TELEGEI

Home

Өлеңдер мен поэмалар 2-том

Несіпбек Айтұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Өлеңдер мен поэмалар 2-том

Өлеңдер мен поэмалар 2-том. Несіпбек Айтұлы

АҚЫНМЕН ҚОШТАСУ

Көлденең ақын жатты көз алдымда,
Қалтырап қарап тұрдым,
Бозардым да.
Ақылдым,

Санаңда сәл сәуле қалып,
Сол шақта маңайыңды сезе алдың ба?
Сұп-сұлық, мұздай суық кескін-мүсін,
Мызғисың,

Болмайды енді ешкімде ісің.

Кешегі даттап жүрген кейбіреулер
Мақтап тұр дәл қасыңда, естимісің?
Ғайыптан жатырсың ба бәрін көріп,
Жылап тұр бала-шағаң, жарың келіп.

Тағдырдан тұтқиыл бір жарлық жетсе,
Орныңа кетер кім бар жанын беріп?..
Мазасыз тіршілікке қайтқың келмей,
Әлде өзің зытасың ба тайтқып желдей?

Ең соңғы қас қағым сәт құпия ғой,
Айтсаңшы, ақтық лебіз айттың нендей?
Мәңгілік тұратұғын сені ескеріп,
Өтті ме туған далаң елес беріп?

Деді ме асқар тауың: «Қош бол, балам,
Тұтқасы дүниенің емес берік!».
Отырған жібекке орап, гүлге бөлеп,
Кетсеңші мына жұртқа бірдеңе деп.

Жалынсыз, жарығы жоқ жансыз дене,
Кірген соң қара жерге кімге керек?..

БІЗДІҢ АУЫЛ

Біздің ауыл бүркіттің ұясындай,
Тарбағатай тауының қиясында.
Қыран қонар тектұрды қасиетті
Шәуқарғаға шулаған қиясың ба?

Найза ұшына тұратын төсін тіреп,
Қайран мекен жатыр-ау жетімсіреп.
Бақыт құсы бір ұшып кеткеннен соң,
Қонбайды екен айналып екінші рет.

Қапталы мұз бұл таудың, өңірі қар,
Екіталай арбасқан өмірі бар.
Ата-баба сүйегі жатқан жерде
Әлдекімнің, япыр-ау не құны бар?

Шүршіт те алған бұл тауды, қалмақ та алған,
Тағдыр солай мойнына салмақ салған.
Тарбағатай аумайды мүгедектен,
Денесінің жартысы сал боп қалған.

Сан заманның бұл таудан бұлты көшкен,
Ес білген ел шығармас жұртын естен.
Қалың қазақ ежелден еркін жайлап,
Көкпар тартып, той тойлап дүркірескен.

Онда ізі бар бабамның тұлпарының,
Естігенмін шыңынан сұңқар үнін.
Күрсінеді күңірене көкірегі,
Іздей ме екен байғұсым іңкәр ұлын?

Ауық-ауық тұрады жылап алып,
Бір қуарып самайы, бір ағарып.
Ел қайғысын қара жер тартады екен,
Жер қайғысын сезер ме мына халық?

ШӘКӘРІМ ТОШАЛАСЫНДА

Қарайлап өткен өмір тоса ала ма?
Қаншама құпия бар осы арада.
Тұратын мұңды асырып, сыр жасырып,
Мен келдім ақын жатқан тошалаға.

Ағатын күнге еркелеп, күліп айға,
Бұлақтар, не білесің, тілі майда?
Жартастар, кәне, маған қайтарып бер,
Күңіренген кәрі ақынның үні қайда?

Қайдасың, қара бастау жыр қайнаған?
Тереңнен сылдырыңды тыңдай қалам.
Болар ма пенде, пііркін, мұндай надан,
Тіліңді, жарықтығым, кім байлаған?

Сені іздеп бауырынан кер бөктердің,
Бір тамшы кәусарыңа шөлдеп келдім.
Тұяғы тасқа батқан тарланым-ай,
Ізіңнен ерекше бір өрнек көрдім.

Келмейді ат ізін can мұнда халық,
Жапанда жабығасың мұңға оранып.
Тұр неге мына дүние меңірейіп,
Ормандай тына қалған шулап алып?

Басынан Шақпақтының айналар бұлт,
Кетерін білмей тұр-ау қайда қаңғып.
Сол бұлттың қабағына қарай-қарай,
Күрсініп күндіз-түні ойланар жұрт.

Селдетіп сағыныштың бұлтын кейде,
Шақпақты мен келгенде сілкінбей ме?
Шырғадай шырматылған дүниеде
Шеше алмай жұмбағымды жүрсін дей ме?

Басыңды көтерсеңші, ардақтым-ау,
Еңсеңді басып түр ма салмақ мынау?
Түкпірін қара түннің нұрландырып,
Оңаша осы арада шам жақтың-ау!

Өмірлік алдыңа кеп жүтінермін,
Көзіңе көңіліңнің үңілермін.
Баладай бар дүниені алдыңа алып,
Күбірлеп, осы арада күңірендің.

Сеземін келер күннің алдамасын,
Қиянат соғар түбі жарға басын.
Мына бір тас бастаута үңілейін,
Түбінде тұнып қалған бар ма жасың?

Ояншы қатты ұйқыңнан, кәрі бабам,
Рухың қысылғанда дәрі маған.
Арбасып, арпалысып тағдырың тұр,
Туғалы жақсылыққа жарымаған.

Осылай деп жырладым көп жылдары,
Көрініп қалмағандай ел жұрнағы.
Қақ жарып қара тасты шықты ақыры
Жазықсыз жоса болған ердің қаны.

ЕСІҢДЕ МЕ?

Жаз күркесін күз келіп жығар әлі,
Өрекпумен өзендей жыл ағады.
Шағаласын шақырып шалғай кеткен,
Көлдерім тұр көзімде жылағалы.

Жайлау үсті.
Сонау бір жырадағы,
Кұлағыңда жүр ме әлі бұлақ әні?
Кірпігіңе ілініп жұлдыз тамшы,

Шақ тұрдың-ау сен сонда жылағалы.

Қарауытып, көрінбей ауыл маңы,
Қоңыр түннің көрпесі қалыңдады.
Тұрдым мен де ұмытып дүниені,
Есіл-дертім сенде боп жанымдағы.

Ым қаққандай
Жұлдыздар жымыңдаған,
Сырласқандай
Шегіртке шырылдаған.

Кереметін көрсетпей келіпті ғой
Мына тұрған табиғат бұрын маған.

Жанарыңа жанарды тұрдым қадап,
Езу тартып, жай ғана күлдің замат
Қызғанды ма,
Жүзіңді көлегейлеп,

Бүркей берді қара түн тұнжыр қабақ.

Ойхой, дүние!
Ол дәурен қайда маған?!
Өтеді өмір біртіндеп майдалаған.
Қызғанып ем сол сәтте мен өзіңді

Тау-тастан,
Тоғайдан,
Айдаладан...

Біле алмаймын, бұл күнде жүрмін қалай?
Жастық құсы сайрамай, жыр жырламай?
Көрген түстей көшеді көз алдымнан,
Өткен өмір тұра ма бұлдырламай?

Қызғалдақтай үлбіреп құмға шыққан,
Тұрушы едің шақырып тым қашықтан.
Жұтып жастық сусынын бір кеседен,
Татып едік балын да бір қасықтан.

Есіңде ме
Сол бір түн - Қасқабұлақ,
Секілді еді секіріп қашқан лақ.
Қасқа бұлақ

Ойыма оралғанда,
Жанарымды аламын жасқа бұлап...

Жыл құстары қиқулап,
Көшкенде өзен сеңдері,
Көкірегіңде күй тулап,
Сағындың ба сен мені?

Гүлдер қақса қанатын,
Қызыл оттай қыр лаулап,
Таусылып бар тағатың,
Толқындармен бірге аунап,

Сағындың ба сен мені?

Самал майда тілімен
Жапыраққа сыр айтса,
Аққан жұлдыз түнімен
Жүрегіңді мұңайтса,

Сағындың ба сен мені?

Жаз жылжыса, күз жуық,
Дауыл шайқар еменді.
Сезіліп сәл ызғырық,
Қалтыратса денеңді,

Сағындың ба сен мені?

Бірте-бірте білінбей,
Суық соғар іргеңнен.
Қайта шықпас гүліңдей,
Жастығың да бір келген,

Сағындың ба сен мені?

Айта алар ма түгендеп,
Аспан менен жер тілі?
Сағынышқа тірелмек
Махаббаттың төркіні,

Сағындың ба сен мені?

Көру үшін пендені
Көзін салмас ай төмен.
Сағындың ба сен мені,
Мен сағынсам қайтер ең?!

СОҒА КЕТСЕҢ ҚАЙТЕДІ?

Соға кетсең қайтеді, жарқыным-ау;
Сағыныш пен уайымның парқы бір-ау
Немқұрайды, қатыгез қарайтындай,
Арзан ба еді өмірдің нарқы мынау?

Әр минуты тірліктің қымбат қанша,
Өмір өтер кірпікті бір қаққанша.
Табамыз ба татулық, таппаймыз ба,
Көз байланып,

Қарайып күн батқанша?

Қайғы болсам,
Шаттық боп келмейсің бе?
Қайық болсам,
Толқын боп тербейсің бе?

Толастамас нөсер боп жауар едім,
Сахара боп
Сен маған шөлдейсің бе?

Көз жасы боп келсең-ау күрсінгенде,
Шарайнасын шаң басқан жусын кеуде.
Қуат беріп, қуантып кетсең нетті
Қалжыраған...

Қажыған құр сүлдерге.

Не өтпейді ғұмырда бастан мына,
Жүздесуден жүрегің жасқанды ма?
Бала көңіл
Соқпағы біткен жерден

Ала көңіл
Сүрлеуі басталды ма?

Соға кетсең қайтеді, жарқыным-ау,
Сағыныш пен уайымның парқы бір-ау.
Немқұрайды, қатыгез қарайтындай,
Арзан ба еді өмірдің нарқы мынау?!

БАҚАНАС - БІЗДІҢ БАЛАЛЫҚ

Ұл едік онда, қыз едік,
Бір емес едік - жүз едік.
Бақанас деген өзенді
Олай да кешкен - біз едік,

Бұлай да кешкен - біз едік!

Бұрымын иіскеп бал қыздың,
Жұпарын жүттық жалбыздың.
Бақанас өзі жұбатты
Жабырқап қалсақ жалғыз күн.

Адамның жастық ғұмыры –
Шапқан бір аттың дүбірі.
Кұлағымда әлі жүр менің
Қыздардың тәтті күбірі.

Оралса ойға кейде осы,
Жыртылар көңіл жейдесі.
Жүрегімде әлі жүр менің
Қыздардың уыз бейнесі.

Алысқа бетті түзедік,
Ұл едік кеше, қыз едік.
Балалық деген өзенді
Олай да кешкен - біз едік,

Бұлай да кешкен - біз едік!

ЖАСЫРЫНДЫҢ СЕН МЕНЕН

Жүрегімді орадым да жалынға,
Маздадым мен жүйріктің жалында.
Көз алдыма келді дүние дөңгелеп,
Ал бірақ та сен болмадың жанымда.

Қанат байлап ұштым самал желменен,
Ұшырастым көзге таныс жерменен.
Көкжиектің шымылдығын түрсем де,
Көрінбедің, жасырындың сен менен.

Теңіз бардым көк дауылын сапырған,
Аяздан да сұрап көрдім ақырған.
Жапырақтардың мұңлы жырын тыңдадым,
Сағынысқан, бірін-бірі шақырған.

Қанша жүрсең жеткізбестей жер шегі,
Жолдың шаңы басар кейде еңсені.
Асыл тасы суға кеткен жандай бір,
Тұңғиықтан көп іздедім мен сені.

Ақ қайыңдар билеуші еді алдыңда,
Әлде соған қайта айналып бардың ба?
Әлде, мүмкін, жазғы нөсер жауынның
Бір тамшысын тасаланып қалдың ба?..

Тездете алмай ай менен жыл жүрісін,
Сағынумен өткізген күн құрысын.
Өмір бойы келесің мекендеумен
Жүрегімнің құпия бір бұрышын.

Толқын атып түрасың маза бермей,
Тұңғиықта жатқан бір таза көлдей.
Сен қозғалсаң,
Қозғалып сеңім менің,

Отырамын соққыңнан әзер өлмей.

YMІTІM EЛEC БЕРМЕЙ...

Тоқтатар қайда едің сен, сүйікті жан,
Көңілдің көк дауылын ұйытқыған?!
Отырмын саған барар жол таба алмай,
Орап ап алды-артымды тұйық тұман.

Бүркенді боз қырауын арман-шынар,
Сілкінсе, салмағынан жан жаншылар.
Келсеңші, жүрегіңнің түкпірінде
Бірдеңе бізге деген қалған шығар.

Өтер күн...
Болмас, сірә, ол кімге елес,
Сендірмес,
Тағы саған сендім демес.

Міз бақпас - тау қозғалмас, жел де үндемес,
Сен осы кеттің бе ерте,
Келдің бе кеш?

Үмітім елес бермей сонша күткен,
Отырмын түнгі ормандай томсарып мен.
Жанымды жан ұға алмас жұмбақ күйде,
Жасырын әлденені аңсап іштен.

Жүйріктей жолы болмай шаңда қалған,
Оранса ақ көбікке саңлақ арман,
Біртіндеп қыран-көңіл жерге түсер,
Бір кезде биігінен самғап алған.

Бұл жастық кімге мекен, кімге тұрақ,
Тартарсың тізгініңді бір тоқырап.
Жүректің құпиясы жасырылмас,
Жүзіңді жасырса да сұр топырақ.

Шытынап бара жатыр басым неге?
Білемін -
Шаршадың сен, асыл неме.
Өзгеріп секундқа ай мен жылдар,

Сағатқа қысқармайды ғасыр неге?

Айналып жұмыр жерге басым неге,
Орман боп шуламайды шашым неге?
Көкірегім бола қалып алып мұхит,
Жүрегім жүзіп жүрсе - жасыл кеме.

Көз жасым жұлдыз болып шашылмай ма,
Жанарым күн боп көкке асылмай ма?
Тұратын мың құбылып жан дүнием
Жаңа бір әлем болып ашылмай ма?

Ғажап-ау,
Орындалса көңілдегім,
Ақтарып тұрсам ылғи өмір кенін.
Біреулер әуреленіп жүрсе, шіркін,

Шеше алмай құпиямды небір менің...

Кірпігі күннің талғанда,
Сүйенер сеңгір тауларға.
Маужырап барып батады,
Үмітін артып таңдарға.

Мәңгілік зырлап дөңгелер,
Айналып ертең ол келер:
Мұңлы да, мұңсыз әндетіп,
Жер-бесік тынбай тербелер.

Мәңгілік зырлап дөңгелер,
Айналып ертең ол келер.
Бұзылған дүние жөнделер,
Қамыққан көңіл емделер.

Тірлікті күн ғой топшылар,
Жазылмас жара жоқ шығар.
Жайратып жасын кетсе де,
Көгерер қайта көк шынар.

Әрқашан болып дегені,
Әлемді жалғыз өбеді.
Махаббат, арман, үмітті
Арқалап ұшып келеді.

Қанатын қағьш күн өтер,
Тірлікті үзбей түлетер.
Жамандық түнін жүдетер,
Жақсылық таңын үдетер...

Келеді дәйім айналып;
Қуаныш, кейде қайғы алып.
Үрпіктей - күннің нұрына,
Үзілместей боп байланып,

Тұрсақ-ау мәңгі айналып!

БАЛАЛЫҚ

Балалық қалды бір қызық
Бұлдырап қырдың астында.
Әкетті жылдар мінгізіп
Біздерді асау тасқынға.

Балалық қалды - гүл қалды,
Дүние гүлдей ырғалды.
Болдық та жігіт сындарлы,
Біздерді уақыт сынға алды.

Көгілдір аспан - көк жібек,
Қараймыз алға жарысып.
Кеңейе түсіп көкжиек,
Келер күндермен танысып.

Шабамыз атты сабылтып,
Өтеміз судан жүздіріп.
Сарғайтып, қатты сағынтып,
Кірпігін ойдың сүздіріп.

Тартамыз тауға жасқанбай,
Қауіпті қүз бен қиясы.
Біздерге құшақ ашқандай
Қияда қыран ұясы.

Жүреміз терге малшынып,
Бірде өрде, бірде еңісте.
Арқамыз жүктен жаншылып,
Шығамыз кейде тегіске.

Ол бізге бірақ қиын ба,
Тұрамыз бойды тік ұстап.
Тартамыз тағы қиырға,
Алған соң біраз тыныстап.

Көп жерден дәм-тұз татамыз,
Белгісіз - қашан тынамыз?
Таңменен бірге атамыз,
Күнменен бірге шығамыз.

Құтылып бізден қашар ма
Жүйрігі мынау жалғанның?
Күтіп ап алдан қашанда,
Тұрады ауылы арманның.

Барған жер сауық құрады,
Жеңілдер жанның жүгі ауыр.
Әйтсе де жетпей тұрады
Балалық деген бір ауыл.

Аңсаймыз қамсыз ойынды,
Жалт беріп, кейін қашамыз.
Бұра алмай бірақ мойынды,
Еріксіз алға басамыз.

Көкке ұшып,
Жайды кессең де,
От құшып,
Жалын кешсең де,

Балалық деген ауылға
Орала алмайды еш пенде,
Жолай алмайды еш пенде...

ТАҢҒЫ ТОЛҒАНЫС

Таңда мені тербейді арман,
Ой көзінен от өріп.
Жүргендеймін сөнбей қалған
Түн жұлдызын көтеріп.

Қалтарысқа төксем бе екен
Жұлдызымның жарығын?!
Түнге беріп кетсем бе екен
Жанымның бар жалынын?!

Қақшы тағы, таң қанаты,
Көкірегіме күй бітсін.
Аласұрған арман аты
Арындап бір құйғытсын.

Жүрегіммен жыр қайнатып,
Отырып ем түнімен.
Таң келеді!
Сырнайлатып,

Әнші құстар үнімен.

Аспан асты сарғаяды,
Өзгермейтін салтымен.
Таң келеді!
Сол баяғы

Сүттей таза қалпымен.
Балқытқандай жан денені,
Маужырайды бар маңай.
Еске салып әлденені,

Тербетеді таңғы арай.

Өшіре алман көңіл өртін,
Несін енді сыр бүгем?
Қайда күнім емін-еркін,
Таң нұрына сүңгіген?!

Таңдар атар,
Нұр жалатар,
Күн артынан күн келер.
Өмір өтер...

Мұңға батар
Кешегі ойнап-күлген ер.

Көңілім көкке құлаш ұрсын,
Қарай ма өмір бір маған?!
Асау жүрек, жуасырсың,
Тізгін бермей тулаған.

Аулақ менен, мұң самалы,
Аймалама жанымды.

Жан айнасын кір шалады,
Салқындатсаң қанымды.
Уақыт құсы алтын қанат,
Самғайды өмір әнін caп.

Таң келеді!
Жарқын қабақ,
Таңдай менің жаным шат.
Ақ торғындай таң келеді,

Жер оянды жадырап.

Өмір-терек сәнденеді,
Жапырағы жамырап.
Қарсы ап, бәлкім, алғаш таңын,
Келді өмірге бүлдіршін,

...Қимай соңғы таңғы аспанын,
Кетті біреу, кім білсін?..

Таң келеді шұғылалы,
Дүние тұр қүлшынып.
Шүғыладай құбылады
Алма-кезек тіршілік...

Ағарды аспан түн түріле,
Мөлдірейді таң шығы.
Тұрдым іліп кірпігіме
Таң шығындай тамшыны...

Уақыт құсы алтын қанат,
Самғайды өмір әнін caп.
Таң келеді!
Жарқын қабақ,

Таңдай менің жаным шат.
Ақ торғындай таң келеді,
Жер оянды жадырап.

Өмір-терек сәнденеді,
Жапырағы жамырап.
Қарсы ап, бәлкім, алғаш таңын,
Келді өмірге бүлдіршін,

...Қимай соңғы таңғы аспанын,
Кетті біреу, кім білсін?..

Таң келеді шұғылалы,
Дүние тұр қүлшынып.
Шұғыладай құбылады
Алма-кезек тіршілік...

Ағарды аспан түн түріле,
Мөлдірейді таң шығы.
Тұрдым іліп кірпігіме
Таң шығындай тамшыны...

ӨКІНІП ҚАЛМАС ҮШІН

Гүл көктем,
Қызық көктем,
Жалын көктем!
Сарылып аңсады ғой жаным көптен.

Мөлдіреп жанарыма тұна қалдың,
Сырлы еді,
Сиқырлы еді әнің неткен?!

Сен де -
Бір көкейіме түйген өлең,
Үйімнен тысқа қарай сүйрелеген.
Таулар түр желпінгендей алқам-салқам,

Ағытып омырауын түймелеген.

Киіп ап қылықты орман көк көйлегін,
Шақырды көз алдымнан кетпей менің.
Кідірмей алып-ұшып жүгірер ем,
Көбеңдеп қалғаным ба, жетпей демім?

Андыздап тілім-тілім таспа бұлақ,
Ағады Алатауды жастанып ап.
Тарқамас табиғаттың той-думаны
Менсіз де кеткені ме басталып-ақ?!.

Өкініп қалмас үшін соңырада,
Жетсем бе тым болмаса соңын ала?
Жастығым көне тоздау көйлек киіп,
Жарқ етіп, бір тасадан жолыға ма?!

Байғұсым маған жылап мұң шағар ма,
Өкпе айтып мұнша нөсер,
Мұнша қарға?
Немесе үрке қарап анадайдан,

Ерсілеу жүрісіме мін тағар ма?..

Ойпыр-ау, алынған ба тас қамалым?
Қобалжып, жүрексініп, жасқанамын.
Абайлап сөйлесейін, арындамай,
Таппасам болмас енді басқа амалын...

ӘНШІГЕ

Ән қандай, әуен қандай, әнші қандай!
Асқақтап бұлтқа барып шаншылардай.
Ерке әуен еркеленіп шыққан сәтте
Көзіңнен ыстық жасың тамшылардай.

Деміңді ішке тартып үн шығармай,
Тыңдайсың асау жүрек тұншығардай.
Қоздатып қозғағанда көңіл сырын,
Боласың өле-өлгенше құлшынардай.

Қайран ән тебірендірген, табындырған,
Артық па алқа тақсам лағыл жырдан?
Жүректің түкпіріне сәуле төгіп,
Тұрып-ақ көз алдымда сағындырған.

Мамырлап майда ғана қағатын жай,
Мақпал ән мұңлы аққудың қанатындай.
Қондырсам үлбіретіп алақанға,
Тек содан жаным рахат табатындай.

Шырқаса нөсерлетіп, жаңбырлатып,
Қалшиып қарауылдай қалдым қатып.
Адамға ең алдымен ән сыйласын,
Егер де сыйлар болса тағдыр бақыт!

ТҮНГІ ТЫНЫШТЫҚ

Қап-қара қою түн еді,
Абалап төбет үреді.
Ауылдың маңын торыған
Ит-құстың барын біледі,

Сондықтан, бәлкім, үреді...

Ғажап-ау түннің реңі,
Таусылмас айтса жыр еді.
Сулығы аттың сылдырап,
Іргеде бұлақ күледі.

Ауасы неткен жағымды,
Ошақта алау жағылды.
Сағындым осы жалынды,
Бөлейтін нұрға жанымды.

Маужырап, балқып тұр маңай,
Сырғадай анау - туған ай.
Сау етіп жерге түсердей,
Жұлдыздар толқып тұрғаны-ай!

Аспанның мөлдір шарасы
Толғандай нұрға, қарашы!
Тұтасып кеткен түн қандай
Көк пенен жердің арасы.

Қарауытты, әне, құба тал,
Қамығып барсам жұбатар.
Өмір-ай, шіркін, өтпелі,
Қуантып бірде жылатар.

Тербеліп тұр-ау ол мұнда,
Баяғы қалпы орнында.
Ұмытты, бәлкім...
Қасында

Болмадым ба әлде болдым ба?!

Ал оған уақыт не қылар,
Жыл сайын желек жамылар.
Мен бе екен жалғыз осынау
Құба бір талды сағынар?

Менен де басқа табылар...

Мақпалдай қара реңі,
Жібектей жұмсақ түн еді.
Тыныштық, неткен тәтті едің,
Тек қана төбет үреді.

Қойлар той қасқыр ермегі,
Төбетті бұйым көрмеді.
Оқтады шопан мылтығын,
Атпасқа ерік бермеді.

Гүрс етті дауыс ұңғыдан,
Сілкіне шошып тұрды маң.

Ұңғылар емес пе осы
Талайдың басын қылғыған.
Селк етті тау да, қырат та,
Селк етті өзен, бұлақ та.

Селк етті тал да, құрақ та,
Селк етті қозы-лақ та...
Күзеткен жақсы-ау,
Бірақ та...

Зу еткен оқтың ызыңы Түрпідей тиді құлаққа...
Түрпідей тиді құлаққа...

ШІРІГЕН ГИЛЬЗА СЫР АЙТАР

(Әзілхан Нұршайықовқа)
Сұмдық бар қанша мұңайтар
Соғыстан қалған гильзада.
Шіріген гильза сыр айтар

Қаралы күннен зілзала.

Өмірлік естен кетпейтін,
Адамға жау бар - оқ дейтін.
Жері жоқ тесіп өтпейтін,
Жері жоқ ұшып жетпейтін.

Топыраққа түссе шіриді,
Дән емес қайта көктейтін.
Көлдетіп елдің көз жасын,
Басына қайғы торлатып,

Гильзадан ұшқан қорғасын
Талайды кетті сорлатып.

О балы кәрі-жастың да
Алапат қанды тасқынға.
Гильзалар жатыр қаншама
Топырақтың шіріп астында,

Көмейі толып тас-құмға.
Көрсетпес ажал күш кімге,
Ұшқанда оқтар тызылдап?
Жып-жылы қанның үстінде

Гильзалар жатты шыжылдап.
Борандай оқтар бұрқады,
Санына оның жетті кім?
Гильзалар толған қырқаны

Көмкерді қалың шөп бүгін...

Ақтарып майдан-төбені,
Көзінен ыстық жас парлап,
Ақ шашты аға келеді –
Кешегі өрім жас солдат.

Ке HІеде, кеше, кешегі...
Қан кешкен жері осы еді.
Қатыгез қасірет кеселі
Көкейден қалай өшеді?!

Алдынан көздің кешегі
Сұрапыл сурет көшеді.
Селдеткен оқтың нөсері
Денесін жердің теседі.

Әнеки, анау досы еді,
Омырауын оққа төседі.
Найзадай үшкіл жүрекпен
Ажалдың шоғын көседі.

Әлдилей ала жөнелді
Қара жер - қалың төсегі...
Жаңғырып, жаны сілкініп,
Теңіздей тулап бұлқынып,

Үдере көшіп барады
Елестің бұлты жыртылып.

Арқалап асыл парызды,
Іздеп түр кешегі әр ізді.
Майдандас достар жаны ізгі
Қасына келген тәрізді.

Табылған окоп түбінен,
Қолында гильза шіріген.
Сезілер қасірет салқыны
Суытқан мынау түрінен.

Талқыға салар талайды
Өмірдің өр мен қиясы.
Гильзаға суық қарайды
Секілді ажал ұясы.

Осынау сырлы ғаламда
Таусылар ма арман адамда?!
Толғантып дүние тағдыры,
Төгеді мұңын қаламға...

ШЫҒАРМАС ОТАН МӘҢГІЕСТЕН

Соғыстың жүзі ызбарлы,
Соғыстың ізі ызғарлы.
Жібітпес ақын жыры да,
Ерітпес күннің нұры да

Кеудеге қатқан мұз-қарды!

Соғыстың жүзі ызбарлы,
Соғыстың ізі ызғарлы.
Шығармас Отан мәңгі естен
Жас жанын қиып, қан кешкен

Кешегі ұл мен қыздарды!

Соғыстың жүзі ызбарлы,
Соғыстың ізі ызғарлы.
Алмаса жаудан солар кек,
Татпас та, бәлкім, болар ма ек

Бақыттың дәмін біз мәңгі!

БЕЛГІСІЗ АВТОМАТ

Аспаннан бомба төгіліп,
Қысқанда майдан қат-қабат,
Окопта қалды көміліп,
Ұшты да қолдан автомат.

Жұмған соң көзін жас қыран,
Автомат қайда - білді ме?
Табылып топырақ астынан,
Музейде бүгін тұр, міне!

Жүрегім өксіп езіле,
Тереңнен ащы мұң қозғап,
Көргенде соны көзіме
Елестеп тұрды бір боздақ.

Көресі көріп не түрлі,
Шіріген әбден темірі.
Белгісіз солдат секілді,
Белгісіз мұның нөмірі.

ЖАРЫЛМАҒАН БОМБАЛАР

Ашу қысып, булығып,
Өз-өзінен долданар –
Жатыр жерде бұғынып
Жарылмаған бомбалар.

Ажал сақтап ішінде,
Шыдап бақты, шыдасын.
Жарылмағаны үшін де
Кешіреміз кінәсін.

Қылмыстан көз ашпаған,
Қасірет ізі суынбас.
Сол бомбаны тастаған
Жау кінәсі жуылмас.

ТАҢБА – «39952»

Ирина Михайловна Харинаның білегіндегі
бұл таңба - Освенцим концлагеріндегі реттік нөмірі.
Газеттен
Таңбалар,

Таңбалар - қара дақ,
Жүреді қаныңды, миыңды аралап.
Сұғады инесін,
Шаншиды найзасын,

Жүйкені, жүректі жаралап.

Таңбалар,
Таңбалар,
Сөйлейді мәңгі олар,
Фашизм тілінде қызармай.

Кернейді кеудені таңға олар,
Талқандап бұзардай.

Тіл қатса таңбалар,
Ауырлар ой-кемең жүзе алмай.
Түксиіп қарайды әлі де
Білектен - Денеден,

Атыңды қарамен біржола сызардай...

Освенцим тас қабырғасында
Кеппестен көздердің тұр жасы.
Күңіренер ғасырдан ғасырға,
Тұтқындар - тіршілік сұлбасы.

Сақталар ажал тәрелкесінде
Қырғындар қанының тұнбасы.
Адамнан темекі тартты ширатып,
Крематорий мұржасы...

Таңбалар еске caп талайды,
Освенцим көзімен қарайды:
Европа төрінен,
Вьетнам жерінен,

Сахара шөлінен,
Үндістер көрінен,
Хиросима түнінен,
Сталинград түбінен,

Ардагерлер түрінен,
Жанғандар күлінен –
Мұндалап тұр әлі таңбалар!

Білекте таңба бар –
Жүректе таңба бар.
Өшпейді мәңгілік,
Тұрады жаңғырып,

Сұмдықты әйгілеп таңғалар...
Таңбалар,
Таңбалар –
Фашизм індеті.

Таңбалау - міндеті.
Әйелдің таңбалы білегі - Тарихтың қаралы бір беті...

ТРАУР

Шошынып бейбіт күн,
Оқ тағы сөйледі.
Қып-қызыл Бейруттың
Аппақ көйлегі.

Жер-ана назалы,
Көз жасы тым ауыр.
Ливан қазалы,
Қаралы траур,

Траур!

Зұлымдық мүлги ме
Зарлатпай, сірә, бір.
Кампучи, Чилиде
Қаралы траур,

Траур!

Айтқысыз азабы,
Қасірет түн ауыр.
Арабтар азалы,
Қаралы траур,

Траур!

Жүректі езеді
Мұндайда жыр ауыр.
Дүниені кезеді
Қаралы траур.

Траур!

Қайыспай көтердік,
Ғасырдың жүгі ауыр.
Тарихта жетерлік
Қаралы траур,

Траур!

Отаны опаттың,
Кұрысын, күні ауыр.
Сұмдығы ол апаттың,
Қаралы траур,

Траур !

ТҮНДЕ ҰШҚАН ТЫРНАЛАР

Тырналар түнде көкте тыраулады,
Күндізгі бітпегендей мұң-арманы.
Мұңайтып байғұстардың мынау хәлі,
Жүрегім бүлк етті де бір аунады.

Тырналар, түнде неге сымпылдадың,
Ұқпадым мұнда қандай сыр тұрғанын.
Бездіріп жеті түнде жылы орнынан,
Батырған момындарға кім тырнағын?

Қою түн қабатының арасында
Адаспай бір-біріңді табасың ба?
Тырналар, түн ішінде бұл не сапар,
Қаралы хабар алып барасың ба?

Тағы да кім батты екен қайғы-мұңға,
Тағы да оқ атылды қай қиырда?
Тырналар, түн қатудың себебі не,
Күндізгі қым-қуыттан айныдың ба?

Күйді ме қалың өртке қанаттарың,
Айтсаңшы жайларыңды, қарақтарым.
Үндеріңді естігенмен,
Өздеріңді

Таба алмай түн қойнынан алақтадым.

Беймезгіл сапар шекпес сақтанғандар,
Шошынар ұйқыдағы жатқан жандар.
Онсыз да ел есінен шығар емес
Майданға түнделетіп аттанғандар...

ЖҮРЕГІМНІҢ КАНАТЫ БАР

Көрдің бе, жүрегімнің қанаты бар,
Кім оған ұшам десе ара тұрар?
Қиырға қас қағымда тартып кетті,
Қос қанат самғау үшін жаратылар.

Қанатын тынбай қағып сол бетпенен,
Ол жетер көп жерлерге мен жетпеген.
Топшысын талдырса да қарсы дауыл,
Ағынын бәсеңдетпес көлбеп төмен.

Қыраным қонар, бәлкім, шыңға барып,
Бар сырын дүниенің тыңдап алып.
Кім білсін, отырар ма кері қайтпай,
Қанатын қалың тұман - мұңға малып.

Болмаса еркін шарлап, шалқып бүгін,
Шолады қара жердің бар түкпірін.
Қайғы ма,
Қуаныш па,

Жұбаныш па -
Мойныңа қайтары анық артып бірін...

Көк нөсер қауырсынын сауыс қылып,
Зулайды желмен өзін жарыстырып.
Жер бетін шыр айналып шыққанынша
Алады күн мен түнін ауыстырып.

Солайша көпті көзден өткереді,
Сезініп қысты,
Жазды,
Көктемені...

Жанындай жақсы көріп біреулерді,
Немесе біреулерді жек көреді...

Біле біл, мейлің мұны, біле білме,
Әлемнің құпиясы жүрегімде.
Тұрғандай секілденер сондықтан да
Тұтқасы дүниенің бір өзімде!..

КӨКЕК ҚАРЫ

Қар ма бұл көктемдегі қылаулаған?
Барады қозғау салып мынау маған.
Бұл өмір ұқсап кетті қарлы шыңға,
Басында будақ бұлттар мың аунаған.

Шынымен бұрқап тұрған қар ма мынау
Табиғат, тағы да бір алдадың-ау!?
Мезгілсіз, жарықтығым, несін жаудың,
Бәрібір орындалмас арманың-ау!..

Күні өтсе не нәрседе қадір қалмас,
Қара жер қазір саған орын болмас.
Керегі дүниенің сен емессің,
Қымсына ұсынғанмен қолыңды алмас.

Жаныма ыстық сезім тастадың да,
Лып етіп еріп кеттің қас қағымда.
Айналып күз келгенше сағындырып,
Жақсы еді-ау тоса тұрсаң аспаныңда...

ЖАҢБЫР ӘНІ

(Әкем Турысбекке)
Сыйлар маған бақытын тағдыр әлі,
Көк аспаным жай атып, жаңғырады.
Жаңғырады - Төгілер жаңбыр әні,

Жаңбыр әні - Жанымның сусыны ғой,
Өле-өлгенше шөлімді қандырады.

Нұр сауласа бұлттардың қанатынан,
Жаңбыр әнін тыңдаумен таң атырам.
Жаңбыр әні күні бойы тынбаса егер,
Күтіп тұрған жұмыстан қала тұрам.

Айналам да тамшыға бір-ақ сәтте,
Дүниеге қайтадан жаратылам.
Тыңдаймын да тірліктің ғажап әнін,
Тамшыдай бір кіршіксіз тазарамын.

Ешбір жанды
Келмейді мазалағым,
Ешбір жауды
Келмейді жазалағым.

Естігім де келмейді енді қайтып
Жан түршігер ажалдың азалы әнін.

Қосымды артып көшкенше бұл өмірден,
Жаңбыр әні төгілер жүрегімнен.
Түсінерсің түбінде, білемін мен,
Жылай білген жанымды, күле білген...

Шалдыққанда шаң жұтып жолда бір күн,
Сағынарсың сазымды сонда мүмкін.
Иланарсың,
Ақыры сыйға аларсың,

Жоқ қой менің басқадай қолда мүлкім.

Берер маған бақытын тағдыр әлі,
Күнім талай күркіреп жаңғырады.
Жаңғырады - Таусылмас жаңбыр әні,
Жаңбыр әні - Жанымның сусыны ғой;

Өле-өлгенше шөлімді қандырады.

ҚОҢЫР МҰҢ

(Тұрсын Жұртбайға)
Досым-ау,
Келіп кеттің бүгін маған,
Табады аңсағанын түбінде адам.

Үніңді іздедім ғой айналамнан,
Араның ұясындай шуылдаған.
Теңіндей көшпенді елдің буылмаған,
Тіршілік барады өтіп дуылдаған.

Тосыннан келіп кеттің бүгін маған,
Тазартып көңілімді жуылмаған.
Түлкі-үміт жеткізер ме жортақтаған,
Барлық сыр ортақ саған, ортақ маған.

Қиырдан бұлаң етсе қорғасын бұлт,
Қаймығар қайран жүрек қорқақтаған.

Қой енді,
Несін оған мұңданамыз,
Біз бе тек жас дәуренді қылған аңыз?
Бері кел,

Отыз деген өрт екен ғой,
Шоқ жатыр шоғырланған мұнда нағыз.
Қайтайық баяғыдай баққа барып,
Кеудеде бір құйынның жатқаны анық.

Сүзілтіп сұлуларды жыр оқиық,
Біріміз-бірімізді жаттап алып.

Құмардан сөйтіп барып бір шығайық,
Тынғанша жалқы жүрек тыншымайық.
Сабылтып ақтабанды ай астында,
Жүретін кезіміз ғой жылқы жайып.

Сезімім сезгендей ме бірдеңені,
Тыңдашы!
Сызылған бір үн келеді.
Даланың қоңыр желі емес пе екен

Тұратын ынтықтырып күнде мені?

Досым-ау,
Есейтпейді өмір кімді?
Бұл бастан өткізерміз небір күнді.
Қамқоршы қоңыр желге тапсырайық

Көкейде көптен жүрген қоңыр мұңды...

ДОСҚА ХАТ

Зулайды, зымырайды мына күндер,
Кідірте алар дейсің, сірә, кімдер?
Осынау кең дүниеден әр пендеге
Түбінде бұйырары - бір адым жер.

Жаз өтер, жарқын күнің күзге айналар,
Біртіндеп көкірекке мұз байланар.
Ойласаң ел тағдырын, жер тағдырын,
Шым етіп қайран жүрек сыздай қалар.

Замана ескіреді, жаңарады,
Табиғат жан береді, жан алады.
Тұрармыз толқын мүжіп бітіргенше,
Жаралы жартас құсап жағадағы.

Мұңданба, болсын бізден мұң ауаша,
Жылама, саған біреу жыламаса.
Табандап жатып алыр жайымыз жоқ,
Кетерміз өмір «Кет!» деп қуаласа.

Өтерміз қысқа жолды қас қағымда,
Сыр қалар әр мезеттің астарында.
Жас төгер мағынасыз бұлттар ғана
Жабырқау жаңа түскен жас қабырға.

Тіл қатпас меңіреу мекен сол бір сұлық,
Іздемес орман сыңсып, жел күрсініп.
Әлдилер мәңгі үйқының құшағына ап,
Тар бесік - тас қараңғы орның суық.

Тоқтамас, толастамас күндер селі,
Еске алар ессіз болсаң кімдер сені?!
Бізбенен бірге кетсе жарар еді
Қазақтың қасіретінің бір бөлшегі.

Келсең де, келмесең де келісімге,
Өмірге ризасың сол үшін де.
Жалғанның жарлығынан қайғыруын
Жарықты жаралған соң бөлісуге...

ҚЫЗЫҒЫ БҰЛ ДҮНИЕНІҢ...

Сәт сайын тірлігіңнің артып құны,
Жаныңның жаңғырғанда бар түкпірі,
Өткенді есіңе алып толғанарсың,
Еске алу - бәрінен де артық түбі.

Ойың кеп тірелгенде тосқауылға,
Қызығы бұл дүниенің - еске алуда.
Қайтып бар кері қарай қас қағым сәт,
Сонау бір бала кезгі ескі ауылға.

Елестеп бар қызығың бірі қалмай,
Тулатар толқыныңды тыным алмай.
Табысар жасырын кеп оңашада
Балауса балалығың тілі балдай.

Жаныңды жалғыздыққа ол телімес,
Айналып сенен шықпас ертелі-кеш.
Уайымсыз қас-қабағы - сәби қалпы,
Жас алмас жанарына шер төгіп еш.

Қараса кірпігінен нұр себелеп,
Қамықпа кескінімнен үрке ме деп.
Бала ғой, жадырай сал, күлген болып,
Көздегі көлеңкеңді бүркемелеп.

Бағаңның байқай қалса артық-кемін,
Жоғалтып алар сенен бар күткенін.
Ол үшін дүниенің бәрі түгел,
Ынтығар әр нәрсеге артып сенім.

Аһ ұрмас, аласұрмас, алабұртпас,
Жасымас, жабырқамас, жан ауыртпас.
Сабылмас, сағым қумас, сағы сынбас,
Көз алды бұлдырамас, қарауытпас.

Ол сені жетелейді қырдан-қырға,
Жасартып, жуындырып нұр жаңбырға.
Еске алып, еркін шарлап, сайрандап қайт,
Сағынсаң күннен-күнге, жылдан-жылға...

ЖАН ДҮНИЕМ БУЛЫҒЫП TҰP

Көктем кеп, тағы да күн күркіреді.
Жұтынып, жабағыдай қыр түледі.
Көлдердің көзінде жас іркіледі,
Бір жылап бала бұлақ, бір күледі.

Шешініп әже-шыңдар кимешегін,
Қыз-орман шақырып тұр биге тегін.
Елеңдеп, елегізіп, есім кетіп,
Бұл шақта керемет бір күй кешемін.

Тосын кеп соғылғандай толқын жарға,
Ұқсайды көңіл - көкте жел тұрғанға.
Салады жүрегім бір назды әуенге,
Сабасын сағынышым толтырғанда!

Жоқтай-ақ байыз табар бір тұрағы,
Көңілім қырдан-қырға ұмтылады.
Көктемгі гүл қанатты көбелектер
Алдымнан айырылып-жыртылады.

Белімді тәуекелге буып берік,
Қайсысын кетсем екен қуып беріп?
Көзді арбап,
Мың құбылып, көңілді алдап,

Жалт етіп жөнеледі жуық келіп.

Арындап, асқақтайды еркін ұшып,
Әуелеп, әсем қалқып, желпінісіп.
Жан дүнием жауар күндей булығып тұр,
Көктемге құмарлықтың дерті қысып...

АРДАКҮРЕҢ

(Рымғали Щргалига)
Әр сағаты ғұмырдың - кісіге сын,
Жайымызды айтпай-ақ түсінесің.
Көңіліміз кей уақыт күңгірт тартса,

Көңіліңнің сәулесін түсіресің.

Сарайына жаныңның ендік келіп,
Жүрегіңе жүректі бердік теліп.
Жүрдік, рас, ақылға зәру болып,
Жүрмегенмен тұрмыстан кемдік көріп.

Жатырқамай тарттың сен бауырыңа,
Өз жүгіңнің қарамай ауырына.
Үмітпен де күдікпен тұрдық қарап
Астыңдағы күліктің жауырына.

Ертіп алып, жөнелдің құйындатып,
Күреңіңді салдың да қиынға тік.
Кер далаға көсілтіп қоя бердің,
Біраз жерді алдың да шиырлатып.

Арпалысып жатқандай мың арыстан,
Артта қалды қалың шаң шұбап ұшқан.
...Қайғыға да кей кезде күле қарап,
Кейде жылап аламыз қуаныштан.

Жаздан кейін жабырқау күз келеді,
Алдыда әлі өмірдің мұз белеңі...
Табылар ма көңілдің іздегені,
Кездестірер келешек бізге нені?

Көз ұшында көкжиек мұнартады,
Жүйрік біткен жетсем деп құмартады.
Тасқа соққан тұяқтан от боратып
Ардакүрең алдыға шығар тағы.

Қарап тұрған қалың жұрт көлденеңнен
Қиқу салар,
Қосылып көк дөненмен.
Қаперге алмас сол сәтте біреуі де

Жабыларды жолда қап,
Шөлден өлген...
Жылдар қанша күдірге салғанымен,
Арынынан танар ма ардакүрең.

Ардакүрең - ағаның арманы ғой,
Жалғасатын адамның арманымен...

АЛАТАУМЕН СЫРЛАСУ

С. Сейфуллин ұсталарының алдында
Алатауға дүрбімен қарап, көп тұрыпты...
Ойыма қайдан түсті бұл бір өлең,
Семсердей өзегімді тілгілеген.

Алатау, есіңде ме, тұрыпты ақын
Соңғы рет саған қарап дүрбіменен.
Ол күндер қайтып келмес бізге бөтен,
Барлық сыр таусылар ма тізбелесем?

Қатпарлы қожыр-қожыр қойнауыңнан
Жанары сонда нені іздеді екен?
Ұстатпай аласұрған арман ұшы,
Болдың ба бір-ақ сәттік алданышы?

Саулатып қанатынан қара нөсер,
Бұлт болып келді ме әлде аунағысы?
Ғайыптан ғажайып бір құсқа айналып,
Қалды екен сол мезетте ұшпай нағып?

Кенеттен көкке атылып кетсе нетті,
Жалынан найзағайдың ұстай қалып.
Бұлқына теуіп шығып тереңдегі от,
Күтті ме сенен қуат,

Сенен медет?
Тұрды ма шарықтаған шың басынан
Үміттің ұлар құсын көрем бе деп?!

Шынымен салдың екен нені есіне,
Мұнартып, мұңайттың ба елесіңе?
Шыққысы келді ме әлде бір-ақ ырғып
Дүрліккен дүниенің төбесіне?

Өмірден келмей әсте түңілгісі,
Келді ме тереңірек үңілгісі?
Жалт етіп жықпылыңнан көрінді ме
Бір сәтке елес беріп бүгінгісі?

Телміріп тасыңдағы іздеріне,
Жоқ, әлде жастық шағын іздеді ме?
Tіс жармай, томсырайып қалып едің,
Мелшие қарап тұрсың бізге, міне...

Несіне күмілжисің, сөйле бүтін,
Табиғат төкпей ме екен кейде мұңын?
Анау бұлт желбіреген өзі емес пе
Ақынның аппақ сүттей көйлегінің?!

ҚАЙДАСЫҢ, АРЫС АҒАЛАР?!

Арғымақ жалында,
Алапат жалынға
Жанған ер –
Қайыспас қара нар,

Қайдасың, ағалар Ардагер?!
Найзағай даусында
Бәрің де барсыңдар,
Бағландар.

Сендерді іздейді,
Күдерін үзбейді
Қалғандар.
Қырандай қалғымас,

Қамауда қанды жас
Төктіңдер.
Өзекке өрт толып,
Жазықсыз мерт болып

Кеттіңдер.
Көтеріп мазағын,
Тағдырдың азабын
Тарттыңдар –

Түнеріп көп түрған,
Бұлттарды бетке ұрған
Нарт шыңдар!
Толқындар тулайды,

Тоғайлар шулайды
Сендер деп.
Жалаулы шақтарың,
Алаулы оттарың

Сөнген жоқ.
Халықтың көз жасы,
Сендерсің сөз басы,
Қыршындар!

Таңменен бірге атып,
Биіктен тіл қатып
Тұрсыңдар!..

ҚҰСЫМ-АУ!..

Қайдасың, шабыт құсым, келші бері!
Көңілім көптен неге көншімеді?
Жел қуған жапырақтай быж-тыж болып,
Ойларым бет-бетімен тентіреді.

Құсым-ау, қасиетті ием едің,
Өзіңсің сүрінгенде сүйенерім.
Еркімді, ырқымды да иеледің,
Ием-ау, неткен ғажап киелі едің?!

Айналып қонсаңшы тез, қашқақтамай,
Отырмын қанатсыз қап, асқақтамай.
Өзіңсіз жаным менің тас қақпадай,
Сезімім сенсіз оны ашпақ қалай?!

Шалықтап қайда жүрсің, текті құсым,
Айнытып алдым ба әлде - кектімісің?
Не жаздым?
Осыншама жоқ сыбысың,

Кенеттен керек боп тұр соқтығысың...

ЖАННЫҢ ОТЫ

Тиіп кетсе бунап тұрған сезімге от,
Тиіп кетсе қурап тұрған төзімге от,
Абайсызда лап ететін кезім көп,
Арпалысып өзімменен өзім боп.

Бұл тірліктің құпиясы мол қандай,
Жүре алмайсың шаттанбай да долданбай.
Өртенемін оңашада дауылдап,
Аралдағы жан баспаған ормандай.

Жел ұйытқыса желіктіріп бүйірден,
Шоқ шашырар жалынымнан үйірген.
Өртенемін өрши түсіп сәт сайын,
Көпке дейін өзгермей сол күйімнен.

Ойламаңыз оп-оңай-ақ өшер деп,
Жанның оты - жалғандағы кеселді от.
Өзге түгіл, сөндіре алман өзім де,
Сөндірмесе ғаламат бір нөсер кеп.

Жылжыған су астында сүңгуірдей,
Жүземін ой түбінде бір кідірмей.
Келемін тылсым дүние құшағында,
Керегім бірде ілініп, бірде ілінбей.

Емес ол өзгелерден артықшылық,
Сүңгісем сырдың көзін аршып тұнық.
Жылдарда жырым менің жүрмесе екен
Жаңқадай су бетіне қалқып шыгып...

ҰЛЫМ НҰРАТҚА

Ауылға қашып кетті төлім менің,
Ұқпадым неден сонша жерінгенін.
Қарашы, баламыз бен екеуміздің
Әлден-ақ арамыздың бөлінгенін.

Қозы үнін аңсады ма қозым менің,
Дөңбекшіп төсегімде көз ілмедім.
Елжіреп іші-бауырым жылып отыр,
Білген соң қырдың желін сезінгенін.

Таңырқап таудан ақса бұлақ төмен,
Жүр дейді бірге ойнақтап лақпенен.
Сары уыз, бал қымыздың дәмін татып,
Алдына күнде жауып құлақ деген.

Жүр дейді гүлге еркелеп, құлдыраңдап,
Сағынсам барармын-ау бір күн арнап.
Енесін жаңа тапқан жас қүлындай,
Қайтпасын кері қарай тұрмын аңдап.

Жүр дейді құтты ортаға бауыр басып,
Жүретін дуылдасып, қауымдасып.
Сағынттың, қадірлі ауыл - сабырлы әже,
Қолыма ұстатпайтын ауыр қасық...

Ғұмырды судай сапырған,
Саудагер-сайқал бұл жалған.
Талайлар басын қатырған,
Тағдырға кез боп тұлданған.

Қайғысыз, қамсыз - ақымақ,
Болмайды онда мүлде арман.
Запыран жұтып ақылдан,
Ойлының жаны уланған.

Таусылған шақта шарасы,
Түнеріп жүрек тұншығар.
Жазылмас дерттің жарасы,
Ұлғайған сайын ушығар.

Ушығар-дағы тыншығар,
Сөнгенде ақыл-санасы.
Кеш батар, қайта күн шығар,
Құлшынар адам баласы...

ЖҮРЕГІММЕН ЖЕКЕ ҚАП...

І

Жан емеспін үйренген сөзін бұлдап,
Өзгеге емес, өзіме өзім қымбат.
Жанарымда мөлдіреп жарық дүние,
Көз алдымда тұнады көгілдір бақ.

Тереңдегі ашсам деп сыр қатпарын,
Дымқылданған кірпікті құрғатпадым.
Тастай қатып кей сәтте үн қатпадым,
Кейде байыз таба алмай сырғақтадым.

Нар жүрегім!
Жүгімді көтеріп бақ.
Емес пе едің, япыр-ай, өте мықты-ақ?!
Дауыл тұрса,

Үскірік боран ұрса,
Бәрі сенен басқаның кетер ықтап.

Жалғыз қалсам мұңдасым сен ғанасың,
Бұлқынасың, булығып, долданасың.
Тулап-тулап тынасың,
Басыласың,

Бұзып шығар дәрменің болмағасын.

Сәулеленіп тұрғанда санам мына,
Бұл дүниенің барлығы - маған мұра.
Саған ғана сенемін!
Сенген сайын

Қымбатырақ сезінем бағаңды да.

Тылсымы көп дүние, сыр бүкпелі,
Тереңдердің түбіне сүңгіт мені.
Не ұйқыда, немесе ояу ұста,
Жүре алмаспын ешқашан мүлгіп тегі.

ІІ

Қалжыратсам, жүрегім, кешір мені,
Қанша жерге жеткізер көшім мені.
Аз дейсің бе
Ақ қағаз-көңіліме

Өткен күннің жазғаны, өшіргені.
Көкіректе қаттаулы - Хатта бәрі.

Оқығанға оп-оңай жатталады.
Араздардың ағаттау даттағаны,
Ағайынның артықтау мақтағаны –
Бәрі, бәрі осында сақталады.

Жарымадым ба уызға, жарыдым ба,
Марқайдым ба немесе арыдым ба?
Айналдым ба алауды көбелекше,
Қайралдым ба қиындық шарығында –

Таңбалаған өзімнің танымымда.

Қабыл алып келемін барлығын да:
Көлеңкесін тірліктің, таң нұрын да.
Боранын да, аязын, жаңбырын да.
Қилы-қилы дүниенің хикметі

Қиысады қызықты тағдырым да.

Жатыр қанша қысым мен жазым әлі,
Талай-талай оқиға жазылады.
Қылығымен, мұңымен базыналы,
Күрделі де өмірім, қазыналы.

Қуаныштың кестелеп суретін,
Танытса екен адамдық құдіретін.
Ізгіліктен түскен із көп болса екен,
Қалғанының табармыз бір ретін...

ЖАЗЫЛМАҒАН ЖЫРМЕН ТІЛДЕСУ

Қалтарыста сөздердің басы бұғып,
Жазылмаған жыр, тұрсың жасырынып.
Жасырынып қайтесің, жарқыным-ау,
Нөсеріңді төксеңші, жасын ұрып.

Ұяңсың ба,
Болмаса қиялсың ба?
Қиял десем, көңілге сыярсың ба?
Қымбатыңды, періштем, қиярсың ба,

Келіп нәзік сәулеңді құярсың ба?

Жатырсың ба ашылмас сыр түбінде,
Отырсың ба гүлдердің бүршігінде?
Мөлдіреген тамшының бірі болып,
Тұрсың ба әлде ілініп кірпігімде?

Қайда болсаң онда бол, ашыққа шық,
Жіберсеңші нұрыңды шашып-шашып.
Жан емеспін жаралған бал ашуға,
Ақынмын ғой, алайын тасып-тасып.

Кеткендей бір кенеттен көл төгіліп,
Таудай-таудай толқындар төңкеріліп,
Теңіз көшіп өтсе екен көз алдымнан,
Ақ айдынға айналам көмкеріліп.

Сонан кейін не болсам о болайын,
Толқыныңмен бірге аунап жоғалайын.
Ең болмаса тұрармын өсіп шығып
Қара суға үңілген қоғадайын.

Жазылмаған жұмбақ жыр, келші бері,
Сенде барлық ойымның еншілері.
Тереземді түндерде жиірек ұр,
Жүрегімнің құпия көршілері!..

ОТАН

Сүйем асау өзеніңнің ағысын,
Сүйем асқар тауларыңның тағысын.
Алпыс екі тамырымда тулаған,
Отан, өзің жүрегімнің қанысың!

Құйттайымнан түскен тұнық көз нұрым,
Маған қымбат өз тауларым, өз қырым.
Туған Отан, саған теңеу таба алман,
Ақтарсам да планета сөздігін.

Биіктерге құлаш ұрсам мен бүгін,
Талмайтұғын қанат берген кеңдігің.
Сенің шексіз мейірімің, ұлы Отан,
Қайрат берген көтеретін ел жүгін.

Келешекке көз жіберсем күн салып,
Көрінесің келбетіңді нұр шалып.
Күндей күліп, шаттанасың сәбидей,
Жас орманды жұпарымен жуса бұлт.

Сенің таңың - сүттей аппақ таза таң,
Сенің әнің - әлемдегі азат ән.
Сендей көркем, байтақ мекен қайда бар,
Мәңгі бақи көктем - Отан, жаз - Отан!

САЛЫСТЫРУ

Өз қолымен дән егіп, кен қазбаған
Талай жандар отқа түсе жаздаған.
Молшылықтың білу үшін қадірін
Жоқшылық та керек екен аздаған.

Кейбіреуте оты шалқып маздаған
Күрсінуді маңдайына жазбаған.
Бақытыңның сезу үшін қадірін
Сор да керек анда-санда аздаған.

Арындатып, арман атын зырлатып,
Қол созамыз келешекке тіл қатып.
Рахаттың ұғу үшін қадірін
Азапты да көру керек бір уақыт.

Ойсыздардың қаперіне кірген бе,
Алтын дәурен өте шықса бір демде.
Әншейінде байқалмайтын көп нәрсе
Білінбей ме жылағанда, күлгенде...

ШОПАНҒА МАДАҚ

Көзіне таңның үңілесің сен
Кұланжал қырдың кенересінен.
Нұрдың уызын сіміресің сен
Алтын зерлі күн тегенесінен.

Қақтырып көңіл-қыранға қанат,
Отарыңды ерте тауға шығарып,
Жатасың оймен қиянға қарап,
Бір шыңды жалғыз жамбасыңа алып.

Күйесің жазғы аптаптар шалып;
Күнгейдің қоңыр тасындай болып.
Маңдайдан моншақ аппақ тер тамып,
Әрбір төліңді асылдай көріп.

Туған жеріңнің толағай тасы
Жасыңнан сырлас, қадірлі саған.
Дауыл айқасы, боран айқасы
Шарпыды қанша жалын құсаған.

Найзағай даусы, жаңбырдың үні
Жырлайды сенің кеудеңе көшіп.
Сен үшін олжа жаздың бір күні,
Жүресің қырда желмен егесіп.

Қыс қайрағына төзімді жанып,
Боз қырау қатты самайыңа да.
Алдыңда жатты көзіңді қарып,
Ақ қар көмкерген қалайы дала.

«Шәйт!» десең егер жаңғыртып қырды,
Айналаң кенет тіл қатып тамам,
Жартастар жауап қайтарып тұрды,
Бабаңның үнін тыңдатып саған.

Жүрсең де оқшау тау арасында,
Жарқылдап таңдай, күнше күлесің.
Дәуірдің барлық ғаламатында

Бар сенің-дағы үлкен үлесің.
Сырласа қалсам сергіп қаламын,
Өзіңсің қырдың ойшыл ұланы.
Ұраны байтақ бейбіт даланың –

Бозторғай менен қойшының әні!..

ЖҮРЕГІН ҰҚ ӘКЕҢНІҢ

(Дәурен Тұманбайұлына)
Он алтыға толдың, бауырым, бүгін сен,
Далаң анау, асыр салып жүгірсең.
Көзің жетер кеңдігіне дүниенің

Көкжиекке ұзағырақ үңілсең.

Тауың, міне, шақырып тұр «Өрле!» деп,
Тау жолында тасырқаған пенде көп.
Шың басынан айналаңа қарасаң,
Көз алдыңа келер дүние дөңгелеп.

Дәурен, бауырым, дәуреніңді сезерсің,
Қиынға тарт, ернің мейлі кезерсін.
Асқар тауға әркім шыққан әрқалай,
Сенің енді қалай шығу өз еркің.

Бұл өмірде еңіс те көп, өр де көп,
Саған, бауырым, жөн айта алам мен не деп?
Тоңғандарды жылытып дәйім жүрсін деп,
Әкең саған берген жалын, берген от.

Нәр алсын деп сұлулықтан, гүлдерден,
Анаң сенің жанарыңа нұр берген.
Он алтыда өзгені сен білмейсің,
Он алтыда өзіңді өзің білгенмен.

Адаспасын, аңдасын деп жан-жақты,
Әкең сенің көкірегіңе шам жақты.
Сол бір сәуле сені көкке самғатып,
Ертең елге ететін де ардақты.

Болсын деп сен парасатты, парықты,
Бойыңа бар қасиетін дарытты.
Ең алдымен жүрегін ұқ әкеңнің,
Ұғам десең өзің туған халықты...

ТАҢ АЛДЫНДА

Еркелейді аққудың балапаны,
Әлдилейді айдын көл алақаны.
Ақ жүзіндей ананың мейірімді,
Аяулы едің не деген, дала таңы!

Қайран көңіл тұнықтан табатын жай,
Таңмен бірге қанатын қагатындай.
Таза болу өмірде қандай қиын,
Тазалықтан алдымен жаратылмай.

Куә болсан жақсыға, жаманға да,
Алаңдама, аққуым, алаңдама!
Көз жасындай сәбидің мөлдіреген,
О, табиғат, табынам саған тана!

МАМЫРҒА ТІЛЕК

Келдің бе, ерке сұлу мамыр айым,
Жайнатып күн келбетін, таң райын.
Жуынып жаңа көктем жаңбырымен,
Жап-жасыл жапырағыңды жамылайын.

Жалықпай жырла, жырла, жыршым менің,
Жасампаз мәңгі өмірдің тылсым демін.
Келісті көк орманым жұпар шашып,
Күмбезін кір шалдырмай тұрсын көгім.

Нәзігім, тербе дүние алабын бұл,
Толықсып шешек атсын дала гүл-гүл.
Жас талдың бұтағына қонып алып,
Алаңсыз әнге бассын бала бұлбұл.

Қалыңдап жер жамылған көрпе-құрақ,
Қаптасын момын қозы, тентек лақ.
Кұпия жүрегімнің лүпілімен
Тілдесіп, үнін қоссын ерке бұлақ.

Толғанда табиғаттың көзіне нұр,
Төгеді інжу-маржан сөзін өмір.
Жарқ етіп жыл айналып сен келгенше
Ынтығар іңкәр жүрек өзіңе бір.

Жасартып тірлік көшін шамаң барда,
Тарта бер замандардан замандарға.
Жататын бірі келіп, бірі кетіп
Пенденің қайғысына алаң болма!

ЖАСЫМА, КӨҢІЛІМ

(Абайдың ізімен)
Лепірген көңілім,
Өкінген көңілім,
Арманың қанша жетпеген.

Қайғырса елі,
Қайысып белі
Жалғаннан кімдер өтпеген?
Емессің соңы,

Есіңе ал соны,
Көшке ерген сен де тайлақсың.
Тозған ба бұдыр,
Табаның ығыр

Болғандай неге тайғақсың?
Жаңыла бассаң,
Жалтара қашсаң,
Сағалап жүрген сайгақсың.

Іздемес бүркеу,
Беттегі шіркеу,
Өзіңе өзің айғақсың.
Жан қалмас бұғып,

Жапанға шығып,
Келсе ажал торын кең жайып.
Түнекті түрер,
Тасқынды тілер,

Тәуекел түбі - жел қайық.
Қара түн келсе,
Қанатын керсе,
Адасқан алға ұмтылар.

Қарайлап досқа,
Қарайған қоста
Үміттің шамы жылтырар.
Үмітің бітсе,

Үкімін күтсе,
Жалының сөнер көздегі.
Мазасыз шалқып,
Маңайын шарпып,

Өмірді өртер өз демі.
Аяқты тұсап,
Көлеңкең құсап,
Қасыңнан қалмас қиянат.

Қамалып жарға,
Қапыда қалма,
Қиыннан жол тап қиялап.
Тасқа да түсер,

Шашқа да түсер
Суарған семсер асылға.
Байласын оққа,
Айдасын отқа,

Тағдырға жылап, бас ұрма!
Қауіп пен қатер
Өтер де кетер,
Не келмес ердің басына?

Арыңды сақта,
Барыңды сатпа,
Жасыма, көңілім, жасыма!

ТӨРТАМАЛ

Уақыт күйін кім солардай шерте алар,
Тылсымдарға кім төтеден жол табар?
Дүниенің төрт бұрышы секілді
Бар ғылымның түп атасы - төрт амал.

Өмір заңы айнымайды тегіннен –
Қосу,
Алу,
Көбейтуден,

Бөлуден.

Төрт мезгілден тұрады адам ғұмыры –
Өсу,
Қартаюдан,
Өлуден.

Тіршіліктің шешілмеген есебі,
Әлі талай қолдан-қолға көшеді.
Королевқа ғарыш кілтін ұстатқан
Архимедтер, Галилейлер кешегі.

Жету үшін алыстарға тым анау
Аздық қылар телескоптан сығалау.
Өмір бойы шешілмейтін бір жұмбақ,
Мүмкін, адам жүрегінде шығар-ау?

ҒҰМЫР – ҒАЙЫП

Мұз жыры
Биігіңе бұлт жете алмай өкінді,
Асқарыңнан ай төменге секірді –
О, Алатау, көк мұзыңды күн жалар,

Шөлдеп келген қызыл сиыр секілді.

Көкірегін желге керіп, сыздап ап,
Үңіледі бөктер жаққа құз қарап.
ІІІың басында шаңқылдайды шарқ ұрып
Мұз бесікті, тас құндақты мұзбалақ.

Қыран көзде жалт-жұлт етіп жанады от,
Салатындай кектескенге сан әлек.
Шүйлігеді шамырқанып, шамданып,
Алтаудан жанап өтсе самолет.

Мұз тауларға бауыр басқан мәңгілік,
Шулайды ұлар аспан астын ән қылып.
Күбірлейді таңертеңгі түнық тау,
Күңгір-күңгір, күмбір-күмбір жаңғырып.

«Күн арқамды қыздырса екен, шіркін!» деп,
Жөтеледі кәрі жартас күркілдеп.
Иіп берсе мәңгілік мұз емшегі,
Бұлақ саулар бауырынан бүлкілдеп.

Былай қалып күйкі тірлік, мұң-қайғым,
Сол бүлақтың нәзік үнін тыңдаймын.
Гүл мен қызды достарыма қалдырып,
Жырланбаған мұздың жырын жырлаймын.

Сезінгенде көктем демін, күз демін,
Қыс пен жаздың құпиясын іздедім.
Шөл даланың кезергенде еріні,
Көз алдыма елестейді мұз менің.

Ой жіберсем өткеніне өмірдің,
Еске түсіп, елестейді небір күн.
Елесетейді Африка шөлдері,
Қасіретті тағдырындай негрдің.

Елестейді түсіне ылғи көл кірген,
Бетпақ дала желкесіне жел мінген.
Сары атандай шөгіп жатқан сары құм
Сонау ойдан тау басына телмірген.

Айсберг көрінгендей аспаннан,
Асқақтайды асқарлар мұз жастанған.
Шыңды сүйем, мұзды сүйем мәңгілік,
Ұлы өзендер ұлы таудан басталған.

Мұзды мұхит айта жатар алғысын,
Мұзам менің - мұз жаулықты қарлы шың.
Алтай, Памиир, Орал, Кавказ, Гималай, Алатаудай алыптарым, армысың!
Тоңдырмайды мені таудың мұз-қары,

Мұзда да бар тіршіліктің ізгі әні.

Тоңдырады, тоңдырса егер әманда,
Бұғып жатқан бомбалардың ызғары.
Тастай салып сол сәтте ойын-сауықты,
Тілдесемін ғасырлармен сауытты.

Еритұғын мұздар емес, қашанда
Жібімейтін мұз жүректер қауіпті.
Тұрған жаннан қысқы күндей мұнартып,
Суға айналар суық мұзым мың артық.

Мұз бұлақтар жүгірді, әне, жамырап,
Кең жазыққа көсілуге құмартып.
Келе жатыр қоңыраулатып бұлдырап,
Тау сұлудың бұрымындай мың бұлақ.

Ашулы өзен айғайлайды төменде,
Астау тасты шапалақпен ұрғылап.
Күндіз-түні күйге басып тау іші,
Өршеленер асау толқын дауысы.

Арындап кеп соғылғанда тоспаға,
Тына қалар тұлпарыңның шабысы.
Осы арада ғаламат ән шырқалып,
Жатыр өзен астан-кестен бұрқанып.

Мәңгілік мұз мойнын созып биіктен,
Бартоғайдан өз дауысын тұр танып.
Ағаш жыры
Кесілді ағаш.

Гүрс етіп түсті құлап,
Ыңыранып соңғы рет ышқынып ап.
Күші мығым, қайыспас қайсар еді,
Тағдыр, шіркін, өзінен күшті бірақ.

Жапырағы жан-жаққа ұшты жылап.

Шулап ұшты шырылдап жапырағы,
Қара шаңға көміліп атырабы.
Бұрқ етті де күрсініп қала берді
Тамыр жайған талай жыл топырағы,

Топырағы - Отаны - Отырары.

Топырақтан қол үзу кімге бақыт?
Келтірмейді қайтадан тілге уақыт.
Жарық дүние жалт етіп жанарыңнан,
Кеттім дей бер қап-қара түнге батып.

Жер-бесіктің бөленіп құндағына,
Есінде жоқ қанша жыл тұрғаны да.
Есінде тек ең алғаш қосылғаны
Тіршіліктің бір нәзік ырғағына.

Не боп кетті?
Шынымен жұлғаны ма –
Не нәрсенің айналмақ құрбанына?

Ойда жоқта кесілді. Неге, неге?
Неге айналды кесінді - бөренеге?
Бұзып-жару өмірдің заңы ма әлде,
Сонда ғана көктей ме, көгере ме?

Рахатқа сонда тек белене ме?

Тасқын шайып, ойрандап салса да асыр,
Тұнып тұр-ау бұл маңда соншама сыр.
Қалың ағаш қоштасып бара жатыр
Қоныс тепкен орнымен қанша ғасыр.

Орман еді сыңсыған ғұмыр кешіп,
Сыбырласып, сырласып, күбірлесіп.
Жұрнағы да қалмастан туған жұртта,
Абыр-сабыр жөнелді түбір көшіп.

Ағаш қайда жоғалды көк тіреген?
Өзен де жоқ қайда оны кетті деген.
Өзіменен өзі әлек көк толқындар
Шұрқырасып, бір-бірін тепкілеген.

Ажал жетер аяздай қыраулатып,
Кімді болсын түбінде жығар уақыт.
Нені ойлады сол ағаш кетерінде,
Неге күлді... еңіреп жылап жатып?

Жымияды тұрса да көзінде жас,
Әрі тәтті, әрі ащы сезімге мас.
Өз орнында күні ертең бөтен емес,
Көл жатарын күлімдеп сезінді ағаш.

Келе жатқан арпалыс сонша жылдан,
Арпалыспай ьсімге оңай жол табылған?
Арманы жоқ, байқаса, бір ағаштың,
Мың ағаштың жолында болса құрбан!

Тел өскенмен тоғайда терек, шынар,
Әрқайсысын бұл өмір бөлек сынар.
Ертеңгі орман өмірге келу үшін
Бүгін бұның өлуі керек шығар.

Толып берсе ғажайып су қазаны,
Қарық болар бақтардың суға зары.
Алма ағаштар көз ілмей түніменен,
Өлмес өмір туралы жыр жазады,

Жыр жазады жасанып гүл базары.
Балбұлақты жетелеп жылғалары,
Жадырайды жабыңқы қыр қабағы.
Сылдыр қағып қайыңның сырғалары,

Биге басып ерекше ырғалады.

Бәрін біліп, сезініп барады ағаш,
Оның жайы жаныңды жараламас.
Сәл аяйсың мұң толып жанарыңа,
Рас, рас, бұтағы балаламас.

Енді оралмас мекенге мәңгі мына,
Енді қайта шомылмас таң нұрына.
Енді сұлу бұрымын тоқсан өріп,
Алатаудың жуынбас жаңбырына.

Бірақ, бірақ разы тағдырына.
Бартоғайды бұғаулап мына кемер,
Баяғыдан тұрғандай тұра берер.
Күліп келер өмірге шыбық барда

Қиысыны жоқ ағаштың жылап өлер.

ЖҮРЕК ҰРАНЫ

Күндерім құстай зулайды,
Тынымсыз қағып қанатын.
Әкеле көрме мұң-қайғы,
Секундтарым мен сағатым.

Күлкімді кейде күрмедім,
Алдымда меңіреу түн бардай.
Әлемнің бұлты бір менің
Басымда ғана тұрғандай.

Қоя алмай ойға бір нүкте,
Қайғысын жердің тартамын.
Жауыздық барда тірлікте,
Әйтеуір дәйім қорқамын.

Қорқамын
Жансыз тастың да
Жаныма мұңы батқандай.
Қас қағым сәттің астында

Сұмдықтар бұғып жатқандай.
Зұлымдықтардан жинап от,
Зобалаң өрті жетердей.
Жүрегім Хиросима боп,

Күл болып жанып кетердей.

Түсердей дүние торға кеп,
Қауіптен көзді жазбаймын.
Бомбаны құртар бомба боп,
Жарылып кете жаздаймын.

Жырларым - жүрек қанатым,
Алып ұш мені әр таңда.
Секундтарым мен сағатым,
Түсіре көрме сарсаңға.

Сілкінсін орман, кең дала,
Әкел тек шаттық дауылын.
Көтерер қара жер ғана
Жердегі бұлттың ауырын.

Тіл бітіп мылқау тастарға,
Сөйлесін кенші бұрғысы.
Ракета емес,
Аспанда

Зуылдап ұшсын жыл құсы.
Таусылып талас, бар егес,
Бомбадан әлем босасын!
Сүңгуір қайықтар емес,

Киттердің күні жасасын!!!

Ертіс бардым,
Сыр бардым,
Жайық бардым,
Жайдым жасыл желкенін қайықтардың.

Дариялардың аялы алақаны
Анашымдай әлдилеп, байып қалдым.

Орал бардым,
Қаратау,
Алтай бардым,
Көрем бе деп көргенін қартайғанның.

Алтын ойдың кеңінен алып қайттым,

Толтырмаққа ортасын жарты ойлардың.
Батыс бардым,
Шығандап шығыс бардым,
Барғандай-ақ үйіне туыстардың.

Жолыққанға от беріп жүрегімнен,
Жалынына жылындым ұғысқанның.

Адам болып туған соң жер төсіне,
Табиғаттың айналдым еркесіне.
Оңтүстіктің шомылып шуағына,
Солтүстіктің орандым көрпесіне.

Қырлар қанша мен әлі жолықпаған,
Сырлар қанша мен әлі қанықпаған.
Дүниенің қызығын түгендеген
Саяхатшы секілді болып барам...

КӨЗІҢДЕ ТҰНСА ТАМШЫ ЖАС...

(Мұзафар Әлімбаевқа)
Қайық боп суға түстің де,
Кеме боп тарттың жағаға.
Тулаған толқын үстінде

Талайды көрдің, жан аға!

Айырып ерте есебін,
Өмірден әкең сырғыды.
Жетімдік деген көшенің
Болып та көрдің тұрғыны.

Емес қой, сірә, жастық шақ
Қызулы жардың төсегі.
Аузынан төккен от бұршақ
Соғысты көрдің кешегі.

Алдыңды қанша орады
Арпалыс өрті сұғынып.
Жылдардың дауыл-бораны
Кеудеңде жатыр бұғынып.

Тереңнен тартып толғаған,
Ағылтып сырды азырақ,
Қақпаңды ашсаң, сол боран
Соғады қазір азынап.

Жан бар ма уақыт жаншымас,
Жырыңмен бірақ заңғарсың.
Көзіңде тұнса тамшы жас,
Оныңды кімдер аңғарсын?

САПЕКЕМ

( Сапарғали Бегалинге)
«Сапеке» деп сыйлаушы еді ел-жұртың,
Ортамызда сияқты едің сен бір шың.
Қарағайдай қатар тұрған caп түзеп,

Қайран қарттар тартып кетті-ау селдір тым.

Тартқан соң ба жүк көтеріп кіл бейнет,
Ойға батып жүруші едің, күлмей көп.
Сексеннен соң сырғып кеттің ақырын,
Алатаудан аунап түскен күндей боп.

Аузыңда еді сөздің асыл сапасы,
Қолыңда еді көптің алтын сақасы.
Кеше ғана төрімізде отыр ең,
Сеісілді боп бар қазақтың атасы.

Тарлан едің топтан озған шалдықпай,
Сексенде де шашаңа бір шаң жұқпай.
Қасиетке, қазынаға бай еді
Көкірегің сырға толы сандықтай.

Жүруші едің еңкеймей де құныспай,
Берік едің қолдан құйған құрыштай.
Шалғы мұртың көрінуші ед біздерге
Қиянатты қиып түсер қылыштай.

Секілді едің қияға өскен қарағай,
Сергек көңіл, құшағың кең даладай.
Зыр жүгіріп жүруші еді алдыңда
Алпыстағы Мұзағаңдар баладай.

Кейінгіге ақылың - қүт, сөзің - ем,
Енді орныңның бөлектігін сезінем.
Бар қазақтың баласының ырысы –
Ортаймайтын қара қазан өзің ең.

Ғұмыр деген қас қағым бір сәт екен,
Бірақ сені өлді деуім қате екен.
Өзің жазған қыран құсқа айналып,
Болашаққа ұшып кеттің, Сапекем!

Көңіл, ШІРКІН...
Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.

Өтер кім бар ойнадым-күлдім демей?
Кейде мылқау секілді тіл қатпайсың,
Кейде әнші боп кетесің бұлбұл көмей.
Көңіл, шіркін –

Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Күмілжімей кім жүрер, кірбіңдемей?
Күліп тұрса «байлығым» миығынан,

«Кедейлігім» тұнжырап тұрды үндемей.

Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Біреуіне біреуін білдірмегей.

Кедейлік пен байлығың бірдей болса,
Көкірегің тұра ма күмбірлемей?
Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,

Бір күн кедей.

Жатыр дейсің кім солмай, кім гүлдемей.
Қысқа ғұмыр қамшының сабы болса,
Нәзік жүрек үзілер бүлдіргендей.
Көңіл, шіркін –

Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Жамандыққа жаныңды ілдірмегей.
Айналады түбінде жоғың барға,

Жоқ екен деп барыңды бүлдірмегей.

Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Айтарыңды ашық айт, міңгірлемей.

Қара шаңның астында қалсаң-дағы,
Жаны таза, жарқыным, жүр кірлемей!..

ҚАЗАҚСТАНЫМ

Мекенім, жерім - қарт анам,
Уызың кетпес таңдайдан.
Шалғының сипап арқадан,
Сүйеді күнің маңдайдан.

Сүймейтін сені қандай жан,
Сүймесе, қара тас шығар.
Сағынып қайтсам шалғайдан,
Мөлтілдеп көзге жас тұнар.

Үздігіп жүрек аңсаған,
Ойларға небір батамын.
Жауатын бұлттай мен саған
Егіліп келе жатамын.

Аралап көрдік жер бетін,
Өлке көп гүлмен өрілер.
Алайда сенің келбетің
Бәрінен ыстық көрінер.

He десе бақыт шынымен,
Бір өзің ғана дей алам.
Түсімде көріп түнімен,
Таңертең күліп оянам.

Әйтеуір денем суынбай,
Айналып тұрса жылы қан.
Биікке тіккен туыңдай,
Нұрыңа күнде жуынам.

Самғаса көкте қыран құс,
Қанатын қағып асыға,
Жаудырып саған мың алғыс,
Қонады заңғар тасыңа.

Дүниені көрер көзімсің,
Мекенім - алтын ғұмырым.
Аспанға ұшсам, өзіңсің
Айналып табар тұғырым.

Өткенде талай көпірден,
Бір өзің болдың сенгенім.

Алғанымды айтып көпірмен,
Шексіз ғой сенің бергенің.
Өмірде саныз арна бар,
Толқын боп күлдім, жыладым.

Өзіңе ғана арналар,
Болса егер шырқар бір әнім.
Көктемі, қысы, жазы бар
Құшағың ғажап кеңістік.

Жазылса, сен деп жазылар
Қуатты жырым ең ыстық.

Аудартқыз тауды, қияны,
Ауырлық болса жаншыған.
Қуатын саған құяды
Бойдағы соңғы тамшы қан.

Көгіңде жүзіп мырза күн,
Сайрандар еркін құстарың.
Өзіңе мәңгі ырзамын,
Аяулы Қазақстаным!

ӨТКЕРДІК ЖАСТЫҚ КӨКТЕМІН

Өткердік жастық көктемін,
Біз көрген қызық жетерлік.
Арудың жұтып от лебін,
Бокалды басқа көтердік.

Атойлап әрбір тараптан,
Думанға кірдік шалқыған.
Күшті боп шықты шараптан
Сұлудың демі шарпыған.

Өмірді соның жолына
Біржола құрбан етердей,
Өртене жұттық оны да,
Өрт болып жанып кетердей.

Тізгінді бердік желікке,
Жүректің сырын жасырмас.
Жастықтың әлде дедік пе
Қызуы мәңгі басылмас.

Жіберсе, шіркін, ерікке,
Уақытқа қандай бар талас?

Ғұмырдың әлде дедік пе
Базары мәңгі тарқамас.
Жұтардай болып көріндік
Найзағайдың да жарқылын.

Сезбестей, сірә, өмірлік
Жылдардың ызғар, салқынын.

Кеткенін күндер арынды
Кешеңдеу барып аңдадық.
Жұтсақ та отты, жалынды,
Өмірі бірақ қанбадық.

Сезімді судай шайқаған,
Оралып сол бір кездерге,
Лапылдар ма едік қайтадан,
Шоқ болып қара көздерде.

Күрсінбес кімдер түнімен,
Аңсатса жастық дәурені –
Сүзгендей судың түбінен
Жұлдыздан түскен сәулені...

БОЗТОРҒАЙ – ЖҮРЕК

Тербеді мені қанша арман,
Әлдилеп әлі келеді.
Бозторғай-жүрек ән салған,
Жанымды қозғай береді.

Танытып мінез бір қызық,
Қысқандай біреу сығымдап,
Кей кезде таңнан тұрғызып,
Шырқайды келіп шырылдап.

Даланың еркін құсындай
Келе ме қанат қаққысы –
Кеудеде қалып қысылмай,
Кеңдіктен ұя тапқысы?

Әуенін әннің үзбейді,
Еске caп есіл күндерді.
Білмеймін, нені іздейді,
Таба алса жақсы бір белгі.

Қарасам таңда қадалып,
Жұлдыздар көктен жиі ақты.
Зу ете түскен балалық
Біреуі соның сияқты.

Елестеп көзге мол құрдас,
Алданып тұрам бір уақыт.
Кірпікке іліп мөлдір жас,
Күлкіммен қайта құрғатып.

Тұрғандай қарап ойлы жан,
Тылсымнан тосын қозғап ән –
Қап-қара түннің қойнынан
Тесіліп қара көз маған.

Тартқанмен қанша күн алға,
Ғұмырдың соңы - бір нүкте.
Құмардан адам шығар ма
Қызыққа толы тірлікте.

Бозторғай-жүрек құртындай,
Қысқандай біреу сығымдап,
Апыр-ау, неге бір тынбай,
Шырқайды келіп шырылдап?!

ӨМІРІМ БАР...

Өмірім бар өзгеден сыр бүкпеген,
Өрге тарттым,
Біресе сырғып төмен.

Таудан аққан бұлақтың толқынындай,
Кедергінің бәрінен ырғып келем.
Кездерімде ісімнен түк шықпаған,
Тасқа түскен тамшыдай быт-шыт болам.

Быт-шыт болып кетем де,
Буға айналып,
Жапырақтың бетіне шып-шып тамам.
Жапырақпен сырласып жеке қалам,

Табиғаттың тағдыры етеді алаң.
Күннің демі қыздырып,
Қайта жұтса,
Ғайып болып және де кете барам.

Ойға батып ауаның қабатында,
Дамылдаймын бұлттардың қанатында.
Сіркіреймін сілкінсем жібек төгіп,
Жер бетіне жаңа өрнек жаратуға.

Жер буымен,
Астасып күн нұрымен,
Кұшақтасып, қауышып қыр гүлімен,
Шықтай таза, тұнық боп шыға келем

Ойда жоқта осылай бір күні мен.

Көңіл, шіркін, ғажап-ау қиялдағыш,
Алып кетер адамды қиянға алыс.
Табиғатқа шынымен сіңіп кетсем,
Қайтер екен ағайын жиі алдағыш?

ОРАЗБАЙ БАСЫНДА

Құлазитын секілді Шұнай тауы,
Ескі қыстау көргенді мұңайтады.
Өшкен ошақ,
Өлген үй,

Тозған мұржа...

Сұрағанға сыздықтап сыр айтады.
Білеуленіп булықса қан тамыры,
Оразбайдың мұнда өтті барша күні.

Аң шықпаса,
Басына жан шығармас,
Шұнай еді меншікті Хан - тәңірі.

Заман аз ба бас қатып, ми қайнаған,
Байлық қуса, кеңге де сыймайды адам.
Абай жазып жатқанда –
Оразбай бұл

Жылқы ізімен даланы шимайлаған.

Өмір аз ба өтеуі өтелмеген,
Надандықтың қоржынын көтермеген.
Абай өнер қуғанда –
Оразбай бұл

Жер түбіне жылқымен жетем деген.

Қара адырды алса да қанша үйірмен,
Тірлігінде ісі жоқ жан сүйінген.
Оразбайдың қолымен –
Дүлейлік бұл

Даналықтың басына қамшы үйірген.

Күні бітті.
Күңіреніп өтті бәрі,
Белбеуіне түйіліп беттің ары.

Шұнай тауы баяғы бәз қалпында,
Келгенге де кеткенге жоқ күмәні.
Көкалалы көп жылқы көшкен бұлттай,
Оразбайды қойды ма бос қаңғыртпай?

Құлпытаста жазулы қысқа ғұмыр,
Сыры көше бастапты өшкен жұрттай.
Көп келмейді бұл маңға ел еркелеп,
Таудан төмен соғады жел ентелеп.

Жабығыңқы,
Тозыңқы сұр бейіт тұр,
Жалғыз жылқы түбінде көлеңкелеп...

СОҢҒЫ ЖАПЫРАҚ

Тіл қатпай томсарады күллі атырап,
Жаздайғы бар қызығын ұрлатып ап.
Ең соңғы күнпарақтың бетіндей боп,
Бұтақта ең ақырғы тұр жапырақ.

Елеусіз –
Көзге тіпті ілінбейді,
Қалтырап, қалтарыста дірілдейді.
Басынан сүмдық күйді кешіп түрған

Тағдыры басқаларға білінбейді.

Бір күні –
Арпалысқан бір өмірдей,
Әрең тұр бар-жоғын да біле-білмей.
Сәл ғана салмақ түссе үзілердей,

Қажыған әлдекімнің жүрегіндей.

Бір мезет түсіне енсе күн кешегі,
Бір үміт, бір күдікпен тілдеседі.
Күз келіп, тұрғыласын тонамаса,
Тірліктің парқын, бәлкім, білмес еді.

Қаншама қиындық тұр бір басында,
Өзімен өзі ғана мұңдасуда.
Жалғыздық жабырқатқан сыңайы бар,
Сыңар жоқ сыбырласып, сырласуға.

Сұстылық байқалғандай күзгі бұлттан,
Тітіреп, тіксінеді ызғырықтан.
Жас еді - жасыл еді,
Енді - сары,

Өмір-ай!

Өң-бояуын жүз құбылтқан.
Жұлынып әне-міне қалмағы анық,
Қайтадан қона алмайды талға барып.
Тыныстап суық дүние құшағында,

Жатады біраз уақыт қарға оранып.
Сол бетте зым-зия боп жоғалады,
Жол солай...
Жоғалмасқа жоқ амалы.

Қайтадан қанша көктем оралады,
Олар да тоналады, тоналады...
Жайқалды –
Жарқын күлді, жайраңдады,

Өмірдің еркелетті сайран бағы.
Сыр бермей сіресіп тұр,
Күресіп тұр,
Сарбаздай жалғыз қалған майдандағы!

МҰХТАР АҒА

(Мұхтар Мағауинге)
«Мұхтар аға, мықтар аға ерен», - деп
Кеше Қасым толғаныпты тереңдеп.
Әр толқынның өз Мұхтары өзіне,

Мен де жүрдім көптен бері елеңдеп.

Мұхтар аға демейді екем мен неге,
Сен де келсең қасқайып бір көмбеге.
Қуаныштан бөркімді атып аспанға,
Өз өзімнен сыя алмадым бөлмеге.

Жырдан ғана сыйлық тартар ақындар,
Бұл сөзімді жамағат та мақұлдар.
Әуезовке ұқсап бір сәт сен тұрсаң,
Қасым болып мадақтауға хақым бар.

Не деп кетті демеңіздер бұл қасқа,
Өнердегі тұрпат басқа, тұр басқа.
Шыңғыстаудан туған болса бір Мұхтар,
Шұбартаудан неге Мұхтар тумасқа?

Елің үшін түстің тартыс, егеске,
Ер өмірі ерлігімен емес пе?
Сыбағаңды күттің асыл арманнан,
Алданбадың ас құюлы тегешке.

Дедің-дағы неге бұғып, жасимын,
Құлпын аштың тарих деген тас үйдің.
Дыраулардың сескенбестен сұсынан,
Жыраулардың рухына бас идің.

Кездеріңде әр сөзіңнен жай атқан,
Арқаң біраз жауыр болды таяқтан.
Жүре бердің сыйындың да аруаққа,
Ұйқысынан өзің түртіп оятқан.

Тұңғиықтан өзің ашқан жыр көзі
Жебеп жүрді, демеп жүрді күнде өзі.
Нарқызыл боп сен түскенде жарысқа,
Күмбірледі көне жырау күмбезі.

Жүгіргенге тарлық етпес кең дала,
Шын жүйрікті анықтайды өр ғана.
Сен қумадың біреулерше даңқты,
Даңқ сені өзі қуып келді, аға!

Сыншылардан сұрамадың сен баға,
Сездің түбі ескерер деп ел-дана.
Мансапты да іздемедің із кесіп,
Мансап итің іздеп өзі келді, аға!

Қаламың ғой қадіріңді танытқан,
Не күтсең де күтесің тек халықтан.
Таланттан үлкен емес ештеңе,
Үлкенсің сен атақтан да даңқтан.

Секілді боп адал ойдың бір кені,
Жатып едің қымтап алып іргені.
Бұрқ еттің де шыға келдің шулатып,
Батырлардай бұзып шыққан түрмені.

Аман болғай, қазақтың бір нар ұлы,
Сені сүйер аға да бар, бар іні.
Жеті түнде тұрсын дәйім оятып
Сонау, сонау қобыздардың сарыны.

КІНДІК ЖЫРЫ

Жұрнағым бар там-тұмдаған,
Тірлігім бар қалтылдаған.
Қылдан нәзік,
Күн нұрындай кіндігім бар жалтылдаған.

Алтын кіндік Гүннен қалған,
Запы көрген сұм жалғаннан.
Домбыраның ішегіндей,
Мың үзіліп, мың жалғанған.

Тажал аз ба қырғын күткен,
Қашан қуғын-сүргін біткен?
Ілініп тұр жалғыз жіпке
Таралғандар бір кіндіктен.

Дауыл тұрып құйын-желден,
Дөңгелетіп үйіргенмен,
Кіндік-жібім үзілмейді,
Атажұртқа түйінделген.

Көмілсем де топыраққа,
Айналсам да жапыраққа,
Өмір күйін шертіп тұрам,
Өлмей осы атырапта.

Асыл текті ата кіндік,
Саған талай бата қылдық.
Қайғы деген қарабас құрт
Қабырғамды жатады үңгіп.

Қасіретім - аз болтаным,
Қыршығаным - өз бармағым.
Кіндігіңе ғұмыр берсін,
Тозған елім, азған қаным!..

КӨҢІЛДІҢ ТҮРЛІ ҚЫРЫ БАР

Әлемнің түсті гүлі бар,
Әркімнің ішкі жыры бар.
Жүректің сыры сан алуан,
Тірліктің сыры қыруар.

Көңілдің түрлі қыры бар,
Бірі ұқпас достың,
Бірі ұғар.
Күнгейің тұрса құлпырып,

Теріскей бетің - сүрі қар.

Кереғар - күнгей, теріскей,
Тұрады дәйім келіспей:
Сіресер –
Бірі сызданып,

Күркесер –
Бірі беріспей.
Өтеді ешбір сеніспей,
Қоймайды түбі өліспей...

Көлеңке несін көлеңке,
Күншуақпенен тебіспей?

Түрмесе түнді шымшылап,
Күншуақ несін күншуақ?
Өзімен өзі арбаспай
Өмірі кімнің тыншымақ?

Айтасың ашып кімге оны,
Сыртыңның сыны - білгені.
Ішіңе ғана белгілі
Жаныңның жылап-күлгені.

Қырқаға шықсам көлденең,
Қиырды көзбен ақтарам.
Көгілдір дала көлбегең,
Көңілім бе екен деп қалам.

Қыранды көрсем аспаннан,
Қонсам деп шыңға оқталам.
Тәкаппар таулар қасқарған,
Сенімім бе екен деп қалам.

Тартамын талай жолменен,
Тірлікте тыным жоқ маған.
Гүлдерді көрсем шөлдеген,
Сезімім бе екен деп қалам.

Білмеймін, жардан қанша асты,
Су бар ма арна таппаған?
Жағада тұрған жартасты
Төзімім бе екен деп қалам.

Кепкендей болса кенезем,
Толқынға келіп тоқталам.
Күркіреп аққан көк өзен
Өмірім бе екен деп қалам.

Оралған сайын таң күліп,
Қанатын ойдың көп қағам.
Табиғат түбі Мәңгілік
Серігім бе екен деп қалам.

АБАЙДЫҢ АҚБОЗ ҮЙІНДЕ

Көзін тіккен шартарап,
Ақбоз үйі Абайдың.
Шаңырағына
Шалқалап,

Қайта-қайта қараймын.

Көтеріп ой азабын,
Қасіретке көнді Абай.
«Қалың елі қазағын»
Бүгін көрсе... дер қалай?

Сілкінбейік қалайша,
Айналамыз толы аңыз.
Бәріміз де Абайша
Ой толғаған боламыз.

Сөйлегенде топшылап,
Май тамызар тіл ғажап.
Ортамызда жоқ бірақ
Күпі киген бір қазақ.

Шығарғандай күнді өрге,
Сілтеп отыр талай жан.
Біреу үшін бұл жерде
Ұяласың Абайдан.

Бізге сынай қарайды
Әміршідей ақ сарай.
Сабаздарды санайды
Кеткен үміт ақтамай.

Алдымызда бар мәзір,
Сөз - дария, ой - теңіз.
Абай атам дәл қазір
Кіріп келсе... қайтеміз?!

ТАУ ЖЫРЫ

Тауым, мені құпияңмен жолықтыр,
Мен ұқпаған өмір сырын сен ұқтыр.
Көкірекке құстың үні толып бір,
Құшағыңа сүңгіп кеткім келіп тұр.

Жайлауыңмен едім жастай сырлас ұл,
Жас құлындай салушы едім жылда асыр.
Аңғал-саңғал аңғарыңа кіргенде,
Шегінгендей сезінемін бір ғасыр.

Көңілімді ете бермей босқа алаң,
Қызығыңды тағы да бір тос маған.
Төсіңдегі мөлдіреген көлдерің –
Алып шыңдар қолындағы тостаған.

Асқарыңнан жұлдыз құлап, ай аунап,
Керуен-керуен бұлт көшеді баяулап.
Шоқы тастар мелшиеді, аты өліп,
Тас түнерген батырлардай жаяу қап.

Кереметің таусылар ма тойласам,
Оралады оқиғалар ойға сан.
Қоймасына кіргендеймін аңыздың,
Қатпар-қатпар қойнауыңа бойласам.

Шыға алам ба сай-салаңды айналып,
Тұра алам ба ғажабыңа байланып?
Жүре берсем сезінемін өзім де
Кететіндей бір аңызға айналып.

Өрге шығар, кенереңді қиялат,
Көкірегіме қыран ойды ұялат.
Күй келгенше ара түсіп көрейін,
Бұл өмірде аз дейсің бе қиянат.

Тауым, мені тамашалат, еркіндет,
Жас күнімдей жүгірейін желпілдеп.
Алматыма оралайын құлпырып,
Қайтқан қыздай біраз уақыт төркіндеп.

ЫМЫРТТА

Даланың қымтай орап шырын гүлін,
Жазғы кеш түсіргенде шымылдығын,
Көлеңке күңгірттене қою тартып,
Дүние көз алдымда құбылды мың.

Жүзінен күндізгі рең сырғи қашқан,
Маужырап, ұйқы қысып, мүлгиді аспан.
Сапардан шаршап қайтқан жолаушыдай,
Ақырын түн келеді ілби басқан.

Ауаның ыстық демі сәл суынып,
Келеді қараңғылық қаусырылып.
Төңірек түңғиыққа бата түсіп,
Көрінбей қарауытты, тау сырылып.

Шегіртке үнін созып әлдеқайдан,
Балқытар баяғы бір жанға жайлы ән.
Жанарың жасырынған әлдекімді
Үңіліп іздегендей бар маңайдан.

Тәтті еді шырыны мол бүл сәт қандай!
Ынтығар жүрек шөлдеп, сусап таңдай.
Самал жел құлағыңа сыбырлайды,
Еске caп өткеніңді мұң шаққандай.

Қоламта кеудеңдегі қоздағандай,
Тұрасың ойға батып, қозғала алмай,
Жер жаңа, аспан жаңа - дүние балғын,
Секілді еш нәрсе де тозбағандай.

Кенеттен қатты серпіп қанатыңды,
Қақ жарып самғардайсың қара түнді.
Бірақ та жете алмайсың ұшығына:
Дүние қашан, қалай жаратылды?..

Дүние - әрі көне, әрі жаңа,
Қарайсың беріге де, арыға да.
Бір ысып, бір суыған бұл сәтіңді
Өзіңнен өзге; сірә, жан ұта ма?!

ТӘТТІ БҰЛАҚ

Ағушы еді ауылдың іргесінде,
Асығушы ем күн сайын тілдесуте,
Жағасы оның сауықтың сарайы еді,
Өткізуші ек жиналып жыр кешін де.

Сықылықтап сөйлесіп баламенен,
Суға келген сырласып анаменен,
Мәңгі бірге жасасқан құрдасындай,
Әзілдесіп ойнайтын даламенен.

Ақ ботаның көзіндей мөлдірейтін,
Ол жүдесе, маңдағы ел жүдейтін.
Сапар шегіп, шаң жұтып, шаршаған жан
Кәусарынан бір жұтпай сергімейтін.

Сәбидейін былдырлап әлдене деп,
Айналасын жататын әнге бөлеп.
Одан тәтті әлемде жоқтай еді,
Секілді еді тек сонда бар керемет.

Үңілуші ем үздігіп шіркінге мен,
Шаттығыммен, көздегі күлкімменен.
Тұнығымнан тұрушы ем маржан атып,
Көмейіндей дәл соның бүлкілдеген.

Бәлкім, менің сол бұлақ балалығым,
Көңілде жоқ алаңым, алалығым.
Ажыратпас, аңдамас пәк сезімім
Жақсылық пен жамандық аралығын.

Жылдар қанша болса да жүрдек мейлі,
Арман, шіркін, жанымды кірлетпейді.
Көк теңіздің үстінде жүрсем-дағы,
Көкейімнен сол бұлақ бір кетпейді.

Қайран жүрек кей кезде қатты жылап,
Сол бұлақты іздейді аптығып-ақ.
Теңіз суы - телегей,
Ащы бірақ,

Зәрусің-ау кішкентай тәтті бұлақ...

ЖҮЙРІК AT МІНІП ТҮСІМДЕ...

Жүйрік ат мініп түсімде,
Дүниені кезем сайрандап.
Өзге бір өмір ілінде,
Өзіме тұрам қайран қап.

Бәріне назар аударам,
Жарысып желмен жүремін.
Орманға барам, тау барам,
Бұлтқа да барып кіремін.

Уыстап жайдың отынан,
Күркіреп күндей күлемін.
Бір мезет көкте отырам,
Төсеніп бұлттың кілемін.

Ешкімнің менде ісі жоқ,
Қиялға батам әр қилы.
Ішінде бұлттың кісінеп,
Тұлпарым тұяқ тарпиды.

Жер менен көкті сапырып,
Теңіздей терең ой кешем.
Найзағай болып атылып,
Жартастарменен сөйлесем.

Нөсер боп жауам селдетіп,
Жапырақтың шөлін қандырып.
Шаршаған көлді тербетіп,
Ауаға тыныс алдырып.

Иелік етіп жер-көкке,
Бір өзім билік құрамын.
Бақыттың құсын көрмекке,
Шақырып жұртты тұрамын.

Талайсыз өзін сезінген
Көрмедім бірақ бір адам.
Көпсініп одан безінген,
Азсынып тағы сұраған.

Салса да сызат көңілге,
Жазықты қылмас уақытты.
Секілді бәрі өмірге
Келгені үшін бақытты.

Осылай кейде түсімде,
Дүниені кезіп сайрандап,
Өзге бір өмір ішінде,
Өзіме тұрам қайран қап...

КЕРБЕСТІ

Кербесті, күпшек санды, күдері бел,
Құйғытсам, кекіліңді түреді жел.
Көп ешкім тұрпатыңа көз салмайды,
Тұлпардан үзгені ме күдерін ел?

Табылмас сүйегіңнен оймақтай мін,
Кермеге қойған сені байлатпай кім?
Қорғасын құйған сақа сияқтанып,
Шығасың топ алдына ойнап қай күн?

Сүлесоқ сұлық тұрсың салғырттанып,
Селт етіп оянасың, қалғып барып.
Келе ме құлағыңа ұлы дүбір,
Қалатын шаңнан аспан шаңғыттанып?

Құландай жортып өткен құба белде,
Сендей-ақ болған шығар
Құлагер де.
Тарқатып құмарыңды көсілтейін,

Сәл көтер иегіңді, тұра берме.

Қосатын бір дүбірді бір дүбірге,
Демеймін жойқын шабыс тынды мүлде.
Баяғы Батыраш пен Қотыраш жоқ,
Жүйріктің жолын тосар кім бүгінде?

Алданып зуылдаған жылдамдыққа,
Біз әлде көп қызықтан құр қалдық па?
Ақандар азайған ба арамызда,
Ат үшін басын тігер құрбандыққа?

Болса да әр заманның сәні басқа,
Бола ма шын жүйрікті танымасқа?
Төсінде көк жайлаудың сәті түссе,
Көрсетем өнеріңді кәрі-жасқа.

Кербесті, білем, әлі бөлек орның,
Бір мінсем бұлдырық боп жөнелермін.
Құйғытшы,
Жүрегіне жалын тастап,

Күліктің күні бітті деген елдің...

СОҢҒЫ ШАБЫС

Атымның аяғына шор байланды,
Орнынан әрең тұрып, зорға айналды.
Шор байланды –
Маған да шер байланды,

Жануар бүктетіліп оңбай қалды.

Көкпарды көк кептердей ала қашып,
Кетуші ек көк сағыммен араласып.
Өлердей өзгелермен жағаласып,
Қалайша байқамағам қара басып?

Жануар жатып алды сұлады да,
Оқ тиген ақбөкендей құлады да.
Селт етіп жерден басын жұлып алар,
Шалынса ат дүбірі құлағына.

Өксиді ыңыранып, шер байланып,
Қалқиған құр сүлдері өлмей қалып.
Шыңғыра кісінейді ауық-ауық,
Шыққысы келе ме әлде жерді айналып?

Шабатын әр төбеден шаң шығарып,
Өмірі көрмеп едім қамшыланып.
Қайырылып қалғанын-ай қанатының,
Сіңірін кесе басып, жаншып алып.

Беймәлім не болары келешекте,
Тұлпарым төзер ме екен көрешекке?
Мұң болып таяқ тастам, қарға адым жер,
Жете алмай қор болар ма көк есекке?

Шойырылып сол жатқаннан жатып алды,
Тек қана жылқы деген аты қалды.
Күрсіне иіскеп қойып топырақты,
Имиіп инеліктей қатып алды.

Бір күні құдай оңдап; бұрып бетті,
Бір аунап сілкінді де тұрып кетті.
Ақырын жылжи басып жүріп кетті,
Көңілді күпті қылған күдік кетті.

Тағы да үмітімді артып көрдім,
Сауыңнан
Сырқатымды артық көрдім.
Көк ерді күпшек белге тастай салып,

Көкпар-жын қайдасың деп тартып бердім.

Жөнелді жануарым заулап алып;
Дауылдай соғыла ма тауға барып?
Құйындай көкпарға кеп киліктім де,
Қағып ап кете бардым шаңға малып.

Төрт тұяқ қатар соққан тастан қатты;
Түтіндей қою шаңды аспанға атты.
Көкжиек көз алдымда дөңгеленіп,
Жануар жанарымнан жас парлатты.

Сабылтып, соңын жойқын жорық қылып,
Суырылды шабысына жер ұттырып.
Біреудің көңілін кетті торықтырып,
Біреудің өлтірді атын зорықтырып.

Соңыма сол шапқаннан бір қарамай,
Ауылға жалғыз жеттім түнге қарай.
Қайран қап қарап тұрмын,
Біле алмадым,

Бұл шабыс әсер етті кімге қалай?

Қолтыққа дем берді ме шапқан жазып,
Өзендей бауырында аққан жазық.
Асты да бір аяғын тұрып қалды,
Үш аяқ қақиды да - қаққан қазық.

Ақсайды ауырсынып жетелесем,
Кемтарлық, тиіп тұрсың жетеге сен.
Тұғырға алты аяқ та аздық қылар,
Тұлпарға үш аяқ та жетеді екен...

ҚАРТТЫҢ ҚАЛЖЫҢЫ

- Жаз келсе жапырағын жая келер,

Жаныңа шуақ төгіп, сая берер.
Қыс келсе дөдегеңді қырау шалып,
Шым-шымдап жабығыңнан аяз енер.

Келемін бірақ әлі қымтырылмай,
Қалам ба қансонарда түлкі қумай?
Көңілім қалағанын қалт жібермес,
Кәнігі кәрі мерген мылтығындай.

Белгілі өмірдің жаз, қысы маған,
Жерім жоқ қапылысқа ұшыраған.
Төменде қағушыдан қиқу шықса,
Қиядан қыранымды ұшыра алам.

Аралап көрдім талай құз-қияны,
Танимын жазғы ұяны, күзгі ұяны...
Тәтті ойға батырады анда-санда
Баяғы жігіт сөзі, қыз қиялы...

Не керек, жігіт едім жыным қатты...

– Деді де қуақы шал жымың қақты.

AHA ТІЛІМ

Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңінен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның?
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім,
Егер сені білмесем?
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,

Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.
Туған анамды ұмытқаным емес пе,
Туған тілім,
Егер сені ұмытсам.

Сенің арқаң өзімді өзім түсінсем,
Ақыл-ойым, айбатым - сен, күшім - сен
Қойсын маған күннің нұры түспей-ақ,
Ана тілім,

Арыңа дақ түсірсем.

Ағытатын тасқын ойдың тиегін,
Өзің ғана сыйынатын ьшелім!
Ризамын - отқа жанып сен үшін,
Күлге айналып кетсін мейлі сүйегім.

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

Ана тілім,
Алтын ұям, құндағым,
Ак, бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жырың, сенің әнің айтарым

Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым!

МАХАББАТ

Ойлап тұрсаң қабырғаңа батады-ақ,
Қыран жылап, қуанды сан жапалақ.
Бірақ көбін ұмыттырып жіберді
Тіршілікісе деген іңкәр махаббат.

Бұл өмірдің мінезі де қатал-ақ,
Жамандардан жедік талай шапалақ.
Бірақ оны білгізбестен келеді
Елге деген ең керемет махаббат.

Мейірімге шөлдегенде қаталап,
Жақсылардан көрдік талай шапағат.
Сондықтан да көкіректе өшпейді
Адамзатқа деген ыстық махаббат.

Сол махаббат жел өтінен қалқалап,
Анамдай бір келе жатқан арқалап.
Толтырады шуағымен, нұрымен,
Көңіл кейде құлазыса орталап.

Жастық шақта атты қанша күліп таң,
Тез алыстап кететінін кім ұққан?
Сол махаббат тереңдерге бойлатып,
Сусындатқан кәусар менен тұнықтан.

Соңымызда жылдар қалып, жол қалып,
Зымырадық көрген күнді олжа қып.
Сол махаббат қара түнде адассам,
Алдыма әкеп түсіретін мол жарық.

Сол жарықпен тарта берем мен алға,
Ұмтылғандай көктемдегі көгалға.
Аман болғай күнәден пәк, махаббат,
Бұл дүниеде сен жоғалма, жоғалма!

ШОҚАН МЕН ХАНТӘҢІРІ

Жатырсың іргеңді сен қырда қымтап,
Жүректі батырасың мұңға бір сәт.
Басыңа келіп тұрмыз бір топ ақын –
Өзіңнен жүз жыл кейін туған ұрпақ.

Ат басын уақыт кері бұра ала ма,
Түсіпті соншама көп жыл араға.
Осыдан жүз жыл бұрын сен өткенде,
Кім білсін, кім болғанын бұл арада.

Атандай арқалаған жүгін көптің,
Алыптың алдына кеп жүгінбес кім?
Отындай жолаушының демде сөнген,
Әттең-ай, отыз-ақ жыл ғұмыр кештің.

Бір жылың бергісіздей бір ғасырға,
Туғансың уақытпенен сырласуға.
Халқыңның қасіреті жатты түгел
Бір тамшы көз жасыңның тұнбасында.

Қайырылып келте тірлік тез бүктелді,
Мезгілдің қабағынан сездік шерді.
Отыз жыл - тарихтың отыз томы,
Мәңгілік үңілдірер көз біткенді.

Жол салып арттағыға кертіп шыңнан,
Өзіңсің өрендікті ерте ұқтырған.
Қадалып Хантәңірге көп тұрыпсың,
Аспанның омырауын шертіп тұрған.

Сөнгенше сәуле шашқан сезім-санам,
Арналар ең бір ыстық сөзім саған.
Қараймын Хантәңірге көп құмартып,
Айналып кеткеннен соң өзің соған...

ҒАБИДЕН МҰСТАФИН ҚАЗАСЫНА

Қайыспаған қара нар ең ауырға,
Майыспаған қарағай ең дауылға.
Сен құлады деген хабар кенеттен
Қатты тиді ағаға да, бауырға.

Тартушы едің өрге салса алқынбай,
Сексендегі сергектіктің салтындай.
Төрімізде отырушы ең қасқайып,
Тұла бойың тұтас құйған алтындай.

Алғырлықпен аштың небір тұйықты,
Асқарлықпен алдың талай биікті.
Тазалықтың таразысы секілді ең,
Ел жүгіне ерте тосқан иықты.

Саған айтпай халқың айтар кімге алғыс,
Қайрат едің кеткен кезде мыңнан күш.
Құбылнама өзің едің бұлжымас,
Алып кеме өзің едің мұзжарғыш.

Сахи едің ісің - үлгі, сөзің - құт,
Бақиға өттің, қала бердік төзім қып.
Қара жерге тимей жатып жамбасың,
Орның бөлек екендігін сезіндік.

АҚЫНДАРҒА ҮНДЕУ

Күңіренгендей қаралы қабыр басы,
Қасіреттің тамады ауыр жасы.
Қабырғасы қапастың бүлк етпейді,
Қайысады халықтың қабырғасы.

Алапатқа ара түс, ей, ақындар,
Адам көзін жойылсын оятындар!
Көк желкесін қиыңдар қиянаттың,
Зұлымдыққа бір зауал таятыңдар!

Қол босатып думанды жыр кешінен,
Үн қатыңдар жаһанның мінбесінен!
Зобалаңға ұрынған ұландарды
Құтқарыңдар зорлықтың түрмесінен!

Жасқанбаңдар, жарыңдар сөз бомбасын,
Қайда қалмас қатерге төзген басың.
Көтере алмай бөксесін жатсын жұлып,
Дию ғасыр құрт жеген өз жамбасын.

Қара түнек тұрғанда баста мәңгі,
Төрт құбылаң тұтасқан тас қараңғы.
Жанұшырып іздейсің бір саңылау,
Түрме-қоғам шыңғыртса жас балаңды.

Түк естімес түрменің түбі керең,
Сұмдықтардың сөйлейді тіліменен.
Қарақшының ұясы қай заманда
Қанға толып шығады түніменен.

Бұлтқа барып кіргендей күн мен айың,
Қия бассаң қашанда түрме дайын.
Тұңғиықта тұншыққан тастай батып
Бостандықты іздейік бірге, ағайын!

Құлазыма, ақындар, құр мұңайып,
Қан көйлегін әлемнің бір жуайық!
Төс балғадай өлеңнің жұдырығымен
Түрмелердің есігін ұрғылайық!..

АҚТОҒАЙ

Ақтоғай, атың қандай әдемі еді,
Деуші еді жыр бесігі, ән әлемі.
Өзімнен бұрын жетіп құс-көңілім,
Аялы аспаныңда әуеледі.

Ұл-қызың жырға қосты мақтап талай,
Мен кетем ол дәстүрден аттап қалай?
Алдымнан шыға ма деп аңсап келдім
Ақ сүтке малынған бір аппақ тоғай.

Өнердің туын мұнда тік ұстамай,
Бола ма кеуде кере тыныстамай?
Тұр ма деп ай нұрымен шағылысып,
Мен сені іздеп келдім, күміс тоғай.

Жолымды келдім саған жақсы ырым ғып,
Бір бұлақ көкірегімнен ақты жылжып.
Ақтоғай - аппақ отау, ақ махаббат,
Ақ торғын, үлбіреген ақ шымылдық.

Ән-күйден, өлең-жырдан салған сарай,
Бола ма сенде туған жанды аңсамай?
Жарқ етіп Әсет шыға келетіндей
Көрінді құшағыңнан, арман тоғай.

Толқыды, тебіренді жаным ерен,
Өмірің қызықтырды сәніменен.
Сенбісің, сайрап тұрған бұлбұл тоғай,
Күләштің, Манарбектің әніменен?

Ақтоғай, жер атысың, ән атысың,
Арқаның салтанаты, санатысың.
Самсаған сансыз аққу қанатындай,
Ақтоғай, алып қырдың қанатысың.

Сый тартам өлеңімнен өзге қандай,
Көп тұрдым тауларыңнан көзді ала алмай.
Ақтоғай, ақ жаулықты анам болып,
Бауырыңа бастың мені өз балаңдай.

Жүргендей үмітіңді кілең ақтап,
Төріңе шыға келдім бір-ақ аттап.
Ақтоғай,
Ақ тоғайы екенсің-ау

Жандардың көңілі аппақ, жүрегі аппақ!

БӘРІН КӨРІП...

Төземін мен!
Жүріп өтсін ыстық от өзегімнен,
Аянатын түгім жоқ өз елімнен.
Өкінбейді соңында өмірінің

Бәрін көріп,
Бәрін де сезе білген.
Бірге сырым!

Отан менің бір - анам, бір - бесігім,
Бесігімнің балақбау - іргесімін.
Осқылаймын оты боп найзағайдың,
Бақытыма тигізсе кім кесірін.

Толғанамын!
Күн қабағын бағамын, таң қабағын –
Жібіткім кеп таңдайын шөл даланың,
Тазартқым кеп көйлегін кір аспанның,

Кеңейткім кеп көшесін тар қаланың.

Жылап та алғам!
Естілгенде өксік үн бұлақтардан,
Сарсаң болтам сан қилы сұрақтардан.
Дір етеді жүрегім жеті түнде,

Жер сауыры дір етсе сынақтардан.

Арпалысам!
Біле алмаймын, өзіммен қанша алысам,
Жүйке-жүйем жұқарып, шаршады сан.
Болмаған соң, түсімде қанат байлап,

Бір белгісіз әлемді аңсап ұшам.

Серпілемін!
Қуып солай кеудемнен шер түнегін,
Ғажайып бір күй болып шертілемін.
Көре қалсам әйтеуір әлдекімнің

Ел-жұрт үшін маңдайы тершігенін.

Бүршік аттым!
Көктемдегі астында күншуақтың,
Тамыр жайып тереңге тыншымақпын.
Сәби-дүние сәл ғана жабырқаса,

Көз жасы боп алдымен ыршымақпын.

ӨМІР СӘУЛЕСІ

Біреу егіз өмірде, біреу сыңар,
Ана деген бәріне тілеуші бар.
Жалғыз болса шыдайды ол қашанғы –
Опырылып оп-оңай тіреу сынар.

Түспегенмен жалқылық өз басыма,
Куәгермін талайдың көз жасына.
Бөлінбеске бүтінге кепіл бар ма,
Амал қайсы асылдың тозбасына?

Қағыс қалған қайғыдан пенде қашан,
Оңашада гөй-гөйге мен де басам.
Күңгірт тартып көңілім бара жатса,
Тұмшалаған ой көзін пердені ашам.

Түскен сезім әлекке әуреленіп,
Шыға келер уайымды сәлде жеңіп.
Жүрегіме сарғайып солғын соққан,
Жан-жағымнан құйылар сәуле келіп.

Шуақ төккен сол сәуле, бәлкім, анам,
Күнім бар ма нұрына балқымаған?
Ақ сүтімен бір соның өлшенеді
Алатұғын өмірден әр сыбағам.

Жанымдағы сол сәуле, бәлкім, жарым,
Шұғыласына шомылып жарқылдадым.
Мейірімі бір соның, махаббаты,
Жүрсе менің түгел боп бар тұрманым.

Қарындасым сол сәуле, қызым, бәлкім,
Гүлмен өріп жүретін ізімді әр күн.
Арқасы ғой солардың қуатының,
Айналама көрінсе жүзім жарқын.

Қызым, жарым, қарындас, анам да бар,
Олар барда жайым жоқ алаң болар.
Бергеніңе, уа, тәңір, мың шүкірлік,
Осы-ақ шығар бақ болса маған қонар.

Соларменен тамырым тарамдалар,
Бұл тірлігім оларсыз тәмамдалар.
Бірі үзілсе сол нәзік сәулелердің,
Жарық дүние мен үшін қараң қалар.

Қамқорым да солар ғой, қорғанышым,
Қайрат-күшім, ақылым, ар-намысым.
Олар қоршап тұрғанда бір патшамын,
Мекен еткен жап-жасыл орман ішін.

Айналам гүл құлпырған шешек атып,
Қыз - қуаныш, жар - тірек, шеше - бақыт
Тиетіндей алдымен соларға кеп,
Жүрсе біреу сыртымнан кесек атып.

Мүмкін менің биіктен болар дәмем,
Қуыс болса кеудеме қонар ма әуен?
Қасиеттеп ісиедей әйел затын,
Қайда жүрсем бас ием соларға мен.

Шықпаса да атағы алты арысқа,
Өледі екен ер жігіт арпалыста.
Тәңірісі әркімнің - өз анасы,
Аналыққа сыйынған Алпамыс та.

Не көрмеді бұл қазақ жаралғалы,
Сан жыртылды ыдырап жамалғаны.
Күн туғанда әйтеуір басымызға,
Бізді қолдап келеді ана аруағы.

Әлі талай дүние қайталамақ,
Тарқамасын мереке - той-томалақ.
Күні кеше бабамыз жауга шапты
«Қарақабаттап!», «Қызайлап!», «Айпаралап!».

Соның бәрі, байқасақ, ел анасы,
Аруағының шыбын жан садағасы.
Келеді алып аналар адастырмай,
Өтсін қанша тағдырдың өліарасы.

Бірде солып, бірде өмір толуменен,
Замандарды келеді шолуменен.
Әйел заты ерге жар бола алады,
Құдай болу - елге ана болу деген!

НЕГЕ, ЖАНЫМ, ІЗДЕП КЕЛМЕДІҢ?

Асыр салып мөлдіреген балбұлақ,
Қызғалдақтар құлпырғанда албырап,
Жүрек сені жоқтағанда зар жылап,
Неге, жаным, іздеп келмедің?

Күн нұрына көкірегін кең ашқан,
Ақ тұманнан айыққанда көк аспан,
Қоңыр қаздай сыңарынан адасқан,
Неге, жаным, іздеп келмедің?

Апармайды тағдыр салған жол қайда,
Қаным кеуіп, шөлдегенде шалғайда,
Қарлығаштай су тамызып таңдайға,
Неге, жаным, іздеп келмедің?

Жапырақтар сарғайғанда әудемде,
Азынайды суық ызғар кеудемде,
Бұл жалғанда саған ғана сенгенде,
Неге, жаным, іздеп келмедің?

Тереземді аппақ қырау шалғанда,
Өксігенде қайран ғұмыр арманда,
Қанатымды қозғай алмай қалғанда,
Неге, жаным, іздеп келмедің?

ТОРЫҒУ

Көлімді дауыл шайқады,
Тағдырдың бүріп толғағы.
Кер заман көктей жайпады,
Үзіліп түсіп қолдағы

Үміттің алтын балдағы.
Аядай алдым мұнартты,
Айықпас түнек келді де.
Жеріме жат көз құмартты,

Желкеме қылыш төнді де,
Жеңіме жылан енді де.
Сайрауық тілім кесілді,
Аяқты кісен қапты да.

Надандар билеп есірді,
Тамағын ғана тапты да,
Тойынған иттей жатты да.
Ұйыған ортам іріді,

Ауыздан бірлік қашты да.
Іргесі елдің шіріді,
Аждаһа аран ашты да,
Албасты келіп басты да.

Іштегі жара қанады,
Көңілге қайғы толды да.
Қыранды торға қамады;
Тұғырға қарға қонды да,

Тірегім тұлдыр болды да.
Қағынан құлан жерінді,
Қағынған індет шықты да.
Жолбарыс жалтаң көрінді,

Өзінен зордан ықты да,
Өзекке барып бұқты да.
Тұғырдың түбі мұздады,
Мүйізді аяз қысты да.

Жүрегі көптің сыздады,
Қаймыға қарап сұстыға,
Көмейден жалын құсты да.
Оңымнан желім тұрмады,

Шаттықтың шоғын үрлеуте.
Асылдың тозды жұрнағы,
Қысқа жіп келмей күрмеуге,
Кемерге соғып құр кеуде.

Басымды оймен қаңғыртып,
Жүзімнің нұрын тайғыздым.
Түкпірін түннің жаңғыртып,
Кидім де кебін байғыздың,

Ішімді уға шайғыздым.

ҚАБАНБАЙҒА ШАҒЫНУ

Сыйындым аруағыңа, батыр баба,
Медет бер алысқа да, жақынға да.
Қу сөзден қурай орган заржақ емен,
Отырып таз басындай тақырда да.

Азырақ арыз айтсам жайсыз көріп,
Түнеріп жауар күндей шатырлама.
Қара бұлт қылаң бермей жел тұрмайды,
Жел тұрса, тыныш жатқан көл тулайды.

Төгілсе сабасынан ащы зарым,
Қазақтың тау-даласы солқылдайды.
Дертімді саған айтпай кімге айтамын,
Мысқалдап айтқан сайын ұлғайтамын.

Баяғы дәурен қайда, адам қайда,
Жер түгіл, жауға бермес бір байталын?
Құрғамай сауыс болған тер тебінгі,
Тұлпарлар айғай шықса жер тебінді.

Қубасқа сен ер салсаң, қалың дұшпан
Қаңбақтай жел айдаған төңкерілді.
Шыққан жау батысыңнан, шығысыңнан,
Қаймықты қиып түсер қылышыңнан.

Сүйеніп көк найзаға қалғыса да,
Түтінін түгел қазақ тік ұшырған.
Жан сақтап қалып еді шұбырса да,
Көріне атасының тығылса да.

Аранға түспеп еді
Арбағандар
Түлкідей тоқсан түрлі құбылса да.
Тұрып ең жау өтінде, жел өтінде,

Әйтеуір бір ажал деп өлетінге.

Зар болдық көлеңкеңе, Ер Қабеке,
Ел үшін кесіп берген қоң етін де.
Қаншама сүргін өтті сен кеткелі,
Халқыңның көкірегін шер кептеді.

Ұясы еркіндіктің табылмады,
Жанындай жалмауыздың шөлмектегі.
Жақсының құрығаны көзі мүлдем,
Атандай шойырылсақ белі үзілген.

Көмескі көп шиырдан таныды әрең,
Адасып қала жаздап ел ізіңнен.

Не шара адаспасқа, алжымасқа,
Қара нор үйірілсе мәңгі басқа.
Төрдегі әкемізді қуып шықтық,
Иланып есіктегі қаңғыбасқа.

Қаратау қалжырады күй кеткендей,
Қасірет қабырғасын күйреткендей.
Тажалға тәлкек болған ту даланың
Тап-тақыр беті тулақ сүйреткендей.

Зорлығы жүргеніне жат қуанар,
Тұқымы пәлекеттің тақ қуалар.
Ғайыптан қайта туып келе қалсаң,
Таппайсың таза бастау ат суарар.

Сонаға балдай татыр сорған қаны,
Шіркейдің құтылған ба сордан жаны?
Күштінің диірмен тартса мықты дүмі,
Далбаса дәрменсіздің қорғанғаны.

Қабеке, жер өксіді, ел өксіді,
Өзіңдей бір батырды керексіді.
Сүт емес, бауырынан қан сорғалап,
Уақыттың қыңсылады өлекшіні.

Тағдырдың таразысы ауытқымай,
Тең ұстар күн туар ма халықты ұдай?
Емес пе пендесінің бәрі бірдей,
Бар болса болыспайды нағып құдай?

Дүние шабысынан жаңылар ма,
Дарияға аққан түйме табылар ма?
Бықсытып, түтіндетіп, тұншықтырған
Тарихтың тас ошағы шағылар ма?

Жар болғай, батыр баба, тарыққанда,
Тіршілік титықтатып арытқанда.
Дәуірден аттап өту былай тұрсын,
Шама жоқ секіруте арықтан да.

Бұл күнде Абылай да, Бұқар да жоқ,
Бұтағын бәйтеректің бұтарлады оқ.
Қайғыға қайық салған қайран көңіл,
Торғындай тозып біткен жұқарма көп!..

АЛЫҚҰЛ АҒА

Алықұл аға, сөз сөйлеп тұрмын тойыңда,
Найзағай ойнап, бұлттар күркіреп ойымда.
Байтақ даладан тұйғындай ұшып жеттім мен,
Бүкіл қазақтың сәлемін артып мойынға.

Алдыңа келіп, ағалап тұрмын міне енді,
Тудай көтеріп жырыңнан алған жігерді.
Бішкекке елім жіберген жоқ қой ішпекке,
Ұлы ақынға тағзым етуге жіберді.

Аспаннан кенет періште үні жеткендей,
Табынам саған, Тәңірге тағзым еткендей.
Аранын ашып, ақырған ақ бас бурадай
Тағдыр да бүтін алдыңа келіп шөккендей.

Жаныңды сенің жегідей жепті ел мұңы,
Мезгілсіз босап өмірдің алтын белдігі.
Өткенді қозғап, кеткенді қуып қайтемін,
Дала мен таудың тарихы саған белгілі.

Асыл ағатай, жарқын жүзіңді көргем жоқ,
Құлатыпты ерте қаскүнем ажал мерген боп.
Сенің ғұмырың жетпеген жерге кешегі
Жырларың жетті Алатау асып, керуендеп.

Жатыпсың жалғыз, таңдайың кеуіп қаталап,
Көзіңнің жасы мөлдір жырыңдай боталап.
Сенетін досың өлетін сәтте табылмай,
Қасыңнан безіп кеткені жанға батады-ақ!

Өлімнің мәңгі орнына сені түсті деп,
Сүйінші тілеп, қарғалар шулап ұшты кеп.
Арам ниетті ол байғұстардың сорына,
Сен шықтың бірақ ажалдан-дағы күшті боп.

Отырсаң бүгін қасқайып тойдың төрінде,
Тарқайтын еді шемендей қатқан шерім де.
Қазақ пен қырғыз талантты туған ұлдарын
Жүндегіш келер, күндегіш келер тегінде.

Алықұл аға, осыған кейде таңғалам,
Не қылған жұртпыз қорықпайтын тіпті Алладан?
Өлердей болдық жүрекке түскен жара мен
Өшпестей болып сүйекке түскен таңбадан.

Ежелден біздер ел емес пе едік тамаша,
Күн туса басқа, түсетін досқа араша.
Қырғыздың тауда күшігі жатты қыңсылап,
Ой жақта бөрі қазақтың итін таласа.

Ел емес пе едік бөліскен көңіл тұнығын,
Құзғынға қимас қыранға лайық тұғырын.
Сарыарқадағы сырқырады өгіз мүйізі,
Алатаудағы мүйізі сынса бұғының.

Ақ туын ұстап ұрандап шықсақ Алаштың,
Қосылды қырғыз суындай тасып Таластың.
Тауымыз да ортақ, жауымыз да ортақ халықпыз,
Пір тұтқан атын Қобыланды менен Манастың.

Аяулы аға, сен де айттың кеше осыны,
Ұлан ойларың үріккен еліктей жосыды.
Екі елді бірдей емірене сүйген жүрегің
Сұрқай заманның сұсынан қатты шошыды.

Арман мен үміт көп еді алдан сен күткен,
Отыз бес жаста өмірден көштің ерлікпен.
Үніңді дереу жартастар түгел жаңғыртып,
Ізіңді дереу әкетті жалғап жол біткен.

Зарыңды айтып, барыңды айтып жасырмай,
Жарқ етіп ақтың аспанды тілген жасындай.
Қырғызға біттің Алықұл Осмонұлы боп,
Қазаққа біткен Аманжолұлы Қасымдай.

Алықұл аға, рухыңа сенің мұң шағам,
Бауырың едім жырыңа жастан сусаған.
Ағаңның тойын атқарып кел деп жіберді,
Қалың қазағың осында мені жұмсаған!

ӨЛІАРА

Қайдасың сен, дірілдеген аппақ сүттей ай нұры,
Алтын сәулең неге аспанның аясынан айныды?
Кең жаһанға шырақ жаққан ажарыңнан адасып,
Қараңғылық құшағында қалған дүние қайғылы.

Су иесі Сүлеймендей тілін білген құстардың,
Ей, сырлы арай, сеніменен сөйлесуге құштармын.
Мың құбылып ойнап тұрған дидарыңның сағымын
Қуаласам, уа, дариға, қайтіп қана ұстармын?

Сен қайтадан оралғанша тұңғиықтың түбінен,
Сығырайған соқыр аспан талықсиды түнімен.
Өзің жоқта жұлдыздар да емін-еркін әндетіп,
Ғарыш төрі жырлап жатыр ғашықтардың тілімен.

Зарықтырмай, зәру қылмай беріп кетсең сәулеңнен,
Құтылар ем өліарада көз байлаған әуреңнен.
Мәңгі бақи жұмылмайтын түн жанары болсамшы,
Тас түнектен шыққан сайын жүзіңді аман-сау көрген.

МІНӘЖАТ

Күңгірт тартқан көңілімді жарқыратшы, періштем,
Таңның алтын шапағындай тазарайын мен іштен.
Қайғырмайын, сараң тұрмыс қақсын мейлі шөміштен,
Қай мұратқа жеткізеді ессіз тойып, жеп-ішкен?

Рухымның падишасы, тұла бойың тұнған нұр,
Парасаттың мейіріміне шөлдегенде бір қандыр.
Жаным менің жаратылған сенің сиқыр сәулеңнен,
Тылсым төрін тынбай шарлап, фәни мұңын жырлап жүр.

Ұшып-қонсам кінәлама орын таппай өмірден,
Көбелекпін нәзік гүлдей өз қанатын кемірген.
Пәле-жала ұшығынан сәбиіңдей сақтай гөр,
Рахаттың бесігінде рақымыңа семірген.

Өзің ғана сырын ұғар елес қуған кезбенің,
Өлсем, көрден тұрғызатын құдіретім - сөз менің.
Ей, періштем, көрінбесең есігінен пейіштің,
Бұлдыр үміт көлеңкесі үйіреді көзге мұң...

ӘМІРІҢЕ ҚҰЛДЫҚ ҰРДЫМ

Әміріңе құлдық ұрдым, жұмса мені, ей, төрем,
Шөлден қазған шыңыраудай шымырлайды ой терең.
Қу медиен, құла дүзде қалғанымда қаңғырып,
Сөз киесі, өзің келіп құтқармасаң қайтер ем?

Тағдырымды, зар-мұңымды түсінетін сен ғана,
Саған ғана сыйынамын, сыйынғандай Аллаға.
Ей, жүрегім, тойып болған бақытқа да, сорға да,
Қасіреттің көз жасы боп ақ қаағазға сорғала!

Не табамын сен болмасаң, айналамнан жұтаған,
Айырылды тозған торғай қорғалаған бұтадан.
Заман түрі жалаңдаған ақ балтаның жүзіндей,
Мың жылғы өскен бәйтеректі бір-ақ күнде бұтаған.

Дүниені дерт жайласа, жуыр маңда ем қонбас,
Көтеремге жүгін артқан көштің күні енді оңбас.
Қараңғыда тас маңдайын қайда ұрарын кім білсін,
Соқыр теке тәрізденіп қаңғалақтап қалған бас.

Сөз киесі, мүсіркей гөр, соңғы медет өзіңде,
Үзілмейтін қанат байла үлбіреген сезімге.
Адаспасын десең мені, жұлдызыңнан жарық төк,
Алақұйын ортасында аласұрған кезімде!

ПЕРІШТЕНІҢ ПЫРАҒЫ

Шыныменен салса құдай көз қырын,
Құяды екен құлдарына өз нұрын.
Қайда жүрсің қоңырауың сыңғырлап,
Ай астында ойнақтаған боз құлын?

Айдың сүттей сәулесіне шомылған,
Құдіреттің еркесі едің не қылған?
Ғайып болып көз алдымнан кетсең де,
Ғұмыр бойы қуып келем соңыңнан.

Қала берді мұңға батқан ай мұнда,
Жарқыраған жұлдыз кетті мойныңда.
Ой-хой, менің мәңгі жұмбақ арманым,
Таптырмайсың, сарсаңға caп қойдың да.

Қас пен көздің арасында мен көрген,
Елеспісің қиялыма дем берген?
Аласұрып сені іздеген жүрегім,
Құс боп ұшып кетер ме екен кеудемнен?

Сені күтіп үмітімнің шырағы,
Күндіз-түні сөнбей жанып тұрады.
Қайда жүрсің қоңырауың сыңғырлап,
Ұстатпайтын періштенің пырағы?

ПОЭМАЛАР

ТҮС-ЕЛЕС

І

Көзімді ашып, ақ сәулеңе оранғалы, Жарық күн!
Мына өмірдің уызына, уына да жарыттың.
Бұлдыр елес, жалған үміт жәдігөйдей азғырып,
Алданыппын, алды-артымды болжай алмай қалыппын.

Тас түнекте адасқандай ақыл-естен таныппын.
Ақ жалыным сыртқа атылмай, іштен бықсып жаныппын,
Көк түтінге көзімді әбден үйір етіп алыппын.
Қыран емес, күнін кешіп тары терген тауықтың,

Жер бауырлап, қанатымды қара шаңға малыппын.
Кешіре алсаң, кешір мені, кешір мені, Жарық күн!
Пендешілік ала қабын арқалаумен арыппын,
Көрсоқырлық тас соқтырып, маңдайымды жарыппын.

Алысқанның жағасына жанталасып жармаспай,
Арыстанның аш көмейін өзім іздеп барыппын.
Опасы жоқ, опасы көп тірлік сырын жаңа ұқтым.
Зар желдіріп, жеңіл сөздің жорғасына салыппын,

Ашына бір айта алмаппын мұң мен зарын халықтың.
Қаулап келген қалың өртке көк нөсердей құйылмай,
Шолақ көсеу секілденіп көптің қолын қарыппын.
Уа, Жарық күн, жібер маған зауал отын тамұқтың!

Неменеге жетісемін, несіне осы қарықпын,
Тағдырынан болған ығыр, мен-дағы бір ғарыппын.
Құйын желдей алапатқа күйім келмей қамықтым,
Бұл фәнидің мағынасыз дау-шарынан жалықтым.

Мейірім мен қайырымның кәусарына зарықтым.
Қаһарынан қалтыраған мұхиттағы алыптың,
Шыбын жаны шырқыраған бейне шабақ балықпын.
Судан шығу мүмкін емес, өрге тартсам өлім бар,

Төмен қашып тереңдесем одан сайын тарықтым.
Дүлей қуып, үрей буып, әлім құрып талықтым...
Шаршап барып жамбастаңсаң ұяңа сен, Жарық күн,
Дүниені құшағында әлдилейді мамық түн.

Қасіретім көкіректі құс жолындай қақ жарып,
Қаңтардағы аяз қысқан көк төріндей шаңыттым.
Уа, қайдасың, құтқар мені, періштесі шабыттың!

ІІ

Көкжиекке құйылды да күннің нұры сарқылып,
Қараңғылық үйірілді, қара перде тартылып.
Бұрқ-сарқ қайнап сәл суынған тайқазандай толастап,
Байыз тапты асау тасқын аласұрған алқынып.

Жерге түсті қанаттылар, аспан кезген шарқ ұрып.
Алып таулар тұңғиықтың түнегіне омалып,
Түнгі шаһар ыңыранады, арпалысын доғарып.
Сапырады сансыз гүріл сарсаң болған ауаны,

Озаңдатқан жаңғырықтан шартарапқа сел ағып,
Дөңбекшиді шалқар әлем тыныштығы тоналып.
Әлдеқайда марғау қырдың жон терісін от қарып,
Зымыран құс көтерілді ғарыш жақты бетке алып.

Меңіреу-мылқау кеңістіктің омырауын осқылап,
Жеті қабат көк күмбезін талқандауға шақ қалып.
Шексіздікке кетті сіңіп, бауырынан шоқ тамып.
Әлдеқайда құйын ойнап, шаң көтеріп дауылдап,

Көні кепкен құла түзге тұз жауады сауылдап.
Жер құрсағы қуырылып, тепкілейді зұлмат күш,
Адамзаттың иманы ұшып, қатер-қауіп қабындап.
Аруақтар тек алаңдамас жатқан мәңгі дамылдап.

Қаңбақ құсап қаңғалақтап қаламыма жармастым,
Уайым қозғап, ойым боздап қаралы үнге жалғастым.
Жүректегі запы қылған запыранды төккелі,
Жын шақырған бақсыдайын сезімменен арбастым.

Көмейімнен сөз келмейді, басқандай тап албастым.
Қаңтарылдым, аңтарылдым ақ қағазға түк тамбай,
Кеудемдегі нөсерімді құрғақшылық жұтқандай.
Қызыл тілім күрмеледі түрмедегі тұтқындай,

Тартынамын, ақтарылсам қырғын-топан жұт бардай.
Әлдебіреу буындырып, алқымымнан сыққандай.
Қарауылдай қалжырадым, шыр айналды зеңіп бас,
Ұйқылы-ояу әрі-сәрі күйге түстім жан ұқпас.

Елеусіздеу елес келіп үңіледі сыртымнан,
Құлағалы көк желкеме тұрғандай бір төніп тас.
Мықты болсаң, сұмырайдан сүлдеріңді алып қаш.
Жылан көмей жаналғышын бүйіріме тірейді,

Ін түбінен ысқырғандай ұшырады үрейді.
Талайларды көрге көмген күрегімен күдіктің,
Аппақ қардай көңілімді алай-бұлай күрейді.
Арам ниет, арсыз пиғыл өршелене үдейді.

Түршігеді тұла-бойым елестеген сұмдықтан,
Әзірейілге айналғандар кімге сеніп, кімді ұққан?
Тамағың тоқ, киімің көк еркіндікте қүн бар ма,
Бұғауланса ақыл-санаң құтылмайсың құлдықтан?

Қайыр шықпас қиялыңды кісендеген «шындықтан».
Ойларыма ойран салып, жүрген жерін қанды із ғып,
Көзге түспес сақшым маған көрсетпейді жалғыздық.
Мен жаза алмай, ол тажалдай аңдысумен отырып,

Ырғақтағы бала құстай кеткен екем сәл мызғып,
Ғайыптан бір боз арғымақ қанат қағып келді ызғып.
Арғымаққа қарғып мініп, қалқып ұшып жөнелдім,
Қалықтаймын, қауырсындай салмағы жоқ денемнің.

Биік шырқап, кең жаһанның көзбен шолып көлемін,
Рахат пен шапағаттың шуағына бөлендім.
Уа, тәтті түс, ғұмырымда сенен басқа не көрдім?
Ағып келем арғымақтың шоқтығына жабысып,

Бауырымда бұлттар аунап, шұбалғандай шаң ұшып.
Жамыраған жұлдыздарға, ай мен күнге қол созам,
Кедергісіз кеңістікпен емін-еркін танысып.
Бір мезетте төмендедім - жермен қайта табысып.

Қарап тұрсам, түскен екем туған бұлақ басына,
Мені көріп, тебіреніп тіл біткендей тасына.
Анадайда асыр салып ойнап жүрген бір бала
Сәлем берді ізетпенен жақын келіп қасыма.

Таңданыспен жаутаңдайды сорғалаған жасыма.
Қарайтындай арып-ашып қаңғып жүрген бұл кім деп,
Жайраңдаған аңқау сәби қабағында кірбің жоқ.
Бір бұлақты жалғыз өзі иемденген ұланды

Сөзге тартып көріп едім, аты-жөнін білгім кеп.
Жауап бермей, алдыменен сауал берді күлміңдеп.
-      Келдің бе іздеп, - деді маған, - ата-баба қабырын?

- Қаным тулап, солқылдады алпыс екі тамырым.

Балғын жүзі жылы ұшырап, шырамытып тұр едім,
Жанарыма жанары кеп түйіскенде таныдым.
Он жастағы кезім ғой бұл - өзім ғой бұл, Тәңірім!
-      Жер бетінде аман-есен барсың ба әлі, қарғам-ай,

Сені қалай жоғалттым мен, қара басып аңдамай?!
Қызыл-жасыл көбелекті күн ұзаққа қуалап,
Гүлді кешіп, нұрды кешіп ойнақтаған арман-ай!
Қайта айналып таптырмайтын, көп тұрмайтын жалған-ай!

-      Қайда кеттің осыншама, көптен бері соқпадың?
Түгел шарлап шықтың ба әлде жер бетінің соқпағын?
Мылжаланған қазықтайын мыжырайып қалыпсың,
Көтере алмай тіршіліктің төбелеген тоқпағын.

Неге жаның жүдеу тартқан, баяғыдай жоқ сәнің?
-Қарашығым, мен айтпайын, сен сұрама ол жағын,
Алмағайып арпалыста саналыға сорқалың.
Білмейсің ғой ұзап шығып көрмеген соң ғұмыры,

Қанаттыға тұзақ барын, аяқтыға ор барын,
Омақаса жығыларын жүйріктің де жорғаның.
-      Жүре бермей ойнап-күліп, неге кеттің онда сен,
Қарашы өзің, бұл арада аспан да әсем, жер де әсем.

Алып қашқан ағындай боп, сағымдай боп бұлдырап,
Сен зым-зия жоғалмасаң, мен де жалғыз қалмас ем.
Енді несін күрсінесің соғылғандай жарға сен?
-      Ұясынан бір ұшқан соң шығандайды торғай да,

Пенде, шіркін, тентіресе апармайды жол қайда?
Түсіме де кірмеп еді жел айдаған қаңбақтай,
Сенен алыс кетем деген қол жетпейтін шалғайға.
Амал қанша, тағдыр солай жазған болса маңдайға?

-      Кел, онан да аунап-қунап көмілейік шалғынға,
Шыбық мініп жарысқанды әлде ұмытып қалдың ба?
Басы қатқан мына сенен асық атқан бала артық,
Қу жаныңды қинай бермей біржолата қал мұнда.

Әу басында кетпе деп ем, айтқан тілді алдың ба?..
-      Өкпелеме, асығыспын, сәлден кейін кетем мен,
Ғайыптың күш-құдіретімен келіп қалдым төтеннен.
Сен аман бол, сүттей таза, күнәдан пәк періштем,

Мен пақырды мүсіркеме мехнатқа еті өлген.
Өзім ғана арқалайын азабымды көтерген.
Буыны жоқ қызыл тілім бұлбұл құстай сайраған,
Ащы зарды ақтарар ма көкіректе қайнаған?

Айналайын, аялдасам саған тиер кеселім,
Жаным менің кесапатты жазылмас дерт жайлаған.
Тым болмаса таза қалсын сенің сәби айналаң.
Замананың ем табылмас сырқатына шалдыққам,

Дүрлігу мен даурығудан дауысым да қарлыққан.
Қайта туып келсем-дағы қара көңілім ағармас,
Қара түнек қаралы үйдей қайғы менен зар бұққан.
Сен ешқашан жұта көрме жылан уын мен жұтқан.

Жымысқының жымыменен жылмай жортып көргенмін,
Су жұқпайтын сұрқияның соңына да ергенмін.
Жағымпаздың құрығына сырығымды жалғағам,
Күре жолдың үстіне де қанды қақпан көмгенмін.

Арсыздықтың қамытына көк есектей көнгенмін.
Меніменен кетсін бәрі - өз жөніме тартайын,
Мойнымдағы күнә жүгін саған қалай артайын?
Ақ ботадай боздауменен белден асқан бұлт едім,

Ауыр тиер, көз жасымды алыс барып сарқайын.
Шер байланып сенделгенше, желге айналып тарқайын.
Залалы мен зауалынан Тәңір сені сақтасын,
Мен мәңгіге жапқан жанмын балалықтың қақпасын.

Енді айналып көремін бе, көрмеймін бе, кім білсін,
Қоштасайық, құлыншағым, кері бұрам ат басын.
Жұлдыздағы тұрақ таппас орнынан бір аққасын.
...Ақ тұлпарым тықыршыды ауыздығын жұлқылап,

Тақым қысып, тізгін қақсам, жөнеп бермек зырқырап.
«Тағы тастап кетемісің, қалсаңшы, - деп, - ағатай!»

- Байғұс бала шылбырыма оралды кеп шырқырап.

Тұла бойым шымырлады, сай-сүйегім сырқырап.
Кірпігінен мөлдір шықтай жас құлайды моншақтап,
Мен де егіліп, бауырыма бастым оны сәл тоқтап.
Одан сайын шырылдады, қуалады құлдырап,

Көтеріле бергенімде екі арамыз алшақтап.
Сол дауыстан селт еттім де көзімді аштым қорқақтап.
Жан-жағыма алақтадым, бәрі ғайып - жым-жылас,
Өз орнымда отыр екем қозғамасаң жылжымас.

Өксік қысып ыстық оттай өзегімді өртеген,
Омырауымды жауып кетті қасіретті түнгі жас.
Бірақ оған бүлк етер ме өмір заңы бұлжымас?
Аран ашып, айналасын жалмауыздай жалмаған,

Қара судай қанша ішсе де қызыл қанға қанбаған,
Бағанағы қалпыменен әлі маған түйіліп,
Әзірейіл - елесім тұр абжыландай арбаған.
Сескенбейтін бір зәнталақ адамнан да Алладан.

Сары аяздай сұрақтардың астына алды және кеп:
«Жылауыңда нендей мән бар? Айт шыныңды, кәне!» - деп.
Бедірейген тас бетіне бажырая қараймын,
Келістіріп күйе жақса, жұқпайтұғын бәле жоқ.

Шырқырайды шыбын жаным болған әбден зәрезеп.

- Кешіргей, - деп қипақтадым, - қалғып кетіп, түс көріп...

- Кірпігімнен күтпеген бір мұздай тамшы түсті еріп.

Іздегені табылғандай аяғының астынан:

- Не түс көрдің? Баянда! - деп тепсінеді тістеніп.

Қиқарлансам қаһарымен тастайтындай үш бөліп.
Бас көтерді ар-намысым, келмеді енді бөгелгім,
Қылдай тізіп айтып бердім - қайда бардым, не көрдім.
Тыңдап болып, басын шайқап, сазбалшықтай сазарып:

- Былшылдама, - деді маған, - ертегіңе сенер кім?!

- Мен де бастым тәуекелге, не салса да көрермін...

Дедім оған:

- Тумай жатып құдай сені қарғаған,

Ізгіліктің ұшқыны да жүрегіңе қонбаған.
Пәк дүние құшағына апарар ем нанбасаң,
Басып кеткен ізің бірақ тазармайды-ау, оңбаған!
Қалбаңдаған қара құзғын күні төмен қарғадан.

Сендейлердің салып кеткен сойқанынан былғанған,
Белшесінен сорға батып, солқылдайды бұлжалған.
Мұнар басып, мың арбасып басқа түскен әлекпен,
Сыңайы бар мысы құрып, миы айналып жынданған.

Шын азғанға лаж бар ма парасаттан құр қалған?
Көрсетейін әлем сиқын азып-тозған шынымен,
Ерінбестен маған еріп, ұшар болсаң түнімен.
Шексіз заман шекарасын түгел шарлап шығамыз,

Қанат қағып торлап тұрған қара тұман түбінен.
Сөйлесеміз адамның да мақұлықтың тілімен.
...Жалғыз жандай мұң мен зарын арқалаған жер-көктің,
Осылайша жегідей жеп, өзімді-өзім меңдеттім.

Елес жанмен қарсыласып, қасарысып алдым да,
Түн сапарын жалғау үшін қайта қалғып мен кеттім.
Өң мен түстің ортасында қиялымды тербеттім.
Екі қолым қос қанатқа айналды да кенеттен,

Аққу құстай қайта көкке көтерілдім мен еппен.
Тарықтырып келгенімен, қарық қылып түсімде,
Жарылқаған тағдырыма разымын, жоқ өкпем.
Құдіреттің бермегенін бер дей алам не бетпен?!.

Ластанған алып мұхит айдынындай орасан,
Көк әлемі - қоңырсыған, қотарылған қара шаң.
Жанталастым жарып шығып, құтылғанша түнектен,
Жететіндей жердің үстін неше қабат орасаң.

Әлгі сұм да қатар ұшып келеді екен қарасам.
Қараңғыда қара пәле әрең-әрең көрініп,
Қараңдайды өзі түстес бояуына көміліп.
Қыр соңымнан қалар емес құлғанадай қуалап,

Қаусап, қирап қалғанынша қабырғасы сөгіліп.
Сескенбейді, көстеңдейді, алған әбден желігіп.
Не заманда суырылып шықтық түнек астынан,
Төмен қалды кеңістікті тұмшалаған тас тұман.

Күн жайнап тұр екен деймін, аспан асты арпалыс,
Қарсы алдымнан ағып өтті шаңқылдаған жас қыран.
Қан шашырап бара жатыр топшысынан шапшыған.

Жан түршігер азан-қазан ұлығандай көп бөрі,
Ғарасаттың майданындай қызыл-қырғын көк төрі.
Өз көзіме өзім сенбей, жүрегімді ұстадым,
Бұрын-соңды тарихта мұндай сұмдық жоқ тегі.

Үрейлене қарап тұрдым, сырғып барып шеткері.
Шырқ иіріп, шырылдатып, көздегенін құлатып,
Ұшақ мінген әлдекімдер қырандарды жүр атып.
Жемтік көрген құзғындардай ұмтылады ұтылап,

Қарақұрым қарғаларды соңдарынан шұбатып.
Қарғалар да қарқылдайды қан жауғанын ұнатып.
Шамырқанған ақиықтар сұр жебедей қарсы ағып,
Зуылдап кеп соқтығады қас жауына сонша алып.

Ажал төккен алпауыттың тойтара алмай тұмсығын,
Жерге қарай кетіп жатыр өздерін күл-парша ғып.
Қалғандары әрбір тұстан атойлайды жар салып.
Ара түсіп айқайлауға табиғатта тіл бар ма?

«Тоқтат, кәне, зұлматты!» деп бұлт ақырса тыңдар ма?
Дал-дүл болып, құлдырап кеп құлап түссе бір қыран,
Басына оның қона қалып дұға оқиды мың қарға.
Күні туса, дауа жоқ қой мысық тілеу сұмдарға.

Қияметке киліккендей есеңгіреп барамын,
Қиянатты көріп тұрып қалай үнсіз қаламын?
«Мына пәле не, - дегендей, - білемісің себебін?»
Қасымдағы қаскүнемге аңтарылып қарадым.

Жауап берді мүдірместен, сәлжібітіп қабағын:

- Самғап ұшқан қыраныңнан сорпа болар қаз артық,

Қолға түспес құланыңнан көк есектің өзі артық.
Ұшақтарға шабуылдар қатерлі құс болған соң,
Аспан астын жүр ғой бұлар бүркіттерден тазартып.
Болмашыға қапаланба, аударма оған назар түк.

Амалсыздан тіл тістедім, салғыласып не дейін,
Лоқсық келіп кептелгендей қыжылдайды көмейім.
Қыран екеш қырандарға тарлық етсе шексіз көк,
Бұл ғаламның кеңдігіне енді қайтіп сенейін?

Тәркі дүние, қайдасың сен, құшағыңа енейін!
Ең биікке шығып алған екі қыран шаңқылдап,
Бауырларын шақырады тірі қалған там-тұмдап.
Шайқастағы мұзбалақтың ең соңғысы оққа ұшып,

Тұңғиыққа сорғалады найзағайдай жарқылдап.
Қос құлағым шыңылдады естімеген зар тыңдап.
Аман қалған екі қыран айналсоқтап кете алмай,
Аза тұтып, жоқтау айтып, еңірейді, о, тәуба-ай!

Сорлылардың көз жасынан қара жаңбыр сіркіреп,
Басатындай көтеріліп сел тасқыны топандай.
Құстың зарын баяндайын, іштің зарын қотармай:

- Зауал төнді төбемізден, кім құтқарар тажалдан?

Керегедей кең қанаттың тамтығы жоқ, уа, жалған!
Құс төресін шырылдатып, қырып-жойып жатқанда,
Атой салып, ара түспей, аспан; саған не болған?
Не болады бұл тіршілік жан берісіп, жан алған?

Ақиықсыз асқар таудың алтын басы адыра,
Кімге керек көк тастардың күңіренгені соңыра?
Қырандардың тұқымына ақырзаман орнады,
Аза тұтып, меңіреу аспан, аңыра, енді аңыра!

Қарға қонып жарытпайды қырандардың тағына...
Күңіренген қыран зары құлағыма жетті анық,
Жүрегімді одан да ары шыжғырды отты кек қарып.
Ақтық рет айналды да қош дегендей саңқ етіп,

Тартып берді іркілместен Хантәңірді бетке алып.
Қас қағымда қос ноқаттай көз ұшында кетті ағып.
Әлгі ұшақтар жерге қайтты алды-артына қарамай,
Аспан төрі тына қалды құлаққа ұрған танадай.

Сойқан жүзін, сұмдық ізін жасырғысы келгендей,
Төмендегі жойқын түтін жөңкуде әлі тарамай.
Жұлып жердей өзін-өзі жынданады қарадай.
Адамзаттың аман қалған ажал төккен оғынан,

Іле-шала зауладық біз екі қыран соңынан.
Ол байғұстар шамасының жоқтығынан қашқан жоқ,
Кетті білем қаны қайнап, шарасының жоғынан.
Құтылған ба жан иесі жарық дүние сорынан?!

Не заманда мен мұндалап алып таудың сұлбасы,
Тәңір киген алтын тәждей жалтылдады шың басы.
Хантәңірі кең әлемнің күзетшісі емес пе,
Мәңгі бақи қалғымайтын хас батырдай тұлғасы.

Жаралғалы аспан ғана мұңдасы да сырласы.
Қанаттары сауыс-сауыс қан мен терге малшынған,
Екі қыран қонды барып заңғар шыңға шаншылған.
Қасіретті естігенде Хантәңірі сілкініп,

Жаңғырықты жартас біткен зар илеген шаңқылдан.
Найзағай да шамырқанды қара бұлтқа қамшы ұрған.
Сәл төмендеу барып түстік олар қонған тек тұрдан,
Бізді көріп, жалын шашты жанарлары кек тұнған.

Ата қыран тілге келді айбатына мінді де:

- Қайдан жеттің, ей, жексұрын, әулетімді жоқ қылған?

Анауың кім қасыңдағы сүмірейіп кеп тұрған?
Қысылғаннан міңгірледім, жауап таппай тосында:

- Зәредей де залалым жоқ, айналайын, шошынба!

Көзбен сүзіп шығайын деп фәни жалған тәлкегін,
Тағдыр айдап келіп қалдым ойда жоқта осында.
Жанымдағы жақыным да емес және досым да.
Осы мені алып шыққан көк желкемді қиғалы,

Жанымды да жәбірледі, арымды да қинады.
Пасықтардың тұзағынан құтылмаған еш пенде,
Тумай жатып жұрдай болған адамшылық-иманы.
Қиянат пен қатыгездік - бар байлығы - жиғаны.

- Онда неге ібілісті ізімізге саласың?

Онсыз-дағы былғап бітті жер мен көктің арасын!
Хантәңірі жиіркенер адамзаттың өзінен,
Көрмек түгіл кісі текті мақұлықтың қарасын.
Қолтығына қыса жүрер пәлесі мен жаласын.

...Уа, ғаламат!
Қыран десем, сөйлеп тұрған - қарт адам.
Бір орнымда қатып қалдым, аудармастан мен табан.
Басындағы алтын тәжден патша екенін таныдым,

Ханымы да көрінеді таяқ тастам әр таман.
Жүздерінен байқалады күйзелгендік, шаршаған.
Өз көзіме өзім сенбей, алақтадым шошынып,
Қалтыратқан қорқынышқа қалың үрей қосылып.

Жеті атасын жерге тығып мен құртқандай тұқымын,
Сұсты көзі ішіп-жейді өңменіме тесіліп.
Шықпайды үнім қалғандай бір қызыл тілім кесіліп.
Қаһарына мініп алған, қабағынан қан бүркіп,

Арыстандай ақырады аспан астын жаңғыртып.
Қимылдасам қиып түсіп қылдырықтай жанымды,
Жіберердей шыбынымды жаһаннамға қаңғыртып.
Соңымдағы албасты да сасқалақтап, қалды үркіп.

Не заманда есім жиып, аруағыма сиындым,
Ой жүйесін қайта жалғап астан-кестен миымның.
Сол мезетте дауыл тұрды алай-дүлей құтырған,
Ұлы зұлмат ұлығандай ұшынан бір қиырдың.

Арпалысып, аласұрдым ортасында құйынның.
Әлдеқайда алып кетті үйірді де қаңбақтай,
Жер-жаһанда ермек қылар менен басқа жан жоқтай.
Шырылдап ем абжыланның аузындағы торғайдай,

«Үніңді өшір, - деді біреу - қу жағыңды сарнатпай!»
Жұмбақ әлем жұтты мені суға батқан қармақтай.

Бір түкпірге барып түстім, алдымда бұлт-перде тұр,
Бұлт үстінде алтын сарай, патша-қыран төрде отыр.
Бұлт-пердені сырғытты да, көр дегендей нұсқады:
Шыға келді құмырсқадай құжынаған көп нөпір.

Көз жеткісіз ұшығына қорыс-қопа, көң-қоқыр.
Ыңырсиды, ыбырсиды қалың тобыр қайнаған,
Құбыжықтың құжырасындай тіл-жағыңды байлаған.
Біліп болмас бәлекеттің қан майданы қырқысқан,

Ырылдасып, шуылдасып бірін-бірі шайнаған.
Әзірейіл болсаң-дағы жақын бару қайда оған?
Қыран-патша баяндады:

- Қарғыс атқан бұл жандар

- Құдіреттің қаһарына ұшыраған құрбандар.

Тыным алмай тартады енді азғындықтың азабын,
Күнәхарлар - көк күмбезін былғап, зорлық қылғандар.
Еркін өмір ұландарын қынадай қып қырғандар.
Осылардың кеселінен самұрықтар сабылып,

Мәңгілікке ғайып болған, аспан қаққа жарылып.
Сендер текті, жерге лайық жәндік еді басында,
Тәңір бірде бұларға да қанат берді жаңылып.
Қапияда қанға бөкті, аспан жұрты шабылып.

Жай түскендей тас төбеңнен, ей, бейшара, қалма таң,
Тұқымыңның түп қазығы - бұлар, сонау арғы атаң.
Әділ үкім тұзағынан құтылмайды тажал да,
Фәниде де, бақида да қиянатқа заң қатаң.

Құдайға оңай, қырына алып, десе кімді зарлатам.
Тіршіліктің иесіне түгел мейірім таратқан,
Әу басында мейлінше жомарт еді Жаратқан.
Еркелетті жер мен көктің серісіндей самғатып,

Сүйген құлы адамды да құр қалдырмай қанаттан.
Қанатты адам ұшып-қонып жатты әрбір тараптан.
Тірі жанның әдеті ме әулетімен жатқа қас?
Қанатты адам болды бірден самұрықпен бақталас.

Көк аспанда бітіспейтін қиян-кескі басталды,
Жаратқаннан жарлық жетпей өздігінен тоқтамас.
Көкке зауал төндіргенді жарылқаушы жақтамас.
Олар енді бара-бара айдаһарға айналды,

Судай жұтты аспандағы самғап құлаш жайғанды.
Шыдай алмай самұрықтар басқа әлемге кетті ауып,
Жарқыраған айдың жүзін, күннің көзін қайғы алды.
Бұл сұмдыққа назаланып,

Тәңірі қатты ойланды.
«Жарық күнді жатсынбаса, пенде пақыр аза ма?
Күнәкарлар, міне, осылай ұшырады жазаға.
Содан бері жерге түсіп адамзаттың ұрпағы,

Аспан жарып қалып еді тыныштық пен мазаға.
Көкке қайта көтеріліп, жол аштыңдар азаға!
Уа, сендерге қарғыс жаусын, адамзаттың баласы,
Бастарыңды жұтып тынсын жер мен көктің таласы.

Ұшқан құс пен жүгірген аң елесіне зар болып,
Көздеріңе қырандардың көрінбесін қарасы!
Құритұғын шақтарың да таяу қалды шамасы.
Қан ішкенін қоймайтұғын, тоймайтұғын малғұндар,

Жерді қойып, аспан төрін және тартып алдыңдар.
Біз кетеміз ғарыш жаққа самұрықтар соңынан,
Сендер мәңгі қара түнек құшағында қалдыңдар.
Өздеріңді шықпайтұғын шыңырауға салдыңдар.

Сендерге әлі шексіз аспан, түпсіз дүние жетпейді,
Болашағың бұлдыраған тұңғиыққа беттейді.
Жанталасқан бір әлектің жетегінде шұбырып,
Ырылдаған қорқау иттер босағаңнан кетпейді.

Көрге түссең, жамбасыңнан қызыл темір көктейді.
Қай кегімді қайтарамын қаныңды ішіп қасықтай,
Үйіргенде не табамын қу басыңды асықтай?
Ұлып жүрген үйіріңе көргеніңді айта бар,

Сен де бір күн қосыларсың осыларға асықпай.
Жоғал енді көз алдымнан, көп миымды ашытпай!»
...Осылай деп, патша-қыран кетті ғайып болды да,
Кеңшілігің көп екен ғой, уа, құдірет, сорлыға.

Ішімнен бір аят айтып, оқыдым да мен дұға,
Kepі қарай зуылдадым, жаным аман қалды да.
Қарақшым да қалбаңдайды түсіп алған алдыма.
Заматтан соң баяуладым екпінімді бастым да,

«Тоқта, - дедім албастыға, - шыныменен қаштың ба?»
Сұмырай да байырқалап, бәсеңдетті ағынын,
Түпсіз терең тылсым әлем түнереді астымда.
Көзді жұмып қойып кеттім қара түнек тасқынға.

Жанымдағы зұлымға айттым:

- Көктің төрін шарладың,

Мен көргенді сен де көрдің, орындалса арманың.
Енді түнгі жер бетінің сиқына көз саламыз,
Үкіміңді шығара бер, өзің біліп ар жағын.
...Мен ғана ма өкініыіпен тістеген жан бармағын?!

ІІІ

Қас-қабағы түксиеді, түнереді қара түн,
Қара түннің ақтармақпыз қалың-қалың қабатын.
Тұңғиықтың түбін кезіп, көлбеп ұшып келеміз,
Құбыжық та қалбаң-құлбаң қағады ауыр қанатын.

Бір Аллаға ғана мәлім бағытымыз баратын.
Кіріп кеттім арасына алақұйын елестің,
Қым-қуыттың ұшығына шыға алатын емеспін.
Қырық пышақ, қырқысқан жұрт қайда барсам, құдірет,

Барлығының көкейінде - қамы қызыл өңештің.
Өз бетімен күнін көріп, бейқам жүрген жоқ ешкім.
Біле алмаймын, ұға алмаймын, тіршілік бұл не қылған,
Сан сапалақ бір дүние сапырылып сабылған.

Ашкөз тобыр әлденені бөлісе алмай әлек боп,
Жыртқыштардай жұлқысады жемтікке кеп жабылған.
Жәдігөйлер шеттерінен жатырынан қағынған.
Сұрап келем қайта-қайта қасымдағы азғыннан:

«Құдайым-ау, осыншама бұларды кім азғырған?»
Ерте кезде қанаттары қырқылғанын сезбейді,
Делқұлы мен дүбәралар тіршілікті тоздырған.
Көрсоқырдың көңілі тоқ, өзін-өзі мәз қылған.

Азаптанған, мазақ болған неткен сорлы пенде едім?
Қарсы алдымнан шықты тағы аспан жақтан көргенім.
Арсыздықтың арыстаны азу тісін ақситып,
Іштерінен тілейтіндей бір-бірінің өлмегін.

Өрмекшідей тоқып жатыр қастандықтың өрмегін.
Сайтан менен ібілістің шырмауынан шыға алмай,
Сұрқия мен сайқал біткен сумаңдайды жыландай.
Тумай жатып, туа шөккен қызылшақа сәбилер

Шырқырайды бір қиырдан, шуылдайды ұлардай.
Сәби үнін естігенде қара тас та жылардай.
Ашық күнде адасқан соң адамшылық жолынан,
Бұл дауысқа бүлк етпейді күнәкарлар қолы қан.

Азғындайды одан сайын, өршелене түседі,
Жұрдай болған өңкей бәңгі ұятынан, арынан.
Құтылмастай енді мәңгі тағылықтың торынан.
Періштеден пері басым, жердің үсті – жын ойнақ,

Алапаттан аман қалған көрінбейді бір аймақ.
Ластанған фәни дүние тазаратын түрі жоқ,
Қанағатсыз құлдарына болмаса өзі құдай жақ.
Жаратқаннан басқа мұны жатыр дейсің кім ойлап?

Көре берсең көз талады жер бетінің сұмдығын,
Жел аударған шөкім бұлттай алға қарай сырғыдым.
Тас түнекті жарқылдатып біреу зытып келеді,
Ат басындай алтыны бар қолтығында жындының.

Танымаймын антұрғанды, біліп жатыр кімді кім?
Ақ киімді қалың аруақ қыр соңында тақымдап,
Ұстай алмай ұмтылады, әне-міне жақындап:

- Қарғыс атқыр, таста! - дейді. - Таста! - дейді қайталап,

Ашуланып ақырады жақ тістері сақылдап.
Айғайлайды есалаң да аш күзендей шақылдап:

- Жоғалыңдар, жоғалыңдар, нелерің бар менде?! - деп,

Жалт бұрылып, жанталасты тауға қарай өрмелеп.
Құтқарсын ба, ұстап алды жан-жағынан қамалап,
Сонда-дағы езеурейді ырық бермей кеуделеп.
Жұлқынады, бұлқынады қол-аяғын сермелеп.

Аруақтардың жан шошиды ызғарынан түсінің,
Жүндей түтіп, сабап жатыр таптап иттің күшігін.
Қарап тұрсам, нақұрыстың қолтығында, о, тоба,
Ат басындай алтын емес, қаңқа басы ісісінің.

Кереметін қараңдаршы құдіреттің ісінің.
Шырқыраған сұмырайдың жер түбіне жетті үні,
Бауырына басып алған, басты берер жоқ түрі.

- Өз бабамның басы, - дейді, - қазып алғам сатқалы,

Шаруаларың қанша менде, оңбағандар, кет, құры!

- Шыбын шаққан құрлы көрер емес мынау тепкіні.

Сілкінеді жер мен аспан қара дауыл сапырып,
Тепсінеді аруақтар да одан сайын ақырып:

- Ұлытаудың төбесіне қоятындай әспеттеп,

Қайдағы бұл сенің бабаң, не деп тұрсың шатылып?
Қолыңдағы Едігенің басы емес пе, мақұлық?!
Ей, пәтшағар, жаралмасаң сайтан менен періден,
Бұрын-соңды бас сатқанды қайсы атаңнан көріп ең?

Қалай ғана дәтің барып, ниет қылдың саудаға,
Едігедей ердің басын суырып ап көрінен?
Неткен жансың Алладан да, адамнан да жеріген?
Ойбайлайды аруақтарға түсіндіріп турасын:

- Немді сатам, Едігенің сатпағанда қу басын?

Қолда барда бірдеңені біз де сатып қалайық,
Анамыздың құрсағынан еркек болып туғасын!
Көре алмаған өңкей надан дуылдасын, шуласын!
Құтылмасын білгеннен соң:

- Сатамын, - деп, - енді не?

- Қолындағы қаңқа басты кетті тасқа перді де.

Едігенің бас сүйегі аспанға ұшты сол сәтте,
Өзен тулап, орман шулап, күңіренді жер, міне.
Аруақтар да үрейленді сұрапылды көрді де.
Бүлдірдің-ау, уа, бәлекет, өз басыңа құныққыр,

Мына дүние зілзала боп, кетпесе екен құрып бір.
Аңырайды Алтай менен Атыраудың арасы,
Көкке қарап Ұлытау да көк бөрідей ұлып тұр.
Бітпейтұғын бір зұлматтың басталғанын біліп тұр.

Құдай өзі көзімізге көрсетпесе анықтап,
Пәтуасыз біздей пенде нені сезіп, нені ұқпақ?
Аспан кенет боздап кетті Ұлытауға қосылып,
Қорқыт баба келе жатыр бұлтқа мініп, қалықтап.

Шөке түсіп тағзым еттім, анадайдан танып қап.
Қара қобыз жел шақырып, бебеулейді, боздайды,
Қара жер мен көк аспанның қасіретін қозғайды.
Тас түнекке әлсіз ғана сәуле төгіп алыстан,

Сонау ғарыш түкпірінде мың сан жұлдыз маздайды.
Олар-дағы бірін-бірі жұтып қоя жаздайды...
Уа, Жаратқан, елестеткен қияметің осы ма?
Қарап қоям бағанағы ерген сұмға қасыма.

Келе жатыр екен деймін дөп-дөңгелек күн шығып,
Күнге айналып кеткен әлде Едігенің басы ма?
Өзіме-өзім: «Оян, - деймін, - аш көзіңді, шошыма!..»
Кірпіктерім көтерілді, екі көзім ашылды,

Селт еттім де тік көтердім салбыраған басымды.
Жұтып қойды қас қағымда шөліркеген ақ қағаз
Жанарымнан тырс етіп бір тамып түскен жасымды.
Жанымдағы көлеңкені күннің көзі жасырды...

ІV

Шаршамайтын құлың едім ғұзырыңа қолғанат,
Уа, Тәңірі, болдым мен бір түнді кезген жарқанат.
Жарқанаттың күнін кешкен пенде байғұс сорламақ,
Тас төбемнен таусылмайтын ақ нұрыңды сорғалат!

Рухыңның шуағына оранайын сан қабат.
Қарғыс атып, теріс бұрған бетімізді оң қарат,
Кешірім ет міскіндерге, баяғыдай бер қанат!
Көкке қайта көтеріліп, күнәсінен тазарсын,

Былғанышқа баттық мүлдем жер бауырлап жорғалап.
Парасаттың қақпасын аш, иранбақтай мәңгі абат!
Бүйте берсек, қара түнек күннің көзін торламақ,
Азып-тозған ұрпағымыз жапа шегіп, зарламақ.

Азабыңнан құтқар бізді, әміріңді қайтып ал,
Күнәсі ауыр адамзатты құдай ғана қорғамақ.
Қанағатқа қанат сыйла, жеті қатқа жалғамақ!
Ақыл-ойдың алтын құсы сонда биік самғамақ,

Он сегіз мың кең ғаламның шартарабын шарламақ.
Дүниеқоңыз сорлы пенде тәубасына келіп бір,
Ұжымақтың қақ төрінен өзіне орын таңдамақ.
Бұл бес күндік тіршілікті ізгілікке арнамақ!

Сайран салған көппен бірге мына өмірге мен қонақ,
Асау жүрек тоқтағанша тіл мен жағым сарнамақ.
Жалпақ әлем сауықпаса сырқаты мен дертінен,
Байтақ елім, басыңа кеп бақыт қалай орнамақ?!

Жан қысылса, Алла менен аруақ қана қолдамақ!..

АҚШОҚЫ ОҚИҒАСЫ

Семей облысы Мақаншы ауданындағы бұрынғы Ақшоқы заставасына кейіннен Григорий Мезенцев аты берілген. Григорий Мезенцев – 1930 жылдары сол жерде ақ гвардияшы бандылармен шайқаста ерлікпен қаза тапқан шекарашы.

Автор

І

Қарайып тау басында бір мола тұр,
Дегендей қыршын ғұмыр мұнда жатыр.
Баяндап не болғанын көктас қана,
Шертеді өткен күннен мұңдана сыр.

Қожыр шың қоршап тұрған тіл қатпайды,
Айта алмай самал жел де сырғақтайды.
Бауырын жерге басып оқта-текте,
Көз жасын аспан ғана құрғатпайды.

Аһ ұрып, күрсінгенде төңірегі,
Аңырап бұлақтар да төгіледі.
Ышқына өксігенде Қаракітат ,
Жағасын жанталаса кеміреді.

Сыңсиды жылға-жыра, шоқ талдар да,
Шайқастың куәсі боп, бөккен қанға.
Мелшиген меңіреудей шомбал тастар
Ұқсайды мәңгі бақи шөккен нарға.

Ата-тау оқиғаны көзбен көрген,
Ақындай жеткізе алмас сөз бергенмен.
Табиғат сол баяғы бәз қалпында,
Дүние біразырақ өзгергенмен.

Тербеліп туған жердің құндағында,
Жатқандай құлақ түріп мың дабылға.
Тізіліп жеткіншектер қаздай шұбап,
Келеді тағзым етіп жылда мұнда.

Ұсынып шықса да алдан жота гүлін,
Келгеннің қабағына қатады мұң.
Шебінде шекараның жалғыз қабір –
Мәңгілік сақшысындай Отанының!

ІІ

Ол жылдар шекарада дүрбелең көп,
Жұлқысқан, жаралы жау кімге көнбек?
Бай қашты, банды қашты бас сауғалап,
Іліксем арғы бетке күн көрем деп.

Жағалай қырып-жойып, аран ашып,
Ақ қашты, қара қашты араласып,
Біреулер босқа кетті дүрмекке еріп,
Адасып ашық күнде қара басып...

Айналып алапатқа ғұмыр-думан,
Біреулер оқтан қашты ығыр қылған.
Біреулер белсендіден безді мүлде
Заманды құбыжықтай құбылдырған.

Түнеріп надандықтың бұлты қатты,
Талайдың сай-сүйегін сырқыратты.
Асыра сілтеушілер атой салып,
Ауылға ат үстінен мылтық атты.

Көбейер шолақ етек шолтаңбайлар,
Азамат азайғанда ертеңді ойлар.
Ел ішін тұмандатты түтін салып,
Өшіккен бақай есеп өңшең байлар.

Даңғыл жол қусырылып кеңдік ашқан,
Күн туды қайғы менен шерге ұласқан.
Жаншыды жоғарыдан жарлық болып,
Салмағы қиянаттың елді басқан.

Халықтың кім ұмытар күрсінгенін,
Кіршікіз пәк көңілге кір сіңгенін.
Аштықтан ақ сөңке боп қырылған соң,
Біреулер алып қашты құр сүлдерін.

Сене алмай ертеңіне шүбәланып,
Үрейлі ел үрке қашып, шұбады анық.
Сол кезді есіне алса Тарбағатай,
Тұрады ауық-ауық жылап алып.

Тау-тасқа, сай-салаға халық өріп,
Қаңғырды көрінгеннің шаңына еріп.
Жете алмай, жемтік болып жолда жатты,
Түбінде әр бұтаның қалып өлік.

Анықтар уақыт өзі, кім кінәлі,
Ашылар ол кезеңнің шындығы әлі.
Дүние-ай! Дариядай төңкеріліп,
Аунаған бір күн бері, бір күн әрі.

Не керек, өтті-кетті зобалаң күн,
Дымындай күнге жайған орамалдың.
Отаным, байтақ өлкем, туған елім,
Қашанда тағдырыңа мен алаңмын!..

ІІІ

Қапыда қайта соғып, кек алғалы,
Келеді Анненковтың топ арланы.
Жан-жағын тінте шолып жалақтайды
Шегір көз қаба сақал ең алдағы.

Қасында шойын қара құжырайған,
Даланың еткен талай түзін ойран.
Етпеттеп ат жалына бұға түсіп;
Пәтшағар жасырады жүзін айдан.

Сырт еткен секем алып әр дыбыстан,
Сырғиды сумаң қағып зәрлі дұшпан.
Сұлбасы қалбаңдайды түн қойнынан,
Үкідей қараңғыда қаңғып ұшқан.

Келеді жымып басып, үн шығармай,
Тұңғиық түн түбінде тұншығардай.
Қорқады таң атып, күн шығуынан,
Беттерін жарық дүние шымшылардай.

Жансыздай жасырынған тылға кіріп,
Өтпекші шекарадан түн жамылып.
Малынған қолы қанға қарақшылар,
Көрмеген әдетінен бір жаңылып.

Жауыздар кеше жолай ел тонаған,
Бұл күнде қоржындары орталаған.
Арттағы көмбесіне асығады,
Қасқырдай қайта шауып анталаған.

Міскінге ар-ұяттан тұлдыр болған,
Қапастай көрінеді бұл бір жалған.
Түнектің түкпіріне жетелейді
Баянсыз үміт шамы бұлдыр жанған.

Қорқаулар жоталары күдірейген,
Шебіне кірді Отанның зұлым оймен.
Ұңғысы бесатардың жұтынады,
Тажалдың өңешіндей үңірейген.

Оқ шықса ұңғысынан бүлдіреді,
Қиярын қай қыршынды кім біледі?
Қырғынды көре-көре запы болған,
Шошына дірілдейді түн жүрегі.

Алаңсыз омырауын ашқан желге,
Селк етті орман-тоғай, асқар бел де.
Шаңқ етіп мылтық үні шықса оқыстан,
Саудырап түсетіндей аспан жерге.

Аунақшып үрейлі өзен арнасында,
Оянды қыран бүркіт тау басында.
Ұйықтамас туған жердің торғайы да,
Тұрғанда төніп келіп жау қасында.

ІV

Манаурап мамыр түні маужыраған,
Шалқиды жұпар аңқып сай-жырадан.
Тым-тырыс тыныштықтың құшағында
Тыныстап, тербеледі таңғы ғалам.

Ұйқыда застава да бөктердегі,
Ақырын аймалайды көктем лебі.
Саз беріп самалға таң сарғаяды,
Біртіндеп бозаң тартып көк шеңбері.

Әр саққа қиял қуып, ой аунатқан
Гриша төсегінде ояу жатқан.
Секілді көрінеді қазір оған
Қанатын уақыт құсы баяу қаққан.

Ынтыға таңды күтіп асығады,
Көңілі қуаныштан тасып әрі.
Көзіне елестейді туған үйі,
Сызылып сағыныштың асыл әні.

Таң атып, аңсағанда күн бата ма,
Күтуде ардақты әке, қымбат ана.
Алып тау байтақ орман, арынды өзен,
Елжіреп солардай бір тіл қата ма?!

Балалық - жасыл ғұмыр, балғын көктем,
Дариға-ай, жарқын еді алдың неткен.
Бұлдырап бір қиырдан қол бұлғайды,
Шақырып шуағына жан гүлдеткен.

Махаббат - нәзік сәуле діріл қаққан,
Алыстан алтын үміт нұрын жаққан.
Жүрегін тықыршытып тулатады,
Тынымсыз тіршіліктің сырын баққан.

Елес боп еліктіріп, ырқын алған,
Самғатты шартарапқа, шіркін, арман.
Елеңдеп Таюшасы шығар ма екен
Еліктің лағындай ыршып алдан?

Осылай дөңбекшиді кірпік ілмей,
Тезірек жұлдыз аунап, түн түрілмей,
Бір сезім көкірегінде әндетеді,
Қаулаған нәзік көктем бүршігіндей.

Жөні бар Гришаның таңға асықпақ,
Жиналып ертеменен жолға шықпақ.
Көрініп сәл кешіксе бір күн жылдай,
Кетердей онан сайын жер қашықтап.

Тербеліп төзімінің нық терегі,
Бүл күнді үш жыл бойы күткен еді.
Әскерлік міндетінің мерзімі де
Біржола кеше ғана біткен еді.

Қоштаспақ бауыр басқан достарымен,
Тауымен, шекараның аспанымен.
Үш жылы үш күнгідей болмапты ғой,
Зулаған уақыт, неткен қас қағым ең?

V

Юргенін шекараға жау бұғынып,
Қырағы күзетші де қалды біліп.
Отанның бір бұрышын дүрліктіріп,
Мінеки, сұмырайлар салды бүлік.

Сілтідей тынып тұрған таң бүлініп,
Сілкінді тау сілемі жаңғырығып.
Жарқ еткен найзағайдай кенет дабыл,
Ұйқыдан заставаны алды жұлып.

Жігіттер көтерілді қүйын-желдей,
Екпіні ерен дауыл үйіргендей.
Маза жоқ тіршілікте мәңгі ешкімге,
Зұлымдық түнде жортқан тыйым көрмей.

Бір толқын жөңкілгендей ақтарыла,
Асығыс қонды бәрі аттарына.
Үн қатып, ұран салып, қыршындарды
Шайқасқа шақырып тұр оқ тағы да.

Қаптаса қарақіиы мен қашқын торып –
Өрт қаптап, тұтқиылдан тасқын төніп,
Міндеттен босадым деп жатар қалай,
Міз бақпай көрпе астында тас бүркеніп?

Бұзылып тыныштығы түнгі әдемі,
Быт-шыт боп қиялының күллі әлемі,
Алдымен атып шығып Гриша да,
Тіленіп сапқа қайта тұрған еді.

Төсектен тұрмауға да хақысы бар,
Алайда оған қалай дәті шыдар?
Қол ұшын бермей кетсе көріп тұрып,
Бетінен ұятының оты шығар.

Араша түсе алмаса сын сағатта,
Қосады азамат деп кім санатқа?
Арына дақ түспей ме масқара боп,
Тайсақтап салса егер де бұлталаққа.

Жүргенде ел шетінде жау ойқастап,
Кетеді шекараны қалай тастап?
Әуелі Отанға өзі адал болмай,
Қалайша арамдармен ол айқаспақ?

Жөнелсе алды-артына қарамастан,
Қорқақтай қара басын ала қашқан,
Отанды күзеттім деп айта ала ма,
Бола ма опасыздық одан асқан?

Ойының қопарылып мың қатпары,
Жүрегі аласұрып, тулап қаны,
Сілкінтіп жан түкпірін ғаламат күш,
Ішінен атой салып, тіл қатты

Ары:
«Отаным менің!
Аспаныңда әсем күй тұнған.
Оятты-ау жауыз шырқыңды бұзып ұйқыңнан.

Бүтіндігіңді қорғаймын сенің бүтін боп,
Жаралған емен үсақ-түйектен, қиқымнан.
Тұтасып кеткем топырағыңменен, тасыңмен,
Тынысым бірге тудырған сені ғасырмен.

Тұрайын қайда, жүрейін қайда, әрқашан
Әр бұтаң үшін жауап беремін басыммен.
Қара бұлт төніп, тұмшаласа да күн бетін,
Сен барда, Отан, сезінер өзін кім жетім?!

Үш жыл ғана емес, қасиетті, бейбіт шебіңді
Өмірлік сақтау, өмірлік қорғау - міндетім!
Қағылып дабыл - дегенде дереу:
«Атқа мін!..»

Жөн бе екен, сірә, шалқалап қарап жатқаным?
Қайтарып маған қаруымды бер, командир,
Саптамын әлі, саптамын әлі, саптамын!!!»

VІ

Оп-оңай берілсін бе кәнігі жау,
Шетінен түсі суық, жаны қырау.
Осқылап омырауын оқ ұшқанда,
Көне тау күңіренді - кәрі жырау.

Басталды қырғын атыс таңға жуық,
Майсасын жасыл көктем қанға жуып.
Қамады жауынгерлер тұс-тұсынан,
Тыққандай жыртқыштарды орға қуып.

Қарайған қатыгездер қандарына,
Оқ төгіп, жолатпайды маңдарына.
Ұшына нысананың іліккендер
Орнынан домалауда аударыла.

Аңдысып, аяқтарын тарта басып,
Жылжиды жақпар тасты қалқаласып.
Таң атып, жерге жарық түспей тұрып
Қоршаудан сытылмаққа жанталасып.

Өліспей берісетін түрлері жоқ,
Дамылсыз тіл қатады зілденіп оқ.
Жүгіре бір төбені орай өтіп,
Гриша еңбектеді ілгерілеп.

Елеусіз, ұрымталдау белге жатып,
Бұрқатты мүлт жібермей дәлдеп атып.
Тарылды тыныстары бандылардың,
Малтығып, барған сайын қанға батып...

Қарсыдан атылған оқ ысқырынып,
Бір сәтте Гришаны түсті жұлып.
Көз алды қарауытып сала берді,
Кеудесін бір белгісіз ыстық ұрып.

Астаудай аспан төсі төңкеріліп,
Астында жамбасының жер сөгіліп,
Жарқ етіп соңғы сәуле санасында,
Түнекке бара жатты ерте кіріп...

Ажалдан адам қалай қалады аман,
Айнала қатер барда қамалаған?..
«Мама!» - деп ақтық рет, кетті үзіліп,
Ауада дыбыс тұрды «Мамалаған!»

Тау ішін қасіретті нала басып,
Жартастар күбірледі «Мамаласып!»
Түнеріп дүние сәл тына қалды,
Жолынан жаңылғандай таң адасып.

Айқасса өмір-өлім шын тіресіп,
Табандап тұра алады кім сіресіп?
Бандылар таңға жуық берілді әрең,
Ес кетіп, жан шыққанша сілкілесіп.

...Қонбаққа қызыл қанға ыңғайланып,
Биікте бір қарақұс жүрді айналып.
Сұмдықтан хабары жоқ түндегі өткен,
Шығыстан көтерілді күн жайланып...

VІІ

Ой салар ұзақ сапар - жол ақынға,
Тарих бар кездескен әр жер атында.
Мезенцев заставасы түр бүтінде
Алып тау - Тарбағатай қолатында.

Қалайша ер есімі ескіреді?
(Өмірден өшіре алмас ешкім оны).
Ертемен жауынгерлер сапқа тұрса,
Саңқылдап аты-жөні естіледі.

Қорғаштап қарашықтай сол араны,
Қырағы күзетуде шекараны.
Орнында сақадай сай қаруы да,
Киімі, төсегі де, орамалы.

Өтсе де талай жылдар, талай заман,
Келгендер құрметпенен қарайды оған.
Сүйеді суреттегі жүзін күнде
Сәулесі бейбіт таңның арайлаған.

Сауырын бел-белестің нұрмен шайып,
Барады көкжиекке күн жантайып.
Басына Гришаның ертіп келіп,
Бұл сырды шертті маған Жирентаев1.

1Төлеген Жирентаев - Ақшоқыдағы «Пограничный» совхозының директоры.

Абзал жан Ақшоқының ақ құсындай,
О бастан осы араның сақшысындай.
Шыныққан шекарада шымыр түлға,
Ұстаның темір кесер шапқысындай!..

МҰҚАҒАЛИ - ЖЕЛТОҚСАН

І

...Шама жоқ Жаратқанмен таласатын,
Қарсы алар жіберсе де ғарасатын.
Есігін екі дүние кезек ашып,
Кезіп жүр кең жаһанды елес-ақын.

Фәнидің шақырды ма зобалаңы,
Жұмақтан жерге қарай домалады.
Зәнталақ не болады,
Не болады,

Жалғасса жан азабы одан ары?
Түнекке аттанғаны - әлдеқашан,
Жасаған, жарар еді алдамасаң...
Көрінбес қүдіреттің ғайып құсы,

Қалықтап түсер екен жерге қашан?
Белгісіз - фәниде ме, бақида ма?
Килікті шым-шытырық уақиғаға.
Тынымсыз шыр айналған өмір-өлім

Ұқсайды сиқырлы бір сақинаға.
Соғады қайда апарып мына сүрең,
Дүние алмаса ма расымен?

Қайтадан Алматымен жүздесе ме,
Шел басып қызылкүрең сырасымен?
Әйтеуір көріссе екен,
Көріссе екен

Жыласып Қарасаздың тұмасымен.
Күдай-ау, шығып кеткен көкке неге,
Мүны әлде жер-бесігі жек көре ме?
Бақиға бауырыңнан ұшып кеткен

Балаңа, ей, Алатау, өкпелеме!
Кеңсайда жатыр, әне, тас құндағы,
Тіл қатпас тас түнектің астындағы.
Жалғаннан жаһаннамға өткеннен соң,

Тамшыдай танылмай тұр тасқындағы.
Бөлінген жаны мұнда, тәні қайда?
Шынымен өзін-өзі танымай ма?
Киесі қасиетті өлең-жырдың,

Иесі ұлы рухтың қалың ойда...
Тас-талқан - ойлағаны, тілегені,
Не деген қарғыс атқан түнек еді?
Жұғып ап жұлдыздарды самаладай,

Көрсоқыр мешкей аспан түнереді.
Тәнті еді таңғажайып тағдырына,
Алланың жүзіп жүрген ақ нұрына.
Кенеттен қайдан ғана түсіп кетті

Түбі жоқ тұңғиыққа енді мына?
Қара бұлт қалбаңдайды жан-жағында,
Жүніндей албастының алба-жұлба.
Шаһардың үсті толған қарға-құзғын,

Қаһарын төккен бе әлде Алла мұнда?
Құжынап құбыжықтың бәрі осында,
Бәлекет жынмен ауыз жаласуда.
Сұрапыл - жер мен көктің арасында,

Шырылдап періштелер адасуда.
Япыр-ау, мұнысы не, мұнысы не?
Тәңірдің таңырқайды бүл ісіне.
Бір сәуле іздеуменен жұбанарлық,

Үмітпен үңіледі түн ішіне.
Түксиген үрейлі түн сұрқы жаман,
Шығады ащы дауыс шырқыраған.
Қаланың қақ ортасы азан-қазан –

Қызыл өрт, қара түтін бұрқыраған.
Кешегі гүлге оранған жоқ астана,
Қалғандай сұлулықтан елес қана.
Көшелер аза тұтып азынап тұр,

Қаралы Алматысы, не масқара?
Ашынған асау толқын кең алаңда,
Атойлап тепсінуде зобалаңға.
Сұстанып, сары аяздай шашады ызғар,

Сұп-сұр үй бет қаратпай жан адамға.

Қалың жас лапылдаған отты кеуде:
«Әділдік! Әділдік бер!» - деп тілеуде.
Алшайтып арамдықтың бөркін киген,
Төбесі қиянаттың көк тіреуде.

Сұр иттей сумаң қағып сақшылары,
Сұстанып сызданады хатшылары.
Ажалға кірпік қақпай қарсы жүрді
Жанкешті жалпақ жұрттың жоқшылары.

Қақаған қарлы боран, ақ қырауда,
Алдынан мүздай сумен атқылауда.
Өңкей бір темір аяқ, темір таяқ
Аяусыз тепкілеуде, соққылауда.

Сенделіп сең соққандай сансырауда,
Кім келер қысылғанда хал сұрауға?
Жаратқан, жар бола гөр,
Жар бола гөр,

Қиылып қыршындары, қансырауда.
Қалайша байқамаған бұрындары,
Ит екен.
Иттен туған бұның бәрі.

Жендеттің қолында жүр бұратылып
Бүлдіршін қыздарының бұрымдары.
Кұрыққа ілінгенде құлындары,
Атылды ата кектің тығындары.

Кім білсін жерде есімнің естігенін,
Әуеде Мұқағали шырылдады.
Қынадай қырылады-ау бала-шаға,
Түспесе өзі барып арашаға.

Қарап тұр империя терезеден,
Колбиннің көзіменен «тамашаға».
Биікте бұғып отыр қара қабан,
Сескеніп аласұрған заманадан.

Ішінен айтақтайды көп иттерін,
Алаңды қамалаған, абалаған.
Дүлей күш билік деген мінген атқа,
Кұлқы жоқ көптің сөзін тыңдамаққа.

Жастарды қызыл ала қанға бөккен,
Дамылсыз сүйрелеуде түрме жаққа...
«Уа, баба, Райымбек, Райымбек!
Сеп болар жалғыз өзім сыңайым жоқ.

Қозғалып түгел аруақ қолдамасақ,
Алатау теңселіп тұр құлайын деп.
Суалып тіршіліктің алтын бағы,
Теңізің түнеріп тұр тартылғалы.

Жәннатта қалай шыдап жата аларсың,
Ұрпаққа зауал төнсе артыңдағы?!
Аталар, аттаныңдар, аттаныңдар,
Аузында ұландардың аттарың бар.

Ұл-қызың медет тұтып сыйынуда,
Белдескен батырларға жақ болыңдар!
Жәдігөй бетін ашып ақырында,
Жұртыңды су түбіне батыруда.

Аруақтар, ояныңдар барлығың да,
Тірілер шақыруда, шақыруда!
Қайдасың Хан Абылай, Ер Қабанбай,
Күн туды ел басына әлдеқандай!

«Баласы барлық ақын бір ананың»,
Сендер де тез жетіңдер жолда қалмай!»
...Шарлады шырқ үйіріп түн қабатын,
Аруақтың байлап қояр кім қанатын?

Шешілмес жұмбағы көп дүниенің
Тиянақ, тиегі боп тұрған ақын.
Шертумен шежіресін тау-тасының,
Шер буып еткен еді жантәсілім.

Арқалап енді ұшып жүр қанша сырын,
Өлі мен тірілердің баршасының.
Жар салып, жақындарын шақырды да,
Жіберді жер мен көкті сапырды да.

Аспанда жебеушілер - жанашырлар,
Астында жанталас боп жатыр мына.
Аруақтар алаңдайды, алаңдайды,
Қалмаса қыр соңынан арам қайғы.

Жамылып Қарқараның қасіретін,
Жәмеңке, Ұзақ батыр қараңдайды.

Әріден қара дауыл борандайды,
Әттең-ай, адам қайта жаралмайды!
Алдаспан Кенесары желкесінде,
Жыландай ысқырады, жалаңдайды.

Шұбырған қаралы көш шаң береді,
Еңіреп көш соңында шал келеді.
Қосылып Исанбайдың дауысына,
Жоқтайды қара қобыз Хан Кенені:

«Қырсық түспей желкеден,
Зар төгемін ертеден.
Қызыл тілім - қара қыл,
Көкірегім - шер-шемен.

Опасы жоқ жалғанның
Жал-құйрығы келтеден.
Боздағанда шанақпын,
Үнсіз қалсам - қалақпын.

Ақсұңқардың баласын
Құзғындарға талаттым.
Бүйтерің бар, құдайым,
Баста несін жараттың?

Шанақ емес - қобызбын,
Қайғыменен егізбін.
Хас тұлпардың тұқымын
Қасқырларға жегіздім.

Алтын басын табам ба,
Түбін тінтсем теңіздің?

Қара түнмен таластым,
Хан иемнен адастым.
Ханмен бірге құлады
Азаттығы Алаштың.

Отқа жансам болмай ма,
Қобыз емес - ағашпын!
Ағаш емес - қазақпын,
Көп емеспін, аз-ақпын.

Қара жердің үстінде,
Астындамын тозақтың.
Кісінеуін қарашы
Хан ием мінген боз аттың!»

...Аңыраған ащы зардың жалғасы кеп,
Жартасқа соғылады Алласы жоқ.
Ақындар күңіренеді Абай бастап,
Көбінің кеудесінде қорғасын оқ.

Ақындар не кешпеген, не көрмеген?
Көріп тұр қан-қасапты көгендеген.
Келіп тұр бұлттай боздап Асан қайғы,
Ақ басты желмаясын шөгермеген.

Түбінде жүрегінің мұң жататын,
Келіп тұр Махамбет пен Дулат ақын.
Аруақтар ашуына шындап мінсе,
Түрі бар жер мен көкті тулататын.

Жердегі өмір өртке шарпылуда,
Көктегі әулиелер шарқ ұруда.
Тылсымның түңғиығы астан-кестен,
Жеті қат бір-біріне тартылуда.

- Уа, Муза! Муза! - деді, аласұрды,

Зұлматқа қарсы ағызбақ қара суды.
Найзағай күркіреді жасын ойнап,
Әйгілеп аспандағы бар ашуды.
Көз жұмып, кімге сенген, кімге сенген,

Кім келіп құтқарады бұл кеселден?
Сәуленің үшқыны да жылт етпейді
Әлемді жарылқағыш күн көсемнен.
Алданған алапатқа тентіреткен,

Ақ көңіл, аңғал еді халқы неткен?
Сұлбасы Сталиннің сес береді,
Мұрты мен қабағына қан түнеткен.
«Бармысың, «Мавр-Фред», «Мавр-Фред»,

Адыра қалған жоқ па не бір тілек?
Бәрі де сенгенінің өлімсіреп,
Ортадан опырылды темір тірек.
Уа, Пушкин, сеземісің, сардар аға,

Сен жақтан зауал соқты cap далама!
Сенбесең, судай аққан қанға қара,
Бар үміт сенде ғана, сенде ғана!
Ей, Сергей, ойран салды перілерің,

Періңнен көрдің бе жұрт жерігенін?
Түскенде сергелдеңге серік едің,
Сырласым, сенен қалай бөлінемін?
Жүзіме тура қара, кел, шоныма,

Достықтың, татулықтың серті осы ма?
Тас тыққан тұқымдарың қалтасына,
Халқымның қанжар ұрды қолқасына!
Елімнің естігенше жылағанын,

Құрдымға неге ғана құламадым?
Бауырлар, тапсаңдаршы бір амалын,
Сендерден сұранамын, сұранамын!
Бәріне жердегінің аспан жаршы,

Түсер ме қолдан кісен, бастан қамшы?!
Білемін жайларыңды, тым болмаса,
Тажалдың көзін байлап тастаңдаршы.
Жыртқыштар қан уыстап қанасынан,

Хайуан боп қалай туған анасынан?..
Түрменің түкпіріне тығып алып,
Жан шошыр жалаңаштап сабасынан.
Балаған ағасына - панасына,

Бұлар да большевиктің баласы ма?
Осылар емес пе еді отандасы –
Көзінің ағы менен қарасы да...»
Төгіліп тас жылайды тауындағы,

Егіліп орман-тоғай бауырдағы.
Мәскеуге Момышұлы ақырады,
Бұрқасы желмен ойнап сауырдағы.
Молайып мұң мен зардың дариясы,

Өкініп отыр Жамбыл қариясы.
Кім үшін өлгеніне жіп таға алмай,
Боздайды Мәншүк пенен Әлиясы.
Жырлаған Мүқағали кімді кеше?

Тұншығып талықсиды түн біресе.
Сәкен мен Ілиястар елестейді,
Соққының тиген жері күлдіресе.
Шын аты абақтының - азапхана,

Азаптың құрбандығы қазақ қана.
Қазақты қазақ отқа сүйрелесе,
Ей, тағдыр, мазақтама, мазақтама!.
Сорың да, соқпағың да жеке-дара,

Бұл заман не боп кетті, Сәкен аға?!
Зулаған «Қызыл сұңқар», «Әкспресс»
Қиямет - қылкөпірден өте ала ма?
Қызылдар қызыл етке болды жерік,

Тұрсың ба, Ілияс аға, енді көріп?
Сойылып Құлагердің құлындары,
Ақсуың атып жатыр қанды көбік!
Қалайша шыдайсыңдар шамырқанбай,

Тәңірден түсті ме әлде әмір сондай?
Жалғанда жамбас ақың өтелмейді,
Түрменің түкпіріне қаның тамбай.
Төндірген тұтқиылдан тіріге өлім,

Тажалдың тісін көріп түңілемін.
Сендерді шегелеген орындықта
Бүгіліп отыр, әне, інілерің!
Қадалып қастандықтың оғы тура,

Қапастың көмейіне тоғытуда.
Таянып төбемізге ақырзаман,
Құлағын топан судың ағытуда.
Бәрі де бір Алланың бұйрығында,

Осылай ширығуда, ширығуда.
Қараса, Мағжан ақын келе жатыр,
Жарқырап аққан жұлдыз құйрығында.
Ақынды жібергендей күннің өзі,

Шамданып, тұлданады түн мінезі.
Жанады жұлдыздарға шағылысып,
Мағжанның маржан төккен мүңлы көзі.
Жүлдыздар жамыраған аты көкте –

Арыстар жаны бірге ақыретте:
Келеді шоғырымен шұғыла шашып
Әлихан, Сүлтанмахмүт, Ахмет те!
Шәкәрім, Жүсіпбектер, Міржақыптар –

Алашқа аңыз болған кіл жақұттар.
Ал, қәне, Мұқағали, алдынан шық,
Кім білсін, келе жатқан бір бақыт бар!
Тигізер шапағатын солар саған,

Бір жұмбақ осы шығар сен аңсаған.
Өшкенің қайта маздап қалар мүмкін,
Табылып жоғалғаның жол ортадан.
Көк дауыл көтерілді сен көрмеген,

Түсірме желкеніңді жел кернеген.
Өмірмен жасырынбақ ойнайды ақын,
Әйтпесе, әншейін сөз өлген деген.
Маңдайдан сор арылған жоқ демесең,

Бір қайтар қас дұшпанда кеткен есең.
Құдайға, халыққа да қолғанат боп,
Жасайсың жерде де сен, көкте де сен!
Пайғамбар Күннен туған - Күн ұланы,

Қағады қара түннің жынын әлі.
Сарқыты Махамбеттің - Мұқағали,
Мағжанды сен ұқпасаң, кім ұғады?!
Бір тылсым құштарлықпен ақындағы,

Мағжанға Мүқағали жақындады.
Тәңір-ау, бекер екен, бекер екен
Мағжанды шыңырауға батырғаны!
Сыймаған басы тағдыр ноқтасына,

Түрменің тартты Мағжан қақпасына.
Күңіреніп осы сәтте сала берді
Қиырда Күлтегіннің көк тасы да.
Аруақтың ұмытылмас аманаты,

Өшкенше жер бетінен адам аты.
Жатқандай аза тұтып сол дауыстан
Оянып көне Түрік қағанаты.
Дәуірлер шаң боратып тозаңдаған,

Қайғыға қайғы ұласты озандаған.
Жауыздар жанталасты бұл қазаққа
Әлі де көрі бардай қаза алмаған.
Қосылып қарлы боран үсікпенен,

Қастандық қыңсылайды күшіктеген.
Көз жазбай Мағжан ақын қарасынан,
Келеді Мұқағали түсіп төмен.
Алапат түрмеде де, алаңда да,

Торғайдай шырылдайды тамам бала.
Мұндайда міз бақпайды, алшаңдайды
Қанды көз, қара ниет, арам ғана.
Бәрі де біткені ме шыныменен,

Деп пе еді шыныменен мұны көрем?
Алматы өртке оранып түніменен,
Көкке ұшып кетер ме екен күліменен?
Алматы қалтырайды сұрқы қашқан,

Мәскеудің мысы басып мылтық асқан.
Намыстан назаланды Мұқағали,
Үнді естіп шыңыраудан шырқырасқан.
«...Күңірентіп түсіргенде көктен мені,

Халқымның осы ма еді жеткен жері?
Жағасын жалпақ жұрттың қандағанда,
Шетінен інге кіріп кеткен бе ері?
Байланып қалған ба әлде тасқа бәрі,

Жұбаннан қайда мұның басқалары?
Кірмейді көрге неге қаптаған шал,
Бергенше қойдай тізіп жас баланы?
Айтпақшы, Олжас қайда, Олжас қайда?

Алыптың жағасына жармаспай ма?
Көрмесе қорланғанын қалың елдің,
Жанарын ақындардың шел баспай ма?!
Шырматып қол-аяғын албастыға,

Шегелеп тастады ма Олжасты да?
Аруағы көтерілген халқым менің,
Түнектің түсе қоймас енді астына...»
Кенеттен, уа, қүдірет, тірілер ме,

Көрсетіп өрт шалғандай түрін елге?
Құлаған баудай түсіп боздақтардың
Орнына өзі барып тігілер ме?
Булықты бәрін көріп, бәрін көріп,

Жан алып жатыр жастар, жанын беріп.

Армансыз бір шайқасып арсыздармен,
Қайтадан кетер ме еді қолында өліп?
Қырсықса, дүние қайта дөңгеленер,
Тағы да табытқа caп, көрге бөлер.

Аспанда құдай жалғыз, жерде қазақ,
Жаратқан, жалғызыңа жар бола гөр!
Жалғыздың белі сынса дем де шөгер,
Жанашыр, бар болсаңдар селбесе гөр!

Толқынды арпалысқан өзі бастап,
Қасқайып тұрмас па еді өлмесе егер?!.

ІІ

Үрейлі үңірейген түрме түбі,
Түрмеде қияметтің қылкөпірі.
Тебендей шаншылады тергеушілер,
Секілді сатқындықтың бір кепілі.

Сақшысы, прокурор, соттары да
Айналған саясаттың шоқпарына.
Боздатып бауырларын өз қолымен
Түрменің тығып жатыр оқпанына.

Үкімі әлдекімнің оқылуда,
Бұйырды бүлк етпестен атылуға.
Байқаса, Мағжан ақын қаһарланып,
Сазарған сотқа қарап ақыруда.

Япыр-ау, Мағжан ба өзі, Мағжан ба өзі,
Жасарып кеткені ме тарлан бозы?
«Ел үшін еркек тоқты құрбандық!» деп,
Шатынап от шашады жанған көзі.

Біресе Мағжан емес мына тұрған,
Жас жігіт жолбарыстай тік атылған.
Қайнайды «Атам десең, атыңдар!» деп,
Қаймықпай қарсы соққан сұрапылдан!

Түссе де бағынбаған басқа құрық,
Сен неткен ғаламат ең, асқақ рух!
Лағынет!
Лағынет сатан, ей, зұлымдық –

Аранын аждаһадай ашқан ұлық.
Жортады қараңғыда қас қылғалы,
Қанды ауыз қиянаттың қасқырлары.
Алдында қастандықтың қасарып тұр

Ең соңғы Бостандықтың жас құрбаны!
Жұтқандай жалмауыздар ертедегі,
Жөнелтер жаһаннамға ертең оны.
Күндердің масқараға куә болған,

Ұяттан беті күйіп, өртенеді...
Көресі көрер екен қазақ қанша,
Зорлықтың қанталаған көзі аққанша?
Қарыздар ата-баба киесіне,

Осыдан күні туып, азат болса!
Аруағы бабалардың тебіренді,
Аунады арпалысқан өмір енді.
Аспанның көкірегі қақ жарылып,

Жұмақтан жақсылықтың лебі келді!
Желтоқсан ызғары түр шарпып әлі,
Мұзбалақ Мұқағали шарқ ұрады.
Шашырап шартарапқа жан шуағы,

Сәуледей дірілдейді тамшыдағы.
«Мейірім төгер болсаң, уа, Жаратқан,
Халқымды қүтқар, - деді, - ғазауаттан»
Көк байрақ жарқылдады көктен сонда,

Үзілген көк жалындай ғажап оттан!
Киелі Көк байрақ кеп қонды жерге,
Қанатын дүрілдетіп керді желге.
Ақ бұлттай бір ақсақал бата берді,

Жиналған ту түбіне барлық елге!
Тіріге танытпастан өзге сыңай,
Рухтың Болашақпен кезедесуі-ай!
Көп өтпей Тәуелсіздік келетінін

Сол сәтте Мұқағали сезді осылай.
Тыншыды ұлы сезім аласұрған,
Ертеңгі елін көріп, бағы ашылған,
Қия алмай Алматысын үш айналып,

Асты да ғайып болды ала шыңнан.
Артына алаңдамас енді білем,
Қарсы алар жәннат оны зер гүлімен.
Аруақтар емес пе деп елеңдеймін,

Ғарыштың жүлдыз ақса зеңгірінен!..

БӘЙТЕРЕК

І

Түбіне тіршіліктің тағдыр ие,
Тәңірдің тұзырында бар дүние.
Қызыл тіл қара тасты балқытады,
Келгенде қылқобыздай зар күйіне.

Сүрінбес, су төгілмес тілім жорға,
Атасы ақпа жырдың, пірім, қолда!
Шақырып аруағыңды, атыңды атап,
Өзіңе сыйынбаған күнім бар ма?!

Өлеңнің ақтангері арғы бабам,
Басынан ешкім асып қарғымаған.
Түсімде Тәуелсіздік Падишасы
Ақ қағаз, алтын қалам берді маған!

Сенемін асыл сөздің тозбасына,
Жетеді өз бақытым өз басыма.
Күбірлеп құлағыма жеті түнде,
Қоймады осы жырды жазбасыма!..

Қолыңда жүйрік қалам жарқылдаса,
Сөзіңді арманың не ел тыңдаса!
Кеудемде көз бар шығар қайнап жатқан,
Тамшысы таңдайымның сарқылмаса!..

ІІ

Жаныма жақындасаң мұңдасыңмын,
Келмейді енді ешкімнен сыр жасырғым.
Не пайда дүниенің кеңдігінен,
Болмаса бостандығы бір басыңның?

Шүкірлік жарылқаған Аллаға мың,
Маңдайы жарқырады кең даланың.
Тәуелсіз атқан таң мен шыққан күннің
Керемет құдіретіне таңғаламын.

Айығып ой тұманнан, сана бұлттан,
Жазылды ескі жара жан ауыртқан.
Азаттық аясында қандай бақыт
Тәуелсіз тыныс алып, ауа жұтқан.

Тарихты қазып қайтем сан айтылған,
Ақ сарай талай қирап, талай тұрған.
Түгендеп алар өзі керек қылса,
Асықпай артық-кемін санайтын жан.

Халқымның сан ғасырлық ғүмыры да
Уақыттың жұқ болмапты жүмырына.
Армысың, Азаттығым, қыран қанат,
Қалықтап қайта қонған тұғырына.

Қаймықпай тас қамалдан, мұз бөгеттен,
Жарқ етіп түскендейсің бізге көктен.
Жолыңда жорық салып бабаларым,
Арыстар аласұрып іздеп өткен.

Аруақтар аунап түсті тебіренген,
Сақтасын жатқа қайта телігеннен.
Алмастай жарқылдаған ақ жүзіңді,
Адамда арман болмас көріп өлген!

Тағдырын тәлкек қылып айлалыға,
Талайлар тура жолдан таймады ма?
Шынжырда шыр айналып тұрса-дағы,
Ит қана семіреді тойғанына.

Қайратың қара тасқа қайралғандай,
Қай кезде төрт құбылаң сай болғандай.
Қүлқынның құлдарына қарағанда,
Пақырдың парасаты пайғамбардай.

Туған ел, жаралғалы не көрмедің,
Көрейін көсегеңнің көгергенін.
Қиырда қыршындарың қалды қанша,
Бұйырмай бір жапырақ сенен кебін.

Көзіндей бабалардың бағзы мекен,
Бас иіп тау-тасыңа тағзым етем.
Шиыры озбырлықтың шым-шытырық,
Соқпағы әділдіктің жалғыз екен...

ІІІ

Жеткізбес құдай сүйсе баққа кімді,
Қарыны ақ түйенің ақтарылды.
Ат шаптыр, аруақ шақыр, тойла, қазақ,
Тәуелсіз Президентің атқа мінді.

Ошақтың үш бұтындай үшкіл қазақ,
Ел болып еңсе көтер, күш қыл, қазақ.
Сиырдың бүйрегіндей бытырасаң,
Қашанда көрер күнің мүшкіл, қазақ!

Тажалдың тамағы боп игілігің,
Заманның көрдің салған қиғылығын.
Еркіңде қалай бұрсаң аттың басын,
Өзіңе өз тізгінің тиді бүгін!

Жүндеген жуанды да, жуасты да,
Бодандық батты мәңгі су астына.
Ұлт болсаң, ұятың бар, иманың бар,
Ал енді жиналыңдар Ту астына!

Бір Алла тілегіңді етсе қабыл,
Бітеді қораңа мал, бақшаңа гүл.
Төріңе түгел шығып қасқа-жайсаң,
Кенелсін абыройға патшаң әділ!

Қолдаса игі жақсы ел ағасы,
Патшаның халыққа тең дара басы.

Қырағы көптің көзін байлай алмас
Тағдырдың тұмшалаған томағасы.
Биліктің жалына кім жармаспаған,
Серкелер сүрінбесін ел бастаған.

Періште алтын көрсе жолдан тайып,
Тонаса өзін-өзі оңбас қоғам.
Ежелгі жүрт едік қой дүркіреген,
Хандары күн астында күркіреген.

Көтеріп төбесіне сыйласқанын,
Тулақтай егескенін сілкілеген.
Жасайды өз дегенін озған заман,
Құбылып, қылаң ұрьш көзді алдаған.

Тау құлап, орман қурап, теңіз көшер,
Тағынан Тәңір ғана қозғалмаған.
Келмейді адамзатқа қайғы алыстан,
Соны айтып қамықпады қай данышпан?

Елдігін сақтай алмас енжар халық,
Қулықпен, сұмдықпенен айналысқан.
Арасын бақ пен сордың көрді көзің,
Арындап асқақтайтын келді кезің.

Көлденең көк аттылар басынбай ма,
Тарпаңдай танытпаса ел мінезін?
Кең ашып берекеге есігіңді,
Түзетіп, тербете біл бесігіңді.

Сан ғасыр бұршақ салып мойыныңа,
Құдайдан тілеп едің осы күнді!
Бүгіліп тізе бүкті белдескенің,
Өлгенің қайта туып, жанды өшкенің.

Бұлқынған қасіретті қынабында,
Суырдың намысыңның наркескенін.
Томирис, Еділ патша, Елтеріс хан,
Аңсаумен еркін өмір арпалысқан.

Жете алмай жерұйыққа Асанқайғы,
Желдіртіп желмаясын жер тауысқан.
Жерұйық іздемесең таптыра ма,
Бұйырар бір түп жусан тоқтыға да.

Қызырды ьсіріп келген танымасаң,
Басыңа байырқалап бақ тұра ма?
Бұтағы бойламаса күнге қарай,
Халық - бір қаусап біткен қу қарағай.

Қандағы қасиеттен айырылсаң,
Қалмайды қуған қырсық құлғанадай.
Тірісің - туған ана тілің барда,
Өлісің - түп тамырың жұлынғанда.

Қуатты күннің нұры құтқармай ма,
Жас өркен үскірікке ұрынғанда.
Жоғалса қыздан иба, ұлдан иман,
Кең далаң кімге керек құр далиған?

Жолында Бостандықтың төгілген қан
Кетеді судай зая құмға құйған.
Кезеңде қиқу салып жау қаптаған,
Тұлпар жоқ омырауын шаң қаппаған.

Ешқашан еңкеймейді елдің туы,
Ерлері бірін-бірі ардақтаған!
Адамға түсірмесе адам жарық,
Тірлікті түнек басар қараң қалып.

Қақ жарған қара қылды билік барда,
Қашанда патшасына адал халық!
Өмірдің ажыратпай ақ-қарасын,
Шарадай шайқаған көп шақша басын.

Әлек боп ел басқару әркімге оңай,
Халыққа Көсем болу - патшаға сын!

ІV

Қисыны келелі істің дер шағында,
Күш-қуат келіде емес, келсабында.
Сөйлейді Назарбаев Нұрсұлтан боп,
Көк тулы Қазақстан жер шарында.

Шарпысып жаңа дәуір ескіменен,
Көз көрді хикметті естімеген.
Елбасы шарқ ұрады шартарапқа,
Қырандай балапаны кеш түлеген.

Аңдиды қырдан қатер, ойдан қырсық,
Суырмай саясат жоқ майдан қылшық.
Қазақты кім сүйемек қолтығынан,
Тобықтан дүшпан қағып, тайғанда ұршық?

Ұрынса ұлан-асыр ғазауатқа,
Жанады жалғыз қалып қазақ отқа.
Шақ туды шамырқанып шамданатын,
Ойлаған елдің қамын азаматқа.

Әр күні, әр сағаты толғаныста,
Түсіп тұр ауыр салмақ ар-намысқа.
Азуы алты қарыс алпауыттар
Ұқсайды талап жейтін жолбарысқа.

Сабаздар саясаттың майын ішкен,
Арбайды қулық торын жайып іштен.
Келеді қанжығаға бөктергісі,
Шықпаса ойларынан ойың үстем.

Алдаудан жатса-тұрса жазбайды олар,
Тұмсығы олжа тапса тез майланар.
Көліне көлкіп жатқан байлығыңның,
Шақырсаң, қатар-қатар қаздай қонар.

Жебемей асыл мақсат, асқақ арман,
Жетер ме мұратына тосқан алдан?
Аруағы бабалардың кешірер ме,
Бақыттан айырылса басқа қонған?

Жаңылса жарастықтың жүлгесінен,
Өрт қояр өшіккендер іргесінен.
Көңілінен адамзаттың шыға алар ма,
Көрінбей парасаттың мінбесінен?

Зулаған зымыран оғы заманада,
Зорлығы зұлымдықтың жоғала ма?
Қарудан ядролық бас тартпаса,
Маза жоқ мұңға батқан Жер-Анаға.

Қараса Қазақстан алабына,
Құрамы қырық қылау - ала-құла.
Оп-оңай орта жолда арба сынар,
Тас тисе дөңгелектің шабағына.

Жұрт тыныш пәле-жала зораймаса,
Ызадан қаны қайнап қараймаса.
Қауқарсыз қаңбақ емес халық деген,
Жөңкіле жосылатын жел айдаса.

Шаң тұрса шындық атты шарайнаға,
Көреді өз келбетін қалай ғана?
Таба алмай ақиқаттың алтын кілтін,
Өкініп өткен жоқ па талай дана.

Түсіп тұр азаматтың бағы сынға,
Тірліктің толқын атқан ағысында.
Айнымай әділеттің ақ жолынан,
Toп жарды ғасырлардың тоғысында.

Көненің қалып қоймай шиырында,
Жол тапты асулардың қиынында.
Жұртының аманаты жүрегінде,
Дәуірдің ауыр жүгі иығында!

V

Соққанда замананың көк дауылы,
Ел түгіл, солқылдайды жер бауыры.
Көппенен бірге көрер не көрсе де,
Құдайдың қатардағы ол да құлы.

Халықтың қарық болса қағанағы,
Керілер керегенің сағанағы.
Ауылдан ала қашар түк таппаса,
Қу басты қасқыр мүжір даладағы.

Ошақтың оты шалқып қазан асқан,
Оңдалар шалыс қадам жаза басқан.
Төндірді қара аспанды әлдекімдер,
Қырыла қалатындай қазақ аштан.

Көп үшін кім болтаны күйінбесе,
Ұршықтай қиындықты үйірмесе?
Сапырғак қара бұлтты қанатымен,
Дауылға дауылпаздай шүйілмесе?

Қамалдың қабырғасы құламаса,
Тағанын дей алады кім аласа?

Қираған құм шөлмектей қоғам кейпі,
Қиюын қайта тауып құрамаса.
Мұндайда содырлар мен сумақайлар
Тайраңдап, ел үстінде күнде тойлар.

Сұңқардың желкесіне сұқсыр мініп,
Құланның қүлағында қүрбақа ойнар.
Мыңқ етпес мәңгүрт пенен маубас қана,
Сұр жылан іштен шықса - сол масқара.

Жармасса жау жағаға, бөрі етекке,
Жер үсті, аспан асты болмас пана.
Арсызға берсең - жақсы, алсаң - жаман,
Алдына арамдықтан жан салмаған.

Көршінің қолтығына су бүркеді
Атақаз атамандар алшаңдаған.
Тату жұрт бірі - шекер, бірі - балдай,
Жарылып жауласатын түрі бардай.

Қызуы Оңтүстіктің өрге шауып,
Солтүстік сіреседі сүрі қардай.
Болысса иілместі Тәңір иер,
Байланса тар ноқтаны тағы киер.

Көсеудің екі басы бірдей ыстық,
Қай ұшын ұстаса да қолы күйер.
Бермесе пендесіне Алла сабыр,
Бәрі де арпалыстың далбаса құр.

Топалаң тыйылмайды тентектерді
Келтіріп тәубасына алмаса бір.
Адалдық арамдықтың қолын қағар,
Күн келер күткен үміт орындалар.

Ұлтының табанынан ызғар өтсе,
Ұлтарақ, ұлтаны да болуға бар!

VІ

Дүние келе бермес шыр айналып,
Бел буды тәуекелге мың ойланып.
Алдында болашақтың беті жарық,
Еңбегі еліне - аян, құдайға - анық.

Шайқасып ата жаумен сан кезенген,
Бабалар кешіп өткен қанды өзеннен.
Байқаса, шығатұғын жол біреу-ақ
Бұралаң тайғақ кешу тар кезеңнен.

Ғасырда көтерілген намыс тудай,
Алаштың бағы жанбас арыс тумай.
Орнықпас ел іргесі, астананы
Байтақтың ортасына ауыстырмай.

Мақсаттан көзі жеткен тартына ма,
Біледі түсетінін талқыға да.
Басқалар түсінбесе түсінбесін,
Түбінде түсінетін халқы ғана.

Көңілі тебіренсе домбырадай,
Төгілмес құлақ күйін оң бұрамай.
Атадан арыстан боп туғанменен,
Тұтқасын ұстата ма тағдыр оңай?

Кең дала қан жылаған қасіреттен,
Қазақтың қашан көзден жасы кепкен?
Байланып Бостандықтың қол-аяғы,
Кененің қанжығада басы кеткен.

Ту тігіп Абылай аспас сары белге,
Кек қайтып, бастар ма екен елін өрге?
Сарыарқа - айқастардың сахнасы,
Сенделтіп салған талай әбігерге.

Алысса ауыздықпен арда көңіл,
Тартуға қайғы деген арба жеңіл.
Қобызға үнін қосып күңіренеді
Ежелгі Қазтуғаннан қалған Еділ.

Созылып сор өзені содан бері,
Арнасы аққан сайын тереңдеді.
Ойласа Орынборды опынатын
Алаштың арысы мен кемеңгері.

Жер қайда орып алып қылғытпаса,
Шындыққа шара бар ма шыр жүқпаса?
Қазақтың астанасын аярлықпен
Ақмешіт, Алматыға сырғытпаса?

Жендеттер жаралғалы кімді аяпты,
Көгендеп кәрі-жасты бірдей атты.
Кәмпеске, ашаршылық, отыз жеті –
Кінәсіз халық қаны судай ақты.

Қорқаудың қиянаты ел есінде,
Ойнаған төрт аяғы төбесінде.
Аштық пен оқтан қалған ақ сүйектер
Ғасырдың көлденең түр өңешінде.

Не керек, қайран елін еңіретті,
Өлгеннің орнына әкеп егін екті.
Қараса, тарих беті таңдақ-таңдақ,
Түскендей жазылмайтын теміреткі...

VІІ

Саңқ етті Алатаудың мұзбалағы,
Жаңғырып жартас біткен, қүз қарады.
Шарықтап шырқау көкте жүрді-дағы,
Бетке алып тартып кетті түз даланы.

Тұр міне, Үшқоңырда - өзі шыңда,
Ақиық барады ағып көз ұшында.
Қыранды құс патшасы деп атайтын,
Айналды бұрынғының сөзі шынға.

Ақиық Алатаудың иесі ме,
Көк аспан соған ғана тиесі ме?

Сияқты Абылайдың ақ бурасы,
Көрінген әлде өзінің киесі ме?
Аспанда атқан оқтай құс ағады,
Еске caп қасиетті нысананы.

Қанатын сол қыранмен бірге қағып,
Қиялы қияндарға ұшады ары.
Кеткендей елес беріп әлгі қыран,
Қайыспас қайсар ердің тағдырынан.

Шыққан күн көкке өрмелеп бара жатты,
Әлемнің алтын зерлі сандығынан.
Суырмай бұлттар бүгін алдаспанын,
Шыңдар да құра қапты малдастарын.

Қаз-қатар қолын жайып, бата беріп,
Тілеуін тілегендей марғасқаның.
Көз тікті көк тіреген Талғар шыңға,
Асқар жоқ одан асқан алды-артында.

Биікке бір шықпаған бейшаралар
Тәккаппар таудың сырын аңғарсын ба?
Шығатын ең шыңына шыдағандар,
Арманның шырқауындай мына заңғар.

Біржола құз түбінде қалады екен
Биіктен басы айналып құлағандар.
Тимеген сауырына пенде аяғы,
Орнында Хантәңірі сол баяғы.

Тәңірдің тақытындай аспандағы,
Асқақтап тұрған шығар тау нояны.
Жұлдыздай жарқырамай бір кемерден,
Жалғанның қызығына кім кенелген?

Жорып тұр жақсылықтың нышанына,
Ғажапты түсіндегі түнде көрген.
Түрі бар «Қарасайлап!» қонған атқа,
Ешкім жоқ оң қанатта, сол қанатта.

Түседі Көктің нұры шағылысып,
Қолында жарқылдаған шарболатқа.
Тұлпардың тұяғынан жер сөгіліп,
Алдынан жау қашады төңкеріліп.

Үн қосып ұрандаған дауысына
Жан-жақтан құйылады ел төгіліп.
Бір сәтте күн күркіреп, жел шақырды,
Айдаһар ысқырынған қарсы атылды.

Қылышпен кере тартып қалғанында,
Көмейі кесепаттың қан сапырды.
Құтылып жалаңдаған жау-жаладан,
Еседі салқын самал кең даладан.

Басына Хантауының алып шықты
Қалың ел Хан көтеріп қаумалаған.
Ажалға қарсы шауып жанға төнген,
Қазағы аман қапты сан қатерден.

Ескі жұрт екен дейді сол баяғы
Керей мен Жәнібекті хан көтерген.
Жар болып жаратушы Алла бұлай,
Аруағы бабалардың қолдауын-ай!

Хан келіп алтын тәжді тіл қатады,
Күлтегін, Әз Жәнібек әлде Абылай:

- Ал, балам, бекем ұста ел тұтқасын,

Тағыңды Тәңір сенің толқытпасын!
Оралып шалғайыңа бақ пен дәулет,
Қысылсаң Қызыр келіп қолтықтасын
Бөгде жұрт басынуды жол тұтпасын,

Ұстасын өз атының тартып басын.
Кеткендер шыға бере сырт айналып,
Келгендер қоржыныңа қол сұқпасын
Ер жігіт туғаннан соң елге - қанат,

Өзіңе байтақ дала енді аманат!
Тасыған дариядан өте алмассың,
Іздесең таяз өткел жар жағалап!
Атаның ақ жолынан айнымастан,

Арыстар арпалысқан айбыны асқан.
Нағыз ер намысы бар халқын ойлар,
Кіргенше қара жерге қойнын ашқан!
...Осылай аян берді хан бабасы,

Жұмбағын біле бермес жан баласы.

Керуені көп заманның көлбең қағып,
Көшеді көз алдынан тау-даласы.
Күркіреп жауар күндей қанша қаған,
Өздерін Тәңірімен тең санаған.

Халқының қотыр тайын жегізбеген
Қасқырдай көп дұшпанға анталаған.
Естеми, Бумын, Білге, Күлтегінге
Жетеді адамзатта кім тегінде?!

Тасқа ойып жазып кеткен өсиеті
Қасқайып қара жердің тұр төрінде!
Арт жақта ұрпақ бар деп жоқтап алар,
Айтарын түгел айтып кеткен олар.

Тәндері топырақта жатқанменен,
Жандары жайсаңдардың көкте болар.
Уақыттың кім батпаған тереңіне,
Елім деп еңірепті ер Едіге.

Жұртының жел жағына жанын тосып,
Солардай бола алмаса керегі не?!
Ерліктің өшкен еді салты қашан,
Өмірі қаһарманның халқына тән.

Түбіне солардың да жеткен жоқ па
Айыр тіл, алауыздық алтыбақан.
Өткеннің өкініші өткір қандай,
Мәңгілік есте сақта деп тұрғандай.

Бес күндік берекесіз боқ дүние,
Дариға, кімдерге опа таптырғандай?!
Мойнында міскіндердің талай күнә,
Төндірген соқыр тұман арайлыға.

Арс етіп ала түссе таңғалмайды
Қапқандар Абылайды, Абайды да.
Көп болса сөз батады жалқы жанға,
Қызғаныш қызыл өрті шарпығанда.

Шаң жұғып шашасына көрген емес,
Артында асқар таудай халқы барда!
Иілмес батса-дағы басы қанға,
Қашанда батыр халық жасыған ба?

Жағаны жуып-шайып кетпес пе еді
Арындап асау өзен тасығанда.
Жұртының жеткізбесе баққа қолын,
Не керек иеленіп тақтан орын?

Патша аз ба пәтуасыз ғұмыр кешкен,
Кім іздер құнсыз басын жоқтап оның?
Көк семсер жарқылдамас жүз болмаса,
Көсемнің несі көсем із қалмаса?

Сірессе тағдыр деген суық мұхит,
Кемедей күтірлетіп мұз жармаса?!
Көсем бе көптің сөзін айта алмаса,
Түскенде ауыр салмақ қайқаңдаса?

Түгендеп төңіректің төрт бұрышын,
Есесін елдің кеткен қайтармаса?!
Қалады көпке берген анты қайда,
Тұрмаса ел парызы әр күн ойда?

Гауһардай тұңғиықтан табылмаса,
Көбіктей су бетінде қалқымай ма?
Патшасы болғанменен қанша дана,
Қадірлі ел бақыты жанса ғана.

Үлтының үл қаша ма азабынан,
Емес пе қазағынан жан садаға!
Бекітсе астананың іргетасын,
Көрсетер күдірейтіп кім жотасын?

Күңіренткен қаралы күн қайтып келмес
Қазақтың көрде жатқан күллі атасын!
Біреулер әурешілік дер де мұны,
Көшіріп босағаға төрдегіні.

Қияға қиял жетпес құлаш ұрды
Қайтпаған таудан-тастан өр көңілі.
Жәрдемін аямаса Хақ тағала,
Пәрмені Президенттің тоқтала ма?

Жарлыққа қолын қойды нық сеніммен,
Астана ауыссын деп Ақмолаға!
Сарыарқа - сайын дала, жер кіндігі,
Баянды Байтағымен елдің күні.

Қазағым, көш көлікті болсын енді,
Көтерген жолда қалмас Нардың жүгі!..

VІІІ

Аршында, шығар, қазақ, үніңді асқақ,
Кім сені тоқтатады бүтін жасқап?!
Астана Ақмолаға келе жатыр,
Айбынды Нұрсұлтандай ұлың бастап!

Желбіреп көштің алды жалаулайды,
Арқаға аққан судай ел аунайды.
Тапсыр да тағдырыңды ер соңынан,
Ер туып екі қайта жаралмайды.

Арқаның асау желі борандайды,
Бірақ та көшке бөгет бола алмайды.
Ақтүтек қайта айналып соққанменен,
Ақсүйек заман жұты оралмайды.

Бүл жерді бабаң қорғап жат қолынан,
Түспеген күндіз-түні ат жалынан.
Асыңа қыл аяғы шыбын қожа,
Айырылсаң қара қазан қақпағынан.

Қайтқаны осы емес пе кеткен есең,
Біріңді-бірің қағып шеттемесең.
Япыр-ау не қыл дейсің бұдан артық,
Үстінен қыл көпірдің өт демесең!

Салған соң кең толғанып көпке кеңес,
Аяулы Алматысы өкпелемес.
Алдымен Елбасының жүрегінде,
Астана жерде де емес, көкте де емес!

Ағайын, артық сөйлеп құлаштама,
Тұнығын туған елдің ластама!
Жалпының қамын жеген жалғыз басы,
Көсемнің өзі емес пе шын Астана!

Тағдырдың талқандалып тас қамалы,
Талайдың төңкерілді тостағаны.
Құлағы қияпаттың көрінгені –
Қарбалас ауыстырса астананы.

Көсемге көштің түсер салмағы бар,
Көк толқын кеме жүзсе қақ жарылар.
Көреген, қол бастаған дара батыр,
Көкжалдай мұз төсеніп, қар жамылар.

Отырсақ өзге жұрттан аса қарап,
Қонғаны бақ пен дәулет қоса-қабат.
Ерлігі Елбасының жарқырап тұр,
Бұлт қалай күннің көзін тасаламақ?!

Көрейін көштің көркін көлденеңдеп,
Төгейін сүйіншіге сөзден өрнек.
Бір күннің біте қалар жұмысы емес,
Мың күнгі мехнатпен келген еңбек.

Саңлақтың салған жолы жатыр дара,
Ақ таяқ ұстатқандай соқырға да.
Бұл көштің абыройы халыққа ортақ,
Шығармас бір адамның атын ғана.

Жаңарып Қаратаудың ескі өлеңі,
Бауырынан Алатаудың көш келеді.
Сыртынан қарап тұрған дос сүйініп,
Дұшпанның сұқты көзі сескенеді.

Көрмедім ұлы көшті басқа мұндай,
Бүгінгі батырлықтың дастанындай.
Келеді тәуекелдің тауын асып,
Асқардан бабалардың асқанындай!

Келеді халқын бастап қазынаға,
Ақ боран, алдын орап азынама.
Қуанып қалың елі жатқан шығар,
Алайда шын қуанған өзі ғана...

Заманның зуылдайды күш-көлігі,
Шалқиды алып-ұшып құс-көңілі.
Шығармас сыртқа сырын патша-жүрек,
Кім танып-біліп жатыр іштегіні?

Сарыарқа - сан ғасырдан қалған мұра,
Риза бақытына жанған мына.
Күтіп тұр салтанатты көштің алдын,
Қолында Ақмоланың ақ домбыра.

Арда едің, асау едің, Арқа, неткен,
Төсіңде небір бағлан дархан өткен.
Ақмола осы еді ғой Кенесары
Бөрінің бекінісін талқан еткен!

Айналдым аруағыңнан, ер Кенекем,
Тәңірі тілегіңді берген екен.
Тентіреп жердің түбін жеті айналып,
Қазақтың құты қайтып келген екен!

Жетерлік көріп келген көрешегі,
Болса екен мәңгі жарқын келешегі.
Ту ұстап, тұлпарына қайта қонған
Халқының айдарынан жел еседі.

Қалың ел қазағына бесік болған,
Бұл жұртта ошақ қанша өшіп қалған.
Есілім осы еді ғой ер Қабанбай
Ен жайлап, жағасында көшіп-қонған.

Дүшпанның аян бізді шақырмасы,
Қасықтай қара суын татырмасы.
Не іздеп жүрсің деме бұл арадан,
Бабамның арыстандай жатыр басы!

Жөңкілген Бостандықтың көші қандай,
Сарқылған құрдым қайта тасығандай!
Көзінен келгендердің қымсынады,
Жыртығын жүдеу қала жасыра алмай.

Уақа емес, жалт қаратып дүниені,
Астана шыттай жаңа киінеді.
Қазақтың Көсемінің алдына кеп,
Тәккаппар талай бастар иіледі!

ІX

Ақмола - кеше ғана басқа қала,
Айналды Бәйтеректі Астанаға!
Еміреніп өз анасы емізбесе,
Сәбиге шайнап берген ас бола ма?

Бақытым басымда тұр талай күткен,
Сеземін келмегенін оңайлықпен.
Үзіле жаздап еді өндіршегім,
Өзекке тепкілеген өгейліктен.

Көңілге сәуле құяр Сарай нұры,
Астана - ел тірегі, ел айбыны!
Кемері шалқып жатқан Қазақстан –
Мұхиттың аласұрған көк айдыны.

Тіршілік түзегенде көрсін жаңа,
Сұрапыл соқпаса екен толқын жара.
Армысың, Азаттықтың астанасы –
Талпынған арманына еркін қала!

Жаһанның жанарында жаңа қала,
Жұлдыздай туа қалған өліарада.
Бес жылда бой көтерген ғимараттар
Жайнап тұр шомылғандай самалаға!

Жырламас ғажайыпты кім мұндағы,
Жеткенше сөздің дәмі, тілдің нәрі.
Алғысын жаудырады Елбасыға
Бақытты бұл шаһардың тұрғындары.

Қарашы, шаңырағы жас қаланың
Аспанның бұлтын серпіп тастағанын!
Бүгіннен басталатын шежіресі,
Авторы - Назарбаев Астананың!

Көрем де Астананың келешегін,
Елдермен алыс-жақын теңесемін.
Сырлассын Невасымен ұлы Пушкин,
Мен, міне, Есіліммен кеңесемін.

Бірінші Петр патша орыстағы,
Айбатын ақылымен тең ұстады.
Қайтсем де Ресейді ел етем деп,
Белгілі арпалысып, алысқаны.

Жағадан астана caп алыстағы,
Батысқа, шығысқа да қарыштады.
Қазақтың Нұрсұлтаны сондай десем,
Әлеумет айтты демес мен ұшқары.

Аспанда мұнарасы дамылдаған,
Мен-дағы Астананың шамын жағам.
Әйгілі қалалардың жер бетінде,
Бір күнде ешқайсысы салынбаған.

Батырдай тынбай жортқан жорықтарда,
Тұлпарын ауыстырған талыққанда –
Ғасырлар өткелінде бізден басқа
Көшірген астанасын халық бар ма?!

Бәйгеге кеш қосылып армандамыз,
Күтеміз аламанды алдан нағыз.
Күні ертең ерке Есілдің жағасына
Париж кеп орнай қалса таңғалмаңыз!

X

Мінеки, мойындатты кемелдігін,
Пайымдап әулиедей келер күнін.
Көшіне астананың үрке қарап,
Сан саққа жүгірткендер не дер бүгін?

Ағайын, адаспаңыз, енді жетер,
Араздық, бақталастық ел жүдетер.
Ес жиып, етегіңді жаба алмасаң,
Бодандық туын қайта желбіретер.

Сақтамай өкпе-наздың бұрынғысын,
Ер болсаң, ақтар ішек қырындысын.
Көзіңе жылы ұшырап көрінгенмен,
Кісінің кім танымас жырындысын?

Ақыны ақ сөйлемек ерікті елдің,
Мен-дағы өзімше бір көріпкелмін.
Тағзым ет Күлтегіннің Көктасына,
Әйтпесе Астанаға неғып келдің?

Татулық тамшысына қаталаған,
Оқып көр не дегенін ата-бабаң.
Сөз ұқпас саңылаусыз болмасаңыз,
Жас келер жанарыңа боталаған.

Қоңырауын керуен-күндер күмбірлеткен,
Есіңе өмір түсер мың жылғы өткен.
Заманды қолды-аяққа тұрғызбаған
Жалғанның жал-құйрығы тұлдыр неткен?!

Жым-жылас қаншама жұрт жерге сіңді,
Ұмытпа кетсең қайтып келмесіңді.
Алланың ашып-жұмған алақаны
Сыйғызар уысына көл-көсірді.

Кім келіп, кім кетпеген даламызға,
Жырлайды қүлақ түрсең әр аңызға.
Арбасқан, аласұрған бір тіршілік –
Алмасқан бабамыздан баламызға.

Жаһаннан жоғалмаса адам аты,
Естілер арттағыға ғаламаты.
Қаһары қара жерді қалтыратқан
Қайда сол Көктүріктер қағанаты?

Шайқасып үдей соққан дауылменен,
Күлаған Дешті-Қыпшақ дәуірлеген.
Ұлдарын ұлы дала ұмытқан жоқ
Қырқысқан бірге туған бауырменен.

Ақтарсам ішімдегі шер-шеменді,
Түспесін есеңгіреп еңсең енді.
Үш жаққа бұра тартса үш туысқан,
Ұшпаққа кім шығарар ертең елді?

Мен емес бас-аяғы зарлағанның,
Алды-артын дүниенің барлағанның.
Туады әр халықтың өз Көсемі,
Бітетін маңдайына әр заманның!

Жолының дәлелдеді туралығын,
Тарихтың толғағынан туған ұлың.
Ардақтап, асылыңды аялай біл,
Астынан су жүгіртпей сырмағының.

Көрінсе анадайдан түсіп аттан,
Дұшпанға жорғалайсың тісі батқан.
Келгенде өз жақсыңа кекжиесің,
Жұртым-ау қашан саған кісі жаққан?

Намысты айырбастап күнкөріске,
Сұғасың бір кебісті бір кебіске.
Арыңның ақ таяғын жұмсамасаң,
Қызыл ит шыға қоймас кірген ішке.

Нұрсұлтан - арқа тірек, алтын діңгек,
Алыптың халқы ғана нарқын білмек.
Қарғаның қарқылдайтын әдеті ғой,
Қыранның аспандағы даңқын күндеп.

Жоқты бар, деумен азды көп етемін,
Төгуден аянған жоқ қара терін.
Жалғасы Күлтегіннің жаныңда жүр,
Тұлғасы асқақтатқан дала төрін.

Ту болып тігілгендей елдігіңе,
Жасына пайғамбардың келді, міне!
Халқының баласы еді бұған дейін,
Жарасқан бес қаруы белдігіне.

Әрқашан орны бөлек, даңқы дара,
Ол - енді қамқор әке, халқы - бала.
Әкесі өз парызын өтемесе,
Сәбидей шырылдамай ел тұра ма?

Яссауи Қожа Ахмет бұл жасында
Күн кешкен қылуеттегі құжырасында.
Өмірдің мақсат-мәні жер бетінде,
Жақсының жұртқа шашқан шұғыласында.

Сүйреткен көне тарих көн шарығын,
Түбінде сықсияды қолшамының.
Тасыған мейманасы бұл ғасырда
Тағдыры қыл үстінде Жер шарының.

Беті аулақ соғыс деген пәтшағардың,
Тажалдың асау басын ноқталар кім?
Тайғанақ тақтасында саясаттың
Ойлары шайқасуда патшалардың.

Құдайым бәрін бермес сұрағанның,
Бақытын мыңға балар бір адамның.
Ішінде сайыпқыран көсемдердің
Шоқтығы шоқ жұлдыздай Нұр ағамның!

Тұлпардай алға түсіп жол қиында,
Сүңқардай суырылады топ жиында.
Жартысы ғұмырының аспанда өтіп,
Келеді самғауменен сан қиырға.

Ғаламның тыныштығын бұзды қайғы,
Қасірет кеңістікті сызғылайды.
Алайда Еуропа-Азияны
Жалғаған алтын көпір мызғымайды!

Шұлғытып ұлығын да, ұлысын да,
Баурады Батысын да, Шығысын да.
Оның да жүрегінің лүпілі бар
Әлемнің әрбір алған тынысында!

Асылдың жарқылдамас бар ма күні,
Әуелден түскен оған Алла нұры.
Сондықтан Нұр-Сұлтан деп атын қойған,
Ата-ана болжағандай алдағыны.

Тіл-көзден аман қылсын Тәңір оны,
Бесік боп берекеге қалың елі.
Арқасы ерендік пен кемелдіктің –
Тынысы Бостандықтың кеңігені.

Өткендер оба-қазық орнатып па,
Шекараң анық еді қай уақытта?
Бекітіп ұлан-ғайыр айналасын,
Бүгінде болып отыр елге тұтқа.

Ойланшы, кеше, қазақ, кім едің сен,
Құлпырып бүгін қайта түледің сен!
Ортаға Астанаңды орнатқаның –
Ғасырдың оқиғасы біле-білсең.

Бүтінге сызат түссе сынады оңай,
Біріңді-бірің сыйла ғұламадай.
Бұйырды өз төрлерің өздеріңе,
Баспалап босағадан сығаламай.

Салынып жатқан шаһар кең далаңа,
Сыйласын асыл мұрат әр балаңа.
Азаттық астанасы аталады
Қазақтың астанасы сонда ғана!

Бәйтерек - Астананың төріндегі –
Өресі биіктіктің өмірдегі.
Аялы алақаны Елбасының
Секілді өшпейтұғын сенім мөрі.

Самсаған қара орманым - байтақ елім,
Сынға сап сан жақсыны байқап едің.
Еңсесін елдігіңнің биіктеткен,
Ортаңда бойлап өскен Бәйтерегің!

Өтінде арпалысқан өмір-майдан,
Жайқалсын болашағың тамыр жайған.
Бәйтерек - Елбасының өр тұлғасы,
Әкеліп өз қолымен Елім қойған!

Туыңдай қанат керген желді күнгі,
Танытты кең әлемге теңдігіңді.
Тұрғанда Бәйтерегің көкке шырқап,
Ұстай біл асқақтатып Елдігіңді!..

ДАРИҒА, СОЛҚЫЗ!..

Қып-Қызыл өрттің ішінде жүрміз,
Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз ?!
Қасым

І

Майданнан Қасым келеді,
Өткеріп бастан небір күн.
Үстінде сұп-сұр шинелі,
Өңіндей сұрғылт өмірдің.

Өкпесі құрғыр шаншиды,
Кеудесі күрк-күрк жөтеліп.
Қиялы көкті шарпиды,
Қанатын дауыл көтеріп.

Туған ел - асыл анасы,
Қол бұлғап: «Балам, кел!» - дейді.
Сарыарқа - сайын даласы,
Ұшында көздің көлбейді.

Сағына сәлем береді
Аққу-қаз көлде қаңқылдап.
Өлеңнің бұлты келеді
Жауатын күндей жарқылдап.

Махаббат, жастық, еркелік
Қарайды көзбен суынған.
Келеді Қасым өртеніп,
Семсердей оттан суырған.

Лапылдап, маздап жанбаса,
Жабығып қалар жыны бар.
Ақылды жары болмаса,
Ақынның жанын кім ұғар?

Жаралы құстай талпынып,
Аңсайды көңіл құмарын.
Келеді ақын шарқ ұрып,
Алқынып іздеп сыңарын.

Сұрапыл соғыс сапырған,
Шайқалмай дүние қалсын ба?
Сәуле боп нәзік шақырған,
Дариға, сол қыз, барсың ба?!

Көз салып қызыл вагонға,
Жүр ме екен алып есіне?
Жолыққан ару Оралда,
Ақынның әулиесіне!

Түсті екен, шіркін, не күйге
Жатқанда жалпақ ел жүдеп?
«Сонау бір шетте, сол үйде...»
Отыр ма шықтай мөлдіреп?

Тағдырға әлде өкпелеп,
Түсіне Қасым жиі еніп,
Есіктің алды - көк терек,
Тұр ма екен әлі сүйеніп?

Сұлуға сонша сұқтанып,
Жүр ме екен біреу қаталап?
Қасымды өрттен шықты алып
Сол қызға деген махаббат!

ІІ

Түскендей көктен тас құлап,
Тарылды дүние тынысы.
Қара түн бетін осқылап,
Тіледі жайдың қылышы.

Аумайды осы бір сәттен
Найзағай мінез Қасым да.
Жанардан кенет бұрқ еткен
Жалын бар көздің жасында.

Сәпеннің жайын ұқты да:
«Құрбан, - деп, - басым жолына!» –
Үйінен атып шықты да,
Жармасты аттың жалына.

Тағдырдың тартқан сыйындай –
Өмір мен өлім таласы.
Құйғытты ақын құйындай,
От шашты тұлпар тағасы.

Бір дауыл тілеп барады ол,
Маздатып махаббатын да.
Төсейді жонын қара жол
Жұлдыздай аққан ақынға.

Атқанша алдан таң жарық,
Басады зілі түнектің.
Зулайды түнді қақ жарып,
Сәулесі сүйген жүректің!

Ашуы қиын тектінің,
Аңыз боп қалар артқыға.
Тежеді аттың екпінін,
Тізгінді жүлқи тартты да.

Тоқтады күлік құс кеуде,
Өзгеше мүлде мұнда күй.
Сарт етіп Қасым түскенде,
Селт етті қалғып тұрған үй.

Төгіп тұр нөсер түнімен,
Қансын деп кепкен кенезе.
Жалт етті түнек түбінен
Жабыққан жалғыз терезе.

Көрінді қара тажалдай,
Сүйгенін осы үй жалмаған.
Жарықтан жетім көз алмай,
Ұмтылды Қасым жалма-жан!

Көңілін басып сұр тұман,
Жүрекке ауыр мұң шөгіп.
Төнді кеп әйнек сыртынан,
Қараңғы түнді бүркеніп.

Соғады сезім дауылы,
Оңай ма кетіп, қайырылу?
Жалғанда дерттің ауыры –
Ғашықтан тірі айырылу!

Сілтесе семсер қызғаныш,
Өлімге бару - ерге оңай.
Тұйықтан шығу - қызға күш,
Табады қазір жол қалай?

Басылды оттай көзіне
Сұлудың жүдеу сүлдесі.
Сәпеннің мынау өзі ме,
Көріп түр көзі кімді осы?

Жарылса нетті бір рет,
Жанғанша бүйтіп үлбіреп –
Қасымға емес, қүдірет,
Қасіретке біткен бұл жүрек!

Қызығы біткен қыз күннің,
Не деген қиын сәт еді?!
Тұяғында отыр құзғынның
Аққудай ару Сәпені.

Ойылтып табан, өкшені,
Соғыстан аман тұр келіп.
Көргенше мұны кетсе еді
Абдолламен бірге өліп!

Сәпеннің жанын алайда
Қасымдай кім бар түсінген?
Есебін тауып қалайда,
Азғын ғой арбап түсірген.

Өксиді ақын жаралы,
Дариға, сонау қайда арман?!
Аман-сау шықса жарады,
Ендігі мынау майданнан!

Тар кезең, тар жол, тар көпір
Қыспаққа талай салады-ау.
Төбедей болып төрде отыр
Шүйдесі шойын қара дәу.

Көз жастай тұнған мөлдіреп,
Жайнайды тартып шараптан.
Осы ғой: «Қасым өлді!» - деп,
Өтірік сыбыс таратқан.

Сәпенге хат жоқ Қасымнан,
Жыл бойы хабар-ошарсыз.
Ақынның хатын жасырған,
Почтадан алып осы арсыз.

Момынның сорын қайнатқан,
Сұмдардың сұрқай көсемі,
Почтаны қолда ойнатқан,
Талғарда дөкей осы еді.

Құм қылып қайғы жігерін,
Қыз жаны қорқып қысымнан,
Қасымнан үзіп күдерін,
Тағдырға мойын ұсынған...

ІІІ

Аңсаған жүрек зарыға,
Білмеймін, қанша зар төкті.
Шыдамай бұдан арыға,
Есіктен Қасым жарқ етті.

7\лдай үйдің ішінде
Айналды өмір ұршықтай.
Көргендей мұны түсінде,
Сәпеннің үні түр шықпай.

Көзінің алды мұнартып;
Шыңылдап екі құлағы,
Өзіне-өзі кінә артып:
«Қасым!..» - деп барып құлады.

Былшиған бетін тілгендей
Қасымның өтісір жанары,
Тірідей көрге кіргендей,
Қара дәу жерге қарады.

Жіберсін қалай ол қиып,
Тұтанып; түтеп, күйеді.
Сәпен де есін сәл жиып,
Қасымға басын сүйеді.

Жұтқызған бір бал, бір уды,
Махаббат, неткен киелі ең?!
Сәпендей нәзік сұлуды
Сүрінген сәтте сүйеген!

Сәпенді демеп қолтықтан:
«Кеттік!» - деп Қасым ақырды.
Зу еткен оқтай мылтықтан,
Екеуі сыртқа атылды.

Шыққанда ытқып далаға,
Қол созды бақыт тым жақын.
Тірі өлік қалған молаға
Жирене қарап тұрды ақын.

«Дүние неткен жап-жарық,
Осындай ма еді бұрын да?!.»
Шаттанды толқып, таңданып,
Тұрғандай Талғар шыңында!

«Жар үшін жанған түс отқа...»
Дегендей нұрын құйды көк.
Орап ап ыстық құшаққа,
Сәпенін Қасым сүйді кеп!..

ІV

Қанатын қиып арманның,
Жылатқан жаттың қойнында,
Обалы ғашық жандардың –
Қанқұйлы соғыс мойнында!

Тау асып, қиын тас басып,
Жеткендей ақын мұратқа;
Келеді, міне, қос ғашық
Мінгесіп алып бір атқа.

Қаһары қатты, ей, тағдыр,
Екеуің енді жылатпа!
Араға кірсе сайтан бір,
Арының туын құлатпа!

Кеңейіп дүние тар мына,
Табылып барлық керегі;
Сәпенді емес, алдына
Таң нұрын алып келеді!

Бар ма екен, Сәпен, дәл сендей
Арудың мінсіз асылы?!.
Сертіне соққан семсердей,
Қазақтың сүйген Қасымы!

Ақынның жаны ғажап-ақ –
Кіршіксіз, таза осынша!
Сүйетін болсаң, азамат,
Сүйе біл нағыз Қасымша!

Желкілдеп жасыл желегі,
Алматы күтті жастарын.
«Баяғы күйі - өлеңі...»
Келеді іздеп достарын.

Балапан басып-шайқаса,
Баспана қайда бастағы?
Баспана деген, байқаса,
Екен ғой туған аспаны!

Самғайды жырдың көгінде,
Сұңқардай қағып қанатын –
Қасым боп келіп өмірге,
Жасын боп өткен сол ақын!..

САРЫ ҚЫЗ

І

Сөз қалған жайсаң менен жақсылардан,
Қобызда сарын қалған бақсылардан.
От ауыз, орақ тілді бабалардың
Жері жоқ өлең-жырға тапшы болған.

Сарқытын саптыаяқтан ішем десең,
Көмейден, ей, ақыным, төкші маржан!
Тебірен, сарна, зарла, кәрі қобыз,
Тіліңнен қара қылдың нәрін еміз.

Сарыны сай-сүйекті сырқыратқан,
Менің де өзіңменен жаным егіз.
Тұқымы бақсылардың болмасақ та,
Тұяғы көк шұбардың көрінеміз.

ІІ

Бастайын әңгімені заманда өткен,
Сілтейін жерге дейін шамам жеткен.
Жайпаған жан біткенді бұл жалғаннан
Ешкім жоқ жал-құйрығы аман кеткен.

Дегені бірде болып, бірде болмай,
Өмірден жақсы да өткен, жаман да өткен.
Аузымен құс тістеген дүлдүлдер де,
Мың салса бір баспайтын шабан да өткен.

Дүрісіреп бұлттай көшкен дүниенің
Өтерін білмегендер надан неткен?!
Жалт етіп көрген түстей кім өтпеген,
Ажалдан жүрек бар ма дір етпеген?

Алқымнан Әзірейіл алған шақта,
Жан тері диюдың да шүмектеген.
Тәңірдің әмірінде бар тіршілік,
Кезегін өз қолымен реттеген.

Әлеумет, батаңды бер; жырға қостым
Бақсыны Арқада өткен Тілеп деген!

ІІІ

Қария сақал-шашын қырау жапқан,
Әйгілі Тілеп бақсы мынау жатқан.
Қобыздың шанағында шырқ үйіріп,
Дүниені оңды-солды мың аунатқан.

Береді сұм ажалдан суық хабар
Көз алды қоюланып, тұмандатқан.
Басында сүйеулі тұр қара қобыз,
Сарынын сан қиырға шығандатқан.

Тіршілік қашқан түлкі секілденіп,
Құйрығын көрсетеді бұлаңдатқан.
Қасында бәйбішесі күрсінеді,
Інгендей бүйіріне бұрау батқан.

Аузына су тамызып анда-санда,
Күн батса қараңғы үйге шырақ жаққан.
Бір жұма сандырақтың ілінгені,
Таң атып, күн батқаны білінбеді:

«Сары қыз, Сары қыз!..» - деп күбірледі,
Сөзді айтып жүрегінің түбіндегі.
Құдай-ау, кеше ме еді, бүгін бе еді
Соңынан «Ағатайлап!» жүгіргені?

Тоқтай қап, бетін басып өксігенде,
Секілді сынған қурай бүгілгені?
Санасын шырмап алған қалың елес,
Қай жаққа жетелері мәлім емес.

Сандалтып, Сары қызға жетісізбейді
Алыстан сағымданған сары белес.
Сарғайған сары белес сағыныш қой,
Шықпаған өмір бақи жадынан еш.

Естіліп бір мезетте жөтелгені:
«Бәйбіше, қобызымды әпер!» - деді.
Дірілдеп саусақтары қыл ішекте,
Сәл ғана бойын тіктеп бекемдеді.

«Ақкөлдің жағасында күтіп отыр;
Бұйырса Сары қызға жетем!» - деді.
Бәйбіше мүңаяды сөзін бөлмей,
Боларын бір сұмдықтың сезінгендей.

Қоштасып кәрі қобыз иесімен,
Боздады ыңыранып боз інгендей.
Сарнаған кәрі қобыз сөз алды да,
Сары қыз келе қалды көз алдына.

Шырайы мың құбылған мына жалған,
Кім білсін, қызарды ма, бозарды ма?
Сары қыз бір күледі, бір жылайды,
Мөлдіреп жанарында мүңлы қайғы.

Көлкіген көк сағымға араласып,
Біресе көкжиекте бүлдырайды.
Шыңылдап шыңыраудан зар шығады,
Күйшінің ыстық жасы тамшылады.

Сары қыз көзден алыс кеткен сайын,
Езіліп әлсіз жүрек жаншылады.
Сары қыз сары ала бір құсқа айналып,
Мінеки, қос қанатын қамшылады.

Жылайды, қара қобыз еңірейді:
«Сары қыз, тастамашы мені, - дейді.

- Бірге ұшып аққулармен кетер болсаң,

Арқаның аңырайды көлі, - дейді.

- Жеткізбей елесіңе қойдың-ау бір,

Қусам да өле-өлгенше сені», - дейді.
Өксітіп іште бұққан сағынышты,
Күй тынды, айтып осы жалынышты.
Пендеге мәңгі жұмбақ екі дүние

Екен ғой бір-біріне бағынышты...
Ентігіп, сәл демалып сыбырлады,
Айтпаққа соңғы сөзін ғұмырдағы:
«Мен енді бұл дүниелік жан емеспін,

Қыраным ұшып кетті тұғырдағы.
Бармасам Сары қызға, сірә, болмас,
Шақырып, маза бермей ыңылдады.
Қыдиып қыр соңымнан ергеннен соң,

Бұл ажал алмай қоймас келгеннен соң.
Қасына Сары қыздың апарыңдыр,
Орындап тілегімді өлгеннен соң.
Басымда қобыз тартып, дұға оқыңдар,

Тепкілеп, терең қазып көмгеннен соң...»
Көңілін тыңдағанның қан жылатып,
Деді де сұлық түсіп қалды жатып.
Кім білсін, Сары қызды қайта көрді

Қиырдан екі көзін жаудыратып...

ІV

Бақсыны сарсаң қылған Сарықыз кім?
Білгіңіз келіп отыр бәріңіздің.
Сыр еді сары алтындай бұғып жатқан
Түбінде көптен бері жанымыздың.

Өлінің қобыз тартса жаны кірген,
Қазақта Қойлыбайды бәрі білген.
Бата алған Қойлыбайдан бала бақсы –
Тілеп те «жын жүгендеп, пері мінген».

Болыпты Қойлыбайдың жалғыз қызы,
Аумаған үлбіреген сары гүлден.
Жұрт оны Сары қыз деп атап кеткен,
Шын аты жұмбақ күйде әлі жүрген.

Қолына Сары қыз да қобыз ұстап,
Сөйлескен ертелі-кеш кәрі жынмен.
Айтпасаң елдің жайын ел ұқпайды,
Арттағы алдыңғыны толықтайды.

Арызын қобызға айтқан Қойлыбай бұл,
Азаптан көкірегіне толып қайғы.
Қойлыбай жын шақырып долданғанда,
Қобызы аттан озып қалықтайды.

Перісі құлағына сыбырласа,
Сәбидей езу тартып шалықтайды.
Тілдескен жеті қатпен сол бір жандар,
Амал не, енді қайтып жолықпайды!

Қозғасам сонау-сонау аңыздарды,
Оятам үйқыдағы абыздарды.
Халқының қамын ойлап Қорқыт ата,
Қанды жас қара көзден тамызған-ды.

Тағдырдың тұзағынан құтыла алмай,
Тау асты, дария кешті, теңіз барды.
Қорқыттан Қойлыбайға жеткен қобыз
Теріске қара суды ағызған-ды.

Ұстазы Қойлыбайдың Тоқбақ бақсы,
Солардан кейінгіге негіз қалды.
Шәкірті Тілеп бақсы тоғыз жаста
Қолынан Қойлыбайдың ауызданды.

Дамылсыз дауыл тұрды, дүние көшті,
Дариға, сол заманнан неміз қалды?..

V

Үйірген қобызымен кең даланы,
Қойлыбай шамырқанып шамданады.
Бұлқынып алдындағы бала бақсы,
Бүркіттей екі иығын қомданады.

Қойлыбай зікір салып күңіренді,
Жан-жақтан қаптай шауып жыны келді.
Құрыстап Тілептің де жон-арқасы,
Маңайды қос қобыздың үні керді.

Шаңдатып айдаланы жын-перілер,
Біріне қазбақ болды бірі көрді.
Қобызды тартқан сайын қос бақсының
Жотасы күдірейіп іріленді.

Қара жер сілкінгендей солқылдады,
Тып-тыныш мүлгіп жатқан көл тулады.
Найзағай бұлтты жара найза сілтеп,
Шатырлап жасын ойнап, жарқылдады.

Қараша үй қаңбақ құсап дөңгеленіп,
Уық пен керегесі сартылдады.
Тоқтатып жын-перісін анталаған,
Қойлыбай көзін ашты қанталаған:

«Әй, бала, кетем дейсің тілек етіп,
Шолтаңдап қысқа жіптей келте ораған.
Үш-ақ жыл болды маған ергеніңе,
Кекілің сүзілген жоқ жел тараған.

Көнбедің айтқаныма, амал қанша,
Ала ғой керегіңді қолқалаған.
Жортқанда жолың болсын, мына қобыз –
Сыңарым еді жастан арқалаған.

Өлгенше өзімдей көр, көзімдей көр,
Қысылсаң панаң болсын қалқалаған!
«Арымас баталы құл!» деген сөз бар,
Аман жүр қарақшыдан ел тонаған.

Жынымнан нөкер қосып жіберер ем,
Көнбей тұр сенің жының шалқалаған.
Манадан арпалысып жеңіспеді,
Бір-бірін ақ пен қара паршалаған...»

Бата алып Қойлыбайдан Тілеп кетті,
Жұтынып жас қырандай түлеп кетті.
Қаумалап қалың жыны жан-жағынан,
Шуласты төбелері тіреп көкті.

Мөлт етіп Сары қыз да қала берді,
Тілептің жүрегінде бір от кетті.
Сол бала тасып туған өр талабы,
Атанды Тілеп бақсы Арқадағы.

Қобызын қолына алып күңіренсе,
Арқаның елеңдеді шартарабы.
Жындарын шақырғанда әр қиырдан,
Тулақтай қуырылды жер танабы.

Тілептің бақсылығы елден асқан,
Үн қосқан қобызына жер мен аспан.
Алыстан отыратын естіп-біліп,
Біреулер ғайбат айтса аңдамастан.

Сөйлейін бір керемет оқиғасын
Бойында Жыланшықтың берген астан.
Бір байдың сол заманда асын берген,
Тілеп те асқа келген қашық жерден.

Жыланшық тасып жатқан мезгіл екен,
Арнасы өткел бермей ашу керген.
Жыланшық жынданады толқын атқан,
Ернеуі көбіктеніп шалқып аққан:

«Тілеке, дәм бұйырмай тұр-ау сізге!..» -
Деп халық айғай сапты қарсы жақтан.
Халыққа Тілеп сонда былай депті:
«Қара су тасып жатқан лай, - депті.

- Бізге арнап тіккен үйді көрсетіңдер,

Бұйырса дәм татамыз құдай!» - депті.
Ақ үйдің керегесі кең жайылған,
Дайын тұр дастарханы дәм қойылған.
Жағаға тақау келіп Тілеп сонда

Қобыздың құлақ күйін сәл қайырған.
Сарнады қара қобыз жөнге келіп,
Қарсыдан қарап тұрды ел де көріп.
Бастырып төрт қазыққа байлап қойған

Киіз үй көтерілді дөңгеленіп.
Бақсының қасына кеп қона қалды,
Құйындай жетектеген желмен еріп.
Көзімен көріп мынау болған істі,

Көпшілік ғажайыпқа таңғалысты.
Ақ үйге Тілеп кіріп нөкерімен,
Дәм татып, бата беріп қолжайысты.
Қайтадан қобыз үні шыққан кезде

Киіз үй кері қарай самғай ұшты.
Қалықтап өз орнына қайта қонды,
Көргендер сөз таппады айтар енді.
Әңгіме сумен ағып, желмен көшіп,

Аралап кете барды байтақ елді.
Қаншама содан бері ғұмыр өтті,
Қуалап қияметтің күні жетті.
Ажалдан құтыла алмай қусырылды,

Болса да асқан бақсы қүдіретті.
Тағдырдың кезіккенде кермесіне
Жар болар Тәңір ғана пендесіне.
Манадан әл үстінде жатқан еді,

Қайтадан көзін ашып, келді есіне.
Қарманып жан-жағына тілге келді,
Қиналып бір сөйледі, бір бөгелді:
«Ен жайлап, емін-еркін көшіп-қонған,

Қайран ел, сөгіледі-ау іргең енді...
Оралдан күншығысқа аса беттеп,
Келеді дүлей дұшпан баса-көктеп.
Желкеңе қылыш төсеп жеріңді алса,

Бақ-дәулет басыңдағы қоса кетпек.
Қайтарар жаудың бетін шама қайда,
Бастады демеңіздер жаман ойға.
Дүниені асты-үстіне төңкерсем де,

Таба алмай өтіп барам соған айла...»
Күрсінді отырғандар қасындағы,
Жайды ойлап қалың елдің басындағы:
«Сары қыз, - деді қайта сөзін жалғап,

- Бір арман көрген түстей жасымдағы...»

Көз салса өткен өмір белесіне,
Caп етіп оралады ол есіне.
Аздан соң біржолата тілден қалып,
Ілесті Сары қыздың елесіне.

Атқандай арайланып үміт таңы,
Ойына қайта түсті жігіт шағы.
Өмірі ұмытпаған сол күндерді,
Жөн бе екен өлерінде үмытқаны?

Біраз жыл болған еді істеткеніне,
Асығып келеді енді Ақкөліне.
Сары қыз қол бұлғайды көз ұшынан,
Орнаған жүрегінің қақ төріне.

Қасында қал дегенде қала бермей,
Неге осы шығып кетті шеткеріге?
Көп болды балғын жүзін көрмегелі,
Кім білсін, ағасына өкпелі ме?

Сол үшін еңіретіп қобызын да,
Сарынын сағыныштың төкпеді ме?
Аспанға ашық күнде бұлт үйірген,
Жалғаннан Қойлыбай да өткені ме?

Қара нар қабырғасы қайыспайтын,
Шөкімдей топырақ боп шөккені ме?
Бір сарын құлағына шалынады,
Шынымен Сары қызға жеткені ме?

Сыңсыған мүңлы сарын шер төгеді,
Тілептің көкірегі өртенеді.
Тебініп астындағы ақ түйесін,
Сол жаққа құстай ұшып ентеледі.

Сарыарқа - сайын дала самал ескен,
Қазақта арман бар ма далада өскен?!
Ақкөлдің жағасында Сары қызбен
Жүгірген бала күні қала ма естен?

Көрінді елдің қылпы сонадайдан,
Жаз шықса қаздай шұбап өре көшкен.
Бебеулеп қобыз үні жетеледі,
Ақкөлге жақын қалған төтеледі.

Жазылып көк кілемдей көсіледі
Даланың адыр-белі бетегелі.
Қызықтап қызыл-жасыл жаздың көркін,
Айдында құс шулайды емін-еркін.

Ақкөлдің жиегіне таянғанда,
Байқады үкі таққан қыздың бөркін.
Тек қана құлағында қобыз үні,
Кірмейді одан өзге жан ызыңы.

Сары қыз болмаса егер алдындағы,
Бар мына дүниенің не қызығы?
Таңырқап, бұйда тартып тұра қалды,
Жас өңі бір қызарды, бір ағарды.

Япыр-ау Сары қыздың өзі емес пе,
Естіген сарыны ғой мынау әлгі?
Тентіреп көктен тілеп жүргенінде,
Тәңірі жерден берді сұрағанды.

Азырақ мұрсат алып иесінен,
Әзірге аялдасын күй осымен.
Жақындап Сары қызды таныған соң,
Жүгірді қарғып түсіп түйесінен.

Иенде іздегенін жолықтырған
Қобыздың айналмай ма киесінен!
Лүпілдеп жүректері алып-ұшып,
Табысты екі ғашық сағынысып.

Құстар да құптағандай қиқуласты,
Айдында ұшып-қонған сабылысып.
Мұңдасып, мауқын басып, дидарласты,
Ақкөлдің тұнығынан қанып ішіп.

Тына қап соғып тұрған жел гуілдеп,
Ақырын тербеледі көл күлімдеп.
Желбіреп қамыс-қоға шымылдықтай,
Тартады құшағына сәл дірілдеп.

Тіршілік мейірленіп маңайдағы,
Ақкөлдің балбырайды бар аймағы.
Алманың қызылындай ерте піскен,
Бетінде бойжеткеннің қан ойнады.

Қыбырлап жайылған мал көз көрімде,
Бозторғай шырылдайды өз көгінде.
Ақкөлде жеке жүрген жапа шегіп,
Тағдыры Сары қыздың өзге мүлде.

Демеңіз уайым қайда, қайғы қайда,
Дүниеден өткен екен Қойлыбай да.
Күніне жүз құбылған, шіркін, жалған,
Жалт етіп қас қағымда айнымай ма?

Жаралған адам болып кең қүрсақта,
Пенденің тірлігі аян жалғыз Хаққа.
Қойлыбай өлгеннен соң Сары қызды
Жүгірткен еріккен жұрт әрбір саққа.

Өсектің өрттей қаулап бір аңызы,
Даланың дүбірледі құла дүзі:
«Қойлыбай жын-перімен әуейі боп,
Туыпты, - десті, - содан мына қызы.

Перілер бала жастан дуалады,
Бұдан да талай пәле туады әлі.
Ертерек құтылмасақ болмайды...» - деп,
Ит қосып, көрген ауыл қуалады.

Кетіпті содан бері елден безіп,
Секілді түздің жалғыз дуадағы.
Мұңлықтың қобыз ғана шын мұңдасы,
Өксісе сорғалады көздің жасы.

Қазақтың бәрі сыйған даласына
Сыймапты қуыршақтай қыздың басы.
Ессіздер екіленіп есіріпті,
Өсекті жүндей сабап өсіріпті.

«Сайтан» деп Сары қызды жариялап,
Қараптан-қарап оған өшігіпті.
Анығын айыратын бір пенде жоқ,
Шын сеніп былайғы жұрт шошыныпты.

Сары қыз cap далада сенделіпті,
Сыртынан анда-санда ел көріпті.
Көрсе де көрмегенсіп, көп наданның
Соқырдай екі көзі шелденіпті.

Аңырап қара қобыз зарлағанда,
Солқылдап селеу басы тербеліпті.
Байқұс қыз қайда барып сауғаласын,
Басынан балдәурені аунағасын?

Шырылдап шыр айналған шағаладай,
Іздеді аласұрып жан дауасын.
Сары қыз сыры жүмбақ нені іздеді?
Жаралы жүрегіне ем іздеді.

Тілепке кезіксем деп тірі бөле а,
Күдерін келер күннен ол үзбеді.
Дауылға қарсы тұрып тайталасқан
Қайықтай қалтылдады теңіздегі.

«Жалғанда жан күйімді түсінетін –
Әкемнен қалған қара қобыз!» - деді.
Жеткізіп Жаратушы тілегіне,
Жолықты ойда жоқта Тілебіне.

Жұлдыздай бұлттан шыққан жарқырады,
Байқалмас - қайғырды ма, жүдеді ме:
«Ойлаушы ем жан екем деп сорым қалың,
Бар екен ашылар күн менің бағым.

Көп еді көрген қорлық, тартқан азап,
Ағажан, ұмыттырдың соның бәрін.
Ұстадым етегіңнен өле-өлгенше,
Қай жаққа бастасаң да соңыңдамын...» -

Деді де сәл күрсініп үнсіз қалды,
Ыстық жас кірпігінен жерге тамды.
Көркіне көз тоймайды қарап тұрса,
Кім көрген іші сұлу мұндай жанды?

Елжіреп, еміреніп, тебіреніп,
Тілептің мына сөзге мейірі қанды:
«Бірге ойнап, қатар өстік бала күннен,
Өзіңді бақытыма баладым мен.

Үлбіреп үкідей боп отырушы ең,
Сездіріп жан сырыңды қабағыңмен.
Өмірде пендеде арман болмас, сірә,
Көңілі қалағанын таба білген.

Шын сүйген шақырмай-ақ өзі келмек,
Армандап аңсағанын көзі көрмек.
Шыққанда өзіңді іздеп кім ойлаған
Ақкөлдің жағасынан кезігер деп?»

«Нұр жауар, - деген сөз бар, - талаптыға»,
Күн шығып, үмітсізге таң атты ма?
Түспейді мен тұрғанда бір тал шашың,
Өлгенше қақтырмаспын қанаттыға!» -

Тілеп те жүрек сертін айтты осылай,
Жүзіне жүзін тура қаратты да.
Екеуі сайран құрды күнде көлде,
Көрінді құбыжық боп білген елге.

Қосылған қобыз үні желмен жүйткіп,
Ұласты бір белеңнен бір белеңге.
«Ақкөлді ойнағына айналдырды,
Дауа жоқ, - деп шуласты, - жын дегенге!»

Келмейді секем алған мұнда халық,
Қайтеді ойнақ салған жынға барып.
Арқаны әлдилеген қобыз күйін
Тыңдады аспанда құс, суда балық.

Күн шықса күлімдеді жердің беті,
Тұнығы мөлдіреген сырға қанып.
Түн болса ай сәулесі аймалады,
Ақкөлді аппақ сүгтей нүрға малып.

VІ

Күтті де кірпік ілмей таңды асыға,
Қыз бүгін ерте келді көл басына.
Көңілі өз-өзінен қобалжиды,
Кім кепіл бір пәленің болмасына?

Қобызын қолына алып бебеулетті,
Үдетті, екпіндетті, жеделдетті.
Сағақты саумалаған саусақтарын
Өрлетті, құлдилатты, төмендетті.

Сезімнің сексен түрлі қылын шертіп,
Тылсымның түбін қазып тереңдетті.
Мәңгілік мызғып жатқан қара тасты
Оятып ұйқысынан елеңдетті.

Кешқұрым кеше Тілеп кетіп еді,
Таң атып, түс мезгілі жетіп еді.
Қозғаған қайдағыны күйдің тілі,
Өткінші өмірді айтып өкінеді.

Кенеттен дауыл тұрып, бұлт күркіреп,
Аспанның тыныштығы сетінеді.
Сездіріп алдын ала бірдеңені,
Дүние өтерінде сыр береді.

Тілеппен тілдескенде кеше ғана
«Түсіме әкем кіріп жүр...» деп еді.
Қамыстың арасынан баспалап кеп,
Шірене тартты біреу сұр жебені.

«Алла!» деп ышқынды да құлап түсті;
Қобыз да тына қалды, үндемеді.
Кім атты, кім атқызды - құдай білсін,
Куә жоқ, қу далада кім көреді?

Кінәсіз қыздың қаны көл боп ақты,
Жебенің тиген жері жанға батты.
Қарқылдап қасіреттің қарғалары,
Таласып қызыл қанның дәмін татты.

Тілептің қаперінде еш нәрсе жоқ,
Көліне күндегідей келе жатты.
Адамды алдындағы жолда жатып,
Әлде сор, қарсы алады әлде бақыт.

Асығып, алып-ұшып жетіп келсе,
Сары қыз сұлап жатыр қанға батып.
Өкіріп, ойбай салып, жерді құшты,
Көзінен қанды жасын сорғалатып.

Желге ұшты тағдыр тартқан сыйдың бәрі,
Сүйгенін маңдайына сыйдырмады.
Бір сәтте ыңырсыған үні шығып,
Кірпігі Сары қыздың қимылдады.

Бар екен шыбын жаны кеудесінде,
Аңдыған өлім бірақ келмесін бе?
Сөнеді-ау қызыл шоқтай, уа, дариға,
Толған ай толықсыған он бесінде.

Ел жаққа алып жүрді алдына алып,
Ажалмен амалы жоқ белдесуге.
Белгісіз - қанша жүрді, қайда жетті,
Бұйратты белден асып, сайдан өтті.

Күн батып бара жатты ұясына,
Қып-қызыл қанға бояп айна көкті.
Тоқтады бір төбеге енді іліне,
Білмейді - бұйырады тағдыры не?

Қуарған ақ шүберек секілденген
Жүзіне Сары қыздың төнді үңіле.
Сұп-суық маңдайынан сипағанда,
Келмеске көзін жұмды мәңгі, міне.

Отырып сол арада зар жылады,
Ес кетті, енді қандай қам қылады?
Ұлыған көк бөрідей дөң басында,
Дауысы айдалаға жаңғырады.

Арқалап қасіретті қос қобызды,
Ұқпайды - қай тарапқа қаңғырады?
Қолына қобызды алды өксіп жылап,
Қара жер шыр айналды, көк бұлдырап.

Бір күйді аңыратты аза тұтып,
Қаратау күңіренгендей көшкін құлап.
Әлде күн, арызданды әлде түнге,
Кек тұнды қайғы басқан келбетінде.

Айырған ардағынан арсыздарға
Қарғыстан қара нөсер селдетуде.
Жындары жылап келіп көңіл айтты,
Мұндай да болады екен жер бетінде.

Тағдырдан тізгін бермес озар қалай,
Адамға ауыр қайғы ажалға оңай.
Басына үйіп-төгіп бақыт беріп,
Тәңірдің оны қайта тез алғаны-ай.

Аспанға қарап еді жәрдем күтіп,
Үн-түнсіз телміреді бозарған ай.
Шанағы толы шерге, аңызға да,
Далада зар илейді қобыз ғана.

Мүлгиді қараңғылық құшағында
Қат-қабат қасіреті абыз дала.
Көк аспан міз бақпайды меңірейген,
Түнеріп түнді өткізді небір оймен.

Дүние жаралғалы жеңген жан жоқ,
Айқасып ажал деген жәдігөймен.
Не деген аянышты тағдыр еді,
Көңілге медеу тұтар енді нені?

Шақ қалып үзілуте нәзік жіптей,
Тілептің дірілдейді жан-жүрегі.
Қобыз да зарлап-зарлап тынды ақыры,
Жылату қыл ішекті бар білері..

Түк көріп-білмегендей жайбарақат,
Шығыстан күндегідей таң күледі...
Күтетін қисын қайсы қарап елге,
Сынайды қай жаманды санап ерге?

Жапанда жапа шегіп жалғыз өзі,
Тапсырды Сарықызды қара жерге.
Қиылмай қасиетті неке қалды,
Қиырда бір төмпешік жеке қалды.

Тәңірдің жазуына не шара бар,
Бөлген соң жаны бірге екі адамды?
Қия алмай қарай-қарай, жылай-жылай,
Тентіреп Тілеп бақсы кете барды...

VІІ

Не пайда көздің жасын көлдеткенмен,
Мол кетті Тілеп бақсы сол кеткеннен.
Өмірдің уын жұтып қайтты кері,
Махаббат сусынына шөлдеп келген.

Алпыстан енді ғана асқанында,
Ажал тұр аламын деп бас жағында.
Қасында бала-шаға, туыстары,
Бәйбіше күйбеңдейді ас қамында.

Тығылып алқымына шыбын жаны,
Соңғы рет көзін бір сәт ашқанында,
Қобызы қоңыр қаз боп қанат қағып,
Қалықтап барады екен аспанында.

Ішінен «Сары қызға сәлем айт!» деп,
Үзілді ұлы күйші қас қағымда.
Соңына алаңдамай Тілеп енді,
Мәңгілік сапарына жүре берді.

Алдынан аққу құстай бойын түзеп,
Сағынған Сары қыз да түрегелді -
Алыстан аппақ нұрын тылсым құйып,
Аялап, әлдилейді рухын биік.

Екеуі қол ұстасып сүңгіп кетті
Әлемге түпсіз терең бір түңғиық!..

ШАҚАНТАЙ

І

Үн-түнсіз толғанасың, ұлан дала,
Тапсырып тағдырыңды бір Аллаға.
Тұтқандай көк сағымнан көк шымылдық,
Көлбейді көкжиегің мұнарлана.

Сәулесі сан құбылған қас қағымда,
Сағымның сағыныш бар астарында.
Езіліп ет жүрегім шымырлайды,
Бозторғай шырылдаса аспаныңда.

Шұбартау, не көрмедің, не кешпедің,
Сыр бүккен бұйрат-бұйрат белестерің.
Мұң шаққан тау-тасыңа таң бозынан,
Мен де бір бозторғайың емес пе едім!

Сайраған жыршы құсың тілі балдай,
Өзіңді жырлап өтер тыным алмай.
Бұл күнде өз басымен әркім әлек,
Айтқанмен жай-күйіңді кім ұғардай?

Байқасам, қасіретің қатпар-қатпар,
Тасындай Баршатастың жақпар-жақпар.
Бір кезде шалғыныңды шалқи басып,
Төсіңде сайрандапты жат қалмақтар.

Күн туған ел басына ол заманда,
Боларын бүгін бұлай болжаған ба?
Ұшқан құс, жүгірген аң құлақ түрген
Қазағым «Елім-айлап!» зарлағанда.

Туғандар шілдей тозып бір анадан,
Жапанда жан қалмаған жыламаған.
Айрылып атамекен қонысынан,
Күңіреніп халық көшкен бұл арадан.

Жарамас қасіретті айта берген,
Түра ма батыр тумай байтақ елден?
Сан көшіп бұл өңірден қалың қазақ,
Сан рет жауын жеңіп қайта келген.

Өшкенше жау қарасы төңіректен,
Осылай айқаспенен өмір өткен.
Дариға, қайта оралмас сол батырлар
«Өгіздей адырнасын мөңіреткен!»

Аттарын ауызға алсам төкпелетіп,
Биіктер төбем демде көкке жетіп.
Қайтемін бөліп-жарып бабаларды,
Алармын аруақтарын өкпелетіп.

Шақантай - сондай асыл ердің бірі,
Не болар ер болмаса елдің күні?!
Байлықтан батырлықтың жөні бөлек,
Емес пе дүние, шіркін, қолдың кірі.

Анадан болса ұл боп туғаны шын,
Аяққа бастырады кім намысын?
Түбінде - жақсылық па, жамандық па –
Алдыңнан шықпай қалмас қылған ісің.

Тектіден туған жігіт тек жата ма,
Емес пе елге қорған, елге пана!
Кезеңде қиын-қыстау, екіталай
Шықпай ма қолды бастап кер жотаға!

Жұлдыздай жарқыраған жанып өткен,
Керейде батыр аспас Жәнібектен.
Ұсынып хан Абылай оң тізесін,
Өзіне өле-өлгенше серік еткен.

Атанған Ер Жәнібек жасынан-ақ,
Жан екен ерте қонған басына бақ.
Шежіре Сары үйсіннің қызы дейді,
Керейдің ұлы анасы асыл Абақ.

Абақтың пұшпағынан бала тарап,
Он екі ұл атаныпты - он екі Абақ.
Ұрпағы ұран салған батыр бопты,
Шетінен найза ұстаған қара тамақ.

Жас табан - он екінің бір бұтағы,
Енші алған өзге түгіл құл-құтаны.
Есігін жарық дүние ашқан жанды
Әр жерге тірлік қамы сырғытады.

Қорғаны Жастабанның - би Жобалай,
Көреген әрі шешен, ақылға бай.
Бөлініп он екі Абақ аталастан,
Көшіпті бір себеппен әлдеқалай.

Керейдің қорлығы жоқ жаттан көрген,
Тәңірі тілегенін ақтан берген.
Екі жүз үйді бастап би Жобалай,
Арқаға Алтай, Сауыр жақтан келген.

«Қой болар, қарамаңдар, қозы болар,
Айналып келер жылы өзі болар», -
Деп айтқан бір бітімде Жобалайдың
Артына аңыз болған сөзі де бар.

Кемеңгер Байқотан би, ер Шақантай,
Серігі қасындағы болды оған сай.
Ортадан арғын-найман орын беріп,
Аз керей Бақанастан тауыпты жай.

Үзілмес кіндік тартып осы жерден,
Ұрпағы Жастабанның өсіп-өнген.
Басынан қилы-қилы күндер кешіп,
Заманның көппен бірге көшіне ерген.

Жақсымен алыс-жақын жолдас болған,
Жобалай, Байқотан би ел басқарған.
Ізденіп келген жаудың талайлары
Қолынан Шақантайдың жер жастанған.

Болыпты жаудан қайтпас ер Шақантай,
Асыпты Алтай, Сауыр, Тарбағатай.
Жасында қарғып мінсе жолбарыстай,
Әп-сәтте жуасыпты тулаған тай.

Қашанда күш атасын таныған ба,
Батыр да, болған екен балуан да.
Ешкім кеп ел шетіне басынбапты
Шақаңның кеудесінде жаны бар да!

Алтайдың биігіндей қыран қонған,
Шақантай ұрпағына ұран болған.
Бір мінез көрсетпесе кішкентайдан,
Баланың болашагын кім аңгарган?!

ІІ

Кеңітпей тар тұсауын келте жалған,
Шақантай ата-анадан ерте қалған.
Жалтаң көз жетімдіктен жапа шегіп,
Өксіген аш өзегін өртеді арман.

Жетімнің таңы қашан күліп атты,
Жанына жалғыздықтың мұңы батты.
Әкеден қалған малға ауыз салды
Тасбауыр ағайыны діні қатты.

Қап-қара сырты менен іші бірдей,
Кісінің тұрмас сырын кісі білмей...
Азуы алты қарыс айналасы
Көкжалдың жұлмалады күшігіндей.

Шақантай бірақ оған жасымады,
Өжетті кім қашанғы басынады?
Сенері, сүйенері - екі әпкесі,
Үшеуі бірін-бірі асырады.

Талапсыз берген Тәңір бақты кімге,
Қанатын үш балапан қақты бірге.
Ер жігіт ерте түсер ел көзіне,
Жата ма асыл пышақ қап түбінде?

Талпынып Жауқашардың жас түлегі,
Атағы айналаға естіледі.
Алдына шапса қара салмайтұғын
Бар еді егіз туған қос күреңі!

Қоздырар көріп тұрса делебені,
Бітімі күреңдердің бөлек еді.
Шақантай тізгін қағып, тақым қысса,
Жұлдыздай зулап ағып жөнеледі.

Ағасы Матақ батыр немерелес,
«Жетімге тізем батты-ау...» демеген еш.
Қадалып қос күреңге көзі түсті,
Байқаса, бермесіне көнер емес.

Не десін дойыр мінез ағасына,
Жараспас жармасқанмен жағасына.
Бетіне қарсы келіп, қолы тисе,
Қалмай ма дос-дұшпанның табасына?

Матақ та көзін күнде алайтады:
«Аттарды бермейсің бе?» - деп айтады.
Қос күрең - қос қанаты емес пе еді,
Қанатын қиып берсін қалай тағы?

Пендеге біткен әдет бұл баяғы,
Жуанның жұдырығы кімді аяды?
Бермесе сұрағанын, ерегестің
Жаулыққа жалғасарын білді аяғы.

Қадірін біле бермес иліккеннің,
Бүйірден сұрқы жаман киліккеннің.
Бір қауіп ойлады да алдын ала,
Жіберді тілін буып жүйріктердің.

Жылқының тілін буып қара қылмен,
Үйренген жаратуды бала күннен.
Жалғанда атбегінің арманы жоқ
Зар күйін хас жүйріктің таба білген.

Қос күрең тілін буған жайыла алмай,
Су ішіп, емін-еркін тойына алмай,
Жарады оқтаудай боп өздігінен,
Ер салмай, мінбей-түспей, терін алмай.

Қожақұл нағашысы тамыр жайған,
Ішінде қаракерей қалың найман.
Бір түнде қос күреңмен тартып кетті,
Таяныш таппақ болып Қабанбайдан.

Қос тұлпар бірде желіп, бірде шауып,
Сүзеді ауыздықты ауық-ауық.
Қолтығы қозған сайын көсіледі,
Тостаған болат тұяқ жерді қауып.

Жортады төте тартып, жер қуалап,
Ызалы көк бөрідей қандыбалақ.
Күреңі жетектегі ырық бермей,
Ұйтқиды құйындатып алдын орап.

Жас батыр бұлқынады жаңа шыққан,
Жолаушы барар жерге ол асыққан.
Қиырда қолын бұлғап кейін қалды
Жетімдік жас тамызған қарашықтан.

Ол кезде найман жұрты Сарыарқада,
Дариға, Сарыарқадан жер арта ма?!
Ілініп жорта-жорта ел шетіне,
Бір үйге келіп түсті қоналқаға,

Қызарып кешкі бұлттар арыстан жал,
Күн бата қайтқан мезгіл өрістен мал.
Маңайға маңғаз қарап тұр екен бір,
Алдында ақбоз үйдің ақсақал шал.

Деп жатты дабырласып: «Біреу келді...»
Алдымен шалға барып сәлем берді.
«Емес-ау тегін адам...» деп ойлады
Қария көзбен шолып күреңдерді.

Ақсақал қырау жапқан қас-қабақты,
Үйіне бастап кірді жас қонақты.
Шөл басып, малға бата жасалғанша
Үйіріліп қараңғылық, кеш те батты:

«Шырағым, келіс қай жақ, барыс қай жақ?» -
Қария жөн сұрады алысты ойлап.
Шақантай шынын айтты, жасырмады,
Қазандай кеудесінде намыс қайнап.

«Қиырдан көрінеді тау жотасы,
Ер Керей - Жастабанның арғы атасы.
Сен болсаң Жауғашардан қалған тұяқ,
Найманның мен боламын Нарботасы!

Тұрғанда ұл тумай ма ер тұғырда,
Тараймыз Сүйіндіктен Төртуылда.
Түбіміз тамыр жайған - Төлегетай,
Сүйегі Сырда қалған жортуылда.

Қазақпыз көшіп-қонған талай жерге,
Келіппіз Сырдан ауып Ерейменге.
Іргеңнен бөрі шулап, ит ұлиды,
Анталап аңдыған жау көбейгенде».

...Қария кең маңдайлы, ойлы көзді,
Айтты да бір тоқтады осы сөзді.
Ақырын бәйбішеге иек қағып,
Ілулі домбыраға қолын созды.

Қолына ұстады да домбыраны,
Келтіріп құлақ күйін сәл бұрады.
Жіберді қос ішекті қағып-қағып,
Қомданып екі иығын алды-дағы.

Домбыра сөйлеп кетті жұмсақ үнді,
Болар ма күйдің тілі мұнша мұңды.
Күрсінді қарияның көкірегі,
Сақтаған зердесінде мың сарынды.

Он саусақ перне бойлап безектеді,
Дәл басып өкінішті өзектегі.
Толқыды Шақантай да жанын ұғып
Күйшінің осынау бір мезеттегі.

Тербетіп тыңдағанның жан-жүрегін,
Домбыра барып-барып алды демін.
Қонаққа мойын бұрып отағасы,
Жалғады жібін қайта әңгіменің:

«Ел-жұрты Қожақұлдың есен-аман,
Ауылы қашық емес осы арадан.
Атадан ер боп туған Қабанбайдың
Жиені бола қоймас осал адам!» -

Деді де мұртын сипап шал жымиды,
Қабанбай аты шықса жан жылиды.
Шақантай елең етті мына сөзге,
Отырған ұмыта алмай әлгі күйді:

«Мекені - нағашымның Есіл маңы,
Әкемнің айтқан сөзі есімде әлі.
Атақты Ақтанберді жырын талай
Тыңдапты Қабанбайдың қасындағы.

Найманның Ақтанберді - ақтанкері,
Қазылып қалатұғын шапқан жері.
Берейін бір-екі ауыз жырын толғап,
Жатталған көкейімде көптен бері».

Саңқ етіп, деді қария: «Бәркелді!
Аумапсың, танушы едім мен әкеңді!»
Шақантай әдеппенен қол созғанда,
Бәйбіше домбыраны және әперді:

«Күлдір де күлдір кісінетіп
Күреңді мінер ме екеміз?!
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер ме екеміз?!

Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екеміз?!
Ор қояндай жүтінтіп,

Аш күзендей бүгілтіп,

Жолбарыстай шұбарды
Таңдап мінер ме екеміз?!
Сол шұбарды мінген күн,
Қоңыраулы найза қолға алып,

Қоңыр салқын төске алып,
Қолтөңкерер ме екеміз?!
Жалаулы найза жанға алып,
Жау қашырар ма екеміз?!

Тобыршықты әндіген
Толтыра тартар ма екеміз?!
Тобылғы түбі құралай,
Бытыратып атар ма екеміз?!

Жарлауға біткен жапырақ,
Жамылсақ тоңар ма екеміз?!
Жазыққа біткен бүлдірген,
Сұғынсақ тояр ма екеміз?!

Тобылғы сапты қамшы алып,
Тұмар мойын ат мініп,
Қоныс та қарар ма екеміз?!
Ел жазылып жайлауда,

Жақсылар кеңес құрғанда,
Мұртымыз көкке шаншылып,
Бұрын да сөйлер ме екеміз?!»
Асау жыр таудан тасқын құлағандай;

Ерлігін ер жігіттің сынағандай.
Нарбота дүр сілкінді, көз алдынан
Жарқылдап қалың жасақ шұбағандай.
Отырды көңілі толып жас жігітке,

Қиялы құлаш ұрып жақсы үмітке.

Саумалап ақсақалын күлімдеді,
Ұқсаған үлпілдеген ақ түбітке.
Қайтадан әңгімені ол бастады,
Айтылмай іштегі сөз қалмас тағы:

«Екен ғой, - деп күрсінді, -
Ақтанберді - Жыраудың жүзі қайтпас алдаспаны!
Қарағым, домаласын өрге тасың,
Найманның ұмытпай жүр Нарботасын.

Ал; кәне, қолыңды жай, мен берейін
Атаның ақ тілекті оң батасын».
Шақантай қолын жайып жүреледі,
Осы еді бір Алладан тілегені:

«Жортқанда жолың болсын, жас жолаушы,
Қырандай қанаттанып түле! - деді.
Бол, - деді, - Қабанбайдай елге қорған,
Намыстың алтын туын берме қолдан.

Көргеннің көзі тойсын ауылыңа,
Қаз-қатар аққу-қаздай көлге қонған.
Ұрпағың ұрық шашып өсіп-өнсін,
Бақ-дәулет қойшыңның да қосына енсін.

Жарқырап ай маңдайың топ алдында,
Үйіріліп игі жақсы қасыңа ерсін!»
Ауғанша дидарласты түн жарымы,
Артпай ма тыңдай берсе жыр қадірі!

Жүректі нұрға бөлер мұндай сәтке
Жолығар жолаушының мың да бірі.
Тәңірі тірлік берген жайнасын деп,
Қызығын бұл жалғанның тойласын деп.

Қоштасып ертесінде Нарботамен,
Жөнелді Есіл-Нұра қайдасың деп!
Зулады кезек мініп қос күреңді,
Жолына бөгет болмас ешкім енді.

«Нұраның жағасында ер Қабанбай
Отыр..» - деп Нарботадан естіген-ді.
Қабанбай - батырлықтың асқар белі,
Жоқ одан ешбір жанның асқан жері.

«Жатыр, - деп Нарботадан және естіген, -
Дәулетбай әкесіне ас бергелі».
Шақантай шапқан сайын жолды үдетіп,
Нұраға ара қонып келді жетіп.

Ac беріп жатыр келсе қалың найман,
Бәйгенің туын тігіп желбіретіп.
Тігілген қалың үйден шағаладай,
Жайнап тұр Нұра бойы самаладай.

Жан-жақтан құйылған жұрт құжынайды,
Тәттіге үймелеген бал арадай.
Бас болып хан Абылай, ер Қабанбай,
Жиналған жақсы-жайсаң елде қалмай.

Келмеген - тоқсан асқан Нарбота қарт,
Қанатын кәрі қыран қомдай алмай.
Ақ орда ханға тіккен асқақтайды,
Күзетші босағада қас қақпайды.

Қолында ас тізгіні жақсылардың,
Мұндайда жаман-жәутік ес қатпайды.
Жігіттер су төгілген мінген жорға,
Тебінсе теңселеді оң мен солға.

Ағындап жосылады үйден-үйге,
Табақты зырылдатып қолдан-қолға.
Күрпілдеп сары қымыз саба-саба,
Қосады өз қызуын тамашаға.

Дүркіреп, дүбірлеген думан-қызық,
Көз салып қай жағына қараса да.
Әр үйге жеке түскен ел ағасы,
Тартылған жөн-жобамен сыбағасы.

Бұл аста Шақантайдан басқа жан жоқ
Сопайып жалғыз жүрген қара басы.
Ешкім жоқ келдің-кеттің деген бұған,
Алып жүр өзек жалғап одан-бұдан.

Біреулер күдіктене қарайтындай,
Қарақшы емес пе деп жол аңдыған.
Төбеде атойлайды бәйге алаңы,
Жар салып жүйріктерді айдағалы.

«Мен неге қос күреңді қоспаймын?..» деп
Шақантай сол арада ойланады.
Кедейдің жаны жомарт, көңілі бай,
Жалғыздың жеке жүрген жары құдай.

Жел тақым екі бала тауып алып,
Мінгізіп қос күреңге деді былай:
«Жәрдемші жетім-жесір, кембағалға,
Жаратқан жәрдем берер қолдағанда.

Өтіңдер «Шақантайлап!» ұран салып,
Аттарың оза қалса алда-жалда».
Сәйгүлік мың қаралы жел қанатты,
Желгенде тұяғынан шаң боратты.

Алдында айдаушының топ ішінде,
Ойнақтап қос күрең де бара жатты.

ІІІ

Ат кетті, ас қызығы жалғасуда,
Күн ыстық, қымызбен жұрт шөл басуда.
Секілді бала бүркіт тұғырдағы,
Шақантай жалғыз отыр дөң басында.

Жалғызды деп ойлайды кім аңдамақ,
Бәйгеден аты келсе ұрандамақ.
Түлкінің күшігіне түсетіндей,
Түйіліп, түксиеді қыран қабақ.

Сездіріп ішінде бір ашу барын,
Жанары жалтылдайды шашып жалын.
Жақсылық нышанына жорып отыр
Бәйгеге қос күреңнің қосылғанын.

Тіреліп қос күреңге арман-үміт,
Аллаға сиынады жалбарынып.
Кім білсін, бағы жанып, аты келсе,
Алдынан жол ашылар қақ жарылып.

Бұл астың кім жоқ дейсің ортасында,
Мәйегі сары майдың тортасында.
Жақсылар теңселеді балпаң басып,
Байлық пен батырлықтың арқасында.

Қаптаған қарасы бар, төресі бар,
Әркімнің шығатын өз төбесі бар.
Бәйгеге тулақ емес, тұлпар қосқан,
Олжадан бәрінің де дәмесі бар.

Таянды ат келетін мезгіл-дағы,
Тігілді солай қарай көздің бәрі.
Дүрлікті жиналған жұрт дөң басында,
Жүйрік боп барлығының сөз қылғаны.

Таусылып тұрған шақта ел шыдамы,
Бұрқ етіп, будақ-будақ шаң шығаады.
Біреулер: «Әне, келе жатыр!» - десті,
Шошайып қолындағы қамшылары.

Табаны қызған сайын шабатұғын,
Түрі жоқ тұлпарлардың талатұғын.
Қос күрең қосауыздың оғындай боп,
Атылып алға шыққан болатұғын.

Суырылып шыққан бір топ шүу дегенде,
Зулаған бір белеңнен бір белеңге.
Ашылып тыныстары сала берген,
Жел тұрып ағынынан гулегенде.

Шұбатып қалың топты артындағы,
Таласып, қатарласып қарқындады.
Малынып ақ көбікке құйысқаны,
Серпіле созылғанда сартылдады.

Саңлақтар сан бәйгеде дара келген,
Жүйткиді құстай ұшып қара жермен.
Қос күрең ұмтылғанда алға қарай,
Шетінен бір ышқынып қала берген.

Рас-ау «Жүйрік, - деген, - жылқы желден»,
Шалынды қос күреңнің қылпы белден.
Оқ бойы келе жатыр жануарлар,
Тазыдай бүктетіліп түлкі көрген.

Қарасын қос күреңнің енді аңғарып,
Еріксіз тынып қалды ел дағдарып.
Екенін кімнің аты біле алмай тұр,
Жын ба әлде келе жатқан елбең қағып?

Сақпының тасындай боп дөңгелене,
Шықпасын жүйрік, шіркін, дөңге неге?!
Көзді ашып-жұмғанынша екі күрең
Ағындап жетіп келді көмбеге де!

Бәйгеден келді деген аты ғана,
Қызғандай екпіндейді еті жаңа.
«Шақантай! Шақантай!» - деп ұран салып,
Шырылдап өте шықты екі бала.

«Тәңірі, тілегімді бердің бе?! - деп, -
Қара үзіп, қос күреңім, келдің бе?!» - деп,
Шақантай орынынан түрегелді,
Жатқанын естіген жоқ елдің не деп.

ІV

Шақырды атқа шапқан бала кімді?
Біле алмай Шақантайды ел аңырды.
Иесін қос күреңнің сұрастырды
Қақ жарған төрешілер қара қылды.

Бәйгеден аты келген тілегі боп,
Кім білсін, жетім бе әлде тірегі жоқ?
Сұрады атқа шапқан балалардан:
«Иесі жүйріктердің кім еді?» - деп.

Балалар көз жеткізіп аныққа енді,
Жетелеп Шақантайға алып келді.
Қараса он бестегі бозбала екен,
Иесін күреңдердің халық көрді.

«Шақантай!» қандай елдің ұраны?» - деп,
Өзінен Шақантайдың сұрады кеп.
«Шақантай мен едім, - деп, - жауап берді,

- Бұл аста түскен үйі - тұрағы жоқ!»

Қалың ел одан сайын гуілдесті:
«Қаршадай болып алып бұ кім?..» - десті.
Керейлер Шақантайдың жөнін біліп,
Қуанып іштерінен күлімдесті.

Жас бала жарқылдады топты жарып,
Жүлдесін алғанына бек қуанып.
«Шақантай Қожақұлдың жиені екен...»
Деген сөз Қабанбайға жетті барып.

Батыр боп бекер адам жарала ма?
Шақыртты Шақантайды сол арада.
Иіліп Қабанбайға сәлем берді
Иықты, қыран қабақ қара бала.

Ай маңдай құлынындай боз биенің,
Қабанбай тани кетті өз жиенін.
Балаға оң жағынан орын беріп,
Ағытты ұлы батыр сөз тиегін.

Сүйетін туған ұлын шын аймалап,
Ел қамын ер болмаса кім ойламақ?!

Қабанбай көз қиығын тастап қойып,
Отырды Шақантайға сынай қарап.
Тұрпаты танылып тұр ер боп туған,
Ерке емес дыр-думанды ермек қылған.

Ұнады Қабанбайға мына бала,
Қайраты тұла бойын кернеп тұрған.
Көңілге қуаныштың қонды қазы,
Өмірдің жарқырамақ енді жазы.

Бар болған оқиғаны естіп-біліп,
Қабанбай Шақантайға болды разы:
«Білмеймін, құбылады заман қалай,
Емес қой өмір сүру адамға оңай.

Бол, - деді, - бұдан былай өз қасымда,
Артыңа, атыңа да алаңдамай!»
«Қабанбай Шақантайға нағашы екен,
Бірі - жең, бірі - тонның жағасы екен.

Бәйгеден екі бірдей аты келген
Керейдің шынашақтай баласы екен!..»
Дегенді естігенде ер Жәнібек,
Отырды бармақ тістеп, сәлге жүдеп.

Матаққа қатты ренжіп, назаланып:
«Болдық-ау, - деді, - жұрттай қорғаны жоқ...»
Керейдің қуана алмай жеңісіне,
Сыймады ашуланып терісіне.

Ержүрек жас баланың тапқырлығы
Аңыз боп кете барды ел ішіне...

V

Алса да ит тіршілік балағынан,
Жігіттің қар жаумады қабағынан.
Қасында Қабанбайдың жас Шақантай,
Түледі секілді боп бала қыран.

Батырлар елін қорғап аласұрған,
Тұлпарын белдеуінде таң асырған.
Ол заман біздің қазақ соғыс салып,
Алтайдан ата жауын ары асырған.

Соғысқа талай ерлер қатысыпты,
Қалмақпен шабысыпты, атысыпты.
Айқаста жолбарыстай жауын жайпап,
Жас батыр Шақантайдың аты шықты.

Шақантай тұлғаланып толған екен,
Қасында Қабанбайдың болған екен.
Әкесі тірі кезде наймандағы
Айттырған қалыңдығын алған екен.

Бұл өзі таусылмайтын әңгіме еді,
Сан саққа жүгіртеді әркім оны.
Найманның бір байының сұлу қызы –
Жаңылды айттырғанын ел біледі.

Әлгі бай мың құбылып қызыл желдей,
Арқауы құдалықтың үзілгендей,
Жауғашар өлгеннен соң жетімсініп,
Жүріпті Шақантайға қызын бермей.

Қабанбай кісі салды әлгі байға,
Жалтарып, құтылады енді қайда?
«Ақ бата жасасқаны рас болса,
Жаңылды ұзатсын, - деп, - ендігі айда!

Шет болды серттен тайып аруаққа,
Шақантай қайдан шықты - танымап па?
Жаңылдың жасауына қосып және
Мінгізсін жеті қызды шаңыраққа!»

Ақылы айласымен көмкерілген,
Байлардың әдеті ғой ерте күннен.
Сәлемін Қабанбайдың ести сала,
Әп-сәтте аударылып-төңкерілген.

Жан тәтті, түскеннен соң жарлық қатты,
Қабанбай сараң байды жорғалатты.
Жасауы Жаңыл қыздың түгелденіп,
Той өтті дүркіреген салтанатты.

Бай құда жөнге келіп екіжүзді,
Шығарды жомарттықпен атын ізгі.
Айтқанын Қабанбайдың екі қылмай,
Мінгізді шаңыраққа жеті қызды.

Шақантай шықты ойлаған кезеңіне,
Өрт түсті кейбіреудің өзегіне.
Қабанбай ақ батасын берді-дағы,
Жиенін аттандырды өз еліне.

VІ

Шын батыр тұра ала ма елім демей,
Елінің ертелі-кеш қамын жемей.
«Шақантай келе жатыр!..» дегенді естіп,
Қарсы алды қаптай шығып қалың керей.

Көл қылып шаттықпенен көңілдерін,
Түсірді оң аяқпен келіндерін.
Қуанып арқа-жарқа Матақ батыр,
Ініден мойындады жеңілгенін.

Деп Матақ той жасады: «Інім келді!..»
Қадірі туыстықтың білінді енді.
Риза боп Шақантай да ағасына,
Әйгілі қос күреңнің бірін берді.

Мерейі Шақантайдың аспандады,
Даңқына сүйінбеген дос қалмады.
Әйелдің кемеңгері Жаңыл болды,
Тәңірдің өзі таңдап қосқан жары.

Адам аз бұл өмірге еркелеген,
Талайды тағдыр, шіркін, желкелеген.
Біріне шаңырақтың мініп келген,
Бар еді ақылды қыз Еңке деген.

Әйелдің барлығынан асты Жаңыл,
Бақытын Шақантайдың ашты Жаңыл.
«Жалғызсың, көбеймесең болмайды», - деп,
Еңкені өз қолымен қосты Жаңыл!

Жаңылдың ерлігі тек ол емес-ті,
Артынан алты қызды және қосты.
Алғаны көп болмаса осылайша,
Ұрпағы Шақантайдың неден өсті?!

Түсіріп ықыласын Тәңір оған,
Қосыпты сұлуларды Жаңыл оған!
Соңынан бес әйелді тағы әперіп,
Бұтағы қаулап өсіп жамыраған!

Шақантай - әрі шешен, әрі батыр,
Тарихын қуа берсең ары жатыр.
Тараған сонау он үш әйелінен,
Бұл күнде қарақұрым халық отыр.

Талайдан Шақантайдың ерлігі асқан,
Тағдырдың сан талқысын көрді жастан.
Бірлік пен берекенің діңгегі боп,
Жан екен ел үстіне елді қосқан!

Батыр боп атана ма тегін кісі,
Кеппеген жортуылдан тебінгісі.

Ақырған арыстандай талай-талай
Алыптан басым түскен оның күші.
Кұдайым сәтін ылғи келтіріпті,
Оңынан Шақантайдың жел тұрыпты.

Бойында Аягөздің жекпе-жекте
Қалмақтың қара дәуін өлтіріпті.
Босамас жаудан жерің жаннан күспей,
Кешегі өткен өмір көрген түстей.

Көк найза, қара шоқпар заманында
Өтіпті ат үстінде ерден түспей.
Таба алмас жоғалтқанын із көрмеген,
Дариға, сұмдық бар ма біз көрмеген?!

Ерлігі Шақантайдың таусылмайды,
Моншақтай мөлдіретіп тізгенменен...
Бүтінге аңыз оның батырлығы,
Ізінде ғасырлардың жатыр мұңы.

Аруағын осындайда қозғамасақ,
Қазақтың кімге керек ақындығы?!.

VІІ

Жорықта жолда қалмас жүгі нардың,
Рухы мәңгі сөнбес ұлылардың.
Ұрпағың ұмытпайды, ер Шақантай,
Аузында атың жүрер тілі бардың.

Шұбартау Шұбартау боп жаралғалы,
Керей кеп бұл арадан жер алғалы,
Көрмепті жел жағыңа ешкім шығып,
Анаңның сені тапқан жоқ арманы!

Өткерді қазақ қанша зіл-заланы,
Шұбартау қалай одан құр қалады?
Жобалай, Байқотан боп, Шақантай боп,
Жатырсың қорғап-қоршап бұл даланы!

Бостандық баянды боп осы келген,
Тұқымың азаймасын өсіп-өнген.
Шұбартау топырағында мәңгі өшпейді
Қалған із Өзіңіздей асыл ерден!

Елім деп қабырғасы қайысатын,
Жоқ бүтін Төлеу менен Уәйіс ақын.
Солардың жұртындағы біздер бармыз,
Сескенбей топқа түсіп сайысатын.

Жетеді Шұбартаудан шыққан ұлдар,
Әйгілі Еркеғали, Мүхтарың бар.
Бекен мен Мыңбай, Төлек, Жанүзақтар1 –
Жартасты жарып өскен түп-тамырлар!

Жұртыңды, ұрпағыңды қолда, баба,
Жар болып жабырқаған кең далаңа!

Тимесе аруағыңның шарапаты,
Дертіне Шұбартаудың ем қона ма?
Қолдасаң, кем-кетігім толады әлі,
Өріске малым сыймай қорадағы.

Жыртылған жолым қайта жамалады,
Жүдеген елім қайта оңалады.
Желбіреп жас келіннің орамалы,
Өмірге талай ұрпақ келеді әлі.

«Шақантай! Шақантай!» деп шауып өткен,
Бәйгеден көрсем деймін со баланы!
Ақындар бүгін терең ой кешуде,
Қызыл тіл қызған сайын сөйлесін де.

«Шақантай! Шақантай!» деп мен де келсем,
Арман жоқ жырдың үлы Бәйгесінде!
« Шақантай! Шақантай!»

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙