TELEGEI

Home

Медеттің есеп кітабы

Асқар Жұмаділдаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Медеттің есеп кітабы

Қазақстанның белгілі ғалымы, қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҰҒА-ның академигі Асқар Жұмаділдаевтың шығармашылығының басым көпшілігі ғылымға негізделген. «Қосу мен азайту», «Медеттің есеп кітабы», «Геомертиялық фигуралар», «Шығайбайдың қулығы», «Алда...

Асқар Жұмаділдаев. Медеттің есеп кітабы

Қанша шырақ қалды?

Үш шырақ жанып тұрды
Бір шырақ өшіп қалды.
Неше шырақ қалды?

Үй тапсырмасы:

Аспанда бес үйрек ұшып бара жатты.
Аңшы бір үйректі атып алды.
Неше үйрек қапды?

Әжесі мен Медет

Әжесі Медетке үш алмұрт берді. Медет бір алмұртты жеп қойды.
Неше алмұрт қалды?

Жауап: Екі алмұрт.

Бағаларын тап

Бір алма, екі алмұрт және үш банан 200 теңге тұрады. Үш алма, екі алмұрт және бір банан 200 теңге тұрады. Сонда бір алма, бір алмұрт және бір банан қанша тұрады?

Жауабы: 100 теңге

Атасының баласы

Медеттің атасы «кімнің баласысың?» деп сұрады. Медет «атамның баласымын» деді. Атасы бір алма берді. Қыдырып барғанда нағашы атасы Медеттен «кімнің баласысың?» деп сұрады. Медет «атаның баласымын» деп жауап берді. Атасы бір алма берді. Үйге қайтып келгенде көкесі «Медет кімнің баласы?» деп сұрады. Медет «көкенің баласымын» деді. Көкесі Медетке бір банан берді. Аталары немересінің тапқырлығына сүйсінді. «Кімнің баласы болсаң да аман бол, еліңнің адал азаматы бол» деп баталарын берді. Медеттің неше алмасы бар?

Жауап: Екі алма.

Суды бөлу

8 литрлік ыдыс суға толы. 5 және 3 литрлік ыдыстарды пайдаланып, осы 8 литр суды екі ыдысқа 4 литрден бөл.

Шешуі:

Үй тапсырмасы:

10 литр ыдыс суға толы. Суды 3 және 7 литрлік ыдыстарды пайдаланып, 5 литрден екі ыдысқа бөл.

Атасының «құрдасы»

Медет үште. Атасы алпыс сегізде. Медет атасымен «қуырмаш» ойнағанды ұнатады.

Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Балапанға бидай шаш,
Тауықтарға тары шаш.
Бас бармақ, балаң үйрек,

Ортан терек, шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек – деп саусақтардың атауын жатқа айтады.
Санауды да осылай үйренген.
Бір – басбармақ,

Екі – балаң үйрек,
Үш – ортан терек,
Төрт – шылдыр шүмек,
Бес – кішкене бөбек.

Одан әрі «алты – бас бармақ, жеті – балаң үйрек, сегіз – ортан терек» деп санай береді. «Медет қанша жаста» деп сұрағандарға «ортан терек» деп үш саусағын көрсетеді. «Ал атаңның жасы қаншада?» деген сұраққа «екеуміз құрдаспыз» деп жауап береді. Шынында Медет атасымен «құрдас» болуы мүмкін бе?

Жауабы: Атасының жасы – ортан терек.

Медеттің санау жүйесінің периоды – 5. Сондықтан санды 5-ке бөлгенде шыққан қалдық 1 болса, ол – бас бармақ; қалдық 2 болса – балаң үйрек, 3 болса – ортан терек, 4 болса – шылдыр шүмек, 5-ке қалдықсыз бөлінсе –кішкене бөбек болады. 68 ді 5-ке бөлгендегі қалдық – 3. Сондықтан Медеттің санау жүйесінде атасының жасы – ортан терек, яғни немересімен «құрдас» болып шығады.

Айқыш қылыш сызығы

Қаламды қағаздан көтермей, бір сызған сызықтың үстінен екінші рет өтпей мынадай айқыш қылышты сызып шық.

Бөліске түскен түйелер

Бұл көне заманнан қалған белгілі есеп. Бір түйекеш әбден қартайған шағында малымның -ін үлкен ұлыма, -ін ортаншы ұлыма және -ін кіші ұлыма мұраға қалдырамын деп аманаттапты. Балалары мұраны бөліске салайын десе, түйелер саны 2-ге де, 4-ке де, 8-ге де бөлінбейді екен. Не істерін білмеген ұлдар биге жүгініпті. Би түйекештің мұраға қалдырған малына өзінің бір түйесін әкеліп қосады. Сонда түйелер саны 2-ге де, 4-ке де, 8-ге де бөлінетін болып шығады. Би түйекештің ұлдарына мұраны аманаттағыдай етіп бөліп берген соң бір түйе артық қалады. Сөйтіп би өзінің қосқан түйесін жетелеп үйіне қайтқан екен. Сонда алғашында қанша түйе болған?

Жауабы: 7

Үлкен ұлға 8х = 4 түйе. Ортаншы ұлға 8х = 2 түйе. Кіші ұлға 8х = 1 түйе. 4+2+1=7 түйе.

Алмалардың алмасы

Әр Алмаға бір алмадан берсем, бір алма артылып қалады. Ал әр Алмаға екі алмадан берсем, екі алма жетпей қалады. Неше Алма бар? Неше алма бар?

Жауабы: Алма атты үш қыз бар, төрт алма бар.

Конверт қалай салынады?

Қаламды қағаздан көтермей және бір сызған сызықты екінші рет бастырмай, ашық тұрған конверттің суретін қалай салуға болады?

Оның бір жолы мынандай:

Шармық және квадрат

Мына шармықты (крест) қайшымен төрт қиынды шығатындай етіп бөліп, қиындыларынан квадрат құрау керек. Оны қалай істеуге болады?

Жауабы: Қиюдың бір әдісі

Неше квадрат бар?

Мына суреттен қанша квадрат көруге болады?

Жауап: 14 квадрат

Тоғыз 1х1 квадрат, төрт 2х2 квадрат және бір 3х3 квадрат. Барлығы: 9+4+1=14 квадрат. Көрнекті математик, академик-ғалым Асқар Жұмаділдаевтың бұл кітапшасы бастауыш сынып оқушыларының ойлау жүйесін жетілдіріп, логикасьн дамытуды мақсат етеді. Соңдай-ақ мектептегі математикалық олимпиадаға дайындық барысында пайдалануға кәделі. Кітапша бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдеріне, ата-аналарға арналған.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙