Ежелгі Греция
Дениз Райан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Ежелгі Греция
Ежелгі Греция Мен оқығанды ұнатамын! КБалаларға жылдам əрі дұрыс оқуды қалай үйретуге болады? Олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін қандай кітап таңдау керектігін білесіз бе? Бұл сұрақтарға балаларға арналған «Мен оқығанды ұнатамын!» бағдаламасы бойынша жарық көрген кітаптар сериясы көмектесе алады. Бұл серия 64 кітаптан тұрады, онда балалардың жас ерекшеліктерін жəне қызығушылықтарын ескере отырып əзірленген жəне құрастырылған материалдар бар. Серия 4 деңгейге бөлінген: «Оқып үйренемін» (5-6 жас), 16 кітап. «Оқи аламын» (6-7 жас), 16 кітап. «Өзім оқимын» (7-8 жас), 16 кітап. «Жақсы оқимын» (8-9 жас), 16 кітап. Алуан түрлі тақырыптар кішкентай оқырмандарды интеллектуалдық тұрғыдан дамытып, қоршаған əлемді тануға мүмкіндік береді. Балалардың жасына сəйкес блокта ұсынылған тақырыптар: «Жануарлар», «Жер Ғаламшары», «Ғылым жəне өнертабыстар», «Тарих». Бұл тақырыптардың əрқайсысында таңғажайыптар мен ең қызықты дегендердің барлығы ұсынылған. Балдырғандарыңыз осы əсем жəне пайдалы кітаптарды рахаттана оқитын болады! Мен оқығанды ұнатамын! ДЕҢГЕЙ Greeks_cover.іndd 1 Greeks_cover.іndd 1 20.10.11 17:44 20.10.11 17:44
Мəскеу
«Махаон»
Ежелгі
Греция
Greeks_block.іndd 1
Greeks_block.іndd 1
21.10.11 14:11
21.10.11 14:11
Мазмұны
Гректер əлемі . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
Гректердің киімі . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
Басты алаң . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
Сауда . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
Көзешілер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
Денсаулық жəне спорт . . . . . . . . . . 14
Үйде . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
Нан мен шарап . . . . . . . . . . . . . . . . 18
Мектепте . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
Театр . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22
Жұмыс басында . . . . . . . . . . . . . . 24
Ғибадатханалар . . . . . . . . . . . . . . . 26
Олимпиялық ойындар . . . . . . . . . . 28
Ойлан! . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30
Сөздікше . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
Greeks_block.іndd 2
Greeks_block.іndd 2
21.10.11 14:11
21.10.11 14:11
2500 астам жыл бұрын Ежелгі
дүниенің ұлы мəдениеттерінің
бірі пайда болды. Ежелгі
гректердің қалай өмір сүргені ту-
ралы осы кітаптан білесің.
Greeks_block.іndd 3
Greeks_block.іndd 3
21.10.11 14:11
21.10.11 14:11
Гректер əлемі
Ежелгі Грециялық өркениет Балкан
түбегінің оңтүстігінде пайда болды.
Шамамен 2700 жыл бұрын гректер
Жерорта жəне Қара теңіздерінің
жағалауларына өздерінің
отарларының негізін салып, тара-
лып орналаса бастады. Жаңа жер-
лерде олар өздерінің көптеген əдемі
қалаларын салды.
Гректер теңізге жақын
жерлерде өздерінің жаңа
мекендерін жасады.
Отарларда гректер
өздерінің отанындағыға
ұқсас қалалар мен
ғибадатханалар тұрғызды.
Greeks_block.іndd 4
Greeks_block.іndd 4
21.10.11 14:11
21.10.11 14:11
Бұл қызық
Гректер бүгінгі Болгария, Испания,
Италия, Ресей, Румыния, Түркия,
Украина, Франция мемлекеттері
орналасқан аумақтарда өз
отарларының негізін салды.
Greeks_block.іndd 5
Greeks_block.іndd 5
21.10.11 14:11
21.10.11 14:11
Гректердің киімі
Ежелгі Грецияда еркектер де, əйелдер
де иығында тиектеліп бекітілген жəне
белінде белдікпен таңылатын матаның
екі квадрат кесегі – хитондарды киген.
Бай грек əйелдері алтын жəне күміс
бұйымдар таққан.
Гректер қысуақытында қыста киілетін
хитонның үстінен жылы гиматий киген.
Күннен қорғану үшін кең жиекті қалпақ киген.
Жүннен
Зығырдан
Əйелдердің хитоны
Жылдың салқын мезгілінде грек əйелдері
жүннен, ал ыстық кезде зығыр хитондар киген.
Greeks_block.іndd 6
Greeks_block.іndd 6
21.10.11 14:11
21.10.11 14:11
Greeks_block.іndd 7
Greeks_block.іndd 7
21.10.11 14:11
21.10.11 14:11
Бас алаң
Грек қаласының қақ ортасында үлкен
алаң – агора орналасқан. Осы жерде сауда
жүріп, халық жиналыстары өткізілген.
Агора
Greeks_block.іndd 8
Greeks_block.іndd 8
21.10.11 14:11
21.10.11 14:11
Агораның ортасында сада
жайлары орналасқан. Алаңның
айналасында ғибадатханалар,
қоғамдық ғимараттар жəне
қолөнершілердің шеберхана-
лары орналасқан. Афинадағы
агораның үстінен асқақтаған
төбеде үлкен ғибадатхана –
Парфенон тұрған.
Парфенон
Жиналыс ғимараты
Сауда жайлары
Greeks_block.іndd 9
Greeks_block.іndd 9
21.10.11 14:11
21.10.11 14:11
Шарап, зəйтүн майы мен
дақылдарды кемелердегі
үлкен ыдыстар – амфо-
раларда тасымалдаған.
Суреттен оларды таба
аласың ба?
Сауда
Афина – маңызды сауда орталығы болған.
Тауарларды қаладан 6 шақырым жерде
орналасқан Пирей портынан жеткізген.
Порт айлағын үлкен қабырғамен
қоршаған.
Greeks_block.іndd 10
Greeks_block.іndd 10
21.10.11 14:11
21.10.11 14:11
Бұл қызық
Египеттен Афинаға ғрек отарлары
мен дақылдар жеткізілді. Оны
теңізбен Пирей портына жіберетін.
Greeks_block.іndd 11
Greeks_block.іndd 11
21.10.11 14:11
21.10.11 14:11
Көзешілер
Гректер шебер көзеші болатын.
Қолөнершілердің шеберханаларын-
да олар керамикадан жасалған
əрқилы ыдыстарға – сауыттар,
құмыралар, шаралар, қыш
құмыраларға - өрнек салды. Афи-
нада оларды қызыл саздан
жасады.
Бұл қызық
Сауыттарға салынған өрнектер
кітаптардағы суреттердей, ежелгі
гректер туралы: олардың қалай
өмір сүргенін, қандай құдайларға
табынғанын, қай батырларды қадір
тұтқанын айтып бере алады.
Афинадағы көптеген көзешілер
мен басқа да қолөнершілер
агораның айналасында орналасқан
шеберханаларда жұмыс істеген.
Greeks_block.іndd 12
Greeks_block.іndd 12
21.10.11 14:11
21.10.11 14:11
Greeks_block.іndd 13
Greeks_block.іndd 13
21.10.11 14:11
21.10.11 14:11
Денсаулық жəне
спорт
Ежелгі гректер өздерінің денсаулығын
қамын ойлаған. Олар гимнастикалық
залдарға барып, спортпен айналысқан.
Грек дəрігерлері ауруларды емдеу
үшін дəрілік өсімдіктерді жиі қолданған.
Ежелгі дəрігерлер аурудың қанын
ағызғанда оның денесіндегі ауырсынуы
бірге кетеді деп есептеген. Мына
дəрігер қыздың қолынан қан ағызды.
Дəрілік өсімдіктер
Жөтелді емдеу үшін дəрігерлер сайсағыз бен
аюқұлақты қолданып, ал ауырсынуды сасықшөппен
емдеген.
сасықшөп
аюқұлақ
сайсағыз
Greeks_block.іndd 14
Greeks_block.іndd 14
21.10.11 14:11
21.10.11 14:11
Greeks_block.іndd 15
Greeks_block.іndd 15
21.10.11 14:11
21.10.11 14:11
Үйде
Ежелгі Грецияда ғимараттарды қам кірпіш
пен ағаштан салып, шатырларын жабын
– қышпен жапқан. Еркектер мен əйелдер
үйдің əр түрлі бөліктерінде тұрған. Ішкі
аулада құдайларға құрбан шалынатын
қасиетті орын – алтарь болды.
Əйелдер бөлігі
Ерлер бөлігі
Greeks_block.іndd 16
Greeks_block.іndd 16
21.10.11 14:11
21.10.11 14:11
Грек отбасыларында құлдар
мен күңдер бүкіл үйдің жұмы–
сын атқарып, тамақ даярлап,
балаларға қараған.
Ішкі
аула
Greeks_block.іndd 17
Greeks_block.іndd 17
21.10.11 14:11
21.10.11 14:11
Бай гректер симпозиум деп
аталатын тойлар жасаған.
Құлдар тағамдар мен шарап
əкеліп, бишілер қонақтар
мен иелерінің көңілін
көтерген.
Нан мен шарап
Грецияның құнарсыз топырағы тек мал
жаюға болмаса, бидай өсіруге тіпті
жарамайтын. Есесіне күнмен мол
жарықталған таулы беткейлерде
жүзім мен зəйтүн жақсы пісетін.
Greeks_block.іndd 18
Greeks_block.іndd 18
21.10.11 14:11
21.10.11 14:11
Қонақасы
Тойларда қуырылған
құс, қозықұйрық пен
балық қойған. Əсіресе,
тунец бағаланған. Грек-
тер нанды зəйтүн ма-
йына шылаған.
Greeks_block.іndd 19
Greeks_block.іndd 19
21.10.11 14:11
21.10.11 14:11
Мектепте
Мектепке тек ұл балалар ғана барған.
Қыздар кейде аналарының қарауында
үйде оқу мен жазуды үйренген. Жасы
18 толған жігіттерді əскери іске
үйреткен.
Greeks_block.іndd 20
Greeks_block.іndd 20
21.10.11 14:11
21.10.11 14:11
Бұл қызық
Ұлдар ішекті аспап – лирада жəне
флейтаға ұқсас үрмелі аспап –
сыбызғыда ойнауды үйренген.
Мектепте ұл балалар-
ды оқу, жазу мен есепке
үйреткен. Олар бала-
уызбен жалатылған ағаш
тақташаларға өткір
таяқшалармен жазған.
Greeks_block.іndd 21
Greeks_block.іndd 21
21.10.11 14:12
21.10.11 14:12
Театр
Ежелгі Грецияның театрында трагедиялар
мен комедиялар қойған. Барлық рольдерді,
тіпті əйелдерді де еркектер орындаған.
Актерлер бетперде киіп ойнаған.
Greeks_block.іndd 22
Greeks_block.іndd 22
21.10.11 14:12
21.10.11 14:12
Гректер спектакльдерді ашық аспан астындағы
орасан зор театрларда қараған. Көрермендерге
арналған орындықтар қатарланып төбенің
беткейімен жоғарыға көтерілген, ал сахна
төменде орналасқан.
Greeks_block.іndd 23
Greeks_block.іndd 23
21.10.11 14:12
21.10.11 14:12
Жұмыс басында
Ыстық күннің астында гректер жүзімнің
өте көп өнімін жинаған. Жиналған
жемісті дастарқанға қойған немесе
онан шарап дайындаған. Бүкіл қиын
жұмыстың бəрін құлдар жасаған.
Жиналған жүзімді гректер өте үлкен
ағаш ыдыстарға сеуіп, шарап жа-
салатын шырынды сығып алу үшін
аяқтарымен тапайтын болған.
Greeks_block.іndd 24
Greeks_block.іndd 24
21.10.11 14:12
21.10.11 14:12
Бұл қызық
Əдетте, борышкерлер мен тұтқын
дұшпандарын құлға айналдырған.
Кейде құлдарды еркіне жіберген,
алайда, олар көп жағдайларда
бұрынғы иесінің үйінде қала берген.
Greeks_block.іndd 25
Greeks_block.іndd 25
21.10.11 14:12
21.10.11 14:12
Ғибадатханалар
Ежелгі гректер - құмтас, əктас пен
мəрмəр тастарынан керемет
ғибадатханалар салған. Ғимаратқа
бағандар жеңілдік пен əсемдік берген.
Кейбір ежелгі ғимараттар Грецияда
осы күнге дейін сақталып келді.
Кейде грек ғибадатханасындағы
баған рөлін - əйел пішінінің мүсіндік
бейнесі – кариатида орындады.
Бағандар
Ертедегі ғиба-
датханалар
бағандарының
жоғарғы жағын
əшекейлемеген.
Кейіннен оларда
шиыршықтар
мен жапырақтар
пайда болды.
Greeks_block.іndd 26
Greeks_block.іndd 26
21.10.11 14:12
21.10.11 14:12
Greeks_block.іndd 27
Greeks_block.іndd 27
21.10.11 14:12
21.10.11 14:12
Олимпиялық
ойындар
Біздің заманымызға дейінгі
778 жылы Зевс құдайының
құрметіне арналған,
спорттық сайыстар -
Олимпиялық ойындар
өткізіле бастады. Олар
қасиетті Олимпия қаласында
əрбір төрт жыл сайын өткізіліп, бес
күнге созылатын. Ойындарды өткізу
кезінде барлық соғыстар тоқтатылған.
Greeks_block.іndd 28
Greeks_block.іndd 28
21.10.11 14:12
21.10.11 14:12
Ойындарға тек
еркектер ғана
қатыса алатын.
Атлеттер толық
жалаңаштанып
сайысқа қатыса-
тын. Ең айтулы
сайыс – табақшаны
лақтыру болып
табылды.
Greeks_block.іndd 29
Greeks_block.іndd 29
21.10.11 14:12
21.10.11 14:12
Ойлан!
Əріптерден сөз құрап, оларға
суреттерді таңда.
ТРАТЕ
АРОГА
ТИНОХ
БАДАРҒАН
Greeks_block.іndd 30
Greeks_block.іndd 30
21.10.11 14:12
21.10.11 14:12
Сөздікше
Амфора – Ежелгі Грециядағы шарап, бидай, зəйтүн
майы жəне балық тұздығына арналған үлкен ыдыс.
Балкан түбегі – Оңтүстік Еуропадағы құрлықтың бөлігі.
Жерорта теңізіне кіріңкі орналасқан.
Гиматий – матаның тікбұрышты кесек түріндегі ежелгі
гректердің сырт киімі.
Ежелгі дүние – алғашқы қауымдық қоғам мен Орта
ғасырлар арасындағы адамзат тарихының кезеңі.
Комедия – қызық, көңілді сюжетті драмалық туынды.
Көзеші – саздан бұйымдар əзірлейтін шебер.
Құрбан – құдайларға тартылатын сый ретіндегі заттар
немесе жануарлар.
Лира – Ежелгі Грециядағы белағашпен бекітілген имек
жақтау пішіндегі ішекті музыкалық аспап.
Отар – басқа, мейлінше күштірек мемлекет жаулап
алған ел немесе аймақ.
Парфенон – қаланың жебеушісі əйел құдай Афина
Парфеносқа арналған Афинадағы бас ғибадатхана.
Сыбызғы – ағаштан немесе өсімдіктердің түтікті
сабағынан жасалған сыбызғы түріндегі үрме музыкалық
аспап.
Табақша – дөңгелек жəне жазық спорт жабдығы.
Трагедия – қаһарманының қазасына əкеліп соғатын
қайғылы жəне түнеріңкі жағдайларды бейнелейтін
драмалық туынды.
30-б. жауаптары: театр, бағаналар, хитон, агора.
Greeks_block.іndd 31
Greeks_block.іndd 31
21.10.11 14:12
21.10.11 14:12
УДК 372.416.2 ББК 74.200.585.00 Д73 «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МƏДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТІЛ КОМИТЕТІ «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЖƏНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БАСҚА ДА ТІЛДЕРІН ДАМЫТУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ». Бастауш сынып жасындағы балаларға Для младшего школьного возраста «ЕЖЕЛГІ ГРЕЦИЯ» Авторы Роберт Коуп THE GREEKS COPYRІGHT © 2008 WELDON OWEN PTY LTD CONCEІVED AND PRODUCED BY WELDON OWEN PTY LTD 59-61 VІCTORІA STREET, MCMAHONS POІNT SYDNEY, NSW 2060, AUSTRALІA Все права защищены. All rіghts reserved. © Перевод на казахский язык. ТОО «Книжный полюс», 2011 © ООО «Издательская Группа «Азбука-Аттикус», 2011 Machaon® ІSBN 978-5-389-03019-0 (каз.) ІSBN 978-5-389-00517-4 (русск.) ІSBN 978-1-74089-715-0 (англ.) ООО «Издательская Группа «Азбука-Аттикус» — обладатель товарного знака Machaon 119334, Москва, 5-й Донской проезд, д. 15, стр. 4 Тел. (495) 933-76-00, факс (495) 933-76-19 E-maіl: sales@attіcus-group.ru; іnfo@azbooka-m.ru www.azbooka.ru; www.attіcus-group.ru Қазақ тіліне аударған: Марал Жұмағалиева, редакторы: Мақпал Тажмағамбетова Баспагерден алынған эксклюзивті құқықтардың иесі «Кітап ұйық»ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев кошесі, 1, тел: (727) 2735906, 2735907 Суретімен 24 бет Басуға 2011ж.__ қазан қол қойылды Формат 70х100 1/16 ,жылтыр қағаз Шартты баспа табағы 1,93 Таралымы 11000 дана, тапсырыс № __ «№ 2 Офсетті баспа фабрикасы» ААҚ-да басылған 141800, Мəскеу облысы, Дмитров қаласы, Московская көшесі, 3. Greeks_block.іndd 32 Greeks_block.іndd 32 21.10.11 14:12 21.10.11 14:12
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру