Мазмұнға өту
Home

Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы

Қуаныш Ерғалиев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы

Авторы: Қуаныш Ерғалиев

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ЕРҒАЛИЕВ ҚУАНЫШ СОВЕТҰЛЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ОРФОГРАФИЯСЫ МЕН ПУНКТУАЦИЯСЫ Оқу құралы Павлодар УДК 81'35=512.122 ББК 81.632.4 я 7 Е 69 Баспаға Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңесі ұсынған. Пікір жазғандар: филология ғылымының докторы, профессор Сағындықұлы Б. филология ғылымының кандидаты, доцент Қ.А. Мамаділ Е 69 Ерғалиев Қ.С. Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы. Оқу құралы.-Павлодар: ПМПИ баспасы, 2012. –135 бет.

ISBN 978-601-267-172-8

Оқу құралында емле және тыныс белгілерінің соңғы ізденістер негізіндегі теориялық мәселелері қарастырылған. Білімді бекіту мақсатында түрлі деңгейдегі жаттығу жұмыстары мен тест тапсырмалары ұсынылған. Оқу құралы қазақ тілі мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындарының филология факультетінің студенттеріне, тілші мамандарға, мектеп мұғалімдеріне, жалпы көпшілік қауымға арналады.

УДК 81'35=512.122

ISBN 978-601-267-172-8

© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты © Ерғалиев Қ.С. Алғы сөз

Орфография мен пунктуация – сауаттылықты және зеректілікті талап ететін тіл білімінің салалары. Сауаттылық – мәдениеттіліктің белгісі. Сондықтан емле ережелерін сақтап жазуға баса көңіл бөлген жөн. Орфография заңдылықтарына негізделіп құрастырылған сөздіктер де жыл сайын дамып, толықтырылып, өзгеріске түсіп отырады. Ол – заңды да тарихи құбылыс. Осыған орай түрлі деңгейдегі практикалық тапсырмаларды қамтитын еңбектер де жарияланатыны белгілі. Олар заман талабы мен сұранысынан, қажеттілігінен туындайды. Адамның көңіл күйі мен сезімін, айтайын деген ойын әсерлі де түсінікті жеткізуге көмектесетін, синтаксистік байланыстарды дәл ажыратып тұратын таңбалар – тыныс белгілері. Тыныс белгілері қате қойылған мәтіннің, сөйлемнің мағынасы күңгірттеніп не тіпті өзгеріп кетеді. Сондықтан оны дұрыс қоюдың мәні зор. Бүгінгі таңда орфография мен пунктуация мәселелерінен біршама толық әрі жүйелі тұрғыда мағлұмат беретін еңбекке Р.Сыздықованың «Емле және тыныс белгілері» зерттеуін жатқызамыз. Оның қатарында Ф.Мұсабекованың «Қазіргі қазақ тілі пунктуациясы», Н.Оралбаева мен Ә.Абылақовтың «Қазақ тілі», А.Қыдырниязованың «Орфография және тыныс белгілері» оқу құралдары бар. Алайда аталған еңбектердің шыққанына біршама уақыт өтуіне байланысты және олар арнаулы орта оқу орындарына арналып жазылғандықтан пысықтау материалдары да шағын. Қазіргі оқу үрдісі талаптары мен сұраныстарын қамтамасыз ету қажеттілігі ұсынылып отырған оқу құралын жазуға алып келді. Еңбекте теориялық мәселелер оқушылар мен студенттердің жылдам есте сақтауларына негізделіп, кестеге түсіріліп, нақты, қысқа түрде берілген. Пысықтау тапсырмаларының әртүрлілігі олардың қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Онда тәрбиелік мәні бар мәтіндер теріліп, сараланып, іріктеліп алынған. Олардың тақырыптары да қазіргі заман талаптарына жауап береді. Оқу құралында қазақ тілі синтаксисінің күрделенуіне, мәтін синтаксисінің қалыптасуына байланысты және емле ережелерінің дамуына орай пунктуация мен орфография, оның теориялық негіздеріндегі қиындық келтіретін жағдайларға айрықша назар аударылды.

І БӨЛІМ ОРФОГРАФИЯ

Орфография (грек. оrthographia, orthos – дұрыс, grapho – жазу, жазамын) – жазудың біркелкілігі үшін ережелер жүйесін жасайтын тіл білімінің саласы.

Қазақ орфографиясының принциптері Тіліміздегі сөздер фонетикалық, морфологиялық-фонематикалық және тарихи-дәстүрлік принциптер бойынша жазылады. Фонетикалық принцип – сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырауы негізге алынып, айтылуы (естілуі) бойынша жазылуы; морфологиялық-фонематикалық принцип – сөздердің айтылуында көршілес дыбыстардың дыбыстық өзгерістерге түсуі ескерілмей, түбір тұлғасы (негізгі фонемалық түрі) сақталып жазылуы; тарихи-дәстүрлік принцип – сөздердің тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылуы. Принцип морфологиялық-фонематикалық фонетикалық тарихи-дәстүрлік жарқабақ бүгін совхоз қарақалпақ білім хат ақуыз пәуеске хал

1-жаттығу. Орфографиялық принциптерге мысал келтіріп, ережесін түсіндіріңіздер. Үлгі. Морфологиялық принцип: жазылуы айтылуы жазса – жасса сенбі – сембі

2-жаттығу. Асты сызылған сөздердің ережесін еске түсіріп, қандай орфографиялық принцип бойынша жазылғанын анықтаңыздар. Төмен сырғанақтаған бөшкені бүктетіле тіреп, сілеусін көзі ызғар шаша қарап қалғаны Танабайдың көз алдынан кетпей қойды. (Ш.А.) Бейшара несіне жетіседі, мұның халінде бетегеден биік, жусаннан аласа тірліктен басқа не бар... (Ш.А.) Биыл Қарауыл суы мол тасып, Жидебай, Мұсақұл үстіндегі кең қорық көк жайқын қалың шалғын боп келе жатыр еді. (М.Ә.) Дәл бүгін осы қонысқа жеткенше бұл ауылдар өзге Шыңғыс бөктерінен көшкен Бөкенші, Жігітекті қуып жете алмаған. (М.Ә.) Сүйтіп, қазаннан жаңа түскен ет бір қолдан бір қолға лып-лып етіп, салқындамай, тоңазымай лезде жетіп тұрды. (М.Ә.) Бердіқожаның көнген хабарын алысымен Құнанбай қалың малды, жыртысты бір-ақ жібертті. (М.Ә.)

3-жаттығу. Төмендегі үзіндіден морфологиялық және фонетикалық принциптер бойынша жазылған сөздерді тауып, ережесін түсіндіріңіздер. Ерліктің негізі – сүйіспеншілік. Кісі сүйгенінің құлы да, құрбаны да болады. Отанын сүйген солдат ол үшін отқа да, суға да түседі. Сөйтіп, саналы

түрде ерлік жасайды. Ол ерлікті қай күні, қай сағатта жасайтынын солдаттың өзі білмейді. Сәт сағаты жетіп, жан толқыны тулап, шиыршық атып аспанға шапшығанда, солдаттың жұдырықтай жүрегінен ерліктің жалыны бұрқ ете лаулап атылады. Дүниені дүлей тасқын кернейді. Жер сілкініп, тау төңкеріледі. Күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Солдат ерлік жасағанда осындай болады! Бірақ солдат оны ерлік жасадым деп есептемейді. Азаматтық міндетімді атқардым, Отан алдындағы перзенттік борышымды өтедім деп қана біледі. Ерлік жасаған сәтте солдаттың басындағы ой осы ғана болады. Өзінің ерлік жасағанын өлген солдат білмей кетеді, тірі қалған артынан ұғады. Онда да алғашында ол ондай ерлік жасаған емес, басқа біреу болар деп ойлайды. Мінеки, ерліктің ешқандай есепке көнбейтіні де сондықтан! (Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз»)

4-жаттығу. Қазақ тілінің сөздік құрамына орыс тілінен енген сөздерге мысалдар келтіріңіздер. 5-жаттығу. Фонетикалық принцип бойынша жазылатын сөздерге мысал келтіріңіздер, олармен сөйлем құрастырыңыздар.

Әліпби Алфавит – тіл дыбыстарының рет-ретімен орналасқан графикалық таңбалар (әріптер) жүйесі. Қазақ әліпбиі Баспа түрі Әріптердің аты Баспа түрі Әріптердің аты Бас әріп Кіші әріп Бас әріп Кіші әріп А а а П п пы Ә ә ә Р р ыр Б б бы С с сы В в ве Т т ты Г г гі У у ұу Ғ ғ ғы Ұ ұ ұ Д д ды Ү ү ү Е е е Ф ф эф Ё ё йо Х х хы Ж ж жы Һ һ һы З з зы Ц ц це И и ій Ч ч че Й й й Ш ш шы К к кі Щ щ ща Қ қ қы Ъ ъ айыру белгісі Л л ыл Ы ы ы М м мы І і і Н н ны Ь ь жіңішкелік белгісі Ң ң ың Э э э О о о Ю ю йұу Ө ө ө Я я йа

6-жаттығу. Төмендегі сөздерді алфавит ретімен көшіріңіздер. І. Білім, парасат, үлгі, сана, ынта, шапағат, өнер, қанағат, ой, ес, арман, қиял, еңбек, тәртіп, абырой, әділ, амандық, қасиет, бағбан, махаббат, төзім, әлем, бейбіт, ақыл, дарын, жақсылық, зейін, инабат, оқу, өнеге, әрекет, дәурен, өсиет, рақым, ғылым, бостандық, сенім, табандылық, ұлағат, береке, ғибрат, дана, үздік, қабілет, шәкірт, өмір, шыдамдылық, ықылас, мейірбан, бақыт, ажуа, кемеңгер, ілім.

ІІ. Әдепті, ержүрек, бүйрек, ұстаз, дастарқан, қазақ, мағлұмат, ибалы, ақкөңіл, баспана, әсемпаз, кішіпейіл, қадірлі, адалдық, ғалам, намысқой, байсалды, хабар, шаңырақ, ұғымтал, зиялы, тіршілік, сіңлі, қоғам, халық, ағайын, алтыбақан, балахана, тұлға, жамандық, ізбасар.

7-жаттығу. Төмендегі сөздерді алфавит ретімен көшіріп, лингвистикалық түсіндірме сөздіктен анықтамаларымен танысыңыздар. Абзац, литота, бастауыш, толықтауыш, элизия, сөйлем, жалғау, негіз, түбір, фонема, полисемия, лексика, дисфемизм, метафора, омоним, морфема, акустика, апокопа, әріп, бунақ, гипербола, диэреза, екпін, жазу, инверсия, көсемше, қиысу, мақал, анықтауыш, мәтел, диалект, монолог, эпифора, неологизм, одағай, антоним, орфография, пауза, баяндауыш, плеоназм, антитеза, графема, анлаут, редукция, семантика, буын, есімше, мағына, сөздік, етістік, жұрнақ, графика, стиль, табу, деривация, қабысу, термин, есімдік, дыбыс, матасу, ассонанс, фраза, шылау, синоним, эвфемизм, грамматика, ономастика, протеза, диалог, эпентеза, меңгеру, орфоэпия, метонимия, жаргон, этимология.

8-жаттығу. Төмендегі ақын-жазушылардың фамилияларын алфавит ретімен көшіріңіздер. Шығармаларын еске түсіріңіздер. Сейфуллин С., Жұмабаев М., Аймауытов Ж., Майлин Б., Жансүгіров І., Мұқанов С., Әуезов М., Мүсірепов Ғ., Кекілбаев Ә., Мағауин М., Есенберлин І., Есенжанов Х., Мұстафин Ғ., Исабаев Қ., Момышұлы Б., Жүнісов С., Әбілев Д., Торайғыров С., Ахтанов Т., Ғабдуллин Н., Мұртаза Ш., Мұратбеков С., Әлімқұлов Т., Құнанбаев А., Мырзалиев Қ., Исабеков Д., Тәжібаев Ә., Нұрпейісов Ә., Әбішев Ә., Дулатов М., Көбеев С., Мақатаев М., Шаханов М., Оңғарсынова Ф., Айбергенов Т., Молдағалиев Ж., Шаймерденов С., Молдағалиев Т., Әлімбаев М., Иманасов С., Ерғалиев Х., Қайырбеков Ғ., Сәрсенбаев Ә., Құдайбердиев Ш., Айтматов Ш., Аманжолов Қ., Жабаев Ж., Байзақов И.

Қазіргі қазақ емлесінің ережелері Дауыстылардың жазылуы Жалаң дауыстылар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, э. Қосынды дауыстылар: ё (йо), и (ый, ій), у (ұу, үу), ю (йұу, йүу), я (йа). Барлық буындарда жазылатын әріптер: а, е, ы, і. Буын талғайтын әріптер: ә, о, ө, ұ, ү. Кірме әріптер: э, ё.

9-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөздердің жазылуына түсінік беріңіздер. З...ялы, қ...янат, акт...р, бейқ...сап, би...лай, би...зы, бұрти..., бүйр...к, вал...та, б...ро, в...кализм, ғар...п, ғұс...л, дәлд...ріштік, деб...тор, д...фис, дз...до, ду...т, жанқ...яр, ж...нақ, ж...ю, жымп...ю, кәст...м, көкп...ңбек, қад...р, қау...п, құд...рет, лағ...нет, майм...ю, ма...стро, мет...ор, ми...а, ми..., рухани...т, дәлд...ң, дәнек...с, тауқ...мет.

10-жаттығу. Көп нүктенің орнына а, ә әріптерінің бірін қойып, жаттығуды орындаңыздар. Т...урат, ...жу…, ку...л...ндыру, б...дия, д...нд...ку, күн…к...р, т…к...ппар, мүш...йра, мүһ...зин, н...руыздық, олд...-білд..., сүтшәрб...т, әз...зіл, б...ғбан, б...йбіше, бейкүн..., бейж...й, бейм...ғлұм, бейп...ру…, бейш...ра, м...шине, г...кку, гүлт...ж, дүд...м...л, күп...йке, дүб...р…, ділд..., әмірл...шкер, ділм...р, дімк...с, дінд...р, ж...йлау, күл...пара, ж...йнамаз, күм...жнік, т...б...рік, күм...н, күн...ра, ж...мағат, к...у...п, ж...риялау, күш...н, ж...дит, з...мз...м, к…ус...р, кін...л...у, кін...р...т, м...н-ж...й, мүк...ммал, мүл...йім, н...м...рт, емд...м, мәрм...р, мін...жат, п...руай, пірәд...р, р…су..., ш...й, үк...м...н, ш...йнек.

11-жаттығу. Көп нүктенің орнына ұ, ү, ы, і әріптерінің тиістісін қойып, жаттығуды көшіріңіздер. Дәлд...ң, дәнек...с, ақк...с, ақти...н, алақ...йын, алақ...рт, аһ...лау, уһ...леу, әж...м, әндиқ...л, байм...р, бейқад...р, беймағл...м, беск...л, бет-ж...зі, борғ...й, ғар...п, д...лд...л, д...рия, жақ...т, жар...мес, жаһ...л, жекс...рын, ж...млә, зәйт...нағаш, Зәб...р, зәб...р, итм...рын, келіт...п, қаб...лет, қағ...лез, қад...р, қалам...ш, қан...шер, қарағ...с, қас...рет, қат...гез, қат...м, қау...п, құд...р, құд...рет, құз...рет, лағ...нет, мазм...н, мазл...м, мағз...м, мағл...м, мақс...т, мақл...қат, малғ...н, мақ...л, мақ...л...қ, марқ...м, манс...қ, мәжб...р, мәжн...н, мәнз...р, мәмл...к, мәңг...рт, мәшһ...р, миғ...ла, неғайб...л, сам...рық, сәк...н, соғ...рлым, сөзт...лға, с...мс...р, тауқ...мет, тәтп...ш, хаз...рет, хак...м.

12-жаттығу. Төмендегі жаттығуды көшіріп, ә, ү, ұ, о әріптері келген сөздердің астын сызыңыздар, олардың емлесін есте сақтаңыздар. Бектай өз қатесін түсініп, опынып, кінәсін мойнына алса екен деп тіледі. (Ш.А.) Оң бұрышта радиоприемник, сол жақта малдас құрып отырған құндыз бөрікті біреудің қара мәрмәрдан шабылған кішкене статуэткасы қойылған. (С.Ш.) Осы жалған дүниеден, Шешен де өткен не бұлбұл, Көсем де өткен не дүлдүл. (А.Қ.) Өнер алды – қызыл тіл, Тілде жүйрік – ол дүлдүл. (Ж.Ж.) Қазақ жұмыскерлерінің неден кешіккендерін біле алмай дүдәмал болып отырғанда Байшегір келді. (Ғ.М.) Ардақ бәйек болып кішірейген кінәсіз жігіттің сағын

қалай сындырар?! (Ғ.М.) Әрине, бұл жерге даусы естілмеген соң не айтып, не қойып бара жатқаны өзгеге беймағлұм болғанымен, бала бәрін біліп отыр. (Ш.А.) Шынында, Қодар мен Қамқаның осы сорына себепкер болған да дәл осы Жетпіс пен соның ағасы даукес, бәлеқор Жексен. (М.Ә.) Бала осы сәтте өзін мүлде бір қорғансыз, бейшара, көзге ілінбес мүсәпір сезінді. (Ш.А.) Жаңа ғана көрінген автолавка осылардың бәрінен қол үзіп, тұра жүгіруге мәжбүр етті. (Ш.А.) Соққыдан әлі есін жиып болмаған әкем байғұс жиі тоқтайды. (С.Ш.) Қол шананың жібі аш болсын, тоқ болсын бір мойымайтын, бір қабақ шытпайтын өгей шешеме, дүлдүл шешеме қайта-қайта ауысып барады да ұзағырақ тоқырап қалады. (С.Ш.) Қуандықтың екі көзі күлімсіреп, ақша беті балбұл жанады. (М.Ә.)

13-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен мамандығыңызға байланысты ә әрпі бар бірнеше сөз теріп, оларды қатыстыра отырып сөйлем құрастырыңыздар. 14-жаттығу. Көп нүктенің орнына о, ө әріптерінің тиістісін қойып, жаттығуды көшіріңіздер. Олардың сөздегі орнына назар аударып, емлесін есте сақтаңыздар. Данаг...й, мүрт...т, ақылг...й, бақа...т, б...зк...де, д...ңес, кастр...л, кәл...ш, кәст...м, кәсіпқ...й, кәсіп...дақ, к...збе-к...з, к...нет...з, к...к...ніс, қамқ...р, қамз...л, қаск...й, ләмб...к, селқ...с, селс...қ, сенат...р, с...вх...з, шанд...з, шабанд...з.

15-жаттығу. Төмендегі сөздердің екінші буынында ұ, ү, ө дыбыстары айтылғанымен, олардың жазылмау себебін түсіндіріңіздер. Жұдырық, жауын, жұлын, құлын, құрық, бөрене, дөңгелек, түлкі, бұғы, жауырын, қауын, ғұмыр, домбыра, дүкен, дүние, жұлдыз, жұмыс, көбік, көгершін, көжек, көде, қоңырау, мүйіз, мойын, мұқият, мұхит, өлең, өрік, өсек, самауыр, соғым, суыр, төсеніш.

16-жаттығу. Мәтіннен құрамында о, ө, ұ, ү, и, у әріптері бар сөздерді теріп алып, орфоэпия нормасына сай жазыңыздар, өзгеру себебін түсіндіріңіздер. Көркем әдебиетте әрбір сөздің өз тұрпаты сақталуға тиісті. Тілге бай, тілі жақсы дегенде ешбір жазушы жаңадан сөз тауып, сонысымен бай, сонысымен көркемдікке жетпейді. Халқының тіл байлығында бар сөздерді дұрыс тұрпатымен пайдаланып, сол қордан алынған сөздерден жаңа теңеулер, жаңа бейнелеулер арқылы тілге бай, тілге шебер деп аталады. Әсіресе, дауысты дыбыстар мен дауысты буындарды кескілеу сөздің тұрпатын бұзумен бірге сөйлемнің ішкі ырғағын да бұзады. Ат жорғалап келе жатып шауып кетсе, желіп келе жатып сүрініп кетсе, қалай көрер едік? Сөйлемнің ырғағын бұзу да соған ұқсайды. Тіліміздің қорында бар сөздерге жаңа мағына беру жолындағы табыстарымызға мен Ісләм Жарылғаповтың көрермен, оқырман, аялдама деп қосқандарын орынды да орнықты көремін. Мұхтар Мағауиннің «ірінді суы» да сондай, белгілі түсініктің мағынасын дәл береді.

Бізде қақ аталатын, шалшық су, жайдақ су деп аталатын сулардың бәрін де ірінді су деген дұрыс көрінеді. Біраздан бері жалпы мағынасындағы искусство дегенді өнер деп атап келеміз. Ана тілімізде сақина-білезік соғуды да өнер дейміз. Арба-шана істеуді де, үй жонуды, етік тігуді де өнер дейміз. Туындысы – өнерші. Дұрысында искусствоны басқа өнерлерден айырып, көркем өнер деуіміз керек. Оның ішіне сурет, музыка, сахна, экран, би өнерлері ғана кіретін болсын. Көркем әдебиет деген сияқты көркем өнердің де өзінің асыл тегін көрсетіп тұратын атауы болғаны дұрыс. (Ғ.Мүсірепов)

17-жаттығу. Төмендегі тіркестердің бөлек жазылатынын есте сақтап, олармен сөйлем құрастырыңыздар. Ұ, ү әріптерінің сөзде қандай орында келгенін талдаңыздар. Ұзын құлақ, ұзын тұра, ұзын сонар, ұзын сүре, ұлы түс, ұлы сәске, Ұлы жүз, ұн көже, үй басы, үй жолдас, үй жұмысы, үй шаруасы, үн қату, үн қосу.

18-жаттығу. Көп нүктенің орнына и, ый, ій әріптерінің тиістісін қойып, жаттығуды көшіріңіздер. И әрпінің қандай дыбыстардың орнына жұмсалып тұрғанын айтыңыздар. З...ялы, с...ақы, ақм...я, с...қыр, кей...ді, с...лау, т...діру, с...ысу, т..., т...тық, т...ын, т...янақты, т...дыру, с...лы, т...ек, с...палау, с...лық, с...рақ, с...ыну, с...я, бай...ды, оқ...ды, су...ды, мой...ды, құр...ды, қағ...да, тақ...я, құнт..., қобд..., жам...ғы, жым...ысу.

19-жаттығу. Төмендегі сөздермен түрлі сөз тіркестерін жасап жазыңыздар, сый, тый сөзінен тараған сөздерді дұрыс жазуға жаттығыңыздар. Сый, сыйақы, сый-қошемет, сый-құрмет, сыйлас, сыйлау, сыйлы, сыйлық, сый-сияпат, сый-сыбаға, сыйымсыз, сыйысу, тыйғызу, тыйдыру, тыйылу, тыйым.

20-жаттығу. Көп нүктенің орнына ю, йу, я, иа әріптерінің бірін қойып, сөздердің жазылуына түсінік беріңіздер. А...ан, а...т, гор...н, о..., а...анат, бата...қ, ке...ана, д...ана, а...бадам, қ...аз, а...т, бо...у, ди..., жалпи..., бо...у, м...а, алди...р, ха...анат, а..., жанқи...р, желқұ...ң, қ...а, қи...қ, қи...л, құрпи..., си...көк, тоти...йын, уәла...т, ха...ан, аңыра...ды, әкіми...т, бади...н, жа..., қа...з, та...қ.

21-жаттығу. Төмендегі сөздерге тұйық етістік не көсемше жұрнақтарының бірін жалғап, дұрыс жазылуын есте сақтаңыздар. Үлгі: оқы + у – оқу, оқы + й – оқи(ды), ... Ақси, аңқаусы, аңқи, арби, ая, бағжи, бақши, балши, байы, барти, болпи, борби, борси, кейі, кейки. 22-жаттығу. Төмендегі сөздерге тұйық етістіктің жұрнағын жалғап, емлесін түсіндіріңіздер. Кемі, тоқы, қасы, шаншы, жібі; ойна, саба, бу, мін, сау, тазарт; ки, и, қи, жи; сый, тый, той, күй; тік, тақ, жақ, кеп, ық. Дауыссыздардың жазылуы

Сөздің басында, ортасында және орыс тілінен енген сөздердің соңында жазылатын әріптер: б, в, г, д. Сөздің барлық шенінде (басы, ортасы, соңы) жазылатын әріптер: ж, з, к, қ, л, м, н, п, р, с, т, ф, х, һ, ш. Тек дауыстылардан кейін жазылатын әріп: й. Ң әрпі сөздің ортасында және соңында, ал ғ әрпі сөздің басында және ортасында ғана келеді. Кірме сөздерде жазылатын әріптер: ф, ц, ч, щ. 23-жаттығу. Төмендегі өлеңді мәнерлеп оқып, дауыссыз әріптердің сөздің қай шенінде келгеніне назар аударыңыздар.

Жаңа қазақтар (үзінді) Жаңа қазақ, шала қазақ, жас інім, Алшысынан тұрды бүгін асығың. Саған қарап ойландым да жасыдым. Айырмаған азғыны мен асылын Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың. Мына ғасыр безбүйректеу өр ғасыр, Жүрегіңде сезім емес, қорғасын, Шетке қақты тұлпары мен жорғасын. Қақпай қайтсін, бәрін сатып алуға, Һәм сатуға мүмкіндігі болғасын. Сенде қазір думан дәурен, масат күн, Өзіңді-өзің бар жауаптан босаттың. Рухани байлыққа да тас аттың, Аудандағы жалғыз кітап дүкенін Сатып алып, сырахана жасаттың.

Тез ашылып саудагерлік дарының, Таудан, тастан қайтпастай өр арының, Саудаладың Алматының жарымын. Ұлағатты ұлы қазақ елінде Сатылмайтын нәрселер де бар, інім. Жалғыз саған борыштыдай бар халық, Топ ішінде ісіп-кеуіп, нарланып, Кейкиесің қол беруге арланып. Дегенмен біз сені туған ұлттың Сатылмайтын қасиеттерін қорғадық. Көз көп қазір сыртымыздан сын айтар, Бәйтеректі мазақтаса құмай тал, Ерден бұрын ел сенімін мұңайтар. Бірақ бізге өз ұлтыңды өзгеден Кем сүйесің деп, қанекей, кім айтар? (М.Шаханов)

24-жаттығу. Қ, х әріптері бар сөздердің жазылуын есте сақтаңыздар. Қош (болыңыз), хош (иіс), хал-ахуал, қал (дақ), бақыт, хабар, рақмет, ханталапай, рақат, барқыт, дарқан (дала), ақырет, халық, хазірет, қошемет, дастарқан, тақсыр, хат, уақыт. 25-жаттығу. Төмендегі өлеңді мәнерлеп оқып, ойларыңызды білдіріңіздер. Өң, дөң, жең, мең, сең, тең, көң, кең деген сөздердің ортақ фонемаларын тауып, олармен сөйлем құрастырыңыздар.

Ңөң (үзінді) Бір басымда санасаң, Өнер, Білім Тегіс бар. Болмайтұғын Бас әріп Қай жерімде кеміс бар?! – Бола алмайсың Бас әріп, Түспе текке азапқа. «Ң» әрпінен басталар Бір сөз жоқ қой қазақта. Деді осында біреулер, Дәлел айтып бұлжытпас. (Дәлелді сөз – әлді сөз, Әлді сөзге кір жұқпас). – Солай, – десті қалғаны, Оңай көніп, ойланбай. «Көне сал», – деп, біреулер Тамақ беріп қойғандай. – «Ң» әрпінен басталар, Сөз бар, – деді «Ң». Көнбеді.

– Білмесеңдер айтайын, Оның аты – «Ңөң», – деді. Айсберг дегенді, Арғы қазақ «ңөң» деген. Көктемде көшетін Өзен мұзын «Сең» деген. Айтқан сөзім айғақты, Керегі не мазақтың?! Өмір бойы зерттедім, Ана тілін қазақтың. Зілдей ауыр зілдерді, «Ңөң» дейді екен бұрындар. Ал «сең» деген сөзінде «Жеңіл» деген ұғым бар. Өң, Дөң, Жең, Мең, Сең дейді. Тең, Таң, Тоң, Көң, Кең дейді. Ал енді Айсбергті Бас алсаң да, «нөң», – дейді! Ойда жоқта осылай, «Ң» ашты бір жаңалық. 41 әріп бас шайқап, Тұрып қалды қамалып. «Ңөң» деген сөз қазақта Жоқ десең де еркіңде. Қарыз сұрап тұрғам жоқ, Бар десең де еркіңде.

«Ңөң» деген сөз қазақта Жоқ десең де еркіңде. Бар десең де дәл содан Бұзылмайды көркің де! (О.Әубәкіров) 26-жаттығу. Көп нүктенің орнына и, й әріптерінің тиістісін қойып, жаттығуды көшіріңіздер. ...іс, ма...лық, т...ін, жанкү...ер, ...мек, қа...ық, ...не, жа...лау, к...ін, магни..., с...рек, ме...ірім, т...ім, сценари..., ж...налыс, тарих..., қағ...да, ақ...қат, саяс..., кред...т, ...дея, тақ...я, кү..., санатори..., ...од, жа..., жанқ...яр, ...емен, ж...ен, з...ян, зе...неткер, зе...ін, қас...ет, қа...наға, ма...шабақ.

27-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен мамандығыңызға байланысты щ, ф, в, х әріптері бар сөздерді теріп жазып, олардың емлесін есте сақтаңыздар.

28-жаттығу. Көп нүктенің орнына һ, х, ф, ц, ч, щ әріптерінің бірін қойып, жаттығуды көшіріңіздер. Олла...и, ан...азірет, аста...ари, а...лақ, ба...адүр, ба...ар, бұр...ан, гау...ар, дәрга..., де...ибел, жау...ар, жа...ан, жи...аз, жи...ангер, илла...и, ил...ам, импи...мент, кан...лер, кон...ерт, кра...мал, а...ы, қа...ар, қа...арман, қол...ат, маз...аб, мәз...абы, ма...аббат, ма...ал, ма...шар, ма...та, мегагер..., ме...аник, ме...нат, ми...ман, мұ...ит, па...ос, пери...раз, пла...карт, ке...е, про...ессор, про...есс, ре...ерат, ру...аният, са...аба, тұ...ы, са...на, сая...ат, си...он, сұ...бат, тари..., ша...ар, Ша...ризада.

29-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтыңыздар. Һ, х әріптерімен келген сөздердің астын сызып, қай тілден енгенін табыңыздар. Адам екі түрлі Бір адам бар: өрік, мейіз ағашы сықылды, Жемісінен дүние жүзі баһра алады. Бір адам бар терек ағашы сықылды, Отқа отын болғаннан басқаға жарамайды. Бісімілла – сөздің басы, хақтың аты, Молланың ақ қағазда қалар хаты. Нақылият, қара сөзден өлең қылып, Шығарған ақын Мәшһүр хиқаяты. Жақсылық, қайыр, ихсан қылған ісі, Адамның қымбат баһа сол жұмысы. Табылмас көзге тотия, ем дәрідей, Қолынан әр жақсылық келген кісі.

Қайырсыз болсаң бәхил, болдың терек, Басқаға бір отыннан қылмас керек. Жақсыдан жақсының да парқы бөлек, Даналар біледі ойлап, ақыл зерек. Құдайым пендесіне берген малды, Жаратқан әртүрлі қып жүрген жанды. Ғибадат, қанша қылған құлшылықтан, Қайыр ғып берген артық жалғыз нанды. (М.Ж.Көпеев) 30-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен мамандығыңызға байланысты жіңішкелік белгісіне аяқталған он сөз теріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар.

31-жаттығу. Берілген сөздердің ортақ фонемаларын тауып, топтап жазыңыздар. Үлгі: өрт, төрт, өр, көр, төр, өрік, мөр, сөре. Ортақ фонемалары – өр. Тегіс, қарғыбау, асық, сақ, тер, қар, берік, зақым, кереге, жар, кереует, нар, ар, арқар, іскер, жарық, тас, ісек, сарын, мас, қасқыр, жер, нарық, ер, қақ, қарқыл, тері, қарт, тарақан, астау, тарсыл, жақ, барқыт, тасаттық, бақ, тақсыр, нас, тартыс, ақсүйек, тігіс, рас, ақсұңқар, ақша, ақыл, тақ, арыз, бақша, сері, бақылау, масқара, жақша, бер, жақсылық, терлік, жақын, қақпан, тістеуіш, ас, қақпақ, бас, қас, аққу, бар, жас, арқырау, лас, егіс, қаспақ, кісі, қасық, кісен, масақ, ақын, маса, тасбақа, сарқыт, қару, астық, істік, асаба, серік, асқазан, қарғыс, ерік, бақыт, баспана, жақұт, керуен, тар, бастық.

32-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен бль, брь, ль, льт, льст, ркс әріптеріне аяқталған сөздердің мамандыққа қатыстысын теріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар.

33-жаттығу. Мәтін ішінде бұрыс жазылған сөздерді тауып, емле ережесі бойынша түзетіп, жаттығуды көшіріңіздер. І. Бір гүні Қаражігіт би Қазыбектің үйіне геліп қонады. Әңгімелесіб отырғанда Қазыбек: – Уа, жігіт, атадан жақсы ұл туса, елдің туы болады деп еді, атадан жаман ұл туса, көштің соңы болады деп еді. Соның ғайсысы боласың? – дейді. Сонда Қаражігіт: – Ораздының гәрісі қартайғанда қазына болады деп еді, шиырлының нәрісі қартайғанда қазба болады деп еді. Сіз өзіңіз соның ғайсысы боласыз? – депті. – Иншалла, қазынамыз ғой, – дей беріпті сонда Ғазыбек. – Иншалла, біз елдің туымыз, – депті Қаражігіт. (Шешендік шиырлары)

ІІ. Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адам атының сүйкүмдү болұуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтұуға да ықшам, естір ғұлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқандай, бұлар – жоғары идейалы есімдер. Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көрүп, біреумен таныса ғалса, мәнерлеп, көтөрүңкү дауұспен айтады. Ал енді айтұуға да, естүуге де қолайсыз есімдер бар. Өзгө түгүл өзүңө де ұнамайды-ақ. Әттең қолдаң гелсе, табанда

өзгөртүп, әдемі аттардың бірін ійемденіб алар едің. Бірақ, амалың нешік, сен қызылшақа болұп, жөргөктө жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеқанаға геліп, дұуұлдаб отұрған басқа біреу солай атаб жіберген... Менің атым – Қожа. Көрүб отұрсұңдар, пәлендей әйдіг ат емес. Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Түуу гүуәлігімнің өзүндө солай деб жазылған. Бірақ дүнүйөдө не ғыйлы ғажайып құбұлұстар бола беретін тәрізді, бертін келе «Қожабергеннің» құйрұғұ үзүлүп түсүп қалыпты. Бұл ғұбұлұстұң дәл қай жылы, қай айда, қай гүнү болғанын таб басып ешкім де айтыб бере алмайды. Сонұмен, мен өзүм ес білгелі Қожамын. Аұуұл-аймақтың бәрі солай деб атайды. Біз бір гласта екі Ғожа бармыз. Сүттүбайдың үлкөн баласының аты да – Қожа. Оқұушұлар екеумізді шатастырыб алмас үшүн өңүмүзгө ғарап, мені Қара Ғожа, онұ Сары Ғожа деп атайды. Әуел баста мен бұған да шамданып қалатын едім. Бірақ жүрө-бара құлағым үйрөнүп, дағдыланып кеттім. «Қара қожа» дегендерге «әу» деп, жалт қарайтын болдұм. Жантас тәрізді ғылжақтар осұнұң өзүн де дұрұс айтпайды, әдейі бұзұп, келемеждеп, «Қара Ғожа» деудің орнұна «Қара гөжө» дейді. Мен байқамай ғалып «әу!» деймін. Бірақ бұл қылығы үшүн, бійшараның обалы нешік, тійісті сыбағасын менен талай рет алды... (Б.Соқпақбаев)

Бірге жазылатын сөздер

Бірге жазылатын сөздер Тұлғасы өзгертіліп барып біріккен сөздер Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздерімен біріккен есімдік, үстеу сөздер Терминдік мәнге ие болған атаулар Екі-үш түбірден құралған аң-құс, жанжануар, өсімдік т.б. атаулар Екінші сыңары аралық, тану, сымақ деген сөздер Бірінші сыңары фото, электр, радио, авто, авиа, аэро, кино, гидро, агро, транс, инфра, ультра, изо, гипер, екінші сыңары қазақ сөздері Екі-үш сөзден құралған кісі аттары мен география лық атаулар Ұлы, қызы сөздері фамилияны және әкесінің атын білдіретін сөздермен тіркескенде биыл, ашудас ешкім, біржолата сөзжасам, баспасөз, алыпсатар қараторғай, сужапырақ абайтану, халықара лық аэрошана, фотосурет Досжан, Екібастұз Б.Момышұлы

34-жаттығу. Төмендегі сөздермен сөйлем құрастырып, ол сөздердің емлесін есте сақтаңыздар. Атсалысу, бойұру, тісқаққан, көкезу, ақниет, ақкөңіл, бас тарту, қырғи қабақ болу, қол жалғап жіберу, алыпқашпа (сөз), жүрекжұтқан, жүрекжарды, қағазбасты, кітапқұмар, қол ұшын беру.

35-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден бірге жазылған күрделі сөздерді тауып, ережесін түсіндіріңіздер. Күн батар алдында да балықшы жігіт сыртқа әлденеше рет шығып, жар басынан теңіз жаққа көз салған-ды. (Ә.Н.) Балықтың келуі мен кетуі жайында да ұзақ-ұзақ ойлап, әрқашанда уақыттың қалай өткенін білмей қалатын. (Ә.Н.) Әлдеқандай алып күш шала жанған қамысты сыртқа қарай суыра тартып, пеш көмейі желдеп гүрілдей жөнелді. (Ә.Н.) Бірнеше түйір нанды аузына тықпалап еді, ат ақырын шайнамалай бастады. (Ш.А.) Адамдар арқасына бірдеңені лақтырып салып, кеудесін қыса әлдебір қайысты жұлқа тартқан кезде жорға тіпті ары-бері теңселіп те кетті. (Ш.А.) Тырп ете алмай құрсауда тұрған жорғаны әлдекім іздеп жүргендей көрінді. (Ш.А.) Бірталай қалың көштерді арттарына салып ап, тура Қарашоқының тоғайлы өзеніне кіріп, соны өрлеп келеді. (М.Ә.) Өйткені ұзамай Сейдахмет қалаға барады, ақшаның көбі қалалы жерде жұмсалады ғой. (Ш.А.) Былайғы күндері тап осы сәттері Ыстықкөлде ақ кеме көрінетін. (Ш.А.) Абай Құлабестінің басын Көлқайнар жаққа бұра бере қамшы басты. (М.Ә.) Шыңғыстың қара желі өзге уақыттың бәрінде жақсы болғанмен дәл күздігүні жайсыз-ақ. (М.Ә.) Көпшілік осы қарбаласта болса, Құнанбайдың Қарашоқыдағы ауылы, ас берген ауылдай, өз әлегімен өзі ұйқытұйқы боп жатыр. (М.Ә.) Абай өз әкесінің өзге атқамінер атаулыдан мықты, қайратты екенін сезеді. (М.Ә.)

36-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен өздеріңізге емлесі таныс емес бірге жазылатын он-он бес сөз теріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар. 37-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен о баста идиомалық, фразалық тіркестер болғанымен, терминдік, атауыштық мәнге ие болып бірігіп кеткен онон бес сөз теріп жазыңыздар, емлесін есте сақтаңыздар. 38-жаттығу. Көркем шығармадан бірге жазылатын күрделі сөздерге мысал теріп, кестені толтырыңыздар. Бірге жазылатын сөздер Мысалы Тұлғасы өзгертіліп барып біріккен сөздер Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздерімен біріккен есімдік, үстеу сөздер Терминдік мәнге ие болған атаулар

Екі-үш түбірден құралған аң-құс, жан-жануар, өсімдік т.б. атаулар Екінші сыңары аралық, тану, сымақ деген сөздер Бірінші сыңары фото, радио, авто, авиа, кино, гидро, агро, инфра, гипер, екінші сыңары қазақ сөздері Екі-үш сөзден құралған кісі аттары мен географиялық атаулар Ұлы, қызы сөздері фамилияны және әкесінің атын білдіретін сөздермен тіркескенде 39-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен бірінші сыңары теле, радио, авто, аэро, агро, авиа, фото, кино, ультра, инфра, электр сөздерінен жасалған біріккен сөздерді теріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар.

40-жаттығу. Екі-үш түбірден біріккен он-он бес географиялық атау жазып, олармен сөйлем құрастырыңыздар.

41-жаттығу. Төмендегі бірге жазылған балық, ойын, өсімдік атаулары мен зоологиялық терминдерді өзара ажыратып, бағанға бөліп көшіріңіздер. Сөздердің жазылуын есте сақтаңыздар. Ағашшырмауық, алтыбақан, айгүл, айырқұйрық, барыпқаш, ақжапалақ, жиырмабір, айғыржуа, айдаршөп, айбалық, алтынқабақ, айнакөз, ақбөкен, қақпатас, аққаз, аққоян, айылжуа, ақбидай, ақжалбыз, ақжелек, қарабие, ақкелін, ақтерек, арамсояу, бұраңбас, қызқуу, ақтиін, қазандоп, ақкөз, ақсерке, қозыжарыс, алажертесер, ақтырна, ақшабақ, ақшағала, алабүйе, арқаржусан, арпабас, ащытамыр, аюқурай, балауызағаш, балмұрын, батпақгүл, бөріаяқ, доңызот, итжидек, орамалтастамақ, қолтұзақ, алақарға, өгізай, сартұқыш, өгізтартыс, бұйраторғай.

42-жаттығу. Лингвистикалық түсіндірме сөздіктен мамандықтарыңызға қатысты біріккен он-он бес термин теріп, ережесін жаттап алыңыздар. 43-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен тұлғасы өзгертіліп барып біріккен сөздерге он бес мысал теріп, өзгеру себебін түсіндіріңіздер, олармен сөйлем құрастырыңыздар.

44-жаттығу. Араластырыла берілген түбір сөздерден біріккен сөз жасаңыздар. Үлгі: а) біріккен: ақсақал, ... ә) кіріккен: бұл + жыл – биыл, ... Ақ, ішек, ала, толғақ, бұл, азық, аяқ, тас, омыртқа, зейнет, бел, баспа, қайсы, кәсіп, он, қара, тас, ит, құлақ, көк, егеу, дидар, жөтел, құйрық, тоғыз, қос, құрт, сегіз, бақа, көз, сүт, ас, мұрын, саңырау, қазан, тоқ, үш, ащы, тамақ, бау, мойын, қашан, біреу, зат, жол, ой, бет, ашар, қыл, өнер, сорғыш, бұрыш, жусан, қатынас, ақы, қоржын, шикі, қоректілер, сөз, айдар, еш, шөп, ара, қой, соқыр, инфра, теке, сақал, қызыл, теле, шаң, жыл.

45-жаттығу. Біріккен сөздерді қатыстыра отыра, сұрақ-жауап түрінде әңгімелесіңіздер. 46-жаттығу. Төмендегі мәтіннен тіл үндестігіне бағынбайтын сөздерді тауып, себебін түсіндіріңіздер. І. Біреудің қатыгез зұлым, біреудің мейірімді болатын себебі не екен? (Ш.А.) Екі жас жігіт арғы жағаға шығысымен өгіз бен биені қоя берді де, жарды жағалап бұғып отырып, төмендеп кетіп, бірталай жер ұзап барып, қыратқа шықты. (М.Ә.) Әлі де терең ұйқы құшағында жатқан бейтаныс жолдастарға көзі түсті. (С.Ш.) Бейуақытта бәрі де сұрғылт тартып түнеріп қалған. (С.Ш.) Мүмкін, олар өзінің сәбидей пәк тазалығымен ағайын-туғанды алыс-жақын деп

алаламай, бәріне де мейірбан ана бола алған, ауыл анасы бола алған Бибігүлді аяп тұнжырайтын болар, аяп жылайтын болар. (С.Ш.) Бұлар хазіреттің қорасына кіріп, асау құнанды ат қораға байлағанда, хазірет өзі көріп, сыйлық екенін іші біліп, үн қатпаған болатын. (М.Ә.) Бұндағы қонақтың көбі қаланың татар саудагерлері, қазақ байлары және тап ортада жаңа мешіт имамы Хасен молла көрінді. (М.Ә.) Әжесі кітап қадірін жақсы айтқанға Абай риза болып, жаңағы сөзден соң күн сайын бір тамаша әңгіме айтатын болды. (М.Ә.)

ІІ. Осыдан бірер жыл бұрын бұл інісімен өзі де ойнап, асыр сап кететін болса, биылдар беймаза көріп, шеттей беретін. (М.Ә.) Өмірінде әлі күнге қайын сіңлісі мен өзге жігіттің арасына делдал боп көрмеген-ді. (М.Ә.) Әділбек, Асылбектер – бұл өңірдің намыскер, мықты жігіттері. (М.Ә.) Жағада біраз тұрып, халді аңғарды. (М.Ә.) Әдемі реңді, әлденеше түсті балапан қозылар, лақтар күншуақта секіріп, дамылсыз маңырайды. (М.Ә.) Осындай жиында үлкенді-кішілі рулардың атқамінер ақсақал-қарасақалы араласып жатты. (М.Ә.) Ұлжан Алшынбайдікіне көп қазына әкелді. (М.Ә.) Діндар әкеге кітапшылап сөйлесе, парыз, уажіп деген сияқтыны еске алуы мүмкін. (М.Ә.) Сондықтан асты кім болса сол жасамайды, тек жуан, бай, құдіреті күштілер ғана жасайды. (М.Ә.) Абай анасына сауап болсын деп құранды өзгеше ықыласпен, асықпай, соншалық мүлгіп, мінажат қып оқиды. (М.Ә.)

Бөлек жазылатын сөздер Бөлек жазылатын сөздер Күрделі атаулар Күрделі сан, сын есімдер мен етістік Есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктерд ен құралған сөздер Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздері тіркескен зат есімдер Тұрақты тіркестер Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты, құбылысты, ұғымды атап, алдыңғысы соңғысының тегін, неге, кімге арналғанын, немен жұмыс істейтінін және өзге заттардан ажыратылатын белгілерін білдірсе Қазақстан Республикасы он бір, көк ала, оқып отыр ән салу, жарқ етті еш адам, бір жұмыс бас тарту, қол ұшын беру ат қора, ағаш тарақ, ұл бала, ортан жілік, бас сүйек

47-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден бөлек жазылған сөздерді тауып, ережесін түсіндіріңіздер. Бұдан бұрын еш уақытта Гүлсары қасқыр үнін естімеген, лезде тұла бойы мұздап, үрей қармап қалды. (Ш.А) Абайдың ақмаңдайы кейде Құнанбай жүрісі баяуласа, жол жорғасын салады да, сары жорға қатты тайпалып кетсе, амалсыздан желе жөнеледі. (М.Ә.) Қаныштың Қазақ Ғылым академиясындағы президенттік қасиеттерінің ең зоры – ол аса талантты және қажырлы, еңбекке

төзімді ұйымдастырушы. (М.Ә.) Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. (Ғ.Мүс.) Иесі анау үйдің бұрын болған, кісі еді заманында бақыт қонған. (А.Б.) Бұл қарасөз Абайдың өз тұсындағы күнделікті өмір шындығына қолма-қол қатынасып, жәрдем етсем деген талабын көрсетеді. (М.Ә.) Мамырбайдың бәйбішесі маң-маң басып, киіз үйін қағыпсілкіп, жинатқызып жүрген еді. (Ж.А.) Бұлар хазіреттің қорасына кіріп, асау құнанды ат қораға байлағанда, хазірет өзі көріп, сыйлық екенін іші біліп, үн қатпаған болатын. (М.Ә.)

48-жаттығу. Төмендегі сөздердің қалай жасалғандығына түсінік беріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар. 1. Еңбеккүн, шикізат, беторамал, зейнетақы, жолазық, тасжол, күретамыр, қырықаяқ, ақбөкен, ақбидай, бізтұмсық, қойжусан, сөзтұлға. 2. Су жорға, мысық мұрт, ақ аю, ақ жауын, ат арба, ата қаз, бас бәйге, бел омыртқа, жер үй, жеті тоғыз, қан тамыр. 49-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен өздеріңізге емлесі таныс емес бөлек жазылатын он-он бес сөз теріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар. 50-жаттығу. Көркем шығармадан бөлек жазылатын күрделі сөздерге мысал теріп, кестені толтырыңыздар. Бөлек жазылатын сөздер Мысалы Күрделі атаулар

Күрделі сан, сын есімдер мен етістік Есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктерден құралған сөздер Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздері тіркескен зат есімдер Тұрақты тіркестер Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты, құбылысты, ұғымды атап, алдыңғысы соңғысының тегін, неге, кімге арналғанын, немен жұмыс істейтінін және өзге заттардан ажыратылатын белгілерін білдірген сөздер

51-жаттығу. Төмендегі сөздерді бірге я бөлек жазылатынын анықтап, бағанға бөліп жазыңыздар. І. Көк(найза), сары(жілік), құм(бетеге), бет(орамал), қой(жусан), ақ(қайың), ит(бүлдірген), сары(аяз), бал(қарағай), кіндік(бау), әлде(сиыр), ағаш(төсек), қара(торғай), ақ(қоян), қара(бидай), мүйіз(жапырақ), әр(кім), күрке(тауық), алып(сатар), қос(аяқ), кіндік(бала), қырық(аяқ), бір(жолата), үш(бұрыш), кей(адам), бас(жүлде), бір(жұмыс), шаш(кептіргіш), шолақ(қол), еш(уақытта), мүйіз(төсек).

ІІ. Бір(қыдыру), әр(қашан), жол(азық), кіндік(кесер), ағаш(күрек), темір(жол), бас(сүйек), бір(талай), фото(үлкейткіш), бас(жіп), ағаш(балға), шаш(бау), ағаш(ат), темір(қазық), ағаш(тілгіш), үш(аяқ), ақ(жауын), ақ(тілек), темір(күрек), сары(жұлдыз), еш(қандай), үш(жақты), кіндік(шеше), шолақ(жең), электр(қозғалтқыш), мүйіз(дәрі), шаш(тарақ), авто(реферат), үш(таған), тіс(ағаш).

52-жаттығу. Жақша ішіндегі сөздерді бірге я бөлек жазылатынын анықтап, жаттығуды көшіріңіздер, мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар. (Әр)кімнің өз жері – Мысыр шаһары. (Әр)елдің заңы басқа, иттері қара қасқа. Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала (еш)нәрсені ойламайды. (Әр)нәрсе сынарында өзінен мықтыға жолығады. Ана сүтін ақтамағанды (еш)кім мақтамайды. Болар елдің баласы, (он)бесінде «баспын» дер, болмас елдің баласы, (отыз)бесте «жаспын» дер. Бір ауылда мың туысың болғанша, (әр)ауылда бір туысың болсын. Тірлікте ілім үйрен көріп жүріп, (әр)жақсының соңынан еріп жүріп. Тілге (әр)күн мейрам. (Әр)кімнің бір ойы бар, қорасында мың қойы бар. Алпыс адам аттан жығылса, (әр)қайсысы өз ауырған жерін сипайды. (Әр)нәрсе уақытымен қызықты. Аузы құлып сандықты, кілт ашпаса тіл(ашар), түйін-түйін сырыңды түбінде келіп шын(ашар). Сөз(салысқан) дауға ортақ, ат(салысқан) жауға ортақ. (Әр)кім өз ойынан хабар берер. (Әр)кімнің бір аңдыған жауы бар.

Дефис арқылы жазылатын сөздер Дефис орфографиялық, сызықша пунктуациялық таңбаға жатады. Сондықтан дефис келген жерде кідіріс жасалмайды. Бұл оның сызықшадан ажыратылатын басты белгісі. Екіншіден, дефис сызықша секілді сөйлемнің мазмұнына еш әсер етпейді. Үшіншіден, шартты түрде алғанда, дефис сызықшадан қысқаша болады.

Дефис арқылы жазылатын сөздер қос сөзд ер екі сөзден тұратын ғылыми дәреже, атақтар не мамандықты көрсететін атаулар қосалқы мүшелі күрделі атаулар реттік сан есімдер цифрмен жазылса ақ, ай, ау, ды, ді, ты, ті, мыс, міс шылау лары кей одағай сөздер түркі, парсы т.б. халықтар есімдерінің соңында келетін паша, бей, заде, оғлы сынды тұлғалар араб халықтары есімдерімен келетін әл, аш, ар, аз, эд, бен сияқты элементтер басқы әріптермен қысқарған сөзге, %, ° таңбалары бар цифрмен жазылған сан есімге, жеке әріп түрінде алынған объектіге жалғанатын қосымшалар басқа тілде дефиспен жазылатын жалқы есімдерге атаана вице-министр кафебар 58-үй айтқан -ды моһмоһ Османпаше әл-Фараби ПМПИ-ге ДонКихот

53-жаттығу. Мәтінді оқып, онда дефистің неге, қандай жағдайда қолданылғанын түсіндіріңіздер. Киіз үйлердің жанында, от басында адамдар әңгіме-дүкен құрып отыр. (Ш.А.) Вагон-ресторанда адам онша көп емес екен. (С.Ш.) Жидебайға

қайтардың алдында Абай әкесінен көші-қон жайын сұрастырған. (М.Ә.) Үлкен үй мен қонақ үйдің арасына тартылған кермеде Құнанбайдың ер-тоқымы ерттелген ұзын торы ат тұр екен. (М.Ә.) Ауыл үстінен қашқандарын иттер қуып, Ботақан бойы азан-қазан болды. (М.Ә.) Азынаулақ қойлар мен төрттібесті ірі қараның айналасында қатын-қалаш, кәрі-құртаң, ер-азамат көп-көптен келеді. (М.Ә.) Үлкен күміс қаптырмамен бір-ақ жерден түймелеген қызылмауыт камзолының қынама белі болымсыз желмен тербеле солқылдаған көк шыбықтай сүйкімді. (Д.Ә.) Ол орта жастарды жағалатқан ашаң жүзді, мұрынды, жұмыр ақ саусақты Фан-Штейн еді. (Ғ.Мүс.) Бала у-шу, малай қиқу, мал маңырап, ит жаң-жұқ. (Ж.А.) Жасыбай көлі сол таудың қойнауында қызылды-жасылды кәрден кесеге құйып қойған зәм-зәм суындай мөп-мөлдір. (Б.М.)

54-жаттығу. Дефис арқылы жазылатын он-он бес кісі есімдерін жазып, олардың қай тілден енгенін айтыңыздар. 55-жаттығу. Дефис арқылы жазылатын сөздерге мысал келтіріп, кестені толтырыңыздар. Дефис арқылы жазылатын сөздер Мысалы қос сөздер екі сөзден тұратын ғылыми дәреже, атақтар не мамандықты көрсететін атаулар қосалқы мүшелі күрделі атаулар реттік сан есімдер цифрмен жазылса ақ, ай, ау, ды, ді, ты, ті, мыс, міс шылаулары кей одағай сөздер түркі, парсы т.б. халықтар есімдерінің соңында келетін паша, бей, заде, оғлы сынды тұлғалар араб халықтары есімдерімен келетін әл, аш, ар, аз, эд, бен сияқты элементтер

басқы әріптермен қысқарған сөзге, %, ° таңбалары бар цифрмен жазылған сан есімге, жеке әріп түрінде алынған объектіге жалғанатын қосымшалар басқа тілде дефиспен жазылатын жалқы есімдерге

56-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті қос сөздердің бірін қойып, жаттығуды орындаңыздар, мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар. 1) Атыңнан айырылсаң да, ... айырылма. 2) Әдептілік, ... – адамдықтың белгісі. Тұрпайы мінез, тағы жат – надандықтың белгісі. 3) Қырықта қылау түсер, ... қырау түсер. 4) Жақсылықтың ... жоқ. 5) Үйдің ... қыс түскенде білінер, адамның ... басыңа іс түскенде білінер. 6) ... қадірін – балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін – қаралы болғанда білерсің, жанашырдың қадірін – жалалы болғанда білерсің. 7) Жақсы болса жан серігің – әйел болар, ... бәрінен жақын болар. 8) ... сөйлесең, жылан іннен шығады, ... сөйлесең, ақыл естен шығады. 9) ... көсем болар, ... шешен болар. 10) Ақымақтың ... болмайды. 11) Ақымақ ... айтады, ақылды ... айтады. 12) Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар, кісінікі дегенде ... ісім бар. 13) ... би болсаң, Балқан тауға сыймассың, бір данаға жол

берсең, жанған отқа күймессің. 14) ... белдер бар, аса алмай жаудың аты өлсін, ағайынмен тату бол, айыра алмай жат өлсін. 15) ... арық қазсаң, ... су ішерсің. Қажетті сөздер: жылай-жылай, ар-ұят, ер-тоқымыңнан, бас-басыңа, сақалмұртқа, ерте-кеші, алыс-жуығы, ата-ананың, аға-іні, жылы-жылы, қатты-қатты, көре-көре, ішкен-жегенін, сөйлей-сөйлей, асу-асу, ала-құласы, анау-мынау, көрген-білгенін, жылы-суығы, күле-күле.

57-жаттығу. Төменде берілген қос сөздердің сыңарларын тауып жазыңыздар. Ыдыс-..., жалт-..., некен-..., аста-..., ұрда-..., жөн-..., ақын-..., ата-..., ұп-..., ет- ..., ағалы-..., сөйлей-..., ертелі-..., қоян-..., қап-..., қолма-..., көзбе-..., қошемет-..., қуаныш-..., құлаш-..., қыңқыл-..., қым-..., қыл-..., мән-..., мейір-..., мектеп-..., мұрат-..., ойын-..., ой-..., оқу-..., өкпе-..., пресс-..., салон-..., салт-..., сұп-..., тай-....

Қажетті сөздер: арман, суық, төк, жық, қыбыр, жөнекей, мақсат, күлкі, қолпаш, сана, жазушы, ағарту, ана, ұзын, сөйлей, кеш, қатты, бюро, қол, көз, вагон, қайғы, құлаш, сыңқыл, қиғаш, қолтық, жай, мет, наз, шапағат, жұлт, интернат, саяқ, інілі, аяқ, тулақ. 58-жаттығу. Қос сөздердің әрқайсысына он мысалдан келтіріп, кестені толтырыңыздар. Мәндес қос сөздер Сыңар мәнді қос сөздер Қарсы мәндес қос сөздер Қайталама қос сөздер Күшейткіш буынды қос сөздер Ата-ана, Бала-шаға, Ұзынды-қысқалы, Қалт-қалт, Қып-қызыл,

59-жаттығу. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып қос сөз жасаңыздар. Биік, жоғары, секең, бырт, сарт, қора, қыз, ілгерінді, жеті, мая, кіші, әрі, аласа, қарсы, аяқ, табақ, ағайын, айтыс, арман, арпа, атақ, ат, аумалы, әзіл, бағыт, бау, дау, дүние, ем, жал, жол, кедей, көрші, күнімен, қадір, қамыт, қорлық, құда, құрал. 60-жаттығу. Төмендегі зат есімдерге реттік сан есімдерді қосып, емле ережесіне сай жазыңыздар. Ғасыр, бала, жыл, ғимарат, қаңтар, апта, дәуір, сәуір, бөлме, пәтер, мұғалім, оқушы, тапсырма, жаттығу, желтоқсан, бастық. 61-жаттығу. Төмендегі сан есімдерді емле ережесіне сай жазылуын анықтап, бағанға бөліп көшіріңіздер.

Үлгі: Дефис арқылы жазылатын сөздер Дефиссіз жазылатын сөздер Жиырма-отыз, Елу бес, 1 Мамыр, жиырма отыздан, 2 курс, төрт жүз елудей қой, 2012 жыл, 22 Наурыз, 9 сынып, бес он, жиырма үш, 27 үй, 7 қабат, ХХІ ғасыр, 5 студент, бес жүз елу алты, жүз жүзден, екіден бір, бес жарым, қырыққа жуық, сексеннің тоғызы. 62-жаттығу. Дефис арқылы жазылатын он-он бес географиялық атау жазып, олармен сөйлем құрастырыңыздар.

63-жаттығу. Төмендегі сөздердің емлесін есте сақтаңыздар. Ассалаумағалайкүм, атсалысу, Аллауакбар, Алла тағала, Аязата, аяқдоп, аяқмәшине, Адамата, азғана, алғы сөз, алтынтой, алыпсатар, Асанқайғы, асүй, атүсті, ауасуытқыш, ауызашар, ашықхат, әлхамдилла, әлейкүмассалам, әр алуан, әртүрлі, кез келген, баз баяғы, бастан-аяқ, бірнегізді, бісміллә, демалысүй, Ер Тарғын, ер-азамат, ер-тоқым, ерке-тотай, Жарықбас, Жәбірейіл, жәрекімалла, Жезтырнақ, Зеңгібаба, иншалла, иіссу, иіссабын, көрсеқызар, күйеубала, Қамбарата, Қаңбақшал, қарасөз, Қорқытата, Қыдырата, қызжолдас, мақтауқағаз, мекенжай, мектепішілік, мерейтой, мүшелтой, мұзкәмпит, Ойсылқара, ойтүрткі, онжылдық, өмірдастан, поп-жұлдыз, пікірталас, сегізаяқ, сенімхат, синьор, сүт кенже, Таскемпір, тас-талқан, тоқымқағар, тоқішек, ұланбайтақ, ұлан-ғайыр, Ұмайана, хал-ахуал, шала-шарпы, Шекшеката.

64-жаттығу. Төмендегі сөздердің бірге, бөлек, дефис арқылы жазылатынын ажыратып, бағанға бөліп жазыңыздар. Абыр(күбір), авиа(апат), авиа(зауыт), авто(бекет), авто(жол), ағайын(жегжат), ағаш(үй), ағаш(тарақ), ағаш(көмір), ағып(таму), адал(ақы), адам(күн), адам(сағат), азу(ағаш), азу(тіс), айыл(тартпа), айыр(көмей), ақ(бата), ақ(бидай), ақ(бөкен), ақ(желек), ақ(жол), алма(ағаш), алма(кезек), арпа(бидай), арпа(шөп), ауыз(су), ауыз(үй), ашық(хат), аэро(сурет), аэро(флот), әзіл(ажуа), әлде(бір), әр(кез), әр(қашан), әулие(әнбие), баға(тізбе), бағыт(шам), банк(аралық), бас(бармақ), бас(сүйек), бек(сұлтан), бел(құда), бел(омыртқа), бет(сүйек), бір(күндік), бір(нәрсе), бір(бақайлы), веб(сайд), Жеті(қарақшы), жеті(нан), инфра(құрылым), инфра(күлгін), ит(жығыс), көз(мөлшер), көк(сүт), көк(шөп), көк(мұз), көк(бақа), көк(бауыр), көк(шыбық), көк(кептер), көк(шыбын), көңіл(ашар), күл(талқан), күні(ертең).

Шылау және одағай сөздердің жазылуы Шылау сөздердің жазылуы Бірге Бөлек Дефис арқылы ма, ме, ба, бе, па, пе, соң, да, де, та, те: барған соң – барғасын, айтасың ба – айтамысың, уда-шу Дейін, шейін, мен, бен, пен, және, қарай, сияқты, таман т.б. ақ, ай, ау, ды, ді, ты, ті, мыс, міс Мұнда келгесін Ебейсін өзінің дағдылы кәсібіне кірісіп, жұрттың тері-терсегін шай, шекерге айырбастай бастады. (Ә.Н.) Күні бойы мұз ойған жігіттің кешке қарай екі алақаны дуылдап жанып кетті. (Ә.Н.) Екі жігіт Еламанды екі жағынан тырп еткізбей сығып ұстап тұрған-ды. (Ә.Н.)

65-жаттығу. Төмендегі жаттығудан шылау сөздерді тауып, қалай жазылғанын түсіндіріңіздер. І. Тек көз байланып, ымырт үйрілгесін ғана әр үй от жағып, қазан көтеріп, дастарқан басына дөңгелене отырады. (Ә.Н.) – Екеуміздің жүрегіміз бір соғадыау! Көремісің? Айтқаныңа қуандым. Мені де өзіңдей көр! – деп қалды. (М.Ә.) Ызғырық жел сүйегінен өтіп бара жатқасын асығыс қымтанып, төңірекке көз тастады. (Ә.Н.) Болмағасын жаңқаны былай тастады да, Оразқұл маралдың басымен жекпе-жекке шықты. (Ш.А.) Көк тайғақ мұз күндіз көз қарығандай жалтырап жатқан-ды. (Ә.Н.) Торы атқа тақымы тигесін-ақ асықпады. (Ә.Н.) Аққан жұлдыздың ізіндей шаңға қарап-ақ адамдар Гүлсары шауып бара жатқанын жазбай танитын. (Ш.А.) Бүгін болыс сайланатын күн болғасын жұрттың бәрі елеңдесіп, жел жаққа құлағын түріп отырған-ды. (Ә.Н.) Жаңа адамдар келген соң, үлкендердің өзге істері мен сөздері бөгеліп тоқырап қалған. (М.Ә.) – Ей, менің балаларым, мына бала қонағың тартымды жатыр-ау өзі, ойлаймысыңдар? – деп, жақсы жадырап, шын бейімденді. (М.Ә.)

ІІ. Еңлік пен Кебек қуғыннан қашып, аңдай боп, мына Орда тауын паналап, азғантай ғана дәурен сүрген-ді. (М.Ә.) Әлі де желісі үзілмеген ой соңында келе жатқан Абай жастарға тағы бір сөз тастады. (М.Ә.) Базаралы да мына жиынның ақылы мен ақынын барламай қалған жоқ. (М.Ә.) Сейіт орнынан атып тұрып, кафедраға қалай жетіп барғанын да білген жоқ. (М.Әуб.) Аршабаев мінбеден түскен бойда ел алдына өзім шықсам ба екен деп ойланып отырған. (М.Әуб.) Бұл жалғыз Сейітке емес, Қадыр мен Әшімхан үшін де тосын хабар еді. (М.Әуб.) Қарсы дауыс бергендерді, не қалыс қалғандарды санап жатқан да ешкім жоқ. (М.Әуб.) Сейіт жайлап басын өзіне бұрын таныс бірінші терезеге келсе, төрт-бес-ақ адам екен. (М.Әуб.) Ерболдан бөлінгеннен кейін Мағаш пен Ақылбай сол өздерінің дос ортасына қайтты. (М.Ә.)

66-жаттығу. Көркем шығармадан шылау сөздердің жазылуына екі-үш мысал теріп, кестені толтырыңыздар. Шылау сөздердің жазылуы Мысалы Бірге Бөлек Дефис арқылы 67-жаттығу. Төмендегі шылауларды қатыстыра отыра сөйлем құрастырыңыздар. Қарай, туралы, түгіл, үшін, тарта, соң, бұрын, қатар, бірге, мен, бірақ, да, кейде, өйткені, әйтпесе, ма, ше, ғана, ау, мыс.

68-жаттығу. Шылаулармен тұлғалас келетін қосымшаларға мысал келтіріп, өзара салыстырыңыздар. Үлгі: Шылау түрі Шылаумен келген сөйлем Қосымшамен келген сөйлем Да, де, та, те Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. Тоқтығыңда жараспаған, аштығыңда қараспайды. Ды, ді, ты, ті Жолшыбай аптап ыстық еңсемізді көтертпей қойған-ды. Қызылбалақ оқыстан дүр-дүр сілкініп қалды.

69-жаттығу. Жақша ішіндегі шылау мен қосымшаларды өзара ажыратып, мақал-мәтелдерді көшіріп жазыңыздар. І. Бейбіт ел(де) береке бар. Туған жердің ауасы(да) шипа. Басшысыз ел(де) береке болмас. Есің бар(да) елің тап, есер болмай, етек жап. Естімеген ел(де) көп. Қалыптан шықсаң(да), халықтан шықпа. Көзсіз күнелтсең(де), көпсіз күнелте алмайсың. Біз(де) кісі болармыз, атқа кісен салармыз. Дүние(де) тас қатты, тастан(да) бас қатты. Темір сырын от(та) танытады, адам сырын жоқ(та) танытады. Жақсының басына іс түссе, ашынар(да) ашылар. Жаманның басына іс түссе, бір тулар(да) басылар. Жаман(да) болса аман болсын. Көшкен жұрттың қадірі қонған(да) өтер, ер жігіттің қадірі өлген(де) өтер. Үй(де) оңбаған түз(де)(де) оңбайды. Жақсы(да) жаттық жоқ, жаман(да) жақындық жоқ.

ІІ. Тау(мен) тау кездеспейді, Адам(мен) адам кездеседі. Ел(мен) көгерген еленбес. Көшер(мен) елге жұрт жаман, кетер(мен) қызға үй жаман. Жаман(мен) егес, жақсы(мен) кеңес. Қожа(мен) молданы басындағысынан білерсің, бек(пен) төрені қасындағысынан білерсің. Аталы сөзге арсыз қайырар, ақ(пен) қараны шындық айырар. Хан ұйғарса, хан түйесін соймас(па)? Көл(де) жүрген қоңыр қаз шөл қадірін білер(ме), шөл(де) жүрген дуадақ көл қадірін білер(ме). Он екі мүшең сау болса, жарлымын де(ме), жаныңда жараң болмаса, зарлымын де(ме). Жаңбыр(мен) жер көгереді, алғыс(пен) ер көгереді. Сауысқан шоқыған(мен) тоқ болмайды.

Одағай сөздер естілуінше (айтылуынша) жазылады. Сондықтан бір одағай екі-үш түрлі болып жазылуы мүмкін: ойпырай, ойпырой, ойпыр-о-ой, ойпырмай, ойпырмау.

70-жаттығу. Төмендегі жаттығудан одағай сөздерді тауып, жазылуына назар аударыңыздар. – Зарлық сұлу қыздармен билегенде дорбасын қайда тастап кетеді екен, ә? – десіп, бүйрегі бүлк етпей, жан-жағымызда үлкен бар демей-ақ ыржалақтап тұр. (М.Әуб.) – Апыр-ай, ә... – деді Ғабең орнынан тұрып, зал ішін ерсілі-қарсылы кезіп кетті. (М.Әуб.) Шіркін, жазу деп Қадырдың жазуын айтсайшы! (М.Әуб.) – Япыр-ай, Алексей Иванович сияқты ғалым емес, мұншама тілді қайдан үйренген? (М.Әуб.) – Әттең, шіркін бала шақ! – деген Базаралының өз бетімен айтқан арманды тынысы дәл Абайдың ішімен сырласудан туғандай. (М.Ә.) – Масқара! Шұбардың құсы дуадақ ілудің орнына, дуадақтан жапа шегіп, қорлық көріп қалыпты ғой! – дейді. (М.Ә.) – Әй, жігітім, тоқташы былай! – дей беріп еді, Далбай қамшысын сілтеп, ақырая берді. (М.Ә.) – Е, қарағым-ай, сенің басыңа да бұлт үйірілген екен ғой. (М.Әуб.) – Ойбай-ау, ағатай-ау, мұныңыз не? Ауруханадан кеше шыға сала жер қазып жатқаныңыз қалай! (М.Әуб.)

71-жаттығу. Төмендегі одағайларды қатыстыра отыра сөйлем құрастырыңыздар. Моһ-моһ, бәрекелді, шіркін-ай, ойпырм-ай, ау-у-у, мәссаған, түуһ, уһ, ура-аа, пай-пай, шөре-шөре, паһ-паһ, әттеген-ай. Қосымшалардың жалғануы

Қосымшалар сөздің соңғы дыбысының, буынының әуенімен үндесіп, бірге жазылады: біл-ім-ді, дарын-ды, парасат-ты т.б. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар: -бан, -гер, -кент, -хана, -стан, -еке, -жан, -қар, -кеш, -дар, -көй, гөй, -қор, -қой, -мар, -маш, -нікі, -дікі, -тікі, - паз, -тал, -уар, -мен, -бен, -пен. Мысалы, еңбекқор, өнерпаз, тілмаш т.б. Жалқы есімдер й, ш дауыссыз дыбыстарына аяқталса, -ев (-ева), басқа дауыссыз дыбыстарға аяқталғанда, -ов (-ова), дауыстыларға аяқталса, -ин (-ина) қосымшалары жалғанады: Сәтбай + ев – Сәтбаев, Сейфолла + ин – Сейфуллин, Шахан + ов – Шаханов. –ов, -ев жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға қосымша түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады: С.Жүнісовке, С.Исаевтың. Әріптерден қысқарған сөздерге қосымшалар оның айтылу әуеніне қарай, ал олардың ішінде дауысты дыбыс болса, сол дыбыстың айтылу әуеніне қарай дефис арқылы жуан не жіңішке болып жалғанады: ПМПИ-ге, ПМУ-дың, ТУ144-ке.

72-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды жалғап, мәтінді көшіріңіздер.

Түпкі таза түрін сақтаған тіл Қазақтар... тіл... – түпкі түрін, түркі сипатын сақтап қалған тіл. Рас, оған да бірен-саран жат сөз... енгені байқалады. Бірақ ол сөз... қазақ тілі... үндестік заңы... бағынып, бірыңғай халық тілі... қорына қосылып кеткен. Қазақ тілі... осы тазалығ... мен табиғилығ..., сондай-ақ көп таралғандығ... бұл тілдегі мұралар... менің көбірек жинап, оған әдебиет нұсқалары... құрастырған жинақтар... толық бір томын аударуыма себеп болды. Оның үстіне қазақ... басқа бауырластары... қарағанда сөз... тапқырлығ... мен шешендіг... де маған әсер етті. Қазақтар... тіл... әуезді де әсем, шебер де шешен, әсіресе, сөз сайысына келгенде олар... алғырлығ... мен өткірліг..., тауып сөйлейтін тапқырлығ... таңғалдырады. (В.Радлов)

73-жаттығу. Көп нүктенің орнына көрсетілген қосымшалардың тиістісін қойып, олардың түрліше жалғану себебі мен жасалу жолын түсіндіріңіздер. -ға, -ге, -қа, -ке: малта... ұқсау, қой... шапқан бөрідей, ой... кеткен жандай, үй... түскен ұрыдай, майдан... түскен батырдай, көл... біткен құрақтай, арба... басқан пішендей, арна... құйған селдей, толқын... батқан кемедей, аяқ... түскен қақпандай.

-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің: алтын... сынығындай, мір... оғындай, ат... тағасындай, түйе... үлкендігіндей, сиыр... бүйрегіндей, есек... қодығындай, аю... табанындай, елік... көзіндей, киік... лағындай, ителгі... тамағындай, аққу... мамығындай, құс... ұйқысындай, жылан... зәріндей, балық... уылдырығындай, кесіртке... басындай, жаз... раушан гүліндей, қайын... қабығындай, аяз... ызбарындай, домбыра... қос шегіндей, құман... тұтқасындай, ине... көзіндей, таз... басындай, қаңтар... аязындай.

-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен: ұйқы... оянған кісідей, шойын... құйғандай, серке... сұлу пішінді, бетеге... биік, жусан... аласа, сүт... ақ, су... таза, бал... тәтті, есек... жуас, тұрымтай... алғыр, тас... қатты, жел... жылдам, күн... құдіретті, тау... үлкен, су... тұнық, дария... мол, алтын... ардақты, күміс... салмақты, найза... өткір, түйме... сұлу, есік... жалпақ, қыл... нәзік, шыны... аппақ.

74-жаттығу. Төменде берілген кісі аттарына -ев, -ева, -ов, -ова, -ин, -ина қосымшаларының тиістісін жалғаңыздар. Фамилияларға кісі есімдерін қосып, оларды ақын-жазушы және зерттеуші-ғалым деп бөліп топтастырыңыздар. Құнанбай, Серғали, Сейфолла, Исай, Алтынсары, Кеңесбай, Әбдік, Жүнісбек, Әбіш, Ахтан, Ысқақ, Жүніс, Бектұр, Шаймерден, Сыздық, Әбу, Жүсіп, Есенжан, Аманжол, Сайранбай, Есенберлі, Хасан, Жұмабай, Сәтбай, Жансүгір, Мұқан, Нүрпейіс, Қордабай, Кемеңгер, Торайғыр, Мүсіреп, Оралбай, Әуез, Қали, Көбей, Дулат, Мырзабек, Қайдар.

75-жаттығу. Баспасөз материалдарынан қысқарған сөздерді тауып, олардың қандай жолмен қысқарғанына назар аударыңыздар. 76-жаттығу. Төмендегі қысқарған сөздерге түрлі қосымша жалғап, жаттығуды орындаңыздар. АҚШ, ҚазҰПУ, ПМУ, Газ-53, БТА, ИнЕУ, ТМД, 30 %, пединститут, ЯК-42, ҚР ҰҒА, БҰҰ, медколледж, ПМПИ, ИЛ-62, кг, 25°, ҚарМУ, ТУ-104, ҚБТУ, медпункт, АН-24, МАИ, мм, км.

77-жаттығу. Төмендегі сөздерге үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды жалғап, сөйлем құрастырыңыздар. Мейір, көке, сауда, дәм, сәуле, Құм, кінә, тіл, арба, қас, әсем, жем, еңбек, аға, күнә, діл, дәрі, өсім, бас, білім, бата, бейнет, қалам, майдан, айла, кәсіп, әзіл, бәле, бала, Асан, сән, пайда, өнер, дұға, Асқар, ақыл, есеп, Өзбек, сезім, сөз, қалам, ем.

Қосымшалардың жалғануы Мысалы Нд, нз, нк, нг, мп, мб, мт, кт, вт, фт, пт, ск дыбыстарына аяқталатын сөздерге қосымшалар ы, і дәнекер дыбыстар арқылы жалғанады фактісі, киоскілер Сс, лл, тт, пп, ст, кст, сть, зд, кк дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда түбірдің соңғы дауыссыз дыбысы түсіріліп жазылады. Алайда жалқы есімдер бұл заңдылыққа бағынбайды съезге, металға, Гриммге Соңғы екі дауыссыздың арасында жіңішкелік белгісі бар сөздерге қосымша буын үндестігі бойынша жалғанады асфальтқа, рельске Жіңішкелік белгісіне аяқталған көп буынды сөздерге қосымша буын үндестігі бойынша жалғанады лагерьге, фестивальға

78-жаттығу. Көп нүктенің орнына емле ережесіне сай тиісті қосымшаларды жалғап, жаттығуды көшіріңіздер. І. Жапсарына өрнек жүргізілген майлы көк бояулы оң қабырғадағы үлкен қара сағат күмбір-күмбір қоңырауын соғып, вестибюль... жаңғыртып әкетті. (С.Ш.) Төрт-бес квартал төменіректегі жаңа салынған трамвай паркі... биік күмбезі күнге шағылысып, сәулесін Мәулен тұрған терезеге қадап тұр. (С.Ш.) Етектен жоғары қарай жамырай тартқан қалың қарағайлар да мына альпинис... ұқсап бетті биікке сілтеген. (С.Ш.) Он қадамдай алда жол асфальт... шағылысқан күн сәулесі қашқан қоянның құйрығы тәрізді, айнымас бір қашықтықта шапшаң ілгері сырғанап, толқи зырлайды. (С.Ш.) Кемпір шалға біраз кінә... қарап отырды да астыңғы ернін тістеп алып, қолындағы көктеп отырған дүниесімен әуре бола берді. (Ш.А.) Алла тағалам сендерге бір бала беріп, соның іңгә... жылаған даусын естіген күні құдай маған ажалын жіберсе, арманым жоқ. (Ш.А.) Басында Құтжан өлген соң осы көктемде жұрт Жексенді кінә... бастады. (М.Ә.) Қарқаралы деген округ... әміршісі – Құнанбай мен осы Майыр. (М.Ә.)

ІІ. 1) Темекі шеккен адамдарда миокарда инфаркт... жиі асқынып кетеді. 2) Бейімбет шаруалардың өмірін жақсы біліп қана қойған жоқ, ол сол өмірге үңіле қарап, өмір романтикасын, неше алуан конфликт... тапты. 3) Алғашқы адамдар бумеранг... аң аулауда қолданды. 4) Құрылыс материалдарын қандай объект...

жіберудің қажеттілігі туралы пікір алысты. 5) Қара халықтың съезд... қатысқаны үлкен жаңалық болды. 6) Әуелі әдемі костюм... әсерімен тұрып, әлгі әңгіменің түп төркінін аңғармаппын. 7) Қарағанды митинг... өткен күні кешке Катченко Жабайдың екі бөлмелі ескі үйінде лекция жасап еді. 8) Гүлшат он екі килограмдық рюкзаг... қайыс батып ашыған арқасынан сыпырып алып, қасына қойып еді, енді қараса сол рюкзак жан біткендей қозғалып кетті.

Қосымшалардың жіңішке түрде жалғануы Рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, лк, нкт, кль, брь, бль дауыссыздар тіркесіне аяқталған сөздерге Ог, уг дыбыстары на біткен сөздерге Соңғы буынында не бір буынды сөздің өзінде и дыбысы келгенде Соңғы буынында ю, э, ē дауыстылары келетін сөздерге Жіңішкелік белгісіне аяқталатын бір буынды сөздерге полктер округке кассирге дуэльге оське 79-жаттығу. Қосымша жалғанғанда түбірдің соңғы дыбысы өзгеріп кететін он бес сөз жазып, оның себебін түсіндіріңіздер.

Қосымшалардың жуан түрде жалғануы Соңғы буынында не бір буынды сөзде у дыбысы бар орыс тілінен енген сөздерге Орыс тілінен енген сөздердің соңғы буынында я әрпі болса Х дыбысына аяқталған сөздерге автобусқа, курстың поляктар, разрядшы цехқа, тарихшы

80-жаттығу. Төмендегі сөздерге барыс септік жалғауын қосып, дұрыс жалғануын есте сақтаңыздар. І. Акварель, коллоквиум, диск, актив, заряд, гастроль, дифирамб, гонг, алкалоид, грамм, коттедж, гладиолус, дефольт, инфаркт, аллерголог, колледж, алоэ, аммоний, антибиотик, антрополог, викинг, апартеид, дивиденд, журналист, инстинкт, артикль, археолог, дифтонг, астероид, контакт, аффикс, бактериолог, бенефис, бифштекс, бокс, бромид, диалект, актер, имидж, киоск, консерв, консонанс, конспект, конфликт, коряк.

ІІ. Акваланг, дирижабль, аквариум, бронхит, аккорд, бронетанк, катафалк, акт, вальс, альпинист, анод, гидролог, анапест, антипод, антракт, антропофаг, аншлаг, капсюль, арабеск, дифтонгоид, аспект, алкоголь, ведомость, аспирант, кабель, атеист, аффект, ашуг, аэронавт, бакенбард, баланс, бандероль, банк, акцепт, барий, белудж, бемоль, бланк, блок, блюминг, браунинг, бридж, букинист, бумеранг, бундестаг, бутерброт, варяг, бульдог, дебют, демиург, диалог, дизель, дуэль, дуэт, иероглиф, интервью, каноэ, коллоид, консьерж.

81-жаттығу. Төмендегі сөздердің бірінші тобына дауыстыдан басталатын қосымша, екінші тобына дауыссыздардан басталатын қосымша жалғап, емле ережесіне сай жазыңыздар. І. Фестиваль, жүрек, князь, ойын, тап, полк, қас, салық, кітап, принцип, халық, тип, тарих, жап, тарақ, руль, Донбасс, кеп, дуэт, парк, дизель, балық, ансамбль, шаш, класс. ІІ. Кристалл, куә, С.Жүнісов, бұрын, ҚазТАГ, факт, кубок, күмән, кінә, Гримм, ЮНЕСКО, Науаи, М.Әуезов, Қ.Сәтбаев, кросс, МТЗ-82, подъезд, киоск, Кузбасс, сөз, актер, күнә, ПМПИ, Күләш, тест, педагог, пассив, фонд, клуб, полюс, парад, Түрксіб, сән, геолог. Бас әріптің қолданылуы

Бас әріппен жазылатын сөздер Мысалы Жалқы есімдер Павлодар, Манас Ең жоғарғы мемлекеттік қызмет аттары мен құрметті атақтар Президент Әкімшілігі Мемлекет, республика, жоғарғы мекемелер мен ұйымдардың күрделі атауларының әр сөзі Қазақстан Республикасы Нүкте, сұрау, леп белгілерінен кейінгі сөйлемнің бірінші сөзі, өлеңнің әрбір жолы Жанұя – шағын мемлекет. Мен – президент, сен – премьер. (Қ.Аманжолов) Кісі аттарымен қабаттаса айтылатын тұрақты эпитеттер жалқы есімнің алдынан келсе Жаяу Мұса, Ер Төстік Корея, индонезия, бирма, тайланд т.б. халықтардың атыжөндерінің әрбір сөзі Ким Ир Сен, Хо Ши Мин Бас әріптермен қысқарған сөздер БҰҰ, ТМД Түрлі мекемелер, білім-ғылым орындарының т.б. күрделі атауларының бірінші сөзі Павлодар мемлекеттік университеті Мифологиялық «иелердің», «құдайлардың», «әулиелердің» аттары Ойсылқара Мал, құс, ит т.б. қойылған аттар Ақбоз, Тайбурыл Маңызды тарихи дәуірлер, революция, уақиғалар, мерекелердің аттары Ұлы Отан соғысы Бұрынғы ордендердің аттары Қызыл Жұлдыз ордені Ресми құжаттардағы шартты атаулар Жоғары мәртебелі Президент мырза Аса маңызды құжаттардың аттары Тіл комитетін құру туралы жарлық Ордендер мен медаль аттары және құрметті атақтардың бірінші сөзі «Ардақты ана» ордені Кітап, газет, журнал аттары «Қартқожа» романы Көше, алаң, парк, шоссе, көпір, жол т.б. аттарының бірінші сөзі Жібек жолы көшесі

82-жаттығу. Сөйлемдердегі бас әріппен келетін сөздерді анықтап, жазылу себебін түсіндіріңіздер. І. аздан соң ербол абайлардан бөлініп, көлқайнарға қарай тартып кетті. (М.Ә.) қасым пішенбаев көмір тапқаннан кейін, ол баянауыл, қарқаралы жерлерін сонау балқашқа дейін иемденіп алады. ұлы сібір темір жолын салуына байланысты ХІХ ғасырдың аяқ кезінде екібастұз көмірін пайдалану үшін «воскресен тау-кен акционерлік қоғамы» ұйымдасады. павлодар қаласына таяу,

ертістің сол жақ жағалауындағы воскресенская пристанына екібастұздан тар табанды темір жол тартылды да, сол жолмен екібастұз көмірін деров ертіс арқылы омбыға тасытады. (Ә.Нұрш.) араб басқыншылығынан кейінгі кездегі қараханид кезеңінің тілдік ерекшеліктерін сипаттайтын жазба материалдарға юсуф баласағұнның «құтадғу білік» атты поэмасы, махмұд қашқаридің «дивану лұғат-ат түрік» атты лингвистикалық еңбегі, ахмед югнакидің «һибат-ульхакаик» атты еңбегі, қожа ахмет яссауидің шығармалары («хикметі») жатады. (С.И.) шығыстың классикалық әдебиетінің қазақша еркін аудармалары, яғни шығыс сюжеттерін қайталап қазақша жырлаған туындылар: «шахнаме», «ләйлі – мәжнүн», «жүсіп – зылиха», «фархад – шырын», «ескендір», «мұңлық – зарлық», «сейфүл-мәлік», «бозжігіт», «шахмардан», «шәкір – шәкірат» т.б. (Р.С.)

ІІ. бұл асқа қарқаралының арғыны, жетісудің жалайыры, садыр-матайы, семіз-найманы, ылдидің уақ, бурасы, дағандының керейі бар, талай үлкен рулар келмек. (М.Ә.) күлкісі көмір болғыр сейіттің не бүлдіріп, не қойғанын группадағылар тұңғышбаев келген соң бірер минут өтер өтпесте-ақ білген-ді. (М.Әуб.) исаның жайын сөз қылу тәкежаннан құтылудың шарасы емес-ті. (М.Ә.) ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында жарық көрген кітаптар, газет-журналдар («түркістан уалаятының газеті», «дала уалаятының газеті», «айқап» т.б.) тілінен де міне осыны байқаймыз. (С.И.) сондықтан «алпамыс», «қамбар батыр», «ер тарғын» сияқты ежелгі батырлар жырлары да, «қыз жібек», «айман – шолпан» тәрізді лиро-эпостар да, қазақтың профессионал ақындарының өлеңдері де, жыр-дастан болып келетін жаңа туындылар да «қисса-и» атымен басылды. (Р.С.)

83-жаттығу. Төмендегі газет-журнал аттарын емле бойынша жазыңыздар. «ұшқын», «сарыарқа самалы», «дала уалаятының газеті», «жұлдыз», «лениншіл жас», «егеменді қазақстан», «ана тілі», «қазақ әдебиеті», «айқап», «қазақстан мұғалімі», «қазақстан әйелдері», «түркістан уалаятының газеті», «абай». 84-жаттығу. Бас әріппен жазылатын сөздерге мысал келтіріп, кестені толтырыңыздар. Бас әріппен жазылатын сөздер Мысалы Ең жоғарғы мемлекеттік қызмет аттары мен құрметті атақтар Мемлекет, республика, жоғарғы мекемелер мен ұйымдардың күрделі атауларының әр сөзі Түрлі мекемелер, білім-ғылым орындарының т.б. күрделі атауларының бірінші сөзі

Мифологиялық «иелердің», «құдайлардың», «әулиелердің» аттары Маңызды тарихи дәуірлер, революция, уақиғалар, мерекелердің аттары Бұрынғы ордендердің аттары Ордендер мен медаль аттары және құрметті атақтардың бірінші сөзі

85-жаттығу. Төмендегі шығармаларды емле ережесі бойынша жазып, авторларын анықтаңыздар. «кең өріс», «ақбілек», «жапандағы жалғыз үй», «шұғаның белгісі», «бақытсыз жамал», «үркер», «жас түлектер», «құлагер», «бай баласы мен жарлы баласы», «москва үшін шайқас», «оянған өлке», «ақ жайық», «көшпенділер», «батыр баян», «қызыл жебе», «каһарлы күндер», «ботагөз», «қилы заман», «тар жол, тайғақ кешу», «қалың мал», «аласапыран», «инеш», «қан мен тер», «алтын сақина», «қамар сұлу».

Шығармалардың авторлары: Ғ.Сланов, Ә.Әбішев, Т.Ахтанов, С.Жүнісов, М.Мағауин, Ә.Кекілбаев, С.Шаймерденов, Б.Момышұлы, Қ.Есенжанов, І.Есенберлин, Ш.Мұртаза, М.Жұмабаев, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ә.Нүрпейісов, Қ.Кемеңгеров, С.Торайғыров, Ғ.Мүсірепов, М.Әуезов, С.Көбеев, С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, Ы.Алтынсарин, М.Дулатов.

86-жаттығу. Төмендегі сөздерді тиістісін емлеге сай бас әріппен жазыңыздар. павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, ақан сері, сыртқы істер министрлігі, біріккен ұлттар ұйымының бас ассамблеясы, семеновтяньшанский, ғылым академиясы, қазақ ұлттық педагогика университеті, ер төстік, қазақстан халық қаһарманы, баянауыл ауданы, қазақстан республикасы президенті, тұйғын, құран кітабы, жезтырнақ, ұлттық банк қоры, тіл білімі институты, бодуэн де куртенэ, павлодар облысының әкімі, қыз жібек, қырғызстан республикасы жоғарғы соты, астана қаласы, біржан сал, шалқұйрық, жолбарыс, жаңа жыл, шекшеката, қазақстан республикасының ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, инновациялық евразия университеті, тәурат, леонардо да винчи, түрксіб темір жолы, қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі.

87-жаттығу. Көркем шығармалар мен ғылыми-зерттеу еңбектерінен бас әріптің қолданылуына он бес мысал теріп, олардың жазылуын түсіндіріңіздер. 88-жаттығу. Жақшаны ашып, төмендегі сөздерді емле ережесіне сай жазыңыздар. батыс(еуропа), судыр(ахмет), жаңа(зеландия), орта(жүз), сейфүл(мәлік), солтүстік(корея), қиыр(шығыс), орта(азия), қара(теңіз), ер(тарғын), аяз(ата), қамбар(ата), бұқар(жырау), ұлы(британия), асан(қайғы), шопан(ата), ұмай(ана), ұлы(жүз), зеңгі(баба), солтүстік(двина), мадагаскар(аралы), балуан(шолақ), қазыбек(би), екі(бас)(тұз), оңтүстік(америка), жаяу(мұса), жаңа(жер), апенин(түбегі), алдар(көсе).

89-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, өзіндік ойларыңызды айтыңыздар. Нан ардақты, адал дос Бір кезде болып нанға зар, Қадірін білген адамдар. Әулие тұтып нанды ұстап, «Нан ұрсын» деп қорғанар. Нан ардақты, адал ас, Кәрі, жас онан аттамас. Ақ дастарқан үстінде, Қол жумай оны ұстамас. Нандай жоқ қой асыл дәм, Жеп үйренген жасыңнан. Дастарқаннан нан кетсе, Береке кетер асыңнан. Ей, балалар, балалар, Болмаңдар, сірә, нанға тар. Өмірдің алтын арқауы – Нан қиқымын шашпаңдар. Жерде жатса, баспаңдар, Теріп алып, қастерлеп. Торғайларға тастаңдар. (Ө.Тұрманжанов) Тасымал

Жазып келе жатқан жолға сыймаған сөз буын жігіне қарай тасымалданады: ба-лу-ан, тәр-бие, өне-ге-лі, сал-мақ-ты. Тасымалданбайтын сөздер Бір буынды сөздер Бас әріптен қысқарған сөздер Қысқартылған кісі есімі фамилиядан айырып тасымалданбайды Цифр арқылы таңбаланатын сандар қысқарған атауларынан бөлінбейді Сөздің жеке әрпін сол жолдың өзінде не келесі жолға қалдыруға болмайды спорт, ұлт ИнЕУ, ҚазҰПУ С.Мұқанов 5 т, 30 м і-лім, а-на

90-жаттығу. Төмендегі сөздерді қалай тасымалдауға болатынын дефиспен (-) бөліп көрсетіңіздер. Тасымалдауға келмейтін сөздерді бөлмей көшіріңіздер. Үлгі: жұ-мырт-қа, ар-ман. Буын, білім, үлгі, ынта, тиін, өнер, жұмыртқа, арман, сауат, қиял, еңбек, әнұран, бірыңғай, абырой, әділ, амандық, қасиет, әлем, ақыл, зейін, зиялы, инабат, оқу, өнеге, әрекет, өсиет, ұлағат, өмір, ықылас, ажуа, ілім, ПМПИ, М.О.Әуезов, 25 га, 5 кг, Ғ.Мүсірепов, БҰҰ, ҚР, сәуегей, Қазақстан, іріткі, суық, биыл, мұқият, құмырсқа, спектр, стенд, қияңқы, қиямет.

91-жаттығу. Сөздерді тасымалдауға болатынын бір бөлек, тасымалдауға болмайтынын бір бөлек көшіріп жазыңыздар. Қиын, Адамата, айқас, А.Құнанбаев, ақуыз, мәдениет, дүние, айыл, әзіл, Ресей, Сәкен, ақылы, ҚазҰПУ, 5 метр, ажал, 2011 жыл, Ғ.Мұстафин, қияр, суыр, киіз, сояу, ағашаяқ, алабұта, ақыл-ес, ашықауыз, белағаш, бесаспап, биялай, буынаралық, дүнияуи, иллаһи, кәусар, кейқуат, көкаяз, көзақы, әкімият, ащыот, ПМУ, 21 кг, 9 т, спорт, ұн, бауырсақ, әлем. 92-жаттығу. Төмендегі жаттығудан тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жазыңыздар, ережесін түсіндіріңіздер.

Аурудан аяған күштірек Сейіт орам үстінде жүгіріп бара жатқанда бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты. Мұны көрген соң, Сейіт жыламақ түгіл сынған аяғын орнына салып, таңып жатқанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатты. Сонда сынықшы кісі: – Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? – деп сұрады. Сейіт, шешесі шығып кеткен соң, демін алып, сынықшыға сыбырлап айтты дейді: – Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесін деп, шыдап жатырмын, – деді. (Ы.Алтырсарин)

93-жаттығу. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің жазылуы мен айтылуындағы айырмашылықтарды түсіндіріңіздер. Көзқарас, түкірік, әркім, көркем, ақ ала, он қап, ақ ешкі, өнеркәсіп, Кеңесбаев, күрек, көбелек, ала кел, сарыкүйік, омыртқа, құс жолы, қара қағаз, әрқашан, сиыр қора, Есжан, сәнқой, бес жыл, жұмысшы, ақ аю, қара өлең, қоңырқаз, қоңырау, сары аяз.

94-жаттығу. Естілуінше жазылған өсімдік атауларын орфография заңы бойынша жазып, себебін түсіндіріңіздер. Айғабақ, бійеғарын, сұуғабақ, қойамбеде, айылғыйақ, байалыш, қышшөп, доңұссырт, айагөз, ешкіғұйрұқ, жамаңғұлақ, жөтөлшәй, запраңгүл, ійреккүл, ағжұусан, ійтшұуа, ағжүзгөн, кійігот, бұуұлдұқ, көгнәр, айұуот, қарот, божжұусан, ағжүгөрү, ырайхаңгүл, ақпас, сабыңгөк, ағмыйа, саңрауғұлақ, айрауұқ, ташшарған, балбырауұн, ақпійдай, түйнөгөлөң, айылжұуа, қарөлөң, балғұурай, ійтмұрұн, сұупыйаз, шәйжапрақ, ійтшеміс, інжүугүл.

95-жаттығу. Айтылуы мен жазылуы бірдей зоологиялық терминдерді бір бағанға, айтылуы мен жазылуы бөлек зоологиялық терминдерді екінші бағанға топтап жазыңыздар. Ақбөкен, ақбалық, ақүрпек, алагүлік, алақұрт, аламан, арабалық, атсілеусін, балара, батбат, берікбас, бунақдене, бұзаубалық, бұраубас, бұршаққоңыз, есекара, жайра, жарғаққанаттылар, заузақұрт, киізқұрт, көкшыбын, күнбалық, кірпікшешен, кіс, қаракүзен, қарақал, қарақұлақ, қозыбас, құмқұрт, құршаян, мәлін, пайызторғай, сазқұндыз, семсербалық, сымыр, түзат, шіл.

96-жаттығу. Төмендегі мәтінді орфоэпия заңдылығына сәйкестендіріп жазыңыздар. Өзгеріске түскен сөздердің себебін түсіндіріңіздер. ...Кәрі аңшы Ақшегірдің томағасын тартып, үндемей тасқа шүйіліп отыр еді. Бір мезгілде алыстағы қағушының айғайы естілді. Ақшегір елең етіп, барлық үлкен денесі екі ғана отты шегір көз болғандай болып, қызыл тасқа шаншылып, қадалып қалды. Артынан аз уақытта аңшының қолынан атып жөнелді. Сол кезде қызыл тастың аңшыларға қараған қарсы беттегі бір жарықтан түлкі етекке қарай шұбатыла берді. Ақшегір аңшылардан бұрын қабат тастың арасынан қылп еткен жонын көрген екен. Денесі ыстық оттай қайнаған шыдамсыз қыран жай отындай жарқ етіп, аспанға шықты. Етекке түсе алмай асығып, қарбаласып қалған түлкі ежелгі кекті жауын кең жерге шығып тоса алмай, қызыл тастың қия бетінде құйрығын шаншып, керіп тұрып қалды. Майданға шығып, қызықтырып тұрған жерін көрген қыран айналып, аспандап көтеріле берді. Аспандаған сайын жынын шақырған қара бақсының қабағындай төңкеріліп, қайта-қайта түйіліп, көтеріліп, күші мен ызасын жиып жүрді. Аяғында жерге қарсы қасқарып, төсін төсеп, бір екпіндеп көтеріліп алып, бетін бұра сала түлкіге қарай шаншыла жөнелді. (М.Әуезов «Бүркіт аңшылығының суреттері»)

97-жаттығу. Орфоэпия заңдылығына сәйкестендіріліп берілген мәтінді орфография заңы бойынша жазыңыздар. Сәукөлө – әйелдің бас кійімі, онұ ұзатылған ғыздар және онұң жанына еріб жүрөтүн ғұрбұлар гійген. Сәукөлөнүң негізгі бөлүктөрі – тәж, төбө, құлақ пау және артқы бойұ. Сәукөлөнүң төбөсү қыйық конус тәрізді болұп келеді. Онұ асыл тас, алтын, күмүс, меруерт, маржанмен өрнөктөйді. Сәукөлөнүң төбөсүнүң бійіктігі екі сүйөм, кейде одан да бійік полады. Сәукөлөнү өлшөп пішіб алып, ішіне астар, сырт жағына бійдай шүбөрөг ұстап жійі етіп сырыйды. Одан соң онұң сыртын қамқа, дүрүйә, торғұн сыйақты асыл матамен тыстайды. Сәукөлөнү әшекейлеу үшүн онұң тысының сыртынан зер жіптен тоқұлған оқаларды белдеулөп басады. Онұң етегін мақпалмен не қара барқытпен әдіптеп көмкөрөді. Ал маңдай тұсұна зер не жібек шашақтың шоқтарын тағады. Шашақтың сәукөлөгө жалғасқан тұсұн асыл тастан көз орнатқан алтын, күмүс түйрөуүштөрмен бекітеді. Сәукөлөнүң ең сыртынан шашақты, әшекейлі жібек матамен төгүлтүп жауұп қойады. Ол көйлөктүң етегі сыйақты жерге сүйрөтүліп жүрөдү. Сәукөлөгө ұзұң ғұлақ пау тағады. Онұ шетін шыр айналдыра зер не жібег жіппен шалып көмкөрөдү, түбүнө сәнді түйрөуүш түйрөлөдү. Қазіргі гезде де кейбір жерлерде қалыңдықтың басына сәукөлө гійгізіп, ағ желег жабатындар да гездеседі. («Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясынан)

98-жаттығу. Төмендегі мақал-мәтелдерді қолданып, мамандықтарыңыз туралы сұрақ-жауап түрінде әңгімелесіңіздер. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар. Асыл міндет – адалдық, асыл қасиет – адамдық. Ақылды ұл білім іздер, ақылсыз ұл шылым іздер. Ары жоқ жігіттен, намысы бар қыз артық. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп. Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер, залыммен жақын болсаң, басың кетер. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы. Оқи берсең, көзің ашылады, отыра берсең, жалқаулық басынады. Өнер алды – қызыл тіл. Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық. Аузына келгенін сөйлеу – ақымақтың ісі, алдына келгенін жеу – айуанның ісі. Аузы құлып сандықты кілт ашпаса, тіл ашар, түйін-түйін сырыңды түбінде келіп шын ашар. Жақсылардың үлгісі жанып тұрған шамдай, шешендердің сөздері ағып тұрған балдай.

Орфография бөлімі бойынша тест тапсырмалары

  1. Қай дыбысқа қазақ тілінде сөз аяқталмайды? A) с B) к C) ғ D) қ E) й 2. Тек жуан сөздерде кездесетін дауыссыз дыбыс A) қ, ғ B) т, д C) с, з D) ж, ш E) п, б 3. Сөздің соңында келмейтін әріп A) ы B) о C) і D) е E) а 4. Әріп пен дыбыс сандарында айырмашылық бар сөз A) жау B) тоқ C) асау D) рас E) өте 5. Әріп пен дыбыс сандарында айырмашылық бар сөз A) су B) жау C) жауын D) тау E) қауын 6. Тасымалданбайтын сөз A) қиын B) киін C) қант D) суық E) жоғарыдағы барлық сөз тасымалданбайды 7. Тасымал мен буын түрі сай келмейтін сөз A) білім B) азалы C) ант D) буын E) парасат
  1. Бірге жазылатын сөз А) кемі екі түбірден біріккен В) кемі екі түбірден қосарланған С) кемі екі түбірден тіркескен Д) осы айтылғандар Е) барлық сөздер 9. Одағай сөздердің жазылуы A) қысқарып B) тек дефис (-) арқылы C) бірігіп D) естілуінше E) тіркесіп 10. Емле ережесіне сай сөз A) сүтана B) сүткенже C) сүт ақы D) сүттіс E) сүт жапырақ 11. Сөздің дұрыс жазылуын тексеретін тіл білімінің саласы A) фонетика B) орфография C) орфоэпия D) графика E) физика 12. Айтылуы мен жазылуы бірдей сөз A) домбыра B) кітап C) терезе D) күрес E) жүгір 13. Дұрыс жазылған сөз A) сепкіл B) қапқан C) өрекпі D) түлкү E) дұрыс жауабы жоқ 14. Орфографиялық нормаға сай жазылған сөз A) Исмаил бей B) Исмаил-Бей C) Исмаил-бей D) Исмаил Бей E) дұрыс жауабы жоқ 15. Емле ережесіне сай сөз A) кіндіката

B) кіндікбала C) кіндікбау D) кіндікшеше E) кіндіккесу 16. Емле ережесіне сай сөз A) құнан бәйге B) құнанжарыс C) құнанқой D) құнанқымыз E) құнанөгіз 17. Емле ережесіне сай сөз A) май жидек B) майдәрі C) майтопырақ D) майбалшық E) май кене 18. Бөлек жазылатын сөз A) ақ (бидай) B) ақ (сиса) C) ақ (ауыз) D) ақ (көңіл) E) ақ (қурай) 19. Бөлек жазылатын сөз A) ақ (сақал) B) ақ (селеу) C) ақ (сұңқар) D) ақ (жауын) E) ақ (қайнар) 20. Бөлек жазылатын сөз A) сары (жайлау) B) сары (жылан) C) сары (аяз) D) сары (су) E) сары (шұнақ) 21. Бірге жазылатын сөз A) сары (аяз) B) сары (май) C) сары (жілік) D) сары (бел) E) сары (алтын) 22. Бірге жазылатын сөз A) ала (қоржын) B) ала (дүбір) C) ала (жылан)

D) ала (таң) E) ала (бұта) 23. Бірге жазылатын сөз A) (ала) бота B) (ала) жаздай C) (ала) орамал D) (ала) көйлек E) (ала) көңіл 24. Орфография бойынша жазылған сөз A) ухиледі B) ухіледі C) уһледі D) ухыледі E) уһіледі 25. Дауысты «-ы/-і» дыбысынан басталатын қосымша жалғанғанда түбірі өзгермейтін сөз A) халық B) бұрым C) орын D) мұрын E) осы айтылғандар 26. Морфологиялық принцип дегеніміз – А) сөздердің айтылуынша жазылуы В) сөздердің түбір тұлғасы сақталып жазылуы С) сөздердің түбірі өзгеріске түсіп жазылуы Д) осы айтылғандар Е) дұрыс жауабы жоқ 27. Жарғабақ сөзінің жазылу принципі A) фонетикалық B) фонематикалық C) морфологиялық D) тарихи-дәстүрлі E) фонематика-морфологиялық 28. Фонетикалық принцип бойынша жазылған сөз А) қолғап В) көрсеқызар С) қосшы Д) түнгі Е) дұрыс жауабы жоқ 29. Морфологиялық принцип бойынша жазылған сөз A) бүгін B) хат C) жұмысшы D) қарлығаш

E) қолғап 30. Белбеу (бел бау) сөзі қандай принцип бойынша жазылған? A) фонетикалық B) фонематикалық C) морфологиялық D) тарихи-дәстүрлі E) фонематика-морфологиялық 31. Қазақ тілінде емле ережесін сақтап жазуда басшылыққа алынатын принцип A) фонетикалық және морфологиялық B) фонематикалық және фонетикалық C) морфологиялық және тарихи-дәстүрлі D) тарихи-дәстүрлі E) фонематика-морфологиялық 32. Емле ережесін сақтап жазуда алты принципті көрсеткен ғалым A) Ш.Бектұров B) С.Мырзабеков C) Р.Сыздық D) К.Аханов E) Н.Оралбай 33. Дефис (-) арқылы жазылатын шылау A) -ай/-ау B) -қана/-ғана C) -тен D) -ма/-ме E) -түгіл 34. Дефис қойылатын жер A) қосалқы мүшелі күрделі атаулар B) күрделі сан есімдер C) біріккен сөздер D) оңашаланған айқындауыш E) дұрыс жауабы жоқ 35. Дефис арқылы жазылатын сөз A) 200 пайыз B) 80 метр C) 9 сынып D) 2011 жыл E) 16 ақпан 36. Түркі, парсы т.б. халықтар есімдерінің соңында келетін паша, бей, заде, оғлы сияқты тұлғалардың жазылуы A) дефис арқылы B) бөлек C) бірге D) қос нүкте арқылы E) кірігіп кетеді

  1. Дефис арқылы жазылатын демеулік шылаулар A) сұраулық демеуліктер B) күшейткіш демеуліктер C) болымсыздық демеуліктер D) жалғаулықтар E) септеуліктер 38. –ев (-ева) қосымшасы сөздің соңғы буыны қандай дыбысқа аяқталғанда жалғанады? A) ч, ц дауыссыз дыбыстарына B) дауысты дыбыстарға C) и, у дифтонг дыбыстарына D) й, ш дауыссыздарына E) дұрыс жауабы жоқ 39. -ин (-ина) қосымшасы сөздің соңғы буыны қандай дыбысқа аяқталғанда жалғанады? A) дауыссыз дыбыстарға B) дауысты дыбыстарға C) и, у дифтонг дыбыстарына D) й, ш дауыссыздарына E) дұрыс жауабы жоқ 40. -ов (-ова) қосымшасы сөздің соңғы буыны қандай дыбысқа аяқталғанда жалғанады? A) дауыссыз дыбыстарға B) дауысты дыбыстарға C) и, у дифтонг дыбыстарына D) й, ш дауыссыздарына E) дұрыс жауабы жоқ 41. Соңғы буынында ю, э, ё дауысты дыбыстар келетін орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары қалай жалғанады? A) жуан B) ережені сақтамай C) жіңішке D) еріндік E) буын үндестігі бойынша 42. Орыс тілінен енген сөздердің соңғы буынында я әрпі болса, оған қандай қосымша жалғанады? A) жуан B) ережені сақтамай C) жіңішке D) еріндік E) буын үндестігі бойынша 43. Кірме сөздер ог, уг дыбыстарына аяқталса, оған қандай қосымша жалғанады? A) жуан

B) ережеге бағынбай C) жіңішке D) еріндік E) буын үндестігі бойынша 44. Кірме сөздер рк, рг, ск, кт, кс, нк, нг, лк, нкт дыбыстар тізбегіне аяқталғанда қазақ тілі қосымшалары қалай жалғанады? A) жуан B) ережеге бағынбай C) жіңішке D) еріндік E) буын үндестігі бойынша 45. Кль, брь, бль дыбыстар тізбегі мен жіңішкелік белгісіне аяқталатын бір буынды сөздерге жалғанатын қазақ тілі қосымшалары A) жуан B) ережеге бағынбай C) жіңішке D) еріндік E) буын үндестігі бойынша 46. Қосымша жіңішке түрде жалғанатын сөз A) факт B) клуб C) кітап D) дәріхана E) дұрыс жауабы жоқ 47. Қосымшасы бұрыс жалғанған сөз A) фестивалі B) фестивальдан C) лагерьға D) банкі E) дұрыс жауабы жоқ 48. Үндестік заңына бағынбай жалғанатын қосымша A) -лық, -ді B) -тал, -маш C) -дар, -шы D) -қ, -лау E) -лы, -бен 49. Орфографиялық ережеге сай жалғанған жалғау A) банкке B) банктан C) банкка D) банктың E) банкіге 50. 2007 жылы жарық көрген орфографиялық сөздіктің жауапты редакторы A) Р.Сыздық

B) Н.Уәли C) Ә.Жүнісбек D) М.Жүсіпұлы E) С.Мырзабеков 51. «Емле және тыныс белгісі» атты еңбектің авторы A) Р.Сыздық B) Н.Уәли C) Ә.Жүнісбек D) М.Жүсіпұлы E) С.Мырзабеков 52. «Жаңа әрiп пен жаңа емле және дыбыстарымыздың жiктерi» атты кiтаптың авторы A) Е.Омаров B) Қ.Басымұлы C) Ғ.Бегалиев D) Т.Шонанов E) Н.Сауранбаев 53. Шылауы бірге жазылған сөз A) тыңдағасын B) айтасың(ба) C) оқыған(ды) D) ермек(үшін) E) дұрыс жауабы жоқ 54. Кей кезде түбір сөзбен бірігіп жазылатын шылау A) ма, ме, ба, бе, па, пе B) түгіл, тұрсын, тұрмақ C) ақ, ау, ай D) мен, бен, пен E) ды, ді, ты, ті 55. Кей кезде түбір сөзбен бірігіп жазылатын шылау A) туралы, сияқты B) үшін, секілді C) да, де, та, те D) мыс, міс E) дұрыс жауабы жоқ 56. Соң шылауы кездесетін сөз A) келіпсің B) келдің бе C) келемісің D) келесің E) келгесін 57. Барлық сөзі бас әріппен жазылатын сөз A) Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы B) Сыртқы Істер Министрлігі

C) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты D) Ұлттық Банк Қоры E) Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институты 58. Барлық сөзі бас әріппен жазылатын сөз A) Сыртқы Істер Министрлігі B) Қазақстан Халық Қаһарманы C) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты D) Наурыз Мейрамы E) дұрыс жауабы жоқ 59. Барлық сөзі бас әріппен жазылатын сөз A) Алматы Қаласы B) Ішкі Істер Министрлігі C) Ғылым Академиясы D) Президент Әкімшілігі E) дұрыс жауабы жоқ 60. «Орфография» сөзі қай тілден енген? A) латын B) араб C) орыс D) грек E) дұрыс жауабы жоқ

ІІ БӨЛІМ ПУНКТУАЦИЯ

Тыныс белгілері туралы жалпы түсінік Тыныс белгілері – адамның ойын дәл, нақты, түсінікті, тиянақты етіп жеткізетін, жазу тіліне қызмет ететін шартты белгі. Тыныс белгілері туралы ілім пунктуация деп аталады. Ол латын тілінің «punctum» – «нүкте» деген сөзінен алынған. Қазақ тілінде төмендегідей тыныс белгілерінің түрлері қолданылады.

ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ

Нүкте Сұрау белгісі Леп белгісі Көп нүкте Үтір Нүктелі үтір Жақша Қос нүкте Тырнақ ша Сызықша Тыныс белгілері қойылатын орындарына қарай екіге бөлінеді: 1) Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері: нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте. 2) Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері: үтір, нүктелі үтір, жақша, қос нүкте, тырнақша, сызықша.

СӨЙЛЕМ СОҢЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ

Нүкте Сұрау белгісі Леп белгісі Көп нүкте Кешкі ауа буалдырланып, ала-бөле теңіз жақ түксиіп тұрды. (Ә.Н.) Сондай бір әлсіз үміт ана көңілін алдарқатып, өң мен түстің арасындай есірік халде жүр ме? (Ә.Н.) Былайғы кезде де ажал шеңгелі адам жағасын бір сәт босатпаптыау! (Ә.Н.) Кезегі келгенде күн басына да бір зауал төніп, қара кебінге оранып, бар әлем тіл тартпай, түн құшағына кіріп бара жатады ... (Ә.Н.) 99-жаттығу. Сұралған тыныс белгілеріне сәйкес өзіндік мысалдарыңызды келтіріп, кестені толтырыңыздар.

Әр бірыңғай мүшеден кейін сұрау белгісінің қойылуы Екпінсіз бұйрық мәнді сөйлем Аяқталмаған ойдан кейін көп нүктенің қойылуы Ұранды сөйлем Аяқталмаған ойдың бірінші бөлігі сұрау мағыналы болғандықтан, сұрау белгісі мен көп нүктенің қабаттасып келуі 100-жаттығу. Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аударып, қандай мәнде айтылып тұрғанын анықтаңыздар. Үсік шалған қара қошқыл бетінің ұшына жас түйірлері қатып, мұз бұршақтай бозарып тұр. (Ә.Н.) Қазандықтың астына қалаған сары қи маздап жанып, үй іші жылына бастады. (Ә.Н.) Жасағанберген шоққа беті қызып,

маужырай бастады. (Ә.Н.) Биыл балық бағыты қалай, тереңге неге кетті, тайызға қашан соғады? (Ә.Н.) Апырай, неткен кәусар, неткен желікті саумал сүт еді сол! (Ш.А) Оһ, шіркін, неткен тәтті су десеңші, осы судан ішкізген адамға құл болуға Гүлсары дән риза! (Ш.А.) Ал соғыс жылдарының ішінде тұрғын үйлердің тұрпаты қандай болады десеші? (Ш.А.) Жан-жақтан соншама қонақ жиналған астардың тірлігі аз бола ма? (Ш.А.) Мүмкін, Қаратай бұл жолы да мәжілістерде әбден құлақ үйренген сөздерді естіп, одан келер-кетері шамалы деп, ескі әдетінше аулына тарта бермек пе? (Ш.А.) Шіркін, конкурсқа қатысқан соң, бәйге алып шығу деген қандай жақсы! (С.Ш.) Кеше Құнанбай, Бөжейдің араздығын, жаманатын есітіп келген нағашы жұрт, енді артын күтіскенді көрсе, көрсін! (М.Ә.) Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін? (Ж.А.)

101-жаттығу. Мақал-мәтелдердің тиісті тыныс белгілерін қойып, жаттығуды көшіріңіздер. 1) Ақ қалпақты көрінсе атакем менің демес пе Ақ жаулықты көрінсе енекем менің демес пе 2) Білімдіге дүние жарық білімсіздің күні кәріп 3) Көтерем түйеден безбе салтанатың емес пе Тебеген деп биеден безбе қос қанатың емес пе 4) Еріншектің ертеңі таусылмас 5) Еңбек қылсаң ерінбей тояды қарның тіленбей 6) Жаманмен жолдас болсаң кесірі жұғар жақсымен жолдас болсаң несібі жұғар 7) Тарта жесе тай қалар қоя жесе қой қалар қоймай жесе не қалар 8) Білімсіздің сөзі білектей білімдінің сөзі жібектей 9) Тазалық денсаулық негізі, денсаулық байлық негізі 10) Қарның ашса қазан ас ет болмаса сазан ас сазан тамақ емес пе сазанды жұрт жемес пе 11) Өнер ағып жатқан бұлақ Білім жанып жатқан шырақ 12) Қарап жатқан жыланның құйрығын неге басасың Шағайын деп шапшыса неге шошып қашасың

102-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріңіздер. Орман Не деген сөз десеңізші бұл Оған тірелмейтін тіршілік бар ма адам баласында Ең алдымен, орман ішінің ауасын айтсаңызшы Оған жақындай бергенде-ақ шөптің, шатырдың, жапырақтың, топырақтың, ағаштың, гүлдің, бір сөзбен айтқанда, бүкіл табиғаттың хош иісі мұрынды жарады Неше түрлі нәрлі жемістің қосындысынан жасалған керемет сусын іспеттес ауаны қайта-қайта жұтумен боласыз Орман дегеніңіз отар-отар мал іспеттес екен ғой өзі Сол отарлардан жыл сайын мал бөлініп, халықтың азық-түлігіне, керегіне жөнелтіліп жатпай ма Сол сияқты жыл сайын орманнан да ағаш кесіліп, халық қажетіне, мұқтажына жіберіледі Алтайдың елгезек өзендері: Бұқтырма, Күршім, Нарын, Үлбе, Уба облыстық ағаш таситын арбасы есепті Олар тауда құрылыс ағаштарына арқаларын тосып

дайын тұрады Содан соң жұп-жұмыр бөренелер поезға тиеледі Қаз дауысты тепловоздар оларды республиканың түпкір-түпкіріне тасиды 103-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер. Сөйлем соңында қойылған тыныс белгілерінің ережесін түсіндіріңіздер.

Сәлем... Жаздың жайма-шуақ күні. Балтабек ағай баласы Батаймен кең көшенің кестедей айшықты гүлзарының қасынан өтіп бара жатып, бірге өскен құрдасымен кездесіп қалды: – Ассалаумағалейкүм! – деп, ол Өтеннің қолын алды. – Сәлем! – деп Батай күлімдеп иек қақты. Былай шыға бере Балтабектің реңі бұзылып, қабағы түйіліп, көзін жыпылықтата берді. Баласына адырая қарап ашуын төкті. – Балам, мимырт болма!.. – Неге «мимырт» боламын, Жәке! – Өтекеңмен жөндеп амандаспайсың ба? Иек қағып, танау көтере салатын құрдасың емес ол. – Сәлем! – дедім. Сәлемімді қабылдап, күлмең қағып, күле сөйлеп еді ғой... – Балам, ондай үлкен кісіге «сәлем» деп иек қаға салмай, адамша амандасу қажет. Амандасу – адамның амандығына қуанып, ақ ниет білдіру. Сәлем бергенде де инабаттылық пен әдептілік, сыпайылық пен сыйласым керек. Қария кісілермен «ассалаумағалейкүм» деп амандасады. – Сөзіңіздің төркініне түсіндім, Жәке. («Халық тағылымы» кітабынан)

104-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріңіздер.

Адам атын ардақта Әскербек әкесімен әзілдей сөйлесіп, күлімдеп жүреді Әкесі Әлмен баласының көңілді жүргеніне мәз болады Бірақ бүгін көңіл деген нәзік нәрсені күте білмей Әскербек әкесін ренжітіп алды Оқиға ойда жоқта сөзбен шиеленісті Мектептен жақсы баға алып, жайраңдап келген Әскербек әкесіне: – Әлмен Әлменович, әдебиет сабағынан бес алғанымды хабарлаймын – деді Әншейінде танадай қара көздерін күлімдетіп, баласына елжірей қарайтын, бұл жолы қалың қасты қабағын қарс жауып алды – Балам, бойың менен биік бола бастағанға, ойың да биік бола ма десем – Құлдық ұрып, құлшылық етуге әзірмін, көке Не кінәм бар – Әдептілік әкені құрметтеуден басталады – Құрақ ұшып, құрмет көрсетіп тұрған жоқпын ба – Мені «көке» деуші едің, енді тең құрбыңдай тергейтін болыпсың «Ұрыс «сен» деген сөзден шығады» дейді халық – Аты-жөніңізді толық айту да айып па

– Қазақ атам ұрпағын әрбір адамды құрметтей білуге үйретеді Ал адамды құрметтеу үшін атын ардақтап, дәрежесін көтеріп, жасы мен туыстық қатысына қарай ата, әже, апа, шеше, көке, тәте, жәке, аға, ағатайым, нағашы, жиен, бөле деу керек – Көке, кешіріңіз, шынында да, сый-құрмет көрсету осындай ұсақ-түйектен басталады деп ойлаған жоқ едім – Бұл рәсім ұсақ-түйек емес, ат тергеу – адамгершіліктің белгісі – Ат тергеу келіндердің ғана міндеті емес пе – Адамды өз атымен атамай, тіпті болмаса атының соңына сыпайылап «еке» деген жұрнақты қосып айту – үлкен дәстүр «Көкем», «Апам», «Ағатайым», «Атам» деген сөзді қосып айту – сыпайылық Ол – халықтық дәстүр, мән қояр мәдениет белгісі («Халық тағылымы» кітабынан)

Нүкте, оның қойылатын жерлері Нүкте екі түрлі қызмет атқарады: 1) белгілі бір ойдың аяқталуына байланысты қойылады; 2) драмалық шығармаларда кейіпкер атынан кейін, қысқартылып алынған адам есімдері, кіші әріппен жазылған қысқартулардан кейін т.б.

Нүктенің қойылатын орындары Мысалы Хабарлы сөйлемнен кейін Ол торға салған бір асымдай тоң балықты босағаға тастай салды. (Ә.Н.) Жай, лепсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден кейін Жақсы аттың жалын сақтағанша, Жақсы жігіттің арын сақта. (Мақал) Цифр не әріптер арқылы санамаланып айтылған сөйлемдерден кейін Дүниядағы жұрттың тілі негізінде үшке бөлінеді: 1) Түбіршік тіл. 2) Жалғамалы тіл. 3) Қопармалы тіл. (А.Б.) Санамалы нөмірді белгілейтін айшықсыз қолданылған цифр не әріптен кейін Сөйлемдердің құрмаласуы екі түрлі: 1. Сыйыса құрмаласу. 2. Қиыса құрмаласу. (А.Б.) Драмалық шығармалардағы әр кейіпкердің атынан кейін Ұмсынай. Мейлілерің, қарақтарым, мен не қылайын, тек іші құтты болсын. (Ж.А.) Кейіпкердің сөзіне қатысы жоқ, автордың түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін Ораз. Омыраулама! (Мылтығын оқтанып.) Қалай аласың? (Ж.А.) Бас әріптерінен не басқы буынынан қысқартылып алынған адам, кітап, газет, журнал, шығарма аттарынан кейін Қазақ әдеби тілінің тарихы, басталу кезеңі, қалыптасу дәуірлері туралы Ғ.Мұсабаевтың да пікірлері бар. (С.И.) Тағысын тағы, тағы сондайлар, тағы басқа деген сөздер қысқартылып алынғанда Бұл кезеңнің әдеби тілін байқататын тілдік материалдар Махамбет, Шөже, Дулат, Шортанбай, Шернияз, Жанақ т.б. ақындардың шығармалары болып табылады. (С.И.) Жақшаның алдындағы сөйлем аяқталып, тыныс белгілерінің бірі қойылса, қыстырма сөйлемнен кейін жақшаның ішінен нүкте қойылады – Жоқ, көк тиыным жоқ, ағай, – деп бала шын пейілімен жыртық қалтасын айналдырып көрсетті. (Екінші қалтасын тігіп тастаған екен.) (Ш.А.)

105-жаттығу. Сөйлемдердегі нүктенің қойылуына назар аударып, себебін түсіндіріңіздер. Қазақ ертегілерін шартты түрде мынадай топтарға бөлеміз: а) Қиял-ғажайып ертегілер. ә) Хайуанат жайындағы ертегілер. б) Салт ертегілер. в) Балаларға арналған ертегілер. г) Аңыз ертегілер, күй аңызы. (М.Ә.) Күннің бұлыңғырынан ба, жоқ ымырт таяу ма, әйтеуір, айнала боран болғанмен, болжап болмастай қою сұр мұнар қоршауында тұр. (М.Ә.) Тобықты ішінде Құнанбай айтты деген сөздердің ішінде, «философ» айтарлық ақиқат сөздердің мына сияқтысы бар: 1. Құл мен қожа майданда теңеледі, жас пен кәрі білімде теңеледі, бай мен кедей жомарттықта теңеледі. 2. Адамның қай мінезі өнері болса, сол мінезі айыбы болады. 3. Кісі айыбын айтпақтан оңай жоқ, өз айыбыңды өзің айтқаннан ауыр жоқ. (М.Ә.) Қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, М.Балақаев, Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымов және басқалары өз еңбектерінде қазақ әдеби тілінің тарихи бастауы, қалыптасу жолдары мен кезеңдері сияқты мәселелер жөнінде пікірлерін білдірген. (С.И.) Ақшаға сатып байығандары да аз емес. («Ей, балам, ақша жүрген жерде әділетке, адалдыққа орын жоқ», – деп бұрынғылар бекер айтпаған.) (Ш.А.) Артқан түйеңнен сиынған иең күшті болсын. (Мақал) Арсақай. Тұз бермек түгіл, у берсең де берші, жарқыным! (Домбыраның құлағына, тиегіне түкіріп, шерте бастайды.) (Ж.А.)

106-жаттығу. Сұраулы, лепті сөйлемдерді хабарлы сөйлемге айналдырыңыздар. Сонда ана Сегізбаевтар мен Қашқатаевтардың айтқаны дұрыс емес екенін Шора шынында сезбей ме? (Ш.А.) Адам баласына бір-ақ рет берілетін өмірді қалай ғана дәті барып қия алады? (Ш.А.) Әлгі ғаріп қайғы-мұңын кімге барып шағарын білмей, шыр айналып, шырқырап жүр, селт етіп, оның зарын сезеді деген жан болсашы! (Ш.А.) Үш бұзаулы сиыр, кер құнажын, екі тайыншадан басқа, шауқар мен көк байталдан басқа мал бар ма? (Ж.А.) Жүністен жаңа хат танып, үшкөлге барам деп жүргенде, мұндай күйге ұшырадым-ау! (Ж.А.) Туғалы ұзап шықпаған, бауырмал әженің бауырында еркелеп өскен, үлбіреген балапан жүректі Қартқожа қайтіп сүймесін? (Ж.А.) Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін? (Ж.А.) – Ғылым атынан тағлым айтады десе, топастыққа топастық, жауыздыққа жамандық қоса түскені несі?! – деді. (М.Ә.) – Әттең, шіркін бала шақ! – деген Базаралының өз бетімен айтқан арманды тынысы дәл Абайдың ішімен сырласудан туғандай. (М.Ә.) – Е, ондағы ұстазын білмейсің бе? Үлгі алатын Қалдыбай ғой! – деп, Кәкітай тың адамның атын атағанда, көпшілік сол адамның бәріне мәлім күлкі мінезін еске алды. (М.Ә.) – Сол қаланың бар көшесінде өткен балалық шағың да түспей ме есіңе? – деді ол шешесіне. (Ғ.Мүс.) Оның үстіне орталықта үйлері бар, бала-шаға, кәрі-құртаңдары бар емес пе? (Ғ.Мүс.)

107-жаттығу. Төмендегі сөйлемдердің тиісті жеріне нүкте қойып, жаттығуды көшіріңіздер. Нүктенің қойылу себебін түсіндіріңіздер.

Тобықты ортасында Құнанбай айтты деген сөздердің ішінде едәуір ойшыл адам айтарлық терең сөздердің мына сияқтысы бар: 1 Адамның қай мінезі өнері болса, сол мінезі айыбы болады 2 Кісі айыбын айтпақтан оңай жоқ, өз айыбыңды өзің айтқаннан ауыр жоқ 3 Өткен істен оңай жоқ 4 Арымнан жаным садаға, жанымнан малым садаға деген сияқты (М.Ә.) Күні-түні осылай мақтаумадақтаудың өзара шайқасы өтіп жатты («Ей, балам, жыршылар сөз қуып, бірімен бірі жарыса бастаса, жырдың да, сөздің де құны қашады Ақырында олар жыршыдан жырдың жауына айналады») (Ш.А.) Бәйділда (жігіттерге қарамайды, екі көзі Рәбиғаны ішіп-жеп барады) Ертеден қара кешке... ертеден қара кешке... есің шығып... есің шығып... (Жолында жатқан домбыраны есікке қарай лақтырады) Домбыра, ойын-сауық... Қыз ойнақ... Жынның ойнағы... (Жігіттер жөнеледі) (Ж.А.) Көзің ауырса, қолыңды тый, Ішің ауырса, аузыңды тый (Мақал) Мүсілім Құдай жеткізсе, осы сайлауда болыс болғанымды көрерсің (Ж.А.)

108-жаттығу. Драмалық шығарманың тиісті тыныс белгілерін қойып, ережесін түсіндіріңіздер. Ұмсынай Қанапияға алақанын көлеңкелеп сығалап қарап Қарағым-ау Қанашпысың Қанапия Иә шеше Жүріп бара жатыр едім Қош айтысайын деп келдім Ұмсынай Ынтықбайды біз де жаңа жөнелтіп Шәрбанжан екеуіміз жылапжылап жаңа басылып отыр ек Қанапия Тірі кетіп бара жатқан кісіге жылай ма екен Аман болсақ бір күнгідей де болмайды Ұмсынай Оның рас қой қарағым Сен бұрын түзге үйреніп қалдың ғой Біздің жалғызды айтсайшы Әжең байғұстың да құр сүлдері қалған шығар Қанапия Қайтсін құдайдың салғанына көнеді де Жолдастар ұзап кеткен шығар мен жүрейін дәм ауыз тигізіңіз шеше Ұмсынай Тигізейін қарағым Наннан үлкен дәм жоқ деуші еді бауырсақ берейін қарағым Тәрелкеге бауырсақ салып орамал жайып алдына қояды Қанапия бір бауырсақты аузына салып Шәрбану сен де ал Ұмсынай Қарағым Қанашпен бірге сен де же Бір дастарқаннан дәм татқанша әлдене заман Шәрбану бір бауырсақ алады Мен алайын Алып жейді Қанапия дастарқанды қайырып Абиыр бер Аман сақта Аллакпар де Бата қылады Ұмсынай Ей жасаған-ай сақтай гөр Қанапия түрегелді өзгелері де тұрады Қош енді шеше Ұмсынайдың қолын ұстайды Ұмсынай жыламсырап бетінен сүйіп Қош қарағым қош Шәрбану құрбыңды аттандыр қарағым Қанапия Шәрбану шығады (Ж.Аймауытов «Қанапия мен Шәрбану»)

109-жаттығу. Драмалық шығарманың тыныс белгілеріне назар аударып, жұптаса оқып шығыңыздар. Қазақша киім үлгісі түрлерінің өзіндік ерекшеліктерін айтыңыздар. Айсұлу (ауыз үйден келіп, айнаға барып, шашын, кимешегін түзетіп). Бәтішәй! Әй, Бәтіш! Батима (төр үйден). Немене? Айсұлу. Менің киімдерімді алып берші, қажының тойына шақырып кетті ғой, барып келейін. Батима. Киімің абдырада, төрдегі үйге барып кисеңші. Айсұлу. Мен келгенше үйден шықпа. Біреу бірдеңені алып кетер, жалғыз отыруға қорықсаң, Биғашты шақыртып ал. Екеуің ойнап отыра тұр, мен де көп болмаспын. Батима. Апа-ау! Биғаш жасыл сәтеннен бір көйлек тіккізіпті, көрдің бе? Айсұлу. Қазақша мекен? Ноғайша мекен? Батима. Ноғайшадағы, осы күнде қазақшаны кім киюші еді? Айсұлу. Кім тігіпті? Батима. Мәдескеге тіккізіпті, бойға бір түрлі қонады. Айсұлу. Мәдеске тіккен соң, жаман бола ма? Батима (белін қысып). Белі денеге жабысып тұрады, етегі былайлау кең келген. (Омырауын көрсетіп.) Мынадан былай тағып тастаған, үлкен жасыл түйме, етегі келтелеу бір түрлі жарасады! Айсұлу. Тәйірі, орыстікіндей сылаңдаған бірдеңе де. Батима. Апау, осы ноғайлардың өзі орысша киіп жүрген жоқ па? Жаңа моды сол емес пе? Айсұлу. Етекті қымтауға келмеген соң не киім сәндігі бар? Батима. Ие, бәрібір, көк паплиннен сондай бір көйлек тіктіріп аламын. Айсұлу. Қоя тұр енді не болса соған әуес болмай. (Ж.Аймауытов «Сылаң қыз»)

110-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, нүктенің қойылуына назар аударыңыздар. Қалай сәлемдесу керектігіне мән беріп, оны есте сақтаңыздар.

Сәлемдесу әдебі Әркім сәлемдесу міндетін ғана емес, сонымен қатар сәлемдесу әдебін білуі және өзінің қас-қабақ, бет-жүз, дауыс құбылысын қадағалап, алдындағы адамға жақсы әсер қалдыруға талпынуы тиіс. 1. Сәлемдесудің әдеп тұрғысынан алғандағы ең басты шарты – жылы лебіз. 2. Қабағын түнертіп, жүзін суытып немесе сүйкімсіз тыржиып, естілерестілмес сәлем беріп, міндетімнен құтылдым деу – ізеттілік емес, керісінше, кісінің көңіліне қаяу түсіретін қылыққа жатады. 3. Сәлемді селқос қабылдау, қолының ұшын ғана беріп кекірею, жақтырмаған кейіп таныту – инабатсыздық, тәкаппарлық, парасатсыздық, көргенсіздік белгісі. («Әдептілік қағидалары» кітабынан)

Сұрау белгісі, оның қойылатын орындары Сұрау белгісі, негізінен, сұраулы сөйлемнің соңына қойылатын таңба болып табылады. Сұраулы сөйлем деп жауап алу мақсатында жүзеге асатын сөйлемді айтады. Сұраулы сөйлем екі түрлі жолмен жасалады: 1) грамматикалық белгілер арқылы; 2) интонация арқылы.

СҰРАУ БЕЛГІСІ

Қойылатын орындары Сұраулы сөйлемдерден кейін Бірыңғай жеке сөздер не сөз тіркестері сұрау интонациясымен айтылғанда Жауап қайтаруды тілейтін, таза сұраулық мәні бар, амандасқанда айтылатын толық сөйлемдерден кейін Сөйлемдегі бір сөздің мәні екіұшты болып, күмән тудырғанда жақшаға алынады Бала бұл жағын білмейтін, шынында балаға мұндайды біліп керегі не? (Ш.А.) Шауып ала ма? Сотқа бере ме? Өлтіріп жібере ме? Өртеп жібере ме? Қалайда не бірін, не бәрін істеуге елдің беті түзелді. (Ж.А.) – Е, Жаңбырбай, малжан аман ба? – деп Жылтыр ұшып түрегеліп, шұрқырай кетті. (Ж.А.) Тарта берер алдыға, ұмтыла берем балаша (?)

111-жаттығу. Төмендегі хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыздар. Танабай осыны айтып, уақыт шіркін мына жорғаның шабысындай болып көзді ашып жұмғанша өте шыққанына өкінді. (Ш.А.) Жаз айының жадыраңқы күнінде Танабай сайда пішен шауып жатқан. (Ш.А.) Сол сапарда көз ұшынан ол шауып бара жатқан жорғаның шаңын байқап қалып еді. (Ш.А.) Көз үйреніп, ішіндегі адамдарын анық түстегеннен кейін бұл үйде қорқарлық дәнеме жоқ. (Ғ.Мүс.) Ақ күртіктің үстімен келе жатқанда әуелі Қалишаның үйін көрмейсің, үйдің төбесінде жатқан пештің мойнын жабатын күл дорбаны көресің. (Ғ.Мүс.) Оспанның бір тума қарындасы тәрізді, өзіне ұқсас, өзімен тұтас қара бәйбішесі бар. (Ғ.Мүс.) Қимылдаған адам айып тартатындай ешкім тырс етіп дыбыс шығармады. (Ғ.Мүс.) Жеті қараңғы түнде ауылдың ту сыртында Итемген мен Оспан отыр. (Ғ.Мүс.) Жүністі бір жарлауыттың астына тастап, Қартқожа бүкшеңдеп, буыны сыртылдап, Шамкештің іргесіне келді. (Ж.А.) Елге келгеннен бері қарай Мағаш пен Кәкітайлардан Әбіш көп нәрселер естіп қалған-ды. (М.Ә.)

112-жаттығу. Мәтіндегі сөйлемдердің тыныс белгілеріне назар аударып, сұраулы сөйлемдердің қалай жасалып тұрғанын талдап көрсетіңіздер. Уәде беру оңай болғанмен, сонау таудың ұшар басындағы құшақ жетпес қарағайды қырқып, төменге жеткізу оңай ма? (Ш.А.) Осының барлығы Оразқұлдың хайуандығынан, ақыр беретін дүниесі болған соң, тым болмаса бір ай бұрын кесіп, шамалы дегдітпей ме? (Ш.А.) Жаман айтпай, жақсы жоқ, ертең өзі көз жұмса, жанашыр маңында ешкім қалмаса, бұл бейбақтың халі не

болмақ? (Ш.А.) Мына жұмысқа араласуға Оразқұл рұқсат бере ме, жоқ па? (Ш.А.) Туған қызым, мен саған бақытты өмір тілемейді деймісің? (Ш.А.) Туған жердің артығын, жазатайым іс етіп, күштілерге күш етіп, еріксіз елден айырылған, шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе, кім білсін? (Ж.А.) Сұраулы сөйлемнің жасалуы

Ма, ме, ба, бе, па, пе сұраулық шылаулар арқылы Сұрау есімдіктері арқылы Сұраулық интонация арқылы Баяндауыш құрамында ғой, ше шылаулары келу арқылы Баяндауыш құрамында шығар, болар сөздері келу арқылы Баяндауыш құрамында ә одағайы келу арқылы Бүгін күн қызарып бұлтқа батты, ертең жел көтеріле ме, жоқ па? (Ә.Н.) Бағып отырған малыңды тастап, үй тұрғызуға керек дүниені қайдан іздерсің? (Ш.А.) Анау адам мұның сөзін дұрыс түсінсе жақсы, түсінбесе ше? (Ш.А.) Топырлап кіріп жатқан мына кісілерді де қуанышына құтты болсын айта келгендей көретін болар? (Ә.Н.) – Баламысың деген, ә? – деді шал мұртынан күліп. – Әуелі үйге жетіп алайық, қалғанын көрерміз. (Ш.А.)

113-жаттығу. Сұраулы сөйлемдер қандай сұрау мәнді сөздердің қатысуымен жасалып тұрғанын анықтаңыздар. Шабандоздар дәл қазір неге үндемейді, бет-әлпеті неге сіресіп қалған, не тыңдап келеді? (Ш.А.) Дәл осы жерде алдында отырған келіні емес өзге біреу болса, Танабай мұндай сөздерді айтқызып қояр ма еді? (Ш.А.) Мүмкін, бұлар өздерінің түнде көрген түсін бір-біріне баяндайтын шығар? (Ш.А.) Машинаны алғаш көргендей қуаныш, алып ұшқан жүрек қайда кеткен, осынша неге қуанды, осынша аптыққаны несі? (Ш.А.) Шалды ол қайдан қусын, бұл кетсе, кім жұмыс істейді? Бұл шалсыз күн көре алар ма? (Ш.А.) Басқаларға торайдай шұбыртып бергенде, бұған келгенде құдайдың көзі неге жұмулы? (Ш.А.) Көп жылқы ана ауылдың шабындысына түскенін көрдің бе? (Ж.А.) Туған жердің артығын, жазатайым іс етіп, күштілерге күш етіп, еріксіз елден айырылған, шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе, кім білсін? (Ж.А.)

114-жаттығу. Белгілі бір ақын не жазушымен кездесу ұйымдастырылса, қандай сұрақтар қояр едіңіздер. Әркім бес сұрақтан дайындаңыздар. 115-жаттығу. Ф.Оңғарсынова, Т.Молдағалиев өлеңдерінде сұрау белгілерінің қойылуына назар аударып, себебін анықтаңыздар. Әр ақынның екі өлеңін алып талдаңыздар. 116-жаттығу. Көркем шығармадан сұраулы сөйлемнің әр түріне үш мысалдан теріп, кестені толтырыңыздар.

Ма, ме, ба, бе, па, пе сұраулық шылаулар арқылы жасалуы Сұрау есімдіктері арқылы жасалуы Баяндауыш құрамында ғой, ше шылаулары келу арқылы жасалуы Баяндауыш құрамында шығар, болар сөздері келу арқылы жасалуы Баяндауыш құрамында ә одағайы келу арқылы жасалуы Интонация арқылы жасалуы Леп белгісі, оның қойылатын орындары Леп белгісі – лепті сөйлемнен кейін қойылатын таңба. Лепті сөйлем деп адамның көңіл күйін, түрлі сезімін білдіретін сөйлемді айтамыз.

ЛЕП БЕЛГІСІ

Қойылатын орындары Лепті сөйлемде рден кейін Ұран, үндеу мәнді сөйлемдер ден кейін Одағай, қаратпа сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса Бұйрық, тілек, өтініш мәніндегі бұйрықты сөйлемнен кейін Ішінде сұраулы сөйлем жасайтын элементтері бар, бірақ ерекше бір сезіммен айтылған сөйлемдерден кейін Ма, ме, ба, бе, па, пе шылаулары бар, сәлемдескенде айтылатын сөйлемдерден кейін Шіркін, дәл осындай жігіт болып өсер ме еді! (Ш.А.) Жасасын бірлік, бейбітші лік! Оны естігенде Бекболат: – Е, бәрекелді!.. Япырай! Түгел түсіп пе? – деді. (Ж.А.) Төлеген әнтек қипалақтап тұрып: – Кәне, жолдастар! Тамаққа жүріңіздер! – деді. (Ж.А.) Көзі тостағандай, терең, тұңғиық, қандай тамаша десеңізші! (Ш.А.) – Сәлеметсіздер ме! – деді оған бейтаныс біреулер. (Ш.А.)

117-жаттығу. Леп белгісінің қойылу мәнін түсіндіріңіздер. І. Қазақтың домбырасы мен қырғыздың қобызынан күмбірлеп шығатын күй дәл осы лек-лек тасқын шабыс емес пе екен! (Ш.А.) – Үрбие-ау! Бетіңді кішкене жуып жүрсейші! – деп, қазаншы қатынның алдына бір уыс бауырсақ тастады. (Ж.А.) Шалқаңнан жатып алып, көк аспанның тұңғиық теңізін барлап жатқан деген қандай рақат! (Ш.А.) Күлгенде де, ренжігенде де арасы қосылып кететін қалың қара қасы қандай әдемі! (С.Ш.) Қала мен жолда талай күн бірге болған уақытта бірде-бір сездірсеші! (М.Ә.) Сол уақытта Абай үлкен ықылас

білдіріп, айрықша бір тағзыммен төсін басып, қатты дауыстап: – Ассалаумағалайкүм!.. – деп сәлем берді. (М.Ә.) Үй артындағы қоста Қартқожа бала оқытып жатыр еді, бір күні Кәрібай қажы: «Бері шығып кетші!» – деді. (Ж.А.) Енді бір басып еді, аяқ асты қарауытқан шұқыр болды, шұқыр түбінде бірдеме ағараңдаған тәрізді, қимыл етті: – Ағатай-ай! – деді біреу ышқына сыбырлап. (Ж.А.) ІІ. Жапырақтар-ау, сыбдырлап жерге төгілгенше, шерлі сұлуға сая болсаңдаршы! Ызғырық-ау, ызылдағанша жапанда жалғыз қалған баланың әкесіне хабар берсеңші! (Ж.А.) «Заула отым, заула! Мазда отым, мазда! Қорқақ аңдар, тілсіз жаулар! Қаш, маңыма жолама! Күйдіремін, өртеймін!» – дегендей Ақбілек от тәңірге сүйініп, таң атқанша маздатып, жаны аман қалды. (Ж.А.) Ақбілек қай үйге барарын білмей, дағдарып келе жатыр еді, дуана: – Анау үйге барайық! – деп, адырдың бауырындағы үлкен қораны нұсқады. (Ж.А.) – Ойбайау! Олар қайда? Көргеміз жоқ... – десіп, таңданып, олай да, бұлай да жүгірісті. (Ж.А.) Дос алдында жауап беруден дұшпан қолында өлген жеңіл емес пе! (Ш.А.) – Иә, сүйтіңдер, тізелесіп отырыңдар! Ұялатын үлкен кісі жоқ қой, – деп, Ақберген де айтты. (Ж.А.) «Құлыным-ау!» – деп Қалиша құшағын жайып құшақтай алғанда-ақ, Шәйза өзіне деген бір сұмдықтың болғанын сезіп еді. (Ғ.Мүс.)

118-жаттығу. Сұраулы, хабарлы сөйлемдерді лепті сөйлемге айналдырыңыздар, қалай жасағандарыңызды айтыңыздар. Бұғы ана баурына басып жылытпаса, ертелі-кеш сүтін беріп асырамаса, бұлардың күні не болар еді? (Ш.А.) Жадағай шананың өн бойын алып теңкиіп жатқан бір алаша бидайды қалай көтермек? (С.Ш.) – Басқалар әзір шатасқан жоқ па? – деді Есілбай баласына. (Ғ.Мүс.) – Үстінде жабуы бар ма, немене? – деді Қиналған қараңғыда толық айыра алмай. (Ғ.Мүс.) – Сиыры құрысын, өлмесе өрем қапсын, керек болса ауылнайдың өзі асырап алар, енді ол қораның маңына барма деп, «әлгіні» үйден шығармай қойдым... (Ғ.Мүс.) Бейсенбі, Әбділда Жігітектің малды, әлді ауылдарынан атқамінер атаулыны жинап алып ақылдасты. (М.Ә.) Қар басқан кең дала қыбырсыз, ұзақ жота үнсіз де момын тыныштықта. (М.Ә.) Мағаш ақырын ғана жымиды да: – Әбіш аға, оныңыз рас қой. Зорлау жоқ, апамдікі өтініш емес пе? Ал және осы өтініштің мезгілі жеткен жоқ па еді? – деді. (М.Ә.) – Рас, солай бопты. Ал ендеше, істің артына, аяқталуына ғана қараса, сол Базаралының әрекеті ел көпшілігін өкіндірер іс болған жоқ па? Осыған сахарадағы кедейлер нендей байлау жасады? Және дәл осы туралы өзіңіз не қорыттыңыз? – деді. (М.Ә.)

119-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, леп белгісінің қойылу мәнін түсіндіріңіздер. Оны қабылдаудағы өз тебіреністеріңізді қандай тыныс белгілерін қою арқылы жеткізер едіңіздер, ойларыңызды білдіріңіздер. Шөгіп жатқан түйедей, ортасы кезеттеніп, денесін қошқыл қара түк басып, қырарқасы тарақтай ирек-ирек болып, шудасы желкілдеп тұрған, мынау өзіміздің Баян тауы! Жарықтық, қандай салауатты! Қандай айбатты! Міне,

Ащының бойы! Әне, Бөрікөл, Быламбай, Қарасор. Ана көрінген Мойылды. Ой, шіркіндердің көзі жаудырап, самаладай болып жарасып тұрғанын-ай! Анау сары адырдың иығынан түсіп, созылып келе жатқан қалың көшті қара! Сүйіндіктің көші! Әлде бұл қай ауыл? Көші қалың, малы шоғыр не қылғанмен көші бай ауыл ғой! Анау Ащының бойын өрлеп, сыпылдатып бара жатқан құс салушылар-ау! Қаз, үйректі көк жендетің қырып жүр екен! Әне тастады. Түйді дабылды. Жарқ етті. Алды білем. Атты қойды ғой. Не деген қыран! Балаларды қара! Көштің артында қалып, тай, құнанмен жарысып келе жатқанын! Көк құнан озды! Жоқ, құлалы да жетті, озады-ау енді, озады-ау! Айдасайшы, шірік ит! Қап! Қарсы алдынан сиыршылар киліккенін көрдің бе? Жығылады-ау енді. Жоқ, тоқтады. Әне бір сиыршы кейін қарай шапты. Арбасы қирап қалды-ау! Сиыр ит сүйкенбей жүре ме? Бәрін бүлдіріп келе жатқан әне бір күйлеген қызыл құнажын екен. Көп жылқы ана ауылдың шабындысына түскенін көрдің бе? Байлардың осынысы жаман-ау! Жоқ, жер қорушылар да шапты. (Ж.Аймауытов «Қартқожа»)

120-жаттығу. Көркем шығармалардан лепті сөйлемнің әр түріне үш мысалдан теріп, кестені толтырыңыздар. Одағайдың көтеріңкі дауыспен айтылуы арқылы Ұран, үндеу мәнді сөйлемдер арқылы Қаратпа сөздің көтеріңкі дауыспен айтылуы арқылы Бұйрық, тілек, өтініш мәніндегі бұйрықты сөйлемдер арқылы Ішінде сұраулы сөйлем жасайтын элементтері бар, бірақ ерекше бір сезіммен айтылған сөйлемдер арқылы Ма, ме, ба, бе, па, пе шылаулары бар, сәлемдескенде айтылатын сөйлемдер арқылы 121-жаттығу. М.Мақатаев, М.Шаханов, Қ.Мырзалиев туындыларынан лепті сөйлемі бар шумақтарды келтіре отырып, не себепті қойылғанын анықтаңыздар. Әр ақынның екі өлеңін алып талдаңыздар.

Көп нүкте, оның қойылатын орындары Көп нүкте – белгілі бір себептермен ойдың аяқталмай қалғандығын немесе асығып-аптығып сөйлеуге байланысты айтылмақшы ойдың толық айтылмағандығын білдіру үшін қойылатын тыныс белгісі.

КӨП НҮКТЕ

Қойылатын орындары Мысалы Алынған дәйексөздің арасынан сөйлем не сөздер қалдырылған жағдайда Қол еңбектің органына айналумен бірге, өзі де еңбек процесінде жетіліп дамиды: «... қол еңбек органы ғана емес, ол сонымен қатар еңбектің жемісі де». (К.А.)

Жазушы айтып келе жатқан оқиғаның жалғасын созбай тоқтатқан жағдайда Кім біледі, бұл түнгі жортуылдар әлі қаншаға созылар еді, егер де мына бір жағдай болмаса... (Ш.А.) Айтып келе жатқан ойға кенет, тосын, күтпеген не алшақ жатқан нәрсе қосылып кетсе, оның алдынан қойылады Сол жылы қызылшадан көп өнім алдық. ... Жарықтық балажан еді ғой. Сөйлеушінің белгілі бір себептермен (ентігу, тұтығу, асып-сасу т.б.) сөздерін, ойын бөліп айтқанда – Мен ұл туған жоқ ... тек, осы қызым ... Ақбалам болмаса ... – деп Сүйеу үйде, түзде бірдей мақтанатын. (Ә.Н.)

122-жаттығу. Төмендегі сөйлемдердегі көп нүктенің қойылу себебін түсіндіріңіздер. Қайырып берген зеренді де алмай, ұршық ұстаған қолы тізесіне түсіп отырып қалды ... (Ә.Н.) Тек бірақ рет Шораға деген сеніміне шек келтірді, бірақ оған көбінесе Танабай өзі кінәлі еді... (Ш.А.) Құлыным, Қайырлым... қайда жоғалып кеттің ... – деп, әлсіз ғана шыққан дауыс естіледі. (Ғ.М.) Гүлсары сонда таныс соқпақ жолға түсіп, сонау өзен сыртындағы жайлауға тартып бара жатады... (Ш.А.) Бағзы бір замандарда барымтаны осылай алып қашып, жаралы батырларды жау қолына түсірмей қауіп-қатерден осылайша қаумалап алып шыққан болар-ау... (Ш.А.) Күн райы қысып кетпесе, бірдеңе етіп лаждап шығармыз, қайтеміз... (Ш.А.) Ойша санай бастады. «Шет тілін біледі, машина жүргізе біледі... біледі... Би?.. Әрине, биді өте жақсы билеуге тиіс». (С.Ш.) Аянғаны болған жоқ, қолынан келгенін жасады бәрі де... (С.Ш.)

123-жаттығу. Көп нүктенің сұралған әр түріне екі мысалдан теріп, кестені толтырыңыздар. Көп нүктенің қойылуы Мысалы Алынған дәйексөздің арасынан сөйлем не сөздер қалдырылған жағдайда Жазушы айтып келе жатқан оқиғаның жалғасын созбай тоқтатқан жағдайда Айтып келе жатқан ойға кенет, тосын, күтпеген не алшақ жатқан нәрсе қосылып кеткенде Сөйлеушінің белгілі бір себептермен (ентігу, тұтығу, асып-сасу т.б.) сөздерін, ойын бөліп айтқанда 124-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, көп нүктенің қойылу себебін түсіндіріңіздер.

Жолда (үзінді) ... Ауылда жүргенде қысы-жазы дөң басында өтетін кеш, қазір тағы да бір өзгеше боп серпілтіп, өз қуатын айрықша білдіріп, Абайға қатты әсер етеді... Өзі салмаса да, Абай қаршыға салған үлкендердің қасына өткен жазда көп еріп еді. Сонда ымырт жабыла бергенде, апақ-сапақта, кеш қараңғылығы қоюланған сайын, көк қаршыға, өрттей қаршыға, секунд санап жалындай шалқып, жайнай беруші еді... Абай өз ойын, өз көңілінің күйін мына кеште дәл

сол шабыттағы беті қайтпас қаршығадай сезді. Бүгін бір түрлі сергектік, сезімділік бар... Өзге күндерден дәл бүгінгі күннің уақиғалары әлдеқайда бөлек. Күндізгі әкелер, әлгі Шөже, жаңағы Бөжейлер... Бір Қарқаралы қаласының алақандай аясының ішінде болғанмен, осы адамдар арасы соншалық кереғар. Тіпті дүниенің төрт бұрышындай алшақ жатыр. Бір жерде күш, бір жерде өнер, бір жерде мінез... Аралары және бітімсіз боп, әр салада жатқаны несі!.. Бәрі бір орынға жиылып, ынтымақпен бір арадан табылса не етер еді?.. Бұл ой Абайға ең алғаш келген ой еді де... және тіпті өз ойы сияқты көрінді. Анығында: «ақыл, қайрат...», «ақыл мен бақыт, байлық» дегендердің өзара дауы, таласы деген «парсы, түрік» тіліндегі кітаптардан былтырлар бір оқыған нақыл әңгімесі бар-ды. (М.Әуезов «Абай жолы»)

125-жаттығу. Тыныс белгілерінің қойылуы мен қандай қызмет атқарып тұрғанын талдап айтып беріңіздер. Жер үстінде адам баласы болудан қасиетті не бар дейсің. Тек қандай адамның баласы болу керек, соны айт. Бұған қосатын бір сөз – адамды езетін адамның баласы болма, адамды езетін адамды адамға да санама... Әрине, адам өмірінде көп қиындықтар ұшырасады. Онсыз өмірдің өзі де өлімтікпен тең, сұр көлеңке болар еді. Күрес пен күлкі, қайғы мен шаттық, алыс пен жақын, жеңіс пен жетіліс болмаса, бұл шіркіннің өзі де тоңған мұз, ұйыған айран емес пе? Әңгіме таудай қиындықты тымақтай сілетін заман жасауда ғой. Жасаймыз да ондай заманды! – Иә, адам баласы болуға не жетеді дейсің: не көрмейсің, не білмейсің, істегің келсе, не істемейсің. Тек істемесең ғана еш нәрсе қызықтырмайды, не қинамайды, не қуандырмайды. Қуаныш-шаттыққа да бейжай, шақырылмаған қонақтай ығысып қарап, орныңда таба алмай, кездескен бұтаққа іліге кетесің. (Ғ.Мүсірепов «Адамның анасы»)

126-жаттығу. Көп нүкте қойылған сөйлемдерді қатыстыра отырып мамандығыңызға байланысты шағын әңгіме жазыңыздар. Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы Кей кезде сөйлемнің айтылу ерекшелігіне қарай тыныс белгілері қабаттаса қолданылады.

Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы Сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылғанда, сұрақ басым болса, сұрау белгісі бұрын, көңіл күй екпіні басым болса, леп белгісі бұрын қойылады Сұраулы не лепті сөйлемдегі ой аяқталмаған жағдайда сұрау не леп белгісі, сосын көп нүкте қойылады Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдер арасына үтір, сызықша қойылады Төл сөз бен автор сөзі арасына сызықша үтірмен, леп белгісімен қабаттаса келеді, сондай-ақ тырнақша мен үтір, көп нүкте, нүкте, сұрау, леп белгілері қабаттаса қойылуы мүмкін Драмалық шығармаларда ремаркалар келсе, ол жақшаға алынып, жақшаның ішіне не сыртына нүкте қойылады Шіркін, сол есіктің ар жағындағы дүние қандай екен?! (Ш.А.) Мүмкін, сонда бала осы бұзаумен бірге мектепке барар ма еді, қайтер еді?.. (Ш.А.) Сөз бергенге ерме, – бөз бергенге ер. (мақал) – Қалқам-ау, саған не болды? – деді баланы тоқтатып. (Ш.А.) Сазамбай (ұшып түрегеліп). Кім, кім, не дейді? (Ж.А.)

127-жаттығу. Сөйлемдегі тыныс белгілерінің қойылу мәнін түсіндіріп, дауыс ырғағымен оқып көріңіздер. Үйлеріне келсе-ақ есіктерін жауып алады, бұ не деген тірлік?! Есігін құлыптап та адам өмір сүре ме екен? (Ш.А.) Әке деген сорлыға өз баласының өзгеден естіп жатқан лағынеті мен жеген таяғын көру оңай ма?! (Ш.А.) Апырау, сағына күткен сол ертең қашан келер екен десеңші!? (С.Ш.) Адам көңілі ғажайып үндерге, ғажайып сырларға тұнып тұрған нәзік перне сияқты емес пе?! (С.Ш.) Шешесінің жүрердегі сөзі есіне түсті ме, болмаса қазіргі көңіл күйіне сай келді ме?.. (М.Ә.) Кейбір адамдар көбіне науқастан гөрі, мықты боп көріну үшін, ақылды атану үшін, жұрттан артық саналу үшін, соны арман етіп, бар жігер-қуатын соған жұмсап, дегеніне жете алмай өледі. (Кімнің ақылды болғысы келмейді, кімнің көрікті болғысы келмейді, кімнің атақты болғысы келмейді, кімнің әділ, кімнің қатал, кімнің батыл болғысы келмейді дейсіз?..) (Ш.А.) Оларда пасықтық бар, – адамдық жоқ; қараңғы жауыздық бар, – жарқын жүз жоқ. (М.Ә.) Ұлболсын жауап беруден, сөйлесуден тартынбайды, – неге екені белгісіз, қаймығады. (Б.М.)

128-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп, дауыс ырғағын құбылта оқып, тыныс белгілерінің ролін түсіндіріңіздер. Ұран Қазағым, қақтықпа, қамалма! Ел болар қамыңды амалда! Кетті түн, атып таң, шығып күн Сал малды, сал жанды аянба! Мал баққан, жай жатқан ел едік, Бейнетті көп тартқан ер едік, Қаны жат, тілі жат, діні жат Жат елден таяқты жеп едік. Жатқа жем бай едік, кен едік, Бағың жоқ биліктен кім едік, Партия сұрқия, қым-қиғаш, «Басы аман» көп надан сен едің. Зарыққан, талыққан шағыңа Тап болды бостандық бағыңа! Ұйымдас, ұрандас, жағалас! Сен де мін бабаңның тағына!

Құның жоқ, қорлықта өшіп ең, Терезең төремен болды тең. Намыстан, қайраттан қатарға ен! Басқадан кем болған сенің нең? Ұраным, қорғаным, сен Алаш! Жолыңа құрмалдық мал мен бас! Өнер тап, өрге шап, қару ат. Аллалап алға бас, ал Алаш!!! (Ж.Аймауытов) 129-жаттығу. Көркем шығармалардан қабаттаса келген тыныс белгілерінің әр түріне үш мысалдан теріп, кестені толтырыңыздар. Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы Мысалы Сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылғанда Сұраулы не лепті сөйлемдегі ой аяқталмаған жағдайда Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерде Төл сөз бен автор сөзі арасына Ремаркамен келген драмалық шығармаларда

130-жаттығу. Өздеріңіздің қатты қуанған кездеріңізді еске түсіріп, сол сезімдеріңізді тиісті тыныс белгілерін қоя отырып жазбаша түрде суреттеңіздер.

СӨЙЛЕМ ІШІНДЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ

Үтір Нүктелі үтір Жақша Қос нүкте Тырнақша Сызықша Ер өлсе де, аты өлмейді. (мақал) Әкесінің баласы – адамның дұшпаны; Адамның баласы – бауырың. (Абай) Хакім (құлағын тігіп). Немене? Біреу келе жатыр ма? (Ж.А.) Жалғыз қалған кемпірдің неліктен қалғаны да түсінікті сияқтанды: ауру бала нарттай жанып жатыр. (Ғ.Мүс.) Жиылған ауыл «бәлі» десіп Итемгенді жақтады. (Ғ.Мүс.) Ер азамат белгісі – түзде мырза, әрі құл. (мақал) Үтір, оның қойылатын орындары Үтір – ең көп қолданылатын тыныс белгі. Ол сөйлемнің мағынасына, құрылысына байланысты қойылады.

ҮТІР

Қойылатын орындары Бірыңғай сөйлем мүшелерінің арасы Қаратпа, одағай сөздерден кейін Қыстырма сөздерден кейін Оңашаланған айқындауыш сөйлемдерден кейін Құрмаластағы жай сөйлемдердің аражігінде Екі арада күрес, сайыс, жамбы ату, теңге ілу сияқты ойындар жүріп жатты. (Ш.А.) Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. (Абай) Мүмкін, онда Момын шал да дәл мұндай көрінгеннің айдауында жүрмес еді. (Ш.А.) Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде, қызғылт, күңгірт сәулесі бар тас шам жанып тұр. (М.Ә.) Үй іші кедейленген соң, Қартқожа апасының аулында бала оқытып тұр еді. (Ж.А.)

131-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерге үтір қойып, оны ережемен дәлелдеп түсіндіріңіздер. Шабандоздар мінген аттар сапқа сыймай тыпыршып ауыздықты сүзе тартып тұяқтарымен жер тарпиды. (Ш.А.) Бала Қорықтағы үйлерді сарайды қорақопсыларды бүгін көргендей күле қарайды. (Ш.А.) Мүмкін өстіп жүргенде кім біледі осы жайылымда пайғамбарға кездесіп қалармын... (Ш.А.) Жалынышсағыныш па өкініші мен өтініші ме әйтеуір тебірене қайырды. (С.Ш.) Тегі ол жұрт көңілінің қызығы мен сыйы болып тұрғысы келетін адамдар тобына жатпайды. (С.Ш.) Неге екенін кім білсін оның баласы да менің апама ұқсап анасын іздеп жүріп от ішінде қалған сияқтанды. (С.Ш.) Сонымен біраз томсарып отырып барып қайта қыбырласқанда Құнанбай ойдағы сөзін бастады. (М.Ә.) Тегіс сойыл найза айбалта шоқпар ұстаған шабуыл мен соғысқа әзірленген қол. (М.Ә.) Бар түйенің үстіне артылған жүктерді жапқан өңшең қара кілем қоңыр алаша қарала текемет көрінеді. (М.Ә.)

132-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, үтірдің қойылу себебін түсіндіріңіздер. І. Ертеңіне түске тармаса Ұлпанымен Есеней, Есенейімен Ұлпан келді... Екі үйлі «түрікпен» қыстауының айналасы құлпырып тұр екен. Қардың суымен тез өсіп шашақтана бастапты. Одан әрі, жарқырап жатқан көлге дейін, қара топырақты жерге шығатын мың түрлі асыл шөптер гүл атып, қызылдыжасылды шұбартып жатыр. Қыр жоңышқасының сарғыш, жасыл, көк гүлдері де қою көрінеді. Әр жерге топталып өскен тікендер алтындай жарқыраған сары гүлдерін төгіп тұр. Ауылдың азғана малы көк жазыққа тұяғын да тигізбеген сияқты. Балғын көктем бар ажары мен мырзалығын төге салған қалпында тұр. Қыстаудың өзі де шоқ ағаштың қойнауына салынған екен. Жазғытұрғы самал жел ақырын-ақырын ескектеп, көк дүниені тербетіп қояды. Қазақ мұндай жерді көргенде, аунап-аунап алғысы келеді. Ұлпан пәуескеден түсе сала, көзін жұмып, мұрнын дала иісіне тосып, бір-екі кеудесін кере дем алды. (Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»)

ІІ. Қымыз – халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамы. Ол тек тағам емес, сонымен қатар халықтың қасиетін, дәулетін, салтанатын, байлығын, мырзалығын, дастарқан берекесін білдіретін ырыс белгісі. Басқа тағамдарға қарағанда қымызды дайындаудың әдіс-тәсілдері, салт-дәстүрлері, ырымдары мен кәде-жоралары көп. Көктем туып, құлындаған бие байланып, сауылады. Биенің ашымаған сүтін саумал дейді. Оған арнайы ашытқы қосылып, екі-үш күннен кейін ашиды. Алғашқы қымызды үй иесі өзі ішпейді, дәстүр бойынша ауылдың үлкендерін шақырып, ауыз тигізіп, батасын алады. Мұны қымыз мұрындық дейді. Дайындау әдісіне, қасиетіне, сапасына және сақталу уақытына байланысты халқымыз қымызды бірнеше түрге бөледі. Және олардың әр түрін жылқы жасы атауымен атайды. Уыз қымыз – биені алғаш байлап, жаңадан ашытылған қою қымыз. Бал қымыз – жылқының сүр қазысын қосып, әбден бабына келтіріп пісілген қымыз. Бұл басқа қымызға қарағанда сары әрі қою, дәмді, жұғымды, тұщы болады. Құнан қымыз – екі түн сақталған, толық ашыған қымыз. Дөнен қымыз – үш түн сақталған, өте күшті қымыз. Бесті қымыз – төрт түн сақталып, ашуы әбден жеткен қымыз. Мұнымен қатар шөп буыны қатып, күзде сауылатын қымызды сары қымыз дейді. Мұның қуаты күшті әрі емдік қасиеті де жоғарылай түседі. Қыста қысыр биелерді қолда ұстап сауып, оны қысырдың қымызы дейді. Бұл нағыз сапалы, қасиетті дәру сусын деп бағаланады. Қулық биенің (алғаш құлындаған бие) қымызын қысырақтың қымызы дейді. Жас биенің сүті болғандықтан бұл бірнеше құлындаған биенің қымызынан қуаты да жоғары болады. Бұрынғы қымыздың үстіне саумал қосылса, оны түнемел қымыз дейді. Қымыздың бапталып, күтілуі де үлкен жұмыс. Ол, негізінен, жылқы терісінен, емен, арша сияқты ағаштан жасалған ыдыстарға дайындалады.

Теріден жасалған ыдыстың үлкенін саба, кішісін мес, торсық деп атайды. Ол арша, тобылғымен, қайың қабығымен жиі-жиі ысталып, майланып отырады. Сабадағы қымызға жылқының шикі қазысын салып көп пісілген қымыз қуаты күшейіп, сапасы артады, ащы дәмі де азая түседі. Көп пісіліп, ащы дәмі кеткен қымызды өлтірілген қымыз дейді. Бұл өте жақсы деген ұғымды білдіреді. Қымыз – әрі сусын, әрі тағам, дертке шипа, жанға қуат. Дәулетті адамдар қымызды жазда да, қыста да ішіп отырған. Қымызды піскен, сапырған сайын хош иісі артып, тәбет ашыла түседі. Қымыз ыдыстары да бөлек ұсталып, оны қымыз шара, қымыз аяқ, қымыз ожау деп қастерлеп айтады. Бие ағытылар алдында соңғы қымызды ауыл адамдарын шақырып, батасын алатын халықтық жақсы дәстүр бар. Мұны сірге жияр деп атайды. Бұл қымыз елдің шипалы сусыны, азығы ғана емес, мақтанышы мен салтанаты да болған. Бұрынғы замандарда өткен ас, той, хан сайлауларында арнайы апаратын сый-сияпат, мырзалықтың да бас белгісі осы қымыз. Бұған келген мырзалар мен байлардың, жақсылардың қай дәрежеде келгені осы қымыз бен сойыс мөлшерімен есептелген. 1860 жылы Ұлытауда Бағаналы Найман елінің белгілі азаматы Ерден Сандыбайұлына ас берілгенде оған 1000 саба қымыз әкелінген. Сонда әр сабаны шамамен 100-150 литрден есептегеннің өзінде 150000 литр қымыз құйылған. (С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»)

133-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, үтірдің қойылуына назар аударыңыздар, ережесін түсіндіріңіздер. Баянауланы көргенде Ежелден есіміңе ғашық едім, Баурады Баянауыл асыл лебің. Қаныштың бұйра шашы секілденіп, Көрінді орман, тоғай, жасыл белің. Орансаң табиғаттан сыйға қалың, Жаннатсың, бар сырыңа иланамын. Көз екеу болғанменен, тілім біреу, Барыңды жеткізе алмай қиналамын. Кербез төр қарай берсем ғажабыңа, Ақбет тау қыздай екен ажары да. Аққұба Қаныш маңдай шың көрінді, Ақ шағыл тастар тартып назарына. Лүпілі жүрегімнің басылмады, Жер мен көк, су мен сәуле жасыл бәрі, Жарқырап үнсіз жатыр Жасыбай көл, Қаныштай күлім қаққан жасындағы.

Бірлікті бар қазаққа ырымдаған, Көрінді мінсіз таза ғұмыр маған. Ағаш та, су да, тау да Айтып жатты, Балдырған бала Қаныш сырын маған. (К.Салықов) Қаратпа сөздердің тыныс белгілері Ойдың кімге, неге арналғанын білдіретін, тыңдаушының көңілін өзіне аудару үшін жұмсалатын, сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түспей, грамматикалық дербестігін сақтайтын оқшау сөзді қаратпа сөз дейміз. Қаратпа сөзден кейін үтір, кейде леп белгісі де қойылады.

ҚАРАТПА СӨЗДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЙЫЛАТЫН ҮТІР

Қойылатын орындары Қаратпа сөздің сөйлемнің басында келуі Қаратпа сөздің сөйлемнің ортасында келуі Қаратпа сөздің сөйлемнің соңында келуі Жапырақтар-ау, сыбдырлап жерге төгілгенше, шерлі сұлуға сая болсаңдаршы! (Ж.А.) –Жоқ, Сүйіндік аға, білейік деп сұраймын. Сіздің үстіңізден шағым жиям деп сұрамаймын ғой! (М.Ә.) – Астапыралла, не боп қалды, шырақтарым-ау? – деді Момын мен кемпір қосарланып. (Ш.А.)

134-жаттығу. Қаратпа сөздердің тыныс белгілерін қойып, сөйлемнің қай шенінде келгенін айтыңыздар. Қаратай сендерге берілген су егістікке жетпей, тазармаған арқы табанымен ақпай, беталды қашып, сай-сайды қуалап жоғалып жатады. (Ш.А.) Керімбала күлкісін тыйған жоқ: «Әй, білмеймін, кімге салсақ та, құлқыным таза дей алар ма екенсіз Абай?» – деп, сезігін айта бастады. (М.Ә.) – Шырағым-ау осы анада Бөжекең аулына жіберген қыз не жайда? Айғыз бишара қайтіп қиды соны? Жылатып айырып, қайтіп қана жіберді екен? – деп, бір жағынан наразы боп, сұрастыра бастады. (М.Ә.) – Сүйіндік аға осы мына сіздің жердің алдындағы Қарауыл дейтін жалғыз биік не себепті Қарауыл атанды екен? – деді. (М.Ә.) – Тұра ғой айналайын жылырақ киініп ал, маған көмектесесің. Тұр, тұра ғой, ұйқыңды аш! – деді сыбырлап шал. (Ш.А.) – Мынауың тамаша екен Құлбек, – деді бұлармен қатар келе жатқан шофер жігіт. (Ш.А.) – Мә балақай бар да ана шоққа салып пісіріп же! Дүниеде маралдың бүйрегінен тәтті тағам болмады, – деді. (Ш.А.) – Шыдай тұрыңдар қошақандарым. Ертең кешке дейін ғана шыдаңдар. Әйтпесе Жәкеңнің пышағы қайраулы көрінеді. Шыдаңдар, – деп Айгүл әр қозының басын бір сипады. (Ғ.Мүс.) – Шырағым-ау мынау бұғылар ғой, бұлар мұнда қайдан жүр? (Ш.А.)

135-жаттығу. Абай өлеңдеріндегі қаратпа сөздерді тауып, мәтінді көшіріп жазыңыздар. Қаратпа сөзге байланысты қойылған тыныс белгілерін түсіндіріңіздер.

Жүрегім, нені сезесің Сенен басқа жан жоқ па? Дүниені, көңілім, кезесің, Тиянақ жоқ па, қой, тоқта! *** Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса, жарайды қылса сұхбат. *** Сыналар, ей, жігіттер, келді жерің, Сәулең болса, бермен кел талапты ерің. Жан құмары дүниеде немене еккен – Соны білсең әрнені білгендерің. *** Не іздейсің, көңілім, не іздейсің? Босқа әуре қылмай, шыныңды айт. Шарқ ұрып, тыныштық бермейсің, Сырласалық, бермен қайт.

136-жаттығу. М.Шаханов өлеңдерінен қаратпа сөздердің сөйлем ішінде орналасу тәртібіне қарай 2 мысалдан тауып, кестені толтырыңыздар. Қаратпа сөз басында Қаратпа сөз ортасында Қаратпа сөз соңында 137-жаттығу. Драмалық шығармадағы қаратпа сөздерді тауып, сөйлемнің қай шенінде келгенін айтыңыздар, тыныс белгілерінің қойылуын түсіндіріңіздер.

Қанапия мен Шәрбану (Үзінді) Шәрбану кіріп келіп, Қанапияны көріп, именген, қуанған сипатты қызарып, шешесінің қасына келіп, бір қолымен жер таянып отыра кетеді. Қанапия (қозғалып, ажарланып). Көңілі-қарың тиыш па?! Шәрбану (бір қолымен иегін ұстап). Шүкір. Ұмсынай. «Кімді айтса, сол келеді» деген рас-ау, сені ауызға алғанымыз сол еді. Шәрбану (Қанапияға көзін төңкеріп, қылымси қарап). Апа, менің не керегім бар?

Ұмсынай. «Қайда кетті» деп Қанаш сұрағанға айтам. Қарағым, Қанашқа самауыр қайнат. Ана шелекте су тұр. Шәрбану (ынтасы Қанапияға ауып, апасының сөзін естімейді). Апа, маған не істе дедің? Ұмсынай (ұршығын иіріп отырып). Қанашқа самауыр қайнат деймін. Шәрбану (аздан соң). Ағаш бар ма еді, апа? Ұмсынай. Ескі қораптың малы жатқан, түйенің құмалағын қосып қайнатарсың! Шәрбану (көңілі бөлініп отырып). Апа, әлгі не қайда? Немене еді? Есімнен шығып кеткенін қарашы. Е, сіріңке, сіріңке. Ұмсынай. Сіріңке жүктің арасында шығар. (Шәрбану шелекті алып шығады.) (Ж.Аймауытов)

138-жаттығу. Көркем шығармалардан үтір және леп белгісімен келген, сөйлемнің түрлі шенінде (басында, ортасында, соңында) орналасқан қаратпа сөздерді тауып, әр түріне екі мысалдан жазыңыздар.

139-жаттығу. Мәтіндегі қаратпа сөздердің тиісті тыныс белгілерін қойып, жаттығуды көшіріңіздер. (Жер хабарын бермесін) Табай сараң адам екен. Жолаушылап келе жатқан Торғай дуанының елге белгілі екі биі Қорғанбек пен Дәуренбек Табай ауылының сыртына келіп түсуге рұқсат сұрапты. – Қонақ күтетін уақытым жоқ, – депті Табай. Бұған қатты ренжіген екі би аттанып кетіпті. Келесі жылы сол екі бидің ауылына Табай келіп түсуге рұқсат сұрапты. Былтырғы іске қатты өкпелеген билер «кет» демесе де, онша жақсы рай таныта қоймаса керек. Табай сонда ауыл ортасындағы қотанға келіп ат ойнатып: – Уа қу құдай Билігіңе таласқан жоқпын қу құдай Мырзалығыңа таласқан жоқпын қу құдай Байлығыңа таласқан жоқпын қу құдай Өзің берген сараңдығың бар еді, мына Шақшақ балалары оны да алам деп сіресіп жатыр қу құдай Енді маған не қалды қу құдай – деп айнала шапқан екен дейді. Мұны естіген билер: – Бір ашуыңызды беріңіз Тебеке Қателік бізден екен, – деп ат үстінен көтеріп алған екен дейді-ау. (С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»)

Қыстырма сөздердің тыныс белгісі Баяндап отырған мәселеге автордың көзқарасын, өзіндік пікірін, түрлі сезімін аңғарту үшін қолданылатын, сөйлемнің басқа сөздерімен байланыспай, оқшау тұратын сөздерді қыстырма сөз дейміз.

Қыстырма болатын сөздер мен сөз тіркестері Кісінің көңіл күйін, сезімін білдіреті н сөздер Айтылған ойға нануды, жорамалдауды білдіретін сөздер Айтылған ой кімнің тарапынан шыққанын білдіретін сөздер Ойдың желісін, ретін білдіретін сөздер Тыңдаушының назарын аудару үшін айтылатын сөздер амал қанша, бақыты мызға қарай, несін айтасың т.б. әрине, әлбетте, рас, сөз жоқ, сірә, мүмкін, шамасы, расында, шынында, бәсе, бәлкім, айтпақшы, шынын айту керек, өзіңіз білесіз т.б. ... айтуынша, ... айтқандай, меніңше, сеніңше, ..., ... ойынша, әлі есімде, ұмытпасам т.б. біріншіден, ..., ... әуелі, алдымен, демек, сөйтіп, қысқасы, ақырында, әйтеуір, ендеше, керісінше, мысалы, негізінен, сонсын, сосын, бір жағынан, ..., бір сөзбен айтқанда, былайша айтқанда, сайып келгенде т.б. айталық, өздеріңізге мәлім, көріп отырсыз, шынында, міне, әне, қане, байқаймын, байқайсыз ба т.б.

ҚЫСТЫРМА СӨЗДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЙЫЛАТЫН ҮТІР

Қойылатын орындары Қыстырма сөздің сөйлемнің басында келуі Қыстырма сөздің сөйлемнің ортасында келуі Қыстырма сөздің сөйлемнің соңында келуі Әрине, оған теңіз жағасының сүреңсіз, жүдеу тірлігі ұнамасы анық. (Ә.Н.) Бірақ, амал қанша, баланың осы бір әділ арманын ескеріп, іске асырып жатқан үлкендер жоқ. (Ш.А.) Қартайған шақта жай жүруге көндігейін дегенау, сірә. (Ш.А.)

140-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, қыстырма сөздердің тыныс белгілерінің қойылуына назар аударыңыздар. Бірақ тайпалма жорға Гүлсары Александровка қырқасынан соңғы рет асқанын, енді, міне, ақырғы аттам жерлер жүріп келе жатқанын Танабай білген жоқ еді. (Ш.А.) Байтақ бұрын қазақ тілінде зат есім мағынасында қолданылып, «белгілі бір этникалық-территориялық единица» (мысалы, хандық сияқты), «ел, жұрт» деген мағынаны білдірген. (Р.С.) Сөйтіп, тілімізде қазіргі кезде ешбір грамматикалық мағына білдіре алмайтын қалдық формалар да бар екен. (С.И.) Сөйтіп, қаланың ұлығы мен даланың сойқанды бұзығы Абайға қарсы іштей табысқандай боп айырылысты. (М.Ә.) Еміс-еміс естуімше, қыздың бір дұшпаны

(неге дұшпан болатыны айтпай-ақ мәлім!) қызға мен жіберетін өлеңдердің біреуін түсіріп алады. (С.М.) Расында, бұрын бұл өзін «аға сұлтан Құнанбай баласымын» дейтін де, «бар Құнанбайдың есебі түптің түбінде бір жерден шығады» деп білетін. (М.Ә.) Сөз жоқ, мұндай феномендер ертедегі әдеби мұраларды тілі жағынан біршама өзгертпей жеткізуге себепкер болғанға ұқсайды. (Р.С.) 141-жаттығу. Мына қыстырма сөздерден сөйлем құрап, олардың мағыналық жақтарына түсінік беріңіздер. Сөз жоқ, бәсе, ендеше, керісінше, байқаймын, мысалы, қысқасы, негізінен, амал қанша, шынын айту керек, бір сөзбен айтқанда, меніңше, әрине, бақытымызға қарай, алдымен.

142-жаттығу. Қыстырма сөздерді тауып, қаратпа сөздермен салыстырып, ұқсастық, айырмашылығына тоқталыңыздар. Енді, міне, ана баурындағы соңғы алданышы – қырықтан асқасын көтерген сүт кенжесі... (Ә.Н.) Әне, әншиіндегі қақпақтай кең жауырыны күжірейіп тартып барады. (Ә.Н.) Рас, ол кісі мойнында кегін жібермейтін жау. (Ә.Н.) Ендеше, өмір мен өлім сияқты қараңғы мен жарық та кезек жеңіп, тірлік үшін бұлар да тартысып жатады. (Ә.Н.) Шамасы, сірә, бұл ат та Кәлен қолынан шыққан болар деп ойлады. (Ә.Н.) Рас, түн ішінде адасып кетуі де кәдік еді, бірақ Танабай бұл жерлердің ой-шұқырын бұрыннан бес саусағындай білетін, тек ат шыдаса болғаны. (Ш.А.) Бәлкім, ол жорғаға мінгісі де келмеген шығар. (Ш.А.) Рас, Танабай әлі әрі-сәрі, бірақ Шора көндіретінін іші сезеді, бұ жолы да Шораның айтқанынан шыға алмас. (Ш.А.) Әлбетте, мал болған соң, шығынсыз болмайды. (Ш.А.) Шынында, Сарыбек бүгін әдейі бел шешіп салғыласуға кіріскендей, досының да, басқалардың да беделіне қарамай сөйлеп тұр. (Ш.А.) Жалғыз тісінің өзі найзадай болып бес-алты метрге салбырап кеткен кереметтен қорықпауға болар ма екен, сірә? (С.Ш.) Оның білдіруінше, бұл адамдар арасында тағы да бітпейтін кесір дау бар. (М.Ә.) Міне, жайқалған егін арасынан әлдебір төмпелер қылаң береді. (С.Ш.) Қысқасы, бір құдіретті қолдың күшімен үй де, күн де өзгеріп, айрықша нұрланып кетіпті. (С.Ш.) Сөйтіп, осы белдің ойына қарай құлай бергенде, жорға Жұмабай арт жағынан, сол иығы тұсынан тасырлатып кеп қосылған бір дүсірді есітті. (М.Ә.) – Әділет, сенің ойыңша, біреудің басына күн туса, соның орнын тартып алу ғой? (М.Ә.)

143-жаттығу. Өздеріңіз сүйіп оқитын ақындарыңыздың өлеңдерінен қыстырма сөздер кездесетін өлең шумақтарын көшіріп жазыңыздар. Мысалы, Аспан тұр, міне, күркіреп, Шөміш қақ, әже, ырымдап. Көктер ме егін дүркіреп, Көк биең аман құлындап. (М.Мақатаев)

144-жаттығу. Қыстырма сөздердің сөйлемдегі айтылған ойға қандай мағыналық реңк үстеп тұрғанын ашып, тыныс белгілерін қойыңыздар. Енді міне Ақлима апай көрінген жұртқа балам келе жатыр деп күтіп отыр. (Ғ.Мүс.) Әрине негізгі сөзге тіркескен көмекші сөздің бәрі бірдей сөздің аналитикалық формасын жасай бермейді. (С.И.) – Е, төрелер, жол болсын! Қаладан келесіздер ме? Жол шеті? Не ретпен шығып едіңіздер? Жай ма, тыныштық па әйтеуір? (Ғ.Мүс.) Сөйтіп сөз әртүрлі тұлғалар арқылы түрленудің, сөзге түрлі форма тудыратын тұлғалардың қосылуы нәтижесінде оның көптеген формасы пайда болады. (С.И.) Айтқанындай түн асып, ертеңгі күн бесінге жеткен шақта Шүйгінсу, Қарауыл бойы, мол Шыңғыс қойнаулары түгелімен Тәкежанның қалың қос жылқысын тұп-тұтас, қызыл жоса қан қылып, қырып салды. (М.Ә.) Грамматикалық форма деген ұғымға ең алдымен сөзге, түбірге үстелетін қосымшалар, сондай-ақ префикстер мен жүйелі түрдегі ішкі флексия, супплетивтік тәсіл жатады. (С.И.) Ең әуелі жайдақ суға теңгердіңіз... Екінші ел алатын тәсілді айттыңыз... Үшінші орысты айттыңыз. (М.Ә.) Бүгін қойды кеш сауып болған ба немене ымырт жабылып қалыпты. (М.Ә.) Ербол досына жаны ашығандай сөйледі: «Бәсе жүзі де ашаң тартыпты... Нені мұңдап кеттің тағы да?» – деп, енді Абайға ұзақ қарады. (М.Ә.) Олардың айтуынша дәл осы отырған ұры, исі Арғын, Наймандағы ең бір барып тұрған қаныпезер баукеспенің өзі. (М.Ә.)

145-жаттығу. Мәтіннен қыстырма сөздері бар және жоқ сөйлемдерді бірбірінен ажыратып, тиісті тыныс белгілерін қоя отыра, бағанға бөліп жазыңыздар. Үлгі Қыстырма сөзі бар сөйлем Қыстырма сөзі жоқ сөйлем Немене, шабыныңды басар деп қорқамысың? Немене айтып отырғаныңды өзің түсінемісің?

Оның кешігіп жүруі мүмкін емес. Мүмкін бұл Максим Горькийдің жазған беташарының әсері болар. Бала кезде естіген ертегілерім әлі есімде. Әлі есімде бір күні тауға шықтық. Биыл несін айтасың егіннің шығымы өте жақсы! Бұл сөзді бұрын мен естігенмін, қайталап оны несін айтасың. Мен саған бірдеңе айтпақшы едім. Айтпақшы сол жүнді колхоздың отарларында тонналап қырқып жатады... (Ш.А.) Рас қазақ тілінде адамға байланысты есім сөздер тікелей жіктеледі де, жіктік жалғау тікелей сол түбірге жалғана алады. (С.И.) Оның айтқаны рас екен. Екінші ел алатын тәсілді айттыңыз. (М.Ә.) Екінші тілек тілеңіз, Ер шұғыл пасық залымның Тіліне еріп азбасқа. (Бұқар жырау)

146-жаттығу. Мәтінді қыстырма сөздердің тыныс белгілерін қойып, көшіріңіздер. Қыстырма сөздердің астын бір, қыстырма сөз тіркестерінің астын екі, қыстырма сөйлемдердің астын үш сызықпен сызыңыздар. Осы кезде Құнанбайға Жексен шаққан болу керек әкесі Абайға айғайлады. (М.Ә.) Байжанның қолына түскен материалдарға қарағанда ұзын сөздің қысқасы осы дәуірге шейін Сырдың асау суын бағындырған бір ел де, бір

мемлекет те болмаған. (С.М.) Сөз жоқ барлық сөздер әрине олар грамматикалық сипаты жағынан белгілі сөз таптарына жатады, «тілдің сөздік құрамына енеді», бірақ бұл екеуі екі түрлі құбылыс қой. (С.И.) Шыңғыстан Жақып, Шоқан (жұртқа мәлім Шоқан Уәлиханов), Мақы, Махмет туады. – Астапыралда (солай дейтін оның кейде әдеті болушы еді)! – деді Итбай. (С.М.) Сөйтіп сөздерді біріктіру, тіркестіру, қосарлау (сөзжасамға қатыстысы) жекежеке сөзжасам үлгілері болып табылады. (С.И.) Өлең шарттылығына байланысты және белгілі бір регион тұрғындарына (Қ.Өмірәлиевше Батыс Қазақстан өлкесіне) біршама түсінікті болғандықтан, кейбір лексикалық және грамматикалық көнеліктер өзгермей жеткен. (Р.С.) – Ақыл аға! Осы айтқаныңыз мен білсем талай хакім, ойшылдардың да сан кітаптарында осылайша қойған сауалы сияқты... – деп Мағашқа қарады. (М.Ә.)

147-жаттығу. Көркем шығармалардан қыстырма сөздерге, сөз тіркестеріне және сөйлемдерге бес мысалдан тауып, кестені толтырыңыздар. Қыстырма сөздер Қыстырма сөз тіркестері Қыстырма сөйлемдер 148-жаттығу. Мәтіннен үлгіге сәйкес қыстырма сөздері бар я жоқ сөйлемдерді бір-бірінен ажыратып, тыныс белгілерін қоя отыра, бағанға бөліп жазыңыздар. Ережемен дәлелдеп түсіндіріңіздер. Үлгі Қыстырма сөздері бар сөйлемдер Қыстырма сөздері жоқ сөйлемдер Әрине, жақ пен жіктелу ұғымы бір-біріне толық балама емес. (С.И.) Қорыққаннан тіпті даусы шықпай қалды. (Ә.Н.)

Әсіресе Тәңірберген болыстық қолда тұрғанда теңіз жағасының шұрайлы шабындығын өздеріне қаратып алғысы кеп, софы ағасының дегеніне көнбей қойды. (Ә.Н.) Сөйтіп ілік септік пен тәуелдік жалғау арқылы тіркескен сөздер арасындағы байланыс түрі өте күрделі. (С.И.) Бірақ көптен бері күн жылымық тартып, ұлы теңіз ұстаса қоймайды. (Ә.Н.) Сондай-ақ қалып етістіктері есімдерше етістік тұлғаларының ішінде есімше жіктеледі. (С.И.) Ал кең жайлау көз жеткен жерге дейін шұбыртқан мал. (Ә.Н.) Ең алдымен етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, процесті, әртүрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады. (С.И.) Ал әлгі қолжетпес жадыра жаздың керемет дүниесі бұрқасынның бұрқ-сарқ сарынына үн-түнсіз батып кетіп, біржола ғайып болды. (Ш.А.) – Қысқасы жұрт жұмыста жүргенде, біздің бүйтіп шуақтап отырғанымыз келіспейді, солай емес пе? (Ғ.Мүс.) Жорғаның бүкіл түр-тұлғасын, тіпті алдыңғы оң аяғының шашасына біткен қарақошқыл мүйізге дейін көрді. (Ш.А.) Тіпті анамның қыр мұрынды қызыл жүзі, қалың келген қара қасы, басын әнтек бұрып, төмен отырып келгенде көрінетін ақ тістері де көз алдымда. (С.Ш.) Сондай-ақ сапалық және қатыстық сын есімдердің ара жігін ажыратуда да кейде қиындық туып отыратынын да

ескерте кеткен жөн. (С.И.) Сондықтан салттылық-сабақтылық сипатты етістіктің лексика-грамматикалық категориясы деп таныған жөн. (С.И.) Сонымен кәдуілгі жұрттан оқшауланып, үйсіз-күйсіздерге қосыла алмай, көзге шыққан сүйелдей жалғыз қаңғырдым да қалдым. (Ғ.Мүс.) Әрине үш-төрт ұрпақты қамтитын бір ғасырлық бұл ұзақ мерзімнің ішінде қазақ қауымынан шыққан сөз зергерлері бұдан әлдеқайда көп болғаны даусыз. (Р.С.) 149-жаттығу. Қыстырма сөздерді пайдалана отырып, «Біріншіден, не жаман?» тақырыбында эссе жазыңыздар. Одағайлардың тыныс белгілері

Кісінің көңіл-күйін, сезімін білдіретін, сөйлемдегі өзге мүшелермен синтаксистік байланысқа түспейтін сөздерді одағай сөздер дейміз. Одағай сөздерден кейін кейде үтір, кейде леп белгісі де қойылады.

ОДАҒАЙ СӨЗДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЙЫЛАТЫН ҮТІР

Қойылатын орындары Одағай сөздің сөйлемнің басында келуі Одағай сөздің сөйлемнің ортасында келуі Одағай сөздің сөйлемнің аяғында келуі – Қап, кетіп қалды-ау, – деді Көкетай санын бір соғып. (Ш.А.) – Мұның не, әй, сірі тақым? Шөп ұрлап жатыр ма екен? – деді үй иесі. (Ғ.Мүс.) Бүгінгі дос – ертең жау, Мен не қылдым, япырмау?! (Абай)

150-жаттығу. Одағай сөздердің тиісті тыныс белгілерін қойып, жаттығуды көшіріңіздер. – Ананы қара, ананы қараңдар! О ғажап – деді ең алдымен Сейдахмет. (Ш.А.) – Ах шіркін мылтық болар ма еді?! Ең аз дегенде екі центнер ет бар-ау ә шамасы? – деді Сейдахмет аузынан қағынып (Ш.А.). – Е-е бір-екі рет еңбегін еш қылса, «итше жер тырмалап жаман ырым бастама!» десе, өзі де көшеді, – деп Әзімбай атынан түсіп, жайланып, бел шешіп жатыр. (М.Ә.) – Қандай ғажап ә – деді бадырақ көз, сырттай жуас көрінетін шофер бала шыдамай. – Фотоаппаратымды ұмытып кеткенімді қарашы, түсіріп алғанымда оңды болатын еді (Ш.А.). – Моһ-моһ – деп мұрнынан күліп, Сейдахмет жүре беретін (Ш.А.). – О бәрекелді келіңдер, жоғарылатыңдар, – дегенде Томаршаның даусы бұрынғысынша шықты. (Ғ.Мүс.) – Жә Дәрмен, Мағрипа қалай? Оны неге айтпайсың? (М.Ә.) – Ой балалар! Мынау қазақ емес. Ойбай орыс! Әне орыстар. Мәтүшкелер де жүр! – деді. (М.Ә.)

151-жаттығу. Одағай сөздердің тыныс белгілерінің қойылуына назар аударып, қандай көңіл-күйді білдіріп тұрғанын айтыңыздар. – Пай-пай! Осы ұлықтың осындай бір айбаты-ай! (М.Ә.) Мағаш өзі күткен кеңес бұл емес екенін еске ала отырып, дағдылы шапшаңдығы бойынша: – Е,

Оспан ағамның жылы толмай тұрып, ол кісілердің асыққаны несі? – деп қалды. (М.Ә.) – Жә, жеңеше, енді «қайсысы қайсысын алады?» деген түйін сөз бар ғой! Осыны не дейсіз? (М.Ә.) – Япыр-ай, осы екеуі қырбай деп еді. Қақтығып қалмаса игі еді! – дейді. (М.Ә.) – Бәрекелді, Шәке дұрыс айтады. Бұл әйелдер бәріне де жақсы келін ғана емес, іні-бауыр есепті де боп кеткен. Үшеуінің де алдарынан өтілу осы отырған бәріміздің қарызымыз. Сөзді осылай шешу керек! – деді. (М.Ә.) – Пай-пай! Аяқтарының астында қаламыз-ау, ойбай! Шынаяғыңды жи, ал ұстасты! – дейді. (М.Ә.)

152-жаттығу. Жан-жануарлар, жәндіктер қалай дыбыстайтынын есте сақтаңыздар. Түйе боздайды. Бура күркілдейді, бұрқылдайды. Жылқы, құлын кісінейді. Айғыр арқырайды. Сиыр, қодас, бұғы мөңірейді. Бұқа күжілдейді, өкіреді. Қой, ешкі, киік, арқар маңырайды. Қошқар мекіренеді. Теке бақылдайды. Есек ақырады. Ит үреді, арсылдайды, ырылдайды, қаңсылайды, ұлиды. Күшік шәуілдейді, қыңсылайды. Доңыз қорсылдайды. Арыстан ақырады. Жолбарыс, піл күркірейді. Аю өкіреді, ақырады. Маймыл, қоян шыңғырады. Қасқыр ұлиды. Қорқау қорқылдайды. Түлкі шәуілдейді. Қарсақ шәңкілдейді. Борсық, кірпі мырсыңдайды. Мысық мияулайды, пырылдайды. Тышқан, аламан шиқылдайды. Жарқанат қиқылдайды. Күзен, зорман, шақылдақ шақылдайды. Суыр, саршұнақ сақылдайды. Бүркіт шаңқылдайды. Сұңқар саңқылдайды. Аққу сұңқылдайды. Қаз қаңқылдайды. Үйрек барылдайды. Сұқсұр, шүрегей пырпырлайды. Құр, кептер құрылдайды. Байғыз, үкі бақырады. Сыбызғышы сыңсиды. Безгелдек безілдейді. Жапалақ барқылдайды. Шағала шаңқылдайды. Өгіз шағала өкіреді. Көкқұтан қиқулайды. Тырна тыраулайды. Қарға қарқылдайды. Бөдене пырылдайды. Торғай шырылдайды. Қарлығаш шықылдайды. Бұлбұл, мыңсайрам сайрайды. Тоты сөйлейді. Әупілдек әупілдейді. Шіңкілдек шіңкілдейді. Құрылтай құрқылдайды. Жылқышы шырқырайды. Күркетауық күркілдейді. Бозтырқылдақ тырқылдайды. Тақтақ тақылдайды. Батпылдақ батпылдайды. Көкек көкектейді. Сауысқан шықылықтайды. Тауық қыт-қыттайды. Әтеш шақырады. Шақшақай шақылдайды. Тауқұдірет айғайлайды. Тауыс қырқылдайды. Ара дызыңдайды. Сона дызылдайды. Инелік тызылдайды. Маса ызыңдайды. Шыбын ызылдайды. Қоңыз быжылдайды. Шегіртке шырылдайды, ысқырады. Бақа бақылдайды. Құрбақа құрылдайды, шұрылдайды. Жылан ысылдайды. (С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»)

153-жаттығу. Шақыру одағайларын қатыстыра отырып еркін тақырыпта шағын әңгіме жазыңыздар. 154-жаттығу. Көркем шығармалардан одағай сөздердің сөйлем ішінде орналасу тәртібіне қарай үш мысалдан тауып, кестені толтырыңыздар. Одағай сөз басында Одағай сөз ортасында Одағай сөз соңында 155-жаттығу. Құрамында одағай сөздер бар сөйлемдерді қатыстыра отырып сұрақ-жауап түрінде диалог құрастырыңыздар.

156-жаттығу. Сөйлемдерден грамматикалық жағынан байланыспайтын оқшау сөздерді тауып, тыныс белгілерін қойып көшіріңіздер. – Несін айтасыңдар мен баяғыдан күншуақтап, құсмамықтап, мамырлап рахат тапқан жанмын ба! Сондай сордан, соққыдан, зорлықтан жол табам деген жансебіл емеспін бе!? – дейтін. (М.Ә.) – Е бұқпа торғай сияқтанып, әншейін «бұға берсем, құтылады екем» деп сол аурудан текке қорқып жата беріппін... (М.Ә.) – Япыр-ай тым құрса, «өз атын өзі суаруға жарамайды», – деп мазақ та қылмайсың. Үп-үлкен басыңмен өзіңнен бұрын мені ойлауды бір қоймайсың-ау Ербол! (М.Ә.) Енді міне үш-төрт дуанның көп болыстарының арасындағы тартыстар, облысты билейтін кеңсеге де түсті... (М.Ә.) – Сен әй сұрқия-сұрдың сұмырай байы, мына кісілерге өтірік лапкеңді көрсетпей, шын лапкеңді көрсет! – деді әлгі мосқалдау әйел. (Ғ.Мүс.) – Көргенім осы, ал жігіттер атыңа қон! – деп, Байкөкше сөзін бітірді де, атына қарай қозғала берді. (М.Ә.) – Осы айтып отырғаның шын ба Оразеке – десіп, қатар сұрасты. (М.Ә.) – Ой не дедіңдер шырақтарым-ау Абайға ұлық солай сәлем айтып па?! (М.Ә.)

Айқындауыш сөздердің тыныс белгілері Айқындауыш – анықтауыштың ерекші бір түрі. Айқындауыш – анықтайтын сөзінен кейін келіп, оның мағынасын, мүшелік қызметін басқа сөздермен нақтылап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын сөздер (сөз) тобы. Айқындауыш құрылысына қарай үшке бөлінеді: 1) қосарлы, 2) қосалқы, 3) оңашаланған. Қосарлы айқындауыш дефис арқылы, қосалқы айқындауыш бөлек жазылса, оңашаланған айқындауыш өзі айқындайтын сөзінен үтір не сызықша арқылы ажыратылады.

Айқындауыштар қосарлы қосалқы оңашаланған Инженер-технолог, батыр-ұшқыш, мектепинтернат Қамбар батыр, Тойбазар ақсақал, Әйтеке би Дәл осы кезде тыста, үй сыртында, дабырлап жүрген ұсақ балалар сықылығы естіліп еді. (М.Ә.)

157-жаттығу. Сөйлемдерден айқындауыштарды тауып, құрылысына қарай топтап жазыңыздар, тиісті тыныс белгілерін қойыңыздар. Күндіз бала түс таянғанда мынау қаулап өскен Шыралжынның ішіне барып жатқанды жақсы көреді. (Ш.А.) Әнеугүні Шүйгінсуда Жігітек үстіне баса қонған қақтығыстан бері қарай Базаралы жағынан жамандық күткен кісінің бірі осы Әзімбай болған. (М.Ә.) Қалалы жердің молдасы да мәдениетті болады екен-ау деп ой түйді де Нығыметпен қатарласты. Беттері халықтың жиын жері базар. (Т.К.) Сейдахан болыс Құрбан ұстаны әулетімен осы Шеңгелдіге асырып көшірген. (А.Тоқм.) Қорықтан шыққалы таңертеңнен бері бөгелместен тартқан үш салт атты аттарын қан сорпа қылған қалпында кешкі екінті кезінде

Көлқайнардағы Құнанбай аулына Абайдың өз шешесі Ұлжанның отырған аулына кеп жетіп еді. (М.Ә.) Ұзақ түн бойында ас пен сауық кезектесіп ауысып отырған кездерде әрбір әредікте домбырашы Ақылбай әнші-күйші Әлмағанбеттер қонақ тартып өткен полька-мазурка сияқты билердің кейбір қайырмаларын өздерінің домбырасына ақырындатып іліп тартып ұғып қалып отырғандарын да байқатып отырды. (М.Ә.) Шоқан Жиренше шешен аңыздарын «ноғайлы философы» Асанқайғы толғауларын Әз Жәнібек сөздерін осы ноғайлы-қазақ дәуірінде туған деп топшылайды. (Р.С.) Жұмыр шал осы ауылдың қасына көшіп келген соң Ысқақтың осы кесір кердең Мәніке бұл екі баланың атын мазақ еткен. (М.Ә.)

158-жаттығу. Төмендегі қосарлы және қосалқы айқындауыштарды қатыстыра отырып сөйлем құраңыздар. Қобыланды батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, ғалым-ұстаз Нұржамал Оралбай, Ақан сері, Біржал сал, Төле би, би-шешендер, Алпамыс батыр, телефон-автомат, Бұқар жырау, Жиренше шешен, әнші-композитор. Оңашаланған айқындауыштың тыныс белгілері Үтірмен келетін оңашаланған айқындауыш Сызықшамен келетін оңашаланған айқындауыш – Мүйізді Бұғы ана, біз, атамыз екеуіміз, сізді өте жақсы көреміз. Сіздің келуіңізді көптен бері күтіп жүр едік, – деді. (Ш.А.) Сүйіндік бәйбішесімен және екі баласы – Әділбек, Асылбекпен – бәрі де қонақтармен бірге болды. (М.Ә.)

159-жаттығу. Мәтіннен оңашаланған айқындауышы бар сөйлемдерді тауып, тыныс белгілерін қойып жазыңыздар. Бұл ауыл Оспанның әйелі Еркежанның төркіні Байтас ауылы. (М.Ә.) Осыны алдыңғы жыл былтыр екі жыл зорлап алып кеп енді міне биыл үшінші жыл тағы орақшысын әкеп салып отыр. (М.Ә.) Байғабылдан көп жатақ ішінен әр қыстаудан дәл осы шақта тағы талай аттылар жосыта шығысқан еді. (М.Ә.) Шолпанның баурында күнұзын Тәкежанның баласы мен жылқышылары мал үшін қырқысқан күні сол Шолпаннан тай шаптырым жерде Ақшоқыда Абайдың іні-достары Лермонтовқа айрықша шұғылданып жатқан-ды. (М.Ә.) Күні әнеугүні күзекте ғана сол Базаралының жоғын жоқтап кеп аузына келгенін айтып кеткен. (М.Ә.) Қалың көпшілік арбалылар да салттылар да жаяулар да соның соңынан шұбап қыртысы қалың жасыл көделі жердің шаңдағын аспанға шығарды. (С.М.) – Бұл жөнінде ертең сағат тоғызда тресте отырып кең сөйлесейік. (Ғ.М.) Жаңа кешке жақын бұлақ басындағы бір тақырға жиналған өз құрбы балаларды бастап осындай ат қоюды көп ойын қылған. (М.Ә.) Қыстауға қонғалы қазіргі қалың қыстың ортасына шейін Абай Аралтөбеде Әйгерімнің оңаша қыстауында кітап соңында уақыт өткізетін. (М.Ә)

160-жаттығу. Көркем шығармалардан үтір не сызықшамен келетін оңашаланған айқындауышқа үш мысалдан тауып, кестені толтырыңыздар. Үтірмен келетін оңашаланған айқындауыш Сызықшамен келетін оңашаланған айқындауыш

161-жаттығу. Оңашаланған мүшелердің тыныс белгілерін қойып, оның қойылу себептерін түсіндіріңіздер. Шеткі үлкен ақ үйге Құдайменде болыстың үйіне ат басын туралап еңкілдеп төніп қалды. (Ә.Н.) Жұмыртқадай ақ үйлердің ең үлкені Тәңірбергеннің үйіне жұрт жиналып жатыр. (Ә.Н.) Артта қаусаған арба адыра қалды ал алдарында күнбатыста қара жолдың үстін күлгін-күңгірт қараңғылық тұмшалап алған. (Ш.А.) Баяғыда Базаралы жас шағында білетін Дәркембайдың інісі Көркембай бар еді. (М.Ә.) Ел ішінде Абай айналасында осы ауылда жүрген аз ғана өнерпаз жарыққұмар жастар болмаса Абайға қарсы арналған өштік араздық қызғаныш қастық атаулы соншалық мол екенін Әбдірахман көп естіген. (М.Ә.) Долы далада қатуланған суық жүзді өгей далада бұлар тағы да ұзақ жортты. (М.Ә.) Қонақтарды түнде Сыздықтікіне жер үйге жатқызғанмен тамақты бәйбіше өз үйінде киіз үйде берді. (Д.И.) Келіссөз бейтарап алаңда қалалық демалыс паркіндегі көлдің Арал ресторанында мейлінше жылы шырайлы екі жақты толық түсініскен жағдайда өтті. (Д.И.)

Оңашаланған айқындауыштың сызықшамен келуі Оңашаланған айқындауыш ішінде бірыңғай мүше келгенде, екі жағынан сызықша қойылады Оңашаланған айқындауыш айқындайтын сөзімен септік, тәуелдік жалғаулары жағынан қиыспай тұрса, араларына сызықша қойылады да, айқындауыштан кейін тыныс белгісі қойылмайды Өзі сері, әнші, сұлу Байтасқа екеуі де – бірі кәрі, бірі жас бала – қызғана да, тамашалай да қараған еді. (М.Ә.) Жаңа жерге қонғанда жас төл – қозы, лақ қандай рахаттанады. (Ә.Н.) 162-жаттығу. Көркем шығармалардан сызықшамен келетін оңашаланған айқындауыштарға үш мысалдан теріп жазыңыздар. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісі

Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болатын, бірбіріне бағынбай, өзара салаласа байланысатын мүшелерді бірыңғай мүшелер дейміз. Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір Бірыңғай мүшелер жалғаулықсыз келгенде Да, де, әрі, я, яки, не, немесе, әлде жалғаулық шылаулары бірыңғай мүшелермен қайталанып келгенде Да, де жалғаулық шылаулары бірыңғай баяндауыштар арасында қайталанбай келгенде Қызғалдақ, жауқазын, сарғалдақ, бәйшешек дегендер қызыл, сары, көкшіл түстермен құлпырып жайнайды. (М.Ә.) Жиынға түсінікті қазақ әні, әрі скрипкада, әрі өнерлі, жіңішке, ашық үнді әншінің көмейінде ырғалғанда, жұрт жаңадан рахат тауып тамашалап отыр. (М.Ә.) Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та, бар қалан! (А.Қ.)

163-жаттығу. Көшіріп жазып, тыныс белгілерін қойыңыздар. Бірыңғай мүшелердің қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтап, астын тиісті сызықпен сызыңыздар.

  1. Құлақтағы әшекей сырғасы бастағы кәмшат бөркі білек толған неше білезіктері баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. (М.Ә.) 2) Биыл жұт болады деп күн бұрын есепшілер де айтқан шөптің шығысы жаман серейген-серейген еркек шөп бұйдай бас көде боз қаптап кетті. (Ж.А.) 3) Осылайша бар сорақысы бадырайып тұрған әрі зорлық әрі жуандық әрі арамдық ұясындай бай аулында сол күнгі қазақ сахарасының басындағы тарихтай күйзеу күздің күнінде Абайдың анық өлмес өшпес және бір сазы туып еді. (М.Ә.) 4) Мұсабай өзі өнерпаз болмаса да неше алуан әзілқой күлдіргі әңгімеші сауықшыл адамдарды аса жақсы көретін. (М.Ә.) 5) Ақ сеңсең тымақ астынан тұздай көк көзді сары сақалды шикіл сары кісі күліп тұр екен. (Ә.Н.) 6) Құдайменде Темірке Ақсақ Жагор бас боп күтіп тұрған кісілер жас Федоров алдында жел соққан қамыстай жапырылып иіліп-бүгіліп жатыр. (Ә.Н.) 7) Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ Қой мойынды қоян жақ бөкен қабақ. Ауыз омыртқа шығыңқы майда жалды Ой желке үңірейген болса сағақ. (А.Қ.) 8) Енді ол тізгінге де қамшыға да айқайға да бағынбай жолды тек соқыр сезіммен бағдарлап дауылды түнді қақ жарып сабалаған нөсердің астымен зымырап келеді. (Ш.А.) 9) Әйеліне қызына сақманшыларға жылы-жылы сөйлеп ақжарқын жүрмек болуға тырысты бір жағынан олар әлдеқалай сезіктеніп қалар деп те тосылды. (Ш.А.) 10) Қыбын тапса қарап қалмайды атады шабады соққыға жығады сөйтеді де айдап әкетеді арбалап әкетеді. (С.Ш.) 11) Ақпан қаңтар бірдің айы – баршасы да қазір Абайлар жүріп келе жатқан сары дала қоңыр адыр сай-сала қорық-қойнауларға өздерінің ақ ирек саргідір омбыларын оқаптарын мұздақ жалтырларын жапқан көрінеді. (М.Ә.)

164-жаттығу. Мәтіндегі бірыңғай мүшелердің арасындағы үтірдің қойылу мәнін талдап көрсетіңіздер. Енді тостақты да, табақты да, қасықты да, сырғаны да, кірленді де – бәрін шетінен алюминнен долбарлай береді, қайда барма, бәрі сол (Ш.А.). Кеңесе келе Абай Тобықтының өзі ән шығара қоймайтынын, әннің көбін сол Қарқаралы, Баян, Қараөткелден алатынын және сол алғанын да оншалық келістіре алмай, бұрып, ырғақсыз ғып әкететінін айтты (М.Ә.). Сазарған түсінен не көнгендігі, не қарсылығы байқалмайды. (Ғ.М.) Толқын біресе жарды сүзіп, біресе қайтып, буырқанып жатыр екен. (С.М.) Ел адамдары да, құрбықұрдастары да Сәкенге ілтипат білдіріп, оның аузынан шыққан сөзге мән бере қарайтын боп қалыпты. (Т.К.) Сүп-сүйкімді уылжыған жігітке үлкендердің де, қыз-келіншектердің де көзі түскіш-ақ емес пе?! (Т.К.) Бұлар ертеден осы қалаға орналасып, жаяу кәсіппен күн көріп отырған адамдар: әйелдері тон тігеді, еркектері етік тігеді, ойық тазалайды, әркімнің отын-шөбін тасып береді. (Ғ.Мүс.) Әрі шабыт шалған, әрі күн шұғыласы шалған, шапшыған жігіт Абай көзіне ақ мәрмәрдан ойылған, әсем біткен, тас тұлғадай көрініп еді. (М.Ә.) Осы кезде домбыраны Мұқа алды да, үй ішін тегіс елең еткізіп, сергітердей боп, шырқап кетті. (М.Ә.)

165-жаттығу. Мәтінді оқып, бірыңғай мүшелерге жалпылауыш сөз қосып көшіріңіздер, олардың тиісті тыныс белгілерін қойыңыздар. Сарғайып қураған шөптер де бұталар да бұталардың жапырақтары да жаңбыр суын жұтып жасарыңқыраған сияқты. (С.С.) Сайлы ер-тоқым сары жезден жасалған үзеңгі сылдыр қағатын сағалдырық пен өмілдірік күмістей жылтырайды. (Ш.А.) Жамыраған қой азынаған сиыр өкірген бұқа айғайлаған бала ауқаулаған қатындардың даусы қосылып көлдің басы ың-жың у-шу ауылауылдың түтіні ұрандасып ұласып көл арнасын көк тұман басып тұр. (Ж.А.) Батырлар жырларындағы Құртқа Назым Ақжүністерді былай қоя тұрып Баян сұлу Қыз Жібектерді алып қарасақ та елді аяулы қыздарына қолың жету үшін толып жатқан қауіп-қатерлер ерлік көрінер сырлардан өтуің керек. (Ғ.Мүс.) Астындағы бөдес қоңыр құнанының омырауы құлағы көзіне шейін тер басқан. (М.Ә.) Сөйтіп Дәрмен өлеңінің орта тұсында үлкен үйдегі Оразбай Жиренше Бейсенбі Абыралылар да осы үйге кіріп сөз тыңдады. (М.Ә.) Бұл елдің ірі бай салмақты жуандары Оразбай Жиренше Бейсенбілер осы мінезге де наразы боп шықты. (М.Ә.)

166-жаттығу. Мәтіндердің тиісті жеріне үтірді қойып, көшіріңіздер. Бірыңғай мүшелерді табыңыздар. Асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен тауып жазыңыздар. І. Ішік – сыпайы әрі сәнді әрі жылы киім. Мұның сыртын берік матадан ішін аң мал терілерінен құрайды. Жағасы тік сәндік үшін жағасынан бастап өңірі етегіне дейін теріден жұрыңдайды. Ішік ұзын әрі мол пішіліп тігіледі. Ішіне салынған терісіне қарай ол күзен ішік қасқыр ішік бұлғын ішік түлкі ішік қарсақ ішік зорман ішік пұшпақ ішік суыр ішік сеңсең ішік жанат ішік деп аталғанымен көбінесе бір үлгіде тігіледі. Бұлардың ішінде сирек кездесетіні бота терісінен жүні ішіне қаратылып тігілетін бота ішік. Басқа ішікке қарағанда жылы болады. Ішікті еркектер де әйелдер де кие береді. Әйелдерге әсіресе жастарға арналған ішіктер әшекейленіп түрлі ою кестелер салынып та тігіледі. Сеңсең ішік марқа қозының терісінен (сеңсеңінен) тігіледі. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарында ішіктің алатын өзіндік ерекше тәлім-тәрбие мен құқықтық ережелері де бар. Мысалы қасқыр ішікті жиырма беске толмаған жастарға киюге болмайды. Себебі жастық жалыны мен тері қызуы жігіттің күшін қайтарады немесе ауруға ұшыратады. Сол сияқты екі адам боранды күнде адасып қасқыр ішікті адамның жанындағы кісі үсіп өлсе онда өлген кісінің туыс-туғандары қасқыр ішікті кісіден құн даулауға хақысы бар. Өйткені бір қасқыр ішік екі адамды суыққа бермейді. Дала заңы осылай. (С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»)

ІІ. Сөк – қазақ халқының ертеден дайындап ішіп-жеп келе жатқан тағамының бірі. Ол тарыдан жасалады. Ақталмаған тарыны қара тары дейді. Бұдан сөк дайындау үшін қара тарыны әбден тазалап үлкен қазанға су құйып қайнатады. Қауызы ашыла бастағанда тарыны қайта алып шыптаға салып

сүзеді. Оны кептірмей қазанға салып қуырып былғауышпен күйдірмей араластырып отырады. Ұстауға ыңғайлы бір жақ басына шүберек оралған ағашты былғауыш дейді. Қуырылған тары піседі. Оны ыдысқа салып алады да түйеді. Түюге келі мен келсап пайдаланылады. Қуырылған тары осыған құйылады да оны келсаппен соғады. Түйілген тарының қауызы уатылып ішіндегі дәні бөлінеді. Мұны тары түю дейді. Осы кезде оны қайтадан қотарып алып қауызын (кебегін) ұшырады. Мұны қаралау дейді. Қаралап болғаннан кейін оны қайтадан келіге салып түйеді. Мұны ақтау дейді. Ақталғаннан кейін оны сөк деп атайды. Сөктен түрлі талқан жарма тары көже сүт көже төп бөртпе тағы басқа дәмді ұлттық тағамдар жасалады. Сөкті сүтке қаймаққа майға араластырып жейді. Балалар жастар сөкті құрғақтай да жей береді. Тарыны диірменге тартып талқан жасайды. Сөкті майға қуырады оны майсөк деп атайды. (С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»).

167-жаттығу. Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, астын сызыңыздар, жазылу ережесін түсіндіріңіздер. І. Ірімшік сүттен жасалады. Сүтті қайнатып, оған қымыз, айран, шұбат сияқты ащы іріткі қосып ірітеді. Іріген сүттен ірімшік түзіліп, ол әбден қызарғанда бабымен қайнатады да сүзіп алып, табаққа, дорбаға салып, кептіріп алады. Әрине, қой сүтінен жасалған ірімшік өте дәмді болады. Ірімшік қыста да, жазда да жақсы сақталады. (С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»)

ІІ. Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп, «тышты», «тышты» деп ырым жасайды және оны тыштырма деп атайды. «Тыштырманы» әйелдер ырымдап бөлісіп алып, бала-шағаларына үлестіріп береді. (С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына») 168-жаттығу. Қыстырма сөз, қаратпа сөз, бірыңғай және оңашаланған мүшелері бар сөйлемдерді қатыстырып, шағын әңгіме жазыңыздар, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіздер. Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері

Екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін, екі предикаттық қатынастан тұратын сөйлемдерді құрмалас сөйлем дейміз. Құрамындағы сөйлемдердің байланысуына қарай құрмалас сөйлем салалас құрмалас, сабақтас құрмалас, аралас құрмалас сөйлем болып үшке бөлінеді. Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына үтір, нүктелі үтір, қос нүкте, сызықша қойылады.

Құрмалас сөйлемнің ішінде қойылатын тыныс белгілер үтір қос нүкте нүктелі үтір сызықша үтір мен сызықша Қасынан тазы иттер жүгіріп өтсе, балалар шапқылап кетсе, семіз сары ат кермені сүзе жөнеліп, ары-бері бұлаңдап елегізіп қояды. (М.Ә.) Дос санын соқты: желөкпе жігіттер тәуір аттарды таңдап әкеткен. (Ә.Н.) Уақыт тізгінді қолға берер емес; сағымдай бұлдырап ынтық қып, шаршатып, бір жеткізбей-ақ қойды. Тұманның қалыңдығы сонша – түк те көрінбейді. Сөз бергенге ерме, – бөз бергенге ер. (мақал)

169-жаттығу. Құрмалас сөйлемдердегі үтірдің қойылу мәнін түсіндіріңіздер. Үй иесіне қойды ұстата салды да, құрғап қалған қырдың басына келіп, әңгіме-дүкен құрды. (Т.К.) Ысқақ биік төсекке сүйеніп отыр да, оның кесіркердең нақсүйері қараторы Мәніке бәйбіше қос жастыққа шынтақтап шіренеді. (М.Ә.) Қысқа ғана жауап бере қоюды шолақтау көреді де, ұзатып, мәнерлеп айтуға тілі жетер емес... (Ғ.Мүс.) Қартқожа орнынан бір-екі рет ұмтылып еді, қолына еш нәрсе түсіре алмады. (Ж.А.) Ел ішінде әлді-малды үйлердің сандығында болмаса, көпшілік қолында ақша жүрмейді, кедей атаулыда ол мүлде жоқ. (М.Ә.) Түс ауа бергенде, бұл ауылға да шапқылап алымшылар жетті. (М.Ә.) Айнала соққан дауылды боран қалай қарай бораса, қойлар солай қарай бұрыла салады. (Ғ.Мүс.) Үрейленген елдің үрке күткеніндей-ақ, өңкей үш ат жеккен пәуескелер дөңнен құлап келеді. (Ғ.Мүс.) Бұл арада Жақаң азырақ кідіріп, айнала жұртқа көзін салып еді, шоғырланған көп жағы қозғалысын, наразылықтарын білдіріп отыр екен. (Ғ.Мүс.) Ел жайлауда, әкесі үйде жоқ. (Ж.А.) Бес жігітті өзіне «агент» етіп алып, мойындарына салық салғанын айтып еді, жиналғандардың шек сілесі қатып күлді де, мұндай «қанаушылықтың» өз ойларына келмегеніне өкінді. (Т.К.)

Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір Да, де, та, те, әрі жалғаулықтары арқылы байланысса Бірақ, дегенмен, әйтседе, сондықтан, өйткені, себебі жалғаулықтары арқылы байланысса Қайталанып келген әлде, кейде, бірде, біресе, не жалғаулықтар ы арқылы байланысса Жалғаулықсыз ыңғайлас, себеп мәнді салалас құрмалас арасына Сабақтаса құрмаласқан жай сөйлемдердің араларына Бірнеше күн ат соғып қалжыраған Сәкеннің шай ішуге ғана мұршасы келді де, асқа қарамастан ұйықтап қалды. (Т.К.) Ол қазаққа шын пейілмен қызмет етпекші еді, бірақ көп нәрсені қиял қылушы еді. (Ж.А.) Біресе аузы қимылдайды, біресе қолы қимылдайды. (С.М.) Оттың жалыны әзір көрінбейді, жаңа тұтанды. (Ғ.М.) Жиі қонған қалың елдің малы араласып, иттері де сәт сайын әуліге үрісіп, көп таласа береді. (М.Ә.)

170-жаттығу. Көркем шығармалардан құрмалас сөйлемге байланысты қойылатын үтірге үш мысалдан тауып, кестені толтырыңыздар. Құрмалас сөйлемге байланысты қойылатын үтір Мысалы Да, де, та, те, әрі жалғаулықтары арқылы байланысса Бірақ, дегенмен, әйтседе, сондықтан, өйткені, себебі жалғаулықтары арқылы байланысса Қайталанып келген әлде, кейде, бірде, біресе, не жалғаулықтары арқылы байланысса Жалғаулықсыз ыңғайлас, себеп мәнді салалас құрмалас арасына Сабақтаса құрмаласқан жай сөйлемдердің араларына

171-жаттығу. Мәтіндегі салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін анықтап, тыныс белгілерін қойыңыздар. Оспан үлкен қара өгіз секілді де Итемген үлкен өгіздің қасында мұрнын шүйіріп қорқып тұрған көпей торпақ секілді. (Ғ.Мүс.) Көшеде жалғыз кетіп бара жатыр еді артынан қазақтың көп балалары қуып жетті. (Ж.А.) Әлде жазғы күннің тыныштық әсері ме әлде күйдің күштілігінен бе әйтеуір Мекежайдың ойы мен бойын түгел қуаныш тербетті. (Ғ.Мүс.) Қалай Бәдіғұлдың жылқысын бақтым солай көзім ашыла бастады. (Ж.А.) Ақбілек олардың бетіне тура қарай алмады кіріп келгенде ғана немесе түрткенде ғана көзінің құйрығы түсті. (Ж.А.) Қуандықтың Мұқышы деген жастау жігіттің арбасына мінген Сәкен онымұныны сұрастырып көріп еді арба иесі айналып-үйіріліп өз жайын әңгімелей береді. (Т.К.) Бағасын сұрап еді удай екен. (Т.К.) Тырнақ астынан кір іздегенге сылтау табу қиын ба Сәкен тағы да айыпты болып шықты. (Т.К.) Кешеден бері көргені көңілін көтерер еді Ысқақ сөзі сейілтіп жіберді. (Ғ.Мүс.) Тойдан шыққан арыстандай үйден бұлқына шыға келген оған дүниені өрт қаптаған сияқты болды жер де көк те өсімдік те ауыл да мал-жан да қып-қызыл боп елестеді. (С.М.)

172-жаттығу. Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып, ережесін түсіндіріңіздер. Бес-алты адым аттады ма жоқ па әлде шөптің әлде шүберектің сыбдырындай судыр еткен бір дыбысты құлағы шалып қалды. (Ж.А.) Әйтсе де осы молданы өз ауылы сыйлайтын қыстауға қонса бата оқыр болса мал өлсе құрмалдық берсе бас пен жамбас молданың алдына тартылатын. (Ж.А.) Ет пен қымыздың желігі ме әлде жайраң қаққан көңілдің көтеріңкілігі ме «Затондағыларға ойын қойып берейік» деген ұсыныс айтылып қалды. (Т.К.) Мұның Стамбулда оқығаны өтірік деп те лақап таратты бірақ ешқайсысы білім таластыруға дәті бармай жолбарыстың алдындағы мысықтай «ишанбысыз саумысыз» деп жылмаңдай береді. (Т.К.) Төлеген қазақшалығы ұстады ма немесе бір күніме керегі болар деді ме жастардың қатарында бұл екеуін қонаққа шақырған еді. (Ж.А.) Кіре қажытып келе ме әкелгендері базарлы болмады ма Ақсары болысынан келген керейлердің қабағы қатыңқы. (Т.К.) Почта арқылы да жіберуге болатын еді бірақ мына кісі тез жетеді ғой сонсын менің амандық-

саулығымды айтып, қазақ елін жақсы білетін жазушы Ф.Березовскийге жақын жүргенімді ауызба-ауыз айтады ғой деген көңіл желігі аяқ астынан хат жазғызған-ды. (Т.К.)

173-жаттығу. Берілген мақал-мәтелдердің екінші сыңарын тауып жазып, оларды жаттап алыңыздар. Құрмалас сөйлемдердің мағыналық тобын анықтап, тыныс белгілерінің қойылуын түсіндіріңіздер. 1) Туған жердей жер болмас, … . 2) Бірлігі жоқ ел тозар, … . 3) Жақсы қыз – жағадағы құндыз, … . 4) Жасық адам жасына жетпей қартаяр, … . 5) Жаман елдің жақсысы болғанша, … . 6) Атаның баласы болма, … . 7) Көпшіліктен береке кетпес, … . 8) Иті семіз, малы арық – жер азғаны, … . 9) Ақылды адам айтқызбай біледі, … . 10) Бай болатын жігіт айырбасшыл келеді, … . 11) Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас, … . 12) Орағың өткір болса, қарың талмайды, … . 13) Болар бала жетісінде бас болар, … . 14) Арғымақ аттың құйрығы – әрі жібек, әрі қыл, … . 15) Жақсымен жолдас болсаң, ісің бітер, … . 16) Жақсы жүрген жеріне кент салады, … . 17) Жақсының кегі жібек орамал кепкенше, … . 18) Жаман сайға су түссе, өткел бермес кешуге, … . 19) Жаманға ақыл үшін күлкі берер, … . 20) Сиыр сипағанды білмейді, … . 21) Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа, … .

Қажетті сөздер: Отаның берік болса, жауың алмайды; жаманмен жолдас болсаң, басың кетер; туған елдей ел болмас; бірлігі күшті ел озар; жаман кісіге мал бітсе, сусын бермес ішуге; ынтымағы болмаса – ел азғаны; жақсы елдің жаманы бол; адамның баласы бол; берекелі жерден мереке кетпес; жаман сыйлағанды білмейді; ақ сұңқар қаққызбай іледі; асыл адам жасына жетпей марқаяр; адам болатын жігіт ағайыншыл келеді; болмас бала қырқында жас болар; қас жақсының белгісі, ғайбат сөзді қостамас; қас жақсының белгісі – әрі мырза, әрі құл; жаманға ерсең, қаларсың ұятқа; жаманның кегі басы көрге жеткенше; жақсы жігіт – көктегі жұлдыз; жалқауға жұмыс үшін ұйқы берер; жаман жүрген жеріне өрт салады.

174-жаттығу. Сөйлемдердің тиісті жеріне үтірді қойып көшіріңіздер. Қойылу себебін анықтап, ережесін еске түсіріңіздер. Жылаулар да ызалы назалы күйгендер де көкірегі мен тілі қарғысқа толы шарасыздар да қалмай ілеседі. (М.Ә.) Топқа таянған соң Нұрмағамбет би: – Азаматтар жалпы амансыңдар ма? – деді. (Ж.А.) Бөкенші Жігітек Көтібақ жайлауларында тіпті жалпы өсы өңірдің елінде кедей ауылдар мен жеке жыртық лашық атаулыда бұл апаттан аман қалған жоқ еді. (М.Ә.) Кім біледі қолына қару берсе орыс жұртына жау болып кетпесіне кімнің көзі жеткен? (Ж.А.) Бұлардың арасында Базаралы Әбді Сержан Асқар мен Келден сияқты бір топ жігерлі жандар болатын. (М.Ә.) Сөйтіп басыңқы сөзбен бірыңғай синтаксистік қатынасқа түсіп бірыңғай мүше қызметін атқарады. (С.И.) Дәрмен жанындағы пышағын жұлып алып сиырды жетелеген бас жіпті кесіп жіберді. (М.Ә.) Сандыбай Оспанның зекуін естігісі келмеді: – Ойбай желбуазым-ай...

Бетіңнен жарылғасын, – деді де шығып кетті. (Ғ.Мүс.) Көрпе-жастық асжаулық тегене тостаған самауырлар тасыған жас әйелдер еркектер қарбаласады. (М.Ә.) Сөз жоқ жаңа сөз тудырудың әр тәсілінің сөз табына қатысы біркелкі болмауы мүмкін әрқайсысының өз ерекшеліктері болып отырады. (С.И.) Нүктелі үтір, оның қойылатын орындары Нүктелі үтір, негізінен, құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің аражігіне қойылатын тыныс белгі. Онда сөйлемнің құрылысы мен мағынасы негізге алынады.

НҮКТЕЛІ ҮТІР

Қойылатын орындары Баяндауыштары тұлғалас сөйлемдер бірінбірі толықтырып тұратын болса Кісіге біліміне қарай болыстық қылады; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады. (Абай) Баяндауыштары тұлғалас, мағыналары теңдес, санамаланған сөйлемдер жалпылауыш мәнді сөйлемнің мағынасын ашып тұрса Жаңағы әңгімеден соң Әсия реңі мүлде өзгеше: жүзінен шуақ есіп, мойнынан ғаламат бір ауыр жүк түскендей сергек, жеңілденгені сезіледі; үлкен кісіге ғана тән биязылық, ұстамдылық та мұнар шалған жанарынан аңдалады. (М.Сүнд.) Мазмұны әуендес болып келетін бірыңғай сөйлемдерден кейін Ақыл менен білімнен Әбден үміт үзіппін; Айла менен амалды Меруерттей тізіппін; Жалмауыздай жалаңдап, Ар, ұяттан күсіппін. (Абай) Баяндауыштары тұлғалас, мағыналық жағынан жақын, өзара теңдес келетін құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер арасына Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау, құт сорғалап, көнек-көнек лықылдайды; қара саба еміздіктеп, қою, салқын, сары қымыз, бажылдаған дәрі қымыз шара-шара шыпылдайды. Рет-ретімен әріптер не цифрлар арқылы санамаланып айтылатын сөйлем не сөздерден кейін Сөздер тұлғасына қарай беске бөлінеді: 1) түбір сөз; 2) туынды сөз; 3) қос сөз; 4) қосалқы сөз; 5) қосымшалар. (А.Б.)

175-жаттығу. Сөйлемдердегі нүктелі үтірдің қойылу мәнін түсіндіріңіздер. Аңшылық құру, бәйгеге ат апарып қосу; палуан апарып күрестіру; қаршыға, лашын салғызу; жүйрік ат пен мықты жігіт сақтап, ұры түсіру; қасқыр соққызу; ақын, әнші, күйшіні сақтап, өнерді қызықтау сияқтының барлығын да өзі де көрді, бала-інілеріне де толық көрсетті. (М.Ә.) Қатар қонған екі ауыл, кейде үш ауылдың үлкендері қонаққа шақырысып, ана жақта келелі кеңес құрып жатса, мына жақта суға барған қатындар құдық басында шұрқырасып, ымы-жымы ыңғайласып, ыдыс-аяқтар араласа бастар еді; жастар жағы бәрінен бұрын жол тауып, күнде-күнде күн батқанын асыға күтер еді де, қалай қас қарайды, солай

ауыл сыртындағы жазғы таң сары белден ағарып атқанша ақсүйек ойнап, алтыбақан теуіп, ән шырқап ұлы түрсіл салар еді; қыста қалың түскен қар қайсы бір жылдары көктем шығар-шықпаста қауырт еріп, көл табанға жиналған ағыл-тегіл мол суға қаз, үйрек жаз бойы қанаты сылдырлап ұшып-қонып қиқу сап жатыр еді. (Ә.Н.) Аят оқығанда күйеу Мағзұмның мақамына да салып алды; құран оқығанда шарта жүгініп, көзін жұмып, сызылып отыруды да білді. (Ж.А.) Қазақ тілінде салалас құрмалас сөйлемдердің қалыптасқан мынадай түрлері бар: 1) ыңғайлас (мезгілдес) салалас; 2) қарсылықты салалас; 3) себеп-салдар салалас; 4) талғамалы салалас.

176-жаттығу. Көркем шығармалардан нүктелі үтірдің жоғарыда көрсетілген ережелеріне байланысты екі мысалдан тауып жазыңыздар.

177-жаттығу. Сөйлемдердің қажетті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазыңыздар. Қойылу себебін анықтап, ережесін еске түсіріңіздер. Дауыс жер астынан шыққандай селк етіп зәресі зәндемге кетті жығылып барып оңалды. (Ж.А.) Ұзын сапты ақ балтасын жарқылдатып құлаштай соғып құлатылған қарағайларды бұтарлайды да жатады үнемі сөзбен де ісі жоқ әкем сияқты үндемейтін бір пенде. (С.Ш.) Төңкерістің арғы жағында қазақтың қанішер хандары батырлары парақор болыс би ауылнай ақсақалдары еңбек жегіш байлары төңкерістің тап соғысының кезіндегі оқиғалар алашорда осылардан да жазылғандар аз. (С.М.) Ін үстіне мүйіз тұяқтар тасырлап дүбірлеп келді айқай-дабыр молайды. (М.Ә.) Күнікей күліп отырып томсарып қалады томсарып отырып күліп жібереді біресе апасымен шартпа-шұрт келіп қалды біресе жайдарымсып апасының мойнынан құшақтайды бір сағаттың ішінде күзгі күндей қырық құбылады. (Ж.А.) Өздерінің сиырларын суарам ғой деп барып еді Қартқожаның ол ойы болмады ауылдың сиыры қаптап кетті. (Ж.А.) Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық. Айдын сөзінің қазіргі тіліміздегі негізгі мағыналары 1 айбын күш-қуат 2 көлдің тұнық судың жарқыраған беті. Сегіз жарымда атыма мініп генералға бардым генералдың да адъютанттың да қазір қолдары тимей жатқан шығар деп көшеге тоқтадым да атымды дуалға байлап генерал атына мініп шыққан кезде артынан қуып жетермін деген оймен үйдің іргесіндегі қалама отырғышқа барып отырдым.

Жақша, оның қойылатын орындары Мағынаға негізделіп қойылатын тыныс белгілердің бірі – жақша. Жақша ішіндегі және сыртындағы сөздер өзара грамматикалық байланысқа түспейді. Жақшаға алынатын сөздер сөйлем ішіндегі бір ойды не жеке бір сөзді түсіндіреді, автордың белгілі бір нәрсе жайында көзқарасын білдіреді.

ЖАҚША

Қойылатын орындары Сөйлемдегі белгілі бір сөздің мағынасын, негізгі ойды айқындап, қосымша түсінік беру үшін қолданылатын қыстырма мәнді сөздер Үзінді, мысал, нақыл сөздің шығу дерегін, кімнен алынғанын көрсететін түсініктер Драмалық шығармалардағы ремаркалар (автор түсіндірмелері) Мәтіндегі кей сөздің мәні екіұшты, күмәнді болып келсе, сол сөзден кейін қойылатын сұрау, леп белгісі Белгілі сөздерді түсіндіруде оның аудармасы, синонимі, екінші бір тілдегі баламасы Таңбалар жеке ұғымдардың (тілдік жағынан қарағанда жеке сөздердің, тіркесоралымдардың) шартты белгілері ғана. (С.И.) Қазақ тілі – әрі бай, әрі көркем тіл. (М.Әуезов) Ынтықбай. Шәрбан, ағам арбасын жекті ме екен? Тысқа шығып келші. (Кетеді.) (Ж.А.) – Әдебиетті, – дейді марксшілдер, – тіл сияқты қоғамдағы барлық тап бірге жасамайды (?), әр тап белгілі тарихи жағдайға сай өз әдебиетін туғызады. (З.Қ.) Өзі бір бөлімнің бөлімшесінде (подотделение) орынбасарлық қызметін атқарушы еді. (Ж.А.)

178-жаттығу. Сөйлемдердің тиісті жеріне жақшаны қойып, көшіріңіздер. Қойылу себебін анықтап, ережесін еске түсіріңіздер. І. Ұлық алдына барған сайын өзі әрқашан ойындағы сөзін айта алмай ал тілмаш арқылы сөйлескенде де бір түрлі айызы қанбай, шала құмар боп, булығып шығатын-ды. Ә.Н. Әне, олар Гүлсарыны ұстағанын, басына қалай басқа жүген кигізгенін өзінің жүгенін Танабай өліп кетсе де бермес көрді. Ш.А. Қанапия күрсініп. Заман осылай болды, сәулем! Тым-тырыс. Тым болмаса, Ынтықбай да қалмады. Шәрбану Қанапияның қолтығына кіріп, көзін сүртеді. Сонда да үмітсіз шайтан деген ғой, ақырының қайырын тілейік. Ж.А. Скульптура кескін өнерінде өнерпаз Дитрихтың жасаған бейнесі бойынша Ташкент қаласында Науаиге зор ескерткіш қойылғалы отыр. М.Ә. Жанр қазіргі әдеби практикада әрі әдебиеттің тегін эпос, лирика, драма, әрі әдеби шығарманың түрлерін әңгіме, роман, баллада, поэма т.б. белгілейтін термин ретінде екіұдайы мағынада қолданып жүр. Ә.Н. Мектептегі баладан басқа мектеп программасынан тысқары жолмен қара халықты оқыту, қырға шығатын мұғалімдердің қыр халқымен жақындасып, қалаған игілік жұмыстарын жұрт құлағына тез сіңіруіне үлкен себеп болатын нәрсе – қара халықты оқыту үшін мұғалімдердің жоғарғы курстағы оқитын сабақтары: 1 Халыққа қысқаша лекция, сөйлеудің жөні, жақсы кітаптар, газет-журналдар оқып, түсіндірудің жөні. 2 Ел арасында кітапхана ашудың жөні. 3 Театр жасаудың жөні һәм басқалар болу керек. М.Ә.

ІІ. Ол окказионалдық әдеттен тыс, сол контекстегі ауыс мағына, көп мағыналық, метафора, метонимия, синекдоха, эпитет, теңеу, салыстыру, гипербола сияқты түрлі көркемдік тәсілдер арқылы беріледі. (С.И.) Қара шұға шалбары да ескінің жұрнағы ғой, қоңыр пенжегі де әлі сыны кете қойған жоқ, қайырма жаға тақталы көйлегіне қара шұбар галстук те тағып қойыпты. (Ж.А.) Әрі өз басының, әрі досының пайдасы бірдей табылған соң адам шын дос боп жүреді әлде «шын ұлтшыл», «шын әлеуметшілдер» де сондай ма екен? (Ж.А.). ХҮ-ХҮІ ғасырлар – қазақ ру-тайпаларының өз алдына халық народность болып құрала бастаған дәуірлері. (Р.С.) – Жә, біздің ауылдың кісілері! Ахкем үйінде қонақ болдың, ішер асыңды іштің Ахкем деп ол қайнағасы Тәкежанды айтатын. Енді қайтыңдар. Малдарыңа, шаруаңа жөнел, түге! – деді. (М.Ә.) Қазақ әдебиетінің сын мәселесінде біреуді «оңшыл» деп Садуақасов, Мұстанбаев т.б., біреуді «солшыл» деп Сәкен, Бәйділдин, мен т.б., енді біреулерді «байшылдар» деп Мұхтар, Мағжан т.б. айыптайтын. (С.М.) Осылай жүрген Жанпейіс бір сәтте орыстың сұлу қызына Жанпейістің өзі де сымбатты, бірсыдырғы кескінді жігіт еді ғашық болады. (С.М.) Газеттің шығарушысы выпускающий боп негізі шалақазақ Кәрім Балтабаев дейтін жолдас қызмет атқарады. (С.М.) Бірақ іштей қара жылан Қарагөз бұл сезіміне осындай ат қойған өмірінде бұл күнге шейін болмаған асаулықпен жүз толғанып иіріледі... (М.Ә.) Сенен «мынандайын» шынашағын шошайтып аяған құдайды да тәйірі алсын! (Ж.А.)

179-жаттығу. Көркем шығармалардан үш мысалдан тауып, кестені талапқа сай толтырыңыздар. Сөйлемдегі белгілі бір сөздің мағынасын, негізгі ойды айқындап, қосымша түсінік беру үшін қолданылатын қыстырма мәнді сөздер Үзінді, мысал, нақыл сөздің шығу дерегін, кімнен алынғанын көрсететін түсінік Драмалық шығармаларындағы автор түсіндірмелері

180-жаттығу. Сөйлемдердегі жақшаның қойылу себебін дәлелдеп түсіндіріңіздер. Ертедегі герман тайпалары ірі-ірі 5 топқа бөлінген: 1) гиллевиондар Скандинавияның оңтүстігінен Дат аралдарын мекендеген; 2) ингвеондар ютландияның оңтүстігінен бастап Эльба бойын, Солтүстік теңіз жағалауын жайлаған; 3) иствеондар Везер мен Рейн аралығын қоныстаған; 4) эрминондар Эльба бассейні мен жоғарғы Дунай аралығында болған; 5) шығыс герман тайпалар тобы төменгі Одер мен Висла өзені сағаларында өмір сүрген. (Ә.Х.) Тағы да осы көркем шығармалар арқылы жаргон деп танылып жүрген құлап қалу (экзаменде екі алу – студенттер арасында), телик (телевизор), жатақ (жатақхана), ақмағамбет (арақ), аққайнар (шампан) сияқтылар әдеби тілдің игілігіне айналып бара жатқан жоқ па?! (С.И.) Осыны Көпбаев Әбдіраш былай аударады: «Көрсетті бойына өлшеу! Бұл тіпті корольдердің де сыбағасына сирек тиетін нәрсе (бәрінен бұрын тігіншілердің қолы тез жетеді) құдайшылық жеріне (?!) жанасу – иығы, мойыны, қыпша белі, қыз балтыры». (Ә.Н.) Демек,

сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек (единица) дыбыстар екен. (С.И.) Қалай болғанда да аудармашы қазақ сөзін қатты талғамға сап, саралап, екшеп жатпастан қолына бұрын ілінгенін ала салған салақтығынан (иә, тек салақтығынан, әйтпесе олақтығы деуге аузымыз бармайды) келесі үзінділерден әсіресе анық көреміз. (Ә.Н.) Ораз (мылтығын Қорабайға беріп). Мынаның көзін жытыр! Мен бандыға кеттім. (Жөнеледі.) (Ж.А.)

181-жаттығу. Мәтінді рөлдерге бөліп оқыңыздар. Драмалық шығармаларда қойылатын тыныс белгілеріне назар аударып, есте сақтаңыздар. Молда (орнына отырып). Балаларың оқу бақпайды, ойын бағады деп бай ұрысып жатыр. Ұятсыз, доңыздар, неге ойнайсыңдар? Жұмалықтарың қайда? Нөкеш. Мінекей, молдеке! (Он тиын береді.) Тілеу. Мінекей, молдеке! (Бес тиын береді.) Жеке. Бір аяқ бауырсақ әкелдім. Еске. Бір аяқ құрт әкелдім. Нұрым. Апамнан жұмалыққа ақша сұрап едім, өзімді ұрды. Әліш. Мінекей, молдеке! (Бір тиын береді.) Бекен (қалтасын сипалап отырып, молда қараған кезде жылап жібереді). Жұмалығымды жоғалтып алыппын. Молда. Ақшаны жоғалтып, атаңның басын бағып отырсың ба? Е, Нұрым! Сабағыңды тыңдат. (Нұрым өңі қашып, молданың алдына келіп шарт жүгініп отырады.) Оқы! Нұрым. Әліпсана ламга сәкін ал, қысынқа мөмге сәкін алқам тұрлу алқамду. Лам асылы латады. Молда. Атаң басы латады. (Шыбықпен тартып жібереді.) Лам тады ла деп оқы! Нұрым (жыламсырап). Лам тады ла. (Үш рет айтады.) Молда. Лам тады лада әкеңнің көз құны қалды ма? (Тағы да тартып жібереді.) ...Сенің арқаңда тарсылдаған не? Тез шешін! (Нұрым жыламсырап шешінеді, арқасынан қабық түседі.) Сен мені алдайын деген екенсің... Еске! Арқала доңызды. (Еске арқалап тұрады, молда ұрады.) ...Үш жыл оқып, әлі еже білмейсің, миғұла! Бекен, сабағыңды тыңдат. (Бекен қорқып, орнынан әрең тұрады.) Сүйретілмей, доңыз, тез кел! Бекен. Молдеке, аяғым ауырып жүр. Молда. Ауырмақ түгіл, түсіп қалсын, шапшаң! (Бекен шарт жүгініп отырады.) Оқы. Бекен. Әбзет, ауаз. Молда. Тіліңді шығар (Қалтасынан орамалын алады, Бекен жылай бастайды.) Бекен. Тілім ауырып жүр. Молда (бақырып). Неғылған ауру? Шығар деген соң, шығар! (Еріксіз аузын ашып, орамалмен Бекеннің тілін созғылайды. Бекен шыңғырып жылайды.) Неге оқымайсыңдар? (Жекені тартып жібереді.) Бекен мен Әліш байдың үйінің

бұзауларын айдап келіңдер. (Екеуі кетеді.) Сендер түні бойы ақсүйек ойнайсыңдар, кешке шейін босамайсыңдар! Нөкеш (орнынан тұрып, есік алдына барады). Молдеке! Молда. Рұқсат (Дұғалық оқып, тасбық тартуға айналады. Аттың дүбірі естіледі.) Дауыс. Көпірбайдікі дастарқанға аят оқып берсін дейді. (Молда жалма-жан киініп жөнеледі.) (Қ.Кемеңгерұлы «Ескі оқу») 182-жаттығу. Мәтінді оқып, аң-құс атауларын есте сақтаңыздар. Түсіндірме сөздігін негізге ала отырып, басқа да аң-құстардың балалары қалай аталатынын теріп жазыңыздар.

Аң-құс балалары қалай аталған? Халқымыз табиғаттағы аңдардың баласын жалпы күшік десе, құстардың баласын балапан деген жалпы атпен атады. Алайда табиғатпен етене өскен атабабаларымыз аң-құс балаларын жеке-дара атауға, олардың әр кезеңдегі мінезқұлқын дөп басып, әрқайсысына жеке атау беруде алдына жан салмаған. Мысалы, мысық пен түлкі балаларының атауына көз салайық. Мысықтың баласын соқыр, мәулен және безек деп атайды. Алғаш туған кездегі көзі ашылмай жатқан мысық баласының соқыр, бұйығып жата беретін шағында мәулен және ойынға тоймай, бөлмені кезіп, кім-көрінгенге ұрынып жүретін есейген кезінде оның безек аталуы қандай ұнамды! Әлі толық қалыптаса қоймай, бойы да, тұрқы да қораш көрінетін кезеңде түлкі күшігі мыршық деп, жетілгенмен еркін ойнақтай алмайтын кезеңі жәутік аталуы, ал аяғы сидаланып, денесі пошымданған кезде ін ішіне еніп алып, өзіңді мазақтағандай қылық көрсететін, көзі жаутаң-жаутаң ететін шағы жаутаң атануына үйлесіпақ тұр. Өз-өзіне әлі келе қоймаған шағында іннен шықпайтын сілеусін күшігі інсін аталады. Жас кезінде денесін теңбіл басатындықтан, арыстанның күшігі теңбілше делінсе, қорбаңдап жүретін аю күшігінің қонжық аталуына несіне таңданамыз? Жолбарыс күшігінің шөнжік, сарымақ атануының да жөні бар. Жас күшік әлсін-әлсін кіші дәрет сындыруға әуес келеді. Борсық баласы – әзборақ, барыстың күшігі – алан, қасқырдың күшігі – бөлтірік, ал марал мен бұғының төлі – қодыға, арқар және муфлон төлі – қозыға, құлан, домбай, есек төлі – қодық аталғаны жұртқа мәлім. Аққудың балапаны – көгілдір, тауықтың балапаны – шөже аталған. Бұдан басқа да бізге беймәлім атаулардың болуы ғажап емес. Сондықтан халқымыздың қазынасына сақ болып, тіліміздің байлығын арттыра берейік, ағайын! (Қ.Қайым)

Қос нүкте, оның қойылатын орындары Қос нүкте – сөйлемнің синтаксистік ерекшеліктері мен мағынасына байланысты қойылатын тыныс белгі.

ҚОС НҮКТЕ

Қойылатын орындары Бірыңғай мүшелердің алдынан келген жалпылауыш не жалпылауыш мәнді сөзден кейін Осындай сырт ажарында дағдылы тірлік белгісі жоқ, суық қабақ жабырқау ауылға үш салт атты келді. Бұлар: Абай, Ербол, Дәрмен. (М.Ә.) Жалғаулықсыз салаласқан жай сөйлемдердің алдыңғысының мағынасы соңғы жай сөйлемдер арқылы айқындалса Өзге қостар да тұрса керек: далада шүлдірлескен сөздер молайып, жақындай бастады. (Ж.А.) Төл сөздің алдынан келген автор сөзінен кейін Ақбала бір кітапты қолына ұстап тұрып: – Ей, мынада Каутский де бар ғой, – деді. (Ж.А.) Әрі қарай санамалап кететін бірыңғай сөздердің, сөйлемдердің алдынан келетін жалпылауыш мәнді сөйлемнен кейін Тәуелді қалыпта екі рет бар: 1) Анайылық рет. 2) Сыпайылық рет. (А.Б.) Бірыңғай мүшелерден бұрын келген мысалы, атап айтқанда деген қыстырма сөздерден кейін Шартты рай дейміз – істің істелуіне шарт көрсететін сөздің түрін. Мәселен: Берсең – аларсың, ексең – орарсың. (А.Б.)

183-жаттығу. Сөйлемдердегі қос нүктенің қойылу мәнін түсіндіріңіздер. Бұған жалғыз-ақ құрал бар: ол – жаңа жоспар жасау. (С.М.) Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: бірі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – зұлымдық. (А.Қ.) Бір ғана өзгеріс: осыдан он шақты күн бұрын Елтай Кәрімовичтің қызметі жоғарылап, осындағы трестердің біріне бастық боп кеткен. (Қ.Жұм.) Одан кейін менің білгенім: оянып кетсем, үйдің іші ала көлеңке. (С.М.) Кино көргелі жиналғандар ала-құла: бірі астына шелек қойып, енді бірі машинаның ескі баллонының үстінде отыр. (М.Сүнд.) Жалғыз ғана емексіген келісім сөздері: Күнту қалаға барады да, өзі тіленіп болыстықтан түседі. (М.Ә.) Пәуеске айқын көрінгесін-ақ ауылдан көріп тұрғандар таласа бастады: біреуі Қажының үйінің күйеуі деді, бірі Түбектегі құдасы деді. (Ғ.Мүс.) Енді байқады: қала сыртынан ат қарғып өте алмайтын қыл аяғы құрдым ор қазылыпты, ордың сырты жалпақ даланың етегін кеміріп жеп, ішкі ернеуі білезіктей безер қорғанға сұғынып жатыр.

184-жаттығу. Сөйлемдердің қажетті тыныс белгілерін қойып, көшіріңіздер. Қос нүктенің қойылу себебін анықтап, ережемен дәлелдеңіздер. І. 1) Қастасқан жауының бәрін құртты Еламан Рай әскерде. 2) Азамат та жұмысқа шын беріліп кетті кеңсе жұмысын бақайшағына шейін талдап танысты сезген кемшіліктерін бірігіп отырып түзеді кеңседе бітіре алмаған жұмысын пәтеріне әкелетін болды. 3) Жөн білетін көңілі даңғыл көкірегі ояу жан екенін осы бір бет алысында байқатып өтті бөгетсіз суыт жөнелді артына қайтып қараған жоқ. 4) Аман екеуі қатты ойнайды кейде бірін-бірі қалжыңмен қағытады кейде қол көтеруге дейін барады. 5) Төсек орындары киім-кешектері тағы басқа тұрмыстары жұпыны уақытында жуылмайды тамақтары дәмсіз. 6) Қарапайым адамдардың ғажап бір нәзік жері бар қалжыңдары өрескел мінездері қатал болып келеді. 7) Асқар таудай саялы арыстандай айбынды көрінген атаанасы бай ауылында байғұс екен бай ұрады бай ұрсады бұйырады қорлайды

бәріне жақ ашуға дәрмені жоқ. 8) Сол үйлердің қонақасысы қысырдың семіз тайынан құнан қой ту қойларынан үйіткен марқадан басталады. 9) Биыл жұт болады деп күн бұрын есепшілер де айтқан шөптің шығысы жаман серейгенсерейген еркек шөп бұйдай бас көде боз қаптап кетті. 10) Кәленнің болжамы дәл шықты түн ортасы ауа жеткен ақ әскер қоңыр жалға көтерілгесін ат басын ірікті. 11) Байлықтың ұлы өрісіне жеткен кең қолтық мол қолды аңқау ел Албан Бұғы. 12) Қыз бұл сөздің артындағы бар мағынаны ұғып намыстанып күйгендей болып Неге Не себепті деді.

ІІ. Абай осы күндері байқады әкесінің сақал шашындағы ақ көбейіп бетінің ажымдары да молая түскен екен. (М.Ә.) Солардың басы екі атшабар Қамысбай мен Жұмағұл. (М.Ә.) Судыр Ахметтің иті қырын жүгіре бастады сауып отырған сүті бұлақтай қараша іңген жаман шөп жеп арам өлді. (Ә.Н.) Сыр сынында үш шырай бар 1 Жай шырай 2 Талғаулы шырай 3 Таңдаулы шырай. (А.Б.) Ауылдың төріндегі өңкей ақ ордалар Шынтемір тұқымынікі бірі үлкен үйі бірі отауы бірі үлкен отау болса бірі жас отауы. (Ғ.Мүс.) Кісі көп емес Құнанбай мен Майбасар Жұмабайдан басқа осы өңірдегі Тобықтының белгілі үлкендері Байсал Бөжей Қаратай Сүйіндік екен. (М.Ә.) Жазылмауында есеп бар еді қызылдар құлап қалса кім біледі одан да байқай тұрайын деп ойлаушы еді. (Ж.А.) Дәрігердің қарауы күшті болғаны ғой он бес күн дегенде қолы икемге келіп жарасы бүріліп біте бастады. (Ж.А.) Біз елге сенуліміз қазақ елі ел болам десе оқығандарының артынан ерер деп ойлаймыз. (Ғ.Мүс.) Ауыл қызы ауыл қызынша ойланды кездескенде көзін алмайтын құрбыларын еске алды. (Ғ.Мүс.) Енді бірінің киімі орысшалау басында шләпә үстінде полте аяғында қисық табан. (Ж.А.) Біржан көпке дейін оның қасына бармады таныс жұмыскерлерімен ғана отырған төре мен барсам жекіп қуып жібере ме деп бой тартты... (Ғ.Мүс.)

185-жаттығу. Себеп-салдар және түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді екі бағанға бөліп жазып, тиісті жеріне қос нүкте қойып көшіріңіздер. 1) Жаз айларында ондай шұбарлы жердің масасы мен сонасы қалың болады мұндай шыбыны көп шөл даланы ешбір ауыл жайламайды. 2) Кейін қайта алмаймыз өткел тосатын уақыт жоқ. 3) Байжанның оны бірінші рет көруі еді бойы төртбақтау толықша сарғылт өңділеу қырықты алқымдап қалған жігіт екен. 4) Үй иесін Бүркітбай білетін еді орта жаста тоқ дәулетті қонақ түскіш бір момын адам. 5) Оған әлі күнге шейін балаша еркелейді мойнына асылады арқала деп сүйрелейді бетінен сүйеді. 6) Үй толған адам кемпір шал қызқырқын қалмастан жиналған иін тіресіп отыр. 7) Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді бұл егін дәнін қолымнан мен септім ғой. 8) Үйірме мүшелері үшін мынадай бір тәртіп белгіленген еді әр оқушы өзі қалаған салада жұмыс жүргізуі керек өсімдік дүниесінен тәжірибе жасайды қандай нәтижеге жеткенін үйірме мүшелері алдына баяндайды қорытады. 9) Шынын айтқанда

оны екі нәрсе қинайды бірі әкесі екіншісі отряд жиыны. 10) Жаны шығып кете жаздады оның қолына түскен ыдыс сау қайтқан емес.

186-жаттығу. Сөйлемдердің тиісті жеріне қос нүкте қойып, көшіріңіздер. Қойылу себебін анықтап, ережесін еске түсіріңіздер. Сол болашақ жайнаң қағып көз алдында тұрды қайғысыз өмір бала-шаға қамы шаруашылықтың көп күйбеңі үй тұрғызып баспана салу не керек тіршілік ету керек. (Ш.А.) Колхоз кассасында ақша атаулы болмайды өткізілген астық та сүт те ет те шығынның есебіне кетеді. (Ш.А.) Бірақ алда әлі екі қара қатарласып жанұшырып барады бірі қара көк бірі жирен. (Ш.А.) Шылбыр ауланың төбесіндегі бел ағашқа байланғандықтан жата алмайды басы төмен салбырай берсе-ақ ауыздық езуін жыртып кете жаздайды. (Ш.А.) Қазір қорыққан жоқ оттың жылуы мен түтініне сүйсініп жатыр. (Ш.А.) Ара-арасында әркімнің басынан қилы-қилы жағдайлар өтіп жатар біреу ғашық болады біреулер ажырасады біреу өмірге келеді біреу дүниеден өтеді. (Ш.А.) Жалғыз ғана қолайсыздық бар Нұрыштың үйі де біз де қалың жабылған қоста тұрамыз. (С.Ш.) Кейитінім бұрынғыдай адуын сөйлеп бетін қайтарып тастамайды. (С.Ш.) Бірақ ақшасын төлейін деп сатушыны іздесе бір қиындықтың үстінен шықты мұның бәрі үлгі екен. (С.Ш.) Іштен қоштамаған уақытта Байсал Бөйжейдің бір тәсілі міндет мысалды Құнанбайдың өзіне бастатып артын өзіне тастап кететін әдеті бар-ды. (М.Ә.) Әлгі ирония бұл арада сатиралық образ жасаудың тағы бір тәсіліне сарказмге ұласты сыналған объект тәлкек етіліп қана қойған жоқ енді оның дәрменсіз бейшаралығы кіріптар күйкілігі кісі күлгендей құр кеуделігі әшкереленді. (З.Қ.) Бұлар малына індет келген ауылдың иттері сияқты жоны шығып құйрығын сыртқа салып көзі қызарып құтырғандай қанталап қауып түсетін сияқты түр көрсетеді. (М.Ә.)

187-жаттығу. Көркем шығармалардан үш мысал тауып, берілген ережеге сай кестені толтырыңыздар. Жалпылауыш сөздерден кейін, бірыңғай мүшелердің алдынан қойылған қос нүкте Бірінші жай сөйлемнің мазмұны екіншісінде анықталып, ашылып берілген түсіндірмелі салалас аралығындағы қос нүкте Жалғаулықсыз себеп-салдар мәнді сөйлемнен кейін қойылатын қос нүкте 188-жаттығу. Ақындардың өлеңдерінде қос нүкте қойылатын шумақтарды көшіріп, себебін дәлелдеңіздер. Үлгі: Ақылымды тыңда, мейлің тыңдама, Тілегім бар бір ғана: Шығып ал да арманыңның шыңына, Сосын, мейлі, ұшып өл де, сырғана.

Болса ақылың біл мынаны: жалғанда Жолай көрме арманы жоқ жандарға?! (М.М.) Тырнақша, оның қойылатын орындары Тырнақша кідіріске, интонацияға немесе сөйлемнің құрылысына байланысты емес, мағынаға негізделіп қойылатын тыныс белгі болып табылады.

ТЫРНАҚША

Қойылатын орындары Сөйлем ішінде келген мақалмәтелдер, афоризмдер Жүсіп біздің ауылдағы сондай «айдағаны төрт ешкі, ысқырғаны жер жаратын» кішкене «диктатор» еді. (С.Ш.) Дәйексөз, төл сөздер – «Сұлу – сұлу емес, сүйген – сұлу» депті ғой. Әркім өз сүйгенін мақтайды да, – деп қойды жантайып жатқан бір жігіт. (Ж.А.) Объект етіп алынған жеке сөйлемдер, сөздер не сөз тізбектері, әріптер, буындар Қазіргі қазақ тілінде егер-дің «г» дыбысы түсіп қалғанда, сөз еер болу орнына ер болып ықшамдалған. (Ә.Х.) Кекету, ажуалау және кері мағынада қолдану үшін айтылған сөз Жас күнінде әйгілі Садақ ақынмен айтысып «Бала ақын» деген ат алып, сол Садақты өлең, сөзде мүдірткен осы Қадырбай болатын. (М.Ә.) Зауыт, фабрика, комбинат, машина маркасы, ұшақ т.б. қойылған аттар Жұмысқа берілгендігі сонша анадай жерге «газик» келіп тоқтап, ішінен екі адам шыққанын да байқамай қалыпты. (Ш.А.) Газет, журнал, кітап, шығарма, кино т.б. аттары Осы түнде ас піскенге шейін Барлас «Қобыланды батыр» жырын жырлады. (М.Ә.) Кейбір ойын, әдет-салт аттары «Орамал тастау», «Хан жақсы ма», «Мыршым», «Белбеу соқ», «Ләппай тутәлә» сияқты күлдіргі ойындар да тегіс ойналды. (М.Ә.)

189-жаттығу. Оқып шығып, тырнақшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер. Өзінің айтулы ару қыздарының атын «Ақмарал» деп қоятын болды... (Ш.А.) Оның ата-тегін де бар Тобықты, бар Қарқаралы «Қаракөк» деп атайды. (М.Ә.) – ... Бірі дарақы мақтаншақ, бірі ұрда-жық, даңғой атанғанда, осындай көп жиын үстінде масайып, оспадарлық қылам деп, сондай атақ алатын! – деді. Соңғы айтқан «мылжың», «мақтаншақ», «даңғой» дегендері осы арада шынымен төрт көзі түгел отыр еді. (М.Ә.) Абай жалғыз өзі төрт ауыз өлеңді сыры терең «Аққайың» әнімен айтып барды да, баяу ғана тоқтады. (М.Ә.) Көп басты адамынан айрылған Жігітек талай заманға шейін «көзге қамшы тигендей» болып қалады. (М.Ә.) «Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей» деген Абай сөзі мен көргендерін бір түйіп, Ізбасар Әлжанға жетті. (Ғ.М.) Бір терменің ішінде Барлас: Аға сұлтан ұлық бар, Елге мәлім қылықтар,

«Өл» дегенде өлмесең, «Жүр» дегенде жүрмесең, Малы құрым құрықтар, Кісен салып құлыптар! – деп бір кетті. (М.Ә.)

190-жаттығу. Сөйлемдердің тиісті жеріне тырнақшаны қойып көшіріңіздер. Қойылу себебін анықтап, ережесін еске түсіріңіздер. І. Өзен жағасына өскен бұта шөптерге де Сүйкімді, Қорқақ, Батыр, Ашушаң деп неше түрлі аттар қоятын. (Ш.А.) Алтыбақан қасындағы ән мен ойын тағы біразға созылып барған соң, Ербол тың ойын бастады. Онысы – ақсүйек, содан кейін серек құлақ еді. (М.Ә.) Ал жаңағы мықыр мойын сияқты жаңашылдар соның байыбына барып, мынасы дұрыс, мынасы бұрыс деп саралап жатпайды. (С.Ш.) Мен сөйтіп бір Волгаға отырдым да, айналып жүретін жаңа тас жолды тастап, бұрын бала шағымда талай рет шиырлап өзім жүрген ескі жолмен төте тарттым... (С.Ш.) Бұрын мұндай жиын ортасында дос деген атпен Байсал, Қаратай, Бөжей, Сүйіндік, Түсіп сияқты кісілер отырушы еді. (М.Ә.) Абай, Шолпан, Таң, Сана журналдарында Абай мұрасын зерттеу туралы мақалаларын жазып, ақын өлеңдері мен қара сөздерін баспасөзде жариялап, насихаттау әрекетінде жүрген Мұхтар 1924 жылы өткізілетін Абайдың жиырма жылдығын атап өту қарсаңында келелі-келелі міндеттерді алға қойды. (М.Ә.) Абайдың Қараңғы түнде тау қалғып, Біржанның Жамбас сипары мен Жонып алдысы, Жаяу Мұсаның Ақ сисасы, Тәтімбеттің Сылқылдағы, Мәдидің Қарқаралысы мен Естайдың Хорланы, Ақанның Сырымбеті мен Құлагері бірінен соң бірі бәйгеден келіп жатыр. Қол шапалақтап қоштауды білмейтіндер әй бәрекелдіге басуда. (Т.К.)

ІІ. Бұл уақыттарда скрипкада орыстың әсем сырлы, сұлу сезімді Лесная сказка, Над волнами сияқты вальстері сызылған. (М.Ә.) Әлмағамбет Тәңірі қосқан жар едің сен деген өлеңі менен Татьяна назын толқытып жөнелді. (М.Ә.) Жылан торғайды арбап жейді дегенді Ақбілек бала кезінде естіген. (Ж.А.) Академик И.П.Павлов адамзаттың тілін екінші сигналдық жүйе деп атаған. (Ә.Х.) Мақсұт жайын кемпірмен ғана сөйлеседі. Оған да жақсы бала болып көріне бастады. (М.Ә.) Завод 1928 жылдың 7 ноябрі күні Қазақстан деген атпен ашылады. (С.М.) Дау үстінде, ойда жоқтан тіліне оралса да, Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді деген сөз мұның өзіне қазір бір өзгеше мәні бар, өрісті ойдай көрінді. (М.Ә.) Ағайын ес жиярлық мезгіл бермей, ара түсердің бәріне білдірмей, бір-ақ күннің ішінде осыны етіпті де, баяғысынша түк болмағандай, ақсарбасын, көкқасқасын айтып, ру басшыларын жиып, қонақасысын көпіртіп жүре беріпті... (М.Ә.) Жалпақ ел, бар ауылдар осы жайлауға көшу сапарында балалардың ауыл-ауыл, күрке-күрке деген ойынын ойнап жүрген сияқтанады. (М.Ә.) Жуан ауылдың сотқар малайы, өзі ожар, доғал жас, тегінде, Оспан шаш ал десе, бас алғандай іс ететін. (М.Ә.)

191-жаттығу. Көркем шығармалардан тыршақшаның әр түріне бес мысалдан теріп, кестені толтырыңыздар. Тырнақша қойылатын орындар Мысалы Сөйлем ішінде келген мақал-мәтелдер Объект етіп алынған жеке сөйлемдер, сөздер не сөз тізбектері, әріптер, буындар Кекету, ажуалау және кері мағынада қолдану үшін айтылған сөздер Зауыт, фабрика, комбинат, машина маркасы, ұшақ, газет, журнал, кітап, шығарма, кино т.б. аттары

192-жаттығу. Өлең ішінде қойылатын тырнақшаларға мысал келтіріп, қойылу себебін түсіндіріңіздер. Үлгі: Біржола күй кеткені қызға батты, Енді оған естілер ме күйлер тәтті? «Таратып тоқсан күйді жібердің», – деп Бір жақтан керең бір ой күңкіл қақты. (І.Ж.) Сызықша, оның қойылатын орындары Сызықша – мағынаға, интонацияға, сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне байланысты қойылатын тыныс белгі.

СЫЗЫҚША

Қойылатын орындары Бастауыш та, баяндауыш та бір сөз табынан болса Жалпылауыш сөздің алдынан Оңашаланған айқындауыштың екі жағынан Салалас құрмалас сөйлемдер де Төл сөз бен автор сөзі, диалогте Сөйлемді ықшамдап қолдануға байланысты Абайдың көзін оған көп тартатын бір нәрсе – мұның бітікшелеу, кішкене келген көздері. (М.Ә.) Ортасында: Құнанбай, Бөжей, Байсал, Қаратай, Сүйіндік. Майбасар – бәрі бар. (М.Ә.) Үшіншісі – бұл ауылдың кенжесі, осы үлкен үйдің иесі, жас, толық, орта бойлы, ақшыл қызғылт, сұлу жүзді жігіт – Мұсабай. (М.Ә.) Бардым, – жолыға алмадым. Айтудай-ақ айттым, – көнбеді. – Әй, осы мынаның өнері жоқ па екен, ән салғаны әжептеуір ғой, – деді Арын. (Т.К.) Жақсы тәжірибе – көпке ортақ. (мақал)

193-жаттығу. Сызықшаның қойылуына назар аударып, қандай ережеге негізделгенін дәлелдеңіздер. Ана дүниеден иман тілеген, өлімге бас байлаған үмітсіз аурудай ендігі тілек – жол амандығы, денсаулығы. (Ж.А.) Бірінің дәлелі – қойдың қай қосқа сойылуы, екіншінің дәлелі – қойдың кімнен алынғандығы. (Ж.А.) Алыстан әлдекімдердің күбірлеген дауыстарының жаңғырығы естілген сияқтанды, – қай жақтан естілгенін шамалай алмаймын. (С.М.) Талап – пендеден, көмек –

Алладан. (Мақал) Солардың үлкені төрге жуық отырған, мынау ерекше кесек денелі – Жақып. Екіншісі – толық, биік келген, үлкен ақсұр жүзді, қара қас, қара сақалды, үлкен қара көзді – Мұса. (М.Ә.) Бұл уақыттарда ол абақтыдан шығып келгендіктен, аға-іні, шеше-жеңге, жанкүйер-жақын – барлығына ыстық болған. (М.Ә.) Бұрыннан қайындап жүрген күйеуі – Көкше Қаратайдың туысы, Алатай баласы Дүтбай. (М.Ә.) Ер – елінде, гүл – жерінде. (Мақал) Сәуір – бұл айдың арапша аты. (М.Ә.) Абайдың мінгені – ақ жал, сары жорға ат. (М.Ә.) Жақсының жаны – бүтін, Жаманның жаны – түтін. (Мақал) Тапсырманы орындау – міндет, міндетті тындыра орындаса, қонымды еңбеккүн жазылады. (Ғ.М.) Керуен көшетін сауда жолдары, ұлы базарлар, атақты қалалар, су жолдары – барлығы да бүгін айрықша керек болатын. (Ғ.М.) – Әй, Сейфуллин, сөзіңде тұрдың. Жүр өзім кіргізіп жіберейін, әйтпесе тағы да үстіңнен рапорт түсер, – деп біраз жер шығып кеткен ұстаз кері оралды. (Т.К.)

194-жаттығу. Көркем әдебиеттен кестеде көрсетілген ережелерге сәйкес бес мысал тауып, жаттығуды орындаңыздар. Сызықша қойылатын орындар Мысалы Жалпылауыш сөздің алдынан Оңашаланған айқындауыштың екі жағынан Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдерде Сөйлемді ықшамдап қолдануға байланысты

195-жаттығу. Сөйлемнің тиісті жеріне сызықшаны қойып, көшіріңіздер. Қойылу себебін анықтап, ережесін еске түсіріңіздер. І. Жаңағы қараны жыққан Байсал, септі бұзған Сүйіндік, енді мынау тұл атты бауыздаған Байдалы үшеуі де кейін «жол» алады. (М.Ә.) Бұл үлкен қақпаның бір босағасы сияқтанып ұлы теңізге шығар ауызда, дәл мінбеде тұрған көк қатпар шың. (Ә.Н.) Сойыл соғарға келгенде, қолға, санға келгенде Құнанбайдың мықтап сүйенетіні сол Байсал елі Көтібақ. (М.Ә.) Бақанас, Байқошқар бұл өңірдегі Тобықтының ең үлкен өзені. (М.Ә.) Ортасындағысы Абайдың үлкен енесі Алшынбайдың әйелі, семіз, қара бәйбіше. (М.Ә.) Пісіргені, қуырғаны бәрі де келіп жатыр, бұл жағын жайғастырып, дедек қағып жүрген Гүлжамал мен кемпір. (Ш.А.) Бұл баланың өмірінде көрген, іштей сенген жалғыз адамы Оразқұлға шамасы келер, бар қылмысын көзіне шұқып айтар осы Құлбек қана. (Ш.А.) Кемпір де, Бекей апай да, Гүлжамал да, ең ар жағы Момын атай да бәрі қосылып Мүйізді Бұғы ананың етін мақтады. (Ш.А.) Көріп те, сағынып та келе жатқаны асқақ Алатау. (С.Ш.) Мұның бірі бурыл сақалды, кішілеу шегір көзді, ер мұрынды салмақты адам. Екіншісі сорайған атжақты, көселеу келген, өткір жүзді, ұзын бойлы қара жігіт. (М.Ә.) Үлкендер тобына бір жақтан, әкеден төмен отырып, телміре қараған Абай болса, дәл осы тәрізденіп, барынша бой салып, қарап отырған ана шеттегі жас жігіт Жиренше. Бұл Көтібақ ішінде Байсалдың жақын туысқаны Шоқанның баласы. (М.Ә.)

ІІ. Тыстағы ойын: ат шабыс, көкпар, серке тарту, теңге алу, балуан күрестіру баршасы да осы күні болды. (М.Ә.) Қазір онан тыйылып, бәрінің бағатыны Мөңкенің қабағы. (Ә.Н.) Өмірде бұл шал бес аспап ағаш жону, есіктерезе жөндеу, шөп шабу, күде тұрғызу әйтеуір, қолы тиген шаруаның қай жағы болса да, тап-тұйнақтай болып шыға келеді. (Ш.А.) Ол көзі тышқанның көзіндей жылтырап тұратын қушық бет қара кісі Садыр. (С.Ш.) Баланың да, жігіт-желеңнің де, егде-мосқал үлкеннің де барлығының аузында бір жаңалық, бір хабар. Ол осы жақында болатын ас туралы, Бөжейдің асы туралы. (М.Ә.) Біреуі бұрынғы күйге үйлескісі келмей, заманынан, ортасынан озып шығып, сыншы, ұстаз, ақын, данышпан болуға айналған Абай да, екіншісі күндегі өмірдің талқысы мен шырмауынан шыға алмаған, содан азап шегіп, қиналған Абай. (М.Ә.) Сол себепті философия адам баласының жан тәрбиесінің, адамшылығының, бірінші өрлейтін басқышы, екіншісі көркі. (М.Ә.) Дауыл дүниедегі үш алып күштің, үш апаттың бірі. (Ғ.Мүс.) Сол ретте қалың елдің аузына түгел тараған қалжың мысқылдың бірі ояздың әйелі айтты деген, бағана күндіз жаңсақ ұғылған бір сөз. (М.Ә.) Осыдан соң бұлардың әрбір күлкісі, әзіл сөздері, қабақ қимылдары барлығы да сондайлық бір тәттілік, қуаныш белгісін көрсетіп отырды. (М.Ә.)

196-жаттығу. Бұрыс қойылған және түсіп қалған сызықшаларды тауып, тиісті жеріне орналастырып, жаттығуды көшіріп жазыңыздар. Оның қойылу себебін анықтап, ережемен дәлелдеңіздер. Баласын, туысқанын қалдыра гөр – деп, біреулер құдайдан тілек тілеп жүрсе, құзғындар ынты-көңілі етке тою, тері, май пайда қылу. (Ж.А.) Қартқожа – өзінің жаман ойын жүгіртіп, дүниенің қызығын көруге екі-ақ нәрсе керек екен деп жорыды: бірі ақша, бірі ғылым. (Ж.А.) Мұнда төрт старшын – Сақтоғалақтың атқамінері Абыралы, екі старшын – Жігітектің баласы Бейсенбі, Ерболаттан Оразбай, Көтібақтан Жиренше, Бөкеншіден Күнту, Жуантаяқтан Байғұлақ, Топайдан Байділда бар. (М.Ә.) «Базаралы, Тәкежан дауы» деген бәлеге – бүкіл бір ояз, Семей оязының болысы мен жуандары атсалыса бастады. Аршалы, Керейінен Рақыш, Бәсентиіннен Әлі, Бурадан Алдоңғар, Ылди бойынан Нүрекенің Темірғалысы, Көкеннің Уағынан пысық болыс – Нүрке, Қарағай ішіндегі, ішкі жақтағы Белағаш болысынан Шынжы сияқты бүтіл бір ояз ел сабағы қосылған. (М.Ә.) Жол үстінде келе жатқанның барлығы – аттыжаяулысы болсын, машина-тракторы болсын бәрі де алақандағыдай айқын көрінеді. (Ш.А.) Базаралының қашып келгені де рас және «бұрын емес, дәл биылғы жылы қашып келуіне себеп Күнтудың болыс боп тұрғандығы» дегені де дұрыс. (М.Ә.)

197-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріңіздер. Сызықшаның өлеңді оқу мәнеріне әсерін түсіндіріңіздер. Ақ сәуле күміс жүзді, құндыз қабақ, Сен гүлсің иіс шашқан жарып сабақ. Болғанда көзің – жақұт, етің – торғын, Көзің – ай, шашың – жібек, мамық тамақ. Көзің – нұр, сөзің – алма, аузың – алтын, Самород, қоспасы жоқ нағыз балқын. Шомылған сұңқар бойың нақ гауһардай Бұрқырап нұр төгілсін, маған талпын! Бір сенсің дүние көрген көзім нұры, Жарқырап жаным тартар, көңілім гүлі! Егілген ер көңілім қол сермейді, Тартса да аспаннан көп жұмақ хоры.

Жан сәуле, кеуде күйген, жүрек жалын! Кеудем от, жүрегімнің байқа халін?! Дауасы ауыр дерттің – жалғыз сенсің, Қолың бер, кетсін қайғы, сөнсін жалын! (С.Торайғыров)

198-жаттығу. Мәтіннің тиісті жеріне сызықшаны қойып, көшіріңіздер. Оның қойылу себебін талдап түсіндіріңіздер. Қазір бұл ауылдағы күзетші, сауыншы, түйеші, қауғашы, отыншы, асшы атаулы бәрі де жаман жыртық киімдерінен жел азынап, бүрсең қағып, бай малының қамында жүр. (М.Ә.) Жиналған көптің жүзі жаз, көңілдері жайлау, езуінде күлкі, көзінде шаттық. (Т.К.) Жас шалғыны мол, кең қоныс Барлыбайда отырған Абай ауылы. (М.Ә.) Олар үлкен үйде Еркежанның қолында өсетін Әубәкір және Пәкизат. (М.Ә.) Бұрын жеткен Кәкітай, Дәрмен және Оспанның бір ұл, бір қызы Әубәкір, Пәкизат. (М.Ә.) Ол ол ма, Оразқұл мас болып келгенде ол арсыздың бетіне түкірудің орнына атам елпек қағып, атының шаужайынан ұстап, аттан түсіріп, үйіне апарып, үстіне тон жауып, тоңып қалмасын деп жік-жаппар боп жүреді. (Ш.А.) Ең алдымен тіл қатқан Жиренше: ... Бізге де олжа түссін деп, тым құрса мезіреті жасады ма? Ол ол болсын, жә, мынау көргеніміз қай мазағымыз!? деп қатарында келе жатқан Күнтудің, опырылып қалған ерінің қасына қамшысымен салып кетті. (М.Ә.)

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Бастауыштан кейін қойылатын сызықша Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен, заттанған өзге сөз таптарынан болғанда Сендер үшін ең қолайлы тау – мына бергі Алмалы. (С.Ш.) Бастауыш жіктеу, сілтеу есімдіктерінен, баяндауыш ІІІ жақтағы зат есімнен болғанда Бұл – болашақ университет қаласының құрылысы. (С.Ш.) Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш ІІІ жақтағы жалғаусыз зат есімнен не керісінше болғанда Соны тәрбиелеп адам қылу – міндет. (М.Ә.) Бастауыш та, баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалғанда Ортасында бес үлкен ақ үйлер бар, көп үйлі ауыл – Абайдың екі шешесі Ұлжан мен Айғыздың ауылы. (М.Ә.) Бастауыш та, баяндауыш та сын есімнен не сан есімнен жасалғанда Олақ – меншіл, Қызғаншақ – күншіл, Сырғақ – сыншыл. Бес жерде бес – жиырма бес. Бастауыш есімшеден, ал баяндауыш не зат есім, не есімше, не есімдіктен жасалғанда Құнанбайға бұлардың ішінен көз алмай, қырандай қарап отырған – дәл төрдегі Байсал. (М.Ә.) Бастауыш бірі, біреуі, біріншісі, алдыңғысы, соңғысы, көбі деген сөздерден, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен не тұйық етістіктен болғанда Жайлауда Құнанбай аулының көбірек орнығып отыратын қонысының бірі – Ботақан ошағы. (М.Ә.) Бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің басқа мүшесімен шатасып кететін болса Жиырма – беске қалдықсыз бөлінеді. Бастауыш зат есім не заттанған басқа сөз таптарынан болып, баяндауыш болымсыздықты білдіретін емес сөзі тіркескен есімдердің бірінен болса Жоқтық – ұят емес, байлық – мұрат емес. (Мақал) Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз, деген, ... сынды сөз тұрса Уақыт деген – көзге көрінбеген терең мазмұн, әлуетті күш, шешегін жармаған гүл, оқылмаған кітап, болуға тиісті оқиға, ашылмаған ғылыми жаңалық. (С.Ш.) Ол – ол ма, бұрынғы – бұрынғы ма, бұл – бұл ма сияқты қыстырма сөз тіркестерінің араларына Ол – ол ма, әңгіме одан сайын күшейе түсті.

199-жаттығу. Ақын-жазушылар шығармаларынан бастауыш пен баяндауыштың арасында қойылатын сызықшаның әр түріне 3 мысалдан теріп, ережемен дәлелдеңіздер. 200-жаттығу. Көшіріп жазыңыздар да, бастауыштан кейін тиісті жеріне сызықша қойыңыздар. Егер бастауыштан кейін сызықша қоюға болмайтын болса, оның себебін түсіндіріңіздер. Осы орайда «Қан мен тердің» шетелдік зерттеушілері (Л.Анинский т.б.) автордың шығармаларына өзек етіп алған философиялық ұстанымының «адамзат тарихы дегеніміз адам баласының өкініштері мен адасуларының тарихы» деген көзқараспен үндесіп айтылады. (Ә.Н.) Жотаның құла берісіндегі

сайда жапырайған жер кепелер жұмысшылар мекені. (Т.К.) Сөйтіп, ауру шешемнің алғашқы шипасы мен, менің келуім болды. (С.Ш.) Бір-бірінен жасырынып кеткен молдалардың бар ойы Шәймерденді жамандап қана қайту емес, өзіне бәсекеші боларды даттау, сөйтіп, өзінің имам болсам деген арманына жету. (Т.К.) Ішіндегі есебі кемпірді өз үйіне кіріптар ете түсу. (М.Ә.) Тәкежанның өз үйі көл жақ шеттегі үлкен абажадай қоңыр үй. (М.Ә.) Шақыртуға келмегені бұғып қалып, бастарын алып қашқаны. (М.Ә.) Ақымаққа айтқан сөз ағып жатқан сумен тең, ақылдыға айтқан сөз қолға ұстаған тумен тең. (Мақал)

201-жаттығу. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойып, ережемен дәлелдеңіздер. Соңғы алты ай ішінде барлық жалын атқан қайғысы жалғыз баласы Құтжан жайы. (М.Ә.) Өзге жұрттан бөлініп көшкен бұл бір топ ауылдар шетінен Ырғызбай руы. (М.Ә.) Сол жердің орта тұсы Жексен қыстауы Қарашоқы. (М.Ә.) Бұл екеуі Бөжейдің жақын ағайындары. (М.Ә.) Тегінде Шыңғыстың асыл шөбі мық жусан. (М.Ә.) Ол Өскенбайдың үлкен үйі Зере отырған ауыл. (М.Ә.) Тізесімен тербетіп отырғаны Айғыздан туған немере қызы үш жасар Кәмшат. (М.Ә.) Олардың тілеуі мен қақпайына еру өзін-өзі аямау. (М.Ә.) Құлыншақ сол Торғайдың басты кісісінің бірі. (М.Ә.) Бала атаулының жаз болады десе ерекше сағынатыны бүлдірген. (М.Ә.) Дередей үлкен, өзі жұпжұмыр ақ тай қысырдың тайы. Енесі асау көк бие. (М.Ә.) Жиырма-отыз қойы бар, үш-төрт қорасы бар үй қалың елдің көпшілігі. (М.Ә.) Ана дүниеден иман тілеген, өлімге бас байлаған үмітсіз аурудай ендігі тілек жол амандығы, денсаулығы. (Ж.А.) Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Шобан, Марғасқа, Жиембеттер, негізінен, екі-үш жанрда жырлаған: бірі дидактикалық толғау, оның тақырыбы жалпы ақыл, насихат айту, екіншісі арнау толғау, яғни нақтылы біреуге, не оқиғаға, не өзіне қарата айтылған сөз, оның тақырыбы көбінесе қоғам, адам, ел қорғау, үшіншісі портрет өлеңдер. (Р.С.)

202-жаттығу. Көркем шығармалардан кестеде берілген ережелерге сай бес мысалдан тауып, толтырыңыздар. Бастауыш та, баяндауыш та зат, сын, сан есімдердің бірінен болса Бастауыш зат есімнен, баяндауыш сілтеу есімдігінен Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш ІІІ жақтағы жалғаусыз зат есімнен Бастауыш та, баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалған Бастауыш бірі, біріншісі, алдыңғысы, көбі деген сөздерден, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен не тұйық етістіктен болғанда

203-жаттығу. Мәтіндегі сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазыңыздар. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшасы бар сөйлемдерді тауып, сызықшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер.

Үш бәйтерек Сәкен Бейімбет Ілияс Үшеуінің де жөргегі ұлан-ғайыр бір даланың топырағы Біреуі соның кіндік ортасында біреуі теріскей біреуі күнгей шалғайында бір жылы туыпты Үшеуі де бір жаздың майсасынан алғаш нәр тартып бір қыстың ызғарынан алғаш қар басыпты Үш бәйтерек Үшеуінің туысы қандай бір болса тұрысы қандай әр бөлек Біреуі дәйім биікке талпынып алға ұмтылған өр халықтың асыл арманындай асқақ біреуі талайды бастан кешіп тауқыметке төзіп өскен қауымның сарқылмас сабырынан жаратылғандай сом мығым Біреуі көпті көріп көпті сүйген халықтың парасат-парқын сіңіргендей қуатты да нәрлі Үшеуі де ел өміршеңдігінің түлегі Үшеуі де халқы мен заманының ауыздарынан түсе қалғандай адал ұл (Ә.Кекілбаев)

204-жаттығу. Мәтіннің тиісті жеріне сызықша қойып, олардың қойылу себебін түсіндіріңіздер. Үлкен адамдармен қалай сәлемдесу керектігі жөнінде өз ойларыңызды айтыңыздар.

Сәлемдесу – сөз басы Адамдардың бір-біріне лебіз білдіруі сәлемнен басталады. Сәлемдесу тұрмыстық қатынастағы сөз басы. Сәлем сөз анасы, сөздің қасиеті, сондықтан оның мағынасына мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің, сөз мәдениетін байыптаудың баспалдағы. Кішінің үлкенге сәлем беруі үлкеннің құрмет көруі, жастың ізеттілік білдіруі. Сәлемдесу ағайын мен туысты, дос-жаранды, іні мен ағаны, бала мен дананы жарастыру ғана емес, ата салтын жалғастыру, алысты жақындату. Адамның кейіп-кескінін тану, оның болмысын байқау, көңіл-күйін білу әрі оған да өз ниетіңді ұқтыру. («Әдептілік қағидалары» кітабынан)

205-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерге сызықша қойып, көшіріңіздер. Қойылу себебін түсіндіріңіздер. 1) Сабыр ақыл серігі. 2) Аргентинадағы Аконкагуа сөнген жанартауы Батыс жарты шардағы ең биігі. 3) Ғашықтың тілі тілсіз тіл. 4) Тропиктер Жердің экватордар жер шары ортасының айналысымен көзге елестетілетін сызықтан оңтүстікке немесе солтүстікке қарай жатқан өңірлері. 5) Ең үлкен төрт планета Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун алып газ шарлар. 6) Үлкен Шатқал АҚШ, Аризона штатындағы Колорадо өзені кесіп өткен жер бетіндегі орасан зор сай. 7) Диктатура дегеніміз бір адамның немесе адамдар тобының билікке толық ие бола отырып, елді басқаруы. 8) Акулалардың сүйекті балықтардан айырмашылығы қимыл-қозғалыс жасамай, суда өзін-өзі ұстап тұруға көмектесетін жүзу торсылдағының болмауы. 9) Дауылдар Үнді мұхитындағы циклондар және Тынық мұхитындағы тайфундар деген атпен белгілі ең қиратушы жойқын желдер.

206-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөз не сөз тіркесін тауып қойыңыздар. Сызықшаның қойылу себебін түсіндіріп, бір мақал-мәтелді тақырып етіп шағын шығарма жазыңыздар. 1) ... ... – қызыл тіл. 2) Жақсы болсаң – ... , жаман болсаң – ... . 3) Әдептілік ар-ұят – ... ... . Тұрпайы мінез, тағы жат – ... ... . 4) ... ... – ұлы ұстаз. 5) ... – білім бұлағы, ... – өнер шырағы. 6) ... – сөздің атасы, ... – ердің опасы. 7) Сөз анасы – ... , су анасы – ... , жол анасы – ... . 8) ... – зор байлық. 9) Денсаулық кепілі – ... . 10) Су жүрген жер – ... , ел жүрген жер – ... . 11) ... ... – елдің ырысы, ... ... – жанның тынысы. 12) Жақсының жүрген жері – ... , жаманның жүрген жері – ... . 13) Бірінші байлық – ... , екінші байлық – ... ... , үшінші байлық – ... ... . 14) Дүниедегі ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары – ... ... . (М.Көпеев) 15) Әркімге ... ... – туған шеше, Оған бала міндетті сан мың есе. (С.Мұқанов)

Қажетті сөздер: өнер алды, денсаулық, азарсың, өмірдің өзі, мереке, білім, мақал, құлақ, жақсы жер, бұлақ, тұяқ, денсаулық, тазалық, береке, озарсың, жақсы адам, базар, азар, ақ жаулық, надандықтың белгісі, он саулық, оқу, қазақ тілі, уәде, адамдықтың белгісі, туған тілі. 207-жаттығу. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны келтіре отырып мамандыққа байланысты әңгіме құрастырыңыздар, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіздер.

208-жаттығу. Мәтіннің тиісті жеріне сызықша қойып, көшіріп жазыңыздар. Қойылу себебін дәлелдеңіздер. Адамзаттың ақыл-ойының даму жолын айқындайтын, көркемдік танымының бағыт-бағдарын белгілейтін, өткен өмірді қалпына келтіріп, бүгінгі өмірді таңбаға түсіріп, замандармен, халықтармен бірге ғұмыр кешетін тірі бейнелер кейіптеп, өз тарапынан жаңа бір әлем жасап шығаратын, халық рухы әбілхаят нәрімен сусындап, фәниден озған, бақиға бата алған, ескірмейтін, өлмейтін мерейлі шығармалармен бұ дүниеде мәңгі жасайтын Жазушы болу айрықша бақыт. Үш дүниенің сырын тоқыған, төрт тарабын түгел таныған Қазақ Жазушысы болу он есе артық бақыт. Талабы таудай жан балам, көкірегіңде от болса, туған халқыңды жан-жүрегіңмен сүйсең, сенің де ірі жазушы, зор тұлға болып шығарың күмәнсіз. Ірі болмасаң да, ұлы болмасаң да, қатарыңша қызмет жасасаң мұратыңа жеткенің. Ол сенің адамдығыңа байланысты. Жазушының адамдық бейнесі әділдік, адалдық, кісілік деген ұғымдардың жиынтық көрінісі. Қазақ жалпақ тілде «жақсы адам» дейді, «жақсы кісі» дейді. Жақсы адамның бәрі бірдей жазушы болмайды, бұл жалпылық өлшем, бірақ жақсы жазушының барлығы да жақсы кісі болған. Кісілігі кем жазарман ешқашан да тәуір жазушы дәрежесіне жетіп көрген емес. Өйткені жазу ең алдымен, кісіліктің жемісі. Тетігін білмеген адам трактордың өзін жүргізе

алмайды. Жақсылық пен жамандықтың тетігін айырмаған жан қалай тәуір жазбақ. Жаза алмайды, болмайды. Қаламгердің азаматтық келбеті яғни отаншылдық, ұлтшылдық, қаншылдық бұл да кісілікке жалғас, дарынмен бірге бітетін, өскен орта, алған тәрбие негізінде қалыпқа түсетін қасиет. Онсыз тағы да жазушы жоқ деп біліңіз. Әсіресе, біз сияқты отар ел жағдайында. Халқын сүймесе, ұлттық намыстан кенде болса, адамдық қасиеті де жоқ деген сөз, жазушылық қайда, дені түзу кісі есебіне қосу қиын. Қаламгер аруақтың аманатын арқалаушы, халықтық рухтың жаршысы, яғни ұлттық сана оның шығармашылық бітіміндегі ең игі негізгі көрсеткіші болуға тиіс. Сонымен, жазушы қайдан шығады деген әуелгі сауалымызға қайтып оралдық. Бірінші шарт дарын дедік, ал бұл дарынның туа бітетіні талассыз ақиқат. Бірақ сол туа біткен қасиет жүзеге асуы үшін тағы қаншама жағдай керек екен. Соның ішінде адамның өзіне тікелей байланысты және ең мәнді, ең басты шарт таудай талаптан серпін алған табанды еңбек. Бойдағы дарын тәңірінің сыйы еңбексіз келді. Өзгеше талай бақ қонды. Енді соны жетілдіру, жеріне жеткізу, кәдеге асыру құт орнаған кісінің өзінің қолында. Дарын Көктен түсті. Жеміс емес, тұқым. Өнер, оның ішінде жазушылық сол тұқымның мәуеге айналған көрінісі. Екі арада ауыр әрі қызғылықты, ақыр түбінде бір адам емес, бүкіл жұрт үшін, оларды ұлыс үшін игілікті еңбек тұр. (М.Мағауин «Мен»)

Жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері Жалпылауыш сөздер – сөйлемнің бірыңғай мүшелерін жинақтау, оның мәнін ашып, тұжырымдау мақсатында қолданылатын, олар сияқты бір ғана сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болатын сөздер. Оған, негізінен, жалпылау есімдіктері, сан және сын есімдер т.б. жатады.

209-жаттығу. Жалпылауыш сөздердің тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазыңыздар. Бірыңғай мүше мен жалпылауыш сөздердің қандай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын белгілеңіздер. Маңыраған қозы-лақ, шулаған бала-шаға, саңлаудан қораға кіріп жатқан қар бәрі де оның қаперіне кіріп-шықпайтын тәрізді. (Т.К.) Бұл ауылдың өз адамы боп кеткен дағдылы қонақтары Ербол, Көкбай, скрипкашы-әнші Мұқа, Баймағанбеттер бөлек бір топ боп кірді. (М.Ә.) Асылып жатқан ет, маздап жанған от, қою қымыз бәрі де қонақтар көңілін көтере түскендей. (М.Ә.) Қазір бұл ауылдағы күзетші, сауыншы, түйеші, қауғашы, отыншы, асшы атаулы бәрі де жаман жыртық киімдерінен жел азынап, бүрсең қағып бай малының қамында жүр. (М.Ә.) Үш есіктің тұсында қазірде Жақып, Майбасар, Ызғұтты үшеуі тұрып ап, табақ жақындай бергенде, қонақүйдің есігіне қарайды да, табақшыларды үндемей нұсқап, рет-ретімен кіргізіп жібереді. (М.Ә.) Осы жетінші күні Құнанбайлар Төлепберді мен Қамысбай, Бурахан үшеуін қуып жетті. (М.Ә.) Бұл күнде қаланы көп жағалайтын, өздері саудагер жас болыстар

Темірғали, Айтқазы, Әлі, Рақыш, Оспан бәрі де мәжілісті қызу, көңілді ету үшін кіршіме ішеді. (М.Ә.) Дәрмен енді жаңағы Ділдә айтқан сөз, барлық үлкен аға, кіші іні бәрінің де көкейінде жүрген іс екенін білдірді. (М.Ә.)

210-жаттығу. Мәтіннің қажетті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазыңыздар. Қойылу себебін ережемен дәлелдеңіздер. Жалпылауыш сөздерді тауып, астын сызыңыздар. Ауыз әдебиетінің қысқа түрлері бесік жыры ана сөзі ертегі жаңылтпаш жұмбақ тақпақ ел арасына көп жайылған ойындар асық ойынының неше түрі отырып ойнайтын тұрып атып ойнайтын лекек доп ақсүйек қарабие тоқтышақ қарақұлақ айгөлек ойындары дене шынықтыруға жүйріктікке шыдамдылыққа тапқырлыққа жаттықтырмай ма есепке үйрететін ойындар мыналар тоғыз құмалақ дойбы ойындары стадиондар доп каток мұз сырғанағы бәрі тәртіпті қалыптасқан бейнеде ұйымдастырылады қазақ халқының ертеден әдетіне сіңген ұлттық қалпына жарасымды кейбір спорттық мәні бар ойындары алтыбақан әйгөлек ағаш аяқ құр-құр серке тарту салма алу теңге алу сайыс тағы басқа әлденеше ойындарды жастар ойнайды.

211-жаттығу. Мәтіннің тыныс белгілерін қойып, көшіріңіздер. Жалпылауыш сөздерге байланысты тыныс белгілерінің бірде қойылып, бірде қойылмау себебін түсіндіріңіздер. Сондықтан олардың шыңына жетіп аса батырып айтуды Абай Мағаш Кәкітай үшеуі де көп машық етпейтін. (М.Ә.) Құйрығы желбезегі қабыршағы қанаты барлығы балықтан айнымай тек қана қылқан мойны қалқан құлағы осы бір қауақ басы сол қалпында қалса екен дейді. (Ш.А.) Ғажап жұмбақ тағы бір хал бір Тобықтының ішіндегі Құнанбай жағына жаһаттас бай-жуандар ғана емес көрші Уақ Бура Сыбан Найман Керей Қаракесектегі жуан ауылдардың бәрі де бірауыздан Құнанбай жағына шықты. (М.Ә.) Ас пісіргіш еркектер мен қатын да отыншы сушы қызметшілер баршасы да осы көшпен жөнелді. (М.Ә.) Оспан Ысқақ Майбасар сияқты туыстарының барлығын ол өз қасына қоршау етіп соларға ертелі-кеш кінәшіл зілін тастап жүр. (М.Ә.) Тайдай арлан бөрімен шаппа-шап ұстасып өлердей жағаласқаны тапжылтпай ұстап өлтірткені бәрі де бұл өңірде бұл заманда болмаған балғын азамат қасиеті боп тарады. (М.Ә.)

212-жаттығу. Мәтіннің қажетті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазыңыздар. Қойылу себебін ережемен дәлелдеңіздер. Ат пен адам екеуі екі бөлек келе жатқандай. (Ш.А.) Оның осылай кетіп бара жатқаны да қоңырқай орамалдан ағараңдап көрінген бет-жүзі де қолынан жетектеген қызы да қасында қатарласа жүгірген күшігі де бәрі-бәрі Танабайға шексіз ыстық көрінер. (Ш.А.) Шаруаның жаңа өмірі үшін жер мал еңбек арман бәрі де ортақ болу үшін Танабай күреспей кім күреседі. (Ш.А.) Қолдан сырланған тумбочкалар есік-терезелердің полотно-кенеп мұхарамалары бәрі де тым жинақы сыпайы. (С.Ш.) Анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы бие бауы ауыл қонысы қой өрісі барлығы да соншалық таныс жақын. (М.Ә.) Кешкі

суға келе жатқан қалың жылқының кісіней шапқан дүбірі шаң-тозаңы болсын немесе оқта-текте азынай кісінеп үйірін іздеп шапқан мінуден босаған жас айғырлар дауыстары болсын барлығы да осы отырған ауылдардың осы кештегі тіршілік тынысын білдірген сияқты. (М.Ә.) Жігітек Көтібақ Бөкенші Торғай бәрі де әлденеше қоныс қыстаулардан алыс-ты. (М.Ә.) Бойдақ жылқыны ауыл қасына ерте айдатып келіп Құдайберді Ызғұтты Абай үшеуі ат үстінен түспей жүріп түндегі аталған он байталды іріктеп таңдады. (М.Ә.) Босқа кеткен күшті көп төкті Біржанға жел су толқын сең бәрі жабылды. (Ғ.Мүс.)

213-жаттығу. Жалпылауыш сөздері бар сөйлемдерді қатыстыра отырып мамандық жайында әңгімелесіңіздер, тыныс белгілерінің қойылу себебіне түсініктеме беріңіздер. Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықша

Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықша Жалғаулықсыз қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрамындағы жай сөйлемдер арасына үтір мен сызықшаның қойылады Салаласқа енген жай сөйлемдегі іс шұғыл түрде өткен болса, не біріндегі іске екіншісіндегі қарама-қарсы қойылып айтылса, арасына сызықша қойылады Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдердің баяндауышы сонша, сондай, сол, мынау, себебі сөздерімен аяқталса, олардан соң сызықша қойылады Шартты бағыныңқылы сабақтастың баяндауышы шартты райдан жасалып, бағыныңқы сөйлемге мән бере айтылса, одан кейін сызықшы қойылады Оларда пасықтық бар, – адамдық жоқ; қараңғы жауыздық бар, – жарқын жүз жоқ. Ти десем – тимейді, тиме десем – тиеді. Оның қорыққандығы сондай – не айтып, не қойғанын білген жоқ. Қой өлсе – қозы қалады, келер жылы өзі болады.

214-жаттығу. Құрмалас сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазыңыздар. Қойылу себебін ережемен дәлелдеңіздер. 1) Күн ашыла беріп еді тағы бір кесапат кез келе кетті мұздақ қата бастады. 2) Кеш батса қойға соқпақ табылады. 3) Ит үреді керуен көшеді. 4) Кім еңбек етсе сол тоқ. 5) Адал еңбек аздырмас арамдық бойды жаздырмас. 6) Тату болсаң балдай бол ащы болсаң тұздай бол. 7) Айырылсаң азарсың қосылсаң озарсың. 8) Гүл өссе жердің көркі қыз өссе елдің көркі. 9) Үйде шешен дауда жоқ үйде батыр жауда жоқ. 10) Келіннің үш күйеуі болады алғашқы күйеуі алтын елі екінші күйеуі ар-намысы соңғы күйеуі алған жары. 11) Жүзінде қайғы да жоқ қасірет те жоқ қорқыныш қана бар. 12) Қараңғы түнде елден адасқан адам алыстан жылт еткен от ұшқынын көзі шалғанда қандай қуанады Қартқожаға да бүгін қараңғы елдің ішінде «оқу» деген нәрсенің жарық сәулесі жылт еткендей болды. 13) Кейін ол әртүрлі әуенді көп естіді көңілдісін де мұңлысын да ұзағын да келтесін де сөзі барын да сөзі жоғын да талай-талай

естіді. 14) Жүріс-тұрысына бет құбылысына қол сермесіне көз ілеспейді бір минутте жүз құбылады. 215-жаттығу. Көркем шығармалардан құрмалас сөйлемдердің ішінде қойылатын тыныс белгілерінің әр түріне үш мысалдан тауып, кестені толтырыңыздар. Құрмалас сөйлемнің ішінде қойылатын тыныс белгілер үтір қос нүкте нүктелі үтір сызықша үтір мен сызықша

216-жаттығу. Құрмалас сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазыңыздар. Қойылу себебін ережемен дәлелдеңіздер. 1) Ағайынды бұл үшеуінің жас мөлшерлері бір-біріне жақын Балтабек жиырма алтыда Темірбек жиырма төртте Кенжетай жиырма екіде. 2) Оның мінезі де ақжарқын еді өтірікті көлгірлікті екі жүзділікті білмейтін ойына келген сөздерін айтып салатын іске шебер сөзге алғыр уәдеге берік досқа мейірімді әр уақыт шындықты ғана сүйетін ар-ұяты таза намысқой адам еді. 3) Шөкенді мен құшақтап сүйіп жатырмын өйткені ол менен жеті жас кіші және жақсы көретін інім. 4) Суық киіз үйде не таза жуынуға болмайды не таза тамақ жеуге болмайды. 5) Не сөйлеуге тілің жоқ не сөз ұғар білім жоқ. 6) Кезек-кезек шелекті не машинамен айналдырып шығарады да не атпен тартып шығарады. 7) Шолпы тағы бір сылдыр еткенде жер бауырлай ілгерілей түсіп еді жаппадан біреу тұрып жатқан сияқтанды. 8) Ыбыраш ауыл кедейлерінің басын қосып артель болу туралы сөз қозғап еді жиналған жұрт мұның сөзіне құлақ қоюдың орнына өзін тәлкек қылды. 9) Менің түк ұқпай тұрғаным саған бала керек болса Жұмекенге керек емес пе? 10) Сонша жылдан бері тұс-тұстан науалап құйылған ен байлықты аясын ба осында әнеу күннен бері әлденеше ту бие ту сиыр көпкөп қойлар сойылып соны пісіруге қала мен қырдың бармағынан бал тамған небір шебер аспаздары келіп орнағанына да едәуір уақыт болған.

217-жаттығу. Көркем әдебиеттен кестеге қажетті мысалдарды тауып жазыңыздар. Түсіндірмелі салалас құрамындағы жай сөйлемдер арасына қойылған үтір мен сызықша Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдердегі сызықша Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдердің баяндауышы сонша, сондай, сол, мынау сөздерімен аяқталғанда қойылған сызықша Шартты бағыныңқылы сабақтастың баяндауышы шартты райдан жасалғанда қойылатын сызықша Төл сөздің тыныс белгілері

Төл сөз – сөйлеушінің я жазушының өз сөзі ішінде өзгеріссіз, бұлжытпай қолданылған біреудің сөзі. Автор сөзі – төл сөзді жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің я жазушының сөзі. Төл сөз бен автор сөзі өзара тығыз байланыста қаралады. Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілері олардың орналасу тәртібіне, синтаксистік ерекшеліктеріне, интонациялық және мағыналық айырмашылықтарына байланысты қойылады.

Төл сөз бен автор сөзіне байланысты қойылатын тыныс белгілер Автор сөзі төл сөзден кейін келгенде, төл сөз тырнақшаға алынады да (немесе алдына сызықша қойылады), төл сөзден соң үтір (леп не сұрау белгісі, көп нүкте) және сызықша қойылады. – Қарным ашқан жоқ, мұғалима апай нан әкеп берді, – деді немересі. (Ш.А.) Автор сөзі төл сөзден бұрын келсе, одан кейін қос нүкте қойылады да, төл сөз тырнақшаға (немесе алдына сызықша қойылады) алынады. Көбен заң жолымен сұрауға кірісті: – Бөреш баласы Мұрат сені қалай әкетті? (Қ.К.) Автор сөзі төл сөздің ортасында тұрса, екі жағынан үтір мен сызықша (кейде біріншісінен кейін үтір (леп не сұрау белгісі) мен сызықша, екіншісінен кейін нүкте мен сызықша) қойылады да, төл сөз тырнақшаға алынады не алдынан сызықша келеді. – Тарт әрмен, – деді Оразқұл қолын бір сілтеп, – онан да ішетін бірдеңе бар ма, соны әкел! (Ш.А.) Төл сөз автор сөзінің ішінде келсе, бірінші автор сөзінен кейін қос нүкте, төл сөз тырнақшаға алынып (не алдына сызықша қойылады), одан соң үтір (леп не сұрау белгісі, көп нүкте) және сызықша қойылады. Ес: – Мен ертең ерте жүремін, ішінде болсам жақсы болар еді, – деп Көбенге қарады. (Қ.К.) Төл сөз ортасындағы автор сөзі тиянақсыз болып, одан кейін төл сөз дербес айтылатын сөйлем болғанда, автор сөзінен соң қос нүкте қойылады. – Сүйінші, қайным, көрімдік, көрімдік! – деп күлімкөз жеңгесі алдынан шыққан соң: – Алыңыз, алыңыз, көрейік әуелі, бір көйлек мойнымда, – деп төргі бөлмеге өтіп кетті. (Т.К.) Төл сөздің ішінде төл сөз келсе, алғашқысының алдынан сызықша қойылады да, соңғысы тырнақшаға алынады. – Әкем «Біреудің ала жібін аттама» деп отырушы еді, – деді ол күмілжіп. Төл сөзден кейін келген де көмекші етістігінен соң толық бір сөйлем келсе, одан кейін үтір қойылады. – Айт сөзің болса! – деді де, осы үйдегі жұрт естісін, куә болсын дегенді ойлады. (М.Ә.)

Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібін сызбамен былай көрсетуге болады. р/с Төл сөздің сызықшамен келуі Төл сөздің тырнақшамен келуі — ————, — ======. “————”, — ======. — ————? — ======. “————?” — ======. ======: — ————. ======: “————”. — ————, — ======, — ————. “————, — ======, — ————”. — ————, — ======. — ————. “————, — ======. — ————”. — ————? — ======. — ————. “————? — ======. — ————”. — ————... — ======, — ————. “————... — ======, — ————”. — ————... — ======. — ————. “————... — ======. — ————”. ======: — ————, — ======. ======: “————”, — ======. ======: — ————? — ======. ======: “————?” — ======. — ———. — =====: — ———. “———. — =====: — ———”. — ———“————”———, — =====. “———“————”———”, — =====. — ———“————”———? — =====. “———“————”———?”— =====. — ————, — деп, ======. “————”, — деп, ======. — ————? — деп, ======. “————?” — деп, ======.

218-жаттығу. Төл сөздің тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазыңыздар. 1) Өзің-ақ ойлашы несі өмір Қуаныш қайғысы болмаса дейді ақыл. 2) Ол тағы да былай дейді Дін ғылымның атасы. 3) Ақын бірде Өзгереді дүние өзгереді деп баяндайды. 4) Ақымаққа дейді ақын болмайды ақыл айтып. 5) Өсіңіз жетіліңіз тасқындаңыз дей келе Бірақ та биікпін деп асқынбаңыз деп жалғайды да Сен мықты анау осал мен орташа Бәріміз бір аспанның астындамыз деп аяқтайды. 6) Біздің халықта Қарға қарғаның көзін шұқымайды деуші еді деді. 7) Талапты ерге нұр жауар деген рас қой Сапарың қайырлы болды Енді міне бір жылдық азығыңды әкелдің деді Дос. 8) Ассалаумағалайкүм байекесі деді ол әзіл араластыра Қалай керуеніңіз аман-есен жетті ме саудаңыз сәтті жүріп жатыр ма деп өзі мәз-мейрам болып дүкеншінің қолын қайта-қайта сілкіп көрмегенімізге қаншама заман болды қош келіпсіз! 9) Ой арам қатқыр ақымақ бала дүрбісін көзінен алмастан орнынан тұрып бұзауды айдағандай қолын ербеңдетеді Естіп тұрмысың әрі әрі кет деймін Бәлтек Бәлтек қайдасың Дүрбіге көрінген үйдің көлеңкесінде маңқиып жатқан Бәлтектің онымен ісі болған жоқ Айтақ айтақ деді бала жан ұшырып итке. 10) Тыңдағанда бойың шымырлап қоя береді дейді сыбырлап атам Ой алла-ай неткен ғажайып ән еді 11) Өлердің алдында соның әнін бір естіп кеткім келеді депті Атамның айтуына қарағанда өз халқыңның әні үшін адам өмірін қияды дейді Сондай адамдардың түрі қандай болады екен көрер ме еді өздерін Мүмкін ән үшін басын беретін адамдар үлкен қалаларда тұратын шығар 12) Ерінің жаңағы сөзін осы әрекет үстінде ести сала Ол сөзді сізден бұрын Рахым айтқан Қой сауып отырған

маған жүгіріп келіп Апа бол қой сауғаныңды қой Кіші ағам қонақ ертіп келді Бол тез деп мені қолды-аяққа тұрғызбай сол әкелген жоқ па деді

219-жаттығу. Мысалдардағы төл сөз бен автор сөздеріне байланысты қойылған тыныс белгілерінің ережелерін анықтап, оларды есте сақтаңыздар. – Тыңдасайшы әуелі. Аңнан басқа алаңдатар ештеме жоқ деймісің мені, – деп саптама етігін шеше бастады. – Мына жолаушыларға Садуақасты ертіп жіберсек деп ем. (Т.К.) – Әкілдек талай жерді, талай елді аралады. Кімнің кім екенін де білесің. Мына жаманды, – деп Сәкенді иегімен нұсқап, – оқытсам ба деп ем. Ой бар, бірақ орындар шама жоқ. Орысша оқығанын жақсы көреміз, – деп Жамалға көз қиығын тастады, – бірақ соның жолын білмейміз ғой біз. (Т.К.) Қабағын қарыс жауып алған әлгі шой қара: – Е, тәйірі сонша салмақтағаныңа қарағанда күшке түсер ауыр бірдеңе екен ғой десем, – деп ыржая күліп, иығынан салмақ түскендей қозғалып қойды. (Т.К.) – Денім сау, Кәкітай! – деп, ауыл-аймақтың, әкесінің амандығын сұрап кетті. (М.Ә.) – Бұл вальс қой өзі, – деп тағы біраз ойланды да: – атына қарағанда, бір сезікті орыннан естілген күй сияқты ғой! – деп, Мұқаның жүзіне күле қарады. – Қайдан үйренгенсің?! (М.Ә.) «Иә, – деймін ішімнен тағы қайталап, – мен мұндайды әсте күткен жоқ едім ғой, Зағида. Мұнан әрі өмір не болмақшы!?» Бір кезде «дырр-ррт» деген дауыстан басымды көтеріп алсам, ат жаңа салынған қақпаға тұмсық тіреп тұр екен. (Д.И.)

220-жаттығу. Көркем шығармалардан жоғарыдағы төл сөз бен автор сөздеріне байланысты қойылатын тыныс белгілерінің әр түріне үш мысалдан тауып жазыңыздар.

221-жаттығу. Төменде берілген мәтіннің тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазыңыздар. Қойылу себебін анықтап, ережемен дәлелдеңіздер. І. Кешігіп қалдыңдар деп Шәймерден шай үстінде сөз бастады Жыл мезгілін күннің көзіне даланың шөбіне қарап ажыратуды қазақ қашан қояр екен Табаны күректей он бес күнге кешіктіңдер (Т.К.) Болды болды жетеді деді Сафура күйеуін өзінен сәл ғана итеріп Смағұл сен неге селтиіп қалдың үйге жүр (Д.И.) Шіркін-ай сөзді сатып алған ба көбірек жазса қайтер еді деді ол тамсанып Тегі ол бар ғой әуелден осылай тоқ етерін айтады да қош болмен аяқтай салады (Д.И.) Жолдастар біздің қас жауымыз капиталистер ал мына кеңседегілер олардың шабалатып қойған иттері Бірлесіп күрессек қана біз өзіміздің талаптарымызды орындата аламыз деді (Т.К.) Қандай аяулы жан дедім Мәрия туралы Жас болса да нағыз ана ғой мейірімді ана ғой ол (Д.И.) Қайыр түндегі кереметтердің қайдан шығатындығын айта келіп сөзінің аяғында Түндегі көрініп жүрген ақ боз ат та сиырдың өкіруі де бәрі де адам істеген іс Мұнда құдайдың құдіреті де кереметі де дәнеме де жоқ Бұл біздің жауымыз байлардың ісі солардың қолы Мұны біз сендерге кешке дейін-ақ ашып берейік деген еді (Ғ.Мүс.) Бірақ деп жыламсыраған үні қатқылдай түсті менің де сенен тілер бір тілегім болса сенің бермесіңе бола ма Мен сенен аналық өтініш етем Сол

қолқамды бересің бе деп баласын иығынан құшақтай түсіп жауап күтті (М.Ә.) Қандай сүйкімді әйел дедім мен оны көз алдыма тағы елестетіп Ал бірақ ол соншалықты неге мұңлы Оның күйеуі қайда неге осы кезге шейін көзіме бір түскен емес (Д.И.)

ІІ. Е-е Адамның басы Алланың добы деген ғой не боларына кімнің көзі жеткен деді кемпір күрсініп Аздан кейін ол Еламанға қайта қарап жүзін тіктеп отырып Жөніңді білмесек те жүзіңді көріп отырмын Мыналар сені кісі өлтірді деп отыр Қайдан білейін адам аласы ішінде ғой түріңе қарасам иманмен қаптап қойғандай деді (Ә.Н.) Ақкемпір келініне көз қиығын тастап Ә құдайым-ау деді ішінен қайтейін Бұ да өзгеге күледі өзіне күлетін кісі жоқ па екен сонда (Ә.Н.) Дуана еке мен мен Мамырбай ақсақалдың дей берді Орыстар алып кеткенін айтуды ұят көрді Үндемеудің тағы да жөні жоқ қалайда бірдеңе айту керек болды Маңдайын сипап көзін жыпылықтатып төмен қарап Мен Мамырбай ақсақалдың баласы едім ауылымнан адасып ауылымды таба алмай жүрмін деді (Ж.А.) Бұлардың тынышын кім алыпты деді жалт қарап Оразқұл Біреу буындырғандай өзінен өзі қызарып кетті Алжи бастағансың-ау сен шал деді Үні баяу шыққанмен шалға деген зіл бар (Ш.А.) Ойбай-ау өз көзіммен көрдім ғой Былай қарай үрке қашқан маралдар деді Момын шал бой бермей Балам-ау өзің де көрген жоқ па едің Жоқ көрдің көрдің (Ш.А.) Ол оңай ма шырағым-ау Үстіндегі жүгін былай қойғанда мына боранды көрмеймісің. Оқасы жоқ құдай қаласа ертең бәрі орнына келер Тек әйтеуір мына боран басылса екен деді Момын оларды өзінше ақтаған болып (Ш.А.) Анадай жерде бағанадан үн-түнсіз тұрған Момын шал шыдамай Не айтып тұрсың Сейдахмет бұларды атуға тыйым салынған деді міңгірлеп (Ш.А.) Ере келген өзге еркек-әйелдің бәріне Мәніке өзінің әмірлі қатаң үнімен бұйрық етіп Жә біздің ауылдың кісілері Ахкем үйінде қонақ болдың ішер асыңды іштің Ахкем деп ол қайнағасы Тәкежанды айтатын Енді қайтыңдар Малдарыңа шаруаңа жөнел түге деді (М.Ә.) Сен немене еш нәрсені сезбейсің бе деп Света қабағын көтеріп таңырқай қарады Шекарада тұрмыз (Т.А.) Әй жарқыным деп қасына келді тұрмайық біз де талап қылайық (Ә.Н.) Дуана Ақбілекке жетіп келіп А балақайым алақайым шырақайым Қайдан келесің деп басын сипады (Ж.А.)

222-жаттығу. Мәтіннің бұрыс қойылған және түсіп қалған тыныс белгілерін тауып, ережеге сәйкестендіріп, жаттығуды орындаңыздар. Қазақтың қонағы неше түрлі болады? Сырым батыр, үйіне қонып отырған қадірменді қонағы: «Төленді биден: Биеке қазақтың қонағы неше түрлі болады!» деп, сұрапты. «Қазақтың қонағы төрт түрлі болады. бірінші арнайы қонақ; екіншісі құдайы қонақ; үшіншісі қыдырма қонақ; төртіншісі қылқыма қонақ». «Ал оны қалай айырамыз»? – дегенде

«Арнайы қонағымыз, алыстан арнайы келген жақын, туыс, нағашы, жиен, құда, күйеу, қайын, сияқты жекжаттың немесе сүйікті достарың, жақсы жолдасжораң.» Міне – бұл нағыз сыйлы қонағың. Құдайы қонағымыз: өзің танымайтын, білмейтін, шалғай елден, алыс жерден, жолаушылап жүріп, ат басын тірей қалған, тосын да бөгде қонақ. Міне: бұл нағыз сауап қонағың. Қыдырма қонағымыз: ерігіп те, желігіп, үйден-үйді, ауылдан-ауылды кезіп, сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет жеп, жүрген сандалма қонақ. Міне, бұл нағыз далбаса қонағың. Қылқыма қонағыңыз: үй арасындағы, ауыл ішіндегі, түтіні түзу шыққан, үйді торып, өзінің құлқыны үшін, аузына тигенін қылқытып, жіберіп басы, ауған жаққа, тарта беретін көлденең қонақ. Міне, бұл – нағыз сұғанақ қонағың? – депті көпті көрген көне би, Төленді қарт... («Шешендік шиырларынан»)

223-жаттығу. Мәтіннің тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріңіздер. Қойылу себебін ережемен дәлелдеңіздер. Немене шпион іздеп жүрсіңдер ме деген бала солдаттан Солдат мырс етіп Әрине шпион іздеп жүрміз Бізге әлі бірде-бір шпион келіп көрген жоқ деді бала өкінішпенен Солдат күліп жіберді Саған шпионның керегі не Мен оны ізіне түсіп жүріп ұстап алатын едім ғой Мынаның мықтысын қарай гөр ондайға әлі жассың ең алдымен жігіт болу керек Осылайша алтын погоны бар әскери адам Оразқұлмен орман аралап кеткенде бала шофермен біраз әңгімелескен Мен барлық машинаны барлық шоферлерді жақсы көремін деді бала Оның себебі не деді шофер қызығып Машина деген жақсы ғой әрі тез жүреді әрі күшті сосын бензиннің де исі тамаша Шоферлердің барлығы да жас жігіттер бәрі де Мүйізді Бұғы ананың балалары ғой Не дейді не дейді мынау Мүйізді Бұғы ана дегенің немене деді түкке түсінбей солдат Ау сен білмеуші ме едің Жоқ шырағым мұндай ғажайыпнаманы өмірімде естіген жоқпын Сен өзің кімсің сонда Мен қазақпын Қарағандыда туғанмын шахтерлер мектебінде оқығанмын Жоқ сен кімнің баласысың соны айтшы Әке-шешемнің баласымын Олар кімнің баласы Олар да өз әке-шешесінің баласы

Ал олардың әке-шешесі кімнің баласы Шырағым-ау сен бұлай сұрай берсең дүниенің түбіне жете алмассың Ал мен болсам Мүйізді Бұғы ананың балаларының баласымын Оны саған кім айтты Атам айтқан Шырағым мынауың бір шамаға соқпайтын дүние екен деді солдат балаға басын шайқап (Ш.Айтматов «Ақ кеме») 224-жаттығу. Мәтіннің тыныс белгілеріне назар аударып, қойылу себебін түсіндіріңіздер. Ертегілердің тағы басқа қандай жолдармен басталатынын еске түсіріп, мысал келтіріңіздер.

Әже ертегілері Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Әуелі Абай ауыра бастағанда бір күні кешке ұйықтай алмай жатып, әжесінен әңгіме айтуды сұрады. Сонда ол ойланып тұрып: – Е, е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? – деп, кішкене тақпақтап бастап еді. Абай соны ұғып қапты. Келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесін тізесінен қағып: – Е, е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? – деп, тағы да әңгіме тілегенін білдіруші еді. Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ – Жайық», «Жұпар қорығы», «Құла мерген» – бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кеште де, тіпті кеш бойы да Абай айтқыза беретін болды. (М.Әуезов «Абай жолы»)

Тыныс белгілерін қайталау

225-жаттығу. Ж.Баласағұнның даналық сөзіндерін оқып, есте сақтаңыздар. Тиісті тыныс белгілерін қойып, жаттығуды көшіріңіздер. 1) Тіл арыстан есік баққан ашулы Сақ болмасаң жұтар ерім басыңды 2) Қалар мұра сөз кісіден кісіге Сөзді мұра тұтсаң пайда ісіңе 3) Кісі көңілі түпсіз теңіз ойласаң Білім інжу түбінде анық қойма сан 4) Кісі мәңгі болмас мәңгі ат ары Мәңгі қалар оның жақсы атағы 5) Тірі өледі жер төсеніш жастығың Аты өлмейді өлсе де өзі жақсының 6) Жамандық от от күйдіріп өтеді Жолын бөгер күш жоқ күл қып кетеді 7) Ақыл көркі тіл тілдің көркі сөз Кісі көркі жүз жүздің көркі көз 8) Ақыл шырақ қара түнді ашатын Білім жарық нұрын саған шашатын 9) Білім байлық азаймас һәм жоғалмас Еш қарақшы ұрыға да тоналмас 10) Біліктіге білім күллі тон асы Білімсіздің қылығы сұм жолдасы 11) Құттың құты ердің ізгі есімі Ізгі аты мәңгілік құт есігі 12) Ұстамды боп һәм көзіңе қарағын Ұстамды әзіз алар күллі аларын Үш нәрседен жүр алыс сақ байқағын Бірі қыңыр қисық болма айтарым Бірі жалған сұғанақтық үшінші Үшеуінің түбі қорлық түсінші Кісі сөгіп ұсақ сөзге берілме Дұрыс сөйле теріс-қағыс керілме Өзіңді адал ұста адалдық киелі Бектер адал адалдықты сүйеді 13) Жаһан заңы

құрмет тұту үлкенге Үлкен келсе тік тұрып күт іркілме Ұлыға кішік құрметі бек жарасар Кішіге ұлық құрметтесіп санасар 14) Жібек мінез қыз-келіншек шырыны Біле білсең әйел көркі қылығы 226-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, тыныс белгілерін тауып қойыңыздар. Өлсе өлер табиғат адам өлмес Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес Мені мен менікінің айрылғанын Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес Көп адам дүниеге бой алдырған Бой алдырып аяғын көп шалдырған Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы Өлмейтұғын артына сөз қалдырған Кім жүрер тіршілікте көңіл бермей Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей Міні қайда екенін біле алмассың Терең ойдың телміріп соңына ермей

Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас Екеуі тап бірдей орныға алмас Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың Иманын түгел деуге аузым бармас (Абай) 227-жаттығу. Мәтінді оқып, сөздердің білдіретін мағынасын есте сақтаңыздар. Тиісті тыныс белгілерін қойып, жаттығуды көшіріп жазыңыздар.

Мәулен – ұрғашы мысық Күнделікті өзіміз пайдаланып жүрген кейде әредік қана естілетін сөздердің де түптегін яғни мән-мазмұнын біле бермейміз Айталық мәулен алан абдан мәлике әңгі әздек жусақ марғау шағал мамыр ызақор сынды сөздердің мәнін біреу білсе біреу білмейді Осындағы мәулен мәлике абдал дегендер адамдардың есімі ретінде кездеседі Ызақор мамыр марғау сөздерін жиі қолданамыз Алан әңгі әздек жусақ сөздерінің көне екені көрініп тұрғандай Дегенмен тегіне үңілсек мұның бәрі біз бен сіз жақсы білетін жан-жануарлардың есімі Сөзімізді анықтай түссек мәулен ұрғашы мысық алан барыстың күшігі абдан арыстанның баласы мәлике ұрғашы жылан әңгі есектің еркегі әздек жас еркек есек жусақ 1 жасар тау ешкісі яғни туша марғау мысықтың есейген баласы шағал қорқау қасқыр мамыр әлі ұшпаған отқа семірген балапан қаз ызақор арыстанның еркегі (Д.Қожаберген) 228-жаттығу. Төмендегі салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазыңыздар. Салаластың қай түріне жататынын анықтаңыздар.

Оңтүстіктен ыстық жақтан келгені бірден байқалады жүзін күн қақтап тотығып кеткен. Сүйрік саусағымен іліп тастағысы келіп еді күннің ерке нұры кеткісі келмеді оның томпиған бетіне шығып алды. Бірде сөнеді бірде жануға бет алып шоқтанған темекінің ақшуланған түтіні үзіле дөңгеленеді бірде ол қоюлана бұрқырайды. Бұл ой Абайға ең алғаш келген ой еді және өз ойы сияқты көрінді. Әзіл де жарасты мінез де үйлескендей болды. Бұл Абайдың да ойы еді бірақ ол іштегі рахат күйін бұл арада сөзбен айтып жеткізе алар емес. Сапардың сүйетін екі нәрсесі бар-ды біріншісі көгершін ұшыру да екіншісі көл бетінде қайықпен жүзу болатын. Әлдекім хабарлап қойған болуы керек қызбозбала дүркірей қашып шықты. Перизат сұрап үлгере алмады өйткені машина гүр етті де сырғи жөнелді. Тұңғиық қара теңізге қара дауыл соқты сондықтан теңіз шайқалып күңіренді. Маған жолға жеткендей қаржы жіберсін болмаса мен бара алмаймын. Әлде шайға құмартқан ба әлде Мария апайдың сөзі жылы тиді ме ана стаканды қолына алды. Біресе терезеден қараңғы түнге қадала қарайды біресе стол үстіндегі жаюлы жатқан картаға үңіледі.

229-жаттығу. Төмендегі сабақтас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазыңыздар. Сабақтастың қай түріне жататынын анықтаңыздар. 1) Дәл сол кезде есік сарт етіп ашылып Наргүл кіріп келді. 2) Көңілденіп істесе жұмыс өнімді болмақ. 3) Күн ашық болғанмен шытқыл аяз екен. 4) Дос қолындағы етікті қайта сілтей бергенде Ақкемпір ақырып тыйып тастады. 5) Оған көңіліңді аудара бергенше көзің қыдырып жүріп тағы бірдемені тауып алады. 6) Мұғалім келісімен Қарашолақ азаматтары жиналып кеңес құрды. 7) Әттең бір атым насыбай деп отырғанда бір шақша алдына келіп топ етті. 8) Мағаштар жауыз зорлықтың бар көлемін ашқалы Абай қатты қиналып тыныштық ала алмады. 9) Аңшы осы жерге жақындай бергенде бұғы үш аяқтап өрге қарай ата жөнелді. 10) Халық өз бақыты үшін күресетінін өзі білсе оған ешбір жау төтеп бере алмайды. 11) Күздің санаулы күндерінің бірі бола тұра ауа райы жақсы еді. 12) Балалық мінезі әлі қалмағанмен өзін үлкен адамдарша ұстағысы келеді. 13) Залда жүрген адамдардың бәрі қолтықтасып жүрген соң сұр жігіттің бұл қолтықтасуы Раушанға манағыдай ерсі көрсетеді. 14) Аспан ақтарылып жерге түскендей бес минуттың ішінде жер беті көл болып кетті. 15) Ұзын кірпіктері қыбыр-қыбыр етіп Манар әлдене бір шуылдаған дыбыстарды естіп жатты. 16) Бүгін бірер керек кітабын алып шықпақ болып өзі жалғыз кіріп еді.

230-жаттығу. Құрмалас сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазыңыздар. Қойылу себебін ережемен дәлелдеңіздер. Есенейге екі нәрсе өтпейді оқ өтпейді сөз өтпейді. (Ғ.Мүс.) Той жабдығына арналған бүкіл салтанатты мәзір осында әйдік тай қазандарда палау басылып бірнеше жерден қазылған жерошақтарда терісін тұтас сыпырған қой-ешкі қара малдардың еттері қақталып жатыр. (Р.Тоқт.) Қазірде де ала көлеңкеде кәрі әжесі байқап отыр ән тоқтай қалса кішкентай қыз қарақаттай қап-қара көздерін

ашып алады. (М.Ә.) Цин сарайы тағы да екіге жарылды Маншың әкімдерінің бір бөлігі көтерілісшілерді жақтаса екінші бір тобы шетелдіктермен қатынасын үзгісі келмеді. (Қ.Жұм.) Оның тез үйреніп кеткені сондай үйге кірсем бірге кіреді далаға шықсам ол да шығады бір жаққа барам десем бірге барам дейді тегі екі елі ажырамайтын емес. (Б.Н.) Азғантай оқымыстылар ала бірі Советті қолдаса бірі байды қолдайды. (Ғ.М.) Қосар түрде сөйлегенде жай етістіктер мағына беруші болып алда жүреді көмекші етістіктер өзгеруші болып сонда жүреді. (А.Б.)

231-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, тыныс белгілерінің қойылу себебін анықтаңыздар. Ей, балалар, балалар! Бірің – шекер, бірің – бал Бірің – қайың, бірің – тал. Жас кезіңде ойнап қал, Ойнап жүріп, ойлап та ал, Ой түбінде жатар бал! Илеуінде қайнаған, Жазды еңбекпен жайлаған. Ұзақтан дән тасыған, Досына жаны ашыған, Құмырсқаға көзің сал! Жұмысын көр! Тәлім ал! Гүл-гүлден шымшып бал жиған, Жесін деп сендер ол жиған. Қанатын желге сындырған... Сонда да жұмыс тындырған Бал араға көзің сал! Жұмысын көр! Тәлім ал! Кітаптың беті гүл-лала. Оқыған бала – бал! (Ө.Тұрманжанов) 232-жаттығу. Үзіндіні оқып, тиісті тыныс белгілерін қойып шығыңыздар.

Үй іші (Үзінді) Жұман аз нашар атаның тұқымы Жұман дегенім әлгі Қартқожаның әкесі Жұман момын адам кісіден тіленбейді кісіге жағынбайды бес уақыт намазын оқып А құдай бергеніңе шүкір деп барға қанағат жоққа сабыр ететін бір бейуаз Жазы-қысы төртті-бесті қарасын өзі айналдырып қаласына да өзі шығады қорасының жыртық-тесігін өзі бүтіндейді Ол сұғанақтық етіп біреудің дүниесін пайда қылған жан емес ел екі ұдай партия болғанда да байлардан ат мініп ақша алған жан емес Ауыл-аймағы қай жаққа кетсе Жұман да солармен бірге Үзіпжұлып шығатын артық білімі де жоқ әйткенмен бір қазақтан ақылсыз да емес

желікпен бұзықтықпен ісі жоқ Ол бұзылған адамдарға сенеді жабықса тарықса құдай жеткізер деп жұбаныш қылады Қысқасы ол тірі пендеге зәбірі жоқ құдай деген қоңыр адам Оның алданышы азбыншы ораза ашары оның қуаты қуанышы үш-төрт қарғасы үшеуі еркек бірі әйел бала Жасынан қалың беріп жыл сайын аз-аздан малынан құтылып тұңғышының аяғын шырмады Қызын аман-есенінде құтты жеріне қондырды Қартқожа болса сабақ оқып жүр Кенжеқара әлі бесікте Қартқожаның шешесі де бір түрлі момын біртоға жан Күйбеңдеп шаруасын істеп балаларының үсті-басын бүтіндеп анаған да мынаған да Қарағым шырағым дегеннен басқа бар дәмін кісіге бергеннен басқа бөтен мінезі жоқ Кей қатын аузы сүйреңдеп өсек айтады енді біреулер ауылды басына көтеріп шаңқылдап баласын байын қарғап жатады Ондайдың бірімен ісі бола ма екен Жо-жо-жоқ Қайта ондайды естігенде Беу осы байғұстың тілінің жаманы-ай деп тыжырынып жаратпайтын еді (Ж.Аймауытов «Қартқожа»)

233-жаттығу. Тыныс белгілерінің қойылуы мен қандай қызмет атқарып тұрғанын талдап айтып беріңіздер. Қазақ тілі бай, таза, іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз. Бірақ құр бай, таза деумен ғана тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да түу басында біздікі секілді таза да, бай болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөздері қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық. Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлдарда оқып қайтқандарымыз да бар. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр. Бұлар елге келіп жас балаларды оқытады. Сөйтіп, шет тілдер елдегі жас балаларға жұғады. Жас балалар – келешектегі бір буын халық. Бұрынғы қазақ арасына тарап жүрген қисса-хикаялардың бәрі ноғайша, арабша аралас тілмен жазылған. Орысша оқығандарымыздың көбі екі сөздің біріне орысша қатынастыруды үйреніс қылып алған. Осыдан топшылауға болады, таза деген қазақ тілі де күн бұрын сақталуына қас қылмасақ – біртебірте бұзылып кететіні. Қазақ тілінің мұндай жолмен бұзылып кетуін көбіміз сезбей де қаламыз. (М.Дулатұлы)

234-жаттығу. Өлеңді дауыс ырғағын құбылта, мәнерлеп оқып, тыныс белгілерінің ролін түсіндіріңіздер. Тазалық жөнінде өз ойларыңызды ары қарай өрбітіңіздер.

Міне, сонда тазалық! Қандай болар тазалық, Енді соны жазалық. Киім таза болғанмен, Жүректе болмай арамдық, Қоғамға қол сұқпаса – Міне, сонда тазалық! Шын тазалық – жүректе, Шын сұлулық – еңбекте. Көптің малын ұрлама. Ынтымақты болсаңдар, Сырттан жау кеп алар ма! Досыңа да адал бол, Сезімін сатып пұлдама – Міне, сонда тазалық! Ескі әдетті тастаңдар, Жаңа жолға бастаңдар – Міне, сонда тазалық! Қоғам мүлкін қорғаңдар, Сенімді бол бар жанға. Адал болса жүрегің – Жұрт ілеспей қалар ма! Жауыңа да әділ бол – Міне, сонда тазалық. (К.Әзірбаев) 235-жаттығу. Мәтінді оқып, тыныс белгілерін қойыңыздар.

Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім Ноғайлының ханы Әз Жәнібек халықты жиып Үш арсыз үш ғайып үш жетім болады соны кім табады депті Жиылған халық көп дағдарып Үш арсыз ұйқы арсыз күлкі арсыз тамақ арсыз Үш ғайып қонақ ғайып несібе ғайып ажал ғайып деп шешіпті Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты Сонда Әз Жәнібек хан Елде келмеген кім қалды деп сұрапты Келмеген Қарабас шешен қалды депті халық Әз Жәнібек Қарабасты шақыртып алып әлгі сөздің шешуін сұрапты Сонда Қарабас Жетім үшеу емес бесеу еді ғой Оты жоқ жер жетім Басшысы жоқ ел жетім Елінен ауған ер жетім Тыңдаушысыз сөз жетім Жоқтаушысыз қыз жетім дейді Сонда Әз Жәнібек Сенің атыңды қоюшы адам ақылсыз екен Қарабас дегенше Алтынбас десе болмай ма деген екен (Шешендік сөздер)

236-жаттығу. «Тыныс белгілері – шығарма ажары» тақырыбына ойтолғау жазыңыздар. 237-жаттығу. Өлеңдегі тыныс белгілерінің қойылу мәнін түсіндіріңіздер. Бір адамға Бір үйде жиюлы екен қазына мал, Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал: «Бұрынғы атамызға сыйға берген, Біздерде мынадай бар, мынадай бар?..» Ол рас, аталарың шенге алыпты, Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты. Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын, Оқа, түйме, сылдырлақ теңге алыпты! Суреттер және көрдім жүзі жарқын, Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын», Соншама құны толық бұлды түйме, Артында қалдырмас па жақсы даңқын?

Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз, Артқыға қандай егін еккеніңіз? Жусақ та денемізден кетер емес, Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз». Көргенде күміс кесе, алтын аяқ, Бір сөзді тамағыма қойдым таяп: «Қай момынның малы бар бұл аяқта?» Демейінше болмады, қарап жай-ақ! Отырдым, көрсем жекіп тастар ма деп, Шал айтты: «Көріңіздер, жасқанба», – деп, Кесені қолыма алып қарай бердім: Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп. (С.Торайғыров)

238-жаттығу. Қате қойылған тыныс белгілерін тауып, тиісті орнына қойыңыздар. Сараңдық пен жинақтылық Бірнеше тәуір кісілер, бір жетім-жесір қалған үй үшін жылу жиямыз деп әр үйге қыдырып барып жүріп бір байдың үйіне келсе бай жұмыскеріне: «бір кішкентай жіпті жаңбырда, ұмытып далада қалдырыпсың», – деп қатты ұрысып тұр екен. Ұрысып тұрып айтады «Сен білмейсің ол кішкентай ғана жіп те болса, малға сатып алынған нәрсе: малдың табылуы оңай емес» – деп. Мұны естіп; көріп; әлгі жолаушылар өзді-өзі сөйлесті – Бір жаман жіпті далада ұмытып қалдырдың, – деп сонша кейіп тұрған адам бізге еш нәрсе бере қоймас, аузымызды ауыртпай, келген ізімізбен қайталық. Ішінде біреуі айтты: «Неміз кетіп барады, келген соң бұған да айтып кетелік». Бұл сөзбен байға келіп, сәлем берді. Бай бұларды әдеппен үйіне кіргізді. Сонан соң, келгендердің жұмысын естіп, сол жердің өзінде бөтендерге қарағанда екі есе ақша шығарып берді және мұнан басқа төрт-бес қап астық

беремін деп уәде етті. Мұнысын көріп жолаушылар таңданып отырды да, өздерінің далада байды сараңға қойғандарын айтысты. Сонда бай айтты: «Аз нәрсені азсынбай, қадірін біліп жинағаннан осындай кем-кетікке жәрдем беруге қолым жетісті; жинақтылық: сараңдыққа қосылмайды?» – деді. (Ы.Алтынсарин)

239-жаттығу. Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіздер. Жастарымыз отаншыл болсын. Отаншылдық – әр адамға керекті ең ұлы қасиет. Ал отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, сол ата-анадан бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады. Өйткені өз әке-шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Үйде бауырмал болмаған, түзде интернационалист болмайды. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді. Өз ұлтын жақсы көрмеген, өзге ұлттарды ұнатпайды. Мұны ұлтшылдықпен шатастырмау керек. Екеуі аспан мен жердей екенін жастар ажырата білуі шарт. Намыс – азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана намыс болады. Оларды ұялтпайын, сүйегіне таңба түсірмейін, өлсем өлейін, бірақ атаанамды, ағайын-жұртымды жерге қаратпайын дейді. Ер жігіттің елі – ата-анасы, Отаны – өз үйі. Патриотизм – «Отаным сені сүйемін. Сен үшін құрбан болуға әзірмін» деп құрғақ сөзді гүмпілдете беру емес. Ол – формализм. Елді, жерді, Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде. Ата-анасын сыйлаған шәкірт, студент сабағын да жақсы оқиды, тәртібін де дұрыс ұстайды, шаруакер, адал, әділ болып өседі. (Ә.Нұршайықов)

240-жаттығу. М.Мақатаев өлеңін мәнерлеп оқып, тыныс белгілерінің қойылу мәнін түсіндіріңіздер. Егер сіздер осы өлеңді қабылдаудағы өз тебіреністеріңізді жеткізгілеріңіз келсе, онда қандай тыныс белгілерін қосқан болар едіңіздер? Ойларыңызды дәлелдеңіздер. Музаға Отырғанын қарашы күйім келмей, Қайда кеттің? О, Муза! Құйын желдей. Аузымды ашсам, өкпемнен жел үреді, Қаңыраған иесіз диірмендей. Мұздатады жанымды бұйым көрмей. Жел үреді желпініп, көрік-кеудем, Күйім келмей отырмын неліктен мен?! О, Муза! Қайдасың сен желік берген? Жалын мен отқа ғана ерік берген Серігім, қайдасың сен сеніп келген?

Дәптер жатыр парағы аударылмай, Аударылмай шынымен қалғаны ма-ай! Ойлар жатыр еңсемді бір көтертпей, Тонна-тонна қорғасын салмағындай. О, Муза! Әуреге салғаның-ай! Күтемін сенен үміт, сенен жігер, Қисаң маған, биік пен тереңді бер! О, Муза! Маған алыс сөреңді бер! Ғайыптан кел де, мені демеп жібер. (М.Мақатаев) 241-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, сөйлем ішіндегі тыныс белгілерінің қойылу мәнін түсіндіріңіздер.

Байұлы Байұлы жеті жасар күнінде ел көшіп, көп балалар: біреу тайына, біреу атына мінгенде, бір бала жыламсырап қарап тұрып қалады. Мұны көріп, Байұлы қасына барып: – Сен неге атыңа мінбейсің? – деді. Бала қамығып: – Атым жоқ, көшкенде әжеммен түйеге мінуші едім, – деді. Сонда Байұлы аттан түсіп, жаяу әкесіне барып: – Мен атқа мінгенде, ер-тоқымымен маған бір жорға тай атап едіңіз, сол тайымды біреуге берсем, сіз ұрыспайсыз ба? – деді. Әкесі: – Кімге бересің? – деді. Бала қысылыңқырап тұрып, жаяу жылап тұрған жарлының баласын көрсетті. Бұған әкесі де түсініп, бетінен сүйіп: – Тайыңды кімге берсең де ерік өзіңде, – деді. Сонан соң Байұлы қуанып, тайды ерттетіп, манағы балаға әкеп беріп, қасына ертіп алды да, шауып кеп, көп балаға қосылды. Сол уақытта бір ақсақал жақсы кісі қонақ болып жатыр екен; Байұлының әлгі мырзалығын көріп, разы болып, сыртынан бата берді: – Ей, құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер, – деп. Сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында Байұлынан он екі ұл туып, бәрі де асқан бай, руға бас болды. Он екі ата Байұлы деген ру сонан болды деседі. (Ы.Алтынсарин)

242-жаттығу. Мәтіннің тиісті тыныс белгілерін қойып, ережесін түсіндіріңіздер.

Сөздің атасы мен анасы Қаздауысты Қазыбектің атағы шығып тұрған кезде аулына бір саудагер келіпті Түстеніп болған соң Қазыбекке Сізден бір сөз сұрайын деп едім депті Бір керуен едік өзара дауластық та ойластық та бірақ шешуін таба алмай қойдық Сөздің атасы кім анасы кім Қазыбек ойланып қалады Япырай өзбектің саудагері ғана білмейді екен десек қазақтың Қазыбегі де білмейді екен ғой биыл таппасаңыз ендігі жылы табарсыз деп саудагер үйден шығып кетеді Қазыбек орнынан ұшып тұрып іле-шала тысқа шықса саудагер асығыс атқа мініп қалған екен Япырай саудагердің ісі сарт-сұрт деген рас екен ғой Артыңа қарамай аттанғаның не Әлгі сөздің шешуін іздеп ендігі жылы тағы келіп саудаңнан қаларсың артыңа қарамайтын болып кет Сөздің атасы бірлік анасы шындық Жолың болсын жүрген жеріңе айта жүр депті Қазыбек (Шешендік сөздер)

243-жаттығу. Мәтіндердің қате қойылған тыныс белгілерін тауып, тиісті орнына қойыңыздар. І. Адамгершілік дегеніміз: дүниедегі ең асыл қасиет. Адам жанының рухани тазалығы, оның қоғамдағы, жеке адамдар арасындағы игі істер, бауырмалдық, туысқандық, жанашырлық, сыпайылық, әдептілік, сый-құрметтіліктің – бәрі де – адамгершіліктің ұшқыны. Адамдарды қызметіне, жағдайына, киіміне, сырт көрінісіне қарап бағалау дұрыс емес. Қызмет те, орта да, киім де уақытқа байланысты өзгеретін нәрсе, өзгермейтін тек жан сұлулығы да; сонымен бірге, жүрек жылуы болуға тиіс. Адамның адамгершілік қасиеті әрқашан биіктен ізеттілікпен көрінуі парыз. Ел басына күн туған қатерлі жылдары – жанын шүберекке түйіп; Отанын, туған жерін, болашағын қорғаған абзал әкеаталарды, еңбек ардагерлерін, үлкендерді сыйлау, құрметтеу, кішіге қамқоршы болу (жастардың абыройлы борышы). Адамгершілік қасиетімізге кір келтірмейік.

ІІ. Тымақ: ерлердің қысқы бас киімі. Оны – аңның, малдың терісінен тігеді. Осыған орай ол: түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең тымақ, пұшақ тымақ, – деп атала береді. Бұрын қазақ елі қай жүздің, қай рудың адамы екенін осы тымағына қарап та тани берген. Яғни, «Арғын тымағы», «Жалайыр» мен «Найман тымағы» немесе «Торғай тымағы», «Семей тымағы» деген үлгілері болған. Тымақ: биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке, жотаны жауып артқы етектен тұратын жылы бас киім. Сыртын берік және жақсы, қымбат маталармен тыстайды. Екі құлағына ызбалы бау тағады. Етегін төбеге қайырып қою үшін тымақтың артқы жағына тобылғыдан немесе арша сияқты берік ағаштан тиек

жасап қадайды. Оны «құрысқақ» дейді. Ескілік киімі деген өлеңінде данышпан Абай былай деп жазған: – Күләпара бастырған, пұшпақ тымақ, Ішкі бауын өткізген тесік құлақ. Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап, Артын белге қыстырған бар құрысқақ. Тымақ: қасиетті бас киім. Оны айырбастауға болмайды: аяқ тигізбейді. Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға мұра есебінде қалып отырған. Бұрынғы қазақтар шала туған баланы неше күні кем болса; сонша күн тымаққа салып; кереге басына іліп қоятын болған. Бұл да – тымақтың қадірі мен қасиетін бейнелейтін көріністердің бірі деп түсіну керек. (С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»).

244-жаттығу. Сөйлемнің тыныс белгілеріне назар аударып, неліктен қойылып тұрғанын түсіндіріңіздер. Сөздің құдіреті жайында өз ойларыңызды білдіріңіздер.

Сөз құдіреті Баршамызды да ана тіліміздің көсегесін көгертіп, қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің қамы, туған тіліміздің тылсым иірімдеріне деген құмарлық толғандырары аян. Мен тіл маманы не әдебиет маманы емеспін. Тек ана тілін құлай сүйетін жандардың бірімін. Сөз құдіреті! Оның бітпесті бітірген, жетпесті жеткізген, үзілгенді жалғаған мүмкіндігі. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өкінішке толтырса, бір ауыз орынды айтылған пікір жадыңда жатталып, қуанышқа, бақытқа жеткізері ақиқат. Ұлы ғұламалар сөз құдіреті туралы талай ұлағатты ойлар айтқан. Артына 90 томдық туынды қалдырған орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой: «Сөз – ұлы нәрсе. Оның ұлылығы мынада: сөзбен адамдарды біріктіруге болады; сөзбен оларды алшақтатуға да болады; сөзбен махаббат отын тұтата аласың; сөзбен жауласуға да, арбасуға да барасың. Адамдарды бір-бірінен алшақтататын сөзден сақтан. Тіл – ұлттың жан дүниесі», – деген. Иә, тіл – ұлттың жан дүниесі! Расында да, қазақ халқының басында талай қиын нәубеттің, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Қоралап айдаған малдың қиқулап қуса, жаудікі екендігін, борандадып соқса, жұттікі екендігін, үйге жиған жиһаз-мүлкін, бағалы тастарын, халық айтқандай, «Арпа-бидай ас екен, алтын-күміс тас екендігін» өмір талай дәлелдеді. Осындай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып кетер бар байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана. (Ө.Озғанбаев)

Пунктуация бөлімі бойынша тест тапсырмалары

  1. «Пунктуация» деген сөздің латын тілінде білдіретін ұғымы А) үтір В) жақша С) нүкте Д) кідіріс Е) интонация 2. Үтірді алғаш рет кітапқа енгізген адам А) Н.Н.Пантусов В) С.Е.Малов С) Альд Мануций Д) Марк Теренций Варрон Е) Вараручи Катьяна 3. Мазмұны әуендес болып келетін бірыңғай сөйлемдердің әрқайсысынан кейін қойылатын тыныс белгісі А) көп нүкте В) қос нүкте С) нүктелі үтір Д) леп белгісі Е) сұрау белгісі 4. Ма, ме, па, пе, ба, бе шылауларынан кейін қойылатын тыныс белгісі А) леп белгісі В) сұрау белгісі С) нүкте Д) көп нүкте Е) қос нүкте 5. Сөйлем ішіне оның бір мүшесі ретінде кіргізілген дәйексөзге қойылатын тыныс белгісі А) сұрау белгісі В) леп белгісі С) нүкте Д) үтір Е) тыныс белгісі қойылмайды 6. «Бұлар өндіріс озаттары» деген сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгісі А) сұрау белгісі В) леп белгісі С) сызықша Д) үтір Е) тыныс белгісі қойылмайды 7. Ол, бұл деген есімдіктерден болған бастауыштар көпше тұлғада тұрса, олардан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? А) сұрау белгісі В) леп белгісі

С) сызықша Д) үтір Е) тыныс белгісі қойылмайды 8. Бастауыш –ған/-ген, -қан/-кен жұрнағымен жасалған есімшеден болса, баяндауыш зат есім, есімше, есімдіктен жасалғанда, бастауыштан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? А) сұрау белгісі В) леп белгісі С) сызықша Д) үтір Е) тыныс белгісі қойылмайды 9. Бастауыш зат есімнен не сілтеу есімдігінен, баяндауыш есімшеден болғанда, екеуінің арасына қандай тыныс белгісі қойылады? А) сұрау белгісі В) леп белгісі С) сызықша Д) үтір Е) тыныс белгісі қойылмайды 10. «Жаяу Мұса Біржан бастаған Арқадағы әншілер тобының көрнектілерінің бірі» деген сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгісі А) сұрау белгісі В) леп белгісі С) сызықша Д) үтір Е) тыныс белгісі қойылмайды 11. Бастауыш бірі, біреуі, екіншісі, біріншісі, көбі деген сөздерден, баяндауыш атау тұлғадағы зат есім мен –у жұрнақты етістіктен басқа сөз таптарының бірінен болса, бастауыштан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? А) сұрау белгісі В) леп белгісі С) сызықша Д) үтір Е) тыныс белгісі қойылмайды 12. Бастауыш бірі, біреуі, екіншісі, біріншісі, соңғысы деген заттанған сан есім, сын есімдерден және көбі деген сөзден, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен не тұйық етістіктен болғанда, бастауыштан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? А) сұрау белгісі В) леп белгісі С) сызықша Д) үтір Е) тыныс белгісі қойылмайды 13. Бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің басқа бір мүшесімен шатасып кететін болса, одан кейін қандай тыныс белгісі қойылады?

А) сұрау белгісі В) леп белгісі С) сызықша Д) үтір Е) тыныс белгісі қойылмайды 14. Сөйлемнің бір бөлігі мұның себебі, оған себеп деген сияқты сөздерден жасалып, екінші бөлігі тұтас сөйлем болып келсе қандай тыныс белгісі қойылады? А) сұрау белгісі В) леп белгісі С) сызықша Д) қос нүкте Е) тыныс белгісі қойылмайды 15. «Бар болғыр, жай болушы ма еді?» деген сөйлемдегі үтірдің қойылу себебі А) қыстырма сөз В) қаратпа сөз С) оңашаланған айқындауыш Д) құрмалас сөйлем Е) одағай 16. Бастауыш зат есім не заттанған басқа сөз таптарынан болып, баяндауыш болымсыздықды білдіретін емес сөзі тіркескен есімдердің бірінен болса, бастауыштан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? А) сұрау белгісі В) үтір С) сызықша Д) қос нүкте Е) тыныс белгісі қойылмайды 17. Мақал-мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде сөйлемнің баяндауышы түсіріліп, ықшамдалып айтылғанда, бастауыштан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? А) сұрау белгісі В) леп белгісі С) сызықша Д) қос нүкте Е) тыныс белгісі қойылмайды 18. Сөйлем мүшелерінің әдеттегі орны ауысып келгенде қойылатын тыныс белгісі А) сұрау белгісі В) леп белгісі С) сызықша Д) қос нүкте Е) тыныс белгісі қойылмайды 19. «Байқаймын, ол мені танитын адамға ұқсайды» деген сөйлемдегі үтірдің қойылу себебі

А) қаратпа сөз В) қыстырма сөз С) одағай Д) оңашаланған айқындауыш Е) бірыңғай мүше 20. «Пәләй Мақұл-ақ Ал ендеше мен нені айттым!?» деген сөйлемде қойылатын тыныс белгісі А) леп белгісі В) сұрау белгісі С) сызықша Д) қос нүкте Е) тыныс белгісі қойылмайды 21. «Ә дегенше жетіп келді» деген сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгісі А) нүктелі үтір В) үтір С) сызықша Д) қос нүкте Е) тыныс белгісі қойылмайды 22. «Тобықты ішіне ең алғаш келген арба осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады» деген сөйлемдегі үтірдің қойылу себебі А) қаратпа сөз В) қыстырма сөз С) одағай Д) оңашаланған айқындауыш Е) бірыңғай мүше 23. «Ұлы орыс халқының бай мәдени мұрасының бір саласы – оның тамаша мақалдары, мәтелдері – қазақ халқына аудармалар арқылы таныс болып, халық игілігіне айналып келеді» деген сөйлемдегі сызықшаның қойылу себебі А) қаратпа сөз В) қыстырма сөз С) жалпылауыш сөз Д) оңашаланған айқындауыш Е) бірыңғай мүше 24. Белгілі бір себептермен ойдың аяқталмай қалғандығын немесе сол ойдың ар жағында айтылмай қалған тағы бір ойдың бар екендігін не болмаса, асығыпаптығып сөйлеуге байланысты айтылмақшы пікірдің толық айтылмағандығын білдіру үшін қойылатын тыныс белгісі А) үтір В) нүкте С) көп нүкте Д) қос нүкте Е) сұрау белгісі 25. Бірыңғай мүшелердің алдынан жалпылауыш немесе жалпылауыш мәнді сөздер келсе, жалпылауыш сөздерден кейін қандай тыныс белгісі қойылады?

А) үтір В) нүкте С) көп нүкте Д) қос нүкте Е) сұрау белгісі 26. Жалғаулықсыз салаласқан жай сөйлемдердің алдыңғысының мағынасы соңғы жай сөйлемдер арқылы айқындалып тұратын болса, мұндай жай сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады? А) нүктелі үтір В) нүкте С) көп нүкте Д) қос нүкте Е) сұрау белгісі 27. Түйген ойды, қағидаларды, ережелерді дәлелдеу мақсатымен алынған сөйлемдердің алдында мысалы деген сөз қолданылатын болса, одан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? А) үтір В) нүкте С) көп нүкте Д) қос нүкте Е) нүктелі үтір 28. Баяндауыштары тұлғалас сөйлемдер бірін-бірі толықтырып тұратын болса, ондай салалас құрмалас сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады? А) үтір В) нүкте С) көп нүкте Д) қос нүкте Е) нүктелі үтір 29. Жалпылауыш мәнді сөйлемнің мәнін ашып тұратын шартты бағыныңқылы сабақтас құрмаластар қандай тыныс белгісімен ажыратылады? А) үтір В) нүкте С) көп нүкте Д) қос нүкте Е) нүктелі үтір 30. Баяндап отырған мәселеге автордың көзқарасын, өзіндік пікірін түрліше сезімін аңғарту үшін қолданылатын сөздер А) қаратпа сөз В) қыстырма сөз С) одағай Д) айқындауыш Е) бірыңғай мүше 31. Сөйлем мағынасын айқындауға қатысы бар, бірақ сөйлемнің өзге мүшелерімен грамматикалық байланысқа түспейтін сөз

А) қаратпа сөз В) қыстырма сөз С) одағай Д) айқындауыш Е) бірыңғай мүше 32. Жауап күту мақсатымен айтылған сөйлем А) сұраулы В) бұйрықты С) лепті Д) хабарлы Е) дұрыс жауабы жоқ 33. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін жинақтау, оның мәнін ашып, тұжырымдау мақсатында қолданылатын сөздер А) бірыңғай мүшелер В) жалпылауыш сөздер С) оқшау сөздер Д) айқындауыштар Е) дұрыс жауабы жоқ 34. Біреудің ойлаған ойын, пікірін, топшылауын білдіретін сөздер мен сөйлемдер А) автор сөзі В) төлеу сөз С) төл сөз Д) оқшау сөз Е) диалог 35. «Сауатты жазудың негізгі шарты – тыныс белгілерін дұрыс пайдалану» (1941) деген мақаланың авторы А) Қ.Басымұлы В) М.Балақаев С) Ш.Сарыбаев Д) Р.Сыздық Е) Б.Әбілқасымов 36. «Сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс жаза білейік» (1939) атты мақаланың авторы А) Қ.Басымұлы В) М.Балақаев С) Ш.Сарыбаев Д) Р.Сыздық Е) Б.Әбілқасымов 37. «Қазақ сөйлемінде үтірдің жазылатын орындары» (1936) деген мақаланың авторы А) Қ.Басымұлы В) М.Балақаев С) Ш.Сарыбаев

Д) Р.Сыздық Е) Б.Әбілқасымов 38. «Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы» атты еңбектің авторы А) Н.Оралбай В) Ф.Мұсабекова С) Р.Сыздық Д) К.Аханов Е) Ә.Қайдар 39. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз А) Ұлболсын жауап беруден, сөйлесуден тартынбайды – неге екені белгісіз, қаймығады. В) Ұлболсын жауап беруден, сөйлесуден тартынбайды, – неге екені белгісіз, қаймығады. С) Ұлболсын жауап беруден, сөйлесуден тартынбайды, неге екені белгісіз, қаймығады. Д) Ұлболсын, – жауап беруден, сөйлесуден тартынбайды, – неге екені белгісіз, қаймығады. Е) Ұлболсын – жауап беруден, сөйлесуден тартынбайды – неге екені белгісіз, қаймығады. 40. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз А) Жоғары шық, – деді үйге кірген Асқарға Балтабек. – Ағаңның қолына су құй, Ботагөз. В) «Жоғары шық», – деді үйге кірген Асқарға Балтабек. «Ағаңның қолына су құй, Ботагөз». С) – Жоғары шық, – деді үйге кірген Асқарға Балтабек. – Ағаңның қолына су құй, Ботагөз. Д) «Жоғары шық, – деді үйге кірген Асқарға Балтабек. – Ағаңның қолына су құй Ботагөз». Е) – Жоғары шық – деді үйге кірген Асқарға Балтабек, – Ағаңның қолына су құй, Ботагөз. 41. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз А) – Ей жігітім, жылап отырсың ба?– деп, таңданып қалды менімен бір купеде келе жатқан, қарсы полкада отырған қыз. В) – Ей, жігітім, жылап отырсың ба?– деп, таңданып қалды менімен бір купеде келе жатқан, қарсы полкада отырған қыз. С) – Ей, жігітім, жылап отырсың ба?– деп таңданып қалды менімен бір купеде келе жатқан, қарсы полкада отырған қыз! Д) – Ей жігітім жылап отырсың ба?– деп таңданып қалды менімен бір купеде келе жатқан, қарсы полкада отырған қыз. Е) – Ей жігітім, жылап отырсың ба,– деп таңданып қалды менімен бір купеде келе жатқан қарсы полкада отырған қыз. 42. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз А) Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, – қорқыныш қана бар. В) Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, – қорқыныш қана бар?

С) Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, қорқыныш қана бар. Д) Жүзінде қайғы да жоқ қасірет те жоқ, қорқыныш қана бар. Е) Жүзінде: қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, қорқыныш қана бар. 43. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз А) – Бұл не жұмбақ? десті екеуі қосынан. Көл ортасында бұл жалау қайдан пайда болды? В) – Бұл не жұмбақ?– десті екеуі қосынан. Көл ортасында бұл жалау қайдан пайда болды? С) «Бұл не жұмбақ?» – десті екеуі қосынан. Көл ортасында бұл жалау қайдан пайда болды? Д) – Бұл не жұмбақ – десті екеуі қосынан – көл ортасында бұл жалау қайдан пайда болды? Е) – Бұл не жұмбақ? – десті екеуі қосынан. – Көл ортасында бұл жалау қайдан пайда болды? 44. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз А) Сабақ деген сөздегі «са» буыны ашық буын. В) Сабақ деген сөздегі -са буыны – ашық буын. С) «Сабақ» деген сөздегі -са буыны – ашық буын. Д) «Сабақ» деген сөздегі «са» буыны – ашық буын. Е) «Сабақ» деген сөздегі -са буыны, ашық буын. 45. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз А) – Жолдастар, – деді Павел: – Өмір бойы алға ұмтылайық! В) – Жолдастар! – деді Павел: – Өмір бойы алға ұмтылайық! С) «Жолдастар», – деді Павел: – Өмір бойы алға ұмтылайық! Д) – Жолдастар! – деді Павел. – Өмір бойы алға ұмтылайық! Е) Жолдастар деді Павел: – Өмір бойы алға ұмтылайық. 46. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз А) –Менің есебімді бер! – деді ол, Кенжетай ұсталып кеткесін. В) – Менің есебімді бер, – деді, ол Кенжетай ұсталып кеткесін. С) – Менің есебімді бер – деді ол, Кенжетай ұсталып кеткесін. Д) «Менің есебімді бер! – деді ол», Кенжетай ұсталып кеткесін. Е) «Менің есебімді бер» – деді ол Кенжетай ұсталып кеткесін. 47. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз А) Сазамбай. Құп тақсыр! Бәрі болады. Шайыңыз да, майыңыз да табылады. (Дуана кетеді). В) Сазамбай. Құп, тақсыр! Бәрі болады. Шайыңыз да, майыңыз да табылады. (Дуана кетеді.) С) Сазамбай. Құп, тақсыр! Бәрі болады. Шайыңыз да, майыңыз да табылады. Дуана кетеді. Д) Сазамбай: – Құп, тақсыр! Бәрі болады. Шайыңыз да, майыңыз да табылады. Дуана кетеді. Е) Сазамбай: – Құп, тақсыр! Бәрі болады. Шайыңыз да, майыңыз да табылады. – Дуана кетеді. 48. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз

А) Исатай Ұмсынайға қарап: Азыққа не бересің? Жұрт құрт-май беріп жатқан көрінеді. В) Исатай: – Ұмсынайға қарап. Азыққа не бересің? Жұрт құрт-май беріп жатқан көрінеді. С) Исатай (Ұмсынайға қарап.) Азыққа не бересің? Жұрт құрт-май беріп жатқан көрінеді. Д) Исатай (Ұмсынайға қарап). Азыққа не бересің? Жұрт құрт-май беріп жатқан көрінеді. Е) Исатай Ұмсынайға қарап. Азыққа не бересің! Жұрт құрт-май беріп жатқан көрінеді! 49. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз А) Темір: – Еһ тентек, қарындасым! (Қол алысып.) Ризамын, жаным, бәрін де естідім. В) Темір: – Еһ, тентек, қарындасым! (Қол алысып.) Ризамын, жаным, бәрін де естідім. С) Темір. Еһ, тентек қарындасым! (Қол алысып). Ризамын, жаным, бәрін де естідім! Д) Темір: «Еһ, тентек қарындасым! (Қол алысып.) Ризамын, жаным, бәрін де естідім». Е) Темір. Еһ, тентек қарындасым! (Қол алысып.) Ризамын, жаным, бәрін де естідім. 50. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз А) Біраз жүгірген соң Асан – күндіз көп жүріп, шаршаған бала – ұйықтап қалды. В) Біраз жүгірген соң, Асан: күндіз көп жүріп, шаршаған бала ұйықтап қалды. С) Біраз жүгірген соң: – Асан күндіз көп жүріп, шаршаған бала, ұйықтап қалды. Д) Біраз жүгірген соң, Асан (күндіз көп жүріп, шаршаған бала) ұйықтап қалды. Е) Біраз жүгірген соң, Асан – күндіз көп жүріп, шаршаған бала. (ұйықтап қалды). 51. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз А) Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. В) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. С) Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті. Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Д) – Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Е) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». 52. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз А) О, шіркін, осы ән ғой, құлақтан кіріп, бойды алар! В) О, шіркін, осы ән ғой «құлақтан кіріп, бойды алар»! С) О, шіркін, осы ән ғой, «құлақтан кіріп, бойды алар»! Д) О, шіркін, осы ән ғой: «құлақтан кіріп, бойды алар»! Е) – О, шіркін! Осы ән ғой, «құлақтан кіріп, бойды алар»! 53. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз

А) – Абай, – былай деді, – Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік. В) Абай былай деді: – Баланың жақсысы, қызық, жаманы, күйік». С) – Абай былай деді: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік». Д) Абай былай деді: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік». Е) «Абай, – былай деді: Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік». 54. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз А) Айтты көндім, алды бердім, енді өкіндім, өзіме аз. В) Айтты – көндім, алды – бердім, енді өкіндім, өзіме аз. С) Айтты – көндім, алды – бердім, енді өкіндім – өзіме аз. Д) Айтты – көндім, алды – бердім, енді – өкіндім, өзіме аз. Е) – Айтты – көндім, алды – бердім, енді өкіндім – өзіме аз. 55. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз А) – Екі ақсақ, бір жел аяқ, үш боздақ енді базарға қарай бет алдық. В) Екі ақсақ, бір жел аяқ, үш боздақ – енді базарға қарай бет алдық. С) Екі ақсақ, бір жел аяқ: үш боздақ енді базарға қарай бет алдық. Д) Екі ақсақ, бір жел аяқ, үш боздақ: енді базарға қарай бет алдық. Е) Екі ақсақ, бір жел аяқ – үш боздақ енді базарға қарай бет алдық. 56. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз А) Бұл үйдің жаны нешеу? – деді Итбай, сөз бастау үшін. В) – Бұл үйдің жаны нешеу? – деді Итбай сөз бастау үшін. С) – Бұл үйдің жаны нешеу? – деді, Итбай сөз бастау үшін. Д) – Бұл үйдің жаны нешеу? – деді, Итбай, сөз бастау үшін. Е) «Бұл үйдің жаны нешеу?» – деді, Итбай сөз бастау үшін. 57. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз А) – Бәле, бала, – деді Мұхаң жымиып күліп, – бұл қулығың өтпес енді. В) – Бәле бала, – деді Мұхаң жымиып күліп, – бұл қулығың өтпес енді. С) Бәле, бала, – деді Мұхаң жымиып күліп, – бұл қулығың өтпес енді. Д) Бәле, бала – деді Мұхаң жымиып күліп, – бұл қулығың өтпес енді. Е) «Бәле, бала», – деді Мұхаң жымиып күліп, «бұл қулығың өтпес енді». 58. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз А) Қалауын тапса, қар жанады деген мақал – үлкен философия. В) Қалауын тапса, қар жанады деген мақал үлкен философия. С) «Қалауын тапса, қар жанады» деген мақал – үлкен философия. Д) – Қалауын тапса, қар жанады деген мақал – үлкен философия. Е) «Қалауын тапса қар жанады» деген мақал, үлкен философия. 59. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз А) Аяғы жоқ, жүреді, аузы жоқ, сөйлейді. В) Аяғы жоқ – жүреді, аузы жоқ – сөйлейді. С) Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді. Д) Аяғы жоқ, – жүреді, аузы жоқ, – сөйлейді. Е) – Аяғы жоқ, жүреді, аузы жоқ, сөйлейді. 60. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз А) – Біздің халықта «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деуші еді! – деді. В) Біздің халықта: «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деуші еді, – деді.

С) «Біздің халықта «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деуші еді» – деді. Д) «Біздің халықта: «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деуші еді», – деді. Е) – Біздің халықта: «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деуші еді, – деді. Орфография бөлімі бойынша тест тапсырмаларының жауаптары C C B B E A C B D A B C E B A D B A A B A D C C A C B A A A B D A C C A C D C E D B A C A A E A A B B A C C D C E A B D Пунктуация бөлімі бойынша тест тапсырмаларының жауаптары C C D C E C C D B A C B D B A B C E C B E C E B D E E B A B E B A E E C A A D B E E B D A C D C A C E D B B D C C A D A

ҚЫСҚАРТЫЛЫП АЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Ж.А. – Ж.Аймауытов Ш.А. – Ш.Айтматов Ы.А. – Ы.Алтынсарин К.А. – К.Аханов Т.А. – Т.Ахтанов Д.Ә. – Д.Әбілев М.Әуб. – М.Әубәкіров М.Ә. – М.Әуезов А.Б. – А.Байтұрсынов Ж.Ж. – Ж.Жабаев І.Ж. – І.Жансүгіров Қ.Жұм. – Қ.Жұмаділов Д.И. – Д.Исабеков С.И. – С.Исаев Т.К. – Т.Кәкішев Қ.К. – Қ.Кемеңгерұлы З.Қ. – З.Қабдолов А.Қ. – А.Құнанбаев Б.М. – Б.Майлин М.М. – М.Мақатаев С.М. – С.Мұқанов Ғ.М. – Ғ.Мұстафин Ш.М. – Ш.Мұртаза Ғ.Мүс. – Ғ.Мүсірепов Б.Н. – Б.Нұржекеұлы Ә.Н. – Ә.Нұрпейісов Ә.Нұрш. – Ә.Нұршайықов С.С. – С.Сейфуллин М.Сүнд. – М.Сүндетов Р.С. – Р.Сыздықова Р.Тоқт. – Р.Тоқтаров С.Т. – С.Торайғыров Ә.Х. – Ә.Хасенов С.Ш. – С.Шаймерденов

Мазмұны Алғы сөз ...................................................................................................................... 3

І БӨЛІМ. ОРФОГРАФИЯ ......................................................................................... 4 Қазақ орфографиясының принциптері .................................................................... 4 Әліпби ......................................................................................................................... 5 Қазіргі қазақ емлесінің ережелері. Дауыстылардың жазылуы ............................. 6 Дауыссыздардың жазылуы ..................................................................................... 10 Бірге жазылатын сөздер .......................................................................................... 15 Бөлек жазылатын сөздер ......................................................................................... 18 Дефис арқылы жазылатын сөздер .......................................................................... 20 Шылау және одағай сөздердің жазылуы ............................................................... 24 Қосымшалардың жалғануы .................................................................................... 26 Бас әріптің қолданылуы .......................................................................................... 30 Тасымал .................................................................................................................... 33 Орфография бөлімі бойынша тест тапсырмалары ............................................... 37

ІІ БӨЛІМ. ПУНКТУАЦИЯ ..................................................................................... 46 Тыныс белгілері туралы жалпы түсінік ................................................................. 46 Нүкте, оның қойылатын жерлері ........................................................................... 49 Сұрау белгісі, оның қойылатын орындары ........................................................... 53 Леп белгісі, оның қойылатын орындары ............................................................... 55 Көп нүкте, оның қойылатын орындары ................................................................ 57 Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы .......................................................... 60 Үтір, оның қойылатын орындары .......................................................................... 62 Қаратпа сөздердің тыныс белгілері ....................................................................... 65 Қыстырма сөздердің тыныс белгісі ....................................................................... 68 Одағайлардың тыныс белгілері .............................................................................. 72 Айқындауыш сөздердің тыныс белгілері .............................................................. 74 Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісі ..................................................................... 76 Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері .............................................................. 79 Нүктелі үтір, оның қойылатын орындары ........................................................... 83 Жақша, оның қойылатын орындары ...................................................................... 84 Қос нүкте, оның қойылатын орындары ................................................................ 88 Тырнақша, оның қойылатын орындары ................................................................ 92 Сызықша, оның қойылатын орындары ................................................................. 94 Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша ............................ 98 Жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері .............................................................102 Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықша ................................ 104 Төл сөздің тыныс белгілері ................................................................................... 106 Тыныс белгілерін қайталау ................................................................................... 111 Пунктуация бөлімі бойынша тест тапсырмалары .............................................. 122 Орфография бөлімі бойынша тест тапсырмаларының жауаптары .................. 133 Пунктуация бөлімі бойынша тест тапсырмаларының жауаптары ................... 133 Қысқартылып алынған әдебиеттер ...................................................................... 134

Ерғалиев Қуаныш Советұлы

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ОРФОГРАФИЯСЫ МЕН ПУНКТУАЦИЯСЫ

Оқу құралы Басуға 28.02.2012 ж. қол қойылды. Форматы 70х100 1/16. Кiтап-журнал қaғазы. Көлемi шартты 6,9 б.т. Таралымы 500 дана. Бағасы келiciм бойынша. Тапсырыс № 0584 Ғылыми-баспа орталығы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 140002, Павлодар қаласы, Мир көшесі,60 e-mail: rio@ ppi .kz

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙