TELEGEI

Home

Аласармас асқарлар

Әдебиет порталы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Аласармас асқарлар

Қаламгер Нұрлытай Үркімбайдың «Аласармас асқарлар» атты жинағы – замандастарымыздың имандылық келбетін, рухани ерліктерін тілге тиек еткен дүние. Мұнда еліміздің іргетасын одан әрі нығайта түсуге септігі тиетін маңызды тақырыптар, атап айтқанда, бүгінгі және келер ұрпақ бойында ұлттық рухымыздың күшейе түсуіне ықпал ететін дүниелер қамтылған. Қазақ халқының ардақтылары болған және қазір де халқымыздың аласармас асқар

Нұрлытай ҮРКІМБАЙ

АЛАСАРМАС

АСҚАРЛАР

Алматы

ӘОЖ 121.512.122-3

КБЖ 84 (5 қаз)-44

Ү 79

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді.

ҮРКІМБАЙ НҰРЛЫТАЙ АЛАСАРМАС АСҚАРЛАР: эсселер мен деректі әңгімелер/Нұрлытай Үркімбай. – Алматы: “Хантәңірі”; 2015, – 342 б. ІSBN 978-601-03-0364-5 Қаламгер Нұрлытай Үркімбайдың «Аласармас асқарлар» атты жинағы – замандастарымыздың имандылық келбетін, рухани ерліктерін тілге тиек еткен дүние. Мұнда еліміздің іргетасын одан әрі нығайта түсуге септігі тиетін маңызды тақырыптар, атап айтқанда, бүгінгі және келер ұрпақ бойында ұлттық рухымыздың күшейе түсуіне ықпал ететін дүниелер қамтылған. Қазақ халқының ардақтылары болған және қазір де халқымыздың аласармас асқар шыңдарына айналған дара тұлғалар жайлы аса тартымды да тағлымы мол деректі әңгімелер мен эсселер жинаққа топтастырылып отыр. Бүкіл әлемдік деңгейде рухани жұтаңдық белең алып бара жатқан бүгінгідей күндері аталған жинақ әсіресе жас оқырмандарымызға ауадай қажет екені кәдік.

ӘОЖ 121.512.122-3

КБЖ 84 (5 қаз)-44

ІSBN 978-601-03-0364-5

© «Хантәңірі», 2015

Ү-79

© Үркімбай Н., 2015

БІРІНШІ БӨЛІМ

ТУҒАН ЖЕР ТӨСІ –

ТҰНҒАН СЫР

Барлық мақтау-мадақтар мен құлшылық атау­
лы бүкіл әлемдердің Раббысы бір Аллаға ғана арнал­
сын! Тұтас адамзат баласына үлгі-өнеге ретінде
жіберілген пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алла-

ның игілігі мен сәлемі болсын), оның соңына ерген­
дерге Жаратушымыздың рахметі жауғай!
Шүкір, көптеген замандастарымыз сияқты, біз
де – қос қоғамның өзіндік айшықтарына куә болған

жандармыз. Атеизм билік құрған кезеңде Хақты
танудан күшпен ажыратылудың тұтас халыққа
қандай қасірет әкелгенін (әке-шешелеріміз бен басқа
да үлкен кісілердің өмір соқпақтарымен танысу

арқылы) шетжағалатып болса да, аңғардық. Себебі,
ондай сұрқысыз өмірдің кейбір ауыртпалықтары
біздің де кішкентай ғана иықтарымызға зілмауыр
боп түскен-ді. Сол бір терең бақытсыздықтардан

жапа шеккен жандарды көзімізбен көрдік. Олардың
мұңын бүкіл болмысымызбен сезіндік...
Ал, тәуелсіздігімізбен бірге асыл Дінімізге қайта
қол жеткізгенде ғана, пенде шіркіннің Жаратушы

жалғыз Раббысымен байланысын нығайтқан сай­
ын өмірінің үйлесімділіктерге толы болатынын

ұқтық. Хақты тану арқылы ғана шынайы Бақытқа
қол жеткізетіндерін түйсіндік. Келесі бөлімде
(нақты адамдардың тағдырлары мысалында) осы
айтылғандарға байланысты, көкірегімізге түйген

ойларымызды құрметті оқырманымызбен бөліскенді
жөн санап отырмыз. Сонымен...

АТЕИСТІК ҚОҒАМДА ҚОР

БОЛҒАН ҒҰМЫР

эссе
Менің әкем-өз сөзімен айтқанда: «Мың өліп, мың
тірілген, бір Алланың мейірімімен ғана 80 жылға
таяу өмір сүрген» кісі. Мұндай жағдаяттың сы­

рын жете ұғынып, белгілі бір дәуірдің сыр-сипатын
тереңірек түсінгісі келген жан әуелі сол кезеңде өмір
сүрген жекелеген азаматтар тағдырына зер сал­
са жөн болар. Мысалы, Әкем Үшбай Үркімбайұлы

Қазан төңкерісімен түйдей құрдас жан еді. Сол
себепті, ол кісінің өмірбаяндық белестеріне байып­
пен ой жүгірткен сайын, коммунистік империяның
нақты «қолтаңбасына» қаныға түсетіндейміз.

Кеңес
өкіметінің
«бесігінде»
тербеліп,

тұтас
ғұмыры соған байланған, атеистік қоғамда аза­
мат боп қалыптасқан әкеміз- «советтік» жүйеге
тән ауыртпалық атаулыны өз басынан молынан

өткерген жан.

СӨЗ МӘЙЕГІН КЕЛТІРІП...

Әуелі айта кететін бір жайт: әкем және
ол кісінің біраз тұстастары ауыз екі тілдің
шешендері еді. Жарықтық үй-ішілік дастарқан
басында отырып-ақ, әңгімені келістіріп айтатын.

«Атамыз-Алаш,
керегеміз-
ағаш
дегендей...»

немесе: «Қатын алма, қайын ал; жақсы көретін

жігіттің атын алма, тайын ал!»-деп бастап, термелете жөнелген кездерінде кейінгілердің талайы ауыздарының суы құри, тыңдап қалушы еді. Әкеміздің шешендік өрнектерін, сөз саптасын сол баяғы өз аузынан естіген күйімде дәл қазір қағаз бетіне түсірер болсам, баз-бір оқырманымыз ойлауы мүмкін: «Автор өз әкесі болғандықтан, аузына осындай шебер сөздерді салып отыр»,-деп. Әкем және ол кісінің базбір құрдастары әрі кеткенде жеті-сегіз сыныптық қана білімдерінің болғанына қарамастан, осындай дегдар көңіл, шешен тілдің иелері болатын. Ал, Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ ауылында бозбала шағы қалыптасқан, менің әкемнен он-он бес жастай үлкендігі бар аталарымыздың даналықпен тұтаса өрілген ділмарлықтары өзінше бір айтыпжеткізгісіз әлем еді. Әкелеріміз ол кісілердің парасаттылығының жанында «жіп есе алмай» қалатындай көрінетін бізге. Ауыз-екі сөздерінің өзінен нешеме мақал-мәтел, көсемсөз, жырға бергісіз ұйқастар төгілуші еді. Кәдімгі қазақтың қара өлеңі десе болғандай. Еске түсіріп байқасам, сол кісілердің кәсіптері диқаншы, малшы, дүкенші (ұсталық) болған екен. Сірә, даналық дегеніңіз оқығанға ғана емес, тоқығанға бітсе керек қой. Ал, қолдарында бір тіпті кейде екі бірдей дипломдары бар базбір тұстастарымыздың топ алдына шықса бітті, қолдарындағы ала қағаздарынан көз айыра алмай, абдырайтыны шындық қой?! «Ауыз-екі тілдің шешені...» демекші, халқымыздың туа бітті қасиетіндей болған осынау дегдар табиғаттың, өкінішке қарай, қазақ арасынан сиырқұймышақтана, біртіндеп жойылып бара

жатқанына жыл өткен сайын өзіміз куә. Соңғы
жеті-сегіз жылда тілдік кеңістігімізді интернеттік
жүйеге тән сұрғылт та жебір сөзсаптау тәсілдері
озбырлықпен басып-жаншып, соның кесірінен

ақпараттық реңктегі тақ-тұқ еткен қасаң тіл, адам
таңқаларлықтай
жылдамдықпен,
көпшіліктің

санасын жаулап алуда. Сөз, тіл өнері саласындағы
аз ғана шоғыр болмаса, былайғы жұрт көркемдік
кемеліндегі шешен сөздерді қабылдаудан қа-
лып барады. «Осылай жалғаса берсе, келер

ұрпақ, тағы бір ширек ғасырдан кейін, қазіргі
қаламгерлеріміздің
шығармаларын
түсіндірме

сөздік арқылы оқып жүрмесе, болғаны»,-деген
шошынысты ой да жоқ емес көкейімізде. Әрі
бүгінгі қазекемнің туған тіліміздің тағдырына
деген осыншалықты еренсіздігі ерекше қынжыл-

тып, әрі ұлттық тілдерді мейлінше қасаңдатуға
бағытталған әлемдік деңгейдегі жебір үдеріс
жүректі ауыртады-ақ! Ана тілімізге деген мұндай
жебір

көзқарастың
сонау
кеңестік
кезеңде

қалыптасып, санаға сіңіп кеткені шындық қой!
Қызыл империяның зілмауыр азаптарын арқа-
лаудай-ақ арқалағанына қарамастан, әкем жақсы
қартая білді, деп ойлаймын. Нақтылай айтқанда,

үрім-бұтақтарын жан жылуына орап, қолынан
келгенінше өнегелі өсиеттерін ұдайы айтып
отыратын. Немерелеріне шаруа атаулының өзі
білетін қырларын қоса үйретуден жалықпаушы

еді.
Бағамдап
қарасам,
осындай

қариялық
қамқорлық қазіргі қазақ отбасыларының көбіне
жетпей жатқандай.
Бәлкім, жастықтың әсерімен, бәлкім кейде

тағдыр тауқыметінің ауыртпалықтарына қарсы

тұрмақ ниетпен артық сөздер айтып, атеистік қоғамның кесірінен қажетсіз қадамдарға барған кездері де болған шығар. Мысалы біздің анамызға жары ретінде едәуір қатал болғанын өз көзімізбен көріп өстік, дегендей... Дей тұрғанмен, жетімдіктің кесірінен шеккен мехнаттарына және соғыс салған толып жатқан жарақаттарына, әлсіреп кеткен денсаулығына қарамастан, Үркімбайұлы қартайған шағында мейірімді ата, жомарт бауыр, жайлы көрші бола білді. ...Жә-ә, сонымен, дастарқан жайылысымен мектеп жасындағысы бар, ойын баласы бар, немерелері шүпірлей келіп жайғаса қалысатын. Сондай сәттерде мейірімді атаға тән айналып толғанулары басталады-ай дерсіз әкеміздің. – Бастарыңнан айналайын, жапырақтарым, бұтақтарым! Алыңдар, ішіңдер, жеңдер, өскіндерім менің, – деп біраз мейірленіп алады да: – Алысқа ұзап ойнамаңдар. Бұзақы балаларға қосылмаңдар. Үйге кеп сабақтарыңды оқыңдар. Қазақта сөз бар: «Бітісі жаман қамысты су ішінде өрт алар, жүрісі жаман жігітті ел ішінде жау алар»,- деген. Жамандардың қатарынан болмаңдар... Бір мезгіл үйдің шаруасына, малға қарап үйренгендерің өздеріңе жақсы. Қол көмектерің бізге жақсы. Алланың бергендеріне сөйтіп шүкірлік етіңдер! – деп ескертіп, немерелеріне тапсырмаларын қайта-қайта айтып жататын. Әр жеткізбек ойын мақал-мәтелдермен «шегелеп» отырғанды жаны қалайтын еді жарықтықтың. «Күлсең, кәріге күл», деген сөзді малданған базбір қуақы немерелері тыстан үйге енген сайын, әр жолы: «Ассаламуалейкум!»-деп атасымен

қос қолын созып амандасып қоятын. Қол созым жердегіге де көзі жете бермейтін әкеміз: «Уәғалейкумсәлам!» – деп, немересінің сәлеміне бар ынты-шынтысымен жауап бергеннен кейін: «Бұл қай бала?»-деп сұрап қояды. «Мен ғой – Жамбылбек», – деп шынын айтса да: «Сен маған жаңа әліде ғана бірнеше рет сәлемдесіп ең, мұның не, мені мазақтағаның ба?», – деп ренжімейтін. Қайта реніш білдірген үйдегі басқаларға басу айтқандай боп: «Е-е-е, мейлі амандаса берсін. Сәлем көптік қылмайды»,-деп жуып-шая салушы еді. «Сыйымен қартая білу де – бақыт», – деуші еді көнекөздердің бірі. Сол сөздің, сірә, жаны бар.

ЕЛІН, ЖЕРІН СҮЙГЕН ҚАРАПАЙЫМ ҚАЗАҚ

Әкем сол мәужіреген қарттық құшағында
отырып-ақ, былай деуші еді:

– Балам, біз – үзеңгіге аяғымызды салып

тұрған жандармыз. Бұ дүниедегі талқанымыз қай
күні таусылады, сол күні жүре береміз. Алланың
берген өлшеулі өмірінде жақсыны да, жаманды
да көрдік. Шүкір Аллаға! Өміріме ризамын.

Анау пәшеспен («фашист» дегені-Н.Ү.) болған
қанды қырғын ішінде жүргенде: «Шіркін-ай,
қазақ жеріне тым болмаса бір адым басып кіріп,
топырағына екпеттей құлап, өліп кетсем арманым

болмас еді», – деуші ем. Сөйткен тілегімді қабыл
етіп, туған жеріме кеудемді сүйретіп жеткізгеніне

– тәуба! Жасаған Иеме мың да бір шүкірлік

еттім! Үйлі-жайлы қылды, сендерді сүйгізді,
осынша жасқа әкеліп отыр. Осының бәрі, айналып
келгенде, Алланың сендерге көрсетейін деген

жарығы ғой... Қатты жараланып, қаншама рет
өлім аузынан қалдым. Шала-пұла жазылар-
жазылмастан майданға апарып қайта салып
отырды бізді. Аямады. Небір сайдың тасындай

қазақтың марқасқалары кетті ғой көз алдымда.
Көбісі өрімдей жастар болатын. Мен сияқты біраз
азаматтар, ауыр жараланса да аман қалды. Бірақ
аман қалғанымыз біздің данышпандығымыздан

я болмаса пысықтығымыздан емес. Бір Алланың
бізге көрсеткен мейірімінен еді. Сендердің дүниеге
келгендеріңді қалағаны ғой.
«Отанымызды қорғап жүрміз», – деп ойладық.

Елімізді
пәшестерден
қорғамаққа
өршелене

ұмтылушы ек. Сөйтсек, онымыз әшейін тәуелді
елдің баласының билеуші елге бола қан төккені
боп шығыпты да. Мұның бәрін кейін, «сәбеттің»
қатарынан тәуелсіз ел болып бөлініп, жеке

шыққаннан
кейін
кәзиттеріңнен
оқып-біліп

жатырмыз ғой. Еліңнің тізгіні өз қолыңа тиді. Нағыз
қорғайтын Отаның- осы. «Өзімдікі дегенде өгіз
қара күшім бар, өзгенікі дегенде анау-мынау ісім
бар», деген ғой бабаларымыз. Сол «өзім» деген, өз

еліңнің бір керегіне жара. Соқасын айда, арбасын
сүйре, малын бақ, жау тисе, қорғаны бол!»
Біздің үйдегі қара шал-менің әкем осылай деп
отыратын. Жай сөзбен айтпайтын. Құдды бір

қара сөзбен төгілткен толғаудай етіп баяндаушы
еді ойларын. Қазақ елінің тәуелсіз күнін көргені
үшін Аллаға шексіз алғысын жаудырудан бір
танбай өтті өмірден. Еліміз егемендігіне бәріміз

де қуандық қой. Бірақ, Кеңес өкіметінің кесірінен
ата дәулеті ғана емес, жанынан да бірнеше
мәрте айрыла жаздап, небір от-жалындардан

өтіп, адам төзгісіздей теперіштерді көрген әкелеріміздің шаттықтары ерекше еді. «Отаным!» деп, «сәбет» үшін жандарын қиған әкеміздің әлгі құрдастарының ұлтжандылық қасиеттерінің тым болмаса аз ғана ұшқыны біздің қазіргі кейбір замандастарымыздың бойынан табылса ғой, шіркін!-деп, армандап та қоямыз. Оң жақ аяғы жамбасынан бастап мина жарықшақтарынан талқандалып, сыз «окоптарда» яғни дымқыл орларда өкпесі әбден қабынған әкем қазақ топырағының тым болмаса шетіне жетіп жығылуды армандаған кезінде: «Сүйегім жат жерде қалмаса екен», – деп тілеген екен. – Ә, Құдай, осы көрсеткен жақсылықтарыңды баянды ете гөр! Елімізге, басымызға амандық, жұртымызға тыныштық, бауырымызға бүтіндік, отбасымызға берекеңді бере гөр! Еліміз аман болсын, еліміз аман болса, оның ішінде қалқайып жүріп, біз де жаман болмаспыз! – деп, бар білгенінше дұға жасап отыратын жарықтық. Тәуелсіздігіміздің бақандай бес жылына куә болған әкеміз осылайша дастарқан сайын тұтас елімізге жақсылық тілеуден жалықпай өтті өмірден. «Бодандықтың бұғауында қылқынсақ біз қылқындық. Енді сендер аман боп, ел бірлігі нығая берсе екен, түге!» – деген тектес бата-дұғасы әкем Үшбайдың әр лебізінен-ақ аңғарылып жататын. Ал, шынтуайтына келгенде, адал ақ бата дегеніңіздің өзі нағыз дұға ғой! «Көрейін деген жарықтарың...» деп әкем айтпақшы, расында әңгімесін тыңдай отырып, ол кісінің бірнеше рет өлім аузынан кері оралғанына қанық болатынбыз. Әкеміз Үшбай дүниеге

келгеннен кейін, атамыз Үркімбай Өскенбайұлы 74-ке қараған шағында, 1918 жылы дүние салған екен. Демек, «кәмпеске» деп аталып кеткен, байдың малын тәркілеу үдерісіне атамыздың өз басы ілінбеген. Ол кісі жетпіс жасында көрген баласының атын «Жетпісбай», ал жетпіс үшке келгенде туылған баласының есімін «Үшбай» деп қойған ғой. «Могиканның» соңғы тұяқтары... Ең жас тоқалынан туылған екі қыз, екі ұлының ғана емес, демек жалпы перзенттерінің кенжесі-біздің әкеміз. Сондықтан, ол кісі қара шаңыраққа ие боп өтті өмірден. Көзін ашпастан жатып әкесіз, одан кейін анасыз қалған кенже ұл содан бастап Рай, Райымбек деген ағаларының тәрбиесінде болған көрінеді. Ол кісілер атамыздың екінші әйелінен туылған екен. – Рай, Райымбек жәкелерім мені еркелетіп, мойындарына мінгізіп отыратын. «Шешелеріміз бөлек» деген сияқты бір шәккі мінез көрсетіскен емес. Жеңгелерім неткен мейірімді еді! Жандары Жәннатта болсын жарықтықтардың! Сол кездің өзінде әкемнің соңында қалған малы көп еді. Шамамен бес-алты жасар кезім болуы керек, ағам Жетпісбай мені оңашаға шығарып: «Әй, Үшбай, ана малшы-жылқышы кісілер айтады: “мына малда сендердің де үлестерің бар, еншілеріңді сұрамайсыңдар ма?” – дейді. Екеуміз жәкелерімізден сұрайық», – де-е-еп отыр. Сол кездің балалары ерте есейетін бе еді, кім білсін?! Әйтеуір, осы айтылған әңгіменің жайжапсарын түсініп-ақ тұрдым. Бірақ жәкелерімді өте жақсы көретіндігімнен, әлгіндей әңгімені естігім келместен, құлағымды қос алақаныммен тығындай басқаным есімде.

Малшы-жылқышы ағайындардың ол қылық-
тарын түсінем, әрине. Олары жәкелеріме жасаған
сатқындықтары емес, «шариғат бойынша мирас
дұрыс бөлінсін», дегендері ғой. Заман түзу

болғанда, жәкелерім біз ес білісімен, малымызды
алдымызға сап берер еді. Үлесімізді жемес еді.
Өйткені, ол кісілер бір Алладан қатты қорқатын.
Қит етсе: «Әй, жазған-ау, ертеңгі күні Құдайдың

алдында не бетіңді айтасың?»,-деп, бірін-бірі
жамандықтардан тиып отырушы еді. Бәлкім, төрт-
бес жастағы кезім шығар. Ол кісілердің қатарласа
намазға тұрған кездері, шөкелеп отырып, ұзақ

дұға жасағандары, алыста қалған көмескі бір
суреттей, есімде. Одан кейінгі мезетте бір-біріне
бірдемелерді сыбырлай айтысып, үрейлене есікті
жауып, намазға бірді-екіден ғана, кезектесіп

тұра бастағандары да жадымда. Оны айтасың,
бір күндері балаларды ұйықтатып тастап, түн
қараңғысында намаз оқығандарын да байқап
қалдым. Ояу болсам да, қыбыр етуге батпадым.

Үлкендердің көздерінен аңғарылған үрей маған
да әсер етсе керек. Дінімізге байланысты бала
кезімде естіп-білгендерім, көргендерім осы ғана.
Ал, Жетпісбай атаң бір-екі жыл болса да Рай,

Райымбек жәкелерім ұйымдастырған медреседе
дәріс алған. Едәуір әріп танитын. Шариғаттан
біраз хабардар еді. Кейін келе оқып-білдік қой:
сол кездері «құдайсыздар қоғамы» деген пәле

құрылып жатқан екен. Оны құрушылар ең алдымен
молдаларды, бай-манаптарды «нысанаға» алған
көрінеді. Арада тағы біраз уақыт өтіп, мен ес біліп
қалған кезде жәкелерім «кәмпескеге» ілікті. Кейін

білдік, ол 1928 жыл екен. «Бұлар ең кіші тоқалдан

туылғандар, иеліктерінде малдары жоқ», – десе
керек
білетіндер.
Әйтеуір,

белдеріне
қайыс
белбеу таққан, бас киімдерінің маңдайшасында
бес жұлдыздары бар, сұсты адамдар Жетпісбай

екеумізді алып қалды да, жәкелерімді бүкіл бала-
шағасымен ұлардай шулатып, арбаға тиеп алып
кетісті, түге. Жүрегім қан жылап, қала бердім.
Кейін «ұзын құлақтан» естуімізше, жарықтықтар

1931-34-жылғы ашаршылықта көз жұмған екен.
Қазақстанның солтүстігіне айдаса керек... Онда
жұт қатты жүргенге ұқсайды. Басқалай хабарым
жоқ. Білсем, іздеп бармас па ем?! Тағы мынаны

ойлап қара, балам. Сол жолы әлгі арбаға бізді де
отырғызса, біз де аштықтың құрбаны боп кетер
ме ек..., кім білсін?! Сендердің көрейін деген
жарықтарың шығар. Аллаға мың шүкір! – деген

жүрек жарды естеліктерін әкеміз жиі айтып
отыратын.

ДІНІН ҚОРҒАҒАН ЖЕТІМДЕР

Содан «сәбет» өкіметінің «арқасында» тіпті
бір үзім нансыз қалған қос бейбақ ақыр-соңында
жетім балаларға арналған «Детдомнан» («Детский
дом» – «Балалар үйі»-Н.Ү.) бір-ақ шығысады.

Әлгі тапанша ұстаған қайыс белбеулілер: «Енді
сендердің өмірлерің бақытқа толады»,-деп апарып
тапсырған екен. Әпкелері Ұлтуар мен Алтыншаш
болса,

әкелерінің
тірі
кезінде-ақ
ұзатылып

кеткен болатын. Мынандай аласапыран кезде ол
кісілерден де көз жазып қала берген еді қос бауыр.
Жетім балалар үйінде тамақ, киім, жатын орын

берілген, оқу жүріп жатады. Бір күні жасөспірім
Жетпісбай інісіне кеп:

– Сен естідің бе? Үлкен кластың балалары

құпия ғып айтып жүр. Алдағы айларда осы
интернаттың балаларын біртіндеп шоқындыруды
бастайды екен. Түсіндің ғой, Үшбай! Кәпір болмай
тұрғанда, қашайық бұл жерден. Екі-үш күн жаяу

жүрсек, мынау Мойынқұм жағындағы нағашы
жұртымызға жетерміз. Заттарыңды буып-түйіп,
дайын отыр,-дейді. Үш жасқа үлкен болса да,
ағаның аты-аға. Айтқаны-заң. Үшбай інісі әзір

отырады. Зат дегенде заты үстіндегі бірсыпыра
киімдері. Жолазықтарына түскі тамақтарынан
үнемдеп бес-алты жапырақ нан жинаған екен.

– Неге мына тұрған Күйелі өзенінің бойындағы

әкеміздің өз ел-жұртына, «Үркімбайдың жайла-
уына» қайтпаймыз? – деген сауалына:

– Болмайды. Ол жерде бізді бірден танып қойып,

қайыс белбеулілер қайтадан интернатқа әкеп
тапсыруы мүмкін. Оны қойып, «байдың балалары»
деп ұстатып жіберсе, кәйтпексің?! Ал, нағашы
жұртымызда бізді көпшілігі аса біле бермейді, –

деген жауап алған әкеміз ағасының соңынан ілесіп
жүре берген екен.
Жә-ә, сонымен, «шоқынғымыз келмейді» деп,
дайын ас, жайлы төсектен қашқан бірі 12, екіншісі

15 жасар қос бала сол кездің өзінде «тоғыз жолдың
торабы» деп аталып кеткен Шу қаласын артқа
тастап, «Мойынқұм даласы, қайдасың?» – деп
жаяу тартады. Шынтуайтына келгенде, сол жетім

балалар
үйінде
шоқындырудың
жүргізілген-

жүргізілмегені де белгісіз. Бірақ, «жел тұрмаса,
шөптің басы қимылдамайды» деген қағиданы

ұстанған әкелеріміз қолұстасқан күйлерінде,
араға екі қонып, сол кездегі Қызыл отау деген
ауылдан бір-ақ шығысқан екен. Аталған ауылда
олардың

нағашы
ағайындары
қоныстанған
болатын. Мойынқұмның дәл осы тұсы негізінен

Қарашеңгел деген атпен белгілі. Бұл-менің кіндік
қаным тамған ауылым. Тәуелсіздігімізге қол
жеткізгеннен кейін, өзінің бір кездегі тарихи
тұлғаға айналған перзентінің бірі, атақты тоғаншы

Күшаманның есімін иеленді.

«МАЛДЫ БОЛҒАНЫҢ –ҮЛКЕН АЙЫП...»

Қош, сонымен: «Жазығың- бай болғаның!»-деп,
бар малдарын тартып алып, бай-болыс біткенді
жер аударып тынған қызыл өкімет: «Қолыңда
жеке

меншік
малың
болғаны-
социалистік

келбетіңе айып!» – деп, жоқты соғып, енді келіп,
кедей бейшаралардың бар малдарын тартып
алып, ортаққа қостырған болатын. «Ортақ» сөзі
«социалистік ортақ меншік» дегенді білдіреді.

Оларға түк емес, қит еткенді «контра» деп, атып
тастай салады. Үрейленген жұрт- үнсіз. Енді
қайтсін-ай!!! Малдан гөрі жан тәтті, дегендей...
Бұл жағдайдың барлығын, бір кездері мыңғыртып

мал айдаған, Үркімбай байдың қос жетім ұлдары
тікелей көздерімен көріп, куә боп жүрген еді.
Әне-міне дегенше, арада екі жылдай уақыт
өтіп кеткен екен. Сөйтіп жүргенде, бір күндері

Қарашеңгел алқабына шекелеріне қызыл жұлдыз
таққан, қайыс белбеулілер сау ете қалысады.

– Жоғарыдан бұйрық келді. Совет халқының

жаны да-ортақ, малы да-ортақ. Ана жақта бізден

гөрі қиналып жатқан бауырларымыз бар екен.
Соларға қарай малдарды айдаймыз!-де-е-еп,
шіміркпестен соғып тұр дейді. «Ана жақтың» қай
жақ екені де белгісіз. Айтылмайды. Құпия...

«Мал ашуы-жан ашуы» демекші, наразылығын
білдірген біраз кісі болған екен. Оларды пысқырсын
ба?! Қайыс белбеулілер аспанға бірді-екілі рет
оқ атып, одан соң ауыл адамдарына кезенгеннен

кейін бәрі де тынышталысса керек. Сонымен,
ата-бабаларынан бері қарай мал бағумен қатар
қызыл тары егуді кәсіп еткен Көкірек жұртының
мал атаулысы мылтықтылардың алдында айда-

лып, астық біткені олардың арбасына тиеліп
кете барады. Айтып-айтпай не керек, сонымен
айналасы екі-үш айдың ішінде құмды өңірдің
тарыдай шашылған ауылдарын 1931-34 жылғы

ашаршылық ызғары толығымен жайлаған екен.
Әкеміз айтатын:

– Тігерге тұяғы қалмаған жұрт аң-құс аулап,

оны да аз уақыт ішінде бітіргендей болатын. «Жұт-
жеті ағайынды» демекші, әлде аң-құс біткен аштық
жайлаған өңірлерден ауа көшіп кете ме, кім білсін?!
Әйтеуір, содан кейін ауылдастарымыздың ішінде

қауқары барлары тұзақ құрып, тышқан аулауға
көшкені есімде. Ал, ондай тірлікке де жарамайтын
кәрі-құртаң кісілер мен жас баласын құшақтаған
әйелдер жағы жаужұмыр деген жабайы шөптің

тамырын қазып жеуші еді. Оның өзін шамадан
тыс көп жеп қойып, ісіп-кеуіп, көз жұмғандары
қаншама... Үйлі-жайлы деген ауылдастардың
жағдайы мынандай болғанда, үйсіз-күйсіз жүрген

біздің халіміздің бұдан да ауырлай берерін түсіндік
те Жетпісбай атаң екеуміз: «Шу қаласына жетсек,

аштан өлмеспіз»-деп, бұдан екі жыл бұрын қашып келген ізімізбен кері қарай қайта жол тарттық. Осылай деген әкем әңгімесінің осы тұсына келгенде «әй-әй-әй-ә-ә-әй!»-деп, кейістікпен басын шайқап, бас бармағын тістеп, үнсіз отырып қалушы еді. Сөйтетін де әңгімесін қайта жалғастыратын: – Балам, Алла ондайдың бетін ұрпақтарымыздан аулақ қылғай! Халықтың басына нәубет төнген кезде адамның құны сұраусыз, өмірі түкке алғысыз боп қалады екен. Өзің білесің, біздің ауыл мен Шу «стансасының» арасы 100 шақырымдай жер ғой. Жаяулатқан жұрт босып келеміз. Біз сияқты бозбалалар сәл ширақтау қимылдайды. Егде кісілер аяқтарын әзер сүйретіседі. Әр-әр жерде теңкиіп жатқан мәйіттер... «Бұл кім болды екен?»- деп, әлгі жазғанға қайырылып қарамақ түгілі ойлауға шамасы болмайды екен кісінің. «Аш адамда ес қалмайды», – деуші еді қариялар. Сол рас боп шықты. Қазір ойлап отырсам, әңгімелеріне қарағанда, сол аштықтан қашқан сапарындағы көрген құқайлары әкелерімізді тез есейтіп жіберсе керек. Талай серіктері жолшыбай жүре алмастан, жеткен жерлерінде қисая кетіп, қала береді екен. «Сәл тынығып алайыншы»,-дейді екен жарықтықтар. Одан кейін қанша жерден «тұр, тұрласаңыз» да тым болмаса еңбектеуге де шамалары жетпей қалатын көрінеді. Оның үстіне, өз көздерімен көрмесе де, әкелеріміздің талай-талай куәгерлерден небір жантүршігерлік әңгімелерге қанық болған жайы тағы бар. Сондай оқиғалардың бірі мына тақылеттес...

Әдетте, ел іші тыныш заманда, күш-қуаты бойындағы азаматтан қорқау қасқырлар тайсақтай жүреді екен. Ал, қалың елді жаппай аштық буған кезде, ерлердің де қауқарсыз боп қалғанын ол қорқаулар бірден сезетін болса керек. Ер кісіден осылайша қаймығуды қойған «қасекеңдер» әйел затын бұйым құрлы көрсін бе?! Аштық тырнағынан қашып, балаларын жетектеп бара жатқан әйел адамды қасқырлар қамалап алады екен. Ондайда бейшара шеше, сасқалақтап жүріп, екі бұтының арасына балаларын жасырып, етегімен жауып қоймай ма!? Соның өзінде, қорқаулар тайсалмастан келіп, анасы бейшараның етегінің астына бүрісе тығылған сәбилерді тартып жеп кеткен кездері болған екен. Сірә, далада «егінтегін» жатқан ересектер етін жей-жей «кекірік атқан» «қасекеңдер», сонда тек сәбилердің етінен дәмететін болса керек қой. Екі аяқты «қасқырлар» еш аяусыз күйде талап тастаған кеңестік қоғамдағы халықты түз тағысы аяп қайтсін?! Елден ерек қазақтың басына таудай боп құлаған бұл не қылған нәубет, тұтас жұртымыздың белін қайыстырған неткен қасірет еді, десеңізші! Айтып жеткізгісіздей, қолдан ұйымдастырылған қастандық... Бір қайран қаларлық жағдай: қос бауыр тіске басар дым таппай, аштан бұратылғандарына қарамастан, осыдан екі жыл бұрын өздері қашып шыққан сол баяғы «жетім балалар үйі» яғни интернат жаққа қарай, «мұсылмандығымыздан айрылып қалармыз» деген қауіпті ойлап, аяқтарын аттап баспаған екен. Ал енді, қос жетімектің сол бір қылықтарына имандылық тұрғысынан ой жіберіп

көрейікші, ағайын. Айналасын аштық құрсаулаған,
басар тау, барар жерлері, талшық етерге бір түйір
нандары да қалмаған ағайынды жасөспірімдер
атеистік қоғамның тасқын судай қаптап келе

жатқан, имансыздыққа толы қатыгездіктерінен
қолдарынан келгенінше имандарын осылайша
қорғап қалуға тырысқан екен-ау!
Әкелеріміздің осы бір қылықтары сөз болған

сайын ойыма ылғи, тәуелсіздігіміздің алғашқы
жылдарында,
базбір
замандастарымыздың

асыл дінімізді болмашы бір дүниелікке бола
шіміркпестен сатуға дейін барған қадамдарының
ойыма оралатыны бар. Рас, енді ғана қаз-қаз тұра
бастаған дербес мемлекетімізде 1992-1996-жылдар

аралығында тұрмыстық ауыртпалықтар біраз
болды. Бірақ баспанасыз күйде, жапан түзде
қаңғып қалған немесе аштықтан баудай түсіп
жатқан ешкім болмаған еді ғой?! Дастарқанымызда

нан болды, аздап дәм болды. Сәл тапшы күйінде...
Сонда деймін-ау, осындай уақытша қиындыққа
бола мұсылманшылықтарын бір қап ұн немесе
жарты қап құмшекерге айырбастап, Хақ жолдан

өз еріктерімен бас тартып, басқа дінге өтіп
кеткендер ертеңгі күнінің яғни о дүниесінің жай-
күйін ойлады ма екен, десеңізші?!

ҚҰНЫ ЖАРТЫ НАНҒА ДА ТАТЫМАҒАН

ҚАЙРАН ҚАЗАҚ

...Сонымен, қос бауыр Шу бекетіне де жетеді.
Мұнда да қазақ үшін жүрек жалғар жағдай қайдан
болсын? Шу қаласында оңтүстікті солтүстікпен,

батысты
шығыспен
жалғастыратын
пойыз

жолдары қиылысады. «Тоғыз жолдың торабы»
деп аталуы сондықтан. Осының салдарынан, сол
жылдардың өзінде, қалада басқа ұлт өкілдері,
әсіресе орыстар көптеп қоныстанған екен. Мұнда

мынандай қасіретті көріністер көзге бадырая ұрып
тұрған көрінеді. Көше тола аштықтан бұратылған,
киімдері алба-жұлба ауыл қазақтары. Бұлар-
Шу өзенінің орта және төменгі ағыстарын бойлай

орналасқан ауылдардан кеуделерін сүйрей жеткен
ішіндегі «ширақтары» ғана... (Ал, жете алмастан,
өз үйлерін немесе ашық даланы қабірханаға
айналдырып, жантәсілім еткендері қаншама,

десеңізші!!!) Осы айтылғандарға Шу қаласындағы
кереғар келесі көрініс- өзге ұлт өкілдерінің
жайы-тын. Олардың қарыны- тоқ, көйлектері-
«көк». Қолын созып, қайыр сұраған қазақтарға

жиіркенішпен қарасады. Қадам сайын: «Осылар-
ақ басымызға пәле болды-ау!»-деген кейістіктерін
балағат сөздерімен араластыра төгіп жатқандары.
«Ана өлген қазақтардың мәйіттерін сасытпай,

қаладан тезірек шығарып тастасаңдаршы!»,-деп
көкірек кере көкитіндері қаншама еді, десеңізші!
Қала базары тола қайыр сұраған қазақтар. Кенет
ашқұрсақ жасөспірім баланың бірі базаршының

жарты бөлке нанын ала қашқан екен. Нан иесі қуып
жетіп, желкесінен бір-ақ түйгенде әлгі бейшара
табанда жантәсілім еткен көрінеді. Сонда: «Ау,
«тәбәріш»(«товарищ» – «жолдас» – Н.Ү.), мұның

қалай? Біреудің ер жетіп қалған баласын өлтірдің
ғой? Кәне, құнын төле немесе заң алдында жауап
бер!» – деген бір ауыз сөз айтылмапты. Себебі,
Сталин «жолдастың» нұсқауымен, Голощекиндей

қандықол қарақшының аса белсенділігімен, қызыл Орталық жүргізген осы бір сұрқия саясат кесірінен қазақ баласының құны, жасөспірімінің өмірі жарты бөлке нанға да татымай қалған заман еді. Әттең дүние-ай!... ҚАЗАҚҚА ТАБЫЛМАҒАН ҰН-КӨРШІ ЕЛДІҢ МАЛ ЖЕМІ Жүректі сыздатқан жоғарыдағыдай көріністерден секем алған әкелеріміз шекаралас Қырғыз жеріне қарай жылжи беруді жөн көрсе керек. Ол үшін жүк таситын, «товарняк» пойыздарға жармасуға тура келген екен. «Ондай жүк пойыздарына жармасқандар саны едәуір болған»,- деседі. Алайда, солардың ішінде Алланың қолдауымен, кеуделеріндегі жандары аманат боп, аман жеткендері санаулы-ақ көрінеді. Сөйтіп, олар «Камышинское» деген қырғыз ауылына жеткен екен. Өздері «Камшенке» деп айтушы еді естелік әңгімелерінде. Ішер астары болмаса да, ас құйып алар ыдыстары үнемі өздерімен болған. Өз сөздерімен айтқанда, бір-бір темір «кәтөлөк» яғни отқа ілуге арналған тұтқасы бар шағын темір ыдыс, бір қасық, бәкі, сіріңке сияқты ең керекті жабдықтары белдерінде байлаулы жүретін. Ағайынды екеу, сөйтіп ауыл үйлерді жағалап жүріп, «Камышинское» колхозының мал бордақылау қорасына тап келген екен. Сөйтсе, жұмыскерлер үлкен кеспекке су құйып, оған қара ұн салып шылап, шикі аталаны астауларға құйып, малға береді екен. «О, тоба!-деп таң қалысыпты қос

жетімек ағаш шарбақтың жігінен сығалап тұрып,-
біздің жақта мынандай ұнның тым болмаса бір
табағына қол жеткізе алмай адамдар аштан қатып
жатыр. Ал, мыналардың қап-қап ұнды малға беріп

жатқаны несі?!» Мұндай наразылық сауалдарын
сыртқа шығарып айта алмады олар. Іштерінде
тұншықтырды.
Осыншалықты

әділетсіздікке
толы кереғарлық олардың балаң түсініктеріне,
көңілдеріне сияр емес. Сонымен не керек, қос бала
шарбақтан сығалай бақылап біраз отырысады да

жұмыскерлер басқа бір шаруаларымен кеспек
қасынан алыстап кеткен кезде, жүгіріп барып,
әлгі аталаға «кәтөлектерін» бір-бір батырып алған
күйлері тұра қашысады екен.

– Біздің соңымызға түсе қуалаған ешкім бола

қоймады. Шамасы, «қазақтың аш балалары ғой»
деп, аяса керек. Содан қашқаннан қашып отырып,
бағана бір әзірде тауып қойған «мекенімізге»
келдік. Ол кездері кірпіш күйдіру ісі қарапайым

тәсілмен жасалатын еді ғой. Кепкен кірпіштерді
дөңгелете биік етіп қалап, ортасына от жағады.
Сондай күйдірілген кірпіш пешінің бірі қаңырап
босқа тұр екен. Дереу от жағып, быламығымызды

пісіріп жедік. Не тұз, не май қосылмаса да
быламықтың осыншалықты дәмді болатынын
бірінші рет сезінуім... Сөйтіп, күнде бір «кәтөлөк»
быламық жеп жүріп жаттық. Ауыл арасын аралай

жүріп, артынша, Омарбек деген бір қазақпен
танысып алғанымыз мұндай оңды болар ма!?
Ол өзі мына бізге көрші «Көктерек» ауылынан
екен. Қартөшке қойманың қарауылы болатын.

Келісім бойынша, түн қараңғысында жасырынып
барамыз. Ол бізге бір шелектей майда қартөшке

береді. Соны бір аптаға жеткізуіміз керек. Сөйтіп
жүріп 1932-ден 33-жылға қараған қатал қыстан
да шықтық-ау аман. Бұл қыс қатал жұт жылы боп
санамызда қалып қойды. Келер көктемнің күні

жылт етісімен: «Енді Мойынқұмға жетейік»,-десіп,
келген ізімізбен кері қайттық. Жолдағы көрген
азаптарымызды санамалап айтпай-ақ қояйын.
Әйтеуір аман қалған жанымызды олжа көріп:

«Өлмеген құлға болды жаз!» – деп, Қарашеңгелге
де жеттік.
Әкеміздің әңгімесі одан әрі былайша жалға-
сатын. Елге келсе, «Қызыл отау» ауылы жартылай

қаңырап қалған екен. Алғашқы боп оралғандардың
бірі біздің әкелеріміз болады. Бас сауғалап, жан-
жаққа босып кеткен жұрт күн жылысымен
біртіндеп жиыла келе, Қарашеңгел төсінде аздаған

ауылдастары қайтадан түтін түтете бастаса керек.

– Ашаршылықтың халыққа ең ауыр тиген тұсы-

біз Қырғызстанда қыстаған сол 1932-ден 33-жылға
қараған қыс айы болатын. Негізі, «Сәбет» кезіндегі
ашаршылықтың екінші толқыны 1931 жылы
басталды ғой. Сол 1933 жылдың соңына қарай

Қазақстанға басшылыққа Мырзажан (Мирзоян)
келіп, қазақ ауылдарына аздап мал тарата бастаған
еді. Соның арқасында, 1934 жылдың аштығын аса
қатты сезіне қоймадық. Ей, балам-ай, «Аштықта

жеген құйқаның дәмі тоқтықта естен кетпес»,-
дейді атам қазақ. Баяғы бізге қартөшкемен
қарайласқан Омарбек деген кісі есімнен ешқашан
шыққан емес. Сырттай ылғи алғысымды айтып

отырам. Қазақ атамыз не нәрсені де дөп баса айтқан
ғой, балам. «Аш адамнан ақыл сұрама!»-деп. Сол
рас сөз. Аштық жылдары 14-16 жас аралығындағы

бала едім ғой. Бәрі де әлі күнге дейін көкірегімде
сайрап тұр. «Кәмпескеге» дейін байың байдай,
кедейің кедейдей бір-біріне мейірімді еді. Кәзір
кәзиттеріңе «тәркілеу» деп жазып жүрсіңдер ғой.

Сол тәркілеуден кейін кедейлердің жүрегінде
байлардың тұқымына деген кек пайда болды.
Сөйтіп жүргенде, «ол аз» дегендей, «сәбет» өкіметі
сол кедейлеріңіздің қолдарындағы малдарын

да тартып алып, ортақ қазанға қосқаннан кейін
не жорық?! Әйтпесе, сол «ортағыңызға» дейін
кедейдің ең жоқ дегенінде екі сиыр, бір жылқы,
жиырма шақтыдан ұсақ малдары болатын. Өкімет

соларына ауыз салмағанда, халық бұлайша
қырылмас еді. Біз ол кезде аштықтың анық мәнін,
себебін түсінбедік. Түсінгендерінің өзі өкіметті
кінәлаудан қорқатын. Дербестігімізді алғалы бері

ашық жазып жатсыңдар ғой. Ол кезде қайда-а-а...
Аштық туралы жақ ашу деген болмайтын. Үй-
ішілік дастарқан басында ғана сыбырласа еске
алатынбыз. Өздеріңе де сөйтіп әңгімелеуші ек

қой?! Сол аштықтың кесірінен халқымыздың кең
пиығылы едәуір тарылды, мінезі өзгерді, табиғаты
бұзылды деп ойлаймын. Алла ондай сұмдықтардың
бетін ұрпақтарымыздан алыс еткей!-деп, әкеміз

марқұм әжептәуір толқып қалатын.

«АШ ҚАЗАҚҚА ДӘРІГЕРЛІК КӨМЕК

КӨРСЕТІЛМЕСІН!»

Тарихшыларымыздың жазуынша, Голощекинің
қанды қолы арқылы әдейі ұйымдастырылған
бұл нәубеттің мақсаты-қазақ жерін біз сияқты

«бұратана» халықтан «босатып алу» еді. Бұл
ойымызға «Жұлдыз» журналының 1992 жылғы,
бесінші санында жарияланған Роберт Конквестің
«Жатва скорби» атты кітабынан келтірілген

мына бір деректің дәлел болары анық: «Аштық
жылдары Қазақстанда басшылық қызметте болған
Голощекиннің аштан қырылып жатқан қазақтарға
дәрігерлік көмек көрсетуге қатаң тыйым салған

жасырын нұсқауы болған екен». Тұтас бір халыққа
қарсы бағытталған зұлымдықтың нағыз дәлелі
емес пе, бұл сөйлем?! Айта берсе, мұндай деректер
жетерлік.

Журналис Нұрбек Бекбау «Jaqsy.kz» сайтында
жарияланған «Қазақты жою жобасы» деген
мақаласының «Қазақтың соңғы тұяқ серпуі» атты
бөлімінде нақты деректер арқылы халқымыздың

басына ала-бөтен түскен сол бір зұлмат жөнінде
былайша ой толғайды: «Шыдамның да шегі бар.
«Малым жанымның садақасы», - дейтін қазақ төрт
түлігін тартып алғанда «сабыр» деді. Соңынан жан

дүниесіне дүрбелең салғанда, қауқары бары қолға
қару алды. 1928-1930 жылдары республиканың
түгел аумағын қамтыған 372 көтеріліс болып өтті.
Оған 80 мың адам қатысты. Коммунистер пулемет,

ұшақ, атты әскерді қарсы қолданды. Алайда, әбден
ашынған халық ажалға тура шапты. Іс насырға
шапқасын, «бәлшебектер» келісімге келуге мәжбүр
болды. Араға адам салып: «қаруын тапсырсын,

талабын орындаймыз, жазалау болмайды», – деп
сендіріп бақты. Екі тарапты табыстыру Елтай
Ерназаров, Әліби Жангелдиндерге жүктелді. Бас
көтерген қазақтардың талабы мынау еді:

1. Дін бостандығын беру, мешіттерді қайтару,

діни салттар мен шараларға кедергі жасамау; 2. Ірі байлар тәркіленгеннен кейін, енді тәркілеу

болмайтындығы жөнінде декрет шыққан еді, бірақ
бұл іс орта шаруаға қарсы әлі жасалуда;

3. Колхоздарға зорлап кіргізу тоқтатылсын.

Олар тек ерікті негізде қабылдансын; 4. Қазақ даласында тапқа бөліп, жіктеуді қою

керек. Істі шешуге комсомолдарды жібермеу, оны
ауылдың жалпы жиналысында шешу қажет;

5. Салықтарды мал-мүліктің санына қарай

салу керек. Егін екпейтіндерге астық салығы
салынбасын…»
Алайда, бұл – (Елтай Ерназаров пен Әліби
Жангелдиндерді

арағайын
етіп,
уәде
беру-

Н.Ү.) барып тұрған алдаусырату еді. (Халық)
мылтығын тапсырып болысымен, қызыл армия
оларды «басмашы» деп айыптап, жаппай атып-
асуды бастады. Ауылдарды шапты. Малын айдап

кетті. Қазақтың соңғы демі үзілді. Соңғы рет тұяқ
серпіді».
Аталған үзіндіде журналист Нұрбек Бекбау
нақты деректерге сүйене, баяндап отырғандай,

халқымыз
жайдан-жай
қасірет
қамытына

мойынсұна қоймаған екен. Кеңестік мылтықтың
үңірейген ұңғысына қасқая қарап тұрып-ақ,
наразылығын білдірген, нақты талаптарын қойып,
шарттарын көлденең тартқан. «Дін бостандығын

беру» атты алғашқы бапты оқыған сәтте сол баяғы
1929 жылы: «Шоқындырып жіберуі мүмкін»,-
деп, дінінің амандығы үшін жанұшыра қашқан
қос жетімек әкелеріміздің ашаршылық кезінде

де әлгі «Жетім балалар» үйін айналып өткен талпыныстары тағы да оралып отыр есімізге. Бес томдық «Қазақстан тарихы» еңбегінің 4-томында көрсетілгеніндей, біз тілге тиек етіп отырған ашаршылық жылдары қазақ халқының 42 пайыздайы дүние салған немесе жер ауып кеткен. Аталған нәубет Қазақстанда жүргізілген қос халық санағының, уақыт жағынан, шамамен орта тұсына сәйкес келген екен. Әрине, жалпы халықтық бұл қасірет санақ мәліметтерінде тиісінше көрініс берген болатын. «Санақ жүргізушілер бұлтартпас мәліметтерді көрсету арқылы, қазаққа қарсы аштық ұйымдастырған біздің қылмысымызды әдейі әшкерелеуге тырысты», – деп секемденді ме екен, кім білсін?! Әйтеуір, өз көлеңкелерінен өздері қорыққан сталиншіл қоғам сол халық санағын жүргізуге басшылық жасаған қазақтың небір марқасқаларын 1937 жылы басталған, тағы да қолдан ұйымдастырылған келесі қырғын кезінде, «халық жауы» деген жаламен атып тастаған екен. Ел ішіндегі бас көтерер бригадирден бастап, мемлекет басшысына дейінгі аралықтағы «елім» деп еңіреген азаматтарды жаппай қырып-жойған қуғын-сүргін науқаны шағын ғана «Қызыл отау» ауылын да айналып өтпеген еді. Нақтырақ айтқанда, аштық қырғынынан естерін жия бастағанына екі жылдай өтер-өтпестен халықтың басына 1937-1938 жылғы саяси қуғын-сүргін ауыртпалықтары келіп түскен болатын. Халық байқұстың: «Бұ бәледен де құтылдық-ау!»-деп ойлап үлгергендеріне үш жыл толар-толмаста

Екінші дүние жүзілік соғыс келіп киліккені тағы
белгілі.
«Құдай-ау, туған халқын ес жиғызбастан, әрбір
екі-үш жыл сайын қырып салып отырған, бұл не

қылған жауыз мемлекет еді?» – деп ойға қаламын
кейде.
Тамыз, 2012 жыл.

СОҒЫС ШЫНДЫҒЫ МАЙДАНГЕР КӨЗІМЕН деректі әңгіме Әкем Үшбай Үркімбайұлы Екінші дүние жүзілік соғыстың біз білмейтін көлеңкелі қырлары жайлы Кеңес өкіметінің кезінде-ақ көп айтатын. Алай­ да, ол кісінің шерткен шындық сырлары қызыл идеологиялық насихатқа толып қалған біздің санамызға сыйыса бермеуші еді. «Неге?» – дейсіз ғой. Бір мысал келтірейін... ҚазМУ-дың екінші курсын бітіріп, ауылға жазғы каникулға барған кезім. Бұл өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының ортасы болатын. Ауыл клубына кино келді. «Они сражались за Родину» деген фильм екен. Ұмытпасам, «Отан үшін от кешкендер» деп аударылды-ау деймін. Тайлытаяғы қалмастан, шағын ауыл тұрғындары түгел барған сияқты. Фильм жүріп жатыр. Бір кезде, актер Бондарчуктың сомдауындағы негізгі кейіпкерлердің бірі автоматынан оқ жаудыра ордан шықты да, немістерге қарай адымдай жүрді. Қадамы-нық. Ал, фашистердің оғы тынымсыз борауда. Әлгі кейіпкердің бірнеше жерінен оқ тиді. Соған қарамастан, «советтік», жаужүрек қаһарман әлгі жараларын сәл қинала ауырсынған күйінде, автоматынан оқ жаудыруын тоқтатпастан, алға қарай біраз адым жасады.

Денесі оқтан шұрқ тесік болғаннан кейін ғана
барып құлады. Демімізді ішімізден алып, экраннан
көз айырмай қараудамыз. Құдды бір бұрынғының
алып батырларына бергісіз десе болғандай. Осы

оқиғалардың барлығы да өте әсерлі түрде, үлкен
экранды толтыра, кино тілімен айтқанда-«с
крупным планом» көрсетіліп жатқан болатын. Не
керек, жан-дүниеңді жаулайтын-ақ көріністер... Өз

басым: «Міне, осындай нағыз батырларымыздың
арқасында ғана фашистердің тепкісінен аман
қалдық», – дегендей ой кешіп, керемет толғаныс
құшағында отырғанмын.

Бір кезде, дәл қасымда отырған әкем ал кеп,
шексілесі қата күле бастасын. Фильмдегі әлгіндей
көріністер жиілеген сайын әкемнің күлкісі де үдей
түсуде. Намысқа булығып мен отырмын:

– Көке, қойсаңызшы! Көрермендерден ұят емес

пе?! – деп шынтағынан түртіп, сабырға шақырып
қоямын. Әкем мені еркелете, «Бөкетай» деуші еді.

– Бөкетай-ау, мына көрсетіп жатқанының көбісі

өтірік қой. Ең алып деген салдаттардың («солдат»-
жауынгер-Н.Ү.) өзі олардың бір атқан оғынан
қалпақтай ұшатын. Өстіп те жалған айтуға бола
ма?!-деп, күлкісін тиған әкем менің «сыбырлай

сөйлеңіз» дегеніме қарамастан, наразылығын
ашық түрде айтып жатты. Байқаймын, залдың әр-
әр жерінен: «иә, мына жерлері енді өтірік», «соғыс
көрмеген адам сеніп қалуы мүмкін», – дегендей

майдангер ауылдастарымыздың пікірлері естіле
бастады.
Үйге келгеннен кейін де ол кісіге наразылығым-
ды айтып қояр емеспін.

– Ұят болды ғой енді ауылдастардан. «Пәлешенің

әкесі қызық адам екен, киноға сонша күлді», – дейтін болды ғой. Бізді ұятқа қалдырдыңыз. – Балам, алақандай ауылымызда менің кім және қандай адам екенімді білмейтін жан жоқ. Күлсе, өзіме күлер. Оданда сабыр ет. Тыңдасаң, соғыстың нағыз шындығын айтып берейін. Мүмкін, құлағыңда қалар... Шынын айтқанда, басында өкпелей қитығып отырсам да, майдангер әкемнің әңгімесін біртебірте ден қоя тыңдай бастағанмын. Ендігі әңгімені ол кісінің өзінен естіген күйімде баяндағаным жөн болар. – Бізді майданға «товарняк» дейтін, жүк таситын пойызбен жеткізді. Киіміміз тым жұқа, жұпыны еді. Жолда талайымызға салқын тиіп, майданға жеткенше ауырып бардық. Барысымен, жаттығусынақтарынан сәл-пәл өткізгеннен кейін, әй-шәйға қаратпастан, майданға салды. Окоптың (ордыңН.Ү.) табанысыз. Қозғалмай біраз тұрсаң, ылғал табаныңнан өтіп, шекеңе бір-ақ жетеді. Жатсаң, күпәйкені («фуфайка»-ішіне мақта салып, сырып тіккен сырт, кеуде киім-Н.Ү.) місе тұтпастан, денеңді құрсаулап алады. Тамақтарының да анау айтқан құнарышамалы. Шетімізден ауыра бастадық. Сол кезде «нәркөмөвский пәйөк» («Халық комиссарлары кеңесінің сыйлығы» деген мағынаны білдіреді-Н.Ү.) дегенді тарата бастады. Сөйтсек, онысы таза спирт екен. Бәріміздің қайыс белдіктерімізге аузы бұралып жабылатын, бірбір темір құты байланған болатын. Соны толтыра әлгіні құйып береді. «Ішіңдер, әйтпесе қатып қаласыңдар!» – деп дігірлейтінін қайтерсің... Іштей де болса, дінімізге беріктігімізді сақтауға

тырысқан мұсылман жауынгерлер біраз бар едік.
«Ішпеймін», дегенімізге қарамастан, аузымызға
құйғандай етіп, үйретті әлгіні. Кейін, суықтан
қатып қалмас үшін, бір жандарының аман

қалуына бола, айтқызбастан өздері-ақ ішетінге
айналған-ды. Анда-санда тамағымыздың ішінде
ағараңдап көрініп қалатын ет пен майдың нендей
жануардікі екенін біліп болмайды. Сұрасаң, бәлеге

қаласың. Тілі мен жағына сүйенген политрук
(«политический руководитель» – «саяси басшы»-
Н.Ү.) келіп, насихатын бастап кеп кеткенде миың
айналып, өзің-ақ олардың дегендерін атқара

бересің. Олар діни және ұлттық рухымыздың
болмашы жұқаналарының өзін өстіп «мыжғылап»
тастайтын. «Сендер совет солдатысыңдар, Совет
өкіметін қорғаудан артық қасиетті міндет жоқ біз

үшін», – деп сәт сайын миымызға шегелейді де
жатады. Содан бәрін тастап: «не болса да, әйтеуір,
Отанымызды қорғап қалуымыз керек. Еліміз үшін
жан пида!», – деп құлшынып шыға келетінбіз.

Миымызда – политруктың «құйған» ұрандары,
бойымызда – таза спирттің қызуы... Себебі, әрбір
шайқас алдында «қосымша пәйөк» ішкізетін бізге.
Сөйтсек, спиртті «суықтан үсіп өлмесін» деп қана

емес, шайқас алдында батылдандыру үшін де береді
екен ғой! Оны ол кезде қайдан білейік?! Бір нәрсені
ерекше айтқым кеп отыр. Политруктер шетінен
шешен келуші еді. Жалындатып, ұрандатып бір

сөйлеген кездерінде, жүрегімізде Отанымызға
деген алғыс, мақтаныш сезімі күшейіп, отқа, суға
салса да дайын боп тұратынбыз. Сәбет өкіметінің
сол соғыста жеңіске жетуінің бірнеше себебі

бар. Солардың ең бастыларының қатарында осы
политруктердің еңбегі бар деп ойлаймын.
Содан, майдан басталады да кетеді. Енді
мына нәрсеге қара, балам. Соғыстың алғашқы

айларында: «Отан үшін-алға!» – деп кәмәндеріміз
бұйрық бергенде, біз жазғанның қолымызда
өзімізге тиесілі мылтығымыз да болмайтын.
Төрт-бесеуімізге

ортақ-бір
мылтық.
Әлгіден
кезегімізді сақтап атамыз. Қатарымыз сиреген

сайын мылтыққа ортақтар саны азаяды. Кәзір сол
жағдайларды еске ала ойлай отырып: «Не деген
сұмдық жағдай болған?! Салдаттар бір-біріне
мысық тілеулес бола жаздаған екен-ау?» – деп

шошынатыным бар. Ол кезде өйтіп толғанбаққа
қайда-а-а ???
Өлімге де кісінің бойы үйренеді екен. Небір
боздақтар көз алдыңда мұрттай ұшып жатады.

Оларды ойлап, қайғырып отыруға уақыт жоқ.
«Атыңдар!»-дейді.
Нысанамызды
шамалап

алып, оқ жаудырамыз кеп. Ондай кескілескен
шайқастарда
окоптан
басыңды

шығарып,
нысанаңды көздеу деген қайда-а-а! Басыңды
жұлып түсіреді. Қуақы солдаттардың бірі таяққа
бас киімін іліп, өзінен алыстау етіп, окоптан сәл

ғана шығарған еді, әп сәтте пилоткасы шұрқ тесік
матаға айналды да қалды. Кешегі әлгі киноңа күліп
жатқаным сондықтан, балам. «Бояушы, бояушы
десе, сақалын бояпты» демекші, асыра әсірелеудің

халыққа пайдасынан гөрі зияны басым болады.
Біздің жайымыз әлгіндей, бесеу ара бір мылтық
болғанда, немістердің қарулары сұмдық еді. Бір
оғының өзі сеспей қатыратын. Сөйтіп, жартылай

аш-жалаңаш, қарусыз күйімізде шегіне-шегіне

жергілікті тұрғындардың көз-алдында әбден масқара болдық. «Сужүрек, қорқақтар!» – деп бізге олар кіжінеді, балағаттайды. Біздің қолымызда не тұр дейсің!? Сөйтіп жүргенде бір күні құдай жарылқап, әрқайсымызға жылы тон, былғары етік, жеке-жеке винтовкалар таратыла бастады. Әмірканың кәнсервілерін жеп, «әміркан» (америкалық-Н.Ү.) етік киіп алып, шайқасқа кірістік-ай кеп. Содан немісіңді өкшелей қуып отырып, сәбеттің шекарасынан бірақ қуып шығардық. Ары қарай тарихтан өздеріңе белгілі, балам. Біз шабуылға көшкеннің өзінде әлгі киноңдағыдай етіп, сәбет салдатын окоптың сыртында талтаңдатып жүргізіп қоймайтын. Немістің де мергендері мықты еді ғой. Бірден атып түсіреді. Тым асыра сілтенген өтіріктің кісі санасын қорлайтынын содан білемін. Осының бәрін өзіңе тәтпіштей айтып жатқан себебім: мұның бәрін жазарсың, жазбассың. Оны уақытында көрерсің. Дегенмен, «көкейіңде жүрсін» дегенім. Расы керек, әкемнің осы әңгімелерін алғаш тыңдағанымда сенер-сенбесімді білмеген едім. «Жалған айтып отырған шығар» дейін десем, бұл айтылған жайттар әкемнің өз мәртебесін өсіруге бағытталмағаны айдан анық еді. Сенейін десем, бірде-бір кеңестік кітаптардан, ақпарат бұлақтарынан мұндай мәліметтерді кездестірген емеспін. Ойлана келе, не де болса әкемнің осы әңгімелерін көкейіме түйіп ала бергенді жөн көргенмін.

ЖАРАТҚАННЫҢ ЖАЗУЫ

Әкемнің мина талқандаған оң аяғы жамбасынан
бастап тобығына дейін кіші-гірім шұңқырларға
толы болатын. Бала неме емес пе, бауырларым
қызық көріп, әлгі жараларының орынын шұқылап

ойнаушы еді. «Бұл не?» дегенімізде:
.– Ә-ә, немістің «сыйлығы» ғой, – дейтін әкеміз
жайбарақат қана.
Кейін ес біле бастаған кезімізде әңгіменің шын

төркінін сұраған едік.

– Сендердің көрейін деген жарықтарың шы-

ғар, мен талай рет өлім аузынан қалдым, балам.
Соның бірнешеуі соғыс кезінде болды. Майдан
тілімен
айтқанда

«Лазарет»
дейтін
әскери
ауруханаға жатқызып, мылтық ұстауға жарасаң

бітті, соғысқа қайта апарып салатын. Ондай-
ондай «жеңіл» жараланған сәттерімді есіме де
алмаймын. Жадымда жатталып қалғаны- ана
дүние қақпасының алдынан қайтқандай болған

кезім.
.Немістерді тырқырата қуып бара жатқан
ек. Бірақ бір жолы олардың қақпанына қапыда
түсіп қалдық. Олардың күшін кем бағалаппыз.

Жасырып қойған бөлімшесін білмеген екенбіз.
Біздің рота ентелеп-ақ келе жатыр еді. Сөйтіп
жүріп, жау тылына кіріп кетіппіз. Әп сәтте
қоршап ала қойды бізді. Жан алысып, жан беріскен

шайқас жүріп жатты. Бір кезде дәл қасымнан
бірнәрсенің гүрс етіп жарылғанын білем. Одан
кейінгісі есімде жоқ. Есімді жисам, караңғы түн
екен. Денем қозғалтпайды. Тек қолдарым ғана

сәл икемге келгендей болды. Жаураған жаураған
ба, біржолата қатып қалыппын. Сөйтсем, суық
түнде өз қаныма өзім малшынып жатыр екем.
Қан көп кеткенге ұқсайды. Жанымды қоярға жер

таппай, беу-беулей бастадым. Айналамнан мен
сияқты жаралылардың үні әр-әр жерден шығып
қояды. Бірақ көп емес. Әрі кеткенде бес-алты-
ақ адам-ау деймін. Сөйтіп жатқанымызда, бір

кезде танктердің үні келді құлағыма. Екеу екен.
Бізге ентелей жақын келіп тоқтады да, «капоты»
(қақпағы-Н.Ү.) ашылып, ішінен танкистер шыға
бастады. «Жау танкісі шығар» деген қорқыныштан

үніміз пышақ кескендей тиылған. Тістене шыдап
жатырмыз. Бір кезде қолындағы пәнәригімен
(«фонарик»-қол шам-Н.Ү.) шашылып жатқан
мәйіттерді барлай қарап жүрген әлгілер бір-біріне

орысшалап: «Мынаны қараңдар, маңдайларында
бесжұлдыздары бар. Біздің солдаттар ғой?!», –
деуі мұң екен, баяғы бесеуміз тұс-тұстан: «Ой,
пәмәгите, ой, пәмәгите!» – деп зарлап қоя бердік.

Құдай қалап, танкілер маған жақын тоқтаған
екен. Екі адам келіп мені плащ-палаткама
жайғастырып, танкінің ішіне алып кірді. Ол
кездегі танкілердің іші тар болатын. Екі танкіге

бір-бірден ғана жаралылыларды жайғастырды
ғой деймін. Сол екеудің бірі мен болдым, балам. Ал
енді осыны Алланың маған жасаған қамқорлығы
емес, деп қалай айтарсың!? Сендердің көрейін

деген жарықтарың шығар?!... Аллаға мың да бір
шүкірлік қылдым. Бір кезде танк орнынан қозғала
бастады. Майдан кезінде дала біткен айқыш-
ұйқыш қазылып, одан қала берсе, неше түрлі

бомбалар мен миналардан сансыз шұқанақтарға

айналып
кетеді
ғой.
Әлгіндей

кедір-бұдыр,
айқыш-ұйқыш кедергілерден өткен сайын танк
ішіндегілер, әсіресе көлденең жатқан менің денем
біресе секіріп биікке көтерілгендей болады. Біресе,

тақ етіп танктің еденіне ұрыламын. Құдай басқа
сала көрмесін, сонымен не керек, танк денемді әр
жолы лақтыра секірткен сайын жаным кеудемнен
бозторғайдай шырылдап, сыртқа «ұшып» шығып,

біраздан кейін қайта кеп оралатындай. «Әй, енді,
өлген деген осы шығар», – деп ойлауға ғана шамам
келді. Ары қарай не болғанын білмеймін.
Жаралы әкеме қатысты оқиғалар одан әрі

былайша өрбіген екен. Танк ішіндегілер ол
кісінің былқ-сылқ еткен денесін әскери дала
ауруханасына әкеп табыс етеді. Жараланғандар
көп. Ота (операция) үстеліне жетуді беу-беулей

күтуші майдангерлер кезегі едәуір болса керек.
Әкем әлі есін жия алмай жатады. Бұдан арғы
әңгімені ол кісімен сол ауруханада бірге жатқандар
әкеме кейінірек былайша баяндап берген екен.

Содан дәрігерлердің бірі шығады да: «Мына
жаралыны-жедел түрде операция үстеліне... Анау
жаралы әзірге күте тұрсын»,-дей келе, менің
әкемді нұсқап, мына жаралыдан үміт жоқ сияқты.

Оны дәліздегі мәйіттер жанына шығарыңдар!»-
деп, бұйрық береді. Сөйтіп, әкем жарықтықты
кіреберістегі дәлізге шығарып, шимен қоршатып
қойса керек. Себебі, көз жұмғандарға арналған

жеке мәйітхана бөлмесе мұнда жоқ. Қабір қазатын
адамдар табылғанша, сонда қоя тұратын көрінеді.
Сонысының өзі қандай ғанибет болған, десеңізші!...
Дәл сол күні орталықтан әскери тексеру

комиссиясы күтпеген жерден сау ете қалған екен.

Анау-мынау емес, әскери дәрігерлердің дөкейлері болған деседі. Сол комиссия мүшелерінің бірі әлгі дәлізден өтіп бара жатып, мойнын созып, әкем жатқан шидің ішіне қарамай ма. Сөйтс-ее-е..., иә, сөйтсе, «өлді» деп шығарып тастаған жауынгердің кірпігі сәл-пәл қимылдағандай болады. Мың болғыр әлгі кісі: «Тірі солдатты мәйітханаға шығарып тастағандарың қалай? Бұл не деген сұмдық?!», – деп айқайды салады кеп. Әскери тәртіптің атыәскери тәртіп. Аурухана дәрігерлері зыр жүгірісіп, әкемді өлім аузынан құтқаруға дереу кірісіп кеткен екен. Кейде ойлап отырсам, Алла тағала сол комиссияны құдды бір менің әкемді құтқаруға әдейі жібергендей көрінеді маған. Демек, сол арқылы біздің де мынау жарық дүниеге аман-есен келіп, аса Қамқор, ерекше Мейірімімен Өзінің бізге арнаған нығметтеріне бөленуімізге Жаратушы Иеміз жағдай жасап қойған екен-ау!? Әкемнің де бұл тұрғыдағы пікірлері менің ойларыммен орайлас кеп жататын. Әсіресе, тәуелсіздігімізді алып, діни наным-сенімдеріміз жайлы кең де терең айту мүмкіндігі пайда болғаннан бастап ол кісінің өз өміріне соны қырынан баға беруі де жиілей түскен болатын. Себебі, перзенттері өздерінің имани әңгімелерімен әкеміздің сондай тұрғыдағы ойларға шомуына ықпал етіп отырушы еді. .– Бір Құдайдың қамқорлығының арқасында, сендердің көрейін деген жарықтарың ғой. Аллаға мың да бір шүкірлік еттім! Сөйтіп, бір жолғы жараланған сапарымның өзінде Алла мені бір емес кемінде үш мәрте өлім аузынан алып қалды. Бөкетай, өзің ойлап қарашы: майдан даласында

минаға талқандалып, қанға бөгіп жатқанымда
әлгі «тәңкистерді» басқа жаралыларға емес, дәл
маған қарай бұрып жіберген бір Құдай ғой. Одан
лазаретке жеткенше секірген тәнкімен бірге әр

жолы «шыр» етіп, кеудемнен ұшып шыққандай
болған жанымды маған «Қайтармаймын!» – десе,
Алланың Өз еркінде еді ғой. Мендей әлсіз құлын
есіркеді, қайтарды. Бір тал шашқа ілінгендей

болған өмірімді өзіме өстіп бірнеше мәрте қайта
ұсынып отырды.Үшіншіден, лазаретте, өлдіге
саналып жатқанымда әлгі бай болғыр кәмесияңның
маған көз қыры түспесе ше, онда шын өлер едім

ғой. Осындай жағдайлардан кейін бір Аллаға
шүкірлікті мен айтпағанда, кім айтады?! Ал, ондай
жараланулардың үлкенді-кішілі талайы өтті ғой
басымыздан.

Әкемнің тағдырына қатысты осы оқиғалар қазір
де менің көкейімде жаңаша қырынан жаңғыруда.
Ол кісінің айтқан пікірлеріне жалғастыра өзімше
ой түюге тырысамын. Айтса-айтқандай, сол жолы

әкемнің танкіге жайғасуына нәсіп еткен бір Алла, ол
кісінің аманат қойылған жанын жол бойы кеудесіне
бірнеше мәрте қайтара отырып, мүмкін еместей
көрінген жағдайларды да жүзеге асыра алатын

Өзінің шексіз құдыретін өлім халіндегі «советтік»
жауынгерге қайта-қайта ескерткендей-ау! Ал,
аталған әскери ауруханадағы ши қоршау астында
жатқан қарапайым жауынгердің болар-болмас

кірпік қозғалысын байқап қоюы – әлгі комиссия
мүшесінің қырағылығынан гөрі, аса Қамқор
Жаратушымыздың өз бұйрығымен, Үркімбайұлы
Үшбай деген пендесінің бұл дүниедегі көрер

жарығының одан әрі ұзара түскенін қалағаны

болар деп ойлаймын. Әлгі комиссия мүшесі болса, сол бұйрықтың жүзеге асуына себепкер болған пенделердің бірі ғана. Айналып келгенде, «Бір Алланың бұйрығымен, әлі де болса татайын деген дәмімнің таусылмағаны, әрі балаларымның көрейін деген жарығы ғой!», – деп әкем айтпақшы, мынау жалған дүниеде жазмыштан озмыш жоқ екендігіне осы оқиғалар тікелей дәлел болса керек. – Рас, «сәбеттің» кесірінен дінімізді жақсы біле алмадық. Сәбет өкіметіне дейін медресе бетін көрген бірен-саран ақсақалдардың әңгімесін тыңдағанымыз болмаса, былайша арнайы оқыпбілген ешнәрсеміз де жоқ. Дінімізге бостандық берілгенде 74 жаста екем. Баяғы лазаретте асығыс жасалған отадан кейін денемде минаның қалдықтары қалған еді. Бейбіт күнде қан құстырып, жаныма әбден батқаннан кейін, дәрігерлер бірнеше рет ота жасап, оқтарды алып тастады. Әр жолы «обши нәркөз» (тұтас ағзаны ұйықтататын өте күшті психотроптық дәрі-Н.Ү.) берді. Соның бәрі миға әсер етеді екен. Біраз жылдан бері ұмытшақтық ауруы пайда болды менде. Әлгі әкеп берген кітаптарыңдағы аяттарды жаттап алғымақ келеді. Бірақ есімде қалмайды. Кәзір олардың қазақша мағыналарын оқып алып, өз сөзіммен айтып жүрмін. Ең бастысы, Алла Кешірімпаз ғой. Біз бейшараларды есіркеп, дұғаларымызды қабыл еткей! Мінеки, балам, менің айтпақ әңгімем-осы. Бір Алланың бұйрығымен, перзенттері 80 жасқа таяған әкеміздің тілін кәлимаға тағы бір мәрте келтіріп қоюды жөн санаған еді. Ол кісі құлшына келіскен болатын. Медреседе оқитын немересі «Кәлима-шаһадаттың» ең әуелі мағынасын

түсіндіріп, содан кейін әр сөзін өзіне ілесе отырып,
атасының үш мәрте қайталауын сұрағаны да сол
еді. Әкеміз құдды бір ұстаз алдындағы шәкірттей-
ақ, айтылған кәлиманың әр сөзіне ұйып, ерекше

терең ықыласпен қайталап отырды. Соңынан
немересіне алғысын айтып, батасын беріп, бір
жасап қалғаны есімізде. Қызыл империяның
кесірінен

тұтас
өмірі
аяусыз
жұлмаланған

әкеміздің тілін кәлимаға келтірген сол бір имани
әрекетін, қазақша айтқан тілек-дұғаларын, бізге
берген баталарын аса Қамқор, ерекше Мейірімді
бір Алла Өзінің теңдессіз кеңдігімен қабыл еткей!

Күнәларын кешіріп, Жәннатына шығарғай! Себе-
бі, қарт майдангер өзінің жер басып жүрген әрбір
күні үшін Жаратқан Иемізге шексіз шүкірліктерін
айтудан жалықпайтын еді.

Қыркүйек, 2012 жыл.

«АНАНЫҢ ТАБАНЫНЫҢ АСТЫНДА ЖҰМАҚ БАР» деректі әңгіме Бұл деректі жазбамды анашым Мазақ Жанпейісқызына ғана емес, Кеңес өкіметі кезінде дүниеге келіп, қызыл Кремльдің иықтарына артқан зіл-батпан ауыртпалықтарын қабырғалары қайыса жүріп көтерген, сөйтіп жүріп сол атеистік қоғамда дүниеден өткен барша мұңлық аналарға арнаймын. Аса Мейірімді Алладан ол кісілерді жарылқауын сұраймын. Өткен ғасырдың алпысыншы-сексенінші жылдары Мойынқұм өңіріне мал атаулының молынан біткен берекелі бір кезеңі еді. Кеңес өкіметінің қатал заңы бойынша, әр отбасына, жаңылмасам, бір сиыр, бес-алты қой, бір жылқыдан ғана ұстауға рұқсат берілген. Арнайы өкілдер одан артық мал басын ұстаған үйге: «Малыңды мемлекетке, етке өткіз!» – деп, дігірлеп қоймаушы еді. Ал, олар айтқандай етке өткізсең, «өкімет» әлгі малыңның ақысына болмашы бір тиын-тебенді қолыңа ұстата салады. Наразылық танытып, қарсылассаң, жауапқа тартыласың. Сондықтан мұндай тығырықтан шығудың жалғыз-ақ жолы бар болатын. Ол-«совхоз» малын бағуға шығып яғни шопан болып, оған өз жеке меншік малыңды қосып бағу ғана. Сөйтіп, ауыл-үйді әуелі бір

Аллаға, содан соң сенімді жақындарыңа табыстап, қыс-қыстауды, жаз-жайлауды жағалап жүргенің. Мойынқұм малшыларының негізгі жайлауларыатақты Хантауының баурайы. Ол жылдар Хантауы қойнауындағы ірілі-ұсақты өзендер суының мол кезі болатын. Әр құдық басында екі отбасыдан отырады. Жазғы демалыстарына шыққан біз сияқты оқушы-перзенттер үшін жазғы жайлаудан артық әлем жоқтай көрінуші еді маған. Жайылымкең. Оты қалың, шөбі шүйгін өріске бір отар қойыңызды иіріп тастасаңыз, шөп атаулыны пытырлата жұлып жеп, бір орнында қозғалмастан тұрып қалатын. Ал, жылқы жарықтық ұсақ малдардың аяғы баспаған өрістерге ұзай жайылып, тек шөлдегендерінде ғана құдық басына үйірімен оралушы еді. Әке-шешем жайлауға көшіп келісімен сол үйірдің ішінен ең сүтті деген биелердің бірнешеуін желіге байлайтын. Ондағы ойлары – «жазғы демалыстарына келген балаларымыз қымыз ішіп, әл жисын»,- дегендері. Онсыз да үй-іші тірлігі мен мал-жанның бабын жасаудан қолы бір босамайтын шешем жарықтыққа мұның өзі қосымша үлкен жұмыс боп жабысты. Себебі, анам әр сағат сайын сауыны кеп тұратын биелердің желінін сыздатып, қарап отыра алмайды, әрине. Басқа шаруаларын қоя салып, шелегін алып, солай қарай жүгіре басып бара жатқаны. Саумалды күбідегі қорға құйып, біраз толғаптолғап піседі де, басқа шаруалары қалып бара жатқаны есіне түсіп кетіп: – Әй, балапандар, кезектесіп, мына күбіні пісіңдерші. Қымыз бабына келсін. Өздеріңе де

жақсы, сүйсініп ішесіңдер,-деп өтініш айтар еді. «Баламысың» деген... Сондай сәттерде лып етіп барып күбі пісе қоятын арамыздан «ынталылар» табыла қоймағандықтан, «домино» сияқты ойындар ойнап: «Кім жеңілсе, сол барып күбі піседі!» – деген шартқа тоқтаушы едік. Жеңілгеніміз созалаңдай барып, құлықсыз кейіпте піспекті әзер қозғап тұрғанымызда анам жарықтық ұшы-қиырына жетіп болмас шаруаларымен әрі-бері өтіп жүріпақ: – Күбіні олай емес, былай піседі! – деп күмпілдетіп, толғап-толғап қоюшы еді. Сондай сәттерде бізге бір ренжігенін көрмеппін. Біздің шамадан тыс тәлпіштігімізді жеңіл-желпі еркелікке балап, күлімсіреп қоя салушы еді. Кейін ойлап қарасам, біріншіден: «Сабақ кезінде онсыз да қасымызда емес, нағашыларының қолында ғой. Үш айға келгендерінде еркеліктерін көтере салайыншы...», – дегені шығар. Екіншіден, иә-иә, екіншіден... бізді мейірлене еркелетуге, осылайша құрақ ұшып, жағдайымызды жасауға өзінің санаулы ғана уақытының қалғанын Алла тағалам іштей сездіргендей-ау ол кісіге. – Ішкен асым бойыма батпайтын бір сұмдық пайда болды. Доғдырға барып көрінейін десем, мына кішкентайларымды, үй-жайды қайда қалдырам? Сөйтіп, жіпсіз байланып отырмын,- деп, жайлаулас көрші әйелге мұңын шағып отырғанын естіп қалғаным бар. Сонда да, мәселенің байыбына барып, тиісті қортынды жасай алмаған екенмін-ау. Ол кездері небәрі тоғыз-ақ жаста едім. Мен он жасқа аяқ басқан 1965 жылдың жазғы жайлауына, өкінішке

қарай, біз анамызсыз шықтық. Нақтылай айтқанда, жазғы демалысымыз басталысымен әуелі біз жеттік жайлауға. Содан кейін, Алматы қаласының ауруханасында көз жұмған анамызды сол жазда біз жайлаған «Әлім» атты жайлауға әкеп, ауылдастарымыз, біздің көз алдымызда, жер қойнына тапсырған болатын. Айтса айтқандай, «жазмыштан озмыш жоқ» екен. Менің бұл жазбаларым, бар болғаны, дер кезінде сыртқа шығара алмаған перзенттік сағынышқа толы толғаныстарым ғана. Аса Мейірімді Жаратушымыздың Өзі аманатқа берген жанын қалаған күні өте зор Әділдігімен қайтып алатынына ешқандай шүбәм жоқ. Уайымдасам, «мынау жалған дүниеден ертерек кетті» деп емес, «анау мәңгілік мекенінде анашымның жағдайы қалай боп жатыр екен?», – деп алаңдаймын. – Аса Қамқор, ерекше Мейірімді я Раббым! Мың жалбарынып сұранам! Бір Өзіңнің бұйрығыңмен біздің әрқайсымызды тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп, мынау жарық дүниеге әкеліп, мәпелеп бағыпқаққан қайран анашымның біз үшін шеккен әрбір мехнатының есебінен ол кісінің өз өмірінде біліпбілмей істеген барлық үлкенді-кішілі күнәлары мен кінәларын кешіре гөр. Қабір азабынан, Тозақ отынан сақтай гөр! Біз жарық дүние есігін ашар алдында толғақ қысып, жаны қиналған және түн ұйқысын төрт бөліп, бізді тербетіп, емізген әрбір сәтінің өтеуі ретінде анамызға шексіз сауаптар жаза гөр, я, Алла! Себебі, киіз үй ішінде, үлкен ініме толғатып, беу-беу қағып, жанын қоярға жер таппаған сәттері көз алдымда қалып қойған еді. «Үй-ішімізде ырыс-береке мол болса екен!»-

деп, жарғақ құлағы жастыққа тиместен кешкен
бейнеттерінің
қайтарымы
ретінде

Жәннат
бақтарында мәңгілік ырзықтарыңа бөлей гөр, я,
Жаратушым! «Құдай қосқан қосағым ғой» деп,
біздің әкеміздің қас-қабағына айрықша қарап,

көңілінен шығуға тырысушы еді. Ендеше, күйеуі
риза
болған
бақытты

мұсылман
әйелдердің
қатарынан ете гөр анашымды. Бір Өзіңнің шексіз
Рахымыңмен көрген тоғыз перзентінің сәби

кездерінде шетінеген төртеуін анамыз өз қолымен
жер қойнына табыстаған екен. Бір Өзіңнің өте
Қамқор бұйрығыңмен сол перзенттерінің тозақ
отынан әкеміз бен анамызға қорған және Жәннат-

қа шығуларына себепшілердің бірі болуларына
нәсіп ете гөр! Жастайынан жетімдіктің зарын көп
шеккенін айтып, оңашаларда көз жасын төгуші еді.
Жетімдердің қамқоршысы бір Өзіңсің ғой, я, Алла!

Анашымның төккен көз жасының әрбір тамшысын
ол кісінің Жәннатта тағынар асыл тастарына
айналдырғайсың! Я, Раббым! Атеистік қоғамда
фәниге келіп, Өзің берген нығметтерге бөленіп,

бақиға аттанған анашымның (тұтас қоғамымен
бірге) бір Өзіңнің Кәусар бұлақтарыңнан яғни Хақ
дініңнен күшпен шеттетілгені белгілі ғой. Бір Өзіңе
қалай құлшылық етуді білмегені үшін анашымды

кешіре гөр. Артық-ауыс сөздерінің салмағын жоя
гөр. Мұңданып, қиналған сәттерінде: «Я, Алла!
Ақыретіңде жақсылығыңды бере гөр!» – деуші
еді. Аят, дұғаларды білмесе де аса қапаланған

кездерінде «Я, Алла!» – деп, аһ ұра күрсінетін.
Ақыретін нұрлы ете гөр анашымның! Әке-шешеміз
және барлық иман келтірген бауырларымызбен
бірге Жәннаттың Фирдаус бағында бір Өзіңнің

Нұр Жүзіңді көріп жүруімізге нәсіп ете гөр, аса
Мәртебелі, я, Алла!
Бұл – менің анам үшін Алладан сұрайтын
тілектерім, жалбарына қайталайтын дұғаларым.

Ол кісі үшін жасайтын перзенттік дұғаларымның
да қабыл болмағы тек бір Алланың Мейірімімен
ғана жүзеге асуы мүмкін. Мені мұсылмандардан
етіп, маған өзім және әке-шешем үшін бір

Өзіңнен ғана кешірім сұрап, тілек тілеп, дұға
жасау мүмкіндіктерін берген, я, Жаратушы
Ием, бір Өзіңе сансыз мақтаулар болсын! Және
анам Жанпейісқызы Мазақ марқұмның атынан

садақалар таратып, басқа да игілікті істер
атқаруыма жағдай жасаған бір Өзіңе шексіз
шүкірлік еттім, я, Раббым!
* * *

Он жасымнан бері анашымды сағына еске
алған сәттерімде ол кісінің талай-талай сүйкімді
қасиеттерінің өзара қабаттаса, қатарласа ойыма
оралатыны бар. Дәл қазір әңгімемді солардың

қайсысынан бастарымды білмей, дал күйдемін.
Әйтеуір, анық білетінім-ол кісінің мінез-құлық
қырлары қарапайым қазақ әйелінің болмысын
ашуға көмектесетін құдды бір рухани кілттер

іспетті. Ең әуелгі ол кісінің көзге ұрып тұрған
қасиеті – тым бауырмашылдығы еді. Атың өшкір
ашаршылықта (1931-34 жылғы) әке-шешесімен
қоса бар бауырларынан айрылып, бір шаңырақтан

жалғыз қалғандықтан болар, әйтеуір шешем өзіне
төрт-бес атадан қосылатын кісілерді де «бауырым»
деп, жаны қалмайтын.
Ұлдарының ішіндегі бір қызы болғандығымнан

шығар, әке-шешем мені: «Арпа ішіндегі-бір
бидайымыз», – деп, ерекше еркелетуші еді.
«Нұрлытай», – деп, атымды тура атамастан:
«Бөкетай», – десетін. Әлі есімде, сол алпысыншы

жылдары – «кис-кис» деген тәттінің жаңа шыққан
кезі. «Қойытылған балқаймақтан жасаған сияқты
ғой», – деуші еді дәмін татқан апаларымыз. Сол
«кәмпит» менің негізгі қорегім болатын. Осыны

біліп алған базбір нағашыларымыз қолына бір-
екі кило «кис-кисін» ұстай келіп: «Әпке-ау,
мынау – Бөкетайыңызға!» – деп ұсынса бітті,
анам жарықтық табанда бір қойын сойып тастап,

қымызын сапырып, жік-жапар күйге түсуші еді.
Қазір ойлап қарасам, анашымның сол қылықтары,
Голощекиннің кесірінен, тоғыз жасында тұлдыр
жетім қалған қыздың бауырмалдыққа қанбай

қалған көңілін, отбасылық жылылыққа зәру
болған жүрегін сәл ғана ықыластың да тербеп
жіберетініне дәлел болған екен-ау!

БІР ӘУЛЕТТІҢ «КӨЗІНДЕЙ» БОЛҒАН ҚЫЗ Ең жақындарынан Қаншайым деген немере әпкесі бар еді. Голощекин ұйымдастырған сол ашаршылықта Жанпейіс, Нұрпейіс деген ағайынды кісілердің Нұрпейісінің шаңырағынан аман қалған осы Қаншайым әпкесі екен. Ол кісі анда-санда қонаққа келуші еді бізге. Сондағы анамның қуанғанын көрсеңіз ғой!!! Жүзі бал-бұл жайнап, онсыз да табиғатынан шаруаға ширақ кісі қазан-ошағын одан әрі ұршықша үйіріп, жылыжұмсағының бәрін әпкесінің алдына қойып,

аңқылдап әңгімелерін айтып, бір жасап қалушы
еді.
Бір-біріне
деген

сағыныштары
біршама
басылып,
салиқалы

әңгімелерге
көшіскен
кездерінде, әрине, қос мұңлық ашаршылықта
баудай түскен әке-шеше, бауырларын

еске
алып,
егілісетін.
Мұндай

көріністер
үйдегі
ересек ер адамдар шаруа жайларымен шығып
кетіп, әпкелі-сіңлілі екеуі оңаша қалғанда орын

алушы еді. Мен отыратынмын құлағым қалқиған
күйі: «Үлкен апалар да жылайды екен-ау»,-деп
таңдана ойланып. Қос шаңырақтан қалған қос
мұңлық ашаршылықта қаза болған әке-шеше,

бауырларын еске түсіре егіліп, шерлерін бір
тарқатысатын. Сөйткен Қаншайым апа да бір күні
бақилық боп кетті.
Содан былай, анашым қамкөңіл сәттерінде

іштегі мұңын, баласынбастан, маған ақтарушы
еді. Онда да, әкем мен екі ағам тыста болған кезде,
бірі апыл-тапыл басып жүрген, бірі жөргектегі
інілерімді ұйықтатып қойып, құдды бір үлкен

адаммен
сырласқандай-ақ,
маған
әңгімесін

айтатыны есте. Ол кезде бар болғаны сегіз-тоғыз
жаста болатынмын. Дегенмен, анама көмектескім
келгендігінен шығар, әйтеуір ол кісінің жан
қиналыстарын жақсылап түсінуге тырысушы

едім. Шерткен әңгімелері үзік-үзік күйінде әлі
күнге есімде. Ендеше, анамның жанына ең қатты
батқанынан бастағаным жөн болар.
Менің Жанпейіс, Нұрпейіс нағашыларым ата-

бабасынан жалғасып келе жатқан диқаншылықты,
ес білген кездерінен бастап, едәуір білгірлікпен
жүргізіп келген жандар екен. Шу өзенінің төменгі

сағасының қос қапталы- сексеуілі қалың өскен
Мойынқұм алқабы. Малшылықпен айналысқан
байлар
жағы,

негізінен
Хантауы
қойнауын
жайлап, ал егіншілікті кәсіп еткен жұрт Шу

өзенінен бойлай қоныстанатын болған. Олар
құнарлы алқапқа қарай Шу өзенінен бірнеше
тоғандар тартып, негізінен қызыл тары егуді кәсіп
еткен екен. Кәнігі диқаншылардың арасында бір

жылда екі рет өнім алатындары да болған көрінеді.
Бір Алланың берген ризығына қарай, 1931
жылдың
жазында

ағайынды
диқаншылар
Жанпейіс пен Нұрпейістің отбасы қап-қап тары
жинап, қарық болысқан екен. «Социалистік малың

да, жаның да ортақ болуы керек!» – деген ұранға
сәйкес, нағашыларым өнімдерінің негізгі бөлігін
«артельге» өткізіп, өздеріне арналғанын үйлеріне
жеткізіп алса керек. «Келер көктемдегі егіске

тұқымдыққа тұрсын», – деп, бір қап тарыны ұраға
жасырып, қалғанын шетінен ақтап-сөктеп алу
үшін шошаланың ішіне жиып қойған ғой.
Бір күні мылтық асынып, арбаға мінген қайыс

белбеулілер күтпеген жерден сау ете қалысады.
«Сендер «құлақ» («кулак», бай-Н.Ү.) болғалы
жүр деседі ғой. Кәне, жасырғандарыңның бәрін
ортаға шығарыңдар. Отан-анамызға астық керек

боп жатыр. Табанда мына арбаға тиеңдер!»,-
дейді
дігірлей.
Шошаладағы

қаптарды
місе
тұтпаған өкілдердің бірі жерді мылтығының
дүмімен ұрғылап жүріп, «көктемгі егіске ұрық

болсын»,- деп, үй иелерінің көміп тастаған әлгі бір
қап тарысын да тауып алып, арбаға тиеп, келесі
диқанның үйіне қарай жылжи береді. «Шиіттей
бала-шағалары бар екен-ау. Келесі егін орағына

дейін, бір жыл бойы бұлар қалай жан бағады?» – деген сауал өкілдердің бірінің де қаперіне кірмесе керек. Сонымен, «артель»-мойынсеріктің ортақ қоймасындағы негізгі астық та, жеке шаңырақтардың талғажау етіп отырған азықтары да әлгі арбаларға тиеліп, «орталыққа» қарай кете барады. Ауылдастарымен бірге аңқия аңтарылысқан нағашыларым не боп, не қойып жатқанын анық түсінбеген қалыптарында, одан әрі азық іздеп, алысқа ұзамастан, өз жұрттарында қала бергенді жөн көрсе керек. Анамның Шайдабай деген ағасы, малға айырбастамақ ниетпен, жарты қап тарыны тасалау бір жерге жасырған екен. Сол жарты қаптың өкілдер көзіне шалынбай қалғаны да зор нығмет болған-ау. Нағашы әжеміз осы тарыны өзі де мандыртып жеместен, балаларына қыс бойы азық етіп шыққан көрінеді. Қалай дейсіз ғой?! Ол кездегі негізгі төсеніш қой терісінен жасалған бөстектер болатын. Нағашы әжеміз сол бөстектің үстіне бір уыс тарыны шашып жіберіп: «Ал, теріп жеңдер!» – дейді екен. Сол-сол-ақ екен кішкентай саусақтар бөстек жүнінің араарасына «жасырынып қалған» тарыларды іздеу жорығына кірісіп кететін көрінеді. Мұндай әрекет бір жағынан сәбилердің қарны аштығын естерінен шығарып жіберетін ойын іспетті болса, екіншіден тарының аш өзектеріне бірден түсіп кетпеуіне сеп болады екен. Себебі, ас тұрмақ, аш өзекке түскен судың да кісіні мүрдем кетіретінін ақсақалдар айтып отыратын. Сонымен, ағайынды қос отбасы мүшелері

ауылдастары сияқты жаужұмыр деген шөптің
тамырын қазып жеп, табылса, тышқан аулап,
табылмаса, ол да жоқ күйде сүйретіле күн кешіп
жатады. «Жұт-жеті ағайынды» демекші, келер

жылы бұл құмды өңірде қуаңшылық боп, бір табақ
сепкен тарылары да шықпай қалып, рәсуа болған
екен. Ал, одан кейінгі жылы келген, нақтылай
айтқанда 1933 жылдан 1934 жылға қараған қыс

тым қатал болып, өздері ашқұрсақ жұрт аязға
үсіп те көз жұмған деседі. Ұзын сөздің қысқасы,
сол 1934 жылдың көктемінде Жанпейіс-Нұрпейіс
отбасыларынан аман шыққаны менің анам мен

немере әпкесі Қаншайым екенін жоғарыда айтып
өткенбіз. Голощекиннің «ұйытқы» болуымен исі
қазақтың басына тікелей келген бұл ашаршылық
Жанпейіс-Нұрпейіс нағашыларымның шаңыра-

ғын осылайша асқан қатыгездікпен ортасына
түсірген екен. Анам жарықтық осындай қасіретті
жағдайлардың бәрін де түрлі уақытта, әрқилы
көңіл-күйде бірнеше қайтара еске алғанымен,

бірақ ешқашан ашаршылықтың шығу себебін
айтқан
емес.
Бәлкім,

қызыл
идеологияның
кесірінен өзі де анық білмеген болар?!...

БАҚЫТ ҮШІН КҮРЕС

Жақын жуықтарынан 8-9 жасында, осылайша
біртіндеп айрылған анам бойжетіп, тұрмысқа
шыққанға дейін алыс ағайындарының қолында
болып, жетімдіктің зардабын әбден-ақ шеккен

екен. Сол жылдары «мына бала жетім қапты-
ау»,-деп, айрықша мейірленіп, маңдайларынан
сипай қоятын жанның некен-саяқ болуының кем

дегенде өзіндік екі себебі бар сияқты. Біріншіден, адамдардың бір-біріне ерекше мейірімді, ал жетім-жесірлерге айрықша қамқор болуларына шақыратын Хақ дінімізді ұстану тұрмақ, ол кездері Алланы ауызға алуға тиым салынған заман еді ғой. Екіншіден, Кеңес өкіметі орнаған күннен бастап, халқымыздың басын әңкі-тәңкі етіп кеткен, бірнеше кезеңдік ашаршылықтар және аса қатыгездікпен жүргізілген басқа да «социалистік» қуғын-сүргіндер кесірінен далада қалған қазақтың жетім балаларының саны тым көп болатын. Сондықтан, «Е-е-ей, осыншама қаптап жүрген бұл жүгермектердің қайсы бірін аяп, мүсіркеп үлгерем дейсің? Жайына қоя бер, өлмесе, бір жерден шығар», – деген тектес салғырттықтың қоғамда тұтасып тұрғаны кәдік. Сол себепті, анашым оңашаларда маған сырын ақтарған кездерінде, әңгімесінің дәл осы жетімдікке қатысты тұсына келгенде егіліп ұзақ жылаушы еді. «Бір үзім нанға зар боп кеткен, жарықтарым-ай!», – деп, ата-ана, бауырларын дауыс сала жоқтайтын. Кейде ойлап отырсам, бүгінгі молшылық сол аналарымыздың Алладан ұрпақтарына ырыс-береке сұрап жасаған дұғаларының жемісі сияқты. Ал, менің әкеме тұрмысқа шыққан кезін күлімсірей еске алушы еді: – Мен қолында болған ағайындарым бір күні: «Мазақ енді бойжетті. Көрші ауылдағы Әппақай деген кісі көңілін білдіріп отыр. Жасы сәл үлкендігі болмаса, мінезі жақсы, тұрмысы да жаман емес. Соған ұзатайық», – деп отырғандарын естіп қалдым. Өзім болсам, Әппақайды емес, сенің әкеңді

сырттай жақсы көріп жүргем. Оның үстіне бір-
бірімізді ұнататынымызды ерін емеуріндерімізбен
білдіріскеніміз тағы бар. Бірақ жігітпен оңаша
жолығып, сөйлесу деген – ол кезде дағдымызда

жоқ нәрсе. Ағайынды екеуі отырыстардың гүлі
болатын. Үшбай «гармон» тартып, өлең айтады.
Сөзге шешен, өлең шығаратыны да бар. Әрі
өзім сияқты-жетім. Әке-шешесінің көзін көріп,

сарқытын ішкен кейбір кісілердің: «Беу, дүние-
ай...! Дәурені жүріп тұрған кезінде, Жайлаубек
болыстың немере қызы Күлқадиша үшін «қалың
малға» деп, белбеуіне байлап барған мың ділдасын

табанда санап берген Үркімбай байдың балалары
емес пе, бұлар!!! Ендігі жүрістері мынау-не үй
жоқ, не күй жоқ... Әкелерінің талай жақсылығын
көрген ем. Шіркін-ай, екеуін де үйлендіріп, үй-

жай ғып қойсақ болар ед. Әттең, қол қысқа!»,

– деген сөздері жүрегіме тікенекше қадалатын.

Өз жетімдігімді ұмытып, әкеңді аяп қоямын.
Не керек, сөйтіп жүріп, екеуміз қолұстаса бірге
қашып, әкеңнің алыс нағашыларының үйін барып
паналадық. Әлгі әкесінің көзін көргендер, менің

соңымнан қуып келгендерден, бізді қорғаштап-
ақ баққан еді. Көп ұзамай, бос тұрған бір бөлмелі
«тоқал» тамға бізді отау етіп бөлек шығарысты.
Сүйгеніме қосылып, жеке шаңырақ болғанымызға

қуанғаным-ай сондағы...
Енді, анашымның әңгімесінің дәл осы тұсын ол
кісінің сүйікті жеңгелерінің кейбір естеліктерімен
толықтыра кетсем... ҚазМУ-де оқып жүрген кезім.

Жазғы демалысыма келген едім. Шешемнің көзін
көрген екі-үш жеңгесі маңдайымнан сүйіп: «Е-е-
ей, қайтейін-ай, жақсыдан қалған көзсің ғой.

Еркежан сендердің осы қызықшылықтарыңды көрмей кетті-ау», – деп аһ ұрысты. Ал менің көңіліме «жақсыдан қалған көз» деген ұғым майдай жағып бара жатқан еді. Анам жайлы әйтеуір мысқалдай болса да бір жақсы сөз естісем, марқайып қалатынмын. – Сенің шешең біздің қайынсіңліміз еді ғой. Еті тірі, ісмер, шаруаға епті болатын. Бөлек шыққандарын естіп, бір абысыныммен бірге «құтты болсын» айта бардық. Кірсек үйдің іші аршыған жұмыртқадай тап-таза. Төрде темір төсек тұр екен. Қашан тоқып үлгергенін білмеймін. Төсектің ұзына бойына шақтап тоқылған шілтерге жалғастыра кестелі ақ матаны тігіп, жапқыш жасап, «кереуетке» жауып қойған екен. Төсектің көрер көзге әжептәуір биік боп тұрғанына таң қалып: «апыр-ау, қосылғандары күні кеше ғана еді. Осыншама көрпе-төсекті қалай жасап ала қойған?», – деп барып, әлгі жапқышты сипалап қарасам, сондағысы бар болғаныекі-ақ көрпе. Қалғаны киім-кешек, басқа да буыншақ-түйіншектер екен. Соның бәрін ұқсатып жинап, көп дүниелік сияқты көрсетіп қойғанын қарасаңшы! Қаншама қиындық көрсе де: «жоқ», – деп жыланғанын тіпті естімеппін. Құдай сол ниетіне қарай берді ме, әйтеуір, екеуінің тұрмысы тез түзеліп, ел қатарына қосылып кетті ғой. Шет-жағасы есіңде қалған шығар: анаңның көзі тірісінде әкеңе бір үйір жылқы, бір отар қой біткен болатын. Соларды байлап, жайлауда әкеңе қымыз ішкізуші еді. «Соғыстан қан құсып оралды ғой, өкпесі жазылса екен», – деп, бәйек боп жүретін.

Сөйтіп жүріп, өмірден әкеңнен бұрын өзі өтіп
кетті, әне...
Жеңгелері айтса, айтқандай, анашым үнемі
әкемнің көңілінен шығуға тырысатын. Ол кісінің

бар бабын жасап, «еркектің немесе әйелдің
ісі» демей, үйдің ішкі-сыртқы жұмыстарының
барлығын орнына келтіре тындырып, зыр қағып
жүруші еді. Анамның әйел заты болып, өзгелерге

қосылып, өсек соғып отырғанын да көрмеппін.
Базбір
құрбыларымен,
сырлас

жеңгелерімен
әңгіме-дүкен құра қалса, бос қол қусырмай,
шілтер тоқи отыратын. Себебі, осы бір сүйікті ісіне
басқа кезде уақыты бола бермеуші еді. Құдды бір,

мына жарық дүниедегі қысқа ғұмырында көбірек
шаруа тындыруға тырысып өткендей. Ал, біздерге
арнап киім тігу, көрпе-төсек жасау деген істеріңіз
ол кісінің атқаруға міндетті негізгі шаруалары

мен шілтер тоқу сияқты «хоббиінің» ортасындағы
аралық бір, жартылай міндетті «кәсібіндей»
болатын.

«КҮН» КӨТЕРГЕН АНА

Менің тезірек қыз боп бой түзегенімді көргісі
келді-ау деймін. Әлі есімде, маған неше түрлі
үлгімен үлбіретіп, қос етекті көйлектер тігіп
беруші еді. «Апа, маған дөңгеленетін көйлек

тігіп беріңізші», – деймін еркелей. Қайран анам
бір-ақ күннің ішінде тілегімді орындайтын. Қол
машинкасын
зырылдата

айналдырған
сайын
нобайы қиюласып келе жатқан менің болашақ
көйлектеріме мейірлене қарап отырушы еді

жарықтық.
Ине-жіптен
қазір
ғана

шыққан

көйлегімді
киіп
алып,
шыр-көбелек

айнала
қуанған сәттерімде ол кісі мені бауырына басып,
маңдайымнан ұзақ өбіп тұрып:

– Ботақаным менің, алтыным, Бөкетайым! Менің

әке-шешем де, бауырларым да, балаларым да,
барым да, базарым да сендерсіңдер ғой! Құдайдың
мұнысына шүкір! – деуші еді терең тебіреніспен.
Ол кісінің бізге, оның ішінде әсіресе маған

арнап,
киім
тіккендегі
осындай

шабытты
шақтарының
әрбір
сәті,

қимыл-қозғалысы,
жұмсақ жымиысына дейін әлі күнге көз алдымда.
Себебі, осы бір көріністер ол кісінің бақытқа толы
сәттерінің айғағындай болатын. Ал, мен анамды

ылғи бақытты күйінде көргім келетін.
Анам жайлы ойланған сәттерімде есіме үнемі
ол кісінің жаңа ғана оттан шыққан таба нанды
көтеріп келе жатқандағы жарқын жүзі елестейді.

Бәлкім, балалыққа тән сезімталдықпен солай
қабылдаған шығармын. Әйтеуір, ол кісі маған
құдды бір кіші-гірім күнді көтеріп келе жатқандай
әсер қалдыратын. Айтса айтқандай, анашымның

қос дөңгелек, шойын табаның ортасына салып
пісірген таба нандары біркелкі сарғыш-қызғылт
боп, күмпие көз тартушы еді.
Ас үйіміз бен ошақ арасы едәуір жер болатын.

Қазір есіме түсіре ойлансам, анамыз бір ғана таба
нанды пісіру үшін осы екі аралыққа бірнеше рет
қатынаған екен-ау. Әуелі отынды толық жағып,
шоққа айналдырады. Содан кейін оған табаларды

қойып қыздырады да бір таба нандық қамырды
әкелу үшін ас үйге беттейді.

– Ыстық күнде әрлі-берлі жүре бермей,

қамырыңызды ыдысымен осы ошақ басына әкеп қоймайсыз ба? – деген сауалыма: – Онсыз да жақсы ашыған қамырды күн көзінде қалдырсаң, дәмі біржолата қышып кетеді, қызым, – деп, мені баласынбастан, шаруаның мән жайын тәтпіштей түсіндіріп жататын. Сонымен, дастарқанымыздағы Алла берген нәсібелеріміздің бірі таба нанға анамның сіңірген еңбегін ойша одан әрі еске түсіріп көрсем... Күннің аптап ыстығында, сексеуілдің бет қаратпас шоғына қақтала отырып, әлгі табаға қамырды әдемілеп жайғастырады. Қамырды екінші табамен жауып, үстіне біркелкі етіп шоқ қалайды да содан кейін ғана ас үйге кіріп, жан шақырады. «Жан шақырады» дегенім – жай сөз. Себебі, сол аралықтың өзінде де уақытын бос кетіру деген атымен жоқ. Қымыз тұрған күбіні бірнеше рет толғай пісіп, одан келесі түске немесе кешкі асқа жасалатын ыстық тамақтың әзірліктерін бастап кетуі тиіс. Соның арасында, ұмытпастан барып, әлгі табадағы нанның жайын тағы бір байқап келуі керек. Әйтпесе, не шамадан тыс күйіп, немесе сары тап болып, піспей қалуы ғажап емес. Бұл – екінші қатынауы. Үшінші рет, «нан пістіау», – деп шамалаған кезде оны оттан шығаруға барады. Ал, келімді-кетімді кісілері көп біздің отбасымызға күніне сондай таба нанның кемінде оншақтысы қажет болатын. Демек, қарапайым арифметикалық есеп бойынша, анамыз нан пісіру үшін ғана күніне ошақ пен ас үй арасына кемінде 30-35 рет қатынауы тиіс болған. Енді оған күн сайын екі мәрте пісірілетін ыстық тамақ пен қайта-қайта қайнатылатын

самаурынның әлегін қосыңыз. Былғанған ыдыс-
аяқтарды да сол ошақтың басына апарып, шоқта
тұрған ыстық сумен жуу керек. Ол аз десеңіз,
апта сайын сойылатын малдың бас-сирағын

үйітіп, шек-қарынын аршу деген шаруасы тағы
бар. «Малшының ең сенімді серігі-оның аса сақ
әрі жүйрік иттері», – дейді шопандар. Үйімізде
тайыншадай, тайыншадай үш-төрт ит болатын.

Оларға күн сайын арнайы жасалатын бір қазан
аталаны түнгі салқынмен суытып барып, таңертең
бермесе, әкеміз тарапынан қиғылықтың көкесі
сонда болады. «Ыстық атала жеген ит иісшілдігі-

нен қалады», – дейді әкеміз. Осы айтылғандарға
күн сайын жуылатын киім-кешектерді қосыңыз.
Және бабына келтіре қымыз ұстайтыны тағы бар...

ТҮН ҰЙҚЫСЫН ТӨРТ БӨЛІП...

Ұшы-қиырына шығып болмас осындай күндізгі
қарбалыстары аз болғандай-ақ, анамыз үлкен
ұлына жаны ашып, оның түнгі қой күзетіне де
көмектесуші еді.

– Жайлауда ит-құс қалың. Сары алтыным (ол

кісі үлкен ұлы Рысбай ағамды осылай деп атай-
тын- Н.Ү.) күндіз мал бағып, шаршайды ғой. Бір
мезгіл түнгі қарауылдыққа көмектесейін, – деп,
өзі сұранып, қосымша жұмысты мойнына артып

алушы еді. Содан көзім ілінгенше ол кісінің: «Һайт,
һайт, е-е-е-ей, һайт!!!» – деп ит-құсты үркітпекке
дамылсыз дабыстаған үнін естіп жатып ұйықтап
кететінмін. Жайлау таңы салқын болатындықтан

шығар, шамамен таңғы салқында оянып кетем.
Қарасам, анам жарықтықтың таңғы тірліктерімен

шапқылап жүргені. Құдды бір ұйықтамаған адам
сияқты.

– Апа, сіз қай уақытта ұйықтап жүрсіз? – деп

сұрадым бір күні баладан гөрі үлкендерге тән
қызығушылықпен.

– Сары алтынымның ұйқысы біраз қанғаннан

кейін оны оятып, өзім үш-төрт сағат көз шырымын
алып алам. Былқып кәйтіп ұйықтайын, шаруаның
бәрі қалып барады?! – деуші еді маған күлімсірей
қарап. Ал, күндіз болса, менің байқауымша, 15-

20 минут қана көз іліндіріп алатын. Бір рет тіпті
сағатқа қарап отырып, күндізгі ұйқы мерзімін
өлшегенім де бар. Жаным ашығандықтан, әрине.

– Апа, – деймін, анамның жүзіндегі мезгілсіз

түскен терең әжімдерін сипалай отырып, үнім
жарықшақтана, ауылдағы талай апалар күндіз де,
кешке де көп ұйықтайды ғой. Сіз неге сөйтпейсіз?!

– Е-е-ей, Бөкетайым-ау, әкеңнің денсаулығы

анау- денесі толған соғыс жарақаты, қара жұмысқа
жарамайды. Рысбай тәтең болса: «Ендігі мал-
жанымызға қарайтын менмін. Себебі, балалардың
үлкенімін. Маған «мектепте оқыды», деген куәлік

те жетеді», – деп сегізіншіден әрі қарай оқымай,
жап-жақсы оқып жүрген мектебін тастап, бәріміз,
міне, қой бағуға шықтық. Сөйткен ағаңның өзі он
жетіге енді ғана толғалы отыр. Бұғанасы қатпаған

баламды да, ауру әкеңді де аяймын. Аяғандықтан,
амал жоқ осылай шапқылай берем енді. «Құдай
қуат берсін», – де. Бұл көріп отырғаның: жер
аяғы кеңіген, жайлаудағы жайлы тірлігіміз ғой.

Көресіні қыстың қақаған суығы мен көктемгі
мал төлдетуде көріп жүрміз ғой. «Сапқоздың»
(«совхоз»-кеңестік
шаруашылық-Н.Ү.)

төбесі

шұрық тесік қораларынан нөсер жаңбырлар
құйғанда, сасқанымыздан «жас төлдерді қырып
алмайық» деп, оларды өзіміз жатқан киіз үйге
қамап, бар жарар киіз, кілем, тұскиіздерімізді

сүйрелеп апарып, төлдеген аналықтар тұрған
қораның үстіне жауып, әлек-шәлегіміз шыққанда
көрсең ғой бізді, қызым! Жаңбырдан сауыс-
сауыс болып, жанталасамыз да жүреміз. Ол

кезде сендер нағашыңның үйінде, оқуда боласың.
Ондай азапты өмірді Құдай сендерге көрсетпей-
ақ қойсын. Қар қалың түскен қыстағы азабымыз
ғой тіпті шаш етектен. Беріп жатқан жемі, шөбі-де

шамалы. «Сапқозың» бізге емес-ау, ана өздерінің
малдарына жағдай жасамаған соң, не үміт, не
қайыр?! Әуелі оны айтасың, «қыстан малды
нашарлатып алып шықтыңдар» деп өзімізге

дігірлейтінін кәйтерсің. Өткенде, бір топ «әктіп»
(«актив», совхоз басшылары-Н.Ү.) ай сайынғы
есептерін жасауға келген екен. «Бетің бар, жүзің
бар» демей, өздеріне осының бәрін айтып салдым.

Жыртық қорада бүрсеңдеп өлген малдарды
мойнымызға қарыз ғып, артпақшы. «Олардың
құнын айлықтарыңнан ұстаймыз», – дейді. Тегі әр
отарға шатыры бүтін екі қорадан сап берсе болады

ғой. Сондай-сондай сыздарда өткен суық адамды
оңдырмайды екен. Денсаулығым сыр беріп жүр.
Бұйыртса, осындай жайлаудағы кезімізде қымыз
ішіп, оңалып алмасақ болмас. Суық түсісімен

қайтадан азапты өміріміз басталады енді. Е-е-
ей, жаным-ай, қай-қайдағыны айтып, көңіліңді
түсірдім-ау деймін. Бізді уайымдамай-ақ қой.
Әйтеуір, сендер аман боп, жақсы оқып, аяқтарыңа

тұрып кетсеңдер, бізге керегі сол! Бірдеме ғып қиындықтарға шыдаймыз да, енді?! Жүдеу жүзіне қарап отырып, сол жолы анам байқұсты, балаң қызға тән нәзік бір сезіммен, қатты аяған едім. Өте жүдегені сонша, иықтары шодырая шошайып, жақ сүйектері қырлана түскендей еді. Жүрегім езілгендей болды. ДЕРТІНЕ ШИПА ІЗДЕП... Алғашқы қоңырау қайта соғылып, Көктерек ауылында оқуымды одан әрі жалғастырып кеттім. Төртінші сыныпта оқып жүргенмін. Мамыр айының басында нағашымның үйіне анам келді. Кіші інімді көтере келген екен. Тіпті жайлаудағы жалғыз көршісінің үйіне де күн сайын бас сұғуға уақыт таппайтын анамның мынау келісі мені таңдандырып тастады. «Мүмкін мені қатты сағынған шығар», – деймін іштей. Ол кісі шай үстінде Сарыбай атама яғни ағасына аңқылдап, өзіне тән жарқын мінезімен әңгімесін айтып отырды. – Аға, жасырып-жауып кәйтейін. Соңғы жылдары ас батпайтын бірнәрсеге тап болдым. Үшбайдың Алматыдағы туыстары: «келсін, қаратамыз», – деп шақыртып жатыр. Бір жаным үшін бала-шағамды, үй-орманымды тастап кетіп барам. Осы бала-шағамның жайын ойлап, доғдырға уақтылы көрінбеп ем. Ауру шын айналдырса, бәрі де қалады екен ғой жайына. Мен жарытып тамақ іше алмағаннан кейін мына балам да әлжуаз боп қалды. Бұ баламды да көрсетпекшіміз. Алла қайырын берсін, енді. Біздің қолда не тұр дейсіз.

Ертеңгі «аптабозбен» (автобус) Шуға жетіп,
ары қарай пойызға отырмақшымын. Айналып
келгенде, сізге қолқа салғалы отырмын, аға... «Арпа
ішінде – бір бидайым», – деп, қызымды ерекше

еркелететінімді білесіз ғой. Ұл балалар тірәктір
айдаса да бір күнін көрер. Мен мына қызымның
жайын уайымдап отырмын, аға. «Жаман айтпай,
жақсы жоқ», – әгәрәңки мен олай-бұлай боп кетсем,

осы қызым- өзіңізге аманат. Әкесі де қарайды ғой.
Дегенмен, Тұрайым жеңгем екеуіңізге жеке табыс
еткелі отырмын. Менің көңілім тыншып аттансын
десеңіз, уәдеңізді беріңіз, – деп, анам жарықтық

мәселені төтесінен бір-ақ қойды.

– Айналайын, Мазақ-ау, ауырғанның бәрі өле

берсе, мына жер бетінде адам қалар деймісің?!
«Ауырып
тұрдым-аунап
тұрдым»,-демекші,

Алла шипасын салса, құлан-таза айығып, әлі-ақ
ортамызға аман-есен ораларсың. Айтпа, ондай
жаман сөзіңді. Ал, қызымыз жайлы айтарым,
Үшбай күйеу балам жинаған жылқысын аулына

сыйғыза алмай, амалсыз малда жүр ғой. Бөкетай
бәрібір бір туыстарыңның үйінде тұрар еді. Біздің
үйден қолайлысы жоқ деп ойлаймын. Сендердің
ауылдарың бөлімше болғандықтан, мектептерің де

сегізжылдық екен. Ал, мына біздің Көктерек ұзақ
жылдар аудан орталығы болған. Мектебіміздің
негізі-мықты.
Білім

сапасын
аудан
тұрмақ,
облыста мақтап жатады екен. Киров мектебін

бітіргендер институттарға бірден түсіп кетіп
жатыр. Сондықтан, Бөкетайыңды өзім де саған
бергелі отырғам жоқ. Екінші кластан бері оқып
келеді ғой бізде. Өзі әбден үйреніп алды мектебіне.

Қызымызды ойлап, алаң болма, қалқам. Алланың

рахымынан күдеріңді үзбе! Дертіңе шипасын
сұра, – деп, Сарыбай атам да әңгімесін алыстан
орағытып барып әрең тоқтады.
Әшейінде көп сөзге жоқ нағашымның сол

жолы нақты тұжырымдарымен қарындасының
алды-артын орап, осыншалықты ұзақ сөйлеу
себебін кейін келе түсінгендей болдым. Сезімтал
жан анамның түр-әлпетіне қарап-ақ, мәселенің

түп-төркінін дөп баса түсініп, қарындасын үлкен
сапарға тым болмаса, қызы үшін орныққан
сезіммен аттандырғысы келген екен-ау!
Анам одан әрі сөзін жалғап:

– Аға, тағы бір айтар өтінішім бар. Алматыдай

үлкен қалада жол тауып жүре алмасым белгілі ғой.
Үшбай ана үйдегі балаларға, мал-жанға бас-көз
боп қалды. Мені жетектемек түгілі өзінің жүріп-
тұруы да аса оңай емес. Шайымкүл деген жиен

қарындасын мен келгенше «тамақ істеп берсін»
деп, шақыртқалы отырған. Әне-міне барып қалар.
Бұрындары жай құсып жүрген ем. Кейінгі кездері
қан аралас құса бастаған соң, шыдамай, бері шығып

кеттім. Айран сұрап келіп, шелегімді жасырып
қайтейін! Қамшыбек інім мені мына баламмен
Алматыдағы Үшекеңнің туысқандарына жеткізіп
салсын. Ар жағын өздері реттей жатар.

– Қарындасым-ау, саған қызмет етпегенде

бұл інің кімге қызмет етпек?! Барады, әрине!
Бастығымен тлипон арқылы сөйлесіп, бір-екі
күнге сұрап алармын. О жағынан қам жеме!-деп
жатыр нағашы атам.

Есік сыртында тұрып естіген осы әңгімелерім
мені астаң-кестең бір күйге түсіргендей... Қонақ
бөлмеге қайта кіруге дәтім бармады. Жай басып,

сыртқа шықтым. Мамырдың кеші қоңырсалқын, жанға жайлы болып-ақ тұр екен. Бірақ менің көңіл-күйімді серпілте алмады. Ауладағы ұзынша орындыққа қалай жеткенімді де білмеймін. Бір түрлі өз денем өзімдікі емес сияқты. Әп сәтте кеудемде бір бос кеңістік пайда болғандай... Сол кеңістікті суық самал жайлап алды ма, жоқ болмаса, әлдекім үлкен бір мұз салып жібергендей болды ма... Әйтеуір түсініксіз бір жағдай... Келесі күні анамды Шу қаласына қатынайтын автобусқа шығарып салдым. Ол кісі шағын ғана пазик автобусының бір кісілік орындығына барып жайғасты. Алдында-кіші баласы. Денсаулығының әсерінен болар, жып-жылы күнде тым қалың киініп алған екен. «Қонаққа барғанда тартармын»,- деп жайшылықта сандық түбіне сап қоятын, алуан түрлі әдемі гүлдермен көмкерілген үлкен ақ орамалын алқымын орай тартқан екен. Онысы жүзіне ерекше нұр беріп тұрғандай еді. Дәл сол сәт менің көзіме анашым дүниедегі ең сұлу әйелдей көрінген болатын. Анамды құшақтап, бетінен сүйіп: «Мен сізді өте жақсы көрем. Жазылып, тез қайтып оралыңызшы бізге! Күтеміз...»- дегім-ақ келді. Бірақ, сөйте алмадым. – Бөкетай, ақылың көп қой сенің. Нағашыларыңның тілін алып, жақсы оқып, жақсы қыз боп жүр, ботақаным. Бауырларыңа да қарап қой. Құдай қаласа, көп кешікпей кеп қалармын,- деді де мені өзіне тарта құшақтап, маңдайымнан сүйді. «Жақсы», деген сөзді күбірлеп айтқандай болдым. Не істерімді білмей, өзімді біртүрлі ебедейсіз сезініп тұр едім. Соны сезгендей-ақ, нағашы ағам:

– Нұрлытай, сен енді көп бөгеле берме. Сабағыңнан қап қоярсың, – деді. Осы сөз бірінбірі қия алмай тұрған аналы-балалы екеумізге дем бергендей болды-ау деймін. Автобустан түстім де бірден бұрылып, анама қайта көз салдым. Ол кісі айтып жеткізгісіз, ерекше бір мейіріммен маған күлімсірей қарап отыр екен. Осынау мейірімді көзқарасына ол кісінің маған деген бүкіл махаббаты сыйып тұрғандай көрінді. Жайшылықта, «тіршілік, тіршілік...», – деп шапқылап жүретін анам байқұстың мамыражай отырып, бізді емін-еркін еркелетуге де, бізге деген өзінің көл-көсір мейірімін жеткізуге де уақыты бола бермеген екен-ау! Енді тұра берсем, көзіме жас іркілерін білдім де, тағы да «жақсы» деген сөзді күбірлей айтып, тез басып, мектебіме қарай беттедім.

АМАНАТ ЖАННЫҢ ИЕСІ

Сөйтсе-е-ем, иә, сөйтсем, бұл менің анашымды
соңғы көруім екен ғой... Мамырдың соңына қарай
жазғы демалысымызға шыға салысымен сол
кездегі Амангелді кеңшарының 2-бөлімшесіне

(қазіргі Күшаман ауылы) қарасты жайлауда
отырған отбасыма тезірек жетпекке асықтым.
Келсем, әкем мен қос ағам, әсіресе, үлкен інім
Рысқұлбек аз күн ішінде жүдеп қалысқан екен.

Отбасымыздағы тұтас тірліктің қоңырқайлана,
бұлыңғыр тарта бастағаны көзіме бірден шалы-
нып, жүрегіме тікенектей қадалды. Қолымнан
келгенінше, үй-ішілік тірліктерге көмектесіп,

әсіресе, үлкен інімді көбірек ойнатуға тырысамын.
Кішісі-анамызбен бірге Алматыда.
Сөйтіп жүргенде бір күні әкем жарықтық:

– Шешелеріңнің соңынан барып келейін. Халі

нешік екен. Алдың он жетідесің, бала емессіңдер.
Рысбай, сен мына бір отар қойға жауаптысың.
Рысқұл, сен ауыл үйде қалатын нашар малдар
мен қозыларды жайып, біздің жылқылар су

ішуге келсе, уақытымен суғарып, жіберіп тұр.
Шайымкүл, мен бұйыртса, бір-екі аптада кеп
қалармын. Мына кішкентай нағашыларыңның
тамағын істеп беріп, біраз шыдай тұр, – деді де

жайлаудағы малшыларға күнара тұщы су таситын
кеңшарымыздың «водовозына» мінді де, бел асып
кете барды.
Үш-төрт күнге дейін жап-жақсы жүрген едім.

Содан кейін менен мүлдем маза кетті. Шаруадан
қолым қалт етсе бітті, әкем кеткен жолға телміріп
қараймын да отырамын. Әне-міне кеп қалатын
сияқты. Әке-шешемді, әсіресе, анамды сағынып,

оңашаларда жылап алам. Қарсы белдегі, ауылға
апарар қасқа жолға қарай-қарай көзім бұлдырап,
кейде тіпті сол қырқалар жонында ойнаған сағым
біткен бейне бір ұзыннан-ұзақ созылған керуенге

айналып кетіп, менің анам жатқан ауруханаға
беттеп бара жатқандай көрінетін маған. Өстіп,
күнде кешке сағыныштан сарғая, қалжыраған
күйімде ұйқыға бас қоям да, таңертең «анам бүгін

кеп қалар ма екен?!» – деп, үлкен үмітпен оянам.
Сөйтіп жүргенде, арада екі аптаға жуық уақыт
өтті-ау деймін. Бір күні таңғы алакеуімде біреудің
бетімнен шөпілдете сүйіп, басымнан сипағанынан

оянып кеттім. «Анашым кеп қалған екен ғой», – деп

көңілім өрекпіп көзімді ашсам, анамның жақын
жеңгелерінің бірі екен. Көздері домбыға ісіп, жүзін
жас жуып кеткен екен. Көзімді ашқаным да сол
еді:

– Айналайындар-ай, сорлап қалдыңдар-ау.

Кәйтейін-ай, аналарың келмеске кетті ғо-о-
ой-й-й!... – деп, бізді бас сала құшақтап, дауыс
салсын келіп. Жүрегім бір сәт тоқтап қалғандай
болды. Құдды бір демім бітіп, үнім шықпай

қалғандай... Үй алды тола адам екен. Бәрі жапа-
тармағай атсалысып, келесі бір киіз үйді тігіп
жатыр. Әйелдер жағы бізді көре салып, бізге
қарай тұра жүгірісті. Алма-кезек құшақтап,

басымыздан сипап, еңіресіп жүр. Әлі де не
болғанын толық түсіне алмай, мең-зең күйдемін.
Кенет көзім анадай жерде тұрған ағаш табытқа
түсті. Орыстардың өміріне қатысты кітаптардан

өзім суретін талай рет көрген, жалпақтау келген,
кәдімгі ағаш астау. Ішінде ақ матаға оранған біреу
жатқан сияқты. Жүрегім шым ете түсті. Бәрін де
енді түсінгендеймін...

Біз отырған жайлаудан жіңішке ғана бір
өзен ағып өтуші еді. Біздің үйге жақын маңда
сол өзеннің жартасты аңғары бар болатын. Аса
Шебер Жаратушы Иеміздің суреткерлігінде мін

жоқ қой, шіркін! Әлгі шағын ғана жартас, құдды
біреу арнайы аспаппен кескендей-ақ жылтыр да
теп-тегіс еді. Жартастан жарқабаққа дейін екі-ақ
адым жер. Сол екі адым жер жайшылықта інім

екеумізге таптырмас ойын орыны болатын.

– Абайла, ары қарай құлап кетпе. Қозғалмай

отыр. Сен-оқушысың, мен-мұғаліммін. Мынау
тас-біздің тақтамыз. Мен қазір тақтаға жазу

жазам, сен соны жаттап алып қайтала,-деп «мектеп» ойнаушы ек. Жайлауда қына бояуы араласқан кесек тастар көп болатын. Соны бор ретінде пайдаланамын. Ал, шаршаған кезімде сол жартасқа арқамды сүйеп, сәт сайын түрлі пішінде көк аспанды көмкере қалатын шарбы бұлттарға, айналамдағы жазғы жайлау көріністеріне, одан қала берді сонау төбе-төбелерге жалғаса асылып жатқан «мәшине жолдарға» ұзақ қараушы ем. Сол себепті, бұл жер Рысқұлбек інім екеуміздің сүйікті орынымыз болатын. Қалай кеп қалғанымды өзім де білмеймін, бір кезде байқасам, жартасқа сүйеніп тұр екем. Ыстық жас жанарларымнан өз-өзінен ақтарылып жатқандай... Дыбысымды шығарсам, біреу естіп қоятындай-ақ, қыстыға егілемін. Осы бір оңаша сәтімде ғана басымызға түскен жағдайды анық сезіне бастағандай болдым. Әлім кетіп бара жатқан сияқтанды. Жартасқа сүйене төмен сырғыған күйі бүк түсіп, отырып қалған екем. Бір кезде үй жақтан дауыстар шыға бастады: – Әй, әлгі Бөкетай қайда? Қызы қайда, іздесеңдерші. Балаларды байқаңдар, – дескен әбігер жұртқа көз жасымды көрсетпеуге тырысып, тез-тез басып, алдарынан шыға келген едім, – Ә-ә-ә, міне, міне, мұнда екен. Бөкетай, сен естиярсың ғой. Алысқа ұзама. Әйтпесе, мына інің сені іздеп, жылайды, – десіп жатыр анамның көз-көргендері. Ел көзінше жылағым келмеді. Үлкендер іздей қоймайды-ау, деген келесі ыңғайлы сәтте жартастың қалқасына қайта тығылып, көз жасымды төгемін кеп. Бір кезде қасыма інім кеп тұр. Өзі әлі ешнәрсені түсіне қоймаған

сияқты. Менің қолымнан ұстап: «Жыламаңыз, көке. Сізді кім ұлды, маған айтыңызшы?», – деп қояды үлкендерше қамқорлық көрсетіп. «Ешкім ұрған жоқ, жай көзім ауырып тұр», – деймін зорлана күлімсіреген болып. Келесі күні ағайынтуыстарымыз бен ауылдастарымыз анамыздың денесін жер қойнына тапсырысты. Өткен ғасырдың сол алпысыншы жылдарында, біздің өңірде «Мекалай» заманында медреселерде оқып, білім алған аталарымыз арамызда біраз баршылық еді. Жастары шамамен 65 пен 90ның аралығында болатын. Кеңес өкіметінің заңы – қатал. Ол кісілер жайшылықтағы жиынтойларда Шариғат жөнінде жақ аша алмаушы еді. Тек осындай жаназаларда ғана шешіліп біраз сөйлейтін. Онда да кісіні мәңгілік жайына аттандырудың ережелерін түсіндіруші еді. Бұл жолы да аулымыздан ере келген бір-екі қария біраз ұлағатты сөздерін айтты. «Барлық тіршілік иелеріне жанды беретін де, алатын да – бір Алланың Өзі. Демек, пенденің өмірі мен өліміне иелікке басқалардың ортағы да, қатысы да жоқ. Сондықтан, қайтқан кісінің соңынан орынсыз көп жылап, Алланың жазуына қарсы болған сыңай танытпаңдар, түге», – дескен еді ол кісілер. Сөздеріне қарағанда, Алла пендесіне аманат қойған жанын Өзі қайтып алатындықтан, марқұмның денесін «аманаттап» жер қойнына табыстау керек екен. Ол кісілерден өзге Шариғаттың жағдайын айтатын адам болмағандықтан, расында, анамның денесін жерден көтеріп алғаннан бастап, қабіріне толық жайғастырғанға дейін сүйекші кісілер: «Аманат!

Аманат!», – деп ара-кідік қайталаумен болды. Жарықтықтардың білімдері шала болса да, атеистік қоғамда өсіп келе жатқан біз сияқты кейінгі ұрпақтарға мұсылман екендігімізді ұғындыруға тырысқан ниеттері түзу еді. Аманаттың шынайы мәнін кейін келе, қасиетті дініміздің кәусар Бұлақтарымен сусындай бастағанымызда ғана түсінгендей болдық қой.

СОҢЫҢДА ДҰҒА ЖОЛДАР ҰРПАҒЫҢ БОЛСА... Басымызға түскен бұл ауыртпалықты, балаңдығыма қарамастан, бір Алланың санама салуынан болар, әйтеуір сабырмен көтере білдім деп ойлаймын. Ол кісінің: «Бөкетай, ақылың көп қой сенің. Нағашыларыңның тілін алып, жақсы оқып, жақсы қыз боп жүр. Бауырларыңа да қарап қой», деп айтқан соңғы өсиеттері көкейімде тұратын да қоятын. Анамның сол тілектерін қолымнан келгенінше орындауға тырыстым. Байқап қарасам, «анамның осынау аманат сөздерін орындаймын» деп жанталасып жүргенімде орынсыз қайғырып, мүжіле беруге уақытым да қалмаған екен... Тоқсаныншы жылдардың басында, маңдайым алғаш сәждеге тиген сәттен бастап, ара-кідік болса да анам үшін дұға жасап отыратыным бар. Атеистік қоғамда дүниеге келіп, «советтік» мектепте білім алып, азамат боп қалыптасқанына қарамастан анашым екі дүниенің шынайы бақыты жайлы еміс-еміс болса да естіген болар-ау, бәлкім. Себебі, шын қиналған сәттерінде: «Я, Алла!»,-деп, еңірей

жалбарынғанын талай көрген едім. Ғұламалардың
айтуынша, «Алла» – Раббымыздың ең ұлық есімі.
Екіншіден, «Алла» – ең қысқа дұға. «Сиынуға
лайық жалғыз құдірет Иесі!» – дегенді білдіреді.

Яғни, Одан басқа ешбір нәрсе сиынуға, табынуға,
жалбарынуға, дұға тілеуге лайық емес. Ендеше,
Жаратушы Иеміз Өзіне тән ерекше Мейірімімен
анамның: «Алла!», – деп, әрбір аһ ұрған сәттеріне

зор сауаптар жазса екен. Білместікпен айтқан
пікірлерінің күшін жойып, біліп те білмей істеген
күнәларын кешіргей. Себебі, Ол – шексіз Кешірім
Иесі ғой!

Жоғарыда айтқанымдай, Шариғи азды-көпті
білімі бар қарияларымыз, Кеңес өкіметі кезінде
алқалы топта болмаса да, үй-ішілік шағын
дастарқандарда насихат айтушы еді. Алайда,

қонақ
күтімімен
үнемі
қазан-ошақ

басында
жүретін қайран анам, дастарқан шетіне тізе бүгіп,
тым болмаса Ислам қағидалары туралы әлгіндей
шағын ғана әңгімелерді де тыңдауға мұршасы

бола бермейтін.
Дегенмен, қолынан ожауы мен көсеуі түспестен,
келген қонақтарының қас-қабағына қарап, оларға
бар ықыласымен қызмет еткен әрбір сәттеріне зор

ұпайлар жазып, я, Хақ тағалам, Ақырет күнінде
анамның сауаптарын көбейте гөр! Алла тағаладан,
Ақырет күнінен қорыққан кісі, көп міндеттерінің
қатарында, сүннет бойынша, қонағының қас-

қабағына қарап, мейлінше жағдайын жасауы
тиіс қой. Бір Өзіңнің шексіз Мейіріміңмен,
таразысының сауапты істері жағы басым болып,
Жәннаттың Фирдаус бағында анамыздың, ол

кісімен бірге біздің де, бір Өзіңнің Нұр жүзіңді

көріп жүруімізге нәсіп ете гөр, аса Кеңдік Иесі, я,
Раббым!

ТҮЙІН СӨЗ ОРНЫНА... Жылдар өте келе ойлап қарасам, менің анам Мазақ Жанпейісқызының тағдыры Кеңес өкіметі кезінде дүниеге келіп, соның аясында бар ғұмырын өткізіп, бақилық болған талайталай қазақ әйелдеріне тән сипат сияқты. Ұлы Жаратушымыздың мәңгілік бұйрықтарын оқып білуден, соған сай ғұмыр кешу мүмкіндіктерінен күштеп шеттетілген ұрпақтың өкілдері еді ол кісілер. Соған қарамастан, Алла берген ішкі бір түйсіктерімен, өздерінің жекелеген ісәрекеттерінде сол ұлы Заңдылықтың тым болмаса кейбір шарттарына сай өмір сүруге талпыныс жасаған екен-ау. Сондай талпыныстарына Алла тағалам зор сауаптар жазғай! Және Хақты тануға қазіргідей жол ашылған заманда әлі де бейғам күн кешіп жүрген талай замандастарымызға Жанпейісқызы сияқты жандардың рухани қыспақта өткен тағдырлары ескерту болғай! Тамыз, 2012 жыл.

ШОЙЫН ЖОЛДАҒЫ «НАУРЫЗ» ТОЙЫ Тәуелсіздігіміз қарсаңында, Горбачевпен бірге келген «жариялылық», «қайта құру», «сенім мен сөз бостандығы» сияқты соны ұғымдар санамыз­ да анау айтқан рухани «дауылдар» тұрғызбаса да, жылылық самалы боп ескені анық. Соның бір көрінісі ретінде 1989 жылы еліміз бойынша, алғаш рет На­ урыз мерекесінің қайта тойлана бастағанын айта кеткеніміз жөн болар. Сол жылы «Наурыздың» тек астанамыз Алматы мен басқа да облыс орталықтарында тойланғаны есте. «Өлгені тіріліп, өшкені жанғандай-ақ», жалпы халықтың қуанышында шек болмады. Кіші-гірім елді мекендер мен жекелеген ұйымдар: – Келер көктемде Наурызды қарсы алуға жақсыла-а-ап дайындалмасақ па!? Осыдан қара да тұр, киіз үйлерді тігіп, қымыз-қымырандарды сапырармыз әлі, – десті алақандарын ысқылай. Тіпті небір ұлтжанды азаматтар Наурыз дастарқанына барын, мерекені ұйымдастыруға жанын салды, дегендей... – Наурызды тойлаймыз деп, өміріміз «эйфорияға» толып кетті ғой, – десіп жатты базбір құрдастар көтеріңкі көңіл-күймен. .Сондай құлшыныстағы азаматтардың бірі менің ағам Рысқұл Үшбайұлы еді. Ол кісі келер яғни 1990 жылдың наурызын тағатсыздана күткен болатын. Ақпанның соңғы күндерінің бірінде ол кісі маған:

– Нұрлытай, бұйыртса, биыл біздің теміржолшыларымызға жа-а-ақсылап тұрып, Наурыз мерекесін ұйымдастырып берсек дейміз. Өзің білесің ғой, бізде әртүрлі ұлт өкілдері жұмыс істейді. Қазақтарының өзі – негізінен қалалық жерлерде я болмаса темір жол бекеттерінде өскендер. Қазақ бауырларымыздың ұлттық сезімін оятайық. Басқа бауырларымызды ұлттық дәстүрлерімізбен таныстырайық. .– Ұйымдарыңыз-тым үлкен және әрұлтты. Ұйымдастыру қиынға түспей ме? – деп жатырмын «бауырым тым қиналып қалмаса екен» деген ниетпен. – Бізде Аспан деген жігіт жұмыс істейді. Өзіміз сияқты ол да ауылда өскен екен. Екеуміз жауаптымыз осы мерекеге. Ол да құлшынып отыр. Кәзірдің өзінде қос киіз үйге, далаға орнатылатын дәу қос қазан-ошаққа тапсырыс беріп қойдық. Бір қазанға наурыз көже пісіріп, екіншісіне палау басқызбақшымыз. Әріптестеріміз ғана емес, сол маңайда тұратын «көршілеріміз» де көрсін наурыздың берекелі дастарқанын,-деп отырды ерекше шабыттана. – Айтпақшы, Бөкетай, тойымыздың құрметті қонақтарын шақырып, оларға жағдай жасауға, бас киіз үйімізді жабдықтап, дастарқанын жаюға мен жауапты едім. Сіздің бір көмегіңіз керек боп тұр,- деді ағам маған барлай қарап. Әдетте, бір іске мені жұмсамақ боп, өтінішін өткізерде бауырымның мені әке-шешеміздің қойған атымен «Бөкетай», «сіз» деп еркелете, көпшік тастай сөйлейтіні бар еді. – Осы тойға Күләш әпке мен Қайырбек

ағамызды, әсіресе былтыр ғана «Алатау аруы» атанған қыздары Жазираны шақырсақ, деп ойлап жүрмін. Біздің осы өтінішімізді жеткізіп, ол кісілерді тойға алып келесіз бе?! – Жақсы, бұйыртса, ол кісілермен сөйлесіп көрейін, – деп, келесі күні-ақ аманат-сәлемдемені жеткізген едім. – Теміржол деген еліміздің күре-тамыры ғой. Ондағы жұмысшы бауырларымызды жырларымызбен қуанта алсақ, қанеки! Рысекеңдер бір ай бұрын шақырып отырғандықтан, келіспеске болмас,-деді әпкеміз. «Негізінен орыс тілді орта ғой. Онда біздің оқырмандарымыз аз шығар. Уақытымызды шығындап кәйтеміз», – демеді. Содан не керек, 21 наурыз күні Рысқұл ағаның үйінде қызу дайындық басталды да кетті. – Тасеке, – деп қояды бауырым жеңгемді еркелете, – қазы-қартаңды ас, тоқашыңды пісір. Ауылдан келген тары-талқандар бар ғой. Жент жаса. Ауылдан келген құрт-ірімшігіңді де қалдырма. Қысқасы, қолыңды ашық ұста. Себебі, бұл-Наурыз! Түсінесің ғой!? Біз үлкен киіз үй дастарқанын жасауымыз керек. Үйдегі ұлттық тағамның бәрін апар... .Жеңгем әдетінше, бір күліп қойып, үнсіз бас изеуде. Ертеңіне түске дейін жұмысымды атқарып, Наурыз мерекесінен арнайы «репортаж» жүргізіп келмек болып, жұмысымнан рұқсат сұрап, Күләш әпкелерді алып, І-Алматы вокзалына жеттік. «Тойлы ауыл» айқыш-ұйқыш қиылысқан рельстердің арасындағы едәуір ашық алаңқайға орналасқан екен. – Бұл жерді «Вагонное депо» деп айтады.

Бүкіл вокзал аймағында Наурыз мерекесін қарсы
алуға ең қолайлы жер осы тұс болды,-деп жатыр
теміржолшылардың бірі бізге істің жай-жапсарын
түсіндіріп. Расында, сәл әріректерге жолаушы

таситыны бар, жүк таситыны бар...тізбектеле
бірнеше вагондар қойылған. Құдды бір, осы тойлы
ауылдың символикалық керегесі десе болғандай.
Ағам айтқандай-ақ, екі дәу қазан бұрқылдап

қайнап жатыр. Қасына қос киіз үй тігілген. Алаңның
төріне ағаш тақтайлардан, биіктігі жарты метрдей
етіп, шағын сахна жасалған екен. Микрофондар
мен дыбыс күшейткіштер сақадай сай тұрды.

Аспан ашық, күн жылы дегендей. Расында,
жер жарықтықтың шойын жолдармен айқыш-
ұйқыш «шандылып тасталған» әлгі бір жапырақ
пұшпағының да жылы көктемді сезінгендей бусана

демалғаны, тұтас табиғат атаулының дүр ете
оянар сәтін күткені аңғарылып тұрды. Жиналған
қауымның жүзінде терең қуаныш бары сезіледі.
Мен сол көрермен қауымның қалың ортасында

тұрған едім.

– Осы вокзал айналасында жұмыс істегеніме

40 жылдай боп қалды. Бізде, ашық аспан астында
мынандай салтанатты мереке, жиын ешқашан
өткізілген
емес.

Вернее,
менің
есімде
жоқ.

Мынандай құрметті қонақтарды киіз үйде қарсы
алу деген де болмаған сияқты. Бүгін бір кереметтер
болайын деп тұр ғой өзі, – деп жатты егделеу бір
жұмысшы.

Мерекелік жиын басталды да кетті. Алғашқы
сөз ақын Күләш Ахметоваға берілген болатын.
Аудиторияның ыңғайын есепке ала отырып, ол
кісі өте ұтқыр сөйледі. Наурыздың шығу тегіне,

мән-мағынасына тоқтала келіп, бұл мерекені діни

мейрамдармен шатастыруға еш болмайтынын,
осындай
дүйім
елдік,

біртұтас
халықтық
шараларды
ұйымдастырудың

рухымызды
көтеруге қызмет ететінін баса айтқан болатын.
Сон-а-ау, алыста қалған балалық шағында аяулы
әжелерінің наурыз көжені қалай әзірлеп, шағын

да болса, ауыл үй арасында Наурызды қалай
қарсы алғандары жайлы тебірене тұрып әңгімелеп
берді. Көптеген азаматтық, рухани тақырыптағы
өлеңдерін оқыған болатын. Ол кісінің әрбір лебізінен,

орысша оқып, орыс тілді ортада жұмыс істеп,
ұлттық құндылықтарымызға енжарлау қарап
келген небір замандастарымыздың ой-санасына
қозғау салмаққа ұмтылған ниеті аңғарылып-ақ

тұрды. Бір кезде сахнаға үлбіреп Жазира шықты.
Өзі де, үстіндегі ұлттық киімі де ерекше көрікті
болатын. «Алатау аруы», тойға жиналған қауымды
қазақтың біраз озық салт-дәстүрлерімен егжей-

тегжейлі түрде таныстырып өткен еді. Сондай
дәстүр-салттарды көрсету барысында, Күләш
әкпе, апыл-тапыл жүре бастаған бір сәбидің
тұсауын кескен болатын. Соңында Қайырбек ақын

Асанов та жиналғандарға жырдан шашу шашқан
еді. Жиылған жұрт сол кездегі қолымызда бар
ұлттық
«сувенирлерімізден»

жасақталған,
шағын көрмені тамашалап, осыншама рухани
«сый-сипаттарға» қайран қалысып, алғыстарын
айтысып, мәре-сәре.

– Ашық аспан астында мереке өткізу дегеннің

осыншалықты мағыналы әрі қызықты болатынын
білмеппін.

– Орыс мектебін бітіргендіктен бе, әлде

теміржол бойында өскендіктен бе, әйтеуір, біздің
қазақта осынша озық дәстүрлердің, мынандай

әдемі киімдердің бар екенін жете біле бермеуші
ем. Көзім бір ашылып қалғандай болды. Мынау
айтылып жатқан сөздер мен оқылып жатқан
өлеңдер қандай керемет. Өз ана тілімді білмейді

емес, білемін, бірақ қарабайырлау деңгейде.
Бұдан былай тілімді дамытуым керек екен,-деп
жатты кейбір жұмысшылар бір-біріне. Орыс тілді
ағайындардың таңқалысында да шек болмады.

Қазақта осыншалықты ұлттық айшықтағы, терең
мағыналы жәдігерлердің бар екендігінен бейха-
бар боп келгендерін жасырыспады олар.

– Бүгін біздің темір жол бекетіне расында жылы

көктем келді. Оны бізге алып келген өздеріңіз.
Қаншама
жұмысшыларымыздың
көңіл

көзін
ашып, жүректеріне қозғау салып жатсыздар!
Сіздерге шексіз рахмет! – деген болатын темір
жол басшыларының бірі Қазыбеков Дәулет

Әділханұлы.
Сөйтіп Асанов-Ахметовалар отбасы жұмысшы
қауымының еңсесін бір көтеріп-ақ тастағандай
еді. Ол кісілерге Алланың нұры жауғай.

Содан, құрметті қонақтарымызды ертіп, үлкен
киіз үйге бет алдық. Меймандарымыздың соңын
ала, босағадан аттап кіргенім де сол еді. Айналама
көз салдым да, бір сәт тіпті күтпеген көрініске

тап болғандай күйде селк ете қалғаным бар емес
пе!? Сөйтсе-е-ем, киіз үйдің іші толған – Рысқұл
ағаның шаңырағының заттары. Іргеге тұтылған
кілемдерден бастап, жерге төселген сырмақ,

құрақ көрпелер, дастарқанынан бастап, тіпті
қасық екеш таныс қасықтардың да көзіме оттай
басылғаны... Босағада майыса жымиып жеңгем
тұр, қонақтарды қарсы алмаққа. Еріксіз күліп

жібердім.

– Рысекең үйінде зат қалдырмастан көшіріп келген-ау деймін!? Әсіресе, бәйбішесін ұмыт қалдырмай, қоса ала келгені жақсы болған екен,- деп, үйреншікті әдетіме басып, бауырыма әзілімді арнап жатырмын. Жүрген жерлерінде кездесулер мен жиынтойлардан «көз ашпайтын»; қарапайым халықпен де, игі-жақсылармен де қоян-қолтық, қатар араласып жүре беретін Күләш әпкелер, ұмытпасам, айқыш-ұйқыш шойын жолдардың ортасында ұймдастырылған ұлттық мерекемізге алғаш рет қатысып отырғандарын айтты-ау, деймін, сол жолы. Наурыз мерекесінің ортамызға оралған алғашқы жылдарында жағдай осындай болатын. Ұлтжанды азаматтар өз ұйымдарындағы осынау Көктем мерекесін өз дәрежесінде өткізу үшін үйлеріндегі, ұлттық нақыштағы бүкіл заттарын дастарқандарымен бірге «көшіріп» әкеп, ауылдары жақындары сол туған жерлерінен тасып жатушы еді. «Ұлт мүддесі үшін» десе, барын да, жанын да салатын. Ол кездері қазіргідей қазақтың неше түрлі ұлттық тағамдарынан «қабырғалары қайысқан», қаптаған базар жоқ. Бірен-саран барының өзінде ұлттық тағамдарымыз көп бола қоймаушы еді. Негізінен дұнған, кәріс ағайындардың «ащы-тұщылары» мен өзбектердің өрік-мейіздері қаптап тұратын. «Дәл осы Наурыз мерекесінен кейін, арада біржарым жылдай уақыт өткенде ел ретінде тәуелсіздігімізді алып қалармыз»,-деген ой үш ұйықтасақ түсімізге енбеген дүние болатын. Сондықтан шығар, «іргесі мызғымастай берік көрінген «Совет» өкіметінің қанатының астында

отырып-ақ
ұлттық
дәстүрлерімізді
қайта

қалпына келтіріп, Наурызымызды да қарсы ала
бастадық!», – деген мақтаныштан көңіліміз сона-
а-ау көкке өрлеп тұрған кез еді. Оның үстіне,
Наурыз мерекесінің қайта тойлана бастауы Қазақ

елінің Хақ дінімізбен 74 жылдан кейін қайта
қауыша бастауынан сәл-пәл ертерек болған-
ды. Сондықтан, жалпы жұрт Наурыз мерекесін
діни мейрам ретінде қабылдауға пейіл болатын.

Дегенмен, ұлт зиялылары Құрбан айт, Ораза айт,
тағы басқа да Ислам мерекелерімен «Наурызды»
шатастыруға,
қатар

қоюға
болмайтынын,
«наурыз» сөзінің парсы тілінде «жаңа күн» деген
мағынаны білдіретінін, біздер үшін күн мен түннің

теңесіп, қыс құрсауынан шыққан табиғаттың ояну
мерекесі екендігін қатарынан бірнеше жыл бойы
дәлелді түрде түсіндірумен болды. Себебі, дәл
осылайша күн мен түннің бір жыл ішінде екінші

рет теңелуінің күз мезгілінде де орын алатыны
белгілі ғой.
Расында, Хақ дініміздің шарттарына зер салсақ,
мұсылман қауымының шынайы жаңа жылы,

жаңа айдың тууына негізделген Ислам күнтізбесі
бойынша Мұхаррам айының басы екені-Ислам
әлемінде мәлім жайт.
Әдетте, не нәрсені болса да, бастау қиын. Әрі

қызық. Әсіресе, Кеңес өкіметінің соңғы жылдары
ұлттық жәдігерлерімізді қайта жандандыруға
барын салып шапқылаған, менің Рысқұл бауырым
сияқты Алаштың барша азаматтарының екі

дүниесіне де Алла тағаланың Нұры жауғай!
Қыркүйек, 2012 жыл.

«ЖАРАТҚАН, МЕН ҚАРЫЗДАРМЫН САҒАН...» Мен үшін тұтас өмірім еліміздің тәуелсіздігіне дейінгі және кейінгі деген қос кезеңнен тұрады. Себебі, тағдырыма Нұрын төккен жақсылық атау­ лы осы бір ұлы өзгерістермен бірге келген екен. Адам баласы жасы ұлғайған сайын өткен өмірін көңіл көзімен зер сала бағамдап, оның мән-мағынасына бойламаққа тырысады-ау деймін. Өз өміріме қатысты одан әрі нақтылай айтар болсам: сәждеге маңдайым алғаш тиген 1991 жыл шынайы Бақыттың бастауындай көрінеді маған. Бұл үшін жалғыз Жаратушымызға сансыз шүкірліктерімді айтып, көл-көсір алғыстарымды арнаудамын. «Ой, бұл Тәуелсіздік дегеніңіз, біз сұрамасақ та өз-өзінен келген бір дүние болды ғой»,-деп жоқты айтқандар да болмай қалған жоқ сол бір жылдары. Мұндай одағай пікірлермен өз басым ешқашан келіскен емеспін. Келіспеймін де! Біріншіден, өзіміз көрмесек те тарихи бұлақтардан танып білгеніміздей, Қазақ елінің тәуелсіздігі жолында нешеме ғасырлар бойы қаншама мыңдаған, бәлкім миллиондаған ата-бабаларымыз жанын пида етті десеңізші! Екіншіден, өзіміз бел ортасында өмір сүрген кеңестік қоғамда, басымызда еркіміздің жоқтығынан әрі қуғын-сүргіндер кесірінен, сандаған мың тағдырлардың бұл өмірден боздап жүріп, баз кешкені жадымызда ғой?!

Әңгімемізді одан әрі осы екінші тұжырымға
қатысты ойларымызбен сабақтай түссек...

«НАҒЫЗ ЖҰРТЫҢ-НАҒАШЫҢ...»

Қазақстан өз тәуелсіздігін алған кезде мен
жаста
едім.
Былайша

айтқанда,
қызыл
идеологияның ұрандарымен «бұғанамыз қатып,
буынымыз бекіп қойған» ұрпақ едік. Алайда,

сол кеңестік кезеңнің өзінде Хақты тануға деген
ұмтылыстарға
жетелейтін
аздаған

бұлақтар
болды
менде.
Ол-нағашы

атам
Сарыбай
Жылқыбайұлының және ол кісінің тұстастарының
жеке үлгі- өнегесі болатын. Әуелі, сол нағашымның

қанатының астына қалай келгендігім жөнінде
бірер сөз...
Әлі есімде, екінші сыныптың оқушысы едім.
Оқушыларға

арналған
қысқы
демалысыма
шығып,

қыстаудағы
әке-шешемнің
қасына
келіп, жырғап жүргенмін. Өкінішке қарай, жаңа

тоқсанның басталуына үш-төрт күн қалғанда, аяқ
астынан тұмауратып қалғаным бар емес пе! Анам
жарықтық қолынан келетін бар ем-домдарын
жасап, бәйек болып-ақ жүр. Бір-екі күнде дене

қызуым біршама қайтса да әлсіздік билеп, жылы
көрпе астынан шыққым келмей әрі әке-шешеме
еркелеп жатқанмын. Сәлден кейін есік алдына бір
жүк мәшинесінің келіп тоқтағанын естіп қалдым.

Көп өтпей-ақ анам байқұс: «”Осында әпкем бар еді”,
деп іздеп келген сендей бауырдан айналайын!», –
деп құрақ ұша жалпылдап, бір кісіні ертіп, үйге
кіріп келе жатты. Әп сәтте көл-көсір дастарқан

жасалып, қазанға қонақтың сыбағасы да салынып

қойылған. Өзара хал-жағдай сұрасып болғаннан кейін, келген қонақ биік төсектен басы әзер қылтиып жатқан мен жаққа қарай нұсқады да: – Мына балаңыз неғып төсекте жатыр? – деді әпкесіне. – Қамшыбек, айналайын, бұл менің «арпа ішіндегі бір бидайым» – Бөкетай деген қызым ғой. Өзің білесің, мынау азын-аулақ, жекеменшік малымыз бар. «Ел ішіне көшіп барып отырайық», – десек, әгенттер малымызды көзтүрті қылып: «Бір сиыр, бір жылқы, бес-алты қойдан артық ұстауларыңа болмайды. Етке өткіз, етке өткіз!» – деп қоймайтын болған соң, амал жоқ «сапқоздың» («совхоз»-«советское хозяйство» – «кеңестік шаруашылық»- Н.Ү.) малын қоса бағып, әлекпіз. Жеке меншік малымызды арзымайтын тиынтебенге бола етке өткізе салайық десек: «Бұл да Алланың бізге берген нәсібесі ғой, кері қайтарғандай болмайық. Ешкімнен ұрлап алған жоқпыз. Табан ақы, маңдай терімізбен келді ғой», – деп, қимай қаламыз. Өстіп, «жеке мал ұстаймын» десең, оқушы балаларыңның күйі келмей қалады екен. Менің бір туыстарымның үйінде оқып жүрген еді. Қысқы «кәникөліне» келіп, ауырып қалды. Сабаққа кешігіп бара ма, қайдам?!... – деп, анашым менің мынау жатысымның себебін айтамын деп, бүкіл тіршілігіміздің бүге-шігесіне дейін жайып салғаны бар емес пе, әлгі жерде! – Әпке, онда мәселе былай болсын. Қызыңыздың киімдерін тез жинастырыңыз. Өзіммен бірге алып кетем. Маған қарындас, ал аға-жеңгеңіздің қыздары ғой. Біздің Көктерек, өзіңіз білесіз, бұрынғы аудан орталығы. Мектебіміздің базасы-

мықты. Оны бітіргендер жаман боп жатқан жоқ.
Бөкетайыңыз алғыр болса, әлі-ақ мектепті үздік
бітіріп, институтқа оқуға түсіп кетер,-деп, нағашы
ағамыз кесімді шешімін де, менің болашағыма

артар үмітін де бірден айтып, анашымның алды-
артын орап тастағандай болды.
Қазір ой жібере бағамдап қарасам, расында
Алла қолдаған істің орайы осылайша өз-өзінен

келе қалады екен-ау! Әйтпесе, жайшылықта
шақырусыз кісі есігін ашпайтын, мінезі сәл-пәл
томаға-тұйықтау нағашы ағам, аудан орталығынан
іс-сапармен

ауылына
оралып
келе
жатқан

бетінде: «Шу өзенінің осы бір өкпе тұсында Мазақ
әпкемдер қыстап отыр», – деп естіп ем. Сәлем
бере, соға кетейінші», – деп, хал-жағдай біліспек
үшін осылайша арнайы бұрылып келмес еді ғой.

Қалай болғанда да, біздің қыстауға Қамшыбек
ағаның бұл тосын келісі және маған байланысты
табан астында қабылдаған шешімі, менің тұтас
өмірімнің бетбұрысты кезеңінің бастамасы еді.

Анам да:

– Қамшыбек бауырым, сені бізге бір Құдай Өзі

«айдап» әкелді-ау деймін, – деп қояды ерекше
тебіренісін жасыра алмай.
Тамақ желініп болысымен, нағашы ағам:

– Кәне, Нұрлытай, тез киін, қазір жүреміз,-деді

жартылай бұйрықты үнмен. Осыдан бірер сағат
қана бұрын басымды көтере алмай жатқан маған
белгісіз бір жақтан, беймәлім бір күш-қуат әп сәтте
өз-өзінен құйыла кеткендей әсерде болдым. Неше

түрлі
буыншақ-түйіншектерін,
аға-жеңгесіне
деген небір сәлем-сауқаттарын тықпалап, шешем

байқұс та әлек. Екі ауылдың арасы, сол кездегі

жүк таситын көлік жылдамдығымен есептегенде бір сағаттай жер болатын. Сөйтіп, Жаратқанның жазуымен, сол күні нағашыларымның отбасынан бір-ақ шықтым. Ол кісілер мені өз туған қыздарындай қарсы алысты. Нағашыларымның шаңырағына сегіз жарым жасымда келген екем. Қолдарында содан кейінгі сегіз жарым жылдай уақыт тұрғанымда менің көкейімде ешқашан ол кісілерді жатсыну деген сезім болған емес. Нағашымның шаңырағын өз үйімдей көрдім. Мен келгенде тұңғыш немерелері Жазира бесікте еді. Содан кейін келесі он бір перзенті дүниеге келген болатын. Олардың бәрі де туған бауырларымдай ерекше ыстық мен үшін. Бір қызығы ол кісілердің әрқайсысының менің тәрбиеме қатысты, өздері анықтап алған міндеттері бар болатын. Мысалы, төртінші сыныпты бітіргенімше, нағашы атам үй тапсырмаларымды қадағалап, сабақ әзірлеуіме көмектесіп, басқа да мәселелерге байланысты ақсақалдық ақылдарын айтып отыратын. – Айналайын, қызым, бесінші кластан жоғары қарайғы есептерің маған ауыр соғып жатыр. Бұдан былай ағаң қарасын, – деді Сарыбай атам бір күні. Сөйтіп, бастауыш сыныптардан кейін сабағымды нағашы ағам бақылайтын болған. Ол кісінің нұсқауымен, әрбір жазбаша пән бойынша «Үй тапсырмасы» деген атаумен бөлек-бөлек дәптерлер арнап қойғам. Математика, химия, физика бойынша есептерімді шығарып, орыс, қазақ, неміс тілдеріне қатысты жаттығуларымды орындап, әлгі дәптерлерге ұқыпты түрде көшіріп қоямын. Мұны нағашы ағам тексеретін

болғандықтан, мектептегі мұғаліміме тапсыры-
латын бақылау жұмыстарындай-ақ аса мұқият
қарайтынмын. Қамшыбек аға жұмыстан кейін
қолы

босасымен,
қызыл
сиямен
қателерін

көрсетіп, «үй тапсырмасы» деген дәптерлерімнің
барлығын тексеріп шығады да соңына әділетті
түрде бағаларын қояды. Содан кейін ғана әлгі
тапсырмаларды мектепке апаратын дәптерлеріме

көшіремін. Ағаның тексерулерінен кейін «төрт»
деген баға алып қалу-мен үшін әжептәуір
ұят болатын. Мектептегі мұғалімдерімнен дәл
осылайша қысылмаған болармын. Сөйтіп жүріп,

үнемі бестік баға алатын болдым да, бір күні
Қамшыбек аға:

– Нұрлытайға енді менің көмегімнің керегі

жоқ деп ойлаймын. Бұдан былай өзің шығара бер
есептеріңді,- деді. Сонымен, жетінші сыныптан
бастап сабаққа әзірленудің бар жауапкершілігі
өзіме жүктелді. Қазір ойлап қарасам, нақты бір

іске байланысты жауапкершілікті сезіне білу
деген қасиет тұтас өмірімде нағашыларымның
маған айрықша сенім артқан сол бір жылдарынан
бастау алса керек.

Нағашыларым айтқандай, Көктеректегі Киров
атындағы қазақ-орыс орта мектебінде білім беру
сапасы өте жоғары болды. Сондықтан болар, бұл
мектеп түлектерінің басым бөлігі жоғары оқу

орындарына жаппай түсіп жататын. Мектеп
директоры Иген ағай Ақылбаев аса қатал басшы
еді. Жақсы мағынасындағы қатал басшы. Мүмкін
талапшыл дегеніміз жөн болар. Ол кісі, мамандығы

бойынша тарихшы болғанына қарамастан, кез-
келген сабаққа өзі тікелей қатысып, мұғалімдердің

білім сапасын анықтайтын. «Сабақ беруге лайықсыз» деп тапқандарын жұмыстан шығарып жіберуші еді. Сондықтан, мұғалімдеріміз де жандарын салып оқытып, бар білгендерін бізге үйретуге тырысатын. Директорымыздың қаталдығын мынандай жайттан-ақ аңғаруға болатын шығар деген ойдамын. Көктеректұрғындарының саны жағынан Мойынқұм ауданындағы ең ірі елді мекен. Әрі, көпұлтты. Мысалы, алғашқы қоңырауда бірінші сыныпқа келген оқушылардың санына қарай екі немесе үш бірінші қазақ сыныбы және екі-үш орыс сыныбы жасақталды дейік. Он жылдық оқу үдерісі барысында сол оқушылардың көпшілігі мектеп талабына шыдай алмай, басқа оқу орындарына ауысып кетіп жататын. Менің ойымша, дәл бүгінгі күндері мектеп оқытушыларына мұғалімдер тарапынан осындай талапшыл мінездер жетпей жатқан сияқты. ИМАН ТҰНҒАН КӨКІРЕК Нағашыларым шаңырағында маған айрықша әсер еткен жағдай Сарыбай атамның өмір сүру қалыбы болатын. Мен келген 1964жылы атам 72 жаста еді. Ол кісі Рамазан айында Оразасын ұстап, бес мезгіл намазын қаза қылмастан, ұқыпты түрде оқып жүретін. Намаз уақыты кірген кезде өзі «Азан» шақырады, «Қамат» айтады. Және жайнамазға жалғыз тұратын. Әкем де, шешем де Кеңес өкіметі кезінде дүниеге келіп, сол өкіметтің кесірінен жетім өскендіктерінен болар, әйтеуір, Құдайы тамақ таратып, бір Аллаға жалбарына

қазақ тілінде тілек тілегендері болмаса, біздің
үйде, менің сәби кезімде, намаз оқылғаны есімде
жоқ. Сондықтан болар, нағашы атамның сәждедегі
қалпын

алғаш
көргенімде
ерекше
сезімде

болғаным.
Намаз оқып тұрғанында айналасындағыларды
мүлдем байқамағандай, мына дүниені уақытша
ұмытқандай кейіп танытатын. Сөйтсем, Сарыбай

атам Қазан төңкерісі болып, Кеңес өкіметі
орнаған сонау 1917 жылы бақандай 26 жаста екен
ғой. Бұл дегеніңіз, бес жасынан бастап молда
алдында «тілін сындыратын» баланың Хақты

танып білудегі ілім-білімі жүрегін нұрландыра
отырып, бүкіл қан-тамырларын қуалай тарап,
тұтас болмысына, тіпті сүйегіне дейін өшпестей
боп біржолата сіңіп кетті дегенді білдірмей ме!

Момақан мінезді нағашы атам ауызекі әңгімеге
онша бейім кісі болмады. Аз сөйлейтін. Бірақ
әрбір сөзін салмақтап айтушы еді. Тек Жүніс ата
сияқты құрдастары келгенде ғана шешіле сөйлеп,

қасиетті Құранда баяндалған біраз хикаяларды
шертісетін жарықтықтар. Ал, бір Аллаға деген
құлшылық мазмұндары, наным-сенім мәселелері
жайлы терең сөз қозғалмаушы еді. Сөйтсек,

Кеңес өкіметінің қуғын-сүргіндерінен әбден зәре-
зап болған аталарымыз бізге Шариғаттың жай-
жапсарын тарата айтуға қорыққан екен ғой. Өздері
үшін емес, біздің тағдырымызға алаңдағандары

үшін...
Есесіне, ол кісілердің әрбір іс-әрекеттері,
айналасындағылармен
қарым-қатынастары

тұнып-тұрған тәлім болатын. Қолына таяғын
ұстатып, табалдырықтан аттай алмай жатса,

қолтығынан демеп жіберіп, дәрет суын жылытып, құмғанын көтерісе сыртқа ертіп шығу сияқты болмашы «қызметтеріміздің» өзіне көл-көсір баталарын беріп, риза боп қалысушы еді жарықтықтар. Ал, дастарқан басында беретін баталары тұнған дұға-тілектер болатын. Қатты ренжігенде айтатын «қарғысының» өзі алғысқа бергісіз еді. Ашуланған кездерінде ауыздарынан шығатын ең ауыр деген сөздерінің өзі: «Ә-ә, тұқымың көбейгір, тұқымың көбейсін сенің!» немесе: «Көсегең көгеріп, көсеуің ұзарғыр!», – деп келетін. Қазіргі кейбір жастарымызға осындай қарияларымыз жайлы естеліктердің ертегіәңгімедей боп елестеуі әбден мүмкін-ау!? Маған ылғи ол кісілердің жүздерінен имандары төгіліп, сақалдарынан қадір-қасиеттері саулап тұрғандай көрінетін. Бұл сезімдерімді балалық әсершілдікке мүлдем жатқызбаймын. Өкінішке қарай, өмірінің соңғы екі-үш жылында ол кісі намазды отырып оқуға мәжбүр болған-ды. Себебі, абайсызда тайып жығылып, иық тұсын жазым етіп алғандықтан, етжеңді Сарыбай атам бұдан былай бір қолына сүйеніп, сәждадан тұра алмайтындай халге жеткен еді. Ендігі жерде, сәждеге орындықта отырған күйінде, басын иіп, тек ишарамен бара алатындығын білгендегі налығаны, айрықша өкінгені-ай! Есесіне, дұғаларды көп айтатын болған. Кейде менен Абай өлеңдері мен қара сөздерін дауыстап оқуымды сұрайтын. Биік төсегінде шалқалап жатып, көзін жұмған күйінде беріле тыңдаушы еді жарықтық. Неге екенін қайдам, терең әсерде болған сондай сәттерінде оң қолы

шынтағынан жоғары көтерулі әрі жұдырығы сәл-
пәл түюлі болатын. Жырлардың кей тұстарында
шыдай алмай кетіп: «Әй-й-й, айтқан-ақ екен дә,
сабазың!», «паһ-паһ, шіркін!», «е-е-ей, рас қой!», –

деп, басын әлсін-әлсін шайқап қойып, тамсанудан
танбаушы еді. Атам бұл жалғаннан бақиға
көшкенде мен тоғызыншы сыныптың оқушысы
болатынмын. Ақтық демі таусылғанша, жүзінен

иманы төгіліп, сергек сана, нұрлы жүрек, биік
адамгершілік иесі күйінде дүниеден өтті. Сондай
жаннан еш дабырасыз күйде тәлім алып, Шариғат
шарттарының өмірдегі кейбір көріністеріне бала

кезімнен осылайша қанығып өсу мүмкіндігіне ие
болғаным үшін бір Аллаға мың мәрте шүкірлік
айтамын! Бұл баяндағандарымның бәрі де, мен
отбастарына келіп қосылған кезде, қарттықтың

«терең» құшағында болған нағашы атам жайлы
өзімнің көріп-білген, көкірегіме түйгендерім ғана.

ІРІ МІНЕЗДІ АНАЛАР

Ал, нағашы әжем болса, бір Аллаға қолынан
келгенінше қазақ тілінде жалбарынып, Рамазан
айында атамның «сәресін» яғни ауыз бекітер
алдындағы

тамағын
әзірлеп
беру
арқылы

мінәжатын
түгендеуге
ұмтылатын.
Әсіресе,

ұйықтар алдында еріндері жыбырлап, өзімен-
өзі біраз күбірлеп жатушы еді. Ол кісінің намаз
оқыған-оқымағаны да есімде қалмапты. Тек
әйтеуір атамның әңгімелеріне жалғас түрде:

– Құдай жоқ деп айтпаңдар, бәрімізді жаратқан

бір Алла! – деп отыратын.
Нағашы
әжемнің
маған

беретін
тәлім-

тәрбиелері
негізінен
үй-ішілік
шаруаларды

қамтушы еді. Үйреткісі келген ісін өзіме тікелей
атқартатын да қасымда тұрып, «комментарилерін»
айтудан жалықпайтын. Түлкібас жақтың қызы
болғандықтан, әжем қамырдың күлшесін «зуала»

деуші еді. Бесінші сыныпта оқып жүргенімде
маған:

– Сендей кезімде пешке нан көметінмін. Дардай

қыз болдың енді. Қамыр илеуді үйретем. Екі зуала
нан иле бүгін, – деп, қасымда тұрып қадағалауға
көшті, – Сол қолыңмен тегештің жиегін мықтап
ұста, оң қолыңмен ғана қамырды иле. Қамыр

илегенде қос қолыңды бірдей қамырға батырма.
Олақтар сөйтеді... Зуала жасағанда қолың епті
қимылдасын, – дей отырып, бір рет қана мықтап
қадағалауы арқылы сол діттеген шаруасын жеріне

жеткізе үйретіп-ақ тастайтын. Өзінше әжептәуір
қатал тәрбиеші еді. Бірақ қаталдығы тек осындай
істің жайын үйреткен сәттерінде ғана... Ал,
жайшылықта кейбір қылықтары аңқаулыққа

толы, бала мінезді жан болатын.
Кейде өзінше әйел заты боп «өсек» айтпаққа
әрекет етуші еді. Онысы ең соңында өзін күлкіге
қалдыратын қолайсыз бір хикая күйінде аяқталып

жататын. Ауылдық жерде не көп ас, жиын,
Құдайы тамақ таратылатын дастарқандар көп.
Сондай отырыстан келген әжемді нағашы жеңгем
жайлап әңгімеге тартады. Ондағысы күлкіге бір

қарық болу үшін.

– Иә, апа, барған жеріңізде не көрдіңіз, не

естідіңіз? Айта отырыңыз...

– Анау шолақ көшеде тұратын ақсақ қайным

бар ғой..., соның құдалары кеп жатыр екен. «Шолақ

көше» деп отырғаны – ауыл шетіндегі қысқа көше. Ел солай атап кеткен. Дәл осы жерде қызық үшін әңгімеге нағашы ағам араласады: – Осы Көкірек руының жартысынан көбі сізге қайны боп келеді. Олардың ішінде аяғы кемістері бірталай. Солардың қайсысын айтасыз?! – Е-е, анау, дәу қайнағаның үйінің артындағы ше? – Ол дәуіңіз кім тағы? Тым болмаса, балаларының атын айтсаңызшы. – Е, қайдан білейін оларын... – Әйелінің атын... – Оны да ұмытып қалдым. – Ақыры өсек айтқыңыз келген екен. Бас-аяғын жинақтап, әңгімеңіздің кім жайлы, не туралы екенін анықтап алмайсыз ба?! – деп әзілге бұрып, күлкіге қарық боп жатқандары аға-жеңгемнің... Ол кісілер осындай әзілдерімен-ақ әжеміз болмысының «өсек айту» деп аталатын күнәдан аулақтығына ерекше риза боп отырысатын. Ал, нағашы жеңгемнің мінезі бірде дипломатиялық, енді бірде талапшылдық тұрғысында көрініс беріп жататын еді. Көкейіндегі ойларын сол әңгіме кейіпкерінің өзіне тікелей айтатын. Сырттан сөйлеу дегенді ұната бермейтін еді. Сонымен, ірі мінезді осынау қос әйел менің тәрбиеммен, тек мектеп қабырғасында ғана емес, одан кейінгі жылдарымда да тікелей айналысты, десем жөн болар. Мен нағашыларымның шаңырағына келгеннен кейін, арада екі жылдай уақыт өткенде, Алланың жазуымен анам өзінің мәңгілік жайына аттанып

кетті. Сол бір жүрегім қан жылаған кездерімде
нағашыларымның маған шын мәнінде сүйеу
бола білгенін қалайша ұмытайын!? Қолдарынан
келгенінше,

анамның
орнын
жоқтатпауға
тырысып,

менің
болашағыма
қатты
алаң

болғандары үшін Алла ол кісілерге зор сауаптар
жазғай. Ақырет күнінде таразыларының сауапты
істері жағын ауырлатқай!

«ӨГЕЙ ШЕШЕ»

Сонымен,
мектептегі
жазғы,
қысқы

демалыстарымызға шығып, қара шаңырағымызға
келгенімізде
кейінгі
анамыз

Нұрлыгүл
Сәндібекқызы бізді шын ықыласымен қарсы
алып жүрді. Ол кісінің қолында – Рысқұлбек інім.
Бауырларымызбен бас қосып, мәре-сәре боламыз

да қаламыз. Мұндайда Қамшыбек ағамыз да «арпа
ішінде бір бидайы» Нұрланын маған ілестіріп,
жайлауға жіберетін.

– Рысқұлбек жиеніңмен бірге атқа мініп, қой-

қозы жайып, шаруа істеп, шынығып кел. Әйтпесе,
нағыз қазақ өмірінің қандай болатынын білмей
қаларсың, – дейтін еді нағашым. Расында, нағашы
інім балалық шағының ең бір қызықты кезеңі

Хантауы жайлауында қымыз ішіп, жүйрік мініп,
Рысқұлбек жиенімен жорға жарыстырған сол бір
күндері екенін күні бүгінге дейін айтып отырады.
Сонымен, жазғы «каникулымыз» да зымырай өте

шығып, Нұрлан інім екеуміз бірінші қыркүйек
қарсаңында Көктерек «селосындағы» мектебімізге
қайтып оралатынбыз.
...Нағашыларымның шаңырағында анам Мазақ

Жанпейісқызын жиі еске алысып отыратын.
Әсіресе, әжем Тұрайым Таубалдықызы қайын
сіңлісін сағынғаннан жанарларына ыстық жасын
іркіп алушы еді. Бірақ сол әңгімелердің бірде-

бірінің тұсында кейінгі шешеміз жайлы жағымсыз
сөздер айтылмайтын.
Сөйтіп, 1972 жылы алтын ұя мектебімді бітіріп,
бір Алланың қолдауымен ҚазМУ-дың тіл-әдебиет

факультетіне оқуға түстім. Асай-мүсейлерімді
жинап, Алматыға аттануға әзірлік үстінде едім.
Нағашы жеңгем Ырысты оңтайлы бір сәтте мені
оңашалап алды да, тұрмыстық ұсақ-түйектерден

бастап, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға
қатысты біраз ақылдарын айтты. Сөзінің арасында:

– Үлкен жерге оқуға кетіп барасың. Ересек

болды деген- осы, міне. Бұйыртса, қысқы, жазғы
каникулдарыңа келіп тұрасың ғой. Сол кезде
есіңде болсын, әкеңе ешнәрсе әкемесең де,
шешеңе базарлықтар әкеп тұр. Үшекеңнің беретін

қаржысы бар, «стипендияң» тағы бар. Жетеді ғой
ақшаң өзіңе. Солардан үнемде де, ана Нұрлыгүл
әпкемізге бір көйлектік мата болса да өзіне арнап,
әкеп тұр. «Дүниеде тұрған не бар?» – дерсің.

Бірақ сол бір сабақ жіп болса да, араларыңды
жақындастырады, сыйластықтарыңды арттыра-
ды. Қанша айтқанмен, өгейдің аты – өгей. Ол жағын
жоққа шығара алмаймыз. Егер сен ауылға келген

кездеріңде үнемі көңілін аулап қоймасаң, араларың
суысып кетуі мүмкін. «Былайша, зәті жақсы кісі»
деп жүрсің ғой өзің де. Сол жақсылығын одан әрі
дамыт. Жаман қылықтары болса, байқамай қоя

сал. Сендерден басқа ешкімі жоқ қой ол кісінің.
Сондықтан әрі сауапты іс болады мұның. Осы

сөзімді ұмытпа! – деді Ырысты жеңгем әр сөзін салмақтай айтып. Шынымды айтсам, жеңгемнің сол жолғы имандылыққа толы әрбір сөзі санамда өшпестей боп жазылып қалғандай еді. Расында, демалысыма келген сайын кейінгі шешеміздің «керек-жарақтарының» бәрін түгендеуге тырысу менің қалыпты әдетіме айналып кеткен болатын. Нұрлыгүл шешеміз біздің шаңырағымызға менің он бір жасымда келген екен. Кемшіліксіз адам бар ма бұл өмірде! Ол кісінің де адуынды мінезі, өзіндік бір қаталдықтары бар болатын. Бірақ болмысындағы ірілігі соның бәрін басып кетуші еді. Егер, сол кездері ой-пікірі әлі қалыптасып, бұғанасы қата қоймаған жасөспірім қызға: «Бе-еу, дүние-ай, әпкеміздің орнын ешкім де баса алмайды ғой. Ана кісі өгейлігін істеп отыр емес пе сендерге?!», – деген тектес, шындыққа жанасымды болса да, бір-екі ауыз пікірді нағашы жағым айтыңқырап жіберсе, арамыздың әлде қандай боларын бір Алла ғана біледі. Сондықтан, нағашы жеңгемнің бұл қылығы – маған берген сансыз тәрбиелерінің бір бөлігі екені айдан анық. Жаратушымыздың арамызға мейірім салуымен, екеуміз өте сыйлас болдық. Әкемнің «арпа ішінде бір бидайы» мен сөйткен соң басқа бауырларым ол кісіге тіпті жік-жапар болушы еді. Ерекше ықыласымды білдірмек ниетпен, өзім қызмет еткен кезде, республикалық «Лениншіл жас» газетіне «Өгей шеше» атты эссемді жариялаған болатынмын. Ауылдас апа-әпкелеріміз газетті оқи сала, жиылып келіп, шешеме кішігірім

той жасатқан екен. Сөйтіп, көңілінен шығуға тырысатынбыз ол кісінің. Әкемізді «арулап» қойып, 80-ге жақындап, өзі де қарттық құшағында қалған Нұрлыгүл апамыз, содан кейін өз бауырында өскен баласы, Рысқұлбек інімнің қолында болды. «Балама да, Жанар келініме де ризамын. Қабақтарын шытпастан, тазалығымды жасайды. Баладай күтіп отыр мені», – деуші еді кейінгі шешеміз. Жаны Жәннатта болғай жарықтықтың! Ең бастысы, біздің арамызда ана мен перзенті арасында өрістейтіндей сыйластықтың орнығуына әу баста маған ақылын айтып, ізгілік жолын көрсетуі арқылы өзіндік үлесін қосқан нағашы жеңгем Ырысты Ілиясқызына Алланың рахметі, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шапағаты жауғай! ҚАМҚОР БОЛҒАН АҒАЛАРЫМ-АЙ! Сонымен не керек, 1965-жылдың жазында анасыз қалған біз бейбақтардың ішіндегі жасы үлкеніміз, ағам Рысбай Үшбайұлына тағы да отбасымыздың айрықша міндеті жүктелген болатын. – Рысбай қарағым, аналарыңнан көз жазып қалып, күйіміз қашып отырғаны мынау... Мен әйел әкелсем, оның аты бәрібір «өгей шеше» болады. Сондықтан, асықпай таңдайын. Сен әкел, балам, келінді. Құдай адалынан берсін, деп тілейік, – деп, он тоғыз жасар ұлын жолға салып жіберген болатын. Әкем айтпақшы, «келін таңдап жатуға уақыт тар». Ілезде ағам Бақыткүл деген қызға

асығыс үйленген болатын. Араға оншақты ай аралатып, әкем де кейінгі анамызбен бас құраған еді. Нәтижесінде, аға-жеңгем бір жылдан кейін отау үй боп бөлек шығысты. Ол кісілер кейіндері, балалары ержетіп қалған кезде әке-шешеміздің шаңырағына қайта көшіп келген болатын. Отбасының ауырпалықтарын жеңілдетпек ниетпен өзінің небір биік армандарынан бас тартқан бауырым Рысбай Үшбайұлының әрекеттері сол бір кеңестік кезеңдегі талайталай жасөспірімдерге тән тағдыр еді. Әлі есімде, әкеміз соғыстан денесінде қалып қойған мина жарықшақтары тәнін сырқыратқанда беу-беу қағып, қан құсып жатып қалушы еді. – Алланың соғыста мина талқандап кеткен денемді сүйретіп, мені елге жеткізгеніне шүкір. Майдан ауруханаларында жер-тар, уақыт-аз. Дәрігерлер асығып жүріп минаның денемдегі үлкен жарықшақтарын ғана алған ғой. Қалып қойған майдалары жаныма батып барады,-деуші еді терең ентіге отырып ол кісі. Тіпті болмаған соң, Алматыдағы соғыс ардагерлеріне арналған ауруханаға аттанып, өте күрделі бірнеше оталардан өтті. Осындай қиын-қыстау сәтте үлкен ағам Рысбай Үшбайұлы ауыл мектебінің алтыншы сыныбын бітірген көрінеді. Балалығына қарамастан, анамыз Мазақ Жанпейісқызының көмектесуімен және әкеміздің «айқайшы» болуымен үш айлық жазғы каникулында «совхоздан» алған бір отар кәрі қойды семіртіп, етке өткізіп, тапқан табысын отбасымыздың бір жылдық азығына айналдырған екен. Отбасына осылайша, адал еңбегімен

көмектесуге болатынына көзі жеткен жасөспірім
Рысбай сегізінші сыныпты бітірісімен мектептегі
оқуын тастап, совхоздың малын бағуға шыққысы
келетінін жариялайды. Мұндай ұсынысқа әке-

шешем бірден қарсы болған екен.

– Соғыстың зұлматынан да, ашаршылықтан

да аман қалдық қой. Бұйыртса, бір күнімізді
көрерміз. Мектебіңді тастама. «Балаларыңыздың
сабақ үлгерімі өте жақсы, өзінің өлең жазатын да
өнері бар екен», – десіп, мұғалімдерің мақтап жүр.

Сондықтан, оқуыңды жалғастыр. Кәзіргі заманда
оқығандар үлкен «өкімет» боп жатыр ғой, – деп
наразылық білдірген екен.
Алайда, біріншіден – Алланың қалауымен отба-

сын тұрмыстық ауыртпалықтан алып шығу үшін,
екіншіден – қан құса, құса, өкпесі әлсіреп кеткен
әкесінің денсаулығын жақсартуға үлес қоспақ
ниетпен, алған бетінен қайтпайды. Сол жылдары

біздің шағын ғана «бөлімше» аулымыздың өзінен
үш бірдей «Кеңес одағының Еңбек батырлары»
шыққан екен. Рысбай тәтем көп ойланбастан,
сол батырлардың бірі болған Көпбай Тоқбаев

деген кісіге барып, өзінің еңбекке араласпақ
ниетін баяндап, «әке-шешемнің рұқсатын алуға
көмектесіңіз», деп өтініш айтқан екен. Ол кісі
әкеме келіп:

– Мен бұрын кім едім, жәй жүрген көптің бірі

едім. Осы қара қойдың арқасында «герой Көпбай»
атандым. Баланың меселін қайтармаңдар. «Мал
бағамын», – деген екен, бақсын. Қарсы болмаңдар,
қайта көмектесіп, бір жағына сеп болыңдар, – десе

керек.
Осы сөз қамшы болып, әке-шешем ауылдағы

отауын тастап, үй-ішімен «совхоз» малын бағуға
шыққан көрінеді. «Тұрмыстық қиындықтардың
әсерінен ол кездегі балалар ерте есейген болар-
ау», – деп шамалаудамын бүгіндері. Көп ұзамай,

бір отар, екі жасар ісек малын алдарына салған
отбасымыз «Жезқазғанның жайлауы қайдасың?!»

– деп, үш ай жазда жайламақ ниетпен көшкен

екен. Сарарқаның сары қымызы мен жанға
жайлы ауасы әкемізге «майдай» жағып, сол сапар
денсаулығы едәуір жақсарып қайтқан болатын.
Әкеміз жарықтық содан былай дәрі-дәрмекке

көп жүгіне бермей, жыл сайын мамыр туа сауын
биелерін байлай бастайтын еді.
Әрине, «совхоз» басшыларының кәмелетке
толмаған баланы «шопан» деп, ресми құжаттарда

көрсетуге құқысы жоқ. Сондықтан, «бас шопан»-
анашым, «көмекші шопан» әкем болып шыға
келеді. Расында, бұл істе әкемнің рөлі айтарлықтай
зор болды. Денсаулығына байланысты бір айыр

шөп те көтере алмайтын, оның үстіне бұған дейінгі
еңбек жолдарында үнемі кеңсе қызметінде немесе
дүкенде сатушы болғандығы себепті әкеміз қара
жұмысқа араласа алмады. Есесіне істің есептік-

экономикалық және дипломатиялық жағын шып-
шырғасын шығармастан жүргізіп отыратын.
Қаракөл малы өсімтал келеді екен. Сол жылдары
малын жаз жайлауда қоңды етіп бағып, қыстың

қақаған аязынан аман алып шығып, көктемде
төлді көп алған малшыларға үстеме сыйақы
ретінде 50-60 кейде тіпті жүзден аса қозылар
тегін берілетін. Айлықтары тағы бар дегендей...

Бір Алланың қалауымен, Рысбай тәтемнің қара
еңбекті жапыра істейтін ұмтылысына әкеміздің

әлгіндей білгірлігі басшы және анашымның жанкештілікке толы көмектері қосшы болып, бірер жыл ішінде отбасымызға едәуір мал біткен еді. Отбасымыздағы өмір ағымы 13-14 жылдай осылайша жалғасып жатты. Содан әкеміз қартайғанын, шаршағанын айтып, ауылдағы үйімізге көшіп барып, үлкен ұлын бала-шағасымен малға қалдырып кеткеннен кейін ғана Рысбай тәтемнің қара жұмысты жапыра атқаратын қажырлылығына қарамастан, шаруаны басқарудағы шалағайлықтары біліне бастаған болатын. Әрі ондай қылықтарынан өзі талай рет соққы да жеді. Ондайда әкем жарықтық: «Ә-ә, балам, Құдайдан дәулеттің үйіңе кірісін ғана емес, тұрысын да сұра», – деп отырушы еді. Тұрмыстағы осындай ебедейсіздіктеріне көңілім толмағандықтан шығар, әйтеуір үлкен ағаммен емен-жарқын отырып, терең түрде көп сырласпаған екенмін. Есесіне, өз інілерім мен нағашы інім Нұрлан Қамшыбекұлының айтуларынша, Рысбай Үшбайұлы қас жүйрікті құлын кезінен дөп баса танитын аттың сыншысы, бәйге атын барлық шарттарымен баптай білетін нағыз атбегі, тақымы мықты көкпаршы әрі шабандоз, құмды өңірдегі шөп атаулыны тамырынан бастап танитын, кешкі салқында сайраған құстарды даусынан жазбай анықтайтын білгір болған екен. Бауырымның сол қасиеттерінің біразы әр ұлдарының бойында бүгіндері шашырап жүр. Кеңестік зұлмат саясаттардың «жемісіндей» болған ашаршылықтар және қу соғыстың кесірінен әке-шешесі аурулы-сырқаулы болып қалмай,

құрдастары қатарлы дін аман мектебін бітіріп,
қабылетіне қарай жоғарғы білім алғанында, бәлкім,
ағамның өмір жолы басқаша қалыптасар ма еді.
Шындығын айтар болсақ, бұл жағдай да қызыл

империяның адамдар тағдырын қаншалықты
азапқа салғанының айғағы болса керек. Қалай
болғанда да, он бес жасқа аяқ басар-баспастан,
біздің болашағымыз үшін ауыр еңбекке араласып,

бұғанасы қатпай жатып өз шамасына ауырлау
келетін міндеттерді арқалаған бауырлық адал
ниеттері үшін Рысбай Үшбайұлына Алла тағалам
разы болғай, кешірім есіктерін ашқай, о дүниесін

нұрлы еткей!
Кіші ағам Рысқұл Үшбайұлы, 1965 жылдың
шілдесінде, анамыздың атынан «қайтқан адамның
қырқы» деп аталатын құдайы тамақ берілісімен,

Алматыға оқуға аттанған болатын. Осы он жеті
жасына дейін Шу қаласынан әріге ұзап көрмеген
бозбаланы бейтаныс қала Алматыға жетектеп
бармақ түгілі, Шу бекетіндегі пойызға дейін ере

барып, шығарып салған да ешкім бола қоймады.
Себебі, мынау жалған дүниеде анасыз қалу деген
қасіретпен бетпе-бет келген біздер де, өз сөзімен
айтқанда «амалсыздан бірер ай қолына ожау ұстап

қалған» әкем де «Алматыға оқуға аттану» деген
ұғым төңірегінде ойлана қоймаған болатынбыз.
Олай етуге мұршамыз да жоқ еді. Дегенмен,
әкеміз ақ батасын берді. Негізінде, нартәуекел-

ердің ісі! Сондай қиын-қыстау кездерде, «Рысқұл
ағам отбасымыздың, оның ішінде біздің де
болашағымызды ойлап, үлкендердің өзі де жасай
алмайтын үлкен шешімге барды» деп ойлаймын.

Себебі, өткен ғасырдың алпысыншы жылдары

сонау Мойынқұмның шалғай ауылынан өздігімен оқуға ұмтылып, астанаға аттанып жатқан балалар некен-саяқ болатын. Барса да, әке-шешесінің жетектеуімен баратын. Осы қылығы үшін Рысқұл бауырыма күні бүгінге дейін ризалықпен қайран қалам. Үлкендерге еліктеп, біздің, яғни он жасар менің және төрттегі, бір жарымдағы інілерінің маңдайынан иіскеп тұрып: – Мен алыс қалаға оқуға бара жатырмын. Кейін оқу бітіріп, жұмысқа тұрамын да, сендерді қолыма алып, бағам, – деген еді ақкөңіл бауырым. Расында, мектеп бітіріп, астанамыз Алматыға оқуға барған біздерге ол кісі тұрақты түрде қамқорлықтарын жасап жүретін. Көңілі кең, қолы ашық жеңгеміз Тасбике Төлеуқызы да туған әпкеміздей боп кеткен еді. Ол кісілердің берекелі шаңырақтарын бауырлары біздер ғана емес, талай-талай ауылдастарымыз бен ол кісілердің дос-жарандары да паналайтын. Үш бөлмелі пәтерлерінде келуші қонақтар қатарласа қона жатқанда, кейде ине шаншар жер де таппай қалушы едік. «Абитуриент» деп аталатын, жоғарғы оқуларға түсу ниетімен келген ауылдас ұл-қыздарды және оларды «жетектей» келген ата-аналарын бір-екі айдай тегін қонақ еткенімен қоймай, Рысқұл бауырым әлгі балаларды қабылдау емтихандарына бар ынты-шынтысымен дайындап, тегін «репетитор» да болушы еді. Физика, математика пәндеріне аса жүйрік болатын. Инженерлік өте күрделі, ол кездері «чертеж» деп аталатын, сызбаларды еркін сыза беретін. Техникумда бірге оқыған достары кейінірек Темір жол институтында сырттай

оқыған еді. Ол кісілердің көпшілігі жазғы, қысқы
сессиялары үшін Алматыға келген кездерінде
ағаның үйіне атбасын тірейтін. Сондай сәттердегі
бауырымның қуанышын көрсеңіз ғой, шіркін...

Ол кісілердің қай-қайсынан да қолынан келген
көмегін аямайтын.
Қазақтың небір зиялы өкілдері дастарқан-
дарынан дәм татты. – Аға-жеңгең жақсы кісілер

екен. Әсіресе, ағаңның аузын ашса, жүрегі
көрінеді екен, – деуші еді ақын-жазушы аға-
әпкелеріміз.
Қонағын

құдасындай
құрметтей
білген аға-жеңгемнің қос дүниесіне де Алланың
Нұры жауғай! Мұның бәрі де ойды ой қуалағаннан

туындап жатқан әңгімелер ғой.

АЛҒАШҚЫ ҚАЛАМАҚЫ

.Рысқұл ағам сияқты, менің үлкен ағам Рысбай
Үшбайұлы да физика-математикалық есептерді
шығаруға жүйрік әрі жазуға да бейімі бар озат
оқушы еді. Ол кісіні «тәте» дейтінмін. Отбасы

жағдаймызға
байланысты
Рысбай
тәтемнің

амалсыздан мектебін тастап, мал бағуға шыққаны
жөнінде
бұдан
бұрын

баяндағанбыз.
Бірақ,
Алланың берген қасиеттері «түрткілеп» жай
таптырмаса керек кісіге. Сондықтан болар, тәтем

қыруар шаруадан босаса бітті қолына қалам алушы
еді. Ол кісі бірде аулымыздың өнерпаз жастары
клубына арнап спектакль сценариін жазатын. Енді
бірде аудандық «Коммунизм таңы», облыстық

«Еңбек туы» газеттеріне мақалаларын жолдаған
кездерінде ерекше қанаттанып жүруші еді. Не
керек шіркін, кейін тағдырдың тауқыметімен сол
талпыныстары жайына қалды ғой...

Мектептегі кезекті «каникулдарыма» шығып, үйге келгенімде: – Бөкетай, мына мақалаларымды таза қағазға маржандай етіп көшіріп берші. Еңбекке араласқалы «почеркім» нашарлап кетті. Газеттегі кісілер қолымды түсінбей қалар, – дейді тәтем маған күлімсірей қарап. Мұндай ұсынысқа қуанып кетем, әрине. Өзі айтқандай «маржандай етіп көшіріп беруге» тырысам. «Мақаламды қарындасыма көшіртіп жазғыздым», – деген сөйлемді соңына қосып қоямын. Себебі, «еңбек адамының қолы да осындай қыздың «почеркіндей» бола ма?» – деп ондағы кісілер таңқалып жүрмесін дегендегім. «Осыншама келісті сөздерді қалай құрастырып жазады екен?»– деген оймен тәтемнің жазбаларына қызыға қарап қоямын. Жалпы ол кісі көркем әдебиетті көп оқып, өмірге әдеби көзқараспен қарап өсті. Сонысы кейін, өмірдің неше түрлі қалтарыс-бұлтарыстарында өзіне талай рет психологиялық соққы боп тиді-ау деймін. «Баланың үлкенімін»,-деп, отбасымызға түскен тауқыметтерге арқасын ерте тосып, сол арқылы жеке тағдырында талай-талай қолайсыздықтар туындаған еді. Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Иеміз Өзінің Кеңдігімен ондай жайттардың барлығын да бауырым Рысбай Үшбайұлы үшін Ақырет күнінде сансыз нығметтерге айналдырғай! Бауырымның біліп, білмей істеген барша күнәларын кешіріп, Жәннатының тым болмаса, табалдырығынан орын бергей! Қарындастық тілегім – осы. .Сөйтіп, не керек, тәтемнің «көшіргіші» болып жүріп, өзімнің де қалай өлең жаза бастағанымды

аңғармай қалдым. Әке-шешем, Отаным, туған жерім, мектебім туралы дегендей... Оларымды бірақ ешкімге көрсетпейтінмін. Біртіндеп мақала жаза бастадым. Алғашқы редакторым, әрине, Рысбай тәтем болды. Қал-қадарының жеткенінше ақыл-кеңестерін айтып, «Осы бетіңнен қайтпа!» – деген тектес батасын да берді. Бұл жетінші сыныпта оқып жүрген кезім еді. Содан, біртіндеп жаза-жаза келіп, сегізінші сыныпта аудандық «Коммунизм таңы» (қазіргі «Мойынқұм таңы») газетінің «штаттан тыс» тілшісі атана бастадым. Облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газеті болса, аты-жөнімнің астына «жас тілшіміз», деген анықтамасын қоса жазып қояды. Айтпақшы, 9-шы сыныпта оқып жүрген кезімде облыстық газетіміз сыйлық ретінде маған «Юный корреспондент» атты Мәскеуде шығатын одақтық журналды бір жылға жаздырған екен. Әлгі журнал үйімізге келген сайын, жыл он екі ай бойы қуанып жүрдім. Аталған сыйлықтың да менің Арман-қанатымды қатайта түскенін несіне жасырайын. Мақалаларым шыққан сайын ұстаздарымның өзі әжептәуір пікір айтатын боп жүрді. Қазір есіме түсіре ойлансам, сондай сәттерде менің болмысымда мақтаныштан гөрі келесі жазатын мақалаларыма байланысты жауапкершілік сезімдерім басым түсіп жатқан екен. Ол үшін де Аллаға шүкір, деймін. Себебі, жауапкершілік сияқты толып жатқан өзге де ізгі қасиеттерді жүрекке сіңіріп, бойға дарытатын бір Жаратушы ғана ғой! Мені баласынбастан, екі газеттен де ай сайын азды-көпті қаламақылар келіп тұратын. Нағашыларым, мен сегізінші сыныпта оқып

жүрген кезімде, бала-шағасымен қоржын тамға сыймайтынға айналып, есіктің алдынан дағарадай етіп, төрт бөлмелі, шатырлы үйдің құрылысын бастап кеткен еді. Мойынқұмда тас пен құм тегін дегендей... Атам-әжемнің зейнетақылары мен аға-жеңгемнің айлықтары негізінен құрылыс материалдарына жұмсалатын. Тамаққа тақұлтұқыл ғана қаржы бөлінуші еді. Қазір ойлап қарасам, қысылған сәттерінде сата салатындай қолдарында жеке меншік малдары бола бермейтін нағашыларымның үй салуды бастап кеткендері, расында үлкен «жүрек жұтқандық» болған екен. Ауылдас ағайындар асарлатып, сабан кірпіш те құйып тастайды. Келесі жиналғандарында үйдің қабырғаларын көтеріп берген еді. Мұндай кездегі менің міндетім-асарға келушілерге тамақ әзірлесу. Ал, үй құрылысына одан кейінгі қосар үлесім... қаламақыларым болатын. Кейде ол «жарықтықтардың» күтпеген жерден сап етіп келе қалатыны бар еді. Бір жолы тіпті 17 «рубльге» дейін алғаным есімде. Поштадан қаламақымды алысымен нағашы әжеме қарай құстай ұшам. Ол кісі балаша мәз болып, «шапқылап» барып, табанда 10 келі көк қант, бес қап «макарон», тағы басқа тәтті-пәтті әкелсін. Іші қуыс «макароныңыздың» жеңіл болатынын сол жолы білгенім бар. Сондықтан болар, сатып әкелген заттары көрер көзге көлемді болып-ақ тұрды. Сол сәт Қамшыбек аға бір жымиып алды да: – Біздің үйде, енді «пенсия» алатын екі, айлық алатын үш адам бармыз,- деді менің мәртебемді көтере. Айлық қайд-а-а, мен қайда! Ұмытпасам,

ол кездегі ең төменгі жалақы 60 «рубль» болатын. Жай ғана менің еңбегімді көтермелей бағалап, алдағы уақытта да мақалалар жаза түсуіме ынталандырайын дегені болар. Себебі, болмашы тиын-тебен үшін емес, менің талабымды ұштай түсейін деген ниетпен марапаттай сөйлегені аңғарылып тұрған еді жүзінен. Өзің айрықша сыйлайтын жақындарыңа сәл де болса қолқабысыңды тигізе алу дегеннің үлкен бақыт екендігін әбден түйсініп алған мен содан былай қос газетке үстін-үстін мақалалар жолдаумен болдым. Обал-жазығы не керек, ондағы қалам ұстаған бауырлар мақалаларымды тоқтатпастан жариялайтын. Ай сайын 10- «рубльден» әжемнің алақанына салып отырғаныма мәз боламын кеп. «Еңбегіңнің рәтін көр, айналайын»,- дейді ол кісі мені адам боп қалдыға санап. Сөйтеді де табанда барып, көрнекі етіп тағы да тамақтар әкеп қояды. Сондай сәттерде көңілім әжептәуір көтеріліп қалушы еді. Бір Алланың бұйрығымен, еңбекке араласқалы бері жазу ісінің небір салаларынан талайталай нәсібелерімді теріп жеп келемін, әрине. Әр қайсысының өз дәмі, тапқан кездегі өзіндік қуанышы бар. Дегенмен, мектеп қабырғасында жүрген жылдарымда нағашы әжемді қуанта алған алғашқы қаламақыларымның орыны мен үшін алабөтен қымбат әрі ыстық-ақ! Жасөспірімдер болмысының қалыптасуы деген күрделі де қызықты үдеріс қой. Салиқалылыққа бет бұрған жылдарыңның талай тұстары есіңде қалмауы мүмкін. Ал, бала күнгі жүрек төріңде орнығып қалған осындай әсерлер алпысты

алқымдап қалған шағыңда да көңіл төріңде сол
күйінде жаңғырып тұрады екен.

КЕҢЕС ӨКІМЕТІ БІЗГЕ НЕ БЕРДІ?

«Балалық
және
жастық
шақтарымның

куәсіндей болған Кеңес өкіметі маған несімен
қымбат?»,-деп өз-өзіме оңашаларда сауал қояр
болсам: «Ең әуелі сол бір балғын жылдарымдағы
мынау

жарық
жалғанды
таза
жүрегіммен

қабылдай алған және де айналама қолымнан
келгенінше
жақсылық
сыйлауға

тырысқан
сәттерім арқылы қымбат еді!», – деп мүдірместен
жауап берерім сөзсіз. Себебі, аталған кезеңдер
адам баласының, Мұқағалиша айтқанда: «Қара

тастан да мейірім күтіп жүретін» жылдары емес
пе! Сондықтан болар, қызыл империяның тым
тереңге жіберген зұлымдық тамырларын да
дөп баса аңғармастан, оның жер бетіне қылтия

көрінген болмашы бір жағымды көріністеріне бола
«бақыттан» басымыз айналғандай күй кештік.
Тәуелсіздігімізді алар қарсаңда, жариялылық
желі есіп, біраз шындықтардың қатпарларына

түрен түсе бастағанда ғана әрбір жеке азаматтың
тағдырындағы кеңес өкіметі салған қасіретті
аңғарғандай болдық.
Сол жариялылықтың алғашқы лебі арқылы

түйсінгенім, сөз жоқ, бақытсыздықтың ең басты
себебі – бүкіл әлемдерді, оның ішінде сіз бен бізді
жаратып, екі дүниемізге де қамқорлығын төгіп
қойған бір Алланың құдыретін танудан күштеп

алыстатылғанымыз еді. Мейірімді Иеңді танып,
Оған ғана бас ию-мәңгілік бақытқа жетелейтіні

анық! Ал, Оның Рахымынан кекжие бас тартубарлық қасірет атаулылардың түп-негізі. Социалистік қоғам бізді бар күшімен осы лағынет атқыр екінші жолға итермеледі. Сөйтіп, жаппай бейшаралыққа душар етті. Шынайы бақыттың дәмін тата алмаған «советтік» бейбақтар, сондықтан да басына келе қалған қайдағы бір кездейсоқ «жолы болғыштықты» нағыз бақытқа балап, естері кетісті. Ендеше, ондай қоғам қалайша сіздің қимасыңызға айналмақ, қымбаттыңыз болмақ?! Сол себепті, осынау Тәуелсіздігіміздің арайлы таңдарына жеткізген бір Аллаға сансыз мақтаулар болсын! Хақты сүю-махаббат атаулының ең ұлысы, адам тілімен жеткізіп болмас шырқау биігі, қос дүние нығметтерінің ең қайырлысы. Себебі, бір Алланы сүйген жанның жүрегінде адам болмысында болуы тиіс басқа да барлық ізгі қасиеттердің бұлақ көздері оңай ашылып, өсіп, өрбімек. Ондай қасиеттер әлгіндей пенденің рухын биіктетіп қана қоймайды. Әлгі адамды айналасындағыларға барынша ізгілік таратып, тұтас қоғамды сауықтыруға өз үлесін қоспаққа талпындырып қояды! Ендеше, осынау Тәуелсіздігіміз Қияметке дейін жалғасатын бір Алланың берген сансыз нығметтерінен болғай! Еліміздің дербестігіне іштері күйе жиырылып, оған нұқсан келтірмекке ұмтылған ішкі-сыртқы жауларымызды аса Қамқор Иеміз Өзінің шексіз Құдыретімен әрекетсіз, дәрменсіз еткей! Бүгінгідей көңіл көзіміз ашылып, рухымыз көтерілген тұста өмірімнің ең бір қимас та жігерлі жылдары өткен әлгі Кеңес өкіметі «Менің атабаба, әке-шеше, бауырларыма, өзіме не берді,

бізден нені алды?», – деген сауалдарға жиі жауап іздейтін болғанмын. Әңгіменің әкем жағына қатыстысын айтсам... Алланың бұйыртуымен, өз еңбегі арқылы байып, мыңғыртып мал айдаған атам Үркімбайдың бар малын тартып алып, талан-таражға салғанда, содан «совет» өкіметінің қай бүйірі томпайды екен? Шынын айтқанда, жұмырығына жұқ та болған жоқ. Есесіне, ең кіші әйелінен туған төрт перзенті ғана тірі қалып, олардың өзі жетімдіктің зардабын әбден шегіп, ал басқа бәйбіше-тоқалдарынан тараған бір ауыл үй жазықсыз қырылып кетті. «Сол кісілер тірі болса, Үркімбайдан тараған ұрпақ ендігі бір рулы ел боп отыратын едік қой!», – деп, армандай «аһ» ұратын қайран әкем. Жаратушының бұйрығымен, нағашы жұртым да біраз шаңырақ боп қалулары мүмкін еді. Алайда, Кеңес өкіметі менің анамнан басқа, ол кісілерден тұяқ қалдырмағанын арнайы эссемізде баяндағанбыз. Бауырларын жоқтап, беу-беулеп, оңашаларда көз жасын төккен анамның қапалы кездерін қалайша ұмытайын?! Сол себепті, анда-санда болса да «Нұрлы Жанпейіс» деп, жазбаларым соңына қол қойып, нағашымның атын ататып қоятыным бар. Нақты деректерге жүгінер болсаңыз, қызылдар ұйымдастырған осындай қырғындар мен қудалаулардың «құрығы тимеген», сондай «қанды қылыштардан» жарақаттанбаған қазақ отбасылары жоқтың қасы. Бір қараған жанға біздің ұрпақ кеңестік қуғынсүргіндерден зардап шекпегендей әсер қалдыруы ықтимал. Дегенмен, сәл тереңірек ой жіберіп көріңізші. Біздің отбасымызда, басқамыз жайлы айтпағанда, мысалы үлкен ағамның бұғанасы

қатпай жатып көрмегені жоқ қой. Жоғарыда баяндалғандай, біріншіден, кеңестік «кәмпеске» мен әдейі ұйымдастырылған аштықтар және қызыл империяны жер бетінен жоюға ұмтылған Екінші дүниежүзлік соғыс барысында алған жарақаттары кесірінен әкеміздің денсаулық жағдайы күрт төмендеп, төсек тартып жатып қалған кезінде Рысбай ағам мектебімен амалсыз қоштасып, ерте еңбекке араласты ғой. «Жетсем...», – деген талай армандары жайына қалды. Шаңырағымыздағы мұндай қиын сәттерде қол ұшын беруі мүмкін ағайындарымыз яғни Рай, Райымбек аталарымыз отыздан аса балашағасымен бірге қызыл қырғындар құрбандығына айналғанын бұған дейін айтып өттік. Ал, қол ұшын берер басқа ағайындарымыздың ыңғайы болмады. Сол ашаршылықта тұлдыр жетім қалып, «советтік» соққыны әбден көрудей-ақ көрген анамыз дімкәс күйеуі мен ақүрпек балаларын аяп, үйдің де, түздің де жұмыстарын қатар атқарамын деп жүріп, ауыр сырқатқа ұшырап, 43 жасында о дүниелік боп кетті. Тағы да үлкен ағам отбасымызға қол ұшын бермек ниетпен, асығыс үйленуге мәжбүр болды. Демек, кеңестік қуғын-сүргін зардаптары әке-шешемді ғана емес, алыстан орағыта келіп, Рысбай тәтем сияқты кейінгі ұрпақтардың да осылайша аяғынан шалып, тұсау болған екен. Анасыз қалудың қаншалықты қасірет екенін терең сезіне жүріп, тек бір Алланың Мейірімі арқасында ғана біз де жетілдік. Ойлап қарасам: түрлі «оқиғалармен» көмкерілген қызыл идеология әр қилы тәсілдермен кеңестік тұрғындарға жан-жағынан, тұрақты түрде шабуыл жасап отырған екен-ау?!

Қызыл империяның дәл осы сипаты, Жұмақтан қуыларында жер бетіндегі адамзат баласына жан жағынан шабуыл жасауға уәде берген, ібіліс малғұнның әрекетіне мейлінше ұқсас емес пе?! Қызыл Кремль саясатынан біздің рухымыз жаншылып, тек жанымыз ғана аман қалса, оның өзі бір Жаратушының Қамқорлығының арқасында ғана мүмкін болған еді. Ендеше, егемен ел болғалы бергі біздің басты мақсатымыз әлгі былғанған рухымызды барынша тазартып, оны имандылық биіктеріне ұдайы көтеру болса керек-ті. Бір Алла ендігі барша істеріміздің қайырын беріп, екі дүниеде де рақымына бөлегей бізді! * * * Алағай-бұлағайы жетерлік осынау өлшеулі өмірімде қызыл идеология шырмауында қалып қоймай, Хақ жолға бұрылып, бір Өзіңнің құдыретіңе ғана бас июім тек Өзіңнің ғана шексіз Мейірімің және Қамқорлығыңның арқасында қол жеткізе алған Бақытым ғой. Сол үшін де бір Өзіңе мәңгі қарыздармын, я, Раббым! Ендеше, менің осынау Бақытымды баянды ете гөр, Жаратушы Ием! Бір Өзің берген барша нығметтеріңді мойындаймын. Және солардың бәрі үшін бір Өзіңе шүкірлік етемін, я, Қамқор Ием! Мені ешқашан өз нәпсіме тапсырып, жеке тастап кете көрме, Аллаһым! Ең соңғы демім біткенше бір Өзіңе ғана бас иіп, тәубе етуші құлдарыңның қатарынан ете гөр, аса Ұлық Ием! Жәннатыңның Фирдаус бағында бір Өзіңнің Нұр Жүзіңді көруімізге нәсіп ете гөр, я, Раббым! Маусым, 2012 жыл.

ЖҮРЕК КӨЗІНІҢ АШЫЛУЫ

эссе
Жаратқан Иеміз қалаған құлына қалауынша
нығметтер береді ғой. Соның ішінде қайталанбастай
көрінген айрықша біреуі әлі күнге жүрегімді жылы­

тып, өмірімді нұрландыруда. Бәлкім, ондай жағдай
сіздің де басыңыздан өткен болар. Сонымен...
Жиырмасыншы
ғасырдың

алпысыншы
жылдары Мойынқұм өңірінде шөбі шүйгін, суы
балдай құйқалы өрістер көп болатын. Алайда,
«Елімізді

қаракөл
елтірісімен
қамтамасыз
етеміз!», – деп социалистік міндеттеме алған

ауданымыз аз уақыттың ішінде қаракөл қой
тұқымын күрт көбейтіп жіберіп, өріс тарылып-
ақ қалған еді. Нәтижесінде, әр жаз сайын сол
кездегі Жезқазған облысының ауданымызбен

шектесетін жайылымдық жерлерін жалға алуға
мәжбүр болған екенбіз. Әр жаз сайын бірнеше
малшылар отбасы отарын айдап, сол жаққа бет
алып жататын. Сондай кезек біздің отбасымызға

1961 жылдың мамырында келген еді. Әдетте,
мұндай көші-қон үдерісі қарапайым болатын.
Мысалы біз көшкенде, әкем мен үлкен ағам бүкіл
отарды жолай жая жүріп, малдарды шашау

шығармастан алға жылжытып отыратын. Себебі,
сөйтіп айдасақ қана көздеген жайлауымызға бір
ай шамасында, жолшыбай қона жүріп жетеді

екенбіз. Әйтпесе, жолдың тым ұзарып кетуі
әбден кәдік. Мал айдаушыларға жағдай жасау
үшін, бүйіріне «водовоз» деп жазылған машинаға,
«жолдағы түнемеліктерге ең керекті» деген жеңіл-

желпі жүктерді тиеп, анамыз бен майда балалар
жайғасқанбыз. Тұтас кигіз үй мен негізгі жүктерді
тиеген машина болса, бізден екі-үш күн бұрын
жайлауға жетіп, кигіз үйді тіге беруі тиіс. Онда

да көмекке баратындар-анамның көңіл жықпас
құрбы-жеңгелері...
.Сонымен, кезекті бір түнемелікте көлігіміз алып
бір таудың баурайына келіп тоқтады. Күн бесін

уақытынан екінтіге әлде қашан ауып қалған кез.

– Жарықтық Жамбыл тауы деген-осы, міне...

Көсіліп жатысын қарасайшы! – десті үлкендер
жағы.
Кішкентайымнан
Хантауының

шоқыларын
ең биік шыңдарға балап өскен мен сияқты алты
жасар қыз үшін бұл, расында, көз талдырар
биіктік еді. Биылдыққа мал аяғы баспаған қою

шалғынды, қалың шөптің биіктігі белуарымнан
келіп тұрды. Құдды бір, біз келер қарсаңда жап-
жасыл мамықты әдейі әкеп, біреу осы аймаққа
төсеп қойғандай. Қанша жүгірсем де аяғым

топыраққа тиер емес. Көбелек сияқты ұшқым
да келіп кетеді кей сәт. «Көбелек» демекші, бұл
жерде көбелек көп-ақ еді. Ол кездері балаларға
арналған, көбелек ұстағыш, қазіргідей ойыншық

тор қайда-а-а... Кекілім желпілдеп, көбелектерді
әрі-бері қуалап жүрмін. Біраздан кейін олардың
да сырын біліп алғандай болдым. Үркітіп алмастан,
сәл-кем күтіп отырсаң, саған жақын маңға келіп,

өзі-ақ қонақтайды екен. Әр алуандықтарына,
сұлулықтарына қарап, таңырқаймын аңыра.

– Бөкета-а-ай, ау, Бөкетай! Алысқа ұзап кетпе,

балапаным!
Бұл-мені көзінен таса қылғысы келмейтін
анашымның үні. Ол кісі, өзіне тән әбжіл қимылмен,
қос керегенің бастарын бір-біріне айқастыра

байлап, үстіне киіз жауып, әп сәтте ертегідегідей
етіп, уақытша күркешік жасап үлгерген екен.
Самаурынына бұлақтың суын толтырып, от
салып, үш аяқты темір ошаққа дереу қазанын

орналастырып, әбігер болып-ақ жатты. Мал
айдаушылар келіп жеткенше тамағы дайын,
самаурыны қайнап тұруы керек. Біздің үйдегі
заң-сондай. Жүктерімізді, анамның қалауымен,

сылдырай аққан бір бұлаққа жақын маңға
түсіргенбіз. Демек, түнімен бұлақтың сыңғыр үнін
тыңдап жатамыз деген сөз. Мынандай сұлулық
әлемінің қойнауында күркешік екеш күркешік те

өзіндік әдемі бір бояуға енгендей еді. Анамның да
айрықша ажарланып кеткені есімде.
Хантауының жайлаулары да өзінше шырайлы
болатын. Жаз сайын онда сағына жетуші едік. Ал,

бірақ Жамбыл тауының баурайындағы сұлулық
тұнған сол бір сәт ерекше еді. Мені бірден баурап
алғандай болды. Тегістеу жасыл алқаптан сәл-
пәл әріректе аласалау ғана төбе (бәлкім, дөңес)

басталады екен. Жотасы – самсаған қызғалдақтар
мен сарғалдақтар.

– Апа, гүл теріп келейінші, – дедім қиыла қарап.

– Жәрайды, бара ғой қызым. Бірақ алысқа ұзап

кетпе. Көз жетер жерде жүр, – деп жатыр анашым
қазан-аяқтарымен «арпалысып» жүріп.
Кеудеме қуанышты бір сезім толып, жүгіріп
келем. Нақтырақ айтсам, қалықтап ұшып келе

жатқан сияқтымын. Шалғынды жасыл әлем, бейне бір, табанымның астына жұмсақ «алақандарын» төсеп, ал шөп атаулы қақ жарыла маған жол беріп, гүлді алаңға қарай бағыт сілтейтіндей. Жақындап барғанда ғана байқадым, гүлдер расында керемет екен. Әр қайсының үлкендігі ересек кісілердің қос жұдырығындай еді десе болғандай. Ондай ірі қызғалдақ-сарғалдақтарды күні бүгінге дейін әлі кездестірген емеспін. Тіпті, «гүлдердің отаны» деп аталып кеткен Голландияда жыл сайын өткізіліп жүрген әлемдік гүл жәрмеңке-көрмелерінен де баяғы алты жасар кезімде көргендей қызғалдақтарды байқамадым. ...Үзуге дәтім бармай, тізерлеген күйі гүлдерді сипалап, әлі отырмын таңғала. Жанға жайлы, жұмсақ бір самал желпіп өткен сайын, олар айналасындағы жасыл шөптермен бірге сәл-пәл ырғала билеп, айтып жеткізгісіз, мың бояулы сұлу толқындарға айналып жүре береді екен. Әйтсе де, кешкі астың қамымен күйбеңдеп жүрген анам жаққа бір қарап алып: «Апама гүл силайыншы»,- деп, біраз қызғалдақ терген болатынмын. Кеудемді керемет бір жұпар иіс кернеген сайын айналама бұрынғыдан да қуана әрі аңыра көз саламын. Кенет..., жайлап орнымнан тұрдым. Әлгіндегідей емес, айналама асықпай, баппен, бағамдап қарағым келетін сияқты бір сезім пайда болғандай. Жанарларым жылжып барып, әуелі күрке маңындағы жаулығы ағараңдаған анама түсті. Содан кейін өз-өзінен асықпастан жылжи отырып, мынау сұлулық тұнған дүние ажарын жан түкпірімдегі бір «сандыққа» сақтап қалғысы келгендей-ақ, жіті бағамдауға көшкен.

«Жанарларым» дегенім жай сөз әшейін, одан гөрі
«жүрек көзім», «көңіл биноклім» дегенім дәлірек
болар. Сонымен, бар сұлулықты «арқаларына»
артып алып, бір-біріне иек артқан күйлері біртіндеп

биік тауға қарай жалғаса түскен аласа төбелердің
жонымен бірге ішкі жүрек-жанарым да биіктей
берді. Көңіл «объективімдегі» Жамбыл тауының
көз «қарықтырар» сұлулығына бұрынғыдан да

бетер аңтарыла қараған күйімде біртіндеп барып
көк аспанға көз салған едім. Жамбыл тауының
басын жұқа ғана ақшарбы бұлттар орай қалған
екен. Бейне бір, мынау сан қатпарлы әсемдік әлемі

менің кішкентай ғана болмысымды артық-ауыс
қимыл-қозғалыс атаулыдан тиып тастап, қос
табанымды жерге шегелеп қойғандай ма, қалай?!
Одан да сәл-пәл жоғарырақ көз салғаным да сол

еді. Кенет... түпсіз, тұңғиық көгілдір аспан өзіне
шақырғандай, тіпті әп сәтте мені өзіне қарай
көтеріп әкеткендей болғаны... Мүмкін ең дұрысы,
«қос құлағым бірдей «шы-ы-ң-ң-ң» ете қалып,

қысқа ғана уақытқа қалғып кетіппін», десем жөн
болар... Жоқ, әлде, тәнімді жерде қалдырып, бүкіл
рухым, жан-дүние, жүрегім «ә» деп үлгерместен,
зу-у-у етіп сонау түпсіз көкке қарай көтеріліп

кетті ме екен?! Әйтеуір, өз-өзімді ұмытқандай, өң
мен түстің арасындағыдай бір халде болдым. Және,
мұндай тылсым жағдай бірнеше минуттарға,
бәлкім секундтарға жалғасқан шығар. Ол жағы

бір Аллаға ғана мәлім, әрине. Біраздан кейін қайта
есімді жиғандай, бәлкім жұмсақ ұйқымнан баяу
ғана оянғандай күй кештім. Қарасам, сол баяғы
орнымда тұр екенмін. Терген гүлдерім жерде

шашылып жатты. Соғып өткен самал желден

көңілім қайыра ашылғандай, жаным сергігендей боп, аяқ-қолым қайтадан қимыл-қозғалысқа келіп, айналамды жаңадан ғана көріп тұрғандай, бәлкім, мынау жарық жалғанға қайта келгендей халді басымнан кешіргенім әліге дейін есімде. Қайран балалық-ай, десеңізші. Кейін ойлап қарасам, сол бір айрықша сәтіме дәл сол кезде жете мән бермеген де екенмін. Тіпті «ерекше бір жағдай болып өтті» деп ойламаппын да ғой. Себебі, мұндай сезім кешулерімнің өзі санаулы минуттардан кейін сейіле түскені де бүгіндері ойыма оралуда. Ал, келесі күні ол жайлы тіпті ұмытып та кеткен болатынмын. Бағамдап қарасаңыз, алты жасар қыздың болмысында осындай танымдық найзағайлы сәт, тұтас өміріне нұрын төккендей ұмытылмас құбылыс өздігінен орын алар ма еді? Әрине, жоқ!!! Бұл – сөзсіз, бір Алланың жұмыр басты пенделеріне мынау өлшеулі ғана қысқа ғұмырымызда көрсетіп қоятын сан жетпес нығметтерінің, ерекше қамқорлықтарының бірі ғана еді. Өмірімде алғаш, бәлкім жалқы рет басымнан өткерген сол бір қайталанбас, рухани биіктеу сәтімнің қадірін алты жасар балаң күйімде түйсіне де, саралай да алмағаныммен, оның бәрі де, тек құдіретті Иенің пәрменімен, «ішкі түйсік» деп аталатын «сандығымда» өз-өзінен сақталып жатқан екен ғой... Олай дейтін себебім, кейін есейіп, ес біле бастаған кезімде кейбір жазушыларымыздың балалық шақтары жайлы жазбаларынан ол кісілердің де, жоғарыда баяндалған менің халіме ұқсас жағдайларды бастарынан кешкендері жайлы оқығаным бар.

Сонда ғана: «Айтпақшы, осындай тылсым бір сәт менің де басымнан өтпеп пе еді?!»,-деп өз-өзіме сауал тастаған болатынмын. Сондай тұстарда ғана көңіл мұрағатымның ұмытылып кеткен қатпарларынан осы бір көрініс өз-өзінен суырыла шығып, есіме түскен еді. Оған қоса, кейін университеттегі студент кезімде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Сонау бір жазда, жайлауда...» деп басталатын өлеңін оқи отырып, жоғалтқан асылыммен қайта қауышқандай халге түскенім бар. «Астымда тарпаң дөненім, Торсықта шырын қымызым. Миымда шикі өлеңім, Қайнайтын келіп күн ұзын», деп «шикі» өлеңіне тұрлау-тұғыр таппаққа ұмтылған бала Мұқағали: «Жүгірген төмен құлдырап, Көрдім де таудың бұлағын. Көзімнің алды бұлдырап, Қалқайып екі құлағым, Қабаржып, үнсіз жыладым», дейді санасында таным-түйсіктің сирек найзағайы ойнап өткендей сонау жаз жайлаудағы халін есіне ала. «Сондағы көздің жасынан Ләззат алғам, нансаңыз. Сұраңыз әрбір тасынан Еліме менің барсаңыз».

Сондағы бала Мұқағалидың көз жасы тұтас
өміріне рухани азық болғандай екен-ау. Осыған
ұқсас күйді бірінші сыныпта оқып жүрген
кезінде, бидай тартқызуға, ауылдасымен бірге,

тау қойнауындағы диірменге барған сапарында
басынан өткергенін отағамыз Қалдар Ағмантайұлы
да сыр ғып айтқан еді маған. Тәуелсіздігімізді алып,
Хақ дінімізбен біртіндеп қауышқаннан кейін ғана

әлгіндей шынайы сұлулықпен бетпе-бет келгенде
«қабаржып үнсіз жылаудың»; жаратылыстың
тылсым бір сәттеріне тұтас рухыңмен бойлаған
сайын мұңайып үнсіз жүрудің сырларын біршама

түсінгендей болдық.
Ғұламалардың
айтуынша,
Әл-Хаалиқу

(Жаратушы) Иеміз әр нәрсені көркем түрде
жаратқан екен. Ал, қасиетті Құранда Алланы
танудың екі жолы бар екені айқын түрде баяндалған
ғой. Солардың бірі-Алланың жаратқандарының

табиғатындағы ғажайып ерекшеліктерді түйсіну
арқылы Жаратушы Иеміздің шексіз шеберлігіне
және Оның іс-әрекеттерінің кемшілік атаулыдан
тыс екендігіне көз жеткізу.

Бүгіндері ойлап қарасам, сол бір бәйшешек
кезімде, менің жан әлемімді Өзі жаратқандарының
тылсым
сұлулықтарына

қарай
жетелеп,
болмысымда
рухани

«найзағай»
ойнатқаны
Жомарт Алланың менің тұтас болашағыма,
бүтін болмысыма жасаған шексіз қамқорлығы

екен ғой! Бір Хақ тағаланың қолдауымен, одан
кейін де, сонау ғарыш әлеміндегі және жердегі,
сондай-ақ адамдар болмысындағы талай-талай
ғажайыптарға сан мәрте таңғалумен, сүйсіне

тұшынумен келемін. Бірақ оның бәрі де сол

жауқазын шағымдағы Жаратқан Иемнің жарқ еткізіп көрсеткен танымдық тосын сыйына жетер емес. Сол бір сәт көкейіме оралған шақтарда, күні бүгінге дейін, болмысымда өзгеше бір шабытты күй пайда болып, жан-дүнием кеңейіп сала беретіндей көрінеді маған. Сондай, қайталанбас уыз шақпен қауыштыруы арқылы Өзін біршама тануыма жетелеген Жаратушы (әл-Баариу) Иемізге сансыз мақтаулар болсын, есепсіз шүкірліктер жолдансын! Адамзатқа Тура жол көрсетуші, шынайы бақытқа жетелеуші қасиетті Құранымызға тағы бір ден қояр болсақ... «Мүлік» сүресінің 3-4 аяттарында Алла тағала: «Ол жеті қат аспанды рет-ретімен жаратты. Баршаға рахымды Иенің жаратқандарынан сен ешқандай ақау таба алмайсың. Қайыра зер салшы, қандай да бір сызат таба алар ма екенсің. Содан соң тағы да, тағы да көз жібер. Сенің назарың мойынсұнған, талған күйде қайта оралады өзіңе»,- дейді. Өзін тануға бастайтын қос сара жолдың бірін, пенделері түйсінсін деп, одан әрі осылайша айқындай түскен Дана Иеміздің алдында бұрынғыңнан да бетер басыңды имеске шараң да қалмайтындай. «Сондағы тамшы жасымды Кем көрмен ұлы дастаннан», – деген екен «Сонау бір жазда, жайлауда...» атты өлеңінде дарабоз ақын. Расында, мен үшін де сонау Жамбыл тауының баурайында бір Алланың айрықша нығыметіне бөленген сәтім тұтас өміріме нұрын шашып тұрғандай.

Алла сұбыхана тағаланың 99 қасиетті есімдері-
нің бірі – (әз-Заахиру) Анық яғни Көзге көрініп
тұрушы. Өзі жаратқандарының табиғатындағы
кереметтері арқылы Өзінің айрықша сипаттарын

біздей құлдарына көрсетіп қойған Аса Жұмсақ,
зор кеңшілік (әл-Латиифу) Иесінің мейірімі мен
қамқорлығы біздің қос дүниемізді бірдей қамти
бергей!

Тамыз, 2012 жыл.

БЕРЕРІ ШЕКСІЗ БІР АЛЛА

деректі әңгіме
Бір талассыз нәрсе, Хақты тануға ұмтылыс,
Жаратқанға мінәжат ету атты асыл мұраттары-
ңыз тек сол аса Қамқор, ерекше Мейірімді бір Жа­

ратушымыз Өзі қолдау көрсетсе ғана пендесі үшін
жеңілдей түсіп, жүрегіңізді Нұрына толтырады екен.
Осыған орай өмірімнің нақты бір белестерінде орын
алған оқиғалармен бөліскенді жөн санап отырмын.

ҚазМУ-дың филология факультетін бітіріп,
республикалық
«Лениншіл
жас»

газетінде
тілші болып жұмыс істеуім – кішкентайымнан
«әдебиетші болсам!» – деген балауса арманымның
жүзеге аса бастағанындай көрінуші еді маған.

Сол қара шаңырақта жұмыс істеп жүрген
жылдарымда Мәскеуде жастар басылымдарына
журналистер дайындайтын екі жылдық курста
оқуым да менің арман қанатымды шыңдай

түскендей
болатын.
Мұқағалиша
айтқанда,

«Қара тастан да мейірім күтіп жүретін» балауса
қыздардың бірі едім. Сексенінші жылдардың
басында менің өмірімде Зүлфия деген егде бір әйел
пайда болған-ды. «Я- как преподаватель русского

языка и литературы русскоязычна. Поэтому я

– прямолинейна, честна!» – деп, өз өзін мақтап,

марапаттап отырушы еді. Ал, шынайы өмірде бұл
айтқандары керісінше болып шықты. Сол әйелдің
нешетүрлі қитұрқы шабуылдарының кесірінен

менің денсаулық жағдайым күрт төмендеп кеткен болатын. Кейде тіпті, өмір мен өлімнің арасында қалғандай күй кешкен кезім де бар. Сондай сәттерде менің болмысымда «өлгім келмейді, өлгім келмейді», – деген сезімдерден гөрі «жақсылыққа ұмтылғым келеді, жақсылыққа ұмтылғым келеді!» – деген құлшыныстар басым түсіп жататын. Расында, біртіндеп айыға бастаған сайын адамдардың бойынан ізгі қасиеттерді іздеу және сондай замандастарым жайлы жазу мен үшін емдік терапия сияқты еді. Бір-біріне қалтықсыз көңілмен көмек қолын созып, жақсылықтар жасап жүрген замандастарым жайлы сол жылдары жазған эсселерім мен деректі әңгімелерім 1987жылы «Жалын» баспасынан «Асыл қасиет» деген атпен жеке жинақ болып жарық көрді. Газет тапсырмасымен «дежурный» мақалаларды да көп жаздық. Себебі, талап солай болатын! Дегенмен, адамгершілік биіктіктерімен дараланған ерекше тағдыр иелері жайлы жазып, бар ынтышынтыммен ізгі қасиеттерді жариялауға жаным құштар еді. Осындай шығармашылық ізденістер толқынында, сол баяғы бала кезден әкешешеміздің адамдар жайлы тек жақсы ойлауға бейімдеп өсірген тәрбиесімен қоса, өзім қанық боп өскен-нағашы атам және ол кісінің құрдастарының Хақ тағалаға деген мінәжаттарын аңсау сезімдері қайта бой көтере бастаған еді болмысымда. Мұқағали ағаның имандылық тұнған жырлары сондықтан да жаныма жақын болатын. Бүгіндері ойлап отырсам, «жақсылықты жаю, жамандыққа тосқауыл қою» атты Өзі жақсы көретін іс-әрекеттерді, хал-қадарымның

жеткенінше, менің де атқаруыма Даналық Иесі осылайша нәсіп еткен екен-ау. Өзі нәсіп етті, сөйтті де сол амалдарым үшін бақыт атаулының ең бастысына яғни бір Өзіне ғана құлшылық ету жолына мені ерекше қамқорлығымен бағыттап жіберді... Қалаған құлдарын шексіз құдыретімен Алға шығарушы (әл-Муқаддиму) Иеміз менің тағдырыма кейбір адамдардың қолымен жасалған қиянаттарды да, осылайша, Өзінің түгесіліп болмас Мейірімімен мен үшін қайырлы істерге, нығметтерге айналдырып жіберген екен ғой! Базбір пенделер сізге қысастық жасаса, Алла тағала сізге осылайша көмегін ұсынады. Мынау фәни дүниеде өздігіңізден шыға алмастай көрінген бір тығырыққа тіреліп қалған едіңіз, Жаратушы Иеміз сізге тағы да күтпеген жағыңыздан шығар жолды нұсқап, одан да үлкен қатерлерден аман сақтап қалды. Ол үшін тек, күнәларыңыз бен кіналарыңыз үшін Мейірім Иесінен кешірім сұраудан танбай яғни тәубеңізден жаңылмай және бір Алланың берген, «санасаңыз санына жете алмастай» шексіз нығметтеріне үнемі шүкіріңізді шынайы жүрекпен айтып жүрсеңіз болғаны. Одан әрі..., аса Қасиетті (әл-Қуддусу) Алла тағала әлгі құлының көкейіне бір Өзіне ғана мінәжат етуге деген құлшыныстарды салып қоятын көрінеді. «Қайта құру», «жариялылық», «сөз бостандығы» деп ұрандатқан горбачевтық «жылымық» жылдарда, қоғамымызға сыналап қана ене бастаған асыл дініміздің алғашқы ұшқындары көңіл көзімді аша түскендей еді. Алғаш «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған қасиетті Құранның үш аятын кирилл әрпімен терілген

транскрипциясымен қоса олардың қазақша мағынасын да, кеудем ерекше шаттыққа бөленген күйі, жаттап алғаным сондықтан болар. Алла разы болғыр Халифа Алтай атамыздың «Иман шарт» деген кітабы қолыма 1991-жылы тиген еді. Ондағы намаз оқудың шариғи реттерімен танысып, кітапта келтірілген аят, дұғаларды жаттап алу да аса қиынға соқпады. Бір Алланың қалауымен, көп ұзамай, білетін кісілермен бірге жайнамазға тұрып, жылдар бойы аңсаған мінәжатымды бастап кеткен едім. Бір білетінім, сол жылдары бір Аллаға құлшылық етуге деген құлшынысымыз мықты еді. Алайда, аздаған біліміміздің өзі уақыт жағынан біртіндеп келген болатын. Алғаш тіпті, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үлгісімен дінімізді ұстану талаптарын да біле бермедік. Келіп жатқан ақпараттар да, кітаптар да тым аз болатын. Есесіне, аудандық, облыстық белгісіз бір баспаханаларда бастырылған: «саудаң жүріп, байып кеткің келсе-бүйтесің», «ұнатқан адамыңды өзіңе қаратып алғың келсе-сөйтесің...», – деген сияқты түсініксіз мақсаттарды көздеген, өте күмәнді «дұғалардың» жинақ-кітапшалары қаптап кеткен еді. Өз құлдарын күмәнді істерден Тыюшы (әлМааниъу) Иеміздің жамандықтардан қағуымен, сол жылдары тек мешіт имамдарының қолымен таратылған кітаптарды ғана оқып жүрдім. Халифа Алтай атамыздың аударуындағы Құранның қазақша нұсқасына ден қойдым. «Ислам» атты мәңгілік Бақыттар мекенінің табалдырығынан аз-аздап аттағанымызға шүкірлік етуде едік.

Алла аса Кешірім Иесі (әл-Ғафууру) ғой. Білімсіздігіміздің кесірінен сол жылдары және кейін де мінәжаттарымызда жіберіп келе жатқан қателіктерімізді Жаратушы Иеміз кешіргей, кітабымыздан күнәларымызды өшіріп тастағай. Білімімізді көтергей! Содан, кезекті «Сәби күтіміне байланысты» алған бір жарым жылдық демалысымнан кейін, 1994-жылдың тамызында жұмысыма қайта шыққан болатынмын. Ол кездегі газет-журналдар редакциясының тоғыз қабатты ғимараты Орталық мешітімізге жақын жерде, Жібек жолы көшесінде жайғасқан еді. Жұма намазынан ертерек бардым. Мешіт ауласында екі жерде үстел үстіне діни кітаптарды жайып тастап, жігіттер сатып тұр екен. Бұрынғыдай емес, кітаптар көбейе түскенге ұқсайды. Оларды шетінен аударыстырып қарап, танысудамын... Кенет жайманың орта тұсында тұрған, орыс тіліндегі үш кітапша назарымды өздеріне аудара бергені. Тақырыптарымен, мазмұндарымен танысып, біраз тұрып қалсам керек. «Осы кітаптарды алайын!», – деген тоқтамға келдім. Кешкілік үй шаруасынан қолым босасымен, оларды бас алмастан оқуға кірістім. Оқи түскен сайын көңіл көкжиегім биіктеп, көкірегімде ақ пен қараны саралай алар (бұған дейін беймәлім болып келген) бір түйсік көзім жаңадан ашылғандай, шын бақыттың ләззатын сезіне бастағандай ерекше бір күйге түскенім есімде. «Мұндай керемет дүниелерді тездетіп аударып, оқырмандарымызға ұсынуым керек!»-деген нақты байлам жасағаным да бүгіндері санамда жаңғыруда. Себебі, тәуелсіздігіміздің алғашқы

жылдарында асыл дініміз жайлы қазақ тілінде жарияланған еңбектердің саны тым мардымсыз болатын. Әдебиеттердің басым бөлігі орыс тілінде еді. Сөйтіп, бірер аптаның ішінде қолымдағы үш кітапшаның да аудармалары дайын болған еді. «Қаржыландыратын кісі табылса, бұл дүниелерді жеке кітапшалар етіп шығартқызайық», – деген ойдың жетегінде біраз уақытым демеушілер іздеумен өтіп кеткен болатын. Байқап қарасам, қараша да келіп қалған екен. «Қой болмас, ең дұрысы өзіміздің «Парасат» журналына жариялағаным болар», – деген соңғы шешіміме тоқталдым. Сонымен, қомақты осынау үш дүние «Парасат» журналының 1995-жылғы наурыз, сәуір, мамыр айларындағы сандарында, майда әріптермен терілген күйінде, жарияланған еді. Себебі, ол кездегі баспахана жабдықтары кеңестік ауыр индустрияның өнімдері болғандықтан өздері аса ауыр және онда орындалатын жұмыс үдерістерінің де тым баяу болғаны кеңестік әріптестеріміздің есінде шығар. Яғни, журналдың кезекті санын баспаханаға жолдау 3-4 ай бұрын жүзеге асатын. Журналда жарияланған сол шығармаларда: «Біз бұл дүниеде не үшін өмір сүрудеміз?» – деген аса көкейкесті сауалға жауап беруден бастап, бір Аллаға еш серік қоспастан, тікелей Соған ғана сыйынып, тек Содан ғана жәрдем тілей білудің адамзатты қос дүниенің Бақытына бөлейтіні; Жаратқанды ұмытып, жаратылғандарға бас июдің жұмыр басты пендеге әкелетін қасіреттері жайлы егжей-тегжейлі түрде түсіндірілген болатын. Жаратқанды бірлеу яғни бірқұдайшылдық қағи-

далары шариғи тұрғыда мығым дәлелденген еді. Аудармалар барысында, білместікпен жіберген қателіктерім үшін Кешірімді (әл-Афуу) Иеміз маған кешірім еткей! Бір ғажабы: аталған аудармаларымды кезекті журнал сандарына жоспарлап, баспаханаға жолдаған қараша-желтоқсан айларынан бастап менің бар істерім оңға басып, қолға алған кез-келген шаруам орайымен жүзеге асып, намазымды ерекше ықыласпен орындайтын болғанмын. Отбасымның нәсібесі артып, отағамыз Қалдар Ағмантайұлымен бірге тапқан азынаулақ айлық-жалақыларымыздың берекесі кіріп, туыс-туғандарымызға көмек ретінде жұмсай бастағанымыз есімде. Қазір ой елегінен өткізе отырып, әлгі тірліктердің барлығын да біздер тек өз ақыл-түйсіктерімізбен атқармай, бір Жаратушының көкейімізге салғандығынан солай істегенімізді, айлық табысымызды берекелі етіп қойған аса зор Кеңшілік Иесі (әл-Латиифу) бір Алла екендігін түсінудемін. Ал түсімде..., түсімде маған беймәлім бір қанаттар бітіп, үнемі биік шыңдардың бірінен екіншісіне қарай қалықтап ұшып жүретін едім. Ұшу жылдамдығым да едәуір болатын. Сол бір түстерімді, сол кездегі басымнан өткерген рухани самғауларымды әлі күнге сағына еске алудамын. «Шіркін-ай, сол бір ғажап дүниелер қайталанса ғой!», – деп армандаудамын. Раббымызды бірлеу жайлы жоғарыда аталған аудармаларым баспаханаға кетіп жатқан тұста маған бірден үш азамат тарапынан: «Халықаралық радиоға жаңа қызметкерлерді таңдау сынағы өтетін еді. Соған сенің кандидатураңды ұсынайын

деп едім», – деген ұсыныстар айтылды. Өмірбаянымның көшірмелерін үшеуіне де ұстаттым. «Ондай жерге өте қоймаспын. Дегенмен, шетелдіктердің сауалдары қандай болады екен, көрейінші», – деген ниетпен қатысқан едім. «Біреулерге ұнай қалайын», – деген ниетім болған жоқ. Сұрақтарға жауап ретінде көкейімде қандай ой тұрса, соны айттым да отырдым. Тіпті, қайбір тұстарда қазақ халқының білім деңгейінің жоғары екендігін баса көрсетіп, қазақ әдебиеті мен журналистикасында шебер мамандардың көптігін айтып, қыр көрсеткендей болғаным да бар. Ондағым: «Алғаш келген адамдар ғой, қазақты біле жүрсін», – деген ниетім еді. Арада бірнеше күн өткенде қазақ бөлімінің сол кездегі басшысы Хасен аға Оралтай: «Әй, Қалдар Оспанның қатыны, сенің жауаптарыңды мына американдық басшылар ұнатқан екен. Мюньхенге бір айлық сынақтан өтуің үшін сені шақырмақшы. Келе аласың ба?» – деп үйімізге телефон шалғанда, қайран қалдым. «Қалекеңмен ақылдасайын», – дедім бірден. «Саған шақырту жібереміз. Неміс елшілігінен барып виза ал. Ана Пәтима деген екі жасар қызыңды әкелмегенің жақсы. Туыстарыңа қалдырып кел. Мұнда жақсылап жұмыс істеп, сынақтан өтуің керек. Мен теледидарда істейтін басқа бір келіншекті өткізуді ойлап жүрген едім. Мына американдықтар сөзімді тыңдамады», – деп, Хасен аға не де болса көкейіндегісін ашық айтып жатты. Сонысы үшін де Алла разы болсын. Қалекең екеуміз менің сынақтан қалай өтіп кеткеніме таңбыз. «Алла қолдаған ғой. Әйтпесе, небәрі жеті орынды иелену үшін жетпістен аса

адам сынаққа қатысқанда, емтихан алушылардың
бірде-бірін өңің тұрмақ түсіңде көрмеген сенің
өтіп кетуің – сөз жоқ, бір Алланың бұйрығымен
болған іс. Мысалы, осы сынаққа мен де қатыстым,

бірақ өте алмадым ғой?!», – деді ол кісі иман
келтірген жандарға тән сабырлылығымен. Кейін,
арада тағы біраз жылдар өтіп, Хақ дініміз жайлы
ағылшын тіліндегі кәусар бұлақтардан емін-

еркін сусындаған сайын: «Сол жолы сынақтан
ойламаған жерден өтіп кетуім, содан бірер ай
ғана бұрын бір Жаратушымызға серік қоспастан,
Оған шынайы ықыласпен құлшылық етудің пенде

шіркінге әкелер бақыттары жайлы ғұламалардың
еңбектерін аударып, жариялатқаныма аса Үстем
әрі қалаған құлын Биіктетуші (әр-Раафиъу)
Иеміздің рахымы түскенінен болар. Алланы

бірлеу жолындағы сол бір аздаған еңбегіме
Жаратушымыздың қайтарымы мұншалықты мол
болар ма!» – деп, ойлана бас шайқаумен болдым.
Бұл айтылған жайт, бірқұдайшылық шарттарын

адамдарға таратуға әрекеттенгенім үшін, Кеңшілік
Иесінің маған көрсеткен сансыз нығметтерінің
тек болмашы бөлігі еді. «Осы бергендеріне шексіз
шүкір! Дегенмен, Қамқоршы (әр-Раууфу) Иеміз

негізгі сыйларын шын жайымда яғни бақилық
өмірімде бұйыртса екен!» – деп тілеудемін.
«Мені бұл жерге бір Алла Өзі алып келді. Бір
Алла бұйрық еткен күні елге қайтармын», –

деп жүрдім әріптестеріме. Расында, Еуропада
тұрып
жатқанымызға
15-жылға

айналғанда
«отбасымызбен
елге
оралу,

Прагадағы
Халықаралық мектептің жоғары сыныптарына
өткен
балаларымды

туған
жерде,
қазақ

мектептерінде оқыту керек. Туыс-туғандардың қасында, өз елімде, ең бастысы намазхан бауырлардың ортасында өмір сүргім келеді», – деген терең байламмен Алматыға 2009 жылдың қыркүйегінде қайта көшіп келген болатынбыз. «Еліме қайтқым келеді», – деп өз еркіммен арыз бергенімде, шынын айтқанда, басқа редакциялардағы әріптестер де қатты қайран қалысты. «Осындай «алтын клеткадан» қалайша өз еркіңмен бас тартуға болады?» – деп сұрақ қойғандарға: «Бақыт тек «алтын тордың» ішінде тұрған жоқ қой. Шынайы Бақыт – Жаратқан Иемізге «жағына» білу!» – деген едім біршама өзімсіне. Елге қайтуға байланысты жасаған шешімімнің өзі бір Аллаға ғана тәуекел етуге ұмтылыс-қадамдарымның бір бөлшегі болатын. Жаратқан Ием Өзінің шексіз мейірімімен мендей әлсіз құлының осындай болмашы құлшыныстарын да қабыл еткей! Өзінің Тура жолында менің және барлық ұрпақтарымыздың, шынайы иман келтірген барша бауырларымыздың табандарымызды мығымдай түскей! Қыркүйек, 2014 жыл.

ӘЗІЛІ КІСІНІ «ӨШІРУГЕ» ЕМЕС ӨСІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН... естелік-эссе Кейде мынандай ойға қалам: «Адам өмірінің ұзақ я қысқалығы оның мән-мағынасында жатыр-ау», – деп. Мағына болғанда да – Жаратушының Ұлы заңдылықтарымен сәйкестікте ғұмыр кешуге қолдан келгенше ұмтылу мазмұны... Отағамыз Қалдар Ағмантайұлы Оспанның бұл фәниден көшкеніне де төрт жылдай болып қалған екен. Отбасы, ағайын-туыс, досбауырларымызбен бірге ол кісінің айтқан сөздерін, іс-әрекет, қылықтарын жиі еске алысамыз, әрине. Мейірімі мен Рақымы мол Алла-Тағаланың бұйрығына қарсылық білдірмеуді мейлінше ойға ала отырып, сағыныштан көзімізге жас аламыз. Бірақ мұнымыз Жазмышқа наразылық жасы емес, қайталап айтамын-тек сағыныштан түзілген мөлдір моншақтар ғана... Осынау Ұлы ескерпелерді аттап өтпеуді жадымда тұта жүріп, өткен өміріме ойша шолу жасаудамын. Отбасылық бақытымыздың негізін өзімше саралауға тырысамын. Сөйтсем... Ол кісі мен үшін ең бастысы: «Ақиқатты тану» атты қайырлы сапарымдағы рухани досым болған

екен ғой. Отбасымыздағы басқа барлық игілік атаулының осы достығымыздан бастау алғаны ақиқат. Ол кісінің болмысында жұмсақтық пен қайраттылық қатар өріліп жататын. Жұмсақтығы мінезіне қатысты қасиеті еді. Жан адаммен жауласып я бір адамның сыртынан кектеніп сөз айтып отырғанын көрмеппін де естімеппін. Мен болайын я басқа болсын, өзге бір адамға қатысты өкпе-ренішімізді айта бастасақ: «Солай істегеніне қарағанда, бәлкім ол кісінің де айтар бір себебі бар шығар?» – деп қарсы уәж келтіруші еді. «Біреумен араңда бір түсініспестік бола қалған жағдайда, әуелі сол оқиғаға байланысты өз тарапыңнан кеткен кемшіліктерді іштей сараптамаңнан өткіз. Өз кінәңді жазбай танысаң, өзгелерді түсінуің де, соған қарай кешіре салуың да оңай болады. Алланың таразысы әділ екенін өздерің де білесіңдер ғой. Біреуде кеткен хақың екі дүниенің бірінде әйтеуір бір қайтар», – деп басу айтудан танған емес. Тек озбырлығы бетінен шапшып тұрғандардың қиянаты туралы сөз қозғалғанда ғана ол кісі үндемей қалатын. Өзімен емес, тіпті әйелімен ренжісіп қалған адамнан да, әй-шәй жоқ, қараптан-қарап, теріс бұрылып кететін талай ер-азаматтарды көрдім өз өмірімде. Қалекеңнен сондай майда қылықтарды бірде-бір рет аңғармаппын. Ол кісі осындай ірі мінезі, шынайы болмысы арқылы-ақ көз алдымда биіктей түсуші еді. Жұмсақ бір әзілі болатын. Ол әзілі кісінің көңілін «өшіруге» емес, керісінше өсіруге қызмет етуші еді. Еуропаның Прага қаласында ұзақ

жылдар сыйласып, араласқан талай достарымыз
Қалекеңнің сондай ұтқыр әзілдерінің талайын
күні бүгінге дейін жырдай ғып айтып отырысады.
Ал егер өткірлеу, уытты қалжыңы болса, ол тек

маған ғана бағытталатын.
.Прага
демекші,
«Азаттық»

радиосындағы
қызметіме байланысты Чехия астанасында он бес
жылға жуық тұрдық. Ол жердегі қызметтестеріміз
тек әріптес қана емес, дос-бауырымыз да боп

кеткен еді. Ал перзенттері құдды өз баламыздай-
тын. Бөгде кісіге аса көп жуымайтын, ең ерке
деген сәбилердің өзі Қалекеңді «аталап», алдына
жайғасып алушы еді. «Жақсы кісіні сәбилер

жазбай таниды» деген тұжырым рас шығар», –
деуші еді кейбір көзкөргендер!
Жазмыштан озмыш болған ба! Елге көшіп
келгенімізге екі жарым ай болғанда, Қалекең

мәңгілік
жайына
аттанды.
Болған

жағдайға
әлі де толық сене алмай, жан-дүнием астаң-
кестең боп жүргенімде Прагадан достарымыз
жиі хабарласып, рухымды көтеруге тырысатын.

«Сіздермен
сыйласқан,
біліскен
радиодағы

барлық Орта Азия редакциялары және басқа
да бөлімдер қызметкерлерін шақырып, Қалдар
ағаның рухына арнап ас бермекшіміз, апай!»,

– деген хабарды естігендегі шексіз алғыстан

жан-дүниемнің
егіліп,
уылжығанын
білсеңіз

ғой, шіркін! Бұл қылық, сөз жоқ, Едіге бастаған
қыз-жігіттердің сол кездегі азаматтықтарының
бір белгісі болатын. «Ең бастысы, Қалекеңнің өз
таза болмысымен, тілектес ниетімен достарының

жүрегінде қала білгендігінде», – деп ойлаймын.
Асқа жиналған ағайындардың көбісі Қалекеңнің

иманды қылықтарын айтып, еске алысыпты.
Радио ардагерлері: «“Азаттықтың” тарихында
еліне көшіп кеткен қызметкердің жолдасына
арнап ас берілгенін бірінші рет көруіміз. Бұл да

болса – Қалдар бауырымыздың имандылығының
және
сіздердің
адамгершілік

мінездеріңіздің
нәтижесі», – дескен екен. Осының бәрін ести келе,
қос дүние сауапшылықтарын еске ала отырып:
«шексіз шүкіршілік!» – дедім.

.Ал енді Қалекеңнің болмысында жұмсақтық
пен қайраттылықтың үйлесімді түрде қатар өріліп
отырғанын етжақын достарынан өзге көпшілік
қауым аңғара бермеуші еді. Еуропаға көшіп

барғанымызға он жыл толған заматта яғни 2005
жылы ол кісінің басынан тағдырындағы бір қиын
кезеңдер өтті. Қалекең тіктеп келген сынаққа бола
мүжіліп, ұзақ күйзеліп жатпады. Бойын тез жиып

алып, бір сөзінде маған былай деді: «Нұрлытай,
мен “өледі екем” деп қорықпаймын. Тек бар
болғаны, “Алланың әрбір пендесіне артқаны
сияқты, маған жүктеген мідеттерін тиісінше

орындай алмадым-ау”, деп уайымдаймын. “Бір
Өзіне деген құлшылықтарымды кемшіліктерін
кешіріп, қабыл етсе екен”, деп тілеймін», – деді.
Сол сәт мықты бір байламға келгендігі жүзінен

аңғарылып тұрған болатын. Сол байламының
дәлелі ретінде, Жаратушыға деген мінәжаттарын
бұрынғысынан да күшейте түсуге бар қажыр-
қайратын жұмылдыруға тырысты дегенім жөн

болар. Осылайша, шын мекен-жайына қолынан
келгенінше дайындалды. Сөйте тұра бұл дүниені
де терең иманмен сүйе білді. Әрі, өтпелі бұл
тіршілікке бар болмысымен байланып та қалмады.

Бұл фәнидегі соңғы демін алар сәтіне асықпады да,
өлімнен қашпады да... Сондықтан, сары-уайымға
да салынған жоқ. Өмірінің соңғы төрт жылы терең
мағынаға толы күйде, осылайша өткен болатын.

Алдын-ала сезді-ау деймін, көз жұмарына екі-үш
күн қалғаннан бастап, жанын қинаған сырқаты
сәл саябыр тартса бітті, жалықпастан мінәжатын
айтып, Алладан үздіксіз кешірім сұраумен болды.

Қалекеңнің бос уақытын Ислам жолындағы
ілімін тереңдетуге арнағаны есімде. Еуропаға
барысымен: «Екі-ақ тіл білгеніміз аздық етеді
екен», – деп ағылшын тілін үйренген еді. Сонысы

зор кәдеге асқан болатын. Исламның небір
айтулы ғұламаларының еңбектерін ағылшын
тілінде оқи отырып, «Қос дүниенің қасиетін
қатар саралаған- неткен тереңдік!» деп, Шариғи

ілімдерге қуана таңырқап отырушы еді. Сөйтсек,
Ислам тақырыбына арналған ағылшын тіліндегі
еңбектердің жанында қазақ және орыс тілдерінде
жарияланған кітаптар бейне бір теңіз жанындағы

тамшыдай ғана екен ғой.
Еуропаның демалушыларға арнап жасақталған
небір ну ормандарында ұзақ серуендейтінбіз.
Сондай сәттерде Қалекең шешіліп әңгіме айтушы

еді. Әңгіме өзегі көбінесе, аса Қамқор Алланың
шексіз Мейірімі жайлы болатын.

– Қалеке, осы ойларыңызды неге шетінен

қағазға түсіре бермейсіз? – деген маған:

– Уақыт керек, тағы да біле түсейін. Шала-

шарпы білгенімді асығыс жазғым келмейді,

– деуші еді өзіне тән қарапайымдылығымен.

Қағазға түсіп үлгермеген, ауызша айтылған сол
бір әңгімелері әліге дейін құлағымда күмбірлеп
тұр. Бір жолы Қалекең:

.– Қасиетті Құранды Эльмир Кулиевтің аудармасында оқып жүрмін ғой. Өзің де білетін шығарсың, адам баласы Алланың бұйырғандарын орындамай, тиғандарынан тиылмай, дандайси беретін болса, онда тұтас адамзат баласын, дастарқандағы қоқымды сыпырғандай етіп, жер бетінен сыпырып тастап, орнына мүлдем басқа халықтарды әкелу Жаратушымызға түк те қиын емес екен. Сондықтан адамдар бір-біріне осы жағдайды күш-қайратының, тілінің жеткенінше түсіндіріп, бірін-бірі жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарып отыруы керек. Құранда бұл жайлы жиі-жиі ескертілген ғой, – деген еді ойлы қалыпта. Дегенмен, ара-тұра қолына қалам алып, балалық шағына шығармашылық саяхат та жасаушы еді. «Алла нәсіп етсе, адамның балалық шағының мазмұнды өткені жақсы-ақ. Ол былайғы тұтас өміріңе нәр беріп тұратын «генератор» ғой», – деуші еді сирек шешілетін бір тұстарында. Қалекең жеке өзін ренжіткені үшін кісіге кіжінбеуге тырысушы еді. Бұл қылығы қолынан келгенінше Шариғат заңдарын ұстануға ұмтылғандығынан болар. Жаратушының өзгермес қағидалары бойынша: жұмыр басты пенде жеке өз басын ренжіткен адамнан гөрі Алланың бұйрықтарына қарсы шығып, сол арқылы қоғамға, заманға өлшеусіз зиян келтіріп жүргендерге кіжінсе, ренжісе және ондай кесапат қылықтарды қолымен, тілімен, тым болмаса, жүрегіндегі сезімдері арқылы тоқтатуға ұмтылса, аса сауапты іс болады екен. Осылай деп тәтпіштей түсіндіріп жатпаса да,

Қалдар Оспанның жазбаларынан автордың өз бойындағы және өзгелер болмысындағы мерез қылықтарды сылып тастамаққа ұмтылысы айқын аңғарылып тұрғандай. Дегенмен, автор ол ойларын ұрандатқан, жалаулатқан жалынды сөздермен емес, сыпайы да сүйкімді юмормен жеткізуге тырысатын еді. Жазу кезінде ғана емес, жайшылықтағы пікіралысулары барысында да осы ниетінен айнымайтын. Замандастарымыздың бойындағы «мақтаншақ, бекер мал шашпақ» дарақы мінездерді айтып қынжылып, ал ілгерішіл сәл ғана өзгерістерін байқаса бітті, ол жайлы қуана әңгімелеп отыратын. Жатып ішер жалқаулық пен қу дүние жарысына түскен даңғойлыққа, мансапшыл даңққұмарлыққа жаны қас болатын. Жыл сайын, жазда Еуропадан елге келіп қайтушы еді. – Біздің қазекең де базарға бет бұрып, сауданы үйрене бастапты. Пайданың оннан тоғызының саудада екені айтылған ғой Исламда, – деп келді бір жолы риза көңілмен. – Қазаққа бір үй тұрғызу бүкіл отбасы үшін он жылдық әуре-сарсаңға айналатын еді. Шүкір, қазақ жастары құрылыстың ұңғыл-шұңғылын үйреніп апты. Қолдарында құрылыс материалдары болса бітті, бір үйді бастан-аяқ тұрғыза алатындай шеберлікке қол жеткізген екен... – Нарық қыспағының бір пайдасын байқап келдім осы жолы. Ел бұрынғыдай адал асын шашып-төкпестен, ысырапқа жол бермей, үнемшілдікке көшіпті. Ең бастысы-арақ ішуді азайтыпты... – Халық пайда табудың барлық тиімді

көздерін, мүмкіндіктерінің жеткенінше игере
бастапты, – деп, әр жолы қуана айтып келетін еді.
Қынжылыстарын да білдіріп отыратын. Айтып
қана қоймай, келеңсіз жайыттармен келіспейтін

ойларын
түрлі
жанырларда
қағазға

түсіріп
жүретін.
Әсіресе, «Елдің елдігі, ұлттық біртұтастығы
тезірек қалыптасса екен!» – деген тілекпен,

тәуелсіздігіміздің
алғашқы
жылдарында,
замандастарымыз

бойындағы
небір
келеңсіз
қылықтарды әзіл әңгімелерінде жымия отырып,

өз атынан баяндағаны тіпті тартымды болатын.
Өзге
ұлттардың
жақсы

қырларынан
гөрі
жаман қылықтарын қағып ала қоятын ермелік
мінездерімізге айрықша қынжылушы еді. Бала

орнына күшік, ит асырау дегенді жан дүниесі
жирыла жек көретін. Қысқасы ол кісінің жаны
сүймеген мінез-құлықтардың көбісі қаламының
ұшына іліккен екен. Ал, өткір балтаның ұшымен

де тезге түсе қоймайтын небір «қисық ағаштарды»
қаламгерлердің қалам ұшымен түзеп жіберу
мүмкіндігі бар екені ақиқат қой.
Айтайын деген ойы бар кісі оны түрлі жолдармен

жеткізе береді емес пе?! Ең бастысы ниет адал,
мақсат айқын болса болғаны. Қалдар Ағмантайұлы
Оспанның соңында қалған жазбаларын қайта
оқыған сайын осы бір ойыма бекіне түсудемін.

.Қалекең күнделікті тіршілігінде ғана емес,
жеке шығармашылығында да «замандастарыма
пайдасы тиетін болар-ау!», – деп шамалаған әзіл-
қалжыңдарын орайымен қолданатын еді. Әсіресе

1992-94-жылдары «Алматы Ақшамы» газетінде
жұмыс істеп жүргенде жазған әңгімелері шуақты

бір әзілдерге толы болатын. Бірнеше ғасырлап
күткен
тәуелсіздігімізді
жаңадан

қолымызға
алып, жалтақтап айналамызға қараған тұста,
бұрындары қоғамымызда білінбеген небір қисық
қылық, мерез мінездеріміз су бетіне қалқып шыға

келгендей болды емес пе?! Соның біразын әдемі
әзіліне орай сипаттап және ол қылықтарды жымия
отырып, сын садағына іле білгенін Қалекеңнің
қаламгерлік шеберлігі деп білемін өз басым.

Сөз орайында Қалекеңнің қысқа ғана әзіл
әңгімелерінің
бірін
мысал

ретінде
келтіре
кеткеніміз жөн болар.
«Қалдар Оспан: КӨЛІКТЕГІ «СӘБИ»

«Сіз адамның өз-өзінен қорынатын сәттері бо­
латынын білесіз бе?! Егер білмесеңіз, онда сіз тал
бойында бір міні жоқ, ұзын бойлы, сымбатты жан
болғаныңыз. «Кісінің сондай кемшілігінің бірі-бойының

аласалығы», дер едім. Егер бойыңыз бір жарым мет­
рден сәл-ақ асса, онда қоғамдық көліктегі көрген
күніңіз күн емес. Мысалы, аузы мұрнынан шыға иін-
тірескен автобус ішінде өзіңді қоршай тұрған небір

сұңғақ бойлы сұлу қыз-келіншектердің төбесінен төне
тіл қатқанның орнына, көркем жүздеріне көз салу
үшін олардың ақтамағы тұсынан жоғарыға қарап
шалқаю дегеніңіз барып тұрған қорлық қой! Жаңа ғана

жанталасып жүріп, көлікке іліккеніңде пайда болған
«қуанышың» су сепкендей басылады. Бір қызығы осын­
дай «сын сағаттардың» өзінде езу тарттырарлық
небір оқиғалар да бола беретіні бар.

Қысқасы, мәселе былай болды: Итіс-тартыспен
сүрмелесіп жүріп, салон ішіне «енгенім» де сол еді. Ай­
налама қарасам, өңшең бір былқылдаған, сарықарын
бәйбішелердің ортасына түсіп қалған екенмін. Екінші

аяғымды қоярға жер таппай, бір аяғыммен әзер деп
шаншылып тұрмын. Мұндайда «құлаймын-ау!» деп

уайымдап, «нерві» кетірудің түкке де қажеті доқ.
Себебі, бөшкедегі балықтай сығылысқан жұрт сенің
қисаюыңа да мүмкіндік бермейді...Дегенмен, о ғып, бұ
ғып, екінші аяғымды жерге тіреу мүмкіндігіне де ие

болдым бір кезде.
Алдымдағы қаракөл тонды, бұлғын бас киімді қазақ
әйелге менің біржолата «жайғасып алғаным» аса
ұнамады-ау деймін:

– Қайда барасыз, өңмеңдеп! Көзіңізге қарасаңызшы!

– деді ызғарлана. Көзіме қарағым келеді-ақ, бірақ

айналамдағы «тетялардың» иығынан әріні көре алмай,
пүшайман боп тұрғаным мынау. «Тұншығып қалмасам
болғаны. Әйтеуір аялдамама дейін аман жетсем екен»,

– деген ой құшағында сәл қозғалақтағаным сол еді:

– Мужчина, будьте осторожный! Тут малыш­

ка! – деді бүйірімде тұрған жирен шашты екінші бір
әйел. Енді байқадым, әлгі қаракөл тонды қазақ әйелдің
қарсысындағы жас орыс келіншек бала құшақтап
тұрған сияқты. Солай деп жорамалдағаным болма­

са, көріп тұрған мен жоқ. Бой шіркіннің аласалығын
аямай-ақ,
іштей
сыбап

тұрмын.
Келіншектің
нәрестесі қысылып қалмасын деген ниетпен барын­
ша шалқалақтап бағудамын. Сәби үшін қайтадан бір

аяқтауға тура келді.

– Тю, тю, тю! Какой хорошенький, маленький!.. –

мұны айтып тұрған қаракөл тонды қазақ әйел.

– Небось, замерз, наверное! Прикройте его хорошень­

ко! – деген оң жағымдағы егде әйел жас келіншектің
тәжірибесіздігіне қынжылып, нәрсетені қымтауға
көмектесіп жатыр.
Мен де балажан адамның бірімін. Осы күнгі

жастардың балаға қарай алмайтын шалағайлығына
кейіп, жастарға ақыл айтқым кеп тұратыны бар.
Бәйбішелердің бірі сәбидің атын білгісі келді білем:

– Как его, ...ее зовут? – деді мейлінше мейірлене.

– Батыр!

– Какое красивое имя! Батырчик! Батыра!-деп

сүйсініске көшті олар. «Шамасы балалы келіншектің
күйеуі қазақ болғаны ғой!» – деп ойлауым мұң екен, әлгі
нәрестеге деген жанашырлық сезімім үдей түсті.

– Ой, ой! Почему глазки такие влажные? Он точ­

но замерз. Прикройте его!-деп тағы бір әйел аналық
мейіріммен сәбиге қол созып жатты.
Осы кезде троллейбус кілт тежеліп, бір өңкиген
еркек өз денесін өзі ұстай алмай, балалы келіншекке

қарай құлап бара жатты. «Бәйбіше-әйелдер» түгел
шуылдасуда. Осы жағдайларды ауырсынғандай болған
сәбидің қыңқылдағандай үні шықты. Бұдан арыға шы­
дай алмадым. Келіншектің қасына барып, дереу өзімнің

қамқор көмегімді ұсынбақшы болдым. Қастарына
жету үшін, алға ұмтылып, өкшемді барынша көтеріп
бағудамын. Бар болмысыммен ұмсынған күйімде,
еңселі әйелдің иығынан асыра көз салса-а-м... Үріп

ауызға салғандай шикіл сары келіншектің жұқалтаң
күздік пальтосының омырауынан тықыр жүнді, біз
тұмсық қанден күшіктің көздері жылтырап тұр екен...
«Астапыралла!», – дедім шошына шегініп. ”Біреудің

қолындағы баласына осылар дәл осылайша өбектер ме
еді? Әй, қайдам-ау, қайдам...“,– деген қынжылысты
ой жетегінде жұмыс орныма беттедім.»
«Қараша-желтоқсан, 1992 жыл.»

Жоғарыда
келтірілген
мысал-әңгімесінен
байқалғанындай,

отағамыз
Қалдар
Оспан
тәуелсіздігіміздің

алғашқы
жылдарында,
замандастарымыз бойында социализм дәуірінен
«мұра» боп қалуы мүмкін-ау деген мерезді

қылықтардың қандайымен болсын, жазуы арқылы
күресуге
тырысқан
еді.

Мысалы,
жоғарыда
келтірілген әңгімесінде бала орнына ит асырауды
артық

көретін
базбір
замандастарымыздың
келеңсіз қылықтары сын тезіне алынып тұр

емес пе?! Сүреңсіз небір мінездеріміз жаңа
мемлекетіміздің бетіне шіркеу, болмысына дақ боп
жабыспауын ойлайтын. Шығармаларына негізгі
кейіпкерді алыстан іздеп, тіпті әуре де болмаушы

еді. Әңгімелерін бірінші жақтан яғни өз атынан
баяндай отырып жазғанының өзі езу тартқызатын.
Түсінбеген жан «осы оқиғаның барлығы да,
шынымен Қалдар Оспанның басынан өткен

екен-ау, шамасы», деп ойлап қалуы да мүмкін.
Алайда, Қалекең ондай «ықтималдықтардан»
да қашқақтамады. Тек «оқырман сынға ілініп
отырған осынау қылықтарға езу тарта отырып,

жанама түрде болса да өзі үшін пайдалы ой түйе
алса болғаны», – дейтін.
Қалекең бұған қоса, азаматтық публицистика
саласына да қалам тербеп, ат салысты. Ал,

Еуропада болған жылдарында балалық бал дәурен
сәттерін қағаз бетінде өрнектеуге тырысқаны хақ.
Сол еңбегінің нәтижесінде балаларға арналған:
«Таудағы

ұшақ.
«Альпинист»
Әбен
және

басқалар» атты хикаят дүниеге келді. Қалдар
Ағмантайұлының әр жылдарда жазылған, көркем
хикаяты мен әзіл әңгімелерінің де діттегені сол
замандастарының жайы болатын.

.Отандастарының пайдасын ойлай отырып,
кезінде жазған Қалекеңнің шығармаларының
әрбір жолына зор сауаптар жазылғай деп тілеймін.
Иншалла, жаны Жәннатта болғай, аяулы

Қалекемнің!
Алматы қаласы, Маусым, 2010 жыл.

ҚАЛЕКЕҢНІҢ «АҚШАМЫ» аманат-эссе Адам өмірінің түрлі белестері болады. Мазмұндысы, күрделісі, ауыры, жеңілі, шуақты, нұрлысы аралас. Біздің отағамыз Қалдар Ағмантайұлы Оспан үшін «Алматы Ақшамы» сондай құтты шаңрақтардың бірі еді. Ол тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары болатын. Газет-журнал айналасына жұмысқа тұруда екіүш мүмкіндігі болған-ды. Өзі «Ақшамды» таңдады. – Алматыда тұрып, оған арналған газетте жұмыс істемегенім-болмас. Бұл да қара шаңырақ. Көрейін, – деген еді. Негізгі құрамы кілең жастардан тұратын шығармашылық ұжым өте ұйымшыл болатын. Қалекеңнің көңіл күйінен де аңғарылған жайт – «Ақшамдықтар» жұмысты да жапыра істеп, түрлі мерекелік дастарқандарын да әп сәтте ұйымдастыра қоюшы еді. Әрі қазақтың шығармашылық саласындағы сүт бетіне шығар кілең қаймақтары Алматыда тұрғандықтан да жұмыстары қызықты болатын. Жиі-жиі дөңгелек стөлдер ұйымдастырып, әлгіндей кісілерді өзекті әңгімелерге тартып, газет оқырмандарының санын көбейте алды. Қалекең «Ақшамдағы» жылдарында Ислам дінінің қазақ жеріне мейлінше дендей енуіне талдау мақалалар арнап, сондай-ақ тәуелсіз еліміздің

алғашқы қадамдары жайлы түрлі тақырыпта әңгімелер жазып жүрді. Қалекеңнің ол дүниелері оқырмандарын тәуелсіз елдің азаматтарына лайықты сипаттарға мейлінше тезірек ие болуға шақыратын. Ол кездері «Парасат» журналында жұмыс істеуші едім. Қалекеңнің кезекті әңгімесі шыққан күні «ақшамдық» қыздар дереу маған телефон шалатын. – Апай, бүгінгі санға Қалдар ағаның әзіл әңгімесі шықты. Оқып алып, шегіміз түйілердей күліп жатырмыз. Сіз де оқыңызшы. Оқып алып мен де мәз болам кеп. Журналды шығару үдерісін былай қойғанда, ол кезде Орталық комитетте не көп, жиналыс көп. Оның үстіне ұжым мүшелерін әр ай сайын жалақыларымен уақытылы қамтамасыз ету дегеніңіз бас редактор орынбасарларын шаршатар бір шаруа болатын. Министрліксіз бір іc шешілмейді. Осындайосындай мәнәуи бір себептермен, қарбалыс жұмыс барысында «Ақшамды» оқи алмай қалған болсам, сол күнгі санына Қалекеңнің қызықты дүниелерінің шыққан-шықпағанын білмей қалушы едім. Үйге келгеннен кейін бір-ақ оқитынмын. – Неге айтпадыңыз? – десем: – Айтатындай несі бар, – деуші еді өзіне тән қарапайымдылығымен. – «Несі бары» қалай? Жұрт «күлкіге қарық болдық» деп жатыр ғой. Дегенмен, Қалекең өз жазғандарын айта қоймаса да, басқа әріптестерінің жақсы дүниелері жайлы жылы пікірлерін білдіріп отыратын. Ерағаң, Ерғали Сағат бастаған ұжымның құлшына қызмет атқаруларының арқасында көп өтпейақ «Ақшам» газеті республика көлеміне кең

таралатын болған. Сол оқиғаны Қалекең көркем
әңгіме тілінде сүйіншілей жазған да еді. Онда да
«Алақай, алақай» емес, жұмсақ әзілмен жеткізген.
Мақаланың мазмұнына қысқаша тоқталар болсам:

«Алматы Ақшамының» тұтас елімізге таралатыны
жайлы хабарды жеткізбек болған қарапайым
бозторғай, республиканың небір экологиялық
апатты аймақтарын аралай ұшып жүріп, лас

ауа салдарынан «қотыр торғайға» айналады.
Жанұшырған күйі бәрібір әлгі «сүйінші» хабарды
қайталауын, таратуын тоқтатпайды. Алматыға
әзер деп жетіп жығылған сол бір уыс құс

«Ақшамға» жазылуға халықты шақыруын бәрібір
жалғастырған екен. «Апыр-ай, газетке жазылу
мәселесін де осылайша көкейкесті сауалдарды
араластыра отырып, ұтымды сөзбен жеткізуге

болады екен-ау», – деп сол жолы қайран қалғаным
есімде.
Қалекең бұдан бөлек «Ақшамның» талай-талай
шетелдік қонақтарымен де әр алуан сұхбаттар

жүргізген болатын. Қозғаған тақырыптары өзекті
еді. Ол кісі «Ақшамның» 20 жылдық мерейтойына
арнап, Прагада тұрғанымызда, құттықтау лебізін
жазған еді. Қолмен жазылған, әлі компьютерге

енгізілмеген сол мақаласынан, өкінішке қарай, көз
жазып қалдық. Қалекең, осылайша, «Ақшамдағы»
жылдарын айрықша бағалайтын.
«Ақшамдағы

жылдар»
демекші,
қызымыз
Фатима көкесі «Ақшамда» жұмыс істеп жүргенде

дүниеге келген еді. Ондағы қыз-жігіттер «Сүйінші»
хабарды естісімен жедел түрде қабырға газетін
шығарып, қызымызға арнап жазған жырларының
бір данасын маған беріп жіберген екен. «Балаларды

босанатын үйдің» жылы бөлмесінен, ақпанның

сырттағы қарлы қысына терезеден көз салған менің жүрегіме сол бір жыр шумақтары көктемнің жылы шуағындай әрі жадыраған жаздың нұрындай болып құйылған еді. «Сүйінші!» «Жаңалық бар, халайық, бізде мықты, Қалекеңнің үйіне қыз келіпті. Тәңір оған денсаулық берсін мықты, Берсін тағы ақыл мен жүз-көрікті. Қыз келіпті, заманың тыныш болар, Шаттық болып, отауға ырыс толар. Аман-есен ержетіп, қызығын көр, Ұл да келер, жаныңа тыныс болар». «Ақшамың»

Біздің жүрегімізде «Ақшам» осындай шуақты да
берекелі күйінде қалған болатын. Шығармашылық
ізденіс үстінде жүретін елгезек іні-қарындастары
содан кейінгі жылдарда да Қалекеңнен сәлемдерін

үзбей, рухани байланыстарын сақтай білген еді.
Бәрі үшін де мың алғыс!
Елге көшіп келгеннен кейін, біраз демімізді
алған

соң,
сүйікті
газет-журналдарымызға,
«Алла бұйыртса, автор ретінде қатысармыз»,-

деген ниетте едік. Тағдырдың жазуы да... Қалекең
мәңгілік жайына аттанып кетті. Қазақ баспасөзінің
осынау қара шаңырағына деген Қалекеңнің айта
алмай кеткен ыстық ықыласын, тілектес ниетін

жеткізуді
өзіме
аманат-парыз
тұтқан

едім.
Қалекеңнің «Ақшамы», міне, осындай еді!
Қараша, 2010 жыл.

МЕЙІРІМДІ «КҮЗЕТШІ»

деректі әңгіме
Өзінің имани, адамгершілік терең болмысымен
менің тағдырымда өшпестей үлгісін қалдырған
нағашы атам Сарыбай Жылқыбайұлының қызмет

бабындағы болмысы, қоғамның белсенді азаматы
болып жүрген жылдарындағы табиғаты жайлы
білмекке ұмтылып, Көктеректегі біраз ауылдаста­
рымыздан сұрастырып жүруші едім.

Сөйтсем, қазіргі Мойынқұм, Шу аудандары
1965- жылға дейін біртұтас Көктерек ауданы
боп тұрған кезінде ол кісі біраз уақыт «милиция»
қызметінде болған екен. Бұл жайлы алғаш

естігенімде: «Жүзінен иманы төгілген менің
момақан, нағашы атам “милиция қызметкері”
деген міндетті қалай атқарды екен?!», – деген
таңданыс аралас сауал көкейімде тұрып қалған

еді. Сөйтсем, бұл жайттың да Алла берген өз
нығметтері болған екен. «Қандай?» – дейсіз ғой.
Өзім тікелей сөйлескен Көктеректегі ауыл-
дастарымның пікірлерін бір жерге жинақтап,

қорытқанда мынандай сипаттама пайда болған еді.
.Ең көп айтылған әңгімелер атамның сол кездегі
аудандық түрменің күзетшісі боп тұрған кезіне
саятын. Сталин жолдастың «сталь» (құрыш темір-

Н.Ү.) қолымен 1950 жылдары ұйымдастырылған
қуғын-сүргіннің алапат кезеңі жазықсыз талай
азаматтарымызды түрмелерге тоғытқаны белгілі.

Еліңнің қамын ойлап, сәл-пәл белсенді болсаңбітті шаруаң! «Халық жауы» боп шыға келесің. «Сталь» көсемнің аталған бұйрығын жүзеге асырушы жергілікті белсенділер бұл «репрессия» науқанын одан әрі тым ұшындырып жіберген екен. Мысалы, жас кезінде өзіне ұнаған қызды «қағып» кеткен замандасынан немесе қызмет бабында абайламай «алдын кесіп өткен» бақталасынан өш алмақты ойлаған сол кездегі жергілікті өкілдердің кейбірі «мемлекет мүлкін жеді» деген, дәлелдеуді аса қажет етпейтін, жалпылама айыптаулармен, қарсыласын тас қамалдың ар жағына айдата берген ғой. Осындай әділетсіздіктердің бәрін көріп, біліп жүрген түрме күзетшісі Сарыбай Жылқыбайұлы қайтті дейсіз ғой? Бұл сауалға жауап беру үшін, ең дұрысы дәл сол жылдары тұтқында болған кісілердің өз ауыздарынан естіген әңгімелерімді жинақтай баяндағаным қолайлы сияқты. Ол кісілер, өздерінің кейінгі ұрпақтары «атамыз түрмеде отырған екен ғой?» – деп, намыстанып жүрмесін деп, аты-жөндерін атамауымды сұраған еді. Аманатты орындағаным жөн болар. Қапастағылардың көпшілігі жазықсыз, ал жазықты дегендерінің өзінің дүниені бүлдіре қоймағандарын анық білетін нағашы атам олардан қолынан келгенінше жақсылығын аямаған көрінеді. Әсіресе, аудан орталығынан тыс жерлерден (ол кездегі Көктерек ауданы, расында, өте үлкен алқапты алып жатқан болатынН.Ү.), шалғай ауылдардан айдалып келгендерге ықыласы ерекше болған екен. Бір ғана мысал: Қазақтар «Көләйіп» деп атап кеткен «Гуляевка»

ауылынан бір ана бес-алты жастағы естияр баласын, әкесіне жолықтырмаққа, ертіп келген екен. Екі ара-тым шалғай. Ол кезде дайын тұрған көлік қайдан болсын?! Жаяулатқан кісі араға екіүш күн қонып, әзер жететін жер. Мұның бәрін мейірімді жан біліп тұр. Кеңес өкіметі кезінде біздің құмды ауылдарда жөнді-жөнсіз тоғандар мен арықтар, әйтеуір, көп қазылатын. Мүмкін құмды жермен арық жүргізіп, онымен су «жүгіртудің» қиындығынан болар?! Сондай саяз арықтың бірі түрменің дәл тұсынан да жүргізілген екен. Оның екінші шеті осы жабық мекеме қабырғасына барып тірелетін болған. Заң бойынша, келушілердің түрмеге тым жақындауына да рұқсат жоқ. Соны жол бойы естіп келген балақай табанында суы жоқ, әлгі құрғақ арыққа жата қалып, «барлаушылар» сияқты, жер бауырлай жылжи отырып, түрме қабырғасына жақындауға мейлінше тырысып баққан екен. «Мені ешкім байқамай тұр», – деп ойласа керек. Мейірімді күзетші де, баланың анасы да сәби жүректің қапаста жатқан әкесіне деген осынау ұмтылысын қапысыз танып тұрған еді. Бір кезде Сарыбай атам тұтқындағы әлгі отағасын шақырып алып: – Әй, пәленше, бері келші! Ана күшіктің қылығына қарашы, а-а-а! Бұ не қылғаны, а-а!? – деп, елжірей бас шайқаған күйі: – Қой, болмайды екен... Сен кәзір түрме дуалының артқы терезесінен шық та осы жерге бақшасы жапсарлас әлгі туысыңның үйіне барып, мына балаңның мауқын біраз басып кел. Бұйыртса, түнде тағы жіберермін. Бірақ көшемен жүрме. Бақшасы

арқылы бар. Еккен жүгерілері биіктеп қалған еді ғой. Көзге түсе қоймассың,-дей жүріп, өзі бастап барып, әлгі байқаусыз терезеден ұзатып салған екен. – Сареке, сондағы жақсылығыңызды екі дүниеде ұмытпаспын. Араға екі қонып, жолдан арып-ашып келген баламның сондағы қуанғаныай! Түн қараңғысында тағы жібердіңіз. Кім-кімнің де туыстары соңынан ат арытып, іздеп келген болса, тұтқынды түнемелікке жіберуші едіңіз ғой. Бірақ сол жолы, баламның әлгі бұқпантайлаған қылығы үшін, тапа-тал түсте тұтқыныңызды бостандыққа жіберіп, айды аспанға бір-ақ шығарған едіңіз. Бала шағаңыздың қызығын көріңіз. Алла разы болсын сізге! –деген еді әлгі кісі біздің көзімізше. Атам сонда не істеді дейсіз ғой. Әуелі мырс етіп, бір күліп алды. Содан соң: «Е-е-е, бала неме, сонша жерден сағынып, өкпесі кеуіп келді. Мауқын бассын дегенім шығар», – деді де қойды. Расында, ол кісінің осы тақылеттес жақсылықтарына бөленген өзге де кісілердің айтуынша, кеш түсісімен тұтқындағыларға былай дейді екен: – Мына сыз жерде күні бойы жаттыңдар ғой. Осында үйлерің барың түн қараңғысымен балашағаларыңның қастарында болып келіңдер. Жартың бүгін барыңдар. Кезектесіп, екінші жартың келесі кезекшілігімде шығарсыңдар. Ал, басқа ауылдан келгендерің әйел, бала-шағаларың арттарыңнан келген күні, маған айтыңдар. Бірақ таңғы беске жетпей осында болыңдар. Өздеріңнен басқа жан адам білмесін. «Балалы үйдің ұрлығы жатпайды», – деген... балаларың «әбден ұйықтады-

ау» дегенде барыңдар. Әйелдеріңе де соны ескертіп қойыңдар,-дейді екен. Расында, таңғы бестер шамасында тұтқындардың бәрі өз орындарында, түк болмағандай «ұйықтап» жататын болған. Қиын-қыстау заманда мұндай жақсылықтарды туған әкеңіздің де қаймықпастан жасай қоюы екіталай-ау, сірә! Ол жылдары Сталиннің қанды қылышы беймезгіл уақытта жорғалап өткен кесірткенің де басын шауып алатын кезең еді ғой. Нағашымның жоғарыдағыдай қылықтары не қылған жүрек жұтқандық еді десеңізші! «Қандықол өкіметтің қитұрқы саясатының кесірінен жазықсыз жапа шеккен сол бір қарапайым замандастарының рухын көтеріп, сондай қысылтаяң кездерде оларға мейірімділік қолын ұсынғаны, оларға қолынан келгенінше жақсылық жасап, бақыт сыйлауға ұмтылғаны еді»,-деп бағалаған жөн болар атамның мұндай қылығын. Ал, енді мәселенің екінші жағына зер салсақ... Аталған түрме аудан орталығында тұрды. Партия дейсіз бе, кәсіподақ, комсомол дейсіз бе, НКВД, милиция дейсіз бе, әйтеуір не керек, ауданның бүкіл басшылары осы Көктерек селосында тұрып жатты. Сол «шен-шекпенділердің» кез-келгенінің түнгі ұйқысы бұзылып: «Осы түрме жақты бір көріп қайтайыншы, не боп жатыр екен онда?», – деген ниетпен салып-ұрып келіп қалуы әбден мүмкін еді ғой?! Сол түн қараңғысында «жоғарыдан» әлгіндей кездейсоқ тексерушілер кеп қалды делік... Сонда деймін да..., иә, сонда... Тұтқындарын үйді-үйіне таратып жіберген милицияның қарауыл қызметкері-менің нағашы атамның күні

не болмақ еді? Айту қиын... Бірақ, Аллаға шүкір,
әрбір кезекшілігі сайын жоғарыдағыдай ізгі
әрекеттерге барып отырған ол кісінің қарауыл
болған күндерінде, ешқашан ондай бейсауабат

тексерістер жүргізілмеген екен.
Сөз жоқ, мұның өзі Жаратушы Иеміздің тас
қамалда
жазықсыз

жазаланып
жатқандарға
Сарыбай атам арқылы жасаған Қамқорлығы,
олардың адамдарға деген сенімдерінің қатайып

кетпеуі үшін көрсетіп қойған Мейірімі деп білемін.
Тексерушілердің қалың ұйқыға беріліп, түн
қараңғысында түрме жаққа назар салмауларының
өзі айналып келгенде, кездейсоқ нәрсе емес,

Көктен жеткен сондай бір бұйрық. Бүкіл әлемдерді
жаратып, оның ішінде сіз бен бізге де Қамқорлығын
жолдап отыратын ұлы Раббымыз үшін мүмкін емес
ешнәрсе жоқ. Тар қапаста қиналған қарапайым

азаматтарға «Жақсылығымды жасаймын»,-деді.
Жасады! Ал, ондай сауапты істі атқару бақыты
менің нағашыма тап келген болар. Бәрі де бір
Аллаға аян!

Әйтеуір, сол бір көз көргендердің айтуынша,
атамның кезекшілігі кезінде түрме ішінде кісі
таңқаларлық тәртіп пен тазалық өз-өзінен орнап
тұратын болған. Әшейінде, дігірлеп, зіркілдеп

жүргенде әрең орындалатын түрме жұмыстары
өз-өзінен жүзеге асып жатқандай әсер қалдырады
екен.

– Ал, бізге шынымен бір қылмыскер сияқты

қарап, «қамшысын үйіріп», қорқытып ұстамақшы
болғандардың кезекшілігінде түрме іші «бардак»
боп кететін. Жоғарыдан тексеру кеп қалса бітті,
әлгі қоқибайлардың «таяқ жеп», сөгіс алып

жатқандары..., – деп еске алысушы еді жапа
шеккен тұтқындар.
Қарауыл ретінде өзіне атқаратын басқа жұмыс
«қалмағандықтан»,

Сарыбай
Жылқыбайұлы
түрменің сыртқы қақпасының алдына орындығын
қойып алып, шағын ғана домбырасын анда-санда

шертіп отырады екен. Айтпақшы, туыстары
тұтқындағы
кісілерге
арналған

тамақтарын
Сарыбай атамның кезекшілігі кезінде жеткізуге
әрекет ететін болған.

– Басқа күні апарсаң, ішіндегі бар етін «аналар»

сүзіп алып қалады. Сарекең бір түйіріне де
тиіспейді, – деседі екен амандаса келушілер.
Нағашы атам кейін қартайып, үйден қарыс
адым шыға алмай отырған кезінде де өзіне көмек

сұрап қайырылған кісілерден қолынан келген
жақсылығын аямайтын. Қазір ойлап қарасам,
соның бәрін ол кісілер бір Алланың разылығы
үшін атқарған екен ғой!

Қазан, 2013-жыл.

МӘҢГІЛІК ӨМІРІНЕ

САУАПТАР ЖИНАП...

деректі әңгіме
Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббы бір
Аллаға тән! Адамзаттың асылы, пайғамбарлардың
соңғы мөрі – Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен

сәлемі болсын) пайғамбарымызға және оның үй-
іші мен сахабаларына Раббымыздың рахымы
жауғай!
Сонымен... «Бір Алладан басқа сыйынуға, көмек

сұрап жалбарынуға, тәуекел етуге лайық құдірет-
күш жоқ!» – деп, жарғақ құлағы жастыққа
тимеген тағы бір бауырымыз дүниеден өтті.
Бауыр болғанда да менің туған інім Рысқұлбек

Үшбайұлының баласы – Сержан Үркімбай. Қазан
айының төрті күні (2014-жыл) Айт намазын
жамағатпен жаңа ғана оқып бітіп, мешітте
отырған едік. Рысқұлбектің екінші қызы Айгүлдің

телефоны шыр ете қалды. Құрбан айт мерекесімен
құттықтап жатқан інісі Сержан екен. «Сізбен
сөйлескісі келеді» - деп телефонды маған ұсынды.
Бауырымның үні тым жарқын әрі қуанышты еді.

– Ассаламуалейкум уа рахматуллаһи уа

баракатуһу, апа! Құрбан айт құтты болсын! Алла
тағалам барша мінәжаттарымызды кемшіліктерін
кешіріп, қабыл еткей! Иншалла, Жәннаттың

Фирдаус
бағында
барлық
туыстарымызбен

қауышып, Раббымыздың Нұр жүзін бірге көруімізге
Алла Өзі нәсіп еткей!- деді әдеттегісінен де өте
салтанатты үнмен. Мен де жауап құттықтауымды
айтып жаттым. Сол сәт Сержанның студент

екені есіме түсіп кетті де, «Қалта телефонындағы
ақшасы таусылып қалмасын!» - деген ниетпен:

– Айтқаның келсін, Сержан! Фирдаус бағында

бәріміздің
бірге
болуымызға
Жаратушымыз

нәсіп еткей! Алла разы болсын құттықтағаныңа,
ботақан! Ассаламуалейкум уа рахматуллаһи уа
баракатуһу! – дедім тездете.

– Уа-а-лейкум асса-ала-а-а-ам уа рахма-

туллаһи уа барака-а-а-туһу!- деді бауырым
аса қуанышты да көтеріңкі үнмен. Бар жан-
жүрегімен осынау ұлық мерекеде туыстарын
құттықтап тұрғанына қуанып, шаттана жымиып

тұрғаны даусынан айқын аңғарылғандай еді.
«Құрбан айт мерекесін осыншалықты дәрежеде
ұлықтағаны имандылығының белгісі ғой» - деген
риза көңілмен қалта телефонды «жаптым». Арада

бір бие сауымдай уақыт өтті-ау деймін, мешіт
іргесіндегі күйеу баламыз Бағлан мен Назгүл
Рысқұлбекқызының үйінде айт дастарханында
отырғанбыз. Ортамызда – Рысқұлбек, Сержан-

ның әкесі. Ол кісі үлкен қызы Назгүлдің бір
шаруаларына көмектеспек ниетпен Алматыға
екі-үш күнге келген беті еді.
Бір кезде телефон шыр ете қалды. Сержанның

қалта телефоны. Ар жағынан өз даусы емес,
досының үні естіліп жатты... Жалған дүние-
ай, атам қазақ айтпақшы, сен расында жалған
екенсің ғой!!! Мәңгілік барар мекенімізді естен

шығарып, саған жан дүниемізбен байланып
жүрген біз де ақымақ екенбіз-ау... Осыдан 45-
50 минуттай ғана бұрын: «Уа-а-лейкум ассала-
а-а-ам уа рахматуллаһи уа барака-а-а-туһу!»

– деген бауырымның қуанышты үнін жеткізген

телефон тұтқасынан енді міне, суық хабар желдей
есіп, жетіп тұр... Сол сәттегі біздің басымыздан
кешірген жағдайымызды шамалап, елестетіп
тұрған боларсыз, қадірменді бауырым! Күтпеген

мұндай жағдайдан және қимастық сезіммен
көз жасымызға ерік бердік, қабырғамыз қайыса
күйзелдік. Әншейінде тез-ақ жетіп баратын
Тараз қаласы бейне бір айшылық-алыс жерде

қалғандай-ақ, жол ұзарып кеткен сияқты... Көңіл
айтушылардың алғашқы легінде Сержанның
соңғы сәттерінде қасында болған достары бар еді.
Олар оқиғаның қалай болғанын баяндасты.

Сол... бізбен сөйлесіп болғаннан кейін дос-
тарымен бірге мешіттің шығар есігіне беттеген
екен.

– Бауырлар, Иншалла, мен қазір шыққаннан

кейін телефоныма көп қып «единица» саламын да
бүкіл бауырларымызға телефон шалып, Құрбан
айттарымен құттықтап шығамын! – деген екен.
Содан санаулы минуттардан кейін есік алдына

шығады. Далада қара суық жел соғып тұрған екен.
Достарының бірі тым жеңіл киініп шықса керек.
Денесі түршігіп, қолайсыздық сезіне бастайды.
Мұны байқаған Сержан:

– Бауырым, мына менің жылы курткамды сен

киші, үстіңдегі жұқаңды маған бере сал! – деп,
қоярда-қоймай досына өз курткасын кигізген
екен. Мешіттің сырттағы баспалдағынан түсе
салысымен:

– Бауырлар, жылыну үшін біраз жүгірісіп аламыз ба?! – дейді ол жымиып. Бәрі де біраз жүгіріседі. Бір кезде қараса, Сержан сәл кейініректе қалып қойған екен. Ол оң қолымен кеуде тұсын ұстаған күйі: – Бауырлар, неге екенін білмеймін, біртүрлі боп барамын, – дейді. – Біздің де бұрылып қарағанымыз сол еді... Сержан аспанға жүзін бұрып, бір нүктеге қадалған күйінде сәл тұрды да, риза көңілмен, жұмсақ жымиды. Сол жымиған күйі бір жағына қарай құлап бара жатты. Біз құлатпас үшін ұстай алдық та, көмектеспек боп, аяқ-қолдарын уқалай бастадық. «Қосымша тыныс беру» шараларын жасадық. Такси ұстап ауруханаға жеткіздік. Бірақ бәрі де кеш еді. Бауырымыз сол күйінде дүниеден өтіп кетті. Бірақ біз үшін Сержан бауырымыз екі дүниедегі ұстазымыз ретінде жүрегімізде ұмытылмастан қалады. Себебі, ол бізге екі дүниенің бақытына жеткізетін «Алламен арамыздағы байланысымызды қалай жақсартуға болады?» – деген имандылық тақырыбында уағыз айтудан жалықпайтын. Қараңыздаршы, оның ең соңғы минуттарындағы ниеті туыстарымен арадағы байланыстарын одан әрі нығайту, ол кісілерге хабарласып, Құрбан айттарымен құттықтау еді. Ең соңғы амал-әрекеті жаураған бауырына жылы киімін шешіп беріп, қол ұшын ұсынғаны болды. Және бір нүктеге көз тоқтатты да, жымиған күйінде дүниеден өтіп кетті. Соңғы ниеті де, жасаған амалы да, дүниемен қоштасу сәті де нағыз мұсылманға тән әрекеттер болды. Құрбан айт намазын жамағатпен оқып, мешіттен шығып

келе жатқанында, дәретті күйінде көз жұмды. Иншалла, бұл екінің біріне бұйыра бермейтін қайырлы өлім емес пе?! – десті терең тебірене тұрып. Таңертең ғана Алматыда суық хабарды естісімен қимастық жасын төгіп алған әкесі Рысқұлбек Үшбайұлы: «Бұл Алладан келген сынақ қой. Сабыр етейік!» – деп, Алла ризасын іздеп, бәрімізге алғашқы боп басу айтқан еді. Мынандай әңгімеден кейін белін одан әрі бекем буған кейіпте: – Неше түрлі өлім бар ғой. Алла абыройсыздықтан сақтасын! Жаратқан Иеміз Өзі мына жігіт айтқандай, өте жақсы белгілерімен алған екен. Алла алдынан жарылқап, баламның жаны Жәннаттық болар деп үміт етемін. Алла Өзі кеңдігімен мәңгілік бақытты бұйыртқай! Солай деп Сержан үшін дұға жасайық. Біздің қолымыздан келер ең абзал іс – сол дұға жасау ғой... Ендеше, «Бәріне де шүкір!» – дейік! – деді. Ауыр сынақтың алғашқы минуттарында-ақ күйзеле тұра терең сабырға келуі, «Раббымыз Өзінің кеңдігімен ұлымды Жәннатының төріне шығарса екен!» – деген имани үмітпен бұлайша шүкірлік етуі Рысқұлбек інімнің өздігінен келген байламы, жасай алған қорытындысы болды» – деп әсте ойламаймын. Бұл, сөз жоқ, ұлы Жаратушымыздың менің ініме берген сансыз нығметтерінің бірі еді. Себебі, Шариғат шарттары бойынша, ауыр соққының алғашқы сәттеріндеақ сабырға келе алған пенде Раббымыз үшін аса сүйкімді құлы болады екен. Алла бұйыртса, Рысқұлбек Үшбайұлының осынау сабырлары

мен шүкірлеріне аса Қамқор Иеміздің берер
нығметтері еселене түскей!
Сержан Рысқұлбекұлының жаназа намазына
350-дей адам тұрды. Он тоғыз жасар студентке

көрсетілген бұл нендей керемет құрмет еді
десеңізші! Сөйтсек, немере бауырым өз өмір
жолында кездескен жандарға үлкен демей,
кіші демей, бай демей, кедей демей, имандылық

тұрғысында шынайы ықыласпен, бірдей қарым-
қатынас жасаған екен. Кейіндері естелік айта
бастаған сыныптастары мен курстас достарының
баяндауынша, Сержанмен араласа бастағаннан

кейін ең бір содыр мінезді деген жігіттің өзі
сабасына
түсіп,
сабағына

немқұрайдылау
қарап жүрген достары озық студентке айналып
үлгеретін болған. Демек, айналасындағы жандарға
үнемі жақсылық жасауға ұмтылып, өзі де олардан

сондай иманды қадамдарды күткен екен-ау.
Осылайша,
естелік
айтып

жатқан
замандастары: «Сержандай перзент тәрбиелеген
сіздерге Алла разы болсын!» – деп, үнемі оның
ата-анасына

алғыстарын
білдірумен
болды.
Ондай сәттерде әкесі Рысқұлбек: «Қай әке-шеше

баласының жаман болғанын қалайды дейсіз?!
Ешкім де. Бәрі де перзенттерін, қолдарынан
келгенінше, «Жақсы болса екен» деп өсіреді. Біз де

– сол ата-аналардың біріміз. Шама-шарқымыздың

жеткенінше ақылымызды айттық. Ал Сержанның
сіздер айтқандай ізгі адамдардан болғаны – бір
Алладан келген зор нығмет, Оның балама жасаған
ерекше сыйы деп ойлаймын. Алланың берген

ішкі түйсігімен қайырлы өмір сүрген шығар...», –
деп жатты мақтау атаулыны өзінен алыстатуға
тырысып.

Ал менің көңіл төрімде немере інімнің сәби
кезінен бастап есімде қалған өмір жолындағы
сәттері қайта жаңғыра түскендей. Ол сәби кезінен
жарқын мінезді болып, жақын-жуық үлкендердің

қас-қабағына қарап өсті. Он жасынан бастап намаз
оқитындарға сырттай қызыға қарап: «Құранды
араб әрпімен оқи алатындарға қызығамын» –
деуші еді. Сөйтіп жүргенде, он үш жасында, сәті

түсіп, ұл балаларға арналған, жаздық каникулдағы
сауат ашу «Құран курсына» қатысқаны бар.
Қайнары тереңнен тартылатын бұлақтың ептеп
көзін ашсаң жеткілікті екен ғой. Оны да біз осы

Сержанымыздан байқадық. Сол жаздан бастап-
ақ, Құран оқып, намазға тұрды. Болмысындағы
осынау ұлы өзгерістерге өзі ерекше қуанып
жүретін. Жұма намазынан қалмай, Рамазан

айын сағына күтіп, Айт намаздарын, мерекелерін
құр жібермеуші еді. Үйінен төрт аялдамалық
жердегі мешітке үнемі жаяу барып қайтқанды
қалап тұрған екен. «Иншалла, басып барған әрбір

қадамымызға Алла тағалам зор сауаптар жазар
деп үміттенемін», – дейтін жымя.
Сержан бауырымыз 13 жасынан бастап өлең
жаза бастаған еді. Негізгі тақырыбы: ел мен жерді

қастерлеу, қорғау және Хақты сүю болатын. Сөз
кезегінде, ең дұрысы Рысқұлбекұлының бірді-
екілі өз өлеңдерін мысалға келтіре кеткеніміз
орынды болар.

«ЖАЛҒАН ӨМІР»

«Он сегізден асып міне барамын,
Жан-жағыма ақыл көзбен қарадым.

Шіркін, сәби көңілімді бейкүнә,
Сақтап қалсам, сақтап қалсам жарадым.
Шүкіршілік, бұл күнде дін-аманмын,
Бұйыртса Алла, әлі сауап табармын.

Бір Алланың бұйырғанын орындап,
Жаратқанның разылығын алармын.
Мұсылман боп туғаныма шаттанам,
Жаман жолдан, харам істен сақтанам.

Жолмен жүрмей Алла Өзі көрсеткен,
Екі дүниеде ешкім бақыт таппаған.
Хақ Құранға көңілімізді бұрайық!
Сап-сап болып намазға да тұрайық!

Бұйырғанын орындасақ Құдайдың,
Жәннатқа да боп қалармыз ылайық.
Қилы-қилы бұл өмірде сынақ бар,
Дінсіз өмір жүрмесінші ұнап қап.

Ақыретте кіру үшін Жәннатқа,
Бұл өмірде қиындыққа шыдап бақ!»
Қадірменді бауырым, 15 пен 19 жас арасында
жазған өлеңдерінен-ақ Сержанның имандылық

тұнған бүкіл болмысы аңғарылып тұр емес
пе! Өздігінен көп ізденіп оқыды. Қандай да
бір «шешімі күрделі» деген мәселе пайда бола
қалса, Рысқұлбекұлы бірден: «Мұның жауабы

қасиетті Құранның қазақша аудармасы мен
Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен
сәлемі болсын) хадистерінде тұр ғой», – деп,
бірден сұхбаттасының тығырықтан шығуына

қол ұшын беруші еді. Ұлы Жаратушысының

шексіз ұлықтығын мадақтап, Мұхаммед пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) арнап салауат жырларын жазды. Жан адамның кемшілігін бетіне бадырайта басып айтпайтын. Ондай ойларын күлімсірей отырып, нақты дәлелдермен, көңілге тимейтіндей дәрежеде айта білетін еді. Үлкен Қажылыққа барған кісілерге жақсы таныс мынандай жайт бар. Қасиетті Мекке қаласындағы әл-Харам мешітінде шынайы ықыласпен оқылған әрбір намазға, Алланың қалауымен, 100 мың есе намаз сауабы жазылады екен. Демек, қажылықта жасаған әрбір ізгі амалдарыңызға да Алла тағала бірнеше есе сауаптар жазады деген үміт бар. Осы қағиданы ұстанған бауырлар, әсіресе, үлкен қажылық кезінде күш-қуаттарының жеткенінше, бір Аллаға деген құлшылықтарын мейлінше нығайтып, қолдарынан келгенінше, айналасындағыларға жақсылықтар жасауға тырысып бағысады. Барынша, иман жүзді, көркем мінезді болуға әрекет етіп жатады. Бір шүкірлік ететін жағдай: Сержан інім күнделікті өмірде өзін құдды бір қажылықта жүргендей ұстайтын. Сол өлшеулі ғана өмірінде яғни мәңгілік жайына аттанып кеткенге дейінгі ғұмырында қаншама жанға нешелеген жақсылықтар жасап үлгергенін бүгіндері достары айтып тауыса алмауда. Әрине, барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббы бір Аллаға тиесілі. Дегенмен, сол Раббысын, Оның бүкіл адамзат баласына жіберген Пайғамбарын (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз жанынан да артық жақсы көрген Сержан Рысқұлбекұлы сияқты құлының көркем өмір

өрнектерін, «бәлкім, қайбір замандастарына үлгі болар» – деген ниетпен, оның атқарған нақты іс-амалдарын әңгімемізге арқау ете отырып баяндағанды жөн көрудеміз. Демек, бұл мақтау емес, өзіміз куә болған кейбір жайттарды ақ қағаз бетіне түсіру ғана. Тағы бір айта кететін жағдай, біз мақтамасақ тірілерді мақтамайық. Себебі, ондай әрекеттеріміз әлгі көзі тірі пенденің нәпсісін семіртіп, нәтижесінде оның сорына айналуы әбден мүмкін. Ал қамшының сабындай ғана ғұмырында мынау қара жер бетіне жақсылықтарды мейлінше көбірек жайып, жамандықтарға жұмсақ мінезіменақ тосқауыл жасауға ұмтылып, ғұмыр кешкен бауырымыз жайлы ақиқи сөздерді жеткізуімізден қоғамымыздың, замандастарымыздың ұтары мол болар деген үміттеміз. Онсыз да жер басып жүрген кездерінде өзіне қатысты мақтау сөздерді айтқызбайтын еді. Сыпайы түрде қарсыласатын. Мысалы, Үркімбай бабасынан тараған қай отбасына бармасын, сол үйдегі туыстары Сержанға ілесіп, имандарын күшейтіп алуға, бір Жаратушымызға деген мінәжаттарын барынша зор ықыласпен атқаруға дағдылануға тырысып бағатын еді. Яғни, имандылық тұрғысында барынша жинақталып қалысатын. Оның жарқын да биязы мінезіне қарап отырып, қасындағы кісінің дөрекілікке жол беруі мүмкін еместей көрінетін бізге. Достарының айтуынша, Сержан бауырымыз өзі қатысқан істерде үнемі үздік шығып отырған екен. Мектебі мен университетінде қаншама қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысты

десеңізші! Қалалық, облыстық жарыстарда түрлі
тақырыптардағы ғылыми жобалары мен толып
жатқан сәулеткерлік пішімдері арқылы алғашқы
орындарды иеленуші еді. Спорттық жарыстарда

да жүлделі оралатын. Күрес секциясына қатысып,
жүгіру марафонынан да жиі бой көрсетіп, спортты
айнымас серігіне айналдырған еді. Өзі оқыған Тараз
Мемлекеттік

университетінде
Отансүйгіштік,
туған тілге деген құрмет, азаматтық бағыт-
бағдардың мығым болуына арналған бірнеше

кештер мен кездесулерді ұйымдастыруға белсене
атсалысқан екен.
Оның балауса қаламынан туындаған, шына-
йылық тұнған өлеңдері мен эсселер топтамасын

отбасы
мүшелері
үлкен
ыждаһат-тылықпен

сақтап отыр. Бұйыртса, алдағы уақытта баспа бетін
көріп қалар. Ақындық мектебінен өтпеген, арнайы
әдеби білім алмаған Сержан бауырымыздың
бұл жазбалары-Хақты сүйген бозбала жігіттің

шынайы жүрек лүпілі ғана. Олардың терең
мазмұнын тақырыптары-ақ айғақтап тұрғандай.
«Туған жер», «Біз қазақпыз, бауырым», «Ана тілі»,
«Жаратқанды бірлеу», «Ата-ана қадірі», «Менімен

қазақша сөйлесіңіз», «Отан отбасынан басталады»,
«Қазыналы қариялар», «Қазіргінің қыз-жігіттері»,
тағы сол сияқты бірнеше туындылары әзірге өз
оқырмандарымен қауышуды күтуде.

Әкесі Рысқұлбек Үшбайұлы – қазіргі тілмен
айтқанда, «евроремонттың» шебері. Сержан болса,
оқудан келісімен анасы Жанар Әшімбайқызы
әзірлеп қойған ыстық асын іше салып, әкесіне

көмектеспекке асығушы еді. Нақтылай айтқанда,
алтыншы сыныптың соңынан бастап еңбекке

араласып, ата-анасына өзінің ақ адал еңбегімен тапқан нанын жегізіп кетті. – Жастайынан менің қолымдағы ауыр жұмысымды алып, еңбегімді жеңілдетті ғой, – дейді бұл жөнінде әкесі, – Баламның бос уақытының болмағаны сонша, уағыздарды құлағына «дыбыс құлақшасын» киіп алып, сол жөндеу жұмыстары барысында ғана тыңдауға мүмкіндік алатын. Сөйтіп жүріп, қатарынан үш бірдей үйірмелерге қатысып, жүргізушілік куәлігін де алған еді. Ойлап қарасам, Алланың берген «Уақыт» деген нығметін ұлым мейлінше тиімді пайдалана білген екен ғой. «Әке, біз Раббымыз берген барлық нығметтері үшін, әсіресе Уақыт пен Денсаулықты қалай қадірлеп, қайда жұмсағанымыз жөнінде сұраламыз», – деуші еді балам. Тараз қаласының қаншама үйлері мен пәтерлерінде оның шығармашылық қолтаңбасы қалды десеңізші! Себебі, жөндеу жұмысының әрбір буынына үлкен жауапкершілікпен қарайтын. Сөйтіп жүріп, жетінші сыныптағы кезінен бастап сәулет ісінің жай-жапсарына қанық болып, мектеп үйірмелерінде мешіттер мен заманауи ғимараттардың сәулеттік соны жобаларын жасап, қалалық байқауларда жоғары жүлделерге ие болып жүрді. Осылайша, «Сәулетші болсам!» – деген арман жетегінде ТарМУ-ға оқуға түскен болатын. Қадірменді ағайын, өзіңіз байқап отырғандай, Сержан Үркімбайдың расында бос уақыты бола бермейтін. Бола қалса, дереу қасиетті Құранды қолына алып, сүре аяттарын нақышына келтіре, өзінің қою да қоңыр даусымен, мұңды үнмен оқып отырушы еді. Шынайы хадисте айтылғанындай,

Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Құранды оқып-үйреніп және онда айтылғандарға сай амал жасаған перзенттің ата-анасының басына Қиямет күні Нұрдан тәж кигізіледі. Оның нұры жердегі күннің шуағынан да жарық болады. Және олардың, яғни атааналардың үстіне мынау жұмыр жер бетіндегі барша дүниелерден де қымбат киімдер кигізіледі. Олар: «Біз мұндай құрметке не үшін ие болдық?» – деп сұраған кезде: «Сендердің перзенттеріңнің Құран үйреніп және оны оқығандары үшін!» – деп жауап беріледі», – деген екен. Алла тағалам Өзінің Жәннатында Сержан және басқа да перзенттерінің оқыған әрбір аяттарының сауабы ретінде, оның ата-анасы Рысқұлбек Үшбайұлы мен Жанар Әшімбайқызына Нұрдан тәж кигізгей! Сержан мәңгілік өмірдің жұртына сауаптар жинау үшін үнемі әрекетте болды. Шынайы бақыттың мән-мағынасына, Хақты танудың нығметтеріне сөз орайында тоқталып отыратын. Әсіресе, соңғы екі жылында... бір Жаратушыдан ғана көмек сұрап, бір Соған ғана сыйынудың көркем үлгілерін көрсетіп кеткендей екен бізге. Ол осы тұрғыда, туыстарының ішіндегі жасы үлкені менің өзіме ұстаз бола білді. Сержан тіпті мынау жарық жалғанмен қоштасу сәті арқылы да бізге сабақ беріп кеткендей ғой! «Қашан, қалай өлемін деп емес, кім болып өлемін деп уайымда!» – деген дана тұжырымның нақты мысалы бола білген сияқты. Хақ тағалам Сержанның ішкі жан-дүние жауһарларына сыртқы көркем бейнесін де үйлестіріп жасағандай еді. Ол өзінің сырлас әпкелеріне: «Жүздерін көлденең көздерден бүркеп

жүрген қыздардың бетіне қарау ыңғайсыз ғой.
Маған өте бір иманды да инабатты, тура жолдағы
жар іздей жүріңіздерші! Шіркін-ай, Жәннатқа
бірге ұмтылып жүретін жар тапсам ғой!», – деп

армандайды екен. Үлкендер жағына бұл арманын
білдіруге
ұялса
керек.

Жаратушымыздың
бұйыртуымен, Сержан бауырымыз Жәннатта хор
қыздарын жар еткей! Жатқан жері жайлы болып,
қабірі Құран Нұрына толғай!

Ақырет күнінде, шыжыған күннің астында,
күллі адамзат баласы пана таба алмай, естері ауып
тұрғанда, ұлы Раббымыздың жеті түрлі адамдар
тобын Өз көлеңкесінде саялататыны жөнінде

шынайы хадисте баяндалған. Солардың бірі –
жастайынан Хақ жолға келіп, Жаратушысына
серік қоспастан мінәжат етіп, жүрегін таза
ұстаған жасөспірімдер екен. Бұйыртса, Сержан

Рысқұлбекұлы сондай жастардың тобында болғай!
Тіршілігінде:
«Жәннаттың
Фирдаус

бағында
бәріміздің жүздесуімізге Алла нәсіп етсін!» - деген
тілек-дұғасын қайталаудан жалықпаушы еді.
Раббымыз Сержанның сол тілегін қабыл еткей!

Алла тағалам Өзінің сүйікті құлдарын Жәннатының
сегіз есігінің қалағанынан кіргізетініне уәде еткен
ғой. Алла қаласа, Рысқұлбекұлы сондай сүйікті
құлдарының қатарынан болатындығына үміт

артамыз және сенгіміз келеді. Мынау таңнан
түс әлетіне дейінгідей қысқа өмірімізде, Сержан
Үркімбай шөбересі сияқты, бір Жаратушымызға
ұнамды болған жақсы істерді молынан атқарып

өткенге не жетсін, шіркін?!
Қараша, 2014 жыл.

НАР БОЛМЫСҚА ИМАНЫ

КӨРІК БЕРІП...

деректі әңгіме
Ел ішінде өз дара тұлғалары болады. Бағамдап
қарасаңыз, ондай жандардың өмірбаяндық беттері
өзі өмір сүрген дәуірінің айнасы десе жарасарлық.

Құдды бір қоғамдағы бұлтарыс-қалтарысы мол
иірімдер сол адамның тұтас ғұмырына шырма­
тыла байланып, бірлесе өріліп кеткендей. Сондай
жандардың бірі өз кезінде Мойынқұм, Шу, Пішпек,

Әулие Ата аймақтарына аты мәшһүр болған
Иманбекұлы Айдынбай ақсақал еді.
Ол кісінің небір ерліктері мен елге тұлға
боларлықтай толып жатқан адамгершілік іс-

әрекеттері туралы әңгімелерге бала кезден қанық
боп өскенбіз. Осынау құмды өңірдің социализм
кезіндегі тарихына бойлағысы келген жанның
Айдынбай

палуан
болмысына
соқпай
өтуі

жартыкеш әсерлерге жетелейтіндей көрінеді
бізге. Социализм кезінде «Коминтерн» деген атқа
ие болған «совхозды» жалпы жұрт, бейресми
түрде «Айдекеңнің ауылы» деп атап кеткеніне

еш таңқалмайтын едік. Сексенінші жылдардың
басында
республикалық
«Лениншіл

жас»
газетінде жұмыс істеп жүрген кезім болатын.
«Айдынбай атамен журналис ретінде арнайы
әңгімелесіп, шежіре көкіректен сыр суыртпақтар

сәт келген сияқты», – деген тоқтаммен бір күні
ол кісінің қара шаңырағын бетке алған едім.
Содан бұрынырақта ол кісінің дос-құрдастары
Садырқұл, Дігәрбек, Әділбай аталар және басқа

да қарияларға жолығып, Айдынбай ата жайлы
хикаяларға әбден қайта бір қанығып, қойын
дәптеріме қажетті мәліметтерді түртіп алғанмын.
Содан, жаздың жайлы күндерінің бірінде осынау

қара шаңырақта шежіреші, ауыз екі тілдің шебері,
атақты палуанның әңгімесін тыңдап отырдым.
Әуелі ол кісінің небір даңқты жеңістері жайлы өзім
қаныққан әңгімелердің шетін шығарып, тиісінше

сауал тастап қоямын.

– Әһ-әһ-ә, пә-ә-әлі, – дейді ол кісі кеңкілдей

күліп,-балам-ау, әңгіменің бәрін естіп апсың ғой.
Енді маған айтар не қалды?

– Осы оқиғалардың шыны менен жалғанын өз

әңгімеңіз арқылы айырып алсам деген тілек қой
менікі!

– Құрдастарымның өзіңе айтып берген әлгі

әңгімелерінің бәрі рас, – деді ол кісі өткен күндеріне
сәл-пәл шегініс жасағандай боп.
Сонымен сыр сандықтың кілті ашылды да
кетті. Ашылғанда, ол кісі баз біреулер сияқты

өз-өзін мақтап, күмпілдей жөнелген жоқ. Бар
болғаны әлгі оқиғаларға қысқа ғана тоқталып
өтті. Жасөспірім кезінде-ақ көкпар тартқан
сәттерінде дәу серкешіңіздің өзін тақымына бір

басса бітті, дүйім жұртқа дес берместен жалғыз
өзі алып шығатын болған. Алғаш он сегіз жасында,
Байұзақ деген байдың асында бір рулы елдің бетке
ұстар палуанының жауырынын жер иіскеткен

Айдекең содан көз тиіп, ауырып, бір жылдай төсек

тартқан екен. Тек, Қосайқожа деген емші келіп,
жеке үй тіктіріп, сал боп қалған жігітке қасиетті
Құраннан аят, дұғаларды оқи отырып, тамыр
шөптермен

емдеген
көрінеді.
Жаратушының
бұйрығымен, 23-24 жасында шаршы топқа қайта

шыққан жас палуан содан былай ешқашан жеңілу
дегенді білмесе керек. Ат үстінде және «қалы
кілемдер үстінде» болған белдесулерді түгел
санамалап шығудың өзі оңай шаруа емес шығар.

Салмакөкпар, танакөкпарыңыздың қаншамасы ол
кісінің тақымынан өтті десеңізші!?
Дүйім елдің риза көңілмен жырдай етіп айтатын
тағы бір әңгімесі: Айдекең өзінің бұла күшін

осындай жиын-тойлардың қызықшылықтарында
ғана емес, ала көңіл, арам ниетті дұшпандарға
қарсы теке-тірестерде де оңтайымен пайдалана
білген екен. Алланың қолдауымен Қосай қожаның

емінен кейін қайта атқа қонған ол кісі ел тонап,
мал ұрлап жүрген қарақшылардың тіпті тұтас бір
тобы кезіге қалса да, басқа қаруларына қол созып
жатпастан бір ғана тобылғы сапты, алты өрім

дырау қамшысымен сабалап жүріп-ақ жалғыз
өзі әлгілерді шетінен ат бауырына түсіріп отырған
көрінеді. Осылайша Иманбекұлы ауылдастары
мен аймақтастарын Қазан төңкерісіне дейінгі

«Мекалай» заманында да көздеріне шел біткен
небір әпербақандардан ержүректікпен қорғап
отырған екен. Сондықтан болар, «Айдынбай аты
естілсе бітті, ел ішінің небір тентегі мен телісі

көп сөзге келместен, тиыла қалысатын», – деседі.
Мұндай жеке ерліктері жайлы таңды таңға ұрып
әңгіме айтып, жеке шығарма жазса да болғандай.
Алайда, біздің бұл жолғы мақсатымыз-Айдынбай

ата өмір сүрген қос қоғамдағы ол кісінің азаматтық
ұстанымын жеткізе отырып, ой өрбіту.
Жата-жастана
тыңдаған

әңгімелерімізден
ұққанымыз-ол кісінің ең бір бақытты кезеңдері
Қазан төңкерісі яғни Кеңес өкіметі орнағанға дейін
өтіп кеткен сияқты. Қызылдар билікке келгенге

дейін Айдекеңнің ат жалын тартып мінген, нағыз
қылшылдаған жігіт шағы екен. Біздің бұл өзара
әңгімеміз 1980-жылдардың бас кезеңінде болған-
ды. Көкірегі қаттаулы шежіредей қарияның

тереңінен толғап әңгіме шертуі үшін кейде әдейі
жақаурата, жан-жағынан қаумалай сұрақтар
қойып отырдық.

– Ата, сіз мақтаған қоғамды «әділетсіз болған

еді», ал сіз қасиеттерін айтып тауыса алмай
отырған бай-манаптарды «кедей халықты аяусыз
езіп-жаншыған» деп жазып жатыр ғой біздің
кітаптар?!...

– Пә-ә-лі, балам! Ол жазушы дегендерің, түге,

өтірік жазып отыр. Заманының талабы солай
да! Кәйтсін байқұстар?! Кінәламаймын оларды.
Олардың ішіндегі сол заманның шет-пұшпағын
көріп қалғандары іштей біледі, бай-манаптардың

иманды
болғандарын.
Бірақ,
«айтқызбасы-

айтқызбас» боп отыр да! Ана кәзитіңе жаза
алмассың, дегенмен өзің сияқты бірлі-жарымың
болса да, шындықты ұғып алғандарың жөн болар.
Е-е-ей, дүние-ай, несін айтайын. Небір асылдар

кетті ғой, шіркін, айдау менен асудан... Ол кездің
би-болыстары, бай-бағландары мейірімді боп
келетін. Кәзір айтсаң, ертегідей естілер. Менің
әкем орта шаруалы жан болған. Бауырларым

Көлбай, Түкібай, Құтыбай, інім Төлеген де, мен де

шалқып бай боп көрмеппіз. Кісі қолына да қараған
емеспіз. «Өткен байлығын аңсап отыр» дейтіндей
емес,
кәдімгі

қазақы
ауылдың
қатардағы
шаруасы едік. Ендеше, сөзіме сенгін, қалқам... Ол

кісілер байлықтарын біреуден тартып алған жоқ.
Алланың бұйыртуымен, ата-бабаларынан қалған
дәулеттерін
еңбекқорлығымен

жалғастыра
алғандарында ғой бар мәселе! Бейшараларды
осысы үшін-ақ жазғырды-ау. Қоғам тамырынан
шіріген соң, айлаң бар ма?!

Көз алдыңа келтіре баяндайын, балам. Ол кезде
аталас кісілер бір ауыл боп отыратын. Оның себебі,
күнін көре алмаған кедей ағайындар: «малшың,
жылқышың, тым болмаса үй шаруасындағы

қызметшің болайын», деп бай туыстарын өздері
келіп сағалаушы еді. Содан бай ағайынның, демек
ауыл егесінің шаңырағынан қонақ үзілмейтін.
«Қонақтың сыбағасы, жолаушының нәсібесі» деп,

қайта-қайта қазан көтеріліп жатушы еді. Үлкен
отау тола ас-су, береке. Оның бәрін байдың бала-
шағасы қайдан тауыссын?! Бүкіл ауыл боп сол үйдің
қазанынан ас ішетін. Сұрағандарына «сауынға»

деп мал беретіндері де көп тұғын. Әйелінің
қолы ұсынықты болса, кедей шаңырақ жаздай
құрт-майын содан-ақ айырып алушы еді. Ауыл
егелерінің малшы ағайындарына еңбекақысын

мал басымен төлеп отыратыны тағы бар. Шаруаға
ебі барлары сол төлем малдан-ақ өзіне шағын
дәулетін құрап ала қоюшы еді, түге. Балам, мына
нәрсені ескеріп қоярсың: сол кездегі ең кедей

деген ағайынның өзінде 20-30-дай ұсақ мал мен
2-3 жылқы болушы еді. Ол аз десеңіз, бақуатты
сол бай-манаптарыңыз өз малдарын шығарып, бас

құрай алмай жүрген кедей ағайындарды «Алла ризасы үшін» деп, үйлендіріп, отау етіп жататын. Ал енді ас ішіп, аяқ босатып, ел қыдырып, өсек айтып жүретіндерді кім жақсы көрсін?! Оның үстіне, ең басында: «ағайынбыз ғой, малыңды бағайын, қызметіңде болайын», – деп өздері сұранып, келіп алып, содан кейін шаруаға қырсыздықтарынан төрт түлік малды талан-таражға түсіріп, талапайға салатындар қалай сүйкімді болсын?! Мал егесі ондайларды сөксе, сол да айып боп па?! Ал, жайшылықта қызметші ағайындарын орынсыз ығыр еткендерді көрген емеспін. Өйткені, ол кісілер Құдайдан қорқатын! Қит етсе бітті бірбіріне: «Ақыретте не бетімізді айтамыз?!» – деп отырушы еді жарықтықтар. Әке-шешелеріміз бізге тіліміз шыға бастағаннан кәлиманы үйретіп, Алланы ауыздарынан тастамайтын. Ауыл егесі, бай ағайын білімді молдаларды шақыртып, арнайы үй тігіп, қыс келсе, қыстауының бір бөлмесін босатып беріп, көшпелі болса да медресе ашып, ауылдың бар баласының «тілін сындыртатын». «Оқимын» деп талпынғандары болса, одан әрі тереңірек оқытатын еді. Ондай істен қаржыларын аямайтын. Демек, о замандағы кісілер бір Алладан қатты қаймыққандықтан кісінің обалына қалудан қорқушы еді. «Орынсыз ұрып-соқты, тамақ бермей аш қатырды, жыртық үйге тұрғызды» дегендеріңіз, жәй әшейін қызыл өкіметтің жазғызып отырған сандырағы ғой. Ол жазушыларыңыз сөзге ұста, көркем жазудың шебері-ақ шығар. Бірақ, «тоқпақ мықты болса, киіз қазық жерге кіреді» деген сөз бар, балам. Сол айтқандай, «бай-манапты, молданы жаманда!»

– деп, мылтығын кезеніп, жоғарыдан дігірлеп тұрса, қайтеді енді құбыжық етіп көкрсетпегенде. Осының бәрін біле тұра өзіңдей балаларға айтпай кетсем, о дүниеде жауап бермеймін бе, сол үшін?! Палуан ата осылай деп сөзін түйіндеді. Шынымды айтсам, Кеңес өкіметінің қаһарына барынша мініп тұрған сол дәуірде, Айдынбай атадан жан шырқыратарлық шындықты осыншалықты түйдек-түйдек күйінде есту дегеніңіз мен сияқты «советтік» журналист үшін айтып жеткізгісіз олжа болатын. Айдынбай атаның осы бір әңгімелері өзгеше ойлауға, өзіндік пікір түюге тиым салынған социалистік қоғамда мен сияқты қаршадай журналист қыздың ой санасында бұлқынысты көзқарастарға қозғау сап жатты. Өз әкем Үшбай Үркімбайұлы мен басқа да ауылдастарымыздан социалистік «бақытты» қоғамда қарапайым халықты баудай түсірген 1931-34-жылғы ашаршылықтар мен толып жатқан саяси қуғын-сүргіндер жайлы бала кезден естіп өскеніміз-өз алдына бір дүние. Олар негізінен үй-ішілік дастарқан басында айтылған әңгімелер-тін. «Өзің өмір сүріп отырған қоғам жайлы өзгеше ой түю, болып жатқан оқиғаларға шындық көзімен қарай білу» атты менің бойымдағы бұлқынысты қасиеттердің Айдынбай атаның осынау әңгімелерінен кейін одан әрі күшейе түскенін қалайша жасырайын! Дей тұрғанмен, сол сексенінші жылдардың басында, республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген «Айдынбай» атты деректі әңгімемде бүгінгі баяндалып отырған жағдаяттардың ешқайсының да айтылмағаны, әрине, өз-өзінен түсінікті болса керек.

Бай-бағландар туралы сөз қозғалып кеткен
тұста Айдынбай атадан:

– Менің Үркімбай атамды көрген боларсыз.

Әкем жастай жетім қалғандықтан ол кісі жайлы
мандыртымды әңгіме айта алмады. Атам жайлы
көріп-білгендеріңіз бар шығар,-деп өтінішімді
білдірген едім.

– Ә-ә-ә, балам. Атаң Үркімбай өз қолынан

талай рет маған «сыбаға асатқан» еді. Ол кісі
Алла айрықша ырзық-несібе берген жан еді ғой.
Олай дейтінім, Үркімбайда ата-бабасынан қалған
мал болды. Бірақ, айта қаларлықтай көп емес

еді. Атаң өз өнерімен байыған кісі. Киіз үйдің
сүйегін жасаушы еді жарықтық. Өнеріне разы
болғандар аямай-ақ ақысын малдай тастап кете
беретін. Сол малы көбейе келе жайылымына

сыймай, күндердің күнінде атаң қойды ыңғай бір
қоңыр төбелінен жиған болатын. Жылқысына да
өріс тарлық ететін еді. «Мыңділдә» деген келіні
болды. Мұнысы-лақап аты. Жайлыбай болыстың

қызын айттыра барғанында қыз әкесі сынамаққа
айтқан екен: «Үркімбай, мал деген өзімде де
жетерлік. Мықты болсаң, мың ділдәны қолыма
осы кәзір, табанда санап бер», – деп. Сөйтсе,

атаң үйден шықпастан, белбеуін асықпай шешіп,
байлап барған мың ділдәсын табанда санап берген
екен. Атаң да көшпелі медресе ашып, балаларды
көп оқытып, ағайындарына қарасып, «құдайы

қонақпын» дегендердің бабын жасауға тырысып,
сауап жинауға ұмтылған кісілердің бірінен еді.
Жаны Жәннатта болғай жарықтықтың! Ә-ә-ә,
балам, сөйткен кісінің үлкен әйелінен туған Рай,

Райымбек деген балалары кәмпескеге ілініп,

айдалып кеткен еді. Әкеңнен де естіген шығарсың. «Отыз екінші жылғы ашаршылықта аштан өлді», деп естідік кейіндері. Кіші әйелінен туған сенің қос әкең мен олардың екі әкпесі, Құдай қолдап, өздері жас әрі еттері тірі болғандықтарынан ғана аман қалысты. Тұрлаусыз, жалған дүние деген осы болады, балам. Алла берекесін беріп, өз еңбектерімен әжептәуір дәулет құраған тағы біраз кісілерді өз басым көргенмін. Сол кісілердің бәрінің де жүздерінен имандары төгіліп тұрушы еді. Мастану, дандайсу дегенді білмейтін еді жарықтықтар. Осы айтқандарымды жақсылап ұғып ал да, ана кітаптарда жазылғандарға түптүгел сене берме, балам! ҚАР КҮРКЕДЕ БОЛЫСПЕН НАМАЗ ОҚЫП... Айдынбай атаның әңгімесі одан әрі жалғасып жатты. Қазан төңкерісіне дейін төрт арыс Көкірек елін басқарған Қорабай атты болыс болған екен. Айдекеңмен шөбере ағайын болса керек. Ол кісі «төрт старшын» елді басқарған деседі. Содан бір күні қызыл комиссарлар әскерімен келіп, малын тәркілеп, үй-орманымен жер аударатынға айналған кезде Қорабай болыс: «Туған жерімнен еш жаққа кетпеймін», – деп қашып барып, Хантауының баурайын паналаған екен. Сондай қиын-қыстау кездерде, ол кісінің жанында үнемі Айдынбай палуан болған көрінеді. Айдекеңнің айтуынша, «совет» үкіметі Мойынқұм өңіріне сол Қазан төңкерісі болысымен орнай қалмаған екен. Біртіндеп жеткен. Бай-болыстардың малдарын тәркілеу де сәл кештеу жүргізілсе керек.

Сонымен, Қорабай болыс, палуан жігіттің жол серік болуымен, қызыл қуғыншылардың аяғы жете алмайтындай жерге бой жасырып, ашық аспан астында қыстап шығады. – Ол кездің сексеуілді алқабы «ит тұмсығы өтпейтін» ну орман болатын. Егер ішіне аттылы кісі кіре алса, төбесі көрінбес еді. Қары да қалың түсетін, жүдә. Жаңа жауған қарды нығыздай ұрғылап отырып, қардан дереу жертөле жасадым. Ішібіршама жылы. Үстімізде сең-сең, қалың ішіктер. Құдай сақтап, аяздардан аман қалдық, әйтеуір. Сенімді жігіттер азығымызды жеткізіп тұрады. Өзім де ұзап кетпестен аң аулаймын. Өзім аспаз, өзім қарауыл, өзім күтушісімін... Аяз «сынып», суықтың беті сәл-пәл қайтайын дегеннен-ақ құлшылықтарымызды одан әрі күшейтіп, намаздарымызды өтеп, дұғаларымызды еселей түсуге тырысатынбыз. Болыстың тамағын ыстықтай беріп, дәрет суын жылытып қоямын. Қар жастанып, мұз төсеніп, қуғында жүрсе де, қолынан келгенінше мінәжаттарын үзбеуге тырысқан, аса иманды кісі еді. Қатарласа тұрып, қар күркенің аузында намазымызды оқитынбыз. Сонда жарықтық болысекең намаздан кейін қос алақанын жайып, бір Аллаға егіліп мұңын айтып, ұзақ дұға етуші еді. «Елімді кәпір басты. Құтқара гөр Өзің, о Жаратқан!» – деп жалбарынатын сақалын жас жуа. Мінәжаттарын тәмәмдаған соң, өзі отырған биіктен сона-а-ау төменде жатқан туған еліне қарап отырып: «Жетісу жерім, қалдыау, елім, не болар енді көрген күнің», – деп, өлеңдете егілуші еді жарықтық. Өзі қашқын боп жүріп, елінің тағдырын қабырғасы қайыса ойлаумен болды.

Ә-ә-ә, ол кісілердің бітім-болмыстары, тұрқы тым бөлек еді ғой. «Менің жайым не болмақ?» дегенді де ойлайтын. Бірақ елінің ендігі күнін, болашағын жаны күйзеле уайымдаушы еді. Әңгімесінің осы тұсына келгенде Айдынбай ата өзі де аңғармастан, көкірегін кере, терең бір күрсініп алған болатын. Тоқсаныңызға қол созып, шөккен нардай боп отырған осынау алып тұлғаның күңіренгенінің өзі сай-сүйегіңізді сырқыратарлықтай еді. Құдды бір Қорабай болыс сияқты халық перзенттерінің сонау алмағайып замандардағы бүкіл шеккен қасіретерін кейінгілерге өз күйініші арқылы осылайша жеткізбекке әрекет еткендей-ау!. Күндердің бір күнінде болыс: – Айдынбай бауырым, саған Құдай – риза, мен – риза. Мынау Түлкібас жағында біраз үй Көкіректер бар ғой. Мені сол жаққа жеткізіп сал. «Мен» деп, осыншама отқа-суға түскенің де жетер. Қайтып кел де үкіметке беріл. Мені жамандай бер. «Амалсыздан жүрдім қасында» де. Сен әлі жассың. Көрер қызығың алдыңда, – деген екен. Айдекең ондай ұсынысқа көнбепті. Екеулеп Түлкібастың қарлы тауларына жеткеннен кейін, қанша тұрғаны белгісіз, сол өңірде Қорабай болыс ауырып, қайтыс болған екен. 1929-жылы Қорабай болысты жер қойнына тапсырып, Айдекең кері қайтады. Бірақ жергілікті үкіметке мойын ұсынбай тағы біраз уақыт өзін саяқ ұстаса керек. Қашанғы жүрсін?! Бір күндері «өз еркімен берілуге» келген палуан жігітті жергілікті билік бірден абақтыға жапқан екен. Кеңестік билік бірер жылдан кейін бостандыққа шыққан

Иманбекұлы Айдынбайды 1936-1938-жылдары
сайлауға
дауыс
беруден

шеттетіп
тастаған
көрінеді. Содан, шағымын айтып, губерниялық
сотқа үш күн кіре алмай, төртінші күні ғана тиісті

адаммен жүздесуге мұрсат алып, сайлауға қатысу
хұқына қайта ие болып, еліне қайтқан екен. Екінші
дүние жүзілік соғыс кезінде кеңес өкіметі ол кісіге
әуелгіде сенімсіздік танытып, соғыс барысында ор

қазу жұмыстарына пайдаланған екен. Соғыстың
соңғы жылдарында ғана қолына қару алып,
жауынгерлік жорығын Бессарабияда аяқтап,
елге оралған соң қызу еңбекке қайта араласқанын

жырдай ғып айтып отырушы еді жарықтық.

«ПАЛУАН» КЕТПЕН

Жас кезіндегідей тасқындаған бұла күші
болмаса да, әлі де қайраты мұқала қоймаған
Айдекең, бейбіт күнде қара жұмыстың неше
атасын жапыра атқарып жүре беретін болған.

Хантауы бекетінде тұрған он бір жыл ішінде темір
жол да салған, вагоннан жүк түсіруші де болған.
Ол аз болғандай, қараусыз жатқандықтан құм
басып қалған Мойынқұмдағы атақты Күшаман

тоғанын қайта шабуға бар ынта-жігерімен кіріскен
де көрінеді. Сол оқиғаға куә болған палуан атаның
құрдастары мынандай әңгіме айтысатын.
Ол кездері әр бөлімшеге бере қоятындай,

дайын тұрған техника жоқ. Тоған атаулы қолдан
шабылады. Сондықтан, қолдағы бар «техника» –
кәдімгі қара кетпен. Оны шығаратын «зауыт» –
ауыл шетіндегі ұстахана. Сонымен, өзге жұртқа

біркелкі кетпен құйған Нұржаубек ұста Айдекеңе

келгенде біраз ойланып қалады. «Көлемі төрт-бес кісінің кетпеніндей болсын», – дейді Айдынбай палуан. Сөйтіп жүргенде еңбек «қаруы» да дайын болады. Сөйтсе, әлгіні анша-мұнша бозбаланың көтере қоюы неғайбіл боп шыққан екен. Содан тоғанның ескі табанын бойлап, қатар тұра қалысқан ауыл жігіттері Айдекеңе төрт-бес кісілік үлесті қалдырып отыратын болған. «Зілмауыр кетпен бұла күш иесінің қолында ұршықша үйірілетін», – деуші еді көзкөргендері. Жалпы Айдынбай аталардың елі Асықтарда қызыл тары мол болған екен. Оның үстіне, бабалары Бименді, Қасымбектерден қалған ата кәсібі болғандықтан Айдынбай ата диқаншылықпен бар ынты-шынтысымен айналысса керек. Қарапайым қап қана емес, төрт кісі әзер көтеретін дәу-дәу қанарларды бір өзі еркін көтеріп кететін болған. «Ел қамы үшін» деп, еңбек ете жүріп, кезі-кезі келгенде жиын-тойлардағы палуан күресіңізден де, көкпарыңыздан да, ат үстіндегі сайыстардан да шет қалып көрмеген екен. – Ата, белдескен кісілеріңіздің сізден басым түскендері болды ма? – деген сауалымызға: – Күшаман бабамызға ат шаптырып, ас беріп, сонда Бесбай деген кісімен ат үстінде білек сынасқан ем. Қамшымды екі бүктеп, тістерімнің арасына басқанмын. Сонда әлгі кісі қолымды қоя бере сап, аузымдағы қамшымды тартып-ақ қалғаны... Сөйтіп екі күрек тісімнен айрылғаным бар. Ал, былайша басқа ешкімнен жеңіліп көрген емеспін, – деген еді Айдекең. «Қош!» – делік. Сонымен, Айдынбай атажауырыны жер иіскеп көрмеген палуан, өз өңіріне

тұрақты жеңімпаз ретінде аса белгілі болған жан. «Апыр-ау, қазақ топырағында палуандар аз боп па, сірә?!»-деген көлденең сауал да туындауы мүмкін ғой мұндайда. Оның үстіне, ол кісінің өткен өмір жолына атқарған қызметтері тұрғысынан көз салар болсақ: диқан, темір жол салушы, жүкші, қатардағы жауынгер. Осыған қарамастан, көзі тірісінде өзі өмір сүрген аймақ халқының сыйқұрметіне бөленгенін былай қойғанда, мынау фәни дүниеден өткеніне ширек ғасырдай боп қалса да, ол кісінің аты атала қалса, көз көргендерінің жер басып жүргендерінің ішінде құрметпен еске алмайтындары, әй, кемде-кем шығар-ау. Сонда осы бір палуан болмысты, қарапайым еңбек адамының қадір-қасиеті қай қылығынан туындады екен?! Нешелеген естеліктерге ой көзімен шолу жасар болсақ, мәселенің мән-жайы өз-өзінен айқындала түсетіндей. Айдынбай Иманбекұлы ең әуелі айналасына биік парасатымен, терең адамгершілік қасиеттерімен сыйлы болған кісі екен. Мысал үшін ол кісі жайлы өзім естіген бірнеше пікірдің біреуін ғана келтіре кетсем деймін. Бір жолы екі күндік демалысыма ауылға барғанымда мынандай әңгімені естіп қалдым. Айдекеңнің екі атадан барып қосылатын ағайындарының бірі дүкен ұстап, тәжірибесінің аздығынан ба екен, әйтеуір тексерушілер келгенде қомақты қаржы кем шығып, ісі сотқа кететінге айналады. Сұрастыра келсе, әлгі ағайыны ол дүкеннің заттарын өз бас пайдасына қымқырып кетпеген, талан-таражға салмаған. Сауда ісіне икемінің аздығынан дүкен жұмысына

ие бола алмағанға ұқсайды. Сол кезде Айдынбай
ата: «Әлі өмір қиындығын көрмеген жас қой.
Бәріміз қауымдаса көмектесіп жіберелік. Бұдан
былай өзі де абай болар», – деп уәж айтқан екен.

Айтып қана қоймай, азық етерлікке аздаған бас
малын ғана алып қап, қорасындағы бар тұяғын
әлгі ағайынының көлігіне тиеп жіберген көрінеді.
Бұл кісінің осындай терең мейірім мен ерекше

мәрттікке толы қадамдарына шаңырағын ұстап
отырған ұлы да, келіні де бір ауыз қарсылық
білдірмеген деседі. «Әлгіндей қамқорлықты көрген
ағайыны бұдан былай жинақы да іскер болмаққа

өзі де талпынар», – десті сол оқиғаға куә болғандар.
Тағы мынандай бір қылығын жұрт көбірек
айтушы еді. Егер екі кісі дауласып қалып, істің
әділ шешімін іздеп, Айдынбай атаға жүгінер

болса, ол кісі сол екі адамның қайсысының ісі
ақ болса, соған болысады екен. Мұндайда туыс-
туғандыққа, жекжат-жұраттыққа қарамайтын
болған. Айдекеңнің бұл қылығы Алладан және

Ақырет күнінен қорыққан жанның егер қандай да
бір куәлікке жүрер болса, онда өзі мен үй ішіне,
жақын-жуықтарына зияны тиеді деп ойласа да,
істің әділін айтуға міндетті екендігі жөніндегі

қасиетті Құранда айтылған бұйрықтардан бастау
алса керек.
Қазан төңкерісіне яғни социалистік, дінсіз
қоғамға дейін Қорабай болыс сияқты бақуатты

кісілердің
көшпелі
медреселерінде
Шариғи

білім
жинақтаған
Айдынбай
Иманбекұлы-

сол бір иманды ортада қалыптасқан өмірлік
ұстанымдарын өзінің тұтас ғұмырында қолынан
келгенінше
әлсіретпеуге,

өзгертпеуге
әрекет

еткен кісі. Кеңес үкіметінің толып жатқан жазалау
саясаттарын өзгелерден гөрі өз басынан көбірек
өткеріп, түрмеге жабылып, сайлаудан шеттетіліп,
небір ауыр жұмыстарға мәжбүрлі түрде жегілген

Айдекең – ешқашан жүрегін қатайтпаған жан.
«Кектенсе, атеистік қоғамды орнатқандар мен
олардың жандайшаптарына кектенген болар.
Бірақ қарапайым халыққа, замандастарына

қайырымды еді», – деседі. Атеистік түлкі заманның
алмағайып небір қанқұйлы кезеңдерінде, басына
түскен санқилы машақаттардан құтылмақты
ойлап, бәлкім пендешілік базбір қадамдарға,

артық әрекеттерге барған кездері болған да шығар.
Алайда, қалыбын өзгертпеген. Жасаған күнәлары
үшін
Жаратқаннан

кешірім
сұрай
отырып,
имандылық арнасына тез оралып отырған екен.

КӨРКЕМ МІНЕЗГЕ БАСТАЙТЫН

ИМАНДЫ ЖҮРЕК

Айдынбай ата мен ол кісінің тұстастары Кеңес
өкіметінің «аузынан» қып-қызыл от пен қара
жалын бүркіп тұрған кезеңдердің өзінде жасырып
намаздарын

оқып,
сездірмей
садақаларын
таратып, байқатпай Оразаларын ұстағандарын

«ұзын құлақтан» естіп жататынбыз. Әрі мектепте
оқып жүрген жылдарымызда өзіміздің де шет
жағалатып байқағанымыз тағы бар. Ал, өткен
ғасырдың сексенінші жылдарының бас кезінде,

республикалық газетке деректі әңгіме жазу
мақсатында, Айдынбай атаны арнайы іздеп барған
сол сапарымда ол кісінің бес мезгіл намаздарын

қаза етпестен, ашық түрде оқып отырғанын көргенмін. Шамасы жергілікті Кеңес өкілдері: «Қартайған адам ғой. Енді айналасына қайбір әсері болар дейсің. Ашық оқыса, оқи берсін»,-деген тоқтамға келген шығар, бәлкім. Бұрынғыдай, ешкім «пәлен, түгілен» деп, мазасын алмайтынға айналған екен. Азанды да өзі шақырды, қаматты да өзі айтты. Және намазға жалғыз өзі тұрды. «Шіркін-ай, діни наным-сенімімізге бостандық берілген болса, мұндай кісінің соңында намазға ұю үшін қара-құрым халық тұрмас па еді!?» – деген арманды ойда болдық. Ол кісі ауыл-аймақтың үлкенді-кішілі отырыстарында, дастарқан басында негізінен қасиетті Құрандағы мүбәрак қиссаларды аса бір шешендікпен баяндап отырушы еді. Исламдағы мінез-құлық мәселесіне де біраз тоқталатын. Бірақ, одан әріге тереңдеп бармайтын. «Барғызбасыбарғызбас, айтқызбасы-айтқызбас» болғаны да! Әңгімесінің біраз бөлігі ел ішіндегі шежірелерге де арналушы еді. Шежіре болғанда да жай ғана ата-текті тарқату емес. Берісі сол Мойынқұм, Әулие ата аймағының, әрісі дүйім алты алаштың басынан өткерген тарихи оқиғаларын үзік-үзік күйде баяндап отыратын. Оның сыртында ШуМойынқұм өңірін өз өнерлерімен тамсантып өткен Сауытбек, Жиембет, Жиынбай, Орақбай, Дәмегөй, Танагөз, Бектас, Бердіқұл сияқты талантты қаншама ақын, жыраулардың шығармаларын жатқа соғатын еді, десеңізші! «Сол бір тоқсанға иек артқан шағында не қылған парасатты қабылет, тозбас ақыл-ой, иманды болмыс еді!» – деп күні бүгінге дейін қайран қалам.

Жаназасы мен ол кісінің атынан таратылған
құдайы тамақ, астарда жиналған қара-құрым
халық, Айдынбай палуан өмір сүрген-бұрынғы
«Коминтерн», қазіргі «Биназар батыр» ауылының

шет аймақтарын ала, түгел басып қалған көрінеді.
Қарапайым кетпенші-диқанға, көкпаршы-пал-
уанға көрсетілген бұл не қылған тасқынды құрмет
еді десеңізші!

Оның ең басты сыры: Алла тағалам Өзінің аса
Даналығымен адамзат баласына өлшеп берген
осынау сынақ ғұмырда Айдынбайдай данагөй
қарияның иманды да парасатты өмір қалыбын

сақтап, әділдікті мейлінше берік ұстанып өткенінде
екен. Демек, қарапайым халықтың жүрек төрінен
орын алып, оның қалаулысына айналу үшін
жоғары лауазымды қызмет иесі немесе атақ-

даңқтың биігіне көтерілген жан болудың қажеті
мүлдем шамалы екен ғой! Бір Жаратушыға
ғана сыйынып, Алладан ғана медет тілеген
Иманбекұлы- айналасындағы замандастарымен

қарым-қатынасын шынайылық және имандылық
арнасында құруға өмір бойы ұмтылып өткен жан.
Иманмен көріктенген нар тұлға неткен сүйкімді
еді!

Қазан, 2011-жыл.

ЖАЗУШЫНЫҢ ЖАРЫ эссе Әлі есімде, балалардың үлкені, кішісі болсын, бір шаруаның жайын сұрар болса, аналарымыз жарықтық: «Әкелерің біледі. Ол кісінің айтқан тілін алыңдар», – дейтін. Бір жаққа баруға сұрана қалсақ: «Әкелеріңнен сұраныңдар», – деп, ал бір шаруаны бүлдіріп алсақ: «Әкелеріңнен таяқ жейтін болдыңдар!» – деп, көкелеріміздің бейнесін көз алдымызда зорайтып-ақ тастаушы еді. Он­ дай әрекеттерден отбасының бірлігі нығаймаса, әлсіреген емес. Біздің қатарластарымыз сәби кезімізден бастап, әжелеріміз бен аналарымыздан осындай тәлімді көріп өстік. Күні бүгінге дейін, арагідік болса да, сондай аналарды кездестіре қалсам, ол кісілерге деген мендегі құрмет сезімі көңіл төрімде өзім сомдап алған «нағыз қазақ әйелі» деген бейнеге тиісінше өз бояуын қосып жатады. Қазақ рухани әлеміндегі небір майталман жандардың көптеген табыстары олардың отанасының кісілігіне тікелей байланысты боп келеді. Әдетте, ондай ана, әпкелеріміздің өз еңбектерін міндетсінбестен, байқаусыз күйде, қалтарыста қалғанды жөн көретіні бар. Бұл жолғы кейіпкеріміз – Қыздаркүл Пернебайқызы, жазушы Мархабат Байғұттың жан жары. Жазушы ағамыз еркелетіп «Қыздан» деп қояды. Ол кісімен алғашқы ұшырасуым әлі

күнге есімде. «Лениншіл жаста» жұмыс істеп
жүрген кезім болатын. Шымкент шаһарына
жеке шаруаммен келгенімді айтқан едім. Махаң:
«Үйге жүріп, жеңгеңіздің қолынан дәм татыңыз»,

– деді бірден. «Демек, ағамыздың жары жомарт

жан екен ғой...», – дегендей ой қылаң берді
миымда. Бес қабатты үйдің «подъезіне» аттап
кіргеніміз де сол еді. Риясыз жымиған күйде бір
келіншек баспалдақпен жайлап түсіп келе жатты.

Жымиғанда да тура маған қарап жымияды. Махаң
«ә» деп аузын ашып та үлгермеген еді. Әлгі кісі
маған тақап келіп, ерекше жылылықпен: «Ат-
көлік аман-есен жеттің бе, айналайын!», – деді

де маңдайымнан сүйді. «Біздің үйдегі жеңгеңіз»,

– деген сөздер содан кейін ғана құлағыма

шалынып жатты. Ашық-жарқын мінезді талай
апа-әпкелерімізді көрген сияқты ем. Бірақ мынау
қарсы алыстың жайы мүлдем бөлекше еді.

– Ақлима деген сіңліңіз дәл кәзір үйде,

қарсы алады. Мен шамамен бес-он минутта кеп
қалармын, – деді де жүгіре басып жөніне кетті.
Айтса айтқандай, үйдегі балалармен танысып,
амандасып, қол шайысып, маусымның Шымкент

шаһарындағы ми қайнатар ыстығында жан
шақырып, дастарқанға жайғасқанымыз да сол
еді. Қыздан әпкеміз іле-шала кеп қалды. Сөйтсек,
істің мән-жайы былай екен.

Жазушы ағамыздың жағдайын толық жасап,
балалардың тәрбиесімен нақты түрде айналысу-
ды өзінің ең басты парызы әрі содан туындайтын
қорытындыларды өз бақытының негізі деп ой

түйген Қыздан әпкеміз, Шымкент қаласына
көшіп келісімен, отбасының тұрмыс-тіршілігі

үшін ең қолайлы деген жұмысты іздейді. Онысы және табыла кетеді. Дәлірек айтқанда, үйдің қасындағы пошта бөлімшесінде жеделхаттарды тасу қызметі. Кезекті жеделхатты шұғыл түрде жеткізу керектігі туралы қоңырау шалынса бітті, ол кісі құстай ұшып барып, әлгіні иесіне табыс етіп, құстай ұшып үйіне қайта келеді. Ол үшін берілетін айлығының мардымсыз екендігіне де көңіл аударып жатқан ол кісі жоқ. Ең бастысы – қолайлы да адал жұмысты шаңырақ шаруаларымен ұштастыра жүргізу. Айта кеткен жөн болар: Пернебайқызы мектепті ойдағыдай бітірген. Ауылдық кітапханада он жыл жұмыс істеп, үздік кітапханашы атанған. Ал, Шымкент қаласында кітапханашылық орын табылмаған екен. Сонау Түлкібастан облыс орталығына көшіп келіп, балаларының бұғанасы қата бастаған тұста Махаңның: «Қыздан, қалаған оқуыңа сырттай болса да түсіп алсаңшы! Бәлкім, басқа жұмысқа ауысқың келер?!», – деген тектес ұсыныстарына: «Сіздердің жағдайларыңызды жасап отыруыма осы жұмысым қолайлы. Басқа оқу бітірсем, соған сай қызмет ауыстырғым кеп, сіздердің күйлеріңіз кетіп қалар. Уақытша осы жұмыста жүре тұрайын», – деп ыңғай бермеген көрінеді. Демек, өз өмірін отбасының бақытына басыбүтін арнамақты жөн санаған. Қонақ ретінде аспаздық шеберлігіне мін таға алмай мен отырмын. «Нұрлытай Үркімбай» деген қарапайым журналистің шай ішпекке шақырылғанын, көп болса, бір жарым сағат бұрын естіген шығар. Алайда, алдымызға кеп жатқан тағамдар тізбегі құдды бір тәулік

бұрын хабардар болған жанның тірлігіндей. Бар
жүрек жылуымен, шын ықыласымен әзірлегені
тағамдарының әр түйірінен аңғарылып жатты.
Қыздан әпкеміз қонақ бөлме мен ас үйдің арасында

бейне бір аяғының ұшымен басып, тіпті қалықтап
жүргендей әсер қалдырды маған. Сұйық сорпа
істемек боп қазан құлағына жармасқанымда,
соңынан оның қою тамаққа айналып кететіні; бірде

тұзы кем, енді бірде артық болатыны есіме түсіп,
іштей өз-өзімнен қысылып-ақ отырмын. «Қап,
осыдан барған соң аспаздықтың қыр-сырларына
жақсылап үңілмесем бе?!», – деп, өз-өзімді қайрап

қоямын. Яғни, әпкеміз бұл салада, бір ауыз сөз
қатпастан, маған ұстаз боп отырды.
Айтпақшы, кейін араласа келе мынандай қызық
жайға қанықтым. Анасы тығыз шаруалармен

кетер болса, қызы Ақлима қазанның құлағына
ие болады екен. Студент қыздың аспаздық
өнеріне куә болу мүмкіндігінің бір жолы маған да
бұйырғаны бар. Жастығына қарамастан, ас үйде

әбжіл-ақ қимылдап жүрді. Содан алдымызға
дәмділігі тіл үйірер керемет тағам келген болатын.
Өз басым жазушының қызына мынандай өнері
үшін «комплиментімді» де, алғысымды да қатар

айтып үлгергем. Махаң болса, ләм-мим деместен,
тымпиып тамағын ішіп отыр. Бір кезде көзім
Ақлиманың жүзіне түсіп кеткен еді. Студент қыз
әкесінен бір ауыз қорытынды сөз күткендей күйде,

демін ішінен алып, қимылсыз қалыпты. «Тамағым
ұнамай қалған шығар», – деген анық уайым тұрды
жанарларында. Еріксіз Махаңа бұрылдым. Дым
болмағандай, ол кісі үнсіз қалпын соза түсуде. Бір

кезде қызының шыдамы таусылды білем:

– Папа, бірдеңе десеңізші енді, кісіні зарықтырмай! – деп көзі мөлтілдеп жасқа тола жөнелсін. Сол кезде ғана барып, бағанадан бері өзін-өзі әзер ұстап отырған жазушы ағамыз күлкіге көмілсін келіп: – «Кәйтер екен» деп, әдейі тіс жармай отыр ем бағанадан бері. Тамағың өте дәмді бопты, қызым. Рахмет! – Пікіріңізді күтіп отырмын ғой сарылып. «Тамағым ұнамай қалды ма?!» – деп уайымдайтынымды жақсы білесіз ғой. Неге қинайсыз өстіп? – деп, ал кеп көз жасына ерік берсін сіңліміз. Ұялғанынан, арасында зорлана күлімсіреген боп қояды. Бірақ онысынан гөрі боз-боран боп жылағаны маған қызық көрінген болатын. Бұрынсоңды әкесіне деген осыншалықты құрметтің мұндай көрінісін кездестірмеген «байғұс» басым «ә» дегенде аңырып қалғаныммен, артынша қосыла күліп жатырмын. «Әкесінің жағдайын жасап, осыншалықты сезімталдықпен қас-қабағына қарау – сөз жоқ, ана тәрбиесінің жемісі!», – деген ойға келдім кейінірек. Ұлдарының әкелеріне деген сыйқұрметі де ерекше. Ол кісінің айтқан сөздері перзенттері үшін өмірлік тұжырым сияқты. Әрине, перзенттерінің мұндай ықыласына бөленуі Мархабат ағамыздың жеке адамгершілік өрнектеріне, қоғамдағы алар орнына, жазушылық қолтаңбасына тікелей байланысты. Дей тұрғанмен, ойымызға ұлтымыздың небір марқасқа ұлдарының отбасы жағдайындағы мүшкіл халдерінің орала кеткені бар емес пе, әлгі жерде... Базбір «эмансипированный» жеңгелеріміздің:

«Ғалымдығың өзіңе. Үйде мен главныймын!», – деп, өзімшілдікке салынып, перзенттерін әкесіне қарсы тәрбиелеген жайттары кездесіп қалады! «Жібекті түте алмаған жүн етеді», – деп атам қазақ осындайда қалай тауып айтқан десеңізші! Біздің таныстығымыз, соған жалғас отбасылық аралас-құраластығымыз өрбіген сол бір кеңестік дәуірде Мархабат аға Байғұт Қазақстан Жазушылары одағының Оңтүстік облыстардағы бөлімшесінің басшысы болатын. Қолына қалам ұстаған ағайынның Оңтүстік өңірге барғысы кеп тұратыны ақиқат еді. Сондай келушілердің ішінде өздеріне туған бауырдай боп кеткен әрі отбасы болып араласатын ақын, жазушыларды құрақ ұша қарсы алып, Махаңның тұтас отбасы бір жасап қалысатын еді. Мысалы, Дулат аға Исабековтың құрметіне кенже ұлының атын «Дулат» қойды, дегендей... «Ақын-жазушыларды үйге апара жатырмын. Жағдайың қалай еді?» – дей тұра, Жазушылар бөлімшесінің бастығы телефон сымының келесі жағынан айтылар жауапты шамалап сезетін болған-ау, сірә. «Ертіп келе беріңіз. Бір мәнісі болар». Осылай десімен, Қыздаркүл әпкеміз қос бөлменің арасында балаларымен қосыла тапырақтай жүгірісіп, дайындықты бастайды да кетеді. Кезі-кезі келгенде өткір пікірлерін қиюын тауып айта алатын, басына шыққысы келгендерді табанда «бастапқы орнына» түсіре қоятын, аярлықтың асқынған түрлеріне кезіккен сәтінде оның иесін ұтқыр сөздерімен «кісендеп тастайтын» жазушының жары – мәселе Махаңның мәртебесіне кеп тірелген кезде барынша жұмсақ әрі жомарт-ақ.

Осы бір қонақжай шаңыраққа отанасының ұқыптылығы мен үнемшілдігінің қаншалықты ырыс-береке боп дарығанын шамалау қиын емес. Расында, үйдегі әрбір заттан жазушының жарының алақан жылуы сезіліп тұратын. Шаңырақтағы көрпе-жастықтан бастап, терезе перде, неше түрлі жапқыштар дейсіз бе, бәрі де Қыздан әпкенің шығармашылық еңбегінің жемісі еді. Бірін тоқиды, екіншісін тігеді дегендей... Өзі айтқандай, айналып келгенде мұның бәрі де – Махаңның шаңырағының берекелі де шуақты болуы үшін жасалған әрекеттер. Отағасының тапқан әрбір табысын екеу ету, ұқсата білу! Сол алғашқы танысқан жаздық демалысымда, әпкеміз Ақлима екеумізді Түлкібасқа ертіп барды. Былайша айтқанда, бейресми сапармен... Ерлі-зайыптылардың екеуі де осы ауданның төл перзенттері болғандықтан, әпкеміз өз жұртын да, қайын жұртын да армансыз аралатты. Бір шаңыраққа қона жатып қонақ болып, екінші үйден түстік ас ішсек, келесі шаңырақтан бал татыған қымыз ішіп сусындаймыз дегендей... Аса риза болғаным, үй сайын ұқыптылық, жинақылық, тұрмысқа өте бейімділік аңғарылып жатты. Бейне бір, Түлкібастың сұлу табиғатына тұрғындарының ыждаһатты тұрмыс-тіршіліктері үйлесе кеткендей. Жаратушымыз жарылқағай сондай жұртты! «Журналист екенімді айтпай-ақ қойыңызшы. Сіздің бір рухани сіңліңізбін. Осылай деп таныстырғаныңыз жақсы. Ресми іссапарда емес, отпускада жүрген адаммын ғой», – деген өтінішімнің орындалуын қатаң түрде «қадағалап»

келемін. Себебі, сонда ғана жаңадан танысып отырған үй иелерімен арамызда ешқандай жасанды бөгет-бөгесіннің болмайтынын сезгенмін. Келесі баратын үйіміз Кеңес өкіметі кезінде «Ванновка» деп аталған аудан орталығы түбіндегі бір бөлімшеде екен. Жаяу –алыс емес. Жарты сағат көлемінде жетіп қалуымыз мүмкін. Жүріп келеміз. Маужыратар мамыр өтіп, күн аптабы қыздырған маусым келіп кірсе де, Түлкібастың құйқалы өңірі өзінің алабөтен бояуын берместен, ерекше тамылжып тұр еді. «Не деген керемет күн! Жаныңа бәрі даяр не керектің: Көрінеді гүлдердің бүр жарғаны, Естіледі ұшқаны көбелектің. Не деген керемет күн!», – деп Мұқағали ақын жырлағандай, жан сарайыңды ашар, таңғы бір уыз шақ болатын. Бір кезде қарасақ, үстіне қатарластырып темір кебежелерді (фляга) қойып тастаған бір ат арба өтіп барады екен. – Мына кісі бізді ала кетпес пе екен?! – деп, айтып аузымды жиғанымша, тізгін ұстап отырған кісі «дыр-р-р» деп арбасын тоқтата қалсын. – Отырыңдар, қарақтарым. Мына ауылға сүт жинауға бара жатыр ем. Әзірге жүгім жоқ. Арба жеңіл. Анау орындыққа жайғасыңдар, – деді ауылдардан сүт жинайтын ата. Орындық дегені қапталдата қағылған жіңішке бір тақтай екен. – Қой, мынаған отырамыз деп, арбаның дөңгелегіне түсіп қалармыз. Одан да осы

«флягалардың» үстіне жайғаспаймыз ба?! – дедік те, дереу бір-біреуін иемденіп, отыра қалыстық. Ойлы-қырлы жерлермен жүргенде арба едәуір секектейді екен. Бос темір кебежелермен бірге біз де әлсін-әлсін «секірудеміз». Ауыл арбасына шулай жабыса, жапа-тармағай мініп алатын балалық шағымыз ойымызға оралды-ау деймін. Әпкем екеуміз мәзбіз. Қалада өссе де, табиғатынан «романтик», демек сезімтал Ақлимамыз: – Ат арбамен саяхат жасау осыншалықты қызық болады деп ойламаппын. Мынандай күтпеген көлікке мініп, табиғатқа тікелей араласу деген керемет екен ғой, – дейді таңданысын жасыра алмай. Жайлап әпкеме қарап қоямын: – Дәл кәзір балалық шағым есіме түсіп кетті, – деді ол кісі жауқазын жылдарына қайта оралғандай болған өзінің қазіргі кейпінен қысыла күлімсіреп. – Шағын ғана шелегім болатын. Соны бұлақтың суына толтырып алып, шыр көбелек айнала қуанушы ем. Шелекті көлденең ұстасам да, бір тамшы суын жерге тамызбағаныма мәз болатынмын. Сөйтсек, оның сыры физикалық заңдылықта жатыр екен ғой. Оны кейін мектептен білдім. – Мен де бала кезімде, табиғатты қақ жарып, жазда ат арбамен, қыста ат шанамен жүргенді ұнатушы ем. Ол кезде аулымызда мәшинелер сирек болатын. Соның арқасында, осындай бақытты мүмкіндіктер жиі-жиі боп тұратын басымызда. Негізінен құмды, сексеуілді боп келетін Мойынқұм алқабындағы менің ауылым сіздердің табиғаттарыңыздай болмаса да, бәрібір әлгі айтқан сапарларымыз сондай қызық көрінуші

еді маған. Туған жер деген ыстық қой, шіркін! – деп
жатырмын қол созым жерде тұрғандай көрінген
Алатаудың сұлулық тұнған сілемдеріне мегзей.
Мимырт жүрісті ат арба, арада 20 минуттай

уақыт өткенде, бізді діттеген жерімізге жеткізіп
салды. Былай қарасаңыз, 20 минут дегеніңіз
көп уақыт та емес сияқты. Мысалы, адам
рухын аздыратын «сериялдар» көргіш қазіргі

замандастарымыз
теле-хикаядағы
негізгі
кейіпкердің кезекті бір азғындық қылығына шет

жағалата қанық болам дегенінше, арада бақандай
екі-үш сағат уақытының қалай өтіп кеткенін білмей
де қалады емес пе?! Ал, Ұлы Жаратушымыздың
жердегі «Табиғат» деген туындысының бауырында

тербелген
осынау
санаулы
минуттарымыз

рухымызға жылдық азық боп, үшеумізді өзара
айрықша туыстастырып жібергендей болды. Ең
бастысы, Қыздаркүл әпкенің Махаңа неліктен
өбектей жағдай жасап, қас-қабағына қарауының

басты себептерінің бірін түсінгендеймін. Ұққаным:
ол кісінің өзі де ақынжанды адам екен. Сол себепті,
тек жазушы Мархабат Байғұттың ғана емес, қазақ
әдебиетінің туын көтеріп жүрген ағайындардың

көпшілігінің
дерлік
шығармашылықтарымен
жақсы таныс боп шықты. Айтпақшы:

–Әпке, сіз алғаш көріп тұрған минуттарыңызда-

ақ неліктен мені туған бауырыңыздай қарсы
алдыңыз? – деп кейінірек сұрағанымда:

– Өзін танымасам да, жазғандары көкейімде

қалып қойған кейбір авторлардың бейнесін, сол
өздерінің жазуларына қарай, қиялымда жасап
алатыным бар. Мүмкін, сондықтан жатсынбаған
шығармын, – деген еді. Бұл мен сияқты қарапайым

журналиске айтылған үлкен марапат болатын.

Үшеуміз осы сапарымызда «Азаттық» ауылындағы Махаңдардың өз қолдарымен тұрғызған алғашқы үйлеріне бардық. Үйдің әрбір кірпіші дерлік өз иелеріне біткен малмүліктің табан ақы, маңдай терімен келгенін айғақтап тұрғандай. Жазғы сәкіде отырмыз. Бір көшеден кейін, ауылды қақ жарып, Шымкент пен Алматыны жалғастыратын, күретамыр жол өтеді. Әлсін-әлсін ауыр «Икарус» автобустарының тоқтап барып, жүрісін жалғастырған ышқынысты дыбыстары құлаққа келуде. Қыздаркүл әпкем күлімсіреп алып, келесі әңгімесінің шетін шығарды. – Ағаң ауданда біраз жыл жұмыс істеп барып, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетіне қызметке ауысқан еді ғой. «Балаларды жалдамалы пәтерден пәтерге көшіріп, сандалтпайын», – деп газеттен отбасымызға пәтер берілгенге дейін, бес жыл Шымкенттен қатынап жұмыс істеді. Дүйсенбіде, жұмысына кешікпеуді ойлап, таң алакеуімнен жолға шығады. Жұманың қою қараңғысында қайта қауышамыз. Сондағы бір қызық жайтты айтайын ба? – деп, ол кісі әуелі қысыла бір күліп алды. – Бағана байқаған шығарсың, әлгі үлкен жолдың біздің үйге өкпе тұсында аялдама бар. Әрбір жарты сағат сайын ПАЗик автобусы тоқтап, жолаушыларын түсірген соң, жүрісін жалғастырып жататын. Сонда ауладағы ұшықиырсыз жұмыстарымды атқара жүріп, жұманың кешінде тоқтай өтіп жатқан автобустарға бар зейініммен құлақ түре жүруші ем. Сенесің бе, сонда мен Махаңның қай автобустан түскенін көліктің тоқтаған үнінен танитындай едім. «Осы жолғысынан түсті», – деймін өз-өзіме. Жеті-сегіз

минуттан кейін жымия басып, кіріп келе жатады
аулаға. Мүмкін, Алла солай сездіріп қойған шығар
маған... Ол кісінің әрбір келісі керемет мереке
болатын бізге. Балаларының қуанғанын көрсең!

Сөйтіп, жұма сайын жол қарай, күтіп жүретінбіз.
Сағыныш деген жақсы екен ғой. Кісіні жаңғыртады,
тазартады...

ХАҚТЫ ТАНУ – БАР БАҚЫТТЫҢ БАСТАУЫ

.Махаңдардың отбасы үшін «Азаттық» – ерекше
мекен. Ол – Қыздаркүл Пернебайқызының өскен
ауылы, ерлі-зайыптылық өмірлерінің бастау алған
бесігі. Және... Қыздаркүл ананың бүкіл жан-дүние,

болмысымен Хақты тануға бетбұрысты қадам
жасаған жері. Нақтылай айтқанда, «Туған жерге
туыңды тік!», – деген мақсатпен, «Азаттықтағы»
осынау отау үйлеріне үлкен ұлдары Баубекті

отбасымен
қоныстандырғанын,
әдебиет
пәні

мұғалімінің өзі араласқан орталарда терең иман,
адал еңбек, көркем мінезімен айрықша сыйлы да
сүйкімді бола білгенін, содан кейін, иә-иә, содан
кейін... қапыда мерт болғанын жазушы ағамыз өз

шығармаларында жан-жақты және терең түрде
талай рет қамтып еді ғой. Көлденең көк аттыдан
да қолынан келген көмегін аямай, жауынан да
жақсылық күтіп тұратын осы бір пәк ниетті

жанның қазасы оны сәл ғана білгендердің өзіне де
аса ауыр тиген еді. Сырт адамдардың өзіне солай
болғанда, туған ананың сондағы жайын елестете
беріңіз... Қыздаркүл әпкеміз осындай сәтте өз

басынан қандай жайларды кешіргенін кейінірек
маған сыр етіп баяндаған еді.

– Алғаш естігенде, опырылып түскендей болдым... Дауыс шығарып енді жылай берем дегенде, есімнен танып бара жатам. Бірнеше рет солай қайталанды... Сабырға келу керек екенін ұғындым. «Лә иләһа иллАллаһ, Лә иләһа иллАллаһ!», – деп жүретін жандардың қатарынанбыз ғой бұрыннан-ақ. Баубегімді шығарар күні осы кәлима сөздерді секунд сайын қайталаумен болдым. Әлсін-әлсін талмаусырап, өзімді-өзім жоғалтып ала жаздаймын. Кейде үнім де шықпай, жылай да алмай қаламын. Анашым жарықтық менің мұндай түрімнен секем алды-ау деймін. Бір кезде құлағыма: «Қызданау, мына келген жұрт сені басқаша ойлап қалар. Даусыңды шығар. Іштегі лебің сыртқа шықсын», – деп сыбырлады. Кәйтсін енді, жаны ашығаннан айтады да! Ол кісінің ақыл-кеңестерін тыңдауға мұршам келмеді. Есіл-дертімнің бәрі «Лә иләһа иллАллаһқа» ауып кеткендей. Онсыз да бұрыннан: «Алла!» деп, Махаңның әкелген шариғат кітаптарын оқып жүруші ем. Сол жолы бір нәрсені анық түсіндім. Адамның өмірі де, өлімі де, тағдыры да..., бәрі-бәрі бір Алланың қолындағы іс екен. Кәзір де ұлым есіме түскенде көз жасым өз-өзінен төгіліп кетеді. Бұл тек – сағынғанымның белгісі. Алланың жазуына, пәрменіне қарсылығым емес. Ислам туралы бұрын оқыған кітаптарыма қайтадан ден қоя бастадым. Бұрынғыдай емес, бір Алланың бізге бұйырғандарын жете түсіне бастаған сияқтымын. Біртіндеп намазға келдім... – Жаратушымыз Өзінің кеңдігімен мінәжаттарыңызды қабыл еткей, әпке. Баубек бауырымыз Алла тағала ерекше көркем мінез, таза ниет

сыйлаған жан еді ғой. Көрдіңіз бе, Алла тағала
Өзінің шексіз қамқорлығымен оның қазасын
да қайырлы етіп қойғанын. Сіздің Хақ жолға
бет бұрғаныңызды айтам да... Мысалы, біреудің

отыз ұлы, бірнеше жүз немересі, есебіне жете
алмас байлығы болуы мүмкін. Сондай адам:
«бәріне өзімнің мықтылығыммен жеттім», –
деп дандайсып, Алланың бұйрықтарына қарсы

шығып өмір сүрген болса, ондай адамды «екі
дүниенің бақытына ие болды» деп айтуға ауыз
барар ма еді?! Ал, сіз жүрегіңіз қан жылай
отырып,

тәубеге
келдіңіз.
Көрсеткендерінің
барлығына шүкірлік еттіңіз. Анығын айтқанда,

сондай сыни сәттерде Алла сізге шүкіршіл
жүрек, сабырға ұмтылған ақыл берген екен. Бұл
қадамыңыз да – Жаратушының сізге берген зор
сыйлығы, нығметі. Көрдіңіз бе, шынайы бақыт

пен бақытсыздық шекарасының қай тұстардан
өтіп жататынын?! Демек, осы сабырыңыздан
танбаңыз, әпке. Намазыңызды күшейте түсіңіз,

– деп ерекше толғаныспен пікірлерімді білдіріп,

сөзімді тәмамдадым да, «айтқандарымды қалай
қабылдады екен?!», – деген оймен ол кісіге барлай
бір қарап қойдым.
Себебі, бұрын-соңды біз екеуміз осынша терең

әрі салмақты түрде пікірлеспеген сияқтымыз.
Тілек-ұсыныстарымды қиыла айтып, ойларымды
шегелегендей етіп жеткізуімнің басты себебі

– ол кісінің шынайы бақыттылығының түп-

тамырларын
түбегейлі
түрде
дәлелдеуге

тырысуым болса, екіншіден – сүйікті ұлы
жайлы мұңдана ойланып кетуіне мүмкіндігінше
жол бермеу еді. Расында, ол кісі жанарларынан

ақтарылған бұлақтарына тоқтау салып, бұрынғысынан да серпіле, еңсесін тіктей түсіп, өзін «апалап» айналасында жүрген немерелеріне мейірлене қарап, оларға деген қамқорлыққа толы міндеттеріне қызу кірісіп кеткен болатын. Содан кейінгі жылдары тағы бір кездескен жолы Қыздан әпкеміз: – Дегенмен, Нұрлытай, етегіме оралған сәби немерелерім бар дегендей... Кенже балам мен келінім – қызметте... Мен намазда тұрғанда, апылтапыл басып жүрген немеремнің биік жерлерге шығып алып, талай рет домалап түскен кездері де болды. Осындай себептермен, бес мезгіл намазымды түгендеп оқуға үнемі шамамның келе бермейтінін несіне жасырайын сенен... Бірақ, дұғаларымды үзбеуге тырысамын, – деген еді. – Немерелеріңіз өсе келе ондай мүмкіндік те туындар, әпке... – Иә, Құдай қаласа, айтқаның келсін... Тағы бір айтпағым, келінім Ақбөпеге екі дүниеде де ризамын. Екеуі бір-бірін шын сүйіп еді. Түтінін түтетіп, «Баубектің шаңырағы» дегізіп отыр. Шүкір, Баубегімнің соңында тұяқтары қалды ғой. Енді, солар аман болсын, деп, Алладан мың жалбарына тілеймін! – деген болатын Қыздаркүл әпке ойлы бір кейіппен. Шынайы хадистерде айтылғанындай, бір Аллаға иман келтіріп, намаздарын оқып, Оразасын ұстап, зекеті мен садақасын берген әрі күйеуі дүниеден өтер-өткенше оған риза болған әйелдің барар жері Жұмақ екен. Алла тағалам біздің бүгінгі кейіпкерімізге де мәңгілік бақытты нәсіп еткей.

Бір жолы, әзілге бұра отырып, жазушы
ағамыздан кітапханашы қызды қолына қалай
қондыра алғанын сұраған едім.

– Қызданның көшесінен күнде өтетін едім.

Үйіме қарай, әрине. Көзімнің астымен ұрлана
қарап қоям. Ол қазан-ошақ пен үйі арасында
жүгіре
басып,

тірліктерін
атқарып
жүреді.
Бірақ, бірде-бір рет көше жаққа тым болмаса

көз қиығын салып та қарамайтын. Жасыратын
несі бар, бұл қылығы мені ерекше қызықтырды.
Әрлі-берлі өтуімді бұрынғысынан да жиілеттім.
Мойын бұрар емес. Содан кейін, «тәуекел» деп,

үшбу хат жолдадым. «Хатты жазған кім екен?», –
дегендей, сәл көз қиығымен қарағаны да сол еді,
ұзақ ойлануға мұршасын келтірместен үйге келін
ғып түсірдім, – деп, сәл-пәл әзілге бұра отырып,

шындықты мойындаған болатын.

– Сол кездегі бейкүнә кітапханашы қыз

«Көрпесайдың кітапханасы» әңгімеңіздегі Закон
шалдың Жапон қызының прототипі болған-ау,
шамасы.

– Бірінде аз, келесісінде көптеу дәрежеде

біраз шығармамызда көрініс береді әпкеңіздің
қылықтары.

– Кейбір шығармаларыңызда жазушының

жары, Шымкентше айтқанда, «жүдә» адуынды
ғой.

– Сол шығармаларымнан Қызданның образын

жасап алған біраз оқырмандарымның бұл кісінің
өзін көргенде: «Мүмкін емес, мүмкін емес, мен
басқаша елестетіп ем», – деп бас шайқап жататыны
бар.

– Сондай кездегі әпкеміздің «реакциясы»

қандай болады?

– Әпкеңіз мәз боп, күле береді. «Отрицательный» герой болса да, әйтеуір менің қалам ұшыма іліну ұнайды-ау деймін өзіне. Ал, шынын айтсам, әйелдер «образындағы» адуынды мінез штрихтарын басқа замандастарымыздың болмысынан да теріп ала берем. * * * .Соңғы бір әзірде сәлемдесе барғанымда Қыздаркүл әпке: – Қарап отырсам, уақыт өз дегенін істейді екен. Кәзір күш-қайратым бұрынғыдай емес. Өзің білесің, бұрнағы жылдарға дейін ағаңның кіндік қаны тамған Пістелі жеріне барып, бақша салып, ағаңа деп таза өнімдерімізден банкілер жауып алушы ем ғой. Ондай заман менен қалды білем, – деп, «мұңын» шаққан еді. Солай дей тұра, орнынан тұрып барып, жаздық тапшаны (сәкіні) айналдыра өз қолымен егіп тастаған райханы мен жалбызы бар, нешетүрлі жұпар иісті өсімдіктерге әлсінәлсін су бүркіп, әрлі-берлі тербеп қояды. Сол сәт жанға жайлы бір жұпар иіс қолқаңызды тазалай өтіп, тұтас ағзаңызды рахат бір күйге бөлейтіндей. – Әпке, «сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» деген ғой. Әлі де болса, сыныңыз сол қалпында сияқты. Жұпар иісті өсімдіктеріңіз «ізіңізден қалмай» әлі жүр екен, – деп, мен де әзілдеп қояр емеспін. Көбінесе, біз қаламгерлердің шығармашылық табыстары жайлы сөз қозғаймыз да, оның нағыз «тылы», яғни сізді сан-қилы рухани толғаныстарға түсірген шығармалардың жазылуына жағдай жасап, жазушыңызға өз тұрғысынан дем беріп

жүрген қалтарыстағы нәзік болмысты жандар жайлы ойлай бермейміз. Өкінішті-ақ! Қазақ руханиятының Құнанбайдай асқарын бар ықыласымен терең түсініп, оның жан серігі бола білген Ұлжан сияқты текті аналарымыз жайлы тек қағаз жүзінде оқып, білген едік. Ал, өзіміз көзін көріп, бір заман ауқымында қатар өмір сүрген Мәриям Мұқанкеліні сияқты аяулы апаларымыздан бастап, талай-талай сыралғы жеңгелеріміздің өз жұбайларын төредей күтіп, қаламгердің шығармашылық шабытты шақтарында ол кісілерге аяқтарының ұшымен басып, қызмет еткен сәттері, айналып келгенде, дүйім қазақ руханиятына қалтарыста жүріп қосқан үлестері емес пе?! Еске түсірер болсақ, «Қазақ әдебиеті мен өнері» деген үлкен отауда ізетпен қызмет еткен ондай келіндердің саны, тізе берсе, қомақтылау бірнеше жинаққа жүк болғандай. Біз бүгін Қыздаркүл Пернебайқызы жайлы сөз қозғай отырып, Алматы мен Астанадан шалғайда ғұмыр кешіп, руханиятымыздың отымен кіріп, күлімен шығуды өздеріне аса зор бақыт санаған аяулы апаларымыз бен жеңгелеріміздің жиынтық бейнесін сомдамаққа сәл талпыныс жасадық. .Алла разысы үшін жасалған жақсылықтардың ескерусіз қалатыны болмайды екен. Ендеше, бұл фәниде және келесі шынайы өмірлерінде аталған үлестері алдарынан зор сауапты істер болып жолыққай! Қос дүниелері де қайырлы болғай сондай аяулы жандардың! Сәуір, 2012 жыл.

МОЙЫНҚҰМ... МОЙЫННАН КЕЛЕТІН ҚҰМ ҒАНА ЕМЕС Атақты Хантауының баурайы... Жарықтық бұл маң даланың басынан өткермегені жоқ. Өзін ме­ кендеген пенделердің жеке өміріндегі қуанышы мен қиындығын үнсіз ғана қалай бөлісіп, көтеріссе, дәл сондай сабырмен тұтас ұлт, ұлыс, халықтардың да шаттығы мен мұң-наласына, жетістіктері мен жеңілістеріне бірдей куә боп келеді. Демек, ұланғайыр қазақ жерінің тарихи сан түрлі соқпақтарға толы пұшпағының бірі – Мойынқұм өңірі! Немқұрайды көңілмен көз салып өткен жүргінші үшін бұл аймақ сексеуілді орман басқан құмды дала боп қана көрінуі мүмкін. Тіпті, талай замандасымыз, Мойынқұмнан екенімізді білісімен, әзіл аралас солай дейтін. – Кешірерсіз, – дейміз біз таңданған қалып таныта, – сіз тарихты білмеуші ме едіңіз?! Бұл өлке Қазақ хандығының, дүйім Алаш хан ордасының алғаш ірге тепкен мекені ғой! Білгіңіз келсе, мынандай еңбектерді оқып шығыңыз... Осылай дейміз де энциклопедиялық дәрежедегі ілім иесі болған, ортағасырлық дана тарихшы Мұхамед-Хайдар Дулати еңбектерінен бастап бүгінгі тарихшы академик, профессорларымыздың есімдері мен еңбектерін тізбелей жөнелеміз. Сонда барып ол: – Иә-иә, солай екен-ау, аңғармай айта салыппын, – дейді ыңғайсыздана. Расын айтқанда, осындай алаңғасар-

лығымыздың кесірінен біз небір рухани жауһарларымыздан айрылып қалдық емес пе?! Шүкір Аллаға! Тәуелсіздігімізді алғалы бергі 20 жылдан аса уақыт ішінде тарихымызды едәуір түгендедік. Бірақ әлі де болса, толық емес... Тереңірек зерттей түсуге тиіспіз. Өзіміз үшін де, келер ұрпақтар үшін де! Міне сондықтан да, бүгінгі күні тарихи деректерге сүйене отырып, өзім туып-өскен мекенімнің өткені жөнінде тамтұмдап болса да мақтанышпен баяндасам деймін. ҚҰМ АСТЫНДАҒЫ ШАҺАРЛАР Тарихшыларымыздың жазуынша, бытырап жүрген Қазақ ұлыстарының басын біріктіріп, дербес те іргелі ел болмаққа ұмтылған бабаларымыз, нақтылай айтқанда Орыс ханның ұрпақтары Керей және Жәнібек сұлтандар Қозы-Басы деген дарқан алқап пен Шу өзенінің қос қапталын бойлай отырып, тәуелсіз Қазақ хандығының туын көтерген. Осылайша, Алаштың алғашқы ресми мемлекеті дүниеге келді. Қазіргі Қордай, Шу және Мойынқұм аудандары даласында! Ғұлама тарихшы Мұхамед-Хайдар Дулатидің жазуынша, бұл тарихи оқиға 1456 жылы орын алған екен. Ал содан бергі аралықта тарихымызды зерделеп жүрген біраз ғалымдарымыздың дәлелдеуінше, Қазақ хандығы 1465-70 жылдар аралығында құрылған көрінеді. Қалай болғанда да, ХV-ғасырдың орта шені екені дау тудырмас. Керей, Жәнібек сұлтандардың соңынан алғаш еріп келгендердің саны 200 мыңдай болған деседі дерек көздері. Бірақ аз жыл ішінде

Қазақ хандығы мемлекет ретінде тез қуаттанып, халық саны қүрт өскен екен. Нәтижесінде керегесі кеңейе түскен. Бір сәт, бұдан 555 жылдай бұрын осынау туған мекенімде орын алған оқиғаларды көз алдыма ойша елестететіндеймін. «Егеулі найза қолға алып, еңку, еңку жер шалған» жауынгерлері содан былайғы жерде, бұрынғы Көк ордаға қараған аймақтарды Қазақ хандығы құрамына толық қайтарып алмаққа жанталасқан. Ал, қарапайым халық бір дән ексең, Алланың нәсіп етуімен, жүз дән боп қайта шығатын құйқалы жерге егін салып, малын баққан екен. Сәулеткерлер де қалысқан емес. Небір көркем қалалар тұрғызуға білек сыбана кірісіп кеткен көрінеді. Қол өнер шеберлері болса, осынау өңірдің саз балшығынан ыдыстар жасап, металдарынан әшекей бұйымдар соғып, тыным таппаса керек... Біздің бұл сөздеріміз бос қиялдың жемісі емес. Там-тұмдап болса да, сонау ғасырлар қойнауынан бүгінгі күнге жеткен нақты тарихи деректер сипаттамасы. Қызық болғанда, біз бұл деректердің заттай кейбір айғақтарымен бала кезімізден жиі ұшырасып өстік. «Қалай?» дейсіз ғой. Менің кіндік қаным тамған Күшаман ауылынан сәл ұзай түссеңіз, қалың сексеуілді орман ішінде Үлкен Ақтөбе деген төбе бүгін де бар. Тек бар айырмашылығы менің ойын баласы кезімде төбенің үсті де, айналасы да қыш құмыралар мен басқа да ыдыстар сынығына толы болатын. Ерінбеген кісі оларды қоржынына сала кетіп, ауылдағы тұлымшағы желпілдеген қыздарға ойыншық есебінде таратып кете беретін. «Үй» ойнаған кезімізде сондай құмыра сынықтарын біз де «үйімізге» жинап

қойып, «менің ыдысым сенікінен көбірек» деп мақтанушы едік. Осылайша, бабаларымыздың алақан жылуы сіңген жәдігерлерді ойын баласы кезімізде-ақ қолымызға тұтып жүрдік. Бірақ оның шынайы тарихи мәнін білмеппіз. «Е-е-е, бір қала ма, елді мекен бе болған деседі...» – деумен ғана шектелісетін үлкендер жағы. Себебі, советтік мектептерде: «Қазақ жерінде қалалар, мәдениет ошақтары болмаған. Босып жүрген көшпенділерді Ресей патшалығы ел етіп ұйыстырды», – деп оқытатын. Соған иланатынбыз. Оны айтасыз, тіпті біздің туған өлкемізге 1948 жылы қазақтың ғұлама ғалымы Әлкей Марғұлан бастаған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының келіп, біраз тарихи қалалар мен қорған, бекіністердің сырын зерттеп кеткені жөнінде де жалпы қарапайым халық біле бермейтін. Себебі, оның да жұмысы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жалпы жұртшылыққа кеңінен таныстырылмады. Тек, шектеулі аудиториялар ғана қол жеткізе алатын ғылыми басылымдарда там-тұмдап болса да жарық көрген екен. Тек жылы Қ. Байбосынов деген азаматтың басқаруындағы Жамбыл облыстық Тарихи-өлкетану мұражайының арнайы экспедициясы мен жылы ғалым М.Елеуовтың басқаруындағы Қазақ мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы сол тарихи қалашықтарды қайта аралап, зерттеулер жүргізе бастағанда ғана ел едәуір елеңдесіп қалған болатын. Бірақ тарихымызға қатысты толық сөз айтылмады, айтқызбады! Тек тәуелсіздігімізге қолымыз жеткеннен кейін ғана тарихшыларымыз

кең тыныс алғандай болып, Шындық шіркінге қайрыла бастағаны есте. Солардың бірі – тарих ғылымдарының докторы Мадияр Елеуовтың «Ескерусіз қалған ескерткіштер» атты еңбегі. Бұл еңбекте там-тұмдап болса да Мойынқұм төсіндегі тарихи елді мекендер де тілге тиек болған екен. Менің туған өлкемде бұдан алты ғасырға жуық уақыт бұрын алғашқы Қазақ мемлекетінің ірге тепкенін бүгіндері дербес мемлекет, егеменді ел болуымыздың арқасында ғана мақтанышпен айта алып отырмыз. Ал бұдан 25 жыл бұрын мұндай пікірімізді білдіру мүмкін емес еді ғой?! Айтсақ та, жақауратып, емеурінмен ғана білдіре алдық. Мына «қызықты» қараңыз. Марғұлан экспедициясы аралаған сол 1948 жылы, тіпті бертінгі алпысыншы, жетпісінші жылдарда да Шу өзенінің қос қапталында ықылым заманалардан сыр тарқататын небір қалашықтар мен мазарлардың, бекіністердің тым болмаса мүжілген қабырғалары яғни архитектуралық нақты айғақтары бар еді. Зерттеймін деген кісіге бұлар таптырмас тарихи дәлелдер болатын. Өкініштісі, идеологиялық шідер советтік қазақ ғалымдарының адымдарын аштырмады. Сол Әлекең бастаған ұлтжанды тұлғалардың өзі сонау жетінші, сегізінші ғасырлар қойнауынан ХІХ-ғасырға сұлыбасы жеткен тарихи жәдігерлердің кейбірін суретке түсіріп, оларды ғылыми пікірлері жазылған өз рефераттарымен бірге мұрағаттарына қаттап қойғаннан әріге аса алмады. Сол бір тарихи жәдігерлердің төбесіне тым болмаса, бастырма іспеттес ықтасын орнатып, жауын-шашын, жел-құздан оны сақтап қалуға

ұмтылыс қоғамда болмады. Себебі, совет халқы «бесжылдықтардың балғасын» солқылдатып соғумен әлек еді. Тіпті ең басты себеп, қызыл Кремльдің: «Қазақ сияқты «бұратана халықтың» мақтанарлықтай өркениеті, үлгі тұтарлықтай отырықшылық мәдениеті болмаған», – деген сайқымазақ «саясатының» шындық пікірге жол бергісі келмегендігінде болатын. Ал бүгінгі күні болса, аталған тарихи жәдігерлердің орнында үйілген топырақтар ғана жатыр. Екінші сөзбен айтқанда, заманалар сырына айғақ боларлық дүниелер соңғы қырықелу жылда біртіндеп құмға айналып үлгерген. Өкінішті! Келер ұрпақ өкілдері бабаларымыздан қалған жәдігерлерді, осынау ежелгі қалалар мен тарихи ескерткіштер сырын зерделемек болса, әй, қайдам-ау, тарихи ақиқаттарға тиісінше қол жеткізе қоюлары қиынға соғатын шығар. Жоғарыда баяндалған археологиялық экспедициялардың анықтап, бағалауынша, Мойынқұм жеріндегі тарихи жәдігерлердің көпшілігінің өмірге келген кезі сегізінші, тоғызыншы ғасырларға, тіпті кейбірі жетінші ғасырға барып тіреледі екен. «Сол замандарда аталған аймақтарды Үйсін, Сақ, тағы да басқа мемлекеттердің құрамына енген тайпалар мекендеген», деседі дерек көздері. Демек, Орыс ханның ұрпақтары Керей және Жәнібек сұлтандар өз соңдарынан 200 мыңнан аса халқын ертіп шыққан кезде, әйтеуір бір бос жатқан жерге келіп қоныстана салмаған екен. «Қазақтың дербес хандығы құрылып, біз соның құрамына енсек қой, шіркін!» – деп армандаумен ғұмыр кешкен, жекелеген алаш тайпаларының

жеріне келіп табан тіреді, орнықты. Демек, бұл жердегі тарихи жалғастық өзінің мығымдығымен таң қалдырады. Бұдан келіп шығатын қорытынды: Мойынқұм, Шу, Қордай аудандары алқабындағы яғни Шу өзенінің қос қапталындағы тарихи қалалардың әрқайсысының бірнеше қабатты, сандаған ғасырлық айғақтардан тұратындығы. Түрлі шапқыншылықтар мен толып жатқан табиғи апаттар салдарынан қирап кеткен қалалардың үсітіне келесілері салына берген. Жоғарыда сөз болған, туған ауылым – Күшаманның түбіндегі Үлкен Ақтөбе қалашығының жұртына барған сайын қайран қаламын. Неге дейсіз ғой?! Себебі, сексеуілді теп-тегіс құмды алқаптың ортасында ақшылдау топырақтан үйіп жасағандай болып, алып төбе тұр. Үстіне бірнеше жүк машинасы қатар сия береді. Мұндай төбені бүгінгі қуатты техникалар заманында, біраз айлар ішінде үйе салу қиынға түспесі анық. «Ал, сонау ықылым заманаларда, айдалада мұндай ғажайып әлем қалай пайда болған!?», – десеңізші. Төбенің орта тұсынан төмен қарай, тереңдете қазылған төртбұрыштылау шұңқыр бар. Ол сірә, әлгі зерттеу экспедициялары жұмыстарының жұрты болса керек. Себебі, біздің бала кезімізде сол шұңқырға түскендер оның түрлі тереңдіктегі қабаттарынан да ыдыстар сынығының шыға беретінін айтысатын. Ал ғалымдар ұсынған деректерге сүйенер болсақ, Қаланы қоршаған бекініс-дуал құрылысы бес кезеңге бөлінген екен. Ол сондай-ақ, сегіз мұнаралы болған. Алғашқы деректерді қалдырған зерттеушілердің айтуынша,

қаланың терең қыртыстарынан түргеш металл ақшалары, қыш бұйымдар табылған. Демек, кең де терең түрде зерттелуін күтіп, көп қабатты мәдениеттер жатыр оның астында. Осыған ұқсас көріністер – Мойынқұм төсінде орналасқан басқа Ақтөбелерге: яғни Аяқ Ақтөбе, Бала Ақтөбе, Орта Ақтөбе қалаларының жұрттарына да тән құбылыс. Бұлардың бәрі де кемінде үш-төрт археологиялық анықтаусараптаулардан өткен. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін, жылы Қазақстан Ғылым академиясы жанындағы Археология институтының экспедициясы да алғашқы Қазақ хандығы қоныстанған осынау мекендерді аралап, тиісті зерттеулер жүргізген екен. Бұл құмды өлкеде аталған Ақтөбелермен қатарлас басқа да бірнеше қалалар болған. Мысалы, қазіргі Бірлік ауылына жақын маңдағы төрткүл пішініндегі қалашық, тарихшылардың анықтамасына қарағанда, сегізінші ғасырда салынған екен. Күшаман ауылы маңындағы Тыңқұдық қалашығы оныншы ғасырда ірге тепсе керек. Айта берсе, мұндай қалашықтаредәуір. Сөз ұзармас үшін оларды тек санамалап өткенді жөн көріп отырмыз. Олар – Гүлшара, Шеңгелді, Қойшыман, Тастөбе, Жүндітөбе, Ыстөбе, Ошантөбе атты шағын қалалар. Бұл жәдігерлер Шу өзенін бойлай орналасып, өз заманында жас Қазақ хандығына әлеуметтік, экономикалық және рухани тұрғыда тірек болған. Кіші Қамқалыдағы Шар қалашығы сияқты елді мекендер де Қазақ хандығы құрамына енген болуы мүмкін.

Ал, тарих ғылымының докторы, профессор
Мәмбет аға Қойгелді:

– Тұңғыш Қазақ хандығы Шу өзенінің орта

және төменгі сағасын ала орналасқан еді. Орта
сағасы – қазіргі Қордай ауданы, төменгі сағасы-
қазіргі Шу, Мойынқұм аудандары. Сондай-ақ,
тарихта Аңырақай шайқасы деген атпен белгілі

болған оқиға да едәуір жерді қамтыған еді.
Жауынгер бабаларымыз тар жерге тығылып
алып шайқаспаған ғой. Ол аймақ шамамен
Қордай

жеріндегі
Аңырақай
тауларынан
басталып

Мойынқұмдағы
сонау
Хантауына
дейін жалғасады. Қазақ ғалымдарымен қатар

аталған тақырыпты жете зерттеген тарихшы
Ерофееваның «Анрахайская битва» деген еңбегі
бар. Сонда осы жерлер атап-атап көрсетілген.
Қазақтың өзге де жерлері сияқты бұл аймақтар да

талай тарихи оқиғаларға куә боп келеді, – деген
еді.
Қалалармен
қатар

Мойынқұм
даласында
тас дуалдар да едәуір ұшырасатын. Кейбірі
күйдірілген кірпіштен шахмат тақтасы іспетті

етіп, кереге көз тәсілімен қаланғаны әлі көз
алдымызда. Біраз жерлері құлап жатқан сол
бір жәдігерлердің тарихи құндылықтар екенін,
өкінішке қарай, екінің бірі біле бермейтін. Көбінесе

жалпақ тастардан қаланған ол дуалдар кезіндегі
қорғаныс-бекіністердің жұрты болуы да ықтимал.
Білмекке ұмтылғандар үшін айтар болсақ, өлкені
1980 жылы аралаған облыстық Тарихи өлкетану

музейі
қызметкерлері
Қаражартас
өзенінің

оң жағалауындағы үш тас дуалдың сырларын
анықтаған екен. Экспедициялар көзінен қағаберіс

қалған мұндай дуалдар Хантауының ішкері жағындағы жайлауларда да кезігетін. Осы айтылғандарға қоса, Хантауының ішкі сілемдеріндегі кейбір биік тау бастарында қарауыл мұнаралары кездесуші еді. Жалпақ тастардан шебер түрде қиыстырылған олар жаугершілік замандардағы әскери қарауылдардың бақылау істеріне таптырмас құрал болғаны ақиқат. Себебі, олар тым биік етіп тұрғызылған екен. Қариялар айтатын: жау келе жатқанын сезген қарауылсарбаз мұнара басына үйілген отынға дереу от қояды. Оны көрісімен келесі мұнаралар да дәл осы тәсілмен «жау келе жатыр» деген хабарды басштабқа лезде жеткізеді екен. Сөйтіп әскерилер қапыда қалмастан, жау қолын сақадай-сай күйінде «қарсы алатын» болған. Дей тұрғанмен, «Тұтас алаш жұртының рухани құндылықтары, әргі-бергі тарихымыздың заттай айғақтарындай болған, бүгіндері жермен-жексен боп кеткен тарихи қалалар тағдырына қабырғасы қайысар жанашырлар табылар ма?! Табылса, қашан?», – деген сауалдар шешімдерін таппаған күйі көкейімізде тербелуде. Мұндай іргелі істерді жүзеге асыру үшін, әлбетте, мемлекет деңгейінде қабылданар кешенді бағдарламалар қажет. Тіпті орындалуы ұзаққа созылатын ондай іс-шаралардың нәтижелерін күтіп отырмастан, мәселенің басқа да шешімдерін қарастырған жөн сияқты. Атап айтқанда, бүгінгі таңда Мойынқұм өңірінде бірнеше өндіріс орындары жұмыс істеуде. Олардың акцияларына иелік хұқына отандық компаниялармен қатар шетелдік компаниялар

да қол жеткізген екен. Өндірісті жүргізушілердің
жерді пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны,
тағысын-тағы... үшін жергілікті билікке заңды
түрде төлеуі тиіс төлемақылары болуы керек.

Жанашыр жандар осындай тиесілі қаржыны әлгі
өндірісшілерден талап етіп, оған қол жеткізген
жағдайда оны шашау шығармастан (жай-күйлері
жоғарыда баяндалған) тарихи жәдігерлерімізді

біршама қалпына келтіру және оларды тарихи
тұрғыдан зерттеу істеріне бағыттай білсе ғой,
шіркін! Ондай жағдайда, әрине, әлгіндей қаржыны
бөлгендер де, оны ретімен осынау рухани істерге

жұмсағандар да шексіз сауаптар жинар еді.
Дегенмен, келер күндерге үмітпен қарайық...

«ЖАРТАСҚА БАРДЫМ...,

ОДАНДА ШЫҚТЫ ЖАҢҒЫРЫҚ»

Мойынқұм төсінде жоғарыдағы жәдігерлермен
қатар, арнайы күтімді қажет етпейтін, жауын-
шашын, жел-құзға төтеп бере алатын тарихи
ескерткіштер тізбегі бар. Ол – жартастағы

бейнелер.
Мысалы,
археолог
ғалымдардың

дәлелдеуінше, Жамбыл тауы етегінде, шамамен
екі километрдей аралыққа созылып жатқан,
тастарға қашалып салынған суреттер бізге қола
дәуірінен рухани хабаршы боп жеткен екен. Алып

тастардың тегістеу беттеріне бұғылар мен тау
ешкілері, сондай-ақ сол кездегі тұрғындардың мал
шаруашылығымен айналысқанынан хабар бере-
тін үй жануарлары бейнеленген екен. Тіпті сурет

авторлары шығарма композициясын күрделендіре

келіп, бір жартасқа қос ат жегілген арбаны бейнелеген. Ал Шеңгелді аңғарына апаратын жолдағы жартастарға жүзден астам адам, түйе, арқар, ит бейнелері шеку арқылы салынған екен. Сондай-ақ, тасқа басылған бейнелердің келесі тізбегі Қотыр аңғарынан табылған болатын. Бір қызығы бұл жерде 30-дан аса шекіліп салынған бейнелермен қатар контурлы бейнелер де қатар кездесетін боп шықты. Жамбыл облыстық өлкетану мұражайы қызметкерлері тастағы бұл суреттердің сырын 1980 жылғы арнайы зерттеу сапарларында анықтаған екен. Ал, археолог ғалымдар В. И. Волобуев пен Э. С. Кичмандар 1968 жылғы зерттеу сапарлары барысында тасқа шекіліп салынған бірнеше композициялы суреттер тобын анықтаған. Ол композициялар құрамында тау ешкілері тізбегі, садақ және лағын ерткен ешкі бейнеленген. Жиынтығында алпысқа жуық бейнені қамтыған осы суреттердің кейбірі майда шеку, ал бірсыпырасы ірі шекулер арқылы тасқа түскен екен. Әзірге археологтар осынау жәдігер ескерткіштерді бірауыздан «қола дәуірдің туындылары» деп жариялап отыр. Тастағы таңбалардың тарихи қыр-сырын, айтпақ ойын егжей-тегжейлі саралау ісі зерттеуші мамандардың табанды еңбегіне, тізгін ұстағандардың қомақты қаржыларына тікелей байланысты. «Мойынқұм жерінде Менделеев кестесінде көрсетілген химиялық элементтердің барлығы да кездеседі» деп мақтан тұтады жергілікті азаматтар. Сол элементтердің бірлі-жарымы болса да ықылым заманалардан-ақ аймақ тұрғындарына

белгілі болған екен. Мысалы біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтарда осы құмды бірнеше мыс қорыту бекеттері жұмыс істеген көрінеді. Солардың бірі, Үшбалық мысқорыту бекетінде ежелгі алты бірдей кен орыны болған екен. Сонымен қатар Солтүстік Тоқабай, Кіші Шақшағайлы, Орта Шақшағайлы мыс қорыту бекеттерінің тарихы да біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтарға барып тіреледі. Демек, маң даланың қойны-қоншына тыққан сырларыәлі де едәуір-ақ. Алла бұйыртса, тәуелсіздігіміздің алдағы сандаған онжылдықтарында тарихи жәдігерлеріміз бен рухани құндылықтарымыз одан әрі түгенделе түсер, сөйтіп осынау «мойыннан келетін» құм арасындағы ежелгі шаһарлар жұртына әлемнің әр түкпірінен жиналатын саяхатшы-туристерді еркін қыдырта алармыз-ау деген үміттеміз.

Қыркүйек, 2011-жыл.

«АЛАТАУ ТҰРҒАНДА

АЛМАТЫ ӘСТЕ

АЛАСАРМАЙДЫ»

(орайы келген әңгіме)
Бүгінгі
қонағымыз-жазушы,
журналист

Нұрлытай Үшбайқызы Үркімбай, 1977-91- жылдары
республикалық «Лениншіл жас» газетінде жұмыс
істеп, 1991-95-жылдары «Парасат» журналы бас
редакторының бірінші орынбасары, 1995-2010 жыл­

дары халықаралық «Азаттық» радиосының тілшісі
қызметтерін атқарған.
Тілші: Нұрлытай апай, өткен жылдың қыркүйек
айында отбасыңызбен түгел туған жерімізге көшіп

келген кездеріңізде «Көш көлікті болсын» деген
тілегімізді айтқанбыз. Сол кезде «туған жеріңізге
қош келіпсіз!» деп, өзіңізбен сұхбаттасуды жөн
көрген едік. Алайда, көші-қон үдерісінен өзіңіздің

әбден титықтай шаршағаныңызды айтып, бірер
айдың көлемінде жайласып болғаннан кейін,
көңіліңізді бір демдеп, сұхбат беруге уәде еткен
едіңіз.

Н.Үркімбай: Иә, оның рас. «Кедей болсаң-
көшіп көр» деп, атам қазақ айтпақшы, көші-
қон дегеніңіз, әсіресе отанасына, әйел баласына
керемет жүк екен. Басқа да басылымдардан

сұхбат сұраушылар болды. Бірақ, сол кездері неге
екенін білмеймін, көңіл хошым болмады. Сөйтсем...

Тілші: Иә, сөйтсеңіз, отбасыңызды алда үлкен
бір сынақ күтіп тұрған екен. Өмірден отағаңыз,
«Алматы Ақшамының» бұрынғы қызметкері, жан
жарыңыз Қалдар аға Оспан өтіп кетті. Сол қараша

айында-ақ «Ақшамның» бір топ қызметкерлері
шаңырақтарыңызға
барып,
арнайы

Құран
оқып шыққанбыз. Енді бүгін, осы мүмкіндікті
пайдаланып, барша «Ақшамдықтардың» және
қалың

оқырмындарымыздың
атынан
сіздер-
ге тағы да «қаза қайырлы болсын» айтып,

Қалекеңнің «алды-пейіш, арты-кеніш болсын»
деген тілегімізді тағы да білдіргіміз келіп отыр.
Н.Үркімбай: Рахмет! Айтқандарыңыз келсін!
Алладан шексіз сабыр сұраудамын. Алла өте кең

ғой!
Тілші: Иншалла, тілегіңізді берсін. Нұрлытай
апай, «Парасат» журналында қызметте болған
жылдарыңызда Ислам тақырыбына арналған

мақалаларды едәуір аударған едіңіз. Содан көп
ұзамай,
халықаралық
«Азаттық»

радиосына
жұмысқа ауысып кеттіңіз. «Ә» дегеннен әңгімеміз
имандылық хақында басталып кетті ғой. Өзіңіз
айтқандай, осының өзінде Алланың құдыреті яғни

белгісі жатқан жоқ па?
Н.Үркімбай: Осы сауал төңірегінде өзім де
жиі ойланам. «Парасатта» қызметте болғанымда
ешкім маған «Осы тақырыптағы мақалаларды

аудар», деп нұсқау берген емес. Себебі, Алланың
бұйыртуымен, міндетім журналдың мазмұны
жағын қадағалау болатын. 1995-жылы журналда:
«Ислам-өмір мұраты» деген және Алланың бірлігін

ұлықтайтын
бірнеше
аударма-мақалаларым
жарияланған еді. Авторлары – Ислам тарихында

сандаған мың томдар арналған осынау терең
ұғымдардың
сырына
оқырманын

байыпты
біліктілікпен жетелеуге ұмтылған екен. Тереңірек
білгісі келген кісіге Тауһид жөніндегі білім – ұшан-
теңіз. Алладан жәрдем сұрай отырып, қысқаша

айтар болсақ: Алла тағала- мынау шексіз ғаламды
жаратып және оны ғажайып үйлесімділікпен
Басқарушы, Үстемдік етуші, сондай-ақ аса көркем
есімдерге ие құдыретті Күш деп танып қана

қоймай, ең бастысы сиынуға және көмек сұрауға
лайық жалғыз Құдірет, біздің қамқор Иеміз! –
деп қабылдау бар бақыттың бастауы екен. Әлгі
мақалалар осы жағдаяттарды егжей-тегжейлі

түрде түсіндіруді мақсат тұтқан.
Шынын айтсам, содан былай көңіл-күйім өз-
өзінен көтеріліп, жолым ашыла түскендей болды.
Іле-шала «Азаттық» радиосына іріктеу үдерісі

басталған еді. Радионың басшылары арнайы келіп
жүргізген ол сынақтарға, естуімше, шамамен
жетпістен аса талапкер қатысқан екен. Озып
шыққан жетеудің ішінде мен болдым. Сол кезде-

ақ бұл нәтижеге «өз білгіштігіммен» жетпегенімді
түсіндім, әрине. Мұның бәрі Алланың маған
жасаған Рахымы, төккен Мейірімі еді. Сол кезде
де, қазір де мына нәрсені анық білемін: егер

менің болмысымда түйірдей бір жақсылық болса,
ол – сөзсіз аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алла
тағаланың маған жасаған сыйы.
Әрине, кәсіби жағынан келер болсақ, жылдар

белестерінде қызмет атқарған жұмыс орындарым,
бірге еңбек еткен талантты әріптестерім мен
іскер басшыларым, жазу ісінде менің шыңдала
түсуіме өзіндік себепкерлер болды. Алайда, оның

өзі де – бір Алланың бұйрығымен жүзеге асқан жайттар. Ал ілім-білімімнің жартыкеш соғуы мен қателіктерімнің болуы – тікелей өзімнің кемшіліктерім. Бұл айтып отырғаным-шын сырым! Жаратушымыз Өзінің аса Кеңдігімен күнәларымыз бен кінәларымызды кешіріп, кемшіліктерімізді толықтастырғай, деп тілеймін. Жаратушы Иемнің мендей қарапайым құлына берген осыншама нығметтеріне әрдайым шексіз шүкірлік етемін. Жомарт Жаратушының пенделеріне берген нығметтерін санап шығу мүмкін емес қой. Қараңызшы, төбеміздегі мынау көгілдір аспан... Ол тек сұлу көрініс үшін жаратылмаған! Аспан қабаттары жер жарықтықты басқа жаратылыс әлемдерінен келуі мүмкін зиянды заттардан, әрекеттерден қорғап тұр... Ал, жұмыр жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлар әлемі миллиондаған түрге бөлінеді. Және солардың барлығы да адамның қажеті үшін жаралған. Біз осынау нығметтер төркінін тани білсек қой, шіркін! Тіпті Алланың жіберген небір сынақтарына да шексіз ризамын. Себебі, бір қараған жанға қиындық боп көрінетін сол жағдаяттардың өзінде, тиісінше сабыр ете білген жанға, Алла тағаланың сол пендеге деген ерекше Қамқорлығы жатыр. Тілші: «Ә» дегеннен жүрегіңіздің түбіне сыр жасырмай, ақтарыла әңгіме бастағаныңызға қуанып отырмын, апай! «Азаттық» радиосында 15 жылдай жұмыс істеп келдіңіз. Қазір қандай тақырыптарға қалам тербеп жүрсіз? Н.Үркімбай: Дәлірек айтқанда, «Азаттық» радиосының Прагадағы бас пәтерінде он төрт

жарым жылдай жұмыс істедім. Қыркүйектен
бері
Алматыдағы
бюромызда

жұмысымды
жалғастырудамын. Қамтитын тақырыптарым-
еліміздегі әдебиет, мәдениет, өнер салаларының
жай-күйі.

Тілші: Жазғы демалысыңызға келген бір жолы,
өзара әңгіме тұсында: «Азаттық» жұмыс орыным
ғана емес, небір ілімдерге қолымды жеткізген
университетім де», деген едіңіз. Осы пікіріңізді

аша түссеңіз...
Н.Үркімбай:
Оның
рас,

Нұржамал,
егер
бір ғана компьютер саласын алар болсақ, өз
басым Азаттықтың Прагадағы штаб-пәтерінде

қызметіме кіріскенде ғана алғаш рет онымен
жұмыс істей бастаған болатынмын. Іс барысында
қолымызға қаламсапты өте сирек ұстаймыз, десем
де болады. Себебі, негізгі ақпараттарды ғаламтор,

яғни интернет арқылы аламыз, мақаламызды
компьютерде жазып, оны компьютерде дыбыстап,
өңдеп, әуеге компютер арқылы шығарамыз. Веб
парақшамыз екібастан ғаламтор арқылы жүзеге

асады дегендей.
Байқап отырсам, осы 15 жылға жуық уақыт
ішінде «Азаттық» қабырғасында, жаңылмасам, он
шақты компьютерлік күрделі бағдарламаларды

үйреніп, игеріп, жұмысқа қолдандық. Мысалы,
жаңа бағдарламаға байланысты дәріске, редакция
ішінде бекітілген кесте бойынша, кеше-бүгін
қатыстыңыз дейік. Ертең жұмысқа келгеніңізде,

бүгінгі үйренгендеріңізді бірден радио бағдар-
ламасын әзірлеу үдерісіне пайдалануға тиістісіз.
Ырғалып жүруге уақыт жоқ. Алғаш мұндай екпін
мүмкін еместей көрінген еді. Сөйтсек, «Көз-қорқақ,

қол-батыр» екен ғой! Әрі абстрактілі іліміңізді нақты іске бірден жалғап жіберсеңіз, тәжірибе өзөзінен тез қалыптасатын көрінеді. Осы орайда әріптестерімнің мынандай жетістіктерін айта кеткім келеді. Мысалы, жаңағыдай соны бағдарламаны оқып, үйреніп, жұмыс үдерісіне қосуға екі аптадай уақыт берілсе, қазақ бөлімі оны 3-4-ақ күннің ішінде игереді. Яғни әрбір істеріне шығармашылық жауапкершілікпен қарайды. Тілші: Айтпақшы, білуімше сіз ағылшын тілін 40 жасыңыздан бастап үйрене бастадыңыз ғой. Жас ұлғайғанда қиын тимей ме екен? Н.Үркімбай: Жас кезде алған білімге не жетсін, шіркін! Дегенмен, білім алам деген кісіге жастың оншалықты кедергісі болмайтын көрінеді. Ағылшынша бұлбұлдай сайрап тұрмын деп айта алмаймын. Дегенмен, Алланың қалауымен, ағылшын тілі араласқан жерден нанымды тауып жеуіме, маған «Азаттықтағы» дәрістер арқылы, Алла Өз жәрдемін беріп қойды ғой деймін. Осы жерден үлкен бір сауал туындайды, Нұржамал! Сауал болғанда, менің жан дүниемді айрықша күйзеліске түсіріп, жүрегімді жаралайтын сауал... Ол – туған топырағымыздағы Ана тіліміздің халі! Қалада өсіп, орыс мектебінде оқығандарды «шалақазақтар» деп ат қойып, айдар тағып, жайына қалдырдық. Бір қынжылтарлық жағдай, қазір тіпті мемлекеттік деңгейдегі небір заңнамаларымыздың да солардың мүддесін көздей, бүйрегі бұрыңқырай қабылданатыны құпия емес. Бір қызығы, соңғы жылдары орысша

мандыртып сөйлей алмаса да, қоймай-қомай,
тілін шайнап «орысшалап» тұратын, ауылдан
кеше ғана келген жастар тобы пайда болды.
«Шала орысшамызды былдырлай берсек, көзді

ашып-жұмғанша қалалық «зиялылар» қатарына
қосылармыз», – деп ойлайды ғой деймін, ол
шіркіндер?! Бұларға қоса «шалақазақтардың»
мынандай да тобы бар екендігі аян. Ауыл

мектебін бітіріп келіп, университеттен кейін
Алматыға жұмысқа қалып, ұзақ жылдарғы
қызметі барысында, кезінде қанына ана сүтімен
сіңген, қазақшасын «ұмытып қалған» базбір

зиялыларымыз тағы бар. Қысқасын айтқанда
қазақша білмеймін дейтіндердің «категориясы»
осындай ала-құла топтармен «молыға түсуде».
Біз Еуропаға көшкенде осылардың алғашқы тобы

ғана бар еді.
Екі қазақтың бір-бірімен орысша сөйлесіп
тұрғанын;
ылғи

қазақ
қатысып
отырған
жиындардың

орысша
жүргізіліп
жатқанын
көргенде төбе шашым тік тұрады. Қайтып

оралғанымызға бір жылдан асты, осы жағдайға еш
көндіге алар емеспін. Мысалы, 15 жылда екі чехтың
бір-бірімен басқа тілде сөйлескенін көрмеппін. Тек
өз тілдерінде сөйлесетіндеріне ғана емес, олардың

бір-бірімен өте сыпайы, басыңқы үнмен пікір
алысатындарына,
бір-бірін
сыйлайтындарына

сүйсінетінбіз.
Австро-мажарлық отарлау мен көршілес неміс
тілінің әсерінен чех тілі де кезінде біраз ақсаған
екен. Тіпті жойылу алдында тұрған. Абырой

болғанда, елдің патриот перзенттері тілді қайта
жандандыруға бар ынты-шынтыларымен кірісіп,

оларды ел билігі де толық қоштаған болатын. Содан бері чех тілі гүлдене дамушы тілдердің қатарына қосылды. Нәтижесінде, бұл елге келген шетелдік іскер адамдар алғашқы қадамын бизнес саласын «жаулап алудан» емес, чех тілін меңгеруден бастайды. Үйренгіңіз келмесе, қоржыныңызды көтеріп, еліңізге қайтасыз. «Қазақ тілінің басына осындай ақжарылқаған күн қашан туар екен?» – деп армандаудамын. Құдай-ау, деймін де...тілдері келсін-келмесін орысша шүлдірлеп жүрген қазақтар: «Мен құлмын, мен құлдық санаға әбден шырматылғам, соны мақтан тұтам, мен сондай бейшарамын»,- деп жар салып тұрғандарын қалайша сезбейді десеңізші?! Үш жүз жылдай орысқа отар болған елінің еркін мемлекетке айналғанын олардың қаламағандары ма сонда?! «Қазақ тілін үйрене алмаймын, ол маған қиын» деген – бос сөз. Тіліңді сүю дегеніңіз, ол-ұлтыңды, Отаныңды сүю дегенді білдіреді. «Мен туған тілімді менсінбеймін. Бірақ елімді, Отанымды сүйетін патриотпын!» – деу – барып тұрған екіжүзділік. Шариғатымызда «Отанды сүю-иманнан!» – деген тұжырым бар. Себебі, иман аз жерде басқа ардақты қасиеттер адам болмысында тұрақтап тұра алмайды. Одан арғысы қадірменді оқырманға өз-өзінен түсінікті-ау деймін. Алысқа бармай-ақ көршілес Орта Азия елдерін алар болсақ, олардың бірде-бірінде ана тілдері біздегідей басынан тебіліп, босағаға сүйретіліп тасталған жоқ. Кейінгі жастарды біз жалаң сөзімізбен емес, нақты ісімізбен тәрбиелеуіміз керек. Сақалды басымен орысша шүлдірлеп тұрған

ата немересіне қандай тәлім беріп, мандыртар дейсіз?!... Тілші: Расында тіл мәселесі – қоғамымыздағы дертті проблемалардың бірі. Өзіңіз айтқандай, бұған кешенді түрде қараған жөн болар. Әңгіме барысында тәрбие мәселесі жайлы да айтып қалдыңыз ғой. Осы бір жылдан астам уақыт ішінде еліміздегі білім беру, тәрбие саласында нендей жайыттарды байқадыңыз? Шетелмен салыстырғанда қандай «әттеген-ай»-ларды аңғардыңыз? Н.Үркімбай: Бұл-өте ауқымды сауал. Журналис ретінде аталған саланы зерттеп көрген жоқпын. Алайда, қатардағы ата-ана ретінде мектеп оқулықтары жайына тоқталып өткенді жөн көріп отырмын. Аллаға шүкір, менің екі балам-қазақ мектебінің оқушылары. Сондықтан 8-10-кластарға арналған оқулықтарды мен де парақтап, оқып отырамын. Әуелгі ойым-балаларыма қолымнан келгенше көмектесу. Әрине, оқи отырып еліміздегі білім беру жүйесінің ірге тасы-осынау оқулықтар сапасын ой елегінен өткізуге тырысудамын. Өкінішке қарай, сол оқулықтар тілін өзге мамандық өкілдері тұрмақ қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша дипломым бар менің өзім әрең түсінемін. Орыс оқулықтарынан аударған тәржімашы ең әуелі сол мәтіндерді орыс тілінде өзі де жетістіріп түсінбеген-ау, деймін. Екіншіден, сөйлем ішіндегі анықталатын сөз бен оның мағынасын анықтаушы, толықтаушы сөз тіркестері әр басқа жерге шашылып кеткен. Нәтижесінде ол анықтаушы сөз тіркестері өзі жаңылыс түрде барып, кездейсоқ «көрші қонған»

келесі бір бөтен сөздің мазмұнын анықтамақ түгілі нағыз қойыртпаққа айналдырып жіберген. Әрине, тұтастай алғанда мұндай сөйлемдерді оқушы түгілі маман адамның түсінуі – неғайбіл. Пәнді түсінбеген оқушы салғырт келеді. Әрбір салғырт баланың рухани ішкі талаптарына жауапты өзге жақтардан іздейтіні белгілі. Демек, шала жазылған оқулық айналып келгенде бала біліміне ғана емес, оның тәрбиесіне де кері әсер етеді деген сөз. Еуропада тұрған кезімізде бір сіңлімді Халықаралық мектепте оқыттым. Сабақ ағылшын тілінде жүретін. Жеті жыл қазақ мектебінде оқып барғандықтан, бауырыма жаным ашып, барлық пәндер бойынша, жоғарғы класс оқулықтарын онымен бірге оқып жүрдім. Ағылшын тілінің маманы емеспін. Бірақ олардың физика кітабын да қызыға оқушы едім. Себебі, ағылшынамерикан оқу жүйелерінде оқулық жазатын авторлар арнайы жарыстардан, небір кәсіби сүзгілерден өтіп барып сондай хұқыққа ие болады. Өз мамандықтарын жетік меңгергендіктен әрі оқулық жазудағы тәжірибелері жеткілікті болғандықтан олардың айтар ойлары айқын, сөйлемдері жұп-жұмыр, келтірген қағидалары бұлтартпас дәлелдерге толы. Түрлі-түсті диаграммаларды қолданғандықтан әрбір жазған ғылыми тұжырымдары, келтірген мысалдары тайға таңба басқандай анық боп шығады. Ал бізде ше? Мамандар жоқ емес бар, тек соларды әділ сараптаудан өткізіп барып, мұндай жауапты іске жұмылдыру кемшін соғып жатқанға ұқсайды. Қазақстан оқу жүйесінде оқулық

жазатын сондай авторлардың қалай таңдалып алынатынына таңым бар. Істің мән-жайын білмекке неше жылдан бері ұмтылып келе жатқан белсенді ата-аналардың пікірінше, «бармақ басты, көз қысты» әрекеттер тоқтатылмайынша, оқулықтардың шалажансар болғаны, болған. Бұл дегеніңіз ұлттың тамырына, болашағына мықтап тұрып балта шабу ғой!... «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» дейміз. Талбесіктен кейінгі бала үшін екінші бесік осы мектеп емес пе! Дәлірек айтқанда ұстаз бен оқу құралдары екендігіне ешкім таласа қоймас! Тағы бір айта кететін жағдай-оқу бағдарламасында баланың болашағына аса қатысы шамалы пәндер жетерлік. Ол да бала санасын алаң күйге түсіреді екен. Тілші: Осы айтып отырғандарыңыз тәрбие ісінің құрамдас бір бөліктері ғой. Ал тәрбие мәселесінде ұлттық салт-сана, дәстүрлеріміздің алар орыны ерекше екендігі сөзсіз. Осыған байланысты елде нендей өзгерістерді байқадыңыз? Н.Үркімбай: Адамның ұлттық мінез-құлқын, азаматтық позициясын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын жағдаяттардың бірі-ұлттық салт-дәстүрлеріміз. Тәуелсіздіктің әкелген айтарлықтай жетістіктерінің бірі де осы сала болса керек. Шығармашылық ұйымдардан бастап жекелеген азаматтар да едәуір еңбектеніп жатқанға ұқсайды. Жетістіктерімізді санамалай берсек, қағаз шақ келмес. Ал, өсем деген жұрт бәрінен бұрын істің кемшін жақтарын түгендейді ғой. Ендеше әңгімені солай қарай бұрсақ. Келгелі бір аңғарғаным: біздің салт-

дәстүрлеріміздің басым бөлігі той-жиындарда көрініс беріп, орын алады екен. Тойлардың той емес даңғазамақтанға толы «безпардонный» концертке айналып кеткені талайды көптен бері ашындырып жүр. Біз енді осы ашу-ызадан аттап өтіп, мәселенің түп-төркініне ой жіберіп көрейікші... Әдетте, концерт тыңдағысы келген жан билет алып концерт залдарына барады. Ал, той-томалақтың жөні бір басқа. Ойдан-қырдан, айында-жылында бір жиналып, бас қосқан ағайын жүрек жарды тілегін ғана емес, «өнер адамы болмаса да» тойға шашу ретінде көңілін тербеген әнін айтып, той иелеріне жырын арнап, таланты тасығандары қолдарына домбыраны ала сап, өзара қайым айтысқа түсіп, қысқасы қолынан келгенінше, өнерімен шашу шашпаушы ма еді? «Дүрілдеген» бір тойда бірге болған, өзі арақ ішпейтін, шылым шекпейтін замандасымыздың бірі келесі күні басын көтере алмай, ауырып, жатып қалғанын айтты. «Даңғаза концерт пен барынша ашық микрофонға барқырай сөйлеген асабалар мені ауыртты», дейді досымыз. Осы сәт ойымызға той туралы жетпісінші жылдары әжелеріміздің айтқан әңгімелері оралды. – Сәбет үкіметі келгелі талай қиындықты бастан өткердік қой. Небір нашар күндерімізде де рухымызды түсіріп көрмеппіз. Соғыстан кейінгі жылдары матадан тігілген дастарқанымыздың үстіне бір табақ қуырылған бидайды шашып жіберіп, қара суды сораптай отырып-ақ, бүкіл ауыл болып, тойды қыздырушы едік.

Суырып салатын ақындар айтысқа түседі. Одан
мақұрымдары екеуара, үшеуара жұптасып ән
шырқайтын. Жан сарайымыз ашылып, құрыс-
тырысымыз жазылып, үйге көңіліміз көтеріліп

тарасушы
едік.
Келесі
күні

еңбекке
одан
сайын құлшына кірісетінбіз. Кәзіргінің тойы
шалажансар бірдеңе ғой. Не ән айтып, не әңгіме

айтып жарытпайды, – деді сол кездері алпысты
алқымдаған апаларымыздың бірі.

– Ә-ә, сендердің не білгендерің бар, төңкеріске

дейінгі ауыл тойлары одан да керемет еді ғой, –
деген еді төрде отырған, тоқсаннан асқан Толай
деген әжеміз.- Ат шабыс, түйе жарыс, бәйге, күрес
деп, тойға жиналғандар мәре-сәре боп жатушы

еді, түге. Балалардың ойын базары-өз алдына бір
төбе. Тойды тойдай етіп өткізуге атсалыспайтын
бірде-бір кісі қалмайтын. Беу дүние-ай, десеңші!

– деді ол кісі күрсіне.

Қазір ой жіберіп қарасам, әжелеріміз сынға ал-
ған, өткен ғасырдың сол жетпісінші жылдарында-
ғы тойлардың өзі қызықты болған екен-де. Бүгінгі
күні сол тойлардың шенейіне жете алмай қалдық

қой. Аға-жеңгеміздің достары кезектесіп, апамның
тілімен айтқанда, «бешр» жасайтын. Кезек біздің
үйге келгенде дастарқан әзірлесіп жүріп, шет
жағасын байқап қалатын едік. Ол кісілер көбінесе

«теңге салмақ», «көрші-көрші» сияқты толып
жатқан ұлттық ойындарды ұйымдастыратын.
Ойын барысында жеңілген адам өз айыбын
өнерімен өтеуі тиіс. Ән сала ма, би билей ме – өз

еркі. Сөйтсек, ойынның, демек тұтас отырыстың
мақсаты тойға келгендердің өнер көздерін, қабілет
бұлақтарын ашу екен ғой! Әртүрлі дәуірлерде

өткен, әлгі қос әжеміз сипаттаған тойлардың да, біз куә болған басқосулардың да көздеген мақсаттары-қонақтарының рухын көтеріп, талант көздерін ашып, сол арқылы оларды бір-біріне бауырластыра түсу болған-ды! Ал, қазіргі даңғаза «концерт-тойлардан» рухы қарабайырланып, шаршап қайтатын замандастарымызды, демек өзімізді аяғаннан басқа шараң қалмайды екен. Себебі, олар той салтанатына өзіндік жүрек жылуын, өнер өрнегін қоса алмастан, бар болғаны «пассивный» қонақ дәрежесіндегі мәжбүрлі көрермен рөлін ойнап, үйлеріне қайтады. Ал базбіреулері, дәл сол кеште келесі бір сондай даңғаза тойға кетіп бара жатады. Былайша айтқанда, концерт-тойлар, сырттай қарағанда қызықты боп көрінгенімен, шынтуайтына келгенде мынау жалған өмірге байқұс халықты құл етудің, рухани тобырға айналдырудың ең «тиімді тәсілі» боп кеткендей. Міне сізге – ұлттық салт-дәстүрлердің көрініс беретін жері, міне сізгеұлттық рухты шыңдайтын «алқалы жиын» үлгісі. Олай дейтін себебіміз атам заманнан бері қазақтың ұлттық келбетін көрсететін атрибуттарының бірі, яғни паспорты осы жиын-тойлар боп келгені белгілі ғой. Тілші: Бұл кеселді үдерісті қайтсек түзетуге болады? Н.Үркімбай: Оның дайын рецептісін ұсына қою қиын. Дегенмен, рухты езетін мұндай тойсымақтарға баламалы, қазақы тойлар ұйымдастыру керек. Мысалы, спирттік ішімдіктердің орнына қымыз-шұбат қойып, жаттанды сөздерімен елді мезі еткен «профессионал»

асабалардың орнына олақ та болса шынайы сөйлейтін той басқарушыны тауып, ең бастысы кәсіби әншілердің арнайы концертін ұйымдастырудан қашу керек. Ол үшін шақыру қағазының жанына әзіл аралас ұсыныс қағазын да бірге іліп жіберсе қызық болатын сияқты. «Тойға өнер шашуыңызды да әзірлей келіңіз», – жегендей... Адамгершіл әндер шырқайтын бір ансамбль шақырылса, жетіп жатыр. Оның репертуарында бейәдеп әндердің болмауын қадағалаған жөн деген пікірдеміз. Тойшыл қауым шошаңдаған «жұлдыз» әншілермен бірге тойларда жер тепкілеп билегеннен жалыққан да сияқты. Себебі, өзім қатысқан сыпайы бір тойда сыпайы ансамблдің ойнаған әуездеріне тойға жиналған жұрт әп-әдемі билеп, соңында мақтап тарасты. Сондай-ақ Ислам шарттары бойынша өткізілген біраз тойларға да қатысып көрдім. Мұндай той алдыңғыдан да қызықты өтеді екен. Санаулы ғана адамға сөз беріліп, сондай-ақ Шариғатқа қайшы келмейтін ұлттық салт-дәстүрлеріміз кезегімен көрсетілетін боп шықты. Зайырлы және діни тақырыптарға арналған викториналық сұрақтар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар таратылады екен. Салиқалы әңгімелер айтылып, өнерлі қонақтарға да кезек беріліп жатты. Тойбастар айтылып, сый табақтар тартылды. Қонақтардың кейбірі: – Тойды осылай өткізу керек екен ғой. Ішімдікті тойларда жұрттың көбісі, өрген қой құсап, бірінші дастарқаннан кейін тарап кетуші еді. Мына жерде имандылық тақырыптағы әңгімелерді тыңдап,

қыбыр етпестен, соңына дейін отырды ғой, – деп жатысты. Шығармашылық ізденіспен ойланған жанға зиялы тойдың небір соны үлгісін жасау мүмкіндігі бар. Бұған шәк келтірмеңіз. Тілші: Нұрлытай апай, осы сұхбатымыздың соңғы сауалына да кезек келген сияқты: Шетте жүргенде Алматыны сағындыңыз ба? Қаламыз сізге несімен қымбат? Н.Үркімбай: Он жеті жасымда аяулы астанамыз Алматыға келген едім. Жаратушымыздың нәсіп етуімен, өзім армандаған оқуыма түстім. Аллаға шүкір, шаңырақ көтеріп, ана болдым. Бүкіл жастық шағым, саналы ғұмырымның осыған дейінгі 23 жылы осынау әсем қалада, қарт Алатау баурайында өткен екен. Қазақ баспасөзінің қасиетті қара шаңырақтарында қызмет істедім. Әсіресе, республикалық жастар басылымы «Лениншіл жас» газетінің таралымы 320-330 мыңның үстінде болған жұлдызды кезінде сонда жұмыс істеп, хал-қадарымның жеткенінше мақалалар жаздым. Оқырмандарымыз көп болды. Небір білікті бас редакторлардың, басқа да талантты журналистердің шығармашылық тапқырлықтарын көріп өстім. Осынау бақытты сәттердің бәрі де жасыл желекті Алматымның құшағында өткен екен. ...Біз университетке талапкер боп келген 1972жылы Алматы жасыл да мөлдір қала еді. Шілденің ми қайнатар ыстығында да жанға жайлы бір қоңыр самал есіп тұратын. Ауа қапырықтана бастаса, аяқ астынан ақ жауын себелеп өтуші еді. Дымқыл ауасының өзі таза болғандықтан, жан сарайыңды

ашып жіберетін. Бейнебір, сол дымқыл ауада көзге
көрінбейтін тамшы моншақтар тізіліп тұрғандай
әсер етуші еді маған. Алматы мен үшін, сондықтан
да, маржан қала болатын. Қысты күні жауған

қар екі-үш аптаға дейін былғана қоймаушы еді.
Ал қазір ше?! Ойлаудың өзі үрей туғызады.
Ақ қарыңыз екі-үш күнде сұрғылт тартып,
жазатайым

жаңбырдың
астында
қалсаңыз,
біртіндеп шашыңыз түсе бастайды. Краннан

аққан суға хлордың мөлшерден бірнеше есе көп
қосылуынан судың ақ көпіршіктеніп тұратынына
көзіміз үйреніп қалды. Ал ондай су ішке барғанда
нендей «химиялық» түзіліс жүреді десеңізші?!...

Кезінде ару Алматы атанған қаланы кейде мүлдем
танымай қала жаздаймын.
Жарайды енді, жақсылық жағын айтайыншы!
Қаланың

сәулеттік
келбеті
мүлдем
өзгеріп

кеткен. Небір әсем ғимараттар салынған. Ал ескі
ғимараттардың «бетіне опа-далапты» аямай-
ақ жағып тастағаны, екінші жағынан бір түрлі
жасандылау көрінетін сияқты. Әр қаланың өз

келбеті болуы керек. Ал біздің сүйікті қаламыз
Батысқа ерсілеу еліктейтіндей. Одан гөрі ұлттық
нақыштағы сәулет өнеріне күш салынғанда ғой,
анағұрлым тартымды болар еді. Әрбір нәрседе,

мүмкіндігінше өз қолтаңбаңның болғанына не
жетсін, шіркін!
Бір ғажабы: шыжыған шілдеде де басындағы
«ақ сәлдесін» шешпейтін Алатауға қарасам

болды, жоғарыда айтылған келеңсіз көріністер
санамда өз-өзінен көмескіленіп сала береді.
Сол баяғы студент кездеріме қайта оралатын;
қарлы шыңдарға қарай қанат қағып, таза ауаға

бауырымды төсеп, қалықтай ұшатын сияқтымын.
Демек, Алланың сансыз сыйлықтарының бірі қарт
Алатау Алматыны айрықша шырайландырып
тұрғандай. Бұйыртса, ұрпақтарымызға жайлы

мекен болғай бұл шаһар!
Шетелде жүріп, туған жерді сағынғанда көз
алдыңызға қадау-қадау мекендер келеді. Сондай
сәттерде әуелгі боп ойыма Алматым оралушы еді.

Алланың Нұры жаусын саған, аяулы Алматым!

– Әңгімеңізге рахмет, Нұрлытай апай!

Нұржамал БАЙСАҚАЛ,
сәуір, 2010-жыл.

ЕКІНШІ БӨЛІМ

«ЖАҚСЫДАН – ШАРАПАТ»

эсселер мен деректі әңгімелер
Жаратушының қалауымен, көзі тірілерінде-ақ
халқының ерекше ықыласына бөленіп, мәңгілік сапа­
рына кеткеннен кейін де елінің есінен шықпайтын

тұлғалардың тағдыры айрықша қызықтыратын
бізді. Сөйтсек, оның негізгі сыры әлгі жандардың
(атеистік қоғамда өмір сүргендеріне қарамастан)
қолдарынан келгенінше ата дініміздің аманатта­

рын жасырын түрде болса да орындауға талпыныс
жасап, шама-шарықтарының жеткенінше, халық
алдында өздеріне тапсырылған міндеттерді адал
атқаруға тырысқандарында екен. Мұндай істер-

Хаққа ұнамды тірліктер, әрине. Ал, ниеті мен амал­
дары бір Жаратушыға жаққан жұмыр басты пендені
оның айналасы да жақсы көре бастайтын көрінеді.
Ондай кісіні адамдар көз алдында сүйкімді етіп

қоятын тағы да сол Хақ тағала! Сондай жандардың
базбіріне қатысты, кезінде өзіміз куә болған кейбір
жайттар жайлы оқырмандарымызға баяндамақ
ниетте едік. Келесі бөлімдегі сыр сондай арнада

өрбімек...

ДАНАЛЫҚҚА ТӘН КІШІКТІК естелік-эссе Даналықты әркім әрқилы түсіндіреді. Менің ұғымымда ол – белгілі бір жанның дәл уақыты мен орынын тауып, халқы үшін пайдалы да қажетті істерді орайын келтіре атқара білуі, көкейкесті, иманды пікірлерін дер шағында айта алуы. Себебі, әрбір сөздің айтылатын өз орыны бар. Және әрбір орайлы іс өзінің атқарылар шағын күтеді. Демек, даналық дегеніміз – пенденің бір Алла разы болып, айналасындағы кісілер қуанарлықтай шаруалар­ ды молынан тындыруы. Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың ұлтымыз үшін сондай ардақтылардың көшбасында болғаны жалпы халыққа белгілі-ау деген ойдамыз. Жаратқанның бұйыртуымен, Димаш ата Қонаевтың арнайы қолын алып, амандаса барғаным тәуелсіздік қарсаңында еді. Ол кездері қызыл Кремльдің Дінмұхаммед Ахметұлын төрт-бес жылдай үй қамағында ұстаған әрекеті аяқталып келе жатқан-ды. Себебі, сол саясатты жүргізген Горбачев билігі де тәмамдалуға жақын болатын. Қазақстанды ширек ғасырдай басқарған осынау алып тұлғаға байланысты жылымық желі «ә» деп соға бастағаннан-ақ, «Мәскеу жақ қалай қарар екен?» деп жалтақтап жатпастан,

сол кездегі Қазақстан басшылығы Димекеңе сәлем бергісі келгендерге мүмкіндік – рұқсатын мейлінше жасауға тырысқан еді. Алғашқы боп сәлем бергендердің алдыңғы сапында Бақытжан аға Момышұлы, Фариза апай Оңғарсынова болды. Тіпті Бақытжан аға алғашқы боп өз шаңырағына шақырып, Димаш атаны қонақ еткен жан болса керек... Әрине, Қонаевтай дана кісіге жай ғана амандаса бармадым. Таяуда ғана Димекең өмірбаяндық кітабының орысша нұсқасын жазып бітіріп, соны қазақшаға аударта бастағанын білетінбіз. Серік аға Әбдірайымның тәржімасындағы сол аудармаларды сиясы кеппестен, республикалық «Парасат» журналына шетінен жариялап отырмақ ниетте едік. Бас редакторымыз Бексұлтан аға Нұржеке Димекеңмен алдын-ала келісіп қойғанын еді. Сол келісімді де есіне салып өттім. Екінші сөзбен айтқанда, шығармашылық әріптестігімізді ұсына бардым. Аспаз жігіт есік ашып, жол бастап жүрді. Димаш ата мені қарсы алмаққа кабинетінің қақ ортасында түрегеп тұр екен. Жүзі керемет жылы еді. Кеңес үкіметінің Мәскеуде жарық көрген «Правда», «Известия», «Труд» газеттерінен бастап, сол «қызыл» орталық басылымдарының түгелі дерлік, Димекеңді бас етіп, Желтоқсан көтерілісіне қатысқандарды, қатарынан бірнеше жыл бойы «дымын қалдырмастан» қитұрқылықпен «сыбап» келе жатқаны жалпы халықтың қабырғасына батулы болатын. Өзіне қарсы осыншалықты мақсатты түрде бағытталған әділетсіз айыптаулар тасқынына ол кісі тұрмақ қарапайым

әрбір қазақстандықтың да жаны жүдеп, жүрегі ауырғаны ақиқат еді сол тұста. Сондықтан болар, Димаш атаны толып жатқан әлгіндей жалалар мен сатқындықтардың тасқынынан қалжыраған, қатыңқы қабақты, өсек сөздерден шаршаған, ширығысты күйде көрермін деп күтсем керек. Қарсы алдымда өзіне қатысты әділетсіз күстаналауларды ешқашан естімегендей, сұрқия теперіштерді көрмегендей қалыпта мейірімді бір жан тұрды. Қайран қалдым. Сәл-пәл жөн сұрасқаннан кейін негізгі шаруамды айттым. Алдын-ала телефон арқылы сөз байласқан уағдамыз бойынша аударманың алғашқы дайын бөлігін әзірлеп қойған екен. Жазу столының суырмасынан алып, қолжазбаны қолына ұстап біраз отырды: – Мен, әрине, жазушы емеспін. Сондықтан, бұл кітап жайлы пікірлерің болса, қысылмай айта бер. Бірақ ішінде жазылғандардың барлығы дашындық, – деді ол кісі бірден. Содан кейін ғана аударманы маған ұсынды. Редакцияға келісімен қолжазбаның әлгі бөлігін жедел түрде дайындап, журналымыздың басылуға баспаханаға кетіп бара жатқан санына дереу салып жібердік. Ол кездері құрал-жабдықтардың ескілігіне байланысты журналдың жаңа саны үш ай бұрын баспаханаға жіберілетін. Осылайша, «Кісі ісімен жасайды» деген тақырыппен Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев

кітабының
аудармасын журналымыздың бірнеше сандарына
жарияладық. Оқырман өте жылы қабылдады.
Оған редакциямызға келіп түскен хаттар куә.

Осындай шығармашылық себептермен Димаш

атамен жеті-сегіз рет жүздескенім бар. Әңгімеміз
негізінен рухани тақырыпта өрбитін.
Келесі барғанымда әңгімеміз әрі батыр, әрі
кезі-кезі келгенде біраз даулы істерге билік

айтқан, әділетсіздікке ұшырағандардың жанынан
табылуға тырысқан Бөлтірік шешен Әлменұлы
жайына ойысқан болатын. Сөйтсем, Димекең
Бөлтірік шешеннің біраз тапқыр әңгімелерін

білетін боп шықты. Мен де бала кезімнен өзім естіп
өскен шешеннің небір шебер де дана шешімдері
жайлы білетіндерімді ортаға салып, Димаш
атаның аузынан шыққан әңгімелерді одан әрі

үстей түсудемін. Бір кезде маған бір идея келді де
ол кісімен бірден бөлістім:

– Бөлтірік бабамыз жайлы осы бүгін айтылған

әңгімелердің басын біріктіріп бір мақала жазсам...
Сіздің атыңыздан! Себебі, негізгі айтушысы өзіңіз
болдыңыз ғой. Ал менің міндетім – сол әңгімелерді
әдеби жағынан өңдеп, қағаз бетіне түсіру ғана, –

дедім бірден авторлық уәдесін алмаққа.

– Оны енді көрейік... Былай болсын, Нұрлытай.

Келесі келгеніңде өзімнің ең жақын Рақымбай
деген досымды таныстырайын. Ол кісі де шешеннің
біраз әңгімелерін біледі, – деді ол кісі. Біз осыған
уағдаластық.

Бір айдан кейін, әдеттегідей телефон арқылы
алдын-ала хабарласып, кезекті аударма бөлігін
алмаққа барған едім. Расында досы екеуі күтіп
отыр екен. Сөйтсем өзім білетін кісі боп шықты.

– Рақымбай атаны жақсы білемін ғой. Бұл

кісі қазақтың «Тоғызқұмалақ» атты ұлттық
ойынын насихаттап, газет-журналдарға талай
мақалаларын жариялады. Бұл кісі-әзірге осы
ойынның жалғыз жанашыры, – деп жатырмын.

Сөйттім де өткендегі уағдамыз бойынша жазып әкелген Бөлтірік баба жайлы мақаламды көрсеттім. Өтініштері бойынша оқып та бердім. Ол кісілерге ұнаған болуы керек. «Жарияланса жөн болар еді» десті екеуі де. Бірақ кімнің атынан?! Димаш ата сәл-кем ойлана кідірді де: – Менің бір ұсынысым бар: Рақымбай атаң да Бөлтірік бабамыздың талай әңгімелерін айтып берді ғой бүгін. Осы кісінің айтқандарынан қалауыңша қос та мақаланы не өз атыңнан, немесе Рақаңның атынан жариялағаның жөн болар. Менің атымды қойған екенсің-рахмет. Бірақ содан бас тартайын деп отырмын. Оқыған жұрт: «Мына Қонаев енді әдебиетші боп кеткен бе?!», – дер. Атымды алып тастай саларсың,-деп өтінішін айтты. Сонымен Рақымбай ата Кәрімбаевтың әңгімелерін қосып, мақаланы «Парасат» журналының 1991 жылғы 10 санында сол кісінің атынан жарияладық. «Ең бастысы – Бөлтірік шешеннің ұмытыла жаздаған жәдігерлерінің кейбірінің болса да қайта жарық көруі» дестік. – Талас ауданына бір барғанымда Бөлтірік шешеннің жатқан жерін білгім келген еді. Жергілікті азаматтарға күтпеген әңгіме болды ғой деймін. Әйтеуір, мандыртымды ешнәрсе біле алмадым, – деді Димекең ойлана. Димекеңнің мұндай тілек-өтінішінің көкейіме бірден орнығып қалғаны қадірменді оқырманға өз-өзінен түсінікті ғой деймін. Артынша өткізілген Сыпатай батырдың тойында Талас ауданының сол кездегі аудандық атқару комитетінің төрағасы Тыныс аға Сейдуановты көріп қалдым. Димекеңнің әлгі тілегін жеткіздім. Расында, Тыныс аға еліне

барысымен аудан ақсақалдарынан бастап, ел азаматтарын жиып, алқалы басқосу жасапты. Бұл дүниеден өтіп кеткен шежіре қариялардың көзін көргендердің растауымен Бөлтірік шешеннің жатқан жерін анықтап, басын қарайтқан екен. Осы мәселеге байланысты Талас ауданына барған арнайы сапарымда аудан ақсақалдары және Тыныс аға Сейдуанов бастаған ел тізгінін ұстаған азаматтармен ақылдаса отырып, Бөлтірік шешен атындағы қорды ашқан болатынбыз. Дүйім жұрт атсалысып, ел азаматтары бас болып, Талас өңірінде Бөлтірік бабаға арналған алғашқы ас берілді. Сол ас қарсаңында елдің бір топ азаматтары Димекеңе әрі сәлем бере, әрі тойға шақыра, әрі ол кісінің Бөлтірік баба туралы тілегінен бастау алып, бірер жыл ішінде жүзеге асырылған істер жайлы есеп бере келгендей ниетпен ол кісінің қара шаңырағына ат басын тіреген болатын. Димекең Бөлтірік бабасы есімінің тарих қойнауынан қайта оралғандай болғанына айрықша қуанып, едәуір серпіліп қалды. Ел азаматтары былай шыққан соң риза көңілмен: – «Әкесі Меңдіахмет айналасына дегдар көңілді ақсақалдарды жинап, баласына шежіре әңгімелерді тыңдатады екен» дегенді естуші ек. Бұл кісінің шешен бабасының жоқтаушысы боп жүргені, соның әсері шығар, – десті. Ал, филология ғылымдарының докторы, профессор Жаңғара Дәдебай бастаған ғалымдар мен басқа да қаламгерлер болса, Бөлтірік шешеннің айтқан имандылыққа толы билік кесімдері мен толып жатқан шешендік сөздерін тез арада жинастырып, 1993 жылы «Шешендік сөздер» атты

арнайы жинақ шығарған болатын. Асыл дініміз Ислам бұлақтарымен тамырласатын осынау шешендік сөздер атеистік қоғамнан жандары жаншылған елге ауадай қажет еді. Жоғарыдағы аталған ас 1992 жылы болған-ды. Қарапайым халайық жалпы ұлттық рухани жәдігерлердің бірінің осылайша орталарына қайта оралғанына айрықша қуанысты. Сол алқалы жиынның рухани әдіптеушісіндей болған Нарша ақын Қашаған осынау ат шаптырып, бәйге алған асыңызды ұлан асыр тойға бергісіз етіп басқарғаны есте. Талас жұрты мұнымен де шектеліп қалмады. 1996 жылы Бөлтірік шешен Әлменұлының туғанына 225 жыл толғанына орай дүбірлі той өткізді. Ол кездері шетелде қызметте болуыма байланысты аталған тойға қатыса алмадым. Дегенмен, сырттай тілекші боп, таластықтардың барлық жетістіктерін естіп, қуандым. Той жаңғырығы Алматы облысының Бақанас өлкесінде де болған екен. Себебі, Бөлтірік шешен Әлменұлы бұл қос өңірдің де тел өскен перзенті ғой! Ел рухын көтерер осындай небір игілікті шаралардың өткізілгені, советтік идеологиядан жандары «жаураған» халықтың мәртебелерін бір өсіріп тастаған болатын. Осының бәрін ұйымдастырып жүрген азаматтарға риза болдым. Бөлтірік шешенге арналып ескерткіш тұрғызылған екен. «Ендігі жерде замандастарымыз сол ескерткішке арнайы барып, білместікпен сиынып, табыну арқылы бір Жаратушымызға серік қосып жүрмесе жарар еді», – деген ой да келген еді Европада жүрген біздің көкейімізге. Кейде менің көңіл төрімде: «Бөлтірік шешеннің

рухани жәдігерлеріне бүгінгі ұрпақтың көрсетіп жатқан сый-құрметтері Димекеңе де жасалып отырған марапат, айтылып жатқан мадақ сияқты екен-ау!», – деген пікірдің жаңғырып тұратыны бар. Сондай сәттерде, сонау 1991 жылы Бөлтірік бабасының жоғын жоқтап, Димаш атамыздың маған аманаттай етіп айтқан сөздері оралады есіме. Бәлкім, дегдар көңілден төгілген сандаған рухани сәулелердің бірі ғана болар бұл өтініш! Тағы бір баса айтқым келетін жағдай: өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басындағы сол бір жүздесулеріміз барысында ол кісі тарапынан бірде-бір адамға қатысты жағымсыз пікірлердің айтылмағаны мені күні бүгінге дейін ризалық сезімге бөлейді. Әңгімеміз барысында саясат тақырыбына қадам баспауға тырыстық. Сөз орайы келгенде тек бір ғана нәрсеге байланысты кейістігін білдіргені бар. – Желтоқсан оқиғасы кезінде мені Орталық комитетке алып барып, ешнәрсе деместен босқа отырғызып қойып, кейіннен: «Енді қайта беріңіз» деп, үйге әкеліп сап: «Қонаев халық алдына шығып сөз сөйлеуден бас тартты», – деп, артынша маған жала жапқандары жаныма қатты батты, – деген еді. «Қалғанын кітабымнан өзің де оқыған шығарсың» дегендей сыңай бар еді жүзінде. «Соған қарағанда осынау дарқан көңілді, мәрт болмысты халық ұлының тұтас өмірінде көрген теперіштерінің ішіндегі ең у-сойқысы Колбин жасағы тарапынан көрсетілген сол бір екіжүзді әрекет болса керек», деп ой түйдім өзімше. Аталған жүздесулеріміз тұсында Димаш атаның кісі жанына тимейтіндей деңгейде айтқан

бірлі-жарым әзілдеріне де куә болғаным бар-ды.
«Ол кісінің табиғи болмысын сомдауға аз да болса
септігі тиер», – деген ниетпен сондай әзілдерінің
бірді-екілісіне тоқтала кетсем деймін. Жоғарыда

баяндағанымдай, Дінмұхамет ата Қонаев өз досын
маған кеңірек таныстырмақ сыңаймен, Рақымбай
ата Кәрімбаевты әңгіме барысында қолтықтап
тұрып:

– Рақаңның тоғызқұмалақ ойынын тірілтіп

жүргені беріде ғой. Жас кезінде бұл кісі опера
әншісі болған..., – деді де, – Анау пәлен деген
операда түгілен деген батырдың көмекшісі бар ғой,
соны ойнаған бұл атаң. – Осылай деді де Димекең

құдды досының орнына өзі рөлге енгендей-ақ:

– «Е-е-ей, пәленбай, тұрар жерің осы болса,

оныңды айт», деп найзасын жерге бір-ақ сілтеп
қадайтыны бар ғой. Сол батырыңыз осы кісі
болады, – деді жәймен ғана жымия. Рақымбай
ата болса, өзінің операдағы бір кездегі өнерімен

досының әзіл араластыра осылайша таныстырған
қылығына дән риза кейіпте тек басын изеп: «иә-
иә, дәл солай болатын» деп күліп жатыр. Өкінішке
қарай, әлгі операның да, кейіпкердің де аты есімде

қалмапты.
Тағы да бір әзілі жадымда. Аудармадан үзінді
жариялау үдерісіміздің соңына тақап қалған кезі
еді. Соңғы үзінді жарияланған нөмірді апарып

бермекке телефон шалдым. Сөз арасында:

– Күйеу балаңыз да сізге сәлем бермек

ниетте еді. Тек сізді «шаршатып аламайық» деп
жүргеніміз..., – деп едім.

– Әрине, әрине, күйеу баланы міндетті түрде

ертіп кел. Танысайық. Батамды берейін,-деп өзіне
тән кеңдігімен қуанып қалды.

Келісілген күні атаның үйін бетке алдық. Сәлемдесіп, кабинет табалдырығынан аттағанымыз да сол еді. Димекең: – Нұрлытай, сен төрге шық, – деп мені терезеге сәл жақын қойылған, жұмыс кабинетіне арнап жасалған, екі кісілік диванға жайғастырды да, жұбайым Қалдар Оспанға сәл күлімсірей қарап тұрып: – Ал, қазақта күйеу бала деген есік жаққа отырады, – деп жұмсақ қана жымиған күйі кітап сөрелері алдына қойылған келесі диванды нұсқады. Мұндай әзілді күтпесек керек. Бір сәт екеуміз де аңырып қаппыз. Үнсіз жымиған күйі Қалекең көрсетілген жерге жайғасты. Сәл-пәл жөн сұрасып, танысып болғаннан кейін Димаш ата: – Дегенмен, күйеу бала жақсы жігіт сияқты. «Кәйтер екен» деп ем. Сыннан өтті. «Пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған», дейді ғой. Енді төрге шығуыңа болады, – деп менің қасымдағы орынды нұсқады. Сондағы «есік» пен «төрдің» рөлін атқарып тұрған қос диван арасы бар болғаны екі, үш-ақ қадам жер еді. Ел басшысы Қонаевтың ресми сөздерін ғана естіп өскен Қалекең осы бір қарапайымдылыққа толы қазақы әзілге риза боп жымиюда. Кең отырып, ұзақ әңгімелестік. «Жанын жүдетпейік» деген мақсатпен саясат тақырыбына мүлдем аяқ баспадық. Тағы да сол ел руханияты төңірегінде талай әңгімелер қозғалған болатын. Ол кісінің әрбір сөзінен бала кезінен бастап дана қариялар әңгімесіне қанығып өскені байқалып тұрды. «Адам-сөйлескенше, жылқы-

кісінескенше» демекші, пікірлесе келе Қалекең едәуір ұнап қалды-ау деймін. Ол кісі жүзін маған бұрып: – Нұрлытай, күйеубаланың қас-қабағына қарап, бабын жасайтын бол, – деді маған тапсырма бергендей үнмен. Қос алақанын жайып, екеумізге, отбасымызға батасын берді. Әзірлетіп қойған сыйлығын ұсынды. – Келініме айтқан ем. Сол кісінің дайындаған сыйлығы ғой. Аз да болса, «атамыздың берген сыйлығы еді», – деп ұстарсыңдар, – деді ыңғайсыздана. – Жо-жоқ, о не дегеніңіз! Сіз ұсынған бір сабақ жіптің өзі біз үшін естелік қой, – деп жатырмыз жарыса. Ұлы адамдар қарапайым келеді! Бұл – тарих бедерінде дәлелденген аксиома. Айтқандай-ақ, қарапайым ұлылық қайта-қайта алғысын айтып, бізді шығар есікке дейін өзі ертіп жүрді. Кейін Исламның кәусар бастауларынан сусындай келе ұққанымыз: Ұлы Жаратушымыз сүйген құлын түрлі қиындықтарымен де, қуаныштарымен де сынайды екен. Сондай сәттерде: басына үйіліп-төгілген бақытқа бола дандайсып кетпестен, ал тағдырына артылған қиындықтарға бола мүжіліп, морт сынбастан, бір Өзіне ғана тәуекел етіп, сабырын серік қылған пенделеріне Алла тағаланың екі дүниеде де берері көп көрінеді. Бір ғана Жаратушы тарапынан келетін көмекті намазда және сабырмен сұрау керектігіне шақырады қасиетті Құран. Дінмұхамет атамыздың тек зейнет демалысында отырғанында ғана емес, билік басында болған

жылдарында да жасырып намазын оқып, білдіртпей дұғаларын айтып өткендігін естіген сәтте керемет қуанышты халде болдым. Себебі, бір ғана рет сөйлескен кісінің өзі Димекеңнің иманды жүзі мен нұрлы болмысына қарап-ақ, ол кісінің Хақ жолда болғандығын бағамдар еді. Атамызбен жақын араласқан талай замандастары: «Расында, ол кісі жасырып намаздарын оқыған еді»,- деседі. Мысалы, сол Рақымбай ата Кәрімбайұлы «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген мақаласында бірде-бір жұма намазын қаза қылмастан, Димекең екеуінің жамағат боп бірге оқығандарын жариялаған болатын. Тіпті, Димаш атаның 100 жылдық тойы кезінде, басқа да замандастары баспа жүзінде осылай деп жазды да! Атеистік қоғамның өзінде иманды жанның бізге басшылық жасағаны қандай ғанибет болған, десеңізші! Жоғарыда баяндағанымдай, Бөлтірік бабамыз жайлы салиқалы әңгімелерін шертіп, ол кісінің небір ұтқыр ойлы шешендік сөздерін тікелей өзіме айтып бере тұра, кейіндері өз атынан арнайы мақала жазып барғанымда: «Қонаев енді әдебиетші боп кеткен бе?», дер білмеген жұрт», – деп, аты-жөнінің автор ретінде көрсетілуінен қашқақтауын ол кісінің қарапайым мінезінің көрінісі болар деп түсінген едім өз басым. Сондықтан да: «Намаз оқитынымды жалпы жұрт білмей-ақ қойсын. «Қонаев енді діндар боп кеткен бе?», – деп, түсінбей жүрер», – деген тектес себепті сөздерін алға тартып, ол кісінің намаз оқып жүргенін жасыруы, расында, әбден түсінікті ғой! Ол кісінің маңдайының сәждаға тигені-шынтуайтына келгенде, заңды да! Себебі,

Кеңес өкіметі орнағанға дейін-ақ медреседе білім
алған жасөспірім Димаш бақуатты да, дегдар
көңілді Меңдахметтей меценаттың ұлы еді ғой...
Деректерге қарағанда, Меңдахмет ақсақал Кеңес

өкіметі орнағанға дейін, тақуа деген молдаларды
арнайы шақыртып, білімге құштар ауылдас, ағайын
балалардың бәрін медресесінде оқытқан көрінеді.
Сол шәкірт балалардың арасында сәби Димаш

та бар болатын. Мынау фәнидің кір-қоқысына
былғана қоймаған сәби жүрегі имандылық дәнін
тез қабылдағыш келеді. Имандылық нұрымен
нәрленген бала Димаштың болмысы тұтас өміріне

берік тіреу болып, сондықтан да ондай мығым
сенімді Горбачевтың қитұрқы жоспарлары да
шайқалта алмады.
Ендеше, Дінмұхамед ата басына қиын-қыстау

күн туып, үй қамағында қалған сәтінде ғана
емес, сонау биліктің құзар шыңдарында отырған
жылдарында да Жаратушысына шексіз шүкірлігін
айтып, бір Аллаға мінәжат етіп жүргені-шындық.

Бұған
қатысты
жайлар
замандастарының

бірқатар
естеліктерінде
молынан
қамтылған.

Сондай-ақ, Қазақстан компартиясы Орталық
комитетінің бірінші хатшысы боп тұрған кезінде
ол кісінің қабылдауында болған немесе басқалай
себептермен ол кісімен араласқан, жүздескен

жандардың естеліктеріне қарағанда, Димекең
өте иман жүзді, парасатты мінез иесі болған екен.
Анығын Алла біледі, әрине.
Оның үстіне, Жаратқан Жомарт Иеміздің

берген ұзақ жасында Меңдахмет ата намазын,
құлшылықтарын ешқашан үзбеген жан екен. Яғни,
Димекең мемлекет басшысы боп тұрған кезде

де, иманды әке бірінші хатшының көз алдында мұсылманға тән бес парызын қалдырмастан өтеп, перзентінің есіне Ұлы Жаратушыдан артық күшқуаттың жоқ екенін ұдайы салып отырған деседі. Ал, Дінмұхамет атаның қызыл Кремль тарапынан әдейі тұрғызылған алапат дауылдар тұсындағы теңіздей терең сабырлылығына, жұмсақ та кең мінезіне, адамдарды, өмірді сүйген имандылығына, жоғарыда баяндағанымыздай, сәл де болса куә болған жайымыз бар еді. Расында, «Кісі ісімен жасайды». Себебі оған сол кісінің ізгі ниеті көшбасшы болады екен. Қаңтар, 2010 жыл.

«БАУКЕҢ ЖҰЛДЫЗ АЛҒАН КҮН...» эссе Әр қазақ өзі тікелей «Батыр» атанғандай, кеудесіне Алтын жұлдыз тағынғандай сезімде болған бір оқиға болған еді. Ол-Бауыржан ата Момышұлына Кеңес одағының батыры атағының берілген шағы. Тұтас елдің рухын асқақтатып, көңілін шуаққа бөленгендей етіп серпілтетін, халық бірлігін одан әрі мығымдай түсетін айрықша оқиғалардың сирек те болса орын алатыны-қандай ғанибет! Ұлттық тұрғыда мазмұны терең, әсер күші «айшылық алыс жерлерге» жететін сол бір оқиғаның ішінде жүріп, бір Алланың қалауымен, тікелей куә болған едім. Атаның 80 жылдығы қарсаңында, нақтылай айтқанда, жылдың 4-8 желтоқсаны аралығында Бақытжан аға Момышұлы мен Зейнеп жеңгей Ахметова бастаған шығармашылық топ Жамбыл облысы Жуалы ауданына ат басын тіреген еді. «Боранды» бекетінен бастап, талайталай ауылдарда батырдың жерлестерімен өткізілген кездесулер тебіреністерге толы болатын. «Баукеңнің соңында қалған рухани жәдігерлерне деген халқының ықыласы ерекше» десе жөн болар. Әсіресе, Бақытжан ағаны көріп, көздеріне жас алып, ол кісінің перзенттік ізгілікке толы сөздеріне ұйыған ақсақалдардың жүрек

жарды тілектері айрықша еді. Батыр Баукеңнің
адамгершілік
ерліктері,
шыншыл

болмысы
жайлы әсіресе, баса айтылып жатты. «Жақсының
көзі, алтынның сынығы, тұлпардың тұяғы» десті
ақсақалдар Бақытжан ағаны.

– «Тікелей ұрпағы» деп бізге көрсетіп отырған

осы сыйларыңыздың бәрі де әкемнің туған халқына
сіңірген еңбегінің жемісі екенін мен жақсы білемін.
Сондықтан оларды өз атыма қабылдамаймын да
иемденбеймін. Тек сондай кісінің перзенті болудың

қаншалықты жауапкершілікке толы екендігін
айтқым келеді. Әкемнің шығармашылық шабытты
сәттерінде дем берген мына өздеріңіз, осы туған
жері-Жуалы өңірі, тұтас қазақ жері. Сіздерге көп

рахмет! – деді Бақытжан аға.
Кездесулер бітісімен, Бақытжан ағаны қоршап
алған жуалылықтар, әсіресе ақсақалдар жағы
құдды бір Баукеңнің өзін көргендей-ақ, ол кісінің

қолын алып, маңдайынан иіскеп, құшақтарына
қысып, бір жасап қалысты. Алматылық қонақтар
оңаша қалған кезімізде Бақытжан аға:

– Айтып ем ғой, Нұрлытай, саған. Жаңа өзің

де естідің. Жұрт мені «Асылдың көзі, алтынның
сынығы, қыранның қанаты и так далее...» дейді.
Әкеме байланысты осындай эпитеттерден өмір
бойы өзім де құтыла алмай келе жатыр ем. Енді

мына
«Шуақты
күндер»
шыққалы

«Зейнеп
Ахметованың күйеуі» дейтін болды. Міне, менің
көрген күнім осы, – деп бір мырс етіп күліп қойды.
Әзілінің астарындағы негізгі мақсаты жеңешемнің

мәртебесін бір көтеріп тастау екендігі бесенеден
белгілі боп тұрды. Бәріміз күліп жатырмыз.

– Дегенмен, аға, «сый-құрмет әкеме тиесілі,

мен ол құрметті иемденгім келмейді» деген сөзіңіз
керемет ұнады, – дедім әзіл соңын шындыққа
бұра:

– Ну, а как же! Сөздің шынының өзі солай

ғой. Атаң мұндай даңққа әдейі ұмтылған жоқ.
Не істесе де: «Халық алдындағы борышым...»
деп атқарды. Өзінен гөрі өзгелерді көп ойлады.
Онысын ұрандатып айтпады да. Бірақ көрдің

бе, халық шынайы әрекеттерді дәл байқайды,
бағалайды. Ол анау Кремльдегі «балбестер» ғой,
атаңның қаймықпастан айтқан кейбір пікірлерін
ауыр алып, өмір бойы қуғындаудан шаршамаған.

Бұл жолы да анау Алтын жұлдыздарын бере ме,
бермей ме... белгісіз. Сондықтан оған байланысты
сұрақтарға «білмеймін» деп жауап берумен
келемін, – деді аға ойлы кейіпте.

Сонымен,
халықтың
батыр
ұлына

деген
айрықша ықыластарынан жүрегіміз нұрланған
күйінде Алматыға оралдық. Екі күннен кейін,
нақтылай

айтқанда
желтоқсанның
11-інде
кешкілік үйге Бақытжан аға телефон шалды.

– Нұрлытай, сүйінші! Жаңа ғана «награда»

бөлімінің бастығы үйге телефон соқты. Атаңа
Батыр атағын беруге Горбачев қол қойыпты. Тез
үйге жет. Әзірге сыртқа дабыра қылмай, өзіміз
атап өтпекпіз.

Қуаныштан
жүрегім
атқақтап
аузыма

тығылатындай болды. Шынымды айтсам, сонда
ғана осы бір кешігіп келген мойындаудың бар
қазаққа, Баукеңнің ниеті тұрғысынан айтар
болсам-бүкіл қазақстандықтарға, оның ішінде

маған да тиесілі бағалау екендігін жете түсінгендей
болдым.
Оншақты
адам

жиналып
қалған

екенбіз. Қуанышымызда шек жоқ! Толқығаннан көзімізге жас та кеп қалады. Тек Бақытжан аға ғана, қуанышты хабар жайлы әлі де болса сыбырлағандай күйде сөйлеп отырды. «Аузы күйген үріп ішер» демекші, хас батыр, біртуар осынау тұлғаға «Кеңестер одағының Батыры» атағы әне беріледі, міне беріледі дей келіп, қызыл Кремльдің беті бүлк етпестен бірнеше рет тайқып кеткен кездерінен әбден запы болса керек. Келесі, яғни 12-желтоқсан күні бұл бүкілхалықтық қуаныш ресми түрде жарияланып, ел басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Бақытжан Момышұлы мен ол кісінің отбасын құттықтау жеделхаты қолдарына тапсырылған болатын. Кешегі топ одан әрі кеңейе түскен қалпымызда, улап-шулап қайта басқостық. Нұрағаңның «Баукең жұлдыз алған күн-қазақтың жұлдызы жанған күн» деген сөздеріне тебіренбеген жан қалмады. Басшыларға қатысты жылы сөздерге тым сараң Бақытжан ағаның өзі: – Осынша жыл Мәскеу қимай келген Алтын жұлдыздың әкеме дәл қазір берілуі-сөз жоқ бір Құдайдың, содан кейін Нұрекеңнің арқасы. Олардың бермесін тартып әпергендей болды ғой! Еңбегі Алладан қайтсын,-деген еді. Аталған сүйінші хабар газеттерге келесі күні жарияланғанына қарамастан, сол күні-ақ Бақытжан ағаның шаңырағын құттықтаушы қонақтар басты да қалды. Негізіненалматылықтар. Ал, Момышұлылар отбасына сол айларда Қазақстан ғана емес, Кеңестер одағының түкпір-түкпірінен келіп жатқан құттықтау жеделхаттарында есеп болмады дегеніміз жөн

шығар. Желтоқсанның он үші күні жеңешем телефон шалды: – Қыз-ау, атаңның Жұлдызын құттықтап, Жамбылдан бір топ кісі келген екен. Кешке үйде қонақ болмақшы. Ішінде болсаңшы! Жұмысым аяқталысымен Алланың шапағаты төгіліп тұрған осынау қара шаңыраққа қарай құстай ұштым. Көкбазардың түбіндегі бұрынғы газет-журналдар орналасқан тоғыз қабатты біздің ғимаратымыз бен Бақытжан ағаның үйі қанаттас тұрды десе болғандай. Әп сәтте ағаның еңселі қонақ бөлмесі құттықтаушыларға лық толды. Табақ-табақ асылған сыбаға, дастарқан үсті тұнған береке. Мен отырысты жүргізушімін. Бұған дейін өз әулетім мен жақын достарымның той тізгіндерін ұстағаным болмаса, былайғы жұрттан «тамадалық» өнерімді жасырып жүруші едім. Зейнеп жеңешемнің қалай байқап қойғанын қайдам, маған бірден өзімсіне: – Нұрлытай, атаңның Алтын жұлдызын тойлап үйде жайылатын дастарқандарды рухани жағынан ұйымдастыру өзіңе жүктеледі, – деп бірден тапжылтпастай тапсырманы берді де тастады. Жайшылықта «қыз-ау», «Ай қыз» деп еркелете сөйлейтін жеңешемнің жартылай ресми түрде қайрылуынан кейін-ақ қолымнан келгенінше, өзіме жүктелген міндетті қуанақуана атқаруға кірістім де кеттім. Келушілердің ата шаңырағына қаншалықты қатысы бар екендігін анықтап аламын да соған орайластыра дәнекер сөзімді айтып, қонақтарға сөз беремін. Жеңешемнің тай табақты толтыра әзірлеп қойған сый-сияпаттарын «тойдан тобықтай» дей

отырып, келген қонақтарымызға ат мінгізіп, түйе жетектеткендей етіп ұсынуға тырысамын. «Үлкен тойдан естелік алдық» деп, ол кісілердің риза болғанын, қуанғанын көрсеңіз ғой, шіркін! Келесі күні хал-жағдайларын сұрап, жеңешеме қоңырау шалдым. – Қыз-ау, бүгін бір топ талдықорғандықтар құттықтап келгелі жатыр. Жұмысың аяқталысымен бізге келсең қайтеді? Отағамыз Қалекеңнен (Қалдар Оспан) мұрсат сұрадым. Атаның Алтын жұлдызының халық тойына айналғанына қуанып, ықыласпен рұқсат берді ол кісі. Сіңлілерім үйімдегі шаруаларымды жайғастырып қоятын боп келісіп, кейде күнара, кейде тіпті күнде еліміздің түкпір-түкпірінен кеп жатқан «делегацияларды» Бақытжан ағаның шаңырағында қарсы алысу бақытына ие боп жүрдім. Қонақтарды шығарып сап, мен де қайтамын үйіме. Үйілген ыдыс-аяқ, атшаптырым дастарқан басында жеңешем қалады келіндерімен бірге басы қылтия әрең көрініп. Ертеңіне еліміздің тағы бір алыс шалғайынан келген «елшілер» тобын күту харекеті басталады да кетеді. – Шынын айтсам, екі-үштен топтасып, күндіз құттықтап келетін қонақтарды күту дегенің мен үшін түк қиын болмай қалды. Бар күшімді кешкі қонақтарды күтуге саламын, – деген жеңешеме: – Күніне қанша сағат ұйықтап жүрсіз? – деймін тұтқиылдан. – Әрі кеткенде екі-үш сағат қана көз шырымын аламын. Біреу бұрын маған: «жүріп жүріп ұйықтауға болады» десе, сенбес ем. Мына «женьшень» деген алтын тамырдан бір ас қасығын

ішіп аламын да шапқылай берем. Енді кәйтем?! Жүректері жарыла қуанып кеп тұрған халықтың кеудесінен итерем бе? Не де болса, шыдаймын енді. Бұл өзі біздің шаңырағымыздан асып, дүйім елдің мерекесі боп кетті ғой, – дейді қызарған көзін жыпылықтатқан жеңгем. Расында, ас әзірлеудің сыртында «Қазақстан» дүкеніне шапқылап барып, тай табақты толтыруға сыйлықтар сатып алу да Зейнеп жеңгейдің мойнында. Әрине, апарып-әкелуші көлік иелері – бауырлар баршылық еді. – Алла қуат берсін! Дегенмен өзіңіз мықты екенсіз, – деймін жеңгеме. Ал, Бақытжан ағаның мақтау сөздерге бөркі қара қазандай боп елпілдеп кетпейтін, артықкем сөздерге мән де бермейтін сабырлы да кең мінезіне бұрыннан қанық сияқты едім. Ағамыз бұ жолы одан әрі таңдандыра түсті мені. «Неге?» дейсіз ғой. Құттықтап келушілер ортақ қуанышқа байланысты жүрекжарды пікірлерін білдіріскеннен кейін Бақытжан аға мен жеңешемнің Момышұлы қара шаңырағын осыншалықты берекелі күйде ұстап отырғандарына алғыстарын айтысып, шүкіршілік етіскен еді. Жеңешемнің «Шуақты күндеріндегі» Баукеңнің қылықтары әрбір отырыста дерлік тілге тиек етілді. «Восхождение к отцу», «Во имя отца» атты еңбектерінде әке қадіріне жетіп, оны оқырмандарына ұғындырмаққа тырысқан Бақытжан ағаның қаламгерлік шеберліктеріне тоқталып жатысты. Сондай сәттерде жазушы ағамыздың жүзіне көз жүгіртемін. Сол баяғы салмақты күйінде басын сәл-пәл изеп, ықылас

білдіріп қана отырды. Құдды бір, әңгіме өзі жайлы
еместей-ақ... Расында, ол кісі осы қылығымен
Баукеңдей асылдың нағыз «сынығы» екенін
дәлелдей түскендей. Себебі, батыр атамыз көзін

бақырайтып қойып өзін мақтағанды ұнатпаған
ғой. «Ондайда мақтау айтушыны дереу тиып
тастайтын» деседі көзкөргендер. Себебі, асыра
мақтау кісіні шектен шығуға жетелеуі мүмкін.

Бақытжан аға есесіне әкесі жайлы сөйлегенде
Баукеңнің соны бір адами қырларын, тыңдаушысын
таңқалдыратындай дәрежеде, баяндап отырды.
Жаратушының қолдауымен қара шаңырақтың

мықты қолда екенін дәлелдеді. Содан не керек,
құттықтап келуші «делегаттар» тізімі күн өткен
сайын ұзара берсін... Алматы, Атырау, Жамбыл,
Шымкент,

Орал,
Қызылорда,
Талдықорған,
Орталық Қазақстан, Ташкент, Өзбекстанның

Тамдысы... тағысын-тағы дегендей жерлерден
сәлем-сауқаттарын арқалаған халық тынымсыз
ағылуда. Ал, кейбір Жамбыл сияқты облыстардың
бірнеше аудандарынан әртүрлі күндерде бөлек-

бөлек өкілдер тобы келіп жатты. Қазы-қарталарын
былай қойғанда, соншалықты шалғай жерлерден
қымыз-қымырандарының дәмін бұзып алмастан
қалай жеткізді десеңізші?! «Ниет-көшбасшы», –

деген әкеміздің сөзіне кішкентайымнан қанығып
өскен маған мұның сыры бір жағынан белгілі де
сияқты еді.
Шынайы да ағыл-тегіл сезімдерге толы сол бір

отырыстардың бірі екіншісінен әсерлі күйде өтіп
жатты. Құдды бір жаңа талантым ашылғандай-ақ
отырыстарды шабыттана басқарам кеп. Дәл сол
мезетінде мұндай құрметті міндеттің байыбына

толық бара алмаған да шығармын. Кейін келе ойлап қарасам, мұның өзі маған Алла тарапынан жіберілген бір нығмет екен. Арасында журналист ретіндегі қызығушылық сұрақтарымды да қоямын. – Сіздерге Алла разы болсын! Өстіп, бір қауым ел боп құттықтап келу идеясын кім көтерді? Аудан, облыс басшылары ма? – Е, жо-о-ға, бұл келісіміз жоғарғы басшылардың нұсқауымен болған шаруа емес. Газеттерден сүйінші-хабарды оқысымен ауыл ақсақалдары «Исі қазақтың көптен күткен жұлдызы ғой. Шашу шаша барған жөн болар» десті. Содан тік көтерілдік те бері қарай шығып кеттік. Дүйім ел боп, жүректері жарыла қуанысып жатыр. Бірін-бірі құттықтап, бір-бірінен сүйінші сұраған жұрт. Желтоқсан оқиғасынан кейінгі қудалаулардан түсіп кеткен еңсемізді әлі де толық тіктей алмай келе жатқандай едік. Баукеңе Батыр атағының берілуі көңілімізді көкке көтере бір серпілтіп, рухымызды асқақтатып жіберді. Алтын жұлдыз әрқайсымыздың кеудемізге тағылғандай сезімдеміз. Елдегілер өздері дастарқан жайып, тойлап жатыр. Келгісі келгендер осы отырғандардан екі-үш есе көп еді. Қалалы жердегі үйді опыр-топыр етпейік деп, осы отырған он-онбес шақтымыз ғана келдік. Қонақ үймен алдын-ала келіскеніміз абырой болған екен. Алматыда көздеген басқа шаруамыз да жоқ. Ата шаңырағынан мінеки дәм татып отырмыз. Құттықтадық. Ертең енді елге қайтамыз, – деседі мәрт мінезді ақжелең жандар. Бұл келтіріп отырғанымыз соншама

отырыстарда айтылған пікірлердің сығымдалған ортақ түйіні ғана. Бақытжан ағаның үйінде желтоқсанның 11-де басталған той атаның туған күні, яғни 24-желтоқсанда өзінің шарықтау шегіне жетті ғой деймін. Себебі, сол күні Момышұлы отбасы Алматы төріндегі «Достық» атты мейрамханада атаға арнап, тойға бергісіз етіп, айтулы ас берді. Келген қонақтардың «географиясы» тұтас Кеңестер одағын қамтыды. Мәскеу, Украйна, Балтық жағалауы және Кавказ сырты елдері, Түркменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан дейсіз бе, мына жақта Тува, Хақасыңыз бар... жарты әлем жиылды десе болғандай. Тура желтоқсанның 31-күні, Жаңа жыл қарсаңында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Момышұлы 1-нің Алтын жұлдызын Момышұлы 2-нің қолына табыс етті. – Күн жексенбі еді. Соған қарамастан Нұрекең: «Алтын жұлдыз жаңа жылда Баукеңнің шаңырағында жарқырап тұрсын!» – деп, ниет етіп, арнайы адамдарын жинап, Ақ ордада салтанатты түрде табыс еткен болатын, – деп еске алуда сол бір бүкілхалықтық қуаныш күнін Бақытжан аға. – Тойдан кейін де, бірнеше ай бойы құттықтаушылар үйге үздік-создық келіп жатты, – дейді жеңешем. Айтпақшы, астанамыз Алматы мен облыс, аудан орталықтарын, ауылдарды былай қойғанда Бауыржан батырдың Алтын жұлдызын шалғайдағы қыстауларда отырған малшылар да тойлаған көрінеді. Мысалы, желтоқсанның үскірігінде жолдан адасып, үси жаздаған бір топ журналистердің көлігі Жамбыл облысының

қыстауларының біріне байқаусызда «атбасын тіреген» екен. Олар, өздері де күтпеген жағдайда, ақ жарыла қуанған халықтың сондай той дастарқанынан бір-ақ шығысыпты. Оңашада ойға қаламын: «Бұл-қазақтың маңдайына біткен жалғыз я болмаса алғашқы Алтын жұлдызы емес еді ғой. Дүйім халық бір кісідей неге осынша қуанысты. Неге олардың әрқайсысы өз кеудесіне жұлдыз тағылғандай қабылдасты. Ұлттық небір сезімдеріміз селкеулене бастағандай болған сол бір тұста Баукең есімінің жалпақ жұртты рухани жағынан біріктіре алуының себебі неде еді?! Жұлдыз алмағанға дейінақ исі қазақ баласы Бауыржан Момышұлының аты аталғанда не себепті ерекше мақтаныш сезіміне бөленетін?! (Бұл жерде бірлі-жарым ғана қазақтың қызғаныш отына қақталып, Баукеңе көзі тірісіндеақ орынсыз қысастықтар жасағанын есепке алып отырған жоқпын-Н.Ү.) Қоғамдық құрылымдар ауысып, заманалар өзгергеннің өзінде Баукеңе деген ықылас не себепті биік күйінде сақталуда?!» Осы тақылеттес риторикалық сауалдарыма жауапты сол баяғы Алтын жұлдызға «құтты болсын» айтылған дастарқандарда пікірлерін білдірген азаматтардың сөздерінен, Баукең жайлы жазылған мыңға жуық мақалалардан және ол кісінің өз жазбаларынан таппаққа талпынып келем. Ақыр соңында сандаған жауаптардың біріне біртіндеп жақындағандаймын. Бір Алланың көкейіне салуымен, Бауыржан ата – нендей шаруаны болмасын, қолынан келгенінше шынайы атқаруға, өзгелердің тағдырына қатысты мейлінше әділ сөзін айтып, нақақтан-нақақ

теперіш көргендерге араша түсуге ұмтылып ғұмыр кешкен жан. Таяқтың екінші ұшы өз маңдайына келіп сарт ете қаларын білсе де, адами шама-шарқының жеткенінше, адалдық жолынан ауытқымауға тырысыпты. Және атеистік кеңес заманында мұндай әрекеттердің өз иесіне талай рет ауыр соққылар боп қайтқаны нақты деректер арқылы белгілі. Ол кісі өзіне жасалған әділетсіз талай қысымдарға сан мәрте іштей күйзелді, бірақ мүжілмеді. Кейбір қатігездікке толы пендешілік келеңсіздіктерге қынжылды, бірақ Жаратушының мейірімінен және жақсы күндерден үмітін үзбеді. Бұл сөздерді мен Бақытжан ағаның қолында сақталып келген атаның мұрағаттарымен сонау 1990 жылдары жақын танысқандықтан да айта алып отырмын. Әрине, жұмыр басты пенде ретінде талай-талай кемшін мінездері болды. «Алайда, оның кесірі өзгеге емес, негізінен өзіне ғана соққы боп тиетін», – деседі. Ал егер батыр Баукең баз біреулердің имансыздыққа толы қылықтарын «бетіне шыжғыра басқан» болса, біле білген жан үшін сол әрекетінің өзі қамқор дәрігердің сырқат «пациентіне» жасаған емдік терапиясындай әсер етеді емес пе! Егер қандайда бір шыншыл адам, «түптіңтүбінде сізге пайдалы болсын» деген ниетпен бойыңыздағы мерез мінездеріңіз бен лас ниетіңіз жайлы, тайсалмастан бетіңізге тура айтар болса, демек мұның өзі сіздің екі дүниедегі тағдырыңыздың оңды болуына әлгі кісінің жасаған қамқорлығы деп қабылдаған жөн шығар! Ендеше, ондай жанды өзіңізге рухани тұрғыда дос тұтып,

ардақтасаңыз болмас па?! Демек, туған халқы
батыр ұлын ең әуелі осынау шыншылдығы,
әділетті істерге деген ұмтылысы үшін сүйген екен.
Ал, шынтуайтына келгенде, күнделікті күйбең

өмірдегі рухани ерлігіңіз де, майдан даласындағы
әскери батырлығыңыз да сол бір шынайы да адал
болмыстан ғана бастау алады емес пе! Тазалық
таза ниеттен туындамақ.

Адам баласы алғаш «шыр» етіп, мынау жарық
дүние есігін ашқан кезінде Жаратушы Иеміздің
тыйғандарынан тиылып, бұйырғандарын атқаруға
барынша құлшынысты яғни таза болмысты

күйінде болады екен. Кейін уақыт өте келе,
өскен ортасы мен отбасындағы алған тәрбиесіне
қарай олар түрліше қалыптасатын көрінеді. Сол
Шариғат заңдарындағы бұйрықтар қатарында

мынандай қағида да бар. Иманды жан барлық
жағдайларда (тіпті өзі мен жақын-жуықтарына
тиімсіз болса да) әділдікті ұстанып, шындықты
жақтауы тиіс. Себебі, осынау ұлы бұйрықтарды

қолдарынан келгенінше орындауға ұмтылған
құлдарына екі дүниеде де сыйлықтары мен
жеңілдіктерін беретін- тек Жаратушының бір
Өзі ғана! Осындайда ойымызға Төле би бабаның:

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ!» –
деген нақыл сөздерінің ойымызға оралатыны бар...
Алланың 99 есімдерінің бірі – Әділ! Яғни,
Алла

ешбір
пендесіне
қиянат
жасамайды.

Қабылдаған шешімдерінде үнемі әділетті! Сол
себепті де, Жаратқан Иеміз Өзі жақсы көретін
осынау «Әділдік» атты қасиетті Өзі жаратқан
құлдарының

ішінен
қолдарынан
келгенінше
ұстануға тырысқандары болса, ол пендесін Өзі де

ұнатып, ондай жанды оның айналасындағыларға да сүйкімді етіп көрсетіп қояды екен. Демек, Баукеңдей жандардың халқы үшін ардақты болуы-сол дара тұлғаларға бір Жаратушымыздың төккен нұры, жолдаған ерекше мейірімі деп ұққан жөн. Кеңес өкіметі сияқты атеистік қоғамда Алланың бұйрықтарын орындау туралы сөз болуы мүмкін емес еді. Себебі, халық мәңгілік Ақиқаттан қызыл Кремльдің пәрменімен күштеп алыстатылғаны белгілі. Бірақ, жарық дүние есігін ашқан шарана кезінде-ақ, Жаратқан Иесі тарапынан өз болмысына егіліп, санасына сіңірілген «Әділдікті аңсау, Ақиқатқа ұмтылу» атты қасиеттері (тіпті атеистік қоғамның өзінде де) адам бойында жасырын көмбе сияқты қалып қоятын көрінеді. Сондықтан болар, шама-шарқының жеткенінше ақиқатын айтып, нендей бір істе болмасын әділдікке жүгінген ұлдарын туған халқы қашанда төбелеріне көтере дәріптеген ғой. Яғни, жалпақ жұрттың Баукеңдей дара ұлдарын құрметтеуі, өздеріне Алла тарапынан бұйырылған «Әділ, Әділдік» атты қасиеттерді ұлықтағандары екен. Адам баласы, сол әрекеттерінің шынайы сырын өздері де терең аңғарып жатпастан, Ақиқатты, Шындықты қорғау жолында, осылайша ішкі табиғи бір түйсіктерімен, Жаратушымызға мінәжат ететін көрінеді. Демек, пенделерінің адалдықты сүюі-Алланың бұйрықтарына бас игендіктері. Бұл ойымызға Бауыржан атаның 100 жылдық тойы кезінде ол кісінің мұраларына тұтас халқымыздың көрсеткен ықыластарытағы да дәлел. Бүгіндері риторикалық сауалдарыма

осылайша жауап тапқаныма шүкіршілік етудемін.
Түйіндей айтқанда, Ақиқат жолында қызмет
ете отырып, өзінің негізгі өмірлік байламын
туған халқының мұң-мүддесімен өзектестіре,

сабақтастыра
ғұмыр
кешкен
перзентінің

мойындалған әрбір еңбек жемісіне (ол әділетсіз
түрде кешіктірілсе де) дүйім жұрты осылайша
жүрегі жарыла қуанады екен. Мен сондай
бүкілхалықтық қуанышты сәтке куә болғандардың

бірі едім.
Қараша, 2010 жыл.

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ:

«ҰЛЫ АДАМДАР ТУРАЛЫ

МАЙДАЛЫҚТЫ ХАЛЫҚ

ҚАЛАМАЙДЫ»

Естелік жазу – ел ардағы жайлы ой толғамақ қалам
иесіне үлкен жауапкершілік жүктейтін азаматтық
іс. Халық екінің бірі жайлы жазылған естеліктерді
қабылдай бермейді. Алланың қалауымен, өздері ардақ

тұтып, жүрек төрінен орын берген ұл-қыздары жай­
лы жылдан жыл озған сайын аяулы пікір, айшықты
сөздерді ести түссек деп ұмтылады. Демек, халық
сондай естеліктер арқылы өз тарихи жадын, ақыл-

ой, парасатын сомдай түседі деген сөз.
«...О большом писать крупно, о великом-
высоко», – деп өзі айтқандай, туған халқының
санасында азаматтық тұлғасы биіктей түскен

Бауыржан Момышұлы еліне неліктен осынша
сүйкімді бола білді?! «Арпалыстың» (авторы –
А.Бек) әрбір жолының нақтылығын қадағалап,
«Ақиқат пен аңыздың» (авторы – Ә.Нұршайықов)

шынайы жазылуын авторға ерекше табыстағаны,
сондай-ақ өзінің әрбір шығармасының халық
кәдесіне жарауын діттегені – ардагер ұлдың
халық алдындағы өз азаматтық жауапкершілігін

бар болмысымен терең сезінгендігінде болар! Өзі
жайлы жалған мақтау, өтірік марапат атаулыға
үзілді-кесілді қарсы боп өткен қайсар жан, сұхбат

алып отырып: «Сіз батырсыз, сіздің ерліктеріңіз...» деп қайталай берген радио журналиске: «Батырлығым жоқ, ал батылдығымның бары – рас», – деп қолма-қол жауап бермеп пе еді!? («Лениншіл жас» қараша, 1981 ж. «Комдив») Ерлік даңқы одаққа ғана емес, жұмыр жердің небір шалғай түкпірлеріне аңыз боп тараған осынау жанның өзі жайлы осыншалық қарапайым пікірде болуы-кеуделеріне бір емес, бірнеше «күлшеден пісіп» жүретін небір «мықтыларға» қай заманда да үлгі-өнеге. Бәлкім, аңызға бергісіз батырлығы, және қайраткер жазушылығына қоса, халқын тәнті еткен қасиеттерінің бірі Баукеңнің бойындағы осынау қарапайымдылығы мен әділдігінде болар?! Көкірегіне ұялаған қанатты сөз ретінде, Л. Н. Толстойдың «Где нет простоты, там нет правды, где нет правды, там нет величия», – деген пікірін ұстанып өтуі, бәлкім әлгіндей өмірлік принциптеріне байланысты шығар. Қалай болғанда да Момышұлы жайлы жазылған әрбір шыншыл естеліктің тек Баукеңе ғана қатысты боп қалмай, дүйім халықтың рухани игілігіне айналары-соншалықты ақиқат. Ендеше, ол кісі жайлы тырнақ астынан кір іздей айтылған әрбір әділетсіз пікірдің халық жүрегін сыздатып, ойсанасын тырналайтыны да-сондай шындық. Өзі айтқандай: «Ұлы адамдар туралы майдалықты халық қаламайды!» Өзі бақилық боп кетсе де туған халқының жүрегінде рухани ерліктері сақталып қалған жанның бірі – Баукең. Бақытжан Момышұлының «Восхождение к отцу» атты романы мен Зейнеп

Ахметованың «Шуақты күндер» деген естеліктері – халықтың батыр ұлының заңғар болмысына соны бір жүрек лүпілі мен ерекше реңк қосқан, әрқайсысы жеке талдауды қажет ететін дүниелер. Ал мұндай қомақты шығармаларды айтпағанның өзінде, көлемінің шағындығына қарамастан, оқырманын Баукең жайлы шуақты бір сезімдерге бөлейтін шағын естелік-мақала, эсселер қаншама десеңізші. «Баукеңді іздеп...» атты жазушы Қасым Қайсеновтың эссесін оқи отырып та біз сан тарау сезім толқуларына бөленген едік. Аты аңызға айналған ағасына сырттай тәнті боп жүрген партизан жігіттің, Алматы көшесі бойымен кетіп бара жатқан беймәләм бір полковниктің соңынан: «Осы кісі Баукең болар», – деп ере түсіп, алайда тіл қатып, жөн сұрасуға батылы жетпей, талай жерге дейін ілесіп жүре беруі....біздіңше, інілік зор ілтипатты білдірсе керек. «Бір кезде, – дейді автор оқырмандарымен кездесулерінің бірін еске ала отырып,- тыңдаушылардың бірі «Өзіңіздің батырлығыңызды Бауыржан Момышұлының батырлығымен қалай салыстырар едіңіз?» – деп сұрақ жазып жіберіпті... Залда жауап күтіп отырған көпшілікке сұрақты оқып бердім де, жымиып күлдім. Жұрт «Не айтар екен?» дегендей тыныштала қалды. – Сұрақ дұрыс қойылмаған екен. Мені Баукең сияқта алыппен салыстыруға бола ма? Ол – шағын төбе мен заңғар биік тауды салыстырғандай ғой. Баукең – ешбір жақсы қасиеттерді аямай, Табиғаттың (Алланың-Н.Ү.) ерекше жаратқан адамы. Ол – ақын. Ол – жазушы. Ол – философ. Ол – екі тілде бірдей шешен. Ол – қас батыр. Ол

– полководец. Осы қасиеттің бәрін менің бойым мен ойымнан осы отырған барлығың жабылып іздесеңдер таба аласыңдар ма? – дедім. Отырған жұрт ду қол соғып, дүрлігіп кетті.» Осы үзіндідегі Баукеңе берілген баға және орнықты пікірлердің шынайылығымен қоса авторлық ізет, інілік кішіпейілділік оқырманын тәнті ете түсетіндей. Баукеңдей заңғар биік таудың қасында өзін шағын төбеге теңеуі автордың жадағайлығы емес, керісінше, өз-өзіне тамсанып жүрер әлдебіреулердің қасында Қайсеновтың ірілігі дер едік. Мұның өзі-аяулы адамдардың иығын кір-кір кебісімен «басып тұрып» «биіктеуге» тырысатын, «сөз етіп отырған адамым жайлы жақсы сөз айтсам, өзім төмендеп қалармын»,- деп ойлайтын, лас болмысты, майда жандардың талай-талайына үлгі боларлық әрі кейінгі ұрпақ үшін тәлім-тәрбиелік мәні зор, кесек қасиет. Асылы, кез-келген талантты шығармадағы айтылған ой, жасалынған әрбір іс-қимыл дәлелді, нанымды болуы заңды да. Көк жасық дүниелерде кездесетін ой шашыраңқылығы, идея селдірлігі, жалған сезім сипаттамалары сияқты шалағайлықтар... шымыр шығарма бойында болмаса керек. Яғни психологиялық дәлелдемесі мығым шығармаларда бұлтартпас шындық басым жатады. Баукең – өзі жайлы өмірбаяндық-эсселердің жалған мадақ-марапатқа құрылмауын көзі тірісінде қатты қадағалаған жан. Сонымен бірге, Момышұлы жайлы естелік жазуда жауапкершілікті талап ететін тағы бір жағдаят бар. Баукеңөзі кешкен күрделі ғұмыры жайлы өмірсапарнамасын, биік талап тұрғысында

өзі шебер жазып кеткен қаламгер. «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас», «Куба әсерлері» шығармаларындағы шындыққа суарылған саф алтындай өміршең идеялары-соның айғағы. Бауыржан Момышұлы – дарынды жазушылығымен қоса, ауызекі тілдің шешені де болған. Оған ақжарыла жазылған шынайы естеліктерді оқу үстінде көз жеткіземіз. Бұл орайда, келіні Зейнеп Ахметова өзінің естелік-эссесінде Баукеңнің айтқан ой-толғамдарын, диалогтарын шашау шығармастан, еш өзгеріссіз жинап, бере алған. Өз жанынан ешнәрсе қоспаған. Сонысымен де шығарма құнды бола түсуде. Себебі, Баукеңдей жанның сөзін өзгертуге немесе ойдан құрастыруға тырысу-бекершілік. Ондай диалогтар оқырмандарын сендірмейді, солғын тартады. Баукеңмен сұхбаттасу бақытына ие болған әріптестеріміздің талайы, ол кісінің қойылған сұрақтарға ұтқыр да терең әрі шешен жауап беретіндігін, тіпті өзі айтқан әңгімені журналистің қағазға түсіріп алуына жағдай жасау үшін, студенттер алдында дәріс оқып тұрған ұстаздай боп, кісі қызығарлық қоңыр мақаммен, асықпай, баппен, әр ойын, әрбір сөзін шегелей баяндайтынын үлкен сүйсініспен айтып жүретін. Баукең жайлы жазылған естеліктер-шүкір, жетерлік... Соңғы жылдары бір кейіпкер хақындағы естелік кітаптармен қатар бірнеше кісі жайлы естеліктердің басын біріктірген авторлық жинақтар да жарық көруде. Мысалы, жазушы Ә. Нұршайықовтың «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Өмір өрнектері» және жазушы

С.Шаймерденовтың аталған баспадан жылы шыққан «Ағалардың алақаны» атты жинақтары – қазақ прозасының естелік жазу ісіне өзіндік үлестерін қосқан дүниелер. Жазушы С.Шаймерденов осы шығармасында ардақты ағаларының бірі ретінде Баукең жайлы да біршама інілік ойын білдірген екен. «Мақтаныш» атты мақаласында тәкаппар деген аудиторияның өзін шешендігімен үйіріп әкетер кенен жазушыжауынгер қасиетіне риза бола отырып: «Жарқылдаған терең ой, алмастың жүзіндей өткірлік, қапиядан шыға келетін тапқырлық... – Осындай ұл тапқан қазақ халқынан айналайын! – дедім. Бірақ мен мұны іштей айттым.» – дейді автор. Өзінен де өзгеден де ұқыптылық пен сезімталдықты талап етер Баукеңнің тағы бір тәлімді қасиеті жайында «Бауыржанның сабағы» атты естелігінде баяндайды. Дей тұрғанмен, жинақта жазушының оқырман көңіліне түйткіл салар естеліктер де жоқ емес. Мысалы, «Қалижанның әңгімесі» атты естелік ақын Бекхожиннің аузынан баяндалған екен. Өкпелесіп қалған екеуді Баукең татуластырмаққа ниеттенеді. «– Бауыржан: алай-бұлай, – деп келе жатыр еді, тиып тастадым. Бұл мәселеде сен де ақыл айтайын деп пе едің? Тыңдамаймын ақылыңды!». Естелік авторына сенсек, бұл – ақын Қалижан Бекхожиннің аузынан шыққан реплика. Міне, керек болса! Бұл не сонда, халқының аяулы батыр ұлы мен тағы бір ақын ұлының бедел, батырлық жарыстырғаны ма?! Жоқ әлде, өзгенің қасиетін төмендету арқылы өз қадірін көтеруге тырысушылық па?!

Біраз күндер өткенде ақын ағамыз Бауыржанмен
тағы кездесіп қалады. Жасы кішілігіне қарамастан,
қырсығып, батыр ағасына өзі барып сәлем
бермейді. Көрмегенсіп, көзін төмен салып отырған

Қалекеңнен «сәлем дәметкен» Баукең: «...тұрып
келіп, амандасса екен деп жүрген секілді» әрлі-
берлі жүреді де қояды. Өзіне сәлем берген бір жас
жігіттен: «Мені танисың ба?» – деп сұрайды. «Сіз

полковник
Бауыржан
Момышұлысыз...Даңқты
жауынгер! Атақты жазушы!» деп келе жатқан

жігітке:
«– Әне, анау жерде қазақ халқының үлкен
ақыны Қалижан Бекхожин отыр...Білсең, мен сол
ақынның ағасы боламын...

Қитығыңқырап отырған мен күліп жібердім де,
жүгіріп келіп Бауыржанның қолын алдым», – деп
Қалижан жымия күлді.»
Осы бір қысқа естелікті оқып шыққаннан

кейін, батыр ағаның алдында лайықсыз тарпаң
мінез танытқан (егер ол кісі шынында сондай қылық
көрсеткен болса-Н.Ү.), қазақтың белгілі ақыны
Қ.Бекхожин ақсақалға ма, әлде естелік авторы

С.Шаймерденовке ме, әйтеуір қайсысына болсын,
оқырман ретінде қынжылғанымыз бар. Бұл
жерде Момышұлының халық ұғымындағы кесек
тұлғасына көмескілік туғызуға тырысушылықты

былай қойғанда, естеліктегі ақын Бекхожин
образының да жілігі татымай тұрғанын айта
кетуіміз керек! Нағыз парасатты жандар бір-
бірінің шынайы қадір-қасиетіне жету арқылы

ғана биіктесе керек-ті... «Елдестірмек – елшіден,
жауластырмақ – жаушыдан». Момышұлының
(ренжіскен екі адамды татуластырмаққа ұмтылған-

Н.Ү.)

осындай
елшілік
ниетін
тәрік

етуге
тырысушылық-біздіңше,
ардақтысын
төбесіне

көтеріп өтер халықтың көкейіне қона қоймайтын
қылық.
С.Шаймерденовтың келесі бір естелігі «Кәрі
күйеу» деп аталады. «Ең кереметі: сөзге тоқтаушы

еді, – дейді автор, – әділін айтар, тауып сөйлер
кіші болса, шамданудың, үлкендігін салық етудің
орнына, намысшыл басын иіп, тағзым ету-дәстүрі
еді десең де болғандай».

Қош, жазушы С.Шаймерденовтың берген бұл
бағасы орынды-ақ, делік. Ал енді, сол қасиеттерді
дәлелдеу үшін келтірілген кейбір мысалдарына
назар аударып көрейікші...

«Кәрі күйеуде» автор 1962 жылы «Қазақ
әдебиеті» газетінің бір ғана нөмірінде жарияланған
Момышұлының жеке тағдырына қатысты екі
мақаланың бірін өзі жазғандығын баяндай келіп:

«Есімде
қалғаны-Аристотельден
келтірілген
қортынды сөзім: «Человек вне общества – или

бог, или зверь». Бауыржан өзін қайсысымын деп
түсінеді екен? – деп аяқтағаным», дейді. Автор
1962 жылы жазған өз мақала-фельетонын 1987
жылы (Баукең 1982 жылы о дүниелік боп кеткен еді-

Н.Ү.) жарық көрген жинағында осылайша еске
алады.
«...Мен түрегелдім. Бауыржан қолын шекесіне
апарды:

– Жазғандарыңның ішіндегі ең тәуірі «Қазақ

әдебиеті» газетінің кешегі санында жарияланған
мақалаң болмақ.

– Жолдас полковник, мен де тап солай

ойлаймын, – дедім сабырлы кейіппен».

Автордың дәл осы сипаттап отырған диалогышындық. Себебі, Момышұлы-1 газеттің өз қолындағы данасының әлгі мақала басылған тұсына: «Сафуанның шығармаларының ішіндегі ең таланттысы да, әйгілісі де осы болмақ. В его биографии это будет стоять особняком», – деп бұрыштама жазып, қолын қойған екен. Және Баукең осы екі мақалаға орай (екіншісінің авторлары – Ш.Артықбаев, Ш.Өтепов) Қазақстан Компартиясы Орталық комитетіне, Қазақстан Жазушылар одағының бастауыш партия ұйымына арнап жазған өзінің анықтама хатында былай дейді: «Мен екі жүздей ұрыстарға қатысып, жеті травма алғанмын. Қан майдандағы қимылдарымнан болсын, идеялық, материалдық жақтарынан болсын халыққа, партияға, мемлекетке зиян келтірмегендердің бірімін. Қалайша мен «человек вне общества – или бог, или зверьмін?» Менде де кемшіліктер бар. Олардың көбін өзім де білем, түзетуге тырысамын. Айыбым болсаоны мойныма алуға менің ерлігім жетеді. Орынсыз табалап, кемсітіп, әдепсіз балағаттап айтылған сынның құйрығы келте болғанымен, оларға да көңіл бөлемін. Қорытынды шығарамын. Бірақ та, арқамды кім болса, соған тоса бермеймін. Ведь у бьющего тоже рука устает» дегенді «шоқпарбайлардың» ойына салғым келеді – шаршаған «жұдырық» түбінде таяқ жейді». («Парасат» журналы 12-нөмір, 1990 жыл.) Иә, сұрапыл ұрыс даласында қаптаған жаудан қаймықпаған батыр ұл бейбіт күнде өзіне бағытталған әділетсіз жалаларға осылайша

шамырқанады. Біз ағалар арасына билік айтқансуды жөн көрмегендіктен, нақты деректер арқылы, барды бардай етіп, оқырман алдына жайып салуға бел байладық. Сол себепті, атақты ақын Олжас Сүлейменовтың «Лениншіл жас» газетінде 1980 жылы, Баукеңнің көзі тірісінде жарық көрген «Менің Бауыржаным» атты мақаласынан үзінді келтірген орынды болар деген ойдамыз. «...Оның Бостандық аралына келуін жазған бір бума газет материалдарымен таныстым...Сурет үстінде ірі әріптермен былай деп жазылған: «Ұлы совет жауынгері, полковник Бауыржан Момышұлы, Куба жеріне қош келдіңіз!» ...Мен осынау газеттерді қарап отырып, мақтаныштан жарылардай едім және... өзіміздің жергілікті, әдеби газетте ол туралы мақаланың, мақала емес-ау, фельетонның шыққанын кубалықтар біле ме екен?» – деген үрейлі ой құшағында болдым. Мұндай да кереғарлық болады екен! ...Сондағы қайта-қайта ойлағаным, әлдебір ақынның «Жақыннан іріні көре алмайсың, ұлы нәрсе алыстан көрінеді» – деген сөзі еді. Биіктегіні көру үшін, биікте тұру лазым. Адам бойындағы басты нәрсені бағалау үшін тірліктегі ұсақ-түйек жайлардан көтерілу керек». Олжас ақынның осынау азаматтық биік ойлары үшін алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Және аталған жайсыздау әңгіме араға біраз жылдар салып, оқырман алдынан («Ағалардың алақаны» жинағы арқылы-Н.Ү.) осылайша орағытып қайта шықпағанда, кім білсін, бәлкім Баукеңнің әлгіндей дәлелді сөздеріне назар аударып,

Олжас Сүлейменовтың пікіріне бұлайша жүгініп
жатпаған да болар ма едік?! Иә, С. Шаймерденовтың
«Жазушы» баспасынан 1987 жылы жарық көрген
(сол үшін 1988 жылы Мемлекеттік сыйлықты

иеленген-Н.Ү.)
«Ағалардың
алақаны»
атты

жинағында Бауыржан Момышұлының ағалық
«алақан жылуы» осылайша баяндалған.
Көкейімізге Баукеңнің естелік жазу шарттары
жайлы айтқан пікірлерінің тағы да орала бергені...

«Дара тұлғалар туралы сөз қозғап, ой толғарда,
ең бірінші, “осы кісіні жазуға моральдық хақым
бар ма? Оның алдында арым таза ма?”-деген
сұрақты қою керек. Бұл-образға барар жолдағы

естен шығармайтын шарттың бірі ғана...Сәті
түсіп, бірге отырып жеген қазы-қартаң мен
ішкен коньягіңнің оқырманға керегі жоқ... Ал «өзі
жоқтың-көзі жоққа» салсаң, сол адамның қасиетін

қастерлеген халық сені кешірмейді. «Да, памяти
бывает еще больней, чем при жизни, потому что
она уже принадлежит народу. А кто пытается
унизить народную память и любовь, тот преступен,

жалок и подл.» (З. Ахметова «Шуақты күндер»,
98-99 беттер.) Батырдың шырқыраған шындыққа
суарылған сара пікірі, түйінді ойы, міне, осындай.
Қарапайым

оқырман
ретінде,
Баукеңнің
өз туындылары мен ол кісі жайлы жазылған

естеліктерді оқи келе түйген ойымыз: туған
халқының батыр ұлына деген қалтықсыз ықылас,
махаббатының төркіні тереңде екен... Батырдың
көзін көріп, жақын аралас-құралас болып, ол

кісінің болмысы жайлы түйген ойларын қағазға
түсірген
замандастарымыздың
естеліктеріне

қарағанда, Бауыржан Момышұлы-аты аңызға

айналған батыр, кемел жазушы, ұшқыр да терең
ақыл-ой иесі, ауызекі тілдің шешені. Дараланған
қасиеттерін осылайша санамалай беруге болады.
Ал, біздің ойымызша, Баукеңнің бойындағы

ең басты қасиет-өмір деген бұралаңы мол ұзақ
сапарда Ақиқат атты сара жолдан тысқары,
мүмкіндігінше, бір адым да аттамауында, қолынан
келгенінше

кері
шегінбеуінде.
(Бір
Алланың

қолдауымен)
туралығын,
адалдығын
сақтай

білуінде. Ал (Кеңес өкіметі кезінде) ең бір данышпан
деген жандардың ішінде де мұндай қасиеттерін
ғұмыр бойы мығым ұстанып өткендері тым сирек
екені рас қой!

Біздіңше, халық биік идеялар мен асыл да
аяулы қасиеттерге жай ғана сеніп қоймай, сондай
биіктіктерді айқындайтын өлшем, өлшеуіштерді
айналасынан іздейтіндей. Ал, ізгі тілектеріне

сай сондай қасиеттерді маңдайы жарқыраған
ұлдарының бойынан таба қалған жағдайда, халқы
ондай перзенттерін төбесіне көтеріп, алақанына
салып аялайды, қадір тұтады.

«Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп
қызмет еткен» (Баукеңнің сөзі) және туған халқына
азаматтық үні жеткен аяулы жандардың мәртебесі
қашан да биік қой!

Нұрлытай ҮРКІМБАЙ
Республикалық «Өркен» газеті,
30-қараша, 1991 жыл.

ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ

«ӨТКЕНГЕ – САЛАУАТ,

БОЛАШАҚҚА – АМАНАТ...»

Құрметті «Жас Алаш» ұжымы! Бүгін сіздердің
қолдарыңызға өткеннен бір белгі ұсынбақшымын...
Шынын
айтқанда,

«Ұлы
адамдар
туралы
майдалықты халық қаламайды» деп аталатын осы

мақаламның жазылуы да, жариялануы да айрықша
бір жайларға толы болды...
Менің бір журналистік әдетім бар. Жан-дүнием-
ді ерекше бұлқынысқа салған рухани мақалалар

болса, қиып алып, сақтап қоямын. Олардың саны
тым көбейіп кетсе, екшеуден өткізіп тұратыным
да бар. Қасым аға Қайсеновтың «Баукеңді
іздеп...» атты эссесі, Олжас аға Сүлейменовтың

«Менің Бауыржаным» атты мақаласы сондай
екшеуден өтіп келе жатқан дүниелерден еді. 1980
жылы Олжекеңнің осы мақаласын оқып шығып:
«Расында, Баукең жайлы фельетон жазған кім

болды екен?» – деген ойдың мені мазалағаны
есімде.
Арада он жылдай уақыт өткенде Баукеңнің
жеке мұрағатымен танысу бақытына ие болдым.

Нақтылай айтқанда, атаның қара шаңырағында
сақтаулы жеке мұрағатынан тиісінше материал-
дар алып тұруыма Бақытжан аға Момышұлы

мен Зейнеп жеңгей Ахметова маған ерекше мүмкіндіктер берген еді. Аға-жеңгемізгемың алғыс! Ол кісілермен бірге құжаттармен танысудамын... Кезекті папканы ашқанымыз да сол еді. Кенет бір тосын материалдың көзіме оттай басылғаны... 1962 жылғы «Қазақ әдебиеті» газетінің сарғайған бір нөмірі. Бірінші беттің редакторлық бағанасында – Баукеңді «сойып салған» мақала. Авторы – Сафуан Шаймерденов! «Редакторлық бағана» дегеніңіз советтік газеттердегі өте маңызды, керек болатын болса, тіпті саяси мәнге ие орын деп есептелетін. Ішкі бетте-басқа бір қос автордың Баукеңді түйреген фельетоны... Әлгі жерде, осыларға байланысты Олжекеңнің қынжылысқа толы баяғы мақаласы ойыма бірден сап ете түскені. .– Аға, мен осы газетті іздеп жүрген едім... – Ондай болса, Нұрлытай, мен саған бір қызық дүниені көрсетейін... Осы мақалаларға байланысты әкемнің жазған хаты бар. Хат болғанда да Қазақстан Компартиясы Орталық комитетіне, Қазақстан Жазушылар одағының бастауыш партия ұйымына арнаған еді. Жазуын жазса да, кейін ойлана келіп: «Сол «шоқпарбайлардың» деңгейіне түсіп қайтем! Тиіссе, тиісе берсін,» – деді де жеке архивіне тастай салды. Атаңның мұндай-мұндай ірі мінездері жетерлік еді ғой,-деп Бақытжан аға жазу машинкасымен басылған қос парақ қағазды қолыма ұстатты. Сол жақ шекесіне «В архив!» деп Бауыржан ата өз қолымен бұрыштама жазған екен.

Үйіме келісімен «Қазақ әдебиеті» газетін, содан
кейін оған байланысты жазылса да еш жерге
жіберілмеген Баукеңнің әлгі хатын, Қайсенов,
Сүлейменов эсселерін және Шаймерденовтың

1987 жылы шыққан (ал Баукең 1982 жылы
қаза болған-ды) «Ағалардың алақаны» кітабын
қатар қойып, хронологиялық тәртіппен қайта
таныса бастадым. Оқып шықтым да Баукеңнің

биік те кесек болмысына одан әрі көзім жете
түскендей күй кештім. Олжекеңдердің аталған
«естелікке» айрықша наразы пікірлері жан-
дүниемді бұрыннан мазалап, көкейімде тербеліп

жүргендіктен болар, әйтеуір мақала өз-өзінен
қағазға құйыла кеткендей болды. Бұл 1990
жылдың қарашасы еді.
.Енді мақаламды бастыру ісіне келер болсақ...

Жарық көрмей, он айдай жатып қалды. Өзім
қызмет ететін басылымға ұсынуды жөн көрмедім.
«Өзі отырған соң шығартқан ғой..» дер, деп.
Жайлап отырып, бір беделді басылымға ұсындым.

Оқып шығысты да:

– Бұлтартпас дәлелдермен мықты жазыпсың.

Бірақ біз баса алмаймыз. Құлағымызға тыныштық
керек. Сафуан бәле қылады, – десті.

– Бұл жерде жалған нәрсе жоқ қой?! Неге

қорқасыздар? Шындықтан ба?

– Түсін бізді...

Түсінуге тырыстым... Барлық басылымдарға дей
алмаймын, бірақ беделді, батыл деген бірнешеуіне
қайрылып көрдім. Бәрінің де айтатыны әлгіндей
әңгіме.

– Басымыз бәлеге қалады, – деп ат-тондарын тағы да алып қашысты. Сонда ғана маған мынандай ой келді: «Бәлкім басылымды емес, батыл редакторды іздеуім керек болар!» Сөйттім де «Өркен» атты республикалық жастар басылымына бардым. Шыға бастағандарына көп болмаса да бұл газет өзінің тың ой, соны бағыттарымен, өткір де шынайы мақалаларымен жұртшылықты өзіне ә дегеннен-ақ баурап әкеткен болатын. Газет редакторы Алтынбек Сәрсенбайұлы аталған мақаламды оқып шықты да, сөзге келместен, кезекті нөмірге салды да жіберді. Сол жолы менің адал ниетімді, азаматтық ұмтылысымды танып, мақаламды жап-жас өскіндей болған басылымына еш қаймықпастан жариялауы үлкен азаматтығы еді. Кезінде «тиражы аз» деп есептелген «Өркен» тұтас республика көлеміне аз тараса, тараған да болар. Бірақ Алматыдағы оқырмандарының саны едәуір екен. Оны мен мақала шыққаннан кейін телефон шалып, тіпті іздеп кеп пікір білдірген оқырмандардың ықыласынан білдім. .Бір күні мен отырған бөлмеге Асекең, Асқар Сүлейменов кіріп келе жатты. Оқып шығып, арнайы пікірін айтуға келген екен. Қалам ұстаған ағайындарға айтар әрбір жылы сөзі сатулы Асекеңнің мына келісі мені қайран қалдырды. – Не үшін алғыс...? – Мәселені ашып айта білгеніңіз үшін, – дейді ол кісі. Сөз арасында өзімен бірге ала келген Шаймерденовтың қолтаңбасын көрсетіп жатыр.

– Мұндай мойындауды ол кісіге қалай жаздырып алғансыз? – Өлтіре дәлелдеу арқылы, – дейді Асекең асау мінезіне басып. – Асеке, шынын айтқанда, бұл жерде мені Шаймерденовтың жазушылығының қай деңгейде екені мүлдем қызықтырған жоқ. Ол кісінің халық санасына, оқырман болмысына жасамақ болған қиянатына төзе алмадым. Өзіңіз де байқаған боларсыз, бұл мақалада Шаймерденов жайлы менің сөзім-жоқтың қасы. Бар болғаны ағалар пікірлерін жүйелей отырып, жазып шықтым. Сондықтан алғысыңызды сол кісілерге айтқаныңыз жөн болар! – деп мақтаулардан қашқақтаудамын. – Оның ... екенін өзіне талай рет дәлелдегенмін. Ауызша! ...Дегенмен, осы мақалаңыз туралы ойымды Сафуанға міндетті түрде өзім жеткіземін. – Солай етсеңіз, маған шексіз көмектескен болар едіңіз... – Та-а-ак, Нұрлытай бала, бұдан былай сіздің жазғандарыңызға зер сала жүрермін, – деді де Асекең қош айтысып, асыға басып, бөлмеден шығып кетті. Мен сол сәт ойға қалған едім: «Алланың қолдауымен, шындық сөзді дәлелдемекке ұмтылған ниетім, бәлкім, зая кетпеген болар-ау» деп. ... Енді міне, биыл Баукеңнің туғанына – 100 жыл. Ол кісі жайлы шындық айтылуда, болашақта да айтыла бермек! Ойлана келе, жоғарыда

баяндалған себептерге байланысты, кезінде аз ғана
көлемде таралған осы бір жүрек жарды сөзімнің
тасада қала бермей, жиырма жылдан кейін болса
да дүйім жұрт назарына ұсынылғанын қалап

отырмын. «Ұлы адамдар туралы майдалықты
халық қаламайды» атты, 1990 жылы жазылған
сол мақаламды сәл ғана ықшамдадым, жаңадан
қосқан

анықтама
сөздерімді
жақша
ішінде,

«курсив» әріптермен көрсетіп отырмын.
Тағы да сол сөз өнеріндегі өзімнің бір кездегі
алтын бесігім – «Лениншіл жасыма» – «Жас
алашқа» қайрылғанды жөн көрдім.

Құрметпен – Нұрлытай ҮРКІМБАЙ.
Маусым, 2010 жыл.
Түйін сөз: Халық баһадүрін орынсыз күстана-
лаулардан арашаламақ ниеттегі аталған мақалам

және соған орай жиырма жылдан кейін жазған
жоғарыдағы түсіндірме дүнием, Жаратқанның
қалауымен,
Баукеңнің

жылдық
тойы
кезінде республикалық «Жас алаш» газетінде
жарияланған күні қадірменді оқырмандарым

тарапынан небір алғыс пікірлер тағы да айтылып
жатты. Ондай күстәналауларға наразылықтарын
білдіріп, ұлттық рухымызды қорғамаққа ұмтылып
жүрген азаматтардың қарасы едәуір екен. Дәл сол

кезде мынандай ойға қалдым.
Соңғы кездері руханият саласында жағымсыз
бір үдеріс, өкінішке қарай, шапшаң қарқынмен
жүріп жатқандай. Тарата айтар болсақ, дүйім

халық төбесіне көтерген ұлтымыздың айшықты
тұлғаларына «жаптым жала, жақтым күйе»
тәсілімен орынсыз топырақ шашып, олардың
есімдерін

арзанқол
өсек-аяңға
араластырып,
беделін

қолдарынан
келгенінше
төмендетуге
тырысып бағатын «мықтылар» пайда болды. «Жер

астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты», – деуші
еді атам Қазақ мұндайда. Өкінішке қарай, әлгі
мықтымсығандардың, әлгіндей бейәдеп тәсілдер
арқылы, дүйім халық алдында өздеріне арзан

«ұпай» жинау үдерісі белең алып барады. Осындай
әдепсіз шабуылдарға душар болып отырған
арыстарымыз «Ел» дегенде еміреніп, «жұрт»
дегенде жүгініп қызмет еткен» (Баукеңнің сөзі)

жандар емес пе еді! Баукеңдей аяулыларымыздың
беделін
түсірмекке
жанталасқан

әлгіндей
«мысықтілеу» күштердің көздеген мақсаты –
қолдарынан келгенінше, жоғарыдағыдай сұрқия
үдеріс арқылы тұтас халықымыздың рухын басу

ма, әлде сол ұлы тұлғаға деген елдік махаббатын
әлсірету ме?! Және мұндай у-сойқы насихат
кейбір сәттерде өз «жемісін» бермей қалмауда...
Мысалыға айтар болсақ, қазір қарапайым

замандастарымыздың кейбірі еліміздің рухани
тірегі әрі халқымыздың азаматтық келбеті бола
білген небір арыстарымыз жайлы сөз қозғала
қалса, лезде енжар тартысады, «іштері пыса»

қалысады. Ал, «оның есесіне» бейәдеп сериялдар
актерлары мен әлемдік деңгейдегі әншілердің
өмірбаяндық
қалтарыс-бұлтарыстары

туралы
сұрай қалсаңыз, бұлбұлдай «сайрай» жөнелісетінін

қайтерсіз... Және оларды бүгінгі заманымыздың рухани келбеті деп санайды. Өкінішке қарай, замандастарымыздың көңіл төрінде шынайы рухани құндылықтар мен мерезді, зиянды әрекеттерді бағалаудың орындары өзара ауысып кеткен, тұманға толы, алмағайып бір мезгіл болып тұр. Рухани бағалауларымыздың бүгіндері бұлайша саязданып кетуіне көзі тірісіндеақ Бауыржан батырдай ел ардақтыларының жағасына орынсыз жармасқан, бір кездегі қысастыққа толы қылықтардың өз үлестерін, мысқалдай да болса, қосқаны даусыз. Жалпы адамзат баласы, оның ішінде біздің халқымыз үшін аса қатерлі осы бір түн-түнек жағдай, Жаратушымыздың қалауымен, тезірек өтіп кетсе екен басымыздан! Осының бәрін саралай келе, әділдік үшін күресіп өткен Баукеңдей халық перзенттерін, Жаратушының жәрдемімен бейәдеп күстаналаулардан арашалауға, сол арқылы халқымыздың тарихи жадын рухани соққылардан қорғауға ұмтылған әрекетімді, бір Алладан күш-қуат сұрай отырып, шама-шарқымның жеткенінше, одан әрі жалғастырмаққа бел байладым. Себебі, жамандықтан тиып, жақсылыққа шақыруға ұмтылу – ол да Жаратушы Иемізге деген құлшылықтың бір түрі. Түйіндей айтқанда, халқымыздың дара болмысты тұлғаларын шамадан тыс дәріптеп, оған сиынып кетуге де болмайды. Себебі, бір Аллаға ғана сиыну бақытқа жеткізеді. Ал, қандай қасиетімен

ерекшеленсе де, жұмыр басты пендеге табынунағыз бақытсыздықтардың бастауы болмақ. Адамға құлшылық қылудан Алла сақтағай бізді! Сондай-ақ, халқымыздың рухын, тарихи жадын, демек өзін де әлсірету үшін ел ардақтыларының беделін әдейіге жермен-жексен етуге ұмтылушыларға да жол беріп қоюға болмас! Ең дұрысы-осы қос «полюстік» шектен шығу әрекеттерінің дәл орта тұсын ұстану. Себебі, Жаратушымыз қандай істе болмасын пенделерінің орташа бағытты яғни әділдік жолын ұстануына бұйырған ғой.

Желтоқсан 2010 жыл.

«БІРТҮРЛІ» ҚАРИЯ деректі әңгіме Бауыржан атаны өмірімде бір-ақ рет көрген екенмін. Екінші дүние жүзілік соғыста, кеңестік тілмен айтқанда «ұлы Отан соғысында» жеңіске жеткеніміздің 29 жылдық мерекесіне арналған сал­ танатты жиын Қазақстан Жазушылары одағында өткен еді. Ол кезде ҚазМУ-дің 2-курс студентіміз. Одақ ғимаратының Мәжіліс залы алдындағы ұзын дәлізде осы 29 жылдыққа арналған көркем сурет және фото суреттер көрмесі қойылған екен. Ашылғанына біраз күн болған бұл көрмені зиялы қауым армансызақ аралап бітсе керек. Себебі, бұл жолғы тамашала­ ушылар негізінен студенттер еді. ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ – ИМАНДЫЛЫҚ КЕПІЛІ Бір топ достарымызбен бірге көрмені одан әрі аралаудамыз. Бір суреттен екіншісіне қарай назарымды аудара жүріп, кенет бір жәдігердің алдына келгенде, арбалғандай боп тұрып қалдым. Сурет бір майдангерқаламгердің жеке мұрағатынан алынған екен. Сол алапат жылдардың сәл сәттік қана көрінісі арқылы соғыстың тұтас тақсіреті жеткізілгендей еді. ...Сөйтіп едәуір бөгеліп қалдым. Сәлден кейін ғана, аталған «экспонатқа» тағы бір кісінің, нақтылай айтқанда, көнетоздау

қазақы бөрік киген бір қарияның көз алмастан,
қадала қарап тұрғанын байқадым. Сойдия өскен
мұрты мен әжім басқан жүзі кәдімгі ауылдағы
аталарымызды еске түсіргендей. Тек жанарлары

отты еді. Көңіл тоқтатқан суреттеріне тесіле,
ұзақ қарайды екен. Жалтақтай тұрып, жүзіне
тағы бір мәрте назар тоқтаттым. Мойнына қара
«лента» байлаған, үстінде-жадағай «костюмі».

«Өзі біртүрлі, өзгешелеу қария екен», – деген ойға
қалдым.
Көп ұзамай, Мәжіліс залына кіріп, орналаса
бастадық.

Сахнадағы
үстел
басына,
яғни

«президуимға» өңшең қасқалар мен жайсаңдар
жайғасқан еді. Олардың дәл ортасында, төрағаның
оң қанатындағы орында бағанағы бөрікті қария
отырды. Таяғының тұтқасын тұтамдап ұстаған

қос қолының үстіне иегін тіреп, біртүрлі бей-
жай күйде. «Таяққа сүйенген бұл кісі кім болды
екен? Төрағаның қасында отырғанына қарағанда,
сірә, тегін адам емес-ау!?» – деген ойларыммен

арпалыса әлгі кісіден мен де көз айырмаудамын.
Сұрайын десем, айналамдағылардың бәрі – өзім
сияқты студенттер. Ал, зиялы қауым, жазушылар
жағы болса, залдың алдыңғы бөлігіне жайғасқан

екен.
Содан төраға өз қызметіне кірісіп кетті.
Бәрімізді Жеңістің 29 жылдығымен құттықтап,
кеңес дәуіріне тән жалынды лебіздерін білдіре

келіп, енді төрдегі қонақтармен таныстыруға
көшкен болатын.

– Бүгінгі біздің құрметті қонағымыз – қазақтың

аты аңызға айналған қаһарман ұлы..., – дей бергені
сол еді, төрағаның сөзінің соңын айтқызбастан

дуылдата қол соққан жұрт орындарынан дүрліге
тұрып кетісті.
Мынау дүрбелең қошеметтердің өзіне, құдды
бір түк қатысы жоқтай-ақ, көзін төмен салған күйі

әлгі қарияның бей-жай отыра бергені маған одан
бетер қызық көрінгені анық. «Е-е, шапалақтай
беріңдер, түбі шаршап, бір қоярсыңдар», – дегендей
өзімен-өзі. Тіпті болмаған соң, ол кісі әлі қол соғып

тұрған халайыққа яғни залға қарап біраз отырды
да, бір кезде оң қолын тікесінен тік көтерген
күйі төмен қарай бір сермеді. Сөйтті де, ауадағы
әлденені «қырқып түсіргісі» келгендей ишарамен

қолын көлденеңінен тағы бір сермеді. «Болды.
Жетті. Тоқтатыңдар!» – деген тектес бұйрық
тұрды сол бір қимылдарында. Жиналған қауым
қол шапалақтауларын кілт тоқтатысқанымен,

бірақ орындарына жайғаса қойған жоқ. Сәл ғана
тыныштықтың орнауын күтіп тұрған төраға сөзін
одан әрі жалғастыра:

– Қазақтың қаһарман ұлы – Бауыржан

Момышұлы! – деп еді, қолшапалақтаулар одан
әрі үдей түссін. Бөрікті атамыз бұл жолы қолын
бұрынғысынан да қатулана бір сермеген еді. Жұрт
тағы да жым болды.

КІСІНІ ОРЫНСЫЗ МАҚТАМА,

ИМАНЫ ӘЛСІРЕЙДІ

Баяндамадан кейінгі алғашқы сөз кезегінің,
әрине, Бауыржан атаға берілгенін өзіңіз де
бағамдап отырған боларсыз, ардақты ағайын.
Аты аталғаннан бастап, ол кісі орнынан тұрып,

жай басып мінберге жеткенінше төріңіз бар, есігіңіз бар... залдағы қауым тағы да тікелерінен тік тұрып, дуылдата қол соққан күйлері батырға құрмет көрсетісті. Бұл жолы мінберге жетіп үлгерген Момышұлы-І өзіне ұнамаған үдерісті тоқтатқысы келгендей-ақ, үшінші рет оң қолын жоғары көтеріп, төмен қарай бір-ақ сермеді де: – Отставить! Мен әлі тірімін! – деп гүр ете қалды микрофонға. Бағанадан бері қолында микрофоны болмағандықтан тек ишарамен ғана бұйрық берген батыр ата сөзін шамамен былай деп жалғаған болатын. – Сендердің мынандай құрметтеріңе қарап, мен өзімді «өліп қалған шығармын» деп ойлап едім, – деп, даусын едәуір көтере тағы да саңқ ете қалды. Одан кейін де жалған атақ-дақпыртың адам баласына зияны жайлы пікірін білдіріп жатты. Сөзбе-сөз есімде қалмапты айтқандары. Содан арғы бірінен бірі биіктей түскен пікірлерін халайық сілтідей тынып тыңдады. Өзгені қайдам, өз басым бейне бір отырған орындығыма мені біреу шегелеп қойғандай әсерде болдым. Демалысымыз сирей түсіп, «шешеннің бірде-бір сөзін қағыс жібермейік», дегендей сыңаймен мінбердегі кісіге қадалып қалыппыз. Халқының кешегісі мен бүгінгісін саралап, келешегі үшін алаңдайтын абзал ұл тебіреніп сөйлеп кетті. Негізінен айтқандары: «халықтың ұлттық санасын, рухын көтеру үшін өткенді ұмытпау керек» деген пікірге сайып жатқан болатын. Шешеннің халық болашағы жайлы айтқан ойлары да, даусы да айқын болғандықтан, санамызға өшпестей боп құйылып жатты. Сөзінің арасында «шебер

қолбасшы болды» деп, Сталинге де жылы сөзін арнап өткені жадымызда. Айтса айтқандай, Бауыржан ата аса шешен кісі екен. Білдірген пікірлерінің ұтқырлығы, тереңдігіөз алдына бір бөлек дүние. Дауыс ырғағының өзі кәсіби «дикторлар» үлгі алғандай сипатта еді. Ой ағымына қарай үнін бірде зорайтып, енді бірде пәсейтіп, айтып жатқан дүниелеріне өзінің қатыстылығын қосымша білдіріп жатты. Осы кездесуде мен үш нәрсеге қайран қалдым. Біріншісі... Толып жатқан фотосуреттері мен кейбір кино ленталар және сандаған естелік кітаптар мен авторлық шығармалары арқылы санамда қалыптасып қалған Бауыржан Момышұлының қайсар да қаһарман бейнесімен төрде отырған мына қарияның түр-тұрпаты қабыспайдыақ. Екіншіден, таяққа сүйеніп, тәй-тәй басқан, мәужіреген қарттығы кезінде де Баһадүр ұлын туған халқының осыншалықты құрмет тұтып, төбелеріне көтерулері еді. Үшіншіден, «Қартайғанда-бір бала», – демеушіме еді халқымыз. Сәл жылы сөз айтып, мақтап қойсаңыз балаша мәз болушы еді біраз қарияларымыз. Ал, Баукеңе тіпті лайықты құрмет көрсетілген сайын: «Тірі кісіні осыншама көзіне мақтамаңдар. Байқамастан, тәубесінен жаңылып қалар», – дегендей-ақ өзіне көрсетілген құрметтерге бар жан-дүниесімен қарсылық көрсетіп отырды. Осы соңғы яғни үшінші әсерім санамда айрықша орнығып қалса керек. Шариғаттың өзгермес асыл шарттарымен аздап таныс бола бастаған бүгінгі күндері, Баукеңнің қошеметшіл халықты қайтақайта қатаң түрде тиып тастап отырған сол бір

қылығы есіме жиі оралады. Сөйтсек, ондай артық қошемет-құрмет, асыра марапаттау дегеніңіз сол адамның өзімшілдігін, атаққұмарлығын яғни қу нәпсісін құтыртатын; сөйтіп иесінің адамшылығын азайтып, Ақыретке тірнектеп жинап жүрген сауаптарын кемітуге жетелейтін нағыз қас-жауы екен ғой! Күллі адамзат баласына Ақыретке дейінгі үлгі-өнеге ретінде Алла тарапынан жіберілген пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзін біреу мақтаған кезде: «Ей, Алла! Олар айтып жатқан сөздер үшін мені жазалай көрме. Мендегі олар білмейтін күнәларды кешіре гөр. Сондай-ақ, мені олар ойлағаннан да жақсы ет», – деп, жалбарынатын болған. Шынын айтқанда, Бауыржан атамызды, өзінің тұтас өмірінде, осындай сый-құрмет, марапаттауларға мейлінше меймілдеп, «тойып жүрді» деп айта қою қиянат болар! Бақытжан аға Момышұлы айтпақшы, соғыстың не екенін білмейтін, майдан даласындағы оқ-дәрінің исі мұрнына бармаған, сол кездегі КСРО Қорғаныс министрі Гречконы «паркетный маршал»,-деп, шындықты тура айтқаны үшін бейбіт күндерде ұйымдастырылған, толып жатқан ашық та, астарлы қуғын-сүргіндерден көз ашпаған Баукеңнің басынан не өтіп, не кетпеді дейсіз?! Құдай ондай психологиялық қысымдарды жауыңыздың да басына бермегей. Қан майдандағы аңызға бергісіз ерліктері мен КСРО Әскери академиясындағы ғалымдық, ұстаздық қызметтері үшін берілуі тиіс заңды атақтарынан қаққандары аз болғандай, олар қазақтың батыр ұлын, қолдарынан келгенше, қоғамнан шеттетіп тастамаққа тырысқан екен.

Кремль жақтан тұрақты түрде соғып тұрған
аталған суық желдің ызғарын төменгі жақтағы
жандайшаптар одан әрі үдете түскенге ұқсайды.
Фельетон

жазғыштар
болса,
алақайлап,
алақандарын ысқылап, бөріктерін аспанға атып,

жазатайым сүрінген арыстанның «сақалымен
ойнағысы» келгенін бұдан бұрынғы эсселерімізде
баяндағанбыз. Сондай кезеңдерде Бауыржан
атаның тілектес інілері ол кісіден сәлемдерін

үзбеген екен. Алайда, өз тұстастарының арасында
емен-жарқын араласқандары жоқтың қасы болған
көрінеді. Тек қанды көйлек досы, майдангер-
жазушы Дмитрий Снегин ғана батыр досына жиі

сәлемдесе келіп, сағаттап отырып сырласатын
болған. Митя атай нақақ жаладан жаны күйген
батыр досына сол бір жылдары рухани тірек бола
білген екен. Ол кісіге мың алғыс!

Дегенмен, ресми Мәскеу тарапынан жасалған
осыншама орынсыз күстаналауларға қарамастан,
туған халқы қаһарман ұлын үнемі қастерлейтін.
Алайда, ондай айнымас ниеттерін көрсеткісі

келгендерге Баукеңе қарай «доступ» үнемі бола
бермеуші еді... Ендеше, батыр атамыз өзім тікелей
куә болған, сол Жеңістің 29 жылдығындағы
салтанатты жиылыста өзіне бағытталған ұлан-

асыр құрметтен «тойып секіргендіктен» бас
тартпаған екен. Демек, Жаратушы Иеміз сыйлаған
өзінің ішкі бір түйсігімен мадаққа мастанудың
түбі ауыр күнәға жетелейтінін дөп баса аңғарған

болар. Және, ең бастысы, атеистік қоғамдағы
біздей замандастарына «атақ құмарлық» сияқты
ауруларға қарсы осылайша күрес ашып, «нәпсі»
деген әзәзілге дес бермеудің жолын көрсетіп,

сол арқылы ең күрделі рухани ерліктің үлгісін айқын түрде көрсетіп кеткен екен ғой! Өз басым: «Бауыржан атаны көзі тірісінде дұрыстап көре алмадым, қартайған шағындағы қалжыраңқы мінезінен не аңғарарсың?»-деп өкінбеймін. Қайта, жоғарыда баяндағанымдай, сол бір қалтаңдаған бала мінезді кезінің өзінен Баукеңнің табиғатындағы дара болмысын танығандай болдым. Бұл үшін де, Аллаға сансыз шүкірлік етемін. ЕСКЕРТКІШ САЛУ ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ ЕМЕС «Ойдан ой туындайды» демекші, Бауыржан батырдың 100 жылдығы тұсында Момышұлы І-ге бірнеше ескерткіштер мен мүсіндер удай қымбат бағаларға қойылып, олар салтанатты түрде ашылған болатын. Ақиқатын айтар болсақ, бір Баукең емес, дүниеден өтіп кеткен талай-талай халық ардақтыларына арнап жаппай, қауқитып ескертіштер орнату – еліміз бойынша, жұқпалы дерт сияқты «модаға» айналып кеткелі қа-а-шаа-ан! Қазақстанның қай түкпіріне сапар шексеңіз де, елді мекендерге жақын биік-биік төбелерде «аттысы», «жаяуы» бар, отырған, тұрғаны бар, әйтеуір кезінде жұрты қастерлеген талай-талай тұлғалардың тас немесе темір мүсіндерге айналған күйлері сізді қасқая «қарсы алып» тұрғандары... Және ол ескерткіш-мүсіндердің барлығының да «ашылулары» ұлан-асыр, аста-төк тойлармен жалғасып отырады. «Той болған соң ескеркіш тұрғызылуы керек қой», – деп дау айтуы мүмкін сол шараларды ұйымдастырушылар. Қош делік...

Ол аталған тойыңыз да өтер-кетер. Жасы бар, жасамысы бар бүгінгі замандастарымыз сол ескеркіштеріңізге бір-екі, тіпті ең әрі кеткенде үш мәрте қызықтай қарар. Содан кейін – бітті «мәселе». Қасынан күнде сан мәрте өтіп жүрсе де көз тоқтатпайтын дәрежеге жетеді. Келер ұрпақ та-солай... Есесіне әлгі тас мүсіндердің төбесіне құстар саңғытып, шаң-кір атаулы баттасып, егер мыстан жасалған болса, ол тотыға көгеріп, жансыз бейненің «қадірін» кетіреді-ақ. Содан соң, бағанағы мән беріп қарауды қойған замандасымыздың ішіндегі сезімталдары бір сәтке ғана: «Қап, мына құстардың пәленше екеңнің төбесіне қонақтап отырғаны-ай, ә. Өздерін үркітіп жіберер ме еді?!» – деп қынжылысқа түсуі мүмкін. Бұл айтып отырғанымыз, аталған ескерткіштердің мынау жұмыр жер бетіндегі адамдар көңіл-күйіне түсіретін көлеңкелері ғана. Енді, осы соңғы онжылдықтарда әбден қалыптасып, қанымызға сіңе бастаған аталған «әдетімізге» Мәңгілік заңдылықтар тұрғысынан қарап көрелікші... Бұл – біріншіден, Алланың ашуын шақыратын іс. Кез-келген тіршілік иесіне жан бітіріп, өмір мен бейне беретін және оның жанын қалаған кезінде қайтып алатынбір ғана Алла. Жаратқан Иеміздің осынау қасиетімен жарысқандай болып, әсіресе мүсінескерткіштерді өз қолдарымен жасағандар және оларға идея айтып, қаржы жағынан түрлі жолдармен тапсырыс бергендер де Құдыретті Иеміздің алдында жауапқа тартылады екен. Шариғат заңдарына сүйене отырып, ғұлама ғалымдар осылай дейді. Барлық нәрсені жоқтан

бар етуші, өте Шебер Иеміз, әлгі ескерткіштердің тікелей және «жанама» авторларын Ақырет күнінде сұраққа алып, өз қолдарымен жасаған жер бетіндегі жансыз бейнелеріне, мүсіндерге олардың жан бітірулерін талап еткен сәтте, олардың жағдайлары нешік болмақ?! Басқасын былай қойғанда, Қияметтегі осындай ахуалдарын неге ойламайды екен?! Екіншіден, мұндай жансыз бейнелердің жасалуына жұмсалған қаржыларжелге ұшып, босқа ысырап болған қыруар дүние. Ал, ысырапқорлық-шайтанның шаттана қарсы алатын, пенделер бойындағы «сүйікті іс». Бұл жөнінде Шариғаттың мәңгілік заңдылықтарында бірнеше мәрте ескертілген ғой! Үшіншіден, айтулы ата-бабаларымызға арналып, Қазақстанның қандай да бір түкпірінде ас-жиын жасала қалмасын, дереу қарапайым халықтан жылу жинау басталады екен. Олардың кейбірі өз еріктерімен, ал біразы мәжбүрлі түрде өз қаржыларын ескерткіш тұрғызу ісіне қосып жататын көрінеді. «Мәжбүрлі түрде» деу себептері, қажетті ақша олардың айлықтарынан немесе зейнетақыларынан ұсталынып қалады екен. Енді Баукеңе арнап салынған ескерткіштер жайына қайта оралсақ... Біріншіден, бұл әрекеттер – жоғарыда айтқанымыздай, бір Алла тарапынан тиым салынған істердің бірін осылайша, «бойберместен» жүзеге асыру арқылы Бауыржан Момышұлының рухына қиянат жасау. Екіншіден, Бауыржан ата өзіне ескерткіш қойылуына көзі тірісінде қарсыласып өткен жан. Оған дәлел

– тікелей мұрагері Бақытжан Момышұлына

табыстап кеткен Баукеңнің өз қолымен жасаған
сызбасы. Ол кісі – Ақыретін ойлап, өзі қайтқаннан
кейін қабіріне қандай белгі қойылуы керектігін өз
қолымен қағазға түсіріп кеткен жан. Сол сызбасын

түсіндіре отырып, Бақытжан ағаға:

– Қабірімнің төрт бұрышына төрт қара ағаш

отырғызыңдар. Ол – тамырланып, бір өсіп алса,
одан әрі арнайы күтімді қажет етпейтін өсімтал
ағаш. Келгендер саясында көлеңкелесін. Басыма
аты-жөнім ғана жазылған шағын бір тас қойсаңдар

жетеді. Және көпжылдық шөптер егіп тастаңдар,

– деп, бірнеше шөптің атын тізген. Әңгімесін айта

отырып, қабіріне ескеркіштің қойылуына жол
бермеулерін баласы мен келініне әбден табыстаған
екен. Алайда, ол өсиет орындалмады. «Момышұлы
І – жеке шаңырақтың емес, дүйім жұрттың

перзенті!» – деген өкіметтік тұжырыммен басына
ауыр ескерткіш орнатылған еді.
Қайран батыр ата! Өзіне арналған мынау
мүсін-ескерткіштер

көзі
тірісінде
қойылған
болса, қаһарына мініп, қылышын қолына алып,

шетінен қиратар еді-ау оларды! Олай деуімізге,
ұрпақтарына қайта-қайта аманат еткен әлгі
өсиеттері дәлел. Себебі, ол кісі- мынау жалған
дүниеде оқ пен оттың, озбырлық пен жаланың,

қысқасы әділетсіздік атаулының небір қиын-
қыстау сәттерінен өзінің ішкі әлемін, иманын аман
алып өте алған жан. Ол – молда Момыштың ұлы,
иманды істерімен айналасындағыларды ізгілікке

ұйыстыра білген Имаш бабаның немересі, сол
себепті өмірдегі көрген сансыз нығметтері үшін
Жаратушысына шүкірлігін жолдап өткен дегдар

ниетті пенде. Жеңістің 29 жылдығында алғаш және
соңғы рет көріп, мақтау атаулыға қарсы тұрған
болмысына тәнті болып, сүсініп, әрі қайран қалған
едім. Енді міне, өзі бұл жалғаннан қайтқаннан

кейін қабіріне тас мүсіннің қойылмауын талап етіп,
аманаттауы да Бауыржан атаның көпшіліктің
назарынан тыс, тасада қалған кесек мінездерінің
бір қырындай көрінеді бізге.

Тамыз, 2012 жыл.

«КІСІ БОЛСА,

...БӨЛТІРІКТЕЙ БОЛСЫН...»

эссе
Біздің
тарихи
жәдігерлерімізге

қатысты
мұқияттылығымыз,
өтіп
кеткен

иманды
бабаларымыздың мұраларына деген құрметіміз, ай­
налып келгенде, Алланың қалауымен, өз ұлттық
жадымызға, адамшылық болмысымызға өзіміздің

жасап отырған қамқорлығымыз сияқты көрінеді
бізге.
Әлі есімде, менің бала кезімде ауылдас Сымайл
деген бір қария біздің үйдің балаларымен ерекше

амандасатын еді. Бес-алты жасар кезім. Ес біліп
қалғанмын дегендей... Ол кісі бізді көрген сайын:

– Уай, ассаламуалейкум, Бөлтірік шешеннің

ұрпағы! – деп өте жарқын түрде сәлемдесіп
жататын. Бірі он төрттегі, екіншісі он бірдегі
естияр қос ағам әр жолы күлімсірей барып:

– Уағалейкумассалам, ата! – деп қос қолдарын

ұсынып, амандасушы еді. Әкем жарықтықтың ғой
біржолата көңілі өсіп қалатын. Мен болсам, не деп
жауап қайтарарымды білмей, әлгі кісінің жүзіне
аңыра қарап қалушы ем. Бір күні әкемнен:

– Анау ата бізбен неге олай амандасады? – деп

сұрағаным бар.

– Е-е-е, балам, біздің ыстыдан Бөлтірік шешен

Әлменұлы деген кісі өткен. Ол кісі әрі батыр,

әрі әділ би болған екен. Әлгі аталарың Бөлтірік
бабамыздың біраз шешендік әңгімелерін біледі.
Сол кісіні сыйлағандықтан бізбен өстіп амандасып
жатқаны ғой, – деді әкем басымнан сипай.

– Бұл атаның аты кім?

.– Біздің ауылда «Сымайл» деген екі қария бар.
Соларды бір-бірімен шатастырмас үшін мына кісіні
ауылдастарымыз «жалайыр Сымайыл» дейді.
Қызым, сен бұдан былай ол кісілерге амандасып

жүр. Бақа-а-андай бес жастасың. Енді үлкен
болдың,-деді әкем менің еркелігімді баса. Содан
былай «сәлеметсіз» десем де, әйтеуір сәлемдеріне
батылсыздау жауап қайтарушы едім. Соған риза

болған Сымайл ата менің қолымды алып тұрып,
әбден батасын жаудыратын. Сөйтетін де:

– Баяғыда «пәлен» деген екі ел арасында

жанжал туа жаздаған кезде сендердің Бөлтірік
бабаларың даудың басын екі-ақ ауыз сөзбен
былай деп шешкен екен, – деп, табанда бір шежіре
әңгімені «төге» салушы еді.

Өкінішке қарай, сол бір әңгімелерді санама
құя қоятындай ол жылдары зердем әлі жетіле
қоймағаны анық. Еміс-еміс бір оқиғалар ғана
санамда көлбеңдейді. Сымайл атаның құрдастары

Кеңес өкіметі орнағаннан 10-15 жыл бұрын
дүниеге келіп, қос қоғамның да дәмін татқан,
сонау
«Мекалай»

заманында
медреселерден
алған білімдері жүздерінен шуақ боп төгіліп
тұратын, көкіректері қаттаулы шежіредей, дана

қариялар еді ғой. Мектеп пен университетті
бітіріп, республикалық газетке жұмысқа тұрған
соң: «қолыма қалам алдым, енді сол кісілермен
сөйлесіп қалайыншы», – дегенімше, өкінішке

қарай, ол кісілердің қатары сиреп-ақ қалған
болатын. Әсіресе, Сымайл ата сияқты шебер
әңгімешілері... Ол кісілердің сөз саптауларынан
бастап, бүкіл іс-әрекет, дағдылары бөлекше еді

ғой. Әңгімелері барысында «уай», «пәлі», «дегеніңе
болайын», «пау, шіркін», «беу, дүние-ай», «әттесі-
ай» («әттеген-ай» дегендері-Н.Ү.), «өйдәйт дерсің»,
«тұрпатыңа болайы-ы-ын» тектес қыстырма,

қаратпа сөздерді көп қолданысатын. Шежіреден
сыр тарқатқандағы дауыс ырғақтарының өзі
қандай сазды еді, десеңізші.
.Одан кейінгі қариялар Кеңес өкіметі кезінде

дүниеге келген менің әкемнің тұстастары болды.

– Сол қариялардың айтқандарынан есіңізде

қалғандары бар ма? – деп, әкемді әңгімеге
шақырушы едім.

– Ә-ә-ә, балам. Мені де ұмытшақтық деген ауру

айналдырды ғой әбден. Отан соғысында минаның
талқандауынан жаным аман қалып, бейбіт кезде
бес рет «общи нәркөз» алып, оталардан өтіппін.
Оңай дейсің бе? – деп, кешірім сұрағандай сөзін

бір орағытып өтіп, Үшбай Үркімбайұлы жадында
қалғандарын баяндап беруші еді маған. Би-
болыстардың ардақты сөздерін республикалық
басылымдарға жариялау Кеңес өкіметі кезінде

қиынның қиыны болатын.
.Сөйтіп жүргенде, ғасырлар бойы аңсай күткен
тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, бабаларымыздың
сөздерін іздеп, жан-жағымызға қарап, қармана

бастаған едік. Сөйтсе-е-ек, Сымайл аталардың
шерткен баяғы тәлімді әңгімелерінің, лайықты
айтушысы болмағандықтан, нәрі мен бояуы,
кейбір тұстарда тіпті өңі де өзгеріп кетіп, тек

жұқаналары ғана қалған екен. Өкінішті-ақ, әрине. Дегенмен, көңіл мұрағатымыздағы сол әгімелердің өзін ақтарыстыра жүріп, қағаз бетіне түсіруге тырыстық. Мерзімдік басылымдарға жарияладық. Солардың кейбірі 1993 жылы жарық көрген Бөлтірік Әлменұлы «Шешендік сөздер» атты жинаққа (филология ғылымының докторы, профессор Жанғара Дәдебаевтің құрастыруымен) енген болатын. Сол жинақтың шығуына атсалысқан азаматтардың барлығына да Алланың нұры жауғай. Міне, енді аталған жинақты арада жиырма жылдай уақыт өткенде қолыма алып, қайта оқып отырмын. Сымайл аталардың со-на-аау алпысыншы жылдарғы шерткен сырларымен салыстырғанда мұндағы әңгімелер солғын, әрине. Бірақ осының өзіне «тәуба!» дейміз. Себебі, кеңестік қоғамның қызыл идеологиясымен тілін «сындырған» ел ішіндегі қариялар бұдан жақсырақ көркемдеп айта алмас еді. .Шежіре мұрағаттарымыздың сақталуының мұндай көрінісі, өкінішке қарай, еліміздің барлық түкпірлеріне тән жағдай еді. Қайта, қазағы қалың отырған өңірлерде шежіре әңгімелердің жұқанасы болса да сақталып қалған екен. Ал, «тың игеру» деген тажал саясатпен құйқалы өңірлерімізді әдейілеп, негізінен орыс тілді ұлт өкілдерімен толтырған қызыл Кремль ол аймақтардағы небір асыл шежірелерімізді халық санасынан айтарлықтай өшіріп-ақ жібергені белгілі. Қош, сонымен... Алты Алаштың басқа да айтулы шешен, билері сияқты Бөлтірік бабамыз да алдына «тартылған» дауды, бір Аллаға сыйынып, мейлінше бітімгершілікпен шешіп отыруға

тырысқан екен. Оғанәлгі дау кезінде шеберлікпен айта алған әрбір кесімді сөздері куә. Екіншіден, ол кісілер дауласушы жақтардың байлығына, беделіне қарамаған. «Ақырет күні бір Алланың алдында жауап бергенде жағдайымыз нешік болады?» – деп қорқа отырып, терең иманмен үкім айтуға тырысқан екен. Солардың жадымызда қалған кейбіріне ғана тоқталсақ. Ата кәсіптері боп кеткен тары егумен айналысатын, құм ішіндегі диқан ауыл бір жылы өнімді молынан алса керек. Оның үстіне шикі тарыны «ақтап-сөктеп», дастарқанға әзір етіп қоятын еңбектері тағы бар. Ондай дайын өнімді «ақталған тары» дейді диқандар қауымы. Қуырылған тарыны келіге салып түйіп, оның кеуегін ұшыру деген қып-қызыл еңбек, қыруар жұмыс қой білген жанға. Күздің сондай бір берекелі күндерінде базардың қыр-сырын білместен, аузын ашқан әлгі аңқау диқандардың тарыларын бір саудагер келіп, арзымайтын тиын-тебенге сатып алып, қала базарына апарып, шаш-етектен пайдаға батып жүреді екен. Ауыл азаматтары әрі сөйлесіп көреді, бері саудаласып байқайды. Саудагердің райынан қайтар түрі жоқ. Себебі, бүгінгі біздің тілімізбен айтқанда, тары сатып алуда оған «конкуренция» болмаған екен. Алып сатарыңыз сөйтіп, диқандардың «қанын» теспей сорады ғой әлгі жерде. Әр жолы келген сайын әңгіме осы. Содан ауыл тұрғындары: – Қой, мәселені бұлай соза беруге болмас. Мұның жайын бір тапса, ыстыдан шыққан Бөлтірік шешен табар, – десіп, шешенге адам жіберген екен. Ол кісі әлгі тарылы ауылға келеді де:

– Менің келіп жатқанымды аса дабыра қылмаңдар. Қаптарыңа тарының өзін емес, ылғи кебегін толтырып, арасына тас салыңдар да, бетіне ғана тары толтырып қойыңдар. Оның әуселесін мен содан кейін көрейін, – деп, алыпсатардың келесі келуін күтіп жата береді. Бір күндері арбасын даңғырлатып баяғы саудагер шауып келсін. Диқандар әрлі-берлі «саудаласып», болмаған соң тағы да болмашы қаржыға қаптарын тиеп жібереді. Арада бір күн өткенде беті долырып, ашу-ызадан жарылардай боп әлгі саудагер қайта шауып келген екен. Арбасы тола баяғы қаптар. – Мен сендерді базармен жалғастырып, тарыларыңды өткізіп беріп, аяп жүрсем, сендер мені алдап соққыларың келген екен, ә,-деп әкіреңдеп болар емес. Сол кезде кигіз үйлердің бірінен Бөлтірік шешен шыға келеді. – Мен саған қызыл сөзімді шығындап, қайран тілімді қор қылмай-ақ қояйын. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: бұл бейбақтар сені алдаған жоқ. Жүз рет сан соқтырып кеткен арамза әрекеттеріңнің біреуін ғана өзіңе қайтарып отыр. Онда да алдағанның қандай болатынын саған сездірейін деп... Енеңді ұрайын, жаман сарт, сол алаяқ әрекеттеріңнің бір жолғысының қайтарымына бола, күшәла жеген күшік құсап, шыжбалаңдап жетіп кепсің. Сені біздің алдымызға Құдайдың Өзі айдап келген шығар. Тап кәзір мына момын халықтан бұған дейін өзің жеп келген ақшаларын қайтармасаң, бұл істі мен билер сотына салғызам. Арбаңды базардағы «ләпкеңмен» қоса төңкертем, – деп, Бөлтірік батыр кесімді үкімін

айтқаннан кейін, ол кісінің батырлығынан да, дүйім дуан алдындағы беделінен де қаймыққан саудагер қалтасындағы барын диқандарға санап беріп, қалған қарыздарын кейін әкеп беретін болып, әрең құтылған екен. Бабамыз бұл істі аяқсыз қалдырмастан, беделін салып, ояздық сауда ісі өкілдеріне арнайы қайрылып, делдалдардың апандай боп ашылып кеткен арандарын «жапқызған» көрінеді. Оның үстіне, құмды өңірде осындай тарылы ауылдардың бар екендігін білген басқа да делдалдар бір-бірімен жарыса барып, диқандар өнімдерін лайықты бағасына сатып ала бастайды. Тағы бір әңгіме... Бір ауылдың әжептәуір дәулетті кісісі мен көрші ауылдың кедей жігіті арасында дау туады. Ол кездегі «кедей» деген шаңырақтың өзінде бір-екі жылқы, жиырма шақты ұсақ мал және сауын сиыры болады екен. Әлгі кедейдің бір тайына көрші ауылдың байы: – Менің құлын күнінде жоғалтқан малым. Сол кезде-ақ жорға шығайын деп тұрғанын білгенмін. Бүгін танып отырмын. Енді берсең-қолыңмен, бермесең-сот жолымен аламын, – деп, дес берер болмайды. Сол кездегі қазы бұдан бұрын да бірліжарым парақорлық ісімен белгілі боп қалған жан екен. Алғашқы жүгіністе-ақ, байдың сөзін сөйлеп, істі бұра тартады. Малынан нақақтан айрылатынына көзі жеткен әлгі жігіт содан кейін, Алланың қолдауымен, Бөлтірік шешенге барып, жолыққан екен. – Малыңның айрықша белгісі бар ма? – деген сауалға: – Таңдайында бармақтың басындай меңі бар,- дейді кедей жігіт.

Содан Бөлтірік шешен өзен жағасына барып,
бір уыс қайрақ тастарды жинайды да, шағындау
ғана дорбаға салып алады. Бабамыз дауласушы
екі жақтан бұрын келіп, әлгі дорбаны қазының

қойнына салып жіберген екен. Содан істі қарау
қайта
басталады.
Сөзге

араласып
отырған
бабамыз:

– Жоғалтқан құлыныңның ерекше белгісі бар

ма еді? Жүйрік танығыш болсаң айтшы, – деп
сауал тастағанда:

– Ондай белгісін байқамаппын,-деп шынын

айтады бай.

– Ал, мен айтар болсам..., таңдайында меңі бар,

– деп, шырылдаған екен сонда кедей жігіт.

Тысқа шығысып, жүйрік тайдың аузын ашып
қараса, расында кедей жігіт айтқандай белгі бар
екен. Сонда шешен бабамыз:

– Бар дүниені шашпа,

Жоқ дүниені қума.
Шашқан-шет болар,
Қуған-ит болар! –
деп, ақылын айтып, арқасынан қағып, байды

жөніне жіберген екен. Бұл жерде Бөлтірік
бабамыздың «шет болар» дегені Жаратқанның
бұйрығына «қарсылық болар» дегенді білдірсе
керек. Алла берген нәсібені пендесі ысырап

етіп, шашып ұстаса, ол лағнет атқыр шайтанды
қуантатын іс болатындығы Қасиетті Құранда баса
айтылған. Ал, «жоқ дүниені қума», дегені «біреудің
қолындағы малын ашкөздікпен тартып алмаққа

әрекет етпе!» – дегені еді, десетін қариялар.

«Қуған ит болар» дегені, нағыз мұсылман кісі аса
Жомарт Иеміздің берген нәсібелеріне қанағат
етіп, өзгенің қолындағыға көз алартпауы керек.
Және

дүние
иман
иесінің
жүрегінде

емес,
қолында тұруы тиіс. Байлықтың соңына түсіп,
оны жүрегіне енгізіп алса, «қу дүниені қуамын»
деп жүріп, алтын уақытын босқа өткізіп, иманын

әлсіретіп, адамшылықтан кетсе, нағыз ит өмір
сонда болмақ. Бұл да – Шариғат шарттарындағы
басты қағидалардың бірі. Мінеки, Бөлтірік би екі-
ақ ауыз сөзбен қаншама иманды да терең ойларға

мегзей білген десеңізші!
...Бұрынғыдай емес, бұл жолы бүйірін бір дорба
«күміс теңге» «қыздырып» отырған әлгі қазы іс
барысында Бөлтірік бидің сөз ыңғайына қарай

жығылып, дауды кедей жігіттің пайдасына шешіп
берген екен. Әлқисса, қазы кісі «параға» алған
күмістерін тезірек санап алмақ ниетпен, дереу
оңашалана беріп, әлгі дорбаны ашып қалмай ма.

Сөй-й-тсе-е-е, іші толған қайрақ тас дейді. Содан,
жаны жай таппастан дереу Әлменұлына барады.

– Уау, Бөлтеке, бұ не қылған іс болды. Бағанағы

«күміс» деп берген бір дорбаң толған тас қой? –
деген қазыға:

– Мен бергенде олар «күміс» еді. Небір даулы

істерді алған параңызға қарай бұра тартып
шешкеніңізде, жаны күйген бір бейбақ: «Алғаның
ас болмай, тас болғыр-ай!» – деген шығар. Негізі,
«зұлымдыққа ұшыраған жанның дұғасы- қабыл»,

– дейді ғой. Сондай жапа шеккен бір бейшараның

қарғысы қабыл боп кеткен шығар, – деген екен.
Қазы байқұс не айтарын білмей, ұнжырғасы
түсіп кетсе керек.

– Сіз бұдан былайғы дауларды адалынан

шешіңіз. Болмаса, бар дүние-мүлкіңіздің тасқа
айналып кетуі ғажап емес, – деп қорқытып қойған
екен. Расында, көп ұзамай, әлгі қазы қызметінен
түсіп, орнына әділ қазы сайланған көрінеді.

Айта берсе, Бөлтірік бабамыздың мұндай
терең мәмілегерлікке толы шешімдері толып
жатыр. Біз бұл жолы Бөлтірік батырдың, бір
Аллаға сыйына отырып, таза шешендік өнерінің

күшімен шешкен дау қортындыларына тоқталуға
жүрексініп отырмыз. Себебі, сол бір сөз мәйегіне
толы
билік

сөздерді
өрнегін
келтіре
айта

алмасымызды шамалаудамыз. Сондықтан, ең
дұрысы ол кісінің, жоғарыда баяндағанымыздай,
кейбір даулы істердің әділ шешілуіне өткірлеу
әзіл-оспақтары мен тапқыр әдіс-тәсілдерін қатар

қолдана отырып, ықпал жасағанын ғана тілге
тиек еткенді жөн көрдік. Ол кісі әлсіздің күштіде
кетіп бара жатқан ақысын осылайша терең иман,
ерекше шеберлікпен қайтарып отырған екен. Бұл

іс-әрекеттердің барлығы да – қазақ жерінде бір
кездері салтанат құрған «дала демократиясының»
бұлтартпас дәлелдері! Сондықтан болар, қазақтың
тағы бір дара тұлғалы перзенті Мәшһүр Жүсіп

Көпеевтің: «Құдай рахмет қылсын Бөлтірік биге!
Кісі болса, сондай болсын!» – деп, ағынан жарыла
пікірін білдіріп, дұға жасағаны.
Әлменұлының ел аузында сақталып қалған

нақыл сөздері де баршылық. Олардың көпшілігі
шешен бабаның белгілі бір дауларға шешім айтқан
тұстарында дүниеге келген екен. «Шешендік
сөздер» жинағынан мысал келтірсек...

«Бай болмаған бай болса,
Жайламаған саз қоймас.
Би болмаған би болса,
Басын шалмаған сөз қоймас.

Саз қадірін білмесе,
Байдан байлық көшеді,
Сөз қадірін білмесе,
Биден билік көшеді», –

деген екен Бөлтірік бабамыз. Ал енді, осы үзіндідегі
ойлар бүгінгі ғана емес келер ұрпақтарымызға да
үлгі-өнеге емес деп кім айта алар?! Қалтасына
болмашы тиын-тебен түсе қалса да, астына

несиеге алған «мәшине» біте қалса да кеудесіне
«нан пісіп», талтаңдай басып, біржолата демала
алмай қалатын замандастарымыз баршылық емес
пе бүгінде?! Сондайларға қарата айтылғандай ғой,

дана бидің осынау нақылдары.
«Ақылы жоқты аға тұтпа,
Қасиеті жоқты қадір тұтпа.
Ақылы жоқты аға тұтсаң,

Кішілігіңді кемшіліктей көрер.
Қасиеті жоқты қадір тұтсаң,
Кісілігіңді ерсіліктей көрер»,
.Шешеннің осы сөздері де нақ бүгінгі күннің

сипаттамасындай әсер қалдыруда бізге. Айтса
айтқандай, бір Алланың разылығына ұмтыла
жүріп, өзін қарапайым ұстаған кісіні, дәл бүгінгі
күндері, ақылы жетпеген кейбіреулердің барынша

басынғысы келетіні де бар. Ондайлар, әдетте,

өзінен қара күшімен немесе байлығы, билігімен асып түскендердің алдында құрдай жорғалап, былайғы жұртты көзіне ілмеуге тырысады емес пе! Тек көкірегінде имандылық дәні бар жандар ғана үнемі қалыбын сақтауға тырысады. Бөлтірік Әлменұлы өзі билік айтқан тағы бір жолы: «Басының көптігін Құдайын ұмытқан мақтан қылады. Малының көптігін иманын жоғалтқан мақтан қылады. Құдайыңды ұмытпа, иманыңды жоғалтпа! – деген екен». Расында, аспан мен жердің және олардың арасындағы барлық мүлік атаулының Иесі аса Жомарт Алла пендесіне бала мен байлықты сынамақ үшін береді емес пе?! Себебі, Алла бұл жалғанның байлығы мен қызығын сүйген құлына да, сүймеген құлына да береді. Ал, иман байлығын тек қана сүйген құлдарына сыйлайды. Шариғат заңдары осылай дейді. Ендеше, дана бабаларымыз кейінгі ұрпақтарының бір Алланың сүйген құлдары ретінде ғана сол байлыққа ие болуларын дұға жасап тілеген ғой! .Әңгімемізді жыраулар поэзиясының соңғы сарқыты, ақын, әнші, композитор Кенен ата Әзірбаевтың мынандай пікірімен аяқтағанды жөн санаудамыз. «Бөлтірік-ысты елінен шыққан ақын, шешен, әрі батыр. Өз қатарында ешкімнен жеңілмеген, «Жеті жарғы» атанған кісі. Жеті тосқауылдан сүрінбей өтетін тұлпарды осылай

бағалайтын (ол кезде). Бөлтірік-орта бойлы, ашаң жүзді, селдір сақалды, жедел жүрісті, өткір көзді, сөзді табан астында тауып айтатын, тапқыр болған. Оның батырлығы, ақындығы, шешендігі жөнінде ел арасында аңыз аз емес». Кім білсін, расында, шешен жайлы ел арасында осыған дейін бейбәлім күйде сақталып келген небір соны аңыз-әңгімелердің жаңа легі, Жаратқанның қалауымен бұдан былай табылып қалар. Табылмаған күнде де, қолымызда сақталып отырған, осынау жәдігер сөздерінен тиісті тәлім ала білсек, қанеки! Шілде, 2012 жыл.

ИМАНДЫЛЫҚПЕН ЕЛІН ҚОРҒАҒАН деректі әңгіме Бұдан екі ғасырдан аса уақыт бұрын ғұмыр кеш­ кен бабамыз Биназар Ақеділұлы жайлы ел аузын­ да сақталып қалған әңгімелер желісі саусақпен санарлық қана. Бәлкім, оның себебі, бабаларымыздың іс-әрекеттері жайлы деректердің тасқа басылып, мұрағаттарда сақталып қалмағандығынан болар. Ендеше, сол деректердің басты-бастыларына ғана тоқталып өткенді жөн көріп отырмыз. Ең әуелі, Жаратқанның қолдауымен ол кісі – қазақтың елі, жерін сыртқы жаулардан яғни Қоқан хандығының шабуылдарынан қорғауға жанын салған батыр. Бұл жөнінде шежіреші қария Айдынбай ата Иманбекұлы өткен ғасырдың сексенінші жылдарында бізге былай деп баяндап берген болатын: – Төрт ата Дулат қоқандық басқыншыларға қарсы жорыққа шыққанда Ботпайдың батыры Сыпатай: «Уа, шымыр елі, мынау әкіреңдеген қоқанның батырына қарсы жекпе-жекке енді сен шығар батырыңды!» – деген екен. Сонда әлі он сегізге де тола қоймаған бір бозбала жігіт: «Баталарыңызды беріңіздер, мен бағымды сынап көрейін!» – деп құлшынған көрінеді. Бұдан бұрынғы жекпе-жектерде жеңіске жетіп,

дандайсыған қоқан батыры дәл осы шайқаста
тоқмейілсіп, бұл жолғы жас жігітпен кезекке
немқұрайды қараса керек. Осыны аңғарған бұла
күш иесі-жас жігіт, бір Жаратушыдан жәрдем

сұрай отырып, әлгі қоқандықты қоқитып тұрып,
бір-ақ алып ұрып, жер жастандырған екен.
Қариялар жағы: «Ерлігіңе ризамыз, ал енді, аты-
жөніңді айтшы, қай елдің баласысың?», – дегенде:

«Атым – Биназар, руым – Көкірек, Шымырдың
кенже ұлынан тараймыз!» – деп жауап берген
екен жас жігіт.

БІР АУЫЗ СӨЗГЕ ТОҚТАҒАН

Сол жорықтан бастап, Биназар Ақеділұлы
елін, жерін, туған ауыл-аймағын ішкі-сыртқы
жаулардың қандайынан болсын қорғауға бүкіл
ғұмырын арнаған екен. Қорғағанда да, әйтеуір:

«Мен – батырмын», – деп, қаруын жалақтатып,
қара күшіне ғана иек артып, құры далақтай бермей,
мүмкіндігінше дау-дамайдың бәрін ең әуелі
бейбіт те мәмілегерлік жолмен шешуге тырысқан

көрінеді. Әсіресе, әр қайсысы бір-бір рулы елдің
ғана емес дүйім қазақ жұртының тұлғалары
бола білген Ыстыдан шыққан Бөлтірік би, ботпай
Сыпатай

батыр
және
шұбыртпалы
Ағыбай

батырлардың өзара мызғымас достықтары Қоқан
хандығы сияқты сыртқы жауларға қарсы тізе
қоса бірге аттанып, ел бірлігін сақтап қалуларына
ұйытқы болған екен. Олар аталған ру араларында

болып тұратын бүкіл дау-дамайларды өзара
ақылдаса отырып, ың-шыңсыз шешісетін болған.
Ол замандарда қазақ рулары арасындағы өзара

қақтығыстар, негізінен жер дауы мен жесір
дауы айналасында өрбіп отырғаны белгілі ғой.
Сондай сәттерде, дауласқан қос тарап жоғарыда
аты аталған би-батыр бабаларымыздың тым

болмағанда біріне қайрылатын болған екен. Ол
кісілер мұндай келеңсіз келіспеушіліктердің бәрін
де бір Алладан қорықа отырып, өз жағына бұра
тартпай, терең имандылықпен, демек мейлінше

әділ түрде шешкен көрінеді.
Базбір
замандастарымыз:
«Осыншалықты

ұлан-ғайыр жерді ата-бабаларымыз қалай ұстап
тұрған?! Қазағымыз саны жағынан соншалықты
көп болмап еді ғой?» – деп таңқала сауал тастап
жатады кей сәтте. Сондайда маған мынандай ойдың

келетіні бар. Мұның бәрі де – Алаш жұртының
сүт бетіне шығар қаймақтарының яғни би-болыс,
бай-бағландары мен ел қорғаған батырларының
Ақыреттегі беретін жауаптарын естеріне ала

отырып, халық алдындағы өз жауапкершіліктерін
терең
сезіне
әрекет

еткендіктерінің
жемісі.
Сондықтан да, ол кісілер өз қарақан басының
қызығушылығынан отбасының амандығын, ал

отбасынан гөрі тұтас руының, ал енді мәселе
исі қазақтың тағдырына келіп тірелгенде, жеке
руынан гөрі тұтас Алаш жұртының мәртебесін
биік қоя білді. Осынау кең-байтақ даламызға

иелігімізді қорғау ісінде тек бір Өзіне ғана тәуекел
еткен құлдарына аса Жомарт Иеміздің тартқан
сыйы, ерекше мейірімімен жасаған керемет
қамқорлығы деп түсінемін өз басым.

Дегенмен,
тарих
беттерін
аударыстырар

болсаңыз, базбір бабаларымыздың билік, байлық
сияқты болмашы нәрселер үшін өзара қидаласа

шабысып, бет көріспестей боп кетіскен кездері де аз емес. Сондай сәттерде, өзгенің мекенін иеленбек тұрмақ, өз аяғының астындағы жерінің де ұлтарақтай тарылып, сыртқы жаудың «қанжығасында» кетіп қалуы мүмкін екендігін сезінгеннен кейін ғана тәубаға келгендері де баршылық. Ал енді, осындай көріністі Бөлтірік, Биназар, Ағыбай, Сыпатай сынды бабаларымыздың қатар жүріп, сыртқы жаулардан бірге қорғаған өңірлеріне қатысты елестетіп көріңізші. Ел іші «тентексіз» болмайды, дегендей. Барымта жасауды батырлықтың бір «биігі» деп ұққан кейбір бұла күш иелерін «ауыздықтап», оларды терең дипломатиялық мәмілемен ұстап тұру үшін аты аталған бабаларымызға қаншама имандылыққа толы парасат пен нұрлы ақыл, терең сабыр керек болды десеңізші. Мұндайда бабаларымыздың берік ұстанатын мығым діңгектері Шариғат шарттары еді. Бабам Қазақтың сандаған ғасырлар бойы Ата заңы боп келген «Жеті жарғының» әрбір бабы Исламның «қасиетті Құран және шынайы Хадистер» атты қос тірегіне арқа сүйегені белгілі ғой. Осынау мәңгілік Ақиқат яғни Шариғат заңдарын, қолдарынан келгенінше басшылыққа алулары себепті Бөлтірік, Биназар, Ағыбай, Сыпатай бабаларымыздың сол кездегі атқарған аталы істері кейінгі ұрпақтарының айтып тауыса алмас аңыз-өнегелеріне айналған. Себебі, ол кісілердің әрқайсысы Алаш Ақ ордасының бірбір уықтары бола білді. Әсіресе, Алланың қалауымен ел тізгінін ұстап, халықтық істердің ұйытқысы бола білген осындай дара тұлғалы бабаларымыздың өз

арасындағы жеке достықтары бүгінгі біздер ғана емес келер ұрпақтар үшін де айрықша үлгі болса керек-ті. Мысалы, біздің бала кезімізде Биназар бабамыздың Ағыбай батырмен арадағы достықтары жайлы әңгіме ел ішінде баршылық болатын. Ол кісілер тізе қоса жүріп, шекараны қоқан хандығының шапқыншыларынан қорғағандарын жоғарыда айтып өттік. «Сайдың тасындай жігіттерін соңдарына ертіп, екеуі қатар жүргенде қалың әскер келе жатқандай әсер қалдыратын», – дейді шежіре көздері. Қандай жорықта жүрмесін, бес уақыт намаздың мезгілі келгенде, арнайы жасақтарын «намаздарыңды біз оқып болған соң өтерсіңдер», – деп қарауылға қойып, өздері аттарынан түсе-түсе қалысып, намазға тұрғандарында Мойынқұм мен Арқа өңіріне Алланың нұры тарап, береке дарығандай болған екен. Дегенмен, ел ішінде осынау қос алыптың достықтарына іші күйіп, араларына от тастағысы келетіндер де табылмай қалмаған ғой. Мысалы, бір жолы Биназар батыр Хантауының биік сілемдерінен бастау алатын көп өзендердің бірінің суын түкпіргі жайлауларға жеткізе түсу мақсатында жігіттеріне тоған шапқызып жатса керек. Себебі, жайлаудың кез-келген алқабының шөбі шүйгін, оты қалың болғанымен, қасында ағып жатқан өзені болмағандықтан, онда барып малшылардың қоныстануына да, малды суғаруға да қолайсыз болып, бос жатқан екен. «Әрі тоған суы көршілес Ағыбай батырдың жайылымдарына қарай жақындай түссе, құба-құп!» – деген ойда болған көрінеді Биекең. Сол кезде Ағыбай

батырдың құлағына: «Біздің жайылымдарымызды иемденбек мақсатпен Биназар тоған шаптырып жатыр», – тектес жаңсақ хабар жетеді. Шұбыртпалының біраз жігіттерін қасына ертіп, желе жортып батыр келеді тоғаншылардың тұсына. – Уа, батыр жол болсын! – Әлей болсын! Жөн сұрамақ сізден болсын! «Екі елдің шегара тұсын Биназар батыр шұқылатып жатыр», – деген соң: «ол не жағдай болды екен?!» – деп білмекке келдім,-дейді Ағыбай батыр. – Е-е-е, «шаруаның жайын білмекке шыққан едім» деңіз. Жөн екен... Мына Хантауының баурайы тола өзен-көл. Суы мол. Бұл да бізге Алланың берген ырыздығы ғой. Осынша өзенді «жамбасымызға басып», өле ішкенше, шұбыртпалы ағайындармен бөле ішейік деп, әрі екі жақтың төрт түлік малына құйқалы өріс кеңейсін деп, мына тоғанды шекараға дейін ап келдім. Ар жағын өзіңіз білерсіз,-деген екен. «Ә» дегенде жел сөздің айдауымен кеп қалған Ағыбай батыр Биназар досының риясыз көңілін жазбай танығандықтан, атынан дереу қарғып түсіп, батыр досымен төс қағыстыра қайта амандасып болған соң, өзіне ере келген жігіттеріне қарап: – Қолдарыңа кетпен алыңдар да, Биекең тоғанының дәл осы тоқтаған жерінен одан әрі жалғастыра, біздің жаққа қарай қазыңдар. Бұл арна бұдан былай «Биназар – Ағыбай тоғаны» деп аталсын, – деген екен. Екеуі де – өз дәрежелерінде батыр әрі шешен болған кісілер. Мүмкін кейде ділмарлық

жарыстырып, сөз қағыстырған, кісілік сынасқан
тұстары да болған шығар. Алайда, ел жадында
ондай сәттер айқын түрде сақталмаған. Оның
есесіне, қос батырдың сәл ағат кеткен өз

кемшіліктерін дер кезінде аңғара қойысып, дәл
сол мезетінде бір-бірінен кешірім сұрап, достық
құшақтарының бұрынғысынан да мығымырақ
айқаса түскені жайлы әңгімелерді ел ішіндегі

шежіре қариялар осылайша тамсана баяндасатын.
Қалың елді ауыз бірлік, ынтымаққа ұйыстырмақ
оңай боп па, сірә!? Сондай ізгілік жолында, қос
батырдың арасында азырақ ащы да, көбірек тұщы

да сәттер өткен болар-ау, бәлкім. Бірақ соның
бәрі де қос арыстың бірін-бірі бұрынғысынан да
тереңірек түсініп, Алла разы үшін игілікті істерді
атқару барысында достықтарының нығаюына

әкеліп отырған көрінеді.

ТОҒАН ШАУЫП, ЕЛІН АСЫРАҒАН

Биназар Ақеділұлының келесі тәлімді ісі-
Жаратушының көкейіне салуымен, соңына ерген
дүйім жұрты үшін қолайлы жер іздеп, оны сол
жер иелерінен мәмілегерлікпен сұрай білгендігі.

Төрт ата Дулат баласы Қоқан хандығы әскерімен
келесі бір шайқасқан сапарында батыр Биназар
тағыда жеңіске жетіп, оның қайтарымы ретінде
Шу өзенінің төменгі сағасынан төрт арыс Көкірек

жұртына жаңа қоныс сұраған екен. Ол заманда
қазіргі
Мойынқұм
алқабының

тұрғындары
тым аз болғанға ұқсайды. Содан қалың жұртын
жаңа жерге бастап келіп, ол жерден дереу тоған
шапқызған көрінеді. Сөйтіп, елін жартылай

отырықшылыққа
үйреткен
екен.
«Биназар

тоғаны» деп аталатын ол жәдігер, табанын аршып,
істің көзін тапқандарға қазір де мүлтіксіз қызмет
етер еді», – деседі білетіндер.
Айдынбай ата бір сөзінде:

– Биназар бабам Көкіректерді Шу өзені

бойына
сонау
Алматы
жағынан

көшіріп
әкелген ғой. Жайылым тарлық етті ме, кім
білсін?! Ал, Алматының маңына баяғы заманда
Түлкібас жайлауынан қоныс аударған көрінеді.

Әйтеуір, Алматының түбіндегі Талғарда ата-
бабаларымыздың жұрты, яғни «Көкірек тоғаны»,
«Көкірек базары» деген жерлер қазір де бар,
балам, – деген еді маған. Ол кісінің «қазір де» деген

уақыты өткен ғасырдың сексенінші жылдарының
басы болатын. Одан бері арада отыз бес жылға
жуық уақыт өтті. Айдынбай ата айтқан жұрттан
қазір жұрнақ та болса қалды ма, қалмады ма, ол

жағы да беймәлім. Ол кісі келесі бір әңгімесінде:

– Ілгеріде ағайынды Көкірек, Сәмбет бір

болыс болып, Көкіректе орысша сауат ашқан кісі
болмағандықтан, болыстық ұдайы Сәмбеттердің
үлесінде кете берген екен. Оның үстіне Көкірек
елі де саны жағынан өсіп-өніп, бөлек болыстыққа

жетіп қалған, деседі. Сонда Биназар бабамыз:
«Көкіректе ел басқарар ұлдың тумағаны ма?»,-деп
қатты қапаланған екен. Содан тынбай сұрастыра
жүріп, Алматыда бір орыстың қызметінде жүрген,

орысша сауат ашқан Ыбраһым деген жігіттің бар
екенін естіп біліседі. Дереу ол жігітті шақыртып
алып, болыс сайлайды. Ыбраһым елге жайлы
да әділетті болыс бола білгендіктен, разы болған

халқы оны «Жайлыбек» (кейбір әңгімелерге

қарағанда «Жайлаубек»-Н. Ү.) деп атап кеткен
деседі. Биназар батыр екеуі ақылдаса отырып
тірлік жасап, Құдайдың қолдауымен, Көкірек
жұртын небір игілікті істерге жұмылдырған екен,-

деген болатын.
Біз шынайы түрде тәлім алғымыз келсе,
тарихта есімдері өшпестей боп жазылып қалған
осынау бабаларымыздың иман тұнған ұлағатты

істерінен тәлім алсақ керек-ті. Кейбір сәттерде
әзәзіл сөздер жан-жақтарынан қоршалап тұрса
да, әліптің артын баға шешім шығарған; ертеңгі
күні Алланың алдында есеп беретіндерін бір ауық

та естерінен шығармастан, әрбір сөзін абайлап
айтып, әр ісін сақтықпен атқарған сол бір дана
бабаларымыздың өмір өрнектері әсіресе, бүгінгі
күндері бізге ауадай қажеттей көрінеді бізге.

Қатар жүрген замандаспен бір сөзі үшін достасып,
келесі сөзіне бола қастаса қалатын ұшқалақ
табиғатымыздан, бәлкім, сонда ғана арылармыз
біздер.

Шаршы топта сөйлеп кетсе- шешен, ел басқарған
көсем, небір даулы мәселелерді екі-ақ ауыз сөзбен
шешкен әділ би, қолына қару алса-батыр... мінеки,
біздің небір бабаларымыз осындай жан-жақты

қасиеттерге ие болған-ды. Қазақтың бүгінгі күнге
біртұтас халық күйінде жетуіне ол кісілердің
имандылық тұнған жүрек жылуы мен бұла қуатқа
толы білек күштері арқылы қосқан үлестері-

өлшеусіз. Әсіресе, елі мен жерінің селкеуленіп
кетпестен, алдағы сандаған ғасырларда да іргелі
мемлекет
болып

тұруын
Жаратушымыздан
жалбарына сұраған сол кісілердің дұғаларын
Раббымыз Өзінің Кеңдігімен қабыл еткендей-ау!

Ең бастысы, сол бабаларымыз мұндай игілікті істердің бәрін де бір Аллаға тәуекел ете, бір Содан ғана жәрдем тілей отырып және Соны ғана риза ету үшін атқарды емес пе!? Себебі, Бәрін Білуші Иеміз қасиетті Құранда пенделерінің бірін-бірі таныпбіліп жүрулері үшін ұлттар мен тайпаларға бөліп жаратқанын ескерткен ғой. Демек, пенделерінің ішіндегі сол бір дара тұлғаларға яғни Шариғат бұйрықтарын орындау үшін жанын салып өмір сүрген біздің ата-бабаларымызға әлгіндей қасиеттер мен жеңістерді сыйлап қойған да бір Жаратушымыз екендігі көңіл-көзі ояу кез келген жанға түсінікті болса керек. САЛИҚАЛЫ ҰРПАҚ МІНДЕТІ Осынау бабаларымыз: «Кейінгі ұрпақтарым менің басыма мазар тұрғызып, оны сипалай құшақтап, «тәу» етіп, «басыма» түнегенімен қоймай; бір Аллаға ғана тәуекел етіп, не нәрсені болса да тек Сол құдыретті Күш Иесінен сұрау керектігін ұмытып, сөйтіп өздері де күнәға әбден батсын, менің де рухымды қинасын»,-демеген ғой. Біріншіден, Жаратушы Иемізге серік қосудың екі дүниеде де кешірілмейтін үлкен күнә екендігі қасиетті Құранда бірнеше рет ескертілген. Екіншіден, қайтқан кісілердің рухытірілердің, әсіресе, салиқалы ұрпақтарының дұғасына мұқтаж. Бұған орай шариғат шарттары қасиетті Құран мен шынайы Хадистерде бірнеше рет атап көрсетілген. Және аты аңызға айналған жоғарыдағыдай бабаларымыз туралы шежіреәңгімелер деоған дәлел. Сондай-ақ, сәби кезімізде,

біздің көз-алдымызда хал-қадарларының жеткенінше мінәжаттарын атқарып жүрген, Қазан төңкерісіне дейін медреселерде азды-көпті білім алған қарапайым диқан аталарымыздың өзі: – Менің көзім жұмылғаннан кейін маған бір Құдайдың рахметін, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шапағатын тілеп, дұға жасап жүріңдер! – деуші еді бізге. Демек, кеткен кісілерге кейінгі ұрпақтарынан керегі осындай дұғалары ғана екен. Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің мешітін тазалап, қызмет еткен бір әйел кісі қаза болғанда, оның қабіріне барып, дұға жасап болған соң: «Расында, мына қабірлер өз иелері үшін зұлматқа толы. Алла тағала оларды (қабірлерді) оларға яғни марқұмдарға жасалған дұғалар үшін нұрландырады», – деген екен қасындағы сахабаларына. Адамзат баласына үлгі ретінде жіберілген Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әрбір ісі – бізге үлгі, өнеге. Демек, қабірлерді зиярат еткенде Жаратушының ол марқұмдарды қабір азабынан, Тозақ отынан қорғауын сұрап, дұғалар жасауымыз керек екен. Ендеше, онсыз да тірілердің дұғасына зәру боп жатқан қабір иесінен бала, байлық, денсаулық сұрап, неге оның рухын одан әрмен қинап, жаншуымыз керек? Тірілерді жарылқамақ тұрмақ, «бір Алладан менің жарылқануымды тілеп, артымда қалған салиқалы ұрпағым дұға жасаса екен», – деп жатқан бабаларымыздың рухына неге қылбұрау салуға тиіспіз. Жалаулатып, арнайы автобус мініп барып,

марқұмның қабірінің басында улап-шулаудың
сол «зияратшылардың» өздері үшін қаншалықты
қасірет екенін олар білсе ғой, шіркін! Ондай
бейбастақ

тірліктердің
орнына,
керісінше,
қабір иесінің бұл дүниеде біліп және білмей

істеген
күнәларының
кешірілуін,
Алланың

оған рахметінің жаууын және Ақырет күнінде
Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен
сәлемі болсын) сол марқұмға шапағатшы болуын
сұрап, бір Жаратушы Иемізге ғана жалбарынса

ғой, шіркін! Аса Қамқор Алланың пәрменімен,
сонда ғана әлгі марқұмның қабірінің нұрлануына
тілекші болып, өзінің де талай-талай сауаптар
жинайтынын сол зияратшылар білсе екен дейміз.

Ендеше, сонау Сұңқар тауының етегінде жатқан
Биназар
бабамыз
сияқты

кісілердің
басына
барғанда да осы жайларды ескерейік, ағайын!
Шілде, 2012 жыл.

ҚАСҚАЙЫП ТҰРЫП КОЛБИНГЕ ТОЙТАРЫС БЕРГЕН... деректі әңгіме Тұтас өмірі өз дәуірінің айнасындай болған тұлғалар бар. Олардың шеккен азабынан бастап, көрген қызықтары, қол жеткізген табыстары... бәрі-бәрі өзара жымдаса келіп, бүтін бір кезеңнің келбетіне айналып жатады. Сондай жандардың бірі-Түймебай аға Әшімбайұлы Әшімбай, экономика ғылымының докторы, академик. Ол кісі 1918-ші жылдың 20-шы маусымында Жамбыл облысы Шу ауданының кейінірек «Жаңақоғам» деп аталған ауылында дүниеге келген еді. Енді осы бір ғана сөйлем тұрғысынан сол дәуірге көз жіберсек... Большевиктердің қазан төңкерісі 1917-ші жылы болды. Демек Түймебай аға – Кеңес дәуірінің төл презенті. Туған ауылының аты –«Жаңақоғам». Бұл дабольшевиктік билік лебінің бір көрінісі. Кеңестік ауылдардың аты – «Жаңа дәуір», «Жаңа қауым», «Қызыл ту», «Алға тарт» тағы сол сияқты боп келетін еді ғой. “Әкесі Әшімбай Базарбайұлы сұлу шырайлы, әрі адамгершілігі мол, өз кезі үшін аса сауатты адам болған. Ол арабша хат танитын, ауыз екі сөздің шешені еді. Ол кісі Ботаборым ұжымдық ұйымының алғашқы

төрағасы болды. Атам Әшімбайға ауыл адамдары ақыл, көмек сұрап ағылып жатушы еді”, – деп еске алады академиктің немере інісі Бағдат Әшімбай. Расында, Әшімбай ата сияқты төңкеріс қарсаңында молданың алдын көріп, тым болмаса «Әптиекті» тауысып, мұсылманша хат таныған адамдардың ел басқарып, жаңа қоғамды орнатуға көмектескендері дешындық. “Ғалымның ағасы Өмірбай Әшімбайұлы 1930-жылдардың басында Қырғызстанның Ыстық көлі маңындағы Сазоновка селосына есепші боп жұмысқа ауысып, өзімен бірге анасы Үкібаланы және қос бауыры мен қарындасын бірге ала кетті...” – делінген үлкен немере інісі Марат Әшімбайдың естелігінде. Бұл кезеңГолощекиннің ұйымдастыруымен, миллиондаған қазақтарды жер жастандырған, аждаһадай аштықтың Қазақстанды жайлаған тұсы. Ойлап қарасаңыз, Алла өзі қамқор болып, Түймебай аға мен оның бауырларын аштық шеңгелінен осылайша аман алып қалған екен. Сол жерде мектеп бітірген Түймебай Әшімбайұлы 1935-ші жылы Бішкек Қаржыэкономикалық техникумына оқуға түсіп, оны 1938ші жылы үздік белгімен тәмамдаған болатын. Дәл сол жылы Ленинградтағы Қаржы-экономикалық институтына оқуға түседі. СТАЛИНДІК ЖАЛА ҚҰРБАНДАРЫ Бар өмірін ғылым жолына арнамақ ниетпен құлшына оқып жүрген, арманы биік студент, амал жоқ 1941 жылы соғысқа алынып, Ленинград қаласында орналасқан, “Отанды қорғауда” атты

қазақ тілінде үш жыл жарық көрген газетте жұмыс істеген болатын. Жүрген жерлерін өзінің жайдары күлкі, жарқын мінезімен баурап алатын Түймебай аға бұл жерде де сол әдетінен жаңылмаса керек. Себебі, газетте бірге жұмыс істеген досы Бейсен Жұмағалиевтің айтуынша, кейін өзіне хат арқылы хабарласқан, бұрынғы “На страже Родины” газетінің бас редакторы М.И. Гордон: “...сіздердің ұйымшылдықтарыңызға, ауыз бірліктеріңізге, іскерліктеріңіз бен қашанда көңілді жүретіндеріңізге қызыға қарайтын едік”, – деген екен. Қаһарлы Сталиннің 1936-37-ші жылдардағы алғашқы «репрессиясынан» студент боп жүріп аман қалған Түймебай Әшімбайұлы бұл жолы диктатордың құрығынан қашып құтыла алмады. Халық арасында терең ойлы, бас көтерер азаматтар пайда бола бастаса бітті, өз-өзінен шошынып, ауылдағы бригадирден бастап, ел басшысына дейін қырып салып отырған қанды қол басшының шеңгелді алақаны Түймебай ағаны да тұншықтыра бастаған болатын. Сонымен, соғыс аяқталып, “Отанды қорғауда” газетінің де керегі шамалы бола бастаған тұста, осы бір жайсаң жігіттердің өз биік армандарына қарай құлаш ұра ұмтылуына НКВД-ның мүмкіндік бергісі келмеді. Енді бір сәт Бейсен Жұмағалиевтің естелігіне ой жүгіртсек: «Редакцияда “Қазақ ұлтшылдарының ұйымы құрылған, оны басқарушы үштік бар”, деген пікір пайда болды. Біз саяси қызметкер деп жүрген Фельд үш әріптің тергеушісі екен»,- деп жазады академиктің майдандас досы. Сол “үштік мүшелері”- Кәрім, Түймебай, Асылхан есімді азаматтар боп шығады. Оларды айыпты ету үшін бір жолғы газет нөмірінде Саяси бюроның мүшесі

Андреев есіміндегі үш әріп «Адрнеев» боп ауысып кеткен екен. Жұмағалиев өз естелігінде бұл әрекетті әдейі ұйымдастырылған “провокация” болатын, деп бағалап отыр. Сонымен орыны ауысқан үш-ақ әріп қазақтың жайсаң болмысты үш азаматының итжеккенге жеті жылға айдалуымен тынған еді. Ондағы түрмелердегі адам төзгісіз айуандық жағдайға шыдай алмай Кәрім, Асылхан есімді азаматтар көз жұмған екен. Ал, Түймебай аға “алда мені бәрібір жақсы күндер күтіп тұр”, – деген зор сенімге қос қолдап, бүкіл болмысымен жабысқан күйінде, НКВД азаптарына төтеп беріп, жеті жылдан кейін жарық дүниеге қайта шығып, бостандық ауасын жұтқан болатын. Мінеки сізге, адал азаматтарына жасаған қысастықтарын зерделей отырып, сол қоғамның бейнесін тану керек болса!!! БОЛАШАҚ ҮШІН КҮРЕС Сол қапасты жерден босанып шығысымен Түймебай Әшімбайұлы бірден: “Туған жер қайдасың!?” деп, сағынышын қанат қып байлап, құстай ұшып, Шу өңіріне жеткен еді. Келсе, ағасы Өмірбайды да НКВД-ның жергілікті бөлімі қамап тастаған екен. Ал, талантты інісі Тұтқабайдың үлкен саясатпен, қоғамдық белсенді істермен, тіпті ғылыммен айналысуына да жолдар жабылып тасталған боп шықты. Оған себепағасы Түймебайға жабылған саяси жала. Әкесі Әшімбай да-жұмыссыз. Ал, бір кездегі берекелі ауыл Ботаборым болса – “колхоздарды ірілендіру” деген ұшқалақ саясаттың құрбандығына шалынып, айдаладағы

бір бөлімшеге айналып қалған екен. Бөлімше болған соң оған мандыртымды әлеуметтік назардың аударылмағаны тағы белгілі. Сонымен әкесі Әшімбайдан тараған он екі баланың ауылда қалған ашқұрсақ халдегі тоғызының, оған қоса бірнеше немерелерінің жайы кісі аярлықтай халде еді. Жүрегі қан жылаған Түймебай Әшімбайұлы, әке-шешесінің: “Құр сүлдерің қалыпты ғой. Біраз күн туған ауылыңда аунап-қунап демал,” – дегендеріне қарамастан, жаңа өмірді тезірек бастау үмітімен бірден Алматыға жол тартқан екен. Алайда, мұнда да құшағын жая қарсы алып тұрған ешкім жоқ еді. Мамандығы бойынша жұмыс іздеп, бірнеше апталар бойы табанынан таусылды. Алайда, төлқұжатына басылған белгімөрден қорыққан ұйым басшылары: “Жүзің жылы, инабатты жігіт екенсің. Мамандығың дабізге керек мамандық. Алайда, мені түсін, жұмысқа ала-алмаймын”,- деп қайтарысатын. Сөйтіп жүргенде бір күні бар батылдығын жиып, қалалық партия комитетінің екінші хатшысы Қаркен Ахметовке барған еді. Батыл да әділетті сол азаматтың қолдауымен “Сексеуіл базасы” деген жерге есепші боп орналасуы өмірінің бір бақытты кезеңі болатын. Сол кездегі 60 рубльдік айлығымен-ақ үй жалдап, бірден анасын және немере бауырларын қолына алған еді. Жалған дүние-ай! НКВД сызып тастауға тырысқан өткен өмірін қайта қалпына келтіру қаншама күшке түсті десеңізші! Жұмыс істей жүріп, әуелі кешкі мектепте қайта оқып, оны бітіргеннен кейін ғана университеттің экономика факультетінде сырттай оқуға мүмкіндік алған болатын. Содан кейін ғана оның жаңа

өмірі басталғандай еді. “Үздік белгімен” деген
университет дипломы қолына 1957-ші жылы
тиісімен Түймебай аға ғылым жолына түсу ниетіне
біржолата бет бұрады. Бұл-сталиндік қуғын-сүргін

салқынының алыстап, қоғамда салыстырмалы
түрдегі жылымық дәуірінің орныға бастаған кезі.

УАҚЫТ – ЖАРАТУШЫНЫҢ БЕРГЕН

АМАНАТЫ

Сөйтіп, 1958 жылы Қазақ КСР Ғылым
академиясының
Экономика
институтында

ғылыми жолын бастаған Түймебай Әшімбайұлы
арада тоғыз жылдай уақыт өткенде экономика
ғылымының докторы дәрежесіне жетті. Осынау аз
ғана жылдар ішінде осыншалықты биік асулардан

өте алуының сыры неде еді? Осы сұрақты ағаның 70
жылдық мерейтойы қарсаңында, республикалық
“Лениншіл жас” газетінің тілшісі ретінде, ол
кісімен жүргізген сұхбатым барысында қойған

едім.

–Ең әуелі Ғылым академиясында шын ізденген

ғалымға барлық жағдай жасалған. Екіншіден, мен

– уақытымды тиімді ұйымдастыруға үйренген

адаммын. Таңертең тұрып, жаттығу жасап,
жүгіруден бастап, әрбір сағатым, минутым-
есептеулі. Институт директоры ретінде және басқа
да толып жатқан қоғамдық жұмыстарымды атқару

барысында күніне сандаған адамды қабылдауға
тиіспін. Солардың әрқайсымен бос әңгіме соғып
отырсам, ғылыми жұмыстарым жайына қалмай
ма? Онда қалай табысқа жетпекпін! Сондықтан

келген адаммен нақты мәселе бойынша, сыпайы
да, жинақы сөйлесуге тырысамын. Ол адамның
айта келген шаруасын 5-10 минут айналасында

шешіп бергеннен кейін, бос әңгіме соғып отыруға
өзі де ұялады, әрине. Қоштасып шығып кетеді.
Әрекетсіз адамдарды, әсіресе өзінің де, өзгенің
де уақытын алып, бос әңгімеге берілетіндерді

ұнатпаймын”, –деген еді академик Әшімбайұлы.
Расында,
Академия
табалдырығын

аттап
кіргенінен бастап, арада он жыл өтер-өтпес
кезеңде республика экономикасының маңдай
алды ғалым-маманына айналуының сыры ол

кісінің Алланың қолдауымен еңбек еткенінде,
ғылымға деген адалдығында болса керек. Енді бір
сәт ол кісі жайында дос-әріптестерінің білдірген
пікірлеріне құлақ түрсек... Экономика ғылымының

докторы, профессор, академик Аманжол Қошанов
“Академик сабақтары” атты естелігінде: “Мен
кейде ойға қаламын: егер Түймекеңе университетті
еш көлденең кедергілерсіз, қалыпты түрде бітіруге

мүмкіндік берілген болса, ол кісі 1940-50 жылдары-
ақ, сол кездегі біздің бәрімізге ортақ болған, үлкен
советтік еліміздің алдыңғы қатардағы ғалым-
экономистерінің легіне енген болар еді”, – деген

екен.
Расында, академик Қошановтың осы пікіріне
жылдар тұрғысынан қарасаңыз, соғыс басталған
1941 жылдан бастап, Түймебай Әшімбайұлының

академия табалдырығын жай қызметкер ретінде
аттаған 1958 жылға дейінгі 16-17 жылдай өмірі,
советтік қитұрқы саясаттар кесірінен, текке
кеткен екен. 1938-ші жылғы түскен Ленинград

Қаржы-экономикалық
университетін
аман-
сау 1942 жылы бітіріп шыққанында, ол кісі бір

Жаратушының қолдауымен, содан кейін өзінің
ақыл-ой қарымы арқасында араға он жылдай
уақыт салып, 1952 жылға қарай Совет одағы
дәрежесіндегі ірі ғалымға айналуы мүмкін еді.

Ал, жоғарыда айтып өткеніміздей, 1952 жылы
Түймебай аға өкінішке қарай, айдаудан жаңадан
ғана оралған болатын. Мінекей, сізге қайшылығы
мол қоғам келбетін тану керек болса! “Елімнің

болашағы үшін өз үлесімді қолымнан келгенінше
қоссам ғой, шіркін!”,-деп биік шыңдарға ұмтылған
ардақты ұлдарының пәруана көңілдерін қызыл
империя осылайша тасқа ұруға тырысты. Одан

мылжаланып тұра алмағандары шейіт кетіп,
НКВД-ның қарға-құзғындарына жем болды. Тек
Жаратушының мейірімімен рухын сындырмастан,
сондай тар жол, тайғақ кешулерден аман өткен

Түймебай Әшімбайұлы сияқты жандар ғана,
бойларын қайта тіктеп, “Ғылым” атты асқар тауға
қол созу үшін келесі ерлік қадамдарын жасаған
болатын.

Осылайша, бас көтерер ұлан ұлдарын бір
онжылдықтарда
қуғынға
ұшыратып,

қырып
салған Совет үкіметі келесі онжылдықтарда сол
ұлдарының аман қалған кейбірінің шабыттарына
демеуші болып, шығармашылық ізденістеріне

мүмкіндік
жасап
отырды.
жылдардың

соңынан бастап Қазақ ғылымында ғана емес Қазақ
әдебиетінде де кіші-гірім “Алтын ғасырдың”
туындағаны
шындық

қой.
Демек,
академик
Әшімбайұлы өмірбаянының осындай жарқын

беттерінің өзі сол кездегі қоғамдық өзгерістердің
түп- тамырын ашып көрсете алады екен.

«БӨКЕЙХАНОВТАРДЫҢ... ЗАҢДЫ

ЖАЛҒАСЫ»

Енді академик Әшімбайұлының ғылымдағы
ерліктеріне тоқтала кеткен орынды болар. Тағы

да академик Аманжол Қошановтың естелігіне көңіл бұрсақ. “Түймебай Әшімбайұлының ғылымға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз еді. Еліміздің экономика ғылымы соған дейін ғылымнан гөрі саясаттандырылған насихатқа көбірек ұқсайтын. Сондай тұста, ғалым Түймекеңнің еңбектері, идеялары республикалық экономика ғылымының шын мәніндегі ғылым ретінде қайта қалыптасуына мейлінше ықпал етті, десем, артық айтқандық болмас. Әлихан Бөкейханов, Смағұл Сәдуақасовтардың еңбектерінен бастау алып, тоталитаризм кесірінен үзіліп қалған экономика ғылымы отыз жылдан кейін Түймебай Әшімбайұлының еңбектерінде өзінің лайықты да заңды жалғасын тапты, деп нық сеніммен айтуға болады”, – деп жазған еді академик Қошанов “Академик сабақтары” атты өзінің арнайы естелігінде. Ал, тарих ғылымының докторы, академик Манаш Қозыбаев болса: “...Горбачев бастаған “қайта құруды” Түймебай Әшімбайұлы «одақ пен республика арасындағы қарым-қатынасты, оның ішінде экономикалық қатынасты қайта құруға берілген мүмкіндік», деп есептеп, қатты ізденіс жасады, көптеген еңбектер жазды”, деген екен. Осылайша Түймебай аға еліміздің сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де, яғни Қазақстанның Мәскеуден экономикалық жағынан тәуелсіз болуы үшін күні бұрын қамданған, өзгелерді де соған үндеген, елін шексіз сүйген адал ұл еді. ЕЛІН КОЛБИННІҢ ЖАЛАСЫНАН ҚОРҒАП... жыл... Сол кезде Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы болған

Геннадий Колбин сөйлеген сөздерінің бірінде
“Қазақ КСР-і өзінің шығынын ұлттық табысымен
жаба алмай, яғни одақтың есебінен өмір сүріп,
КСРО-ның мойнында отыр”, дегендей пікір

айтқан еді. Қазақстанға жабылған мұндай жала
сөзге қарсылық пікірлер қоғамда әлсіз түрде,
там-тұмдап болса да айтыла бастаған-тын. Себебі,
елде Желтоқсан көтерілісінен кейінгі халықты

басып-жаншу науқаны қызу жүріп жатқан,
«репрессиялар» кезеңі еді. Колбин өзінің осы
пікірсымағын орнықтырып, әрі өзіне «идеяластар»
табу үшін бір күні қабылдауына Қазақстанның

беделді
деген
ғалым-экономистерінің
бәрін

шақырған
екен.
Аталған
кездесу

жөнінде
экономика ғылымдарының докторы, академик
Қаби Оқаев былай деп еске алады: “Бірінші боп сөз
алған Түймебай Әшімбайұлы ұлттық табысымыз

жөніндегі Колбиннің қате тұжырымдарын нақты
деректер арқылы, өте дәйекті түрде әшкерелей
сөйледі. Әсіресе ғалымның терең пайымы мені өте
таң қалдырған болатын. Академиктің сөздері аса

қарапайым еді. Бірақ сол сөздерге тәжірибесі мол,
өз ісін жетік меңгерген, данышпан адамның ой-
пікірлері сыйып тұрды. Түймекең Кеңес одағының
ұлттық табысын құраудағы Қазақстанның өзіндік

экономикалық айрықша орнын өте келісті түрде,
тапжылтпас мәліметтермен дәлелдеп шықты”,-
деп еске алады академик Оқаев. Бұл кездесу 1986
жылғы атақты Желтоқсан көтерілісінен кейін

санаулы айлар шамасында ғана өткізілген еді.
Қазақ халқының бас көтерерлеріне қарсы өзіндік
кіші
қуғын-сүргін

ұйымдастырған
Колбинге
осылайша қасқая қарап тұрып, қарсы уәждерін
айтып,

ұлтымыздың
ар-намыс,
мәртебесін
қорғауы, Жаратқанның қолдауымен жасаған,

Әшімбайұлының үлкен ерлігі болатын. Мұндай
батырлықтары, санай берсе, толып жатыр.
Ол кісінің ел тағдырына, отандық ғылымға
деген адалдығы одақтық, тіпті әлемдік деңгейдегі

жиындарда

Қазақстанның
экономикалық
әлеуеті туралы биік идеяларын, еменнің қарсы
біткен бұтағындай боп, дәлелдей білуінде ғана

жатпайтын. Академик Әшімбайұлының ғылымға
деген махаббаты, “академикпін” деп бұлданбастан,
тіпті қара-құрымдай қаптаған қарапайым есеп
екеш есепті де, тікелей өзінің шығаруынан

да аңғарылатын. Бұл жөнінде ғалым Сағынай
Сүндетов былай деп еске алады: “Арифмометр
сияқты есеп машинкасымен өзі есептеп, сандарды
тексеріп отыратын:

– Төке-ау, қарауыңыздағы балаларға берсеңіз,

есептеп береді ғой, –десек:

– Жоқ, мен өзім есептегенді ұнатамын, –деуші

еді”.
Қазақстан
Экономикалық
ғылыми-зерттеу

институты директорының бұл қылығы қыз-
меткерлерін орынсыз әурелеуден тартынған үлкен
адамгершілігі, айрықша қарапайымдылығы болса
керек. Республика өнеркәсібі бойынша осынау

сандарды мұқият есептей келіп, оны жоғарғы
орындарда отырған, ел тағдырын шешетін шен-
шекпенділерге
барынша

терең
түсіндіруге
тырысатын болған. Ондағысы ел экономикасының
болашағын ойлап, оның тағдыры үшін алаңдағаны

еді. Кезінде Қазақстан Компартиясы орталық
комитетінің ауыр өнеркәсіп бөлімі басшысының
орынбасары болған Шнейдер Юрий Леонович
былай деп еске алады: “Құрметті Юрий Леонович,

мынау қаптаған сандардың сыртында нақты
адамдар тағдырының тұрғанын ұмытпағайсыз.

Мұқият болыңыз!”- деуші еді маған академик
Әшімбаев”. Ал, экономика ғылымының докторы,
академик Кенжеғали Сағадиевтің: “Түймекеңді
тек өзі өмір сүрген заманының ғана емес, біздің

жаңа дәуіріміздің де ғұламасы, деп айтар едім”,-
деген пікірін біздің жоғарыдағы тұжырымымызға
нақты дәлел болады деген ойдамыз.

ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫ ҮШІН КҮРЕС .Түймебай Әшімбайұлы тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында жас мемлекетіміздің аяғынан тезірек тік тұрып кетуіне барынша атсалысты. Енді маман пікіріне жүгініп көрсек. “...Кейін еліміз нарықтық экономикаға бет алған кезде ғалым ағамыз осы жолдың бағыт-бағдары жөнінде көптеген тиянақты ұсыныстар жасап үлгерді. Олардың біршамасы республиканың Нарықтық бағдарламасына енді. Ал тағы біразы қазір қолданылу үстінде”-, деп ой түйген екен экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Көпжасар Нәрібаев “Ұстаз аға бейнесі” атты естелігінде. Алайда, Түймекеңдей ірі экономистғалымның айтқандары түгелдей үкіметтегілердің назарына іліне бермеген екен. .Ұлтжанды ғалым бейне бір екінші тынысы ашылған тұлпардай боп, аз ғана уақыт ішінде, тәуелсіз еліміздің экономикасына қажетті ғылыми тұжырымдарын ұсынып, бірнеше мақалалар мен кітаптарын жазып, жариялап үлгерген еді. Кеңестік жоспарлы экономика тұсында ғалым ретінде қалыптасқаны Түймебай Әшімбайұлының нарықтық экономиканың қыр-сырларына да еркін

бойлай еніп, егеменді еліміздің келешек кәдесіне
жарайтын пәрменді ғылыми дүниелер жазуына
кедергі бола алмады. “Жазарым, айтарым әлі де
көп”, деп жүрген еді.

.Әкесі жайлы өзі құрастырған “С любовью и
уважением” атты естеліктер жинағында қызы,
экономика
ғылымының

докторы,
профессор
Алида Түймебайқызы Әшімбаева академиктің
ақырғы хирургиялық отаға жатар алдындағы

соңғы күндері жайлы былай деп еске алады.
“Бәрібір таяу арада мені ауруханадан шығарады
ғой”, – деп әкем өзінің киімдерін үйге әкетуімізге
рұқсат бермеді. Біз тек ілгіштегі сырт киімін әрірек

ысырып қойдық”, – деп жазған болатын.

«ҰЛЫҚ БОЛСАҢ, КІШІК БОЛ»

.Академиктің адамгершілік жеке қасиеттеріне
тоқталған естелік жазушылардың барлығы да
оның шынайы, әділ де ақжарқын мінезді, әдемі
сипаттағы әзілқой жан болғанын баса айтысады.

Академияда ұзақ жылдар қызмет істеген Нәйла
Омарованың айтуынша: “Ол өте қарапайым адам
болатын. Академик ешқашан өзінің қызметтерін,
атақтарын ешкімге көлденең тартпайтын. Өзінің

айналасындағыларға шексіз сеніммен қарайтын
еді”, дейді. Ал, Юрий Шнейдер болса былай деп
еске алады. “Мен оған айтатынмын: «Көбірек
жымиып

жүріңіз.
Күлкіңіз
сіздің
жүзіңізді

нұрландырады. Сол арқылы электр қуатын
үнемдеуімізге
айтарлықтай
үлесіңізді

қосар
едіңіз», -деп әзілдейтінмін ”. Яғни айналасына
шуақ шашып, жақсылық жайып жүрген жан
екенін дәлелдейді аталған естеліктер.

Сол кездегі Қазақстан Жоғарғы және орта білім беру министрі Көпжасар Нәрібаев Желтоқсан көтерілісінен кейін, “ұлтшыл болғандықтан, қазақтарды көп оқытты” деген айыппен жұмысынан босатылған ғой. Түймебай Әшімбайұлы сондай кезде ағалық ақылын, демеу сөзін айтып, барынша қолдау көрсеткен екен. «“Көбеке, басыңды көтер! Бұл-уақытша нәрсе. Бәрі де өз орнына келеді. Бүкіл елді айыптауға болмайды. Өмірде әділдік бар. Осы сөзімді ұмытпа”, деген еді», – деп еске алады академик Көпжасар Нәрібаев. Академик Әшімбайұлы айтып отырған, әділдік деген әлеміұлы Жаратушы сүйетін қасиет. Ал «Әділ» деген Алланың 99 атының бірі екені тағы белгілі. Мынау бес күндік жалған дүниеде қаншама теперіш көрсе де: “Өмірде әділдік бар!” – деп, жарқын да игі күндерге ұмтылып ғұмыр кешкен Түймебай ағаның сүрген өмірі рухани ерліктерге толы болған екен-ау! Айналасына жақсылық жасау жолындағы барлық ықылас-ниеттері мен іс-әрекеттеріне, мінез-құлықтарына қарағанда, Түймебай Әшімбайұлы соқтықпалы, соқпақсыз мынау жұмыр жер бетіндегі өлшеулі өз өмірінде толық қанды, абсолютті Әділдікті іздеумен өткендей көрінеді бізге. «Шыншыл ғалым өзінің мінәжаттай болған сол бір ішкі ойларын Кеңестік кезеңде сыртқа жария түрде айта алмағанымен, іздеген асылының тек бір Жаратушының аясында ғана екендігіне іштей иланып өтті ме екен», – деген ойға қаламын. Анығы бір Аллаға ғана мәлім, әрине. Жаны Жәннатта болғай жайсаң жанның! Шілде, 2010 жыл.

МАЗМҰНЫ І бөлім. Туған жер төсі – тұнған сыр............................3 Атеистік қоғамда қор болған ғұмыр........................................5 Соғыс шындығы майдангер көзімен.....................................30 «Ананың табанының астында жұмақ бар»....................43 Шойын жолдағы «Наурыз» тойы...........................................75 «Жаратқан, мен қарыздармын саған»...............................83 Жүрек көзінің ашылуы................................................................115 Берері шексіз бір Алла.................................................................125 Әзілі кісіні «өшіруге» емес өсіруге бағытталған.............................................................................................135 Қалекеңнің «Ақшамы»..................................................................147 Мейірімді «Күзетші».......................................................................151 Мәңгілік өміріне сауаптар жинап.......................................158 Нар болмысқа иманы көрік беріп........................................172 Жазушының жары...........................................................................190 Мойынқұм.................................................................................................208 «Алатау тұрғанда Алматы әсте аласармайды»........................................................................................221 ІІ бөлім. «Жақсыдан – шарапат».................................239 Даналыққа тән кішіктік...............................................................240 «Баукең жұлдыз алған күн...».................................................254 Бауыржан Момышұлы:«Ұлы адамдар туралы майдалықты халық қаламайды».........................................269 Жазылған жайдың жаңғырығы: «Өткенге – салауат, болашаққа – аманат...»...........................................281 «Біртүрлі» қария.................................................................................290 «Кісі болса, ...Бөлтіріктей болсын...»...................................302 Имандылықпен елін қорғаған.................................................315 Қасқайып тұрып Колбинге тойтарыс берген............327

Нұрлытай ҮРКІМБАЙ

Редакторы Әлсейіт ОСПАН
Қате түзеуші Назерке КӘКЕН
Беттеуші дизайнер Айкерім БАҚБЕРГЕНҚЫЗЫ
Техникалық сарапшы Нүркен СҮЙЕУБЕКҰЛЫ

ИБ №143

Басуға 15.04.2015 ж. қол қойылды.
Пішімі 84х108 1/32. Офсеттік басылым.
Қаріп түрі “Journal DT”. Көлемі 18,0 шартты баспа табақ.
Таралымы 2000 дана.

Тапсырыс №143.
«ҚАЗақпарат» баспа корпорациясының баспаханасы

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙