан емессің сен тегін,
Тепсінбей-ақ тезге салған тентегін!..
* * *
Сан бұғазда қалды-ау кейін сан айлақ,
Сағынам да сарғаямын соны ойлап.
Кемем төсін кеміpce де тұз толқын,
Дей алмаймын соған жалғыз сор айғақ.
Айлақ сайын біз аттансақ жел тынып,
Жерден шаршы орамалдар желпініп,
Алақандар самсап биік самғады-ау!..
Бізге солар қызмет қылған жең түріп.
Бәйбішеммен екеумізді егіздей
Еркелеткен, біз де есейдік дегізбей,
Қай мейірбан қанша алыста қалса да,
Жүректе жүр бізден қолын тегі үзбей.
Қартайғанда қарауытқан ымырт шақ,
Тоздырсаң да топқа қоспа ұмытшақ!..
Ел бикecі, жаны жұмбақ біp сен деп,
Ел басқарған қыз құпиясын білсем деп,
Оның іште жатқан шepін ояттың,
Ояттың да, ыққа қаштың бүрсеңдеп.
Қыздың жаны — қарлы боран үскірік,
Көкірегіне мұзбалақ біp құс кіpіп
Кеткендей-ақ шаңқылдайды-ау лебізден!
Сен міш болдың түк айта алмай мыс құрып.
Жат тақсырдан жаны қорқақ мырзалар,
Ынжықсыңдар!.. Ынжықты кім ырзалар?!
...Бұл айтқаны — жоғары жақтан көргені,
Жоғарыда бәлкім шықты біp зарар...
Намысты әйел —
параметр —
өлшемің,
Бап сыйлаған бабаңа да ол сенің!!!
Аппақ, Айша, Тоқал-ене, Ұлпандар, —
Олар көп қой... Оларсыз кім сұлтандар?!
Әз марқұмдар әр толқыны деп кеткен
«Байқа, қызым, ол таң бар да, бұл таң бар».
Баршасына ортақ біpaқ таңғы шық,
Оны сен де шөптен шөлге тамғыш ұқ, —
Көгермеске көз жасы да көп шығын,
Талай тарпаң талықсыған тал құшып...
Еркек көзі — көрмейтінді көргішім,
Тумай қалмас жұтаң жұрттан қор кісің,
Титықтамай тынса жарар ақыры
Coғaн созар жүрек күшің, қол күшің.
Аңыздарда көп десек те алып қыз,
Жоны қашқан ақиқатта арықпыз.
Түгескен соң әбден ішіп-жеп сырын,
Жаның жеріп, ол деп түйдің жексұрын.
Татсам-ау деп құмартқаның сондағы
Ол жігіттің болмысында жоқ шырын.
Ұят қой деп жаға жырта алыспақ,
Кеттің одан ебін тауып алыстап.
Өзің айтшы, өміріңде көрдің бе
Бір қазақты иттен безген мал ұстап?..
Оны жұртқа ит деп, өзің бәлсіндің,
Сонда ұялып, сырт айналды бар сіңлің,
Сонда оны иті қапқан іргеден
Бір өзіңнен басқа сенің малшың кім?..
Жасасаң да іштей тіпті хаттама,
Азаматты ауызға алсаң даттама!!!
* * *
Қызған қиял тәуекелге жетектеп,
Созған қолым сол жігітке жетед деп,
Ұшып-қонбай, арманыңа қызға тән
Тәкаппарлық, арқасында жет ептеп.
Замандардан заман асқан бұл кеңес
Қалай ғана жалғыз саған үлгі емес?..
Нан ұстап айт, жеке батыр (мын) десен,
Опа бермес отқа тыққан күлкөмеш.
Бір сен емес, теңсіп еркек бүркітпен
Ғайып ерен, қырық, шілтенді үркіткен.
Талай бикеш таңдап тием дегенсіп,
Дегустатор іcін істеп жүр тіптен.
Ерден бетер алшақ аттап ісінбей,
Заман зарын, тұлымшағым, түсінгей!..
Тұлымшағым, құлыншағым, құлдығым,
Патша дәурен парқын үстем қыл бүгін, —
Аңыздарда бізге дейін бір басын
Ауыр сынға айдап салған қызды ұғын.
Жақсы қыз боп сен де ішіңе жасырын,
Жақсы жігіт саған айтсын жан сырын.
Tәңіp тәнті қылған зипа сымбатың
Ақылыңа іcін қылсын жалшының.
Бас исе де шын махаббат сұлтаны,
Соны өзіңе хақ теліген сын таны, —
Жалғыз қадам жаңылсаң да, жақ жаппас
Бұлаң құйрық бұл фәнидің сырт «әні».
Анаң таппай, өзің шаршап табатын,
Некелесер Ер — екінші жәннатың.
* * *
Басқада бар, бізде жоқтай марғасқа,
Жаның неге жабырқау деп жармаспа,
Мәртті — нәмәрт, сұңғыланы сұм сабап,
Бұл заманда запы қылған зар басқа.
Данышпанға ақы алғызбай айлықтан,
Орға жықса, одан жүрек шайлыққан, —
Асыл жандар абақтыда арман деп
Жар демдейтін жалғыз ұрттам шайды ұққан.
Жас адамнан, жалаң қабат желіккен,
Тәубені мен естімеймін неліктен?!
...Махаббаттың мақамдарын сөйлетсем,
Мен күштірек елегзимін еліктен.
«Шүкірлікке тоймаса да жұтаған»
Баяғыда-ақ бас изескен жұрт оған...
* * *
Бұл дүниеде нағыз шын жігіт деген
Кімнің тоңын іштегі жібітпеген?!
Оны ойласам он есе аласарып,
Иттігімді ішінен жығып тебем!..
Асыл жанның ceнімі сестен бетер,
Базынасы да еместей естен кетер.
Соны ұғынсаң таудағы тамыздайсың
Аптабынан аққан мұз кеш селдетер...
Сондай жігіт көп болса көксер ме едім,
Құлағыма жақпайды көп сендегі үн.
Кемсең қағып тұрса да кеудем менің,
Келмей отыр көзден жас төксем дегім.
Алла сыйын дей алмай азырқандым,
Баз баяғы қалпымда әзіp қалдым.
* * *
Беу даналық!..
Ешкімді кемсінбейсің,
Жұрттың бәpі кеңпейіл келсін дейсің.
Білем, демің сарқылған сағатта да
Жерге жазғы жаңбырдан кем сіңбейсің.
Жұтаң жердің ойы мен өpінe шың
Жұпар шашып, қайтадан көрінесің.
Соны ұқпаса, ынсапсыз ылай тұрғай,
Мөлдір мөлтек көңілдің көліне сын...
Беу, даналық!..
Десек те халықтасың,
Көп қауышпай, көксеткен қалыптасын.
Аз деп сені, аңыз деп жан ұқса да,
Соны солай әулеттің қаны ұқпасын!..
Уа, тәңірім, аулақ қыл да әрекетін,
Ізгіліктің бер шөкім берекетін!
* * *
Асау жұмбақ — адамның ағыны ішкі,
Біздер құлмыз бір соған бағынышты, —
Бірін жұтып, бірін шашаласың
Шашып-төксе бастағы бақ ырысты.
Іштегінің бірінің бірі күшті, —
Өле-өлгенше бітпейсің біліп ішті.
Жақпай қалсаң, жаныңның түкпірінен
Жалпақ табан жалғанның пілі ығысты.
Ұстатпайды ұлылық қағып-қашып,
Барлаушыдай аяқты бағып басып...
Періштең ше?.. Ол айтса:
— Жетер енді,
Сәби бол да, бастапқы бағытқа шық!.
...Құл сақтаған құпия тастан берік!
Жазылмаған ол да бір дастан делік...
* * *
Іңіp іштe қамаса таңға дейін,
Таң босатқан тағылық аңға бейім.
Сұлулықтың бетіне түн түкірсе,
Аунатады күйік күн шаңға кейін.
Қылмыс eгіз рабайсыз қызғанышпен,
Одан у пәк, ұлдан не қыздан ішкен.
Hecінe сен махаббат малайысың
Оңай жесе өсектің ызғары іштен?!
Өсек?.. Зәуде үлесін о да алатын,
Өсек — тікен, жүрекке қадалатын.
Жоқ, ол — көрқап, қаласа марқұмдардың
Қабірін де қайтадан қаза алатын.
Күңірене шыққанды, күліп кіpіп,
Білмеген де жаман-ақ біліп тұрып...
* * *
Салдақы сатқын шықса қосағынан,
Жарылып көк кептердей құс ағынан,
Ағызса көзін шоқып, дегені сол
«Кеудеме сен сыйлаған құса — күнәң!..»
Ездер ғой барлығын да кешіретін
Бөтеннің «құт бұйырса» құшағынан.
Іш — шикі, сырты — күйік күлшедейін
Hәpcізгe нәпсі шайтан күлсе кейін,
Дей алмас иықтағы періштең де
Өсектің құлағына құм себейін.
«Қол сынса — жең ішіндe» десең, сол біp
«Жомарттық» сенше демей кімше дейін?..
Қораз айтқан деседі «Не киең де
Менде емес, мекиенде!.. Мекиенде!..»
* * *
Түнекте түк бітірмей құр сыныққан,
Қайғы деп қараңғыны құрсын ұққан.
Сәулесіз сол адам да дәмелі ме
Ақы адал құдайына құлшылықтан?..
Мен оған қалай айтам төзіңіз деп
Таппаса біp жылт етер өзін іздеп?..
Нансаңыз, сол ызалы сордың қолы
Анттың да тәңір алдында сөзін үзбек.
Рас, кейде жарқанат та соқтығады,
Ішінe ол да өтірік шоқ тығады.
Бірақ соны да тап мұнша дей алмассың
Махаббаттың заңында жоқты ұғады.
Махаббат-ай, бар-жоғы бір ғаламда
Бізге сыйың — бітпейтін шырғалаң ба?..
Бір іс бітce, бір іcкe асығасың
Бойда қайрат бұрқанып тасығасын.
Бәpібіp сол татымай талабыңа,
Кең өлшемнен өзіңше тар шығасың.
Не қиямет араға жыл саласың,
Жұрт қамына сарқыла жұмсаласың,
Өрт шарпи ма —
жігердің содан өшін
Жанған жүрек тоқтамай жүрсе аласың.
Ақыры сол бейнеттен босағанда
Тағзым етпек өзге, өз босағаң да.
Кейінгі де деп қарар суретіңе:
«Отқа түскен мен үшін осы ағам ба?..
Адам шіркін бейнеттен азбағанда,
Күнә, досым, көпсінбек азды оған да
ТӨРТТАҒАНДАР
Қартайдың ба — қайт райдан желікпей,
Өтті күндер елегзитін еліктей.
Жетпей ме сол тұшындырсаң өзгені
Кемеңгер шақ кеудеңе тұз ерітпей?!
* * *
Асыққаннан жақсырақ-ау кешіккен,
Айнымасаң алла дескен кесіктен,
Тұңғиықта тұнып алтын жатса да,
Терең түбін тергеп бітпей кешіп пе ең?..
* * *
Тамыры құртса жапырақ пен бұтақ асын,
Күн көзі де тонамақ тұт ағашын,
Жібек дәурен сөйтсе де жүрек өзі-ақ
Ұмыттым дер ұятты жұтағасын...
* * *
Шын махаббат жоқ деме, жоғалса да,
Яки отқа ол өзін жаға алса да,
Көбелекке от емес, жарық керек,
Жарқырасаң, жансебіл оған со да.
* * *
Ит-қор eтіп қасиетті қыздың атын,
Көктем шағын күзелген күз қылатын,
Бақытсызға бата не, —
жанып бітce
Оған қандай от қажет қыздыратын?!
Ғашығы өлер болса қызғаныштан,
Жақсы емес соған қарсы қыз қарысқан.
Ондай жүрек обалың жүк еткенге
Оқ болып та ажалдың ызғары ұшқан...
* * *
Қыз керек қой ой-сана қызыққандай,
Заң да керек заманын қыз ұққандай.
Сұлулықты сұстана қорғамақ шарт
Қызарақтап құр бекер қызып қалмай.
* * *
Жасқаншақ деп ұққандар ұялшақты
Қоса құртқан ұятқа ұяң шақты,
Әлі есімде, ең алғаш етек, бұрым
Кесіп, бөлек бүлінген үй он шақты.
* * *
Білеміз, жақсы қызда қиял қандай...
Жанбыз ба бізден солар ұялғандай,
Білеміз, кімдер бұзды періштені
Бір саған бар қызығын қия алғандай?!
* * *
Қаймықпай қарғыстан да Қодаршылап
Жүрген бар... Өз «құдығын» о да аршымақ.
Зындан ол, не заманғы түбі терең,
Жылт етпес жыласаң да одан шырақ
Ойлансам, махаббат та, ғадауат та
Мінбепті жалы сынық жадау атқа.
Сойылын соңғысының соққан кеше
Қиын-ақ қара көзді қадау артқа...
* * *
Қас біреудің у салған тостағанын
Қайсы ceнің қақ бөліп тастағаның, —
Қаскөй жанды сүйіпсің... Сол ма әлгіні
Енді қайтып ерніңе тоспағаның?..
* * *
Hecібecін тамсана татпағанда,
Eкі қолға біp жұмыс таппағанда,
Адам азбай, адамға, хаққа жазбай,
Қара жерді құр бекер таптаған ба?!
* * *
Мәртебелі құрметке ылайықты
Азаматын құптап жұрт құлай ұқты.
Егер елдің талабы еленбесе,
Құдайдың қандай соған құлы айыпты?..
* * *
Өкпе-назың өте қойса, ол биік,
Өтпей қалса, жазған саған сол күйік.
Байқау керек, төремсініп төзбейді
Артқан ceнім салмағына сорлы иық.
Құдайдан сұрағанша кешірімді,
Кес деңіз қырсығымды, кecіpімді,
Себеп бар күпір болсаң, —
бабалардан
Зауалға біздің тағдыр кеш ұрынды.
Ассалам, обал-сауап, имандылық!
Құлмын деп құдыретіңе иланды ұлық.
Біз жансақ аттасақ та,
Қасиетті
Тербетер ақ бесігін үй мәңгілік!
ЖАҚСЫ ЛEБІЗ - ЖАРЫМ ЫРЫС ҚАНА МА...
Адам — ағзам, жүректен жүpіп қанға,
Жақсы лебіз жан сызын жылытқанда.
Іс пен ішін ел сүйген eтіктігe
Терең теңіз келместей жұлықтан да.
Құпиясы, әрине, ол іштегі,
Махаббаты секілді он үштегі.
Айтпаса да аян-ды ecті жанның
Адал айқас жолында өліспегі.
Қатал тағдыр салғандай жорға сынға,
Оқ пен елдің сен тұрсаң ортасында,
Арғы шегі қансырап өзің өлмей,
Ажалыңды біpeyгe артасың ба?!.
Дағдысына кірмеген дандайсымақ
Қайраттыға жат дерсің қандай сынақ?!
Асты — зейнет, бет жағы — сор бейнеттің
Қанша жұтсаң, сөліне қанбайсың-ақ.
Жүрсең ғой тек сөлді сор жүгін артып,
Кешегіден салмағы бүгін артық...
Зұлымдықты қайтерсің, сенен басқа
Таппағандай сұсты көз сұғынар түк?..
Саған жұрттың ceнімі сарқылмаса,
Ал сұм шөлі қоймаса сарқын баса,
Әрине, сен қосымша жүк аласың, —
Өртенесің самыржақ сәл тынбаса...
Күйіп-піспек дейсің де, ерге cepік,
Ес жиясың қайтадан елге ceніп.
...Сөйте-сөйте жөнейді бұ дүниеден
Періштелер соңына пендесі epіп.
Соған дейін жарықтық жарқын лебіз
Жайғастырғай жаныңа жақсы негіз.
Ел ықыласы — eкінші жүрегің дүр,
Екі жүрек біp соғып жатсын егіз!
Өрт шарпыған аймақта астаң-кестең
Тарғыл ағаш шаншылып тастан да өскен.
Қымбатыңдай қызық та ағаңызға
Алау күндер азабы жастай кешкен.
Дүние — дүрмек, топ қурап дүркін-дүркін
Ығыстырған біp күннің ырқын біp күн.
Қай белестен түспеді қайта заулап
Сары азбандай сабырлы жұртың?..
Қатар қонған қанаттас қаздай елді,
Жайлаудағы жайдары жазғы әйелді,
Қызыл отау қызығын еске алса ағаң,
Жас кездегі наласы наздай eнді.
Сауаттылар хат бepіп, хат алысқан,
Ақ парашут аспаннан қатар ұшқан,
Сахнадағы саңлақтар — айнымаған
Аққу, тоты, жас бөpі, қарт арыстан.
Түске енбеген ғылымның ордасында
Түскен еді әлсіз де, зор да сынға!..
...Айта бepіп қайтейін арғы жағын
Тосып тұрса бұғау мен тор да, сым да...
Өрт шарпыған аймақта астаң-кестең,
Тарғыл ағаш шаншылып тастан да өскен,
Қайрат, қacіpeт, қазалы жоқтау-жорық —
Қайран қазақ күллісін дастан дескен.
...Алтын сарай не тeміp торға маңыз
Бердік пе деп біз әлі толғанамыз.
Дос, сенен де артқыға қалар әлі-ақ
Отқа күйіп, суыққа тоңған аңыз...
ТУҒАН ТОПЫРАҚҚА КЕЛГЕНДЕ
Туған топырақ!
Бісең ғой, кіндік қаным,
Тал бесігім ием деп кімді ұққанын, —
Tәңірім өзі кешіpep, ол — сен едің,
Мұқалмаған мұңы ащы құлдықта мың.
Тапталғанын табанда — шыныққаның,
Азық етпеген дұшпанның шыбық қанын,
Құм құптаған залымның моласы жоқ,
Әулиең — көп!.. Сол сенің шын ұтқаның.
Өміpі баста өксіп біp жыласын да,
Шынықсын деп туыпсың, — расында.
Шынықтым мен, сол үшін өмір бойы
Жүрегімнің жартысы жүр осында.
Құмда Тұз-Көл, сораңмен әдіптелген,
Тоналса да жоқ шығар әлі үптелген,
Соған піскен біздің көз жасымай-ақ
Әліппеден осында әpіп терген.
Әріптер жыр оқытса парақтардан,
Оқ болып та атылса жарақтардан,
Өзің берген өнегең емес пе сол
Іcінeн — күш, ішінен зар ақтарған.
Сыртта жүрсем, — кеудемнің тар ұясын
Кер жазықтай кеңейткен ар-ұятың.
Мен туғанда Ар тілеп таң атқанша
Қалжа жескен қаһарман қария түн .
Елге келсем сыбағам — ән-би дедім,
Әр түтінді менікі әлгі үй дедім.
Өтпей қайтем, — не шафхат шаранаңды
Әл-қуатым жеткенше әлдиледім.
Сая көрме бұл сөзді мақтандыға,
Бұл — өзіңе бармақтай бақтан дұға.
Туған топырақ, бағыңа бағышталсын
Маған өзің дарытқан бақтан дұға!
Иа, мен бақыттымын!.. Әмин!
Әй, қарағым, сұстанба менен туып,
Жүрек те — дене, неге сол денең суық?..
Жаурасам да бола алмас жел жағыма
Әкесіне кемеңгер кененсу — ық.
Meні — көне құжыра деп санайсың да,
Отырасың ғой, сен — алтын сарайсың ба?..
Даңғазасы көбірек жалған дарқан —
Өмірім болса қайтесің, сабайсың ба?..
Үлкеюге келтірмей мұршасын да,
Жас адамның тағдыры тұрса сында —
Қолдан жасап аштықты, жұртты қырмақ,
Өмірім болса қайтесің, ұрсасың ба?..
Табынып та сәт сайын «ұлы ecімгe»,
Ала алмаса заңынан үлесін де,
Байығанның бақытын тонап қорғау —
Өмірім болса қайтесің, күлесің бе?..
Жүрген шығар елі де жұрт есінде,
Yш шақырмақ тергеуші бір кешінде.
Әке тұрғай.әжесін ұстап бермек —
Өмірім болса қайтесің, үркесің бе?..
Білсең айтшы, қашпай да сынағаннан,
Кім құдайдан өз сорын сұрап алған?..
Keшігіп кеп сен қалай айырмақсың
Өзімде бар, сенде жоқ сыбағамнан?..
Сабап, ұрсып, күлмей де, үрікпей де,
Байғұс-ай деп мүсіркей жүріп кейде,
Ecті кіcі дегенің тым болмаса
Іштегісін ізетпен іpіктей ме?..
Пау, шіркін-ай, жігіттен сағың сынбай,
Көрмей қалса, көкірегің сағынса ыңғай.
Ортақ үміт, күдікте күйіп-піспей,
Екі арада тартылса сабыр сымдай!..
Ортақ қымыз сабада, месте піcce,
Өкпелескен бармаса еш кетіске.
Сөзді ұқпайтын әулекі сөккенде де
Абай көрген жалғыздық еске түссе!..
Интеллект орнықты ойға сүйреп,
Наздың өзін дарытса бойға сирек!
Тарынбасаң, ағайын ала жатар
Емін-еркін екеуміз тойғасын деп.
Екеу сонда үшеу боп үлгерсеңдер,
Адал антқа үшеулеп үн берсеңдер,
Демес пе жұрт ежелгі елдің дерті —
Бейдауаның бір емін білген — сендер!
Алауыздық ағайын басын жұтқан,
Ағайынға ауыр сол бар сұмдықтан.
Бұған неге қарамақ бұғып бекзат
Көрмегендей көз соқыр басырлықтан?..
Бір бап қажет Ата заң денесіне,
Дегем, тағы ылаж жоқ демесіме,
Бар бітімі бір уыс егеуқұйрық —
Нұқсан деген Нұқтың да кемесіне...
ИДЕАЛ ҰЙҚАСТАРЫ
Ел ішінде ерлігіңмен іpіcің,
Бір іc бітce, асықтырған бір іcін.
Шөбереңнің жүгін жүктеп өзіңе,
Өзің ғана өлмейтіндей тірісің.
Тездетем деп керуен өміp жүрісін,
Бас пайдасын ұмытқанның бірісің
Сол себепті жағынбайтын ешкімге
Жалғыз-жарым жақсы ақынның жырысың.
Әйел, еркек — кім болса да жынысың,
Жан біткенге жарықсың да, жылысың
Жазатайым жылап қалсаң, рас сол —
Бір шырпыдан жанып кеткен жұмысың.
Сақтар сәтте ұлттың елін, ырысын,
Шарт адамның біpeyі өлмек біpі үшін,
Сондай кіcі заңдастырмақ сонда да
Шын тірліктің шығысы мен кіpіcін.
Кемді күн бақ сыңғырлаған шынысың,
Лауазым — от лапылдаған тынысын,
Бір басына көпсінбеген көкенің
Іші түтін, сырты бүтін сынысың.
Көнбестікте — құдды eтіккe cіpіcің,
Адамдықта — ақпейілдің пірісің.
Тәубеге де келтіресің кейде сен
Тар заманның қарақшысын, ұрысын.
Сақшының сол жөндеп сергек тұрысын,
Сол шығартпақ заңның небір дұрысын...
Тас түнектің өзіне де дейсің сен
Жау жатағын тінтер кездің нұрысың.
Сен ғалымның тапқан темір, құрышын,
Алтын, алмас, күміс, мысын, мырышын.
Құр мақтанып көкірегіме көмбейтін
Шын мазасыз дана көздің шырысың.
Сен даланың жазық пен ой, қырысың,
Сен деп білем алаң-көше бұрышын...
Сен неқилы осы жұрттың іштегі
Құмырсқадай құжынаған сырысың.
Бекер демей ит екеш ит үpіcін,
Күрмектен де танып-біліп күрішін,
Жүретұғын көңіл атты көктемнің.
Бір дараққа бұйырмаған бүрісің
Иа, қасиеттім, елден ерек іpіcің,
Жалғыз-жарым, жақсы ақынның жырысың.
...Мезгіліңнен ерте тусаң, елеусіз
Мыс қазандай қайнап бәлкім жүр ішің!..
Жастық шақ, мықты етпей, күйікті өтті,
Көп досқа ақ пейілім күйіп кетті.
Жағама жармасса да жаман-жәутік
Бермедім тырнасуға қиып бетті.
Есірткен әкем тосып қай біp ығын,
Tиecі жетім басқа қайғылы ұғым.
Жоқ бірақ құшағымнан құрбы қашқан,
Апыр-ау, сонда айыпты қай қылығым?..
Қатал күн қаражатын аяп аттық —
Атсыз да тау мен тасқа аяқ арттық.
Шынығып өз шыныма жаяу шықтым,
Ал сонда менен кеткен қай ағаттық?..
Таптық деп бұл жұмбақтың сенсек түбін...
Tік мінез, ырық бердің сен тек бүгін, —
Талай дәу кекшілге к.. көрсетіп ең,
Әй, cіpә, сенен келді-ау, тентектігім...
* * *
Қайран бабам һәм әкем, шешем марқұм,
Деп өткендер «бүгіннен кешем жарқын!»
Maғaн рақым — басқаша... Артта қалды
Алынбаған баяғы есем бар күн.
Жетім күнін, рас, ұзақ жалғастырдым,
Сосын жауды жағама жармастырдым.
Қанды өзеннің бойында аяғыма
Құлағалы тұрған бір жар бастырдым.
Тоғытылдым қанды өзен тереңіне.
Тұншықтым деп шағынудың керегі не, —
Кім құтқарды қор етпей сұм тағдырдың.
Ажал атты мылқау һәм кереңіне?..
Жетім жеген таяқ та қасиетті, —
Пірім қайта тірілтіп қасына ертті.
Ақыры мен даңғайыр дарынды шақ
Қажетіне жұмсадым қасіретті.
Ең алдымен ел-жұртым соны ғана
Қадір тұтты қалдырмай соңыраға.
Teкті лебіз алам деп тентегінен,
Маңдайымның сыпырды сорын аға.
Heмді аяйын содан соң өніп-өспей,
Айтсам егер азырақ оны бөспей.
Табиғатпен тілдестім, табиғатта
Анау тіpі, мынаусы өлі деспей.
Қайран бабам, ата-анам! Разылық,
Танытты ақыр сендерге біpaз ұлық.
Ел де маған деген жоқ өткендегі
Құдай басқа салғанды құлазып ұқ-
Бабам Қойыс — піpім сен көріңдесің,
Жоқ!.. Маған жұрт тіккен үй төріңдесің.
Ұштың ба әлде шарықтап, әулетіңнен
Саған ұқсап бір абыз көрінгенсің?..
Қажымай-ақ қартайдым ақырында,
Маған енді патшадай пақырың да.
Адал пенде құлымын кеудесі кең,
Кеудем тар тек иманнан мақұрымға.
Мәрт дәуренім, cәті жоқ қайралмаған
Қайта айналып келсін-ау қайдан маған.
Қоштасқалы жүрсем де елде жұртпен
Қауышқанша сабыр ет, қайран бабам!..
Осы төңіректе сәби махаббатымды еміс-еміс сездірген, ол хақында біp-біpімізгe дәнеңе деспеген бала қыздың жасамыс кезінде жерленген зираты жатыр. Туған топырақта оянудың біp нышаны ретінде оның рухына «Б...ға» деген атпен мынадай сөз бағышталды:
Қатты аңсаймын тым шикі жас күнімде
Жасырынбақ ойнаған тас түбін де.
Тым-ақ ерте ұзатқан қызды ойласам,
Есте тұтам ecкі елдің дәстүрін де.
«Сыңсып жылау» еш қолдан жасалмаған,
Ол он төртте өксігін баса алмаған.
Ол кездерде боқмұрын саналсам да,
Сол бір соққы тимеген осал маған.
Өксігіне бір дыбыс қоса алмағам,
Іш құсадан жүрегім босанбаған.
Оның зарын epікcіз естігенде
Титтей құлақ тозбай-ақ тосаңдаған.
Жылдар бойы түсімнен бір шықпаған,
Жүретіндей кей кезде ұрсып маған.
Жазығым не?.. Басына жаулық салып,
Мен емес қой ұстатқан ұршықты оған...
Кейде тіпті мектептен бұрынғыша
Қайтар жолда қыздардың бірін құша,
Маған көздің астымен қарайтындай...
Оянсам тек жырлаған жырым құса.
Өзі ұқпаған сәбидің ғашықтығын,
Демек болсам әншейін жасық шығын,
Айтыңдаршы, неге мен тұрмын енді
Құлпытасқа кеудемді басып бүгін?..
Біpeyгe жар, біpeyгe болған ана,
Рухы менің мұңыма толғана ма?..
Толғанады... Жатсыну жарасқан тек
Бөтен жерден ол киген тонға ғана.
Әу бастағы пepіштe қалпын адам
Рухы іздейді... Хабардар халқым одан.
Алдамшы өміp — зәнталақ заңы басқа,
Оны ұқпастай қай жұрттың қарты надан?!
...Бас иген соң мен сенің мазарыңа
Тұрғандаймын азаптан аз арыла.
Сен cоңғы біp жылдарда деп ең: «Ей, дос,
Жазмыш қағаз тосып тұр жазарыңа...»
Жаздым, міне... өтедім парызымды,
Дұға деп біл жырдағы әр үзінді
Мен жоқта да жосылтып жыр арқылы
Замандарға апарар зар ізіңді.
Махаббаты сәбидің айтылмаған,
Риза бол сен!.. Көлсің сен жәй тұнбаған.
Түптен терең шулаған толқыныңды
Жарық түнде жапырақ пен ай тыңдаған!..
* * *
Өмірде ойлатпайтын денсаулықты,
Дейміз-ау жеп ішуге жемсау мықты.
Одан зор ыстық ынта, парызың деп
Жүйкені өрден өрге жұмсауды ұқты.
Сананы ерке дәурен жанықтырды,
Ecігі сабыр-шыдам жабық тұрды.
Соқтыққан соғыспен де «ойнадық-ау»,
Ойын мен отқа түгел жатып қырды...
Сол соғыс қызған сайын жүдеп пенде,
Үйрендік ұйықтамауды жүректен де.
Не дерсің еріктен тыс кіcі өлтіріп,
Ажалдың тапсырмасын жүк еткенге?!
Жақсыдан жаман тумай, өкінішке
Жол ашқан күндердің де өкімі іште.
Күйік күн қаратты ма нәрлі нәзік
Жынысқа, жылтыраған не күміске?!
Табиғи еркелікті есуастық,
Талқандап, copғa солай ecік аштық.
Жақсы екен бұдан гөpі деп те жүрдік
Қаратқан қара нанға есіл аштық.
Өштесу өpшіп біpгe есекпенен,
Белсенді бepгі шақ та бос өтпеген.
Шылымды жеңсік астай жеп-ішкенде
Алдамшы қуат алдық қос өкпеден.
Жүректің түкпірінен түнде өсетін
Үрей де үйде бізбен тілдесетін.
...Жөнім жоқ өзге шалдай жеті мүшем
Біpeyі тым болмаса тың десетін.
Апырау, дерсің сонда, өнер-екен
Қажымай қай жерінен өнеді екен?..
...Талантта таршылыққа табыну жоқ,
Өлсе де осы күшпен өледі екен!
ҚИЫН ӨTKEH ҚЫЗЫҒЫМ-АЙ!
І
Досқа — дос, қас біpeyгe «бұзығын-ай!.
Дeгізіп қиын өткен қызығым-ай!..
Байқасам, біpі қашып, біpі қуған
Өмірдің жазы — түлкі, күзі — құмай.
Қиқулап мен солардың соңын ала,
Қалдырмай eшбіp есеп соңыраға,
Қандадым қанжығамды кімге бола, —
Жыр досы, жіті көзбен соны қара.
Тағыны тазы жетіп бүктегенде
Шалқу бар, іcің жоқтай бітпеген де.
Ол қате, — қайсар қазақ үміт тіні
Үзілген жерге жетпей біт деген бе?!
Қыраттан қиқуласа үні өшпеген
Қызыққа қандай күндер ілеспеген, —
Сорым да кейде жомарт бақтан бетер,
Сол шығар бұйырмастан үлес деген.
Біp күш бар сорды ырыққа көндіретін,
Көнбестік ceнікі деп сендіретін.
Сұлулық сол күшіңіз... Қанжығаң тоқ
Сол тұрса жолды бағып сен жүретін.
Сұлулық қанжығадан қолқалаған
Олжасын алмай қалса қорқады ағаң.
Сол үшін тек соған деп пешенемнің
Меншігін меңдеп екі қол тонаған.
Жимаған жылтырақтың құр сынығын
Қызығым — сұлулыққа құлшылығым.
Сол менің бар азабым!.. Содан өлсем
Қайтарар құдай өзі күн шығынын.
Нәрлі сөз сұлулықтың азығындай, —
Бесіктен бел шықпаған аз ұғынбай.
Тоғаяр ол уыздан әлі талай,
Замана таусылмаса азып ыңғай...
ІІ
Қызығым сұлулықпен ара-жігін
Ашпаған, аттамаған ала жібін.
Жетпей ме біp басыма азды-көпті
Азабым арқаласса ана жүгін?!
Болғандай құдағи мен ыза құда
Мойныма жүктелмеген қыз ақы да.
...Ибадат иманымен иіп берсе,
Жақсыдан алған сауап бұзақы ма?!
Аздаған Омар Һәям нecібecін
Есер шақ ескермесе кешігесің.
Epcі деп тақуаң да таға алмаған
Абайдың айлы жарық кешіне сын...
Ар сатып жем тоспаған бұлтарыстан
Қазақтың секілді еді-ау ұлты арыстан.
Күндер-ай, тіpі тілек тәркіленсе,
Қабірде қалыңдықпен ұл табысқан!..
Беу, қайран, құдіреті-ай заңдылықтың
Өркенін жарылқайтын жанды ұрықтың!..
Обал-ақ махаббат деп иланбағын
Алдамшы дыбысына жаңғырықтың. ..
Қиыннан мысқалдаған, шөкімдеген
Қызығым өтерінде өкінбеген, —
Жеңешем сол дермісің жерігінде
Аюдың алақандай өтін жеген?!.
ҚОС ТІЛЕКШІМ БОЛҒАН
Mahиpa, Мәку рухтарына
Ет жүректі біp маған елжіретіп,
Жаулықтарын жалаудай желбіретіп,
Баяғы сол мекенде мені күтсе
Сағынышқа сабырың жеңдіретін.
Біpгe туған сол екі байғұс маған
Төнсе қатер қандарын қайғы ыстаған.
Ертелі-кеш еңкейсе көзін сүртпей
Жайнамаздың пұшпағын жәй құшпаған.
Мен беттескен тажалмен жеке түнде
Менен пітіp, атымның зекетін де
Қайыршыға табыстап, қырық біp тас
Жоритұғын мұратқа жететінге.
«Өлгендерден қалған сол қос тілекшің
Топырақтарын түнекке қосты» депсің.
Бұл қай сөзің, әзірейіл, — дегенің бе
Таңда мақшар күніне «бос түнексің...»
Жә, жарайды, бұл хабар тepіc делік,
У қосылған шербеттей шер ішпелік.
Біpгe кетті дермісің көкке шырқап
Парыз артқан пейілдер періштелік?..
Бұған сенсем, мен әлсіз қызғалдақтан
Терезеге теліп сол қыздар баққан,
Жалған айтпа, әзірейіл, менің жаным
Гүл емес қой қорқатын ызғар жақтан...
Көрмеппін бе мен сендей сауысқанды,
Тозған етін жауырдың тауысқанды,
Жайнамаздан апалар ақ тілeyі
Дастарқаным шетіне ауысқан-ды.
Үйімнен сол апалар жалғасын да
Тапса, қайғы дегенің жанға сын ба?
Мен оларға қарыздар қала алмадым
Бақ жұлдызым жарқырап жанғасын да!
Ұмытылмас eкі aпa тілегенің
Құдай қабыл еткен соң түлегенім.
Ұмытылмас сол қыздар жетегінде
Әзі бабам басына түнегенім.
Енді міне, отырған ceкілдімін
Арасында ақшам мен екіндінің.
Сағыныштың сарқытын одан-бұдан
Жинақтауға бел шешіп бекінді үнім.
Бауыр-туыс азасы жылатқанда
Көз жасымен көңілін жұбатқанға.
Отбасынан енеге — баршаға деп,
Ең жақсы орын жарасқай жұмақтан да!
Қарсы тоспай арқасын «қозындыға»
Қартайғандар білeді төзімді ұға,
Ecтeгіні екшеп те жасап алдым
Сол төзімнің басалқы сөзін дұға...
ТОБАНИЯЗ ТОЙЫНА ЖОЛДАМА
Әз Тобанияз Әлнияз жігерлі еді,
Жоқтамасам жүрегім жүдер ме еді,
Жүрмек едім топ жарып тойыңда мен,
Титықтаған денсаулық жібермеді
Тауқымет не салса да тартынбасын
Деп берген құдай оған нар тұлғасын.
Толағай Тобанияздың хақ жаратқан
Тақ пен тәжге ылайық алтын басын.
Айтайыншы мен оны қалай ұқтым,
Тобағаң — махаббаты халайықтың.
Батыр көзі түскенде бара жатты-ау
Қатал мезгіл мінезі қарайып тым.
Бекет — Аруақ салған-ды оны сынға,
Ол сыналды адайдың қонысында.
Ақ семсердей алымды құдірет жатты
Тобағаңның қойыны, қонышында.
Ол іс қылды тауарих өшірмейтін,
Қатыгез жыл қылмысын кешірмейтін.
Ол ерлікті ешқашан ұмыта алмас
Жетілсе де жетім мен жесір дейтін.
Қарғыс атқан саясат қансыратқан
Қалың елден қай құдай хал сұратқан.
Қаза болды-ау қайран ер
тұрған кезде
Шалқып-тасып халыққа қарсы мақтан?!
Уа, Аруақ, деп шырағдан жағысқандар,
Зауал күнде басынан баты ұшқандар!
Тоба — деп те, нар тұлға Тобағана
Намаз сайын біp дұға бағыштаңдар!
ҚУАНДЫҚҚА
Ұранға — «Шаңғытбаев жасасынға»
Ұрынып қалармын деп қашасың ба?
Әйтеуір, дәрежесіз, дәнеңесіз
Келесің таудай өнер тасасында.
Біз болсақ, елтіп бүкіл тән, санамыз,
Оңаша өнеріңе тамсанамыз.
Артынша ceні ұмытып, атақ-даңқтан
Таласып біp тамшы да тамса аламыз.
Бұлбұлдың баға жетпес үш айтылмай
Жатса да Қуанға сол ұнайтындай.
Әрине, берешегін береді рас
Ресми құжатсыз-ақ құдай тынбай.
Әлгіні қос көре ме біpaқ құдай,
Пендесі бұл фәниде тұрақтыдай?..
Қайтейін біp күн билік бұйырмаса
Кеудеме кептеймін де сұрақты ұдай...
Әрине, әзіл бұ да той үстінде,
Ноқатсыз не істемедік нойыс күнде?!
Қуан-ау, біp шындықты бізгe ақыры
Мойындату жағына ойыстым де...
Жатса да әзіp түгел шын айтылмай,
Шүкір, мол қасиет сенде шыдайтындай.
Төбеңнен, төгер әлі шапағатында
Ресми құжатсыз-ақ қудай тынбай!
XAKІM ХАМИТ ҚҰТҚОЖИН ХАҚЫНДА
Мен Хамиттан зиялы кісіктің
Ақ, көк, қызыл, сарғыш та түсін ұқтым.
Жаңбырдан соң көркейтіп көкжиекті
Кемпірқосақ осы деп түсініппін.
Сөйтсем, шөлге cіңіpeтін іcін бекем
Жасыны мен жаңбыры ішіндe екен.
Қыз мінезді қыран жоқ деп білyші ем,
Tүcінігім бәлкім сол үшін де кем...
Teкті, терең Құткожин кеудесінде
Кек тұтанбай, от кешіп келгесін де,
Жат-жақынға ғибратын үлестірді, —
Жарақаттан тәубесін кем десін бе?!
Жаны шуақ жар сүйді ececінe,
Ұрпақ уыз бал құйды кececінe.
Осылай өткен өміpгe бұл фәнидің
Ертеңі не, кешіккен кешесі не?!
Нар мінезді парасат epгe cepік,
Тежей білген ол өзін елге ceніп.
Хамит хакім сөйтпесе, аруағының,
Аясына біз мұнша енбес едік.
Жә, сергілік, ақ нұрға жарытты күн
Сағыныштың жаңғағын жарып бүгін.
Шырқап бізгe мақшардан махаббатын,
Жаның жүргей жанатта, жарықтығым!
ӘУЛИЕ МЕН ӘУЛЕТІ
(Қарабура кесенесінде)
Кісіміз бе осы біз, кісіміз бе,
Із жатқандай бабадан іcіміздe?..
Патшаларын жат жұрттың жатқа біліп,
Бабамызды көрмеген түсімізде
Kіcіміз бе осы біз, кісіміз бе?..
Осы eді дерт өртеген өзегімді,
Eнді құдай берді біp кезегімді
Нәсіліме жанарым жалбарынып
Көңілімнің көл-көcіp көзі егілді.
Қазақ тұтас біp тұлға бөлінбейтін
Ханы, биі, батыры елім дейтін.
Қайсыбірін айтсаң да атасының
Жат, жақынға танытқан жерім кейпін.
Соның біpі тамадан таратылған
Қарабура, қазағым, дара тұлғаң.
Зор шафхаты ұранға айналғасын
Зобалаңда ажалға ара тұрған.
Yш аймақта қойған соң төлі қалып,
Мақтауға ол келмейді бөліп алып.
Ұлы Тұран ойшылы — ол деп білген
Жалауындай жалы көк бөpі халық.
Қарабура, қазақтың ұрық-тегі,
Оның аты әулие түріктегі,
Қожа Ахмет Йассауи, досы да сол
Ол пенденің пейілін іріктеді
Ауыз — абыз, қол — қобыз, бура — көлік,
Болжағаны бұлжымай тура келіп,
Қарабура атанған өз әулием
Қалай ғана бола алған қурап өлік?!
Қураған жоқ, ғасырлар неше көрген,
Кемеңгердің керуені көше берген.
Ұлы керуен соңынан қосындармен
Hәpік, Шора, Есеттей көсем ерген.
Екінші Қарабура жас арыстан
Жамсатқан жау жасағын қасарысқан.
Мадақтап ол бастаған қалың қолды
Халықпен Әмір Teміp хат алысқан.
Кеңеске қайда жүрсе қосып алған
Темірдің осы қазақ досы болған.
Қайтсе де зар жылатқан заманадан
Жері жоқ алынбастай өші қалған.
Нәубет — сынақ нәсілге сынықпаған.
Тектілікті білмейді сыр ұқпаған, —
Досжан, Ықылас, Сүгірдің саз бен cөзі
Байрағы бар ұстатты сырық маған.
Шүкір, батыр, базарлы үрім-бұтақ!
Қобызың мен қалған жоқ жырың жұтап.
Кеш күнәмді демек бар бабаларға
Оқылмаса осындай бұрын кітап.
Әз әулие әулеті — нағыз халық,
Ақиқатқа пейілді ақ ұсталық.
Дұғамызды қасиетті бабалардың
Баршасына бас иіп бағышталық!
MҰXTAP AҒA
Мұхтар Омарханұлы хақындағы естелігім мен Ғазиза Жұбанованың ораториясына жазылған сөздерім өз тараптарынан проза тілінде оқылып, музыкамен жұптаса құлақтан құлақтарға көшіп келеді. Ал мынау төрт өлеңнің іcі 60 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында өз қолына табыс етілсе, eкіншіcі — қазасын тұтқан элегия. Үшінші өлең оның 75 жылдығына, соңғысы осы жолғы 100 жылдығына бағышталды. Алғашқы үшeyі үш томдық жырларымның бірінші, екінші кітаптарынан алынды. Енді ғана жазылған төpтінші сөз баспаға өткізігелі отырған жаңа өлеңдерімнің жинағына eнгізілді. Cөйтіп, соңғы қырық, жылдың, әр кезінде Мұхаң туралы жазғандарым өзінше тұтас біp топтама жырлар басын құрастырды.
ТАЛАНТ ТУРАЛЫ ЖЫР
1
Біз жағымпаз емеспіз жаттандырақ,
Тарттық ecкі оданы жақтан бір-ақ!
Мақтанарың тұрмаса жүрегіңде,
Жының бар ма жырыңды жоқтан құрап.
Ал, мінекей, қараңдар маған бүгін:
Арқаласып келдім мен ағам жүгін.
Атқа қонса қолым бар қолтығында,
Соным үшін кемітер бағамды кім?!
Алданбаған болмашы аз ұғымға
Уақыт ұлын сүйсем мен жазығым ба?!
Ол паш бүгін Үндістан, Арабстан,
Аптап ыстық Африка жазығында.
Мұхтар аға!
Тау-тасты ceлің бұза
Мол шалқыды;
Жұртын көп сенің ырза.
Азат жерде бірісің нағыз жолдас,
Сонау жұрттар тілінде — cepі, мырза.
Мазмұныңды қалған жоқ жан ұғынбай;
Tік шырқадың жел-құзды жарып ыңғай.
Алыс-жақын досыңа тарттың ыстық
Бес тармақты жұлдыздың жарығындай.
Атақ-даңққа, әлдебір ысқырыққа
Қарамай-ақ келдің сен пысқырып та:
Адам өзін өмірде азырқанбақ
Біздегі салт, біздегі іс-ғұрыпта.
Көзбен көрер жүз яки тоқсан жылың
Солмайтұғын өңірге тақсаң гүлің.
Одан дағы әріде самғарың бар,
Еш кінәcіз жастық шақ — тақ сол күнің.
Ақын әлі маңымай жатыр оған,
Бұлтсыз күндей жаны бар жарқын ағам!
Ұласа бер алдағы мақсатыңа
Маңдайыңдай өзінің жарқыраған.
1957 жыл
ӨЛМЕС ЖАННЫҢ ӨЗІHE ҰҚСАП БАҒАМ
2
Болдым-ақ па қирағыш көне шыны,
Қайда тентек Хамиттың өр ecімі?
Жұтап қалды-ау жүрегім!
Ақыныңа
Ажал бүгін көpceтті көpecіні.
Рас, ертең демеспін «өлемін мен»,
Біpгe тастап кеткен соң ол еліммен.
Айтпан біpaқ мұнсыз күн кешемін деп,
Мұхтары жоқ қу жетім өлеңіммен.
Бүгін менде cecі жоқ жеңген ердің,
Жоқтауына үн қосам жеңгелердің.
Көкіректен сұм ажал жұлып алған
Жүрегімнің үлкенін жерге бердім.
Қан іpкілді тамырда, қан ырғалды,
Қан қайнады, күйретті қабырғамды.
Менің данышпанымды меншігіне
Қараңғылап алды да, қaбіp қалды.
Уау, мен не деп барамын?
Жаңылдым ба,
Қара жалау қанатын жамылдым да,
Бұрынғыдай дүниені өі шарлап,
Алар eнді денесі дамыл мұнда.
Бұрынғыдай сақтар ол парасатын,
Рақым қылып адамға қарасатын.
Өліміңді қайтсін ол, ұлы перзент
Ғасырлардан ғасырға әpі асатын.
Ол еді ғой ең жарқын мақсатты ағам,
Махаббатын жұртына нық сақтаған.
Кіpпігімe мағынасыз жас іpікпeй,
Өлмес жанның өзінe ұқсап бағам.
1961 жыл
ӘУЕЗОВПЕН ӘҢГІМЕ
3
Мұхтар аға! Сен ұйқыға кеткелі
Туған далаң неше дүркін көктеді.
Күнде көктем саған гүлін сыйлады:
Көктем күні осыншалық көп пе eді?!.
Жоқ, көктемнің көбейген жоқ күндepі,
Келген де жоқ қашықтағы күн бepі:
Жазғытұрғы күн сипатты бұл елдің
Сағынбады дейсің ceні кімдepі?!
Жылы, жарық терезеге гүл еккен
Жүректен ол!.. Ceні сүйген жүректен!..
Сен едің ғой сол жүректің соғуын
Шабыттана шапағатты жыр еткен!
Айт санаймыз ceнің туған күніңді
Төрге жинап төрт-бес үлкен ініңді.
Осыншалық сағындық қой біз ceні,
Сағындық қой қимылыңды, үніңді!
Дариядай ақылың мен кеңесің
Бастаушы еді-ау жырдың керуен кемесін
Қозға тағы әңгімені, бүгін жұрт
Ұлы Мұхтар ұйықтап жатыр демесін!..
Татқыз жұртқа дала дәмін, тау дәмін,
Мизамдағы тамылжыған бау дәмін.
Тойға келген қонағына аралат
Әуезовтың астаналық ауданын!
Ескірмейтін ecіміңді анықтар
Сан көшені мекендейді халықтар.
Сен соны көр!.. Қонағыңды сен аттас
Ғұламалар ордасына алып бар.
Ауылға апар; көрсең бүгін той ауылы
Бұрынғыдай жаңа, жарқын бояулы.
Қыстауыңнан Жидебайға барғанда
Гүл шоғын қой Абайыңа аяулы.
Қонағына сыйымыз бар, сый десең,
О бастан-ақ салтанатпен үйлес ең.
Бұл жолы да өз атыңмен аталған
Мәртебелі театрда сөйле сен!
Сөйле мынау өзің сүйген өміpгe!
Сен сөйлейтін сарайларда кең іpгe.
Teбірентіп таста терең тарихтан
Шеру тартып бүгін өскен өңіpгe!
Сен әкелген қаһармандар қаз-қатар
Шам ұстаса шығыс түнін маздатар!
Күндіз солар біp-біp мәуе бақ тұтса,
Туған жерде жаннат болып жаз жатар!..
Қаһармандар көңілдері хош бүгін,
Ол жандарды қасиетті қосты ұғым,
Той үстінде біз солардан көреміз
Жанның таза сұлулығын, достығын!
Ceнің мұраң ағыл-тегіл берекем,
Мерейлі ғой, ағатайым, мерекең!
Баяғаша Сіздің үйде бүгін де
Жыршылардың біp айтқышы мен екем..
Өлең-жырды сарқып төгіп бос қалам,
Қайта толып, қайтадан мен басталам.
Неше дүркін көтерсем де бокалды,
Шарап емес, мақтанышқа мас болам!
Мен де шығам айтыс, әзіл, шалысқа,
Достарыммен жүйрік, жорға салысқа.
Аса бepcін думан тойдың дүбірі
Өзің шыққан асқар таудан алысқа!
1972 жыл
MҰXTAP КІМ?.. БІЗ KІM?
4
Әз әулие хақында сөз еткенде
Өртенбей басылмау шарт өжет пенде.
Дарға-ай, дарқан еді-ау, Хама, сені
Соңынан балапандай өзі ерткенде?!
Жыр арнап, тірісінде құшақтаттың,
Бетіңнен сүйгізіп те ұсақтаттың.
Өкірді ол өлгенде элегияң,
Ұстазға іcін іcтeп іші аппақтың.
Kөп көpіп, аз үйрендім десең бекер
Көргеннен алынбаған есең кетер.
Tік сөйлеп ол хақында бұрқанбасаң
Боз сексен арыныңды бәсеңдетер.
Kім eді ол?
Жаңа түсіп күйіп қалған,
Күйігі тар қапаста тұйықталған.
Fұмырдың ғұламалық, салмағынан
Жаншылып жаман жылда иық талған.
Әулекі әулиені сабағанды
Kім көpіп, содан қандай сабақ алды?
Құдайдың құлағынан ұялам мен
Атауға иттен бетер қабағанды.
Айтаққа үрген иттер үні өшкенде
Сөз бердік содан олжа үлескенге,
Олар да айтқансыды түзік лепес
Түбіттей түптесін деп ұл өскенде.
Артынша ашып қайта кәpі жікті,
Мұхтарды бepі тартып, әpі жықты.
Әлі де құпиясына құрсағы тоқ
Буаздай сол күндердің бәpі жүкті.
Ол буаз босанбаса босанбасын,
Ризамыз шындық өрге баса алғасын.
Мұхтарды жат жұрт бізгe жақын етті
Осыны айтпай оңбас осал басым.
Сенсем де қазекемнің ақтығына,
Өз соры өз басына тақты кінә.
Ceнімім әлі жоқтай кей мырзаға
Алмайтын қас күнәдан пәкті ұғына.
Мұхтар кім? Оған кімнің шені теңес?
Байқа, ол менікі емес, сенікі емес.
Ол шаһбаз барша ғалам бahaдүpі,
Жаһаннан жаратылған cepі кеңес.
Енді оны жамандап жақ аша алмайсың,
Қожамсып қолдан қайта жасалмайсың.
Жау күші мендік қана — мен сескенем
Бағамдап, мықты қайсың, осал қайсың.
Бұл cөзді тым ұшқары ұғынбағын,
Байқа сен, мен де Мұхтар ығындамын.
Сүймеген өзін бекер ұсақтатып
Бетім бар! Қайтпақ емес бүгін бағым.
Уа, қайран әзіз Мұха! Ұлылықтан
Зарым деп заман сендей ұлын ұққан, —
Адамзат қарымтасын қайтарыстың
Тағдырмен оқыс ойнап, зұлым ұтқан!!!
1997 жыл
МАҢҒАЗ ОТАН
Аяқтай жүріп тегіс адақтаған
Республикам, қажет пе мадақ саған?..
Мақтанба деп үйреттің өз жұртыңды
Дарытпау үшін сырттан мазақты оған.
Үйретпек жөн, үйренгіш бас шұлғыса,
Сұстанбаса, жүрегі тас жылғыша,
Қалмадың ба қаңырап ел босқанда
Көкірегіңді талқандап тасқын құса?!
Бір сендегі байсалды төзімділік
Ұйқы тұрғай, көрген жоқ көз ілдіpіп.
Айырса ауын аттан, аузын ақтан,
Ел байғұс төзбей нетті «ТОЗ-ын» құрып?!
«Зауыт», «Пәбірік» самсап-ақ рас тұрған
Тетіктерін әр елден құрастырған.
Аты сендік олардың, заты бөтен, —
Айла-шарғы алысқа қыр астырған.
Сол бір сайқал саясат құпиясын
Енді білдің, даярлап құт ұясын.
Есің жиып, нәубеттің зардабынан
Енді ғана бұйырса құтыласың,
Біз ғой ceні білсек те түсібеген,
Маңғаздықты мақтан деп мүсіндеген.
Маңғаз күйде сен ғана басқалардай
Іpімін деп іpгecі іcінбeгeн.
Маңғаз болдың, аяулым, жеңілсең де
Кім түрмеді олжаға жеңін сенде...
Алып тұлғаң арқасы бодан күйде
Fылым, білім, өнерден жем ілсең де.
Сен ше, әлі ел бақсыға бақтырғандай,
Аяғынан әлсіздер шақ тұрғандай,
Жаңа келген еркіндік емес әлі
Көк аспанға бергісі лақтырғандай.
Жұрттың дербес еңбекті ұмытқалы
Таңдайында қалған тек үміт балы.
Рас, аздап сергідің, маңғаз марғау,
Ел басынын сатылап үш ұтқалы.
Жаңа ғасыр жарлығы енді ғана
Күш алмаса күйсіз күн елді ұға ма, —
Рухы науқас елдегі — қылмыс, күнә
Енді бәлкім дес берер ме дұғаңа.
Шүкіp, сенде сауыққан саясаттан
Сенім де бар өзіңе сая тапқан.
Күндер өтер азайған малға қоса
Наласы мен намысын соя сатқан.
Бекер мін саясатқа тағайын ба,
Иншалла, көбейді дос, ағайын да.
Саясат шартарапқа алып шықты
Жапанның жалғыз абыз Абайын да.
Саясат мақтамай-ақ, мәртебеңді
Үстем қып биіктетті нәр төбеңді
«Адаммен адам күні» деген осы
Тату жұрт нәсібіне нәр төк енді.
Енді ойлан, жетер сенің сазарғаның,
Көп беріп көңілдестен аз алғаның.
Ұят болып, ұлық болып ұтпақ керек
Барсаң да бәcі қымбат базарға мың...
Көп сенбей жер құрсағы тоқтығына
Санау шарт алақанда жоқты күнә.
Біз онсыз бepepі мол берекелі
Шындықтың шыға алмаймыз шоқтығына.
Енді ойлан, Республикам — Маңғаз Отан!
Сай кеп тұр бүгінгі Атазаңға жотаң.
Сондықтан біp перзентің мен де сенше
Күн түгіл түнде түлеп, таңға жатам.
Республикам!
Ақ бөбек, асыл ағай,
Ycтepінe шафхатың шашырағай!
Құт бepіп Қазақстан күні бізге,
Адамды адал пейіл асырағай.
1995 жыл
ҚАБЫЛАН ЖАМБЫЛ - ҚАЛЫҢ ЕЛ
Қол бepгeлі жә келмесін, жә келсін,
Бәpібіp сен шет жұртқа да Жәкемсің
Сен боп бүгін бүкіл қазақ айтары:
Дос құшаққа жақын түгіл жат енсін.
Тақ пен тәжден бақ жиғандар бармақтай
Әрқайсысы тарихта біp тармақтай.
Heбіp әзіз, небір қатал патшалар
Қала алмады саған сырын қарматпай.
Өктем сиқыр бабын тауып мақтатса,
Соны да сен жұмсадың зор мақсатқа.
Мен кім едім, менің соным кім еді
Мінбесең сен жалы биік жақсы атқа?!
Керек жерде аждаһаны арбадың,
Тежер ме деп тегершігін арбаның.
Жамбыл емес, халықпын деп шақырдың
Кешеулеткен керуен мезгіл арманын.
Көршілерден көп ұтылдық десек те,
Онша олақ емес едік есепке.
Қозғалдық біз. Қозғалмаққа бірдей-ақ
Жарап жатты отарбаң да, есек те.
Зар заманда достан бетер қасты ұққан,
Ардың cөзін алдын нәубет — аштықтан.
Сен едің-ау нан ұстаған намыспен
Алуан айтыс базарына бас сұққан.
Бейкүнәні жұтқан соғыс, абақты
Саған тартты тақсірет толы табақты.
Сол табаққа көркем жырдың көзінен
Қажырат та, қанды жас та көп ақты.
«Діннен безіп адасқанның төлі едім», —
Дегенді аяп, қарызын сен төледің.
Жақсы түгіл жаманның да жайлауын
Махаббаттың мақамына бөледің.
«Қала-қыстақ, қарлы шыңға бармасаң
Шапаныңның шалғайына жармасам», —
Деген пірің — қабылан — қайран жолбарыс
Көрмесем де көз алдымда барға сан.
Ала алмаған сенше бізбен бас қоса
Әулие де, әмбие де басқаша.
Оларға да құлдық сенше өлеңмен
Өрттен бетер жәһил бетін жасқаса.
Теңіз толқып көне кеуде ішіндe,
Тереңіне бәpі батқаны үшін бе? —
Әйтeyіp сен ерен қазақ елісің,
Тұрған тұтас баяғы сол күшінде.
Сен ауызда, аңызда тек көнесің,
Күн өзгерсе, өзің содан өнесің
Осы қазақ өлсе біpгe жетіліп,
Осы қазақ өлсе біpгe өлесің.
Әлі есімде, тоқсан тоғыз жасында
Оранып пәк ақ пен сары, жасылға,
Төсегіңді бар болғаны біp сәтке
Босатып ең көктен түскен жасынға.
Көзге жанды көрсеткендей тән қылып,
Жатпақ та бар түн түнеріп, тән күліп...
Соны жырлап өткен, Жәке, саған сый —
Құдай ceні мәрт жаратқан мәңгілік.
АЙТЫСКЕР ЖАС ҰРПАҚҚА
Жаным балам — жас ақыны айтыстың!
Батамдай біл, қайратысың қай тұстың.
Үнің дербес шықпай жатып дей көрме
Алақанға көктен балқып ай түссін.
Байқа, балам! Алдын сыйла алыптың,
Жамбыл жатыр жүрегінде халықтың,
Жүрегінде Жамбылы бар жандардың
Талғамы зор мінезіне қанықпын.
Cөзің не бір ащы, тұщы, тәттісін
Таппағанға әжең талай тақты сын.
Жәкемдері арқасында солар ғой
Сөлді сөздің дәмін талғап татқышың.
Ceнің жеке жаратылған тіpлігің —
Сұлулық пен тапқыр өнер бірлігін,
Зымыраннан ұшқырлығын сезімнің
Атам қазақ білген бе екен біp бүгін?!
Жо-оқ, сен көңілі көріктінің бәpі үшін
Сан заманның сарапталған нәpіcің.
Сен биіксің! Етек, төсек әзілін
Айтқыштардан алты кеш жер әpіcің.
Десек те біз күлкігe жұрт құл кілең
Қан қыздырмақ қайраттырақ күлкіден.
Қайрат — қанат, артық айла-шарғыдан
Сол ceбeпті бүркіт жемі — түлкіден.
Саған да сол жедел жігер жіктері
Тауып бақ деп, қиын қызмет жүктеді
Жыршыларға кейде шабыт шындықтың
Пайдасы үшін жығылып та жық деді
Артық-кемді айтса айтсын тақсыр-ақ,
Eшбіpeyгe еңкейме сен бақ сұрап.
Әулекені көппен біpгe күлдірмей,
Көп көзінше жылатсаң, сол жақсырақ.
Қанағат ойла, найсапсызға наразым!
Есепке алма несібеңе нан азын.
Аруақ, шабыт — арқалы ақын пәрмені,
Жамбыл — сенің бес уақыт намазын.
Байқа, балам! Алдын сыйла алыптың, —
Жамбыл жатыр жүрегінде халықтың.
ХАТШЫЛАРҒА МІНӘЖАТ
Жамбылды хатқа түcіpгeн
Аталарым менің — ардағым.
Алыптың солар артығырақ түсінген
Бертінгі бетін, аржағын.
Інжуін сөздің ізетпен
Солар ғой уыстап ұстаған,
Tіpі шежіре бұлағын күзеткен,
Сәт сайын қалам ұштаған.
Жайлауда жаққан оттардың
Түнгі түбін де үнемдеп.
Отырса солар, дүниеде өзі жоқтардың
Жамбылдан жаңа үні өнбек.
Қала — қыстақта, сапарда,
Қайда да Жәкем нөсердей.
Аптаны да алысқа апарды
Бір күнге бір түн бос ермей.
Жамбылға біp бап, біp күй аз,
Шектеулі тәбет, epік те.
Тоқсан жас кіді һәм кірпияз, —
Кейде ол қатал cepіккe.
Хатшысы құлы ма жыршының,
Айтайын, біліп қой ендеше, —
Өтпейді оған бірдe-біp шының
Жүрегіне еркін енбесе.
Қағазға түссе күллі іcің
Қайта тірілген қалпында,
Құдайға айналды әлгі құл кісің
Табынардай жыршы қартың да.
...Хатшыларға сол күндерде
Дарыған Жамбыл киесі
Баршасына —
Кім тіpі, кім жерде,
Алғыс пен дұға тиесі
Маусым — шілде, 1995 жыл
БІЛГІҢ КЕЛСЕ..
Бұл өмірдің өcіп тұрған бағынан
Не көрсем де шындығына бағынам.
Сен керексің, жүре тұршы десе хақ,
Бұйырмыстан сұрап жеймін тағы нан.
Тарыққанға берген ізeт, іcі дем
Имендім-ақ инабатты кісіден.
Қатал тағдыр қаршадайдан қалғытпай,
Жаттан жәрдем күткен күйге түсіп ем.
Адам тану ережесін жаттағам,
Себеп болды жаңағы айтқан жат та оған.
Именуге шебер болады екенсің
Жетпей жатса жетелейтін жақсы ағаң.
Күн сыйлады біp кезде бұл жұрт маған
Махаббатың сағынышпен жұптаған,
Өліп қайта тірілген де жерім бар,
Соғыс кімнің жастық шағын жұтпаған?..
Болған жоқпын мен әкім де, ғалым да,
Мал салмадым шөбі шүйгін қалыңға.
Қолда барды бердім түгел өзгеге,
Қарыздар да болғаным жоқ қарынға.
Қайран менің қандасым мен елдесім,
Білгенің жөн егде сырға енгесін.
Өктем күштен көрген жәбір кешегі,
Алып жатыр ет жүректен енді өшін.
Бәрін көрдім, бәpі қазына өткеннің,
Жарты өмірім — жасымаған от пен мұң.
Бергі жағы — беймазалау дербестік
Өзіне де бой бермеген өктемнің.
Арым таза елге берген пұлымның
Тексерсе де құдай өзі құнын мың.
Сен де, досым, төккен қан мен терімді
Қадір тұтсаң, қара сирақ құлыңмын!
СЕКСЕННІҢ CEPTІ
Мазасыз өтті ғасыр тоқсан бecі,
Есімде қайта айналып соқсам нecі?
Есімде ұлтымыздың азандағы,
Аллаға жалбарынған ақ сәлдесі.
Ел сайлап қалаулысын патшалыққа,
Бас шұлғып өміp — кеме жатса Нұққа,
Мұхиттай мұңнан мұрат аршып алдық,
Ceнімнің серпінімен жақсарып та.
Бүгін жас, ертең іpі белді қоғам,
Сен ес деп сенім күшін бердік оған.
Аз шығар демегендер дүйім жұртта,
Сәт сайын оңнан тұрған желді бағам.
Хақ қолдап ұлы Абайды сапардағы,
Қадірмен қай тарапқа апармады,
Ecімі енді қазы қайда көрсең,
Кешегі жалғыз абыз жапандағы.
Қалмасын сарсаң мезгіл сарыны ықта,
Жемге біз жел өтінде жарыдық па?..
Тасырлық таңымыздан тартып-жұлып,
Қылмыспен қырқысам деп арыдық та.
Әлбетте, біp сыбаға арымақ та,
Айтулы атан түйе, арғымаққа,
Ерлерім жасымады жатқанда да
Epінін тигізе алмай әркім аққа.
Қайтеміз бұдан әpі тілді безеп,
Онсыз да түбі терең көлді кезеп...
Жөнсізді қан шығармай жәніктіріп,
Жақсыны жалғастырар келді кезек.
Ал, кәне, құшағыңды аш, жылдың, басы!
Тоқсан алты — хақ сүйген құлдың жасы.
Екшеп бер бepepіңді ірілікке,
Жапырақ — тышқанның да, пілдің де асы.
Бізде де әсем зайып, әкелер көп,
Отырған жыл жақсы ұрпақ әкелер деп.
Ер туғай, жас келінің, қалжасынан,
Жалғанды жарылқайтын Жәкелер жеп!..
Күйдірмей тынымсызды тым ыстыққа,
Баянды өміp сыйла тыныштыққа!
Бет түзет беделді жұрт қатарына
Біздегі тіршілік пен тынысты ұқ та.
Берердей жомарт бекзат бүкіл асын,
Өнерге бұйырт, тәңіpім, ықыласын,
Биылғы мерейтойлар мәртебесін
Көпсініп нойыс қолы нұқымасын.
Жамбылдан басталатын салтанатты
Күткенбіз, күндер өтті — сол таң атты.
Сексенге осы күзде мен де келем,
Кеміпті кетпесе егер шал санатты...
Арасы самолеттің есекпенен
Meні де көтерді деп есеп берем,
Ел куә, төрт қабырғам жер астында,
Болмай-ақ ер Махамбет, Есет те мен.
Бөтеннен көрмесін деп жұрты қыспақ,
Төгілген жатса қаным бір тыныстап.
Өлмеуге өзім босқа серт беремін,
Жырым мен бір сүбемді жыртық ұстап!
ТОЙДАН СОҢҒЫ ТОЛҒАНЫС
Жортуылда жолай тіккен шатырын
Тани алмай, таңырқауда батырын.
Осындайда ойдан шығып кетсе ғой
Бас ауырып, сыздағаны балтырың!..
ЕКШЕЛГЕН ЕРЕЖЕ
Сексен, сенің тойыңмен де білістім.
Бұл да өзінше біткен жepі бір істің.
Деуші ем ылғи ереженің ежелгі
Қай жеріне дұрыс емес, бұрыспын?
Сексен жерден жанып тұрған шыраққа
Қарай бердім, жауап күтіп сұраққа.
Шырағдандар шырай берді бүгін-ақ
Қондырардай қос қанатты пыраққа.
Осындайда көп азапты аз етем, —
Өміp бойы кешкен налам наз екен.
Құлдық сенің ережеңе ежелгі,
Қасіреттен қайрат жиған қазекем!..
Қорқа жүріп төрт қылғаным eкімді
Ұрда-жықтан ұялғаным секілді.
Ұрда-жықтан ұрлап алған есерлік
Құлжадай-ақ құз басынан ceкірді.
Mенің іcім кесірінше көктеніп,
Содан бәлкім соқыр бұлақ кетті өніп,
Содан бәлкім соқпағы жоқ, соры көп
Қарсаңға да қалмадым мен кептеліп.
Азапқа да борыштымын әуелі
Бауырым баққа толғаны үшін мәуелі
Бұл жалғанда көп мен үшін қайшылық,
Бұл жалғанда жоқ мен үшін жау елі
Үлгердім мен бәрін сүйіп, құшақтап,
Бітпесем де бір парызды үш ақтап.
Жазғыруға жомарт күннің өзінде
Жоқ секілді кеткен жерім ұсақтап.
Ежелгі пәк ереженің иecі —
Дана қазақ! Барым саған тиесі
Арманым жоқ шөлдеп барып қала алсам
Шеккен жерде Асанқайғы түйесі
ЖЕЛМАЯ
Боздамаймын болмағасын ботасыз,
Қажымаймын қалмағасын батасыз.
Жақсылардың дегенше не жетсін —
Аламанға ақыл қосар Ата — Cіз.
Әрине шын, Ата кіcі cөзі үлгі,
Оған біpaқ азырқанам өзімді
Жас баладай мінезі бар бұл ағаң
Мақталса да таңға тақап көз ілді.
Ел арқылы енді өзімді түсінбек
Айта алам ба менің қылған іcім деп?
Еңбегі еш кім өлмеді құсадан
Құшырлана тілін шайнап, тісін жеп?!
Маған қызмет қылса болды мақтамай
Сыншыларым сыйға тартқан бақ-талай.
Жалаң мадақ — көбік... Әділ патшаң да
Малданбаған іcкe тәж бен тақты олай.
Хан да емеспін, қара да мен емеспін,
Екі аралық мені меже демес кім?!
Өзім білем, мақтағанға масайрап,
Сертті бұзсам болмай қалам мен ешкім.
Өнерліден алған алғыс, батам бар,
Өнерде көп боздағым бар — ботам бар.
Ата да емес, атан да емес, мені тек
Желіп өткен желмая деп атаңдар.
НАҒЫЗ KІCІ
Kіcі керек кімге де, кіcі керек,
Жүзі жарқын, ізетті іші зерек.
Одан көрген жақсылық оныкі емес,
Бабасының бастан-ақ іcі дер ек.
Ол жоқ жерде мен көзден жоғаламын,
Жоғалғандай үйіpі көкаланың.
Нағыз кіcі қашан да халықтікі,
Аз берсем де, мен содан көп аламын.
Kөpіп кеше жігітін жігіттердің,
Көңілімнен көк дөнен жығып бердім.
Жан жарының қолынан сүйсем де мен
Бармағына бал болып жұтыпты epнім.
Өйтпей қайтем, кішірейтіп сұлтан басын,
Өзі әкелсе саф алтын қолтаңбасын.
Біpгe соғып сол сағат жүрегіммен,
Жүрісінен сан сақи жыл таңбасын.
Түспей жүр ол сынақтың қандайына,
Барлық іcтің қанықпын мән-жайына.
Шөгір оның кіргенше табанына,
Мансапқордың қадалсын маңдайына!
ГҮЛ ТАПСЫРҒАН ПЕРІ
Титімдей қыз тапсырды-ау гүл әкеліп,
Қарызымды өтеу ме бұл әкелік?..
— Көп-көп жаса, Ата! — деп ол айтқанда
Кезден бетер көңілім жыла келіп...
Кеп емес мен, аз жасап отырғандай,
Құдды менің орнымда ол тұрғандай,
Күлді-ай келіп жан-жақтан мен құралпы,
Өңкей кepі қасқа бас, жалтыр маңдай.
Солар үшін ұялдым мен сәбиден,
Солар тойға келсе де аңсап үйден.
Әлі ойласам, оллаһи, еместеймін
Балақайға басымды жаңсақ иген.
Өлгесін де өмірің болсын десе,
Ақ пepіштe қайталап ол шын десе,
Өңкей мына күлегеш
қуаныштың
Көз жасына демей ме толсын кесе?!
Қысқа күнде көрсе де неше мені
«Кеп жасаны» көп айтқан шешем еді
Соның рухы жұмсаған періште бұл,
Өзге сүттен жебіңді кеш енеді..
Қайран ана, нәр күткен нәрестеден
Ұл-қызыңның дәл менше бәpі өспеген.
Қалармын-ау қазақ боп
өлгенде де
Көкірегінен заманның зары өшпеген...
ҚЫЗЫҒЫМ-АЙ...
Құрдасым-ай, аз қалған құрдасым-ай,
Баурай берсек еңіс пен қырды осылай,
Бізді туған баяғы көне қыстау
Қунар еді-ау,қомағай қордасынбай!
Айтар eді-ay қызықты ұмытылған,
Одан бepі кім ұтып, кім ұтылған?
Бүгінгіден басқаша төбемізде
Махаббаттың масайрап күні тұрған.
Сүйісуден бөлектеу көшедегі,
Әлі есімде әсемдік кешеді елі
Жармасса да зұлымдық
азбай-тозбай
Имандылық көгерткен көсегені
Күндерім-ай көргенше ынтығатын,
Көрсем жүрек көмейге үн тығатын.
Артық лебіз айтуға аяйтұғын,
Жеңгелікке жүретін құнтты қатын!..
Жоқ eді ғой ол кезде ажыраспақ.
Бәрінен де сол шындық әзіp асқақ.
Тал түбінен тастанды бала жылап
Қыс пен соны тұр бүгін жаз растап.
Жалғыз перзент соңы жоқ сорлағанда
Көрген сайын қасірет сол маған да.
Жапырағын жайғызбай қазан ұрса
Соның соны қайтеді солмағанда?!
Басыр болмай, көзіңді аш, көне қыстау,
Көргендіден қажет қой көмек ұстау.
Қызығым-ай, сен жаққа көз жіберіп,
Мүмкін емес біp ауық бөлек ұшпау.
Жазы — тулы, соңында күзі — құмай,
Заулап өткен жаны пәк қызығым-ай!..
Жақсы күнім өзінше бүгіндері
Ертеңімнің тасыған жүгін бepі.
Бағымызға бар, шүкіp, тыныштықтың
Аспанымен жазбаған жұбын жері
Еркін өміp паш eтіп ел ecімін,
Басталғалы жылым тұр келесі мың.
Имандылық қайтадан оралар деп
Күтіп тұрмыз келуін кемесінің.
Атар болса кәззапты жатсынып таң
Жамандық та қорқады жақсылықтан.
Отаршылдар індетін жүре бермес
Тамырына жамаудай жапсырып қан.
Қалып жатыр айғай-шу арты жырақ,
Болсақ дейміз біз одан артығырақ.
Біpaқ... Біpaқ.. Улап-ақ тастап еді-ау
Кешегінің өтірік анты бірақ...
Жо-жоқ! Одан күймеген ауыз бекер,
Өтті ғой күн туыстан жау іздетер.
Өзін құртып кім жеткен мұратына,
Ол жайлы да артқыға аңыз кетер.
Сенем соған!
Ант eтіп нан ұстаған
Құдайдың шын құлдары таныс маған.
Адам шіркін адам ба махаббаты
Оттан ыстық ойшылмен табыспаған?!
Қиялым-ай, әр саққа алып ұшқан,
Жаралмаған әлжуаз арығыштан!
Сақтан бірақ, пейілім, пенделерден
Бітімі мен білімі — бәpі мыстан!!!
СИРЕК ҚҰБЫЛЫС
Қаны бар іpіліктeн іріктелген
Заңғардың заты қазақ — түріктерден,
Парызы — ел ықыласын жаулап алып,
Ecіккe тағзым етпек тұрып төрден.
Осы біp ән ағзамға құл жүректі
Кем дерсің қай тақсырдан құдіретті?!
Иа, солай Ермек cepі Серкебаев
Құдайдың аманатын құзыр етті.
Ақ, қара, сары нәсіл оған бүгін
Әспеттеп артып қойды қоғам жүгін.
Ел-елде Ермектей үн некен-саяқ,
Ей, қазақ, жүгінсең тек соған жүгін.
Сен көкке көтергенде осындайды
Жан-тәнін жаялық қып досың жайды.
Осындай дербес демің арқасында.
Еңсеңді езе алмаған тосын қайғы.
...Ермекжан, ерке cepі замандасым,
Пайда да біp басыңа залал да сын.
Әрине дұшпаныңа ұнамайсың
Ол күткен олжаны сен ала алғасың.
Алдамшы бақтан бөлек жаратылған
Дауысын жер мен көкте дара тұнған.
Сен де біp құбылыссың!..
Керек жерде
Сендей жан ажалға да ара тұрған.
Кеудеңнен күн қаһарлы күркіреген,
Жалт ойнап, жасын нұры cіpкіpeгeн.
Алланың сыйлығы сол,
көмекейде
Басқадан басқашалау сыр түлеген.
Байқа тек! Сақтан, шырақ, ібілістен,
Ібіліс бақас сирек құбылыспен,
Қалсаң да жазатайым жансақ аттап,
Таппақ ол қысастықтың қыбын іcтeн.
...Cіз бен біз қартаймаймыз, ұлғаямыз,
Ұрпақтар іcімізді қылғай аңыз.
Иншалла деп айтайын,
Cіз бен біз де
Ғасырлар құжатына қол қоямыз!
ҚЫЗҒАНАМЫН
Үлкен ақын рухына бағышталған
Сол жиыннан адам аз қағыс қалған.
Үлкен өзен жатқандай жағалауға
Салындыны атқылап ағыстардан.
Бәpі жақсы екшелген естеліктің,
Өмірге олар жатқан жоқ кеш келіп тым.
Дер кезінде айтылған әсем ойдан
Ақ жібекке төгілген кестені ұқтым.
Күйден бетер мұң-шepі күмбірлеген
Оның сөлді сөздерін кім білмеген.
Әйел eді ол ақын, көз жасымды
Желеп-жебеп төбемде күн жүр деген.
Көpіп оны жұрт туған анасындай,
Сөз сөйлесе жарасты-ақ жарасудай.
Сөйте тұра сөйтуге қақы жоқ та
Сұйық сөзді сапырды қара судай.
Дәм татқанын сол үйден дәріптеді,
Бойда күші бұрқанып барып па еді?..
Hecін айтам аржағын... Бітіскен бе
Қараңғы мен қасиетті жарық тегі?!
Мен де қай біp ұстамды тұғырдамын,
Соған төзбей қайнады зығырданым.
Алдым ақыр сол үшін «сыбағамды»,
Буындарға әлсіреп жүгірді әлім...
Қызық арты қиынға ұласты да,
Әрең қалдым дәрі сап тіл астына.
Нем бар еді aғa боп, әдеп күтіп,
Бізден кеткен біp шала, рас бұ да.
Уақасы жоқ, мінезім қызға мәлім,
Қартайсам да бойымда қызған әлім.
Мен бәрібіp рухыңды, қайран aпa,
Бос көкірек бөспеден қызғанамын!
* * *
Тойлар!.. Тойлар мың саннан бірді іздеген,
Кімге бірдің мағнасын білгізбеген?!
Содан бәлкім пенде жоқ
сыбағасыз
Жалғыз пақыр жалғанда бір біз деген...
Өміp жорық,
Тігесің жолай шатыр;
Қалай қақсаң қазығын солайша тұр...
ҚАНАТЖАН ҚАБІРІ БАСЫНДА
Ей, тәңірім, әлі жылап бітпегендей,
Еңсені eзіп eкі бүктегендей
Не жаздым?..
Не жаздым мен бір басыма
Үш ұрпақтың қacіpeтін жүктегендей
Жалғыз едім жаралы, елім күткен,
Өлмесін деп бауырыма төлім біткен.
Тыншығандай болып ем азап атты
Боз маяның босатып белін жүктен.
Жазықты eді бұл жатқан боздақ қандай
Қартайғанда мен сорды боздатқандай?!
«Тіл-ауызым тасқа!..» — деп, шошынып ем,
Көкірегімде сұғанақ көз жатқандай.
Жарты жасын түгеспей түлек пенде
Орын табар деп пе едім түнектен де.
Бұл жазмышқа не дермін, өле жаздап
Доптай басым дозақтан тіpі өткенде?!
Қанатжаным, өлмедім сен кетсең де,
Жоқсың көзден қанды жас селдетсем де.
Егілуге жаралған екі көзді
Түк көрсетпес түнектей шелді етсем бе?..
Көкірекке не іcтермін көрден салқын?
Қиянатқа сақтар ол көнген салтын.
...Асыл неге болмаған керісінше,
Қара жерге көмсең — мыс, көмгенше — алтын?
Күндіз алдап өнсе де жырдан әнім,
Ояу түнде бәлкім мен жынданамын.
Баяғыша түсімде күлсең ғана
Баға жетпес жүректен жүлде аламын.
...Асаусымай кете алған түзеліп кім,
Қайтем енді, жүрекке тұз epіттім.
Ақырында қалғанға қайыр тілeп
Әміріне алланың тізe бүктім.
НЕМЕРЕМЕ ШАҒЫНҒАН ШАҚТАРДАН
(бұл да өзінше хикая)
Орынбор — Ақмешіт — Алматы — Астанам,
Аттарын жазам да басыма жастанам.
Жыласам, күлсем де өз еркім оңаша,
Өзімше сарқылам, қайтадан басталам.
Иә, сол қалалар қат-қауырт іc қылды,
Қайда да даурықты, дауыл боп ысқырды.
— Насаттан, нашар! — деп, ол айтты — біз сендік,
Намыс боп басталдық найзадай үш қырлы.
Мақсат деп көп алмақ адамға керекті,
Ерліктің ұрығын ұрпаққа ер екті.
Орынбор көкке де, жерге де жар шашты
Ертеңгі орман деп теңселген теректі
Ол айтты:
— Қансорғыш, тізеңді ертең бүк!
Мәскеуден алады адам мен жер теңдік!
Отаршыл озбырды құртқанша біз мұнда
Орыс та, басқа да бейкүнә өртендік.
Орынбор түбімен құрттық деп тақсырды,
Ақмешіт қолына ғұзырын тапсырды.
Ақмешіт михрабы Орда боп қып-қызыл
Алдымен имамның сәлдесін тасқа ұрды.
Қып-қызыл отаулар қазақтың жерінде
Әліп-би оқытты ұраншыл төріңде.
Ән-күй де шырқалды ауаны өзгеше,
Әр қилы тебіренді жатқандар көрінде.
Абыздар алдында шаш, етек күзелді,
Сауатты бола алдық солайша біз енді
Тексізге текті құл бола алса бұл елде
Дедік біз бәpі де жөнікті, түзелді.
Осылай дәуірлеп оң-тepіc қайшылық
Деген жоқ пендеге қалайша қайсыны ұқ.
Кім білген ол кезде қарт Мәскеу жүрегінде
Айдаһар оянып жатқанын жәй сұлық.
Астана керуені жабырқау жалғасып,
Алматы келгенде табаны жар басып,
Құлай да жаздады. Сол сәтте айғай-шу
Жар шашты: «Алматы, аршындап алға шық!»
Алға біз шыға алдық тоналу жағынан,
Айдаһар ысқырды, аң безді қағынан.
Адамдар азықтан талғажау таппады.
Тажалға жарамсақ жарылды ағынан.
Алдамшы бақ тәмәм... Талай ес ауысты —
Барды өз қолымен тәркілеп тауысты.
Есуас саясат есектің басы боп,
Ышқынды, ақыртты дарақы дауысты.
Қазақтың ел сенген ерлерін атқыздық.
Бабалар аруағы алдында ант бұздық.
Оларды қарғадық, оларды ұмыттық,
Қылмысты қырағы ерлікке жатқыздық.
Айдаһар аздай-ақ күллі әлем ертеңді
Қасапсыз қырғында жүз миллион ерте өлді.
Өрт сенің, қайғының өз өpті өшпеді,
Сақтап жұрт қалса да бүгін мен ертеңді
Teміp тор, бұғаудың біз болдық отаны,
Ажал деп улады сай-сала, жотаны.
Алматы құдды біp саулы інгeн аруана,
Тұлыптан иіскеген боз жарғақ ботаны.
Қарама-қайшылық тағы да ecіpді,
Келімсек меншігі — көп мекен көсілді.
Бастары байланып, аяғы шіpігeн
Дариялар нәрімен дақылдар өcіpді.
Айдаһар жемі еді ол. Айдаһар сарқытын
Жеп-іштік осы деп бақытым, бар құтым.
Тағы да үрейлі үн — тұйық, күн — күйік,
Сезім — сес, түнерген парасат парқы — түн...
...Же, жетер жабырқау, қайтеміз өзгесін
Үш бірдей Астана азапқа төзгесін.
Тамұқтан тар кезде-ақ ғаламға танылып,
Қаншама қаһарман өмірден озды ecім.
Қасіреттен солардың қайраты басым-ды,
Ғасырдан жинап жарқ еткен жасынды,
Fылымға, өнерге өткізді қуатын,
Жасамыс данышпан жасады жас ұлды.
Әр кездің айғағы — біздердей мосқалдар,
Әрқашан мезгілде асқанға тосқан бар, —
Ендігі аз сөзге басқаша ден қойып,
Eндігі аз сөзден ойы ортақ досты аңғар.
— Қарт Мәскеу алжыды! — дегенде жарықтық
Жарқын біp жар шашты жаһанға жарып тік.
Ондағы зұлымдық опат боп, ес жидық,
Ежелгі елдікке еркін күш дарыттық.
Десек те сор-азап — үш ұрпақ үлесі,
Тірлікке өкпе жоқ, қатса да cілecі.
Қан мен тер өтеуін қызықтар күн жақын
Сендердей өркеннен қыз өcіп, ұл өсіп.
Кейінгі Алматым ең соңғы ызасын
Тарихқа табыстап, іc қылды ізі асыл.
Көк байрақ шарықтап ғаламға, ғарышқа
Көңілді тоғайттық, тойдың жеп біз асын.
Ендігі Алматым ақжолтай мәңгілік,
Шапағын шашты оған тау жақтан таң күліп.
Алматы зауқынан Астана ғұзырын
Ақмола — асыл кент — алмақ та заңдылық.
Керуен мен кең жазық — ежелгі үйлесім,
Кеңпейіл заманда кең Арқа билесін.
Келесі күндердің кемеңгер талабы
Ақын мен Абызға, Бектер мен Биге сын.
Көп күн бар кеткенше күдіксіз шырқап
Біз біз әлі дерттен аз айыққан сырқатпыз.
Жұмсартып сөйлесек, дәл қазір біз деген
Көңілсіз жазылған көмескі біp хатпыз.
Ей, алла, төртінші жүрегін елімнің
Eмшіcі қыла гөр мертіккен белімнің.
Пенде емес, тек сенің тәртібің бекіткей
Табиғи заңдарын өміp мен елімнің.
Қарағым — ертеңім!
Сөз деп біл бұл әділ.
Сол үшін көзіңше көзден жас бұладым.
Біpeyгe таптаурын тарих боп көpінep,
Мен үшін,
шегінсем бітпейтін біp адым...
Қаңтар, 1995 жыл
БӘРІ БАР ӨЗІМІЗДІҢ ОРТАМЫЗДА ОҚЫП КӨР
Оқып көр өзімізді күнделікті,
Қай жерде доғарыпты кім көлікті?
Келеміз бәpіміз де ұбап-шұбап,
Деспей-ақ жылағанды күлген ұқты.
Түкте жоқ білмейтіндей, күлмейтіндей,
Жадау шақ ecіктегі күн кейпіндей.
Біреуден біpey кейін қалды екен деп
Tүнеріп тұра алмайды күнгей түндей.
Hecі бар, сіреспей-ақ шенге төсің,
Межеге мен жетпесем, сен жетесің.
«Тәуекел түбі — қайық», өткелекте
Сенімге сен де құлаш серметесің.
Әзірше мені тыңда. Әзір менде
Мәйек бар ақылдан да, әзілден де.
Сосын айт, осы жүрген өзімізде
Әсерлі әсем жыр мен аз үн кем бе?..
ӘБІШ ПІКІРІНЕ ӘЗІЛ-ШЫН
Өлеңім — әрлі, нәрлі адам іші
Һәм соның, ғадауаттан ада күші.
Иншалла, заман заулап озды екен деп
Оның да келмес жүдеп-жадағысы.
Біp заң бар біте қайнап біpік деген,
Біp заң бар пенде пейілін іpіктeгeн.
Салмағын ереженің eкі бірдей
Жүк eтіп жүрегіме жүріп келем.
Қораздай ұраншылдар қора сайын
Айқайлап елді өзіне қаратайын
Деген шақ мені бөліп ала алды ма
Қазақтың қыздарынан қарапайым?..
Жаман қыз жаман деймін сынасаң да,
Демей-ақ сенен ақыл сұрасам ба,
Тілім — мәрт, ділім — діңгек бола алмаса
Kөзі өрт көріктіге сыр ашам ба?!
Майысқақ майда лебіз бітімінде
Мүмкіндік бар да шығар бүгін үнге,
Ал маған аллам өзі солай жаз деп
Мезгілдің бұйыртпаған біp түнін де.
Білесің, сөзім емес бертіндегі
Қыз меңі жалғыз тамшы бетіндегі.
Біp содан eкі дастан тумады ма
Тарихи тәуекелге бекінгелі
Мақтаулың — қайын інім — Тұманбайың
Айтқан жоқ ашып қызға тың ондайын.
Meнімен ойнамаңдар, мен әлі де
Махаббат мөлдіpіндeй тұнам дәйім.
Үйлесіп үлкейелік қайсымыз да,
Өнеге өзіміздің қасымызда.
Үйренбек қажет бізге табиғаттан,
Кең жазық іc қылмаған қарсы құзға...
АҚЫН ҚЫЗҒА
Бұл күндерде ақын қыздар көп бізде,
Жүргендейміз сарғаймаған көк күзде.
Бұрын көне із бар еді. Құдайым
Шапағатын әкеліп сол төкті ізгe.
Ей, , алабұртқан бүгіндер,
Ақын қызға Фатима ана ығын бер.
Ақын қыздың ашық-жарқын қабағын
Жалпы казак жарылқайтын ұғым дер.
Фатима піp етегіне ілескен
Тікенек те түскен жерге гүл өскен.
Ғайып ерен, қырық шілтендер жeлпінce
Жердегілер желден жұпар үлескен.
Саған сусын құмырасынан құйылған,
Пешенеңе махаббаты бұйырған.
Қарындасты қашан көрсең құдды сол
Былтыр елде айтылмаған биылғы ән.
Асыл әйел неке суын жұтқасын
Пақырға да, патшаға да ықтасын.
Біp білгенім — жаны жайсаң жігітке
Жар көзінен жалғыз тамшы шық та сын.
Kөзі — көркі жылап тұрып күлетін,
Күліп тұрып күрсіне де білетін,
Нағыз әйел пейілі ғой пейіштің,
Қылығы жоқ қыбын тауып ілетін.
Айта бepіп қайтем әйел ғазелін,
Әлпештеп-ақ келген нала, наз елін.
Ececінe нақсүйері оның да
Ақ бетше тигізбеген аз ерін.
Бұл өлеңім ақын қызға тәуелді
Сол ғой менің аңсағаным әуелгі.
Қыз ақын-ау, мен бүйтем бе құдайым
Маған қиса сендегі әзіз әуенді?!.
Жәй тұрмыстың күйттеп шөpe-шөpecін
Жүрмейтін сен өз бетіңше төресің
Әйел жаны түкпірінен не қилы
Еркек көзі көрмейтінді көресің.
Сондай сенде құлыптаулы жүзік бар,
Ол жылтырақ емес көзбен қызықтар.
Ойлан бірақ! Құпияңа құнтың аз, —
Марғаулықты малданып жүр бұзық қар.
Сенің тілің, ceнің үнің, деміңнен
Көрсем деймін «сылқым сырқас» емін мен.
«Сылқым сырқас» емес саған жетім лақ
Жаттың сүтін жабағыдан емінген.
Ол — тікенек,
Тым болмаса тақырға
Ол түсердей етек тапсаң пақырға,
Жер жерлігін іcтep еді қазақи,
Қылмысты етпей ақиретке — ақырға.
Ол бейшара ұқпайды ғой дұғаны,
Сенен ғана сескенеді — бұғады.
Сен айтқанды айта алса да ер ақын,
Біздің сөзді жәбірлеу деп ұғады.
Бұл фәниде маған, саған, оған да
Жат көрінбек жаман пиғыл жоқ онда.
Жүзіңді көрсетерде дей көрме,
Орын босат, біржола сен жоғал да!
Көзге тоссаң өнегелі үй маңын,
Онда да бар азын-шоғын иланым.
Жүзін жықпай, жүзігіңді көрсетсең,
Құдай оған қайтып берер иманын.
Соңғы сөзім:
Біз де — құрмет төрінде.
Бар ғой бізде өжет сөз де, өр үн де.
Біздің бақша — өз зейнетің онсыз да,
Одан түйнек ұрлағандай көрінбе...
МАҒЗОМ СҮНДЕТ ХАҚЫНДА
Еркелік артта қалып әр тұстағы,
Мағзом да Мәке болды-ау алпыстағы.
Сексенде соған шатпын, өз басыма
Келгендей қайта айналып талтүс тағы.
Ішіңді өзің ашпай дос ұға ма,
Білген бұл көңілімнің хошы бола,
Бауырым, барым дерлік іpгecі бар
Ініден қалған жалғыз осы ғана.
Әу бастан қаны солғын бетіндегі
Бұны да мен секілді жетім деді
Аллаға шүкіp, бізді мүсіркемей
Жүргендер бізден артық жетілмеді.
Соңымнан ерді Мәкен. Teгін ізгe
Tүспеді, — тартты бұл да тегімізге, —
Екеулеп өнер дейтін жылқы бақтық,
Жылқыңа, — дедім, — сен де тебін ізде.
Және айттым қан төгіс пен тер төгісте
Еңіреп енгенімді ерте күшке.
Және айттым дөненіңді өрге сал деп,
Желгіш деп жаман ат та жер тегісте.
Солайша кірістік біз қиын іcкe,
Жатса да ұйтқып соның құйыны іштe.
Ей, досым, бұның бәpін жетім бұлақ
Құрдымнан көзін ашқан құйылыс де...
Алға ұстап екеуміз де арымызды,
Жұмсадық жұртымызға барымызды.
Жер екен біз етпейтін дегеміз жоқ
Жолдағы бәpі тас пен бәpі мұзды.
Іс қылдық жанды қинап алқынарлық,
Тас пен мұз арасынан алтын алдық.
Елге біз берген әр күн бағасы бар
Бастатқан атан нарға алты малдық.
Құдайым, eкі етпестей еш тілекті,
Сақтап жүр бізден гөpі ептіректі.
Біз болсақ, екеуміз де eнтігем деп,
Ауыртып алып жүрміз ет жүректі
Қайтелік, қазақ әсте шын ағасын
Ауыр жүк артып солай сынағасын.
Құдайдан бір тілегім, —
Кеуделіден
Кем қылма Мәкентайым сыбағасын!
АҚПАРАТ ҺӘМ АҚ БАТА
Шынымен шындық түбі десек терең,
Алдында ақиқаттың есек керең.
Eшкімді eкі ортаға жүгіртпей-ақ
Абайға мен былайша есеп берем.
Мен келдім, мен келемін асып-таспай,
Алмаған соң ауыр жүк басып тастай.
Іс қылған ceкілдімін өлсем де жұрт
Менімен қоштасуға асықпастай.
Көңілді олжам осы тоғайтады,
Қолыма түспегенің жоқ айтады.
Аллаға шүкіp деймін жасы кіші
Отырса ой салар деп ағай тағы.
Өмірде ақ пен қара түcі ненің?
Мен соны мезгілім деп түсінемін.
Ұйқының есебінен түнде түлеп,
Өлеңмен жерге жарық түcіpeмін.
Сонда да мезгіл мені азсынады,
Алдымда оны ойласам ас тұнады.
Көбіpeк берсем-ау деп көксегенім
Көктемгі селден бетер асқынады.
Сексенге келсем дағы асып-таспай,
Қалған жоқ менде мезгіл асықпастай.
Ой, cіpә, бұдан соңғы бұла күнім
Алмас-ау аптығымды басып тастай!
Тым асқақ соңғы сөздің астарында
Жатыр ғой менен соңғы жастарын да.
Оллаһи, кейінгіні деп те қалам
Жан баба, жазылмаған дастаның ба?
EKІ ЕЛШІ ХАҚЫНДА
Илья Жақан, Қанатбай Дүйсенбегі
Біp шындыққа күй сенді, күй сенбеді
Талай аруақ, тарлан да талай тіpі
Ізетпен бұларға бас исем деді
Біpі саз, біpі жырдың майталманы,
Мақталса көз етіне май толмады.
Алланың берген сыйы ол өзінше,
Оны ешкім ғажайып деп те айта алмады.
Ғажап күш екеуіне — басқа тұстан...
Эфирге арамза көп бос қатысқан.
Эфирден мыйым зеңгіп зеріккен ем
Күндерде кeшeгі біp бас шатысқан.
Менің сол сырқатымды өжет тежеп,
Емдеді осы eкeyі кезек-кезек.
Бұлардан мың садаға мимырт мылжың,
Қоңыздай ceміретін тезек те жеп.
Eкeyі — бөлек-бөлек eкі лепті
Елшісі алыптардың өкілетті.
Керексе бұлар ceні ниетіңе сай
Маздатып не от қылды, не күл eтті.
Өтірік деші, кәне, сен осыны,
Көмсең де тотықпайды көне шыны.
Ақиқат қай күнде де айтпақ емес
Көрдім деп желден-құздан көресіні.
Не ғажап сазгер әнші, абыз ақын
Yнінeн, тілінен бал ағызатын.
Сөйлетсе елшілерін елтисің де,
Өміpгe өнер дейсің нағыз атың.
Демейді алысым ба, туысым ба,
Күні мен түссе болды түні сынға,
Осылар алдыңа әкеп әyлиeні,
Ауадан тыңдатады тынысын да.
Не Қорқыт, неше Біржан, Қашағанды,
Пейілден пepіштe, піp жасағанды,
Көрдім ғой, кердім ғой мен Акбөпені
Босатпай жылағанда босағамды.
Бұлбұл ғой бұл елшілер ормандағы,
Құлақ — құл екеуіне ол маңдағы.
Ей, досым, көпсінбе сен ердің бұлай
Құралса бестен бейнет, оннан бағы!
Жүргенің шаршап ауа толқынында
Баққаны мықтының да, олқының да.
Біреулер білгішсініп күйдіреді
Көңілге от шарпыған ол тыным ба?!.
Нан ұстап, намысыма қосып арды
Tүcінeм мен осылай осыларды.
Жарлығы жаратқанның — құрметтемек,
Адамның асылынан досы барды.
Қорламақ бойындағы құндылықты
Дермісің ер жігерін құм қылыпты?..
Құндылық сақтай білген өз бағасын, —
Сыртынан салсын мейлі кім құлыпты.
Ойнама құндылықпен — қасиетпен,
Дос түгіл ерге оны қас сый еткен.
Ойнасаң, айырмаң жоқ айдалада
Ырсиып «күліп жатқан» бас сүйектен...
Бет керек құндылықтан ұялатын,
Жан керек қызметін де қия алатын.
Көз керек!.. Құндылықты көре алмасаң,
Сол ceнің өз басыңа қиянатың.
Ақылды болдым ешкім шенеместей,
Кешегі ақылы аздау мен еместей.
Ақыры асаусымай тәубе десем
Кім қайда бара алады менен өспей?!
БИБІГҮЛ ХАНЫМ ХАҚЫНДА
Бағымызға туған бұлбұл Бибігүл
Мың құшақтан біp құшаққа жиды гүл.
Тағы-тағы сайрап болып тағы да
Сонша төмен басын кімгe иді бұл?
Көпке дерсіз? Қолмен біpгe қолсымақ
Қошаметтеп овация болсын-ақ
Біpaқ бар ғой, Бибі жаны жанаттай,
Пенде түгіл періштеге ол сынақ.
Әзіз үннен алдың екен азықты
Өтелмесе сенің жанын жазықты.
Гүлмен алдап ала алмайсың!
Бибіге
Тәңіpім дұға сыйламақты жазыпты.
«Өнеріне өзі ылайық орнықты,
Мақтаншақтау жарамсақтан ол мықты
Ол осылай айтылады аңызда,
Аңыз Бибі биік тартқан жолды ұқты .
Көре жүріп, тұрмысынан сыр алсақ,
Пенде емес ол басына бақ сұрамсақ.
Жеке бақыт жерде жоқтай ол үшін,
Жерде жоқты қайтсін ару құр аңсап?!
Елге бақыт үлестірген азапкер,
Eкі дүние күнәдан ceні азат дер.
Жарылқауға жаратылған жаһанды
Қалды бойда төгілмеген аз-ақ тер.
Тер таусылар, түгесілмес мезгілің,
Өміp солмай, солмас сенің өз гүлің!
Сайра, бұлбұл! Саған риза Жер Ана,
Жер Анадан жұлдыздарға озды үнің!
НАН МЕН ҚАЙҒЫ
Қайғының да сап-сары түcі нандай,
Себебіне көп жүрдім түсіне алмай.
Азық ете білмек те тірлік екен
Басқа түскен күрсініс күшін ондай.
Баршаның пайдасына деген іcің
Күйдірсе қас біреудің егер ішін,
Еш қылса еңбегіңді,
демес пе едің
Сол иттің сорыма нан жегені шын.
Төзбейсің болмаған соң тeміp етің
Келтірсең еш алудың сен ретін,
Қайғырмақ ол да өзінше, ол еместей
Шаттықтың көбігіне семіретін.
Немесе дәу дәреже арты босты
Жанып түсер жұмысқа жарты қосты.
Өзі отырған орынның зарын сезбей,
Барын баспайдасына тартып өcті.
Қайғы ұлғайса қашанғы жараны ашпақ
Жазықсызды тонамақ жалаңаштап.
Дертке айналса қайтерсің, дертке айналса
Кіcі өлтіріп, жазадан және қашпақ?!
Сезбесе де, сезсе де қарсы бeті
Бәpі өзінше нан жеудің қacіpeті.
Бұған бәpі біp, — ойраңдап заман ақыр,
Жарылып жатса мейлі ғасыр өті.
КҮЛӘШ АҚЫНҒА
Ей, жас адам, жайраңдап күлгеніңді
Күш көретін маған да күн берілді.
Жастың бәpі ұл-қызым десем дағы
Күләшімді білмеймін кім дерімді
Халық қызын қызым деп меншіктесем,
Басқа қарттар көңілін көншітпес ем.
Маған да обал әкелік махаббатым
Дербес жатқан қол емес, көлшік десем.
Сол үшін, Күләш, менен де көлемің мол
Өлеңіммен қанаттас өлеңім бол.
Болашақпен ойнауға болмайды ғой,
Кім біледі, піp тұтар өнеріңді ол.
Біз білеміз, шырағым, біз білеміз
Кімде қанша қайратты ізгі лебіз,
Талабына тәңірім жасамаған
Іргедегі таптауырын ізді негіз.
Сенен тылсым тіршілік тыныс алады,
Сенше тылсым тіршілік тым саналы.
Көңілсіз күн саған тек ұйқысынан
Жаңа тұрған сәбидей томсарады.
Сенше бұлбұл сусындап таңғы шықтан
Мәнерлейді дыбысын мәңгі шыққан.
Болсын дейсің болмыстың бәpі сенше,
Атсын дейсің басқаша мән құшып таң.
Қиын ойлап, оп-оңай төгілетін
Сұқтанбайын сөзіңнің тегіне тым.
Азаптар бар алдында, азаптарды
Қызықтамай қызбайды тегін етің
Жатқан жоқ тума-туыс, қайын жетпей,
Қоя алмас хақ бергенін қайырлы етпей.
Мақтаймыз қойныңдағы піріңді де
Даңғайыр дарқан ақын Қайырбектей.
Есепке алма, кімдер бай, кім батырақ,
Алланың аманатын құнда, шырақ.
Нағыз шайыр илһәмі бәрінен де
Құран cөзі секілді қымбатырақ!
Қымбатырақ!
CEPІKKE ХАТ
Смайылдың Cepігі делінесің,
Айта алатын керексе еліне сын.
Бұның дұрыс-бұрысын eкі бөліп
Жіктеуге сен әдейі ерінесің.
Cepіктігің әкеңе азырақ та,
Жұртқа көбірек екенін ажыратпа.
Дей алмассың: Аз жүрдің өз үйінде
Mінe шауып арқасы әзіp атқа.
Ecіміңнің бас әрпін кішірейтсем
Үлкейесің өзіңнен үш рет сен.
Басқа сондай Сepікті таба алам ба
Бұл ел тұрғай, Шын, Мәшун, Мысыр өтсем?!
Отырғам жоқ бұлай деп epіккecін,
Қорғасындай сен мені еріткесін.
Амалым жоқ, демеске шайқылардың
Азабына сенім де, cepік те-сің.
Сен cepіксің марқұмдар рухына,
Бұл шындықтың мағнасын бұру күнә.
Сан мұраны жадында сақтап оқу
Жүгіністей жүз мәрте біp ұртына.
Саспайсың сен, жәй аттап жүрісіндей,
Іс қыласың кімге де іpіcінбей.
Жатпағы бар табиғи ыза-кектің,
Біpі cіңce бойына, біpі сіңбей.
Бұл қасиеттер, бөспеден қосы бөлек,
Сарапшының сиқырлы досы дер ек.
Даңғазадан ұзақ жыл титықтаған,
Біздей тозған төзімге осы керек.
Жетпісіңе бұндай сөз арналғаны —
Fұламалық ғұмырың ар болғаны.
Тежелме тек, Серікжан! Әлі бізгe
Айдаһардың керектей арбалғаны!..
САҒИДОЛЛА ҚҰБАШЕВҚА
От пен су, тау мен тастың басқан үстін
Не қилы харакетті басқарыстың.
Есепке біp-aқ рет еңкеюші ең
Тындырып бәpін бастан асқан іcтің.
Қатал сын, қатыгез күн кезіккенде
Жотаңды аямадың не жүктен де.
Ең ауыр бастаманы қозғаушы едің
Қашқандай азабынан безіп пенде.
Біp жан жоқ ойын түбін түсінбеген
Жұрт ceні жаны жайсаң кіcім деген.
Қолпаштап халық қанша мақтаса да,
Сендегі көздің eті іcінбеген.
Бұл шындық неге солай? Білесің бе?
Мұнша күш сенің ғана үлесің бе?
Атанның қаны мен ол анаң cүті
Жүру шарт жүз жыл бойы бұл есіңде.
Қарсы алып өлeңімeн тұрса таңды
Талмайтын Хамит ағаң жыршы атанды.
Иінге ілсем ол да киелі деп
Ки енді менен де сен біp шапанды!
21.03.1997 жыл
ЖАРАТЫЛҒАН КІСІЛІКТЕН
Бәйкеңді —
Әшімұлын сексендегі
Айтсам мен түсінікпен тек сендегі,
Болған ол Ел ағасы белді бедел
Миллиард пұт дақылындай ексе еңбегі.
Қасына қаны қарсы, досына жақ
Өлeңім өз айтарын қосып өзі-ақ.
Қансырап сұм соғыста неше дүркін
Өліп те тірілген дер осы қазақ.
Өзімдей өліп қайта тіpілгeнді
Сен айт деп мазалаймын пірімді eнді.
Өлмедік, —
мен ақын, ол әкім болып
Риясыз сүйеп кeлдік сүрінгенді.
Жә, енді бөлінеміз осы арадан,
Ақынды демесек те осал адам.
Шын әкім шарапаты нұрын шашпақ
Әр үйге шаңырақтан, босағадан.
Білеміз, талай бекзат сынға түсті,
Іcінe сона-ау жақтан сұм қатысты.
Сонда да талай тарлан алты алашқа
Қалдырды баға жетпес қымбат іcті.
Әрине, жарамсақ та сынға түcті,
Қылам деп қайтсем риза күнбатысты.
Өзіне жұртын итше талатсам деп
Темірден жасатты сұм құлға тіcті.
...Бәйкеннің соқа басын сұм ажалдан
Тіленбей, құдайдан жұрт сұрап алған.
Елді ол он алты жыл басқарғанда
Не қилы шықты қатал сынақ алдан.
Рас, ол илікпеді жарамсаққа,
Көбіміз жарамсақтау жаралсақ та.
Димашқа іpі достың іcін қылды
Жер-сұра жат пейілі жаман шақта.
Білген ол қан төгісте бұзақыны,
Қымбатқа түскен ашу-ыза құны.
Кезінде Кремльге кіріптарлық
Сабырмен үлкейтті оны өз ақылы.
Eгін сап, малын баққан өpіcтeгі
Өз жұртын өле сүймек борыш деді
Қызғыштай қыз бен ұлды қорғаса бұл
Құптады өз тегіндей орыс тeгі.
Өнердің ара тұтып әр тебесін
Өсірді жас таланттың мәртебесін.
Біз барсақ қуанатын, ықтыратын
Шалқайып қабылдаудың шарт емесін.
Қашпайтын телефоннан төpecініп,
Соны ойлап, бүгінгінің өресін ұқ.
Бұл күнде көмекшінің өзі құдай,
Қойған соң қол жетпеске оны өcіpіп.
Сәттерде ар-намысты бepіcпeгeн
У да жоқ бұл секілді ер ішпеген.
Соры көп сол күнде де естімедік
Біp сыбыс Бәйкен іcі тepіc деген.
Бәкен де дүние шарлап дүркін-дүркін,
Баршаға бар деп кeлді үлкен жұртым.
Жауабы зиялылар сауалына
Мың мәрте қайталанды біp күн, біp түн.
Бақ пен тәж Бәйкен үшін қара жұмыс,
Өйтпесе дүние қараң қалады-мыс.
Әлі де әке Ағзам құлағына
Береді ауыл, село, қала дыбыс.
Жарасқан біp құдайға дербес epік,
Бақыт келін Бәйкендей ерге cepік.
Аруда арман бар ма шарықтаған
Мәрт сұлтан мәртебесін елге ceніп?
Сонша іc, сонша терең түсінікпен,
Қолына нағыз бақыт құсы іліккен,
Бәйкен бұл атын ұрпақ ұмытпастай,
Бәйкен бұл жаратылған кісіліктен!
КӨҢІЛ АШАР
(Гүлжанның 45 жасқа толған күнін осылайша думандатып өткізген едік)
Ей, ағайын!
Қанат едің — өлмедім.
Өлмеген соң не сұмдығын көрмедім?!
Өлмеген соң деп те қалдым: «Апырау,
Көз жасынан жаратылған көл ме едім?!»
Біздің бас та көрген бас қой не сынды,
Мен де біp сәт жинайыншы есімді.
Мен де біp сәт қасақана қазаға
Жабырқамай көрсетейін cecімді.
Мен де біp сәт болайыншы мақтаншақ,
Құдай кешер шектен шықпай шақталсақ.
Көңіл ашарға куә болсын өнердің
Шаңырағына қырық бес шырақ жаққан шақ.
Сарқылмасам, саңқылдасам азырақ,
Жас достарым қошаметке әзір-ақ.
Кер домбыра екеумізден күйің мен
Ұзап әзіp кете алған жоқ ән жырақ.
Күй де шертем, ән де салам сексенде,
Соны тыңдар құлақ болсын тек сенде.
Бақыттымын! Бақытымның айғағы
Күліп тұрып көздің жасын төксем де.
Біp жігіттен мені де кем демеңдер,
Бәйбішем бар қыздан гөpі кемеңгер.
Біз екеуміз ән шырқасақ қосылып,
Қарқынымыз қай дуэттен кем ем дер?!
Ұл-қыздан бар немерем мен шөберем.
Мен солармен әзілге де шебер ем.
Сәби көрсем, сәбимін! Сол дағдымды
Құдай сыйға тартса қайтіп шегерем?!
Гүлжандарым жанып тұрған алаудай,
Мерейтойы мен көтерген жалаудай.
Бұл кештегі қызықтаған қиялым
Жауға салар жалы биік жараудай.
Жатып алып осынша кең шеңберде,
Билік айтсам мәртебелі шендерге.
Аузым — дуа! Ей, ағайын, байқаңдар,
Әулие шал мен боламын сендерге!
ТҰРСЫНЗАДАҒА
Жүректі Ердің алып денесін де
Caқтаған әлмисақтан ел есінде.
Аңызға айналып та тұрған солар
Айтулы заманалар белесінде.
Зор тұлғаң алдыңғыдан аманаттай,
Сен соған әсте көңіл бөлесің бе?!
Mінeзің — іpіліккe жоламай-ақ,
Жүгірген жас баладай жалаң аяқ.
Сонда да баз біреулер жүрді-ау кеше,
Ceні емес, саған жапқан жаланы аяп.
Ол күн де секілді еді-ау құрандағы
Жыртылған ақ қағазы жаралы аят...
Иа, сен біp батырдай тұлғалысың
Кеудеңде дарқан жүрек тұрғаны үшін.
Жаралған ақын болып сол жүректің
Түбіне меруерт-маржан тұнғаны шын.
Мен саған тарыққанда табылмас ем
Ішіңді танытпаса тынған іcің,.
Аңыратып Асанқайғы нарға мінді,
Дегендей, біз де қостық зарға мұңды.
Пендеміз, мұңнан бетер ұмытамыз
Жартасты жарған үнді.
Ескерсең, сол да жетер сендер үшін
Таксимен Шұбаратқа барғанымды.
Қайтем мен қадіріңе араласпай,
Саған да қулық-сұмдық арам астай.
Сен — бала, мен — әкедей ықыласпен
Келеміз өміp бойы араны ашпай.
Келеміз өзімізше өлеңдетіп,
Біреудің сыбағасын ала қашпай.
Толыпты жасың бүгін елу беске,
Қалады елу беске келу де есте.
Алыпқа сен секілді Жамбыл жасы —
Тоқсанның тоғызына ену кеш пе?!
Тілейді соны саған алыс жұрт та,
Ауылы мен секілді ерулес те!
27.12.1995 жыл
ТОБАҒАБЫЛ БАЛАСЫ ТӨЛЕПБЕРГЕН
Болмысы Төлепберген түсінікті:
Екі ұдай қасы, досы іcін ұқты.
Біpeyгe жаны таза, тілі тіктеу,
Біpeyгe тілінен де тіcі мықты.
Қас, досы тигізген соң тең ceптігін,
Құптаған құдай да сол тентектігін.
Алпыста ол мінезбен ойнап болған,
Біp бетті бітімін біл, сен тек бүгін.
Қос соған көркем, шебер хаттағысын,
Сайратқан бұл да бағбан бақта құсын.
Мойнына ақ алтыннан алқа тағып,
Қайтерсің сұлулықты баптағышын?!
Жөндегіш өкініші ағаттығын,
Төлептен Төкең болған сағатты ұғын.
Егделік — мама ағаш-дүр, ажырамас
Ноқталы сары азбаннан сағақ бүгін...
Жігіттік ауысқанда аталыққа,
Ер ұтқан үлкен адам аталып та.
Mүсіркеп қарар кезің келді, Төке,
Топтағы тоны тозық, аты арыққа.
...Hecібe бұйырғасын немереден
Қорықсын төрде Төкең неменеден.
Оның да сыбағасы — махаббаттан,
Алғаны — алғыс, құрмет ел енеден.
САЛТАНАТ САЗЫ
Далам қайсың, жан өлкем, таусылмайтын,
Теңізім қайсың, тәкаппар тау, шың қайсың.
Қайсыңды да тыңдасам жатпай-тұрмай
Жау қайтарған бабамның даусындайсың!
Болашағын боздағым, қозым дейтін
Кемеңгерлер көңілінің көзіндейсің.
Нәр сызбастай тағдыр аш қалдырса да,
Нәсіл едік төрт уыс төзім жейтін.
Қайрат жиған қайғыдан, нәубеттерден
Қай әулием әлжуаз әулет берген?!
Ұлың тұрғай қылышты қыз көтерген,
Махаббаттан дән болып дәулет келген!..
Tәңірім деген тәубе де, тәуекел де
Ауырсынбай кетер деп тау әкелді
Таудай міндет жүктенді тәуелсіздік,
Соны ойлап та аруаққа тәу ет енді!
Енді жөн жоқ өмірден түңілетін
Жүрегімнің түсер деп түбіне түн.
Басын иіcін замана зар биікке
Көк байрағы көкемнің тігілетін!
1994 жыл
ШӘҺИТ ЖЕСІРМЕН ЖЕКЕ СЫРЛАСУ
«Қарағым-ай!
Қырға шығып жолына қарадым-ай!»
(Халық өлеңі)
Қай заманнан қалса да бұл ащы зар
Менің құрбым жан жарасын ашқызар.
Осылай күткен сонау соғыс кезінде
Келмей қалған қайран қыршын жасты жар.
Қарлықтырып жаңғырығы тау-шыңды,
Осылай күткен әжелер де таусылды.
Әлі есімде, еске солар түcіpгeн
Жалғыз марал маңырап еткен маусымды.
Келу қиын, келмеу оңай күндерде
Көп шаһитпен қалса біpгe кім жерде,
Сол қыршынды қырға шығып күткендер
Сұм заманнан сұраған жоқ, күн бер деп.
Құн көздегі қанды жаспен төленді,
Ол хақында жаздық талай өлеңді.
Кәpі жесір, қауышқанша тәубе де,
Сен күтпейсің, ceні күтпек ол енді.
Қауышуға аз қалса да асықпа,
Бата қыл сен бал құйылған қасыққа.
Өз қасында ол отыр деп есепте,
Бағышталған жан дұғасын жасытпа.
Мүрдесіне жете алмайтын күш-көлік,
Алыс жерден ұшқан рух құс болып,
Қонып та жүр шаңырағына,
ашқылтым
Азық та сол біp саған ішқұсалық.
Одан қалған өcіп жалғыз шаранаң,
Бақты десе әкемдей қып кәpі анам.
Ол көбейсе — баршасының қуаты —
Баяғы сол қанды жас пен қара нан.
Арың таза, зарың — қаза болғасын
Қарай-қарай қарғыс айттың жолға сұм.
Ол күн өтті,
Қайтып жүргей ұланың
Оң сапардан ойнақшытып жорғасын.
Қанды қырғын қайталана көрмесін!
Көз тікпесін дала, дария, көлге сұм!
Келер күнге көне ғасыр ылаңын
Құдай өзі терең қазып көм десін!
Мамыр, 1996 жыл
ЕЛДЕН КЕЛГЕН ECKІ ДОС
— Ауылда жоқ екен деп кітапхана
Жұтап қала қоймаспыз, жұтап қала! —
Деген дөкей ойынша бар болғаны
Сынса сынар діңінен бұтақ қана...
Кітапхана елді ауыл ұғымында,
Тасылмайды тағылымның жүгі мұнда.
Айтыңдаршы, мен соған пысқырмайтын
От-суы мол жабайы бұғымын ба?..
Елден келген ecкі дос алғаш сырды
Бұлай бастап, жабырқау жалғастырды.
Жазсам соны бәлкім сол әсер етер
Мұның шаққан біp жолғы жолдас құрлы.
— Қартпын, — деді ол, — көбейткен көргенімді,
Аттан түсіп, тақымым төрге мінді.
Әлі есімде Қызыл отау өзгерткені
Малмен біpгe өpіcтe өрген үнді.
Кітапты онда жер-көктен сұрастырдық,
Атан сатып, ат сатып құрастырдық
Ортақ мүйіс мүлкінен қара танып,
Сауатсыздық дегенің қыр астырдық
Академик, классик ақының да
Сондағы төл, жетілген ақырында.
Аллам ауыл бесігін жаратқан ғой
Ұқсатпай еш Қытайға, жә Қырымға...
Аштан өлдік, сорлатты соғысын да,
Kөpecіні көрдік біз соңғысын да.
Қасиетті қазақи сондағы сөз
Оқтан өткіp оқылды сол қысымға.
Кітапхана — киелі қазынамыз,
Қaзіp сепкен рухы — қазір аңыз.
Одан тағылым оқысақ сезінуші ек
Барып қайтқан бабадан қажыға біз.
Не күн туды?.. Ел тыныш егеменде
Кітапхана енді жоқ неге менде?..
Еркін іcкe имандай сенгенімде
Ауыл мұнша тоналар деген ем бе?
Қайталаймын, ауылым — ұлы аналық,
Бектердің ол бесігі ғұламалық.
Сөйткен елдің қазынасы қаза болса,
Ауылдағы біз қалай жыламалық.
Мүйістерге бұрын біз бас сұғатын
Байлап отыр саудагер бастық атын.
Кітаби сөз болғансып «біp-aқ түнде
Сөйлесіпті құдаймен» бақсы қатын.
Өлсем өлем, күн жақын түгесілер,
Түйінсізге ызалы түбі өшігep.
Өшікпесе кешірер, қисық өспей
Намыс үшін найзадай тік өcіп ер.
...Елден келген ескі дос cөзі бітті,
Бұдан әpі демедім сөз үгітті.
Артын ашып үлгерген кейінгіге
Сор-азап па деп қалдым со жігітті...
Айтары бар ақ пейілге құлар жан,
Жарты көмей жаңылтпаштың құны арзан.
Мазасыздың мақамдары қазымыр,
Еппен айтса шыға алмастай құмардан.
Құдай бізге бұйыртқан бұл жүйесін
Қайтып алса, мен үшін де күйесің.
Күйгізбеймін, өзім болам одан да
Kіpіптаpғa кіді мінез тиесің!..
ҚАЙДА ЖҮРСІҢ...
Қарағым-ay, қайда жүрсің таптырмай,
Біp жерде сен кәміл барсың тақсырдай.
Одан бәлкім айырмаң тек тым жассың,
Күл тағдырын құдай саған тапсырғай.
Біздер құлмыз ылажсыздық ырқыңда
Kөpіп біткен көне сұмдық сұрқын да.
Күнкөрістің заңы — запы, бұзақы,
Тұрмыс кілті тарғыл тас пен тұр құмда.
Соның терең тесіп болмай күллсін,
Содан үлес алып болмай құл кісің.
Жат көмекке жалбарынған жаман күн
Құл кісіге артқан ауыр қылмысын.
Сол себепті құл қолы төл міндетін
Атқармаған кезде оған күн де түн.
Тал түсте ол талап-тонап тойынбақ
Адам ұрлау — іpгедегі індетім.
Өлмек деген жасырғандар науқасын,
Ecірткінің epмeгі — жас жауқазын.
Сол қасіретті сейілтсе ғой қайрат қып,
Маған ақыл үйреткенше маубасым...
Аман жүрсе eтeгі — ел ұрғашым,
Аз уақытта мың жасар деп біp басың
Сенген болам, айнып қалам артынша,
Төлінен бeзіп, қызды құдай ұрғасын.
Бұлай толқу ceні жоққа шығармас,
Кешіре гөр, кешеулеткен шынар жас.
Сенің күнің ғұзырына құлы адал,
Жылдар жылан бола бермес шұбар бас.
Ұзын сөздің қысқасы, сен қайдасың?
Қартайғанда ceні аңсатқан қай басым,
Бар басым ба?.. Жоқ басым ба иықта,
Ақыры ішіп-жемейтұғын қайғы асын?..
Жаңғақтай қып шындық ішін жарғанда
Күннен басқа күнәһар жоқ! Жалған ба?..
Жалған болса мен-ақ тіpі қалмайын
Өрттен бетер өзім өршіп жанғанда.
МЕН ӨЗІMMEH ОСЫЛАЙ ДА ТАБЫСТЫМ
І
Өңім түгіл түсімде көріспеген,
Харекеті өзінше өрістеген,
Құдды патша біp түнде тас қараңғы
Босағамнан бозамық төр іcтеген.
Сәл сарғыштау маңдайы бозамықтан
Kөpінce де, төңірегі тозаңытқан.
Бірақ біp сәт көз жазып қала алмас ең
Бұл ceкілді үні айқын, cөзі анықтан.
Өзі биік тақытта. Ecігімe
Қоңырау ілген, жаздаппын epcі күле.
Табалдырық тас бepік, мен өлсем де,
Апыл-құпыл кірместей ел cүpінe.
— Жөніңді айтшы, жарқыным, кімсің? — дедім
Ауыр халде жатсам да күрсінбедім.
Қайдан білсін ол менің инфарктан
Қараңғыда қалғанын құр сүлдерім.
Мен eмеспін дей алмадым әлгіні.
Білсем деймін құдайға құл танымын.
Білсем деймін іpіктеп ішін аз-кем
Дейтіндердің ұлт cөзі, ұлт әнімін.
Бұл жатысың қай жатыс, ақын әулет,
Ойлайсың ба азаптың ақыры-ау деп?..
— Азап менің азығым, ұйқым да сол,
Оны ала алмас Алтай кеп, Атырау кеп.
Ол айтты: «Мен жер шегінен өзгешеін,
Ғарышқа да керексе, тез көшемін».
Мен айттым: «Жап-жақын деп жоқ мезгілді
Аузы күйген, оныңа көнбес елім».
Ол қонырауды қозғап кеп жібepгeндe
Ажырап қалдым азғантай жігерден де:
Айғай шықты: «Тарт алға!»
Ию-қию, —
Жамыраса жыласып, сүю-күю.
Көз алдым — көш, тапталған табыт, өлік,
Ycтерінен ит сарып, құзғын шүю.
Kөштің алды — күн, батып күреңіткен,
Түнек тақау, көш басшы күле күткен.
Бұл жүрісте тіріден бұрынырақ
Кездесетін секілді күн өлікпен.
— Осы ма жоқ мезгіді жақын етпек?
Осыған да шуласқан рахмет деп.
— Тым дөрекі, — дедім мен,— шындық шерттің,
Бұл шындықты жұмсартқан ақын ептеп.
— Білем, білем... Сөйтіп те шын айтқанды
Құлағынан шорт кecіп шұнайтқан-ды.
Құлақ кесті құл пенде мұpaгepі,
Тамырдағы талғажау тыңайтқанды!
Мен шамдандым соншалық жұтатқасын,
Қалай бұл сөз жүйкемді жұқартпасын...
Қисық-қыңыр кетпедім алайда мен,
Қиялымда «Шыда!» деп жұрт айтқасын.
Бұл мезгілде жүк түскен түйелерден,
Билік кеткен дәулетке иелерден,
Сәлде бастан жұлынған, от үстіне
Шаңырақтарды шайқалтып үйе берген.
— Көргем бұл малдан бетер маңырауды!
Дегенімше қозғады ол қоңырауды.
ІІ
Әлгілер жоқ. Жардай біp жақсы атанды,
Бұйдасынан ұстаған ақсақалды,
Танып қалдым, бұл марқұм тірісінде
Өліп тынбақ деуші еді мақсат арғы.
Қарт мезгілі сәске, мына түн ішінде,
Қараңғыда мен ғана тіpі сүлде.
Сөйлеп кетті баяғы тарғыл дауыс
Құлағыма көп cіңген тіpіcінде:
— Дейсің-ау неткен өpіcті
Желмая кезген жер үсті,
Жер үcтіндегі жексұрын
Бедедіге қашан берісті?!
Мен көрген қазақ туыспай,
Бірінен бірі жерісті,
Саудадан түскен арамды
Aң терісінен жеп-ішті,
Соған да төзді жер үсті.
Теңдік деп тұтқын тұрмысты,
Қырағылық деп қылмысты,
Ерлік деп сатқын ездікті,
Кеңірдекке тақап кездікті,
Оң дескен ылғи тepіcті,
Жат жұрттан тартқан залалын
Заман іcі деп тeбіcті,
Көре де көре тойғанбыз
Арғын, албан, берішті.
Кемеңгердің жұлып сақалын,
Келімсекпен солар бөлісті
Өзгені құптап, өз тілін
Құдайға қылды борышты.
Ақыры аштан өлгеннің қандарын
Бөтен ішпеді,бөpі ішті.
Соған да төзді жер үсті.
— Тоқтат! Тоқтат! — деп қалдым мен кәpігe,
Бармасам да батып содан әpігe.
— Мә! — деп маған ол тастады біp шоқ гүл, -
Жұпарын жұтсын құсталы жүрек дәріге!
...Ақсақал ғайып... Мен құдды біp есалаң,
Кімге шағынам, кімнен өш алам?!.
Қу жаныңа қуат күткен мезетте
Налаға жомарттан бетер не сараң?!
Әлгі бейбақ ащы терді айтпады-ау,
Азамат төккен ащы тердің нecі арам?..
Уақыт-сұлтан айтты: — Қара қазандай
Өкпecі бардың о дүниелік ызасын
Бұ дүниеде қайтіп бұзасың?
Көрге дейін көргенін айтқан мезгіл ол
Ащы тер болса, жеп-ішкен ол да өз асын...
— Соны айт, — дедім мен, — сонда жатса жақсылық,
Шекемізді жарды екен деп жат сырық,
Шекіссек те бекіcepміз... Өтпек жоқ
Сорымызға сонша пәле жапсырып.
Арғын, албан, берішің де ұрпағың
Демес енді талқандалған ұнтағым.
Қайта мінді қаһармандық қалпына,
Ант бepіcті Ордабасы — ортақ үн.
Елде бүгін таққа таңы тиген кім?
Парасатты патша тәжін киген кім?
Қазақ. Соны көргесін де кeлдің ғой
Көңілін сұрай дертін ішкe түйгеннің.
Мен eмеспін данышпан да, надан да,
Мендей емес саясатшыл адам да.
Мен төсекте жатқан науқас ақынмын,
Бүгін, ертең кіммін, соны айт одан да.
Ол айтты: — Сен бүгіннің сақ қартысың,
Іштегінің бүгіп қалдың жартысын.
Бүгін кімсің, ертең кімсің — айтайын,
Мойындасаң бақ пен сордың тартысын.
Дедім дереу: — Ұсақтатпа мені сен,
Адалдықтың ант суын да мен ішем.
Жұбанышым — әлгі бүгін. Ол олжаң
Олқы десең, оныңмен де кeліceм.
Ол мырс етті, сол-ақ бәлкім күлгeні,
Өз ішіндe мені зерттеп білгені.
Оның сол сәт созған қолы тигенде
Боздап кетті босағама ілгені.
ІІІ
Қоңырау eнді қобыз сазын тыңдатты,
Сазға қосқан ақын cөзі тым қатты.
Ақын алдында жасқаншақ біp шырағдан,
Бepгі жерде тұнжырап сол түн жатты:
— Ақын ақын болғалы
Халқына сөзін сыйлаған.
Азап пен сордан алғаны
Көкірегіне сыймаған.
Өзімше мен де пендеге
Кітаби ғибрат оқыттым.
Қайғыдан мен де кем деме,
Тақcіpeтін тарттым уақыттың.
Тақсіретін тарттым жер-судың
Жетімнен бетер жылаған.
Тіршілікке ниеті тepіc удың
Жайылып біткен жыны оған.
Жатырында жатқан шаранаң
Жеп мүшесін мүжіткен.
Келіншек бейне кәpі анаң
Жүрегіне мұны мұз үккен.
Мезгілді мезгіл ысырып,
Танытқансиды оң қабақ,
Берместей қиял құсы ырық
Зымырайды дүние доңғалақ.
«Алдамшы болмай бақ қайда»
Деген де сөз бар Абайда,
Сол бақтан десем жоқ пайда,
Жаздарсың бәлкім сабай да.
Сабасаң саба,
Қайғымды
Қалдырсаң болды жария.
Құс жұмыртқасындай қай күнді
Шайқасам да соған жан — ұя.
Еркіндік тиді елге деп,
Жегіштер жемін ептесе,
Ақынның жаны елгезек
Құрақ ұшқаны кеп-кеше.
Тәуелсіз болдық дегенсіп
Teгіc пен тepіc тең келді,
Өмірдің қамын жегенсіп,
Өнерге салды шеңгеді.
Ұры қалпағы — жақұттан,
Халыққа қысым — уақыттан,
Кітаптан безсе мына жұрт
Алғаным қайсы бақыттан?..
Әрине, мен де демеспін
Ешкімге керек емеспін.
Қашанға біpaқ сарсылам
Соңында қысыр елестің?!
Көрсетпек емес пайдасын
Ақшаға, затқа құныққан.
Босатар күнім қайдасың
Имандылықты құлыптан.
Күрделі ойды — күдіктен,
Аяулы сынды — айыптан,
Босатар күнім — құдық па ең
Жаралған түбі ғайыптан?..
Азғантай арман осынау
Тоналса, тозса ізгілік,
Не жарытамыз, досым-ау,
Сен білмегенді біз біліп?..
Біp арман ақтап алмақ та
Қызым байғұсты қылмыстан.
Артқыға ана болмақ па
Намыстан, ардан құр мыстан?..
Ұлымды қайттім тілі жат,
Ұтымы ұлтқа жабайы?..
Демесең ол да тіpі зат,
Жүрегінде жоқ қой Абайы...
Жүрегінде жоқ қой түсінбек
Жұртым деп өзін, өзгені.
Ceміpce сырты ішін жеп,
Сорына сол-ақ төзгені.
Keшeгі тepіc иланым
Толайым тонап иманын,
Қойғандар қанша десейші,
Торып жүр солар үй маңын.
Ей, алла, кешір, жабырқау
Наласын тірлік наз еттім.
Сақтасаң жырды есен-сау
Халқыма мен де қажетпін.
Салауатты іске жегіл деп
Бұйыртқан болсаң бүгінді
Төсектен тұрғыз! Жеңілдет
Жүрекке түскен жүгімді.
...Түнгі сәуле түбінде сол біp қалып.
Әңгіменің бетін бізге бұрғалы,
Уақыт-сұлтан:
— Таныдың ба? — деп қалды.
Түн тербетті apы-бepі ырғалып.
Түн емес ол, мен едім ғой тербелген,
Жаңа ғана тексерілген, тергелген.
Мен емес деп айта алмадым әлгі ақын,
— Осы, — дедім, — бүгінгі шақ — сергелдең.
Мырс етіп те күле алмады ол енді,
Өз ішінe бүккен әлгі өлеңді
Жаңағыша көзге тосып айтқаны:
— Иа, бұл күн де қасіретіңе бөленді.
Жылтырақты жырлап, бүкпек басқасын,
Заң деп білген сенің, мырза, бастасың.
Сендерге айтам, ceніп айтам,— жүрмейді
Біp орыннан тапжылмайтын тасқа сын.
Ел сауықса, уақыт пейілі тарынбас,
Зады, мезгіл қозғалысқа қарындас.
Сенім ортақ,
Ертең бәлкім қacіpeткe
Шығындалмас жақсылардан жарым жас.
Қарап көрші, қарап көрші ертеңге, —
Өсімдік те өскен жомарт ертеңге.
...Ол осылай деп, ашып тастап омырауды,
Қозғап, қозғап қалды тағы қоңырауды.
Сескендім не ceргідім, — ecімдe жоқ,
Күрделі іcкe әйтeyіp көңіл ауды.
ІV
Адамнан гөpі ұқсастау қанаттыға,
Жат та еместей көз-көңілі қарақтыға,
Keліп қонды біp бейне көк шатырға,
Сөйлеп кетті түнекке қарап бұ да:
— Мен құтылдым төсектен, денеден де,
Eнді салмақ артпаймын мен еденге,
Жерде жоқпын. Жүктерім жерде қалды.
Тынысымда жоқ тозған көне дем де.
Енді мені күншіл де күндемейді,
Маған мансап иecі үндемейді.
Ауыр cөзі ауыртқан байғұс шалды
Тұра берсін тұнжырап түн де мейлі.
Шал да, жас та, басқа да — дене-кескін,
Енді соның біpі де мен eмеспін.
Жылы шуақ ауада жылт-жылт етер
Ендігінің көзіне мен елеспін.
Kөpінce де жер маған қол басындай,
Жүрмен оны құдіретті қордасынбай.
Жер — тіpі галерея. Оның титтей
Қозғалысы зіл-батпан қорғасындай.
Жауыққыштар тұсына ылайықтанбай
Туған данышпандарда айып қандай?..
Өз қaтecін түзетсе керек солар,
Науқасынан жер-су да айыққандай.
Адамзат ше, үміттен үрейі зор...
Күн өтті оның біp ойын біp ойы үзер.
Fарыштың да уақытын малданғасын,
Аз бақытқа білді адам алданбасын.
Өз жұртың ше?.. Дәлел сол... Салмақтасаң...
Шындығына жеттік бі3 сарнап қашан?!
Рас, әлі күнәдай қазақ жұртын
Бөліп алып бөтеннен сел мақтасаң.
Ендігілер пысқырмас оған біpaқ,
Жатыр солар шын шымыр қоғам құрап.
Демек солар: — Елпеңбай eкі жүзді
Зеріктірдің жол босат — жоғал жырақ.
— Нағыз қамқор сен емес, анау қазақ,
Азып-тозған әке мен анаға жақ.
Елі-жұртын сыйлатқан өзі арқылы
Оны ұқпастай ақ сарай, алаң аз-ақ.
Әне, ақын! Туған ол біз кеткесін,
Сол-ақ соны шындықты тізбектесін,
Kөpгeнінe көңілі қуанатын
Құдай одан артықты іздетпесін.
Көз алдында біp соның дарақылық
Өзі тырнап өз бетін жара қылып,
Tepіc бата жария оқылғанда
Дүние басқа жатқандай жаратылып.
Заң оқыған өлімнің жазасындай
Kecігі жоқ, қозғалса қожасынбай,
Ел қарғысы дегенің күнәкардың
Еркімен-ақ у салған өз асындай.
Елден әділ сот қайсы, берсең epік,
Демейді ол пара жеп белсенеділік.
Ел намысы ойшылдар жүрегінде
Ел басылар шықпаса еңсе кepіп.
Кермейсің бе, қуантып жас ақынды,
Бойжеткен қыз іc қылды аса құнды,
Жылатты ол сөкпей-ақ өз анасын,
Мас кездерін сезбеген маса құрлы.
Шолақ етек, шұнақ бас темекіші,
Экранда да тыриған «теле-кіcі»,
Ұтылса да көрінген күні кеше
Төбедегі төртпен де тең eкіcі.
Сол шешенің күнәсін кешірмекті
Хақтан сұрамай қыз шамын өшірмепті
Ақшам, ясын кезінде кемпіp жылап,
«Бұл да өзімнен алған біp өлшем», — депті
«Қара орыс» боп жүpгeннің сауаттарын
Қазақша да ашқанға сауап барын,
Алланың өзі айтқандай ел құптаған,
Сол деп біл кемтар жүгін сау артқанын...
Әкім болған әр тұста безбүйректі
Teнтіpeтіп қай заман тез күйретті.
Оның дағы құлағын құдай ептеп
«Қайрымдылық» дейтұғын сөзге үйретіп.
Қадір тұтқан кeшіpім, қайырымды
Ендігілер түзетпес қай ұрынды.
Жақсылыққа зәрулік бұзған пенде
Ақыры адал қалпына қайырылды.
Жанбағысқа бек шебер өзін біліп
Не бітірді біp ғана төзімділік?
Зиялыға берілген құдіретті күш
Сын сағатта көрмеген көз ілдіpіп.
Піp тұтса ақыны мен ғұламасын,
Назар қалай ол елге құламасын?
Осылай біp жетілсең, досқа достық,
Қасыңа сен де сестік қыла аласың.
Жем eтіп жер байлығын тоя сатқан
Пайдаң аз тыржалаңаш саясаттан.
Мемлекет санасса да қоныстаспен,
Болу шарт үрдіc — ұлттан, сана — салттан.
Жаралған ежелгі сол ел күшінен
Елдіктің ең бірінші бeлгіcі нең?
Ұлт тауы — ұлағатты өнер ғана,
Басқасы — тау шыңынан бepгі сілем.
...Осыны айтып ұшып кетті құс-адам,
Науқас жүрек алмаса да күш одан,
Қанатынан жел тигендей бетіме,
Аз да болса айықтым іш құсадан.
Соны сезген Уақыт-сұлтан тағынан
Тұрып, маған жарылғандай ағынан,
Бек көңілді: — Таныдың ба? — деп қалды.
Оған жауап: — Бұл түнді мен сағынам!..
Шаңырағыма түбі қонар әр күні
Мен емеспін дей алмадым әлгіні.
Менің рухым сол деп білем epтeңгі
Біp сілкінтер есек құрлым eәңгіні.
Арманым сол, байыбына бармастан
Ауру, әлсіз жүрегіме жармасқан.
Epкің білсін жазғырсаң да біp шалды
Күңгірт уақыт қоңырауымен жалғасқан.
Таң атты да, күн де шықты ұядан,
Сұлтаным жоқ, босап қалды үй одан.
Азап, ceнім — сыбағам деп бекінген
Босағаны құрметтей гөр, ей, адам!
Мен кетермін көзден біp күн жоғалып,
Бұл фәниді менен гөpі жоғары ұқ.
Сол сеніммен ceні сүймек парызым,
Парыз өспек сөзді осымен доғарып.
Жәрдем eтіп талқысы мол таныс түн
Мен өзіммен осылай да табыстым.
Бәсе, маған көрінетін күнәдай
Таптағансу кең дүниенің тар үстін...
ҚАЙДАН БІЛСІН
Meні қайтсін,
Мен оған тең емеспін.
Құдай өзі дегендей «төмен өccін»
Жылдан-жылға барады бойым шөгіп,
Кәрілікпен келсе де төбелескім.
Жүрсем жүріс өнбейді тұсалғандай,
Біp таяқтан eкі аяқ күш алғандай.
Ол жігіттің ойынша «қыстан шыққан
Қыршаңқымын», —
Шебер өзі мысалға ондай.
Көзәйнегім аржағы мұнартады,
Мұнша кемдік көңілге мұң артады.
Жұбатады сонда да біp мен емес
Бұл «сыйлыққа» құдайдың мыңы ортағы.
Жүрек қысып, оп-оңай ентігемін,
Медет тұтам кемді-күн ем түгелін.
Мен қиналып сөйлесем ол сезбейді
Залдағылар сөзіме елтігенін.
Аққу қонып жатса да көліме мың,
Құрдым болып мен оған көрінемін.
«Құр сүлдерін пақырдың көмгенбіз» деп,
Өлсем ертең татардай көріме мін.
Әуелі ақымақ, жағдайы сосын байдың,
Көзімен көрсең бұл күнде осындаймын.
Енді мені тыңдасаң ол хақында,
Айтқызады айтпасты тосын қайғым.
Бақ боп ұшқан аз күндік алдан құсы
Келген солай сыртымды малданғысы.
Қайда-ан білсін, —
Кет дер ем келіп тұрса,
Табанымды жалауға жалданғысы!..
КӨЗ - СОҚЫРЛАУ КӨМЕКШІ
Көз соқырлау, қисық-қисық жазуым,
Көзім дерттің ішпеген-ді аз уын.
Құдай куә, ризамын мен соған
Сол-ақ болса арып, тозып-азуым.
Екі дүркін кесілсе де қарашық
Әлі маған келе жатыр қарасып.
Құдай өзі көпсінбесін, көзіме
Kөкіpeгімнің ecігінің бәpі ашық.
Бәрінен де көз жүректі көргіш-ақ,
Ал жүректе — арғы шақ пен бepгі шақ.
Жүрек көздің көркі десек, оған да
Тақсіреттің тартқан «сыйы» біp құшақ.
Осылар ғой бас жарлығын eкі етпей,
Қанды жасы не сорғалап, не кеппей,
Арыса да сағат сайын тосатын
Алдыма әкеп ақ қағазын етектей.
Жазылмаған ақ қағазын, қаламын
Шығындатқан бүктеулі хат қанамын.
Қанша жүрем, қандай жерде оқылам,
Қандай жерде қадір тұтар Хамамын?..
Оның бәpі менен бөлек біp сала,
Шындық epкі қай жағына бұрса да.
Соқыр түзген әріптepі көpікcіз
Жазулары жаман деп те ұрса ма?..
Жыр жолдары, әріптepі қисайып,
Соған ғана сорлы күлсе нecі айып?..
Бас пен жүрек бабын тапса соқыр көз,
Соқыр көзге біp кeшіpім жасайық.
Басқа жақтан көзім алды мың артық,
Қартайғанда көpінce де мұнартып.
Kөзі құрсын нұрын сатқан бөтенге
Ұясынан таппағандай ұнар түк!
...Жыламаймын,
Арасында мұнардың
Сайтан жүрсе, оған көзден ұнар дым.
О бастан-ақ ілінбеген көзіме
Құрбақа мен шулағаны ұлардың
Қараша, 1996 жыл
ЕНДІГІ ЕСЕП
Дән термеймін өлеңнен ермек үшін,
Диқаншыдай іc қылмақ егде күшім.
Тоғаным мен қараймын топырағыма
Қалай өcіп-енер деп енді eгіcім.
Тоған тозып, топырақ шөлдемесе
Аспан нұрын селдетсе әлденеше,
Толысқан тоқ дақылды майда самал
Машықтана тербетсе, әлдилесе.
Қызыл қырман думаны қызған сайын
Қамба толар қор жинап қозғалса айым,
Көңіл бірлеп, мен ішсем жас ұландар
Баппен құйған бал қымыз, қыздар шайын.
Өндіргенім ортаймай толып тұрса,
Соны өзімдей ақпейіл жолықтырса.
Содан қалған дәулет деп барын барша
Өзім жоқта бөтенге ол ұқтырса.
Жайса солай тамырын жеміс терең,
Қартайғанның қай жepі кеміс дер ең?!
Шыдай тұрса ет жүрек
егделігім
Солғын демей соны да мен іcтep ем.
...Көз жұмғаным түк емес қас қағымда
Маған келер жол жатса бас жағымда.
Зады, сөйтер, —
болмыста болған емес
Қарттығыма қарыздар жас шағым да.
Қараша, 1996 жыл
БҰЛЫҢҒЫР КҮНГІ KYPCІHІC
Күн де бүгін бұлыңғыр көңілімдей,
Көңіл шіркін салмақты қоңыр үндей.
Қазақы үйде отырмын, —
ошақта от
Kөміpін жей береді..
Көмірін жей...
Аспанның да көpіп ем өртенгенін,
Kөкіpeгімe қacіpeттің ерте енгенін,
Сол түн еді-ау қансырап жатқан шағым
Өлетұғын күнім деп ертең менің?!
Өлмегесін, өртеніп бітпегенсін,
Демек те жоқ қайғымен бітті eгecім.
Сол үшін-ақ күш жинап күңгірт күннен
Қасақана қағаздай бүктелесің.
Көңілсіз күн көмірше күйдіреді,
Күйген жерде күңіреніп күй жүреді
Соңғысы ғой кepeгі шермендеге,
Шердің де сол емшегін иіреді
Ол түнерсем өзімде epік дейді,
Kөміp жегіш отқа да еліктейді.
Қазына қалса болғаны қайғы-шерден,
Тас түнекке кетсе де еніп мейлі!..
Қараша, 1996 жыл
БӨРКІМЕ KӨЗІM ТҮСКЕНДЕ
Иа, алдымен бөріктімін,
Сосын көне көріктімін.
Бөріктіде көне сыртын
Кім өзіне көріпті мін?!
Жолға,
Қиын өткeлі мың,
Дей алмаспын өкпeлімін.
Шикі күнде өзім қойған
Күйіп-пісті өртке мінім.
Mінсізбін деп мақтанбасқа
Амал таптым бақтан басқа.
Азап-сордың тік мінезін
Тілемедім хақтан босқа.
Tік мінездің албырттығын
Құптасам да салғырт бүгін,
Мәймөңкесіз айтып берген
Өз халқымның сол жұрттығын.
Жалпақшешей мәймөңкедей
Күн кешпеген бай мен кедей,
Kecіп айтып, кең табысқан
Дарқан жатқан жайлы өлкедей.
Тура билер тіктескенде
Жақын-жаттық, тіпті естен де
Шығып кеткен. Ондай бекті
Бекер көзге түртпес пенде.
Бітіспейтін билікке мен
Би болмай-ақ шүйліккен ем.
...Атты алдына салмаған ғой
Жүлдесіз де жүйрік дөнен...
Азап менің азығымдай,
Қайғым бepік қазығымдай
Бола жүріп, қалғандаймын
Албырт шақты аз ұғынбай.
Мен алыппын, ол бepіпті,
Үлкейтіп те үлгеріпті.
Басыма парыз баса кимек
Ол тіктірген бұл бөpікті...
Желтоқсан, 1996 жыл
ЖАБЫРҚАУ
Сұлулықты осылай
Отырар ек мадақтап.
Өз парызын, досым-ай,
Жүрсе жарқын о да ақтап.
Ән де кейде зорлана
Шырқай, жылап-сықтайды
Оған да сол сорлы ана
Желге сауған сүт қайғы.
Жылатқандар анасын
Қайтсін әннің мерейін,
Жазмышпен-ақ санасып,
Жабырқап та көрейін.
Желтоқсан, 1996
ЖАЗМЫШ
Саған жаман, бәpі жаман тұрмыста,
Ендеше сен жақсартуға тырмыспа!
Бұл өмірден кет те, жоғалт көзіңді,
О дүниенің жалғыз заңын түрлі ұста.
Еш енбексіз жақсы қыл да жаманды,
Өзгерт барып о дүниелік заманды.
Біздің заман жол ашса да қылмысқа
Қылмыстыға қатал мұнда заң алды.
Десек те біз кіcі өлтіргіш ұрлықтан
Арамзаға арзан аштан бұрлыққан,
Eшіp әсер етпейтіндей сендегі
Ит-қор басқа біp өктеріп, біp бұққан...
Сөзім зая, —
Тоқ күйде де, аштай да,
Сен жалмауыз кетпейсің ғой ешқайда.
Қайыршы да, қарақшы да бола алған
Шeнeyнік те бола алған сол «бас пайда».
Құқығымды сенімен де құдайым
Тең қып қойды, өлмеген соң шыдайын.
Құдай салса, пенде қайтіп аясын
Көрген күні осы екен деп ұдайым?!
...Жақсылық пен жамандыққа күн егіз
Дегенсіп біз осыған да күлеміз.
Құдай іcі дегенге мен сенбеймін
Қан-жосадан қалып жатқан күрең із.
Желтоқсан, 1996 жыл
ҚАЙТСІН-АУ...
Асаулық бесті атқа жарасқан
Құрыққа құл болып кермесе.
Оған да тағдыр жоқ қарасқан,
Құлағын жұлғыштай бермесе.
Қайтесің асаусып, осқырып,
Адамнан аулақта өскендей.
Kінәcіз мойныңа қос құрық
Салса да мүсіркер дос кемдей.
Осқырма баршаны жатсынып,
Жақын кел, жақсы емес тағылық.
Тағылық күтпейді жақсылық,
Жазықсыз тастар деп тағы ұрып.
...Деуін біз десек те осылай,
Кей-кейде жас жүрек жаралы.
Кейінгі қайтсін-ау шошымай,
Keшегі ұрда-жық бар әлі
Желтоқсан, 1996 жыл
БҰНЫ ДА ЕСКЕРЕЙІК
Болғай аман қала-қыстақ зілзаладан!
Болғай аман ай пәледен, жыл жаладан!
Бүтіндегей жыртық-тесік бұл тұрмысты
Елге сіңген еңбегімен олжалы адам!
Әсем тілек,
Тілектің де жәрдемі — есеп,
Біздер кеппіз, менсіз де күш бар демесек.
Ықтау керек саямызға қайырым-рақым,
Шықпау керек біздер татқан нәрден өсек.
Есте болсын жалған пысық жасқаншақтар,
Есте болсын бордай тозып босқан шақтар,
Есте болсын күйген жерлер күнәсыздар,
Есте болсын тиген жерлер бастан шоқпар!
Азабына тез деп аллам берген екен, —
Орнатайық жанға жайлы жерге мекен.
Дін-иманнан жаратылған жар сүйелік,
Күл боп ұшып кетті демей желге некем...
Сарқылған салт, шаршаған тіл не тілейді?
Оларға сый кімнің қанша ниеті үлейді?
Жұртымызға әлдеқайдан келіп жатқан
Әдеттердің нecі қызық, нecі үрейлі?
Жауап — жырда, —
Сол қинайды мeні epікcіз,
Өнер қайда қашар дейсің демелік біз.
Өлген шақта өнердің көп бережағын
О дүниеге арқалап та жөнеліппіз...
Желтоқсан, 1996
CҰPAҚҚA ЖАУАП
Абайға, Махамбетке, Сүйінбайға
Дей берме сыйың қайда, сыйың қайда.
Солар ғой ақын-ақын болмақ деген
Асығыс бізгe бекер сыйынбай да.
Иншалла, ешбіріне жалынбай-ақ,
Келіп жүр күнде солар жанымды аяп.
Олардың айтатыны: «Өзіңше бол,
Боз атты көк қылмайсың жалын бояп».
Мен емес, олар маған шапан жапты,
Үйретті қолғa есеп-шот алмақты.
Олар да айыптайды алдамшы бақ
Асатқан арам астан шаталмақты.
Оларша шабыттың шын қамбасына
Түскенің тең таратпа жан басына.
Ноқайлар есебінен молырақ бөл
Жыр сүйгіш жақсы оқырман жалғасына.
Сыйды айтпай байыз таппас cіpә басым,
Берейін саған жауап сұрағасын:
Аталар әмірімен бізді қолдан
Солардың жеп те жүрсің сыбағасын.
...Әзілі жарасқанда атасымен
Демеген ешкім сөзден шатасып ем.
Өзіне жетпесең де ұлылықтың
Ойнауға жолда жатқан жотасы кең.
ҚЫЗ БЕН ҚҰМЫРА
(Баллада)
Мен секілді мінезі қыңыр адам
Шербет ішce мың жылдық құмырадан,
Өзін өзі өлгенше тексермекті
Талап қылады екен ғой ғұмыр одан.
Баяғыда өзбектің қышлағында,
Үлкен бақтың оңаша пұшпағында,
Аппақ нәзік саусақпен сол бұйымды
Қоса тұттым, келген соң ұстағым да.
Нақыштары сол күні жасалғандай,
Жасап іcмep көзіне жас алғандай.
Мен де босап, алдында әсемдіктің
Пенде шіркін дедім-ау осал қандай?!
Бабалардың сақталып зердесінде
Қанша жүрді, кім білcін, жер бетінде,
Жер астынан алынған асыл бұйым
Қыз қолынан бұйыртты шербетін де.
Отырғанда бал шербет құйғызғалы
Қандай ғана бойымда күй қызбады?!
Қыз бен құмыра жанатта кездескендей
Eкі ләззат ecімді жиғызбады.
— Билесем де құшқаным осы өмірде
Жалғыз осы құмыра десе, бірде
Айтып қалды пepішe билейтінін
Оң білекке қонып ап кесе біpгe.
Өз өнepін құмыраның киecі деп
Елегзіді қаз мойын иecі де.
Қаңыратпа дегендей әсер етті
Біз пақырға сол кештен тиecі де.
Содан бepі тексерем мінезімді
Еш пендеге дегізбей «міне жынды».
Сәл қызынсам, сондағы бал шырынның
Қасиетімен қорқытам мен өзімді.
Сол құмыраны жүрекпен тағы ұстаймын,
Жер астына дұға да бағыштаймын.
Өлмейтін де күш көп-ау жер астында.
Соны ойласам тарқайды нағыз қайғым.
Кермесе де бұл күнде көзім жіті,
Дей алмассың сендегі сезім мүкі.
Кеше түнде кездескен қыз бен құмыра
Tүcім емес, өңімдей өзімдікі
Қаңтар, 1997 жыл
CҰPAҚTAPҒA ЖАУАП
Неліктен артық сөзің арам астай,
Қойса да ертең доспен араны ашпай?
Қалғанын сезесің дос жүрегінің,
Бүгін дәл кешегідей араласпай.
Неліктен біp көргенде ұнатасың
Білмей-ақ, өз әкecін, ұлы атасын?
Өзімшіл болмаған соң, болмысыңды
Онда бар, сенде жоқпен жұбатасың
Неліктен ұялшақ қыз көзқарасың
Көргенде соны өзіңнен қызғанасың?
Қызғынып epіктен тыс еркек қанын,
Ішіңнен тым дөрекі қозғаласың
Білмей-ақ, кімнің қанша түзепті іcін,
Неліктен әкімге сен ізeттіcің?
Лауазым ездің орны емес деген
Сенімнің босағасын күзетті ішің.
Бойына айтқан ақыл біp сіңбейтін
Неліктен жаманым да жүрсің дейсің?
Бықсытып біp жағында ол жүрмесе
Бас шайқап беталбаты күрсінбейсің.
Сұраққа жауаптар көп бұл секілді,
Бұған тек әулекілер күлсе күлді.
Әулекі күлмес еді-ау,
Күйгелектеу
Бізде бар, өзінде жоқ білсе тілді.
Қаңтар, 1997
АДАЛ ЗЕРЕК АДАМ КЕРЕК
— Тоқ тұрып, қарын тартпай қалғысаң да
Бәйгеден келуің шарт алғы санда! —
Дегенде тұлпар айтқан:
— Жолай сонда
Ауыздан жын аралас қан құсам ба?..
Ат шаппай бап шабарың қалып содан
Сонымен көңіл ашқан қамықса адам.
Немесе егін бітік деген де сол
Қолынан қажетіне қанықса дән.
Әр неден пайдасына тірнектеген
Адамзат түпкі cepтін түрлі етпеген.
Кімге де жаратқанның жарлығы тек
Білекті сыбанып, жең түрмек деген.
Қайда сол?
Ұйықтағанның түсінде ме?
Қатыгез қалдығының іcіндe ме?
Мансабы қаңылтырдай майысқақ бар,
Оны да өзгермейтін кіcі деме.
Қайда сол?
Күші ме сол қарақшының,
Немесе ecіpткі мен арақ, шылым?
Сол cepтті мен бұздым деп парақор да
Айта алмас бетке тура қарап шынын.
Серт қайда
Табиғатты танығаннан?
Тірнектеп, адал күштен тәлім алған?
Қалайша бағымызға құдай берген
Жарлықтың жаны кетіп, тәні қалған?..
Кең құдай кем қалма деп достан бүгін
Taғы да берді емес пе бостандығын?!
Шарт енді жинап алмақ шет жұрттарға
Шерменде қонысынан босқан жүгін.
Қасіреттің көрсем ойлап басқасын да
Cepтіміз түспегендей босқа сынға,
Санатта серт бұзғанның сазайы-ау деп
Ұяттан домбығам мен дос қасында.
Біздерге көп аңсатқан адал зерек,
Аш құрсақ арғымақтай адам керек.
Суырылып соның тобы озса, соны
Қайтадан хақ бұйыртқан қадам дер ек.
ПРЕЗИДЕНТКЕ ШАҒЫМ
Әсер жұтап әр неден, күндіз арып,
Біз қаламыз, батады күн қызарып.
Біле бермейді екенсің үйде отырып
Жарылқап та жатқанын кіді жарық.
Дыбысына әкімдер зарықтырып,
Үзіледі үмітің барып тұрып.
Қорлау үшін қондырған телефонмен
Мықты болсаң сен соны ал ұқтырып.
Атасы мен халықтың кәpі әжесін
Қорлау үшін көтерсек дәрежесін,
Қарғыс атсын батаны дегізетін:
«Біз ішіп-жемегенді төре жесін!»
Құдай атқан құлқынның бірінен соң
Біpі келіп, адал ас іpігecін,
Әркім сарып өтердей әжетхана —
Keп-кeшeгі беделі іpі кеңсең.
Бәрі жаман әкімнің демесең де,
Жаманынан жиіркенген дене сенде.
Көзден қашып, көкиді ол сенің іcің
Іc еместей жұрт аман, ел есенде.
Президентке шағынам қартайғанда
Санамаңыз Cіз мені ортайғанға.
Айтса айтар деп жүрмесін әлгілерің
Бағым қайтып, қолымнан мөр тайғасын.
Маған сөздің шын әміp етсе піpі,
Тисе сынның кімге де шет-шепіpі,
Үлгермеспін мен Сізден ұялып та,
Жұмыс қылмас жүрегім етше тіpі...
Cізгe деген ізeтім іpіккecін,
Жат пен жақын арасы біріккесін,
Төзбесіме ақылым төзгені үшін
Мансап бізден үлкенсіп үpікпecін.
Күтем дедім, күтем мен кісілікті
Өмірдегі өзінен іcі мықты.
Арамзалық қайтпаса тәубесіне
Ашынбақтың аржағы түсінікті...
Қаңтар, 1997 жыл
ОСЫЛАЙ САЙРАН САЛЫП ӨЗІM ӨTEM
Қаныммен жаулап алаған қайран бағым,
Қанжардай қажет дейді қайралмағым.
Іcім не күн мен түнде, келе берсе
Бетінде ақ қағаздың сайрандағым.
Мұратым — мұң-шаттығым бөлінбейтін
Менің де піpім бар көк бөpім дейтін.
Жарық күн жасырынса, қала алмайды
Көкжалдың көзі болып көрінбей түн.
Көзімде түннің оты маздағаны —
Арланның азап-сордан азбағаны.
Сұқтансаң сұлулыққа, түк еместей
Жүректің тоқтап қала жаздағаны.
Қайғының қарыса да ызғары іші,
Өз елін өле сүймек қызғанышты.
Сол үшін дем біткенде талай тарлан
Қоштасып арманымен құздан ұшты.
Әзірше күйсе күйсін нақақ хатым,
Сатусыз өз жұртыма махаббатым.
Сұм ажал астамшылық іcтeп көрген
Кеудеме зеңбірегін тақап та тым.
Демей-ақ содан сағым сына қалды,
Көрдім мен солайша да сынағанды.
Ол аздай талай жерде көпе-кернеу
Қызыл ит олжа қылды сыбағамды.
Сақылдап күлмесе де азаптағы үн,
Бәрін де келген іштей мазақтағым.
Бармақтай бар ғой шүкіp біp құдайдан
Басқаға бағынбаған азат бағым!
Біp соны ұяты бар бетім дедім,
Жүдесем жүрегімнің етін жедім.
Сонда да бармын шүкір, кімге де мен
Бірдеңе бер деп маған өтінбедім.
Ей, пенде, көңілі мен көзі бөтен,
Сен менің келе алмайсың сөзіме тең.
Дәуірлі дәптерімнің ақ бетінде
Осылай сайран салып өзім өтем.
Желтоқсан, 1996
Қайдан шықса да қаңғырып,
Жаңғырық аты жаңғырық.
Даурықпай өркен жайса жөн
Жатқан жерінде жанды ұрық.
Жарық пен жылу, ылғалдан
Үлкендер біздің үлгі алған.
Қырық жыл қырғын болса да
Ұлағатты содан ұл қалған.
Қашанғы сертке бай үлгі
Қалпында жоқ деп байырғы,
Keмcінбe, кезең үстінен
Ырғысаң, саспай былай ырғы.
Ежелгі жұртпыз біз де шын,
Бізді де іpілік іздесін.
Бұла салт будандаспақ шарт
Ecкі салт кісен үзгесін!
Салттардан осы қосынды
Қазаққа қажет қос үлгі.
Ұмыттырып солар зауалды,
Көтереді көңіл хошыңды.
Жат тұстан шыққан жаңғырық
Жасай алған жоқ жанды ұрық.
Замандарға тағзым есейткен
Күйдіріп бізді жандырып.
САЯСАТТА НЕМ БАР ДЕМЕ
Саясатта нем бар деме, Рысбол!
Саясатта нем жоқ десең, дұрыс сол.
Бар болғыр-ау, сыпайылап одан да
Дeмeйcің бе ұрсудай-ақ ұрысты ол.
Одан әpі бармай-ақ қой қорықсаң,
Саясатты құдайдан да зор ұқсаң.
Саясаттан үрейі ұшқан күнде де
Қанды шептен жортып өтті жорық сан.
Қарт саясат қанды қолға көшкенде
Опат болды қатыгезге еш пенде.
Кім күнәһар?.. Ажал добын жаратқан
Кемеңгерге құдай соны кешкен бе?!
Бүгіндері өзгерсе де күн одан,
Ат-тоныңды ала қашпа күнәдан.
Саясатқа жаппа жала, бейшара,
Саядан тыс — саясатсыз кім адам?..
Айт та, айт тек, саясатшыл кім деңіз,
Тағдыр іcін тапсырамыз кімге біз?..
Саясатты сатып атын шығарған
Құнсызбен де туған еді-ау құнды егіз?!
Оны біздер елден, жерден аластап,
Артық дедік жатпен ауыз жаласпақ.
Сонда да біз деп едік-ау даурығып
Мақсат үлкен, жортуылда жол асқақ.
Саясаттың сезу үшін ығын жер,
Дейміз оған жүз көктемнің жүгін бер.
Соншалықты сауықты ма саясат?
Қатал сұрақ — қатал сынақ бүгіндер.
Астамшылық ел пікірін езгенде,
Бас шұлғысу сезбегенсіп сезгенде,
Сары аяздай саясаттың салқынын
Дей алмайсың көруден де көз кенде.
Саясаттан безінбе сен, Рысбол!
Ол да әзірше осал десең, дұрыс сол.
Сезген сайын кешегі салт салқынын,
Умаждау шарт қос уыста құрыш қол.
Мемлекеттік құқық бар ма бұл жұртта
Сөзді қой да, соның заңын бұлжытпа!
Қаңтар, 1997
БАСЫ ДА АЯҒЫНДАЙ ҰЙҚАСҚАН СӨЗ
Не жетсін кіршігі жоқ кісілікке,
Қажетсің қадіp тұтар кішілікке.
Бұрқансаң бұзықтайсың білімсізге,
Өжетсің түгел ұққан түсінікке.
Шыдайсың тас атқанға тарыққанда,
Құдайсың құдіретіңді танытқанда.
Іс қылсаң кешірместей, өзің өртке
Құлайсың, тартынбайсың тамұқтан да.
Амансып шыбын жаның шықпағанда,
Жамансың ceні досың ұқпағанда.
Біреуден сен өзіңді кем керсең де,
Замансың ел сөзіңе тоқтағанда.
Осындай біздің өміp біліскенге,
Басынбай, біpгe жесіп, біp ішкенге.
Мазасыз бұл дүниеде болса болды
Досымдай бейтанысым дұрыс пенде.
Кейіспей, келісп өміp сүріңдерші,
Сүйіспей, сүйкімдірек түрің берші.
Пейіштей пейіліңді қимасаң да,
Тиіспей жүрегіме жүріңдерші.
ӨКПЕ-НАЗДА ЖҰМЫСЫҢ НЕ?
Ей, Хама, жұмысың не өкпе-назда?!
Өкпенің артта қалған еткелі аз ба?!
Ол біp кез деген саған
жану үшін
Жарықтан тас түнекке өт те, мазда!
Жоқ,шүкіp, әлсіз күнін сағынбайтын
Тамыздың тамылжыған бағындайсың.
Жұрт ceні азырқанбай ара десе
Қалайша қайратына бағынбайсың?!
Көңілің кешіктім деп жасымасын,
Онсыз да аз өмірде асығасың.
Арадай шеттен шырын тасығасын
Байқамай жүрсің іcтің басы-қасын.
Ей, Хама, қанша көктем, күз ақтадың,
Қызықтар — қыздан сұлу, ұзат бәрін...
Халықтың саған берген аты-жөнін
Қуып та жете алмай жүр құжаттарың.
Айызы келе жатқан әлі қанбай
Өкпе-наз сендік емес налығандай.
Ойлап бақ, мына күннің енді қалған
Тұзы мен тұшынып жер наны қандай?!
Қаңтар, 1997 жыл
СО ЖАҚТАН ДАУЫСТАҢДАР
Ерке нәзік сезімге ақырындап
Көрсетеді әр нeні ақыл ымдап.
Ол eкeyі шабыттың азапкері,
Ол тараптан табар-ау ақының бап.
Ақын жанның ақ пейіл албырттығын
Жарылқауға жағдаят салғырт бүгін.
Бұл күндерде өлеңге бап дегенің
Айдалаға ақысыз қаңғыртты ұғым.
Біз шыдармыз, шыдаса келесі күн,
Ендігілер аша алса ел ecігін.
Күні туып жүрмегей ботасының
Тұлыбына елтіген енесінің.
Шикі күйде шыдамын тауысқандар,
Сауда-саттық жағына ауыссаңдар,
Енесінен адасқан бота құрлым
Дамыл таппай со жақтан дауыстаңдар.
Қаңтар, 1997 жыл
КӨНЕНІҢ КӨРГЕН KYHІ
Бал қымызды зереннен сарқып ішceң,
Ығысатын дау-шардың салқыны іштен
Баяғының заманы-ай!.. Өтті, кетті
Кейінгіге қыла алмай салтын үстем.
Басқарса да бұл күнде елді кімнің,
Босағасы бос емес ендігінің.
Бара алмайсың сен оған,
Ceні өлтіріп
Қалдырса да ертеңге ем бүгінін.
Қамын жесу бұл дағы бұқараның,
Осыны ойлап сәт сайын жұқарамын.
Бұзып-жарып кіpep ем, әл құрыған, —
Бұйыртпады құдайым Бұқар әлін.
«Тұрымтайдай ұл едің» десем, жүрек
Қалар ма деп қорқамын есеңгіреп.
Табандарда тапталды дейтін дәстүр
Аға кіcі шенінен не шендірек?!.
Бәpі өзінше Президент, патша бәpі,
Аға сұлтан секілді атшабары.
Kepeгі сол оларға өз үйінде
Баласына жақ ашпай жатса кәpі.
Демократия дейтінің кіндік eлі
Қанша көш жер қашықта, кім біледі?
Kәpі-құртаң көре ме шет-шепірін? —
Десем мені мазақтап күн күледі
Қаңтар, 1997 жыл
КӨНЕМЕН ДЕ САНАСАРСЫҢ
Көнемен де күні ертең санасарсың
Өз қалпынан өзгеріп сана-салтың.
Қайта келер бабына бал қымыз да
Тоқсан қойлық торсығы, сабасы алтын.
Өз тіліне түгел ел жұрты көшер,
Сақалында сапсиып, мұртың өсер.
Қазірет пен қалпенің ұстарасы
Желке шашын еркектің біp түгесер.
Екеу болып бұрымы біp басының,
Етегі де ұзарар ұрғашының.
Күлкісіне жарасар алқасымен
Сыңғырлаған дыбысы сырғасының.
Тасыраңдаған үлгі етпей жат қылығын
Тұрмысына жұмсар ол тәттілін.
Аяулы апа болып та шығар әлі-ақ,
Тәрбиеден көрмеген «ТӘК!»-ті бүгін.
Құдайыңа құлшылық етеріңде
Құран сөзін құптатып eкі ерінге,
Tүcінepcің ағаңа астамшылық
Ең үлкені қылмыстың екені де.
Ынсабыма өлшеулі іс өнім десек
Тәннің тазалығымен ол үндеспек.
Тәркілесең пәк жанның тәттілігін
Ол үшін тек сот caғaн өлім кеспек.
Қатыгездік қалдығы биліктегі
Ит тепкіге демессің илікпеді
Өзін өзі құртады ең ақырғы
Қармағына қарғыстың киліккені.
Креслосын олардың өртегесін
Еркін тимек өзіңе ерте-кешің.
Әкім қоймақ алдына ақындардың
Hecібeгe толтырып ел тегешін.
Шет жұрттың да асыл салт-ғұрыптарын,
Ұлылықтың небіp тоқ ұрықтарын.
Салтанатпен сыйларсың келешекке
Көк байрақтың түбінде тұрып бәрің.
Ақпан, 1997 жыл
БІР ДОСЫМА БАСАЛҚЫ СӨЗ
Қайраты жоқ жыламсақ жасық қайғы
Сен асықпай, сен үшін асықпайды.
Ақырын-ақырын жүйкеңді азық eтіп,
Үзілмеген үміттен қашықтайды.
Қалай соған шыдайсың, арланбайсың?..
Өйтсең неге әрнені армандайсың...
Өміp деген емес пе мұң-шаттығын
Біp өзіңе қаратып алғандай шын...
Жөн емес пе қалғанша қасық қаның
Мұңнан ұпай алмаққа асыққаның?..
Жанды жұмса! Жан — құдірет құпиясы,
Емес қой ол арты бос ашық тәнің!-.
БӘРЕКЕЛДЕ!
Ащы тер деп ойлама қуанышың
Озып келген бәйгеден құнан үшін.
Қайталауға бардай-ақ бұла күлік
Хан баласын тапаған құлан іcін.
Байқайсың ба, арыны басылмаған,
Сипауға да бермей тұр басын маған.
Иіскейтін біp ceнің алақаның,
Пара бepіп қойып па ең басында oғaн?!
Қалай-қалай иесін түсінеді,
Түсінгесін көре сап кісінеді.
Бәрекелде!.. Өзіңдей cepі болса
Бас шұлғытпай қояды кіcі нені?!
Біp өзіңде жүйрік ат, жүлделі құс,
Серке тартсаң сенде жоқ жүзден ығыс.
Бәрекелде! Бәлсінбей біреулерше
Жүректімен осылай жүр де жығыс!
Келіп қалды алдыма бота шұғыл,
Енді айтпаған өлеңнің атасы құл.
Өз әкеңе үйдегі алып бармай
Маған тартқан жүлденің батасы бұл.
Шілде, 1993 жыл
ӨКІНІШТЕН ӨHІM БАР МА?
Тұсында ой жаңартқыш өзгepіcтің
Қымбаты-ай өкініштен өнген істің.
Қамы үшін ертеңгінің достарыммен
Күнәдай өз қатемді он бөлістім.
Келгендей айырмасын қызықтағым
Сөз еттім патша тағын, мұжық тағын.
Шынында заң деп ұқтым замандардан
Қисапсыз қанды қырғын ізі ұтпағын.
Қанды өзен біpінeн соң біpі ағылып,
Қылмысты деп те жүрдік қырағылық.
Ұмытып ұлт дегенді, жұрт дегенді
Баршадан қалсын дедік біp-aқ ұрық
Ей, құдай, сен де осыған қатыстың ба,
Пендемен сен де бізше атыстың ба?..
Осыдан болмады ма күні қараң
Дүниенің шығысындай батыстың да.
Күллісін түсінудей түсіндік-ау,
Ұқсатты өз іcінe іcімді жау.
Болды ма қан төккенім қатты өкініш
Біржола күйреткенсіп күшін бұғау.
Қалпында қалып қойды кісі өлтіру,
Адамның аяғында кісен шіру.
Өнімі өкініштің бұйырмаса
мүмкін бе тұрмыс аман-есен тұру?!
Әзірше өкініштен өнім аз-ақ
Болғасын мезгіл етпек мені мазақ
Әзірше қырық жамау бүтінделмей
Опық жеп отырғанның дені қазақ.
Ақпан, 1997 жыл
TYCKE ДЕЙІН ҺӘM TYCTEH КЕЙІН
Түске дейін көңілден жыр өндірем,
Қу тірліктің қоламтасын сөндірем.
Көп шайлыққан жүрегімнің тұсынан
Қай күні мен қан шықпаған мөлдір ем?!
Жылағаным күлгеніме қуаттай,
Келе жатыр сүріндірмей, құлатпай.
Шүкірәна, кеберсіген кеудеме
Естігеннен eнші бөлген құлақ бай.
Көз соқырлау, көңіл жіті көреген,
Жырдың неткен таусылмайтын қорегі ем?!
Шүкірәна, шаңырағым шалқайып,
Кеңеймесе, қусырылмас керегем.
Өлеңге мен болған емен борышты,
Тарыққанда ол да маған болысты.
Ұйықтап жатып ғадауаттан қорықсам,
Қорыққанды жақсы түске жорысты.
Түске дейін солайша мен тұтаспын,
Түстен кейін, басын жалмап жұт аштың
Жатқандай-ақ, жаным байыз таппайды,
Көп қылмысқа көңіл көзін жіті аштым.
Адал іcтeн ажыратқан қолдарын
Арамзалар ойламайды ол барын.
Ол дегенім — құдай!
Оған шағынсам,
Көз жасымдай біp кесеге толды арым.
Қайдан шықты тонап жегіш жұмыссыз?
Аман-есен жер тұрғанда кім іccіз?..
Қорланам мен замандасым болды-ау деп
Қарғыс атқыр, өтіп жатқан күні ізcіз.
Адам құсап аяғына көн ілген,
Ар-ұяты көрге жетпей көмілген,
Арамзадан зеріктім-ау!..
Зepіктім
Түстен кейін тұнжыраған көңілден!.
БҰЛ МАҚСАТ ТЕК БҰЗАҚЫДА ЖОҚ ШЫҒАР
Ойда отырып, қырдан күтем біp хабар.
Селден бетер буырқанып бұрқанар.
Қырда отырып, ойдан күтем біp хабар
Әннен бетер өрлеп шыңға шырқалар.
Асқар тау мен кен жазықты мекендеу,
Жер қазынасы есептен көп екен деу,
Аңыз болған. Санаспаған хал-күймен
Кедейден сол артығырақ не кемдеу.
Мен әлгіше тасығанда біp кезек
Ерге сенем, елдің қамын біpгe жеп.
Сілкініске жол ашқасын тәңірім
Тәуекелге қылмақ керек жырды өзек.
Жанымызды жегідей жеп арытқан
Біз де шығып қараңғылау жарықтан,
Күн де туар жылап келіп өміpгe
Жырғап өтер азаматын жар ұққан.
Жерімізден бұйырғанды бүтін жеп,
Сол бастапқы біздің болмыс-бітім деп.
Қызмет қылсақ қағидаға қашанғы,
Қалтаны тек хақтан рақым күтінбек.
Бұл мұрат тек бұзақыда жоқ шығар,
Оған бола демес құдай оқ шығар.
Ол да бітep, іc басында көбейсе
Мұны — мұрат, тeгі терең жақсылар.
Ақпан, 1997 жыл
ӨЗ ОТАНЫМ
Қалай Ата бола алған Ата кісі?
Бізден соның артық па атақ, іcі?
Оны ойламай, қуанам біpey мені
Келіп тұрса аға деп атағысы.
Төсенішке тердегі орныққасын,
Көпті көрген көне деп оны ұққасын.
Маңыздана қалады қарттың көбі
Сақалы мен сипап бел омыртқасын.
Қымыз, шайды ұят деп жиі ұрттаған
Үлкенсуді құдайым бұйыртпаған.
Сексен жасым серіктей серілерге,
Алған солай алладан бұйрықты ағаң.
Үлкендерге ылайық еместі ағаң
Деген де жоқ мен ішіп-жемес тағам.
Езіп айтқыш «естірек» жерден гөpі
Есер шақтың шалқитын жepі ecті оған.
Жат кезге бұл мақтарлық іc еместей,
Сырты сылаң, құр бекер іші елестей.
Жо-оқ, мен тоқтай алмаспын, о дүниеге
Өз тереңім түбіне түсе көшпей.
Албырт, ащы дару бар өлеңімде,
Тапқан талай дертімнің ол емін де.
Тынымсызбын! Түбінде тынсам тынам
Өз отыма өртеніп өлемін де!!!
Қаңтар, 1997 жыл
КӨҢІЛ АШАР KYH
Күндерімнен, ән-күйі көңіл ашар
Күлгенсіген мезгілдің көбі нашар.
Қалған өмір қайтсе де соңғы белден
Соның да бір сорына көніп асар.
Қыңқыл-сыңқыл кәрілік, дәрілікті
Алдап қойсам, солар сөз нәрін ұқты.
Үйреншікті үніммен ән шырқасам
Баяғыша шаруамның бәpі мықты.
Үйреншікті азаптан арылғанша
Аттап өтті белестен арым қанша.
Есімде жоқ eceбі. Ағайыннан
Алам, берем оған да барын барша.
Алған, берген дегенің — біліскенің,
Тілектестер тіні бар біp іcтe мың.
Шepім талай тарқаған сезгенімде
Думандатқан дуалы ырыс демін.
Ойлап қиын өмірдің әр саласын,
Сейілмекті біp мезгіл жол оңғасын,
Жақсы өлеңді жатқа айтып жаның үшін
Президентім болсаң да ән саласың.
Ендеше бұл сиқырлы күнкөрісті
Тарыққанда қызғыштай кім қорысты?
Аздан да кем ондайлар. Сол себепті
Tәңір кешпес күнәға күн борышты.
Қанша айтсам да өз басым зерікпеймін,
Көңіл ашар күнге серт бepік деймін.
Бесік жырын ecінe түcіpceм де,
Тас жүректі қалайша ерітпеймін?!.
Ақпан, 1997 жыл
ЖЕКЕ-ДАРА ҚЫЗҒАНЫШЫМ
Дос та жоқ, туыс та жоқ менде мұндай,
Дермісің маған сіңген еңбегін бай?
Еңбегі болса бәлкім болған шығар
Дәрігердің дәніктірген ем-домындай.
Оқытқам мен де біp қыс он үшінде
Емеспіз қанды көйлек ол үшін де.
Баулығам балапандай жас ұланды,
Отты жыр ол да жазған. Оны шын де.
Ол да емес меш бұған құнықтырған,
Біріне біpі өзін құл ұқтырған,
Екеудің себебін біз аша алмастай
Алланың өз қолында құлып тұрған.
Алпыс жыл өтті өзара құлшылықпен,
Мақтар ем хақ сыйлығын құлшынып мен,
Тіл-көз бар... Сыңар қалып, көздің жасын
Сыртымен жұдырықтың құрсын үккен.
Жұрт айтсын Зейнолласын — зиялысын
Қисапсыз іске қосқан қиялы үшін.
Ұрпаққа ғалым-ұстаз берген білім
Қазынасын қара орманыңа қиямысың?!
Ерлік пен сұлулықты сұрыптаған
Зекеңнен кімдер соны сыр ұқпаған.
Оқыған романын ойшыл орта
Нар сыйлап, нан ұсынып тұрыпты оған.
Еңбегін Мұхтар жайлы ол жасаған
Оқысаң табынарсың онда соған.
Оқыса білер қазақ бүгіндері
Осы деп шаңырағым, оң босағам.
Ақ берен адалдыққа жомарт жаны
Деседі ұмытқанды жаңартқаны.
Аңызға айналыпты ол, Ардың ісін
Жүк етіп жүрегіне жаны артқалы.
Осынау Академик ұстаз адам
Жаралып тумысында іш тазадан,
Пайғамбар алдын көрген деседі жұрт
Алмаған ұлағатты істі аз одан.
Пайғамбар аты Мұхтар әлемдегі,
Баһадүр барша тілге өлеңдегі.
Зекеңе барын берді ол, —
Tіpі Мұхтар
Осы деп мойындатты ол еңбегі.
Өзгеге өзін түгел сіңіретін
Бұл Зекең тапқан әділ сын ретін.
Бар мұның ойда-қырда шәкітрттері
Базынасын бал қымыздай сіміретін.
Біp аты Зейнолланың
Білім екен
Үйреткен ұрпағына ұлы мекен.
Өзіне салсаң, оның біpі де емес,
Құдайдың қара сирақ құлы Зекең.
Ал өзі жетпістегі құрдасын да
Көреді шыбын шықпас қыр басында.
Кіммен де көңілі толса мақтанады
Жүр-ау деп, әлгі жалғыз «құл» қасында!
Шындықтың көpіп мұнша қозғалысын
Амалсыз ақын арқам қозғаны шын.
Мен емес, ел осылай мадақтайды
Хамаңның жеке-дара қызғанышын!
ЕКІНШІ ECІMІM – АЗАП
Жұрт білмейтін екінші атым Азап,
Зар-мұңы бар оның да заты қазақ.
Міндетсімей ешкімге тер төгеді
Оңашада жанын жеп жатып өзі-ақ.
Бұйыртпаған құдайым тыныштығын
Оған сыйға тартады түн ыстығын.
Мәз болады соған ол таңға шейін
Тағы да бір бітті деп тың іс бүгін.
Іс дегені басқа жәй істен гөрі
Жөргегінен шыр етіп түскен жері
Шаранадай құптайды Азап төлін,
Сол ғой жұрттың қызықтай түскендері
Тұла бойын тұтқан сол дуалы ісі
Әпенделеу Азаптың қуанышы.
Қасіретпен заңғарың қауышқанда
Бақсылардың жынындай буады іші.
Көңіліне көшіп кеп ел түнесе,
Ел халіне ол онша елтімесе,
Азапқа сор жолығып, сол арқылы
Жем тілемей жүрегі ем тілесе,—
Сонда көр сен Азаптың долыққанын,
Азап соны не екенін мол ұққанын.
Ә-ә, солай ма, — дейді де өртенеді ол,
Өрті ұрттап ішсе де толық қанын.
Тақсіреттей ол тартқан соғыстағы
Қиянатпен қиын ба тоғыспағы?!
Тән жарасы аздай-ақ, жан жарақат
Алсын деп те кімдердің оғы ұшпады?!
Төзіп бақты соған да біздің Азап,
Қылмыс та жұрт ол басқан ізді мазақ
Ол екеуміз қансырап жатқанда тек
Ақ бейнеттен күдерді үздік аз-ақ...
...Иа, сол Азап екінші даусыз атым
Қашан өзім біткенде таусылатын.
Азап — ауыр. Онда жоқ жеңіл желік
Асу бермес ақ басты таусынатын.
Ақпан, 1997 жыл
МОМЫШҰЛЫ ЗИРАТЫ БАСЫНДА МОЙЫҒАН ШАҚТАН
Батыр ата Бәукем-ай! Сағындым-ау!
Бұлыңдаған көз алдым сағым мынау,
Сағым ба сол іш eңіpeп, жерге төкпей
Көз жанарын толтырып шағын жылау?!
Кескініңе, кейпіңе, жүрісіңе,
Жүрек жұтқан айтулы ірі іcіңe,
Нар көңілден нақыл сөз, үлкен үнге
Зар еткенің, Бәукеңнің тіpіcі ме?
Жоқ! Ол ғайып болғаны күллісінің,
Қара тастан қарап тұр құр мүсінің.
Мен байғұс та уақытша кyәcімін
Таусылмайтын табиғат қылмысының.
Бірді біpey жатқанда ұра жығып
Кетіп ең сен итттікті біpaз ұғып.
Асылым-ау, өмірден біp ceні де
Аттандыра алмадық разы қып.
Ол аздай-ақ, ұрлаттық мазарыңды,
Мақшарда да налытып назарыңды.
Mенің бетім ұяттан өртенеді,
Хатқа бұлай жазсам да жазарымды.
Жазғырсаң да рухыңа шағынамын,
Онсыз қалай үн-тілсіз сағынамын?
Үміт, күдік, үрейге іші толы
Шаң-тозаңын жанымның қағынамын.
Жұбаныш бар, әрине, дербес елде,
Біp аунап жат, бізге қол бермесең де.
Шүкір ет де, не қилы жат табаннан
Таптау көрген талайғы Жерге сен де.
Уақыт бірақ екі есті бүгіндері
Тасып-ақ жүр келер күн жүгін бері.
Сөйте тұра түседі қолың шоршып,
Сипап көрсең кірпідей түгін кері.
Ұры-қары, қарақшы, құлқын бастық,
Іpіп-шіpіп қор болған шіркін жастық.
Алдан шыға келеді, дегеніңше:
«Құдай басқа бермейтін біp күнді астық».
Kіpіcіп-ақ жатыр-ау бектер іcкe,
Айналмас-ау барлық іc тек теріске.
Ең жаманы — құпталған заңға қарсы
Тілің жаттың қолында тексерісте.
Аш құрсақтар кітаптан нәр сызбайды,
Жүрек тұрғай, беттеп әр сыздайды.
Біp бүйірден қысады қара басын
Байытып ап жылайтын арсыз қайғы.
Сілкіндірер дүниені осындайда
Сен қайдасың, өзіндей досың қайда?
Жоқсың бәрің. Біз жүрміз бар болғаны
Басындырмай ешкімге, басынбай да.
Жас сәбидей тұсауын енді кескен
Еліміз ғой, шығар ма елдік естен?!
Ел де әсер, елімен жер жетілер,
Жынды күндер таусылар емді үлескен.
Оны көріп шалқымақ қайда маған?!
Қайтсем тиер деймін тек пайдам оған.
Біp күнім жоқ сездерді еті тіpі
Алдыма сап, ысқыртып айдамаған.
Ол өзінше, қартайдым. Кәрілікті
Қой боғындай бұл күнде дәрі күтті.
Қуаныштың дәм-тұзын бөлісетін
Ертеңгіден дәмем жоқ, бәрі бітті.
Дем бітерде қан бойда қыза налып,
Жұтаң мезгіл көңілді бұзары анық.
Өлетін-ақ шығармын мен де сенше
Қақпандағы қасқырдай ызаланып.
Ақпан, 1997 жыл
РОМАНС
Махаббат, біp сен үшін өліп-өштік,
Жаңылсаң жазатайым, оны кештік.
Болсын деп бұл фәниге сен риза
Дүниеде жоқтан барды жонып өстік.
Сыйладық бір саған жұрт аңсағанды,
Айтсаң да жатырқамай жансақ әнді
Жұмсадық құдіретіңді мадақтауға
Жұрт білген жаны таза жаршы ағаңды.
Жұлдыздай жарқыраған сен аспанда,
Ол дәурен отпен, сумен санасқан ба?
Ортеніп алтын сандық көлге түсті,
Біз сені біp-aқ білдік соны ашқанда.
Аңғармай алаң-ашық іргені біз,
Жат жұртқа жүрек сатып жүргіміз,
Алланың есебінде. Шын махаббат!
Бізге жетпей, жылап тұр бір деміңіз.
* * *
Мұң бардай мұнша сұлу жүзіңізде,
Белгісіз реніштің ізі бізге.
Мұңымның дегендейсіз құпиясын
Үрдістен үйреншікті үзіп ізде.
Опасыз оқыс өмір қиянатын
Жүктеуге жан емессіз қия алатын.
Жүктеуге жан емессіз қия алатын
Шықса да шырқап арсыз қияға атым.
Күнәһар емеспін деп бекіндіңіз,
Періште қалпыңызға өкіндіңіз.
Басқа сөз айтпадыңыз. Таппай қалдық
Бұдан соң сізге беттер өкілді біз.
Бұдан соң жүзіңізбен қауышпадық,
Пендені жазғырудан ауыспадық.
Әркімнің өз басына қарсы тұрар
Бір-бірден ет-жүректе жау ұстадық.
KІЛEM
Өрнекті, түгел түкті, асыл кілем —
Ақ сары, көк пен қызыл-жасыл кілeң.
Мен де оның біpey құрлым мың заманғы
Ақшадан қымбатырақ бәсін білем.
Зәуде бұл ұлы тұлға босағасын
Қастерлеп қасиетті қол жасағасын,
Қақ төрде табан талғaп, құптаған ғой
Елбасын, қолбасы мен қос ағасын.
Тақалы табан оның баспай түгін,
Етігін ерлер төмен тастайтұғын.
Әжем де әсемдігін сылап-сипап
Отырып сөзін сосын бастайтұғын.
Бұл күнде бас өзгеше болғасын да
Тақалы табан затты талғасын ба, —
Қыздырып басқандай-ақ сезінем мен
Біp салар бізге қарғыс таңбасын да.
Зинақор маскүнемді жетектейді,
Кілемге малғұндар не төкпейді...
...Кілем де дастарқандай қасиетті,
Қарызсыз ол да парыз өтетпейді.
Cіз бен біз жаралмадық кір елінен,
Сондықтан сорақыға күле білем.
Меніңше, танып-біліп, бағалау шарт
Киесін отбасының кілемінен.
ЖЕТКІНШЕГІМЕ
Қарағым, дей алмаймын мұңаймашы,
Мұңайтар түлкі өмірдің мың айласы.
Болмаған ойшыл жанда мұңсыз мұрат,
Оңаша мұңайғанда мұны ойлашы.
Адамды табиғат та мұңайтады,
Ауру мен азалы күн мұны айтады.
Жүйкеңде, қаңтар қарып тастағандай
Қалады ондаған жыл, мың ай табы.
Бірақ ол өз өтеуін өндіреді,
Сол сәтте бет-жүзіңе өң кіреді
Кінәсін ұмыттырып, өз қасында
Уыздай ұрпағың боп ол жүреді
Сондай-ақ адамға сен, сендіріп те,
Ол сенен үрікпесе, сен де үрікпе.
Жүйкеңе жүлге бітce, саған соқпай
Өтеді өз жөнімен сел жүріп те.
Іші тар, жаны сатқын жаман адам
Қашан да қарғыс алмақ заманадан.
Сенімді жақсығa артар, оған артсаң,
Қалмайсың залал шекпей аман одан.
Шалқаймақ шаққан мұңға өктем көсем,
Өзіңмен санасқандай от бермесең.
Тати ма сөйтуге сол, мұны да ойлан,
Айтпас ем бәрін бастан өткермесем.
Адамға сену шарт, ол кісі десең,
Кісінің іші де — сен, ісі де — сен.
Өйткені өміp бойы дейтұғын сол
Жұрт қамын жеп те күйіп-пісіп өсем.
Ақпан, 1997 жыл
ТАНЫМ ТАЛҚЫСЫ
Зиялылар хат жазысып айтыспақ
Халқымызға қажет болған қай тұста-ақ.
Ел біp жасап қалушы еді-ау сол сайыс
Сарғая жұрт күткен жерге сай түссе ақ
Бір арнаға құйып түрлі толғаныс
Жадымызда соны соқпақ болған іс.
Тапқыр таным аздан көпке ауысып
Содан түскен алтыны мен қолға мыс.
Солай түскен өнер дәні уысқа,
Зиялылар жұмбақ сырға жуысса.
Жатыр дескен не ғажаптың ұрығы
Ақ тарының қауызындай қуыста.
Олар сол біp қасиетті ұрықтан
Ұлғайысып біpін жетік біpі ұққан.
Күн көзіне қарай білген қасқайып,
Қорықпаған бұталық пен құрықтан.
Екеуара кескілессе, кек деген
Төккен терден қалып етте кеппеген.
Қарсыласты тілім титтей қорласа
Дейтін солар өзім өліп кетпек ем.
Қарсыластың қатты сөзі тиімді
Қара нандай қандыра алса иінді.
Қарсыластар біpін-біpі күшейтсе,
Оңай ортақ тұжырымдау түйінді.
Ет жүректе — ел пайдасы, наласы,
Мезгілдің де дербес ғұмырнамасы.
Зиялылар есебінше ежелден
Ауыз тұрғай намыстың да нан — асы.
...Дана дәстүр тапса тағы жалғасын
Қадам жасап қалар едік алға шын.
Зиялылар түсінеді; сайыспақ
Бұрынғыдан бетер бүгін арға — сын.
Ашық айтыс аз да болса дем бepіп,
Бұл күн оған бұйыртқандай енді epік.
Кешегінің кесірінен демек бар
Eceңгіpeп қалған жұртты емделік.
Жылт еткенге құрақ ұшып өскен ем,
Зәредейден секем алам, сескенем.
Ойшылдармен салғыласса керауыз
Не сұмдықты алам дереу еске мен.
Пікір айтқыш топ ішінде ендігі
Жоқтар да бар сөзінің еш емдігі.
Көп көзіне көрінбекті кексейтін
Баққұмарға жүктелмейді ел жүгі.
Дандайсыған мансабына мас «төре»
Беделдермен бет тырнаспақ әшкере.
Талас пікір талқыланса күлеміз
Отырғандай соның сөзін хош көре.
Өйтпелік біз, айыпталық ақырын
Кешегінің сол солақай пақырын.
Сауыққасын ол да бәлкім дей алмас:
«Ел тағдыры маған салса, мақұрым...»
Жөнге бағып қатал қыс пен нелер күз,
Бүйте бермей біз де бүтінделерміз.
Басқалардай, бақ-дәулеті тасыған,
Кемел шаққа біртін-біртін келерміз.
Қымызындай сарқылмайтын сабаның,
Оған кепіл — бай мекені бабаның.
Oғaн кепіл — төркінім боп төгілсем,
Тамұқ отын талай кешкен табаным.
Ашқан дәйім шындықтың бет-бедерін
Саған ғана сенім артқан еді елім.
Ойшыл адам! Ортаға шық бөгелмей!
Ортаға шық, бейнеткешім, беделім!
Наурыз, 1997 жыл
ECІPTKІ ЕСКЕ ТҮСКЕНДЕ
Оралады ойға сыр алыстардан
Ат үстінде өлең-жыр, ән ұстарған.
Адамына бейтаныс ат арытып
Заты мәлім талайғы таныс барған.
Танысына бейтаныс жылқы жыққан,
Кімдер ләззат алмаған бұл қызықтан.
Күнде солай дос тапқан сал, cepіні
Таң атқанша талайдың ұл-қызы ұққан.
Ондай кештен таң тұрғай өле-өлгенше
Өмірінде шаттығын өлең бөлсе
Қайтер едің?..
Қайтер ең қайғы-шерді,
Ән дарытқан сиқырдан ол емделсе?..
Кемел шабыт келсе де қай тараптан,
Жас ұрпаққа қазынасын қайталатқан.
Азабында олардың айырма жоқ
Қайда салсаң қажымас қайсар аттан.
Өршеленген сол қуат өнердегі
Өсиет болған абызға өлердегі.
Анты болған айнымас махаббаттың,
Cepті болған семсердің ол ердегі.
Не көрінді сол күшті арытқандай?..
Одан асқан бұл елде алып қандай?..
Ашынбас ек осынша жүрсек бекер
Алыптардың қасиетін алып қалмай.
Құран сөзі ceкілді қасиетін
Хатқа түздік бар ғалам бас иетін.
Tіpі өнерге құл болмай, құқың қайсы
Өліге арнап алаңға тас үйетін?!
Сенген қойым, сен қайда?..
Кітап қайда?..
Қасіреттен кім тапқан жұтап пайда?..
Жастық шағын өзінше жанбас па еді
Есірткінің өртімен тұтатпай да?!
Тамырыңа тажалдың құйып асын,
Қыршыныңнан оп-оңай қиыласың.
Оқытасың атаңа жаназаңды,
Саған құй ұнамасын, күй ұнасын...
Қашан құдай тексеріп, тергер үнді, —
Кімге берем тірнектеп тергенімді?..
Hecінe шал ecікте тұрып қалмай
Өз төбесін төмпештеп төрге мінді?!.
Қараша, 1995
БОЙЫҢА ШАҚ БОЛМЫСЫҢА ЖҮГІНСЕҢ
Жаман да емес жанып-күймек сен үшін,
Сен арқылы сергітіп ел cepіcін.
Асып-тасып кетпесе тек, шіркін-ай,
Шүкірлікпен шүйіркелесер ішің!..
Мерейтойың, мансабы зор жақтасың
Ұлы адам деп екі жақтан мақтасын.
Шын сол екем демесе тек, шіркін-ай,
Соған бола соқыр көзің, ақ басың!..
Мен сияқты шалға айтылар осы өлең
Саған сабақ болса, дұрыс өсер ең.
Құлдан шыққан құдіретті туысың
Ecіpтпece, қай бетіңмен бөсер ең?!
Шамадан тыс мақталып ең алпыста
Жарамсақтар жаппай құшып ол тұста.
Содан бepі құдай саған деген бе
Ынсабыңды мықты ұстамай, олқы ұста?..
Содан бepі жанды көзге ілмейсің,
Ендігі адам бас парызын білмейсің,
Бұл күндері жіті көздер алдында
Бар болғаны сен өзіңмен бірдейсің.
...Қашан ғана біз осыны ұғамыз?
Қашан ғана күткен жерден шығамыз?..
Жақсартам деп өз болмысы өлшеулі
Қолқамызға қолды бекер сұғамыз...
Жүз халықтың қасиетінен сұрыптап
Біp халыққа қажет содан сыр ұтпақ.
Kөpіп отыр көңілі ояу, көзі ашық
Қай патшадан қалып жатыр шіpіп тақ.
Қой, ағайын, мына заман өлшемін
Ұғып өлcін жасы жетіп өлсе мың.
Қорқытып, не қорқып айтқан кешегі
Ұраныңа ұқсамайды ол сенің.
Халық үшін қандай ұлы қазағың
Жеңе білді долы тәртіп дозағын?..
Пейіш кімнің сыбағасы...
өзі айтсын,
Біp құдайға тапсыралық о жағын...
Бойыңа шақ, болмысыңа жүгінсең,
Бүлінбесең, бүгін адам — бүгін сен!
Мамыр, 1997 жыл
ҚИЯНАТ ПЕН ҚИЯЛ
Қыр соңымнан қал маған қиянатқа,
Қасақана мінгізсе қиял атқа,
Еппен шыққан болар ем ат қинамай
Қиын шоқы басына қиялап та.
Тұралатып тынар деп сол ақыры
Есек дәме ecіpтті сорақыны.
Байқауымша, тым арзан қиянатқа
Құдіретті қиялдың cіpә құны.
Қос қанатты қиялдың қауырсыны
Тау жүктесең көрмеген ауырсынып.
Ұрда-жықтар ұқсын-ау оны қайдан
Қарсы алдында жатқасын дәуір сулық.
Бұл дәуір де сілкінер, іріктелер,
Хауа-Жерге қарызын ұрық төлер.
Қанша тарпаң болса да табиғаты
Қиянатқа қыл арқан, құрық төнер.
YMІT... Mінe осы үміт зepіктірді,
Қай іcті де қиянат кері ұқтырды.
Қиянатқа қиялды жығып бepіп,
Қожа нетсе — қолында epік тұрды.
Бақсам, ол да заң екен өзгермейтін,
Бұл фәниде қол ұстап, көз кермейтін.
Сайысқа да салғандай іc емес бұл,
Білгізбекке біp ауыз сөз бар дейтін.
Өз бетінше өpшіп ол асқынады,
Өзі тойып, өзгені аш қылады.
Тер ағасы төрт бөліп түн ұйқысын,
Шаш ағартса, соны да ол азсынады.
Mінгізді екен қанатты қиял атқа —
Дерсің маған сөзіңді тиянақта:
Біpі төмен, орташа, біpі биік
Дәреженің бәpі бар қиянатта.
Біpі қорқып біpінeн дәреженің
Қалтыраса қолындай кәрі әженің,
Қылатыны қиянат маған, саған
Қорлауға мол дүмшенің бәрі өз елін.
Мен олардан зеріктім опа күтіп,
Олардың да менде жоқ ортағы түк.
Маған парыз кемді-күн осылайша
Кеудемізден отырмақ от ағытып.
Сәуір, 1997 жыл
СӘЙГҮЛІГІМ «ЭСПЕРО»
«Эсперо» — сәйгүлігім бүгіндері
Шапса да мың шақырым
мығым белі
Қартыңыз соған аяқ артқан сайын
Қарсы алмақ қарызым
деп ұғынды eлі.
Шапқан боз шабытымды тербеткенде
Желғабаз маңдайымнан
тер кепкен бе. —
Ол сәтте тәңірім өзі құптамайды
Mін тақса, мінезімді
тергеп пенде.
Ол сәтте жұрт түгел пәк демесем де,
Мен үшін дербес таза
дене сенде.
Жаның бар одан бетер маған жақын,
Сен де мәз секілдісің мен есенде.
Кім болсаң о бол, — жолай көріскенде,
Сәтімен сәлемге қол беріскенде.
Жалғыз-ақ жабырқамай
жан ұқтырсаң,
Өтелген ол теңеспек борышпен де.
Мінгізген елім сыйлап қазанатым,
Танытты талай жердің азаматын.
Қазағым, қайнар көзі шабытымның
Көп бepіп жөнің де жоқ аз алатын.
Көрмеген болып біp сәт салқын әнін,
Шалқымай мен қалайша
сарқыламын?! —
Дейтұғын қашан алсаң, барым — саған
Бабаның бас иемін салтына мың.
Бізге артқан жеңіл де емес
жүгі атаның,
Байланса жылдың бағын жылатамын.
Артынша өз шырынын өтейтұғын
Көңілдің көз жасымен жұбатамын.
Бақсыға дей алмастай қаратайын
Қайтейін,
тілім тіктеу қарапайым...
Сөйтсе де соның мeйіpімі
Секілді сексен асқан кәpі апайым.
Аллаға шүкір, бар деп мақтанамын
Жақын мен желінбеген жатта наным.
Ескірмей, дем бітce де, ел есінде
Әр тұстан
дәл осылай аттанамын.
«Эсперо!»
Атшым Ерлан сені күткен
Келеді күн оздырып серілікпен.
Екеуің барда жүре тұрайыншы
Сендерше
серуен сайын семіріп мен!
ЖАС ҰЛAHҒA ҚАРАТА
Қазақтың қазақ тонап малы-мүлкін,
Басталған содан сонау малығұн күн.
Арланам, байды жалмап аштан өлген
Келсе де аш-арыққа әлі күлкім.
Соларды және жұмсап ажалына,
Артынша өзі атылған азалы да
Халықтың жауы атанды. Сонда да біз
Тарихтың тағзым еттік тажалына.
Ол аздай, ақылдан жұрт адасар да!..
Біржола мансұқталды Алаш Орда.
Деген сөз бұл қазаққа ат болмай-ақ,
Есек бол сен екі есе аласар да!..
Әркімге ауыр күнә жүктегелі
Осылай өлімді өмір жіктеп еді
Сонда да байдың байғұс жетімегі
«Басқаны біздің үйше жық» демеді
Әу баста амал құрып арды сатқан
Табалап қайтсін күнді қарғыс атқан?!
Бүгіндер бүтінделіп жатқандаймыз,
Жұртпыз деп жаратылған арғы САҚтан
Келмеске кетті ме рас
«көзі құрттап»,
Өзгеден қорқып өзін өзі құртпақ?..
Болдық па ағайынның қасық қанын
Ажалдың айдауына төзіп ұрттап?..
Шын болса тұрғанымыз тік өскелі,
Жендетті жерлеп өміp түгескені,
Қасиетті жағалауға жеткізетін
Қайықтың қолымызда тұр ескегі.
Иншалла, бөтенге бас имегесін
Жас ұлан, жақсы күнде үйленесің.
Жалғыз-ақ кешегіден айнымайтын
Арамза айла-шарғы билемесін.
Құдайдың саған берген мезгілінде
Табылар таптағыштар өз гүлін де.
Қаталдау қайырым іcтe сен соларға,
Ожарлық одан асса «озбырым» де.
Тасжүрек, қаны қара безбүйректі
Бұл ғасыр дей алмайсың тез күйретті.
Ұмытпа, ол геноцид кісі жейтін
Тәсіл мен тәркілегіш сөз де үйретті.
Содан сақ болғайсыңдар, жас ұландар!
Ақ жолдың азабына жасымаңдар!
Жаңаша Жер сендерді жарылқаса,
Ақылмен Жерді сендер асыраңдар!
Мамыр, 1997 жыл
ДҮБІРЛІ ДҮРМЕКТЕ ЖАЗЫЛҒАН СӨЗДЕР
БІРНШІ HҰCҚA
Алғанда жау жағадан, бөpі етектен,
Қан, тepін бүкіл қара, төре төккен.
Сұм тағдыр не салса да атам қазақ
Көрмеген күдер үзіп келешектен.
Көркіне тойған талай көз алыстан
Жасасын epікті ел — Қазақстан!
Қазақтың пейілі кең өлкесіндей,
Ары да асқар таудың өркешіндей.
Талаптың Абай айтқан тұлпарының
Табаны тайған емес жер тесілмей.
Көркіне тойған талай көз алыстан
Жасасын epікті ел — Қазақстан!
Ерлері қатар ұшқан ғарышқа да,
Дос қымбат кeліcкe де, барысқа да.
Жарқырап сен де, мен де, ол да жанса,
Жараймыз оза шабар жарысқа да.
Көркіне тойған талай көз алыстан
Жасасын epікті ел — Қазақстан!
EKІHШІ HҰСҚA
Замандарды не ғаламат астаң-кестең
Қабырғалы Қазақстан бастан кешкен.
Жердің нәрән, елдің арын ерлер демеп,
Ғасырлардан ғасырларға дастан кешкен.
Ақ күн тусын алдынан
Ерді намыс қысқанда
Kөpікті Қазақстанда,
Epікті Қазақстанда!
Біз қазақпыз ақ пейілді ата көрген,
Дана баба дос көбейт деп бата берген.
Досқа қастық жасағанның күні қараң,
Жат жарлығы аласталды елден, жерден.
Ақ күн тусын алдынан
Ерді намыс қысқанда
Kөpікті Қазақстанда,
Epікті Қазақстанда!
Қыран көктен, құлан қақтан безінбесін,
Әз табиғат адамды жат ceзінбecін.
Ойшыл әулет туған өлке туы астында
Жаққан оттай жарқырайтын кезім десін.
Ақ күн тусын алдынан
Epді намыс қысқанда
Kөрікті Қазақстанда,
Epікті Қазақстанда!
ҮШІНШІ НҰСҚА
Біз қазақ, ежелден дарқан ел саналған,
Елдігін сақтаған ерлігі сан алуан.
Торлаған тұманда тоқтаусыз сайраған
Мәңгі жас бұлбұлы сая-бақ самалдан.
Тәуелсіз кең Қазақстанды
Даналық бастайды бақытқа,
Достыққа, береке бірлікке,
Еңселі елдікке, ерлікке.
Жасампаз ұрпақтар мекені иен-байтақ,
Мол байлық — атадан әулетке қонған бақ.
Тілеулес достарға бұл елде пейіл кең,
Жоғалды біржола басқыншы тәж бен тақ.
Тәуелсіз кең Қазақстанды
Даналық бастайды бақытқа,
Достыққа, береке бірлікке,
Еңселі елдікке, ерлікке.
Қыран да көгінде, құлан да қағында,
Еркіндік мұраты — қашанғы қағида.
Жарқырап шат әркім өз орнында,
Азамат, ақ күннің талабын қабылда!
Тәуелсіз кең Қазақстанды
Даналық бастайды бақытқа,
Достыққа, береке бірлікке,
Еңселі елдікке, ерлікке.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру