Ақылбай
Мұхтар Әуезов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...
ЗҰЛЫС
Зұлыс деген бір тау бар үлкен, биік1,
Басы қарлы таянып көкке тиіп.
Пілден пайда етуші жансебіл бар,
Қаракет қып сүйегін атып, жиып.
Орта жері отша ыстық піл ойнағы,
Өзге көрсе шыдамас кетер күйін.
Жаралы піл жабыспай жібермейді,
Ер атады еңбек қып жанын қиып.
Қалың тоғай, қара үңгір, қиын жартас,
Қаскүнем хайуанаттар тұрған сыйып.
Дейтұғын Кватэрмен бір мерген бар,
Бейнет іші күн керген қатер киіп.
* * *
Мың ділдә өлсе-дағы пілдің құны.
Ер мерген пұлы үшін атпайды оны.
Адам аумас нәрсе жоқ үйренген соң,
Қызық болып қатерлі көрген күні?
Көрген жоқ Кватэрмен бекер жатып
Күн сайын талай аңды келеді атып.
Судан арғы шаһарда қымбат баға,
Қайтпақшы піл сүйегін барып сатып.
Сүйегімен жинаған пілдің тісін,
Барарына барсын деп қылған ісін
Қарапқа2 езі түсіп, пұлын салды3,
Алып қайтпақ керекті әр немесін.
Кеменің үйі де көп, кісі қалың,
Аяқ басып жүруге келмейді әлің
Екі адам бір бөлмеде бөлек отыр,
Кім екені аңшыға емес мәлім.
Біреуі ұзын бойлы, қыр мұрынды,
Қымбатты оңаша алған бір орынды.
Қара мұрт, қызыл жүзді, кең жаурын,
Сөзі әдемі, киімі әм форымды.
Кемедегі кісіден иығы асқан,
Келісімді, келімді, кердең басқан.
Кішкене қабағында кейісі бар,
Оғат кетіп айтпасам байқамастан.
Біреуі толық келген, орта бойлы,
Кемел кісі сықылды білімге ойлы4.
Үлбіреген ақ тәнді, көзі көкшіл,
Неғылса ол да жақсы адам сойлы.
Капитан екеуіне келді жетіп,
Көріп жүрген бұрыннан келіл-кетіп.
–Керек қылған кісіңіз мінеки, – деп,
Аңшының жайын айтты мәлім етіп.
Ұзыны айтты: – Генри менің атым,
Тиді ме жолықсын деп жазған хатым?
Анық сен Кватэрмен аңшы болсаң,
Сізге бір жолығарлық бар қажетім.
–Кватэрмен аңшы біз іздеп жүрген,
Зұлыс тауда піл атып өмір сүрген.
Керек қылған хатыңыз тиіп еді,
Таса болмас өзіңнен көрген, білген.
–Айтайын, – деді Генри, – жайды бастан,
Миллионердің ұлымын дәулеті асқан
Жалғыз інім Джорждан тірі айырылып,
Құлағандай болып тұр басыма аспан.
Ініммен қалжың сөзге келдім шалыс,
Кішіге еңкеймекті көрдім намыс.
Көрместей боп біржола өкпе қылып,
Кетер деп ойламадым менен алыс.
Бір күні жоғын білдім банкке барып,
Бар ақшасын қалдырмай кетіпті алып.
"Жер үстінде бар болса табармын" деп,
Әр тараптан іздедім хабар салып.
Анықты түк хабар жоқ ешбір жақтан,
Мұндай іс көріп пе едің судай батқан?
Өмір қайғы, өкініш кездей болды,
Уайымсыз жан едім үйде жатқан.
Еміс хабар естідім жолықты, деп,
Сізге кез менің інім болыпты, – деп.
Зұлыс тауда піл атып жүргенінде,
Үйіңе қонақ болып қоныпты деп.
Осы еді, Кватэрмен, менің жайым,
Зор қайғы інім еске түскен сайын.
Бар өмірімді жолына құрбан қылдым,
Еріксіз жатқызбайды қайғы-уайым.
Жалғыз інім Джорджға меһирбанмын5,
Қалайша кеткеніне өзім таңмын.
Көргеніңді көмескі қылмай сөйле,
Осылай әуре болған мен бір жанмын.
Аңшы сонда: – "Ініңді көрдім, – депті,
–Ол оңай кайтпас жерге сапар етті.
Сүлейменнің қазынасын іздемекке6,
Талап етіп екі адам жүріп кетті.
Бару қиын, – дедім мен айтып жайын,
Адам аман қайтпаған барған сайын.
Ақыры болмаған соң копия бердім7,
Жол планы бар еді менде дайын.
* * *
Бір күні мен Зұлысқа шықтым аңға,
Піл кез келер деп ойлап аңдығанға
Ыстықтан қап-қара боп тілі түскен,
Жығылып, тұрған жолықтым халсіз жанға.
Көтеріп алып келдім балағанға8,
Қуандым көз ашуға жарағанға
"Алмас... алмас..." деді де жаны шықты,
Қойнынан қағаз таптым қарағанда.
Сүлеймен планы екен қазынасының,
Білмедім қайда екенін жолдасының,
Қағазды оқып қарасам, іздеген жан,
Не болары белгісіз бір басының.
– Ол план менде қалды соныменен,
Іс қылып іздемедік оныменен.
Інің Джоржды екі адам іздеп кетті,
Табамыз деп планның жөніменен9...*
АБАЙДЫҢ БАСПАДАН ҚАЛҒАН ӨЛЕҢДЕРІ
Сап-сап, көңілім, сап, көңілім,
Саяламай сай таппай.
Сен жайыңа жүргенмен,
Қыз өле ме бай таппай.
Түн кезгенің мақұл ма?
Жан-жағыңа жалтақтай!
Өлермін деп жүрмісің?
Мұнан басқа жай таппай.
Сап-сап, көңілім, сап, көңілім,
Сарқа берме санасың.
Бүгін өзің айтсаң да,
Әлі-ақ өзің танарсың.
Қашап беріп тойғыздың
Аюдайын ағасын,
Қатыны мен қалашын?
Қарсақ жортпас қара адыр
Қарамай неге шабасың?
Сонда тәуір бола ма
Ұстап ап біреу сабасын.
Киіміңді тонасын,
Елге де күлкі боласың.
Сап-сап, көңілім, сап, көңілім,
Сағынышқа сарғайма!
Жай жүрсең де қыз қумай
Сені біреу қарғай ма?
Тілімді алсаң, тыныш жүр,
Бұным ақыл болмай ма?
Көріп алсаң көріктіні
Таңдап алсаң тектіні,
Сонда да көңілің толмай ма?
ЕСКІ ЗАМАННЫҢ КИІМІ
Ойланып ойға кеттім жүз жылғы өткен,
Тон қабаттап кигенім шидем шекпен
Жейде, дамбал ақсаңнан жарғақ шалбар,
Жырым балақ матамен әдіптеткен.
Мықшима аяғымда былғары етік,
Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп.
Үлкен кісе белімде жез салдырған,
Шақпағым, дәндәкуім жарқ-жұрқ етіп1.
Күләпара бастырған пұшпақ тымақ,
Ішкі бауын өткізген тесік құлақ.
Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,
Артын белге қыстырған бар құрысқақ2.
Қалмақы қара үзеңгі, биік қасты ер.
Қанжығамда байлаулы жіптен шідер.
Жарғақ жастық көпшігім, жезді пыстан3,
Бір келісті сайманым топқа мінер.
Жинаушы Арқалық.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру