Әл-Фараби
Мұхтар Құл-Мұхаммед
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Аруна» баспасы «Шығыстың ұлылары» атты топтаманың жалғасын ұсынады. Балалар мен ересектерге арналып қазақ және орыс тілдерінде жазылған бұл көркемсуретті туындыда әлемге әйгілі ғұлама ғалым, философ әрі ақын, Шығыс халықтары Екінші Ұстаз атандырған Әбу-Насыр Мұхаммед әл-Фарабидің өмірі мен қызметі жүйелі әрі әсерлі баяндалады.
Мұхтар Құл-Мұхаммед
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Құл-Мұхаммед М. «Аруна» баспасы «Шығыстың ұлылары» атты топтаманың жалғасын ұсынады. Балалар мен ересектерге арналып қазақ және орыс тілдерінде жазылған бұл көркемсуретті туындыда әлемге әйгілі ғұлама ғалым, философ әрі ақын, Шығыс халықтары Екінші Ұстаз атандырған Әбу-Насыр Мұхаммед әл-Фарабидің өмірі мен қызметі жүйелі әрі әсерлі баяндалады. ББК 72.3 К 90 Әл-Фараби. Тарих, тұлға, уақыт. – Алматы: «Аруна», 2006. – 96 бет. – («Шығыстың ұлылары» топтамасы) ІSBN 9965-26-173-3 ІSBN 9965-26-173-3 Барлық құқығы қорғалған. «Аруна» баспасының жазбаша рұқсатынсыз кітаптан үзінділерді, суреттерді көшіріп басуға болмайды. ББК 72.3 © «Аруна Ltd.» ЖШС , 2006 К 90 К 00 (05)-06
рабтар VІІ ғасырдың орта тұсында көрші
елдерге қырғидай тиіп, басқыншылық жорық
жасай бастады. 150 жылға жуық уақыт бойы
жаугер халықтың жолы болды. Осы аралықта олар көптеген
мемлекеттерді өздеріне бағындырып, жаңа жерлерді басып алды.
ІХ ғасырдың басында Таяу және Орта Шығыс, Солтүстік Африка
мен Батыс Еуропа елдерін қол астына қаратты. Арабтар осын-
шама кең байтақ патшалығын Араб халифаты деп атады.
Араб халифаты біртұтас мықты мемлекет болып гүлденіп,
нағыз күшіне еніп тұрған шағында мәдени өрлеу кезеңін басынан
өткізді, ғылым қарқынды дамып, биік деңгейге көтерілді. Әр та-
раптан білім іздеген адамдар осылай қарай ағылды, ғалымдар
мен ойшылдар кездесіп, ақиқат, болмыс жайлы пікір талас-
тырып, ой қозғады. Бұл елдің тұрғындары ұлты бөтен, діні
басқа болғанымен, бір-бірімен етене араласып, бір-бірінің әдет-
ғұрпын, салт-дәстүрін бойларына сіңірді. Арабтардың өздері де
бодан халықтардан көп нәрсені үйренді. Халифат ұлан-байтақ
аймақтың саяси әрі мәдени орталығына айналды...
Алайда араб басқыншылығының нәтижесінде бодандыққа
түскен халықтар өз тәуелсіздігін алуға, бостандыққа ұмтылды.
Олар әр жерден бүлік шығарып, бой көрсетіп, онсыз да ұсақ
бөліктерден құралған елдің берекесін қашырды. Сөйтіп, халифат
біртіндеп әлсіреп, құлдырай бастады.
Міне, осылайша бір жарым ғасырлық үстемдіктен соң Араб
халифаты құлады. Оның құрамындағы саяси күші жоқ ұсақ-ұсақ
мемлекеттер жеке бөлініп кетті. Дегенмен, көптеген қалалар
бұрынғысынша жоғары мәдениет орталығы болған күйінде қалды.
Мұнда ұзақ жылдар бойы көрші тұрып, бір-бірінің салт-дәстүрін
құрмет тұтуға, ұлттық ерекшеліктері мен діни көзқарастары-
на сыйластықпен қарауға үйренген мұсылмандар, христиандар
мен иудейлер сол баяғысынша өмір сүріп жатты. Бұл орта ғасыр
үшін сирек кездесетін құбылыс еді: мұнда тұратын көзі ашық,
көңілі жүйрік, ойы сергек адамдар әр түрлі діни ағымдар мен көп
ұлттық мәдениетті бір-бірімен салыстыруға, баяу жылжып
жатқан күндердің мән-мағынасына философиялық тұрғыдан ой
жүгіртуге зор мүмкіндік алды...
Уақыт өте келе бұл өз нәтижесін берді де. Осының бәрі есі-
мі бүкіл әлемге әйгілі ғұлама ғалым, философ әрі ақын, Шығыс
халықтары Екінші Ұстаз атандырған Әбу-Насыр әл-Фарабидің
философиялық көзқарастарында көрініс тапты.
рыс өзенінің кең арналы Сырдарияға құяр
сағасының тұсында ортағасырлық Оты-
рар шаһарының қирандыларын көруге бо-
лады. Кезінде гүлденіп тұрған қаланы адамзат өз қолымен
қиратып, жермен-жексен етті. Одан қалғанын уақыт пен
ауа райы өз дегенін жасап, топырақ үйінділеріне айнал-
дырды... Тек жер қабатының астында жүздеген жыл-
дар бойы сақталған көне тас қабырғалар ғана Шығыс
мәдениетінің орта ғасырларда өрлеу кезеңін басынан
өткізгенін еске салады.
Ежелгі Ұлы Жібек жолында, кең арналы Сырдария
өзенінің жағасында бой көтерген осы Отырар қаласы
бағзы замандарда Фараб атауымен әйгілі болған...
Осы бір құтты мекенде әл-Фараби жарық дүниеге ке-
ліп, жастық шағын өткізген.
Нақтырақ айтқанда, Әбу-Насыр Мұхаммед әл-Фа-
раби Фарабтың өзінде емес, соның маңындағы Весиж
қалашығында туған. Алайда Весижді ешкім біле бермей-
тін, ал Фарабтың атақ-даңқы сол кездің өзінде шартарапқа
кеңінен мәлім еді. Уақыт өте келе Весиж ұмытылып,
асқан ой иесінің Отаны Фараб қаласы саналып кетті.
Ортағасырлық ұлы ғұлама, асқан ойшылдың отаны
– Фараб шаһары қазіргі Оңтүстік Қазақстан өңірінде
орналасқан. Ол Араб халифаты құлағаннан кейінгі
уақытта мұсылман әлемінің саяси және мәдени орталығы
болған.
ылдың ыстық мезгілінде Фараб пен оның
төңірегіндегі елді мекендерде төбеден күн
күйдіріп, ми қайнатар қапырық бастала-
ды. Кеш бата ғана өзен жақтан салқын самал леп еседі.
Сонда барып, қала тұрғындары мен бірнеше күн жол кеш-
кен керуеншілердің жаны жай табады. Күндізгі азапты
ұмытып, рақаттана демалады.
Хижраның 260 жылы* осындай тәтті түндердің бірінде
Весиж қаласында Мұхаммед Тарқан ибн Узлағ ат-Түркінің
шаңырағында көптен күткен ер бала дүниеге келді. Оның
атын әкесінің құрметіне Мұхаммед қойды. Егер Аспан Шы-
рақтарының Кітабын оқи алатын данагөй шыр етіп жарық
дүниеге нәресте келген сәтте жұлдыздарға қарағанында,
сәбидің болашақта Әбу-Насыр Мұхаммед әл-Фараби атана-
тынын, оның бүкіл әлемнің аспанында жарқыраған сәулелі
жұлдыз болатынын айтып жар салар ма еді, кім білсін...
Мұхаммедтің әкесі – әскербасы, қызмет бабымен кей кез-
дерде айлап үй көрмейтін. Ол өзінің қайтпас қайсар сарбазда-
рымен бірге күн-түн демей, жан-жақтан анталаған қара ниет
дұшпандарымен соғысып, ат үстінде жортуылда жүретін.
Міне, бұл жолы да Мұхаммед Тарқан ибн Узлағ ат-
Түркінің үйден шыққанына біраз болған. Аман-есен жо-
рықтан оралып, ойында ештеңе жоқ әскербасы атынан
түсіп жатқанда, оның қолына кішкентай нәрестені ұстат-
ты. Кеудесін шаттық кернеген әскербасы:
– О, Тәңірім, ризамын саған! Менің халқымның бағына
тағы бір сарбазды дүниеге әкелдің! Жаратқан құлыңды
өзің жарылқай гөр! – деп, жұлдызың жоғары болсын де-
ген ырыммен сәбиді – ерен ерлігі үшін Көк иелері жіберген
асыл сыйын – басынан асыра төбесіне көтерді.
Кішкентай Мұхаммедтің ата-бабасы көшпелі түрік тай-
паларынан шыққан. Атасы Узлағ өз руластарымен бірге
*Хижраның 260 жылы біздің жыл санауымыз бойынша 873 жылға сәйкес
келеді.
шетсіз-шексіз кең далада көшіп-конып, ат үстінде жүрген.
Олар барлық көшпелілер сияқты төске өрлеген көктемнен
қалыспай, киіз үйлерін аттарға, сабалақ жүнді алып
атандарға артып алып көктеуге, одан жайлауға көшетін.
Қар түсе бастаған шақта сол жолмен малдарын алдыға са-
лып, кері қайтатын. Бұл көшпелі халықтарға тән өмір сал-
ты еді.
Алайда мыңғыртып айдаған мал да біртіндеп азайып,
тұтас бір тайпаның ішіп-жеміне жетпейтін болды. Осыдан
барып ел ақырындап отырықшы өмірге икемделе баста-
ды. Енді бұрынғыдай көкорай шүйгін шөп қуып, шұрайлы
шалғын жер іздеп, малмен бірге қоныс аудару келмеске
кетті. Киіз үйлерін саз балшықтан немесе ағаштан, тіпті
кейбіреуі тас пен күйдірілген кірпіштен соғылған тамдар-
ға ауыстырды.
Отырықшылыққа көше отырып, далалықтар жер өң-
деуді меңгеріп, бау-бақша, жүзімдіктермен айналысты.
Үлкен қалаларға орныққандар сауда-саттықпен, түрлі
қолөнер кәсіптерімен шұғылданды. Бірақ олар жаңаша
өмір бастағанымен, жүректерінің терең түкпірінде еркін-
діксүйгіш халық болып қалды. Қалай болғанда да олар
көшпелілерге тән әдет-ғұрыптарын сақтап, өздерімен бір-
ге отырықшылыққа алып келді.
Күн ұясына қонып, күндізгі аптап қайтқан шақта
жанға жайлы білінер-білінбес кешкі самалға беттерін то-
сып, алаулатып от жағып, соның айналасына алқа-қотан
отыра қалатын да, таң атқанша ақсақалды қариялардың
аузынан туған халқын басқыншылардан қорғаған батыр-
лар жайлы көнеден жеткен жыр-аңыздарды тыңдайтын.
Ол замандарда «Қорқыт ата», «Оғыз-нама» сияқты тама-
ша туындыларды ешкім жазып алмаған, тыңдап отырып,
көкейлеріне тоқыған. Кейін келе, естерінде сақталған көне
әңгіме-қиссаларды сол күйінде балаларына айтып беріп,
ұрпақтан ұрпаққа жеткізген.
ішкентай Мұхаммед жасынан өте пысық,
сергек, қағілез әрі сезімтал болды. Ол ай-
наласындағы көзге көрінгеннің бәрін біл-
сем деген білімқұмарлығымен ерекшеленгені болмаса, өзі
құралпы барлық басқа балалармен бірдей өсіп жатты.
Жердің шаңын бұрқырата, топ баланың ортасында аяғы-
аяғына жұқпай құлдыраңдай жүгіріп, ертеден қара кешке
дейін сілесі құрып, құмары қанғанша ойнайтын. Алайда
ойынның қызған шағында кенет шөптің арасынан кесірткені
не болмаса қарағаштың бұтағына қонған құсты көзі шалып
қалса, лезде бар ынтасы соған ауып кететін. Ол мұндай өзіне
беймағлұм тіршілік иелерін көргенде бар дүниені ұмытып,
әрбір қимылын бағып, қаққан қазықтай қатып қалатын.
Сонда ойынды жалғастырғысы келген достары Мұхаммедті
қарату үшін:
– Әй, Мұхаммед! Сен не, ұйықтап қалдың ба? – деп
айғайлап, тіпті одан қалса олай-бұлай жұлқылап, ақ жей-
десінің жеңінен тартқылап жататын. Мұхаммед сонда да
селт етпейтін. Ондайда оны орнынан қозғалту мүмкін емес.
Тек манағы кесіртке шөптің арасына сіңіп, көзден ғайып
болса немесе бұтақта мұның өзіне таңырқай қараған сұр құс
пыр етіп ұшып кетсе ғана Мұхаммед ойынның қызығына
қайта кіріп кететін.
Кешкісін бала атаулы өзен жағасына, алаулаған оттың
қасына жиналады. Сонда бәрінен бұрын бірінші болып жете-
тін – Мұхаммед. Ол халықтың жадында жатталып, ұрпақтан
ұрпаққа ауызша жеткен бағзы заманның жыр-аңыздарын
тыңдауға құмар. Кең байтақ далада еркін өскен тайпалардың
өз жерін қара ниет дұшпандарынан қалай қорғағаны, ата-
бабаларының қайдан тарағаны, олардың кім болғаны жай-
лы майын тамыза айтып, өмірдің әркім біле бермейтін терең
құпияларын ақтарып, жастарға тағлым үйрететін көне көз
қариялардың әңгімесі оның жан дүниесін жаулап алатын.
Қатарластарының алды ұйқыға бас қойғанда, Мұхаммед
көзі бақырайып, желден жүйрік қиялына ерік беріп, ойымен
шартарапты шарлап мелшиген күйі әлі тыңдап отырады.
Кейбір қорқынышты оқиғалар бала Мұхаммедке үрей
туғызатын. Әсіресе, Оғыз қаған мен жалғыз көзді дәу Қият-
тың теке-тіресін суреттеген жерінде тынысын ішіне тартып
түнеріп, отқа қарай жақындай түсетін. Оғыз қағанның жа-
уын жеңгені туралы естігенде, қара дәуді ертегілік батыр
Оғыз қаған емес, өзі жеңгендей болып, кеудесін керіп, бойын
түзеп, жайланып қалатын.
Төсек салып жатып қалғаннан кейін де ол біраз уақытқа
дейін ұйықтай алмайды. Әлгінде тыңдаған жырдың су-
реттерін көз алдына қайта алып келеді. Қорқыт атаны да,
таңғажайып күш иесі Оғыз қағанды да, тіпті жалғыз көзді
Қиятты да ойша елестетеді. Сөйтіп жатып ойы бір сәт күндіз
көрген кесіртке мен жоғарыда отырып алып, айналасын
қимылсыз барлайтын белгісіз құсқа кетіп қалады. Содан соң
іштей «мүмкін ол құсқа айналып, адамдардың үстінен қарап,
олардың не істеп, не қоятынын бағып жүрген құпия қария
шығар» деп өзінше түйіп қояды.
Шынымен де, кесірткелер неліктен жорғалап жүреді
екен, ал құстар неліктен ауада ұшады, олар неге жер-
ге құламайды? Ал бүркіт, қырандар ше? Олар тіпті адам
аяғы баспайтын шырқау биіктерде өмір сүреді. Бір орын-
да қалықтап тұрып, жердегі жемін сонау биіктен аңдиды.
Оларға тіпті қонатын ағаш бұтақтарының да керегі жоқ...
Неге олай?.. Адамдар неліктен тап-тапқа, жік-жікке
бөлінеді? Неге бір-бірімен жауласады?.. Дана қариялар
ешкім еш уақытта көрмеген қандай өмір құпияларын
сақтайды, ол құпиялар қайда жасырынған?..
Осылайша сан сауалдың астында қиялына ерік берген
бала Мұхаммед тәтті ұйқыға ене береді… Күндізгі көрген-
білгені, естіген сан түрлі оқиғалары бір-бірімен араласып,
түсіне ұласады. Таңертең ұйқысы қанып, сергек оянған ол
алуан түске бояла құбылып жанды жаулайтын, сиқырлы
үнімен көңілді баурайтын, естен кетпес оқиғаларға толы
әлемге қайтадан қойып кетеді.
ұхаммед Тарқан жорыққа шықпай, үйде
болған күндері кішкентай Мұхаммедті
күшті де жуан қолдарымен қапсыра құ-
шақтап, аспанға лақтырып ойнатады, жоғары көтерген
күйі өзінің арғымағына отырғызады. Мұхаммед жасына
қарамай ер үстінде өзін нық ұстайды. Иесін емеурінінен
түсінетін жануар да құлағын қайшылап, жас шабандоздың
икеміне көніп, әмірін күтеді.
Әскербасы баласы қорқудың не екенін білмейтін,
жолындағы кедергілерді қаймықпай оңай жеңетін нағыз
жауынгер болып өссе, ежелгі аңыз-жырларда баяндала-
тын халық қаһармандары – Елтуған-тұтық, Оғыз қаған
сияқты ел қорғаушы ерлердің жолын қуса, өзіне тартып
батыр атанса деп армандайтын. Өйткені ол нағыз еркекке
лайық іс – жауынгер болу деп ұғатын. Ал нағыз жауын-
гер болу үшін, ең алдымен, ат үстінде өзін ұстай білуге,
нық отыруға үйренуі тиіс. Түрік халықтарында «ат – ер
қанаты» деген сөз бар. Атты түрік сарбазын ешбір жауы
ала алмаған. Қауіпті жағдайлар туа қалса астындағы се-
рігі жол тауып, иесін аман алып шығып, жеткізбей кетіп
отырған. Осыншама кең байтақ аумақты ат үстінде жүріп
қол астына қаратқан.
Әкесі кішкентай Мұхаммед ержеткенде сайыпқыран
жауынгер болып, ұлы ерліктерімен әулеттің даңқын асы-
рады деп сенді. Ал әзірше ұлына Фараб базарынан са-
тып алған кішкентай ағаш атты ұстатып, әкелік мейі-
ріммен басынан иіскеді. Екеуін сырттай бақылап тұрған
Мұхаммедтің анасы да осы бір ерекше көрініске қарап,
көңілі толқып тұрды.
ақытты ұстап тұра алмайсың. Күн ар-
тынан күн, ай артынан ай зымырап өтіп,
жаздың аптап күндері жылаңқы күзге
ауысты. Оның артынан ақ киімге оранып қыс та жетті.
Жыл мезгілінің бұл уақытында да көшпелілер дәстү-
рін бұзбай, үлкен-кіші кешке қарай көршілердің бірі-
нің үйіне жиналып, алаулатып от жағып, ұзақ-сонар
қиссаларды бастайтын. Жас аңшылар қансонарда қанжы-
ғаларына байлаған олжаларын мақтана айтып жатады.
Балалар жағы үлкендердің әңгімесіне ынта қоя, ұйып
тыңдап, жанарларынан ұшқын ата, біз де сол күнге тезі-
рек жетсек, жолы болғыш аңшы атансақ деп іштей жанып
отырады. Бір уақыттарда әңгіме ауаны өткен күндердің
ерлік істерге толы естелігіне ауысады. Біртіндеп тарихта
болған оқиғалардан қанатты пырағымен көкке көтеріліп,
қыранша қалықтайтын көзсіз батырлар мен көркіне көз
тойғысыз сұлулар, қаһарлы жалмауыздар өмір сүретін
ғажайып ертегілер әлеміне өтеді.
Ертегілік кейіпкерлердің ерліктеріне елітіп, ертеңгі
күні-ақ қарына қылышын, мойнына садағын, беліне
шоқпарын, қолына найза, қылышын іліп, үстіне сауыт
киіп, арғымаққа мініп шыға келуді армандайтын кішкен-
тай «батырлардың» құлағына мұндай әңгімелер майдай
жағады. Отқа жақындап, одан сайын ынтыға түседі. Ер-
тесіне бала атаулы естігенін «іс жүзіне асырмаққа» қолда
бар «қаруын» асынып, нағыз батырларша «соғысқа» кі-
реді. Мұхаммед те қатарластарынан қалыс қалмай, әкесі
қолдан жасап берген ақ садағын асынып, «жауына» атта-
нады. Жебесін діттеген жерге дәл тигізіп, жауын жайра-
тып салады...
Мұхаммедтің аса көңіл қойып, сүйіп тыңдайтыны
– ежелгі түріктердің «Ергенекөн» қиссасы еді. Ергенекөн
– биік таулардың қоршауында тұрған пейіш бағына ұқсас
өлке, адам аяғы баспаған жазық алап. Ол таулардан бір-
де-бір дұшпан асып өте алмаған, ешбір жау оған апа-
ратын жолды таба алмаған. Байқап қараса, жайқалған
шабындық, шұрайлы жайылым, мөлдіреп аққан су, тұнық
бұлақ, сыңсыған жеміс ағаштары, қаптаған аң-құс – бәрі
осында көрінеді, ондағы адамдар қайғының не екенін біл-
мепті, молшылықта, бақытты өмір кешіпті. Алайда, ең
өкініштісі, Ергенекөнді айтып отырған жыршылардың бі-
реуі де оған апаратын жолды білмейтін болып шықты.
«Сонда қалай? – деп ойлады Мұхаммед. Бұл жер тура-
лы бәрі естіген, бәрі біледі, бірақ бірде-бір адам оны ізде-
меген бе, оған баратын жолды көрсетпеген бе? Ол таулар,
әрине, мына тұрған жер емес... Бірақ атты кісі бірнеше
күн тынбай жүріп отырып, оған жетуге болатын еді ғой...
Неге осы уақытқа дейін ел ішінде ең өжет, ең қайсар батыр
саналатын әкесі де, Саид ағасы да осы бір ғажайып өлкені
іздеуге аттанбаған?»
Өзін мазалаған осы сауалдар жайында әкесінен не аға-
сынан сұрауға Мұхаммед бата алмады. Бірақ көкейінде
аман-есен ержетіп, жігіт болса, осы бір құт-береке қонған
жерге апаратын соқпақты қайткенде де табармын деген ар-
ман ұялап қалды. Әрине, егер оны тапса, барлық туған-туыс-
тарын, көршілері мен достарын, тіпті мұрнынан су арыл-
майтын, бірдеңе болса жұдырық ала жүгіретін Жәкенді де
ала кетер еді...
Мұхаммед осындай тәтті ойлардың шырмауында отыр-
ғанда, тыңдарман жұрттың ынтасын келесі бір әңгімеші
жаңа уақиғаға баурап алады. Қанша дегенмен де түннің
аты түн емес пе, оттың жылуына бойлары балқып, балалар
жағы маужырай бастайды. Мұхаммед те басын өзіне жақын
жайғасқан біреудің тізесіне қойып, алаңсыз ұйқының
құшағына кете береді.
сылайша жылдар өтті. Мұхаммед те қа-
тарластарымен бірге ержетті. Бұрынғы ба-
лалықтарын тастап, үлкендерге қолғабыс
жасай жүріп, түрлі шаруашылықтарды меңгеруге, қара-
пайым кәсіптерге машықтануға ден қоя бастады.
Фараб пен оның төңірегіндегі елді мекендердің кейбір
тұрғындары егін өсіретін. Кейбіреулері жүзімдіктер мен бау-
бақша салатын. Ата-анасы немен айналысса, балалар да со-
ны істейтін.
Баз біреулер тіпті аз да болса, мал ұстады. Жаз шыға олар
малмен бірге жайлауға кетеді. Бірақ мұндай отбасылар бі-
рен-саран ғана еді. Отырықшы тұрғындардың көпшілігі жер
өңдеумен шұғылданды немесе ата-бабасынан қалған кәсіпті
дамытты.
Мұхаммед те қол қусырып, қарап жүрмеді. Оның қо-
лынан келмейтін нәрсе жоқ еді. Ол өзіне тапсырылған кез
келген үй шаруасын ыждаһатпен орындайтын. Алайда
сол баяғысынша басы сан сауалдан босамайтын. Анасы-
на көмектесе жүріп, әр нәрсені есіне алып, кейде өмірдің
қаталдығына, әділетсіздігіне налып, терең ойға бататын.
Олай дейтіні жақында өзен жағасында бір жан түр-
шігерлік оқиға болған еді.
...Мұхаммедпен көрші тұратын балалар бір күшікті қың-
сылатып, кезек-кезек бірінен-бірі ала қашып, таласып жүр
екен. Бір кезде төбелескіштердің біреуі бар күшімен тартып
қалып, абайсызда күшікпен қоса өзенге күмп берді. Дереу
қолындағысын жібере салып, өз жанын аман алып қалмаққа
жағаға қарай жүзді. Кішкентай күшік су ішінде бір батып,
бір шығып, жан дәрмен шалпылдата берді. Оны құтқару
ұлдардың біреуінің де ойына кіріп шықпады, таластарын
жалғастыра берді. Мұхаммед жүгірген бойда алды-артына
қарамай өзенге секіріп, суға қақалып-шашалған дәрменсіз
күшікті жағаға алып шықты. Кеудесіне қысқан күйі тезірек
үйіне жетуді ойлады. Сол кезде аналар да ұрыс-төбелестерін
тоқтата қойып, мұның артынан тұра жүгірді.
– Ол біздің күшік! Әкел оны! Біз оны тауып алған! – деп
айқайлай қуып жетіп, өңмендеп, Мұхаммедке жұдырық
жұмсамақ та болды. Бірақ ол күшікті бұзықтарға бермей,
үйіне алып келді.
«Мұның суға батып бара жатқанын көріп тұрып, қалай
ғана дәттері шыдады? Оның тұншығып өліп кетуі де мүмкін
еді ғой, – деп ойлады Мұхаммед әбден ашығып, әлсіреген
күшікке тамақ беріп отырып. – Мен енді оны ешкімге бер-
меймін!»
Сол күні кеш батқанша Мұхаммед жаңа досының әуре-
сімен болды. Құмарынан шыққанша ойнап, сілесі қатқан
Мұхаммед басы жастыққа тиісімен қалың ұйқыға кетті.
Таңертең көзін аша сала, Мұхаммед өзінде енді күшік
бары есіне түсіп, бойын қуаныш сезімі биледі. Содан соң
оның ертеңгі күні-ақ үлкен арлан ит, азулы төбет болаты-
нын ойлап, затына сай ат қою қажет деп тапты. Айтқанын
тыңдап, бұлжытпай орындап, соңынан қалмай еркелеп, еріп
жүретінін елестетті.
Сондай тәтті қиялдармен керіле орнынан тұрып, күші-
гін көруге асықты. Есік алдына шығып, жан-жағына қарап
еді, ол көзіне түсе қоймады. Содан соң жүгіріп ауланың
бұрыш-бұрышын түгел тексеріп шықты, күшік табылма-
ды. Мұхаммед енді сыртқа шығып, төңірекке көз жүгіртті.
Кенет арттарына қарап қойып, улап-шулап апыр-топыр
жүгіріп бара жатқан кешегі өзінің қарсыластарын көрді.
Жүрегі бір жамандықты сезді. Сәлден соң әлгі балалар тоқтай
қалып, қатты дауыстап, дауласа бастады.
Мұхаммед қастарына жақындағанда олар үн-түнсіз
тұра-тұра қалысты. Бұзық Жәкен бір ұшы сұр күшіктің
мойнын айналдыра байланған жіпті ұстаған күйі тұр.
Күшіктің бүйірі ғана жайлап көтеріліп, басылады. Көздері
алайып, тілі аузынан шығып жатыр. Топыраққа түскен
ізге қарағанда күшік өз аяғымен жүруге шамасы келмей,
тек сүйретілгені байқалады.
Жәкен Мұхаммедке қабағының астынан көзімен ата
қарады. Ол Мұхаммед келе төбелес салады деп ойлап, іш-
тей тісін қайрап, неге де болса дайын тұр. Бірақ Мұхаммед
айналасындағылардың біреуін де байқамаған сыңай таныт-
ты. Жүрелеп отыра кетіп, жіпті күшіктің басынан сыпырып
алмақ болып еді, онысынан ештеңе шықпады. Енді ол жіптің
түйінін шешіп көрмек болды, ол да қолынан келмеді.
– Бұл біздің күшік! Біз онымен ойнадық, – деп Жәкен
ақтала бастады.
Мұхаммед оларға көңіл аудармаған күйі жіпті үзуге
әрекет жасады. Сонда балалардың бірі ұшы үшкірленген,
өздері сайысып ойнайтын ағаш бұтағын ұсына берді. Ақы-
ры түйін шешілді. Мойнына түскен тұзақтан босатылса да,
күшік тырп етпеді. Сонда Мұхаммед еппен жерден көтеріп
алып, кеудесіне қыса, өзенге қарай жүрді. Жәкен бастаған
топ бала оның соңынан ерді. Бірақ әбден өлімші болған хай-
уанды тартып алуға дәттері бармады ма, өз кінәларын сезін-
ді ме, кім білсін, кешегідей кеуделеген жоқ.
Мұхаммед өзен жағасына келіп, кішкентай қолымен су
алып, шала-жансар күшіктің аузына тосты. Бірақ бұл кезде
күшіктің су ішуге ешқандай қауқары қалған жоқ еді. Дене-
сі бір-екі рет дір етті де, басы сылқ етті. Бағанадан бері ана-
дай жерде мұны сырттай бақылап тұрған балалар:
– Әй, Мұхаммед, жүр кеттік. Ол енді тірілмейді, – деп
қастарына шақырды.
Жәкен Мұхаммед ашумен өзін бас сала ма деп әлі де
жұдырығын түйіп, шабуылға әзір тұр. Алайда Мұхаммед
оны тіпті ұмытып та кеткен сияқты. Толқын шайған дымқыл
құмның үстінде жанарын белгісіз нүктеге қадаған қалпы ой-
ланып отырып қалыпты. Қасында күшік қимылсыз жатыр.
Бұл күні Мұхаммед үйіне көңілсіз, қабағы салыңқы орал-
ды. Анасы мұның себебін жоғалып кеткен күшік деп ұғып,
онсыз да қыстығып отырған баласын қайда болдың, не болды
деген сұрақтармен мазаламауды жөн көрді.
«Өмірде әлі талай шырғалаңы, шырмауы көп соқпақтар
кездесер. Есейген соң мұндай болмашы нәрселерге бола
қайғыланғанды қойып кетер» деп іштей бір күрсініп алды.
елесі күні Мұхаммед ешқайда шықпады,
тары түюге көмектесті. Екі қарындасы
да шешелерінің қасына жайғасып, шама-
лары келгенше тарыны тазалауға болысып жатыр. Мұ-
хаммед кешегі оқиғадан кейін әлі өз-өзіне келе алмады.
Қабағы тұнжырап кетіпті. Бәрінен де жанына батқаны,
күнде
бірге
ойнайтын
жолдастарының
қатыгездігі.
«Бейкүнә, әлсіз тіршілік иесіне жамандық жасауға қалай
ғана қолдары барды екен? Оның да жаны бар емес пе? – деп
ойлады Мұхаммед. Бұл күшік нағыз арлан ит болар еді,
сонда тіпті оның қасына жақын келе алмас еді ешқайсы-
сы!» Соны ойлаған кезде күні кешегі жан түршігерлік
көрініс көз алдына қайта келді. Қабағы түйіліп, өңі боза-
рып кетті. Шаруасы жайына қалды. Баласының қабағын
бағып отырған анасы күлімдеп, жеңінен жайлап тартты.
Мұхаммед ұйқыдан оянғандай селк етіп, жан-жағына
қарады. Сонда барып тары түйіп отырғаны есіне түсіп,
қайта іске кірісті.
Анасы Мұхаммедтің мейірімді, алғыр болып өсіп келе
жатқанын ойлап, қуанып қояды. Қолынан келмейтін нәрсе
жоқ. Не жасаса да, тыңғылықты орындайды. Жақында
сыбызғы жасапты, оның сыртын жылтыратып тегістеп-
ті. Бір кезде әлгіні аузына апарып, тіпті біреу үйретіп
қойғандай қолма-қол сарната жөнеледі. Құстың дыбысын
айнытпай салады. Ал әскери өнерге аса құлқы жоқ сияқты.
Алайда өзіне біреу соқтықса, қарымын қайтаруға шама-
сы жеткілікті, бірақ басқа ұлдар секілді «соғыс» ойнауға
қызықпайды. Әкесі білсе, ренжитін шығар...
Анасы күрсініп қойды.
ұхаммед әскери ойындардан гөрі өзіне
ерекше бір ермек тапты. Кітап оқып, хат
тануға ден қойды. Ол уақытта кітап де-
генді қолға түсіру оңай емес-ті, сондықтан кітап тауып
оқуға бар мүмкіндігін салды. Әріптен сөз, сөзден сөйлем
құрап оқу, оның мән-мағынасын барлау бала Мұхаммед
үшін айтуға тіл жетпестей қуанышқа айналды. Қағазға
жазылған сиқырлы таңбалардың құпиясын шешкен са-
йын өзіне жаңалық ашқандай болды. Өйткені кітап беті-
не түскен сөздер оның өзі тұрған қалада, үйінде, айнала-
сында күнделікті естіп жүрген ауызекі сөздеріне мүлдем
ұқсамайды. Ондағы жазылған ойлар түбі терең мұхиттай
тұңғиығына жетелейді. Көбіне, кейбір сөйлемдердің түпкі
мағынасын түсіне алмай, басы қатады. Соған қарамастан,
әрірек ойлануға, өзінше тұжырымдар жасауға тырысады.
Шындығында да, Мұхаммед өз құрбы-құрдастары
сияқты ойын қуғанның орнына, өзімен-өзі болғанды
ұнататын. Әсіресе, қолы қалт етсе Арыстың жағасына
келіп, көк шалғынға жайғасып, айналадағы заттар мен
құбылыстардың ішкі сырына үңіліп, ой жүгірткенге
құмар еді. Кейде суға қарап отырып «Бұл өзен осынша-
ма мол суды қайдан алады? Ол неге таусылып, тоқтап
қалмайды? Судың көзі қайда екен?.. Бәлкім, биік таудан
бастау алатын болар. Жолындағысының бәрін жайпап,
өзімен бірге сыпырып-сиырып ала кететіні сондықтан
шығар... Өзеннің ағынына шыбықты лақтырып жіберсең,
лезде әлгіні иіріп алып, ағыза жөнеледі. Сол бетімен Арыс
құятын Сырдарияға жеткізеді. Одан әрі не болғанын білу
мүмкін емес, қусаң да жете алмайсың... Шыбықтың сапары
қай жерде аяқталады? Ол су ағынымен Сырдарияға дейін
қанша уақыт жүреді?..» деген сияқты сан түрлі сұрақтарға
жауап іздеп, ойға шомады.
йға ой жалғасып, жас күнінде осы Арыс-
тың бастау алатын жерін іздеп, жалғыз
өзі өзен бойымен жүріп кеткені, сөйтіп
бүкіл елді әуре-сарсаңға салғаны есіне түсті. Оған се-
беп болған бір қария еді. Мұхаммед әдеттегісінше өзен
жағасында өз ойымен өзі болып отырған. Басын көтеріп
қалса, тура алдында таяғына сүйеніп бір қарт адам тұр
екен.
– Ата, – деді Мұхаммед салған жерден, үлкен кісімен
амандасу керектігі де есінен шығып, – айтыңызшы, мына
өзен суды қайда апарады?
– Теңізге, – деп жауап берді қарт.
– Ал суды қайдан алады?
– Таудан.
Қария білімқұмар балаға басын изеп, бұрылып кетуге
ыңғайланды.
– Ата! – деді Мұхаммед тағы да. – Ал ол алыс па? Көп
жүру керек пе?
Сұрауын сұрағанмен, өзінің мына қылығына үлкен кісі
ашуланып, жауап бермей кетіп қала ма деп іштей қорқып
тұр. Әйтсе де, қарт тоқтады да, Мұхаммедке байыппен
қарап:
– Бәрі өзіңе байланысты, – деді.
Қария сәл үнсіз тұрды да, сөзін қайта жалғастырды:
– Сен өзеннің қайдан бастау алатынын білгің келе ме?
Әлде болмыс шындығын түсінгің келе ме? Бір орында
отырсаң, мұның алғашқысына да, соңғысына да жауап та-
ба алмайсың.
Осыны айтты да, қария жүріп кетті. Мұхаммед қария-
ның сөзін іштей қайталап, ойша талдап, өз сұрағының
шешімін табу үшін өзеннің басталар тұсын көзімен көру
қажет екенін ұқты.
...Сол күні Мұхаммед түскі ас ішуге келмеді. Маза-
сызданған анасы Мұхаммедті іздеуге екі қарындасын
жұмсады. Біраздан соң екі қыз қол ұстасқан күйі қайтып
келді. Мұхаммедті еш жерден таба алмапты.
Үйден байыз таппаған анасы ұлын іздеуге өзі шықты.
Көршілердің балаларынан сұрап еді, олар Мұхаммедті
таңертең өзен жағасынан көргендерін айтты. Төңіректі,
өзен маңын түгел шарлады. Баласы еш жерде жоқ. «Суға
кетіп қалды ма?» деген суық ойдан тұла бойы мұздап кетті.
Не ойларын білмей, көзінен жасы сорғалап үйіне қайтты.
Енді не істемек? Отағасының бар қуанышы, бар үміті, әке
жолын қуар, ата-баба ісін жалғастырар әулеттің жалғыз
мұрагері осы жан дегенде жалғыз ұлы емес пе? Анасы өзін
кінәлаумен болды: отағасы жорықта, ал бұл болса ұлын
сақтай алмады...
Бұл хабар бүкіл елді дүрліктірді. Көрші-қолаң, туған-
туыс тегіс жиналды. Әйелдер қайғылы ананы жан-жақтан
жұбатып, еркектер жағы баланы іздеудің жоспарын құрды.
Олар бірнеше топқа бөлінді. Жас балалар өзен жағасы
мен қала маңын жаяу шолып, аттылардың жартысы өзен
ағысының жоғарғы, қалған жартысы төменгі аңғарларын
сүзетін болып келісті.
здеушілер баланы бірнеше сағаттан соң
өзеннің жоғарғы жағында жағалаудағы
көк шалғынның үстінде ұйықтап жатқан
жерінен тауып алды.
...Мұхаммед жалғыз аяқ соқпақпен біресе өзеннен
алыстап, біресе өзенді жағалай жүріп келе жатқан бола-
тын. Ми қайнатар қапырық пен шеті де, шегі де жоқтай
көрінген бұралаң жол әбден шаршатып, Мұхаммед сәл
тыным алмаққа көк шөпке отыра кеткен еді. Аяқ суы-
тып, жүрісін жалғастырмақ. Алайда ұйқы қойсын ба, сол
күйі маужырап, көзі ілініп кетіпті... Күндізгі көргені енді
түсіне ұласқан.
Түсінде Мұхаммед өзенді бойлап жүріп келе жатыр
екен. Бір кезде соқпақ оны су жағасынан алыстатып
әкетіпті. Кенет бір жасыл кесіртке тасқа секіріп шығып,
былай деп тіл қатты:
– Қорықпа, Мұхаммед! Соңымнан еріп отыр. Мен сені
өзенге жеткізем.
Сөйтті де жол көрсетіп, шөп арасымен сусылдап
жорғалай жөнелді. Төбе басына шыққан сәтте көзден ғайып
болды. Осы кезде аспанда бір бүркіт пайда бола кетті. Ол
әуеде қалықтап, біртіндеп төмендеп келіп, Мұхаммедтің
қасына қонды да, адамша сөйледі:
– Қорықпа, Мұхаммед! Сенің не іздеп жүргеніңді біле-
мін. Мен саған жол көрсетем. Жоғарыдан жер бетіндегінің
бәрі маған алақанда тұрғандай ап-анық көрінеді.
Осыны айтқан бүркіт аспанға көтеріліп, бірнеше рет ба-
ланы айналды да, бағыт көрсете ұшып отырды. Мұхаммед
құстың соңынан жүгіріп келеді. Тоғайлар, төбелер артта
қалып жатыр. Бір кезде алдынан тау көрінді, тау үстінде
керемет әдемі ақ жұмыртқадай сарай тұр. Ол жан-жағына
ғажайып нұр шашады. Сарайдың ортасында алтын қақпа
бар екен, қақпаға түсініксіз жазу ойып жазылыпты. Әт-
тең, өкінішті! Бұл кезде ол оқу білмейтін!
Қақпа ашылды да Мұхаммед ішке кірді. Үлкен бөлме-
нің қақ ортасында алтын хауыздан мөп-мөлдір су атқылап
тұр. Сол су сарайдан шығып, таудан төмен қарай сылды-
рай ағып жатыр.
Бүркіт тағы да Мұхаммедтің қасына қонып, былай деді:
– Міне, мақсатыңа жеттің. Өзен арнасы суды қайдан
алатынын көзіңмен көрдің. Енді бақыттысың ба? Ендеше,
есіңде болсын: өмір мұраты – бақытқа қол жеткізу. Қазір
арқама мін, мен сені кейін апарып саламын. Әйтпесе,
бақытыңды жол бойы жоғалтып аларсың.
Мұхаммед бүркітпен аспанға көтеріліп, ұшып келеді.
Алдыдан самал леп еседі. Төмен қарауға қорқып, көзін
тарс жұмып алған... Кенет дәл құлағының түбінен:
– Мұхаммед! Сен мұнда қалай келгенсің? Неге үйден
алысқа ұзап шыққансың? Анаң уайымдап, жанын қояр
жер таппай отыр! – деген дауыс естілді.
Ол көзін ашты. Әлдекімнің қарулы қолдары әкесі
сияқты жерден көтеріп алды да, құшақтай алды. Содан
соң жайлап әкеліп, атқа отырғызды. Байқаса, әкесінің іні-
сі екен. Ұйқылы-ояу Мұхаммед көзін уқалап, жан-жағына
қарады.
– Ағатай, бүркіт қайда кеткен? Мен жаңа ғана бүркітке
отырып алып шырқау биікте ұшып жүр емес пе едім?
– Қайдан білейін? – деді баланың аман-есен табылғаны-
на қуанып, көңілденген ағасы. – Мүмкін, ұшсаң ұшқан шы-
ғарсың, жерге қонған соң ұйықтап кеткен боларсың. Әне,
бүркітің аспанда жүр. Менің арғымағым да сенің бүркітің-
нен кем емес. Қазір құстай ұшып, үйіңе жеткізеді...
Ағасы атының тақымын қысып қалып, қуанышты ха-
барды тезірек естірту үшін желдірте жөнелді.
ұхаммед сол күнді көз алдынан өткізіп
отырып қалыпты. Енді шалқасынан жа-
тып, екі қолын екі жағына жая аспанға
көз жіберді. Төбесінде мамықтай ақ бұлттар қалқып
жүр. Өздері аппақ түйелердің шудаларынан аумайды.
Пішіндері де әр түрлі. Көк жүзінде бұйра жүнді қойлар,
жібек жалды тұлпарлар бір-бірімен жарысып ойнап
жүрген тәрізді. Жерде үп еткен жел жоқ, ал жоғарыдағы
бұлттар жылдам қозғалады, тіпті ұзақ қарасаң басың ай-
налады...
Бір сәт шалғынның ұштары жейдесінен өтіп, жа-
уырынын қытықтағандай болды. Орнынан тұрып, өзен
арнасына жақындады. Сылдырап аққан су толқынын
қызықтап тағы біраз отырды. Сәлден кейін аяғының
астындағы жермен бірге өзі де жоғары қарай жылжып
бара жатқандай көрінді.
«Шынымен де осы рас болса, мен өзеннің бастау
алар көзіне дейін жүзіп барар едім, шіркін!» Өкінішке
орай, толқындардың жас «ойшылдың» қиялымен шаруа-
сы жоқ. Жердің шегіне асыққандай бірін-бірі қуалай
жүгіріп барады.
Үнсіз толқындардан ешқандай жауап ала алмайты-
нын білетін Мұхаммед енді үйіне қарай бет алды. Ке-
нет жақында керуен-сарайдан кездестірген бір сазгер-
ден естіген әуен ойына орала кетті. Қойнынан қурайдан
жасалған сыбызғысын алды да, осы бір әдемі әнді ойнай
бастады.
есиж бен Фарабтың арасы тиіп тұр. Ве-
сиждің балалары күніге Фарабқа барып,
қала көшелерін, базарларын аралап қай-
туды әдетке айналдырған. Оларға, әсіресе, қаланың ор-
тасындағы керуен сарайы орналасқан алаң ұнайтын.
Бұл уақытта Араб халифаты ұсақ «бөліктерге» ыды-
рап кеткен болатын. Ол баяғы айбынынан айрылған.
Соған қарамастан қалалар мәдениеті, кітапханалары
сол күйі сақталған. Алайда жаңа қалалар да күш алып,
гүлдене бастаған. Солардың бірі – Фараб. Ол Қытай, Пер-
сия, Русь, Кавказ және басқа да көптеген мемлекеттердің
арасындағы сауда-саттық байланысты қамтамасыз ете-
тін керуен жолындағы ірі қалаға айналған. Сондықтан да
Фараб қаласына саудагер көпестер мен саясаткерлер көп
келетін.
Жер жүзінің түкпір-түкпірінен ары-бері ағылып жат-
қан керуендер Фараб қаласына аялдайтын. Жүк артқан
түйелерін суытатын. Тауарларын түсіріп, күзетші қоятын.
Кейде оларын сататын, болмаса басқа тауарларға айыр-
бастайтын. Саудагерлер мен түйе айдаушылар керуен-
сарайларда бір-бірінен жаңалық сұрасып, уақыттарын
өткізетін. Бірнеше күн тыныққан соң жүктерін түйелерге
қайтадан артып, әрі қарай жолдарын жалғастыратын.
Осы жерде, қаланың дәл ортасындағы алаңда келіп-ке-
тіп жатқан керуендерден қала халқы алыс-алыс елдердегі
өмір туралы сұрап-біліп, әңгімеге қанығады.
Мұнда қала тұрғындарына таныс емес тілдерді естуге
болады, тіпті олардың әрқайсысының түр-келбеттері де,
киім киістері де өзгеше, ел соны қызықтайды. Керуенге
ілесіп жүретін жат жұрттық сазгерлер уақытын құр жібер-
мей, өз өнерлерін көрсетеді, қызығушылық танытқандарға
тіпті аспаптарын береді.
Мұхаммед те Фараб қаласының жиі келетін қонағы
еді. Оған орталық алаңдағы үлкен ағаштың көлеңкесіне
жайғасып алып, жан-жағын бақылаған ұнайтын. Ол тіл-
дері де, діндері де, әдет-ғұрыптары да өзгеше жат елдік
көпестерден, керуеншілерден еш уақытта қысылған емес.
Осы күнге дейін тіпті олардың сөздерін де жақсы түсінетін
халге жеткен. Парсылармен, гректермен, сириялықтар-
мен емін-еркін сөйлесіп, олардың айтқан әңгімелерінің
бірде-бір сөзін қалт жібермейді! Кей кездері керуен өнер-
паздарының, әншілер мен сазгерлердің ән-күйлерін құ-
марта тыңдайды.
Сазды әуендер ұнаған жағдайда Мұхаммед күйшілер-
дің қасына келіп, осыншама тамаша әуен шығаратын
аспаптарды айналдырып қарайды, олардың қалай жасал-
ғандарын сұрайды. Баланың көңілін қалдырғысы келме-
ген қонақтар оған кейде аспаптарын ұстап, ойнап көруге
рұқсат етеді.
Мұхаммедтің алғырлығы сонша, сазгердің үйреткенін
қолма-қол қағып алады. Үйге келген соң өзінің ойыншық
сыбызғысына салып көреді.
ірде Фарабқа барғанында сазгерлермен кез-
десіп, олардың аспаптарын әрі-бері ауда-
рып көріп, қалай дыбыс шығаратынын,
қалай, неден жасалатынын әбден біліп алған соң, өзі де
осындай аспаптар жасап алуға бекінді. Весижге келе салы-
сымен, өзеннің маңындағы тоғайға бет алды. Аспап жасауға
болатын ағашты ұзақ таңдады. Содан кейін бірнеше апта
бойы әкелген ағаштарының қабығын аршып, тазалады,
қажетті бөлшектерін дайындады. Бұдан соң тағы бірнеше
күн бөлшектерді бір-біріне бекітіп әуреге түсті. Қойдың
шектерін кептіріп, олардан аспаптың шегін жасады.
Ақыры, көптен күткен аспабы да дайын болды. Алай-
да онысы бірден сөйлеп кетпеді. Мұхаммед оны бірне-
ше рет бұзып, бірнеше рет қайта жасаудан жалықпады.
Ақырында, аспабының шектерінен сиқырлы да таза әуендер
шыққанда ол өзін нағыз бақытты сезінді. Әрине, бұл жолы
баяғы түсіндегідей емес, өңінде болды. Ол аспабымен ша-
уып келе жатқан арғымақтардың тұяғының дүбірін де, су
толқындарының шуылын да, тоғайдағы жапырақтардың
сыбдырын да, тіпті жас нәрестенің сықылықтаған күлкісін
де салуды үйренді.
Мұхаммед керуен-сарайда естіген ән-күйлерді айныт-
пай орындайтын болды, келе-келе бұрын еш жерде айтыл-
маған, ешкім естімеген, өз жүрегінің түбінен шыққан сазды
әуендерді сала бастады. Оның шеберлігі күн санап шыңдала
түсті. Ол енді аспабы арқылы тек өзін қоршаған айналадағы
түрлі құбылыстар мен дыбыстарды ғана емес, адамзатқа тән
ішкі көңіл-күйді, түрлі сезімдерді, яғни қуану, шаттану,
ренжу сияқты қасиеттерді бейнелеп бере білді.
«Сазгер досын» Мұхаммед қолынан тастамады. Ол
дүниедегі сан түрлі әуендерді, дыбыстарды аспап тілімен
жеткізуді мықтап меңгерді. Ал айналадағы құбылыстарды,
болмыс шындығын әлі де түсіндіре алмайтын еді.
ұхаммедтің жүрегін мазалаған сұрақтар
қаншама! Оттың жалыны неліктен жы-
лу таратады, ал су неге ыстық денені суы-
тады? Адамдар неліктен азап шегеді? Не себепті жер бетін-
де жамандық көп? Қала әкімдері неге жазықсыз жандарды
жазалап, ал кінәлы адамдарды қоя береді?.. Бір қызығы,
бұл сұрақтардың жауабы туралы ешкім ойланбайды! Адам-
дар «басқа түссе баспақшыл» дегендей, басына түскен іске
мойынсұнып, көндігіп жүре береді. Бас көтерер ақылды
деген үлкендердің өздері мұндай ауыртпалық келсе, аспан
күштерінің жіберген сынағы деп түсіндіреді.
– Аспандағы Тәңір бәрінен де құдіретті! Жерді, жер
бетіндегі бүкіл жанды, жансыз дүниені Тәңірдің өзі жа-
ратқан. Мына өмірдің құпиясы тек соған ғана аян!
Мұхаммед Құдай – Тәңір туралы жасынан талай естіген.
Весиждің шеткі жағында Мұхаммедтің туыстарының бірі
– көп жасаған, көп көрген ақсақал тұратын. Балалар оны
Ақ Баба атап кеткен. Оның жасының нешеде екенін ешкім
білмейтін, бірақ жұрт оны қатты қадірлейтін. Бастарына
қиыншылық түссе, кеңес сұрауға сол ақсақалға жүгіретін.
Ата-аналар балаларын да қарияға ақыл, білім үйрену-
ге жіберетін. Әшейінде ешкімге дес бермейтін «еркетай-
лар» қарияның үйінің табалдырығын аттағаннан-ақ жым
болады. Әп-сәтте өзгеріп, тәртіпті болып шыға келеді.
Ақсақалдың суық жүзі мен атағынан именеді. Қалың етіп
төселген текеметтің үстіне жайғасып, Ақ Бабаның ақыл-
өсиетін ұйып тыңдайды.
Қария дәрісін бірден бастай қоймайды. Жоғарыдан бел-
гі күткендей, көзін жұмып тыныштыққа құлақ түреді. Со-
дан соң әр балаға көз тоқтатып, барлап қарап алады. Бәрін
түгендеп, оқып болған соң ғана сөзге келеді.
– Құдіреті күшті Құдай өздерің күнде көріп жүрген мы-
на әлемді өз қалауынша жаратқан. Бастарыңды көтеріп
жоғары қарағанда көретін мына аспан – бәріміз бақылай
алатын аспан. Бұдан басқа Тәңірдің өз аспаны бар. Оған
біздің көзіміз жетпейді. Тәңір бүкіл әлемді өзі басқарады,
жердегінің бірде-біреуі оның назарынан тыс қалмайды.
Тәңірден тілеу тілесеңдер, ол тілеулеріңді береді!..
Баяу сөйлегенмен, сиқырлы күші бар зор дауысы бала-
ларға ерекше әсер етеді. Олар Ақ Бабаның үйінен салмақты,
ойлы болып шығады. Бірақ өзенге жақын жердегі ойын
алаңына жеткен кезде, бұрынғы еш алаңсыз, уайымсыз-
қайғысыз қалыптарына қайта түсіп, улап-шулап жүгірісе
жөнеледі.
Қазір Мұхаммедтің есі кіріп, Құдай туралы жиі ойла-
на бастады. «Егер бүкіл тіршілікті: жер мен көкті, аң мен
құсты, көлдер мен теңіздерді жалғыз өзі қолдан жасаған
болса, Құдайдың теңдессіз, ұлы болғаны да! Бірақ соның
барлығының үстінен қарасын деп Құдай адамды жаратты,
оған ой, сана берді. Адамнан басқа ешбір жанды, жансыз
нәрсеге өзі жаратқан дүние, болмысты танып, білуге ақыл-
ой мен қабілет дарытпаған...»
Мұхаммед кішкентай жүрегімен қоршаған дүниенің
сырларына тереңірек бойлауға үйренді. Өсімдіктер мен жа-
нуарлар әлемі өзінің қатаң заңдылығымен, жүйелілігімен
таң қалдырды. Кең-байтақ дала, таулар, орман-тоғайлар,
өзен-көлдер алуан түрлі аңдарға, құстарға, балықтар мен
ұсақ жәндіктерге толған. Олардың барлығы бір-бірімен
тығыз байланыста өмір сүреді. Бір-бірінің тіршілік етуіне
мүмкіндік береді.
«Мынау кесіртке, – деп ойлады Мұхаммед, – шапшаң ті-
лімен бір күнде қаншама ұсақ жәндіктерді аулап жейді! Ал
егер осы шыбын-шіркейлер мен қоңыздар таусылып, жоқ
болып кетсе ше? Әрине, онда кесірткенің тамақ тауып же-
уі қиынға соғар еді. Тіпті оның аштан өлуі де мүмкін ғой.
Жәндіктермен қоректенетін басқалар да, мысалы бақа-ша-
яндар да қырылып қалар еді...»
Қабағын керіп қойып Мұхаммед ойын қайта жал-
ғастырады. «Бір жағынан алғанда мұндай қатыгез
тіршіліктің пайдалы тұсы тағы бар. Егер кесірткелер
тұқымымен жойылып кетсе, шыбын-шіркейлерді кім ау-
лайтын еді? Онда жәндіктер құжынап, жер бетін басып ке-
тер еді ғой. Әрбір жәндік күніне қаншама тұқым әкеледі!
Бұлай болған күнде шыбын-шіркейлер қаптап ұшып,
бұлтқа айналып, күн сәулесін жауып тастайды. Тіпті
ойлаудың өзі қорқынышты!..»
Мұхаммедке өз қиялы ұнамады. Сонда қалай – жән-
діктер күн көзін жерге жібермесе, адамдардың өмірі не
болмақ?
Осыны көз алдына келтіргенде Мұхаммед өз ойынан
өзі шошынды. Сонда ол дүниені реттеп, қиюын тауып, те-
пе-теңдік сақтап отырған Тәңірдің даналығын, адамдарға
мейірімділігін үлкен ілтипатпен ойға алды.
«Тәңір тіршілікті жаратқанда, бүге-шігесіне дейін
ойластырған, – деп ойлады Мұхаммед. – Сол себепті мұндай
сұмдық еш уақытта болмайды. Шіркейлер күн көзін жаба
алмайды. Кесірткелер біржола құрып кетпейді. Ол мүмкін
емес».
Мұхаммед алуан түрлі қауіпті әрі қызықты жағ-
даяттарды әр уақытта жаңадан ойлап тапқанды және
осы жағдайлардың шешімін табиғаттың өзінен іздегенді
ұнататын.
«Жер-дүниені жасаушы, жаратушы, жан беруші
Құдайдың ақылдылығы жанда жоқ. Одан ешкім асып тү-
се алмайды! Оның Ұлылығына, Құдіреттілігі мен Мәңгі-
лігіне ешкім шек келтіре алмайды!»
Жаратушы Тәңірдің керемет күштілігін, оның бойын-
дағы білімнің шексіздігін ойлап отырып, оған ынтыға
түседі, ол сияқты баға жетпес білім кеніне қол жеткізу-
ді арман етеді. Сондай сәттерде Мұхаммед өз-өзіне көңілі
толмайтынын байқайды. Иә, оған бірдеңе жетіспейтін-
дей. Тынысы тарылып, шөлдейтін тәрізді. Бірақ бұл жас
өспірім баланың көрсем, білсем, білім нәрімен шөлім
қанғанша сусындасам деген талабы, рухани азықты қа-
жетсінуі болатын.
есиж балалары көшпелілерге тән әдет-
ғұрып бойынша жаз уақытында күн ұя-
сына қонып, күндізгі аптап қайтқан шақта
алаулатып от жағып, соның айналасына алқа-қотан оты-
рып, қыс кезінде біреулерінің үйіне жиналып, таң атқан-
ша ақсақалды қариялардың аузынан көнеден жеткен
жыр-аңыздарды, өсиет-өнегелерді тыңдап, ғибрат алатын.
Өсе келе Мұхаммед болмыс шындығын үлкендердің айтуы-
мен қабылдап түсінудің, өмір туралы қарапайым біліммен
шектелудің аздық ететінін сезінді.
Мұхаммедтің болашағына жол ашқан кемеңгер дана
қарт Ақ Баба еді. Ол Мұхаммедтің бойында білімге деген
ерекше құлшыныс пен қабілет бар екенін бірден байқап,
жазу-сызуды меңгерткен.
Ағаштан жасалған жұқа тақтайшаға алғаш рет әріп-
терді, келе-келе тұтас сөздерді жазуды осы Ақ Баба ата-
сы үйретті. Мұхаммедтің қолдары жылдам жаттықты.
Қазір музыкалық аспабы – кипчагиде қалай еркін ойнаса,
қаламды да нық, еркін ұстайды.
Айтқандай, бұрынғы алғаш рет өз қолымен жасаған
«сазгер досы» атанған аспабы да, алғаш сауатын ашқан да-
нышпан атасы да бұл күнде жоқ.
Данагөй ақсақал өзінің бұл өмірден өтерін күні бұрын
сезіп, Мұхаммедті шақырып алып, жазбаларын, кітапта-
рын, құнды ойлар, мәтіндер жазылған тақтайшаларын
қалдыратынын айтқан. Ақ Баба мұндай құнды дүниелердің
бағасын тек Мұхаммед қана түсінетінін, асыл мұраға тек
ең сүйікті оқушысы Мұхаммед қана лайықты екенін көріп-
білген дерсің.
ітаптарды бірден ашып қарауға Мұхам-
медтің батылы жетпеді. Ақ Бабаның өл-
геніне сенгісі келмеді. Қария жерде, тірі-
лердің арасында жүр деп ойлады. Ол үлкендерден адам өлсе
де, оның аруағы туыстарын аралап, келіп тұрады дегенді
көп еститін. Содан ба, қария кітаптарын қайта алып кете-
тіндей көрінді де тұрды.
Дегенмен, уақыт бәрін ұмыттырды. Біртіндеп Мұхам-
медтің көңілі орнықты. Оған қоса, осы қазыналардың бәрін
Мұхаммедке қария тірісінде өзі қалдырды емес пе? Сондай-
ақ ол кісінің аруағы да разы болуы тиіс. Себебі, қарт қайтыс
болған күндері Весиж тұрғындары түгел жиналып, оны
соңғы сапарға үлкен құрметпен, ата-баба салтына сай сал-
танатпен аттандырды.
Қарияның денесін киіз үйдің ішіндегі биік қондырғыға
жатқызып, үстіне қалы кілем жапты. Алыс-жақын туыста-
ры үйді жеті рет айналып шығып, ақсақалмен қоштасты.
Әйелдер жағы көне дәстүр бойынша жоқтау айтып, Ақ Ба-
ба қарттың өлімінің орны толмас қайғы екенін зар өлеңге
қосты.
Киіз үйлердің қасында ер адамдар жылқылар мен
қойларды бауыздап, құрбандыққа шалды. Бұл Жерасты
Әлемінің патшасы – Еркілік қайтыс болған адамның жа-
нын өз патшалығына қабылдауы үшін жасалатын ырым-
жоралғы болатын.
Қарияға арнап қонақасы беріліп, осындай оқиғаға
байланысты жасалатын барлық рәсімдер орындалғаннан
кейін Ақ Бабаның денесін қаланың сыртындағы Арыс
өзенінің жағасына бірнеше адам жаяу көтеріп алып барды.
Сол жерде алдын ала дайындалып қойылған ағаштардан
үйілген қондырғыға жатқызып, ол кісіні өртеді. Киімдері
мен заттарын да қоса жағып жіберді. Өйткені көне дәстүр
осындай еді.
Ақ Бабадан естелік ретінде данагөй қарттың көзі бо-
лып тек Мұхаммедке өзі қалдырған кітаптары мен қол-
жазбалары ғана сақталды.
Оттың орнынан күлді жинап алып, құмыраға салды
да, аузын мықтап бекітіп, теріге орап тастады.
Бұл құмыра осы күйінде күзге дейін сақталуы тиіс.
Көктемде және жазда қайтыс болғандардың күлін ағаш
жапырақтары қурап түскенше жерге бермейтін. Халық
күз мезгілін табиғаттың өлуі деп түсінген. Күз түскен
уақытта жерлеу рәсімі өткізіледі. Құмыраны жерге
көмеді де, үстіне діңгек орнатады. Егер өлген адам ба-
тыр болса, діңгекті тастармен қалайды және ол туған
елін қорғау үшін қанша жауын өлтірсе, тастың саны
сонша болады.
Шындығында, Ақ Бабаға дейін өлген кісіні жерлеу
салты өзгеріп, ел ішінде жаңа рәсім қолданылып жүрген
болатын, яғни адамның денесін өртеуге шек қойылған.
Алайда көпті көрген дана қарт өлер алдында өзін ата-
баба дәстүрі бойынша көне рәсіммен жерлеуді өтініш
еткен екен.
Қарияның тілек-өтініші түгелімен орындалды. Олай
болса, ол кісінің жаны жәннатта жай тауып жатқан
шығар. Кітаптарын тірілерден қорғаштаймын деп, со-
ған бола қайтып келе қоймас?!
Ақыры, өзін-өзі жеңіп, осы ойға тоқталған Мұхаммед
кітаптардың бірін қолына алып, ден қоя оқи бастады.
ас өспірімдік шаққа жеткенмен де, Мұ-
хаммед Фараб қаласындағы керуен ор-
талығына барып, басқа елдерден кел-
ген саудагерлермен сұқбат құру әдетін тастамады. Бір-
де ол осы алаңда түрік және грек тілдерінде жазылған
кітаптар тиелген керуенге жолықты. Оның иесі жөн
сұрасқанда кітаптарды Фараб қаласының жергілік-
ті кітапханасына арнайы әкелгенін айтты. Көне қол-
жазбаларды ең болмағанда ұстап көрсем деген оймен
Мұхаммед жаңа танысына қол көмегін ұсынды, анау ке-
лісе кетті. Өкінішке орай, арманы орындалмады, кітап-
тарды қалың кенептерге салып, текшелеп буып-буып
тастапты. Алайда, алған бетінен қайтпайтын Мұхаммед
қоймай жүріп, кітап қоймасына қалай кіруге болаты-
нын сұрап біліп алды.
Мұхаммед жаңа танысының ақыл-кеңесінің арқа-
сында кітапханаға кіру мүмкіндігіне ие болды. Мұнда
өзі сияқты балалар көп екен. Мұхаммед олармен жиі
кездесіп, достасып кетті. Әсіресе, Жамал есімді баламен
тез тіл табысты. Жамал Мұхаммедке көп көмегін тигіз-
ді. Қандай кітаптарды бірінші кезекте оқу керектігін
түсіндірді. Өзі болған алыс елдер туралы көрген-білгені-
мен бөлісті. Кейде ол керуендерге ілесіп, бірнеше апта
бойы ел аралап кетіп жүрді. Әр сапарында жаңа кітап-
тар мен қызықты әсерлер әкеліп отырды.
өп ұзамай рухани қазына мен жаңа дос-
тарына жақынырақ болу үшін Мұхаммед
Фараб қаласына ауысты. Ол Жамалмен бір
бөлмеде тұрды. Жамал жиі сапарлайтын болғандықтан,
Мұхаммед бар уақытын кітап оқуға арнады. Күндіз кітапха-
наны ақтарып, кешкілік Жамал қалдырып кеткен кітаптар-
ды кеміреді. Осылайша ол ең алғаш рет көне заман ойшыл-
дары, асқан ақыл иелері Аристотельдің және Платонның
ғылыми-философиялық шығармаларымен танысты.
Әрбір жаңа кітаппен, қолжазбамен танысқан сайын
Мұхаммедтің ақыл-ойы толысып, өрісі кеңейіп, көңілінің
көзі ашыла берді. Ол бірте-бірте әлемдік ғылым негізде-
рін меңгеруге ден қойды. Жаратылысты, өмірдегі барлық
құбылысты ғылыми тұрғыда нақты түсіндіретін жаңа әлем
Мұхаммедті өзіне баурап, ақыл-ойын жаулап, мағынасыз,
бір арнамен жүретін қалыпты тіршіліктен алыстата берді.
Жас Мұхаммед бар өмірін адамдар ойлап, біле бермейтін
мәселелердің жаратылысын, себеп-салдарын іздеуге сарп
еткен ойшыл Платон сияқты өмір кешуге, өз күш-жігерін
ілім-ғылымға арнауға дайын болды. Ол ірі ғұламалардың
шығармаларын, қоршаған орта туралы ғана емес, адамның
ішкі әлемін философиялық тұрғыда тұжырымдайтын
ғақлияларын* бірінен соң бірін сүйсіне оқыды. Мұхаммед
алғаш рет өзінің жаратылыс құпияларын түсінуге жетелей-
тін кең жолға аяқ басқанына сенімді болды. Көне заманнан
жеткен әрбір қолжазба оған білім әлемінің есігін кеңейте
ашып, таным баспалдағымен жоғары өрлете берді.
Айналасын қоршаған жұмбақ дүниенің сырлары Мұ-
хаммедті қатты қызықтырды. Енді оған Аристотель
мен Платон қарама-қайшылықтар мен сұрақтарға тола
буырқанып аққан таным өзенінің арнасын ұстап тұрған екі
жағадай болып көрінді. Сонымен қоса Аристотельді де,
*Ғақлия – ой-пікірді философиялық тұрғыда тұжырымдайтын трак-
тат, шығарма.
Платонды да адамдар арасындағы қарым-қатынас, сала-
уатты өмір салты, әділеттілік пен әділетсіздік мәселелері
толғандырған. Мұның бәрі Мұхаммедтің де жүрегін ма-
залайтын.
Ғақлия, шығармаларда жазылған ақиқат әділеттілік
пен парасаттылыққа, батылдық пен адамгершілікке ба-
ратын жолды анықтап берді. Мұхаммедтің өз жүрегінен
шыққан ойлары мен сезімдері енді кітапта айтылған
шындықпен жанасып, үйлесіп, жасынан сезімтал жаны
рухтана түсті. Сондай сәттерде бала күнінде естіген жер
жаннаты – Ергенекөн қонысы туралы аңыз ойына орала
кетеді. Ергенекөндегі адамдар өте бақытты өмір сүріпті,
олар зұлымдық, жауыздық атаулыны білмепті.
«Егер адамдар бақытты болса, онда ол елдегі ең
жоғарғы төреші – әділеттілік, – деп түйіндейді Мұхаммед.
– Бұл – сол елде өмір сүретін тайпаның үйлесімді өмір
сүру заңдарын білгені және әділеттілік, жақсылық жо-
лын өз еркімен таңдай алғаны. Олар бір-біріне көмектесе
отырып, бақытқа бірге қол жеткізеді».
Мұхаммед әрбір мүшесі өзін бақытты сезінетін,
алаңсыз өніп-өркендейтін тамаша парасатты қоғам тура-
лы армандады. Сол үшін ол тамақ пен ұйқыны ысырып
тастап, бүкіл уақытын кітап оқуға, оқығанын ой елегі-
нен өткізуге арнады. Оның миында, қиялында жарқын
болашақтың жоспары, керемет сарайлар мен қалалардың
суреттері біртіндеп құралып жатты.
Мұхаммед орталық алаңға әр келген сайын үнемі
бір жұмыс табыла кететін. Көбінесе, ол жан-жақтан
жиналған керуеншілерден шет елдерде болып жатқан
жаңалықтарды сұрай жүріп, түйелерге тиелген ауыр-
ауыр тауарларды түсіруге көмектесетін. Сол үшін оған
көпестер аздаған тиын-тебен төлейтін. Қайтар жолында
Мұхаммед базарға соғып, буы бұрқыраған ыстық таба
нандар мен нәрлі жеміс-жидектер сатып алады. Соның
өзі жаздың ыстық күндері жүрек жалғау үшін жеткілік-
ті еді.
Бір күні саудагер (әдетте, Мұхаммед одан үнемі жеміс-
жидек, көкөніс сатып алатын) «осындай сымбатты жас жі-
гіт неліктен үнемі ой үстінде жүреді?» деп сұрады.
– Мына жалғанда жас жанға қызық, қуаныш аз ба?
– Сіз дұрыс айтасыз, мырза, – деп жауап берді Мұхаммед
басын иіп. – Алайда жан-жағыңызға қараңызшы: бұл
өмірде қатыгездік пен надандық та аз ба екен? Адамдар
бір-біріне мейірімді және әділетті ме?
Саудагер таң қала басын көтерді.
– Бұл әлемнің кемшіліктері туралы ойлануға сіз
әлі жассыз. Сенің жасыңда мен сыбағамнан тартынған
жоқпын, жастығымды думанмен өткіздім. Ал не әділетті,
не әділетсіз екенін шешу – бір Алланың қолында.
Мұхаммедтің балаң жүзінде күлкі ойнады.
– Онда тұрған не бар? Егер біз өз қоғамымызда өз
қолымызбен әділеттілік пен ізгіліктілік орнатсақ, оны-
мызбен Құдайды тек разы етеміз.
Сәлден соң-ақ екеуінің қасына ел жиналып қалды.
Адамдардың назары сөзқұмар саудагерді одан сайын
қоздырып, сөзінің дәмі кіре бастады.
– Сен соған сенесің бе, адамдардың арасында қандай
әділеттілік болуы мүмкін? Адамдар өмір бойы бір-бірімен
күресіп келді және күресе береді де: әркім жақсы өмір сүру
үшін, өз өмірінің қауіпсіздігі үшін, тіпті байлыққа қол
жеткізу үшін!.. Кімнің күші басым – сол мұратына жетеді!
Жеңіс тойы соныкі!
– Шындығында, кімнің қолында күш бар, сол әлсіздерді
тұқырта береді. Көптеген адамдар мұны әділетті деп санай-
ды, – деп келісті Мұхаммед. – Ал егер күші мен жағдайы тең
екі адам бір-біріне қарсы келсе немесе күштері бірдей екі
топ күрессе, онда олардың арасындағы талас ұзаққа созы-
лып кетер еді де, әрқайсысы жеңістің құны мен жеңілістің
азабын сезінер еді...
Саудагер Мұхаммедтің ойларын қызыға бақылады.
– Сол кезде, – деп жалғады Мұхаммед, – олар ойлана
келе, күштерін біріктірудің, талас болып жатқан нәрсені
тату-тәтті бөлісудің жөн екеніне көздерін жеткізеді. Тіпті,
ортақ келісімге де келуі мүмкін. Сөйтіп, жауласудың ор-
нына өзара түсінушілік орнайды!
Саудагер күліп жіберді.
– Ол да мүмкін, бірақ бұл жерде екі жақтың күші бір-
дей. Егер біреуі өзінің басымдық алып бара жатқанын се-
зе қалса, келісім сол сәтте бұзылады! Қай заманда болма-
сын, күштілер өзінен төмендерді бағындырғанды жақсы
көреді.
Мұхаммедтің қарсыласы «осым қалай?» дегендей, жан-
жағына масаттана қарады.
Жиналған ел даурығысып, бастарын шұлғып, мақұл-
дап жатыр.
– Әрине, кез келгеніміз мұндай жағдайды бастан өт-
кізетініміз анық. Ал егер бөлісе алмай жатқан екеуге олар-
дан да мықты үшінші қарсылас бас салса ше? Сонда не
болар еді?
Енді Мұхаммед даурыққандарды жанарымен бір шо-
лып өтті. Оның бұл сұрағына ешкімнің айтары болмады.
Саудагер де ойланып қалды. Олардың жауабын күтпестен
Мұхаммед сөзін қайта жалғады:
– Бұл түсінікті емес пе, олар төбелесті қояды да, бір-бі-
ріне көмектесе бастайды!
– Олай болса, екі жақтың жауласпауы үшін үшінші бі-
реуді жіберу керек екен ғой! – Саудагер қарқылдап күліп
ала жөнелді.
– Бұл міндетті емес, – деп Мұхаммед сабырмен жа-
уап берді. – Екі жақ бірігіп, алдарына жеке өздері шеше
алмайтын үлкен мақсат қоюларына болады. Сонда олар
араларындағы кикілжіңді ұмытып, бір-біріне көмек беру-
ге ұмтылады.
– Мұндай нәрсе қаншаға созылуы мүмкін? – деп мыс-
қылдады саудагер.
– Кім біледі! Бәрі қандай мақсат қойғандарына байла-
нысты. Уақыт өте олар өздері таңдаған жолдың әділеттілік
екеніне көз жеткізеді.
Жиналған жұрт елдің бәрі түсініп, байыбына жете ал-
майтын дүниелер туралы батыл әрі сенімді айтып тұрған
қара торы жігітті қызыға тыңдады. Алайда олардың көз-
дерінде «мұндай болуы мүмкін бе?» деген күдік те тұрды.
Сол кезде Мұхаммед:
– Биік таулардың арасында қалған Ергенекөн жазығы
туралы көне аңыз естеріңізде бар ма? Сол елде адамдар
бақытты тірлік кешкен, бір-біріне қысым жасамаған.
Айтыңыздаршы, көшіп-қонып өмір сүрген ата-бабалары-
мызда әділет, бақыт, ізгілік сияқты ұғымдар қайдан пайда
болды деп ойлайсыздар?..
– Білмейміз, – деп ел бастарын шайқады.
– Оны мен қайдан білейін, – деді саудагер.
– Бабаларымыздың тағдыры оңай болған жоқ. Өз ар-
мандарын жүзеге асыруға жағдайлары келмеген. Бірақ
сол арманын балаларына, одан әрі ұрпақтан ұрпаққа жет-
кізіп, сақтау үшін тамаша аңызға салған... Аңыздың түпкі
мән-мағынасын түсінетін кез келді. Адамдар бір-біріне бет
бұрып, өзара түсінісуге тырысуы керек!
Жұрт жым-жырт. Бәрі үнсіз тыңдап қалған. Мұхаммед
әңгімесін аяқтауға ыңғайланып, саудагерге сатып алған
заттарының ақшасын ұсынды. Анау болса:
– Жігіт, сен маған әңгіме айтып, жанымды жадырат-
тың. Қарашы, екеуіміздің пікір таласымызға қаншама
адам жиналды. Ақшаңды ала ғой. Мына жемістер ме-
ні тыңдап, ой бөліскенің үшін берген сыйлығым болсын.
Қайда жүрсең де аман бол! Жолың болсын! Тағы да келіп
тұр, сенімен әңгімелескен жақсы екен.
Мұхаммед басын иіп, ізет білдіріп, жөніне кетті.
Артындағы елдің:
– Өзі жап-жас болғанмен, үлкендерше ойлайды екен!
– деген дауыстары естіліп жатты.
Ал оларға кейбіреулері:
– Өмір туралы қалай айтады, әлі өмірді көрген жоқ,
оңы мен солын танымаған жас бала! – деп қарсы пікірлерін
білдіріп жатты.
Мұхаммед еш қысылып-қымтырылған жоқ. Керісін-
ше, кездейсоқ болған пікір таластан ішкі дүниесінде
өзгеше бір сезім пайда болды. Білгенін оқушыларына
жеткізгенде ұстаздар сезінетін рақат күйді Мұхаммед
алғаш рет басынан кешті. Саудагер екеуінің әңгіме-
сінен соң өз ой-тұжырымдарын, кітаптардан оқыған-
дарын басқалармен бөлісу ниеті оянды. Өзі ашқан
жаңалықтарын, енді ғана түйсініп, игеріп келе жатқан
білімін елге тезірек түсіндіргісі келді. Оның пайым-
дауынша, ақсақалдардың аузынан талай естіген тау
шатқалындағы жанға жайлы құтты қонысқа апара-
тын жолдың еш құпиясы жоқ. Шындығында, бұл жол
әркімнің жүрегінде тығылып жатыр, егер адам өз
жүрегін тыңдаса, ол қалада тұрып та, керуенмен бірге
шөл даланы кезіп жүріп те, өзен жағасында отырып та
бақытқа, ізгіліктің шыңына жете алады...
Мұхаммед осы ойларымен ең алдымен кіммен бөлі-
суі керек, әрине, өзі туған Весижбен!
Весиж! Весижге бармағалы, ата-анасын, туған-туыс,
дос-жарандарын көрмегелі қашан!
Весижде Мұхаммедті көңілсіз жағдайлар күтіп тұр-
ды. Әкесі әскери қызметте жүріп ауыр жараланыпты.
Астындағы арғымағы қатты шауып келе жатып аяғы
сүрінгенде әкесі аттан ұшып түсіпті. Анасы жаны көзіне
көрініп, азаптанып жатқан ерінің көңілін таба алмай,
қиналып жүр екен. Сүйікті ұлының туған ұясына қайта
оралғанына қатты қуанды. Бірақ ол сезімін, әдеттегідей,
баласына көрсетпеді. Мұхаммедті құшақтап, маңдайынан
иіскеді де, әкесінің жайынан хабардар етті.
Оның келгенін білген әкесі де Мұхаммедті дереу өзіне
шақыртты.
– Балам, – деді ол, – қағанымызға* әлі де талай жыл-
дар адал қызмет етер едім. Алайда Құдайдың жазуымен
болған мына жағдай менің тағдырымды шешіп берді...
*Қаған – әмірші, патша.
Ол ауыр күрсініп, сөзін жалғады:
– Әрбір әке ұлының өз жолын қуғанын қалайды. Сен
туғанда өмірге сарбаз келді деп қуанғам. Ақ боз атқа мі-
ніп, қару-жарақ асынған айбынды жауынгер болар деп
елестеткем. Бірақ мен сені бұған күштеп мәжбүр етпей-
мін. Сен жасыңнан ерекше бала болып өстің, құрбылары-
ңа ұқсамадың. Құдай тағала сенің жаныңды нәзік етіп жа-
ратыпты...
Басын көтеріп Мұхаммедке қарап:
– Айтшы өзің, Құдайдың еркімен әкеңнің қолынан
шығып кеткен істі жалғастыруға дайынсың ба? – деді.
Соңғы сөздерді айтқанда әке үні нық шықты. Мұ-
хаммедтің көкірегінде құрмет тұту мен мақтаныш сезімі
бас көтерді. Ол осы күнге дейін әкесінің босағанын көрген
емес, қазір төсек тартып жатса да, өзіне-өзі өте берік. Ал
сөздерінің астарында қаншама мағына, ой бар.
Мұхаммедтің жүрегі шым етті. Дегенмен, ол әкесі өзі-
нен қандай жауап күтетінін түсінді. Басын иіп, ізет көрсет-
ті де, жайлап сөзін бастады.
– Әке! Сіз мен үшін барлық уақытта да батырлық пен
айбындылықтың үлгісі болдыңыз! Қазір таңдау жаса-
уым қажет екенін ойлап, жүрегім қарс айрылғалы тұр...
Сіз мені нағыз жауынгер етіп тәрбиеледіңіз, соғыс өнеріне
жасымнан баулыдыңыз. Мен әке ісін жалғастырушы,
елін қорғар жүрек жұтқан сарбаз бола алар едім. Бірақ
жүрегімде басқа нәрсе тамыр жайды...
Ол терең тыныс алып, негізгі мәселені айтуға көшті.
– Әке! Мен сізді де, сіздің ісіңізді де шексіз сыйлаймын.
Алайда кітаптар маған басқа жолды көрсетті... Сол жолға
түсіп, білім әлемін меңгеріп, ғылымға өз үлесімді қоссам
деп армандаймын. Ол да үлкен күш-жігерді қажет етеді. Ме-
нің таңдауым осы, енді сіздің шешіміңізді білгім келеді.
Сөзінің соңын нық, сенімді айтты.
Әкесінің жанарында ұшқын пайда болды, бірақ ол ба-
ласына сездірмей, сабырлы қалпын сақтады.
– Бар. Мен ойланып көремін.
ұхаммед Весижде тұрып жатты. Өзіне та-
ныс дыбыстарды тыңдап жатып ұйықтап,
сол дыбыстармен бірге оянады: сол баяғы
иттердің үруі, ат тұяғының дүбірі, балалардың шуылы.
Тек анасының көңілді әндері ғана естілмейді...
Мұнда келгелі барлық туыстарымен көрісті. Арысқа да
барып қайтты. Бәрі бұрынғыша, ештеңе өзгермеген. Суы
толастамаған, баяғыдай Сырдарияға қарай асыға ағып жа-
тыр. Бірақ Мұхаммедтің өз көзқарасы өзгеріпті. Ол енді
басқа көзбен қарайды. Бір кезде жерден шыбық алып, суға
қарай лақтырып қалды да, өзі күліп жіберді. Бала кезі есі-
не түсті: жағада отырып, су қайдан басталады, қайда кете-
ді деп басын талай қатырып еді-ау.
Ақ сақалды қария ше? «Сен өзеннің қайдан бастау ала-
тынын білгің келе ме? Әлде болмыс шындығын түсінгің
келе ме? Бір орында отырсаң, мұның алғашқысына да,
соңғысына да жауап таба алмайсың...» деп, мұнымен үлкен
адамша сөйлескен.
Мұхаммедтің күлкісі сап тыйылды. «Сондағы қарт...
тектен-текке бұлай деген жоқ. Мұндай сөздерді зердесі же-
тілмеген балаға айтпайды. Ол қазіргі маған айтты және
күні бұрын біліп айтты!»
Ол енді сол кездегі қария тұрған жерге, ол жүріп кеткен
жолға қарай жақындады. Кенет таяққа сүйенген адамның
соқпаққа түсіп кетіп бара жатқанын көзі шалды. Әлгі бей-
не аз уақыт көрінді де, сәлден соң ғайып болды.
Мұхаммед өз көзіне өзі сенбеді: өңі ме, түсі ме? Басы ай-
налып, денесінен әл кеткендей болған соң шөпке отырды.
– Бұл не? – деді ол қасында тірі жан болмаса да дауы-
сын шығарып.
«Кім болды екен?» Уақыт артқа қарай бірнеше жылға
кері секіріс жасағандай: бала кезінде сөйлескен ақ сақалды
қарияны бүгін қайта көрді...
рыс жағасындағы оқиға жайлы Мұхаммед
ешкімге тіс жармады. Айтарлықтай еште-
ңе де болған жоқ қой. Әшейін, таяқ ұс-
таған қартты сыртынан көріп қалды. Қалғанын қиялы
толықтырды.
Алайда сол сәттен бастап жүрегінің түкпіріне баяғы
қарт қолындағы таяғымен, бірнеше жыл бұрынғы айтқан
сөздерімен бірге мықтап орнығып алды.
Осылайша күндер өтіп жатты. Мұхаммедті белгісіздік
қинады. Әкесі үндемейді. Содан бері ол баласын қасына
шақыртқан жоқ. Бірде кешкілік Мұхаммедтің келгеніне
бес-алты күн болғанда анасы ауладағы ескі орындыққа,
баласының қасына жайғасып, жайлап сөз бастады.
– Балам! Жер бетіндегі біздің өміріміз өлшеулі, кім
қанша жас жасайтынын ешкім білмейді. Саған дейін туған
төрт ұлымызды кішкене күнінде Құдай қайтып алған. Үш
қызымыз тұрмыс құрды. Енді олардың өз отбасы бар, олар
сол әулеттің тұқымын жалғастырады. Екі қарындасыңның
да ертеңі сондай болмақ. Сен – біздің жалғыз үмітімізсің.
Әкеңнің ұрпағын жалғастыру міндеті сенің мойныңда.
Сәл отырып, ұлының көзіне тік қарап:
– Туған ұяңнан алыстап барасың... Адам оймен ғана
өмір сүруі мүмкін емес. Құдай саған бас қана берген жоқ,
қол да, аяқ та, дене де берді... Сен өмір бойы айналысатын-
дай нақты іс таңдауың қажет.
Мұхаммед анасына мейірлене қарады. Анасы бұрын-
ғысынша көрікті, ажарлы, орамалдың астынан қап-қара
шаштары көрінеді, алайда самайларын аздап ақ шалыпты.
Әкесі науқастанғалы бері өңі жүдеңкіреп кетіпті.
– Менің болашағым туралы әкем менімен сөйлескен. Бі-
лемін, ол кісі менің жауынгер болғанымды армандайды...
– Егер сен жауынгер болғың келмесе, әкең сені қи-
намайды, – деп шешесі баласының сөзін аяқтатпай іліп
әкетті. – Ол сені жақсы көреді және түсінеді. Бірақ бізді
алаңдататын басқа нәрсе, сенің болашағың. Аяғыңда нық
тұру үшін, өзіңді, болашақ балаларыңды асырау үшін бір
кәсіп тап... Айтшы, не істемек ойың бар? Ал келіннің жа-
йын әкең екеуміз ойластырып көреміз.
Мұндай әңгімеге ол дайын емес еді. Мұхаммед сасқа-
лақтап, қолындағы бүгін ғана сарайдан іздеп, зорға тауып
алған сыбызғысын түсіріп алды.
– Абыржыма, – деп күлімдеді анасы. – Біз саған әдемі
қалыңдық іздейміз.
Мұхаммед сыбызғысын жерден көтеріп, шаңын қаққан
болып жатыр. Анасы сөзін басқа арнаға бұрғысы жоқ.
– Саидтың қызы Гүлге қалай қарайсың?
– Гүл?! – Мұхаммедтің есі шықты, сыбызғысын да,
әкесімен болған ауыр әңгімені де бірден ұмытты.
– Несі бар? – Анасы мәселенің маңыздылығын көрсеткісі
келгендей, орамалын түзеп қойды. – Әкесі – ел құрметтейтін
адам. Ал өзі сондай сұлу. Әкең екеуміз, Құдайға тәубе, ке-
дей емеспіз. Қалың малын тауып беруге шамамыз жетеді.
Саидтың бой жетіп отырған сұлу қызы бар екені жөнінде
бүкіл ел білетін. Табиғат ерекше етіп жаратқан Гүлдің көркіне
ынтықпайтын жігіт жоқ. Анасы Гүлдің атын атаған кезде
Мұхаммедтің жүрегі аттай тулап, екі беті алаулап кетті. Ол
сұлулыққа қатты қызығатын, алайда махаббат туралы ой ба-
сына келе қойған жоқ еді.
– Бұған не айтасың, балам? – Анасы жауап күтіп отыр,
ал Мұхаммедте үн жоқ. – Әкеңнің жағдайын білесің. Сен
үйленсең, көңілі бөлінер еді. Содан соң біз қуана-қуана не-
мере күтетін едік... Мүмкін, сенің басқа қызың бар шығар?
Ондай болса, жасырма, айт.
– Жоқ, жоқ! – деді сасқалақтай. – Менде ешкім жоқ. Сіз
айтып отырған Гүл – мен білетіндердің ішіндегі ең керемет
қыз. Бірақ мен үйлену туралы әлі ойланбаппын.
– Міне, қазірден бастап ойлан, балам. Анаң саған
жамандық тілемейді.
Осыны айтты да, орнынан тұрып, үйге қарай беттеді.
ұхаммед өз ойымен өзі болып жалғыз қалды.
Ойы онға, санасы сан тарапқа бөлінді. Қолы-
мен көзін жауып, қиялында Гүлді елестетті.
Міне, еліктің лағына ұқсайтын сүп-сүйкімді Гүл!.. Міне,
қауызын жаңа жарған үлбіреген гүл секілді нәзік Гүлдің су-
реті!.. Сыңғырлаған күлкісі қандай әдемі!
Кенет ғажайып қиялға айналған қыз бейнесі көмескіле-
ніп, тарап кетті. Оның орнына өзен жағасын бойлай асықпай
адымдап бара жатқан ақ сақалды, ақ шашты қарияның су-
реті келіп тұра қалды. Қарт біраздан соң төбе асатын сүрлеу
жолмен бірге көзден ғайып болды.
Мұхаммед көзін ашып, күліп жіберді. Шешуі қиын
мәселенің жауабы өз-өзінен табылғандай, көңілі орнына
түсті. Сәлден соң «Ех, Гүл, Гүл! Сен сұлусың, сен көркем-
сің, әттең!..» – деді онымен біржола қоштасқандай күбірлеп.
Оны енді келесі кезектегі мәселе мазалай бастады.
Анасына не деуі керек? Әлде жүрегін жер бетіндегі не-
бір жас арулардан да күштірек жаулап алған «сүйіктісі»
бар екенін, оның бірінің аты – құпияға толы Ғылым мен
екіншісінің аты – ақыл-ойдың кені Философия екенін ай-
туы керек пе? Не болмаса, ол Весижге мұндағы ағайын-ту-
ыс, құрбы-құрдастарына Ергенекөн жазығына, бақыт ара-
лына апаратын жолды көрсетсем деген арманмен келгенін
және көне аңыздың ішіне бүккен жан сырын өзінің енді
түсінгенін айтып қуантқаны дұрыс болар ма екен?
Шынымен, оның қазіргі жағдайын кім түсінер? Кімнен
ақыл сұрар?..
Мұхаммед анасының сыртқа шығуын күтті. Бір уақытта
ол кісі үй шаруасын бітіріп, орындыққа келіп қайта жайғасты.
Баласының айтар жауабын көзінен оқығысы келгендей, бетіне
барлай қарады. Мұхаммед дереу басқа әңгімені бастап кетті.
– Ергенекөн туралы қиссаны білесіз бе? Оны біздің атала-
рымыз жақсы көреді. Мен де жасымда талай тыңдағанмын.
– Ергенекөн жазығы ма? – анасы қайталай сұрады. – Бұл
ертегіні білмейтін жан кемде-кем шығар?
– Апа, ол ертегі емес! ...Меніңше, сол жазыққа, бақыт елі-
не баратын жолды таптым! Ол дәл жанымызда. Ол жол біздің
жүрегіміз арқылы өтеді.
Анасы түсініңкіремей, қабағын көтерді.
– Балам, не айтып кеттің? Қандай жол? Оны қайдан тап-
тым дейсің?
– Апа, түсінесіз бе? Халқы бақытты, молшылықта өмір
сүретін пейіш бағына ұқсас өлкеге тап болу үшін әркім өз жү-
регіне үңілуі керек. Таңертең ерте дәрілік шөп жинаған сияқ-
ты бойындағы, жүрегіндегі ең ізгі қасиеттерін ғана сақтап,
жаман мінездерден арылуы қажет. Сонда адамдардың ара-
сындағы қарым-қатынас өзгереді. Бір-бірінің бақыты үшін
бірге күресетін болады. Қарап отырсаңыз, жабыла көтерген
жүк жеңіл дейді, бір адамның қолынан келмейтін нәрсені бі-
рігіп істесе, міндетті түрде мақсаттарына жетеді. Мен осыны
елге түсіндіргім келеді. Бұл жолда ешкім адаспайды.
– Балам, сен әлі жассың. Соныңа қарамай, мына өмірде
талайды көріп, білген данышпандармен ой таластырып, күш
сынасқың келеді.
– Кім шындықты түсінсе, сол данышпан! Көзі тірісінде Ақ
Бабаның маған берген өсиет-өнегесі, ғұламалардың жазған
кітаптарынан алған білімім – соның бәрі менің дұрыс жол
табуыма көмектесті. Осы жол, бақыт еліне, Ергенекөн жазы-
ғына тура апаратын құпия жолдың дәл өзі! Тек онда жалғыз
бармау керек. Бүкіл ел қол ұстасып бірге баруы қажет...
Анасының жанарына қарап, Мұхаммед сөздерінің оған
қатты әсер ете қоймағанын түсінді.
– Балам, – деді анасы мейірлене, қап-қара бұйра шаш-
тарын алақанымен сипап, – Гүлге үйленген соң онсыз да
бақытты боласың. Ол үшін жоғары адамгершілік қасиет із-
деп, жүрегіңнің түкпіріне үңілудің қажеті болмайды. Құдай
алдындағы адамгершілік парызың өмірге ұрпақ әкелу, оны
өсіріп, тәрбиелеу, бәле-жаладан қорғау. Менің парызым – сен,
балам! Осыны біл!..
Мұхаммед
құрметпен
басын
иді.
Әңгіме
осымен
аяқталды.
ұхаммедтің Весижге келгендегі жоспа-
ры орындалмай қалды. Әкесінің сырқаты,
екеуінің арасындағы ауыр әңгіме, одан
кейінгі анасының өтініші оның көңілін су сепкендей ба-
сып тастады.
Ол бір кездері, бұдан бірнеше жыл бұрын Весиждің
шаңын аспанға көтеріп жүгіріскен, Арыстың суына шомы-
лып, балығын аулаған, кейде төбелесіп, кейде достасқан
замандастарымен сөйлесіп сұқбат құрмақ болды.
Достары да өзі сияқты есейіпті. Ең бастысы, заман-
дастарының қай-қайсы да өмірден өз орындарын тапқан.
Олардың барлығы дерлік ата-аналарының кәсібін таңдап,
еңбегін жалғастыруды қолға алыпты. Бағбанның балала-
ры бау-бақша өсірумен, диқанның балалары дақыл егумен
айналысыпты. Қолөнершілер, құмырашылар өз өнерін
мұрагеріне табыс етіпті.
Осылайша олар ата-баба дәстүрін берік ұстанып, әкеле-
рі мен шешелерінің жолын қуыпты.
Мұндағы адамдардың күнделікті тірлігі де аса өз-
гермеген. Нан табу қамымен ерте кетіп, кеш келеді. Қара
жұмысқа да әбден төселіп алған. Бұрынғыдай кешке от ба-
сында бас қосып, аңыздар мен қиссаларды тыңдау әдеті де
қалмапты.
Мұхаммед оларға бақытты өмір сүруге басқаша жол-
мен қол жеткізуге болатынын айтып түсіндірді. Ізгілік-
ке, адамгершілікке шақырды. Алайда бұл көпшілігіне
өздерінің айналысып жүрген ісінен де ауыр нәрсе бо-
лып көрінді. Оның үстіне кім болмасын өмірде кездесе-
тін құбылыстардың барлығын Жаратушы Құдайдың ер-
кі деп ойлауға дағдыланған. Олардың білуінше, барлық
ауыртпалық пен қиыншылықты Құдай жақсы көретін
құлын сынау үшін жібереді. Айналада әділетсіздік пен
қатыгездік бар болса, ол да Құдайдың еркі...
ұхаммед өзін жалғыз сезінді. Туыстары
да, замандастары да оның жаңалығын ке-
рек қылмады, қабылдамады. Алайда Мұ-
хаммед оларға кінә қоймады, мұндай сәтсіздікке ұшыра-
ғаны өзінен болды деп түсінді. Демек, ол шындық жолын-
да келе жатқанын жақындарының жүрегіне жеткізе айта-
тындай дұрыс сөздер таба алмады.
Әкесінің де аяғына тұрып кетпегені Мұхаммедтің
жанына батты. Ол қандай да бір ем тауып, көмектескісі
келді.
Сөйтіп күнде таңертең ерте анасымен және екі қа-
рындасымен тоғайға шипалық қасиеті бар шөп түрлерін
жинауға барады. Анасы оны қайнатып, дәрі жасайды.
Кешке қарай ол аспабын қолына алып, әкесі жатқан
бөлменің терезесінің түбінде отырып, жанға жайлы, се-
зімді баурайтын әуендер ойнайды. Сазды әуенмен қайсар
жауынгердің көңілін жұбатып, кішкене де болса, қуаныш
сыйласам, жан жарасын жеңілдетсем деп ойлайды. Кей-
де еш нәрседен қорықпайтын, жолындағысының бәрін
жеңетін түрік сарбаздарының батырлығы мен ерлігі ту-
ралы әндер айтады. Ән айтып отырып, әкесін бұрынғы-
сындай қайратты, батыл күйінде елестетеді.
Әкесінің жас күніндегідей қайратты қолдарымен ар-
қасынан қағып құшақтағанын, ақыл-өсиетін аңсайды.
Оның орнынан тұратынына сеніп, күнде кешкісін адамға
рух беретін жігерлі әндер айтуын жалғастыра берді.
...Екі аптадан соң таңғы шапақпен бірге әкесі төсегінен
тұрып, ептеп басып, есік алдына шықты.
ол күні қуанбаған жан қалмады. Кешкі-
сін ел құрмет тұтып, қадірлейтін Мұхаммед
Тарқан ибн Узлағ ат-Түркінің аяғына тұр-
ғанын естіген ағайын-туыстары мен сыйлас көршілері
жиналды. Келгендердің әрқайсысы Жаратушының жәр-
демі ғой деп, Құдайға шексіз алғыстарын білдіріп жатыр.
Үй иелері үлкен қазанға қой етін тұтас пісіріп, ағыл-тегіл
дастарқан жайды.
Қонақтар үйді-үйіне тарасып, ел аяғы басылған соң
әкесі Мұхаммедті өзіне шақырды.
– Балам! Көрдің бе, аяқтарым ыңғайға келіп қалыпты.
Туған жеріміздің топырағынан өніп шыққан өсімдік маған
күш-қуат берді. Ал сен айтқан әндер одан сайын рухтан-
дырды. Балам, мен саған ақ батамды беремін. Әрине, егер
менің жолымды қуғаныңда менен бақытты жан болмас еді
бұл дүниеде. Бірақ білемін, сенен жауынгер шықпайды.
Жауынгер қатыгез, тасжүрек болуы тиіс, кісі өлтіруден,
қырып-жоюдан тайынбауы керек. Ал сен адамдарға қайғы
әкелу үшін емес, бақыт жолын көрсету үшін, әлсіздерге
көмек беру үшін жаралғансың. Қазір өзің таңдаған жол-
мен жүруге дайын екеніңді де көріп тұрмын. Алла тағалам
өзі жар болсын!
елесі күні ата-анасының рұқсатымен Мұ-
хаммед жол жүруге дайындалды. Әкесінің
науқасынан айыққанына көзі жетті. Ана-
сының да жүрегі орнына түсіп, жадыраңқы жүр. Енді оның
көңілін алаңдатар ештеңе жоқ.
Ол тезірек Фарабқа, онда қалған кітаптарына, мате-
матика, физика, тіл сабақтарына жеткісі келді. Жақын
уақытта өзін түсінетін жалғыз адам – досы Жамал да ке-
зекті саяхатынан оралуы тиіс болатын. Оған қоса, Жамал
сапардан құр қол келмеуі керек. Қайткенде де жаңа кітап-
тар, қолжазбалар ала келетіні сөзсіз.
Әрине, мұнда жерлестерінің өмірін өзгертсем деген тіле-
гін ешкім құптай қоймады. Пікір-тұжырымдары да сенімді
шықпады, әлі де болса пісіп-жетіле қоймаған. Сондықтан
елдің бәрін баурап алып кететіндей етіп ойланып, жетілді-
ре түсу керек. Сол үшін де Фарабқа тезірек жетуі тиіс.
Фараб! Фараб! Фараб оған ғылым мен білімнің қара
шаңырағындай болып кетті. Фарабқа келген соң қолына
қолжазбаларды қайта алып, білімін, ақыл-ойын кеңітуі
қажет. Кітап оқи отырып, мүмкін, басында жаңа, тың
тұжырымдар, пікірлер туар. Жұртты сендіретіндей, соңы-
нан ілестіретіндей қисынды сөздер табар.
Весижден аттанбас бұрын ол баяғыда ақсақалды қарт-
ты кездестірген жеріне, Арыс өзенінің жағасына тағы кел-
ді. Балалық шағында жағалаудағы көк шалғынға жатып
алып, аспанға қарап, әр нәрсені қиялдайтын. Қазір де
сол кездегідей шөп үстіне құлай кетті. Аспанда қазбауыр
бұлттар шығысқа қарай жылжып барады. Олар керуендегі
бірінен соң бірі шұбатылып келе жатқан аппақ түйелерге
ұқсайды екен.
Мұхаммед көзін жұмып, қиялына ерік берді. Әне,
ақ түйелердің тізбегі соқпақпен жоғары өрлеп, тауға
көтерілді. Түйелердің үстіне үй-жиһаздары мен буылып-
түйілген киім-кешектер артылған. Көштің алдындағы
түйелердің қомына* әйелдер мен бала-шаға жайғасқан.
Керуеннің екі жағында атқа мінген еркектер жүр. Ең ал-
дында көз қарықтырар аппақ киімде керуенбасы көш бас-
тап барады.
– Ұстаз! Біз дұрыс келе жатырмыз ба? Адасып кеткен
жоқпыз ба? – деп айғайлайды жолаушылар.
Ол соңынан ергендердің сенімін арттыру үшін қолын
жоғары көтеріп, белгі берді...
Мұхаммед көзін ашты. Бұлттар тізбегі алыстап кетіпті.
Ол басын көтеріп:
– Бұл керуен Ергенекөн жазығына кетіп бара жатыр,
– деп күбірледі.
Бірақ өзеннің шуылы оның дауысын естіртпеді. Ол
атып тұрып бар даусымен:
– Бұл менің керуенім! Мен жолды табамы-ы-ы-н! – деп
айғайлады.
*Қом – түйеге жүк арту үшін оның жотасына орай салынған қабат-
қабат киіз.
есижден Фарабқа қарай бір қолында тая-
ғы, екіншісінде түйіншегі бар қарапайым
киінген жолаушы кетіп бара жатты. Бұл
даңқты әскербасы Мұхаммед Тарқанның баласы, Узлағ-
тың немересі – Мұхаммед еді. Ол білім патшалығына, кі-
таптар мен қолжазбалар қоймасына асығады. Білімнің
көмегімен ғажайып Ергенекөн жазығына қоныстанған
тайпа сияқты бақытты өмір сүруді армандайтын жерлесте-
ріне, достарына, туған-туыстарына көмектесіп, олардың
өмірін өзгертуге бекінген.
Алдында қандай тағдыр күтіп тұрғанын ойланбастан,
аяғын сенімді, нық басып келеді. Оған мақсатына жақын
қалғандай көрінеді. Алайда артта қалған Весижге ен-
ді қайтып оралмайтыны, алдындағы Фараб өзін әлемге
танытатын, атақ-даңқтың шыңына көтеретін алғашқы
баспалдақ болатыны ойына кіріп-шықпайды. Білімге де-
ген құмарлық талай қиыншылық пен кезбешілік тағдырды
дайындап қойғанын қайдан білсін...
Иә, талай жылдар жылжып өткен соң еңбегі жоғары
бағаланып, Фарабтан шыққан адам, яғни әл-Фараби ата-
нып, бүкіл әлемге танылғаны тек біздерге ғана мәлім...
Ал ыстық күнде, шаңы бұрқылдаған соқпақпен асыға
адымдап келе жатқан Мұхаммед мұның бірін де білмейді.
Жүрегіндегі қазіргі жалғыз ой – өзі таңдаған жолға түсу,
алдына қойған мақсатын іске асыру.
апардан оралған Жамал досының аздап
өзгергенін және есейіп кеткенін аңғарды.
Кешкі астың үстінде екеуі не көріп, не
білгенін, ойында, жүрегінде не жатқанын айтып, пікір
алысты. Өзіңді жанымен түсінетін ең жақын адаммен
ішкі сырыңды бөліскенге не жетсін.
Мұхаммед Весижге барып, жерлестерін қалай бақыт-
ты қылғысы келгені жайлы айтты. Жамал ғалымдар
мен ойшылдар тұратын, Аристотель мен Платонның қол-
жазбаларының түпнұсқасы сақталған үлкен-үлкен кітап-
ханалары бар, діні, ділі, тілі әр түрлі адамдар, әр түрлі
ұлт өкілдері ортақ аспан астында тату-тәтті өмір сүріп
жатқан алыс-алыс қалалар мен елдерді суреттеп берді.
Мұхаммед досының әңгімесін кірпік қақпай, ұйып
тыңдады.
– Олай болса, сен айтып отырған өлкелердегі адамдар
бақытқа қол жеткізу үшін не істеу қажет екенін баяғыда-
ақ түсінген ғой? – деп сұрады ол досы сөзін аяқтағанда.
– Әңгімеңе қарағанда, сен болған елдерде бақытты өмір
сүру үшін барлық жағдай жасалған.
– Досым Мұхаммед, ол елдерде де біздегідей алуан
мінезді адамдар тұрады. Олардың кейбіреуі бақытты
болса, кейбіреуі бақытсыз. Біреулері – ақ жүректі, бі-
реулері – қара ниетті, енді бірі бейбіт өмірді қаласа, ке-
лесі біреуі – соғысқұмар. Адамдардың барлығы бірдей
бақытты бола бермейді. Алайда өмірдің өзі оларды бір-
біріне төзімділікпен, түсінушілікпен қарауға, бір-бірі-
мен санасуға, дұрыс қарым-қатынас жасауға мәжбүр
етеді.
– Барлығы бірдей неліктен бақытты бола алмайды?
– деді Мұхаммед ойлана. Мені Весиждегі замандаста-
рым, туыстарым неге түсінбеді? Адамдарды сендіретін-
дей шындықты қайдан іздеуге болады?
Оның есіне Арыс өзенінің жағасында ғайыптан пайда
болып, ойын баласы деп қарамай, үлкендерше сөйлескен
ақсақал қайта оралды. Сондағы қарттың терең мағыналы,
астарлы сөздерін ішінен күбірлеп қайталай берді. «Бір
орында отырсаң, мұның алғашқысына да, соңғысына да
жауап таба алмайсың...» Иә, бұл оның бір орында отырсаң,
шындықты ешқашан таппайсың дегені!
Осыны ойлағанда Жамал айтқан үлкен-үлкен қалалар-
ға, білім-ғылым кеңістігіне дәл қазір ұшып барғысы келді.
Екі дос таңға дейін көз ілмей, түнді әңгімемен өткізді.
Ақырында келесі саяхатқа екеуі бірге аттанатын болып
шешті. Алайда Мұхаммед бұл сапардың бүкіл өмір бойына
созылатынын білген жоқ еді.
Алғашқы қадам жасалды! Шындық пен бақыт іздеген
Мұхаммед бірінші рет туған қаласынан жыраққа, алыс ел-
дерге аттанды. Бастапқы кезде ол Жамалмен бірге саяхат-
тады. Күндердің күнінде Жамал өз жұмысымен Таразға де-
реу қайтуы тиіс екенін айтты.
Амал жоқ, қоштасатын мезгіл жетті. Екеуі бірін-бі-
рі қимай, зорға ажырасты. Тағдыр үнемі бірге жүруге
жазбағанын Жамал да, Мұхаммед те түсінді. Әркімнің
өз тағдыры, өз жолы бар: Жамалды өз шаруалары күтіп
тұр. Ал Мұхаммед бұл өмірдегі мақсатын айқындап алған,
ұстанымы берік, ол сол жолда аяғына дейін баруға әзір.
Қоштасар сәтте адал достықтарын ешқашан да ұмытпай-
мыз деп ант етісті.
Мұхаммед екеуінің жолы екі айырылғанына қатты
қайғырды. Көзі ашық, білімді әрі сезімтал Жамал оған
туғанындай жақын болып кетіп еді. Оның үстіне ғылым жо-
лына түсуіне де үлкен ықпалын тигізді. Алайда ол алған бе-
тінен қайтқысы келмеді. Өмірді өз көзімен көруді, білмей-
тінін толықтыруды маңызды санады. Сол себепті ол ізденіс
жолындағы сапарын жалғыз жалғастыруға бел байлады.
алаларды аралай жүріп, Мұхаммед көп-
теген адамдармен танысып, пікір алысып,
өзіне көп жаңалықтар ашты. Дегенмен,
алғашқы кездері Жамалды, Весиждегі туған-туыстарын
жиі есіне алып, сағынып жүрді. Бірақ біртіндеп жаңа өмір
оның бәрін ұмыттыра бастады. Білім іздеген Мұхаммед
ғасырлар бойы өсіп-өркендеген, мәдениеті жоғары дамыған
қалаларды көрді. Хорасан, Бағдад, Дамаск, Бұхара, Алеп-
по, Каир және басқа да көптеген шаһарларда тұрды. Он-
да кітаптар мен қолжазбаларды іздеп, өзін толғандырып
жүрген көптеген сұрақтардың шешімін тапты.
Саяхат оны шынықтыра түсті. Небір қиындықтар мен
қуанышты сәттерді өткерді. Ол жүрген жерінде төреші
де, бағбан да, халиф сарайындағы ақын да, жатжұрттық
та болып көрді. Оны кейде тағдыр еркелетіп, мерейін кө-
терді, кейде аяусыз жазалап, батыл, еркін пікірлері үшін
қуғындалды.
Мұхаммед бір қаладан екінші қалаға ауысып, ел кезіп
жүруден шаршады. Ол Бағдад шаһарында тұрақтауды жөн
көрді. Бұл қалаға жан-жақтан халық ағылып жататын, тіп-
ті көпшілігі өз бақытын табу үшін қалып та қоятын. Бағдад
қонақжай қала еді. Онда атақты данышпандар мен ақындар,
шешендер мен қарапайым халықтар өмір сүретін. Мұнда
орныққан Мұхаммед араб тілін жылдам үйреніп алды (ол
өмірінің соңына дейін 70 тіл білген).
Бағдадта ол көрнекті ойшыл-ғалымдармен араласып,
аз уақыттың ішінде олардың ортасында беделді адамға ай-
налды. Мұхаммед тек білімінің тереңдігімен және ойының
ұшқырлығымен ғана емес, адами қасиеттерімен де ерекше-
ленді. Соған қарамастан, ол Бағдадтағы әйгілі философ Әбу-
Бишр Матта бен-Йунистің қасында өзін қарапайым оқушы ре-
тінде ұстауды ұят санамайтын. Мұхаммед оның ізінен бір елі
қалмай, аузынан шыққан әрбір сөзін жазып алып жүретін.
Әл-Фараби біздің заманымызға дейінгі ІV ғасырда өмір
сүрген ежелгі грек философы Аристотельдің шығармаларын
зерделеуді Бағдадта жүріп те жалғастыра берді. Оқыған
сайын асқан ой иесінің өмірге деген көзқарасының кеңдігі
мен жүйелілігіне таң қалды. Өзі де ойларын жүйелі етіп
құруда Аристотель мен Платонның жазу үлгісіне сүйенді.
Ол әр түрлі мәселелер төңірегінде, яғни табиғи күштер,
өсімдіктер мен жануарлардың шығу тегі, өнер мен саясат,
физика, аспан әлемі туралы ой толғады. Бәрінен бұрын ол
адам, адамның жан-дүниесіне көбірек үңілді.
«Адам дүние салады, фәнилік, олай болса, оның жа-
ны да мәңгілік емес... Әлде жан өле ме?.. Мүмкін ізгілікті
адамдардың жаны өлмейтін шығар, ал қара ниеттілердің
жаны із-түзсіз ғайып болады?.. Әлде мәңгілік өмір дегені-
міз адамның басқалардың есінде мәңгі сақталып қалуы ма
екен?.. Әркім артына қалдырған ізіне қарай...»
Түбіне жеткізбейтін ойлар оны тұңғиығына қарай тар-
та береді. «...Жүрек – адам ағзасындағы ең басты мүше.
Одан кейін ми тұрады. Ол да негізгі мүше, бірақ ол екінші
орында... Ми барлық мүшелердің жұмысын қадағалайды,
алайда өзі жүрекке бағынады... Және тек жүрекке қызмет
етеді... Былайша айтқанда, үй басқарушысының жұмысы-
на ұқсайды: ол тек өзінің қожайынына ғана қызмет етеді,
ал оның айтқанын барлық тұрғындар орындайды, әрине
тек қожайынның тілегіне орай...»
Бір сәт өзінің қарапайым нәрселермен салыстырып
отырғанын байқап қалып күліп жіберді. Бірақ ой ұшығын
ұстау мүмкін емес, ойы алға... жоғары... шындыққа қарай
жетелеп барады.
Әл-Фараби қол жетерлік білімді меңгеруге және
қоршаған орта туралы танымын кеңейтуге барлық
мүмкіндікті пайдаланды. Бірде тіпті діндарлығымен,
дін саласындағы білімімен мұсылмандар арасында та-
нымал болған христиан-ойшыл Йуханна бен-Хайланнан
логиканы үйрену үшін аз уақыт Хорран шаһарына да ба-
рып тұрды. Бағдадқа қайтып оралған соң бүкіл уақытын
Аристотельдің философиялық еңбектерін оқуға арнады.
ристотель әл-Фарабидің өмірінде үлкен
рөл атқарды, үнемі дұрыс жол сілтейтін
темірқазықтай болды. Бұл тегін емес еді.
Аристотельдің асқан білімдарлығы оның замандас-
тарын тәнті еткен. Тіпті мыңдаған жылдар кейін де ға-
лымдар мен философтарды таңдандыруын қоймаған.
Атақты Александр Македонскийдің өзі (Ескендір Зұл-
қарнайын) Аристотельдің шәкірті екені белгілі. Шығыста
бұл ғұламаны «Бірінші Ұстаз» атап кеткен. Оның ізін
қуған оқушылары мен мұрагерлері өте көп болғанымен,
ешқайсысы «Екінші Ұстаз» деген жоғары атаққа жете
алмаған.
Тек Аристотельден кейін бір мыңжылдық және екі
ғасырдай уақыт өткен соң ғана Шығыста, «ай астындағы
әлемде» бір ойшыл-ғалым ғылым шыңына көтерілді. Оны
замандастары «Муаллим ассана», яғни «Екінші Ұстаз»
атандырды. Бұл ұстаздың шын аты-жөні Әбу-Насыр
Мұхаммед әл-Фараби еді. Оның басты ұстанымы, өмірінің
мәні әлемді танып, біліп, оның заңдылықтарын адамдарға
көрсетіп беру болды.
Әр түрлі тақырыпты қамтитын 160-қа жуық шы-
ғармасын жазғанда бір ғана мақсатты – адамдарды өздері
өмір сүріп отырған әлем жайлы, заттардың табиғаты,
адамның тіршілігінің мәні туралы білімге жақындату ойын
көздеді. Руластарын бақытты өмірге апаратын жолды та-
бу үмітін әлі де есінен шығармады және енді ол өз туыста-
рын ғана емес, бүкіл адамзат туралы ойлады. Адамзаттың
тағдыры жеке адамдардың тағдырынан құралатынын да
жадында сақтады.
Әл-Фараби халықты соңынан ертіп, жаңа, бақытты
өмірге тағы бір рет жетелеп көру үшін өмірлік тәжірибе
де, бай білім де жинады. Ұзақты күндер бойы бақшаның бұ-
рышындағы зәулім ағаштың көлеңкесінде күн сәулесінен
жасырынып, «Ізгілікті қаланың тұрғындарының көзқара-
сы туралы ғақлия» атты тамаша туындысын жазды.
... Адамзаттық бақыттың мәні неде? Осы бір сұрақ
бір сәтке де ойынан шықпапты. Жылдардан соң жылдар,
онжылдықтардан соң онжылдықтар жылжып өтіп, оның
жауабын өмірдің өзі өзгертіп, өңдеп, толықтырып бер-
ді. Ол бәрін түсінді, өз сұрағының шешімін тапты. Бақыт
дегеннің не екенін білді. Мұхаммед енді осы жаңалығын
адамдардың санасына жеткізуге асықты. Иә, бақыт бай-
лық емес, атақ-даңқ емес!.. Жоқ! Мұның бәрі шөл дала-
да алыстан бұлдырап көрініп, жолаушыны адастыратын
сағым сияқты алдамшы жолдар...
Бақытты алтынмен, байлықпен еш байланыстыруға
болмайды. Бақытты адамдар өзі үшін іздейді... Бұл адам-
ның жетілгендігі! Кез келген адамның өзін бақытты сезі-
нуден асқан бақыт жоқ! Алайда оған жету үшін ең алды-
мен әлемнің үйлесімділігіне, оның сұлулығына қол жеткі-
зе отырып, асықпай, біртіндеп жоғары көтерілу керек.
Осының бәрі оның жүрегінде сайрап тұрды. Енді соны
оқыған әрбір адам көзі ашылғанына қуанатындай етіп,
анық әрі түсінікті етіп, қағазға түсіруі тиіс.
Өмірді бақылап, байыптап, талдап отырып, әл-Фара-
би маңызды қорытынды шығарды: ізгілікті қасиеттер
мен әдеттерге бай адамдар өз әрекеттері арқылы айна-
ласындағы елдің бақытты болуына ықпал етуі тиіс. Ба-
қытты болуға кедергі келтіретін әрекеттер, әрине, кемші-
ліктерден, білімсіздіктен, көргенсіздіктен туындайды.
Өз бақылағандарын, логикалық пайымдауларын сарап-
тай келе, әл-Фараби тағы да бір тұжырым жасайды: егер
бақыт адамға жеткізбесе, егер бақыт адамзаттық әрекет-
тердің күтілген нәтижесі болып шықпаса, онда адамның
соған ұмтылысының, сол жолдағы іс-әрекетінің тамаша
болмағаны. Ізгіліктілік қасиетті ол қиялында қала деп
алады да, оның тұрғындары «нағыз бақытқа жеткізетін
әрекеттерде өзара көмек көрсетуді» мақсат етіп алуы ти-
іс деп түсіндіреді. Қоғамды да осы тұрғыдан қарастырады.
«Сөйтіп, егер жер бетінде тұратын халықтар өздерін бақыт-
ты сезіну үшін бір-біріне көмектерін ұсынса, бүкіл жер жүзі
ізгілікті болады» дейді.
Ол мұндай қаланы кім басқаратынын да назардан тыс
қалдырмады. Сөйтіп, оның бейнесін сомдады. Ізгілікті
қаланың басында адам тұруы керек және ол адам жоғары
саналы болуы қажет. Әл-Фарабидің ойынша, ол орынға
өзі атап көрсеткен нақты он екі қасиет кімнің бойынан та-
былса, сол адам лайық. Ол қасиеттердің ең бастылары –
«ұшқыр ойлы, көреген, білгір» болу, «ойындағысын толық
және анық жеткізе» білу қабілеттері. Сонымен бірге, ізгі-
лікті қаланың басқарушысы «шындықты сүюі», «намыс-
ты болуы» және «ар-ұжданды құрметтеуі» керек.
Аталған қасиеттердің барлығын бойына сіңірген адам
табылмаған жағдайда Ұстаз: бірінің, мысалы, ақылдылық,
әділеттілік, ал екіншісінің батылдық, табандылық және
тағы басқа қажетті қасиеттері бар екі адамды табуға кеңес
береді. Егер қажетті қасиеттердің толық тізімі екеуінде
де табылмаса, онда ізгілікті қаланы басқару барлығының
қабілеттерін қосқанда әміршінің бейнесін құра алатындай
бірнеше адамнан тұратын топқа тапсырылуы тиіс.
Әл-Фараби қиялында сомдаған ізгілікті қаланы тұр-
пайы қалаға қарсы қояды. Ол қаланың тұрғындары
– арамза, адамгершіліктен жұрдай адамдар. Олар бақыт-
тың не екенін білмейді, оған ұмтылмайды, оның орнына
байлықты, құмарлықты, атақ-даңқты мақсат етеді.
Әл-Фараби өз халқына, келешек ұрпақтарға, бүкіл
адамзатқа өткен ғасырлардың ақыл-ойының асылын теріп,
жинаған баға жетпес қолжазбалар қалдырды. Ол өмірді,
ондағы адамның алатын орнын түсіну үшін және оны
адамдарға жеткізу үшін қажымай, талмай, көп ізденді.
Ол өз өмірінде тағы бір маңызды шындықты түсінді:
ақыл-ой – адамзаттық мәселелерді шеше алатын ұлы күш.
Әл-Фарабидің ғақлиялары көптеген адамдарға рухани
азық берді. Олар басқа тілдерге де аударыла бастады. Оның
даңқы шартарапқа тарап, әлемге «Екінші Ұстаз» деген ат-
пен танымал болды.
ір уақыттарда үлкен өзеннің жағасында
отырып алып, суға лақтырған шыбықтың
тағдыры туралы ойланатын кішкентай ба-
ла есейген соң өзі де шыбықтың тағдырын басынан кешіп,
буырқанған, қызу өмірдің иіріміне қойып кетті. Алайда
тағдыр оны айдалаға алып кеткен жоқ, қайта оның талан-
ты ашылып, ақыл-ойы жарқырап, ысыла, шыңдала түсті.
Оның өмірі жарқын әрі өнімді болғаны бәрімізге белгілі.
Көп жылғы қажырлы ізденістің арқасында келген даңқ
құрмет тұтушылармен бірге күндеушілерді, көре алмау-
шыларды да ала келді. Ол өмірдің бейнетін де, зейнетін де
көрді. Тағдырдың берген ұзақ жасын жасады...
Әбу-Насыр Мұхаммед әл-Фараби – Шығыстың жарық
жұлдызы талай ғалымдар мен ойшылдарды өзіне тартып
келді және тарта береді де. Сол замандарда белгілі болған
ғылым негіздерінің барлық саласы оның еңбектерінде,
ғақлияларында көрініс тапты. Ол ғылымның шығуы ту-
ралы да ой қозғады. Бір кездерде керуен сазгерлерінің
музыкалық аспаптарына қызығып, бір ұстап көрсем деп
армандайтын бала енді музыка және поэзия туралы ірге-
лі еңбек жазатын ғалымға айналды. Олай болса, Шығыс
ойшылының есімі көзінің тірісінде-ақ аңызға айналғанына
таң қалуға болмайды.
Алайда әл-Фарабидің адамдарға «бақыт елін» тауып
беруге бар күшін салуын діндарлар жақтырмады. Ал бі-
лімдері мен қабілеттерінің деңгейі одан әжептәуір төмен
екенін сезгендер көре алмай, аяқтан шалуға тырысты.
Мұның бәрі әл-Фарабидің жұмыс жасауына кедергі кел-
тіреді. Ақырында, шыдай алмай, ол бірнеше жыл тұрып,
өз үйіндей көріп кеткен Бағдадтан кетуге мәжбүр болады.
Көшіп-қонуға еті үйренген емес пе! Бұл жолы ол Дамаскіге
бет алады. Одан соң Египеттен бір-ақ шығады. Қайда жүрсе
де, жол үстінде болса да, ол ой жұмысын тоқтатпайды.
Ұлы ғалым жазған шығармалардың құндылығы соншалық,
Шығыс, Орта Азия, Қазақстан, Кавказ халықтарының және
басқа да елдер мен халықтардың мәдениетінің дамуында ерек-
ше маңызға ие болды.
Әл-Фараби өмірінің соңғы жылдарын Алеппо (Халеб)
және Дамаскіде өткізді. Дамаск билеушісі Сайф ад-Даула бен-
Хамдани белгілі ойшыл, философқа өз қамқорлығын қуана
ұсынды. Бірақ әл-Фараби салтанатты сарайда тұрғаннан гөрі
өз ойымен өзі болып, тыныш жерде өмір сүргенді қалады.
Шығармаларын жазу үшін оған құстары сайраған, бұлақтары
сылдырап аққан бақшаның іші жеткілікті еді.
Сайф ад-Даула әл-Фарабиге күніне төрт дирхем төлеп
тұрды, ол одан артық алмас та еді. Күнделікті қарапайым
өміріне жетіп жатыр. Ол үшін ең бастысы, көкірегінде оянған
жаңа ойларын қағазға түсіріп үлгеру болды.
Замандастары құрметпен «Әлемнің екінші Ұстазы» атаған
Әбу-Насыр Мұхаммед әл-Фарабидің өмірі Дамаскіде үзілді...
Әл-Фарабидің өмірден қайтуы жөнінде әркім әр түрлі пі-
кір айтады. Солардың ішіндегі ұлы ғалым өзінің қарапайым
үйінде 77 жасында дүние салған, мүрдесі Сириядағы Баб әс-
Сағир зиратына жерленген деген нұсқа шындыққа жақын ке-
луі мүмкін.
Весиждіктер ежелгі түрік аңызындағы бақытты Ергенекөн
жазығына жол сілтейтін адам табылса деп армандаған, сол
армандарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген. Шындығында,
ғасырлар бойы олар армандаған адам тура өз қалаларында
өмірге келді, құпия жолды тауып, аңыздың мәнін түсіндіріп
берді. Оның мәні: бақытты болу үшін адамдар бір-бірінің
бақытты болуына көмектесуі керек. Адам адамға көмектесуі
керек. Қала – қалаға. Халық – халыққа.
Оның еш қиындығы жоқ. Адамдар бір-біріне бақыт
сыйлауға ұмтылса, біз бақытты үйлерде тұратын боламыз,
бақытты қалалар мен бақытты елдерге сапар шегеміз... Біз
бәріміз – біздің барлық туыстарымыз және сіздер мен сіздердің
туыстарыңыз – барлығымыз бақытты планетада бақытты өмір
сүретін боламыз! Ұлы Ұстаз әл-Фараби Бақыт еліне баратын
жолды дәл осылай анық көрсетіп берді.
Құрметті оқырмандар! «Шығыстың ұлылары» атты топтама кітаптары күні бүгінге дейін балалар көркем әдебиетінде нақтылы айтылмаған ұлы адамдардың өмірімен таныстырады. Топтама ірі тарихи оқиғаларды, маңызды қозғалыстарды, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды және ұлы тұлғалардың, қағандардың, батырлар мен ғалымдардың, ойшыл-ақындардың өмір жолын қамтиды. Сонымен қатар әдеби шығармалар балалардың туған жеріне, халқына, тарихына ыстық сүйіспеншілік сезімдерін оятып, ұлы ата-бабаларының асыл мұраларын құрметтеп, Отанына деген мақтаныштарын арттырады. Баспа жобасының жетекшілері және кітапты шығаруға жауаптылар Қ. Раимбеков, Б. Иманәлиев Авторы М. Құл-Мұхаммед Аударған К. Мырзалиева Суретшісі Қ. Көмеков Бас редакторы Қ. Байғабылова Көркемдеуші редакторы Е. Козлова Редакторы Н. Сламбекова Корректоры Д. Мамырбаева «Аруна» баспасының дизайн орталығы А. Романова Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан, 050000, Алматы, Чайковский көшесі, 190/184, 23-офис Тел./факс (327) 2 72 84 11, 2 72 84 21. E-maіl:aruna_ltd@maіl.ru Көтерме бағамен сатып алу үшін «Аруна» баспасының сауда бөліміне хабарласу қажет. Тел./факс (327) 2 72 84 11, 2 72 84 21. E-maіl:aruna_ltd@maіl.ru Осы және басқа кітаптарды кітап-поштаға тапсырыс жасау арқылы да алуларыңызға болады. E-maіl:aruna_ltd@maіl.ru Пішімі 60х90 1/8. Шартты баспа табағы 13,45. Есепті баспа табағы 17. Таралымы 10 000 дана. «ІntellServіce» баспаханасында басылды
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру