Ағынан жарылсақ...
Ермахан Шайхыұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Айқын» газеті бас редакторының орынбасары, бірнеше кітаптың авторы Ермахан Шайхыұлының «Ағынан жарылсақ...» атты жинағына 2004 – 2011 жылдары «Айқын» газетінің «Ақ сөйле» айдары бойынша жарық көрген сұхбаттары топтастырылған. Бұл кітаптың үлкен тарихи жүк көтеріп тұрғанын айту керек. Ашық та байсалды əңгімелерден замана запыраны, қоғам қайшылығы, шындық үні тұрақты түрде қылаң беріп отырады. Бос сөз, бостекі əңгіме
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз-7
Ш 18
Қазақстан Республикасы
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша шығарылды
Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ.
Ш 18 Ағынан жарылсақ...: Сұхбаттар жинағы / Ермахан Шайхы-
ұлы. – Алматы: «Қазы ғұрт» бас пасы, 2012. – 320 бет.
ІSBN 9965-22-382-3
«Айқын» газеті бас редакторының орынбасары, бірнеше кітаптың
авторы Ермахан Шайхыұлының «Ағынан жарылсақ...» атты жинағына
2004 – 2011 жылдары «Айқын» газетінің «Ақ сөйле» айдары бойынша
жарық көрген сұхбаттары топтастырылған. Бұл кітаптың үлкен тари-
хи жүк көтеріп тұрғанын айту керек.
Ашық та байсалды əңгімелерден замана запыраны, қоғам қайшылығы, шындық үні тұрақты түрде қылаң беріп отырады. Бос сөз, бостекі əңгіме емес, көбісі уақытпен тығыз үндескен тақырыптар. Əр сұхбат берушінің өмірге, өзі өмір сүріп отырған кезеңге деген көзқарасы мен таным-түсінігін көзі қарақты оқырман жазбай таниды. Таразы басына салып ой салмақтауға таптырмайтын жинақ. Оның үстіне, автор осынша кейіпкердің басын бір кітапқа қосу арқылы ұлы уақыт шежіресін қағазға түсіруге талпынған.
Кітап көпшілік оқырманға арналады.
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз-7
ІSBN 9965-22-382-3
© Е Шайхыұлы., 2012
© «Қазығұрт» баспасы», 2012
Алғысөз
ҒАСЫР ТОҒЫСЫНДАҒЫ ТҰЛҒАЛАР
Белгілі журналист, «Айқын» газеті бас редакторының орын-
басары Ермахан Шайхыұлының кезекті кітабы оқырманға жол
тартып отыр. Бұл кітаптың басты ерекшелігі – кілең сұхбаттан
тұрады. Сұхбат – осы заманғы журналис тика ның жауынгер
жанрына айналып келеді. Басты кейіпкер лер – Сіз күнде көріп
жүрген жандар.
«Ағынан жарылсақ...» деп аталатын осы жинақтың үлкен
тарихи жүк көтеріп тұрғанын айту керек. Кешегі Кəукен Кен-
жетаев бастаған қазақтың небір қабырғалы азаматы – Ермахан
сұхбатының кейіпкерлері. Кəкімжан Наурызбаев, Мұзафар
Əлімбаев, Қалмұқан Исабай, Қадыр Мырза Əли, Тұманбай
Молдағалиев, Қалихан Ысқақ, Серік Қирабаев сияқты арда
буын ағалар мен олардан кейінгі толқын-толқын ұлт зиялы-
лары негізінен алғанда ел мен жұрттың, заман мен уақыттың
алға тартқан əр алуан мəселесін кө тереді. Сұхбат алушының
шеберлігі сонда, ол сұхбат беру шінің жан дүниесін ашуға
ұмтылады, осы мақсатпен кейіпкерін бас қатырар күрделі
сұрақтарсыз, қарапайым əңгімеге тарта отырып, кешенді мəсе-
лелерді көпшілік талқысына ұсынады. Өмірлік маңызды, əрбір
Алаш азаматы айналып өте алмайтын, сөз етпей кете алмайтын
тақы рып тарды сұхбатқа арқау етеді.
Ашық та байсалды əңгімелерден замана запыраны, қоғам
қайшылығы, шындық үні тұрақты түрде қылаң беріп отырады.
Бұл – журналистің діттеген мақсатына жеткені. Бос сөз, бостекі
əңгіме емес, көбісі уақытпен тығыз үндескен тақырыптар. Əр
сұхбат берушінің өмірге, өзі өмір сүріп отырған кезеңге деген
көзқарасы мен таным-түсінігін көзі қарақты оқырман жазбай
таниды. Таразы басына салып, ой салмақтауға таптырмайтын
жинақ.
Кітаптың аты да сəтті қойылған. Қазақ осындай бəтуалы
əңгімені айтқанда, ағынан жарылып, əділін айтуға ұмтылады.
Оның үстіне, Ермахан осынша кейіпкердің басын бір кітапқа
қосу арқылы ұлы уақыт шежіресін қағазға түсіруге талпынған.
Біздің ойымызша, бұл мақсат та орайымен орындалған.
Сосын əр сұхбат жолдарынан сыналап болса да санаға
сығалап тұратын бір мəселе – ел Тəуелсіздігі. Сұхбат берушінің
қай-қайсысы болса да қазақ елінің өскен, өркен жайған мықты
мемлекет болуын қалайды. Кей тұста қатты қамшы басып жатса
да, бəрінің ойында ел мен жер, ұлт пен ұлыс мəселесі басты
бағдарда тұрады. Жауығып айтпайды, жаны ашып айтады. Мін
болса, тез түзелсін деген тілек. Сын болса, шын болсын деген
талап. Осы ретте ағынан жарылған жандардың жанайқайына
Сіз де сырт қарай алмайсыз, сұхбат берушімен бірге Сіз де
қазақ ұлтының көкейіндегі көп мəселеге іштей үн қосып, кей
жерде келісіп, кей тұста пікір таластырып отырасыз. Бұл да
өз мамандығының майын ішкен майталман журналистің өз
мамандығына адалдығының нақты дəлелі.
Сонымен, қолыңызда «Ағынан жарылсақ...» деп аталатын
жаңа жинақ.
Оқыңыз. Тоқыңыз. Сіз де бəлкім осыдан кейін ағыңыздан
жарылғыңыз келер...
Несі бар, онда Ермахан Шайхыұлына хабарласыңыз!
Нұртөре ЖҮСІП,
Республикалық «Айқын» газетінің
Бас редакторы,
Президент сыйлығының лауреаты
Кќукен КЕНЖЕТАЙЏЛЫ:
Ћазаћстанныѓ Халыћ артисі:
«Атаманныѓ аћыры» –
Аймановтыѓ аћырѕы
фильмі
Бірінші шегініс
Атақты жердің бірі – Баянауыл болса, атақты ердің бірі –
Шəкен Айманов. Ол табиғаты əсем, өзен-көлге бай, таулы-тасты,
ну-орманды жерде туып, өсті. Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр
көлдерінде шомылды. «Ақбеттау», «Зеңгіртас», «Күркетас»,
«Серектас», «Найзатас» баурайларында өсті. Бала кезінен өнерге
құштар болды. Кенжетайдың қара шаңырағына келіп əн сала-
тын Қалиды, күй шертетін Ысқақбайды, ертегі, қисса айтатын
Дүйсенбай мен Рахметқожаны тыңдаудан бір жалықпайтын.
Өнер десе, ішкен асын жерге қойып, түнді түнге, таңды таңға
жалғауға бар еді.
Шəкеннің əкесі Кенжетай əнші, күйші, аңшы адам болыпты.
Арабша оқып, хат таныған. Сол өңірге белгілі өнерлі азаматтар-
ды жинап, той-думан жасағанды ұнатады екен.
Кенжетай Айманұлының шаңырағында Əбдікəрім, Шаһкəрім,
Əбдірахым атты үш ұл дүниеге келіпті. Келе-келе олар Абдан,
Шəкен, Кəукен аталып кеткен. Үшеуі де домбыра тартып, əн са-
латын. Əсіресе, жаңағыдай сал-серілер жиналған той-жиындарда
əкесі Кенжетай:
– Шəкен, сен «Екі жиренді», ал Кəукен, сен «Қара торғайды»
айт, – деп кеу-кеулеп қояды екен. Сөйтіп, ағайынды үшеуі де əке
жолын қуып, домбыра тартып, əн салып, өнер көшіне ілеседі.
Кəукен Кенжетайұлы айтады:
– Шəкеннің өнерге деген қабілеті, ынтасы бізден гөрі зор бо-
латын. Ол əкеміздің, болмаса Қалидың бір айтып берген өлеңін
табанда қағып алатын да, бізге қайтып айтып беретін. Қалидың
əн айтып отырғандағы бет-əлпетін, қимыл-қозғалысын айнытпай
салатын. Қалидың өзі мұны көріп қарқ-қарқ күліп, Шəкеннің
бетінен сүйіп: «Мынау үлкен əртіс болады» деп отыратын.
...Шəкен еркінірек, өжеттеу болып өсті. Оны ауыл-аймақ
жақсы көріп, əн салдырып, тақпақ оқытады, ертегі айтқызады.
Жұмысқа бейімділігі аздау еді, қайда ойын-сауық болса, сонда
жүретін.
Марқұм шешеміз: «Бұзауды бағып кел, болмаса тезек теріп
келе қойыңдар» десе, Шəкеннің не іші, не басы ауыра қалады.
Анамыз қаттырақ айтса, «Серектастың» басына шығып алып,
екі аяқты салбыратып жіберіп, жылайды да отырады.
– Сенің жұртты қылжақ қылғанда басың ауырмайды, ал
жұмысқа келгенде бас та, іш те ауыра қалатыны қалай? – деп
апам ренжитін еді.
Əкеміздің Аббас деген дəрігер ағасы болған. Ол Баян ау-
данында аса қадірменді адам еді. Сол көкеміз атына мініп
алып, ағайындарды аралап: «Халдерің қалай, ауру-сырқаудан
амансыңдар ма? Бала-шаға аман ба?» деп сұрап жүретін.
Кейде «Серектастың» басында жылап отырған Шəкенді
көріп, неге жылап отырғанын сұрағанда апам қатты ұялып,
Шəкенге қолын сермеп, «тоқтат» дегендей ым жасайды. Сол
кезде Əбағаң:
– Жəмке, Жəмке, оған ұрыспаңыз, ұрыспаңыз. Ол тегін
жылап отырған жоқ. Өнер қысып жылап отыр, – деп Шəкенді
үйіне алып кетеді.
Шəкен кейін əртіс болған соң ауыл үлкендері: «Апыр-ай,
Əбағам Шəкенді жасында «өнер қысып жылап отыр» деуші еді,
жарықтық біліп айтқан екен ғой» деп таңдайларын қағатын.
Екінші шегініс
Иə, осындай киелі топырақта туып, текті елде, өнерлі орта-
да өскен Шəкеннің əнші, əртіс, ақын болмауы мүмкін емес те
еді.
1924 жылы Шəкен Аймановты үлкен ағасы Қажымұрат Се-
мейге оқуға алып келеді. Алғашында ол Казкоммунаға түсіп,
кейіннен Халық ағарту институтында оқиды. Осы жоғары
оқу орнында оқып жүрген кезінде түрлі көркемөнерпаздар
үйірмелеріне қатысып, домбыра мен мандолина тартып, Жұмат
Шаниннің «Арқалық батыр» пьесасында ойнайды.
1933 жылы Алматыдағы Қазақтың Ұлттық драма театрына
ел ішінде жүрген өнерлі жастарды жинау үшін Ғабит Мүсірепов
арнайы Семейге барады. Ол «Зарлық» атты спектакльді көріп,
Шəкеннің дарынын байқап, оны Алматыға алып кетеді. Міне,
Шəкеннің кəсіби актерлік қызметі осылай басталады. Ол те-
атр əртісі бола жүріп Құрманбек Жандарбеков, Қалибек Қуа-
нышбаев, Серəлі Қожамқұлов, Қанабек Байсейітов, Елубай
Өмірзақов, Күлəш Байсейітовалардан тəлім-тəрбие алады.
Оларды өнерде де, өмірде де ұстаз тұтады. Қазақ театрының
қара шаңы рағында қызмет еткен алғашқы жылдарында шағын
рөлдерден бастап, кейін басты-басты рөлдерде ойнады. Мə-
селен, «Қобы ландыда» – Қобыланды, «Ақан Сері – Ақтоты-
да» – Ақан, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлудағы» – Қодар,
«Абайдағы» – Керім, «Алдаркөседегі» – Алдар, «Асауға –
тұсаудағы» – Петруччио, «Отеллодағы» – Отелло сықылды
қазақтың жəне шетелдің классикалық шығармаларындағы
күрделі бейнелерді сомдайды.
Кəукен Кенжетайұлы айтады:
– Шəкен Шекспирдің туғанына 400 жыл толу мерекесіне
арнайы шақырылып, оның туған елі Англияға барып, Шекспир
театрында Отеллоны ойнайды.
Тамаша ағылшын актері əрі режиссері Лоуренс Оливьенің
өнерімен танысады. Ол ойнаған Отелло Шəкенге қатты əсер
етеді.
Оливьенің сұрауы бойынша Шəкен Отеллоның монологын
қазақ тілінде оқып береді. Сонда Лоуренс Оливье «Сіздің тілде
поэзиялық зор қасиет бар екен» деп таң қалады.
Үшінші шегініс
1937 жылы ленинградтық кинорежиссер М. Левин «Аман-
гелді» фильмін түсіруді қолға алады. Қазақтың тұңғыш киносы
ретінде саналып жүрген бұл фильмнің сценарийін белгілі жазу-
шылар Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов бірлесіп жазады.
Фильм түсіріліп жатқан «Қарақастек» ауылына Шəкен де келіп,
сырттай бақылап, режиссерге киноға түскісі келетінін айтады.
Бірақ рөлдердің барлығы бөлініп, бекітіліп қойғандықтан,
Шəкенге рөл тимейді. Бірақ жас таланттың сағын сындырғысы
келмеген режиссер оған Амангелді сарбаздарының бірі болуды
ұсынады. Шəкен бұл ұсынысты қуана қабылдап, сарбаз рөлін
бар ынты-шынтысымен ойнайды. Шəкеннің үлкен талпынысын
байқаған М. Левин оған алдағы уақытта рөл беретіндігін айтып
қуантады. Қазір «Амангелді» фильмін көре отырып, қайсысы
Шəкен Айманов екенін тап басып табу қиын. Кино мен театр-
да рөлдердің үлкен-кішісі болмайтынын ескерсек, бұл Шəкен
Аймановтың кинодағы шағын да болса тұңғыш рөлі еді...
Бұдан кейін Шəкен Айманов «Абай əндері», «Жамбыл»,
«Алдаркөсе» сияқты басқа да фильмдерге түсіп, басты рөлдерде
ойнады. Ол өмірінің соңына дейін əрі көркемдік жетекші, əрі
режиссер ретінде 14 көркем суретті фильм түсіріпті. Əсіресе,
«Біздің сүйікті дəрігер», «Тақиялы періште», «Атамекен»,
«Атаманның ақыры» фильмдері – көрерменнің көңілінен
шыққан туындылар. Кезінде «Атаманның ақыры» фильміне
Дінмұхаммед Қонаевтың өзі жоғары баға бере отырып, алдағы
уақытта Абай туралы кино түсіру жөнінде кеңес беріпті. Алайда,
Шəкен ағамыз ол туындыны түсіруге үлгере алмады. Мəңгілікке
асығыс аттанып кетті...
«Атаманның ақыры» – Аймановтың ақырғы фильмі болып
тарихта қалды.
Тобықтай түйін
Биыл «қазақ киносының атасы» атанған Шəкен Айманов-
тың туғанына 90 жыл толды. Мерейтойын атап өтуді туған
жері Баянауыл мамыр айына шегеріп отыр. Күні кеше ғана
Президенттің мəдениет орталығынан Ш. Аймановтың 90
жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды. Басқа да мəдени
іс-шаралар өткізілетіні айқын. Осы ретте Шəкен Айманов
атындағы «Қазақфильм» киностудиясының басшылығы оның өзі
түскен жəне түсірген фильмдерінің жыл бойына теледидардан
көрсетілуіне мұрындық болса деген ұсыныс айтқымыз келеді.
«Айқын» газеті, 2004 жыл
Кќкімжан НАУРЫЗБАЕВ,
мљсінші, Ћазаћстанныѓ Халыћ суретшісі,
Мемлекеттік сыйлыћтыѓ лауреаты, профессор:
Абайдыѓ ескерткішін
алып тастауѕа дейін
барды
– Cіз қазақтың ақыл-ой алыбы – Ұлы Абайдың шынайы
бейнесін сомдаған мүсіншісіз. Дала данышпанының ескерт-
кішін соғу – кім-көрінгеннің маңдайына жазыла бермейтін
бақ. Мұндай үлкен сенімге қалай ие болдыңыз?
– Ұлы Абайдың өзі себепкер болды. Мектеп қабырғасында
оқып жүргеннің өзінде хакім Абайдың өлеңдерін жатқа
білетінбіз. Оның қара сөздерінен нəр алып, рухани өсіп-өндік.
Ұлы ақынның көзін көрмесем де мен өзімді онымен қатар
өскендей сезіндім. Себебі не? Өйткені оның бүкіл ғұмыры,
шығармалары, алып тұлғасы, бет-бейнесі маған темірқазық
болды. Мен оған еліктеп өстім. Абайдың өзі: «Болмасаң да ұқсап
бақ, бір ғалымды көрсеңіз» демеп пе еді?!
– Бұл енді Cіздің рухани дайындығыңыз іспетті ғой. Ал
ескерткішті жасауға тапсырысты қалай алдыңыз?
– 1954 жылы Абайдың қайтыс болғанына 50 жыл толу
қарсаңында оның алып тұлғасын сомдауға байқау жарияланыпты.
Мен ол кезде Өскеменде жүр едім. Ол байқау туралы мен суретші
достарым Қанафия Телжанов, Сабыр Мəмбеевтер салған
жеделхаттан құлағдар болдым. Бұл – менің үлкен арманым еді.
Барлық жұмысымды жинастырып қойып, Алматыға жеттім.
Келсем, Үкімет басшылары Абай ескерткішін екінші Алматы
теміржол бекетінің алдындағы алаңға қоятын болып ұйғарым
жасап, сол жерге үлкен тас қойыпты. Байқаудың талап-шарттары
өте қатаң болды. Оған Ресейден, Белоруссиядан, Татарстан
мен Қазақстаннан – бəрі 57 марқасқа мүсіншілер қатысты. Осы
сындарлы сында мен екінші орын алдым.
– Ал бірінші орынды кім алды?
– Ол орын ешкімге бұйырмады. Сөйтіп жүргенде, ескерткішті
соғуды кейінге қалдыру туралы Үкіметтің Қаулысы шықты.
Өйткені ол кезде халықтың тұрмыстық-əлеуметтік жағдайы
төмен еді. Елдің көбісі жертөледе тұратын. Соларды баспанамен
қамтамасыз ету, басқа да тұрмыстық-əлеуметтік ахуалын көтеру
қажет деп ойлапты.
– Сонда əлгі байқаудың əдірə қалғаны ма?
– Солай болып тұр ғой. Содан үш жыл өткен соң тағы да
жабық байқау өткізілді. Бұл дегеніңіз – қатыссаң да қатысасың,
қатыспасаң да қатысасың деген сөз ғой. Іріктеуден өткен
мүсіншілердің жұмысы Үкімет назарына ұсынылды. Сонда
менің мүсінім сол кездегі ел басшысы Дінмұхаммед Ахметұлы
Қонаевтың көңілінен шығыпты. Сөйтіп, Ұлы ақынның
ескерткішін соғу мəртебесі маған бұйырды.
– Ол ескерткішті қазіргі тұрған тұғырына орнатудың өзі
аян арқылы болған тірлік деп естиміз. Сол əңгіменің анық-
қанығын өз аузыңыздан естісек...
– Жоғарыда айтқанымдай, Үкімет басшылары ескерткішті
қоятын жерді алдын ала белгілеп қойған. Ол жер менің
көңілімнен шыға қоймады. Өйткені теміржол бекетінде кімдер
жүреді? Əрине, жолаушылар. Олардың бірі діттеген жеріне
жетуге асықса, енді бірі қайтуға асығады. Ондай көңілінде алаң
бар адам ескерткішке мəн беріп қарап, оның бағасына жете
қояды деп əсте ойламаймын. Осы пікірімді Мұхтар Əуезовке
білдірдім. Ол кісі Димекеңе айтқан екен. Димаш ағамыз кемеңгер
кісі еді ғой. «Онда ол орынды Наурызбаевтың өзі тапсын» депті.
Содан мен Алматының төрт бұрышын түгел кездім. Ұлы Абайға
лайықты орын іздедім. Сөйтіп, қазіргі тұрған орынға тоқтадым.
Ол кезде Көктөбенің етегінде ақ шаңқан киіз үйлер көп болатын.
Бейнебір Абайдың ауылы іспеттес əсер қалдыратын. Қазіргі
Республика сарайы тұрған жерде базар болушы еді. Оны кейін
сарай салатын болып сүріп тастады ғой.
– Оған Cіз қуанған боларсыз? Қанша дегенмен базар
болған соң, ескерткіш аяқ асты болып қалмай ма?
– Қуануын қуандым ғой. Бірақ одан да күрделі мəселе туын-
дады. Тіпті, Абайдың ескерткішін алып тастауға дейін барды.
– Кімдер?
– Кімдер дерің бар ма?! Ленин сарайын салатын авторлар
құрамы. Олар Дінмұхаммед Ахметұлына Абай ескерткішін
алып, оның орнына Лениннің ескерткішін қою туралы ұсыныс
жасаған. Димекең олардың бұл ұсынысын қабылдамайды.
Сосын олар сол кездегі Бас хатшымыз Леонид Ильич Брежневке
хат жолдайды. Сонда ол бұрыштамаға былай деп жазыпты:
«Уважаемый Динмухаммед Ахметович! Прошу, разберитесь в
этом деле. Мне кажется пахнет шовинизмом» деп. Содан көп
кешікпей, əлгі авторлардың бəрі жоқ болып кетті. Оларға қан-
дай шара қолданылғаны маған əлі де жұмбақ.
– Жаңағы аян туралы айтпадыңыз ғой.
– Иə, ол түсті мен Абайдың мүсінін соғып жүрген кезде
көрдім. Шығармашылық адамы болған соң күндіз-түні сол
туындың туралы ойланасың. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан
қалдым. Қатты уайымдадым, қам жедім. Ол кезде мен Калинин
көшесіндегі № 83-үйдің 34-пəтерінде тұратынмын. Пəтер
төрт бөлмелі болғанымен, оның екі бөлмесінде мен, ал қалған
екеуінде басқа біреулер тұрды. Жатын бөлмемдегі кереует
терезеге қарайтын. Бір күні түнгі сағат үш-төрттердің кезінде
терезеден Абай кіріп келді. Оны анық көрдім. Өз-өзіме сенбей,
көзімді уқалап қоямын. Сенбейін десем, перде кəдімгідей
қимылдап тұр. Сосын зайыбымды оятып, мəн-жайды айттым.
«Əлде маған солай көрінді ме?» деген күдігімді де жасырма-
дым. Сонда ол: «Олай болса, көз дəрігеріне барайық» деді.
Сөйтіп, түн ортасында 8-март көшесіндегі көз аурулары
емханасына бардық. Дəрігер мұқият тексеріп, көзімде ешқан-
дай кемшіліктің жоқтығын айтты. Сонда барып оның аян
екендігіне көз жеткіздім.
– Қазір кең байтақ еліміздің облыс орталықтары мен
тарихи қалаларында халқымыздың біртуар ұл-қыздарына
ескерткіштер қойылуда. Əрине, бұл жақсы нышан. Бірақ
солардың кейбіреуі кейіпкер тұлғасын аша алмай жатады.
Мəселен, Астана қаласындағы Абай ескерткіші төңірегінде
келеңсіз əңгіме əлі бір толастар емес.
– Қайдам, мен ол ескерткішті арнайы барып көрген жоқпын.
Бірақ суреттерден көзім шалды. Ол мүсіннің халықтың көңі-
лінен шықпайтындай себебі бар. Өйткені қазіргі мүсіншілер
ескерткішті кейіпкердің суретіне қарап соға салады. Ондай
мүсінде қандай жан болсын! Абайдың ескерткішін сомдау
үшін мүсінші оны өте жақсы білуі керек. Оның терең тарихына
бойлап, кемел ойына шому қажет. Керек десеңіз, тек Абайды
ғана біліп қоймай, оның туған жерін, елін, оның өскен ортасын,
тіпті жұтқан ауасына дейін білуі шарт. Онсыз Абай – Абай
болмайды.
– Түркістан қаласындағы əл-Фараби ескерткіші мен
Атыраудағы Сұлтан Бейбарысқа арналған мүсіннің ара-
сында еш айырмашылық жоқ. Екеуі де үстіне шапан киіп,
басына сəлде ораған. Бір қуанарлығы, мүсінші олардың
аты-жөндерін өзгертуді ұмытпапты. Мұндай сорақылыққа
ұстаз əрі маман ретінде не айтар едіңіз?
– Ендеше, ондай ескерткіштің астына «Иванов» деп те қою-
ға болады. Барлық мəселе осында жатыр. Егер мүсінші халық
алдындағы жауапкершілікті сезінбесе, осындай сорақылыққа
барады. Ескерткіш дегеніміз не? Ол – мəңгілік дүние. Ендеше,
ондай кез келген мүсін өз заманынан сыр шертіп тұруы тиіс.
– Сонда əлгі ескерткіш қай заманнан тіл қатпақ? Əл-
Фарабидің бе, əлде Сұлтан Бейбарыстың ба?
– Оны сол мүсіннің авторынан сұрау керек. Меніңше, ол мү-
сіншіге ел алдындағы жауапкершілік пен өзінің ар-намысынан
гөрі, қаламақы көбірек керек болған сыңайлы. Сосын бұл жерде
сол ескерткішті қоюға атсалысқан ұйымдастырушылардың
арасында да бір шикіліктің болғаны байқалады. Ұят-ақ болған
екен.
– Ілгеріде ҚазҰУ қалашығының студенттер алаңында əл-
Фараби бабамыздың еңселі емес, еңсе түсіретін ескерткіші
тұрушы еді. Университеттің 70 жылдығына орай оны
алып тастап, оның орнына басқасын қойды. Жаңа бір сө-
зіңізде: «Ескерткіш – мəңгілік дүние» деп қалдыңыз. Егер
ескерткіштерді əрбір мерейтой сайын ауыстыра берсек, одан
қандай қадір-қасиет қалады?
– Ұлы ұстазға арналған алғашқы ескерткіш менің де
көңілімнен шықпаушы еді. Оны алып тастағаны орынды
болған.
– Ал қазіргі ше?
– Оны да алып тастау керек.
– Неге?
– Ол ескерткіш емес, карикатура. Мəңгілік ескерткіш деген
ондай болмайды. Əл-Фараби кім? Ол – бүкіл түркі дүниесінің
тарихы, түрік халықтарының бет-бейнесі. Ондай тақырыпты
игеру үшін мүсіншіде энциклопедиялық білім болуы қажет.
– Ал Cіз сол Ұлы бабамыздың мүсінін сомдап көрдіңіз бе? – Жоқ. – Оған не қолбайлау болды? – Өйткені мен оған əлі дайын емеспін. Оның үстіне, маған ешкім тапсырыс та берген жоқ. – Егер тапсырыс берілсе ше, жасар ма едіңіз? – Бірден жасай алмаймын. Ол үшін жүз ойланып, мың толғану қажет. Ана – өмірге сəби əкелу үшін 9 ай, 9 күн толғатады ғой. Бұл да сол сияқты. – Шеберханаңызда Қаныш Сəтбаевтың ескерткіші тұр. Оны қай уақытта жасап үлгердіңіз? Ол неге өз тұғырын таппаған? – Мен – Қанышпен жақын араласқан адаммын. Оның өмірдегі жəне білім мен ғылымдағы жолын өте жақсы білемін. Бұл ескерт кіш те Қаныштың жоғары оқу орнын бітіріп, тау-тас кезіп, кен іздеу ісіне енді араласа бастаған кезі бейнеленген. Аяғына етік киіп тұрғаны да – сол. Егер біреу бұл ескерткішке тапсырыс беріп, алар болса, онда мен оның тау маңында, өте биікте тұрғанын қалар едім. Өйткені мүсіннің өзі соған сұранып тұр. Оның үстіне, өзім де ол мүсінді сондай таулы аймаққа арнап соқтым. Ол ескерткішті Қаныш Сəтбаевтың 100 жылдығы қарсаңында жасаған болатынмын. Сол күйі əлі тұр. Ешкімге керек емес сияқты. Сосын мен де үндемей жатырмын. – Жалпы алғанда, Cіз Абайдың неше мүсінін жасадыңыз? – Екі мүсінін жасадым. Оның бірі – осы Алматыда тұрса, екіншісі – Қарауылға орнатылған. – Тағы қандай тарихи тұлғалардың бейнесін сомдадыңыз? – Амангелді Иманов пен Əліби Жангелдиннің қатар тұрған жəне жеке ескерткішін соққаным бар. Олар Торғайда тұр. Сосын мынау Ғылым Академиясының алдында тұрған Шоқан Уəлихановтың мүсінін жасадым. Оны жұрттың бəрі жақсы біледі. Ал Жамбылға арнап соққан екі ескерткішімнің бірі – Алматыда, екіншісі – Жамбылда тұр. Мəселе – олардың санында емес, сапасында ғой.
– Өзіңіз тəрбиелеген шəкірттеріңіз бар ма?
– Бар ғой. Бірақ сол шəкірттердің ішіндегі таланттысы –
Тілеуберді Бинашев. Оның болашағынан мол үміт күтемін.
Сондықтан ол алдағы уақытта өз еңбегін халыққа көрсетуі
тиіс.
– Жалпы, біздің елде мүсіншілердің қалыптасқан мектебі
бар ма?
– Қазақстанда мүсін өнерін ең алғаш қалыптастырған – мен.
Бұл – мақтанғаным емес. Бірақ мақтансам да болады. Оған
ешкім қарсы дау айта қоймас. Осы орайда мына əңгімені айта
кеткім келіп отыр. 1947 жылы Алматыға атақты мүсінші Евгений
Викторович Утетич келді. Ол Бауыржан Момышұлының жақын
жолдасы болатын. Сол Баукеңнің мұрындық болуымен Евгений
Викторович сол кездегі Орталық алаңға Лениннің ескерткішін
жасап қойды. Сондай бір күндері Баукеңнің үйінде қонақта
отырған болатынбыз. Ойымда ештеңе жоқ. Бір кезде əлгі
Е.Утетич маған қарап: «Сенің сурет өнерімен айналысқаның
дұрыс. Бір көзбен мүсінші болу – саған ауыр тиеді» деді. Оның
бұл сөзі маған қатты тиді. Жүрегімді ауыртты. Бір апта бойы
үйден шықпай, жылап жаттым. Сонда өз-өзіме: «Мен қайтсем
де мықты мүсінші боламын» деп ант еттім. Бір жағы ол сөзі
мені қамшылады. Содан бастап мен өз-өзімді аямай еңбек еттім.
Маған абырой əперген туындылардың бəрі осыдан кейін туды.
– Сол еңбектеріңізді əлгі «ақылгөй» мүсінші көрді ме?
– Көрді ғой.
– Қандай баға берді? Не деді?
– Баға да берген жоқ. Тіл де қатпады. Мен де оған жолай
қойған жоқпын. Енді Абай ескерткішіне байланысты тағы да
бір қызық əңгіме айтып берейін. Ұлы ақынның мүсінін тұғырға
орнатқаннан кейін бірнеше шығармашылық одақ менің бұл
еңбегімді Лениндік сыйлыққа ұсынды. Бір қызығы – менің
өзім осы сыйлықты беру комиссиясының мүшесімін. Сонымен,
жиналыс өтіп жатыр. Комиссия мүшелері бірінен соң бірі сөз
алып, мақтап жатыр. Сосын мен сөз сұрадым. Сөйтсем, олар:
«Жолдас, Наурызбаев, Cіз шыға тұрыңыз. Бұл мəселені біз Cізсіз-
ақ шешеміз» деді. Сонда да қайтпай: «Жарайды, мен шығайын.
Бірақ оның алдында сіздерге айтатын ұсынысым бар. Бұл – Абай
менің соңғы жұмысым емес. Мен əлі жаспын. Егер сіздер осы
жолы маған Ленин сыйлығын берер болсаңыздар, бақыттан
басым айналып, менің ізденбей қоюым мүмкін. Сондықтан
мен сыйлықтан бас тартамын» деп бəріне көз жүгіртіп өттім.
Сөйтсем, Тихонов пен Галина Ульянова бастарын шайқап отыр
екен. Сол мəжілісте өз кандидатурамды өзім алдырып тастап,
сыртқа шықсам, менімен ілесе Мұхтар Əуезов те шығыпты. Ол
мені əбден жер-жебіріме жетіп ұрысты.
– Сөйтіп, сол жолы сыйлықты алмай кеттіңіз бе?
– Жоқ, алдым. Комиссия менің ұсынысымды қабылдамай
қойыпты. Қазір ойлаймын, соған Мұхтар Əуезовтің ықпалы
тиді-ау деп. Қазір сол кездерді сағына еске аламын.
– Cіз – қазақтың атпал азаматы Нұртас Оңдасыновтың
шарапатын көрген адамдардың бірісіз. Ол қандай адам,
қандай басшы еді?
– Мен жетінші сыныптан кейін оқыған жоқпын. Өйткені
ол кезде соғыс басталып кетті. Елдің жағдайы қиын еді. Бас
көтеретін азаматтардың бəрі майданға кетті. Мен ауылдың
ұстасы болып қалдым. Сонау шалғай Қостанайда жүрген мені
Алматыға алдырып, оқытып, шоқытып, осындай мүсінші
дəрежесіне жеткізген адам – Нұртас Оңдасынов еді. Ол ел
басшыларының бірі бола жүріп, ел ішіндегі талантты жастар-
ды өсіруге көп еңбек сіңірді. Жалпы, ол өнер адамдарына деген
қамқорлығын аяған емес. Нұрағаң менің əкемдей болып кеткен
адам еді. Мен ол кісінің алдында өмір бақи қарыздармын. Қазіргі
басшылар ол кісіден үлгі-өнеге ала алса, игі.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2005 жыл
Мџзафар ЌЛІМБАЕВ,
Ћазаћстанныѓ Халыћ жазушысы,
Мемлекеттік сыйлыћтыѓ лауреаты, аћын:
Ћазаћ сорлы
халыћ емес
– Сіз əдебиет табалдырығын аттағалы бері де жетпіс
жылға жуық уақыт болып қалыпты. Осы жылдар аралы-
ғында Сіздің алпыстан астам кітаптарыңыз жарық көріпті.
Кейде жылына 3 – 4 кітаптан шығарып тұрыпсыз. Соған
қарағанда уақытты ұтымды пайдаланғансыз-ау, шамасы?
– Менің ең алғашқы өлеңім 1939 жылы жарық көрген бола-
тын. Сол жылдан бастап санасаңыз, 65 жыл болады. Бұл – бір.
Екіншіден, алпыс кітап емес, елу кітап. Журналистердің «ал-
пыс кітап» деп жүргені, ол – аудармаларды, қайта басылған
кітаптарды қосқаны. Əйтпесе, мені зауыт дейсіздер ме?! Енді
уақытты тиімді пайдалану жөнінде... Мен əскерде жеті жарым
жыл жүрген қазақпын. Соғыс аяқталған соң, резерв полкіндегі
танкист-офицерлерге сабақ беріп жүрдім. Солардың ішінде
менен басқа 44 қазақ офицері болды. Бір күні Мəскеуден Ман-
дат комиссиясы келіп, сол 44 қазақ офицерін елге қайтарды да,
қырық бесінші – «сорлы» Əлімбаевты алып қалды. Əлгі Мандат
комиссиясының төрағасына: «Мен əдебиетке құмар адам едім.
Мені əскерден босатыңыз» дедім. Сөйтсем ол: «Ты не рыпайся.
Сен секілді сауатты офицер əскерге де керек» деп рұқсат бермеді.
Содан 25 жасқа толғанда Қазақ өкіметінің сұранысымен əрең
дегенде əскерден босап келдім. Сол кезде менің құрдастарымның
не бір, не екі кітабы шыққан екен. Сыбағасынан құр қалған
адамдай мен де əдебиетке жанталаса араластым. Іле «Жастар
даусы» деген ұжымдық жинаққа өлеңдерім енді. Сол жинаққа
байланысты Қасым Аманжоловтың «Социалистік Қазақстан»
газетіне сын мақаласы шықты. Осы мақалада Қасым менің 4 – 5
өлеңімді мақтады. Ол мақтауды мен Қасымнан бата алғандай
қабылдадым. Содан кейінгі ең алғашқы жинағым 29 жасымда
шықты. Екіншісі – «Құрбыма» деп аталатын. Көп ұзамай, Тəкен
Əлімқұлов «Қазақ əдебиеті» газетіне «Сын көрмеген творчество»
деген үлкен мақала жазып: «Əлімбаевтың тілі – кедей, жарлы,
күйкі» деп кекесінмен сынады. Оның үстіне, өзім аға тұтып
жүрген ақын досым Қайнекей Жармағанбетов «Литературная
газетада» сын жариялап: «У Алимбаева топорный язык» деп сой-
ып салды. Бұл – екі сын мақала да менің пайдама шешілді. Мен
қатты ызаландым да халық ауыз əдебиетін, фольклорын, батыр-
лар жырын, сосын маған сенетін ағаларымның сандығындағы
Мағжан, Шəкəрімдерді оқыдым. Білімімді жетілдірдім. Қазір
біреуі: «Əлімбаев тіл білмейді» десе, аузы қисайып кететін
шығар. Өйткені мен содан бері қазақ халқына қазақ тілін үйретіп
келе жатырмын. Мен күніне 14 – 15 сағат жұмыс істеймін. Көбіне
оқимын. Міне, мына үстелдің үстінде жатқан бүгінгі газеттер.
Оның ішінде «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Казахстанская
правда», «Ұлан», тіпті Павлодар облыстық «Сары арқа самалы»,
тағы басқа басылымдар бар.
– Қаламгерлер қауымы тартымды да татымды туынды
оқыса: «Шабытты кезде жазылған екен» деп жатады. Сіз
де қолыңызға қаламды шабыт келген уақта аласыз ба?
Жалпы, шабыт туралы не айтасыз?
– Дені сау ақынның шығармаларын шабыт келген кезде
жазғаны дұрыс. Еуропаның бір ақыны: «Күніне бір ауыз сөз
жазбасам, уақыттың текке кеткені» деген екен. Бұлай қарауға
болмайды. Айтар ойың əбден піскен, шабыт келген кезде ғана
қағазға түсіру керек. Ал «Қайткен күнде де күніне бес бет жа-
замын» деу – зорлық болады. Мұндай жазушылар əлі де бар.
Ондай дүниелер дəмді, татымды, құнды болып шықпайды. Мен
кейде ең соңғы шумақты, түйінді тұжырымды тауып алып, со-
нан соң барып жазуға отырамын. Егер ондай маңызды тұжырым
табылмаса, өлең жазбаймын. Менің өлеңдерім өте қысқа қайы-
рылады. Тіпті «Қазақ поэзиясын көп сөзділіктен құтқарған
Əлімбаев» деген де пікірлер болды. Өлеңнің шымыр келгені,
ойы жаңа болғаны абзал. Мен жастайымнан мақал-мəтелдерді,
жұмбақтарды, жаңылтпаштар мен нақыл, қанатты сөздерді
жинағанды ұнататынмын. Ал мақал-мəтел шымыр сөйлеуге
үйретеді. «Жетісу» газеті Батыстың бір жазушысы «О» əрпінен
тұратын 48 мың сөздің басын қосып, кітап етіп шығарғаны
жөнінде жазыпты. Ал оны Сəбит Дөнентаев баяғыда жазған. Мы-
салы: «Қамалған қараңғыда қалың қазақ, қайратсыз қапылыста
қалдың қазақ» деп келетін тек 89 «Қ» əрпінен тұратын өлеңі
бар. Еуропадан біреу шықса: «Керемет» дейміз, ал өзіміздің
ғаламаттарымызды елеп-ескермейміз. Есесіне, ағылшынның
ханы қай күні түшкіргенін білеміз.
– Сіздің мақал-мəтелдерді аударып жүргендігіңізден
де хабардармыз. Осы аударма жөнінде де пікіріңізді біл-
дірсеңіз?
– Батыста «Өлең, мақал-мəтел аударылмайды» деген қағида
бар. Енді мына қызықты қараңыз. Менің «Таз таранғанша
той тарқар» деген мəтелім бар. Осыны «Олжас Сүлейменов
орысшаға аударыпты» деп жүр біреулер. Оны Олжас емес,
Əлімбаевтың өзі аударған. Қазақшасы төрт «Т»-дан тұрады ғой.
Оны орысшаға бес «П»-мен аудардым. Қараңыз: «Пока плеши-
вый прихорошивается пир пройдет». Қазақшасын да, орысша-
сын да бейнебір сөздіктен теріп алғандай əсерде боласыз. 1972
жылы Венгрияға бір əдеби жиынға бардым. Бір кезде төрт тілді
терең меңгерген 65 жастағы поляктың профессоры: «Біздің ара-
мызда бір ғажап адам отыр. Біз «Мақал-мəтел аударылмайды»
деп жүрсек, ол ондаған халықтың мақал-мəтелдерін аударып
жүр. Ол – Қазақстанның өкілі, ақын Əлімбаев» деді. Мұндай
марапатты күтпеген басым, күліп жібердім. Арнайы дайындалып
келмесем де көсіле жөнелдім. «Дүние жүзінің халықтарының
бір затқа, бір құбылысқа өзінің ұлттық көзқара сымен қарайды
да өзінше өрнектейді. Мысалы, сараңдық. Қазақтар: «Қубастан
қуырдақтық ет алған» дейді. Ал енді орыстар: «Зимой снег не
выпросишь» дейді. Жапондар: «Тегін берсең, уды да ішіп қояды»
десе, кəрістер: «Тұмауын да қимайды» дейді. Мұның бəрі шегіне
жеткен сөздер» деп айтып келіп, кей мақалдарды сол жерде
аударып та бердім. Барлығы өз аудармашылары арқылы түртіп
алып жатыр. Негізі, менің өлеңдерімнің ішінде нақылға ұқсас
жолдар мол. Оны халық жаттап алып та жүр. Ал нақылдарды
мен оқыс шығарамын. Тіпті, түсімде де өлең жазған кездерім
болды. Сол əдет əлі күнге дейін жалғасып келеді. Қазір менің
үш жарым мыңдай нақылдарым бар.
– Қарап отырсақ, əдебиет пен журналистиканың барлық
жанрында қалам тербепсіз. Сіз жазбаған, игермеген жанр
бар ма?
– Мен – көтере алмайтын шоқпарды беліме байламайтын
адаммын. Мəселен, 1957 жылға дейін поэма жазған жоқпын.
Повесть, роман жазуға да ұмтылмадым. Біреулер бірден роман
жазып, осы күнге дейін жетістіре алмай жүр. Ал кейбіреулер
өзінің өмірбаянын жазумен шектеледі. Жазушы болу үшін
өмірді біліп, болашақты болжай білген абзал. Қазақ – сорлы
халық емес. Айталық, адамзаттың аяғын жерден айырып, жоғары
көтерген кім? Ол – Ғұндар. Аттың үстіне ер-тоқым, аузына
жүген салып, бүкіл Батыс Еуропаға атты əскермен барған да
солар. Тіпті, ағылшындарды да түгел жаулап алған ғой. Сосын
қазақ халқының 600-дей эпосы, заңды түрде тіркелген 7 мыңдай
күйі мен 8 мыңдай əні бар екен. Бұл құр жорамал емес. Нақты
факт. Қазақ академиясы əлгі эпостарды басып шығара алмай,
пұшайман күй кешіп жатыр. Осындай əнші, күйші халықты
жер бетінен тауып көрші. Біз осы уақытқа дейін «Қазақтар-
дың 40 %-ы ғана қазақ тілін біледі» деп келдік. Ал бір неміс
ғалымның зерттеуінше, қазақтардың 80 %-ы қазақ тілін біледі
екен. Бұл туралы журналист Ғалым Боқаш «Қазақ əдебиеті»
газетінде жазды. Мен сондай риза болдым. Мына қызықты
қараңыз, Польшаның бір университетінде қазақ тілін оқытады
екен. Ал Венгрия университетінде, тіпті қазақ тілі кафедрасы
бар. Сондықтан «Қазақ тілі өшіп бара жатыр» деп байбалам
салудың қажеті жоқ.
– 1970-1980 жылдары балалар əдебиеті қарқынды да-
мыды десек, ақиқат ауылынан алыстай қоймаспыз. Қазір
керісінше құлдырау кезінде тұрған сияқтымыз. Мұның
себептерін қайдан іздеуге болады?
– Ол жылдары əдебиетке, əсіресе балалар əдебиетіне Үкімет
тарапынан қамқорлық мол болатын. Əдебиетке жаңа келген
жас ақын-жазушыларға əдебиет қорынан ақша беретін. Ал
жаңа үйленген жас жұбайларға сол кездегі ақшамен 2500 сом
қаржы беруші еді. Бұл – Мемлекеттік сыйлықтың қаржысымен
пара-пар. Сосын ел аралататын. Тəулік шығынымызға 15 сом
бөлетін. Оны бір күнде жаратып, тауыса алмайтынсың. Ал
басқа қызметкерлер 2 сом 60 тиын алатын. Жыл сайын курортқа
жіберетін. Ауырып қалған қаламгерге бюллетень ашып, айлық
төлейтін. Бұл – жалпы жазушыларға деген қамқорлық. Ал
балалар əдебиетінің қаламақысы басқа əдебиетке қарағанда
əлдеқайда артық болатын. Мен «Пионер» журналында қызмет
істеп жүргенде 1200 сом жалақы алатынмын. Əдебиетке құрмет
деген осылай болса керек еді. Ол кезде балалар баспасы болатын.
Жас ақын-жазушылардың шығармаларын тəжірибелі редактор
өңдеп, өндіріске жіберетін. Мақтанғаным емес, республика бой-
ынша балалар əдебиетінен Мемлекеттік сыйлық алған менмін.
Қазіргі балалар əдебиетін шығаратын баспалар менімен хабар-
ласпайды да. Бұл – менің қадірімді білмейді деген сөз. Құдайға
шүкір, менің шығармаларым тек қазақ емес, орыс оқулықтарына
да енген. Тіпті, 4 сыныпқа арналған орыс тіліндегі оқулықта 8
өлеңім жүр. Мен – мұғаліммін. Педучилище бітіргенмін. Өзім
мұғалімнің баласымын. «Балдырған» журналын басқарып тұрған
кезімде мектептің оқу бағдарламасын алдырып, балаларға не
керек, қай тақырыпта, қай жанрда шығарма жазу керек, соны
зерттеп барып, туынды жазатынбыз. Мысалы, «Стюардесса»
сөзін балалар түсінбейді. Соған орай «Аспандағы əпке» деген
өлең жаздым. Осы тақырыппен кітап шығардым. Сол үшін мен
Мемлекеттік сыйлық алдым. Ал қазіргі балалар əдебиетінің
құлдырап кетуі – осы əдебиетке деген қамқорлықтың жоқтығы.
Əйтпесе, бізде балаларға арнап жазатын жақсы ақындар бар.
Мысалы, Өтепберген Ақыпбеков – қазіргі балалар əдебиетінің ең
үздігі. Ал Қадыр Мырзалиев – балалар əдебиетінің классигі.
– «Қазығұрт» баспасынан он бес томдық шығармалар
жинағыңыз жарық көргелі жатыр екен. Бұл Сіздің осы
уақытқа дейін бар жазған-сызған дүниелеріңіз бе, əлде
таңдамалы деп қабыл дағанымыз жөн бе?
– Сен менің «жарамды» қасып отырсың. Əзірге дейін бірінші
томы шықты. Қалған томдарды шығаруға қаражат табылмай
отыр. Халықтың рухани байлығын молайтуға зор үлес қосып
жүрген Иманғали Тасмағамбетов Павлодар облысының əкімі
Қайрат Нұрпейісовке тапсырма берген екен. Қайрат тура-
лы да жылы сөздер естимін. Көзі ашық, көкірегі ояу азамат
көрінеді. Үмітім бар. Алла жазса, жарық көріп қалар. Ал бұл
көптомдықтарды таңдамалы деп түсінсеңіздер, шатаспайсыз-
дар. Бірақ біз қол қусырып қарап отырған жоқпыз. Біз деге-
нім – «Қазығұрт» баспа сының президенті Темірғали Көпбаев.
Ол өзі жақсы ақын жігіт екен. Екеуміз басқа да жол қарастырып
отырмыз. Негізі, осы көп томдықты шығаруды да қолға алған
сол – Темірғали еді. Аяқсыз қалдырмас.
– Қай уақытта жазғанды ұнатасыз?
– Бұрын жұмыстан келген соң, ас-суымды ішіп, бірер сағат
мызғып алатынмын. Содан соң түнжарымға дейін жазатынмын.
Кейде «жазамын» дегенімді жаза алмай, басқа шығармалар туып
кететін. Творчествоның сыры деген – осы. Қазір таңертең тұра
алмаймын. Түн мен күнін ауыстырған бала секілдімін. Түнде
11-лерде жатамын. Екі-үшке дейін ұйықтай алмаймын. Басымда
шамым, жанымда үстелім, қалам-қағазым бар. Үстелдің үстінде
2 – 3 кітап жатады. Бірінен жалықсам, екіншісін оқимын. Сөйтіп
жатып ой туса, түртіп қоямын. Бұл – менің күнделікті əдетім.
– Сізді «Күнделік жүргізеді» деп те естиміз. Оны қай уа-
қыттан бері жазып келесіз? Онда күнделікті күйбең тіршілік
жазылмаған болар?
– Бұрын үш күнделік жүргізетінмін. Біріншісі – Тұрмыс,
екіншісі – Көңіл, яғни əдеби, үшіншісі – Болашақ күнделігі.
Негізі, зердеге сенуге болмайды. Қашанда күнделікке түртіп
отыру керек. Басқаларға да күнделік жазуға кеңес берер едім.
Егер «Көңіл күнделігімнің» басын қосып, басып шығарар бол-
са, үш том болып қалады. Бұл Көңіл күнделігіне не жазамын?
Мысалы, «Əсет Найманбаевтың əйгілі «Інжу-маржан» əнінің
қайырмасында «Ал көрінген көркіңді-ай» деген жол бар. Зия-
лы кісілерден сынамаққа сұрап көріп едік, «Міне енді көрінген
кейпің» дегені ғой» дейді. Ал түбіне үңілсек бұл – «жарқырап,
жайнап, шұғыла шашып жарқ ет кен» деген мағына болса ке-
рек. Өйткені, «Ал» деген сөз – қызылды білдіреді, отты айта-
ды. Орыстың «Алый» деген сөзі бар емес пе?! «Алые знамя»,
«Алые заря» дейді. Қазақшасы – қызыл таң. Жалпы, орыстарға
«алый» деген сөз түркі тілінен енген. Осын дай сөздердің түбірін
анықтап, дəлелдеп беру – болашақ ұрпақ үшін өте пайдалы.
– Қаламгерлерді қоғамнан бөліп қараудың өзі арсыздық
болар еді. Қазіргі заманға, саясатқа, жалпы қоғамның даму
барысына деген ой-пікірлеріңізбен бөліссеңіз.
– Қазір Қазақстан дұрыс жолмен келе жатыр. Ал оп по-
зиционерлердің ішінде қисық-қыңырлар көп. Менің «Саясат
мəселесі – парасат бəсекесі» деген нақылым бар. Егер сен
ақылды болсаң, Үкіметтің бағдарламасынан асып түсетін
бағдарлама жаса! Сынау – кез келген партияның қолынан келеді.
Басқа партияларға қарағанда, менің бүйрегім бұратыны – Ақжол.
Ақжол əлдеқайда ақылды жəне тапқыр. Анау Əлихан Байме-
новтер сұңғыла жігіттер. Ал Қазақстанның мерейі артқаны сон-
дай, қазір біздің елге бүкіл ғаламшар көз тігіп отыр. Бұрынғы
ТМД мемлекеттерінің ішінде Қазақстанның əлеуметтік жағ-
дайы өте жақсы. Басқа елдерде қан төгіліп жатыр. Жүзден аса
ұлттың өкілдері тату-тəтті ғұмыр кешіп жатыр. Герольд Бель-
гер – қазақтың белді патриоты. Мен оған арнап өлең де жазғам.
Я болмаса Асылы Османова, Надежда Лушникова, жапондық
Ямото Руджилерді алыңыз. Олардың барлығы еліміздің бірлігі,
ынтымағы үшін тер төгіп жүрген жоқ па?!
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2004 жыл
Ћалмџћан ИСАБАЙ,
Џлы Отан соѕысыныѓ ардагері,
жазушы:
Абай ќнін таспаѕа
тљсіріп алдым да
Гете мџражайына
табыс еттім
– Сіз 1943 – 1954 жылдар аралығында Германияда əскери
қызметте болдыңыз. Осы уақыт аралығында бір қалада ко-
мендант болған көрінесіз. Соған қара ған да Сіз неміс тілін
жақсы білген бол ды ңыз ғой.
– 1943 жылдың қаңтарында əскерге алындым. Əрине, бірден
майданға ба рып кіргізе салған жоқ. Əскери өнерге баулыды. Со-
дан 1944 жылы Румыния ның шекарасында үлкен əскери опера-
ция болды. Соған араластық. Үнемі ал ғы шепте жүрдік. Əрбір
операцияда Ке ңес əскері жеңіске жетіп отырды. Ру мы ниядан соң
Венгрия, Чехословакия елдерін азат еттік. 1945 жылдың 28 сəуі-
рі күні жаралы болдым. Көп ұзамай со ғыс бітіп, Германиядағы
əскерді қыс қар та бастады. Соғыс өнерін меңгерген əрі қыл-
шыл даған жастарды əскер қата рында алып қалып, ұлан-байтақ
еліміз дің түкпір-түкпіріне шашып тастады. Мені Түркіменияға
жіберді. Ол жерде екі жылдай қызмет атқарған соң қайта дан
Германияға ауыстырды. Сол елде 1954 жылдың желтоқсан
айына дейін қызмет еттім.
– Сонда қандай қызмет атқарды ңыз?
– Германия екіге бөлінді. Арасына шекара қойылды. ГДР-
да үкімет, əскер бол мады. Бізді сол шекараның төрт же рі нен
ашылған бақылау бекеттеріне қой ды. Адам да, көлік те, пойыз
да тек сол бекеттерден өтуі тиіс. Варта деген сондай бекеттің
біріне мені комендант етіп тағайындады. Міндетіміз – шекара да
болып жатқан оқиғаларды орталық қа жеткізіп отыру.
– Биыл Ұлы Жеңіске 60 жыл толып отыр. Алматы қала-
сында жəне оның əр бір аудандарында Ардагерлер кеңесі
бар. Солармен байланыстарыңыз қалай?
– Ондай Кеңестің барынан хабар дар мын. Олар бізді жылдап
іздемейді де. Аудандық əкімшіліктің төңірегінен шықпайтын
біраз қарттар бар. Əкімші лік соларды жақсы біледі. Бір жаққа
жол дама берсе, соларға береді. Сый лық, марапат та солардан
артылмайды. Өзі ізденбеген адамды олар да елемейді.
– «Жыламаған балаға емшек бер мейдінің» кері десе-
ңізші...
– Иə, мысалы мен Медеу ауданында тұрамын. Бірақ өз
ауданымыздың əкім шілігі біздің бар-жоғымыздан бейхабар. Ал
басқа ауданның Ардагерлер кеңесі те лефон арқылы хабарласып,
түрлі жиын, кештерге шақырып жатады. Негізі, мен ардагерлерді
екі топқа бөле мін. Біріншісі – қолына қару алып, со ғыс қандар.
Екіншісі – əрі соғысқа қаты сып, əрі соғыстан кейін де қаруды
қа лам ға айырбастап, 60 жыл бойы қазақ халқының ерлігін,
оның батыр ұлдарын жете насихаттап келе жатқан қаламгер лер.
Олар – біздер, əскери жазушылар. Бізді ешкім керек етпейді.
Ал бір бұта ның түбінде жатып соғысқанын қайта-қайта айта
беретіндерді шақыра береді, шақыра береді. Ол тақырып сары-
лып біт ті. Қазір ерлікті басқа қырынан на си хаттау керек.
– 1961 жылы су арнасы өтетін жер лер мен 500 шақырым
жаяу жүріп, «Ар ман арнасымен» деген күнделік кітап жа-
зыпсыз. Бұған не түрткі болды?
– 1959 жылы «Баян» атты тұңғыш əңгімелер жинағым жарық
көрді. Сол кі таптың бір данасын Қаныш Сəтбаев қа алып барып
берейінші деген ой келді. Қабылдауына кіріп едім, балаша
жорға ла ды да қалды. Керісінше, мен жорға лауым керек емес
пе еді?! Сосын «Не жа зып жүрсіз?» деп сауалды төтесінен
қой ды. Бұл – сол уақта Мұхтар Əуезов тер ге қойылатын сұрақ.
Əрі мұндай сауалға дайын да емес едім. Дағдарып қал дым.
«Қаныш аға, соғысқа қатысқа ным бар. 12 жыл əскерде қызмет
етке нім бар» деп едім, «Оны қой шы, əрқай сы сы бір-бір кітап
болар. Сен əлі жас сың ғой. Не жазбақ ойыңда бар?» деді. Мен
тіл қата алмай, отырдым да қал дым. Ол сынай қарап отырып:
«Менің ше, халық неге мүдделі, сол жөнінде жазу керек» деді.
Мен сол кезде халық не ге мүдделі екенін де білмеймін. Бірақ
басымды изей беремін. Сосын «Ертең осын да жиналыс болады.
Сен соған кел ші» деді. Сөйтті де хатшысын шақы рып алып:
«Ертеңгі жиналыстың прези думына мына жазушыны да кіргіз»
деп бұйрық берді. Ертесіне əлгі жиналысқа қатыстым. Сөйтсем,
Ертіс-Қарағанды ка на лының құрылысы жеті жылдық жоспарға
енейін деп тұрғанда біреулер арыз жазып, қарсы шығыпты. Оны-
мен қоймай, газеттерге мақала беріпті. Сол жалған ақпаратты
əшкерелеп, канал дың өте зəру екендігін дəлелдеу үшін бо лып
жатқан жиын екен бұл. Прото кол, стенограмма жазылды. Жина-
лыс біткен соң Қанекеңе жолығып едім. Ол «Осы жина лыстың
материалы саған ке регі жоқ па?» деді. Мен сұраудың орны на
оның өзі айтып тұрғанына тағы да ұялып қалдым. Сасқанымнан
«Артық болмас еді» деппін. Хатшыға айтып, кө шір месін берді.
Қанекеңнің бұл маған «Осы құрылысқа қатыс» деген емеуріні-ау
деп түсіндім. Содан су арнасы өтетін жерлермен жүріп өттім.
Жете таныс тым.
– Осы Павлодар мен Қарағандының арасын неше күнде
жүріп өттіңіз?
– Тура бір ай жүрдім. Тамыздың екі сі күні Ертістен шығып,
қыркүйектің бірі күні Қарағандыда болдым.
– Сіз Абайдың «Қараңғы түнде тау қалқып» деген өлеңін
мəрмəр тасқа қа ша тып, Гетенің Илменаудағы мұра жайы-
на қойыпсыз жəне осы сөзге жа зылған Абай əнін таспаға
түсіріп, табыс етіпсіз. Бұған қалай қол жеткіздіңіз?
– 1949 жылы Гетенің туғанына 200 жыл толды. Əбден күйреп
жеңілген Гер манияның той өткізуге материал дық та, рухани да
шамасы жоқ еді. Сон дықтан мерейтойды өткізуді Кеңес Ода-
ғы өз мойнына алды. Сөйтіп, осы қайы рым дылығымен неміс
халқының ынта-ықыласын, пейіл-ниетін жаулап, өзіне тарт-
ты. Гетенің ең үлкен мұра жайы сол жылы Ваймер қаласында
ашылды. Бұл рəсімге бүкіл неміс халқы жиналды. Əри не, мен
де бардым. Үш қа батты мұ ра жайдың іші-сыртын түгел ара-
ладым. «Шіркін-ай, Гетенің Абай аудармасын тақтаға жазып,
іліп қояр ма еді!» деген ой сонда келді. Сол ойдың же тегімен
отыз жыл жүрдім. Содан бір күні əлгі өлеңді мəрмəр тасқа
қашатып, Абай əнін таспаға түсіріп алдым да Гете мұражайының
қызметкерлеріне табыс еттім.
– Бұл шараның жүзеге асуына екі мем лекет басшылығы
немесе мəдениет министрліктері араласты ма?
– Жоқ. Бəрін өзім тындырдым. Өйт кені ол мұражайдың
қызметкерлері кезінде қол астымда қызмет істеген жі гіттер ғой.
Айтқандай, ол мұражайда мен өзім салған Абайдың суреті жəне
қазақтың киелі домбырасы да тұр. Дом бырада неміс жəне орыс
тілдерінде бы лай деп жазылған: «Гетенің Азиядағы тұңғыш
аудармашысы, ақын əрі компо зитор Абай мына аспапта ойнап,
«Түнгі кезбенің əніне» саз шығарған».
– Ол жəдігерлер əлі күнге дейін бар ма?
– Жоқ, өйткені мемлекеттік жүйе, адам дардың сана-сезімі
түгел өзгерді. Мұражайға келген жаңа мамандар: «Мы на тақта
неге тұр? Мына сурет, ас пап неге тұр?» деп алдырып тастаған.
Бі рақ олар оның алдында Семейге ха барласқан көрінеді. Сөйт-
се, Абай қоры мен мұражайындағылар: «Бұған біздің қатысы-
мыз жоқ. Ол бір жеке адамның тірлігі» деп немқұрайлы жауап
беріпті.
– Берлинде Абай көшесі бар екен. Бұл жөнінде не айта-
сыз?
– Иə, бар. Кезінде Алмания Феде ра тивтік Республикасының
президенті Роман Херцогпен кездесіп, Берлиннен 2000 жылы
Абай көшесін ашуға да қол жеткіздік.
– Шоң би туралы шығармаңызды оқырмандар жылы
қабылдады. Осы тақырыпты толық қамтып болдым деп
ойлайсыз ба? Қолыңыз кісендеулі кезде жаза алмаған тұс-
тарыңыз бар шығар?
– 1975 жылы Шоң би туралы по весть жаздым. Бірақ ол
туралы көп қы ңыр сөз болды. «Қайдағы бір феодалды тауып
алыпсың» деген солақай сыншы лар да шықты. Бірақ Шоң би
олар айт қандай феодал емес еді. Мəселен, қа зақ тың орта жүзі
сегіз округке, ал кіші жүзі төрт округке бөлінген. Ол кезде ұлы
жүз Қоқан хан дығына қарайтын. Сонда əлгі он екі округтың он
бірін Шың ғысханның ұрпағы билеген. Тек қарадан шыққан Шоң
би ғана бір ок ругты басқарған. Басқа билердің бар лығы генерал-
губернаторға пара беріп, сый-сыяпат жасап отырған. Ал Шоң
би ондай ізеттің бірін де жасамаған. Бұл деректердің барлығы
мұрағатта бар. Шоң Баянауыл төңірегінен төрелерді алас таған
екен. Содан олар Шоң биге əбден өштесіп алады. Жылқыларын
барымталап кетеді. Қысқасы, қолдан келген қастандықтарын
жасап бағады. Ашуға мінген Шоң би генерал-губер на торларға
хат жазып, казак-орыстар дан құралған қарулы жасақ алдырады
екен. Олар жайлауды күзетеді. Сол жа сақтың офицері Шоң бидің
төңірегінде не болып жатыр, сол туралы генерал-гу бернатор-
ға əрбір он күн сайын рапорт беріп отырған. Сол құжаттардың
бəрі біз дің мұрағатта тұр. Мен олардың бар лығымен танысып,
«Шоң би» деген три ло гия жаздым. Көлемі 50 баспа табақ тан
асады. Қазір ол дүниені «Елорда» бас пасына тапсырдым. Көп
ұзамай жарық көріп қалады.
– Қазақта «жер дауы», «жесір дауы», «сайлау дауы» деген
даулар күн тəртібінен түскен емес. Енді біз əкім сай лауын
өткізгелі отырмыз. Осы сай лауға көзқарасыңыз қалай?
– Егер əкімді халықтың өзі сайласа, сонда əділетті болады.
Əрі əкім де елге тəуелді болады. Халықтың мұң-мұқта жын
жоқтайды. Олардың пікірімен санасады.
– Оныңыз дұрыс. Бірақ қазақтың жүзге, руға бөлінетіні
бар ғой. Бір ауыл да қай ру көп болса, солардың мерейі үстем
болып кетпей ме?
– Сөз жоқ. Ол дерттен біз əлі құты ла қоймадық. Шоң би
аға сұлтан бол мастан бұрын, Сүйіндіктің төрт ұлынан тараған
ұрпақтан «Төртұлы» деген қо ғам құрған. Сондай-ақ, оны
ұсақтауға тыйым салған. Ешкім соңғы аталарын атап, бөлінуге
мұрсат бермеген. 1841 жы лы Ресейден карта шығыпты. Сол
картада Баянауылдың жерін «Төртұлы ның жері» деп жазып
қойған. Яғни, сол кездегі орыс үкі метінің өзі Шоңның ода ғын
мойындаған.
– Бұл одақтың қазіргі сайлауға қандай байланысын айт-
қалы отырсыз?
– Шоң би өз заманында елдің бөлі нуі не, ру-руға шашылмауы-
на қалай жол бермесе, қазіргі əкімдер де солай əре кет жасаула-
ры қажет. Қазақтың «Бөлінгенді бөрі жейді» деген қағида сын
ұста нулары керек.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2008 жыл
Серік ЋИРАБАЕВ,
Ћазаћстан Республикасы Џлттыћ
Ѕылым академиясыныѓ академигі:
Џлттыћ академияны
тљсінде к&рмеген
академиктер пайда
болды
– Сіз Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигісіз. Сол академия тарап кетіп, қоғамдық негізде қайта құрылды. Бұл жақсылықтың нышаны ма? – Академия – ғылыми зерттеу институттарын біріктіретін, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын орталық болатын. Сол орган тарады. Ал негізгі ғылыми мекемелер жүйесі сақталды. Бұрынғы ғылыми институттар əлі де бар. Оларды Білім жəне ғылым министрлігінің қарамағына берді. Үкімет осы институттарда жасалатын ғылыми жұмыстардың бағдарламасына қаражат бөледі. Сол бағдарлама шеңберінде жұмыс жүргізіп келе жатырмыз. Əрине, ғылыми мекемені сол ғылыммен айналысқан, оны терең меңгерген адамның басқарғаны жөн еді. Өйткені, олар ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың жолдарын да, жасалу жолдарын да біледі. Олардың қандай сапада орындалғанын тексере де алады. Көп жылдардан бері қалыптасқан жүйе ғой бұл. Бұрынғы Одақ көлемінде сол қалпында сақталған. Біздің басшылық оны қажет деп таппады. Оған істер амал бар ма?! Сондықтан да ол орталықты қоғамдық негізде құрылған клуб іспеттес етіп жасап отыр. Əйтпесе, академиктердің аты да, статусы да сол қалпында сақталды. – «Академия тарар алдында корреспондент-мүшелердің бəрі тарап кеткен академияның академигі болып кетті» деген сөз бар. Бұл жел тұрғаннан кейінгі шөптің қимылы ма? – Бұрынғы академияның мүшелері екі сатылы болатын: Академияның академигі, сосын корреспондент-мүшелері. Академия тарап, қоғамдық негізде қайта құрылғаннан кейін қоғамдық ұйымның Құрылтай жиылысы өтті. Кез келген қоғамдық ұйымды құратын да, жабатын да сол – Құрылтай. Осы жиында академияның бұрынғы корреспондент-мүшелері: «Біз де осы академияның мүшелеріміз. Құрылтайда елдің бəрі тең. Сондықтан да тең құқықты түрде жаңа академия құрамыз» деген талап қойған соң, Құрылтай оларды «Академияның толық мүшесі» деп жариялады. Ел арасында: «Академиктер көбейіп кетті» деп күдікпен қарайтындар бар. Бұрын академияның 40-тан аса академигі, 100-ден аса корреспондент-мүшесі бар еді. Қазір
екеуінің басын қосқанда 150-дей академик бар. Бұл – Қазақстан
секілді республика үшін онша көп емес.
Егер басқа елдермен салыстыра айтсақ, көрші Өзбекстанда
екі сатылы академия жойылды. Қырғызстанда екі сатылы ака-
демия сақталғанымен, оларда да академиктердің саны бізден
аз емес. Анау алақандай ғана Балтық жағалауы елдерінің
əрқайсысында 200 – 300 академик бар. Оның үстіне, академияға
берілетін вакансияның өзі көп болмағандықтан, əр ғылым са-
ласында еңбегі сіңген үлкен ғалымдардың өзі бірнеше жылдар
бойы корреспондент-мүше болып жүрді. Сондықтан да олардың
академик болуына наразы емеспін. Міне, осылардың есебінен
жастарға орын беріп, корреспондент-мүшелердің орнын
толтыруға болады. Менің ең басты күдігім – Білім министрлігі
қайта құрылып жатқан кезде бізді Ауыл шаруашылығы академия-
сына қосып жіберді. Бұл заңсыз нəрсе еді. Бізді ол академияға
қосқаны жөнінде ешқандай қаулы да, Үкіметтің шешімі де жоқ.
Өйткені, Ауыл шаруашылығы академиясы – салалық академия.
Ал Ұлттық академияны салалық академияға қосып жіберіп,
Ұлттық академияны түсінде көрмеген академиктер пайда бола
қалды. Сол салалық академияның корреспондент-мүшелері
бар емес пе?! Соған да кездейсоқ мүше болғандар аз емес еді.
Солардың тарапынан қазіргі академияда шикіліктер бар.
– Қоғамдық негіздегі академияның қазіргі хал-ахуалы
туралы не айтасыз?
– Академияның қазіргі хал-ахуалы мəз емес. Барлығы қара-
жатқа келіп тіреледі. «Қоғамдық ұйымдарға қаржы берілмесін»
деген Үкіметтің заңы бар. Қазір қоғамдық негіздегі Жазушылар,
Суретшілер, Композиторлар одақтары күйреді. Ұлттық театрды
да Үкімет қамқорлығынан алып тастадық. Бұл – біздің ұлттық
мəдениетіміздің күйреуі. Ұлттың болашағы, білімі мен ғылымы,
мəдениеті үшін бұл орны толмас олқылық деп ойлаймын.
Ерте ме, кеш пе, түбі біз осы кемшіліктерді түзеуге ораламыз.
Олардың орны үңірейіп қалғанын, хал-ахуалы жүдегенін сол
кезде сеземіз. Біз осы академияның нанын жегеннен кейін,
азды-көпті қам қорлығын көргеннен кейін жұмыс істеп жүрміз.
Бір кезде ең табысты адамдар – академиктер болатын. Айына
мың сомнан асырып алатын кездеріміз болды. Ол тұста Орталық
Комитеттің хатшысы 500 сом алатын. Ал қазір ғылым саласында
жүрген ғалымдар ең төменгі жалақы алады. Қазіргі тиын-тебен
төлейтін академияда жас ұрпақ ғылыммен айналыса ма?! Ертең
академияны қайта құратын болсақ, онда мамандарды қайдан
табамыз?
– Бұрын жазылған Қазақ кеңес əдебиетінің тарихына
арналған ғылыми еңбектер ескірді. Ол зерттеулерден кеңес-
тік идеологияның исі аңқиды. Оларды енді қайта жазу қа-
жет пе?
– Міндетті түрде. Біздің институт осы бағытта жұмыс істеп
жатыр. Жалпы, қазақ əдебиетінің арғы-бергі тарихында айтуға
болмайтын ақтаңдақтар бар еді ғой. Фольклордың өзінде қаншама
шығармалар аталмай қалып жүрді. Əдебиет тарихын жүйелеу
кезеңінде де тілімізді тістеп қалып жүрдік. Тəуелсіздігімізді
алған он жылдың ішінде біраз зерттеулер жүргізіп, қайта қара-
дық. Жеке монографиялық еңбектер мен ұжымдық ғылыми
еңбектер жарыққа шықты. Алашордаға қатысты əдебиеттерді
қайта қопарып, олардың кітаптарын шығарып жатырмыз. Олар
туралы зерттеулер жарияланды. Енді осылардың басын қосып,
қазақ əдебиетінің он томдық тарихын жасауды қолға алып отыр-
мыз. Əр бөлім өздеріне бекітілген дəуірді зерттеп, солардың
тарихын дайындауда. Мысалы, біз Кеңес дəуіріндегі əдебиетті
үш том етіп дайындап жатырмыз. Қанша айтқанмен, Кеңес
əдебиеті идеологияның ықпалында болғанымен, ол – біздің
əдебиетіміздің өскен дəуірі. ХХ ғасырдың басындағы əдебиеттің
дəрежесін бүгінгі əдебиетпен салыстыруға бола ма? Кешегі
Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы» мен Спандияр
Көбеевтің «Қалың малын» «роман» деп жүрміз. Соларды бүгінгі
романдармен салыстыруға келе ме? Келмейді.
Ендеше, революция орыс жəне басқа əдебиеттермен бай-
ланыстыра отырып, біздің мəдени дамуымызға дүмпу берді.
Жаңа жанрлар туды. Қазақ əдебиетінің жиырмасыншы жыл-
дар ішінде Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек», «Қартқожа»
сияқты еуропалық үлгідегі романдарды жазуға қолы жетті.
Соңынан Мұхтар, Сəбит, Ғабит, Ғабидендер шықты. Сөйтіп
біздің əдебиетіміз дүниежүзілік дəрежеге көтеріліп кетті. Сөйте
тұра, оған сол заманның, идеологияның оң əсері болғанын айт-
пай отыра алмаймыз. Əдебиет халық өмірінің шындығы ғой.
Халықтың осы ғұмырын тарихтан сызып тастауға болмайды.
Біз 70 жыл бойы сол кеңестік жүйеге қызмет жасадық. Сол
дəуірдің шындығы мен сол дəуірдің адамдарын бейнелейтін
шығармаларды əділ бағалауымыз қажет. Оның үстіне, кеңестік
идеологияның ұсынған тақырыптары болды. Ондай шығармалар
көбінесе тақырыбымен өтіп жүрді. Көркемдік жетістікке жете
алған жоқ. 1930 жылдары «Челюскин» солтүстік мұзды мұхитты
жарып өтеді. Бұл тақырып науқанға айналды. Бұған қазақтың
талантты ақын-жазушылары белсене араласты. Тамаша эпик-
ақынымыз Ілияс Жансүгіров «Жорық» атты поэма жазды.
Ілиястың бұл поэмасы басқа шығармаларымен салыстырғанда
көп көмескі тартады. Сəбит Мұқанов пен Тайыр Жароков та
бұл тақырыптан тыс қала алмады. Бұлардың бəрі тапсырыстың,
науқанның туындылары еді. М.Горькийдің: «Өзің білген нəрсені
айтпай тұра алмайтын кезде ғана жазу керек» деген сөзі бар.
Мысалы: «Күйші», «Құлагер» поэмалары Ілиястың қанымен
қайнап біткен дүние ғой. Егер Ілияс солай айтпаса, жазбаса, оның
таланты күйрер еді. Сондықтан осындай шығармалардың ара
салмағын айыруымыз қажет. Алпысыншы жылдардың əдебиеті
Сталиннің режимінен босап, Хрущевтің жылымығынан бері
қарай өз ойын еркін айтатын халге жетті. Ал поэзияда саяси
лирика басым болатын. Махаббат, табиғат лирикасы дегенге
мəн берген жоқ. Сталиннің тұсында Симоновтың «Жди меня»
деген жинағы бірнеше мың таралыммен шығады. Сонда Ста-
лин: «Неге соншама көп бастыңдар? Екі дана етіп шығарып,
бірін авторға, екіншісін сүйгеніне жолдасаңдар болатын еді
ғой» деген екен. Сондықтан махаббат, табиғат лирикасы онша
дамымады. Алпысыншы жылдардан кейін тосын көрмей, өзінің
ойлағанын, сезінгенін еркін айта алатын жаңа ұрпақ тəрбиеленіп
шықты. Прозада – Əбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, поэзия-
да – Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Мол-
дағалиевтер қазақ əдебиетін көтерді. Сол сияқты барлық жыл-
дардағы əдебиет қайта қаралу үстінде. Жоғарыда аталған ақын-
жазушылардың барлығын монографиялық тұрғыда зерттеп,
үшінші томға енгізіп жатырмыз. Бұл да біздің зерттеуіміздің
жаңалығы деп ойлаймын.
– Сіз КазПИ-дің Тіл жəне əдебиет факультетінде оқып
жүрген кезіңізде Мұхтар Əуезовтің «Абай жолы» роман-
эпопеясын сынапсыз. Авторға: «Абайды əйелжанды
етіп көрсетіпсіз» деген пікір айтыпсыз. Бұл райыңыздан
қайттыңыз ба?
– Жоқ. Мен ондай сын айтқан емеспін. Бекер сөз шығар.
Жоғары курста оқып жүрген кезде əдеби сынға араласып,
мақалалар жазып жүрдім. Жазушылар одағында баяндамалар
жасадым. Осы Одақтың хатшысы, «Жұлдыз» журналының бас
редакторы Қайнекей Жармағамбетов жазуға ебі бар жастарды
тартып, тапсырмалар беретін. Ол Айқын Нұрқатов екеумізді
сын жазуға тəрбиеледі. Елуінші жылдар ішіндегі артық-кем
əпербақан сынға біздің де қатысымыз болды. Əсіресе, Қасым
Аманжоловты сынаушылардың ішінде Айқын екеуміз де бол-
дық. Соңынан қатемізді түзедік. Ал Мұхтар Əуезов – менің аса
сыйлайтын талантым. Ол өте терең адам. Белинскийдің: «Шын
көркем əдебиет бір оқығаннан түсінікті болмайды. Оларды
қайта-қайта оқу керек. Оқыған сайын оның бойынан жаңалық
ашасың» деген сөзі бар. Абайдың шығармаларын қанша оқысаң
да бұрын оқымағандай əсерде боласың. Əр оқыған сайын бір
жаңалығын табасың. Мұхтар шығармалары да сондай.
– Кеңес дəуірінде сынның күшті болғаны сондай, жазу-
шылар сыншының қолын, батасын алуға құштар болушы
еді. Жыл сайын «Уақыт жəне қаламгер», «Жастар жастар
туралы» атты сын кітап тары шығып тұратын. «Жұлдыз»,
«Жалын» журналдары мен «Қазақ əдебиеті» газеті тұрақты
түрде сын мақалалар басатын. Қазір жаңалық ашпай-ақ,
соларды қалпына келтіруге болмай ма?
– Ол кезде сынды билеуші партия қолдады. Сыншыларды
партия өзінің көмекшілері санады. Ал сыншылар əдебиеттің
идеологиялық тұрғыдан жаңылыс басқан қадамдарын қадағалап
отырды. Сосын сын жанр болып қалыптасты. Сын кез келген
көк аттының ыңғайына жығыла салатын жанр емес. «Сыншы –
таланттың ішінде сирек кездесетін талант» деп Белинский
айтқан. Сынның жолы – қатерлі, қауіпті, тайғанақ. Сынға құлақ
түрген, оны қабылдаған қаламгер жапа шекпейді. Сын дегені-
міз – сынай беру емес, əдебиеттің жаңалығын табу, жазушының
жақсы қырын тани білу. Сонымен бірге, қайшылықтарын, осал
тұстарын айту. Қазір тек қана сын емес, əдебиеттің барлық
жанрын дамытуды ұйымдастыру жағы жетіспей отыр. Жазушы-
лар одағы проза, поэзия, сын саласы туралы пленумдар, жеке
кітаптар туралы талқылауларды ұйымдастыруы қажет. Мысалы,
өткен екі съезд арасында бірде-бір пленум өткен жоқ. Сосын
баспасөз сынға ерекше көңіл бөлуі керек. Сын газет-журналдың
жұмысымен тікелей байланысты. Қазір Жазушылар одағына да,
газет-журналдарға да сынның қажеті жоқ. Сын болмаған соң
əдебиет те өспейді, сыншының ой-пікірі де өспейді...
– Əңгімеңізге рақмет!
«Айқын» газеті, 2004 жыл
Ћазіргі Парламент
туралы ойым жаћсы
емес
Ћадыр МЫРЗА ЌЛИ,
Ћазаћстанныѓ Халыћ жазушысы,
Мемлекеттік сыйлыћтыѓ лауреаты, аћын:
ПАРЛАМЕНТТЕ ОТЫРЫП
ШЫҒАРМА ЖАЗҒАН КЕЗДЕРІМ БОЛДЫ
– Соңғы уақытта қоғам айнасынан сирек көрініп жүрсіз.
Оның себебін қалай түсіндірер едіңіз?
– Оның жауабы біреу-ақ. Саясаттан, қоғамдық шаруалардан
кеткеніме он жыл болды. Депутаттықтан кеткеннен кейін мен
ол жұмыстардан да кеткенді дұрыс деп есептедім. Себебі, уақыт
өтіп бара жатыр. Тоғыз жыл депутат болған кезімде де уақытты
ұтымды пайдалануға тырыстым. Жасыратыны жоқ, Парламент
жиылы сының үстінде отырып та шығарма жазған кездерім
болды. Халқыма пайдам тисе, шығармам арқылы тиетінін тү-
сіндім. Мейлі бұрынғы, мейлі қазіргі Парламентте болсын,
адамның аяқ-қолын байлайтын істер бар. Айтайын дегеніңді айта
алмайсың, айтқан сөзің өтпейді. Сондықтан мен депутаттықтан
кеткенді жөн санадым.
– Жазушы қай заманда да қоғамның қозғаушы күші бол-
мап па еді?! Қазіргі қаламгерлер ел-жер, қоғам мəселелеріне
селқос қарайтын сияқты. Оның үстіне өзіңіздің
«Жеке бастың тауқыметі сөз бе екен,
Жер бетінің тауқыметі тұрғанда»
деген де өлеңіңіз бар.
– Біріншіден, жазушы «қоғам жұмысымен айналыспадым»
дегеннің өзінде де ол өзінің шығармашылығымен араласып
жатады. Сондықтан мен өзімді саясаттан 100 пайыз тыс жүрмін
деп есептей алмаймын. Ал ел, жер, су туралы пікірлерімді газет-
журналдар арқылы айтып жаттым. Алғаш рет Парламентте жерді
сату туралы мəселе қозғалып жатқан кезде өз көзқарасымды
бір шумақ өлең арқылы білдіріп, «Қазақ əдебиетіне» телефон
арқылы айтып, жариялап жібергем. Өткен жолы «31 канал»
тікелей эфирге шақырып, сұрақтың астына алды. Ең соңында
«Жер мəселесі туралы шешімге қалай қарайсыз?» деп сұрақ
қойды. Мен қарсы екенімді айттым. Сөйтсем, «Сіз қалай қарсы
боласыз?! Оны қа былдап жатқан ел қалаулылары ғой» дейді.
Сонда мен былай жауап бердім. «Мен де тоғыз жыл депутат
болдым. Депутат болу үшін адам не демейді?! Кейбіреулері қыза-қыза келе: «Аралдың суын бір жылда толтырып берем», – дейді. – «Ертісті кері ағызып, Ілені бері жақындатып берем» дейді. Сондықтан олардың сөздеріне сене беруге болмайды. Жалпы, жерді сатуға мен қарсымын» дедім. Шынтуайтына келгенде, жерді сату – депутаттың шешетін шаруасы емес. Бұл – ең кемінде референдум өткізіп, халықтың шешетін мəселесі. Ақыры, жерді сату туралы əңгімеге соңғы нүкте қоймай, тоқтатып қойды ғой. Ақылды адамдар терең ойланған болуы керек. Əйтпесе, бұл жер дауы – ең қауіпті, ең нəзік мəселе. «ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ КЕРЕК» ДЕП АЙТАР ЕДІМ – Қазақстан Жазушылар одағының қазіргі жай-күйі туралы не айтасыз? Кейбіреулері: «Бұл Одақтың қажеті жоқ. Тарату керек» десе, базбіреулер: «қажет» деп жүр. Сіз бұл таяқтың қай ұшын дасыз? – Əрі аш, əрі ашулы, ызалы адам не демейді?! Сол Жазушылар одағының маған жасап жатқан жақсылығы шамалы. Бірақ мен бəрібір «Жазушылар одағы керек» деп айтар едім. Мен болмасам, басқа бір адамға пайдасы тиер. Тірілерге пайдасы тимесе де, марқұм болған қаламгерлерді арулап көміп, ақтық сапарға шығарып салып жатыр. Əруақ сыйлап, олардың мерейтойларын атап өтіп, шығармалар жинағын шығаруға мұрындық болып жүр. Егер Жазушылар одағы болмаса, осының бəрін кім жасар еді? Жазушылардың тағ дыры на жауап беретін жауапкершілікті бір мекеме бар. Басың ауырып, балтырың сыздаса, баратын, медет ететін шаңырағың бар. Елуге, алпысқа, жетпіске келсең, солар елеп-ескеріп жатыр. Сондықтан «Жазушылар одағы керек емес» деп айта алмаймын. Егер ол жердегі басшылар дұрыс болмаса, онда оған да барлық жазу шылар кінəлі. Өйткені, оны бəріміз съезде дауыс беріп отырып, өзіміз сайладық. Бұл өзімізге қарсы шыққанмен бірдей емес пе?! – Кеше ғана Жазушылар одағының əдеби жыл қорытындысы өтті. Ол жиында Сіз бой көрсете қоймадыңыз. Оның себебін білуге бола ма? – Жазушылар одағы демократиялық ұйым, одақ екенін білеміз. Сондықтан баяндаманы жасайтын қаламгерлер осы
Одақтың мүшесі болуы керек. Оларға «Халыққа, елге əділ сөз
айтыңдар» деген тапсырма берілуі қажет. Өзінің қанатының
астынан шығып жатқан «Қазақ əдебиеті» мен «Жұлдыз» газет-
журналдарына ие болуы керек. Мен қазір «Жазушылар одағы
осы екі басылымға ие болып отыр» деп айта алмаймын. Мəселен,
«Жұлдыз» – өзінше бір Жазушылар одағы. Ол ешкіммен санас-
пайды. Біреу туралы пікір айту үшін сол адамның моральдық
құқы болуы қажет. Мен біреу туралы пікір айтсам, менің 100
пайыз құқым бар дей алмаймын. Бірақ мен 70-ке келдім. Азды-
көпті тəжірибем бар. Халықтың берген атақ-абыройы бар. Еш-
теме бітірмей тұрып «Анау жазушы емес, мынау ақын емес» деп
айтуға, оны «Жұлдызға» басуға кімнің қандай құқы бар?
ДЕМОКРАТИЯДА ПІСПЕГЕН ЖАҒЫМЫЗ БАР
– Бүгінгі Парламент туралы да ойыңызбен бөліссеңіз?
– Менің қазіргі Парламент туралы ойым жақсы емес. Əрине,
көпке топырақ шашуға болмас. Түгелдей жек көрейін десең,
олардың ішінде шын мəнінде жақсы адамдар, белсенді депу-
таттар бар. Қазағын ешқашан сатпайтын Шерхан Мұртаза,
Қаратай Тұрысов, Ғани Қасымовтарды айтпаған күннің өзінде,
бұрын өзім танымайтын Амангелді Айталының өзі неге тұрады?!
Мен оның «Егемен Қазақстан» газетіне жиі шығып тұратын
мақалаларын оқимын да риза боламын. Осындай депутаттарды
көріп-біліп отырып, Парламентті жамандауға аузым бармайды.
Сөйте тұра, «сатылған дүние дүние болмайды» деп ойлаймын.
Бір күні Қожекең ауыл шетінде жайылып жүрген бір иесіз есекті
көреді. Əрі қада ғалайды, бері қадағалайды. Ешкім мінбейді,
ешкім алып кетпейді. Сосын «өзім мініп алайыншы» деп, мініп
алады. Содан бір-екі жыл пайдаланады. Қожекең кедей болған
адам ғой. Ақшасы болмаған соң базарға апарады. Қожекең –
бүкіл елге мəшһүр адам. Базарға келсе, бəрі жапа-тармағай
Қожекеңмен амандасып жатады. Солармен хал-жағдай сұрасып
тұрғанда есегін біреулер ұрлап кетеді. Қожекең олжасынан
айрылып үйіне қайтады. Оның есек сатуға кеткенін білетін
көршісі: «Қожеке, есегіңді нешеге саттың?» десе, «Кетті ғой
өзінің құнына» деген екен. Тегін келген есек тегін кетеді. Сол
сияқты, Үкіметтің өзі əкеліп отырғызған адам – солар дың адамы
болады. Əсіресе, Сенат. Сондықтан бұл демократияда біздің
піспеген жағымыз бар.
ҚАЗАҚ ӨЗІ ТАПҚАН ИДЕЯСЫН
ӨЗІ ІСКЕ АСЫРА АЛМАЙДЫ
– Қазақ балалар əдебиеті бүгін қай деңгейде? Оған көңі-
ліңіз тола ма?
– Балалар əдебиеті бізде атам заманнан бар. Сосын ол əдебиет
өте жақсы дəрежеге дейін өсті. Бізде жоғары деңгейдегі балалар
прозасы бар. Ілгеріде Қазақ Республикасының 40 жылдығына
бүкіл республиканың делегациясы келіп, Мəдениет сарайында
үлкен мəжіліс болды. Мен сол жиынға қатыстым. Сонда əр
республика ның бірінші, екінші басшылары келді. Сол кезде сөз
алған Латвия, əлде Литва республикасы Министрлер Кеңесінің
төрағасы екі жазушының атын атады. Біреуі – Мұхтар Əуезов,
екіншісі – Бердібек Соқпақбаев. Көрдіңіз бе? Егер балалар
əдебиеті болмаса, ол неге Б.Соқпақбаевтың атын атап тұр?!
Сосын қазақ əлсін-əлсін жақсы бастама жасап, жақсы істер
атқарып тұрады. Баяғыда Қыз дар институтын ашты. Бұл өте
тауып кеткен нəрсе еді деп ойлаймын. Соның арқасында қазақ
қыздарының бағы ашылды. Ол кезде қазақ интеллигенциясы
Мəскеуде, Ленинградта оқып, орыс қыздарына үйленіп келетін.
Сол институт ашылғаннан кейін қазақ отбасылары келіншекке
жарыды. Сол сияқты осыдан 20 шақты жыл бұрын «Балауса»
баспасы ашылған. Сол баспаны ашуға басы жеткен ел сол бас-
паны ұстап тұра алмады. Мені сол баспадан зейнеткерлікке
шығарып жіберді. Менің орныма бір бизнесмен жігітті əкелді.
Азамат ретінде жаман жігіт емес. Бірақ ол балалар əдебиетінен
бейхабар еді. Жарайды. Оны ақыры тағайындаған екен, баспаны
ұстап қалу керек еді ғой. Көрдіңіз бе, қазақ өзі тапқан идеясын
өзі іске асыра алмайды.
Иманғали Тасмағамбетов мəдениеттің төңірегінде жүрген
кезінде өте жақсы тірліктер атқарды. Мəселен, Күлтегіннің
ескерт кішінің көшірмесін жасап, Астанаға алып келді. «Оты-
рар кітапха насы» сериясымен қазақ ақын-жазушыларының
100 кітабын шыға руға мұрындық болды. Қазір қазақ тілінде
дүние жүзі əдебиетінің кітапханасын, «Қазақ əдебиетінің» 100
томдығын шығарып жатыр. «Балалар əдебиетін жасауға үлес
қостыңыз ғой. Оның үстіне, бала лар баспасында директор
болдыңыз» деп өтініш жасаған соң, сол 50 томдықтың жоба-
сын жасап бердім. Биылғы жылға сол томдықтар дың 15 томын
шығаруды жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде 4 – 5 томын
өндіріске тапсырып қойдық. Міне, осы арада да қазақтың
алаауыздығы байқалып тұр. Мен айтамын: «Осы 50 томдықтың
жартысын қазақ балалар əдебиетіне арнайық» деп. Ал минис-
трлік: «Алдымен шетел əдебиетін шығарып алайық, сосын көре
жатар мыз» деп отыр. «Ертең мұның арты да сиырқұйым шақта-
нып кетпей ме?» деген де қауіп бар. Əйтпесе Б.Соқпақбаев,
М.Əлім баев, Н.Сера лиев, Қ.Баянбаев, М.Жаманбалинов, қазақ
ертегілері, жұмбақтар мен жаңылтпаштар бір-бір том бола
алмай ма?! Тіпті болмаса, екі автордың шығармасынан 1 том
жасауға болады.
ҚАЙ ƏКІМ КЕЛСЕ ДЕ
МАҒАН ТЕРІС ҚАРАЙ АЛМАЙДЫ
– Сізді «Оралда жұмыс істеп жүр» деп естиміз. Осы əңгіме
қаншалықты рас?
– Адам қай жерде жүрсе де жұмыс істеуі керек. Кезінде об-
лыс əкімі Қырымбек Көшербаев телефон соғып: «Біраз жасқа
келдіңіз. Алматыға керек екеніңізді білеміз. Бірақ Оралға келіп
қызмет істесеңіз қайтеді? Сізге барлық жағдайды жасаймыз»
деген соң мен қабырғаммен кеңесіп, келісім бердім. Менің ата-
анам, бабала рым сонда жерленген. Сосын адамның бір тамыры
туған жерде болуы керек қой. Содан мен Оралға көшіп барып,
үлкен ұлымды сондағы шаңыраққа отырғызып қойдым. Бір ай
сонда, бір ай мұнда жүрем. Оралда да қарап жатпаймын. Теле-
дидарында сөйлеп берем, университетінде дəріс оқимын, драма
театрында əдебиет бөлімін басқарам. Осыдан мен зиян көрем
бе немесе олар зиян көре ме? Мен екі жаққа да бірдей еңбек
сіңіріп жүрмін. Алматыда кенже баламның қолында тұрамын.
Қазір маған ең қиын болып жүргені – Қырымбек Көшербаевтың
кетіп қалғаны. Бірақ қай əкім келсе де маған теріс қарай алмай-
ды. Əрине, маған адамдар керек, бірақ мен де біраз адамдарға
керек шығармын.
МЕН ӨЗ ПОЗИЦИЯМДА ҚАЛАМЫН
– «Жас Алаш» газетінде «Иірім» атты шығармаңыз үзбей
жарияланып келе жатыр. Ол «Атамұра» баспасынан жеке
жинақ болып шығып үлгерді. Осы туындыңыз төңірегінде
теріс пікірлер бар. Сіз мұны қалай түсіндірер едіңіз?
– Сынның нақтылы болғаны дұрыс қой. Мен Ғабит пен Күлəш
арасында болған оқиғаға байланысты өз жауабымды бердім.
Сосын Ғаббас құрдасым өзінің өкпе-назын газетке мақала етіп
те берді. Бірақ осы кітабыма байланысты қаншама оқырман
телефон соғып, сүйсінгендігімен қоса, тамаша ақыл-кеңестер
берді. Менің жаңы лысқан тұстарымды тап басып айтты. Осы
уақытқа дейін біразын түзеттім. Ендігі басылымға дейін тағы да
түзетемін. Ал Ғаббастың айтқан ескертпелеріне тіптен қосыла
алмаймын. Мен əдебиетші ғана емеспін, мен оның теориясын
өте жақсы білемін. ҚазМУ-де үш жыл дəріс оқыдым. Сонда
айтайын дегенім, «Эссе» туралы түсінікті кез келген əдебиет
теориясынан немесе сөздіктен таппай сың. Тапсаң да əншейін
жылтылдаған шығарыпсалма жауаптар. Мен филология ғы-
лымдарының докторы Тириянның ғана пікіріне қосылам. Ол:
«Эссе дегеніміз таза естелік емес, эссе дегеніміз таза трак тат
емес. Бұл – əрі естелік, əрі трактат, ең бастысы – пози ция»
дейді. Ал Ғаббас «Мынауыңа қосыла алмаймын» дейді. Мен
оған «қосыл» деп отырмын ба? Дүниеде неше адам болса, сонша
позиция бар. Солай емес пе?! Ол «Мына дүниені менің көзім-
мен көр, менің құлағыммен тыңда» дейді. Ол болмайды ғой.
Менікі позиция. Сондықтан мен өз позициямда қаламын.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2005 жыл
Џлы аћындар к&п,
џлт аћындары аз
Ћадыр МЫРЗА ЌЛИ,
Ћазаћстанныѓ Халыћ жазушысы,
Мемлекеттік сыйлыћтыѓ лауреаты, аћын:
– Сіздің ұғымыңыздағы үлкен əдебиет дегеніміз не? Жал-
пы, сол əдебиетке бала Қадыр қалай келді?
– Жалпы, əдебиет дегеніміз бір тілдің, бір елдің əдебиетімен
тоқтамайды. Үлкен əдебиет деген бар. Оған бүкіл дүние жүзінің
кішкентай халқынан бастап, ұлы халқына дейін кіреді. Осы
əдебиеттің бəрін түгел білмегенмен, соның басым көпшілігінен
хабардар болғанымыз жөн ғой деп ойлаймын. Менің бір
бақытым – осы əдебиетке көзімді ашар-ашпастан келген адам-
мын. Əдебиетші болам деген ойым жоқ. Бірақ əдебиетке деген
құмарлықтың басталғанын – сол əдебиетке келгендігім деп
есептеймін.
– Кейде адамның өнерге деген махаббаты, тіпті тағдыры
туған жерге байланысты болып жатады. Осы тұрғыдан
келгенде Сіздің сөз өнеріне жақын болуыңызға туған жердің
ықпал-əсері қаншалықты болды?
– Мен Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданына қа-
расты Жымпиты ауылында туып, өстім. Ол Жымпиты деген
сөз – қалмақ тың сөзі. Оны жұрт оғаштау көреді. Сол Жымпиты
деген жер Кеңес Үкіметі енді орнап жатқан тұста Батыс – Алаш
ордасының орталығы болған. Ол кезде Батыстан Атырау мен
Маңғыстау əлі бөліне қоймаған болатын. Сондай-ақ, осы аймақта
Орда деген тарихи жер бар. Ол – Батыс хандығының, нақтырақ
айтсақ, Бөкей Ордасының ставкасы болған. Бұл жерлерде
мəдениет ерте дамыған. Соған қарамастан, алашордалықтар
Жымпитыны өздеріне орталық етіп алған. Əрине, ең үлкен
орталығы Семей болды. Міне, маған осы орталықтың əсері
бар ғой деп ойлаймын. Мен мектепке барған жылдары ауылда
үлкен кітапхана болатын. Орыс тіліндегі кітаптарды оқыдым
деп мақтана алмаймын. Ол кезде орысшаға тісім батпайтын.
Есесіне, қазақша кітаптарды оқудан алдыма жан салмайтынмын.
Ең алғаш кітап оқуды батырлар жырынан бастадым. «Оқыдым»
дегенім дұрыс емес. Менің бір нағашы ағам болды. Оның бозбала
кезі. Сол ағам батырлар жырын қарияларға оқып беріп жатқанда,
мен жағымды таянып, етбетімнен жатып əрі тыңдайтынмын, əрі
жаттап алатынмын. Ол кезде мен əлі əріп танымаймын. Ағам
жоқ кезде кітаптың бетін ашып қойып, жаттап алғанымды су-
дыратып оқып беремін. Соның маған көп пайдасы тиді. Міне,
əдебиетке деген құмарлығым мені біраз жерге дейін сүйреді.
Мейлі өнерде, мейлі əдебиетте, мейлі ғылымда болсын, адам
алдына үлкен мақсат қойып, сол салаға табына білуі керек қой.
Сонда ғана адам өзі құдірет тұтқан салада үлкен жетістіктерге
жетеді.
– Сіз энциклопедиялық білімі мол, қабілет-қарымы зор
қаламгерсіз. Əдебиеттің барлық саласында қалам тербеп
жүрсіз. Былайша айтқанда, бүкіл саналы ғұмырын жазу мен
сызуға арнаған адамсыз. Ал жазу үшін де көп оқу, көп іздену
қажет. Осының бəрінен жалыққан, шаршаған кезіңіз болды
ма? Не нəрсенің де сарқылатын кезі болады ғой.
– Американың ең үлкен жазушысы, Нобель сыйлығының
лауреаты Эрнест Хемингуэй шығармашылықпен айналысқан
алғашқы жылдары күніне 400 – 500 сөз жазатын болған. Олар
біз сияқты жолмен, бетпен есептемейді. Содан кейін ол бірте-
бірте азая түскен. Адамның күш-қуаты азаяды, қажиды ғой.
Жазушының жанына сол əлсіздігі қатты батады. Бір күні жазған-
сызған сөздері 300-ге дейін түсіп кетеді. Сонда ол өзін-өзі жұ-
батып күнделік жазып, төменгі жағына «Бүгін мен көп жаза
алмадым. Оның есесіне келген хаттарға жауап бердім» деп жа-
зады екен. Бұл былай қарасаң, баланың ойыны сияқты. Бірақ бұл
əңгіменің астарында үлкен ой жатыр. Мақтанғаным емес, мен –
көп жазатын, көп еңбектенетін адаммын. Бірақ баяғыдай емес,
тез шаршаймын. Сондықтан прозадан бөлек, шағын жанрдағы
афоризмдер немесе екі-үш шумақ өлеңдер болса, блокнотымның
астына кітап қойып, шалқамнан жатып жазамын. Ал енді оған
сия жоғары қарай жүрмейді. Сондықтан қаламмен жазамын. Оны
маған үйреткен ешкім жоқ. Бірақ Сəбит Мұқановтың бір сөзін
ұстап қалғаным бар. Ол кезде Сəбит Мұқанов та, Мұхтар Əуезов
те, Ғабит Мүсірепов те, Ғабиден Мұстафин де қаламмен жаза-
тын болған. Оның сырын кейін маған Сəбең айтып түсіндірді.
Сөйтсем кезінде Жүсіпбек Аймауытов та қаламмен жазған екен.
Негізі, адамдар өзінен үлкенге, мықтыға еліктейді ғой. Ал Ай-
мауытов – үлкен классик болған адам. Баяғыда Мұхтар Əуезов
енді пьеса жазып жүргенде бірінші жүлдені Мұхтарға беріп, өзі
екінші орынды місе тұтқан ғой. Бұл да үлкен азаматтық. Ал ол
сол кезде ұлы жазушы еді. Сондағы айтайын дегенім, сиямен
жазу – бір басқа да, қаламмен жазу – бір басқа.
Сиямен жазғанда алғашқы нұсқасы ұнамаса, қайта-қайта
сызғылап, өзіңнің жазғаныңды жек көріп кететіндей жағдайға
жетесің. Мен талай қаламгерлердің қолжазбасын көрдім. Ал
менде «черновик» деген болмайды. Өйткені мен ұнамаған
жерін өшіріп тастап, қайта жазамын. Сонда жазылған дүниең
сол қалпында туғандай əсер етеді. Бұл да қаламгердің өзін-өзі
жұбатуы.
– Қазақтың көрнекті жазушысы Шерхан Мұртаза:
«Əттең, уақытымның көбісі мемлекеттік қызметке кетті.
Қадыр сияқты тек жазу-сызумен айналысуым керек
еді» деп өкініпті бір əңгіме арасында. Шерағаң бұл сөзді
Сіздің қыруар дүние жазып таста ғаныңызға қарап айтқан
секілді.
– Мен – бүкіл саналы ғұмырымды осы жазуға арнаған
адаммын. Жұмыс істемей, қарап жүрген күндерім, жылдарым
болған емес. Жылына бір кітап, кейде екі-үш кітап шығарып
тұратынмын. Бір жылы мынадай оқиға болды. Желтоқсан айы
басталды. Байқасам, жыл бойы дым жазбаппын. Ол кезде газет-
журналдарда қызмет етіп жүріп мойын бұра алмасам керек.
«Қой, мұным болмайды» деп сол күні кітап жазуға отырдым.
Күндіз-түні жұмыс істедім. Жиналыстар мен тойларға барған
жоқпын. «Ауырып жатырмын» деп жұмысқа да шықпай қойдым.
Бір күні миым шырт ете түсті. Ең алғашқы қан қысымы ауруын
мен сол жолы таптым. Бірақ сол айда кітабымды аяқтап үлгердім.
Маған таңғалудың қажеті жоқ. Бельгияның Джордж Сименон
деген детектив жазатын атақты жазушысы бар. Ол – дүние жүзі
бойынша рекорд жасаған адам. Сол 400-ден астам роман жазған.
Былайша қарасаң, ақылға сыймайды ғой. Ал енді Шерағаң маған
таңғалса, мен оған таңғаламын. Ол əдебиетке кешігіп келді.
Оның Жазушылар одағына өтуге кепілдеме берген адаммын мен.
Шерағаңның менен жасы үлкен ғой. Ол кісі Мəскеуден оқуды
бітіріп келді де газетке қомп етіп кіріп кетті. Газеттің жұмысы
қандай ауыр! Сөйтіп жүріп ол ең алғашқы повесін жазды. Біз
оны «Жұлдызға» бастық. Мен ол кезде «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары едім. Таяуда сол Шерағаңның жеті томдығы қолыма тиді. Əр қайсысы қалың-қалың екен. Газетте жүріп соншама дүние жазу – оңай шаруа емес. Ал оның маған қызығып жүргені – мен тəуелсіз болдым. Жұмыстың барлығын 40 жасымда ысырып қойдым. Қатты қиналатынымды да сездім. Солай болды да. Жұрттың маған деген сəлемі өзгеріп кетті. Баяғыда жүгіріп келіп амандасатын адамдар мені айналып өтетінді шығарды. Қонаққа шақыру дегенді ұмытты. Мен күліп қойып, үйде жұмыс істей бердім. Мұндай психологиялық жолдан көп қазақ өте алмайды. – Сіз ешкімді өзіңізге ұстаз санамайсыз. Оның сыры неде? – Мен Абайды немесе Махамбетті өзіме ұстаз тұтқан ақын емеспін. Бұл – мен олардан түк үйренбегендіктен, я болмаса жек көргендіктен емес. Қайта олар – үйренуден де биік тұрған тұлғалар. Үйде Абайдың бір томы бар. Соны неше рет оқығаным есімде жоқ. Бірақ əр оқыған сайын əртүрлі қарындашпен астын сызып тұрып оқимын. «Əй, Абайды толық түсініп оқып біттім-ау» деп қойғанның өзінде қайта оқысаң, тағы бір жұмбақ қыры ашылады. Абай – өте күрделі ақын. – Сіз қалай ойлайсыз, Абайға деген көзқарас өзгере ме, əлде осы таныған биігінде жылы жауып қоя саламыз ба? – Қазақтың көрнекті жазушыларының бірі Тəкен Əлімқұлов – Абайға жаңаша көзқараспен қараған адам. Тəкен бастап беріп кетті. Бұдан былай Абайға деген көзқарас өзгереді. Менің оған көзім əбден жетеді. Өйткені Абайды Ұлы Отан соғысына дейін зерттеу шілер бір бөлек болды. Абайға сын айтқандардың қатарында Сəбит Мұқанов та болатын. Бірақ Сəбеңдер Абайға «ақыл» айтқанда көркемдік тұрғыда емес, олар таптық тұрғыда қарады. Негізі, Абай – өте көп оқыған адам. Ол шығыс əдебиетінен бастап, батыс əде биетімен аяқтаған. Бірақ шығыс əдебиетін ерте қойып кеткен. Мынадай жағдай бар. Оған жұрт көп мəн бермейді. Негізі, шығыс тың үш тілі – жетекші тіл болған. Олар – араб тілі, парсы тілі, түркі тілі. Араб тілі – ғылымның тілі деп есептелген. Парсы тілі – көркем əдебиеттің тілі саналған. Ал түркі ті-
лі – əскери тіл деп есеп телген. Мысалы, «Ура» деген сөздің тегі
«Ұр» деген сөзден шыққан. Осыған байланысты батыс жəне
орыс əдебиетінде «Түркі тілінің туған əдебиеті жоқ. Əдебиет
парсы тілінде жазылған» деген пікір бар. Расында, ғылым араб
тілінде жасалған. Бұл пікірге Еуропаның кейбір ғалымдары
қарсы болды. Мысалы, орыстың Иванов деген ғалым-жазушысы
Баласағұнның кітабына алғысөз жазғанда түркі тілінің төл
əдебиеті бар екендігін айтады. Дегенмен, парсы тіліндегі əде-
биет – ең жетекші əдебиет болады. Осы парсы тілінде жазған
жеті ақынды Гете: «Шығыстың жеті данышпаны бар, – деп
бағалай келіп, – жетеуі де менен мықты» деген. Гетенің өзі
неге тұрады! Оның бір «Фаусының» өзі неге татиды! Бұған
қарап əдебиетте де əділдік салтанат құрады деп айта аламыз.
Бірақ əлгі жеті ақынның өлеңдері парсы тілінде жазылғанымен,
олар шығыс əдебиеті деп есептеледі. Мəселен, Фердоуси, На-
уаи, Низами, Физули, Рудакилер өз ұлтының ақындары болып
есептелгенмен, олар ұлт ақындары емес. Өйткені бұлар жалпы
шығыстың ақындары. Ал бізде қазақ əдебиеті, түркімен əдебиеті
деген сияқты əдебиеттер бар. Бұлар – ұлт əдебиеті. Мұның өзі
идеологияның əсері. Сол кезде «Зар заман əдебиеті» деген де
əдебиет болды, сондай ағым шығарды. Қазіргі менің көзқарасым
бойынша сол зар заман əдебиеті – қазақ əдебиетінің ең үлкен
классикасы.
– Жаңа Сіз бір сөзіңізде Абайға деген көзқарастың өзгере-
тінін айтып қалдыңыз. Ол өзгерістен қазақ əдебиетінің ұта-
ры бар ма?
– «Абайға көзқарас өзгереді» дегенде, мен «Абайды жоққа
шығарады» деген сөз айтып отырған жоқпын. Абай – Абай бо-
лып қалады. Оған дау жоқ. Бірақ Абайды түсінетін, Абайдың
қайдан шыққандығын көрсететін, Абай кім еді деген нəрселерді
жаңаша айтатын боламыз.
– Абай поэзиясында «Мен» деген сөз болмаған. Осы «Мен»
қазақ поэзиясында қашан пайда болды жəне оны кім енгізді?
Жалпы, оның əдебиетке əкелген жаңалығы қандай?
– Дұрыс айтасыз. Абайда «Мен» жоқ. Ол «Біз» деп сөйлейді.
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» дейді. «Қартайдым,
қайғы ойладым, ұйқым сергек» десе, кім оған қарсы болды?
Бірақ ол қазақ əдебиетіне тəн емес еді. Ауыз əдебиетінің ішінде
тек əн мəтіндерінде ғана «Мен» болатын. Мəселен, «Сырғаңды
қайық қылып өткіз мені». Қазақ поэзиясына «Менді» кіргіз-
ген – Мағжан Жұмабаев. Оның есімінің елге қатты тараға-
ны – осы «Мен» сөзін əдебиетке кіргізгендігі. «Менге» үлкен
құқық алып берді. «Бізден» «Менге» көштік. Қалай дегенмен,
Мағжанның уақыты өтіп кетті. Мағжанды «Ғасыр ақыны» деп
айтып жүрміз. Оған ешкімнің қарсылығы жоқ. Мұқағалиды да
«Ғасыр ақыны» деп атадық. Мұқағали – осы заманның ақыны. Ал
Мағжанның ең шыққан биігі – сол. Негізі, Мағжан 1920 жылдың
аяғынан кейін өлең жазбаған. Жазған да болуы мүмкін. Таяуда
Мағжан туралы бір əйелдің сұхбатын оқыдым. Сол мені қатты
толғандырды. Мағжан Карелияда айдауда жүрген кезінде Мак-
сим Горькийге хат жазып жүріп босанып шығады. Содан кейін
əлгі əйелмен екі жылдай Ленинградта тұрған көрінеді. Сонда
бір чемодан қолжазбасы болған сияқты. Ал сол қолжазба қайда?
Менің ойымша, екінші рет сотталғанда қолжазба да тəркіленген
болуы керек. Ол – МҚК-нің (Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті)
мұрағатында. Ал мұрағаттағы дүние ешқашан жоғалмайды. Мен
саған мынадай тағдырды айтып берейін. Орыстың Домбровский
деген керемет жазушысы бар. Сол үш рет сотталған. Соның
үшеуінде де өлім жазасына кесілген. Бір ғанибеті, сол үшеуінен
де аман қалған. Сол Мəскеу қаласындағы ЦУМ магазинінің
алдындағы алаңқайда отырса, бір кісі келіп амандасады да бірге
отыруға рұқсат сұрайды. Жазушы қарсы болмайды. Сонда ол:
«Мен Сізден кешірім сұраймын. Сіз мені танымай отырған
шы ғар сыз. Кезінде мен Сізден МҚК-нің жертөлесінде жауап
алған мын. Мен Сіздің алдыңызда кінəлі адаммын. Осы күнəмді
қалай жуып-шаярымды білмей көп ойландым. Зейнетке шығар
алдында Сіздің соңғы романыңыздың қолжазбасын ұрлап
əкеттім. Соны Сізге қайтара мын» депті. Ал Домбровский ол
романды еш жерден іздеп таба ал маған. Қайта жазу – мүмкін
емес. Соған қарап ойлаймын, МҚК-де де қазаққа жаны ашитын
адамдар отырған шығар. Бəлкім, сол жерден қолды болып кет-
кен. Жалпы, Мағжанның өлеңдері көп ақынның туындыларынан
шықты. Енді сəл-пəл өзгерістерге ұшыраған. Міне, жоғалған
қолжазбамен əлгі көшірмелердің ара сында бір байланыс бар.
Оны анықтау – алдағы уақыттың еншісінде.
– Белгілі ақын Өтежан Нұрғалиев өзінің бір сұхбатында
«Абай – Пушкиннің көшірмесі» деген пікір айтты. Əрине,
кім не айтамын десе де өз еркінде. Алайда дуалы ауыздың
бірісіз ғой, Сіз не айтар едіңіз?
– Жеке көзқарасымды білдірсем, Өтежанның ол пікіріне
қосыла алмаймын. Өйткені Абайдың рухы, стилі Пушкинге
мүлдем келмейді. Көшірмесі боламын десе де бола алмайды.
Мың жерден айтсақ та Абайдың аты – Абай. Ал енді Пушкиннің
өзін Батыс оқырмандары біле бермейді. Оны бірнеше Еуропа
елдері аударып та көрді. Бірақ дəл түпнұсқадағыдай болмайды.
Сол сияқты біз де Абайды неше мəрте орыс тіліне аудардық.
Одан да күткен нəтиже шығара алмадық. Неге? Өйткені Абай –
ұлттың ақыны. Ал ұлттың ақыны сол өзінің ұлтына ғана тəн
болады да, басқа ұлтқа қанша тықпаласаң да сіңбейді. Дүние
жүзінде ұлы ақындар көп, ал ұлт ақындары санаулы ғана.
Мəселен, орыстарда да ұлы ақындар көп. Некрасовың да,
Лермонтовың да, Маяковскийің де, Цветаеваң да – бəрі ұлы
ақындар. Ал ұлт ақындары аз. Үш-төрт ақыннан бас қа сын
айта алмаймын. Пушкин, Есенин, Твардовский. Болды. Міне,
осыларда орыстың рухы бар. Ал қалғандарында, жоғарыда
айтқандай, шығыстың ақындары сияқты, яғни олар – Еуропалық
ақындар. Ал енді Өтежанға оралар болсақ, мен оны сыйлай-
мын, ақындығын мойындаймын. Бірақ оның өзі – ерекше адам,
бөлек əлем. Өтежанның мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, пікір-
көзқарасы ешкімге ұқсамайды. Жаңағы сөзді басқа біреу айтса,
қатты ренжір едім. Бірақ оны Өтежан айтқан соң күлемін де
қоямын.
– Өткен жылдың күзінде Алматы қалалық Жазушылар
одағы құрылды. Осы Одақтың қазақ қаламгерлеріне тигізер
игі ықпал-əсері болады деп есептейсіз бе?
– Бұл Одақтың ашылуын біреудің біреуге жасап отырған
қиястығы, я болмаса бəсекелестік деп айта алмаймын. Қалай
дегенмен де қазір заман өзгерді. Заман талабынан туындап
жатқан мəселе болса, алдынан жарылқасын. Бірақ бүкіл мəдени
ошақтарды қаржыландыруды Үкімет өз есебінен алып тастады
ғой. Сондықтан оның болашағы бұлыңғыр.
– Қазір бұқаралық ақпарат құралдарында латын тіліне
көшу мəселесі қызу талқылануда. «Тіл дегенде тебірен» деп
өзіңіз айтқандай, бұл тақырып Сізді бей-жай қалдырмасы
анық.
– Латын тіліне көшуді қуана құптаймын. Бірінші себебін
айтайын. Əңгіменің басында айтып кеткенімдей мен батырлар
жырын латын тілінде оқып, жаттағам. Əлі күнге дейін латынша
оқи беремін. Екіншіден, араб, орыс қаріптеріне қарағанда латын
қаріпі өте жұмсақ əрі оралымды. Қазақ фонетикасына жақыны
да осы – латын қарпі. Орыстар кезінде бізді зорлықпен өткізді
ғой. Қай жылы екенін ұмытып қалдым, Түркияда бүкіл түркі
халықтарының құрылтайы өтті. Сол жиынға мен де қатыстым.
Депутат болып жүрген кезім еді. Сол құрылтайда «Бүкіл түркі
халқы латын тіліне көшейік» деген ұсыныс айтылды. Ол кезде
барлық республика өз егемендігін алып, дербестігін жариялап
қойған болатын. Сондықтан бəрі қарсы болуға ұялып, түгел қол
көтерді. Содан, ең алдымен əзербайжандар, одан кейін өзбектер
көшті. Былтыр ғана татарлар көшпек болып Парламентте қаулы
қабылдап еді. Бірақ оны Мəскеу бекітпей отыр. Менің ойымша,
олар түбі көшетін шығар.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2007 жыл
Сірќ, мен &леѓ жазуды
ћойѕан кљні &летін
шыѕармын
Тџманбай МОЛДАЅАЛИЕВ,
Ћазаћстанныѓ Халыћ жазушысы, Абай
атындаѕы мемлекеттік жќне Бљкіл тљркі
дљниесі жазушыларыныѓ Физули атындаѕы
сыйлыћтарыныѓ лауреаты:
– Əдебиет табалдырығын «бала Тұманбай» болып ат-
тап, бүгінде «Тұмаға» атанып, төрге оздыңыз. Дуалы ауыз,
зиялы қауым өкілі ретінде қазіргі қазақ поэзиясы туралы
ойыңызбен бөліссеңіз.
– Бүгінгі қазақ өлеңі біз көтерген биіктен төмендеген жоқ. Та-
лантты інілеріміздің алды 50-ге келіп жатыр. Нұрлан, Темірхан,
Ұлықбектер – біздің соңымыздан келе жатқан талантты буын
өкілдері. Біз деп отырғаным – мен, Сағи, Қадыр, Шəміл,
Еркештер. Мен бұл жерге Ғафу мен Ізтайды қосып отырған
жоқпын. Олар – ұстаздар. Талантты ақындардың бəрінің атын
атағым келмейді. Бірін атасаң, бірі ренжіп қалады. Əйтпесе,
Иран-Ғайып, Несіпбек Айтұлы, Жарылқасын Аманов немесе
елуге келіп, ел таныған Рафаэль Ниязбековтерді атауға болады.
Бұлардың барлығы – өлең өлкесіне өз туларын тіккен жігіттер.
Тіпті, кеше жас ақын-қыздардың өлеңдерін оқыдым. Қарап отыр-
саңыз, бəрінің өлең мəдениеті өте жақсы. Ал енді олар ертең
қандай болып шығады? Оны уақыттың өзі екшеп алады. Жалпы,
қазақ əдебиеті өзінің даңғыл жолымен жақсы келе жатыр.
– Тырнақалды туындыңыз – «Студент дəптерінен»
бастап, күні кеше «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген
он төрт томдық шығар малар жинағыңызға дейін елуден
аса кітаптарыңыз баспа бетін көр ді. Осылардың ішінен
өзіңізге ең ыстық жинақ, я болмаса шығар маларды атап
бере аласыз ба?
– Қазақта «Қарға баласын аппағым» дейді деген сөз бар ғой.
Қай шығарманы алсақ та оған күш-қайрат жұмсалып, маңдайтер
төгілді. Дегенмен, «Студент дəптері» – менің атақ-абыройымды
көтерген кітап. Содан кейін біраз поэмалар жазамын деп
төмендедім. Оны кезінде əдебиетшілер, сыншылар айтып та,
жазып та жүрді. Негізі, мені сынамаған адам аз. Сол «Студент
дəптерінен» кейін «Зулайды күндер» атты жинағым шыққанша,
сын мен ескертпелерді көп естідім. Содан кейін аса бір шалқар
шабытпен шыққан биігім осы – «Зулайды күндер». Онымен
ілесе «Жүрегім менің сапарда» деген жинағым шықты. Осы екі
кітабым маған ерекше ыстық көрінеді. Сосын «Жаңа дəптер»
атты кітабым комсомолдың сыйлығын алды. Ол кітап та менің
көңіліме аса ұнайды. Одан кейінгі бір биігім – «Жүректегі жа-
зулар» еді. Оған 1982 жылы Мемлекеттік сыйлық алдым. «Ма-
хаббат аты сөнбейді» атты кітабым да жаныма жақын жинақ.
Бұл туралы əріптестерім жылы пікірлер айтты. Негізі, отыздан
кейін адамның ойы толысып, өзіңе-өзің сыншы бола бастайды
екенсің. Жаңа он төрт том туралы айтып қалдың, менің əлі оған
кірмеген өлеңдерім бар. Егер бəрінің басын жинақтасам, одан
да көп болар еді.
– Сонда Сіздің есебіңізше неше том болар еді?
– Таза өлеңдерімнің өзі 17 – 18 том болса, аудармалармен
қосқанда 20-дан асып жығылатын болар. Бірақ көптомдықтың
алғы сөзінде жаздым. Оған енген шығармалардың ішінде өзім
меңгере алмаған, айта алмаған тақырыптар болды. Əсіресе,
алғашқы жинақтардағы өлеңдерімде көрініп тұр. Соларды
көптомдыққа кіргізбей-ақ қойса да болады екен. Жалпы, «мен
ақындықта үнемі биікте болдым» десем, оған ешкім сенбейді. Бір
күннің өзінде адамда əртүрлі көңіл-күй болады ғой. Сол сияқты
өлеңде де жоғарылап, төмендеп отыратын кезеңдер болады. Кей-
де «Мына өлеңім жақсы шықты. Қатырып жаздым» дегеніңнің
өзі біраз күн өткен соң жəй ғана қоңыртөбел дүние екеніне
көзің жетеді. Өзіме қатты əсер еткен шығармам – Мұқаш неме-
реме арнаған поэма іспеттес туындым. «Сол аса бір шабытпен
жазылған дүние екен-ау» деп қалдым. Əруақытта жазушының
ең соңғы шығармасы өзіне ыстық көрініп тұрады.
– Сіз атақ-дəрежеден кенде болмаған қаламгерсіз. Мұның
бəрін талант-дарыныңызбен алғаныңызға күмəніміз жоқ.
Дегенмен, əлі де «мен алмаған асу, мен шықпаған шың бар»
деп ойлайсыз ба?
– Жас кезіңде «сыйлықтар алсам екен-ау» деген ой болады.
Менің замандастарым – Қадыр, Жұмекен, Əнуарлар комсо-
мол сыйлығын алып жатқан кезде, артынша мен де алдым.
Қадыр менен 3 – 4 ай үлкен. Əрі оның аты дүркіреп тұрған
кезі ғой. Оның сол тұста шыққан «Ой орманы» деген жинағы
қазақ поэзиясындағы үлкен құбылыс болды. Жұмекеннің
де шығармалары бірінен-бірі терең, көркем дүниелер. Осы
құрдастарымнан кейін сыйлық алғанымды мақтаныш көремін.
Біреудің озғанын, біреудің бақытын қызғанып көрген емеспін.
Өнер де, өлең де бəйге емес. Дəл қазір «бір сыйлық алсам екен»
деген пиғыл ойыма келмейді. Ендігі мақсатым – жазған-сызған
шығармаларымның қызығын көру. Еліміз егемен ел болды. Сол
тəуелсіз елімнің өркендегенін көрсем деймін. Өзімнен өсіп-
өнген ұрпақтарымның, жалпы тəуелсіз еліміздің жас өркендері
үлкен азамат болып қалып тас қандарын көргім келеді. Алла соған
жеткізсе деген тілекпен жүремін.
– Жетпіске демікпей, алқынбай, желіп жүріп жеңіл
жеттіңіз. Жазудан жалыққан жоқсыз ба?
– Сірə, мен өлең жазуды қойған күні өзім де өлетін шығармын.
Мен қазір тіпті бұрынғыдан да өндіре жазып жүрмін. Түннің
бір уағында оянып, ойыма келген өлеңдерді түртіп қоямын.
Шынымды айтайын, «Ойпырым-ай, күнім өтіп бара жатыр ма
екен?» деп те қорқамын. Бұрынғы желігу, жай жүрістер жоқ.
Қазір ойланатын уақыт. «Ақын» деп басына көтерген елімнің
көңілінен шықсам деймін.
– Қазір не жазып жүрсіз?
– Мен 1935 жылы көкек айында туыппын. Бірақ бір ағамыз
құжат толтырғанда «Наурыз» деп жазып жіберіпті. Содан туған
күнімді наурызда тойлап келе жатырмын. Келер жылдың науры-
зында жетпіске толамын. Соның қарсаңында жаңа өлеңдерімді
1 – 2 том етіп жарыққа шығарсам деген ойым бар. Оларды елге
ұялмай ұсына аламын.
– Сіз арнау өлеңдерді көбірек жазған ақынсыз жəне олар-
ыңыз өте сəтті шығып жатады. Мұндай арнауларды жаза
алмайтын, тіпті жазбаған ақындар да бар. Сонда мұның
сыры неде?
– Ең алғашқы арнау өлеңімді бір жыр кешінде оқыдым. Соны
тыңдаған белгілі жазушы Тахауи Ахтанов: «Тұманбай, сен осы
арнау өлеңдеріңді дамыта берші. Бұл – ода емес. Бұл адамның
шығармашылық келбетін жасайтын дүние екен» деді. Сол сөз
маған қанат байлады. Содан бері тұрақты түрде жазып келемін.
Негізі, арнау өлең жазу үшін кейіпкерді жақсы білу керек.
Сол адамды жақсы көруің қажет. Жақсы көрмеген, білмеген,
тебіренбеген жерде өлең де, шығармашылық та жоқ. Сондықтан
кімге арнау арнасам да оны жан-жақты танып, сүйіп, құлай
беріліп арнаймын. Кейде көрмеген, білмеген жас жұбайларға
да арнау өлең жазатыным бар. Ондай кезде жастарға жалпы
тілек айтамын. Кейбіреуі орташа, кейбіреуі сəтті шығып жата-
ды. Əйтеуір қара сөз емес қой. Өзімнің тым ақкөңіл екенімді
де сеземін. Адамдарды аса жақсы көремін. Маған сенсең, мені
жек көретін адам жоқ сияқты. Бірақ бажайлап қарасаң, мені
көрсе, қабағын ашпайтын азаматтар да бар. Ал мен өзім өмірде
«бір адамға болмасын, толмасын» деген пиғылда болып көрген
емеспін.
– Сіздің өлеңдеріңізге «Вальс королі» атанған Шəмші
Қал даяқовтан бастап, бүгінгі жас сазгерлерге дейін əн жазды.
Сонда əн мəтінін жазып беруді сазгерлердің өздері сұрай ма,
əлде ұсыныс Сізден болады ма?
– Мен өмірімде бір сазгерге барып: «Менің өлеңіме əн жа-
зып бер» деп айтқан емеспін. Шəмшінің «Бақыт құшағында»,
«Əнім сен едің» деген əндер өзінің тапсырысы. Ол əндерін
дайындап алып келді. Маған бірнеше рет орындап берді.
Тақырыпты біліп алған соң онымен бірге толғанып отырып
жаздым. Менің «Əн аясында» деген шағын кітабым бар. Сонда
бəрі жазылған. Қазақтың атақты сазгері Нұрғиса Тілендиев те
маған əн мəтінін жазғызғысы келсе, шақырып алатын. Сөйтіп
жаңа əнін күйсандықта орындайтын. Мен тапсырысын дереу
жазып беретінмін. Көп сазгерлер өлеңдерді менің жинағымнан
өздері таңдап алады.
– Осы уақытқа дейін неше өлеңіңізге əн жазылды?
– Егер қателеспесем, 500-ден аса өлеңіме əн жазылыпты.
Оның көбісін əуесқой сазгерлер шығарыпты. Жалпы, мен
«Əуесқой» деген сөзді ұната бермеймін.
– Белгілі сазгер Ержан Белғозиев – Сіздің күйеубалаңыз.
Екі жас бірін-бірі өздері тапты ма, əлде епті жеңгейлер араға
түсіп, араласты ма?
– Олар бір-бірін өздері тауыпты. Бір күні қызым Ержан-
ды ертіп келіп, бізге таныстырды. Ол кезде əлі сазгер емес
еді. Негізі, оның мамандығы – құрылысшы-инженер. Бірақ
сол кездің өзінде гитараны жақсы тартатын. Сөйтіп жүріп əн
шығарды. Алғашқы «Бауырды сағыну» деген əніне мəтінді
мен жазып бердім. Ол бір ғаламат дүние болып шықты. Сосын
мен: «Шырағым, əн туса, маған айт, сөзін жазып беріп тұрайын.
Немесе менің жинақтарымды оқып көр. Бəлкім, соның ішінен
сенің көңіліңнен шығатын өлеңдер табылып қалар» дедім.
Мысалы, «Ғашық жүрек қайда апарып соғасың?» деген əнінің
мəтінін менің кітабымнан алып жазған. Кейде өзі келіп: «Аға,
мен əн жазып едім» дейді. Ол мені «Аға» деп атайды. Сосын
екеуміз түннің бір уағына дейін отырып, əн жазамыз. Көбіне ол
мен төсекке жатар кезде келеді. Өз балаң болса, қуып жібересің
ғой. Қанша дегенмен күйеубалаң. Мұхаммед пайғамбар да
күйеубаласын сыйлаған емес пе?!
– «Құстар қайтып барады» атты шығармашылық
кеш өткізгелі отыр екенсіз. Бұл өнер мерекесін өткізудегі
мақсатыңыз не?
– Бұл əн кешін өткізудегі негізгі мақсатым – елдің алдына
шығып, есеп беру. Əнсүйер қауымның жүрегін тербеу. Осы
мерейлі мерекемнің, көптен күткен өнер кешімнің шымылдығын
«Ермек Серкебаев ағамыз ашып бере ме?» деген үміттеміз.
Одан басқа, қазақтың əйгілі əншілері Нұрғали Нүсіпжанов, Роза
Рымбаева, Мақпал Жүнісовалар қатысып, əн салады. Ал кештің
қалай өтеріне бірінші уақыт төреші. Оған əн сүйер қауым куə
болар деген ойдамын. Осы кеште орындалатын біраз əндердің
авторлары бұл өмірден озып кетті. Ол əндер əкесі жоқ сəбилер
сияқты ғой. Əсіресе, сол əндер халықтың жүрегіне жетсе екен
деп тілеймін.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2005 жыл
Ћалихан ЫСЋАЋ,
Ћазаћстанныѓ Халыћ жазушысы, Мемлекеттік
сыйлыћтыѓ лауреаты:
Мен не жазсам да ћазаћ
љшін жазамын
«ҚҰЛАННЫҢ АЖАЛЫ» –
АҚАННЫҢ СОҢҒЫ ШЫҒАРМАСЫ
– Қазақ əдебиетінің көгінде құйрықты жұлдыздай жарқ
етіп ағып өткен талантты жазушы Ақан Нұрмановтың
Кейкі батыр туралы романының соңын Сіз жазғаныңызды
кей оқырман біле бермейді. Сондықтан сол əңгіменің анық-
қанығын өзіңіздің айтып бергеніңіз маңыздырақ болар
еді?!.
– Алматыға келіп, университетке оқуға түскенімде ең
алғаш танысқан адамым – Ақан Нұрманов еді. Бұл – 1961 жыл
болатын. Одан кейін Тельман Жанұзақовпен таныстым. Ол –
«Правда» газетінің меншікті тілшісі, «Лениншіл жас» газеті бас
редакторының орынбасары, «Ара» журналының бас редакторы
болды. Бір өкініштісі, 43 жасында қайтыс болып кетті. Ал Ақан
екеуміз сол танысқан күннен бастап, ақтық демі үзілгенше
жұбымыз жазылмады. Студенттік кезде қара нан мен қара суды
бөліп ішіп, бір кереуетте бірге жаттық. Ал үйлі-баранды болған
кезде отбасымен араластық. Бір-бірімізді бір күн көрмесек тұра
алмайтынбыз.
«Құланның ажалы» – оның ең соңғы жазған шығармасы бо-
латын. Ол Кейкі батыр туралы екендігі мəлім. Ол кезде Кейкі
батыр туралы жазу түгілі, айтудың өзі қауіпті болатын. Кейкі
– құлан қыпшақ. «Құлан» деп отырғаны – Кейкінің руының
аты. Ақан бұл шығармасын Мəскеуде жоғарғы əдеби курсты
оқып жүрген кезінде бастады. Жалғасын Алматыда жазды.
Оның мынадай əдеттері бар еді. Не жазса да еденге етбетінен
жатып алып жазатын. Сосын қай шығармасын жазбасын, əуелі
оның орысша сұлбасын түсіріп алатын. Содан кейін барып
қазақшаға аударатын. «Екі жұмыс қылып қайтесің?» Неге бірден
қазақша жазбайсың?» дейтінмін. Сонда ол «Қазақша жазсам,
жайылып кетемін. Сондықтан орысша жазып, бір жүйеге түсіріп
аламын да, сонан соң қазақша нұсқасын жазамын» деуші еді.
Ақанның бұдан бөлек, «Ор», «Күн ертеңге ауып барады», «Аққу
шоқжұлдызы» деген шығармалары болды. Осылардың бəрін ол
орыс тілінде жазды. Оның өзіндік себебі бар. Ол Алматыдағы
«Коммунизм таңы» деген газетте жұмыс істеп жүрді де елге
кетіп қалды. Сондағы аудандық газетте жұмыс істеді. Бір жазда
сырқаттанып қалдым да, екі айға демалыс алып, Ақанды іздеп,
Торғайға бардым. Сол жолы оған «Енді Алматыға қайт. Торғай
саған разы, сен Торғайға разы шығарсың» дедім. Содан ол
Алматыға оралды. Оның «Ақан Нұрманов» деген атын шығару
үшін «Ор», «Аққу шоқжұлдызы», тағы басқа əңгіме-повестерін
аудардым. Бірақ «Аударған Қалихан Ысқақов» деп жазғызған
жоқпын. Біздің буынның мынадай бір жақсы əдеті бар еді.
Біздің буын деп отырғаным – Сайын Мұратбеков, Əкім Тарази,
Рамазан Тоқтаров, Ақан Нұрманов жəне мен. Бəріміз жазған
шығармамызды қолжазба күйінде бірігіп оқитынбыз. Оның 2
себебі бар. Біріншіден, шығарманың бір қайнауы ішінде кетпесін
дейміз. Екіншіден, ол кезде цензура деген бар. Соның қырына
келіп қалатын тұстары болса, мұртын басып жіберетінбіз. Бір
күні үйге Ақан Нұрманов келді. Қолында «Құланның ажалы»
романының қолжазбасы бар. Əңгімесіне қарағанда, шығарма
əлі жазылып жатқан сыңайлы. Алғашқы тарауын бітіріп, екінші
тарауының орыс тіліндегі сұлбасын жасап қойыпты. Екеуміз ро-
манды оқып, оны қалай аяқтау керектігі жөнінде пікір алыстық.
Мен өз пікірімді айттым. Ол үндемеді. Оның қабағынан мені
қостайтындығын да, қостамайтындығын да аңғара алмадым.
Сөйтіп ол кетіп қалды. Көп ұзамай, мен аяғымды жаралап алдым
да, үйден шыға алмай жаттым. Бір күні Əкім Тарази телефон
соғып, Ақанның қайтыс болғандығы туралы қаралы хабарды
жеткізді. Содан бір күн бұрын түс көрдім. Бұрынғы Комсомол,
қазіргі Төле би көшесінің бойы екен деймін. Ақан көшенің
арғы бетінен бері қарай келе жатыр: «Ей, Қалихан!» деп қолын
көтеріп дауыстайды. Сол кезде арамыздан қара белдеуі бар
қызыл трамвай өте шықты. Содан Ақаннан көз жазып қалдым.
Сөйтсем, əлгі қара белдеулі қызыл трамвай қаралы хабардың
белгісі екен ғой.
– Ол кісі қалай қайтыс болды?
– Жүрек ауруынан кетті. Ең алғаш жүрегі қысылған кезде
үйіндегілер Жедел жəрдем шақырған екен. Күн сенбі болатын.
Ондағылар тəжірибеде жүрген студенттер болса керек. Олар
нені білуші еді?! Жүрегі қысылып жатқан адамды үйінен екі
қолтығынан демеп шығарып, аурухананың екінші қабатына да
сүйрелеп шығарған. Зембілге салуды қаперлеріне алмаса керек.
Палатаға жетпей қайтыс болып кеткен.
– Ол кезде Ахаң неше жаста еді?
– Е, несін сұрайсың, жастай кетті ғой. 34 жаста болатын.
Жазғанынан жазары көп, бергенінен берері көп дарын еді ол.
Менің өзегімді өртейтін де – сол.
– Романның одан кейінгі тағдыры қалай болды?
– Содан романды қолға алып, орысша жазылған тарауын
аудардым да, соңғы тарауын өзімше жазып шықтым.
– Сонда романды Ақан ағамыздың қолдайтыны, я бол-
маса қолдамайтыны белгісіз болып қалған пікіріңіздің негі-
зінде аяқтадыңыз ба?
– Иə, солай істеуге тура келді. Оным дұрыс па, бұрыс па, ол
жағын білмеймін.
– Ол кітаптың оқырмандар қолынан əлі күнге дейін
түспей жүргеніне қарағанда, өте сəтті шешім жасаған сияқ-
тысыз. Ақанның да əруағы Сізге разы болар.
– Иншалла, солай болғай!
ТОРҒАЙ КӨТЕРІЛІСІН БАСТАҒАН КІМ?
– Кейкі батыр туралы шындықтың бұрмаланып келгені
рас. Ауыздан қақпақ кеткен шақта батыр туралы не айтар
едіңіз?
– Кейкіні ЧК-ның бір взводы қыр соңынан қалмай жүріп,
қапыда ұстап, өлтірген. Оқиға былай болған. Кейкінің қай
жерде тұратынын, қай уақытта үйге келетінін – бəрі-бəрін
Амангелдінің Мектепберген деген ағасы ЧК-ға айтып қойып-
ты. Олар түс кезінде Кейкінің үйіне баса-көктеп кірген. Батыр
ол кезде үйінде болмаса керек. Сонда əлгі жендеттер үйдегі тірі
жандардың бəрін, əйел, бала-шаға демей, қылышпен шауып
өлтіріпті. Үстінен түсіп қалған батырды қиқалап өлтіріп, басын
Қостанайда бір ағашқа бір жұма бойы іліп қойыпты. Бұл əңгімені
Кейкі батырдың келіні радиодан айтқан болатын.
Негізінен, Торғайдағы көтерілісті бастаған – Кейкі. Амангелді
оған кейін қосылған. Бұл көтеріліске қатысты трагедия қандай
көп болса, оған қатысты құпия да, жұмбақ та жеткілікті. Қажет десеңіз, Амангелдінің өзін де өлтірген – Кеңес Үкіметі. Бірақ осы көтеріліске қатысты мұрағаттың бəрін сол кезде Ленинградқа алып кеткен. Шын тарих – осы. – «Аққудың шоқжұлдызы» да кеңестік идеологияға қарсы батыл пікір айтқан бірегей шығарма еді. Оқырмандардың бірі білсе, бірі білмес, сондықтан оларға осы туынды төңірегіндегі əңгімеңіз əсерлі болары хақ. – Ақан бұл шығармасын жұрттың бəрі тың көтеруді мақтап, Ақмолаға келген Хрущевті басылым беттерінде дəріптеп жатқан кезде жазған. Бұл – қазақ даласында тың игеруге қарсылық білдірген тұңғыш шығарма. Ол – сонысымен құнды. Асылы, ол шығарма туралы айтқаннан гөрі, оны оқыған абзал. – Қазақ адамды туған жері, шыққан тегіне қарап бағалай білген. Егер осы қағидаға сүйенер болсақ, онда Ақаңның шыққан тегі осал болмаса керек. – Ақанның атасы Нұрман – діни сауатты, медресе ұстаған, бала оқытқан, көкірек көзі ояу болған кісі. Торғайдан шыққан халқы мыздың дарынды ұлдарының түгелдей дерлігі – сол Нұрман ақсақал дың шəкірттері. Алаш азаматтарының басына күн туған шақта, Нұрман ақсақалдың аға-бауырлары халық жауы ретінде ұсталып, итжеккенге айдалады. Оның өзі бой тасалап, сонау Торғайдан Талдықорғанның Ақсуына қоныс аударады. Ақан сол Жетісу өңірінде дүниеге келген. Сондағы бастауыш мектептің бір сыныбын орысша оқыған. Сол кездегі саяси жағдайға байланысты Ақанның əкесі өз еркімен əскер қатарына сұранады. Соның алдында отбасын қайта Торғайға көшіріп жібереді. Ақан бұл туралы маған бір ауыз сөз айтқан емес. Негізі, ол тумысынан салмақты, сабырлы, ешкімге сырын айта бермейтін тұйық жан болатын. Ақанның «Ор» деген шығармасы бар. Соны жазып жүрген кезі еді. Бір күні түнгі сағат 4-те келіп тұр. Ол кезде мен Тастақта пəтер жалдап тұрушы едім. Қыстың күні болатын. Күн суық. Ақан қалш-қалш етеді. Өңнен – өң, түстен – түс жоқ. Мен шошып кеттім. «Не болды?» деген сауалыма «кейін айтамын» деп селсоқ жауап берді де төрге озды. Əйелім жаны қалмай, ыстық шай
қойып, бұйырған ас-суын берді. Сөйтсем, əңгіме былай болған
екен. «Ор» – араққа салынып, отбасымен ажырасқан, үй-күйі
жоқ бір жігіт туралы шығарма. Сол кейіпкерінің қайтыс болар
алдындағы сезімін нанымды суреттеу үшін қазіргі Райымбек
даңғылы бойындағы зиратқа барып түнепті. Міне, ол сондай
хас талант еді.
– Ол кісінің артында ұрпақ қалды ма?
– Иə, қалды. Оның бір ұл, үш қызы бар. Жесірі Алматының
іргесіндегі «Калинин» ұжымшарында тұрады. Қыздарының бəрі
жоғары білім алған. Екеуі математика ғылымдарының кандида-
ты. Ұлы – тау шаңғысы спортының тұңғыш чемпионы. Ақанның
өзі І разрядты боксшы еді. Ең алғаш ол политехникалық инс-
титутта оқыған. Өзінің бапкерін сабап, оқудан шығып кеткен.
Кейін ҚазМУ-ге түсті.
КЛАССИК ЖАЗУШЫЛАР ДА ӨЛІАРА ШАҚТА ШЫҒАРМА ЖАЗБАҒАН
– «Қазақ əдебиеті тоқырау кезеңінде» деген əңгімені
құлағымыз жиі шалады. Қазақтың қабырғалы қаламгері
ретінде осы пікірге алып-қосарыңыз бар ма?
– Дүние жүзінде талай ел бар. Сол елдердің бəрінде тоқырау
кезеңі болған. Жер бетіндегі қаншама классик жазушылар ға-
сыр мен ғасыр ауысып жатқан өлара шақта шығарма жазбаған.
Жазғандарының шығармасы ауыз толтырып айтарлықтай
бола қоймаған. Əдебиеттің ұлы шеберлерінің барлық дүниесі
түгелдей алтын емес. Олардың ішінде де «халтуралары» бола-
ды. Сол алмағайып кезеңді біз қазір бастан кешіріп отырмыз.
Сонда не, жазушыларымыздың шабыты «суалып» қалды ма?
Жоқ. Бəрі де бар. Оған бірден-бір себеп – жазушыларда бағыт-
бағдар жоқ. Олардың темірқазығы не? Ол –ұлттық иедология.
Темірқазыққа қарап бағыт-бағдар алмаған жолаушы міндетті
түрде адасады. Сол сияқты жазушылар да бағыт-бағдарынан
айрылып, шығармасын қай қырынан жазарын білмей, дағдарып
қалды. Қазір қаламгерлердің алдында «Нені жазамыз? Кімге жа-
замыз? Қайтіп жазамыз?» деген үш сұрақ тұр. Жазылған дүние
көп. Олардың басым көпшілігі – тарихи романдар. Жазушылар
тарихи тақырыпқа неге құмар, неге бейім? Өйткені олар даяр
дүниелер. Оған ешкім дау айта алмайды. Керегін мұрағаттан
алады да, көсіліп жаза береді. Ал бүгінгі тақырыпты қозғау – өте
қиын. «Сабақты ине сəтімен» деген. Кезі келгенде бəрі жазар.
Бəлкім, біреулері іштей дайындалып та жүрген болар. Мен өзім
бір хикаят жаздым.
– Ол əлі жарияланған жоқ қой...
– Жоқ, жарияланды. Жұрт үндемеді. Ол өзі 2-ақ мың тара-
лыммен жарық көрді.
– Қалай деп аталады?
– «Беу, ақсақ дүние» деп атадым. Бұл шығармаға қайта құру-
дан бастап, бүгінгі күнге дейінгі бір ауылдың, бір адамның өмірі-
нің тарихы арқау болады. Ол шығармадағы кейіпкердің арманы
үзіліп, үміті сөнгендей, тіршілік атаулының бəрі сыңараяқтап,
ақсақ болып қалғандай. «Ақсақ дүние» деп отырғаным – хромой
мир. Оның ішінде ешқандай лирикалық көрініс жоқ. Есесіне,
мысқылдың бояуы қалың. Солай жазуға тура келді. Неге? Тура
есіктен кіріп-шығып жүргендердің жазғаны – ақпараттық проза.
Ал енді кейбіреулердікі фельетондық материал, я болмаса пу-
блицистика. Оны газеттің бір мақаласымен-ақ айтуға болады. Ал
ондай ұсақ-түйекті көркем шығармаға қор етуге болмайды. Қазіргі
жазылып жатқан шатпақтардың біразы күні ертең мокулатураға
кетіп қала ма деп қорқамын. Сондықтан мен басқа қырынан жазу-
ға талпындым. Қазір елдің еңсесі көтеріліп, жағдай жақсарып келе-
ді. Елбасының өзі ұлттық идеология туралы сөз қозғай бастады.
– Жалпы, бізде ұлттық идеология бар ма? Сіздің ойыңыз-
ша, ұлттық идеология қандай болуы керек? Қазақтың рухын
көтеру үшін не істеу керек?
– Менің ойымдағы ұлттық идеология мынадай сатылар-
дан тұруы қажет. Бірінші – өткеніңді дəріптеу, яғни тарихты
қалпына келтіру, қажет болса, ұлттық рухта қайта жазу керек.
Екінші – ұлттың қамы, уайым мен мұңы басты назарда болуы
шарт. Уайым мен мұңы дегеніміз – мынау. Мұңы болса, бүгінгі
жағдай. Уайымы болса, келешекте не істеу керек? Қазақ – қазақ
болып қайтіп қалуы керек? Осы мəселе.
1950 жылдардың ішінде немістің ғалымдары «ХХІ ғасырдың
орта шенінде геосаяси картада Қазақстан деген мемлекет бол-
майды» деп айтқан екен. Оларға мұндай қорытынды жасауға
не себеп болған? Бірінші – отаршылдық езіп бітеді бұларды
деген. Екінші – полигонның зардабын тартады. Бала – болашағы
мүгедек болып туады деп болжам жасаған. Олар осылай десе,
біз не істеуіміз қажет? Міне, біздің негізгі басты уайым мен
мұңымыз осы болуы шарт.
– Қаламды қай уақытта қолға аласыз? Айтпауға, жазбау-
ға болмайтын шақта ма, əлде кез келген уақытта ма? Қазір
не жазып жүрсіз?
– Менің жасымдағы қаламгерлер қазір мемуар, естелік жаза
бастады. Соның ішінде өтірік айтатындары көп. Бұл – бір.
Екіншілері жеке бір адамды алады да соны дəріптейді. Əдеби
үдерісті қоғамдық даму үдерісінен бөліп алады. Орта туралы
көзқарас, сөз жоқ. Əңгіме біреу, я болмаса өзі туралы болса да
онда орта, қоғам, тіршілік туралы сөз қозғап, өзі тозаңдай ғана
тұлға болып жүруі керек қой. Ал оларда ол жоқ. Біреуді мақтау
арқылы өзінің бағасын көтергісі келеді. Сондай естеліктерді
оқып отырып қаның қайнайды, жының қозады. Рамазан
Тоқтаров деген жазушы өтті өмірден. Марқұм ортаның гүлі еді.
Сол ылғи өзін жұрттан төмен қойып, өзін мазақ етіп отырып
əңгіме айтушы еді. Біз тыңдап отырып, қыран-топан күлкіге
қарық болатынбыз. Сондықтан кім не жазса да кейіпкерін
өзінен жоғары қойып, сол кездегі қоғам, тіршілік, орта оқырман
қауымға айнадай көрініп тұрғаны абзал.
– Ал Сіз өзіңіздің əріптестеріңіз, замандастарыңыз туралы
жаздыңыз ба? Мысалы, Ақан туралы...
– Мен замандастарым туралы араға біраз жыл уақыт салмай
жаза алмаймын. Ал Ақан туралы отыз жылдан кейін жаздым.
Неге? Өйткені ол адам менің көз алдыма образ болып келуі қажет.
Онсыз ол туралы əңгіме айту – өте қиын. Қазір «Əулет» деген
шығарма жазып жатырмын. Əлі аяқтай қойғаным жоқ. «Əулет»
деп қойған себебім, ол – жетімдер əулеті. Жетімдер əулеті деп
отырғаным – 60 жылдары əдебиетке келген қаламдас достарым.
Олардың біразының əкелері «халық жауы» болып кеткендер.
Басым көпшілігінің əкелері соғыста шейіт болып кеткен. Əбіш
Кекілбаевтың анасы керемет адам еді. Сол кісінің «Алматыға
бір-бір жетімнің жеңінен ұстап келген жесір кемпірлер едік.
Менің балаларыма тиісуші болмаңдар» деп айтқаны бар еді.
Менің жазып жатқаным сол жетімдер əулеті. Оның ішінде көзі
тірілер де бар. Ал көзі жоқтар – Ақан, Жұмекен, Рамазан, Сай-
ын, Зейнолла Серік қалиев, тағы басқалар. Осы əдебиетке біз
қалай келіп едік? Жас кезімізде қалай ғұмыр кештік? Алдымыз-
дағы ағалармен, бір-бірімізбен, өзімізден кейінгі толқынмен
қалай араластық? Міне, шығармада осы төңіректе əңгіме қоз-
ғалады.
ҚАЗІРГІ БАЛАЛАР ТЕЛЕДИДАР МЕН
КОМПЬЮТЕРДІҢ КӨШІРМЕСІНЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ
– Соңғы кездері балалар əдебиеті кенжелеп қалғаны жа-
сырын емес. Оның себеп-салдары неде? Ол жанрды жан-
дандыру үшін қандай шаралар жүргізу қажет?
– Балалар əдебиеті туралы сөз қозғағанда алдымен есімізге
Сапарғали Бегалин, Бердібек Соқпақбаевтардың есімі түседі.
Балалар əдебиетінің беделін көтерген де солар еді. Өздері
ғана тыным таппай жазып қоймай, өзгелердің де осы жанрда
қалам тербеулеріне мұрындық болды, соларға жағдай жасады.
Мəселен, бүгіндері есімдері елге белгілі Садықбек Адамбеков,
Оспанхан Əубəкіров, Мүбарак Жаманбалинов, Қадыр Мырза
Əли, Сағи Жиенбаев, тағы басқалар үлкен əдебиетке балалар
əдебиеті арқылы келді. Сол кездегі балалар əдебиеті мен қазіргі
балалар əдебиетінің айырмашылығы сол, неге екенін қайдам,
жоғарыда аты аталған қаламгерлер балалардың мінез-құлқын
жақсы білетін.
Қазір балалар əдебиеті жоқ деп айта алмаймыз. Бірақ оның
ішінде бала жоқ. Баланың күн сайынғы тіршілігі жоқ. Баланың
психологиясы жоқ. Балаға деген тəлім жоқ. Балаға тəлім-тəр-
биені насихат арқылы емес, сурет арқылы беру керек. Сөзбен
сурет салу қажет. Осының салдарынан балалар əдебиетінің
дəрежесі мен беделі түсіп кетті. Қазіргі балалар теледидар мен
компьютердің көшірмесі не айналып барады. Бала тəрбиесінің
негізі кітапта. Сондықтан балаларға арналған кітапты солардың
түсінік-түйсіктеріне сай етіп жаза білуіміз шарт.
– Əдебиетті төрге сүйрейтін сын жанры болса, ал қалам-
герлерді қамшылап отыратын сыншылар қауымы екендігі
əмбеге аян. Қазір сынның уыты қайтып, ат төбеліндей
сыншылардың дауысы естілмеуге айналды. Мұның да
себеп-салдарын əдеби тоқыраудан іздегеніміз жөн бе?
– Сынның 2 саласы бар. Алдыменен сынды өнер деп са-
нау керек. Менің замандастарымның ішінде сынды өнер деп
санағандар – Асқар Сүлейменов, Төлеген Тоқбергенов, Зейнолла
Серікқалиев. Олар шығармаға жеткілікті дəрежеде анализ жа-
сай білетін. Автормен додаға түсіп, жарысып отыратын. Кейде
автордың айта алмағанын солар айтатын. Бұл – нағыз сын, нағыз
сыншылар, яғни əдеби сынның бірінші саласының өкілдері.
Екінші салаға жататындар – əдеби зерттеушілер. Ол – сын емес.
Олар əдебиет тарихын жасай тын адамдар. Біз сыншыны да сын-
шы дейміз, əдебиет зерттеуші лерді де сыншы дейміз. Қазіргі
сынның нашарлығы сол, ол рецен зиядан аспай қалған. Əдеби
үдерістің көшіне ілесе алмайды. Ондай сыннан əдебиетіміздің
көсегесі көгермейтіні анық.
– Сіз драматургия саласында белсенді қалам тербеп жүр-
ген қаламгерсіз. Қазіргі қазақ драматургиясының даму
барысы Сіздің көңіліңізден шыға ма? Жалпы, театрлармен
байланысыңыз қалай?
– Драматургия – əдебиеттегі ең көне де қиын жанр. Бір па-
родоксы сол, алдымен өмірге театр келген, содан кейін барып
драма туған. Драманы ең қиын жанр деуімнің себебі мынада:
Кез келген проза мен поэзиядағы ең үздік деген шығарманы
драмаға салып жіберсең, бүкіл кемшілігі ашылып қалады. Со-
сын драмалық шығарманың тақырыбын тапқаныңмен, оның
ситуациясын табу қиын. Ал енді оны таптың делік. Одан кейін
оны ойната білу керек. Шарықтау шегіне жеткізу қажет. Бұл –
үлкен шеберлікті талап етеді. Драманың проблемасы – əлі күнге
дейін сол баяғы көне проблема. Оны өсті, өшті, өнді деп айта
алмайсың. Адам баласы қалай өсіп, дамып отырса, драма да сол
деңгейде өсіп, дами береді, жасала береді.
– Театр басшылары «драмалық шығармалар жоқ» деп
жылайды. Шын мəнінде солай ма, əлде саны бар да сапасы
жоқ па?
– Солайы – солай. Бір қарасаң, пьеса көп. Қолына қалам
ұстағанның бəрі пьеса жазғыш болып кетті. Бірақ драматургияның
қалай жасалатынын білмейді. Ең болмағанда, техникасын
меңгер меген. Сахнаға шығып сөйлегеннің бəрін пьеса деп ойлай-
ды. Сахнада сөз де (диалог), іс-қимыл, əрекет – бəрі бір-бірімен
сабақтасып жатуы керек. Бір оқиғадан кейін оның шешімі болуы
қажет, я болмаса бір диалогтан кейін оқиға өрбіп кетуі тиіс.
Драманың қиындығы – сонда. Драматург пен театр арасындағы
байланыс қаласаң да, қаламасаң да болады.
– Театрға барып тұрасыз ба? Соңғы кезде қандай қойы-
лымды тамашаладыңыз?
– Жуырда Талаптан Ахметжанның «Сұлу мен суретші»
деген пьесасының қойылымын көрдім. Өте əдемі спектакль.
Режиссердің фантазиясы да, композитордың музыкасы да
қойылымның тынысын ашып тұр. «Төрт құбыласы түгел» деп
осындай қойылымды айтса керек.
– Жалпы, драмалық шығармаға тақырып таңдау қа-
жет пе?
– Əрине, əр жанрды тілеп тұратын тақырып болады. Біреуі
поэзияға, біреуі прозаға, біреуі драмаға. Бір жанрдың тақырыбын
екінші жанрға тықпалай алмайсың. Бір жанрдағы керемет
шыққан дүниені екінші жанрға салып, қорлауға болмайды.
– Тырнақалды туындыңызды неше жасыңызда жəне қай
жанрда жаздыңыз?
– Мен 4 сыныптан бастап 8 сыныпқа дейін өлең жаздым.
Оларды еш жерде жариялаған емеспін. Қара шаңырақтағы бір
сандықтың түбінде жатушы еді. Бір барғанымда қолыма түскенін
өртеп жібердім. Қалғанын жиен қарындасым алып кеткен екен.
Сұрап едім, бермей қойды.
ҚАЗІР ЖАЗУШЫ КӨП, БІРАҚ ТІЛ ЖОҚ
– Қолыңызға қалам алуға кім себепкер болды?
– Маған қатты əсер еткен жазушы – Бейімбет Майлин.
Туған əпкем «халық жауы» болып ұсталып кетті. Сол кісі үйдің
іргесіне Бейімбет, Ілияс, Сəкен, тағы басқа ақын-жазушылардың
кітаптарын киізге орап, көміп кеткен екен. Жазға салым ірге-
ні қазып жүріп тауып алдым да оқуға кірістім. Ең бірінші
қолыма түскені – Бейімбеттің «Шұғаның белгісі» шығармасы
болды. Басқаларын шешем қорқып, өртеп жіберді. Бейімбетті
оқығаннан кейін менің ынта-ықыласым прозаға ауды. «Жаман
ақын болғанша роман жазайын» деп ойладым. Өлең жазбай-
тын қазақ жоқ қой. Өлең жазу керек болса, қазір де жаза сала-
мын. Содан кейін «Қоңыр күз еді» деген тырнақалды шығар-
мамды жаздым. Ол туынды 1958 жылы жазылды. Сосын оны
«Жұлдыз» журналына алып барып едім. Сол жерде 2 жылдан
астам уақыт жатты. Себебін мен сұрамадым. Олар да үн-
демеді. Содан «Жұлдыз» журналының проза бөліміне Сайын
Мұратбеков барды. Бір күні ол мұрағатты ақтарып отырып
менің туындымды тауып алады да оны оқып шығу үшін Ғаб-
дол Сланов пен Зейнолла Қабдоловқа тапсырады. Олар оқып
шығып, ұнатып, тасқа басуға ұсыныс жасайды. Сөйтіп менің
тырнақалды шығармам «Жұлдыз» журналында жарық көрді.
– «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші,
мемлекеттік тіл мəртебесі туралы айта-айта жағымыз тал-
ды, жаза-жаза саусағымыз сүйел болды. Сəкен Сейфуллин
бұл мəселені бір емес, бірнеше рет Үкімет деңгейінде көтерді.
Содан бері ғасырға жуық уақыт өтсе де күн тəртібінен түсер
емес. Оған қайтіп жəне қалай нүкте қоюға болады?
– Мемлекеттік тіл мəселесі күн тəртібінен түспей келе жат-
қаны рас. Жуық арада түсе де қоймасы анық. Бұл мəселе тура-
лы біз жетер жеріне дейін жеткізіп айттық та, жаздық та. Енді
іске көшуіміз керек. Мен саған бір шынымды айтайын. Осы
жасқа келгенше шығармаларымды басқа тілге аудартуға құлық
танытқан емеспін.
– Неге? Осы жұрт естелік жазса да əлемнің барлық тіліне
аудартқысы келіп жанталасады.
– Өйткені мен не жазсам да қазақ үшін жазамын. Мен қа-
зақтан басқа кімге керекпін?! Ал менің жазғаным қазақтан басқа
кімге керек? Жаңағы сен айтқан жұрт Еуропа əдебиетіне еліктеп,
табынып, өліп-өшіп жатады. Хемингуэй болса, өзіне Хемингуэй.
Оның өзінің халқы бар. Оның уайымы – сол өзінің халқының
уайымы. Сондықтан олардың натурасы да бөлек. Біздің мента-
литетімізге сəйкес келмейді. Менің басты уайымым сол, қазір-
гі қазақ тілі өзінің шынайы, табиғи тілінен айырылып бара жа-
тыр. Бүгінгі қазақ «обиходный» тілмен сөйлейді. Көшенің тілі,
транспорттың тілі, базардың тілі, кеңсенің тілі... Неге қазір ба-
лалар қазақ тілін үйрене алмайды. Себебі мектепте фольклорды
оқытпайды. Баяғы ертегі, қисса, дастан, батырлар жыры жоқ.
Мына парадоксты қараңыз. Қазір жазушы көп, бірақ тіл жоқ. Не
жазсақ та обиходный тілмен жаза береміз. Ал енді мемлекеттік
тіл мəртебесіне келер болсақ, біз ылғи «үй артында кісі бар»
дейміз де отырамыз. Кезінде Ататүрік түркі тілінен басқа тілде
сөйлеуге тыйым салған. Ол өзі жебірей болса да Түркияның
тілі мен мəдениетін қалпына келтірді. 600 жылдары Ұлы
Түрік Қағанатын Би мен Естемес басқарды. Солар «Кімде кім
түркі тілінде сөйлемесе, тілі кесілсін» деген жарлық шығарды.
Əрине, қазір ол заман өтті. Дей тұрсақ та, біз қазір мемлекеттік
тілде сөйлеуге мəжбүрлеу саясатын ұстануымыз қажет. Сосын
сөздіктерді көптеп шығару керек. Ең болмаса, Радловты бір
қайтара оқып шықпаймыз ба? «Түркі тілін зерттейтін лингвистер
ең алдымен қазақ тілін білуі тиіс. Өйткені қазақ тілінде архаизм
жоқ. Түркі тілінің ішіндегі ең бай тіл – қазақ тілі. Ағылшын тілі
Еуропа мəдениетіне қалай əсер етсе, қазақ тілі түркі халқына
соншалықты ықпал етті» дейді. Ал енді осындай құнарлы тілді
қалай жоғалтуға болады?! Мына көрші жұрт бізге келіп жүгіну
керек. Бізді сыйлауы керек. Қажет болса, сыйлата білуіміз қажет.
Сонда ғана қазақ тілі өзінің мəртебесін алады.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2007 жыл
Темірхан МЕДЕТБЕК,
Мемлекеттік сыйлыћтыѓ
лауреаты, аћын:
Наѕыз аћындар
баспаныѓ есігін сыѕалай
алмай ћалды
– Поэзия – жүрек тілі. Сондықтан да кез келген шығарма
жүректен шықпаса, жүрекке жетпейді. Ал сол жүрек тілімен
сөйлей алмай жүрген қаламгерлердің қатары көбейіп келе
жатқан жоқ па?
– Еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін цензура құрыды. Оның
құрдымға кеткені жақсы. Бізге азаттық, еркіндік алып келді.
Бірақ кез келген кездейсоқ адам əдебиеттің, поэзияның қасиетті
қақпасын теуіп кіріп, сөйлей беретін болды. Тіпті, өлеңнің
қарапайым техникасын білмейтін өлеңшілердің өздері том-
том кітап шығаруға əуес болып алды. Есесіне поэзияға еңбек
сіңіріп келе жатқан нағыз ақындар зардап шегіп, баспаның есігін
сығалай алмай қалды. Олардың том-том түгілі, жеке кітабын
шығаруға қаржысы жоқ. Осының кері əсерінен мұрнынан тесіп,
жетектесең де ақын болмайтын талапсыздар көбейіп барады.
Сол алаңдатады бізді. Бұлар əдебиетті ғана бүлдіріп қоймайды.
Сонымен бірге оқырмандардың да талғам-түсінігін құртады.
Талантты шығармалар ғана оқырмандардың талғамын өсіреді.
Талғам төмен болса, онда ол өте қауіпті. Бұл үдерісті тоқтату
қиын. Бірақ «қиын екен» деп қол жайып отыра беруге тағы
болмайды. Негізі, баспалар мем лекеттің мүддесінен шығатын,
халықтың үдесінен шығатын шығар маларды ғана тасқа басу
қажет. Əрине, цензура жоқ. Бірақ ар-ождан цензурасы деген
бар емес пе?! Əрбір адамның бойында цензура бар. Соны іске
қосу қажет. Мейлі мемлекеттік, мейлі жеке баспа болсын, сол
жерде сөздің қадірін түсінетін азаматтар отыр ғой. Біз соларға
үміт артамыз.
– Əлем əдебиетінің тарихына көз салсақ, бір-ақ туынды-
сымен оқырмандардың жүрегін жаулап алған қаламгерлер
бар. Осы тұрғыдан қарағанда, қай шығармаңызды бөле-
жара атар едіңіз?
– Əрине, автор үшін барлық туындысы бағалы. Іштен шыққан
«шұбар жылан» ғой. Солай бола тұра, оқырмандардың да
айрықша атайтын шығармасы болады. Дегенмен, мен бұрынғы
шығар ма ларымды жоққа шығара алмаймын. Бұрында да бүкіл
күш-қуатым мен, қайрат-жігеріммен, болмыс-бітіміммен еңбек
еттім. Соның ішіндегі «Көк түріктер сарыны» деген жинағымды
жұрт жылы қабылдады. Өзіме де ұнайды. Ол өлеңдерде жарылыс
бар сияқты. Онда еркіндік, рух биіктігі, бұлқыныс, толғаныс,
тебіреніс бар.
– Поэзия саласында жүріп сын да естідіңіз, марапаттан
да кенде болған жоқсыз. Екеуін де қандай көңіл күйде
қабылдадыңыз?
– Жалпы, ақын-жазушы деген жазу үстелінде отырғанда
ғана үлкен құбылыс. Ол – пайғамбар, үлкен құдірет, ұлы күш.
Олар өздерін солай сезінеді. Егер олай сезіне алмаса, онда жазу
үстелінің маңайына жолаудың қажеті жоқ. Ал шығармасын
жазып болғаннан кейін ақын да, жазушы да, сазгер де – бəрі
пенде. Пенденің пендешілік жасамай тұра алмасы тағы анық.
Мəселен, мақтағанды кім жек көреді?! Бəріне майдай жағады.
Ал сынды көтеру оңай шаруа емес. Кезінде мені бір үлкен ағам
сынады. Сынағында да біржақты сынға алды. Солай бола тұра,
мен сол сыннан едəуір пайда көрдім. Содан бастап мен өз-
өзіме сын көзбен қарайтын болдым. Өз позициямды қорғауды
үйрендім. Өйткені менің позициям оның позициясына мүлдем
келмейді. Əрбір жазушы бөлек-бөлек дүние, бөлек-бөлек əлем.
Менің əлемімді оның қабылдамауы заңды нəрсе. Дегенмен, ол
менің жеке позициям емес еді. Ол тұтас бір əдебиеттің өрісі бо-
латын. Сол позицияны қорғап, ғұмыр бойы мақалалар жаздым.
Жинақтап қарасам бір кітап болды. Ол кітап «Баба дəстүрдің
мұрагері кім?» деп аталады. Сондықтан да əлгі сынға мен ри-
замын. Ризашылығымды сын айтқан ағама да білдірдім. Кейін
татуласып, сыйласып кеттік. Қазір де араласып тұрамыз.
– Қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген зиялы
қауым өкілдерінің бірісіз. Соңғы кезде Сізді қандай мə-
селелер қатты мазалап жүр?
– Мен жаңалық ашпай-ақ қояйын. Бүгінгі күнгі ең басты, ең
өзекті мəселе – тіл. Біздің қабырғамызды қайыстырып, омырт-
қамызды майыстырып, күндіз егілтіп, түнде жасымызды төгілтіп
жүрген осы – тіл мəселесі. Бұл – өте байыптылықты қажет ете-
тін шетін, нəзік мəселе. Сондықтан бұл мəселені шешуді ертеңге
қалдырмай, асығу керек. «Жергілікті халықтың саны 70 – 80
пайызға көбейсін. Содан кейін көреміз» деп жүре беруге бол-
майды. Қазір қазақтың 42 мың жасөспірімі орыс тілінде оқиды екен. Біз тəуелсіздіктің қабырғасын қалап жатқан халықпыз. Тəуелсіздіктің үйін ең жоға ры маркалы цементпен салсаң да оның ішінде арматура болмаса, жер сілкінген кезде не болары белгісіз. Тəуелсіздігімізді берік ету үшін тіл – арматураны, рух – арматураны цементпен ұстап тұра тындай етіп байланыстыруымыз қажет. Қазіргі жағдайда біз үйді арматурасыз салып жатырмыз. Ең қауіптісі – осы. – Ақын-жазушылар халықтың қаймағы, тамыры емес пе?! Олардың тірлігі елге үлгі-өнеге. Бірақ кей қаламгерлердің ұл-қыздары өз əкесінің шығармаларын ана тілінде оқи алмайды. Сонда бұл парадокс емей немене?! – Бұл маған да жанамалап қойылып отырған сұрақ қой. Менің төрт ұлым бар. Төртеуі де қазақша оқыған. Олардың бəрі де жоғары білімді. Алты немеремнің бесеуі қазақ мектептерінде оқып жүр. Бі реуі əлі екі жаста. Негізі, мен екі жүзді адамдарды ұнатпаймын. Мысалы, мен көрнекті, атақты ақын-жазушылардың қазақ тілін білмейтін, орысша шүлдірлейтін балаларын білемін. Оны жұрттың бəрі де біледі. Қит етсе, заманды кінəлайды. Тəуелсіздік алғалы 13 жыл өтті. Осы уақытқа дейін үйреніп алуға болар еді ғой. Əнеукүні ғана бір басылымнан оқыдым. Американың елшісі біздің елге келген бойда қазақ тілін үйренуге ден қойыпты. Үш айдың ішінде қазақ тіліндегі газет-журналдарды оқи алатын дəрежеге жетіпті. Міне, тілге, елге құрмет деген – осы. Ал енді осы Қазақстанда туып-өс кен өз қандастарымыз нан сұрап жей алмайды. Онымен қоймай, ана тіліміздің өсіп-өркендеуіне қарсы шығады. Солар жұрт табынардай болып жүрген азаматтар. Осыған күйесің бе, күймейсің бе? – Проза саласында қалам қуатын байқап көрген жоқсыз ба? – Проза саласында мен біраз публицистикалық шығармалар жаздым. Оны көзі қарақты оқырман қауым біледі деп ойлаймын. Республикалық басылымдарда тілші болдым. Шағын əңгімелерім де жарық көріп жүр. Бірақ көлемді шығармалар жазған емеспін. Алдағы уақытта жазатын ойым бар. Өмірде
көрген, білген, көкейге түйген ойлары бар адаммын. Мен тек
Алматының ғана тротуарын тоздырған адам емеспін. Талай
жыл облыстарда жүрдім. Жұмысшы лардың қайнаған ортасында
болдым. Бұл өмірдің қырын да, сырын да, жырын да білемін.
Осыларды бір кітап етіп жазғым келеді.
– Маңғыстау өңірінде телевидение саласында қызмет
атқардыңыз, басқардыңыз. Маман ретінде бүгінгі қазақ
телевизиясы туралы не айтасыз?
– Соңғы уақытта «Қазақстан» жəне «Хабар» арналарында-
ғы ұлттық бағдарламаларға көңілім толып жүр. Олардың із-
деніс үстінде екендігі байқалады. Əлі де тереңірек қаузай түссе
екен деген ниеттемін. Болашақтарынан көп үміт күтемін. Деген-
мен, оларды да түсінуге болады.Өйткені өмір тым саясаттанып
кетті ғой. Сол саясаттың кесірінен көптеген өзекті мəселелер
қамтылмай жатыр. Ал енді тəуелсіз арналар деген бар. Қанша
тəуелсіз десек те, олар да ақшаға, құрылтайшыларға тəуелді
ғой. Солардың адамды, көрермендерді қорлайтын тұстары бар.
50х50 деген бағдарламаны жалау етіп алып, қазақ тіліндегі
бағдарламаларды түн ауған шаққа ысырып тастайды. Мұның
бəрі жақсылық емес, əрине.
– Сіз Жазушылар одағының екінші хатшысы болдыңыз.
Оның бүгінгі мүшкіл халін жақсы білесіз. Сол киелі орданың
ахуалын жақсарту үшін не істеу қажет деп ойлайсыз?
– Қаржы жоқ жерде қауқар жоқ. Қазір нарықтың заманы ғой.
Дей тұрсақ та қасиетті шаңырақтың шырайын кіргізуге болады
деп ойлаймын. Ол үшін Одақты нарықтың мінез-құлқын біле-
тін, соны терең меңгерген, өзі де соған бейімделген талант-
ты адамдар басқару қажет. Біз сияқты сүйегі қатып кеткен,
еті өлген, айлық алуды ғана білетін адамдар басқара алмай-
ды. Түбі басшылыққа сондай іскер жастар келеді. Қашан да,
қандай жағдайда да мен Жазушылар одағын таратып жіберуге
қарсымын.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2005 жыл
Нџрлан ОРАЗАЛИН,
Ћазаћстан Жазушылар одаѕы басћармасыныѓ
т*раѕасы, Мемлекеттік сыйлыћтыѓ
лауреаты, аћын:
Ќдебиет — џлт пен
џрпаћты саћтаудыѓ
џлы ћџралы
ҰЙЫМДЫ ТАРАТУ, ТАРАТПАУ – БАСҚАРМАНЫҢ ҚОЛЫНДА
– Қазақстан Жазушылар одағының 70 жылдық тарихы
бар екендігі белгілі. Бұл Одақта қазақтың маңдайалды атпал
азамат тары мен біртуар дарын иелері қызмет етті, басқарды,
жаңа дəуірдегі қазақ əдебиетінің іргетасын қалады. Қазір
«Жазушылар одағын жабу керек» деген əңгімелер естеліп
қалып жатыр. Əрине, бұл ішкі есебі бар топтың ғана мүддесі
екені айқын. Дегенмен, Одақтың басқарма төрағасы ретінде
не айтар едіңіз?
– Қазақ əдебиетінің тарихы жүз жылдарға емес, мың жылдар-
ға созылып жатыр. Анахарсис (Анарыс), Майқы билерден қалған
қасиетті сөздердің жаңғырығы мен Көк түріктер дəуірінен бізге
жеткен тастағы жыр үлгілері соның айғағы емес пе?! Орта
ғасырдан жеткен əл-Фараби, Қожа-Ахмет Иассауи, Мұхамед
Хайдар Дулати еңбектері, Асан Қайғы мен Абай арасын жалғап
жатқан бай мұраларымыз соның көрінісі емес пе?!
Тамырын тереңге жайған, дауысы зор ұлт əдебиеті ХХ ға-
сырда қайта дəуірледі. Жазба əдебиеті қанатын жая бастаған
осы бір аумалы-төкпелі кезеңде – өткен ғасырдың отызыншы
жылдарында Жазушылар одағы өмірге келді. Киелі шаңырақ-
тың іргетасын қалауға Сəкен, Ілияс, Бейімбет, Мұхтар, Сəбит,
Ғабит, Ғабиден секілді халқымыздың арыстары мен алыптары
ерен еңбек сіңірді.
Дəуірдің өзі шыңдап шығарған қоғамдық ұйымды жағым-
сыз, жайсыз пікір айтып жүрген бірді-екілі адамдар мен пікірі
бөтен, мақсаты бөлек топтар тарата алмайды. Ұйымның жар-
ғысы, өзінің өмір сүру үлгісі, басқару органы бар. Сондықтан
ұйымды тарату, таратпау мəселесі сол жүйелі құрылымның
қолында. «Құтырған түлкі өз апанын қабады» демекші, өзі су
ішкен құдығына түкіріп отырған əсіре айқайшылдарға бұл Одақ
ұнамаса, мүшеліктен шығып кете берулеріне болады. Тіпті бол-
маса, ондайлардан құтылуға ұйымның да өз құқы бар…
– Биылғы əдеби жыл қорытындысына «қазақ қаламгер-
лері түгел қатысты» деп айта алмаймыз. Ал қатысқандар-
дың кейбі реу лері бұл жиынға көңілі толмағандықтарын
айтады.
– Мен Одақтың мүшелігіне 30 жасымда қабылданған екен-
мін. Міне, 27 жылдың бедері болып қалыпты. Осы мезгіл
ішінде Одақтың бастан өткерген талай ірілі-ұсақты дауыл,
борандарының куəсі болып келеміз. Бұл Одақты басқарған алып-
тар шоғырының да, айбыны мықты ағаларымыздың да алғыс ала
қойғандары шамалы… Мен де «Одақтан алғыс ести қоямын»
деп келген жоқпын… Шынын айту керек, бұл шаңыраққа мен
Одақтың тарап кету қаупі төніп тұрған қиын кезде келдім.
1996 жылы Қазақстан Жазушылар одағының съезі болды. Сол
съезде баламалы негізде сайландым, тізгінді қолға алған күннен
бастап байқағаным, Одаққа тиесілі дүние-мүлік тегіс қолды
болып кеткен. Осы отырған зəулім ғимаратымыз да, əл-Фараби
атындағы Шығармашылық үйі де ара ағайындардың қолында
кеткен. Жазушылар одағының өзі іштен топ-топқа бөлініп,
несібелері шайқалып отырған тұс. Келген бетте етек-жеңімізді
жиып, жоғымызды түгендеуге кірістік. Одақтың басшысы
болған соң отқа да, суға да түсуге тура келді. Үш жылдан астам
соттастық… Қарсыластар да аянып қалған жоқ. Ақыры əділдік
туы желбіреді. Біз жеңдік. Екі ғимараттың екеуі де ұйым иелігіне
қайтты. Бірақ қиындық мұнымен бітпеді. «Қоғамдық ұйым» де-
ген сөз алдымыздан сан шықты. Қаржыландыру мəселесін шешу
соттан кем болмады. Қалталы фирмалар қаржысын беталды
далаға шашқылары келмеді. Шығарып салды…
«Қимылдаған қыр асады» деп, қимыл жасадық. Енді, міне,
49 жылға емін-еркін пайдалануға берілген ғимараттарымыз
жарқырай бастады. Əрекет еттік. Əдеби үдеріс жандана бас-
тады. Біз келген кезде жыл сайын өтіп тұратын əдеби жыл
қорытындысының өтпегеніне бірер жылдың жүзі болған
екен. Осы үрдіс қайта жалғасты. Дегенмен, жасыратыны жоқ,
қаламгерлер əдеби жыл қорытындысына селсоқ қарайды. «Бір
кезде керемет өтуші еді» деген сөздің бəрі құр даңғаза, дақпырт.
Бұрын да солай болған… Ол кезде де шығармалары жарық
көрген қаламгерлер ғана жылы пікір естіп, жақсы баға алу
үшін əдеби жыл қорытындысына басымырақ келетін. Осы бір
салғырттық ауруы əріптестеріміздің ойын, санасын тым кеулеп
бара жатқандай... Сыртта жүріп айқай-сүрең салғанша, осындай
алқалы жиындарда бас қосып, өздерінің кəсіби əңгімелерін
ортаға салмай ма?! Биылғы əдеби жыл қорытындысынан біз
осындай сипат, осындай мінез күтіп едік. Өкінішке қарай, сол
газет-журнал беттерінде сыпсыңның көрігін үрлеген ағайындар,
неге екенін қайдам, жиынға келмеді… «Əдебиет жоқ», «қазақ
əдебиетінің халы мүшкіл», «соңғы жиырма жыл ішінде бірде-
бір іліп алар шығарма жоқ» деушілер төбе көрсетпей қойды. Екі
күнге жоспарланған жиын бір күнде аяқталды.
– Қазақстан Жазушылар одағының 700-ден астам
мүшесі бар екен. Солардың ішінде «ақын, жазушы» деп
айтуға тұрмайтындары да бар» дейді кей сыбыс. Осы сөз
қаншалықты рас?
– Бұл айтылып келе жатқан, алда да айтыла беретін бəтуасы
қиын əңгіме… Мəселе – қаламгерлердің санында емес. Өз басым
«700 жазушының барлығы бірдей керемет дүние жазуға тиіс»
деп ойламаймын. «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» демейтін
бе еді, қазақ атамыз.
Иə, Одақ мүшелері əртүрлі басшылық кезінде мүшелікке
өткен… Мысалы, өз басым Одаққа мүшелікке 1978 жылы
Əнуар Əлімжановтың тұсында кірдім. Тіземіз дірілдеп, осы
кабинеттің босағасын аттар сəттегі толқуым есімнен шықпай-
ды. Смағұл Елубаев, Сатыбалды Нарымбетов үшеуміз бір галс-
тукты бірімізден соң біріміз ауыстыра тағып, Ғабең бастаған алқа-
лы топтың алдына барған сəтті қалай ұмытайын?! Біз үшін қа-
сиетті шаңырақтың босағасын аттау – үлкен бақыт болатын…
Енді… «Одақ мүшелерінің саны көп» деген əңгіме тура-
лы. Өткен ғасырдың соңында Қытай, Моңғолия секілді ел-
дерден қоныс аударған қандастарымыздың қатарында көп
қаламгерлер келді. Солардың көпшілігі кезінде Одаққа еш
кедергісіз қабылданды. Құшақ жая қарсы алудың арқасында
қандастарымыздың есебінен санымыз күрт өсті. Бұл – бір.
Екіншіден, өтпелі кезеңнің аумалы-төкпелі мінезі рухани кеңіс-
тігімізді сансыратқан сонау тоқса ныншы жылдардың басында
əдебиет пен өнерге деген қамқорлық əлсіреді. «Шөп те өлең,
шөңге де өлең» демекші, осы тұста Одаққа əралуан жолмен
əртүрлі адамдардың келгенін кейін-кейін байқадық…
– «Соңғы съезд қарсаңында жастар шамадан тыс
қабылданып кетті» деген əңгімені де құлағымыз шалып
жүр…
– 2001 жылы жас ақын-жазушылардың Республикалық
кеңесі өтті. Үлкен оқиға санатында болған Кеңес соңында Одақ
қатары 30-дан астам талантты жастармен толыққаны рас. Жас-
тар – əдебиетіміздің ертеңі. Ертеңін ойлаған əдебиет тозбай-
ды. Əдебиетін ойлаған елдің ертеңі қашанда жарқын. Мен сол
талантты жастармен Одақ қатарының толыққанына қуана-
мын. Жəне сол үшін уақыт алдында да, адамдар алдында да
кепілдік беруге, жауап беруге əзірмін…
– Шетелдерде арнайы тапсырыс арқылы кітап жазатын
қаламгерлер бар екен. Оларға алдын-ала қаламақы төленіп,
кітап шыққан соң оны таратумен де айналысатын ұйымдар
бар. Біз осындай жүйеге жуық арада көше аламыз ба?
– Бізде де мұндай құрылымдар болған. Ол кезде басылым,
баспалар тек мемлекет қарамағында болатын. «Кітап саудасы»,
«Баспа жəне полиграфия жөніндегі комитет» деген үлкен-үлкен
мекемелер жұмыс істейтін. Ең төменгі таралымымыз он мың бо-
латын болса, ал жоғарғысы жүз-жүз елу мыңнан асып жығылып
жататын. Міне, кітаптың сатылуы мен таралымын əлгі мекеме-
лер қадағалап, үйлестіріп отырушы еді. Қазір… Оқылатын кітап
сатылады, оқылмайтыны қалады… Көркемдік дəрежесі биік
шығармалар ғана рухани кеңістікке шыға алады. Бұл – уақыт
ұсынар қатал қағида. Өзің айтпақшы, капиталистік елдерде
баспагерлер əлемдік деңгейде есімі белгілі қаламгерлердің
туындыларын таласып-тармасып шығарады. Сұраныс деген –
осы. Осындай авторлардың артынан баспагерлер жүгіріп жүріп
«Жаңа кітабыңыз бар ма? Бар болса, келісім-шарт жасайық»
деп келіссөз жүргізеді. Егер екі жақ сəтті келісім жасасса, бас-
пагерлер əлі жарық көрмеген кітаптың белгілі бір мөлшердегі
қаламақысын алдын-ала төлейді. Сосын ол кітаптың басылу
құқығына сол баспа ие болады.
Ал бізде ше? Бізде «қаламақы» деген ұғым – естен шыға
бастаған дүние. Жазушының еңбегі еш. Бірен-саран мемлекеттік
сұраныстың жұқа қалтасынан адасып түскен тиын-тебен бол-
маса, баспалардың дені қаламгерлер қауымын «тақырға»
отырғызып келе жатқаны да шындық. Жазушы еңбегі өзінің
адал бағасын алмай, яғни қаламақы мəселесі түбегейлі жолға
қойылмай, ұлт əдебиетінің қанат жая қоюы қиын-ау, қиын…
Осындай жүйеге жету үшін бізге не керек? Біріншіден, тілге,
екіншіден, əдебиетке деген сұраныс қажет. Үшіншіден, жазушы
еңбегінің қайтымы керек. Қаламақы мəселесін шешу керек.
Өкінішке қарай, қазір бізде əдебиетке деген сұраныс қалыпты
деңгейде емес. Ана тіліне деген сұраныс та көңіл көншітпейді.
Осындай жағдайда əлгіндей жүйеге жету – қазақ жазушылары
үшін əзірше аңыз, ертегі. Ағылшын тілінде жарты əлем сөйлейді.
Сондықтан да ол тілде кітап жазған автор бір жылда миллионер
болып кетіп жатады. Бұл – тілдің беделі. Ал əдебиеттің беделі –
екінші кезектегі мəселе. 15 миллион халқы бар Қазақстандағы
тілдің абырой-беделін жарты дүние сөйлеп, жарты əлем оқитын
ағылшын тілімен қалай салыстыруға болады?! Сондықтан тіл
мен əдебиеттің беделін қатар көтеру үшін мемлекеттік тұрғыда
бағдарлама жасауымыз қажет. Бұл – пісіп, əлдеқашан жетілген
мəселе.
АУДАРМА – ҰЛТТЫ ТАНЫТУДЫҢ ҮЛКЕН ЖОЛЫ
– Əдебиеттің ең өзекті саласының бірі – аударма. Осы
салаға тиісті дəрежеде көңіл бөлініп отыр ма?
– Астанада «Аударма» деген арнайы баспа ашылғалы
бері əлем əдебиетінің озық үлгілерін қазақ тілінде сөйлететін
тəжірибелі, жүйрік аудармашылардың жағдайы түзеле бастады.
Олардың сенімі күшейіп, үміті оянды.
Бірақ аударманың бүкіл проблемасы осымен бітпейді. Оның
тағы да бір өзекті мəселесі бар. Ол – əдебиетіміздің бүгінгі
таңдағы таңдаулы шығармаларының өзге тілдерде сөйлемей
жатуы.
Əсіресе, орыс тілі арқылы əлемдік əдебиеттің айдынына
шығатын жолды өзіміз бітеп отырған сияқтымыз. Бүрындары
əдебиетіміздің озық үлгілерін орыс тілінде көркем сөйлетпес
бұрын, əуелі жолма-жол аударма дейтін көпірден өтетінбіз. Қазір
сол көпір жоқ. Төлейтін қаражат жоқ. Егер Ақпарат министрлігі
осы көпірді қайта құруды өз мойнына алып, жолма-жол аударма
мəселесіне қаржы қарастырса, қазақ əдебиетінің озық үлгілерін
ондаған миллион оқырманы бар еуразиялық кеңістікке еркін
тарату мүмкіндігін шешуге болар еді.
Қазір төте аударма өмірімізге дендеп еніп келе жатыр. Бұл –
ұлтымыздың өскендігін білдіреді. Бізде ағылшын, неміс, фран-
цуз тілдерін терең меңгерген мамандар бар. Солардың бі-
рі – Ғалымжан Мұқанов. Ол Абай мен Махамбетті төте ау-
дарма арқылы француз тілінде сөйлетті. Бұл – үлкен жетістік.
Сондай-ақ, ол Мұхтар Əуезовтің «Қилы заманын» да француз
тіліне аударды. Мұхтар Əуезовтің 100 жылдық мерейтойын
Париж қаласында атап өтіп жатқан кезде əлгі аудармаларды
француздардың өздері жер-көкке сыйғызбай мақтады. Мен
мұны өз көзіммен көріп, өз құлағыммен тыңдадым. Сондықтан
аудармаға ерекше ықылас аудару қажет. Аударманы ұлтты
танытудың үлкен жолы деп бағалауымыз керек.
– Басқа мемлекеттер мен республикалардың Жазушылар
одағымен байланыс бар ма? Қандай шаралар жүзеге асып
жатыр?
– Қазір Мəскеудегі Ресей жазушылары 5 – 6 топқа бөлініп,
жеке-жеке əдеби ұйымдар құрып, тоз-тозы шығуда. Бірімен
бірі керісіп, алды соттасып та жатыр. Іргеміздегі қырғыздар
үшке бөлініп, осы уақытқа дейін мекендеген ғимараттарынан
айрылып қалды. Түркімендер министрліктің шағын басқарма-
сы секілді болып отыр. Өзбектердің де маңдайы шылқып отыр-
ған жоқ. Міне, баяғы туысқан республикалармен салыстырып
қарап отырсақ, біздің Одақтың жағдайы көш ілгері. Біз əлемге
шығатын интрегациялық жолдар мен байланысты нығайтып
алдық. Мəскеуде С.Михалков басқаратын Халықаралық Жа-
зушылар одағының қауымдастығы бар. Мен сол қауымдастық
төрағасының Орта Азия бойынша орынбасарымын. Біз Мəс-
кеуде осы қауымдастықтың ықпалымен Абай, Мұхтар, Сəбит,
Ғабит секілді алыптардың мерейтойларын өткіздік. Соны-
мен қатар, түрік, қырғыз, өзбек елдерімен де байланысымыз
жақсы. Өзбекстандық Мирболат деген бауырымыз Абайдан
бастап 30 – 40 қазақ ақындарының шығармаларынан тұратын
антологияны өзбек тілінде дайындап жатса, қырғыз тілінде де
қазақ поэзиясының антологиясы жарық көргелі отыр. Мұхтар
Əуезовтің 100 жылдығы кезінде үлкен халықаралық симпози-
ум өткіздік. Ол жиынға 25 елден 40 – 50-дей өкіл келді. Сол
сияқты, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин мерейтойлары-
на да ТМД елдерінен қаламгерлер келіп қатысты. Бұл шаралар-
дың барлығы біздің шетел жазушыларымен байланысымыз-
дың жолға қойылғандығын байқатса керек.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2004 жыл
Ћазаћта сатира бар, тек
жоћтаушысы жоћ
Ѕаббас ЋАБЫШЏЛЫ,
Халыћаралыћ «Алаш» ќдеби сыйлыѕыныѓ
лауреаты, сатирик-жазушы:
– Қазақ сатирасының тарихы тым тереңде жатыр. Оның
бастау бұлақтарын халық ауыз əдебиетінен, Қожанасыр,
Алдаркөсе, Тазша бала əңгімелерінен іздеуге болады. Соған
қарамастан қазіргі БАҚ «Қазақта сатира жоқ» деп шулайды
да жатады. Сатира сардары ретінде Сіз не айтар едіңіз?
– Туасы, сатираның тұзы жеңіл. Мен Жазушылар одағында 30
жыл қызмет істедім. Сонда осы Одақтың пленумында болсын,
Құрылтайында болсын, сатира туралы бір ауыз сөз айтылмай-
тын. Содан Одақты басқаруға Əнуар Əлімжанов келгеннен
кейін, бір-екі жылдан соң Құрылтай өтті. Сол баяндамасында
сатираға арналған бір тарау болды. Сонда қазақ сатирасының
тарихына тоқтала келіп, бүкіл сатириктерді атап шықты. Кімнің
не бергенін, не жазғанын қадап айтты. Үзіліске шыққан кезде
Оспанхан Əубəкіров жарықтық, екі тізесін шапаттап билеп жүр.
Мен «Мұның не?» деймін. Сөйтсем, «Біз тірі екенбіз, бар екенбіз.
Бізді де еске алды-ау» деп еді.
Рас, соңғы кезде «Сатира жоқ» деген сөз ауыздан түспейтін
болып кетті. Ол сөзді сатираны түсінетіндер де, түсінбейтіндер
де айтатын болып жүр. Қолына қалам ұстап, бір мақала
жазғанның бəрі «Сатира жоқ» деген «əн» тауып алды. Өкінішке
қарай, сатираның қамқоршысы болып жүрген Көпен Əмірбектің
өзі бір сұхбатында «Сатира жоқ» дейді. Анада теледидардағы
бір хабарға қатысып отырып: «Бізде сатира жоқ. Бар, бірақ
жеңіл, ұсақ-түйек. Салмақтының бəрі Оспанханнан кейін бол-
май кетті» дегенді айтты. Көпеннің өзі солай деп отырғаннан
кейін, басқаларға не жорық?! Сатира неге болмасын? Сатира
бар, бірақ соны оқитын, талдайтын, бағалайтын адам жоқ.
Жалпы, əдебиетте сынның нашарлап кеткені өз алдына, сатира
туралы Темірбек ағамыздан кейін аузын ашатын адам қалмады.
Роза Алтынбекова диссертация қорғады, кітап жазады. Ол –
жақсы. Бірақ күнделікті баспасөзге араласып, бүгінгі сатира
туралы пікір айтуы өте сирек. Əйтпесе «Егемен Қазақстан»,
«Айқын», «Қазақ əдебиеті», «Əдебиет айдыны», тағы басқа
басылымдардың бəрінде бет, мүйістер бар. Ал енді баспадан
жа рық көріп жатқан сатиралық кітаптар өз алдына. Қайта бұ-
рын ғыға қарағанда сатиралық жинақтар көп шығатын болды.
Қаламы əбден төселген мықтылардың бірі Үмбетбайдың,
Көпеннің, Толым бек тің, Еркіннің – бəрінің кітабы жарық көріп
жатыр. Соны бағалай тын адам болмағандықтан сатираны кім
көрінген «тепкілеп» жүр.
– Сатира бар делік. Ал енді оның сапа деңгейі туралы не
айтасыз?
– Кеңес кезінде барлық баспаларда рецензент болды. Егер
жарық көргелі жатқан кітап туралы екі жазушының пікірі бол-
маса, онда басылым шықпайтын. Ол – кітаптың сапасына тікелей
əсер ететін. Қазір ешбір баспада рецензент жоқ. Автор мен бас-
пагер екеуі шығара береді. Бірі – төлейді, екіншісі – басады.
Осыдан кейін сапа туралы қандай əңгіме болуы мүмкін. Негізі,
«Сатира бар» дегенмен, сапасын нашарлатып алғанымыз рас.
Жалғыз сатира емес, бүкіл көркем əдебиет басылымдарында
рецензент деген жоқ. Болса да көзбояушылық əрекеттер жа-
сайды.
– Қазір, Құдайға шүкір деп айталық, бізде əзіл-оспақ отау-
лары мен театрлары көп. Санасаңыз санынан жаңыласыз.
Мереке қарсаңында күнде біреуі бағдарламаларын ұсынып
жатады. Ішінде күлкісі де бар, түрпісі де бар. Біріне күлесің,
біріне жылайсың. Сіз олардың қойылымын көргенде күлесіз
бе, əлде «жылайсыз ба?»
– «Айтқанның аузы жаман, жылағанның көзі жаман» болаты-
ны рас қой. Олар туралы айтсаң, бір есептен жамандаған болып
көрінесің, бір есептен қызғанғандай болып көрінесің. Əйтпесе
олар қазір бет-бетімен кетті. Солардың ішінен біреуі шығып:
«Мынадай дүниеміз бар еді. Осыны талқылап беріңіздерші»
деген емес. Осында ілгерінді-кейінді 10 – 15 сатирик жүрміз
ғой.
– Ал сатиралық қойылым жазып беруді өтінгендер бар
шығар?
– Жоқ. Баяғыда, осыдан 15 жылдай бұрын жұрт: «Тамаша» на-
шарлап бара жатыр» деп дабыл көтерген соң, соның басы-қасын-
да жүргендерді сатира қауымдастығының кеңесіне шақырған-
быз. Ол кезде марқұм Мұқадес Еслəмғалиев редактор болатын.
Режиссері – Лұқпан Есенов. Ол кезде қауымдастық президенті
Темірбек Қожекеевтің аман кезі ғой. Содан бəріміз бас қосып,
оларды күттік. Жалғыз Мұқадес келді. Лұқпанның қолы өмірі
тимейді. Жарайды. Сол жиналыста қарадық, қаулы алдық. Əрбір
бағдарламаның материалдарын қарап отыруды Темкең маған
тапсырды. Мен ешқандай тиын-тебенсіз күлкінің мүддесі үшін
жұмыс істеуге келістім. Екі-үш күннен кейін Мұқадес 20 күннен
кейін қойылатын бағдарламаны алып келді. Оның ішінде проза-
сы да, поэзиясы да бар. Поэзиясын қарауды марқұм Жарасқан
Əбдірашқа тапсырдым. Прозасын өзім қарадым. Жарамайтын-
дарына белгі соқтық. Олар алып кетті. Тағы екі-үш күннен кейін
келесі бағдарламаның мате риал дарын алып келді. Тағы қарап
бердік. Содан əлгі бағдарлама сахнаға шыққан кезде қарасам,
біздің түзетулер енгізілмеген. «Жа ра майды» дегендеріміздің
бəрі жарап кеткен. Сосын Мұқадеске: «Сен ренжіме. Бастығыңа
сəлем айт. Біздің пікірімізбен санаспаса, онда біз мазақ бо-
лып отыра алмаймыз» дедім. Сол кеткеннен олар мол кетті.
Ешбір хабар-ошар бермеді. Өткен жолы Лұқпан Есенов «Қазақ
əдебиетіне» берген сұхбатында: «Сатириктердің артынан қуалап
жүріп жаздыра алмаймыз» депті. Мен сол басылымға «Қазақша
күреске бергісіз қалжың» деген тақырыппен əзіл ретінде жауап
жаздым. «Сендерді көрмегенімізге пəленбай жыл болды. Сонда
кімді іздеп жүрсіңдер?» дедім. Газетке шықты. Бірақ редакция
сəл ыңғайсыздау етіп өзгеріс енгізіпті. Соған да Лұқпан жауап
бермеді.
– Сіз кезінде «Ара» журналын басқардыңыз. Əрине, ол
уақытта «Ара» журналының рөлі де, пəрмені де күшті еді.
Əрбір фельетон жарық көрген сайын бір шенеунік жай-
лы креслосынан сырғып түсетін. Сол «Ара» жабылып,
қайта ашылды. Оның жарық көруіне де өзіңіз мұрындық
болдыңыз. Енді екі кезеңді салыстырмалы түрде айтып
берсеңіз?
– Бұл сауалға жауап беру үшін кеңестік кезеңге қайта орал-
май болмайды. Мен «Ара» жəне «Шмель» журналдарының Бас
редакторы болдым. Ол кезде мынадай дəстүр болатын. «Осы
дау туғызады-ау, кейіпкерлері қарсылық жасайды-ау, құзырлы
орындарда талқыға түседі-ау» деген күмəнді материалдарды
Ғабит ақсақал бастаған редакция алқасы мүшелерінің бəріне
таратып беретінбіз. Бұл дəстүрді Ғабеңнің өзі бастаған екен.
Біз соны ұстандық. Мақалаларымыз сапалы болды. Журналда
жарық көрген фельетондарымыз бен сын мақалаларымыздың
бірде-біреуі опық жегізген жоқ. Сол журналды басқарған бес
жыл ішінде үш министр орнынан ұшып кетті. Екі ғылыми зерт-
теу институтының директоры қызметтерінен қуылды. Бірнеше
кəсіподақ, партия хатшылары лауазымдарынан айрылды. Бірақ
соның ақыры өзіме соққы болды. Орталық комитеттегі Усти-
нов пен Камалиденов соңымнан шырақ алып түсті. Қызметтен
кетуге мəжбүрледі. Өйткені əлгі қызметтен кеткен министрлер
жолдасы, жақыны, жерлесі дегендей. Ал қазіргі «Араның»
шығуына да мен себепкер болдым. Иманғали Тасмағамбетов
Премьер-министр кезінде хат жаздым. «Тəуелсіздік алғалы
бері «Арадан» басқа жабылған бірде бір газет-журнал жоқ. Бұл
ұят қой. Қазақтың маңдайында бір əзіл-сықақ журналының
болмауы деген ақылға сыймайды. Айналайын, осыған көңіл
бөлші. Ал егер мəселе оң шешіліп жатса, Бас редакторлыққа
Көпен Əмірбекті ұсынамын» дедім əлгі хатта. Көп уақыт өтпей
Иманғалидан ұсынысымды құптаған хат келді. Содан «Ара»
шықты. Ең алғашқы жылы өзім көмектестім. Қазіргі сапасы
да, көркемдігі де көңіл көншітеді. Бірақ жарық көрген сын
мақаланың нəтижесін тексеру, қадағалау деген жоқ.
– Жаңа бір сөзіңізде «Даулы мақалаларды жарияламас
бұрын алқа мүшелеріне таратып беретінбіз» деп қалдыңыз.
Қазір де «Арада» сондай мүшелер бар. Оларға əлгіндей ма-
териалдар жолданып тұра ма?
– Əйтеуір маған хабарласып тұрады. Өзім де телефон соғып,
кейде барып тұрамын. Кей материалдарды тиын-тебенсіз түзеп
беремін. Өзімнің жазған-сызғандарымды ұсынып қоямын. Ау-
дарма жасап беремін. Ал басқа мүшелер туралы бейхабармын.
– Қазақстан Жазушылар одағы жанында сатира қауым-
дастығы бар. Осы кеңестің негізгі мақсаты не?
– Бұл ұйымның негізгі мақсаты – қазақ сатирасын дамыту,
көркейту. Оның көкжиегін кеңейту. Басылымдарда сатираның
жариялануын қадағалау. Газет-журналдарда сатиралық бет,
мүйістердің ашылуына мұрындық болу. Əріптестеріміздің
кітабын шығаруға біріге кірісетінбіз. Орталық Комитетке дейін
хат жазатынбыз. Қазір оның бəрі қалды.
– Былтыр Оспанхан Əубəкіров ағамыздың 70 жылдық
мерейтойы тойланбай қалды. Соның жоқтаушысы Сіз бо-
лып жүрсіз. Тіпті, осыдан бес жыл бұрын тиісті орындарға
хат жазып, қозғау салыпсыз, соның өзінде атаусыз қалып
отыр. Сондай-ақ, Осағаңның төрт томдығын құрастырып,
мемлекеттен қаржы бөлгізген де өзіңізсіз. Сонда дейміз-ау,
атасының асын алты күн беретін бұл қазаққа не көрінді?
– Оспанхан Əубəкіров – қазақ сатирасының ғана емес, қазақ
əдебиетінің классигі. Қазір басылымдарда проза, поэзия ту-
ралы мақалалар жарық көріп тұрады. Сонда жазушылар мен
ақындардың атын атаған сала құлаш тізім жүреді. Солардың
ішінен бірде-бір сатирикті көрмейсің. Мысалы, биыл Асқар
Тоқмағамбетов 100 жасқа, Шона Смаханұлы 80 жасқа толады.
Олар туралы ешкім жұмған аузын ашпайды.
Ал енді Оспанхан туралы айтсам, ол тұрған үйге əлі күнге
дейін ескерткіш-тақта қойылмаған, не оның атында бір көше
жоқ. Осы туралы аудан, қала, облыс басшыларына хат жаза-жаза
қолыма сүйел шықты. 2001 жылы Иманғали Тасмағамбетов
вице-премьер болып тұрған кезінде хат жолдадым. Онда əлгі
мəселелерді айта келіп, Осағаңның 4 томдығын шығаруды да
қозғай кеттім. Содан көп ұзамай, сол кездегі баспасөз министрі
Мұхтар Құл-Мұхаммедтен хат келді. Соған қарағанда Иманға-
ли хатты соларға жіберген ғой. Ол хатта: «Оспанхан Əубəкіров-
тің 4 томдығын шығаруға қарсы емеспін. Құрастырып берсеңіз,
алғашқы екі томын 2002 жылы, қалған екі томын 2003 жылы
мемлекеттік тапсырыспен шығаруды жоспарлап отырмыз»
депті. Қуанып кеттім. Бірақ осы күнге дейін екі-ақ томы жарық
көрді. Қалған екі томы менде тұр.
– «Мəдени мұра» бағдарламасының қазақ сатирасына
тигізер шарапаты бар ма?
– Бір күні «Нұрлы Əлем» баспасының президенті Жарылқа-
сын Дəулетке: «Бізді ойлайтын ешкім жоқ, шырағым. Екеуміз
бір тізім жасайық. Анау ауыз əдебиетінен бастап, Қожанасыр,
Алдаркөсе, Тазша бала, Абай, Жамбыл, Сəкен, Бейімбет, Ілияс,
тағы басқа сатириктеріміз бар. Солардың қайсысынан неше
том шығады? Мүмкін 20, 30, бəлкім 50 том болар, бəрін жинап
шығарайық. Мықты демеушілер табайық. Немесе Үкіметтің
алдына қояйық» дедім. Ол қуана келісті. Содан, бір күн-түн
отырып, 50 том жасадым. Оған бүгінгі жас сатириктерге дейін
қосылды. Бұл ұсынысымызды Үкіметке жеткіздік. Одан əлі
хабар жоқ. Демеушілер табылмады. Сонымен, бұл істің де арты
сиырқұйымшақтанып кетті.
– Сіз ылғи да қоғамның келелі мəселелеріне өзіңіздің
пікіріңізді білдіріп, БАҚ-та жиі көрінесіз. Соған қарап біреу-
лер Сізді «Оппо зиционер» деп жүр. Ал енді біреулері: «Оп-
позиционер емес» дейді. Сіз осының қайсы жағындасыз?
– «Қой көрмеген қой көрсе, қуалап жүріп өлтіреді» дейді
қазақ. Бұрын, тəуелсіздік алғанға дейін «дайын асқа тік қасық»
болдық қой. Егемен болғаннан кейін қиыншылыққа тап болдық.
Оның бірден-бір себебі, кеңестік кезеңде барлық республика-
ның тізгінін КСРО Жоспарлау комитеті ұстап отырды. Ол
мекемесіз бірде-бір шаруашылық, өнеркəсіп тырп ете алмайтын.
Мысалы, Өскеменде машина жасау зауыты, ал Павлодарда трак-
тор зауыты болды. Соларға барсам, ондағылар айтады: «Біздің
зауыт деген атымыз ғана бар. Əйтпесе, трактордың 200 бөлшегі
болса, бізде соның елуі ғана бар. Қалғанын басқа республика-
лардан аламыз. Ол үшін оларға астық, ағаш, бал береміз» деп.
Міне, өстіп жіпсіз байлап, матап қойған. Ал КСРО ыдырағаннан
кейін өздігімізден машина да, трактор да шығара алмай қалдық.
Еліміз əлі өркендеу, өсу үстінде. Мен орынсыз мақтамаймын да,
даттамаймын да. Қоғамның жетістігі де, кемістігі де бар. Со-
ларды өзімнің сана-сезімім жеткен жеріне дейін жазып жүремін.
Мұның бəрі халықтың құлағына жету керек қой. Сонда ғана
қоғамдық пікір туады.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2004 жыл
Љмбетбай УАЙДАЏЛЫ,
сатирик-жазушы:
Ћожанасыр,
Алдарк&селер ћай
заманда да к&п
болмаѕан
АТАҚ-ДАҢҚ ҚУҒАН ЕМЕСПІН
– Сіз жарты ғасырдан аса уақыт бойы қолыңыздан қа-
ламыңызды тастамай, шығармашылық жұмыспен айналы-
сып келесіз. Туындыларыңыздың басым бөлігі сатирадан
тұрады. Бұл – ешкімге абырой əпере қоймайтын жанр. Соны
біле тұра, неге сатира жазасыз?
– Мен қолыма қалам ұстаған кезден бастап, əдебиет пен
журналистиканың барлық жанрында қалам тартып келемін.
Ғылымға үлес қосу мəселесінен де дəмем болды. Соның бəрінен
де сатира жанрында көбірек төбе көрсеттім. Жұртымның мені
«Сатирик» атап кетуі де содан болар. Ал енді, ешқашан, еш
жерде мен өзімді «Сатирикпін» деп атымды дардай қылған адам
емеспін. Басылым бетінде жарық көрген жазған-сызғандарымның
астына «Сықақшы», «Сатирик» деген тіркеме сөздерді тіркеп
жүрген көбінесе редакциядағы ағайындар. Ал абырой-бедел
жағына келсек, əрине сатира – əрі абыройлы, əрі қауіпті жанр.
«Ара – Шмель» журналында қызмет істеп жүрген кезде талай-
талай қауіп-қатерге кезіктік, пəле-жалаға тап болдық. Бірақ
бəрінен аман қалдық. «Ақ, аққа Құдай жақ» деген осы да.
– Шығармашылық адамының шарықтау, төмендеу ке-
зеңдері болады. Тасыңыздың өрге домалаған уақытын, Сізге
атақ-абырой алып берген туынды немесе жинағыңызды
айтып бере аласыз ба?
– Бала да, кітап та – іштен шыққан шұбар жылан. Қарға ба-
ласын «аппағым», кірпі баласын «жұмсағым» дейтіні сияқты,
əр баланың, əр жинақтың өз орны, өз қуаныш-күйініші бола-
ды. Олар туралы сын-ескертпе де, жылы сөз де естідім. Сын
естігенде қуарып, өмірден түңіліп, ал жылы сөз естігенде
қуанып, бақыттан басым айналып кеткен жоқ. Екеуін де өте
салмақты, қалыпты жағдайда қабылдадым.
Сатира шаруашылығына, шамамен 1970 – 1980 жылда-
ры көбірек өнім бердім. Сол жылдар аралығында «Ендігісін
айтпаймын», «Ішің білсін», «Контейнермен келген кемпір»,
«Тілсіз қоңырау», «Нанайын ба, нанбайын ба?», «Особая сто-
личная простокваша», «Пəлен-пəштуан», «Алло, бұл кім?», тағы
басқа жинақтарым жарық көрді. Ал олардың бағасын оқырман
қауымның бергені абзал. Мен осы уақытқа дейін атақ, даңқ
қуған емеспін. Өзі іздеп келіп жатса, қораға кіргізіп алатын
шығармын.
– Қазақта ақын-жазушы көп. Олардың саны бір əскери
бөлімді жасақтай алады. Соған қарамастан сатира сарбаз-
дары неге аз деп ойлайсыз?
– Аздың да, көптің де о жақ, бұ жақ əңгімесі бар. Біреу – өлең-
ші, біреу – өрмекші. Екеуі де арамызда жоқ емес. Бірақ сирек
кездесетін асыл металл көп пе? Əдептен озбайық. Сатирадағы
«азға» Жасаған Ие, кім біледі, осы жағынан келді ме? Зады,
Қожанасыр, Алдаркөселер қай заманда да көп болмаған ғой.
«О, ҮМБЕКЕ» ДЕЙТІНДЕР
ОСҚЫРЫНЫП ҚАРАЙТЫН БОЛДЫ
– Кезінде шығармаларыңыз «Тамаша» ойын-сауық отау-
ының бағдарламасынан түспейтін. Қазір мүлде көрінбей
кетті. Мұның себеп-салдарын қалай түсінгеніміз абзал?
– Рас, кеңес қоғамы тұсында сатиралық шығармаларым сах-
нада біршама орындалды. Сахнагерлер өздерінің жанына жақын,
көңіліне ұнаған туындыларды басылымдардан тауып алып орын-
дайтын. Кейде тапсырыстар беретін. Теледидарда «Қымызхана»,
радиода «Қалақай» деген сатиралық бағдарламалар болды. Олар
да жазған-сызғандарымды əжеттеріне жаратып тұрды. Сол «Та-
машадан» туғаны бар, жаңадан пайда болғандары бар, əйтеуір
соңғы кезде ойын-сауық отаулары тіпті көбейіп кетті. Олардың
репертуарлық-мəтіндік сапасы жайында баспасөз аз айтып, аз
жазып жатқан жоқ. Оған пысқырып қарап жатқан ондағы бау-
ырларымды да көре алмай жүрмін. Құр қарап жүрмей, оларға
біраз ағайынгершілік жасап, жанашырлық та таныттым. Жөн
сөз айттым. Сөйтсем, көңілдеріне ауыр алды. Бір кездегі «О,
Үмбеке» дейтіндер бүгінде «Түрің құрсын сен шалдың, кет əйдə»
дегендей осқырынып қарайтын болды. Мейлі ғой...
– Əрбір қаламгер өзінің еңбегінің жемісін жегісі келеді.
Қазақ əдебиеті мен қазақ сатирасына аз үлес қосқан жоқсыз.
Сонда да ешқандай сыйлық, атақ алмапсыз. Бұл Сіздің
шамыңызға тимей ме?
– Жоғарыда атақ қуатын адамдардың сапында еместігімді
айттым. Ал шығармаларым Үкімет, ел тарапынан бағаланып
жатса, марапат, қошемет, құрметті жек көрмеймін. Бірақ, иман-
дай шыным, үлкен сыйлыққа татитындай қыр басында жарқырап
тұрған шығарма жаздым деп айта алмаймын. Соңғы «Əумин!»
жəне «Сен кімге күлесің?» атты екі жинағымды Жазушылар
одағы жанындағы сықақшылардың «Найзагер» қауымдастығы
мен қатыспаған мəжілісінде үлкен сыйлыққа ұсыныпты. Кейін
Көпенге: «Соның қажеті бар ма? Ертең орта жолдан қайтып
келеді ғой» дегенім бар. Мұным, əрине жалған сыпайылық емес,
шыным. Егер де ел-жұрттың шынайы бағасын алып, бəйгеден
озып келіп жатса, құба-құп.
– «Қазақ сатирасының дəуірлеу кезеңі» деп қай жылдар-
ды айтар едіңіз?
– Меніңше, қазақ сатирасының дүркіреген кезі – 1960-70-
80 жылдар. Осы жылдар аралығында Садықбек Адамбековтің
сатиралық романдары, Есенжол Домбаевтың повестері жарық
көрді. Балғабек Қыдырбекұлының деректі фельетондары талай-
ларды тəубесіне келтірсе, ел-жұртты қыран-топан күлкіге көміп
Оспанхан Əубəкіров келіп қосылды ортаға.
КҮЛМЕЙТІН АДАМ, ХАЛЫҚ БОЛА МА?
– Дəстүрлі сұраққа айналып кеткен сауалымды қоюға
мəжбүрмін. Бұл сұрақты сатираның шөмішінен ас-су айы-
рып жүргендердің бəріне қойып келемін. Өйткені «Қазақта
сатира жоқ» деген кері ауыздардың сөзінен құлақ тұнады.
Сатира сардары ретінде Сіз не дейсіз?
– Қазақ сатирасы, қазақ күлкісі төңірегінде «Қазақта оңған са-
тира жоқ», «Қазақта дені сау күлкі жоқ», «Қазақ күле алмайды»
деген алып-қашпа əңгіме гулеп жүр. «Қазақта сатира жоқ, күлкі
жоқ» деп ауыздарын қу шөппен сүртіп, сықақшыларға қарадай
ұрынып жүргендер кімдер? Көп. Онда Абайша айтсақ: «Көпте
ақыл жоқ». Күлмейтін адам, халық бола ма? Қашан, қай қоғамда
сатираға тосқауыл, күлкіге тыйым салынып еді? Қай заманда
күлкі тоқтаған? Кезінде əлгіндей жағымсыз əңгімені естігенде
марқұм профессор Темірбек Қожакеев ақырып орнынан атып
тұрып еді. Ал енді əлгіндей сыншысымақтарға: «Онда сіздер С.Адамбековтің роман-сатирасын көрмеген, оның «Қожанасыр қақпасына» кірмеген екенсіздер. С.Иманəлиев, С.Əлжіков, Е.Домбаев жəне менің сатиралық повестерімізді оқымаған екенсіздер. Соңғы 4 – 5 жылда шыққан Ж.Сабыржановтың «Кəрі сайтан», Т.Құлиясовтың «Сауда сақал сипағанша», М.Юсуповтың «Қандауыр», «Шымшуыр», Н.Мүфтақтың «Қыл көпір», Е.Жаппасовтың «Кімге – күлкі, кімге – түрпі?», Т.Кенеевтің «Қыңыр», З.Асабаевтың «Жалғыз көзді балық», Қ.Əшеновтің «Өзімнен де бар» С.Кенжеахметовтің «Мірдің оғы», Қ.Ілиясовтің «Біле-білсек...» атты сатиралық жинақтарынан бейхабар екенсіздер дейміз». Намысқа қызып, шыр-пыр болғандардың бірі марқұм Мəтжан Тілеужанов болатын. Нəн жұдырығын жазу үстеліне тірей ұстап, қазақ сатирасындағы бар мен жоқты Ғаббас Қабышұлы да жағы талмай айтып жүр. Бұл мəселені «Айқын» газеті де үнемі қозғап келеді. Осы тақырыпқа қашан соңғы нүкте қойылар екен? – Биыл – Асқар Тоқмағамбетовтың туғанына 100 жыл толды. Оның соңғы жиырма жыл көлемінде бірде-бір кітабы жарық көрмепті. Сонда ол кісіні іздеуші адам табылмағаны ма? – Асқар Тоқмағамбетов – қазақ сатирасына зор еңбек сіңірген сықақшы қаламгер. Оның өзіндік стилі, тілі, қалыптасқан қолтаңбасы бар еді. Оған заңғар жазушымыз Мұхтар Əуезовтің өзі «Қырғи тілді Асқар» деп баға берген. Кезінде оның шығармалары сахнадан түспеді. Барлық газет-журналдарда туындылары жиі жарық көретін. Аты-жөні дүрілдеп-ақ тұрды. Ол ешкімге ұқсамайтын ерекше адам болатын. Адам баласын ренжітпейтін. Дауыс көтеруді білмейтін. Мінезі өте жұмсақ еді. Бір күні досына əңгіме айтып отырып: «Мен бүгін пəленшеге қатты ашуландым. Айтып-айтып тастадым» десе керек. Досы: «Сонда не дедіңіз?» деп сұрапты. Сонда ол: «Сіз де қызық адам екенсіз ғой» деп салдым» депті. Сондағы бар ашуы осы ғой. Ал енді оның 100 жылдық мерейтойына келер болсақ, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы «Найзагер» сатира қауымдастығының назарынан кешегі жəне бүгінгі сатириктер-
дің тағдыры тыс қалмайды. Өткен жолғы мəжілісте бұл туралы əңгіме қозғалды. Тиісті орындарға хат жазып, басылымдарда мақала ұйымдастырып жатырмыз. Ол кісінің мерейтойы лайықты аталып өтіледі деген сенімдеміз. Асекең көз жұмғаннан кейін 4 – 5 томдық шығармалар жинағы жарық көрген болатын. Қызылорда қаласында ол кісінің атында театр, көше, ескерткіш бар. Дегенмен, Асекең – əлі де қандай құрмет көрсетсек те жарасатын тұлға. – Қазір не жазып жүрсіз? Алдағы уақытта қандай жинақтарыңыз жарық көреді? – Əзірге көзге, қолға тыным жоқ. Биыл, Құдай қырсығынан сақтасын, үш жинағым жарық көріп қалады. Сосын осы уақытқа дейін жазған публицистикалық шығармаларымды жинақтап шығару ойымда бар. Ол – «Сөз сұраймын» деп аталады. Көлемі 25 баспа табақтан асады. Сондай-ақ, жаны жалғандыққа қас, өтірікті суқаны сүймейтін, сол мінезімен жүрген жерінің бəрін айқай-шу қылып қайтатын бір бейне туралы шығарманы бастағаныма көп болды. Əлі біткен жоқ. Жазып отырып, əлгі кейіпкерді əрі аяймын, əрі айызым қанады. Бұл құпиямды ешкімге ашпайыншы деп едім... – Ал сатиралық повесть, роман жазуға бел буған жоқсыз ба? – Сатиралық повестерім бар. Бірақ роман жазуға беттеген жоқпын. – Əңгімеңізге рақмет. «Айқын» газеті, 2004 жыл
Димекеѓ: «/зіѓ
таяћ жемейтін кљні
жарияларсыѓ»
деген еді
Серік ЌБДІРАЙЫМЏЛЫ,
Халыћаралыћ Д.А.Ћонаев ћорыныѓ вице-
президенті, «Санат» баспасыныѓ директоры,
публицист-жазушы:
ТҰҢҒЫШ КІТАПҚА ПРЕЗИДЕНТІМІЗДІҢ
БАТАСЫН АЛДЫҚ
– Сіз ең алғаш ҚазҰУ-дың жанынан «Қазақ университе-
ті» баспасын аштыңыз. Ол көп ұзамай «Санат» баспасына
айналды. Оның себеп-салдары неде? Жалпы, осы баспа
ашудағы негізгі мақсатыңыз не болды?
– Қашанда үлкен істің басында жанашыр боп жақсы адам
жүреді. Сондай жаны жайсаң, жұдырықтай жүрегі «елім, ұлтым»
деп соққан азаматтарымыздың бірі Шайсұлтан Шаяхметов еді.
Оқу-ағарту саласындағы шешілмей жатқан бар проблеманы ол
кісіден артық ешкім білмейтін. Соның ең өзектісі – оқулық еді.
Мектепті, кəсіптік білім беру жүйесін былай қойғанда, жоғары
жəне орта арнаулы оқу орындарының өзі қазақша оқулықтарға,
оқу құралдарына, көмекші əдебиеттерге аса зəру еді. Сол
мұқтаждықтан əлі күнге дейін арыла алмай келеміз. Марқұм
Шайсұлтан Шаяхметұлы тəуекелге бел байлап, осы күнгі
əл-Фараби атындағы Ұлттық университеттегі баспа кабинеті
негізінде «Қазақ университеті» баспасын ашуға мұрындық бол-
ды. Пышақтың қырындай əдістемелік əдебиеттерді шығарумен
шектеліп келген кабинетте екі электронды машинкадан басқа
ештеңе жоқ еді. Обалы нешік, сол кезде Білім министрінің
экономика жөніндегі орынбасары Бердібек Машбекұлы Сапар-
баев Қаржы министрлігінің табалдырығын тоздырып жүріп,
белгілі мөлшерде қаражат мəселесін шешсе, Министрлер
Кабинетінің вице-премьері Мырзатай Жолдасбеков баспаның
мекен-жайын белгілеп берді. Өндіріс жəне жоспарлау бөлімін,
техникалық жəне көркемдеу редакциясын есепке алмағанда, үш
бірдей – гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық əдебиеттер
бас редакциясы құрылды. Штатында жетпіс бес адамы бар
шығармашылық ұжым 1991 жылы өзінің төлбасы кітабын –
Мəмбет Қойгелдиев пен Рəбиға Сыздықованың «Қадырғали
би Қосымұлы жəне оның «Жылнамалар жинағы» деп атала-
тын еңбегін жарыққа шығарды. Сүйінші данасын референдум
жүріп жатқан күні тұңғыш Президентіміз Назарбаев Нұрсұлтан
Əбішұлына салтанатпен тапсырдық. Республика тəуелсіздігі-
мен бір күнде дүниеге келген тұңғыш кітапқа сүйініш білдір-
ген Президентіміздің батасын алдық.
– Дегенмен, нарықтың қалтадан қағып, шөміштен қысар
уақыты əлі де алда емес пе еді?
– Əрине, бұл іргелі ісіміздің іліп алды қадамы болатын. Ал-
дымызда экономикалық дағдарыс жылдарымен қат-қабат кел-
ген көптеген қиындықтар күтіп тұр еді. Қағаз, түптеме, мұқаба
сияқты материалдардың тапшылығы, полиграфиялық қуаттың
бөлінбеуі, кітап сауда жүйесінің қызметінен тыс қалуы, ең басты-
сы, оқу əдебиеттерін шығаруға жұмсалатын шығынның орнын
жабуға мемлекет дотациясының берілмеуі алға қойған келелі
міндетті уақтылы жүзеге асыруға мейлінше қолбайлау болды.
Үкіметтің бір кездегі шала-жансар қаулысының қауқарсыздығы
мен ведомстволық баспаға деген көзқарастың үстірттігі ілгері
басқан аяғымызды осылай кері тартқан-ды. Ақыры 1993 жылы
қазанда Министрлер Кабинетінің жаңа қаулысы шықты. «Қазақ
университеті» – «Санат» деп аталды, оған «мемлекеттік» деген
статус берілді, экономикалық жəне материалдық-техникалық
базасы нығая түсті. Əлгіндегідей қиындықтарға қарамастан
баспа кеңестік заманның алғашқы жылдарында отқа оранып,
пышаққа түскен Тельжан Шонанұлының «Қазақ жер тарихының
мəселелері», Ермұхан Бекмахановтың «Қазақстан ХХ ғасырдың
20 – 40 жылдарында» (екі тілде – қазақша, орысша), Мұхамеджан
Тынышбаевтың «Қазақ тарихы» (екі тілде – қазақша, орысша),
Санжар Асфендияровтың «Қазақстан тарихының очерктері»,
Əуелбек Қоңыратбаевтың «Қазақтың көне мəдениеті», қазір
жұртшылық қайта іздей бастаған «Қазақ қалай аштыққа ұшы-
рады?» кітаптары көзі ашық, көкірегі ояу оқырмандарымен
қайта қауышты. Қысқасы, нарықтық экономика аяққа оралғы
болғанмен «Санат» баспасы əлемнің алты тілінде, ғылымның
отыз алты саласы бойынша бес жүзге тарта кітап шығарып,
студент қауымның ғана емес, жалпы елдің рухани мұқтажын
өтеуге өз үлесін қосты.
– «Санат» баспасын басқарып келе жатқаныңызға да бір
мүшелден асты. Осы уақыт аралығында тар жолда тайғақ
кешіп, көптеген рухани дүниелерді басып шығардыңыздар.
Солардың бəрінің сапасы мен мазмұны жоғары деп ойлай-
сыз ба?
– Бір қолымызбен сеуіп, екі қолымызбен терген дəніміз
түгел қауызында піскен деуге болмас. Оқырмандар талабын
таразыласақ, академик-жазушы Зейнолла Қабдоловтың «Сөз
өнері», профессор Шерияздан Елеукеновтың «Мағжан», Дін-
мұхамед Қонаевтың «Өтті дəурен осылай», Кəкен Ахановтың
«Тіл біліміне кіріспе», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя»
жəне басқа да бірқатар бірегей кітаптарды қайта көп данамен
шығаруды қалайды. Біз жарық көрген еңбектердің ішінде
Халықаралық Леипциг, Маиндағы Франкфурт, Мəскеу кітап
жəрмеңкелеріндегі атақ-абыройымызды айтпағанның өзінде,
Зейнеағаңның «Менің Əуезовім» роман-эссесі, Шерағаңның
«Мағжан» монографиясы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
болды. Əлі де үмітті үкілі дүниелер баршылық.
– Мемлекеттік тендер алу жөнінде де біраз алып-қашпа
əңгімелер бар...
– Меніңше, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын түгелдей
қайта қарайтын мезгіл жетті. Рухани қазынаны кірпіш құятын
қалыпқа салуға болмайды. Көркем шығарманы стандартқа
салып, лотқа бейімдеу – бұқаға бұзаудың терісін жапқанмен
бірдей. Жазушының ой қоржынындағы кесек туындыны
біздің шұнтитып пішіп қойған қалпымызға түсіру – ең сорақы
қиянат.
Баспалар осы күзге қарай өз бағыт-бағдарына лайық деген
əдебиеттерді іріктеп, жоспарлауға ұмтылады. Есеп-қисабын
жасайды. Бірақ тендер кезінде бұл ескеріле бермейді. Мем-
лекеттік сұранымдағы əдебиеттерді жоғары жақ ұсынады. Со-
дан бұйырғанына тəуекел етесің. Сол ұсынған əдебиеттерге
жергілікті жерлердегі оқырмандар сұранымы қандай, сол
жағы ескерілмейді. Таралымның белгілі мөлшерден, яки екі-
үш мыңнан аспауының кілтипаны да осында. Жəне бөлініп
отырған қаражатқа қарап таралымы белгіленеді. Бұл əлі күрмеуі
тарқатылмаған түйін, оның оңтайлы механизмін көп болып
ойлассақ орынды болар еді.
Тендер тым кеш өткізіледі. Бау-шуы түгенделгенше қыс бітіп,
көктем шығады. Өйткені бюджеттен бөлінген қаржы мөлшері
белгілі болмай, бұл істі бастау да мүмкін емес. Асатпай жатып
құлдық деуге болмайтынын білеміз, біле тұрсақ та екі оттың
ортасындағы министрлігіміздің осы салаға жауапты адамдары-
на «табандап отырып алдыңдар» деп өкпе артып жатамыз.
Баспа бір кітап шығару үшін ең кемі қырықтан астам, ал
полиграфияға ондай материалдық қажеттілік он еселеп керек.
Мұның бірде-бірі Қазақстанда өндірілмейді. Бəрі сырттан – шет
елдерден əкелінеді. Шығарған кітабымыздың өзіндік құнының
тым аспандап кететіні содан. Тəуелсіздігіміздің алғашқы жыл-
дары қағаз өндірісін жолға қою мəселесі көтерілген еді. «Əп,
бəрекелді!» деп қуанғанымыздан бөркімізді аспанға аттық.
Ақыры сиырқұйымшақтанып із-тозсыз кетті. Бұл да бір бүйір-
ден шаншудай қадалады. Кітап шығаруға керек дүниелер түгел
тістегеннің аузында, ұстағанның қолында. «Осыны тиянақты
бір қолда жəне «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң аясында
жүзеге асыруға болмас па еді?» деп ойлайсың, ойлайсың да
«мына нарық тізгінсіз кеткен асау тай емес шығар» деп сабаңа
қайта түсесің.
АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР ҚАЛАМАҚЫСЫ ЖОҚ ЖЕРГЕ
ЖЕТЕКТЕСЕҢ ДЕ БАРМАЙДЫ
– Қаламгерлер қауымының баспагерлерге деген өкпесі
қара қазандай. Олар: «Қазіргі баспалар қаржысы төленген
кез келген өнімді талғамай баса береді» дейді. Баспагер
ретінде оларға Сіз қандай уəж айтар едіңіз?
– Қаламгерлер қай заманда да өкпесін алдына салып жүретін.
Əлі де сол шабысынан танған жоқ. Біріншіден, əр баспаның
өз бағыт-бағдары бар. Көршісінің бақшасына түсе алмайды.
Сіз «алып-қашпа əңгімелері бар» деген тендерде маңдайына
не жазылса, соны шығарады. Шүкір, дизайны, полиграфиялық
орындалуы жағынан баспа бұрынғыдан көш ілгері. Екіншіден,
рас, баспаға өз аяғымен келетін авторлар аз емес, əсіресе, Отан
соғысы мен еңбек ардагерлері өтініш жасап, өмірден көргендері
мен түйгендерін алға тартады. Сондай-ақ, халқымызға қалтқы-
сыз қызметімен танылған ардақты ағалар мен аяулы апалары-
мыз туралы естелік кітаптарын ұсынады. Бір кезде өмірі ғибрат
болғандай осы кісілердің қалам тартуға тартынып келгенін
білеміз. Партияның Орталық Комитетінің нұсқауынсыз олар-
ды шығару екіталай болатын. Енді өсер ұрпаққа өнеге боларлық
кітап жазылып жатса, неге қолдау көрсетпеске, неге қол ұшын
бермеске! Əрине, күлдібадам дүниенің өрісі тар, ал айтары
бар, ниеті түзу қолжазбаны електен өткізіп, тігісін жатқызып,
оқырманға жеткізіп жатсақ, оның несі айып?!
Ақын, жазушы ағайындар «жазғаным сарғайып тартпада
жатқанша, халқыма жетсін» деп өз еркімен қолжазбасын баспаға
ұсынғанын көрген де, естіген де емеспін. Қаламақысы жоқ
жерге жетектесең де бармайды. Тек Мұхтар Құл-Мұхаммед
бауырымның мəрттігімен жарық көрген кітаптар, шүкір, бар-
шылық.
ДИМАШ АХМЕТҰЛЫ – ТІРШІЛГІНДЕ
АТЫНА КІР ШАЛДЫРМАҒАН КІСІ
– Сіз кезінде халқымыздың біртуар дарынды ұлы
Дінмұхаммед Қонаевпен жақын араластыңыз. Ол туралы
кітап та шығардыңыз. Ол кісінің ел білмейтін көлеңкелі
тұстары бар ма? Бар болса, оған не кедергі болды?
– Димаш Ахметұлы – тіршілігінде атына кір шалдырмаған
кісі. Пенделіктен биік болған, боқ дүниеге бой алдырмаған. Көзі
тірісінде: «Елу жылдай ел басқардым. Жылына бір «əттеген-
айдан» жібергенде елу қателік кетеді екен. Бұл бір кісіге аз
ауыртпалық емес. Сондықтан бұ жалғаннан пəк болып өту –
періштеге ғана жарасқан. Оның өзінде де «періштеде бес мін
бар» дейді рас болса» дейтін еді жарықтық. Мұсылман баласы
əруақты арулайды, ғайбат айтпайды. Димекеңдей көзден кетсе
де көңілден кетпейтін асыл жанды уақыт өткен сайын ел аса бір
сағынышпен еске алады, бар ықыласымен есімін аялап отырады.
Қапшағай қаласының ғана емес, Алматы сияқты ірі облысты
Димекеңнің есімімен атайық деп құлаққағыс қылғалы біраз жыл
болды. Қазақ халқы ғана емес, Қазақстанда тұратын барша ұлт
пен ұлыстың ұсынысы бұл. Халық айтса, қалт айтпайды. Ақ
тілек аяқсыз қалмас деген сенімдемін.
Мен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевпен 1988 жылы «үй тұт-
қыны» болып отырған тұста жақынырақ таныстым. Табыстыр-
ған – Нұрағам, Нұрғиса Тілендиев еді. Өте қарапайым, байсалды
кісі екен. Ақжарқындығын да аңғардым. Ойындағысын көңіл
елегінен өткізіп барып, екшеп айтатынын байқадым. Қолы
ашық, дастарқаны кең. Жатсынбайды. Жатырқатпайды. Іші
баурыңа кіріп сөйлегенде бұрыннан білетіндей еркін сезінесің.
Жайлап жай-жапсарыңды сұрағанда қалай ашыла сөйлегеніңді
сезбей де қаласың. Димекең шығарып салып тұрып: «Хабарла-
сып, амандығымызды біліп тұр, егер сұхбаттасу ойыңда болса,
сұрақтарыңды жұптай бер. Жеңгең басын көтерсе, бəріңнің
басыңды қосам, сонда шешініп те, шешіліп те сөйлесеміз»
деп телефонын берген. 108 сұрақ əзірледім. Ұзақ əңгімелестік.
Ізін суытпай қағазға түсірдім. Оның 36 сұрағына жауап 1989
жылы «Қазақ əдебиеті» газетінің айқара беттеріне – екі бірдей
нөмерінде «Ақиқат айтылмай қалмайды» деген тақырыппен жа-
рияланды. Геннадий Колбиннің қылышынан қан тамып тұрған
кез. «Қайтсем Желтоқсан оқиғасын ұйымдастырушыларды та-
бамын?» деп екі көзі қанталап, аласұрып жүрген. Оның үстіне,
Димекеңе ілік іздеп, шəт-шəлекейі шығып, ұрынарға қара таппай
жанталасып тұрған. Ол тұста бас редактор Төлен Əбдіков де-
малыста жүрді де, оның орынбасары Оралхан Бөкей тəуекелге
басып жариялап жіберді. Төбеден жай түскендей болды.
Димекең жарықтық 108 сұрақтың қалғанына қол қойып
беріп жатып: «Өзің таяқ жемейтін күні жарияларсың» деген еді.
Қазір əр сұрақтың астарындағы жауап мұрағат материалдары-
мен толықтырылып, сүзгіден өту үстінде. «Күнді көлегейлей
алмайсың» деген роман-диалог ықшамдалып келеді.
– Сіз Халықаралық Д.А.Қонаев қорының вице-прези-
дентісіз. Осы қор Димекеңді мəңгі есте қалдыру мақсатында
қандай шара ралар атқарып жатыр? Жалпы, қоғамдық
өмірге, саясатқа араласып жүрсіз бе?
– Димаш Ахметұлының көзі тірісінде ұйымдастырылған
халықаралық қор – тəуелсіз еліміздің экономикалық, мəдени
жəне əлеуметтік жағынан нығаюына барынша атсалысып, абы-
ройын аласартпай келе жатқан қоғамдық ұйым. Президентіміз
Нұрсұлтан Əбішұлының Жолдауының саяси мəнін ашып, ел
арасында кеңінен түсіндірілу ісін өзінің жергілікті ұйымдары
арқылы жүргізуі – бұл сайып келгенде, аса жауапты да ардақты
жұмыс. Рес публи каның барлық облыстарында бұл жүйелі
жүргізілді. Соған бас-көз болу – қоғамдық өмірге белсене
араласудың белгісі деп білемін. Бұл – бір. Екіншіден, соңғы
жылдары Оралдағы Димекеңнің облыстық қорының төрағасы
Ізтілеуов Нұрланның тікелей басшылығымен қаланың еңбек
ардагерлері жастар арасында, студенттер ортасында болып, аға
ұрпақ өз өмір тəжірибелерін тұрақты түрде ортаға салып келеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы ның жұртшылығы өз қаражатымен
Шымкент қаласының қақ ортасынан Димекеңнің үш қабатты
мұражай үйін ашып, бюстін орнатты. Жамбыл облысы Талас
ауданының халқы Ақкөл кентінен Димекеңе зəулім ескерткіш
орнатса, Алматы облысы Талғар ауданының Гүлдала ауылы
Димекеңнің бюстін тұрғызып, гүлзар жасады. С.Азимов ол
кісінің өмірі туралы ең жақын туыстарының лебізінен тұратын
екі сериялы фильм түсірді. Көрнекті қоғам қайраткері Кеңес
Аухадиев пен белгілі журналист Мəдрид Рысбеков – үшеуміз
«Дара тұлға» деп аталатын екі бөлімді деректі фильм түсіру
үстіндеміз. «Елу жыл ел ағасы» деп аталатын есте ліктер жина-
ғы мен полковник Мырза Акуевтің «Рядом с первым» деп ата-
латын повесі оқырмандар қолына тиді. Осының барлығы біздің
қоғамдық өмірімізге тамшыдай болса да қосып жатқан үлесіміз
ғой деймін.
Саясаттың ең үлкені – кісі бойынан ізгілік іздеу, соны қа-
ламыңа арқау ету. Қалам сөйлемейді, ақыл сөйлейді. Өсер
ұрпағыңның тал бойына жақсының жан сүйсінтер қасиетін
еге білгеннен асқан игілікті жұмыс жоқ. Отыз жылдан бергі
жоғары оқу орнына беріп келе жатқан дəріс осы мақсатқа
негізделген. Сосын баспагер ретінде оқырман іздеп жүріп
оқитын кітап шығар саң, кімнің тақиясына тар келеді? Пре-
зидент жариялаған «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы
бойынша Ш.Уəлиханов атындағы тарих жəне этнология
институтымен бірлесіп «Қазақстан тарихы Батыс елдерінің
дереккөздерінде» сериясымен он томдық əзірлеп жатсақ, бұл
да рухани қазынамызға қосылғалы тұрған мөлдір бұлақ. Демек,
əркім өз орнын біліп, қолынан келетін шаруасына мығым бо-
лып, сөзден гөрі ой бағып, іс қуса, ең мықты саясаткер – сол. Саади: «Сөйлесем – сөзім өзіме би, сөйлемесем – өзім өзіме бимін» депті. Ұлы ақынның ұлағатты сөзі əркімді-ақ ойлантқандай емес пе! НҰРҒИСА – ҰЛЫ КОМПОЗИТОР, ҚАЙТАЛАНБАС ДИРИЖЕР – Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың алғысөзімен «ҚаһарманНұрғиса» деп аталатын формасы жағынан да, көркемдік сапасымен де, безендірілуі тұрғысынан да орны бөлек кітап құрастырғаныңызды жақсы білеміз. Нұрғиса Тілендиевпен Сізді не байланыстырды деп ойлайсыз? – Нұрғиса – ұлы композитор, Нұрғиса – дəулескер домбырашы. Нұрғиса – қайталанбас дирижер. Төрт жүзден астам əн жазған ол: «Төрт əнім ел аузына іліксе, мен өзімді бақытты санаймын!» дейтін. «Аққудай», «Махамбеттей», «Əлқиссадай», «Көш керуендей» жүзден астам күй тудырды, өмірінің соңында: «Ақ таңым енді атты» деген күй кеудемді кернеп барады, əттең əл-дірманым жоқ» дегенін өз құлағыммен есіттім. Қосыла жыладым. Тек ол кісінің спектакльдерге, көркем фильмдерге, мультифликациялық фильмдерге жазған музыкаларын айтпаймын. Олар арнайы зерттеуді сұрап тұрған дүниелер. Айтарым: жарықтық Нұрағам кез келген операның партитурасын бір шолып өткен бойда түгел есіне сақтайтын ерекше қабілеті бар еді. Солтүстік Кореяға барғанда Ким Эр Сенге арналған екі сағаттық поэманы 200 кісілік оркестрге жиырма минуттан екі рет прагон жасаған Нұрағаң сахнаға шыққанда партитураның бетін ашпай, оркестрді бір тыныспен алып шыққан. Міне, Нұрағаң – осындай дара тұлға. Ол кісінің қасында жиырма бес жыл жүрдім, күнделік жүргіздім. 180 беттік «Нұрғиса» деген повесті жазып жүргенде: «Мен өлген соң да көп əуреге түсесің. Асықпа!» деп еді. «Төзім» деген жақсы қасиет, бірақ өмір қысқа. Соған байыздап отыра алмай жүрмін. Ойласам, өкініш іштен жалын боп өзекті шарпиды. – Қазір не жазып жүрсіз?
– Мен ағалардың аялы алақанының жылуын көп көрдім.
Димекең мен Нұрағаңды айтпағанда, олар – Асанбай Асқаров,
Өмірбек Жолдасбеков, Мырзатай Жолдасбеков, Шерхан Мұр-
таза, Сейдахмет Бердіқұлов, Тельман Жанұзақов, Қалдарбек
Найманбаев, Шерияздан Елеукенов, Зейнолла Қабдолов, Əбіл-
файыз Ыдырысов, Тауман Амандосов, Əбдіжамил Нұрпейісов,
Əбдір Сағынтаев, Уəсила Садықова, Шайсұлтан Шаяхметов,
Темірбек Қожакеев, Кеңес Аухадиев, Асанəлі Əшімов жəне
тағы басқалар. Осы ағаларымның кісілік келбетін, ғибратты
ғұмырын көркем сөзбен кестелесем деген бір асыл арманымды
алғыс сезімге орап, қағазға түсіріп жүрмін. Ұстаздарыңды ұлы
əкеңдей сыйлағанға не жетсін!
ТІЛДЕН БАЛ ДА ТАМАДЫ, У ДА ТАМАДЫ
– Парламент биыл Президенттік сайлау өтеді деген бай-
ламға келсе, Сіз кімнің кандидатурасын ұсынғанды мақұл
көрер едіңіз? Жалпы, Елбасы туралы пікіріңізді елмен
бөлісуге қалайсыз?
– Адамды бақытқа жетелейтін үш жол бар. Ол – сау дене, азат
ақыл, адал көңіл. Біздің еліміз тəуелсіздік алғалы ұлттық қаны-
мызда бар осы үш қасиетті берік ұстанып келеді. Ата Заңымыздағы
«Зайырлы!» сөзінің түпкі мəні – осы. Салауатты өмір отбасынан
басталады. Ой еркіндігі электронды ақпарат жүйесінен, мерзімді
баспасөзден, үлкенді-кішілі жиыннан, тіпті оппозициядағы
ағайындардың сөз саптауларынан желдей есіп тұрған жоқ па!
Демократияны Америкадан емес, өз ішімізден іздегеніміз аб-
зал. Халқымыздың адалдығы, көңілінің ақтығы, құдайға шүкір,
көп ұлтты елімізде атадан балаға мирас болып, ғасырлар бойы
қалыптасқан бірлігімізге, татулығымызға, ынтымағымызға дос
сүйініп, дұшпан күйінгендей. Еліміздің ең үлкен байлығы да,
бақыты да осында. Яки, бауырлас əзірбайжан халқы:
«Шеге тағаны сақтайды,
Таға тұлпарды сақтайды,
Тұлпар ерін сақтайды,
Ері елін сақтайды»
деп текке айтпаған. Тəуелсіздігіміздің ауыр, бірақ абыройлы
жолын өзі бастаған қазіргі Елбасымыз елінің ұлы көшін өзі
жалғастырса, оны жақыны да, жат та шет көрмейді. Өйткені бар
халықтың ортақ үйі – Отаны, ол – Қазақстан. Отаны бірдің – ойы
бір. Оның үстіне «атасын танымай кетеді» дейтіндей, Нұрсұл-
тан Əбішұлы таққа бірінші рет отырған жоқ. Шүкір, кемеңгер-
лігі де бар, көнтөрлілігі де жетеді. Үйге де сыйымды, түзге де
сыйлы. Кемел ойдың, көсем сөздің иесі. Таңдаса, елі осы кісіні
таң дар деп білемін.
Рас, бір есер құдыққа лақтырған тасты мың естінің ала алмай
дал болары бар. Тілден бал да тамады, у да тамады. Құдайым
топқа тас атқаннан да, сөз жүгірткеннен де сақтасын. Кеше ғана
патша ның бақырашымен су ішкен биліктен дəмелі жігіттерді
ойлағанда қырғыз ағайындардың: «Қандала шақса, бүргеге
жылап көрісесің» деген мақалы еріксіз еске оралады. Анайы-
лау, бірақ ащылау айтылған əділ сөзде зіл болмайды. Жақсы-
мыздың жағасына жар маспай, тізе қосып, елді өрге сүйрер жол-
ды таңдар сəт туды.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2005 жыл
Марат ТОЋАШБАЕВ,
«Ћазаћстан – Заман» газетініѓ
Бас редакторы:
Демократиялыћ
ћоѕамѕа ћарай
џмтылу –журналистіѓ
еркін ойлауына
жол ашты
– Қазақ зиялылары дін жолына түскендерді құптайды,
адасқандарға жол сілтейді. Сөйте тұра, мұсылманның бес
парызын өтеуге келгенде мойындары жар бермейді. Сіз
қандай амалдар жасап, қай парыздарды өтеп жүрсіз?
– Менің тағдырым қазақ зиялы қауымның соңғы отыз жылғы
тарихымен біте қайнасып, қосарланған өрім сияқты. Анау
1980 жылғы тіл туралы айқай, қазақ тіліндегі балабақша мен
мектептерді көбейту, ұлттық мəдениетіміз бен дəстүрімізді
қорғау жөніндегі аттандардың бəрі біртіндеп келіп, 1986 жылғы
Желтоқсан оқиғасына негіз болды. Ол оқиғалар еліміздің
тəуелсіздігін тездетуге ұласты. «Азат» қозғалысының басы-
қасында болдық. Қазақстан тəуелсіз парламенті құрылған кезде
соның басылымында жұмыс істей жүріп, депутаттардың аузы-
на сөз салып, ой салып, көптеген оқиғалардың ұлттық мүдде
тұрғысынан шешілуіне əсер-ықпалымыз тиді деп есептеймін.
1970 жылдары атеист болып жүрдік. Алматы облыстық «Жетісу»
газетінің үгіт-насихат бөлімінде жұмыс істеп жүріп, атеистік
тақырыптарды да қозғағанымыз бар. Сол бағыттағы ізденістер,
түрлі ағымдар, миссионерлік жұмыстармен айналысатын баптис-
термен кездесулер жеке басымда Алланың бар екендігіне көз
жеткізді. Əрине, мен ол ағымдарға еріп кеткен жоқпын. Соның
бəріне сын көзбен қарап, ең озық дін, ең ақиқи дін – ислам
екендігіне көзім жетті де, 1990 жылдардан бері əрбір мұсылман
орындауға тиісті парыздарды орындауға көштім. Бірінші па-
рыз – Алланы тану, пайғамбардың хақ екенін мойындау. Екінші
парыз – бес уақыт намаз оқу. Үшінші парыз – ораза ұстау. Оны
да 1992 жылдан бері ұстап келемін. Төртінші парыз – зекет беру.
Ол адамның дəулетіне байланысты. Журналистердің табысы
күнделікті қажетінен артылатын деңгейге жете қойған жоқ.
Сондықтан мен үшін зекетті орындау парыз емес. Бесінші па-
рыз – мұсылман адам өзінің ғұмырында бір рет қажылыққа ба-
рып, Қағбада тəу ету. Алла Тағала нəсіп етіп, оны да орындадым.
– «Қазақстан» ұлттық телеарнасын басқарғаныңыз есі-
мізде. Ол жерден кетуіңізге не себеп болды?
– «Қазақстан» ұлттық телеарнасында 5 – 6 жылдай қызмет
еттім. Басқарған да кезіміз болды. Қызметтен кетуге екі түрлі
нəрсе себеп болды. Мен қызмет істеп жүрген кезде «Қазақстан»
ұлттық телеарнасын жартылай жеке меншік телекомпанияның
басқарылуына беру, одан ары қарай толықтай жекешелендіріп
кету сияқты жағымсыз позиция болды. Ұлттық арнаны қалайда
өз дегендеріне көндіру үшін оның басшыларына неше түрлі ай-
ыптар тағу, қылмыстық істер қозғау, мүмкіндігінше сұрықсыз
етіп көрсетуге тырысу сияқты жала жабу орын алды. Сосын
«команда» деген ұғымның барын білесіз. Сондай ауыс-түйістер
болған соң қызметтен кетуге тура келді. Өзім қызмет істеген
тұста қазақ теледидарына, оның халыққа өз деңгейінде қызмет
жасауына қолдан келгенінше үлес қостық. Ал қаржылық
жағынан шамамыз жетпеген тұстары болуы мүмкін. Дəл бүгінгі
таңда Қазақстан теледидарының бағыт-бағдарын қолдаймын.
Қазір онда өте талантты буын жұмыс істеп жатыр. Олар алдағы
уақытта ел үшін, көрермен үшін жақсы хабарлар жасайды деп
ойлаймын.
– Қазақ журналистикасының даму барысына деген көз-
қарасыңыз?
– Осыдан 10 – 15 жыл бұрын осындай сауалдарға бірнеше
рет жауап беруге тура келген. Тəуелсіздігіміздің қарсаңында
осы тақырыпта əңгіме қозғалған кезде пікірімді былай деп ай-
татынмын: «Қазақ журналистикасы Ресей журналистикасынан
20 – 30 жылға, əлем журналистикасынан 50 жылға кейін қалды»
деп. Оған көбіне-көп себеп болған – журналистердің техникалық
жарақтандыры луы ның төмен деңгейі еді. Сондай-ақ, бір пар-
тиялық жүйе кезіндегі журналистердің еркіндігіне барынша
шектеу қойылатындығымен түсіндірілетін. Құдайға шүкір, дəл
бүгінгі күні «қазақ журналисти касы əлемдік журналистиканың
деңгейіне көтерілді» деп батыл айта аламын. Өйткені қазақ
журналистикасы кез келген елдің, кез келген басылымдардың
деңгейіне жетті. Шетелдік журналистер ойнаған компьютердің
құлағында қазақ журналистері де ойнайды. Сандық фотоаппа-
раттар мен диктофондар қазақ журналистерінің қолданысында
жүр. Бізде қалыптасып отырған саяси жағдай, демократиялық
қоғамға қарай ұмтылу – журналистердің еркін ойлауына, жазуы-
на жол ашты. Əрине, бірқатар журналистер мен редакторларда
өзін-өзі цензуралау бұрыннан қалған сияқты қасиеттер болуы
мүмкін. Бірақ оның өзі де біртіндеп жойылып келе жатыр. Қазақ
журналистикасы өсу үстінде, қалыптасу үстінде.
– Абай бабамыздың «біріңді қазақ – бірің дос, көрмесең іс-
тің бəрі бос» деген сөзі бар емес пе?! «Қазақтың жауы – қазақ»
деген де сөз бар. Осы ой төңірегіндегі пікіріңізбен бөліссеңіз?
– Қазақтың жауы – көре алмаушылық пен жалқаулық. Өзінің
қандасының бір биікке жеткенін көре алмай, соны аяқтан шалып
қалуға тырысу, оның сыртынан ғайбат сөз айту, абырой-беделіне
нұқсан келтіру, қай халыққа болса да жақсы қасиет емес. Екінші
жау – жалқаулық. Өзі жалқауланып жасай алмаған істі біреуден
қызғанып, көре алмау – қазаққа көп зиян əкеледі деп ойлаймын.
Адам болған соң шамамыз жеткенінше жəрдемімізді көрсетіп,
ақыл-кеңесімізді айтып отыруымыз қажет. Біздің мұсылманда
«Садақа» деген сөз бар. Садақаның өзі үш түрге бөлінеді: Сөз
садақа, қол садақа, мал садақа.
Егер басына іс түсіп, қиналып отырған адамның көңілін
көтеріп, өмірге құштарлығын оята білсеңіз, ол – сөз садақа бо-
лады. Ал енді біреу затын көтере алмай тұрып, оған көмектесіп
жіберсеңіз немесе көршіңіз үй салып жатқанда іргетасын қала-
сып жіберсеңіз, ол – қол садақа болады. Мал садақа деп – ақша,
мал, киім-кешек беруді айтады. Бұл садақалардың қайсысы
болмасын, адамның ғұмырын ұзартады. Келе жатқан бəле-
жаладан сақтайды. Сон дық тан діннен азды-көпті хабарымыз
болғандықтан, осы садақалардың бəрін жасауға тырысамын.
Адам баласы болған соң, кейде ағат ай та тын, кейде орынсыз
ренжіп қалатын тұстарымыз болуы мүмкін. Оның бəрін жаулық
сезіммен қарсы алатындар болады. Шынын айтқанда, мен жоқ
жерден жау табуды қаламайтын адаммын.
– Сіз кезінде мықты асаба болғанға ұқсайсыз?
– Жас кезімізде асаба да болдық, əн де салдық. Асабалық
қызметті халықты тəрбиелеудің құралы ретінде пайдалануға
тырыстық. Бұрын асабалық қызмет халыққа өзінің əдет-ғұрпын
үйретудің, жөн-жосықты көрсетудің, ұлттық бастауларымызға,
ұлттық қайнарларымызға қайта оралудың амалдары ретінде
орындалатын.
– Қазіргі асабаларға көңіліңіз тола ма? – Қазіргі асабаларда коммерциялық мақсат басым. Ол – халыққа ақылы қызмет көрсетудің түріне айналып кетті. Олар осы қызметі арқылы нан табуға, мал табуға ойысты. Бірақ оларды да айыптауға болмайды. Асабалық қызмет көрсететін де адамдар қажет. Дегенмен, асаба белгілі бір дəрежеде елге тəрбие беретінін ұмытпауы керек. Тұрып алып: «Алып қойыңдар, жеп қойыңдар, авторский лақтырский» деген сияқты қажетсіз нəрселерді айтып, халықты ішімдікке, арсыздыққа итермелейтін дүниелерді емес, қайта оларды ибалыққа, жастарды көргенділікке, ата жолымызбен жүруге шақыратын қадамдарды көбірек жасау керек деп есептей мін. Бұл ұсақ-түйек болып көрінгенімен, қазақтың ұлттық мəде ниетінің белгілі бір мөлшеріне айналды. Асабалыққа байланысты кезінде біз арнайы кітаптар да шығарғанбыз. – Осы асабалардың ішінде өнер жұлдыздары, тіпті қажылар да бар. Олардың той басқарып жүргенін құптайсыз ба? – Өзінің өнерімен, талантымен, біліктілігімен елге жақсы сөз арнап, олардың көңілін көтеріп жатса, онда тұрған не бар?! Ал қажылар той басқарып жүрсе, ол да жақсы. Өйткені олар халыққа арақ ішпеуді, харам жемеуді, күнə жасамауды, имандылықты үйретіп отырады. Олардың бүкіл сөзінің төркіні, сөзінің желісі, жүйесі діни бағытта болады. Егер имандылыққа шақырудың орнына, өзі бұлаңдап жүрсе, əрине ол өрескел нəрсе. Сондықтан елге аз да болса, игі ықпал ететін əрекеттер жасалса, оған қуануымыз қажет. Себебі имандылық турасындағы əңгімелерді біреудің қазасында, жетісінде, асында емес, той-томалақтарда да айту керек. – Əңгімеңізге рақмет! «Айқын» газеті, 2005 жыл
Марфуѕа АЙТХОЖИНА,
Мемлекеттік сыйлыћтыѓ
лауреаты, аћын:
Адамныѓ біреуден
жоѕары, біреуден т&мен
тџруы – заѓдылыћ
– «Бір уыс топырақ» атты шығармаңыз сыншылар жəне
оқыр мандар тарапынан лайықты бағасын алып, ақындық
арыныңызды, шалқар шабытыңызды байқатқан еді. Бұл
туындыны жазуға не түрткі болды?
– Біріншіден, əкемнің қайтыс болуы себеп болды. Екіншіден,
туған жерге деген сағыныш, аңсау түрткі болып, жүректен жыр
боп төгілді. Өйткені бізді анамыз бесікке құндақтап бөлеп,
сағынышпен тербеген ғой. «Шіркін-ай, көзіміздің тірісінде
елге, жерге оралар ма екенбіз?» деген арман ата-анамыздың
жүректерін қақ жарып отыратын. Менің ақын болуыма осы нəрсе
себеп болды ма деп ойлаймын. Анам өмірден ерте озды. Оны
алып кеткен де осы – сағыныш. Қытайда қанша бақуатты өмір
сүріп, бақытқа кенеліп жүрсе де ата-анам туған жерлерін аңсады.
Анам 1956 жылы қайтыс болды. Біз елге 1958 жылы оралдық.
Қоңыр күз болатын. Бізді Жаркенттен туған-туыстар қарсы алды.
Əкем екеуміз жеңіл көлікте келе жаттық. Таңға жақын Қоңыр
тауының бөктеріне келдік. Кең дала. Таусылмайтын таулардың
сілемі. Сайран деген көл. Арындап жатқан өзендер. Іле өзені
де сол жақтан бастау алады ғой. Мен сол тауларға, өзендерге
қарап, көңілім құлазып келе жатты. Ешкіөлмес тауының бау-
райына жеткен кезде əкем көлікті тоқтатты. Қазір ойласам, ақын
Сара ауылының тұсы екен. Əкем қыр мұрынды, маңдайы кең,
шекесі торсықтай аппақ кісі болатын. Басынан қара мақпалмен
тысталған сусары бөркін шешіп, жол жиегінен бір уыс топырақ
алды. Мен кірпік қақпай, əкемнің қимылына қарап отырдым.
Əкем əлгі бір уыс топырақты құшырланып тұрып иіскеді. Со-
нан кейін көкірегіне басты. Мен оны көңілім толқып, көзіме жас
алмай айта алмаймын. Сосын барып жолдың жағасына етбетімен
жатты. Мен «Аға, аға тұрыңыз» деп орнынан тұрғыздым.
Əкем қанша орыстың, қытайдың түрмесінде жатып, қандай
қиындықтар көрсе де, əсіресе қытайдың түрмесінде қолына шеге
қағып, басына шеңбер салып, от қалақпен ұрып, көзін сыртқа
шығарған кездің өзінде де көзіне жас алмаған екен. Сөйткен
қайсар қазақтың айдаладағы бір уыс топырақты көкірегіне
қысып, жылап жатқанына қайран қалдым. Арада бірнеше жыл
өткеннен кейін əкем қайтыс болды да осы оқиғаларды үлкен
тебіреніспен жыр ғып өрдім.
– Жаңа бір сөзіңізде «Қытайда тұрған кезде бақуатты
ғұмыр кештік» деп қалдыңыз. Əкеңіздің орыс, қытай түр-
мелерінде жатқанын да тілге тиек еттіңіз. Соған қарағанда
тегіңіз осал болмады ғой...
– Айтқожа атам би болған. Ауыздыға сөз бермей, топ жарған
шешен екен. Қажылыққа да барған. «Айтқожаның шешендік
сөздері» деп ел-жұрт айтып жүретін. Мұның бəрін мен елге
қоныс аударғанда ғана естідім. Шешемнің шын аты Бифатима
екен. Ел-жұрт оны қадірлегені соншалық, ешкім атын тура ата-
май, «Бəтжан, Бəтжан жеңеше» дейтін. Анам өте ақылды, көрікті
кісі болған. Егер мен шешеме тартсам сұлу болар едім. Бірақ
əкеме тартып кетіппін. Менің Жанбота қызым анама келеді.
Оны көрген туыстарым: «Бəтжан тəтемнің аузынан түскендей
ғой» деп таңда натын. Əкем Құлжада, Үрімшіде жүргенде де
ат үстінен түспеген кісі болған. Кейін жала жабылып, айдалып
кетті. Сонда əкемнің жоғын білдірмей, анамның өзі би болып,
елді басқарыпты. Менің Сақыпжамал дейтін екінші шешем бола-
тын. Оны жас кезінде шешем өзіне қолқанат етіп, əрі тəрбиелеп,
баулып, кейін əкеме тоқалдық қа алып беріпті. Сол кісілер мені
ортаға алып, таң атқанша əн айтатын. Сонда халықтың жəне
өзі шығарған зарлы əндерді шыр қау шы еді. Ол əндердің бəрі
айдауда жүрген əкеме арналатын. Соның бəрі менің құлағыма
əбден сіңіп қалды. Менің алдымда екі ағам қайтыс болып кетіпті.
Шешемде ерекше қасиет болыпты. Мен дүниеге келер кезде ше-
шем түс көріпті. Түсінде бала – бүркіт анамның қолынан ұшып
кетіпті. Сөйтіп аспан қақ жарылып, ұзын күміс бауы бар сағат
түсіп келе жатыпты. Анам қойнын аша беріпті. Анам: «Өмірге
қыз бала келеді. Ғұмыры ұзақ болады. Ол жай бала болмайды»
деп жорыпты. Менің халықтың адамы болуыма осы нəрсе себеп-
кер болған сияқты. Сондықтан мен елдің бір кəдесіне жарасам
деп ғұмыр кешіп келемін.
– Қазір тұрып жатқан үйіңізді «Дінмұхаммед Қонаев
ағамыз берген» деп естиміз. Бұл оқиға қалай болып еді?
– Мен 1969 – 1971 жылдары Мəскеудегі əдебиет институ-
тында оқыдым. Бітіретін жылы Партияның XXІV съезі болды.
Соның алдында мен Димекеңнің қабылдауына өтініш беріп
қойған болатынмын. Содан мені Қазақ елшілігінің қызметкер-
лері іздеп, таба алмаған соң телефондарын қалдырыпты. Хабар-
лассам: «Сізді Димекең қабылдайын деп күтіп отыр» деді. Со-
дан алып ұшып жеттім. Мені Димекеңнің Дүйсетай Бекежанов
деген көмекшісі қарсы алып, қабылдау бөлмесіне ертіп барды.
Димекең өте жылы қабылдады.
Өмірбаяным туралы сұраған соң, үлкен атамның би болға-
нын, қажылыққа барғанын, ақындықтың сол кісіден дарығанын
жасырмай, бəрін жайып салдым. Ол кісі мұқият тыңдап: «Е,
қара ғым, текті əулеттен шыққан бала екенсің ғой» деді де жұ-
мысымның бар-жоғын, кітаптарымның шыққан-шықпағанын
сұрады. Қанша қаламақы алатыныма дейін сұрап алды. Мен
жұмыстың табылатынын, кітаптарымның шығып жатқанын айт-
тым. Тек пəтерімнің жоқтығы жанға бататынын білдірдім. Содан
ол: «Е, шырағым, жағдайың жақсы екен ғой» деді де Мəскеуде
оқып жүрген тағы да басқа қазақ жастарын қабылдайтынын айт-
ты. Мен қоштасып шығып кеттім. «Сау бол, қарағым. Мінезің
өте бұйығы, ұяң екен. Амандықпен жолығайық» деп қала берді.
Екі-үш күннен кейін съезд бітіп, соның қонақасына шақырды.
Ол жерде бізге сый-сияпат жасалады екен. Өкінішке қарай, дəл
сол күні əкемнің қайтыс болғаны жөнінде жеделхат алдым да
елге ұшып кеттім. Кейін белгілі болғандай, сол қонақасында
қаржылай жəрдем берілген екен. Бірақ оны маған ешкім табыс
еткен жоқ. Бірер жыл өткен соң, Димекең тағы да қабылдап,
осы үйді берді.
– Сізді кезінде аттың құлағында ойнаған деп естиміз...
– Əулетте емес, бір ауылда тұңғыш дүниеге келген сəби
болыппын да бəрі қатты еркелетіп, ұл балаша киіндіріп қояды
екен. Жиырмаға толғанша ұл баланың киімін киіп өстім. Басым-
да тұмақ, атқа мініп, көкпар шауып, қыз қууға қатысып, жамбы
іліппін. Сосын жайлауда болсын, қыстауда болсын ойын-тойлар,
айттар болып жататын. Бұл біз үшін үлкен мереке, жұрт барын
киіп, бақанын қолына алып, қыз-келіншектер малынып, үлкен
аналарымыз бастарына қарқарадай қылып күндіктерін орап,
сəн-салтанатпен баратын. Əрине, мұндай мерекелерден мен де
қалмаймын. Атқа мінгізіп, кілем қоржынның бір жағына мандал,
бір жағына домбыра салып беретін.
Сонда керегені түртіп тастап, айтыс өтіп жатқан думанды
топқа апарып қосып жіберетін. Қазақтың қасиетті өнерлері – ай-
тыс, қыз ұзату, айт, наурыз, жарапазан айту, той-томалақтардың
бəрін көріп, санамызға сіңіріп өстік қой.
– Иога гимнастика – екінің бірінің қолынан келе бермейтін
өнер. Сіз оны да еркін меңгерген көрінесіз.
– Иога – Шығыс елдерінде өте қатты дамыған өнер. 1980
жылы басымнан қатты соққы алдым. Сонан бері басым қатты
ауыратын болды. Сол кезде Совет ауданының депутаты едім.
Бір күні менің қабылдауыма ұзын-бойлы, қараторы жігіт келді.
Өзін Қажымұрат Масимовпын деп таныстырды. Қазіргі Кəрім
Масимовтың əкесі. Білуімше, екі жерде жұмыс істейді екен.
Оның бұйымтайын шешіп бердім. Ол ризашылығын білдіріп
отырып: «Сіздің өң-түсіңіз қашып отыр ғой. Басыңыз ауырып
отырған жоқ па?» деді. Мен мəн-жайды айтып түсіндірдім. Ол:
«Егер рұқсат етсеңіз емдеп берейін. Сіз иогамен айналысыңыз.
Ертең мына мекен жайға келіңіз. Онда академиктерден бастап,
қарапайым адамдарға дейін бар» деді. Мен бар-жоғы екі-ақ
рет бардым. Бірақ иога əдіс-тəсілдерінің бəрін үйреніп алдым.
Міне, ширек ғасырдан бері үзбей осы өнерді жаныма серік
етіп келемін. «Лотос» əдісі қазақша малдас құрып отыруға
ұқсайды. Бірақ одан күрделірек. Осы əдіспен бүкіл ойды
бір нүктеге жинақтап, белгілі бір уақытқа дейін тапжылмай
отырасыз. Бұл – адамға күш, қуат береді. Шаршағаныңызды
басады. Санаңызды тазартып, ауруыңыздан айықтырады.
Əрине, оның басқа да толып жатқан тəсілдері бар. Қызымда
да мен түсіне бермейтін біраз қасиеттер баршылық. Мəселен,
аспаннан энергия алу, сəуле қабылдау деген сияқты. Негізі,
адам сезімге бағынбау керек. Адам қайта сезімді бағындырып,
өзін-өзі басқара алуы қажет. Осының бəрі иога гимнастика-
сымен тығыз байланысты. Мен кейде апталап жазу үстелінде
отырамын. Таза ауа жұтпаған адам шаршайды ғой. Ал иога-
гимнастиканы жасағанда бəрі де ұмыт болады. Сондай-ақ,
иога адамның ақыл-ой еңбегіне игі əсерін тигізеді. Адамға
жасаған жақсылығың көп болса, арың таза болса, болашаққа
деген сенім де зор болады.
– Туған-туыстарыңыз, əріптестеріңіз Сізді «Мəраға»
дейді екен. Негізі, қазақ қыз-келіншектерді бұлай атамау-
шы еді...
– Сырткөз мені «тəкаппар» дейді. Тəкаппар болу керек. Бірақ
ол орынды, жарасымды, сол адамға лайық тəкəппарлық болуы
қажет. Бойыңда, ойыңда түк жоқ болып, пасықтық тəкаппарлық
жасайтындарды жек көремін. Жора-жолдастарыңа, əріптестеріңе
қарапайым болып, кішіпейілділік танытсаң – жақсы қасиет. Кей
адамдар: «Бұның сана деңгейі төмен болғандықтан кішірейіп
тұрады» деп ойлайды. Керісінше, бұл – санасыздар мен надан-
дардың пікірі. Қазақ «Ұлық болсаң, кішік бол!» демеуші ме
еді?! Мен жора-жолдастарыммен өзімді тең ұстаймын. Егер ол
биік болып тұрса, оны мойындаймын. Ал жетпей жатса, оны
да түсінемін. Бірақ оны қорламаймын. Қайта оның сана-сезімін
оятып, көкірегіне сəуле құйып, тарту керек. Адамның біреуден
жоғары, біреуден төмен тұруы – заңдылық. Ал əзілдесетін
жерде əзілдесемін. Айбат шегетіндерден қорықпаймын. Олар
кім? Пенде. «Жетелеген тайлақ көшке ілеспейді». Ондай
адамдар көп. Менің осындай қасиеттерім – ерге лайық мінез.
Құрбы-құрдастарым: «Аға» десе, ағаға лайық, «қарындас» десе,
қарындасқа лайық мінезің бар. «Қыз» десе, қыздай сызылып
тұрсың. «Жігіт» десе, жігіттігің бар, өрлігің бар. Ештеңеден
қорықпайсың» дейтін. Сондықтан мені танитын адамдардың
бəрі «Мəраға» деп кетті. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар
Əубəкіров екеуміздің арманымыз бар. Ол – жылқы зауытынан
екі мықты бəйге аттарын таңдап алып, жарыссақ деген. Əрі
сол көріністі суретке түсіріп алып, жеке мұрағатымда сақтасам
деймін. Амандық болса, осы мақсатыма жетемін.
– Сіздің тігіс тігіп, кесте тоқитыныңызды да білеміз.
Шебер ісмер көрінесіз.
– Қазақ – қыздарын ісмерлікке баулыған халық қой. Жоғарыда
айтып өткенімдей, отбасындағы жалғыз бала болғаннан кейін
ата-анам мені қазан ошаққа жолатқан жоқ. Бірақ сабақтан қолым
босаған уақытта іс тігіуді, кесте тоқуды үйрететін. Кішкентай
кезімнен бастап шешемнің жанында отырып, көйлек тігу, ки-
ме шектің зерін кестелеу, текемет басу, ою-өрнек жасау, тағы
басқа ісмерлікті игердім. Өзім тоқыған тұскиізді Орталық
мұражайға өткізіп жібердім. Құрбыларым «Көйлектеріңізді
қайда тіктіресіз?» деп сұрайды. Көйлектерімді өзім тігемін.
Қазір де осы ісмерлікпен айналысып тұрамын.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2005 жыл
Ћџдайберген СЏЛТАНБАЕВ,
Ћазаћстанныѓ Халыћ артисі:
Халыћты жеѓіл,
жыртаћай кљлкіге
љйретіп алдыћ
– «Тамашаның» іргетасын қалап, уық шаншығандардың
бірі едіңіз. Сол «Тамашадан» да, басқа əзіл-оспақ отауларынан
да көрінбей кеттіңіз. Сонда режиссерлер Сізге рөл бермейді
ме, əлде жата жабысып шақырса да бармай жүрсіз бе?
– «Тамаша» əзіл-оспақ отауын ашып, оны халыққа кеңінен та-
нымал еткеніміз рас. Ол кезде цензура болды. Айтарыңды ашық
айта алмайсың. Соған қарамастан əрбір қойылымда əлеуметтік
мəні зор, көтеретін жүгі ауыр мəселелерді қозғайтынбыз. Қазақ
қашанда астармен сөйлеген ғой. Біз де астардың мазмұнына үлкен
мəн беріп, халықты мейлінше емеурінмен күлдіруге тырыстық.
Сол заманның көлеңкелі тұстарын көрсеттік. Сондықтан да
болар, ел бізді əлі күнге дейін іздейді, аңсайды. Дей тұрсақ та
біздің де біраз кемшіліктеріміз болды. Өйткені халықты жеңіл
де жалаң, жыртақтай күлкіге үйретіп алдық. Сондықтан ба
қайдам, көрермен қауым бізге сайқымазақ ретінде қарайды. Бет-
пішінімізді өзгертіп, қолымызды шошайтсақ та күледі. Бұған
Лұқпан ағамыздан бастап, бəріміз кінəліміз. Ал қазіргі барлық
əзіл-оспақ отаулары біз шиырлап кеткен жолды, жауыр болған
тақырыпты қайталаумен келеді. Ешқайсысының өзіндік өнері,
өрнегі жоқ. Көрермен қауым ескіні көруден, естуден жалықты.
Ал енді менің төбе көрсетпей жүрген себебім, соңғы жылдары
жұмысбасты болып кеттім. Оның үстіне, Лұқпан ағамыз: «Сен
гастрольге шыға алмайсың ғой» деді. Сонымен, əрқайсымыз өз
күнімізді өзіміз көріп жүрміз.
– Дегенмен, сол кездегі сатираның сөлі қою, астары
қалыңдау сияқты еді. Авторларды қалай таңдап, қалай
іріктедіңіздер?
– Ол кезде бізде ынта-ықылас зор болды. Біздің ұстазымыз
Əзірбайжан Мəмбетов, одан қала берсе, əкем театр тəрбиеледі.
Осы екі мектеп бізге тəлімді тəрбие берді. Əрбір қойылымға
барымызды салып дайындалдық. «Тамашаны» ең алғаш «Рес-
публика» сарайына алып шыққан кезде, концертке бірде-бір
пенде келмейтін. Сосын билетті тегін тарататынбыз. Соның
өзінде халық əзер келетін. Кейін-кейін ел-жұрт қызығып, ағылып
келе бастады. Сонда ғана билетті сата бастадық. Негізі, ол кезде
мықты-мықты редакторлар көп болды. Мысалы, Қойшығұл
Жылқышиев, Жарасқан Əбдірашев, Мұқадес Еслəмғалиев, Ма-
рат Сақатов сияқты. Олар материалдарды іріктеп, жетпей жатқан
тұстарын толтырып, тұздықтап, сахнаға лайықтайтын. Бірақ
кейбір уытты əзілдерді басшылар алып тастайтын. Дегенмен,
біз өзара келісіп алып, əлгі тыйым салған нəрселерді сахнада
айтып жіберетінбіз. Сонда көрермендердің айызы қанып, бір
жасап қалатын.
– Сіз театрда ғана емес, жалпы қоғам айнасынан сирек
көрініп жүрсіз? Оның мəнісі неде?
– Осы сұрақты маған журналистер жиі қояды. Парламентте
жүрген кезімде де əріптестерім: «Осы саған биліктің не қажеті
бар? Одан да театрда жүре бермейсің бе?» деген пендешілік
сөздер айтатын. Егер депутат болсам, мені өнер адамдары
немесе Мəдениет министрі сайлаған жоқ. Мені елім, халқым
сайлады. Өзім туып-өскен Аралыма қарлығаштың қанатымен
су сепкеніндей «бір пайдам тие ме?» деген оймен саналы түрде
осы қадамға бардым. Мен сайланған 1999 жылдары сайлау əділ
өтуші еді. Сосын депутаттар сайлаушыларға берген уəдесін
орындауға тырысатын. Көбіне орындап та жататын. Қазіргі
Парламент тек заң шығарумен ғана шектелетін болып қалды.
Қазір көптеген депутаттар өзін-өзі көрсетумен айналысып кетті.
Заңның не туралы екенін білмесе де камераның алдында есіліп
тұрып сөйлейді. Əйтеуір өзінің беделін өсіру үшін сөйлеп қалу
керек. Тіпті операторды, сатып алатындар да болады. Оны
көрген халық «Ойпырм-ай, мынау бір керемет депутат екен» деп
қалады. Ал үнемі ауырдың астында жүретін, сол Парламенттің
шаңын жұтып, қара жұмысымен айналысатын оншақты іскер
депутаттар бар. Олар камерадан көрінбейді. Ал енді менің қоғам
айнасынан көрінбей кетуімнің де өзіндік себебі бар. Қазақта
«Інгенімді іздеймін деп мінгенімнен айрылдым» деген сөз
бар. Сол айтқандай, 1999 жылдан бері жұмыссыз жүрмін. Мен
үлкен қызмет сұрап жүрген жоқпын. Баспанасы бар бір өнер
ордасын берулеріне болады емес пе?! Мен сол жерден Сатира
театрын ашар едім. Бұл жөнінде мен кірмеген есік қалмады.
Қаншама Премьер-министрдің алдынан өттім. Қозғалыс жоқ.
Бірақ бұл жерде Иманғали Тасмағамбетовтің орны бөлек. Ол –
ұлттық өнерге жаны ашитын азамат. Енді қолымыз жетіп қалар.
Мəселеміз оң шешілер деген үміттемін. Шындап келгенде, театр-
ды ашуға бар-жоғы 20 – 30 миллион теңге қажет. Ол қаржы қазір
кез келген бизнесменнің қалтасында жүр. Ертең аяғымыздан
тұрып кетсек, ол қаржыны қайтарамын. Тек Үкіметтің қаулысы
жетпей отыр. Əйтпесе барлық құжаттар дайын.
– Сізді халық комик актер ретінде қабылдайды. Ал енді
Сіз салмақты рөлдерді сомдап көрдіңіз бе?
– Жалпы, мені «комик» дегендерге жатып кеп өкпелеймін.
Мен комик емеспін. Менің обалыма Əзекеңнен бастап, барлық
режиссерлер қалды. Өйткені мен театрға келгелі бері эпизодтағы
рөлдерді береді. Соған қарамастан əкесін танытып тұрып ойнап
беремін. Менен кейін ол рөлді дəл мен сияқты ешкім шығара
алмайды. Өйткені мені Əзірбайжан Мəмбетов ағам соған үйрет-
кен. Ол «сенен кейін ол рөлді ешкім ойнай алмайтындай бол-
сын» дейтін. Маған тек қана Байтен Омаров үлкен рөл берді.
Ол – «Əпке» спектакліндегі Тимурдың рөлі. Оны өте жақсы
алып шықтым деп ойлаймын. Негізі, мен – драма актерімін.
Кез келген рөлді алып шығарыма сенемін. Маған басты рөлдер
беру керек. Тіпті, маған осы уақытқа дейін Алдаркөсенің рөлін
де берген емес.
– Соңғы жылдары əзіл-оспақ отаулары көбейіп кетті.
Солардың қайсысы Сіздің көңіліңізден шығады? Атын атап,
түсін түстеп, жеке-дара бағалап бере аласыз ба?
– Егер олардың атын атап, түрін түстеп, сын айтар болсаң,
жатып кеп ренжиді. Жалпы, олар сын көтере алмайды. Өйткені
өздерін аса мықты дарын санайды. Негізі, эстрада – бір актердің
театры болуы керек. Қазір сахнаға 6 – 7 персонаж шығады.
Көрермендер олардың қайсысына көз тоқтатарын білмей саса-
ды. Сосын баяғы біз айтып кеткен тақырыптарды қайталайды.
Олар керісінше ешкімді қайталамауға тиіс. Əр отаудың өзіндік
өрнегі болса, ол – жетістік. Қазіргі «Шатақханадағы» жігіттердің
өзіндік ізденісі, қолтаңбасы бар. Олар мектеп көрмеген. Солар-
ды тəрбиеме алсам деп жүрмін. Мен оларды көктемде болған
авторлық кешіме қатыстырдым. Өнерлеріне тəнтімін. Ал басқа
отауларға келсек, олар əлі күнге дейін отбасы, ошақ қасынан
шыға алмай жүр. Драматургия саласында ізденуді қойды. Енді
өздері жазып, «өнер» шығара бастады. Сахнада импровизация
жасауға көшті. Негізі, миниатюра 7 – 8 минуттан аспау керек.
Ары кетсе, 10 минут болсын. Олар соның мəн-жайын білмей
жүр. Білсе де ескермейді. Жалпы, əзіл-оспақ отауларының
көбейгені жақсы. Мысалы, «Бауыржан-шоу», «Күлкі керуені»,
«Терісқақпай» отауларында əйтеуір ілгерілеу, талпыныс бар.
Ал «Шаншарда» жүрген жігіттердің арнаулы білімі, актерлік
шеберліктері жоқ. Күні ертең Сатира театрын ашып жатсақ, осы
отаулардан актерлерді іріктеп алатын боламыз. Сосын біздің
актерлерді еліктеушілік басым. Мысалы, Хадиша Бөкееваның
кей мінездері Фарида Шəріповада бар. Ал Фариданы Əспетова,
тағы басқалар қайталап жатады. Олар еліктейін демейді. Бірақ
бірге жұмыс істегеннен кейін қанша дегенмен кей мінездерді
бойына сіңіреді. Сол сияқты қайталаушы, еліктеушілер «Та-
машада» да бар. Көбісі Лидияға ұқсап бағады. «Тамашада»
Марат деген жігіт бар. Ол – керемет актер. Таза ойнайды. Əрбір
образды өзіне сеніп жасайды. Ал Бауыржан екі бастан ғажап
ойнайды. Əрі оның ұйымдастырушылық, продюсерлік қабілеті
зор. Ал біздің Лұқпан ағамызға «Тамашада» жұмыс істемегеннің
бəрі актер емес. Олай бағалауға болмайды ғой. Неге актерлер
«Та машада» тұрақтамайды? Өйткені онда қаламақыны дұрыс
бөлмейді. Актерлердің еңбегін бағалай білмейді. Администра-
торлар бірінші өзінің емес, актерлердің жағдайын жасау керек
қой. Жалпы, біз администраторларға жарымай келеміз. Кезінде
«Гүлдер» ансамблінің Камил Чурин деген администраторы бол-
ды. Мəскеуге гастрольге барғанда оны əуежайдан күтіп алатын.
Ал ол əртістердің барлығын қонақ үйге орналастырып болғаннан
кейін өзіне орын алатын. Оларды тамақтандырғаннан кейін
барып өзі өзек жалғайтын. Қазіргі администраторлар билетті
өткізіп, қаржысын қалтасына басып алады. «Сен кеше келген
баласың ғой. Саған осы да жетеді» деп жастардың жігерін құм
қылады. Сосын актерлер қалай тұрақтасын?!
– Бұқаралық ақпарат құралдарында «Сатира жоқ. Автор-
лар сахнаға лайықтап шығарма жаза алмайды. Бар дүниені
режиссерлер ұқсата алмайды» деген кереғар пікірлер жиі
басылып та, айтылып та жүр. Сатира тарланы ретінде Сіз
не айтар едіңіз?
– Сахнаға лайықтап шығарма жазу үшін Оспанхан Əубəкі-
ров ағамыз сияқты Театр институтын бітіру қажет. Ол кісінің
барлық дерлік шығармасы сахнаға лайықталып жазылған. Тілі
үшкір де қышқыл. Негізі, классик жазушы ғой. Оның əдеби
мұрасы бізге əлі күнге дейін азық болып келеді. Шығарманың
басы, аяғы, айтатын ойы, ең соңында финалы болуы шарт. Бұл
жағынан келгенде Сейіт Кенжеахметов ағамыз қамшы салдыр-
майды. Жалпы, сахнаға қысқа да нұсқа етіп жазу қажет қой. Бірақ
сатира кез келген қаламгердің оң жамбасына келе бермейді.
Əйтпесе бұл жанрда Шөмішбай Сариев те, Батырхан Дəрімбетов
те жазып көрді. Олардың бірі – ақын, бірі – публицист. Ал Ас-
қар Наймантаевтың жазып жүргендерінің бəрі көшірме. Орыс
тілінде шығатын газет-журналдардағы ойларды алып, өзі жазған
болады. Кезінде Аркадий Райкин Жванецкий мен Карцевтерді
«Маған одессалық анекдоттардың қажеті жоқ» деп маңына
жуытпай қойған. Содан кейін олар ізденіп жүріп танылды, мой-
ындалды. Сол кезде Райкин тек қана Полянов деген автормен
жұмыс істеген. Қазір Петросянға отыз шақты авторлар шығарма
жазып берсе, ондай авторлардың Хазановта алпыс-жетпісі бар.
Задорнов өз шығармасын өзі оқыса, ал Жванецкий мүлде оқи
алмайды. Сол сияқты бізде де сондай талпыныс бар. Көпен
Əмірбек те өз шығармасын өзі орындағысы келеді. Бірақ оның
мүлдем даусы жоқ. Аудиторияны көтерудің орнына, қайта еңсе-
сін түсіріп жібереді. Мұхтар Шаханов: «Өлеңді менен артық
ешкім оқи алмайды» дейді. Қатты қателеседі. Өзінің кере-
мет өлеңдерін өте нашар оқиды. Тек Олжас қана өлеңді нə-
шіне келтіріп оқи алады. Міне, өзімізге сыни көзбен қарай алма-
ғандықтан осындай келеңсіздіктерге тап болып жатамыз.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2004 жыл
Маѕан 30 мыѓ доллар
пара бермек болды
Жарылћасын НЏСЋАБАЙЏЛЫ,
«Білім» баспасыныѓ Бас директоры:
– «Білім» баспасының іргетасы Кеңес үкіметінің тұсында
қаланды. Содан бері білім ордаларына оқулықтар шығарып
келеді. Əлі де осы бағыт-бағдарды ұстанып келесіздер ме,
əлде басқа да əдебиеттер шығарасыздар ма?
– Баспаның аты айтып тұрғанындай, біздің негізгі мақсаты-
мыз – балалар бақшасынан бастап, орта, арнаулы орта жəне
жоғары білім беретін оқу орындарына оқулықтар мен көмекші
оқу құралдарын шығару. Біз əлі де осы бағыт-бағдарды ұстана
отырып, басқа да көркем əдебиеттерді басумен айналысып
келеміз. Бұл – нарықтың негізгі шарты.
– Мемлекеттік тендерге қатысып, сол арқылы тапсырыс-
тар қабылдап отырсыздар ма?
– Біздің баспа жекешеленіп кеткенімен, əлі де Мəдениет,
ақпарат жəне спорт министрлігіне тəуелдіміз. Өйткені жыл сай-
ын министрлік «Мəдени мұра» бағдарламасы негізінде өте зəру
кітаптарға тендер жариялап келеді. Осы тендерге қатысып, шама-
шарқымызға қарай өз үлесімізді алып келеміз. Мысалы, биыл
біздің баспадан «Əдеби мемуарлар» деген серия ашылды. Осы
серия бойынша əдебиет, мəдениет, өнер, ғылым саласындағы
қазақтың біртуар дарын иелері – Мұхтар Əуезов, Қажымұқан,
Қаныш Сəтбаев, Шəкен Айманов, Нұртас Оңдасынов, Күлəш
Байсейітова, Ғабит Мүсірепов, Қалижан Бекхожин, Бердібек
Соқпақбаевтар туралы əдеби естеліктер шыға бастады. Олардың
алды жарық көріп, оқырмандардың қолдарына тиді. Сонымен
бірге, Қорғаныс министрлігімен де байланыс жасап, олардан
да тапсырыс алып тұрамыз. Қазір олардың екі томдық əскери
энциклопедиясын өндіріске дайындап жатырмыз. Құдай қаласа,
жыл соңына дейін жарық көреді. Мұның көлемі 50 баспа табақ,
екі тілде шығады.
– Өздеріңіз де авторлар тартып, тапсырыс көлемін ұл-
ғайтып отырған боларсыздар?
– Əрине, міндетті түрде. Біз тапсырыстың кез келген түрінен
бас тартпаймыз. Сондай-ақ, олардың тақырып аясына да шектеу
қоймаймыз.
– Сонда егер қаржысы табылса, кез келген баспа өнімін
шығара бересіздер ме, əлде оның сапасына да назар ауда-
расыздар ма?
– Егер кез келген кітапты басып шығара беретін болсақ, онда
біз несіне отырмыз?! Мысалы, осыдан бірнеше жыл бұрын өзге
діни ағым өкілдері келіп, 30 баспа табақ көлеміндегі діни уағыз
туралы кітап шығарып беруді өтінді. Танысып көрсем, ұлттық
мүддемізге, таным-түйсігімізге кері əсер ететін дүние екен.
Мен оны басудан бас тарттым. Сөйтсем, олар: «біз сізге кітап
қаржысынан бөлек, 30 мың доллар берейік» дейді. «Сосын мен
қалай ұйықтауым керек? Елге қай бетіммен қараймын?» деп
оларға қарсы сауал тастай жауап бердім. Міне, олар маған пара
ұсыну арқылы, осы жасқа келгенше істемеген тірлігімді істетіп,
ел-жұртқа масқара етпек. Жалпы, сапасы нашар, көркемдік
деңгейі төмен баспа өнімдеріне қаржысын екі есе төлесе де
шығармаймыз. Өйткені пəлен жылдан бері жинаған абыройды
шелектеп төккіміз келмейді.
– Қазақстанда жекешеленбеген баспа қалмады. Бас-
пагер ретінде «осылардың барлығы халық сұранысын
қанағаттандырып отыр» дей аласыз ба?
– Алғашқы сауалыңызға келсек, елімізде əлі жекешеленбе-
ген үш баспа бар. Оның бірі – күні кеше Астана қаласында
ашылған «Елорда» мен «Аударма» баспалары жəне кеңес кезі-
нен бері бізге əріптес болып келе жатқан «Мектеп» баспасы.
Ал «осылардың барлығы халық сұранысын қанағаттандырып
отыр ма?» дегенге келер болсақ, «иə» деп мүлдем айта алмай-
мын. Осы біз отырған 6 қабатты ғимаратта ежелден келе жатқан
оннан астам баспа бар. Айталық, «Жазушы», «Жалын», «Балау-
са», «Өнер», «Қайнар», «Ана тілі» деген сияқты. Осылардан
басқа, ел-жұртқа беймəлім тағы баспасымақтар бар сыңайлы.
Олардың қалтасында мөрі, аузында «Мен пəлен деген баспаның
директорымын» деген сөзі бар. Ал енді ол баспаның ең болмаса
қолжазбаның мұртын басып, тігісін жатқызып оқитын я редак-
торы жоқ, əріптің шаңын қағатын я корректоры жоқ. Құдайым-
ау, төрт адаммен баспа ашуға болады ма? Оның бірі – директор,
бірі – шопыр, бірі – бухгалтер, енді бірі – терімші. Егер сіз бір
қолжазбаны алып келсеңіз болды, сізден қабылдап алады да,
өндіріспен келісіп, типографиядан шығарып береді. Сөйтеді де
арасындағы айырма қаржыны қалтасына басады. Бұл адамдар
баспа ісін күнкөріс қамына, яғни кəсіпке айналдырып алған.
Біздің жөніміз бөлек. Біз сонау кеңес заманынан бері қызмет
етіп келе жатқан атына заты сай баспамыз ғой. Сондықтан əуелі
ел алдындағы абыройымызды ойлаймыз.
– Ілгеріде кітаптар сауатты шығып тұратын. Əрбір
баспа өнімінде оның редакторы, техникалық редакторы,
суретшісі, корректоры дегендер болушы еді. Қазір кей баспа-
ларда жаңа өзіңіз айтып өткендей, корректор атаулы жоқ.
Сондықтан ба кей кітаптардағы қателерден көз сүрінеді.
Осындай сауатсыздықтан арылудың жолы бар ма?
– Оның жолын іздеп, бас қатырудың қажеті жоқ. Егер шы-
ғарып отырған баспа өнімдерінің сапасы нашар, безендірілу
деңгейі төмен, əріп қателері көп болса, ондай баспаларға мем-
лекеттік тапсырыс бермек түгілі, тендерлерге қатыстырмау
керек. Əйтпесе соңғы жылдары аты бар да заты жоқ беймəлім
баспалар тендерден 600 – 700 баспа табақ кітаптарды алып кетіп
жатады. «Бұл кім еді?» дейміз басымызды шайқап. Оларды
танымаймыз да. Мен өмір бойы осы салада жүрген адаммын
ғой. Тіпті, тендерге əлі тіркеліп үлгермеген баспалар қатысып,
«бармақ басты, көз қысты» əдісімен бірнеше атаулы кітаптарды
алып кетіп жатады. Мысалы, біз биылға сегіз-ақ кітап алдық.
Тіпті, екі-ақ кітап алған баспалар бар.
– Сонда жыл сайын тендерге неше баспа қатысады?
– Егер Қазақстанда 200-ден аса баспа бар десек, соның 100-ге
жуығы осы Алматы қаласында орналасқан екен. Жалпы, жылына
əлгі тендерге 40 – 50 баспа қатысып тұрады.
– Өздеріңіз де авторлар тартып, тапсырыс көлемін ұл-
ғайтып отырған боларсыздар?
– Əрине, онсыз бола ма?! Біз қазір нарық кезеңінде өмір сүріп
жатырмыз. «Алма піс, аузыма түс» деп жата берсек, бізге дайын
асты кім əкеліп береді? Сондықтан қолда бар мүмкіншіліктің
бəрін пайдаланып, қалай да авторларды тартуға тырысамыз.
Мысалы, қазір менің алдымда медициналық орта жəне жоғары
оқу орындарына арналған «Тəнтану» яғни «Адам анатомиясы»
деген оқу құралы жатыр. Бұл құнды оқулықтың авторы – танымал
физиолог, жантанушы, анатом, биолог, профессор, медицина
саласында алдына жан салмайтын белгір маман. Осы басы-
лымды шығару үшін автор он жыл бойы Білім жəне Ғылым,
Денсаулық, Мəдениет, ақпарат жəне спорт министрліктерін
жағалаған. Кірмеген есігі қалмаған. Медицинаның болашақ
мамандары үшін өте қажетті-ақ кітап. Бірақ ешкім баспаған.
Мұның алғашқы басылымын да «Рауан» баспасында жүргенде
мен шығарып едім. Кітаптың құндылығын көре-біле отырып
баспауға арым жібермеді. Сосын мұрындық болдым. Сөйтсем,
автор басылым соңында маған алғысын білдіріпті. Осы кітаптың
жарыққа шығуына біздің қоржыннан 2 миллион теңгеден астам
қаржы жұмсалып отыр. Соған қарамастан ертең кітаптың саты-
лымынан авторға қаламақы төлейін деп отырмын. Жалпы, біз
былтырдан бастап, барлық авторларға қаламақы төлеп келеміз.
Мұның бəрі – өзімізге авторлар тартудың бір шарасы.
– Жылына орта есеппен неше кітап шығарасыздар? Басқа
баспалармен салыстыра отырып айта аласыз ба?
– Өткен жылы «Білім» баспасынан 50-ге тарта кітап шықса,
биылдың өзінде 60 кітап шығарып үлгердік. Құдай қаласа, жыл
соңына дейін тағы да он кітап, сірə, шығаратын болуымыз ке-
рек. Бұл – ілгерілеудің нышаны. Оның үстіне, біздің халықтың
əл-аухатының жақсара бастағандығының белгісі. Өйткені елдің
қалтасы кітап сатып алуды көтере бастады. Тағы бір айта кететін
жайт, өзге баспаларға қарағанда біздің баспаның жеке шағын
баспаханасы бар. Бұл баспа техникасы басылымның бағасын
төмендетуге əрі шығару мерзімін жылдамдатуға игі əсерін
тигізеді.
– ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде дəріс оқып
жүрсіз. Болашақ баспагерлерді дайындауда қандай жетіс-
тіктер мен кедергілер бар деп ойлайсыз?
– ҚазҰУ – киелі орда, қара шаңырақ. Осы білім ошағында
хал-қадірімше шəкірт тəрбиелеуге ат салысып келемін. Кейде
өзге оқу орындарындағы журналистика бөлімі дəріс оқуға немесе
кездесуге шақырып жатады. Сонда салыстыра отырып қарасаң,
ҚазҰУ-дың орны да, жөні де бөлек. Мұнда студенттердің те-
рең білім, тəлімді тəрбие алуына барлық жағдай жасалған. Кі-
тапхана, оқу залдарын айтпаған күннің өзінде, факультеттің
өз радио, теле, фотостудия лары, баспаханасы, баспа лаборато-
риясы бар. Онда студент өзінің жазған қолжазбасын кітап етіп
шығаруға дейінгі процеске қатыса алады.
– Осы факультеттің студенттері төл туындыларынан тұ-
ратын ұжымдық жинақ шығарғанынан хабарымыз бар.
– Осындай жинақтарды біз бес жылдан бері шығарып
келеміз. Тырнақалды туындылары жинаққа еніп, суретімен бір-
ге жарыққа шыққандығы біріншіден, студенттерді қанаттандыр-
са, екіншіден, осы кітаптың жарыққа шығуына олардың өзі
тікелей қатысады. Сабақ алады. Бұл – тəжірибенің көкесі.
Осының бəрі жетістік емей, немене?!
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2004 жыл
Саѕымбай ЋОЗЫБАЕВ,
Ћазаћстан Журналистер академиясыныѓ
президенті, тарих ѕылымдарыныѓ докторы,
профессор:
Ћалталы алпауыттар
БАЋ-ћа ауыз сала
бастады
– Қостанай өңірінің жұртшылығы мен қазақтың зиялы
қауым өкілдерінен Қозыбай əулеті туралы жылы пікірлер
естиміз. Киелі халқымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілерсің» деген де ғибраты мол мақал бар. Сіз сондай текті
əулеттен шықтыңыз. Əңгімелеріңіздің əлқисассасын ұшқан
ұяңыздан бастасаңыз.
– Менің əкем Қабаштың ел арасында беделі зор еді. Көзі
ашық, көкірегі ояу азамат болатын. Ел басына күн туған сонау
сұрапыл соғыс жылдары шаруашылық басқарды. Бар тапқан-
таянғандарын майданға жіберді. Өзінің қолындағы бар малын
сатып, танк колоннасын құруға жұмсады. Өз Отанын сүйе білді.
Бізді де соған тəрбиеледі. Оразалы ағам кеңес заманы кезінде
ел басқарып, Еңбек Ері атанды. Ал біз – Манаш ағамыз екеуміз
ғылым жолына түстік. Ол кісі саналы ғұмырының бəрін еліміздің
ғылымын дамытып, халқымыздың тарихын жазуға арнады. Мен
əкем мен ағаларым салған ізбен жүріп келемін.
– Киелі шаңырақта дəріс оқып келе жатқаныңызға
да отыз жылдың жүзі болып қалыпты. «Шəкіртсіз ұстаз
тұл» демекші, өзіңіз мақтан тұтатын шəкірттеріңіз бен
ізбасарларыңыз туралы айтсаңыз.
– Мен өзі мақтан сүйетін адам емес едім. Сұрап қалған
екенсің, айтайын. Əрбір адам еккен ағашының жемісін көргісі
келеді. Ширек ғасырдан астам уақыт бойы осы қасиетті білім
ордасынан мыңдаған шəкірттер білім нəрімен сусындап шықты.
Олардың барлығы ұлан-байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек
етіп жүр. Қай бұқаралық ақпарат құралдарының есігін ашпаңыз,
алдыңыздан күлімдеп шəкірттерің шығады. Соларды көріп, бір
марқайып қаласың. Еңбегіңнің еш кетпегеніне шүкіршілік етесің.
Тіпті, базбір шəкірттерім əріптесіме айналып, осы факультетте
дəріс беріп жүр. Атап айтар болсақ, олар – профессорлар Лəйла
Ахметова, Ғалия Ыбраева, Қазақстан Журналистер одағының
төрағасы Сейітқазы Матаев, «Понорама», «Казахстанская
правда», «Экспресс К», «Новое поколение» газеттерінің бас
редакторлары Л.Цой, О.Червинский, И.Шахнович, С.Апарин,
белгілі тележурналистер Ерлан Бекхожин, Арманжан Байтасов,
Светлана Коковинец, Ерлан Акчалов, тағы басқалар. Бұл тізімді
əлі де соза түсуге болады. Бірақ олардың атын атап, түсін түстеп
жатудың қажеті жоқ.
– Өзіңіз басқарып отырған кафедрадан «Отандық жур-
налистика тарихынан» атты журнал шығарып келесіз.
Факультеттің ғылыми журналы бола тұра, бұл басылымды
шығаруға не себеп болды?
– Бұл журналды 1997 жылдан бері шығарып келеміз. Ақпарат
миинстрлігінде заңды түрде тіркелген. Құрылтайшысы – жур-
налистика тарихы кафедрасы. Егер байқасаңыз, бір кафедраның
құрылтайшылығымен шығып, бүкіл республикаға тарайтын
мұндай ғылыми журнал ТМД елдерінде əлі жоқ. Бұл журнал
бетінде оқытушылар мен студенттердің ғылыми мақалалары
жарияланып тұрады. Кейде факультетімізге еңбегі сіңген,
артында мол ғылыми мұра қалдырған ғалым ағаларымыздың
мерейтойларына байланысты арнайы нөмірлер де арнаймыз. Ол
санда ғалым ағаларымыздың құнды дүниелері мен сол мерейтой
иелері туралы тəлім-тəрбиелік маңызы зор естеліктер жарияла-
нады. Осы уақытқа дейін факультеттің іргетасын қалаған, оның
алғашқы деканы болған Қайыржан Бекхожин, білікті де білімді
маман даярлауда қажыр-қайратын сарп еткен, бірнеше моно-
графия жазған Тауман Аман досов, Марат Барманқұлов секілді
ғалым-ұстаздарға арнаған нөмірлеріміз жарық көріп үлгерді.
Əрі бұл ғылыми басылымды студенттер, магистранттар мен
аспиранттар көмекші оқу құралы ретінде де пайдалана алады.
– Қазір Сіз Қазақстан Журналистер академиясын басқа-
рып отырсыз. Бұл академия қалай пайда болды? Ашылғалы
бері қандай шаруалардың басын қайырды, негізгі мақсаты
не деген сауалдар төңірегінде ой өрбітсеңіз.
– Академияны ашу туралы ойды ұсынған белгілі журналист
əрі актер Əлішер Сүлейменов болатын. Оның тұсаукесер рəсімі
2001 жылы өтті. Бұл ұйымның бүгінгі таңда беделді де белді
40 мүшесі бар. Яғни, бұл мүшелердің бəрі осы академияның
академиктері деген сөз. Олардың барлығы – егемен еліміздің
бұқаралық ақпарат құралдарында жемісті еңбек етіп, сол сала-
ның құлағын ұстап отырған кəсіби мамандар. Атап айтар болсам,
олар – Дариға Назарбаева, Намазалы Омашев, Жұмабек Кенжа-
лин, Дүкеш Байымбетов, Арманжан Байтасов, тағы басқалар.
Ал бұл академияны ашудағы діттеген мақсатымыз – əлемдік
деңгейдегі ақпарат кеңістігіне тəуелсіз мемлекет ретінде жол
салу. Республикалық БАҚ ұсынған жобаларға қолдау көрсетіп,
отандық журналистиканы дамытуға ықпал ету. Журналист ма-
мандардың беделін көтеріп, олардың еңбегін лайықты бағалау
болып табылады.
Осы мақсатта біршама істер да атқарылды. Үш жылдың ішін-
де елуден астам журналистер мен журналистік ұйымдарды «Ал-
тын жұлдыз», «Алтын самұрық» сыйлықтарымен марапаттадық.
Олардың ішінде «Хабар», «31телеарна», «Таң», «Рахат» секілді
телеарналар мен «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Айғақ»,
«Алтын орда», «Астана ақшамы» сияқты басылымдар бар.
Ал «Алтын самұрық» сыйлығын марқұм Марат Барманқұлов,
Балғабек Қыдырбекұлы, Иосиф Будневич, Дүкеш Байымбетов,
Ф.Михаиловтар иемденді.
– «Алтын жұлдыз» бен «Алтын самұрық» сыйлықтары-
ның қандай ерекшеліктері бар?
– «Алтын жұлдыз» Журналистика академиясының атынан
редакция ұжымдарына берілсе, ал «Алтын самұрықты» академия
президенті өзі таңдаған лайықты журналисіне тапсырады. Бұл
сыйлықты тағайындар алдында экс Премьер-министр Иманғали
Тасмағанбетовпен кеңесіп алған болатынмын.
– Биылғы жүлдені қай уақытта табыстағалы отырсыз-
дар?
– Жылда біз көктем айларында өткізіп жүргенбіз. Биыл
қыркүйек айында табыс етсек деп отырмыз.
– Қазақстан журналистикасының даму қарқыны қай
дəрежеде?
– Қазақстан – бір мүшелге толған бала сияқты. Буыны бе-
кімеген балаға ауыр жүкті арқалата алмайсың. Сол сияқты біз-
дің журна листиканы дамыған елдердің журналистикасымен
салыстыруға болмайды. Бірақ өсу, даму бар. Осыдан он жылғы
журналистика мен қазіргі журналистиканы салыстыра аласыз
ба? Біз əлдеқайда ілгерілеп кеттік. Ал қазіргі ахуалымызды
ТМД мемлекеттерімен теңестіруге болады. Соңғы уақытта сол
мемлекеттердің кейбіріне шетелдік қалталы алпауыттар келіп,
солардың БАҚ-тарына ауыз сала бастады. Олардың кебінін ертең
бізде киюіміз əбден мүмкін.
Сондықтан біз бас-басымызға би болмай, тізе қосуымыз ке-
рек. Қазір əрбір алпауыттың 5 – 6 бұқаралық ақпарат құралдары
бар. Олар солардың ғана қамын жеп, күйін күйттейді. Əр тілді
газет өз ауласының шөбін тазалап, күйісін қайырады. Бір ша-
ңырақтың астында ғұмыр кешіп жатқан соң, біз бір жағадан
бас, бір жеңнен қол шығарып, ортақ проблемаларды шешуге
ұмтылуымыз қажет.
– Ілгеріде Қазақстан бойынша журналист мамандарын
дайындайтын екі-ақ оқу орны болатын. Қазір олардың саны
19-ға жетіп жығылыпты. Ұстаз-ғалым ретінде осы мəселеге
орай пікіріңізді айтсаңыз.
– Осыдан 4 – 5 жыл бұрын бітірген шəкіртім Оңтүстік
Қазақстан облысының бір шалғай ауданынан, дəлірек айтсақ өз
пəтерінен университет ашыпты. Ал керек болса! Бұған таңдан-
бай, бас шайқамай көріңіз. Мұндай «Ұлы жаңалықтар» басқа да
аудан, облыс орталықтарындағы университетсымақтарға тəн.
Олар жастарға тиісті дəрежеде білім беруді ойлап отырған жоқ.
Білімді саудаға салып, бизнес жасап, қу құлқынын толтырудың
жолында жүр. Мұндай алаяқтарға дер кезінде тосқауыл қойылуы
тиіс.
– Əңгімеңізге рақмет!
«Айқын» газеті, 2004 жыл
Џлыћбек ЕСДЌУЛЕТ,
Мемлекеттік сыйлыћтыѓ
лауреаты, аћын:
Елуге екі келмеспін
– Көрнекті ақын Мұқағали Мақатаевтың «Өмірге, өзі
өмір сүріп отырған қоғамға белгілі бір көзқарасы жоқ адам
ақын емес. Ондай адамның өзін ақын ғана емес, қоғамның
ойлай білетін азаматымын деуге хақысы жоқ. Нағыз ақын
ойшыл, философ болуы қажет» деген терең ойлы сөзі бар.
Сол айтқандай, Сіз өзіңізді «ойшыл», «философ» ақын са-
найсыз ба?
– Əлемдік өлең тарихында «Нағыз поэзия деген не, нағыз
ақын қандай болуы керек?» деген сұрақтарға қатып қалған
қалыптай сірескен стандарт жауап жоқ. Əлгіндей «Нағыз ақын
ойшыл, философ болуы қажет» деп кесіп айтқан керемет ақын
Мұқағали ағамыз да өзін ойшылға, философқа жатқыза қоймаған
сияқты. Əйтпесе, Мұқаң «Туады, туады əлі нағыз ақын» деп жаза
қоймаған болар еді ғой...
Əйгілі өлеңтанушылардың кейбіреуі «Өлеңге ешбір ойдың
керегі жоқ, оқырманға ой айту жырдың тіке міндетіне кірмейді,
ол тек сезімнің ғана əлемі болуы керек» деп есептесе, енді
біреулері «поэзияға осылардың екеуі де керек» дейді. Стефан
Малларме Эдгар Дегаға жазған хатында «Қымбаттым, өлеңді
ойдан құрамайды, өлеңді сөзден құрайды» деген. Ал Қадыр
Мырза Əли ағамыздың «Ақынға керек ақыл көп, тентектік керек
аздаған» дегенін қайда қоямыз? Қараңызшы, ол кісі де «ақынға
сезім керек» деп тұрған жоқ қой. Бізде «пəленше ойдың ақыны,
түгенше сезімнің ақыны» деп анықтап жатады. Меніңше, арғы
Баласағұн мен Иассауиді айтпағанда, бізде ұлы Абайдан басқа
таза ойшыл, философ ақын жоқ. Одан кейінгі ақындардың ішінен
Сыр сүлейлерінің термелері нен кесек-кесек философиялық
ойларды табуға болады, дегенмен олар да таза ойшылға жатпай-
ды. Бұл ойшылдықтың нышандары ғана. Марқұм əнші Жəнібек
Кəрменовтің «Апыр-ау, неге тудым ойшыл болып?» дегенін
əзілге сайдық. Бертінгі ақындардан Қадыр, Жұмекен ағаларда
ойшылдық емес, ойлылық басым. Мен ойсыз ақын емеспін, бірақ
ойшылға да жата қоймаспын. Ал «ойшыл ақын» деп трактат
жазып жүрген Тыныштықбекті тану керек шығар.
– «Поэзия – сезім мен рухтың құймасы» екені даусыз. Сіз-
дің сол «құймаңызға» орынды-орынсыз сындар айтылды
ма? Жалпы, сынды қалай қабылдайсыз?
– Айтылып-ақ жүр. Мұндай сынға о дүниелік болып кет-
кен Мұқағали мен Оралхан сияқты асыл ағаларым да ұшырап
жатқанда, тірі жүрген мен неге ұшырамауым керек? Ондай
орынсыз сынға ə дегенде Өтежан ағам айтқандай, «аздап нервни-
чить ететінім» рас. Кейінгі кезде «осы жігіт қайда бара жа-
тыр, екпіні мен еңсесін басып қояйық» деген сыңайдағы,
тырнақастынан кір іздеушілік, менің жыр жолдарым мен сөз
тіркестерімді ашық бұрмалаушылық көрінісімен бірнеше мəрте
беттесуге мəжбүр болдым. Мысалға, менің «Мəңгүрттің моно-
логы» дейтін өлеңімдегі өз ұлтына көңілі толмайтын көзқаман
кейіпкерімнің ой-көзқарасын менің өз пікіріме «айналдырып»,
мені Масанов пен Своикке, тіпті Жиринов скийге теңеген, өз
халқын жек көретін ақын деп «дəлелдемек» болған да сындар
шықты. Егер баяғы заман болса, мұндай айып таулардан кейін
мені əлдеқашан «халық жауы» деп ұстап əкеткен, əрі халыққа
жаулық ойлағанымды өзіме мойын датып та қойған болар еді.
Мұндай сындардан отызыншы жылдардың қан аңсаған ескі
əдісінің иісі шығады. Жүрегіңді ауыртатыны, ең жама ны, өлеңі ңе
ғана тиісіп қоймай, түрлі құйтырқы сөзбен түртпектеп, жаныңды
жазықсыз жаралап, арыңа тиісуге ұмтылатындары. Қай тейік,
бүгінгі ең алдыңғы қатарлы сынның сыйқы осы болса…
Ал əділ сындарға өкпем жоқ. Ондай сындардың жанашырлы-
ғын сезінбесең де шындығына иланасың. Əдетте, сиясы кеппей
жатып, асығыс жарияланып кеткен өлеңдердің кейбірінде кей-
де бір қай науы кем тұстары табылып қалуы əбден мүмкін.
Ондайда орынды сын айтылса, іштей мойындап, «шынында
да мынау кемшілігімді байқамай қалған екенмін» деп өкініп,
түзетуге тырысасың.
– Ең алғашқы жазған өлеңіңіз есіңізде ме? Ол кімге ар-
налды? Негізі, сөз дертімен «ауыруға» не түрткі болды?
– Біздің елдегі Ержан Ахметов пен Рахметолла Тоқтарбаев
сияқты атақты жырау, ақындарды бала кезден тыңдап өстім.
Ес білгелі ұйқасты сөзге құмар болдым. Бала кезде əжем «Ба-
тырлар жырын» дауыстап оқытып қоятын еді. Өзі де кейбір
жырларды жатқа айтатын. Соның бəрі əсер еткен болар. Əкем
қайтыс болған соң, соңында қалған кейбір жазбаларын қарап
отырсам, ол тəп-тəуір өлең де жазған екен. Ауыл арасындағы
суырыпсалма ақындығы бар нағашым Совет (ақын Гүлнар
Салықбаеваның үлкен ағасы) екеуі кейде «өзіме тартқан» деп
менің ақындығыма таласып отырушы еді. Ең алғашқы өлеңім
анама арналғаны есімде. 1967 жылы, он үш жасымда балалар
газетінде жарияланды.
– Кей қаламгерлер əдебиетке поэзия арқылы келеді де,
прозаға ауысады. Ал кейбіреулер прозадан поэзияға ойыса-
ды. Тіпті, екі жанрда да қалам қуатын байқап жүргендер де
бар. Сіз өз бағыңызды проза саласында сынап көрдіңіз бе?
– Ақыннан мықты прозашы шығады, ал прозаиктен ешқа-
шан да ақын шығып көрген жоқ. «Проза дегеніміз – поэзия-
ны басқа құралдармен жалғастыру» деген екен Иосиф Брод-
ский. Көркем прозаға шыдамым жетпейді. Бастаған көлемді
əңгімелерім көбіне бітпей қалады. Маған қысқа новелла, шағын
эсселер қол екеніне көзім жетті. Жуықта кейбір эсселерімді жа-
риялай бастасам деген ойым бар. «Араның» редакторы Көпен
Əмірбек оқып, бір-екеуіне «құда» түсіп жүр.
– Бір жылдары «Қазақ əдебиеті» газетінің таралымы 86
мыңнан асып жығылып еді. Қазіргі таралымы 15 мыңнан
аса алмай отыр. Оның себебін неден іздеуге болады?
– Оқырман азайған жоқ, керісінше басылым көбейді. Ол
кезде «Қазақ əдебиеті» ұлт мүддесін мұрат тұтқан жалғыз газет
болған еді. Қазір оның жүгін арқаласушы басқа басылымдар
жетерлік. Сондықтан «Қазақ əдебиетінің» оқырмандары басқа
басылымдарға бөлшектеніп кетті. Ең басты себеп – осы.
– Қазақ əдебиеті газетіне бас редактор болып келгелі
«Жас қалам», «Мəдениет», «Кітап əлемі», «Айтыс», «Қал-
жыңқалта» сияқты қосымшалар мен беттер аштыңыз. Тағы
да осы сияқты қосымшалар ашыла ма?
– Қосымша көбейткеннен ұтарымыз да, ұтыларымыз да бар
екен. Ұтарымыз – газеттің тақырып ауқымы кеңейеді, ұты-
ларымыз – басқа материалдардың өрісі тарылады. Газет көлемін
соза беруге болатын резина емес. Көлемін ұлғайту үшін қаржы
керек. Сол себепті де ойға алған «Зиялылар өмірі» сияқты қо-
сымшаны шығара алмай отырмыз.
– Республика сарайында шығармашылық кеш өткізгелі
отырсыз. Бұл Сіздің ел, халық алдындағы шығармашылық
есебіңіз деп түсінгеніміз дұрыс па?
– Дұрысты дұрыс деу керек... Ел-жұрт «елуге келдің» деп
жатқан соң, еті қызып, елегізген адам не істемейді?
– Өмірге адам «Не аламын?» деп емес, «Не беремін?» деп
келеді. Туған еліңіз бен əдебиетіңізге не бердіңіз?
– Өмірге адамның не үшін келетінін əртүрлі ақылды кітап-
тар əртүрлі түсіндіреді. Оның мəні біз білетін алу мен беруден
гөрі, əріректе жатса керек. Ал 35 жыл өлең мен мақала жазған
адам елі мен əдебиетіне не беруші еді? Бүгінге дейінгі жарық
көрген, көрмеген шығармаларымды жинақтап едім, сізге өтірік,
маған шын, 5 том болды: үшеуі – өлең, біреуі – аударма, бі-
реуі – мақалалар, əрқайсысы 20 баспа табақтан. Жазғандарым-
ды сұрыптап, жинақтау көптен ойда жүрген, бірақ жуыр маңда
орындалмайтындай бір іс еді. «Қазығұрт» баспасының бастығы
Темірғали Көпбаевтың итермелеуімен қолға алып едім, қазір
басылып жатыр. Алғашқы томы жақын арада қолға тиетін түрі
бар, құдай бұйыртса, қалғандары жаз бойы шыға жатар. Елуге
енді келмеспін. Бес том аз ба, көп пе? Осыларды басқа біреу емес,
байқамай өзім жазып тастағаныма əлі сене алмай жүрмін.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2004 жыл
Таѓдай КЕНЕЕВ,
техника ѕылымдарыныѓ кандидаты,
сатирик-жазушы:
Сатириктердіѓ бќрі
оппозиционер емес
– Кез келген мекемеге барсаңыз, ондағылар алдымен
аты-жөніңізді, туған жеріңіз бен туған жылыңызды сұрап
алады да ары қарай тергей түседі. Біз олар сияқты қазбалап
жатпаймыз. Бірақ аты-жөніңізге тоқталмай тұра алмаймыз.
«Таңдай» деген «ориги наль ный» атты Сізге кім қойған?
Құдай біледі деп айтайын, бұл ат менің түр-тұрпатым мен
кескін-келбетіме сəйкес келмес еді. Ал Сізге жарасады...
– Бұл – ұзақ əңгіме. Дегенмен, «штат қысқарту» əдіс-тəсіліне
салып, ықшамдап айтуға тырысайын. Менің əкем Қанапия – зоо-
техник, атбегі, аңшы болған адам. Біздің Павлодар облысында
қасқыр деген аң баяғыда көп болған көрінеді. Үйірімен келіп,
отар қойға шапқанда, қырып кетеді екен. Ол кезде шопандарда
мылтық атаулы болмағанға ұқсайды. Əкем «Малға қасқыр шап-
ты» дегенді ести сала, үстіне тұлып киіп, өзінің «Кенейторы» де-
ген атын мініп, үйірді қуа жүріп, арланын бөліп алатын көрінеді.
Содан оны сор, жыңғылға жібермей, соңынан еріп отырады.
Қасқыр əбден бол дырып, жеткен жеріне жата қалатын көрінеді.
Сонда ол қасқырдың айбат шеккеніне пысқырмастан, тұлыпын
желбіреткен кезде, арлан етегінен қабады да, жағы қарысып
қалады. Сол сəтті пайдаланған əкей, қасқырды ноқталап, аяғын
мықтап байлап, ауылға алып келеді де арланды тілерсегінен іліп
қойып, терісін тірідей сыпырады екен.
Əкемнің маған дейін үш ұлы болған. Бірақ үшеуі де ерте
шетінеп кетіпті. 1946 жылы анам – Рахия маған жүкті болады.
Əкей анамды көрші Ақкөл кеңшарында тұратын Əбсағат қожа-
ға алып барып, бата сұрайды. Сонда Əбсағат қожа: «Сəуірдің
басында, таң атып келе жатқанда дүниеге аппақ, торсықтай бала
келеді. Атын «Таңдай» қойыңдар. Ол баланы үш жасқа дейін
өздерің асырамаңдар. Туысқан емес адамға беріңдер. Сəби
жетім баладай болып өссін. Қанапия, сенің алдыңғы үш балаңа
көз тиген. Бұл – бір. Екіншіден, сен қасқырды тірідей союды
қой! Оны да Құдай жаратқан. Көкбөрі – біздің аталарымыз. Ол –
қасиетті де киелі аң. Сені сол көкбөрінің киесі жібермей жүр.
Сұрапыл соғыстан аман-есен келдің. «Ұрпағым өссін» десең,
осы айтқан ақылымды ал» дейді. Көп ұзамай, дүниеге мен ке-
ліппін. Ата-анам көп ойланбастан, мені жер аударылып келген
ағалы-қарындасты Андрей, Фрида деген немістерге бағуға
береді. Сөйтіп, мен Фриданың бауырында өсіппін.
– Бəсе, Сізді кімге ұқсатарымызды білмей жүруші едік.
Түр жоқ, түс жоқ, бозарасыз да жүресіз. Бойыңыздан неміс
халқына тəн жақсы қасиеттер байқалады.
– Көпшік қоя мақтағаныңа марқайып қалдым. Рақмет. Бірақ
мұндай қадір-қасиет барлық ұлттар мен ұлыстарға ортақ деп
ойлаймын.
– Əрбір адам қоғамнан тысқары өмір сүре алмайтыны
белгілі. Осы тұрғыдан қарағанда, соңғы кезде Сізді қандай
мəселелер толғандырады?
– «Қазақстан» деген ұлы елде тұрып, басқа тілде сөйлеп, мем-
лекет тік тілдің мəртебесі туралы өзге халықтың алдында кінəлі
адамдай жалтақтайтынымыз жаныма батады. Қазақстанның
мол байлығынан, құнарлы жерінен қарапайым халықтың тыс
қалуы да алаңдатады. Білім саласындағы бітпейтін реформа.
Осы уақытқа дейін осы салада 15 министр ауысты. Бəрі де өз
командасымен, өз реформасымен келеді. Оқушылар мен сту-
денттерге обал болды. «Зиялы» деп жүрген қауымның басылым
беттеріндегі айтыс-тартысы да көңілге кірбің ұялатады.
– Сіз Қаныш Сəтбаев атындағы Ұлттық техникалық
универ ситетте бірнеше жыл бойы проректор болып қызмет
атқардыңыз. Техника ғылымдарының кандидатысыз. Соған
қарағанда Сіз гуманитарлық білім алмаған сияқтысыз. Са-
тираға қалай адасып келіп жүрсіз?
– Мен – Қаныш Сəтбаев атындағы Ұлттық техникалық уни-
вер ситетті бітірген адаммын. Табиғаттың берген бір қасиеті
болар, əйтеуір мен сатира жазуға бейім болдым. Ал осы салада
сенімді түрде қалам сілтеуіме Көпен Əмірбектің əсер-ықпалы
болғандығын айта кеткенім абзал. Баяғыда «№96 – веселый»
деген пойыз болатын. Сол пойызбен Көпен Шəуілдірге, ал мен
Шорнаққа бара жатқан болатынмын. Көпеннің жанында дос-
тары Шөмішбай Сариев пен Ибрагим Иса бар. Əңгімелеріне
қарағанда, үшеуі отбасыларымен бірге Көпеннің ауылына
бара жатқанға ұқсайды. Бəріміз сол пойызда танысып, түнімен
əңгіме-дүкен құрдық. Көпен қоштасып тұрып, сатиралық ту-
ындыларымды редакцияға əкеліп тастауымды өтінді. Ол кезде
Көпен «Ара» журналында қызмет істейтін. Содан, жазған-сызған
дүниелерімді Көпенге апарып беріп тұрдым. Оларым «Ара»
журналында дүркін-дүркін жарияланып жатты. Сөйтіп, мен
сатирик болып шыға келдім. Негізі, өнер адамдары қызғаншақ
келеді. Əріптестерінің өсіп бара жатқандығын көре алмайды.
Ал Көпенде ондай пендешілік жоқ.
– Ең алғашқы туындыңыз есіңізде ме? Ол қай басылымда
жарық көрді?
– Менің тырнақалды туындым, «Əй, Тастыгүл-ай» деген
атпен «Қазақстан əйелдері» журналында жарияланды. Одан
кейінгі шығармаларым «Көңілді көшенің жігіттері» атты
ұжымдық жинақ қа енді.
– Жазушылар көп, сатириктер аз. Оның себебі неде жəне
сатира жазу үшін ол қаламгердің бойында қандай қабілет-
қасиет болуы керек?
– Бұл жанрда жазатын адамның бойында Тəңір берген ерекше
сыйы болуы қажет. Ол – қазақтың даласындай кеңпейілділік,
жақсылық пен жамандықтың, жетістік пен кемшіліктің ара
жігін ажырата білу, сосын оны белгілі қалыпқа салып, сатира
тілімен оқырманға жұп-жұмыр етіп жеткізе білуден тұрады.
Сондай-ақ, сати рикке тəн уытты тіл, қырағы көз болуы шарт.
Сонда ғана ол романға жүк болатын тақырыпты үш-төрт бетті
туындыға айнал дыра алады. Ал бұл кез келген қаламгердің
қолынан келе бермейді. Көп жазушылардың сатира ауылынан
айналып жүретіні сон дықтан. Біздің қоғамда «Сатириктердің
бəрі оппозиционер» деген ұғым бар. Бұл – қате пікір. Сатирик
қоғамды сынаса, сол қателіктер мен кемшіліктер түзелсе екен»
деген игі ниетпен, жанашырлықпен айтады.
– Қазіргі сатираның жай-күйі туралы не айтасыз? Сізді
не алаңдатады, не жетпейді?
– Қанша жерден «Баспасөз бостандығын алдық» дегенімізбен,
əлі де болса, ауызға қақпақ болатын кедергілер көп. Соған
қарамастан, біз айтып та, жазып та жүрміз. Бірақ оны тыңдайтын
құлақ жоқ. Біздің парламенттегілердің тілі бар, құлағы жоқ
сияқты көрінеді маған. Олар айтылған нəрсені іліп кетіп, содан
қорытынды шығара білмейді. Тіпті, ол түгіл, өздері шығарып
отырған заңның орындалуын бақыламайды. Осындай бей-
жайлықтың тек жанр емес, қоғам дамуына да кері əсерін тигізеті-
ні даусыз.
– Сіз ғалым адамсыз. Шығармашылығыңыз ғылымға
немесе ғылымыңыз шығармашылығыңызға кері əсерін
тигізбей ме?
– 2004 жылы біздің университеттің 70 жылдық мерейтойы
болды. Осы торқалы тойдың қарсаңында мен «Қос ішек» деген
жинақ құрастырып шығардым. Ол жинаққа осы техникалық
университетті бітірген өнер адамдарының шығармалары енгі-
зілді. Олардың қатарында ақын-жазушылардан – Евней Буке-
тов, Ілияс Есенберлин, Иранбек Оразбаев, Медеу Сəрсекеев,
Шəмшидин Əбдіраманов, Қасымхан Бегманов бар. Ал əншілер-
ден атақты «Досмұқасан» ансамблін айтсақ та жеткілікті. Қарап
отырсаңыз, біздің университет түлектерінен 10 Жазушылар
одағының мүшесі, 1 Суретшілер одағының мүшесі, 1 Компози-
торлар одағының мүшесі, 1 Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
шығыпты. Осыған қа рап-ақ, екі сала домбыраның қос ішегін-
дей бір-бірін толық ты рып тұратынын байқайсыз.
– Əңгімеңізге рақмет!
«Айқын» газеті, 2005 жыл
«Тамашада» жљріп
танылып алады да
жеке отау ашып кеткісі
келеді
Лџћпан ЕСЕНОВ,
«Тамаша» ойын-сауыћ отауыныѓ президенті,
Ћазаћстан Республикасыныѓ Еѓбек сіѓірген
ћайраткері:
БАРЛЫҚ АКТЕРЛЕРГЕ ҚАЛАМАҚЫ
БІРДЕЙ ҚОЙЫЛАДЫ
– «Тамаша» əзіл-оспақ отауы ширек ғасырдан астам
уақыт ішінде шығармашылық шарықтау, құлдырау
кезеңдерін бастан кешіргені мəлім. Əйтсе де «Тамашаның»
ең жұлдызды кезеңі деп қай жылдарды атап айтар
едіңіз?
– Мен сонау 1978 жылдан бастап, яғни «Тамаша» əзіл-оспақ
отауы құрылған күннен бүгінге дейін осы бағдарламаның ыстық-
суығына көніп келемін. Сонда байқағаным, «Тамашаның»
шарықтау кезеңдері көп болды. Ал құлдырау кезеңін тап ба-
сып айта алмаймын. Өйткені біздің бағдарламаның тұрақты
көрермендері бар. Кей жұрт: «Тамашаның» шарықтау кезеңі»
деп Тұңғышбай, Құдайберген, Лидия сықылды сатира жанры
тарландарының біздің отауға араласқан жылдарын айтады. Бұл
пікірге мен қосыла алмаймын. Мəселен, олардан кейін ғажап та
ғаламат əрі тума талант Мейірман мен Тоқсын, Уайс, Қадірбек,
Гүлбаушан, Данагүлдер келді. Олар да – қалың көрермендер-
дің көңілінен шығып, қошеметіне бөленіп жүрген дарындар.
Қазіргі топтағы əртістерді де ешкімнен кем санай алмайсыз.
Сондықтан «Тамаша» əлі де өз бабында деп айта аламын.
– Дегенмен, «Тамашаның» шын мəнінде тамаша болу-
ына кім дердің көбірек септігі тиеді. Əртістердің бе, əлде
авторлардың ба?
– Əрине, екеуінің де тигізер игі ықпалдары бар. Мəселен,
автор сапалы дүние ұсынса, оны халыққа əсерлі етіп жеткізетін
актер. Бұл шығармашылық одақтың бірінсіз бірінің күні
қараң. Кезінде марқұм Оспанхан Əубəкіров біздің белсенді
авторларымыздың бірі болды. Оның орны, жөні бөлек еді ғой.
Ол – қазақтың классик жазушысы. Əттең, оның қадірін кеш
түсіндік қой. Бұл – қазақтың қанында бар қадірсіз қасиет. Көзі
тірі кезінде бағалап, соған лайықты құрмет көрсете алмаймыз.
Сосын қазақтың белгілі сықақшысы Шона Смаханұлы да бізге
тартымды туындыларын ұсынып тұратын.
– Кезінде «Тамашаның» белсенді авторлары болған сы-
қақшылар соңғы кезде неге атізін салмай кетті?
– Қазіргі қаламгерлер сахналық қойылымды жеңіл-желпі
жанр санап, оған көп көңіл бөле бермейді. Оларға одан да по-
весть, роман жазған ұтымды. Бірақ оның да машақаты аз емес.
Оның үстіне, біздің қаламақымыз да аз.
– Егер сіздердің негізгі сүйенетін тіректеріңіз авторлар
болса, оларды қызықтыратын, өздеріңізге тартатын шара-
ларды неге ұйымдастырмайсыз? Мəселен, қаламақысын
көбейтуге болмас па еді?
– Оныңыз дұрыс қой. Бірақ ол үшін қаржы көзі керек емес
пе?! Мəселен, біз «Республика» сарайын бір күнге жалға
алғанымыз үшін 450 мың теңге төлейміз. Екі күнге 900 мың
теңге қажет. Сосын сахнаны жабдықтау, жарық түсіру, дауыс
күшейту дегеннің бəрі ақша. Көшелерге ілетін жарнамалық
афишалар өз алдына. Оған телевидениеге түсіру мен оның мон-
тажын қосыңыз. Авторларға, сазгерлерге, əншілерге, ақындарға
да қаламақы төлейміз. Сонда əртістерге не қалады? Қысқасы,
шығын өте көп.
– Егер авторлар шығармаларын ұсынбаса, сонда бағ-
дарламаны қалай дайындап жүрсіздер? Негізгі авторлары-
ңыз кімдер? Жалпы, сахнаға шығатын қойылымдарды
қандай сүзгіден өткізесіздер?
– Қазіргі мықты авторларымыздың бірі қазақтың белгілі
сықақшысы Сейіт Кенжеахметов деп айта аламын. Ол – классик
жазушы əрі этнограф-ғалым. Сейіт Кенжеахметов бізге ширек
ғасырдан бері белсенді автор болып келеді. Тіпті, біз оның
шығармашылығына толық бағдарламамызды да арнағанбыз.
Үмбетбай, Көпен, Толымбек, Асқарлар да жиі араласып
тұрады. Соңғы кезде Көпен мен Толымбек өз шығармаларын
өздері оқып жүр. Ал «Қойылымдарды қандай сүзгіден өткізе-
сіздер?» деген сауалыңызға келетін болсақ, мəселен, бір
қойылымды Қадірбек пен Марат қояды делік. Соны үшеуміз
отырып өңдейміз. Артық жерін алып тастаймыз, жетіспей
тұрған жерін толықтырамыз.
– Кей авторларыңызбен əңгімелескенімізде олар: «Жазып
берген шығармамызды сахнаға шыққанда танымай қалып
жатамыз» деп өкпе айтады. Бұған Сіз не дер едіңіз?
– Ол рас. Бірақ бізге келіп түскен туындылардың бəрі жақсы
немесе бəрі жаман деп айта алмаймын. Олардың ішінде түкке
тұрғысыздары болады. Соларды өңдемей болмайды. Сөйтсек
олар бізге жатып кеп ренжиді. Оларға салсаң, қалай жазды,
солай шығару қажет. Кезінде Оспанхан шығармаларын алып
келіп, одан кейінгі тағдырын бізге тапсыратын. Өкпе-реніш
айтуды білмейтін.
– Редакторларыңыз бар ма?
– Бар.
– Ол кім?
– Жазира Қалыбаева. Бұрындары Қойшыбай Жылқышиев,
марқұм Жарасқан Əбдірашев, Мұқадес Еслəмғалиевтер болды.
Олардың бəрі мықты редакторлар еді.
– «Тамашада» актерлер неге көп тұрақтамайды? Қалам-
ақысына көңілі толмай, осы отаудан кетіп қалған əртістер
де бар сыңайлы...
– Жоқ. Бұл əңгіменің еш қисыны келмейді. Барлық актерлерге
қаламақы бірдей қойылады. Ол жағынан маған ешкімнің өкпесі
жоқ шығар. Меніңше, олар ортақ өгізден гөрі, жеке бұзауының
болғанын қалайтын секілді. «Тамашада» жүріп, əбден танылып
алады да, сол абыроймен жеке отау ашып кеткісі келеді. «Кетем»
деп тұрған адамды зорлап, байлап ұстай алмайсың ғой. Алдынан
жарылқасын деймін. Алғашқыда оларға ренжіп те жүрдім. Сөйтсем
оным бекершілік екен. Қазір оған əбден етім үйреніп алған. «Та-
машадан» ең алғаш Тұңғышбай кетті. Оның да өзіндік себебі бар.
Бірде ол маған келіп: «Аға, мен «Тамашадан» кетпесем болатын
емес. Театрда Сырымның рөлін ойнап жатсам, көрермендер
қолын шошайтып: «Мынау нағашы ғой» деп жатады. Содан кейін
рөліңді қалай сомдай аласың?» деді. Мен оған түсіністікпен қарап,
рұқсатымды бердім. Бауыржан, Асқар, Гүлжандар өздерінің театр-
ларын ашып кетті. Оларға еш өкпем жоқ.
– Қазір не көп, əзіл-оспақ отаулары көп. Солардың
барлығы «Тамашаның» қара қазанында қайнап, соның
шекпенінен шықты десек, асыра айтқандық болмас. Ұстаз
əрі маман ретінде осы əзіл-оспақ отауларына қандай баға
берер едіңіз?
– Ол театрлардың ашылғанына қуанбасам, қызғанбаймын.
Мұның бəрі – заман талабы. Олар сол талап үддесінен шығуға
талпынуда. Мысалы, Мəскеуде театр көп. Солардың бəрінің
өз көрермендері бар. Сол сияқты біздің өнер ошақтарының да
ұстанған бағыт-бағдарлары, жолдары болатыны даусыз. Ал
оларға мен баға бергім келмейді. Ондай төрелікті халықтың өзі
айтқаны абзал.
– Жалпы, əртістерді «Комик», «Трагик» деп бөлуге
болады ма? Мəселен, біз: «Атақты комик» деп жүрген
Құдайберген Сұлтанбаев өзін трагик актер санайды. Сіз
оған режиссер ретінде трагедиялық туындылардағы басты
рөлді берер ме едіңіз?
– Құдайбергеннің комик актер екендігіне дауым жоқ. Ал
трагик дегенге сене алмаймын. Оған трагедиялық басты рөлді
беру, бермеу – ол сол қойылымның режиссеріне байланысты
шаруа. Егер Тұңғышбайға келер болсақ, ол өте талантты актер.
Оған оң мен солың бірдей. Оның бойында актерге тəн барлық
қасиеттер бар. Ол – үлкен тұлға.
ҚАЗАҚТЫҢ ƏЗІЛІНДЕЙ ƏЗІЛ
БІРДЕ-БІР ЕЛДЕ ЖОҚ
– Басқаны былай қойғанда, кей сықақшыларымыздың
өздері: «Қазақ сатирасында жеңіл де жыртақай күлкілер
көбейіп кетті» деп жүр. Шын мəнінде солай ма?
– Бұл сынды мойындаймын. Кейде бағдарламаны толтыру-
ға материалдар жетпей қалады. «Тамашаны» қоятын күн
тақап, оны түсіретін техникаларды күні бұрын жалға алып
қоямыз. Сондай кезде, жасыратыны жоқ, бір қайнауы ішінде
қойылымдар кетіп қалып жатады. Негізі, бізге цензура қажет.
Бұл менің өз пікірім. Бұрын «Лито» деген болды ғой. Сол
сияқты бір бөлім қажет-ақ. Сонда күлкімізде мəн болар ма
еді? Дей тұрсақ та қазақтың əзіліндей əзіл бірде-бір елде жоқ.
Мысалы, қазақ: «Əзілің жарасса, атаңмен ойна» дейді. Демек,
мəселе əзілдесе білуде болып тұр ғой. Олай болса, қазақ əзілде-
се білген. Мəселен, нағашы мен жиен, жезде мен балдыз, жеңге
мен қайны немесе құрдастар арасындағы əзілді алайық. Бұлар-
дың бəрі бірін-бірі қайталамайды. Қайта толықтыра түседі. Осындай ғажап əзілдерді қағазға түсіре алмасақ немесе сахнада көрсете алмасақ, ол өзіміздің сорлылығымыз. Сосын біздің жоғары жақта отырған шала қазақ шенеуніктер қазақ əзілін түсінбейді. Сондықтан да қазақ сатирасына жəрдем-көмектерін бермейді. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетпейді. Олар сатираға жеңіл-желпі, атүсті қарайды. Сатираны ұсақ-түйек деп түсінеді. Олар өзіне-өзі күле алмаған елдің болашағы бұлдыр болатынын білмейді. Сосын қазақ сатирасы қайбір оңсын! – Мынау көрші қонған өзбек, қырғыз, тəжік елдерінің өнер жанашырлары жиі-жиі елге шығып, сонда жүрген жас таланттардың танылуына игі ықпалын тигізеді екен. Бізде сондай талпыныстар бар ма? – Бұл біз үшін жаңалық емес. Егер көрермендердің естерінде болса, қазір өнер жұлдыздары болып жүрген көптеген əнші, биші, əртістерді ең алғаш осы «Тамаша» танытты. Мысалы, Алтынбек Қоразбаев, қазір біздің белді əртістеріміздің бірі болып жүрген Марат, сиқыршы Балтабай, əнші Бақтияр Тайлақбаев, Сəуле Желдібаева, тағы басқа қазақ эстрадасында жүрген көптеген əншілерді «мен таптым» десем, ешкім қарсы дау айта қоймас. – Қазіргі əзіл-оспақ отауларында жүрген қай актерлерді бөле-жара атар едіңіз? – Жалпы, бізде жақсы актерлер баршылық. «Тамашадағы» əртістерді санамалап жатпайын. Ал «Бауыржан-шоуға» келсек, онда Əбунасыр мен Қуандық деген жас актерлер бар. Солардың болашағынан көп үміт күтемін. «Терісқақпайдағы» Ұланның жөні бөлек. Ол – өте талантты актер. Оның бес қаруы түгел. – Сіздерге мемлекет тарапынан көмек көрсетілмейді екен. Ең болмаса, сіздердің тұрақты демеушілеріңіз бар ма? – Атай көрмеңіз. Оларды өңіміз түгілі, түсімізде көрмейміз. Біздің қалталы азаматтардың басым бөлігі орыстілді азаматтар ғой. Олар Ресейден Алла келсе, етегіне намаз оқуға
бар. Ал бізге келгенде, үнемі сиырлары «суалып» қала береді.
«Тамашаның» 25 жылдығы қарсаңында жаныма директор мен
администраторды ертіп, ел-елді араладым. Бəрі үйіп-төгіп
уəде береді де көк тиын да аудармайды. Қазір оларға иегім де
қышымайды. Бізді түсінетін ел, халық аман болсын!
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2005 жыл
Несіп ЖЉНІСБАЙЏЛЫ,
«Отан Medіa Group» ЖШС Бас директоры,
белгілі спорт журналисі, жазушы:
«Ана» деген с&зді ана
тілінде айта алмай,
«Џлтымды сљйемін»
деген адамѕа сенбеймін
«СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ
БАРЛЫҚ АТАҚ-ДАҢҚТЫ АЛҒАН АДАММЫН»
– Сіз «Қазақ спорты, қайда барасың?!» атты мақала
жазып, тосын соққы алдыңыз. Соның кері əсері Сіздің
өміріңізді күрт өзгертіп, саналы ғұмырыңыздың 30 жылын
арнаған спорт-журналистикасын тастауға мəжбүр етті. Со-
дан кейін спорт саласына мойын бұрдыңыз ба?
– Мен тұмсығы тасқа соғылып, қырға шығып қалған
кемедеймін. Əрине, мұны оқырмандар дұрыс түсінуі керек.
Бүгінде бұрынғыға қарағанда үлкен де беделді əрі материалдық,
қаржылық жəне ұжымдық жағынан он есе зор басылымға
басшылық жасап отырмын. Бұл газетке Президенттің өзі көз
қиығын салып отырады. Егер менің тұла бойымда спортқа
ғана тəн қан ағып жатпаса, онда басымнан өткен оқиғаға мəн
бермей, керісінше алғысымды айтып кетер едім. Əйтсе де өмір
бойы спортпен бірге біте қайнасып, соның жуан ортасында
жүргеннен кейін бұл соққы маған өте ауыр тиді. Ал бүгінде
мен өмірді жаңа бастап жатқан адам сияқтымын. Əрине, қатты
ашу, мінез кімде жоқ?! Бірақ менікі терең толғанған шешім бо-
латын. Кезінде бүкіл бұқаралық ақпарат құралдарында: «Спорт
журналистикасын тастадым!» деп мəлімдедім ғой. Содан бері
мен спорттан тыспын. Спорт жарыстарына бармаймын. Бірақ
«спорт жарыстарын көрмеймін» деп айта алмаймын. Көремін,
бірақ ешқандай пікір білдірмеймін, қалам тербемеймін. Анда-
санда менің жанымды түсінетін сендердің газеттерің секілді
басылымдардың журналистері келіп: «Аға, мұныңыз қалай?»
демесе, үндемеймін.
– Оған өкінбейсіз бе?
– Бəлкім, өкінсем, өкінетін де шығармын. Басты өкінішім –
менің сол мақаламда көтерген оншақты мəселемнің үш-төртеуі
мемлекеттік дəрежеде Қаулы қабылданып, орындалды. Мен
жұмыс тан кеткеннен кейін, əрине. Қызметтен кеткендігім емес,
бəрінен бұрын мен көтерген проблемаларды Үкімет Қаулы алып,
арнайы орындап жатқандығына қарамай, өзімнің сүйіп таңдаған
мамандығымнан сырттатылғаным өкінішті. Бұл жағдай маған
мініп келе жатқан атымнан сыпырылып түсіп қалғандай əсер
береді. Бұл жерде біреудің атын атап, түсін түстеп жатпаймын. Бірақ «Айқын» газетінің оқырмандарына мəлім болсын, бүгін «Ережесіз белдесу» атты кітабымның сүйінші данасын қолға алып отырмын. Бұл кітаптың ішінде басымнан өткен сол оқиға бастан-аяқ баян етіледі. Көп сұраққа жаңа кітабым жауап береді. – Егер біреу Сізден кешірім сұрап, қол ұшын беріп, қайта шақырса, орныңызға, жалпы, спорт саласына барар ма едіңіз? – Менен кешірім сұраудың қажеті жоқ. Өйткені менің алдымда ешкімнің кінəсі жоқ. Бұл – оқиға. Ал енді оқиға жібінің бір ұшы қоғамның дамуында жатыр. Сондықтан да бұл жерде ешкімнің кінəсі жоқ. Дей тұрсақ та мені біреу спорт саласында қызмет атқа руға емес, сол саладағы білім мен білігіме, іскерлігіме байланысты нəтиже шығару үшін шақырып жатса, ол жерде ұлт мүддесі жоғары тұрса, онда барамын. Баруға тиіспін. – Неге? Шынымен бе?... – Ол үшін мен Сізге екі саланы айтайын. Біріншісі – Ұлттық олимпиадалық комитет, екіншісі – Қазақстанның Футбол одағы. Осы екі орынның біріне мен неге президент болып бара алмаймын? Ол – менің бүгінгі қызметімнен артық болмас. Бірақ мен ғұмыр бойы спорт саласында тəжірибе жинадым ғой. Мен тек қана спорт журналисі емеспін. Оған қоса, жоғары білімі бар спорт маманымын, осы саладағы барлық атақ-даңқты алған адаммын. Олай болса, неге мен Ұлттық олимпиадалық комитетті басқара алмаймын? Егер оның басында «Ана» деген сөзді ана тілінде айта алмайтын адам отырса, ол біздің ұлттық спортымызды ұшпаққа шығарады дегенге кім сенеді? Ал енді футбол саласын алайық. Футбол одағында отырған біраз адамдар ауысты, біразы əлі отыр. Енді мына қызыққа қараңыз. Осы жылдың басында Елбасын Футбол одағының «Құрметті президенті» етіп сайлады. Мұндай ой қандай «данышпанның» басына келді екен? Елбасы онсыз да еліміздегі барлық салаға Президент емес пе? Бұл – «Мақта атымен бөз өтедінің» кері. Мен бұған қарсымын! Неге? Өйткені еліміздің Ұлттық командасы көш соңында салпақтап, бүкіл əлемнің алдында масқара болып жатса, оның сал-
қыны кімге тиеді? Əрине, Президентке де. Бұл кімге пайда?
Осыны ойлап жатқан адам жоқ.
– Өзіңіздің спорт саласына дайындап, баулып жүрген,
болашағынан мол үміт күттіретін шəкірттеріңіз бар ма?
– Бүгінгі «Хабар» арнасында спорт жаңалықтарын үкілеп
жүргізіп жүрген Амангелді Сейітхан да, «Жас қазақ» газетін
басқарып отырған Талғат Ешен де, спорт саласында бірнеше
кітап жазған Қыдырбек Рысбекұлы да, тіпті спорттан басқа
салаға ауысқан «Хабардағы» Бейсен Құранбек, Бибігүл Жек-
сенбай секілді журналис тердің бəрі жазу əліппесін менен
үйреніп, «Спорт» газетінде жұмыс істеген болатын. Сосын
қазір «Айқын» газетінде істеп жүрген Нұрғазы Сасаевты сонау
шалғай жерден шақырып алып, тəрбиелеген өзім едім. Кезінде
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде
спорт журналистерін даярлауға хал-қадірім жеткенше ат салыс-
тым. Өкінішке қарай, ол үрдіс қазір үзіліп қалды.
«МҰСТАФАНЫҢ АНАСЫ
БАСҚАЛАРДЫҢ АНАСЫНАН АРТЫҚ ЕМЕС»
– Сіз қазақтың дарынды ұлы Мұстафа Өзтүрікпен жақын
араласып, ол туралы кітап жазғаныңыздан хабардармыз.
Оның жұлдызды ғұмырының жарқын жақтарын ел, халық
жақсы біледі. Ал Сіз оның өмірінің беймəлім тұстарын ай-
тып бере аласыз ба?
– «Беймəлім тұстары» дегенде, елдің бəрінің күтетіні –
Мұстафа Өзтүріктің жұмбақ қазасы. Біріншіден, нақты айта-
рым, мен ол туралы еш нəрсе білмеймін.
Менің ойымша, бұл – тағдыр. Бірақ мен Мұстафа өмірінің
көптеген жария емес тұстарын білемін. Əңгіменің бəрі бірақ
өлімге келіп тірелмеу керек. Мысалы, Мұстафа ең алғаш елге
келген кезден бастап қасында жүріп, ол туралы кітап жаздым.
Сол жылдары реті келіп, мен де оның Германиядағы үйінде,
отбасында болдым. Қазақ келіншегі жəне үш баласы бар екен.
Сонда көргенім, Мұстафа жұрт айтатындай, миллиондаған
қаржы жинаған немесе бойы аспанмен таласатын биік те еңселі
үйде тұратын бай адам емес болатын. Бойында табиғат берген
керемет қасиеттері бар, қарапайым ғана қазақтың баласы еді. Со-
сын жұрт: «Ойбай, Мұстафа əлемнің 7 дүркін чемпионы екен!»
деп те соқты. Мұның бəрі өтірік. Мұстафа бір мəрте де əлемнің
чемпионы болған емес. Бірақ осы салаға шын беріліп, соны ары
қарай дамытып, Мюнхен мен Стамбулда мектеп ашқан, соған
адал болған жігіт. Негізі, Шығыс халқының психологиясы, жан
дүниесі бөлек болады ғой. Ол елде осы өнерге шын берілген
адамдарға жыл өте əскери шендер сияқты дан беріліп отырады.
Сөйтіп, ол – мұсылман қауымы ішінде жетінші данға тұңғыш
ие болған азамат. Ал оның осы өнерге шын берілгендігін, оны
жоғары деңгейде насихаттай алатындығын елге келгенде өз
көзімізбен көрдік. Мұстафамен осылай тығыз араласып жүрдік
те бір жарым жылдай жүз көріспей қалдық. Өйткені ол мүлдем
жоқ болып кетті. Дұрысы – оны соңына ертушілер көбейіп кетіп
еді. Жасыратыны жоқ, ол біздің үйде түстеніп, кейде қона жа-
тып, киімдерін біздің үйге ауыстырып жүретін күндері өте көп
болды. Осы сөзімнің дəлелі ретінде айтайын, қазір біздің үйде
оның қалып қойған көп дүниелері, тіпті киімдері бар. Содан, бір
жарым жыл бойы жоғалып кеткен Мұстафа бір күні түнгі сағат
10 – 11-дің кезінде есік қағып тұр. Үйге кірер-кірместен: «Нəсіп
аға, кешіріңіз! Мен көрінбей кеттім. Бірақ оның себебі бар. Сіз
маған сенімді өкіл боласыз ба? Мен депутаттыққа түсейін деп
жатырмын» деді. Мен сайлаудың ықпыл-жықпылын білемін ғой,
бірден: «Сен ол туралы үлкен кісілермен сөйлестің бе? Олар
біле ме?» деп сұрадым. «Біледі. Елбасыға айттым. «Алға!» деп
айтты» деді. Сөздің қысқасы, содан мені өзіне ең негізгі сенімді
өкілі етіп алды. Бір орынға тоғыз адам түсті. Содан, сайлау
науқанының қызған тұсында Мұстафаны Алматы облыстық
əкімшілігі шақырды. «Неге шақырды екен?» десем, «Орныңды
бересің бе, айналайын, қайтесің?» деп сұрады» деді. Сосын мен:
«Біз саған ақыл бере алмаймыз. Өзің шеш» дедім. «Онда күресті
жалғастыра беремін, аға» деді. Содан, барып келді. Оны облыс
əкімі орынбасарларының бірі қабылдап: «Орныңды бір кісі-
лерге берсейші, айналайын» депті. Сонда ол: «Жоқ, мені халық
қатты қолдап жатыр. Соңына дейін күресемін» деп сынбай кел-
ді. Бұл да əлгі құпиялардың бір сəті.
– Осы аяулы ағамыздың анасы «Алматыда пəтерсіз
жүр» дегенді естіп едік. Кейін «Храпунов үй берді» дегенді
де құлағымыз шалды. Нəтижесі қалай болды? Сіз ол кісімен
хабарласып тұрасыз ба?
– Мұстафаның анасы Алматыға қоныс аударып келді. Ол
рас. Мен Мұстафа қайтыс болғаннан кейін Стамбулдағы зира-
тына барып, құран оқытып, оның алдындағы мұсылманшылық,
ағалық парызымды өтеп қайттым. Сол кезде анасы Түркиядағы
Қазақкент те болатын. Ол кісіге Мұстафаның суреттерінен
альбом жасап, апарып бердім. Қартайып қалған адам. Кезінде
«Мұстафаны осы елге жерлейік. Қанша айтқанмен, топырақ
тартып келді ғой» деген кезде, көнбей қойған осы анасы бо-
латын. «Жоқ. Балам сендердің қолдарыңда жүріп қаза болды.
Қайтарыңдар. Оны əкесінің жанына қоямын» деді. Мен ол кісіні
кінəлаудан аулақпын. Апамызға осы Алматыдан аса жақсы бол-
маса да үй берілді. Жалпы, менің айтайын дегенім, өмірден ерте
көшкен осындай дарынды ұлдарымыздың аттарын саудаламасақ
екен. Мен оған қарсымын. Мысалы, Мұстафаның анасы бас-
қалардың анасынан артық емес. Жақсының анасын сыйлап,
жаманның анасын далаға лақтыра алмаймыз ғой. Бізде біреудің
атын саудалап, бір нəрсеге қол жеткізу деген жаман үрдіс бар.
Жасыратыны жоқ, Бекзат Саттарханов Олимпиа да чемпионы
болғаннан кейін 3 – 4 айдан соң қайтыс болып кетті. Соның
атын пайдаланып, соның атынан күн көріп жүрген дəлденбай-
лар көп. Тіпті – соны əке-шешесінің құлағына сіңіріп қойып,
барған жерінен олжа табатын, соған ортақтасатын пендешілік
əрекеттер бой көрсетіп қалады. Осының бəрі біздің ұлттық бет-
бейнемізге нұқсан келтіреді. Сондықтан «Анау Мұстафаның
анасына үй салып беріңдер, мынау Бекзаттың анасының алды-
на мал салып беріңдер немесе жер алып беріңдер» дегеннің бəрі
дұрыс емес. Керек болатын болса, сол бала қазақтың жерінде
туып, білім алып, өсіп жетілді. Ол екеумізден артық емес.
Əрине, оның Отан, ел алдында сіңірген еңбегін дер кезінде
Мемлекеттік наградамен атап өтіп, материалдық, тағы басқа
сый-сыяпаттармен өтедік. Одан кейінгісінің бəрі артық болады.
Тек олардың жарқын бейнесін халық, ел есінен шықпайтын
ететін шаралар болғаны жөн.
«ЕКІ ЖАРЫСТЫҢ БІРІНДЕ СҮРІНЕ БЕРЕТІН БОЛСА,
ОНДА ОНЫҢ НЕСІ ЧЕМПИОН?»
– Ұлттық нышанға көзқарасыңыз қандай? Бізге ол қа-
жет пе? Спортта ше?
– Кезінде бəріміз біртұтас Кеңес халқы болып кете жазда-
дық. Мынау аждаһадай жұтып келе жатқан жаһандану деген
дəуір, менің ойымша, таяу арада тоқтамайды. «Əлемнің ауы-
сып тұратын циклі болады» деген сөз бар. Ол да мүмкін. Бұл
жаһандану – түптің түбінде ұлттардың бəрін жеп тынады. Дəл
бүгінгі таңда біздің психология мызда, біздің жан дүниемізде
ұлттың белгісі ерекше сақталып тұруы керек. Мысалы, мен 1998
жылы Францияда футболдан өткен əлем чемпионатына бар-
дым. Сол елде 33 күн жүрдім. Сондағы көргендерімді Жұмабай
Шаштайұлы деген досыма айтып, сол кезде ол басқаратын «За-
ман – Қазақстан» газетіне жазғам. Ол мақаланы таяуда «Жас
қазақ» газетінде қайта жарияладым. Бұл бұрынғы аға-апалардың
хат жазысу үлгісіне еліктеу. Соны үстірт оқыған адам: «Ой, мы-
нау Несіпке не жоқ, Францияны жамандап, Парижді жамандап»
деуі мүмкін. Ал ол менің өз ой-тұжырымдарым ғана. Сонда
менің айтайын дегенім, Францияда, оның астанасы – Парижде
француз жоққа тəн. Алжирден, Мароккодон, Египеттен келген
келімсектер. Олар Париждің сұлулығын қайтсін?! Ас ішіп,
табақ босатып, су ішкен құдығына түкіріп жүре береді. Оған
мəн беріп, күйіп-пісіп жатқан француз үкіметі жоқ. Бұл тегін
кетпеуге тиіс еді. Соның бір көрінісін кеше Францияда болған
қақтығыс дəлелдеді. Еліне келімсектерді шексіз жіберу, өзінің
ұлттық нышанына мəн бермеу – осындай қақтығыстарға алып
келеді. Сондықтан ұлттық нышансыз мемлекеттің іргесін бекіту
қиын. Осының көрінісі спортта да бар. Қазақстанда тұратын
барлық ұлттың өкілі Олимпиада чемпионы болып, елімізге ме-
даль əкеліп, Туымызды көтеріп, Əнұранымызды ойнатып жатса,
мың да бір рақмет. Төбемізге көтеріп, құрмет көрсетеміз. Бірақ
солардың ішінде өзіміздің ұл-қыздарымызды асыра тəрбиелеуге
кім қарсы тұрады? Егер Қазақстан ұлттық мемлекет болатын
болса, неге оның ұл-қыздары тұғыр төрінде тұрмасқа?! Мұның
артында тағы бір үлкен мəселе бар. Əлгідей сұрау болмаған соң,
спортшыларды сырттан сатып əкеліп жатқандығымыз. Олим-
пиада чемпионы Юрий Мельниченконы да, балуан Мкхитар Ма-
нукянды да, бүгінгі күресіміздің жұлдызы Георгий Цурцумия-
ны да, ауыр атлетикадағы үмітіміз деп жүрген Бақыт Ахметовты
да сатып əкелдік. Бұл қашан тоқталады? Егер осыған малданып
жүре берсек, онда өзіміздің жастарды мүлде тəрбиелемейміз.
Оларға көз салуды қоямыз. Футболдағы көрініс те тура осындай.
Ол туралы мамандар қазір жақсы айтып жатыр. Бір уақыт тоқтай
қалып, неге осылар жайлы терең ойламасқа?
– Сіз қалай ойлайсыз, чемпион болу қиын ба, əлде сол
чемпиондықты ұстап тұру қиын ба?
– Жалпы, спортшылардың арасында «Чемпион болғаннан,
сол чемпиондықты ұстап тұру қиын» деген сөз бар. Рас сөз.
Осыған ащы болса да бір мысал айтайын. Кеше ғана Афины
Олимпиадасында елімізге жалғыз алтын алып келген – Бақтияр
Артаев. Одан сүйкімді адам, одан сүйкімді бауыр жоқ. Бүкіл
республика қоғадай жапырылып, кілемдей төселіп, Бақтиярдың
алдында құрмет көрсетті. Ал одан кейін не болды? Олимпиада-
дан кейінгі өткен бір жыл уақыт ішінде Бақтияр екі-үш жарыста
жеңіліп келді. Бұл не деген сөз? Əрине, мықтыдан мықты шығып
жатқан шығар. Дегенмен, кешегі Олимпиаданың чемпионы,
Баркер кубогын иеленіп келген боксшы екі жарыстың бірінде
сүріне беретін болса, оның несі чемпион?! Мəселен, Василий
Жиров сондай чемпион болған, Баркер кубогын алған. Өзіміздің
Балқаштың жігіті. Сол қазір əлемдік рингтерде қандай өнер
көрсетіп жүр?! Қарап отырып, айызың қанады. Осыны неге
ойланбаймыз? Əр жеңілген сайын өзімізді ақтайтын себеп
іздейміз. Міне, «чемпион болудан гөрі, чемпиондықты ұстап
қалу қиын» деген сөздің ар жағында осы тұр. Бұл – өмірдің
барлық саласында бар. Егер əркім өз биігінде тұрақтап тұра
алмаса, ол көптің біріне айналады.
«ШЫНДАП ІЗДЕП, ТƏРБИЕЛЕЙ АЛСАҢ,
ТАЛАНТТАР ҚАЙ ЖЕРДЕН ДЕ ТАБЫЛАДЫ»
– Кезінде Сіз «Намыс» идеясын көтердіңіз. Сол идея қалай
туды, одан із қалды ма?
– Бұл «Намыс» идеясын мен бастағанмен, ол халықтың идея-
сы еді. Есіңізде ме, «Қайрат» – республикадағы жалғыз коман-
да болып жүрген кезде Əбділда Тəжібаев ағамыз: «Қайратым»
деп мен жүрмін, қайрат қылмай сен жүрсің» деп жырға қосқан.
Ал енді Ғабит Мүсірепов секілді академик-жазушы ағамыз
өзінің бір сөзін «Футболды көріп отырып, ұлтыңның ұлттығы,
халқыңның халықтығы сынға түскендей» деп қайырған. Неге
десеңіз, 11-і алаңға шығып, шайқасып жатқан кезде, амалдың
жоғынан футболшылардың арасынан қазағыңды іздейсің. Қазақ
болса, тақымыңды қысасың. Ал футбол дегенің бұрынғының
көкпары. Сондықтан да ол кезде «Қайратта» қазақ аз» деп
айтып жүретін. Сол идеяны 1991 жылдары «Спорт» газетіне
редактор болып барған кезде көтердім. Бұлай етуіме Сейдахмет
Бердіқұлов секілді ұстаздарымның берген тəрбиесі де сеп болды
деп ойлаймын. «Намыс» 5 – 6 жыл өмір сүрді. Ары қарай шама-
сы келмеді. Ол туралы кітап жазып жатыр едім. Қазір əртүрлі
мəселеге байланысты тоқтап тұр. Құдай бұйыртса, шығады.
Бірақ ол идея ізсіз кеткен жоқ. Ол кезде бүкіл республиканы
аралап жүріп, 300 талантты жастарды таптық. Олардың ішінен
тағы да 100 баланы іріктеп алдық. Сол 100 баладан жұлдызы
жанған бір бала шықса, соның өзі үлкен олжа болар еді. Ал енді
əр 100 баладан бір талантты бала шығады деп есептеп көріңізші.
Біздің елде 15 миллион халық бар. Жеткілікті емес пе? Қазір сол
100 баладан Қазақстанда аты дүркіреген 4 – 5 бала бар. Оның бі-
рі – Нұрбол Жұмасқалиев. Ол – Қазақстан құрама командасы-
ның капитаны. Биыл «Ең үздік футболшы» атанды. Сол Нұр-
болды ата-анасынан аттай қалап, үйіне қайта-қайта барып жүріп,
өзім алып келдім. Біздің үйде, менің баламдай болып өсті.
Екіншісі – Əлібек Бөлешов. Ол – «Қайраттың» үздік шабуыл-
шысы. Үшіншісі – Мұрат Тілешов, Жамбылдан. Бүгінгі таңда
үздік шабуылшылардың бірі. Ол да жастық шағын «Намыстың»
іргесінде өткізді. Төртіншісі – Айдар Күмісбеков. Ол он сегіз
жасында Қазақстан құрама командасының капитаны болған.
Талдықорғанның баласы. Осылардан басқа «Намыста» өскен
көптеген бала қазір Қазақстанның клубтық командаларында ой-
нап жүр. Мен тек ел жақсы білетін төртеуін ғана айттым. Бұл аз
ба? Мен мақтанып отырған жоқпын. Айтайын дегенім, шындап
іздеп, тəрбиелей алсаң, таланттар қай жерден де табылады. Олар
ел, халық үмітін ақтай алады. Қызық... Олардың жастығының
астына қазақша терминдерді жазып, жастап қоятынмын. Ең
болмаса, бір-бірімен қазақша амандасып, қазақша сөйлеп жүрсін
деп. Ол адамға рух береді ғой.
– Тосындау сұрақ. Бірақ не де болса Сізге қойғым келіп
отыр. Неден қорқасыз?
– Адам болған соң қорқатын нəрсе көп қой. Кейде иттен де
қорқамыз. Бірақ мынау Құдайдың жарық күнінде қателесіп,
қатерге ұрынып жатқан қоғамнан қорқамын. Одан кейін үстіне
аппақ киім киіп алса да содан қара ниеті жарқырап көрініп
тұратын жандардан қорқамын.
– Кімді жəне нені ерекше бағалайсыз?
– Қазақтың өнерін жəне оны жоғары деңгейге көтеріп жүрген
өнер адамдарын ерекше бағалаймын. Олардың артынан көзім
жасаурып, күндіз-түні ере беруге бармын. Қазақтың ұлттық əн-
күйін таңды таңға ұрып тыңдай бергім келеді.
– Ал енді кімге сенбейсіз?
– Жаңа бір сөзімде айтып қалдым: «Ана» деген сөзді ана
тілінде айта алмай, «Халқымды, ұлтымды сүйемін» деген
адамға сенбеймін, істегенін емес, айтқанын ғана орындау керек
«молдаларға» сенбеймін.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2005 жыл
К8пен ЌМІРБЕК,
Халыћаралыћ «Алаш» ќдеби сыйлыѕыныѓ
лауреаты, сатирик:
Ћоѕамныѓ жљгін
ћопарып айтатын
жљректі сыћаћшы жоћ
«СЫҚАҒЫМЫЗ ЖҮКАЯҚТЫҢ АСТЫНДА
ӨСКЕН ШӨП СИЯҚТЫ»
– Қазіргі кəсіби қазақ сатирасы қай деңгейде?
– Кəсіби қазақ сатирасының деңгейі өткен ғасырда өте
жоғары болды. Сағат тілін кері қозғай алмайтынымыз секілді,
өткен ғасырды да, қазақ сатирасының сол кездегі деңгейін де
кері қайтарып ала алмаймыз.
– Неге қазір ол деңгейге жете алмаймыз?
– Қазір жаңа ғасыр басталды. Осы ғасырда ауыз толтырып
айта қоярлықтай дүние жоқ. Неге? Өйткені, ол заманда қоғамның
дамуына сатира игі ықпал-əсерін тигізіп отырды. Егер де өткен
ғасырдағы сатира желдиірмен секілді болса, онда сықақшылар
сол диірменді айналдыратын желдің рөлін атқарған. Егер
судиірмен болса, онда таудан құлап аққан сарқыраманың
рөлін атқарды. Қазір диірмені қайсы, желі қайсы, ажырата
алмай дал болдық. Себебі, жаңа ғасырдағы сатира жаңа туған
баладай аяғын қаз-қаз басып келе жатыр. Əзірге топ жарып,
жүзден жүйрік шығып келе жатқан ешкімді көрген жоқпын.
Халықтың өзі «ойбай, пəленше деген сықақшы шығыпты» деп,
баяғы Оспанхан Əубəкіровті, Асқар Тоқмағамбетовті, Шона
Смаханұлын іздегендей іздеп жүрген жас сықақшыны əлі
байқамадым.
– Оның себеп-салдары неде деп ойлайсыз?
– Егер жоқ болса, ол жоқтың себебін қайдан іздейсің? Біздің
халық кеңестік дəуірдегі тəртіпке бейімделіп қалған да, ал жас
буын əлі өсіп жетіле қойған жоқ. Жүкаяқтың астында өскен
шөпті көріп пе едің? Күннің көзін көрмей, жел тимей, өңсіз,
түрсіз, ұзын боп сорайып өседі. Біздің сықақтарымыз да осы
жүкаяқтың астында өскен шөп сияқты.
«МƏДЕНИ МҰРА» – ОРЫНДАЛАТЫН ЖОСПАР»
– «Мəдени мұра» бағдарламасының қазақ сатирасына
тигізер ықпал-əсері бола ма? Əлде, тоқалдан туған баладай
көріп, ала көзімен бір қарап өте шыға ма?
– «Мəдени мұра» бағдарламасының дүниеге келуі –
көп көркем шығармаларды тірілтті, санамызды сілкінтті.
Сықақшылардың етек-жеңін жинайтын уақыты енді келді.
Неге? Өйткені, біз осы бағдарлама аясында сонау Қожанасыр,
Алдаркөседен бастап, бүгінгі сықақшылардың шығармаларына
дейін жинақтап, елу болмаса да 30 – 40 том шығаруды қолға
алып отырмыз. Бұл – болашақ үшін сауабы мол қазына болар еді.
Қазір біз тиісті орындарға хат жазып, жоспар жасап жатырмыз.
Бірақ бұл – орындалатын жоспар.
– Бұл істің басы-қасында Иманғали Тасмағамбетов жүр
еді. Ол кісі ат ауыстырып үлгерді ғой. Енді «бұл бастама
аяқсыз қала ма?» деген қауіп бар.
– Бұл бағдарлама – Елбасының қабылдаған бағдарламасы.
Иманғали Нұрғалиұлы Президент аппаратының жетекшісі
болды. Қайта ол өз орнына уақтысында келді. Өйткені, бүкіл
уəзірлік, бүкіл билік қазір Имекеңнің қолында. Мемлекеттік хат-
шы – бұрын салт атты болса, қазір ол кісінің атына арба жегілді.
Ол арбаға жүк артылуы керек. Сол жүктің бірі – «Мəдени мұра»
бағдарламасы болуы қажет.
– Ілгеріде «Ара» журналына бір фельетон шықса, оның
кейіп кері не міндетті түрде шара қолданылатын. Құдайға
шүкір деп айтайық, қазір өзіңіз басқарып отырған «Ара»
журналының əрбір санында екі-үш фельетон жарық көріп
жүр. Ал олардың нəтижесі қандай?
– Бірінші, ондай дəрежеге жету үшін журналды бұрынғыдай
азуын айға білеген қалпына жеткізу керек. Екіншіден, еліміз
егемен болғалы бері бұқаралық ақпарат құралдарында қан-
шама өзекті мəселелер сыналды. Бірақ ешкім жауап берген
жоқ. Керісінше, сол сыналған кейіпкерлерге сот алдында
журналистердің өзі жауап беріп жатты ғой. Сын мақалада
айтылған, жазылған деректердің 99 пайызы шындық, ал бір
пайызы ғана журналистің сезімге, əсерге беріліп жазған тұстары
болуы мүмкін. Сондай осал жерін ұстап алады да: «Менің ар-
намысыма тиді» деп байбалам салып, моральдық шығын өтеуді
талап етіп жатады. «Ара» журналының бұрын азуын айға білеген
себебі бұл – Орталық партия комитетінің саяси сатиралық жур-
налы болған. Ол кезде заң басқа болатын. Аудандық газетте
жарық көрген сын мақалаға дейін жауап берілетін. Қазір ондай
сын мақалаларға жауап берілсін деген заң жоқ. Жауап берсе де,
бермесе де, ол шенеуніктің өз еркінде.
«ƏЗІЛ-ОСПАҚ ОТАУЛАРЫ «МАТРЁШКА» ОЙЫНШЫҒЫ СИЯҚТЫ»
– Қазақ сатирасы туралы сөз қозғала қалса, таяқтың бір
ұшы əзіл-оспақ отаулары мен комедия театрларына тиіп
жатады. Ол «таяқтың» бір егесі Сіз емессіз бе?
– Біздің «Тамаша», «Бауыржан-шоу», «Терісқақпай», «Шан-
шар», «Күлкі керуені» деген əзіл-сықақ отаулары орыстың
«матрёшка» ойыншығы сияқты бірінің ішінен бірі шыға берген.
Түрлері де бірдей, түстері де бірдей. Тек аттары ғана басқа. Бір
қызығы – біз оларды сынап аламыз да, «келесі жолы қызық
болып қала ма?» деп қайта барамыз. Дегенмен, егер олар жоқ
болғанда қайтер едік? Біз, қазақтар, жақсы жағынан гөрі, осал
жағына көбірек назар аударамыз. Мінезіміз сондай. Бірақ біз
«бұдан да жақсы болсын, мазмұнды болсын» деп айтамыз ғой.
Жалпы алғанда, олар орташа деңгейде.
– Ал енді осы отаулармен автор ретінде байланысыңыз
қандай?
– Ешқандай байланысым жоқ. «Тамаша» наурыздағы
бағдарламасына қазіргі бетке ұстар сықақшымыз Сейіт
Кенжеахметовті шақырып, тек соның шығармаларын қой-
ыпты» деп естідім. Міне, мұның өзі режиссер Лұқпан
Есеновтің ізденісін байқатады. Негізі, əрбір театрда ре-
дактор, редакциялық алқа болуы керек. Бəлкім, сонда ғана
қойылымдардың сапасы жақсаратын шығар. Қазақ – ту-
мысынан əзілкеш халық. Бірақ көбісі соңына түспеген.
Өкінішке қарай, қоғамның жүгін қопарып айтатын жүрек-
ті сықақшыларымыз жоқ.
– Еуропа да, басқа да алыс-жақын шет мемлекеттер де
сатираға ерекше көңіл бөледі. Тіпті, «Алтын кірпі» деген
қомақты жүлделер де тағайындаған. Бұл сыйлықты түріктің
атақты сықақшысы Əзиз Несин екі рет иемденген. Əзірге
ондай жүлде алмақ түгілі, сондай сатира сайыстарына
қатысқан қандастарымыз əлі жоқ. «Өз-өзіне күле алмаған
халықтың болашағы жоқ» деген қағида бар. Сонда біздің
болашағымыз жоқ па, əлде сатиралық шығармаларымыздың
насихатталуы нашар ма?
– Гобровода жыл сайын күлкі конкурсы өтіп тұрады. Оған
«бір қазақ сықақшысы қатысыпты» деген сөзді ешқашан естіген
емеспін. Ол конкурс та – спорттық олимпиада сияқты үлкен
сайыс. Ал ондай сайысқа дəл қазір кімді апарар едік? Орын ала
алмай масқара боп қайтқанша, қатыспағанның өзі жақсы...
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2004 жыл
Ћансейіт ЌБДЕЗЏЛЫ,
ќл-Фараби атындаѕы ЋазЏУ-дыѓ филология
факультетініѓ деканы, филология ѕылымдарыныѓ
докторы, профессор:
Џлттыћ
ћџндылыћтарды
жоѕары ћоямыз
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА
ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ҚАЖЕТ
– Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың фи лология факуль-
тетін басқарып келе жатқа ныңызға үш жылдың жүзі
болды. Мұның алдында Абай атындағы педагогикалық
уни верситетте дəріс оқып, осы орданың оқу-əдістемелік
жұмыстары жөніндегі прорек торы болып қызмет атқар-
дыңыз. Сондықтан Сізге білім жүйесі етене таныс. Соңғы
уақытта елімізде жүріп жатқан білім рефор малары туралы
ойыңызды ортаға салсаңыз?
– Мен бүкіл саналы ғұмырымның 30 жылын білім саласына
арнадым. Осы орай дағы түйгенім – еліміздегі білім беру сала-
сына түбегейлі өзгерістер енгізу қажет. Не ге? Себебі соңғы 5 – 6
жылда жазылған, əлем дік білім мен ғылымның үлкен жетістіктері
ескерілген, жаңа қоғамның талаптары на зарға алынған жаңа
білім стандарттары ой тоғыстырып отыр. Бүкіл Қазақстан қазақ
тілі мен əдебиеті, орыс тілі мен əдебиеті, аударма ісі, шетел фи-
лологиясы мамандық тарын қамтитын факультеттердің барлығы
министрлік бекітіп берген жаңа білім стан дарттары негізінде
оқып жатыр. Жаңа айтып өткен мамандықтар бойынша ең
соңғы білім стандарт тары ның авторы – ҚазҰУ-дың жə не біздің
факультеттің профессор лары. Бұл білім стандарты бізге не үшін
қажет? Біз əлемдік білім беру кеңістігіне ендік. Елба сымыздың
қойып отырған талабы – ҚазҰУ сияқты элиталық жоғары оқу
орындарына қадам басқан, əлемдік талаптарға жауап бе ре алатын
оқытушы-профессорлар құрамын дайындап, жастарға əлемдік
дəрежеде білім беру болып отыр. Яғни, біздің дипломда рымыз
əлемдік деңгейде мойындалып, қол данысқа енуі қажет. Міне,
осы бағытта Қаз ҰУ-дың, оның ішін де филология факульте тінің
ұжымы үлкен іс-шаралар атқарып отыр. Оның бір айқын дəлелі
ретінде осыдан үш жыл бұрын біздің университетіміздің ректо-
ры Төлеген Қожамқұлов тек Қазақ стан емес, бүкіл Орта Азия
көлеміндегі ЖОО-лардан бірінші бо лып «Болония» келісіміне
қол қойды. Бұл келісімге қол қою дегеніміз – бүкіл Еуропаның
ең үздік 500 университетінің қатарында тұрып, көп теген мəсе-
лелер сол деңгейде шешіледі де ген сөз. Сонымен бірге, бізде
тек Еуропа емес, сондай-ақ АҚШ, Азия, Таяу Шығыс, Қиыр
Шығыс елдеріндегі жоғары оқу орын дарының бағдарламалары
енгізілген. Дей тұрсақ та, егер нақты айтсам, филология факуль-
тетінде оқытылып жатқан білім стан дарттарының барлығында
бірінші кезекте ұлттық құндылық тарымызды жоғары қоя мыз.
Ұлттық құндылық дегеніміз не? Ол – біздің тіліміз, діліміз,
тарихымыз, тағы басқа мəдени-рухани мұраларымыз. Əрине,
бұ лардың бəрі студенттердің бойына əдебиет арқылы сіңіріледі.
Сондықтан біздің фа культетте əдебиет пəндері мен дəрістеріне
ерекше мəн беріледі.
– ҚазҰУ былтырдан бастап кредиттік технология жүйесі
бойынша оқытуға көшті. Бұл жүйеге көшудің қандай ма-
ңызы бар? Жалпы, кредиттік технология жүйесі туралы
түсінік бере кетсеңіз?
– Білім жəне ғылым министрлігі Қазақ стан білім кеңістігін
əлемдік білім кеңіс тігіне сабақтастыру мақсатында үлкен жұ-
мыстар жасап жатыр. Біздің ҚазҰУ бірінші болып кредиттік
технология жүйесін енгізді. Біз студенттерді үш сатылы білім
жүйесімен оқытып отырмыз: бакалавр, магистр жəне аспиранту-
ра. Осыдан екі жыл бұрын университетте бірінші болып эконо-
мика жəне заң факультеті кредиттік технология жүйесіне көшкен
болатын. Ал кредиттік технология дегеніміз – еуропалық,
амери калық үлгідегі оқу жүйесі. Мұның артық тұстары əлемде
мойындалған. Былтырдан бастап барлық факультет кредиттік
тех нология жүйесі бойынша оқуға көшті. Осы жүйе бойын-
ша біздің ҚазҰУ Қазақстандағы бірден-бір оқу-əдістемелік
орталық болып отыр. Яғни, осы жүйені енгізудің рефор малары,
заңдылықтары, талаптары, кезең-кезеңдері – осының бəрін
ғылыми негізде жүйелеп жазып, ереже ретінде басып шы ғарып
жатқан да біздің университет. Бұл жағынан бізге министрлік
үлкен қолдау көрсетіп отыр. Ал енді бүгінгі білім жүйесі мен
білім реформасы, ондағы жаңалықтар мен ілгерілеу дегенде,
əрине, көш басында Қазақ Ұлттық университеті келе жатыр. Бұл
заңды да. Өйткені ҚазҰУ-де бүгінгі күні 300-ден аса профессор-
лар мен ғылым док торлары, 800-ге жуық ғылым канди даттары
мен доценттер дəріс береді. Бұл біз дің уни верситеттің ғылыми
əлеуетін, кадр лық деңгейін көрсетеді. Қазақстанда оқы тушы-
профессорлардың кадрлық жүйесі, дəстүрі қалыптасқан мұндай
бірде-бір оқу орнын таба алмайсыз.
– Ал енді болашақ мамандарды даярлау ісіне қаншалықты
көңіл бөліп отырсыздар?
– Университеттерге маман даярлауда мамандықтар классифи-
каторы деген бар. Сол жүйеде біраз өзгерістер болды. Əрине, осы
классификаторды қайта қарап, тап бүгінгі нарыққа, өндіріске,
рухани-əлеу меттік салаға аса қажет мамандарды даяр ласақ, бұл
үлкен жетістік болар еді.
– Оған қазір не қолбайлау болып отыр?
– Ол классификатор осыдан екі жыл бұрын бекітіліп кетті.
Оның үстіне, ол жүйе ықшамдау, қысқарту мақсатында өте асы-
ғыс жүргізілді де дəл бүгінге керек көп ма мандықтар ескерілмей
қалды. Сондықтан классификатор дегеніміз де тірі ағза секілді.
Қоғам, заман қалай өзгерсе, ол да соған бейімделіп отыруы
қажет.
– Осы ұсыныспен министрлікке шықты ңыздар ма?
– Əрине, ұсыныс жасап жатырмыз. Егер Білім жəне ғылым
министрлігі бізді дұрыс түсініп, бекітіп берсе, онда көптеген
зəру мамандықтарға жол ашылар еді.
– Оған қанша уақыт қажет?
– Егер министрлік бұл шаруаны тез арада бастап кететін бол-
са, онда оны Қазақ станның ірі-ірі жоғары оқу орындары қуана
қолдар еді. Ол мəселені университет та рапынан тез арада қарап,
талқылап, өз ұсы ныстарымызды жасар едік. Мысалы, гума-
нитарлық, фундаменталдық, табиғаттану жəне жаратылыстану
ғылымдары ның бəрі ҚазҰУ-де шоғырланған. Сондықтан да
республикалық оқу-əдістемелік бірлестік біздің университетте
орналасқан. Осы бір лестікке классификатор тартылатын болса,
онда, əрине, көптеген университеттерге пайдалы болар еді.
– ҚазҰУ элиталық жоғары оқу орны болғалы отыр. Оның
қазіргі білім беру əдіс-тəсілдерінен қандай айырмашы-
лықтары мен басымдылықтары бар?
– Элиталық жоғары оқу орындары деген сөз көптен бері қо-
ғамдық пікірлерде қалып таса бастады. Таяуда ғана «Ана тілі»
газеті «Жас талапкер – 2005» деген айдармен бола шақта элита-
лық жоғары оқу орны болатын университеттердің тізімін жария-
лап жіберді. Сол тізімнің ішінде көп салалы мамандарды даяр-
лайтын университеттердің көшбасына біздің ҚазҰУ қойылып-
ты. Екінші орында Гумилев атындағы Еуразиялық универси-
тет, ал үшінші орында Евней Букетов атын дағы Қарағанды
мемлекеттік университеті тұр. Бұл, мүмкін, соңғы нүкте болмас.
Де генмен, елдің көңіліндегі, жүрегіндегі ойды қозғаған сияқты.
Əрине, элиталық деген мəртебе – мемлекет ресми түрде беретін
мəртебе. Біз соған ұмтылып келе жатырмыз. Ол оңай жүк емес.
Ондай мəртебе алу үшін ол оқу орнының тарихи тамыры, үлкен
дəс түрі, материалдық-техникалық базасы, рухани потенциалы
болуы керек. Ол əзірге келер уақыттың еншісінде.
– Егер білім сапасы оқу ордаларының санымен есептел-
се, онда тасымыз өрге до малап тұр. Оларды санауға саусақ
жет пейді. Аттары да дардай. Институт дегендері бірен-саран.
Кілең университет, академия. Осын дай оқу ордаларына
деген көзқарастары ңызды да білдіре кетсеңіз?
– Еліміз егемен ел болғалы бері жеке меншік оқу орындары
қаптап кетті. Əрине, олардың бəріне топырақ шашуға болмайды.
Бірақ солардың 80 пайызының ешқандай материалдық-тех-
никалық базасы жоқ. Қа жет болатын болса, кейбірінен бірде-
бір ғылым кандидатын емге таба алмайсың. Осындай халде
отырған оқу ордаларынан қандай білім сапасы туралы əңгіме
сұ райсың?
Қазір олардың саны 300-ге жуық. Осы дан кейін оның саны-
на қарағанша, одан да бес-алты элиталық ЖОО-ның болғанын
қалайсың.
– Ғылымның шет-шегіне жеткен ғалым жоқ. Оған бүкіл
ғұмырын арнаған əл-Фа раби де, басқа да даналар жете
алмаған. Дей тұрсақ та əрбір ғалымның діттеген мақ сат-мұ-
раты, жетер межесі болады. Сіз сол меже деңгейіне жеттім
деп ойлайсыз ба?
– Жоғарыда айтқанымдай, осы білім саласында 30 жылдай
уақыт бойы қызмет атқарып келе жатыр екенмін. Соның таза 20
жылын əдебиеттану ғылымына арнадым. Менің түбегейлі зерт-
теп жүрген тақыры бым: қазақтың суреткер қаламгері, кезінде
Мұхтар Əуезов тің өзі жоғары баға берген Тəкен Əлімқұловтың
шығармашылығы. Сол Мұқаң Мəскеуде ажал аузында жа-
тып: «Менің қаламымды алып, ізімді жалғас тыратын үш-төрт
ізбасарым бар. Олар – Зейнолла Қабдолов, Тəкен Əлімқұлов,
Са фуан Шаймерденов, Тахауи Ахтанов» деп атаған екен.
Міне, сол ғұлама ғалымның ізін жалғастырған, сол Мұхаңа
ұқсас жазатын, ойлау жүйесі, тілі, сурет тері, көркемдік бояуы
Мұхаңа жақын тұратын Тəкен Əлім құлов тың шығармашылығын
зерттеп жүр геніме он бес жылдай уақыт болды. Оның
шығармашылығына бес кітап арнадым. Ең соңғы жинағым «Та-
рих жəне тағдыр» деп аталады. Оның сыртындағы тақырыбым:
1960 – 1980 жылдардағы қазақ прозасы. Бұл – қазақ əдебиетінің
өркендеген, шарық таған, жарқыраған тұсы. Барлық тақырыпты
толық қамтыған кезі. Ол кезде бір жылымық заман келді де,
əдебиетшілерге жол ашыл ды. Тарихымызды, мəдениеті мізді,
əдебие тімізді, тарихи тұлғаларымызды айтуға мүм кіндік туды.
Мысалы, «Көшпенділер», «Ма хамбеттің бейнесі», «Отырар
ойраны» се кілді тарихи тақырыпқа жазылған шығар малар
дүниеге келді. Əсіресе, тарихи тұл ғалардың тағдыры. Солардың
қазақ руха ниятындағы, қазақ тарихындағы орнын қаламгерлер
қалай көрсете алды, қалай суреттеді, əділ бағалай алды ма? Міне,
осы мəселелер туралы үш кітап шығардым. Яғни, бұлардың
бəрі – ғылым саласында айна лысып жүрген, зерттеп жүрген
дүниелерім. Сосын тағы бір жете жазып, белсене ара ласқан
тақырыбым: ол – қазақ тілінің тағ дыры. Бұл тақырыпқа бай-
ланысты қазақ басылымдары мен телерадиоларында үнемі үн
қосып келемін. Себебі бойында қазақтың қаны бар əрбір азамат
тілдің тағдырын ойлауы керек. Қазақ тілі мыңдаған жылдар бойы
біздің ата-бабаларымыз сөйлеген тіл. Ал енді егемен ел болған
кезде қалай ана тілімізден айыры ламыз?! Оның мəртебесін неге
асқақтатпаймыз?! Түптің түбінде қа зіргі əдебиетіміз осы ана
тіліміз үшін қызмет жасауы керек. Қазір осы тілге, əдебиетке,
тарихқа жəне тарихи тұлғаларымызға бай ланысты көп дүние-
лер жазып жүрмін. Əсі ресе, тарихи тұлғаларды көбірек көтер-
гім келіп жүр. Себебі біздің руханиятымыздың тіректері,
діңгектері – сол тарихи тұлғалар. Сосын Алаш азамат тары ту-
ралы əңгіме əлі толық айтылған жоқ.
ҚАЗАҚ СЫНЫ ҚАЙТА ӨРЛЕП КЕЛЕДІ
– Қазақ əдебиетінің сын жанрында бел сенді еңбек етіп,
кенже дамып келе жатқан салаға сүбелі үлес қосып келесіз.
Бүгінгі сын жанры туралы айтылар əңгіме көп тəрізді...
– Тəуелсіздік тұсындағы қазақ əдебиеті мен əдебиеттану
ғылымы өте сəтті сабақ тасып, соңғы онжылдықта көптеген
тұщым ды дүниелер жарыққа шықты. «Қазақ əде биетінде сын
жоқ» деген пікірге қосыла ал маймын. Қазақтың əдеби сыны бар.
Соңғы уақытта əдеби сынға жазушылар да, ғалым дар да, журна-
листер де белсене араласып жүр. Əрине, бұрынғыдай жыл сайын
шығып тұратын «Уақыт жəне қаламгер», «Сөзстан», «Жастар
жастар туралы» деген сыни кі таптар жоқ болғанымен, əдеби
сыншыла рымыз өздерінің том-том жинақтарын шы ғарып жа-
тыр. Олардың ішінде бұрынғы əдебиетіміздің тарихы ғана емес,
сонымен қатар бүгінгі шығармалар да талдау өзегіне айналған.
Дей тұрсақ та, мемлекет тарапы нан арнайы бағдарлама бекітіліп,
қаржы бөлініп, ең таңдаулы деген сыни туынды ларды жоғарыда
айтқанымдай, «Уақыт жəне қаламгер» деген сияқты жинақтарға
енгізіп, жариялап тұрса, нұр үстіне нұр болар еді.
– Таяуда ғана өзіңіздің туған бауырыңыз, қазақтың
маңдайына біткен біртуар дарын иесі Бексейіт туралы
«Қос өнердің жұлдызы» атты жинақ шығардыңыз. Бұл
айтылар əңгіменің басы да, соңы да болмасы анық. Əрине,
ол шаруалардың басы-қасында өзіңіз жүрсіз. Бексейітті
мəңгі есте қалдыру мақ сатында тағы да қандай шаралар
атқа рылуда?
– Жаңа өзің айтып өткен естеліктер жи нағының сүйінші дана-
сы жарық көрісімен, «Айқын» газеті дүйім халық, мұқым елден
сүйінші сұрап, мыңдаған оқырмандарына құлағдар етті. Ол үшін
газет ұжымына əулетіміздің атынан алғысымды білдіремін.
Бексейіт өзінің жан досы Мұстафа Өзтүрік сияқты құйрықты
жұлдыздай ағып өтті. Екеуінің де ғұмыры қамшының са бындай
қысқа болды. Бірақ сол қысқа өмі рінің ішінде көп іс тындырып
кетті. Əсіресе, сурет саласында. Ол 28 жасында Қазақстан Ле-
нин комсомолы сыйлығының иегері болды. Қырыққа толмай
жатып бірнеше рет республикалық жəне халықаралық деңгейде
көрмелері өтті. Ал оның Тараз қаласында екі жыл жүріп салған
«Ұлы көш» атты по лотносы қазір қазақтың əрбір үйінің төрінде
ілініп тұр десем қателеспеймін. Өйткені 1987 жылы 50 мың дана-
мен плакат болып шық қан сол туынды тез арада таратылып кетті.
Оның түпнұсқасы Елбасының Алматыдағы резиденциясында
тұр. Ол шығармада қазақтың тəуелсіздігі үшін күрескен 89 та-
рихи тұлғаның бет-бейнесі бедерленген. Ол тарихи тұлғалардың
ішінде қазақтың ба тырлары мен билері, шешендері, көсемдері,
алыптары, арыстары, ақындары, спорт саңлақтары, суретшілер
мен мемлекет жəне қоғам қайраткерлері бар. Бірде Бексейіттің:
«Менің арманым – қазақтың бүкіл батыр ларын жеке-жеке жəне
бəрін жинастырып салып шығу» дегені бар еді маған. Оларды
бөлек-бөлек портрет етіп салуға тағдыр мұрша бермеді. Ал бəрін
жинап салғаны – осы «Ұлы көш» болды. Оның сыртында Ұлы
Абайдың 150 жылдық мерейтойы кезінде Бексейіттің көрмесі
Лондон қаласында өтті. Сондай-ақ, мұндай көрмелер Чехия,
Франция, тағы басқа Еуропа елдерінде ұйымдасты рылды. Ал
соңғы рет оның көрмесі өзінің досы, мемлекет жəне қоғам
қайраткері, өнер жанашыры Иманғали Тасмағамбетовтың
тікелей қолдауымен Орталық сурет гале реясында өтті. Ол
көрмеге Бексейіттің жүзге жуық туындылары қойылды. Бүкіл
қазақ стандық өнерсүйер қауым сол көрмені екі жарым ай бойы
тамашалады. Ал спорттағы еңбегіне тоқталсам, 1991 жылы
Мұстафа екеуі Қазақстан топырағына таэквондо спортын сіңірді.
Оны өзі басқарды. Осы өнерді меңгерген қазақтың жастарын
əлем дік чемпионаттардың барлығына алып бар ды. Егер тірі
болса, Олимпиада ойындарына да қатысар еді. Амал нешік,
1998 жылы дү ниеден озды. Дəтке қуат етерім, оның ар тында
мыңдаған шəкірттері мен ізбасарлары қалды. Олар Бексейіт
тігіп кеткен туды жықпай, одан əрі биікке көтеріп келеді. Осы
сөзімнің жарқын мысалы – Алматы қала сындағы «Достық»
спорт кешенінде шілде айында таэквондодан өткелі отырған
ха лықаралық жарыс. Бексейіт Түлкиевтің жүлдесі үшін бола-
тын сайысты өткізуге қа зақтың белгілі азаматтары Иманғали
Тас мағамбетов, Серік Қонақбаев жəне Бексейіттің шəкірттері
мұрындық болып отыр. Бұл сайысқа ТМД мемлекеттерінің ғана
емес, сонымен бірге Түркия, Иран, Оңтүстік Кореяның спорт
саңлақтары қа тысады. Сондай-ақ, жоғарыда айтып өтке німдей,
«Қос өнердің жұлдызы» атты кі таптың тұсаукесерін Бексейіт-
тің туған жері – Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы,
Қасқасу ауылындағы өзінің атымен аталатын мектепте өткізіп
қайттым. Кітап тың жүз данасын мектептің кітапханасына, бес
жүз данасын мектеп ұжымы мен оқу шыларына сыйға тарттым.
Биыл Бексейіттің туғанына – 50 жыл. Осыған орай туған же рінде
ас беріп, оның рухына құран ба ғыштадық. Аталған кітаптың бір
ерекшелігі – 1985 жылдан бастап 2005 жылға дейін қазақ жəне
орыс басылымдарында шыққан Бексейіт туралы ең таңдаулы
мақалалардың жиынтығы деуге болады.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2004 жыл
Нџрлан 9НЕРБАЕВ,
«Ћазаћ радиосыныѓ» Бас директоры,
ќнші:
Мен &те бай адаммын
«МƏДЕНИЕТТІ ДАМЫТАТЫН
МИНИСТР ЕМЕС»
– Сіз алдымен актер болдыңыз. Келе-келе əнші атандыңыз.
Қазір білдей «Қазақ радиосын» басқарып отырсыз. Осы үш
саланың қайсысына көбірек «еңбек сіңірдім» дер едіңіз.
Жəне еңбегіңізді немен байланыстырасыз?
– Біріншіден, атқарған қызметімді, сіңірген еңбегімді айта
қоятындай мен əлі өмір жолының жағалауына келіп тұрған
жоқпын деп ойлаймын. Екіншіден, өзіме-өзім баға бергенім
ұяттау болар. Оны менің өнерімді көріп, тыңдап, қадағалап
жүрген көрермендерім мен тыңдармандарым айтсын. Менің
атқарған қызметтерімнен гөрі, атқарар, сіңірер еңбектерім,
мақсат-мұраттарым мен жоспарым көп.
– «Қазақ радиосындағы» басшылық қызметті өзіңізге қол
көресіз бе? Жалпы, «өз орнымда отырмын, жақсы нəрселер
жасап жатырмын» деп есептейсіз бе?
– Мен еңбек жолымды театрдан бастадым. Жиі-жиі гастроль-
дерге шығып тұрдық. Қазақстанда, алыс-жақын шетелдерде
болдық. «Үйден қырық қадам шықсаң, мүсəпірсің» дегендей,
кейде əлеуметтік, қаржылай, тағы сол сияқты қиыншы лықтар
мен тығырықтарға кез болып жатасың. Сонда ұжымда бірге
жүрген ағаларымыз бен апаларымыз өкпе-реніштерін жасыра ал-
май, Мəдениет министрлігінде отырған жауапты қызметкерлерге
«бағыштап» наздарын айтып отырады. Шынында, Мəдениет
министрлігінің мақсаты – өнер майталмандары мен өнер
ұжымдарына жəрдем беру, олардың жұмыс істеуіне лайықты
жағдай жасау, əлеуметтік мəселелерін қамтамасыз ету емес
пе?! Бізде бір министр сайлана қалса, бүкіл өнердің тұтқасын
өзі ұстап отырғандай сезініп, шіренеді. Мəдениет пен өнерді
жасайтын да, оны одан əрі дамытатын да министр емес, өнерпаз.
Мен театрдың труппа жетекшісі болдым. Театр директорының,
көркемдік жетекшісінің оң қолы бола жүріп, көп тəжірибе
жинақтадым. Ұйымдастыру жұмыстарына белсене араластым.
Одан кейін «Қазақ радиосында» 6 жыл диктор болып жұмыс
істедім. Осы алты жыл ішінде радио ұжымымен біте қайнасып,
олардың мұң-мұқтажымен жете таныстым. Мені осы қызметке
шақырған кезде «ойландым, толғандым, қабырғаммен кеңестім»
деп айта алмаймын. Қызметке келісімен мені «Осы тұралап
қалған мекемеге қайтсем көмегімді тигізем, ұжым мүшелерінің
еңсесін қалай көтеріп, олардың сапалы жұмыс жасауы үшін не
керек»? деген сауалдар мазалады. Өйткені, олардың көп уақыты
осы жұмыс орнында өтеді. Таңның атысы, күннің батысы
қызметте жүрген адамға еш кедергі болмауы тиіс. Ол қызмет
орнында жүріп тамақ ішуі керек, демалуы керек, ыстық-суық
суы болуы керек, радио тыңдауы қажет. Қазіргі заман талабы-
на, заман көшіне ілесе алатындай техникалық жабдық тармен
қамтамасыз етілуі керек.
Осы алғышарттарды ескере отырып, «Қазақ радиосының»
ғимаратын күрделі жөндеуден өткіздік. Телерадио қызмет-
керлері нің айлығын көтеріп, қаламақы төлей бастадық. Сандық
техноло гиялар мен құрал-жабдықтар алдық. Қысқасы, істі
өзімізді-өзіміз сыйлаудан, қадірлеуден, бағалаудан бастадық.
«ƏДЕЙІ ЖЕҢІЛГЕН ЖОҚПЫН»
– Сізді «Елбасымен жақын араласады, бірге бильярд
ойнайды» деп естиміз. Сол рас па? Рас болса, сондай бір
сəттерден есіңізде қалған əңгіме, қызықты оқиға туралы
айта кетсеңіз.
– Жасыратын несі бар?! Еліміз егемендік алғалы бері Елба-
сы қатысатын үлкен концерттерде əн салып, басқа да мəдени іс-
шараларда бірге болу бақытына ие болдым. Əлі де сондай қарым-
қатынаста жүрмін. Мерекелік концерттерде өнер көрсететін
əншілердің арнайы тізімінен əлі түсіп көрген жоқпын. Оны
өзіме бақыт санаймын. Ресми шараларға ғана емес, демалыс
уақытында да бірге болатыным рас. «Патша – Құдайдың жердегі
көлеңкесі» дейді ғой. Былайғы жұрт ол кісімен бірге жүруді
қол жетпес ар мандай көреді. Халықтың түсінігі солай. Бірақ ол
кісі де пенде. Оның да демалатын кездері болады. Сосын Нұр-
ағаң – спорттың қандай түрін болса да өте жетік меңгерген кісі.
Мен оны өз көзіммен көрген соң айтып отырмын. Бір-екі рет во-
лейбол да, бильярд та ойнадым. Бір күні ол кісі мəртебелі қонақ-
тарды қабылдап жатты. Бізді арнайы концерттік бағдарламамен
шақыртқан болатын. Сəті түсіп, сол күні мені бильярд ойнауға
шақырды. Əрине, жанында жауапты қызметкерлер де болды.
– Кім жеңді?
– Əрине, Елбасы жеңді.
– Əдейі жеңілген жоқсыз ба?
– Жоқ. Əдейі жеңілген жоқпын. Бар өнерімді салып бақтым.
Бірінші ойнағанымда бірде-бір шар сала алмадым. Ал екінші
ойнағанымда үш шар салып үлгердім. Сонда қасында тұрған
орынбасарлары мен кеңесшілері: «Əй, Нұрлан, сен кіммен ой-
нап тұрғаныңды білесің бе?» деді. Елбасы: «Сендер Нұрлан-
ның қолынан тек гитара тартып, əн салғаннан басқа ештеме
келмейді деп ойлайсыңдар ма? Бильярдты жақсы ойнап, үйреніп
қалыпты. Қимыл-қозғалысы ширақ. Соны байқап, риза болып
тұрмын» дегенде, менің төбем көкке екі елі жетпей тұрды.
– Ел Сіздің атақты асаба екендігіңізді де біледі. Асабалық
кəсіп пе, əлде несіп пе? Оған алғашында қалай бардыңыз?
Не итермеледі?
– Мен театр сахнасынан өттім. Сахнада сөз сөйлеу шеберлі-
гін үйрендім. Онда артық сөз айтылмау керек. Көрерменнің
көңілінен шыға білу қажет. «Мені тыңдауға келдіңдер ғой»
деп ойына не келсе, соны айтып, орынды, орынсыз сөздер ай-
тып тұрып алатын кейбір əріптестеріме көңілім толмайды. Ол
сахна болсын, басқа жер болсын, өзіңді, өнеріңді сыйлаған ел
алдында қандай жағдайда да олар күткен биіктен көріне білуің
керек. Мен алғашқыда ресми концерттерді жүргізіп жүрдім.
Сахнадағы жүргізушілік шеберлігімді бағалаған болар, сыйла-
сып жүретін ағаларым мерейтойларын өткізіп беруге шақыра
бастады. Осы қызметке келгелі бері оны да кейінге ысыруға тура
келді. Өйткені қол тимейді. Жұмыстың өз жауапкершілігі бар.
Концерттерге қатысу керек. Менің асабалық ерекше шеберлігім,
ерекшелігім бар деп айта алмаймын.
– Құпия болмаса, бір тойды нешеге басқарасыз? Көбінесе
қандай адамдардан шақыру аласыз?
– Кешеге дейін өзіме таныс, өзім жақын араласқан, сырлас-
қан кісілер қолқа салса ғана барып тұрдым. Бейтаныс кісілердің
тойына барған емеспін. Өйткені, қызықты əңгіме айту үшін
де сол кештің иесін жақсы білуің керек қой. Той иесі туралы
қаншама мəлімет жазып бергенмен, ол шынайы шықпайды.
Сондықтан да мен өзім жақсы білетін ортаға барғандықтан
«Менің қызметім мынадай» деп ешқашан пұлдаған емеспін.
Өздері біліп, сый-сияпат жасап жатады. Ол кейде азын-аулақ
тиын-тебен де болады, кейде қомақты қаражат та болады.
Ешқашан мен: «Сен аз бердің, көп бердің, мен пəленшеге пə-
ленше сомаға қызмет жасайтын едім» деп айтқан емеспін.
«КӨМЕК КЕРЕК БОЛСА,
ДОСТАРЫМА АРҚА СҮЙЕЙМІН»
– Сіз бай адамсыз ба? Сондай дəулетке қалай жеттіңіз?
Негізгі табыс көзіңіз туралы білуге бола ма?
– Байлықты тек қаржылық дəулет деп есептемеу керек. Мен
өте бай адаммын. Иншалла, күпірлік болмасын, мен таршылық
көрген адам емеспін. Əке-шешемнің алдында еркелеп жүріп
өстім. Əжемнің аялы алақанының табын сезіп, тəрбиесін көрдім.
Ауылда өз құрбы-құрдастарыммен тай-құлындай тебісіп ер
жеттім. Өнерге араласқалы бері мені, менің өнерімді сыйлап,
сыйласқан, өздеріне жақын тартып, туыс еткен, бауыр болған
достарым көп. Қазақ станның қай түкпіріне барсам да мені со-
лар құшақ жая қарсы алады. Міне, менің ең үлкен байлығым да,
дəулетім де – осы. Егер маған қаржылай көмек керек болатын
болса, қашанда достарыма арқа сүйеймін. Менің жетпей жатқан
тұстарымды солар толтырып жатады. Ал банктен арнайы есеп
шот аштырып, қаржы жинаған емеспін.
«КӨЛІГІМНІҢ НӨМІРІ «888»
– Көлігі бар адамдардың басым көпшілігі «333», «777»,
«888», «999» деген нөмір алуға тырысып бағады. Бұл «көзге
түсу ме?» əлде біз білмейтін қыры мен сыры бар ма?
– Қазақ үшін «7» саны қасиетті сан болып саналады.
Сондықтан да «777»-ге талас болғаны рас. Менің көлігімнің
нөмірі «888». Сегіз саны арифметикада шексіздікті білдіреді.
Мен бұны неге таңдадым? Біріншіден, ең алғаш көлік алғанда
МАИ-да істейтін достарым: «888 деген нөмір бар. Қаласаңыз,
осыны берейік» деді. «Бұл сан нені білдіреді?» деп сұрадым.
Олар маған барлық нөмірдің мағынасын түсіндіріп берді.
Сондағы түсінгенім мынау. «666» сайтанның нөмірі, «999»-да
сондай бірдеме. «777» мұсылман қауымы үшін қасиетті сан. Ал
«888» шексіздікті білдіреді екен. Мен осыған тоқтадым. Өйткені,
жоғарыда айтқандай мен достарға бай адаммын. Сосын алды-
ма көмек сұрап келген адамға шамам келсе, «жоқ» деп, кеу-
десінен итеріп, меселін қайтарған емеспін. Мен өзі кеңдікті,
шексіздікті ұнататын адаммын.
– Ол нөмірдің құны қанша тұрады?
– Ешқандай қаржы төлегенім жоқ. Құны қанша екенінен де
хабарым жоқ.
«ПАРЛАМЕНТТЕ ӨЗ ОРНЫМДЫ
КӨРІП ТҰРҒАН ЖОҚПЫН»
– Перзенттеріңіз қай тілге жүйрік? Қазақшасы қалай?
Оларды тəрбиелеуде белгілі бір қағида ұстанасыз ба?
– Əдебиет, мəдениет, өнерге араласып, мемлекеттік тіл мə-
селесін көтеріп, жұртқа пəлсафа соғып жүрген зиялы қауымның
өз перзенттері қазақ тіліне мақрұм. Бұл ретте мен ойлаймын.
Біздің тал бесігіміз де, алтын дінгегіміз де – ауыл. Жалпы, адам-
зат жаратылған кезде, оның бойында өз ұлтының қадір-қасиеті,
ұлттық ерекшеліктері болады екен. Алла Тағала солай жарата-
ды. Осындай қағида бар. Тек оны оята білу керек. Менің үлкен
ұлым елде дүниеге келді. Тілі елде шықты. Тұсауы да сон-
да кесілді. Қызым Алматыда дүниеге келді. Рас, алғашында
қазақ тілінде балабақша болмаған соң, орыс тіліндегі балалар
бақшасына бердік. 1986 жылы Желтоқ сан оқиғасынан кейін
ұлттық сана-сезіміміз оянып, «қазақ бола мыз» деп ел шулай
бастағанда мен қызымды ауылға апарып тастадым. Шүлдірлеп,
тілін əрең сындырып жүрген қызым үш ай ішінде таза қазақ
тілінде сөйлеп келді. Қазір ол қызым ҚазМУ-дың журна листика
факультетінде оқып жүр. Кіші ұлым Марғұлан да қазақша
сөйлейді. Ол № 119 мектептің жəне Күлəш Байсейітова атында-
ғы арнаулы саз мектебінің дайындық бөлімінде оқиды.
– Депутат болу ойыңызда жоқ па?
– Мен реалист адаммын. «Менің қолымнан бəрі келеді»
деп өзімді алдағым келмейді. Əзірге қолымнан келетін ісімді
атқарып жүрмін. Халықтың өзіме деген құрметін пайдаланып
өтіп кетуім де ғажап емес. Бірақ ол жерде ел аманатын орындай
алмай жатсам, кімді алдағаным? Бірінші, өзімді, екінші, маған
сенген халықты алдағаным болып шықпай ма? Мен əзірге Пар-
ламентте өзімнің орнымды көріп тұрғаным жоқ.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2004 жыл
Роза РЫМБАЕВА,
Ћазаћстанныѓ Халыћ артисі, ќнші:
Тџрмыс ћџру
ойымда жоћ
«АҚШ-ТЫҢ АЗАМАТЫ СУРЕТІМДІ САЛЫП, ТАРТУ ЕТПЕК»
– Сізбен жүзбе-жүз кездесіп, емін-еркін сөйлескенді жұрт
өзіне мəртебе көреді. Біреулер танымалдыққа ұмтылады,
біреулер танымалдықтан шаршайды. «Жүрегін» ала
жүгіретіндер тағы бар дегендей...
– Иə, ондай жағдайлар жиі болып тұрады. Басқасын
айтпағанда, күні кеше ғана АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі
маған бір хат тапсырды. Ол елдің азаматы елшіліктен менің
суретімді салып жіберуін өтініпті. Сондағы мақсаты – майлы
бояумен портретімді салып, маған тарту етпек екен.
– Ал орынсыз мазаңызды алатын «табынушылары-
ңыздың» іс-əрекетін қалай қабылдайсыз?
– Оларға еш ренішім жоқ. Қалыпты жағдай ретінде қабыл-
даймын.
– Кеше ғана Мəскеуге, Киевке гастрольге барып келді-
ңіз. Олар Сізге сын көзбен қараған шығар, Сіз не түйіп
қайттыңыз?
– Мəскеуде «Əйелдер қаласы» атты 8-наурыз халықаралық
əйелдер күніне арналған концертке қатыстым. Ол қаладағы
қазақстандық көрермендеріммен қауыштым. Ал Киев қаласында
«ХХ ғасырдың есімдері» атты концерт болды. Оған алыс-жақын
шетелдерден əншілер қатысып, сол ХХ ғасырда айтылған тама-
ша əндерді қайта жаңғыртып, көрермендердің көңілін «босат-
ты». Бұл концертте өзімді көрермен алдында сынақ тапсырған-
дай əсерде болдым. Бүгінгі деңгейімді көрсеттім. Өзімді өзгелер-
мен салыстырып əрі Қазақстанның атын шығарып қайттым.
– Сол сапарда жүргенде үйде қалған балаларыңызды
ойлап, алаңдаған да боларсыз? Оларды кімге сеніп тастап
кетесіз?
– Үлкен ұлым Əли қазір əкесі Тасқын секілді музыкаға жақын.
Қазір фортепьянода классикалық шығармаларды орындап жүр.
Əрі дирижерлік қабілеті де бар. Мен кеше Мəскеуде жүргенде
ол Мемлекеттік симфониялық оркестрмен Моцарттың екінші
концертін орындап, өз өнерін көрсетті. Өкінішке қарай, мен көре
алмай қалдым. Ал кіші ұлым Мəди əлі кішкентай. Бірақ ағасы-
на ұқсап музыкамен, спортпен айналысқысы келеді.
«ҚОНАЕВ БЕРГЕН
ҮШ БӨЛМЕЛІ ПƏТЕРДЕ ТҰРАМЫН»
– Жеке көлігіңіз, жүргізушіңіз бар. Рөлге өзіңіз отыруға
қалай қарайсыз?
– Жеке көлігімнің бары рас. Бірақ ол – тек менікі емес,
Рымбаев тар əулетінің көлігі. Ал жүргізуге келсек, менің оны
үйренуге уақытым жоқ.
– Отбасыңызда үй қызметшісін ұстайсыз ба?
– Жоқ. Димаш (Дінмұхаммед Қонаевты айтады) ағамыз
берген үш бөлмелі пəтерде тұрамыз. Шетелдегі əріптестерімді
қонаққа шақыруға ұяламын. Ата-анасынан ерте жетім қалған
Тасқынның ағасының екі қызын қолыма алғанмын. Екеуі де
студент. Бос уақыттарында олар балаларға қарап, ас əзірлеп, кір
жуып, əйтеуір маған қолғабыстарын тигізеді. Елден ата-анам-
ды, бауырларымды көшіріп əкелгенмін. Олар да маған көмек-
тесіп тұрады. Мен де шама-шарқымша оларға қарайласып
қоямын.
– «Өнер адамдарының жанашыры, желеп-жебеушісі көп
болады» деуші еді. Сізді де «алақаныма салып, үлде мен бүл-
деге ораймын» дейтін атпал азаматтар бар шығар? Отбасын
құру ойыңызда бар ма?
– Əр адамның алдында діттеген мақсаты болады. Қазіргі
менің бар мақсат-мұратым – Əли мен Мəдиді жəне екі қызымды
аяғына тұрғызып, оларға қажетті білім беріп, өмірге деген көз-
қарасын қалыптастырсам деймін. Олар өсіп, жетілем дегенше,
мен де қартаятын шығармын.
«МАҚТАНШАҚ ƏНШІНІ
ЕЛ ҰНАТА БЕРМЕЙДІ»
– Əнші – қажылар туралы не ойлайсыз?
– Əрине, қажылыққа бару – мұсылман қауымы үшін бес
парыздың бірі. Бірақ парыз екен деп, бес уақыт намаз оқып,
ораза тұтпай жатып, бірден қажылыққа баруды құптай ал-
маймын. Көпке топырақ шашуға болмайды. Олардың ішінде
Меккеге баруға лайықтары да, сонымен қатар əліпті таяқ деп
білмейтін жандар да бар. Жоғарыға көтерілу үшін ең алғашқы
баспалдақтан өту керек. Қысқасы, қажылыққа бару үшін үлкен дайындық қажет деп ойлаймын. Ол парызын өтеп келген соң да дүние ісіне араласпай, бір Аллаға сыйынып, мешіттерде жиі жүргені жөн ғой. Əйтпесе, бəзбір қалтасы қалың азаматтар қаржысын шашып барып келіп жатады. Одан да сол қаржыны жетім-жесірлерге, əл-ауқаты нашар отбасыларына, балалар үйіне, мүгедектерге, білім-ғылым, əдебиет-мəдениет, медицина саласында əупіріммен күн кешіп жүрген жастарға берсе, əлдеқайда мол сауап алар еді. Əрине, қалтасына сеніп, қажылықты атағын шығару құралына айналдырғысы келген - дер менің бұл сыныма ренжімес деп ойлаймын. – Əртістер ырымшыл келеді дейді ғой? – Сенім-наным дегендердің кейбіріне ғана болмаса, көпшілігіне сене бермеймін. – Ел арасында «Жұлдыз ауруы» деген сөз бар. Сол «дертпен» ауыратын əріптестеріңізді байқадыңыз ба? Жалпы, бұл ауруға Сіз қандай «диагноз» қоясыз? – Ондай «ауру» бар екені рас. Бірақ өнерді жəне өзін сыйлайтын кəсіби əнші мақтаншақтыққа бой ұрмай, барынша қарапайым болуы қажет. Қолы жеткен табыстар мен жетістіктерге басы айналмауы тиіс. Мақтаншақ əншіні ел ұната бермейді. Бұл «аурудың» «дəрісі» – қарапайымдылық пен еңбекқорлық. – Өзіңізге көңіліңіз толмайтын сəттер бола ма? – Өкінішке қарай, ондай сəттер болып тұрады. Өнер адамы болған соң кейде өзіңе көңілің толмайды. Сосын көп ізденуге тура келеді. Бірақ, салым суға кетіп, тұңғиыққа батқан кезім жоқ. Қайта өз-өзімді қайрап, намысымды қамшылап, жігерлене түсемін. – «Айқын» газетінің 70 мыңға жуық оқырманы Сізден жаңа əндер күтеді. – Рахмет. «Айқын» газетінің шығып жатқанын естіп, қуанып отырмын. Қазақ тілінде мұндай күнделікті газет өте қажет. Алдағы уақытта «Айқын» газеті беделді де белді газет боларына сенемін. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін. – Айтқаныңыз келсін! Рақмет! «Айқын» газеті, 2004 жыл
Сауыћ ЖАЋАНОВА,
Ћазаћстан Республикасыныѓ
еѓбек сіѓірген артисі:
Радиоѕа шаћырса,
тіпті жалаћы да
сџрамас едім...
«Алматыдан с
йлеп тџрмыз»
деген сазды да назды ќрі ќуезді
љнімен ћазаћ тыѓдармандарын
зіне баурап алѕан белгілі диктор,
Ћазаћстан Республикасыныѓ
еѓбек сіѓірген ќртісі Сауыћ
Мќсіѕџтћызы Жаћанова халыћ
назарынан тыс ћалды. Бџћаралыћ
аћпарат ћџралдары арћылы іздеп,
сџрап жатћандар да баршылыћ.
Танымал диктордыѓ бљгінгі
тыныс-тіршілігі,
мірі мен
нері жайлы білу маћсатында ол
кісімен жолыѕып, ќѓгімелескен едік.
Сауыћ Мќсіѕџтћызыныѓ жљрегініѓ
тљбінде сыр жасырмай, жайып
салѕан сџхбатын назарларыѓызѕа
џсынамыз.
– «Қазақ» радиосынан даусыңызды естімегелі бірнеше жыл болды. Қазақ тыңдармандары Сізді іздейді. Бүгінгі жай-күйіңіз туралы білгісі келеді. Қазір қайда жүрсіз? – Мен қазір Темірбек Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының «Сахна тілі» кафедрасында дəріс оқып, шəкірт тəрбиелеп жүрмін. Осы оқу ордасында жүріп жазған «Сөйлеу техникасы» деп аталатын кітабым да жарық көрді. Оның сыртында еңбегімді бағалап, ел-жұрт, Үкімет берген атақдəрежелерім тағы бар. – Өнер академиясында дəріс оқып жүр екенсіз. Сонда Сіз осы өнер саласында кандидаттық диссертация қорғадыңыз ба? – Жоқ. Мен жоғары оқу орнын бітіргелі бері елдің, халықтың назарында болдым. Олар мені жақсы біледі, қолдан келгендерінше сыйлайды. Құрмет тұтады. Ілгеріде Үкімет те «Қазақстанға еңбек сіңірген артист» деген атақ беріп, «Құрмет белгісі» орденімен марапаттаған болатын. Осы атақ-дəрежелерімді ескеріп, Өнер академиясы маған доценттік атақ беру туралы Жоғары аттеста циялық комиссияға ұсыныс жасады. Олар бір ауыз сөзге келмей, маған «доцент» деген атақ берді. – Былтыр ҚазҰУ-де де дəріс беріп жүр едіңіз... – Иə, ҚазҰУ-дың журналистика факультеті телерадио кафедра сында 5 – 6 жылдай «Мамандыққа баулу» пəнінен дəріс оқыдым. Ондағы басшыларға еш өкпе-ренішім жоқ. Қиналып жүрген кезде қолұшын беріп, көмектесті. Белгілі себептермен биыл ол жерден қол үзіп қалдым. Келер жылы ондағы қызметімді қайта жалғас тырамын деген ойдамын. – Қазақ радиосынан неге кеттіңіз? – 1999 жылы халық сүйіп тыңдайтын «Шалқар» бағдарламасы жабылды. Бұл бағдарламаны тек Қазақстанның емес, сонымен бірге шет елдерде тарыдай шашырап жүрген қазақ тыңдармандары да тыңдайтын. Сол кезде Орта Азия елдерін айтпаған күннің өзінде, Қытай, Моңғолия, Ресей, тіпті Канададан хаттар келіп тұратын. Олар қазақ тілінде шығатын газетжурналдарды алып, оқып тұра алмайды. Атамекенінен жырақта жүрген соң елі мен жерін аңсайды. Атажұртында болып жатқан
жаңалықтарды білгісі келеді. Ана тілін, халқының əн-жырын
естігісі келіп тұрады. Сондықтан «Шалқар» бағдарламасын
тыңдайтын. Осының бəрін ескермей, Қазақ радиосының
басшылығы «қаржы жоқ» деген желеумен «Шалқарды» бір
күнде жапты да тастады. Бағдарламаның жабылуына қарсылық
білдіріп, басшыларға хат жаздық. Сол хатқа ең алғашқылардың
бірі болып қол қойып, бастыққа алып кірген де мен едім. Бұл
жеке бастың қамын ойлап, күйін күйттеу емес қой. Соған
қарамастан қысқартуға бірінші болып іліктім. Менің соңымды
ала біраз журналистер мен дикторлар жұмыссыз қалды. Содан
жаз бойы үйде жұмыссыз отырдым. «Ел болған соң ер тудырмай
тұра алмайды» демекші, өнерге жаны ашитын азаматтар əлі де
бар ғой. Сондай зиялы адамдардың бірі Тілеубек Қышқашбаев:
«Сіз бізге керек мамансыз. Сізді қызметке аламыз» деп жұмысқа
қабылдады.
– Егер Сізді жұмысқа қайта шақырса, радиоға барар ма
едіңіз?
– Егер əдеби-музыкалық хабарларды оқуға шақырса, барар
едім. Тіпті, соған жалақы да сұрамас едім.
– Қазіргі қазақ радиосының бет алысы, бағыт-бағдары
қалай? Кəсіби маман ретінде не айтасыз?
– Жаман емес. Жиі тыңдап тұрамын. Бірақ эфирге шығып
жүрген жастар сөйлеу тілімен сөйлемейді. Олар сөз қалай жазыл-
са, дəл солай оқып береді. Тіпті, оқыған кезде де қазақ тіліндегі
ілгерінді-кейінгі ықпал, үндестік заңы – сингорманизм, қатаң,
ұяң, жіңішке дыбыстарды дұрыс оқымайды. Қазақ тілі құлаққа
өте жағымды естіледі. Оны жасанды қылып, ауызды майысты-
рып, əуре болудың қажеті жоқ. Менің «Сөйлеу техникасы» деп
аталатын кітабымда мұның бəрі егжей-тегжейлі айтылған.
– Əңгімеңізге рақмет!
«Айқын» газеті, 2004 жыл
Темірѕали К9ПБАЕВ,
«Ћазыѕџрт» баспасыныѓ президенті, филология
ѕылымдарыныѓ кандидаты, аћын:
Нарыћтыѓ &зі
бќсекелестіктен тџрады
– Қазақстанда 200-ден аса баспа бар екен. Соны көріп,
біле-тұра «Қазығұрт» баспасын аштыңыз. Сондағы діттеген
мақсатыңыз не болды?
– «Қазығұрт» баспасы 2001 жылы заңды түрде тіркеліп,
талғамы зор оқырман қауымға тиісті дəрежеде қызмет көрсете
бастады. Елімізде баспалардың көп екендігінен біз де хабардар
болатынбыз. Бірақ сол тұстарда баспалар бағыт-бағдарларынан
жаңылып, ұсақ-түйек дүниелерді басумен əуестеніп кетті.
Өйткені нарықтық экономика осыған алып келді. Ал баспа
ашудағы негізгі мақсатымыз – сөз қадірін түсінетін халыққа
тұщынып оқитын қомақты, сүбелі əдебиеттерді ұсыну болды.
Араға көп уақыт салмай, бағыт-бағдары мыз айқындала бастады.
Сонан соң көптомдық шығармалар жина ғын шығаруды қолға
алдық. Өйткені тəуелсіз ел болғанға дейін Мұх тар Əуезов пен
Сəбит Мұқановтан басқа қазақ қаламгерлерінің көптомдықтары
баспа бетін көрген жоқ. Қасиетті қазақ топырағын да туып, əлем
əдебиетінің алдыңғы қатарында жүретін қаламгерлер бізде
баршылық. Сондай біртуар дарын иелерінің көптомдықтарын
неге жария етпеске?! Міне, осы бағытта қыруар шаруа атқардық.
Ондаған танымал авторлардың алды он бес, соңы он томдық
толық шығармалар жинағын басып шығардық. Базбіреулер
біздің бұл қадамымызды хош көрмей: «Ол көптомдықтарға
енген шығармалар дың бəрі алтын емес қой» деуі мүмкін. Рас
сөз. Бірақ олардың бəрі нің алтын болуы да міндет емес. Ол –
ақын, ол – жазушы, ол – əде биет ші. Олар өзінің көңіл-күйін
қалам қарымына қарай қағазға түсірді. Біз олардың бəрінің
басын қосып, жинақтап шығардық. Се бебі ол туындылардың
бəрі болашақ зерттеушілер үшін аса қа жет. Ертеңгі күні олар
шаң жұтып, мұрағаттарда отырмайтын бола ды.
– Бəсекелестіктен қорықпайсыз ба?
– Жоқ, қорықпаймын. Ондай адамдар үйде отыруы керек.
Нарықтың өзі бəсекелестіктен тұрады. Оның заңы, шарты сон-
дай. Өз өніміңді өзің нарыққа бейімдей алмасаң, онда еңбегіңнің
еш болғаны. Бəсекелестік деген бір-бірінің аяғынан шалу,
оңтайлы сəтті пайдаланып тұншықтыру немесе мүлдем көзін
жою емес. Негізі, бəсекелестікті əріптестік деп түсінгеніміз
абзал. Біреудің сыртынан қаңқу сөз айтқаннан гөрі, əркім өз
өнімімен бəсекеге түсуі керек. Жалпы айтқанда, өнімнің ішкі
мазмұны мен сыртқы безендірілуі өлеңнің əуезі мен сөзі тəрізді
үйлесіп, жымдасып тұрса, сұранысқа ие болады. Міне, осы
тұрғыдан алғанда біз, шығарып жатқан өніміміздің сапасына
қарап, кез келген бəсекеге түсе аламыз. Кез келген байқауға,
тендерге қатыса аламыз. Өйткені осы уақытқа дейін шығарған,
алдағы кезде жарық көретін рухани дүниелердің бəрі бүгінгі
күннің талабына жауап бере алады.
– Кітап шығару бар да, оны тарату деген де бар емес пе?!
Өз өнімдеріңізді қалай таратып жатырсыз? Жалпы, біздің
елде кітап тарату жүйесі жолға қойылған ба?
– Рас, кітапты кез келген баспа шығара алады. Ал оны тара-
ту – ең өзекті мəселелердің бірі. Қазақ – сөзге қонақ берген,
ақын-жазушыларын құрметтеген халық. Олардың қаламгерлерге
деген ілтипаты əлі де сол қалпында. Сондықтан біз кітап шы-
ғарарда ең əуелі оның өтімділігін зерттеп аламыз. Кітаптың
авторына, оның безендірілуіне, оқырманның сұранысына
айрықша мəн береміз. Егер ол өтпейтін болса, қоймада жатып,
шаң басатын болса, онда оны неге біз басуға тиіспіз? Əрі-беріден
кейін ол кімге керек?! Сондықтан біз маркетинг, менеджменттік
зерттеулер жасап, оқырмандардың сұранысын тап басып, ең
өтімді деген кітаптарды шығаруға тырысамыз. Бүгінгі күні
кітап тарату ісі жекеменшік кəсіпкерлер тарапынан жақсы жолға
қойылып, жанданып келе жатыр. Біз бүкіл Қазақстан бойынша
кітап сатушы мекемелермен байланыс жасап отырмыз. Қай
қалада болмасын, кітап дүкендері баршылық. Оларға кітап
сатылған соң есеп айырысуға мүмкіндік беріп отырмыз. Ал
жалпы кітап тарату ісі елімізде қалай жүргізіліп отыр дегенге
келетін болсақ, бұрынғы кітап таратуды ұйымдас тырушы,
жүйелеуші ұйым ешбір аймақта жоқ. Дəл қазір олар өте қажет.
Бұрынғы баспалар осы ұйымдар арқылы кітаптың таралы мын
анықтайтын. Мен осы істе сол ұйымдардың жұмыс істеу тəсі лін
ұстанып қалдым. Дегенмен, «шығарған өнімдерімізді 100 пайыз
таратып тастап отырмыз» дей алмаймын.
– Тапсырысты өздеріңіз іздейсіздер ме, əлде авторлар
сіздерді іздеп келе ме?
– Баспа ашылғалы бері жарнамалық өнімдерді көптеп
шығарып келеміз. Оның үстіне, өнімдеріміз өзін-өзі жарнамалап
отыр. Авторларымыздың беделі де игі ықпалын тигізеді. Қазір
«Қазы ғұрт» баспасы республикадағы беделді баспалардың
қатарында келеді. Оны дуалы ауыздар да айтып жүр. Ең
алғашқы кезде авторларды біз іздеуші едік. Енді авторлар
бізді іздейтін жағдайға жеттік. Жылдан жылға авторлар құ-
рамы өсіп келе жатыр. Бүгінгі күнде, үлкен жобалар жасап,
соларды жүзеге асыруға дайын отыр мыз. Алдағы уақытта
баспадан «Мемлекеттік сыйлықтың лауреат тары», «Ұстаздар
кітапханасы» атты сериялар бойынша жеке жинақтар мен
көптомдық ғылыми еңбектер жарық көреді. Үш жыл дан бері
мемлекеттен тапсырыс алып келеміз. Биыл Сəкен, Ілияс,
Бейімбеттердің 10 томдықтарын шығаруды қолға алдық. Жыл
соңы на дейін əрқайсысының 3 томы жарық көреді. Келесі жылы
қалған томдары баспа бетін көретін болады. Біз, негізінен,
көптом дық тар шығаратын болғандықтан олардың атауы аз
болуы мүмкін. Бірақ əрқайсысы 10 – 15 томнан тұратынын
ескерсек, бұл – қыруар жұмыс.
– ҚазМУ-дың журналистика факультетінде шəкірт
тəрбиелеп, дəріс оқыдыңыз. Филология ғылымдарының
кандидатысыз. Білдей телерадио кафедрасын басқардыңыз.
Осының бəрін тəрк етіп, кеттіңіз де қалдыңыз. Бұл ісіңізге
өкінбейсіз бе?
– Мен ҚазМУ-ды «қара шаңырақ, қасиетті орда» деп
есептеймін. ҚазМУ-де білім алдық, сол жерде қызмет атқар-
дық. Сол киелі ордада қалыптасып, шыңдалдық. Сол ордада
ғылыммен айналыс тық. Мен ҚазМУ-дың жанынан алғысымды
айтып, басымды иіп өтемін. Бірақ сол ҚазМУ-де жүріп елге
сіңірген еңбегімнен гөрі, қазіргі атқарып жатқан шаруаларымның
маңызы əлдеқайда зор деп ойлаймын. Өйткені біз қазір ұлттың
рухын шыңдап, болашаққа қызмет ететін мол əдеби мұра
қалдыруға мұрындық болып отырмыз. Əлі алда атқарылар
шаруалар көп. Мен өз орнымды енді таптым. Осы жерде жүріп
елге көп пайда тигіземін деп ойлаймын. Бірақ қайда жүрсем
де ғылымды тастамаймын. Баспа, кітап ісі туралы докторлық
диссертация жазу үшін ізденіп жүрмін. Ол ел мен халықтың
игілігіне асар сүбелі еңбек болса екен деймін.
– Жас ақын-жазушылардың бүгінгі деңгейі қай дəреже-
де? Олардың шығармаларын оқып тұрасыз ба?
– Жас қаламгерлердің туындыларын жіті қадағалап оқып
отырамын. Əсіресе, «Қазақ əдебиеті» газетіндегі «Жас қа-
лам» – өте сəтті шыққан қосымша. Əдебиетте «жас ақын» деген
ұғым бар. Бірақ əдебиет жасқа, жасамысқа қарамайды. Тума
талант жарқыл дап келіп, жасындап өтеді. Дегенмен, бір ақын-
ның поэзиясы жаның ды жадыратса, екінші біреудің өлеңі кө-
ңіліңді құлазытады. Олар дың бəрін «керемет» деп көтермелей
беруге тағы келмейді. Дара дарынды халық өзі танып, іріктеп
алады. Олар да құрмет, қошемет тен кенде қалып жатқан
жоқ. Оның үстіне, соңғы кезде Жазушылар одағында поэзия
кештері жиі өтіп тұратын болды. Бұл жас ақын дар ды танытуға
үлкен мүмкіндік береді. Ертеңгі əдебиеттің үлкен өкілдері осы
жас толқыннан шығады. Негізі, кез келген талант əде биетке
«айтарым бар» деп келеді. Ендеше олар айтарларын айтсын.
Қазақ поэзиясының үлкен көшіне ілісе білсін. Жалпы, мен
поэзияға сын айтуға қарсымын. Өлең – ақындардың сүйікті ісі
іспеттес нəрсе. Əр ақын өзінің ішкі бұлқынысын, көңіл-күйін
қағазға түсіргісі келеді. Осыдан əдебиетке, халыққа келіп-кетер
зиян жоқ. Сосын оларға «Сен неге былай жазбайсың?» деп
айтуға ешкімнің хақысы да жоқ. Əркім жанының жарқ еткен
сəтін жазады.
– Əңгімеңізге рақмет!
«Айқын» газеті, 2004 жыл
Раћымѕали ЋЏЛ-МЏМАММЕД,
«Атамџра» корпорациясыныѓ президенті,
Ћазаћстанныѓ еѓбек сіѓірген ћайраткері:
Џлы ѕџламаныѓ
энциклопедиясын
шыѕару – «Атамџраѕа»
даѓѕыл жол ашты
– Биыл «Атамұра» баспасының құрылғанына 20 жыл
толып отыр. Уақытқа сəл шегініс жасап, баспаның тари-
хына аз-кем тоқтала кетсеңіз?
– Мен өз басым «Атамұра» корпорациясының құрылуын
еліміздің тəуелсіздігінің жемісі деп санаймын. Өйткені, еліміз
тəуелсіздік алған соң араға екі-үш ай салып, 1992 жылы ақ-
панның төртінші жұлдызында «Атамұра» шағын өндірістік
кəсіпорны құрылды. Ол кезде құрамында бар-жоғы 4 – 5 адам
еді. Бұл тұрғыдан келгенде «Атамұра» кəсіпорны өзін тəуел-
сіздіктің құрдасы деп санайды.
Алғашқы құрылған жылдары бұл кəсіпорынның болашағына
күмəнмен қарағандардың саны аз болған жоқ. Өйткені, бұл
кəсіпорын жас мемлекетіміздің кітап бизнесіндегі алғашқы
қарлығаштарының бірі еді.
– «Атамұра» баспасы қашан корпорацияға айналды?
Алғашқы жұмысты неден бастадыңыздар?
– Баспа айналасы екі-үш жылда өзінің сапалы өнімдерімен
елге танымал мекемеге айналған еді. «Атамұра» шағын өнді-
рістік кəсіпорны 1995 жылдың 19 ақпанында құрамында 4 – 5
шағын кəсіпорны бар ірі баспа корпорациясына айналды. 1995
жылы халқымыздың ұлы перзенті Абай атамыздың туғанына
150 жыл толу мерейтойы қарсаңында корпорация өз қаржысы-
на еліміздің тарихындағы тұңғыш тұлғалық, көлемі 60 бас-
па табақ «Абай» энциклопедиясын 100 мың данамен басып
шығарды. Бұл энциклопедияның сол жылы Қазақстан Респуб-
ликасының Мемлекеттік сыйлығын алғанын жұрт жақсы бі-
леді. Абай атамыздың өзі:
«...Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек,
Еңбекті сат, ар сатып неге керек?
Үш-ақ нəрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», –
деген ғой. Иə, Мұхтар ағамыздың ұлы ақынның осынау өсиет-
терін пір тұтып қана қоймай, үлкен істі Абайдан бастауы тегін
емес деп ойлаймын.
Осы ұлы ғұламаның энциклопедиясын шығару – «Атамұ-
раға» даңғыл жол ашты. Аллаға шүкір, қазір «Атамұраны»
жұрт жақсы біледі.
– «Атамұра» кітап бизнесіндегі алғашқы қарлығаштар-
дың бірі еді» дедіңіз. Ешқандай базасы жоқ шағын кəсіп-
орынның бойын тіктеп кетуі оңай болмаған шығар?
– Алғашқы болып, «Тыңға түрен салудың» қашанда оңай
болмайтыны ақиқат. Баспамыздың іргетасын қалап, негі-
зін салған Мұхтар ағамыз тəуекел етіп, осы істі бастаған
еді. Ол кезде «Осындай баспа ашылған екен, соған тапсы-
рыс берейік» дейтін ешкім болған жоқ. Өтпелі кезеңде жеке
меншік кəсіпорындар ашылып жатқанмен, бұрынғы кездің
мемлекеттік жұмыс жүйесіне үйреніп қалған кісілер оларға
сене бермейтін. Бұл жерде басшының тек қана өзінің қажыр-
қайратына, іскерлігіне, қабілет-алымына ғана сенуі керек еді.
Абай атамыздың: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар еңбегің мен
ақылың екі жақтап» деген сөзін негізге алған болар.
Иə, баспаның аяғынан тік тұрып кетуі оңай болған жоқ.
Алғашқы өнімдеріміз жол жүру билеттері, банк бланкілері,
бірлі-екілі ақын-жазушылардың шағын жинақтары, тұтыну-
шылардың сұранысына ие болады-ау деген тарихи, шежірелік
кітаптар болатын. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарына түсетін
талапкерлерге арналған сол оқу орындары профессорларының
өздері дайындаған əр пəн бойынша көмекші оқу құралдары
еді. Осы алғашқы өнімдерді сату жұмыстарын да өзіміз ұйым-
дастырдық.
– Реке, Сіз сол кезден осы баспада қызмет істейтін бе
едіңіз?
– Баспаның шаруасына алғашқы күндерден бастап аралас-
қаным рас. Мен ғана емес, інім Мұратқали, апайымыз Рахи-
ма – бəріміз де осы баспаның барлық жұмыстарына белсене ат
салыстық.
– Сіз басқарып отырған ұжымда қанша адам жұмыс
істейді?
– Бүгінгі күні «Атамұра» корпорациясында əр сала бойын-
ша барлығы бір мыңнан астам адам қызмет істейді.
– Корпорацияға қарасты қанша Кітап үйі бар? Олардың
аймақтарда ашылуының себебі жəне рөлі қандай?
– Корпорацияға қарасты Қазақстанның əр облысында елу-
ге жуық кітап үйі бар. Барлық облыс орталықтарында, қала-
ларда, кейбір шалғай аудандарда орналасқан ол кітап үйлері
жергілікті жерлердегі кітап саудасына деген сұранысты қам-
тамасыз ету үшін ұйымдастырылған. Бұл кітап үйлерінде өз
корпорациямыздың өнімдері ғана емес, ТМД-дағы, əлемдік
баспалардың кітаптары да сатылады. Жəне ол кітап үйлеріне
сол өңірден шыққан ұлы тұлғалар мен Алаш арыстарының
есімдері берілген. Бұл бүгінгі ұрпақтың өздерінің даңқты ата-
бабаларының есімдерін құрмет тұтуға үлкен ықпал ететін тəр-
биелік мəні зор шара деп білемін. Басқасын айтпағанда, осы-
нау кітап үйлері бірнеше жүздеген адамды тұрақты жұмыспен
қамтамасыз етіп отыр.
– Оқулықтар шығару – үлкен жауапкершілікті талап
етеді. Олай болса, əр оқулықтың редакторы сол саланы
жетік меңгеруі тиіс. Ал баспа редакторлары осы талапқа
жауап бере ала ма? Қазіргі кездегі оқулықтардың сапасы
қандай дəрежеде?
– Елбасының қолдауымен ең алғашқы болып, «Əліппеден»
басталған жаңа буын төл оқулықтарын шығаруды қолға алған
«Атамұра» баспа корпорациясы болатын. Осы оқулықтармен
оқыған балалар бүгінде халықаралық олимпиадаларды айт-
пағанда, «Болашақ» бағдарламасымен Америка, Еуропа елде-
ріндегі іргелі оқу орындарынан білім алып келіп, егеменді елі-
мізге қызмет етіп жүр.
Бізде барлық пəндік саланың редакторлары бар. Олардың
барлығы да өз саласына толық жауап бере алатын жоғары
білімді, тəжірибелі мамандар. Қазіргі кезде оқулықтардың
сапасы туралы пікірлер аз айтылып жүрген жоқ. Оқулық – бір
жылдық немесе бір жолғы өнім емес. Əр басылым сайын жөнде-
ліп, өңделеді. Сын, ескертпелер сарапталып, дұрыс пікірлер
міндетті түрде ескеріледі. Дегенмен, соңғы жылдары оқулық-
тың сапасы жақсарып келеді. Қазақстан Республикасының
Білім жəне ғылым министрі Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов
мырза білім саласында өте көп тиімді реформалар іске асырып
жатыр.
Сіздің сұрағыңызға орай оқулықтарға байланысты бір-екеу-
ін атап өтуді жөн санап отырмын. Мысалы, бұрын оқулықтарға
сараптаманы бір ғана мекеме жасайтын, қазір ол үш сатылы
болды. Бірінші – Оқулық орталығы, екінші – Мектепке дейінгі
жəне орта білім департаменті, үшінші – Республикалық кеңес.
Осы үш сатыдан өткен оқулықтар ғана Қазақстан Республика-
сының Білім жəне ғылым министрлігінің оқу процесіне рұқсат
етілген бұйрығының тізіміне енеді.
Оның үстіне, бұрынғы жылдары осы бұйрықтар өте кеш
шығатын еді. Мысалы, 2010 – 2011 жылғы оқулықтарды
шығаруға байланысты бұйрық кешіктіріліп, 2010 жылғы қыр-
күйектің 7-сі күні ғана шықты. Ал қыркүйек айының 1-інде
оқушы қажетті оқулықтарын алып, мектеп партасында отыруы
керек болса, министрлік сол айда бұйрыққа енді қол қойып
жатты. Бұның мектептерге де, баспаға да қаншалықты кедергі
туғызатыны айтпаса да түсінікті. Ал қазіргі Білім жəне ғылым
министрлігі оқулықтарды бекітуге байланысты бұйрықты
жылдың басында-ақ шығара бастады. Бұл оқулықтарды дер
кезінде əзірлеуге үлкен мүмкіндік береді.
– Мұхтар ағамыз Сізді осы баспаның тізгінін ұстатуға
ертеден даярлады ма? Қандай ақыл-кеңес берді?
– Ол кісі маған «Болашақта осы корпорацияны басқарасың,
соған дайын болып жүр» деп ешқашан айтып көрген жоқ.
Жоғарыда айтқанымдай, корпорацияда жұмыс істемей тұрған
кезден-ақ, тіпті студент кезімнен бастап баспаның қыр-
сырын бір кісідей-ақ игере білдім. Президент əкімшілігінде
жауапты қызмет істеп жүрген кезімде ағамыз шақырып алып,
баспагерлік жұмысымды редакторлықтан бастатып, барлық
баспалдақтардан өткізді. Бəлкім, мені əбден «пісіру» арқылы
даярлаған болар. Рас, корпорацияда қызмет еткен 12 жылдың
ішінде баспаның бүге-шігесін, оның экономикалық хал-жайын
саралауды, баспахана бояуларынан бастап, қағаз сапасын зер-
делеу, əлемдік заманауи баспа технологиясының жетістіктерін
білуді – бəрін де назарда ұстауды үйрендім. Кітап шығару үшін
Қазақстанға полиграфиялық материалдар шет елден жəне Ре-
сейден сатып алынады. Қағаздың салмағын, қаттылығын, ақ-
тығын, дымқылдығын, сынуға төзімділігі мен мұқабаның сан
түрлерін ажырату үшін полиграфиялық білім қажет.
Мен екі университет бітіргенмін. Философия ғылымдары-
ның кандидаты дейтін ғылыми атағым бар. Президент əкімші-
лігінде жауапты қызмет істеген тəжірибем бар. Жоғарыда
айтқанымдай, баспагерліктің қыр-сырын осы «Атамұрада» 12
жылда əбден меңгердім деп ойлаймын. Сонан кейін де ағамыз
сенім артқан болар.
Ал сұрағыңызға орай айтарым, ағамыз бұрын да, қазір де
«Сен өйт, бүйт» дейтін ақыл-кеңес берген емес. Екі тізгін, бір
шылбырды қолға ұстатты да, өз еркімді өзіме беріп, шаруама
араласып көрген емес.
– Мұхтар ағамыз да, сіз де сауапты да игілікті істердің
атқарылуына мұрындық болып, демеушілік қызмет
көрсетіп келесіздер. Бұл шығындар баспаның қоржынына
кері əсерін тигізбей ме? Қандай салаға демеушілік жасай-
сыздар?
– Менің түсінігімше, шығын шықпай, кіріс кірмейді. Ал
демеушілікке келетін болсақ, біз оны ешқашан тоқтатқан
емеспіз. Мысалы, жыл сайын 15 – 20 кітапты əртүрлі тара-
лыммен өз қаржымызға демеушілікпен шығарамыз. Мыса-
лы, өткен жылы Ə.Жамбыловтың «Атадан қалған бір мұра»,
С.Саттаровтың «Майлықожа», Қ.Жұмаділовтің «Көкжал»,
Ш.Беркімбаеваның «Əлі де ізгілікті іздеп келем», сонымен
қатар ауылда жүрген таланттар «Ауылым» əнінің авторы Жа-
байыл Бейсеновтің, Айжарық Əбілқасымовтың, сонымен бір-
ге мектепке байланысты «Алтын ұя – мектебім», тағы басқа
көптеген кітаптарға демеушілік жасап, тегін шығардық.
Жалпы, пайғамбарымыздың хадисінде «Біреуге бергеніңді
айтпа, жақсылығын ұмытпа» деген сөз бар. Дегенмен, сіздің
сұрағыңызға жауап ретінде айта кетер болсақ, еліміз тəуелсіздік
алғаннан кейін киелі өнеріміз – айтысқа ең алғашқы болып
автокөлік тіккен осы «Атамұра» корпорациясы болатын. Ең
бірінші автокөлік Бекарыс Шойбековке бұйырған еді. Одан
кейін майталман ақындар Мұхаметжан Тазабеков, Аманжол
Əлтаев, Құралай Əлкембаева, Мэлс Қосымбаев сияқты айтулы
ақындар да жəне өзін «Құланаяқ Құлмамбеттің құлынымын»
дейтін аса дарынды ақын, марқұм Оразалы Досбосынов та
алғашқы автокөлігін «Атамұрадан» мінген еді. Ұлттық спорты-
мыз – қазақша күрестен Сергей Шакимов, Елдос Ихсанғалиев,
Шалқар Жоламановтар да «Атамұраның» темір тұлпарларын
олжалаған. Мұндағы айтайын деп отырғаным – мұның бəрі де
ұмытылып бара жатқан айтыс өнері мен кезінде мəн-маңызын
ортайтып алған осынау ұлттық спорттық ойынды жандан-
дыру үшін жасалған шара болатын. Қазір, құдайға шүкір,
өнер мен спорттың бұл түрінің қаншалықты қанат жайғанын
жұрт жақсы біледі. Жалпы, осы 20 жылдың ішінде білім мен
ғылымға, ұлттық спорт өнеріне, өзіміз білім алған мектептер-
ге, аудан мерейтойларына жалпы саны елуден астам автокөлік
сыйға тартыппыз. Үздік оқитын бірқатар мектеп оқушылары
мен студенттерге ай сайын «Атамұраның» шəкіртақысы
беріліп тұрады. Өзімізді оқытқан ұстаздарымызға да сыйақы
тағайындадық. Ұлы Абай мен жыр алыбы Жамбылдың, тағы
басқа тұлғалардың ұрпақтарына көп жылдан бері өмірлік
зейнетақы беріліп келеді. Ал енді корпорациямызға көмек
қолын созуын сұрап келетіндер де баршылық. Ардагерлер
мен балалар үйіне де əрдайым қайырымдылық көмек көрсетіп
тұрамыз. Əлем, Азия, Олимпиада да жеңімпаз атанып, көк бай-
рағымызды желбіреткен спортшыларға қаржылай қолдау жа-
сап келеміз.
– Корпорацияның 20 жыл ішіндегі негізгі жетістіктері
жəне алдағы уақытта атқарылар жоба-жоспарлары тура-
лы айта кетсеңіз?
– «Атамұра» баспа корпорациясы оқулықтардан бөлек,
энциклопедиялық, балаларға арналған басылымдарды, анықта-
малықтарды, ғылыми жəне ғылыми-танымдық əдебиеттерді,
сөздіктер, көркем проза мен поэзия жинақтарын, мемлекет
жəне қоғам қайраткерлерінің еңбектері мен полиграфиялық
өнімдердің барлық түрлерін шығарып келеді. «Атамұра»
кітапханасы» сериясымен Абайдан бастап, белгілі ақын-жазу-
шылардың 150-ден астам прозалық жəне поэзиялық жинақтарын
шығарды. Осы кітаптардың 10 шақтысы Мемлекеттік сыйлық
алды.
Корпорацияның негізгі өндірістік базасы қазіргі заманғы ең
озық полиграфиялық құрылғылармен жабдықталған «Атамұ-
ра» полиграфиялық комбинаты болып табылады. Бізде Транс-
порт компаниясы, Кітап саудасы департаменті, «Атамұра ІТ»
технология орталығы бар.
Ел тəуелсіздігінің 20 жылдығына арнап көне заманнан
бүгінгі күнге дейінгі төл тарихымыз қамтылған қазақ, орыс тіл-
дерінде бес томдық «Қазақстан тарихы» жарық көрді. Екінші
тұлғалық басылым – «Мұхтар Əуезов» энциклопедиясы, «Қа-
зақтын салт-дəстүрлері мен əдет-ғұрыптары» жəне бірнеше
тілдегі «Қазақы дастарқан» атты этнографиялық альбом-кіта-
бы, «Қазақстан гүлдері» кітабы да осынау айтулы мерекеге
арналған «Атамұраның» тартуы деп санаймын.
«Атамұра» өз өнімдерін заман талабына сай сапалы əрі
көркем безендіріп шығаруының нəтижесінде Республи-
ка Президентінің «Құрмет» дипломымен жəне шетелдерде
өткен кітап жəрмеңкелері мен көрмелерінде ондаған диплом-
дар, мақтау қағаздарымен, халықаралық сертификаттарымен,
сондай-ақ Парижде Алтын медальмен, Женевада Алтын жұл-
дызбен, Мальтада «Хрусталь рыцарымен», өткен жылдың
соңында Нью-Йоркте Платина сыйлығымен марапатталды.
Алдағы жоспарға келетін болсақ, жоспар көп. Оны кезінде
көре жатарсыздар.
– Корпорация жанынан газет-журналдар шығару ойы-
ңызда жоқ па?
– Əзірше жоқ, кезінде болған.
– Адамның қандай қасиеттерін бағалайсыз?
– Тұрақтылық, адалдық, өз ісіне жауап бере алатын, бастаған
істі аяғына жеткізе білу қасиеттерін бағалаймын.
– Қол астыңыздағы қызметкерлерге қаталсыз ба? Олар-
ға қандай талап қоясыз?
– Өз ісіне жауапкершіліксіз қарайтын қызметкерлер болса,
оларға өте қаталмын. Қызметкерлерге қоятын талабым – күші-
ңе көңілің толмаса, көтерме көптің салмағын деген сөзді əр
адам түсіну керек деп санаймын.
– Сіз кешірімшілсіз бе?
– «Жақсы адамның ашуы – шай орамал кепкенше, жа-
ман адамның ашуы – басы жерге жеткенше» деген ғой дана
халқымыз. Иə, мен кешірімшілмін.
– Ал сынға қалай қарайсыз?
– Сын шын болса, келісемін.
– Қолыңыз бос уақытта немен айналысасыз?
– Қолым бос уақытта қыран бүркітпен, құмай тазымен, жүй-
рік атпен саятшылыққа шыққанды өте жақсы көремін. Сон-
дай-ақ, тау шаңғысын жəне аптасына екі-үш рет фитнес клуб-
тарға барып тұрамын.
– Өзіңіз баспагер болғандықтан, кітапты көп оқитын
сияқтысыз. Əдебиеттің қай жанрындағы шығармаларды
жиі оқисыз?
– Əдебиеттің белгілі бір жанрын ғана жақсы көрем деп айта
алмаймын. Мені проза да, поэзия да, мемуарлық шығармалар
да қызықтырады. Қазіргі уақытта кіші Дж. Буштың өмірі тура-
лы кітап оқып жатырмын. Отандық жазушылардан Бексұлтан
Нұржекеұлы мен Дулат Исабеков ағамыздың шығармаларына
қайта ден қойдым. Дулат ағамыздың біраз əңгімелерін «Ата-
мұра кітапханасы» сериясымен шығарсам ба деген ойым бар.
«Бекет», «Біз соғысты көрген жоқпыз», «Гауһар тас», т.б. шы-
ғармаларын қазіргі жастардың да оқығанын қалар едім.
– Бала кезіңізде кім болуды армандадыңыз?
– Бала кезімде агроном болуды армандадым.
– Бақыт деген не? Оны қалай түсінесіз?
– «Бақыт деген – бақытты адамдармен өмір сүру» деген
екен бір ғалым. Менің ойымша, бақыт деген – Отаныңа, еліңе,
отбасыңа пайдаң тию.
– Отбасыңыз туралы айта кетсеңіз?
– Əйелім, үш балам бар.
– Сіздер неше ағайынды боласыздар?
– Біз – он ағайынды едік. Қазір тоғызбыз.
– Бала кезіңізде қандай болдыңыз?
– Бала кезімде елден ерекше болдым деп айта алмаймын.
Ауылдың барлық балалары сияқты інім Мұратқали екеуіміз
жабағыға жайдақ мініп, доп теуіп, асық ойнап өстік.
– Сіздің осындай дəрежеге жетуіңізге Мұхтар ағаңыз-
дың ықпал-əсері болған шығар?
– Бірінші кезекте бір Алланың, екінші – ата-анамның ық-
палы басымырақ болды ғой деп ойлаймын. Сіздің білетіні-
ңіз Мұхтар ағамыз ғана ғой. Басқа ағаларым да бізге тəрбие
беруде үлгі-өнеге бола білді. Бейіште нұры шалқысын, марқұм
үлкен ағамыз Ихсан да інілерінің тəрбиесін өз қолынан шы-
ғармайтын. Күнделігімізді қарап, ішінде көңілі толмайтын баға
болса, жазалайтын, көңілі толса, мақтап-марапаттайтын да өзі
болатын. Өзі спортқа өте бейім болғандықтан, бізден ер жігітке
тəн қайсарлықты, намысты талап ететін. Ал енді «Ағаға қарап
іні өседі» деген сөз тегін айтылмаса керек.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2012 жыл
Толымбек ЌЛІМБЕКЏЛЫ,
Сатирик-аћын:
Ћазір актер де,
вахтер де – сатирик
«ҚАЗАҚ САТИРАСЫНА БАҒА БЕРГІШТЕР КӨП...»
– Қазақ сатирасының «мал-жайын» соңынан түгендей
жатармыз. Сатирик Толымбектің халі қалай?
– Қалай болса, солай. Көңіліңе алма. «Мықты» десең, көз
тиеді, «Нашар» десең, сөз тиеді, ортасынан өздерің шығарып
алыңдар.
– Мұзафар Əлімбаев алпыс жасқа толғанда елу сегіз кіта-
бы жарық көріпті. Сіздің неше кітабыңыз жарық көрді?
Əлде, санына жете алмай жүрсіз бе?
– Үш кітабым жарық көрді: «Лəм-мим», «Ым-жым» жəне
«Тойда жолығайық». «Аһ-үһ», «Шақ-шұқ» атты жинақтар
баспаға əзір. Үш аударма комедиям М. Əуезов атындағы ака-
демиялық қазақ драма театрының сахнасында қойылып келеді.
Осындай-осындай азын-аулақ тіршілігім бар. Елуге елу кітап
шығару шарт емес, ондай мүмкіндік те жоқ.
– Қыршаңқы сөзі «қышуды» қандырмайтын, тілі «шақ-
пайтын», шағатын сөз таппайтын сатириктер көбейді. Бұл
сатираның солғын тартқаны ма?
– «Сатира жоқ» деген барып тұрған сандалбай сөз. Оны айтып
жүргендер де сатира театрының актерлері. Айналайындар-ау,
алдындағы екі ауыз сөзін жаттамайтын, оның орнына отбасы,
ошақ қасындағы орашолақ сөздерді қайталай беретін, орысша
араластырмаса іші кебетін, кітаптың бетін ашпайтын, газет-жур-
налды ақтармайтын актердің қазақ сатирасына баға беретін
құқы, шамасы бар ма? Жоқ! Бірақ беріп жүр. Менің журналист
əріптестеріме де кейде ішім ашиды. Олар да əй-шəй жоқ «сатира
бар ма?» деп сұрайды. Анау да қысқа жауап береді: «жоқ!» деп.
Ал содан «кімді оқыдың?» деп сұрашы, жер шұқып қалсын.
Актерлердің орындаушы екенін ұмытпау керек. Шайнап бер-
генді жұтады. Сөйтіп отырып қазақ сатирасының тарихын бір-ақ
сөзбен белінен сыза салғысы келеді.
Қазақ сатирасы бар. Ол қазіргі заман рухына жауап береді.
Жалпы, сатира қоғаммен бірге дамиды. Қоғамда «құлақ» болса,
қазақ сатирасының қазіргі тілі де өткір. Тек есту керек.
«МЕНІҢ АТАҚ-ДАҢҚЫМ – ОҚЫРМАНДАРЫМ»
– Жұрт «Толымбек деген аты дырдай, бірақ атақ пен
сыйлықтан жұрдай» деп жүр. Атақпен араларыңыз шатақ
қой деймін.
– Менің үлкен сыйым да, атақ-даңқым да – оқырмандарым.
Құдайға шүкір, оқиды. Біздің қоғамды қазір мансапқорлық пен
атаққұмарлық жаулап алды. Қысылмайды, қымтырылмайды.
Атақты нан сұрағандай, ұялмай-қызармай сұрайды. Көкесін
салады, көкесіне жеңгесін салады, жеңгесіне теңгесін салады,
сөйтіп əйтеуір алады. Баяғыда «Атақсыз қазақ – арсыз қазақ,
сотовыйсыз қазақ – сорлы қазақ», «Лауреат деген жауыр ат
секілді, əркім бір мініп, арқасын тоздырды» деп жазғаным
бар. Менің атаққа көзқарасым солай. Əлі біреуіне қатысып,
таласып көрмеппін. Бесіктен белдері шықпай жатып, атаққа
ұмтылатындар көп. Оларды кіналайын десең, алдындағы
ағалары, аталары атақ-даңққа таласудың барлық үлгілерін,
құйтырқы қулық-сұмдықтарын көрсетіп, үйретіп жүр. Өте жа-
ман дерт. Атақ-дəрежелерін шұбыр тып тізу модаға айналды.
Оны ұзақ-сонар ғып айтып жатқанда атақтың иелері беттері
шылп етпей, өліп-тіріліп тыңдап отырады. Айтылмай қалса,
қым-қиғаш төбелес басталады. Қазір атақты лардың тізімінен
атақсыздарды тез санап шығу əлдеқайда жеңіл жəне атақтың
да түрі көбейіп кетті.
– Сатиралық театрлар мен əзіл-оспақ отаулары туралы
көрермен қауым аузын «қисайтып» айтып жүр. Сіз де осы
ауылдансыз ба, əлде олардың аузын «түзете» алатын ем-
домыңыз бар ма?
– Жаңа шет жағасын айттым. Көрерменнің аузын «қисайтып»
жүргеніне біраз болды. Бүгін аузын қисайтып кеткенімен,
«ертең бір қызық боп қалар» деп қайта келеді. Тағы кетеді аузы
«қисайып». Қайта келеді. Қайтеді, күлкі керек. Амалсыз келеді.
Оны ана сөз жаттамайтын, сөйтіп жүріп «сатира жоқ» дейтін
бөксесі мен өкшесін бұраңдатып, елді əйтеуір күлдірсем деп
шығатын ойыншылар түсінбейді, «бізді жақсы көреді, келеді»
дейді. Сахнаға «күлдірем» деп шығу – бүлдірем деп шығу.
Күлдіру бесжылдықтың жоспары емес, «ана жерде күлдірем,
мына жерде күлдірем» деу – артық əрекеттерді, əрекеттер
болғанда жағымсыз əрекеттерді тудырады. Күлкі – оқыстан
туатын құбылыс.
Олар түзетілуден кетті. Өйткені, талап жоқ, сөзді сіңірмейді,
астарына үңілмейді, əдеттегідей кезекші сөздерін ақтарып-
ақтарып, аузына түскенді айтады да кетеді. Қазір актер де сати-
рик, вахтер де – сатирик. Ешкім қой демейді. Бірақ «артыңа қара»
деген қазақтың қатаң ескертуі күнде жадыңда жүруі тиіс.
«ЖВАНЕЦКИЙГЕ БІР ЕЗУ ТАРТПАППЫН»
– Осы тұста интелектуалдық сатира туралы бірер ауыз
сөз айтсаңыз?
– Қазақ қашаннан əзіл-қалжыңға ұста. Астармен, емеурінмен
сөйлейді. Өзің ұғып ал. Күлкінің көкесі астарда жатыр. Кейде
оны «ел түсінбейді» деген шолақ түсінік бар. Түсінгенде əкесін
танытып түсінеді. Тек бере біл. «Демократия» деп, бүгінде тым
ашық-шашық күлкіге құмартып кеттік. Оған да ел күледі. Бірақ
қандай күлкі? Жыртақай күлкі. Ол бізге керек пе? Бізге бір мырс
еткеннің өзі – жетістік. Елдің ішек-сілесін қатырғымыз келеді.
Мүмкін емес жай.
Бізді көбіне орыстармен, тағы басқалармен салыстырады.
Олардың күлкісі мен біздің күлкіміз ұқсамайды. Өз басым
осы күнге дейін Жванецкийге бір езу тартпаппын. Задорновқа,
Петросянға күлгендей болам. Задорнов əрбір сөзінің астын
қазып, əдемі екпін беріп айтады. Күлесің, біздің күлкіге келің-
кірейді.
Қазақтың күлкісі терең. Оны «керең» ғана естімейді. Күлкіні
мен қыздардың киімімен салыстырам. Қыздар неғұрлым тұм-
шаланыңқырап, өзінің сымбатты да қымбатты жерлерін жабың-
қырап жүрсе, сұлулыққа, əдемілікке іңкəр еркектің көзі соны
іздейді, құмартады. Ал олар ашық-шашық киініп жүрсе, бір
қа райды да өте шығады. Ол жерде əлгіндегідей ынтық сезім жоқ.
Күлкі де сол неғұрлым ашық болса, бəрі айтылып қойса, түк те
қызық емес. Ол жабық болмағанның өзінде, шымылдығы болуы
тиіс, шымылдықтың ар жағы қай кезде де қызық қой.
«ЖОМАРТ ДОСЫМНЫҢ
АРҚАСЫНДА МƏШИНЕ МІНДІМ»
– «Елуге жеткенше авторитетке қызмет ету керек. Ал
елуден соң авторитет Сізге қызмет етеді» деген пəлсафа бар.
Сіздің авторитет қызмет көрсетуге жарап қалды ма?
– Азын-аулақ бар секілді. Енді елуден кейін көреміз, жарап
қалды ма, жоқ па? Бедел деген де балық секілді ғой, жылтыңдап
қолыңнан шығып кетуі мүмкін. Егер кесел адамға батпан-
дап кіріп, мысқалдап шығатын болса, бедел керісінше, оны
мысқалдап жинайсың, батпандап кетіп қалуы оп-оңай. Кетіп
қалдырмауға тырысамыз.
– Мерейтойыңыз келіп қалыпты. Темір тұлпар мінгізе-
тін «жарылқаушыларыңыз» бар ма?
– Менде біреуден дəмету деген жоқ. «Шауып келу – барып
келуіме» жарап жатқан сұр «есегім» бар əзірге. Мəшинені мен
дүние емес, көлігім, есегім бар деп қараймын. Оны алуға бір
жомарт досымның үлкен көмегі тигенін осы жерде айтпай
кеткенім ұят болар. Оның «мəшине ал» деп емес, «кітабыңды
шығар» деген ақшасына екі айдай жаяу жүріп қалып ем, өзіне
де айтып кеттім, бара сап мəшине алдым. Екі жыл болды соны
мініп жүрмін. Алда-жалда біреу-міреу мінгізем десе, «ой, ұят
болды ғой» деп қазақшалап бір «ыңғайсызданыңқырап» ала-
мыз да мініп жүре береміз.
– Əңгімеңізге рақмет!
«Айқын» газеті, 2004 жыл
Толымбек ЌЛІМБЕКЏЛЫ,
Сатирик-аћын:
Џрлыћ жасамауѕа,
&тірік айтпауѕа бекіндім
– Кім-кімге де өзінің балалық шағы балқаймақ кезең
емес пе?! Сол балалық шаққа саяхат жасар болсаңыз, ең
алдымен есіңізге не түсер еді?
– Біздің балалығымыздың басы Хрущевтің жүгері саяса-
тымен қатар келді. Жаңа ақша ауысып жатқан. Əкеден ерте
қалған соң, анамыз көрген ауыртпалықты бала болсақ та бірге
көтеруге тырыстық. Жетінші сыныптан кейін жазғы демалыста
арба айдадым. Апам картопта звено жетекшісі, беделімен жазда
арбаны алады. Оны мен айдаймын. Жуас қос ат бар еді, арбаға
жегуге соны береді. Жеккенде де, мінгенде де бір мыңқ етпейтін
жануарлар. Мықшыңдап қамыт салуға қиналатынмын. Таңғы
алтыда тұрамын. Ауылдың бір арба келіншегін 6 шақырымдағы
кеңшар орталығындағы қырманға апарып тастаймын. Өңкей
жеңгелерім, жеткенше жанымды шығарып барады. Оларды
түсірем де бір арба арпа тиеймін, оны ауылдың шетіндегі сайдан
əйелдер шым ойып қояды, одан бір арба тиеймін де картоп су
ішетін құлақтарға əкеліп түсіремін. Түс болады. Түс қайта тағы
бір арба шым, содан кейін қырман, бір арба арпа, оның үстіне
шаршаған жеңгелерімді отырғызып, ауылға келемін. Жемді
аттарға үлестірем де жеңгелерімді үйлеріне жіберем. Осылай
жаз өтеді. Қанша айлық алатынымды да білмеймін.
– «Сөз өнері дертпен тең». Ол «дертті» қашан жұқтырып
едіңіз? Алғашқы өлеңіңіз есіңізде ме?
– Бір сыныпта оқыған балалардың барлығы қиялшыл едік.
Кітапты жарысып оқығаннан болу керек, бірімізден біріміз
асып түсуге құмарттық. Шытырман оқиғалардың ортасында
өмір сүргіміз келді. Ауылымызда үлкен клуб бар-тын. Ол кез-
дің өлшемімен салыстырғанда аудандағы алдыңғы мəдени
ошақтардың бірі болды. Сондағы бильярд үстелі ертеңді-кеш
босамайтын. Үлкендер ойнайтын да жататын. Аптасына бір-екі
рет келетін үнді киносы солардың кесірінен кешігіп басталады.
Сол уақыттан бильярдты жек көріп өстім. Кешке келем де,
аудандық газетке өлең жазам.
Кино келсе ауылға
Оны ешкім таза көрмейді.
Бильярд ойнап үлкендер
Бəрімізге маза бермейді –
деп сынаған болам. Ол жарыққа шықпайды.
Сол клубтың айналасы ну ағаш. Оның ішінде атыспақ ойнай-
мыз, жасырынбақ ойнаймыз. Тіпті, қалың ортасынан үйшік
жасап, бұтақтарды иіп байлап, шəйла құрастырып қойғанбыз.
Ол – штабымыз. «Сатқындар», «Шпиондар» болса көзін таңып,
сол жерге əкеп «сыбағасын» беретінбіз. Жəне оның біреуі де
бөтендерге айтылмайды. Лагеріміз де сол, санаторийіміз де
сол. Шаршаған кезде оқыған кітаптарымызды, көрген кинола-
рымызды жарыса айтушы ек. Алма-палма ұрлағанымыз болмаса,
ұрлыққа жоқпыз. Жарамазан айтамыз, үлкендер мені ертетін.
Өйткені жарамазанның сөзін де жақсы білемін, батасын да
аңыратам. Сосын үлкендер мені қалдырмайтын.
Кейін каникулда жеке үйлердің қышын құйдық. Əр кірпіш 3
тиыннан. Бір тамға 12 мың кірпіш кетеді. Үш адам бір жазда үш
тамның қышын құямыз. Орта есеппен 360 сом ақша табамыз.
Жаңа оқу жылына осылай дайындаламыз. Соның өзінде қаншама
кітап оқып тастаймыз. Футболға да үлгереміз.
– Өтірік айтып, ұрлық-қулық жасауға қалай едіңіз?
– Бала өтірік құрастыруға бейіл. Ауыл сыртында көлшік
бар. Шомылдырмайды, ұрсады. «Шомылған жоқпыз» десек те
бетіміз тор-тор боп келеді, содан біліп қояды. Өзімізбен бірге
вазелин ала келетінбіз де, шомылып болған соң, əлгіні бетімізге
жағамыз, бет жұмсарады, шомылғаның байқалмайды. Біраз
уақыт білмей жүрді де артынан күдіктенді. Ақыры ол қулық та
əшкере болды.
Бірде ауыл сыртындағы алма бақтан алма ұрлаудың кере-
мет жоспарын екі-үш күн жасадық. Өзіміздің топ қана. «Штабта»
құрастырылған бұл жоспарды ешкім білмейді. Барлығы дайын
болғанда жолға шықтық. Баққа үш жүз метр жетпей қолға түс-
тік. Олар біздің жоспарымызды алдын-ала біліп отыр екен.
Қарауыл бүкіл ағайынын жинаған екен, тобымызды қоршап
алды да, қураймен сабап-сабап, қайтар жолға салып жіберді.
«Ұрды» деп ешкімге айта алмайсың. Үндемей кете бардық.
Арамыздан шыққан сатқынды əлі күнге дейін білмей кеттік қой.
Сатқындық дегеннің өте қиын екенін содан білдік. Осыдан соң
ұрлық жасамауға, өтірік айтпауға бекіндім.
– Мектеп қабырғасында жүргенде үлгеріміңіз, тəртібі-
ңіз қалай болды?
– Негізі, өте жақсы оқыдым. Белсенді де болдық. Үшінші
сыныпта жаңа келген мектебімде староста ғып сайлады.
Пионерге өттік, алдымен звено жетекшісі, артынан отряд
кеңесінің төрағасы қызметін атқардым. Мектептің хорына
қатыстық. Аудандық байқауға бардық. Бірде хорға қатыспай
қойдым. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбаса-
ры: «Хорға» қатыссаң, емтиханда қалаған билетіңді əперем»
деді. Келістік. Менің ең ұнатпайтын сабағым физика болатын.
Үшінші билетке дайындалып келдім де мұғалімге айттым.
Ол үшінші билетті сыртқа ыңғайлап шығарып қоятын болды.
Оны қасымда тұрған сыныптасым Райгүл естіп тұрған, оның
да білетіні сол билет екен, лып беріп менен бұрын кірді де
билетті қағып кетті. Мен шырылдап қала бердім. Бірақ бəрібір
«бесімді» алдым.
– Ауыл балалары жік-жікке бөлініп, сыныптың, ауылдың
бірінші, екінші атамандары болушы еді. Сіз несінші атаман
бол дыңыз?
– «А» сыныбы мен «Б» сыныбын қосқанда балаларды түгел-
демейді, сол сəтте терезеден секіріп қашып кететінмін. Бірде
үзілісте алысып ойнап жүргенбіз, қыздар қуалап келеді, мен
қашып келемін, алдымда кесе көлденең тұрған біреуді қуып
келе жатқандарға қарай итеріп жіберіп, сыныбыма жеттім. Бүкіл
сынып үрпиіп маған қарап тұр. Көздерінде аяушылық бар. Тым-
тырыс. Бір сұмдық жасағанымды ұқтым. Не екенін білмеймін.
Сөйтсем, əлгі қыздарға қарай итеріп жіберген адамым мектеп-
тегі ең қатал мұғаліміз екен. Көп күттірмеді, артымнан жетіп
келді де, не дегені есімде жоқ, қатты бір ұрысты да шапалақпен
тартып-ақ жіберді. Жылдамбыз, бұғып қалдым ба, шалқайып
өткізіп жібердім бе, əйтеуір сол шапалақ маған тимеді. Мұға-
лім өзінің екпінімен өзі құлап қала жаздады. Ду күлкі. Бұл
даудың қай жерде тоқтағаны да жадымда қалмапты.
Қыздарды да қырылыстырып қоятынмын. Шашын байлау, ба-
сына басын соғыстырып кету секілді жеңіл-желпі бұзақылықтар
болғаны рас. Көп төбелеспедік, атаман да болған жоқпыз, үлкен
балалардан оқта-текте таяқ жедік. Көп нəрсені тілмен шешіп,
қалжыңмен жеңіп кететінмін. Бұл мəселеге пысық ем. Оның
үстіне, мен балалығымды бөтендеу жерде, нағашымның ауы-
лында өткіздім. Алғаш келгенде көп бөтенсітті. Кейін түсіністік,
үйреністік.
– Əр баланың басынан «алғашқы махаббат» ауруының
өтері хақ. Сіз де бұл махаббаттан құралақан болмаған шы-
ғарсыз?
– Мектепте махаббат болған жоқ. Оны ойлаудың өзі ұят-тын.
Іштей ғашық боп, сырттай сүйсінгеннен аспадық. Оның үстіне,
мен қыздарға мектеп бітіргенше оппозицияда болған адаммын.
Бір партада отыра алмайтынмын. Шақ-шұқ шайқасып қалушы
ек. Айында-жылында аудан орталығына бір барып қайту – біз
үшін мереке болатын. Қалтаңа бір сом салып берсе, сенен асқан
бай жоқ. Бара газды су ішесің сылқылдатып, балмұздақ жейсің
сылпылдатып, бəліш жейсің майын ағызып. Бар мереке сол.
Осының бəрін жеп болған соң, 7 тиынға «Шипка» деген бір
қорап темекі, сіріңке алдым. Автобустан түсіп қап, үш шақырым
жаяу тартатын төте жолмен тау бөктерлеп жортып келемін.
Үлкендерше «Шипканы» тұтатам да түтінін бұрқылдатып шегем
келіп. Бірінің артынан бірін. Осылай паровоздай будақтап келе
жатқанда темекі да таусылды. Ол таусылған кезде менің де ба-
сым айналып құладым, көгалға аунап, ал құсайын келіп. Əбден
қиналдым. Бірінші жəне соңғы тартқан темекім сол еді.
– Əңгімеңізге рақмет!
«Айқын» газеті, 2004 жыл
Мџхтар ШЕРІМ,
Ћазаћстан Жазушылар одаѕыныѓ мљшесі,жазушы-
сыћаћшы:
Біз тоћалдан туѕан
сыћылдымыз
– Сіз – «Айқын» газетінен ойып тұрып орын алған «Жа-
тыпатар» сатиралық бетінің тұрақты авторысыз. Сіздің
шығармаларыңызды біздің оқырмандарымыз тағатсыздана
күтіп, іздеп жүріп оқитыны да рас. Сондықтан Сізді газет
ұжымы жəне оның мыңдаған оқырмандары атынан ер жа-
сы – елуге толған мерейтойыңызбен құттықтаймыз.
– Мен «Айқын» газетінің тұрақты авторы ғана емес, сонымен
бірге тұрақты оқырманымын. Ал өзім сүйіп оқитын басылым-
ның ұжымы мен оқырмандары мені елеп-ескеріп, мерей-
тойыммен құттықтап жатса, оларға алғыстан басқа айтарым
жоқ.
– Белгілі сықақшы Көпен Əмірбектің «сатириктер
үндіс халқы сияқты өте аз» дегені бар еді. Сіз сол аз халық
өкілдерінің бірі де бірегейісіз. Шырайлы Шымкент жұрты
Сіздің мерейтойыңызды құда күткендей аяқтарынан тік
тұрып, атап өткенін құлағымыз шалып қалды.
– Естіген құлақта жазық жоқ. Оның рас. Шымкент қала-
сындағы Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрында
шығармашылық кешім дүркіреп өтті десем де болады. Ол үшін
осы кешімді өткізуге белсене араласқан азаматтар мен өнер
сүйер қауымға айтар алғысым шексіз. Дүйім халық, мұқым ел
жиналған бұл шараға Алматы жəне Шымкент қалаларындағы
əзіл-оспақ отауларының əртістері мен өнер жұлдыздары
қатысты. Бұл есеп беру кешімді қыста, яғни өзім туған желтоқсан
айында өткізсем де болар еді. Бірақ халықты аядым.
– Түсінбедім. Халықты аяғаны несі?
– Қыстың көзі қырауда оқырмандарымды дірдектетіп,
«жаңғақ» шаққызғым келмеді. Өйткені Шымкентте жылу қыста
емес, жазда беріледі.
– Қашанда əзіліңіз əзір тұрады. Ал енді сатираға қай кезде
бет бұра бастадыңыз?
– Тырнақалды туындыларымды сегізінші сыныпта оқып
жүрген кезде жаза бастадым. «Жазушы болды деген осы» деп
негізгі сабақтарды ысырып қойып, сатиралық шығармаларды
жата жастанып, бірінен соң бірін «кемірдім, мүжідім». Тіпті,
сабақ үстінде оқуды да əдетке айналдырдым. Бір күні сынып
жетекшім Өмірбай ағай көріп қойып, құлағымды бұрап, басым-
ды 180 градусқа қаратқан. Рақмет саған, Өмірбай ағай!
– Бала күніңізде кім болуды армандадыңыз?
– Ұлы ақын, заңғар жазушы болғым келді. Леонардо да Вин-
чи секілді қылқалам иелерінің қатарынан орын да іздеп көрдім.
Оларға еліктеп қыздың да, мұздың да, тұздың да суретін сал-
дым. Əсіресе, қыл-қыбыр мен жын-жыбырдың суретін керемет
салушы едім. Түлкібастағы Абай атындағы мектепті сценарий
бойынша бітірген соң, мені біреу күтіп жүргендей Алматыға
асығып, ҚазМУ-дың журналистика факультетіне оқуға түс-
тім. Мұнда да қол қусырып қарап жүрмедім. Факультеттің
«Жас толқын» атты қабырға газетін шығардым. Ақын Мəди
Қайыңбаев «Жас толқынға» деген арнау өлең жазды. Үшінші
курста оқып жүргенімде «Жібек желі» атты ұжымдық жинаққа
сатиралық шығармаларым енді. Сондағы қуанғандығым
соншалық, төбем көкке бір-екі милиметр жетпей қалды. Сөйтіп
өзімді «классик» санап жүргенімде сыншы Бақыт Сарбалаевтың
«Қызыл алма» атты кітабында қатты сыналдым. «Жас талапкер
Мұхтар Шерімовтің шығармасынан күн де, жүн де шықпайды.
Сатираны қоя салғаны дұрыс» депті. Мен «ол айтты екен» деп
қоя салмадым. Сатираға бұрынғыдан да бетер ғашық болдым.
Сол жылдардағы «Қымызхана» əзіл-оспақ телетеатрына интер-
медиялар жаздым. Университетте оқып жүріп төрт том кітап
шығардым.
– Əзіліңіз болар. Əйтпесе, қазақ сатирасының атасы
атанған Оспанхан Əубəкіровтің төрт томдығын Үкімет
пен əкімді асарға шақырып жүріп, əлі күнге дейін жарыққа
шығара алмай жүрміз.
– Осағаңның төрт томдығын жарыққа шығармау – елдігіміз-
ге сын. Ал енді өзімнің əлгі томдықтарыма тоқталсам, ол əн-
шейін төрт қалың дəптер. Соның бірінші бетіне суретімді жа-
быстырып, бірінші томға «Мыжбанның мəселесі», екінші томға
«Ықы, ықы, ыштыр-р», үшінші томға «Əй, қайда жүрсің?»,
төртінші томға «Қышынып барамын» деп ат қойып, шекесіне
«Мұхтар Шерімов» деп түрлі-түсті қаламмен аты-жөнімді
қисайта жазып қойдым. Сол арманым биыл орындалды. Таяуда
«Нұрлы əлем» баспасынан төрт томдық шығармалар жинағым
жарық көрді. Ол туралы сіздердің газеттеріңіз жазды. Бұған
дейін «Құдағи құшақтай береді» атты жинағым оқырмандарға
жол тартқан болатын.
– Қазіргі қазақ сатирасы туралы не айтасыз?
– Сатираның жілік майын теоретик Темірбек Қожакеев
«жалап-жұқтап» қойған. Қазіргі қазақ сатирасы туралы өз
пікірімді айтсам, əлі де баяу дамып келеді. Елең еткізердей
жаңалық жоқ. Сатира əлсіз, қауқарсыз. Сол баяғы ұсақ-түйек
мəселелерді мүйіздейді. Əлеуметтік мəселеге тісі батпайды не-
месе таланты тəлтіректеп жатады. Кейбір сатиралық əңгімелерге
жүрегің айниды. Онысы лирикалық əңгімеге де келмейді. Қысқа
қайырғанда, қазіргі сатираға мынадай элементтер жетпейді:
1.Форма (қалып). 2. Əдіс. 3. Сатиралық тіл. 4. Сөз ойнату. 5.
Сарказм немесе əзіл. 6. Негізгі нысана, мақсат. 7. Сəтті түйін.
Жазылған сатирада айтылар ой күңгірт болса, мақсаты мəнсіз,
қауқары əлсіз, сөздері – сұйық, жазуы – тұйық болса, ондай
əңгімені «халтура» деп аталады. Мысқылды сатирамыз да, əзіл
əңгімеміз де жетісіп тұрған жоқ. Баспасөз беттерінде шығып
жатқан əзіл-сықақ əңгімелер орын толтыру үшін беріліп жатқан
дүмбілез дүниелер. Ондай авторлар үшін мен ұяламын. Ал олар
ұялмайды. Оқырманның обалы олар үшін көк тиын.
– Соңғы кездері сатиралық хикаят, романдар шыға баста-
ды. Бұл – тасымыздың өрге домалағанын білдірмей ме?
– Оның рас. Бірақ сол сатиралық хикаят, романдардың бір
сөйлемін оқып, жымидыңыз ба? Ащы айтылған мысқылына
күрсіндіңіз бе? Бəлкім, «сатиралық» деген сөзді сызып тастап,
жай ғана «хикаят» дей салса жарар ма еді? Мұндай кірпіш
кітаптар кімге керек?
– Сіздің уайымыңызға «уланып» қалғандаймыз. Сонда
қазақта сатириктер жоқтың қасы ма?
– Е, жоға. Мен жалпы жағдайды айтып отырмын. Əйтпесе
есімі елге белгілі сатириктер Ғаббас Қабышұлы, Үмбетбай
Уайдин, Толымбек Əлімбекұлы, Еркін Жаппасұлы, Алпысбай
Боранбайұлының «оптом» оқырмандары бар. Олар сатираның
сүтін еміп өскендер ғой.
– Сатирик болғаннан кейін Сіз қоғамды, адамды сы-
найсыз, мінейсіз. Ал өзіңізге айтылған сынды қалай
қабылдайсыз?
– Сатирада кек сақтау – əлсіздіктің белгісі. Мəселен, Сабыр-
бек Олжабай менің бір дүниемнің өңін айналдырып, əзіл əңгіме
жазды. Жергілікті газетке наз айтып, мақала жазып едім, мені
сілкілеп, «нашар сатириксің, бір-ақ кітап шығарғансың» деп
бірнеше мақалалар сериясын жариялады. Мен ренжіген жоқ-
пын. Бір жиында жолыққанда, құшақтап көрістім. Онда тұрған
не бар? Сабырбек жазды екен деп, нашар сатирик болып
кетпейтін шығармын. Ол да кек сақтамайтын, ақ көңіл жігіт.
Қазір де екеуміз араласып тұрамыз.
– «Тамаша», «Күлкі керуені», «Шаншар», тағы да бас-
қа əзіл-оспақ отауларының белсенді авторы екеніңізді
жақсы білеміз. Ал енді сол комедия театрлары туралы ой-
пікірлеріңізді білдірсеңіз.
– Несін айтасың, жылағың келеді. Анекдоттар – сахнада!
Дөрекі қимыл, дөрекі сөз. Құдайым-ау, сол да күлкі болып па?
Сахнаға жалаңаш шығу не масқара?! Жұрттың көзінше ұятсыз
сөз айту да өнер ме?! Ал театр жетекшілерінің уəжіне құлақ
түрсек, біз – авторлар сахнаға лайықтап жаза алмайды екенбіз.
Жаздық, жазып жүрміз. Оу, кешіріңіз, сіз режиссер екенсіз, ен-
деше дəмді дүниені сахнаға неге лайықтап жібермейсіз? Сосын
олардың бір жаман əдеті – көркем дүниеңді, сатиралық тіліңді
сызып тастап, өздерінше «керемет өңдеп» жібереді. Демек, олар
сатираның теориясын білмейді. Гүлжан Қалыбекованың «Күл-
кі керуенін» менің ұйым дас тырғанымды екінің бірі білмейтіні
анық. Ол да газеттерге сұхбат бергенде менің аты-жөнімді
атамайды. Əйтпесе сол театрдың атын қойып, алғашқы қой-
ылымның бүкіл сценарийін жазып, сөз сөйлеген мен едім ғой.
Өкінішке қарай, сол «Күлкі керуені» қазір құрдымға кетті.
Неге? Өйткені олар авторларды менсінбейді. Өздері би, өздері
қожа, өздері жұлдыз. Сондай-ақ, «Шаншардың» театр болып
қалыптасуына да септігім тиді. Жүсіп Ақшораев пен Уəли Əбді-
райымовты Шəуілдірден алдырып, сахнаға шығардым. Оларға
рақмет. Аракідік болса да мұны айтып жүреді. Демек, оларға
«жұлдыз» ауруының вирусы жұқпады деген сөз.
– Соңғы кезде Сізді қандай ой мазалап, не толғандырып
жүр?
– Бізде Шəкен Аймановтан кейін комедиялық фильмдер
түсірілген емес. Ал бары өз деңгейіне жетпеген. Алдағы уақытта
сондай фильмдер түсірілсе екен деймін. Сосын дарынды
сықақшыларды дер кезінде марапаттай алмай жүрміз. Көлде-
нең көк аттылар алып жатқан сыйлықтар сатириктерге бұйыр-
май-ақ келеді. Соған қарағанда біз тоқалдан туған сықыл-
дымыз.
– Əңгімеңізге рақмет!
«Айқын» газеті, 2007 жыл
О дљниеге барып
келдім. Ћабылдамай
ћойды
Мџхтар ШЕРІМ,
Ћазаћстан Жазушылар одаѕыныѓ мљшесі,жазушы-
сыћаћшы:
– Мұха, Күлкі көйлегін қашаннан бері киіп жүрсіз? – «Шопи боламын!» деп дөңгелек айдап жүрген бала кезімнен. Тазша баламен «табақтас», Қылкеңірдекпен құшақтас, Қожана сырмен қоржындас жүргенмін... – Мектепте бұзық болған шығарсыз? Төбелесіп көрдіңіз бе? – Қайдағы? Қой аузынан шөп алмайтын момын едім. Университетке түскеннен кейін ғой, «он екіде бір гүлімнің» ашылғаны... Керісінше, ылғи таяқ жеп жүремін. Бесінші класта оқып жүргенім де, Абылай деген менен екі жас үлкен бұзық бала тиісе беретін. Жазда інілеріммен бірге балық ұстап келе жатсам, алдымыздан шығып, тек мені ұрады. Сосын жағамнан ұстап: «Рақмет, саған қолымның қышуын қандырып жүрмін!» дейді. Бекерден-бекер таяқ жеймін. Бір күні іздеп тауып алып: «Абылай, күні бұрын ұрып алшы, ертең қолым тимейді» дедім. Ол ұрған жоқ. Ішек-сілесі қатып күлді де, кетіп қалды. Сол екен, «дос» болып кеттік. – Мектепте оқып жүргеніңізде жүрегіңіз шым ете қалып, бір қызға ғашық болған шығарсыз? – Бір жігітке «ғашық» болдым. – Не дейсіз?А? – Ол былай. Сегізінші класта нағашымның ауылында, ал тоғыз, онды Түлкібас ауданындағы Абай атындағы орта мектепте оқыдым. Осында оқып жүріп, нағашы ауылында тұратын кластасым Қыдырға «қыз болып» хат жазайын. «Сіздің ауылыңызға барғанда, сыртыңыздан көріп қалып едім, Сізді ойлаумен таңды атырамын» деп жаздым. Арада апта өткенде Қыдырдан хат келді. Менімен танысқысы келетінін, ауылында қар борап тұрғанын, сиырларына беретін шөптің таусылғанына дейін жазыпты. Маған қызық көрініп, тағы хат жаздым, «күйіп-жанып...» Не керек, екеуміз бір-бірімізге сырттай өлердей ғашық болдық. Жазда нағашымның ауылында, бір тойда оны көріп қалдым. «Сен жақсы көретін «қыз» мен едім, əзілдескім келіп еді, айып етпе...» дегенім сол, сөзге келместен ішіме қойып қалды. Иіліп «сəлем» беріп, отырып қал дым. Сондағы айтқаны: «Сен үшін қаншама конвертім кетті!» болды.
– Былтыр елуді ерттеп міндіңіз. Құдайға шүкір, төрт том
сати ралық шығармалар жинағын шығардыңыз. «Талтай-
ып тұрғым келеді», «Быт-шытыңды шығарамын», «Ым-
баппа», «Кешіріңіз, Сіз есек емессіз!» деп аталады. Осы
шығармаларыңызға тақырыпты ойнатып, айқайлатып
қоюыңыздың сыры неде?
– Ойланбаймын. Емін-еркін қоя саламын. Сүреңсіз, көңіл-
сіз тақырыптарды ұнатпаймын. Сатираның тақырыбы да күлкі
шақырып тұруы керек.
– Республикада тұңғыш рет сатиралық «Жұдырық»
газетін ашқаныңыз есімізде. Сол жылдардағы қызықты
оқиғаларды еске түсіріп көрсеңіз!
– «Жұдырық» газеті 1991 жылы жарық көре бастады. Белгілі
сықақшылар У.Уайдин, Ғ.Қабышев ағаларымыз да хат жазы-
сып, ат салысып тұрды. «Алақаны қыши береді» атты фельетон
жаздым, басым пəлеге қалды, балалар бақшасының меңгерушісі
сотқа берді. «Алақаным қышымайды, дəлелдеп берсін, кеші-
рім сұрасын!» дейді. Ішіп-жеп қойғанын, алаған қолының
«қышып тұратынын» сатиралық тілмен жазғанымды, дəлелді
құжаттарымның бір папка екенін айтсам, сот та, ол да түсінбей-
ді. Ақыры газетке: «Пəлен шиева ның еш жері қышымайды» деп
кешірім сұрап жаздық.
– Сатиралық театрлардың қазіргі деңгейі жөніндегі ой-
пікіріңіз?
– Жасыратын несі бар, «Тамаша» тоқырады, «Күлкі ке-
руенінің» күлкісі таусылды... Дегенмен, бұл театрларды «крит»
етіп тастауға болмайды. Жаңаша ізденістер болып жатса, олар əлі
де күлкіден күмбез тұрғызарлықтай тəжірибелері жетерлік.
Қазір жұрттың аузында – «Шаншар» театры. Уəли Əбді-
райымов пен Жүсіп Ақшораевты 1987 жылы Шəуілдірден
іздеп тауып алып, өзім ұйымдастырған күлкі «саунасына» шо-
мылдырдым. Өйткені, бұл екеуінің таланттары «тыпыршып»
тұрғанымен, тəжірибелері тарыдай еді. Кейін Алматыға əкеліп,
«ТТТ» («Тамаша телетеатры») хабарына қатысуына мұрындық
болдым. Сол жерде сатиралық театр ашу жөнінде тегін идея
бердім. (Шетелде идея да сатылады емес пе?) Уəли сұмдық
иісшіл екен, иіскеп-иіскеп алды да «Шан шар ды» ұйымдастырды. Құдайға шүкір, қазір абыройлары асқық тай. Тек бір өтінішім, сахнаға дөрекі эпизодтармен шықпаса екен. Дөрекі сөз – сатираның сағын сындырады. – Отбасыңыз жөнінде əңгімелеп берсеңіз? – Қыбыр-қыбыр тіршілік əйтеуір. Жұбайым Гүлжайна «Барыс» газетінде тілші. Қызым Балшырын – мектепте 5-сыныпта оқиды, өлең жазып жүр. Нұрқанат пен Елжасым М.Əуезов атындағы университетте оқиды. – Қандай тағамды жақсы көресіз? – Етті. Ет дегенде бетім жоқ. – Шығармаңызды қай уақытта жазасыз? – Күндіз де, түнде де. Аптасына міндетті түрде екі сатиралық əңгіме жазамын. Оның бер жағында «Барыс» газетін шығаруым керек. – Осының бəріне қалай үлгересіз? – Кəдімгідей. Уақытты қайшымен қырыққандай, бөліп-бөліп тастаймын. «Күйеу бала қашып кетті» атты сатиралық роман жазу үстіндемін. – Өзіңіз де театр ашқан дейді ме? – Жас кезімде тыныш жүрмеймін. Бірдеңе ұйымдастырмасам, ұйқым қашатын. Осыдан 10 жыл бұрын «Күлейікші, Мұхтар» атты сатиралық театрдың есігін аштым, шегесін қақтым. Мақсат – сатиралық дүниелер жазу. Ал, театр үшін ең керектісі – интермедиялар. Амал жоқ жазасың. Жазғың келмесе де жазасың... Бұл театр жеке шығармашылым үшін ашылған театр еді. – Көлігіңіз бар ма? – Қож десем, сенбейсіз. – Қожы несі? – Қож деген сөзді керісінше оқысаңыз «жоқ» болып шықпайды ма? Құдай жоқтан сақтасын! 1985 жылы ескі «Жигулиім» бар болатын. Артқа жүруді көпке дейін үйрене алмай, үйректің балапан дарын талай басып кеткенмін. Одан кейін «Волгамен» «К-700-ты» соғып, о дүниеге барып келдім. Қабылдамай қойды. «Өшірет» көп екен. Жол үстінде бұзылып қалған «К-700-ты», арты нан соққан себебім, бұрылып өтіп кетейін десем, «Мос-
квич» келе жатыр екен, тежегішті бастым, бірақ сырғып ба-
рып сылқ ете қалдым. Қазір «Мерсіммен» жай жүруге дағды-
ланғанмын.
– Сізді кез келген жерде шығармашылық кешін өткізе
салады дейді?
– Нені меңзеп отырғаныңызды түсіндім. Екі-үш жыл бұрын
«Барыс» газетінде сот төңірегінде көп сын мақалалар жария-
ланды. Бұрынғы облыстық сот төрағасы ыстықтап, мені ка-
бинетіне шақырды. Орынбасарларын, судьяларын жинап алған.
«Бұдан былай сот туралы жазбасаңыз еді» дегенді алдыма қойды.
Тіпті, «жалғаса берсе, моральдық шығын өндіру үшін сотқа да
беруіміз мүмкін» деп дөңайбат көрсетіп алды. Мен орнымнан
тұрып: «Сіздерге бір сатирамды орындап берейін» дедім. Жауап
күтпестен «Ішім-пысты» атты сатирамды жатқа айта жөнелдім.
Мұнда іші пысып жүрген миллионер, ақшасын қайда шашарын
білмей, еңкейіп құйрығынан тепкізгендерге 1000 – 2000 теңге
беретіні, сөйтіп көшедегілерді кезек-кезек теуіп жатқанда,
полицияның «қаматып қоямын!» деп келіп, ақырында өзі де «бір
тебіңізші» деп еңкейіп тұр ға ны, содан «соттатамын! Бұл не деген
заңсыздық?» деп сот төрағасының келгенін, оның да миллио-
нердің аузынан «іші пысқан» соң теуіп, ақша беріп жатқанын
естігенде, тоңқая қалғанын, миллионердің екі рет теуіп, 2000
доллар бергенін» сарт-сұрт орындап бергенімде сот төрағасының
түрі бұзылып кетті. Өзгелер күлейін десе, төрағадан тартынады.
«Кеші ріңіздер, сот жүйесі біздің облыста ғана емес, барлық об-
лыстарда да бар. Оның үстіне, бұл көркем сатира. Жəй əншейін
көңілдеріңізді көтерейін деп едім. Тыңдағандарыңызға рақмет!»
дегенімде, еріксіз шапалақ ұрғандар, менің шығармашылық
кешімде отырған дай жымыңдасты. Сөйтіп, сот төрағасы алдын-
да да Мыжбан, Тыжбанымды оқып берген едім.
– Басыңыздан небір қызық оқиғалар өткен екен, Мұха,
əңгіме ңізге рақмет! Сізге шығармашылық табыс тілеймін.
Отбасыңыз аман болсын, ғұмырлы болыңыз! Күлкінің
қымызын ішіп жүре беріңіз!
– Сізге де рақмет! Алланың нұры жаусын!
Берік САДЫР,
сатирик-жазушы:
Ћожанасыр атындаѕы
партия ћџрып алсам деп
жљрмін
– «Диірменде туған тышқан дүрсіліңнен қорықпайды» де-
гендей, сатира жазу үшін де жүрек керек. Сіз қай «диірменде»
туылып едіңіз?
– Біздің елде «Сүйіндіктің сүйкемесінен сақтан» деген сүйір
сөз қалыптасқан. Қан жағынан мен осы сүйіндік руының «төл
туындысымын». Ал заманында от ауыз, орақ тілді болған Көдек
Байшыған ақын – менің сəл əріден қосылатын бабам... Өз əкем
Əкімқожа – бай баласының «арқасында» балалар үйінде тəрбие-
леніп, ұстаздықты 1932 жылы бастап, 1939 жылы ҚазПИ-дің
филология факультетін тəмамдап, мұғалімдікте жарты ғасыр
еңбек ете жүріп, сын, фельетондардың арқасында көресісін
көрген екен... Он баласының ортаншысы – мені математикадан
үздік бітірсем де, «сот боламын» деп секеңдегеніме қарамай,
таныс-тамырына 500 сомды санап беріп, ізін жалғастырар оқуға
түсіріп, арманына жеткені бар...
– Аға газетіміз «Егемен Қазақстанда», «Сөз сойыл» де-
ген мүйісті шығарып келе жатқаныңызға 8 жыл болыпты.
Бағыт-бағдарларыңызды айқындап, бет-бейнелеріңізді
танытып алдыңыздар. Дегенмен, авторлардың қатысуы
қалай?
– «Бағыт-бағдардың айқындалып, бет-бейненің танылғанына»
құлдық. Біраз жыл газеттердің тек макетін сызғылап, нəпақа
айырып, қол қалт етсе, тек сатира-юморды ермек еткендіктен
бо лар, ал бұған «Тамаша», «Бауыржан-шоуда» редактор болып
қор жын ұстағандыкі ме, басынан-ақ бас-көз демей, төпелей
жөнелдім. «Қазақ əдебиетіндегі» «Қожанасыр қоржыны» суалып
таусылған, «Ара» жабылған... сатириктер де сусап қалыпты,
«Бəрекелдімен» бел буып кірісіп кетті. Қазір құдайға шүкір,
еліміздің түкпір-түкпірінен тізімдеп санасам, 80-ге тарта «сер-
кем» бар. Мүйізі қарағайлардан қайыр шамалы, елдегі елгезек
авторлар аман болсын. Тек сұрыптай біл, сүзгіден сірнеле, жылт
еткенін жарияла, тегі бол маса, бесаспаптық танытып, 5 – 6
жанрда өгіз күшпен өзіме күшенуге тура келеді.
– Газет бетіндегі сатиралық мүйіс атамзаманнан бері
«Мүйізтұмсық» деп аталып келіп еді. Атын өзгертуге не
себеп болды?
– «Мүйізтұмсықтың» атамзаманғы дейтіндей, өте əріге кете
қоятын тарихы да шамалы. Негізі, ноқта иесінің ноқайлығынан
жануар біздің елді жерсінді ме, бір мезгіл тоңқалаң асып, тоқтап
қапты... Біз кеп қайта тірілтіп, ноқта жібін қағып, «шүу жануар»
деген күннен басекеңдер тарапынан: «мүйізтұмсық – атам-
заманнан біздің топырағымызда болмаған аң, бастаған екенсің,
атауы табиғатымызға жақынырақ болсын» деп талап қойға-
сын, атауына бəйге жариялап, онымыз қаңтар айының алғашқы
күні «Сөз сойыл» боп бұрқ ете қалды. Қазір, құдайға шүкір,
баспасөз бағында «Ел сойыл», «Сойыл сөз» деп балалап, үрім-
бұтағын үкілеп кеткен жайы бар.
– Анау бір жылдары халықаралық «Алаш» сыйлығын
алуға талпынып едіңіз, бұйырмай қалды. Бұл сыйлықты
алудың да артында «алыс-берістер» бар ма екен?
– Бір кездері Америкада «Чарли Чаплинге еліктеушілер» кон-
курсы жиі-жиі ұйымдастырылып, қомақты сыйақы таратылып
тұрыпты. Бірде Голливудта өтетін бəйгеге аты-жөнін жасырып,
Чаплиннің өзі қатысыпты. Сөйтіп, бұған комиссия Чарли Чап-
линге еліктегені үшін үшінші сыйлықты беріпті.
Бап емес, бақ шабатын заман. Ол додаға екі-үш жылда кітап
атаулы шығарған «аш қасқырлар» түп-түгел қатысып, 21 ко-
миссия мүшесінің біреуі ғана Астанадан болып, бір мен ғана
емес, біраз елордалықтар қапы қалды. Негізі, мұндайға қатысу
үшін өзіңнің «қабілет-қасиетіңді» бағамдап барып, алатыныңа
көкелеріңнің арқасында сенімді болғанда ғана қатысқан жөн.
– Сізді Түркияға сапар шегіп, Қожанасыр бабамыздың
туған жері мен зиратына барып қайтты дей ме?
– 2001 жылдың қазан айында Астананың Анкарадағы мəдени
күні болып, үш күнге барған болатынбыз. Соның бір күнінде
Анкарадан 130 шақырымдай қашықтықтағы Насретдин Қожа
дүниеге келген Ескішехир уəлаятындағы Хорты ауылына барып
қайттым. Қожа Насретдин 1208 жылы осы Хорты ауылында
дүниеге келіпті-мыс. Қожаның əкесі Абдулла əпенді ауыл имамы
болыпты. Қожа да əкесінің жолын қуып, Конйа қаласында мед-
реседе оқып, имамдықты меңгерген. Ол əкесі қайтыс болғаннан
кейін, 1237 жылдары имамдық қызметін Мехмет есімді кісіге
жүктеп, өзі ғылым-білім орталығы – Ақшехир қаласына көшіп,
1284 жылдары осында дүние салған екен.
Насретдин Қожаның дүниеге келген Хорты (Үшкіртау)
елдімекеніне кіре берісте есегіне шірене отырған, қолында
ұзынша таяғы бар ескерткіш орнатылып, онда «Дүниенің кіндігі
осы жер» деп жазылыпты. Ал беріректегі (Анкараға қарай) Қожа
ғұмырының біраз бөлігі өткен ауыл мен мектеп – Насретдин
Қожа есімімен аталыпты. Бұл ауылға да үлкен жолдан бұрылар
бұрышқа Қоже кеңнің есегіне теріс мінген ескерткіші қойылыпты.
Ауылдағылар дың көпшілігі өздерін «Қожа ұрпағымыз» деп
санап, ХІІІ ғасырда Қожаның əкесі, одан кейін өзі тұрған үйін
көздің қарашағындай сақтап келген. Шетінен сөзге мəн бергіш,
қуақы, əзілқой, Насрет дин бабасының хикаяларын құрмет тұтып,
бағалай да, айта да біледі екен. Түркияның Ақшехир қаласында
«Насретдин Қожа жəне туризм» қоғамының ұйымдастыруымен
жылда шілде айында кари ка тура, мультфильм мен əзіл-оспақ
əңгімелердің халықаралық конкурсы өткізіліп тұратын көрінеді.
Ал 1996 жылды ЮНЕСКО-ның шешімімен «Қожанасыр жылы»
деп жариялап, мерекеге осы түркі жұрты мұрындық болыпты.
– Мақсат-қиял дегендер əр кəллəда болатынын бі-
лесіз?..
– Жоғарыдағы Ақшехир қаласына (Анкарадан 500 шақы-
рымдағы) жолым түссе деп жүрмін. Өйткені, онда Қожекеңнің
мол мұрасы жинақталып, жалпы түркі жұртының əзіл орталығы
сол қалада екен. Күлкі көкжиегінде халықаралық деңгейде
Болгариядағы Габрово қаласының аты əлемге белгілі. Оған ат
ізін салу да арман. Қожанасырды құрмет тұтып отырған түрік
ағайын дардан кейін Əзірбайжандағы Шекі қаласы аталып,
ондағы аумақты бүкіл бір Нехрем ауылы – күлкі орталығы
болып ерекшеленеді екен. Дəм тартса, соған барсам деген
қиял бар.
Осындайда фольклорлық орталық негізінде елордада «Күл-
кі орталығын» ұйымдастыруға болар еді-ау деген ой келеді...
Ал қиялға ерік берсек, бабамыз есегімен тепеңдеп жүріп ел
аралаған емес пе?! Құдайға шүкір, ғылым-техника дамыған за-
ман, бізге бір от жағып, үрлеп ұшатын шар бұйырса, соған мініп
алып, аспаннан кең дала төсінде қалықтап, ел-жұртқа қонақтап,
бар білген əзіл-анекдотымызды түгесілгенше айтып, əңгіме
саясатқа ауысқанда сырғып, сырғанып кете барсақ. Сөйтіп
жүріп, уағыз айта қол жиып, Қожанасыр атындағы партия құрып
алсам деп жүрмін..
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2007 жыл
Марат ЕШМЏХАНБЕТОВ,
Мемлекеттік автоинспектор,
полиция майоры:
Љйге џлттыћ туды
іліп ћоямын
Бірінші шегініс
Өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жəне айналасындағы
адамдарға өзінің мəйекті сөзімен, ілкімді ісімен əсер ете бі-
летін атпал азаматтар болады. Олар барша жұртқа нұр
шашып жүреді. Біреуге сөз жəрдем жасаса, енді біріне қол
ұшын созады. Сондай адал да ақжарқын азаматтардың бі-
рі – Марат Топантайұлы Ешмұханбетов. Ол ширек ғасырдан
бері Мемлекеттік автоинспектор болып абыройлы қызмет
атқарып келеді. Полиция майоры.
Марат Топантайұлы Алматы облысының Жамбыл ауда-
нында туған. Мектеп қабырғасында жүрген кезінен бастап
Сүйінбай мен Жамбылдың жырларын жаттап өседі. Ес
біліп, етек жиған соң Мұқағали, Қадыр, Тұманбай, Жұмекен,
Жұматайлардың өлеңдерін тұщына оқиды. Қазақтың өзі
қатарлас ақын-жазушыларымен етене араласады. Олардың
Маратқа өлең арнамағаны кемде-кем. Солардың қатарын-
да – Мараттың бажасы болып келетін Иран Ғайып, Исраил
Сапарбаев, Несіпбек Айтов, Баян Болатхан жəне айтыскер
ақындар – Есенқұл Жақыпбеков, Ермек Жұматаев, Оразалы
Досбосыновтар бар. Осы жыр шумақтарын оқып отырып-ақ
айтулы азаматтың адамдық қадір-қасиетін танисың.
Марат Топантайұлы айтады:
Біздің жұмысымыз тікелей жолмен байланысты ғой. Жол
жүргендермен тығыз қарым-қатынаста болған соң небір қызықтар
бола береді. Бірде, осыдан 10 – 15 жыл бұрын автобекетте тұр-
сам, бір ақ жигули келе жатты. Дереу ала таяғымды көтеріп,
тоқтатып алдым. Көлік иесі көзіме ыстық көрінді. Куəлігін
ашып қарасам, Шəмші Қалдаяқов екен. Құжаттарын төс қалтама
салдым да: «Менімен бірге шай ішпесеңіз, жібермеймін» дедім
ағама қалжың дап. Сөйтсем, ол кісі де əзілімді дұрыс түсініп:
«Ой, аппақ бала, Гаишниктер де шайға шақырады екен ғой»
деп өтінішімді құп алды. «Сабақты ине сəтімен» демекші,сол
кез Наурыз мерекесі болатын. Арнайы пісірген тоқашымыз
да, көжеміз де, қазы-қарта, жал-жаямыз да бар еді. Бұйырған
дəмді ішіп-жеп болған соң, Шəмші ағаны шығарып салайын деп
көлігінің қасына келдім. Ең алғаш көргенде-ақ көліктің ұсқыны
маған ұнамап еді. Капотын ашып қарадым. Моторы жер тіреп
жүр екен. Астынан көтеріп тұратын бір жастығы мүлдем жоқ.
Шошып кеттім. «Аға, мынадай мотормен қалай жүрсіз? Жөндеп
алмайсыз ба?» десем, «Шымкенттің əкімі жаңа мотор беріп еді.
Соны алып келіп, ауыстырып салуға уақыт жоқ» деп күледі.
Сосын мен: «Аға, ертең екі-үш күн демаламын. Сонда үйге
келіңіз. Менің көршім моторист. Біз шай ішіп, ет жеп болғанша
жаңа мотор ауыстырып береді. Шығынын мен көтеремін. Үйім
мынау. Таулы Қыратта» деп мекенжайымды жазып бердім.
Уəделі күні келді. Жанында Қасым деген баласы бар. Үйге
кірісімен «Үйіңде неге күйсандық жоқ?» деп ашуланған болды.
«Жақында аламын, аға» деп мен де ақталып жатырмын. Содан
не керек, сол күні Шəмші ағаның моторын ауыстырып бердім.
Ризашылығын білдіріп, батасын беріп кетті. Арада бірер жыл
өткен соң Шəмші ағам қайтыс болды. Бір күні Шəкеңнің Қасым
деген баласы келіп: «Аға, папамның ескі моторы қайда? Соны
досыма сатайын деп едім» дейді. Мен ыңғайсызданып қалып:
«Гаражда тұр. Оны қаншаға сатасың?» дедім. Құнын айтты. Со-
нан соң мен: «Жоқ. Ақыры сататын болсаң, онда бұл моторды
мен сатып аламын» дедім де есеп айырыстым. Сол моторды
Шəмші ағаның көзіндей көріп, əлі сақтап жүрмін. Кейін уəдемде
тұрып, күйсандық сатып алдым. Қызымды музыка мектебіне
бердім. Оның ұстазы – Шəмші ағамның баласы Қасым.
Екінші шегініс
Марат Топантайұлы тумысынан ақ көңіл, əзілқой, дос-
жаранға адал азамат. Өнер десе, ішкен асын жерге қояды.
Оның атасы Ешмұханбет аңшы, ақын, сал-сері болған адам.
Ал жездесі Қыдырқожа айтулы күйші болған. Ақындар мен
батырлардың ауданы атанған Жамбылда кіндік қаны тамған
Марат Ешмұханбетов Тіленді, Шортанбай, Шаштай, Нұрғиса
сынды атақты күйшілердің күйлерін тыңдап өскен соң, ол
қайдан өнерден алыс болсын?! Оған ұлттық өнердің бəрі ыстық.
Сондықтан да өнердің барлық саласындағы азаматтармен
жақын араласады. Ол Нұрғиса Тілендиев ағамыздың ақ батасын
алып, Секен Тұрысбековпен туған бауырдай араласады. Оған
Секеңнің өзі домбыра сыйлаған. Қазақтың əйгілі əртіс, əнші,
сазгер, мүсіншілері – Асанəлі Əшімов, Құман Тастанбеков,
Меруерт Өтекешова, Роза Рымбаева, Сəкен Қалымов, Ұлжан
Айнақұлова, Тілеуберді Бинашевтермен жақын сыйласып, ара-
ласып тұрады. Бір ғажабы, Марат Топантайұлының құрметті
қонақтарға арнаған кітабы бар. Онда жоғарыда айтқан,
айтпаған белгілі өнер майталмандарының қолтаңбасы жəне
ізгі тілек-ниеттері жазылған.
Марат Топантайұлы айтады:
Осыдан бес-алты жыл бұрын Алматыға Америкадан бір гене-
рал келді. Ол Верджиния штатында шев полицай болып істейді
екен. Менің Қырғыз шекарасының маңында, таудың етегінде
саяжайым болатын. Сол жерде ас та төк дастарқан жайып, қадірлі
қонағымызды күттік. Ең алғашқы сөз тізгінін де сол кісіге бердік.
Сонда ол: «Мен əлемнің бірнеше елдерінде болдым. Бірақ дəл
қазақ халқындай қонақжай елді кездестірмедім» деді ағынан
жарылып. Негізі, мен үйге ұлттық туды желбіретіп іліп қоямын.
Өзім содан лəззат аламын. Соны көріп: «О, сендер де ту іледі
екенсіңдер ғой» дейді таңырқап. Сосын мен: «Сіздер сияқты біз
де елімізді, Отанымызды сүйеміз. Ұлтымызды қадір тұтамыз»
дедім. Ол риза болып, арқамнан қақты. Қоштасар сəтте генерал
М.Қасымов екеуміз иығына шапан жауып, астына ат мінгіздік.
Ат болғанда да қандай еді?! Асау тұлпар болатын. Қонағымыз
тыпыршып тұрған мүсіндей сұлу жануарды көргенде есі шығып
кетті. Сəйгүлікке қарғып мініп, шаба жөнелді. Көп ұзамай, асау ат
əлгі генералды лақтырып кетті. Жанымыз қалмай, тұра жүгірдік.
Сөйтсек, аяқ-қолы аман екен. Ол үсті-басын қағып жатып: «Қазақ
халқы ғана емес, қазақтың жылқысына дейін ақылды екен. Менің
бөтен адам екенімді біліп, лақтырып кетті» деп күлді. Оның
тапқырлығына біз де мəз болып, күлісіп алдық.
Соңғы сөз орнына
Ілгеріде Марат Топантайұлы Ішкі істер министрлігінің МАИ
басқармасы арнайы мамандандырылған тікұшақ батальонында
аға инспектор болып он бес жылдай қызмет атқарады. Қолы
қалт еткенде туған жеріне тікұшақпен барып, мектеп ауласын
айнала ұшып, сынып жетекшісі Күлəш Əбдірəсілова апайына
гүл шоқтарын тастап кеткен кездері болыпты. Коммунистік
партияның тұсында жоқтан өзгенің бəрі қат болды ғой. Сол кезде Мəкең зəру заттарды тікұшағына тиеп алып, қара шаңырақтың іргесіне тастайды екен. Бұл Мəкең не істемеген?! Бастауыш сыныпта оқып жүрген кезінде мектепке есек мініп келеді екен. Ол – Ұлы Отан соғысының ардагері, мүгедек ұстазы Əбдірəсіл ағайына еліктегені. Кейін ағайы құнан мінгенде, ол да құнан мініп шыға келген. Қазір темір тұлпардың неше атасын мініп жүр ғой. Соған қарағанда, гаишник боларын сол кезде сезген сықылды. Бұл қалжың түсінетін ағамызға айтқан əзіліміз ғой. Анда-санда осылай сөзімізді тұздықтап отырмасақ, «күлкіні денсаулықтың мүлкі» санайтын ағамыз қапа болып қалады. Марат Топантайұлының досқа адал екендігін жоғарыда айттық. Сол сөзіміздің растығын дəлелдейтін мына бір оқиғаны айта кеткеніміз абзал. Бірде Мəкең бала-шағасын ертіп, Еуропаның біраз елдеріне саяхат жасайды. Сапарға шығардан бір күн бұрын жан жолдасы, белгілі мүсінші Тілеуберді Бинашевтің үйінде қонақта болады. Сол кезде Тілеубердіге «Сен үшін Эйфель мұнарасында тұрып тілек айтамын» деп уəде береді. Сол уəдесінде тұрып, Мəкең атақты мұнараның басында Тілекеңе тілек тілеп, оны бейнетаспаға түсіріп əкеледі. Егер Марат Топантайұлының мұндай азаматтық асыл қасиеттерін айта берсеңіз, бір мақала түгілі, бір кітапқа сыймас еді. «Теңіздің дəмі тамшыдан» деген сияқты, осы шағын əңгімеден-ақ Мəкеңнің болмыс-бітімін айқындауға болады деп сенеміз. Марат Топантайұлына Аман бол, аға! Аман бол, аға Маратым, Бар елдің көңілін табатын. Тынысы кең тұлпар ең, Күншілік жерге шабатын. Тектінің бірі – сұңқар ең Қызыл жел шалған қанатын. Қай жетім-жесір білмейді
Ашықса, баптап бағатын,
Топантайдың торы баласын.
Жомарттығымен өзінің
Басына күмбез соғатын.
Шірікбай деген атаңа
Шімірікпей тартқан баласың.
Томаша деген бір құс бар,
Тоғыз жұмыртқасының
Біреуі сұңқар болатын.
Сен ондай сұңқар ағасың.
Оразалы ДОСБОСЫНОВ
Бажама
Алатауы –
Əз көркем –
Ажарымдай,
Алматысы –
Бақ-кием –
Базарымдай.
Аруақ қонып,
Нар шөккен
Құт-қонысым –
Жетісу –
Жеті дүние ғажабындай!
Құс-қанатын
Қыран-жыр қомданғанда,
Қарқылдайды
Алаөкпе толған қарға.
Алтын айдар ұл сүйіп,
Аруын құшқан
Мараттың бажасында арман бар ма!
Иран ҒАЙЫП
«Айқын» газеті, 2004 жыл
Тілеуберді БИНАШЕВ,
Мљсінші:
Ћажымџћанныѓ
аруаѕы ћолдап,
баѕым ашылды
– Мүсін өнерімен айналысқаныңызға ширек ғасырдан аса уақыт өтіпті. Осы жылдар ішінде кімдердің мүсіндерін сомдадыңыз? – Əрине, олардың бəрінің атын атап, түсін түстеп жату шарт емес. Дегенмен, олардың ішінен Абылай хан, Кейкі батыр, Қарасай батыр, Шақшақ Жəнібек, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Əйтеке би, Қажымұқан, Бауыржан Момышұлы, Шəмші Қалдаяқов, Дінмұхаммед Қонаев, Талғат Бигелдинов, Мəншүк Мəметова сияқты тарихи тұлғалар мен қоғам, əдебиет, мəдениет қайрат керлерін атасақ та жеткілікті. Сонымен қатар, халқымыздың басынан кешкен түрлі оқиғаларға байланысты композициялық монументтер жасадым. «Заманына қарай амалы» демекші, нарыққа икемделіп, жеке тұлғалардан да тапсырыстар қабылдаймын. – Олардың ішінде суреттері қалғандары да, қалмағандары да бар. Бет-бейнесі белгісіз тарихи тұлғаларды сомдағанда неге сүйенесіз? – Өткен ғасырларда өмір сүрген хан, батыр, би-шешендердің мүсінін соғар алдында олар туралы мəліметтер жинаймын. Ақынжазушылармен, тарихшылармен, ғалымдармен əңгімелесіп, солар туралы жазылған шығармалармен танысамын. Содан кейін жүз ойланып, мың толғанып, кейіпкер бейнесінің жобасын сызып, қағазға түсіремін. Егер ол өзімнің көңілімнен шығып жатса, өзім кеңес алған өнер майталмандарына апарып көрсетемін. Олар құптап, мақұлдаса, кейіпкер бейнесін саз балшықтан жасап аламын. Содан кейін барып гипстен қалыбын алып, тасқа немесе қолаға аударамын. – Ең алғашқы мүсінді жасауға кім жəне не себеп болды? – Мен Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданына қарасты Байырқұм деген ауылда туып-өстім. Əкем қойшы еді. Бала кезімде əкеме қолғабыс жасап, мен де қой бақтым. Күні бойы қой соңында жүрген соң, өзіме ұнайтын бір іспен айналысуға тура келді. Сонда жанымнан тастамайтын бəкімен ағаш жонып, тастарды қашап, мүсінмен əуестеніп жүрдім. Тіпті, осы іске беріліп кеткенім соншалық, бағып жүрген қойларымды ұмытып,
олардан көз жазып қалған кездерім де болды. Ондай кезде əкем
менің «адам болатыныма» күдікпен қарап, қатты ренжитін. Бір
күні сəтті шыққан тырнақалды төл туындымды көрсеткенімде
ризашылығын білдіріп, ақ батасын беріп еді марқұм. Соны-
мен қатар, сурет те салатынмын. Мектеп қабырғасында білім
ала жүріп, совхоздың суретшісі болып істедім. Коммунистік
партияның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрған кез.
Совхоздың төрағасы мен мектептің директоры мені меншіктеп
алған. Солардың тапсырысы бойынша Маркс, Энгельс, Ленин-
дердің портреттерін салып, партияның түрлі ұрандарын
жазамын. Мектепте қабырға газеттерін безендіремін. Осы
еңбектерімді бағалап, ұстаздарым маған ылғи да жақсы бағалар
қоюшы еді. Қойшы, əйтеуір не керек, сөйтіп жүріп мектепті де
бітірдім. Екі қолым алдыма сыймай жүрдім. Жоғары білімі жоқ
адамда ақыл айтып, кеңес беретін ұстаз қайдан болсын?! Бір
күні сол кездегі Темірлан аудандық партия комитетінің бірінші
хатшысы Рашид Нұғыманов Қажымұқанның мүсінін жасау ту-
ралы ұсыныс жасады. Əрине, алғашында бірден келісе кетуге
жүрексіндім. Батылым жетпей тұрғанын сезді де: «Сен қорықпа.
Біз саған қолдан келген көмектің бəрін жасаймыз» деп үлкен рух
беріп қойды. Содан тəуекел етіп, үлкен іске бел шеше кірісіп
кеттім. Қажымұқан атамыздың мұражайына барып, ол кісінің
ертеректе түскен суреттерін көрдім. Бірақ олардың басым бөлігі
анық емес, бұлыңғыр. Сөйтсем, сол Темірланда Қажекеңнің
Жанəбіл, Айдархан деген балалары тұрады екен. Солардың
үйіне барсам, Қажекеңнің кіші ұлы Айдархан атан түйедей бо-
лып, қорылдап ұйықтап жатыр екен. Осы көрініс маған қатты
əсер етті. Қажекеңнің өзін көргендей болдым. Дəл осыдан кейін
маған ешқандай суреттің керегі болмай қалды. Айдарханды оят-
пастан оның сұлбасын сызып алдым. Ол кезде менде шеберхана
қайдан болсын?! Сол Темірландағы бір қонақ үйдің залында
мүсінді жасауға кірісіп кеттім. Оның шаңырағының биіктігі үш
метр екен. Мен де мүсінді соған лайықтап жасадым. Егер оның
биіктігі бес метр болса, ескерткіш те сондай биік болар еді.
Жұмыс толық аяқталған соң, Айдарханды шақырып көрсеттім.
Ол көзіне жас алып тұрып: «Сен менің əкемді қайта тірілттің
ғой» деп ризашылығын білдірді. Кейін Рашид Нұғыманов
ағамыз келіп көрді де: «Бұл мүсін біздің көңілімізден шықты.
Бірақ ел-жұрттың да пікірін білейік. Сондықтан Қажекеңмен
дəмдес болған замандастарына көрсетейік» деді. Мен келістім.
Бірақ қатты қобалжығаным рас. Содан үш-төрт қария келді.
Солардың бірі қарап тұрып: «Балам, мына ескерткіштің бір
жерінде кемістік бар» деді. «Айтыңыздар, ақсақалдар, мен ол
кісінің көзін көрген жоқпын. Егер кемшіліктері болса, əлі де
түзетуге болады» дедім. Сонда əлгі қария: «Қажекеңнің бір
құлағының жартысы жоқ болатын. Жырық еді. Сен оны бүтін
етіп қойыпсың» деді. Мен: «Ақсақал, Алланың өзі оның 12
мүшесін түгел етіп берген. Сондықтан мен оны өзгерте алмай-
мын» деп едім, қариялардың бəрі жамырап: «Онда бізде басқа
айтар мін жоқ. Қажекеңнің өзін көргендей болып тұрмыз» деп
ақ баталарын берді. Содан соң ескерткіш тас тұғырға қонды.
Оны «Время» деп аталатын ақпараттық бағдарламадан көрсе-
тіп, «Правда» газетіне жазып, абыройымызды асқақтатып
жіберді. Сөйтіп, менің осындай үлкен іске баруыма Рашид
ағамыз себепкер болды. Содан кейін Қажекеңнің аруағы қолдап,
жоғары оқу орнына түсіп, елге танылдым, өнердегі бағым
ашылды.
– Қазақтың белгілі қоғам қайраткерлері мен ақын-жа-
зушы ларының, сондай-ақ біртуар дарын иелерінің де мүсінін
жасап, тұғырға орнатыпсыз. Олардың көбімен тірі кезінде
араласып, əңгіме-дүкен құрдыңыз. Солармен болған кезде-
сулерде тəлім-тəрбиелік маңызы бар оқиғалар болды ма?
– Əрине, болды. Олардың бəрімен болған кездесулерді таңды
таңға жалғап отырып айтуға болады. Бірақ мен мемлекет жəне
қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаев пен екі мəрте Кеңес
Одағының Батыры Талғат Бигелдинов ағаларымыз туралы ай-
тайын. Мені екеуінің де өте қарапайымдылығы таң қалдырды.
Ең алғаш Димаш ағаның үйіне барар алдында: «Ол кісі хан
сарайындай зəулім үйде тұратын шығар» деп ойлағанмын.
Сөйтсем, ары кетсе, бес бөлмелі үйде тұрады екен. Көздің жау-
ын алатын дүние-мүлік, жиһаздар жоқ. Үй қабырғаларындағы
сөрелерде толған кітап. Димекеңмен еркін отырып əңгімелестім.
Қазіргі əкім-қаралардай тəкаппар емес. Қоштасып, кетіп бара
жатқанымда: «Мен Темірландағы Қажекеңнің ескерткішін
көрдім. Көңілімнен шықты. Бірақ оның авторы сен екеніңді
білмедім. Мен Қажекеңнің көзін көрген адаммын. Ескерткіште
жан бар. Сол үшін саған алғысымды айтамын» деп кітабына
қолтаңба жазып, визиткасын берді. «Бұдан былай менің сыйлы
қонағым болып келіп тұр» деп шығарып салды.
Талғат ағамыз да өте қарапайым екен. Осы уақытқа дейін үш
бөлмелі үйде тұрып жатыр. Жарқыраған дүние-мүлік жоқ. Ескі
теледидар, ескі шкаф. Өзі: «Қазір кеш түссе, көшеге шығуға
қорқамын. Соғыстан жаман» дейді. Мұның алдында үйіне
ұрылар түсіп, қол-аяғын байлап, «Алтын жұлдызын» алып кет-
кен екен. Елбасы араласып жүріп, бір-екі жұмада қайтарыпты.
Қазіргі тағып жүргені көшірмесі көрінеді.
– Ал Димекең өз мүсінін көре алды ма?
– Өкінішке қарай, ол кісі көре алмады.
– Ол ескерткіш қазір қайда тұр?
– Димекеңнің өз бастамасымен қолға алынып, салынған үл-
кен Алматы каналының бастауында тұр.
– Мүсіндерді үйіңіздегі шеберханада жасайды екенсіз.
Арнайы шеберхана ашуға мүмкіншілігіңіз болмады ма?
– Қазақстан Мүсіншілер одағы ғимаратынан шеберхана
ашуға болады. Бірақ онда жарық, жылу жоқ. Сосын ол жерде
күнде той-думан. Жұмыс істеуге кедергілер көп болады. Жал-
пы, қазір қай Одақты алсаңыз да, бəрінен мəн кетті ғой. Ал
шеберхананың өз үйіңде болғаны жақсы. Отбасың, бала-шағаң
қасыңда. Олар маған күш-қуат, рух, шабыт береді. Үлкен қызым
менің жолымды қуып, Темірбек Жүргенов атындағы өнер ака-
демиясында оқып жүр. Маған қолғабысын тигізіп қояды.
– Байқауымша, Сіз қазір еш жерде жұмыс істемейсіз.
Сонда осы кəсібіңізбен күн көріп жатырсыз ба?
– Иə, қалталы азаматтардың тапсырысын орындаймын.
Оны істемесең, бала-шағаңды несібесінен қағасың. Жеке
шығармашы лық жұмыстарым қалып барады.
– Кəсіби шығармашылықпен айналысу үшін Сізге қандай
жағдай қажет?
– Шаңырағы биік, кең де жайлы шеберхана жəне қаржы
қажет.
– Олардың бəрімен қамтамасыз етілдіңіз дейік. Сосын
қандай жұмыстарды қолға алар едіңіз?
– Қазақтан шыққан хан, батыр, би-шешендер мен дінбасы-
лардың басын біріктіретін композициялық монумент жасау
менің ойымда көптен бері жүр. Оның атын «Жеті ата» деп атап
та қойдым. Қазақта: «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген сөз
бар. Сол айт қандай, бұл бүкіл қазақ халқына тəн бабалардың
рухын тірілтуге себеп болар еді.
– Ол композициялық монументті қайда қоюға болар еді?
– Астанадағы Орталық алаңға қойса, еш сөкеттігі жоқ.
Əрбір қазақ өзінің жеті атасынан басқа, бүкіл қазаққа ортақ
аталарының да аты мен затын біліп жүрер еді.
– Шет елдерден Сіздің жұмысыңызды сатып алғандар
болды ма?
– Мүсін өнерімен айналысқалы бері мен бірнеше рет рес-
публикалық, бүкілодақтық жəне халықаралық көрмелерге
қатыстым. Сонда Түркия, Польша, Ресей, Балтық жағалауы
елдері адамдары көптеген еңбектерімді сатып алды. Кей
елшіліктерден тапсырыс та келіп түсіп жатады.
– Əңгімеңізге рақмет!
«Айқын» газеті, 2005 жыл
Сапарбай ПАРМАНЋЏЛ,
Ћазаћстан Жастар одаѕы сыйлыѕыныѓ лауреаты:
«Жас Алашта» маѕан
ыѓѕайлы жџмыс
табылмады
– Алматы қаласы əкімшілігінің «Алматыжарнама»
коммунал дық мемлекеттік кəсіпорнында қызмет істейсіз.
Бұл кəсіпорынның атқаратын қызметі, негізгі мақсаты
қандай?
– «Алматыжарнама» коммуналдық мемлекеттік кəсіпор-
ны – Алматы қаласы əкімшілігінің сыртқы жарнама, ақпараттық
безендіру жөніндегі өкілетті органы. Жарнама біздің өмірімізге
ене бастаған тұста, 1999 жылы Алматы қаласы əкімінің шешімі-
мен құрылған. Алматы қаласындағы жарнамалық-ақпараттық
нысандарды реттеу, оларға бағыт-бағдар беру, жүйелеу мақса-
тында жаңа кəсіпорын өмірге келді. Əрбір жарнамалық нысан-
ды тіркеу, рұқсат беру, қадағалау мақсатында ауқымды жұмыс-
тар жүргізіліп отыр. Сонымен қатар, қаламыздағы мəдени-сəулет
ескерткіштері мен ғимараттарды сəулелі жарықтандыру ісін
қолға алды. Театрлар, мəдени орындар, орталық мешіт үйлерінің
түндегі көз жауын алар қызылды-жасылды сəулелерге шомы-
луы – ғимарат кескінін күндізгіден де бетер құлпыртпай
ма?! Міне, осы шараларды жүйеге келтіру жұмыстарының
бастауындағы қиын сəттерде «Алматыжарнама» кəсіпорны-
ның қолтаңбасы жатыр.
– Көшедегі жарымжан жарнамалардан көз сүрінеді. Олар-
ды оқи бастасақ, Өтежан Нұрғалиев ағамыз айтпақшы, «аз-
дап нервничать ететініміз» рас. Ол жарнамаларды сауатты
етіп беру үшін қандай шаралар жасап жатырсыздар?
– Жарнамалық қалқандардағы ақпараттарға қарап отырып,
отандық өндірістің жай-күйін сезінуге болады. Қазақстан
Республикасының «Жарнама туралы» Заңына орай, темекі жəне
спиртті ішімдік өнімдерін жарнамалауға шектеу қойылуына
байланысты толып кеткен темекі, арақ-шарап жарнамалары
сап тыйылды. Жарнама тақырыбы – банктер ұсынып отырған
қызметтер, жиһаздар, мұнай компаниялары, компьютерлер мен
кеңсе тауарлары, сатылатын көліктер, салынып жатқан элиттік
пəтерлер... Ал мейрамхана, кафе, дүкен жөніндегі жарнаманың
бəрі көрсеткіш тақталар болып келеді... Осы жерде бір ескертетін
жайт, банктер мен мұнай компаниялары жарнамаларының
мəтіндерінен қате табуыңыз қиын. Өйткені бұл ұжымдарда оған
жауапты қызметкерлерге қойылатын талап қатаң, еңбекақы
қомақты. Енді дүкен, кафе, көлік жөндеу жəне басқа жарнамалық
көрсеткіштерде салғырттық басым. Асығыстық, жауапсыздық
салдары анық көрініп тұрады.
Жарнама қоюға рұқсат алған соң да қателер кетуі мүмкін.
Бұндай жағдайда біздің кəсіпорынның қаладағы əр ауданға
жауапты қызметкерлері бар. Солар күн сайынғы қызметінде
ондай жарнама иелеріне ескертіп, қатені тез арада жөндеуді
талап етеді. Қалалық Тіл басқармасымен бірлесіп, тұрақты
рейдтер жүргізіледі. «Тіл туралы» Заңның 21 бабында: «Көрнекті
ақпараттың барлық мəтіні мынадай ретпен: мемлекеттік тілде
сол жағына немесе жоғары жағына, орыс тілінде оң жағына не-
месе төменгі жағына орналасады, бірдей өлшемдегі əріптермен
жазылады» делінген. Содан барып «кафесі» сөзінің атаудың
алдында жиі кездесетіні бір кездері үлкен мəселеге айналды.
Қазір дəмханалардың маңдайшалары түзеліп келеді. Оны қайта
жасатудың өзі көп жұмыс. Кəсіпорын ашылған жылдары осы
проблеманы шешу қиындық тудырды. Өйткені кезінде алған
рұқсаты бар, жасатуға кеткен қаржылай шығыны бар, оны
өзгертудің əрқайсысы сот арқылы жүзеге асады. Қазір, құдайға
шүкір, бұндай кемшіліктерді болдырмауға жан саламыз. Ал
енді фирмалар мен компаниялардың аты тіркеу куəлігінде солай
жазыл ған. Осындай құжат берерде əділет саласының қызмет-
керлері атауына қарап зерделеу керектігін ескерсе дейсің.
– Сіз «Лениншіл жас» газетіне тілші болып орналасып, Бас
редактордың бірінші орынбасарына дейінгі баспалдақтан
өттіңіз. Ол газеттен кетуіңізге не себеп болды?
– Менің «Лениншіл жасқа» келуім де қызық оқиға.
– Сонда қалай?
– Мектепте жүріп «Қазақстан пионері» газетіне араластық.
Фариза Оңғарсынова апамыздың редактор болған кезі ғой. Жас
тілшілерге арнайы тапсырмалар беріп, газетке араласуға қатты
ықпал жасады. Жыл сайын белсенді тілші ретінде арнайы сый-
лықтармен марапаттап, ынталандырып отырды. Кейін универ-
ситетті бітірген соң сол газетке қызметке келдім. Бұл жөнінде
Фариза апам «Шашы ағарған қыз» кітабында атап өткен. Жолса -
парға жиі шығатынмын. 1979 жылдың күзінде Торғай облы-
сында мектеп аралап, кезінде мықты мұражайдың шаң басып
жатқанын көрдім. Сол мəселені облыстық комсомол хатшысына
ескерте кетейін деп соқсам, кабинетінде кісілер бар екен. Күтуге
болмайды, өйткені бір жарым сағаттан кейін ұшатын ұшаққа
билетім бар. Бөлмедегі кісілермен сəлемдесіп, кешірім сұрадым
да асығыс екендігімді, өткір мəселені баяндағым келетінін айт-
қанымда хатшының жанында отырған қара көзілдірікті жігіт
ағасы қос қолын кеудесіне айқастырған күйі бас шұлғыды.
Хатшы төмен қарады. Мəселемді ақтарып салдым. Əуежайға
асығыс екенімді айтып, есікке беттегенімде қара көзілдірікті
кісі тоқтатты. Сағатына қарап, «қалқам, қалай жетесің, көлік
бар ма?» деп сұрады. Бас шайқадым. Хатшыға бұрылып, көмек-
тесуін өтінді. Рақметімді білдіріп, хатшымен бірге сыртқа
шықтым. Хатшы ашулы күйі жүргізушіге дауыс көтере сөйлеп,
«əуежайға жеткіз де тез қайтып кел» деп бұйырды. Алматыға
келген соң үш күннен кейін «Лениншіл жас» газетінің редак-
торы Сейдахмет Бердіқұлов шақырып жатыр» дейді. Бардым.
Рұқсат сұрап, ішке кірсем, қызықты қараңыз, Арқалықта кез-
дестірген қара көзілдірікті кісі төрде отыр. Шығармаларын
іздеп жүріп оқығанмен өмірде өзін көрмеген екенмін. Редактор
Сейдахмет Бердіқұлов. Іркілейін дедім. Соны сезді ме, қара
көзілдірігін шешіп, «кел, қалқам» деп күлімдеді. Сөйтіп, ойда
жоқта «Лениншіл жастың» ғылым бөліміне қызметке тұрдым.
18 жыл еңбек еттім. 1996 жылы мамыр айында «Жас Алашқа»
Бас редактор болып Нұртөре Жүсіп бекітілді. Жаңа басшыны сол
кездегі Баспасөз жəне бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық
агенттік төрағасы Алтынбек Сəрсенбаев ұжымға таныстыруға
келгенде: «Қырық жастан асқандар «Жас Алашта» істеуге
болмайды» деп мəлімдеді. Бұл – маған тиіскендегісі. Мен сол
күнге дейін екі Бас редакторға бірінші орынбасар болғанмын.
Төрағаның сөзі мынау. Бірақ мен отыз тоғыз жаста едім. Кейін-
нен, сол жылдың 5 қазанында менің қызметімді қысқарту туралы
Агенттік төрағасының міндетін атқарушы ретінде қол қойған
Ə.Асқаровтың хабарламасын үстеліме қойып кетіпті. Қорқытқан
түрі шығар. Мен де кетіп болмадым. Қысқарту туралы ара-тұра
еске салып қояды. Ақыры 1997 жылдың жазында агенттік «бас
редактордың бірінші орынбасары» деген қызметімді қысқарт-
ты. «Жас Алашта» маған ыңғайлы жұмыс табылмады. Жұм-
бақтау күйде жұмыссыз қалдым. Мені «Жас Алаштан» кетірген
Алтынбектің екпіні еді.
– Сол кезеңде Сіз ұйымдастырған «Шартарап» баспасы
ауқымды жұмыстар атқарып жатты ғой...
– «Шартарап» баспасы біраз кітаптар шығарды. Қиын ке-
зеңде нарыққа ілесіп, оқырманға жақсы шығармалар ұсынып
үлгерген. Алға қойған жобалары бар еді. «Жас Алашта» қызмет
істейтін жігіттер бірлесіп еңбек етті. Үш жігіт сол баспаның
арқасында пəтерлі болды, қызметтен кеткен күні əріптестерім
теріс бұрылды. Бəріне қол сілтедім де Сыр бойына кеттім.
Кезінде жазушы Софы ағамыздың «Елім-ай» романындағы
«Сыр бойындағы жиырма бес шаһар...» деген бір жол ерекше
ынтықтырған. Сол көне ша һар лардың тарихы еріксіз өзіне
тартты да тұрды. Қызылордадағы достарым құшағын айқара
ашты. Мұнайшы жігіттер – Жақсылық, Алдаш, Қабылбек, Найза,
Əлібек, Ғабит, Сəдуақас, Жағыпар есімді аға-бауырларым көп
көмегін тигізді. Сөйтіп, Сыр бойында тоғыз ай жүрдім.
– Сізді жазушы ретінде де танимыз. «Жыландар көші»
атты жинағыңыздың шыққанынан да хабардармыз. Содан
кейін жазған жаңа шығармаларыңыз бар ма?
– Жақында «Арқас» баспасынан «Құз жанарынан құлаған
сарқырама» атты кітабым шығады деп отырмыз. Ал қазір өзімнің
замандастарым – қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов,
ақын Ұлықбек Есдəулетов, режиссер Талғат Теменов, суретші
Ерболат Төлепбаев, пианист Жəния Əубəкірова жəне басқалар
жөнінде портреттер кітабын жазып жүрмін.
– Бүгінгі журналистиканың даму барысы, бағыт-бағдары
туралы пікіріңізбен ой бөліссеңіз?
– Ақпарат ағынындағы оқырманға жеткізер жаңалықтың
жылдамдығы қуантады. Елді елең еткізер оқиғаның əрбір газет-
журналда түрлі үлгіде дер шағында жететіні – журналистердің
ізденімпаздығы дер едім. Əйтсе де Жарылқап Бейсенбаевтің
танымдық талғамы, Жақау Дəуренбековтің біліктілігі, Мағира
Қожахметованың пайымдауы, Қайнар Олжайдың орамдары
жетпей жатады. Кейде журналистикадан сол өрнектерді іздейті-
нім бар.
– Мұхтар Шаханов ағамыз «Жалын» журналын ашар-
да Сізді орынбасары етіп шақырыпты. Ол қызметке неге
бармадыңыз? Əлде, журналистикадан көңіліңіз қалған
жағдайлар болды ма?
– Рас, шақырды. Үлкен кісі шақырды дегесін сəлем беруге
бардым. Ұсынысын айтты. Мен жағдайымды түсіндірдім. Бірақ
айтқан өтінішін жерде қалдырғандай сезініп, сыртыңнан сөз
айтатыны сыйлы ақын ағама жараспайтын қасиет. Бара алмай-
тындай мүмкіндік болды. Себебі, «Жас Алаштан» кеткен соң
екі жарым жыл жұмыссыз жүрдім. Қиын сəтте іздеп, «Алматы-
жарнама» кəсіпорнының директоры Мұхтар Ерман деген атпал
азамат еңсе көтеріп жұмыс істеуіме мүмкіндік ашты. Жаңадан
құрылған ұжымның іргетасын бірлесе қаластық. Ауқымды
жұмыстардың қызған кезінде қалай тастап кетемін?! Əйтсе де
он төрт жасыңнан құлай сүйіп араласқан газетті сағынасың.
– Қазір «Арқас» деген баспа ашыпсыз. Бұл қандай баспа?
– Белгілі қоғам қайраткері Өзбекəлі Жəнібеков ағамыз
Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында «Арқас» тарихи-танымдық
басылымдар сериясын қолға алғаны белгілі. Алғашқы кітаптарын
оқырманға ұсынып та үлгерген. Сол кісі бастаған іргелі істің
жалғасын жүйелеу керек қой. Осы мақсатта Өзбекəлі Жəнібеков
атындағы қолдау қорымен бірлесе жұмыс жүргізу мақсатында
«Арқас» баспа үйі ашылды. «Арқас» түркіше «қолдау» деген
сөз. Ал мəдениетіміз бен өнерімізде, ғылымымызда қолдауға
зəру мəселелер қаншама?! Өзағаңның ой-идеяларын оқырманға
жеткізуді мақсат тұтқан сəтте қолдау қоры мен «Шартарап»
бірлесіп, кезінде ел елең ете іздеген серияның атауына тоқтадық.
Бұл – «жақсы бастама үзілмей жалғасын тапсын» деген мақсат.
«Арқас» алға қойып, жүзеге асырар алдағы күнгі жобалар да сол
негізден бастау алар деген үміттеміз.
– Əңгімеңізге рақмет!
«Айқын» газеті, 2005 жыл
Шќкќрім
Парижде дќріс оћыѕан
Келденбай 9ЛМЕСЕКОВ,
Ќ.Ћашаубаев атындаѕы І Республикалыћ
байћаудыѓ лауреаты, Шќкќрім ќндерін орындаушы,
ќнші, музыкатанушы:
АКАДЕМИКТІҢ АЛДЫНДА
ƏН САЛУДАН ҚОРЫҚПАЙМЫН
– Шəкəрім əндерін зерттеп, насихаттап жүрген дəріскер
музыкатанушылардың бірі де бірегейісіз. Шəкəрім əндерімен
түбегейлі айналысуыңызға не түрткі болды?
– 1978 жылдан бері Семей қаласындағы Ə.Қашаубаев атын-
дағы филармонияда жұмыс істеймін. Шəкəрімді бұрыннан
білемін десем, өтірік болар. Бала кезімде «Қалқаман – Мамыр-
ды» жыршылардан тыңдадым. Ол кісіні ең алғаш танып-білуіме
себепкер болған – халық ақыны Шəкір Əбенов. Мен одан əн
үйреніп жүретінмін. Бір күні маған «Шəкəрімнің əні» деп «Ең
қызық жастық» деген əнін берді. Бұл əн Абайдың сегізаяқ ізімен
жазылған. Жігіттің ғашығына ұрын барған туралы əн. Ол кез-
де біз де жаспыз. Ондай əндерді көзіңнің жасын сүртіп жүріп
айтасың ғой. Одан кейін Ахат аға шақырып, Шəкəрім əндерін
тыңдатты. Ахат – Шəкəрімнің баласы. Бірақ ол əндерді мен ұға
қойған жоқпын. Кəрі адамның дауысы жастың желікпе жүрегіне
жете қоймады. Ең алғаш Шəкəрімнің əндеріне кіріскенім, 1986
жылдың желтоқсан айы. Осы айда қазақ жастарының көтерілісі
болды. Кейде ұға алмай жүрген нəрсемізді Абай мұражайының
директоры Төкен аға Ибрагимовтен сұрап тұрамыз. Ол біздің
штаттан тыс кеңесшіміз. Сол кісіге бардым. Саяжайында жалғыз
демалып жатыр екен. Мəн-жайды сұрадым. Сөйтсем, оның
көңіл-күйі жоқ сияқты. «Қайтесің, оның саған қатысы жоқ. Сен
одан да мына əндерді тыңда! Осыған ие бол! Біз қазір Шəкəрімді
ақтау туралы Үкіметке хат жазып жатырмыз. Өлеңдер жинағы
да жарық көріп қалады» деді. Əлгі таспаға жазылған əндерді
тыңдап көрсем Ахат Шəкəрімұлы, Ниязбек Алдажаров, Қабыш
Кəрімқұловтардың орындауындағы Шəкəрімнің шығармалары
екен. Оны басқа таспаға көшіріп жаздық. Əйтеуір қойшы не
керек, содан 4 – 5 əнді үйреніп, орындап жүрдім. Менің көңі-
лім хош, Төкен аға риза. 1988 жылы Шəкəрім ақталды. Сол
жылы Шəкəрімнің 130 жылдық тойында мен «Анадан алғаш
туғанымда» жəне «Бұл əн бұрынғы əннен өзгерек» деген екі
əнді орындадым. Бұдан бұрын осы əндерді Көкшетау облысында
гастрольде жүріп, Біржанның зираты жатқан Степняк қаласында
орындаған болатынмын. «Қатырып орындадым» деп айта ал-
маймын. Айтып тұрған өзімнің де ұққаным шамалы. Халықтың
не ұққанын білмеймін. Əйтеуір ел уралап, қол соғып, айқайлап
жатты. Енді Шəкəрімді білетіні бар, білмейтіні бар. Ол кезде
оған ешкімді сөгуге болмайтын. Нақты орындағаным жаңағы
Шəкəрімнің тойында болды. Осы жерде бір күлетін нəрсе,
газеттердің бəрі сол тойға келген жазушылардың бəрін жазды.
Мен туралы, Шəкəрімнің əні туралы бір ауыз сөз жоқ. Оны
«Семей таңы» газетінің журналистеріне айттым. «Газеттеріңе
«Шəкəрімнің əнін айтты» деп ақыры жазбайды екенсіңдер, мен
енді Шəкəріммен айналысамын» дедім. «Ойбай, айналысыңыз,
айналысыңыз» деп жатыр. Бір күні Төкен ағаға қайта барып,
Шəкəрім əндерімен түбегейлі айналысқым келетінін айттым.
Тағы да 7 – 8 əн керектігін жеткіздім. Ол қуана келісті. Маған
сценарий де жазып берді. Оның ішінде Шəкəрімнің өмірбаяны
да бар. Сөйтіп жүргенде, Қайым Мұхамедхановтың Шəкəрім
туралы үш беттік мақаласы «Қазақ əдебиеті» газетіне шықты.
Оның арасында Ниязбек Алдажаровпен əңгімелесіп үлгердім.
Ол кісіден біраз мағлұмат алдым. Кетерімде ол: «Балам,
ниетің дұрыс. Біз базарымыз тарқаған адамбыз. Шəкəрімнің
мұрасына енді сен ие болуың керек» деп батасын бергендей
болды. Сосын Шəкір Əбеновке бардым. Ол да шежіре адам.
Дубровскийді жатқа айтады. Ол кісі де екі-үш əн берді. Сөйте-
сөйте менің жиған-терген əнім онға жетті-ау. Дəріс-концертім
дайын болғандай болды. Сонда да жүрексініп жүрдім. Жаныма
бір циркачты ертіп, ел араладық. Бағдарламаның жартысын ол,
жартысын мен жүргіземін. 1990 жылы бөлініп жалғыз кеттім.
Ел-елді, ауыл-ауылды араладым. Оншақты адам жиналады.
Соларға дəріс-концертімді қоямын. Аудитория болмаған соң,
мектептерге көштім. Осыған байланысты балалардың түсінігіне
келетіндей етіп, сценарийді де өзгерттім. Содан бері 15 жыл-
дай уақыт өтті. Осы жылдар ішінде екі мыңдай дəріс-концерт
қойдым. Оны екі жүз мыңдай шəкірт тыңдады. Оның алпыс-
жетпіс пайызы орыс тілді көрермендер. Мен дəрісті екі тілде
бірдей жүргізе беремін.
– Шəкəрімнің əндерін тағы кімдерден үйрендіңіз?
– Жоғарыда айтып өткенімдей, негізгі əндерді Ниязбек
Алдажаров, Қабыш Кəрімқұлов, Ахат Шəкəрімұлдарының
орындауындағы таспаға жазылған нұсқасынан алдым. Ал кейін
Мұхтар Əуезов мұражайының меңгерушісі Бекен Исабаевтан
Шəкəрімнің «Частушка» деген əнін, ал оның қазақша сөзін
Аягөзде тұратын Сұлтансейіт Жарқынбаев деген кісіден жазып
алдым. Ол өзі Қытайдан көшіп келген адам. Кезінде ол Зиатпен
жақын араласқан екен. Зиат – Шəкəрімнің баласы.
– Əңгімеңіздің төркініне қарағанда, дəріс-концертіңіздің
мазмұны бай, мəні зор екен. Кез келген көрерменнің көңілі-
нен шығады деп сенеміз. Енді осы өнерді неге үлкен сахна-
ларда қоймасқа?
– Ондай ой менде де бар. Бірақ мəселенің бəрі қаражатқа келіп
тіреледі. Мен академиктің алдында тұрып, əн салудан қорық-
паймын. Тек соған мүмкіншілік жоқ. «Жомарттың қолын жоқтық
байлайдының» кері ғой. Үлкен сахнаны айтасыз, менің əлі аудио
таспам да жоқ. Мен жаңа «Пəленбай мың дəріс-концерт қойдым»
деп аузымды толтырып айтқанмен, одан түскен қаржы қазіргі
жұлдыздардың бір концертінен түскен қаржыға да жетпейді.
Менің көрермендерімнің дені балалар.
– Шəкəрім əндерін зерттей жүріп, қандай құнды дерек-
терге тап болдыңыз?
– Кезінде Шəкəрім Лев Толстоймен дос болып, онымен
хат жазысып тұрғанын Қайым Мұхамедхановтың жазғанынан
білеміз. Ал Шəкəрімнің сол Толстойдың 80 жылдық мерей-
тойына барғандығын екінің бірі біле бермейді. Оны Олжас
Сүлейменовтен естідім. Ал енді Шəкəрімнің Парижге барып,
сонда дəріс оқығаны туралы да əңгіме бар. Бірақ нақты деректер
табылмай жатыр.
– Сонда Парижге не себептен барған?
– Кезінде Абай Шəкəрімге: «Сен қазақтың тарихын, шық-
қан тегін жаз» деп тапсырған екен. Содан Шəкəрім Каир,
Стамбул, Басра, Мекке, Медина елдерін аралап, солардың
кітапханаларында отырады. Ізденеді. Осы сапарында Парижге
де соққанға ұқсайды. Негізі, мен Шəкəрімнен сенсация іздеген
жоқпын. Менің мақсатым оның əндерін насихаттау ғой.
– Жалпы алғанда, Шəкəрімнің неше əні бар?
– Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, Шəкəрімнің
отызға жуық əні болған. Тіпті «Қалқаман – Мамыр» дастанын-
дағы əрбір кейіпкердің əуені болған деседі. Бірақ оны білетін
кісілер қалған жоқ.
– Сіз сол отызға жуық əннің нешеуін орындап жүрсіз?
– Өзім беріп жүрген дəріс-концерттерде 15 – 16 əнін орындап
жүрмін. Əзірге бар жиған-тергенім – осы.
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МЕНІ
«КРОХОБОР» ҚЫЛЫП ЖІБЕРДІ
– Əңгімеңізге қарағанда, дəріс-концертті аяғыңыздан то-
зып, Мақтым секілді дорба арқалап, өзіңіз ұйымдастырасыз.
Осыны министрлік арқылы арнайы бағдарлама бекітіп, оқу
орындарына жүктеп, белгілі бір кесте арқылы жүргізуге
болмады ма? Қанша дегенмен, Сіз Шəкəрімді насихаттап
жүрсіз ғой. Сіздің тарапыңыз дан талпыныс жасалды ма?
– Əрине, жасалды. Мен Білім жəне ғылым министрлігіне,
сондай-ақ Мəдениет департаментіне де бардым. Бір емес, екі рет.
Ол кезде министр əйел адам еді. Ұсынысымды қолдамақ түгілі,
өзім келісіп қойған жоғары жəне орта оқу орны басшыларына
хат жазып, жолымды кесті. Менің жасап жүрген шараларым
оларға қайыршының іс-əрекетіндей көрініп, мені алаяқ етіпті.
Бұған енді не айтасың? Сонда мен түске дейін есік алдында билет
сатып, кешке өлең айтуым керек пе?! Ондай əртісте қандай абы-
рой болады?! Сөйтіп, Білім министрлігі мені солардың тілімен
айтқанда, «Крохобор» қылып жіберді. Ал екінші рет барғанымда
маңайларына жолатпады. Менің бір байқағаным, қай мектепке
бармайын, мейлі ол қазақ, мейлі орыс мектебі болсын, əйтеуір
директорлары қарсы болған емес. Қолдан келген көмектерін
жасайды. Оларға мың да бір рақмет.
МАҒЖАН МЕН МІРЖАҚЫПТЫҢ
ƏНДЕРІН ТАУЫП АЛДЫМ
– Жүсіпбек Аймауытовтың «Əнші» деген əңгімесі бар.
Соны оқып отырсаңыз, ілгеріде шəкірттер атақты əншілерге
жылқы беріп, əн үйренетін дəстүр болған екен. Сол сияқты
Сізге «Шəкəрімнің əндерін үйретіңізші» деп келген талап-
керлер болды ма?
– Бірде Павлодар қаласындағы бір университетте концерт
бердім. Сол кезде осы университетте оқитын бір қыз бала келіп,
Шəкəрім əндерін үйренуге ниет білдірді. Мен қуанып кеттім.
Одан ақы сұрамақ түгілі, келіп-кеткен таксиінің ақысын мен
төледім. Содан басқа мені іздеп келген əншіні білмеймін.
– Сіздің репертуарыңыз тек Шəкəрімнің əндерінен тұр-
майтын шығар...
– Əрине, одан басқа да халық əндері мен халық компози-
торларының əндерін орындаймын. Енді мына қызықты қа-
раңыз. Қазақ: «Бір жоқты іздеп, бір жоқты табасың» дейді.
Сол айтқандай, Шəкəрімнің əндерін іздестіріп жүріп, Мағжан
Жұмабаев пен Міржақып Дулатовтың ешкім естімеген «Сен
сұлу» жəне «Мұң» деген əндеріне тап болдым. Мағжанның əнін
Шəкір Əбеновтен, ал Міржақыптың əнін қарт ұстаз Қарпық
Егізбаевтан үйрендім. Ілияс ағам: «Олар əн жазбаған» деп бой
бермейді. Ол əндерді қазір менен басқа ешкім орындап жүрген
жоқ.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2004 жыл
Бейбіт ОРАЛЏЛЫ,
Сазгер:
«Бозжорѕа» ќні –
шыѕармашылыћ
ћолтаѓбам
– Сіздің «Бозжорға» атты əніңіз халық арасында кеңі нен
танымал. Сол əннің туу тарихы туралы айтып берсеңіз?
– Жалпы, мен ақын болмағандықтан қашанда өмірге бірінші
əн келеді. Ал əр əннің дүниеге оңай келе салмасы тағы анық.
Əрбір ана өмірге ұрпақ əкелерде нəтижесін тоғыз ай, тоғыз күн
көтеріп, босанар алдында қатты толғатады. Өмірге адам əкелу
оңай емес. Сол сияқты, сазгер де əн жазар кезде қатты толқиды.
Оның санасында, жүрегінде ерекше толғаныс пайда болады. Өзін
қоярға жер таппай, дегбірсіз күй кешеді. Өзінен-өзі ыңылдайды,
сөз іздейді. Қысқасы, іштегі шұбар жылан сыртқа шықпай, ты-
ным таппайды. Сол сықылды, «Бозжорға» əні дүниеге келерде де
мен сондай күй кештім. Оның «толғағы» да ұзаққа созылды. Ай
бойы əуен іздеп, ыңылдаумен болдым. Күндіз күлмедім, түнде
ұйқы көрмедім. Тілімнің ұшына «Жорға, жорға, жорғалашы
жорға, жорғалар» деген тіркес келді. Мен мұны əннің қайырмасы
болар деп ұйғардым. Содан кейін əннің сұлбасы көріне бастады.
Дереу оларды аспапқа салып, нотаға түсіріп, тіпті аранжировка-
сын да жасап қойдым. Кейде жаңа əніме белгілі халық əндерінің
сөздерін де пайдаланып көрдім. Сөйтіп жүріп бұл əнімді белгілі
ақын Шөмішбай Сариевке тыңдатып көрдім. Əн оған қатты
ұнады. Өйткені бұл əнде өзге əндеріме қарағанда ерекше əуен,
əуез бар еді. Құлаққа бір дүбір келетін. Сосын Шөмішбай ағама
осы əнге сөз жазып беруін сұрадым. Ол кісі бірден келісті.
– Неге Шөмішбай Сариевті таңдадыңыз? Əнге мəтін
жазатын басқа да ақындар бар емес пе? Əлде, реті солай
болды ма?
– Мені Шөмішбай Сариевпен Роза Рымбаева мен Тасқын
Оқапов таныстырған болатын. Сол кезден бастап Шөмішбай
ағамызбен тығыз шығармашылық байланыстамыз. Ол кісі менің
бірнеше əндеріме мəтін жазды. Ал дəл осы əннің мəтініне кел-
сек, реті солай болды. Əйтпесе мен көптеген ақындармен бірге
жұмыс істедім. Олардың ішінде ағаларым да, апаларым да, іні-
қарындастарым да бар.
– Шөмішбай ағамыз əн мəтінін тез арада жазып берді ме?
– Ол кісі де менен аз толғанып, кем қиналған жоқ. Айға жуық
уақыт бойы екеуміз телефонда сағаттап кеңес кен, талқылаған
кездеріміз болды. Құдай сəтін салып, əн туған соң оны өзім
орындап, таспаға түсіріп қойдым.
– Онда халық неге ол əнді ең алғаш «На-На» тобының
орындауында естіді?
– Оның да өзіндік сыры бар. Бір күні Шөмішбай аға мыз теле-
фон соғып: «Алматы қаласына «На-На» деген топ келіпті. Олар
Астана қаласының тұсаукесерінде орын дайтын қазақша əн іздеп
жүр екен. Əнеукүнгі əніңді соларға берсек қайтеді?» деді. Мен
дереу соларға жеттім. Əйгілі топтың жетекшісі Бари Алибасов
бір тыңдағаннан ұнатты. Осы əнді Астананың ашылу рəсімінде
орындайтын дықтарын айтты. Біз де қуанып кеттік. Олар да ри-
за. Өйткені олардың қазақша əн іздеп жүргеніне біраз уақыт
болыпты. Содан олар əнді алып, өздерінше əрлеп, əбден дай-
ындалды. Қанша дегенмен, өзге ұлттың өкілдері емес пе?! Кей
сөздерді дұрыс айтпайтын көрінеді. Олар Қазақстан елшілігіндегі
жігіттерді шақырып, əнді тыңдатқан ғой. Сөйтсе, бір жерінде
«арматура» деп айтқан сыңайлы болады. Біздің жігіттер «арма-
турасы несі?» деп маған хабарласты. Кейін байқасақ, «арман
тұнған» деген сөзді олар «арматура» деп жүр екен. Кейін бəрін
түзеді ғой. Содан кейін əнді Астананың тұсаукесерінде ең алғаш
рет орындады. Халық өте жылы қабылдады. Мұнан кейін де
олар бұл əнді Түркия, Греция, Франция, АҚШ, Ресей елдерінде
шырқады. Келер жылы мен 50-ге толамын. Осыған орай Алматы
мен Астана қалаларында жеке концертімді беруге дайындалып
жатырмын. Соған «На-На» тобын да шақырсам деген ойым бар.
Сөйтіп бұл əн менің шығармашылық қолтаңбама айналды...
– Əңгімеңізге рақмет!
«Айқын» газеті, 2004 жыл
Жџмабек АШУЏЛЫ,
Халыћаралыћ
«Абай» ћорыныѓ директоры:
Абайдыѓ отыз сегізінші
с&зін тереѓ тљсінген
адам міндетті тљрде
мџсылман болады
– Сіз Халықаралық «Абай» қорын ашып, басқарып келе
жатқаныңызға бір мүшелге тақау уақыт болды. Бұл қорды
ашуға не түрткі болды? Өйткені осы аттас қор онсыз да бар
еді ғой.
– Бұл қордың құрылуына Президентіміз Нұрсұлтан
Назарбаевтың өзі тікелей себепкер болды. 1993 жылы Абайдың
150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін
болды да, ол үшін оның атында халықаралық дəрежедегі қор
болуы тиіс еді. Осы ұлы мерейтойға орай қорды ашып, содан
бері қызмет етіп келе жатырмыз. Аталған қор ұлы ақынның
150 жылдық мерейтойы қарсаңында қыруар шаруалар атқарды.
Атап айтар болсақ, сол кездің өзінде Абайдың таңдамалы
өлеңдер жинағын қазақ жəне француз тілінде жеке жинақ етіп
бастырдық.
– Ол шығармаларды француз тіліне кім аударды?
– Ғалымжан Мұқанов деген қазақтың керемет азаматы бар.
Ол – нағыз талант, дарын.
– Ол осы қордың қызметкері ме?
– Алғашқыда басқа жерде істейтін. Кейін біздің қорға
қызметке келді. Қазір денсаулығына байланысты еш жерде
жұмыс істемейді. Бірақ ол – өте білімді, сауатты азамат. Абай-
дан кейін ол Мұхтар Əуезовті жəне Махамбетті французша
сөйлетті. Қазір Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін аударып жүр.
Оның дарындылығы сол – Альберт Фишлер деген француздық
маман, осы саланың профессорының өзі Ғалымжан Мұқановтың
аудармасынан бірде-бір қате таппай, сын айта алмай, пұшайман
болды. Мұнан өзге де тіл мамандары жаңағы автордың аудар-
масына жоғары баға берді.
– Қордың негізгі мақсаты тек Абай шығармаларын зерт-
теп, оны насихаттаумен шектеліп қалмаса керек.
– Иə, қордың басты мақсаты – жалпы, қазақ халқын, оның
əдебиеті мен мəдениетін һəм өнерін əлемге паш ету. Дей тұрсақ
та негізгі темірқазығымыз – Абай. Сондықтан біз ұрпақты Абай
тағылымдары арқылы тəрбиелеуіміз қажет.
– Ал енді қазіргі жағдайларыңыз қалай? Қаржы көзі
қайдан келеді?
– Мынау нарық заманы шөміштен қысып: «Балапан басымен, тұрымтай тұсымен» кеткен кезде назардан тыс қалдық. Оның үстіне, қоғамдық қор болғандықтан өз күнімізді өзіміз көруге мəжбүрміз. Қазір қызмет аямыз тарылып, ақын-жазушылармен кездесу өткізу ден ары аса алмай отырмыз. Ал ұлы Абайды елімізге, халқымызға керек тұлға ретінде сыйлар болсақ, бұған Үкімет тарапынан көңіл бөлу керек. – Ол үшін не істеу қажет деп ойлайсыз? – 1995 жылы мен: «Абай əлемі» мəдени-ағарту орталығын ашу керек» деп дабыра қылдым. Бұл туралы жазбаған жерім жоқ. Ол орталықтың бүкіл жоба-жоспарын жасап, мақсатын айқындап, кіріс-шығысына дейін есептедім. – Сонда ол орталықтың қорға қарағанда басымдылығы неде? – Мəселен, ол орталықта Абайдың əдеби мұражайы болу керек. Ұлы ақын туралы кез келген дерек іздеген адам жоғын осы жерден табуы тиіс. Сосын Абай зерттеу орталығын ашу қажет. Ал Абайды зерттеген ғалымдардың бəрі соның аясында жұмыс істесе, құба-құп. – Осы уақытқа дейін ондай орталықтың болмағаны ма? – Иə, болған емес. Мынау Əдебиет институтында Абай бөлімі бар. Ол да əйтеуір əупірімдеп күн кешіп отыр. – Ал Семейде ше? – Семей – Абайдың туған жері, туған елі болған соң əкімшілік тарапынан республикалық қорға көмектесіп тұрады. Олар тəптəуір жұмыс істеп келе жатыр. Мысалға айтатын болсақ, «Абай» журналын тұрақты түрде шығарып, басқа да шараларды жүзеге асырып келеді. Осы орайда салыстырмалы түрде бір əңгіме айта кетейін. Мынау көрші қонған Ресейде Пушкин институты бар. Ол жерде қаншама адам жұмыс істеп, нəпақа айырып отыр. Олар құр қарап отырған жоқ. Пушкиннің еңбектерін жете зерттеп, оны айдай əлемге таратып отыр. Осы сияқты немістердің Гете институты да бар. Оның бір бөлімі осы Алматыда ашылған. Ал біз Абайды тек той тойлайтын кезде еске аламыз да, той бітісімен ұмытамыз. Егер біз дабыл қағып, Тоқтар Əубəкіров
«Аргументы и факты» газетінде көтермегенде, биыл ұлы
бабамыздың 160 жылдық мерейтойы тойланбай қалуы да ғажап
емес еді. Алматы қаласының əкімі Иманғали Нұрғалиұлы қазақ
əдебиеті мен мəдениетіне жаны ашитын ұлтжанды азамат қой.
Оны осы мерейтой кезінде де бір дəлелдеді. Мен ол кісіге ұлы
мерейтойдың өтпей қалу қаупі барын айтып, хат жазған бола-
тынмын. Ол қол астындағы қызметкерлерге «дереу орындаңдар»
деп нұсқау беріпті. Сол нұсқауда көрсетілген шаралардың басым
көпшілігі орындалды. Бірақ мерейтой қарсаңында Абайдың
ұлағатты сөздері көше-көшелерге жазылып, ілініп еді. Өкінішке
қарай, 8 күннен соң қайта алып тастады. Əкімшіліктегілердің
айтуына қарағанда, оларға орын керек болыпты. Ал Абайдың
керегі жоқ. Мұны қалай түсінуге болады? Ар қымбат па, əлде
қаржы қымбат па?
– Бұл мəдени шаралар Алматы қаласында ғана жүзеге
асты ғой. Республикамыздың басқа өңірлерінде ше?
– Астана жəне Алматы қалаларында республикалық ғылы-
ми-теориялық конференция болып өтті. Сосын Семейде,
Қарағандыда, Абайда, Екібастұзда жəне Таразда бұл мерейтой
лайықты аталды. Бірақ, жалпы қазақ əлі де марғау. Оларға Абай
керек емес сияқты. Егер басқа елдің Абай секілді ұлы тұлғасы
болатын болса, оны дəріптеп, аяғын жерге тигізбей, көкке
көтеріп əкетер еді. Мысалы, белгілі ғалым, ұстаз Ақжан Маша-
нов: «Адамзаттың бірінші ұстазы Аристотель, екінші ұстазы
əл-Фараби» деген сөз тараған. Бірақ менің зерттеуім бойынша,
адамзаттың бірінші ұстаздары Алланың елшілері – пайғамбарлар,
ал екінші ұстаздары – Аристотель, əл-Фараби, Сократ, Абай
сықылды Алла Тағаланың өзі ерекше ғылым берген ғұламалар»
дейді. Міне, сондай деңгейдегі ғұламаны өз дəрежесінде ұлықтай
алмай отырмыз. Оның ақыл-өсиетін ұрпаққа жеткізу жолында
ешқандай іс атқарып жатқан жоқпыз.
– Ол үшін не істеу керек?
– Мен жоғарыда «Пушкин, Гете институттары бар» деп текке
айтқан жоқпын. Сол сықылды «Абай əлемі» мəдени-ағарту орта-
лығын ашып, абайтанушы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерін
жинап, кең көлемде мемлекеттік ұлттық идеология жасау қажет.
Сол арқылы болашағымызды ортақ тəрбиеге тартуымыз керек.
Ол үшін Абайдан артық кімді табамыз?! Оның қай шығар масын,
қай сөзін алмаңыз, ол Сізге бүгін айтылғандай, бүгін жазылғандай
əсер етеді. Олар ешқашан мəнін де, мағынасын да жоймақ емес.
Кезінде мен Қазақстанда елші болған ливандық Ассеф Насер
деген азаматпен жақсы араластым. Бір күні оған Абайдың 1909
жылы араб тілінде шыққан тұңғыш кітабын сыйладым. Сөйтсем
ол жаңағы кітапты судыратып қазақша оқып берді. Сосын ол
маған: «Абайдың отыз сегізінші қара сөзін терең түсінген адам
міндетті түрде мұсылман болады. Ол үшін даурығып, насихат
жүргізудің қажеті жоқ» деді. Сондай тағы бір əңгіме үстінде
мен оған: «əл-Фарабидің белгісіз болып келген трактатын тауып
алдық» деп едім. Ол маған таң қалып: «əл-Фарабидің ешқандай
белгісіз трактаты жоқ. Бізде оның толық шығармалар жинағы
бар» деді. Содан біз Ғалымжан Мұқанов екеуміз оған: «Егер
мүмкіншілік болса, сол шығармаларды бізге сыйлаңызшы» деп
қолқа салдық. Содан 1997 жылы сырты былғарымен тысталған
төрт қалың кітапты, біздің қордың еңбегінің арқасында Елбасыға
сыйлады. Соны газеттердің жарыса жазғаны болмаса, бір адам:
«Халықаралық «Абай» қоры керемет тірлік жасады-ау, баға
жетпес құнды дүниені елге алдыртты-ау» деп тіс жарған емес.
– Сол еңбекті қазақ тіліне аударып, ел-халық игілігіне
жаратса болмас па еді?
– Мен ол мəселе туралы сол кездің өзінде-ақ басылым
беттерінде айтқанмын. Бірақ оған құлақ асқан бір адам табыл-
мады. Онда ол бағалы еңбек не үшін алынды? Мұрағатта шаң
басып жату үшін бе?! Сондықтан бұл шығармалар қалың қауым
игілігіне жаратылуы тиіс.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2005 жыл
Гљлбаушан ТІЛЕУБЕКОВА,
«Тамаша» ќзіл-оспаћ отауыныѓ
актрисасы:
«Тамашаныѓ»
Аћћуы мен Гќккуі
атанып жљрміз
– «Тамаша» əзіл-оспақ отауында өнер көрсетіп келе
жатқаныңызға он жеті жылдай уақыт өтіпті. Осы жыл-
дар аралығында көпшіліктің көңілінен шыққан көптеген
рөлдерді сомдадыңыз. Өнердегі өз орныңызды табуға кім
ықпал етті?
– Ұмытпасам, 1988 – 1989 жылдары Балуан Шолақ атындағы
спорт сарайының алаңында үлкен концерт болып өтті. Ол
мəдени шараның қандай мерекеге орай өткізілгені есімде жоқ.
Əйтеуір біз – Ілияс Кəрібаев деген курстасым екеуміз домбы-
рамен ұлттық əнді нəшіне келтіре орындадық. Көрермендер
дуылдата қол соғып, ризашылықтарын білдіріп жатты. Осы
концерттен кейін маған Лұқпан аға келіп: «Айналайын-ау, сен
өзің қайда оқыдың, не бітірдің?» деп сұрақты үсті-үстіне төпелеп
қойып жатыр. Мен үлгергенімше жауап беріп жатырмын. Осы
екі ортада Т.Жүргенов атындағы өнер институты музыкалық
комедия факультетін бітіргенімді, ондағы ұстазым Кəукен
Кенжетаев болғанын, əн салып, би билейтінімді, жалпы дайын
əртіс екенімді айтып үлгер дім. Өзіме деген жарнаманы жақсы
жасаған болуым керек. Лұқпан аға мені мұқият тыңдап болды
да: «Тамашаға» келуге қалай қа райсың?» деді.
– Ойбай-ау, аға, Сіздің өзіңіз шақырып тұрсаңыз, біз қалайша
бармайық. Бұл біз үшін қол жетпес арман ғой, – дедім қуанып.
Міне, сол жылдан бастап осы киелі шаңырақта өнерімізді ұштап
келеміз.
– Əрбір актер белгілі шығармадағы басты рөлді сомдауға
тырысады. Өмір бақи соған қол жеткізуге ұмтылады. Оған
шамасы жетпесе, ең болмаса, өзінің оң жамбасына келетін
рөлдерді алуға тыраштанады. Осы тұрғыдан келгенде, сіз-
дерде рөлдерді бөлісу қалай жүргізіледі?
– Негізі, бізге рөлді бас режиссеріміз Лұқпан Есенов ағай
бөліп береді. Ол кімнің қай рөлді шығара алатынын біледі.
Сондықтан да біз: «Маған ана рөлді беріңізші, мен мына рөл-
ді ойнай алмаймын» деп айта алмаймыз. Кімге қандай рөл
бұйырды, соны алып шығуға тиіспіз. Ол образ режиссердің
де, халықтың да көңілінен шығуы қажет. Актерлердің арасын-
да «Рөлдің үлкені мен кішісі болмайды» деген сөз бар. Сол
айтқандай, біз қай рөлді алсақ та сол рөл арқылы халықтың
жүрегіне жетуге тырысамыз.
– Осы уақытқа дейін Сіз қазақтың небір дарынды да
алымды актерлерімен бірге ойнадыңыз. Қойылымның сəтті
шығуы партнерге де байланысты болады. Сондай жақсы
партнердің қатарына кімдерді қосар едіңіз?
– Əр актердің өзіндік орны, ерекшелігі болады. Маған өзіммен
бірге ойнаған актерлердің бəрі ыстық. Негізі, мен бақытты
адаммын. Өйткені мен қазақтың маңдайына біткен талантты
ұл-қыздарымен өмірде де, өнерде де бірге жүрдім. Мəселен, мен
Лидиямен де, Құдайбергенмен де, Мейірманмен де, Тоқсын,
Уайыс – бəрі-бəрімен бірге ойнадым. Ал қазір Данагүл екеуміз
егіз қозыдай болып, сах нада бірге жүрміз. Бізді қазір ешкімнің
де бөлгісі келмейді. «Тама шаның» Аққуы мен Гəккуі атанып
жүрген жайымыз бар. Ал ана Қа дірбек менің сахнадағы шалым.
Асылбекпен де біраз рөлдерді берге ойнадық. Сондықтан оларды
бір-бірінен бөле-жара атай алмаймын.
– Дегенмен, Мейірман, Тоқсын, Уайыс ағалардан үй-
ренген, олардың актерлік шеберліктерінен сабақ алған тұс-
тарыңыз болған шығар?
– Əрине, олардан үйренген тұстарымыз өте көп. Олар сахна
шеберлері ғой. Ал ондай шеберлермен сахнаға бірге шығу –
үлкен бақыт. Олармен бірге ойнаған да, ойнамаған да арманда
болады. «Тамашаның» ол тарландарын халық əлі де сағынады,
іздейді. Олардың ойнаған рөлдерін тамсана айтып отырады. Осы
орайда олардың адамдық қасиетіне тоқталмай кетуге болмайды.
Олар үлкенді ұлықтап, кішіні құрметтей алатын. Менмендік,
көкіректік оларға жат қасиет еді. Кез келген адаммен тез тіл
табысып кететін. Солардың арқасында біз отбасымен араластық.
Əлі күнге дейін қарым-қатынасымыз үзілген емес.
– «Тамаша» тек үлкен мереке қарсаңдарында ғана
қойылады. Сонда басқа уақыттарда немен шұғылдана-
сыздар?
– Дұрыс айтасыз. «Тамаша» ойын-сауық отауы өз бағдарлама-
сын жылына екі-ақ рет қояды. Бірінші бағдарлама Наурыз
мерекесіне орай дайындалса, ал екінші бағдарламамыз Жаңа
жылға арналады. Ал қалған уақытта кең байтақ Қазақстанды шарлап, гастрольге шығамыз. Ол өңірлерде де біздің сүйікті көрермен дері міз бар. Олар бізді іздейді, шақырады. «Тамашаның» тамаша болуына көп еңбек сіңіріп жүрген бір адам бар. Ол ылғи да жұрт шылықтың назарынан тыс қалып қойып жүреді. Оның аты-жөнін айтып, таныстыра кетсем – Лұқпан Есенов. Ол, міне ширек ғасыр дан астам уақыт бойы бір бағдарламаның құнын түсірмей алып келеді. Бұл – кез келген режиссердің маңдайына жазылмаған бақ. – Сіз өзіңіз сахналық қойылым жазып көрдіңіз бе? – Атай көрмеңіз. Бірақ кей кездері авторларға тақырып тауып, ой тастап тұратынымыз бар енді. – Басқа қала, басқа өңірді айтпай-ақ қоялық, осы бір Алматы ның өзінде жарыс көрігін қыздырып, сіздерге бəсеке болып келе жатқан сын-сықақ театрлары көп. Солармен байланысыңыз қалай? – Өте жақсы. Біз оларды бəсекелес деп танымаймыз. Қайта оларды ниеттес, тілектес, рухтас əріптес ретінде қолдаймыз. Олардың жетістіктеріне қызығамыз, қызғанбаймыз. – Ал олардың актерлік шеберліктеріне көңіліңіз тола ма? – Əрине, толады. Мейлі қай театрды алмаңыз, ондағы актерлер дің бəрі «сен тұр, мен атайындар». Егер олардың аттарын атасаң, Мұхамеджан, Ұлан, Асқар, Жанатбек, Гүлжан, Əбунасыр, Алмат деп тізімді соза беруге болады. Бұл – аты аталмағандар – нашар актер лер деген сөз емес. Əйтеуір бəрі де өнер деп жүр ғой. Сол өнерлерін тастамаса екен. – Дəл қазір «Тамашаға» қандай ауыртпалық түсіп тұр. Оның одан əрі дамуына не қолбайлау болып тұр деп ойлайсыз? – Ең біріншіден, бізге авторлар жетіспейді. Екіншіден, осы уақытқа дейін жеке ғимаратымыз жоқ. Үшіншіден, осы біздің актерлерді Үкімет тарапынан қолдап-қуаттаса екен. Кейбіреулер: «Атақ-даңқ керек емес» деп жатады ғой. Мен оларға сенбеймін. Əртіс болған соң соған сай атақтың да, даңқтың да болғаны жақсы. Еңбектің жанғаны, бағаланғаны
дұрыс қой. Осы «Тамашаға» жиырма жылға жуық уақыт бойы
еңбек сіңіріп келемін. Сол еңбек бағалануы қажет емес пе?!
Актерлердің ішінде мен ғана штатта бармын. Сосын «Тама-
шадан» басқа жерде істемеймін. Соған қарамастан əлі күнге
дейін ешқандай марапат көрмеппін. Ең болмаса, маған үй берсе
болады ғой. Мысалы, біздің актерлердің бəрі осы «Тамашадан»
немесе театрдан үй алған. Маған неге алмасқа? Неге атақ-даңққа
бөленбеске?!
– «Бауыржан-шоудағы» Қарагөз Сіздің туған сіңліңіз
болады. Сосын тағы бір сіңліңізді əртіс деп естиміз. Бірақ
оны сахнадан көре алмай жүрміз.
– Біз көп балалы отбасында туып-өстік. Екі сіңлімнің өнерпаз
екені де рас. Қарагөз бен Ботагөз екеуі егіз. Қарагөз өнердегі
жолын тауып кетсе, ал Ботагөз өмірдегі жолын тапты. Ол тұрмыс
құрған. Қазір ол үйде баламен отыр. Əйтпесе ол да Т.Жүргенов
атындағы өнер институтының музыкалық комедия факультетін
бітірген.
– Өнер дарыған отбасынан шыққан екенсіз. Ағамыздың
да елге көрсетер бір өнері бар шығар.
– Жоқ. Ол өнер саласының адамы емес. Мамандығы, тіпті
бөлек. Бірақ өнерді жақсы түсінеді. Соның арқасында сахнада
еркелеп жүріп жатырмыз.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2005 жыл
Ћыдырќлініѓ
астында – кресло,
ћолында – «Гљлдер»
Ћыдырќлі БОЛМАНОВ,
Халыћаралыћ байћаулардыѓ лауреаты,
ќнші:
Ћыдырќлі Болманов – ћазаћ эстрадасыныѓ к гінде зіндік орны бар нер жџлдыздарыныѓ бірі. Оныѓ ќншілік ћабілет-ћарымын, талап-дарынын айтып, оћырман ћауымѕа таныстырып жатудыѓ зі басы артыћ нќрсе. Ол ћазаћ ќндерін ћайта жаѓѕыртып, бљгінгі заманѕа лайыћтап шырћаѕан кезде, к не ќуендердіѓ зі ћџлпырып, ќнсљйер ћауымныѓ жљрегіне жол табады. Џлттыћ ќндерді нќшіне келтіре орындап, республикалыћ жќне халыћаралыћ конкурстарда бас жљлделерге ие болып жљр. «Жігітке жеті нер де аз» демекші, ол ќншілігімен ћоса, керемет џйымдастырушы, ћабілетті басшы. Соѓѕы екі-љш жылдыѓ к лемінде Ћыдырќлі Болманов «Гљлдер» мемлекеттік ансамблін басћарып, оныѓ аяћтан тџрып кетуіне сљбелі љлес ћосты. Аптаныѓ алѕашћы кљні Ћыдырќлі Болманов Алматы ћалалыћ Мќдениет басћармасыныѓ бастыѕы болып таѕайындалды. Ќрине, бџл таѕайындау Ћыдырќлі љшін тосындау болды. Біраћ ћала ќкімияты зор сенім білдіріп отырѕаннан кейін сол сенім љддесінен шыѕуѕа бекем бел буып отыр. Біз Ћыдырќлі Болмановпен телефон арћылы тілдесіп, алдаѕы жоспары жќне «Гљлдер» ансамблініѓ ендігі таѕдыры туралы ќѓгімелескен едік.
– Қыдырəлі, Сізді Алматы қалалық Мəдениет басқар-
масының бастығы етіп тағайындағанын естіп жатырмыз.
Бұл тағайындау Сізге тосындау болған жоқ па?
– Əрине, тосындау болды. Бірақ сенім білдіріліп отырғаннан
кейін сол сенім үдесінен шығуға тырысамын.
– Бірінші кезекте қандай шаруаларды қолға алар едіңіз?
– Алматы қаласы – əлемдік өркениет пен мəдениетте өз орны,
ықпал-əсері бар мəдениет орталығы. Бұл қала – қоғамдық пікір
қалыптастастыратын үлкен мəдени орта. Сондықтан біз бұл
қаланың мəдени өміріне шектеу қойып, тар шеңберде қалып
қоя алмаймыз. Оның ауқымы əлдеқайда кең. Алдағы уақытта
кез келген мəдени іс-шараларды өткізерде осыған баса назар
аударып, ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттауға тырысамыз.
Қаланың əрбір мəдени орындарында «Отырар сазы» секілді
ұлт-аспаптар оркестрінің орындауындағы əн-күйлер шырқалу
тиіс. Дүйім халық, мұқым елдің патриоттық сезімін сонда ғана
оятамыз деген пікірдемін.
– «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің көркемдік жетекшісі
ретінде оны қайта жандандырып келе жатыр едіңіз. Енді
оның тізгінін кімге ұсынасыз?
– «Гүлдер» ансамблінің 35 жылдық тарихы болғанымен,
қызметке келген күннен бастап оны қайта құруға тура келді.
Өнер ұжымының мүшелерін толығымен өзгерттік. Заман көшіне
ілесе алатын соңғы құрал-жабдықтар мен аспаптар алдық. Жаңа
киім-кешектер тіккізуге тапсырыс бердік. Өнер ұжымының
аяқтан тұрып кетуіне барлық жағдай жасауға тырысып бақтық.
Осы Өнер ордасының 35 жылдығын Мəскеу, Астана, Алматы
қалаларында атап өтуді Наурыз айына жоспарлап отыр едік.
Соны аяғына дейін жеткізсем деймін. «Гүлдер» ансамблі менің
«сəбиім» секілді. Оның тағдырын кез келген көлденең аттыға
қиғым келмейді. Сондықтан осы екі қызметті бірдей алып жүре
берсем деген пікірдемін.
– Бұл пікіріңізді министрлік қолдай қояды деп ойлай-
сыз ба?
– Əрине, тіл табысып, ортақ мəмлеге келеміз деп сенемін.
Олар да менің ұсыныс-пікіріме құлақ асатын шығар.
– Екі қызметіңіз де үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Шығармашылығыңызға кері əсері тимейді ме?
– Оны өзім де іштей сеземін. Бір жарым миллион халқы
бар қаланың мəдени саласын басқару оңай шаруа емес. Үлкен
еңбекті, қажыр-қайратты, жауапкершілікті талап етеді. «Гүлдер»
ан самбліне де жүрдім-бардым қарай алмайсың. Дей тұрсақ та
ұлттық өнеріміз бен мəдениетімізді көтеруге бойымдағы бар
күш-жігерімді жұмсауға дайынмын.
– Əңгімеңізге рақмет. Еңбегіңізге табыс тілейміз.
«Айқын» газеті, 2004 жыл
Аманћос МЕКТЕП-ТЕГІ,
ќл-Фараби атындаѕы ЋазЏУ-дыѓ журналистика
факультетініѓ доценті, филология ѕылымдарыныѓ
кандидаты:
«Т&ркологтыѓ» кім
екенін білмей жа тып,
«т&рколог» атанып
жљргендер к&п
– Əбеке, түріктануды зерттеудің негізгі мақсаты не? Жал-
пы, «Түріктанушы» деп кімді айтқанымыз мақұл?
– Біріншіден, бұл ғылымды «Түріктану» емес, «Төрүктану»
деп атағанымыз абзал. Екіншіден, төрүктану – тарихи тамыры-
мызды ғылыми негізде пайымдауға, ұлттық бағыт-бағдарымыз-
ды анықтауға қызмет етеді. Негізі, төрүктанудың халықаралық
ғылыми тілі – қазіргі төрүк тілдерінің бірі болуы шарт. Əдетте,
бұл этностық күрделі мəселені сырттай бақылап, тиіп-қашты
пікір айтқандарды «төрүктанушы» дейміз. Мен бұған қосыла ал-
маймын. Біз əлі күнге дейін «қазақтанушы» мен «төрүктанушы»
деген атаулардың ара жігін ажырата алмай келеміз. Біле-білген
адамға олар – өз алдына бөлек-бөлек ұғым. Мысалы, қазақ
тілімен қатар, татар, түрік, ұйғыр тілін меңгеріп, сол тілдердегі
материалдарды еркін пайдаланатындарды «төрүктанушы» деуге
болмайды. Олар – «қазақтанушы», «түріктанушы», «татартану-
шы» ғана. Өйткені олар руна жазуы былай тұрсын, төрүк ұлысы
тілінің бір сөзін де оқи алмайды. Солай бола тұра, оларды қалай
«төрколог» деп атауымыз қажет?! Сонда «төрколог» деген кім?
Ол ең болмағанда көк төрүктердің жазба ескерткішін, рухани
қазынасын оқи білуі міндетті. Əрине, тілін білген артықтық
етпейді. Егер оған шамасы, өресі жетпесе, онда ол төрколог
емес. Өкінішке қарай, ғылымның бұл саласынан мақұрым
кім-көрінген «төрколог» атанып жүр. Дегенмен, соңғы жылда-
ры төрүктанудың ғылыми орталығы өзінің тарихи отаны –
Қазақстанға орала бастауы қуантады. Əсіресе, Күлтегіннің
ғылыми көшірмесі Астанаға əкелінуінің өзі – төрүк тану үшін
зор құбылыс.
– Маман ретінде руна жазуы туралы оқырмандарға
қысқаша мағлұмат бере кетсеңіз?
– Рунаның жас шамасын мөлшерлеп айту – əзірге қиындау.
Алайда біздің жыл санауымыздан едəуір бұрын, яғни ІІІ ғасырға
жататын ескерткіштердегі жазу таңбаларынан криптографиялық
мағынаны білдіретін құпияның ұшқыны сақталған. Бұл
ескерткіштер Талас бойынан табылған. «Руна» сөзі – көшпелі
төрүк халықтарының кезінен жеткен құпия ілім. Осы ілім
жөнінде рунатанудың бірегей білгірі Тайжан Досанов: «Руна»
сөзі «Ру+Іні» сөзінің калькасы»деген тұжырым жасайды.
Зерттеушінің мұндай байламы бұлтартпайтын ғылыми негізге
сүйенгендігі мəлім. Сондықтан оған күмəн келтірудің еш
қисыны жоқ. Демек, «герман рунасы», «швед рунасы», «англо-
саксон рунасы», «скандинав рунасы» деген ұғымдармен төрүк
руна жазуының арасында тікелей байланыс бар. Еуропаға руна
жазуын біздің жыл санауымызға дейінгі І ғасырда Каспий
жағалауындағы ру көсемі алып барған. Бұл туралы деректер
бар.
– Төрүк халықтарының жазу тарихы қай ғасырдан бас-
талады?
– Ең ежелгі жазба жəдігеріміз – Есік қорғанынан табылған
Алтын Адам жанындағы күміс тостағанға бəдізделген бітік. Бұл
біздің жыл санауымыздан бұрынғы V – VІ ғасырдағы мұрамыз.
Біздің бағымызға орай, бұл жəдігер Жер – Ана қойнында сақ-
талып қалды.
– Бұған дейінгі ғылыми əдебиеттерде «Көшпелілерде жазу
болған жоқ. Олар мəдениеттің қас жауы, бұратана, тағы»
деп келгені белгілі. Бұл жөнінде не айтасыз?
– Иə, ол рас. Дүние алма-кезек. Көшпелі төрүктердің де дəуір-
леп тұрған шағы болған. Сол төрүктердің адамзат қоғамына
қосқан құндылықтарын термелеп, тізбей-ақ, руна жазуын,
таңбатану ілімін атасақ та жеткілікті. Ал сол өркениетімізді
жоққа шығарғысы келетін ғалымсымақтар Алтын Адам табылған
кезде «Бұл – иран тілдес халықтың өкілі» деп соқты. Қай халық
ханзадасын өз Отанынан жыраққа апарып жерлеуші еді?!
Сондай-ақ, Алтын Адам жанынан табылған күміс тостағандағы
жазудың төрүк рунасымен шекіліп, мəтіннің тілі де таза төрүкше
сөйлеп тұрғанына мəн бермейді.
– Алтын Адам жанынан табылған күміс тостағандағы
жазуды əр ғалым түрліше құбылтып оқыды. Мұның себебі
неде? Сонда қайсысына сенеміз?
– Жазу болған соң белгілі бір жүйеленген емлелік заңдылыққа
бағындырылады. Сүйенетін орфографиялық қағидасы бол-
маса, ол жазудың қоғамдық ортадағы тиісті қызметін атқара
алмасы анық. Ендеше, сөз – сол заңдылығын дұрыс игеруде.
Бұл ретте руна жазуының емлесі жетілгендігі сондай, төрүк
тілдерінің үндестік заңына негізделген. Яғни, дыбыстың
жуан, жіңішкелігіне қарай жұптастық қатар түзеп, соған
сəйкес таңбаланады. Əрине, ең алдымен жазудың бас-аяғын
ажыратып алу шарт. Мұны айтып отырған себебім, мəтіннің
оң-терісін айыра алмай, төңкеріп, аяғын аспаннан келтіріп
оқыған «сенсациялық жаңалық» оқулықтардан бастап, ұлт-
тық энциклопедиялық еңбекке дейін еніп, тарихқа қиянат
жасалды. Бұл – рунатанушылардың кəсіби дайындығы мен
ұлттық этнографиялық білігінің таяздығын көрсетеді. Күміс
тостағандағы жазуды жиырмаға жуық ғалымның өз бетінше
түрлендіріп оқуы – осы сөзіміздің нақты мысалы. Ата-бабалары-
мыз əруақты сыйлап, марқұмға асыл металдан жасалған ыдысқа
соңғы тілегін жазып, «тіршілік сусынын» құюды ғұрыпқа айнал-
дырған. Сондықтан да күміс тостағанға былай деп жазған: «Кез
(кесе, көзе, тостаған) ал... Тірілмекші Алаш. Тегі жақынның
(тілегі) болсын деген аз ғана өтінішімен Ашина...»
Сол кездегі наным-сенім бойынша «өлген адам тіріледі»
деген түсінік болған-мыс. Ал оқулықтарға еніп кеткен нұсқа-
лардың мəн-мағынасы жоғарыда айтылған наным-сенімге
сəйкес келмейді. Онда былай делінеді: «Аға саған бұ ошақ.
Жат ел тізеңді бүк. Халықтың қарны тоқ болғай». Міне, көріп
отырсыз, бұл – барып тұрған сауатсыздық. Сондықтан осындай
олқылықтардан арылып, басылым беттерінде жүрген қателерді
түзеткеніміз абзал.
– Егер руна жазуының ұлттық тарихымыз бен мəдение-
тімізге тікелей қатысы болса, онда оны неге мектептен бас-
тап тереңірек оқытпасқа? Мұның рунатану ғылымына игі
септігі тиер еді.
– Төрүктану ғылымының іргетасы – рунатану. Өйткені күллі
төрүктің рухани құндылықтары осы рунадан бастау алады. Бір
кездері саяси-əлеуметтік, мəдени-рухани дəуірлеудің шыңына
көтерілген төрүк қағанаты қоғамдық ахуалға байланысты
ыдырап, орасан дағдарысқа ұшырады. Сөйтіп мəдени-рухани
мұрасы ауызша дамуға мəжбүр болды. Сол жаугершілік за-
манынан бері ауыздан ауызға тарап, ұрпақтан ұрпаққа жеткен
Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Қосай жырларындағы
оқиғаларды тарихи дерек ретінде пайдалана алмасымыз анық.
Егер руна жазуы болмаса, Қар Чор, Күлтегін, Тонықұқ, Білге
қаған, Мойын Чор сынды тұлғаларға байланысты маңызды
ақпараттарды тарихи құжат ретінде пайдалана алар ма едік?!
Міне, ежелгі руналық ескерткіштердің құндылығы – тарихи
көкжиегімізді кеңейте түсер деректілігінде. Сондықтан жас
ұрпақтың бойына шынайы тарихи сананы қалыптастырып,
құпия ілімнің нəрімен сусындау үшін руна жазуын мектептен
бастап, жоғары білім ордаларының бəрінде міндетті пəн ретінде
оқыту бағдарламасы жолға қойылуы тиіс. Бұл ұсынысты Білім
жəне ғылым министрлігі қаперіне алып, қолдау көрсетіп жатса,
нұр үстіне нұр.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2004 жыл
Асћар НАЙМАНТАЕВ,
«Терісћаћпай» комедия театрыныѓ
Бас режиссері:
Ћырћымнан шыѕар-
шыћпастан Еѓліктіѓ
баласы болып сахнаѕа
шыћћанмын
АНАМ 18 ТІЛДЕ ƏН САЛАТЫН
– Сізді театрда туып-өсті деген сөз естіп едік. Осы сөз
қанша лықты шындыққа жанасады?
– Менің əкем – Əбдіғалым Наймантаев, анам – Рəпия Рай-
жанова 1963 жылы Қазақстанның Халық əртісі, жезтаңдай
əнші Дəнеш Рақышевпен бірге Талдықорған облысы Жаркент
ауданын да Үшарал халық театрын ашқан. Олар осы театрдың
дайындаған концертімен Мəскеуге барып қайтқан. Негізі, анам
11 жасынан бастап Қытайдағы əскери əн-би ансамблінде биші
болған. Қазіргі эстраданың əншілері сахнада енді ғана билеп,
əн айта бастады ғой. Ал ол кісілер сол кезде билеп жүріп, əн
айтатын. Тағы бір ерекше лігі – 18 тілде əн салатын. Қытайда
жүрген кезінде бүкіл дүние жү зін аралап келген. Бала кезімізде
картаны ашып қойып, «мына жерде, мына елде болдым» деп
айтып отыратын. Аспан асты еліне сапармен барған Сəбит
Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, тағы да басқа
қаламгерлерді күтіп алып, соларға өнер көрсеткен екен. Міне,
Дəнеш ағамыз бастап, менің ата-анам қостап, театрды ашып
кеп жіберген кезде, оның аты бірден дүркіреп жүре берген. Ол
кезде Нарынқол ауданында, тіпті Алматы облысында да театр
болмаған екен.
Еркін Ібітанов, Мақай Нұрқасов ағайлар жаңадан театр
ашар кезде таланттарды жинап, Жаркент ауданынан менің
əке-шешемді шақырып, Нарынқолға көшіріп алған. Мұхтар
Əуезов театрынан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген
қайраткері Алдаберген Нұрбеков деген ақсақал режиссерді де
сол кезде шақырса керек. Міне, ата-анам сол Нарынқол теа-
трында жұмыс істеп жүрген кезінде мен дүниеге келген екенмін.
Анам ол кезде «Еңлік – Кебек» спектакліндегі Еңліктің рөлін
ойнап жүрген кезі екен. Бала дүниеге келгенмен, театрдың
жұмысы тоқтамайды. Ол кезде Еңліктің рөлін менің анам ғана
ойнайтын болса керек. Сондықтан мені қырқымнан шығара
салып, жұмысқа қызу кірісіп кеткен. Мені сахнаның сыртына
жатқызып қояды екен. Осы қойылымның соңында анамның
қуыршақ алып шығатын кезі бар екен. Сол қуыршақтың орны-
на анам байқамай, мені алып шығып кеткен. Сөйтсе əртістер
əзілдеп, қуыршақтың орнына мені салып қойған екен. Сөйтіп
қырқымнан шығар-шықпастан Еңліктің баласы болып сахнаға
шыққанмын.
– Содан бері сахнада келе жатыр екенсіз ғой.
– Иə, тұсауым осы сахнада кесілген соң, бүкіл жастық өмірім
Нарынқол театры қойылымдарының ортасында өтті. Мен басқа
балалар сияқты балабақша көрген жоқпын. Менің балабақшам
да, мектебім де – театр сахнасы болды. Ата-анаммен бірге
театрға барамын, солармен бірге қайтамын. Өйткені мен отба-
сында жалғыз бала болып өстім. Үйде əжем бар еді. Бірақ маған
қызықтың бəрі сол театрда болған тəрізді. Ата-анаммен бірге
гастрольдерге барып-қайтып жүрдім.
– Онда Сіз театрдың репертуарындағы барлық қой-
ылымдарды жатқа білетін болдыңыз ғой.
– Баланың ойы зерек қой. Нарынқол театрында қойылған
бүкіл спектакльдердің рөлін түгел жаттап алады екенмін.
Кешке қарай режиссер Алдаберген ағамыз қойылымды өтірік
талқылаған болып: «Ал Асқаржан, бүгін рөлінен мүлт кеткен
адамдар болды ма? Кім сахнаға кешігіп шықты? Кім қай жерін
дұрыс ойнамады?» деген кезде, бүкіл əртістердің рөлін бір
өзім ойнап береді екенмін. Ал үлкендерге қызық керек, менің
бір сағаттық «спектаклімді» ерінбей-жалықпай көріп отырады
екен.
– Ал енді өзіңіздің режиссерлік кəсібіңіз қалай басталды?
– Мен 6 сыныпта оқып жүрген кезімде театр Нарынқолдан
Қайнарға көшіп келді. Осыған байланысты біз де сол ауылға
қоныс аудардық. Жаңа ауыл, жаңа мектепке келіп, өнерге бел-
сене араласа бастадым. Ата-анам əртіс болғанымен, сол кезге
дейін қолыма домбыра ұстаған адам емеспін. Ең алғаш домбы-
ра үйірмесіне қатысуға барғанымда, сол үйірменің жетекшісі:
«Сенің əкең режиссер болса да домбыра тарта алмайды. Саған
бұл өнер қайдан қона қойсын» деп қуып шыққан. Соған əбден
көңілім қалған. Қайнарға көшіп келген соң саз пəнінің мұғалімі
Əбділда Бапиев деген ағамыз домбыра үйірмесіне шақырды.
Сол кісіден домбыра үйрендім. Бірақ əн айта алмаймын. Қа-
тарластарымның бəрі сахнаға шығып жатқанда, мен сыртта
қалып қоямын. Маған бұдан артық қорлық болмады. Содан
сахнаға алып шығатын бір өнер үйренуім керек болды. Бір күні
«Қазақстан пионері» газетін оқып отырсам, «Жасарттыңдар-ау,
мені қарашықтарым» деген қысқа ғана пьеса шығыпты. Соны
сыныптастарыммен бірге қойдым. Бұл – менің тырнақалды
режиссерлік еңбегім еді. Оны бүкіл ауыл көрермендері
жылы қабылдады. «Режиссердің баласы режиссер болды»
деген əңгіме тарады. Содан маған желік пайда болып, Қадыр
Жетпісбаев ағамыздың «Бала мерген», Қапан Сатыбалдиннің
бір пьесасындағы немісті ойнадым. Кейін Дархан Дайырбеков
газеттерге берген сұхбатында «Неміс деген Асқардай болады»
деп ойлайтынбыз» деп айтып жүрді. Ол кезде Дархан басқа
ауылда, басқа мектепте оқитын.
ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСТИТУТЫНДА
ОҚЫҒАНЫМА ӨКІНБЕЙМІН
– Бала кезіңізден өнерге жақын бола тұра, неге Халық
шаруашылығы институтында оқыдыңыз?
– Оның да белгілі бір себептері бар. Негізі, мен орта мектепті
алтын медальмен бітіргенмін. Ал алтын медальмен бітірген
оқушылардың құжатын басқаларға қарағанда өте кеш береді
екен. Сол себепті мен Театр институтына құжаттарымды дер
кезінде тапсыра алмай, кешігіп қалдым. Бойда қазақы намыс бар.
Ертең біреулер «Алтын медальді сатып алған екен. Оқуға түсе
алмай қалды» деп айтады деген оймен Халық шаруашылығы
институтының Қаржы жəне несие факультетіне қойдым да
кеттім. Өйткені, бұл жерде ең алғашқы емтихан тарих пəнінен
болады екен. Ал мен тарихқа қатты дайындалған болатынмын.
Сол жылы оқуға түсіп кеттім.
– Кейін өкінген жоқсыз ба?
– Жалпы, Халық шаруашылығы институтында оқығаныма
өкінбеймін. Сабақ үлгерімім де жаман болған жоқ. Осы жерден
қаншама достар таптым. Бірақ сол кездері театрға келген сайын
іштей «жылап» қайтатынмын. «Мен де өстіп сахнада жүрер едім
ғой» деген ой маза бермеді. Сөйтіп жүргенде əкем қайтыс бол-
ды. Академиялық үзіліс алып, ауылға қайтуға тура келді. Елге
келсем, театр қараң қалған. Сол жерге режиссер болып тұрып,
бір жылдай жұмыс істедім. Келер жылы Театр институтының
режиссура факультетіне келсем, сөйтсем телевидение режис-
сурасы деген жаңа факультет пайда болыпты. Мен оған дайын
емеспін. Содан сағым сынып, баспалдақтан түсіп келе жатсам,
Тұңғышбай ағам келе жатыр екен. Студенттерден мəн-жайды
сұрастырсам, Хадиша Бөкеева екеуі актерлік факультетке аби-
туриенттер қабылдайды екен. Дереу сол кісілердің сынағынан
өттім. Екеуі де актерлік қабілетімді жоғары бағалап, сол жылы
оқуға түсіп кеттім.
– Өзіңіз армандаған кəсіби режиссерлік мамандықты
қашан алдыңыз?
– Театр институтының Өнер академиясы болып қайта
құрылғаны белгілі. Оқу жүйесінде де біраз өзгерістер болды.
Сол жылдары режиссура факультетінің магистратурасына
түсіп, соны тəмамдадым. Қазір арнайы дипломы бар, кəсіби
режиссермін.
– Кезінде «Тамаша» əзіл-оспақ отауында да өнер көрсетіп
жүрдіңіз...
– «Тамашаға» бару себебім де тосындау болды. Нүкетай
Мышбаева апамыздың 60 жылдық мерейтойын Мұхтар Əуезов
атындағы драма театрда өткізу жоспарланды. Қызық болғанда,
театр ұжымының бəрі гастрольде жүр еді. Сөйтіп мерейтой
сценарийін жазу маған жүктелді. Ақыр аяғында мерейтойдың
ұйымдастырушысы да, жүргізушісі де мен болдым. Кеш өте
жоғары деңгейде өтті. Сол мерейтойға қатысқан марқұм Тоқсын
Құлыбеков «Мен «Тамашада» шығармашылық кешімді өткізгелі
жатырмын. Сен соның сценарийін жазып бер» деп жата жабысты.
«Ойбай, аға, ол үшін маған Сіздің бүкіл өмірбаяныңыз қажет.
Онда да өзіңіз жазған емес, Сіз туралы құрдастарыңыздың
қалжыңдап айтқан қисық мінездемелері қажет» дедім. Екеуміз
көрші тұрушы едік. Мен сұраған бүкіл мəліметті бір күнде қолыма
тапсырды. Мен де бір түн, бір күн отырып, сценарийді жазып
бітірдім. Ол кезде компьютер деген атымен жоқ. Қолжазбаны
Тоқсын ағама апарып беріп едім: «Мына қолжазбаңды өзіңнен
басқа ешкім түсінбейді. Сен мұны Лұқаңа (Лұқпан Есеновті ай-
тады. Е.Ш.) апарып, өзің оқып бер» деді. Барсақ, «Тамашаның»
төрт көзі түгел отыр екен. Оқып бердім. Бəрі қыран-топан
күліп, ризашылықтарын білдірісті. Сонда Лұқаң тұрып: «Сен өз
жазғаныңды өзің жақсы түсінесің. Сондықтан өзің қатысып, өзің
жүргіз» деді. Содан бастап «Тамашаға» жол ашылды.
Əңгіме арасындағы əзіл
Нарынқолға жетпей, «Қызылқұм» деген тау бар. Бүкіл
Нарынқол ну орманға оранып тұрса да, бұл таудың топырағы
қызыл. Ол таудың ерекшелігі де сонда. Сол таудың ұшар
басында көлемі киіз үйдей болатын аппақ бір нəрсе бар.
Сырттай қараған адамға жұмыртқадай көрінеді. Оның не
екенін əлі күнге дейін өзіміз де білмейміз. Өйткені ол таудың
айналасында əскери бөлімше бар. Ол жаққа қарай анау-мынау
адамды жолатпайды. Əлгі «ақ жұмыртқаның» айналасында
көптеген локатырлар тұр. Нарынқолға алғаш рет келе жатқан
адамға əлгі «ақ жұмыртқаны» көрсетемін де: «Дүние жүзі
бойынша динозаврдың жалғыз жұмыртқасы – сол» деймін.
Əрине, түр-түсімнен əзілдеп отырғанымды байқатпаймын.
Олар сене қоймайды. Мен дəлелдей түсемін. «Көрмейсің бе
айналасындағы локатырларды? Олар сеніңше жайдан-жай
тұр деймісің. Анау жұмыртқаның ішінде тірі ағза бар.
Күндердің күнінде ол жұмыртқаны жарып шығары сөзсіз.
Сол үшін арнайы əскер бөліп, күндіз-түні қарауылдайды»
деймін қонақтардың сенбесіне қоймай. Олар лажсыз сенеді.
Сол кісілермен қазір де кездесіп қалып жүремін. Сонда олар:
«Динозаврдың жұмыртқасы жарылды ма?» деп сұрап қояды.
Мен сол қалпы тұрғанын айтамын.
БІЗ ДЕ «ТУЫП» ТЫНДЫҚ-АУ, ƏЙТЕУІР
– «Ағаш бір жерде көгереді» деген сөз бар. Сол айтпақшы,
«Тамашаның» отауынан небір сатира тарландары өсіп,
жетілді. Ол сатираның үлкен шеберханасы іспеттес еді. Ен-
деше «жылы орныңызды» неге суытып кеттіңіз?
– Үнемі ізденісте жүріп, шабыты бойына сыймай жүрген адам
бір орнында тұрақтай алушы ма еді?! Кей ойларың жүзеге асса,
кей ойларың жарамай, сахна сыртында қалып қоя береді. Өйткені «Тамашаның» өз дəстүрі бар. Сөйтіп іштей «ұлып» жүргенде «Тамашаға» Ұлан келді. Өз ойымды оған айта бастадым. Менің «ауруым» оған «жұғып», ол да «ауырып» тынды. Екеуміздің үнемі кездесетін де, ақылдасатын «офисіміз» де, «дертке» шипа іздер «емханамыз» да Ұланның көлігі болды. «Тықылдаған тауық тумай қоймайды» деуші ме еді? Сол айтқандай, біз де «туып» тындық-ау, əйтеуір. Сөйтіп дүниеге «Терісқақпай» келді. О баста осындай комедия театрын ашуға ой салған да, түрткі болған да Оспанхан ағамыздың осы аттас пьесасы еді. – Сол «Терісқақпайдың» ашылғанына да, міне тоғыз жыл толыпты. Бірақ соңғы кезде сіздерді сахнадан көре алмай жүрміз. Ал Ұлан анда-санда «Бауыржан-шоудан» төбе көрсетіп қояды. – Сөзіңіздің жаны бар. Көрермендермен қауышпағалы жыл толып қалыпты. Ол – тоқырап та, тарап та, тоқтап та қалғандығымыз емес. Қазір не көп? Біз сияқты əзіл-оспақ отаулары көп. Əрине, мұны жақсылыққа балау қажет. Бірақ соңғы кезде бір-бірімізді қайталай бастадық. Тақырып жұтаңдығы байқалады. «Мереке сайын концерт қойып, жұртты мезі қылғанша, мəнді де нəрлі бір қойылым қойғанымыз жөн шығар» деген ойға келдік. Құдай қаласа, 1 сəуір – күлкі күніне орай үлкен қойылым дайындап жатырмыз. Сонда ешкімді қайталамай, халықты риза-хош етеміз бе деген үмітіміз бар. – Соңғы жылдары қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақа таевтың туған күніне орайластырып үлкен концерттер ұйым дастырып жүрсіз. Оныңыз құптарлық іс. Бірақ Сіз үшін Мұқағали кім? – Осы сұрақ мені де көптен мазалап жүр. Шынында да мен үшін Мұқағали кім? Мынадай ойға тоқтадым. Мен үшін Мұқағали – Отан, туған жер. Өйткені екеуміз де Хантəңірінің етегінде дүниеге келіппіз. Бірінші себебі осы болуы керек. Екіншіден, «махаббат қызық мол жылдар» Мұқағалимен өтті. Қыздарға хат жазсақ та, қырындасақ та, сөз айтсақ та Мұқағалидың жырларын алға тарттық. Үшіншіден, ақын алдындағы азаматтық парызды өтеу. Төртіншіден, Мұқағали – жарнамасы өте мықты
ақын. Оның туған күнін жер-жерлерде атап өтіп, жырларын
оқып жатады. Мұнымен ғана шектеліп қалуға болмайды. Сонда
маған мынадай ой келді: Неге осы шаралардың қорытындысы
ретінде ауқымды кеш өткізбеске? Кеш болғанда да оны қалай
өткізу керек? Оның қандай жаңалығы болуы шарт? Қарап
отырсаңыз, Мұқағали сөзіне əн жазған сазгерлер күннен-күнге
көбейіп барады. Тіпті, бір сөздің өзіне үш əн жазылғандары
да бар. Міне, жыл сайын Мұқағалидың сөзіне жазылған жаңа
əндерді осылай халыққа жеткізіп отырсақ, нағыз жаңалық – осы.
Былтырдан бастап біз осы талапты ұстанып келеміз. Сондықтан
Мұқағалиды дəріптеп біту, түгесу мүмкін емес. Ол мəңгілік өз
жалғасын таба береді.
– Сіз өзіңіз Мұқағалиды көру бақытына ие болдыңыз ба?
– Ұмытпасам, 5 – 6 сынып оқитын кезім. Əкем екеуміз Ал-
матыға қыдырып келдік. Сəтбаев пен Байзақов көшелерінің
қиылысындағы бір асханаға бас сұқтық. Мен ойын баласымын.
Алматыға келген соң саябаққа, зообаққа бару керек. Ауыл ба-
ласына балмұздақ жеу де таңсық. Əкемді бастап кетуге асығып
тұрсам, асхананың бұрышында бір кісі отыр екен. Ол бізді көрді
де «Əй, Нарынқолдың иісі шығып кетті ғой» деді. Əкем жалт
қарады да маған: «Бар, анау ағаңмен барып амандас» деді. Барып
амандастым. Əкем де келіп, сол кісінің жанына жайғасты. Екеуі
бұйырған астан дəм алып, ел жаңалықтарын айтысты. Олардың
əңгімесі созылған сайын маған ұнамай бара жатыр. Тықыршып
отырмын. Əлгі кісінің назары маған ауып: «Мынау кім?» деп
əкемнен сұрады. Əкем «Менің балам. Аты Асқар» деді. Сонда
əлгі кісі:
Əй, Асқар, Асқар, Асқар,
Ауырып тұрған бас бар.
Əкеңмен еріп келіпсің,
Өзің біліп басқар, –
деді.
Ол кезде мен оның Мұқағали екенін білген жоқпын. Арада
бір-екі жыл уақыт өткенде, Мұқаң қайтыс болды. Сонда əкем:
«Баяғыда саған өлең шығарған кісі есіңде ме? Сол кісі қайтыс
болды» деді. Мұқаң менің есімде солай қалды.
– Сізді ел-жұрт актер, режиссер ретінде жақсы таны-
ғанымен, сатирик-жазушы екеніңізді біреу білсе, біреу біл-
мес.
– Студент кезімізде ұстаздарымның бірі «Түнгі мотоци-
клист» деген пьесаның бір бөлімін аударуға берді. Мен оны
бөліп-жармай, толық аударып шықтым. Оның өзі бір қалың
дəптер болды. Сабақ үстінде оны курстастарым оқып отырды
да, аяғында жоғалып кетті. Сөйтіп ол аудармамның «ғұмыры»
өте қысқа болды. Əрине, мектепте жүрген кезімізде шатып-
пұтып бірдеңе жазған болғанбыз. Ал «Тамашада» жүрген
кезде сценарий тапшылығынан жазуға тура келді. Бір күні
Гогольдің «Үйлену» пьесасының қазақша нұсқасын жазып, сах-
налап едік, халық өте жылы қабылдады. Содан «тоқтай алмай»
қалдым. Онан кейін «Бауыржан шоу» тапсырыс бере бастады.
Одан өзімнің «Терісқақпайым» ашылған соң, тіпті үдетіп
жібердім. Бірақ бұл дүниелердің барлығы сахнаға арналып
жазылғандықтан, олардың ешқайсысын басылымдарға берген
емеспін. Кейін жора-жолдастарым «Сен осы жазғандарыңды
кітап етіп шығарсаңшы» деп қоймаған соң, баспаға дайындап
бердім. Ол жинағым «Теріс кітап» деген атпен жарық көрді.
Тағы да екі-үш кітапқа жүк боларлық дүниелерім бар. «Сабақты
ине сəтімен» дегендей, егер Құдай сəтін салса, алдағы уақытта
жарық көріп қалар.
– Біреуге аға, біреуге жаға болатын жасқа жеттіңіз. Оның
үстіне, білдей бір театрдың құлағын ұстап отырсыз. Тəр-
биелеп жүрген шəкірттеріңіз бар шығар?
– Мен ешкімді «шəкіртім», ешкім мені «ұстазым» деп жүрген
жоқ. Дей тұрсақ та театрды жас таланттармен толықтырып
отыратынымыз рас. Осыдан 3 – 4 жыл бұрын сахнаға шығып,
елді елең еткізген Олжас Сыдықбеков, қатарымызға жаңадан
келіп қосылып жатқан Гүлден Жұмабай, Жанна Хамзина, был-
тырдан бері театр актрисасы болып жүрген Сандуғаш Нұралы,
ал 5 – 6 жылдан бері ұжымның ыстық-суығына төзіп жүрген
Айгүл Ізімбетованың орны бөлек. Ол қазір өзінің қолтаңбасын
қалыптастырған шебер актриса. Қарап тұрсаңыз, дарынды
жастар көп. Бірақ олардың бəрін бір шаңырақтың астына
жинай алмайсың. Осындайда «əттең тонның келтесі-ай» деп
«əндететініміз» ақиқат.
Əңгіме арасындағы əзіл
Осыдан 3 – 4 жыл бұрын депутаттарды сайлау кезінде
Панаркүл Нұрқаділованың үгіт-насихат жұмыстарына
қатыстық. Панаркүл апайдың сайлау округіне кіретін барлық
аудандарда концерт қойып жүрдік. Сондай мақсатпен
Нарынқолға бара жатқанбыз. Жолда Кеген базарына тоқ-
тадық. Дəл сол жерде «Терісқақпайдың» жігіттері қытайша
«сөйлегілері» келіп кетті. Бір қызығы, солардың бірі де қытай-
ша бір ауыз сөз білмейді. Бірақ олардың қытайша шүлдірлеп
отырғанына қарасаң, шынымен қытайша сөйлеп тұр екен
деп қаласың. Содан Дархан мен Отаралы қытай болып, ал
Ұлан аудармашы болып шыға келді. Үшеуі шүлдірлеп жүріп
бір апайдан құрт алды. Сөйтсе ол апай бір кездері Қытайдан
көшіп келген екен. Төркінін көргендей болып біздің жігіттерге
құртын тегін берді. Сөйтіп тұрғанда жанымызға бір əскери
көлік келіп тоқтай қалды да, менің жаныма келіп: «Аналар
Қытай ма?» деп сұрады. Қарап тұрмай мен де «Иə» дедім.
«Қайда бара жатыр?» деп сұрады анау. «Нарынқолға» деп едім,
«Бəрібір бекеттен өте алмайды» деді анау зіркілдеп. Маған
сонысы ұнамай қалды да «өтеді» дедім нық сеніммен. Содан
автобусқа отырып, жүріп кеттік. Жігіттер Нарынқолдың
шекара бекетіне келгенше қытайша «сөйлеп» келді. Біз мінген
автобусқа шекарашылар мініп, құжаттарымызды тексере
бастады. Панаркүл апай құжаттарын көрсетіп, арғы бетке
өтіп кетті де біз бергі жақта қалдық. Жігіттер əлі «Қытай»
болып отыр. Кезек Дарханға келгенде қытайша «сөйлеп»,
əлгілердің айтқанына түсінбеген адам сияқты болып отырып
алды. Анау құжат сұрайды. Ал Дархан болса, əмиянын ашып,
3х4 суретін көрсетеді. Анау «сурет емес, құжатыңды көрсет»
дейді безілдеп. Дархан ақша көрсетеді. Болмаған соң олар
Дарханды сыртқа алып шықты. Бекеттен тағы бір сардар
мен солдаттар келді. Ұлан аудармашы болып, мəн-жайды
түсіндірген болып жүр. Мəселе ушыға бастады. Шекарашылар
қылмыскер ұста ғандай желпініп тұр. Панаркүл апай біздің
кешіккенімізге алаңдап бері қарай аяңдай бастады. Сол кезде біз
де «спектаклімізді» тоқтаттық. Мəн-жайды шекарашыларға
айтып түсіндірдік. Олар қалжыңды дұрыс қабылдап, бізді
босатты. Автобусқа мініп, енді қозғала бергенімізде, бағана
Кегенде кездескен көлік қуып жетті. Ішінен 5-6 солдат секіріп
түсіп, автоматтарын кезеніп, бізге лап қойды. Сөйтсек, олар
бекеттегі солдаттарды ауыстыруға келген топ екен. Олар-
ды бізді тексерген сардар əрең тоқтатып қалды. Сөйтіп өз
елімізге «Қытай» болып өткеніміз бар.
АНДА-САНДА ƏЙЕЛІМНІҢ ҚОЛЫН «ҰЗАРТЫП» ҚОЯТЫНЫМ БАР
– Кей еркектер ас үйден алты қадам ары жүрсе, енді
біреулері əйелінің қолын «ұзартып», қазан-ошаққа арала-
сып кетеді. Сіз осы екі топтың қай жағындасыз?
– Негізінен, мен бірінші топтанмын. Бірақ кейде «ауырып
қалып», жаңа өзіңіз айтқандай анда-санда əйелімнің қолын
«ұзартып» қоятыным бар. Онда да тамақ істеуге деген шабытым
ояғанда.
– Солай-ақ болсын. Сонда қандай тамақ жасайсыз?
– Мен өзі палау дайындағанды жақсы көремін. Етті асықпай
бөлшектеймін, сəбіз тұраймын. Палауды асықпай-саспай,
ыңылдап əн айтып жүріп, баппен пісіремін. Кейде көмекші
ретінде ұлым мен қызымды жаныма шақырып аламын. Ондай
кезде лағман дайындаймын. Рас, өтірігін қайдам, ұл мен қызым
менің пісірген тамағымды «өте дəмді» деп мақтап қояды. Мен
соған мəзбін. Бірақ мұндай аспаздық өнерім айына бір, кейде
маусымына бір рет қана болады. Басқа уақытта арқан байлап,
мылтық тақасаң да ас үйге қарай адым баспаймын.
– Жаңа бір сөзіңізде ұл-қызыңыз туралы айтып қалдыңыз.
Олардың бойынан өнердің ұшқыны байқала ма?
– Қызым биыл мектепті бітіргелі отыр. Аты – Ділбар. Ұлым
сегізінші сыныпта оқиды. Оның есімі – Бекнар. Жан деген-
де жалғыз жарым бар. Оның аты – Майра. Негізі, қызым өте
сабырлы, сал мақты, байыпты. Кез келген нəрсені тереңінен
ойлап, асықпай шешім қабылдайды. Қазір екі-үш мамандықтың
қайсысына тоқтарын білмей, ойланып жүр. Бірақ қайсысы болса
да, əйтеуір олардың ішінде өнер атаулы жоқ. Ал ұлым бірде
президент, бірде ғарышкер болғысы келеді. Күні ертең артист
болып шыға келсе, мен оған таң қалмаймын.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2007 жыл
Серік ЋАЛИЕВ,
«Атамџра» корпорациясыныѓ аѕа редакторы,
Мќдениет ћайраткері:
Халыћ ќндерін
орындасам,
бір жасап ћаламын
– Əңгімемізді туып-өскен жеріңізден бастасақ?
– Туған жерім – Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауда-
ны (бұрынғы Семей облысы Ақсуат ауданы). Тарбағатай тауы-
ның баурайында қоныс тепкен Ақсуат елі – қонақжайлылы-
ғымен, дарқандығымен танылған, би Боранбай, Шəкі, Сасан
билердің, Тана мырза, Молдабай балуан, Ырғызбай əулие,
Əсетпен айтысқан Кəрібай ақын секілді тұлғалардың ізі қал-
ған, тектілік тамыры тереңге кеткен тұғырлы мекен.
– Тырнақалды туындыңызды неше жасыңызда жазды-
ңыз? Ол қай басылымда жарияланды?
– Ең алғашқы өлеңді жеті жасымда құрастырғанмын. Қойдың
алдынан шығып, қолымнан тамақ жейтін мүйізі шаңырақтай ақ
серкеге мініп келетінмін. Бір күні оқудан үйге демалысқа кел-
сем, көрші шопан үйіне келген қонағына пышаққа ілінетін мал
таппай, əкемнен қоярда-қоймай ақ серкені союға сұрап алып
кетіпті. Осы оқиға бала көңіліме ерекше əсер етті. Сол ақылды
ақ серкеге бауыр басып кеткендіктен, кəдімгідей қиналғаным
бар. Сонда ақ серкеге арнап «Ақ серкем жайрап жатыр, көршінің
қазанында қайнап жатыр» деп өлең құрастырғанмын. Қазір
жасы сексенге келген анам сол ақ серкені берген көршінің аты-
жөніне дейін айтып отырады.
Сол кездегі əдебиетке құштар балалар сияқты мен де бала-
ларға арналған басылымдарға жазған-сызғанымды поштамен
жиі жолдайтынмын. Көбіне «талабың дұрыс, көбірек ізденіп
жаза бер, келесі жолы жариялаймыз» деген мазмұндағы жа-
зылған хаттар келетін. Соның өзіне кəдімгідей арқаланып,
қанаттанып қалатынмын. 6-сыныпта оқып жүргенде ауылдағы
мектепте Əзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабы
бойынша əдеби кеш өткен еді. Даңқты қаһарман атамыз Бауыр-
жан Момышұлы туралы жазылған шығарманы тұтас оқып,
талқылауға белсене атсалысқан едім. Бір аптадан кейін аудан-
дық «Еңбек туы» газетіне мəдени шара туралы жазылған менің
шағын мақалам шыға келді. Əсілінде, бұл мақаланы мен жазба-
ған болатынмын. Кейін суретші Темірханов Ерлан ағайымыз:
«Бұл мақаланы сенің атыңнан мен жазғанмын, болашақта өзің
де жаза алатыныңа сендім», – деп, арқамнан қаққаны əлі есімде.
Ең алғашқы анама арналған өлеңім Алматыдағы қазақ тілі мен
əдебиетін тереңдете оқытатын № 2 мектеп-интернатының 9-сы-
ныбында оқып жүргенде «Пионер» журналына (қазіргі «Ақ
желкен» журналы) жарияланған болатын. Өз қолтаңбамның
тасқа басылғанына сенер-сенбесімді білмей, əлгі өлеңді қайта-
қайта оқып, журналды бір түн қойныма қысып жатқаным бар.
Ал алғашқы топтама өлеңдеріме сəт сапар тілеп, аудандық га-
зетке жариялаған – ақын, сатирик, драматург, Тарбағатай ауда-
нының Құрметті азаматы, өнердегі ұстазым Серік Жұматов.
– Əңгімеңіздің ауанына қарағанда, сонда сіз Алматыда-
ғы мектеп-интернаттың түлегісіз ғой?
– Иə, талай дарындардың алтын ұясына айналған №2 мектеп-
интернаттың мен де бір түлегімін. Биыл Мұхтар Ботабайұлы
басқаратын Абай атындағы Республикалық мамандандырылған
дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен əдебиетін тереңдете
оқытатын мектеп-интернатына 55 жыл толғалы отыр. Ұлтының
сөзін сөйлеп, ана тіліміздің мəртебесін көтеретін, халықтық
салт-дəстүрдің қайнарынан сусындаған нағыз ұлтжанды ұл-
қыздар осы білім ордасында тəрбиеленіп жатыр деп ойлаймын.
Өйткені онда республиканың барлық өңірінен келген дарынды
балалар білім алуда. Бұл білім ордасы менің де өміріме үлкен
əсер етті. Əсіресе, ұстазым Нағима Бекмағамбетованың сіңірген
еңбегі ұшан-теңіз. Осы мектеп қабырғасында оқып жүргенде
республикалық олимпиаданың жеңімпазы ретінде ҚазМУдің
филология факультетіне емтихансыз қабылдандым.
– Біраз жыл ҚазҰУ-дің өнер ұжымын басқарып, ұйым-
дастырушылық қабілетіңізді танытқан едіңіз?
– Университетті бітірген жылы ұстазым Тұрсынбек Кəкішев
ғылым саласына баулып, Қазақ əдебиеті кафедрасына алып
қалған еді. Студенттер сарайы ашылар тұста университеттің
өнер ұжымы жоқтың қасы десе де болатын. Сол кездегі универ-
ситет ректоры, парасатты тұлға К. Нəрібаевтың қолдауымен,
проректор Қ. Баймырзаевтың ұсынысымен Студенттер клу-
бына директор болып баруыма тура келді. Бар қабілетімізді
салып, өнерлі студенттердің басын қосып, «Фараби сазы» ұлт
аспаптар оркестрін құрдық, қазақ тілінде алғаш рет көңілді
тапқырлар сайысын ұйымдастырдық. Студенттер театрын құр-
дық. Жастардың бəрі желпініп тойлайтын «Əулие Валентин»
күнінің келешек ұрпақ үшін мəн-мазмұнының жоқтығын аң-
датқымыз келіп, тұңғыш рет «Қозы мен Баян сұлу» күнін атап
өтуге мұрындық болдық. Жастардың патриоттық сезімін кү-
шейту мақсатында Тəрбие ісі жөніндегі проректордың орын-
басары Гүлнар Əлімбекқызымен бірге «Менің Қазақстаным»
сияқты фестивальдерді өткізуді жолға қойдық. Студенттердің
«Жас ақындар» үйірмесінің тұсаукесер рəсіміне марқұм Тұ-
манбай Молдағалиев ағамыз келіп, ақ батасын берген бола-
тын. Студенттер клубында əн айтуға машықтанып, би билеуді
үйреніп, сахнада өнерін көрсеткен студенттердің бүгінде
көрермен көзайымына айналғандары да аз емес. Сол кез-
де Серікзат Дүйсенғазин, Данияр Саламат, Болат Əмірханов
секілді талантты азаматтармен бірге қызметтес болғанымды
айта кеткім келеді.
– Жырсүйер қауым сізді жазба ақын емес, айтыскер ақын
ретінде жақсы біледі. Қанша жасыңызда айтысқа қатыс-
тыңыз? Сіз осы екі ақындықтың қайсысын жаныңызға
жақын тұтасыз?
– Наурыз мерекесі қайта оралып, кеңінен тойланып жатқан
кезде жоғарыда атап өткен Нағима апайымыз «мектептегі Нау-
рыз мейрамында айтыстан көрініс көрсетесіңдер» деп əнші
бауырым Тоқтар Серіков екеуімізге өлең жазып берген бо-
латын. Екеуіміз əбден дайындалып, тіпті бір-біріміздің не
айтатынымызға дейін жаттап алдық. Ал сахнаға шыққанда
екеуіміздің де жаттағанымыз жайына қалып, өз əлімізше жа-
уаптасып, шын мəніндегі айтыстың үлгісін көрсетіп кеттік.
Мүмкін бір ұшқынның тұтануына осы да себеп болған
шығар. Содан бері жиырма жылдан астам уақыт бойы айтыс
сахнасында азды-көпті өнерімді ортаға салып келемін. Ал
«қайсысын жақын тұтасыз» дегеніңізге айтарым, маған екеуі
де жақын. Өзімнің суырыпсалмалық қабілетіме сенімдімін,
бірақ айтысқа кейінгі кезде сирек қатысып жүрмін. Ал жазба
өлеңді күтіп жүремін, ағылып келген сəтте ғана қағаз бетіне
түсіремін.
– Жалпы, айтыста тігілген темір тұлпар саны жүзден
асып жығылады екен. Соның қаншасын тақымыңызға
бастыңыз?
– Айтыс – ұлыққа емес, ұлтқа керек өнер. Арда өнеріміз
айтыстың шын жанашыры Жүрсін Ерман ағамыз – осы айтысты
өрге сүйреп, ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген бірден-
бір адам. Өзіңіз айтқан автокөліктерді де жеке меценаттардың
демеушілігімен бəйгеге тігіп, айтыс жеңімпазына сыйлап
келеді. Жүрсін Ерман ұйымдастырып жүрген айтыстарда əлі
күнге дейін бірде-бір көлік мінгенім жоқ. Аллаға шүкір, іні-
қарындастарым алды отыздан аса, соңы төрт-бес көліктен мініп
жатыр. Алла Тағала алған жүлделерінің берекесін берсін! Өз
басым 2008 жылы Арқадағы Саршаұлы Қареке бабаға арналған
республикалық ақындар айтысында бас бəйгеге тігілген темір
тұлпарға ие болғаным бар.
– Аламан айтыстарға қатысып қана қоймай, кейде қазы-
лық та жасап жүрсіз. Əріптестеріңіздің өнерін бағалау да
оңай емес шығар?
– Қазылық жасау деген – «біреуден алғыс, біреуден қарғыс
алатын» өте жауапты міндет. Қазылар да пенде. Кейде «біреудің
көзі, біреудің сөзі жақсы» дегендей бұратартып кететін кезде-
рін де талай көргенбіз. Өзім қазылардан көп қиянат көргендіктен,
мүмкіндігінше əділ бағасын беремін.
Үш-төрт жылдан бері Елорданың туған күніне орай өткізіліп
келе жатқан республикалық ақындар айтысын ұйымдастыру-
дың басы-қасында жүрмін.
– Айтысқа баулып, тəрбиелеп жүрген шəкірттеріңіз бар
ма? Болса, олар кімдер?
– Еліміздің əр аймағынан іздеп келетін ақын бауырларымның
меселін қайтарған емеспін. Жалпы, айтыста олжа салып жүр-
ген көптеген іні-қарындастарыма ақыл-кеңес беріп, ұтқыр
ойларды айтып шығуына бағыт-бағдар беруде кеңдік таны-
тып келемін деп ойлаймын. Олай дейтінім, көп ақындар ел ал-
дында жарқырап көріну үшін, көрерменнің көкейіндегісін дөп
басып айтатын тұщымды ойларын өзгеге айтып шыға ғой деп
жомарттық таныта бермейді ғой.
Қазіргі уақытта айтыстың қыр-сырын меңгерем деп, аға
тұтып келіп жүрген інілерім бар. Соның бірі – мектеп оқушы-
сы Алтынбек Ибрагимов «Хабар» арнасы мен «Заңғар» шығар-
машылық бірлестігі ұйымдастырған ел тəуелсіздігінің 20 жыл-
дығына арналған «Жастар жырлайды» тележобасының ақтық
сайысында бас жүлдені қанжығасына байлады. Сондай-ақ, осы
жобада өз өнерін ортаға салып, көрермен көзайымына айналған
Олжас Құлымбай деген ақын інімнің де келешегінен көп үміт
күтемін.
– Сіз атақты «Қара жорға» əнінің мəтінін жазған ақын-
дардың бірісіз. Осы əннің шығу тарихы туралы өз аузыңыздан
есту – оқырмандар үшін де өте қызықты болар еді?
– Ел ішінде сақталған «Қара жорғаны» атажұртқа алып
келген Қытайдағы қандас бауырларымыз. Қазіргі кезде «Қа-
ра жорғаның» шығу тарихы туралы алыпқашпа əңгімелер өте
көп. Қалай десек те, өзгелер біздің ұлттық құндылықтарымызға
өзеуреп, өздеріне тартып жатқанда, неге біз «Қара жорғаны»
сыртқа итеруіміз керек?! «Қара жорғаға» мəтін жазған Үрім-
жіде тұратын Мерей Тұрдақынұлымен кездесіп, «Кемпір
жүрсін кеңкілдеп», «домалайды қу бастар» деген жолдарды
өзгерткенімді айтқанымда ризашылығын білдірді. Мен оның
жазған нұсқасын мүлдем алып тастаған жоқпын. Өйткені «Қа-
ра жорғаға» алғаш өлең жазған сол бауырымыз болатын. Мен
өңдеген нұсқа Мұратбек Сарбасовтың орындауында халыққа
тарап кетті. Бала кезімде ауылдағы жиын-тойларда түйе ба-
луан атанған Қалмақбаев Тұрсын ағамыздың билегеніне та-
лай куə болғам. Тіпті, 18 ғасырдағы француз Барбиштің, не-
міс Паулидің 1854 жылы салған суретінде де билеп тұрған
қазақтардың бейнеленгені бұл бидің тарихын растай түседі.
– Тағы да қандай əндердің өлеңін жаздыңыз?
– Əнге өлең жазу оңай емес. Өйткені, əннің əуені мен өлеңі
қабысып, ортақ үйлесім табуы шарт. Өлең сөздерінің ашық да-
уысты болуы, таптауырын ұйқастарды қайталамауы, сингор-
манизм заңдылықтары үлкен жауапкершілікті талап етеді. Осы
күнге дейін атақты Е.Хасанғалиевтен бастап, Х.Əбілжанов,
А.Дүйсенов, Б.Өскенбеков, Г.Өмірбаева, Д.Сыздықов, Ұ.Бел-
ғозиева, тағы басқа композиторлардың əндеріне өлең жаз-
дым.
– Ал өзіңіз əн жазасыз ба?
– «Əннің де естісі бар, есері бар» деп Абай атамыз айтқандай,
бала кезімізден бастап жайлауда қой бағып жүріп, кішкентай
транзистордан Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, М.Ержанов,
М.Ешекеев, Б.Сыбанов, Д.Рақышев, Қ.Байбосынов, Ж.Кəр-
меновтің орындауындағы тамаша інжу-маржан əндерді тың-
дап өскендіктен болар, халық əндері мен халық композитор-
ларының əндері жаныма өте жақын. Сондықтан қолыма дом-
быра алып, халық əндерін орындасам, бір жасап қаламын.
Ал өз əндеріме келетін болсам, көңіл тебіреністерінен туған
қоржынымда біраз əнім бар. Бірақ бəрін насихаттай беру-
ге құлықты емеспін. Дегенмен, М. Мақатаевтың өлеңіне
жазылған «Аңғал досым-ай» дейтін əн Тараздағы Ғани Мəте-
баевтың орындауында айтылып жүрсе, «Иманың – жалғыз
жолдасың» атты термем М. Бесбаевтың орындауында халыққа
кеңінен тарады. Тəуелсіздігімізді көксеп, алаш аспанында
шоқ жұлдыздай жарқырап, ұлттың елдігі мен руханиятына
өлшеусіз үлес қосқан Алаш арыстарының ұлы есімдерін ұрпақ
жадында жаңғыртсам деген ізгі ниетпен «Алаш арыстары»
деген əн дүниеге келген болатын. Бұл əн 2010 жылы «Нұр-
Отан» ХДП ұйымдастырған «Елім деп соққан жүрегім» атты
жалпыреспубликалық байқауда «Ең үздік авторлық əн» аталы-
мы бойынша жеңімпаз атанды. Аталмыш əнді талантты əнші
Ерлан Рысқали орындап жүр.
– Таяуда «Атамұра» баспасынан «Уақыт керуені»
атты жыр жинағыңыз жарық көрді. Бұл сіздің тұңғыш
кітабыңыз ба?
– Алғашқы «Көзайым» атты кітабым меценат, қазақтың аб-
зал азаматы Шамсат Исабековтің демеушілігімен 2007 жылы
жарық көрген болатын. Ол кітапта өлеңдермен бірге, айтыс-
тар, əнге жазылған мəтіндер топтастырылса, жаңа кітапқа
тек қана əр жылдардағы жазылған өлеңдер енген. Бұл кітап
«Атамұра» корпорациясының президенті, Қазақстан Респуб-
ликасының еңбек сіңірген қайраткері, ұлттық өнеріміздің жан-
ашыры Рақымғали Құл-Мұхаммед мырзаның демеушілігімен
жарық көрді. Осы «Уақыт керуені» кітабы жақында ғана
Қазақстан Жазушылар одағының поэзия кеңесінің отырысын-
да талқыланды.
– Барлық өнер адамдары алғашында баспана қиыншы-
лығын көреді. Бұл мəселені қалай шештіңіз?
– Белгілі жазушы Кəдірбек Сегізбайұлының «Біз қалада
тұрамыз» атты кітабында жазғанындай, жастықтың жалыны-
мен Алматыға арман қуып келгендердің алдынан кім құшағын
жайып шықты дейсіз?! Өз еліміздің бір азаматы ретінде баспана
немесе тегін жер алмасақ та, Тəуелсіздіктің əр таңына шүкір-
шілік айтып жүрген жайымыз бар. Иманғали Тасмағамбетов
Алматы қаласының əкімі болып тұрған кезде дарынды жас-
тардың біразын баспанамен қамтамасыз етіп, қамқорлық та-
нытқан еді. Баспана беру туралы қала əкімі қол қойған ті-
зімнің ішінен өзіміздің аты-жөнімізді естіп, төбеміз көкке
екі елі жетпей жүр еді, кейін бір орынбасары тізімнен сы-
зып тастапты. Соған қарағанда біреулердің тағдыры қосу
мен алуды жақсы білетін шолақ белсенділерге ойыншық
сияқты ғой. Қазір Алматы облысы Қарасай ауданының тұр-
ғынымын.
Елбасының биылғы Жолдауындағы «Қолжетімді баспана»
бағдарламасы іске асырылса, баспанасыз жүрген талантты
жастарға мемлекет тарапынан үлкен көмек болар еді. Өйт-
кені бойындағы дарыны мен күш-қайратын ел игілігі үшін
жұмсайтын шақтарында жас отбасылар пəтерден пəтерге кө-
шіп, тұрмыс тауқыметін тартып жүр.
– Отбасыңыз жайында да айта кетсеңіз?
– Жұбайым Гауһардың мамандығы филолог. Екеуіміз екі
ұл, екі қыз тəрбиелеп, өсіріп жатырмыз. Қолымызда ақ бата-
сын беріп, тілеуімізді тілеп отырған анамыз бар.
– Заман тоза ма, əлде адам аза ма?
Хакім Абай атамыз:
Əркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек, –
демей ме?! Заманды жасайтын адам емес пе!..
– Кімдерден қорқасыз?
– Құдайдан қорықпайтын имансыздардан қорқамын.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2012 жыл
Ћалдыбек ЋЏРМАНЌЛІ,
«Жас ћазаћ» журналыныѓ Бас редакторы,
Ћазаћстан Жастар одаѕы сыйлыѕыныѓ лауреаты,
композитор:
«Ћалдыбектіѓ
кедір-бџдыр мінезіне
кешіріммен ћараймын
адалдыѕы љшін»
дейді Шаханов
ҚАЗАҚСТАНДА ПРОДЮСЕРЛЕР ЖОҚ
– Сіз он жылдан астам уақыттан бері қазақтың белгілі
өнер адамдарының шығарма шы лық кештерін өткізуге
мұрындық болып келесіз. Сондықтан осы саланың қыр-
сыры өзіңізге жақсы мəлім. Ал енді біздің елде продю сер-
лердің еңбегі жанбай келеді. Оның себеп-салдарын неден
іздеуге болады?
– Негізі, мен шындықты шыңғыртып айтқанды жақсы
көремін. Сондықтан сөздің ақи қатын айтар болсам, Қазақ станда
əлі продюсерлер жоқ.
– Қалай жоқ? Қазір əрбір əншінің продюсері бар емес пе?
– Олар продюсерлер емес. Керек десеңіз, менің өзім де про-
дюсер емеспін. Алдымен продюсер деген кім? Соны түсініп
алайық шы. Ол өз қаржысымен елге бел гісіз бұла талантты
алып шығуы керек. Оның əнін, сөзін жазуға мұ рындық болып,
имиджін қа лыптастыруы тиіс. Қысқасы, жас дарынды айдай
əлемге танытуға бар күш-жігері мен қаржысын жұмсайды. Со-
дан кейін барып, жұмсалған қаржыны еселеп қай тарады. Міне,
осындай адамдарды продюсер деуге болады. Ал біздің жасап
жүрге німіз мұндай еңбекке үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Біз
есімі елге белгілі өнер тарлан дарының ұмытылып бара жатқан
əндерін əрлеп, өңдеп, қайта жаңғыртып, халыққа жеткіземіз. Бұл
да сауапты іс. Мұның ұлттық мəдениетіміздің өсіп-өркендеуі-
не һəм жаңарып, жаңғырып отыруы на қосар өз үлесі бар.
– Сонда «продюсерміз» деп жүргендердің бəрі мəдени
шара ларды ұйымдастырушы ғана ма?
– Иə, оларды тек «ұйымдас тырушы» деп атауымыз қажет.
Əйт песе, ол продюсерлердің қалтасында көк тиын ақшасы жоқ.
Қашан көрсең, қалталы азаматтарға алақан жайып жү реді.
– Ендеше, «Қазіргі продюсер лер сол əншілердің арқасында
күн көріп жүр» деуге негіз бар ғой.
– Əбден бар. Ал енді əншінің өзі продюсер болса, тіпті жақсы.
Ол өз бағын өзі ашар еді.
– Бізде сондай əнші-продюсер лер бар ма?
– Бар. Оның қатарына əнші Алтынай Жорабаеваның күйеуі
Сəбитті қосуға болады. Ол Алтынайды насихаттай отырып,
оның ел алдындағы абыройын көтеріп жүр. Бірақ бір қалтасынан
шыққан қаржы екінші қалтасына келіп құйылады. Оның үстіне,
Алтынай дың тойға бару құны да өсе түседі.
– Сіз «Жас қазақ» баспа үйі мен осы аттас журнал ашқа-
ныңызды жақсы білеміз. Сондағы көздеген мақсатыңыз не?
Қазіргі атқарып жүрген жұмысыңыз да аз емес сықылды.
– О баста «Жас қазақ» продю серлік орталығын ашқым
келді. Бірақ ол кезде ондай ор талық ашуға рұқсат беріл мей тін.
Сосын ондай орталықтың концерт өткізуге құқы болмайтын.
Оның үстіне, төлейтін салығы да өте жоғары еді. Сонан соң
«Жас қазақ» баспа үйін ашып, оның жанынан продюсерлік
орталық құрдық. Бұл орталықтың мақсаты – халқымыздың қай-
таланбас тұлғаларының шығармашылық кешін өткізу болды.
Біз осы бағытта Шəмші Қалдаяқов, Əсет Бейсеуов, Əбілахат
Еспаев, Бекзат Саттарханов, Мұстафа Өзтүрік, тағы басқа
марқасқа азаматтардың еске алу кештерін ұйымдастырдық. Біз
мұндай кештерді өткізіп қана қоя сал маймыз. Олардың өнері
мен өмірін кешенді түрде насихаттаймыз. Мысалы, олардың
шығармаларын нотаға түсіреміз, дыбыс жəне бейнетаспаларға
жазамыз, есте лік кітаптар шыға рамыз. Биыл белгілі композитор
Əбілахат Еспаевтің мерейтойына байла нысты еске алу кешін
өткіздік. Құдай қаласа деп айтайын, биыл дан бастап Əбіл-
ахат Еспаевтың дəуірі бастал ды. Əн əлемінде қайталанбайтын
осын дай тұлғаны ел ұмытып қала жаздады. Оның əндері халық
арасында жиі айтылады. Бірақ кімнің əні екенін білмейді. Бұл –
насихаттың жоқ тығының салда ры. Əйтпесе ара мызда күміс
көмей, жезтаңдай əн шілер – Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова,
Сара Тыныш тығұлова, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Сем-
бек Жұмағалиев тер жүрген жоқ па?!
ӨНЕРДІ ПЕНДЕШІЛІКТЕН ЖОҒАРЫ ҚОЯР ЕДІМ
– Егер осы мəдениет саласы ның құлағын өзіңіз ұстар
болсаңыз, жұмысты неден бастар едіңіз?
– Егер ғайыптан ондай бақ қонар болса, онда өнерді пен-
дешіліктен жоғары қояр едім. Ұлттық салт-дəстүріміз бен
мəдениет саласына байланысты үлкен бағдарлама қабылдаған
болар едім. Ол бағдарламаға кезінде біздің Мəдениет минис-
трлігін басқарып, ұлтымыздың мəдени мұрасын мəңгілікке
қалдыруға бар күш-қуатын сарқа жұмсаған Темірбек Жүргенов,
Ілияс Омаров, Өзбекəлі Жəні беков секілді ағаларымыз қай істі
бастап, қай істі аяқтай алмай кетті, солардың бəрін енгізер едім.
Оның бəрін мұрағаттардан іздеп табуға болады. Мəселен, бір
Өз бекəлі Жəнібековтің өзі ұлттық өнеріміздің дамуына сүбелі
де қомақты үлес қосып кетпеп пе еді?!
– Жо ға рыдағы продюсерлік орталық туралы əңгімеміз
аяқсыз қалды. Сон да түсін гені міз, «Жас қазақ» баспа үйін
про дюсерлік орталық асырап отыр ғой. Солай ма?
– Солай десек те болады. Одан бөлек, биыл қаңтар айынан
бастап осы аттас журнал шығарған болатынмын. Оның бүгінгі
күнге дейін 12 саны жарық көрді. Сол басылымды жəне одан
бөлек біз атқарып жатқан мəдени шара лардың барлық шығынын
осы орталық өтейді. Мəселен, күні кеше Əбілахат Еспаевтың
тұрған үйіне ескерткіш тақта орнаттық. Оны орнатуға əкімшілік
шешім шығарып бергенімен, оның қаржысын біз төледік.
– Сонда, баспа үйі қандай іс ат қарады?
– Біз баспа үйін ашқан кезде үлкен жоспарларымыз болған.
Сол шақта министрлікті білімді де білікті баспагер, ғалым, өнер
жанашыры Мұхтар Құл-Мұхам мед ағамыз басқаратын. Баспа
ісін де нағыз əділетті заман сол кез де болды. Ол мемлекеттік
тапсы рысты баспалардың бəріне бірдей етіп бөліп берді. «Сен
мем лекет тік, ал сен жеке меншік баспасың» деп алалаған жоқ.
Қазіргі «Бас палар үйі» ғимаратының 40 пайызын жекешелендіріп
берген де Мұхтар Абрарұлы еді. «Бойына сеніп, түйе жылсыз
қалыпты» де ген дей, «Өнер» баспасын басқарып отыр ған
Əшірбек Көпішев ағамыз өзі келген бақты кері тепті. Ол ғима-
ратқа қазір де əлдебіреу лер көз тігіп отыр. Сол үйді паналап
отыр ған бірнеше газет-жур налдардың басшылары бірігіп, сол
өзіміз отырған бөлмелерді жеке ше лен діріп беру туралы Пре-
зидентке хат жолдадық. Құдай қаласа, ол іс оң шешімін табады
деген үкілі үмі тіміз бар.
– Əрбір жаңа жылдан жақсы лық күтетін халықтың бі-
ріміз. Сон дықтан да «Жаңа жыл жарылқа, ескі жыл есірке»
деп тілек айта мыз. Ескі жыл Сізге жəне отба сыңызға не
берді, жаңа жылдан не күтесіз?
– Өткен жылға өкпем жоқ. Биыл өз қаржыма жастарға
арналған республикалық қоғам дық-саяси, танымдық жур-
нал аштым. Алматы қаласының əкімі Иманғали Нұрғалиұлы
азаматтық танытып, «Құлагер» ықшамауда нынан үш бөлмелі
пəтер берді. Бұл пəтерді алуға Парламент Мəжі лісінің депутаты,
көрнекті ақын, рухани ағам Мұхтар Шаханов, «Алматы ақшамы»
газетінің Бас редакторы Қали Сəрсенбаев, Алматы қаласы
əкімдігінің Энергетика, шаруашылық депар таментінің дирек-
торы Əділ Несіп баев пен Тұрғын үй басқар ма сының бастығы
Нұғман Асқа ровтар мұрындық болды. Сосын 17 қыркүйек күні
Республика са райында «Əн-аға немесе Шəмші мен сырласу»
атты шығарма шылық кешімді өткіздім. Оған қаншама өнер
тарландары қатыс ты. Кереметтей кеш болды. Биыл Жанасыл
жəне Бекзатсаттархан деген ұлдарымды мұсылман етіп, сүндет-
ке отырғыздым, қоныс тойын жасадым. Осының бəрі бір адам
үшін аз қуаныш емес. Ал келер жылдан күтер жақсылығым одан
да мол. Жыл басында, дəлірек айтсам, қаңтар айының аяғында
«Жас қазақ» журналы ның бір жылдығы өтеді. Осы басы лымның
түрлі аталымға арналған жеті сыйлығы болатын. Осы ме реке
қарсаңында арнайы комис сия құрылып, сол жүлде лерді табыс
ететін боламыз. Келесі жылы 40 жасқа толады екенмін. Осыған
орай облыс орталық тарында əн кешімді өткізсем деймін. Со-
сын өнерде жүрген менің құрдас тарымның бəрі 40-қа толады.
Соларға ерекше сый жасап, «Менің құрдастарым» деген кеш
ұйымдастыру жоспарда бар. Келесі жылы өмірден ерте кет-
кен жан əкем 80 жасқа толар еді... Ол кісінің құрметіне облыс
көлемінде əлі күнге дейін өте қоймаған керемет мəдени іс-шара
өткізіп, ақсарбас сойып, үлкен ас беремін. Қазақта «Отызыңда
орда бұз басаң, қырықта қамал ала алмай сың» деген сөз бар. Сол
айтқандай, отыз жасымда Қазақстан Жастар одағының лауреа-
ты болып едім. Қырыққа келер шағымда да өзім туып-өскен
Оңтүстік Қазақстан облысы, Бəйдібек ауданының «Құрметті
азаматы» атағын алып, аз олжалы болып отырғаным жоқ.
– Жарасқан Əбдіраш ағамыз дың Ғафу Қайырбековке
арнаған атақты эпиграммасы бар. Оны жұрттың бəрі біледі.
Сол эпиграм мада айтылғандай, БАҚ-тың бə рінде өзіңіз
жүресіз. Оның үстіне, атқарып жатқан шаруала рыңыз да аз
емес. Бұл не деген белсенділік? Оған уақыт пен күш-жігерді
қайдан табасыз?
– Сөздің шыны керек, қазір тəулігіне 4 сағат ұйықтауға уақыт
тапсам, қуанамын. Бір кездері Ленинді бəріміз құрметтедік. Мен
оны əлі күнге дейін жақсы көремін. Өйткені ол – үлкен тұлға.
Қоғамға төңкеріс жасау – əркімнің қолынан келе бермейді. Сол
кісі тəулігіне 4 сағат ұйық таған екен. Сонда: «Ойбай, 4 сағат
ұйықтаса, тəулігіне 20 сағат жұ мыс істеген бе?» деп таң қала-
тынмын. Студент кезімде де белсенділігім өте жоғары болатын.
Бірақ кейін 10 жылға жуық «ұйық тадым» десем, өтірік емес.
Ол кезде тек шығармашы лықпен айналыстым. Бала-шағама
нə па қа табу үшін той басқарып, асаба да болдым. Сол тойларда
жүріп, атпал азаматтармен табақтас болдым, сыйластым. Сөйтіп,
өмірге қайта келгендей əсерге бөлен дім. Қазір кей достарым:
«Қалдыбек, қайда асығасың? Уақ тылы ұйықтап, уақтылы тұр.
Ден сау лығыңды құртасың ғой» дейді. Мен оларға: «Кезінде
он жыл ұйықтадым. Енді сол ұйықтаған жыл дарым ның өтеуін
қайтаруым керек» деймін.
– Жұрт концерт өткізуді «биз нес» деп жүр. Шын мəнінде
солай ма?
– «Осы жігіт Шəмшінің кеш терін өткізіп, байып жүр» де-
ген сөздерді өзім де талай естігенмін. Тіпті де олай емес, ең
алғаш Шəмшінің кешін астымдағы көлігімді кепілдікке қойып
өткізген болатынмын. Бұл кеш бес жылдан бері дəстүрлі түрде
өтіп келеді. Мұндай шараларды ұйым дастырудың жұрт біле
бермейтін мың түрлі кедергі, қиыншы лықтары бар. Соған төтеп
беріп келе жатырмын. Биылдан бастап Шəмшінің кештерін
жылына екі рет өткізетін боламыз. Қазір бұл кешке халықтың
өзі келіп, билетке таласатындай дəрежеге жеткіздік. Мұның бəрі
үлкен күш-қай рат ты қажет етті. Егер қаржы, пайда түссе, енді
түсетін шығар. Сонда бизнес деп атауға да болар.
– Сізде музыкалық білім жоқ. Нота білмейсіз. Сонда əнді
қалай жазасыз? Ыңылдап отырып шыға ра сыз ба?
– Мысалы, Құрманғазыда да білім болмаған.
– Бірақ ол домбыра тартты ғой.
– Домбыраны мен де тарта мын. Бірақ көбіне əнді ыңылдап
отырып шығарамын. Əр əннің шығуына бір нəрсе түрткі бола-
ды. Бейнелеп айтсақ, біз бəріміз сұлулыққа ынтықпыз. Шығар-
машылық адамымыз. Көшеде бір сұлу қыз көрсек, сұқтана
қарай мыз. Оның бойынан əдемілік іздейміз. Егер іздегенімізді
тапсақ, соны екі-үш күнге дейін ұмыта алмай жүреміз. Ол
ертең əн болып қалықтауы əбден мүмкін. Оның өміршең
болғанын қалайсың. Осы уақытқа дейін 35-ке жуық əн жазып-
пын. Соның сəтті жазылған жиырма шақтысын алып қалып,
қалғанын өз қолыммен жойып жібердім. Кез келген шығарма
санмен емес, сапамен есептелуі керек. Жұрт білмейтін 400 əн
жазғанша, ел айтып жүретін 4 əн жазғанның өзі жақсы. Өткен
ғасыр Қалдаяқовтың ғасыры болса, осы ғасыр менің ғасырым
болады. Соған өзімді де, өзімнің əндерімді де дайындап жүрмін.
Сондықтан да шығармаларыма сын көзбен қараймын.
– Сіз қызуқанды, тік мінезді адамсыз. Кез келген адамға
«бетің бар, жүзің бар» демей, айтып саласыз. Осы мінезіңізге
қарап кей адамдар Сіздің əлі күнге дейін жер басып жүрге-
ніңізге таң қалады. Бұл мінезіңізден таяқ та жеген болар-
сыз?
– Жұрт менің осы мінезіме «кешіріммен қарағанша» таяқ
жегенім рас. Менің ең алғашқы əндерімді Майра Ілиясова мен
Мəдина Ералиева орындады. Со лар арқылы мен де халық-
қа танылдым. Соған дейін менің шығармашылығыма, тіпті
денсау лығыма күмəнмен қараған адам дар көп болды. Қазір
солардың көбісі менің осы мінезіме көндікті. Олардың ара-
сында əйелім, бала-шағам да бар. Бауыржан Омаров деген
досымның маған жазған эпиграммасы бар. Оны шығарма шылық
кешімде «Терісқақпай» комедия театры орындады. Сол 4 шумақ
өлең менің мінезімді толық ашып береді. Менің бұған алып-
қосарым жоқ. Сол тойда менің рухани ағам Мұхтар Шаханов:
«Қалдыбектің кедір-бұдыр міне зіне кешіріммен қараймын адал-
дығы үшін. Кейде ол маған ерке лейді ағасы болғаннан кейін.
Кей де мен оған еркелеймін інім бол ғаннан кейін» деді. Сол
сияқты қазақтың бас келіні Зейнеп Ах метова, батыр атамыздың
баласы Бақытжан Момышұлы, күні кеше өмірден озған Заманбек
Нұрқа діловтер менің тойыма келді. Олар маған түсіністікпен
қарайды.
БЕКЗАТСАТТАРХАН МЕН
МҰХТАРШАХАН БІРГЕ ӨСІП КЕЛЕДІ
– Сіздің бала-шағаңыздың аты да ешкімге ұқсамайтындай
ерекше екен.
– Жаңа айтып өттім, менің қуанышыма ортақтасып келген
қонақтардың əрқайсысы бір-бір тұлға. Сол сияқты ұлдарымның
аты да қайталанбайтындай ерек ше. Мысалы, үлкен ұлымның
аты – Жанасыл. Одан кейінгі ор таншы ұлымның аты – Бекзат-
саттархан. Оның кіндік шешесі – Сидней Олимпиадасының
чем пио ны Бекзаттың анасы – Сыр лыкүл. Ол – өзімнің əпкем.
Одан кейінгі ұлымның аты – Мұхтар шахан. Оның өкіл əкесі –
Мұхтар Шахановтың өзі. Сөйтіп, біздің үйде Бекзатсаттархан
мен Мұхтар шахан бірге өсіп келеді.
– Сіз бен Мұхтар Шаханов екеуіңіз қоғамдық істерге бел-
сене кірісіп кетесіздер. Сіздерді жақын дастырып жүрген осы
қасиет теріңіз емес пе?
– Біз Мұхтар Шаханов деген ақынның барын 1978 жылы ғана
білдік. Біз деп отырғаным – біздің отбасы. Сол жылы Кəрімбек
деген ағам үйге «Сенім патшалығы» атты кітап алып келді.
Бірінші бетінде ақынның суреті басы лыпты. Əкем поэзияны
жақсы көретін. Əлгі ақын əкеме қатты ұнады. Сосын ол бізге
жаңағы кітаптағы өлеңдерді жаттауға бөліп берді.
Негізі, өмірде Абай, Мағжан, Махамбет, Сəкен деген ақын-
дардың барын біз əкемізден білдік. Сондағы айтайын дегенім,
Мұхтар Шаханов сол кезде 35 – 36 жастағы жас жігіт екен. Сол
жас ақын өзінің құдіретті поэзиясымен бізге рухани байлық
сыйлап, Отан мен елді, əдебиет пен өнерді сүюге үйретті. Ата-
анам 12 перзент көрді. Соның сегізі дін аманбыз. Екі ағам, бір
қарындасым – ғылым докторлары. Бірі – Білім жəне ғылым
министрлігі департамент директорының орынбасары болса,
екіншісі – Шымкент қаласын дағы «Қайнар» университетінің
ректо ры. Ал, өзімнен кейінгі Алтын шаш қарындасым болса,
Түркия мемлекетіндегі Улудак универси тетінің профессоры.
Міне, біздің білім мен ғылымға, өнерге жақын жүруімізге
Мұхтар Шаханов ағамыз осылай ықпал етті.
– Осы жұрт: «Қалдыбектің үш бүйрегі бар екен. Аяғында
«Алла» деген жазу бар екен» деп аңызға бергісіз əңгіме айтып
жүр. Бұған не дейсіз?
– Кей адамның бойында Құдайдың өзі берген ерекше
қасиеттер болады. Ондай ерекше ліктер жария емес, құпия болып
қалғаны жақсы. Осыған тоқ тайық.
– Əңгімеңізге рақмет.
«Айқын» газеті, 2005 жыл
Аћберен ЕЛГЕЗЕК,
«Ћазаћ ќдебиетін ћолдау ћорыныѓ»
президенті, аћын:
Ћатты ћиналѕан
сќттерімде џлып-џлып
алатыным бар
– Жастар поэзиясы туралы əңгіме бола қалса, Сіздің
атыңыз жиі айтылады. Бірақ, аты шулы мүшəйраларға
қатысып, жүлделі орындарға ие болғаныңызды көрмеппіз.
Азын-аулақ жүлдесін місе тұтпайсыз ба, əлде жеңіліп
қалудан қорқасыз ба?
– Екі рет қатысқаным бар. Екеуінде де үшінші орын ал-
дым. Өкіндім. Орын үшін емес. Тəңірден түскен дүниелерді
қорлағаным үшін өкіндім. Сосын көптеген мүшəйралар арнайы
тақырып ұсынады. Ал, мен белгілі бір тақырыптарға жаза алмай-
тыным бар. Мысалы, жақында ұлттық спорт түрлеріне арналған
мүшəйра өтіпті. Сонда мен қатысуым үшін «Аударыспақ»,
«Арқан тарту» сияқты өлеңдер жазуым керек екен. Кешіріңіз,
менің ұстанымыма келмейтін нəрсе екен бұл. Биік поэзия –
мүшəйралар үшін жазылмайды. Нағыз поэзияны жарысқа
салудың өзі орынсыз. Базбіреулер мүшəйралар жас ақындар
үшін жасалып жатқан қамқорлық деп лепіріп жатады. Бірақ, жас
ақындар, өкінішке қарай, «ынталандыру» сыйлығынан ары аса
алмай жүр. Негізгі жүлделі орындарды жағдайы түзелген сақа
ақындар алады. Ол ешкімге құпия емес. Мен екі мүшəйрадан
алған ақшалай сыйлығымды жүлдесіз қайтқан жігіттерге та-
ратып бергем. Себебі, мен «мүшəйрист» ақын емеспін. Тек
буындас қаламгерлермен қауқылдасып, ойнап-күліп, ел көру
үшін барған едім.
– Поэзияны адам демалу үшін, жанға лəззат табу үшін,
өмірге деген құлшынысты арттыру үшін оқиды. Ал Сізде
көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын өлеңдер тапшы... Осы
тұрғыда не айта аласыз...
– Мен оқырманның сұранысын зерттеп жазбаймын. Ғарыш-
тағы ақпараттық өрістен маған тиесілі ойларды қағаз бетіне
көшірем де қоям. Шынымды айтсам, көңіл көтеріп, қуанатын
сəттерім аз. Неге екенімді білмеймін. Оған аса қайғыра да
қоймаймын. Себебі поэзия мұңына етім үйреніп кеткен. Бұл –
менің өмірім.
Сосын нағыз ақын Көкте. Біз – ақынбыз деп жүргендер соның
күбірі мен сыбырын пенделер пəниіне жеткізуші делдал ғанамыз.
Ал ол қандай өлең түсіреді, немен азаптайды Өзі біледі.
– Көп өлеңдеріңізде Тəңірі мен көк бөрінің тотемі жиі
қолданылады. Тіпті бір кездесуде «Мен Тəңіршілмін»
деп айтып қалыпсыз. Зиялы қауымның тəңіршілдікті
ұстануы халықтың адасуына апарып соғады деп ойла-
майсыз ба?
– «Тəңіршілмін» деп айтып қалсам, ол менің Құдайшылығым.
Көк түріктің Тəңірі исламның, болмаса христиан Құдайынан
еш айырмашылығы жоқ. Ол ғарышты жəне біз біле бермейтін
параллельді əлемдерді жаратушы Ұлы Рух њəм Ол жалғыз! Жəне
Жаратушыға Сіз қай дінде, қай тілде жалбарынсаңыз да бəрібір.
Мəселе, қай дінде болуыңда емес, мəселе жүрегіңде иманың
болуда. Көк түріктің ата діні – Тəңіршілдік монотеистік дін.
Сондықтан да көшпелілер ислам дінін жатырқамай қабылдаған.
Ал көк бөріге келсек, ол мені қолдап жүрген көкжалдың аруағы.
Ол мен қиналған кезімде түсіме кіреді, адами тілде сөйлеседі
менімен. Кеңес береді, кейде қорқытады. Бірақ мен оған сиынып,
пір тұтпаймын. Əр адамның ішінде екінші жан иесі өмір сүреді.
Менің ішімде көк бөрінің рухы бар. Кейде қатты қиналған
сəттерімде ұлып-ұлып алатыным бар. Шерім тарқап, кəдімгідей
жеңілдеп қалам. Жай нəрсе емес сияқты...
– Енді əңгімені «Қазақ əдебиетін қолдау қоры» маңайында
өрбітсек.. Қорды құру идеясы қайдан келді?
– Аспаннан! Қорды құру қызыл сөзден шаршаған біздің
буынның қоғамға үн қатқысы келгендіктен туған идея. Өздері-
ңізге белгілі, қор жанынан «Кентавр» газеті жарық көрді. Бұл
жоба алдына үлкен мақсаттар қойып отыр. Ең бастысы, қазақтың
жоғы мен барын түгендеп, тасқа басу. Сосын қазақтың талғамын
көтеру. Қазір «əдебиет жоқ», «біттік», «құрыдық» деген сөздер
көп айтылады. Аталмыш қоғамдық қор мен «Кентавр» сол бос
байбаламға жауап ретінде құрылыпты деп айта жүріңіз. Биыл
қордың атқаратын жұмысы мен жоспарлары көп. Оны уақыты
келген кезде естіп-біліп жатарсыздар.
– Отбасыңыз бар ма?
– Тəңірге тəуба, бір əйелім (күледі), Муза атты кішкентай
қызым бар.
– Шығармашылығыңызда қандай жаңалық бар?
– «Көлеңкелер күбірі» атты кітабымның қолжазбасы дайын
тұр. Мəдениет жəне ақпарат министрлігіне өткізіп тастадық.
Əзірше хабар жоқ. Шығатын шығар.
– Сұхбатыңызға рақмет!
МАЗМҰНЫ Нұртөре ЖҮСІП. Ғасыр тоғысындағы тұлғалар.......................................................................3 Кəукен КЕНЖЕТАЙҰЛЫ. «Атаманның ақыры» – Аймановтың ақырғы фильмі.................................5 Кəкімжан НАУРЫЗБАЕВ. Абайдың ескерткішін алып тастауға дейін барды....................................10 Мұзафар ƏЛІМБАЕВ. Қазақ сорлы халық емес..............................................................................18 Қалмұқан ИСАБАЙ. Абай əнін таспаға түсіріп алдым да Гете мұражайына табыс еттім.....................................................................26 Серік ҚИРАБАЕВ. Ұлттық академияны түсінде көрмеген академиктер пайда болды..............................................32 Қадыр МЫРЗА ƏЛИ. Қазіргі Парламент туралы ойым жақсы емес............................................39 Қадыр МЫРЗА ƏЛИ. Ұлы ақындар көп, ұлт ақындары аз............................................................46 Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ. Сірə, мен өлең жазуды қойған күні өлетін шығармын.............................55 Қалихан ЫСҚАҚ. Мен не жазсам да қазақ үшін жазамын......................................................61 Темірхан МЕДЕТБЕК. Нағыз ақындар баспаның есігін сығалай алмай қалды............................74 Нұрлан ОРАЗАЛИН. Əдебиет — ұлт пен ұрпақты сақтаудыңұлы құралы.................................79 Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ. Қазақта сатира бар, тек жоқтаушысы жоқ.................................................87 Үмбетбай УАЙДАҰЛЫ. Қожанасыр, Алдаркөселер қай заманда да көп болмаған........................94 Серік ƏБДІРАЙЫМҰЛЫ. Димекең: «Өзің таяқ жемейтін күні жарияларсың» деген еді................100 Марат ТОҚАШБАЕВ. Демократиялық қоғамға қарай ұмтылу – журналистің еркін ойлауына жол ашты...................................................111 Марфуға АЙТХОЖИНА. Адамның біреуден жоғары, біреуден төмен тұруы – заңдылық.............116 Құдайберген СҰЛТАНБАЕВ. Халықты жеңіл, жыртақай күлкіге үйретіп алдық..................................123 Жарылқасын НҰСҚАБАЙҰЛЫ. Маған 30 мың доллар пара бермек болды...............................................129
Сағымбай ҚОЗЫБАЕВ. Қалталы алпауыттар БАҚ-қа ауыз сала бастады....................................135 Ұлықбек ЕСДƏУЛЕТ. Елуге екі келмеспін....................................................................................140 Таңдай КЕНЕЕВ. Сатириктердің бəрі оппозиционер емес...................................................145 Лұқпан ЕСЕНОВ. «Тамашада» жүріп танылып алады да жеке отау ашып кеткісі келеді...................................................................150 Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ. «Ана» деген сөзді ана тілінде айта алмай, «Ұлтымды сүйемін» деген адамға сенбеймін.........................................157 Көпен ƏМІРБЕК. Қоғамның жүгін қопарып айтатын жүректі сықақшы жоқ....................167 Қансейіт ƏБДЕЗҰЛЫ. Ұлттық құндылықтарды жоғары қоямыз................................................172 Нұрлан ӨНЕРБАЕВ. Мен өте бай адаммын................................................................................181 Роза РЫМБАЕВА. Тұрмыс құру ойымда жоқ..........................................................................188 Сауық ЖАҚАНОВА. Радиоға шақырса, тіпті жалақы да сұрамас едім... ................................192 Темірғали КӨПБАЕВ. Нарықтың өзі бəсекелестіктен тұрады.....................................................196 Рақымғали ҚҰЛ-МҰМАММЕД. Ұлы ғұламаның энциклопедиясын шығару – «Атамұраға» даңғыл жол ашты.................................................................201 Толымбек ƏЛІМБЕКҰЛЫ. Қазір актер де, вахтер де – сатирик..........................................................211 Толымбек ƏЛІМБЕКҰЛЫ. Ұрлық жасамауға, өтірік айтпауға бекіндім............................................216 Мұхтар ШЕРІМ. Біз тоқалдан туған сықылдымыз..............................................................221 Мұхтар ШЕРІМ. О дүниеге барып келдім. Қабылдамай қойды.........................................227 Берік САДЫР. Қожанасыр атындағы партия құрып алсам деп жүрмін.........................232 Марат ЕШМҰХАНБЕТОВ. Үйге ұлттық туды іліп қоямын..................................................................237 Тілеуберді БИНАШЕВ. Қажымұқанның аруағы қолдап, бағым ашылды.....................................243
Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ. «Жас Алашта» маған ыңғайлы жұмыс табылмады................................249 Келденбай ӨЛМЕСЕКОВ. Шəкəрім Парижде дəріс оқыған...............................................................255 Бейбіт ОРАЛҰЛЫ. «Бозжорға» əні – шығармашылық қолтаңбам.........................................261 Жұмабек АШУҰЛЫ. Абайдың отыз сегізінші сөзін терең түсінген адам міндетті түрде мұсылман болады.............................................................264 Гүлбаушан ТІЛЕУБЕКОВА. «Тамашаның» Аққуы мен Гəккуі атанып жүрміз...................................269 Қыдырəлі БОЛМАНОВ. Қыдырəлінің астында – кресло, қолында – «Гүлдер»............................274 Аманқос МЕКТЕП-ТЕГІ. «Төркологтың» кім екенін білмей жа тып, «төрколог» атанып жүргендер көп...........................................................278 Асқар НАЙМАНТАЕВ. Қырқымнан шығар-шықпастан Еңліктің баласы болып сахнаға шыққанмын..........................................283 Серік ҚАЛИЕВ. Халық əндерін орындасам, бір жасап қаламын......................................295 Қалдыбек ҚҰРМАНƏЛІ. «Қалдыбектің кедір-бұдыр мінезіне кешіріммен қараймын адалдығы үшін» дейді Шаханов...............................................................304 Ақберен ЕЛГЕЗЕК. Қатты қиналған сəттерімде ұлып-ұлып алатыным бар..........................313
Кітапты шығаруға жауапты –
«Қазығұрт» баспасының директоры
Темірғали КӨПБАЕВ
Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ
(Сұхбаттар жинағы)
Редакторы Əділхан КҮЛІМБЕТОВ
Суретшісі Нұран АЙЫМБЕТ
Техникалық редакторы Дарико ОМАРҒАЛИЕВА
Беттеген Ниязбай ОРАЗЫМБЕТОВ
Кітапта Айтжан Салықұлы түсірген суреттер пайдаланылды
ИБ № 316
Басуға 02. 06. 2012 ж. қол қойылды.
Қалыбы 84×1081/32. Офсеттік басылым.
Қаріп түрі Tіmes New Roman.
Шартты баспа табағы 16,0.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 6882.
«Қазығұрт» баспасының
компьютер орталығында теріліп, беттелді.
«Қазығұрт» баспасы, 050009, Алматы қаласы,
Абай даңғылы 143, 522-офис.
Телефон (факс): 8(727) 394-42-86
e-maіl: kazygurt@lіst.ru
http://www.kazygurt.kz
Тапсырыс берушінің файлдарынан
Қазақстан Республикасы «Полиграфкомбинат» ЖШС-нде басылды.
050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру