Мазмұнға өту
Home

Ізгілікті іздеу

Абдулмахмуд Пошатаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ізгілікті іздеу

Авторы: Абдулмахмуд Пошатаев

ҚАНАТ ПОШАТАЙҰЛЫ

ІЗГІЛІКТІ ІЗДЕУ

Бірінші бөлім МӘЖІЛІН Әңгіме

Күн тау басынан шашырап шығып келеді. Көктемгі балауса шөпке түскен шық күн сәулесімен жылтырап, көз ұялатады. Маусым айының толысы болса да, тау өңірі жылына қоймаған. Таңертең шықтанып, көкшіл мұнар басып тұрғанды. –Әкең атты әкел деп жатыр, - деді үйге кірген шешем. Далаға шықтым. «Атты ертте» деді әкем. Тек алыс жолға шығарда ғана атын ерттететін. Ауыл арасына өне бойы жайдақ мінетін. Дайын атты ерттеп әкеліп, таңданған кейіппен аңтарылып бетіне қарадым. –Түс аттан. Малға әзір болыңдар. Анау қалың шөптің шығын түсіріп, қарайып жатқан ізді көремісің? Кешегі қасқа тұсақтың қозысын алып қашып кеткен қасқырдың ізі. Өткен түнде шық аз түсіп, байқай алмай қалып едім, бүгін міне, сайрап жатыр. Әкем түске таман атын қансорпа терлетіп, қайтып келді. Ауыл деп ауыл емес, небәрі төрт үйге қасқыр оқиғасы тез тарады. Аты бары атына мініп, аты жоғы таяғын алып, бір қара топ құрап, біздің үйдің маңына жиналып қалды. Әкем: –Кәне, жүрейік. Апанын Борлының күншығыс бетінен таңдапты. Былай қарасаң, жай беткей жер. Қасқыр туады деп ешкім ойламайды. Ертеңгі шық болмаса, табу екіталай еді. Біз барғанша баласын басқа жаққа тасып әкетпесін деп, алдына, тобылғының үстіне шапанымды жауып кеттім,- деп күрек, қайласын алып, атына қонды. Мен жыламсырап, тамның бұрышында тұрып қалдым. Қапалануымның себебі бар. Әкем «жүр» дей қоймады. Мұңайғанымды көріп, шешем: – Баланы ала кет, барып келсін, мұндағы жұмысты өзім-ақ жайғастырамын, - деп қолымнан жетелеп шыға берді.

Әкемнің: – Келе ғой, - деуі мұң екен, боталап тұрған көзімді қос жұдырығыммен сүрте сап жүгірдім. Әкемнің ағасы дәу атам: – Кел балам, маған мінгес, - деп атының басын бұрып, мінер жағын өрге беріп тұрды. Үзеңгідегі атамның аяғының үстіне табанымды басып, лып етіп, артына мінгестім. Аттылар таудың қиялай салынған ирек жолымен жүріп келеді. Қарулы жігіттер Борлы асуына қарай жаяу тартты. Көлеңке ауған шақта қасқыр апанын алыстан көрдік. Апанның дәл өзін көрген жоқпыз, апаны бар тасты, тобылғы үстіндегі әкемнің шапанын көрдік. – Апан мынау, - деді әкем тас астындағы бала сиятындай тесікті көрсетіп,- жаяуларды күтейік. Әні-міне дегенше олар да келді. Барлығы жабылып, тас астындағы тесік айналасындағы қорымды тартып, ылдиға сырғытып жатыр. Апан аузы адам сыярлықтай болды. – Кәні, қайсың кіресіңдер, қайсыңда жүрек бар? Мынау селебені ұстап, ең батыр біреуің түс, іннің ішінде қасқыр болса, жарып тастауға жақсы,-деді атам. Жігіттер жүрексініп тұр. Ешкім мен кірейін деп айта алмады. Атам жанжағына байыппен қарап алды да, сыртқы пешпентін шешіп, селебесін қынына салды, іннің ішкі жағындағы қорым тасты қолымен аршып, еңбектеген күйінше кірді де кетті. Дегбірсізденіп тұрған бізге іштен атам айқайлап. – Кіре беріңдер, іші кең екен,-деді. Сасық иіс қолқаңды қабады. Кең үңгірде адамдар түрегеп жүр. Қара көлеңке, сырттан кірген адамды онша айырып болмайды. Барлығы топырлап, ілгері қарап сөйлейді. Аздан соң көзім үйренейін деді. Тас бедерін үңгірдің жоғарғы жағынан түскен болмашы сәуле ағартып, бозамықтандырып тұр. Үңгір төрінен жай қырылдаған дыбыс естіледі. – Әшім, төбедегі, сәуле түскен жердегі тасжарғанның тамырын көремісің?- деді атам. – Иә, көріп тұрмын, сәуле соның жанынан түсіп тұрғаны байқалады.

– Онда сыртқа шық та, шоқы тас үстіндегі тасжарғандарды бір-бірлеп суыр. Тесік ашылуы ғажап емес. Атамның айтуымен тас жарғыннан өсімдікті суырып алғанда, қарыстай сызаттан қасқыр мекеніне жарық құйылып кетті. Аумағы кең үңгірдің ішіндегі тас бедері суланып болмашы жылтырайды. Адамдар қорқып, бір-біріне тығыла таңданысады. Алқашқыда мойнымды қанша созсам да, үлкендердің бойынан ешнәрсе көрінбеді. Кейін байқадым. Міне, қызық: үлкен ақ қасқыр үңгір төрінің жарылған, кеңдеу жеріне басын тыға ілініпті. Оқта-текте аяғын тас бедеріне тіреп, белі бүкшие басын бері суырып алмақшы болады. Бойынан діріл байқалады. Әлсіреген дене сылқ етіп қайта созылып қалады. – Ата, бұл қалай қысылған? - деп сұрадым, таңданған кейіппен. – Өзі қысылған дә, жан тәтті. Төрт баласы әне, бұрышта жатыр. Шамасы, баласын емізіп жатқан қасқыр шапаннан қорқып шыға алмаған. Атам кіріп барғанда жанталасқан жыртқыш тастың жарылған жеріне кіріп кетпекші болып, биіктегі кең жерге секірген, діттеген жеріне жеткенімен, қуыстың асты тар болып, қысылып қалған. Қасқыр қимылын тоқтатқан соң: «Тартып алайық» деп атам артқы екі аяғынан ұстап, көтере сілкіп, бір-екі рет тартты. Бөрі денесінен сытыр-сытыр етіп, сүйек дыбысы шығады. Жабыла жұлқып көрді, болмады. Арқан алдырып, тұзақтап іліп алып, бәрі жабыла тартты, алынбады. Ақыры болмаған соң, тасқа қысылған жерінен бергісін кесіп алды. Бір шетте жатқан бөлтіріктер адам жақындаса, тісін ақситып, айбаттанады. Ұстаймын дегендердің қолын тістеп алды. «Бөрінің баласы бөрілігін қылмай қоймайды» деп, ашуланғандар желкеден алып, жерге ұрды. Төртіншісі жалғыз қалған соң қабырғаны жағалап, адамға қарай қашты. Қызығып кеткенім сонша, күшікті қуып жетіп, бас салдым. Желкеден басып, тісін дарытпауға әрекет жасап жатқанымда, бөлтіріктің сирағынан ұстаған қолды көріп: «Тиіспе, бұл менікі» деп бөлтіріктің үстіне жата кеттім. Әкем шапанына орап, күшікті сыртқа алып шықты.

Атам: «Бөлтірік сенікі, не қылсаң да өзің біл» деп атына қайта мінгестіріп алды. Жолда келе жатып: – Ата, мен бұны асыраймын, атын не қоямын? – деп сұрадым. Әкем іле жауап беріп: «Мәз ұлым» деп қой, – деді. Ол сөз маған сол кезде «Мәжілін» болып естілді. Қарасұр бөлтірік сол күннен «Мәжілін» аталды. Бөрі баласы емес пе, көпке дейін көндіге алмады. Бұрышқа тығылумен болды. Ит-құстың иісін сезген Саққұлақ тұмсығын аспанға көтеріп, мұрнының ұшын жыбырлатып, жүнін тікірейтіп, беймаза күй кешуде. Жылқылар қора ішінен шыққан жағымсыз ауаны жақтырмай, пысқырынып, оқырақтап айналды. Уақыт өткен сайын жыртқыш тағылық мінезден асырандылыққа үйрене бастады. Итаяққа салған етті өзі жеке қалса ғана жеп, адам қасында тұрса, езуін көтеріп, жұлқар тісін ақситып, айбат шегіп жүрді. Бертін келе менің қолымнан ғана тамақтанып, басқаларға жауыққан көзбен қарады. Тамаққа тойымсыз, ашқарақ. Бермесең, іздемейді. Күндіз-түні ермегім Мәжілін, үйшік жасадым, оны тазаладым, тамақтандырдым; кейде күн ыстықта арықтағы суға шомылдырамын. Осылай жүріп, достасып кеттік. Апама көрсетпей жаюлы еттен беремін. Өсе келе Мәжілін ит баласындай «кет», «жат» дегенді сезбеді, үйренбеді. Кешкісін есік алдына киіз салып, тамақты далада, ашық аспан астында ішеміз. Қасқырды тамақтанған кезімізде байлап қоямыз. Бос болса, бас салып еттің исі бар дәмді іше береді, тартсаң күшің жетпейді. Жалап-жұқтаған соң ғана былай шығады. Күзге салым көкжал бөрінің өзі болды. Үлкен төбет. Ауыл иттері жаз бойы бәле көргендей шуылдап, жабыла қуып, өштесіп жүрді. Бірақ бір де біреуі батып таламады. Өзінен-өзі келген соң иттерден қорықпай, маған үнемі ілесіп жүрді. Суық ызғары сезіле бастаған соң, жазда шабылған шөпті әкелуге әкем екеуміз ерте тұрып кеттік. Мәжілін де бізбен бірге барды. Арбаға шөп тиеп жаттық. Бізді көріп, сонадайдан бір атты кісі қайырылды. Аттылыны көрген Мәжілін шөп ығынан атылып шығып, жота асып кетті. «Мәжілін, Мәжілін!» деп қанша айқаласам да қайырылмады.

Жан дүнием астан-кестең болып, отыра кеттім. Келген кісіге сәлем де бермедім. Кеш болды. Мәжілін үйге оралмады. Астаудағы тамағы ішілмей қалды. Түннің бір уағында оянып кетсем, Мәжілін аяғымды басып, көрпенің үстінде жатыр екен. Қуанып кеттім. Тамағын ішкен көрінеді. Ит пен қасқырдың ерекшелігі – Саққұлақ Мәжіліннің астауына жақын жүрмейді. Мәжілін болса иттің несебесін жеп қояды. Сол күннен бастап, бір күн, екі күн жоғалып кетіп жүрді. Әбден ашығып, бұралып келеді. Жібермей байлап та көрдім, үздіксіз ұлып, жұрттың жанына тиіп болмаған соң босаттық. Иттің баласындай еркелеуді білмейді, қатыгез, тәкаппар. Тек көзінен маған деген жылылық көремін де, басынан, көзінен сипалап қоямын. Сентябрьге екіүш күн қалғанда әкем орталыққа оқуға алып кетті. Бірінші классқа келіп отырдым. Бәрінен үлкені де, денелісі де мен. Жасым онға шықты. Сабақ үстінде Мәжілін ойымнан шықпайды, соны ойланамын. Ноябрь мейрамына қарсы берілетін каникулды тағатсыз күтіп жүрдім. Ол да жетті. Әкем келіп, ертең атқа мінгестіріп әкететінін білсем де, келесі күнге қарамай, сол күні жолға шықтым. Күн құлдилап барып қалған. Апақ-сапақта жетермін деген оймен, кей-кейде шаршағанша жүріп аламын. Он бес шақырымдай жердің көп болса, бестен бірі қалды деп шамалап келемін. Хан төбенің етегіне келгенде көз байланды. Денем түршігіп, қорқып келемін. Қызылтау тұсынан өте беріп, Дегелес тегісінің шетіне енді іліктім-ау дегенде, оң жақ беттен маған қарай сорғып келе жатқан қасқырды көріп, даусым шықпай, екі қолыммен ауа қармап, тұрып қалдым. Қапелімде ойыма не келгені есімде жоқ. Тек үрей билегенін білемін. Ит-құс жақын келіп, состиып тұрып қалды. Мойнындағы атам өріп жасаған қарғыға көзім түсіп кеткенде, даусым шықпай тұрған мен айқайлап жібердім. Мәжілін міз бақпады. Аздан соң, алдыма түсіп ауылға қарай жүре берді. Бүкіл итті шулатып үйге келдік. Еріп келгеніне сеніп,

айрылып қалдық. Қай уақытта келетіні белгісіз, тамағын ішкенін тайдың табанындай іздерінен білетін болдық. Қар бекігенде мүлде келмей кетті. Сөйтіп жүргенде соғыс басталды. Ай жарығын жерге түсірмей, сұрғылттанып тұрған күздің суық түнінде Мәжілін тау басынан зорайып көрініп, көкжиекпен ұштасқан далаға қарап керілді. Төс елінің кең даласы алақанының аясында жатқандай көрінетін жер – осы өңір. Мәжілін үшін құт жер болды. Кеше де осы жерге түнеген. Таудың ұшар басы дара, биік, күншығыс жағы жарқұзданған, күнбатыс жағы бетегелі бет. Өткір көзге сайын даладағы тышқанның жорғалағаны көрінеді. Мұндай жылы орынға бастап келіп, үйір қылған Аққаншық еді. Қасқырлар жылы-жұмсаққа сылқия тойған. Жаңа күн батар алдында ақсаңдай басып, соңында сүйреткен ағашы бар, бір мақұлық астыңғы жағынан қапталдай өтіп бара жатты. Аққаншық көріп, атып тұрды. Мәжілінге жалт қарап, көзі жасыл от шашып, аңға қарай оқша атылып барып, кенет секем алып, төрт аяғымен жер сызып тоқтады. Адымды Мәжілін қаншықты басып озған күйінде ылдиға бұрыла қашқан аңды тап бастырмай артқы таңнан көтере жұлғанда опыртопыр болып үйдей аршаға кептеле тірелді. Жұла тартқан бойда тоқтай алмай ағып өтіп. Қайта қайырылып барып, кептеліп жатқан жануардың кеңірдегін орып жіберді. Жан шығардағы арпалысқа қарамай, жұқа шапқа ауызды салып, ішекқарынды ақтарып тастап, өкпе-бауыр, жылы-жұмсағын қомағайлана асап, қарпып жатыр. Жалпақ арша астындағы ықтасынды орнына келген киік аңшы қақпанына түсті. Аяқтағы бәледен құтыламын ба деп тоқпақты қанды ауызды сүйретіп жүріп, кездейсоқ екінші бәлеге тап болып, жайрап қалды. Темірдегі адам исі Мәжілінге жат көрінбеді. Етті қомағайлана асап жатып, осыған баулыған Аққаншыққа ризашылықпен қарап қойды. Қаншық темірден секем алып, қорқақтап, бой салып жей алмады. Екі аяқтылар иісін жақтырмады.

Қолбала Мәжілінді табиғат өз тылсымына тарта берді. Дала иісіне, жаңа қан иісіне құмар бола бастады. Даладағы өмір, дайын асқа үйренген Мәжілінге қиын болғанмен, қасындағы қаншыққа ілесіп, бойы үйрене бастады. Аққаншық өзін билеп бара жатты. Жеміне шабуыл жасайтын да сол. Алғашқыда бұл тек ұстаған аңдарды жеуге ғана ортақтасып жүрді. Өмір өзі үйретті. Аққаншыққа ілесе жүріп, барлық айла тәсілдерді шым-шымдап бойына дарыта берді. Қар қалың түсе нағыз алғырдың өзі болды. Қалың қарды есе сорғи бастағанда, аққаншықтың үш аттағанын бұл бір-ақ секірді. Апай-түлей боран үш күнге созылды. Қос бөріні аштық қысты. Із кесуге болмайды, жүріп өткен ізді артынша тып-типыл етіп боран жабады. Екеуі дірдектеп жапырынды арша астында жатыр. Тұла бойлары аппақ қар, көздері ғана жылтырап көрінеді. Түс қайта боран басылайын деді. Аққаншық орнынан тез көтеріліп, батыстан шығысқа қарай сұлап жатқан «Тоғызқұмалақтың» қыратына қарай жүре берді. Артынан Мәжілін де ілби ерді. Мәжілін бірде жортуылдан оралғанда Аққаншық қалған мекенінен бірнеше қыңсылаған дыбыс есітті. Еліріп текше тасқа қарғып шықты. Ашқарақ кейіппен бөлтіріктерді бас салмақшы еді. Аққаншықты еміп жатқанын көріп, бұларда өзінің де қатысы бар екенін сезініп, тоқтап қалды. Тапқан тамағын бөлісіп жүрген Мәжілінге Аққаншық атып тұрып жақындады. Көзі ашылмаған, әр жерде шашылып қалған бөл-тіріктер тұмсығымен ауа қармап, емшек іздеп, қыңсылайды. Бүгін бұлардың несібесінің қаңтарылғанын біліп, Аққаншық бөлтіріктерінің қасына бұралып барып жатты. Маусым аяқталмай шөп қурап бітті. Жабайы аңдар аштан өлді ме, әлде ауды ма, бұл жақтан жоқ болып кетті. Мәжілін аяғы жетер жерге дейін барып қайтады, ешнәрсе табылмады. Қаптап жайылатын ауыл малы қадау-қадау. Оларды адамдар алдырмайды, түнгі мал жататын орынды бекіткен. Тапқан қоян, тышқан сияқты майда аңдар Мәжіліннің жұмырына жұқ болмайды. Құсайын

десе аш қарыннан мардымсыз ет шықпады. Аққаншық әбден ашықты. Сүт те шықпайтын күйге түсті. Аштықтан ыңырсып жатып, аз күннен соң бөлтіріктер қимылсыз қалды. Енді Аққаншыққа қарайлайтын ешнәрсе қалмады. Күн бата екеуі сайдан сүйретіліп шықты. Ағаш арасынан екі аяқтылардың исі мүңкіп тұрды. Бұл иіс Мәжілінге онша әсер ете қоймады. Аққаншық қайта-қайта мұрнын шүйіріп, иіс алып, қалың ағаш ортасындағы алаңқайға барып-келіп жүрді. Айналаны бағдарлап қарап шығып, үйінді топырақтың астынан шыққан өлексе иісінің жанына келіп тұрды. Төбетіне бір қарап алды да, үйінді топырақты боратып қаза бастады. Лезде өлікке жетіп, тістеп, сүйреп алып шықты. Сілекейі шұбырған қаншық шүберекті айырып тастап, етті қомағайлана асап жатыр. Мәжілін бата алмай, адам екенін біліп, тілімен екі езуінен аққан сілекейін кезек жалап, шоқиып отыр. Аса бір айрықша тәбетпен тойынған қаншық төбеттің қасына келіп, ол жер, бұл жерін жалап, алдыңғы аяғын бүгіп, сүйкеніп, аярлық бейне танытып, қасына көсіле жатты. Кешке қарай сананы аштық жеңді ме, әлде Аққаншықтан қызғанды ма, қалған мәйітті екеуі тауысып жеп, ағаштан шықты.

****** Төс еліне гу-гу сөз тарап жатты: «Адам жейтін алып қасқыр шығыпты. Тірі адам қанды аузына ілікпеген жағдайда жақында өлген адамды көрден ашып жейді екен. Ал ит біткен жерік асы көрінеді. Не жесе де дымын қалдырмайды екен, ізі жылқының ізіндей бар» дейді. «Жау жағадан алғанда бөрі етектен», - деген осы да, деп қарттар жағасын ұстап, баласынан айырылған Тоқсанбай шалға тоқтау айтты. Соғыс қинаған елді аштық тағы қинады, әсіресе қорқаулардан кересіні көрді. Адамдар қасқыр тұқымына ызалы еді. Арада апта өтпей жатып: «Таудағы Жүністің баласы Көлбайды аяғынан тістеп, төсектен сүйреп бара жатқан жерінен әкесі мылтық атып, айырып алып

қалыпты. Пәлен жерде пәленнің баласын түгел жеп кетіпті», - деген сөздер күн өткен сайын үсті-үстіне шығып жатты. ****** Қорқаулыққа қос бөрінің денесі әбден үйренді. Кісіден қорқуды қойды. Мылтықты мергенсымақтар алып, қасқырды көргенде, мылтығы қолдарынан түсіп қалып, өздері жан сауғалады. Адам етіне дәндеген екеуі адамнан келетін өлімді ұмытты. Соғыс өрті жалындап тұрған кез. Көлік жоқтың қасы. Ауылдан-ауылға жұрт жаяу қатынайды. Аспан әлемін шаң басып, қарасұрланып тұр. Түн құшағын жер бетіне мезгілсіз ерте жайып, батар күннің көзін кірбің тарттырған. Қос бөрі биік жыралы беткейдің бұталы қабығында бекініп жатқан. Аңғар бойымен кеткен үлкен жолдағы жаяу адамды Аққаншықтың көзі шалды. Атып тұрып, анықтап қарап алып, беймаза күйде жатқан Мәжілінге «у-у-фф» деп дыбыс беріп, алды-артына қарамай, жаяу адамның соңынан сорғып кетті. Мәжілін бір-екі рет бойлап-бойлап қарады да бүгінгі тамаққа тәбеті тартпай қайта жатты. Менсіз Аққаншық тез оралар дейтіндей. Жолаушы артына көзінің қиығымен қарап қойып, таяғын сүйретіп алды. Адамға ілескен қасқыр барған сайын жақындап келеді. Жақындап келіп, шоқиып отырып қалады да, артына қарап, сыңсып ұлиды, адам сәл ұзамай жатып тағы қуып жетеді. Серігінің келмесіне анық көзі жетті білем, қаншық ойын әлдеқандай сезім билеп, жас қанға құмартып, қалай да осы несіптен айрылғысы келмеді. Жолаушының бір оң жағына, бір сол жағына шығып, таяқ жетпес жерден аяғымен тырнап, топырақ шашып, әбден құтырынып алды. Жігіт те қорқып келеді, күн батып, қараңғылық жер бетін қусыра түсті. Амал таппай, денесін суық тер басып, бар қаруы бәкісі мен қолындағы таяғын қыса ұстап келеді. Естуінше, адам жейтін қасқыр екеу. «Әзір өліп тұрғаным жоқ, не де болса көрейін. Мүмкін төбеті алыстан мені орап, шаршауымды күтіп келетін шығар», - деп бар қаруын сайлап, қайраттанып алды. Алдағы қырқадан аса бере ескі жылқы қора жанындағы оқшау тұрған жалғыз тамға көзі түсті. Байқап келеді, есігі бүтін екен. Бұндай қуанбас. Көп ойланып жатпай, түнді осы тамда өткізуге бекінді. Себебі: жарық түсетін

терезесіне қыш қаланып, сыланыпты. Тамға жақындағанда қасқыр таяқ тастам жерде шоқиып отырып қалды. Жан сауғалаушы сып етіп ішке еніп, есікті белдігімен байлап, бекітіп алды. Енді қауіпсіз. Тамның іші алғашқыда көрдей қараңғы еді, бірте-бірте көзі үйреніп, төңірек керіне бастады. Бұрыш-бұрышты көзбен шарлап, байқап, есікті қосымша бекітті. Сейтіп шүкір қылып отырғаны сол еді, есіктің арғы жағынан, тіпті жақыннан, қасқырдың ұлығаны жолаушыға үрей шымылдығын басына жаба салғандай әсер етті. Есікті тырналап, жақтау ағашты шайнап, кіруге жанталасқаны байқалды. Қызыл талдан қиып істеген қалың есік, қасқыр аузына берілмесіне жолаушы сеніп отыр. Түн жарымы жақындап келеді, қасқыр кетер емес. Біресе ұлып-ұлып алады да, үйді айнала жүреді, біресе есікке келіп тың-тыңдап, жым-жырт бола қалады. Кенет ар етіп есікті шайнайды. Жолаушы бұл кезде есін жиып, қуатын бойына топтап, айла тәсілдер ойластыруда еді. Айла шіркін алушыға да қызмет етті. Есіктің кәсекесін тістелеп жатқан бөрінің көзі табалдырық астындағы морыған қам қышты байқады. Тегеурінді қос аяқтың тырнағы сыртқы морыған қышты лезде үңгіп бара жатты. Ішкі құрғақ қышқа келіп жеткенде, тырнақ алғашқыдай қопсытып шаша алмай, тырналап қалды. Мүрде ашып үйренген қаншық жылы қанға тәбеті қатты ауып, аса бір құштарлықпен қазып жатыр. – Өліспей беріспеспін, - деп түйген жігіт таяғын ыңғайлап ұстап, тұмсық керінсе ұрмақшы болып, ішкі босағаға сүйеніп тұр. Қараңғыға көзі әбден қаныққан жолаушы барлығын байқап, бағдарлауда. Итқұс тынбай тырналап, қазып жатыр. Арсылдап ентіккені ішке анық естіліп тұр. Сол уақытта қыштың бір шеті опырылып кетті де сырттан көмесік жарық көрінді. Артынша қасқырдың аяғы ішке еніп, тесіктің жан-жағын тырналап, кеңіте бастады. Қарулы жігіт көп ойланып тұрмай, тырналап жатқан аяқты шап беріп ұстап, аяғын дуалға шіреп тіреп, бар күшімен ішке тартты. Осылай біраз тұрған соң, қаншықтан әл кете бастады. Аяқты оң қолымен қатты тартып тұрып, бәкісімен қасқыр аяғын тіліп жіберді. Тілінген жерге ұстағанда қол толатын жуан таяғын көлденең өткізіп,

кепіл қылып, аяғын босатты. Өжет қаншық «қыңқ» деп дыбыс шығармастан ауыр тыныс алып жатты. Адам айласының асып кеткеніне мойын ұсынғаны ма, әлде қазған жеріне кептеліп қалды ма, ол жағы белгісіз. Жаз түні тез көтерілді. Таң шапағы жер бетіне күннің қуанышын әкелді. Өлім күткен Өтебек өмірге, таң шапағына қарап, тіпті арқаланып кетті. Қыш қалап сыланған тесікті амалдап ашып, сыртқа шықты. Өзін жемекші болған қасқыр бұны көріп, басын бұрып, ары қаратты. «Не қылсаң да, өзің біл» дегендей. Ал Өтебек болса жаңа кесілген көк сойылмен қасқырды ұрып өлтіріп, үйіне жетуге асығып, тірі қалғанына қуанып, жүрегі алып-ұшып барады. Таң атқанша келмеген қаншықты Мәжілін тағатсыз күтіп, орнынан керілді. Өзен бойына жіті көз жіберіп, биікте тұрып ұлыды. Қаншықтан хабар болмады. Жалғыздық жанына батты ма, қаншықтың тапқан жемінен құры қалмайын дейді ме, тез ізіне түсіп, иісін алып салып-ұрып келеді. Қырқадан аса бере дабырлай сөйлескен адамдар тобын көрді. Тез бұрылып, су жағасына, көк тал аралас біткен жыңғылға тығылып баспалап қарап тұрды. Шуылдап, барлығы қоржын тамға келді де, бірдеме істеп жатты. Аз-кем уақыттан соң барлығы топтанып қайтып кетті. Қаншығын іздеуге Мәжілін қалың ағаштан амалсыз шықты жан-жағына байыппен қарап, биікке шығып, барламақшы болды да, кенет адамдар келген жерге баруға бекінді, аңсары ауып, солай қарай жүрді. Мұрнына жас еттің, қанның иісі келді. Қорқуды білмейтін ол күндіз жүрексініп тұрса да жетіп барды. Үйдің жанында жатқан қызылшақа етті көріп, қарап түрды. Таныды. Аққаншық. Терісіз жалаңаш жатыр. Мәжілін қалыңға қайта бекінді де, түнде барып қаншықтың етін тауысып жеп, кезекті жортуылға шықты... Қасқырдың қанды алапат жауыздығына ызалы ел түгел көтерілді. «Кеңесарық» колхозынын бастығы Әмірхан қолда бар екі-үш айғырды ерте суыттырды. Алғашқы қарға дайындық жүріп жатты.

Жаз бойы жалғыз тамшы тамбаған жер куаң тартты. Күзге қарай күңгірттеніп, шаң суырып тұрды. «Жығылғанға жұдырық» дегендей, қасқыр алапаты мезгіл-мезгіл тыным бермеді. Адам шығыны көбейе түсті. Тағы бір сұмдықты есітіп, колхоз кеңсесінің алдына ерте жиналған топ әрекетке қалай кірісерін білмеді. Топтың ішінен біреу: – Әне қасқыр! - деп тұтыға сөйлеп, қолын шошайтты. Колхоз кеңсесінің арты тік бет. Тік беттің етегіне таман және үстіңгі қыратқа жақын екі арық белдеулеп өтеді. Үстіңгі арықты жағалай қара тал самсып тұр тал арасында төмендегі елге тәкаппар күйде қарап тұрған қасқырды жұрттың бәрі көріп, жағаларын ұстады. Осы кезде колхоз бастығы Әмірхан Көкбестімен келіп жетті. Оқиғадан хабардар екен. Тақымында шоттың ұңғысын кигізген ырғай шоқпар. Шөптің кемдігінен астындағы аты жұрт көзіне жадау көрінді. Қорадағы екі атты тақымы бекемге бер. Бүгінгі жауымыз мынау! - деп қасқырдың соңына түсу үшін атының басын бұрды. Қырдың төбесіне шыққан Әмірхан алып қасқырдың: «Не қыласың» дегендей паң жүрісін көрді. Бастықтың қаны басына шауып, Көкбестіге тақымды басып қалды. Қасқыр бұрынғыға қарағанда бой салып қашайын деді. Аң мен адам арасы екі арқан бойы, алды жазық, кең тегістік. Шоқпар сілтеуге оңтайлы шақты күтіп, Әмірхан да тістеніп келеді. Кейде қасқыр ұзап кетеді. Аттылыдан ұзағанын өзі сезіп, күшін сақтап, салаң жортуылға түседі. Арттан жеткендердің атқа мінгескендер екенін көріп, Әмірханның аз-кем кідіргені сол еді, көліктен секіріп түскен жігіт: – Аға, аттан түс! Аға аттан түс! -деді. Қолында қосауыз. Көзді ашып-жұмғанша айырықша жылдамдықпен екпіндей шапқан атты қуып жетіп, үзеңгіден ұстады. Аз жүгірістен кейін ұмтылып, ердің қасынан ұстап, лып етіп, Әмірханның артына мінгесті. Көкбесті шабыстан танған жоқ, ұшып келеді өзінің ерекше қадір тұтатын інісі Болысқа тізгінді ұстатты да, аяғын ерден ептеп асырып домалап түсіп қалды. Ерге көтеріліп мінген жігіт Көкбестіге тақымды қыса түсті. Шапқан атқа Әмірхан ауырлық жасап еді, Болыс мінген соң, жануардың пәрі ашылып, құстай ұшты.

Аң мен адам арасы есік пен төрдей қалғанда бір қолымен көздеп атты. Оқ оң жауырын тұсынан тиген болуы керек. Жақындап барып тағы атты. Бұл жолы қимыл басқаша болды; қасқыр кілт бұрылып аузын арандай ашып «арр-р-р» етіп Болысқа қарай атылды. Дәл сол сәтті ұтымды пайдаланып қос-ауыздың ұңғысымен бастан салып өтті. Денедегі жара қанша жанына батса да, мойымас көкжал өжеттеніп аттың басынан ала түсті. Ат басын бұрып үлгіріп айқасқан азу жүгенді тістеп қалды. Қасқырды көкбесті сүйрете барып, домалатып кетті. Болыс ат екпінін қайтарып артына қарағанда жаралы қасқырдың жанталасып қашып бара жатқанын көрді. Мылтығын асықпай оқтап, аттан қарғып түсті. Отыра қалып, көздеп басынан атып жайратты. ****** Алып қасқырдың маңы қарақұрым адам. Терісін сойып, ұзын бойлы кісі қолын созып, ұстынға қаққан шегеге ілгенде, кұйрығы сүйретіліп жерде жатты. Сол күннен бастап төс елінде тыныштық орнады. Күн еткен сайын ұмтылып «қасқыр» сөзі ауызға алынбайтын болды. Көп ұзамай, Әмірхан мен Болыс ездері сұранып майданға кетті.

БІРІШЕК – Ол кезде қырмызы қызыл түлкіден тымақ кию әркімнің-ақ арманы болатын, - деп бастады сөзін Бек ақсақал. – Сарымсақсай мен Шұқыр сайдың арасын алып жатқан тегісті жұрт Тәлімі деп атаушы еді. Ақ мамықтай қар басқан Тәліміден қарға тамған қандай қызыл түлкінің еркін ойнап жүргенін әркім айтып келіп жүрді. Күннен күнге алтайы түлкіге қызығушылар көбейді. Құда-жекжаттарына тазы сұрап, ерекше түлкіні қолға түсірудің қамына азған ауыл дайындалып жатты. Әркімнің өзі ұстағысы келіп, бірінен-бірі сыр жасыруда. Алғашқы қар қалың түсті. Артынан күн кенет жылынды да, қардың беті біршама жібігеннен кейін қайтадан қара суық қысты. Қалың қардың беті көктайғақ мұз болып қатып қалды. Қар бетіндегі жұқа мұзда түлкі діңгірлеп

жүгірсе, салмағымен күрт-күрт ойған тазы малтығып қалады. Мұндай жағдай тазы қосушыларға қиын болып, ұнжырғасын түсірді, құдайдан қайта қар жаууын тілеп жатты. Қыс қарсыз болған ба? Қар тағы да жауды. Қансонардан кейін қансонар болып жатты. Алтайы түлкі ауылдың адамдарын мазақ етті. Аңшылық қолдан онша келмесе де, күнделікті түлкінің жаңа айласын естіп таңданамыз. Алғашқыда бірінен бірі қызғанып, тазысын жеке қосып жүргендердің бірте-бірте тауы шағылып басы қосыла бастады. Мен деген аңшыларды жер соқтырды. Жеке тірліктен түк шықпасын сезгендер көп болып жабылып түлкіні қолға түсіруге көшті. Күні бойы майдалап жауған қар кебіске түсерлік болды да, кешке қарай ашылып кетті. Малшының малға шөп салып жайғаған соң біршама қолы бос болады. Соны пайдаланып, таңертең ерте тұрып, шаруамызды тындырдық та, екі-үш тазы ертіп, жаңа жауған көпсек қарды ат тұяғы жан-жаққа көсілте шашып, Тәліміге қарай тарттық. Жақсы ат, жүйрік тазы үнемі үзілмейтін Ақынбек пен Есенбай алда барады. Бозжан екеуіміз соңында келеміз. Алдыңғылар аңшы болса, біздер тілектестерміз. Жүзіктің көзінен өткендей, сымбатты сұлу мүсінді тазылар қар бетінде ойнап, айырықша көрініс беріп, дала сәні осы үшеуі секілденеді. Күміс қарғылы сұр тазы алыстан әкелінген атақтының бірі, ал ана екеуі өздерінікі. Жер жағдайына қанық Есекең атының басын тартып, кейінгілерге белгілі жерлерді көрсетіп бермек болып тоқтады. – Бозжан, сен сонау биікке шық. Түлкі өрлеп шықса, тазы қосарсың. Ақынбек екеуіміз Сарымсақсайдың күншығыс қыратымен жүріп отырамыз. Сен сайдың табанымен дауыстап, дабылдатып өрлеп отыр,-деді. Сол жерден бөлініп, әрқайсымыз белгіленген жаққа қарай тарттық. Ойлап келем: Не қылған түлкі? Байлап қойып па? Түлкі табыла қалса, садақтың оғындай сұр тазы қоймас... Күн таудан шығып, шуағын жазыққа түгел шашқан кезде, сайды өрлеп келе жатып бұта арасынан сылаң етіп атып шыққан түлкіні көріп: «Кетті» деп,

шыңғыра айқайлағанымды өзім де сезбей қалдым. Айқайға елеңдеген кәнігі тазылар аспанға тіке секіріп, түлкіні көріп қалды да, аспандағы құс көлеңкесіндей жылдамдықпен ұшып, түлкі соңына түсті. Үш тазыдан құтылмасын сезді ме, сайдан асып безіп барады. Кейде із қуалап, кейде із кесіп, аңдыздай шауып артында біз келеміз. Аңшылар «Терісжайлау» биігіне шыққанда түлкіні «сарыбұлақ» тегісінде сұр тазы бір қайырды. Өзге тазылар ындыны құрып, қашқан мен қуғанның соңында. Жете алмағанына қатты ашуланған сұр тазы кейде қаңқылдап үріп қояды. Енді жетем дегенде, түлкі табан астынан кілт бұрылып, алдап келеді. Сұр тазы екпінімен әудем жерге қайырыла алмай, сырғып өтіп, ісіне, өз болмысына қапа болып, қыңсылап, қайта қосылады. Бір кезде тегісте шөккен түйедей теңкиіп жатқан үлкен тасқа қарай салды. «Құтылмасын білген түлкі тас астындағы іңге кірмекші болды» деп ойладық. Екеуі құйрық тістесіп барады. Жылдамдығына көз ілестірмес күйде тасқа жетіп, түлкі оң жағына жалт бұрылды. Ауыз салым жерде келе жатқан тазының «қаңқ» еткен дауысын бір-ақ есіттік. ІІІауып жетсек, сұр тазының мұрынынан қан кетіп жатыр. Жай қыңсылып, тірілік белгісін танытады. Кеудесімен тасқа қатты соғылыпты. Түлкі таудың биік беткейіне шығып, құйрығын жанына тастап қойып, өз ісіне масаттанғандай сыңай танытады. Жаралы тазыны өңгеріп, ауылға қайттық. Шаршаған анау екі тазы аттардың ізімен зорға ілесіп келеді. «Сол түлкі біздің елге айырылмас ауру болып жабысты» деп – Бек ақсақал әңгімесін қайта сабақтады. Ауылға келген құда, жек-жат, ағайын-туыстардан түлкі оқиғасы елге тарап жатты. Екі адамның басы қосылса, әңгімесі қырмызы қызыл түлкі болды. Қысқы шілденің аяғына таман ауылға ақ сақалды, жауырыны аздап тұқыш тартқан шал келіп, Есекеңнің үйіне түсті. Қонақтың құрметіне қой сойылды. Кешкі асты қонақ келген үйден ішу әдетіміз емес пе. Түгел жиылып, әңгіме қызып жатты. Ет желініп, қолға су құйылған соң, қонақ кәдесі бойынша

мейманнан жөн сұрадық. Келгеннен бері сыр ашпай отырған қария оңдалып отырып, сөз бастады. «Аңшы өтірікті қосып айтады», - дейді қазақ. Бірақ кейде сол өтірігі шынға бергісіз болады. Мен келгеннен бері сіздердің сөздеріңізден байқағаным тек шындық екеніне көзім жетті. Аса айлалы немесе өрен жүйрек түлкінің келбетін танып отырмын. Мені атқа қондырған да, ел аузынан есіткен түлкі жайындағы таңқаларлық қауесет. Қарт адамға қыстың суығында атпен жүру қиын болса да, құмарлық жатқызбады,-деп бір тоқтап, ұзақ ойланды. Демек, бұл түлкіні ұстаудың бір ғана амалы бар: Бала күнімде ел аралап жүріп есіткен бір әңгімем бар еді, сол енді қайталанып, дәл осындай түлкінің сіздердің жерлеріңізде бар екеніне көзім жетіп отыр. – Бірнеше тазыны тасқа ұрындырып, жардан ұшырып жүрген айлалы түлкіні қолға түсіру – адам ақылының асқандығы. Осындай айлалы түлкі ілгеріде болған екен. Жұрт оған қақпан да құрған, улы жемтік те тастаған, құмай тазы да салған, бірақ біреуіне де ілікпей, айласын асырып отырған. Әдетте жемтік тастап, қақпан құрып қояды. Жемтікке келген түлкі қақпанға түседі. Ал бұл айлалы түлкі қайдағы қақпаны жоқ жермен өтіп жемтікті жеп болған соң сол ізін қайта дәл басып шыға келеді. Улы жемтікке өлсе жоламайды. Не жүйрік тазыларды алдап апарып, мертіктіреді. Елдің намысқой аңшы азаматтарын сабылтып, түлкінің ызасы батады... Күздің қара суығы болса керек, жаңа түскен келіншек қыстау жанына тігілген киіз үйдің ығында өткен күні қонаққа сойған қойдың іш майын шыжғырып отырады. Түгел шыжғырылған майдың шыжығын сүзіп алып, ішінде ыстық майы бар қазанды құлағынан ұстап түсірмекші болғанда, қолындағы тұтқышы майға түсіп кетеді. Дереу майдағы тұтқышын сүзіп алып оны қол күймес етіп суытып, сығымдап, майын қайта ағызып, ошақ жанына тастай салады. Құрым киіз сықпа құрт секілденіп, тоңмаймен қатып қалады. Ошақ басында жатқан тазы майдың иісімен киізді қажалақтап, әрі-бері шайнап жеп қояды. Содан кейін тазы күннен күнге нашарлап өлуге айналады... Күйеуінің: «Тазыға не болған» деген сұрауына келіншегі болған жайды баян етеді.

Ұрысудың орнына күйеуі әйелінің арқасынан қағып, «Үндеме жағалы болдың», деп қуанышты жүзі нұрланып сала береді. Көп кешікпей тоңмаймен қатырылған бірнеше киіз құртты айлалы түлкінің жүретін жерлеріне тастайды да, бақылап жүреді. Араға екі-үш күн салып, түлкінің киіз құрттың екі-үшеуін жегенін ізі арқылы байқаған жігіт, екі күннен кейін түлкіні іздеп жүріп тауып, жай тазының біреуіне алдырады. Жүйріктігіне таңданған жұрт сойып қарағанда, ішке түскен майлы киіздің майы еріп, түлкі денесіне сіңіп, киіз майдан айырылған соң қалыбына келіп, ішекті кептеп бітеп тастапты. Ішкі құрылысын байқаса, басқа түлкілерге қарағанда, асқазаны ішек тәріздес өте кіші, ұзынша, сүйір-жай ішегі қысқа екен. Ел аңызындағы «Бірішек» түлкі екеніне жиналғандардың көзі жетті. Сол бірішек түлкі сіздерде де пайда болған екен, ол да бір табиғаттың еркесі шығар, тимеңдер деп айтуға келген едім. Ұстаймын десеңдер, жолын айттым. Ерік сіздерде, деп Дүйсенбі қария сөзін бітірді. Шамалы үнсіздікті Есекең бұзып: – Сонау бел аржағынан келіп, сұраған қолқаңызды бердік, оған қоса жабар шапанымыз да бар. Ат мінгізсекте жарасар еді. Ол жағы бола жатар,-деп сөзін аяқтап, жай салуға орын босатып, қонақтар тысқа шықты. Осы түнгі үлкендер келісімінен соң, түлкіге ешкім тиіспеді,-деп Бек ақсақал сөзін аяқтады.

ШОРАЯҚ деректі әңгіме Шораяқ – Көкжалдың тау еліне бықпырттай тиіп шулатқанына жылдан асып барады. Ауыл келген көк сұр қаншығы Сұршолақпен екеуі нелер сойқанды жасап, жұрт көзіне түскен. Алдыңғы қыстың қалың ортасында келіп, тау елінің жақпар-жақпар тас қойнауларың құз шатқалдарын аралап, өздеріне қолайлы мекен-жай екеніне көздері жеткен. «Қазығұрттан» бастап, Ақсу-Жабағылыға

дейінгі Алатау сілемдері, ондағы елдің мал өрісі мен қонысын аралап қанық болды... Екеуін Көкжалдың алғырлығы табыстырды. Алғашқыда көкжал Сұршолақты тосырқап, жемтігіне жолатпай жүрді. Бірте-бірте үйренісіп, аңды бірге қуып, бірге ұстады. Көкжал құмды далада, тырбық бұта арасында дүниеге келіп, сонда есейсе, Сұршолақ қалың сексеуіл арасында өсті. Көкжал біріненбірі айнымас құм төбелердің жықпыл жымдарында ауызданса, сұршолақ сексеуіл арасында ауызданды. Қасқырға тән, былайғыларға белгісіз, тылсым құпияларды табиғат қос бөріге бекем дарытқан еді. Күзгі суыққа дейін денелері мығымданып, көксіңірлі аяқтары садақтай серіппелі, иіле түсіп, толысқан кезі болатын. Биыл қыс ерекше болды. Құбыланың қарлы бораны Созақ өңірін түгел жауып, ақ көрпемен қымтап, күн артынан ашылып қар бетін жібітсе, Солтүстіктің суық желі жіпсіген қарды мұзқатқақ қылып бекітіп тастады. Екі жақты сұрапыл дауылдар кезек соғып, тіршіліктің апшысын қуырып, күнненкүнге есенгіретіп барады. Жабайы жануарларға аштық қаупі төнді. Табиғатынан сезімтал ақбөкендер Оңтүстікке қарай сеңдей соғысып, жел қуған бұлттай жөңкіліп көшіп барады. Болмысы жемімен жүретін жыртқыштар ілесе шығып, әлсіздерін жеп қарық. ІІІопқоректілерді аштық қыса ет қоректілер тамақты таңдап жеп, мейманасы тасып келеді. Күн сайынғы жылы қан мен жұмсақ ет Көкжал мен Сұршолақтың сүйектерін өсіріп, аса ірілендірген еді. Қоңданып алған қос бөрі тау беткейінде, күнгейде, тебін-доп жатқан жылқыны аралап кетіп бара жатты. Жылқылар осқырынып, үркіп, жау екенін сезініп, шұрылдап қорқып бір жерге жиналып қалды. Бұрын мұндайды көрмеген қасқырлар шоқиып-шоқиып отыра кетті. Топ ішінен бір күрең байтал шығып, бұларға қарсы жүрді. Мойнын жерге салып, біресе одырайып, біресе таңданған кейіппен жан-жағына қарап қояды. Байтал бірте-бірте жақындап, пырылдап, тоқшылық пен семіздік бойының тынжысын түртіп, ойынға тартып, бейғамдықтың мысы басып, сақтықты ұмыттырғандай сыңай бар.

Үйірдің кәнігі кексе айғыры «қайт» деп арқырай кісінегені күрең байталға әсер етпеді. Келіп қуып кетуге жабағыларды қорғап, тастап кете алмай тұр. Күрең байтал Көкжал арланды иіскегені сол еді, көз ілеспес жылдамдықпен тұмсықтан шап етіп ұстап, қасқыр мен байтал табан тіресіп тартысты да қалды. Аз тұрған соң Көкжал арлан қоя беріп жібергенде, байтал шалқасынан кетіп, қашан оңдалып тұрамын дегенше, Сұршолақ жұқа шапқа ауызды салып жіберді. Азуы өткір жас қаншық діттеген жерінен дәл басқандықтан тері мен ақшел қоса айырылып, шыңғыра кісінеп тұра қашқан байтал екі-үш сүрініп барып құлап түсті. Ішек-қарын сүйретіліп артта қалды. Ішек-қарынға қарамай, екеуі екі жақтан атылып барып, жаны шығып үлгірмеген байталдың дал-далын шығарды, жырта жұлып асап, жылы етті шайнамай қылғытып жатыр. Сезімдің майлы қаны бұларға аса ұнап, араны ашыла, қомағайлана түсті. Сол күннен бастап жылқы етіне құмарлықтары артты. Екеуі тойынып алды да, қалың сарыағаш пен ұшқат аралас жынысқа кіріп бекінді. Ас сіңіріп, дем алуға жатты. Жайрап қалған малын көрген жылқышы байталдың өлігін айналдыра қақпан құрды. Алдымен қақпанды жылқының малағына қайнатты. Жалаңаш қолмен ұстамай, қолғаппен ұстап өлікке апарды да, қақпан сиятындай етіп жерді ойды. Ойылған жерге қасқыр қақпанның серіппесін басып тұрып, қанды ауызын ашып, ортадағы тілге тие темірін салып, жайлап түсірді де, бетін жұқа қағазбен жауып, оның үстіне жылқының малағын үгіп септі. Айлалы сақтықпен өлексені айнала қойылған бірнеше қақпанды жерден айырғысыз білін-бейтіндей етті де, жылқысын басқа жайылымға айдап салды. Көкжал арлан орнынан марғау көтеріліп, көкжиекке қарады. Ертеңгі күннің ашық болатынына соқыр сезімі сенді. Жылқы етінің тоқтығы кеткенше тапжылмай тыныстаған екеуіне жорыққа шығар мерзімін аш құрсағы ойына салғандай шырылдап, аңсары жас етке ауып, жанындағы биікке шығып бағдарлай бастады. Жақын маңайдан көзге қара шалынбады. Көкжал арланның есіне өзі өлтірген өлексе түсіп, салаң етіп салып ұрып, артына да қарамай қырдан асып кетті. Жас қанға құмар Сұршолақ сайын далаға тау төбесінен көз жүгіртіп

тұрды да, екпіндей шауып төбетті тез-ақ қуып жетті. Екеуі қатар сорғи шауып, жер апшысын қуырып, өлексеге жетіп келді. Екеуі кілт тұрып иіс алды. Жағымсыз бөтен иіс болмашы ғана сезіледі. Көкжал арлан өзіне-өзі сенбегендей Сұршолаққа қарады. Оның да мұрны жыбырлап, бірнәрсені сезгендей ауа қармайды. Сұршолақ болмысынан өте сақ. Құйрығының шолақ болуына бала кездегі бей сақтығы жеткен. ...Анасы бұрын тек ет әкеліп құсып беретін. Ана дыбысын сезген ол бүгін де солай деп апаннан жүгіріп шықса, қамқоршысының қасында жатқан бір албастыға көзі түсіп, апанына қарай тұра қашқан. Намыстанған анасы тістеп тоқтатпақшы болғанда, аузына құйрығы түсіп, жұлынып-ақ кеткені. Содан үлкейгенде тұтам ғана өсіп, сынық қазық тұқылындай шошайып қалды. Аппақсапақта қары кеткен күнгей беттегі өлексеге қонған қарға, құзғындардың ізін онша аңғарып болмайды. Қарға, құзғын келіп жеген өлексенің қауіпсіз екендігін табиғат жыртқыштардың соқыр сезіміне болмысында ұялатқан. Түріліп жатқан қабырға бетіндегі қазы қасқырлардың есін алып, бір сәт сақтық сезімін тұмшалап, жеміне жақындай түсті. Ақырғы шыдамы таусылып, арлан жетіп бара бергенде, аяғының төмен бара жатқанын білді, ғайыптан зілзаланың жер астына аузын ашып шығып, тілерсектің үстінен «шақ» етіп қысқанын білді. Жер айналып кеткендей болып, есеңгіреп барып есін жиған көкжал өзінің шықпастай болып арқандалғанын білді. Қызыл іңірде тағдырдың тәлкегіне ілінгенін сезген қасқыр түн жарымы ауғанша қақпанмен алысты. Жақ сүйегімен біте қайнап шыққан тегеуірінді тістер құрыш темірге қадалғанда арасынан от жарқылдап, қайтпас азулар шетінен мүжіліп, ұшып кетіп жатты. Әбден ызаланған арлан «ар» етіп, қақпанды қайта қауып, бар күшімен жұлқа тартқанда, шынжыр көзінің біреуі (біріктірген жерінен омырыла сынып, екпінімен сайға домалап кетті. Байлаудан босанғанымен аяқтағы бәледен құтылмаса да, шүкіршілік пейілмен қалаңға жасырынуға бет түзеді. Қарақасатты теріп жүріп, екі аяқтыларға із шалдырмауға тырысып, жарық түспей бекінуге асығып барады.

Өлексеге қақпан құрған жылқышы тайдың табанындай ізді көріп, қақпанына келсе, оған қасқырдың түскенін көрді. Айлалы қасқырдың сұрапыл ісіне бір таңданса, бекем шынжырды үзгеніне екі таңданды, сонымен тұрмай қар кешіп жүрмей тек қарақасатпен кеткені ақылына симай тұр. Адам жыртқыштың ізіне түскенді пайдасыз деп тауып, басқа жолын қарастырмақшы болып үйіне қайтты. Күлді тісі қызыл ала қан болып, сынып, мұқалып азаптанған бейнеттің сәті бүгін түсті. Қақпанның қандыауызының табан темірге өтер жері күшті тегеуірінге шыдамай сынып, кетті. Азаптан босанған аяқ ісініп, бұрынғы қақпан қанды ауызының ішінде былқ-сылқ салаңдап тұрған жіліншік тураланып, тікейіп қалды. Сынған сүйекті ісік қысып, жақындатып, «Сабақты ине сәтімен» дегендей іс тағдырға шешіле бастады. Күнделікті аяғын мәпелей жалап кеп жүрістен қалып, Сұршолақтың тапқан тамағымен күнелтіп жүрді. Ақбөкендер мекеніне қайта оралғанда, Кекжал мен Сұршолақ ілесе алмай қалып қойды... Жерге тимей асылып жүрген аяқ шіріп түспеді, шорланып қайнап біте бастады. Қыстың соңына таман жаралы аяқтың ұшын тірейтін болды. Сұршолақтың қуған аңын ұстасуға көмекке жарап жүрді. ІІІілде шыға бұлар жай өмірден жұбайлық өмірге көше бастады. Жабайылық сезімталдығымен суыры қойдай өретін «Семізсаз» жайлауына жақын «Қоңыртөбенің» қалың аршасының арасынан жайлы орын тауып, маусым айының басында Сұршолақтың алғашқы тұңғыштары төрт бөлтірік дүниеге келді. Құнарлы суыр еті қасқырлардың өзін оңалтып, бөлтіріктерін ерте есейтті. Қылышын сүйретіп келе жатқан қысты аң арып, қасқырлар сұр реңге еніп, табиғаттың жануарлар үшін қосымша көмегін денесінде дарытып жатты. Аспан әлемі сұрғылттанып, ауа шытымырланып, суық ызғар денеге қарып тиеді. Сұрдала мен тау сілемдері сұрланып, қытымыр мінез танытқандай. Қыс қысымы тау басынан бастап, күн өткен сайың етекке қарай жылжып келеді. Тау биіктері алғашқыда ақ сәлдесін ораса, соңынан тау сілемдері ақ көрпеге енгісі

келген батырдай созылып төзімсіз күтіп жатты. Ұялас қасқырлар үлкен топ құрып, алғашқы қардың суығына шыдамай мұрны суланып, Шоқалақтың күншығыс беткейіндегі ықтасында жатты. Қостөбенің ортасындағы жазықта жатқан қойды Сұршолақтың қырағы көзі шалып қалып, орнынан тез көтеріліп, қырт үстіндегі аршадан баспалап қарап тұрды, өзгелері де ана қаншыққа жақындады. Он екі көз жайылып жатқан қойларға қарап тағатсыздық танытады. Аз-кем бақылаудан кейін, қасқырлар топ болып биіктен тіке түсетін жыраны бойлап қойларға жақын келді де, қалың шеттік арасына бұға-бұға қалысты. Шораяқ адамды жүріспен ағып өтіп сайға түсті де, Қостөбенің күнбатыс жағына айналып, бейбіт жатқан малға жақындамай, алыстан үркітіп, биікте состиып тұрып қалды... «Дыр» етіп үріккен қой-торы атты, тоңға оранған қойшыны жалт қаратты. Лезде әбігер болып, атын сабалап, айқайлап қасқырға қарай тура шапты. Сол сәтті күтіп жатқан Сұршолақ тобымен келіп қойға тиді. Ат екпінімен жақындап қалған қойшы қасқырдың алдыңғы оң аяғының жуан буылтақ шор екенін байқады. Кесір қылғанда, мылтығы да оқтаусыз еді. Оқ салған тонның қалтасы айналып кетіп, жау-жәлемде, ала-алмай көп әлектенді. Атын тоқтатып, оғын енді алып артына қарағанда жайылып жатқан қойдың быт-шыт болып бөрлігіп жүргенін көрді. Жыртқыштың айласын сонда ғана түсінген қойшы қойына карай кейін шапты. Жақындап келгенде өзге қойлардың үстін қызыл ала қан етіп жүрген топ қасқырды көрді. Қойды қуып мініп, шаптан алып айыра көтеріп тастап, жаһаннамаға аттандырып жүрген сұр қасқырдың артына түсті. Атпен бастырмалатып жүріп, шамаға келгенде атып салды. Күркірей шыққан мылтық даусы ол апатқа тосқауыл болғандай тірілер қимылы өзгеріп сала берді. Қойлар топ-топ болып, құлақтарын қайшылап аяқтары мен жер ұрып тұрып қалса, қасқырлар жан сауғалап қалыңға қашты. Сұршолақ өкпесін өртеген бәлені басу үшін қар шайнап, дірілдеп жатты. Қойшы қасына келгенде басын көтеріп барып, сылқ етіп құлап түсті. Қараңғы қоюланған шақта жыртқыштар қайта топтанып, Қостөбе арасындағы жазықта тіміскіленіп жүрді. Күндізгі жемтікпен қалған

қанды жалап, ана қаншықты іздеп, Шораяқ сұңғұла үнмен ұлып-ұлып қояды. Қаншығынан айырылған қасқыр алас ұрды. Түн ортасы ауғаннан соң, қой ізімен иіс ала тіміскілей отырып, өзі талқандаған отардың қорасын сан айналды. Сұршолақтың өзіне жағымды иісі осы қора ішінен талып мұрынына келгендей болады. Жақындауға қара ала төбеттер үріп дүниені дүрліктіріп жатыр... Таң тау басын қылаңдандырғанда қора маңынан көп ұзамай, Шораяқ бөлтіріктерімен бұталы терең жыраның ішіне бекінді. Иттердің тынымсыз үрісі сол түні Мамытбекті шала ұйқы қылды. Ерте тұрып қора айналасын бақылай байқағаны алыстан қораны айналып жүрген қасқыр іздерін көзі шалды. Жақындап барып байқады, кешегі күндіз қойға шапқан қасқырдың арланы екенін сезді. Қарға түскен ізі кешегі көріністі қайталап тұр. Қаншығы үшін кек алмақшы екенін білді. Серіктерін қорқытпайын деп оларға ешнәрседей қоймады. Қойды баласы екеуі мылтық алып жайып кетті де, үшінші қойшыны қораның кем-кетіген жөндеуге қалдырды. Кешке дейін Ысақ тапсырмаларды түгел орындады: есік-тесіктерді бекітті, ескі арабаны қора ішіне төсеп, өзіне орын дайындады. Күнді уақыт қуалап, түн шымылдығы төңіректі лезде бүркеп алды. Күндіз өрісте болған қойшылар малдарын жайғап тыныстап отырды. –Колхоз малын бізге сеніп тапсырған екен, оны сақтауға міндеттіміз. Олай болса, күндіз-түні демей халық қазынасын бала-шаға демей кезегімен күзетеміз. Кешегі алдырған қойды бүгін-ертең орнына қоюуымыз керек. Жаралы қойларға үстеме қорек беріп, жылы жерге кіргізіңдер! «Арық малды асырасаң, аузы мұрныңнан май өтер» деген, ішіп-жеп отырғанымыз осы малдың арқасы. Ысақ өзіңе, бізге, жалпы күзетшіге жасаған орның жақсы. Қайтеміз, суық болса да бірбір түнді сонда өткіземіз де. Бүгін сен күзетіп шық! Мәмет, мылтықты тексеріп, жөндеп оқтап бер! Мен құсап сасып жүрмесін! - деп баласына айтты да, жай салуға орын босатып, далаға шығуға орнынан көтерілді.

Шаршы етіп салынған қораның төбесі сыртқы қабырғаны бойлай топырақпен жабылған, ортасы ашық, аумағы тай шаптырым кең. Күнбатысы мен солтүстік жағына ішінен қосымша қабырға соғылып, жас төлдерді сақтауға лайықтандырылған. Шығысы мен оңтүстігінде тек артқы қабырға бар да, қабырғаны бойлай сарау тартылып, бастырма жасалынған. Екі жаққа ашылатын үлкен есік түстік жағында. Ысақ есіктен кіргенде оң жақтағы бастырма астында тұрған өзі дайындаған, арба үстіне жайғасты. Ары-бері аунап көп жатты. Иттердің үрісі тым жиілеп, ұйықтатпады. «Мылтық атып қорқытып жіберейін бе»? деп бір ойланды да, «от ағасын мазаламайын» деп, ол райынан қайтты!.. Түн ортасы ауып барады. Әтештер алғашқы шақыруын тоқтатқанына да біраз болды. Иттер де тынышталды. Көзі ілініп кеткен, екен «дүрс» еткен дыбыстан атып тұрды. Қойлардың топырлап үркіп, қорада сеңдей соғылып жүргенін көрді. Аз-кем аңтарылыстан кейін қора ортасындағы алып қасқырдың «Не қылсам екен» деп сұстанып тұрған сұлбасын байқады. Арбадан ауып түсіп, мылтығын ала атамын дегенше «ар-р-р» етіп атылған қасқыр Ысақтың бір бетін жұла тартып, айырып кетті. Сол кезде мылтық та атылып, зіл-зала жаңғырық сембей жатып, жеңіл киіммен жатқан Мамытбек пен баласы Мәмет те оянып, қораға қарай келе жатты. Сұршолақтың иісін сезіп, қораның артындағы қабырғаға жапсыра үйілген малақ арқылы тамның үстіне қарғып шыққан ІІІораяқ төбені жағалап барып, ортадағы ашық алаңға секіріп түсті. Қаншығын іздеп бұрыш-бұрышты сүре сүзіп, жан-жағын барлап тұрған да екі аяқтының қалбаңдап өзіне келе жатқанын көріп, атылғаны сол еді, найзағай жарқылы мен гүрілі табан астынан шығып мәңгіп қалды. Есін жиғанда адамдардың кебейіп қалғанын байқап қарсы тұрған тамның тесігіне қойып кетті. Мұнда, кердей қараңғы тамда, Сұршолақтың иісі тіпті жақыннан шықты. Ана қаншықты иісінен тапты, тапты да қасына, тезек үстіне шығып жүресінен жатты. (Мәмет қасқыр терісін тезек үстіне қойған болатын) Сұршолақтың келмеске кеткенін соқыр сезім білді. Жауыздық әдеті

өршіп, тіршіліктің түп-тамырына құрта шайнауға құшырланып өзінің жақ сүйектерін қысқанда, ашулы дыбыстар шығып тұрды. Жағындағы жалбыраған етті қолымен басып, Ысақ есікке жақындағанда Мамытбек те жарық алып, баласымен кіріп келді. – Анда қасқыр, - деуге шамасы зорға келіп тұрған қойшыны «Есікке әзер бол!» деп қалдырды да, қолындағы мылтығын Мәмет алып, әкесіне ілесті. Мәмытбек қолындағы жарықты қалтарысқа түсіріп, аса бір сақтықпен қарап, қораның бүкіл ішін, телханаларды түгел тінтіп шықты. Қасқыр жоқ. Қораның есігіне жақын тезекхананы қарауға бұрылып бара жатып, «Мәмет, байқашы қойлардың қаншауын өлтіріпті? Мен мынаның ішін керейін» деп есікті ашып қалғанда алып арлан адамға тезек үстінен тура атылды. Биіктен ұша қарғыған қасқырдың аузын Мамытек басына іліктірмей, денесімен қағып айналдырып жіберді. Қолдағы жарық домалап барып сөніп қалды. Тас қараңғы жерде қасқырдың өзіне қайта атылғанын сезді. Алдырмауға әрекет жасап, екі қолын алға соза бергенде, жылы леп кеңірдегіне тиіп, қасқырдың азу тісі күре тамыр тұсынан мойнына қадалды. Уақыттан ұтылса өлетінін білген Мамытбек қос қолдап арланның жуан сіңірлі мойнын бар күшімен қыса түсті. Алғашқы сәтте бөрінің жауыздық күші мен адамның өмірге деген талпыныс күші тепе-тең еді, бірте-бірте жауыздықты өмір құштарлығы жеңіп бара жатты. Баласы қасында тұрса да қасқырды атуға қорықты, қараңғыда әкесін атып жіберуі мүмкін ғой. –Атпа, - деген әкесінің қырылдаған даусы құлағына келіп тұрды. Баласының тіке тіктесіп тұрған қасқыр денесіне сұққан бәкісі де арланның әлсіреуіне жәрдемші болса керек, бір кезде жыртқыштың денесі сұлқ түсіп, жауыздың салмағы екі қолдың қарында қалды. «Кегім кетті» дегендей қапсыра тістеген қасқырдың аузы Мамытбектің мойнынан ажырамай қарысып қалды. Жан шығу сәтінде басқа денесі қанша қинала бұлқынғанымен жақ сүйектері селт етпеді. Өлі дененің салмағын еңкейіп жерге түсіріп, езуінің арасына ағаш салып, асқан ептілікпен босатып алды.

Өмірінің соңына дейін: «Ажалды жеңген, Мамытбек» деп жүрді құрдастары. Содан бері көп жылдар өтті. Көптеген өзгерістер болды. Бала кезімізде көзімізбен көрген ағаның ерлігі асыл мұрадай жадымда сақталып келеді... Олардың жақсы қасиеті, атадан балаға үлгі боларлық еді. Қоғамның мүлкіне қылдай қиянат жасамай, жалаң аяқ қар кешіп, өр кеуделікпен өзін ар алдында жоғары ұстап, өткендерге ескерткіш болсын, бұл естелігім.

МЕНЗБИР СУЫРЫ жылдың маусым айында «Сарыайғыр» өзенінің бойымен «Мыңжылқы» жайлауына қарай өрлеп келе жатқан болатынбыз. Таудың әсем табиғаты еңсеңді көтеріп, биіктеген сайын көңілді шалқытып барады. Тау ішінде туып, өссем де мұндай биікке шығуым бірінші рет болатын. Неге екенін қайдам үш жолаушының ішінде көңілдісі мен сияқтымын. Тау жолына көп шығып үйренген аттар пысқырына түсіп, барар жеріне жетпей тоқтамасын білгендей, бірінің артынан бірі өршеленіп алға ұмтылады. «Қаражапырақты» аталатын қалың аршалы, топырағы қара көмірдей, құнарлы қоныстың шетіне ілінгенде, тау бетінен шыққан ащы айқай бізді елең еткізді. –Бұл не айқай? - деп жолбастаушы – мал дәрігері Асен ағайға қарадым. –Көк суыр. Тау тышқаны. Табиғат әр уақытта өзінің қатаң заңы тепетеңдікті сақтайды. Бұл жануарлар тау бүркітінің, қасқырдың, барыстың, қабыланның, мәлін мысығының қашан да азығы. Осынша жаудың арасында жүрсе де, жануарлар тіршілік дүниесін тоқтатқан емес. Апрель айында суырлар тау беткейіне жайылып, күнге қыздырынып жатады. Жалпы, олар февраль ішінде оянып, тау бетіндегі қалың қарды тесіп шығып, күнгей бетке өтіп тіршілік етеді. Сол кезден бастап, қыста малға тыныштық бермейтін қасқырлар суырлы алаптарға ойыстап, солармен қоректенді. «Мың-жылқы» жайлауындағы соңғы санақ бойынша бір шаршы километрге 120 суырдан келеді. Жыл сайын көбеюде.

1946 жылғы санақ бойынша бір шаршы километрге 100 суырдан келетін болса, қазір оның саны өсіп отыр, - деген еді сонда Асекең қысқа ғана. Айтса, айтқандай-ақ, көп салалы, шалғынды беткейде өріп жүрген суырларды кездестіріп келеміз. Адам қарасын көрген суырлар «айқайлап», басқа туыстарын сақтандырса, көрмегендері жаудың жақын екенін айқайдан сезіп, бортаңдай жүгіріп, індерінің алдында таңдана қарап тұрғаны. Сонау жылдары Асекеңмен болған осы бір әңгіме менің жадымда сақталып, отыз бір жылдан кейін қағаз бетіне түсіп отыр. Отанымыздағы экология мәселесі менің жан дүниеме әсер етіп, қолыма қалам ұстатты. Иә, сол жолы таудағы малшылар қауымын үш күн араладық. Бірде-бір малшының аузынан суыр туралы сөз есітпедім. Тек қана «тышқан» деп жиіркене қарағанның куәсі болған едім. Күндегі біте қайнасқан тіршілік – суырлар малмен қоса өре жайылып жүрді... 1989 жылы шілденің басында тау арасындағы малшыларды тағы бір аралаудың сәті түсті. Көптен кекейде жатталып қалған керіністер күтіп тұр деген үмітпен атымды асыға қамшылап, тау биігіне ерлеп келемін. Тау шатқалдары отыз жылда өзгере қоймапты, оның есесіне тау беткейлерінде қаптаған, қолдан үйілген қамал тастар пайда болыпты. Майдан шебінде солдаттар өзін оқтан қорғау мақсатында алдына тас немесе бөрене жиіп, бекініс жасайтыны баршаға мәлім. Ал мыналар нендей бекініс? деген оймен бірінші шопанның үйіне түсіп, сусындап, оны сөзге тарттым. –Отағасы мынау беткейдегі үйілген тастар не қылған тастар? Не үшін бүкіл жайлаудың тасын әр жерге бұлай үйген?, - дедім. –Несін сұрайсың, інім, бұлар мола тастар, - деп аз-кем кідіріп, күрсініп алды. Содан кейін: – Бұрын сонау «құлыншақты» тауынан басталып, осы «Мыңжылқы» тауына дейінгі аралықта көк суыр еріп жүретін еді... – Оны білемін,– дедім мен, сөзін беліп: – «Қорымсай», «Жіңішкесай», «Жалпақсай», «Суықсай», «Семізсаз», «Ұларлы» беткейлерін қаптап жүретін еді ғой.

– Білсең, сол суырлар құрып бітіуге айналды. Қазір суыр етін жемейтін адам жоқ. Терісін кез келген, сәнді құлақшын кигісі келген адам 25 сомнан сатып алады. Бір литр майы елу сом, ал есебіне бара бер. Осындағы малшылар, әуесқой аңшылар, кәсіпқой қулар апталап келіп аулайды. Өкіметтің бірлі-жарым адамы қай таудың шатқалына жетсін. Табиғат тағдырына жаны ашымайтын адамдар есебін тауып, қырып жатыр. Мына тас қорғандар солардың ісі. Суыр сақ жануар. Адамды оқ жетер жерге жақындатпайды. Жақыннан өлтіре атпасаң қандай жаралы болса да, ініне кіріп кетеді. Оның осы қасиетін білетіндер суыр інінен 34 метр жерге тас қалап, сол тасқа жасырынып, суырдың шығуын күтіп жатады. Інінен шықан кезде дәл басынан дәлдеп атып, өлтіріп, олжалайды. Ащы да болса шындық – нысап жоқ. Бір жазда жүзден астам суыр атқандар бар. Суыр етін өзі де жейді, итіне де береді. Қара басының қамын ойлаушылардың басқамен жұмысы не? – деп жанашырлықпен ашына айтты қарт шопан. Шымкент облысының Өгем жоталарында көк суыр теңіз деңгейінен 21003000 метр биіктік аралығында мекендейді. Соның ішінде көк суырдың ең қалың тараған жері – Қасқасу, Сарыайғыр, Ұлар өзендерінің бастау асар тұстары, көк майсалы, кілем түстес беткейлер. Ғылыми еңбектерге қарағанда көк суыр тек Қазақстан мен Өзбекстанға шекаралас жатқан Батыс Тянь-Шаньда және Талас Алатауының батыс бөлігінде ғана бар. Жер шарының басқа бөліктерінде көк суыр мекендемейді. Көк суырдың денесінің ұзындығы 30-40 сантиметр, салмағы 2-4 килограмм. Бұл суырды – Орта Азияны зерттеуші неміс ғалымы – зоогеограф Мензбирдің атымен – Мензбир суыры деп атайды. Мензбир бұл суырдың ерікшелігі – оның терісінде ғана екендігін атап көрсеткен. Көк суырдың түсі көкшіл қоңыр жүні өзге суырлардан жұмсақ, түбітті болады. Қылшығының ұшы қара қоңыр, құлпырып тұрады. Осындай бағалы терісі кімді де болса қызықтырмай қоймайды. Баяғы қоймен бірге жайылатын көк суырлардың некенсаяқ қалғанын көріп келемін...

Күнұзақ тіршілік күйбеңінен тыныстап, қараңғылық құшағына оранған ауылдағы некенсаяқ шақырған қораздың үніндей, көкмайсалы кейбір беткейлерден бірді-екілі суыр даусы естіледі. Бұрынғы алдыңнан бортаңдай қашатын бейбіткездегі суырдың қазір біреуін көрмейсің. Тау жайлаулары кәдімгідей құлазып тұр. Сөз соңында айтарым: тиісті орындар табиғатымыздың осы бір ерекше жануарын сақтап қалуға дәл осы кезден кіріспесе, көк суырға құрып кету қаупі төніп тұр. Сондықтан облыстағы, қала берді республикадағы тиісті орындар көк суырдың келер ұрпаққа аман жету жағдайын, оны қорғау жағын уақыт созбай қарастырмаса, енді бес – он жылдан соң Алатау атырабы табиғаттың қайталанбас тағы бір сыйынан айырылып қалары даусыз.

ШОШҚА ӨЛГЕН ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ

Күз. Сұрықсыз күн сәулесі жер бетіндегі тіршілікке болмашы жылу беріп, ауаның зері сынған шақ. Кемпір-шал тоқал тамдардың күншуағына шыққан. Күнделікті күйкі тірлікке кіріскен кез. – Кетті, кетті! – Алдынан шық, абайла! – Еһ, жамандатқыр, - деп он шақты адам ауылдың шетіндегі қырқадан сатырлата шауып, асып кетті. Күнесте отырғандардың аузы ашылып, аң-таң. Бұлардың көзіне ештеңе түспеді. О, не о, не – деп аңтарылып қала берді. Көрмегендері көргендерінен айқайласып сұрасады. Айқай шықса арқасы қозатын ауыл бозбаласы еліріп, тайлы-таяғына жайдақ міне шапты. Нарбай сазы құжынаған аттылы адам. Сойып, шоқпар ұстаған аптал азаматтар. Далақтап босқа шапқандардың екпіні басылып қалған. «Төрткүлтөбенің» түстікке қараған бетіндегі тік жардың алдын елдің қарулы деген жігіттері қоршап тұр.

Қарасораның қалың қарағашына араласа біткен алма қи болып төгіліп, жерді киіз болып басып қалған. Ел ортасындағы табиғи жемісті қалай сезгені белгісіз, түнде бір үйір жабайы шошқа келіп жайылып, таңға жуық тауға қарай желе жортып, тартып отырады. Тоғайға жақын отырған үйдің малдары түнге қарай дегбірсізденіп, пысқырынып, жат иісті сезініп үркіп мазасызданғанына біраз болған. Еркінсіген, ауыл иттерінің үргеніне бойы үйрене бастаған шошқа, жайлы орнынан кеткісі келмей, мегежіндерімен жатып қалды. Бастау көзінен алыстап барып, сызаттап қашқан су көп жылдық қара шіріндіні бөктіріп, сасық қара батпаққа айналдырған. Қара ала қабанға бұл орын аса ұнаған еді. Орын құтаймады. Аттылы адам қиқулап қуып шықты. Жалғыз айқай көп айқайға ұласып, шошқалардың зәре-құты қалмай тауға бет түзеді. Қабан артында үйірін қорғап келеді. Ат суаруға келген Есбол жатқан шошқаларды қуып, қабанды үйірінен бөлгенде, әр үйдің аттылы азаматтары да атқа қонып, тұс-тұстан «қайдалап» келіп, топ құрап, қосылып жатты. Ауыл адамдарын елеңдетіп, шауып өткен азаматтар жарау атпен қақпайлап қуып, жүріп, қара ала қабанды «Төрткүлдің» жарына қамады. Қабан жарға артын тығып, бар жарағын алдына ұстап, екі бүйірі солқылдап, келсең кел деген пейіл танытады. Майға біткен денесі доп-домалақ болып, нығызданып, үрлеген местей көрінеді. Атан өгізді жарып кетер алыптың өзі. Азу тістері екі ұртынан қарыс шығып, ақ болаттай күнге шағылысады. Жұртты сескендіріп тұрған да осы қос қанжар. Сайрамсу өзені саздағы қаптап тұрған адамдар мен доңыздың арасын бөліп тұр. Судың арғы шеті жар. Су толқыны жарға жетер-жетпес барып қайтып, қара ала қабанның аяғының ұшын сулап тұр. Ара қашықтық 50-60 қадам. Аңтарылған адамдар не істерін білмей дал күйде. – Саятшы Байетте мылтық бар, торына қаршыға түскен екен, бір әлді кісі құнан өгіз беріпті. Сол егізге ұңғысы алты сайлы мылтық сатып алыпты. Соған хабарлаңдар, - деді топ ішінен біреу. Хабаршы бала келгенде көйлек, дамбалшаң

отырған Байет шыдамсыздықпен жарғақ қысқа тонын кие салып, атына мінді. Шитісін асынып, баланы міңгестіріп, атына қамшы басты. – Байет келді, Байет келді, шошқаны атады, - деген дауыстар қарсы алды. Жұрт ысырылып, жалпақ саздың жазығына қарай ойыса берді. Аттан қарғып түсіп, оқшантайының қақпағын ашып, өлшеуішпен шитінің аузына дәрі құйды, артынан дөңгелек ажал оғын сүмбімен айдап, сүмбіні ұясына салды. Шақпақ шағып, пілтені тұтатты. Оңтайлы жерді таңдап, шитінің қос аяғын жазып, жерге тірей қадады. Тау тағысы адам қимылынан көз алар емес. Ашу шақырып, жарап тұр. Шабайын десе көп аттылының айбыны асып, амалсыз алдындағы, су шетіндегі адамға қарайды. Қос өкпенің жүрекпен астасқан тұсына қарауыл ілінді-ау дегенде, екінші басына пілте қыстырылған темір ілгекті тартты. Ұшы қызыл шоқталған пілте шиті құлағындағы тесіктен көрінген дәріге тиіп, «пыс» деп түтін шығарып, мылтық аузынан жалын құсып барып атылды. Көк түтін қару үстін жауып кетті. Қабанның қыр арқасынан жалап өтіп, босқа кеткен оқжардың шаңын «бұрқ» еткізді. Басын көтеріп алған мерген суды қақа жарып, қара ала албастының өзіне келе жатқанын көрді. Мылтығын алуға шамасы келмей, орнынан тұра қашты. Ақ сұрыптан кең етіп пішілген дамбалды жел кеулеп, тырсылдап барады. Қабан барған сайын ара қашықтықты ұтып, қусырып келеді. Жұрт не істерін білмей, абдырап қалды. Ашулы хайуан қуып жетіп, жел кернеген дамбалдың артқы үшкүлінен сол жақ азуын салып өткенде, адам айналып барып, қабанның арқасына қарғып мінді. Жұрт шу ете түсті. Қос құлақтан сығымдап ұстап, екі аяқты қос қолтыққа тығып жіберіп, оңдалып алды. Атан өгіздей қара қабан үстіндегі адамды алғашқыда елең қылмай, өзен бойымен тауға қарай алды да қашты. Байет үстінен түсер емес. Тілініп кеткен дамбалдан оң жамбасы жалтырап барады. Қиылған матаның бос ұшы жалпылдап, артында бұралаң ойнайды. Алдына шошқа мінген адам салып алған жұрт бірінен-бірі озып, амал, қайрат көрсеткісі келеді. Бірақ айқасқан тіс

аттылардың мысын басып, келесіге жол беріп тайқып шетке шыға береді. Әрқайсысының адам тағдырын шешуге шын берілгені байқалады. Амал айла табылмай келеді. Екі шақырым шапқан шошқа оң қапталдағы қалың бұталы, терең сайға кіріп, болдырып, тұрып қалды. Бірге келгені бар, кейіндеп келгені бар, аттылы топтың біреуі шошқаға қайрат қыла алмады. Шоқпар сілтеуге Байетке жазым болама деп қорқады. Сілтеген жеріңе тисе мақұл ал адамға тисе не болмақ? Ел ақсақалы Бишымырдың Досалы ауылынан қайтқан беті еді. Тор жорғаны тайпалтып келе жатып, сайға кіріп жатқан көп адамды көріп қайырылды. Үлкен кісіге қоршап тұрған топтың шеті сөгіліп, жол аша берді. Сұмдықты көрген қария атынан аударылып түсті. Қынынан сабына алтыннан зер салған, жүзінің саласы кере қарыс болаттан жасалған «Құжант» пышағын суырып алып: – Өлтіремісің ер-азаматты өңшең бәтшағар, – деп барып қос өкпенің тұсынан жауырынының артынан сұғып-сұғып алды. Қабан бар денесін жиырып, ытқырыла шапшып барып, Байеттің оң аяғын баса құлады. Шошқа денесіндегі қос тесіктен шапшыған қан Байеттің басынан асып судай төгіліп жатты. Аяқ киім мен жарғақ тон қызыл қанға боялды. Қарулы қол қашан доңыздың жаны шыққанша құлақтан айырылмады. Көп уақытқа дейін шошқа денесі дірілдеп жатты, аяғын әзер суырып, Байет орнынан тұрды. – Байет сен де көрінбей жүрген ер екенсің! Саятшы деп жүрсем, батырлығыңды кердім. Таста анау былғанған киіміңді, арам ғой бұл – доңыз! Бекер тиіскенсіңдер, жазым қылатын жауыз, мақұлық – осы! Өзің тиіспесең, адамға зияны жоқ. – Мә, мына мауыты шапанымды сыйладым саған. Киіп ал да мінгес артыма, - деп шапанын беріп, атына қонды. Бар киімін шешіп тастап, жалаңаш етіне шапан киіп, саятшы қарияның атына мінгесті. – Пышағын қынына салмай, қамшылар қолына жалаң ұстаған қару жүзінен қанның табы байқалады. Сайдан шығып, езенге жақындаған соң, терең иірімге қарай атының басын бұрды.

– Ең терең жері осы болар,- деп шамалап, пышағын атып жіберді де, қолын атының жалына сүртті. Қымбат мүлік азамат үшін қын түбінен шығып, мәңгі бақису түбінде қалды. Байет: – Ақсақал, мен-ақ жуып алатын едім, - деп ойлағанымен, батып айта алмайды. Сол күннен бастап Сайрамсу арнасының бір саласы, тік бетті, қалық жынысты, жайылымға қолайсыз аты жоқ сай – «шошқа өлген» деп аталды.

ТАБИҒАТ ЗАҢЫН БҰЗҒАН ҚАСҚЫР

Бұл оқиға Абай атындағы колхоздың жылқышыларын жай түскендей етті. Июнь айының басында, жайрап қалған құлынды көріп, қиялдары сансаққа жүгіріп, ой шырмауында болды. Көктем шыға, жайлаудағы қос бөріні бәрі де көрген болатын. Содан кейін олар көзге түспей кетті де, жылқышылар сол маңда қасқырлардың бар екенін, тайдың табаныңдай іздерінен, байқап жүрді. Малға тимеулеріне қарағанда «апаны осы жерде болар» деп шамалады. Қасқыр апаны жайлауға шыққан малдың төңірегінде болса, ол жердің малы аман болатыны әуелден-ақ белгілі. Өйткені бөлтірігі жатқан маңайдың малына қасқыр ешуақытта шаппайды. Бұл – табиғаттың ежелден келе жатқан қалыптасқан заңы. Әдетте қасқырлар маусымға байланысты қоныстарын ауыстырып отырады, сонымен бірге әрбір ұялас қасқыр өздері аңшылық ететін арнаулы мекенді жеке иемденеді. Әр жұп өз мекенін басқа қасқырлардан аянбай қорғайды. Осындай ерекшелігі талай дәлелденген табиғаттың тылсым заңына сүйенген құрық иелері қасқыр апанына көрші болғандарына әуелде қуанған еді. Бірақ іс жүзінде олай болмай шықты. Жылқышылар түн баласына колхоз малын көз ілмей қорғағанымен, жағдай қиындай түсті... Жыртқыштар күн өткен сайын малға шабуылын үдетті. Бірнеше үйдің сауын биелерінің құлынын жайратып кетті. Адамдарды ашу-ыза кернеді...

Қарт жылқышы, кәнігі аңшы Сиқымбай Есенбаев аңшы досы Орынбасар Әлсейітовпен ақылдасты. Бар жайды баяндай келіп: – Мұндай алып қасқырды өмірімде бірінші рет көрдім. Төбеті ақшыл сұр, көкжал нағыз арлан, ал қаншығы төбетінен де үлкен, нағыз барыс өзі. Июнь айының басында елең алаңда «Борлы» асуына қарай кеткенін көрген. Соңғы кезде көзге түспей жүр. Ұрланып өз қорасына шабуды әдетке айналдырып алды. Бұл әсте тегін емес. Олар табиғат заңын бұзбауы тиіс еді. Оларға бір себеп болған. Ел болып енді жауыздарды құртпасақ, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалдық,- деп бір тоқтады. Ойластыра келе, үлкен дайындықпен қос аңшы тамақтары мен қақпандарын қоржындарына салып алып, қасқырдың көзін жоюға аттанды... Олар апта бой қасқырдың апанын таппай шарқ ұрды. Ақыры көмекке көктем келді. Түнімен жауған жаңбыр таң біліне тоқтап, күн ашылды. Ерте тұрған аңшылар із кезді. Көп ұзамай-ақ бір жырадан қасқырдың ізін лай бетінен анық көрді. Олар шиыр-шиыр іздерге қарап, қасқырдың жеке меншік биелердің үйірінде Қарақасқа айғырмен түні бойы арпалысқанын да байқады. Өйткені әбден сілесі қатқан айғыр үйірін қойнауға үйіріп, алда өзі жүр екен. Жануар адамды көріп, арқырай кісінеп жіберді. Онандай жерде, ішін жаңа ғана қасқыр жарған, өліп жатқан құлынды көрді. Аңшылардың кегі қайнап қасқырды қалайда бүгін тауып, көзін жоюға бекінді. Олар тау жолының қиындығына қарамай, көліктерін бірде мініп, бірге жетелеп қасқырдың ізіне түсті. Қанша қиналса да, екеуі бір-біріне сыр берер емес. Қасқыр ізі терең шатқалды «Борлы» сайының қалың ағашты арнасына алып түсті оларды. Сай табанына жақын ақ шоқы тастың астындағы арша тұтасып, жабағы жүндей болып ұйысып қалған екен. Із соның ішіне кіріпті. «Қасқыр осында болса шошып шығуы керек» деген оймен «Ай, ай, айт!» деп Орекеңнің дауыстағаны сол еді, тас түбінен қалың аршаны сатырлатып, бір алып қасқыр атып шықты: «Неге келдіңіздер?» дегендей сес көрсетіп, қалшиып тұрып қалды. Ақ сұр омырауы әлігі құлынның қанына малынып, қызыл қоңыр түске еніпті. Қас қағым

сәттен соң, қорқу деген ойына кіріп те шықпастан жай ғана салпаң жүріспен тау бетіне қарай тіке тырмысып, өрлей жөнелді. Қос аңшы қасқыр жымын бойлай, қалың ағаш жапырындысының астымен еңкейе түсіп, бұтақтарды қолдарымен ысырып, қасқыр апанына әрең жетті. Апан тас астындағы терең үңгіршеде екен. Әуелде үңгір кең болған көрінеді. Кейіннен тастар құлап қуыстың аузы тарылып, адам симастай болып қалыпты. Қасқыр інінде жатқан бөлтіріктердің қыңсылы естіледі. Бірақ өздері керінбейді. Аңшылар апанның аузындағы тас-топырақты кеңейтіп, амалдап ашып, күн еңкейе бере бөлтіріктерге жетті. Олар – алтау екен. Шамасы, төрт бес апталық болу керек. Адамға айбат шегіп, ырылдап қояды... Қаншық қасқыр әр тас тасасынан бір қылт етіп, ұлып, қайта түсіп, маңайды торуылдап, ұзап кетер емес. Аңшылар мылтықтарының жоқтығына екініп, бастарын шайқап, бармақтарын тістеді. Қарсы беткейдегі қалың жыныс арасына құлдилап келіп, қонып жатқан құзғын-қарғаларға қарап тұрған, Орынбасар: – Тағы да бір малды өлтіріпті-ау,-деді. – Барып, көріп келші, - деген сөзбен кеткен Орынбасар біраздан соң қайтып келді де, жыныстың арасында жараланған арлан қасқырдың өліп жатқанын және шамамен он шақты күн еткенін айтты. – Е,е, - деді Сыйқымбай, – қасқыр неге табиғат заңын бұзды, апанының айналасына неге шабуыл жасады десем, амалсыздан ауыз салған екен ғой. Арланы өлген қаншық алысқа ұзап кете алмай, бөлтіріктерін басқа жыртқыштардан қорып, көршіге қол салғаны сол екен-деді Орынбасарға. Ол да осы ойда еді. – Енді бөлтіріктерінен айырылып, жалғыз қалған қаншық ызалана жынданып, жылқыға тиісуі мүмкін. Малды топтап, күзетті күшейту керек. Бірекі күн амалдасақ, қарайлайтыны қалмаған соң, оның өзі-ақ бұл жайлаудан безіп, қонысын аударады, -деді Орынбасар өз ойын түйіндеп.

Шынында да аңшының айтқаны келді. Қаншық қасқыр содан бері көрінбей кетті. Кәнігі аңшылардың айтуларына қарағанда ол өз қонысын басқа жерден тапса керек. Аңшылар апаннан алған бөлтіріктерді аудандық аңшылар қоғамына тірідей өткізіп, әр қайсысына 50 сомнан ақшалай сыйлық алды.

ҚОСКӨЛДЕГІ ҚОС ҚОРЫҚШЫ

«Гурс» еткен мылтық дауысы тау сілімдерін қуалай жаңғырып, жер дүниені күңіренте сіңіп жоғалды. Селк ете қалған су жағасында отырған орманшының баласы тау шатқалының түкпір-түкпіріне жіті көз тікті. Әке-шешесі елден әлі оралған жоқ. Азық-түлік қамдауға кеткендеріне екінші күн. Кластас досы Саша екеуінің иесіз тауда жатқандарына да екінші күн. Сәкен мен Саша екеуі егіз қозыдай бірге өсті. Сәкен ағасы Байтаспен қалаға көшіп келгенде, небәрі жетіге жаңа толған болатын. Әкесі Құлтай балаларын шығарып салып тұрып: – Балам, Сәкенді орыс мектебіне бер, адам болсын, ұлы халықтың өнерін білсін, тапсырма сол! - деген болатын. Сәкен қалада, ағасының қолында жүріп көршісі Сашамен бір класта оқыды. Күнде мектепке бірге барып, бірге қайтады. Екеуі бір үйдің баласындай. Саша мен Сәкен атасының қолында жаз қызығын бірге өткізеді. Қолдары босай қалса, осында Қоскөлге Николай мен Мария Ивановтар да келіп кетуге құмар. Көбіне балаларға қамқоршы Мария апамыз. Ал Николай болса, Құлтай атамен тіл табысып, ақыл-кеңестерін айтып жүргені. Сашаның үйге шай қоюға қалдырып, өзі қой алдына кеткен болатын. Енді міне... Сәкеннің басына неше ойлар келіп, нешеуі кетті. – Мына сұғанақтар кім болды екен. Өзім барып білсем бе екен. Әлде Сашаға хабарлайын ба?

Уақыттан ұтылғысы келмеген Сәкен қойдың бетін бері қарай қайырып, екі өкпесін қолына ала үйге қарай ұшты. Көкбелестен асып түскен Сәкен сол жүгірісінен танбай Сашаның жанына жетіп, бірақ тоқтады. – Саша шайды қоя тұр. Түнде біз ұйықтап жатқанда, браконьерлер өтіп кетіпті. Тау арасын күркіретіп мылтық атып жатыр. Сазаната шатқалына кеткен жеңіл машинаның ізі бар. Қалайда әкем келгенше оларға жол бермеу керек. Екеулеп қойды қораға қамады да, шатқалға қабырға жолмен тіке тартты. Биік тастар мен шоқы құздарға шығып, тау аңғарларына дүрбі салып келеді. Әзірше сезікті ешнәрсе білінбейді. Егекке түсіп, машинаның ізімен жүрейік, жолға дөңгелек бедері анық түспесе де, ізді байқауға болады, - деп кеңес берген болды Саша. – Браконьерлермен ашық шайқасқа шығуға болмайды,-деді Сәкен тұнжыраған ойлы үнмен. – Біріншіден бұлар әкемнің жоқ екенін біледі. Жуық арада оралмайтынын тағы біледі. Екіншіден машинасын айдалаға иесіз тастап кетпейді. Түн қараңғылығын пайдаланып, кері өтіп кетуді жоспарлаған болуы керек. – Саша, сен кейін қайт та, жаңағы өзіміз шыққан саймен төмен түс. Машинаның ізін тап, сол жолмен осы тұсқа дейін кел. Мен сыртыңнан бақылап отырамын. Қорықпа. Сонау түбектен маған көрінбей қалуың мүмкін. Сақ бол бауырым! Біреу-міреу кездессе, ат қарап жүрмін де. «Құлтай атаммен жаңа келіп түстік, маған атты тауып кел деп жіберді. Соны іздеп жүрмін», -дегейсің. Бар, жолың болсын. Жүрексініп тұрса да онысын сездіргісі келмей. Саша кейін қарай жүре берді. Сәкен тағы да дүрбіге үңілді. Өткен оқу жылының апрель айы. Биология пәнінің мұғалімі Александр Андреевичтің басшылығымен оқушылар «Біздің кең байтақ Отанымызда» атты көрме ұйымдастырды. Сол көрмедегі Саша екеуі жасаған «Табиғат және біз» стендісі жоғары баға алған йоді-ау. Александр Андреевичтің туған өлке табиғатына жасаған көп жылғы бақылаулары жайлы пікірі көпшілік көңілінен шығып, оқушылардың табиғатқа құштарлығы арта түскен. Әсіресе «Табиғаттың

ұлы тепе-теңдігі» туралы көп дәлелдемелері әрбір оқушының қиялына қанат бітіріп, ой салған болатын. – Мынау ересек адамдардың бұл не қылығы? Жоқ, бұлай еткізе қоймаспын деп ойша бекінген Сәкен алдындағы шоқының қылтасынан асып, келесі шоқыға иек артты. Міне, қызық, екі сұр киімді адам еліктің аяғын сереңдетіп, мүйізінен ұстап, сүйретіп келеді. Жан-жанына өте сақ, қорқаулана қарайды. Кенет төменгі жақтан, су жағасынан ысқырық естілді. Сұр киімділер тобылғы мен үшқат аралас өскен қалың бұта арасына жасырынып, бойын көрсетпей баспалап, ылдиға көз тастайды. Сәкенге бәрі алақандағыдай көрініп тұр. Сәкен бұларды бақылап отырғанда Саша да жолмен өкпе тұсқа жетіп үлгіріпті, алаңдап, жан-жағына қаранып, сақ адымдайды. Шамасы елсіз тауда елегізіп келеді. Сол кезде су жағасындағы қайыңның арасынан Сашаға қарсы сұр киімді үшінші адам шығып, қарсы жүрді.Саша жүрісін бәсеңдетті. Сыр білдіріп қоймаса етті. Сұр киімді, көкжал жүзді, ұзын бойлы адамнан жүрегі шайлықты. Қорыққанынан қаша жөнелгісі де келді. Бірақ намысы жібермеді. Әлгі адам қүлімдеп келеді. Жөн сұрасты. –Сәлем. Жас бала, не іздеп жүрсің? – Атаматқа жіберіп еді. – Атам? Бөтен адам біраз тоқталып қалды, – Сен орыс емессің бе? – Болса ше? - деп кекесін жауап берді Саша. – Ә, онда жақсы атың мұнда жоқ. Күн шашырап шыққанда сонау беткейде бір-екі жылқы көрінген, - деп күн батыс жақтағы Қапжайлауды нұсқады. Бұл тауда ат түгілі сайтан да жоқ екенін іші сезіп тұр. Алдауының түрін... –Сіз бұл жерде не жұмыспен жүрсіз? –Бала біле білсең, бізде жұмыс көп. Сонау Сайрам шыңын көрдің бе? Сол шыңға жылда шығамыз. Спорттың бір түрі ғой. Әрине, рұқсатымыз бар. Ертең немесе бүрсікүні қайтамыз. Палаткамыз да сонда. Отынымыз таусылып, төменге түсіп едім. Шың түбі мен шың беткейінен бір түйір ағаш таппайсың. Сені көрген

соң білейін деп..., ал қош, мен асығыс едім,-деп жолға түсіп, өрге қарай жүре берді. Енді не істеу керек деген ойға қалып, аңтарылып тұрғанында, сұр киімді алдағы қырқадан асты. Әлгі қайда кетті деген оймен ілгері жүрді. Шөпті жапырып, ағаштарды сындырып, бөтелкелерді қиратып, қағазды шашып, дәм қалдықтарын жасырмай кеткендерінің куәсі болды. Таңданып тұрғанында тұла бойын тер басқан Сәкен де келіп жетті. Ол асығыс сөйлей бастады. «Сені сыртыңнан бақылап отырдым. Браконьерлер елікті арқалап, «Суағарға» кіріп кетті. Тез кетуіміз керек. Сен жолыққан адам достарына жайсыз хабарды жеткізді білем, бәрі өте асығыс. Анау қайың арасында машиналары жасырулы тұр. Сен осында қалып бақылау жаса, көріне қалса, маған қарай тас лақтыр. Қашып құтыламыз. Мен машинаны істен шығаруға кеттім, - деді де Сәкен жүгіріп кетті. Ол әп-сәтте дөңгелектердің желін түгел шығарып жіберді. – Жүр, кеттік. Ұсталсақ, аямайды. Екеуі жарыса төмен қарай зырлап келеді, арт жағына қарай-қарай зымырайды. Сәкенді ауылға кеткен қорықшы әкесіне жіберіп, иесіз тауда Саша жалғыз өзі қалды. Ат құлағында ойнайтын Сәкенге ауыл екі сағаттық екенін білетін Саша оны қуана шығарып салып, көңілін бір демдеді. Түннің бір уағына дейін бал арасының бос жәшігіне тығылып отырғанда келе жатқан машинаны көрді. Машина жарығы алдымен тау беткейлерін тілгілеп, бірте-бірте жақындап келеді. Сашаның жүрегін қуаныш кернеді. Көп ұзамай алаяқтар да қолға түсті.

«ҚАЙРАН ЕЛІМ» екінші бөлім ҰРПАҚ ҚАЛМАЙ АРТЫНДА... АТАУСЫЗ ЖАТҚАН ҚЫРШЫНДАР – О, құдай, жалғызымнан айыратын болдың ғой, не жазып едім, сонша. Бұл сұмдығыңды көрсеткенше алсаң етті мені. Бір үйдің түтіні өшті ғой, - деп, ақырай боздаған Ханымжан апаның тірі аруақ бейнесі әлі күнге есімнен кетпейді. Сол сұмдық есіме түссе, шашымның құйқасы әлі шымырлайды. Айы, күні есімде жоқ, балалықтан шығар. Күн ұлы сәске, шақырайып ысытпай сәулесін қоңыржай ғана төгіп тұрған еді. Қоламтаға көміп пісірілген жүгерінің дүмбілі қолымызда, оны мүжи түсіп, «Кеңесарық» ауылының Солтүстігінен басталып түстікке қарай кеткен үлкен жолдың үстінде, жарлауытта екі-үш балатаңдана жоғары қарап тұрмыз. – Ағаларды әскерге алып барады - дегенді естіп келгеніміз жаңа. Көзіміз жолдың бас жағындағы ауылдық кеңестің алдынан шығып, бері қарай құлдилап келе жатқан қара көпір халықта. Сүліктей сұлу аттарды парлап жеккен қорапты үш арба бірінің артынан бірі тізіліп келеді. Ауыл адамдары арба үстіндегі туыстарынан қалғысы келмей, айнала қоршап, ілесе жүріп келеді. Әскерге аттанғандар аяқтарын салаңдатып қорапта жағалай отыр. Оларға еріп біреуінің анасы, біреуінің жары, біреуінің апалары, туыстары ботадай боздап, анасы ұлының, әйелі сүйіктісінің, тізесіне қол артып, жаспен бетін айғыздап, жылайжылай жасы таусылған аналар еріксіз кемсеңдеп, қан сөлсіз тірі жандары ғана кеудеден шықпай алапат күй кешуде. Соның бірі Ханымжан ана еді. «Соғыс» – деген суық сөз ауылдан-ауылға, елден-елге тарап жатты. – Аузымыз асқа енді жетті ме? - деген ел үрпиісіп, әліптің артын бағып, бір сәт ауылда өлі тыныштық орнады. Тыныштық арты «Бәрі де Отан үшін» деген ұранмен қарбалас тіршілік қайта жанданды.

Осы күні ойласам көреген қасиетті аналар балаларының келмеске кеткенін, олардың бір кездерде отаусыз қаларын сезген екен ғой. Сексенінші жылдардан бастап Ұлы Отан соғысында майдан даласында қалғандарды есте қалдыру мақсатында іс-шаралар жасалып, мектептер мен мәдениет үйлерінің алдына ескерткіш монументтер қойылды. Ол кезге де рахмет. Төлеби ауданы, Абай атындағы ұжымдық шаруашылықтың мәдениет үйінің алдында ұжымшар бойынша белгісіз солдаттарға арнап қойылған ескерткіш монументі бар. Сол ескерткішке пайымдап қараған адам: – Күлкі үшін жасалынған ба, - деп қалады. Су мен жел бұзып, әрін кетірген. Оны күтіп баптайтын кім? Партия жаса деді, -жасады. Науқан өтті, енді еге жоқ. Өзімізді көрші Сайрам селосындағы өзбек ағайындармен салыстырып көрейікші. Қызыл граниттен ойып, алдынағы алаңды мрамрмен көмкерген. Алауы жанып, гүлзарлары шешек ата бастапты. Тазалығын айтсаңшы, көресің де сүйсінесің. Абай атындағы ұжымдық шаруашылықтың Кеңесарық бөлімшесінен Ұлы Отан соғысына 82 адам қатысқан. Оны 18 еліне оралыпты да, ал 64 қыршын жас майдан даласында қалған сол 64 қыршын жастың 19-нан ұрпақ қалған да, 45-і ұрпақсыз дүниеден өткен. Осы ұрпақсыз кеткендердің ағайын-туыстарына барып пәленше деген кім? Ол кімдердің туысы? - деп сұрағанымызда қарттар ғана жауап беріп, жастар мүлде білмейтінін мойындады. Бұл мақалада кінәліні іздемей-ақ қоялық. Кеңесарық селосында екі жүзден астам отбасы, мыңнан астам жаны, төрт жүзден астам оқушысы, 500 орындық сәулетші үш қабатты мектебі бар ел өз ағаларының аруағын неге тербетпеске. Мектеп жанына сәулетті ескерткіш орнатпасқа. Менің ойым: Майдан даласынан оралмаған 64 азаматқа арнап ас берілсе. Сол аста ескерткіш жағын ойластырсақ. 04 .07. 86 ж.

БІРУЫС ДӘН Қаңыраған, қаңқиған, есік терезелері ашық күйінде қалған қоржын тамдардың арасында қапсағай денелі адам сандала басып, аралап жүр. Аузы күбірлегенімен, өз даусын өзі зорға есітеді. Өңірінен мақтасы шыққан қара шапанының алдыңғы етек ұшы жер сызып, еңсесін көтеруге шамасы жоқ. Апат жүрген жер тамның бірінен шығып біріне кіреді. «Өлгенге құрмет, тіріге ізет» дегеннен басқа айтары жоқ. Шетінен есігін ашып, адақтап келеді. Көп үйлердің адамы шықпай қалған. Өлік ішінде көзі ашық: күйінде қалғандары бар. Жарық дүниені қимай кеткен-ау шамасы. Көзі ашық мәйіттердің қабағын уқалап, жанарын жұмып, киімдерін шешіп, үстілеріне айқара жапты. Үш-төрт үйдегі өліктердің иістеніп кеткеніне қарамай, әлінің келгенінше мәйітке лайық рәсімін жасады. Бастырмалы тамның есігін ашып, табалдырықтан аттай бергенде «Бұл кім» деп ыңырси шыққан дауысты естіп, аз-кем кідіріп барып, өз ағасы Сұлтан екенін біліп, бауырым-ай, не күйге түскенсің? Алда жоқшылық-ай, деп құшақтай жығылды... Әбден арықтап, көп жатып, ақсүйек іспеттеніп кеткен дене қимыл жасарлық шама жоқ. Шүңірейе шұңғылданған көзден болмашы суланып қана бір тамшы жас ағып түсті. Ағасының халін көріп Бозшатай егіліп отыр. – Қарағым, Бозшатай, менің тамақсыз жатқаныма көп болды. Мұндай ауыртпалық ел басына түсуі екінші рет. Бірінен өтіп едім, екіншісіне тұтылдым. Енді қалмаспын. Шүкір... Жүзімді жасыратын болдың... - деуге шамасы келді де, талықсып кетті. Інісі беліне түйген талқанын алып, жұмсақтау болсын деп суға шалып, ағасының аузына салғанымен жұта алмады. Ағам Айтмырзаның тамына неге келді, неге мұнда жатыр, қыр астындағы өз үйіне жете алмады ма? деген мың сан сұрақтар Бозшатайдың миын айналдырып, мәңгітіп тастады. Не де болса, кіндік қаным тамған жерге жетейін, Сұлтанның үйіне де кіріп шығайын, менің балаларымның күні не болды екен, деп орнынан әрең көтеріліп, талқан салынған

тастабақты ағасына жақындатып, жолға шықты. Ілби басқан Бозшатайды ой тұңғиығы тоғытып келеді. Не деген қасірет? Міне, тірі келемін, несі қуаныш. Жаман айтпай, жақсы жоқ. Жарымнан, бүлдіршіндей төрт ұлымнан айырылсам, тірі қалғанның несі мақсұт. Мүмкін балаларым мен әйелім тірі шығар, не де болса үйге жетейін...Орыс халқы білгіш-ақ қой. Әсіресе Жагор қазақшаға судай ағатын еді. Қайдан білетінін менің қазіргі көрген апатымды ол осыдан екі ай бұрын айтқан: – Қазір қазақтар тегіс қырылып жатыр. Көмусіз далада шашылып жатқандары қаншама, дегенмен бұл ұзаққа созылмас. Аштық апатын жасаушыларға бұғау түсетін күн жақын, - деген болатын. Иә, тергеуде болғаным менің де біраз көзімді ашты. Міне, енді көзіммен көріп, түсіне бастадым. Мешін жылының күзі қарасуықтанып, жерге қаңтар айының аяғына дейін қар түспеді. Ел жиындарын ерте қамдап, жинақы отырған болатын. Шаруаға жастайынан икемді Бозшатай он-он бес уақ малы мен екі сауынды сиырына, жалғыз торы шолақ атына жем, шөбін салып, сыртта жүрді. Сәске түс кезінде бес-алты атты адам мылтықтарын шошаңдатып, тау беткейінде отырған ауылға жетіп келді. Ел үрпиісіп қарайды. Жұртты қорқытып, қолда бар малды түгел тізімдеп, бас көтерер ерлерді «Бай-құлақтың тұқымы» деп алып кетті. Сол адамдардың ішінде Бозшатай дакете барды. Алты ай қамауда болып, Бозжан ел жайынан бейхабар еді. Ақталып, елім деп келе жатқанда алдынан шыққан ағайын қырғыны есеңгіретіп тастады. Алатаудың сілемі бөліп тұратын екі ауыл біріне-бірі тым жақын еді. Екі ауыл деген аты ғана болмаса екеуінде жиырма алты түтін шалқитын. Ортасындағы мая жон-жотаның кезеңінен асатын иір жолмен ауыл адамдары құмырсқаша қатынасып жататын. Бозшатай бел үстіне шығып Дегерез тегісіндегі еліне, туған жеріне көз салғанда, шеткі үйден шыққан түтінді көріп, қуанғанынан буындары босап, жүрісі өнбей әбігерге түсті. Адымды жүрісі өзіне мимырт көрініп келеді. Асығыс алып-ұшып ауыл шетіне жақындап қалды.

Алыстан қарайған сұлбасынан таныды ма, немесе кім де болса ел азаматы деді ме, бір әйел сүріне-қабына бері қарай асығыс ұшып келеді. Жақындағанда таныды, немере әпкесі Тәуірше екен. Келе құшағын кең ашып, құшып тұрып бетінен сүйіп, аузына сөз түспей, азабын айтып жеткізе алмай, көз жасы жуған бет-бейнесі өзгеріске түсіп, онсыз да қырым ет жоқ әлпеті күреңітіп, оқтыноқтын өксікке тұншыға шашалып, қиналып тұр.

Осылай ұзақ үнсіздіктен кейін, естерін жиып, сөзге келді. Бір-бірінің халжағдайын сұрасып болғаннан соң әңгімелері ел жайына көшті. – Өздеріңді желтоқсанның басында алып кеткеннен кейін екі күн өтпей белсенділер келіп, барлық мал мен астықты жинап алып кетті. Үй жиһаздарынан да сілкіп аларын қалдырмады. Бала-шағаң қыстан аман шыға алмайтын болған соң, нағашыларына хабарлап едік, солар қырғыз еліне, Күркіреуге алып кетті. Хабарын алуға адам қалды ма? Барар жерім болмаған соң, мен бейбақ таудан алғы теріп, тасқа езіп, суға жеті қайырып, уынан арылтып, быламықпен жиенің екеуміз күнелтіп келдік. Өлмес тамақ та!... – Басқалар қайда? Сұлтанның балалары тірі ме? - деді Бозшатай. – Өлгендер өлді, тірілер қаңғырып, тамақ үшін елден ауды. Сұлтан ағам балаларымның өлмес тамағына ортақ болмайын деп, шығып кеткен екен, содан оралмапты. Әйелі ісіп кеткен, жүруге шамасы жоқ. Жүрек жалғарлық аз ғана астығы бар көрінеді, оны балаларым жесін деп, өзі аш жатқанына көп болды. Айтатыны «Балаларым өлмесін» деп тек қара су ғана ұрттайды. – Нәр тартсайшы,-десем, басын шайқап: – Баламның өлігін көрмейін, - деп әкесі шығып кетіп еді, оралмады. Өліп қалды ғой, жүрегім сезеді. Мен де балаларымның алдында өлсем арманым жоқ деп, тырысып жатыр. – Ауылда түгел аштықтан қара жер құшағына енген үйлер бар. Үй құры емес өлім. Обадан жаман болды, - деп тоқтады Тәуірше әпкесі. Беліндегі талқанын әпкесіне шешіп беріп: – Қаракөже жасаңызшы, - деді де көп кідірмей, ауылдың шетінен түсіп, адамы болсын, болмасын, әр үйге бас сұғып, көріп шықты. Соңында «Тоқалтал» тегісіндегі Сұлтанның үйіне барды. Қоржын тамның есігі жабық тұр. Тірі жан бар деп ешкім ойламайды.

Бұл несі, – деген сенімсіз оймен Бозшатай есікті ашып қалғанда, қазандыққа аяғын тіреп, құрым киіздің үстінде жатқан жеңгесін көрді. Ақ сұрыптай бозарған Қалыш көзін ашып қарады да, қайта жұмды. Өлім құрсауындағы әйелдің жай ғана тыныс алғаны байқалады. Қараңғы бұрышта ескі алаша астында жас баланың аяғы шығып жатыр. Бозшатай бетін ашып қарап, осы үйдің он үш жасар қызы екенін танып, аузы күбірлеп, бетін қайта жапты. Алғаш қара көлеңкеде байқамапты, Қалыштың ірге жағындағы бос орында бүк түсіп жатқан баланы көріп, «Керімбекпісің» деп иығынан тартып, өзіне қаратқанда, бала да танып қалып, «тәте» деп ащы айқайлап, Бозшатайдың құшағына қойып кетті. Оң қолы тас жұмулы екенін көріп: –Қолың неге жұмулы, деді Бозшатай. – Тәте, бұл менің жәкем келгенде жейтін тамағым. Апам сақтап же деген. Ептеп жемесем мен де әпшем құсап өліп қаламын, - деп алақанындағы бір уыс бидайды ашып көрсетті. – Бір уыс бидай өмір екен ғой! Сені мына сұмдықтан алып қалған мына бір уыс бидай ғой! О, қасиетті нан! - деп орнынан егіле көтеріліп, баланы арқалап, қара көже ішкізуге Тәуірше апасының үйіне алып кетті... Інісін күтіп жатқандай, Сұлтан мен Қалыш сол күні аштықтан қайтыс болды... Қайбір жылы аңыздағы шашыратқыны орып, тамның төбесіне, топырақ астына, қамыс орнына салғанда, сары тап болып пісіп тұрған қодыра бидай қоса орылып, салынған болатын. Сол есіне түсіп, тамын шашып көрді. Бидай бүлінбей сақталған екен. Дереу шетінен ашып, шашыратқының арасынан бидайды масақтап теріп, тоқпақпен ұрып дәнін түсіріп, бар дәнді әпкесіне түгел қуыртып, қол диірменге тартып беріп, Бозшатай балаларын іздеп Күркіреуге кетті. Көп кешікпей «Астықты елге, жерге, ауданға бөлмей, аш атаулыға қол ұшын беру керек» деген қаулы шығып аштық өлімі күннен-күнге азая бастады. Өкіметтен астық келгенше «НЗ» есебіндегі раң ұнынан қадақтап үлестірді.

Мұндай қамқорлықты есіткен бөлімше-бөлімшедегілер орталыққа жинала бастады. Ашаршылықтың ауыр шеңгелінен құтылған Сұлтан ұрпағын 1942 жылғы қан майданда қайырымсыз қара түнек өлім алып кетті.

НАУРЫЗ КӨЖЕ Көктем айының жанға жайлы шуағы жер бетін жылыта нұрын төгіп тұр. Шуаққа ақ қар балбырай балқып, жерге сіңіп жатыр... Қызыл шатырлы үйдің алдында күнесте отырған қарт әже Сәрсенкүлге сәлем беруге қайырылдым. Аман-саулық сұрасып жатқанда хат тасушы бір топ газет, журналды беріп, келесі үйге қарай атының басын бұрды. Әңгіме арасында «Оңтүстік Қазақстан» газетіндегі «Наурыз мейрамы алдында» деген тақырыпқа көзім түсіп, дауыстап оқи бастағаным сол еді, – Не дейсің, шырақ-ау? Қандай жақсылық ?, – деген ананың таңданған кейпін байқап, түсінік бере бастадым... – Иә, ол мешін жылының көктемі болатын, - деп бастады сөзін ауыр күрсініп алып: –Бала кезімізден ес біліп, етек жапқанға дейін жаңа жылды Наурыз айында тойлап жүрдік. Жыл басы Наурыз айы болатын. Ана сүтімен сіңген әдетті тастамай, сол жылы да Наурыз мейрамын асыға күтіп, сәнді киімдер тігіп, кестелер тоқып, киіз үйдің басқұрларын жаңадан өріп, Наурыз мейрамына дайындалып жаттық. Наурыз мерекесін тойлауға ауылдың ортасына, белгіленген алаңға киіздер төселіп, үй-үйден қазан-ошақтар әкелініп құрылды. Дәстүр бойынша жеті түрлі дәннен көже пісіріліп, оны ауыл адамдары түгел бөліп ішуі міндет. Содан соң ауыл үйлері жаңа жылға сақтаған қазы-қарта, жал-жаясын, жентін, сары майын, ұннан істелінген дәмнің неше түрлерін үйіп-төгіп тастайды. Асыға күткен жайма шуақты мамыражай күн “Жаңа жылды қарсы алыңдар” дегендей тау басынан шашырай шығып келеді. Қуаныш мейрамын қоштағандай, төбемізден көк аспан мөлдірейді. Жас келіндер жағы үш аяқты темір аспа ошаққа қазан асып, “Наурыз көже” қамында жүрміз. Әр үйдің

адамдары барын әкеліп, ортадағы дастарханға төгіп, бір-біріне ізгі тілектерін айтып, жаңа жылмен құттықтап жатыр. Ауылдың енді жиналғаны сол еді, белестен үш салт атты шығып, бізге қарай жүрді. Жүрістері суыт, салақтатып асынған мылтықтары бар. Отырған қариялар орындарынан тұрып, үрпиісіп қалды. Келгенде аттан да түспеді, көпке сәлем де бермеді. Торы атты бөрікті кісі үзеңгіге аяғын шірей көтеріліп: “Бұл не жиын? Тез тараңдар! Ескілікті түптамырымен жою біздің міндетіміз. Қане кетіңдер! - деп кідіңдеп тұр. Аң-таң болған ауыл адамдары тарай қоймады. Есімізді жинай алмай тұрғанда, көк аттысы секіріп түсіп, қазанның шетінен ұстап, наурыз көжені отқа бор еткізіп аударып тастады да, көже ішіндегі түрлі дәндерді көріп жолдастарына бұрылып: “Іздегеніміз табылды. Бұларда астық кеп екен. Тінту жүргіземіз” деп атына қайта мінді. Қуанышымыз су сепкендей басылды. Жұрт тарай бастады. Дегерез тегісінде отырған он бес үйдің бар астығын тізімдеп, ертеңіне тыптипыл қылып алып кетті. Азғана ауылдың көбі аштықтың құрбаны болды. Ел танитын, жер танитын азаматтар елден ауып, күн көруге кетті. Мешін жылы қазақ жерінде “ұралап” апаты жүріп жатты. – Наурыз мейрамын ел ұмытып та кетіп еді, - дей отырып, көзінің жасын сығып алды. Өлгенді тірілткен, өшкенді қайта жандырған қазіргі нағыз Лениндік саясатқа аналар атынан шексіз алғысымды айтамын. Сол кездегі елді сарсаңға салып жүргендер Кәлешекиннің қолшоқпарлары Нәтебай мен Жұмабай деген азғындардың ісі екендігін кейін түсіндік қой, - деп аяқтады сезін сексеннің сеңгіріне шыққан аяулы әже. Ардақты әженің Наурыз мейрамына деген сағыныш жасы шындықтан шыққан қуаныштың мөлдірі еді.

Үшінші бөлім «Атам салты» Ұлттық дәстүрлер отауы КҮТПЕГЕН ОҚИҒА Әңгіме

Оңтүстіктің шыжыған ыстығы бет қаратпайды, алаулап тұр. Кенеттен шыққан машина тормозының ащы үні жұртты өзіне еріксіз қаратты. Ішінде толған адамы бар ЛАЗ автобусы төрт дөңгелегі жер сызып барып, ысқырып тоқтады. Шыңғырған әйел жылаған бала даусы құйқаңды шымырлатып, миыңды қашайды. Машинаның оң жақ алдыңғы әйнегі сынып, тарыдай шашылып, аңырайып қалған. Салондағы жұрттың терезеге жақын тұрғандарының беттерін әйнек сынығы тілімдеген. Әп сәтте қыран-топан әбігерге түскен жұрт. Сасқан шофер өз есігінен түсе салып әлдеқайда жүгіріп кеткен. Қамалған халық есікті аша алмай әлек. Артта тұрғандар оқиғаның мәнісіне түсінбей, кеңірдектерін созып, сөз сұрайды. Сұраққа жауап беріп жатқан ешкім жоқ. Әркім өзімен өзі әуре. Жұдырықтай тас салонда «мен кінәлі емеспін» дегендей аяқ астында домалап жатты. «Жедел жәрдем» машинасы келіп, енді ғана жұрт шуылы саябырсыды. Ентіккен шофер жігіт келіп, көргенін баяндап жатыр. Училище формасын киген орта бойлы, мығым денелі, солақай бала көшенің қарсы жағынан жүгіріп өтіп, қолын кең жаза құлаштап, таспен келе жатқан автобусты екі ұрды. Біріншісі нысанаға дәл тимеді білем, екінші рет жақыннан тағы сілтеді. Тасы оң жақ әйнекке тиіп, күл-талқанын шығарды. Сол кезде мен де машинаны тоқтатып үлгірдім, - деді ентігіп. – Дәл соның өзі, – деп беті қанап тұрған кондуктор Нина Петровна сөзге араласа кетті. – Ол баланы мен осы аялдамада түсіріп кеткенмін. Қолында билеті жоқ... Айып төлеуге ақшам жоқ деп безеріп тұрып алды. Иә, училище формасында, орта бойлы, жасы 15-тер шамасында болуы керек. – Қап бәлем, қолыма бір түсерсің, – деп кіжініп қойды Нина Петровна, бетіндегі қанын мақтамен сүртіп тұрып.

Міне, оқиға болған жерге милиция капитаны Сұлтан Әміров пен жасақшылар да келіп жетті. Айналасы бірер сағатта, байқағандардан жауап алып, машина базаға жіберілді. Кең кабинет терезесі түстікке қараған. Кабинет іші күн сәулесіне бөленген. Графинге түскен күн нұрын ыдыс ішіндегі су сындырып, төбеде сәуле ойнайды. Столдың болымсыз қимылы сәулені ұзақ қимылдатып, тынымсыз қозғалыс жасайды. Кешегі автобус оқиғасынан кейін барлық училищені аралап шыққан милиция капитаны Сұлтан Әміров ой құшағында отыр. Қала бойынша кәсіптік бағдар беретін училище алтау. Сол алтауында небәрі бес бала солақай. Ол анық. Мастерлердің анықтамасы солай. Ол бесеудің түрі бұзақыларға ұқсамайды. Сонда ол кім? Киімі кәсіптік бағдар беретін училищенікі. Әлде сондай киіммен жүрген басқа біреу ме? Кемербек ауылда өсті. Сегізінші класты біреуден ілгері, біреуден кейін тәмәмдады. Әке-шеше болса қарт. Бір үйде бір өзі. Анасына салса Кемербегін қолынан шығарғысы жоқ. Әкесі де томаға тұйық мінез танытқан. Оқы, адам бол дегеннен басқа сөзге келмеген. Тау өңірінде бидай пісіп, күз де келіп жетті. Қай оқуға барсам, әлде 10 класты бітіріп, содан соң ойлансам ба екен деген ой күз жақындаған сайын Кемербекті жегідей жеді. Өз біліміне сенбеген ол оқуға бара алмады. Бір күні ауылдық Советтің председателі Кемербекті шақырып алып, бала өмір сүру үшін еңбек ету керек, ол үшін мамандық керек. Сені училищеге жазып қойдық, екі жылда дырдай маман болып шығасың, демесі бар ма. Арманы мамандық болып жүрген Кемер қуана қарсы алды. Сөйтіп №87 кәсіптік-техникалық училищеден бір-ақ шықты. Інге тығылған аш қасқырдай мына құбырдың ішінде жатқанына екінші күн. Не көрмеді... Әй дерге әже, қой дерге қожа жоқ, еркін жүре бастады. Училищенің кәрі тарлан бұзықтары оны өз ұйымына тартты. Ұрлық та жасады, қалтаға да түсті. Енді міне... Ұстаздар тілін алмай, бұзақыларға қосылғанына өкініп жатыр. Батырлық осылай бола ма, ақымақ, дегендей болады әкесі. Ерегісіп

не бар. Мақұл, түсіріп кеткеннен соң өз жөніме жүре бермей... Қап! Қол ұшын берер кім бар. Әке бетін қалай көрем, қайда барсам екен? Мені іздеп милиция үйге де барған болар?! Әлде өзім барып мойындасам ба екен? Жоқ. Ол жасықтық. Түрлі ойдың шырмауында жатып таңның атқанын да сезбей қалды. Орнынан тұрып паналап, орталық базардың төңірегін бақылай бастады. Мақсаты аш өзегін тойындыру. Таныс көріне қоймады. Шаршады, өзегі талды, тамақтың оңай табылмасына көзі әбден жетті. Енді өзін ақырғы рет сынауға бел буды. Нан дүкеніне келді. Өзгелер сияқты ол да кезекке тұрды. Нан сатып алып, қалған ақшасын сырт қалтасына салған кемпірдің соңынан ілесті. Оңаша тротуарға түскен қарттың қалтасына қолын салып, түйншегін ала қашты. Қала шетінен азық-ауқатын алды да, баянсыз тіршіліктен безініп, АқсуЖабағылы қорығының шығыс бетінде жылқы бағатын нағашы атасына тартты. Машинаға мінсем қолға түсермін деп жаяу кетті. Бар сырын бүкпесіз айтқан жиеніне Жұмалы ата сенерін де, сенбесін де білмеді. Мынауың сұмдық қой, деп ренжіді ол. Әлден уақытта түксиген қалың қасты қабағын көтеріп, атты ертте, деп Батажанға бұйрық берді де, үнсіз отырып қалды. Сеніп келген ата ызғарына шыдай алмаған Кемербек Батажанға ілесе орнынан көтерілді. Құлағы арттан зілді бұйрық күтеді, бірақ ол естілмеді. Атты әкелген Батажанға: «мына заңталаққа» әзір бол», деп ашулы күйде атқа қонды. Бағыты ел жақ. Батыржан болса қадірлі ұстазының жиені Кемербектің бетімен кеткеніне күйініп, ақылы айран. Не істеп, не қойғанын әзір езі біліп жатқан жоқ. Біресе желіге барады, біресе үйге келеді. Анда-санда құлындарының қасында жусап тұрған биелерді олай-бұлай айдап қояды. Кемербек тас үстінде тапжылмай жер шұқылап отыр. Ә-й, жүр, қымыз ішеміз. Өзің де өлуде қалыпсың, кім біледі, бүлдіріп келіпсің ғой, тойынып ал, деді де босағадағы ұшқат түтініне ыстаған сары сабаны күмпілдете пісе бастады. Қоңыртөбе жайлауының бетегелі бетіне жайылған жылқының қымызынан екі зерен тастаған баланы ұйқы айналдырып, көзі

кіржиді. Батажан бие сауатындарға көмекке кеткенде Кемербек ұйықтап та қалған еді. Бала ұйқыдан тұрса, күн еңкейіп, беткейдің көлеңкесі ұзатып, мамыржай қалыпта екен. Желі маңындағы жылқыларды өріске қаптатып, бақылап тұрған Батажан: – Ә, тұрдың ба, бала. Тамағыңды іш, киіміңді ауыстыр! Жылы киін. Қасқа құнанды ұстап қойдым, әне анау орыс ермен ертте! Таралғысын өзің қысқартарсың, - деп өзінің қажетті заттарын реттей бастады. Ымырт үйіріле атқа қонған екеуі жылқы қаптаған бетке бағыт алды, атының шылбырын астына басып, қисайып жатты. Қараңғылық қоюлана түскісі келсе де, таудың ар жағынан шығып келе жатқан ай сәулесі қара түнді тықсыра қуып, солғын шапағын аспан әлеміне жая түсуде. Іңір қараңғылығы сай-сайға бұғып біраз тұрды да, жерге сіңіп жоқ болды. Ай да көтеріліп қалып еді. Қалың жылқы бетегелі беткейге бас қойып, пырылдап ашқарақтана жайылуда. Төменде таудың қоңыржай белдеуінде, сәугім аршалар орманы керінеді. Бұл жерде тырбық жалпақ арша мен түйеқарын ғана шеккен түйедей теңкиіп жатыр. Ай күндізгідей жарық. Тұйық жүрген Батажан сөз бастады. Өмірім осы тесте, кебіне тау тесінде жалғасып келеді. Кісі ақысы не екенін білмедім. Еңбекпен күн кешкен жанның бірімін. Ал жиен, сенен қорқайын дедім, деді де үнсіз қалды. Тек қана жайылған мініс аттарының тынымсыз қимылы жүген сылдыры тыныштық тылсымына түрткі салып тұр. – Бала, шалдың ойында да не бар екенін айтпады, барлығы ішінде кетті. Бір қалса, жаныңды алып қалатын сол. Ертең келмесе Қаражанға тоятты өзіміз табамыз. Қиын болып тұр, сәл ойланып, оның да амалы табылар. Кекілік келетін бастауға ертелеп тұзақ қоямыз. Құс несібесі әсте жоғары. Үлкен сәскедік кекіліктер су ішуге түседі. Бір - екеуі тұзағымызға іліксе тәулігімізге жетеді дей бергені сол еді, оң жақ беткей-де қаптап жатқан жылқы шұр етіп, тепсеңге жиылып қалды. – Бұл несі, - деп Батажан атының шылбырын астынан шығарып, екеуі өре түрегелді.

– Аға, топ жылқының жанында бір ақ ит жүр, ананы қараңыз,-деп Кемербек жылқы жиылған тепсенді нұсқады. – Көрдім, күшік емізген қаншық қасқыр екен. Осы маңайда бөлтіріктері болуы керек. Ісінің сәті түссе жемтікке баласын кейін ертіп келеді. Жылқы оған алдырмайды, тек алдап соғуы мүмкін. Құнаныңды келденең тарт, ердің үстінен қара, сезіп қалмасын. Өзі де солай етіп бақылай бастады. Сезіктенген қос ат құлағын қайшылап, елеңдеп тұр. Қасқыр жылқы шетінде иесіне еркелеген иттей бұрала бұлғақтап, бір жатып, бір тұрады. Қара қасқа айғыр құйрығын шаншып, үйірін тықсыра топтап куып, жау екенін сезініп, жер тарпып, шетінде айналады. Қаншық айлаға кешкен. Басын темен салып, жер иіскеп, елеусізденіп, жылқыны алдап түсіру. Жай, марғау кейіпте топты алыстан ториды. Әр айналған сайын жылқыға жақындап келеді. Бір кезде төрт аяқтап шалқасынан жатты. Әлден уақытта қайта айналып түсті де, алдыңғы аяғының үстіне басын қойып, жылқыдан көзін айырмай, ісінің жемісін күтті. Әккі қаншықтың айласын қызықтап Кемербек пен Батажан да тырп етпей аттың панасынан сығалайды. Алғашқыда үріккен жылқылар бірте-бірте өздерін еркін сезініп отқа бас қойып, жайыла бастады. Топ арасынан бір ту байтал қасқырды қызықтап шетке шықты. Жайлап бақылап, қасқырға жақындап барып иіскеуге ыңғайланды. Бөрі де күткені келгендей, сәл ілгері жылжыды да қимылсыз жата қалды. Байтал басын көтеріп қасына жетіп барғаны сол еді, кез ілеспес жылдамдықпен секіріп, тұмсықтан ала түсті. Күтпеген жағдайдан үркіп, сілке тартқан тұмсықты қасқыр жібермеді, жабысып қалды. Қоңды байтал аш қасқырды тулақ құрлы көрмей бірден сереңдетіп көтеріп әкетті. Аттарына міне шапқан екеуі байталға қарай ызғытып келеді. Байтал топ жылқыны айнала шауып, есеңгіреп, дәрменсізденгені сезіледі. Қара қасқа болса жас құландар мен биелерді топқа қуып тығумен әуре. Қос танауы қасқыр аузында қалып, демі біткен байтал Батажандар жеткенде қаншықпен бірге гүрс етіп құлап түсті. Жас етке құныққан жыртқыш тұмсықты босатып, жұқа шапқа

қанды аузын сала бергенде келіп қалған аттылыны көріп, тастай қаша жөнеледі. Жанамалай қатарласып барып, бас деңгейінен шамалап, сыйпай сілтенген қайың құрық қара құстан тиді. Көз алдында әлденеше аттылы қаптап кетті. Кейінгі соққылардан дүние қараңғы тартып, ақыры тұңғиық түбіне барып тынышталды. Екі-үш ұмтылып орнынан зорға көтерілген байтал қорыққанынан қалшылдап тұр. Делдиген кеңсірігінен қан тамшылап ауырған тұмсығын алдыңғы аяғына үйкеп қояды. Аман қалған жануарды екеулеп айдап үйіріне қосты. Қаражанның қыран екенін білетін Кемербек, Батажанның мына ісқимылынан қыранға тән ерекшелікті танып барлағандай. Ұзын бойлы, сұңғақты, қыр мұрыны ажарлы аққұба бетіне ерекше сән беріп, нұрлы өткір қара көздері адамға мейірім шапағатын сеуіп, бүгінгі олжаға масаттанған сыңайы бар. – Бала жолды бала екенсің, байладым саған! Сойып терісін ал! Өкімет сыйлығы бар, өзіңе жаратарсың! Тілі мен жүрегін Қаражанға берерміз. Тоят тілеп отыр еді. Менің атыма мініп, артыңа бөктер! Қасқа құнан алдырмас, - деп атының шылбырын Кемербекке ұсынды. Сол кезде, батуға еңкейген ай сәулесін арайлы таң шапағы жеңіп, түннің етегі түріліп қалып еді. Қасқырды Кемербектің артына бөктіріп беріп, өзі сауын биелерді айдап келуге құнанның басын бұрып, қамшыны бір көміп жүре берді. Тояттаған Қаражан дүр сілкініп, қанат қауырсындарын таранып болып, тәкаппар пейілде. Жон арқасынан қараған адамға Жұмалы қарттың отырысын айнытпай, дәл үйреніп алғандай. Денесі еттен жаралған емес, Қапшағайдың қара тасынан соққан мүсін дерсің. Тек қырандар өсетін ортаға келген Кемербек: Қыран болып қонбасаң қияға бір, батқан күндей қызарып ұяңа кір деген халықтың дана сөзін әке аузынан талай естіген. Сол сөз миына бүгін қонып, көкірегіне бүгін ұялады. Адамның арманы болса, ол алдынан шықса, ондай адам бақытты болмағанда кім бақытты болмақ. Дәл бүгіннен бастап, дәл қазірден бастап адам болайын деп түйді өзінеөзі.

Кемербек, биелердің сауыны болды, құлын ұстап жібер,-деген аға сөзі ойын бөліп, аз кем меңгіріп, А-а-а, не? - деп барып, түзеліп, желіге қарай жүре берді. Сауыннан қайтып келе жатып Батажан: «Қазір Мамыр да келіп қалар, өзі бір тіл алғыш оңды бала». Басқа біреу болса сонау кіші Қапшағайдың аузына екі мес қымызды күнде жеткізіп тұрудан жалығып, тастап кетер еді. Ал ол ерінбейді де, жалықпайды да, аттың құлағында ойнайды деп соны айт. Сегіз шелек қымызды екі меске бөліп теңдеп, таудың қияда, қиын жалғыз аяқ жолымен арба келетін жерге жеткізіп беру міндеттелген. Орындап жүр азамат. Бір білсе, Жұмалы атаның хабарын сол айтып келеді, - деп сүтін алып, үйге қарай кетті. Артынан барған Кемербекке: – Шай қойып ішейік, қымызды кейінірек төрт кезіміз түгел жиналған соң ішерміз. Бұл жарықтық көппен ішілетін ас, көппен ішсең, құмға сіңген судай адамға да сіңеді,- деп, шәугіміне су құйып мосыға ілді де, шақпақ тастың бетіне қу басып, болат шақпақпен бір-екі тасты ұрғанда қу тұтанды, қуды үрлей отыра қайыңның қабығын тұтатып, ошақтағы өліреңге (қураған ақ шеп) тигізді. Өлірең лауылдап жана жөнелді. Үстіне кебу ағаш салып, отты ептілікпен маздатып жақты. Батажанның бойынан керемет іскерлікті байқаған Кемербек дала өміріне, тау өміріне құлай жығылды. Отты осылай енді өзім жағам, бәрінде, бәрінде істеймін, – өзіне-өзі ант етіп, іштей қайталады. Шай қайнап енді алдыларына ала бергенде Жуаншұбар мен Мамырдың қарасы көрінді. Шайға жетіп келгені жақсы болды бірге ішейік, қант шайымызды да сол жеткізіп тұрады, - деп қуанып отыр. Ассалаумаалейкум, - деді де аттан домалай түскен Мамыр бізбен қос қолын бере амандасты. Жасы менімен шамалас, шымыр, ақ сары, жалпақ мұрын кең танау, көзі көк пен қараның ортасында, қолы темірдей қатты. Шалқиып қараған көзінің адам шошырлық сұсты басым.

Біз тез таныстық: – Ой, сен қайдан жүрсің? Неге ауылға соқпадың? Мен сені сыртыңнан жақсы білемін. Бүгін бірге келер едік. Саған айтатын әңгіме бар. Құпия. Кейін есіме түсірерсің сені оқуда деп есітіп едік қой? –Е, соны қойшы оқуда еңбек, еңбек те еңбек, мен сол еңбектерге сатылай бармай, ең үлкенінен бастасам деймін. – Онда мықты екенсің. Қосыламын. Қаласаң түс қайта, салқын түсе, қымыз алып елге барып қайтайық. – Тағы бірде барармыз, мұнда жаңа келдім ғой. Кезектегі жылқышылар да қайтпады, атам да жоқ, - дейді мұңайып. – Өзің біл достым. Дем ал, кейін бір реті болар: Шай ішіліп, ауыл жаңалығы, тау жаңалығы айтылып, күн ұлы сәскеге көтеріліп қалды. Көрші шопандармен бойдақ жылқы бағатын жылқышылар бір-бірлеп, белден асып, сайдан шығып, қымыз ішуге жинала бастады. Ақ шараға толтыра құйылған қымыз күн сәулесін сындырып жағалай отырғандардың жүзін нұрландырып тұр. Таудың саф ауасы бойды сергітіп ерекше әсер етеді. Киіз үйдің жоғарғы жағын ала, көгалға жайылған үлкен текемет. Үстіне сәнді құрақ көрпелер төселген. Өр жағын ала Байәлі бастаған үлкендер жайғасыпты. Өзгелері жасына қарай орын алған. Төменгі оң жақ шетте шара толы қымызын құлаштай сапырып Мамыр отыр. Үлкен ағаш ожаудан үш ожау кететін сырлы зерең айнала жүре бастады. Жұрт алғашқы аяқ толы сары уыз қымызды тына сіміріп төңкеріп жатыр. Екі-үш зереңін тастаған кісілердің беті гүл-гүл жайнап, толысып, бой алдырса да, ой алдырмауға тырысып отырғандары байқалады. – Гу гу, әңгіме қызған шақ: Кемербектің жайын біліп, жалдылығын айтты, Батажанның ептілігін айтты, түндегі қасқырдың айласын айтты. Солай отырып жұрттың бетіне қан ойнап, көбі ықылық ата бастады. Отырғандардың үлкені Байәлі құсбегі сөз алып: Уа, жараңдар бәрің де бұйырған несібеңді ішіп отырсыңдар! Мына заманнан айналайын, совет заманынан айналайын! Біздің алты ай жазымыз той

емес пе!? Сендерден сұранатыным: «Екі қосшыға бір басшы» - деген емес пе қазақ. Басшы сайлап алайық. – Басшымыз мына сіз, – деп отырғандар жамырап жатыр. – Мені сайласаңдар онда тыңдаңдар! Мынау аяққа екі ожау қымыз құйылады осы екі ожау қымызды әр адам дем алмай ішу керек. Егер кімде-кім мұрнынан «пыш» деп дем алса, онда жеңілгені. Сол адам осы халыққа мына қымыздың ыстығын береді. Берекелі өмірді мерекелі етіңдер, жастар, –деп бір тоқтады. Бір нәрсе есіне түскендей сұқ қолын көтеріп, белгі беріп, Қария сөзін қайта бастады: – Жастар жағы асау үйретсін, колхозымызға ол да керек, өйткені жеткіншектердің мұнда қазан ошағы болмай тұр ғой. Бірінші айналымда сыннан сүрінгендер болмады. Екінші айналымда Бөкен аузын басып, орнынан жылдам көтеріліп, үй айналып кетті. Одан кейін Мамыр сыннан сүрінді. Бөкен ас қамына бара жатып, бәрін түстікке шақырып, қыр асып кетті. Мамырдың алдында асау үйрету міндеті тұр. Осыны сезген Құсбегі қомданып қойып сөз бастады. – Мамырды шабандоз дейсіңдер, аттың құлағында ойнайды дейсіңдер, жерден ілгіш дейсіңдер, асуды құйрықтан ұстап тоқтатады дейсіңдер, кәне көрелік? Анау жусап жатқан торы құнанды ұстаңдар! Жігіт болса, соны үйретіп, үстіне ер салып, Бөкеннің түстігіне мініп баратын болсын! Ата асыра мақтап жібердіңіз. Сөзіңіз өлмесін. Менің де сұрағанымды беріңіз? - деп Мамыр оң қолын көкірегіне қойып түргелді. Отырғандар аң таң; «бұл не сұрамақшы» деген ойлар миларында жүгіріп өтті. – Айта ғой, деді, қорқып тұр ма деген оймен Байәлі қарт. –Айтсам, торы құнан жусап жатыр, соны өзім ұстап, өзім мінейін. Біреудің ұстап бергені жарамас, сұрауым – сол. – Бәрекелді! Азамат! Бердім тілегенді. Жігіт деп осыны айт!

Бар киімін лезде шешіп, көйлек, дамбалшаң болған Мамыр екі балағын қара санына дейін шиыршықтап барып түріп, бел баумен белін бір байлап алды. Жемін аңди басқан тау барысындай жақындап, тысырын білдірмей, ұйықтап жатқан асудың үстіне қарғып мінді. Тапырақтай тұрған ұйқылы мал бір мөңкіді, бір қарғыды. Ышқына шыңғырып тұрып қалды. Жалынан тас болып ұстап, дірілдеген дененің қос қолтығынан екі аяғын тығып алған Мамыр айрылмай тұр. Есеңкіреп барып есін жиған жүгенсіз құнан төрт тұйяғымен жайлаудың қара топырағын артына уыстай шашып, басы ауған жаққа алсында қашсын. Таудың аты тау; жырасы бар, сайы бар, бұтасы бар, құзы бар бір жаманшылық болмаса игі еді деп отырғандар Байәліге жау ыққан көзбен қарап қойып, жағаларын ұстады. Аса ептілікпен құз қиялардан аман өтіп, жазыққа шыққан торы құнан үстіндегі бәледен құтылу үшін барын салды. Аспанға да атылады, жерге жабыса тұқырынды. Үстіндегі жабысып қалған бір бәле екендігін сезінді. Көнбеске амалы қалмады. Әлден уақыт өткенде Түлкі жайлаудан келе жатқан торы құнанды көріп жұрт аңтарыла қарады. Үстіндегі Мамыр бала құнан басын аяғымен қақтайлап топқа жақындай түсті.

ҚЫРАН ҚҰС НЕ АЛМАЙДЫ САЛСА БАПТАП (деректі хикая) Қасқасу сілеміндегі «Бүркіт ұяны» Жұмалы қарттың бақылағанына бірнеше күн. Колхоз малы жайлауға келгелі қашан. Малшылар қауымы күнделікті тірліктерін атқарып, жайлаудың көз тартар көк майсалы беткейлерінде ақтылы қой, жылқыларын жайып, мәре-сәре. Ал Жұмалы атаның жылқыдан қолы босай қалса, істейтін тірлігі құсбегілік. Арманы – қарабар қын, кең топшылы тау бүркітінің балапанын алу. «Бүркіт ұяға» балапан салған қос қыранды бір күн де назарынан тыс қалдырған емес. Олар алғашқыда ұясына ұсақ аңдарды тасып жүрді. Құсбегінің күткені бұл

емес, басқа болатын. Бүркіт ұяға ірі аңдар шығарса, балапандарының жетілгені, алуға болатыны да осы кез. Күн сәскелікке көтерілген Жұмалы қарт «шаңқ» еткен қыран даусын есіткенде, өз құлағына өзі сенбеді. Бүркіттер тек ірі аң алғанда ғана бір-біріне осылай дыбыс беретіні оған мәлім. Айналаға көз салған қарт қос қыранның тамашасын көрді. «Қорғантас» тауының күн шығыс беткейінен «Борлы» асуына қарай екеуі айнала ұшып көтеріліп келеді. Бірі – төменде, екіншісі – жоғарыда. Екеуінің ара қашықтығы арқан бойы. Алдыңғысы аяғындағы қомақты аңын бүре түсіп, екпіндей шырқап барады. Жоғары бүркіт «шаңқ» етіп хабар береді де, ілген аңын кенет тастап жіберді.Сол мезгілде астындағы айнала ұшқан бүркіт көз ілеспес жылдамдықпен аңды қағып алды да, жоғары көтеріле берді. Осылай алма-кезек алған аңын «Үшқарасай» биігіне сатылай көтерген бүркіттер деңгейлі биігіне шығып алған соң, құзарлы Қасқасу шатқалының жылтыр шың тасына қарай төтесінен самғай салды. Биікте тұрған қарт аңшы «Бүркіт ұяға» қарай кеткен қос қыранға сүйсіне қарап өзінің саятшылық жоспарын жасады. Жылқыдан оралған бетінде көптен өзі баулап, аңшылық кәсіптің қиын да, қызық әдістеріне қанықтырған немере інісі Батажанға көргендерін түгел асыға түсіндіріп жатыр: – Ертең таң саз бере атыңды ерттеп, маған кел! Ұзындығы екі құлаш сырғаулы кесіп ал! Сырғауылды «Жерігентал» тоғайынан кес! Көк тал сынбайды, тарамыс келеді. Күн шықпай аттанамыз. «Бүркіт ұядағы» балапандар жетілген көрінеді. Бүгін қос қыран тоғайдан борсық көтеріп шығып ұясына алып кетті. Демек, балапандары үлкейген. Шығыс жақ бозамықтанғаннан тұрған Жұмалы қарт Торы төбеліне ер салды. Әрбір керекті заттарын мұқияттап алып, қоржынына тоғытып жатыр. Ертелеп атқа қонған екеу шағыл қия мен жықпыл тастардың арасымен өте сақтықпен жүріп отырып, «Бүркіт ұя» маңына келіп жетті.

– Жетер, атты қинамайық, - деп, қария аттан түсіп, шалбарын тобылғыға байлады. Қарт шешімін Батажанға дәл осы жерде айтты: – Сонау тұрған жалтыр құздағы үңгірді көресің бе? Балапандар сонда. Бүркіттер аңшылап кеткен болуы керек. Балапан жас болса, алдындағы үйінді ағаштың үстінде отырар еді, есейген соң сақтық жасап, ұя түбін мекендейді. Әнебір үстіндегі аршаға байлап, екінші ұшын сенің беліңе байлаймын. Ал мына сырықты беліңдегі арқаннан көлденең өткіз, даршылар сияқты, сол жерде пайдалану әдісін үйретемін. Арқанды саумалап жіберіп тұрмын. Арқанда тас кеспеу үшін сырықты қабырғаға тіреп, өзіңді көтеріп отырасың. Ұяға жеткен соң, сырықтың ұшын сол жағындағы жақпар тасқа тіреп, ұяның алдына жайлап түсесің. Онсыз үңгір алдына, қуыс жерге жетуің қиын. Өзіңді-өзің итеріп апарасың. Болжамды жерге жеткен соң, асықпай мына орамалды алып, үңгірдің тегіс жеріне жаз. Балапан болса да оңайлықпен беріле қоймас, пешпетіңді шеш те, бас сап Қанатының қауырсындарын сындырып алма. Астына сол жерден майда ағаштың бұтағын салып, кәдімгі бала бөлегендей бөле. Қанаттарын орындарына жатқызып, қауырсынын сынбайтындай етіп бөле. Орар кезде екі аяғын құйрығына қарай жатқыза байла. Барлығы дайын болған соң, баяғы жазған орамалға жатқызып, орамалдың төрт ұшын бекітіп, арқанның ұшына жалға, сөйтіп арқанды жай сілкі. Істейтін тірлігің осы. Жұмалы қарттың айтқандарын бұлжытпай орындаған Батажан қос бүркітті қолтықтап қайтты. Тау ішіне ызғарлы сұр бұлтын қаптата, ұсқынсыз, суық күз де келіп жетті. Қос балапанның сары жүні түсіп, ересек бүркіт тұлғасына келіп қалған кез. ІІІырға тартып, бүркіттерді аң аулауға үйретумен Батажан уақыттың қалай өткенін сезбей қалды. Екі құста екі түрлі мінез. Әсіресе Қаражанның мінезі өзгеше: Саны тұтам төрт елі, қысқалау, шоқпарсанды. Орамының ауқымы кең. Жіліншігі сіңірлі, саусақтары алшақ. Сыртқы түрі қарабарқын, жауырыны сыртқа шығыңқы, мықты, кесек тұлғалы болып өсті. Ал екіншісі – Жезтырнақ болса, ақ иық,

құйрығының қарасынан ағы көп, ақ балақ болып жетілді. Қаражан өте ашушаң, көзі қанталап, алақ-жұлақ етіп, дөң ашудың белгісін айтпай танытқандай. Жұмалы ата осы бүркітке аса ден қойған. Тап басып, қоя тастауынан сүйсінеді. Бірде өзі топшылай келіп, Батажанға былай деді: – Балам өмірімде құс салып жүріп, мұндай ашушаң құсты кездестірген емеспін, бір шықса, осыдан шығады. Жезтырнақ-қанатты ұсақ аңдардың құсы. Құс атасы – Қаражан, - деген масаттанып... Алғашқы күздің қарадауыл жаңбырында Дәубабадан құс көремін деп келген жиен Кемербек «Құсыңды қондырып көрейін» деп болмаған соң Жезтырнақты шешіп берген. Ауыл маңында, мақтанып саламын деп, қашырып алған. Жел көтерген бүркітті жақын маңайдан таба алмаған. Жұмалы қарт жалғыз жиені Кемербекке ештеңе дей қоймады. Биыл Қаражан үш түлек, үш жылғы еңбектің нәтижесін көрсетер жыл – дәл осы жыл Қаражан ірі аңдарға түспесе де, жыл сайын қояң түлкінің қырғыны болып, әбден төселіп алды. Қаражанның кемел шағы да келіп жетті. Осы күз ірі аңдарға салуға үлкен дайындықтан өтіп жатты. Жумалы қарттың күткені қансонар. Сұр бұлттанып тұрған ауа райы кілт өзгеріп, қыбыжықтап қар жауа бастады. Қыбыжық қардың арты жапалақ қарға айналып, төпеп кеп берсін. Сол жауған қар түс қайта басталып, таң қараңғысында ашылған. ІІІың еткен дыбыс жоқ, мүлгіген табиғат. Ақ сәукелесін жамылған ағаштардың басы тымық ауа тыныштығына бой ұрғандай. Аппақ қарды есілте басқан ат тұяғының дыбысы қарсы бетке жаңғырып, тау қойнауына сіңіп, мүлгіген табиғатты оятқандай. Қар бетіндегі моншақтар жылтырап, көз ұялтады. Армандары болған алғашқы қансонар Жұмалы мен Батажанды өрге сүйреп асықтырып барады. «Тоғызқұмалақ» төбесіне шыққан Жұмалы ата атын тоқтатып, ерге бір жамбастай отырып, сөз бастады. – Мен сонау «Темірқорытқанның» төбесінде тұрамын. Сай-сала түгел көрінетін жер сол жер. Ал сен мына Қапшағайдың аузынан кіріп, күнбатысқа қараған бетін сүзіп шық. Дабылды қалың жыныс тұсында қаттырақ қақ. Сонан соң «Итөлген» саймен айналып маған шық. «Жамантас» беткейін де сүзіп

шығамыз, - деп байлауын айтты да, еріне түзеліп отырып, мезгеген жеріне қарай жортып кетті. Жұмалы қарт айтқан орнына жеткенде, Батажан да Қапшағай беткейінің сусымалы қорым тасын ат тұяғымен шықырлата басып, отқа-текте қамшысының сабымен етігінің қонышын ұрғылай отырып, барлық қалтарысты жіті тінтіп келеді. Алғашқы кезде із шала алмай келе жатқан Батажан «Итөлген» сайға кірген шошқа ізін көрді. Қалың бұтаға кірді деп шамалаған ол жанамалап барып дабылды қағып-қағып жіберді. Дабыл даусынан үрке шыққан бір топ шошқа биікке қарай жөңкіле салды. Түрлі дыбысты айыра білетін Қаражан тоят тілеп, қара сұр көзі қанталап, тағатсыз талпынып, кеңістікке босауын күтіп, шыдамсыздық түр танытуда. Тау басындағы адамды көріп, шошқалар қиялай салды. Аңды сезген Қаражан қатты талпынып, аңшының қолынан сып етіп шығып, самғай барып көтерілді. Бүркітті қалай шығарып алғанын Жұмалы ата сезбей қалды. Сәтсіз ісіне өкінген қарт бүркіт соңынан шаба жөнелді. Қыранның түсер жерін шамалап, Батажан да атына қамшы басты. Аспанға тік көтерілген Қаражан жерге жіті көз тастап, айналып ұшып, тоңқаңдай шапқан аңдардың ағашсыз ашық жерге шығуын бағып, көтеріле берді. Айналасы ағаш, ат шаптырым алаңқайға іліккен шошқаға қанатын тас түйін қылып қомдап алып, сақпаннан атылған тастай зырқырап, биіктен сорғалай құлаған Қаражан соңғы қара-ала шошқаға болат тұяғын қадай түсті. Діттеген жеріне тиген төрт найза шошқа сауырын кірш-кірш түйреді. Сол аяғымен сауырдан бүре ұстап, оң аяғын шошқаның басына жеткізе алмай келеді. Түлкіге түскенде сол аяқпен сауырдан ұстап, оң аяқпен басты бүре қысқанда бел омыртқа күрт сынар еді. Бұл жолы олай болмады. Қанша әрекет жасағанымен оң тұяқ басқа жетпеді. Ызалы бүркіт шошқадан айырылар емес. Өліспей беріспес өжеттік оты ұшқындап, салалы саусақтарын жемтігіне құшырлана қадап келеді. Екі қанаты жалпылдап, жөңкіле шапқан шошқаның аяқ тастасынан қалысар емес. Үстіндегі ажал төндірген бәледен құтылу қамына кіріскен хайуан қарсы тұрған бұтақты, үстін шымқай бүр басқан үйдей арашаға сүңгіп кетті. Бұтақ

қаққан Қаражан арша бүрінің үстінде жайылып қалды. Ашулы бүркіт бір-екі рет шаңқылдап, қанатын қомдап, жер бауырлай барып, іле тік көтеріліп, түзеліп алды да, мөлдір аспан биігіне көтеріле берді, көтеріле берді. Қаражаннан секем алған Жұмалы ата Батажанды қасына шақырып алды. – Балам, сақ бол! Қаражан тым ашулы. Шошқаға бекер жібердім. Қате болды. Тез аттан түсіп, атыңның бауырына кір. Бұл найсап өзімізге түсетін болды, - деп домалай аттан түсіп, ат бауырына кіріп, түз жыртқышын сенімсіздікпен бақылай бастады. Әбден аспандап алған бүркіт көз ілеспес жылдамдықпен қанатын қағып-қағып жіберіп, лезде тастай түйіліп, адамға қарай ұрды. Сүйірлей ұстаған денесі ауаны ысқыра тіліп, жақындай бере он екі қарыс қос қанатты жаза түсіп, Торытөбелдің басына сегіз найзаны қадай бүріп отырып қалды. Қанды көзі от шашып, жан-жағына жіті қарап; ат көзін енді шоқи бермекші еді, Жұмалы қарттың «Қаражан-Қаражан», - деген дауыс бір сәт ашу тасқынын басқандай болды. Қолдан тоят жеп үйренген құстың ашудан гөрі тамаққа тәбеті ауғандай. Ат бауырынан шыққан ата қолына қызыл ет ұстап, тып алды. Қасарысқан қос шеңгелден құтылған Торытөбел оқырынып салды. Көпке дейін ат бойындағы діріл басылмады. Шеңгел батқан басын шұлғылаумен сол күні Торытөбелдің жүрісі өнбеді. САЯТКЕРЛІК СЫРЫ Өткенен қалған шежіре – Паң ақсақалдан саяткерлік сырын сұрау мақсатында үйіне келіп түстік. Ұзын бойлы, жылы жүзді отағасы бізді күлімсірей қарсы алды. Ауыз үйдегі тұғырда отырған қос қаршыға «қош келдіңіздер!» дегендей дүр сілкініп қойды. Мұғалімдердің үгіт-насихат жұмысы және ата аналармен байланыс ісімен жүретіні белгілі. Келген бойда: «Саяси науқан ғой, келгендерің жақсы, әзір жұмысты қоя тұрыңдар! Күн түс боп қалды, шай ішейік» деп, дайын асқа шақырады. – Паң ата, менің келген жұмысым тіпті басқа. Қазақ халқының салт дәстүрі жоғалып барады. Қазіргі жігіттер алабажақ киім киіп, шашын барынша өсіріп,

шет елдің «Рок» музыкасы жазылған магнитафонды арқалап, көшеде жүргенді серілік санайды. Ал қазақ халқының ежелгі қанына сіңген дәстүрінде құсбегілік өнердің бір түрі деп есептелген. Мысалы, Ақансері, Балуан Шолақ, Мәди, тағы басқа көптеген ел есіндегі атақты азаматтарымыздың бәрі де құс салып, жақсы ат мініп, сол енерден ләззат алған. Қазақ – әрі ақын, әрі әнші, әрі ағаш шебері, әрі етікші, әрі зергер, әрі балуан, әрі атбегі, әрі құсбегі жігітті «Сегіз қырлы, сері жігіт» деп атаған. Осы бір құсбегілік сынды серілік өнердің тұтқасын ұстап, өмірлік жолдас етіп келесіз, ата дәстүрін жалғастырушы жастарға саяткерлік туралы баяндап берсеңіз? - деп өтініш жасадық. Паң атаның бет бейнесі шырайлана түсті – Біз ол кезде бала болатынбыз, - деп, сәл-пәл ойланды да, сөзін одан әрі сабақтады. – Өзімізден үлкен ауыл жігіттерінің іс-әрекетіне, өнеріне, жүріс-тұрысына еліктеп қалған кезіміз. Бір күні «Досымбет қаршыға ұстапты» деген сөзді есітіп, ағаның үйіне келдім. Бізге Досекең немере ағайын болып келеді. Ағаға сәлем беріп, құсты көруге келгенімд айттым. Жан-жаққа жалтақтап қарауымнан сезді ме, немесе бала кезден тұрымтай қайырып, салып жүргенімді көруші еді, сол есіне түсті ме, «құс көрсең, жүр» - деп, шоланға ертіп апарды. Тұғырда көзі тігулі көк қаршыға отыр екен. Сырты қоңыр көк, бауыры ақ шұбар, тұрқы ұзындау. Қаршығаға құмарта қарағаным әсер етті ме, «Інім, құс ұстаудың айла-тәсілін үйренемін десең, ертең менімен бірге «Күйтке жүр», - деді. Аға ұсынысын қуана қарсы алдым. «Қорғантас» тауының Солтүстікке қараған құлама тік бетін үшке бөліп, Сайрамсу аңғарына үш қырат тіке түскен. Сол үш қыраттың ең үлкені де, қомақтысы да ортаңғы қырат. Қыраттың орта белінде ат сауырындай кезең бар. Кезеңнің күн-шығыс ернеуін ала бір түп сары ағаш шыққан. Сол сарыағаштың астын кеулеп, екі адам сиярлық орны жасалған. Кезеңдегі кішкене тегіс пен сары ағаш арасы 35-40 қадам. Міне осы жер Төс еліне белгілі қүсбегі «Досымбет күйті» деп аталады. С.Мұқановтың «Халық мұрасы», Ғ.Нұрпейісовтің «Бесқара»

деп аталатын еңбектерінде, тағы басқа әдебиеттерде құс ұстаудың халықтық тәсілдері әңгімеленеді. Ал Досымбеттің құс ұстаудағы әдісі өзгешелеу. Досекең қыран құстың жемге түсер уақытын екіге бөледі. Біріншісі – ертеңгі шабыт. Ол – таңның атуы мен күннің көтерілу арасы. Екіншісі – кешкі шабыт. Ол – беткейдегі көлеңке ұзарып, күннің күші кеткен мезгіл мен күн батардың арасы. Осы уақыттар арасында ғана құстар торға ұрады. Досекеңнің тор құру әдісі де өзгешелеу еді. Бұл кісі торды әр құсқа лайықтап өзі тоқушы еді. Ұзындығы 7-8 құлаш, ені бір құлаш тор жер түстес жіптен тоқылатын. Ал енді сол торды құру әдісіне тоқталатын болсақ; сәмбі талынан кесіп алынған тор шыбықты төрт бұрыш етіп, төрт жерге қадап, айнала тұтқанда жетегіндей етіп, торды кереді. Құс ілінгенде тор құлынтайдай етіп жасайды. Тор құлағанда ғана құс шырматылып қалады. «Досымбет күйттің» бір ерекшелігі көктемде құстар келгенде және күзде құстар қайтқанда міндетті түрде өтуге тиістей күніне оншақты қыран күйттің үстінен ұшып өтеді. Досекең осы жайды ескеріп, торға тек ұзақ тігетін. Ондағы мақсат – ұзақ ұшқыр құс. Ұзаққа тек ерен ұшқыр қыран ғана ұрады. Қырандар жеміне шамасына қарап түседі. Нашар қырандар ұзаққа әуре болмайды. Сол үшін ұзақты жазда дайындайды. Ұядан балапан кезінен алып, асырап, оны да өзіне үйретеді. Күзде құстар қайтқанда күн шықпай күйтке келіп, торын тігіп, асыранды ұзағын тіккен торының ортасына кішкене қазыққа екі аяғынан құсбаулап байлап, сонан соң, екі қанатының топшысының астынан ұзын шыжым жіппен байлап, жіптің бір ұшын сары ағаш астына тартып қоятын. Барлығы дайын болған соң, өзі сары ағаш астына жасырынып, екі көзі аспанда болатын. – Мынау қаршыға, анау тұйғын, немесе тұнжыр - деп, алыстан танитын. Көңіліне қонымды құс көрінсе, құмарлықтан дегбірсізденіп, тартылған шыжым жіптің ұшын қалай сілкіп-сілкіп қалғанын өзі де сезбей қалатын. Ұшуға талпынған ұзақты қыран алыстан байқап, ұшуын тез өзгертіп, қанатын қомдап, ауаны ысқыра тіліп, ұзаққа ұрады. Қыран биіктен ұрса, торға қағылмай тіке түседі. Мұндай жағдайда адам күркеден атып шығуы тиіс. Қорыққан қыран

«шар» етіп, ұзақты тастай қашамын дегенде торға ұрынады. Құс жерге жақын ұшып келе жатса, онда тордың сыртына ұрады. Құламалы торға шырматылған құстың қанат, қауырсынын сындырмай босатып алу қиынның қиыны. Қыранның бір қауырсынын сындырмай алу міндет. Оралған тор көздерін құстың құйрығына қарай бірте-бірте жайымен жылжытып, қауырсынның жатысына қарай шығарады. Тордан босанған құсты бөлеп, қимылдамайтындай етіп, жіңішке иненің көзіне жылқының бір тал қылын өткізіп, құстың көзінің астыңғы және үстіңгі қабағының жиегін біріктіріп, көрместей етіп, тігіп тастайды. Ондағы мақсат – көзі көрмеген қыран қолға тез үйреніп, тез жуасиды. Досекеңнің екінші бір тәсілі – түнде қонақтап отырған құсты тұзақтап алу. Кешкі шабыт кезінде жақсы құс жарқ етіп көрініп, тез-ақ тоятын іледі. Алған жемінің жүнін жұлып, төс етіне енді бас қойғанда, құстың қарсы алдынан жата жылжып, өз бетіне кекіре сыпырғы ұстап, әр шоқыған сайын жақындай түсіп, шамаға келгенде ұзын сырық басындағы тұзақты асқан ептілікпен мойынға салу. Мұндай әдісті ол кісі кей-кейде болмаса, қолданбайды. Досекеңнің өз тәсілі былайғы жұртқа білгірлік болып көрінетін. Құстың алған жемін асықпай жеп, тауысып ұшуын күтетін. Тойған құс кешкі қонаққа алыс ұшпайды. Қыранның ұшуына қарап, қай жердің қандай ағашына қонатынын білетін. Үш құлаштай қызыл қайыңнан арнайы жасалған сырғауылын тақымына қыса «Құс осы ағашқа қонақтады-ау» деген жеріне келіп, «Ә, анау ағашта отыр екен» деп, тез табатын. Ағаштың түбіне мысық жүріспен келіп, ешкі майы сіңірілген шүберегін тұтататын. Ешкі майы иіссіз, түтінсіз болады, әрі жарық жанады дейтін Досекең. Аяқ киімін тез шешіп, балағын тізесіне дейін түрініп, жалаңаяқ құс отырған ағашқа өрмелейтін. Адам жоғары өрмелегенде, қашан да болса, ағаштың қимылдайтыны белгілі. Бірақ қонақтаған құс оған әсте ұшпайды. Егер құс ұйықтамаған болса, мойынын тартып-созып, тартып -созып отыра береді. Белгілі межеге жетіп, ақ қылдан есіп жасалған сырық басындағы тұзақты құстың мойнына салып жіберіп, тартып қалғанда, тапырлап, құстың құлап келе

жатқанын көресің. Кейде құстың қонақтаған ағашын таппай, түннің бір уағында көрген жағдайда жанып тұрған оттың қасынан жай ғана табиғи дыбыс шығарсаң, құс тез ұйқысынан оянып, топшысының астына тыққан тұмсығын жұлып алып, отқа мойнын созып, таңдана ұзақ қарап отырады. Міне сол кезде оңай тұзақтап аласың. – Мен Сайрамсу аңғарына тірелетін Алатау сілемін үш белдеуге бөлемін. Бірінші – Сайрамсу аңғары. Мұнда майда қырандар: ителгі, қырғи, тұрымтай, жағалтайлар мекендейді. Жазда осында балалап, кейбіреулері осында қыстап қалып қояды. Ителгі ғана ұясын тасқа, басқалары ағашқа салады. Екінші белдеу – теңіз деңгейінен 1000-1200 метр биіктікте. Бұл белдеуден негізінен қаршыға, тұйғын, тұнжыр, құсұшқыры лашындар ұшып өтеді, бірақ мекендемейді. Үшінші белдеу – бүркіттер мекені. Осында туып, балапанын осында баулиды. Ала қанат бүркіті қыста жылы жаққа кетеді де, Сарышолақ аталатын бүркіт осында қалып қояды. Солтүстіктен қайтқан қырандар жазық даламен келіп, шығыстан батысқа қарай созылып жатқан ақ басты Алатауға кезігеді. Таудан тіке асып дала бүркіттері, күшігендер кетеді. Ал қаршыға, тұйғын, тұнжыр, лашындар тау бөктерлеп келіп, «Шақпақ» асуынан асып, Ақсу-Жабағылының етегін ала отырып, Қазығұрттың оңтүстік шығысындағы белден өтіп, жылы жаққа сапар шегеді. Осыны ақылға салып ойланып, «Қорғантас» тауы осы құс жолындағы тау ма деп шамалаймын. «Досымбет күйттен» қолға түскен қырандардың алдына ат беріп, қолқалап алып кеткенінің куәсі болдым, -деп кәнігі құсбегі сөзін аяқтады.

БАЛАПАНДАР (әңгіме) Күн арқан бойы көтеріліп қалған шақ. Әсем табиғаттың аялы құшағында жасыл кілемдей түлеген кең төсті беткейдің шөп мамығын жастанып, қиялға ерік беріп, шалқамнан жатқам. Көктегі қалбаңдап ұшқан қарғаға көзім түсті. Кәдімгі өлексеге түсетін құзғын қарға. Бұл қайдан жүр деген оймен басымды көтеріп

алдым. Менен сескенбестен алдымдағы беткейге барып қонды да, бір-екі аттап, қалың қаудасын шөпке таянды. Ашқарақтана шөп арасынан бір нәрсені тұмсығына қысады да басын көтеріп, сәл тұрып, қайта тастайды. Солай бірнеше қайталады. Таяғымды бұлғап, айқайлап, тұра жүгірдім. Жақындап келгенімде ғана қарға зорға ұшып, «қарқ» деп сес көрсетіп кетті. Бұл не деді екен деп әлгі жерге үңілсем, кекіліктің ұясын тауып, жұмыртқасын жалмапты. Басын жоғарғы көтергені – мәйекті тұмсығымен шұқып шағады екен де, маңызын өңешіне құйып, қабығын тастайтын көрінеді. Құзғынның айласына таң қалдым. Жапырынды боздың астында әлі он екі тарғыл жұмыртқа жатыр. Өзге алтауының қабығы шашылып, сыртта қалған. Ұяға жақындасаң немесе жұмыртқасын ұстасаң, қай құс болса да жеритіні белгілі. Сондықтан тиген жоқпың тек сол маңдағы ерекшеліктерді жадыма сақтап, белгілеп кеттім. Үш-төрт күнді араға тастап, ұяны қайта көруге бардым. Жұмыртқа он төртке жетіпті. Қуанып қалдым. Кекілік мекенін тастамапты. Апта өткен соң тағы келдім. Жанамалай өтіп бара жатып, кекіліктің ұяда жатқанын байқадым. Мазалағаным жоқ, өтіп кеттім. Екі аптадан соң көруге және құмартып, еркім солай жетеледі. Бұрынғы әдетіме салып, қиялай өтіп, көз қиығын салсам, таудың тарғыл тасындай шұп-шұбар балапандар ұя маңында қыбырлап жүр екен. Мені көре жерге жата-жата қалысты. Алғашқыда байқамаппын, анасы да алдымдағы қалың шөпке бұққан екен. Сол жағымнан пыр етіп көтерілді де, қайта жерге топ етіп құлап түсті. Оң қанатын сабалап, сол қанатын сүйрете қашады. Менің қумағанымды сезіп, қанатын салбыратып, ақсаңдап ауыр жараның жанына батқанын танытып тұр. Шынымен-ақ, жыртқыш құс тепкен екен деген оймен оған қарай жүрдім. Кекілік те әрекет жасап, менен қаша бастады. Бұрынғыша бір жанына қарай шоңқиып, ақсаңдап барады. Қалмастан соңынан ердім. Біршама ұзағаннан соң, жорғалай барып көтеріліп, тұмсықтан айналып кетті. Айналасына сүйсініп, «Балапаныңа деген аналық қамқорлығың шексіз-ау» деп тұрып қалдым.

ТӨРТІНШІ БӨЛІМ

Сурет шежіре

БЕСІНШІ БӨЛІМ

Өлеңдер Ағам Қарымсақ Пошатайұлының Ұлы отан соғысы кезінде елге жолдаған хатынан Қарымсақ Пошатайұлы 1945 жылы Германиямен болған шайқасты аяқтап, қиыр шығыстағы жапон әскерлерімен қақтығыста қайтыс болған. Бұл өлең Сүгіралиев Анарбектен жазылып алынды. Хат жазады Түгелбайдың баласы Алыс емес, Орынбордың қаласы. Сіздер онда, біздер мұнда ата-ана, Көре алмаймын деп ойлаймын шамасы. Бұл ұрысқа қырық екіде түскенім Жеген желім, сіздерді ойлап ішкенім. Әзір тірі, сау жатқанға ұқсаймын Жаманатқа көрінбесін түстерім.

ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНДА АЙТЫЛҒАН ОЙ Ауыр сезім, қасыретті ой мазалап, Елді ойлап ұйықтай алмау азап-ақ Бақыт құсы бір қазаққа қонбады-ау Күл-қоқыстан қандастарын алатұғын тазалап. Оян қазақ, оянар мезгіл жетті. Байланған тығырыққа өмір өтті Күш жина, қайрат жаса, бұғауды бұз. Қазақи ел болайық құдіретті. 1991ж. ҚАРЫҚ ҚЫЛҒАН НАРЫҚ Нарықтық қу арбаның жетегі боп, Бұтына шалбар киіп, етегі жоқ Ай-жүзі күнге күйіп, қоңырланып, Байы мен баласы аш, өздері тоқ. Кейбіреуі ақшаға тәнін сатып, Тәнін сатқан мүлікке, арын сатып. Үйренбеген «ұлы» іспен тайраңдатып, Қазақ қызын тастадық жылымға тік.

Напақасын табам деп отбасының Қиналған күні құрсын ұрғашының Үстіне шалбар, бөрік қысып киіп Көлемін көрсетіп жүр алмасының Бүл сөзді тасыр ұқпас, саналы ұғар Асыл сөз текке жатпас, тесіп шығар Ару қыздар арманы алты алаштың Айттым кеңес, бас болса тез ойланар.

ТУҒАН ЖЕР

Туған жер топырағыңнан айналайын Сенде жүрсем жоқ менде қайғы уайым. Мекенім таулы алқап мені тартып Ойлайтыным әр қашан сенің жайың. Қараймын құштарлана асқарыңа Қауышып қойнына енген аспаныңа Тербетіп көкіректі жылы сезім. Жадыратып нұр берді жас жаныма. 4.06.1975 ж Бөкентөбе М¥ХТАР ШАХАНОВҚА Ей Мұхтар! деген сөз бар «Атамекен». Сол жерде сенде өстің, менде өскем. Көз ашып туған жердің тыңын жырттың Жүргенде соқа артында білмейді екем. Алатау қайырымды құтты мекен. Бір асыл туған жерде жатқан екен. Шыңдалып, туған жерден түлеп ұшып, Түрен сап сөз мәнерін еттің көркем.

Өлең, сөз, көркем ойың ел біледі. Елің сыйлап жұлдызға теңереді Ел білетін еңбекті шет ел біліп, Кеңге жайдың Мұхтаржан керегені. Сен білсең Қасқасуға сыйлы жансың Кеп тұрсаң жиі-жиі жайды ұғарсың Бар асылдар еліне қол созады. Көп болмасада азырақ майдаларсың ҰЛДАРЫМА ӨСИЕТ Еңбектеп шықтым анамнан, Шалқалап кетем өмірден. Топырақтан жаралған, Бәденім қалар көмілген. Бірдеңе тұрғыз басыма, Төмпешік болып қалмайын Жыл сайын келіп қасыма, Моланың көр хал-жайын. Түбіміз түрік халықпыз. Сыртымыз семіз, арықпыз. Моланы жасап түрікше Әкеңді елге танытқыз.

БАЛАЛАРҒА БАСУ АЙТУ

Көңілім қалды жақыннан, ағайыннан Алыс кеттім олардың айқайынан Қайда жүрсем артымнан сөз ереді Қайран елім бұларды қандай қылам. Мен қылғанды неге олар қыла алмайды Мен ашықсам әрине бере алмайды. Құдайдың ағып жатқан суын бұрып, Тірлігімді мен білсем көре алмайды. Мен қимаймын қандасты сұм өлімге Қаяу түсті пәк жүрек ақ көңілге Балаларым сендерге көп айтарым. Ит те болса ағайын, сен жерінбе.

АБДУЛЛАҒА ХАТ

Аманба қатар құрбы дос-жараның Сені ойлап әрбір таңда еске аламын. Тілеймін бір алладан мейір-шапхат Білімнің алмасын деп бос парағын. Балам ең сенім артқан жас кезіңнен Білім ал құлыншағым мол төзіммен «Өлең сөздің патшасы» – деген Абай Күтеміз бір жаңалық әр сөзіңнен. Жеңіске жету үшін жігер керек Ұстамды ақылдылық – саған тірек Қасқайып сөйлеп кетер – айбындана Бабаңдай топқа түссең керек жүрек. Қуанам сен атансаң – Ақын бала. Ақын болсаң жаныма жақын бала. Әр сөзіңнен салмақты ойлар туып Ұлылықтың білгейсің парқын бала. 29.11.1990.

ҚАСЫҢДЫ ТАНЫ

Нәпсінің бәрі саған жау Қанағат қарсы қоймасаң. Ұзын арқан, кең тұсау Аздырар жанды ойласаң. Кішіртеді тастарды жауын шайып Заман өтер ол тасың болар ғайып. Өтпелі өмір пайдалан, бос жібермей, Өмір сүру керек қой бір ғажайып. Бақыт іздеп ешқашан арамданба, Арам бақыт әпермес ешбір жанға. Қадір, қасиет жасыңнан бойға жисаң. Қалар атың кетсеңде жаһаннамға.

Озық ойлы жан болғын арың сатпай, Шаруа жайын ойлағын тегін жатпай. Боқтық жима өзіңе жүк боларлық, Және әлсіз көрінбе шамаң жоқтай. 21.11.1991 ж. МАЗАСЫЗДЫҚ ЖЫЛТ ЕТІП.. Мақтануға шама жоқ, мақтанбаймын. Бір ауыр зіл басып жатқандаймын Дүние тапса-дағы балаларым Шыға келеді жылт етіп жоқтан қайғың. Бірі – жетсе жатады бірі – жетпей, Жиған нәрсең тұрмайды келіп-кетпей Боқтығына байлықтың түстім білем, Сүрлеуімен келемін шығып кетпей. 04.03.1994ж. Сарымсақсай. ҚЫС ТҮСІП КЕЛЕДІ Қара түнек қаптайлап, Түнере түсті шет аймақ. Көз байланып күңгірт боп, Ызғырық соқты бұлтты айдап.

Қараңғы басты тау-тасты Жылу мен суық айқасты Жеңіліс жоқ, жеңіс жоқ, Тайталасу жалғасты. Күндер өтті, түндермен Бораны ұлып қар басты Ышқына соққан долы жел Әбжыландай арбасты Табиғат заңы осындай, Айтпасқа сірә болмасты. ****** Маужырап келіп май айы, Шаттығын төкті әр үйге. Қарменен еріп бар қайғы, Балбырап, балқып бір күйде. ҚЫЗ АЛДЫНДАҒЫ ӘБІРЖУ Неге ғана сүйіп алдым бетіңнен Сезбесінші ешбір адам өтінем. Тұрып қалдым тұман ойдың өтінде Жігіттікке келмеппін-ау жетілген Астаң-кестең болып кетті бар ойым Әзиз жанды анталады уайым. Жүрек шіркін көкірекке сия алмай Дірілдеймің, Не етемін, Құдайым.

Қызды сүю басталама осылай Ашығына жетейінші тосылмай Адам ата, Хауа ана аруағына сыйынам Сүйгенімнен ажыратпа уа Құдай. 1958ж. 24 июнь. *** Бақытты емес кісі бағын кірлеген Кірлемегін кісі бағын «жүргенмен» Бақытсыз боп жаралған соң басында, Бақыт құсын қондырмассың ынтығу мен өлгенмен. Адамзатқа «сайқал» бақыт әпермес, Бақыт үшін бар өмірің бір егес. «Бақытты сен боласың»-деп айтамын, Бар нәпсіңді тыя алсаң, түк емес. ӨМІР ЖОЛЫ... Өмірдің соқпақ жолдары, Қиялай тартып барады. Кете де берер ол да әрі, Ұзарса өмір жарады.

Арманым білу менің қазақ тілін, Білгенім анам тілін қазақтығым. Асқарға армандаған қолым созып Үмітпен болашаққа қарап тұрмын. Тұңғыйық білім түбі терең екен Күнде оқу, күнде жаттау, керек екен Ақыл ой, арман, мақсат, ынта, жігер, Жимасаң бытыраңқы жүреді екен. «Қолымды мезгілінен кеш сермедім,» – Ақыл айтқан кісіге дес бермедім. Қанағат!,-өтті-кетті бұлаң жастық –Азаматы – атым бар өскен елдің. КӨКТЕМ Жыл құсымен бірге келді Жұпар исті көктемім, Жер құлпырып түрге енді, Нұрын төкті көкте күн. Қаһарлы қыс, қатты аяз, Жылмияды жеңіліп, Тоңған жері тым таяз Жылымыққа көміліп.

Күн шуақта маужырайды, Жан-жануар, жер түлеп. Көптен күткен осындайды, Көкте шығар дүркіреп. БЕКТАЙҒА А Арғымақ аттай мүсінді Қ Қараған көзі от-жалын Б Бота көз сұлу пішінді Ө Өзегін өртер жас жанның П Пайдасыз қылық онда жоқ Е Еріксіз содан тоқталдың БАБАМ БИШЫМЫРҒА Дүрбі алып тауға қарау, Жұмысым жоқ түк басқа. Баба жолын тек қайталау, Күнде шығам жүктасқа. Бабамтасы көрінеді Ерттеп қойған аттайын. Әрбір ісін ақылға сап, Тыныштықта жатпаймын. Шыққан сайын отырамын, Кең жазира төрінде Құлағыма үн келгендей –Күнде шыққын ерінбе, – Қайран бабам отырыпсың Жаннат жердің төрінде Өлген жоқсың ұрпағың бар Мен отырмын жеріңде.

Баба сендей болсам деймін Бала кезден арманым Сізге ұқсаудың қамын жеймін Сонда сендей болғаным. ӘКЕ АРМАНЫ Қараборбай балаларым, Ұядан қайтсем ұшырам. Балалықтың бал дәмін Өзіңе беріп тұшыған. Қасырет екен жалғыздық, Сидиып өстім жалғыз түп. Тамырлатсам сендерді, Жел шайқамас мығым қып. Сан ойлар қаптап бала үшін, Жатпадым жайлы бір сағат. Орнына қойып кірпішін. Жеткізсем деп армандап, Ежелгі дерт қалмады. Елпеңдеп шығып жел сөзге. Балаларды алдады, Бауыр ет бар да, мен сөзбе. Терең ойлы бір жан жоқ, Сөзіңді ұғып жөн айтар. Қолдан келер дірман жоқ, Босанып кетті бір байтал.

БІР СҰЛУДЫ КӨРГЕНДЕ

Қазақтың қаршыға көз қарындасы Өлеңмен басталып тұр сөздің басы Жалт етіп қарағаның әсеріндей Арайлы алтын таңның шұғыласы. Сұлулық берген екен көркіңе сай, Бойыңда бір мінің жоқ қарындас-ай. Қатар тас асты-үсті олақ жасап, Бір жерін кемшін қылған құдайым-ай. Мінезі әдемі екен биязыдай. Көрген ақын тұрама жыр ағызбай. Сұлулыққа сұқтанған дұрыс емес Осымен доғарайық ұя бұзбай. АНА ТІЛІ Дүниенің кілтін ашар ана тілің Тіліңмен бойға сіңер барлық білім. Мән берген өз тіліне әрбір кісі, Жоймай ма бойындағы ол қылығын.

БАТЫР АНА ЖАНҰЯСЫ

Бір жаны ата-ананың бала екен. Бала болса гүл жайнар құтты мекен, Асыр-тасыр шат күлкі бәрі үйінде, Ондай отау әркімге арман екен.

КӨҢІЛІМНІҢ ХОШЫ ЖОҚ

Шабытым жоқ, жайым жоқ Тоқшылықтан не пайда. Көкіректе пайым көп, Апып түсер ой қайда. Жүдеулі көңіл қабарып Салбырап жүрген жайым бар. Күннен-күнге таралып Ауырған жанда уайым бар.

АЛҒАШҚЫ АЙТЫС КЕЗІНДЕ ТУҒАН ОЙ

Бұл айтыс қазағыма өнер бастан. Әр іске, әлеуметке араласқан Қалған еді ұмыт болып ескерусіз Жетпіс жыл керегіне жарамастан. Нұрланды енді бүгін таңым атып, Сәуле берді жаныма жаңа бағыт. Тамырына репрессия балта шауып, Бекемденсең аламас ешкім тартып.

КӨКТЕМ КЕЛДІ

Қар еріп, сайға қашты-қош бол-десіп, Бәйшешек шықты қаптап жерді тесіп. Келгендей аңсағаны бал аралар, Гүлдермен қуанып жүр сәлемдесіп. Көктемнің келді бүгін нышанасы, Сылдырап суға толып сай-саласы, Жылылық жан бітіріп табиғатқа, Ақ қардың босап кетті босағасы.

АХМЕДИГЕ

Ахмеди айналайын бал мінезді Ойланып дәл айтатын ақыл сөзді Түбінде бір жақсы адам боласың-ау Атаңның таразылап жаны сезді. МЕНІҢ ТУЫСЫМ Ағайын туыс арасы, Қаңыраған бос екен. Ақылға сал да қарашы, Жәрдемін берер дос екен. Көзіңше былай еткенмен Ішкі ойы қараңғы. Бәлесін іздеп еткеннің, Тіркескен адам оңама. Байлауы жоқ дүниеге, Пайымдайтын ой керек. Тоқ жүрсе болды дүниеде, Туыста жоқ ой зерек

ЖАР САҒЫНЫШЫ

Тағатсыз күтіп, қарайлап, Жол тосып жаным отырсың. Кешіксем ойлап, қайран қап, Дайындап қойып «өткір сын» Қаңғыбас жүр шапқылап, Денсаулықтың барында. Тізгінін қойған шарт бұрап, Дақ түсірмес арына. Ақынды қалап нең бар ед, Күтуден жары сағынар. Жақсы сөз аз-бір нәлет, «Қаңғыбас» аты тағы бар. Әйтеуір жүрмін бағым кеп, Өтіп жүр күндер сағым боп, Тасқындап асып кетемін. Сен айтсаң «қаңғыбасым»-деп

КӨҢІЛІМ

Жамаулы көңілім жалғасып, келеді кешіп қырық жылды, Тірлікпен өмір араласып, Балалық тұсау қырқылды. Жамаулы көңлім жаңармас, Жаңармасқа шыңдалған. Екінші кісі жаңартпас, Жаңартар менде жоқ арман. Қағазым досым қаламым, Ермегім осы жазамын, Үміт күтіп алдымнан, Масайрап жазсам қаламын. Ғашықпын әсте жазуға, Айтпаған адам тың өлең. Ойсыздар етсе әжуа, Шындықты шешер көреген. Төркінін білмес түп сөздің, Қас дұшпаным-шоқырақ, Көрсетем деп кейде өзін, Бірдеме жазар шұқылап.

БАЛА, БАЛА, БАЛА ДЕП...

Мал тапқанмен балам-ау айдан алып, Күннен күнге барасың майдаланып. Жоқтан өзгеге шашып құртып Рәтін көрмей жүрсің пайдаланып Сандалбайсың жүрген бір күнің өтіп, Достарың бар көре алмас, жымың етіп. Жақсы жолдас мұратқа жеткізеді Абайлашы қалмасын құның кетіп. Ақ көңілдік жігітке жарасады Артық кетсе ақылдан адасады Не ары, не бері емес ортасында Тұрған жан жұрт көңілін дөп басады. Ақылым асқандықтан емес мұным, Ойлайтыным болашақ сенің күнің Біреудің (қатынның) айтқанымен жүрген кезде Намыстанам, қарайам осы шыным. 26.05-1995 ж. Қызылтау.

ӨМІР ӨТКЕЛДЕРІ. Жас болдық қайрат жігер бойды кернеп, Қылаңдап қызды көрсек қылып ермек. Көрініп кеде әсерсіз тоң мінездер, Кей кейде жеңіл мінез қағып елбек, Ойладық кейінірек ойлы арман, Тырнақтап дүние жиып қолда бардан Досыңнан артық болып сол дүниең, Өмірім өтпейтіндей мынау жалған. Орта жас ойландырып, салды ойға, Жиырма бес қайта келмес, ондай қайда. Табиғат өзі берген өнерлерім, Жүректі жатқызбайды тіпті жайға. Құлашты кеңге сермеп жайып келем, Дүниесіз – баламен байып келем, Баласы көп-жігітке ол да дәулет, Азаматтар өсірмес, айып па екен АНА-ӨМІР Сулу қыздар самғап өскен бәйтерек, Күллі ерлер қыз болмаса қайтер ек?

Өміріне өмір жалғап ерлердің, Арыс ұлды жетелейсің тәй-тәйлеп. Кей кездерде мінезіне қапамын, Қапалықты қалай саған айтамын. Алдағанға кетесіңдер шарт сынып, Шарт сынудан шықпайма сол шатағың? Аққусыңдар айдын көлді сағынған, Бар махаббат сәулең болып бағынған, Құлай соқса сол махаббат самалы, Сені жігіт, жігітті сен сағынған

СӘУЛЕ

Сарыла сүйсін, сағына сүйсін сүйгенің, Әйгілі сөзім, арманды сөзім бұл менің, Уайым, қайғы, қуаныш, шаттық бірге өтер, Лайық өмір, арманың алда тұр сенің, Есіңе сақта, ескерткіш болсын – білгенім.

САЛАУАТТЫҢ ЕЛІНЕ СӘЛЕМ!

Жерің бай, орманың көп башқұртстан, Ұрпағың келіп-кетеді әрбір тұстан. Қос жиен нағашылап барып жетті. Қабыл ал ер қазақты о туысқан. Үш жүз жыл күрес қылып отан үшін Қазағым жанын берді сарқып күшін. Басқызбай туған жердің топырағын, Көрсеткен дұшпанына ерлік ісін. Солардың бірі Артур, Тимур, Бабадай болады әлі берсе өмір, Қара деп ұлымызды кемітпесін Емеспе тасты еріткен қара көмір. Уа, қарттар аманбысың таспиғы бар, Өзі айтпас балалардың жастығы бар, Салты деп қазағымның шешесі айтсын, –Жиенге ат мінгізу дәстүрі бар”

Қазақта «қалжың»деген сөзіміз бар, Намысқа шарт сынатын кезіміз бар, Келген соң өлең жолы айта салдық, Достықтың ең тірегі өзіміз бар

АУЫРЫП ЖАНЫМ ЖАТҚАНДА

Мұз басып қантамырдың бұлақтарын, Ауырып шыдатпайды жалғыз жаным. Дірілдеп буын ісіп, жүрек тулап, Ұйқысыз атырамын күздің таңын Айтуы дәрігердің суық тиген Арылар күн барма екен мұндай күйден. Ыстық пенен суықты елемейтін, Не жетсін денсаулыққа жаз боп жүрген. Жас кезде мән бермеппін шауып жүріп, Суықтан күтінбеппін өзім біліп, Қат қылды қалтарысқа ауыру салып, Лажсыз жатқан мынау көзді сүзіп Күн сайын тәнге тиіп неше ине Шымырлап зәр көреді қолқа жүйе Ауыру ауыр екен бастан өтті Қасың да кезікпесін мұндай күйге Жүрегім алып ұшады бала үшін Жетуге жүректі алып кәне күшім Зәр төгу, тұрып бару қиын боп тұр Сүйекті тері жауып кетті мүсін.

Жанымның таңданамын берігіне Азапқа тіл жетпейді керегі не Әйтеуір тәуір болып мен келемін Қазақ айтады – Аурудың бәрі өле ме? 1976 ж. 10 декабрьден 1 февраль аралығы. ӘЛІБИГЕ ЕСКЕРТКІШ Жайқалып ескен жас құрақ, Сындың-ау әттең тас құлап, Аз болды көрген жарығың, Жалт етіп сөнді бір шырақ. Қайырмасы Балқұрақжаным Балдырған Адамның асқақ мейірін Қылығыңмен қандырған Базар етіп бар үйді Әр ісің қалды жандарған. Қойныма жаттың аталап, Сағынып жүрмін қаталап, Ерекше ыстық бала едің, Еске алам көзім боталап, Қайырмасы Менде ме кінә шақырған Қайғыдан жүрек ақ ұрған Боларын мұндай білмедім, Адастым әбден ақылдан.

Шырқырап шықты-ау жас жаның, Қап-қара болып аспаның, Ауырлық артып біз қалдық, Ойына келмес басқаның. Жете алмай кеттің атаңа, Жай түскен атаң жата ма, Шақырып едім тойға мен, Барғаным батты батаға. Тасқын су түсер арнаға, Шүкірлік «жоқ» пен «барға» да Бергенін құдай өзі алды, Е, тоба дейін аллаға 22 қыркүйек қаралы күн 4 қыркүйек 1995 жыл Қызылтау

ХАТШЫ ҚЫЗБЕН ЗИНАҚОР БАСТЫҚ

Неткен биік мына өзі табалдырық, Пәс маңдайша аласың басыңды ұрып, Кемелденген социалистік заманында, Бұл қай мекеме қаржысы қалған құрып. Кеңсесі бөдененің қапасындай, Айтпасаң оңала ма өткір сынай. Аққу қыз бүркітпенен бірге отырған, Ерсілеу керініп тұр бізге тым ай. Аққуды қапасына қойған қамап, Алдамақ, еншіленбек – ол ақымақ. Ұшырып жібермей ме еркіндікке, Жақсы көрсе ол аққу келмейме өзі-ақ. Әркімнің езіне тән теңдесі бар, Құзғынға «құзғын балақ» жеңгесі бар. Аққудан дәме еткен тірі өлексе, Жұлдызда аспандағы «немнесі» бар.

Алтынның сынығы да о да алтын, Алтынды-алтын-дейді содан халқым. Алтынға қызғанышпен қарайтындар, Алтынның кемітеді асыл нарқын. Алтынды кім алса да күтсе алсын, Дәмеліге кезіксін жолда «ар», «сын» «Ар» мен «сынның» бодауын өтеген жан, Алтынменен бақыты бірге жансын. «Жауырды жаба тоқу» ісім емес Көрген соң айтылған сөз, еттік кеңес, Намысты ер, бір айтқаннан түсінбейме, Ақынның нәзік сынын «болмас» демес.

ЖАҺАННАМ ТЫНЫСЫ

Бар өмірдің тірлігі, Қарсылықты құбылыс. Ой жүгіртсең, тұр міне, Миың жетпес құрылыс. Жақсылық пен жамандық, Жарық пенен қараңғы, Кесапат пен адамдық, Қарсыласпай қала ма? Күн мен айды қарасаң, Екі басқа емес пе? Толып жатыр санасаң, Қарсылықты егеспе. Қарсы болып шығады, Қасыңдағы қатының. Өзгелер қалай ұғады, Сақтан содан жақының. Ең жақыны адамның, Ақыл, білім, парасат. Алға басса қадамың, Саналы дұшпан санасады. Тауда туып, таста өстім, Надандыққа жүрмедім. Білімге ескек кеш естім, Тасқияға өрледім. Жүрегім асқақ шың бір тау, Жырдан қыран ұшырған. Биікке шықпас, көп көксау, Оқысын сөзді тұшыған.

Ойлы адам-ойымен Ойын айтып бермей ме? Маржандай тізіп ойы кең, Өлең жазса – күндей ме? Сөз асылын кей кезде, Балалардан үйренем. Дерсіндер сірә, – Бір сөз бе, Анадан ол – үйренген. СЫНЫПТАСТАР ТОЙЫ Жетпіс жылды артқа тастап өрендер. Ақ сақалды қария болдың міне кемеңгер. Өтіп кеткен жетпіс жылды еске алып, Не бітірдік, Не тындырдық демеңдер: Баз біреуің жары болдың «геройдың» Кейбіреуің кемеңгері көп ойдың. Жетпіс жылда еткен еңбек аз емес, Соның бірі – себепкері бұл тойдың. Міне бүгін ата болдың саналы. Уақыт ұры – өмір өтіп барады. Асқаралы ата болдың ұрпаққа, Батагөйі болсаң тіпті жарадың.

Нұрланды міне бүгін таңың атып, Сәуле берді жаныңа жаңа бағыт. Жақсылықтан жаратқан айырмасын. Осылай серпілейік думандатып. 25 мамыр 2008 жып. Кубышев орта мектөбі «Сайрам тойханасы»

ҚАРТТЫҚ АРМАН

«Қартайдық қайғы ойладық ұлғайды арман» Білдірмей өтіп жатыр мынау жалған. Қолы шебер, басында білімі жоқ, Қорқамын мен кейінгі балалардан. Кейбірі болып алды ақша құмар, –демейді – Аман болсақ мал табылар. Ақылды қалып қойып көлеңкеде Бар істі шешіп жатыр қалталылар. Кедейдің заманы бұл таңы айырылған. Аттыға жете ала ма жаяу адам. Соңында байшікештің шотын шауып Тірлігі тірлік емес жарамазан. 18/ХІ1-2003 ж.саә.түнгі 1:30 мин.

ЖАН АУЫРЫП ЖАТҚАНДА

Қарамай денсаулықтың есебіне, Жастықтың жалаң еріп жетегіне Басқаларды бақытты етемін деп Таңылдым аурухана төсегіне Ауруға неге керек май шелпегің Тамағың келіп жатыр күнде тегін. Сарғайып сары тап боп жатқан адам. Ешкімнің көтере алмас еркелігін Кешегім жақсы еді ғой бүгінгімнен. Көп сырды сездім тамақ бүлкілінен. Тасыған тау суындай асыл жүрек Бұғып қалды медбике зіркілінен Көпке сөз айтушы едім бет қаратпай Сөз сөйлер менен басқа адам жоқтай, Ауруға пенде болып жатыс мынау Сырласым шиқылдаған төсек тақтай Арманға асыл жүрек жетелейді. –Сенемін мен жазылып кетем,-дейді.

Әй,-қайдам, асыл жүрек буырқанба, Жас келді бұл арманың өтелмейді «Көксәйек» ауруханасы 2007жыл.14 қыркүйек.

ШАХ-КӘРІМГЕ АТАСЫНЫҢ АҚ БАТАСЫ

Өмір берсе құдайым, Қызығыңды көрейін. Аман болып ұрпағым, Осылай бата берейін. Бақытты бол бәрің де, Қызыр ата қолдасын. Бақ дәулетің тасқындап, Аман болсын мадбасың. Ұрпақтарым көп оқып, Толықтырсын санасын. Білімді болсаң бәріңде –Боламын, – десең, боласың Аллаһу әкпар ДОСЫМ ЖОҚ МЕНІҢ... Досым жоқ менің, Дос болар жанды таппадым. Ол жақса маған Мен оған тіпті жақпадым. Мен жүрген жерде, Дос болар адам қалмапты. Дос болар жанды, Сұм ажал ерте жалмапты. Дос іздеп бекер, әуейілікке барамын Шын досты табу, Қиын-ақ екен, қиын-ақ, Осыны ұқ тараған менен, қарағым.

ӨМІРДІҢ УЫ ӨТІРІК

Өтірік айтса өз балаң, Нең қалды қазақ азбаған. Өтірік десе өртеніп, Үлкендер өле жаздаған. Өтірік айтқан имансыз. Өтірік айтқан ол арсыз. Өтірік өрге баспайды. Кімге барып жағарсыз. Өтірік жолдас болмайды. Өтірік айтқан оңбайды. Өтірік айтса өз балаң. Бәрінен де сол қайғы.

БЕКАСЫЛДЫҢ БАСТАУЫ

Кезеріп ерін, кеңсірікке қақ тұрып, Кенезем кеуіп бастауға жеттім аптығып. Шашырап жатыр шойындай шоғыр тастары, Шалғыны шалқып, жапыраққа шық тұрып. Сусыным қанды шәрбатын ішіп бұлақтың. Ауылға жету-ойланып тұрсам жырақ тым. Қиялмай бабамның басқан іздерін, Түнеп те шықтым.сыбдырын тыңдап қурақтың. ӨМІР-АЙ Өмір ғой өтіп жатқан азабы көп, Жүрмедім ешбір жанның мазағы боп. Алланың маған берген азғанасын, Жетесіздер өріп жүр таза күндеп. ӨЛЕҢ ДӘПТЕРІМ ЖОҒАЛҒАНДА Әр адамның әр қилы, Болады екен талғамы. Жоғалғандай дәптерім, Жоғалмасам болғаны. 14.08.08 ж.

АЛТЫНШЫ БӨЛІМ

Хаттар легі Көкшетау облыстық білім Департементінің аға инспекторы

ҚОСАҒА!

Сау-саламатсыз ба? Жазған хатыңызды алдым. Ағайын туыс, үлкен-кішіге біздің семьядан достық сәлем. Сізбен Жамбыл қаласында сырласпағанымызға өкініп отырмын... Атам үлкен ғұлама болған кісі еді. Сол кісі былай дейтін:” Адамның мейіршапағаты көзінде, зұлымдықты қас пен қабақ аңғартады “Сол үшін бетпе-бет жүздесіп отырып, сүхбаттасқанға не жетсін? Хаттың аты – хат қой. Өзімді толық таныстырудан бастасам деймін: Менің әкемнің әкесі – Бишымыр. Ол кісі кезінде дәулетті болыпты. Жеті әйелден он бала өсіріп, әдібұлыққа жеткізген. Бір баласы, кенжесі, менің әкем – Бозшатай. Әкеден бір әзім. Немере ағайындарым 34 шаңырақ. Әйелімнің аты – Манап. Бес ұл, төрт қыз баласын өсіріп, тәрбиелеп жатырмыз. Тұрған жеріміз жанға жайлы масасыз, шыбынсыз таулы алқап. Таудың қары жаз бойы ерісе де таусылмайды. Келесі қарға қосылып жатады. Жас кезімнен тау арасында өсіп, аңшылықты бір өнер деп танып, әуес болған адаммын. Құс салып, саятшылық жасайтын адамдармен дос-жарандас болып жүремін. Ақсу-Жабағылы қорығына қарасты Өгем жотасының солтүстік сілімдері біздің Ленгір ауданына қарайды. Яғни шекаралас. Қазір аңшылық қоғамына мүше болмасаң жібермейді. Лицензия бойынша аңға шығып тұрамын. Сіз секілді мен де аңшының құрал-сайманын жинап жүремін. Сондықтан шығарманың көбі экология мәселесі жайында сыр қозғайды. Қазір көнеріп бара жатқан табиғат тылсымдарын адамдардың есіне қайта салып, халқымыздың мұрасын өлмесе, өшпесе екен деген тілекпен жазып жүрген жайым бар. Құс салатын қарттарымыз да баршылық.

Әрине, күнделікті тіршілік адамды өз дегеніне көндіріп, дағдыландыратыны белгілі, сол дағдыға қосымша әрекет жасау – бір қуаныш. Жазу үстеліне өзімді кейде зорлап әкелгендей боламын да, ал жазуға кіріскен соң бәрін ұмытып, тамаққа шақырумен зордан барамын. Осындай жазу үстінде сіздің хатыңыз келіп жетті. Әйеліме, балаларыма оқып беріп, жаңа дос туралы, сіз туралы, енді толық түсіндірдім. ЕЛ, ЖЕР көруге мен қуана, құлшына кірісемін... Хат арқылы хабарласып, оны келісіп шешу – менің мойнымда. Аман-сау кездескенше күніміздің нұрлы болсын. Төле би ауданының халық депутаттарына, аудандық Кеңестің төрағасы Ә.Бектаев жолдасқа, Калинин ауылдық кеңесінің төрағасы Ө.Смайылов, Абай атындағы колхоздың төрағасы Сексенбаев жолдастарға “Кеңесарық ”орта мектебенің методист-мұғалімі Пошатаев Қанаттан ашық

ХАТ Заманымыздың Ұлы өзгерісіне байланысты менің пікірімді қолдайды деп сене отырып, төмендегі жайды баяндаймын. Әкем Бишымыров Бозшатай шаршы топта былай деп айтып отыратын: – Әкем, Бишымыр 1809 жылы туылып, 1902 жылы дүниеден өтті. Өзі өмір сүрген жылдарында тау етегі Дегерез атты қиялы тегісте аянбай еңбек етіп, арық қазып, су шығарып, егінмен айналысып, соның арқасында дәулетті адамның бірі болған. 1902 жылы әкем өлер алдында он бес жастағы кенже баласы маған: Балам, саған енші бере алмадым, үй қылып отау тікпедім. Саған мұра етіп Дегерез тегісін қалдырамын. Құдай куә...деген еді. Сонымен жер егесі мен болып, шамам келгенше күтіп, егін егіп, 1920 жылға дейін келдім. Сол жылы “Колхоздастыру” топалаңы жүріп, барлық малыммен қоса әкеден қалған мұра жерімді де колхозға алды. Өзімді “БайКулак"тұқымы деп түрмеге жапты. 6 ай тергеуде болып, ақталып келсем Бишымырдан тараған бала-шаға, кемпір-шал барлығы 46 жан аштықтан

қырылып, үйді-үйден шықпай қалыпты. жылға дейін Қырғыз ағайындардың арасына жан сақтадым. 1936 жылдың күзінде туған жеріме, таудағы Дегерез тегісіндегі үйіме көшіп келдім. Әкем еншілеп берген жердің, еш болмаса, бір шетінде отырайын деп ойладым. Ойымдағы болмады. Сол кездегі колхоз басшылары “Жер қазнанікі” деп ұлтарақтай да жер бермеді. Арық қазып су әкелуге де қарсы болды. Сонда да қимай 1952 жылға дейін шыдап сонда отырдым. 1953 жылдың, Сталин өлген көктемінде “Кеңе-сарық” аулына шайла тігіп көшіп келдім. Өз кіндігімнен 16 бала болды. 1920-1936 жылдар ішінде маған жасалған қуғын сүргіннің әсерінен 5 жас пен 13 жас аралығындағы 14 баламнан айырылдым. Екеуі қыз бала еді. Қарымсағым Ұлы Отан соғысынан қайтпады. Бала қайғысынан кемпірім де ерте кетті. Менен қалған дүние-мүлікке мұрагер жалғыз қалған Қанатым, сенсің, -деп көзіне жасалатын. Қазір сол жер кооперативтік қатынаспен маған қарайды. Түскен өнім жоспардан артық. Сонымен Бабам Бишымыр әкеме қалдырған “Дегерез” тегісін әке мұрасы етіп алсам деген ой мені мазалайды. Менің бұл әрекетім мемлекеттің жер салығынан, колхозыма сататын өнімнен қашқаным емес, оны заң бойынша міндетім деп есептеймін. – Онда неге арамтер боласың? - деген сұрақ қылаң беруі мүмкін. Оған жауап: Профессор Бенцтің үш жүйесі мені алаңдатады. Екінші мақсат өткеннің өнегелі істерін Ұрпақтан-ұрпақ жеткізу, бабалардың қаны мен тері бірдей сіңген жерді қастерлеу-ұрпақ алдында міндет екенін білгізу, балаларымды «Жер біздікі» дегенге сендіріп, онда аянбай еңбек етуге, қылын қисайтпайтындай қамқоршы болуға баулу. Сонда ғана ата-баба аруақтарына тағзым еткенім деп түсінемін. Міне осылай еткенде ғана өшкеніміздің жанып, өлгеніміздің тірілгені деп ойлаймын. Төрткүл дүние тынысына қарасақ, өзге ұлттың адамдары, кейде іскер ме деп қаласың, зорлықпен алынған дүние-мүліктерін, сарай, кешендерін, жер,

үйлерін қайырып алып жатқанда ата-баба қанымен суарылған қазақ жерін неге ұрпағына қайтармасқа. Көре алмастық пен қызғаншақтыққа салынып, қазақ жерін қазаққа қимасақ, онда заман ағымы жөнінде басымызға әлі де зәредей сәуе кірмегені айқындалады. Осы хатыма көнекөз қарттар да құдай алдында шындығын айтар деп сенемін. 1-қараша, қой жылы. ЖЕТІНШІ БӨЛІМ Сүбелі мақалалар

АНА ТІЛІМІЗ ТАҒДЫРЫ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА

Айтатын өздеріңе бар ақылым, Ұмытпа ата салтын, ана тілін. Болады жат жерлерде пірің солар, Құдыретті, қуатты алатұғын. С.Мәуленов

Қайта құрудың нұрлы сәулесі жеке басқа табынушылықты тарақандай қуыстан-қуысқа тығып, тұйыққа тіреді. Ай жарылқап, күн туып жаңаша түрленіп келеміз. 1989 жылдың қыркүйек айының 22 жаңасында Қазақтың Советтік Социалистік республикасының тіл туралы заңы бекіді. Қазақ тілінің мемлекеттік статус алуы – ел екеніміздің белгісі болды. Тіл тірегі – ғалымдарымыз бен тілге жанашыр қауымдарымыз істі демократиялық жағдайда шешуде. Десек те, әлі де болса өз тіліміздің өркендеп қанат жаюына мекемелер мен кәсіпорындарда құлшыныс байқалмайды. Самарқау көштен қалмастың кебін көреміз. Жол көрсеткіштері баз-баяғы түрінде. Адам және жарнама екеуі егіз іспеттес. Адам тұрған жердің бәрінде жарнамасыз болмайды. Сол жарнаманың ауысулары мимырт. Қазақ ССР-і қазақ тілінің мемлекеттік тұрғыдан қорғалуын жүзеге асыруды және оның мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарда, халыққа білім беру, мәдениет, ғылым мекемелерінде, қызмет керсету, бұқаралық акпарат салалары мен басқа да салаларда белсенді түрде қолдануына қамқорлық жасал отырады, делінген Заңда. Осында керсетілген тұжырымды сездерді іске асыру – біздің, әсіресе қазақтардың басты міндеті. Бұрынғы тоқыраушылық тілімізге кері әсерін қатты тигізді. Ежелден қазақ тілі шешен тілдердің қатарында келсе, қазір қарабайыр тұрмыстық тіл болып қалды. Оның басты себептері: Жоғарғы оқу орындарында пәндердің тек орыс

тілінде оқытылуы, орта білім беретін мектептерде қазақ тілі мен әдебиетіне сағаттардың өте аз бөлінуі, іс-қағаздарының барлық жерде орысша толтырылуы, күнделікті теледидар хабарларының халық санасын «жаулап» алуы қазақ тілінің үндестік жүйесінің күл-талқанын шығарды. Басқаны қайдам, біздің халықтың көпшілігі кітап оқуды қойды. Жақсы кітап баспадан шығыпты десең: «Киноға шығар, сонда көрерміз» деген немқұрайды сөздерді есітіп жүрміз. Кітап оқу – тілді байытудың негізі емес пе? Көпшілік жиындарда, автобустарда орашолақ тілмен орысшаны бұзып сөйлеп тұрған жастарды көргенде, оларды осындай күйге түсірген, ұлттық арожданына ықпалын тигізген өткен өмір елестеріне лағнет айтасың. Баспасөз беттерін парақтап отырсаң, қазақ тілінің статусын алуына шет елдегі отандастарымыздың қуанышында шек жоқ екен. 1989 жылғы «Қазақ әдебиеті» газетінің 26 - мамырдағы (№26) санына Оқу Министрінің Бас кеңесшісі Бақтияр Смановтың «Асылдың сынығы» деген мақаласы басылды. Онда Америка Құрама Штатына барған ғалым Шайсұлтан Шаяхметов Нью-Йорк университетінде болып, тұңғыш қазақ әліппесін жазған ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл құрал» кітабының өзін емес, көшірмесін әкелгені туралы қызықты мәліметтер берілген. Осы мақалаға орай «Біздің Отан» газетінде «Апыстан келген хат» деген мақала көп кешікпей жарық көрді. Мақала басындағы алғы сөзінде: «Жер шарының алыс түкпірі Американың Нью-Йорк қаласынан «Біздің Отан» газетіне арнайы жазылған бір хат келді. Таза қазақ тілінде. Авторы Мариям Қырымлы. Жас суретші екен», дейді. Хаттағы Мариямның сөзін қорытып айтатын болсақ, Қазақстандағы, соңғы жылдардағы оң өзгерістерге өзінің шын қуанышын айта келіп, қазақ тарихындағы «Ақтаңдақтарды» жою әрекетін үлкен іс деп қарайды. Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл құрал», «Әліп би жаңа құрал», «Қазақ» газетінің, «Айқап» журналының кейбір сандарын табуға көмектесетінін хабарлайды. Тілімізге шын жанашырлық білдірді.

Алыстағы отандастарымыз туған жердің топырағын бойына тұмар етіп тағып жүріп, халқының бай тілді, іргелі ел болуын армандайды. Жан жүрегімен езіле, егіле отырып жазады. Ал біз болсақ, көпшілік атасында, мәдени орындарда өз тілімізде сөйлеуге намыстанамыз. Оған себеп: Біздің рухани жанымыз жастайымыздан лайланған, мәдени, әдеби сөздерімізді жойып алғанбыз. Сөйлесу тіліндегі сингармонизмді шатастырамыз. Содан барып өз сөзіміз өзімізге түрпідей тиеді. Бұл тығырыктан шығатын жол – қазақ классиктерінің көркем шығармаларын орфографиялық заңдылықтарға сай оқып, дағдыланғанда ғана қол жетеді. Шүкір, өз Отанымызда біреуден ілгері, біреуден кейін өмір сүріп жатқан исі қазақ халқы тілінің, салтының, озық дәстүрінің қайта қалыптасуына жанашырлықпен қарап, жұмыла кірісетін уақыт жетті.

САХАРА ҒҰЛАМАСЫ Бәйдібектің он екінші ұрпағы, сахара ғұламасы Бекасыл Биболатұлының 1822 жылы қазіргі «Кеңесарық», бұрынғы «Қарасора» ауылында дүниеге келіп, 1915 жылы қазан айында «Жергентал» өзенінің бойындағы кіші Қапшағай жайлауында қайтыс болды. Өз өмірінде артына мол мұра қалдырған терең білімді, парасатты ұстаз, керемет жұлдызшы, сәуегей кісі болғаны елге мәлім қарттың атын атау бұрын аса қауіпті болса, енді ол кісінің атын атап наш ету бүгінгі ұрпақтың парызы. Әкесі Биболат небәрі 37 жасында мамадан (шешектің бір түрі) қайтыс болып, артында үш ұл бала жетім қалады. Үлкені Байшымыр 15 жаста, ортаншысы Бишымыр 12 жаста, кішісі Бекасыл 3 жаста. Жетім балалар күн көру үшін өздерінше тіршілік жасап, көршілес «Қарамұрт» қыстағына барып үйге керек-жарақтарын бидайға, тоқты-торымға айырбастап алып жүреді. Әкеден қалған жалғыз көкшолақ мінер көлігі еді. Көкшолаққа ұдайы мінгесін барыпкеліп жүрген Бекасылдың көзі медресе оқушыларына түсіп, медресе шәкірті болу арманына айналады. Сол уақытта Сайрамның құрамдас белігі «Қарамұрт»

қыстағы үлкен білім ошағы болуға ұмтылған кезі еді. Бірақ жоқшылық алғашқыда оны сол мақсатына жеткізбеді. Ағасы Бишымыр інісінің өзгелерден бөлек талантын байқап, қалайда оқытудың қамына кіріседі. Бухарада, Самарханда оқып хафиз атағын алған Қара-молла (лақап аты) медресесіне келіп, дамолламен сөйлеседі. Келіп оқитын тоғыз жасар баланың панжасына қызыққан дамолла: – Байқаймын, қаржың жоқ көрінеді. Оқу ақысының жартысын төлесең болады. Қалғанына дәрістен соң отын-суға, үй тіршілігіне жәрдем беретін болсын. Оқу ақысының қалғанын еңбегімен өтейтін болсын-деген уәж айтады. Оған ағасы мен інісі қуана келіседі. Ауыл молдасынан ашқан сауатынан басқа бұған ешнәрсе үйретпейді. Сабақ уақтысында отын-суға жұмсап мезі етеді. Құл есебінде пайдаланады. – А, қазоқ боласи, қатты сусадым, хауыз бетидеги зәңни ари-бври сирип, тегине томанидан бир киса су әккелип берин,-деп Қарамолла бұйырады. Әуіз бетіндегі зеңгіл шөпті ары-бері сырып, судың астыңғы қабатынан, салқын жерінен, кесемен көсіп ала беремін дегенде, сырлы кесенің жартысы су түбінде сынып қалып қояды, жартысы балада қалады. Қатты ашуланған дамолла жазалы баланы бір шәкіртіне көтертіп қойып қатты сабайды. Таяқ өткен Бекасыл әртүрлі ойға кетеді. Елге қайтуға арланады. Ағалар сенімінен шыға алмағанына жүрегі ауырады. Жасынан халықтың ауыз әдебиетіне қанып өскен бала, неде болса, әулие-әмбилерден медет сұрауға бекінді. Қараңғы түсіп, көз байланған шақта «Қарамұрттағы» «Келембаб» әулиеге барып, моласын құшақтап жатып: – Е – е, айналайын «Келембаб» шын әулие болсаң, мені білімдар ет, оқыт, ол болмаса, алла тағала жанымды алсын!? Қасыңда болайын? - деп, моласын құшақтап жатып ұйықтап кетеді. Түс көреді. Сол түсін ол кісі былай деп еске алады екен. – Көкмайсалы шалғынның ортасында отыр екенмін, шалғынның шеті көкжиекпен астасып, шексіздігі байқалады. ІІІалғын үстінде адымдай басып салауатты бір кісі маған қарай келеді. Тұрып қолын алайын десем, тұра алмаймын.

Сәлем беріп, ұмтылған боламын. Сөйткенше болмай: «Неткен баласың? Не керек жаныңа? Құрық берейін бе, көген берейін бе,- деді. – Қарасам шапанының омырауынан бір кішкентай кітаптың шеті көрініп тұр екен. – Маған анау кітабыңызды берсеңіз,. - дедім. – Ә, балам, білімге құштар екенсің, аш аузыңды? - деді. Аузымды аша бергенім сол еді, барлық қақырығын жиып алып аузыма түкіріп-ақ жібергені. Жиіркеніп, лоқсып-лоқсып оянсам, түсім. Таң арайлап атып келеді екен. Қуанышым қойныма сыймай медресеге қарай ұштым. Келсем балалар сабаққа отырып қалған екен. Есіктен кірген бойда дамолламыз: – А, молла Бекасыл, жоғары шық, сіздің орныңыз бүгіннен бастап мына жер, - деп өзінің қасына құрметті орынға отырғызды. Шәкірттердің арасында «Дамолламыз қазақ баласынан қорықты» -деген сөз көпке дейін басылмай жүрді... Міне сол күннен бастап білімге шабыттанып, оқуға құныға кірістім. Жыл артынан жыл өтті, күндердің күнінде дәрісті ерте тамамдап дамолламыз ұзақ ойланып отырып сөз бастады: – Құрметті де қадірлі балаларым бүгін менің алдымнан ұшқалы отырсыңдар. Қатты кеткен жерім болса, кешіре көріңдер? Сендердің әрқайсыңа әр деңгейде білім қалыптасты. «Ағашына қарай жемісі» деген. Ең білімдарың молла Бекасыл. Қазір молла Бекасылдың ілімі хафиз атағы бар менен жоғары десем асырып айтқандық емес. Бұндай ілімді көп оқу мен құймақұлақтығынан меңгергені өздеріңе мәлім. Естеріңде болар молла Бекасылды жазалаған күннің ертеңіне сендердің араларыңда «Дамолламыз қазақ баласынан қорықты» деген сөз болды. Мен үндемедім. Сөзбен емес, іспен дәлелдеуге тырысып, бүгінгі күнге шыдадым. Сол күні өзім де пұшайман болып көпке дейін ұйықтай алмадым. Таңға жуық көзім ілініп кеткен екен түс көріппін. Түсімде барлығыңды ертіп дарияға барыппын. Күн ыстық екен деймін. Бәрің де суға түстің. Дариядан ету керек екен-ау деймін. Бірің қорқып судың шетінде қалдың, кейбірің

ортасында қалдың, молла Бекасыл дарияны қақ жарып өтіп кетті. Бұл баланың сол күнгі тілегі қабыл болған еді,-деп сөзін аяқтаған еді. Білім нұрымен сусындатқан сүйікті дамолласымен қоштасқан бойда өзінің туған жеріне келіп, медресе ашып бала оқытуға кіріседі. Бұхарадан қап-қап кітап алдырып, сонымен бірге Мир-Араб медресесімен байланыс жасап, ғылыми еңбектерге тафсирлер жазады. Шәкірттерін ғылымның көптеген түрлерімен сусындатумен бірге жыраулық өнерге де баулып отырған. Оқытқан балаларының ішінде жақсы шәкіртінің бірі қазақ халқына белгілі ақын Қазанғап Байболұлы. Құрыстыра қысқан құрсауды бұзып шыққан халық тілегі ақиық азаматтардың көмулі шығармаларын жарқ еткізе жарыққа шығарды. Соның бірі Қазанғап Байболұлының «Төле би» атты тарихи дастаны. Кітапты оқи отырып ұстазы мен шәкірті арасындағы ғылыми, тарихи байланыстарды аңғарамыз. Бекасыл жазған 1598 жыл Ташкент билеушісі болып келген Тұрсын хан мен қазақ ханы Есімхан арасындағы тарихи тартысты Қазанғап Байболұлы «Еңсегей бойлы Ер Есім» деген атпен қазақ тіліндегі көркемдегіш құралдарды мейлінше дәл пайдаланып, дастан етіп жазып шықты. Қазанғап Байболұлының «Төле би» дастанында Бекасылдың «Жаныс шежіресі» деген қолжазбасының жүйесі пайдаланылған. «Төле би» дастаны шын тарихпен байланысқан аса құнды шығарма. Шығыс ғұламаларының еңбектеріне тафсирлер жазып, оны халық арасына қолжазба түрінде таратты. Сол секілді «Жұлдызнаме» кітабы де елге көп тарап кеткен еді. Орта Азияның көрнекті ғалымы Әбу Әли ибн Синаның емдік кітаптарын алдырып, оны оқып меңгеріп, туған халқын емдеу ісімен де айналысқан. Ол кісінің алдына келген сан аурулар жандарына шипа тауып, емделіп кетіп отырған. Баласы тұрмаған Байболды жұбаймен емдеп Қазанғап ақынның өмірге келуіне бірден-бір себепші болған Бекасыл екендігін бүкіл Төселінің әрбірі айтып отырады.

Ол кісі кезінде саяси жұмыстармен де айналысқан. Елінің елдігі мен қалыптасуына философиялық көзқараспен зерттей болжап отырған. Көрегендікпен айтқаны үнемі дәлдікпен ашылып отырған. Кезінде көрегендігі Төс еліне түгел тарап кеткен. Бір мысал: 19-жылы маусым айының ішінде ІІІымкент уезінде көреген қарт бар екенін генерал Черняев есітеді. Еріккен генерал «Жергентал» өзенінің бойына шатырын тігіп жатып, жайлаудағы Бекасылға кісі шаптырады. Өзінің сәйгүлік атына мінгізіп әкелуді тапсырады. Бірақ Бекасыл қарттығына байланысты сәйгүлікке мінбей, өз атымен келеді. Өзінің не үшін келгенін баяндаған Черняевқа балай деп жауап береді: – Менің болжауым бойынша жеті жылдан соң үлкен өзгеріс болады. Патша тақтан таяды. Он сегіз мың әлемнің қайсысында боларын ашып айта алмаймын - деп, аяқ жағын көмескілендіріп қойған. Онша сене қоймаған генерал өзі туралы айтуын өтінген. Аса саясаткер сахара ғұламасы бүгінгі күнге дейінгі өмірін айтып, алдына жайып салғанда, болашағын айтпауды өзі өтініпті. Орнынан өзі тұрып Бекасылдың иығына зерлі шапан жауып басына оқалы тақия кигізген. Сахара ғұламасының бар өмірі мен еңбектерін бүгін түгел жеткізу мүмкін емес. Сонда да болса «Төле би» атты Қазанғап Байболұлының еңбегінен дәлелдер келтіруді жөн көрдік. Қазанғап Байболұлының өзінің «Теле би» дастанында тарих қойнауына баруымның бірден-бір себебі Бекасыл шежіресі деп ашып айтады. Кітаптың 178 - бетінде: Дайынды тарих қалған жоқ, Жазулы болып өзінен Таусылмаскеп сыр естідім Адамынан үш жүздің Тере берсе табылар, Әділ кісі болған соң Жүрек аңсап сағынар Сөз жәрдемін керсеткен Теріп айтсам мыналар:

Біріншісі Бекасыл 93 жаста жөнеді Қоқандағы хандардың Төртеуін көрдім деп еді... Бұдан біз бір ғасыр өмір сүрген шежіре адамның бейнесін көрумен бірге Бекасылға деген ыстық ықыласын байқаймыз. Сонымен бірге осы кітаптың 279бетінде Төле бабаның көрегенділігін баталы, аталы сөздерін кейінгіге жеткізген Бекасыл делінген. Кезінде Оңғарбай ахунмен бірге оқыса, Сыйқым Аққұс дамолламен ірі сыйластықта, шынайы қарым-қатынаста болған. Ел ісіне бірге араласып, әділ шешімдер айтқан. Ғұлама ғалым Бекасылдың кіндігінен үш бала тарайды. Ыбырайм, Исақұд Мұсақұл жиған-терген еңбектері ортаншы баласы Мұсақұлдың қолында қалады. Отызыншы жылдар топалаңы Бекасыл әулетінің тоз-тозын шығарып, мал мүліктерін тартып алып, қудалаудың құрығына іледі. Бекасылдың кітап қазынасын балалары түнделетіп тау үңгіріне жасырады. Жетпісінші жылдары тау үңгіріндегі кітапты көрген қойшы көрсетемін деп жар салды. Коммунистік рухты жоғары тұтқан қандастарымыз оған құлақ аспады. Сөйтіп жүргенде ол қойшы да дүниеден өтті. Халық қолында сақталған кітаптарын зерттеп пікір айтқан ғалымдардың сөзін келтірер болсақ, филология ғылымының докторы Мекемтас Мырзахметов, филология ғылымдарының кандидаты Мамытбек Қалдыбаев, тарих ғылымының кандидаты Мәмбет Қойгелдиев «Төле би» кітабының алғы сөзінде мынадай сөздерді келтіреді. «Терең білімі мен ақыл парасаты, ұстаздық өнері мен жиған терген қазнасы үшін Сыр бойы түгел қадыр-қасиет тұтқан, Қазанғап Байболұлының өнер-білім алған ұстазы айтулы Бекасыл еді. Өкінішке орай, сахара ғұламасы жиған кітап, қолжазбалары әртүрлі себептермен бүгінгі күнге жетпей қалды, - деп жазады. /10-бет«Төлеби»/ «Кенесарық» елді мекенінде 504 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Осыған орай, 1992 жылдың қыркүйек айының 18-жүлдызында өткен

мектептің кәсіподақ жиналысында қаулы қабылдап, мектепті «Бекасыл атындағы орта мектеп» деп атауды ұйғарып, ауыл талқысына салды. Бүкіл ауыл адамдары бірауыздан тізімге қол қойды. Жалпы саны 294. Дүние жүзілік атағы бар әуесқой суретші Молдағали Қалдыбаев Бекасыл ғұламаның бейнесін салып, жаңа мектебімізге тарту етіп отыр. Қымбатшылық шегіне жеткен заманда ол бейненің қыруар ақша тұратыны белгілі. Ұрпақтар атынан ол кісіге айтар алғысымыз мол.

ТӨЛЕ БИДІҢ ТАРИХЫ

Осы мынау өтіп жатқан үлкен жиынның себепкерлері – білікті басқарушы, дарынды шешен, саналы ұйымдастырушы үш жүздің төбе биі – Төле би. Төле би – Ұлы адам «Ұлы» сөзін бүгінгі ұрпақ кемеңгер бабасына лайық екендігіне көзі жетіп, теліп отыр. Жазу-сызудан кенже қалып, кеш үйренген халқымыз екі жарым ғасырға жуық Төле баба сөзін жадында сақтап, атадан балаға мұра, бүгінгі ұрпаққа тәрбие қаруы етіп, әдебиетімізге беріп отыр. Төле бидің інісі Елібайдан тараған жерлес ақынымыз Қазанғап Байболұлының 300 беттік «Төле би тарихы» атты дастаны кітап болып басылып шықты. Сол дастанда мынадай жолдар бар: «Басқаби мен Төлеби, Аспан мен жердей арасы. Үш биден бөлек үш жүздің, Жеткен жоқ түгел шамасы. Дүниеде зерек кім өткен, Төледей қазақ баласы Билігі төрге жылжыған Туылған күндей ел басы...» - деп Төле би болмысын әділ бағалаған. Төле би Әлібекұлы 1663жылы қазіргі Жамбыл облысының Шу өзенінің бойындағы Жайсан жайлауында дүниеге келді.

Туа дарын Төле жастайынан әлеуметтік іске араласты. Қазақ халқының қоғам қайраткері, атақты шешен Ұлы жүздің төле биі, шыққан тегі Дулат тайпасының Жаныс руынан. Тоғыз ұлды бабасы Құдайберді әулетінен Төленің әкесі Әлібекке дейін бай да, би де шықпаған, олар «қарашоғыр» атанған қара шаруа болған. Төле би оқыған, сауатты, жастайынан халқының ақындықшешендік өнерінен тәлім алған адам. Ол 15-20 жасында билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен елге танылды. Ол кезде қазақ пен Жоңғар хандықтары ұдайы жауласуда еді. Тәуке ханнан кейін қазақ хандығының ыдырай бастауына байланысты Төле би Ұлы жүзді билеп, жоңғар басқыншыларына уақытша тәуелді болды. Оларға алым-салық төлеп тұрғанымен ол саяси билікті өзінше атқарды. Қазақ қауымдарын біріктіріп, жоңғар басқыншыларынан азат етуі айтарлықтай қызмет еткендігінде шүбә жоқ. Деректерге сүйенсек Аблай сұлтанның көтерілуіне де Төле би ықпал жасаған. Төле би Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйбекұлымен бірге әз-Тәукенің басты кеңесшісі болды. Тәукенің Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп бірегей қазақ хандығын нығайтуға жоңғар-ойрат шапқыншыларына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларын жүзеге асыруға өз үлесін қосады. Ол кезінде Россия мен Ұлы жүз арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыруға және оны нығайтуға көп еңбек сіңірді. Төле бидің басшылық, шешендік дарыны қазақхандығы ыдырап, соны пайдаланған жоңғар хандығы жойқын қолмен шабуылға шығып, қазақ халқын қырғынға, қалғанын «Ақтабан шұбырындыға» ұшыратқан кезде айқын көрінеді. Ол Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Жәнібек батырмен бірыңғай халық жағына шығып, майдан құрып, азаттық күресін басқарады. Қазақ жерін басқыншылардан азат етуге басшылық жасайды. Төле би өзі билік еткен Шымкент, Түркістан және Ташкент қаласында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне де белсене араласқан. Төле бидің

есімі тек Ұлы жұзде емес сондай-ақ орта жүз бен Кіші жүздегі ірі-ірі тарихи оқиғалармен де тығыз байланысты. Төле бидің ел көзіне түсіп, билік биігіне көтерілуі үш жүздің басын қосқан ханы әз-Тәукенің тұсында, хан ордасы – Түркістан қаласында жанданған. Ғасырдан-ғасырға жалғасып, ауыздан-ауызға кешіп, халық жадында жасап келе жатқан әдет-ғұрып, қарым-қатынас ережелерін қалыптастырған. «Жеті жарғы» атты заң ережелерін жазып, іске асырған. Теле бабамыз сол кездің Демосфоны мен Цицероны болғандығында шүбә жоқ. Төле би ұрпағының қай шаңырағына барсаң да «Бабамыз былай деген екен...» деп дана бабаның асыл сездерін алға тартып отырады. Бұл күнде жақсылар мен жайсаңдарымызды радио теледидар, түрлі басылымдар арқылы таныстырып жатсақ та кеп уақыт етпей оны ұмыта бастаймыз. Төле бидің дүниеден еткеніне 235 жыл етсе де, «ол айтыпты» - деген асыл сөз тіркестері күні бүгін туындағандай жаңарып есітіледі. Әкем бар деп мақтанба, Топқа түсері жоқ болса, Балам бар деп мақтанба, Жаман туған боқ болса. Ағайыным бар деп мақтанба, Дос-дұшпаның келгенде Қарасуы жоқ болса, - деп философиялық ой түйеді. Бұдан артық тәрбие бола ма? Әсіресе ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда жоңғарлардың қаһары қазақ елінің шымбайына қатты батты. Абылай ханның айтуы бойынша «ХҮІІІ ғасырдың басындағы 40 жыл ішінде халықтың үштен екідейі қырылды» - дейді. 1723 жылы жоңғарлардан қашқан шал кемпір, жесір әйел, жетім балалар Сыр бойының жыңғыл жиде аралас қалың тоғайына паналады. Азаматынан айырылған аналар жесірлік азабын тартты. Осындай қиын кезеңде Теле айтыпты деген мынадай аңыз бар:

Бас-басыңа бай қайда баққа қара, Шал да болса ер еткін екеу ара, -деп ұрандаған көрінеді. Ондағы мақсаты: «Жоңғар бір жылдық жау емес, ата жауымыз, елдің елдігін сақтау үшін қазақ сарбазы керек. Еркегі жоқ ел – ел болама. Әмеңгерлік жолмен ұрпақты көбейтуіміз парыз», - деген астарлы ой жатқан жоқ па бұл өлеңде. Осы жылдары дүниеге келген бала 1744-1747 жылдарда 20-22 жасар сарбаз болып жоңғарларға соққы бергені тарихи шындыққа келеді. Шаңырақ күйтін күйттемей, елді сақтау үшін қандай даналық шешім жасағанына таңданбасқа шараң жоқ. Төле би Бөгенбай батырмен бірігіп жасақ Бұланты мен Бөлекті өзенінің жағасында жауды ойсырата жеңеді /қалмақ қырған/. Осыдан кейін Төле Бөгенбай батырмен қосылып, қазақ даласының кіндігі Арғанаты тауына 1730 жылының көктемінде. «Ит жылының көктемінде Арғанатыға жинал» деген ұран тастайды. «Көктемде үш жүзден 40 мың қол жиналды. Әскер басқару үшін хан түқымынан Әбілқайыр, қолбасшыға Бөгенбай батыр сайланды. Қазақтың қалың қолын біріктіріп басын қоса отырып, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер жалынды сөздерімен жауынгерлерді ерлікке шақырады. Ишан, молла, ғұламалар құран бағыштап, жасақтарға ақ ішкізіп, ант алып, намазға жүгіндіреді». Міне осыдан кейін 1730 жылдың тамыз айының аяғында Іле өзенінің Аңырақай ағысының түсында қазақ жасағы жауды жеңіп ұлы жеңіске жетеді. Төленің өмір сүрген тұсы халқының басына қара түнек түн жамылған тұс еді. Ол осы кезде халқының қасынан табылып, көк найзаның ұшымен де қызыл тілдің күшімен де туған елі мендаласын жаулардан қорғауға белсене араласты. Арғымақ баптап не керек, Артынан жабы қуып жеткен соң. Ағайын-туған не керек, Аңдысып күні өткен соң - деп үшжүздің баласын бірлікке шақыра келіп: «Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек, Бірлікті құраған соң тірлік керек. Ағайынға ала жылан бола қалсаң,

Аузыңнан несібеңді біреу жемек, -деп ой түйіндейді. Төле би айтты деген шешендік сөздер осылай ел ішінде өрбіп кете,береді. Төле би өз заманында тек сөз зергері ретінде танылып қоймай, батырлар қатарында болып, қол бастап, құба қалмақтарды түре қуғаны тарихтан белгілі. Оған мысал: 1740 жылы Хиуаның ханы – әз-Тәукенің бір баласы Ғайыптың орнына Әбілқайыр өзі таққа отырмақ болады. Тіпті, біраз уақыт хан да болады. Алайда «Хиуаға Нәдір шах жорыққа шықты» дегенді есітіп Әбілқайыр Хиуа тағын тастап, бір түнде Жайық қайдасың деп көшіп кетеді. Әбілқайырдың мұнысын естіген халық батырлары Кіші жүз ханының бұл ісіне таңдана алмады. Себебі, 1729 жылғы Андасай – Ақсүйек – Аңырақай мекендеріндегі шайқастың тетігі түгелдей Әбілқайыр қолында болса, қазақ жастары жеңіліс табар еді. Төле би, Бөгенбай, Шоқпар, Ақшадыр батырларының жасақтары әуелде Аңырақай даласынан алыстау тұрған. Әбілқайыр қолы Қордай асуынан кетпей бекіне бастаған. Сарбаздар ұрыстың орта шенінде әлсірей бастағанын байқатқан. Әбілқайыр ханның туысы Ұлы жүздің ханы Жолбарыс да ұрысқа кірмей «шыдам» сақтаған. Үш жүздің ханы болып дайындалған Болатхан хан тауында үлкен ордасын тігіп, ол жатқан. Міне осындай қысылтаяң жағдайда Төле би мен Бөгенбай жасақтарына хабаршы жеткен. Хабарға қаныққан олар тез ұрысқа кіріседі. Осы ұрыста жеңіске жетуге Төле би мен Бөгенбай сарбаздары жанталаса кірісіп, қуба қалмақты жеңіп, түре қуа бастағанда хан әскерлері ұрысқа араласқан. Жалпы әз-Тәуке ханның тұсында билер де, батырлар да өз істеріне өтемөте жауапты қараған «елім, жерім» деп өткен жандар екенінде дау жоқ. Үйсін Төле бидің, Қаз дауысты Қазбек бидің, Айыр тілді Әйтеке бидің халқымыздың іргелі өрге ұмтылған ниеттері, осы жолда жасаған игі істері әлі де бір жүйеге келтірілуі тиіс халық батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлар осындай салиқалы билерден ақыл-кеңес алып, халқының болашағын сақтауға аянбай еңбек етті.

Соғыс ауыртпалығын тартқан елін іргелі ел қатарына теңеу үшін Бұхар, Қоқан, Жоңғар хандықтарымен мүмкін болғанша тату тұру көзделген. Негізгі тұрағы Жиделібайсын Ташкент төңірегі және Шыназ қаласы болған. Төле баба атындағы ауданда өз кіндігінен тараған жанұя үш колхоз, екі совхозды құрайды. Ауданымызды үштен бір бөлегін Төле би балалары десек қателеспейміз. Төле бабамыз 1756 жылы Шымкент облысы, Ленгір ауданында Қазығұрт тауының етегіндегі Ақбура бұлағының маңындағы «Ақбұрхан» атты ордасында дүниеден өтті. Денесі өзі 12жыл бойы билеген Ташкент қаласына, Бабырдың нағашы атасы Жүніс ханның жанына қойылған. Онда Төле биге үлкен ескерткіш орнатылған. Қазақ халқының қоғам қайраткері Үш жүздің төбе биі Төле Әлібекұлын мәңгілік есте қалдыру үшін өткен жылы Кеңес сессиясында Төленің ұрпақтары тұратын Ленгір ауданы Төле би ауданы етіп өзгерту туралы қаулы қабылдаған болатын. Қазақ КСРО жоғарғы Кеңесінің Президиумында бұл ұсыныс қолдау тауып, шілденің 5 жұлдызында арнайы шешім қабылдады. Міне осындай ортақ қуаныш иесі қазақ баласын бір сілкіндірері сөзсіз. Қуаныштарыңыз әрдайым баянды болсын, Ағайын!

КӨКТАУДЫҢ КӨГЕРШІНДЕРІ Таң жаңадан ғана атқан. Қос өзеннің құйылысына орналасқан «Синегорье» пионер лагері мүлгіген тыныштық құшағында. Көгілдір сағым саф ауа үп етпес желсіз күйге маужырап, кең алапты қымтап алған. Күншығысты ала көлбей жатқан Алатаудың басын ақ мамыққа орай жауған кешегі қар күн сәжесін шағылыстырып, кең аңғарды күлгін түске көмкеріп тұр. Күн сәулесі көгілдір аймақты түгел жапқан кезде лагерь селекторы іске қосылып, жанға жайлы, жүрекке жылы тиер сөздер ауаға тізбектеліп тарап жатты. Лагерьдің тағы да бір көңілді таңы атты.

Әсем табиғаттың әсері ме, әлде әсемдік әлемді өзіне тарта ма лагерь директоры Ташбаева Любовь Елисеевна бізді жылы шыраймен қарсы алды. Келген шаруамызды айтып, лагерь директорын сөзге тарттық. – Сіздер бірінші сезон бітіп, екінші сезонның соңында келіп тұрсыздар осы «Синегорье» пионер лагерінде басшылық жасауыма төртінші жыл. Бұл жұмысты етене үйреніп кетті десе болғандай. Жұмысым өзіме ұнайды. Балалармен жұмыс істеу – мұғалім үшін бақыт деп есептеймін. Лагерімізде бірінші сезонда 229 пионер тынықса, екінші сезонда 235 пионер демалып жатыр. Бірінші сезонда Қызылорда қаласынан, Төретамнан, Ленин ауданынан 165 бала келсе, екінші сезонда аталған жерлерден небәрі 60 бала тіркелді. Арал өңірінен келгендер үшін әрқашан құшағымыз ашық. – Құрғақ сөзден гөрі істі көре жүріп сөйлесейік,-деп, орнымыздан көтерілдік. Лагерь өміріне жаңаша басқару жүйесі енгеніне көзіміз көріп, көңіліміз сенді. Бұл демалыс орнының орналасқан жері жер жаннаты десе ешкім қателеспейді. Сонау 70 жылдары ірге тасы қаланған қалашық қазіргі заман талабына сай таразыласақ, ескірген. Үйлері де жүйеге сай орналаспаған. Ағаштар қисынсыз есейіп, көз тартар көріктен ада, қартандық кейіпке енген. Осындай пионер лагерін «Қыздың жиған жүгіндей» жинақы тәртіпке келтірген Любовь Елисеевнаға алғысымызды айттық. Лагерде «Еңбек десанты» ұйымдастырылған. Бүкіл қалашық отрядотрядқа бөлініп берілген. Әр отряд өзіне тиесілі жерді бетіне қылау түсірмей тазалап, жинақы ұстайды екен. Жоғарыда айттық: – Ағаштары ескірген, - деп. Сол ескіргеннің бәрі өрік ағаштары. Сонда да қалың салыпты. Уылжып піскен өрікті аяқ астына қалдырмай отряд мүшелері жинап, топтап үйіп жүр. Оқушылардың өзін-өзі басқаруын осы лагерден көрдік. Асхана тазалығы – санитарияға сай. Сезон басталар алдында ғана жаңа мебельдермен қамтамасыз етілген. Электр плиткалары, тоңазытқыштары толық жұмыс істеп тұр. Бас аспаз Валия Шымырбаеваның пісірген тамағы туралы жылы лебіздер есіттік.

Бала тәттісіз өспейді. Конфет баланың қолынан әр кезде табылады. Байқап тұрсаң, сол тәттіні ораған қағазды сезон бойы жимасаң, қағаздан аяқ алып жүре алмас едің. Лагерь қызметкерлері осы жайды ойластырып, «Фантик» операциясын ұйымдастырған. Әр отряд түрлі конфет қағаздарын жиып «гүлдесте» жасайды екен. Ең жақсы жасағандарына сыйлықтар беріледі. Алқаптан бірде-бір қағаз атаулыны таба алмайсың. Гүлдестенің көздің жауын алар неше бір түрі пионер бөлмесінде тұр. Лагерде кітапхана үздіксіз жұмыс істеуде. 2000 кітап қоры бар. Күніне 2540 оқушы кітап алып оқиды. Кітапханада кештер, викториналар, кітап көрмелері ұйымдастырылады. Жеке сөзге тартқан пионерлер үшінші сезонға қайта келуге ойлары бар екендігін жасыра алмады. Қалашықты аралап көріп болған соң, Л.Елисеевнаны сөзге тарттық: – Бірінші және екінші сезонда сіздерде қанша қазақ баласы тынықты, олардың жайы қалай? Орыс немесе өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйрететін үйірме бар ма? Болмаса қандай ойыңыз бар? Л.Елисеевна: – Бірінші сезонда 229 баланың 121 қазақ баласы болды. Ал екінші сезонда 235 баланың тек 53 қазақ. Қазақ тілін үйрететін үйірме бізде әзірше жоқ. Ондай ой мені мазалағаны қашан. Барлық іс ақшаға байланысты. Аз ақшаға мамандар келмейді. Алдағы уақытта міндетті түрде бір амалын жасаймыз. – Өзге лагерьлерде «Лагерь президенті» бар көрінеді. Сіздерде қалай? Л. Е. – Біз оны басқаша ойлаудамыз. «Синегорье» корольдігі деген атпен атасақ деген ойымыз бар. Жоспары дайын, үшінші сезонда келіп көруіңізге болады. – Арал аймағынан келген бүлдіршіндерге көкөніс өте таңсық, сіздегі помидорлар езіліп, қиярлар қатайып кеткенін көрдік. Әлде таңсық асты олар таңдамай жей бере ме? Л. Е. – Менің де жанымды ауыртатын осы жай. Көкөніс қоймасына екінші сезонда төрт рет бардым. Ешнәрсе өндіре алмадым. Қолдан-қол өткенін береді.

Бүгін бесінші күн көкөніс келмей қойды. Бізге тек сейсенбі және жұма күндері босатады. Көкөністі күнде әкелсе, сапасын жоймай балаларға жұғымды болар еді. Любовь Елисеевна бізді шығарып салып тұрып, шілденің 12 жүлдызында екінші сезонның жабылу кешіне келуімізді сұранған еді. Ұрпақтар үшін жасалып жатқан еңбекті қимай, уақытты үнемдеп, кешке келдік. Кеш салтанатты ленейкамен басталды. Спорт секциясы спорт жеңімпаздарына сыйлықтар тапсырды. Пионер ұйымдары бірлесе отырып шешім қабылдап Дроздов Ильия, Германов Игорь, Дудина Наталья, Музафарова Света, Харисова Эленора, Темин Саша т.б. пионерлерді мақтау грамоталармен наградтады. Лагерьдің аға пионер серігі Буре Елена Валерьевнаның басшылығымен «Сказка Золушки» атты қойылым көрермендерді өзіне тартты. Король болып ойнаған Темин Саша, Мачеха – Харисова Эленора, Золушка – Лудина Наташа, т.б. өздерінің актерлік қабілетінің бар екенін көрсете білді. Қойылымның сценариін аға пионер серігі Буре Елена Валерьевна өзі жазып, өзі басшылық жасап жүрді. Жас қыздың қойылымдағы кемшілігін қоя тұрып, жетістігін айтып, табыс тіледік. Кештің соңында өткен екі сезонда түсірілген «Пионерлердің көңілді саяхаты» атты фильмді көрсетті. Фильм лагерь қызметкерлері мен пионерлер өздері бірігіп түсіргендіктен өте әсерлі болды. Болашақ ұрпақтар үшін қыруар жұмыстар істелініп жатқан «Синегорье» пионер легерінде бүлдіршіндердің жартысынан көбі қазақ балалары бола тұра, қазақ тіліне деген қамқорлықтың исінің жоғы көңілге кірбің ұялатты

ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН ЖЕРЛЕСТЕР!

Күн көтеріле біз мінген «Икарус» шығысқа қарай бет алды. Сылпылдақ салпы етек жаңбыр көңілді басып, жолаушылар айналаға тек көзін ғана жүгіртіп, тыныш отыр. Жол жағасындағы ағаштар малмандай су болып, күреңітіп, сирек тұманмен тұмшалап, еңсесі түсіп тұр.

Біз шыққанда.. .неге осылай күн жылап, Біз шаттықта, табиғат түр тұнжырап, Бізді жолдар жетелесе арманға, Біздің талап алға бастар-шамшырақ, - дегендей ой толқынында қалқып келе жатқан қазақ тілі мен әдебиетінен Республикалық II олимпиадасына қатысушы Шымкенттік жастар Жамбыл облысының жеріне кіргенде, төгіп тұрған ақ жауын сап тиылып, тұнжыраған күн тез ашылып, мамыржай күйге көшті. Сындарлы жарысқа бара жатқан лүпіл қаққан пәк жүрек иелерінің табиғаты өзгеріп сала берді. Наурыз мейрамына безендірген көшелерді автобус терезесінен тамашалай отырып, Жамбыл қаласындағы А.С.Макаренко атындағы мектеп-интернатқа тез жеттік. Жамбылдықтардың тыңғылықты дайындығы, қабылдауы, қонақжайлылығы, жанға жайлы жылы сөздері оқушыларды қайта түлетіп, шабыттандырып жіберді. Алғашқы күні командаларды тіркеу жюри мүшелерімен таныстыру рәсімі болды да, екінші күні саяхат, ақын-жазушылармен кездесу болды. Ал үшінші күннің таңы талантты жастардың шалқар шабытымен қатар атып, бірінші тур да басталып кетті... Ұлт мектептер басқармасының бастығы Бахтияр Сманов жолдас үлкен жиынның басы-қасында болып, жұмыс жүйесін шеберлікпен ұйымдастырды. Олимпиаданы аша отырып, ол кісі былай деді: Ең жоғарғы балл – 40. Білім сайысы екі тур бойынша өткізіледі; Бірінші, жазба жұмысы – шығарма. Екінші, қазақ тілі мен әдебиетінен – ауызша. Өнер сайысы – ұпай санына кірмейді. Он тоғыз облыстан және Өзбекстандағы қазақ мектептерінен келген оқушылардың өзара білім сайысы шыйыршық атып, өрен жүйріктер озып шыға бастады. Білімділердің жұлдызы жарқырай түсті. Алғашқы жазба жұмысынан-ақ Шымкенттік оқушылар үлкен сайыста өздерінің білімдарлығын көрсетті. Облысымыздан барған 7 оқушының бесеуі ең жоғарғы балға ие болса, біреуі 9 балл алды. «Жүйріктен-жүйрік озар жарысқанда» дегендей сан жүйріктен озғандар ел аузынаілініп, көп құрметтің мол құшағына ене түсті.

Білгір бапкерлердің тұлпарды суытуындай, оқушы шабытының келуі, ортаның әсерінен екендігі әбден мүмкін. Әр облыстан оқушыларды бастап келген жетекшілер екінші турға өз жүйріктерін баптап жатты.

Наурыздың арайлы тағы бір таңы атып, екінші тур да басталып кетті. Облыстық жүлдегерлер мен жанкүйерлердің толасыз қимылы – мөлдір, тыныш өзеннің үстіндегі сендей қалқиды. Қуана шыққан шәкіртті құшаққа алып, сүйіп жатқандар мен бейжай шыққан оқушыларды көргенде саусағын тістеп, ой толқынына батқандар да бар. Жарыстың аты – жарыс. Жеңгендердің мерейі үстем. Әділ қазылар алқасы: Дайырова, Б. Кәтембаева, К.Мадалиев, М.Қуанышбаев, Ж..Боранбаев, Л.Есімова, Ә. Қалдыбаев, А.Егеубаев, О.Қауғабаев, З.Қалауова сынды ғалым ағаларымыз бен апаларымыздың шын төрелігіне қазақ тіл мен әдебиетіне Республикалық олимпиадасына келген оқушылар аса риза екендіктерін танытты. Бұл кісілердің жылы да шуақты жүздері мен қоңыр самалдай ескен шарапатты сөздері оқушылардың жүзін балбұл жандырып, құмға сіңген судай құлақтарына құйылып жатты. Шымкент облысынан барған оқушылар ең жоғарғы орынға көтерілді. Нақты фактіге сүйенсек: Алғабас ауданындағы С.Ерубаев атындағы орта мектептің 10-класс оқушысы Абдуалиев Серік (мұғалімі-К.Саркенова), Сарыағаш ауданының С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 10-класс оқушысы Орынбеков Серік (мұғалімі – С.Смайлов) бірінші дәрежелі сыйлық пен дипломдарды жеңіп алса, Созақ ауданындағы Е.Мұратбаев атындағы орта мектептің 8-класс оқушысы Әбдіхасова Роза да (мұғалімі – С.Қожқұлов) 20 балл жинап, бірінші орынға көтерілді. Сондай-ақ, Қызылқұм ауданы, Н.Крупская атындағы орта мектептің 9класс оқушысы Асанова Айгүл (мұғалімі – Ж.Нәлібаева) 18 балл жинап, бірінші орынға көтерілді. Шымкент қаласындағы №25 мектептің 8-класс оқушысы Есімбекова Айгүл (мұғалімі – Т.Елеусінова) екінші орын. Шымкент қаласындағы №24 орта мектептің 10-класс оқушысы Күмісбекова Гүлмира (мұғалімі – М.Бейсенова) мен Ленгір ауданындағы

«Бірінші май» орта мектебінің 9-класс оқушысы Байнеева Гүлжан (мұғалімі – Р.Кареева) Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігінің грамоталарымен наградталды. Сөйтіп, оқушыларымыз білім тұғырының үш сатысын да босатпады. Өнер сайысында да біздің жерлестеріміз көптің көзіне түсті. «Айша бибі» мавзолейінің басында өзі шығарып, өзі орындаған Серік Әбдуалиевтің термесі тыңдаушы жұртты тамсандырып, тез-ақ баурап алды. Айтыс техникасын да шебер меңгеретінін танытты. Өзінің қарапайымдылығымен, өнерге деген құштарлығымен көрініп жүрген Асанова Айгүл айтыс десе арқаланып кететіні сондай, шыйыршық атқан шымыр өлеңді боратқанда, қарсыласы айтысты тез аяқтап кетуге асықты. Олимпиаданың жабылуына арнаған термесін дауылдай толассыз соғылған шапалақ үні жалғастырып әкетті. Олимпиаданың жабылу қарсаңында тіліміздің зиялы жанашырларының ой-тілектері ортаға салынды: Құрмет ордені «Қазақстан мектебі» журналының бас редакторы С.Әбішова ана тіліміздің дамып жетілуіне өз үлесін қосып жүрген халықтың абзал ұл-қыздарына еліміздің атынан ризашылығын білдірді. Сондайақ, ана тіліміздегі келеңсіз жағдайға тоқталып, талдау жасады. Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиада өткізіліп отырылуы – тіл байлығымыздың артуының алғы шарты екендігіңтіл дамымай қоғамның дамуы мүмкін еместігін, тілге бір кісідей бүкіл халқымыз болып жанашырлықпен қарауымыздың керектігін, кейбір облыстардағы тіл шұбарлығын ашына айтты. Соңында, оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен Республикалық II олимпиадасына қатынасқан Шымкент облысының оқушылары осы мерекеге келген басқа облыстардың оқушыларына үндеу тастады: Үндеуде былай делінген: «Республика бойынша балауса өлеңдерді жинап, «Лүпіл қаққан пәк жүрек» деген атпен шығатын кітапқа енген өлеңдердің қалам ақысын Арал мен Балқашқорына қосайық. Үндеуді барлық облыс қызу қолшапалақпен қарсы алды.

СЕГІЗІНШІ БӨЛІМ Методикалық Әдістеме Барлық елдердің пролетарлары бірігіңдер! «Адамды табиғат тудырады, бірақ қоғам ер жеткізіп, оған қанат қақтырады» (В.Белинский) «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» (Леонардо Да Винчи)

САУАТТЫЛЫҚ – БІЛІМДІЛІК БЕЛГІСІ

(Төлеби ауданы, Б.Биболатұлы атындағы мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пошатаев Қанаттың іс-тәжірибесінен) Жаттығу жұмысы және сауаттылық. Жаттығу жұмысын сапалы орындау – сауаттылыққа апаратын айқын жол десек қателеспейміз. Оқушы мектеп қабырғасына келгеннен бастап ұқыптылыққа үйрету мұғалімге парыз екенін ескерсек, сол ұқыптылықты Қанат Пошатаев сабақ беретін кластардағы оқушылардың жаттығу жұмысын орындауынан байқадық. Бір кластағы оқушыларды үшке бөліп қарасақ; жақсы, орта, үлгірімі төмен. Соның ішінде жақсы оқушылардың табиғаты ұқыптылыққа бейім болады да, орта оқушылар салдыр-салақтау, үлгірімі төмен оқушылар салақ болып келеді. Ұқыпты оқушы басқа жұмыстары мен бірге барлық жазба жұмыстарын тыңғылықты орындайды, әрі дәптері таза, сонымен бірге, орындаған жұмыстарын еңбегім деп сезінеді. Орта оқушылар бірде орындаса, бірде орындамайды. Үлгірімі төмен оқушылар мүмкіндігі болса, орындамауға тырысады. Үшеуінде үш түрлі жанаспайтын жағдай. Қанат ПОШАТАЕВ жаттығу жұмысын орындағанда осы әр сатыдағы оқушыларды сауаттылыққа баулудың негізгі жолдарын қарастырған.

Қазақ тілі сабақтарында оқушылар әр алуан жаттығу жұмыстарын өз деңгейінде орындап отыруын, тапсырмаларды класта және үйде өз бетімен орындауын, іскерлік дағдыға қалыптасуын қатаң қадағалайды. Жазба жұмыстарын жолға қоюда алдымен сияның бірыңғайлылығы, дәптердің ұқыпты, таза болуы, әріптің көркем жазылуы, парақтың шетінен «жиектеме» қалдыру, абзацтан, жаңа жолдан бастап жазу, тақырып атаулыдан кейін ешқандай тыныс белгісі қойылмайтыны, тақырыптың жолдың ортасына жазылуы, қатені таңбалаудың белгілері – бұның бәрі мұғалімнің міндеті болса, оны Қ.Пошатаев бұлжытпай орындап жүр. Бастауыш кластан келген оқушыларды сол күннен бастап жоғарыдағы көрсетілген бірыңғайлылыққа дағдыландырады. Орта оқитындары мен үлгірімі төмен оқушылардың орындаған жаттығу жұмыстарын әр сабақ сайын үнемі тексеріп отырады. Оқушылардан сабақ сұрағанда міндетті түрде орындаған жаттығу жұмысын берген жауабына байланыстыра айтқызып, қосымша сұрақтар береді. Олардың берген жауабы мен орындаған жаттығу жұмысын қорытындылап, бір баға қояды. Жазғанда орфографиялық қателерді көп жіберетін оқушылардың дәптерлерін кейде жаттығуды жақсы орындаған оқушыға беріп, салыстыра тексертеді. Жаңа сабақты түсіндіргенде алдымен жаттығу жұмысының берілгенін оқып, оқушыларды логикалық ойға жетелейді. Мұның себебі: (қазақ тілін оқыту екі сатыда жүргізілгендіктен) төменгі класта тиянақты білім алып шыққан оқушыда ойлау процесі жүріп жатады да, білімі төмендері озаттарға қарап, олардың жауабын қызыға күтіп отырады. Дәл осындай ынталы тыңдау кезінде айтылған ой оқушы жадында ұзақ сақталады. Жаттығуды класс болып орындаған соң ереже өзінен-өзі шығады.Тілі жақсы дамыған оқушы орындаған жұмысына қарап, дәл солай, сөзбе-сөз болмаса да, мазмұнын айтып береді, яғни қазақ тілі сабағында жаттығу жұмысының сапасы артты.

Демек, оқушы үйге берілген жаттығуды орындамаса, қазақ тілі сабағына шала дайындалғаны анықталады. Сол үшін жаттығу жазбай келген оқушыларға, тапсырманы қалдырмай, орындауға қайта міндеттейді. Осылайша сабақ сайынғы жұмыс оқушының сауатын ашып, ой кеңістігін ұлғайта түспек. Қазақ тілі пәнінің жаттығу жұмыстарын класта орындағанда оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне көбірек уақыт бөледі. Кластағы оқушылар өз беттерінше жұмыс жасап жатқанда, мұғалім жеке (үлгірімі төмен) оқушымен жұмыс жүргізеді. Оның жұмысын жүйелеп, оқушы біліміндегі олқылықты айтып түсіндіреді. Сонда ғана оқушы өзі жіберген қателердің себептерін түсініп, келешекте қателеспейтін болады. Осындай тынымсыз жұмыстың арқасында шәкірттер бірте-бірте қатарға қосылып кетіп жүр. Жаттығуға екі дәптер арналған: №1, №2. Дәптердің тысын қаптатып, сыртына төмендегідей адрес жазылған. Кеңесарық сегіз жылдық мектебінің 5класс оқушысы Асанова Сәуленің қазақ тілінен дәптері. 5-7-кластарда дәптер аптасына екі рет ауыстырылып отырады. Ал 8-9кластарда аптасына бір рет. Кластағы көп оқушының дәптері сабақ үстінде тексеріліп қойылғандықтан, жиналып алынған дәптерді тек шолып шығады да, жақсы оқитын оқушылардың дәптерлерін қарап бағаландырады. Мұғалім оқушы дәптерін класта, сабақ үстінде, тексеріп, қате жазылған сөздердің астын сызады. Шәкірттері асты сызылған сөздерден қатесін өздері тауып, жиектемеге шартты белгісін қызыл сиямен қояды. Бұлай істеуге бастауыш кластан келген бойда дағдыландырған. Кейде сабақтан 10-15 минут бөліп, оқушылар көп қате жіберіп жүрген сөздерден теріліп құралған сездік диктанттар алады да, іле сол сездерді тақтаға жаздырып, қатемен жұмыс жүргізеді. Мұндай жұмыстың пайдалылығын тәжірибеден көріп жүрміз. Қанат Пошатаев 1938 жылы туған. Ұлты қазақ. Білімі – жоғары. М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтының филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Педагогикалық стажы – 22 жыл.

1976 жылдан бері Кеңесарық сегіз жылдық мектебінде сабақ беріп келеді. 1987 жылы апрель айындағы аудандық инспекторлық тексеру Қанат Пошатаевтың творчестволық тұрғыдан іздемпаз мұғалім екендігін көрсетті. Кабинеттегі көрнекіліктер түгелге дерлік өз қолымен жасалынған. Класс тақтасын да өз методикасына қарай ыңғайлап, қайта жасап шыққан. Қазақ тілі мен әдебиет пәндері бір кабинетке орналасқан. Екі пән бір-бірімен жымдасып, пәнаралық байланыс жасауға ыңғайластырылған. Екі пәнге керекті жабдықтардың өз орнында тұруының өзі мұғалімнің шеберлігін көрсетіп тұр. «Тілдің суреттеме және көркемдегіш құралдары» стендісі тіл ұстарту сабағына пайдалы болса, «Тіл байлығы» стендісі қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында үздіксіз айтылып, түсіндіріліп отырады. Мұның бір артықшылығы термин сөздер оқушылардың үнемі көз алдында болады. Сонымен қатар «Грамматика», «Аулымыздың ақын-жазушылары», «Қазақ тіл білімі», «Абай өз заманының классик ақыны» стенділері кабинет ажарын арттырып, жүйелі білімге жол сілтегендей. Кабинет қазақ тілі біліміне керекті таблицалар схемалық карталар, карточкалармен толықтырылған. Қанат Пошатаевтың аудан мұғалімдері қатынасқан ашық сабағына келетін болсақ; оқушылардың жазба сауаттылығын арттыруда елеулі еңбегін көрдік. Оқушылардың өзін-езі басқаруын осы сабақтан сезіндік. Қанат Пошатаев бақылау жұмысы мен қатемен жұмысты календарьлық жоспарында бірінен соң бірін қойған. Алғашқы күні бақылау диктантын алады да, екінші күні сол диктант бойынша қатемен жұмыс жүргізеді. Қатемен жұмыс сабағында оқушылар өз қатесін өзі тауып, бағасын өзі шығарады. Тақта үстіне «Пунктуациялық тыныс белгілер», «Орфографиялық қателерді түзету тәсілдері», «Бақылау диктантының бағалау нормасы», «Оқушы дәптеріне қойылатын шартты белгілер үлгісі» стенділерді пайдаланып, оқушылар өз беттерінще жұмыс істеуге дағдыланған.

Халықтың жазу мәдениетінің жоғарылығы – оның рухани жетістігі, елдік белгісі. Ал сауаттылыққа грамматиканың, орфографияның, пунктуацияның ережелері мен заңдарын білу нәтижесінде қол жетеді. Қанат Пошатаев жоғары кластарда сабақ жүргізеді. Қазақ тіл білімінің өзегі – оқушының сауатты жазуы. Сауатты жазатын оқушы сөйлеу тіліне икемді және ойын нормаға сай толық жеткізе алатындығын көріп жүрміз. Сондықтан оқушылардың жазбаша сауаттылығын төртінші кластан бастап арттырудағы тәжірибесін ортаға салмақпыз.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗБА САУАТТЫЛЫҒЫ Бастауыш кластардан келген бала жоғары класс мұғалімдерінің дағдысына, сөйлеу мәнеріне алғашқыда көндіге алмай қиналады. Осыны ескерген мұғалім шәкірттеріне сабақ түсіндіргенде қазақ тілінде таза сөйлеуге тырысады. Оқушылардың қолданған кейбір диалект сөздеріне сәтін тауып түсінік береді. Оқу программасы бойынша тілді оқып үйрену екі сатыда жүргізіледі. Негізгі мақсат – оқушыны сауатты жазуға дағдыландыру. Ал бұл реттегі негізгі жұмыс – диктант. Оқушының білімі осы жерде сыналады, қандай ереже білмейтіндігі байқалады. Диктант жазу жөнінде оқушыларға бір апта бұрын хабарланады. Оны дұрыс және сауатты жазу үшін қажетті ережелермен алдын-ала танысуға тапсырма беріледі. Бақылау жұмысын алғанда тексті оқу мәнері едәуір роль атқарады. Өте тез немесе өте жай оқудың екеуі де дұрыс емес. Текст белгілі бір қалыпты қарқынмен оқылса, шәкірт оны тез түсініп, дұрыс қабылдайды. Мұның өзі тыныс белгілерін дұрыс қоюына көп әсерін тигізеді. Арнаулы нұсқауда «Текст үлгірімі орташа оқушыларға лайықталып оқылады» деп бекер айтпаған. Қанат Пошатаев осы нусқауды әр кластың қабілетіне қарай, білім, икем дағдыларын бағалау нормаларын бұзбай іске асырып жүрген мұғалім.

Ол диктант оқығанда 5-7 сөзден құралған сөйлемдерді бір рет, 10-11 сөзден құралған сөйлемдерді екі рет, одан көп болса, үш-төрт рет оқиды. Бұлай оқу баланың есту, ойда ұстап қалу дағдысын тәрбиелеуде жақсы жемісін беріп жүргендігін білдік. Диктант жаздырғанда дәптерді алға қою, қалам ұстау, түзу отыру, көзбен дәптер арасындағы қашықтыққа байланысты талаптарды ескеріп, орындатып отыру дағдысына айналған. Шәкірттердің жазу қарқынына жете көңіл бөлу – ұмытуға болмайтын талап. Демек, диктантты тексеру барысында қателерді түзетудің әрі сауаттылық тұрғыдан әрі тәрбиелік тұрғыдан рөлі үлкен. Тексеру сапалы болса, тілдің сапалы оқытылуына ықпал етеді. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын, жауапкершілігін арттырады. Осыны, ережелерді еске ұстап кабинеттегі тақтаны диктантта байқалған қателіктермен жұмыс жасауға лайықтай қайта жасап шыққан. Тақта үш бөліктен тұрады. Әр тақта топсалар арқылы бекітілген. Мұндағы ерекшелік – ол фабрикадан шыққан үш бөліктен тұратын тақтадан үлкендеу. Әрі топсалары тақта бетінде емес үстіңгі бұрыштардың жоғарғы жағына және астыңғы бұрыштардың астыңғы жағына орналастырылған. Мұндағы ой-жазып келе жатып бірінші тақтадан екіншісіне көшкенде жазуға кедергі жасамау. Топса қолдан жасалынған. Бірінші тақта мен үшінші тақтаның көлемі бірдей. Ал екінші тақтаның биіктігінен көлемі үлкендеу (барлық тақтаның ені бірдей). Тақта қалыңдығы екі миллиметр қаңылтырдан жасалынған. Түзу жазуға ыңғайлап, тақта беті үшкір металл арқылы ара қашықтығы 7 сантиметр етіп параллель сызықтармен толтырылған. Сөйтіп, Қанат Пошатаев жасаған тақтаның бес беті бар. Қатемен жұмыс жүргізілетін күні мұғалім жұмысқа бір сағат бұрын келіп, екінші тақтаның үстіне «Кім қалай жазады?» деген сөйлемді, тақтаның қиылысқан бетінің үстіне диктант тақырыбын жазып қояды. Бірінші тақтадағы екінші жолдан бастап диктант тексін толық көшіреді де бірінші тақтаны екінші тақтаның бетіне жауып қояды. Бақылау жұмысы алынған класс оқушылары қай сабаққа келсе де тақтада тексті дайын. Басқа кластардың

жазу жұмысы үшін бірінші тақтаның екінші беті мен үшінші тақтаның бірінші беті жеткілікті. Бос қалған үшінші тақтаның екінші бетіне Қазақстанның картасы ілінген. Оны әдебиет сабағында пайдаланады. Тақтаның қатемен жұмыс жүргізуге де, әдебиет сабақтарына да тиімді екендігіне көз жеткізу қиын емес. Кабинетте 25 қызыл сиясы бар қалам сақтайды. Олар бақылау жұмысының дәптерлері қойылатын шкафта тұрады. Қоңырау соғылып, балалар класқа кіргеннен кейін лаборанттар оқушыларға өткен сабақта жиналып алынған бақылау жұмысының дәптерлері мен қызыл сиясы бар қаламсаптарды таратып береді. Мұғалім бірінші тақта мен екінші тақтаның бақылау жұмысының тексі жазылған беттерін ашады да қысқаша түсінік жасайды. Оқушылар өздері жіберген қатесін өздері табады. Тапқан қатесін «Орфографиялық қателерді түзету тәсілдері», «Пунктуациялық белгілер», «Бақылау диктантының бағалау нормасы», мен «Оқушы дәптерлеріне қойылатын шартты белгілер» стенділеріне қарап отырып белгілейді. Бұл стенділер тақта үстіндегі бос орынға ілінген. Үлгірімі төмен оқушыларға жіберген қателері жөнінде түсінік жасайды да, ережелерді қайталап оқуға кеңес береді. Оқығанда қалай есте сақтау керектігін деп айтады. Шәкірттер 15-20 минутта өз жұмыстарының қатесін тауып, тексеруден өткізіп бітеді.Содан кейін бақылау жұмысының соңына; 1. «Грамматикалық қатесі», 2. «Пунктуациялық қатесі» - деп жазып қояды да, өздерінің тапқан қатесін грамматикалық болса, грамматикалық қатенің, пунктуациялық қате болса, пунктуациялық қатенің өз тұстарына санмен жазып қояды. Тексеріліп біткен дәптерлерді зерек шәкірттеріне тексеруге таратып береді. Олар айналасы 4-5 минутта тақтадағы текспен салыстырып қарап шығады да, тапқан қатесі болса, дәптер иесінің өзі белгілеген қатенің тұсына қосу белгісі арқылы қосып жазып қояды. Яғни (2+1=3) деп қорытындылап дәптерін оқушының өзіне қайтарып береді.

«Бақылау диктантының бағалау нормасы» стендісіне қарап оқушы өзінің жұмысының бағасын өзі шығарады. Жұмысының нәтижесін көріп, оқушы бойында түйсіктер арпалысы басталады. Көршісінің жақсы бағасы әсер етпей қоймайды. Соған жетуге талпыныс пайда болады. Кластағы барлық оқушылардың бақылау диктанты осылай сұрыптаудан өткеннен соң оқушылардан кімнің қалай жазғанын тізімдеп сұрап, жұмысына қойған бағаларын тексеруден өткізіп, журналға қояды. Бұндай жұмысқа 4-класқа келген бойда дағдыландырылған. Осылайша жұмысты жүргізе отырып, оқушыларды әділеттілікке тәрбиелеп, оқушы сеніміне кіріп алған. Оқушылары мұғалімге тіпті де, наразы болмайды. Сөйтіп Қ.Пошатаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Советінің 1987 жылы март айында қабылдаған «Республикада қазақ тілін оқып үйренуді жақсарту туралы» қаулысын іс жүзіне асыруда жаңа творчестволық еңбектер жасауда. ШЫҒАРУҒА ЖАУАПТЫ: Толеби аудандық оқу бөлімінің методисі – Қ.ӘБДІМОМЫНОВА. Толеби аудандық оқу бөлімі. Мұғалімдердің аудандық педагогика қоғамы. «Мұғалім» атағы үлкен талап түрғысынан алғанда, – ұлыға қатыстылық, насихатшының құштарлығы, ақынның қанаттануы, зерттеушінің ықыласы, ақыл-ой жігері және мүнымен қатар балалардың сенгіш те талапшыл жанары мен жүрегіне рухы мен жан дүниесін айқара ашып ұмтылу деген сөз», (Бүкілодақтық XIX партия конференциясының материалдарынан).

(өмірбаяны) Қанат Пошатайұлы 1938 жылы 25 наурыз күні Дегерез тегісінің төріндегі» Алтынтөбе» деген төбенің үстінде дүниеге келген. 1955 жылы Кеңесарық жеті жылдық мектебін тамамдап, 1958 жылы Куйбышев атындағы орта мектепті бітірген. 1958 жылдың күзінде біржылдық қызыл ағаш шеберлік мамандығын алып, мектепте еңбек сабағынан дәріс берген. Семейдегі мал дәрігерлік институты мен Шымкент педагогикалық институтын бітірген. Зейнеткерлікке шыққанға дейін «Кеңесарлық» кейіннен «Бекасыл Биболатұлы» атындағы мектепте қызмет еткен. 1981 жылдан журналистер одағының мүшесі 1984 жылдан Әдіскер мұғалім. Кеңес өкіметінің бірнеше марапаттарына ие болған. Жанұялы. Он баланы тәрбиелеп өсіріп, отыз бір немере, бір шөбере сүйіп отырған аяулы әке.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙