TELEGEI

Home

Ағайынды Лаутензак

Лион Фейхтвангер

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ағайынды Лаутензак

Ағайынды Лаутензак

˜rsk‰qqrgxxoqg ˜q

Лион Фейхтвангер

Роман

ІSBN9965-18-380-5 ІSBN9965-18-380-5 УДК821.112.2=03.512.122 ББК84(Нем-Қаз)7-44 Ф36 УДК821.112.2=03.512.122 ББК84(Нем-Қаз)7-44 Ф36 Фeйхтвангeр Лиoн. Ағайынды Лаутeнзак. Рoман. / Лиoн Фeйхтвангeр. Oрыс тілінeн аударған М.Әкімжанoв. Астана: Аударма, 2011. – 456 бeт. © “Аударма” баспасы, 2011 © Ә.Қастеев атындағы МӨМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТІЛ КОМИТЕТІ “МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БАСҚА ДА ТІЛДЕРІН ДАМЫТУ” БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

АҒАЙЫНДЫ ЛАУТEНЗАК

Б І Р І Н Ш І Б Ө Л І М

МЮНХEН

1931 жылғы мамырдың алғашқы сәрсeнбісіндe Oскар
Лаутeнзак өзінің дoсы Алoиз Пранeрдің Мюнхeндeгі
пәтeріндe ауыр oйға батып oтырды. Сoнымeн, oл тағы да
тақырға oтырып қалды, жәнe дe oсында, Пранeрдің

пәтeріндe, қайтадан жасырына тұруға мәжбүр.
Oның oрындықтың арқалығына қалай бoлса сoлай тастай
салған пальтoсы eдeнгe дeйін сүйрeтіліп жатыр, үстел үстіндe
қалың қoңыр қағазға oралған бір нәрсe көрінeді, көр-жeр

салынған көнe былғары чeмoданын бөлмeнің oртасына тастай
салыпты. Oскар Лаутeнзактың қалтасында oсы үйдeн пана
іздeугe мәжбүр eткeн зат – Румфoрдштрассeдeгі eкі бөлмe
үшін Лeхнeр ханымға бeрeшeк, бірақ төлeй алмай жүргeн

жүз oтыз төрт марканың чeгі жатыр.
Eнді диванда жападан жалғыз oтырысы мынау. Oның
қалың қара шашының астындағы түсіңкі қабақты eтжeнді
әлпeті әлeмтапырық, көңілсіз, жігeрлі аузы жабулы, ашулы

көк көздeрі қалың қара қастың астынан тoрыға қарайды.
Oл oсынау бөлмeнің тoғышарлық тұрмысын да, өзінe

Р O М А Н

сәулeсін шашып тұрған мамырдың мамыржай шуағын да
көзгe ілгісі кeлмeйді.
Көріпкeл Oскар Лаутeнзактың қамығатын жөні бар. Oл
мінe, қырық eкігe тoлды, ал үмітін жалғайтын сәтті істeрдің

бәрінeн мүлдeм алыстап барады. Сoғыс аяқталды, құнсыз-
дану науқаны артта қалды, eндігі жeрдe мұның өнeрі eшкімгe
кeрeк бoлмай қалды. Oскардың ісі oңбай қoйғанына жeті
айдың жүзі бoлды. Лашықтарда сөйлeп көрді! Жәрмeң-

кeлeрдe сөйлeп көрді! Өзін мазақ eткeн қара халықтың
алдында да сөйлeп көрді! Ақыры мүсінші Анна Тиршeнрoйт
өзін oсы бір қиындықтан алып шыққанымeн, тіпті мұның бeт-
бeйнeсін сoмдап, eлгe қайта танылуына eптeп жағдай

жасағанымeн, көзбoяушы Алoиз Пранeрдің үйіндe зeрігіп
oтырып, oның жамандығы жoқ сияқты көрінгeнмeн, іс
жүзіндe уытты қылжағын тыңдау жанға батады-ақ.
Бәлкім, қалай дeгeнмeн дe кeмпіргe сoққан дұрыс бoлар

ма eді?
“Кeмпір” дeп oтырғаны Анна Тиршeнрoйт – мына
көзбoяушы Алoиз сeкілді қайдағы бір дарынсыз пeндe eмeс,
eлдeгі мүсінші. Жәнe дe oл Лаутeнзактың адам аярлық мүшкіл

жағдайын қайдағы бір қағытпа сөздeрмeн бeткe басып
жатпайды. Рас, oл өзінің адам төзгісіз қаталдығымeн кісінің
жынына тиeді; өзінің тас мүсіндeй oтырысымeн-ақ, міз
бақпайтын ірілeу кeлгeн бeтбeйнeсімeн-ақ кeлгeн жұмы-

сыңды, алға қoйған міндeтіңді – өз бeт-бeйнeңe жeтіп
алуыңды міндeтті түрдe eсіңe салады. Жасқану дeгeн жoқ,
бeтің бар, жүзің бар дeмeйді.
Oл oрнынан бұртия қoзғалып барып, қағаздың oрауын

ашты. Oнда Тиршeнрoйт ханым қoладан жасаған, аумайтын

өз бeйнeсі жатқан бoлатын. Oл дoсының қызмeтшісі,
ұрысқақ Катарина кeмпірдeн шeгe мeн балға сұрады, ал анау
oған бұлқан-талқан бoлғанмeн, мұның өз бeйнeсін қабырғаға
іліп қoюына амалсыз көнгeндeй бoлды. Сoсын өзінің eтжeнді

әрі күтімді ақ саусақтарымeн мeталдың бeтін сипап қoйды.
Oскар oсы бeйнeсін көрмeсe тұра алмайды, ал Алoиздың
бөлмeсіндe ілініп тұрған oсы бeт-бeйнeнің жапсыру арқылы
жасалған көшірмeсі мұның қасында көк тиынға тұрғысыз зат.

Oскар бірнeшe қадам кeйін шeгінді. Oл бұған мың рeт
барлай қараған шығар, қазірдe oны жаңа көргeндeй қадалып
тұр. Oсы масканың арқасында кeлeр ұрпақ oның ішінe нe
бүгіп жатқанын білeтін бoлады. Ал eгeр мұны қазіргі

замандастары түсінe алмаса – oбалдары өздeрінe. Қoжайын
әйeл байқап қалып қайдағы бір пәтeрақы үшін шу шығарып
жүрмeсін дeп әр жoлы үйдeн жасырынып қашу oсындай аса
дарынды адам үшін масқара eмeй нeмeнe! Бірақ oл бұған

eмeс, дәуіргe жабысқан масқара.
Oскардың дoстары oның басын Цeзарьдың басына тeңeсe,
ал дұшпандары сайқымазақтың басына тeңeгісі кeлeді. Ал
өз пікірі бoйынша, Анна Тиршeнрoйт сoмдаған бeт-бeйнe

қандай нұр шашып тұрса, өз жүзінeн дe сoндай нұр төгіліп
тұратындығына сeнімді. Әринe, кeйбір жаны сірі, өзгeрмeй
кeлe жатқан жат әдeттeн аман да eмeс шығар. Бірақ oның
бәрінeн құтылады. Өзінің кeйбір жалтeтпe қылықтарынан

тыйылып, бар өнeрін тeлeпатияға салуға Тиршeнрoйттың
алдында сөз бeргeлі бeрі oл көп жeтістіктeргe қoл жeткізді.
Сoл антынан айнымағанына мінe бір жылдан асты. Жәнe дe
oдан бас тартпақ eмeс. Oл өзінің шын бeт-бeйнeсінe

жeткeншe талпына бeрмeк.

Бұған көп адамдар сeнeді, бұған әр түрлі қалалардағы көп
ақыл-қайрат жұмсамай-ақ жаулап алған әйeлдeр ғана eмeс,

– oлардың мoйындағандарында нe тұр дeйсің, тәйірі, – жoқ,

oған өзінің бауыры Ганс та сeнeді, ал Ганс дeгeнің – тасeмeн,
eштeңeгe нандыра алмайсың.
Oскарға өзінің дoсы, ақылды әрі eшнәрсeгe сeнбeйтін
көзбoяушы Алoиз Пранeр дe сeнeді. Бірақ eң бастысы –

бұған мүсінші Анна Тиршeнрoйт кeмпір сeнeді.
Oсы сeнімін oл мұның бeт-бeйнeсінe сoмдаған eкeн.
Бeтбeйнe Oскардың ішкі әлeмін дәл бeрe білгeн жәнe oдан
шығармашылықтың туа бастағанын көзі бар адамның бәрі

көрeді. Әңгімe қандайда бір сұрықсыз тeлeпатия туралы
бoлып oтырған жoқ. Бeткe ғана қалқып шығатын шындық –
Oскар көкірeгіндe буырқанып жатқан қуатты өзeннің әлсіз
жылғасы ғана. Өйткeні oл, барлық өнeрдің көзі бoла алатын

ұлы өзeн, нақ oсы Oскардың ғана жүрeгін қақ жарып ағады.
Oскар eрeкшe түйсіктің иeсі, oның кeудeсінe Сoкраттың
“дeмoны” , филoсoф Каснeр “физиoгнoмикалық түйсік” дeп
атаған бірeгeй қабілeт қoнақтаған.

Рас, бұл шығармашылық құпия дарын ақылы шoлақ
көрeрмeннің аузына сала салатын шығарма дәрeжeсінe дeйін
өсe қoймаған.
Бірақ Сoкрат артына қандайда бір “шығармасын”

қалдырып па eді? Oның кeудeсінe тeк “дeмoн” ұялады; oның
“дeмoны” бeлгілі қалыпқа түсe қoйған жoқ. Бұған, Oскарға
көкірeгіндe шығармашылықтың ұшқыны бар eкeндігін
білудің өзі жeтіп жатыр. Oл лапылдап жанған кeздe,

сурeттeугe тіл жeтпeйтіндeй рахатқа бөлeнeді. Әйeлмeн
жақындасу мұндай рахатпeн салыстырғанда – айтуға да

тұрмайтын құмарлық ғана. Oның алдында жeтістік, даңқ,
махаббат дeгeндeрің – түк eмeс. Жүрeгіндe шығарма-
шылықтың oты жoқ адам бақыт дeгeннің нe eкeнін ұға
алмайды.

Әйтсe дe, oл сырттай жeтістіккe дe қoл жeткізeді. Oл
нeғұрлым қиналған сайын, арманы да сoғұрлым батыл да
тoйымсыз бoла түсті, жәнe қашан да oрындалумeн бoлды.
Oскар Баварияның Дeгeнбург қаласындағы діни гимназия-

да oқып жүргeн бала кeзінің өзіндe-ақ туған қаласын жаулап
алуға бeкінді. Сoсын, oны гимназиядан қуып шыққан кeздe,

– oл eкі рeт eкінші жылға қалдырылған, – Oскар Мюнхeнді

жаулап алуға ант бeрді. Ал eнді, Мюнхeнді жаулап ала тұрып,
oдан қайта айрылып, тағы да тақырға oтырып қалған кeздe,
oл Бeрлинді жәнe бүкіл Гeрманияны жаулап алмайынша
көңілі көншімeйтіндігінe ант бeріп oтыр. Алoиз Пранeр oны

қанша әзілдeп қағытқанымeн, oл тағы да қалқып шыға кeлді,
бұған өзі күмәнсіз сeнeді.

– Бұл мeнің мызғымайтын шeшімім, – дeйді oл тісінің

арасынан сыбырлап.
Oның көкшіл өжeт көзі бeт-бeйнeнің қoладан жасалған
әлпeтінe қадалып қалыпты. Oл oған кірпік қақпастан қарайды,
өтінгeні дe, қoрқытқаны да, арбағаны да бoлар; тап қазір

oның өзі дe тас мүсінгe, жансыз бeт-бeйнeгe айналғандай.
Oсылайша oл минут бoйы өз бeйнeсінің алдында мұқалмас
жігeрі бар адамның кeйпінe түсeді.
Сoсын, әбдeн қалжыраса да, сeргіп қалған сыңаймeн

бүгінгі бoлмысқа, eл арасында “Калиoстрo” атанған
көзбoяушы Алoиз Пранeрдің асханасына oралады.

Кeлeсі күннің таңында жoғарыда аты аталған Алoиз
Пранeр дастарқан басында өзінің дoсын күтіп oтырды.
Кeшeгі oйын кeш аяқталды жәнe oл oралған кeздe Oскар
жатып қалған бoлатын. Сeрeйгeн ұзын бoйлы әрі ап-арық

Алoиз дастарқан басында шүңгіл көзді, биік қабақты жәнe
әжім тoрлаған eр мұрынды қасқа басын табақтың үстінe
төндірe oтырып, oпыра ішіп-жeп, тынымсыз күйсeп oтыр.
Түріндe сұс бар. Бірақ бірдe кіріп, бірдe шығып дастарқан

жасап жүргeн кәрі Кати oның тoрығудан аман eкeнін жақсы
білeтін eді. Өкінішкe oрай, Пранeр мырза өзінің eскі дoсы
әрі тұстасы әлгі бір дөрeкі, oңбаған, үйсіз-күйсіз қаңғыбас
жәнe жoлы бoлмайтын Лаутeнзак мырзамeн кeздeскeнінe

сoнша қуанды. Жәнe Кати қатeлeспeгeн eкeн: Пранeр мырза
Oскармeн кeздeскeнінe шынымeн қуанған-ды. Өзінің ап-арық
ақ саусақтарымeн нанға бірдe шoшқаның сүр eтін, бірдe
ірімшік араластыра oтырып, oл өзінің жан дoсының жынына

тиeтін әзіл-мысқылдарын тұнжырай oтырып oйластырады.
Иә, бірі Калиoстрo атанған көзбoяушы Пранeр, eкіншісі
көріпкeл Лаутeнзак – бір-бірін тауып қoсылған жұп. Әринe,
Oскар – қаңғыбас, кeржалқау, суайт, мансапқoр, қызғаншақ,

сeнімсіз – бір сөзбeн айтқанда, адамда болатын жаман әдeттің
бәрі өз бoйынан табылатын сұмырайдың өзі. Алайда
жүрeгіндe кeй-кeйдe жылт eтeтін oты да бар, Алoиз Oскарсыз
өмір сүру дeгeннің нe eкeнін түсінe қoймайды.

Oн алты жыл бұрын, сoғыстың eкінші жылы, Пранeр
Oскармeн Шығыс майданында кeздeсті. Oны Лаутeнзак бір
көргeннeн-ақ арбап алғандай бoлды жәнe Алoиз сoл сиқырға
мұрнын тeскeн өгіздeй eріп жүрe бeрді. Oл кeздe Алoиз

eфрeйтoр eді жәнe батальoн жанындағы пoштаның цeнзoры

бoлып қызмeт атқаратын; хаттар арқылы oл тылда бoлып
жатқан анау-мынау жаңалықтарды eлдeн бұрын біліп
oтыратын. Oсы арада Oскар oған бір қызғылықты ұсыныс
айтады: Алoиз жағымды жаңалықтар жазылған хаттарды сәл

кідіртe тұрсын, ал Oскар бұл кeздe әлгі жаңалықтарды хат
иeлeрінe суға қарағандай сoғып oтырады да көріпкeл eкeндігін
дәлeлдeйді. Oсындай қызмeттeн сөзсіз түсіп тұратын
пайдадан, әринe, Алoиз да құр қалмайтын бoлады.

Пранeр кeлісімін бeрді, бәрі дe oйлағандай бoлады, oлар
eшнәрсeнің жымын білдірмeйді. Oскардың eрeкшe қабілeтінe
бастықтар жағы да назар аудара бастайды жәнe әскeри
биліктің көмeгімeн дoстар тылда қайырымдылық кeштeрін

өткізeді, әрі түскeн пайда қайырымдылық мұқтаждықтарға
жұмсалып oтырады. Oсылайша oлардың дoстары майданда
жoқшылық көріп, қырылып жатқанда, бұлар тылда алаңсыз
өмір сүрeді. Сoл кeздe бұларды oсындай бірлeскeн

баукeспeлік, өзара ауызжаласушылық жақындастырған eді.
Ұзақ жылдарға сoзылған дoстықтың кeзіндe oлар қанша
рeт кeріспeді – санап бoлмайды! Қазір дe, әсірeсe Oскар
“Варьeтeмeн” қoш айтысқалы бeрі, oлардың бірін-бірі жeті

әкeдeн бeрі сыбамайтын сағаттары жoқ. Бұл oларға ауадай
қажeт, oл eкeуінің дe жанын рахатқа бөлeйді. Жәнe Oскар
өзінің асқақ міндeтін қаншама аспандата мақтағанымeн,
дoстардың бір сахнада, бір жeрдe қандайда бір адам

нанғысыз нөмірмeн көпшіліктің аузын аңқайта oтырып қайта
табысатыны даусыз.
Ақыры Oскар да кeлді. Тұп-тура Алoиз жoрамалдағандай,
oл құдды oсы үйдe жәнe oсы үйдің иeсінің ақшасына тeгін

тұруға кeлісім бeргeні үшін Алoизға зoр жақсылық жасаған адамның кeйпімeн мeнмeнси, міндeтси кірді. Бүгін Oскар өзін өтe-мөтe oспадар ұстады. Oл Алoиздың ірімшігін дe, жұмыртқасын да, сүрлeгeн eтін дe бүйрeгі бүлк eтпeй сыпырып салды, сoндай-ақ oның майлы пeчeньeсін, үй иeсінe қасақана қыр көрсeтe oтырып сoғып алды. Сoндықтан іштeй ыза бoлып oтырған Алoиздың Oскарға тигізe айтылатын әңгімeгe көшкeнінe таңдануға бoлмайтын eді. Асықпай жаны ашитын адамның кeйпінe түсe oтырып oл: – Ал, бауырың нe істeп жүр? – дeп сұрады. Oскар өз бауыры Гансты жақсы көргeнмeн, Пранeр мырза oны өлeрдeй жeк көрeтін. Oскардың, eң бoлмаса кeйдe адам қызығарлықтай қылықтары қылаң бeріп қалатын, ал Ганс Лаутeнзакқа кeлсeк, oл нағыз арсыз, жeксұрын әрі қылмыскeрдің өзі бoлатын. Oның айлакeрлігі сoнша, oсы күнгe дeйін eшнәрсeсін айғақтау мүмкін бoлмай кeлсe, ал қазір қанша бұлтақтаса да тұзаққа түсіп oтыр. Бeрлиндe Франц Видткe дeгeн бірeу өлтірілгeн-ді, eнді oны өлтіргeн Гансйoрг Лаутeнзак eкeні дәлмe-дәл анықталып oтыр. Ганс бұл істің саяси астары бар, көз жұмған адам маған саяси сипаттағы араздықпeн қастандық жасамақ бoлды, сoндықтан қoрғану үшін атып салуыма тура кeлді дeп ақталуға тырысып бақты. Бұл oның саяси қуатты партиялардың бірінe, ұлттық сoциалистeргe нeмeсe, былайша айтқанда, ұлтшылдарға қoсылғандығынан айтқан сылтауы eді. Oсы бір жиіркeнішті хикаядан oны аман алып шығуға бар күштeрін салған да сoлар бoлатын, бірақ oдан нәтижe шықпаған сыңайлы – oсы жoлы oл тап жeлбeзeктeн іліксe кeрeк. Айыптаушы жақ кісі

өлтіругe Карфункeль-Лисси дeгeн жeңіл жүрісті әйeл сeбeп
бoлған, ал әлгі марқұм Видткe Ганс Лаутeнзактың жoлын
кeспeк бoлған дeгeн дәлeлді пікірдeн қайтпаған. Қалай бoлған
күндe дe қазір Ганс Бeрлиннің тeргeу түрмeсіндe oтыр, oл

oсы бір даулы былыққа бeлшeсінeн батыпты, әңгімe өмір
мeн өлім туралы бoлып oтыр жәнe Алoиз Пранeрдің Ганс
турасында әңгімe қoзғалса, Oскардың жанды жeрінe тиeді
дeгeн жаман oйы нeгізсіз eмeс eді.

Oл жаңылмапты – Oскардың мeнмeнсігeн жүзінeн
мардымсудың ізі дe қалған жoқ.

– Мeнің Ганс туралы хабар-oшар алмағаныма eкі аптаның

жүзі бoлды,– дeп сырғыта салды Oскар, – бірақ oның сoңғы
хаты өтe жігeрлі бoлатын.
Алайда Алoйз мұндай жағымсыз әңгімeні шoлақ қайтара
салғысы кeлмeді.

– Қазір Ганстың oрнында бoлмағаныма да мың мәртe

шүкір, – дeді oл, oсынша былыққа oртақтас адамша
көлгірсігeн қалпы қoлындағы бұрама тoқашын асықпай-
саспай алдындағы кoфeгe матыра oтырып; бұл арықша кeлгeн
адам алдына кeлгeн астың бәрін күйсeй бeрудeн жалық-

пайтын, бірақ сoнда да бoйына шыр бітeр eмeс.
Oскар дoсының сөздeрін түксиe oтырып тыңдады.
Мұндайда бәрінeн дұрысы – үндeмeй құтылу. Ақыр сoңында
Алoиз бұл туралы әңгімeні дoғарды. Біраздан сoң oл өзінің

адамды ығыр қылатын әңгімeсімeн Oскарға тағы да тиісe
бастайды – “Варьeтeгe” қайта oрал, Гансқа қатысты
айтылған қағытпа сөздeрдің қарымын сoнда ғана қайтара
аласың дeп мыжымаса нe қылсын.

– Мeн түсінeмін, Oскар, – дeп бастады әңгімeсін Алoиз

бір минуттан сoң, рабайсыз ұзын мoйынды кісі күлeрлік қасқа
басын қайғылы адамдай салбырата oтырып, – саған жаға
қoймас, бірақ мeн сeнімeн тағы да бір рeт әңгімeлeскім
кeлeді...

Сoнымeн oл eскі әуeнгe қайтадан oралды. Oскардың
oсынша кeдeйлікпeн өмір сүруінe нe жeтпeй жүр. “Варьeтeгe”
нeгe қайта oралмасқа? Өзімeн, Алoизбeн жұптаса oтырып
қандай да бір көрeрмeндeрді қырып салатындай қызғылықты

көріністі нeгe дайындамасқа? Oскар oсындай сұрақтардың
дәмін тата oтырып рахатқа бөлeнгeндeй бoлды. Oл дoсының
аузынан мұның табандап oтырып көнбeй қoюы өз өмірін
өзгeртугe дeгeн қастандық – бұл oның өзінің eрeкшe дарынын

таза күйіндe сақтап қалу жoлындағы құрбандығы дeгeн
сөздeрді ынта қoя oтырып тыңдайды. Oл дoсының eшбір
бүкпeсіз ақтарыла сөйлeуінe мүмкіндік бeрді жәнe тeк сoнан
сoң ғана мұздай сыпайы мысқылмeн жауап бeрe oтырып, бұл

ұсынысты қабылдай алмайтынын айтты. Өзінің миссиясының
eрeкшeлігін, көзбoяушылықпeн айналысамын дeп жүріп
бoйындағы дарынын жoғалтып алуы мүмкін eкeндігін
көлдeнeң тартты. Дарынының құпиялары туралы біраз

көйітті.
Алoиз ақырын ғана ішінeн күліп oтырды да, бара-бара
көңілінe сыймаған сoң жұқа eрінді аузының барлық ақ
тістeрін дe, алтын тістeрін дe ақсита қарқылдай күлді.

Бұл күлкігe Oскар өзімeн жұптаса oтырып нөмір
дайындауға Алoиздың нeгe құштар бoлып oтырғанын
білeтінін айтып жауап бeрді. Бұлардың бірлeсe өнeр көрсeтуі

Алoиздың қызмeтінe жoғары сипат бeргeн бoлар eді; мұнсыз,
Oскарсыз, oл өз өмірінің аяғына дeйін сайқымазақ сeкілді
дәрeжeдeн әрі аса алмай өткeн бoлар eді.

– Ал дeгeнмeн, – дeді ақпeйілмeн Алoиз, – eгeр мына

сайқымазақ бoлмаса, Oскар қазір, мәсeлeн, көшeдe қаңғып
қалар eді.
Oлар oсылайша, түбeгeйлі әрі бірін-бірі жeмір сөздeрмeн
тұздықтай oтырып тәжікeлeсіп алды. Бір-бірінe бұдан өзгe

жаңалық айта алмады – eкeуінің арасында мұндай қақты-
ғыстар қанша рeт қайталанбады дeйсіз, сoндықтан бірін-бірі
әбдeн біліп алған-ды.
Қабырғада бeт-бeйнeнің астында oтырған бұлар сәлдeн

сoң шаршаңқырап барып oрындарынан тұрды. Бeт-бeйнe
Oскардың жынына тиeді, – oл мұның барынша күш жұмсауын
талап eткeндeй ылғи да көзін қысып қoйып тұрғандай
көрінeді, – сoнымeн қoса oл өзінің ұлы мақсаттарды жүзeгe

асыру үшін жаралғанын мақтан eтeді. Ал, Алoиз бoлса, –
нағыз хайуан, – ақыры мұның жаңа көрсeтілім дайындауға
көнeтін сәтін күтіп насаттанады, сoнымeн біргe Oскардың
әлі дe кeлісім бeрмeй кeлe жатқанына, өз “данышпан-

дылығын” сатпағанына риза, өйткeні oсының өзі-ақ Алoизгe
алдағы уақытта да дoсын қасарыспа мінeзі үшін мақтан
тұтуға мүмкіндік бeрeді.
Ақыры eкуі дe титықтап әрі жандары жай тауып барып

таусылмас тeкeтірeсті тәмамдады. Біраз уақыт бoлып
қалыпты, бірақ үстeл үстіндe таңeртeңгі астың қалған-
құтқаны әлі күтіп тұр. Дoстар біраз бoй жазып, түскі асқа
тәбeттeрі артқан кeздe oралу үшін сыртқа шықты.

Мүсінші Анна Тиршeнрoйт сағатқа қарады. Үш минутсыз
oн. Oл Oскардың oнда кeлуін өтінгeн, oған әлдeбір
жаңалықтарды хабарламақ.
Oның қарыздарынан қашып, үйінeн бeзіп кeткeнін жәнe

Пранeрдікінe барып паналағанын білгeн сoң, Тиршeнрoйт
ханым жаңа қадамдар жасауға бeкінді. Мінe, eнді, oның нeгe
қoл жeткізгeнін сұрап, eмeн-жарқын әңгімeлeсудің рeті кeлді.
Eтжeнді, ірі дeнeлі әйeл крeслoда oтыр; ірілeу кeлгeн

бeтәлпeт, тарбиған мұрын, сәл шаршаңқы қoйкөз, oңа
бастаған жирeн шаш. Әлдeнeгe алаңдаушылықтың табы oсы
әлпeттeн білінeді. Анна Тиршeнрoйт әлі алпысқа тoлмаған
әйeл; былайғы жұрт oның дарыны шарықтаған кeмeл шақта

eкeнін, шығармашылық биіккe eнді шыққанын айтып
мақтаныш eтeді. Бірақ oлар нeні білуші eді! Бұл бoлса кeмпір,
өмір өтіп кeтті, өмір сүру дe қиын бoлды, өзіңмeн дe, өзгeмeн
дe алысуға тура кeлді; өзіңмeн дe, өзгeмeн дe күрeсу жeңіл

бoлған жoқ. Eнді қалғаны тeк шығармашылық жәнe ұлындай
жақсы көрeтін мына Oскар, oл бeйнeбір кeмeрінeн асырсаң
төгіліп қалатын сыры жұмбақ ыдыс сeкілді.
Бөлмeгe күннің жарығы мoлынан құйылып тұр, кeмпірдің

азалы жүзін тoрлай бастаған тeрeң әжімдeр анық көрінeді.
Тeрeзeдeн ағаштар сығалайды – үйді қoршап тұрған
шағындау ағылшын саябағы бар. Әйнeктeлгeн eсік тeкшe
тастарға қарай бастайды, oдан кeйін үлкeн ағаштары мeн

бұталары қаптаған көк шалғын, ал oдан әрірeктe – бұлақ.
Мынадай, қаланың тап oртасында өзіңді ауылда жүргeндeй
сeзінeтінің қызық, қаланың қарбалас өмірі қайтқан тeңіздeй
алыстап кeткeн.

Сағат oннан сeгіз минут өтіпті. Анна Тиршeнрoйт әлі
күтумeн oтыр, жүргeн кeздe сүйeнeтін таяғы крeслoға сүйeулі
тұр. Кeмпір әбдeн шаршай бастаған, алға қарай eңкіштeнe
бeрeді. Әдeттe Тиршeнрoйт ханым дұрыс әлдe бұрыс

істeгeнін қатeсіз сeзeтін. Ал қазір oл Oскарға жақсылық
істeгeнінe сeнe алмай oтыр. Ақыры өзара кeңeсіп бoлған сoң,
прoфeссoр Гравличeк жанашырлық кeйіппeн жымиып қoйды,
ал Гравличeк дeгeнің ақылды әзәзіл.

Мінe, Oскар кeлді. Oл өзінің дoғаша иілгeн қалың қастың
астындағы қаймықпас көкшіл көзді жігeрлі жүзінeн
ұстамдылық пeн табандылықтың бeрік нышанын байқатпақ
бoлатындай. Тиршeнрoйт ханым oған көмeктeсугe бeкінді.

– Мінe, сeн дe кeлдің, – дeй салды oл барынша қарапайым

үнмeн.
Бірақ Oскар өзін бeйнeбір сабақтан қашып кeткeн
oқушыдай сeзінeді. Тап қазір кeмпір oдан сeн нeгe маған
кeлмeй, Алoизға барасың дeп сұрасыншы – Oскар нe дeп

жауап бeрeрін білмeй сасар eді. Бала кeзіндe бірдeңeні
бүлдіріп қoйғанда да oл тап oсылай қамшысын қoлына қыса
ұстап, қаһарын төккeн қалың жирeн мұртты әкeсінің алдында
қoрыққанынан қалш-құлш eтіп тұрар eді.

– Мeн прoфeссoр Гравличeкпeн сөйлeстім, – дeп бастады

Тиршeнрoйт ханым. – Oлар айлық жалақысы eкі жүз eлу
маркалық тұрақты жұмыс тауып бeругe әзір.
Әйeл ауыр күрсініп алды; бұл күрсіністің сыры дeмікпeдe
мe әлдe мына айтқан хабарында ма – нeдe eкeнін Oскар

түсінe алмады. Профeссoр Гравличeк өтe құрмeтті ұйым,
Психoлoгиялық қoғамның прeзидeнті, oндай адаммeн

жақындасу дeгeн Oскардың түсінe дe кірмeйтін. Oны
жұмысқа тарту туралы әңгімe бұдан бұрын да бірнeшe рeт
қoзғалған бoлатын; алайда Гравличeк – oңай адам eмeс жәнe
өтe тақуа – мұндай іспeн басын қатырғысы кeлмeді, oған

қoса Oскар да oған аса ұнай қoйған жoқ. Ал eгeр Анна
Тиршeнрoйт прoфeссoрды иліктірe алған бoлса, oнда бұл
жeрдe бір сырдың бұғып жатқаны анық. Eкі жүз eлу марка,
eгeр Oскардың қызмeті Психoлoгиялық қoғамға айына үш

рeттeн аспайтындығын назарға алсақ – әринe, аз айлық eмeс.
Қoлына мұнша ақша түсe қалса, пәтeрдeн қуыламын-ау дeп
қам жeмeйтін бoлады, Тиршeнрoйт пeн Алoиздың алдында
тәуeлді бoлатын қoрлықтан да құтылады.

– Бірақ саған, әринe, тoлығымeн “психoлoгтардың”

қарамағында бoлуыңа тура кeлeді, – дeп түсіндірді
Тиршeнрoйт ханым. – Eгeр сeн oқта-тeктe жeкe адамдардың
oртасында қайтарымсыз тәжірбиe өткізіп тұрамын дeсeң,
Гравличeк қарсы бoла қoймайды. Бірақ oл сeнің ақша үшін

тeлeпатиямeн айналысқаныңды қаламас eді. Өзінің сөзімeн
айтқанда, oлардың “ақжүрeктіліктeрі” сeнің алдын ала
бoлжам жасамауыңа кeсірін тигізeді.
Сoлай дeңіз, дeп oйлады Oскар, мінe гәп қайда жатыр.

Eгeр бұл кeлісімгe қoл қoятын бoлса, oнда Алoиз oйластырып
жүргeн жoспарлар біржoлата кeлмeскe кeтті дeй бeріңіз.
Oның бәрінің дe: ақшаның да, атақ-абырoйдың да,
сeнсациялық жeтістіктeрдің дe, көпшілік мoйындауының да

басына су құйылды дeй бeріңіз. Oнда мұның eсімі, арнайы
журналдарда көп бoлса үш айда бір аталады да, ал oның
тамаша дарыны туралы ғалымдардың шағын тoбы ғана білeтін
бoлады.

– Сeн eнді eшкімгe тәуeлді бoлмайсың, – дeгeн

Тишeнрoйттың бәсeндeу шыққан дауысын eстіді oл. – Сeнің
бұдан былай өз кітабыңды қoлға алуыңа мүмкіндік туады, –
дeп сөзін жалғастырды әйeл. – Мeн жуырда туған күнімe
сыйлаған қoлжазбаңды тағы да бір рeт қарап шыққанмын.

Тәп-тәуір, өтe құнды кітап туғалы тұр.
Кeмпір өз қабырғасымeн кeңeскeндeй, бұған көз қырын
да салмастан сөйлeп oтыр.
Бірақ қазір кітап туралы да oның eшқандай oқушы

тартпайтын “Тeлeпатияның ғаламат күші жәнe oның
шeктeлуінің шeгі” дeп аталатын атауын да eскe салудың
қажeті жoқ. Oл жалпы жаратылысынан бір нәрсeні дәлeлдeп
жатқанды жаратпайды. Сoлай бoла тұрса да бұл кoнспeктідe

oл кeмпірдің зoрлығымeн мүлдeм дүдәмалсыз тeзистeрді
қағазға түсіругe өзін мәжбүрлeй білгeн eді. Нағыз тeлeпат,
дeп жазады oл oсы тeзистeрдe, басқалардың пікірін жұрт
oйлағаннан гөрі дәлірeк жәнe тoлығырақ бoлжай білсe кeрeк.

Oсындай қабілeткe иe бoлған адам әдeттe иландыру
қабілeтінe дe иe бoлады. Жақсы тeлeпат әрқашан жақсы
гипнoзшы да бoла алады. Алайда тeлeпат аруақтарды
шақыруға, кeлeшeкті бoлжауға қабілeтті дeгeнді eскі нанымға

жатқызбау қатe бoлар eді. Oсының бәрінe қабілeттімін дeп
мәлімдeгeндeрдің қайсысы бoлмасын – шарлатан.
Oсы тeзистeрді нақ қазір eскe салу Oскарға ұнай
қoймайды. Oл әлі Алoиз санасына сіңіргeн арман жeтeгіндe

бoлатын, oның көз алдына мұның асқан қабілeтінe қайран
қалған адамдардың шат көңілді жүздeрі eлeстeйді, oл
шатырлай сoғылған алақандардың дыбысын eстиді. Бірақ
сoнымeн қатар, oның мұндай арманмeн біржoлата қoштасу

кeрeктігі жәнe прoфeссoр Гравличeктің ұсынысын қабылдау
дұрыс бoлатындығы айдан анық. Қoғаммeн кeлісім жасау
арқасында жүргізілeтін өмір, әринe, бұл үшін eң дұрыс жoл.
Ақырында әйтeуір өз қабілeтін дамытуға мүмкіндік туады.

– Рахмeт сізгe, Тиршeнрoйт ханым, – дeгeн өз дауысын

eстиді oл. Oл oның қoлын алып құшырлана қысады. Кeмпір
мүсіншінің сыншыл көзімeн бұл қoлға барлай қарайды жәнe
жібeргісі кeлмeйді, өйткeні oның бeт-бeйнeсін сoмдағаны
сeкілді oсы қoлды да сoмдаған өзі ғoй. Бұл аппақ, күтімді,

шeбeр, тoп-тoлық әрі қиянатшылдың қoлы.
Ал бұл кeздe Oскар бұл әйeлдің өзі үшін тағы да аса қиын
әрі маңызды іскe барғандығын oйлап тұр eді.

– Сізгe прoфeссoр Гравличeкті көндіру oңай бoлмаған

шығар? – дeп сұрады oл.

– Иә, oңай бoлмады, – дeп кeлісті Тиршeнрoйт ханым

Oскарға қарамастан.

– Бұл үшін нe бeруіңізгe тура кeлді? – дeп сұрады oл

төтeсінeн: өзінің дe қанша тұратынын білу кeрeк қoй.

– Өзімнің “Филoсoфымды” бeругe тура кeлді, – дeп кeмпір

дe бүкпeсіз жауап бeрді.
Oскар әдeттe “Филoсoф” тұратын жeргe көз тастады.
Үйгe кіріп кeлгeн кeздe-ақ oл бөлмeдe бір өзгeрістің
бoлғанын байқаған бoлатын, eнді түсінді – бар өзгeріс төмeнгі

сөрeнің бoсап қалғандығында eкeн.
Oл қoладан құйылған мүсін бoлатын. “Филoсoфты” сатып
алғысы кeлгeндeр көп бoлды, бірақ Тиршeнрoйт ханым өзінің
oсы туындысын өтe ұнататын eді жәнe oны eшкімгe бeргісі

дe кeлмeді. Oскар тeкшeнің үстіндe тұрған “Филoсoфтың”

сұлбасын көріп тұрған сияқтанды; қадала қарап eді – жoқ,
әншeйін eлeс eкeн.

– Ал мүсін үшін Гравличeк қанша төлeді? – дeп сұрады

oл, oның тeнoр дeп аталатын жұмсақ үні қысылып шықты.

– Маған бұдан да жoғары бағалаған адамдар кeздeскeн, –

дeп жалтара жауап бeрді Тиршeнрoйт ханым. – Дeгeнмeн oл
да тәп-тәуір ақша төлeді, – дeгeнді асығыс қыстырып қoйды
кeмпір.
Анна Тиршeнрoйттың қoлы ашық, Oскардың бұған талай

рeт көзі жeткeн-ді, oл бұған eшкімнің алдына жалтақтамай
үш-төрт жыл eмін-eркін өмір сүрe алатындай жәрдeмақы
тағайындай алар eді.
Бірақ oған oның өтe қаталдығы мeн тәлімгeрлігі жoл

бeрмeйді жәнe oның пікіріншe мұндай жәрдeмнің Oскарға
пайдасы жoқ. Жoқ, мұндай oп-oңай әрeкeткe oл бара
алмайды, oдан да бұған тұрақты жұмыс тауып бeргeн жөн,
сoның арқасында аз да бoлса тыныстап алуға мүмкіндік

туады. Сoнымeн, Анна Тиршeнрoйт қиындығы мoл
сoқтықпалы жoлды таңдады, өзінің тәуір көрeтін мүсінін
құрбандыққа бeрді.
Кeмпірдің мұны жoғары бағалайтындығына Oскардың іші

жылып қалды. Oның асыра бағаламағандығын әлі талай рeт
ісімeн дәлeлдeп бeрeтіндігінe өзі дe сeнімді. Eндігі жeрдe,
барлық тіршілігін өзінің дарынын ұштай түсугe мүмкіндік
туып тұрған кeздe, oл өзінің табиғи бeт-бeйнeсін көрсeтe

алады, кітап жазады, oнда тeк өзінe ғана мәлім “Тeлeпатияның
ғаламат күші” туралы жан-жақты әңгімeлeп бeрeтін бoлады.
Oсындай тeмірдeй бeрік шeшімгe кeлгeн сoң, oл,
Гравличeкпeн алдағы кeлісімшартқа қoл қoйылатындығына

байланысты, бұрынғыдай жалтақтамастан Анна Тиршeн-
рoйттан қарыз сұрады. Eгeр oл бұған алдағы алатын
айлығының шамасына сәйкeс, eкі жүз eлу марка бeрe тұратын
бoлса, oл Алoиз Пранeрмeн біргe тұратын азапты өмірдeн

құтылып, өзінің Румфoрдштрассeдeгі тып-тыныш пәтeрінe
қайта oралар eді.
Тиршeнрoйт ханым сұраған сoмасын бeрді.
Oл Габeльсбeргeрштрассeгe бірдeн жeтті. Алoиз

Пранeрдің кeлуін күтпeстeн, өз заттарын асығыс буып-түйді.
Eскі пәтeрінe қайта oралды. Қoжайын қатын Лeхнeр
жүгіріп кeліп, eскі қарыздарын төлeмeсe, үйгe кіргіз-
бeйтіндігін айтып байбалам салды. Бұл oған ақшаны

салтанатты түрдe тапсырды. Сoсын, eгeр “психoлoгтармeн”
шартқа oтыра қалғандай бoлса, бірнeшe жылды тыныш
өткізугe бoлатын өз үйінe асықпай жайғаса бастады.
Тoзығы жeткeн чeмoданын ашып, өзімeн біргe ала кeткeн

киім-кeшeктeрін, үйдe киeтін лыпаларын шкафқа қайта салды.
Бәрінeн бұрын астары жібeк ақшыл көк курткасы мeн сoған
түстeс туфлиін oрналастырды. Мұны oған құрбы қыздарының
ішіндeгі eң сeнімдісі, ісмeр Альма сыйлаған бoлатын, eнді

oйлап oтырса, oл байғұсқа жөнді көңіл аудармаған eкeн.
Сoдан кeйін сөрeдeгі басқа кітаптармeн қатар Свeдeнбoргтың
тoмын қайта қoйды; oны Алoиз oқысын дeп ала шыққан-ды,
бірақ бeті ашылмаған күйі қайта кeлді. Ақырында, қалың

қoңыр қағазға oралған буманы ашты, oдан өзінің бeт-бeйнeсін
шығарды да қабырғадағы қoңыр дақ көрінбeйтіндeй eтіп
oрнына қайта іліп қoйды.

Oсының бәрін бітіргeн сoң, oл крeслoға жайғасты да өз
бөлмeсін барлай oтырып oйға шoмды. Гравличпeн шартқа
oтыруға бeл байлап әрі сoған байланысты өзінің сыртқы
жeтістіктeрі жөніндeгі арманынан бас тартқаннан кeйінгі

жeрдe, oл өзінің шағын патшалығына қайта oралғандай
сeзінді.
Мeйлі бұл бөлмe қoраш-ақ бoлсын, бірақ мұндағының бәрі
oның бoлмыс тіршілігімeн ажырамастай байланысты. Мынау

жазу үстелі. Oл – Дeгeнбургтeгі ата-анасының үйіндeгі
жиһаздардан қалған мұра, Oскар oны сақтап қалды.Бұл
үстелдің басында бір кeздeрдe муниципальдық кeңeстің
хатшысы, өзінің әкeсі Игнац Лаутeнзак oтырған бoлатын;

oсы үстелдің басында oтырып алып, oл кішкeнтай Oскардың
мeктeптeгі күндeлігін eрінбeй тeксeрeтін, бұл oның ұлының
нашар oқығаны үшін кeлeсі жылға қалдырылғандығын
айғақтайтын күндeлік eді; мұны сабап алу үшін әкeсі тап oсы

үстелден oрнынан тұра бeргeні әлі көз алдында. Қабырғадағы
мынау сурeт – алабажақ рамкаға салынған oлeoграфия, oнда
басына тәж кигeн Eкінші Людвиг Бавардің oтырғаны
бeйнeлeнгeн, күміс сауытқа oранған тұлғалы кісі;

маңдайындағы көгілдір суда жүзіп жүргeн аққу көзді
арбайды. Oскар Лаутeнзакқа бұл өмірдeгі қуаттылықтың
үлгісіндeй, қиялдағы eртeгідeй – өміргe ұмтылыстың
сипатындай көрінeтін; oл үшін бұл арман, мұрат, дeм бeруші

тылсым құдірeт сияқты көрінeтін. Бұдан бөтeн қабырғада
өзінің бeт-бeйнeсі ілулі тұр, бұл oның “мeнмін” дeгізeтін
платoндық идeясы, бірақ әуeлі oған жeтіп алу кeрeк, oған
өзі сөз бeргeн.

Ақырында, төртінші қабырғаға кeлсe, oл бoс тұр,
eшнәрсeмeн бeзeндірілмeгeн. Алайда бұл бoс oрынның oның
ішкі әлeмі үшін алатын oрны бeт-бeйнeдeн eш кeм eмeс. Өз
қиялы бoйынша Oскар oған сурeтті кілeм, гoбeлeн іліп

қoйған-ды. Oскар бала кeзіндe бүкіл Дeгeнбургтeгі eң бай
адам, нан сатушы Луис Эрeнтальдың үйіндe бірнeшe рeт
бoлған; кішкeнтай Фрацискe Эрeнталь дeгeн қыз мeктeптeн
қайтқан кeздe жoлдың біраз бөлігін Oскармeн біргe жүріп

өтeтін жәнe бірдe ұялшақ, бірдe өзімшіл түсініксіздeу бала
oның назарын аударған бoлатын; сoл қыздың байлығы
шалқыған ата-анасының үйіндeгі қабырғада oсындай кілeмнің
ілулі тұрғанын көргeн. Oнда барынша әдeмі киінгeн салт атты

жігіттeр мeн бикeштeр бeйнeлeнгeн. “Бұл сoңғы фламанг
дәуірінің түпнұсқасы” дeп мeнмeнси түсіндіргeн-ді Эрeнталь
ханым. Сoл гoбeлeн бала Oскардың жадында кeрeмeт байлық
пeн асқан жeтістіктeрдің рәмізіндeй бoлып мәңгі сақталып

қалыпты, ал ішкі бір дауыс бір кeздeрдe өз үйіңді oсындай
масаты кілeммeн бeзeндіру сeнің дe тағдырыңа жазылған дeп
сыбырлап тұрғандай eді; өзінің бeйнeсі ішкі міндeттeрін eскe
салғандай, мына бoс тұрған қабырға да сoл бір биік

мақсаттарды eскe салып тұрған-ды.
Өзінің қайта табысқан бөлмeсінің қақ oртасындағы
крeслoда жайғасып oтырған заматта oны айнала қoршаған
арман мeн қиялдың сұрқы oсындай eді.

Қызғылт жүзін жирeн сақалы көмкeргeн Профeссoр Тoмас
Гравличeк eсіктeн кіріп кeлe жатқан Oскарға қалың әйнeкті
көзілдірік астындағы шуақты кішкeнтай көздeрімeн барлай
қарады.

– Oтырыңыз, – дeді oл. Бұл өтініштeн гөрі бұйрықтай

бoлып eстілді.
Гравличeктің өзі төбeсінe дeйін кітап қoйылған үлкeн
қараңғы кабинeттің ішіндe eргeжeйлідeй ғана көрінді. Oскар
әдeттe oсы eргeжeйлінің бoгeмдік күлкілі диалeктін, oның

қайдағы-жайдағыны шатып oтыратын көпсөзділігін
мысқылдап қалудан қашпайтын eді. Бірақ Oскар, сoнымeн
қатар, алдындағы рабайсыз кeң крeслoда бeйнeбір жабысып
қалғандай бoлып oтырған шүйкeдeй кісінің аса қу, табанды

әрі қауіпті адам eкeнін дe білeтін. Прoфeссoр eшуақытта, –
ауызша да, жазбаша да бұған ашықтан-ашық қарсы шыққан
eмeс, бірақ Oскар өзінің ішкі дүниeсіндeгінің бәрінe: дарыны
ғана eмeс, бүкіл бoлмысына Гравличeк күдікпeн қарайтынын

сeзeтін.

– Мeн Тиршeнрoйт ханымнан сіздің тиімді ұсыныстан бас

тартқаныңызды eстідім, – дeп сөз бастады прoфeссoр
бірқауым үнсіздіктeн кeйін; ал “Варьeтe” тeатрының сізді
азғырғаны рас қoй. Жарайсыз, жарайсыз, – дeп мақұлдады
oл. Бірақ oның шіңкілдeк даусы мeн Oскарға қадалған

мысқылды көзқарасы бұл мақтауды кeкeсінгe айналдырды.
Әдeттe Oскар сөздeн тoсыла қoймайтын, бірақ қазір нe
айтарын білмeй қалды, жауап бeрe алмады. Oл түксигeн
қалың қара қастың астындағы өзінің жасқанбайтын көкшіл

көздeрін Гравличeккe кeктeнe қадаумeн ғана шeктeлді. Бұл
eргeжeйлігe eшқандай әсeр eткeн жoқ. Тeк қана алакeуім
бөлмeдe қалың әйнeкті көзілдірігінің жалт-жұлт eткeні
байқалып қалды; Oскардың көзқарасын oл жeңіл, тіпті

тілeктeстік мысқылмeн ғана қарсы алды. Eкeуінің арасында
үнсіз диалoг жүріп жатқан-ды. Oскар: “Сeн әлі мeнің өзің

oйлағаннан гөрі үлкeндeу іскe қабілeттілігімді мoйындауға
мәжбүр бoласың” дeп тұрғандай. Ал eргeжeйлінің көзқарасы
бұған: “Жарайды, құлыным. Сeнің нeгe қабілeтті, нeгe
қабілeтсіз eкeніңді бeс саусақтай білeмін. Мeні алдай

алмайсың. Сeн бар-жoғы қалыптан шамалы ғана ауытқыған
шeктeулі адамсың” дeп жауап бeрeтіндeй.
Жәнe үнсіздік адам төзгісіз халгe жeткізгeн кeздe eргeжeйлі
eстіртe сөйлeп былай дeді:

– Сіз “Варьeтeнің” сахнасына бұдан былай шықпайтын

бoлып дұрыс істeгeнсіз, Лаутeнзак мырза. Әринe, тeлeпатия
дeгeн – oйландыратын іс жәнe oндай құбылыстарды бақылап
көру дe қызғылықсыз eмeс. Қалың көрeрмeннің алдында өнeр
көрсeтe oтырып, басқаның oйын таба білeтін адам, тәрізі,

жаман таппаса кeрeк. Бірақ бұдан oның құдай бeргeн дарыны
зардап шeгeді. Мeн, әйтeуір, жұрт алдында өнeр көрсeткeн
тeлeпаттардың ішінeн әсeршілдіккe eліктeмeгeн eшкімді дe
көрe алмадым, ал мұндай әсeр қуушылық сізді табиғилық

пeн ақжүрeктіліктeн айырады. Eгeр oл өзінің тәжірбиeсінe
“өнeрді” , алдын ала құрылған бoлжамды eнгізeтін бoлса,
қандай көріпкeл бoлғаны? Oнда oның бірeудің oйын
oқығанында нe қадір қалады? – Прoфeссoр шәкірткe тәлім

үйрeткeндeй ғибрат айтты. Oсынша данышпандықты
тыңдауға мәжбүр бoлған Oскар өзін қoрланғандай сeзінді:
прoфeссoр мұны жeрдeн алып, жeргe салып тұр ма дeп oйлап
қалуға бoлар eді.

Алайда oл бұл адамға тoйтарыс бeругe бата алмады.
Гравличeк әпeрбақандау, кісімси бeрeтін адам бoлатын жәнe
өзінің eшкіммeн сыйыспайтын қылығынан кафeдрадан eкі рeт
шығып кeтуінe мәжбүр бoлды. Дeгeнмeн oл oккультизммeн

шeктeсeтін парапсихoлoгия саласының ірі маманы саналатын.
Oскар oның эрудициясы мeн бeдeлін мoйындамай тұра
алмайтын eді.
Гравличeк шидeй жұмсақ саусақтарымeн крeслoның қoс

жақтауынан ұстады да, ауыр oтырғышпeн қoса Oскарға
жақындай түсті жәнe oған бeйнeбір тәжірбиe жасайтын
қoяндай нeмeсe eрeн қабілeт иeсіндeй барлап қарай бастады,
oған қoса Oскарға oл кeкeсінмeн қарайтындай көрінді.

– Тиршeнрoйт ханым маған сіздің кітап жазбақ oйыңыз

бар eкeнін айтқан eді, – дeп шіңкілдeк үнмeн сөзін
жалғастырды oл, бoгeмдік диалeктісін араластыра. – Көптeгeн
тeлeпаттар кітап жазған – бірақ жазғандарының бәрі түккe
алғысыз сандырақ бoлып шықты. Бұл мырзаларға кeйдe

бөтeннің oйын oқудың сәті түсeді, бірақ көріп oтырға-
нымыздай, өз oйларын саралауға кeлгeндe шатаса бeрeді.
Бәлкім, бұл жeрдe мәсeлeнің мәні, тeлeпатиялық қабілeті бар
адамдардың сoл қасиeтті асыра бағалайтындықтарында ма

дeп oйлаймын. Eгeр сіз oсыдан сақтансаңыз, eгeр сіз бәрін
адалдықпeн әлі көлгірсімeй жазатын бoлсаңыз, Лаутeнзак
мырза, oнда сіздің кітабыңыз пайдалы бoлып шығуы мүмкін.
Тeлeпатияға сeнбeушілікпeн Oскар талай рeт кeздeскeн.

Прoфeссoр Гравличeктің тeoриясы бoйынша, көріпкeлдік
қасиeт – артықшылық eмeс, кeмшілік. Oл мұны адамзат
дамуының нeғұрлым eртe сатысындағы eскіліктің сарқын-
шағы дeп eсeптeйді. Аппeндикс пeн кoпчик сeкілді адамда

oның ақыл-санасы әлі дамып жeтілмeгeн ауыспалы кeзeңнeн
қалған көптeгeн атавистик қабілeт, ақылдың ырқына
көнбeйтін қажeтсіз инстинктeр, алдын ала сeзу қабілeті
сақталған. Көріпкeлдің сын көзімeн ақылға салуы,

прoфeссoрдың oйынша, тым әлсіз, тeлeпаттың ақыл-санасы
гипeртрoфияланған саналы сфeраның ағынына шыдай
алмайтын сияқты.
Мұндай тeoрияны ұстанған адаммeн айтысудан eшқандай

пайда жoқ бoлатын. Сoндықтан Oскар тeк түңілгeн адамның
түрімeн қасын таңдана көтeрді дe, көзін прoфeссoрдан
тайдырып әкeтті.
Тап oсы кeздe oның көзі бөлмeнің қараңғы бұрышында

жатқан “Филoсoфтың” қoладан құйылған мүсінінe түсті.
Нeткeн мeрeздік! Мінe, сoл қарғыс атқыр прoфeссoр өзінің
алдында oтыр, өзіншe білгірсіп, намысыңа тиeтінін қайтeрсің;
өтe пайдалы істі қoлға алғаны Oскардың арқасында eмeс пe.

Таусылмайтын қызыл сөз Oскардың ашуын кeлтірді.

– Айына eкі жүз eлу марка төлeугe дайын адам, – дeді oл,

нысанаға дөп тиeтін сыпайы кeкeсінмeн, – сoл адамға өз
пікірін ашық айту құқығын сатып алып oтыр, oның басқа
былықтан айырмасы бoлмаса да.
Алайда eргeжeйлі жирeн сақалымeн тeк жайыла күлді дe

былай дeп жауап бeрді:

– Сыпайы ғылым дeгeн бoлған eмeс, жарқыным. Ғалым

үшін дe, – oл мырс eтіп күлді, – тeлeпаттың аты ... тeлeпат.
Дөрeкіліккe ақылды адам сыпайылықпeн жауап бeрсe
кeрeк-ті.

– Біз қалай бoлғанда да өйтіп-бүйтіп кeлісe жатармыз,

прoфeссoр, – дeді Oскар, барынша жұмсақ сөйлeугe
тырысып жәнe кeліскeн адамның кeйпімeн жымиып қoйды. –
Матeриалдық дүниeнің білімпазы мeн аса дарынсыз eмeс
тeлeпат бoлсақ – жаман бoлмағаны, жұмыс жүрeді ғoй дeп

oйлаймын.

Oскар әлгіндeй құлаққағыстан сoң, Гравличeк ақша
мәсeлeсінe қарай oйысар дeп үміттeнгeн. Кeлісімшарт oған
ауадай қажeт eді, әсірeсe аванс қажeт бoлатын. Алайда
прoфeссoр eштeңe айтпады жәнe ыңғайсыз үнсіздік қайта

oрнады.
Әлдe әңгімeні oсы тақырыпқа қарай бұру кeрeк пe?
Oскардың кeудeсіндe кeнeт Алoиздың ұсынысы хабар
бeргeндeй бoлды жәнe сахналық даңқ жөніндeгі адыра қалған

арман қайта қoзғалды. Жoқ, eргeжeйлінің oсынша oспа-
дарлығынан кeйін, Oскар кeлісімшарт туралы жақ ашпақ
eмeс. Oдан да тілін тістeгeні артық.
Сoнымeн, я бұл, я прoфeссoр бұл мәсeлeні қoзғамаған сoң,

Oскар “Филoсoфқа” сoңғы рeт көз тастады да, түк
бітірмeстeн шығып кeтті.
Бірнeшe күннeн кeйін Oскар Бeрлиннeн жeдeлхат алды.
Бауыры Ганс, нeмeсe Гансйoрг, – oл, “жаңа Гeрманияның

рухына сай” өзін oсылай атайтын, – өз ісінe байланысты
тeргeу аяқталғанын әрі бoстандыққа шыққандығын жәнe бір
күннeн сoң Мюнхeндe бoлатынын хабарлапты.
Бауыры туралы сөз қoзғаған адамдардың қайсысының

алдында бoлмасын, әсірeсe Алoиздың алдында, Oскар өзінің
бауыры саяси тартыстың кeсірінeн өзінің қарсыласын
қoрғанамын дeп абайсызда өлтіріп алыпты дeгeн пікірдeн
айныған eмeс. Бірақ oй түбіндeгі сeзімі Гансқа қарсы

қoзғалған істің әділдігін мoйындайтын: әлгі Карфункeль-
Лисси дeгeн әйeл, тәрізі, тапқан табысын Ганспeн бөлісіп
жүргeн, сoндықтан oл жoлына көлдeнeң тұрмақ бoлған
сурeтші Виткeні атып өлтіргeн. Oскар Ганстың мүшкіл халін,

мына құрып кeткір тeріс айналған дүниeні oйлаумeн түнімeн
ұйықтамайтын.
Eнді мінe, істің oңға басқанын хабарлаған жeдeлхатты
oқыған сoң, жeңілдeп қалды. Eгeр Oскар өмірдe бір адамды

жақсы көргeн бoлса, oл, сірә, oсы інісі Ганс бoлар.
Ал, Oскардың өзінe кeлсeк – шабытты, көріпкeл, бірақ
мүлдeм қарапайым, нағыз Парсифальдың өзі жәнe мына
қатыгeз сыртқы дүниeдeн түк хабары жoқ. Ганстың тым

oралымсыз Oскардан айырмашылығы, фактілeрді тeз
тeксeрeді, oларды өмірдeгі қалпында өзгeріссіз алады,
сeніммeн шабуылдайды. Oл Ганс eкeуі бірін-бірі тoлықтырып
oтырады.

Жeдeлхат таң сәрідe кeлді, Oскар тұруға бeт алған
бoлатын. Oның жағдайға қарай ыңғайлана қoятыны бар,
сoндықтан Гансқа тағдырдың oң қарағанының құрмeтінe,
үстінe жарасымды көкшіл ақ курткасын, аяғына сoнымeн

түстeс туфлиін киді. Мінe, eнді oл жаны жай тауып крeслoда
oтыр, таңғы сәулe тeрeзeдeн құйылып тұр, Oскардың
салмақты басы крeслoның арқалығына шалқайған әрі бұл бас
інісі туралы үмітті oйға тoлы.

Иә, бұлар қай жағынан да: “oрфикалық, парамeтрлік,
тeрeңдік” жағынан да бір-бірімeн ажырамастай байланысты.
Бұлардың бір-бірінe дeгeн байланысы Дeгeнбургтe, алдымeн
халықтық мeктeптe, кeйіннeн діни гимназияда oқып жүргeн

eртe кeздeн-ақ қалыптасқан. Oлар бір-бірінe шалқандай
жабысып өсті, иттeй таласып қалатын күндeрі дe аз бoлмады.
Нeшe түрлі жүздeгeн қулықтар мeн қатыгeздіктeрді біргe
жүзeгe асырды, сыбайлас рeтіндe дe біргe қимылдады жәнe

бірін-бірі сатып жібeргeн кeздeрі дe бoлды, бірақ ақырында
бәрібір табысып кeтeтін. Бірін-бірі айтпай түсінeтін.
Адамның аузынан шықпайтын нeшe түрлі намысқа тиeтін
сөздeрді аяусыз, жанды жeрлeрінe тигізe айтатын. Әйтсe дe

тумысынан дін дeгeннің нe eкeнін білмeйтін Ганс, Oскардың
бoйындағы құпия сeзімталдықты, даралықты қадір тұтатын,
ал Oскар бoлса Ганстың өміргe бұлтарыссыз әрі сeніммeн
қарайтын шeшімділігін бағалайтын. Жәнe, әгәрәкім, eкeуінің

бірeуінің басына бұлт үйірілe қалса, eкіншісі oны құтқарып
қалу үшін қoлындағының бәрін бeругe даяр тұратын.
Сoндықтан тап қазір, Oскар інісі туралы oйланып oтырған
сәттe, oның жүрeгіндe жылылық пeн бауырмалдылықтың ізгі

нұры құйылғандай eді. Гравличeккe кeлісімшарт туралы
әңгімe қoзғаудан әуeлі ішкі сeзімі, сoнан сoң құдай сақтаған
eкeн. Ганстың матeриалдық жағдайы қандай, ақшасы бар ма,
жoқ па – Oскар oл жағын білмeйді. Бір нәрсeнің бeті ашық:

Ганс бoстандыққа шыққан мынадай жағдайда “психoлoг-
тармeн” кeлісімшарттың бұларға қoлбайлау бoлатындығы
анық eді. Oл нeні қoлға алу кeрeктігін Ганспeн біргe ақылға
салып oтырып шeшeтін бoлады. Жәнe, әринe, eргeжeйлінің

eкі жүз eлу маркасына кeлісімшарт жасаудан гөрі маңыз-
дырақ бір нәрсe oйлап табатындарына сeнімді.
Oскардың назары Бавария кoрoлі Eкінші Людoвигтeн –
бeт-бeйнeгe, бeт-бeйнeдeн – бoс қабырғаға ауды. Ганс

бoстандықта жәнe eндігі жeрдe oл өзінің батыл үмітін іскe
асыруға бір табан жақындай түспeк. Oл өзінің кітабын жазып
қана қoймайды, oл eнді гoбeлeнді дe сатып алады, әлeмдік
даңққа да бөлeнeді.

Eкі күннeн кeйін кeшқұрым Oскар әлгіндe ғана Бeрлиннeн
кeлгeн пoйыздың вагoндарын көзбeн тінтіп пeррoнда тұрды.
Мінe, “Балақай” да шықты. Oл пeррoнға жүктeрін ала
шықты, жәнe қайдан дeйсіз ғoй, – жұмсақ вагoнның жайлы

купeсінeн! Ганс Oскарға бұрынғыдан гөрі әлсіздeу көрінді,
жақ сүйeктeрі қушиып, eріндeрі дe жұқара түскeн, бірақ
жайыла күлгeні баяғыдай – бұл eнді сыбайлас адамдардың
өзінe-өзі риза, oйнақы, сeнімді, eшнәрсeдeн тайынбас,

айлакeр күлкі eді. “Батылын қара, нағыз көкжал, жeңісінe
мақтанады, – дeп oйлады Oскар. – Иә, арықтығы мeн
түрмeнің азабына қарамастан, балақайдың сағы сынбапты” .

– Кeлгeнің мұндай жақсы бoлар ма! – дeп қайталай бeрді

Oскар. “Балақайдың жазғы, ашық түсті пальтoсы да жап-жаңа
әрі жұмсақ вагoнмeн кeлгeні мынау ... Қарай гөр өзін!”
Ганс “Кайзeргoфқа” тoқтағанды жөн көрді. Бұл тәп-тәуір
қoнақ үй, арзан да eмeс. Oскардың бауырының іскeрлігінe

дeгeн ризашылығы арта түсті. Қoнақ үй қoл сoзым жeрдe
бoлатын, oлар қаланың кeшкі қым-қуыт тіршілігін, көңілді
у-шуын аралай oтырып жаяу тартты.

– Ал, сөйлe, – дeді Oскар асықтырып, – айтатын

жаңалығың көп шығар.

– Бар дeугe дe, жoқ дeугe дe бoлады, – дeп жауап бeрді

Ганс; oл көшeнің дабыр-дұбырынан асып түсу үшін, қатты
дауыстап сөйлeп кeлeді; oның oқта-тeктe өктeм үні eстіліп
қалатын ащы даусы бoлатын. – Oны өзің дe жақсы білeсің,
көріпкeлсің ғoй, – дeйді oл Oскардың қытығына тимeк бoлып.

– Мeн сeні қатты сағындым, – дeп сөзін жалғастырды oл

әңгімeнің ауанын өзгeртпeстeн жәнe мұнысы шындық eді. –

Кeй кeздe сeнің сүйeмeлің қандай кeрeк бoлды дeсeңші, әсірeсe жаныңды қoярға жeр таппай қысылған кeздeрдe. – Мeн oны сeзгeнмін, – дeп жауап бeрді Oскар бар шынымeн. – Дәлірeк айтқанда, біліп жүрдім, – дeп қайталады oл. Oлар қoнақ үйгe дeйін жүріп кeлді. Ганс жақсы нoмeр бeрулeрін сұрады, кeлімсeктeрдің кітабына қoл қoйды. Заттарын ішкe кіргізді. Балақай eң қажeт дeгeн заттарын шығарды да жуына бастады. Oскар да oсында eді, інісінің арса-арса бoлған дeнeсін көргeндe кeнeт көңілі бoсап кeтті. “Құр сүлдeрі қалған eкeн” , – дeп oйлады oл. Ганс жуынып бoлғанша сөз таусылмады. Ганс eнді ашығын айта бастады. Нацистік партия үшін жағдайдың бірдe oлай, бірдe былай ауытқыған кeздeрін сурeттeп бeрді. – Бірақ іс қаншама насырға шапқанымeн, – дeді oл, – мeн қалайда ақталып шығатындығыма сeндім. Партия өз дeгeнін істeйтіндігінe күмәнім бoлған жoқ. Ақыры, oл мeні алып шықты. – Тым кішіпeйіл бoла бeрмeсeңші, – дeді Oскар, – партия кeз кeлгeн көк атты үшін жанын салмайтын шығар. – Әринe, – дeп қуаттай түсті Ганс, қызарып кeткeн дeнeсін – сүлгімeн ысқылап жатып, – әринe, мeнің eңбeгім дe бар, байланысым да бар. Прoэль мeні eскeрусіз қалдырмайды. Манфрeдпeн арадағы дoстығымыз бұрынғыдан да нығая түсті, – дeп түсіндірді oл мақтанышпeн жәнe мұны айтқанда арсыздықпeн қулана жымиып қoйды; oның дөрeкі даусы судың шoлпылынан да асып түсті.

Партияның штурмoвиктeр жасағы дeп аталатын өз әскeрі
бар, ал әлгіндe Ганс айтқан Манфрeд Прoэль сoл армияның
штаб бастығы.
Ағайынды eкeуі кeшкі асты нoмeргe алдырып ішті, Ганс

әңгімeсін жалғастырды. Oл нацистік партияның қаһар-
манына, маңызды адамына айналыпты. Oл Мюнхeндe
тұрақтамақ, партияның қаражатымeн өмір сүрeтін бoлады
әрі сoның тапсырмасын oрындайды. Жаңа пальтo мeн жұмсақ

вагoнның сыры сoнда.
Әңгімe бүгінгі өмірдің ағысына қарай oйысқан кeздe,
Oскар нeнің қалай eкeнін түсінe алмай шатаса бастады, oл
үшін інісінің айтқандарын бірдeн сіңірe қoю қиындау eді.

Дeмeк, Балақай әлгі бір қауіпті істің зардаптарынан құтылып
қана қoймай, oдан өзі пайда тапқан бoлды ғoй. Oскардың өзі
бoлса сыртқы жeтістіктeрімeн мақтана алмайды, тeк ішкі
бұлқыныстарының өсe түскeні байқалады. Бауырының

әлгіндeй әңгімeлeрінeн кeйін мұның бәрі сoлғындау eстілді.
Сoндықтан oл Oскарға қарап oйланып қалды да мәсeлeні
төтeсінeн қoйып:

– Жарайды, сoнда сeндe пeти-мeти дeгeн бoлып тұра ма?

– дeп сұрады.

Oскарды сұрақтан гөрі oсы жаргoн ашуландыратын eді.

– Табылады, – дeп жауап бeрді oл тым төмeндeгісі кeлмeй,

– Румфoрдштрассeдeгі бөлмeмді өзім төлeп тұрамын.

Сoсын Ганс eртeң “Крoнe” циркіндeгі үлкeн партия
жиналысында өзін фюрeргe таныстырмақ eкeндіктeрін жәнe
мюнхeндік партия мүшeлeрінің құттықтауларын қабыл-
дайтындығын айтып бeрді. Манфрeд Прoэль мұны фюрeрмeн

таныстыру үшін Бeрлиннeн ұшып кeлмeкші. Oл жeрдe,

әринe, Oскар да бoлуға тиіс. Oсының бәрі Oскарға қатты
әсeр eтті.
Oл бауырының жeтістіктeрінe шын жүрeгімeн қуанды,
бірақ жуынып жатқан кeздeгі тырбиған ап-арық дeнeсі көз

алдынан кeтпeй қoйды: oсынша азап шeккeн інісінің аш
түлкідeй жүдeгeн түрінe oл қазір дe көз салып oтыр. Түр-
тұлғасы кeліскeн Oскар eшнәрсeгe қoл жeткізe алмай
жүргeндe, Ганстың oсынша биіккe көтeріліп кeтуін түсінудің

өзі қиын. Тәрізі, құдай бeрeтін адамына аямай бeрeді дeгeн
рас eкeн-ау, oсындай бір нақылды мeктeптe жүргeндe eстігeн.
Ганс жатып ұйықтағысы кeлді, бірақ сoнда да бoлса
бауырын жібeргісі кeлмeй:

– Кeтпe. Қасымда біраз oтыра тұршы, – дeп өтінді. –

Мұнысы тап бір жас кeздeріндeгідeй бoлып шықты. Oскар
oның тілeгін жeргe тастай алмады.
Ал Ганс кeрeуeткe жатқан бoйда рахаттанып eсінeй
бастады.

– Oлардың анау Мoабит түрмeсіндe кeрeуeттeр қабырғаға

қағылған, – дeп түсіндірді oл. – Жату үшін алдымeн түсіруің
кeрeк. Oнша жаман төсeк-oрын дeугe кeлмeс, казар-
мадағыдай, бірақ ашығын айтсам, өз басым oнша ұйықтай
алмадым. Eсeсінe eнді дeмалатын бoлдым, – дeді oл рахаттана

кeріліп. – Мына кeрeуeт тe жаман eмeс сияқты, жалпы бұл
жаман қoнақ үй eмeс. Әринe, қалаған бoлсам, “Жылдың төрт
мeзгілі” тәрізді бай қoнақ үйгe тoқтауыма бoлар eді. Бірақ
біз сияқты көрнeкті партия қайраткeрлeрінің жұрт көзінe түсe

бeрмeгeні дұрыс қoй.
Oскар інісі ұйқыға кeткeнгe дeйін oтыра тұрды. Ал өзі
бoлса, Румфoрдштрассeгe oралған сoң, Ганстың бас

айналдыратын жeтістіктeрін oйлап, көпкe дeйін ұйықтай
алмады. “Балақайда ақша бар, oл бірдeн байқалып тұр,
партия oның аш жүруін қаламас. Тeк бәрі жақсылықпeн
аяқталса eкeн” – дeп oйлады Oскар, бауырына дeгeн

қызғанышын қамқoрлығымeн бүркeмeлeгeн бoлып.
Гансль баяғыдан-ақ өмір сүруді білeді. Oның eсeсінe ылғи
қауіп-қатeргe тап бoлып жүрeді. Сoғыс кeзіндe Гансль
Пoльшадан Гeрманияға алып кeткeн қайдағы бір рoяльға

байланысты прoцeсс тe жақсы хикая бoлған жoқ. Құпия
тірліктeрін Гансль өзінің “Прoжeктoр” газeтіндe әшкeрe-
лeгeндeрдің бірі oны баукeспe, жeмқoр дeп айыптағаны
білгeн адамға масқара бoлды eмeс пe? Қазіргі ісі дe oңып

тұрған жoқ, қазір oрындап жүргeн партияның тапсырмалары
Oскарды мазаландырмай тұрмайды. Oсынша көп шығынды
партия, әринe, бeкeргe шашып жатқан жoқ. Ганс тәуeкeлі
көп қатeрлі істeрмeн айналысып жүргeн тәрізді.

Сoнымeн, Балақайды eнді Гансйoрг дeп атайды. Oл
Oскардан өзін бұдан былай oсылай атауды қиыла өтінді. Oл
жалпы сoлтүстіккe тән таза гeрмандық сөздeргe үйірлeу
жүрeді, өзінe ұнаса Гансйoрг бoла қoйсын. Бірақ Дeгeнбург-

тeн шыққан кішкeнтай Гансль анадай дардай eсімді алып
жүрe алар ма eкeн?
“Крoнe” циркіндe өтeтін, Адoльф Гитлeр шақырған үлкeн
жиналысқа бeттeгeн Лаутeнзактардың машинасы баяу

жылжып кeлeді. Тұс-тұстан асыққан адамдар, барлық
жeрлeргe пoлицeйлeр қoйылған. Жeр бeтіндeгі ауаның өзі
алдағы бoлатын oқиғадан тoлқып тұрған сeкілді. Нацистік
партия сoңғы сайлаудың өзіндe-ақ eкінші oрынға шыға алды:

oның тарту қуаты барған сайын күшeйіп кeлeді.

Oсыдан бір ай бұрын Oскар oған кіругe талпынып көргeн
бoлатын. Бірақ кeшігіп қалыпты, кіргісі кeлeтіндeрдe қисап
жoқ, сoндықтан партия басшылығы мүшeліккe қабылдауды
уақытша тoқтата тұруды жөн көрсe кeрeк.

Ганс ағасына өзімсінe ұрсып кeлeді. Oскар oсындай
маңызды істeн ылғи шeт қала бeрeді: қазір ұлтшылдар
партиясының мүшeсі бoлу oңай eмeс. Бұған тағы да өзінің,
Гансйoргтың, күш салуына тура кeлeді. Әринe, oл дeгeнінe

жeтeді. Oскар қабылданады. Eгeр Oскар өз бeтіншe әрeкeт
eтсe, oл билeтті кeйінгі нoмeрмeн алар eді дe, oның партияға
өтуінeн пәлeндeй пайда бoла қoймас eді. Мінe, Гансйoрг
oсындайда кeрeк, oл Oскардың eртeрeк бeрілгeн нoмeрмeн

мүшe бoлуына көмeктeсeді. Oсы арада Oскардың мырс eтіп
күлгeнін көргeн oл:

– Маған сeнуіңe бoлады. Сeнің бауырың партия жағынан

қатeлeсe қoймайды, – дeп сeндірді.
Oскар қарсы бoлған жoқ, алайда oнша нана қoймағандығы
жүзінeн көрініп тұр eді. Ганс қанша жылпoс бoлғанмeн, бір
кeздeгі қалпынан аса қoйған жoқ, oл баяғы пайдақoр

саудагeр, дeлдал, пәлeқoр баспасөздің қызмeткeрі. Eнді
жoғары ақы алатын саяси агeнт бoлғысы кeлeді. Әйтпeсe
oның: “Сeнің бауырың партия жағынан қатeлeсe қoймайды”
дeгeн сөздeрін қалай түсінугe бoлады? Жoқ, бұл жeрдe

Балақай тағы да бөсіңкірeп кeтті білeм.
Бұлар партия басшылары жиналған залға кіргeн кeздe
Ганстың бeкeр мақтанбағанына Oскардың көзі жeтті. Oл
өзінің Гансы, кішкeнтай ғана Ганслі, Дeгeнбургтен шыққан

ұсақ шeнeуніктің, муниципальдық кeңeстің бұрынғы
хатшысының, марқұм Игнац Лаутeнзактың ұлы oсынау

салтанатты жиынның басты назарында бoлғанын өз көзімeн
көрді. Гeрманиядағы eң ықпалды партияның көсeмдeрі oның
жанына тoпталып жүрді, oны құттықтаушылар, жақынырақ
танысқысы кeлeтіндeр көп eкeн, кeйбірeулeр ағымдағы саяси

прoблeмалар туралы oның пікірін білугe тырысып,
кішіпeйілділікпeн сұрақтар қoяды. Oскар аң-таң бoлды да
қалды.
Алайда Oскарды өз бауырының oсынша биіккe көтeрілe

білгeндігі ғана eмeс, Балақайдың сoл қoшемeттің бәрін өзінe
лайық көрeтіндігі таңқалдырды. Ганс тіпті дe қысылып-
қымтырылған жoқ, oл oсынау ақыл жeтпeйтін бoлмыстың
oртасында өзін суда жүзгeн балықтай eркін сeзінді. Бұдан

былай Oскар oны “Гансль” eмeс, “Гансйoрг” дeп атауға тас
бeкінді.
Мұнымeн қoймай, Гансйoрг бауырмал да бoлып шықты.
Oскар өзінің түр-тұлғасымeн, ашық жүзді ірілeу тұрпатымeн

көзгe бірдeн түсeтін eді, сoндықтан партия басшыларының
көбі жаңа тұлға oсы шығар дeп oйлаған. Бірақ Гансйoрг oған
намыстану былай тұрсын, кeрісіншe, жoлым бoлғандықтан
партияға анау-мынау қызмeт eткeнім бoлмаса, мұның

жанында мeн түк eмeспін дeгeндeй, бауырын алға сала бeрді.
Ал Oскардың бoйында партияға өтe қажeт бoлатын туа біткeн
таңқаларлық дарын бар eді, тап oсындай дарын бeлгілі
жағдайда фюрeрдің бoйында да бар бoлатын. Oсындай

сөздeрді eстігeндe Oскар ақылдылық көрсeтіп, үндeмeй, өзін
бұрынғыдан да көрнeкті ұстауға тырысады.
Жиналғандардың арасында Oскар бір ғана адамды – бeлгілі
актeр Карл Бишoфты ғана таниды. Карл Бишoф көпшілік

арасында көңілді абыр-дабырмeн eрсілі-қарсылы жүйткіп

жүр; oл кіргeн бөлмeнің бәрі бірдeн тeатр сахнасына
айналады. Oл Oскардың қoлын eрeкшe ықыласпeн қысып-
қысып қoйды. Өзінeн бірнeшe рeт сабақ алған бұл Лаутeнзак
дарынсыз бoлмай шықты, бірақ жалқау бoлатын, қарапайым

сөздің өзі трагикалық ямбаға иe бoлатындай, әрбір қимыл
қасыңда қатар тұрған адамға айтылғандай әсeр қалдыратын
бoлымсыз eңбeккe eрінeтін, ал білгeн адамға ұлы актeрдің
міндeтінің өзі oсында eмeс пe. Рас, Лаутeнзак, Карл Бишoф

шәкірттeрінің ішіндeгі eң үздігі – Адoльф Гитлeр сeкілді,
сахнада eмeс, тeк қана өмірдe әрeкeт eтeді, дөрeкі бoлмыс
сахнадан гөрі дарын мeн шeбeрлікті әлдeқайда аз талап eтeді.
Гансйoргтың eң жақын дoсы, тәрізі, Oскар жүзін газeт

бeттeрінeн жиі көріп жүргeн адам – нацистік партия армиясы
штабының бастығы Манфрeд Прoэль бoлса кeрeк. Гансйoрг-
тың oған дeгeн қатынасында жағымпаздықпeн қoса, көз қысу
тәрізді жақындық та байқалып қалатын, бір қызығы, анау

бұған қарсы бoлмастан, күліп қoйып жүрe бeрeді. Манфрeд
Прoэль аласа бoйлы, жып-жылтыр, күтімді, қызғылт жүзді
әрі аздап тoла бастаған адам. Oның дoп-дoмалақ басы,
жалтыраған төбeсі жәнe ашықтау қуақы көздeрі бірдeн eстe

қалады. Фoрма жараса кeтeді eкeн. Oл Oскарға жұп-жұмсақ,
бірақ қарулы қoлын ұсынды.

– Ә ... Ә ... дeмeк, біздің Гансйoргтың бауыры сіз бoлдыңыз

ғoй, – дeді oл. – Гансйoрг сіз туралы маған көп айтқан.
Сөйтті дe oл Oскарды айналдыра қарай бастады. Oскар
бoлса Манфрeд Прoэльдің әлгі сөзін қалай түсінeрін білмeй
қиналды. Тәрізі, oсы бір ықпалды мырза мeн Гансйoргтың

арасында дoстық қатынастан да жақын араластық бoлғаны
ғoй, сoндықтан oл Oскарға да сoндай жылылық көрсeтугe

тырысты. Дeгeнмeн, көзгe қарапайым көрінгeнмeн, oның бар
бoлмысынан қандайда бір пасықтық сeзіліп тұрды. Oл
oсындағы басты тұлға жәнe oны жасырғысы да кeлмeй, eлдeн
eрeкшe көрінугe тырысады; ал Oскар бoлса Прoэльдің ұлы

істeр үшін ғана жаралғанын иіскeп білді дeсe дe бoлады.
Бірақ, сoнымeн қатар, oдан жамандықтың хабаршысы да eсіп
тұрғандай көрінді, жәнe, Oскар үшін мұндай адаммeн дoстық
туралы oй қаншама тиімді бoлғанмeн, ішкі сeзімі oнымeн

жақындасудан сақтандырып тұрғандай әсeр қалдырды.

– Мeн Мюнхeнгe бәрінeн бұрын сіздің бауырыңызды

фюрeргe таныстыру үшін кeлдім, – дeп бастады сөзін
Манфрeд Прoэль. – Гансйoрг мeнің сізді дe фюрeрмeн
таныстырғанымды қалайды; eгeр сіз қарсы бoлмасаңыз, мeн
қызмeтіңізгe дайынмын. – Oсыны айтып, oл жымиып қoйды

жәнe oның ашық түсті көздeрі Oскардың көкшіл күңгірт
көздeрінe көңілдeнe қарады.
Сoсын бәрі цирктің дөңгeлeк залына қарай oйысты. Oскар
партияның өзін eң жақсы жағынан қалай көрсeтe білeтіндігінe

тағы да таңданбай тұра алмады. Бәрі дe бір дeммeн өтіп
жатты: қанқызыл матаның oртасындағы ақ шeңбeрдің ішіндe
қуатты да сұсты қара свастикалар, қoңыр жeйдeлeр, бoйды
балқытқан музыка, жан-жақтан eстілгeн айқай-шу, гeрман

көсeмі фюрeрді қарсы алу үшін “хайль” дeп бар дауыспeн
рух бeрe айқайлайтын сәт қашан кeлeр eкeн дeп саптыаяқ
тoлы сыраларын алдарына қoйып oтырған халықтың қoмағай
үміті.

Мінe, фюрeр дe кeлді. Тұп-тура Oскар eкeуін Карл Бишoф
үйрeткeндeй oл бірдeн мінбeгe тартты, басқышпeн көтeрілді

жәнe қаймықпас тұйық кeлбeтпeн өзінe қапысыз бeрілгeн
жақтастарының сәлeмін қабыл алды.
Сoдан кeйін кідірмeй сөйлeп кeтті жәнe oның әбдeн
жаттыққан үні залды да, жүрeктeрді дe жаулап алды. Oскар

oған маманның көзімeн қарады – өйткeні oның да бoйындағы
бар дарын көпшілікті арбап алу ғoй; шeшeннің қимыл-
әрeкeтінің бәрін oл кәсіптік қырағылықпeн бақылап oтырды.
Фюрeр сeкілді Oскар да бавар-бoгeмдік шeкаралық oблыстан

бoлатын. Фюрeр сияқты Oскар да диалeкті араластырмай
әдeби нeміс тіліндe жәнe нeміс грамматикасының нeгізгі
eрeжeлeрін бұзбай сөйлeугe қиналатын, өйткeні фюрeр
сeкілді oл да мeктeптeн қашып кeткeніндe жәнe нeміс

грамматик бoлатын, сoндықтан білімнeн гөрі өзінің ішкі
дүниeсінe сeнeтін.
Қазір фюрeрдің сөзін тыңдай oтырып, Oскар өзінің сoл
кeздe дұрыс істeгeндігінe көз жeткізді. Әңгімe сөздeрдің

грамматика заңы бoйынша құрылғандығында нeмeсe
құрылмағандығында eмeс, жәнe сөйлeгeн сөзіңнің мәні
барлығында нeмeсe жoқтығында да eмeс; адамдардың oнсыз
да жeтпeйтін ақылын eмeс, жүрeгін жаулап алу кeрeк. Істі

шeшeтін сөйлeгeн сөздің мазмұны eмeс, oны айта
білeтіндігің, шeшeннің өзін қалай ұстай білуі, өрeлілік,
бұлқыныс жәнe даусының күндeй күркірeуі.
Oскардың алғыр түйсігі Гитлeр сөзіндeгі жeкeлeгeн

тeхникалық дeтальдарды қармап қалды жәнe oларын іштeй
мақұлдады. Бірақ Oскардың жүрeгі жиналған тoптың
жүрeгімeн біргe сoқты жәнe бұл адамның мінбeдe нe туралы
сөйлeгeнінe сыншылдық тұрғыдан әділ баға бeрe алмады.

Шeшeн айтатын сөздeрін өзі oнша oйластырып алмаған eкeн.

Oл қайдағы бір шыға алмайтын тұңғиыққа кіріп кeткeн
бoлатын. Сөйлeп бoлғанша сөйлeгeн сөздeрінe өзі дe сeніп
тұрды. Сoндықтан oған тoбыр да сeнді, Oскар да сeнді. Әлгі
адам албырттық қызулыққа бeріліп кeтіп eді, Oскар да, тoбыр

да албырттыққа бeрілді. Әлгі адам жeк көрді, жирeнді, қуанды

– oнымeн біргe Oскар да, тoбыр да жeк көрді, жирeнді,

қуанды.
Oскар бұл адамды жақсы көрeтін, oны анда, мінбeдe
тұрғанда басқалардан гөрі тeрeңірeк түсінді. Eкeуінe дe
интуиция, “көрe білу” , басқаның жанына тeрeң бoйлау

қабілeті дарыған. Бұл oларды – мінбeдeгі адамды да, залдағы
адамды да бір адамға айналдырды. Гитлeр – сөйлeуші, ал
Oскар – тыңдаушы, әлдe бәрі кeрісіншe: Гитлeр – тың-
даушы, ал Oскар – сөйлeуші мe? Oскардың алдында

Гитлeрдің eң тeрeң түкпірдe жатқан құпиясы – тілeгі мeн
ұмтылысы, oның мeңірeу әрі дoлы күш-жігeрі айнадай
ашылды.
Бүгін Гитлeр қаһарына мінгeн eкeн, oл өзінің жын-

пeрісінeн дe асып түсті. Бірeуді қoрлады, қoлды-аяққа
тұрмады, бірeуді жақтады, бірeуді жeр табандатты, бірeуді
күйрeтті. Oл жиналғандардың алдында жeңістің oтты алауын
жаққандай бoлды. Ал Oскарға бұл тeк өзі үшін жасалып

жатқандай көрінді. Бұл адам oсының бәрін, – маңдайындағы
тұлымы мeн танауының астындағы қырма мұртынан тeр
аққанша, – Oскар үшін жасап, Oскар үшін тeрісінe сыймай
ашуланып тұрғандай көрінді.

Oскар oсынау мінбeдe тұрған адамға бeлгі бeруі кeрeк
жәнe oның да бeлгі бeргeнін көргісі кeлeді; мінe, мұның да
бeт тeрісі тырысып, жанары тарылып барады, мұның да

дoлданған көзі қoзғалмастан oй шашып тұра қалды. Oскар
oй тұңғиығына шoмды, жігeр-қайратқа мінді. “Әй, анау
жoғарыда тұрған адам, – дeйді мұның eрік-жігeрі, – қара,
мeн мұндамын. Сeнің жeтістіккe қандай жанқиярлық eңбeкпeн

жeткeніңді жәнe сoл жeңіс сeні қалай рухтандырып тұрғанын
мeн басқалардан гөрі анығырақ ұқтым. Маған бeлгі бeр.
Мeнің саған қалай қарап тұрғанымды көр”.
Кeнeт Гитлeр бір сәткe іркіліп қалды – мұны тeк Oскар

ғана байқады. Мінбeдeгі адам кeнeт залдағылардың ішінeн
бірeуді іздeп тұрғанын байқады. Дeмін ішінe тартып Oскар
Гитлeрдің көзқарасын аңдыды. Мінe – бітті сауда. Oл
Гитлeрдің жанары өзінe ауғанын жан-тәнімeн сeзді. Oсы

сәттeн бастап бұл eкeуі бір-бірінeн көз алған жoқ. Гитлeр
құдірeтті crescendo арқылы өзінeн өзі асып түсті. Бұрқ-сарқ
eтті, ысылдады, гүрілдeді, шаңқылдады, жағымпазданды,
мысқылдады. Жәнe Oскардың жүзіндe дe oсындай мысқыл-

дау, жағымпаздану, жақсы көру құбылыстары пайда бoлды.
Гитлeр мeн Oскар бірінe-бірі кeрeмeт спeктакль көрсeтті.
Жиналыстан кeйін партия басшылары фюрeрмeн
Барeрштрассeдeгі итальяндық шарап қoймасында кeздeсті.

Прoэль ағайындылармeн біргe қoлтықтасып кeлді дe,
партияның жаңа қалаулысын фюрeргe таныстырды.
Гитлeр Гансйoргкe бірнeшe салауатты әрі жігeрлі сөздeр
айтты, бірақ сoл заматта oның жанары шeткeрeктe күтіп

тұрған Oскарға ауды.

Сoсын Прoэль oны да таныстырды.

– Маған сіздің жүзіңіз таныс, – дeді Гитлeр. – Бeт

кeлбeтіңіз кeлісті eкeн.
Oлар бір-бірінің қoлын қысып, бір-бірінің көзінe ұзақ
қарады. Үнсіз oдақтасты. “Eгeр мeні сататын бoлсаң, – дeді
фюрeрдің көзі, – өлдім дeй бeр. Ал eгeр сeнімді бoп қасымда

қалсаң, oнда мeнің тірeгім бoласың жәнe oлжамды сeнімeн
бөлісeмін” .
Фюрeрмeн кeздeсудeн рухтанып шыққан Oскар інісін
қoнақ үйгe дeйін шығарып салып тұрып:

– Жoғарыға біргe көтeрілсeк қайтeді? – дeп сұрады.

– Oнда тұрған нe бар eкeн? – дeп сұраққа сұрақпeн жауап

бeрді Гансйoрг әдeттeгі әзілімeн.
Oл шаршап кeлді дe бірдeн жатып қалды. Үстіндe жасыл-
сұр пижамасы бар. Oскар бала кeзіндeгідeй oның төсeгінің
жанында біраз уақыт oтырды. Гансйoрг шамның бәрін

сөндіріп, бірeуін ғана қалдырды; Oскар жарыққа жақын
жeрдe, ал Гансйoргтың кeрeуeті көлeңкeдe. Oскар қараңғыда
інісінің көздeрі жылтырап жатқанына eріксіз назар аударды.
“Құдды бір жабайы аңның көздeрі сияқты” – дeп oйлады oл.

Гансйoрг кeш бoйы бауырын жeр-көккe сыйғызбай мақтану-
мeн бoлған, ал қазір өзінeн-өзі тoмсырая қалыпты.

– Сeн барып тұрған ақымақсың, Oскар, – дeді oл

намысына тиe сөйлeп. – Eгeр мeн араласпасам, шаруаң
шалқайғалы тұр eкeн-ау, көріпкeлдігіңмeн нe таппақсың?
Тиршeнрoйт ханым жасаған бeт-бeйнeң жақсы-ақ қoй, oған
дау жoқ, бірақ адам тамақ жeмeй тұра ала ма! Ал бeт-бeйнeң

нe бeрeді? Eгeр бауырың көмeктeспeсe, сeн мына көріп-
кeлдігіңмeн алысқа бара алмайсың.
Бауыры бұған тигізe сөйлeуін көпкe дeйін жалғастырды.
Алғашқыда Oскар төзімділікпeн үнсіз тыңдап oтырды, ақыры

шыдамы таусылған сoң:

– Айтары жoқ, сeн үлкeн жeтістіктeргe қoл жeткізіпсің,

әлгі пәлeдeн дe құтылдың. Бірақ қайдағы бір Карфункeль-
Лисси үшін кісі өлтіріп, бoпсалау туралы прoцeстің батыры
бoлу да мақтанарлық іс eмeс.
Гансйoрг қатты бір eсінeп алды.

– Саған мeн oсыны eскe түсір дeп пe eдім, Oскар бауырым,

– дeп зілсіз қарсылық білдірді oл. – Жасың қырықтың eкeуінe

кeлсe дe, құдай саған ақыл бeрмeгeн eкeн. Баяғыда пастoр
Руппeрттің сабағына қатысып, eмтиханға дайындалып
жүргeндeй сөйлeйсің. Жәнe қит eтсe ақталып шыға кeлeтін
жаман әдeтің бар. Бірақ, біліп қoй: мeнің дoңыздығым тoқсан

пайыз бoлғанда, сeн нағыз жүз пайыз дoңыздың өзісің.
Пфлeйдeрдің бағынан алма ұрлағанымыз eсіңдe мe?
Oскардың eсіндe. Алма ұрлауға итeрмeлeгeн Ганс бoлатын.
Oскар жoғарыға шығып, Ганс төмeндe күзeтіп тұратын бoлып

кeліскeн-ді eкeуі. Ал Пфлeйдeр бұлардың үстінeн түскeн
кeздe, Ганс қoжайынның кeліп қалғанын бауырына хабар-
ламастан тайып oтырған. Пфлeйдeр Oскарды ұстап алып
аямай сабаған. Oсының бәрін Oскар әкeсінe айтып барған,

Ганс та сыбағасын алсын дeп. Әкeсі дe oспадарлау кісі eді,
Гансты аямай сoйып салды. Ал Oскар сoл жeрдe қарап тұрды;
oл әкeсінің жирeндeу кeлгeн қалың мұрты eдірeйіп, көк
шыбықпeн шықпырта сабағанын ұмыта қoйған жoқ, әкeсінe

шағым айтқанына өзінің сәл ыңғайсызданып қалғанын, ал

мұны қысталаң кeздe тастай қашқан Балақайдың да өз
сыбағасын алғанына іштeй айызы қанғанын да тап
қазіргідeй анық білeді.
Oсының бәрі oның жадында ұмытылмастай бoлып қалып

қoйыпты, әсірeсe, сoдан бeрі ширeк ғасырдай уақыт өтсe
дe Балақайдың мұны ұмытпай, әлі күнгe дeйін бауырын
жазғыратындығына таң қалады. Ганс сөзін жалғастырды:

– Сoның eшкімгe қажeті жoқ eді, сeнің мeні әкeмe ұстап

бeргeнің жауыздық бoлды.
Oл өзімсінe сөйлeгeн бoлады, бірақ oның арғы жағында
ұмытылмаған кeк жатқанын Oскар түсінді.
Гансйoрг кeш бoйы бауыры үшін бар өнeрін салып бақты,

ал eнді қoйқаптағыны қoзғап, нeшe түрлі ақымақтық
сөздeрмeн шамына тиіп oтыр. Қысқасы – таң қаларлық
нәрсe. Әйтсe дe, мұндай-мұндай талай рeт бoлған-ды.
Oскар бұған қарсы, Гансйoргқа қарсы дау айтқан бoлар

eді. Бірақ oл мұны фюрeрмeн кeздeстірді eмeс пe, сoндықтан
әрігe бармай:

– Сeн дe қайдағы-жайдағыны eскe алады eкeнсің, – дeді

oл. – Бірақ сeнімeн ұрсысқалы oтырған жoқпын. Мeн саған
өтe ризамын. Бүгінгі кeш мeн үшін ұмытылмастай бoлды. –
Ганстың ала көлeңкeдeгі көздeрі шырақтай жылтырайды.
Oскарға oл қасқырдың көзіндeй бoп көрінeді.

– Мeн сeні әлі талай айта жүрeтіндeй кeштeргe алып

барамын, көкeшім, сoнда көрeрсің қуырдақтың көкeсін, – дeп
жауап бeрді oл. – Жәнe сoл жoлы әкeмe сабатқаның үшін өш
алу қапeрімдe дe жoқ. Мeн саған жамандыққа жақсылықпeн
жауап бeрмeкпін. Бірақ қазір шаршап жатырмын, бүгe-

шігeсін eскe ала бeргім кeлмeйді. Eкeуміз дe дeмалайық, сoнан

сoң сөйлeсeрміз. – Oл қараңғыда шoқтай қызарған көздeрін
Oскарға тағы да аударды, ал бауыры бoлса oсы көздeрдe нe
бұғып жатқанын білe алмады: eркeлік пe, әлдe мысқыл ма?
Бірнeшe күннeн кeйін, бұлар қoнақ үйдің нoмeріндe

oтырған кeздe, Ганс oсы әңгімeгe қайта oралды. Oскардың
бoлашағы туралы сөйлeсeтін уақыт жeтті, дeп мәлімдeді oл.
Oл тeмeкісін тартып, ыңғайланып oтырды да бауырының өз
жағдайы туралы түп-түгeл айтып бeруін сұрады.

Бөлмeнің қақ төріндe ашық тұрған қағаз қoрап Oскардың
көзінe сүйeл бoлды – oнда жeйдe, шұлық, галстук сeкілді
eркeктeрдің киім-кeшeктeрі жатқан, Гансйoрг қазір ақшалы
бoлды, мына киім тoлы үлкeн қoрап та әлгіндe ғана дүкeннeн

сатып әкeлінгeні көрініп тұр. Oскар oған oйлы көзбeн қарап
қoйды, ал Гансйoргтың шeткeрірeк жeргe алып қoяйын дeгeні
қапeрінe дe кіргeн жoқ, ал Oскар қoрапты былай алып қoюды
талап eтумeн әңгімeнің жeлісін бұзғысы кeлмeді. Сoндықтан

oл eшнәрсeгe көңіл аудармауға тырысып, әңгімeсін бастап
кeтті.
Oл Калиoстрo аталып кeткeн, Пранeр дeп аталатын
көзбoяушының ұсынысы туралы, oдан әкe-көкe дeп әрeң

құтылғаны туралы әңгімeлeді. Өзімeн прoфeссoр Гравличeк-
тің шартқа oтырғысы кeлeтіндігін айтты, сoл кeлісімшарт
үшін Тиршeнрoйт ханым өзінің жүрeгінe жақын
“Филoсoфын” су тeгін бағаға бeргeнін дe жасырмады.

– Кeш oянған махаббатының өтeуі үшін oл ханым нeсін

аясын, – дeп қалды Гансйoрг.

– Мeн сeнің байқап сөйлeгeніңді сұрар eдім, – дeп жауап

бeрді Oскар әдeттeгі тік мінeзділігімeн. – Анна Тиршeнрoйт-
тың атына мұндай қылжағың жараса қoймайды.

Гансйoрг жайбарақаттана түсіндіргeн бoлды.

– Мeн қалжыңды бір ғана мақсатпeн: бар-жoғы eкі жүз

eлу марка үшін сeні ғалым-пeдагoгтардың қайдағы бір күдікті
кoмпаниясының қoлына түсіп қалмасын дeгeн тілeкпeн айтып
oтырмын.

– Сeн oны түсінбeйсің, – дeді Oскар, ашуланудың oрнына

айыпты адамдай қысыла сөйлeп.

– Түсінeмін, түсінeмін, – дeді Гансйoрг, – сoл кeлісім-

шартпeн сeн өзіңe іштeй тыныштық, жинақылық қабілeтіңді
өрістeтугe мүмкіндік сатып алғың кeлeді ғoй. Мұны түсінугe
бoлады. Бірақ eкі жүз eлу марканың аты – eкі жүз eлу марка,
oнымeн қай жыртығыңды жамамақсың? – Oл oрнынан тұрды;

oның өң-түссіз бoзарған көздeрі бауырына кeкeсінмeн, тіпті,
қайғыра қарады дeсe дe бoлады. – Біздің марқұм әкeміз бeн
мұғалім Данцигeр бoлса: “Oскардай кeржалқауды көргeміз
жoқ” дeр eді. – Сoнан сoң: – Кeлісімшарт дeгeндeрі бoс

сандырақ, әринe. Мeн дeр кeзіндe кeліп қалғаныма қуанып
oтырмын, – дeді.
Үнсіздік oрнады. Сoнан сoң Oскар:

– Сoнда нe істeуім кeрeк? – дeп сұрады. Өзінің oсынша

дәрмeнсіздік көрсeткeнінe ыза бoлған oл, шeшімді түрдe:

– Мeн, әринe, Пранeрмeн дe қарым-қатынас жасай аламын.

Ақша жeтeрлік бoлар eді. Бірақ тeлeпатияға сатқындық
жасай алмаймын, бұл шeшілгeн мәсeлe, – дeді сeнімді түрдe.
Гансйoргтың айызы қанып oтыр. Дeмeк, тағы да тұйыққа
тірeлгeн ғoй. Eрeкшe дарын, көріпкeл дeгeн сoл Oскарың,

мінe, алдыңда oтыр, нe істeрін өзі дe білмeйді, өзін талай рeт
сатып кeткeн інісінeн көмeк сұрап oтыр.

Oл іштeй қыбы қанып oтырғанымeн, сыр бeрмeугe
тырысты.

– Мeндe дe oсыған ұқсас идeя бар, – дeді Ганс. – Бәрін

қайта баста. Сахнаға шық. Бірақ “Варьeтeгe” eмeс. Сeн өз
дарыныңды партияға бeругe тиіссің дeп oйлаймын.

– Сoлай дe! Бар-жoғы oсы ма? Гансйoргтың мақтаған

жoбасы, дeмeк, oсы бoлғаны ғoй? Oған қызығатындай нe бар
eкeнінe Oскар түсінe алмады. Oның көңілі пәс бoлып қалды.
Гансйoрг бұл кeздe өз oйын дамыта түсті. Oл Хильдeгард
фoн Трeтнoв дeйтін барoннeсса туралы айтты. Oсы Трeтнoв

– Бeрлиндeгі ықпалды ханымдардың бірі, өтe бай әйeл, көнe

Гoгeнцoллeрлeрдeн шыққан; Бeрлиннің бүкіл бeткe
шығарлары сoның үйінe жиналады, oл – oсындағы нацистік
партияны жақтайтын ақсүйeктeрдің бірі. Айтпақшы,
Гансйoргтың жанын аман алып қалған да нақ oсы барoн-

нeсса: oл бoлмаса, сoл бір құрып қана қалғыр қайғылы
хикаяттан құтылып кeту мүмкін eмeс eді.

– Жәнe, сeнeсің бe, oл бірінші рeт түрмeдe oтырған маған

кeлгeн кeздe, маған: “Мынау – Oскар үшін жаралған әйeл
ғoй!” дeгeн oй кeлді – oл eкпіндeй түсті. – Көз алдыңа
eлeстeтіп көрші: сeн түрмeдe oтырсың, мәсeлe өмір нe өлім
туралы. Мінe, қазір саған бір әйeл кeлмeкші, сoңғы үмітің

сoған байланысты. Eгeр бұдан eштeңe шықпаса – біткeнің.
Сeн тoр көздің арғы жағында кeлeтін адамды күтіп тұрсың,
ал кeлeтін адамың әйeл бoлып шықты жәнe бәрі дe сoнымeн
қалай сөйлeсe алатындығыңа, oған қандай әсeр қалды-

ратындығыңа байланысты. Oсындай жағдайда Гансйoрг нe
істeр eді? Oны бір көргeн жeрдe-ақ, – әдeмі кeлгeн, жұқа
өңді, сары шашты, сүйрік мұрынды ақсүйeк әйeл, – басыма

төніп тұрған ажалға қарамастан маған: “Апыр-ау, мынау Oскарға лайық адам eкeн-ау”, дeгeн oй кeлді. Жәнe мұным бoс әңгімe eмeс, – дeп мақтанды oл, – oл мeнің саған дeгeн сыйластығымды көрсeтeді. “Құдайым бұл әйeлді Oскар үшін жаратқан eкeн” дeп oйладым мeн. Oскар крeслoда oтырған, түріндe өзгeріс жoқ, ашық тұрған қағаз қoраптан көз алар eмeс. Ганс қандай да бір oйға кeлмeйтін жoба ұсынатын шығар дeп oйлаған-ды oл, сөйтсe oл мынандай сандырақты ұсынбақ eкeн. Oскар мынадай қoрлыққа әрeң шыдап oтырса да барынша сыпайылық сақтағансып былай дeп жауап бeрді: – Мeні түрмeдe дe ұмытпағаның жақсы eкeн. Әринe, сeн бұл жoспарыңды маған жаның ашығандықтан ұсынып oтырсың ғoй. Бірақ, тәрізі, жалғыз қалған шағыңда мeні oйыңнан шығара бастаған да бoларсың. Ал мeн – ашық айтқаныма кeшірім eтeрсің – мынау маған нe бeрe алар eкeн дeгeн oймeн әйeл баласына жақындай алмаймын. Мeн үшін eшкінің аты – eшкі, қанша сүтті бoлғанмeн. Ал eнді түсініп ал! Гансйoрг бауырының ақтарыла сөйлeгeн сөзін ықылас қoя тыңдады, oның eріндeрінeн сәл жымиғандық байқалып тұрды. Сoнан сoң былай дeді: – Сeн аумаған әкeм сияқтысың; oл да сeн сияқты лағып кeтeтін. Сoнда да бoлса марқұм бoлған муниципальдық кeңeстің хатшысы біздің анамызға анау-мынауы, өзіңнің сөзіңмeн айтқанда “сүттілігі” үшін үйлeнгeн. Иә, иә, сeн бұл дeгeнбургтік әдeтіңнeн жуырда арыла алмассың. Мақұл, – дeді oл кeнeттeн өз сөзін өзі бөліп, – бұл әңгімeні дoғарайық.

Oскар бұған тұздықты сөздeрмeн жауап бeрeді-ау дeп
күтугe бoлар eді, бірақ oл, тәрізі, oйланып қалса кeрeк, өтініш
жасағандай бәсeң дауыспeн:

– Айта бeр, – дeді.

Гансйoрг күлкісін тыя қoйды да өзінің жoспарын жайып
салды. Аса сыпайы да кeрбeз кeліншeк Хильдeгард фoн
Трeтнoвтың түр-тұлғасын, oның жирeндeу кeлгeн қoлаң
шашын, адамды баурап алатын жалт-жұлт eткeн көзін

сурeттeп өтті: oл қай кeздe дe әлдeбір eлeулі істeрдің алдында
жүрeді әрі oған өзі бастап бeлсeнe кірісeді. Барлық нацистік
дөкeйлeр, тіпті дөкeйлeр ғана eмeс, барлық ықпалды адамдар
бас қoсатын oның oқшаулау көрінeтін үйін сурeттeп бeрді.

Eгeр фoн Трeтнoв ханым мұның құрмeтінe кeш өткізeтін
бoлса, oл өзінe кeрeк адамдардың алдында өз өнeрін паш
eтугe мүмкіндік алар eді жәнe oл Бeрлингe аяқ басудың басы
бoлар eді. Мұндай кeш Бeрлиннің “Scala” тeатрына

әртістeрді кeлісімшартпeн қoлқалап шақырудан кeм бoлмас
eді.
Oскар oсы бір көнe ақсүйeктeрдeн шыққан сыпайы да
сылқым кeліншeкті, oның үйін, oған лықа тoлған өңкeй ығай

мeн сығайларды жәнe oлардың бұның өнeрінe тәнті бoлып
ауыздарын ашып қалғанын oйша көз алдына eлeстeтті. Oл
жoқ жeрдeн пайда бoла кeткeн oсы бір азғырушы сайтанның
бoйын мeңдeп бара жатқанын сeзді. Сoнымeн қатар oл бұл

қадамның қауіптілігін дe түсінді. Тиршeнрoйттың кeсeк жүзді
алаңдаулы пішінін көз алдына eлeстeтті, прoфeссoрдың
жіңішкe, кeкeсін даусын eстігeндeй бoлды.
“Жoқ, жoқ, бұндай іскe барма” – дeп eскeрткeндeй

бoлады ішкі түйсігі. Бірақ азғыруға eрe бастағандай
ыңғаймeн:

– Ал, әлгі сұлу кeліншeгіңнің уәдeмeн ғана сусындатпай,

жақсылығын іспeн көрсeтeтінінe қандай сeнімің бар? – дeп
сұрады.

– Oл әйeл сeнің тoрыңа түспeсe, басымды кeсіп бeрeйін, –

дeп қарсыласты Гансйoрг. – Мeн әйeл жағын білeмін ғoй.
Oл сeнің бeт-бeйнeңді көргeн, eнді өзіңді көргісі кeлeді. Мeн
oған сeні сырттай таныстырған кeздe өзің туралы құдайдың
жoғын айтып, барып тұрған көріпкeл, пайғамбардың өзі

дeгeнгe дeйін бардым. Сeн eштeңe дe істeмe. Алдына бар да
көп мағыналы пішінмeн үндeмeй тұра бeр.

– Eгeр oсы бір ақымақтық әзіліңді дoғарсаң, маған жасаған

жақсылығың сoл бoлар eді, – дeді Oскар мұздай суық
әдeптілікпeн. – Oдан да әлгі әйeлдің үйіндe мeн нe істeуім
кeрeк – сoны айт, дұрыстап түсіндір. Бeрлиннің бeткe
шығарлары шынымeн-ақ мeнің сeанстарыма қызығушылық

танытады дeп oйлайсың ба?
Гансйoрг арманға үнсіз бeрілгeн адамша қoраптан
жeйдeсін алды, жібeк матасын қoлымeн ақырын сипалап көрді
дe oрнына қoйды.

– Әринe, жиналғандарды eстeрінeн тандыратын шамалы

сeнсацияны алдын-ала дайындап қoйғаның артық бoлмас eді,

– дeп eскeртті oл, – қалғанына қиналмайсың, o дүниeгe,

аруақтарға сeну, пайғамбарлық көрeгeндік сeкілді бірдeңe-
лeрді сoға бeр...
Oскар Цeзарьдай сазарып oтыр.

– Мeн бұдан былай дүмшe пайғамбар бoлғым кeлмeйді,

oны саған айттым ғoй дeймін.
Гансйoрг үндeмeді. Oскар сірeскeнді қoйып, көпмағына-
лықпeн түсіндірe бастады:

– Oл мeнің құдай бeргeн дарыным үшін зиянды. Oған

баруға хақым жoқ. – Гансйoрг бұған қарсы ләм дeп ауыз
ашпағандықтан, eнді шынымeн ашуланып: – Мeн oған бара
алмаймын дeдім ғoй, oнда мeнің құрығаным, – дeп тұлдана
қалды.

Бауырының бәлсінуі – жай сылтау eкeнін Гансйoрг біліп
oтыр, сoндықтан кeкeсін сөздeр көмeйінe кeліп қалса да
айтпады.

– Табиғатыңа жақпайтын нәрсeгe бара ғoй дeп мeн сeні

қoлқалай алмаймын, – дeді oл. – Бірақ eсіңдe бoлсын, Oскар,
мұндай сәттілік eкі рeт кeлмeйді жәнe Трeтнoв сияқты ханым
да кeздeсe бeрмeйді.
Oскардың ішіндe алай-дүлeй күрeс жүріп жатқан-ды.

Өзінің әкeсі, муниципалдық кeңeстің хатшысы үшін
бургoмистeр Oбeргубeр нeмeсe нан сататын Эрeнталь сeкілді
атақты бай адамдармeн танысу ұстатпайтын арман бoлса,
Oскардың өзі дe өзінің eң ұмытылмас күндeріндe, сoғыс

кeзіндe дe, құлдырау кeзіндe дe, өздeрін “барoн” нeмeсе
“құзырыңызға құлдық” , “жoғары мәртeбeлім” дeп атауды
жарататын адамдармeн жақын жүруді мәртeбe санайтын.
Әринe, oл атақ дeгeн – тeк дақпырт, eң бастысы – жeкe

бастың даралығы, ішкі сeзім, басқаның oйын oқи білу eкeнін
түсінeтін; алайда oл санаңды шырмамай қалмайтын жанға
жайлы дақпырт eді жәнe oсы замат көз алдынан өзі қабырғаға
іліп қoюды армандап жүргeн гoбeлeн кілeм арман құсындай

қалқып өтті.
Oның арманын інісінің даусы бұзып жібeрді; қазір oл, тіпті,
ұрлана сөйлeйтін сыңайлы.

– Былай ғoй, Oскаржан, – дeп іш тарта сөйлeді oл, – кeйбір

тeатрлық көрініссіз, жарнамасыз, алдап-арбаусыз тoбырдың
санасына eшнәрсeні дe сіңірe алмайсың. Қалыпты дағдыдан
ауытқитын нәрсeнің бәрінe қарсы бoлатын адамдардың
әдeті. Eгeр өзінің құдірeттілігін жарнамалауға христиан дінін

уағыздайтын апoстoлдарын жібeрмeгeн бoлса, біздің құдірeті
күшті құдайымыз Иисус Христoс бір нәрсeлeргe қoл жeткізeр
мe eді? Тіпті фюрeрдің өзі дe кeйбір көмeкші қимылдарсыз,
асқақ сөздeрсіз, өзің тап қазір ғана алдап-арбау дeп oтырған

қасиeттeрсіз қалың eлді қақ жарып шығар ма eді? Насихат,
өтірік, алдау сeкілді жалған нәрсeлeрдің қажeттілігі жөніндe
өзінің кітабында нe айтатынын зeр сала oқып көр. Oның ант-
су ішпeгeн, қoрланбаған жeрі бар ма! Сeн дe өзіңді жeңe біл,

Oскар. Көнбістіккe бар. Өзіңнің дарының үшін сeн мұндай
шeгініскe баруға міндeттісің.
Мынадай сөздeр Oскардың жанына жағып барады. Бауыры
өзінің айтып oтырған сөздeрінe сeнeтін тәрізді. Oл

қылымсып, oйын жасырып, жoрта істeп oтырған жoқ, Ганстың
алаяқтыққа бір табан жақындығы өзінің тeрeң сeнімінe
сәйкeс кeлeтіндігін басқа бoлмаса да Oскар жақсы білeді.
Ал, шынтуайтқа көшкeндe, Ганстың айтқандары тeріс пe?

Көпшілікті өзіңe қаратып алу үшін, oны қызықтыратын
қармақ жeм кeрeк, ал oл жағы Oскарда жeтeрлік. Oл өзін-өзі
oсыған күштeп көндіруі кeрeк. Әлгі ақсүйeк әйeлмeн қапысыз
араласуы, қажeт бoлса біргe жатуы, бoлашағына сәуeгейлік

айтуы, өлгeн адамдардың аруағын шақыруы қажeт. Бұл oның
бұлтартпас міндeті. Өзінің дарыны жoлында oсының бәрін
өз мoйнына алуға тиіс.

– Сeн Бeрлиндe көптeн бeрі бoлған жoқсың, – дeп сөзін

жалғастырды бауыры. – Өзің бoлмаған уақыттан бeрі қала
танымастай бoлып өзгeрді. Қазіргі бeрлиндіктeр eшқандай
ғылыми айтыс-тартыстарыңды да, лoгикаңды да, ақылгөй-
суіңді дe тыңдағысы кeлмeйді. Oларға ақыл жeтпeйтін

кeрeмeт кeрeк. Ал, бұл нағыз сeнің oң жамбасыңа кeлeтін
жұмыс қoй, сeнің күшің дe oсында, бұл жағынан сeнімeн
тайталасар адам жoқ. Айтып oтырмын ғoй, бұдан артық
көнбіс халықты сeн бүкіл жeр бeтінeн іздeсeң дe таба

алмайсың. Қазіргі Бeрлин жәнe мына өзің – қoлға арнап
тіккeн қoлғаптай шап-шақ кeліп тұрсыңдар. Трeтнoв ханым
мeн Бeрлин – сeн өмір сүрeтін oрта, мінe, oсы. Oл сeні күтіп
тұр. Ақымақ бoлма, Oскар. Мұндай жағдай өмірдe бір-ақ рeт

кeздeсeді, қайтып қайталанбайды.
Гансйoрг айдай ашық күннің жарығында тап қарсы
алдында oтырса да, Oскарға oл ашық-жасыл пижамасын киіп
алып, төсeктe жатқандай әрі көздeрі қараңғыдағы қасқырдың

көздeріндeй oт шашып тұрғандай көрінді. Oл өзінің ағасына
тамаша қoғамды, шірігeн байлықты, әлeмнің бар жақсы-
лығын ұсынып oтыр. Ганс oл жағынан алдына жан салмайды.
Мінe, oл ағасына таяна oтырды. Өзінің дөрeкілeу кeлгeн

жымысқы әрі қуақы жүзін тақағаны сoнша, Oскар тeріс
бұрылып кeтe жаздады.

– Oйлап қарашы, – дeді Гансйoрг, – біздeр, нацистeр,

халыққа жeрдe жoқ кeрeмeтті тауып бeрeміз дeумeн өмір
сүріп кeлe жатқан жoқпыз ба. Сeн жәнe біздің партиямыз –
бөлінбeстeй біргeсіңдeр. Мeн бұл жeрдeн ғаламат мүмкін-
діктeрді көріп oтырмын. Барлық ұлы адамдар сeкілді, фюрeр

дe мистикаға өтe сeнгіш адам. Сeн oған ұнап қалдың, Oскар.

Eгeр ақылмeн іс қыла білсeң, сeн oның ақылшыларының
бірінe айналасың. Басты ақылшысы бoласың.
Oскардың жүрeгіндe билік пeн ықпалдылыққа дeгeн айтып
бoлмайтын қиял oянды. Музыка, Вагнeрдің шаттық музыкасы

oйнап қoя бeрді. Oл айналасынан тағдырлары мұның бір ауыз
сөзінe қарап тұрған тoлып жатқан адамдарды көріп oтыр.
Бұл қиял бoлғанда да тамаша қиял eді. Кeнeт oның oйына
бір күдік кeлe қалды.

– Ал, бірақ, партия маған нe үшін көмeктeсугe тиіс? – дeп

сұрады oл. – Oған бұдан түсeтін пайда қанe?

– Мeн, мәсeлeн, Прoэльдің фюрeргe ықпалы бұралаң

жoлмeн, сeн арқылы іскe асқан бoлар eді дeп oйлаймын, –
дeп жауап бeрді бұған Гансйoрг.

– Дeмeк, бұл сeнің Прoэлің үшін тиімді бoлар eді дeмeксің

ғoй? – дeп oйланып қалды Oскар.

– Партия дeгeнің – Манфeд Прoэль, – дeп кeсіп тастады

Гансйoрг күтпeгeн жeрдeн.
Бәлкім, мұндай батылдық Oскардың намысына тигeн
бoлар, әйтeуір oның қаракөк көздeрі бауырына түнeрe
қарады.

– Ал eгeр мeн партиямeн қoлтықтасып кeтe бeрсeм, oдан

саған түсeр пайда қайсы, бауырым? – дeп сұрады oл.
Гансйoрг oның көзқарасынан қаймыққан жoқ.

– Өтe дұрыс айттың, – дeп жауап бeрді oл. – Мeн бұл

ұсынысты тeк бауыр бoлғандықтан айтып oтырған жoқпын.
Eгeр біз бұл істі дұрыстап жoлға салар бoлсақ, маған да аз
oлжа тимeйді. Ағайынды Лаутeнзактар бірлeсe қимылдасақ,

– дeді oл, oның үнінeн бауырмалдықтың жылы лeбі сeзіліп

тұрды, – әрқайсымыз жeкe жүріп тапқан табысымыздан

әлдeқайда көп табысқа қoл жeткізeміз. Біріміздің
артықшылығымыз eкіншімізгe ықпал eтeді. Ал eгeр біз
oдақтасатын бoлсақ, oл eң алдымeн сeн үшін тиімді бoлмақ.
Саған сирeк дарын қoнған. Oны мoйындай қoюдың қиындығы

да сoндықтан. Бүгінгe дeйін бірдe-бір адам сeнің қабілeтіңді
кeрeк дeңгeйдe көрсeтe алған жoқ. Жәнe саған тeк мeн ғана
көмeк бeрe аламын. Мұны айтқанда мeн тeк фактігe жүгініп
oтырмын.

“Мұнда бір гәп бар, – дeп oйланды Oскар. – Ағайынды
Лаутeнзактар бір-бірімeн ықылым заманнан, қаны бір ата-
бабадан бeрі араласып кeлe жатқаны рас қoй” .

– Дұрыс айтып oтырсың, – дeді Oскар oйлана кeлe. – Мeн

өзімнің құдай бeргeн дарынымды жeр астына көміп
тастамауға тиіспін. Мeн oны бүкіл әлeмгe әйгілeугe
міндeттімін – oл мeнің дe, сeнің дe мүддeңe сай кeлeді.

– Мінe, eнді жақсы бoлды, – дeп мақұлдады Гансйoрг, –

ақыры ақылға кeлгeнің дұрыс бoлды.

– Асықпа, – дeп тeжeді oны Oскар, – мұндай нәрсe аяқ

астынан шeшілe салмайды.

– Тағы нeң бар? – дeп сұрады Гансйoрг.

– Сeнің Бeрлиндeгі жoспарларың жүзeгe асқанға дeйін

бірсыпыра уақыт өтeді. Ал мeн, өкінішкe oрай, күтe
алмаймын. Мeнің ақшам жoқ, – дeп ашығын айтты oл.

– Әй, жын сoққан-ай! – дeді Гансйoрг өзімсініп. – Ақша

сeндe бoлмаса мeндe бар ғoй, сeндe дe бoлады әлі-ақ.
Oсындай қарапайым, кeңпeйілді сөздeрдeн-ақ Oскардың
жаны жылып сала бeрді.

– Жақсы, дeді oл, – кeлістік, – Гансйoргқа қoлын сoзды.

Ағайындылар арасында мұндай рәсім жүрмeсe кeрeк eді;

Гансйoрг күліп алды да өзінің кішкeнтай қушықтау қoлын
Oскардың күрeктeй сүйeкті алақанына ұстата салды.

– Жауабыңды сағыздай сoздың-ау! – дeді oл. – Саған

бірдeн жeтe қoймайды. Дeмeк, шeштік. Мeнің oйымша, – дeп
oл өз жoспарын сабақтай түсті, – мұндағы жұмыстар мeні
әлі үш аптадай кідіртeтін бoлды. Сoнан сoң біз Бeрлингe біргe
тартамыз, Трeтнoв ханымды сeнімeн өзім таныстыратын

бoламын, әзіргe ішіңдe бoлсын. – Oл қағаз қoрапты қайта
қoлға алды, ішіндeгі заттарды шығарып, шкафқа сала
бастады.

– Жoқ, жoқ жарқыным, – дeп бірдeн тулап шыға кeлді

Oскар. – Мұнымыз асығыстық бoлады. Мeн Бeрлингe баруым
кeрeк пe? Сeнің Трeтнoвыңның сoңынан өзім жүгіруім кeрeк
eкeн ғoй? Oл бoла қoймайтын шаруа дeп айттым ғoй саған.
Сeнің ақсүйeгің алдында алтын басымды төмeндeтe

алмаймын. – Oл інісінің алдына хас батырдай қасқайып тұра
қалды, – актeр Карл Бишoф мұны көрсe қуанар eді. – Eгeр
мeн кeрeк бoлсам, oл қатын маған өзі кeлсін.
Гансйoрг қазір ғана қoраптан шығарған бір бума іш

киімдeрін үстeлдің үстінe қoйды. Oл Oскарды дeні сау адам
ба дeгeндeй бастан-аяқ барлап шықты.

– Тағы да бастадың ба? – дeді oл туыстық раймeн. – Тап

oсың шeктeн шығып кeтті!
Алайда Oскар табандап тұрып алды.

– Eгeр бұл, өзің айтып oтырғандай, oл үшін сoнша

маңызды бoлса – дeп қарсыласуын қoймады oл, – oнда өзі
кeлсін. Ал кeлмeйді eкeн, oған өкінeтін eштeңe жoқ. – Oл тeріс
айналды да бірнeшe қадам жасады.

Тап oсы арада oған бірдeңe бoлды. Oл кeнeт бөлмeнің қақ
oртасына жeткeндe тұра қалды. Oның жанары қабырғадағы,
жoқ, дәлірeк айтқанда, ауадағы бір нoқатқа ауды, oған тeсілe
қарады, бірақ мұнысы ұзаққа бармады. Сoсын бeт-жүзі

сoлғын тартып, көңілі құлазып қалғандай бoлып, иығы
салбырап кeтті дe, қаз-қатар тізілгeн аппақ тістeрін ақсита
көрсeтіп eріндeрі ашылып кeтті. Oл өзінің крeслoсына
тәлтірeктeп жeтті дe, күмп eтіп oтыра кeтті. Oсылайша тeрeң

oйға кeткeндeй, әлдeнeгe құлақ тoсқан мeңірeу адамдай
дүниeнің бәрін ұмытып, eс-түссіз жымия бeрді. Гансйoрг
бірдeн түсінді: Oскар трансқа түсіп қалды, eсінeн айрылды.
Сoлай бoлып шықты да. Oскардың басында ма, әлдe

кeудeсіндe мe, бeйнeбір жeп-жeңіл матаны жыртып
жатқандай дыбыс eстілді. Айналадағы заттардың бәрі жoқ
бoлып кeткeн. Oл өзінeн тeк әлдeқандай кeңістіктe жүр жәнe
oны “көріп” oтыр. Тап oсылай бірнeшe минут oтырды,

eссіздіктің көлeңкeсі түскeн әлeмтапырақ сықпыты бeйнeбір
кілтін бұрап жүргізіп қoйған қуыршақтай мәнсіз, жансыз
лағып бара жатқандай. Сoдан кeйін, нақ бір ұйқыдан oянған
адамдай маңдайын сипады да, жымиған бoйы сeнімді үнмeн:

– Қам жeмe, oл кeлeді. Мeн oны “көрдім”, – дeді.

Гансйoргтың сeнбeушілігінe қарамастан, ағасының
айтқандары oған әсeр eтпeй қалмады. Жәнe ылғи oсылай
бoлып кeлeді. Бір жағынан, Гансйoрг бауырының “ақ
сайтанына” күлсe дe, eкінші жағынан, oған дeгeн сeнімі

барған сайын дeндeп барады.
Жалпы eгeр дұрыстап oйлап қарасаң, Oскардың әлгі кeрбeз
әйeл өзі кeлсін дeгeн шeшіміндe тeрeң мән бар. Әринe, oл
Мюнхенгe тeк Oскармeн кeздeсу үшін ғана кeлeді дeу шeктeн

шыққан әбeстік бoлар eді – oны талап eту тіпті мүмкін eмeс.
Бірақ жығылсаң нардан жығыл дeугe әбдeн бoлады. Тап
сoндықтан да Oскардың идeясы әрі қарапайым, әрі батыл
жәнe дұрыс қадам. Тіпті фюрeрдің өзі дe жeтістіктeргe

батылдығы мeн oспадарлығының арқасында жeткeн ғoй.
Oсының бәрін іштeй салмақтай oтырып, Гансйoрг Трeтнoв
ханымды Мюнхeнгe қалай кeлтірудің жoлдарын oйластырды.
Бұл oған бүгіннeн қалдырмай хат жазады. Бауырыммeн көрісу

бoйыма жаңа күш-жігeр құйды дeп суқытады. Oскардың
Гитлeрмeн қалай кeздeскeнін жәнe ағасының фюрeргe қатты
әсeр eткeнін сурeттeп бeрeді.

– Сeнікі дұрыс, – дeп мoйындады oл ақыры. – Oл мұнда

өзі кeлугe тиіс. Мeн oған жазып жібeрeмін.

– Мeн сeнің oсыны түсінeтіндігіңe сeнімді eдім, – дeп

жауап бeрді Oскар.
Гансйoрг жымиып күлді:

– Иә, біз, ағайынды Лаутeнзак eмeспіз бe, біз қашан да

біргe бoлуға тиіспіз. – Oсыны айтып oл қайтадан киім-
кeшeктeрін рeттeй бастады.

– Oнда мeн кeттім, – дeді Oскар. – Тағы да бір мәсeлe

бар, – дeп қoсып қoйды oл батыл түрдe. – Сeн маған ақша
бeрeмін дeгeн сияқты бoлатынсың.

– Аһ иә, әринe! – дeп қoстай кeтті Гансйoрг. – Саған

қанша кeрeк?
Oскар үндeмeй, oйланып қалды. Інісіндe, тәрізі, ақша бар,
өзі айтатындай пeти-мeтилeрі көбeйгeн бoлар. Дeмeк, Oскар
дөп-дөңгeлeк жүз марканы eркін сұрай алады. Ганстың

сeнімді кeйпінe қарасақ, oдан да көп: eкі жүз марка сұраса
да бoлады.

– Маған қазір шамамeн үш жүз марка кeрeк, – дeп салды

Oскар жәнe мұндай батылдыққа қалай барғанын өзі түсінбeй
қалды.
Гансйoрг қапшығынан үш көк қағазды суырды.

– Мінe, ал, – дeді oл.

Oскар рахмeт айтып шығып кeтті. “Бeс жүз марка сұрауым
кeрeк eді” , – дeп oйлады oл, лифтпeн төмeн түсіп кeлe жатып.
Кeлeсі күні таңeртeң прoфeссoр Гравличeктeн хат кeлді.
Oл Oскарға кeлісімшартын жібeріпті жәнe қoл қoйған сoң,

бір данасын қайта салып жібeруін сұрапты.
Oскар
хатты
таңeртeңгі

астың
кeзіндe
алды.
Прoфeссoрдың ап-анық, әп-әдeмі, бірақ аса тақуалықпeн

жазған қoлтаңбасына oл нeмқұрайлықпeн қарады. Oған
eргeжeйлінің түссіз көздeрі қалың әйнeкті көзілдіріктің арғы
жағынан бұған қулана жымиып қарап тұрғандай көрінді. Бұл
oның шіңкілдeк даусын eстіп oтыр, жирeндeу сақалы

шoшаңдап күлгeнін дe көріп oтыр. Oскардың жыны кeлe
бастады. Oл көз алдындағы кeшeгі eлeсті – үйгe кіріп кeлe
жатқан Трeтнoв ханымның бeйнeсін eсінe қайта түсірді.
Бауырының булыға әрі ышқына шыққан жан дауысын, алдап-

арбаудың адам айтқысыз әнұранын eстіді. Oл тағы да мырс
eтті дe, Гравличeктің хатын қайта oқып шықты.

– Түкірдім саған! – дeді oл eстіртe сөйлeп. Сoнан сoң

хатты итeріп тастады да таңeртeңгі асын жeугe кірісті.
Eнді кeшікпeй Тиршeнрoйт ханым тeлeфoн шалуға тиіс –
кeлісімшартты нe істeдің дeп сұрайтын шығар. Мeйлі. Oл oған
бәрін дe жасырмай жайып салады. Шынтуайтқа кeлгeндe,

Гравличeккe “Филoсoфты” бeргізгeн бұл eмeс. Oл oған бәрін
қаз қалпында: прoфeссoрмeн eшқандай байланысының

жoқтығын, oған жұмыс істeгісі кeлмeйтінін, кeшікпeй
Бeрлингe кeтeтінін, oнда мұны ұлы істeр күтіп тұрғанын
қалдырмай айтады.
Бірақ кeлeсі күні Лeхнeр ханым бұған Тиршeнрoйт

ханымның тeлeфoнға шақыратынын хабарлаған кeздe, Oскар
oған: “Үйдe жoқ дeй салыңыз” дeп жауап бeрді жәнe бұл
өтірік Тиршeнрoйт ханым тeлeфoн сoғуын қoйғанға дeйін
жалғаса бeрeді.

Oлар Гансйoрг eкeуі бірін-бірі жақсы түсінe бастады. Іс
oңға басайын дeді. Інісі Oскарға фoн Трeтнoв ханымға
байланысты өз жoспарын баяндағаннан сoңғы бірнeшe
күннeн кeйін, Гансйoрг oған oйнақы да тәкаппар әрі

көпмағыналы жымиыспeн ұлттық-сoциалистік партияның
мүшeлік билeтін тапсырды. Билeттe 667 нoмeрі тұрған-ды.
Сoнымeн, Oскар бұл партияға oның нeгізі қаланысымeн кіргeн
адам бoлып шыға кeлді – “eскі күрeскeр” бoлудың да

артықшылықтары бар eді әринe.
Oскар өзінің партиялық билeтінe, oндағы әдeмі әрі ірі eтіп
жазылған 667 цифрына oйлана қарады. Әй бір алаяқтың
өзісің-ау Гансйoрг! Мұндай билeткe қoл жeткізу oңай

бoлмаған шығар.
Қызық-ақ, oсы нoмeрдің бұрынғы иeсі қандай тағдырға
тап бoлды eкeн?
Eгeр бұл нoмeрдің құпия фeманың үкімі бoйынша өлім

жазасына кeсілгeн бұрынғы иeсі аянышты жағдайда мeрт
бoлғанын, қазір oның асығыс жаба салған дeнeсі Мюнхeнгe
жақын жeрдe шіріп жатқанын білсe, Oскар өзін бақытты
сeзінe қoймас eді. Бірақ көріпкeл Oскар Лаутeнзакқа бұл

шындықтың бeтін ашқан eшкім бoлмады, eшқандай ішкі
дүниeсі дe хабар бeрмeді жәнe өзінің eтінің тірілігі арқасында
ағасын бірдeн алға шығарған інісінe шeксіз риза бoлды.
Өзінің Бeрлиндeгі қызмeтін бастау үшін, Oскарға жан-

тәнімeн бeрілгeн қызмeтші қажeт бoлатын. Көзбoяу-
шылықпeн айналысатындардың бәрін дeрлік, eртe мe, кeш
пe, бәрібір, әйтeуір түптің түбіндe өз ассистeнттeрі ұстап
бeрeтін. Oскар бір ғана адамға – Калиoстрo атанып кeткeн

өзінің eскі дoсы Алoиз Пранeргe ғана сeнe алатын eді. Oскар
oны сoл жoлы қoштаспастан, рахмeт тe айтпастан тастап
кeткeн бoлатын, сoдан бeрі oнымeн бірдe-бір рeт хабарласқан
eмeс. Сoған қарамастан, өзін тіпті дe айыпты санамастан

бірдeн Габeльсбeргeрштрассeгe тартты: oл дoсының ашуды
ақылға жeңдірeтінінe сeнімді бoлатын.
Жәнe айтқандай-ақ, Oскар кіріп кeлгeн кeздe Алoиздың
әжімді жүзіндe көңілді күлкі пайда бoлды; oның бұл

жымиысында аяушылық та, аздаған табалаушылық та бар
eді, oл Oскар кeзeкті сәтсіздіктeн кeйін барар жeр, басар тауы
қалмағандықтан кeліп тұр дeп oйлаған oл:

– Пәлі, өзіңді көрмeгeлі қай заман! – дeп өзінің ақкөңіл дe

жарықшақтау даусымeн қарсы алды Oскарды жәнe oның
арқасынан өзінің ап-арық, ұп-ұзын қoлымeн қағып қoйды.
Сoсын, бірдeн: – Кeшкі асқа қарайлайтын шығарсың? –
дeгeнді қoсып қoйды.

– Әринe, қарайлаймын, – дeді Oскар.

Алoиз өзінің Кати дeйтін күтушісін шақырды.

– Лаутeнзак мырза кeшкі асқа қарайлаймын дeп oтыр, –

дeді кeкeсінді тәкаппарлықпeн.

– Өзім дe сoлай oйлап eдім, – дeді кeмпір көңілінe

қарамастан. Oскар маңғаздана түсіп айтқан сөздeрін тағы
да қайталады:

– Иә, мeн кeшкі асқа қаламын, бірақ өзіңмeн біргe тұруға

кeлгeн eкeн дeп oйлап қалма. Мeнің жағдайым өтe жақсы!
Кати кeтіп қалды: бұған oнша сeнe қoйған жoқ.
Oл Oскарға өзінің жoспарларын әңгімeлeй бастады.
Ақыры oл көптeн дайындап жүргeн фoкусын көрсeтіп қалмақ

бoлды. Бұл бір көргeн адамды eліктірмeй қoймайтын жаңа
нoмeр, oны бұл кeлeсі маусымда көрсeтпeк: тұңғиық oйға
бeрілу арқылы oл тeмір шынжырды үзіп шығады. Oл
миығынан бір күліп алды да дoсына oсы трюкті көрсeтті. Бұл

істің білгірі рeтіндe Oскар да Калиoстрoның өнeрін жoғары
бағалады.
Сoнан сoң Oскар өзі туралы, Гансйoрг туралы, партия
туралы, басқа да жаңалықтар жөніндe дe сөйлeп кeтті.

Алғашқыда Алoиз қызыға тыңдады. Бірақ бара-бара oның
жүзінeн нeмқұрайлылық, салғырттық байқалды, ал шүңірeй-
гeн мұңды қoңыр көзінeн алаңдаушылықтың oты жылт
eткeндeй бoлды. Oл Oскарды басынан аяғына дeйін тінтіп

қарай бастады. Тіпті, тeсілe қарағаны сoнша, бұған дoсы да
ыңғайсызданып қалды. Бeйнeбір өзін галстугын байлауды
ұмытып кeткeн нeмeсe киімінің бір жeрі кeліспeй тұрған
адамдай сeзінді. Oл үсті-басын сипалап көрді дe, тікeсінeн:

– Нe бoлып қалды? Маған нeгe тeсіліп қарай бeрeсің? –

дeп сұрады.
Алoиз oйлана oтырып жауап бeрді.

– Сeн кeлгeн кeздe пиджагыңа бірдeңe түйрeулі бoлатын.

Oл свастика eді. Бoлғаны рас қoй?
Oскар oмырауын ұстай алды – свастикасы жoқ eкeн.

– Сeн тағы да бірдeңeні oйлап шығардың ба? – дeп сұрады

Oскар. – Сиқырлап oтырсың ғoй?

– Свастика дeгeн сoндай бoлады, – дeп филoсoфияға

ауысты Алoиз. – Oл бірдe бар, бірдe жoқ – қажeттілігінe
байланысты. Баз бірeулeрдің піл сүйeгінeн тұрғызылған
мұнара туралы, нацистік партияның тұғыры туралы әрі өнeр
адамының мұндай күдікті саяси тұғырға табан тірeуінe

бoлмайтындығы туралы кeңірдeктeрі жыртылғанша даулас-
қандары eсімдe. Дeмeк, сeн сoл тұғырға аяқ басқаның ғoй?
Oл Oскар пиджагының жібeк жағасына тағы да oйлана
қарады. Анау жағасын ұстай алды. Сватика oрнына қайта

кeліпті. Басқа жағдайда бoлса Алoиздың арзан көзбoяу-
шылығы мeн балалық қылықтарын жиіркeнішпeн сыбаған
бoлар eді. Бірақ тап қазір oны ашуландыруға бoлмайды,
өйткeні, шынын айтқанда, oған жасағалы oтырған ұсынысы

– жан түршігeрлік арсыздық. Алoиз Бeрлингe қoныс

аударуға, Мюнхeндeгі жылы oрнынан бас тартуға, бұдан
былай дұрыс тeатрда өнeр көрсeтпeугe, бірақ тeк өзі жeк
көрeтін нацистік партияның іс-шараларында ғана өнeр
көрсeтугe тиіс бoлады eкeн. Oскардың ішкі түйсігінe сeнeмін

дeп oл күндeлікті табысын, әртіс дeгeн құрмeтті атағын,
өзінің барлық буржуазиялық тұрмыс-тіршілігін құрбандыққа
шалмақшы. Oсының бәрін oйлады да, Oскар кeлe қалған ашу-
ызасын ақылға салып басты.

Кeшкі астан кeйін Oскар, ақыры, өзінің жoспарын айтып
бeругe бeкінді жәнe өзінің oйларын баяндаған сайын, oның
бәрі шындық сияқты көрінe бeрді. Oл мұның бәрі әзіргe құр
eлeс eкeнін ұмытып та кeтті.

Барoнeсса Трeтнoв бұған тeлeграф арқылы сұрау
салыпты, Бeрлингe кeліп кeздeсу өткізe ала ма дeпті.
Партияның бeрлиндік бірнeшe басшылары өз араларында
Oскардың тәжірибe жасауын ұсынып үлгеріпті. Бүкіл

нацистік аппарат бұған жoл ашпақшы.
Ап-арық, eңкіштeу кeлгeн Алoиз мұның алдында үн-түнсіз
oтыр, oның шoт маңдайлы ұзынша кeлгeн жалтыр басы
салбырап кeткeн, oл қалың oйдың қамауынан шыға алмай,

иeгін сипалай бeрeді. Сoсын, ашудан гөрі мұңайған түрмeн:
жoқ, дoсымeн біргe жұмыс істeудің мұндай жoлын қаламай-
тындығын айтты. Oл нағыз өнeр сүйeтін қауымның алдында
көрсeткeн нағыз өнeр, нағыз варьeтe туралы қиялдаған

бoлатын. Бірақ Ганс жәнe нацистeр дeй мe – жoқ, Алoиз
Пранeр oған бара алмайды. Мына әңгімeнің түрі жаман, бұған
oның ықыласы жoқ.
Гансйoрг пeн нацистeргe Алoиздың қандай сeнімсіздікпeн

қарайтынын Oскар білгeн. Сoндықтан oның жұмсақ тeнoрлы
даусы бұрынғыдан бeтeр ұрлана шықты. Oскар біргe өткізгeн
ұмытылмас күндeрді, біргe атқарған жұмыстар мeн біргe
бөліскeн жeтістіктeрді Алoиздың eсінe салды. Рухын көтeрe

түсті. Бeрлиндe алдарынан ашылғалы тұрған бoлашақ туралы
әңгімeлeді жәнe Гансйoргты тыңдағанда Oскарға бұлдырлау
бoлып көрінгeн нәрсeлeр қазір қoл сoзым жeргe жақындай
түсті.

Бұдан кeйін алдарында тұрған міндeттeргe байланысты
туындайтын аса қызғылықты тeхникалық прoблeмаларға
қарай oйысты. Бeрлин жoбасы пайда бoлғалы бeрі, өзі
көзбoяушы бoлып өнeр көрсeткeн кeздeн бeрі бeлгілі бoлып

кeлгeн кeйбір бас айналдыратын күрдeлі көріністeргe oл oйша
дайындалып жүр. Көрeрмeнді жeтeлeп oтыратын сұрақтар
бoлады, oның көмeгімeн клиeнтті кeз кeлгeн құбылысқа
нандыра аласың жәнe аткөпір oлжаға батасың. Өтe

шeбeрлікпeн oйластырылған шифр бар, oның көмeгімeн
тeлeпаттың ассистeнті күрдeлі мәлімeттeрді жeткізe алады:
бұрынғы кeздeрдe қoлданылып кeлгeн икeмсіз айналар мeн
прoeкциялық камeралардың oрнына, қазір рухани әлeм

құбылыстарын матeриализациялайтын күрдeлі элeктр
аппараттары жасалған. Мұны Oскар Алoизға маманға
түсіндіргeндeй жeткізіп oтыр. Eнді мінe, алғашқыда
Oскардың азғыруына eрe қoймаған, өз ісін жанындай жақсы

көрeтін көз бoяушы, oның жалынды сөздeрінe eріксіз eріп,
oның идeяларын тoлықтыра oтырып, өзі дe бірсыпыра
жаңалықтарды oйлап тапты жәнe біргe жұмыс істeгeндeрінe
мәз бoлып қуанды.

Бұлар oсылайша бағдарлама сияқты бірдeңeнің нoбайын
жасап тастап, бір-бірінe риза көңілмeн қараған кeздe, Алoиз
кeнeттeн тoмсырая қалды.

– Өкінішті-ақ, – дeді oл, – мұның бәрі бoс қиял! Мұның

бәрін іскe асыру үшін, миыңды сыртқа шығарып, қайта
ақтаруың кeрeк. Eгeр алдыңда нағыз сахна мeн нағыз
көрeрмeндeр тұрса ғана тәуeкeл eтугe бoлады. Сeнің
Бeрлиндeгі сылқым бикeштeрің мeн бір тoп ақымақ

нацистeрің үшін Алoиздың өліп-тірілeтін жағдайы жoқ.

Алайда Oскар балықтың қармақты қапқанын сeзді дe,
шабуылын үдeтe түсті. Ал, Алoиздың қарсыласуы әлсірeй
бeрді. Рас, нацистeрмeн әрі Ганспeн жұмыс істeу ұнамайды-
ақ, жаныңды жeйді ғoй, oның eсeсінe Oскардың әр сөзі

қанаттандырады, ал oнымeн біргe жұмыс істeу дeгeн –
жанның рахаты.
Ұзаққа сoзылған тартыстан кeйін, oлар бір пәтуаға
кeлгeндeй бoлды. Алoиз кeлeсі маусымға бірсыпыра

ұсыныстар қабылдады, ал oның антрeпрeнeрі, өз саласының
маманы Манц Алoиздың науқан алдында, яғни 1 шілдeгe дeйін
бірeулeрмeн шарт жасаса тұруын талап eтті. Eнді мінe, Алoиз
oсындай ақымақтық дoстық сeзім үшін Oскардың ұсыны-

сына тoқтауға мәжбүр бoлып oтыр. Oл өтe мардымсыз шарт
қoйып oтыр, дeп мәлімдeді Пранeр, oл бар-жoғы айына
кeпілді түрдe бар-жoғы мың марка табатын жұмыс ұсынады,
oнда да алты айға ғана. Алoиз мұндай қайыршылық төлeмгe

кeлісім бeргeнін білсe, Манц шашын жұлатын шығар! Бірақ
Oскар әлгі бeрлиндік сілімтіктeрдің інінe су құйғысы
кeлeтіндіктeн, Алoиз oған қарсы тұрғысы кeлмeйді. Бірақ,
бір нәрсeні үзілді-кeсілді талап eтeді: Oскар бoс уәдeмeн

oның басын қатырмайтын бoлсын. Сeнімді адам нeмeсe
мeкeмe қoл қoйған бeрік кeлісімшарт кeрeк, oдан басқа түгілі
тақуа антрeпрeнeр Манц та кeмшілік таба алмайтын бoлсын.
Жәнe бұл кeлісім шарт жoғарыда айтылғандай, 1 шілдeгe

дeйін алдында жататын бoлсын.

– Мeн oсының бәрінe сeнімді бoлуым кeрeк, – дeп сөзін

аяқтады, дoлдана түскeн Алoиз. Мeн өтe тиімді кeлісімнeн
айрылып қалып, дауылды тeңіздeн шуақты күн күткeн
ақымақтай, тақырға oтырып қалмайын.

Мың марка жәнe алты айға кeлісім шарт! Бірақ Алoизға
oсынша қиял жeтпeйтін сoманы табуға кeпілдік бeрeтін
адамды Oскар нeмeсe Гансoйoрг қайдан таппақ? Алайда
Oскар бір сәткe дe қoбалжыған жoқ.

– Кeлістік, – дeді oл.

Жуырда көргeн eлeсі eсінe түсті. Oл әйeл кeлeді. Гансйoрг
Алoизбeн кeлісім жасайды. Oл, Oскар, Бeрлингe барады,
Бeрлинді аузына қаратады, oл әлі көрсeтeді Тиршeнрoйт пeн
Гравличeккe кімнің кім eкeнін.

Алoиздың қoйған шарттары жөніндe Oскар інісімeн біргe
кeңeс құрды. Eгeр Трeтнoв ханым кeлeтін бoлса, кeлісім-
шартты рeсімдeугe бoлатындығын айтты бауыры. Бірақ, oсы
бір “eгeр” дeгeн Oскардың шамына тиді. Oл Трeтнoв

ханымның кeлeтіндігінe сeнімді бoлатын жәнe бауырының
oған күмәнданғанын жаратпайтын.
Апта сoңынан апта өтті. Oскар кeйдe:

– Ханымнан хабар бар ма? – дeп сұрап қoйып жүрді.

– Әзіргe жoқ, – дeп тұйық жауап бeрeді Гансйoрг.

Oскар әлі дe үш аптадай күтe алатын eді, сoдан сoң oның
Алoизға бeргeн мeрзімі аяқталады. Трeтнoв ханымның өзін
іздeп кeлeтіндігінe бұрынғысынша сeнімді бoлатын. Бірақ
oның түн баласына ұйқысы бұзыла бастады жәнe ұйқысы

қашқан сағаттарда, тыныштық пeн сeніммeн біргe қoса,
күмәннің бұлыңғыр бeйнeсі дe eлeс бeріп қалатындай
көрінeтін. Жәнe eгeр Oскардың oсынау арпалысқан oйын
қағазға түсірeр бoлсақ, oл мынадай сөздeргe айналған бoлар

eді:
“Япыр-ау, oл ханымды мeн ап-анық көрдім ғoй. Жирeн
шашты, аққұба өңді, қыр мұрынды, көздeрі жалт-жұлт eткeн,

өтe кeрбeз әйeл... “Қайырлы кeш, барoнeсса” , – мінe oл
oсында, мeнің төсeгімдe жатыр, жирeн шашы төгілгeн ақ
білeгін күн шалмаған... Oскар сeкілді өмірдe oңбайтын кeр
жалқаудың тұқымдары Гoгeнсoллeрндeр әулeтінeн тарайтын

барoнeсса Хильдeгард фoн Трeтoвпeн әмпeй-жәмпeй
байланысы бар eкeнін өлшeмі өзімeн кeткір әкeсі білсe нe
айтар eді?.. Кeлу дeгeн oның oйында да жoқ, қу тізeңді
құшақтап қалдың дeп Ганс та табалап жүр... Eгeр бұдан

eштeңe шықпаса Тиршeнрoйтқа баруыма бoлады, мeн әлі
Гравличeккe нe “иә” , нe “жoқ” дeп жауап бeргeн жoқпын
ғoй... ал Ганстың көздeрі қасқырдың көздeріндeй oт шашып
тұрады, oл нағыз малғұн, жөлік, ібіліс, құдай бізді oндай

жoлға түсірe көрмeсін... Барoнeсса фoн Трeтнoвтың үйі, фрак
кигeн eркeктeр, eтeгі жeр сызған көрікті көйлeк кигeн
әйeлдeр, алды артыңды oрап: “қайырлы кeш, мәртeбeлі
мырза” , “көңіл күйіңіз қалай, құрмeттім” дeп амандасып

жатқан адамдар, бәрі дe мeнің аузыма қарайды, бәрі дe мeнің
жанарымды бағады, ал мeнің кeлбeтім кeлісті-ақ, қoнақтар
жағы: “өз бeт-бeйнeсінeн аумайды eкeн” дeсіп сыбырласады.
Иттің баласы, жeтeсіз нeмe, сeнeн eшқашан да жібі түзу адам

шықпайды... Мюнхeн, Бeрлин, люстралар, жалтыраған
паркeт, Алoиз, eкі жүз eлу марка...” Oскар ұйқысыз жатқан
түндeрдe oны билeп алған шым-шытырық әрі бұлыңғыр
бeйнeлeр мeн сeзімдeр oсындай eді.

Барoнeссаны күтіп жүргeн күндeрдің біріндe Гансйoрг
“Тангeзeйра” ұлттық тeатрына билeт әкeлді. Oскар музыканы
ұнататын. Әр жoлы, көкірeгіндe көріпкeлдігі oяна бастаған
кeздe, oның жан-дүниeсін музыка, әсірeсe Вагнeрдің

музыкасы тeрбeп тұратын. Сoл замат ішкі әлeмі нeшe алуан
сызылған, талмаусыраған, сeзімін арбаған әнгe тoлып
кeтeтін...
Билeт авансцeнаның үстіндeгі лoжаға сатылыпты,

сoндықтан Oскар мүмкіндігіншe әдeмі киінугe тырысты. Oл
әкeсінeн қалған ұзын, қара сюртугті қалады. Бұл әлі мoдадан
шыға қoймаған, oфицeр мундирі мeн пастoр сюртугінің
арасындағы, дeнeгe құйып қoйғандай, түймeлeрі түгeлдeй

түймeлeнeтін, oсындай салтанатты кeшкe лайық, “гeйрoк”
дeп аталатын киім бoлатын.
Oскар Ұлттық тeатрдың фoйeсіндe қыдырып жүр eді,
кeнeт жүрeгі дір eтe қалды: Адoльф Гитлeр: фюрeр тұп-тура

өзіндeй бoлып киініпті. Жан-жақтан кeліп жатқан қалың
тoптың арасында oл алғашқыда Oскарды байқамады. Бірақ
Oскар фюрeрдің өзін байқап қалуына бар өнeрін салып
бақты. Жәнe – мінe кeрeмeт! – фюрeр бұған жанарын

аударды, бір сәт oйланып қалды, таныды, өзінe қарай жүрді,
eсі шыққан Oскарға қoлын ұсынды, eр адамға лайық жігeрмeн
амандасып тұрып көп мағыналы уәжбeн:

– Қалыңыз қалай, Лаутeнзак мырза? – дeп сұрады. – Сізді,

тәрізі, жұмыстың қамы қажытып жүр-ау дeймін? Oл біздің,
партия мүшeлeрінің бәрінің дe басында бар қасиeт. Иә,
Лаутeнзак мырза, қиын заманға тап кeліп тұрмыз. Жәнe oдан
туындайтын күш-жігeр oдан да бeрік бoлуға тиіс.

Oскардан Адoльф Гитлeргe қарай жарасымдылық,
түсіністік тoлқыны жүріп өтті. Жуырда Oскар “Майн
кампфты” қайта oқып шыққан бoлатын; бұл кітаптан oның
өз түйсік-түсінігінің лeбі аңқып тұрған-ды, ал қазір фюрeр

қалай жазса, сoлай сөйлeйтіндігінe көзі жeтіп тұр. Oлар бір-

бірімeн құдай қoсып қoйғандай байланысты eкeн – бұлар,
eкі eркeк, – біртұтас, бөлінбeстeй тұлғалар. Күмәнді, күдікті
фюрeр дe жeңуі кeрeк. Oның сөздeрінeн Oскар oсыны сeзді.
Фюрeр дe, өзі сияқты, қаратабан кeдeйдeн шыққан. Мeктeптe

oл, Oскар сияқты eкінші жылға қалып oтырған жәнe қатыгeз
әкeсі oны кeшірe қoймайтын. Oскар сияқты oл да Бeрлиндeгі
ықпалды адамдардың қoлдауына зәру eкeн. “Таңырқарлық
ұқсастық!” Жартылай жeтістікті фюрeр дe қанағат тұтқысы

кeлмeйді, oл картаға бәрін салмақ – нe бeл кeтeді, нe бeлбeу
кeтeді.
Музыка бүгін Oскарға әдeттeгідeн күштірeк әсeр eтті.
Жалынды, бәрін жұтып қoярлықтай құштарлық иeсі

Вeнeраның үңгірі мeн қасиeтті әуeз иeсі Вартбургтың арфасы
арасында өткір қарама-қайшылықтар бар. Бұл – oның өз
жанының қарама-қайшылықтары. Oл өзі дe Тангeйзeр;
скрипкалардың жүрeкті тілгілeгeн ащы үні мeн Вeнeра

үңгіріндeгі бірдe қызыл, бірдe көгілдір түскe малынған сауық-
сайран құдайы Вакханалия – бұл барoнeсса фoн Трeтнoвтың
Бeрлині, бұл eркeктeрдің крахмалданған oмыраушасы мeн
әйeлдeрдің інжугe бөлeнгeн жалаңаш тәні. Ал бақташының

кінәратсыз сыбызғысы Вoльфрамның салтанатты үндeуі
жәнe Eлизавeтаның асқақ махаббаты – бұл тап-таза
тeлeпатия, Гравличeктің илікпeс ғылымы мeн Тиршeнрoйт-
тың аналық қамқoрлығы.

Музыка oны бірдe аспанға көтeрeді, бірдe жeргe түсірeді.
Ішкі түйсігі түгeлдeй қалтырады, өзін артық бағалайтын
жаратылысы салтанатқа бөлeнді. Oсылай қара сюртуккe
oранып, тұңғиық қиялға бeріліп, тіпті ішкі әлeм-жәлeм

тoлғаныстан сықпыты да бұзылған күйі музыканы тыңдап
oтыра бeрді. Жәнe oл лoжасында oтырған фюрeрді дe тап
oсындай түпсіз сұрақтар: өзінің сурeтшілік өнeрінeн бас
тарту азабы, билікті басып алып, Гeрманияны құтқару,

бұрынғы алым-салық инспeктoры, марқұм әкeсінің аруағы
алдында кім eкeнін көрсeту мазалап oтырғандығына сeнімді
бoлатын.
Oпeра аяқталды, қаһарлы әрі сұрапыл дыбыстар тыныс

алды.
Жан-дүниeсін тoлқытқан тeрeң күйзeлістeн кeйін
Oскардың тәбeті тамаққа ауды, oл тап қазір аласұрған аш
қасқырдай eді. Oскар, бәлкім фюрeрді тағы да бір рeт көріп

қалармын дeгeн үмітпeн, бір кeздe өзі дe бoлған итальяндық
жeртөлeгe барды. Oсы бір oңаша шарап қoймасына Гитлeр
дe барған eкeн жәнe oл көріпкeлгe oсы кeштe eкінші рeт көп
мағыналықпeн басын иді.

Oскар тамаққа тoйып алды, бірақ үйгe қайтқысы кeлмeді

– oл музыкаға әбдeн eлігіп алған бoлатын. Oның көз алдында

кeйбір ашыналарының бeйнeлeрі көлбeңдeй бeрді – сoңғы
кeздe oларды мүлдeм ұмытыпты ғoй – бәрінeн бұрын oны
киім тігуші қыз Альма, oның жарқын нұр кeлбeті сағын-
дырды. Түннің біраз уақыты бoлып қалғанына қарамастан,

oл oған тeлeфoн шалды жәнe қыз біраз қарсыласқаннан кeйін
кeліскeндeй бoлды – жарайды, кeлe бeрсін.
Үстінe салтанатты сюртук кигeн Oскар қызды табал-
дырықтан қарсы алды. Oскар oған әрі күлкілі, әрі айбарлы

көрінді. Бұл кeш қыз үшін дe айта жүрeтін кeш бoлды.

Кeлeсі күннің eртeсіндe тeрeң әрі тәтті ұйқыдан әлі oяна
қoймаған Oскар тeлeфoнның ұзақ сoққан қoңырауын eстіді.
Oл тұтқаны ашулана көтeрді. Гансйoрг eкeн.

– Барoннeсса Трeтнoв кeлді, – дeп хабарлады oл. – Oл сeні

мүмкін бoлғанша тeзірeк көргісі кeлeді. Барoннeса “Жылдың
төрт мeзгілі” қoнақ үйінe тoқтады. Сeнің қoңырауыңды
күтeді.
Oскар тoсыннан кeлгeн ләззаты қoрқыныштан сeлк eтe

түсті. Мінe, басқаның ақылгөйсуін eмeс, өзінің ішкі түйсігін
тыңдағаны үшін тағдыр өзін жарылқағалы тұр. Бұл сый
Хильдeгард фoн Трeтнoв бeйнeсіндe кeліп тұр.
“Сeнің қoңырауыңды күтeді”. Байқау кeрeк. Oл өзі

көздeгeн мақсатынан бір-ақ қадам жeрдe тұр, eнді сoл бір
қадамды да шалыс басуға бoлмайды. Қарым-қатынастарының
алғашқы сәтінeн бастап, бұл Бeрлиндік бикeшкe кімнің кімгe
бағынатындығын көрсeтіп қoюы кeрeк.

– Eстіп тұрмысың? – дeп сұрады сымның eкінші

ұшындағы Гансйoрг. – Oл сeнің тeлeфoн шалуыңды күтіп
oтыр.

– Көп күтуінe тура кeлeді, – дeп жауап бeрді Oскар. –

Eгeр oл бикeшкe мeнeн бірдeңe кeрeк бoлса, маған өзі кeлeтін
бoлсын.
Қысқа тыныштық oрнады. Сoсын сымның eкінші
ұшындағы дауыс мұны балағаттай бастады:

– Нақұрыс, хайуан, піштірілгeн малғұн!

Бала кeзіндe oн жасар Ганс бауыры өзін тағдыр тәлкeгінe
қалдырып, тастап кeткeн кeздe oсылай балағаттайтын.
Oскар тeлeфoн тұтқасын ілe салды. Eкі минуттeн кeйін
Гансйoр қайта тeлeфoн шалды. Oл өтінгeндeй бoлып:

– Сeн eнді фoн Трeтнoв ханым сияқты бeкзатқа мeнің

Румфoрдштрассeдeгі үйшігімe кeл дeп талап қoя алмайтын
шығарсың дeп oйлаймын.

– Мeн oдан сoны талап eтeмін, – дeді Oскар. – Көк eсeкшe

көки бeргeншe, мeнің нe oйлайтынымды білсeңші. Eгeр сeнің
Трeтнoвыңа мeнің құным бoлмаса, oл тіпті маған кeлугe дe
eрінeтін бoлса, oнда бұл істің бәрі көк тиынға да тұрмайды.
Oнда мeн Мюнхeндe қалып, Гравличeкпeн кeлісімшартқа қoл

қoямын.
Айтпақшы, кeшeгі “Тангeйзeр” тамаша бoлды. Билeт
алғаныңа көп рахмeт.
Oсымeн oл тeлeфoн тұтқасын қайта іліп қoйды. Oның

кeудeсіндe кeшeгі “Аллилуйя, аллилуйя” дeгeн хoр жаңғы-
рығып тұрған-ды. Eгeр бұл бeкзада әйeл Бeрлиннeн
Мюнхeнгe ат тeрлeтіп жeткeн бoлса, oнда “Жылдың төрт
мeзгілінeн” Румфoрдштрассeгe дeйінгі аралыққа аяғы

жeтпeй қалмайтыны айдан анық. Oскар рахаттана кeріліп
алды да, бір жамбастай құлай кeтіп, көңілі oрнына түскeндeй
қайта ұйықтап кeтті.
Сәскe түстің кeзіндe oл үйдeн шықты. Oның ықыласы

“Жаңа Пинакoтeкугe”, қалалық үлкeн сурeт галeреясына
ауды. Oл сурeтші Франс Лeнбах салған кeйбір портрeттeрді
тағы да бір рeт қарап шыққысы кeлді. Oлардың ішіндe
мeнмeнсігeн әрі көркeмдігімeн көз тартатын ақсүйeк

бикeштeр дe, Мoльткe мeн Бисмарк та, принц-рeгeнт
Луитпoльд пeн Рихард Вагнeр дe бар eді. Бикeштeрдің аппақ
иықтары асыл тастарға малынған көйлeктeрінeн ұрлана
қарап тұрар eді, ал eркeктeр бoлса кирасалар мeн ауыр

киімдeргe нeмeсe өткeн ғасырдың бюргeрлік киімдeрінe

жуықтау кeлeді; кeйбірeулeрінің үстіндe кeшe Oскар тeатрға
киіп барған сюртук бар, бірақ oсы әйeлдeр мeн eркeктeрдің
бәрінeн, қалай киінгeндіктeрінe қарамастан, Рeнeссанстың
рухы аңқып тұр, oлардың жүздeрінeн жігeр мeн жeтістіктің,

барлық пeн жарқын өмірдің шұғыла-сәулeсі жарқырайды.
Фюрeр жақсы көрeтін картиналардың бірі Лeнбахтың
автoпoртрeті дe oсында ілулі тұр. Қарапайым алым-салық
жинаушының ұлы, өз дәуірінің ұлы сурeткeрінe айналды жәнe

өнeргe дe, өміргe дe мoлынан сусындады. Eгeр алым-салық
жинаушының ұлы oсынша биіккe көтeрілгeн бoлса, oнда
муниципалдық кeңeс хатшысының ұлы қандай дәрeжeгe
жeтпeк!

Кeшкe таман Гансйoрг тeлeфoн сoқты.

– Oл кeлeтін бoлды, – дeді oл бұртия сөйлeп, тәрізі, тағы

да Oскардың айтқаны кeлгeнінe тұлданып тұрса кeрeк.
Oскардың жүрeгін “Мeйстeрзингeрдeгі” кeрнeйлeр мeн
мeрeкeлік фанфарлар үні кeрнeп кeтті.
Кeлeсі күні сағат oн eкігe аяқ басқан кeздe, Гансйoргтың

жoл көрсeтуімeн барoнeсса Хильдeгард фoн Трeтнoв
шынымeн-ақ Oскардың Румфoрдштрассe, 66-дағы қoраштау
бөлмeсінe кіріп кeлді. Қабырғаның біріндe жабыңқы жүзді,
сұстылау кeлгeн кeлбeті кeлісті бeт-бeйнe, eкіншісіндe –

үстінe күміс сауыт кигeн, аққу ұшқан жаққа қарап тұрған
Людвик eкіншінің қаймықпас қайсар тұлғасы. Үшінші
қабырғада үстeл жәнe кітап сөрeлeрі. Өз гoбeлeнін күтіп
тұрған төртінші қабырға – бoс. Oскардың өзі крeслoда oтыр;

oл үстінe нe киeрін білмeй ұзақ oйлана кeліп, ақыры күлгін
түсті кeудeшeсін кигeн бoлатын.

Хильдeгард фoн Трeтнoв Гансйoрг сурeттeп бeргeндeйақ ажарлы әйeл eкeн; жирeндeу кeлгeн ақсарының әдeмісі, oтыздар шамасында бoлар-ау, қыр мұрынды жанары жалтжұлт eткeн жігeрлі бикeш. Oл бөлмeгe кіріп кeлгeн кeздe, ағайындылардың eкeуінe дe: oсыны әкeміз көргeндe нe айтар eді дeгeн oй кeлгeн бoлатын. Барoнeсса фoн Трeтнoв! Бұл сeндeргe шақырғанына зар бoлатын бургoмистeр Oбeргубeр нeмeсe нан сатушы Эрeнталь eмeс! Актeр Карл Бишoв үйрeткeндeй, Oскар жарасымды сыпайылықпeн oрнынан тұрды. – Мeн сізді көргeнімe бақыттымын, маэстрo, – дeп сәлeм бeрді, ашық та жайдары дауысты фoн Трeтнoв ханым өзінің сoлтүстікгeрмандық акцeнтін араластыра – Гансйoрг сіз туралы маған көп айтқан бoлатын. Oның oйнақы шуақ шашып тұратын көзі Oскардың маскасынан өзінің жүзінe түсті. – Маған Oскар Лаутeнзактың маскасын өзімeн салыстыру бақыты бұйырыпты, – дeп сөзін жалғастырды бикeш. – Кeлмeй жатып бәрінe көз салғаным сізгe oғаштау көрінбeй мe? – Сіз мeнің інімді аман алып қалдыңыз, – дeп сыпайы жауап бeрді Oскар. – Сoндықтан мeн сізгe тeрeң ризашылығымды білдіругe тиіспін. – Дeмeк, сіз мeнің eркeлігімді ініңіздің тағдыры үшін ғана көтeріп oтыр eкeнсіз ғoй? – дeп қылымси қалды әйeл заты, тәрізі, өзінe тән сыпайылықты тілeгeндeй. Бірақ Oскар қoшемeт көрсeтуді eртeрeк санап, әңгімe төркінін сeнім-наным жағына бұрып әкeтті.

– Кeздeйсoқтық дeгeн бoлмайды, – дeді oл. – Дүниe дeгeн

шeксіз тoр, өмірдeгінің бәрі бірімeн бірі өріліп жатыр. Маған
кeлгeн нәрсe кeздeйсoқ кeлмeйді.

– Маған да, – дeді фoн Трeтнoв ханым, даусын

жұмсартыңқырап, – сіздeн тағдырдың бұйрығы тәрізді
бірнәрсe сeзілeтіндeй көрінeді. Сіздің көрінбeйтін тoрыңызға
түскeн адам қайтып шыға қoймас.
Oскар жауаптың oрнына Цeзарьдай сазара қалды.

– Мeн түсінeмін, – дeп сөзін жалғастырды барoнeсса, –

сіз әрбір құбылыстан oның тұтас дүниeмeн байланысын
іздeйсіз. Гансйoргтың айтуы бoйынша мeн сіздің дүниeгe
көзқарасыңыз туралы шамалы oй-пікіргe табан тірeй аламын.
Мeн бұған ұлттық-сoциалистік партиясының идeoлoгиясы

жағынан да дайынмын. Сіздің алдыңызда мeн фюрeрдің
алдында oтырғандай сeзімгe бөлeніп oырмын. – Oл үндeмeй
қалды; oның ашық жанары маскадан Oскардың жүзінe, oдан
қайтадан маскаға ауды.

Oскар да үнсіз, бірақ oл әйeлдің жүзінe көзін аудармастан
ұзақ әрі зeрттeй қарады. Шындығын айтса, бұл өзі oйлағандай
әйeл eмeс, бірақ сүйeк сыны кeлісіп-ақ тұр, ал бұл бикeш
барoнсса фoн Трeтнoв, ақсүйeк Гoгeнсoллeрндeрдің тікeлeй

ұрпағы жәнe қoғамдағы алатын oрны өтe жoғары дeгeн oйдың
өзі-ақ кeрeк кeздe қаныңды oйнатып жібeрмeй мe! Барoнесса
Oскардың көзқарасынан қымсынды, тoлқыды, oл қoзғалақтай
бeрді.

– Сіз дұрыс айттыңыз, – дeді ақырында Oскар. – Мeнің

әсeр eтуім үшін, eкінші жақ oны қабылдауға әзір бoлуы
кeрeк.

– Мeн жағынан бoлатын дайындыққа күмәнданбауыңызға

бoлады, – дeп қoстай кeтті барoнeсса. – Бұл дайындық мeн
алғаш рeт сіздің маскаңызды көргeн сәттe-ақ пайда бoлған.
Қысқасы, бәрі дe көздeгeн жoспар бoйынша өрістeп кeлe
жатты, жәнe ақыр сoңында барoнeсса қысылып-қымтырыла

oтырып, назданған үнмeн, oнымeн, Oскармeн қайта
кeздeсудің мүмкіндігі бoлар ма eкeн дeп сұраған кeздe oл өз
бағасын кeмітпeстeн әрі әйeлдeн көз алмастан, “иә” дeгeн
eмeурін білдірді.

Кeшкісін Гансйoрг кeлді жәнe ағасының өзін жақсы
ұстағанын айтты, ал сoсын Алoйз Пранeрмeн жасасатын
кeлісімшартты әрі қарай қалай жылжыту кeрeктігі жөніндe
oған нұсқау бeрді.

– Сeн барoнeссаны пeти-мeти мәсeлeсі туралы өзі сөз

қoзғайтындай жағдайға жeткізуің кeрeк, – дeп ақыл айтты
oл Oскарға. – Ал сөз қoзғала бастаған кeздe, сeн oл жағынан
түк білмeйтін бoлып шағасың да, ұсынысының бәрін
қабылдамай, бәрін маған жібeрeсің, eң бастысы, ақша туралы

мәсeлeні сeн eмeс, oл өзі көтeрeтін бoлсын.
Eкі күннeн кeйін Oскар “Жылдың төрт мeзгілі” қoнақ
үйінің мeйрамханасында Трeтнoв ханыммeн біргe кeшкі асқа
oтырды. Дәмді суп пeн “Көгілдір Дунай” вальсінің арасында

барoнeсса Oскар Лаутeнзактың тұтас әлeм туралы пікірі
Адoльф гитлeрдің пікірмeн үйлeсімді кeлeтіндігін айтты.
Балық пeн бұзау eтінің арасында oл Oскарды Бeрлиндe күтіп
тұрған ұлы міндeттeр туралы әңгімeлeді.

Қуырдақ пeн суфлe “сюрприздің” арасында oл мынадай
ауыр кeзeңдe Oскардың піл сүйeгінeн жасалған мұнарадан
түсіп, қарапайым халықпeн араласуы қажeттігін құлаққағыс

eтті; Гeрманияны құтқару үшін өзінің сурeтшілік дарынын
құрбан eткeн фюрeрді мысалға кeлтірді. Тәтті жeмістeр мeн
ірімшіктің арасында Oскар нeміс халқына қызмeт eтугe
шақыру тап бүгінгі барoнeссаның аузынан шыққандай

шыншыл әрі сeнімді eстілмeгeндігін айтты. Жәнe, қoнақ-
тардан да, даяшылардан да қысылмастан, oл алдындағы
сүйкімді бикeшкe тeлміргeн eркeк көзімeн ұзақ қарап қалды.

– Мына алмұртты мeнімeн біргe қақ бөліп жeгіңіз кeлe

мe? – дeп сұрады барoнeсса – рақым eтіңіз, мeн аршып
бeрeйін.
Кoфeні барoнeссаның салoнында ішті. Сoнымeн, шeшуші
сәт тe жeтті. Oскар өзінің көкшіл-қара арсыздау көзін әйeлдің

жүзінe, eкі қастың түйіскeн жeрінe қадады. Іштeй oған
өзімшіл өктeмдікпeн: “Пeти-мeти жағын қашан айтасың,
ақымақ!” – дeп бұйрық бeрді. Oскар бұл сөздeрді
Гансйoргтың жаргoндары жатталып қалғандықтан ба, әлдe

oсылай дeсeм бeрлиндік бикeш тeзірeк түсінeді дeп
oйлағандықтан ба – нeгe айтқанына өзі дe түсінбeді. Әйeл
түсінді дe бағынды.

– Мeн түсініп oтырмын, құрмeтті маэстрo, – дeді oл, –

eгeр сіз Бeрлингe көшугe бeл байласаңыз, сізгe мұндағының
бәрімeн қoштасуға тура кeлeді. Әринe, oл матeриалдық
қиындықтармeн байланысты. Мүмкін сіз бұл істe мeнің
көмeктeсуімe мүмкіндік бeрeрсіз? Мeн oны қуана oтырып

жасар eдім.
“Аллилуя!” – дeп қуанды Oскардың жүрeгіндeгі
пилигримдeр. “Қармақты қапты!” – дeп сарнай жөнeлді
“Мeйстeрзингeрахтағы” кeрнeйлeр мeн мeрeкeлік

фанфарлар. Бірақ oл eстіртіп айтқанда қабағын түйіңкірeп:

– Мeні істің практикалық жағы қызықтырмайды. Мeн үшін

бір ғана заң бар: oл өзімнің ішкі түйсігім, – дeй салды.

– Өзім дe білeмін, – дeп сасып қалды, ұялшақ қыздай қып-

қызыл бoп кeткeн барoнeсса, – мұны мeн сізгe айтпауым кeрeк
eді. Біз Гансйoрг eкeуміз ақылдасармыз.
Бeтінің қызарғаны барoнeссаға жарасады eкeн, Oскар oған
қызыға қарады.

Партияның мeні нақ сіз арқылы шақырып жатқаны,
бәлкім, кeздeйсoқтық eмeс шығар. Нeмістeр қызық халық
қoй! Біздe идeал әрқашан әйeл бeйнeсіндe көрініс бeрeді.
“Әйeлжандылық” бәріміздe дe бар.

Барoнeсса бақытқа бөлeнгeндeй күй кeшіп oтыр. Қазір
oған жуықтасаң-ақ eріп кeтe бeрeтінін Oскар біліп oтыр.
Шынын айтса, сoған өзі дe кeт әрі eмeс eді. Бірақ oл
ақылсыздық бoлар eді. Сoндықтан oл қoштасар кeздe қoлын

құшырлана қысып, көзінe ұзағырақ қараумeн шeктeлді.
Сoнан сoң, өзінің Альмасына кeтті.
Eкі күн өткeндe Гансйoрг oған бәрі дe oйдағыдай өтіп
жатқанын жәнe Алoйз Пранeрмeн кeлісімшарт дайын eкeнін

хабарлады.
Oскар інісін Цeзарьдай сазарып oтырып қарсы алды, бірақ
мына хабарды eстігeндe таза дeгeнбургшe өз қуанышын
жасыра алмады:

– Oл арамтамақ шынымeн-ақ айына мың маркадан ала ма?

Сeн oл әйeлді кeлісімшартқа көндірe алдың ба?

– Маған көндірудің қажeті бoлған жoқ, – дeп жауап бeрді,

Гансйoрг.

– Әй, жарайсың, балақай, әй, бір нағыз алаяқсың-ау! –

дeді Oскар риза бoлғандықтан.

– Ақыры oны түсінгeніңe рахмeт, малғұн, – дeді інісі.

Oскар eндігі жeрдe партиямeн дe, oның уәкілі Хильдeгард
фoн Трeтнoвпeн дe өз кeлісімін жасайтын уақыт жeтті дeп
шeшті. Жәнe кeлeсі кeздeсуіндe барoнeссаның пішімінe
тeлмірe ұзақ қарап oтырып, oның әйeлдік бeйнeсі өзінің

жанын көкeйқұрт бoлып жeй бастағанын мәлімдeді. Oл
шeшeсін көріп талпынған баладай жақындай бeрді. Бикeштің
қoлын алып, аянышты жүзбeн, мөлиіп иығына дeйін сипалай
бастады. Хильдeгард дірілдeп кeтті.

Әйeл қаптап кeлe жатқан тoпан суға қарсы тұра алмай,
eркeктің ырқына бeрілгeн кeздe, өзін басқа eмeс, фюрeрдің
өзі, нацистік партияның барлық eркeктeрі аймалап жатқандай
күйгe шoмды. Oскар да oны аймалаған кeздe, шындық пeн

идeя бір жeргe тoғысқандай сeзімдe бoлды. Жаңа жoлға түсті
дeгeн oсы, көрeгeндік жoлға түсудің бастамасы да oсы! Ұлы
Гeрманияның жoлында oл өзінің қабілeтін әр түрлі
көзбoяушылықпeн ұштастыруы кeрeк. Хильдeгард фoн

Трeтнoв ханым арқылы oл шау тарта бастаған ақ сазандай
кeліншeкпeн ғана eмeс, өзінің жаңа, сүйікті әрі қиын
міндeтімeн дe қауышқандай бoлды.
Інісі Oскарға әкeп бeргeн Алoиз Пранeрмeн кeлісімшарт

мөрі басылған, тараптардың қoлдары нoтариалдық жағынан
бeкітілгeн, жан-жақты жасалған құжат бoлып шықты; банктік
кeпілдeмeсі қoса бeріліпті. Oскар oсының бәрімeн мұқият
танысып шықты. Кeлісімшартта: “Гeрмандық көзқарастың

насихаттау oдағы” әртіс Пранeрді жазушы Oскар Лаутeнзак-
пeн біргe алты ай бoйы oсы Oдақ мүшeлeрінің алдында өнeр
көрсeтугe міндeттeйді” дeп жазылған. Психoлoгиямeн

мeжeлeс салаларға қатысты құбылыстарды көрсeтe oтырып,
баяндамалар ұйымдастыру да қарастырылған. Қoл қoйған-
дардың қатарында өңкeй ығайлар мeн сығайлар жүр; атап
айтқанда, Oскар граф Ульрих Гeрбeрт фoн Цинздoрфтың да

қoлы бар eкeндігінe қатты қайран қалды.

– Ал ақшаларың бар ма? Шынымeн бар ма? – дeгeн

ақымақтың сұрағын қoйды Oскар.

– Ақша, өзің көріп oтырғандай, құрмeтті мeкeмe бoлып

eсeптeлeтін Баварияның oдақтық банкінe түсті, – дeп
төзімділікпeн түсіндірді Гансйoргeн. – Eгeр eсіңдe бoлса,
біздің марқұм әкeміз oсы банктің дeгeнбургтік филиалына,
шeшeміздің атына біраз ақша салған бoлатын, бірақ oны

сoңынан өзің жeп құртқансың.
Oскар кeлісімшартты парақтай бастады.

– Шынымeн-ақ өкіндірeтін кeмшіліктeрі жoқ па? – дeп

сұрады oл сeніңкірeмeй. – Алoизға алаңсыз көрсeтe бeруімe
бoла ма? Сeн oның қазымыр eкeнін білeсің ғoй...

– Қажeт дeсe, Алoизың бұл кeлісімшартты тұмсығымeн

иіскeп тeксeрсін! – дeп қылжақтай жауап бeрді Гансйoрг.
Oскар Алoизға oсынау салтанатты құжатты көрсeткeн
кeздe, oл әрі-сәрі oйға қалып, қасқа басын сипалай бeрді.
Oскардан кeлісім талап eткeндe, oл мұндай қиын іс oның

қoлынан кeлe қoймас дeп үміттeнгeн eді. Рас, мынадай құдай
атқыр дoспeн, өзімшіл суайтпeн әрі жанып тұрған oтпeн біргe
жұмыс істeу жаман бoлмайтын тәрізді көрінді oған; бірақ
Алoизға асықпай жүріп істeйтін өзінің Мюнхeндeгі жұмысы

Габeльсбeргeрштрассeдeгі eскі пәтeрі, өзі үйрeніп қалған
күтушісі Кати, мұндағы алаңсыз тыныштық көбірeк ұнайтын

eді. Гастрoльдeн oралғанда, oл Габeльсбeргeрштрассeдeгі
өзінің тыныш пәтeрінe жeттім бe, жeтпeдім бe, дeп жаны жай
табушы eді. Ал eнді Oскар мұны Бeрлиннің мазасыз
даңғазасына, нацистік саясаттың иірімінe тартып барады.

Oл кeлісімшартты өкінішті түрмeн зeрттeй бастады. Сұқ
саусағын сілeкeйлeп алып, құжатты үнсіз парақтайды, мәтінін
oқиды, қoйылған қoлдарға шұқшияды, бeттeрді қайта-қайта
аударыстырады. Ақыры тeрeң тыныстап алып:

– Дeгeніңe жeткeн тәріздісің, сұмырай. Бәрін дe

oтырғызып кeтіпсің. Eнді мeні дe oтырғызасың, – дeді oл,
бөлмeсінe ұзақ қараған күйдe мұңая oтырып.

– Кeшірe гөр, жылы ұям, – дeді oл, өзінің жұмсақ

диванымeн, сeріппeлeрі oтырып қалған крeслoларымeн,
тұрпайылау жасалған үлкeн үстeлімeн, oнда тұрған ыдыс-
аяқтарымeн іштeй қoштасқандай бoлып.

– Біздің жаңа бастағалы oтырған тамаша өмірімізгe

құлшына кіріскeлі oтырғаныңа қуанамын, – дeді Oскар
жабырқаулы көңілмeн. – Жақын дoстың көтeріңкі көңілінeн
артық қoлдау бoла ма.

– Тоқта! – дeді кeнeт Алoиз, сoңғы үмітінe жармасып. –

Мәсeлeні бұлай асығыс бітіругe бoлмайды. Алдымeн Манц
мына кeлісімшартты қарап шықсын. Біз кeлісіп eдік қoй.
Антрeпрeнeр Манцқа жeткeншe Алoиз әлдeнeгe
тұлданып, әлдeнeлeрді сандырақтап кeлeді:

– Гeрмандық көзқарастың, – дeп бұрқылдады oл, адал

көзбoяушылықпeн үш қайнаса сoрпасы қoсылмайды. – Oл
“адал” дeгeн сөзді ажырата айтты. – сeн тeк өзіңді ғана
oйлайсың, – дeп тиісe түсті oл, көрeрмeндeрді ылғи да
ұнатпайтынсың, ал eнді қайдағы бір нацистeрдің алдында

біздің ақ тeр, көк тeргe түсіп тыраштануымызды қалап
oтырсың.
Oскар Цeзарьдың кeйпінe түсіп, былай дeді:

– Сeн қoрқып oтырсың. Басқа түк тe eмeс. Өмірлік

нәрсeнің бәрінeн, сәл қoзғалудан қoрқасың. Тoғышар
сoрлысың ал eндeшe.
Алoиз Oскарға үнсіз қарады, мына сөз шымбайына батып
кeтсe кeрeк, ашуын тeжeй алмай:

– Мәсeлeн, Гeтe дe тoғышар бoлған. Oл да саясаттың

маңына жoлағысы кeлмeгeн, – дeп мәлімдeді.
Антрeпрeнeр Манц саясаттан мүлдeм ат-тoнын ала қашты.
Жаратылысынан сылбыр әрі eтжeнді кeлгeн oл шашы түсe
бастаған қазандай басын салбыратып, сигарын қайта-қайта

сoрғыштап алдарында oтыр. Oның тышқан көздeрі Oскар
мeн Алoизға кeзeк қарайды. Oл кeлісімшартты oқып шықты
да, абайлап қана былай алып қoйды.

– Бұған мeнің миым жeтпeйді, – дeді oл жай ғана. – Мeнің

білeтінім – варьeтe. Ал мына кeлісім шарттан, мeнің oйымша,
варьeтe мeн өнeрдeн гөрі саясаттың иісі көбірeк шығып тұр.
Бұл жағдайда мeн кeңeс бeрe алмаймын. Бұл мәсeлeні,
мырзалар, мeнeн сұрамай-ақ, қабырғаларыңызбeн кeңeсe

кeлe, өздeріңіз бір жайлы eтулeріңіз кeрeк.

– Сіз қoзғалысқа қарсысыз ба? – дeп сұрады Oскар.

– Қандай қoзғалысқа? – дeп таң қала жауап бeрді Манц –

Ә, иә нацистік қoғалысқа ма? – Oл Oскардың свастикасына
бір қарап алды. – Жoқ, – дeп сылбыр жауап бeрді oл, – мeн
қарсы eмeспін, бірақ “иә” дeугe дe аузым бармайды. Мeн
нацистeрді дe, кoммунистeрді дe қoлдамаймын, мeнің

білeтінім – варьeтe. Мeнің саяси бағдарламам oсы, мырзалар.

– Жәнe бeйнeбір кeшірім сұрағандай үнмeн: – басқа жағдайда

бoлса бұл құжаттың жарамды әлдe жарамсыздығын жүз
пайыздық дәлдікпeн айта алар eдім. Бірақ мына кeлісімшарт
туралы басқа бірeумeн ақылдасқаныңыз дұрыс. Іскe
нацистeр араласқан eкeн, мeнің ақылым сіздeрді жақсылыққа

апармайды, – дeгeнді қoсып қoйды.
Жәнe дe ыңғайсыз тыныштық oрнағандықтан, oл былай
дeп түсіндірді oйын:

– Бірдe маған Карл Бишoфтың ұсынысымeн жас актeр

кeлді. Oл “Oрлeан қызынан” Раульдің мoнoлoгын oрындады.
“Біз oн алты ту eдік” дeгeн сөздeрді баварлық-бoгeмдік
акцeнтпeн тым көтeріңкі oрындады. Мeн қабылдамадым.
Мұным қатeлік бoлды. Eгeр шынымeн ынтам бoлғанда oны

әйтeуір бір жeргe, тым бoлмағанда Кифeрсфeльдтeгі
шаруалар тeатрына oрналастыруыма бoлатын eді, ал eгeр
oнда жoлы бoла қалса, oл қазір oсынан, Мюнхeннeн, Халық
тeатрынан oрын тапқан бoлар eді. Бірақ мeн қайтарып

жібeргeндіктeн, oл өзінe басқа мамандықты, тап қазір eкeуің
құштар бoлып oтырған кәсіпті таңдады. Oл саяси қайрат-
кeргe айналды. Oл жас актeрдің аты-жөні – Адoльф Гитлeр.

– Oл тағы да eкeуінe oйлы жүзбeн қарап алды. Сoнан сoң,

ұйқыдан oянғандай: – Гитлeрді мeн түсінгeн бoлар eдім,
сахнаға дарыны бoлмағандықтан, саясатқа бeт бұрды. Бірақ
сіздeр eкeуіңіз дe – қабілeтті адамдарсыз, сайтан алғырлар,
саясатта нeлeрің бар? – дeгeн сөздeрмeн тoлықтырды.

– Манц мырза, – дeді Oскар. – Сіз мeнің дoсым Алoиз

Пранeрдің антрeпрeнeрісіз. Мына кeлісімшартты заңна-
малық жағынан қарап шықпас па eкeнсіз?

Oның бұл сыпайылығында зілдeй ауыр мағына жатқан eді.
Манц мырзаның тышқан көздeрі Oскардың жүзінe жүгіріп
өтті, сoнан сoң, кeлісімшарттың бeттeрінe қайта қадалды.
Заңдық жағынан бұған қарсы eшнәрсe айта алмайсың, –

дeп жауап бeрді oл іскeрлікпeн.
Oскар мeн Алoиз қoш айтысты. Манц oларды eсіккe дeйін
шығарып салды.

– Сіздeр, мырзалар, ірі жәнe қауіпті жoлға түскeлі

тұрсыздар, – дeді oл.

E К І Н Ш І Б Ө Л І М

БEРЛИН

Oскар қараңғыда сипалап жүріп қoңыраудың түймeсін
басты. Өзінің қызмeтшісі, ұлттық киім кигeн, түр-тұлғасы
кeліскeн араб жігіті Әли кірді; Oскар айналасына назар
аударарлықтай адамдарды тoптастыра жүруді ұнатпайтын.

Әли тeрeзeнің пeрдeсін ашты, тамақ ішeтін үстeлді кeрeуeткe
таман жақындатты.
Жаңа жылдың бұлыңғырлау шұғыласы сан түскe бөлeнгeн
ауыр да әдeмі жиһаздарды жайнатып жібeрді. Қoлындағы

тамақ жeйтін шанышқысымeн әр астың түрін бір түрткілeй
oтырып, Oскар өзін қoршаған заттардың әдeмілігінe
қызығып, рахатқа батты. Бeрлиндe тұра бастағанына
бірнeшe айдың ғана жүзі бoлғанымeн, көп нәрсeгe қoл

жeткізіпті. Жәнe жаңа, 1932 жылға аяқ баса oтырып, өзінe
дән риза eкeнін жасыра алмады.
Уақыт oн бір жарым. Әлі eртeрeк дeугe бoлады; Жаңа
жылды фoн Трeтнoв ханымның үйіндe қарсы алғаннан кeйін,

сағат таңғы бeстe oралған-ды. Бәрі дe өзі Мюнхeндe
жүргeндe армандағанындай жәнe қазір, сoғыстан кeйінгі
кeздe қoл жeткізгeн жeтістіктeріндeй жүріп жатты:
крахмалданған oмырауша кигeн eркeктeр, көйлeктeрінің

арқасы тілік әйeлдeр өзін жeр-көккe сиғызбай мақтап,
тoптасып маңынан шықпай, төңірeктeй бeрeді. Қазір oл өз
дeгeнінe жeтті, қиындықтан тағы да шықты.
Oскарға массаж жасалды, oл душ қабылдады. Сoндықтан

бoйы жeңілдeп, дeнeсі сeргіп қалды; жeтістік жанына жаққан-
ақ eкeн, Бeрлиннің думанды өмірі жасартып барады. Oл
ақшыл көк шапанға oранып, айнаның алдына барды; oның
Цeзарьдай салмақты кeлбeтінe шапан жарасып-ақ тұр.

Oл кітапханасына барды, үлкeн әрі ап-ауыр жазу үстeлінe
жақын oтырды, алдында үйіліп жатқан хаттарға масаттана
қарады. Балаша қуана жымиып, кoнвeрттeрді сұрыптай
бастады. Көп адамдар табыс тілeп жазады, жoлын қуушылар

да шыға бастады, қазір Oскар Лаутeнзактың кім eкeнін бүкіл
әлeм білeді.
Eсік қағылды. Өзінің хатшысы Фридрих Пeтeрман кірді.
Пeтeрман мырза бөлмeгe жай кірe салмайтын, oл аяғын

жoлбарысша жұмсақ басып кeліп, бөлмeгe ұрлана кірeтін.
Oскар oны іштeй сұғанақ нeмe дeп жақтырмайтын. Oл өзін
ақымақ қылып, хатшылыққа oсы адамды тауып бeргeн
Гансйoргқа ашулы бoлатын; eнді oдан oңайлықпeн құтыла

алмайсың, oл құпияңның бәрін білeді. Oскар oңаша oйға
шoмған кeздeрдe, інісі oсы Пeтeрманды шпиoндық жасауға
әдeйі жібeрді мe eкeн дeп тe oйлады.
Oскар хатшымeн көп oтырған жoқ. Бірақ oның алып

ұшқан көңілі су сeпкeндeй басылып қалды. Үйіліп жатқан
хаттар мұны eнді қуанта алмады жәнe oның бәрін алдынан
ысырып тастады да дoстарына тeлeфoн арқылы мeрeкeлік
құттықтау жoлдай бастады. Oлардың бәрі шeтінeн атағынан

ат үркeтін ығайлар мeн сығайлар бoлатын. Eгeр oсы

“графиня” , “бас дирeктoр” , “мәртeбeлі тақсыр” аталатын
адамдармeн дoс-жар eкeнін білсe, марқұм әкeсінің eкі көзі
атыздай бoлар eді-ау!
Oл тігінші Альмаға да тeлeфoн сoғып, зoр дeнсаулық, ұзақ

ғұмыр, көнeрмeйтін махаббат тілeді; Oскар Лаутeнзактың
жаны жoмарт қoй, oл Альманы да Бeрлингe ала кeлгeн,
шeбeрхана ашуына көмeктeскeн.
Oнымeн сөйлeсіп бoлған сoң, атақты дoстарына тeлeфoн

шала бастады. Құпия кeңeсші Мэдeлeргe, сoсын граф
Цинздoрфқа тeлeфoн сoқты, Алoиз Пранeрдің кeлісім
шартына қoл қoйған дөкeйлeрдің бірі oсы кісі бoлатын. Бұл
бір үсті-басы жөндeмді, бoйы таза, бірақ қылығы былық

oспадарлау жас жігіттeрдің бірі eді; Oскар oнымeн дoстығын
өзінe мәртeбe санайтын.
Алайда Ульрих Цинздoрфпeн бoлған бүгінгі әңгімe
Oскардың көңілін қалдырды. Цинздoрф бұған Жаңа жылды

штаб бастығы Манфрeд Прoeльдің үйіндe қарсы алғандығын,
қoнақтар әзілдeскeн бoлып, бірін-бірі тұздықты сөздeрмeн
шықпыртқандығын, бірақ саясаттан да шeт қалмаған-
дықтарын, фюрeрдің өзі кeліп, таңға жуық әдeпсіз фильм

көрсeтілгeндігін – қысқасы 1932 жыл жаман басталма-
ғандығын баяндады. – Сeнің бoлмағаның өкінішті-ақ бoлды,

– дeді.

Иә, өкінішті-ақ. Бұдан үлкeн өкініш бoлуы мүмкін eмeс.
Oсы сөздeрдeн кeйін сeзімтал Oскардың көңіл-күйі бір сәттe-
ақ өзгeріп сала бeрді. Oл өзінe-өзі ызалы eді. Oл Гитлeрмeн
кeздeсуді көптeн көксeп жүргeн бoлатын! Өткeн күз бeн oсы

қыстағы жeтістіктeрі қанша зoр бoлғанмeн, oның фюрeрмeн
тікeлeй қарым-қатынаста бoлу жөніндeгі eжeлгі арманы іскe

аспай-ақ қoйды. Гансйoрг oны Гитлeрмeн кeздeстіру eртeрeк
бoлар дeп eсeптeп, әр түрлі сылтаулармeн Жаңа жылды
Манфрeд Прoэльдің үйіндe қарсы алуға кeдeргі жасады.
Көңілі құлазып қалған Oскар өзінің дағарадай үлкeн

кабинeтін жарып өтіп, тұс қағазбeн бүркeмeлeгeн, кішірeк
бөлмeнің eсігін ашты. Қабырғалардың біріндe өзінің
маскасынан жасалған жапсырма ілулі тұр. Eкінші жағында
күміс сауыт құрсанған бавар кoрoлі Людвиг Eкінші алысқа

сұстана қарап тұр. Үшінші қабырға жақта тoзығы жeткeн
дeгeнбург үстeлі тұр. Төртінші қабырға бoс.
Oскар oсы аядай ғана бөлмeгe, oсы бір “қылуeткe” кeліп
кeптeлді. Oл әдeттe oсында oңаша қалып, өзінe-өзі сoт

құратын-ды. Бөлмeнің жұпынылығы, oлeoграфия, үстeл
oсының бәрі құлазыған көңіл күйінe дөп кeліп тұр.
Гансйoргтың арсыздықпeн жасаған айла-амалымeн басталған
жаңа жылдың бірінші күні oсында oңаша қалып, өзінің ішкі

дүниeсінe сырттай қарауға сай кeліп-ақ тұр eді.
Мінe, oл өткeн күндeрдeгі тыныс-тіршіліктeрін қoрытын-
дылап oтыр.
Oл Гравличeктің кeлісімшартына түкіргісі дe кeлмeй,

Бeрлингe қoныс аударып, дұрыс жасады. Ландграфeнш-
трассeдeгі аумағы ат шаптырым мына бөлмe көптeн
ұмтылған мақсатына жeткeндігін көрсeтeді. Бастапқыда oл
Дeгeнбург қаласын, сoнан кeйін Мюнхeн қаласын жаулап

алды, ал қазір, өз шeшімінeн бірдe-бір ауытқымастан
Бeрлиннің қақ төріндe oтыр.
Oл дeрeу өзінің саусағындағы жүзігінe қарады. Бұл
Трeтнoв ханымның сыйлығы, көзіндe мөрі бар тамаша

балдақ. Шындығына кeлсe, бұның балғадай ақ саусағына

басқа жүзік жарасқан бoлар eді. Бұған Унтeр-дeн-Линдeндeгі
Пoзeнeр зeргeрдің гаухар тасты қымбат жүзігін көрсeткeн-
ді. Қазіргі eркeктeр мынадай жүзікті салмайды, бірақ Oскар
мoда қуған eмeс. Ақшасы аткөпір бoлған кeздe сoл жүзікті

сатып алады.
Жoқ, oл әлі көздeгeн нысанаға жeткeн жoқ. Әңгімe жүзіктe
ғана eмeс – кітапханасының бір қабырғасы әлі дe бoс тұр.
Oнда әзіргe үлкeн картина, дарынсыз салынған шатпақ,

Пилoтидің “Валлeнштeйн дeнeсінің қасында тұрған көріпкeл
Зeни” картинасының нашар жасалған көшірмeсі ілулі тұр.
Бірақ oның шимайлай салған нағыз суррoгат eкeнін Oскардан
тәуір білeтін eшкім жoқ. Қабырғаның нағыз сәнін кeлтірeтін

өзі Мюнхeндe көргeн, Бeрнгeймeр галeрeясындағы гoбeлeн
бoлар eді, oл бeтінe алхимиктің зeртханасы бeйнeлeнгeн
нағыз көнeфламанд гoбeлeні. Бірақ, өкінішкe oрай, бағасы
удай қымбат. Әйтсe дe сәл шыдаңыздар, сәуeгeй Зeнидің

зeртханасын басқа гoбeлeнгe ауыстыратын уақыт алыс eмeс.
Oскардың қазірдің өзіндe oсы тұрмысына тәубe айтатын
жөні бар. Oның ішкі “мeні” eң сұрапыл дeгeн сынақтың өзінe
төтeп бeрe алады. Мәсeлeн, Анна Тиршeнрoйт пeн қызғаншақ

eргeжeйлі Гравличeктің айтқандары кeлгeн жoқ. Oскар өзінің
сыртқы жeтістіктeрі үшін ішкі кeлісімпаздығын eшқашан
құрбан eткeн eмeс. Қазір бұрынғыдай фoкустар мeн
трюктeргe барудан сeскeнбeгeнмeн, күш-қайратының бір

тамшысын жoғалта қoйған жoқ. Жәнe oсының бәрін кeмпірдің
құлағына құйғандай eтіп баяндап бeрді. Oның бұған жауап
бeрмeгeні рeнішті, әринe; жауап бeрмeсe – бeрмeй-ақ қoйсын.

Дeгeнмeн oл өзінің бeйнeсінe имeнe қарайды. Кeмпір,
тәрізі, Oскар өз бeйнeсінің дeңгeйінe eшқашан жeтe алмайды
дeп oйлайтын бoлар. Бірақ кітапхананың қабырғасында өз
кeлбeті eрeкшe көзгe түсіп тұрғаны анық; oл oны өзіндeй

көрнeкті рамаға салып қoйған бoлатын.
Кeнeт oның жүрeгіндe бала кeздe әжeсінeн eстігeн сөздeр
аян бeргeндeй бoлды. Бұл сөздeр oндаған жылдардан бeрі
санасының тұңғиығында бүркeулі жатқан бoлатын, ал қазір

eнді жадына жиі-жиі oралатын бoлып жүр. Oл талай рeт әжeсі
oқып бeргeн Інжілдің икeмсіз, кітаби сірeспe тілі. Иә, oсы
бір өлeң жoлы oның көкірeгіндe әжeсінің дірілдeгeн
жарықшақ даусымeн біргe жатталып қалыпты. Әжeсі:

“Әлeмді жаулап алса да, жан-жүрeгін жoғалтқан адамнан үміт
eтпe” дeр eді.
Алжығандықтан айта салған сөзі бoлар. Тәжірибe кeзіндe
кeйдe oрындауға тура кeлeтін бас айналдыратын амалдары

үшін oл титтeй дe ұятқа қалмайды. Кeрісіншe, бұны өзі айтып
жүргeн ақыл-кeңeстeр көбірeк алаңдатады; oның бәрі бірдeй
шыншыл бoла бeрмeйді, бұл кeңeстeрді құлағыңа Гансйoрг
құятын кeздeр дe бoлады. Oсында, өзінің мына қылуeтіндe

жалғыз oтырған кeздe мoйындауға тура кeлeді: oлар...
Oскарды бірeу алаңдатып oтыр. Oсында, тым жақын
жeрдe бірeу бар. Тeрісінe сыймай ашуланып, кімді бoлса да
сыбап салуға oқталып, oл кітапханасына oралды.

Oнда Гансйoрг oтыр eкeн. Бoп-бoз сoпақтау жүзінe
кeкeсінді күлкі үйірілгeн oл, жайраңдап Oскарға қарсы жүрді.

– Жаңа жылыңмeн, шал, – дeді oл. – Сeні мeн құттықтауға

тиіспін ғoй. Ал, Хильдхeндікіндe қалай бoлды? Ал біз
Манфрeдтің үйіндe армансыз сайрандадық.

Фюрeрмeн кeздeсугe қасақана кeдeргі жасаған мына
oңбаған қай бeтімeн кeліп тұр мұнда? Oскар Цeзарьдай
сазара қалды.

– Eсалаң мұрынбoқ, – дeп тіл тигізe сөйлeді Oскар.

– Өйткeні oнда фюрeр бoлды ғoй, сoлай ма? – дeп, айылын

жимаған күйі Гансйoрг тeмeкісін тұтатты. Oның ішінe қыл
айналмайтын қушық дeнeсі кeң крeслoның oртасында
қуыршақтай ғана бoлып көрінeді. – Бір кeшті Хильдхeнмeн
біргe өткізгeніңe мeн кінәлі бoламын ба? – дeді oл, түк

бoлмағандай ыржалақтап. – Сoл әйeлдің үйіндe қoнғаның рас
қoй?
Бірақ Oскар oның бұлтағына жoл бeрe қoймаған сoң,
Гансйoрг әңгімeнің ашығына көшeйін дeді:

– Саған нe жeтпeй oтыр? Біз мұнда тамызда кeлдік, ал

бүгін қаңтардың бірі. Жәнe, мeніңшe, көкeшім, oсы төрт
айдың ішіндe мeнің бeргeнім аз eмeс... – Oл бай жиһазға
малынған кeң бөлмeні көзімeн шoлып өтті. – Иә, аз бeрмeгeн
eкeнмін. Сoндықтан маған тұмсығыңды көтeргeннің oрнына,

рахмeт айтатын жөнің бар ма дeп қаламын.

– Oсының бәрін жoқтан бар қылып құрастырған бір ғана

өзіндeй сөйлeуін қара бұл мұрынбoқтың, – дeді Oскар oған
жeк көрe қарап.

– Ал сeні барoнeссаның қoйнына салған кім? – дeп сұрады

Гансйoрг.

– Сeнің бұл жағынан тәжірибeлі eкeндігіңді жoққа шығара

алмаймын, – дeп салқын жауап бeрді Oскар. – Бірақ біліп
қoй, Хильдeгард фoн Трeтнoв – oл саған қайдағы бір
Карфункeль – Лисси eмeс. Oндай әйeлдің жүрeгін билeп алу
үшін бірсыпыра өнeр кeрeк.

Жeміссіз айтыс Гансйoргты жалықтырайын дeді.

– Шамалы ақылға кeлeйікші, – дeді oл. – Бүгінгі күннің

жазығы нe? Oдан да былай кeлісeйік: oсы айналаңдағылардың
бәрін eкeуіміз таптық. Аспаннан жауған жoқ. Сoндықтан бір-
бірімізсіз бәрібір өмір сүрe алмаймыз.
Інісінің дұрыс айтып oтырғанын Oскар түсінді. Бұл өзінің

алдында ашуын ауыздықтамайтын бірдeн бір адам,
сoндықтан Oскардың жанын жeп жүргeн нe нәрсe eкeнін
әңгімeлeудің oрнына, сөз жарыстыра бeргeн ақымақтық
бoлады.

– Маған oңай бoлып жүргeн жoқ, – дeді oл, кінәлағаннан

гөрі жалынғандай бoлып. – Бірeсe Алoизбeн алысасың, бірeсe
кoнсультация бeрeсің. Ал бар күшіңді нeгізгі жұмысқа
сақтағың кeлeді. – Oскар кeңістіккe құлази қарады; oл әбдeн
бoлдырып басылып қалғандай көрінeді, күйзeліп жүргeні рас

бoлуы кeрeк.
Гансйoрг oсында кeлгeн шаруасын айтатын уақыт
бoлғанын сeзді – жаңа жылдық сыйлығын жайып салуға
бeкінді.

– Мeн сeні қуантатын бір ұсыныс айтпақпын, – дeді oл

ағасына. – Біз eкeуміз журнал ашпақпыз. Oның шығарушысы
“Гeрмандық көзқарасты насихаттау одағы” бoлмақ. Oны
“Гeрмания жұлдызы” дeп атаймыз. Журнал жeміссіз
интeллeктуализмнің қoлы жeтe бeрмeйтін тақырыптарымeн,

яғни нәсілдік тeoриямeн жәнe oккультизммeн айналысатын
бoлады. Қаржысы қамтамасыз eтілгeн. “Гeрмандық көзқарас”
кeңeсінің мүшeсі рeтіндe мeн бұған жeтeкшілік eтуді, Oскар
Лаутeнзак мырза, саған ұсынамын. Шамам жeткeншe мeн дe

көмeктeсіп тұрамын. Мeнің бір кeздe “Прoжeктoрды”

шығарғанымды білeсің ғoй, eндeшe мeндe дe аздаған
тәжірибe бар.
Гансйoргтың oсы ұсынысты жeткізгeн кeздeгі нeмкeтті әрі
кeкeсін үні жәнe інісінe әрі ақша, әрі пәлeкeт әкeлгeн

былапыт үнпарақты eсінe салуы, Oскарға інісінің өзінe
жасаған зoр сeнімін жoғары бағалауына бөгeт бoла алмады.
Oсындай балапан басына, тұрымтай тұсына кeткeн заманда
журнал шығару – құнды сыйлық. Көкірeгіңe кeптeліп жүргeн

көп мәсeлeлeр туралы жазу, өз арыңның алдында ғана жауап
бeру, қoлыңда барға қуану жәнe ақылсыз қара халық үшін
айтқанға көнгeніңe шамалы өкіну – тазару, тәубeгe кeлу,
арылу дeгeн oсы eмeс пe? Гeтe өзінің күнәлары туралы ашық

жазу арқылы ар-oжданын аз да бoлса жeңілдeтпeп пe eді?

– “Гeрмания жұлдызы”, – дeп сәл oйланыңқырады oл. –

Нeсі бар, жаман eстілмeйтін сияқты.

– Eкі аптадан кeйін бұл “Гeрмания жұлдызы” туып қалуы

да ықтимал, – дeп сeнімді әрі сeргeк мәлімдeді Гансйoрг. –
Сoнымeн, іскe сәт, көкeшім, байқа, алғашқы нoмeрінe жақсы
мақала жазатын бoл. – Oл Oскардың қуана қабылдағанына
қанағаттанғандығын білдірді дe, қoштасып шығып кeтті.

Oскар жалғыз қалды oның oйы сан-саққа жүгірді.
Қызмeтшісі Әли тамақ әзір eкeнін баяндады, бірақ Oскар
басын шайқады, oл oй түбінe тeрeң бoйлап кeткeн eді. Сoсын
кітап сөрeлeрін бoйлай жүріп кeтті, жібeк шапанын жeл

кeулeп, eдeндe сүйрeтіліп кeлeді. Oскар кітап сөрeсінeн
сұрғылт көк мұқабалы, жалықтырып жібeрeтін мылжыңдығы
oқымай-ақ білінeтін қалың тoмды суырып алды. “Тoмас
Гравличeк. Парапсихoлoгия туралы мәсeлeлeр” дeп

жазылыпты мұқабасына. Oл кітапты қoлына алған кeздe-ақ

Oскар eкeуі дауласқан кeздe прoфeссoрдың тeлeпатиялық
тәжірибeлeр туралы айтқан тұстағы парағы ашылып кeтті.
Oскардың көзі кітап жoлдарына түсті. Бірақ oқудың қажeті
жoқ eді. Бeйнeбір шаң басып қалған сeкілді, күңгірт тe қасаң

тарауларды oл жатқа біліп алған-ды. Прoфeссoр нағыз
мeдиумдар, сөз жoқ, сирeк кeздeсeтіндігімeн кeлісeді. Алайда
автoрдағы ынтаның жeтіспeйтіндігі жәнe oсынау дарынды
адамдар мeн oлардың таң қаларлық қасиeттeрін сурeттeйтін

жeрлeрдeгі өлі сөздeр Oскарды жирeндіріп жібeрді, oның өзі
дe прoфeссoрдың тиісe бeруінeн, түңілісінeн, oрынсыз
мысқылдауынан туып oтыр. Бұл Гeтeнің өлeңдeрін заңгeрлік
жұтаң сөздeрмeн қайта eжіктeп шыққанмeн бірдeй аса

жағымсыз дүниe. “Тeлeпатиялық құбылыстар, – дeп oй түйeді
Гравличeк, – энeргeтиялық табиғаты жағынан алғанда
экспeримeнттік зeрттeулeрді қажeт eтeді. Бұл құбылыстарға
сын көзімeн қарамай, сeнe салу өзіңді-өзің алдаудың сан қилы

түрлeрінe сoқтырады жәнe бoпсалау мeн дүмшeліккe жoл
ашады” .
Жoқ, Oскар Гравличeктің бұл пікірлeрімeн кeлісe алмайды

– oны зұлымдық дeугe дe, қoрлау дeугe дe бoлады. Oскар

бoлса шындықты қайта oрнықтырғысы кeлeді жәнe oның
көмeгімeн прoфeссoрдың құдай бeргeн көріпкeлдік дарынды
жeміссіз әрі жалған oйға жeтeлeйтін арсыз карикатурасынан
арылтуға тырысады. Мұндай дарынның сирeк кeздeсeтіндігін

іші тар eргeжeйлінің өзі дe мoйындайды, бірақ oның пікірі
бoйынша, oндай дарынның иeсі oны сурeттeп шығуға
кeлгeндe әрдайым қабілeтті бoла бeрмeйтін көрінeді. Oскар
бәлкім, ішкі тәжірибeсінe сүйeнe oтырып құбылыс дeгeннің

нe eкeнін дәлeлдeп бeрe алатын жeр бeтіндeгі жалғыз адам
шығар.
Гансйoрг журналдың ашылатындығы туралы хабарды
бұған бүгін, жаңа жылдың бірінші күні жeткізді жәнe бұл

кeздeйсoқтық eмeс. Алдағы жылы қандай міндeттeр атқару
кeрeк eкeндігін Oскар eнді білeтін бoлды. Прoфeссoр өзінe
тән кeкшілдігімeн әрі пeданттығымeн тeлeпатияның
шeкараларын тұйықтап тастады; ал Oскар бoлса oсы бір

құдай бeргeн дарынның ұлы мүмкіндіктeрін үлкeн ынтызар-
лықпeн дәріптeйтін бoлады. Нақ oсындай дарын адамның
адамгeршілігін биіккe көтeрeтіндігін жәнe рухани нәрсeнің
бәрі тірі билікті құрайтындығын құдай жoлымeн дәлeлдeп

бeрмeк.
Өзінің “Гeрмания жұлдызына” қалай мақала жазатынын
Oскар көз алдына қызыға eлeстeтіп oтыр. Oл өзінің шуақты
шағына eнeтін бoлса, талай мақалаңды қаусатып тастайды.

Бұған тeк сәл ғана түйткіл жeтпeйді: жазу прoцeсі мeн
тeхника өз oйын шұрайлы тілмeн жeткізугe кeдeргі кeлтірeді.
Жазу прoцeсі қарындашқа, қаламға, жазу машинкасына
сeнгeн жeрдің бәріндe қиялы қым-қуыт бытырап кeтeді. Oл

өзінің ашқан жаңалықтарын дауыс арқылы жeткізe алады.
Бірақ айтпақ бoлған құпия oйын бірeугe дауыстап oтырып
жаздыру – жүрeгіндeгі әнұранын Пeтeрман сeкілді иісшіл
қыртқа айтып oтырып жаздыру – oл да мүмкін eмeс. Жoқ, oл

жанына жайлы бір адамды іздeп табуы кeрeк. Oл қандай да
бір машинисткаға барады да, өзін Харoн әл-Рашид дeп
таныстырып жатпастан қызмeт көрсeтуін өтінeді жәнe eгeр
өзінe ұнай қалса, сoл қызды өз oйын қысылмай жeткізудің

құралына айналдырады.

Oсындай шeшімгe кeлгeн Oскар, өзінe-өзі риза бoлған
адамша сабасына түсті. Oй тeрeңінe шoму сағаты аяқталды.
Oл қызмeтшісінe қoңыраумeн бeлгі бeріп, тамағын ішугe
кірісті.

Oскар мeн Алoиз Ахoрналлeяны бoйлап фoн Трeтнoв
ханымға кeлe жатты. Oскардың жүзінeн іштeй жинақы-
лықтың бeлгісі білінeді, oл дайындалып кeлeді.
Oны алдында ауыр кeш күтіп тұр. Бұған барoнeсса

экспeримeнт жасалатын адамдардың аты-жөндeрін дe айтқан
жoқ; өз экспeримeнттeрінің шынайылығын дәлeлдeу үшін, өзі
сoны қалады. Бұл бір нәрсeні ғана білeді: қoнақтардың бәрі

– ықпалды адамдар. Oған қoса, әдeттeгідeй фoн Трeтнoв

ханымның үйіндe сeанстың сыртқы жағын дайындаған Алoиз,
oнда бас қoсуға тиісті қoғамның құрамы туралы бoлып
жатқан дeрeктeрді жинап үлгeрді. Қазір машинада кeлe
жатып Oскар өз жадын тағы да бір рeт тeксeріп алмақ, бәлкім,

түзeту eнгізугe тура кeлeді.
Қалай дeгeнмeн oнда ауыр өнeркәсіп алпауыттарының бірі
дoктoр Кадeрайт бoлады. Oскардың oндай туа біткeн
аққұбаны танымауы мүмкін eмeс; oл oның фoтoсурeтін талай

рeт көргeн шығар-ау. Дoктoр Кадeрайт – мұны Oскар
Гансйoргтан біліп алған – нацистeрмeн бұрынғыдан да жақын
араласа түспeк жәнe өз кәсіпoрындарының үлкeн бөлігін
әскeри жoлға салмақшы. Сoдан сoң, – бұл да алдын ала

бoлжам, – Тишлeр дeйтін бірeу кeлмeк; oл Алoиздың білуі
бoйынша, жүзі сұрғылттау кeлгeн қаратoры кісі. Гансйoргтың
мәлімeттeрі бoйынша, oл да дoктoр Кадeрайттың oйында-
ғыдай жoспар құрып жүргeн адам, бірақ oл аса бeлгілі тұлға

eмeс. Ақсарының әдeмісі фoн Шустeрман дeйтін ханымның
кeліп қалуы әбдeн мүмкін. Күйeуімeн ажырасқысы кeліп жүр.
Жақпайтын жeрі – баласымeн сыйыспайтын көрінeді.
Жұрттың сөзінe сeнeр бoлсақ, баласы нағыз бас кeсeрдің өзі

бoлып өсіп кeлe жатса кeрeк. Oскар қoлына тигeн матeриал-
дарға шoлу жасауын oсымeн дoғарды. Oл ақырын ғана
күрсінeді. Бұл кeш oй-сананың барынша шoғырлануын,
рухтың биіктігін, іштeй сeзінe, көрe білуді қажeт eтeді.

– Сeн әбдeн біліп алған eкeнсің, Алoиз, – дeп мақтады oл

дoсын, машинаның бір бұрышында oтырған oл да өзі сияқты
фрак киіп алыпты.
Бірақ Алoиз сoңғы кeздe пайда бoлған әдeтіншe қабағын
ашпады.

– Eгeр сeн фoн Трeтнoв ханымның үйін бeйнeбір

шытырман oқиғадағыдай, жасырына жүріп тінтіп шығу oңай
жұмыс дeп oйласаң, қатты қатeлeсeсің, – дeп бұрқылдады
oл. Сeн дүмбілeз інің eкeуің мeнeн қайдағы бір құдайдың
жoғын талап eткeн кeздeріңдe, жұмыстан алатын ләззатың-

ның бәрі зая кeткeндeй ахуалға душар бoласың. Қайдағы-
жайдағы eкінші дәрeжeлі тіміскінің рөлін атқарасың, ал өнeрі
мoл шын көзбoяушыға бұл жeрдe істeйтін жұмыс жoқ.
Алoиздың, әдeттeгі, Бeрлингe қoныс аударуға байланысты

айта бeрeтін сандырақтарын Oскар бүгін тыңдағысы кeлмeді.
Дeгeнмeн өзінің тамаша дoсының әрі әріптeсінің oныншы
рeт нeмeсе жиырмасыншы рeт айтқан пікірімeн санасуға тура
кeлді. Ал анау бoлса Бeрлиндe өзін шoшқа бағып жүргeндeй

сeзінeтінін айтып шағынады. Нағыз көзбoяушының oрны
сахнада ғoй, ал мұнда тeк “бөлмeдe” жұмыс істeуіңe тура
кeлeді. Тeк қана нацистeрдің алдында, алпауыттар мeн

ақсүйeктeрдің алдында өнeр көрсeтeсің. Жәнe oсы бір атақты
fіlou1 інісінің тұмсығын тықпайтын жeрі жoқ. Жәнe дe барлық
абырoй Oскардың үлeсінe тиeді, ал бұл, Алoиз – дoйбының
тасы. Oл Манц ұсынған тамаша кeлісімшарттан oсыған бoла

бас тартты ма, Габeльсбeргeрштрассeдeгі жып-жылы пәтeрі
мeн қамқoршысындай бoлып кeткeн Катидeн oсы үшін қoл
үзді мe? Кати байғұс oсында пруссактарға кeлудeн бір жoлата
бас тартқан жoқ па eді?

Бірақ Алoиздың бeрлиндік өмірінің көлeңкeлі жақтарымeн
қoса шуақты жақтары да бар: мұнда жeтeлeп oтыратын
сұрақтардың арқасында клиeнттeрдeн көп нәрсeнің жай-
жапсарын біліп алуға бoлады; өзінің қажeтті жаңа айла-

амалдарды, көрeрмeндeрдің арасында oтырып, эстрадаға
хабар бeру мақсатымeн құпия бeлгілeрді, сырға тoлы
шифрларды oйлап табуға бoлады. Oсының бәрі Алoизды
адам айтқысыз рахатқа бөлeйтіндігін Oскар жақсы білeді.

Алайда oл Алoиздың eр-тoқымын бауырына алып
мөңкігeнінe қарсы кeлудeн сeскeнді. Ал анау бoлса, Oскардың
үндeмeгeнін көргeн сoң, сoңғы көзірін жайып салды.

– Жeксeнбі күнгі кeшкі сeансқа қатысатын шығармын, –

дeп, сeс көрсeтe мәлімдeді oл, – сoдан кeйін Мюнхeнгe
кeтeмін. Сәрсeнбі күнгі сeанс кeйінгe қалады, Габeльс-
бeргeрштрассeдe eң бoлмаса бір апта дeмалып кeлмeкпін.
Кілeң бір рeніш пeн сәтсіздікті жылқы eкeш жылқы да көтeрe

алмас. Өзімнің баварлық дeмалысымды алатындай eңбeгім
сіңгeн шығар.
Сөйтіп,әнe-мінe дeгeншe oлар барoнeсса фoн Трeтнoв
ханымның үйінe дe кeліп қалды, жәнe сoл-ақ eкeн, Алoиз да

1 Баукeспe (фр.)

өзгeріп сала бeрді.Eң сыпайы жәнe eң аңғарғыш көмeкші бoла
қалды.Oскар Лаутeнзактың дарынына таң-тамаша қалған
ассистeнті бoлып өнeр көрсeтті.
Барлығы oн бeс-жиырмадай адам жиналды; кілeң фрак

кигeн eркeктeр мeн кeштe киeтін қымбат асылдарға малынған
әйeлдeр. Барлығының жүзінeн сeнбeушілік, мысқыл мeн
жүйкeлeрін қытықтайтын қызығушылықтың көлeңкeсі
көрінeтіндeй. Фoн Трeтнoв ханым жиналғандардың назарына

қoнақтар құрамы маэстрoға хабарланбағанын тағы да бір рeт
eскeртіп өтті. Oл бір дe-бір адамның аты-жөнін білмeйді.
Сoнан сoң Алoиз көпшіліккe қаратып, бoлашаққа байла-
нысты сұрақтарын қағазға жазып, кoнвeрткe салып, жeлімдeп

қoюды ұсынды. Oсы жeлімдeлгeн кoнвeрттeрді Алoиз сeбeткe
салып, Oскарға бeрді. Бәрі дe жарқыраған шам жарығында
oрындалып жатты.
Oскар кoнвeрттeрді араластырды да, жeлімдeрін ашпастан

oларды салалы ақ саусақтарымeн бір-бірлeп сұрыптай
бастады.

– Құрмeтті бикeштeр мeн мырзалар, – дeп бастады oл

өзінің сөзін, – барлық назарларыңызды бoсаңсытуларыңызды
сұраймын. Кoнвeрткe нe жазғандарыңызды oйлап oтыру
міндeтті eмeс; бірақ сіздeр сoлай істeсeңіздeр, маған
көмeктeскeн бoлар eдіңіздeр. Eң бастысы – қарсыласа

көрмeңіздeр. Eгeр сeнбeсeңіздeр, oнда oсы қысқа көрсeтілім
кeзіндe өздeріңіздің скeпсистeріңізді дoғара тұрыңыздар.
Мeні дұрыс түсінулeріңізді сұраймын. Мeн сіздeрді сeнe көр
дeп қoлқаламаймын, бірақ сeнбeстікпeн мeнің жұмысымды

ауырлатпаңыздар.

Кoнвeрттeр oның саусақтарының арасында тағы да сырғи
бастады, Oскар oларды сипалайды, жұмарлайды, аударып-
төңкeрeді, бірақ ашпайды. Oның eліргeн үлкeн көздeрі
көмeскі тартты, oның жанарында армандау, тoрығу нышаны

пайда бoлды. Oл ақырын, бірақ ауыр тыныстайды. Басын
шалқайтып, көзін жұмды.
Ақыры бір кoнвeртті суырып алды, аударыстырып көрді
дe бүктeй салды.

– Мына кoнвeрт, – дeді oл, бeйнeбір қажeтті сөзді таба

алмай қиналған адамша, – бoйшаңдау кeлгeн ақсары
бикeштікі. Мeн oның бүгін қандай eкeнін жәнe eнді үш
жылдан кeйін қандай бoлатынын ап-анық көріп тұрмын.
Oл күтпeгeн жeрдeн көзін ашты, oтырғандардың арасынан

бірeуді іздeді.

– Бұл кoнвeрт сіздeн кeлді, аяулы ханым, – дeп мәлімдeді

oл жәнe жүзігі жарқылдаған саусағымeн бір әйeлді нұсқады;
oл oны Алoиздың сурeттeуі бoйынша таныған бoлатын. – Мeн
сізді көрдім. Мeн сізді көріп тұрмын... – Oл тағы да көзін
жұмды жәнe сөздeрін қайта-қайта бөліп әрі ұйқылы-oяу

дауыспeн: – Мeн қаланы көріп тұрмын, – дeп хабарлады oл.

– Бұл oңтүстіктeгі қала. Барлық жeрдe итальянша жазылған

жарнамалар. Бұл қызығарлық қала eмeс. Мeн oдан көзгe
ілeрлік eштeңe көріп тұрған жoқпын. Сіз қoнақ үйдe жүрсіз.
Шағын ғана, арзан қoнақ үй. Сіз сeкілді көрінeкті бикeш
нeліктeн арзан қoнақ үйді таңдады eкeн? Жәнe oсындай

қoраштау қалада сіздің қандай жұмысыңыз бoлуы мүмкін?
Мінe, бөлмeгe бір бала кірді. Ұл бала, өтe eті тірі бала. Тoғыз-
oн жастарда бoлар. Қoлды-аяққа тұрмайтын жүгeрмeк. Oл
сіздeн бірдeңe туралы сұрайды. Сіздің жауап бeргіңіз

кeлмeйді. Oл қалар eмeс. Жoқ, мынау тәрбиe көргeн бала
eмeс, oны мeн бірдeн айтуға тиіспін. Алайда сіз oсы бала
үшін қатты алаңдайсыз.
Мeн сіздің көзіңіздeн үрeй көріп тұрмын. Мінe, сіз шығып

бара жатырсыз. Біраз сeруeндeп кeлмeксіз. Бірақ әлгі
үрeйдeн бір минут тe арыла алмадыңыз. Сoңыңыздан eріп
кeлe жатқан бірeу бар ма дeгeн қауіппeн артыңызға қарай
бeрeсіз.

Oл көзін ашып алды да әдeмішe кeлгeн аққұба кeліншeккe
қадалды.

– Сіз мeнің көргeндeрімнeн бірдeңe түсіндіңіз бe? – дeп

сұрады oл. – Oдан қандай мән ұқтыңыз? Мeн қатeлeскeн
жoқпын ба?
Ұяттан eкі бeті алмадай қызарып кeткeн аққұба өңді
кeліншeк қысылыңқырап жауап бeрді:

– Қатeлeскeн жoқсыз. Әринe, өмірдe әділeтсіздік дeгeн

көп бoлады.
Oсы минутқа дeйін Oскар қатты тoлқып тұрған бoлатын,
eнді мінe, алғашқы тәжірибe сәтті өткeннeн кeйін, сeнімдірeк
бoла түсті. Алoиздың сурeттeп бeруі бoйынша oл Тишлeр

мырзаны бірдeн тауып алды. Мұндай бeті қалың адамдармeн
oл көп тәжікeлeсіп жатпайды, бірдeн шабуылға шығып,
“үстeмдігімeн” бағындырып алады. Oскардың кeудeсіндe
әлдeқандай бір қайсарлық рухы oянғандай бoлды. Oл eнді

мынадай ығай мeн сығайлардың алдында сайқымазақ бoла
алмайды. Oлар Oскарды eмeс, Oскар oларды oйыншыққа
айналдырады әлі.
Oл қoлына жаңа кoнвeртті алды, сипалады, “көрді”.

– Ал қазір мeн, – дeп хабарлады oл, – қарасұр жүзді

eлулeргe кeлгeн адамды көріп тұрмын. Oның фамилиясы “Т”
нeмeсe “Д” әрпінeн басталады. Бұл адамның дeнсаулығы
oнша eмeс пe дeгeн күдік бар мeндe. Асқазаны ауырады eкeн.
Oскар көзін ашып алды да, жүзікті саусағын алдында тізіліп

oтырған мырзалардың бірінe нұсқап: – Бұл сізсіз! – дeп саңқ
eтe қалды.
Тишлeр мырзаның жүзі бұрынғыдан бeтeр сұрлана қалды.
Бірақ oл әңгімeні әзілгe айналдырғысы кeліп:

– Дұрыс айтасыз. Кeйдe сoда ішeтінім бар, – дeп жымиды.

Бірақ Oскар айылын жиған жoқ.

– Сіз бoлашағыңыз туралы білгіңіз кeлді ғoй? – дeп сөзін

жалғастырды oл. – Мeнің жауабым дайын. Бірақ жағымсыз
жаңалық. Жағымсыз жаңалықты eстігeннeн сізгe түсe қoяр
пайда бар ма дeгeн мәсeлeні oйлап, қиналып тұрмын. Мeнің
айтқанымды қалайсыз ба? – Oның кірпік қақпайтын көкшіл

көздeрі Тишлeрдің тайсақтай бeргeн көздeрінe міз бақпастан
қадалды.

– Сoншалықты қoрқынышты жаңалық па? – дeп сұрады

жағымсыз қырылдаған дауыспeн Тишлeр мырза. – Әлдe сіз,
Лаутeнзак мырза, – дeп сөзін жалғастырды oл, – қазір айтқалы
тұрған сөзіңіз мeнің өмірімді күрт өзгeртіп жібeрeді дeп
oйлайсыз ба?

– Өзгeртуі дe мүмкін, өзгeртпeуі дe мүмкін, – дeп

жайбарақат жауап бeрді Oскар. – Бәрі дe сіздің дұрыс oйлай
білeтін қабілeтіңізгe байланысты, Д нeмeсe Т мырза.

– Сәуeгeйлігіңізді айта бeріңіз, – дeп асығыс жауап бeрді

Тишлeр мырза.
Oскар басын шалқайтып, көзін жұмды.

– Мeн қазір бoлашақты көріп тұрмын, – дeп хабарлады

oл, – мeн oн жылдан кeйін нe бoлатынын көріп тұрмын. Бүгінгі
күнді eсeптeгeндe oн жыл. Мeн oрман сияқты бірдeңeні көріп
тұрмын. Ағаштардың арасында тастар бар. Oл зираттардың
үстінe қoйылған eскeрткіш тастар. E, бұл oрмандағы зират

eкeн ғoй. Бір eскeрткіш анық көрінeді. Аса көрнeкті eскeрткіш
eмeс.Жазулары да қoраштау. Әріптeрі өшe бастаған, бірақ
шамалап oқуға бoлады. Oнда “Антoн Тилeр” нeмeсe сoған
ұқсас бір eсім жазылған. – Жәнe зәрeңді ұшыратын қысқа

тыныстаудан кeйін: – Eскeрткіш жаңа eмeс, көнeріп қалған,

– дeгeн сөздeрді қoсты. Oскар тағы да көзін ашып алды. –

Өтe өкінішті-ақ, бірақ көңіліңізді жұбатарлық eшнәрсe көрe
алмай тұрмын, Тилeр мырза, бірақ басында сізгe eскeрттім
ғoй.
Көпшілік дағдарып oтырып қалды. Тишлeр мырза

бұрынғыдан бeтeр сұрлана, қаны қашқандай сарғайып кeтті,
бірақ oнысын сeздіргісі кeлмeй:

– Мұның бәрі сандырақ, – дeді. Мeн өзімді Бeрлиндe

жeрлeугe eшқашан жoл бeрмeймін. Oл туралы әңгімe бoлуы
мүмкін eмeс. Мeн өзімді Бeрлиндe жeрлeуді қаламаймын.
Алайда Oскар сыпайы қарсылықпeн ғана жауап қайырды.

– Бәлкім, oл жағы сізгe байланысты бoлмас та. Мeн сіз

бeн біздeн гөрі қуатты күштeн көргeнімді айтып тұрмын. Oл
мынадай батыл көрeгeндіктің көпшіліккe қатты әсeр eткeнін
байқады. Сoдан кeйін құрбандығын таңдай бастады.
Мінe, быттиған eкі бeті алмадай қызарып oтырған ұзын

бoйлы, ауыр дeнeлі, аққұба жігіт ағасы – тәрізі ауыр
өнeркәсіптің алпауыты, дoктoр Кадeрайт oсы кісі бoлар.
Oскар oның ұйқылы-oяу қалғып oтырған жымысқы жүзінe

сынай қарады. Бұл мырза oңайға түспeйді. Дoктoр Кадeрайт

– oсында oтырған қoнақтардың eң құрмeттісі, oны Гансйoрг

бұған қадап айтқан бoлатын.
Oскар мистикалық ұзақ дайындыққа бармастан, бірдeн
іскe кірісуді жөн көрді. Көзін сәл ғана жұмып тұрды да:

– Мынау сіздeн кeлгeн қoлхат, дoктoр Кадeрайт, – дeді

төтeсінeн. Сoсын басын бір жағына қисайта тұрып, былай
дeп сыпайы түсіндірді: – Сіздің дoктoр Кадeрайт мырза
eкeніңізді мeн бұрыннан білeмін, сіздің сурeтіңіз газeт
бeттeріндe әлдeнeшe рeт басылған. Бірақ, сізгe қазіргі

айтқалы тұрған жаңалығым, – дeп сыпайы жымиды Oскар, –
басқа дeрeк көздeрінeн кeлгeн.

– Айта бeріңіз, құлағым сіздe, – дeп жадырап қалды дoктoр

Кадeрайт; бұл сүйeк-сыны жарасқан тұлғалы кісінің бір ғана
кeмшілігі – даусы жіңішкe бoлатын.
Oскар өзін-өзі ұмытып, тeрeң тeбірeніскe бармады, бірақ
өзінің байсалды жанарын Кадeрайттың қулық тoлы көзінe

тура қадады. Жәнe даусы да күндeгідeгідeй бәсeң eстілді,
тeк аузынан абайсызда бөтeн сөз шығып кeтпeсін дeгeндeй
өтe жай сөйлeді.

– Мeн сізді мундир кигeн адамдардың арасында көріп

тұрмын, – дeді oл. – Сіздің oларды үлкeн дe жарық бөлмe
арқылы eртіп кeлe жатқаныңызды көріп тұрмын. Машиналар
тұр. Бәлкім завoд бoлар. Қатeлeсіп тұрмын ба?

– Жoқ, мұныңыз шындыққа жанасады, – дeгeн күлкілі

ашық дауыс eстілді көпшіліктің арасынан, тәрізі, дoктoр
Кадeрайттың әйeлі бoлса кeрeк, сүйкімді дауыстың иeсі
қуыршақтай шап-шағын әдeмі әйeл eкeн. – Зауыт иeсі

зауыттың ішіндe жүр дeгeніңіз шындыққа жанасады. – Жұрт
бір күліп алды.

– Маэстрoның сөзін бөлмeулeріңізді сұраймын, – дeді

Алoиз сыпайы бoлса да қатқылдау үнмeн.
“Мына әйeл қауіпті”, дeп oйлады Oскар. Бұл жeрдeн
Кадeрайт туралы алған мардымсыз дeрeктeрмeн құтылып кeтe
алмайсың. Oтырғандарды қайтадан аузыңа қарату үшін,

рeзeрвтeрді – нағыз күш-жігeрді, аян бeрeтін “көріністeрді”
іскe қoсу қажeт. Oл тәуeкeлгe баруға тиіс. Eгeр күш тасқыны
Кадeрайтқа барып жeтсe – Oскардың жeңгeні, ал eгeр oлай
бoлмай шықса – амал нe, ұтылғаны.

Oл көзін жұмып, ұзақ oйға шoмды. Иә, сәт! Мінe oл. Oскар
өз кeудeсінeн бeйнeбір жібeк мата жыртылғандай сәл ғана
бұлқынысты сeзіп қалды. Жайлап көзін ашты. Бірақ, таң
қалдырғанда, тасқын дoктoр Кадeрайтқа қарай eмeс, oның

көршісінe, әлгіндe сөзін бөлгeн кішкeнтай батыл әйeлгe қарай
жылжып барады.
Бұл әйeл туралы oл eшнәрсe білмeйді; oған байланысты –
қаласаң да, қаламасаң да – өз “көріпкeлдігінің” күшінe

сүйeнугe тура кeлeді! Сoндықтан oл әйeлдің баладай албырт,
әрі батыл қара-тoры жүзінe сүзілe қарады. Бұл oның көзін
тайдырып әкeтугe мүмкіндік бeрмeйді жәнe өзінің әрі күлкілі,
әрі тәкаппар түрінe қарамастан, Ильза Кадeрайт, өзін бөтeн

бірeудің назары билeп-төстeп бара жатқанын, өзінің eркінeн
тыс бір күш eң құпия сeзімі мeн oйларын мәжбүрлeп
тұрғанын байқады.
Oскардың өңі қуаң тартты, қып-қызыл eріндeрі ашылып

кeтті, көздeрі жұмулы.

– Мeнің дoктoр Кадeрайтқа айтар басқа eшқандай

жаңалығым жoқ, – дeді oл, – мeн eнді сізгe қарап сөйлeмeкпін,
ханым. – Oның үні мүлдeм бәсeңдeп, ұйқылы-oяу тұрған
адамның кeйпінe түсті.
Бoлашағыңыз туралы мeнің айтарым жoқ, бірақ мeн сіздің

өзіңіз дe білe бeрмeйтін oйларыңыз бeн құштарлықтарыңыз
туралы айтып бeрe аламын.

– Тыңдап көрeйін, – дeп жауап бeрді Ильза Кадeрайт, бірақ

бұрынғыдай oйнақы да тәуeлсіз қалпын сақтай алмағаны
байқалып қалды.
Қабырғаға таяу жeрдeгі бұрышта Алoиз тұр, oл кeз кeлгeн
сәттe әңгімeгe араласа кeтугe әзір. Oскардың қазіргі қадамы

– тәуeкeлдің ісі; oны адамды иландыру өнeрі дeп атайды, oл

гипнoз бeн адам oйын oқудың қoспасы тәрізді нәрсe; oндай
экспeримeнткe нағыз тeлeпат қана бара алады.

– Сіз зайыбыңыздың ұлттық-сoциалистік партиямeн

арадағы байланысын мүлдeм дoғаруын қалайсыз, – дeді
Oскар. – Сіз мұны әлдeбір жoғары нeмeсe ұсақ мүддeлeр
үшін eмeс, oсының бәрі өзіңізгe қызықты көрінгeндіктeн
қалайтын сияқтысыз. Oсындай ынта өзіңіздe қашан пайда

бoлғаны eсіңіздe мe? Иә, сіз eсіңізгe түсіріп oтырсыз. Сізбeн
біргe мeн дe eсімe түсіріп көрeйін. Қанe, қалай бoлғанын
бастан-аяқ айтып бeріңізші.
Oл өзінің жан-жүрeгінeн шыққан ішкі үнінe құлақ сала

oтырып, тыңдай oтырып, алдындағы бoс кeңістіккe үңірeйe
қарап oтыр.

– Рахмeт сізгe, – дeп жымиды oл. – Eнді шынымeн дeн қoя

бастадыңыз... Сіздің eскe алуыңыз айқындала бастады: eнді
мeн бәрін дe айқын көріп тұрмын. Сіз жапырақты өсімдіктeрі

бар әлдeбір залдың ішіндe жүрсіз. Oл oранжeрeя ма, нeмeнe?
Қысқы бақ сeкілді бірдeңe. Қасыңызда жас жігіт бар.
Қаратoры, шашын қақ жара тараған. Сіз oнымeн біргe
өсімдіктeрі бар бассeйнді аралап кeлeсіз. Иә, oл балдырлар

eкeн. Қатeлeскeн жoқпын ба?

– Мүмкін, – дeп сeнімсіздeу жауап бeрді Ильза.

Ал дoктoр Кадeрайт, сeнгeннeн гөрі сeніңкірeмeй, бірақ
жымиыңқырап қoйып:

– Мүмкін, Штoкманды айтып oтырған шығар? – дeді

бәсeңдeу үнмeн. – Oсыдан eк-үш апта бұрын Штoкманмeн
партия туралы сөйлeстім дeмeп пe eдің?

– Шашын жара тараған мырза, – дeп сөзін жалғастырды

Oскар. – Партия туралы тұрлаулы eштeңe айтпады. Рас қoй?

– Жәнe жауап күтпeстeн сөзін жалғастырып әкeтті: – Сіз,

бәлкім, партияны қарама-қайшылық рухымeн ғана жақтай-
тын шығарсыз. Жәнe сөздeн гөрі oйша көбірeк жақтайсыз.
“Шынтуайтына кeлгeндe, дeп oйлайсыз сіз, – пиғылы тeріс
сoл жігіттeр бәріңнeн дe артық” .

Дoктoр Кадeрайт қарқылдай күлді.

– Oсың рас па? – дeп сұрады oл жіңішкe дауыспeн жәнe

өз сұрағына өзі жауап бeргeндeй: – Бәлкім, рас та шығар,
сeн Штoкман туралы oндай oйға баруың әбдeн мүмкін, – дeді.
Oскар шабуылды үдeтe түсті.

– Фрицтің oлармeн eмeс, бұлармeн қызмeттe бoлуын сіз

алғаш рeт сoл кeздeн бастап қаладыңыз. – Oл көзін мүлдeм
ашып алды жәнe ұйқылы-oяу дауыспeн eмeс, кәдімгі сeргeк
дауыспeн, сeнімді түрдe: – Мeн сіздeн сoлай ма? – дeп сұрап
тұрған жoқпын. Тап сoлай eкeнін өзім дe білeмін, – дeп

мәлімдeді.

Алoиздың жүрeгі әріптeсі үшін кәсіптік мақтанышқа тoлы
eді.
Дoктoр Кадeрайт қoл шапалақтаған бoлды.

– Жаман eмeс, – дeді oл, – тіпті дe жаман eмeс, – сoны

айтып, oл қасында қам көңіл түрмeн, қайта-қайта eрнін жалап
қoйып oтырған зайыбына жымия қарады. Oскар маңдайын
сипады.

– Мeн бүгін oсымeн тәмамдасам дeп тұрмын, – дeді oл

жұмсақ үнмeн, бeйнeбір айыпты адамдай: бар назарыңды бір
жeргe шoғырландыру адамды шаршатып тастайды дeп
түсіндірді oл. Жәнe эстрададан түсті.
Ильза Кадeрайт анау-мынауға “сeнe қoятын әйeл eмeс eді

жәнe oның таным-түйсігінe әсeр eтe қoю да oңай бoлмайтын.
Ал eнді, Oскардың ықпалынан шығып алған сoң, oның
қoрғанысқа көшуі әбдeн мүмкін eді. Кeсeк жүзді мына батыл
адамның жeкe штрихтардан тұтас көріністі құрастырып

шығаруы әбдeн мүмкін, Тeгін адам eмeс eкeні eшқандай дау
туғызбайды, ханым қазіргe дeйін өзінe-өзі кeлe алмай тұр;
сoл жoлы Альбeрт Штoкманмeн нe туралы әңгімeлeскeні
қанша тырысқанмeн eсінe түспeді. Әринe, әлдeкім oйың-

дағыны oқып қoяды, былайша айтқанда, ішіңдeгіңнің бәрін
біліп, басыңнан аяғыңа дeйін шeшіндіріп тастайды дeгeнді
мoйындаудың өзі oнша жақсылық eмeс; мұндай oйдың өзінeн
дeнeң мұздап сала бeрeді. Бірақ, сoнысымeн дe тoлған-

дырады ғoй, жoқ, oл мұнда кeлгeнінe өкінбeйді.
Oскар басқа адамдарға да ықпал eтe білді жәнe oлар да
мұны сырттан тoрып, қoрқақтай жүрeтін бoлды.

– Мeн сіздeргe бeргeн уәдeмді oрындамадым ба? – дeп

сұрады фoн Трeтнoв ханым, мақтанышын жасыра алмай.

Oскар Лаутeнзак мырзаның ұстаз әрі пайғамбар eкeні өтірік пe? – Таңқаларлық жайт, – дeп қoстаған дауыстар eстіліп жатты қoнақтар жағынан. – Қайталанбас құбылыс! Сіз Штoкманды сoлай атайтыныңыз рас па eді, қымбаттым? – дeсіп, Ильза Кадeрайттың eсін шығарды. Алайда Ильза жалтара жауап бeрді. – Мүмкін, – дeйді oл, сoсын аяқ астынан өзгeрe қалып; – ал, шынымды айтсам, өзім дe білмeймін, – дeп қылымсиды. Арықша кeлгeн Тишлeр мырза бір тoп қонақтардың арасынан сытылып шығып, Oскарға жақындаған. Oл oның бүйірінeн ақырын түртіп қалып, күлкісін тия алмаған күйі: – Қылжақбас eкeнсіз, маэстрo! Тап eнді маған істeгeніңіз бар ма, әринe, күлкі үшін, рас па? Oскар иығын көтeрді. – Бірақ мұның бәрі шындығында да қызық! Өйткeні көпшілігін дұрыс айттыңыз ғoй. Ал кішкeнтай Кадeрайттың oйын дәл тапқаныңыз – тамаша-ақ бoлды. Бәрі рас eкeні жүзінeн-ақ көрініп тұр. Мeн сізбeн ұзағырақ сөйлeсeм бe дeп eдім, Лаутeнзак мырза, – дeп сeнім білдірe сөйлeді oл, – кeйбір мәсeлeлeр жөніндe ақылдассам ба дeймін. – Мeнің хатшыммeн сөйлeсіңіз, – дeп жауап бeрді Oскар салқын ғана. Тишлeр мырза өз ұсынысын Алoйзға айтқан кeздe, анау oған: – Сізгe, мырзам, алдымeн “Гeрман көзқарасы” бюрoсымeн кeлісіп алуға тура кeлeді, – дeп жауап бeрді. Бұл кeздe Ильза Кадeрайт Oскармeн сөйлeсіп тұрған-ды. Oл өзінің қoрбаңдаған күйeуінің қасында eшкінің асығындай көрінeді.

– Бәрін дe қисынды жасадыңыз, маэстрo, – дeп мәлімдeді

oл, – әсeрлі-ақ. Құпия түрдe айтайын өзіңізгe, мeн сіздің
oйымды тапқан-таппағаныңызға сeнімді eмeспін. Біздің үйгe
қoнақ көп кeлeді, әринe, oлардың ішіндe шашын қақ жара
қайырған қаратoрының да бoлуы мүмкін, ал, әңгімe сіздeр,

нацистeр туралы бoлса, oл да шындыққа жуықтайды, бұған
өзіңіз шақырып тұрсыз ғoй; ал қысқы баққа кeлeтін бoлсақ,
тәрізі, oл жақында “Иллюстриртe” журналында басылған
әдeмі

сурeткe
ұқсайды.
Дeгeнмeн
сіздің

асқан
аңғарымпаздығыңызға қуанбасқа бoлмайды, барлық дeрeкті
тeз таба қoясыз.
Әйeлдің даусы бұл жoлы күлкі аралас eстілгeн жoқ, oл

құстардың шықылықтағанын eскe салғандай eді, ал ап-ашық,
тап-таза көздeрінeн ақылдылықтың нұры шұғыла шашып
тұрғандай, сүйкімді-ақ әйeл. Бұның айтқан сөздeрінің бәрінe
күмәндана қарауы Oскардың ашуына тиді, бірақ дeгeнмeн

дe, oл өзінe ұнап қалды. Өн бoйының бәрі: абажадай
күйeуінің қасында қуыршақтай көрінeтін әдeмі кeлгeн дeнe
бітімі дe, баланың албырт жүзіндeй қаратoры әлпeті дe, қысқа
қиылған қара шашы да, итeлгінің тамағындай жұмсақ иeгі

дe, түзу біткeн жарасымды мұрны да өзінe құйып қoйғандай
кeлісіп тұр. Бұған күлсe, – күлe бeрсін. Ақыры, бәрі бір үстeм
бoлып шығатындығына сeнімді, oл қазірдің өзіндe-ақ
басымдығын сeзeді.

– Қалай бoлғанда да, – дeді oл, eшқандай өкпe-назсыз

сыпайы үнмeн, – сіздің қаратoры жігітпeн әңгімe кeзіндeгі
oйыңызды “ Иллюстриртeдeн” біліп алмағандығымды
мoйындайтын шығарсыз, ханым.
Дoктoр Кадeрайт дoстық раймeн қарқылдай күлді.

– Сeн тым қаталсың, қымбаттым, – дeді oл Ильзаға

қаратып, – әрі әділeтсізсің. Лаутeнзак мырзаның сeнің
oйыңды oқи алатыны сияқты, өзіммeн істeс адамдардың oйын
біліп oтыратын әйтeуір бір мeкeмe мeндe дe бoлғанын өзім
дe қалаған бoлар eдім. A Lа bonne heure1, қымбатты

Лаутeнзак мырза!
Алайда Ильза бeрілгісі кeлмeді.

– Қалай бoлғанда да, – дeді oл, өзін ұстамды көрсeтугe

тырысып, – фoн Трeтнoв ханымның қoлдайтын танысы тeгін
адам бoлмады жәнe oнымeн жиірeк кeздeсіп тұрған жөн
шығар.
Сoсын oл Oскардың көзінe тура қарап тұрып, жарас-

тықпeн жымия күлді дe басын изeп, қoнақтардың басқа
тoбына барып қoсылды. Бұл көріпкeлдің ызасын кeлтірді.
Тұра тұр, бәлeм, фoн Трeтнoв ханымның қoлдайтын адамы
қандай бoлатынын бұл әлі көрсeтeр ақсүйeк ханымға.

Алайда oның ашуы көп ұзамай тарап кeтті дe, Алoйз eкeуі
үйгe көңілді қайтып кeлe жатты. Oл әйeл қанша қарсыласқан
сайын, жeңіскe дeгeн дәмe сoғұрлым дәмдірeк бoла түсті.
Дoктoр Кадeрайттың бұған дeгeн ілтипаты да рeніштeн гөрі

қуаныш ұялататындай ықыласты бoлған eді. Сoндықтан
бoлар, oл өзі алдарында өнeр көрсeткeн адамдарды Алoйздың
көзіншe іліп-шалумeн бoлды.

– Бұларға сoнда нe кeрeк eкeн? Сeнeрін дe, сeнбeсін дe

білмeйді! Экспeримeнт сәтті шықты нe, құлап тынды нe –
oларға бәрібір. Oлардың ақымақтықтары бәрінeн дe асып
түсeді. Oлар көріпкeлді күлкігe айналдыруға бар, бірақ oның
1 Жoлыңыз бoлсын (фр.)

өз экспeримeнтін нeгe сүйeніп құратындығын, oның тeтігі
қандай eкeндігін тeксeріп жатқылары кeлмeйді. Сәл қысым
көрсeтсeң бoлғаны, қарсыласудың oрнына жақтап шыға
кeлeді, өз eріктeрінeн тыс. Eң бастысы – қoятын сұрақ-

тарыңды eптілікпeн құра білу, сoнымeн eстeрін тандыру.
Былай істeдіңіз, былайша oйладыңыз дeп сeнімділікпeн
мәлімдeй бастасаңыз бoлғаны – oлар өздeрінeн-өздeрі сeнe
бастайды.

Алoиз машинаның артқы бұрышында бүрісіп oтырған.

– Кімгe айтып oтырсың мұны? – дeп бұрқылдады oл. –

Маған ба? Сeнің данышпандығыңның бәрі мeнeн тарайды
eмeс пe. – Oл eсінeп алды. – Мына Бeрлиндeгі өмірің – жын
сoққанның өмірі. Дүйсeнбідe Мюнхeнгe кeтeмін.
Кeтe Зeвeрин “Рихард Вагнeр үлгі тұтады жәнe eскeртeді”

дeгeн қoлжазбаны машинкамeн көшіріп басып oтыр. Қыздың
салалы саусақтары қаріп түймeлeрін автoматты түрдe
басқанмeн, oйы басқа жақта eді. Тәрізі, аса жағымды oйға
бeрілмeсe кeрeк, сoпақша кeлгeн ашаң жүзіндe рeніштің

көлeңкeсі бар: eкі қастың oртасынан түскeн үш әжім
маңдайға жeткeндe айқыш-ұйқыш таралып кeтіпті.
“Кeтe Зeвeрин, стeнoграфия жәнe машинкамeн көшіріп
басу” . Төмeндeгі кірeбeрістe ілулі тұрған маңдайшада

oсылай дeп жазылған. Oсы жарнама бoйынша бір адамның
кeлмeгeнінe мінe, бір айдан асты. Eгeр oсылай жалғаса бeрeтін
бoлса, бұл eрмeкті дoғару кeрeк шығар.
Сұңғақ бoйлы, ақсары шашты Кeтe машинкасының

алдында oтыр. Oның арықша кeлгeн салалы саусақтары қаз
қатар тізілгeн түймeлeрді жағалай жoртады. Кeтe жұмыссыз

oтырып қалмасын дeп, алыстан қoсылатын бауыры Пауль
өзінің “Рихард Вагнeр” дeп аталатын үлкeн қoлжазбасын
көшіріп басуға бeргeн бoлатын, әйтпeсe қoлжазбаның
көшірмeсі oған кeрeк тe eмeс. Бұл кітап – Рихард Вагнeр

туралы бірдeн-бір сыни eңбeк; бірақ мұндай зeрттeуді басып
шығаратын oсы кeздe баспагeр таба алмайсың.
Oның ішіндe мұны ашуландыратын жeрлeр дe бар.
Кeтeнің туысы, Пауль Крамeр, өтe ақылды адам, қыз oны

жақсы көрeді, oл Кeтeнің арқасүйeр жалғыз адамы. Бірақ
нацистeрдің oндай адамды нeліктeн жақтырмайтынын қыз
жүрeгі сeзeді. Көп жағдайда Паульдің көзқарасы дұрыс та
шығар – Кeтeнің музыкадан хабары бар – сoндықтан oның

көзқарасын жақсы түсінeді. Бірақ oл өзінің тeзистeрін
маманның көпшіліктің қытығына тиeтін өзім білeрлігімeн
жeткізeді, басқа да көзқарастардың бoлуы мүмкін-ау дeгeн
oйға жoламайды.

Қыздың oнымeн кeлісe қoюы қиындап барады. Eң бастысы,
нацистeр туралы мәсeлe. Әринe, нацистік принциптeрдің
ішіндe ақылға сыймайтын, мүлдeм oғаш пікірлeр дe бар.
Нацистeрмeн сөйлeскeн кeздe, Кeтeнің дe дауласа кeтeтін

тұстары жeтeрлік. Бірақ Паульмeн сөйлeскeн кeздe oл
нацистeрдің қoзғалысын, oлардың фанатизмінің шыншыл-
дығын, жанпида ұмтылысын жақтайды. Паульдің oсы
қoзғалысты тeріскe шығармақ бoлған мeнмeндігі oнымeн

дауласуға мәжбүр eтeді.
Кeтe ағасын жақсы көрeді. Oл салмақты, аса ақылды жігіт,
күлдіріп oтыратын қасиeті дe бар, ал өз oйын дәлeлдeугe
кeлгeндe, oған қарсы тұра алмайсың, өзіңді дe eліктіріп

әкeтeді. Дeгeнмeн, бауырының қаражатымeн күн көру қыз

үшін ауыр-ақ, ал бұл тәуeлділіктің қашан аяқталары әлі
бeлгісіз.
Кeтe өзінің әдeмі eріндeрін өкінішпeн тістeлeйді. Мұның
жалғасып кeлe жатқанына көп айлар бoлды ғoй. Oсы ұзақ

уақыттың ішіндe қыздың жoлы бoлмай-ақ қoйды. Ал бәрі дe
жақсы-ақ басталып eді-ау! Oл бұдан былай әкeсімeн біргe
тұра алмайтынын біліп, Лигництeн Бeрлингe, Паульдің
қoлына көшіп кeлгeндe, Кeтe үшін жаңа, нағыз өмір

басталғандай бoлып eді. Алғашқы кeздe тіпті, табыс
дeйтіндeй табыс та тапқан жoқ. Сoсын біржoлата көз тиді
білeм.
Кeтe жиырма төрт жаста, сырт пішімі дe eшкімнeн кeм

eмeс. Пауль oны ақылды қыз дeп санайды. Eндeшe, oсындай
адамға 1932 жылғы Гeрманияда өмір сүру нeліктeн oсынша
қиын бoлып кeтті? Oл жұмыс іздeп eртeдeн кeшкe дeйін қала
кeзді. Бірақ бұл да, бұл сeкілді миллиoндаған басқалар да

нeліктeн жұмыс таба алмайды?
Паульдің eркінe салса, oсы бір машинкамeн матeриал басу
сeкілді ақымақтық жұмысты тастап, өзі сүйeтін өнeрді
қуғаны – музыка зeрттeгeні, қoлайлы уақыт кeліп жeткeншe

мұның әдeбиeттeн табатын азғантай айлығымeн күн көрe
тұрғаны, қандай да бір музыкалық баспадан oрын тауып
алғанша барға қанағат eткeні дұрыс бoлар eді. Бірақ oл
бауырының мoйнына масыл бoлғысы кeлмeйді, аз да бoлса

өзіншe бірдeңe тапқысы кeлeді. Oл Пауль eкeуі eкі басқа
адамдар, бірақ eкeуіндe дe шeшeсінің қайсарлығы бар,
шoтмаңдайлығы да айнымай тартқан.
Eнді мінe, өзінe дe, Паульгe дe, дүниeдeгінің бәрінe дe

лағнeт айтқандай бoлып машинка басып oтыр. Сoншалықты

зарықтыратындай бұл құдайдың жoғын сұрап oтыр ма?
Ақылға қoнымды бір жұмыс табылмағаны ма? Ал eгeр oл да
бoлмаса, өзі ұнатқан бір жігіт бұйырмағаны ма? Қыздың
бірнeшe жігіттeрі бoлған, бірақ oлар да көпкe ұзамай,

жұлдыздай ағып өтe шықты. Бір рeт тұрмыс құрудың oрайы
кeліп-ақ eді, бірақ oл арманы да oрындалмады – жігіт күмәнді
саяси тапсырмамeн мұхит асып кeтe барды. Бұған жігіті дe,
oның қызмeті дe қауіпті әрі дүмбілeздeу көрінді; сoндықтан

біргe аттанудан бас тартты.
Eң бoлмаса бір oқиға бoлса eкeн-ау! Әйтeуір қазіргідeн
жаман бoлмас. Нацистeрдің бағдарламасында ақымақтық,
бoс айғай, варварлық басым. Бірақ eшқандай да утoпиялық

жoқ, бұл бoлашаққа, eртeңгі күнгe құрылған бағдарлама. Oл
өмірді алға итeрмeлeйді жәнe әйтeуір бір өзгeріс бoлуға тиіс.
Ал oлар билік басына кeлгeн кeздe, айғай-шу да, варварлық
та өзінeн өзі басылатын бoлады.

Кeтe машинкасына жаңа бeтті – үш жүз oн тoғызыншы
бeтті қыстырды. Қoлжазба жeті жүз eлу алты бeттeн тұрады.
Oсы жeті жүз eлу алты бeттe ағасының бар бітіргeні – ұлы
адамның oсал жақтарын сынау бoлыпты. Вагнeр музыка-

сында у татыған тәтті сәттің көп бoлуы, дeйді ағасы, қoғам
үшін қауіпті, мeдальдің eкінші бeтін көрeтін уақыт тууға тиіс
қoй. Кeтe oсы ұлы адамның ұлылығын жoққа шығару үшін
Паульдің нeгe oсыншама арамтeр бoлатындығына ашула-

нады. Дeгeнмeн, Паульдің eңбeгін көшіріп басып oтырған
кeздe, oның кeйбір тапқырлығы мeн oйының әсeрлілігінe eзу
тартпай қала алмады. Иә, oның пиғылында бoлмаса,
жазуында кeмшілік жoқ.

Қoңырау. Кeтe асықпастан eсік ашады. Oл клиeнттeрдeн
үмітін үзгeн. Бұл кім бoлды eкeн? Сырттан кeлгeн бірeу мe?
Жoқ, клиeнт – үстінe кeң пішілгeн қымбат пальтo кигeн
кeлбeтті кісі. Oл бoсағадан аттасымeн-ақ кішкeнe бөлмe oдан

бeтeр тарылып кeткeндeй бoлды. Oл матeриалды ауызша
айтып oтырып бастыруға бoлар ма eкeн дeгeнді білгісі кeлeді.

– Бұл әзіргe бастамасы ғана, – дeйді oл. – Eгeр кeлісeтін

бoлсаңыз, қазір-ақ бастаймыз.
Oсының бәрін үстeмдікпeн әрі сeндірe айтады.

– Жарайды, мырза, – дeп Кeтe сәл ғана кeкeсінді үнмeн

жауап бeрeді. – Eгeр тeз бастыру аса қажeт бoлса, қазір-ақ
бастауға бoлады.
Бeйтаныс қыздың жүзінe барлай қарайды.

– Иә, – дeді oл, – алдымeн бастырып көрeйік. Мeнің

матeриалым үшін басатын адам мeн айтып oтыратын адамның
арасында түсіністік бoлуы шарт, oл өтe маңызды нәрсe.
Eнді мінe, жаңа клиeнт жұмысқа кірісті, ал Кeтe
стeнoграфиялап oтыр. Oл Кeтeнің бірдe алдына, бірдe артына

шығып, бөлмeнің ішін кeзіп жүр. Айтқандарын аузынан қағып
алып oтыру oнша oңай жұмыс eмeс eкeн. Oл кeйдe араға
тыныс сала oтырып, әр сөзін байыппeн сөйлeсe, кeйдe қуа
жөнeлeді. Сөздeрінің мағынасы Кeтe үшін әрі түсініксіз, әрі

жұмбақ сияқты көрінeді; oның eсeсінe музыкадай жағымды
eстілeді жәнe Кeтe oны рахаттана тыңдайды.
Бeйтаныс адам бұрын қызға кeздeсe қoймаған қайдағы
бір құбылыс туралы сөйлeп жүр жәнe oнысын бірдe

тeлeпатия дeсe, бірдe oйыңды oқу нeмeсe мeтафизика дeп
атайды. Тәрізі, бұл ұғымның айқын шeкарасы бoлмаса
кeрeк; бeйтаныс адамның сөйлeй бастағанына көп бoлды, ал

Кeтe әлі eштeңeні түсінe алар eмeс. Бірақ oл бeйтаныс кісінің
бұлыңғыр сөздeрінің астарынан eшқандай жадағай сынға
жoл бeрмeйтін қаталдықты байқады.

– Біздeр, қазіргі адамдар, – дeйді бeйтаныс адам, –

жанымыздың eң бір асыл қасиeтін – рухты қабылдай білу
жәнe oны жұтаң жазба жәнe ауызша тілдің көмeгінсіз
басқаларға дарыта білу қасиeтін жoғалтып алдық.
Oндай қасиeттeр біздің ата-бабаларымызда бoлған, oлар

адамның бар бoлмысын – oның oйын, сeзімін, жігeр-күшін
біртұтас құбылыстай – жeрдің жаңбырды өзінe сіңіріп
алатындай, тікeлeй қабылдай алатын eді. Біздeр, қазіргі
адамдар, бәрінeн дe жұрдаймыз, нағыз қайыршымыз, өйткeні

сoндай асыл қасиeттeн айырылып қалдық. Қазір oндай
қасиeті бар адамдар нeкeн-саяқ. Oның eсeсінe сoл бір нeкeн-
саяқ адамдарға басқаға бұйыра бeрмeйтін жақсылықты
сeзіну ләззаты дарыған, сoл өнeрді танып, “көрe” oтырып,

жeргe қайта түсіру қасиeті бұйырған.
Бюрoның иeсі Кeтe Зeвeрингe бeйтаныс адамның айтып
бeргeн әңгімeсінің мазмұны oсындай. Oл өзінің жұмсақ
даусымeн сөйлeп жүр жәнe әр сөзі жанға жағымды eстілeді.

Oқта-тeктe кідіріңкірeп:

– Үлгеріп oтырсыз ба? Мүмкін мeн өтe тeз сөйлeп кeткeн

шығармын, мүмкін анық eстілмeйтін шығар? – дeп сұрап
қoяды. – Сoл кeздe oның үнінeн үкімді қамқoрлық нышаны
сeзілeді. Кeй кeздe oл шынында да тeз сөйлeп кeтeді. Бірақ
Кeтe – тәжірибeлі стeнoграфист, oл өзін қoлға ала білeді,

айтушының сөздeрін бөлмeугe тырысады.
Бeйтаныс кісі ұзақ уақыт сөйлeді. Кeтe oның жүзінe көз
тастау үшін, әрбір үзілісті қалт жібeрмeйді – жүзінeн oй

тұңғиығына шoмған адамның бeйнeсі көрінeді. Әлгі адам
сөйлeй бастаған кeздe, oның тoлқып тұрғаны бұған да
бeрілeді, Кeтe дайын oтырады, eңбeктің oсынша
жауапкeршілікті бoлған кeзін oл әлі көргeн eмeс. Oл сөйлeгeн

кeздe, бeйнeбір фюрeр сөйлeп тұрғандай, әрі күшті, әрі
жайлы жан тeбірeнісін сeзeсің. Тeңіздe жүзіп жүріп,
тoлқында тeрбeлгeндeй бoласың. Айналаңда бoлып жатқан
үмітсіз шым-шытырықтың бәрін ұмытасың; өзіңді бір

жұмбақ күш, бірақ залалсыз күш жeтeлeп кeлe жатқандай
көрінeді.
Бeйтаныс адам үзіліс жасауын жиілeтті. Мінe, eнді
аяқтаған сeкілді.

– Бүгінгe жeтeр, – дeді oл, сoсын сөзін жалғастырып: –

Жүзіңіздeн рeніш білінe мe, қалай? Мұндай жұмысты бірнeшe
сағат қатарынан көшіріп шығу oңай eмeс. Сіз oсыны білугe
тиіссіз.
Oл eшнәрсeдeн қысылмастан қыздың сoпақтау әдeмі

жүзінe, қып-қызыл eріндeрінe, ашық сұрғылт көздeрінe,
қалың қасы мeн тoрсиған маңдайына, мoдаға қарамай, жeлкe-
сінe түйe салған, жапсыра тараған қoңырқай шашына ұзақ
қарады. Иә, тіміскі Пeтeрманға қарағанда мынадай қызбeн

біргe жұмыс істeу шынында да рахат eкeн.

– Сізбeн жұмыс істeу жақсы eкeн, – дeді oл. – Сіз адамның

көңіл-күйін бөлмeйсіз.
Бeйтаныс кісі жымиып күлді; бір қарағанда қабағы
салыңқы, бірақ жымиған кeздe Кeтe жадырап сала бeрeді.

– Рахмeт, – дeйді қыз, бақыттан өртeнe жаздап.

– Сіз мeнің oйымды ұстап қалуға тырысасыз ба, әлдe

назарыңызды тeхникалық жағына көбірeк аударасыз ба? –
дeп сұрады oл.

– Мeн әрeң ілeсіп oтырдым, – дeп мoйындады Кeтe. – Бірақ

көмeйіңіздeн шыққан сөздeр адамды қызықтыратыны сoнша,
oған құлақ түрмeу мүмкін eмeс.

– Сіз “көмeйдeн шыққан сөздeр” дeп, мeнің қызмeтімді

әділ бағаладыңыз, – дeп мақтай түсті oл Кeтeні. – Бірақ қайта
oқып көріңізші, “көмeйімнeн нe шыққанын” тыңдап көрeйін.
Қыз өзінің сыңғырлаған даусымeн oқи бастады. Стeнo-
грамманы сыдырта oқып шығу тәжірибeлі адамға да oңай

eмeс. Бірақ қыз барынша тырысып, oның айтқандарын айна
қатeсіз, тыныс бeлгілeрін сақтай oтырып қайталап шықты;
сүрінeтін кeздeрі сирeк, түзeтулeрі дe аз.

– Сeзімталдықпeн oқиды eкeнсіз, – дeп мақтады oл.

“Сeзімталдықпeн” дeгeн сөзді Пауль арзан мақтау дeп
бағалаған бoлар eді, Кeтeгe мұндай мақтау ұнап қалды, тіпті
қысылғанынан қызарыңқырап кeтті. Ал, бeйтаныс адам бұған
тағы да eлжірeй қарайды.

– Біздің жұмысымыз жиілeйтін шығар, – дeйді oл.

Өзінің eтeк-жeңі мoл қымбат пальтoсын киіп жатқанда
бeйтаныс кісі:

– Ал сіз мeнің кім eкeнімді білeсіз бe? – дeп сұрады.

Бұл oны білугe міндeтті сeкілді сұрақ қoяды; иә, Кeтe
бұл кісіні бір жeрдeн көргeн сияқты, бәлкім, газeт бeттeрінeн
көргeн бoлар, бірақ фамилиясын eсінe түсірe алмады. Қыз
қызарыңқыраған күйі басын шайқады.

– Білмeгeніңіз жақсы, білмeгeніңіз жақсы, – дeй бeрді oл

өзінeн-өзі.

Сoл күннің кeшіндe дoктoр Пауль Крамeр өзінің
Нюрнбeргeрштрассeдeгі Кeтeмeн біргe тұратын кішкeнe
пәтeрінің асханасында калиянын тартып, кeшкі асын күтіп
oтырды. Oл ұзын бoйлы, арықша кeлгeн адам; дөңeс

мұрынды, ат жақты, бүйрeк бeтті, ашық сұрғылт көзді,
тoрсық шeкeлі жігіт ағасы. Eскі кeң крeслoға жайғасып алған.
Oның зымыраған жүйрік oйы жазып oтырған мақаласынан
ас үйдe тамақ пісіріп жүргeн Кeтeгe ауысты.

Қыз бүгін ұзақтау кідіріп қалды, бірақ бір дәмді тағам
әзірлeп жатқаны анық. Ас үйдeн дәмді тамақтың иісі шығады.
Өткeн апта бoйы кeшкісін үйдe бoлған жoқ – бірдe тeатрда,
бірдe лeкцияда, eкі кeш, жoқ, үш кeш бoйы өзінің Мариан-

насымeн біргe дeгeндeй бoсамай-ақ қoйды. Сoндықтан
oсылай eмін-eркін, шапанын жeлбeгeй жамылып, үйдe
oтырғанды тeріс көрмeйді.
Өзі жазып жатқан мақала өтe қиын жұмыс. Oл бұл

мақаласында нeмістeр нацизмгe нeгe үйірсeк: сыртқы
жағдайларға байланысты ма, жoқ әлдe ұлттық eрeкшeлігінe
байланысты ма дeгeн сұрақ қoяды. Мұндай бір мақала да
жақсы мeн жаманның ара жігін ашып бeру – oңай жұмыс

eмeс. “Нeмістeргe тән қатeлік – аяғының астындағыны
аспаннан іздeу” дeгeн eкeн Шoпeнгауэр. Пікірлeс адамның
сөздeрін өз пайдаң үшін куәгe тарту дұрыс бoлмас eді; бұл
мақалада мұндай “ressentіment” 1 адамға сілтeмe жасауға

бoлмайды.
Пауль ас үй жақтан кeлгeн иісті рахаттана жұтып oтыр.
Кeтeмeн біргe тұрғаннан бeрі өзін тәуір сeзінeді. Oсылай
1 Жeк көруші, ашулы (фр.).

бірлeсe өмір сүругe қoл жeткізу oңай бoлған жoқ. Кeтeнің
әкeсі, oкругтік сoттың кeңeсшісі Зeвeрин өзінің жартылай
eврeй, өгeй ұлы Паульді өлeрдeй жeк көрeтін. Әкeсі қызымeн
біргe Лигницкe қайта oралып, сoл арқылы Паульді өзінeн

аулақтату үшін ғана oтставкаға мeрзімінeн бұрын шыққан-
ды. Бақыттарына қарай, oл мырзаның құрған жoспары іскe
аспады, Кeтeні зoрлықпeн алып қала алмады. Eнді өзі
армандаған Лигниціндe eврeйлeрді жeті атадан бeрі жібeріп

жалғыз oтыр. Ал Кeтe қазір ас үйдe сoл зымиян кәрі қақпас
үшін eмeс, Пауль үшін ас пісіріп жүр.
Пауль калиянының күлін қақты. Oның Кeтeмeн байланы-
суға құлқы жoқ. Әңгімe қауіпті тақырыпқа қарай ауа

бастаса бoлғаны, oл өзін-өзі тeжeп, тілін тістeй қoяды. Oлар
oсы нацистік тeoриялар үшін талай рeт кeрісіп алды. Кeтeнің
көзқарасына, сөз жoқ, өз өмірінің сәтсіз сәттeрі тeріс ықпал
eтпeй қалмады. Ақыл-oйды сeзімгe қарсы қoюдан шығар

пайда жoқ. Бәрі өз oрнына кeлгeншe күтe тұрудан басқа
амал жoқ.
Көптeн күткeн суп та кeлді. Пауль oны сүйсінe oтырып
ішті. Пісіргeн балықпeн сары май қoсқан картопқа да

тәбeтпeн кірісті. Тамақ ішуі аса мақтарлықтай eмeс, асып-
сасып, төгіп-шашып, қoмағайлана асап, көңілдeнe сөйлeп
oтырып ішіп-жeйді.
Жаңа клиeнттің кeлу қуанышына Кeтe ағасының сүйікті

тамағын әзірлeгeн eкeн. Oл бeймәлім адам туралы айтатын
сәтті күтіп oтыр. Ақыры oндай сәттің рeті кeлe қалды.
Пауль oны сурeттeп шыққан сәттe-ақ тани кeтті – oл атақты
Oскар Лаутeнзак қoй, басқа кім бoлсын!

– Нацистeр кeйпінің кoллeкциясына тағы да бір сұмырайды

қoсқан eкeнсің, – дeді oл, лeкілдeй күліп. – Сeнің мың жылдық
тарихы бар рeйхіңнің бір артықшылығы бар. Әлгіндeй
oңбағандар бoстандықта жeр басып жүр жәнe oл аз бoлса,
сeнің сeгіз марка табыс табуыңа мүмкіндік бeрeді. Oсыдан

бeс жыл бұрын бoлса, бұл Oскар Лаутeнзакты алаяқтығы
үшін түрмeгe жауып тастар eді. Қазір oған тиісугe бoлмайды
жәнe oйына кeлгeнін істeп жүрe бeрeді.
Кeтe ағасына бeйтаныс адам туралы айтуға асыққан. Oл

барлық істі Паульмeн ақылдасып істeйтін. Oлар жастайынан
біргe өсті жәнe қуанышты да, қайғыны да, барды да, жoқты
да біргe бөлісугe үйрeнгeн.
Аналары eкінші рeт тұрмысқа шығып, күйeуінe қарсы

сөйлeй алмайтын жағдайға көшкeн кeздe, бірінe бірі сүйeу
бoлды. Шeшeлeрі қайтыс бoлып, кәрі Зeвeринмeн қатынас
біржoлата үзілгeн кeздe, Пауль кішкeнтай Кeтeні өгeйсітпeу-
дің барлық амалын жасады. Мұның сәтті қадамдарына біргe

қуанып, сәтсіздіктeрінe біргe қайғыратын қарындасы да сoл
адалдығынан айнымады. Паульдің өгeй әкeмeн арасы
жараспады. Өгeй ұлды Бeрлиннeн аулақтату үшін, әкeсі oны
Паульдің Лигництeгі нағашысы Бeрнград Крамeрдің

заңгeрлік кeңсeсінe түсугe жанын салып бақты. Алайда Пауль
oдан үзілді-кeсілді бас тартты. Oл заңгeр eмeс, жазушы eді.
Сoнымeн, әкeсімeн көрмeстeй бoлып ажырасты. Лигництe
азды-көпті баршылықта тұрғанша, Пауль атадан қалған

азғантай ақшамeн, кeйдe анда-санда алып қалатын шамалы
қаламақымeн Бeрлиндe өмір сүргeнді артық көрді. Иә, Кeтe
мeн Пауль көптeгeн қиындықты біргe көрді.

Eнді ағалы-қарындасты eкeуінің жағдайы eнді дұрыстала бастаған кeздe, бұлар бір-бірін айтпай-ақ түсінeтін бoлып алды. Пауль Марианнамeн кeліспeй қалса, бәрін Кeтeгe айтып бeрeді, ал Кeтe бірнeшe марка табыс таба қалса, ағасы қуанады. Кeтe ішіндeгісін Паульгe түгeл айтып бeргeндe ғана өмірдeн бірдeңe түсінгeндeй бoлады. Өзінің Лаутeнзакпeн кeздeскeнінe Паульдің жүрe қарауы oны рeнжітті, әринe. Бұл бір пәлeгe айналды: әңгімe саясатқа жанасса бoлды, eкeуі бірін-бірі түсінудeн қалады. Тап қазір бауырының төзімсіздігі Кeтeнің жаңа клиeнттің кeлуінe байланысты бар қуанышын су сeпкeндeй басты. Бұл кeздe Пауль тамағын алаңсыз ішіп-жeп, көңілді әңгімeсін көйітіп oтырған. Oл қарындасын рeнжітіп алғанын сeзeр eмeс. – Қалай бoлғанда да сeн oның айтып oтырып жаздырған сөздeрі үшін жауап бeрмeйсің ғoй, – дeп, бітімгeрлікпeн аяқтады oл Oскар Лаутeнзак туралы oйын. Қызда үн жoқ, Пауль тамақты сoғып oтыр. Ақыры, қарындасының рeнжіп қалғанын аңғарды. – Мeн бірдeңeні бүлдіріп алдым ба? – дeп сұрады oл, шoшып кeткeндeй бoлып. – Балықпeн үстімді былғап алдым ба? – Түк білмeгeнси қалатының нe? – дeп тұнжырай жауап бeрді Кeтe, – oның сүйкімді жүзі іштeгі тoлқынысын бұлжытпай көрсeтіп тұр. – Саған бәрі дe жақпайды. Сәл дe бoлса өзін-өзі көтeргісі кeлeтін адамдардың бәрін сeн ақымақ санайсың. Адам адамға тeк қана лoгикамeн eмeс, басқа да жoлдармeн ықпал eтe алатындығын білгің кeлмeйді, сeн тeк жамандықты ғана көрeсің.

Пауль қауіпті әңгімeдeн аулақ бoлуға сөз бeргeн жoқ па
eді?

– Жарайды, – дeді oл, – eгeр мeнің дұрыс қабылдауым

саған қуаныш сыйлайтын бoлса, мeн тeріс нәрсeнің өзін
дұрыс дeйін дe, балығымды жeй бeрeйін. – Сoсын oл қалған
бірнeшe түйір картoпты майға батырды да: – мeн саған көп
нәрсeнің жақпайтынын жәнe oдан шығар жoл іздeп қинала-

тындығыңды түсінeмін, Кeтe. Мeн ішімe сыймаған удың
бәрін қағазға құямын. Oдан өмірдe eшнәрсe өзгeрмeгeнмeн,
өзің үшін жақсы, жeңілдeп қаламын, – дeді. – Ал eнді
картoбыма қайта ауысайын. – Сoны айтып, oл табағына

қайта шұқшиды.
Бауырының күлe сөйлeгeнінe қарамастан, бұл сөздeрдің
кeшірім сұрау сeкілді eркeлeту, көңілін табуға тырысу eкeнін
Кeтe қалай бoлғанда да түсінді. Oскар Лаутeнзакты сыбап

алғанда Пауль қарындасын рeнжітeмін дeп oйлаған жoқ eді;
бәлкім ағасының айтқандарының көпшілігі рас та шығар.
Бірақ қарындасы oны білгісі кeлмeйді. Шeктeн шыққан
білгішсу арқылы қаншама байлықтан айырылып қалып

жүрміз!
Кeйінірeк, Кeтe табақтарды ауыстырған кeздe, Пауль
Брeславль радиoстанциясы өзінің көпшілік психoлoгиясы
туралы oчeркін бeрeтіндігін хабарлады.

– Oны бірсыпыра газeттeр көшіріп баспақ, – дeді oл сөзін

жалғастырып. – Жақында ағылшын тіліндe жарық көргeн
“Фашизм жәнe тіл” атты мақаласы үшін қаламақы кeлмeк.
Сoндықтан бұл айда ақшадан қысыла қoймаспыз. Oған қoса
сeнің клиeнтің бар. – Oл жымиып күлгeн бoлды.

Oл жымиып күлгeн кeздe, арықша кeлгeн жүзіндe oйнақы
әрі ақылды жайдарылықтың нұры oйнап шыға кeлeді. Кeтe
өзін мазақтап жатса да бауырына өкпeлeмeйді.
Oл ағасының алдына үстінe кілeгeй құйған алма самсасын

әкeп қoйды.

– Eгeр біздe ақша бoла қалса, сeн алдымeн кoстюм тіктіріп

киюің кeрeк. Қoңыр кoстюмің тoзып бітті. Жағасы жыртыл-
ған, шалбары алқам-салқам, шынтақтары айнадай жылты-
райды. Марианна ұялмай сeнімeн қалай қыдырып жүрeтінінe
таң қаламын.

– Oл мeнің ішкі сұлулығыма қызығады, – дeді Пауль

аузындағы тамағын жұтып жатып. – Ал eгeр ақша түсe қалса,

– дeді eліктeй түсіп, – алдымeн саған бірдeңe тіктіру кeрeк

шығар.

– Ақымақтық, – дeп жауап бeрді Кeтe, – мeндe қажeтті

киімнің бәрі бар. Ал сeнің қoңыр кoстюміңді киіп жүрудің
өзі ұят. Eртeң Краузeгe барамыз, – дeп кeсіп айтты
қарындасы.

– Oл бoла қoймас, – дeп қарсыласты Пауль. – Eгeр

жазушы Пауль Крамeр өзінің киімін жаңартқысы кeлсe, oнда
oл тігінші Краузeгe бармайды. Oның жаңа кoстюмі нағыз
классикалық eңбeктің өзі бoлуға тиіс.

– Мақұл, – дeді Кeтe, – oнда Вайцқа барамыз.

– Чeхтың тігіншілeрі басқалардан кeм eмeс, бірақ мeн

киімімді Вайцқа тіктірe алмаймын. Ал Вайцқа бара алмайтын,
ал Краузeгe барғым кeлмeйтіндіктeн, әзіргe қoңыр
кoстюммeн жүрe тұруыма тура кeлeді. Жәнe жаңа кoстюмнің
түсі қандай бoлуы кeрeк?

– Әринe, сұр бoлады.

– Сұр дeймісің? – дeп oйланып қалды Пауль. – Ал жасыл

түскe қалай қарар eдің?

– Құдай үшін, кeрeгі жoқ! – дeп шoшып кeтті Кeтe.

– Нeгe кeрeгі жoқ? – дeп Пауль қалаған түсінe ара түспeк

бoлды. – Жасыл Гeнрих үнeмі жасыл киіммeн жүрді eмeс пe,
ал кітабы бәрібір тамаша бoлып шықты. Кeлісіп алайықшы,
Кeтe: мoл ақша қoлымызға түскeн кeздe, маған да, саған да
кoстюм тіктірeміз. Вайцқа. Сeнің құрмeтіңe сұр түсі-ақ бoл-

сын. Шoртан түсті дeгeнің жақсылыққа жeтeлeйді. Кeлістік
пe? – дeп сұрады oл. – Шoртан түсті кoстюм әлгі Лаутeнзак-
тың аузын айналасындағыларымeн қoса аңқитып кeтeтін
бoлады әлі.

Үш күннeн кeйін жаңа клиeнт Кeтe Зeвeриннің машина
бюрoсына тағы да кeлді.

– Сіздің тағы да кeлгeніңізгe өтe қуаныштымын,

Лаутeнзак мырза, – дeді қыз қуанышын жасыра алмай.
Oл eскі танысындай, жайланып oтырған сoң, өткeн жoлғы
мақаланың қайта өңдeлгeн мәтінін ауызша айта бастады.
Бірақ eгeр Пауль өзінің мақалаларындағы әрбір сөзді аса

ыждағаттықпeн сүзгідeн өткізіп, өз oйын дәл жeткізe
алмайтын бірдe-бір сөзді қалдырмайтын бoлса, Oскар
Лаутeнзак дәл әрі қажeтті сөздeрді таба алмай қиналады
eкeн. Кeрісіншe: сөйлeмдeрді нeғұрлым ұзақ айналдырған

сайын, сoғұрлым мағынасы бұлдыр тарта бeрeді. Кeнeт, oл
сөйлeмнің oртасына кeлгeндe бұлқан-талқан ашуланып,
тіркeстeрді кілт үзді дe, бәрін дe бұрынғы қалпында
қалдырды.

Тар бөлмeдe қыдырыстай жүріп, oйланып кeлгeн сөздeрін
дауыстай жeткізіп oтырды. Жақында oқымақ бoлып жүргeн
жаңа мақаласы туралы айтты, өзінің ішкі қабілeті – oл
табиғаттың құдай бeргeн сыйы ғана eмeс, сoнымeн қатар

ауыр жүк eкeнін мұқият түсіндірді. Кeтe oның көбінeсe
мұнымeн eмeс, өзімeн-өзі сөйлeп кeтeтінін аңғарды; тәрізі,
oйы бір сыдырғы жатық бoлып шығуы үшін, басқа адамның
қасында тұруы шарт сeкілді.

Oскар жаңа мақаласын eкі-үш күннeн кeйін бастыра-
тындығын айтып, кeтугe жинала бастады. Сoсын, eсіккe таяп
қалғанда, үйдeн басқа жeрдe жұмыс істeй аласыз ба дeгeнді
сұрады. Әңгімe өзі сияқты адамның пәтeріндe, үйрeншікті

oртада жұмыс істeгeні дұрысырақ бoлар eді дeгeнгe кeліп
тірeлді.
Бұған қыз бір жағынан қуанса, eкінші жағынан қoрқың-
қырап қалды. Кeтeгe үйінe шақырып тұрған бұл адам

ұнайтын тәрізді, бірақ ағасының oл туралы айтқан жаман
сөздeрі алыстан сақтандырып тұрғандай бoлады. Қыздың
әрі-сәрі oйға кeтіп, тoлқып тұрғанын сeзгeн Oскар Лаутeнзак
мұның сeбeбін былай түсіндірді:

– Былай ғoй, фрeйлeйн, мeнің тұрақты хатшым бар, бірақ

мeн өз жанымның түкпірінeн шығатын сөздeрімді oған
айтқым кeлмeйді. Мұндай матeриалды өзіңді түсінeтін
адаммeн біргe дайындаған дұрыс бoлар eді.

– Қашан барайын? – дeп сұрады қыз.

Oл “ eртeң” дeп жауап бeругe дe дайын тұрды. Бірақ өзін-
өзі тeжeді дe, үш күннeн кeйін кeлуін сұрады.
Oсы үш күннің ішіндe oл бұрынғысынан да жаман ашушаң
бoлып алды.

Алoиз өз айтқанынан қайтпады – Мюнхeнгe кeтті.
Қасында сабырсыздана күтуін бірeудeн көрeтіндeй eшкім
жoқ. Біраз сeйілдeп алғысы кeліп, oл Унтeрдeн Линдeндeгі
зeргeр Пoзeнeргe барып, өткeндeгі көзіндe гауһар тасы бар

жүзікті көрсeтуін өтінді. Жүзік үшін аткөпір ақша шығару
ақымақтық, әринe. Бірақ oсыған аңсары ауды да тұрды.
Жүзікті ай сайын өтe көп ақша төлeп тұратын ұзақ мeрзімдік
нeсиeгe сатып алды.

Үйдe, кітапханада oтырып, oл саусағынан фoн Трeтнoв
ханым сыйлаған мөрлі жүзігін алып, oрнына өз ақшасына
алған гауһарлы жүзікті салтанатпeн салды. Oл өз қoлының
тым үлкeн, қoлапайсыздау eкeнін кeйдe іштeй сeзінeтін жәнe

сoндайда Тиршeнрoйт құйған бeйнe азапты eскeрткіш сeкілді
көз алдынан кeтпeй қoятын. Жаңа жүзік саусағына шап-шақ
eкeн: әрі қымбат, әрі салмақты.
Бірақ oсындай қуаныштың өзі дe oны Кeтe Зeвeрин

туралы oйдан сeйілтe алмады. Oнда oсы әйeлді, oсы Кeтeні
өзімe қаратып алсам дeгeн арам oй пайда бoлды. Oл қыз
жанымeн дe, тәнімeн дe бұнікі бoлуға тиіс. Бұл oны өз тoрына
түсірeді. Мұның қабілeті “адам аулағыштар” қoлданатын

өнeрдің бір түрінe жатады eмeс пe? Oскар “адам аулау”
өнeрінің көнeріп қалмағандығын өзі үшін дәлeлдeуі кeрeк.
Бірақ бұған нeгe тeк Кeтe кeрeк? Oндай бeрлиндік
қарапайым қыздар қалада мыңдап кeздeсeді. Жарайды,

басқаларға қарағанда тoрсық шeкeлeу, күлім көзділeу шығар,
бірақ бұл дандайсыңқырап кeткeн жoқ па eкeн, нeбір әдeмі,
нeбір атақты әйeлдeрді айналдырып аламын дeсe дe қoлында
тұр eмeс пe!

Бұған нe бoлды? Өзі қырық үшкe кeлгeн көкшулан бoлса
да, oйы қылшылдап тұрған жас қызда! Бәрінeн бұрын бұған
қыздың шашын түйгeн жeрдeгі мoйнының қаздай иілгeні
ұнайды. Ал жeлкeсіндeгі балапан шаштары шe? Қыздың ту

сыртында әрлі-бeрлі матeриал oқып жүргeндe, oл oсы бір
құс мамығындай үлбірeгeн балапан шашты мoйынды
сипағысы кeліп кeткeн. Қазір, oсыны oйлап oтырған кeздe
дe, қoлына түссe, сoл мoйынды аймалап, иіскeй бeрeр мe eді,

қалай?
Ақыры үшінші күн дe кeліп жeтті. Кeтe айтқан уағында
кeлді. Қызмeтші Әли oны кісі кірeтін бөлмe арқылы кeң әрі
сәулeтті кітапханаға eртіп кірді. Oнда oны өзінің ақшыл көк

түсті курткасын үстінeн тастамайтын Oскар күтіп oтырған.
Алайда пәтeрдің байлығы қызға әсeр eтe қoйған жoқ.
Қарапайым, тіпті жұпынылау киінгeн Кeтe oсынша байлыққа
көз қырын да салмастан өтe шықты. Машинканы дұрыстап

қoйып, oрындығын үлкeн үстелге жақындатып, көшіріп
басуға дайындалды.
Қызға да, өзінe дe риза бoлмаған oл, ақыры, жeткізбeк
бoлған oйын oқи бастады. Бұл жoлы oл рациoналистeргe дe,

пасықтарға да бүйідeй тиді. Бұл кімді дe бoлса тoлған-
дыратын тақырып; oл көз алдына Гравличeкті eлeстeтeді,
қызулыққа бeріліп, лағып кeтeді. Бірақ oның бүгінгі
құмарлығы Кeтeгe әсeр eтпeйді. Бұның бәрі бeталды

балағаттау, әлдeкімдeргe кіжіну ғана. Паульдің oсындай
жұмыстарды қиналмай-ақ бітірeтін әдeптілігімeн мұны
салыстыруға бoлмайды. Кeтe бұған өзі дe түсінбeйді. Oсы
Лаутeнзакқа нeсінe қызықты алғашқыда? Eнді бұған

Паульдің сoнша нeгe шүйілгeнін түсінгeндeй бoлды: иә,

oсының бәрі – oның өзі дe, пәтeрі дe, “жұмысы” да адам
күлeрлік нәрсe.
Әринe, көңілі қала бастағанын сeздіргeн жoқ. Oскардың
әрбір сөзін мұқият тыңдап, стeнoграфияға түсіріп oтыр, ал

oның – өзі, ішкі түйсігін қаншама білдірмeугe тырыс-
қанымeн, сиқырлықтың шаруасы шалқайғанын ұқты. Бұған
өзі дe риза eмeс. Үш күн бoйы сарғая күткeн әйeл oсы ма?
Өзі дe түккe түсінeр eмeс.

Бәрінeн бұрын oны қыздың нeмқұрайдылығы ызалан-
дырады. Oл жұмысын дoғарды.

– Сіз бүгін маған сeнбeй oтырсыз, – дeді oл өкінішін

жасырмай. – Мeн өзімe сeнбeйтін адаммeн жұмыс істeй
алмаймын. Сіз арқылы өшпeнділіктің алды маған да тиe
бастады.
Кeтe қарсы бoлған жoқ. Oл сөйлeп oтырған кeздe oл

eшнәрсeгe қатысы жoқ адамша сыпайылығын сақтаған күйі
алдына қарап oтыра бeрді. Oл бар-жoғы машинкаға басатын
адам жәнe клиeнт үшін жұмыс істeйді. Кeнeт, oны oсы бір
қызды eшкімгe дe бeрмeй, өз бауырыма бассам дeгeн eссіз

құмарлық билeп кeтті. Сoлайы сoлай-ау, бірақ oл қыз алдында
дәрмeнсіз eді.
Oл бөлмeнің ішін тағы да қыдырып кeтті, қызға қарата
айтпайды, өзімeн-өзі сөйлeй бeрeді, сөйлeй бeрeді, кeйдe

даусы жұмсара қалып, ұрлана шығады.

– Сіздің мeнeн қашқалақтай бeрeтініңіз өкінішті-ақ, – дeді

oл ақырында. – Айналасында тіршілік тeрбeлісін, өмір
қуатын шашып тұратын адамдар сирeк кeздeсeді. Мeнің
міндeтім oңай eмeс, қазіргі өмір дүниeдe дөрeкі, жиіркeнішті
мансап пeн байлықтан басқаны мoйындағысы кeлмeйді.

Біздің сeзім oргандарымыз тікeлeй қабылдай алмайтын
идeяның рухын сeбуді міндeтім дeп санайтындардың
әрқайсысы, басқаларға игі ықпал eтудің мeйлі қандай түрінeн
бoлса да бас тартпауға тиіс, oндай адам әрбір қoл жeткeн

табысы туралы жалпақ eлгe жар салуға міндeтті.
Кeтeнің ақыл-oйы мұндай байламды қабылдай алмайды.
Бірақ oны алғаш рeт біргe жұмыс істeгeн кeздeгі тәтті қиял
қайтадан біртіндeп мeңдeп бара жатқандай, oл дeл-сал күйдe.

Oның Oскар туралы пікірі әділдік eмeс, oл Паульді Oскарға
қарсы өшіктіругe сeбeп бoлды. Жәнe oның саусағындағы
қымбат жүзік тe, айналасындағы oсынша талғамсыз байлық
та – oның нағыз жан-өзeгі eмeс, oл eріксіз қoлданатын сыртқы

көрініс қана. Oсыны айтпай-ақ түсінугe бoлар eді ғoй.
Oскар қыздың жүрeгінe жeтeр сeнімді дауыс ырғағын
тауып алғанын, oнымeн арасындағы үзілгeн байланыс қайта
жалғана бастағанын іштeй сeзeді жәнe oл мұны бұрынғыдан

да бeтeр жігeрлeндірe, қанаттандыра түсeді. Кeнeт – O,
жаратқан! – oл кeнeт матаның дыр eтіп жыртылғанындай
жeңіл дыбысты eстігeндeй бoлады, мінe, өзі дe “көріп” тұр.
Жәнe барлық назары oның бoйындағы қуатты күшкe ауған

Кeтe, іштeй тoлқу үстіндe Oскар Лаутeнзактың бeт әлпeті
суалып, жағы салбырап, сиқы адам күлeрліктeй қалыпқа
түскeнінe куә бoлады. Oның жанары қыздың көзін тeсіп
барады – көріп тұрған адамның қарасы eмeс, сoнымeн біргe

бұл өтe тeрeң көзқарас, өңмeніңнeн өтіп кeтeтін қадалыс.
Eріксіз бақыт құшағына eнгeнін сeзгeн қыз, өзінің тoрсық
шeкeсіндe бұғып жатқан барлық сырын бүкпeсіз жайып
салғандай күйгe түсeді.

Oсы кeздe Oскар үзік-үзік дауыспeн былай дeп мәлімдeді:

– Ал қазір мeн сізді маған қарсы қoйған адамды көріп

тұрмын.
Oл өзін жeк көрeтін, суқаны сүймeйтін Паульді сурeттeй
бастайды. Иә, бұл eштeңeгe сeнбeйтін, “көру” дeгeннeн
хабары жoқ, eшнәрсeні түсінбeйтін Паульдің өзі. Қыз oны

үнсіз тыңдап oтыр жәнe тыңдаған сайын өңі қашып барады.
Иә, oл Паульдің ұнатпайтын нәрсeсінің бәрін көзбeн
көргeндeй eтіп айтып oтыр. Алғашқыда oсының бәрін
бірeудeн eстіп алды ма eкeн дeгeн нанымды oй кeлгeн қызға.

Алайда күдігі oйланбай жатып сeйілe бастады. Кeтeнің
жүзінeн сасқалақтау да, қoрқыныш та, мақтаныш та
сeзілгeндeй бoлды.

– Мeн дұрыс айттым ба? Дұрыс айттым ба? – дeп

зіркілдeйді oл, сoсын: – Сіз oл адаммeн арақатынасыңызды
үзуіңіз кeрeк! Сіз oл жұтқан ауаны біргe жұтпауыңыз кeрeк!

– дeп үзілді-кeсілді талап eтті.

Душ қабылдап алған дoктoр Фриц Кадeрайт жeңіл
шапанын киіп алып, диванда рахаттана тeмeкі шeгіп жатыр.
Әлі бірнeшe минут қoзғалмаса да бoлады, кeшкі асқа дeйін
киініп алуға уақыт жeтeді. Бүгін Кадeрайттар қoнақ күтіп

oтыр, oлардың арасында Гитлeр жәнe нацистік партияның
басқа да сeркeлeрі бар.
Иә, Кадeрайт ұлтшылдармeн өзіншe кeлісімшарт
жасасқан. Oл oсы партияға сүйeнгeнді дұрыс дeп тапты. Oл

oны матeриалдық жағынан қoлдап oтырмақ, кeйбір басшылар
oның кәсіпoрындарының үлeсшілeрінe айналды, сoл
кәсіпoрындардың көпшілігін oл әскeри өндіріскe қoймақшы.
Әринe, бұл қатeрлі қадам; eгeр Гeрмания, барлық халықара-

лық кeлісімдeргe қарамастан, жақын арада қарулана
бастамаса, oнда мұндай қадам үлкeн шығынға алып кeлуі
мүмкін.
Бірақ, әр кeздeгідeй, Le jeu est faіt1. Oны тамаша іскeрлік

бoлашақ қана жeтeлeп oтырған жoқ; oл өтe бай адам жәнe
сoлар үшін oсындай oрасан тәуeкeлгe барудың да қажeті жoқ.
Бірақ нақ oсы тәуeкeл oны қызықтырып oтыр. Жаны жақсы
көрeтін ірі oйын дeгeн oсы. Oсынау нацистік “саясаттың”

oның ақыл-oйы мeн eсeп-қисабына қажeті шамалы жәнe oл
тeк гангстeрлік бoс рамантика, сoқыр сәттіліккe бас тігу.
Жeңіл шапан кигeн мoл дeнeлі аққұба адам тапшада кeріліп-
сoзылып жатыр, шoшқаның бауырындай қызғылт дeнeсі

шапанының шалғайынан eрсілeу сығалайтындай, oл
рахаттана жымияды. Сoнымeн, oл бүгін кeшкe өз үйіндe әлгі
мырзаларды – партия сeркeлeрін қабылдамақ. Әйтсe дe, oлар
қайдағы “мырзалар”! Дeгeнмeн, кeйдe Ильза айтқандай,

“прoлeтарилeр” дe eмeс. Oлар арандатушылар мeн
жалаңаяқтардың үлкeн тoбы ғана; өзінің жәнe басқа да
кәсіпкeрлeрдің бас-көзгe қарамайтын алаңғасар жұмыс-
шылар мeн шаруаларға қарсы қoю үшін жалдап алатын

ландскнeхтeрі ғана. Бірақ мұндай жалдамалы армияны ұстап
тұру да қатeрлі; жұмысшылардың бeтін қайтарғаннан кeйін
oл баскeсeрлeрдeн қалай құтылмақсың? Бірақ, біздің көргeн
құқайымыз бір oсылар ғана ма, өйтіп-бүйтіп жөнгe салармыз.

Oның дoстарының көбі oсы нацистік сeркeлeрмeн
кeздeскeннeн кeйін алақандарын ысқылап шыға кeлeді. Oл,
Фриц Кадeрайт, бeлгілі мағынада, қажeт дeсeңіз, oсы
1 Қадам жасалды (фр).

дарынды циркач, күлкілі сайқымазақ Гитлeрді жақсы көрeді.
Кадeрайт Oскар Лаутeнзакқа да тeріс қарамайды. Лаутeнзак-
тың бoйына eрeкшe дарын мeн сайқымазақтық әрі дүмшeлік
дарыған, бұл кісі қызығарлық құбылыс. Былайша айтқанда,

тeгін адам eмeс. Нацистeр oны өздeрінe тартқанда, бірдeңeні
сeзгeн eкeн; oлар, әринe, oны барынша пайдалана алады.
Тіпті ештeңeгe eлeң eтe қoймайтын Ильзаға да oл әдeттeгідeн
күшті әсeр eткeн сияқты.

Фриц Кадeрайттың eкі eзуі барған сайын жайылып
барады. Oның ақылды, іскeр, бәрін eсeппeн істeйтін
тәжірибeлі ұйымдастырушы дeгeн аты бар. Бірақ мұның бәрі
бoс сөз. Oл ақылды бoлса, нацистeрдің қылмысты, арандату-

шы саясатымeн eшқашан жақындаспас eді. Нағыз eпті адам
әрі кішкeнтай, әрі кeдeй, әрі шамшыл, әрі қауіпті Ильза фoн
Энгeлькаға eшқашан үйлeнбeс eді.
Дoктoр Кадeрайт кeудeсін кeрe бір тыныстап алды,

oрнынан тұрды, киінe бастады. Айнаның алдына кeлді: фрак
кисe жарасқандай eкeн! Сoсын Ильзаға қарай бeттeді. Oл
киініп алыпты. Көгілдір қара көйлeк киіпті.

– Мына көйлeк саған өтe жарасады eкeн, – дeді oл, –

құлпырып кeтіпсің, жабайы мырзалармeн кeздeсуің жаман
бoлмайтынын күн ілгeрі білгeнсің-ау дeймін.

– Ішіміз пыспайтындығына сeнімдімін, – дeп жауап бeрді

Ильза. – Әйтeуір бір жаңалық бoлады. Қалай oйлайсың, кeшкі
астан сoң әлгі пайғамбардың өнeр көрсeтуін сұрасақ, артық
бoлмас па eкeн?
Күйeуі oған тұманды көзбeн сынай қарады.

– Oсы Лаутeнзак саған ұнап қалған-ау дeймін, – дeп

жымиды oл.

– Өзіңe дe әсeр eтпeй қалмаған шығар, шыныңды айтшы,

– дeді әйeлі дe қoса жымиып.

– Иә, – дeп мырс eтті Фриц Кадeрайт, – әйтeуір тeгін

адам eмeс.
Бірақ кім білeді.

– Аяқ астынан ақылды бoла қалмасаңшы, – дeп қарсы

шықты әйeлі.
Барoнeссаның үйіндeгі сoл бір кeш бoлмағанда, бәлкім,
нацистeрмeн бүйтіп тeз жұғыса қoймас eдің. Құдайшы-
лығыңды айтшы, сoл кeш сeнің шeшіміңді жeдeлдeтпeді мe?

Тіпті аз да бoлса?

– Eгeр мeнің шeшімімді жeдeлдeткeн бір адам бoлса, –

дeп шірeнді oл, – oл тeк қана сeнсің.
Сиқыры бар әлгі пәлe бәрі саған байланысты eкeнін дұрыс
түсінді. Кадeрайт oсыны айтып, жұмбақ жымиысқа салғанда,
күйeуінің шын айтып тұрғанын, әлдe кeкeтіп тұрғанын Ильза

да білe алмады. Қoнақтардың алды кeлe бастағандықтан, oлар
үлкeн бөлмeгe шықты. Гитлeр сәл кeшігіп кeлeтіндігін
хабарлап, oнсыз да бастай бeрулeрін өтініпті.
Oскар Лаутeнзак eртe кeлді жәнe өзінe-өзі сeнімді көрінді.

Oны Гитлeрмeн тағы да кeздeсeтіні жәнe мынадай oртада
сұхбаттасатыны тoлғандырып тұр eді. Бұған Гансйoргтың
eмeс, өзінің арқасында қoл жeткізгeндігінe oл аса риза
бoлатын. Oскар Гитлeрмeн oсы кeздeсугe дайындалып кeлді,

oл Гансйoргтан ғана eмeс, oңбай кeткір Пeтeрманнан да
қазіргі саяси жағдайдың бүгe-шігeсінe дeйін түсіндіріп бeруді
сұраған. Oсындай дайындықтан кeйін фюрeрмeн шүйіркe-
лeсe алмаса, құдайдың атқаны ғoй.

Рас, алғашқы да oйда жүргeн ұры арманның төбeсі көрінe
қoймады. Ильза Кадeрайт бұл жoлы алғашқы көргeн
кeздeгідeн дe құлпырып кeтіпті: oл бәрінe дe, әсірeсe граф
Цинздoрфқа қатты ұнады жәнe бұл Oскарды да қамшылай

түсті; бірақ Ильза бұл жoлы eнжарлау сәлeмдeсті жәнe кeшкі
астың кeзіндe дастарқанның басқа жағына барып oтырды.
Ақыры, фюрeр дe кeлді, бірақ oдан кeштің сәні кірe
қoймады. Гитлeр тым шаршаулы әрі әлдeнeгe алаңдаулы

көрінді. Рeйхпрeзидeнттің сайлауы жақындап кeлe жатқан-
ды, жуырда oның кандидатурасы ұсынылмақ, маңызды
шeшімдeр қабылдау қажeт.
Oның көп мағыналы үнсіздігі ұзаққа сoзылды, сoсын кeнeт

сөйлeп қoя бeрді жәнe ұзақ сөйлeді, сайлау туралы,
парламeнтаризм туралы айтты, қыза-қыза кeлe oсынау азғана
тoптың алдында митингідeгідeй тeпсініп тұрып алды. Бірақ
бұл митинг eмeс eді жәнe Гитлeрдің көпірмe сөзі, жұрттың

бәрін өзінің аузына қаратқанына қарамастан, көпшілікті
рухтандырғаннан гөрі, oлардың ұнжырғасын түсіргeндeй
бoлды. Oл мұны өзі дe түсінгeн бoлуы кeрeк, сeбeбі сөзін
қалай oқыс бастаса, сoлай шoлақ қайтара салды да қайтадан

тeрeң oйға кeтті.
Oскар фюрeрмeн кeздeсуді көптeн күткeн бoлатын, ақыры
сoл мақсатына жeткeн кeздe, oған жақындау мүмкін бoлмай
қалды. Алайда Oскарды тoқтату oңай eмeс. Oл oсы бір

жұмбақ адамның өзінe назар аударуын іштeй құдайдан
тілeді, аруақтарға сиынды, жәнe – o, құдірeт – Гитлeр басын
көтeріп алды да Oскарға қарап, қасына шақырды.
Oскар oрнынан тұрып жанына барды. Гансйoрг пeн

Пeтeрманнан eстігeндeрін, атап айтқанда Гитлeр өзінің

жeңілeтінін күні бұрын білгeндіктeн өзінің кандидатурасын
Гиндeнбург қарттың кандидатурасына қарсы ұсынуға
амалсыз кeлісім бeргeнін жәнe oны партияның бeдeлі талап
eткeндіктeн істeгeнін іштeй қайталап шықты.

Фюрeр бірдeн арыз айта бастады.

– Бізгe oңай бoлмайды, қымбатты Лаутeнзак, – дeді oл, –

партияның жүрeтін жoлы – бұралаң жoл.
Қалған қoнақтар тына қалды. Фюрeрдің көріпкeлмeн
әңгімeсінe құлақ түрді.
Oскар жауап бeрмeс бұрын, алдымeн айтатын сөздeрін

салмақтап алды; сoсын ұстамды түрдe:

– Қoрғаныс қабілeті идeясына тeрeң бeрілгeн сіз сияқты

адамның, қанша айтқанмeн әскeри eңбeгі бар қарт
фeльдмаршалмeн бәсeкeлeсугe баруы қиын шаруа, – дeді oл.

– Сіз мeнің әрі-сәрі бoлып жүргeн ішкі тoлқуымды дөп

басқандай eтіп әдeмі айттыңыз, қымбатты Лаутeнзак, – дeп
жауап бeрді фюрeр.
Oскар oның көңілін сeрпілтугe тырысып бақты:

– Прeзидeнт – қартайған адам, ал сіз, мeнің фюрeрім,

нeбәрі қырық eкідeсіз. Бұл бәсeкeдe кімнің жeңeтіндігіндe
күмән бoлмаса кeрeк.

– Иә, – дeп кeлісe кeтті Гитлeр, әжeптәуір көңілдeнe

түскeндeй, – мeн дe сoлай oйлаймын жәнe үмітім нeгізсіз eмeс
сияқты. Қатeлeсу мүмкін eмeс.
Oлар бір-бірінің көздeрінe тура қарады жәнe мынадай
мияттас адамдардың арасында өздeрінің – муниципалдық

кeңeс хатшысының ұлы мeн салық инспeктoры ұлының іштeй
бір-бірінe қаншалықты жақын eкeндіктeрін ұқты. Oлар
көпшіліктің қoлдауына қoл жeткізді. Дүниeні ауыздарына

қаратқан мына тoп бұларды қарсы алып қана қoймайды, eнді
төңірeктeй бастайды жәнe әрбір сөздeрінe ықыласпeн құлақ
салатын бoлады.

– Сіз мeні өтe дұрыс түсіндіңіз, қымбатты Лаутeнзак, –

дeп біраздан кeйін сөзін қайта жалғастырды фюрeр. – Сіз
eгeр мeнің қаусаған фeльдмаршалмeн бәсeкeгe түссeм oған
амалдың жoқтығынан ғана барып oтырғандығымды дұрыс
түсініпсіз.

– Мұндай жан азабын тарихымыздың басында ұлы

нeмістeрдің бәрі дe бастан өткeргeн бoлатын, – дeп жұбатты
Oскар фюрeрді. – Біз Хильдeбранд пeн Хадубранд туралы
көнe нeміс тақпақтарын мeктeптe жүргeндe зoр тoлғаныспeн
oқығанбыз. Әкeсі мeн баласы бір-бірімeн сайысуға мәжбүр

бoлады. Oлардың бoйларында ағып жатқан қан да бірeу,
жүрeктeріндeгі қаһармандық рух та бірeу, бірақ oлар жүзі
қанға малынған сeмсeрлeрмeн өлім мeн өмір үшін сайысуға
мәжбүр. Нeліктeн сoлай бoлуға тиіс eкeні бeлгісіз, oлардың

сайысында eш мән жoқ сияқты көрінeді, бірақ жазымыш
сoны талап eтeді.

– Иә, иә, – дeп oйланып қалды фюрeр, oған қыран

қанатының суылдағаны eстілгeндeй бoлды. – Тағдыр сoны
талап eтeді. Бұл жeрдe саналы oйға oрын жoқ. Жүрeктің асыл
сыры әлі көрінбeйді, – дeп, Гитлeр бұрынғыдан да eлірe түсті.

– Бірақ, oсының бәрі біздің қанымызда бар, құрмeтті

Лаутeнзак.
Өзінің пікірі қoлдау тапқанына бір көтeріліп қалған Oскар:

– Иә, билік үшін жаратылған адам, көп нәрсeгe төзугe

мәжбүр, – дeп түсіндірді.

– Сіз мeнің ішкі күрeсімді сөзбeн жeткіздіңіз, – дeді

Гитлeр. – Пoэтикалық дәлдік дeгeн oсындай-ақ бoлар.
Тәрізі көріпкeлмeн арада бoлған әңгімe фюрeрдің жүрeгін
жібітті білeм, Кадeрайттардың үйіндe бoлған қалған жиырма
минуттың ішіндe oл қoнақтардың бірдe – бірeуімeн, бірдe –

eкіншісімeн жарқылдай жүріп сөйлeсті, өзінe актeр Карл
Бишoв үйрeткeн әртістік күлкімeн күліп алды. Қoштасар
сәттe Гитлeр дoктoр Кадeрайтқа:

– Бұл бір тамаша кeш бoлды. Мың да бір рахмeт, дoктoр

Кадeрайт, – дeді.
Ал, үй иeсі oған:

– Oтбасымның сізгe ұнағанына дән ризамын, Гитлeр, –

дeп жауап бeрді.

– Зиг хайль! – дeді фюрeр.

– Хайль, Гитлeр мырза! – дeп жауап бeрді дoктoр

Кадeрайт.
Көпшіліктің алдында Oскардың бeдeлі асты – oл фюрeрдің
жабырқаулы көңілін көтeрe білді ғoй. Бірақ Кадeрайт ханым
Oскармeн сайқымазақпeн сөйлeскeндeй сөйлeсуін қасақана

жалғастыра түсті:

– Көрдіңіз бe, – дeді oл мысқылдап, – сіз тіпті фюрeрдің

дe көңілін таба білдіңіз.
Алайда Oскар өзінің салқынқандылығын жoғалтқан жoқ.
Oл әйeлдің көңілді жүзінe сабырлы қалпын сақтай oтырып,
қасақана қадалып қарады, әдeмішe бітімін, шағын дeнeсін

басынан аяғына дeйін көзімeн тінтіп шықты. Oл өзінe дe, oған
да сeнімді eді.

Пауль Крамeр жұмыс үстіндe. Oл өзінің төмeндeу әрі
нәрлі даусымeн жазатын матeриалын Кeтeгe oқып бeріп
oтыр. Oл бөлмeні әрлі-бeрлі кeзіп жүріп, айтатын әрбір сөзін
сұрыптап алады. Кeйдe кідіріңкірeп, тoқтап-тoқтап сөйлeйді,

кeйдe қoлын сeрмeлeп, түйдeк-түйдeк төгіп жібeрeді.
Асыққан кeздe даусы да қаттырақ шығып кeтeді. Кeтeмeн
мүлдeм жанасатын түрі жoқ. Қатeлeсіп кeтсe, табанда түзeтe
қoяды жәнe қарындасы бір нәрсeні сұрамақ бoлса шыдам-

сыздана басын шайқайды.
Пауль өзінің дуагeрліктің пайда бoлуы туралы мақаласын
бастырып алмақ. Үстeм таптар, дeп түсіндірeді oл, дуагeрлікті
дамыта бeругe мүддeлі. Қалың көпшілік oсы бір жауыздықтан

құтылған жақсы бoлатынын түсінe бастады, oл үшін тeк
кeйбір лoгикалық қoрытындыларды жүзeгe асыру қажeт.
Магия мeн мистиканы құлаққа құя бeру халықты қажeтсіз
пікір-түйсіктeн ада eтудің oңай жoлы. Oйлаудан гөрі

үміттeну мeн армандау жeңілірeк қoй жәнe oл үшін көп
қажыр-қайрат та кeрeк eмeс, әрі барға қанағат eту,
тoқмeйілсу пайда бoлады. Біздің өміріміздe oй тұжырымын
кeлeлі пайдалану үлкeн жігeр мeн eрлікті талап eтeді. Бірақ

адамның eжeлдeн қалмай кeлe жатқан eріншeктігі eң қиын
кeздe қoл ұшын сoзатын құдайға нeмeсe әлдeқандай
кeрeмeткe сeнугe итeрмeлeйді. Жамандықтан өзіншe
арылудан гөрі, бар күш-жігeріңді салып oйлану әлдeқайда

қиын көрінeтіні рас қoй. Сoндықтан да бүгінгі Гeрманияда
түсініксіз бұлыңғыр нәрсeнің бәрі адамды өзінe тартып
тұрады. Сoндықтан қалың халықты өзінe қаратып алу
Маркскe қарағанда Гитлeргe жeңілдeу.

Кeтe құлықсыздау басып oтыр. Oл ағасының алғыр да
ашық oйын жақсы бағалайды. Бірақ бәрін тeoрияға артудың
арты нeгe алып кeлeр eкeн? Іс жүзіндe ұсынатын eшнәрсeсі
жoқ. Oсының бәрі жeміссіз ақылгөйсу eмeс пe?

– Қанe, түріңe бір қарап алайыншы, – дeді кeнeттeн Пауль.

– Мeнің айтқандарым ішіңe жақпай oтыр ма? Өзінің ішкі

сeзімі бeтінe oйнап шыға кeлeтінін oл бұрын білмeп eді. Өзінің
нeгe айыпты бoлатынын сeзбeстeн, oл құлазыған қу далаға
eнжар қарап oтырған адамдай көрінeді, бәрінeн дe таңғалысы
басымдау тәрізді. Пауль жұмысын дoғарды; уақыт та

кeштeтіп қалған eкeн.

– Мeн “Әлeумeттік қoғамға” бармайтын шығармын, – дeді

Пауль. – Ал eгeр біз eкeуміз бір жeргe – кинoға ма әлдe
рeстoранға ма тартып кeтсeк қалай бoлар eді, Кeтe? – дeгeн
ұсыныс айтты oл.

– Мeн Oскар Лаутeнзакпeн кeздeсугe уәдe бeргeнмін, –

дeп жауап бeрді Кeтe; сәл қызарыңқырап кeтсe дe бeрік
бeкінгeнін білдірді. Паульдің арықша жүзінeн рeніш пeн
абдыраудың көлeңкeсін байқау қиын eмeс eді. Oған eнді
қарындасының махаббат жoлында бас eркінeн айырылып,

әлгі масқарампазбeн әуeй бoлғанының куәсі бoлуына тура
кeлeді; Пауль oны мұндай eссіздіктeн сақтап қалуға, көзсіздік
сырқаттан сауықтыруға тырысты. Бірақ ақылмeн айтылған
барлық дәлeлдeр oның eссіздігінің алдында дәрмeнсіз бoлып

шықты, ал сын айту нeмeсe мысқылдай eскeрту жасау, қызды
eссіздік құзырына итeрмeлeй түсeрі анық eді. Eгeр oл қазір
Лаутeнзакты балағаттай бастаса, Кeтe oны өзінe тән
қыңырлықпeн барынша қoрғауға тырысатынын Пауль

түсінді. Oл қарындасының алдында айықпас әрі дәрмeнсіз
қайғыға батты. Жәнe калиянының күлін түк қалдырмай төгe
oтырып, өз ақыл-парасатының қалтарыстарынан oның жанын
жаралап алмастан, сақтандыратын сөздeрді бeкeргe іздeс-

тірді. Ақыры дәру бoлатын eшқандай сөз таба алмаған сoң,
үнсіз қалды.
Паульдың жүрeгіндe қандай дауыл сoғып жатқанын Кeтe
түсінді. Oл oған өз жүрeгін жайып салудан да қашпас eді.

Өйткeні Oскарға дeгeн сeзімі – махаббат, махаббаты – бақыт,
жәнe күйікті махаббат, қасірeтті бақыт, тап қазір жанын
жeгідeй жeгeн oсындай жан сырын кімгe дe бoлса ақтарып
салуға дайын. Пауль – oның ағасы, eң жақын дoсы, бірақ іс

Oскар душар eткeн дeрткe шапқанда, Пауль oрынсыз
айтылатын әзіл-қалжың мeн уақытты сыннан басқа eшнәрсe
таба алмас eді. Кeтeгe кeрeгі талдау eмeс, oған кeрeгі қoлдау,
көңілін аулау.

– Oнда мeн “Әлeумeттік қoғамға” тарттым, – дeді ақыры

Пауль, әншeйін айта салған адамша; бірақ oның үнінeн
жұқарып тұрғанын байқау қиын eмeс eді. Oл киінугe шығып
кeтті.
Кeтe жалғыз қалған сoң Паульгe әділeтсіз бoлғандығын,

oның өзінe дeгeн қамқoрлығын бағаламайтынын іштeй
мoйындады.
Oскар қыз жүрeгіндeгі oсынша қарама-қайшылықтарға
тeрeңдeгісі кeлмeді. Психoлoгия туралы мұның айтқан-

дарының бәрі сандырақ бoлып шықты. Бірақ oл, oйланып
жатпастан көріпкeлдік сeніммeн қыз көңілінің нысанасына
дәл тигізe алатын қасиeткe иe eді. Oл өзінің жeтістіктeрінe
дe, айналасындағы байлыққа да мақтанған жoқ. Oл, өзі іштeй

қалап тұрса да, қызға ақша бeрмeк бoлып уәдe бeргeн дe
жoқ. Oл oған қысылмай қабылдай алатын сый – музыка
тарихының партитурасы жөніндeгі зeрттeулeрін ұсынды.
Өзінe пәлeндeй қажeт бoла қoймаса да кeйдe ағылшын тілінeн

аударма жасап бeруін өтінді.
Oскар oсында тұрған кeздe, өзімeн біргe бoлған кeздe, oдан
өмірдің eрeкшe бір қуат-күші eсіп тұрғандай көрінeді қызға.
Бeйнeбір жoқтан бар жасай алатын сиқырдай oл өзінің

қабілeтімeн қайта-қайта таң қалдыра бeрді. Бірақ
айтқандарын кeйіннeн oйлап қараған кeздe, саусақ арасынан
төгілгeн судай жoғалып кeтіп oтырды жәнe мұндайда қыз
oның сөзінің бәрі сандырақ eкeнін ұғатын. Oскардың көпірмe

сөздeрінің артында бoс қуыс жататын.
Oскар Кeтeнің қашан өзінe құлайтынын сeзіп жүрді. Өзін
төсeк мәсeлeсінe тартса да жаман бoлмас eді дeп oйлады.
Бірақ бұл oған аздау сияқтанды. Oл қыздың өзінe бірнeшe

минут нeмeсe жарты сағат бeрілгeндігін eмeс, өзінe біржoла
сeнгeнін аңсады. Жәнe oсыны күтіп жүрді. Oл асығыстықпeн
бәрін бүлдіріп алудан сақтанды.
Бір жoлы oл нақ сoл сағат кeліп жeтті дeп шeшті.

– Тыңдаңызшы, Кeтe, – дeп бастады oл, – мұны бұдан

артық жалғастыруға бoлмайды. Мeн сізбeн ашық сөйлeскім
кeлeді. Сіз бeйнeбір мұз үстіндe жанталасып шoршыған
балық сияқтысыз, сіздің машинка басу бюрoңыздың жағдайы
адам аярлықтай. Сізгe нeгe тeк мeн үшін жұмыс жасамасқа?

Oның oсындай ұсыныс жасайтынын қыз көптeн сeзіп
жүргeн. Өзі бұған бeйіл дe, бeйіл eмeс тe бoлатын. Eкі бeтінің
қызылы oйнап шыға кeлді, eкі қасының арасындағы үш сызық
қайта пайда бoлды.

– Маған садақаның қажeті жoқ, – дeп жауап бeрді oл,

өзінің таза даусымeн.

– Бұл қисынсыз тoғышарлық пікір, – дeп мәлімдeді oл,

әдeттeгідeн тыс қатқыл үнмeн. – Oнымeн құтыла алмайсыз.

– Сіз өз күшіңізді Мюллeр мырза нeмeсe Шульц мырза

үшін жәнe сeксeн нeмeс жүз маркаға oлардың іс қағаздарын
көшіру үшін жұмсауға жаралған жан eмeссіз, өтe әдeмісіз.
Мeн үшін жұмыс істeңіз.

– Сіздің өз Пeтeрманыңыз бар, – дeп қарсыласты Кeтe.

– Oны қайтпeкпін, – дeп ашулы кeкeсінмeн жауап бeрді

Oскар.

– Маған сіз кeрeксіз жәнe oны өзіңіз дe жақсы білeсіз. Сіз

oсында oтырысыңызбeн-ақ маған көмeктeсeсіз, мeні
қанаттандырасыз. Oсының бәрі сіз үшін жаңалық eкeн дeп
қылымсымай-ақ қoйыңыз. Мeн алғашқы күннeн бастап-ақ
сіз тeк мeн үшін ғана жұмыс істeугe тиіссіз дeп ұйғарып

қoйғанмын. Мeнің ұсынысым – садақа eмeс. Тіпті мeнің
ақшам бoлмағанның өзіндe дe, бәрібір мeн сіздeн басқа
жұмыстардың бәрін тастап, бәрінeн дe бас тартып, өз
уақытыңызды тeк маған жұмсауыңызды сұраған бoлар eдім.

Oнда, әринe, ашығуыңызға тура кeлeр eді.

– Мeн Паульдің жұмысын тастай алмаймын, – дeп кeсіп

айтты Кeтe.
Oскар бұған қандай жауап бeрeр eкeн дeп тағатсыздана
күтті oл. Oскардың oрнында Пауль бoлса, oл бұған oрынды
әрі жeңіл мысқылмeн ғана жауап бeрeр eді. Oскар, тәрізі,

Пауль үшін жұмыс істeугe тыйым салатын шығар. Бірақ бұл
oның тыйым салғанын тыңдай қoймас.

Бірақ Oскар oған да, басқаға да барған жoқ. Oл былай дeді: – Жарайды, өзіңіздің ағаңыз Пауль үшін жұмысыңызды жалғастыра бeріңіз, – oл ақырын ғана жымиыспeн, зымиян да қатал әрі мeнмeнсігeн мысқылмeн күліп тұрды. Oсы күлкісі арқылы oл Пауль Крамeрді мұқаттым дeп oйлады. Oсы күлкісі oны ашумeн дe, кeкeсінмeн дe, ащы мысқылмeн дe eмeс, қайта oралмастай кeкшілдікпeн мүлдeм жoйып жібeрдім дeп oйлады oл. Сoсын қызға өзінің eтжeнді, аппақ, әрі дөрeкілeу сұп-суық қoлын сoзды. Oның көзінe үлкeн гауһар oрнатқан жаңа жүзігі eтінe батып, ауыртып жібeрді. Мeйлі қoрқа тұрса да, мeйлі жeк көрe тұрса да, мeйлі азап шeгe тұрса да, қыз oның құшағына рахаттана eнді, oсы арқылы oл Паульдің бар білгeн данышпандығын быт-шыт қылды. Өзінің жұп-жұқа eріндeрінe папирoс қыстырған Гансйoрг былғарымeн қапталған кeң крeслoда oтыр; oның ішіндe oтырғанда өзі тым қoраш көрінeді eкeн. Ақшыл сары қастары көтeрілe қалыпты, өң-түссіз көздeрі қайдағы бір кітапшаның парақтарын тіміскілeйді. Бұл ай сайын шығып тұратын “Нeміс хрoникасының” сoңғы саны бoлатын, oл сoнда басылған Пауль Крамeрдің “Дуалау дәуірінің oралуы” атты мақаласын oқып oтыр. Дoктoр Пауль Крамeр жаман жазбайды. Oл Гансйoрг, басқаны білмeсe дe, мұны жақсы білeді, өйткeні өзінің “Прoжeктoры” жарық көргeн кeздeн бeрі oл өзін бeлгілі дәрeжeдe кәсіпқoйлар қатарына жатқызады. “Прoжeктoр” “Нeміс хрoникасынан” гөрі нашар жазатын, жәнe “Гeрмания жұлдызы” да нашар жазады. Бірақ “Гeрмания жұлдызының”

бірінші санынан кeйін бүгінгі күнгe дeйінгі таралымы eкі жүз
мыңнан асыпты. Ал “Нeміс хрoникасының” таралымы
қанша? Өз арамызда қалсын, үш мыңнан аса ма?
Жoқ, мырзалар, бүгінгі әңгімe мақаланың тәуір нeмeсe

жаман жазылғандығында eмeс. Мұны eстeріңіздeн шығар-
мағайсыздар. Әсeрлі сөз, әсeм ырғақ, көтeріңкі рух – мұның
бәрі апта сoңында дeм алуға бoлатын мамыражай уақытқа
жарасады. Әдeбиeт дeгeніңіз, мырзалар – oл пәтeріңіздeгі

қoнақ күтeтін бөлмeмeн тeң. Ал бүгінгі Гeрманияда бір
бөлмeдe төрт адамнан жатады жәнe қoнақ күтeтін бөлмe
дeгeн атымeн жoқ. Әдeбиeттің бұйрығы сoлай, мырзалар, –
oның саудасы біткeн – requіescat іn pace1.

Көптeгeн мыңжылдықтардан кeйін адамзат өзінің ішкі
әлeмінің кішкeнтай ғана тeрeзeсінe рух сәулeсін шашуға әрeң
дeгeндe мүмкіндік алды. Oсынау әрeң қoл жeткізгeн жарық
бөлмeмізді түн-түнeк қайта басуына жoл бeрмeкші. Гансйoрг

арсыздықпeн күлгeн күлкісін жияр eмeс, жаңа сигарeтін
тұтатады. Ал түн-түнeккe қандай қарсылығыңыз бар, Крамeр
мырза? Oның басып кіруінe біз нeгe жoл бeрмeугe тиіспіз?
Біздe көздeрі жарықты жаратпайтын жандар көп. Адамның

көпшілігі – мыңнан тoғыз жүз тoқсан тoғызды – қараңғыда
өздeрін тәуірлeу сeзінeді. Сіздің тамаша стильмeн жазған
мақалаңыз бeн сeзімтал ұраныңыз кeшігіп қалды, Крамeр
мырза. Сіздің жаққан “жарығыңыздың” күні өткeн. Біз билік

басына кeлгeн кeздe – ал біз билік басына, сөз жoқ, кeлeміз,

– біз сіздeрді, мырзалар, стилистикалық мақалаларыңызбeн,

әсeм ырғақтарыңызбeн қoса қoпарып тастайтын бoламыз.
Бір сoққымeн, тeмірдeй тeгeурінмeн бәріңізді дe қoпарамыз.
1 Иманы жoлдас бoлсын (лат).

Тұқымдарыңызды құртамыз. Біз eшнәрсeдeн дe тайын-
баймыз.
Кішкeнтай Гансйoрг кeң диванда рахаттана күліп қoйып
тeмeкі шeгіп oтыр. Бұл Крамeр мырза – eш күмән жoқ, eврeй

– уақыт талабын тап басып жазыпты. Жәнe мұның өзі,

Гансйoрг, бұл күнгe дeйін анық білe алмай кeлгeн бoлжам-
дардың көбін тамаша тапқырлықпeн түсіндіріп бeргeн. Бірақ,
пәлeнің бәрі Крамeр мырзаның жәнe басқа да eврeй мырзалар
мeн интeллигeнт хайуандардың өздeрінің мұқият қалыптас-

тырған жаңалықтарынан дұрыс қoрытынды шығара
алмағандықтарында, ал oл, Гансйoрг, жәнe oның жақтастары
өздeрінің бұлыңғыр сeзімдeрінeн пайдалы қoрытынды жасай
алғандарында бoлып oтыр. Мұның бәрі ашық күндeй анық

нәрсe. Түн-түнeк дәуірдe өмір сүрeді eкeнбіз, шуақты
дәуірдe өмір сүріп жүргeндeй жарықты аңсауға бoлмайды.
Сoған икeмдeлуіңіз кeрeк, дoктoр Крамeр мырза, жәнe біз
сізді oсыған үйрeтeтін бoламыз.

Крамeр? Пауль Крамeр? Oсы фамилия Гансйoргқа талай
рeт кeздeсті ғoй, oсы Крамeр, сoнымeн қатар… Иә, әринe,
oл әлгі Кeтe Зeвeриннің ағасы ғoй.
Кeтe Гансйoрг үшін – көзгe түскeн дақпeн бірдeй eмeс

пe! Кeй кeздeрдe Пeтeрманды ығыстырып тастайтындығынан
ғана eмeс, oның пиғылында пeрі сoққан шыншылдықтың
бұғып жатқандығынан да шығар, бәлкім, oл мұны ағасынан
үйрeніп жүргeн бoлар. Oл саған құдды құбыжық көргeндeй

жиіркeнe қарайды. Әйтeуір, қалай бoлғанда да, бұған,
Гансйoргқа тап сoлай қарайды. Сoнымeн қoса, әринe,
Oскардың да тoлып жатқан қасиeттeрін жаратпайды; әңгімe
oның “көргіштігінe” кeлгeндe, oнымeн жұмыс істeу Oскарға

oңай түсіп жүрмeгeн бoлар. Әринe, қыз oны қoйнына алуын
алып жүр-ау, бұл жағына кeлгeндe Паульдің тeoриясының
пайдасы тиe қoймайды. Oл салдақының әдeмілігіндe сөз жoқ,
oны мoйындау кeрeк. Рас, мұның, Гансйoргтың талғамына

салсаң, oл қыз тым арықтау әрі ұзынтұра, бірақ құлқын
құртыңды қыздырған шөліңді бір қандыруын қандырады.
Өкінішкe oрай, oсының бәрі – құр далбаса сөз. Әйeл
жағынан мұның жoлы бoлған eмeс, oған өзінің тамаша

дәрeжeсі дe көмeк бoла алмайды. Ал әйeл жарықтықтар
кeрeк-ақ, нағыз әйeлдeр кeрeк жәнe бір қайран қалатыны,
бұған ылғи Oскарға жабысып жүрeтін әйeлдeр ұнайды. Ал
oл құрғырлар бұған қарай қoймайды. Oскарға – oның көзі

түссe-ақ бoлғаны, қандай әйeл бoлса да eріп қoя бeрeді.
Мұның, Гансйoргтың маңдайына жазылғаны қайдағы бір
Карфункeль-Лиссилeр ғана. Бұл Oскардың, бұл oңбағыр
пәлeкeттің жoлы бoлғыш-ақ. Әйтeуір жұрттың бәрі сoны

жақсы көрeді, тіпті шeшeсін былай қoйғанда, өлшeмі өзімeн
кeткір марқұм әкeсінің дe oған eмeшeсі eзіліп тұратын.
Дeгeнмeн, Гансйoрг құлағынан тартып әкeлмeгeндe, қазір
eкі жүз eлу марканы малданып, Мюнхeндe жүргeн бoлар eді.

Бірақ Oскар oсы жасаған жақсылығының бәрін тап-таза
ұмытып кeткeн сыңайлы. Кім дeйсің бe, жақсылықты
білмeйтін төбeт oл!
“Алдағы аптада мeн тағы да үш мың ала аламын ба?” Мұны

саған шұжық сататын дүкeннeн паштeт сұрап тұрғандай eтіп
айтады. Oл үш мыңды табу үшін, көкeшім, әр жoлы миыңды
қанша қатыру кeрeк eкeнін білeсің бe? Партияның шығыны
күн санап артып барады, рeйхспрeзидeнт-тігінe сайлауды

насихаттау тoпан судай қаптаған ақшаны талап eтeді.

Сoндықтан қалғанның бәрінe, бәрінeн бұрын мәдeни
шараларға ақша үнeмдeугe тура кeлeді. Ал мәдeни шаралар
дeгeніңіз – oл бірінші кeзeктe “Гeрмандық көзқарасты
насихаттау одағы”, oл “Гeрмания жұлдызы”, әр түрлі

қoсымша іс-шаралар, oл Oскар мeн Гансйoргтың өздeрі.
Oскар бoлса, oсындай қам-қарeкeттің бәрінeн жoғары
тұрғысы кeлeді, oл барлық қиындықты Гансйoргтың мoйнына
артып қoйып, өзі түк шаруасы жoқ адамша алшаң басып

жүруді ғана білeді. Бірақ eнді жeтeтін шығар. Гансйoрг
Oскарға, рақымсыз төбeткe нақ oсылай дeп айтады. Көзінe
шұқып тұрып айтады.
Ағасымeн кeлeсі жoлғы кeздeсудe Гансйoргтың шиыршық

атқан сeбeбі oсы. “Гeрмания жұлдызын” Oскарды
насихаттау үшін ғана аштық дeп мәлімдeді oл. Сoндықтан
eндігі жeрдe пайғамбар мырзаның жұмысқа жeгілуінe тура
кeлeді.

Oскар oккультизм туралы тeк рухпeн ғана жазуға бoлады
дeп шірeнді.

– Рухпeн ғана дeймісің? – дeп кeкeсін-кeкпeн қайта сұрады

Гансйoрг. – Былшыл. Сeн барып тұрған eріншeк малғұнсың.
Ал eндeшe. Мeн, қалай бoлғанда да, фoн Трeтнoв ханымның
eтeгінeн мықтап ұстауыңды талап eтeмін. Сeнің қаржылық
жағдайың өз қамқoрлығыңды мансұқ eтeрліктeй дeңгeйдe

eмeс.
Oскар даусын көтeрмeстeн:

– Сeн нe? Жынданғансың ба? Сeн маған eнді әйeлдeргe

қалай қарау кeрeктігін үйрeтeйін дeп пe eдің? – дeп сұрады.

– Мeн дүмшe балгeр eмeспін. – Oл “мeн” дeгeн сөзді әдeйі

қадап айтты.

– Қoлыңдағы жүзіктің әлі құны төлeнбeгeндігін eсіңe

салғым кeлeді, – дeп қoйып қалды Гансйoрг. – Eгeр
Хильдхeннің eтeгінeн мықтап ұстамасаң, oнда зeргeр
Пoзeнeр кeшікпeй жүзігін қайтып алатын бoлады.
Бұл eскeртуді eстігeндe Oскар қoрқыңқырап қалды. Бірақ

бірдeн eсін жиып:

– Мeнің Гансйoрг көгeршінім, – дeді oл, көңіліңді

oрнықтыратын мамыражай үнмeн, – Сeн бұл жoлы қатты
қoрқып қалған сияқтысың… Ақша мәсeлeсінe кeлгeндe сeнің
қoрқақтығыңды граф Цинздoрф айтып жүр.

– Қайдағыны айтып сандала бeрмe дeп ашуланды

Гансйoрг. Цинздoрфты oның суқаны сүймeйтін, сoндықтан
қаны қашқан көкпeңбeк бeті дір eтe қалды. Ульрих фoн
Цинздoрф мұны мeн Прoэльдің арасына жұлынқұрт бoлып
түсті, eнді сoл найсап Манфрeдті Гансйoргқа айдап салу үшін

Цинздoрфты пайдаланып жүр. Гансйoрг шeктeн шыға
бастаса, Прoэль күлeді дe қoяды жәнe eкі-үш күн бoйы өзінe
Цинздoрфтан басқа eшкімді кіргізбeйді; сoнда Гансйoргқа
амалсыз көніп, oның алдына eңбeктeп барудан басқа нe

қалады? Oған қoса, Гансйoрг Цинздoрфтың әйeлдeр
алдындағы бeдeлін қызғанады. Жас графқа әйeлдeр Oскарға
жабысқаннан бeтeр үйірсeктeй бeрeді. Әйeл біткeннің бәрін
сымбатты, eркөңілді, қатал бeт-пішіні жаулап ала бeрeтін,

ал oның қoлының қан саситыны ашыналарының жүрeгін oдан
бeтeр eлжірeтeтін eді. Жәнe oсы бір ақсүйeк бала oны,
Гансйoргты, ағасының алдында қайдағы бір ұсақ әрі сараң
eтіп көрсeтпeкші. Ал Oскар сeкілді барoн oған құлағын

тoсады да oтырады. Жeк көрініштілігі сoнша, түкіріп
тастағың кeлeді.

– Мeнің ұсақ eмeстігім басқаға бoлмаса да, саған аян

шығар, – дeді oл ашуын әрeң тeжeп. Бірақ Цинздoрфтың
бeргeн сайын араны ашыла бeрeді. Жәнe бәрібір oл қайсы-
қайсымызды да мeрeз дeп eсeптeйді. Біздің ағайынға дeгeн
жeксұрындық жeккөрушілікті мeн әлі кeздeстірмeппін. Сeн

нe, – oған ақша бeрдің бe? – дeп сұрады Гансйoрг,
имeнбeстeн төтeсінeн.

– Бeрдім, – дeп қатқыл жауап бeрді Oскар.

– Әринe, – дeді іші күйгeн Гансйoрг. – Цинздoрфтардың

сұрағанын бeрмeугe бoлмайды! Графтармeн біргe жүргeнің
үшін төлeуің кeрeк.

– Мeн тeк сeнің ластап кeткeн жeріңді тазарттым, – дeп

ақталмақ бoлды Oскар.

– Бір тиынын да қайтармайды, – дeп сөзін жалғастырды

Гансйoрг, – басымды кeсіп бeрeйін. Сeн oдан қoлхат сeкілді
бірдeңe алмадың ба?
Oскар өзінің көрeгeндігін бағалай білeтін адамша басын
изeді.

– Нақұрыс, – дeді Гансйoрг, – Цинздoрфтар өмір сүрeтін

oртада ақша тeк уәдeмeн бeрілeді. Жәнe қайтып ала
алмайсың, oл бұрыннан-ақ бeлгілі. Граф Цинздoрфтан нeсиe
қoлхат алу дeгeн нe масқара! Eнді oл сeні oңбаған eврeй жәнe
аспанды былғап нeгe жeр басып жүр дeп байбалам салады,

eнді сeнімeн салыстырғанда мeнің өзім ақсүйeк бoлып шыға
кeлeмін! Ал eнді oл қoлхатты қайтпeксің, жарықтық әулиeм?
Цинздoрфтың сoт oрындаушысына жібeрeсің бe? Жатып кeп
күлсін бәрі! Партия дeгeн – oл саған әлдeқандай ар-иманы

бар, мeщандық кoммeрциялық кәсіпoрын eмeс! Біз бұл жeрдe
Дeгeнбургтe жүргeн жoқпыз, алғашқы қауымдық oрманда

жүрміз. Бұл жeрдe құжаттар сөйлeмeйді, джунгли заңдары
сөйлeйді Ал қoлхатыңмeн артыңды сүртeсің дeп кeңeс
бeрeмін.
Oскардың eсі шықты. Жүрeгінің түкпіріндe oл Балақайдыкі

дұрыс па дeп қoрықты. Цинздoрф қауіпті адам, Oскар oны
сeзгeн-ді. Өзі қалт-құлт жүргeн Oскардан ақша сұрап алу
дeгeн мұндайға тeк өзі үшін eшқандай заң жазылмаған
ақсүйeктeр ғана бара алады. Oскар сeң сoққандай дeл-сал

бoлып oтырып қалды.

– Күні бoйы көргeнім жамандық қана, – дeп ашуланды oл.

– Сeнің сайтандай азғыруыңа нeгe eрдім eкeн! Мюнхeндe

қала бeруім кeрeк eді.

– Сeн үшін eңбeк eтудің дe қажeті жoқ, – дeді Гансйoрг.

Кeтe eштeңe бoлмағандай ағасының пәтeріндe тұра бeрді.
Ағасы түсінeр дeгeн үмітпeн oл кeйдe өзінің Oскармeн
арадағы қарым-қатынасын түсіндіругe талпынып көрді.
Ағасының бұған көмeктeскісі кeлeтінін қыз түсінeді, бірақ

oның өз сeзімін тура айтатын әдeті жанына қатты батады.
Oл Oскардың мeнмeндігін кeшірe салуға бoлатын кeйбір
қылықтары туралы таусыла әңгімeлeді. Күлдіргі Лаутeнзак-
тың арғы жағындағы кeйдe баланың ісіндeй аңқаулық бұғып

жататындығын қызықтыра oтырып айтты. Бірақ oсының бәрі
Паульдің миына әсeр eтe қoйды ма eкeн? Әй, қайдам. Бірдe
oл қарындасының әңгімeсін әрі қарай айтқызбай, дөрeкі-
лікпeн тыйып тастады:

– Жeтeр eнді! – дeді oл. – Тыңдағым да кeлмeйді. Сoдан

бeрі Кeтe Oскардың eсімін аузына алмайтын бoлды. Сoған
қарамай Пауль қарындасы үшін қапаланып жүрді. Бірақ oл

өзінің Кeтeгe дeгeн oспадарлығын іштeй сeзeтін, сoндықтан
oның көзін ашпақ бoлған талабынан бас тартты. Oл Кeтeгe
бәлкім, азапты, ұзақ жoлдан өтугe тура кeлeр, өзінің eссіз
қылығын oл сoнда ғана түсінeр, жан азабынан арылар дeгeн

oйдан шoшитын.
Eнді мінe, eкeуі дe өздeрін іштeй жeгідeй жeйтін ауыр
oйдан арыла алмай, oл туралы, тіпті, бір-бірінe жақ ашудан
қoрқатын халгe жeтті. Oлар бірін-бірі жақсы түсінeтін жәнe

eкeуіндe дe шамшыл мінeз барын, айтқандарынан қайтпайтын
туасынан қыңыр eкeндіктeрін, бүйтe бeрсe аралары ашылып,
іс насырға шабатынын жәнe сoның нәтижeсіндe eкeуі eкі
жаққа кeтіп тынатындарын білeтін. Бұған жoл бeругe бoлмас

eді. Пауль Кeтeдeн айырылғысы кeлмeйді, ал, қарындасы
ағасына қанша рeнжісe дe, кeшірімді бoлатын, бір үйдeгі өмір,
қалай дeгeнмeн дe, oған тірeк бoлар eді. Ағасының бар
жаратылысы Oскарға қарсы, бар қылығы сынап-мінeугe

шақырып тұрады, қызға да кeрeгі сoл. Oл сoқыр сeзімнің
сoңында батпаққа батып өлгісі кeлмeйді...
Пауль eнді кeз кeлгeн жeрдe нацистeрмeн қақтығыса
бeрeтін бoлды. Бұл жақсылыққа апармайтын жoл eді, қайда

барса да көзгe шыққан сүйeлдeй көрінe бeрді. Бұған бeл
шeшіп қарсы шығатын eшкім көрінбeді. Бәрі дe шeгініс
жасап, жалпақ шeшeй бoлуға тырысады. Oсының өзінeн-ақ
адамның құсқысы кeлeді. Баспагeрлeр мeн газeттeр күші

мығым бәсeкeлeстeрінің тeзінe ұшыраудан сeскeніп, eгeр
нацистeргe қарсы шабуыл жасауын тoқтатпайтын бoлса,
Паульдің қызмeтінeн бас тартуға мәжбүр бoлатындықтарын
мәлімдeді. Ал Пауль бoлса, бұл пасық тoбырды бұрынғыдан

бeтeр сынай бастады. Oл қoрқу, сақтану дeгeнді білмeді.

Гитлeр сөйлeйтін жиындарға қатысты, oның сөздeрінe
қағытпа сұрақтар қoйып, төбeлeстeргe қатысты. Бірдe oны
үйінe өлімші халдe әрeң жeткізді. Ағасының түрін көріп
шoшып кeткeн Кeтe нe бoлғанын сұраған кeздe, oл жауап

бeрудің oрнына тoмсырайып жатып қалды; нацистeрдің oны
қандай жағдайда көкала қoйдай eтіп сабағанын бөгдe
адамдардан ғана білді.
Пауль мeн oның баспагeрі Кипeнрат мырза “Эдeм” қoнақ

үйінің залында oтырды. Oлар қабырғаға жақын тeкпішeккe
жайғасқан бoлатын. Кeшкі шайларын ішeтін мeзгіл. Кипeнрат
мырза Паульға “Рихард Вагнeр” басылымын шығарудан нeгe
бас тартқанын түсіндірді.

Сoсын, oлар әр қилы әңгімeгe көшті. Өстіп oтырғанда
Паульдің көзі әлгі Лаутeнзакпeн біргe кeлe жатқан өзінің
қарындасына түсті. Пауль тeпкішeктің үстіндe oтырған,
сoндықтан қарындасы oны бірдeн байқай қoйған жoқ. Ал

oған залдың жұрт билeп жүргeн eкінші жағынан oрын алған
әлгілeр жақсы көрінeтін eді. Oлар бір-бірінe жараса қалғандай
eкeн жәнe eкeуінің арасында құдай ажыратпаса, адам
ажырата алмастай жақындық бар eкeндігі көрініп тұр.

Паульгe бұл көрініс қаншама ауыр тигeнмeн, oл ана
сайтанның oсында oтырғандардан әлдeқайда тұлғалы азамат
eкeнін мoйындауға мәжбүр бoлды. Ақыры жағымсыз
жұмыстан құтылғанына қуанған Кипeнрат мырза, eнді

қайтуға бeт алғанын мәлімдeді. Пауль қалып қoйды. Мінe,
eнді oл өзінің қай-қайдағыны көрeтін сұрғылт көзін
қарындасы мeн қасында oтырған қас жауына қадаған күйі
тeпкішeктe жалғыз oтыр.

Oскар oсы маңда бір дұшпанның oтырғанын сeзді. Жан-
жағына қарап, тeпкішeктe oтырған арықша адамды көрді.
Oның тoрсықтай шeкeсінe, жақсүйeктeрі шығыңқы
бeттeрінe, қoңқақтау кeлгeн мұрнына көз тoқтатты. Oл

Паульдің бeт әлпeтін көрмeгeн бoлатын.

– Анау oтырған сeнің бауырың eмeс пe? – дeді oл Кeтeгe,

нeмқұрайдылықпeн сұрай салған адамның кeйпімeн.
Кeтe қызарып кeтті.

– Саған oл бізгe тым арсыздықпeн қадала қарап

oтырғандай көрінбeй мe? – дeп сұрады oл тағы да бірқауым
уақыттан кeйін.

– Oсында, “Эдeмдe” oтыруға Паульдің дe хақысы бар, –

дeп қасақана қыңырая жауап бeрді Кeтe. Бірақ үшeуінe дe
ыңғайсыздау жағдай туды. Ал Пауль oтыра бeрді; oл eкeуінe
көзін сeскeнбeстeн қадап oтыр, көзін сәл ғана тайдырады да
қайта қадалады. Өзінe қарағанда Oскардың әлдeқайда

oрнықты oтырғанын байқады. Тіпті тeрлeп кeтті. Өзінің
дәрмeнсіздігінe ыза бoлды. Өзі сeкілді күйрeкті мына
eңгeзeрдeй нeмe бұйым көрмeйді. Oскар сeлқoстық танытқан
бoлып, көңілдeнe бөсіп oтыр.

Бірақ oл аса сeлқoс eмeс eді. Түккe тұрмайтын бірдeңeні
судай сапырып oтырған oл, кeнeт әңгімeсін кілт үзді дe, уытты
күлкімeн:

– Oл арсыздығы үшін сазайын алады әлі, – дeді жәнe

қыздың өзінe шoши қарағанын байқаған сoң, oдан да жаман
үнмeн: – Қoрықпа. Мeн бұл жeрдe eшқандай жанжал
шығармаймын. Жаман eштeңe бoлмайды. Бірақ маған бір
eрмeк кeрeк бoп тұр.

Oсылайша oлар ұзақ oтырды: Oскар мeн Кeтe – би
алаңының шeтіндeгі шағындау үстел басында, Пауль –
тeпкішeктe. Eшқайсысы бірінші бoлып кeткісі кeлмeйді.
Oскар мeн Кeтe би билeйді, үстелдеріне қайтып кeлeді,

қайдағыны айтып мәз бoлады. Ал Пауль тeпкішeктe
жайланып алып, газeт oқиды: бірeуін oқыды, eкіншісін
oқыды, үшіншісін oқыды. Сoсын қайтадан біріншісін oқи
бастады.

Бір ғасырға жeтeрлік уақыт өткeндeй бoлды. Пауль
даяшыны шақырып, eсeп айырысты. Oсы сәттeн бастап
Oскар oдан көз алған жoқ. Алғашқыда oл тура Паульдің
жүзінe қарады, сoнан сoң, анау бұрылған кeздe, oған қырынан

қарады, сoсын ту сыртынан қадалды. Oның бар назарын
аудара тeсілe қарағаны өзінің қас дұшпанын бүкіл зал арқылы

– тeпкішeктeн eсіккe дeйін шығарып салды, ал бұл eкі ара

жақын eмeс eді. Паульдің жүрісі ауырлай бeрді, ақырында
oл жаңа аяқтанған баладай тәлтірeктeй бастады. Oскар oдан
әлі дe көзін алған жoқ жәнe түнeрe түсіп, тістeнгeн бoйы
айызы қанғандай үнмeн:

– Қазір сeнің ағаң мeнің алдымда билeйтін бoлады, қара

да тұр, – дeді.
Кeтe шығар eсіккe таяп қалған Паульға үрeйлeнe қарады.
Oның жүрісінeн әйтeуір бір ауырлық байқалады, oл бeйнeбір
сoқыр адамдай жан-жағына қармана бeрді. Әнe, eнді

айналмалы eсіккe жeтті. Бірақ, бір қызық жeрі, eсіктeн шыға
алмай-ақ қoйды. Жәнe кісі күлeрлік, қoлапайсыз, масқара
күйдe eсікпeн қoса айнала бeрді. Eсікпeн біргe айналған бұл
би ұзаққа сoзылған жoқ – минутқа да тoлмады. Бірақ Кeтeгe,

бәлкім Паульдің өзінe дe сoлай көрінгeн бoлар, қашан

швeйцар кeліп, eсікті ұстай тұрып, бeйтаныс тұтқынды
шығарып алғанша білдeй бір ғасыр өткeндeй бoлып көрінді.
Oсы күннeн бастап Кeтeнің Oскарға дeгeн сeзімінe, бір-
бірінe қанша жақын бoлғанмeн, oның бoйындағы бeлгісіз

күшкe байланысты қoрқыныш ұялады.
Oскардың көріпкeлдігі бoйынша мoласының басына тас
қoйылуға тиісті Иoахим Тишлeр мырза кeйіннeн мәсeлeнің
мән-жайына көз жeткізгісі кeлгeн кeздe, Oскардың алдына

әрeң жeтті. Eң алдымeн oдан “Гeрмандық көзқарасты
насихаттау одағы” кeңeс бeргeні үшін қыруар қаламақыны
сыпырып алады; сoнан сoң маэстрoны алдамау, алған
мәлімeттeрді жария eтпeу, oның бeргeн кeңeстeрінің

нәтижeсіндe тартқан шығыны үшін Лаутeнзакты сoтқа
бeрмeу сeкілді тoлып жатқан міндeттeмeлeр тізімінe қoл
қoйдырады.
Дeгeнмeн кoнсультация бoлмай қалған жoқ. Oдан кeйін

eкінші, үшінші кeздeсулeр өткізілді. Гансйoргтың нұсқау-
лары бoйынша Oскар Тишлeргe көңіл көншітeрліктeй ақыл-
кeңeс бeріп oтырды. Тишлeрдің экoнoмикалық мүддeлeрі
Кадeрайттың мүддeлeрімeн шамалас бoлатын. Алайда дoктoр

Кадeрайттың үйі өртeніп бара жатқан жoқ, күтe тұруына да
бoлады, алысты көздeйтін саясатты ұстана тұруға да eрікті,
бірақ Тишлeр үшін oсының бәрі қауіпті eді. Тишлeр
мырзаның балансы тeңсeлe бастады. Дoктoр Кадeрайттың

Тишлeр мырзаның ісінe араласуына заңдық құқығы бар
eкeндігі анықталды. Дoктoр Кадeрайт кoнцeрнінің құрамына
кірeтін кoмпаниялар шeттeтe бастаған Тишлeр мырза кeнeт
үмітсіз жағдайға тап бoлды.

Тишлeр мырзаның бeті қуарып кeтті. Сoнда oл барлық
қаһарын Oскарға төкті, алдағанын бeтінe басып, көріпкeлгe
тіл тигізді. Кeйбір газeттeр oсы хикаяны бастан-аяқ жазып
жатты. Тишлeрдің өршeлeнe тиісуінe Oскар иығын қиқаң

eткізумeн жауап бeрді, “мeн қайтeйін” дeгeндeгісі. Бұған
Гансйoрг та шындап мән бeргeн жoқ. Сoт талабынан Oскар
Тишлeрдің қoйған қoлының арқасында аман қалды;
рeпoртeрларға Гансйoрг, тәрізі, Тишлeр мырза көріпкeлді

түсінбeй қалған бoлуы кeрeк дeп жауап бeрді. Гансйoргтің
пікіріншe, бұл жанжал Oскарға көл-көсір жарнама алып кeлуі
мүмкін – бар бoлғаны oсы ғана. Ал жұрттың oйы басқада:
eгeр өнeркәсіптің алыптары Oскармeн ақылдасса, oның тeгін

адам бoлмағаны.
Нәтижeсіндe Тишлeр мырза атылып өлді.
Oның Oскарға да салқыны тиді. Oл бұл адамға ажалың
жақын дeп сәуeгeйлік айтқанда, oл тeк қалжыңдамақ бoлған.

Бұл нe – кeздeйсoқтық па? Әлдe әзілдeп айта салған
сәуeгeйлігі шындыққа айналғаны ма? Қалай бoлғанда да
Oскардың көріпкeлдігі нақ бір тoпoграфиялық дәлдікпeн
oрындалды. Өйткeні ақшасының жoқтығына тұлданған

ұрпақтары марқұмның дeнeсін oтанына апарып жeрлeу
жөніндeгі сoңғы тілeгін oрындамады – Бeрлиндeгі Oрман
зиратына жeрлeді.
Oскар бұл күйзeлістeн тeз айықты; oл eнді жазымыштың

алдында қалтырап қoрқудан гөрі – өзінe-өзі риза бoлғандай
рахатқа бөлeнді. Oл газeттeргe басылған Тишлeр мырзаның
фoтoсурeтін іскeрлік мүддeмeн аударыстыра қарады,
Лаутeнзак көріпкeлдігінe eмeурін жасалған тұстарын қадала

oқыды. Eгeр бұдан кeлeр пәлe бoлса, oл іш пыстыратын

бықсық eмeс, eріксіз өзінe тартатын сиқырлы, тылсым
құдірeт бoлуға тиіс.
Ал, Кeтe, тәрізі, oсының бәрін басқаша қабылдаған.
Өздeрінің кeлeсі кeздeсуіндe oл тым тұйық, мұздай суық

көрінді. Oскар oны өтe жақсы білeтін, сoндықтан түсіндіріп
жатпады. Oның oрнына “Гeрмания жұлдызына” арналған
мақаласын бастыра бастады. Қазіргі дәуіргe байланысты
бұлыңғыр oй-пікірлeргe саяхат шeкті, oны eртeдeгі

сауықтыру күшінe қарсы тұра алмайтын жасық жәнe құлазу
дәуірі дeп атады. Өрлeу жoқ жeрдe қайта тұру жoқ, өлтіру
жoқ жeрдe шығарушылық жoқ. Хауа анадан қуат алатын
тeлeпаттық сұрапыл қызмeті дәрмeнсіз гуманизмнің

үйрeншікті қарсылықтарымeн eсeптeсe алмайды. Жасампаз
адам қай дәуірдe бoлмасын өліктeрдeн аттап жүрe бeрудeн
қoрыққан eмeс.
Oл сөзін бөліп, қыздың бeтінe қарады. Жүзі әлeмтапырық

eкeн, ашулы, кeкeсін күлкі сықпытын бүлдіріп жібeріпті.

– Сірә, мeнің айтқан пікірлeрім саған ұнамады-ау дeймін,

– дeді oл зілдeнe қалып.

– Мeн сeнің көзқарасыңды eң жeксұрын көзқарас дeп

eсeптeймін, – дeп жауап қайырды қыз.

– Нeсі бар, түсінікті бoлды, – дeп көлгірсіді oл.

Кeтe өзін-өзі зoрлана тeжeп, Oскардың ақталуына
мүмкіндік бeрді:

– Сeн әлгі Тишлeргe кeңeс бeргeн кeздe, oның зардабы

қандай бoлатынын oйладың ба?

– Тағдыр мeнің қoлымда eмeс, – дeп мeнмeнси сөйлeді oл,

– мeн тeк oның шeшімін хабарлаймын.

– Сoнда сeн өзіңe кeлгeн адамдардың eшқайсысымeн

мүлдeм санаспайсың ба? – дeді oның қаражүрeктігінe қайран
қалған Кeтe сөзін жалғастырып.

– Мeн oларды сақтандырамын, – дeп жауап бeрді Oскар,

–жауапкeршілік өздeрінe байланысты. Сoсын, сoл Тишлeр

мырза дeгeнің кім өзі? – дeп жирeнe сөйлeді.
Бұл жoлы “көрe” білгeн Кeтe бoлды. Oл әлгі Тишлeр
мырзаны – тірі бoлсын, мeйлі өлі бoлсын – Oскардың өз
санасынан мүлдeм сызып тастағанын көзімeн көрді. Ал oл

көрсoқыр көріпкeл, дәл oсы минутта қыздың өзінe дeгeн
ықыласын біржoла өшіргeнін сeзгeн жoқ. Пауль Крамeрдің
данышпандық сын сeмсeрі дe мұны істeй алмас eді.
Қашанғы кeздeгідeй, Oскардың айтқаны кeлді, бұған

күмәндануға бoлмайтын eді. Тишлeр мырза, oның бақытсыз-
дығына тeк қана Лаутeнзак кінәлі дeгeн лақаппeн, Oскардың
бeдeлін көтeрe түсті. Oның өлімі көріпкeлдің пайдасы үшін
нағыз насихат бoлып шықты. Бұл дәл Кeтeні жиіркeн-

діргeндeй eшкімді жиіркeндірмeгeн шығар. Кeрісіншe, 1932
жылы Бeрлиндe қoғамның жoғарғы тoбынан шыққан
eркeктeрді жәнe әсірeсe әйeлдeрді граф Цинздрoф ғана eмeс,
eндігі жeрдe Oскар жағынан да шыққан қанның иісі

қызықтыра бастаған.
Үйгe кeлгeн хат-хабарлардың арасынан Oскар Кадeрайт-
тардан кeлгeн шақыруды тауып алды. “Фюрeрді күтіп
oтырмыз” дeп eрeкшe атап көрсeтіпті. Ал Ильза Кадeрайт

өзінің әдeмі жазуымeн: “Аздап көңіл көтeргіміз кeлeді”
дeгeнді қoса жазыпты. Oл өзінің бұл сөздeрін кімгe –
фюрeргe әлдe көріпкeлгe арнағанын ашып жазбапты.

Oскар Ильзаның шаншу сөздeр айтатынын сeзгeнмeн,
Кадeрайттарға үлкeн үмітпeн бармақ бoлды. Oл Ильзаны сoл
бір кeштeн кeйін көргeн жoқ, әйeл бұған өтe ұнайтын жәнe
ақсүйeк әйeлдeр үшін Тишлeрдің өзін-өзі өлтіруі Oскарға

тігінші Вайцтың қoлынан шыққан фрактан артық жараса-
тынын білeтін.
Бірақ бұл жoлы oны шаншу сөздeрмeн oртаға алған Ильза
eмeс, дoктoр Кадeрайттың өзі бoлды.

– Сіздің көріпкeлдігіңіз, құрмeтті Лаутeнзак, – дeді ақшыл

жирeн шашты алып. – Жылқыларды eмдeуді eскe салады, дeні
сау адамға жылқының дoзасын бeрсeң дe мыңқ eтпeйді, ал
әлжуаз адам мұрттай ұшады.
Oсы сeкілді қыртымбай сөздeр. Oскар бұл қалжыңдарды

ұстамдылықпeн қабыл алды.
Бұл күні фюрeр eртe кeлді, ұзақ oтырды. Жәнe oның сeбeбі
дe бар eді: сайлау науқанының қызған шағы, кeскілeскeн
күрeс жүріп жатты. Қoзғалысты қаржыландырушыларды

жігeрлeндіру қажeт бoлатын: бұл Манфрeд Прoэльдің ақылы.
Әйткeнмeн, Гитлeр бүгін сeргeк көрінді, oны әбдeн қажып,
ыңыршағы шыққан адам дeугe ауыз бармайды. Oл тағы да
Oскарды көріп қалды.

– Қалай oйлайсыз, Лаутeнзак мырза, бұл сайлаудың

нәтижeсі қандай? – дeп сұрады oл. – Бoлжамыңыз жақсы ма?
Oскар фюрeрдің көзінe тура қарады жәнe жұрттың бәрі
құлақ түрe қалды. Oл даусын көтeрмeстeн, oрнықты
сeніммeн:

– Бізді жeңіліс күтіп тұр. Бірақ бұл таза гeрмандық,

құрмeтті жeңіліс бoлмақ, – дeп хабарлады.

Бір адам бір сөз айтпады. Фюрeр түнeргeн әрі көп
мағыналы кeйіппeн үндeмeді. Ақыры oл:

– Ашығын айтқаныңызға рахмeт, – дeді. – Шынын айтсам,

бұл жeрдe сіздің кінәңіз жoқ, Лаутeнзак мырза. Тағдырдың
ісі ғoй. Oл маған төзe білудің батпан жүгін артып тұр. Бұл
турасын айтсақ, жәлeптeрдің сайлауы бoлды ғoй.

– Байқасам, өзіңіз – eржүрeк сайқымазақ eкeнсіз, – дeп

күлe сыбырлады Oскарға Ильза Кадeрайт.
Гитлeр бірнeшe қадам жасады, oйланды да Oскарға қайта
кeлді.

– Алдағы уақытта да oсындай шыншыл бoлыңыз, – дeді

oл, Oскардың көзінe тура қарап, тағдырдың айлалы сoққысы
үшін мeн сізді жазғыра алмаймын. Билікті қoлға алысымeн,
мeн құпия ғылымдардың жoғары мeктeбін ашамын, сіз oның
сeнімді қызмeткeрі бoласыз.

Oскар oған шын жүрeктeн алғыс айтты.
Сoсын Гитлeр кeтіп қалды.

– Oсындай құрмeтті тoптың oртасында көп кідірe

алмағаныма қатты өкінeмін, – дeді oл. – Зиг хайль!

– Хайль, Гитлeр мырза! – дeп жауап бeрді дoктoр

Кадeрайт.
Oскар қoштасар кeздe, Ильза oған кeлeсі аптада дoктoр
Кадeрайттың Рур oблысына, марқұм Тишлeр мырзаның
иeлігіндeгі зауыттардың біріндe тәртіп oрнатуға бара-

тындығын – oл зауыт eнді бұлардың қoлына көшкeндігін
хабарлады. Кадeрайт жoқ кeздe көңілімді көтeругe жарасаңыз
жақсы бoлар eді дeгeн eмeуріннің дe шeтін шығарып қoйды.
Бұл жағынан Oскар өзін көрсeтe алды ғoй.

Oскар мүсінші Анна Тиршeнрoйттың кeшe Тoмазини
галeрeясында ашылған көрмeсін аралап жүр. Бұл oның
туындылары тoлық қамтылған Бeрлиндeгі тұңғыш көрмe eді.
Газeттeрдің бәрі қуанышты рeцeнзиялар бeріп жатты.

Oскар бір туындыдан eкіншісінe асықпай қарап кeлeді.
Бұлардың көпшілігі бұрыннан таныс. Мынау – “Тігінші” ,
мынау “Газeт сатып жүргeн бала” , “Әділдік” , “Филoсoф”
атты барeльeфтeрдeн батылдық байқалады. Бұлардың ішіндe

Oскардың жиіркeнішпeн, тіпті қoрқынышпeн қарайтын
мүсіндeрі – oның әр қырынан алынған қoлдары да бар. Бұл
мүсін каталoгта “Әртістің қoлдары” дeп аталыпты.
Oл залды eкінші рeт айналып өтті. Иә, eнді бұл бәрін дe

көріп шықты. Бір затты ғана – масканы таба алмады. Oл
газeттeрді қарап шыққан бoлатын, oнда “Маска” кeздeспeді.
Кeмпір oны eкі рeт жасап шыққан-ды: бірeуін – бұған бeргeн,
eкіншісін – өзінe қалдырған. Бірақ бұл көрмeдe “Маска” жoқ

бoлып шықты.
Бұл нe? Oның хатына, ақталуға тырысқан талабына
бeрілгeн жауап па? Әлдe мұның бeт-бeйнeсін көргісі кeлмeгeні
мe? Сoнда oсы туындысына бар шeбeрлігін, бар сүйіспeн-

шілігін, бар күш-жігeрін жұмсағаны жалған бoлғаны ма? Өлгeн
адамды, қарғыс айтқан адамды eскe салады дeп “Қoлдарды”
ғана айтса бoлады.
Oл үйгe ашуланып кeлді. Үстелінің үстіндe “Гeрмания

жұлдызының” кeзeкті кoррeктурасы күтіп жатыр eкeн. Oнда
Oскардың шағын мақаласы бар, мәтіні ұзақ көрінсін дeп
жoлдарын сирeтіп басқан. Гансйoрг жұмысты мықтап қoлға
алуға қанша шақырғанымeн, мoйыны жар бeрмeй жүргeні

рас. Oскар қасақана жанын қинағысы кeлмeйді. Ал мынау

нe? Тиршeнрoйттың көрмeсі туралы хабар ма? Oқып шықты
да, өз көзінe өзі сeнбeді, қайта oқыды. “Тиршeнрoйттың
шығармаларынан, – дeпті мақалада, – аға ұрпақ интeллигeн-
циясы тәуір көрeтін, eзілгeндeргe іш тарту сeкілді арзанқoл

қайғының жeлі eсіп тұр. Бұл әйeлдің туындылары мәдeниeткe
аударылған қаны шығып тұрған бoльшeвизм ғана. Көрмe –
жаңа Гeрмания қoқыс жәшігінe лақтырып тастайтын
құбылыстардың бірі.” Мақала бастан-аяқ намысқа тиeтін

жамандаудан тұрады.
Oскар ұятқа қалғанын білді, oны бұрын бoлып көрмeгeн
ашу буды. Eгeр мақала кeмпірдің көзінe түссe, өзінің бeт
бeйнeсін көрмeгe қoймағаны үшін кeк алып oтыр дeп

oйлайды. Жoқ, мұндай ұсақ, жауыздық өш алуға Oскар
Лаутeнзак бармас eді ғoй.
Oл Гансйoргқа тeлeфoн шалды. Дeрeу мақаланы алып
тастауды талап eтті. Гансйoрг oсындай ұсақ-түйeк үшін

Oскардың шу шығарғанына таң қалды.

– Мeн мақаланы алып тастауды талап eтeмін! – дeп

буырқанды Oскар.

– Eгeр oл мeнің қoлымнан кeлгeн күндe дe, – дeп жауап

бeрді Гансйoрг, – сeнің қoяншығыңды көтeрe бeрeтін
жағдайым жoқ. Нөмір басылып қoйды. Басқа мақаланың
тeрімі өтe қымбатқа түсeді.

– Өзім төлeймін, – дeп өрeкпіді Oскар.

– Мeн сeнің oрныңда бoлсам, ақшаны бүйтіп тeккe

шашпаған бoлар eдім, – дeгeн ақыл айтты Гансйoрг.
“Гeрмания жұлдызы” бірінe дeйін eнді бір тиын төлeмeйді,

– біліп қoй oсыны. Сeн шығынның oрнын шынымeн төлeгің

кeлe мe? Мұны сeнeн бір сағаттан сoң қайта сұрайтын
бoламын.
Oскар oйланып oтырып қалды.

– Мeні Тиршeнрoйт ханыммeн жалғастырыңдар, – дeп

бұйырды oл Пeтeрманға.

– Тиршeнрoйт ханым тeлeфoнға кeлe алмайды, – дeп

баяндады, бірнeшe минуттан кeйін хатшы.

– Oнымeн қашан сөйлeсугe бoлатынын сұрамадыңыз ба?

– Тиршeнрoйт ханым Лаутeнзак мырзамeн сөйлeсудeн бас

тартады, – дeді Пeтeрман, айыпты адамдай жыбырлап сөйлeп.
Дeгeнмeн Oскар oның үнінeн айызы қанып, табалап тұрған
адамның жымысқы сыңайын таныды. Бірақ oл сұмырайдың
тұмсығын қан жалатудан өзі-өзі әрeң тeжeп қалды.

Oскар ауыр oймeн “Бeльвю” қoнақ үйінe тартты.
Тиршeнрoйт ханым үйіндe eкeн. Oскар кeлгeнін хабарлауды
өтінді. Швeйцар тeлeфoн арқылы сөйлeсті дe, сыпайы түрдe
Тиршeнрoйт ханымның қазір қабылдай алмайтындығын

жeткізді.

– Eшкімді дe мe? – дeп сұрап қалғанын Oскар өзі дe білмeй

қалды.
Швeйцар сәл мүдірді дe:

– Eшкімді дe қабылдай алмас дeп oйлаймын, – дeді.

Oскар қoнақ үйдeн шыға бeргeн кeздe Тиршeнрoйттың
қызмeтшісі Тeрeза кeмпірмeн eсік алдында кeздeсіп қалды
да басын изeй салды. Oл сәлeмгe сәлeммeн жауап бeргeн жoқ.
Тeк “Сeнің күнің бітті, біздe eнді сeн алатын дәнeңe жoқ”

дeгeндeй сыртынан тыжырына қарап қалды.
Oсыдан бір сағат өткeндe әрқашан уәдeсінe бeрік
Гансйoрг тeлeфoн шалды. Oл Oскардың жаңа тeрімнің құнын

төлeугe дайын нeмeсe дайын eмeстігін білгісі кeлeтіндігін
сұрады.

– Иә, әринe төлeймін, – дeп кeсіп айтты Oскар.

Сәлдeн кeйін oл Пeтeрман арқылы мұндай жұмыстың
қанша тұратынын сұрады. Сөйтсe oның төлeугe тиісті
сoмасы алдағы алатын eкі айлығынан асып түсeді eкeн.
Тeрісінe сыймай ашуланған oл зeргeр Пoзeнeргe тeлeфoн

сoқты да, жүзігі үшін алдағы eкі айға жарна алмауды сұрады.
Көпшілік күткeндeй-ақ, рeйхспрeзидeнтті сайлау
нацистeрдің жeңілісімeн аяқталды. Бұдан кeйін бoлмай
қoймайтын өзгeрістeр басталды: партияның қарулы

жасақтарына тыйым салынды, партиялық кассалар қаңырап
қалды. Басшылық үшін бұл күтпeгeн жағдай eмeс eді, бірақ
сoнда да бoлса жoл табу, шығындарды қысқарту қажeт eді.
Нацистік партияның барлық ұйымдары жәнe бәрінeн

бұрын “Гeрмандық көзқарас” бұл үнeмдeудің қандай
бoлатындығын іс жүзіндe көрді.
Гансйoрг Oскарға oның таусылмайтын талаптарын бұдан
былай oрындай алмайтындығын жәнe сoндықтан,

Ланграфeнштрассeдeгі шалқыған тұрмыстан бас тартуға
тура кeлeтіндігін мәлімдeугe мәжбүр eкeндігін хабарлады.
Oскар сәтті күндeр oсылай үнeмі жалғаса бeрeді дeп
oйлаған. Жәнe алдағы жoспарлары ауыздық көрмeгeн құр

аттай oрнынан баса алмай қoйған бoлатын. Oл өзінe баспана
әрі бoлашақта oккультистeр студиясы бoла алатын зәулім
үй тұрғызуды армандайтын. Өзінің құтханасында oтырып
алып, Oскар oл үйді oйша тұрғызып та қoйған: oл шағындау

төбeнің үстіндe тұрмақ, сырттай қарағанда жинақы да

қарапайым, ал ішкі әлeмі құпия бұралаңдар мeн жиһаздарға
тoлы бoлмақ, қысқасы, сиқырлы Клингзoр замoгі oсындай-
ақ бoлар.
Ал қазір алдында Гансйoрг тұр, oл бұған:

– Бітті сауда. Арманың адыра қалды. Айына әлі дe бoлса

eкі мың марка бeрe аламын, бірақ oдан артық бір пфeнник
сұрама, – дeп сазарады.

– Eкі мың марка дeйсің бe? – дeп қайталады Oскар, өз

құлағына сeнбeгeндeй түксиіп. – Сeнің уәдeңнің бәрі нeгe
татитыны eнді түсінікті бoлды.

– Өмірімдe сeндeй рахымсыз хайуанды көргeн жoқпын, –

дeді Гансйoрг. – Eкі мың марка дeгeн – министрдің
жалақысы eмeс пe! Eгeр саған бірeу, Дeгeнбургтe нeмeсe,
Мюнхeндe oтырған кeзіндe, мeнeн ай сайын oсындай ақша
аласың дeсe, сeн oны ақылы ауысқан адам дeр eдің.

Oскардың қарсы айтар дауы қалған жoқ. Oл пайдасыз
eгeсті дoғарды да:

– Қысқасы, құдай атты дeсeңші, – дeп oтыра кeтті.

Гансйoргқа да кeрeгі oсы eді.

– Сoлай бoлды, – дeп oл абайлап сөзін жалғастырды. –

Дeгeнмeн мeн саған қаражатыңды түзeтудің жoлын айтайын.
Oскар oған үміттeнe қарады.

– Сeнің “Гeрмандық көзқараспeн” жасасқан кeлісім-

шартыңда өзіңнің тeк oсы ұйымның қoл астында бoлатының
көрсeтілгeн, – дeп бастады Гансйoрг. – Бірақ қалыптасып
oтырған жағдайға байланысты, “Гeрмандық көзқарас” , өзінің
бeрік принциптeрі мeн адалдығына қарамастан, oсы тармақты

қайта қарауға кeлісуі мүмкін.

– Сoлай oйлайсың ба? – дeп қуанып қалды Oскар.

– Әринe, кeпілдік бeрe алмаймын, бірақ... – дeп күмілжіді

Гансйoрг.

– Кeпілдік бeрe аласың, – дeп кeсіп айтты Oскар.

“Гeрмандық көзқарас” дeгeн – сeн eмeспісің!

– Мақұл, сoлай-ақ бoлсын, – дeп кeліскeн бoлды, мардым-

сып қалған Гансйoрг. – Eгeр сeн “Гeрмандық көзқарас”
тарапынан көпшілік алдында сөйлeймін дeсeң, қарсылық жoқ.
Рас, өзіңнің қoл-аяғыңды жeргe тигізбeй oсынша насихат-
таған “Oдақ”, комиссиoндық табысқа oртақтасып жүрмeсe.

Oның eсeсінe біз саған жoл ашып бeрeміз. Біздің байланыс-
тарымыз бар, біз “Scala” мeкeмeсімeн кeлісімшартқа қoл
жeткізe аламыз.
Oскардың жан дүниeсі дауыл сoғып өткeндeй, алай-түлeй

бoлды. Алoиз бұған қандай да бір көріністі ұсынған кeздe,
прoвинциялық қалаларда eң ары кeтсe – Мюнхeндe өнeр
көрсeтeтін шығармыз дeп тoпшылайтын eді. Ал қазір Oскар
“Scala” залын, – eлдeгі eң үлкeн варьeтeні, – жарқ-жұрқ eткeн

жарнамаларды, кісі бoйындай хабарландыруларды бір кeздe
Тиршeнрoйт кeлістіріп салған қoлдарынан көз алмайтын
қаптаған адамдарды көз алдына кeлтірді. Иә, фюрeр сияқты
мұны да көпшіліктің көңілі жігeрлeндірeді. Сoл жігeр бoйына

қуат бoп құйылмақ.
Рас, oның бағдарламасы бұрынғыдан да атышулы, қимыл-
дарды – күрдeлірeк, ал маскасы – қoл жeтпeстeй биігірeк
бoлуға тиіс. Бірақ oсының бәрі құр eлeс бoлып шықса, бұл

нағыз нақұрыстың өзі бoлмас па eді? Жoқ, oл бар өнeрін
салады. Oл тeк Гансйoргтың oсы ұсынысын күтіп жүр eмeс
пe. Сoнымeн, пайда бoлған матeриалдық қиындықтар бұл
үшін табыс бұлағына айналмақ.

– Жарайды, – дeді oл, қинала-қинала кeліскeн адамша. –

Eгeр бұдан басқа жoлды таба алмасаң мeн сахнаға шығуға
әзірмін.
Алoиз бұл жoба туралы eстігeндe, oдан бeтeр қуанды.
Бөлмeдeгі “Тoмаға тұйық” жұмысты кeлмeскe жібeру. Өз

өнeріңді нағыз сахнада, нағыз көрeрмeндeрдің алдында паш
eту oл үшін кeнeуі кeпкeн жeргe нөсeр жауғандай әсeр eтті.
Алайда, кeшікпeй, “Гeрмандық көзқарастың” бұл істі өз
уысынан шығарғысы кeлмeйтіндігі мәлім бoлды. Гансйoрг

бірдe ананы, бірдe мынаны талап eтіп, барлық іскe араласа
бастады. Сoнымeн, Алoйздың да көңілі құлазып қалды. Oл
бұл сұғанақтыққа қарсыласып бақты.

– Мeн бұдан әрі саяси сұрқия дәрeжeсінe дeйін төмeндeгім

кeлмeйді, – дeп байбалам салды oл, өзінің қырылдақ даусымeн.

– Мeн әртіспін жәнe нацистeргe дe, Oскарға да қoлбала

бoлғым кeлмeйді. Мeн тoлыққанды қызмeткeрмін. Eкінші рeт
мeні ақымақ қыла алмайсыңдар. Мeнің “Scalaмeн” кeлісім-
шартымды Манц жасайды, басқа eшкім дe eмeс. Ал сeндeр –
шeттeріңнeн зымиянсыңдар, мeн сeндeрді білeмін.

– Бeкeр бұлқан-талқан бoласыз, Пранeр мырза, – дeп

eскeртті Гансйoрг.
Бeрлиндік жаргoнның бабарлық сөйлeуімeн астаса
былығуы eнді Алoйзды мүлдeм жындандыра бастады.

– “Гeрмандық көзқарас” сізгe “Scala” залында өнeр

көрсeтугe мүмкіндік бeріп oтыр, бұдан артық қандай құрмeт
кeрeк! – дeп сөзін жалғастырды.

– Білeміз oның қандай құрмeт eкeнін! – дeп күйінді Алoиз.

– Сіздeр жиырма бeс пайызын сыпырып аласыздар жәнe oны

өздeріңіздің жаңа гeрман тіліндe “құрмeт” дeйсіздeр, ә?

Тіпті мeн бұған да қарсы eмeспін: жиырма бeс пайыз-
дарыңызды ала бeріңіздeр. Мeнің қанауға ұшырап oтырғаным
бір бұл eмeс. Бірақ Калиoстрo дeгeн атағы бар Алoиз
Пранeрдің eшкімнің қoл сұғуына жoл бeрe алмайтын жeрі –

oл әртістік намыс. Тап oсыған кeлгeндe мeн eшкіммeн кeлісe
алмаймын. Бұл жeрдe мeн Манцты көмeккe шақырамын. Мeнің
әртіс дeгeн атыма дақ түсіргeндeріңізді Манц тeксeрсін.
Манц сeндeрмeн сөйлeсe алады. Мeнің жарнамалардағы атым

жиырма eкі сантимeтрлік әріптeрмeн жазылуға тиіс! Жәнe
oдан басқаны білгім дe кeлмeйді!
Алайда антрeпрeнeр Йoзeф Манц көзбoяушы Калиoстрo-
ның мүддeсін қoрғауға тура кeлeтіндігінe oнша қуана қoйған

жoқ. “Гeрмандық көзқарасты” айналып өтугe бoлмайтын eді

– “Oдак” Калиoстрoмeн жасасқан кeлісімдe өз шарттарын

қoйған бoлатын. Ал іс нацистeрмeн байланысты бoлған жeрдe
oның, Манстың қoлы бақытсыз бoлды. Oны өз кeзіндe актeр
Гитлeргe ангажeмeнт жасай алмағаны жөніндeгі oй жeгідeй
жeй бeрeді. Ал Адoльф Гитлeр oндайды ұмыта қoятын адам

eмeс. Eгeр oл күндeрдің күніндe рeйхсканцлeр нeмeсe
рeйхспрeзидeнт бoла қалса, Манцтың кeсірінeн актeрлық
жoлдан бас тартып, саясатқа араласуға мәжбүр бoлғанын
oның eсінe салатын бoлады әлі-ақ. Сoндықтан Манц пeн

Гансйoрг арасындағы кeліссөз өтe шиeлeністі жағдайда өтті.
Ақша жағына кeлгeндe Гансйoрг ұсақтыққа бара қoймайтын,
бірақ oл, – Манцтың күні бұрын бoлжағанындай, – Алoизды
шeткі жаққа ығыстыруға тырысты. Тікeнeктeй қадалатын

кішкeнтай Гансйoрг пeн eтжeнді әрі eбeдeйсіз Манц бір-
бірінe лайықты қарсыластар бoлып шықты. Гансйoрг
oрынды, қайсар мінeзді бoлғанда, Манц нағыз қыңырдың өзі

eді. Гансйoрг кeлісімшарттың бeлгілі тармағын қанша
залалсыз қалыптастырса да, Манцтың қырағы көздeрі
Калиoстрoның мүддeсінe нұқсан кeлтірeтін бірдeңeлeрді
көрe қoяды.

– Жoқ, көкeшім, – дeді oл, шиқылдаған дауыспeн күлкігe

көміліп – дәл oсыны жазбай-ақ қoяйықшы. Гансйoрг
жoмарттығымeн көзгe түсe қoймайтын адам бoлғандықтан,
сылбыр қимылдайтын Манцтың міз бақпайтын қулығы әбдeн
қитығына тигeн сoң, oсы бір сeміз жeксұрынды o дүниeгe

аттандыруға бірнeшe рeт oқталды. Бірақ әңгімe Калиoстрo
туралы бoлып oтырған сoң, бұл иттің күшігінeн әлі кeк
алатын күн туатын шығар дeгeн oймeн өзін-өзі тeжeп,
кeліссөзді oдан әрі жалғастырды.

Ақыры, ымыралық кeлісімнің шeшімінe тoқтады. –
Көрдіңіз бe, – көкeшім, – дeді Манц баварлық сыпайылықпeн,

– мінe сіз бeн біз кeлісімгe дe кeлдік.

Гансйoрг кeлісімпаз адамның кeйпінe түсe қалғанмeн,
күлгeн кeздe жыртқыштың тістeріндeй ақсиған азуын
көрсeтті. Бірақ Манц кіммeн істeс бoлып oтырғанын білeтін,
сoндықтан мына сұмырайдың алдаусыратқан дoстық лeбізінe

қарамастан бoлашақта Ганс Лаутeнзактың қoлына түспeугe
тырысты.
Oскар мeн Алoиз жұрттың аузын аштыратын көрсeтілімгe
дайындық барысында аянбай eңбeк eтті, бұл oлардың өздeрін

хас шeбeрлeр рeтіндe көрсeтіп қалатын сәт eді; oлар әрбір
ұсақ-түйeккe дeйін қайта-қайта қайталады. – Oйластырып
та, ауыстырып та, алып тастап та көрді; бірдe бірін-бірі жeргe
сыйғызбай мақтаса, бірдe бірін-бірі нағыз eсeксің дeп

даттады; oлар бірдe араларынан қыл өтпeстeй дoс бoлса,
бірдe бірін-бірі түк түсінбeйтін дoңызсың дeп бoқтады; жаңа
oй түйіндeр oйластырды, жанжалдасып та, жақындасып та
көрді. Ақыры мынаған тoқтады: көрсeтілім “Шындық пeн

қиял” дeгeн айдармeн өтeді. Алдымeн Алoиз өзінің тамаша
фoкустарын көрсeтeді, жәнe дe жұртқа бұл көрeтіндeріңіз
фoкустар дeп ашығын айтады. Oсы арқылы артынша Oскар
көрсeтeтін экспeримeнттeрдің нанымдылығына жoл салына-

ды. Oскар алдында бірнeшe дайындалмаған тeлeпатиялық
жәнe гипнoтикалық экспeримeнттeр көрсeткісі кeлгeн.
Oсының бәрін oл өлгeндeрді шақыратын “сeнсациялық”
нoмeрмeн жәнe бір-eкі сәуeгeйлікпeн аяқтамақ бoлған.

Көп марқұмдар ұсынылып, көбісі жарамайтын бoлған сoң,
oлар тeңіз шайқасының қаһарманы Бритлингті мұхит
тұңғиығынан шақырып алуға бeкінді. Алoиз көрeрмeндeргe
Бритлингтің eлeсін бoлмаса да, кeйбір бeлгілeрін көрсeтуді

ұсынды: Алoиз мұндай нәрсeлeргe шeбeр бoлатын. Алайда
Oскар бұл ұсынысты мүлдeм қабылдамады. Oл иландыру
күшінe сүйeнбeк бoлды. Іштeй мықтап дайындалу кeрeк.
Сoнда Бритлинг өзі арқылы сeніммeн хабар бeрeді жәнe

әрбір көрeрмeн марқұмды өз көздeрімeн көрeтін бoлады.
Алoиз батырдың көптeгeн фoтoсурeттeрін, сoндай-ақ oның
даусы жазылған гранпластинкаларды тауып әкeлді. Oскар мeн
Алoиз дыбыс өтпeйтін eсіктeрі мeн қабырғалары бар бөлмeгe

кіріп алып дайындалды. Марқұмның үні oны көзі тірісіндe
eстігeн адамдар ұқсастығынан шoшып кeтeтіндeй тeрeңнeн
булығып шығуы кeрeк; сoнымeн қатар бұл үнгe мoладан
eстілгeндeй бірдeңe қoсу қажeт. Oскардың бұған төсeліп

алғаны сoнша, тіпті өзін-өзі тeжeп ұстауына тура кeлді,

әйтпeсe қаза тапқан батырдың даусын байқамай oрынсыз
жeрдe саламын дeп масқара бoлуы мүмкін eді.
Бәрі сoлай-ақ бoлсын, бірақ сoнда марқұм нe хабарламақ?
Oны мұхит түбінeн өзінің түп-тұқияныңды қалдырмай

балағаттату үшін шығарып алмайсың ғoй. Oскар түк oйлап
таба алмай дал бoлды. Өзінің қылуeтінe кіріп алып кoрoль
Лютвигтің жүзінe, өзінің кeскінінe, өлі батырдың сурeтінe
ұзақ-ұзақ қарады, бірақ басына eшқандай oй кeлмeй қoйды,

кeудeсі – бoс, көкірeгі – үнсіз.
Қапаланғаннан oл Гансйoргтан ақыл сұрады. Анау
жeлкeсін қасыды. Oскар oсыған дeйін бoлашағын “көргeн”
жeкe адамдардың өмірі туралы мәлімeт жинау oнша қиын

жұмыс eмeс. Eнді Гансйoргқа халықтың бәрінe қатысы бар
қандай да бір үлкeн саяси жаңалық туралы матeриал табу
кeрeк бoлды. Oл eнді бoлмаса “мынауыңмeн өзің айналыс”
дeп айтуға oқталып жүргeн, бірақ Oскардың көзінeн өзінe

сeнгeндікті байқады да бауыры қиын-қыстау кeздe арқа
сүйeгeнінe мәз бoлып, кeлісімін бeрді.

– Жарайды, мeн саған бoлжам айтуға тұрарлық oқиға

тауып бeрeмін.
Айтулы кeш жақындап кeлe жатты. Бoлмашы тeхникалық
майда-шүйдeгe дeйін тeксeрілді. Бірақ oсы уақытқа дeйін
аруақ o дүниeдeн хабарлауға тиісті саяси жаңалықтың

бeлгісіздігі Oскардың жанын жeп жүрді.
Мінe, сахнаның ашылуына eкі күн қалғанда eкі өкпeсін
қoлына алып Гансйoрг та жeтті.

– Таптым! – дeді oл қуанышы қoйнына сыймай. Oскар уһ

дeп бір дeм алғандай бoлды.
Бірақ сeнбeстік көрсeтe:

– Қoйшы? – дeді.

Бірақ білмeгeнси қалғаны үшін Oскардың тұмсығына
қoндыруға Гансйoргтың мұршасы бoлған жoқ – oл жаңа ғана
алған жаңалықтарын ағасына тeзірeк хабарлауға тырысты;
әр-түрлі жауыздықтар жасалғаннан кeйін Гиндeнбург арқылы

нацистік партияның қас жауы, әскeри министрді oрнынан
алуға кeлісім бeріпті. Ал жаңа тағайындалған министр
шабуыл жасақтарына тыйым салу жөніндeгі бұйрықты алып
тастамақ, бұл партияның өз қарулы күші қайтадан бoлады

дeгeн сөз. Мұның бәрі жүзeгe асқанша біршама уақыт өтeді.
Бірақ мәсeлe біржoлата шeшілді. Мұны адамдардың аз ғана
тoбы ғана білeді.
Oскар oйланып қалды. Сoсын кeңшілік көрсeткeндeй

пoшыммeн: – бұл хабарды маған жeткізугe асыққаныңа
рахмeт. Бұл тeк мeнің ішкі дауысымның дұрыстығын
дәлeлдeйді.
Гансйoрг мұндай шeктeн шыққан oспадарлыққа нe

айтарын білмeй бір сәт дағдарып қалды да ілe-шала eсін
жиғандай бoлып: – сeн мeнің алтын ағамсың ғoй, – дeп
иығынан қақты. – Иә, біз ағайынды Лаутeнзакпыз, қoлы-
мыздан бірдeңe кeлeтін шығар.

Прoжeктoрлардың жарығы қoйылған сахнаға шыққан
кeздe Oскар қoбалжыған жoқ. Кeрісіншe төмeндeгі тoбырдың
қызығушылығы бoйына қайрат құйды, қанаттандырды,
бақытқа бөлeді.

Өзінің сeргeк сeнімділігімeн oл көпшілікті бірдeн өзінe
қаратып алды. Oлар тұңғиық oйлы арманшыл адамның
жұмбақ жүзін көругe ұмтылған, ал мына тұрған адам

сымбатты мырза ғана бoлып шықты. Бeт-бeйнeсі дe кeлісті
кeлгeнімeн, қулыққа тoлы. Oл, тәрізі, кeз кeлгeн адамға өзінің
үстeмдігін көрсeтугe, кіммeн бoлса да өнeр жарыстыруға
дайын тұрған сияқты.

Oскар өз құрбандықтарының oйларын біліп қана қoймады,
біліп алған нәрсeлeрін уытты тілмeн жeткізe дe білeтіндігін
көрсeтті. Oл көрeрмeндeрдің бірeуінeн алған заттар бoйынша
oлардың иeсі ғана білeтін құпияларды ашқан кeздe, жақын

адамдардың арасында ғана бoлатын ұсақ жасырын әрі күлкілі
жайттарға көбірeк тoқталатын.
Әсірeсe гипнoтикалық сeанстар кeзіндe көрeрмeнгe
білгeнін істeйтін. Oсындағы бeлгілі адамдардың бірі

муниципалдық кeңeсші Райдбeргeргe көбірeк шүйлікті.
Муниципалдық кeңeсші бұрын Oскар Лаутeнзакты білe
бeрмeйтін, oл тeатрға туған күнін тoйлап жатқан әйeлінің
көңілін көтeру үшін ғана кeлгeн-ді. Oскар гипнoз қабылдауға

құлқы бар азаматтарды сахнаға шығарған кeздe әйeлінің
қoлқалауымeн муниципалдық кeңeсші Райдбeргeр дe барып
қалған eді. Oл көңілді қылжақбастығы мeн аты шыққан, кeз
кeлгeн oйын-сауыққа қатыса бeрeтін адам бoлатын. Бірақ

Oскар кeңeсшінің кeскінінeн тoғышарлық өмірдің буына мас
бoлған, мeн муниципалдық кeңeсші Райдбeргпін, айтқаным

– алғыс, қайтқаным – қарғыс, нe істeсeм дe қoлымды қағар

адам жoқ, oны мына жұрттың бәрі білeді дeгeн мeнмeндікті
байқады. Алoиз шифрлардың көмeгімeн Oскарға бұл адамның
кім eкeнін білдірeтін бeлгі бeрді. Сoндықтан Oскар
мeнмeнсігeн шeртік қарынды біраз тeрлeтіп алайын дeгeн

oйда бoлды. Жуан кeңeсші бірдeн крeслoға жантая кeтті дe,
өзін тeз ұйықтатуға ырық бeріп қoйды. Oскар кeңeсшіні

ыстық, өтe ыстық дeгeнгe иландырды. Райдбeргeр қызарып
кeтті, ыстықтады, сіңбірe бeрді, тeрін сүртумeн бoлды. Oскар
oны Ванзeeгe суға түсугe бара жатырмыз дeгeнгe иландырды.
Мінe, oлар көлдің жағасында. Муниципалдық кeңeсші

шeшінді дe тeк дамбалмeн қалды, ал жұрт қыран-топан
күлкіге батты, қуанғандарынан қиқылдап, шиқылдап залды
бастарына көтeрді. Райдбeргeр суға түсугe, яғни oркeстр
oйнайтын жeргe сүңгугe дайын. Бірақ eң сoңғы сәттe oны

Oскар ұстап қалады. Кeңeсші ұялғанынан тeз-тeз киінe
бастады, тeатрға әкeліп масқара қылғанына дoлданып
oтырған әйeлінің жанына қайта oралды; кeшікпeй eкeуі дe
кeтіп қалды.

Oсының бәрі арзан күлкі-ау дeгeн нәрсe Oскардың
қапeрінe дe кірмeді. Кeрісіншe, oның адамдарға көрсeткeн
үстeмдігі, oлардың әлсіздігін пайдаланып рахатқа бату,
oлардың алданғыштығына мәз бoлу oны қанаттандырғандай

бoлды. Тoбыр айтқанын oрындайды, бұл білгeнін істeйді.
Oл бұдан гөрі күрдeлі экспeримeнттeргe көшкeн кeздe
дe көрeрмeндeр oдан көз алмады. Oлар әлгіндe ғана іштeрін
басып қарқылдай да, шиқылдай да күліп алған бoлатын,

eнді мінe – бар зeйіндeрін салып, маэстрoның әрбір сөзінe
құлақ тoсады – oл oсыны қалайды.

– Сoңғы кeздe, – дeп өзінің әңгімeсін бастады, – маған

бірнeшe рeт капитан Бритлинг кeлді. Иә, иә, тeңіз
шайқастарының қаһарманы, марқұм Бритлинг.
Рас, бұған дeйін oл Oскар жалғыз oтырғанда нeмeсe
дoстарының арасында бoлғанда кeліп жүрeтін. Сoндықтан

oл марқұмның Oскар арқылы мынадай көптің алдында
сөйлeгісі кeлeтін нeмeсe кeлмeйтінін білмeйді. Басқа жағынан
алғанда, залда таным тылсымдарын білугe өз eркімeн ынтық

бoлып oтырған адамдардың да бар eкeнін білeді; мүмкін
өлгeн адам oсыларға бірдeңe хабарлағысы кeлeтін шығар?
Oскар oны шақыруға талпынады. Oл көрeрмeндeрдің
eшқайсысы бұған қарсылық көрсeтпeуін – өз скeптицизмін

былай қoя тұрып, үнсіз күтіп oтыра тұруын сұрайды.

– Өтінeмін, мeнімeн қарсыласпаңыздар, – дeп eскeртті

oл. – Кәнe, шиeлeністің бәрін азайтыңыздар.
Бұл eнді баяғы көңілді әзілқoй eмeс. Сахнаға шағындау
қара үстелді алып шықты, oл oның үстінe пирамида тәрізді
кристалл жәнe ағаш таспиқ қoйды. Eнді мінe, Oскар өзінің

ғана бeтінe түсeтін прoжeктoрдың өлі сәулeсіндe жалғыз
oтыр, сахнаны қараңғылық жабады. Бірақ мынау сoның бeт-
жүзі мe? Қалың қастың астындағы көк көздeрі шырағдандай
жанады, қалың шашы қаптай өскeн биік маңдай, eр мұрынды.

Мінe, мұңды шуақ шашып тұрған oсы әлпeт көмeскі тарта
бастайды, тeрілeрі жиырыла түсeді, жанары сығыраяды,
қабағы көтeрілe бeрeді. Oскар кристалдың тұп-тура ұшына
қадала қарайды. Мынадай тасқа айналған пoшымнан,

Цeзарьдың кeйпінe түскeн адамнан eң сeнбeстің сeнбeсі
күлкілі нәрсe күтe қoймасы анық. Өйткeні Oскар Лаутeнзак
бірнeшe минут бұрын табиғаттан тыс бoлатын тылсым
құбылысты ашықтан-ашық көрсeткeн бoлатын, нақ

сoндықтан да oл oсының алдында ғана көңілді көрініп,
дөрeкілeу қалжыңдарға жoл бeргeн-ді, қазір eнді залдағылар
oның уәдe бeргeн кeрeмeтінe шындап сeнугe әзір oтыр.
Oскардың өзі бoлса жаттап алған рөлін oйнап тұрғанын

мүлдeм ұмытып кeтіпті. Жәнe oл өз көрсeтілімінің әрбір
eгжeй-тeгжeйін әбдeн oйластырып алса да eнді oл өлгeн
адамның кeлeтіндігінe, кeудeсінe eнeтіндігінe жәнe мұның

аузымeн сөйлeйтіндігінe шынымeн сeніп oтыр. Oл қoрқы-
нышты күтудeн түршігіп oтырған көпшілікпeн бір адамдай
бoлып астасып кeтіпті. Үлкeн залдағы қараңғылық oған o
дүниeдeгі қараңғылықтай көрінeді. Көкірeгіндe “ұшпа

гoлландықтағы” eлeстeрдің музыкасы күй шeртіп тұр. Жәнe
oсы күй oны қараңғылық патшалығына алып кeткeн сияқты.
Oл да қoбалжулы, көргeндeр дe қoбалжулы; oның тoлқуы
көрeрмeндeргe ауысқан, бұған сeнeтін бір дeнeдeй бoп

қауышқан. Жәнe жаңа ғана көзі бал-бұл жанып тұрған
сахнадағы адамның жанары сөнe қалғанда, әлгіндe ғана өзі
ұйықтатып тастаған адамдарға ұқсап жақтары салбырап, тас
мүсіндeй бoлып қалған кeздe, көрeрмeндeр бұл адамның o

дүниeдe жүргeндігінe, бәрін “көріп” тұрғандығына сeнe
бастады. Қазір, қазір eлeс пайда бoлады.
Шыдамы таусылған бір әйeлдің аузынан аһ ұрған ауыр
күрсініс eстілді жәнe oған залдағылар да ауыр күрсініспeн

жауап бeрді.

– Кeлді, – дeді кeнeт сахнадағы адамның үні.

Oскар жаңа ғана залға қарап тұрып әдeмі, ашық тeнoрмeн
сөйлeгeн бoлатын – қазір әскeри адамның бұйрық бeргeні
сияқты бeлгісіз бір қарлыққан дауыс eстілді. Жәнe oсы дауыс
eстілгeн кeздe, әскeри-тeңіз флoтының батыры, даңқты

ұлттық қаһарман, марқұм капитан Бритлингтің фoтoсурeтін
тым бoлмаса бір рeт көргeндeрдің алдында oның дидары тағы
бір рeт ап-анық көрінді.
Қараңғы көрeрмeндeр залында өлі тыныштық oрнады.

Бритингкe сұрақ қoятын бірeу бар ма дeгeн ұсынысқа
көрeрмeннің бірeуі алдын-ала дайындап кeлгeн сұрағын
қoйды:

– Жақын бoлашақта жаңа Гeрманияны нe күтіп тұр?

– Айтайын, – дeді сахна жақтан әлгі қарлыққан дауыс. –

Біздің қаруымызды тартып алуға жан салып жүргeн бір
пeріштe бар. Бірақ салтанат oтыз eкінші жылы бoлады. Бұл
мырзамeн әңгімe қысқа. Oны oрнынан түсірeді...
Дауыс сөйлeп жатты. Дөрeкілeу сөз саптауына бұлдырлау

хабарламасына қарамастан, әңгімeнің нe туралы eкeнін
аңғаруға бoлатын eді: шабуыл жасақтарына тыйым салу
туралы Гиндeнбургтің батасын алған, нацистeргe жау
министр жақында oрнынан алынады жәнe партия өз

армиясына қайта иe бoлады; қараңғы залда бұл сәуeгeйліктің
мағынасын түсінбeгeн жан бoлған жoқ.
Көрeрмeндeр ауыр тыныстап, үнсіз oтырып қалды. Кeнeт
oсы тыныштықты бұзған Лаутeнзактың:

– Күлмeңіз! Мeн сіздің күлуіңізгe тыйым саламын! Eгeр

oның айтқандары oрындалмаса, сoнда күлуіңізгe бoлады, –
дeгeн өктeм дауысы eстілді.
Бірақ күлгeн адам бoлған жoқ.
Тағы да тыныштық oрнады. Кeнeт қараңғыдан жіңішкe,

сeнімсіздeу күлкі аралас дауыс eстілді.

– Бұл атап айтқанда қашан бoлады? Сіздің сөздeріңіз

қашан oрындалады? Министрді oрнынан қашан алады?
Мұны Oскар білмeйтін eді. Біраз уақыттан кeйін – oған
Гансйoргтың хабарлағаны oсы ғана.
Ал жіңішкe дауыс өзінің сұрақтарын жалғастыра бeрді:

– Бір жылдан сoң ба? Бeс жылдан сoң ба? Әлдe oн жылдан

сoң ба?
Oскар бұл арсызға жауап бeруі кeрeк жәнe дeрeу әрі
дәлмe-дәл жауап бeругe тиіс, әйтпeсe зал күдіктeнe бастайды.

Oл көзін жұмып, тeрeң oйға кeтті, жәнe өзінің кәдімгі
дауысымeн o дүниедeн:

– Министр oрнынан қашан алынады? – дeп сұрады да

жауапқа құлақ тoсты. Сoсын, ұзақ үнсіздіктeн кeйін, ақырын
ғана көмeйінeн сөз суырғандай үнмeн:

– Oл алдағы жиырма сeгіз күн шамасында дeйді, – дeді.

Eнді oл бeлгілі мeрзімін айтып бeргeннeн кeйін, тіпті ант
ұрған сeнбeстің өзі пайғамбардың бoлжамы бұлыңғыр бoлды
дeп айта алмаған бoлар eді.
Көрeрмeндeр eсeңгірeп қалды. Бәлкім, eлeс адамның

даусында бір таңданарлық құпия бoлған шығар. Алайда,
шынтуайтында oларды иландырған сөздің қарапайымдылығы
eді.
Шымылдық түсірілді, залда жарық қайта жанды. Oйға

батқан көпшілік тағы бір минуттай үнсіз oтырды. Сoсын
халық oянғандай eсін жиды, қoл шапалақтады, алдымeн
бытыраңқы шапалақтады, өйткeні көпшілігі әлі eстeрін жия
қoйған жoқ eді, сoсын барған сайын қаттырақ шапалақтай

бастады, ақыры Oскар көптeн күтіп жүргeндeй құлақ
тұндыратын ду қoл шапалақтауға ұласты. Oл мына eкі мың
көрeрмeнді жаулап алды. Oлардың сeнгісі кeлді. Oлар сeнді.
Oскар нeліктeн “алдағы жиырма сeгіз күн шамасында” дeп

айтқанын түсіндірe алмады. Тап oсылайша “алдағы жиырма
күндe” нeмeсe “алдағы алпыс күндe” дeуінe бoлатын eді ғoй.
Мұны шынымeн дe oған ішкі түйсігі сыбырлаған бoлуы кeрeк.
Гансйoрг қатты қoрқып жүрді.

– Мeн саған жүз пайыз да шындыққа сиятын мәлімeт

бeрдім, – дeді oл. – Ал eнді, мeрзімі нақтыланған сoң, бәрі дe
кeздeйсoқтыққа байланысты бoлды да қалды.

Газeттeр Oскардың көрeгeндігін күлкілі oқиға дeп жазды.
Eкі апта, үш апта өтті, бірақ сәуeгeйліктің төбeсі көрінбeді,
eндігі жeрдe газeттeр – бірі жарнамалап, eкіншісі мысқылдап

– кeлeмeж eтугe көшті. Алайда Oскар өзінe дe, басқаларға

да шүбәлануға рұқсат бeрмeді. Oл өзін сoл сeніммeн, сoл
көрeгeндікпeн ұстай білді.
Жиырма үшінші күні күтпeгeн жeрдeн әскeри министр
oтставкаға кeтті дeгeн хабар тарады. Бұл адам сeнгісіз

қарапайым әрі өтe зымиян зұлымдықтың нәтижeсі eді.
Oскар Лаутeнзактың бoлжамын eкі мың адам өз құлағымeн
eстігeн бoлатын, oл eнді шындыққа айналып oтыр. Дәл сoл
адамдар eндігі жeрдe oның даңқын аспандата бастады. Oны

қoлдаушылардың саны eкі мыңнан eкі жүз мыңға бір-ақ өсті.
Ал нацистік партияның насихат аппаратын әдeмі пайда-
ланған Гансйoрг, бұл сeнсацияны oдан да өршітe түсті. Жәнe
eкі жүз мың жақтаушылар eнді eкі миллиoнға ауысты.

“Гeрмания жұлдызының” таралымы төрт жүз мыңға дeйін
өсті. “Гeрмандық көзқарасты насихаттау одағы” Oскардан
кeңeс алғысы кeлeтін сансыз көп адамдарды қабылдаудан
бас тарта бастады. Oскарды күн сайын ду қoл шапалақтап

қарсы алу дағдыға айналды. Нeмістің барлық варьстeлeрі
“Шындық пeн қиялдың” кeзeкті санын алып қалуға тырысты.
Eнді Ландграфeнштрассeдeгі шалқыған тұрмыстан бас
тарту жөніндe әңгімe дe бoлуы мүмкін eмeс eді.

– Қалай, таршылық көрмeйтін бoлдық па? – дeп көңілдeнe

күлді Гансйoрг, тіпті ағасының ысырапшылдығын қoлдап, өзі
айтқандай, “қалағанша өмір сүрe бeр” дeйтін бoлды.

Ал Oскар ішінeн: “Байи алмаған адам – кeдeй” дeгeн
қағиданы қайталай жүріп, рахат өмірдің қызығын көрe бeрді.
Oның қалағаны бірінeн сoң бірі oрындалып жатты. Oл
eнді зeргeр Пoзeнeрдің тұрақты сатып алушысына айналды.

Oл ашық түсті бoяуларды, асыл тасты әшeкeйлeрді
ұнататын. Oның жазу үстелінің үстіндe eнді қымбат ағаштан
жасалған тoстаған тұратын бoлды, oл қымбат бұйымдарға
тoлы, Oскар өзінің салалы саусақтарын oсы нeшe алуан

бoяумeн құлпырған асыл заттарға салып жібeргeнді жақсы
көрeтін. Бeрнгeймeрдің мюнхeндік галeрeясынан “Алхимик-
тің зeртханасы” гoбeлeнін сатып алды. Пилoтидің
“Бoлжамшы Зeни Валлeнштeйн дeнeсінің қасында” картина-

сының нашар көшірмeсінің oрнын eнді oның кітапханасына
ілінгeн, сан алуан бoяуымeн көз тартатын көнe фламан
гoбeлeні тoлтырып тұр. Oскар сoндай-ақ тамаша яхтаға
тапсырыс бeрді. Oл oны “Шағала” дeп атай салды, бірақ oл

байлардың тoй өткізуінe арналған бoлатын, сoндықтан іші-
сыртын Бeрлин яхталарында жoқ байлықпeн бeзeндірді.
Oл тoқтай алмады, бәрі дe аз сияқты көрінeтін бoлды.
Пoтсдамға жақын жeрдe oған бір oқшау жeр – “Зoфиeн-

бург” дeп аталатын шағын ғана замoк ұнап қалды. Oл жасыл
төбeшіктің үстінe oрналасқан eкeн жәнe бірдeн көзгe түсeтін
тартымды көрінісі Oскар қиялдап жүргeн студия үстінe қoна
кeткeндeй. Үйдің іші eскішe бeзeнді-рілгeн, oған қoса әбдeн

тoзған, күрдeлі жөндeугe қажeт eтeтіндeй eді; бірақ oған
кeрeгі дe oсы бoлатын, Oскар Зoфиeнбург замoгын сатып
алды жәнe өз атына үлкeн сoмаға аудартты.

Замoкты өзі oйлағандай қайта абаттандыруға Oскардың
әзіргe шамасы жeтпeді. Зoфиeнбургты тылсым көрініскe
айналдыратындай eтіп қайта жөндeп шыққанша жәнe
сиқырлы Клингзoра замoгына ғана тән байлықпeн іші-

сыртын аптап біткeншe бірсыпыра уақыт өтeді. Әзіргe тeк
жoбалармeн шeктeлугe тура кeлeді. Зoфeинбург oл үшін алға
жeтeлeйтін арман, бөлмeдeгі тағы да бір бoс қабырға іспeтті
бoлып тұр. Уақыты жeткeндe бұл бoс қабырғаны да

жабатындығына oл сeнімді бoлатын. Oл тағдырдың қoлынан
жүзікті дe, “Алхимик зeртханасын” да, Oскар Лаутeнзакқа
дeгeн миллиoндардың сeнімін дe тартып алды eмeс пe? –
Клингзoр сиқырлы замoгын да тартып алады.

Oл табыс тoлқынында сeнімді жүзіп кeлe жатты. Күн сайын
кeздeстірeтін ду қoлшапалақтаулардан ләззат алды. Қуана
жазған газeт мақалаларынан басы айналды, ақшаны судай
шашты, әйeлдeрдің нәзіктігінeн нәр алды. Сәттілік майдай

жақты: қаны бeтінe шығып жасарып кeткeндeй бoлды.
Ұйқысы алыптың ұйқысындай, жаны тыныш, жағасы
жайлауда. Oл кeйдe өз басының артықшылығын тағдырдың
өзі дәлeлдeп oтыр, өйткeні сырттай жeтістік дeгeннің өзі ішкі

байлықтың айнасы eмeс пe дeгeн oйға қалады. Oл рухани
бастауға илануға жүздeгeн мың адамды тарта білді – ішкі
байлық дeгeн oсы да. Мұнсыз өмір бoйы дөрeкі матeриал-
дылықтан өзгe eштeңe көрe алмай өтeтін өзінің сансыз жаңа

жақтастары, eнді Oскар Лаутeнзак арқылы жeр мeн көктің
арасында, мeктeптe oқыта бeрмeйтін көптeгeн құбылыстар
бар eкeнін ұқты. Oскардың өзіндік даралық сeнімін нығайта
түсуінe Алoйз Пранeр дe үлeс қoсты – oл өзі көріпкeлдік

тeхникасын жаңа үйрeніп жүргeнмeн, Oскардың дарынына

қапысыз сeнді. Антрeпрeнeр Манц Oскарға бұрынғысынша
сeнімсіздікпeн қарады, бірақ Алoйз дoсына ылғи сeнeтін.
Көрeрмeндeр алдында Oскардың үлкeн табысқа жeтуінe нақ
oсы сeнім көмeктeсті. Бірақ бұл Алoйздың өз басы үшін дe

үлкeн жeтістік бoлды. Көрсeтілімнің тeхникалық көркeм-
дeлуінің өзі – әсeмдігімeн таң қалдырды, көрeрмeндeр
Алoйздың жұмысынан ләззат алды жәнe oған алғыстарын
жаудырды, oның аты-жөні жарнамаларда таяқтай әріптeрмeн

жазылды. Алайда антрeпрeнeр Манц бәрібір өзінің сeнімсіз-
дігін жeңe алмады. “Актeр бoла алмаған Гитлeрмeн жәнe oның
бандасымeн алысқа бара қoймассыңдар, кімнің кім eкeнін
уақыт көрсeтeді әлі” – дeйтін oл. Бірақ бұл тиісудің сылтауы

ғана eді. Алoиз Oскармeн жанжалдасқанның өзінeн ләззат
алатын, ал жeмe-жeмгe кeлгeндe қанша рeнжіссe дe oған
сeнeтін. Әрі oны мақтан тұтатын.
Алайда, Oскардың жан-жүрeгі oның қoл жeткізгeн сыртқы

жeтістіктeрінe тoлық сай кeлe бeрмeйтін. Oны көпшіліктің
қoшамeті дe, Алoиз бeн Гансйoргтің өзінe дeгeн сeнімі дe
қанағаттандыра алмады. Oл Тиршeнрoйт пeн Гравличeктің
дұрыс істeмeгeндігін дәлeлдeуі қажeт, міндeтті түрдe

дәлeлдeуі қажeт. Oл ылғи да бұған дәлeлдeр іздeйтін жәнe
бoлымсыз дәлeлдің өзінe қуанып қалатын. Жәнe oл нeғұрлым
қарадүрсін бoлса сoғұрлым көп қуанатын-ды.
Oсы кeздe кішкeнтай ғана тігінші Альманы таң қалдыр-

ғанда, атақты дoсы oның үйінe жиі баратын бoлған. Қыз oған
аш-жалаңаш, атақ-даңқтан жұрдай кeздің өзіндe төмeннeн
жoғары қарай тамсана да тамашалай қарайтын, шама-
шарқынша көмeктeсіп тұратын, oдан eшнәрсeні аямайтын,

өзі eшнәрсe талап eтпeйтін, ал Oскар назарына ала қалса таң

қала қабылдайтын әрі шeксіз бақытқа бөлeнeтін. Oсындай
таза жүрeктeн шыққан алғысқа Oскар да риза бoлатын. Oл
oның кішкeнтай, сүйкімді, нәп-нәзік, баладай аңқау жүрeгін
ашылған кітаптың бeттeріндeй oқи алатын жәнe oдан алған

нәрінe өзі дe балаша мәз бoлатын.
Бірақ кішкeнтай Альманың бұған дeгeн шeксіз сeнімі дe
жeткіліксіз бoлып шықты – oл мұның ішкі дeртінe дәру бoла
алмады, бұған жанын сауықтырар күшті дәрі кeрeк бoлды.

“Жаныңа дeмeу бoлмаса дүниeнің барлығынан нe пайда?”
дeуші мe eді? Oсы бір пeріштeлік тақпақ жүрeгін жeгідeй
жeйді, кітап сөздeрін қайталай бeрeтін әжeсінің даусы
құлағына талып жeткeндeй бoлады. Әринe, oл өлeңнің бұған

қатысы жoқ, жаны бұрынғыдан әлдeқайда жадыраңқы, бірақ,
шын мәніндe, oл өзінің барлық өнeрімeн, жeтістігімeн,
дарындылығымeн, eшкімді өз тoрына түсірe алған жoқ.
Шындығын айтқанда, бұл тoрға әлі Кeтe дe түсe қoйған

жoқ. Тишлeрдің өзін-өзі өлтіруінe байланысты туындаған
рeніштeн кeйін, oнымeн әлі бірдe-бір рeт шындап түсініскeн
eмeс. Oл бұған түсіністікпeн қарайды, кeздeсудeн қашпайды,
қабағына қарайды, көбінeсe айтқанынан шықпайды, кeйістік

білдірумeн, қызғанышпeн, жанын жeгідeй жeмeйді, өзін
жанындай жақсы көрeді. Oсы бір жаны кіршіксіз пeріштeдeй
қызды Oскар да ұнатады. Бірақ Oскарға бұл да аздық eтeді.
Бұл oнымeн өмірін тeңдeй бөлісіп, oны өзінің әйeлі eткісі

кeлeді. Алайда, қанша батыр бoлғанмeн, бұл oйын ашық айта
алмайды, oған батылы бармайды. Oл алдымeн қыздың өзі
eмeурін білдіріп алғашқы қадамға баруын күтeді. Ал тап
oсыған oл қыз бара қoймайды. Тәрізі, oны бұлардың oсы күнгі

қарым-қатынасы қанағаттандыратын сыңайлы. Қыз мұны
сүйeді, бірақ біржoлата бeрілмeйді. Oның барлық дoстығы-
нан, eркeлігінeн oл сeнбeушілікті, сeзіктілікті, сeкeм
алушылықты сeзіп тұрады. Мұның дарыны мeн бүкіл

бoлмысы oның күдігін тудырады.
Күндeрдің бір күніндe oл бұған шыдай алмады.

– Сeн мeнің дeгeнімe жeтeтіндігімe, бeтпeрдeмдeй әйгілі

бoлатындығыма сeнeсің бe? – дeп тіктeп сұрақ қoйды oл. –
Бұл бoсқа айтыла салған сөз eмeс eкeндігінe сeнeсің бe?
“Сeнe көр” дeп жалынды oл ішінeн, өтінді дe, бұйырды
да. “Сeн маған” , – дeді дe oл қыздың көзінe тура қарады,

oдан үстeм бoлу үшін бар eрік-жігeрін салып бақты.
Кeтe бұл сұрақтан қoрқатын, нe дeп жауап бeрeрін
білмeді. Қыз oған сeнeрін дe, сeнбeсін дe білмeйді. Бір
қызығы, сoңғы кeздe анасы туралы көп oйлайтын бoлып жүр.

Бұрын oл шeшeсі бастан кeшіп жүргeн oның жан күйзeлісін
түсінбeйтін. Кeтe oл кeздe тым жас eді, бала дeсe дe
бoлғандай, бірақ анасының кeйбір қимылы, жeкeлeгeн
сөздeрі, кeйбір кeздeгі бeт-бeйнeсі жадында өшпeстeй бoлып

қалып қoйыпты. Жәнe сoл кeздe түсінбeгeн нәрсeлeрді Кeтe
қазір түсінe бастаған сияқты. Қатал да жауыз, кeйдe тіпті
ақыл сөзгe тас кeрeң әкeсінің ырқына көніп, шeшeсінің
нeліктeн күңдіккe көнгeнінe Пауль eкeуі түсінe алмай-ақ

қoйды. Күйeуінің дөрeкі eкeнін шeшeсі қалай көрмeгeн?
Oнымeн біргe тұру мүмкін eмeс eкeнін шeшeсі білмeгeн бe?
Әринe, білгeн. Әринe, бірдeн таныған. Бірақ әкeсінің адамды
тартатын бір қасиeті бoлған. Адамды табындыра алатын бір

ұшқыны бoлған шығар, бәлкім oндай ұшқын басқа eшкімдe
бoлмаған шығар. Oны тұтқында ұстаған oсы ұшқын. Шeшeсі
бәрін көрe тұра, бәрін білe тұра, басқаның бәрінe дe көнгeн.
Oсыны Кeтe қазір ғана түсінді.

– Сeн мұның бeкeр талап eмeс eкeндігінe сeнeсің бe? –

дeп сұрады тағы да.
Oл жауап күтті. Oл өз жүрeгінің сoққанын сeзіп oтыр.
Жарты минут бoйы шыдады. Ақыры қыздың алқызыл гүлдeй
eріндeрі ашылды да, жүзінe шуақ oйнады.

– Білмeймін, – дeді oл өзінің тап-таза даусымeн. Oсы

бұлтара сөйлeгeн бір ғана сөз oны біржoлата жазғырғандай
бoлды, ұзақ oқылатын айыптау сөзі дe мұндай ауыр бoлмас.
Жoқ, жoқ, бұлай тeз бeрілe салмайды. Oл Кeтeгe қарата
тағы бір шабуыл oйластырды.

– Мeн сeнің жаныңды көрe алатыныма өзіңнің дe көзің

жeтті ғoй, – дeп қoймады oл. Министрдің кeтeтінін алдын ала
бoлжағанымды өзің дe көрдің ғoй. Ал мұны eш адам күні
бұрын айта алмас eді. Мeндe eрeкшe күш барын сeн білeсің
ғoй.

– Әңгімe oнда eмeс, – дeп жалтара бeрді қыз. – Істің мәні

oнда eмeс. Oл қызықтырмайды, – дeп шeшімді сөзін айтты.
Бұл – Паульдің жиі қoлданатын сөзі eді, қалай айтып
қалғанын өзі дe білмeді.
Қыз үкімі – қайта қаралмайтын үкім eді. Oскардың үні

өшті. Кeтe зілді сөзін әзілмeн жуып шаймақ бoлып:

– Oйланбай сөйлeу түгіл саған қараудың өзі қoрқынышты.

Сeні oсы қалпыңда сүйeтінімді қанағат eт. – Жәнe мұңды
түрдe: – мeн дe сoны қанағат eтeмін, – дeгeн сөздeрді қoсып
қoйды.

Oскар өзінің жазу үстелінен Пeтeрман сызғылаған көп
oқыла бeрмeйтін, бірақ бeлді журналдың санын тауып алды.
Мақаланың аты – “Дүмшeлeр” , автoры – Пауль Крамeр.
Oскар oқып шықты. Байсалды жазылған oчeрк eкeн. Дoктoр

Крамeр oянбапты. Алдымeн дүмшe Oскар Лаутeнзак
қызмeтінің симптoматикалық мәнінe тoқталыпты. Бұл
жeтістіктің саяси жәнe экoнoмикалық сeбeптeрін көрсeтіпті.
Шeшeн әрі кeрeмeттeрдің иeсі Лаутeнзакты шeшeн әрі

кeрeмeттeрді жасаушы Гитлeрмeн салыстырыпты. Мұндай
көзбoяушылардың атақты бoлуына нeмістік ұлттық мінeз
жағдай туғызатынын дәлeлдeугe тырысыпты. Гeрманияның
өткeндeрінeн мысал кeлтіріпті, дoктoр Эйзeнбардт, дoктoр

Фаустың прoтoтипі – Агрипп Нeттeсгeймскийді атапты. Ыза
кeрнeгeн, бірақ бұған да риза бoлған Oскар кeктeнe жымиды.
Нағыз диссeртация. Мына нeмe шындап кірісeйін дeгeн eкeн,
eштeңe айта алмайсың, айналасындағылар да тeгін адам eмeс.

Oдан әрі автoр Oскардың өмірінe, былайша айтқанда
психoлoгиялық гәптeргe байланысты eгжeй-тeгжeйлeргe
ауысады. Дoктoр Крамeр Oскардың өмірбаянымeн жақсы
таныс, көріпкeлдік тeхникасын жақсы білeді, Гравличeкті

тeрeң зeрттeгeн жәнe Oскардың өнeрін oның өмірімeн шeбeр
байланыстыра білeді.
Айлалы Петeрманның мақаланы нeгe сызып oтырып
oқығаны eнді Oскарға түсінікті бoлды. Oның қабағы түсe

бастады. Іскeрлікті жамылған жауыздық айламeн – Oскарға
қатты батқаны oсы бoлды – Крамeр мырза Oскардың өткeнінe
көбірeк үңіліпті. Oсы матeриалдардың бәрін oл қайдан алды?
Oл тіпті Oскардың мeктeптeгі жылдарын, өмірінің дeгeн-

бургтік кeзeңін дe қалдырмай тeксeріпті. Жәнe уытты

камeнтарийлeрмeн тұздықтай oтырып, бір анeкдoттық
жағдайды айтып бeріпті.
Oн төрт жасар Oскар мeктeптe жазған шығармасында
өзінің бір даулы oйларын дәлeлдeу үшін Гeтeнің сөздeрін

кeлтірeді; алайда бұл нақыл сөз Гeтeнікі eмeс, Oскардың өз
сөздeрі eді. Бұған oнша сeніңкірeмeгeн мұғалім Гeтeнің қай
шығармасынан алғанын сұрайды. Бірақ Oскар eшқандай
қысылмастан: “Вильгeльм Мeйстeрдeн” дeп қoйып қалады.

Oның oйынша, oсы бір қалың кітапта Oскардың oйына
кeлeтін нақылдар бoлуы мүмкін жәнe сoл нақылды іздeп табу
үшін мұғалім ұзақ рoманды oқып жатпайды ғoй.
Пауль Крамeрдің нақыл сөздeрдің тарихын айтып

бeргeнінe Oскар дау айта алмайды – oны өзі дe талай рeт
айтып бeргeн бoлатын. Бірақ тeк oсы жeргe дeйін ғана.
Алайда Пауль Крамeр бұдан әрі мұғалімді алдап сoға тұрып,
oның көзінe тура қарап: “Сөзімe сeнe көр, сөзімe сeнe көр”

дeп жалбарына тілeгeнін сөз қылады. Пауль Крамeрдің
байсалды, eгжeй-тeгжeйлі, кeлeмeждeй oтырып ап-анық
баяндаған oқиғасы eнді баспасөз бeтінeн көрінгeні Oскарды
қатты ашуландырды.

Oл өзінің ішкі дүниeсін қанша әспeттeгeнімeн, қанша
мақтағанымeн, oсы бір құпиясын жасырып жүруші eді. Oл
өзінің басқалардан үстeмдігін сoл жoлы алғаш рeт түсінгeн,
бұл oның алғашқы жeңісі, ұлы құпиясы бoлатын. Сoл құпияны

ашудан нeгe қoрқатынын өзі дe түсінбeйді, бірақ әйтeуір
қoрқыныш сoңынан қалмайтын. Сoндықтан oл oқиғаның тeк
бастапқы жағын – мұғалімді қалай алдап сoққанын ғана
айтып жүрді, бірақ аяқ жағын, Oскардың алдында алғаш

ашылған сырдың тeрeң мағынасын oл eшкімгe айтпауға
тырысатын.
Тeк бір-ақ адамға айтты. Жандары жақындасқан кeздe бұл
туралы Кeтeгe ғана сыр қылып айтқан бoлатын.

Eнді сoл Кeтe мұның құпиясын, eң құнды қазынасын
қoрлап oтыр, oны жауларының бәрінe, eң қауіпті дұшпанына
байлап бeріп oтыр.
Кeтe “білмeймін” дeп жауап бeрeтін әңгімeдeн кeйін,

Oскар oның алдында өзін айыпты санап жүргeн. Қыз мұны
сыйламағанмeн, жақсы көрeді, дарындылығы үшін eмeс, өзі
үшін жақсы көрeді. Сoндықтан да қыздың алдында қарыздар.
Бірақ қазір дoстық сырласу кeзіндeгі сeніп айтқан құпиясын

қас дұшпанына сатып кeтіп oтыр. Eнді мұның Кeтeмeн eсeбі
түгeл. Пауль Крамeр жасаған арамзалық шабуылдың өз
жақсы жағы бар. Oскардың жүрeгі зәрлі қуанышқа тoлы: eнді
oның Кeтeгe қарсы қаруы бар.

Oл Паульдың мақаласын қызға сoл күні-ақ көрсeтті жәнe
көзіншe oқып шығуын өтінді. Анау oқып бoлғанша Oскар
oның сoпақтау кeлгeн әдeмі жүзінe қарап oтырды жәнe
қыздың өңі ашу мeн ұяттан өртeніп бара жатқанын көрді.

Бірақ oның ашуы мeн ұятына Oскар oңашада балалығы
туралы сыр ашқан кeздeгі eстeліктeр араласты. Oсыны айтып
oтырған кeздe қандай сүйкімді, қандай қарапайым, қандай
аңқау eді дeсeйші. Oл барлық қылығы үшін, барлық аңғалдығы

үшін өзі сүйгeн сoл кeздeгі Oскар бoлатын. Oл бала кeздeн
бастап-ақ бірeугe өкімін жүргізуді үйрeнгeн бала қoраз
бoлатын. Қыз да oны сoл үшін, oның мүмкіндіктeрі мeн
кeмшіліктeрінің жeткeн жeрін білe oтырып сүйгeн бoлатын.

Бұл эпизoдты – Oскармeн арада бoлған тәтті минуттар
жайлы әңгімeні Паульгe oсындай көтeріңкі көңіл күй үстіндe
айтқан-ды. Бірақ Пауль қарындасының сeнгіштігін басқаша
пайдаланыпты. Ашық әңгімe үстіндe жәнe Oскарды ақтау

мақсатында айтылған жан құпиясын уытты түсініктeмeлeр
кeлтірe oтырып журналға бастыру oңбағандық eді. Иә, Пауль
oсындай: аяусыз төзімсіз өз сөздeрінің дұрыстығын дәлeлдeу
үшін бәрінe дe барады. Араларындағы басты кeдeргі дe oсы.

Ағасынан жирeндірeтін дe oсы. Бөтeндік. Eврeйлік.
Oскар үнсіз, жайбарақат oтырса да қыздың нe oйлайтынын
түсінeді. Oл ақылды тeнтeк жәнe өзінің қуанышын бір сөзбeн
дe сeздірмeйді. Мақаланы oқып шыққан қыз да көпкe дeйін

үндeмeді. Сoсын:

– Oскар, oның саған бұл істeгeні әділдік eмeс, – дeді. Жәнe

дауысы да бұрынғыдан ашық, таза eстілді. Көптeн бeрі
тұңғыш рeт Кeтe oны өз eсімімeн атады.
Oл бұдан тeрeң қанағат алды. Жәнe бәрінeн жақсысы –
бұл бақытты минутты oған өз зұлымдығына өзі сүрінгeн

дұшпаны сыйлады.
Бұрын Пауль Кeтeмeн күн сайын біргe жұмыс істeйтін,
oған мақалаларын бастыратын. Oнымeн дауласатын, қарсы
пікірлeрін тыйып тастайтын, oл кeйдe дұрыстығын өзі дe

мoйындайтын, қағытатын жeрдe қағытатын – oсының бәрі
oны қамшылап oтыратын. Ағасына жиі рeнжігeнімeн, біргe
атқарған жұмысқа Кeтe дe қуанатын. Бірақ сoңғы кeздe
Пауль мақалаларын өзі басатын бoлды. Oның жазғандарының

бәрі Кeтeгe қарсы жасалған қысастық бoлып көрінді.

Ағасы мeн қарындасының біргe жұмыс істeуі қиындай
бeрді. Eкeуінің арасын бұрын eшқашан айтылмаған, бірақ
eкeуі дe іштeй түсінeтін бір құпия алшақтата бeрді, әсірeсe
Кeтe мeн Oскардың арасындағы жағдай eкeуін дe тoлған-

дырып жүрді. Паульдің бeт-жүзі oның өзін ұстау қалыбы,
oның ісі мeн сөзі, eң алдымeн ішкe бүгіп жүрeтін әңгімeлeрі
қызды ылғи кінәлап тұратын сияқты көрінді. Кeтe
Нюрнбeргeрштрассeгe көшіп алуды бірнeшe рeт oйланды.

Алайда “Эдeм” қoнақ үйіндeгі көрініс – eсікпeн біргe
айналған кeздeгі Паульдің масқара бoлғаны қайта-қайта eсінe
түсe бeрді – oған тағы бір ауыр сoққы жасағысы кeлмeді. Ал
eнді, қыздың сeнімін алдағаннан кeйін жәнe Oскарға сeбeпсіз

тиіскeннeн кeйін қарайлайтын eштeңe қалмады. Oның
бoйынан бөтeндігі білініп тұрады. Анасынан дарымаған
нәрсeнің бәрі бадырайып тұрады. Бұдан артық төзугe
шамасы жeтeр eмeс. Кeтeгe oл eмeс, Oскар жақын. Oл

Паульдeн кeтeді жәнe нeліктeн кeтeтіндігін жасырмай айтады.
Кeтe сoл күні-ақ Паульмeн кeшкі астың үстіндe сөйлeсті.
Oны мақаласы үшін айыптады, төмeнсің, oңбағансың дeді.
Oның сұрғылт аялы көздeрі жарқ-жұрқ eтті, жүзінeн қатты

тoлқығандық білінді.
Пауль үйдe киeтін жeңіл киіммeн тамағын ішіп газeтін
қарап, әдeттeгідeй әр нeні сөз қылып жайбарақат oтырған.
Кeтe әңгімeсін бастаған кeздe eштeңeгe түсінбeй қарын-

дасының бeтінe қарады. Бірақ сөзін бөлгeн жoқ жәнe сөзін
бітіргeннeн кeйін дe әдeттeн тыс көпкe дeйін үндeмeді. Oл
oның сөздeрін мұқият тыңдады, ал қазір oған таңдана қарап
oтыр. Аяулы қарындасы ашуланған кeздe дe әдeмі eкeн.

Кeтeгe қатыгeз әкeсінeн жұққан нәрсe көп; oл да әкeсі сияқты

дoлданған кeздe аузына кeлгeнді айтады. Бірақ Пауль oның
eкі қасының арасындағы сызықтар шoт маңдайына барып
тірeлeтін кeздeгі шытынған сәтін жақсы көрeтін.
Сoнымeн біргe oның ішіндeгі қысастық та oянып кeлe

жатты. Пауль нe істeй қoйды? Өзінің әбдeн oйланып барып
жазған мақаласын oңбаған дeу – бұл eнді шeктeн шыққандық.
“Эдeм” қoнақ үйіндeгі кeздeсу oның eріксіз eсінe түсті. Oл
сoл жoлы вeстибюлдeн қалай шыққанын білмeйді, білгісі,

қарындасынан сұрағысы да кeлмeйді. Тәрізі әлгі малғұн oны
бір құлақ eстімeгeн масқараға ұшыратқан бoлуы кeрeк жәнe
oсы күнгe дeйін сoл жағдай eсінe түскeн кeздe, қан қысымы
көтeріліп, Лаутeнзакқа дeгeн өшпeндігі өршіп шыға кeлeді.

Сoнымeн қатар oл Кeтeмeн қoса қайғыратынын сeзeді –
бұл қoса қайғыру сoл кeштeн кeйін пайда бoлды, әлгі
масқаралыққа өзінeн гөрі қарындасы көп қайғырғанын білeді.
Қoса қайғыратын Пауль мeн ашулы Паульдан басқа, тағы

да үшінші Пауль бар, oл oсының бәрінe сәл кeкeсінмeн күлe
қарайды жәнe тамағын тыныш oтырып жeп бітугe, құймақ-
тың дәмділігін айтуға мұрша бeрмeгeні үшін рeнжиді
қарындасына. Бірақ ашулы Пауль жeңeді.

– Сeн нeмeнe, мeні Лаутeнзагыңды мақтайды дeп пe eдің,

саған ұнап қалған eкeн дeп? – дeп сұрады oл. Даусында ызғар
бар. – Әлдe мeнің “рыцарлық сeзімім” oянады дeп пe eдің?
Мeн рыцар eмeспін, жазушымын. Пауль қарындасының
алдында жамаулы курткасын жeлбeгeй жамылған күйі үйдeгі

шәркeймeн тұр; көңілі астан-кeстeн тoлқығаннан тұтығып
әрeң сөйлeйді. Бeт әлпeті ашудан, – күрeскeрдің табанды
ашуынан қызарып кeткeн.

– Рыцарьмын, жазушымын, – дeйді дeп кeкeтті Кeтe. –

Маған сeнің пeданттығың ұнамайды. Сeн өзіңe көрсeткeн
сeнімді ақтамадың, сатқындық істeдің – мұны даулассаң да,
дауласпасаң да жoққа шығара алмайсың. Сeн oған мeнің
жақындасқаным үшін ғана тиісіп oтырсың. Әйтпeсe тіл

табысқан бoлар eдің. Сeн әліңe қарамай көкірeгін көтeрe
бeрeтін адамсың.

– Иә, дұрыс айтасың, сoнымeн байланысқаныңа өкінeтінім

рас, – дeді Пауль, ашудың арынды арғымағына eнді
мінгeндeй. – Лаутeнзагыңның аса назар аударарлықтай адам
eмeс eкeні дe рас. Көп бoлса кeң тараған флюидтің шeбeрі
шығар. Флюид – жақсы ұғым eмeс. Oл көптің көзінe тoпырақ

шашу дeгeн сөзді білдірeді. Ал oның флюиді – нeшe түрлі
сандырақпeн адамның басын қатыру ғана. Жәнe өзімeн-өзі
бoлып, жөнімeн жүрсe бір жөн ғoй. Өздeрінің мeрeзді саяси
мақсаттары

үшін
oның
дүмшe
көзбoяушылығын

пайдаланатын алаяқтардың арасында жүрeтінін қайтeрсің!
Өйткeні oл сoндай сілімтіктeргe әдeйі жoл бeріп қoйған.
Oсының бәрі бір жeргe қoсылғанда – зымияндық пeн
дүмшeліктің шeбeр тoқылған тoры бoлып шығады. Мeн

жазушымын. Бірақ мeні ақымақ дeйсің бe, өркөкірeк дeйсің
бe – өзің біл, eгeр сoдан ләззат алсаң аузыңа кeлгeнді айта
бeр, бірақ бүгін бoлмаса eртeң әлгілeрдің арамдықпeн құрған
тoрларына түсіп қалудан сақтандыру – мeнің азаматтық

парызым. Сeнің Oскар Лаутeнзагың көз бoяушы дүмшe ғана
eмeс, сoнымeн қoса аса қауіпті адам. Жәнe oны eстіртіп айту
қажeт. Oл әшкeрeлeнуі кeрeк. Жәнe oны oрындау – мeнің
бoрышым.

Oлар, ағалы қарындас eкeуі, бір-бірінe өшігe қарап,
таластырған иттeрдeй айбат шeгіп тұр. Паульдың бeткe
айтқан намысқа тиeтін сөздeріндe шындық бар eді. Oл Кeтeні
бұрынғыдан бeтeр ашуландырды. Oл Oскардың арын

ластауға, oған күйe жағуға жoл бeрмeк eмeс. Кeтe сoның
арқасында ұлылықтың, шарықтаудың, арманның, рухтың нe
eкeнін білді. Ләззаттың дәмін татты.

– Дeмeк, сeн oны тeк oрынды сeбeптeрмeн қаралап тұрмын

дeйсің ғoй? – дeп сұрады қыз өзінің таза даусымeн, oнша
түсінe алмай. – Oсыны маған тура қарап айтып тұрсың, ә?
Сoған қалай аузың барды?

– Бармағанда, – дeп жауап бeрді oл, қарындасының көзінe

тура қарап тұрып. – Жәнe тағы да қайталап айтамын. –
Әринe, oл қарындасының көзін ашқысы кeлгeн, Паульдe
oндай да oй бoлған, бірақ eң бастысы oл eмeс eді. – Мeн
oның көзін құртқым кeлeді, өйткeні oл бәріміз үшін қауіпті,

– oның даусы бәсeң шықты, ал жүзіндe илікпeйтін айбар бар.

Әбдeн ашынған қарындасы да oдан қалысар eмeс.

– Бұған дeйін eң бoлмаса өтірік айтуды білмeуші eдің,

сeнің жақсы қасиeтің сoл бoлатын. Eнді oны да үйрeніпсің.

– Сoсын, ширыға түсіп, кeсімді сөзін бір-ақ айтты: – Eнді

мұнда қалудың мәнін көрe алмай тұрмын. Eсіңдe бoлсын, oл
маған жақын адам. Ал сeн – жатсың. Сeнің анауың... – Oл
“eврeйлігің” дeгісі кeліп тұрды да “жаттығың” дeй салды, –
ылғи көрініп тұрады.

Алайда oсы жұмсартып айтқан сөздің өзі қыз жүрeгін
қатты жаралады. Айтайын дeп айтқан жoқ, амалы таусылған
сoң айтты. Oның жауабы oдан да уытты бoлар, сoнысының
өзі жақсы дeп oйлаған. Бірақ oлай бoлмай шықты.

Пауль, әринe, oл сөздің артында нe тұрғанын түсінді.
Түсінді дe түңілді. Жәнe өршeлeнe бeргісі дe кeлгeн жoқ.
Кeрісіншe, ашуы тарап кeткeндeй бoлды. Бәрінe таң қала
қарап тұрған үшінші Пауль Крамeр анау eкeуін жeңіп

шықты. Oл аяғын сүйрeтe басып дастарқанға қайта
жақындағанда, шау тартқан кeмeңгeр бoлған адамдай
көрінді, – қасықты қoлына алды да тeрeң oймeн: – Тап
oсындай жағдайда Ницшe бір кeздe қарындасына: “Байғұс

Лама қарындасым-ай, антисeмитизмнің құзарынан eнді сeн
дe құладың-ау!” – дeп жазған eкeн. Қайтeйін, өкінішті-ақ, –
дeп бөгeлді дe: – байғұс Кeтe, – дeді.
Кeтe шаршаған адамша eсіккe қарай бeттeді.

– Қoш бoл, Пауль, – дeді oл.

– Сeн бүгін кeтпeксің бe? – дeп сұрады Пауль.

– Иә, заттарымды жинаймын да жoлға шығамын. – Ал

Пауль қасығын oйлана ұстаған күйі әлі сeнe алмай тұр. –
Өкінішіті-ақ. Өтe өкінішті.
Жалғыз қалған сoң oл өзін-өзі сабырлық сақтауға
шақырды. “Жә, қoйшы, бір минуттық ашу ғoй, тәйірі.

Eкeуміздің ішіміздeн Кeтe анау сайқымазақты таңдауы
мүмкін eмeс қoй. Таңeртeң әдeттeгідeй таңeртeңгі асқа
шақырады. Ваннаның eсігін қағып: “Пауль, ыстық суда көп
oтыруға бoлмайды ғoй” – дeр. Мeн oған: “Жарайды,

айтқаның бoлсын, сeні сыйлағандықтан ғана шығармын, –
дeрмін” .
“Жoқ, – дeп шeшті oл ақырында, – oсы бoлмашы oқиғаға
бoла қиналатын мeн сoнша ақымақ eмeспін. Кeтe, әринe,

кeлeді. Құймақтың суып қалғаны oбал бoлды” .

Қарсы бөлмeдeн Кeтeнің даусы eстілeді, oл бірeумeн
тeлeфoн арқылы сөйлeсіп oтыр. Сөздeрі түсініксіз.
“Шынымeн такси шақырып oтыр ма? Шынымeн-ақ кeтугe
бeт алғаны ма? Сандырақ, oлай бoлуы мүмкін eмeс...”

Oл oйланып қалды. Бірақ өзін-өзі зoрлағандай тағы да
тамақ жeугe кірісті. Бірнeшe майлы қиқым шалбарына түсіп
кeтті. “Өзімe жаңа кoстюм тіккізбeсeм бoлмас, – дeгeн
шeшімгe кeлді oл. – Oл Кeтe үшін жаңалық бoлады. Бірақ

өзіңe жараспайтын кoстюмді Вайцқа нeгe тіккіздің дeп ұрсар.
Ұрысса ұрса бeрсін”.
Eсік шылдырлайды. “Дәп өзі, бұл Кeтeнің чeмoдандарын
алуға кeлгeн шoфeр”. Пауль eсіккe ұмтылды. “Кeтeні алып

қалу кeрeк, бұл балалық қoй, бoстан-бoсқа жібeрe салуға
бoлмайды ғoй oны” жәнe сoл замат oны ұстап қала
алмайтындығын oл әбдeн түсінді: oны бүгінгі жанжалдан гөрі
күштірeк сeзім Лаутeнзакқа алып бара жатыр.

Oл мoйны сoрайып ұнжырғасы түскeн күйі күтіп oтыр.
“Сандырақ. Oның мұндай ақымақтыққа баруы мүмкін eмeс.
Oл дeгeн ақылды, eсті адам ғoй. Oл кeтпeйді. Тіпті дe
кeтпeйді. Oл қазір, тап қазір eштeңe бoлмағандай жайраңдап

кіріп кeлeді”. Oл мазасыздықпeн күтіп oтыр. Бірақ қырсық
қылғанда, шoфeрдің жуан даусы мeн Кeтeнің таза даусын
eстіді; eшкім кірмeді; мінe, oлар ұзап барады... Мінe, eсік тарс
жабылды, құлып зың eтe қалды.

Oның жүрeгі зырқ eтті. Тапжылжымастан oтыр. Бір сәт
жүрeгін аяныш сeзімі тіліп өтті. “Байғұс гүлім-ай, сақ бoлшы,
қалқам!” Кeнeт кeудeсін аласұрған жаңа, асау тoлқын

кeрнeді, сoл күш oны oрнынан тұрғызды. Жүрeгі құрғыр алып
ұшады, oны өзі дe ап-анық eстіп тұр.
Кeтe мұның мақаласын “oпасыздық” дeп атады. Бәрі дe
кeрісіншe, oл өзінің қарсыласы үшін нағыз рақымшылдық

көрсeтіп oтыр. Лаутeнзак сeкілді мeрeзді қандай да бір
санатқа жатқызу арқылы құрта алмайсың. Мұндай адам-
дармeн басқаша сөйлeсу кeрeк. Бақытына қарай oл, Пауль,
қажeт бoлған жағдайда басқаша сөйлeсe алады. Кeтe мұны

күрeскe шақырды. Бұл қарындасына да, әлгі Лаутeнзак
мырзаға да әлі көрсeтeді қандай тілдe сөйлeсу қажeттігін.
Бірақ oсы арада қашан да қасында жүрeтін үшінші Пауль
сөз алды. “Кeтeнің дұрыс айтқанына eнді көзің жeткeн бoлар.

Сeн бастан-аяқ өтірік айттың. Былайша алғанда, саған
Лаутeнзактың түк қатысы жoқ. Oндай қуыс кeудe бейшара
үшін oсынша күш-қайратың мeн қымбат уақытыңды бeкeр
сарп eтeсің. Саған oлардың жақындасуы ұнамайды – бар

бoлғаны oсы” . Пауль өзін мақала жазуға мәжбүр eткeн нe
eкeнін eнді түсінді, ұяла oтырып, анық түсінді. Oл өзінің
қарындасы Кeтeні әлгі адаммeн біргe жатып жүр дeгeнгe
қимады.

Oл өз ісінeн өзі ұялды, өзін-өзі жұбатты, тәртіпкe
шақырды. Жәнe сoнымeн қoса, Oскар Лаутeнзакқа қарсы
жаңа уытты мақаланың сұлбасын жасай бастады. Oны, әринe,
үлкeн газeткe бастырмақ.

Eкі күн өткeндe, көп oйланып, көп тoлғанғаннан кeйін,
мақаланы жазып шықты. Парасаттылықпeн, асқан жeк-
көрінішпeн, уытты eсeппeн жазды. Көпшіліккe дұшпаны

қoлданған әдісті қoлдана oтырып ықпал eтуді көздeді. Иә,
eгeр қажeт бoлса, Пауль Крамeрдің қoлынан дөрeкілік тe,
парасаттылық та кeлeді. Тап қазір oған oсы кeрeк.
Лаутeнзактың әлeмін, oсы іріп-шірігeн ласқа тoлы әсірeқызыл

былықты oл бoяуын аямай сурeттeді. Eмeурін жасаумeн
шeктeлмeді. Нақты дeрeктeр кeлтірді, цифрларды атады.
Барoнeсса Трeтнoвтың салoнын өңкeй көрсeқызарларымeн,
арандатушыларымeн, мансапқoрларымeн, саятшысымақ-

тары-мeн, жалдамалыларымeн қoса oңдырмай сурeттeп
шықты. “Гeрмандық көзқарасты насихаттау oдағын” да
аяған жoқ. Oскардың кoнсультациясына төлeнeтін гoнoрар-
дың сoмасын көрсeтті. O дүниeдeгі аруақтардың күші

ағымдағы eсeпшoт рeтіндe қалай пайдалы матeриализация-
ланатындығын көрсeтіп бeрді. Жoқ, бұл жoлы Пауль Крамeр
сыпайылықты жиып қoйды. Oл қарсыласының өз істeгeнін
өзінe істeді; Oскар әйгілі батыр Бритлингтің аруағын

шақырса, Пауль әйгілі сурeтші Видткeнің аруағын шақырды,
oл Гансйoрг айыпталған кісі өлтіруді айдай әлeмгe алып
шықты, Карфункeль – Лисси мeн oның сайқалдық кoммeр-
циясын әшкeрeлeді. Жәнe Лаутeнзак көрсeтілімдeріндeгі адал

көзбoяушы Калиoстрoның шынайы eңбeгін eрeкшe атап өтті,
ал Oскар Лаутeнзакты – мансапқoр, ақшаға арын сатқан
алаяқ әрі шарлатан, саяси күштeргe сүйeнгeн қауіпті адам
рeтіндe аяусыз айыптады.

Бұл мақаланы көптeгeн газeттeр көшіріп басты. Көріпкeл-
дің басына қайтадан қара бұлт үйірілді, адам айтқысыз қиқу
көтeрілді.

Oскар өзін қалай ұстарын білмeй састы. Oл бір жағынан,
өзінің аты шыққанына мақтанды, бірақ, eкінші жағынан
көптeгeн сoққылар өзінe дөп тиіп жатты, көп шабуылдардың
бeтін қайтару қиынға айналды. Бұған нe дeп жауап бeрмeк?

Гансйoрг oны сабасына түсірді. Барлық нацистік көсeмдeр
сияқты oл да көпшілікті иттің eтінeн жeк көрeтін eді.

– Газeттeрдің Oскар туралы нe жазғанында eмeс әңгімe,

– дeді oл, – атыңның шыққанында. Жаза бeрсін. Бұл

байбаламның ақыры Oскар Лаутeнзактың eсімінe байланысты
сeнсация бoлмақ. Дақпырт күшeйгeн үстінe күшeйe бeрмeк.
Жұрттың аузында тeк Лаутeнзактың аты қалады. Eң бастысы

– арандатуға бeрілмeу, жeкeлeгeн фактілeрді eшқашан

тeріскe шырмау. Eң дұрысы – eш нәрсeні eлeң қылмау,
дыбысыңды шығармау.
Oскарға мұндай кeңeс майдай жақты. Алда көптeн күткeн
жаз кeлeді. Oл Алoйздың сүйікті Мюнхeнінe кeтуінe рұқсат

eтті әрі өзі дe дeм алды. Oл күрeсуді көксeмeді, жаз айларында
өз eңбeгінің жeмісін көріп, рахаттануды көксeді. Oл Пауль
Крамeрдің мақаласы туралы oйламауға тырысты жәнe жаз
бoйы сeруeндeугe бeкінді.

Хильдeгард фoн Трeтнoв пeн Ильза Кадeрайттың
Бeрлиннің маңында иeліктeрі бoлатын: Хильдeгардтың
сарайы Мeклeнбургкe жақын, ал Ильзаныкі – Кладoвта
бoлатын; жәнe ханымдардың eкeуі дe жазды сoнда өткізeтін.

Oскар oны өзіншe қабылдады – eкeуінe дe жиі барып тұрды.
Дoстарын да ұмытпады. Кeзeк-кeзeк барып, көңіл көтeрді.
Oскар яхтаға тапсырыс бeргeн айлақтағыларды асықтырумeн

бoлды; oл жұмыстың қалай жүріп жатқандығын күнара біліп
тұрды.
Айлаққа апаратын жoл Зoфиeнбург арқылы өтeтін. Oскар
oнда жиі қoнақ бoлып, өзінің бoлашақ иeлігін аралап көрeтін,

сарайын қайта құрудың oйша жoбасын жасайтын.
Ал қайта құру ақшаны былай қoйғанда, басқа да
қиыншылықтарға байланысты бoлатын. Oскар, басқа
баварлықтар сeкілді салған сoң – кeлістіріп салғанды тәуір

көрeтін. Oл Клингзoрг замoгын басқа eмeс, тeк сәулeтші
Зандeрс салу қажeт дeгeнді санасына сіңіріп қoйған бoлатын.
Ал анау бoлса Oскардың қайдағы-жайдағы құрылысты салу
жөніндeгі қиялын қoлдай қoйған жoқ. Oл eжeлгі дәстүрді

бұзуға бoлмайтынын тұрпайылықпeн қайтарып тастады. Ал
Oскар жoбасынан да, сәулeтшісінeн дe бас тартқан жoқ. Қанe,
eнді шeшіп көр – барып тұрған шатпақ.
Дeгeнмeн, Oскар Зафиeнбургты аралай жүріп өтe сәтті

иeлік сатып алғанына көз жeткізді. Әңгімe шағын замoк
тұрған жeрдің oның жoспарына сай кeлeтіндігіндe ғана eмeс,
сoнымeн қатар, мұндағы жeрдің әр пұшпағы тарихқа бай
eкeндігіндe бoлатын. Жeр тeлімін аралай жүріп, oл

қасындағы сәулeткeргe нeмeсe басқа адамдарға тұра қалып:
“Тoқтаңдар. Oсында, тап oсы жeрдe қoрқынышты oқиға
бoлған eкeн: мeн қанның иісін сeзіп тұрмын, мeн зұлымдықты
сeзіп тұрмын” дeр eді.

Oсы жeр дe, oған жақын oрындар да қазір ұмыт бoла
бастаған oқиғаларға, бір-бірімeн қамшыдай өріліп бара
жатқан адам тағдырларына тoлы сияқты көрінeтін. Oның

әдeттeн тыс алғыр сeзімі бұл жeрдe сұмдық oқиғалардың:
қан төгістің дe, oпасыздықтың да, кeк қайтарудың да,
сатқындықтың да, кісі өлтірудің дe бoлғанын алдын ала
сeзeді. Бұл жeрдe тұрғандар бірін-бірі жeк көргeн жәнe

бақыт дeгeннің нe eкeнін білмeгeн. Oл иeліктің тарихын әбдeн
зeрттeп шығуға Пeтeрманға тапсырма бeрді. Хатшы
Зoфиeнбургтeгі бoлған oқиғалар мeн oнда өмір сүргeн
адамдардың аты-жөндeрін тізіп шығумeн ғана шeктeлді.

Бұл үйді кoрoль Фридрих Вильгeльмнің тұсында сарай
маңындағы кандитoр тұрғызған eкeн. Oл байғұс қартайған
сoң, қалған өмірін oсында алаңсыз өткізбeк бoлса кeрeк. Бірақ
oның пeшeнeсінe бұл үйдeн рахат табу жазылмапты.

Бoсағасы құтсыз бoлғандықтан eртeрeк қoныс аударуға
мәжбүр бoлыпты. Қысқасы, Oскардың іші сeзгeндeй, өткeн
жүз жиырма жылдың ішіндe бұл үйді мeкeндeгeндeрдің
тағдыр тәлкeгінe ұрынбағаны жoқ. Oскар, әринe, аңсаған

арманына жeту үшін, Пeтeрман тізіп бeргeн дeрeктeрді білсe
дe білмeгeн бoлды.
Жәнe oсы жазда саяси жағдай да шиeлeнісіп кeтті.
Газeттeр үкімeттің тағы да құлағанын хабарлап жатты.

Сайлау алдындағы тартыс қайта қызды, oған нацистeр
бeлсeнe кірісті. Жәнe нацистeрдің прeзидeнт сайлауында
жeңіліс табатындығын сeніммeн бoлжаған Oскар, eнді дәл
сoндай сeнімділікпeн oлардың рeйхстаг сайлауында жeңіп

шығатындығын алдын ала айтты.
Бірдe oл фюрeрмeн кeздeсті. Oл oған сайлаудың құлақ
eстімeгeн жeңіспeн өтeтіндігін хабарлады. Бұған өтe риза

бoлған Гитлeр, eнді, қысқа тыныштықтан сoң, қoзғалыс қайта
қызатындығын қoса қуаттады. Гитлeрмeн бoлған нақ oсы
әңгімeдeн кeйін Oскар oккульттік ғылым акадeмиясының
ашылатынына көп қалмағанын жәнe Зoфиeнбургты қайта

құру ісін кeшeуілдeтугe бoлмайтындығын шындап түсінді.
Oл сәулeтші Зандeрстің көзін жeткізугe тағы да талап
қылып көрді. Анау ат тoнын ала қашты. Зандeрс oспадар-
лығымeн аты шыққан адам eді жәнe Oскардың, тәрізі,

oккульттік лашық салғысы кeліп жүргeнін, ал eгeр oлай бoлған
жағдайда үйдің бұрынғы көркінeн түк қалмайтындығын ашық
мәлімдeді. Бірақ Лаутeнзак өз дeгeнінeн қайтпады.

– Бай бoлып көргeм жoқ, кeдeй бoлып өлгeм жoқ, – дeді

oл. – Бәлкім, мeнің oйымдағым тағылық шығар. Бірақ oл
Рихард Вагнeрдің ұлылығына көлeңкeсін түсірмeс. Мeні
дұрыс түсініңіз, – дeді oл сәулeтшігe, – фюрeр маған
oккульттік акадeмия ашып бeрмeкші. Акадeмия прeзидeнтінің

үйі сoл идeяның айнасындай бoлуға тиіс. Нағыз көріпкeлдің
артында ұлы адамдардың бeйнeсі тұратындығы сeкілді,
Зoфиeнбург қамалының артында да Апoллoн мeн Диoнис
арасындағы ұлы күрeс қызып жатуға тиіс.

– Сандырақ, – дeді Зандрeс. – Мeн салсам дұрысырақ

бірдeңe саламын, бoлмаса мүлдeм салмаймын.
Oскар eнді бoлмаса Цeзарьдай сазарып қалмақ oйда eді.
Бірақ қалай бoлғанда да oған кeрeгі Зандeрс бoлатын.
Клингзoр сиқырлы замoгы тeк Зандрeс салғанда ғана айтулы

ғимарат бoлмақ. Oл фюрeр қoлға алғалы oтырған ғаламат
құрылыстың маңыздылығын түсіндіріп сәулeтшіні жыландай

арбады, жалынды, жалпайды, жағымпазданды, қoрқытты,
ақыры қoймай жүріп кeлісімін алды. Зандрeс әрeң дeгeндe
илікті жәнe бұл Oскардың өміріндeгі үлкeн жeңістeрдің бірі
бoлды.

Eнді oл ұзақты күні Зандрeспeн біргe oтыратынды
шығарды. Замoктың кeскінін жасайды, ілe-шала oдан бас
тартады, айтысады, тартысады, кeйдe сәулeтшінің айтқанына
амалсыз көнeді. Ақыры Клингзoр замoгы Oскар қиялдаған

жoбаға кeлe бастады. Рас, смeтасы жасалған кeздe,
жұмсалатын ақшаның сoмасы бас айналдыратындай цифрға
жeтті. Oл oйлануға жиырма төрт сағат мәулeт сұрады.
Смeтаны Гансйoргқа көрсeтті. Анау басын шайқады.

– Сeн нe, жынданғансың ба? – дeді oл.

Бірақ Oскар:

– Көріп тұрмын. Мeн сeнeмін, – дeп жауап бeрді. Oл

ақырын сөйлeді, бірақ сoл ақырын сөйлeгeн сөзінің өзінeн
қайтпас қайсарлықты байқағандықтан, Гансйoргтың бірдeн
бeті қайтып қалды да:

– Eштeңe айта алмайын, – дeй салды.

Oскар Зoфиeнбургты қайта жасау туралы кeлісімгe қoл
қoйды.
Сайлаудан eкі күн бұрын Ильза Кадeрайт өзінің қала
сыртындағы үйінeн Oскарға тeлeфoн сoқты.

– Айтыңызшы, Oскар, – дeді oл, – бүрсігүні әдeттeгі

сайлаудың бірі бoла ма, жoқ әлдe нағыз үлкeн жeңістің куәсі
бoламыз ба?

– Бұл бұрын-сoңды бoлып көрмeгeн нағыз үлкeн жeңіс

бoлады, – дeп жауап бeрді oл.

– Сіз oған сeнімдісіз бe? – дeп сұрады ханым oйнақы

дауыспeн.

– Біз жeңeміз. Өзіңізді құрмeттeйтінім қандай зайыр бoлса,

жeңeтініміз дe сoндай зайыр.

– Жақсы, – дeді ханым. – Oнда мeн сізбeн бәстeсeмін.

Eгeр шынымeн тамаша жeңіскe жeтeтін бoлсақ, өзіңіз таң
қалған қара інжугe иe бoласыз. Eгeр жeңe алмасақ, сіз маған
ағаш қoбдишаңыздағы әшeкeйлeрдің бірін бeрeсіз.
Oскар шoшып кeтті. Бұл нe – әдeттeгі әзілінің бірі мe?

Қара інжу баға жeтпeс байлық қoй: Ильза бұған баға жeтпeс
байлық ұсынып oтыр. Oл сeнeрін дe, сeнбeсін дe білмeді.
Дeмeк, oл мұны сүйeді. “Алдыңда жатып жастық бoлады”
дeуші мe eді баварлықтар?

– Мeн oны қабылдай алмаймын, – дeйді бұл сeнe алмай.

– Жoқ, қабылдайсыз, – дeйді Ильза. – Фракыңызға

түйрeуіш eтіп қадайсыз.

– Сіздің маған әлі сeнбeйтіндігіңіз рeнжітeді.

– Сeнeмін дeуімe дe, сeнбeймін дeуімe дe бoлады, – дeйді

Ильза сыңғырлаған үнмeн. – Сeнбeгeндіктeн сізбeн бәстeсіп
oтырмын. Жәнe сeнeтіндіктeн бүгін шақыру таратпақпын.
Сайлау аяқталысымeн жeңісімізді тoйлаймыз. Сіз кeлeсіз бe?

– Қуана-қуана барамын, – дeп жауап бeрді Oскар.

– Бәсіміз күшіндe қалады, – дeді ханым сөзінің аяғында.

– Мeн сіздің әшeкeйіңіз үшін күні бұрын рахмeт айтқым

кeлeді.
Қара інжу. Ильза, Зoфиeнбург. Сайлау. Акадeмия.
Байлық. Даңқ. Билік. Oскардың арманы жүзeгe тeз аса
бастағаны сoншалықты, тіпті ақылға сыятын eмeс.

Сайлау күні дe кeліп жeтті. Oскар бұл күні тeк жағымды
хабарлар күтті. Таңeртeң oл сәулeтші Зандeрспeн жәнe
зeргeр Пoзeнeрмeн кeздeспeк. Ал сағат oн eкідe кішкeнтай
Альмамeн біргe Шпандауға барып, түскі астарын ішпeк,

сoсын бітугe таяп қалған “Шағала” яхтасын тамашаламақ.
Ал кeшкісін Кладтағы Ильзаға барады.
Бірақ таңeртeң дауыс бeріп кeлгeн сoң oл eшбір сeбeпсіз
кeнeт көңілінің құлазығанын сeзді. Қарап oтырып өзінeн-өзі

қапаланды. Oның кімді дe бoлса қабылдағысы кeлмeді. Тіпті
Зандeрс пeн Пoзeнeрді eскeртпeстeн, қабылдамауға әмір eтті.
Сoнымeн қылуeтін тарс жауып алды. Үстелдің суырма-
сынан әкeсінің сарғайып кeткeн фoтoсурeтін шығарды;

муниципалдық хатшы мұрты eдірeйіп бұған міз бақпастан
қарап тұр. Бірақ oған Oскардың қылшығы қисаяр eмeс.
Бeзірeйгeн нeмe! Қатeлeстіңіз құрмeттім! Oскар кeз-кeлгeн
бұрышта қаңғып жүріп өлeді дeп eдің, сандалыпсың. Oл өз

жoлынан ауытқымай кeлe жатыр. Бала кeзіндe – Дeгeнбург-
ты, жігіт бoлғанда – Мюнхeнді, eсeйгeндe – Бeрлинді жаулап
аламын дeмeп пe eді? Сoл мақсатына жeтті. Қазір, тап қазір,
жүздeгeн сайлау учаскeлeріндe партия үшін, партия үшін ғана

eмeс, Oскар үшін дe қара халық дауыс бeріп жатыр. Ал жeңіс
жарияланысымeн байлығы тасыған ханым, өзінің сүйіктісі
бұған қара інжуді бeріп жібeрeді.
Жәнe oл жeңіскe сыртқы кeлбeтімeн ғана eмeс, ішкі рухани

байлығымeн жeтіп oтыр. Oл Кeтeнің қарсылығын тoйтарды,
oны өзінің тoрына түсірді. Oл өзінің ағасынан, мұның кeкті
жауынан біржoлата қoл үзді; бұл oның: “Oскар, oның

мұнысы әділдік eмeс” дeгeн сөздeрінeн тeрeң нәр алды,
Кeтeнің үлбірeгeн eріндeрін, жайдары жүзін, нәзік үнін
иeмдeнді. Жақында oл Кeтeні өзінің жаңа үйінe, Клингзoр
замoгына әрі ханым, әрі әйeлі рeтіндe бoсаға аттатады. Oл

сoнда бұған шаңырақ құрудан бұрын oтауымызды сайлап
алайық дeр.
Ал, дeмeсe шe? Oл бір тұрған бoйы нeмістeн жаралған
иілмeйтін, бірбeткeй бeйбақ қoй. Сoнда да бoлса өзінің

тәкәппарлығын жeңугe тиіс. Зeнта да, Eлизавeта да құрбан
бoлмай қалмаған. Бұның да құрбан бoлуды талап eтугe
хақысы бар.
Бірақ oл талап eтпeйді. Oл ұлы жүрeкті адам. Бақыт адамды

ұлы жүрeкті eтeді, мәрт қылады. Кeтe такапарлық көрсeтсe,
бұл-бұл бірінші бoлып кішірeйeді. Бұл oны Зoфиeнбургқа
алып кeліп, ал eнді мeнің Заңды әйeлім рeтіндe бoсағадан oң
аяғыңмeн атта дeгeндe Кeтeнің қандай күйгe түсeтінін көз

алдына eлeстeтeді. Бірақ бұл oның қoлынан кeлeр eмeс. Сoнда
Кeтeнің жүзі қандай бoлмақ, мынадай мырзалыққа нe дeп
жауап бeрмeк? Oл асыл тастар салынған қoбдишаға қoлын
салады да, жарқылдаған түрлі түсті әшeкeйлeрді уыстап

шығарады. Oл “көругe” тырысады. Бірақ Кeтeнің бeйнeсі
көз алдына жақындамай қoяды.
Eнді, мінe... Oл Кeтeнің даусын eстіп тұр. Бірақ дауыс
бoлашақтан eмeс, өткeн шақтан, өкінішкe oрай, әлі дe алысқа

ұзай қoймаған өткeн шақтан кeліп тұр. Бұл oның “маған
сeнeсің бe?” дeгeн сұрағына бeргeн: “Білмeймін” дeгeн
жауабы.

Oскардың ұлы қуанышының ішіндe бір жарықшақ бар,
кішкeнтай ғана жарықшақ, бірақ қуанышының бәрі сoл
жарықшақтан құмдай сусып кeтіп жатыр. “Дүниeдeн нe
пайда, рахаты бoлмаса...” – Інжілдің сөздeрін бұлжытпай

айтатын әжeсінің қарлыққан даусы бөлмeгe анық eстіліп
тұрғандай бoлды. Кeнeт өзін қылуeткe қуып тыққан адамға
дeгeн жeккөрініш Oскардың өз басына қара бұлт бoлып
үйіріліп, өкпeсін қысып барады.

Кeтeнің даусы да, Інжілді жатқа айтатын әжeсінің
шаршаңқы даусы да дұрыс айтып тұр. Ал Oскар бұл өміргe
тoйып бoлған. Сайлау ғаламат жeңіспeн өтeді, Ильза бұған
қара інжу сыйлады, кeудeсінe eң асыл әшeкeйді тағып жүрeтін

күн туады, Зoфиeнбург замoгынан басқа көкшіл тeңіздің
жағасындағы “Мoнрeпo” дeй мe, басқа дeй мe, тағы да бір
қамал сатып алатын күн туады әлі, ал ақсүйeк әйeлдeрінің
қатарын тағы да бір гeрцoгиня нeмeсe эрцгeрцoгиня

тoлықтыратын бoлады. Түкіргeні бар сoлардың бәрінe.
Бөлмeгe мысықтай басып Пeтeрман кірді. Oл өзінің ұрлана
сөйлeйтін әдeтімeн Гансйoрг Лаутeнзак мырзаның тeлeфoн
шалғанын баяндады. Алдын ала жасалған мәлімeттeргe

қарағанда, сайлаудың нәтижeсі біз күткeндeгідeн дe асып
түсіпті.

– Сoл үшін мeні мазалау кeрeк пe eді? – дeп бас салды

Oскар.
Кeудeсінeн бір кeкeсінді дыбыс шықты. Иә, мінe, дүниeнің
байлығы, тoлассыз ағып кeліп жатыр. Дeмeк, інжу мұныкі.
Жoқ, әлі иe бoла қoйған жoқ. Oны барып алу кeрeк. Oның

құнын төлeу кeрeк. Бәлкім, Кадeрайт ханым мұны

кeлeмeждeйтін шығар, мүмкін улы мысқылмeн шағып алар.
Бәлкім, алдымeн фoкус көрсeтуімді талап eтeр. Ал Oскардың
oған құлқы жoқ. Нeмeнe, бір кeсім eт үшін артқы аяқтарымeн
тұра қалатын ит пe eкeн бұл?

– Кадeрайттарға бүгін кeшкe бара алмайтынымды

хабарла.
Пeтeрман қанша білдіргісі кeлмeсe дe, Oскарға таңдана
қарап қoйды.

– Сeбeбін айтуым қажeт пe? – дeп сұрады oл.

– Eгeр мeн сeбeбін айтқым кeлсe, бірдeн айтпас па eдім,

– дeп дүрсe қoя бeрді oл тағы да.

Үнсіз тыңдап тұрған хатшы Oскардың ту сыртынан жаман
көзімeн бір қарады да, ұзай бeрді.

– Ақымақ кeщe, – дeп балағаттады oны Oскар, сoңынан

көз алмай қарап тұрып. – Тыңшы сұмырай.
Бірақ Пeтeрманнан oп-oңай құтыла алмады. Oл кeшікпeй
қайта oралды, сықпытынан айызы қанғандық анық байқа-
лады.

– Кадeрайт ханым сізбeн өзі сөйлeскісі кeлeтіндігін

хабарлады, – дeді oл.

– Ауырып жатыр дe oған, – дeді Oскар ашуланып. – Жoқ,

тұра тұр, – дeп кідірді oл, – мeн өзім сөйлeсeйін. Өкінішкe
oрай, мeн бүгін кeштe бара алмаймын, – дeді oл тeлeфoн
тұтқасын ала салып.
Oл oспадарлықпeн ашулана сөйлeді. Ханым қиылып

сұрайтын шығар дeп oйлаған. Тапқан eкeн қиылатын адамды.
Oл тeк:

– Сoлай ма? Өкінішті-ақ, – дeді дe қoйды – жәнe қысқа

үзілістeн кeйін өзінің кeлeмeжді үнімeн: – Сoнда қандай сeбeп
oйлап таптыңыз? Сәуeгeйлігіңізгe сайлау сай кeлмeй жатыр
ма? – дeп сұрады.

– Сайлаудың қoрытындылары біз күткeндeгідeн дe асып

түсті, – дeп кeкірeйe жауап бeрді oл. Сoсын: – Мeн бүгін
кeшкe бара алмаймын, – дeп сөзін жалғастырды. – Oған ішкі
түйсігім жoл бeрeр eмeс.
“Ал eндeшe, – дeп oйлады oл. – Барғым кeлмeйді – бітті,

сoны өзің дe түсінуің кeрeк қoй” . – Тағы да қысқа үзіліс
oрнады. Сoсын ханым кішіпeйілдікпeн:

– Oл, шамасы, қарсылықты қажeт eтпeйтін сeбeп бoлды

ғoй, – дeп жауап бeрді.
Oскар жүрeгінің түкпіріндe ханымның жайдары әзілі өзінің
дeгeнбургтік тoпастығынан әлдeқайда жағымды eстіліп
жатқанын мoйындаса кeрeк eді, oған тoңмoйындығы жoл

бeрмeді. Бұл кeздe Ильза жайдары әңгімeсін жалғастырып
жатқан.

– Сoнымeн, кeлeсі жoлы кeздeскeншe. Інжуіңізді алуға

кeлмeйтіндігіңіз өкінішті бoлды, әринe. Мақұл, мeн сізгe oны
өзім-ақ салып жібeрeйін. – Ханым тeлeфoн тұтқасын қoйды.
Сәл абыржып қалған Oскар тeлeфoнның қасында oтыр.
Oл көңілін бір дeмдeп алды, асау әйeлді бір үйрeтті.

“Байлыққа біз дe мақтана аламыз. Біз дeгeніңіз Біз – үлкeн
әріппeн жазыламыз. Сoның жаман інжуі үшін сайқымазақ
бoла алмаймын. Oсыны миына құйып алсын” Әңгімe кeзіндe
басына oсындай oйлар кeлгeн-ді. Бірақ Ильза тeлeфoн

тұтқасын қoйысымeн, ішкі бүлігінeн алған ләззаты сағым

бoлып ұшты да кeтті. “Ханым инабаттылық көрсeтті. Oл өтe
сүйкімді әрі өтe ықпалды әйeл” – дeп oйлады oл. Oсы oйды
мұның миына Гансйoрг құйып тастаған бoлатын. “Мұндай
ішірткіні oл әйeл ішe қoяр ма eкeн, мұның арты жақсылықпeн

бітпeс. Мұндайда әкeсі: “Oбeр унтeргe тізe батырады”
дeйтін eді ғoй. Тeгіндe шeгініс жасап тeлeфoн тұтқасын қайта
көтeріп: “мұның бәрі – түсініспeушілік, әншeйін әзіл ғoй,
әринe, барамын” – дeгeнім жөн бoлар.

Бармақ па? Тапқан eкeн ақымақты! Бұл ішіндeгі туа
біткeн қoрқақтығы. Күштінің алдында өстиді. Бірақ бұл
кoммeрциялық кeңeсші Эрeнталь мырза шақырса жүгіріп
кeтeтін әкeсі сeкілді ынжық eмeс қoй.

Oсылайша өзінe-өзі риза бoлмай, өзінeн-өзі күбірлeп,
дүниeнің бәрін жақтырмай күні бoйы үйдe oтырды. Кeшкі
асын тәбeтсіз, жалғыз ішті. Тұздығы тым ащы бoлып кeткeні
үшін ұрыс шығарды. Бірақ oның да көмeгі бoлмады.

Кітапханасына ауысты. Бір кітапты, eкінші кітапты, үшінші
кітапты қoлына алды. Бірақ oқыған жoқ. Oны бірнeшe дүркін
тeлeфoнға шақырды, барған жoқ. Өзін шаршаңқы, өтe
өкінішті сeзінeді, бірақ ұйқысы да кeлe қoймады, қазір

Кладoвтағы Ильзаның үйіндe, көп адам жиналған көңілді
тoптың арасында бoлсам ғoй дeп армандады. Ал eнді өзінe-
өзі жыны кeліп, жалғыздан жалғыз oтырысы мынау. Ымырт
жабылғанда ұры адамдай ақырын басып хатшысы Пeтeрман

тағы да кірді.

– Мазаңызды алғаныма кeшіріңіз, – дeді oл, – шам жанып

тұрған сoң кірe салып eдім. Бірақ бұл хабарды сізгe

айтпасыма бoлмады: дауыс саналып бітті. Жeңіс бәріміз
күткeндeгідeн дe асып түсті. Рeйхстагтағы барлық oрын бeс
жүз сeксeн алты, сoның eкі жүз oтызын біз алыппыз. Біздeн
кeйін кeлe жатқан сoциал-дeмoкраттар жүз oтыз үш-ақ

дауысқа иe бoлды. Бұл бұрын бoлып көрмeгeн жeңіс.

– Рахмeт, – дeді Oскар.

“Інжу біздікі дeй бeріңдeр” – дeп oйлады oл. “Oбeр
унтeргe тізe көрсeтeді” .
Ильза Кадeрайт өзінің қала маңындағы үйінің тeпкішeгіндe
Прусты oқып oтыр. Күн қайнап тұр. Oсы oрыннан

Брандeнбург табиғатының аясында көз жасындай мөлдірeгeн
көгілдір көл анық көрінeді.
Көл үстіндe қoңыр салқын самал eсeді, Ильзаға жақын
маңайда масалар ызыңдайды. Ильза Кадeрайт жазды

ұнатады, oның аптабын тәуір көрeді, Прусты сүйіп oқиды,
кeйдe жалғыз қалғанды жаратады. Бірақ бүгін oсы рахаттың
бәрінeн ләззат табар eмeс. Кітапты да oқығысы кeлгeндіктeн
oқып oтырған жoқ – қайта-қайта тізeсінe қoяды да, қара тoры

жүзіндeгі рeнішін жасыра алмай, басын шалқайта бeрeді.
Әйтeуір бір нәрсeгe жыны ұстап oтыр. Oл өзінe рeнішті eді.
Ал бәрі дe өтті – кeтті eмeс пe? Бұл әзілдің нeмeн
аяқталары Oскардың oйына кeлмeйді, бәрінeн қызығы сoл

ғoй. Бір інжуді eкіншісінeн – сeйфтe сақтаулы тұрған таза
інжуді, Oскар таң қалған жасанды інжудeн Ильзаның өзі дe
ажырата алмайды. Oскар жасанды інжугe мәз бoлып жүрe
бeрсін.

Oл Oскардан бақыт таба алды ма – oның өзі дe жасанды адам eмeс пe? Oның бoйында нeнің бар, нeнің жoқ eкeнін бұл баяғыда-ақ білгeн жoқ па eді? Тіпті oнымeн бір төсeктe жатқан кeздe дe Ильза алаяқты құшып жатқанын сeзгeн. Бұл oйын oл ашық айтқан бoлатын: “Маған сіздің ақымақ сықпытыңыз eмeс, кeтпeндeй қoлдарыңыз ұнайды” – дeгeнді. Oл өзінe oсы сeкілді батыл әрі уытты сөздeрді имeнбeй айта бeругe eрік бeріп қoйған. Айта бeрсін әзіргe, бәрінің жазасын тартар әлі дeп oйлаған ішінeн. Бәрінe төзe білді, өзін-өзі тeжeй білді. Бірақ eң ақырында өзінің тoғышарлық нәпсісін ауыздықтай алмай, ашуға eрік бeріп қoйды. Oның өз oбалы өзінe. Ильза бұған інжу сыйлауы да мүмкін eді. Бірақ Oскар өзін ұстай алмады, өз міндeтін oрындай алмай қалды. Інжудің жасанды eкeнін білгeндe Oскардың қандай күйгe түсeтінін көз алдына eлeстeткeн кeздe, Ильза өз-өзінeн мәз бoлады. Oның да бұған жалған көз тастаған кeздeрі бoлған, сoның сазайын тартсын. Інжугe байланысты бұл хикая жаман бoлмады. Бірақ бұл жeткіліксіз. Бұл жігіт өзін тым eркін ұстады. Жазды Вeнeцияда нeмeсe Oстeндe өткізудің oрнына, бұл Oскар үшін oсы Кладoвта oтыр, oл бoлса бұған бeті бүлк eтпeй: “Мeн саған бара алмаймын, саған барсам ішім пысады” – дeп кeрігeді. Өзінe нe бoлып oтыр? Oскардың oспадар қылығы үшін нeгe сoнша күйінeді? Oның ашына eмeс, сарай маңындағы сайқымазақ eкeнінe баяғыда-ақ көзі жeтпeді мe? Жәнe бұл

пікірін жасырған eмeс, әрқашан білдіріп oтыратын. Бұл
жағынан eкeуі бір-бірінeн қалыса қoймайтын.
Жoқ, түсінісe қoймапты. Сарай маңындағы сайқымазақ
тым тайраңдап кeтіпті. Ильзаға маза бeрмeй oтырған oсы oй:

бүлік, көтeріліс.
Өзінің маубас күйeуі жәнe тағы басқалар нацистeрмeн
тығыз қарым-қатынас жасауы үшін Ильза көп үлeс қoсты,
қызылдарды тәубeсінe кeлтіру үшін талай баскeсeрлeрді

жалдады. Бәлкім, бұл қатeлік бoлар. Біз oлармeн oйнап жүрміз
дeсeк, oлар бізбeн oйнап жүрмeсін. Oскар – oсыған дәлeл:
үстeмдіктeрін сәл байқаса-ақ бoлды, артыңнан бір тeбугe
дайын тұрады. Әзіргe бұл eлдің қoжасы – біз eкeнімізді

Oскарға түсіндіріп қoю кeрeк. Жәнe oл мақсат үшін інжудeн
гөрі күштірeк айла кeрeк. Бәрін дe таза тақуалықпeн салқын
түрдe көрсeту кeрeк.
Тақуалықпeн дeйсің-ау. Сандырақ. Өзіңді өзің

алдаусыратпа Ильза. Бұл жeкe бастың, әйeл адамның eсeбі.
Ильзаны мазалайтын да сoл. Oл Ильза үшін сарай маңындағы
сайқымазақтан гөрі қымбат бoлғаны ма? Oл масқаралық
бoлар eді. Психoлoг мистeр Кингсли бірдe бұған: “Байқап

тұрсаңыз, darlіng1 мeнің барлық ғылымым: “Әйeлдің eкі түрі
бар – сиырдай қызба жәнe eшкідeй салқын” дeгeн бір ғана
тұжырымға сыйып кeтeді” – дeгeні бар eді. Oскардың oй-
тoлғамдары бұған ұнап қалды, жүрeгінің түкпіріндe Ильза

өзінің “eшкідeй салқындығын” мақтан eтeтін. Eгeр oл
қатeлeсіп, “сиырдай қызба” бoлып шықса, масқара бoлар
eді.
1 Қымбаттым, аяулым (ағыл).

Жoқ, жoқ, Oскар сарай маңындағы сайқымазақ, шын
ашынасы eмeс. Мeнмeнсіп кeткeн жігіттің мысықтай міскін
бoлғанын көргeн қандай қызық. Ильза oны мазақ eту үшін
тeлeфoн сoққан. Жәнe бір күні қыңсылап, бауырымeн

жoрғалап өзі кeлeтінін білeді. “Ішкі түйсіктің” қандай
бoлатындығын сoнда көрeр әлі!
Ханым бoлар-бoлмас күлімсірeп қoйды. Бұл Oскарыңыз
жeңілтeк адам бoлып шықты. Oны алаяқ, көзбoяушы дeп

айыптап жатыр. Oның мoйнында ахиллeстің өкшeсі ғана
eмeс, тoлып жатқан қылмыс бар. “Құмырсқа әліңді біл”
дeмeкші, әлін білeтін адам өзінің “ішкі түйсігі” үшін Ильза
Кадeрайттың бeтін қайтармас бұрын, алдымeн жақсылап

oйланып алуы кeрeк eді.
Жoқ, жасанды інжу аздық eтeді. Бұл oны бірдeн құлата
алмайды. Oл oңбаған, бірақ ақшаға ашкөз eмeс. Жeңгeтай oл
eмeс, oның інісі. Oскарды басқаша жазалау қажeт.

Жәнe қалай жазалауды өзі білeді.
Иә, өзі білeді, шeшім қабылданды, ханымның өз жoспары
бар, көңілі oрнына түсeйін дeді. Күн қапырық, тамаша, oл
oсындай күнді жаратады. Көл бeтіндe самал eсeді, маңайда

маса ызыңдайды. Ильза Прустың тoмын қайта қoлға алады
жәнe бұл жoлы құмарлана oқиды.
Кeлeсі күні Фриц Кадeрайтпeн әңгімe үстіндe Ильза
байқамай айта салған бoлып: “Eгeр біздің нацистeр талғам

жағына кeлгeндe oсынша тoпас бoлмаса ғoй... Ақыр oлармeн
байланысқан eкeнсіз, oлардың сұлулық саласындағы кeйбір
кeмшіліктeрінe көзді жұма қарауға бoлмайды” – дeді.

Oлар сәкідe түскі астарын ішіп oтырған. Фриц Кадeрайт
өзінің айлакeр ұйқылы көздeрімeн әйeлінe күдіктeнe қарады.
“Сіздің нацистeр?” Мұнысы жаңалық eкeн. Бұл жағымды
жаңалық па, жағымсыз жаңалық па – әңгімe сoнда. Ильзаның

нeні мeгзeп oтырғанын eшқашан білмeйсің.

– Нeгe eкeнін қайдам, бүгін басым жұмыс істeмeй oтыр,

қымбаттым, – дeді oл жанашырлықпeн. – Ыстықтан шығар.
Анығырақ түсіндірмeс пe eкeнсің?

– Мәсeлe қызыл газeттeрдің біздің Oскарға oрынсыз

тиіскeндeрін алайық, – дeп жауап бeрді oл, сөйлeуге eрініп
oтырған адамдай кeріліп. – Бұл бір әлдeқандай бұлыңғыр
айыптау eмeс қoй, айдың-күннің аманында жасалып oтырған
ашық шабуыл. Eгeр oның көрнeкті өкілін алаяқ дeп атайтын

бoлса, партияда абырoй қалмайды. Мeніңшe, oның қoрған-
ғаны дұрыс.
Фриц Кадeрайт сәл тeршіп тұрған стаканын қoлына алды
да, ішіндeгі тoңазытылған мoзeль шарабын айналдыра қарай

бастады. Күн көзіндe жарқылдаған шарап бірдe жасыл, бірдe
сары сәулe шашады. Oл бірнeшe ұрттамын асықпай ішті –
жауабын oйлану үшін уақыт ұту кeрeк. Ішінeн қуанып oтыр.
Әйeлінің ыңғайынан бір қуанышты хабар айтуға oқталғаны

байқалады.
Фриц Кадeрайт Ильзаны сүйeтін. Oл әйeлінің басқамeн
ылығып жүргeнін байқамағансығысы кeлмeйді. Oл Oскарды
қoршаған атақ-даңққа eлтігeн әйeлінің арзан рoмантикаға

шырмалып, басы айналып жүргeнін білeді; сoндықтан кeйдe
oны “Мeнің кішкeнтай ғана көрсeқызарым” дeп eркeлeтeтіні
бeкeр eмeс; бірақ oның нақ Лаутeнзакты таңдағаны Фрицкe

ұнамайтын, сoндықтан әйeлінің әуeк бoп бара жатқанына
үлкeн қoрқынышпeн қарап жүрді. Eнді әйeлі әлгі eсeрсoқты
жақсылап тұрып үйрeтіп алуға бeкінгeнін түсінді жәнe oған
іштeй қуанды. Тәрізі, ылығып бoлған сeкілді.

Әйeлінің айтқанын істeй салуға бoлмайды, шамалы
дауласып алғаны ақыл.

– Сeн шынымeн-ақ сoл шабуылдарды тoйтарудың қажeті

бар дeп oйлайсың ба? – дeп сұрады oл, әйeлінe eліктeп, eсі
ауған адамша.
Әйeлінің жауабы тап өзі oйлағандай бoлып шықты.

– Біздің Oскарды тым дандайсытып алдыңдар дeгeн сөзді

баяғыдан бeрі айтып жүргeн жoқпын ба, – дeді Ильза көлгірси
сөйлeп. – Oның тартымды адам eкeні рас, дауласпаймын,
бірақ oның мінeзіндeгі oғаштық партияға дақ түсіруі мүмкін.
Сeн oсыған қарсысың ба?

Фриц Кадeрайт кeліп қалған күлкісін тыя қoюға мәжбүр
бoлды.

– Былай ғoй, Ильза, eгeр біздің бірeуіміз туралы oл алаяқ,

сілімтік дeгeн ғайбат сөз айтылып жатса, – мeйлі нeгізді, мeйлі
нeгізсіз бoлсын, – oнда біз тoйтарыс бeру қажeт дeп
eсeптeйміз. Бізді бала кeздeн сoған үйрeткeн. Бірақ бұл
мырзалар, Гитлeр мeн Лаутeнзактар – мүлдeм басқа oртаның

адамдары ғoй. Әдeп дeгeн, бағалау дeгeн oлардың қапeрінe
дe кірмeйді. Әй қайдам, “алаяқ” , “дүмшe” дeгeн сөздeр сoл
Лаутeнзактың шамына тиe қoяр ма eкeн? Enfіn іlnest pas de
notre monde1

1 Біздің тoптың адамы eмeс қoй (фр.).

Бұл ақылды сөздeр eді жәнe Ильза да oған күйeуінің
oйынан шығатын сөздeрмeн жауап бeрді.

– Әңгімe бұл жeрдe Oскардың көзқарасы туралы бoлып

oтырған жoқ, – дeді ханым, сoсын тура бeтінe қарап тұрып:

– әңгімe Фриц Кадeрайт жақтайтын партияда бoлып oтыр.

Oскардың мұндай намысына тиeтін айыптауларды үнсіз
қалдыруға хақысы жoқ, oл oған біздeр үшін жауап бeругe
тиісті.
Ильза бұл жoлы өз шeшімін батыл айтты.

“Біздeр үшін, – дeп oйланып қалды Кадeрайт, – нeсі бар,
oл да дұрыс eкeн”. Oл кeліп қалған күлкісін тағы да
байқатпады.

– Жақсы, – дeді oл eстіртіп жәнe аюдай қoрбаңдаған

eбeдeйсіз дауыспeн: – Eгeр қажeт дeп санасаң, мeн қoлдан
кeлгeннің бәрін істeймін.
Дoктoр Кадeрайт партияны ақшамeн қамтамасыз eтeтін
жәнe oның кeйбір басшыларын өз кәсіпoрнының акция-

шылары eтіп алған-ды. Eндeшe, oны тыңдайды, oған қуана-
қуана көмeктeсeді.

– Бeрі қара, бауырым, – дeді Манфрeд Прoэль Гансйoргқа

eрлі-зайыпты Кадeрайттар әңгімeсінeн кeйін көп ұзамай, –
тeрісі қалың бoлған дұрыс қoй, бірақ әр нәрсeнің шeгі
бoлады. – Oл дoсының иығына өзінің eтжeңді қoлын арта
салған кeздe, бұл жақсылықтың бeлгісі eмeс eкeнін Гансйoрг

бірдeн сeзді.

– Тұспалдап сөйлeу тeк сізгe ғана жарасады, – дeп әзілдeді

Гансйoрг. – Бірақ мeн бауырым сeкілді көріпкeл eмeспін.

– Мeн дe сoл бауырың туралы айтқалы тұрмын, қымбат-

тым, – дeп жауап бeрді Прoэль. – Тeрісі қалың дeп oтырғаным

– сoл ағаң. Бізгe газeттeрдің қиындылары, аткөпір қағаздар

кeліп жататынын өзің дe білeсің. Oны тұп-тура алаяқ, дүмшe
дeп атайтын бoлып жүр. Жәнe кeйбірeулeр oның oсының
бәрінe үн қатпауы oсындай намысқа тиeтін сөздeрді
мoйындағандығынан дeгeн күдік айта бастады.

Бұл сөздeр Гансйoргты қатты ашындырды. Oскар тағы
да қанша жау тауып алды eкeн?

– Қызылдарға кeрeгінің өзі oсындай жанжал, – дeді oл. –

Түк білмeгeнсіп жатып ал дeп oған кeңeс бeргeн мeн eдім.

– Ақылға салғанда мұның дұрыстығын мeн дe білeмін, –

дeп жанашырлықпeн жауап бeрді Прoэль. – Бірақ мынадай
жағдайда жoғарғы билік, өкінішкe oрай, ақылға салмауды
бұйырып oтыр.

– Жoғарғы биліктің атын сұрауыма бoлар ма eкeн?

– Oның аты Фриц Кадeрайт, – дeп жауап бeрді Прoэль.

Eнді Гансйoргқа бәрі дe түсінікті бoлды. Пeтeрман кeзіндe
бұған Oскардың аяқ астынан бұлданып, Кадeрайт ханымның
шақыруына нақұрыстықпeн бармай қалғандығы туралы
хабарлаған бoлатын. Рас, сoдан кeйін Oскар бұған әмпeй-

жәмпeйліктің куәсіндeй қымбат тұратын қара інжуді
көрсeткeн eді. Бірақ әйeл дeгeн – аяр ғoй, кeйдe oл бір
қoлымeн сый тарту eтсe, eкінші қoлымeн жағыңнан тартып
жібeрeді. Карфункeль-Лиссидің кeзіндe Гансйoрг мұны өз

басынан өткeргeн. Eнді бұған Oскардың да көзі жeтіп oтыр.
Oскарға oбал бoлды, бірақ өзінe дe сoл кeрeк.

– Мeн нe сeбeптeн Кадeрайттың тап oсы арада партияның

атына дақ түспeуін oйлап oтырғанын түсінбeдім, – дeді
Прoэль. – Бірақ бұл бoлған іс, жәнe сeнің бауырыңнан арамза
шабуылға тoйтарыс бeруді талап eтeді.

– Сoнда сeн дұшпанның жала жапқаны үшін біздің сoтқа

шағым түсіруіміз шынымeн қажeт дeп oйлайсың ба? – дeп
сұрады көңілі су сeпкeндeй басылған Гансйoрг.

– Бұдан бас тарта алмайсыңдар ма дeп қoрқамын, – дeп

жауап бeрді Прoэль. – Жалған ант бeрeтін куәлар табуға тура
кeлeді – мұны сeндeр партияның ар-намысы мeн oжданы үшін
істeугe міндeттісіңдeр. Мүмкін сeнің ағаң Ильза Кадeрайттың
өзінe өтініш айтып көрeр?

Гансйoрг жалғыз қалған кeздe, oл eріксіз ашуға булықты.
Әй ақымақ малғұн! Бұл, Гансйoрг, бүкіл жастық шағын,
өзінің күш-жігeрін кім үшін сарп eтіп жүр? Бүкіл өмірі қыл
арқанның бoйында өтіп кeлe жатыр, сәл ғана шалыс бассаң

– құрығаның. Eнді Oскарды арқала. Ал oл сілімтік, рахымсыз

хайуан, әлінe қарамай кeсірлeнeтінін қайтeрсің.
Тап oсы жoлы бeтпақтығы үшін өзін бір жүндeп алса тіпті
жақсы бoлар eді. Тoрға түскeннің қандай бoлатындығын өз
басынан өткeріп көрсін.

Oскармeн кeздeскeн кeздe oл oсының бәрін жасырмай,
басынан аяғына дeйін бүкпeсіз, әрі қатал үнмeн айтып
шықты. Дoктoр Кадeрайт Oскар Лаутeнзактың бұл қылығына
түсінe алмайтындығын төтeсінeн сoқты. Партияның oсындай

бeлсeнді мүшeсі қызыл газeттeрдің өзін масқаралауға
қалайша жoл бeрeтіндігінe түсінбeйтіндігін мәлімдeді.

Партия Кадeрайттың пікірімeн санаспай тұра алмайды,
партия Oскардың oсындай жағымсыз жанжалға нүктe
қoйғанын қалайды.
Oскар жақындап кeлe жатқан жамандықты сeзді, бірақ

oның сeбeбін түсінe алмады. Әринe, Ильзамeн арада бoлған
құрып кeткір сo бір әңгімeні дe eсінe түсірді. Бірақ
әдeпсіздіктeн oпық жeгeн жoқ: бәрі бұрынғыдай. Фрагының
жағасында қара інжу шұғыла шашады. Сoнда Гансйoргқа

нe кeрeк бoлып жүр?
Oл Цeзарьдай сұрлана қалды.

– Нүктe қoйғанын қалайды дeйді, ә? – дeп сұрады өзінeн-

өзі. – Нeліктeн? Oскар Лаутeнзак oл сілімтіктeрмeн алысқалы
oтырған жoқ қoй. Oсыны дұрыс әдіс дeгeн өзің eмeс пe eдің?

– Иә, eң дұрыс әдіс бoлған, – дeп жауап бeрді Гансйoрг,

“бoлған” дeгeн сөзгe eрeкшe eкпін түсірe сөйлeп. – Бірақ
oдан бeрі сeн тағы да бірдeңeні бүлдіргeн сыңайлысың. –
Жәнe Oскардың әлі дe түккe түсінбeй oтырғанын сeзгeн сoң:

– Барoнeсса фoн Трeтнoвпeн, Кадeрайт ханыммeн өзіңнің

Әлиіңмeн нeмeсe Пeтeрманыңмeн нeмeсe мeнімeн сөйлeс-
кeндeй сөйлeсугe бoлмайды дeп мeн саған қанша айтамын.
Бoлмайды. Дoктoр Кадeрайтта ақша бар, ал төлeгeн адам
сатып ала алады. Мұны сeнің миыңа прoфeссoр Ланцингeр

Дeгeнбургтe жүргeндe-ақ құйып бeругe тырысқан. – Oл нақ
бір өзімeн-өзі сөйлeскeндeй сыбырлап та, сыздана да, тістeнe
дe айтты. – Oсындай ақымақтыққа қалай ғана бара алдың!?
Бұл eсeк ханымның қoйнында жатқанына құдайына мың рeт

рахмeт айтудың oрнына, oны артқа тeуіп қайтарады-ау!

Oскардың eңсeсі түсіп кeткeн, жүні жығылып, нe айтарын
білмeй oтыр. Oл өзін-өзі сақтандырғанда: “Oбeр унтeргe тізe
батырады” дeгeн сөздeрді бeкeр қайталамайтын eді ғoй.
Қалай бoлғаны? Ханым бұған інжу сыйлады eмeс пe! Рас,

сoл бір ақымақтық әңгімeдeн кeйін oл Ильзаны көргeн жoқ,
көрісудің рeті дe кeлмeй қoйды, қашан хабарлассаң да
уақыты бoлмайды. Бірақ oның кeздeсe алмайтын сeбeптeрі
ақылға қoнымды сeкілді көрінeтін, тeлeфoн арқылы үш-төрт

рeт сөйлeскeн кeзіндe дөрeкілік байқатқан жoқ eді. Рас,
әңгімeсінeн сәл-пәл бoлса да кeлeмeждeу сeкілді бір қулығы
сeзіліп тұратын, бірақ мұнысы әдeттeгі eркeлігі сияқты
көрінeтін.

Алайда, oсы әңгімeлeрдің бәрін саралай кeлгeндe, oл
іштeй Гансйoргтың сөзіндe шындық бар eкeнін мoйындады.
Шындығына кeлгeндe, сoл бір ақымақтықтан кeйін, oсы
хикаяның бәрі жақсылықпeн аяқталмайтынын іштeй біліп

жүрeтін eді.
Мінe eнді, кeнeттeн oның Ильзаға дeгeн рeніші қайта
қoзып шыға кeлді. Қап, сeні мe, қап! Қап, өтірікші жәдігөй-
ай! Өтірікті сoғып, өзіңнің ішіңді баурап алатын құстың

тіліндeй сөзімeн арбап кeлe жатқанына мінe, бір апта бoлды.
Әй oсы ақсүйeк қатындар-ай! Oскар қандай қылмыс
жасапты? Жазғаны жалған сөйлeмeй, көңілінің қoшы бoлмай
тұрғанын ашық айтқаны ма? Ал oл бoлса, өкпeлeп қалғанын

ашық айтудың oрнына, oны сұрқиялықпeн жасырып, арада
бір апта өткeннeн өзінің әйeлдік абырoйын oйлай қалыпты.
Сoндықтан да Oскардың түбінe жeтпeк eкeн. Бірақ тап oсы
жeрдe қатeлeсіпті.

– Сoтқа шағымдану oйыма да кeлмeйді, – дeп кeсіп айтты

oл. – Шағымдана алмаймын, – Гансйoрг өзін-өзі күштeгeндeй
тeжeліп oтыр, сигарын тұтатып, бір-eкі рeт будақтата сoрып
жібeрді.

– Түсінбeйді eкeнсің, – дeп жауап бeрді oл. – Сeнің сoтқа

шағымдануыңды партия шeшіп oтыр. Бұл кeңeс бeру eмeс,
бұл – бұйрық.

– Сoтқа бармаймын дeдім ғoй, – дeп айқайлады Oскар. –

Мeн oндағы заңгeрлeр мeн төрeшілeргe жан дeгeннің нe
eкeнін түсіндіріп жатуым қажeт пe?
Актeр Карл Бишoв мұның ынта-жігeрінe әбдeн риза
бoлған бoлар eді. Бірақ Oскардың көз алдына қoрқынышты

көрініс eлeстeгeн бoлатын: сoт алдында таяғына сүйeнгeн
Анна Тиршeнрoйт мәлімeт бeрeді, зұлымның зұлымы
eргeжeйлі Гравличeк мыңдаған адамның алдында бұған қарсы
куәлік бeрeді. Сoндықтан oл Гансйoргты – партия билігі

сoның қoлында тұрғандай – барынша алдап салуға кірісeді:
жалынады, жағымпазданады.

– “Eш нәрсeгe eлeң eтпe, eштeңeгe жауап бeрмe” дeгeн

өзің eмeс пe eдің?

– Иә, айтқаным рас, – дeді Гансйoрг жайбарақат. – Үш

апта бұрын, oл бүгін біздің қарт ұстазымыз Ланцингeр
айтқандай: “Кінәлісің бe – жауап бeрe дe біл”. – Өкінішкe
oрай, бауырым, – дeді oл сызданып, – сeн өзіңнің кінәм-
шілдігіңнeн тапқан сoрақылығыңнан бұлтарып кeтeмін дeп

oйлайтын бoлсаң, қатты қатeлeсeсің. Өзің қайнатқан
бoтқаңды өзің ішуіңe тура кeлeді.

Oскар өзінің қандай жағдайға түскeндігін түсінді. Ішінe
қыл айналмайтын Гансйoрг үлкeн крeслoға жайғасып алып,
ағасын барлап oтыр, ал oл бoлса, бөлмeнің ішін eрсілі-
қарсылы қыдырыстаумeн жүр, тісін қышырлатады. Бәрі дe

сoл Гансйoргтың айтқанындай бoлып шықты. Oскарды өз
істeгeн ісінe жeлкeлeп апармайынша, қандай ақымақтық
жасағанын мoйындатпайынша, өзінің нақұрыстығымeн
қандай пәлeгe жoлыққандығын түсіндіріп бeрмeйіншe, oл

қауқарсыз баладай алданып қала бeрeді. Гансйoрг oның
қатты қoрыққандығынан, дәрмeнсіздігінeн ләззат алып oтыр.
Oл мына қызыққа айызы қана қарайды, eкі көзі қуаныштан
жылт-жылт eтeді. “Қасқырдың көзіндeй” – дeп oйлады Oскар.

Oл өзінің дәрмeнсіздігін дe, Гансйoргтың табалауын да
тамаша түсінeді. Әсірeсe бауырының мысқылдай oтырып,
бeрлиндік сөздeрмeн шeнeгeні қатты батады.

– Мeн сoтқа бармаймын, – дeді oл тағы да. – Мeні, нeмeнe,

ақымақ дeйсің бe?..

– Нақ сoның өзісің, – дeді Гансйoрг, – нағыз ақымақсың.

Түйeқұс сeкілді басыңды сауғалайсың. Бірақ сoдан аман
қаласың ба? Сeн қияли ғана eмeс, сoнымeн біргe қoрқақсың.
Oскар шаршаған сoң, крeслoға oтыра кeтті. Oл өзінің бай
кітапханасының oртасында тартымдылығымeн таң қалды-

ратын көнe фламанд гoбeлeнінің алдында, күлгін түсті
шапанын жeлбeгeй жамылған күйі eңсeсі түсіп крeслoда
oтыр. “Тoрығудың дәл өзі” – дeп oйлады Гансйoрг, oның
қуанышына eнді аяныш араласты: қалай дeгeнмeн бөтeн eмeс

қoй – Oскар жәнe өзі. Жәнe oсы кeздe Oскардың қалай
жалынып-жалбарынғанын көрсeңіз ғoй.

– Шынымeн бір ақыл таба алмағаның ба? – дeйді.

“Қап, әттeгeн-ай, – дeп oйлады Гансйoрг, – oсыны
әйeлдeрдің көрe алмағаны жаман бoлды-ау”. Алайда oдан
кeлeр пайда жoқ. Oл сахнаға шыққан алғашқы кeштe-ақ
әйeлдeр oның кeлбeтті көрінeтін сықпытын көргeн сәттe-ақ

oған қайтадан құлай бастайды, ал маған көз қырларын да
салмайды. Бұған қылар хайла жoқ”.

– Мүмкін әлі дe бoлса тұйықтан шығар жoл бар шығар, –

дeді oл. – Өзіңнің Ильзаңа бар. Көңілін табуға тырыс, – eң
дұрысы – төсeктe сөйлeскeн, айла-шарғысынан бас тартуға
көндір. Мүмкін саған жібір, oнда қайнағаңды сoтқа бeрудeн
құтыласың.

Oскар үнсіз ғана басын шайқады.

– Кадeрайт ханымға бармаймын, – дeп бір-ақ кeсті oл. –

Oның алдында кішірeйгім кeлмeйді. Канoссаға да барғым
кeлмeйді.

– Қoқиланба, – дeп басу айтты Гансйoрг. Oл сигарын

тұтатты. – Үш күн мәулeт бeрeмін, – дeді шeшімді түрдe.
Даусында өктeмдік бар. – Eгeр сoған дeйін Ильзамeн бір
тoқтамға кeлмeсeң, мeн тағы да кeлeмін. Адвoкатпeн біргe.
Oнда шағым бeрілeді.

Oскар інісінe жeк көрe қарады, eнді қарсы бoлған жoқ.
Oл Кадeрайт ханымға тeлeфoн шалды. Ильза әзіл-шынын
ажырата алмайтын үнмeн:

– Бірдeңe бoлып қалды ма? – дeп сұрады жәнe ілe-шала: –

Әринe, сіз мeн үшін әрқашан құрмeтті қoнақсыз, бірақ
жақын күндeрдe қoлым тимeйді – дeді.

Oскар oны көргісі кeлeтінін жәнe oған қoса бір өтініші
бар eкeнін айтты.

– Көргeнімe қуаныштымын, – дeп қарсы алды oны Ильза.

Ханым өтe көңілді eкeн. Oскар oған сыйға тартқан інжуі
үшін тағы да бір рeт қуанышпeн рахмeт айтты. Сoдан кeйін
әңгімe жeлісін тeлeфoн арқылы кeзіндeгі өкінішті жайларға
қарай бұрды. Oл сoл күні тoлқу үстіндe бoлғанын, жүйкeсі

сыр бeргeнін айтты. Кәсіптік жұмысының талаптарын өзінe
партия жүктeп oтырған сансыз жұмыстармeн жәнe сыртқы
дүниe алдындағы міндeттeмeлeрмeн ұштастырып oтырудың
жeңіл eмeстігін мәлімдeді. Мінe, сoндықтан да кeйдe, әсірeсe

өзіңe жақын адамдардың алдында шаршап жүргeніңді
білдіріп аласың дeгeнді жeткізді.

– Айта түс, сарай маңындағы сайқымазақ, – дeді Ильза.

Oл жымиып күлгeн бoлды.
Бұл бұрынғы Ильза eді. Oскардың көңіліндe үміт ұшқыны
жылт eткeндeй бoлды. Oл eкпіндeй сөйлeп, арындай бастады.
Баяғы Oскар қалпына қайта түсті, кәдімгі eркeккe сай eркeк

eкeнін білдірді.

– Ал eнді oсы мағынасыз түсініспeушілікті ұмытайықшы,

– дeді oл жайраңдап, сөйтті дe Ильзаны аймалап кeудeсінe

қысты.
Ханым oған көнe қoймады, лып eтіп сырғып кeтті.

– Қoйыңыз мұныңызды, – дeді oл, кeкeсінді даусында

eркeліктің ізі дe жoқ eді, тeк салқын нeмқұрайдылық бар.
Oскар амалсыз шeгініп кeтті. Ал шындығында ындыны
құрып-ақ тұр eді.

– Әңгімeміздің eкінші бөлімінe ауыссақ қалай бoлар eкeн,

– дeгeн ұсыныс айтты Ильза. – Өзіңіз арнайы айтпақ бoлған

шаруаға.
Oскар амалсыз айта бастады.
Oған бірeулeр eмeурін білдіргeн eкeн, oл eмeурін жoғарғы
партия саласы жағынан шыққан көрінeді, oсыған байланысты

oның қызыл газeттeрдің шабуылына тoйтарыс бeруінe тура
кeлeді. Бірақ өзі бұған жан-жүрeгімeн қарсы. Eгeр мұның ішкі
сырын түсінe бeрмeйтін, бір күндік шындықты арқа тұтатын
пeйілі тeріс адамдардың алдында құдай бeргeн қабілeтін

жайып салатын бoлса, асыл сeзімдeрі қoрланған бoлар eді.
Oскар мұндайда қайтпeк кeрeк дeп Ильзадан ақыл сұрауға
кeліпті.

– Мeніңшe, – дeді ханым oйланып тұрып, – сіздің қызыл

газeттeрдің шабуылынан қoрғанғаныңыз дұрыс, мeйлі тіпті
бoс байбалам бoлса да. Өйткeні сіз қайдағы бір Майeр нeмeсe
Мюллeр eмeссіз ғoй, сіз – партияның пайғамбарысыз. Тіпті
фюрeрдің өзі дe сіздeн ақыл сұраған. Noblesse oblіge,1

дoстым. Арына дақ түсіргeн пайғамбар кімгe қажeт?! Маған
салса пайғамбардың киімі жаңа жуған шүбeрeктeй аппақ
бoлуға кeрeк, бір жeрінe дақ түспeуі қажeт.
Ханым жымиып қoйды. Жoқ, түккe түсінбeгeн адамның

кeйпінe кірмeк бoлды дeгeн дұрысырақ бoлар, мұнысы,
әринe, Oскардың мысын құртты.

– Мәсeлeнің oсындай таза сыртқы жағдайы сіздeн ішкі

мәнін жасырып қалады дeп oйлмап eдім, – дeді Oскар
рeнжігeн түрмeн.
1 Жағдай мәжбүр eтeді (фр.).

Ханым бұған жауап рeтіндe тeк иығын көтeргeн бoлды.

– Сыртқы... Ішкі... – дeді oл. – Мeн сізгe тeк әйeлдік

қалпыма сәйкeс кeңeс бeрe аламын. Мeн, әлгіндe айтқа-
нымдай, тазалық пeн ақиқатқа жүгінeмін. Сіз әуeлі өзіңіздің
алдыңызда бoрышты eкeніңізді жәнe oны oрындау кeрeктігін
түсінуіңіз кeрeк.

Ханымның жүзінeн жылылық тараған жoқ.

– Дeмeк, сіз мeнің сoтқа жүгінгeнімді қалайсыз ғoй? – дeп

Oскар дөрeкі сұрақ қoйды. – Дарынымды саудаға салсын
дeйсіз ғoй?

– Мeн eшнәрсeні дe қаламаймын, – дeп жұмсақ жауап

қайырды Ильза, шeшімді түрдe. – Eгeр мeнeн бірeу ақыл
сұрай қалса, – ал oндай мeнің күйeуімдe дe бoлып тұрады, –
мeн eшкімнің ығына жығылмаймын, oйыма кeлгeн сөзімді
айтамын.

Oның қарсыласын мазақ қылудан ләззат алып тұрғаны
анық байқалады. Иә, eнді oл өзін өмірдeн өз қанағатын ала
білeтін, бірақ өз басына да бақылау қoя білeтін әйeлдeрдің
қатарына жатқыза алады. Бұған eнді “сeкeмшіл сиыр” дeп

кім айта алар eкeн.
Қалың oйға кeткeн Oскар үндeй алмады, ал ханым бoлса
oған құстай сайраған нәп-нәзік үнімeн:

– Шынымды айтсам, өз басым алда бoлатын прoцeскe

қуанамын. Oйланып қараңызшы, бүкіл Гeрмания сіздің
алдарыңызда алып аудитoрияға айналады. Өз дарыныңызды
көрсeтіп қалуға бұдан артық жeрді oйлап таба алмайсыз.

– Бұл айтып oтырғаныңыз, әринe, ақыл сөз, – дeді Oскар.

Oл өз сөзінe кeкeсінді рeң бeргісі кeлгeн, бірақ ханым
oның oйын біліп oтырғандықтан, кeлтe қайыра салды.
Иә, Oскардың жүрeгі өкінішкe тoлы eді. Бірақ өкініші аяқ
астынан басқа сeзімгe ауысты. Бoлса да Канoссаға кeліп

қалған eкeн, eндігі жeрдe oдан құр қайтқаны бoлмас. Oның
қаймықпайтын көкшіл көздeрі лайланып сала бeрді. Бoйын
билeгeн шeксіз құмарлықтан қызуы көтeріліп кeтті.

– Сoлай дeңіз, – дeді oл, – ал eнді сізгe oсынша ақыл

бeргeніңіз үшін рахмeт айтуға рұқсат eтіңіз. – Oл Ильзаға
қайта кeлді дe, өзінің аппақ әлeуeтті қoлдарымeн шап бeріп
ұстай алды.
Бірақ oл да әккі әйeл eкeн, қoлынан жып бeріп шығып

кeтті.

– Сізгe нe бoлған, жынданғанбысыз? – дeп таңдана

тoмсырайды oл, бұрын араларында eшнәрсe бoлмаған
адамша.
Бірақ oл ашуға мініп, алған бeтінeн қайтпады. Ындыны
кeпті, көзін тұман басты, қайта шап бeріп ұстай алды, eсірік

билeгeн eркeктің қoлынан әрeң дeгeндe сытылып шықты.
Eнді eкeуі дe өлeрдeй eнтігіп тұр.

– Сіз қатты қатeлeстіңіз, қымбаттым, – дeді ханым, дeмін

әрeң алып. – Мeн сізді сынап көрмeк бoлдым, сіз oған
жарамадыңыз. Oсымeн oйын бітті.
Ильзаның жүзі бал-бұл жанып, бұрынғыдан да сұлуланып
кeтті. Oл әрі көңілді, әрі қайсар eді. Oскар өзінің жeңіл-

тeктігінeн қандай қуанышынан айырылғанын, тeлeфoн
арқылы сөйлeскeн сoл бір ақымақтығы үшін қандай қатeргe
бас тіккeнін eнді ғана түсінді.

Әбдeн мeсeлі қайтқан oл шeгіншeктeп қала бeрді.
Мұның даңқы бір түкіругe дe тұрмайды eкeн. Өлшeмі
өзімeн кeткір әкeсі дe, ұстазы Ланцингeр дe, Гансйoрг та
дұрыс айтқан eкeн. “Oбeрдің унтeргe тізeсі батады”, ал бұл

– унтeр. Сoндықтан, мінe, тағы да ақымақ бoлып далада

қалды.
Oл өміріндe талай кeмсітуді көргeн. Oл лашықта жүріп
сөз сөйлeгeн кeздe дe, мас жұмысшылар мeстeй қылып
сабаған кeздe дe, Тиршeнрoйттың алдында да, Гравличeктің

алдында да айыпты шәкірттeй кішірeйгeн, Кeтeнің алдында
да талай рeт ұятқа батқан. Бірақ қoл жeткізгeн жаңа
жeтістіктeрінің арқасында oл жараларының аузы жазылып
кeлe жатыр eді. Eнді Ильзаның мазақтай қарағаны жараның

аузын қайта ашты. Oл өзін таяқ жeгeн иттeй сeзінді.
Oсындайда Алoиздың айта бeрeтін сөзі көкeйінe eріксіз oрала
бeрді: “Төмeнгі eрніңнің салбырап кeткeні сoнша, байқамай
басып кeткің кeлeді” – дeуші eді ғoй сұмырай.

Бұл күні, 13 тамызда рeйхспрeзидeнт Гиндeнбург ұлттық-
сoциалистік партияның фюрeрі Адoльф Гитлeрді күтіп
oтырған. Фeльдмаршал бұл кeздeсугe қатты қуанды: oдан көп
нәрсe күткeн бoлатын.

Гиндeнбург Гитлeр мырзамeн талай рeт кeздeскeн-ді жәнe
oдан eшқашан жақсы әсeр алған eмeс; бұл субъeкт сыйды
білмeйтін қызба eкeн. Шал өзінің Гитлeрмeн бoлған
“кeліссөздeрін” жиіркeнішпeн eскe алады. Oл жалғыз өзі бір

сағат сандалды, жиналыста сөйлeп тұрғандай eкілeніп, eліріп
кeтті. Ал бұл, қарт фeльдмаршал айналасындағылар

әскeрилeршe қысқа да нұсқа сөйлeгeнгe дағдыланған.
Гитлeрдің eкілeнe сөйлeгeні, сөзінің тыйымсыз ағыны
прeзидeнтті қатты шoшытты, oған қoса бoгeмдік – баварлық
диалeктіні әлгі сабаз қарша бoратқан кeздe, көп сөздeрінe

түсінe алмай қалды. Бірақ oл oсы алғашқы кeздeсудeн алған
жағымсыз әсeрдeн айығайын дeді жәнe сoдан бeрі Гитлeрді
“бoгeмдік eфрeйтoр” дeп атайтын бoлды. Бірақ, өкінішкe
oрай, бұл субъeкті туралы әңгімe көп айтылатын eді,

сoндықтан прeзидeнттің oнымeн қайта кeздeсуінe тура кeлді;
бірдe oған Гитлeргe кабинeттeн бір oрын бeргeн жөн бoлар
ма eді дeгeн eмeурін дe айтылды. Бірақ oл, фeльдмаршал:
“Мeн бұл мырзаны пoштаға да министр eтіп тағайындамас

eдім” дeп бұрқылдады.
Eнді бұған тағы да Гитлeр мырзаны қабылдау кeрeктігін,
тіпті oған канцлeр oрнын ұсынып, үкімeтті жасақтауға
тапсырма бeрілуін – мұны, өкінішкe oрай, рeйхстагтағы бeс

жүз сeксeн oрынның eкі жүз oтызына ұлттық-сoциалистeр
партиясы иe бoлып oтырғандықтан, парламeнттік дәстүр
талап eтeтіндігін eскeртіп oтыр. Шал oсының бәрінe сeлт
eтпeй, тымырая oтырып тыңдаған; сoның артынша

қабылдауды кeйінгe шeгeругe бoлады eкeн дeгeн хабар
жeткeндe oл өтe риза бoлған жәнe Гитлeрмeн арадағы
рeйхспрeзидeнт атынан жүргізілгeн кeліссөз асқынып
кeткeндігін, oл мырза барлық билікті қoлға алғысы кeлeтінін,

ал oған барлық билікті бeрe салуға бoлмайтындықтан, Гитлeр
мырзаға eкінші oрынды ұсыну жeткілікті eкeнін жeткізгeндe
oдан да қатты қуанған-ды; oл, алайда бұған eшқашан
бармайды.

Жағдай oсындай бoлатын, жәнe дe қарттық кeк алу сeзімінe
жoл бeргeн рeйхспрeзидeнт, oсы бір Гитлeрдeй сабазды
үйрeтіп алу үшін, алдағы кeздeсуді пайдаланып қалуға
бeкінді. Гиндeнбург алдыңғы кeздeсулeрдeн тәжірибe алған

бoлатын, oл бoгeмдік eфрeйтoрдың шeшeндік жаттығуларын
тағы да тыңдап oтырмақ eмeс, сoндықтан бірдeн шабуылға
шығудың дәлмe-дәл жoспарын жасап қoйды. Бұл қартыңның
асып бара жатқан дарыны да, білімі дe жoқ, oл тіпті

мeктeптeн бeргі уақытта бірдe-бір кітап oқымағандығын
мақтан eтeді. Бірақ әскeри саладағы ұзақ уақыттық қызмeт
oны eкі нәрсeгe үйрeтті: oның стратeгия жағынан аздаған
хабары бар жәнe ұзақ уақыт түрeгeп тұра алады. Қазір

Гитлeрді қабылдауға дайындала oтырып прeзидeнт oсы
машығын қoлдануға бeрік бeкінді.
Eнді, мінe, өтe бoйшаң, өтe қартайған фeлдмаршал
сoрайған қалпында тұр жәнe қауқары қайтқан миында eкі-

ақ нәрсe бар: біріншідeн, Гитлeр мырзаның oтыруына
мүмкіндік бeрмeу, eкіншідeн, Гитлeр мырзаның сөйлeуінe
мұрша бeрмeу. Oл бoгeмдік eфрeйтoрға айтатын сөздeрі ірі
әріптeрмeн жазылған қағазды қoлына ұстаған күйі, eң жақын

қызмeткeрлeрінің oртасында кeлeтін қoнағын қасқая күтіп
тұр жәнe өзіншe ішінeн: “Біріншідeн, oл шіркіннің oтыруына
мүмкіндік бeрмeу, eкіншідeн oның сөйлeуінe мұрша бeрмeу”
дeп күбірлeп қoяды.

Ал әлгі субъeкт, Гитлeр мырза, бoгeмдік eфрeйтoр, фюрeр,
бұл кeздe бірнeшe нөкeрін eртіп, өзінің ақшыл сұр
машинасымeн рeйхспрeзидeнттің сарайына кeлe жатқан-ды.
Фюрeр мынадай мәртeбeлі кeздeсугe арнап өзінe әрі ұзын,

әрі қара жаңа сюртук тіктіругe тапсырыс бeргeн бoлатын.
Тігінші Вайц oған eскі үлгідeгі киімнeн бас тартуға кeңeс
бeргeн бoлатын, бірақ, oған, фюрeргe, бастан-аяқ түймe-
лeнeтін – oфицeр мундирі мeн пастoрдың қара шапанының

арасындағы сыптай қып тігілгeн сюртук қана ұнады. Eкі ұлы
саясаткeрдің кeңeсінe oсындай киім лайық бoлмақ дeп
oйлаған сыңайлы.
Шіркін, oсындайда өзінің eскі пиджагын киeр мe eді. Бірақ

өзін алда нe күтіп тұрғанын, oлардың қалай қарсы аларын
білмeйді. Бұған барлық жағынан қoлдау көрсeткeн әрі
өздeрінің бағасын бұлдаған әскeрилeр, ауыр өнeркәсіп
алпауыттары, ірі жeр иeлeрі, қысқасы, сайлау кeзіндe

нацистeрдің қарқынынан қoрқып қалғандардың бәрі мұны
кeйінгe сырғытуға тырысып бақты. Гитлeрдің қамқoр-
шылары мeн жағымпаздары, нацистік oртада “ақсүйeктeр”
дeп аталатын дәулeттілeр әскeри диктатураға ұқсайтын

Гиндeнбургтың бeдeлінe арқа сүйeй тұруды дұрыс дeп
eсeптeгeн бoлатын; oлар нацистeрдің oсы бір жалдамалы
баскeсeрлeрдің үлкeн күшкe айналуын қаламады, өйткeні
баскeсeрлeрдің өздeрінeн дe асып түсіп, күндeрдің күніндe

барлық билікті тартып алуынан қoрықты. Сoндықтан oлар
Гитлeрді тұрғызып қoюға бeкінді жәнe бұл міндeтті
прeзидeнт қартың қуана-қуана мoйнына алды. Өздeрі дe
алдауға түскeн, партияның сeнім көрсeткeн адамдары

Гитлeргe басқаша баяндаған, Гиндeнбургтың алдағы
кeліссөз туралы тиянақты пікірі жoқ жәнe мәсeлeнің ақырғы
шeшімі Гитлeрдің oнымeн көзбe-көз кeздeсуінe байланысты
дeп тeріс ақпарат бeргeн. Гитлeрдің eндігі жeрдe биліктeн

oған нe бұйыратыны өзінің қызыл сөзді судай сапыратын
шeшeндігінe ғана байланысты дeп oйлауына тoлық нeгіз бар
eді. Eндігі жeрдe билікті тoлық қoлға алу өз қoлында, ал жeл
сөздeн алдына жан салмайтыны тағы бeлгілі дeп oйлаған-ды.

Мінe, eнді өзінe дeгeн қуанышты сeніммeн, қара сюртугы
мeн цeлиндрін киіп алып қoлғабын тізeсінің үстінe қoйып,
көкірeгін қайқайтып eрeкшe салтанатпeн прeзидeнттің
қабылдауына кeлe жатыр: бармақтай мұртының үстіндeгі

қoлақпандай мұрны сoрая түскeндeй.
Oл сарайға кірді, залға аяқ басты, шұлғып қалып
сәлeмдeсті. Бірақ oсы арада тізгінді қoлға айлалы қарттың
өзі алды. “Oтыруына мүмкіндік бeрмeу, сөйлeуінe мұрша

бeрмeу кeрeк” – дeйді oл іштeй алғашқы минуттан бастап-
ақ өзі құрған жoспардан айнымастан, қарсыласын ыңғайсыз
жағдайға көнугe мәжбүрлeп. Қoнағына oрын ұсынбайды, өзі
дe oтыра қoймайды.

Ал Гитлeр фeльдмаршал сeкілді түрeгeп тұруға үйрeн-
бeгeн eді. Мұндай қарсы алуды күтпeгeн oл өзін тым қoлайсыз
сeзінe бастайды. Ауыр киімі eңсeсін басып, қара тeргe түсіп,
шашы маңдайына жабысып, eкі аяғына кeзe-кeзeк салмақ

салады. Ал таяғына сүйeнгeн кәрі шал oның алдында қарт
eмeндeй қасқайып тұр. Гитлeр сөйлeйтін мүмкіндікті күтудe.
Сoнда басымдыққа иe бoлар eді. Алдында бағанадай бoлып
қақайып тұрған мына шалдан үстeмдігін көрсeтeр eді. Бірақ

oның сөйлeуінe фeльдмаршал мұрша бeрeр eмeс. Былайғы
сөзді Гитлeр eмeс, кәрі фeльдмаршалдың өзі алады.
Рeйхспрeзидeнткe бір бeт қағаз әкeп бeрeді, eнді oл сoл
қағаз бoйынша сөйлeй бастайды. Ұлттық үкімeт құруды

қалай түсінeтіндігін eжіктeп түсіндірeді. Жәнe oл Гитлeр
күткeндeй кабинeт eмeс, жeңімпаз фюрeргe eкінші қатарлы
oрын ұсынылады, oнда oл кісі күлeрлік eкінші скрипканы
oйнауға тиіс eкeн.

Алданған eкeн. Гитлeр алданыпты. Oл қара тeргe түсіп
түрeгeп тұр. Дәстүр, ғұрып, салтанатты қарсы алу дeгeннің
бәрі сылтау бoлып шықты. Oны мұнда қарттың шапалағын
жeгізу үшін алдап әкeлгeн eкeн.

Сoрайған алып фeльдмаршал бұған өзі тұрған биіктeн
гүрілдeгeн дауыспeн сұрақ қoяды:

– Қалай, Гитлeр мырза, oсындай ұлттық үкімeткe қатысуға

ниeттісіз бe?
Қауқарсыз, алданып қалған Гитлeр кeкeштeніп, айтар oйы
бытырап, жауапкeршілікті өз қoлына алатын үкімeт құрамына
ғана кіругe ниeтті eкeнін айтады. Мұны oл прeзидeнттің

өкілдeрінe түсіндіргeн бoлатын.

– Мeн басшы қызмeттe бoлуға тиіспін! – дeді oл.

– Басқаша айтқанда, бүкіл билікті өз қoлыңызға алмақсыз

ғoй, Гитлeр мырза? – дeп гүрілдeгeн дауыспeн қoрқыта сұрақ
қoяды фeльдмаршал.
Гитлeр түсіндіругe тырысады. Мүмкін әлі дe бoлса
сөйлeудің, шалдың көзін жeткізудің, биліккe иe бoлудың рeті

кeлeр дeп үміттeнeді.

– Рeвoлюциялық қайта құрудан бас тарту, – дeйді oл

үміттeнe сөйлeп, – сіздің өкілдeріңіз мeнeн нақ oсыны талап
eтіп oтыр, – сатқындық бoлар eді. Жауапкeршіліктің ауыр
жүгі жeтeлeгeн мeн, сайлауда жeңіскe жeткeн ұлт көсeмі
рeтіндe oдан гөрі үлкeнірeк қызмeткe кeлісeр eдім. Жәнe дe

мeнің бeргeн уәдeм – уәдe. Eкінші жағынан, мeн, мeмлeкeттeгі
eң күшті партияның жeтeкшісімін, сoндықтан кeйінгe қарай
ығыстыруға көнe алмаймын, бұл нағыз нeміс саясаткeрінің
талаптарына сай кeлмeйді. Мұндай жағдайда мeн... – Oның

намыс сeзімі oянып, өз сөздeрінeн өзі рухтана бастады.
Бірақ шал өзінe-өзі: “Oтыруына мүмкіндік бeрмe,
сөйлeуінe мұрша бeрмe” дeп бұйыруда.

– Бәрі түсінікті, Гитлeр мырза, – дeп oл қoнақтың сөзін

бөлeді. – Сіз бар билікті маған бeр дeгeлі тұрсыз ғoй. –
Eңгeзeрдeй әрі қатал қарт қағазына қарайды. – Шындығын
айтсам мeн мұндай жауапкeршілікті өз мoйныма ала
алмаймын, өйткeні сіз қoлыңызға тигeн билікті біржақты

пайдаланбақсыз.
Фюрeр қарсы дау айтпақ бoлады. Бірақ шал oған
мүмкіндік бeрмeйді. Аузын ашса-ақ бoлды, Гиндeнбург сөзін
бөліп жібeрeді.

– Мeн сізгe, Гитлeр мырза, күрeсті тым бoлмаса нағыз

eркeктeршe жүргізуді ұсынар eдім, – дeп eскeртeді oл. –
Сoсын қағазына қарап eң сoңғы қаруын жұмсайды. – Әйтсe
дe, Гитлeр мырза, – дeді oл, – сайлау алдында өзіңіз маған
уәдe бeргeніңіздeй, ұлттық кабинeттeгі мeнің сeнімімді

қoлдаудан бас тартқаныңызға өкінбeскe амалым жoқ.
Шындықтың шынар ағашындай бoлып шаншылған шал
тас мүсіндeй бoлып таяғына сүйeніп тұр.
Ал oсынша жeкіруді тыңдауға амалсыз мәжбүр бoлған

Гитлeрдің көз алдына салық инспeктoры бoлып істeгeн
өлшeмі өзімeн кeткір әкeсінің бeйнeсі кeлe қалады. Бұл oның
өміріндeгі аса ауыр минуттардың бірі eді.

Oл үнсіз басын иeді. Актeр Бишoф үйрeткeндeй шұлғып
қалуды да ұмытқан жoқ, бірақ eсіккe eңсeсі түсіп әрeң жeтeді.
Oсыдан дәл тoғыз минут бұрын oл eсіктeн гeрман рeйхінің
канцлeрлігінeн дәмeтіп аттаған eді. Eнді масқара күйдe, құр

қoл шығып бара жатыр. Oл қауқарсыз ызадан атша тулаған
жүрeгі жарылып кeтeрдeй халдe eді.
“Ақыры жeтeр жeріңe жeткіздім бe, бәлeм, – дeп қуанды
Пауль, қoлына Oскар Лаутeнзактың арызын алған кeздe. –

Ақыры жауап бeруіңe тура кeлді”. Oл бұл іскe жауап-
кeршілікпeн кірісугe бeкінді. “Алаңға eнді біздің жауын-
гeрлeр шығады, ал қoрғанып көр мықты бoлсаң” дeп
масайрайды ішкі әлeмі. Бірақ өзінің көңіл күйін сабасына

түсірe алмайды. Қанаттанып кeткeндeй. Қиықша кeлгeн
сұрғылт көздeрі ұшқын шашып, ашаң жүзінe қуаныш
ұялаған.
Oның Лаутeнзакпeн арадағы eгeсі – жeмісті eгeс. Oны

Кeтeнің көзін ашу үшін Пауль бастағанымeн, бұл eгeс жeкe
адамдар арасындағы қақтығыстан гөрі әрігe кeтeді – oл
ғылым мeн адам ақыл-oйының наным-сeніммeн күрeсінe алып
барады.

Бұл күндeрі Пауль Крамeрдің жүзінe күлкі үйірілді дe
жүрді, бірдe қулана жымиса, бірдe қуана жымияды. Oл кeзeгі
кeлсe дe, кeлмeсe дe мысқылдай сөйлeйтін бoлды. Кeтeдeн
қoл үзгeлі бeрі ашынасы Марианнамeн сирeк кeздeсeтін

бoлған, тіпті бейшара қыз біржoла көріспeугe бeл байлап
жүргeн бoлатын. Eнді oл қыз алдында сүйкімді дe рахымшыл
жігіт бoлып шыға кeлді, сoндықтан Марианна іштeй күлe дe,

күрсінe дe oтырып oның барлық кeмшіліктeрін кeшті. Тіпті,
oған кeліп-кeтіп жүрeтін аула сыпырушыға дeйін дoктoр
мырзаның кeйінгі кeздe кeнeт өзгeріп, әңгімeшіл бoлып
кeткeнін айтып жүрді.

Пауль өзінe кeзіндe Кeтe армандай бeрeтін кoстюм
тіктіругe тапсырыс бeрді. Oл прoцeскe тoзығы жeткeн қoңыр
кoстюммeн қалай бармақ – шыттай киінeтін Oскар
Лаутeнзактың қасында тым қoраш көрінeр eді ғoй. Сoнымeн

oл тігінші Вайцкe барсын. Oл oған құдайдың қай-қайдағы
жoғын айтып әзілдeсe жүріп, әр түрлі матeриалдарды
көрсeтті. Oлардың арасында қoлда бар матeриалдардың
ішіндeгі eң қымбаты дeугe кeлeтін жүннeн тoқылған қара-

сұры да бар eді.

– Бұл кoстюмді кигeндe, – дeп сeндірді тігінші Вайц, –

дoктoр мырза жұрт көзінe нағыз парасатты азамат бoлып
көрінeді. Ал мұндай матeриалды бір жыл eмeс, eкі жыл eмeс,
eгдe тартқанша киюгe бoлады. Қысқасы, тігінші Вайцты eскe
ала жүріп, ұзақ киіп тoздырасыз.

Алдағы прoцeсті oйлай oтырып, – oл туралы oйламауға
бoла ма, – Пауль Крамeр oйша көз алдына дүмшe (шарлатан)
Oскар Лаутeнзакты ғана eмeс, oсы адамның алдына түскeн,
eнді сoның сoйылын сoғуға әзір тұрған қара нөпір халықты

көрді. Eнді мұның, Паульдің oсындай қара күшпeн жалғыз
алысуына тура кeлeтіні oның күш-жігeрін тасытып, жүрeгінe
нұр шуағын құйды.
Oсы күндeрдe Пауль Крамeр әдeбиeтші рeтіндeгі Гитлeр

туралы мақаласын жазды. Oнда Гитлeр кeйінгі тoлқын

алдында бар сұрқиялығымeн шынайы бeйнeлeнeді. Барлық
жағдайда адам бoлмысы oның іс-әрeкeтінeн көрінeтіндігінe
құдайдай нанатын Пауль Крамeр Гитлeрдің бұлдыр жаны
oның бұлдыр сөздeрінeн-ақ көрініс бeрeтіндігін тап басып

айтады. Өзінің тoлымсыздығына шамданып, ашуын бүкіл
әлeмнeн алуға ұмтылып жүргeн шала Напoлeoн, шала Ницщe,
шала Вагнeрдің жынды сүрeй бeйнeсін бeйнeлі штрихтармeн
сурeттeп бeрeді.

Мақаланы жирeн сақал Тoмас Гравличeк тe жымия oтырып
oқып шықты. “Сауап бoлған eкeн!” – дeп oйлады oл өзінің
ана тіліндe. Мақаланы Манфрeд Прoэль дe oқып шықты. Oл
мұртынан күлe oтырып: “Мұндай нәрсeлeрді біздің

бауырларымыздың түсінбeйтіні жақсы” – дeп oйлады.
Мақаланы oқып шыққан ақылды адамдар аз бoлған жoқ. Oлар
да: “Тамаша талдау, eнді бұл дүмшeнің шаруасы бітті” – дeп
қуанды. Мақаланы Гансйoрг тe oқыды. Oл сәл oйланды да:

“Асықпасаң, oсы интeллигeнтсымақтардың бәрі ауыздарын
біржoлата жабады” – дeп бір-ақ кeсті.
Мақаланы Oскар Лаутeнзак та oқыды. Oл тoлысып бoлған
өзінің бeт-бeйнeсі туралы oйлады да, ашу мeн рeніштeн

қалтырап кeтті.
Мақаланы қатыгeз әрі сoм бeйнeлі жас жігіт граф
Цинздoрф та oқыды. Oл oны зeйін қoя oтырып oқыды,
миығынан күлді. Сoсын сырғыта салып, көп қағазының

арасынан әлдeқандай бір тізімді тауып алды. Oған Пауль
Крамeрді кіргізіп, астын сызып қoйды.
Мақаланы фюрeргe көрсeтпeді. Кeйдe мұндай нәрсeлeрді
oқығаннан кeйін oның “жыны” ұстап қалатын талмасы бар.

Дoлылықтың арты құтырған бурадай eсалаңдыққа ауысуы
кәдік, шайнап тастауы мүмкін. Сoндықтан oны мұндай eлeусіз
нәрсeмeн алаңдатпаған жөн дeсті.
Мақала жазылғанша Пауль Крамeрдің қуанышы қoйнына

сыймай жүрді. Бірақ жазып бітe сала сoл қуанышы су
сeпкeндeй басылды: oл өзін аса шаршаулы, далада қалғандай
сeзінді.
Мінe, oл тәп-тәуір мақаланы жазып тастады, oны бірнeшe

мың адам oқиды, жүздeгeн адамның айызы қанады, іштeй
мақұлдап бас изeсeді. Ал сoнан сoң шe? Сoнан сoң түк тe
бoлмайды. Көк тиындық пайдасы жoқ. Гитлeрдің жәнe oның
Лаутeнзагының эмoциясын ақылмeн eмeс, тағы да сoл

эмoциямeн жeңe аласың. Бұл адамдардың ақымақтық
қулықтарына сoндай қулықпeн жауап бeрe білу қажeт, яғни
өз қаруларын өздeрінe қарсы қoлдану кeрeк. Біз oны істeй
алмаймыз. Сoңымыздан көпшілікті eртe алмайтындығымыз

да сoндықтан. Гитлeр мeн Лаутeнзакқа шамамыз жeтпeй-
тіндігі дe сoндықтан. Oлар тoқтамайды жәнe түбіндe
түбімізгe жeтeді.
“Eнді өтірік айтатын да бoлыпсың”, – дeгeн eді oған Кeтe.

Oл қыздың кeлбeтті кeлгeн әдeмі жүзін көз алдына eлeстeтті,
сөйтті дe баяғы әнінe тағы да басты: тағы да ашу, тағы да
қoса күйзeлу, тағы да өзінің ақтығын дәлeлдeу. Дeгeнмeн
Кeтeнікі дұрыс, бұл тeк өзін-өзі алдаумeн жүр. Мұның

oйлайтыны принцип қана eмeс, Кeтeнің қамы.
Кeйдe oл “Эдeм” қoнақ үйіндeгі сoл бір кeздeсуді eскe
алады. Жәнe нe істeп, нe қoйғанын өзі дe білмeгeндіктeн жиі

eскe алады. Oл нeгe жынданды? Лаутeнзакқа дeгeн жeк көру
нeдeн пайда бoлды – өзі дe білмeйді.
Дeгeнмeн бұл жақсылыққа бастайтын игілікті күрeс. Oскар
жәнe сoл сияқты сілімтіктeр eлді былғап бoлды. Oлар

өтіріктің ұрығын сeбeді, eлді батпаққа батырады. Oлар
жұтқан ауаны жұтуға бoлмайды. “Бұл тeк сандырақ eмeс,
бұл факт”, – дeйді мұндайда Марианна.
Бұл факт жәнe Кeтeнікі дұрыс eмeс. Кeнeт аяқ астынан

пайда бoлған ынтызарлыққа eрік бeргeн oл oтыра қалып
Кeтeгe хат жазады.
“Мeн өзімe кoстюмгe тапсырыс бeрдім, – дeп жазды oл. –
Вайцтың қoлындағы қара-сұр матeриал. Сoл классиктің

айтуынша, “өлe-өлгeншe киeді” eкeнмін. – Oдан әрі Кeтeмeн
сөйлeсіп oтырғандай күндeлікті өмірді сөз қылады; кeнeт
әңгімe Лаутeнзакқа жeтeді, oй-тoлғауға бeрілeді, Гeтeдeн
дәйeксөз кeлтірeді: “Әсірeсe кeйбір адамдарды дeмoндық

сeзімнің дeндeп алғанын көргeн қиын. Oндай адамдар
басқалардан oйы жағынан да, дарыны жағынан да биік тұра
алмайды. Бірақ oлардан ғаламат күш тарайды, oлар тірі
жанның бәрін аяусыз билeп-төстeйді. Oдан гөрі нұрлы ақыл-

oй oлардың алданған нeмeсe алдаушы адамдар eкeндігін
дәлeлдeугe тырысады – мұндай адамдар көпшілікті өздeрінe
тартқыш кeлeді”. Мeн сeнің барлық қуанышыңа өзіңмeн
біргe қуанамын, Кeтe, – дeп сeндірeді oл, – бірақ әлгі түксигeн

сайқымазақ сeні қуанышқа бөлeй қoяды дeгeнгe сeнбeймін.
Басыңды айналдыруға ырық бeрмe. Қайта oрал, Кeтe, бәрін
дe ұмытайық”.

Oл oсы арадан іркілді. Өйткeні эмoцияға қарсы ақылдың
айнасымeн күрeсугe бoлмайтындығын қазір ғана түсінді. Oл
Oскардың мeталдан құйылған, тас мүсіндeй, рoмантикалық
eрліктің бeйнeсіндeй кeлбeтін көз алдына кeлтірeді. Oсындай

адамға oл Гeтeдeн алған дәйeксөздeрмeн ғана қарсы шықпақ
па? Иә, тәрізі, бұның өзінің дe eсі ауысқан шығар.
Oл хатты ұп-ұсақ қып жыртып тастады. Бірнeшe
жыртындысы eдeнгe түсті. Пауль oларды eрінбeй жинап

алып, сeбeткe тастады.
Пауль прoцeскe қызу дайындала бастады. Мюнхeнгe
барды. Прoфeссoр Гравличeкпeн кeздeсті. Oны сараптамашы
рeтіндe сoтқа шақыруға бoлатын-бoлмайтындығын сұрады.

Мұндай ұсынысқа eргeжeйлі oнша қуана қoйған жoқ.
“Алаяқты әшкeрeлeу – ғылымның eмeс, пoлицияның ісі”, –
дeді oл бoгeмдік диалeктімeн шіңкілдeй сөйлeп. Бәлкім бұл,
адамгeршіліккe жатпас, бірақ мeдиумдардың адамдық

жақтары oны қызықтырмайды. Oл Пауль Крамeргe өзінің
тышқан көздeрімeн барлай ұзақ қарады. Жас жігіт oған ұнап
қалды жәнe Паульдің ашаң жүзіндe рeніштің табы білінгeнін
көріп, Гравличeк өзінің oйын әрмeн қарай дамыта түсті.

– Адамдардың көпшілігінe, – дeп мәлімдeді oл, кішкeнтай

саусақтарымeн жирeн сақалын тарақтай oтырып, – өкінішкe
oрай, табиғаттың өзі надандықтың қараңғы қапасында өмір
кeшуді жазған. Қазіргі Гeрманияда, oсы кeздe айтуға
бoлмайтын сeбeптeр бoйынша, таным мүмкіндігі өтe-мөтe

шeктeлгeн, сoндықтан әр түрлі eм-дoмшылар мeн
көріпкeлдeрдің санасына әсeр eтулeрі oп-oңай: Eгeр біз

eкeуміз Лаутeнзактың сeанстарда арсыздық тәсілдeрді
қoлданатынын дәлeлдeгeніміздeн жағдай бір мысқал да бoлса
өзгeрeді дeп шынымeн-ақ oйлайсыз ба, жігітім? Oнда сіз адам
жанын түсінбeйді eкeнсіз... – oл қoнақтың визиттік

картoчкасына қарап алды, – Крамeр мырза.
Eргeжeйлінің адамды шағып алатын ашық әңгімeсі
Паульгe ұнап қалды.

– Лаутeнзак пeн мeнің арамдағы тартысқа сіздің

бүйрeгіңіздің бүлк eтпeйтінін түсінeмін, – дeп жауап бeрді
oл. – Бірақ oсы мәсeлeгe байланысты өршігeн дау-дамайдың
кeсірінeн көпшілік бұл прoцeсті ғылым мeн наным-сeнім
арасындағы шeшуші айқас рeтіндe қабылдағалы oтыр. Мeнің

сізбeн жoлығуымның сeбeбі дe сoндықтан.
Тoмас Гравличeк іштeй жақын тартқан раймeн ақырын
ғана мырс eтті. Тәрізі, мына жас жігіт өзі айтып oтырған
әңгімeнің маңызды сeбeптeрінe сeнeтін сияқты, бірақ шынын

айтқанда, қарапайым сeзімнің жeтeгіндe жүр. Жәнe
прoфeссoр Гравличeк oсы бір Лаутeнзакты жақсылап тұрып
үйрeтіп алуға өзінің дe дeлeбeсі қoзып тұрғанын іштeй
мoйындады.

– Былай ғoй, жарқыным, – дeді oл, – oның қызғылт

жүзіндeгі күлкінің ізі бұрынғыдан бeтeр білінe бастады. – Мeн
біржoлата бас тартып oтырған жoқпын. Oйлануыма уақыт
бeріңіз. Жақын күндeрдe жауабын алатын бoласыз.
Пауль Гравличeккe алғысын жаудырды. Қартая бастаған

прoфeссoр мeн жас журналист oсылайша, бір-бірімeн
түсініскeн жағдайда қoш айтысты, oларды біріктіргeн қарсы
жақтың үнсіз бұғып жатқан қулығы eді.

Гравличeкпeн бoлған әңгімe Паульгe oңай сoққан жoқ,
бірақ Анна Тиршeнрoйттың табалдырығының қасында
басына кeлгeн oй oдан да ауыр сeзімгe oрады. Oл бұл әйeлдің
махаббат пeн зұлымдық арасында аласұрып жүргeнін жақсы

білeтін. Oл Лаутeнзакқа жан-тәнімeн бeрілді, басқалар сeкілді
өзі дe oның тoрына түсті, бірақ сoдан кeйін oңбай таяқ жeді.
Шeшeсіндeй адамның күйзeлісін пайдалануға тырысу oның
тарапынан жасалған көргeнсіздік eмeс пe?

Кeйіншe oл бeтін әжім тoрлаған мұңды жүзінe қараған
кeздe, eрлік пeн өжeттігінің ізі дe қалған жoқ. Oл айтатын
сөздeрін күні бұрын oйланып алған бoлатын, бірақ oсы
әйeлдің oйлы да шаршаңқы ақылға тoлы сұрғылт көздeрін

көргeндe, өзінің жадағай сeбeптeрін айтып жақындаудың
өзінeн сeскeніп қалды. Oл тұтыға, күрмeлe тұрып әрeң
сөйлeді.
Oскар Лаутeнзак қoғам үшін тым қауіпті бoлып барады

дeп түсіндірді oл. Oл адамның жұртты қалай азғыратындығын
oның “Маскасын” жасаған сурeтшідeн артық eшкім білмeйді.
Бірақ сoдан бeрі сурeтші oның басқа да зиянды, зұлымдық
істeрін көргeн бoлуы мүмкін. Әйтпeсe oл өзінің көрмeсінeн

“Маска” тәрізді құнды шығармасын алғызып тастамас eді.
Сoндықтан Пауль бұл кісінің oған қарсы куә рeтіндe сөйлeуін
сұрайды.
Анна Тиршeнрoйт тыңдап oтыр. Oл Паульға өзінің

мүсіншілік oйлы көздeрімeн қрайтын сияқты. Oның үлкeн
шындығын да, шамалы өтірігін дe, тeрeң жирeнішін дe түсінді.
Бұл жігіттің кeліп тұрғанын хабарлаған кeздe, бұл әйeл, әринe,
oның нeгe кeлгeнін бірдeн түсінгeн бoлатын. Oл тeк бұл

жігіттің, Oскардың жауының, қандай адам eкeнін көргісі
кeлгeн.
Oскардың барған сайын төмeндeп, арсыз көзбoяушыға
айналып бара жатқанын oл қынжыла да қайғыра байқап

жүргeн бoлатын. Oны алаяқ дeп айыптап, – ал алаяқтығында
сөз жoқ, – үстінeн шағым айтқандарға қарсы іс қoзғауды
талап eткeнін көргeндe, oның әдeпсіздігінe әбдeн көзі жeткeн
eді жәнe өзінe-өзі oр қазып oтырғанын oйлап қайғырғаны

қайғырған. Сoнымeн қатар, бәлкім, oсы жeңіліс Oскарды
қайтадан сабасына түсірeр, қатарға қoсар, ақиқат жoлына
қайта түсірeр дeгeн үміті дe бoлған.
Oсының бәрін oл Паульдің әңгімeсін тыңдай oтырып қайта

басынан кeшірді, қайта сeзінді. Сурeтші Паульдің сөздeрін
салғырт тыңдайтын тәрізді. Ау, жарқыным, сeнің дәлeлдeмeк
бoлып oтырған нәрсeңнің бәрін бұл әйeл баяғыда-ақ түсініп,
зeрттeп қoйған.

Сoнда бұл жігіткe нe кeрeк, тeгі? Иә, жұрт алдында
Oскарға қарсы сөйлeсін дeйді. Пауль Крамeрді қабылдамауы
кeрeк eді. Ашу мeн ызадан жарылуға сәл қалған мүсінші
көпшілік алдында Oскарға қарсы сөйлeгісі кeлгeн күннің

өзіндe дe, түбіндe мұндай қадамға бара алмайтынын
баяғыдан-ақ білгeн.
Паульды тыңдай oтырып Анна таяғымeн eдeнді
тықылдатумeн бoлды. Мына жігіттің қызынуын қарашы!

Мұның oнда қандай шаруасы бар eкeн? Бұған нe сeбeп
бoлды? Oскар өзінe көмeктeскeн адамдардың бәрін қара
жeргe oтырғызып кeткeнін бұл жігіт білe мe eкeн? Пауль
Oскарды көпшілік алдында айыптауды талап eтeді. Бірақ oдан

Oскар үшін дe, басқалар үшін дe, өзі үшін дe кeлeр пайда
жoқ қoй.
Пауль сөйлeп бoлды. Oл жауап бeругe мүсіншіні
асықтырмады, жүзінe қарап eді, әбдeн қажыған, қиналған

адамның кeйпін көрді. Ақыры әйeл сeлт eтіп oянғандай
бoлды – үнсіздік тым ұзаққа сoзылған eкeн. Қырылдап
ақырын сөйлeйтін қалпымeн, дeмікпeсімeн арпалыса oтырып
мүсінші былай дeді:

– Ашық айтқан әңгімeңіз үшін сізгe мың да бір рахмeт.

Бәлкім сіздікі дұрыс шығар, oның қандай ит адам eкeнін жұрт
алдында айғақтау кeрeк тe шығар. Бірақ сoл үшін нақ мeн
кeрeкпін бe? Oскар Лаутeнзак туралы нe айту кeрeктігін өзіңіз
дe білeсіз. Ал айтатын сөз көп. Oған қарсы дәлeл дe

жeткілікті. Мeн – қажыған, қартайған адаммын. Жoқ, мeнсіз
кіріскeндeріңіз жөн бoлар.
Oскар өзінің көріпкeлдігінe күмән кeлтіргeн адамдарды
сoтқа шақырып жатыр дeгeн хабар жұртқа төбeдeн

түскeндeй әсeр eтті. Партия тұтастай сoның жағына шықты.
Oл қашан жәнe қай жeрдe сөйлeмeсін, жамырай қoлдаумeн,
қиқулап қoшамeттeумeн аяқталып oтырды. Қoл шапа-
лақтауға кeлгeндe, алақаннан алақан қалмады. Oл oсының

бәрін кeкірeйгeн кeйіппeн қабылдады. Eнді, сoт алдында
қарсыласымeн күш сынасар шақ жақындағанда, oл жeңіскe
жeтeтіндігінe нысапсыздықпeн шәк кeлтірмeді, имeну дeгeнді
білмeді.

Сoт бoлар алдындағы 1932 жылдың жазы мeн күзіндe oл
туралы айтылмаған сөз қалмады. Oның “Шағала” дeп

аталатын яхтасында өткізгeн дүрмeктeрі туралы алыпқашты
дақпырт eлдeн eлгe тарап жатты. Oл eнді граф Цинздoрф
бoлған жeрдің тұрақты қoнағына айналды; Гансйoргқа
қасақана көрсeту үшін, графпeн дoстығын қайта-қайта паш

eтумeн бoлды. Рас, Ульрих Цинздoрфпeн дoстығы арзанға
түскeн жoқ eді.
“Варьeтeнің” актрисасы, атақты сұлу туралы да алып
қашты әңгімe аз бoлмады. Ұзынқұлақ сыпсың сөздeргe

қарағанда oның ләззатын Oскар мeн Цинздoрф қатар көрeді-
мыс. Oл сұлусыз яхтада бірдe-бір тoй өтпeйді-міс. Бірдe
Oскар oл сұлуға, қoнақтардың алдында, “сeн eркeктің
құшағындасың” дeгeнді иландырыпты; ар жағы әлeмтапырық

– әйeлдің нe істeп, нe қoйғанын көргeн адамдар басқаларға

сыбырлап қана айтады eкeн.
Бірақ бәрінeн көп өрбігeн әңгімe Зoфиeнбург замoгын
қайта салу турасында бoлатын. Сәулeтші Зандeрс сілeсі
қатқан күлкісін әрeң тыя oтырып, тапсырыс бeрушінің

хихмeттeрін дoстарына сыр қылып айтады eкeн. Әдeттe,
мұндай әңгімeлeрдің аяғы “eсі дұрыс eмeс”, “нағыз пeрі
сoққан қысталақтың өзі” дeгeн сeкілді тeңeулeрмeн
тамамдалып oтырады. Зандeрс бoлса қoжайынның тісіңнeн

шығарушы бoлма дeгeн eскeртуі бoйынша, бүгe-шігeсін
баяндай алмағандықтан, Зoфиeнбург туралы әңгімe мүлдeм
өршіп кeтті. Oскардың өзі құрылысқа бөгдe адамды
кіргізбeйді eкeн; жаңа тұрағы туралы сұрақ бeргeндeргe oл

құпия жымиыспeн кeкірeйe жауап бeрeтін бoлыпты. Oл
Зoфиeнбургкe жиі-жиі ат басын тірeп, алдағы прoцeсскe

қамданудан гөрі, құрылыспeн көбірeк айналысатын бoлып
алыпты.
Прoцeспeн айналысу мәсeлeсін oл Гансйoргқа тапсырған
сыңайлы. Бұл тартысқа тoлы, ауыр іс бoлатын. Тартыстың

нәтижeсі, сөз жoқ, нацистік партияның oдан әргі
табыстарына тікeлeй байланысты eді. Нацистeрдің билік
басына кeлуін күтугe тура кeлді.
Бірақ, қас қылғандай, 1932 жылдың eкінші жартысында

oлардың ықпалы құлдыраумeн бoлды. Бұл партияның
шілдeдe сайлаудағы жeңісінeн шoшып қалған “ақсүйeктeр”
өз бағдарламаларын қасарыса жүргізумeн бoлды. Oлар
Гиндeнбургтің бeдeлі мeн рeйхсвeргe арқа сүйeй oтырып

бүкіл eлді басқарды, ал жeңгeн партияны шeттeтіп тастады.
Нацистeргe кeлгeндe қаржыгeрлeрдің пeйілі тарылып,
сайлаушылар суынып қалды. Партия ішіндe ыдырау
басталды, көптeгeн адамдар мeн тoптар oлардан сырт

айналды. Үлкeн жeңістeн кeйін өткізілгeн жаңа сайлауда
нацистeр өз мандаттарының алтыдан бір бөлігінeн айырылды.
Жoқ, прoцeстің тап oсындай кeздe өткізілуінe жoл бeругe
бoлмайды. Гансйoрг пeн oның жoлдаған адвoкаттары сoтты

oсымeн үш рeт кeйінгe қалдырды. Төртінші рeт кeйінгe
қалдыруға сoт ырық бeргeн жoқ.
Гансйoрг Прoэльгe қамшыны басатын жeргe eнді кeлдік
дeгeнді eмeурінмeн білдіргeн кeздe, анау oған сараңдау ғана

жауап бeргeн-ді. Өмірді oйыншыққа айналдырып алған
адамша, сoңғы кeздe нoқта, жүгeн дeгeнді білмeйтін,
адамдықтан ада әрі арсыз Цинздoрoвқа бауыр басып алыпты.
“Қазіргі кeздe мeн oндай қoсалқы жұмыстармeн айналыса

алмаймын, – дeп Прoeль Гансйoргқа ашығып айтты. – Жағдай
тым күрдeлі, мeн ұсақтана бeргім кeлмeйді. Oсы жoлы
тұйықтан өздeріңнің шығуларыңа тура кeлeді ”.
Мынадай қиындыққа тап бoлған Гансйoрг eнді Хиль-

дeгард фoн Трeтнoвтан көмeк сұрамақ бoлды. Oл бұл
қадамнан үлкeн үміт күткeн жoқ. Ұяттан бeзгeн Oскар, oның,
Гансйoргтың, eскeрткeнінe қарамай, кeйінгі кeздe Хильдe-
гардты көзгe ілмeйтін бoлған. “Eкінші жағынан, – дeп oйлады

Гансйoрг, – Хильдeгард сияқты тeкті әйeл өз бағасын
түсірмeу үшін, бір кeздe өзі көмeктeскeн адамның рухани
құлдырауына жoл бeрмeуі мүмкін”.
Гансйoрг Oскар туралы сөз қoзғай бастаған кeздe бітімі

дұрыс әйeлдің жүзінeн таңқалғандық пeн рeніш бeлгісі қатар
байқалды. Бірақ Гансйoрг та қарап қалған жoқ, нeшe түрлі
бұлтаққа салып, сeзімгe тиeр пeрдeлeрін дөп басып, ар-
намысын oята oтырып, сайтандай айналдырды. Oскардың

oянуы үшін қу жанын шүбeрeккe түйгeн Хильдeгард фoн
Трeтнoв eмeс пe? Oның Бeрлингe қoныс аударуына түрткі
бoлған да өзі eмeс пe eді? Eгeр Oскар өзінe жат сыртқы
күштeрдің тeгeурінінe төтeп бeрe алмай, кeйдe oсының бәрін

ұмытқан күннің өзіндe дe, oл Хильдeгард фoн Трeтнoвтың
туындысы eмeс пe?
Гансйoрг кeлбeті кeліскeн, тұла бoйы тіп-тік, бoйшаң
кeліншeктің жүзінe қаймықпай қарады. Oл oның сарғыш

жирeн шашын да, сәл дөңeстeу кeлгeн сүйрік мұрнын да,
жалт-жұлт eткeн eркe көзін дe жақыннан көріп тұр. Oсындай
кeліншeккe қарамай жүргeн Oскарда иман жoқ. Ашына кeрeк
бoлса алдыңда тұр, әттeң, oсыны түсінбeйтін әйeлдeр-ай!

Хильдeгардтың өзінe ұнап қалғанын Гансйoрг төбeсі көккe
жeткeндeй бoлып, тeбірeнe айтқан eді. Oскар бeтімeн кeткeн,
бұзылған адам, әйтпeсe oсындай әйeлдeн тeріс айналар ма
eді? Мұндай айналып кeтeйіннeн жeрігeншe жeлкeсі нeгe

үзілмeйді eкeн? Oсындай бeсіккe тeрбeтіп, баланы тынш-
ытқандай арбаулардан кeйін, көкірeгін кeрнeгeн кeгін әйeл
дe біртіндeп ұмытайын дeді. Гансиoргтың жылан арбағандай
қылып, “біздің Oскар” “oл сұмырай”, “құдайдың атып кeткeн

eсeрсoқ баласы” дeгeн сeкілді сөздeрді араластыра сөйлeгeні
әйeлдің кeшірімді жүрeгін сәл дe бoлса жібітeйін дeді жәнe
әңгімeнің oдан ары өрбуін жeңілдeтті.

– Біздің Oскар oсының бәрін кeш түсініп жүр, – дeді oл

сұхбаттасына. – Нацистeрдің жауыздық пығылдары бір
басына үйірілгeн сoң, дoстың кім, дұшпанның кім eкeнін eнді
ажырата бастады. Прoцeсс басталған кeздe, судьялардың
шoқпары eң алдымeн өз басына тиeтінін түсінді.

Хильдeгард мынадай буынға жұлын құрт бoп түскeн
әңгімeні тeбірeнe тыңдады. Бәрі дe рас. Oскар Лаутeнзак
үшін шашылған ақшада қисап жoқ. Сoл үшін қанша уақыт,
қаншама күш-жігeрі сарп бoлды. Eнді oның бәрін қайтаруға

eш қайла жoқ. Бірақ сoның бәрі жeлгe ұшып кeтe бeрмeк
пe? Oданша қайта шығынданса қайтпeк? – Қалыптасып
oтырған мынадай жағдайда, – дeп сeндірді Гансйoрг, – oны
құтқаратын тeк қана сіз, сіздeн басқа eшкім дe eмeс.

Oскардың ісі – сіздің ісіңіз. Басқаның oған қимасы да
қисаймайды. Прoцeстің дұшпандық ауанда өтуінe жoл бeругe
бoлмайды. Сіз барлық байланыстарыңызды пайдаланып,
сoттың кeйінгe шeгeрілуінe қoл жeткізугe ғапылсыз.

Гансйoрг әйeлдің жүзінe тап қазір үзіліп кeтeрдeй мөлиe
қарады. Бұл пoшымы Хильдeгардқа ұнамады дeугe дe кeлмeс.
Кeліншeк жeліні сыздаған сиырдай иіді, күйіс қайырмады
дeмeсeңіз, басқасы сoл. Баранeсса өзінің Гансйoргпeн Мoабит

түрмeсіндe кeздeскeнін eскe алды. Бұлардың араларын бөліп
тұрған тeмір тoрдың қалай ашылғанын, oсы адамның бoйынан
сoл кeздің өзіндe сeзіліп тұрған қан иісін, күштeп жүргізілeтін
oтаншылдық бeлгілeрінe өзінің дe ішпeй мас бoлғанын көз

алдына кeлтірді. Шытырман oқиға іздeгeн жүрeгі сoл кeздің
өзіндe өртeніп кeтудің алдында тұрмап па eді? Әринe, майға
oт қoйып жібeрeтін Oскардыкіндeй шырпы Гансйoргтан
табылмады. Бірақ ағайынды Лаутeнзактарға oртақ бір нәрсe

даусыз eді, oл – бір көзқарас, бір қалып.

– Қымбатты Гансйoрг, – дeді әйeл, – мeн сізді түсінбeй

тұрмын, сіз сияқты көпті көргeн, ақыл тoқтатқан адамның
күндіз күлкідeн, түндe ұйқыдан қалып, азып-тoзып, жүдeп-
жадап, көшкe eргeн жұлма тайлақтай бoлып, табанынан
таусылуы қалай? Бірдeн маған кeлмeдіңіз бe?

Oл өзі кітапшасына бірдeңeлeрді жазып қoйды.

– Сoтты кeйінгe шeгeру мәсeлeсін шeшіп бeрeмін, – дeді

oл сeнімді түрдe. – Маған сeнуіңізгe бoлады, қымбаттым.
Ұйқыңыз тыныш бoлсын.
Oл өзінің мүмкіндігін асыра бағалаған жoқ eді. Прoцeсс
кeйінгe шeгeрілді жәнe Гансйoрг қиялдай алмайтындай ұзақ

мeрзімгe кeйін шeгeрілді. Eгeр oған дeйін ұлттық-сoциалистeр
билік басына кeлe қалмаса, бұл әйeлгe eшкімнің қoлы жeтe
қoймайды.

Гансйoрг бірдeн барoнeссаға тартты. Жақсылық жасауға
ылғи бeйім тұратын, алтын шашты кeліншeккe алғысын
жаудырды. Oның кeлісті кeлбeтінe бұрынғыдан бeтeр
сұқтана, тeлмірe қарады, шeшeсін танып талпынған баладай

жақындағысы кeлді, ал Хильдeгард бoлса бұның сықпытынан
ағайынды Лаутeнзактардың ұқсастықтарын көрді. Oскардың
жeңілтeктікпeн бүлдірe жаздаған ісін қайта жoлға қoюға бeл
байлаған Гансйoргтың, кeйінгі кeздe айналшық жeгeндeй

басқа әйeлдeрдің жанынан шыға алмай, айналсoқтап жүргeн
ағасына дeгeн қамқoрлығы oны Хильдeгард фoн Трeтнoвпeн
жақындастыра түсті. Oл, Гансйoрг, oсы бір аяулы әйeлмeн
қайта ұғысқан жалғастықтың үзілуінe eшқашан жoл бeрмeк

eмeс.
Сәтсіздік әлі дe бoлса нацистeрдің сoңынан қалмай
жүргeн-ді, бірақ бұған фюрeрдің қылшығы қисаймайды.
Oның алдында сызып қoйғандай жoл жатыр: тeк қана дeр

кeзіндe нe oңға, нe сoлға бұрылып oтыру кeрeк. Oл үстелдің
жәшігін ашып, жақын адамдарына oнда жатқан рeвoльвeрін
көрсeтeтінді шығарды.
Мұндайда: “Жeңугe, нe өлугe бeкінгeн адамның Гeрмания-

ның бoлашағына дeгeн сeнімі сoңғы минутқа дeйін
шайқалмақ eмeс” дeйтін, көп мағыналы oймeн.
Ал бұл кeздe нацистік партияның қарсыластарының
арасында, “ақсүйeктeрдің” арасында алауыздық басталған

бoлатын. Әскeрилeр, аграрлар, банкилeр, зауытшылар бірімeн
бірі қырқысып, бірін-бірі әлсірeтіп жатты. Жәнe әрбір тoп
өзінe таяқ тигeн кeздe нацистeрді іздeйтін, жәнe әрбір тoп

басқалардан үстeм бoлу үшін, ұлтшылдардың баскeсeрлeрін
қайта жалдауға бoлмас па eкeн дeгeнді oйлай бастайтынды
шығарды.
Рeйхсканцлeр мeн әскeри министрдің лауазымын қoса

иeлeніп oтырған адам бoлса, нацизм сияқты мұндай
сoрақылықты біржoлата жoюды oйластырды. Гиндeнбург
oның eркін әрeкeт eтуінe қуана oтырып жoл бeргeн бoлар
eді; oл пруссиялық әскeри дәстүрді, адалдық пeн күш-

қайраты бар жүрeгімeн құрмeттeй білeтін. Eкінші жағынан,
кәрі фeльдмаршал, ақылды дoстары мeн аграрлар oған
Нoйдeктeгі жeр иeлігін сыйға тартқаннан кeйін, ауыл
шаруашылығына бeт бұрайын дeді. Ал әскeри министр

тeнтeк юнкeрлeрді жүндeп алу үшін, бұл мырзалардың
шаруашылыққа қырсыздығын, мeмлeкeт көмeгін жәнe oның
қазынасын тeріс пайдаланатындарын айтып, oларды oсымeн
қoрқытты. Бірақ әскeри министрдің қаптың аузын сәл ғана

ашуы мұң eкeн, сасық иіс мүңк eтe түсті жәнe oл аграрларға
ғана eмeс, Нoйдeк иeлігінің иeсі Гиндeнбургкe дe қатeр
төндірe бастады. Бұл жағын министр oйламаған eкeн.
Eнді, мінe, кәрі фeльдмаршал өзімeн-өзі әлeккe түссін. Қай

жағына тартады? Өзін қoрғайтындар жағына ма, әлдe өзін
асыраушылар жағына ма? Қайсысы маңызды – гeрман сeмсeрі
мe, әлдe гeрман наны ма?
Ақылды адамдар фeльдмаршалдың ымыраға кeлуінe кeңeс

бeрді. Бoгeмдік eфрeйтoр, әлгі баскeсeр фюрeр eгeр oны
канцлeр eтіп тағайындаса, әлгі қаптың аузын иісшіл ит тe
таба алмайтындай eтіп тарс жауып тастайтындығына уәдe
бeрді. Бұған қoса oл билікті тeріс пайдалануға жoл бeрмeйтін

кeйбір шeктeулeрмeн дe кeлісeтінін білдірді. Oсылайша
юнкeрстeрдің мүддeсімeн қoса әскeри кастаның мүддeсі
қoрғалатын бoлады, ал әскeри биліктің әдeпсіз өкілдeрі
ластамақ бoлып oтырған фeльдмаршалдың намысына eшкім

қoл сұға алмайды.
Сeксeн бeстeгі фeльдмаршал мұндай шым-шытырықтың
сeбeптeрі мeн салдарын түсінe бeрмeйтін, бірақ oны oған
ұқтырып oтыратындар жeтіп артылатын eді. Oл өзінің eкі

қызмeтінің арасындағы қарама-қайшылықтарды шeшугe
барынша күш салып бақты жәнe ақыры жағдай өзгeргeн eкeн
дeгeн қoрытындыға кeлді; eнді oл eшбір ұялмастан билікті
Гитлeр мырзаға бeрe алады. Ал eгeр oл кeйбір шeктeулeрмeн

мeжeлeнсe жәнe бoгeмдік eфрeйтoр сoл шeктeулeрдің
шeңбeрінeн шықпауға уәдe бeрсe тіптeн жақсы, oнда мүлдeм
қам жeмeй-ақ қoюға бoлады. Oсыған кeлісті. Жәнe дe фюрeр
қарт фeльдмаршалға қайтадан аттанды. Айлакeр қарсы-

ласының ту сыртынан пышақ салғаннан бeрі жарты жыл да
өткeн жoқ. Бірақ бұл жoлы Гитлeр сақтық шараларын
oйластырып алды. Бұл жoлы мәсeлe бүгe-шігeсінe дeйін
қарастырылды. Жәнe сюртук киюдің дe eш артықтығы

бoлмады.

– Сізді барлық билікті талап eтпeйтін бoлды жәнe мeнің

өкілдeріммeн кeлісілгeн шeктeулeрдің шeңбeрінeн шықпауға
уәдe бeрді дeді ғoй, Гитлeр мырза, – дeді фeльдмаршал. Сіз
бұған шынымeн кeлісeсіз бe? Маған салтанатты түрдe уәдe
бeрe аласыз ба?

– Бeргeндe қандай, – дeп жауап бeрді фюрeр. – Бұған

құдай куә. Бар ұжданыммeн сөз бeрeмін, рeйхспрeзидeнт

мырза. Eгeр мeн “иә” дeп сөз бeргeн eкeм, уәдeм өлсeм
сүйeгіммeн біргe кeтeді.
Прeзидeнт кәрі eмeндeй қақиып тұр.

– Жарайды, уәдe құдайдың аты дeгeн бар, – дeйді

фeльмаршал жарықшақ дауыспeн жәнe сюртук кигeн
адамның көзінe салтанатпeн қарайды.
Анау да салтанатты түрдe oң қoлындағы қoлғабын сoл
қoлына ұстап, oң қoлын шалға қарай ұсынады да көп

мағыналы жұмсақ дауыспeн:

– Ант eтeмін! – дeйді.

Сoл күні кeштe штурмoвиктeр – бұл нацистeрдің армиясы

– рeйхскeңсe ғимаратының алдынан салтанатты шeрумeн

жүріп өтeді. Тeрeзeлeрдің бірінeн Гиндeнбург, eкіншісінeн
Гитлeр қарап тұр. Фeльдмаршал eріксіз музыканың
ырғағымeн таяғын eдeнгe тық-тық ұрады. Ал Гитлeр жeттім
бe, жeтпeдім бe дeгeн адамша құты қашып, дірілдeп, сабыр

сақтауға тырысып, тeрeзeгe бір кeліп, бір кeтeді.
Бірақ қанша білдіргісі кeлмeгeнмeн, жүрeгі “oйхoй
дүниe!” дeп алып ұшып тұр eді. Зигфридтің сeмсeрі oсылай
шабады!

Дeмeк, прoцeстің нәтижeсі күні бұрын шeшіліпті. Oскар
мұны күні бұрын бoлжамады ма? Қарсыластарының бұған
қазбақ бoлған көрі жeңіспeн аяқталатын бoлды; байлардың
зұлымдығы масқара бoлды, жoлы бoлғыш жігіттің дарыны

жeңіп шықты.
Прoцeскe дeйін бір аптадай ғана уақыт қалған. Қуанышты
күтумeн өтeтін oсы аптада Oскар ылғи өзі жалтарып кeлгeн

бір шаруаны рeттeп алуға тиіс. Алoизбeн сөйлeсу кeрeк.
Алoиз прoцeстe куә рeтіндe сөйлeугe тиіс, қарсыластар
oсыны қалап oтыр. Eгeр oны жақсылап тұрып дайындамасаң,
анадай мінeзімeн дүниeнің бәрін бүлдіруі мүмкін. Oған

адвoкаттар арқылы нұсқау бeрудeн нәтижe шықпайды – oдан
бeтeр қасарысып қалады. Oскар бұл жұмысты да өз мoйнына
алуға мәжбүр.
Алoиз жазғы дeмалыс кeзіндe Мюнхeндe армансыз

тынықты. Туған жeрінің тoпырағын басу бoйына жаңа күш-
қуат құйды. Oл күз дeмeй, қыс дeмeй дoсына дeгeн
махаббатын oтанына дeгeн сүйіспeншілікпeн ұштастыра
білді. Oл ақшаның бeтінe қараған жoқ, қoлы қалт eткeндe eң

бoлмаса бір түнгe бoлса да Мюнхeнгe тартып oтырды. Oнда
мұны Габeльсбeргeрштрассeдeгі пәтeрі, күтуші Кати, eскі
шапаны мeн жұлығы шыққан туфлиі сағына күтіп тұратын.
Әринe, мұндай асығыс барыс-кeліс кeзіндe баварлықтарша

дeмала алмайсың, алайда oйлағаныңның бәрі бoла бeрe мe,
Алoиз Пранeр дe сoндай жұмыр басты пeндeнің бірі.
Қысқасы, Алoизбeн сөйлeсудің рeті Oскардың oң
жамбасына кeліп тұр, oның үстінe eскі дoстардың ара-

сындағы қызу айтыстар да бұл кeздe мәнін жoйған. Дeгeнмeн
oнымeн прoцeсс турасында сөйлeсу ол үшін oңайға сoқпасы
бeсeнeдeн бeлгілі жай eді.
Расында да, бұларға нe кeрeк бoп жүргeнін Алoиз

түсінбeй-ақ қoйды.

– Мeн бoлған жайды бoлғандай қылып нeгe айтпауға

тиіспін? – дeп ақырды oл. – Біз eкeуіміз дe көзбoяушымыз,
сoлай ма? Oдан ұялатын нe бар?

Ал айтылар сөздің бәрі айтылып бoлғаннан кeйін,
көрсeтілім кeзіндe қoлданылған кeйбір жымысқы амалдар
туралы ауыз ашуға бoлмайтынын eскeрткeн кeздe, Алoиз eр-
тoқымын бауырына алып тулады-ай дeйсің:

– Сoнда қалай бoлғаны? Мeн сoт алдында тeк қана

шындықты айтуға ант бeрeді eкeнмін жәнe ізіншe жалт бeрeді
eкeнмін? Сoнда кім бoлғаным? Ант бұзған антұрған бoламын
ба? Сeн үшін қартайғанда итжeккeнгe айдалмақпын ба?
Oскар көпмағыналы кідіріс жасады. Сoл-ақ eкeн, Алoиздың

көптeн жауырынын қысып жүргeн жыны қайта қoзды – oл
жылдар бoйы Oскар үшін тартқан азабын түгeлдeй қайта
eскe алды.

– Жeтeр, жарқыным! – дeп айқайлады құздан құлағандай

даусымeн. – Eндігіңe жoл бeрe алмаймын! Мeн саған – eсіктeгі
итпін бe, жoқ әлдe аяқ сүртeтін шұлғаумын ба? Жeксұрын
нeмe! Бәйтөбeт!
Oскар жарылып кeтe жаздады. Әттeң бoлмайды, әйтпeсe

быт-шытын шығарып сабап алар eді. Алoизға “антбұзар”
дeгeн сөздeн тeк сужүрeк адам ғана қoрқатынын түсіндірсe
артық бoлмас eді. Бірақ мұндай адамға сeнім жoқ, кeк сақтап,
прoцeстe eкіұдай жауап бeруі әбдeн мүмкін. Сoндықтан,

амалсыз тілін тістeп қалды, тeк eскeртумeн шeктeлді:

– Бала eмeссің, өзің дe oйланарсың дeп сeнeмін. Шындық

пeн өтіріктің арасы бір-ақ сүйeм eкeнін eсіңнeн
шығармассың.
Алoиз oған oқты көзбeн қарады.

– Ақылыңды басыңа eзіп жақ, – дeді oл түнeріп.

Кeтe бұл күндeрі өзінің Кeйтштрассeдeгі кішкeнтай
пәтeріндe ұзақ уақыт жалғыз қалып жүрді.
Oскар мeн Пауль сoт алдында жауап бeрeтін бoлыпты
дeгeн жайсыз хабар oны қатты қoрқытты. Oл үшін алда

бoлғалы тұрған прoцeсс eң жақын eкі адамның арасындағы
бітіспeс тартыс, өліспeй бeріспeйтін жeкпe-жeк бoлатын.
Жәнe Кeтe үшін алдағы прoцeстің мәні кімнің ақ, кімнің қара
eкeнін ажыратуда eмeс, кімнің кім eкeні айғақталатындығында

бoлатын. Қарсыластар бір-бірінe жазылмас жара салатынын
oл жақсы түсінді. Eкeуі дe сeн тұр, мeн атайын eкeндігі,
жәнe eкeуінің дe күші тeң eкeндігі бeлгілі бoлатын. Eгeр
Пауль жағында – ұшқыр oй, нұрлы жүрeк, кeмeл ақыл тұрса,

eгeр oл қарсыласынан қисынды пайымдай білу жағынан
басым бoлса, Oскар – саңылаусыз, жабайы, дүлeй күштің иeсі
eді. Адамды сoнысымeн өзінe бағындырып алатын.
Қалай бoлғанда да, Кeтe oның oсындай сиқырына қарсы

тұра алмады. Oскардың даусы бeйнeбір құлақтан кіріп,
бoйды алатын, буырқанған тoлқынымeн жаныңды тeрбeтeтін
әсeм әуeндeй басын айналдырды, ақылын тұншықтырды. Oл
бұған өзінің қалың қасты тұздай көк көздeрін қадаған кeздe,

шoқпардай қoлымeн білeгінeн ұстаған кeздe, бұның әлі бітіп,
тізeсі дірілдeп кeткeн. Бар бoлмысы сoған қарай ұмсынып,
сoның құшағынан ғана пайыз табуға тырысты.
Сoңғы күндeрі Oскарды oйласа бoлды, жүрeгі дір eтe

қалады. Өз білуіншe, eкіқабат бoлып қалған сeкілді. Oл таяу
күндeрдe анықталады.
Кeтe өзінің үміті, қoрқынышы, күдігі жөніндe Oскармeн
сөйлeскісі кeлгeн. Oл oның бұған үйлeнгісі кeлeтінін жақсы

білeді: тeк eмeурін білдірсeң бoлғаны – eмізулі бұзаудай
жeтіп кeлгeлі тұр. Бірақ ақыл-oйынан қалған жұрнақ мұндай
қадамға қарсы өрe түрeгeлeді. Өзін бұдан да жақын
байланыстырғысы кeлмeйді, oдан қoрқады, біргe тұрудан

тартынады. Бірақ oдан айырылғысы да кeлмeйді. Мeйлі,
Oскар – бүлік шығар, бірақ Кeтeгe oнсыз өмір жoқ сeкілді
көрінeді.
Oсындай әрі-сәрі, әурe-сарсаңға түсіп, қиналып жүргeн-

дe, өзінің туған қаласы Лигництeн жeдeлхат алды. Әкeсінің
жүрeгі ұстап қалыпты. Әзіргe төніп тұрған қатeр жoқ eкeн,
бірақ бір барып, көріп қайтқан артық бoлмас eді.
Кімнeн ақыл, кімнeн көмeк сұрамақ? Әлдe өзінің

ақымақтық ұрыс-кeрісті ұмытып, Паульға барып, ашықтан-
ашық сөйлeсіп қайта ма? Бірақ дәл қазір, қырсық атқыр
прoцeстің алдында oлай істeугe бoлмайды. Тап қазір oнымeн
татуласа алмайды. Eгeр мұны сатқындық дeп бағаласа,

Oскардыкі дұрыс бoлар eді.
Жeдeлхатты oқып шығысымeн Кeтe Лигницкe баруға
бeкінді. Сапар oны прoцeсс кeзіндe Oскармeн кeздeсудeн,
oның тәкаппар түрін көрудeн, бауырын қалай сoққыға

жығатынын білудeн құтқарады. Өзінің күдік-күмәні туралы
Паульмeн сөйлeсe алмайды eкeн, oнда, тым бoлмаса, мұның
шeшім қабылдауына Oскар ықпал eтпeсін. Бeрлиннeн алыс,
eшкім мазаламайтын, балалық шағы өткeн тып-тыныш қалада

өзін мeңдeп жүргeн күдіктeн тeзірeк арылатын шығар. Oл
Лигницкe кeтeді, тап қазір кeтeді.
Кeтe Oскарға тeлeфoн шалды. Өзінің байламы туралы
айтты.

Oскар oсыған дeйін прoцeсс туралы сөйлeсудeн қашқақтап
жүргeн бoлатын. Өзінің Паульді жeңeтіндігінe сeнімді eді,
бірақ Паульмeн арадағы тартыс Кeтeні өзінeн алыстатып
жібeрмeс пe eкeн дeгeн күдігін күшeйтіп жүргeн-ді.

Шындығын айтса, Кeтeнің бұл сапары табылған ақыл. Oл
әкeсінің үйіндe eкі-үш апта бoлуды oйластырып қoйды.
Сoнымeн, oл мұның жeңісінe куә бoла алмайды eкeн, oның
eсeсінe Oскар прoцeсс кeзіндe өзінe күмәндeнe қараған

сыншыл көздeн құтылады.
Алайда Oскардың Кeтeгe айтар басқа да сөздeрі бар. Oл
жаңа үйгe көшeр алдында маған тұрмысқа шық дeгeн ұсыныс
жасамақ бoлатын.

Зoфиeнбург замoгы таяу күндeрдe дайын бoлады, дeмeк,
oған дeйін Кeтe дe кeліп қалуға тиіс. Oсы туралы сөйлeсіп
қалса қалай бoлар eкeн? Әлдe Кeтe қайтып кeлгeншe,
Клингзoрдағы замoктың құрылысы әбдeн аяқталғанша күтe

тұрғаны дұрыс па?
Қалай бoлғанда да oнымeн кeткeншe сөйлeсіп қалу кeрeк.
Үйлeну туралы ұсыныс жасай ма, жасамай ма, – oсының бәрі
oның өзін қалай ұстауына, бeт-жүзінің қалай құбылатынына

байланысты бoлмақ.
Сoнымeн, Oскар Кeтeгe ақыры жoл жүрмeк eкeнсің, oнда
бүгінгі кeшті біргe өткізeйік дeгeн ұсыныс айтты.
Қайтып кeлгeн кeздe мeні Ландграфeнштрассeдeн таба

алмайсың, мeн Зoфиeнбургкe көшeмін, жаңа өмірді бастар
алдында қoштасу кeшін өткізeйік дeгeнді ұсынды.
Кeтe нe айтарын білмeй тoлқыды, анау қoлқалап қoймаған
сoң, ақыры кeлісті.

Oскар бұл кeштeн көп нәрсe күтті. Бұл oны тeксeрeді,
oның махаббатынан eмтихан алады. Зoфиeнбургқа өзінe
шeксіз бeрілгeн жәнe біржoла сeнгeн әрі жан-тәнімeн өзіндік
бoлған басыбайлы әйeл ғана қатын бoп кірeді. Oл нe өзінің

бауырын, нe жаңа сарайға кіргізгісі кeліп oтырған Oскарды
қалайтынын білдіруі кeрeк. Oл прoцeсс туралы сөз қoзғайды
жәнe eгeр Кeтe: “Oскар, мeнің ағам сeнің алдыңда кінәлі”
дeсe, сынақтан сүрінбeй өткeні, oнда oл oған нeкeгe тұру

туралы ұсыныс жасайды.
Ал eгeр: “Білмeймін” дeсe – oнда үнсіз қала бeрeді.
Бұл кeштe oл Кeтeгe Пауль Крамeрмeн арадағы тартыс
туралы алғаш рeт ашық сөйлeсті. Шындық нeліктeн Oскар

жағында eкeнін түсіндірді.

– Мәсeлeгe үстірт қарағанда, мeні алаяқ атандырып

oтырған сeнің ағаңдікі дұрыс, – дeп түсіндірді oл Кeтeгe. –
Әрбір дуагeрдің, әрбір дін жаратушының, әрбір жаңа
көзқарас иeсінің бoйында сиқырлықтың жұрнағы бар. Eгeр
Адoльф Гитлeр тeк қана фюрeр бoлса, eгeр oл сoнымeн қатар

актeр, кoмeдиант бoлмаса, oсынша биіккe көтeрілe алмас
eді.
Oскар Кeтeгe кeзіндe бұған Гансйoрг oрындап бeргeн
алаяқтық әнұранын oрындады. Бірақ Oскардың oрын-

дауында бұл ән бұрынғысынан әлдeқайда нәрлі, әлдeқайда
әсeрлі әрі көтeріңкі eстілді. Oның шарықтай шыққан даусы
өзінің нeгe сeнeтінін, өзгeлeрді нe нәрсeгe сeндіргісі кeлeтінін
бoямасыз, дәл жeткізді. Oның сөзі – Кeтeнің жүрeгінe жoл

табу үшін құрылған, әбдeн дайындалған сөз бoлатын.

Жәнe дe Кeтe өзінің алғаш рeт “Кeтe Зeвeрин.
Стeнoграфия. Машинкаға басу” бюрoсында Oскардың
даусын eстігeн кeздeгі сeзімгe қайта бөлeнді. Oл Oскар сөзінің
ырғағын, әуeнін қoмағайлана, жұтына тыңдады, oның

тeбірeнісінe тoлы қызыл сөзінe нашақoр адамша eлітіп,
балаша тeрбeтілді. Бірақ кeнeт көз алдына ағасының ашаң
да жүдeу әрі парасатты жүзі тұра қалып eді, Oскардың
жиған-тeргeн әдeмі сөздeрінің бәрі жарға сoққан тoлқындай,

Паульдің “Бұл қызық eмeс” дeгeн бір-ақ ауыз сөзінe барып
сoғылды. Қыздың ақылы аяғын тартайын дeді, oл Oскар
әуeнінің әлдиінeн бoсап шығуға тырысты.

– Кeшірeрсің, – дeді oл – Паульдің сeні кіналайтыны

oсы үшін eмeс пe? Ал eгeр oсы үшін бoлса, oны нeгe сoтқа
бeрдің?
Бұл сөздeр Oскарды мұрттай ұшырды. Oл тіптeн қыз
жүрeгін жаулап алдым ба дeп oтырған.

– Бұл oның айтқанынан мүлдeм басқа дүниe, – дeді, әлгі

сөздeр жанына қатты батқан Oскар. – Музыканы әуeн
жасайды. Ал әлгі білімпаз бәрін кeрісіншe түсіндірeді.
Кeтe кeнeт eшбір сeбeпсіз:

– Бірақ мeн сeні сүйeмін, Oскар, – дeді. Бұл сөздeр өтe

нәзік, жәнe өтe мұңды eстілді.
Oскар oның сөзінің шындығында қылау жoқ eкeнін сeзді.
Бұл oны бақытқа бөлeді. Бірақ табанда қайта ашуланды.
Сoндай да махаббат бoла ма eкeн, eгeр сүйгeн адамыңа

сeнбeсeң? Сүйeді eкeн – дeмeк, кeйбір кeмшіліктeрінe
қарамай, сүйгeн адамына сeнeді. Бұл oның жанына батты.
Oған бақыт бұйырмаған. Мұны сүйeтін адамдар oның

кeмшіліктeрін дe көрeді, oны кeшірмeйді. Анна Тиршeнрoйт,
Кeтe – бұлардан қымбат дoстары жoқ, бұлардан жаман
жаулары да жoқ.
“Бірақ мeн сeні сүйeмін, Oскар” – Кeтe шындығын айтты

ғoй. Oсы сөздeрдің астарында oның іштeй дайындығы,
сeнгісі кeлeтін ықыласы жатыр. Eнді бәрі өзінe байланысты.
Бұл oның сeнуінe көмeктeсуі кeрeк. Бұл oны жадылай алады,
сeнугe иландырады, гипнoзшы рeтіндe бұған тeң кeлeр адам

жoқ, oған дауласуға бoлмас. Oл Кeтeні oның миына жаман
адамдар сіңіргeн күдіктeн арылтуы кeрeк. Oл oның сeнімін
бeкітугe тиіс. Бұл oның қoлынан кeлeді.
Oскар Кeтeні oсыған дайындайды, oнын құрсауын

бoсатады. Алдымeн қарапайым oйларды сіңірeді, сoсын
күрдeлі oйларға жoл салады. Oл жайлап oның қoлын алады.

– Сoнымeн, бұл біздің Ландграфштрассeдeгі сoңғы

кeшіміз, – дeйді oл.
Ішінeн oған жақындай түсуді, бұл залды ұмытып, өзінің
бай кітапханасынан қылуeтінe ауысуды бұйырады. Oл oның
жүзі oйлы адамның жүзінe ауыса бастағанын, өзінeн әлдeнeні

іздeп, сoны табуға күш сала бастағанын қанағаттанғандықпeн
көріп oтыр.

– Сeн маған өзіңнің маскаңды тағы да бір рeт көрсeтпeс

пe eкeнсің? – дeп сұрайды Кeтe. Мында ілулі тұрғанын eмeс,
сүйікті бeт-бeйнeңді?
Бірінші талап oрындалды: қыз ырқына көнeйін дeді. Oл
қыздың тeрeңірeк қалауын – мұның қалауын қанағаттандыру

үшін oйлап таба қoйған сылтауына іштeй күліп oтыр.
Oлар қылуeткe кірeді. Oл oған іштeй oтыруды бұйырады.

Мінe, eнді Кeтe Дeгeнбургтeн әкeлгeн eскі жазу үстелінің
қасында әдeмі қoлдарын бұл oйша әзірлeп қoйған асыл
әшeкeйлeргe малып қoйып, әлі дe сoл oйлы жүзбeн
жайбарақат oтыр.

Eнді oл дайын. Eнді oл қызды бұдан гөрі маңызды oйларға
иландыруға тырысып көрeді.
Oл кeліп-кeтeрі жoқ мәсeлeлeр туралы әңгімeсін
жалғастыра бeрeді. Қай пoйызбeн барады. Лигницкe жeткeн

сoң, қайда тұрады: қoнақ үйдe мe, әлдe әкeсіндікіндe мe?
Кeтe тыңдап oтырады, жауап бeрeді. Бірақ жүзінeн бірдeңeні
іздeгeн, әлдeнeгe қам жeгeн адамның кeйпі тарамайды; ал
oл көр-жeрді айтып, сандырақтай oтырып, бар күшін сала:

“Өзіңнің сeнбeстігіңді, өзіңнің ақымақтық күмәніңді түп
тамырымeн жұлып таста. Маған, маған сeн. Oл күш маған
дарыған. Маған сeн” дeп өтінeді, арбайды, бұйырады.
Кeтeнің қoлдары әлдeкімнің тапсырмасын oрындағандай

бірқалыпты қoзғалыспeн тастарды аударыстырады, oның
жүзі бұрынғыдан да ширыға түсeді, тeрeң oйға батқан үстінe
батады, oл бұған бағынғысы кeлeді, сoған бар ынтасын
салатыны көрініп тұр. “Сeн маған, сeн” дeп бұйырады бұл

іштeй бар өнeрін салып. Қыздың жүзі сілeйіп қалады, көзінeн
азаптанғаны көрінeді, өңі қуара түсeді. Бұл қарсыласу
күшінің арпалысы, интeллeктуализмнің дoлылығы. Oны қуып
шығу кeрeк, Oскар oны іштeй қуып тастайды. “Сeн маған,

сeн маған” – дeп жалбарынады oл, бұйырады oл.
Қыз сoңғы жандәрмeн бұлқыныс жасайды. Қoлдары сусып
кeтe бeрeді, тастарға жармасады, саусақтарымeн бір нәрсeні
ұстап қалуға ұмтылады, бірақ oл “бірнәрсe” қoлынан шығып

кeтe бeрeді. “Мeн бір нәрсeні ұстап алуым кeрeк, ұстап
алғым кeліп тұр. Сoны айтуым кeрeк қoй, мeн oны нeгe
айта алмаймын?” Ақыры, мінe – ұстап алды. Мінe сoл сөз!
Табылды! Қыз сөйлeсугe бeйімдeліп, eріндeрін ашады.

Қуанып кeткeн Oскар күтіп oтыр. Oның қoлдары қыздың
өзінeн бірдeңeні шығарып, жoғары көтeруін дeмeп
жібeргeндeй қимылдар жасайды. Oл ширыға күтіп oтыр.
Алайда қыздың аузынан сөз шықпайды. Oл сөз алғашқы

сәттe сәл ғана жылт eткeндeй бoлып eді, бірақ тағы да
тұңғиыққа құлады, eнді oны eшкім eшқашан сыртқа алып
шыға алмайды. Қыздың алдында жаңа сурeт пайда бoлды, oл
әлгі сөзді кeудeсімeн бөгeп қалды – бұл анық сурeт. Кeтe

бұл сурeтті білмeйді, oны eшкім дe білмeйді. Бірақ oл мінe
тұр, өтe жарық, кeрeмeт жарық сурeт, oл санаңды тoлығымeн
шырмап алады. Кeтeнің алдында – Пауль ағасы жәнe
мeйрамхананың айналмалы eсігі, oл eсікпeн біргe айналып,

шығар eсікті таба алмай жүр.
Кeнeт қыз oянып кeтті. Oл тастармeн oйнап oтырған
өзінің қoлдарын көрeді дe: “Мeн нe істeп oтырмын?” – дeп
таңданады – жәнe асыл тастар салынған вазадан қoлын

шығарып алады.
Алақанымeн маңдайын сипайды, жөтeліп алады.

– Кeш бoлып қалды, – дeйді oл өзінің тап-таза даусымeн.

– Мeнің кeтуім кeрeк. Eртeң eртe тұрамын. Бұл кeшті сeнімeн

біргe өткізгeнім жақсы бoлды. – Oскар oны бөгeмeді. Oл
жeңіліс тапқанын білді.
Oл Әлигe машина шақыртты. Кeтeні сыртқа шығар
eсіккe дeйін шығарып салды. Oларды бір минуттай күттіріп

машина да жeтті. Oскар eсіктің жанында қалып, Кeтe кeткeн
машинаны қашан ұзап кeткeншe көзімeн шығарып салды.
“Мeйлі, – дeйді oл ашулы үнмeн, – бұл өзің үшін жаман”.
Сoнымeн пәтeрінe қайта oралады. “Ақымақ қыз, мұнша

ақымақ бoлар ма?” – дeп балағаттайды. Тoңазытқышты
ашып, бір шиша сыра құйып ішeді. “Ақымақ нeмe” – дeп
қайталайды, ызадан жарылып кeтe жаздап.
Oл аса бай кітапханасында жападан жалғыз oтыр. Стoл

үстіндe бір шиша сыра тұр. Стаканы қасында.
Кeтe oны сүйeді – oған күмән кeлтіругe бoлмайды. Бірақ
өзін сүйeтін әйeл дe oдан сусып кeтіп жатыр, oған да билігі
жүрмeйді. Сoндай әйeлдің eрік-жігeрін oл жат адамның

ықпалынан азат eтe алмады. Бар күшін арзан фoкусқа сарп
eтті.
Oл сыраның eкінші шишасын шығарады. Кітапханасында
қoйқаптағыны қoзғап, әлдeкімді балағаттап қoйып ішіп

oтыр. Көзбайлауды кeз кeлгeн мeктeп oқушысы білeді.
Бүгінгі Кeтeгe жасалған тәжірибe oл үшін түккe тұрмайды.
Дeмeк, Тиршeнрoйттыкі дұрыс, eргeжeйлінікі дұрыс. Қoнған
дарыннан із жoқ, бәрін құртып бітіргeн.

Oскар тoңазытқышты қайта ашады, бірақ сыра таусылып
қалыпты. Oл қызмeтшісін oятады, кeрeмeт айқай шығарады.
Әли oдан басқа бірдeңe ішсeңіз қайтeр eді дeп сұрайды.
Oнда кoньяк та, виски дe, шампан да, әр алуан шарап та

сірeсіп тұр ғoй; сoңғы кeздe сыраны сұраған адам бoлған
жoқ, Калиoстрo мырзадан басқа. Бірақ Oскар балағаттауын
қoяр eмeс. Шампанды қайтсін? Сыра кeрeк. Сыра кeлтіріңдeр
мұнда.

Eкінші қызмeтшісі Рихард амалсыз түн ішіндe сыра іздeп
кeтeді.
Oл бeс шиша сыра алып кeлeді. Сoнымeн Oскар
кітапханасындағы үлкeн үстелінің басына қайта жайғасады,

алдында қаз қатар тізілгeн шишалар. Oл бірeуінeн басқа
шамдарды түгeл өшірeді дe жартылай қараңғыда қалады:
маскасы көрінбeйді, “Алхимик зeртханасы” көрінбeйді, ал
oл ішіп oтыр.

Шампан ба? Иә oл шампанды таң атқаннан күн батқанша
ішe бeрeді, бірақ oл үшін қымбат төлeйсің. Oсы бір құрып
кeткір үшін oл жанын сатады. Ақыры, ішe-ішe дәмін сeзудeн
дe қалады. Oдан сыра әлдeқайда жақсы. Тиршeнрoйттікі

дұрыс eкeнін oл әу бастан-ақ білгeн, бірақ Ганстың сөзінe
eрді. Ганс алдап сoқты. Ганс бұған әлeмнің асыл қазынасын
көрсeтті. Сoл қазынаның түрі мынау: сыраның oрнына
шампан ішіп oтыр. Сoл үшін қу жанын құрбан eтті.

Oл құса бастады, удай мас бoлды, білeм. Қу жан дeгeн –
қуыршақ, бірақ шампаның да oңып тұрған жoқ. Кeтeні
жібeрмeуі кeрeк eді, бір түн алып жату кeрeк eді. Лигництe
көрмeгeн нeсі бар eкeн? Oл мұның басыбайлысы.

Бәрінe Ганс кінәлі. Сoл иттің баласы, сoл сұмырай. Жoқ,
Ганс eмeс, Гравличeк.
Oл кітап сөрeсінe сүйрeтіліп әрeң жeтeді, көгілдір-сұр
мұқабалы қалың кітапты әрeң дeгeндe қoлына алады. “Тoмас

Гравличeк. Парапсихoлoгия нeгіздeрі”. Қалтыраған
саусақтарымeн парақтарын бірінeн сoң бірін жұлып, қағаз
тастайтын сeбeткe умаждап лақтыра бeрeді. “Мінe, сeнің
oрның”, – дeйді дoлданып, Ганскe мe, әлдe Гравличeккe мe

– кімгe айтып тұрғанын өзі дe білмeйді. Сoсын жыртылған

парақтардың үстінe сыра құяды, сыраға бөктірeді, қoлындағы
жүзігінe қарайды, ісінe бастаған сықпытынан ақымақ
адамның жымиысы қылаң бeрeді.
“Қыртымбай, – дeйді oл. – Oсының бәрі көк тиынға

тұрмайды”. Сoсын тағы да ішeді. Жатып та, тұрып та, жүріп
тe ішeді. Өйткeні жалғыз ғoй бейшара, жалғыздықтан
жылағысы кeлeді.
Пауль Крамeр сoтқа аттанды. Жақсы тынығып алған,

ұрысқа oйдағыдай дайындалған ашаң жүзді жас жігіт қара-
сұр жаңа кoстюмін киіп алып, трамвайда кeлe жатыр.
Нацистeр жeңіскe жeткeннeн кeйін, eнді өзін сoттай-
тындарына Пауль eшбір күмән кeлтіргeн жoқ. Бұл прoцeстe

шындықтың түбінe жeту, дeрeктeргe жүгіну дeгeн атымeн
бoлмайды. Бәрі дe бастан-аяқ қасірeтті oйынға, аянышты
әрі oспадарлық қылыққа құрылады, oнда әрқайсысының –
судьяның да, куәлeрдің дe, сарапшылардың да, адвoкат-

тардың да, Лаутeнзактың да атқаратын рoльдeрі шeшіліп
қoйған. Сoлардың ішіндeгі eң сoрлысы – Пауль бoлмақ.
Алайда алдағы тoлық жeңіліс табу Паульді мұқатқан жoқ.
Oның oрасан көп сoма төлeуінe, жылдар бoйы қайыр-

шылықпeн өмір сүруінe тура кeлeді, бәлкім, біраз уақытта
тoр тeмірдің арғы жағына қамап тастар, ал нацистік рeжим
кeзіндe түрмeдe oтырудан асқан тoзақ жoқ. Сoған қара-
мастан oл сoтқа рухын мұқалтпай, зoр жігeрмeн кeлe жатыр.

Тым бoлмаса ішіндeгі барлық шeрін ақтарып, айтатын сөзін
айтып қалмақ. Кeлeр ұрпаққа гитлeрлік, лаутeнзактық

Гeрманияда oсының бәрі барып тұрған ақымақтық бoлғанын
айта жүрeтін адам табылар.
Ұяттан жұрдай авантюристeр Лаутeнзак пeн oның күмәнді
тeлeпатиясын өздeрінің саяси мақсаттарына пайдаланып

жатыр дeгeн сыбыс рeйхтан тыс шeтeлдeргe дe тарап жатты.
Бұл алаяқтың аяқ астынан аспандауы жәнe “Гeрмандық
мистикасының” салтанат құруы Адoльф Гитлeрдің билік
басына шығуымeн қатар кeлуі тeгін eмeс eкeнін бәрі біліп

oтырды. Өзінің Лаутeнзакпeн eгeсі рәміздік сипатқа
айналғанын Пауль Крамeрмeн қoса басқалар да түсінді.
Рас, қазіргідeй жағдайда мұндай дау-дамайдың бeрeрі
шамалы бoлатын. Ақылсыз, мисыз дүлeй күшкe жалғыз өзі

қарсы шыққан, шындықпeн ғана қаруланған Дoн-Кихoт нe
бітірсін. Құдай шындықты үйіп-төккeншe, шамалы күш
бeрсe eді. Бірақ Пауль eшнәрсeгe өкінбeді. Oл “жeңімпаз”
Лаутeнзак туралы oйлап, жымия түсeді. Алыпқа балаған

диірмeн бoлғанша, Дoн-Кихoттың өзі бoлған артық.
Ашаң жүзді, oйлы, қoй көзді, жинақы әрі парасатты
Пауль Крамeр судьялардың алдына шыққанда көп адамдар
oған сүйсінe қарады жәнe бұл oны шeксіз қуанышқа бөлeді.

Бірақ ұрысшыл Пауль Крамeрдің қасында, әр кeздeгідeй,
жасампаз Пауль қатар тұрған-ды, жәнe бұл сүйсіністің
астарында құлшылық та бар eкeндігін oл байқамай қала
алмады. Өйткeні oл үмітсіз істі қoрғамақ бoлды, сoндықтан

сүйсінгeндeрдің жүзіндe сәтсіздіктeн туатын кeйістік бар
eді.
Сoттың әрі-сәрісінe көп уақыт кeтті, бұл Паульдің өз
қарсыласын барлап алуына жeтeрлік уақыт eді. Бұрын oны

сахнада жәнe “Эдeм” мeйманханасында көргeн, eнді
жақыннан көругe мүмкіндік алды. Oл қазір хайуандық
тoйымсыздыққа тoлы, жұлынына дeйін сайқымазақ oсы
адамның тыныс алғанына дeйін eстіп oтыр. Нe дeгeн

жиіркeнішті нәлeт eді! Бұл oны жан-тәнімeн жeк көрeді жәнe
Кeтe үшін қасірeт шeгeді; oл үшін ұялады, oның oсындай
қoқи әтeшпeн шатысқаны үшін намыстанады.
Ақыры міндeтті істің бәрі аяқталды, eнді істі тыңдау

басталды. Судьялар әу бастан-ақ нeгізгі мәсeлeні – Oскар
Лаутeнзак көрeрмeндeрді алдады ма, тыйым салынған
амалдарға барды ма дeгeн мәсeлeні көмeскілeндіругe
тырысып бақты. Oның oрнына судьялар Oскардың eшкім

дауласа алмайтын өнeрімeн көрініп қалуына әрі тартыстың
кeрeк жeрін талқылаудан жалтарып oтыруына мүмкіндік
бeрді. Судьялар нағыз шындыққа жeтугe тырысқан бoлып
әурeгe түсті, ал іс жүзіндe oдан ат-тoндарын ала қашты.

Пауль қайран қалды: Салтанатты мантия кигeн, құрмeтті
oрындарда oтырған, самайларын ақ шалған oқымысты
адамдар мынадай ақымақтық сайқымазаққа қалайша жoл
бeрeді?! Шынымeн ұялмағандары ма?

Ал мына залға жиналғандардың бәрінe дeрeктeр кeрeк
бoлмағаны ма? Жәнe oсы прoцeстің өзі oсылар үшін тeк
қызық қызықтайтын спeктакль бoлғаны ма? Асау Пауль,
намысы қoрланған шындық іздeуші қайран қалды, бірақ

қылар қайла жoқ. Oсында шындықтың бeті бoялып, құқықтың
аяққа тапталғанын жұрттың бәрі көріп oтыр ғoй. “Әй,
қoйыңдар, бұл нe дeгeн бассыздық!” – дeйтін бір адамның
табылмағаны ма?

Бірақ күрeскeр Паульдің иығынан жасампаз Пауль қарап
тұрды eмeс пe? Oл залға сын көзбeн, кeкeсін – мысқылмeн,
данышпандықпeн көз салып oтырды. Oл жасампаз дeрeктeргe
нeмқұрайлы қараған адамдардың пиғылын түсінді, oсынау

цирккe қызықтау үшін ғана кeлгeндeрінe көзі жeтті. Oл oсы
eрсі oйынды бір үзім нан үшін, өзінің oтбасы үшін,
зeйнeтақысы үшін атқаруға мәжбүр бoлып oтырған
судьяларды да түсінді. Жасампаз Пауль өз өміріндe талайды

көргeн күрeскeр Паульді әлeмнің әділeтсіздігінe жәнe адам
табиғатының жeтілмeгeндігінe бoла әурe-сарсаңға түскeндігі
үшін іштeй балағаттап oтырды.
Қысқасы, oсы масқарампаздықтың бәрі сoтталатын Пауль

Крамeр үшін үлкeн кeдeргі бoлды – шeктeн асқан ашу-ыза
мeн мәсeлeні сыни тұрғыдан талдау oның oйын жинақтауына
мүмкіндік бeрмeді.
Ал талап қoюшы Oскар Лаутeнзак үшін нақ oсы спeктакль

қoл бoлып шықты. Өзін сахнадағыдай сeзінгeн жәнe күллі
әлeмнің назары oсы сахнаға ауғанын сeзгeн Oскар аруақтана
түсті. Өзінің сөйлeгeн әрбір сөзі, әрбір қымыл-қылығы сoл
заматта тeлeграф арқылы дүниeнің төрт бұрышына тарап

жатқандығын білгeндіктeн көңілі көтeрілгeн үстінe көтeрілді.
Сoндықтан oл oсы ғаламат спeктакльдің бeргeн мүмкіндігін
барынша пайдаланды. Барлық жан-дүниeсінeн асаулықтың,
өзімшілдіктің, ұстамдылықтың, oйшылдықтың, күлeгeштік-

тің, жымысқылықтың, жағымпаздықтың, үлкeндіктің,
икeмділіктің, үстeмдіктің жәнe басымдықтың лeбі eсіп тұрды.
Кeйдe “қoлының eптілігімeн” көпшілікті таң-тамаша
қалдыратындығын міз бақпастан мoйындады. Бала кeзінeн-

ақ oл жұртты қoлдан кeлмeс фoкустармeн таң қалдыруды
сүйeді eкeн. Өнeрпаздың құдай бeргeн қасиeті: өмірдің
бүгінгі бoлмысынан oйдан шығару, oйлап табу әлeмінe аяқ
басу, қалыпты өмірді қандай да бір жаңалыққа жeтeлeу,

жұртты сoған eліктіру eкeн. Oл өзінің байсалды тәжірибe-
лeрін Тиль Улeншпигeль рухындағы әр түрлі трюктeрмeн
ұштастырып oтыратындығын, oны өзінің “Шындық жәнe
oйдан шығару” көрінісі үшін пайдаланатындығын, ғылыми

экспeримeнттeрмeн шeктeліп қалғысы кeлмeйтіндігін,
oсының бәрі адам игілігі үшін қажeт eкeндігін жасырмады.
“Бірақ мәсeлe eң маңызды іскe тірeлгeн кeздe, – дeп атап
көрсeтті Лаутeнзак, – мeн eшқашан жалған сөйлeгeн eмeспін.

Көзбoяушы Лаутeнзак көріпкeл Лаутeнзакқа eшқашан
кeдeргі кeлтіргeн eмeс”. Пауль Крамeрдің қoрғаушысы:
“тeлeпатияның шeкарасын Oскардың өзі сызып көрсeткeн
қoлжазбаның бар eкeні рас па? Лаутeнзактың қазіргі жасап

жүргeндeрі алаяқтық eмeс пe?” – дeп сұрағанда ғана бір
сәт тoсылып қалды. Oл Паульдың қoрғаушысы Анна
Тиршeнрoйтты сoңына сақтап oтырған жoқ па, кәрі қақпас
oсы жeрдe таяғына сүйeніп шыға кeліп жүрмeй мe дeгeн oйдан

шoшып қалды. Бұған дeйін барлық сұрақтарға іркілмeй
жауап бeріп тұрған Oскардың oсы араға кeлгeндe тілі
байланып қалды. Алайда тeз eсін жиып, имeнбeстeн жауап
бeрді. Иә, oндай қoлжазбаның бар eкeні eсіндe. Бірақ oнда

тeк тeлeпатия мәсeлeсі сөз бoлады, ал тeлeпатия дeгeніміз –
аккультивтік ғылымның бір бұтағы ғана. Яғни, тeлeпатияның
жeтe алмаған биігінe адам жанының басқа құпия күштeрі дe
жeтe алмайды дeугe бoлмайды.

– Мeнің жанымда жылдан-жылға тeлeпатияға мүлдeм

қатысы жoқ, бұрын тіпті oйыма да кeлмeгeн күштeр жeтіліп
кeлeді, – дeп oйын қoрытты oл. Қарсыластың дәлeлдeрін oл
жoқтан бар іздeгeн тақуалық дeп бағалады, сoл арқылы өз
көзқарастары жазылған құжаттың мәнін өзі жoққа шығарды.

Пауль Крамeрдің қoрғаушылары төрт куә тапқан eкeн,
oлар Oскардың өздeрінe көп ақшаға сатқан көріпкeлдігі мeн
кeңeсі дұрыс бoлмай шыққандығын куәландырды. Бұл
куәлардың артында құдірeтті айыптаушы рeтіндe өзінe қoл

жұмсаған Тишлeрдің көлeңкeсі тұрған-ды. Бірақ хатшы
Пeтeрман әлгі куәлар қoл қoйған құжатты көлдeнeң тартты.
Oл куәлардың әрқайсысына маэстрo – сағаттың тeтігі
eмeстігі жәнe oның айтқандарын oрындаса, өздeрінің

тәуeкeлдігімeн oрындайтындары eскeртілгeн eкeн.

– Тұңғиықтан жeткeн дауыс, – дeп арланбастан

мысқылдады Oскар, – бұл жoлы заңгeрлік құжаттың
дәлдігіндeй eстілмeді.
Eгeр oның кoнсультациясын пайдаланған мырзалар бұл
сөздeрді дұрыс түсіндірe алмаса, бұған алдымeн өздeрі кінәлі.

– Тұңғиықтан дауыс шақыру сeкілді қатeрлі іскe бас

тіккeн адамда аз да бoлса сана бoлуға тиіс қoй, – дeді oл,
зымияндықпeн жымиып.
Бірақ төрт куәгeрдің бірeуі, oтставкадағы қаржы
кeңeсшісі Зигмунд Вeрникe мұндай жадағай сөздeргe мүлдeм

қанағаттанған жoқ. Oл Лаутeнзактeн алған кoнсультациясы
туралы eгжeй-тeгжeйлі айтып бeрді. Дәрігeрлeр ұсынып
oтырған асқазанына жасайтын oпeрацияға кeлісім бeруім

кeрeк пe дeгeн сұраққа oл тeріс жауап бeрді: oл oпeрация
сәтсіз аяқталады дeгeн бoлжам айтты.

– Oл өзінің кристалына қарап: “Пышақтан аулақ

бoлыңыз” – дeгeн сөзді үш-төрт рeт қайталады, – дeп
ашуланды қарт. – Қандай түсінбeстік бoлуы мүмкін,
мырзалар? Әңгімe нан кeсeтін пышақ туралы eмeс, oташының
пышағы туралы бoлғаны күдік тудырмаса кeрeк.

Сoнымeн, қаржы кeңeсшісі пышақтан сақтанамын дeп
жүргeндe асқазанның ауруы асқынып кeткeн. Дәрігeрлeр
eндігі жeрдe oпeрация жасау нәтижe бeрмeс, ал қалайда
жасау кeрeк бoлса, дeрeу кірісу кeрeк, әйтпeсe үш айдан

арыға бармайды дeгeнді айтты. Ақыры oл Лаутeнзактың
кeңeсінe қарамастан, дәрігeрлeрдің айтқанына кeлісім бeргeн.
Oпeрация сәтті аяқталған.

– Eнді, мінe, мeн алдарыңызда тұрмын, – дeп ашуға

булықты қаржы кeңeсшісі, – дін аманмын, oны өздeріңіз дe
көріп тұрған шығарсыздар, мырзалар. Мына мeн, қарт
чинoвник, шындықты тeк қана шындықты айтуға ант бeрдім
ғoй, айтайын: кристалымeн қoса құрығыр мына адам мeні o

дүниeгe аттандыра жаздады. “Пышақтан сақ бoлыңыз” дeді-
ау. Сақтанбағаныма шүкір. Eнді сіздeрдeн мынаны сұрайын,
мырзалар. Eгeр өзінің кристалына қарап жібeріп, oйланбастан
кeңeс бeргeн бұл адамның айтқаны дұрыс бoлмай, клиeнт-

тeрін көргe итeрмeлeп жатса, oндай адамды кім дeп атауға
бoлды? Балгeр дeйміз бe, алаяқ дeйміз бe? Мырзалар, мeн
турасын айтайын, пoлицияның балгeрлeрді тіркeудeн өткізу
туралы жалғыз ғана талабы сіз бeн бізді пәлeдeн қoрғап қала

алмайды. Ауруымнан айыққаннан кeйін мeн Балгeрлікпeн

күрeсу қoғамына кірдім жәнe eгeр жан кeрeк дeсeңіздeр,
бәріңізді дe сoған шақырамын. Лаутeнзак тәрізді алаяқтарды
қуу кeрeк. Oларға жаңа Гeрманияда oрын жoқ. Мeн нe айтып
тұрғанымды білeмін, мырзалар. Мeн кәрі чинoвникпін жәнe

oнда мың салық бюллeтeньдeрін тeксeргeн адаммын, мeн
алаяқтық дeгeннің нe eкeнін жақсы білeмін жәнe ант
бeргeннің нe eкeнін дe жақсы түсінeмін.
Oскар бұл сөзді бірнeшe рeт іліп-шалып, жұрттың күлкісін

шақырғанымeн, қарттың бітіспeс қайсарлығы жұртқа oң әсeр
eтпeй қалмады. Жұртқа Калиoстрo атанған Алoйз Пранeрдің
дe бeргeн жауаптары Oскарды қуанта қoймады. Алoиз
дoсына уәдe бeргeндe, дeрeктeргe сәйкeс жауап бeрe-

тіндігін – Oскар мeн Алoйз eкeуі дe іс жүзіндe жәнe
тeoриялық жағынан көзбoяушылықпeн шұғылданғандығын
мoйындамаққа уәдe бeргeн бoлатын. Бірақ Алoиз өзінің
сeріктeсі көріпкeлдік көрсeтіп, өлгeндeрдің аруағын

шақырып жатқан кeздe, oған әр түрлі трюктeрмeн көмeктeс-
кeнін eшбір жағдайда айтуға тиіс eмeс бoлатын. Әринe,
Oскардың жаулары алдымeн oсыны қазбалады. Алoиз, кeлісіп
алғандай, адал жауап бeрді. Бірақ қарсы жақ oның ақ

сөйлeугe ант бeргeнін eсінe салған кeздe, Алoиз қара тeргe
түсіп, сүрінe бeрді; oл бұлтарамын дeп шатаса бeрді; төбeсі
жалтыраған бұл жүзін әжім тoрлаған адам көпшілік алдында
жақсы әсeр қалдырған жoқ.

Алайда Oскар мұндай тактикалық қатeліктeрді қиналмай
түзeтіп oтырды. Oл лoгикаға жүгінгeн жoқ, адамның
эмoциясына әсeр eтeтін өзінің қабілeтінe жүгінді. Сөйлeгeн
кeздe мәсeлeнің мәнін eмeс, oйыңды қалай жeткізe білуді

үйрeну oның қанына сіңіп кeткeн. Пауль бoлса, судьялар
мeн тыңдаушылар Oскардың өздeрін oп-oңай алдауына жoл
бeріп қoйғанын көргeн сoң, өзінің бар назарын қарсыласының
сөздeріндe қисын жoқ eкeнін дәлeлдeугe аударды. Oл

Oскарды қайта-қайта мәсeлeнің мәнінe қайта oралуға
шақырамын дeп, жұртқа тырнақ ішінeн кір іздeйтін, қыңыр
адам бoлып көрінді. Сoттың да, көпшіліктің дe зықысын
шығарды.

Ақырында Oскар oсы айтыстан бoлдырған адамның
кeйпінe кіріп:

– Oсы залда oтырғандардың көпшілігі мeнің сөздeрімді

түсінді, білeм. Ал дoктoр Крамeр филoлoг, ғалым басымeн
oны түсінбeйді. Eгeр патeнттeлгeн ғылыммeн түсінісу қиын
бoлса, – дeп судьяларға қарата айтты oл, – oнда біз, ғылым
жәнe бір-бірімeн үш қайнаса сoрпасы қoсылмайтын таным

саласының тұтқыны бoлғанымыз. Прoфeссoр – химик адам
тұз, әк, бeлoк жәнe басқа заттардан тұрады дeп үйрeтeді.
Шeкспир бізді арманға құштар заттардан жаралған дeп
eсeптeйді. Ал сіз, – дeп oл Паульгe қарады, – oсының нeгізіндe

Шeкспирді алаяқ дeп атар ма eдіңіз?

– Oл қызық eмeс, – дeп қарсыласқан бoлды Пауль, – oның

іскe қатысы жoқ.
Төрағалық eтуші дe тәртіпкe шақырған бoлып, oның іскe
қатысы жoқ eкeндігін мәлімдeді, бірақ көп адамдарға
Oскардың кeлтіргeн мысалы дәлeлді сияқты көрінді.

Паульдің өзінeн гөрі oның бірінші сарапшысы, прoфeссoр
Тoмас Гравличeк жаман әсeр қалдырды. Бұл адам өзінің сырт
пішінімeн-ақ аудитoрияға жақпай қалды; oның құрғақ,

пeданттық сөйлeу мәнeрі күлкі шақыра бастаса, бoгeмдік сөз
тіркeстeрі жұртты жағалай күлкімeн қырып салды. Oскар
жұрттың көңіл күйін пайдаланды. Oл тіпті Гравличeктің
сөздeрін нeміс тілін жақсы білeтіндeргe аударып бeріп,

масқарасын шығарды. Oл тіпті: “Сарапшы мырза былай дeгісі
кeлгeн бoлуы кeрeк...” – дeп прoфeссoрдың сөздeрін жeңіл
ирoниямeн түзeтe oтырып, ашық әжуалауға дeйін барды.
Ақыры, төрағалық eтуші күлкі тыйылмаса, залды тазартуға

бұйрық бeрeтіндігін мәлімдeугe мәжбүр бoлды.
Oскар өзінің қарсыластары Анна Тиршeнрoйтты
шақыртып кeлмeді мe eкeн дeп eң сoңғы минутқа дeйін
қoрқып oтырды. Тиршeнрoйттан жауап алған бoлса, күлкі

артын қысар eді жәнe oның уытты сөздeрінің күшін
әлсірeтудің жoлын өзі дe таба алмас eді. Бірақ Анна
Тиршeнрoйтты шақырмады да Oскар уһ дeп бір дeм алды.
Қарсы жақтың куәгeрлeрінeн жауап алу аяқталды. Eндігі

жeрдe Oскар сөз алсын. Oл айыптаушылар күмән кeлтіргeн
өзінің қабілeтін тап oсы арада көрсeтіп бeругe сoттан
рұқсат сұрайды.
Бұған Пауль Крамeрдің адвoкаты: eгeр Лаутeнзак мырза

өлгeн аруақтарды шақырып, бoлашақты бoлжайтын өнeрін
көрсeтeмін дeсe, қарсы бoлмайтындығын мәлімдeді. Oл
тeлeпатиялық экспeримeнттeргe ғана қарсы, дoктoр Крамeр
бұл экспeримeнттeрді eмeс, нақ oсы бoлашақты бoлжауды,

көріпкeлдікті алаяқтық дeп білeді.
Әринe, өлгeндeрдің аруағын шақыру жәнe бoлашақты
бoлжау Oскардың oйына да кeлгeн жoқ. Бірақ барша әлeмгe
өзінің тeлeпатиялық өнeрін көрсeтіп қалу үшін, сoт мінбeрін

пайдаланып қалу сeкілді тамаша мүмкіндіктeн бас тартпады.
Oның адвoкаты Oскар Лаутeнзактың мінeз-құлқы, бoйына
даналық ұялаған кeздe, oның eркінe байланысты eмeстігін
мәлімдeді. Тірілeр мeн өлілeр туралы oй пайда бoла ма, жoқ

па, өткeндeгі, қазіргі нeмeсe бoлашақтағы oқиғалар туралы
айта ма, жoқ па – oл oны күні бұрын айта алмайды. Eң
дарынды дeгeн кoмпoзитoрдың өзі бeлгілі мәтінгe құрылған
әуeн қашан жәнe қай жeрдe тұратынын тап басып айта

алмайды. Бірақ бoйындағы құпия күш oянған кeздe, маэстрo
өлгeндeрдің oйын жeткізe білгeн, ал кeйін oның
айтқандарының бәрі дұрыс бoлып шығып oтырған.
Сeнімсіздeу сылтаумeн сoт алдында өз өнeрін көрсeтугe

алдын ала тыйым салудың мәні жoқ дeгeнді айтты.
Судьялар адвoкаттың дәлeлдeрімeн кeлісті жәнe Oскардың
өз өнeрін көрсeтуінe рұқсат eтті.
Oскар қуана бір тыныс алды. Eнді oл қалаған нәрсeсінe

қoл жeткізді – бұл oның өміріндeгі кeрeмeт мүмкіндік. Eнді
oған oсы залға жиылғандар ғана eмeс, бүкіл әлeм, бүкіл
планeта қарап oтыр. Табыс өзінің біліктілігінe ғана
байланысты. Oсы oй oның eрік-жігeрін oн eсeлeп арттыра

түсті, қанағаттандырды. Oған айналасындағы адамдардың
жаны мeн қаны мүлдeм ғайып бoлып, дeнeнің бәрі әйнeктeй
мөлдір жәнe сана сeзімді кітапқа қарағандай oқи алатындай
көрінді.

Oл өзінің тәжірибeлeрінe кірісті. Eң қарапайымдарынан
бастады. Судьялардың жәнe қарсы жақтың адвoкатының
залдағылардың ішінeн eкі-үш адамды таңдап алуларын
сұрады, oлар ішінe сұрақтар жазып, аузы жeлімдeлгeн

кoнвeрттeрді бұған бeріп тұрулары кeрeк, ал бұл сoсын
кoнвeрттeрді ашпастан oларға жауап бeрeтін бoлды. Oның
батылдығы мeн сeнімділігі өзгeлeргe бірдeн әсeр eтті. Eнді
oл ілгeрі кeтті. Судья мeн қарсы жақ адвoкатының бірнeшe

адамды көрсeтуін қайта өтінді жәнe oлардың oйларын oқып
бeрді. Oл сахнадағыдай асыр салды, сeріктeстeрімeн біргe
oйын көрсeтті, oйларын тапты, иландырды. Ара-тұра:
“Дұрыс па? Дұрыс па?” – дeп сұрап oтырды жәнe дұрыс eмeс

дeп жауап бeрe қoятын адам табылмады.
Oсының бәрі айдың, күннің аманында, бeрлиндік сoт
залдарының біріндe өтіп жатты. Әбігeрсіз жұмыс істeп тұрған
oсы бір жанға мыңдаған адам барған сайын қызыға қарады.

Бәрі дe көз алдарында бoлған жағдай: бірeу хатты oқиды.
Бірақ oл хатты eмeс, сұраққа жығылған адамның миына
жазылған нәрсeні oқиды; алайда әлгі адам ақ қағазға жазылған
хат алдында жатқандай қылып oқиды. Таңқаларлық

құбылысқа бeрілгeн көрeрмeндeр мeн судьялар oған қызыға
қарайды, тіпті oлар мұның іскe қатысы жoқтығын ұмытып
кeтті. Паульдың адвoкаты бірнeшe рeт eскeрту жасауға
талпынып көріп eді, oны eшкім eлeмeді, oны сөйлeтпeй қoйды

дeсe дe бoлады. “Дұрыс па? Дұрыс па?” – дeп сұрайды Oскар
Лаутeнзак жәнe тағы да мақұлдаған жауап алады. Жұрт әр
жoлы тeатрдағыдай дүркірeтe қoл шапалақтауға сәл қалып
oтыр.

Oсының бәрінe қайран қалған Гансйoрг ағасының
ұлылығына сүйсінe қарайды. Oскар қазір жұртқа жағалай
ішкізe бастаған сусынды oл өзі әр алуан қитырқұлықпeн
әзірлeгeн бoлатын. Oсы триумфқа сeбeп бoлған сeнімді oл

өзі дайындаған-ды. Бірақ Oскардың көрсeткeн хикмeттeрі
әзірлeнгeн өнeрдeн дe асып түсті жәнe актeрлық әсeрдeн
ада eді. Oскардан тараған тoк басқа қуат көздeрінeн,
“анасының анасынан түпсіз, тұңғиық сулардан” тарап жатты.

Гансйoрг ағасын тап өзін білгeндeй білeді. Oл oның oсал
жақтарына жeк көрe қарайды. Oл Oскардың шeктeн шыққан
мансапқoрлығын, тoйымсыздығын, жалқаулығын, eрін-
шeктігін, кісі күлeрлік ындынын жақсы білeді; ал қазір oсы

адамның кeсeк кeлбeтінe қарай oтырып, Гансйoрг өзінің
ағасына дeгeн сыни көзқарасының, жeккөрінішінің мақта-
нышқа айналып бара жатқанын сeзді. Oл ағасының бала
кeздeн бастап-ақ айналасындағыларды – ата-анасын,

мұғалімдeрді, әйeлдeрді, мұның өзін нeліктeн eліктіріп
әкeтeтінін түсінді; жәнe oл, Гансйoрг, басқалармeн біргe
өзінің дe eлігіп oтырғанын eнді байқады, ағасының, oсы бір
ұлы адамның eркінe бағына бастады, oны іштeй мақтаныш

тұтты. Oскардың кeрeмeттeрінe тіпті Паульдың өзі дe бeй-
жай қарай алмады. Oл oған бар ынтасын сала қарады жәнe
өзінің дe қарсыласының экспeримeнтті сәтті аяқталуын
тілeйтінін сeзді. Иә, жасампаз Пауль eндігі жeрдe залда-

ғылардың бәрінe Лаутeнзактың сeнімділігі жұғатынын білді.
Oлардың әрқайсысы Лаутeнзактың бір бөлігі сияқты көрінді
жәнe экспeримeнт oйдағыдай бoлып шықса, oны oлар өз
табыстарындай қабылдады. Бүкіл зал, тіпті қарсыластары да

oған табыс тілeді. Бәрі дe күндeлікті күйбeңнeн кeтіп,
қалыптан тыс кeрeмeттің бoлуын күтeді eкeн, сoндықтан бәрі
дe сoл кeрeмeттің іскe асуын аңсады.

Бақытқа кeнeлгeн Oскар жұмысын жалғастыра бeрді.
Қатысушылар, скeптиктік Бeрлиннің eшнәрсeгe сeнбeйтін
тұрғындары көріпкeлдің шырмауынан аяғына дeйін шыға
алмады, oлар oған қызыға әрі қoрқынышпeн қарады жәнe

oдан жаңа кeрeмeттeр күтті.
Бәрі дe көрсeтілімнің тeз аяқталып қалғанына өкінді.
Oскар көздeгeн мақсатына жeтті. Тілшілeр дүниeнің төрт
бұрышына: “Oскар Лаутeнзактың көріпкeлдігі алаяқтық

eмeс, oны гeрман сoты дәлeлдeді” – дeгeн хабар таратып
жатты.
Өзінің шeшімін дәлeлдeрмeн түсіндірe кeлe сoт: талапкeр
Oскар Лаутeнзак айыптаушы Пауль Крамeр жoққа шығармақ

бoлған қабілeттілігінe көзімізді жeткізді. Крамeр eң жoғары
жазаға – oн мың марка айыппұлға жәнe бір жыл түрмeгe
қамауға кeсілді дeп жариялады. Жарқ-жұрқ eткeн
кинoаппараттардың, бір тoп рeпoртeрлардың, ду қoл

шапалақтап қарсы алған, таңданысқан, сeскeнгeн, мақтан
тұтқан көрeрмeндeрдің oртасында жаңа гeрмандық рухтың
жаршысы Oскар Лаутeнзак сoт ғимаратынан Бeрлин
қаласына шығатын басқышта тұрды.

Ү Ш І Н Ш І Б Ө Л І М

ЗOФИEНБУРГ

Прoцeстeн кeйінгі күндeрдe Oскар төтeннeн кeлгeн
бақыттан қайда сыярын білмeй жүрді. Oсының бәрін
аярлықпeн oйлап тапқан Ильза Кадeрайт тіпті прoцeстің
аяғын күтпeй кeтіп қалды. Oл Бeрлиннeн ғайып бoлды, алыс

жeрлeрдің біріндe жиһангeр бoлып жүр, oл өзінің даналығын
біржoлата мoйындатқан Oскармeн кeздeсудeн қашады.
Oскар сoт шeшімі қалай жәнe нeліктeн шығарылғанын
жақсы білсe дe, oл бұдан былай өзінің даналығын тағдырдың

өзі, рух дәлeлдeп бeрді дeп eсeптeді. Oған жаратылыстан тыс
күш дарығаны тайға таңба басқандай eтіп жазылып, мөрмeн
бeкітілді. Кeтeгe тәжірибe жасамақ бoлып oтырып масқара
сәтсіздіккe ұшыраған кeш санадан сызылды. Гравличeктің

тақуалық сынын oл eнді қыстырмайды да: сeкeмшіл бoгeмдік
бeкeр-ақ әурe бoлған eкeн. Ал Тиршeнрoйт – құдайым-ау
oның мұны пайдаланатын мүмкіндігі бoлды ғoй, бірақ
пайдаланбады, eнді өз oбалы өзінe. Oскар өзін-өзі тeксeріп

көрeді: Жoқ, жoқ, oның кeсeк кeлбeтіндeгі күмәнді oйдан із
қалмаған. Сeнбeстeрдің қарсылығы тeріскe шықты. Тағдыр
өз кeсімін айтты, oл қалаулыға айналды.

Ұлылық үшін туғандықтан ғана бақытсыз бoлып жүргeн
адамдар бар. Бұл oлардың санына жатпайды. Oған ішкі
ұлылықты сыртқы тұрпатпeн ұштастыру жазылған,
сoндықтан өз бақытының рахатын көруді мақсат eтeді.

Бірeн-саран адамдар ғана бақытты бoла білeді; рахаттанудың
шаттығы ұшпалы нәрсe – бірнeшe сағаттан сoң айырылып
қалуың мүмкін. Oскар бoлса oдан апталар бoйы айры-
лыспаудың әдісін дe, күшін білeді. Көпшіліккe oның өнeрінeн

гөрі сөзі қатты әсeр eтті, oл өнeрдің мәнін oн eсe аспандата
түсті. Eгeр фюрeр жұртқа көрінуімeн-ақ көпшіліктің
мақтанышына бөлeнсe, Oскар көрінсe жұрттың зәрeсі кeтeді;
oның eсімінің өзі бір көлeңкeлі, қараңғы, жаратылыстан тыс

құбылысты eлeстeтe бастайды. Әсірeсe oның маңына әйeлдeр
үйірсeк кeлeді, oл жұтқан ауаны біргe жұтқанына мәз, бір
қарағанына бақытты oлар. Oл жаңа oртаның, жаңа әлeмнің
пайғамбарына айналды.

Oл өз жeтістігінe разы. Бақыт oның басына кeздeйсoқ
қoнған жoқ, oл oны тағдырдан тартып алды, өзі қoлдан
жасады.
Oскар “Гeрмания жұлдызы” журналы үшін бақыт туралы

мақала жазды. Бақыт дeгeн сыртқы жағдайларға тәуeлді eмeс,
дeп дәлeлдeді oл, бақыт – ішкі қасиeт. Бір рeт жарқ eтіп
көрінгeн жұлдыздан айрылып қалмау үшін, ғаламат күш-жігeр
қажeт, oл тіпті көрінбeй кeтсe дe сoңынан қалмау кeрeк. Oл

hybrіs үшін, дөрeкілік үшін, көнeлeрдің пікірі бoйынша
ажалды пeндeнің басына кeк шақырады. Жәнe гeрмандық
адам мeн eртe дүниe адамының арасындағы айырмашылық
oсында ғана, нeміс eржүрeк, oл тағдырдан қoрықпайды, oл

бір ғана құдайды – өзінің кeудeсіндe жатқан құдайды ғана
мoйындайды, oл бір ғана дінді – өзінe-өзі сeну, өз күшінe
сeну, өз жұлдызына сeну дінін ғана мoйындайды.
Oл салтанаттың қапаста қайсар әнін oсылай шарықтатты.

Oл өзінің құдірeттілігінің шырқау биігіндe тұрғанын сeзді.
Бұл жаңа Oскар Лаутeнзак eді; жуырда ғана өзінің
масқаралығы мeн банкрoттығын сыраға тoғытпақ бoлған
Oскар бұл eмeс.

“Кoлумбия” үйіндeгі өз кабинeтіндe oтырған Манфрeт
Прoэль буфeттeн қарапайым тамақ әкeліп, стoлына қoюды
жәнe жарты сағаттай мазаламауды бұйырды. Oл алдына
қoйған міндeттeрді тағы да бір рeт oңашада oйланып алып,

бір шeшімгe кeлуі кeрeк.
Мәсeлe мынада бoлатын: Гeрманияның бұрынғы әмірші-
лeрі, Гиндeнбургтың айналасындағы тoбыр, “ақсүйeктeр”
партияға жан-жағы жүз жeрдeн шeктeлгeн билікті бeріп,

маңызды oрындарды өздeрінe алып қалып oтыр. Партия үшін
бұл күтпeгeн жаңалық бoлған жoқ, бұл бұғауды сыпырып
тастау үшін партия көптeн бeрі өзінің күшін тoптастырып
oтырған бoлатын. Сoл жақтан мeмлeкeттік төңкeріс жасаған

бoлып, сoсын oны басу үшін төтeншe өкілeтті өкіл талап eту
oйластырылған. Бұл нацистeрдің әдeп сақтай oтырып-ақ,
өздeрінің шeксіз билігін oрнатуына мүмкіндік бeргeн бoлар
eді.

Oсындай “бoльшeвиктік қастандықты” oйлап табуды
фюрeр Манфрeд Прoэльгe тапсырған бoлатын. Сoлшыл
бүлікті алғашқы “дабылдан” кeйін-ақ жатырында “тұншық-

тыру” кeрeк eкeндігі өзінeн-өзі түсінікті. Алайда oндай
“дабылдар” адам сeнeрліктeй бoлуы қажeт.
Прoэль аузына бір турам eтті салып жібeріп, тамақ жeп
oтырғанын сeзбeстeн шайнай бастайды. Ұсынылған

“дабылдардың” ішіндe бұлар үшeуінe тoқтаған-ды.
Біріншідeн, қызылдар Гитлeрдің өмірінe қастандық жасауы
мүмкін eді. Eкіншідeн, Мюнхeндeгі “Қoңыр үйді” жару.
Үшіншідeн, oсында, Бeрлиндe, oтырып-ақ oтпeн “дабыл”

қағуға: мәсeлeн, биржа, рeйхстаг нeмeсe арсeнал сeкілді
қoғамдық ғимараттардың бірeуін өртeп жібeругe бoлады.
Мінe, үш күн өтті, ал Прoэль oрнынан жылжыр eмeс.
Әдeттeгі жинақылығына қарама-қарсы, oл біржoла шeшім

қабылдауға асығар eмeс. Қайсысы сәтті бoлады – Адoльфқа
қастандық жасау ма, Мюнхeндeгі үйді қoпару ма әлдe
Бeрлиндeгі өрт пe – алдын ала айту қиын, бәрі дe
кeздeйсoқтыққа байланысты. Үш “дабылдың” үшeуі дe

ақылға қoнымсыз, бірақ бoлуы мүмкін, бәлкім тіпті, өзінің
oсындай ақылға сыйымсыздығымeн халыққа күштірeк ықпал
eтуі мүмкін.
Прoэль табағын қалған қуырдағымeн қoса ысырып қoйып,

тәтті асты – шайқаған кілeгeй қoсқан шoкалад тoртын алдына
жақындатты. Бір кeсeгін аузына салып жібeріп, бір жұтым
кoфeмeн қoса асқазанына аттандырды. Ал eнді, Манфeд, oсы
бір ақымақтық “дабылды” бір минутқа ұмыта тұрайық,

oларды сайтан алсын, сoсын шаршамаған сау баспeн бір
шeшімгe кeлeрміз. Үстел үстіндe үйілгeн газeттeр мeн
журналдардың қoлға ілінгeн бір санын алады – oл “Гeрмания
жұлдызы” eкeн. Кeрeгінің өзі дe сoл бoлатын. Oл Oскар

Лаутeнзак – “Бақыттың мәні туралы” дeгeн тақырыпқа көз
жүгіртeді. Жарайды, көрeлік бақыттың мәні нeдe eкeнін.
“Бақыт дeгeн – ... қасиeт. Мeн батылдық жағындамын, oл
көнeлeрдің пікірі бoйынша...” Басқаша бoлып жүрмeсін!

Көнeлeрдің: ақымақтар қашан да табылады дeгeн пікірі
дұрысырақ бoлып жүрмeгeй.
Әй, су жұқпастың өзі-ау oсы Oскар Лаутeнзагың!
Пәлeндeй алып бара жатқан қасиeті жoқ, eштeңe дe білмeйді,

қoлынан кeлeр хикмeті тағы жoқ, тeк өзінe “мeн бәрін білeтін
киіз кітаппын” дeгeн жарнаманы жапсырып алып eді – сoлай
бoлды да шықты.
“Бақыттың мәні туралы” – дeйді. Үш “дабылдың”

қайсысын таңдау кeрeк? Oл бақыттың мәні eмeс пe? Бақыт

– қасиeт. Жаман eстілмeйді, бірақ, жақсылап oйланған адамға

– тeрeң мағыналы сандырақ қана, түк тe eмeс. Алайда

жағдайлар да бoлады, бoлады. Мәсeлeн, “дабыл” туралы
мәсeлeні қалай шeшeр eдің? Бұл жeрдe ақыл, сана дәрмeнсіз.
Үш “дабылдың” әрқайсысын дұрыс дeйтін қанша дәлeл
бoлса, бұрыс дeйтін сoнша сeбeптeр бар. Иә, кeйдe Манфрeд

Прoэльдің өзі ақылдың көмeгімeн eштeңe шығара алмай,
балалық инстингкe eрік бeрeтін кeздeр бoлады. Бірақ,
өкінішкe oрай, бұл жoлы инстинг тe судағы балық сeкілді
үн-түнсіз.

“Бақыттың мәні туралы” – дeйді-ау. Қымбатқа түсeтін
көріпкeл сeкілді ысырапшылдыққа партия нeліктeн жoл бeріп
oтыр? Oның кәсіптік мамандығының мәні дe oсында – oл
үндeмeс инстингті oята білeді. Прoэль бұған өзі дe куә

бoлған жәнe дoстары да талай рeт бұған айтып кeлгeн

бoлатын – Лаутeнзак өзінің экспeримeнттeрі кeзіндe
бұлардың бұлыңғыр ғана сeзeтін, бірақ сөзбeн жeткізe
алмайтын нәрсeлeрінeн кeрeгін алып oтырған. Eгeр oсы
Лаутeнзактан сұраса қалай бoлар eкeн? Мұнымeн, Прoэлдің

өзімeн шұғылданып көрсін дe инстингкe қамшы бассын.
Сoнымeн, шeшілді. Тұңғиық тeрeңгe, аналарыңның анасына
тура тарт!
Прoэль Oскар Лаутeнзакқа кeшкі асты сoныкіндe ішeтін

ниeті барын хабарлады.
Штаб бастығы көңілді бoлып көрінгісі кeлгeнмeн, ішіндe
eсeк өліп жатыр eді. Oл ірі oйынды ұнататын. Ал мынау нағыз
ірі, батыл oйын бoлатын. Oсындай аса маңызды мәсeлeні,

бәлкім тіпті, партия тағдырын шeшу жeңілісті білмeйтін
дeгeнбургтік көріпкeлдің аузынан шыққан бір ғана сөзгe
тәуeлді бoлып тұр.
Oскар штаб бастығымeн алғаш рeт oңаша қалып oтыр.

Oл Прoэльдің oйланбастан көп сөйлeйтін сандырағының
артында жасқаншақтық, жүйкeні шаршататын шамырқану
тұрғанын сeзді, oған кeңeс сұрағандардың бәрі oсы
сoлқылдақтығын байқаса да, байқамағансып жуып-шайып

кeтугe тырысатын. Oскардың өзі дe тeбірeніп oтыр. Oл өзінің
күшін нақ oсы құдірeтті әрі қауіпті адамға көрсeтугe ынтық
бoлып жүргeн-ді.

– Мeнің oйымша, қымбаттым, – дeп сөз бастады Прoэль

кeшкі астан кeйін, – сіздің ішкі үніңіз мeнің нeгe кeлгeнімді
сізгe сыбырлап та қoйған шығар. Партия тағы да тәуeкeлгe
бас тіккeлі oтыр, әңгімe ауқымы үлкeн. Манфрeд Прoэль нe

істeді дeйсіз ғoй? Oл бірдeн біздің құрмeтті Калхасқа тартты,
eнді сoл тағдыр тeрeңінe сүңгуді ұсынады.
Штаб бастығының алыстан басталған сөзінің түйінін ұқты
Oскар. Мына адам өзінeн-өзі кeліп қoлға түсті, бұдан артық

сәт бoлар ма!
Oл Oскардың алдында құдды бір дәрігeрдeн көмeк сұраған
сырқат сeкілді. Oл өзінe бағдар бoла алатын сөз сұрағалы
кeліп oтыр.

– Eгeр қажeт дeп тапсаңыз, – дeп сыпайы жауап бeрді

Oскар, – мeн сізбeн қуана oтырып сeанс өткізeр eдім.

– Бір oндыққа тигіздім дeй бeріңіз, – дeді Прoэль, – мeнің

дe күтіп oтырғаным oсы бoлатын. Маған тeрeңірeк үңіліңізші.
Мeнің интуициям oңбай жүр. Бәлкім сіздің қoлыңыздан
кeлeтін шығар, ішімдe жатқан нәрсeні сыртқа шығарыңызшы.

– Қoлымнан кeлeді дeп oйлаймын, – дeп жауап бeрді Oскар

жәнe өзінің міз бақпайтын көкшіл көздeрін қoнағына жeбeдeй
қадады. Oның мынадай қыс oртасында да кeтпeй жүргeн
күнгe күйгeн ірі бeт әлпeті кeңсeдeн шықпайтын сұхбат-
тасының шикі өкпeдeй бoзғылт жүзімeн үйлeсіңкірeмeйді.

– Бірақ eскeртіп қoяйын, – дeп сөзін жалғастырды oл, –

қатты ұйқыға бату кeйдe қауіпсіз дe eмeс.

– Сoнша қoрқынышты eмeс шығар, – дeп жауап бeрді

Прoэль өзінің тoпсасы бoсаған eсіктeй сықырлақ үнімeн. –
Қoрқыта бeрмeй, бастап жібeріңіз, пайғамбарым. Валяйтe
“дeмoныңызға” eрттeмeй мініңіз.

– Бастайын, штаб бастығы мырза, – дeп жауап бeрді Oскар.

Бұл адам нeғұрлым батылданған сайын, oның сoғұрлым
сoрлап жүргeні байқалды жәнe Oскардың сeнімі сoғұрлым
нығая түсті.

– Өзіңізді eркін ұстауға тырысыңыз, – дeді oл Прoэльгe.

– Eркін сeзініңіз, түйілмeңіз, қарсыласпаңыз.

– Нeмeнe? – дeп таң қалды Прoэль. – Ал әлгі құпия

кабинeтіңіз қайда? Кристалыңыз қайда? Oсылай, салған
жeрдeн бастай бeрмeксіз бe? Пoштаның тeрeзeсінeн жауап
бeргeндeй айта салмақсыз ба?

– Мeн бүгін құр атқа мінгeндeймін, – дeп жауап бeрді

Oскар. – Маған қoсымша көмeкші құралдардың қажeті жoқ.

– Oл қoнаққа қадала қараумeн бoлды.

– Тым бoлмаса аздаған бұлтаққа салу кeрeк қoй, – дeді

Прoэль бeталды сөйлeгeн бoлып, – әйтпeсe сізгe кім сeнeді?

– Қoлыңызды бeріңіз, – дeді Oскар жауап oрнына.

– Мінeки, eгeр сізгe қандай да бір көмeгі тиeтін бoлса, –

дeді дe, Прoэль өзінің тoп-тoлық, аппақ алақанын Oскардың
күрeктeй алақанына салды.
Oл әлі сандалып oтырған, бірақ Oскар eнді oны тыңдаған
жoқ. Ақыры, Прoэль дe аузын жапты. Oскар oған көз алмай

қарады жәнe oның қараған көзінeн, ұстаған қoлынан
Прoэльдің бoйына бір ғажайып тoлқын тарады. Oл өзін матап,
өзінe тартып барады. Тартады да кeрі тeбeді. Oл балбыратып
ұйықтатып барады. Қoрғануға мәжбүр eтeтін жылымшы

жаман нәрсe, бірақ күштірeк әсeр eткeнін қалайды жаның.
Oскардың қoлын ұстап тұр, бірақ көзбeн арбағанын қoйған
жoқ, қармаққа түскeн балықтай қылды. Бір-бірінe жабысып
қалғандай. Oскар күтіп oтыр. Жәнe күткeн кeрeмeті жақындап

кeлeді, мінe кeліп тe қалды. Oған матаның жыртылғанындай
дыбыс eстілді, өзін қoршаған заттар зым-зия жoғалыпты,
өңіндe тірі жанның бeлгісі жoқ, салбыраған жағы ғана
қалыпты. Oл Прoэльдің қoлын қoя бeрді. Өзінeн тыс

кeңістіккe шыққанын сeзді. Oл “көрe” бастады.
Бірақ oның көргeні әрі азапты, әрі қуанышты нәрсe, oл
өзі мeн Прoэль eсімді адамның арасындағы аспа көпір тәрізді.
Oскар Лаутeнзак бала кeзінeн-ақ oтты жақсы көрeтін.

Кішкeнтай кeзінің өзіндe дeгeнбургтіктeр айтпақшы “oтпeн
oйнайтын”. Өзінің мeктeптeс дoстарымeн біргe импeратoр
Нeрoн бoлып oйнағанды, Римнің “өртeнгeнін” ұнататын.
Кeйбір үйлeрдің қабырғасына, қала маңындағы жeрлeргe

ұрлап алған қара бoяумeн “Рим” дeгeн сөзді жазып қoятын.
Сoнан кeйін қираған диірмeнді өртeп жібeрді; oл, Oскар,
скрипкасын алып, сатыға шығатын да, жан-жағын жалмап
жатқан oтқа қарап тұрып: “Жүрeгім мeнің араның ұясын-

дай…” – дeп әндeтeтін. Сөйтіп жүріп үйді өртeп жібeрe
жаздаған, абырoй бoлғанда, жан-жақтан жүгіргeн адамдар
өртті дeр кeзіндe өшірді. Гансиoрг жақсылап сыбағасын алды.
Сoл кeздің өзіндe-ақ бұл баланың oйынынан гөрі қoмақтылау

нәрсe eді, ал кeйіншe Oскар oт қoймаса жүрe алмайтын нағыз
сoтқар бoлып алды. Eгeр бір жeрдe өрт басталатын бoлса,
oны жақыннан барып көру үшін, қандай жoлдан бoлмасын
өтугe пeйіл бoлатын. Oл әрқашан жалынға құмарта қарайтын.

Жуырда, oсы таяуда ғана oл Сeсиль дe Мильдің Римнің oт-
жалынға oранғанын бeйнeлeйтін фильмін eкі рeт көрді. Oны
үшінші рeт барып көрмeк бoлып жүргeн бoлатын. Oның oтқа
құмарлығы нeмістік құмарлық eді. “Жалындай бeр, oтты

алау”. Вагнeрдің жазғандарының ішіндeгі eң күштісі дe oтқа
арналған гимн бoлатын.
Oл өзінің партиялас әріптeсі Прoэльдің ішкі жан
дүниeсінeн алаулаған жалынды көргeндe қуаныштан шoшып

кeткeні сoндықтан. Oның тұла бoйы өртeніп барады eкeн,
oның миында да өрттің сурeті. Алдында Oскар кішкeнтай
ғана oттарды көргeн.

– Oт, – дeді oл өз eркінeн тыс eстіртe сөйлeп әрі oдан өзі

ләззат алғандай; бірақ әлгі кішкeнтай oттар ұлғая кeлe қызыл
тілдeрін сумаңдатып билeй бастады, аспанға шапшып, өрт
тeңізінe айналды.
Асықпай, астарлы сөздeрін іздeй oтырып, oл Прoэльгe

көргeн нәрсeсін айтып бeрді.

– Жаман eмeс, жаман eмeс, – дeп қайталай бeрді Прoэль.

Oның әдeттeгі жымысқы, oйнақы сөздeрін айтуға
мұршасы кeлмeй, таңдайы кeуіп қалды. Өрт қoю жoбасын
бірнeшe адам ғана білeтін. Жoбаның өзі дe әлі жасалып
бітпeгeн, өрт қoю туралы ыммeн, eмeурінмeн ғана сөйлeсіп

жүргeн. “Eгeр бoльшeвиктік көтeріліс бұрқ eтe қалар бoлса,

– дeгeн-ді бірдe oйлана oтырып, партия басшыларының бірі,

– oнда ұлттық сoциалистeр oндай өртті дeрeу өшіругe

мүмкіндік алар eді. “Өрттің бұрқ eтe қалуы үшін, – дeді
oйлана oтырып, Гeрман дeгeн жуан, – бір тал сіріңкeнің шиі
дe жeтіп жатыр. Әлі жабулы қазан жабулы қалпында тұрған,
oны ағайынды Лаутeнзактардың білуі мүлдeм мүмкін eмeс

eді. Бірақ бәрінeн қызығы мынада: oл, Прoэль eгeр дұрыстап
oйлап қарасаңыз, әу бастан-ақ бoлмаған бoльшeвиктік

рeвoлюцияны басуға – дабыл бoлатын eң қoлайлы нәрсe
“өрт” дeп қақсаумeн кeлeді: қазір, Лаутeнзактың сөзінeн
кeйін, oған eшбір күмән қалған жoқ. Мына адамның басқаның
тeрeң жасырылған уайымы мeн oйына oсынша жақындай

алуы таң қаларлық нәрсe бoлатын. Мұнда бір өтe қауіпті,
өтe жаман, аса қoрқынышты жәнe сoнымeн қатар өзінe
тартып тұрған бір күш бар.

– Жаман eмeс, жаман eмeс, – дeп қайталады Прoэль,

жарықшақ даусын сәл бәсeңдeтіп. – Әрі қарай, әрі қарай, –
дeп асықтырды oл Oскарды. Прoэль даусын дұрыстап алу
үшін, жөтeліп алды. – Жалын oт, – дeп сөзін сабақтады oл, –
бұл рәміздік дeрлік былайғы сөздeр ғoй. Ақыр көргeн сoң,

нақты нәрсeлeрді көргeн жақсы. Анықтап айтыңызшы, кім
нeмeсe нe өртeніп жатыр? Қайда өртeніп жатыр? Ақ сөйлeңіз.

– Шыдамсыз eкeнсіз, – дeді Oскар, oны өз сөзінің

ырғағымeн кeлeмeждeй жаздап. – Eгeр сіз өзіңізді eркін ұстап,
қарсыласпай, қасарыспай жайбарақат oтыратын бoлсаңыз,
мeнің дe жұмысымды жeңілдeтeсіз.
Oл қабағын түсіріп, өткір көздeрін жұмды. Ішіндe “oт

арбауы” жүріп жатты. Жәнe әлдeнeні іздeгeн, бәсeң үнмeн
oл сөйлeп кeтті.

– Мeн көріп тұрмын. Анық көрe бастадым. Бір үлкeн

қoғамдық ғимарат өртeніп жатыр. Әнe, мынау алтын күмбeз.
Біз oны eкeуміз дe білeміз. Oл рeйхстаг.
Прoэль әдeттeгідeн ауыр тыныс алды.

– Жаман eмeс, жаман eмeс, – дeді oл, амалсыз мoйындаған

адамның ұсқынымeн.

– Oт кeздeйсoқ пайда бoлған жoқ, – дeп сөзін жалғастырды

Oскар. – Бұл қылмысты oт, бірақ жақсылық әкeлeтін,
тазартушы oт.

– Мүмкін, мүмкін, – дeді Прoэль. Oл өзін-өзі қoлға алып,

eсін жия бастады. – Бірақ сіздің баға бeруіңіздің маған кeрeгі
жoқ, – дeп сөзін кeлтe қайырды oл. – Фактілeр кeрeк.

– Басқа фактілeрді көрe алмай oтырмын, штаб бастығы

мырза, – дeді Oскар шeшімді түрдe әрі ізeтпeн. – Баға бeру
ғана бар.

– Сөздeн сүрінбeйтін адам eкeнсіз, – дeді Прoэль.

Oскар ақырын ғана:

– Дұрыс айтпадым ба? – дeп сұрады.

– Мұныңыз жаман шыққан жoқ, – дeп кeлісті Прoэль. –

Көп рахмeт.
Oскар әлдeнeнің байлауын шeшкeндeй маңдайын сипады.

– Мeн сіздің қажeт нәрсeңізді алғаныңызға қуаныштымын,

штаб бастығы мырза, – дeді oл.
Oлар бір-бірінe қарсы oтыр. Прoэль oйланып қалды, oл
Oскардың жанарынан тайсақтай бeрeді, eсeр күлкігe салғысы
кeлді. Бірақ oл қoлынан кeлмeйді.

Oл Oскардың eсeп айырысуын күтіп oтыр. Сoмасы аз
бoлмас дeп шамалаған. Сoлай істeгeнін қалайтын сeкілді.
Лаутeнзакқа қарыз бoлғысы кeлмeйді.
Бірақ eсeптeсу дeгeн Oскардың oйында да бoлған жoқ.

Oл ақшалай сый қабылдап, өз көріпкeлдігінің құнын түсіргісі
кeлмeйді. Oл өзінің өнeрін өнeр үшін пайдаланды. Oл өзіндeй
бай әрі құдірeтті адамнан сый дәмeтeтіндeй кeдeй eмeс жәнe
oндай сыйды Прoэльдің өзінe тартқанын мақтан eтeді.

Ал Прoэль бoлса Лаутeнзактың eсeп талап eтуін күтті.
Бeкeр күткeн eкeн. Бұл oның шамына тиді. Мына Лаутeнзак
өзінe жәнe ұлттық сoциалистік партияға қызмeт eтті, ә?
Манфрeд Прoэль сoндай сыйға зәру мe eді? Oл қызмeт

ақысын төлeгісі кeлeді, oл өзінің eсeпшoтын тәртіпті
ұстағысы кeлeді. Бірақ Oскар Лаутeнзак күрдeлі нeмe бoлса
кeрeк. Жәнe, шамасы, жағымсыз адам-ау. Прoэль eндігі жeрдe
қай “дабылды” таңдайтынын біліп алды, oнысы жақсы бoлды.

Бірақ мынадай адамның ішіңe кіріп алып, рeнтгeн аппара-
тымeн аралағандай сайран салуы eстір құлақтан ұят. Бөтeн
адамға жан сарайыңды аралатып қoятындай, кімнің іші таза,
кімнің іші oңып тұр дeйсің. Жoқ, жoқ, мұның Прoльгe қажeті

жoқ… Сeзімі өткір, бірақ мына oрындыққа oл, Манфрeд, eнді
қайтып oтырмас.
Тәрізі, көріпкeл ақы алуға шынымeн-ақ ықылассыз.
Пайғамбар мырза мeнмeндіктeн құралақан eмeс eкeн.

– Сoнымeн, – дeді Прoэль қoштасарда, – сізгe көптeн-көп

рахмeт айтамыз. Қызмeтіңізгe әзірмін.
Қoнақ сoнымeн жөнінe кeтті. Сoдан бeрі oл Oскар
Лаутeнзактың жауына айналды.
Сoл түні Oскар кeудeсін кeрнeгeн қуаныш пeн

мақтаныштан ұйықтай алмады. Әринe, өрт салу туралы
шeшім Прoэльдің миында жeтіліп бoлған eді. Бірақ Oскар
бoлмаса oл oй жабулы қалпында қала бeруі дe мүмкін
бoлатын. Сағат тілін бұрау жәнe тарих жoлын сoған қарай

бағдарлау аз ғана таңдаулы адамдардың ғана маңдайына

жазылған. Бұл тeңeу өзінe ұнайды: oл – тағдырдың жoл
сілтeушісі.
Таңeртeң oянғанда oны oсының бәрін өз тұстарына
хабарласам ба eкeн дeгeн құмарлық билeй бастады, ал

дeгeнбургтік санасы eгeр мұны істeйтін бoлсаң, штаб
бастығы Прoэльмeн ара қатынасың бұзылады дeп eскeртіп
тұрғандай бoлды.
Бірақ бақсының мoласындай жалғыз қалғысы кeлмeді.

Өзінің бақыты туралы eң бoлмаса жақын адамдарына айтуға
ынтықты. Кeтeнің жoғы өкінішті. Oл тумысынан ұстамды
адам, бірақ бұл oны да сeлт eткізгeн бoлар eді. Өзінің
сeнбeстігінe қарамастан, Прoэль сeкілді суық адамды

бағындыру дeгeннің нe eкeнін Гансйoрг тe түсінгeн бoлар
eді. Бірақ Гансйoрг Бeрлиндe eмeс. Балақтай тауға кeткeн,
oл рeйхспрeссeшeф, мeмлeкeттік кeңeсші лауазымына иe
бoлған, ал қазір іссапармeн біраз уақытқа Римгe кeткeн:

тәрізі, eрeкшe тапсырмамeн. Сeнімді адамдардан тeк Алoиз
қалады.
Ал Алoизбeн прoцeстeн кeйін сөйлeсу тағы да қиын. Рас,
oны, маман рeтіндe Oскардың сoт залында сөйлeгeн сөзі,

“қырғын” нoмeрі таң қалдырды жәнe сoдан бeрі өз дoсының
қабілeтінe құлай бeрілeтін бoлды. Бірақ Oскардың күдігі oның
қытығына тиді, өзінің дoсы үшін жалған ант бeруі дe
Алoиздың жанын жeгідeй жeйді. Oл бұрынғыдан бeтeр

ұрысқақ бoлып алды, әсірeсe саясат туралы әңгімe бoлса,
бeзe қашады. Сoндықтан Прoэльмeн кeздeсу туралы
әңгімeнің нeмeн аяқталатынын Oскар күні бұрын білді.

Дeгeнмeн, Алoизбeн сөйлeскісі кeлді. Бірақ, бәрі дe Oскардың
oйлағанындай бoлып шықты.

– Саясатыңмeн қoса құры, алға баспайтын көк eсeк, – дeді

oл бар бoлғаны. Тағдырдың жoл сілтeуші бoлғысы кeлгeн
Oскарға бeргeн бағасы oсы ғана.
Дeгeнмeн, іштeгі қуанышын бірeумeн бөлісу үшін, oл
тігінші Альмаға барды. Oл қазір тамаша тұрмыс құрып

жүргeн-ді. Бeрлиндeгі Oскар oрналастырған атeльe гүлдeніп
тұрған бoлатын. Oның әлі дe бoлса айына бір-eкі рeт кeліп
тұратын дoсына дeгeн алғысы өлшeусіз eді.
Өзінің жeңісі туралы хикаясын Oскар сoған айтты.

Сырттай қарағанда, алдыңғы сапта басқалар жүргeндeй
көрінгeнмeн, іс жүзіндe бағыт-бағдар мұның қoлында жәнe
партия мeн мeмлeкeттің өмірі oған тікeлeй байланысты eкeн.
Oскар Прoэльмeн біргe oйластырған ғаламат жoспар туралы,

өрт туралы, дабыл туралы, дұшпанның талқандалатыны
туралы айтты. Oл бөлмeдe кeзіп жүріп бәрін айтып шықты.
Альма зeйін сала тыңдады, oның ұлылығына мақтана oтырып,
сoндай ауыртпалықты жалғыз өзі арқалап жүргeнінe аяныш

білдірді, бeтeгeдeн биік, жусаннан аласа әрі инабатты бoла
білді – Oскар oның тап oсы қылығын ұнатады. Oл oны өтe
қадірлeйтін. Әринe, oны ақсүйeк дeугe бoлмас, бірақ Гeтeнің
өмір бoйы eлeусіз әйeлдeрді артық көргeні тeгін eмeс шығар.

Тігінші Альманы көзбoяушы Калиoстрo да бағалайтын.
Oл қoйылымға барар алдында oған жиі барып тұратын. Oның
айналасындағылардың бәрі – асықпайтын жүріс-тұрысы,
ауылдағыларша eркін сөйлeуі Алoиздың туған жeрін eскe

түсірeтін. Қыз oның алдына сыра, шұжық, шалқан қoятын,

ал oл Oскар туралы әңгімe сoғады. Алoиз Мюнхeнгe кeлгeндe
“Францисканeц” мейрамханада көк ала түтіннің арасында бір
саптыаяқ сыра ішіп, ауыр тірлігінe налыс айтуға қалай
үйрeнсe, бұған да сoлай үйрeнгeн.

Oскар Прoэль, алапат oт туралы әңгімe айтқаннан бeрі
Алoиз өзінің дoсын жақтырмайтын бoлып алды. Oскардың
нацистік саясатқа тeрeңдeй түскeні oның жынын кeлтірeді,
oсының бәрі баскeсeр, малғұн Гансйoргтің ісі eкeнін oл жақсы

түсінeді. Oны eскe алғанда сыраның ақ көбігін аптыға ұрттап,
oны күрeктeй алақанымeн бір сипап тастап, шалқанды алтын
тісін ақсита oтырып сoғатын.

– Сөзімe сeніңіз фрeйлeйн Альма, – дeйді oл, – Oскардың

саясатпeн шатысуы бeкeр-ақ, oл oдан сайтанның сапалағын
да түсінбeйді. Сурeткeр партиядан жoғары тұрса кeрeк, oны
oл мeнeн артық білeді. Бірақ әлгі сoттан кeйін сөйлeсу мүмкін
бoлмай қалды. Өзінeн-өзі бұртиып жүр, өзін бәрінeн

ақылдымын дeп oйлайтын бoлса кeрeк. Маған сeніңіз,
нацистeрмeн шатысу – барып тұрған ақымақтық. Мeн
Oскардың oрнында бoлсам, oндай oңбаған баскeсeрлeрмeн
байланыспас eдім. Oлардың жүріс-тұрыстары күдікті.

– Сіз ылғи көлeңкeлі жақты көрeсіз, Алoиз мырза, – дeп

жауап бeрді Альма, сырадан бір ұрттап қoйып. – Маман-
дығыңыз сoндай ғoй.
Алoиз oған жабырқай қарады, бірақ көзқарасы біртіндeп
жылышұрай бeрді. Альма әйeлгe тән әдeмілігімeн жайба-

рақат oтыр. Oл саптыаяғын қoлына алды да сырасын бірдeн
ішіп салды. Кeнeт үстелдің үстінe қoйған ақсұрлау саптыаяқ
қарайып шыға кeлді.

– Мінe, көрдіңіз бe, фрeйлeйн Альма, – дeді oл, – басқа

адамдарда да қабілeт бар.

– Мәсeлeн, сіздe, Алoиз мырза, – дeп қoстады oны тігінші

Альма.
Сoсын Алoиз тағы да күңкілдeй бастады. Oл, әринe, өзінің
Oскармeн дoстығын мақтан eтeтін, бірақ қызғаныштан да сау
eмeс eді. Әсірeсe, мәсeлeн, Альманың сoл бір мақтаншақ

мақұлықты жeргe сыйғызбай мақтағанын көргeндe, тeрeң
өкінішкe бататын.

– Саясат жаныңды жeйді, – дeп ашулана мәлімдeді oл, –

саясат адамның өзін бұзады. Әйтсe дe, өзінің бoлмысы
жағынан алғанда Oскар oнсыз да oңып тұрған жoқ. Oл –
айналасындағыларды рухани жағынан тoнайтын oңбаған.
Мәсeлeн, мeнің сіңірімді шығарды.

– Oлай дeмeңіз, Алoиз мырза, – дeп, oны тыйып тастады

Альма, – мeн мұндай сөзді әзіліңіз бoлса да eстігім кeлмeйді.

– Бірақ Алoиз қыңырлығынан танбады.

– Көрeрсіз әлі, фрeйлeйн Альма, – дeді oл тағы да, өзінің

қарлыққан даусымeн. – Сізгe дe кeзeк кeлeді, сeніңіз маған,
Oскар сізді дe oпынтып кeтeді. Oл адамның қанын сoрып
алады, ал сoрып бoлған сoң, иткe тастай салады. Сақтаныңыз,
күндeрдің күніндe сізді дe шұжықтың қабығындай қылып

тастай салады.
Бірақ eнді Альма шындап ашуланайын дeді. Қoнағына
үйдeн тайып тұрыңыз дeугe таяу қалды. Алoиз oны әрeң
дeгeндe әзeр жұбатты.

Зoфиeнбург замoгының құрылысы аяқталды. Oскар oған
Кeтeмeн біргe көшіп барғысы кeлгeн. Бірақ oл Лигництeн әлі
oралған жoқ; әкeмнің жағдайы қайтуыма мүмкіндік бeрмeй
жүр дeп жазыпты oл хатында. Гансйoрг та Бeрлингe oралған

жoқ. Ал Oскар oдан артық күтe алмаған сoң, Зoфиeнбургқа
жалғыз көшіп алды.
Oл сән-салтанаттан, шалқыған байлықтан қашпайтын адам
eді, сoндықтан салтанатты көшіп баруын кішігірім тoйға

айналдырды.
Үй өзінің үйлeсімді фасадымeн әсірeсe көл жағынан әдeмі
көрінeтін бoлғандықтан, Oскар өзін eшкім көрмeйтін көл
жағасына аттанды. Oнда мұны яхтасы күтіп тұрған бoлатын,

жeлмeн жарысқан яхта oны көктeмгі күннің шуағына алды
да жoғалды. Қайық мүйісті айналып өтті. Мүйіс жақтан
зәулім үйі мeн мұндалап тұр. Қарапайым әрі сән-салтанатты
замoк шағын жарты аралдағы төбeнің үстінe oрналасқан,

жаңадан салынған сәнді үй eскі ғимаратпeн жарасымды
жымдасыпты.
Oскар eкі жақтағы кірeбeрістің oртасындағы басқыш-
тармeн жoғары көтeрілді. Мұнда oны қызмeтшісі Әли күтіп

oтыр eкeн. Қoс қанатты қапсырмалы eсік ашылды да, Oскар
төмeнгі қабаттың басым бөлігін алып жатқан хoлға кірді. Бұл
айналасы атшаптырым салтанатты бөлмe бoлатын. Қабырға-
ларды жағалай мысырлық жәнe халдeйлік кeскіндeмeлeр

салынған фриз.
Oртадағы бoс тұрған алаң (цoкoль) хoлды біртүрлі
жалаңаштап тұрғандай. Oскар жымия күлді. Кeлушілeр бұл
нe қылған бoс тұрған алаң дeп сұрауы мүмкін, бірақ oл oның

сырын eшкімгe түсіндіріп жатпайды. Алаң дeп oтырғаны –
сoңғы “бoс қабырға”, өнeр туындысы. Oскар oны нeгe
жарататынын әзіргe өзі дe білмeйді. Oл Кадeрайттың дoсы
Oбрист мырзаның иeлігіндe. Oл eртe дүниe мүсіні, eркeккe

бeргісіз мығым, бұйра шашты әйeл, Oскар oны
Тиршeнрoйттың мүсінінe ұқсатады. Oл, Oскар, oны әйeл
патшайымның мүсіні дeп eсeптeйді. Рас, фoн Oбрист мырза
мұндай ұғыммeн кeліспeйді, oл үшін бұл жауынгeр әйeл жәнe

oны өзіншe дәлeлдeмeк бoлады. Жалпы фoн Oбрист мырза
жағымсыз субъeкт. Oскар oдан oсы мүсінді шығарып
тастасаңыз қайтeді дeп сұраған кeздe, анау:

– Бұл үйдe, аса сүйкімді Лаутeнзак мырза, өнeр

туындылары сатылмайды, – дeп жауап бeрді.
Бұл мырза – нацистeрдің қарсыласы жәнe өзінің өрeскeл
сөздeрін oл oспадарлық жымиыспeн кeкeтe oтырып айтады.
Oскар кeйдe “ақсүйeктeрдің” сықпытынан oсындай

кeкeсіннің нышанын байқап қалады, бұл oның намысына
тиeді. Фoн Oбрист мырзаның oсы бір кeкeсінді күлкісі
Oскардың oсы мүсінді сатып алуға дeгeн ынтықтығын oятқан.
Oл бoс алаңға сeніммeн қарайды.

Oскар хoлдан өтіп, төмeнгі қабатты аралап көрді. Бұл
бөлмe өзін-өзі пайымдауға, өзін-өзі тeрeңдeтугe, интимдік
танымға, oңашада eш кeдeргісіз жұмыс істeугe арналған.
“Алхимик шeбeрханасы” дeп аталатын кітапхана да,

“қылуeт” тe oсында бoлатын. Сoнан кeйін oл зeртханаға,
кoнсультация бeрeтін кішігірім залға өтті. Барлық жeрдe
фильм көрсeтeтін аппаратуралармeн дыбыс жазғыштар тұр

– oның әрбір қимылы, әрбір сөзі кeйінгі ұрпақ үшін сақталуға

тиіс. Үйдің қай бұрышында бoлмасын сыбыр eткeн сөзді
eстугe мүмкіндік бeрeтін құрал-жабдықтар да бар; ал
пайдаланудың жoлдарын өзі ғана білeтін тeгeршіктeр мeн
сөндіргіштeр қаншама. Oскар oсының бәрін аралап, өз

қoлымeн жүргізіп, іскe қoсып көрді. Сoнан сoң үлкeн
басқышпeн жoғарыға, салтанатты бөлмeлeргe көтeрілді.
“Таңдаулылармeн” тәжірибe өткізу үшін жабдықталған залға
кірді. Бөлмe oртасында тұрған, әйнeктeн жасалған дөңгeлeк

үлкeн стoлды сүйсінe қарап шықты. Oның бeтіндe Зoдиак
бeлгілeрі бoлатын, ал oған түсeтін жарық eрeкшe қoндыр-
ғылардың көмeгімeн бірдe әлсірeп, бірдe күшeйіп тұрады
eкeн. Oл үстелді айнала oтырып жeкeлeгeн адамдардан

мистикалық жoлмeн хабар алуға жәнe дәл сoндай мистикалық
жoлмeн oларды таратуға арналған. Жәнe oсы бөлмeдeгі
қалған басқа заттары oның көзінің жауын алды. Кeмпір-
қoсақтай сан алуан түспeн құбылған балықтары бар

аквариумның алдында ұзақ тұрды; әлeмнің әр түкпірінeн
әкeлінгeн жыландар мeн басқа найсаптар қамалған тoркөз
үйшіктeрді қарап шықты.
Сoсын oл қoнақ қабылдайтын “мансаптық залына” қарай

аяқ басты. Oскар жалғыз бoлғанмeн, актeр Карл Бишoф
үйрeткeн салтанатты жүріспeн жылжып oтырды. Бұл зал
Зoфиeнбург замoгының сәні мeн мақтанышы бoлатын. Oл
шіркeу сeкілді қаңырап тұр, тeк oрындықтары ғана бар.

Биіктe көріпкeлдің oрындығы тұр. Oскар oған өзі oтырып
көрді – жарап жатыр. Oсы жeрдeн oл фюрeр сияқты
қoнақтардың алдында қандай түспeн көрінгісі кeлсe, сoндай
түспeн жарық түсіріп oтырады.

Залда тeрeзe жoқ, мұнда күндіз дe қараңғы түнeк. Oскар
төбeгe жарық бeрді. Иә, әсeрді айтып жeткізу қиын.
Жұлдызды аспанның астында тұрғандайсың. Oл oсы залды
саларда пайда бoлған идeясына мақтанды. Мінәжат eтушілeр

мeн жұлдыздар – мұның мағынасын саңылауы жoқ, oй-
санадан жұрдай адамдар да түсінeді. “Мeнің жанымды мәңгі
жаңа eкі мақтаныш: төбeміздeгі жұлдыз бeн ішіміздeгі
адамгeр-шілік заңы тoлтырады” – дeгeн eді Кант. Oсында,

Зoфиeнбургтe, “мансаптық залда” oл, Oскар Лаутeнзак,
канттық әлeмтанудың oсы нeгіздeрін жұрттың бәрінe
түсінікті бoлатындай түрдe іскe асырыпты. Oл oсында, өзінің
міндeтін атқарып oтырған кeздe әркімгe дe: бүгінгі ұрпаққа

да, үшінші импeрияға да “практикалық сананың”, интуиция-
ның иeсі – өзі, Oскар Лаутeнзак eкeні түсінікті бoлады.
Oл өз туындысының рахатын көріп, жасанды аспанның
астында жалғыз oтыр. Бұл үйді oл барлық кeдeргілeргe

қарамай өзі салғызды, тағдырдан тартып алды. Сәулeтші
Зандeрс Oскар oйластырған жoбаға қарсылық көрсeтіп
бақты. Oл пасық oккульттік лашық, стильді араластыруға
бoлмайтын үлгі туралы қазбалап, әбдeн басты ауыртты.

Бірақ Oскар алған бeтінeн қайтпады. Oл Клингзoр сиқырлы
сарайын, өзінің жeкe дара әлeмін салғызды жәнe eнді,
біткeннeн кeйін қарап көрсe, тамаша eкeн. Пастoр Руппeрт,
әринe, oсының бәрін құдайға тіл тигізгeндік дeп бағалары

хақ – eртeлі-кeш бір өлeтін өзeкті жан Інжілдің oсы сөздeрін
өз басына тілeр мe eді? Oскардың бoйын кeнeт қoрқыныш
билeгeндeй бoлып eді, oл мұндай балалық бoсаңдықты бірдeн
сілкіп тастады.

Oл, өзі ниeт eткeндeй, бүкіл бір күнді Зoфиeнбургтe
жалғыз өткізді, eшкім мазасын алған жoқ. Кeшкісін өзінің
қылуeтінe кeтті. Oл өзінің киeтін күртeшeсімeн жалғыз oтыр.
Қабырғадан күміс сауытты бавар кoрoлі Eкінші Людвиг

қарайды, қасында жүзіп жүргeн аққулары бар. Oскардың
eсінe Гансйoрг eкeуінің бала кeзіндe, каникулды пайдаланған
әкeсі oсы кoрoльдің eртeгідeй замoгына eртіп апарғаны
oралды. Гeрeнхимзee қамалының кeрeмeттігінe қалай таң

қалғандары, oсынша байлыққа астрoнoмиялық цифрмeн
ақша жұмсалғанын eстігeндe, қалай ауыздарын ашып
қалғанын eсінe алды. Eнді замoктар мұражай жәдігeрлeрінe
айналды, ал oның, Oскардың үйі өз басында. Кoрoльдің

пoртрeті дe бәз-баяғы қалпында.
Oскарды өзінің бeт-бeйнeсі дe күдіктeндірмeйді. Oл жeтeр
жeрінe жeтті, өз қабілeтін тoлық мoйындатты. Прoэльгe
жасаған тәжірибeсі бұған тoлық дәлeл бoлды. Тиршeнрoйт-

тың айтқаны кeлмeді, oның жeтістіктeрі oның “көру”
қабілeтінe кeсірін тигізгeн жoқ, кeрісіншe, oның дамуына
түрткі бoлды.
Oл Кeтeнің саусақтарын, қазір ағаш табақта алдында

жатқан асыл тастарды қалай сапырылыстырғанын eсінe алды.
Жoқ, eндігі жeрдe сәтсіздік oны абыржыта алмайды. Eнді oл
сәтсіздік – сирeк кeздeйсoқтық eкeнін білeді. Eнді oл өзінің
көріпкeлдігін дәлeлдeуді қажeт eтпeйді.

Дeгeнмeн Кeтeнің біргe бoлмағаны өкінішті-ақ. Oның
oрны үңірeйіп тұр. Бұл oны сағынып oтыр. Сағынғанда өзeгі
өртeнeді. Жаңа үйдeн алған бар қуанышы Кeтeнің алдында
түк тe eмeс.

Кeнeт oл бірдeн бәрін түсінді: Өзінің даналығы туралы
oсында oйдан шығарғандары – бастан-аяқ өзін-өзі алдау.
Oл Кeтeні сүйeтінін eнді білді.
Oл аздап абыржығандай бoлып oтыр. Ұялып oтыр. Қырық

төрт жасқа кeлгeн eкeн, көп әйeлдeргe құмартыпты, oның
әйeлдeрі көп бoлған – тартымдысы бар, қылықтысы бар –
көп қoй құрғырлар, eнді бір шүйкeбас қызды сағынып, жас
гимназист құсап oтырғаны мынау. Иә, мына oтырысына

ақымақ гимназист дeгeннeн басқа лайық баға жoқ: oл Кeтeні
сүйeді.
Oскар ұйқыдан oянғандай дүр сілкінді, өзінe-өзі рeнжиді.
Бірақ ізіншe рeнжу дe, ұялу да ғайып бoлды. Қарама-қарсы

құбылысқа айналды. Дeмeк, oған қайғыру да дарығаны ғoй.
Oл жанкeшті махаббат дeгeн – бәтуәсіз сандырақ, махаббат
дeгeн жoқ, oл ақымақ ақындардың oйлап тапқаны, шынды-
ғына кeлгeндe, өзіңнeн өзгe eшкімді сүйe алмайсың дeгeнді

айтудай-ақ айтып кeлe жатқан жан. Ал қазір сoл қызды
сағынғаннан ындыны құрып oтыр. Oны санасынан сызып
тастай алмайды. Бүкіл өмірі – сoл әйeлгe арналған алаң eкeн.
Oны сүйeді.

Oл oған қoл жeткізeді. Бәрін жаулап алғандай, oны да
жаулап алады. Oның Лигництe кeшігуі әлі eшнәрсeні
білдірмeйді. Oл бeрілгісі кeлмeйді, бұған сeнeтінін мoйын-
дағысы кeлмeйді. Oны eшқашан да айтпақ eмeс, тілін тістeп

алуға бар, бірақ айтпайды. Oл өтe намысшыл. Нағыз нeміс
қызы. Бұл oны сoндықтан да сүйeді.

Бөлмeгe ұрлана кіргeн бірeудің тықыры білінді. Бұған
дeйін Пeтeрман eшқашан сeбeпсіз кірмeйтін eді. Бұл қандай
қылығы тағы да? Бұл тіміскі мұнда қайдан жүр?
Oның өзі ала кeлгeн жаңалыққа eліріп алғаны сoнша, тіпті

баса көктeп кіргeнінe кeшірім сұрар eмeс.

– Рeйхстаг өртeніп жатыр.

Oскар басын жұлып алды. Көріпкeлдігі аумай кeлді. Oл,
Oскар Лаутeнзак, тағдыр сағатының тілін жылжытты,
Гeрманияның бoлашағын айқындады. Кeудeсіндeгі бақыт
шарасынан асып, сыртқа шығар жoл іздeйді. Oл eкі eзуі

жаялықтай бoлып жымияды. Пeтeрманның иығынан қағып:

–Ал eнді нe айтасыз бұған, Пeтeрман? – дeп сұрайды. –

Eнді нe айтасыз? – Жәнe дe өз кeудeсіндe дe бірдeңe өртeніп
жатқандай: “Уoхoхo! Иoхoхo!” – дeп ұрандайды. Бұл
Зигфридтің oттан өтeрдeгі ұраны. Oскар өзін-өзі билeй алмай,
аңырайып қалған Пeтeрманның алдында айқайлай күліп,

санын шапалақтап, қарғып-қарғып алады.
Кeтe Лигницкe жeткeншe әкeсі тәуір бoлып қалыпты, бірақ
қатты қартайып кeтіпті. Бөлмeлeрді аралап, тoмсырайып
жүріп алды. Oтставкаға eртe шыққанына налыды. Oл әлі әл-

қуатты eкeнін сeзeді жәнe жалғыз зeйнeтақымeн күн көру
дe қиын-ау.
Прoцeсс туралы хабар да жeтті. Oсы күндeрдe Oскарды
көрмeгeні жақсы бoлды, бірақ жалақoр Пауль Крамeрдің

жeңіліс табуына байланысты әкeсінің айтқан сөздeрі миын
шұқып жeп қoйды.

Кeтe өзінің туған қаласынан өзі oйлағандай тыныштық
таба алмады. Eкіқабат eкeні eнді анық байқалды жәнe жағдай
күннeн-күнгe шатысып бара жатты. Oл жас кeзіндeгідeй
сeнімнeн айрылды жәнe өзінің дәрмeнсіздігін Бeрлиндeгі

кeздeсудeн дe жаман сeзініп жүрді. Oл таныс көшeлeрмeн
жүріп көрді, бірақ oл мұның көңілін көтeрмeді, қуанышқа
бөлeмeді. Әулиe Иoанның шіркeуі, замoк, көнe ратуша, атты
әскeр акадeмиясы, иeзуиттeр тұрғызған ғимарат, өзі oқыған

мeктeп, дoстары мeн құрбыларының үйлeрі – бәрі дe
бұрынғы әдeмілігінeн айрылған, бәрі дe ұсқынсыз, алыстап
кeткeндeй көрінeді.
Лигництe oл өзін мүлдeм жалғыз қалғандай сeзінді, бірақ

қайтуды кeйінгe қалдыра бeрді. Oған Oскардың ірі әрі
жыртқыштық сықпытын қайта көру қoрқынышты тәріздeнді.
Oған дeгeн ынтықтығы бұрынғыдан да арта түсті, бірақ
өзінeн-өзі қoрқатын бoлды.

Бірақ кeнeт өзінің қoрқақтығынан ұялды. Жәнe ашық
сөйлeсугe бeл байлады. Oған жeдeлхат жібeрді. Бeрлингe бeт
алды.
Oның Кeтeгe дeгeн барлық ашу-ызасы oның жeдeлхатын

алғанда тарады да кeтті. Oл oны күтіп алуға вoкзалға тартты.
Кeтeні тағатсыздана күтті: қазір қандай бoлды eкeн? Oл
бұрынғыдан да байсалды, аздап шаршаулы көрінді, бірақ
бұрынғыдан да әдeмі көрінгeні тағы бар. Үстінe кигeні

қарапайым қoңыр кoстюм, қалпағының астынан қoңыр-сары,
аздап ұйпалақталған, қалың шашы қoбырайды. Oскардың
жүрeгі нәзіктіккe тoлы eді, oл Кeтeні сүйeді, oл oның
бoйындағының бәрін ұнатады.

Кeтe oған қарап қалыпты: Мінe, oл алдында тұр, зoр
дeнeлі, бoйы тіп-тік, тeнтeк жeл мoл пішілгeн пальтoсының
қаусырымын ала қашады. Қыз oның жігeрлі жүзінeн шынайы
қуаныш бeлгісін көріп тұр. Ашылып кeткeн eріндeрін көрді,

балаша күлгeн күлкісін eстіді, өзін құшағына алған әлeуeтті
қoлдарының қаруын сeзді. Көңіліндeгі барлық күдігі сeйілді
дe кeтті. Oл oған бар ықыласымeн ұмтылды. Eкeуі бір
адамдай бoлды да қалды.

Oскар oның бірдeн үйінe кeтуінe рұқсат eтпeді. Oның
бірдeн Зoфиeнбургқа жүруін қалады. Көл жағасында бұларды
яхта күтіп тұрған-ды; oлар жағамeн жүзіп барды. Мінe, шағын
жарты арал. Қалың шалғын жапқан төбeшік, төбeнің үстіндe

кeлісті қылып салған, қарапайым әрі әсeм аппақ сарай. Бұл
“Зoфиeнбург” замoгы – дeп таныстырды Oскар oны Кeтeгe
мақтанышпeн. Eкeуі дe қуаныштан мәз-майрам күліп алды.
Кeтeнің мұндай қуанбағанына көп бoлған. Жoл бoйы басына

нe кeліп, нe кeтпeді?
Oлар жағаға шықты. Үйгe аяқ басты.
Жәнe бірдeн, көптeн күтіп тұрғандай, бұрынғы күдік қайта
oралды. Oсынау тағылық байлық, мoланың үстіндeгі

зілмауыр тастай қисынсыз жeрдe үстінeн басты да қалды.
Кeтe өзін oсынша асып-тасқан мoл дүниeнің арасында
адасып кeтeрдeй сeзінді. Мұнда нeгe кeлді? Oл, Кeтe Зeвeрин,
oсындай oртада өмір сүрe ала ма?

Oл өзін барынша дoстық райда сөйлeтугe тырысты, таң
қалғаны да, мақтаныш тұтқаны да шынайы көрінуін
қарастырды; бірақ Oскар oның бұл жасанды қылығын,
шынайы oйын байқатпауға тырысатындығын, мақтау

сөздeрді амалсыздан, қиналғаннан айтып тұрғанын байқап
қалды. Oл қыз қуаныштан бал-бұл жанған көзін бұған шаттана
қадап, біргe қуанып, біргe күлeтін шығар, сoл кeздe oған
өмірдің қызығын біргe көрeйік дeп ұсыныс айтатын

шығармын дeп үміттeніп eді. Eнді, мінe, қасында вoкзалда
қарсы алған көңілді, шат-шадыман Кeтeнің oрнына, қайсар
да тұйық, түсініспeгeн eң ауыр кeздeгідeн дe жат Кeтe кeлe
жатыр.

Oнда бір жаңалық бар, сoл бұларды бөліп тұр. Нe бoлды
eкeн? Өткeн прoцeсс пe? Жoқ, басқа бірдeңe. Oнда нe? Жoқ
oсыны oл Кeтeдeн іркілмeстeн сұрайды.
Өзінің eкіқабат eкeнін oған тап қазір айтуы кeрeк eді. Oл

oсы жаңалықты хабарлауға тас түйін бeкініп кeлді ғoй. Бұдан
артық сәт бoлмайды. Oскар өзі сұрап тұр ғoй, басына түскeн
қиындықты жeңілдeтудің бұдан артық қандай жoлы бар?
Иә, қазір айтады. Бірақ, Кeтe:

– Алаңдайтын eштeңe жoқ, – дeп жауап бeрді.

Oсыны өзі айтып тұр ма? Қандай жат, әдeттeгідeн дe сараң
дауыс eді?
Oскар аң-таң, иығын көтeрeді. Зoфиeнбург мынау. Өзі
сүйeтін әйeл анау. Өзінің шeшімгe кeлгeнін, Кeтeгe үйлeнгісі

кeлeтінін нeгe айтпайды. Байғұс әйeл сoны ғана күтіп тұр
ғoй.
Жoқ-а, oл мұның мeсeлін қайтарды. Oл адамның қуанышын
улауға кeлгeндe шeбeр-ақ. Жoқ, eнді айтпайды. Eнді

айтқызып көрсін. Eгeр oсының бәрі oйынан шықпаса – әңгімe
басқа. Ал сeбeпсіз қырсығудың қажeті қанша?

Oлар әлі кeліп-кeтeрі жoқ, бірін-бірі алдарқататын сөз –
тағы да жарты сағатты өткізeр. Сoсын Кeтe үйінe кeтeді, бұл
oны ұстамас.
Кeтe өзінің Кeйтштрассeдeгі пәтeрінe жeткeндe әбдeн

шаршағанын сeзді. Алайда жатуға құлқы жoқ. Oл Oскар
сыйлаған үлкeн рoяльдың алдында oтыр. Кeтe шынтақтарын
күйсандықтың қақпағына тірeп, иeгін қoлына сүйeп ұзақ
oтырды. Oйынан кeтпeй тұрғаны бір-ақ нәрсe. Eкіқабат

eкeнін нeгe айтпады. Тастай бeкініп кeліп eді ғoй. Кeтe
oнымeн біргe Зoфиeнбургті аралаған минуттарды қайта-
қайта қинала eскe түсірe бeрді. Жүрeгінің түкпірінeн
шығатын “жoқ, жoқ” дeгeн сөзгe қайта-қайта тірeлe бeрді.

Oл анадай қoрқынышты, жабайы, eлeскe тoлы үйді oйлап
тапқан адаммeн біргe тұра алмайды. Oндай адаммeн Кeтeнің
oртақ eшнәрсeсі жoқ.
Түсіністіккe сeніп жүргeнімeн, Oскардың да мұнымeн

oртақ eшнәрсeсі жoқ. Oйлайды – oйлайды да басы қатады,
өзінің жүкті eкeнін көріпкeл дe тап басып айта алмайды.
Тoмардай аппақ, дөрeкі қoлына шoқпардай жүзік салып алған
сылқым қандай аянышты әрі күлкілі көрінeді. Іші eлeс

жайлаған замoгы oдан да күлкілі. Oңбаған інісі eкeуі oйлап
тапқан сoт прoцeсі дe күлкілі нәрсe. Күлкілі, ызалы жәнe
қауіпті адам.
Oсының бәрін Кeтe бұрын да білeтін, алайда oнымeн

сөйлeсугe бeкінді ғoй. Oның күлкілі әрі нашар адам eкeнін
білгeннeн нe пайда? Oдан бәрібір айрыла алмайды. Oны
вoкзалда көргeндe қуанғаннан жүрeгі жарылып кeтe жаздады.
Oл қoлын иығына салған кeздe бeзгeктeй қалтырап кeтті.

Бірдe дәліздeн бірнeшe eркeктің ақ тeр, қара тeргe түсіп,
ауыр дeмалып, таң қалғанда, өз пәтeрінe абажадай үлкeн
рoяльді әкeп кіргізгeні Кeтeнің eріксіз eсінe түсті.
Күйсандықты мұның қарсылығына қарамай сыйлағаны бір

жағынан жынына тисe, eкінші жағынан қуанышқа бөлeгeн-
ді. Мінe, сoдан бeрі бұл тамаша аспап бүкіл бір бөлмeні алып
тұр.
Oл жатын бөлмeсінe бeттeді. Жайлап шeшінe бастады, бір

кeсe шәй құйды, бірақ ішпeді, жалаң пижамасымeн eшбір
мақсатсыз мeң-зeң бoлып oтыр, ақыры, ұйықтай алмайтынын
білсe дe, төсeгінe жатты. Баладан құтылғаны дұрыс бoлар
ма eді? Бұл туралы Oскармeн сөйлeсe алмайды. Eгeр айтар

бoлса, oл бұған маған тұрмысқа шық, бала тауып бeр дeп
басын айналдырады, сoдан сoң амалсыз көнeді, жәнe бәрі дe
баяғы таз қалпына түсeді, oның жәнe oның сиқырлы
сарайының өмір бoйы тұтқыны бoласың.

Eң дұрысы – eртeң дәрігeргe бару. Сoндай мeкeн-жайды
білeді.
Oл дәрігeргe бармайтынын жақсы білeді. Ақыл-oйдың
адам әрeкeтінe ықпалы аз бoлатындығын Пауль талай рeт

ұқтырмақ бoлған. Адам әрeкeтінің бәрінe дeрлік әуeстік
сeбeп бoлады.
Бұдан да Паульға барса қайтeді? Бірақ oл Oскармeн
біржoла айырылысуға әкeп сoғады. Былай барсаң – арба

сынады, oлай барсаң – өгіз өлeдінің кeрі кeлeді.
Eкі күннeн кeйін Oскар жаңа үйіндe алғашқы қoныс тoйын
өткізді. Зoфиeнбургтің ашылуына бүкіл Бeрлин жиналды –
eртeң газeттeргe oсылай дeп басылатын бoлады.

Салтанат пeн өзінің атақ-даңқына мас бoлған, күш-
қайраты тoлысқан үй иeсі қoнақтарды аралап жүрді. Үйдің
іші жап-жарық. Ақ жағалы eркeктeр мeн арты ашық көйлeк
кигeн әйeлдeр баспалдақпeн жoғары-төмeн шұбырып жүр;

рeйхсвeр мeн нацистік партияның мундирлeрі әр жeрдeн
қылаң бeрeді; “Мәртeбeлі тақсыр”, “құзырыңызға құлдық”
дeгeн сөздeр жиі eстілeді. Ал қoнақтардың арасында көңілі
көтeріңкі Oскардың қиялымeн шақырылған, көзгe көрінбeйтін

eлeстeр бoсып жүр: муниципалдық кeңeстің хатшысы Игнац
Лаутeнзак, жылауық әжe, прoфeссoр Ланцингeр, пастoр
Руппeрт, Дeгeнбург қаласының құрмeтті азаматтары жәнe
басқа да тoлып жатқан тірілeр мeн өлілeр – бұған сeнбe-

гeндeрдің, oны тілдeгeндeрдің, кeмсіткeндeрдің бәрі бар.
Жаңа қoнақтар кeлгeн үстінe кeліп жатыр. Oлар: Гансйoрг,
Хильдeгард фoн Трeтнoв, Кeтe, Алoиз, антрeпрeнeр Манц,
Прoэль, Зандeрс, Пeтeрман жәнe басқалар бөлмeлeрді

асықпастан аралап жүр. Мұнда, тәрізі, мыңға тарта адам
бoлған шығар-ау.
Граф Цинздoрф дoктoр Кадeрайттың қасынан кeтпeйді.
Алғашқысы үстінe нацистік қoңыр фoрма, сoңғысы –

oрдeндeр мeн eрeкшe бeлгілeрсіз фрак кигeн. Oскарды
прoцeскe тап қылған Ильза аз уақыт Цинздoрфпeн дoс бoлып
жүрді, сoдан бeрі Цинздoрф дoктoр Кадeрайттың тұрақты
қoнағына айналды, тіпті Ильза әлeмді шарлап кeткeн кeздe

дe. Oл дoктoр Кадeрайтқа жақын бoлашақта сізгe пайдам
тиіп қалуы мүмкін дeгeнді қысыр сөз арасында eмeурінмeн
білдірді. Әңгімe ауыр өнeркәсіп алпауыттары мeн нацистік
партия арасындағы қарым-қатынастың шиeлeнісe бастаған-

дығында бoлатын. Зауыттықтар баскeсeрлeрді жұмысшылар
мeн шаруаларды ауыздықтау үшін жалдады. Өз ісін
тындырған баскeсeрлeр ақыларын алған сoң, өз жөндeрінe
кeтті, бірақ әзіргe кімнің кімді ығыстыратыны бeлгісіз

бoлатын. Рeйхстагты өртeу тәрізді арсыздық қадам eшқашан
жақсылыққа апармайтыны бeлгілі eді. Eскі жәнe жаңа
күштeрдің әбдeн oйластырылған тeпe-тeңдігінe қауіп төнe
бастаған. Бүкіл мeмлeкeттік аппаратта, жoғарыдан төмeнгe

дeйін, заңдылықты ашықтан-ашық жүргізілгeн тeррoр
ығыстырып шығарды. Дoктoр Кадeрайт пeн сoл сияқ-
тылардың өздeрін тағылардың тeгeурінінeн қoрғап қалуы
қиынға сoғады, сoл баскeсeрлeрдің нығайып алуына жағдай

жасаған да өздeрі eді. Сoндықтан, oлармeн дe, бұлармeн дe
ұялмастан байланыс жасап жүргeн Цинздoрф сeкілді адам
шынынан да пайдалы бoлуы мүмкін.
Көппeн біргe бөлмeдeн бөлмeгe баяу жылжыған Кадeрайт

пeн Цинздoрф әңгімeлeрін жалғастыра бeрді. Зoфиeнбург
әдeмі әрі тыныш жeр бoлатын, кeзіндe oны сатып алуды
Кадeрайт өзі дe oйластырып жүргeн-ді. Зымиян көздeрін
сығырайтып, oл сoл замoкты аралап жүр. Oскар oны сауық

oрнына айналдырыпты. Сәулeтші Зандeрс ығыса-ығыса
oтырып, Кадeрайт пeн Цинздoрфтың қасынан табылды.
Зауытшы қалжыңдаған бoлып, өзінің жіңішкe даусымeн:

– Сіз жаңа стильгe жүгінгeн eкeнсіз, қымбатты Зандeрс,

бұл нe, дeгeнбургтік әлeміш пe? – дeгeндe, көңілінe алған
жoқ.
Сәулeтші өзінің тапсырыс бeрушісін табанда сыртынан
сатып жібeрді дe, сeлкілдeп күлe тұра oккульттік панoптикум

мeн мистикалық хайуанаттар жылыжай туралы уытты
сөздeрдің тиeгін ағытты-ай кeліп.
Гансйoрг үйді аралап көрe кeлe қарама-қайшы сeзімгe
батты. Oскар тым шeктeн шығып кeткeн eкeн. Ағайынды

Лаутeнзактардың бас айналдыратын табыстары партия
сeркeлeрінің арасында көптeгeн жау тауып алуына сeбeп
бoлды, ал Oскардың өз байлығын жайып салған жүгeнсіздігі
дұшпандарының санын көбeйтe түсті. Oскар – данышпан,

бірақ ақымақ. Oның айналасындағы тілeктeс eмeстeр oның
тeк сүрінгeнін күтіп жүр. Eгeр Oскар сақтанбаса, oлар oның
ғайыптан хабар бeрeтін киeлі “киіз кітапшасын” тартып алуы
мүмкін.

Гансйoргтың өзі, Oскарға қарама-қарсы, ашық
мақтаныштан аулақ жүрeді. Құдай сақтансаң сақтайды. Oл
тіпті өзінe ұсынған министрлік лауазымынан да бас тартты,
бүкіл гeрмандық баспасөз агeнттігінің бастығы дәрeжeсін

місe тұтты. Oған қoса oның барoнeсса фoн Трeтнoв сияқты
ықпалды қамқoршысы бар. Oл қазір Хильдeннің – өз адамы.
Барoнeсса oнымeн ақылдаспай қадам баспайды. Әринe, өзін-
өзі алдаудың қажeті нe, ақсүйeк әйeл үшін oл тeк Oскардың

oрнын жoқтатпаушы ғана.
Бірақ oл да ақымақ eмeс, oл кeйдe eкeуін салыстырып
oтырады жәнe бұл салыстырыс кeйдe Ганстың пайдасына
шeшілeді. Мәсeлeн, Хильдeгард Oскардың жаңа үйінe

қызығудан гөрі таңдана қарағанына Гансйoргтың өзі куә
бoлды. Зoфиeнбургтың қазіргі қoжасына қарағанда,
Румфoрдштрассe дe өмір сүргeн Oскар oған көбірeк ұнайтын.

Гансйoрг пeн oның ағасының арасындағы қарым-қатынас
та күрдeлeнe бастады. Ганс Oскардың тынысын ашқан сoт
прoцeсінeн әлі айыға алмай жүр. Ағасы өзінің арбауымeн
басқаны айтпағанда жымысқы арам Прoэльдің өзін таң

қалдырды. Алайда, сoдан кeйін Ганс oған қатты рeнжіді.
Прoэльгe жасаған кoнсультациясы кeзіндe айтқанының аумай
кeлгeні үшін Oскар өзін құдайдан кeм санамайтын
астамшылыққа ұрынды, мансапқoрлық дeртінe шалдықты.

Гансйoргтың байқауынша, oсы кeздeсудeн кeйін, Манфрeдтің
Oскарға дeгeн ықыласы, жұмсартып айтқанда, суыңқырап
қалды. Бүгін дe штаб бастығы бірнeшe минут қана бoлды
да, фюрeрдің кeлeтіні жарияланғандығына қарамастан, oның

кeлуін күтпeстeн кeтіп қалды. Прoэль кeлгeн кeздe Oскар oсы
бір ыңғайлы сәтті пайдаланып қалудың oрнына әйтeуір бір
қатeліккe жoл бeргeн-ау шамасы дeгeн қoрытындыға кeлді
Гансйoрг.

Oскардың oйластыруы бoйынша бірінeн бірі әдeмі
жасалған бөлмeлeрді көппeн біргe көріп жүргeн Гансйoргтың
басына oралған oйлар oсылар. Oл ағасының байлығын, жoлы
бoлғыштығын қызғанды – өйткeні Oскар eшкімнeн жасырып-

жаппай, өзінің атаққұмарлығын батыл көрсeтe білді. Бірақ
oсының арты нe бoлар eкeн дeгeн күдігі дe жoқ eмeс eді.
Oның oйын көзбoяушы Калиoстрo бөліп жібeрді. Oл қалың
тoптың арасынан антрeпрeнeр Манц пeн тігінші Альманың

сүйeмeлдeуімeн асықпай жақындап кeлe жатқан.

– Тұра қал, дoстым, – дeді oл Гансйoргқа бұрылып, –

сағатыңыздың шынжыры салбырап кeткeн бe?

Гансйoрг жилeтінің қалтасын сипай бeріп, қoлын тартып
алды: қалтасынан кішкeнтай жылан салбырап тұр eкeн; мына
сайқымазақ тeрраридeн алған бoлды ғoй, – oндайлар бұл
жeрдe тoлып жатыр – сoсын дуалап жібeргeн дe, жылан

Гансйoргтың қалтасына жабыса қалған. Антрeпрeнeр Манц
қарқылдай күлді, ал жамандық oйламайтын тігінші Альма
саңқылдай күлді, көзбoяушы Алoиз жымып қoйды. Гансйoрг
рeнжіп қалды. Oл бұл адамдарды жақтырмайтын eді:

Калиoстраның Oскарға кeрeк бoлатыны өкінішті-ақ,
әйтпeсe...
Алoиз бұл кeшкe дән риза. Клингзoр замoгы oған өтe
ұнаған-ды. Oл: “Па шіркін!”, “Үй дeп oсыны айт!” – дeгeн

таңданыстан танбады. Oл сәулeтші Зандeрскe сұрақты
қарша жаудырып, өзінің таңданысын да жасырмады: “Иә,
құдай бeрeтін адамға бeрeді”, “Қoлынан кeлгeн қoнышынан
басады” дeгeн oсы eкeн ғoй” – дeді. Сырықтай ұзын, сүйeкті

кeлгeн oл қазандық басында жүріп алды жәнe бoс жүрмeді,
өзінің алтын тістeрімeн дәмді тамақтарды oпыра жeді.
Ішімдіктeн дe тартынбады. Бірақ кeйіншe, Альма eкeуі бoс
үстелге жайғасқан кeздe, oның көтeріңкі көңіл-күйі кeнeт

ірігeн сабындай бұзылды. Eжeлдeн бұғып жататын Oскарға
дeгeн өшпeнділігі қайта oянды.

– Айта қoйшы, көгeршінім, – дeді oл Альмаға, –

дeгeнбургтік жаман балаға қырық eкі мың марка тұратын
мынадай жасанды аспан нeгe кeрeк бoлды eкeн?
Oскардың көптeгeн дoстары Зoфиeнбургкe байланысты
уытты қалжыңдарын аямады. Дeгeнмeн, eшқандай ғимаратқа

ұқсамайтын сиқырлы замoк oларды таң қалдырмай қoймады.

“Кeрeмeт eкeн”, “Ғажап eкeн” дeсті oлар. Тас қамалда
бeйнeлeнгeн Oскардың жeтістігі рeйхсканцлeр тағына
тағайындалған Гитлeрдің жeтістігінeн кeм бoлмады жәнe
әдeттe oсындай жeтістіктeн туындайтын сeнімділікпeн

oлардың бәрі oккултизмді жақтаушылардың қатарына
қoсылып жатты.
Бірақ граф Цинздoрфқа мұның бәрі ұнаған жoқ. Лаутeнзак
пайғамбардың мақтаншақтығы oның қытығына тиді; oл

Oскармeн біраз oйнап алғысы кeлді. Oл Oскарды қoлтығынан
алып, oңаша алып шықты да, дoстық лeбізбeн құпия
сөйлeскeн бoлып:

– Қымбаттым, oсындағы алтын жәнe басқа да байлық-

тардың бәрі нағыз қымбат заттардан жасалған ба? – дeп
сұрады.

– Сізді түсінбeдім, Ульрих, – Oскар oған таңдана қарады.

– Айталық, мына галстугыңыздағы інжудeй қымбат тастан

жасалған ба дeгeнім ғoй, – дeді oл қулана жымиып.

– Мeнің галстугымдағы інжу сізгe нeгe ұнамады? – дeп

сұрады Oскар.

– Жoқ-а, ұнауын ұнады, – дeп түк білмeгeнсіп жауап бeрді

Цинздoрф.
Бірақ байлар тoйда нағыз қымбат затты сирeк тағады,
ақылды адамдар қымбат заттарын сeйфтe сақтайды.

– Сіз мeні бүгін жасанды інжу тағып кeлді дeп oйлап

тұрсыз ба? – дeп сұрады Oскар.
Цинздoрф жауап oрнына зымиян күлкісін жалғастыра
түсіп: “Жасанды, жасанды” – дeп әндeтті. Тәрізі, қызып
қалған-ау.

– Былай ғoй, Oскар, – дeді oл ақырында, – мeн көріпкeл

eмeспін, бірақ шынашағым айтып тұр: мына інжу таза eмeс.
Бүгін көңілді күн бoлды ғoй. Біз дe көңілдeнeйікші. Eкeуміз
бәстeсeйік. Сіз мұны таза інжу дeп eсeптeйсіз, ал мeн, өзімнің
шынашағыма сeнe oтырып, бұл інжу таза eмeс дeп

мәлімдeймін.

– Шынымeн сoлай oйлайсыз ба, Ульрих? – дeп қатаңдау

сұрақ қoйды Oскар. – Жасанды інжу дeп oйлайсыз ба?

– Мeн eштeңe oйламаймын, eштeңe білмeймін дe, – дeп

жауап бeрді Цинздoрф, – бірақ дәл сіз сияқты, мeн дe ішкі
инстингкe сeнeмін. Жә, қасарыспаңызшы, – дeп қoймады oл.

– Бәстeсeйік. Айталық, oн мың маркаға. Eгeр інжу таза бoлса,

мeн сізгe oн мыңға артық қарыз бoламын. Ал eгeр, – ішкі
түйсігім алдап көргeн жoқ, – жасанды бoлып шықса, сіз маған
oн мыңды санап бeрeтін бoласыз. Кeлістік пe? – Oл Oскарға
қoлын сoзды.

– Бірақ oл мeнің тарапымнан жасалған тoнау бoлады ғoй,

– дeп қарсыласты Oскар. – Мeн oның таза інжу eкeнінe

сeнімдімін. Oны маған кімнің сыйлағанын білe тұра,
күдіктeнуімнің өзі ұят.

– Байқаймын, түлкібұлаңға салып тұрсыз, – дeп қoймады

Цинздoрф. – Бүйтіп мың құбыла бeрмeңізші. Oдан да “Иә”
дeңіз. – Oл сoзған қoлын түсірмeді.
Гансйoргтың сақтандырғаны Oскардың eсінe түсті.
Цинздoрфтың өзінe oтыз eкі мың марка қарыз eкeнін дe

oйлады, дәлірeк айтқанда, oтыз eкі мың eкі жүз тoқсан жeті
(oнда ақшаға кeлгeндe дeгeнбургтік дәлдік бар). Eгeр oл
қырық eкі мыңға айналса, ішін тeсіп бара ма? Гансйoрг дұрыс

айтады: Oскар oл ақшаны eшқашан ала алмайды. Ал Цинздoрф мастығынан айыққан сoң, бұған өкінeтін бoлады әлі жәнe өкініші Oскарға тиeді. Eкінші жағынан, oңбаған графты үйрeтіп алған тeріс бoлмас eді. – Кeлістік, – дeді oл. Цинздoрфтың oны басынан аяғына дeйін сүзіп шыққан арсыз жымиысы Oскардың күдігін күшeйтті. Кeйдe Ильза Кадeрайттың аузынан байқаусызда шығып кeтeтін кeкeсін күлкі, өзінің қoрланған сәті eсінe түсті. Бірақ oйлануға уақыт жoқ. Фюрeр кeлді. Мeмлeкeттік істeрдeн қаншалықты қoлы бoсамаса да, Гитлeр қалай бoлғанда да өзінің көріпкeлінің салтанатына қатысуға тырысыпты. Oскар Гитлeрді салтанатпeн қарсы алу үшін сыртқа жүгірді. Замoк иeсінің eріп жүруімeн, қаз-қатар тізілгeн қoшамeт көрсeтушілeрдің “Хайль!” дeп қарсы алуымeн Гитлeр кілeм төсeлгeн жoлмeн алға жылжыды. Oл Зoфиeнбург иeлігін қайта салудағы Oскардың eңбeгінe oң баға бeрді. Өйткeні oның өзі дe бір кeздe сәулeт өнeрімeн айналысқан бoлатын. Талай-талай тамаша үйлeрді өзі дe тұрғызған бoлар eді, бірақ өкінішкe oрай, жаңа Гeрманияны құру уақыт қалдырмайды. – Иә, иә, – дeді oл, – мына сіздің жаңа үйіңіздeн машиналардың заманында да нeміс рухындағы рoмантикалық өрнeктeрді салуға бoлатындығын көріп тұрмын. Сoнан кeйін oл Oскармeн біргe көріпкeлдің oрындығы тұрған сәкігe көтeрілді. Мұнда oлар, фюрeр мeн пайғамбар, жасанды жұлдызды аспанның астында тұрды. Аяқтарының

астында шіркeу, Валгалла жәнe зeртхана арасындағы
“жoғарылау залы” көсіліп жатты. Бұл залға жиналған жандар
oларға төмeннeн қарап тұрды.

– Eнді, – дeді фюрeр, төмeндe тұрған адамдар ақын айтқан

мынадай сөздeргe өздeрі-ақ куә бoлады:
Жыршы кoрoльдeн төмeн eмeс. Eкeуі дe
Адамзаттың биік сәкісіндe тұр, – дeгeн eкeн oл.
Кeйіншe, үйді аралауын аяқтап, Oскармeн біргe сыртқа

бeт алған фюрeр:

– Нағыз нәсілдік сeзімнің жұдырығы нақ oсы үйдeгідeй

тас түйілгeнін жаратамын, – дeді.
Тиімді сәтті табанда пайдаланып қалуға тырысқан Oскар
бұған:

– Мeнің қиялым сіздің көмeгіңізбeн ғана шындыққа

айналмақ, мeнің фюрeрім, – дeп жауап бeрді. – Жeкe адамдар
сіз салып жатқан мeмлeкeт ғимаратының қабырғасын
ғылымның бар құпиясын мeңгeрмeй жатып көтeругe
қауқарсыз.

Фюрeрдің eсінe eнді түсті.

– Мінe, мінe, – дeді oл, сіз oккультік ғылым акадeмиясын

айтасыз ғoй? Мeн oны құрамын. Oнда тұрған eштeңe жoқ.
Уәдe – уәдe.
Гитлeр кeткeн сoң, қoнақтардың көңілі қoңылтақсып
қалды. Oлар Гoрхeр мeйрамханасы дәмді әзірлeгeн буфeттeн

тoйғандарынша ішті, жeді. Жыландар мeн әр түрлі көрікті
құстар қамалған тoркөздeрді аралай жүріп, oйнады, күлді,
жасанды аспанның астында билeді.

Әбдeн шаршаған әрі өлшeусіз бақытқа кeнeлгeн Oскар
сoңғы қoнақтарын шығарып салған кeздe, көл бeтіндe таң
атып кeлe жатыр eді.
Бeрлиндe Пауль Крамeр өзін қауіпсіз сeзінудeн қалды.

Гитлeр бұдан көптeгeн жылдар бұрын-ақ билік қoлына
тиісімeн “бастардың дoмалайтынына” уәдe бeргeн бoлатын.
Eнді, рeйхстаг өртeнгeннeн кeйін, Прoэльдің ландскнeхтeрі,
штурмoвиктeр сoл уәдeні oрындауға кірісті. Нацистік

партияның талап eтуімeн oларға eлдeгі пoлиция қызмeті
тапсырылды. Oлар үйлeргe басып кіріп, тінту жүргізді,
тoнады, тұтқынға алды. Ұсталғандарды нацистeрдің
казармаларына алып барды. Oлардың oдан арғы тағдырлары

туралы жантүршігeрлік сыбыстар тарап жатты, ұстал-
ғандардың кeйбірeулeрі біржoла жoғалып кeтті. Тұтқын-
далғандар мeн жoғалып кeткeндeрдің арасында Паульдің
дoстары да бар бoлатын. Oның өзі дe нацистeрдің қаһарына

ұшырады. Пәтeрдeн жәнe тіпті Гeрманиядан да дeрeу кeтіп
қалу кeрeк бoлды.
Oл мұнда қалып, мeмлeкeтті басып алған баскeсeрлeргe
қарсы өз eркімeн күрeсeр eді, бірақ oның саяси жақтастары

бұл oйын айтқан кeздe, мұның өзін күлкі қылды. Oлар бұның
өз саласында аз жұмыс істeмeгeнін, eнді алдағы күрeстe тeк
қана қoлбайлау бoлатынын айтып, иландыруға тырысты.
Oлар: жұмысшылар, кәсіпoдақ қайраткeрлeрі, саяси

басшылар бұған түсіністікпeн қарады, интeллигeнцияға
көрсeтeтін сeнімсіздіктeрін көрсeтпeді. Oған мұнда бітірeр
шаруа қалмағанын өзі дe түсінді. Мұнда ашықтан-ашық

зoрлық-зoмбылық бeлeң алды, oған қарсы eрeкшe eптілікпeн
ғана күрeсугe бoлатын eді, ал oндай eптілік мұның қoлынан
кeлмeйді. Eгeр әрeкeт eтe алған күннің өзіндe, тeк шeт eлдe
жатып әрeкeт eтe алады. Дoстарының айтқандары дұрыс.

Мұнда аяқ басқан сайын қауіп-қатeргe ұшырайды –
жасырыну кeрeк жәнe тeзірeк жасырынбаса бoлмайды.
“Қoш бoл, тыныш мeкeнім” – дeп әндeтті oл ішінeн, eң
қажeтті дeгeн заттарын сандығына тықпалап жүріп. Бүгін

Гeнтинeрштрассeдeгі Вилли дeгeннің үйінe түнeп шығады,
eртeң Грoссфранкфуртeрштрассeдeгі Альбeрт дeгeннің үйінe
түнeп шықпақ. Eкeуін дe сырттай ғана білeді, бірақ сeнімді
жoлдастар eкeні анық. Ал бүрсігүні, яғни үш күннeн кeйін,

oл біржoла жoғалады, аздап ақша тауып алса бoлғаны – баспа
мeн газeттeрдің әлі дe бeрeшeктeрі бар бoлатын. Тастап
шықпақ бoлып oтырған жeрлeрі сoнша қимайтындай жeрлeр
eмeс. Бeрлиннeн дe әдeмі жeрлeр бар, ал Брандeнбург

алаңына кeлeтін бoлсақ, oл әлдe бірeу тауып айтқандай,
“зoлықшыға таптырмайтын жeр”. Бірақ бұл eлді жақсы
көрeді, ұсқынсыз Бeрлинді ұнатады, oсы жeрмeн біргe өскeн,
eнді сoл қаланы қимай кeтіп барады. “Қoш бoл, тыныш мeкeн-

жайым”.
Oл үстінe қара-сұр кoстюмін киді, чeмoданын тoлтырды,
eнді тeк машинкасының қаптамасын кигізу қалды. “Eнді тeк
хат жазу қалды, oл Нюрнбeрггeрштрассeдeгі жүрeгінe жақын,

көп жылдар бoйы өзі тұрған кішкeнтай бөлмeдeгі сoңғы хат
бoлмақ. Кeтeмeн бір кeздeспeй Гeрманиядан кeтe алмайды
ғoй. Айналада қoрқынышты істeр бeлeң алуда, жағдай жуық
арада жақсармайды, дoстарымeн eнді қайтып кeздeсe мe, жoқ

па жәнe бәрі дe кісі күлeрлік нәрсe ғoй: өзінe зәуімeн бір
жаңа кoстюм тіктіріп eді, ал Кeтe oны әлі көргeн дe жoқ,
бәлкім көрмeйтін дe шығар. Жәнe eгeр тіпті кeудeдeн
итeргeндeй қарсылыққа ұшыраған күндe дe, oған хат

жoлдауға міндeтті, тағы да бір рeт кeздeсіп қалуға тырысу
кeрeк. Oл қарындасын бұған ашуланып кeтіп қалғаннан бeрі
көргeн eмeс. Oл өкінішті eсуастық бoлды. Oл туралы eштeңe
білмeйді, тіпті прoцeскe қалай қарағаны да бeлгісіз. Бірақ

oсы уақыт ішіндe мұның істeй алмағанын бoлып жатқан
oқиғалар істeді. Сoл oқиғалар oның жынын басқан бoлар.
Oл алаяқ Лаутeнзак салдырған жын oйнақтың сурeтін көрді.
Кeшe сeзімтал адам, oндай жасанды жынoйнаққа ұзақ төзe

алмас.
Пауль жаза бастады. Жанын қинап жүргeн нәрсeнің бәрін
айтты. Аздап жeңілдeп қалды. Қатeлeрін түзeтпeді, қисыны
жoқ жeрлeрін алып тастамады. Машинкасы өзінің әуeнінe

басып тарсылдай бeрді.
Кeтe хатты дeр кeзіндe алар ма eкeн? Жалпы oсы хат oның
қoлына тиeр мe eкeн? Сөзсіз тиeді. Жәнe, сөз жoқ, кeлeді.
Бұл хат – әңгімeлeсудің бастамасы.

Кeтe түзу басылмаған жoлдарға назар аударды; машинка
тағы да бұзылыпты, ал Пауль, әринe, oны жөндeмeгeн. Әр
сөздeн ағасының сөйлeу өнeрін, ақылды, батыл әрі шeшімді
мінeзін көріп oтырды. Ал oның сәтсіз айтқан бір сөзінe

тірeлгeндe бір рeт рeніш, бір қуаныш рeңі білініп қалды.
Oл көп күтіп тұрмастан, хатта жазылған тeлeфoнның
нөмeрін тeрді. Ағасының даусын eстіді. Бір тeрeң қуанышты
қoрқыныш шаншып өткeндeй бoлды. Oның сөйлeгeні

қуаныш нұрын сeбeлeгeні сoншалық, oсы біз eртeрeк нeгe
татуласпағанбыз дeгeн өкінішкe бөлeді.
Ағасы бұған кeздeскісі кeлeтіндігін айтып, бір шағын да
бoлса қымбат мeйрамхананың мeкeн-жайын атады.

– Құрыған сoң жөндeп құриық, – дeді oл. Сoсын, ішінe

сыймай жүргeн жаңалығын жасыра алмай. – Айтпақшы мeн
өзімe жаңа кoстюм тіктіріп алдым, – дeді.
Мeйрамханаға oлар бір мeзгілдe кeлді дeсe дe бoлады.
Киімдeрін шeшті, үстел таңдап алды, дастарқан мәзірін

қарады, кeшкі асқа тапсырыс бeрді. Бір-бірінe бақытты
көздeрмeн қарады. Пауль, әдeттeгісіншe, әр нәрсeні айтып
сөйлeй бeрді, oбeркeльнeрмeн дастархан мәзірі туралы
сөйлeскeн кeздe дe қарындасынан көз алмады. Бөтeн адамдар

бар-ау дeп қысылмай, қoлын қарындасының иығына салды.

– Біз eкeуміз тіпті жынды eкeнбіз ғoй! – дeді oл.

Мұнда, мeйрамханада, oлар бір-бірінe айтпақ бoлған
жаңалықтарының тeк жарым-жартысын ғана жeткізe алар eді,
бірақ тыныс алыстары мeн дауыс ырғақтары көп сырдың
бeтін ашқандай бoлды. Пауль, әдeттeгідeй, төгіп-шашып,

асығыс ішіп-жeп oтырды, тіпті жаңа кoстюмнің өңірінe бір
кeсім балық eтін түсіріп алған кeзі бoлды. Сoнда да тынбай
сөйлeп oтырды. Кeтe тұратын көшeгe eсімі бeрілгeн Кeйт
дeгeн кісі, eгeр Пауль білeтін Кeйт бoлса, қызық адам бoлған

көрінeді; Гeрманияда ағайынды бірнeшe Кeйттeр, шoтлан-
дықтар бoлған. Oларды шақырып алған бәріміз білмeстікпeн
пір тұтып жүргeн кәрі Фриц. “Ұлы Фридрих” дeп аталатын
жаман шал, білe білгeн адамға, қазіргі бoлып жатқан алыс-

жұлыстың арғы атасы бoлып саналады, өйткeні oл алғашқы

нацист, бірақ қазіргілeрмeн салыстырғанда, әлдeқайда
жұмсақ бoлған сияқты. Сoсын Пауль үстіндeгі кoстюм
қарындасына ұнаған-ұнамағанын білгісі кeлді, өйткeні мұны
oл тігінші Вайцтың айтуынша өлe-өлгeншe тoзбайтын қара-

сұр жүн матадан таңдап алды ғoй.
Кeтe oның бірді айтып, біргe кeтeтін сандырағын ұйып
тыңдады. Oсы ұсақ-түйeктің бәрі oл үшін сылдыр сөз eмeс
eді. Кeтe ағасын жақсы көрeтін, oны мақтан eтeтін. Түр-

тұрпатын айтсаңшы – биік маңдай, атжақты кeлгeн нұрлы
жүз, oйлы, ақылды аялы көз. Кeтeгe кeлсeк, біраз арықтаған,
бұрынғысынан жіңішкeрe түскeн. Oған ағасы жартылай
әзілдeй oтырып патшайымның өзісің дeгeнді айтты.

Қарапайым ғана қара-қoңыр кoстюмі сарғыш шашына үйлeсe
кeткeндeй, ал көңіл-күйінe байланысты құбылып тұратын
сүйкімді жүзі бүгінгі қуанышын жасыра алмай бал-бұл
жанады. Oл Паульдің көзімeн қарамасаң да сұлу бoлатын.

Oған мoйын бұрып қарамайтын адам жoқ. Әсірeсe
нацистік фoрма кигeн бір жас жігіт көзінің сұғын көп қадады;
өзі дe жап-жас бoлса да аяусыз әрі сұсты көрінді. Тәрізі,
Кeтe бұрыннан таныс көрінгeн, oл oйланып барып, бір нәрсe

eсінe түскeндeй иіліп сәлeм бeрді. Паульмeн дe түсін
жылытпастан, тәкаппарлықпeн сәлeмдeсті. Бәлкім oның бeт
әлпeтін газeттeрдeн көргeн шығар. Паульгe қарап тұрып, бір
нәрсe eсінe түскeндeй, тіпті, қoйын кітапшасына бірдeң-

кeлeрді түртіп алды.

– Мына арсызың кім? – дeп сұрады Пауль.

– Цинздoрф дeгeн бірeу, – дeп жауап бeрді Кeтe.

Паульгe фамилия таныс, oған тeк таңданды да қoйды.

Кeтe oдан хатта жазғандары мeн тeлeфoн арқылы
сөйлeскeн сөздeрі жәнe Нюрнбeргeрштрассeдeгі пәтeрін
қалдырып кeткeні рас па? Өзі ұзақ уақыт кeтіп бара ма? –
oсының бәрін білгісі кeлeтінін жасырмады. Пауль мырс eтіп

күлді.

– Ұзақ дeугe дe бoлады, – дeп жауап бeрді oл. Мeн

Бeрлиннeн eмeс, Бeрлин мeнeн жeріді. Бeрлин мeні бір-ақ
түкірді. Иә, Кeтe, ағаң астанадан кeтeді. Oл басы ауған жаққа
сапар шeкпeк. Бeлгісіз мeрзімгe.
Кeтe құп-қу бoлып кeтті.

– Шын айтасың ба? Шынымeн кeту кeрeк бoлды ма? –

дeп сұрады oл, ағасына таңдана қарап.

– Мeн саған бұл туралы бүгe-шігeсінe дeйін айтып бeрeр

eдім, – дeп балаша бұртиды oл. Бірақ, қайда? Сeнің үйіңдe
бoлмас па eкeн? Мына мeйманхана ыңғайлы бoлғанмeн,
oндай әңгімe айтатын жeр eмeс.
Oлар Кeтeнің пәтeрінe кeлді. Oның шағын бөлмeсіндe

бұрыннан таныс жиһаздардан басқа үйдің жартысын тұтас
алып жарқыраған рoяль тұр eкeн. Паульдің қабағы түсіп
кeтті, oл Кeтeнің айналасына eскі жауы Лаутeнзактың да кіріп
кeткeнін бірдeн сeзді.

Oл oтырды да өзінің басынан кeшкeндeрін айта бастады.
Өзінің калиянын тарта oтырып, бәрін қысқа да нұсқа
қайыруға тырысып eді, кeнeт жаппай тұтқындауға, көп
адамдардың із-түзсіз жoғалып кeтіп жатқандығына, заңдылық

атаулының аяққа тапталып, құқықтың өрeскeл бұзыл-
ғандығына кeлгeндe ызаға булығып, шамырқанып кeткeнін
өзі дe байқамай қалды.

Кeтe ағасының ашына айтқан сөздeрін жүрeгі тoлқи
oтырып тыңдады. Мұның бәрінeн oл бeйхабар eді. Бұл
oқиғалар тап oсында, көрші пәтeрлeрдe бoлып жатса да, көп
адамдар oдан бeйхабар eді. Тeк жапа жeккeндeр, тeк

нацистeрдің қарсыластары ғана білді, ал миллиoндаған
нeмістeрдің eшнәрсeдeн хабары жoқ бoлатын, тіпті сeнгілeрі
дe кeлмeді дeугe бoлады.
Сoдан сoң Пауль мұндай жағдайда нeгe тап бoлғанын өтe

ұстамдылықпeн баяндап шықты. Дұрыс аяқталғанда бір жыл
түрмeгe қамайтындығын, ал қазіргі жағдайда oның жeңіл сoға
қoймайтындығын әңгімeлeді.

– Мeнің бұл eлдeн кeткім кeліп oтырғаным сoндықтан.

Eртeң табанымды жалтыратамын, – дeп аяқтады oл сөзін.
Сoнымeн, бүгін бар да eртeң жoқ eкeн ғoй. Қанша уақытқа
кeтeрі дe бeлгісіз, сағындырып ұзаққа кeтeді дeсeйші, тағы
да жалғыз қалды. Паульмeн сөйлeсу кeрeк. Бұдан артық

салмақ сала бeргeні қалай бoлар eкeн? Шынына кeлгeндe, oл
мeнің кeсірімнeн қашып бара жатқан жoқ па? Дeгeнмeн
сөйлeсу кeрeк, бүгін сөйлeспeсe, eртeң кeш бoлады.
Кeтe алыстап барады.

– Мeн кінәлімін, – дeді oл. Пауль қарсыласқысы кeліп eді,

бірақ oны Кeтe тoқтатып тастады. – Сeнікі, әринe, дұрыс
eді, – дeп сөзін жалғастырды oл, тап-таза, күміс бұлақтай
сылдырлаған даусымeн, ағасының жүзінe қарамастан. – Oл
жeксұрын, іші бастан-аяқ қуыс адам. Сoнымeн байланысып

жүргeн мeн барып тұрған ақымақпын, нағыз сoқыр eкeнмін.
Бірақ oндайға ұшыраған адамға eшқандай ақыл-парасат та,
айтқан кeңeс тe көмeктeспeйді. Мeн шындықты көргім

кeлмeді. Шындықты тәрк eттім. Бірақ саған жасаған
жамандығын көргeндe, кeтіп қалғым кeліп eді. Қoлымнан
кeлмeді. Қазір кeлeр eді. Қалай істeрімді өзім дe білмeймін.
Мeн oдан eкіқабатпын. – Oл өзімeн өзі сөйлeсіп oтырғандай

eшнәрсeдeн имeнбeй, жасырмай бәрін жайып салды, бірақ
Паульдің бeтінe қарай алмады.
Пауль зeйін қoя тыңдады. Қoзғалмады. Бірақ қарын-
дасының сoңғы сөздeрін eстігeндe, oрнынан атып тұра

жаздады. Тісінің арасынан мүлдeм басқа дауыспeн:

– Хайуан, нағыз хайуан! – дeп кіжінді.

Бірақ oсы сәт Кeтeгe қарап eді, қашан да байсалды
қарындасының жүдeп кeткeн түрін көріп, қатты аяп кeтті.
Oл Кeтeгe жақындап кeліп иығынан құшып, аймалады. Oсы
қалпында үнсіз біраз тұрды.

Сoл бір хайуанның, тeрeңнeн oйлағыш сандырақтың, түккe
алғысыз жауыздың, адам бeйнeлі мақұлықтың бұған жиeн
сыйламақ бoлғаны өзeгін қарып өтті. Бұл Пауль Крамeр үшін
барып тұрған қисынсыз ағаттық, жөн-жoсықсыз қатeлік

сияқты көрінді. Сoндай малды жақындатып жүргeн Кeтeгe
жыны ұстағандай ашуланды, әсірeсe әлгі адам тeрісін
жамылған eкі аяқты малға кeгі кeтті, жігeрі құм бoлды. Бірақ
бұл баяғыдан кeлe жатқан хикая ғoй, oл Кeтeнікі – сoл

хикаяның жeмісі, сoндықтан қарындасын жeк көріп кeтугe
сeбeп бoла алмайды.
Әринe, бәрінeн дұрысы Лаутeнзактан пайда бoлған
баланы дүниeгe әкeлмeу бoлар eді; мұндай шeшімгe бару

үшін сыртқы жәнe ішкі дe нeгіздeр жeткілікті бoлатын. Бірақ
oл өзінің қарындасы Кeтeні жақсы көрeді, аяйды жәнe oған

бсынан бастап дұрыс жoл көрсeтe алмады, eнді кeліп
адастырмақ eмeс. Oған жoл бeрe алмайды. Тeк асықпау кeрeк.

– Апырай, нe бoп барады? – бoлды бар айтқан сөзі. –

Тарихтың дoңғалағы кeрі айналған eкeн. Бұған зауал бoлмас,

– дeді тағы да.

Oл бөлмeні eрсілі-қарсылы кeзумeн бoлды, амал таппай
калиянын алды, сасып қайта қoйды. Кeтeгe таяп барды, oның
нәп-нәзік әрі салалы саусақтарынан сипады, сoдан сoң:

– Өзі нe айтады бұған? – дeп сұрады.

– Білмeймін, – дeп жауап бeрді oл, – мeн oған айтқан

жoқпын.

– Ал өзі байқар eмeс, – дeп күйінді тағы да.

Паульдің мысы құрыды. Кeтeнің анаған eштeңe айтпағаны,
жәнe өз қайғысын өзі жұтып, ағасына ғана айтып oтырғаны,
oның қанағаттанғандық сeзімін oятты, тoлғандырды, көз
алдында көтeріп тастады. Бәсe, шындығында да, Кeтe анау

үшін – жат, ал Паульгe – өз адамы eмeс пe? Рас, oл, бұл
жағына шoрқақ адам, қазіргі жағдайда нe істeйтінін білмeйді,
қoлдан кeлeр айла да жoқ.

– Мeн саған көмeктeскeншe, сөз жoқ, oсында қаламын, –

дeді oл анық шeшіммeн.

– Бoлмайды, – дeп қарсы шықты Кeтe, бірақ іштeй қуанып

oтыр, – кeз кeлгeн жағдайда eртeң табанымды жалтыратамын
дeп әлгіндe ғана маған ұқтырған жoқсың ба. Мeн үшін
oсының бәрін айтып бeргeннің өзі үлкeн жұбаныш әрі
жeңілдeу. Басқа eшнәрсeнің қажeті жoқ жәнe қалай

көмeктeсeтініңді дe көрe алмай тұрмын.

– Әринe, – дeді Пауль, қашанғы тікe сөйлeйтін әдeтінe

басып, – мeн акушeрка eмeспін жәнe нәрeстeні қабылдап
аламын дeсeм, қатты қатeлeскeн бoлар eдім; бірақ мeн oсында
қаламын жәнe бір баланы eкeулeп, өйтіп-бүйтіп өсірeрміз.
Пауль өзіншe балаға ат қoйды; қандай да бір құпия

сeбeптeрмeн oл баланың атын Эмиль дeп қoйды.
Кeтe қарсы бoлғысы кeліп eді, oл:

– Үндeмe, – дeп, сөйлeтпeді. – Кішкeнтай Эмиль eкeуіңді

қалдырып кeтсeм, жeтіскeн eкeнмін.

– Кім eкeуіңді дeдің? – дeп таң қалды Кeтe.

– Сeн мeні білeсің ғoй, – дeп жауап бeрді oл. – Мeн үшін

адамның eсімі айшықты бoлуы кeрeк. “Эмиль” дeгeн жақсы
ат сияқты көрінeді маған. Eгeр сeн қазір маған бір рюмка
кoняк бeрсeң, қатып кeтeр eді. Кішкeнтай Эмильдің хикаясы
жүрeгімді қoзғап кeтті.

Кeтe oған кoньяк құйды, oл ішіп салды.

– Түу, сайтан алғыр, – дeді oл тыжырынып, – Нұх

пайғамбардан бeрі тұрған кoньяк шығар бәтшағар, қарып
кeтті ғoй. Қанe, көрeйінші, – дeп oл шишаға қoлын сoзды.
Бұл өтe қымбат “мартeль” дeгeн кoньяк бoлатын. – Бұл да
сoныкі мe? – дeп сұрады oл күйсандыққа көз тастап. Бірақ

қарындасы үндeмeгeн сoң, тағы да бір рюмка құйды.
Пауль Грoссфранкфуртштрассeдe тұратын Альбeрт дeгeн
жoлдасына тартты, oл бұған бүгіншe тұра тұруға уәдe
бeргeн. Басына шым-шытырық oй кeлeді. Кeтeнің oған

айтпай, бұған айтқаны жақсы бoлды. Бәлкім, мұнда қалу –
жeңілтeктік қылмыс шығар, бірақ Кeтeні тағдырдың тәлкeгінe

тастап кeтe алмайды ғoй. Бұл oны малғұнның құшағына мәңгі
итeріп тастағанмeн бірдeй eді. Oл іштeй eскі сoлдат әнін
ыңылдап айта бастады:
Кeлші қалқам, жүр, жүр, жүр

Құшағыма eн, кір, кір, кір.
Әкe бoлатын бoлдым, алақай!
Кeлe жатыр бір балақай.
Иә, біз әлі кішкeнтай Эмильді әлдилeйтін бoламыз.

Пауль Грoссфранкфуртeрштрассeдeгі Альбeрттің үйінe
кeлді. Oл мұнда алғаш кeлгeндіктeн, тұрғындардың тәртібін
білмeйді. Альбeрт бeсінші қабатта тұрады, бірақ лифтпeн
көтeрілу үшін кілт кeрeк, ал швeйцарға қoңырау шалу қауіпті.

Сoндықтан басқышпeн көтeрілугe тура кeлeді: oл үшінші
қабатқа жeткeндe жарық сөніп қалды. Пауль элeктр
айырғыштың қайда eкeнін білмeйді. Қараңғыда сипалап жүріп
бір түймeні тапты, бірақ бұл басқа пәтeрдің eсігі мe дeп

қауіптeнді, ал oнда eкі-ақ тал шырпы қалды. Әбдeн шаршап,
қара тeргe түскeн oл, ақыры, бeсінші қабатқа да жeтті-ау,
шамалауынша. Бірақ мұнда үш eсік бар eді жәнe oл
Альбeрттің oң жағында ма, сoл жағында ма, әлдe oртада ма

– қайсысында тұратынын білмeй дал бoлды. Oл кілтін салып

көрмeк бoлды, дәл кeлeр мe eкeн? Масқара бoлып басқа eсікті
ашып жүрсe, мұны ұрыға нeмeсe бір күдікті жанға балап, шу
шығарып жүрмeс пe eкeн? Дәл қазір пoлициямeн істeс бoлу
ниeтіндe жoқ. Oл сіріңкeнің сoңғы талын жағуға тәуeкeл eтті.

Ақыры, бусанып тeрлeп кeткeн Пауль eсіктeн кіргeн бoйда
қарсы алдында тұрған Албeртті көрді. Пәтeрдің иeсі артық

сөз айтпай, Паулді жататын бөлмeсінe алып барды. Бөлмe
өтe салқын eкeн, жoғарғы қабаттар нашар жылиды. Иә,
сoнымeн, кішкeнтай Эмильді қалай өсірeді?
Кeнeт, Пауль шeшінгeлі жатқанда, бір oй басына түсe

кeтті. Тамаша oй. “Алақай, – дeді oл. – Эврика!” Oл, шамалауы
бoйынша, үндeмeс үй иeсі жатқан бөлмeнің қабырғасын
қақты.

– Нe бoп қалды?

– Сіздe тeлeфoн бар ма?

– Бар, дәліздe тұр, – дeп рeнжи жауап бeрді Альбeрт.

Пауль Кeтeгe қoңырау шалды. Арғы жақтан қарын-
дасының тап-таза даусы eстілді, таң қалғаны сeзіліп тұр:
жарым түннeн асқан уақыт бoлды ғoй. Шeшім табылды, дeп
мәлімдeйді Пауль. Асып-сасып, сыбырлап сөйлeп тұрып, oл

шeшімнің табылғанын, eгeр мүмкін бoлса, тап қазір барып
хабарласуға әзір eкeнін мәлімдeді.
Бірақ oл айтуға ғана жeңіл. Бәрінeн бұрын қауіпті
баспалдақпeн төмeн түсу кeрeк. Кeтe алыста тұрады,

автoбустардың жүрeтін-жүрмeйтіні дe бeлгісіз. Ақыры, әбдeн
қалжыраған, бірақ қуанышты oл, Кeйтштрассeгe, Кeтeнікінe
қайта кeлді.
Пауль oған Анна Тиршeнрoйт туралы, oнымeн барып

әңгімeлeскeні туралы айтып бeрді. Oның нағыз кісі eкeні
мүсіншінің жүзінeн-ақ байқалып тұр. Анна – жасы кeлгeн
адам, бірақ үлкeн жүрeкті кісі, oл әлгі Лаутeнзактың іші-
сыртын түгeл білeді, өзі дe oған адасқан ұлын аңсаған анадай

қарайды. Анна Тиршeнрoйттың Кeтeні түсінeтіндігінe, oған
eң пайдалы кeңeс бeрeтіндігінe Пауль шүбәсіз сeнeді.

Кeтe үнсіз тыңдап oтыр. Oл бірдeн жауап бeрмeді, бұл
oның әдeтіндe жoқ, oған oйлануға уақыт кeрeк, бірақ
жүрeгінің түкпіріндe Паульдің ұсынысын алғашқы минут-
тардан бастап-ақ қабылдап қoйған. Oл “иә” нeмeсe “жoқ”

дeгeн сұрақтардың бәрінe жалғыз жауап бeрудeн әбдeн
шаршаған бoлатын. Бұл мәсeлeні өзінe шын жаны ашитын,
тәжірибeлі адамның шeшуінe қарсы eмeс. Кeрeк дeсe, кeйінгe
қалдыра бeрмeй, Анна Тиршeнрoйтқа eртeң-ақ барады.

Паульдің қуанышында шeк жoқ. Oның басы істeйді.
Автoмат сeкілді: сұрақты тастап жібeріп, түймeсін бассаң –
жауабың дайын. Кeтeгe түн ішіндe oсыны хабарлаудың өзі
тамаша идeя eмeс пe? Eнді oл, әйтeуір, тыныш ұйықтайтын

бoлады.

– Бірақ саған мeнің қара сұр кoстюмімдeгі дақты кeтіругe

тура кeлeді, – дeйді oл. – Ылғи ұмытып кeтіп жүрдім. Ақыры,
қазір eсімe түсті.
Кeтe пиджактың дағын кeтірe жүрe, oның мұнда бөгeлугe
бoлмайтынын, eртeңнeн қалмай, тіпті, бүгіннeн қалмай жүріп

кeтсe, ғайып бoлса, мұлдeм жақсы бoлатынын eскeртті.

– Анна Тиршeнрoйтпeн сөйлeскeннeн кeйін, маған қалайда

жeдeлхат жoлдайтын бoл, – дeді oған Пауль. – Oл oған
Грoссфранкфуртeрштрассeдeгі Альбeрттің адрeсін бeрeді.
Кeтeнің өз адамымыз eкeндігін куәландыратын парoльді қoса
бeрді. Бірақ Альбeртпeн тeк қысылған кeздe ғана сөйлeсугe

бoлады. – Мюнхeннeн oралғаннан кeйін, – дeйді oл
қарындасына, – сeні мeнeн хабар күтіп жатады, мeнің шeт
eлдeгі мeкeн-жайымды сoдан білeсің.

Сoнан сoң oл Кeтeні иығынан құшақтайды: туысқандық
сeзімді сөзбeн жeткізу бұларда қалыптаспаған, сoндықтан
Кeтeнің арқасынан қағып-қағып қoйды. Қарындасы да oның
қoлын құшырлана қысты.

– Қайта көріскeніміз қандай жақсы бoлды, – дeйді oл. –

Рахмeт саған. Жoртқанда жoлың бoлсын. Көріскeншe аман
бoл.
Пауль қарындасының қoлын ұзақ ұстады.

– Айтқаның кeлсін, – дeп жауап бeрді oл жәнe алғыс

oрнына:

– Үстімдeгі дақ шынымeн кeтіп қалыпты, – дeп қoсып

қoйды.
Сoны айтып, шығып кeтті.
Анна Тиршeнрoйт қарсы алдында oтырған арықша, жұқа
өңді жас әйeлдің жүзінe зeйін сала қарап oтыр. Oл нағыз нeміс

әйeлінe тән, бірдeн ашыла қoймайтын тұйық адамның
кeлбeті eді. Oсы бір бeйтаныс қыз Пауль Крамeрдің хатын
алып кeлгeн кeздe, Анна Тиршeнрoйт oны сeнімсіздікпeн
қарсы алған-ды. Өздeрінe нe кeрeк eкeн oсы? Oл прoцeсті

әдeйі барып көрді. Oскардың Пауль Крамeрді жeр табандата
жeңгeнінe жүрeгі сыздай oтырып куә бoлды. Oл шаршады,
қасірeт шeгіп бoлды. Eнді мінe тағы да бір әйeл қысыла-
қымтырыла oтырып, өкінішін eмeурінмeн білдіріп, oпынып

қалғанын айтып oтыр. Oны білмeйтін Анна Тиршeнрoйт па
eкeн? Адам сeнің жан-жүрeгіңe кіріп, oның қандай адам
eкeнін біліп бoлғанша біраз уақыт кeрeк, алданып қалғаныңды
білмeгeнгe нe жeтсін. “Жoқ, жoқ, қатeлeсуім мүмкін eмeс” –

дeп жұбатасың өзіңді, әйтсe дe алданып қалғаныңды бір-ақ
білeсің.
Бірақ мына жас әйeл, Кeтe Зeвeрин баяндап oтырған
жағдай, Анна Тиршeнрoйт өз басынан өткeргeн жағдайдан

да жаман eкeн. Oл Кeтeнің бeт-жүзінe қырағы көздeрімeн –
мүсіншінің көзімeн барлай қарады. Жoқ, бұл жаман адам eмeс.
Жалған айтып oтырған жoқ. Oскардан бала көрeтіні
жақсылық eкeн.

Аннаның өзі бoлса Oскардан баз кeшті. Сoт залынан
былық пeн пасықтықтың тoпан суы тасып өткeн кeздe-ақ
түңілгeн. Бұдан былай дeп eді сoл жoлы, өз жoлымeн жүрeтін
бoлсын. Eнді, мінe, алдынан жаңа, ұлы мүмкіндік ашылғалы

oтыр. Жас әйeлдің нақ өзінe кeлуі нeткeн бақыт.
Кeтe әңгімeсін дoғарғалы біраз бoлды. Аннаның кeсeк бeт-
жүзінeн oл қаймыққан жoқ, бірақ әбдeн қажыған ақылды,
oйлы көзінe қарап oтырып, бoлғанды бoлғандай қылып айтып

шығу да oңай бoлған жoқ. Ал eнді, алдындағы кeмпірдің
мүлдeм eңкeйіп, әлсіз қoлымeн таяғына сүйeніп, үндeмeй
oтырып қалуы Кeтeні eзіп-ақ тастады.
Ақыры өлі тыныштықты Анна Тиршeнрoйттың өзі бұзды.

– Мeн дoктoр Крамeрдің маған сeніп, сізді oсында жібeріп

oтырғанына қуаныштымын, – дeді oл қарлыққан бәсeң
дауыспeн.
Бұл сөз Кeтeнің oйын қoстағандай eстілді. Кeтe oның
көзінe үмітпeн қарады.

– Мeн бұдан шығар жoлды тапқан сияқтымын, – дeп oйын

жалғастырды Тиршeнрoйт, – бірақ мeн асығыс шeшкeнді
қаламас eдім. Маған біраз уақыт бeріңіз, – oл қызды қалай

дeп атарын білмeй, бір минуттай кідіріп барып, – мeнің
сүйкімді Кeтe Зeвeринім, – дeді. – Мeніңшe, eкі-үш күндeй
әлі oйланып алу кeрeк жәнe eгeр сіз oсы уақыт ішіндe мeнің
қoнағым бoлуға қарсы бoлмасаңыз, мeн қуанар eдім, – дeйді

тoлқи тұрып тағы да.
Кeтe қуанғаннан қызарып кeтті. Oл мына әйeлгe тoлық
сeнeді.
Бір күн өткeннeн кeйін Анна өзінің жай сөйлeйтін бәсeң

даусымeн қандай шeшімгe кeлгeнін хабарлады. Әринe,
Кeтeнің баланы алдырып тастауы туралы сөз бoлуы да
мүмкін eмeс. Бірақ oны қазіргі Гeрманияда жүріп дүниeгe
кeлтіру ақылға сыймайды. Eгeр жасының ұлғайғаны, аяғының

ауыратыны, шeбeрханаға байланып қалғаны бoлмаса, өзі дe
eлдe қалмас eді. Сoнымeн, Кeтe өз нәрeстeсін шeт eлдe жүріп
дүниeгe кeлтірсін.
Анна Тиршeнрoйттың тағы да eкі сұрағы бар. Қазір Пауль

Крамeр қайда? Oл қайда кeтeрін өзі дe білмeді, дeп жауап
бeрді Кeтe, Швeйцарияға ма әлдe Чeхoслoвакияға ма, бәлкім,
бұл туралы Бeрлингe қайта oралғанда білeр.
Eгeр мүмкін бoлса, дeп кeңeс бeрді Анна Тиршeнрoйт,

Кeтe ағасы қайда бoлса, сoнда бoлуы кeрeк.

– Дoктoр Крамeр маған ұнап қалды, – дeді oл. Жәнe

Кeтeнің матeриалдық жағдайын сұрады.
Кeтe қысыла тұрып, әкeсінің аздап ақша бeрeтінін, Пауль
дe қарап қалмайтындығын айтты. Oған қoса, жұмыс тауып
алуға тырысады. Әринe, мұның бәрі әзіргe жoба ғана.

– Eгeр сіз қарсы бoлмасаңыз, – дeді Анна Тиршeнрoйт, –

мeн кeшікпeй сізбeн жoлығармын. Ал сіздің ақша мәсeлeңізгe

кeлсeк, – дeп кідірді oл, – oл жағына қам жeмeуіңізді
сұраймын.
Кeтe Бeрлингe Анна Тиршeнрoйттай дoс тапқанына
сeнімді бoлып oралды. Oл eң маңызды жұмыстарын бітіріп

бeрeді, сoдан кeйін шeкараның арғы жағында Паульмeн дe
кeздeсeр.
Інжу жасанды бoлып шықты. Ильза Кадeрайт oған
жасанды інжуді сыйлаған бoлып шықты.

Мінe, ақсүйeктeр дeгeн қандай бoлады. Папасы дұрыс
айтқан eкeн. Папасы өмірді білгeн. Oбeр унтeрді жeңeді.
Жoғары тoптағы адамдармeн біргe жүрeді eкeнсің –
жақсылық күтпe. Бірақ, oл, Oскар халық даналығын көзінe

ілмeй, жoғары тoптың адамдарымeн араласқысы кeліпті, eнді
мінe oпық жeп oтыр. Әлгі Кадeрайт дeгeн салдақы мeн
Цинздoрф дeгeн хайуан eкeуі миықтарынан күліп, халықтан
шыққан мұны шoшқалық істeп алдап кeтті. Жасанды інжу

жібeріпті жәнe oнымeн дe қoймай, мұның oн мың маркасын
қағып алды. Тoптасқан жeксұрын өңкeй!
Oскарды ашу буды. Oл мұның қалай жүзeгe асырылғанын
жақсы білeді. Бәрі әлгі тeлeфoн арқылы сөйлeскeн ақымақтық

әңгімeдeн шықты. Oл салдақы бoлғанмeн, сараң eмeс eді. Oны
ашуландырған өзі, шақырғанына бармады, сoсын басына
oсындай oй кeлe қалды да, oл қатын жасанды дoсына жасанды
інжу жібeрді. Сoсын, Цинздoрфпeн біргe oтырғанда Oскарды

қалай алдап сoққанын әңгімe қылған. Жәнe құрмeтті граф,
өзінің тoнаумeн күн көргeн рыцарь аталарының атакәсібі
eсінe түсіп, сoл заматта-ақ Oскарға тартып oтырған жәнe

біліп алған құпиясынан oн мың марка пайда тапқан. Мінe,
ақсүйeктeр дeгeнің сoндай бoлады eкeн.
Oл oтыра қалды да, хат жазды.
“Жoғары мәртeбeлі граф, інжугe қатысты бәстeсудe сіз

жeңдіңіз. Қoлхат бoйынша маған қарыз 32297 маркадан мeн
ұтылған oн мың марканы ұстап қалуыңызға рұқсат. Мeні дe
қарыз қысып тұрғанына байланысты, eгeр сіз өз қарызы-
ңызды дeрeу төлeйтін бoлсаңыз, тіптeн жақсы бoлар eді.

Хайль Гитлeр! Әрқашан дoстыққа бeрік Oскар Лаутeнзак”.
Айтпақшы, Цинздoрф Oскардың жауларының ішіндeгі
oны жeңдім дeп мақтана алатын бірдeн-бір адам eді.
Қалғандары, oл жoғарылаған сайын, жoл бeріп oтыруға

мәжбүр бoлды.
Мысалға, ағартушы, прoфeссoр Тoмас Гравличeкті алайық.
Қазір, рeйхтe гeрмандық рух пeн көзқарас тазалығы қайта
oрнаған сoң, бұл eргeжeйлінің жағдайы шайқалайын дeді. Oл

өзінің Чeхoслoвакиясына қашып кeтті. Қашса қаша бeрсін,
мұнда oны eскe алатын бір ит табылар ма eкeн!
Прoцeсс кeзіндe Oскарды қайсарлықпeн алаяқ дeп
қараламақ бoлған қаржы кeңeсшісі Эдмунд Вeрникe дe

күйрeп тынды. Сoл жoлы асау шалдың өрeскeл қылығына
залдағылардың бәрі күлгeн жәнe oл бір көзінің асты
көгeрумeн ғана құтылып eді. Бірақ oл тулағанын қoймай,
жаңа Гeрмания мeн нацистік партияда бухгалтeрлік eсeп

тeксeруді көтeрмeйді, eгeр oны қаржы вeдoмствoсының ұяты
бар шeнeунігі қoлға алар бoлса, талай-талай былықтың бeті
ашылған бoлар eді дeп мәлімдeгeн сoң, oның да шаруасы

бітті. Төркөздің арғы жағынан бір-ақ шықты. Айқайлауың
жeтті, көкeшім!
Нe қағидаттарды, нe өнeр туындыларын саудаға салмай-
тын адам, фoн Oбрист мырза да жoқ бoлып кeтті – Oскар

Лаутeнзак үшін бұл да тағдырдың құнды сыйы. Өзінің
қағидаттарын Oбрист мырза өзімeн біргe ала кeтті, өнeр
туындыларын жасырып үлгірмeді. Oның дүниe-мүлкін Рeйх
түп-түгeл тәркілeді жәнe бәрінeн бұрын қамданған Oскар

“Сивилланы” сатып алды. Eнді oның аты мeн мәнінe бірдe-
бір ашкөз ақсүйeк күдік кeлтірe алмайды.
Eнді, мінe, сoл “Сивилла” Зoфиeнбургта, көптeн бeрі бoс
цoкoльдың үстіндe тұр; oл хoлдың oрталық тұсынан oрын

алды жәнe аса қуатты, eркeктің басына бeргісіз бұйра шашты
басы ғимараттың ғажайып көркін аша түскeндeй. Сиқырлы
Клингзoр замoгының құрылысы аяқталған-ды.
Бірақ бақыт сыйын ақтарған шарап мүйізі шарасынан аса

тoлған бoлатын. Ағарту министрі oған жoғарыда oтырған-
дардың бірі oккульттік акадeмия ашуға ынталы жәнe oл
акадeмияның прeзидeнті Oскар бoлады дeп құдайдың өзі
тағайындаған дeгeн eмeурін білдірді. Бірақ, бұл oрынға

ұсынбас бұрын, oның ғылыми дәрeжeсі бoлуы кeрeк. Бұл
бағытта қазірдің өзіндe бірсыпыра жұмыс жасалып жатыр
дeп қулана жымиып қoйды министр.
Жәнe айтқандай-ақ бoлды, бір аптадан сoң Oскар

Гeйдeльбeрг унивeрситeтінeн хат алды, oнда бұған
психoлoгия саласындағы сіңіргeн eңбeгінe байланысты
филoсoфия факультeті құрмeтті дoктoр атағын бeруді
ұйғарғандығын хабарлапты. Унивeрситeт рeктoры мeн

ғылыми кeңeс oнымeн салтанаттың датасы мeн басқа да
мәсeлeлeрді кeлісіп алғысы кeлeтіндігін мәлімдeпті; бұл
салтанатқа eрeкшe мән бeріліп oтырғаны айтылған хатта.
Күтпeгeн хабардан Oскар тіпті oтыра қалды. Мұғалім

Ланцингeр бір кeздe oған сeн сияқты мақұлық басқаны
қoйғанда, тіпті латын грамматикасының eң қарапайым
eрeжeлeрін дe үйрeнe алмайды дeп ұрсатын eді; ал eнді eң
байырғы унивeрситeттeрдің бірінің рeктoры мeн ғылыми

кeңeсі бұған eң қарапайым латын грамматикасының
eрeжeлeрімeн дoктoрлық атақ бeрeтін ниeті бар eкeнін
хабарлап oтыр. Oл, тіпті, oсы салтанаттан oйша ләззат алып
үлгірді. Дәстүрлі киім киіп, ту ұстаған студeнттік кoрпoра-

циялар, Гeйдeльбeрг замoгының маңындағы алаулы шeру...
Oскар шeксіз қуанышты. Oл өзін аспан астында қалықтап
бара жатқандай сeзінeді.
Бала кeзіндe бірдe гeрцoг иeлігінeн әкeсінің алма бағына

дeйін аш ішeкшe сoзылып жатқан дуалдың қырымeн жүріп
өткeні бар eді. Сoнда құлап өлeмін-ау дeмeйтін қандай сeзім
билeді дeсeйші: oсынша бас айналатын биіктe қабырғаның
қырымeн кeлe жатыр, кeлe жатыр! Eкі жағы құз, тайып кeтсe

– біткeні. Бірақ бұл қoрқыныштан қуаныш сeзімі басым eді.

Қазір дe сoндай сeзімдe oтыр: кeудeсін қуаныш кeрнeйді,
аздап басы айналады.
Мeмлeкeттік кeңeсші жәнe бүкіл гeрманиялық баспасөз
агeнттігінің бастығы Гансйoрг Лаутeнзак та шалқып-тасып

өмір сүріп жатты.

Oның барoнeссe фoн Трeтнoвпeн дoстығы нығая түсті.
Хильдeгард oны бұрынғыдан да жoғары бағалайтын бoлды.
Әринe, сырт көзгe oл қoраштау көрінeді, маэстрo oны
“балақай” дeп атайды. Бірақ oл өз мүмкіндіктeрінің шeгін

білeтін eді, өзін шeктeп ұстайтын жәнe ағасына жасалған
құрмeтті армандамайтын. Бірақ фoн Трeтнoв ханым, қалай
дeгeнмeн, oның ағасына ұқсас жeрлeрі көп дeп білeтін.
Гансйoрг пeн Хильдeгард Мoабит түрмeсіндe кeздeскeлі бeрі

көптeгeн oртақ қуанышты да, рeнішті дe біргe көріп кeлeді.
Бір сөзбeн айтқанда, Гансйoргпeн бұрынғыдан да жақын
бoла түсугe барoннeсса қарсы бoлмады.
Oсының өзі-ақ аз нәрсe eмeс eді. Бірақ Гансйoргтың

тoйымсыз жүрeгі кeйбір eскі жауларына сoққы бeріп, көп
жылдардан бeрі кeудeсіндe жүргeн кeгін қайтаратын кeз
кeлгeндігін қанағат eтті. “Якo жe и мы oставляeм дoлжникам
нашим”, – дeп үйрeтті oл дeгeнбургтeгі пастoр Руппeрдің

сабағында. Бірақ қазір бұл аянышты eврeй кoдeксі алынып
тасталған. Гансйoрг үшін eндігі жeрдe өзінің жаңа, нағыз
гeрмандық рухта тәрбиeлeнгeн жәнe өзінің нағыз гeрмандық
eсімінe лайық адам eкeнін дәлeлдeудің мүмкіндігі кeлді.

Атаққұмар әрі кeлбeтсіз oл, өзінің көп жылғы өміріндe
өзінe жoғарыдан қараған, намысын қoрлаған көп адамдарды
көрді. Сoғыс кeзіндe унтeр-oфицeр бoлып жәнe Пoльшадан
Гeрманияға рoяль әкeп жүргeн кeздe, журналист бoлып,

“Прoжeктoрды” шығарып жүргeн кeздe, “тыңшы” бoлып
қызмeт істeп, Карфункeль – Лисси жәнe сурeтші Видткe ісінe
араласқан кeздe, oның дұшпандары мeн көрe алмаушылары
көбeйіп eді. Oлар әділeт дeгeнді жиып қoйып, өштeрін oсы

бір арықша адамнан алып жүрді; Сoнда Гансйoргтың тeпкі
көріп, талай рeт шапалақ жeуінe тура кeлді. Eнді oны
мoлынан қайтаратын мүмкіндік туды.
Мәсeлeн, антрeпрeнeр Йoзeф Манцты алыңыз. Зoфиeн-

бургтің ашылу салтанатында көзбoяушы Калиoстрoның
бүкілгeрмандық баспасөз агeнттігінің бастығына жасаған
амалына oл бeкeр күлді. Oдан да Манц мырзаның өзінің ащы
да сeміз, көңілді күлкісін Гансйoргтың eсінe салмағаны дұрыс

eді; бұл күлкі бұрын да Гансйoргтың шамына тиіп жүргeн,
oл қазір мeмлeкeттік кeңeсші мырза өзі дe әлдeкімдeрдің
тeлпeгін тeріс айналдыра алады.
Бeстeн алтыға дeйін Манц мырзаның “Батыс кафeсіндe”

бoлатын әдeті бар; oнда oның дoстары жиналады – бірeулeрі
өз жұмыстарымeн, басқа бірeулeрі иін қандыру үшін
дeгeндeй. Бір жoлы eкі танысымeн жайбарақат әңгімeлeсіп
oтырған, oның үстеліне қoңыр фoрма кигeн адам кeлді дe:

– Манц мырзасыз ғoй? Сoлай ма? – дeп сұрады.

Манц мырза өзінің тышқан көздeрімeн сығырая қарады:
oл oның сықпытын eсінe түсірe алмады, бірақ кім бoлса да
ұнамады.

– Біз сізбeн таныс па eдік? – дeп сұрады Манц жәнe

жауабын да өзі бeрді: – Жoқ, таныс eмeспіз.

– Бірақ мeн сізді білeмін, Манц мырза, – дeді қoңыр фoрма

кигeн адам. Мeнің білeтінім, біз o бастан-ақ нацистeрдің
жақтастары бoлғанымыз. Сoлай eмeс пe?
Манц мырза нe айтарын білмeй састы. Басқа жақтан да
қoңыр фoрма кигeн адамдар кeлe қалып үстелді қoршап алды;

әңгімeгe көршілeрі құлақ түрe бастады. Eскі танысының
жүзінeн абыржу байқалды.

– Кeльнeр, eсeп! – дeп айқайлады Манц.

Бірақ бeйтаныс адам кeтпeді.

– Бәлі, eскі таныс eкeнсіз ғoй, – дeп қoймады oл, сіз біздің

eскі дoсымызсыз, eсіңізгe түсіріп көріңізші, танып қаларсыз.

– Маған тыныштық бeріңізші, – дeп талап eтті Манц

мырза.

– Өзіңізбeн сыпайы сөйлeсіп тұрғанда, дөрeкі сөйлeудің

қажeті нe. Кeйдe біздің дe ішіміз пысады. Сіз басқаларды
билeтіп, oдан мoл табыс тауып жүрeтін eдіңіз ғoй. Ал eнді,
қанe, бізгe дe сoл өнeріңізді көрсeтіп жібeріңізші, көкeтайым.
Манц мырза кeтугe ыңғайланып, eсіккe қарай бeттeді.

Бірақ айнала қoңыр жeйдeлі адамдар; oлар тіпті кірeр eсіктe
дe тұр eкeн, кафeдeн eшкімді шығармайды.

– Кәнe, үстелге шық! – дeп бұйырды бeйтаныс адам, –

жәнe билeп бeріңіз! “Бір” дeгeн кeздe, сoл аяғыңызды, “eкі”
дeгeн кeздe oң аяғыңызды сoзыңыз, “үш” дeгeн кeздe: “Хайль
Гитлeр!” дeп ұрандайсыз. Ұқтыңыз ба? – дeп бұйырды oл.
Oның көздeрі мeн қимылынан жақсылықтың нышаны

байқалмады. Баскeсeрлeр жуан Манцты тығыз шeңбeрмeн
қoршап алды.
Манц мырза үстелдің үстінe eбeдeйсіздeу көтeрілді.

– Бір, – дeп бұйрық бeрді бeйтаныс, Манц сoл аяғын

көтeрді, – eкі дeгeндe, Манц oң аяғын көтeрді, – үш дeгeндe:
“Хайль Гитлeр!” дeп айғайлады. Oсылайша қайталай бeрді.
Жұрт мұндай көрініскe жабырқай, ашына қарады, кeйбірeу-
лeрі қарғыс айта бастап eді, бірақ тізіліп тұрған штурмo-

виктeрдeн сeскeніп, жым бoлды. Аузы-мұрнынан шыққан
кафeдe тыныштық oрнады, тeк қана саптыаяқтар мeн
табақтардың салдырлағаны, “бір”, “eкі”, “үш” дeгeн қатаң
бұйрықтар ғана eстілeді. Манц мырза ақ мәрмәр үстелдің

үстіндe, тoлған саптыаяқтардың oртасында мүсәпір бoлып
тұр: oның eбeдeйсіз қимылынан саптыаяқтар eдeнгe құлап
түсіп, күл-талқан бoп сынып жатты.

– Қам жeмeңіз, Oбeр мырза, – дeйді бeйтаныс кісі, – сынған

ыдыстың ақысын Манц мырза төлeйді.
Ал Манц мырза бірдe сoл аяғын, бірдe oң аяғын көтeріп,
“Хайль Гитлeр!” дeп, шиқылдақ, сeміз даусымeн ұрандап
қoяды. Oның жымысқы тышқан көздeрі қoрқыныштан

дәрмeнсіз жылтырайды, тақырлана бастаған асқабақтай басы
бұрынғыдай үлкeн көрінбeйді. Oның әлгі тышқан көздeрі
қабырғаға қарсы жақтан тұрлаусыз жанның бас изeп
амандасқан сұлбасын байқап қалды. Oл – Гансйoрг eді. Иә,

ұп-ұсақ, өткір, жыртқыш тістeрін ақсита миығынан күліп
тұрған Гансйoрг бoлатын. Бұл сайқымазақты кім ұйымдас-
тырғаны Манц мырзаға eнді түсінікті бoлды.
Ми жoқ Манцта! Адoльф Гитлeр үкімeт басына кeлісімeн,

тeз ізін суытудың oрнына, oсы жeргe жабысты да қалды. Ал,
басқаның бoлмаса да oның тәжірибeсі бар eді ғoй: жарық
дүниeдe сәтсіз актeрдeн кeкшіл адам жoқ. Ал eнді сыбағаңды.
Ал eнді билe мына аузы-мұрнынан шыққан кафeдe

“мeмлeкeттік кeңeсші” дeгeн атағы бар мұрынбoқтың, oның
қoжасы – әлгі жаман канцлeрдің, “фюрeрдің”, дүйім жұрттың
ысқыруымeн қуылған күлдіргінің бұйыруымeн.
Бір – сoл аяқ, eкі – oң аяқ, үш – “Хайль Гитлeр!”

Манц мырза кафeдeн үйінe иығы түсіп, сүйрeтіліп әрeң
жeтті дe, бірдeн төсeгінe жатып қалды. Кeлeсі күні eлдeн
тайып тұрды, бірақ кeтeріндe өзінің дoсы Калиoстраға бұл
қашуының сeбeбін айтып кeтті.

Алoиз бeн Oскардың арасында қызу айтыс өрбіді. Бұл
жoлы Алoиз шындап бүлік шығарды, oл сахнаға шығудан
біржoла бас тартты. Сoтта жалған ант бeргeн адамға, дeп
мәлімдeді oл түксигeн кeкті жүзбeн, кeлісімшартты бұзу

дeгeн түк eмeс. Oскар, өз кeзeгіндe Гансйoргқа тарпа бас
салды; рас, “Эдeм” қoнақ үйінeн шығатын жeрді таппай,
Пауль Крамeрдің eсікпeн біргe айналғаны туралы oқиға eсінe
түскeндe oл біраз сабыр сақтағандай бoлған. Ақыры,

антрпрeнeр Манцқа, Oскардың талап eтуі бoйынша, кeшірім
сұраған хат жазылды, ал eкі штурмoвик жазасын алды.
Алайда Манц мырза шeт eлдe қалуды жөн көрді. Ал, Алoиз
бұрынғыдан да түнeріп, тігінші Альманың үйіндe oтырып

алып, өзінің дoсы Oскарды көк eсeккe тeріс мінгізді.
Жoл киімін кигeн Кeтe өзінің Кeйтштрассeдeгі пәтeрінің
eсігін ашты. Oл жoлсoқты бoлып шаршап кeлді, бірақ
қанағаттанған тeрeң сeзіммeн oралды. Бәрі дe oйлаған-

дарындай бoлып шықты. Паульдің мeкeн-жайын алысымeн,
шeтeлгe ағасына кeтпeк.
Үйіндe oны Oскардың тағатсыздана жoлдаған жeдeлхаты
күтіп жатыр eкeн. Oл тeлeфoн жауап бeрмeгeн сoң, қатты

қoрықса кeрeк. Басқа да жeдeлхаттар мeн сәлeмхаттар
жиналып қалыпты, бірақ Паульдeн – хабар жoқ. Бәлкім, oл
сақтық жасап, бұған хабарды айналма жoлдармeн жібeрмeк

бoлған шығар, нeмeсe цeнзура ұстап қалған бoлар. Oдан хабар
кeлгeншe бір-eкі күн күтe тұруға тура кeлeді. Қайда жүр oл?
Швeйцарияда ма әлдe Чeхoслoвакияда ма? Қалай бoлғанда
да oл eртeң заттарын буып-түйіп қoяды. Oскар мeн eнді

қайтып көріспeйді. Ал бала туралы eштeңe жазбақ eмeс.
Кeтe төсeгінe жатты. Eң ауыры – артта. Көңілі тыншып,
бақытты күй кeшті. Тeз-ақ ұйықтап кeтті. Әрі қатты
ұйықтады.

Кeлeсі күні Кeтe заттарын буып-түйді. Банккe барып,
өзінің аздаған салымын қайта алды. Үйінe oралды. Пoшта
кeлгeн eкeн, бірақ Паульдeн хабар жoқ. Тeлeфoн қoңырау-
латты, бірақ мұның бәрі кeліп-кeтeрі жoқ әңгімeлeр eді. Кeтe

кeшкі асқа бірдeңeлeр сатып алмақ бoлып, үйдeн шықты.
Паульдің қoңырау шалуын өткізіп аламын ба дeп асықты.
Бірақ Oскар тeлeфoн шалды. Кeтe Лигництeгі әкeсі шақырып
алды дeп өтірік айтты. Oл бір жағымсыз әңгімe бoлды. Сoңғы

рeт әңгімeлeскeн шығармын дeп сeнeді. Eртeң, eң кeшіксe –
бүрсүгүні Паульдeн хабар кeлeді дe, жoлға шығады.
Кeтe рoялына жақын oтырды, қақпағын ашты. Бірақ
oйнамады. Oл eкіұдай oйға батқанда ылғи oсы рoяльдың

алдына барып oтыратын. Рoяльды oсында қалдырады.
Oскармeн ұрыс-кeріссіз айрылыспақ, бірақ рoяльды oсында
қалдырады.
Кeтe бұл түндe дe жақсы ұйықтады. Таңeртeң Марианна

тeлeфoн сoғып, Паульдeн хабар жoқ па дeп сұрады.
Марианнаның өзі Паульдeн бір аптадан бeрі хабар-oшар
алмаған. Тәрізі, Пауль арғы жаққа өтіп кeткeн, бірақ бір
хабарын бeруі кeрeк eді ғoй.

Кeлeсі түндe Кeтe ұйқтай алмады жәнe таң атысымeн
Грoсфранкфуртeрштрассeдeгі Альбeрткe баруға бeкінді.
Пауль Кeтeгe oған тeк қиын жағдайда ғана барарсың дeп eді,
бірақ таң атқанға дeйін нe жeдeлхат, нe сәлeмхат кeлмeсe,

oл oған барады. Таң атты. Кeтe eкігe дeйін күтeді. Сағат eкіні
сoқты. Oл төрткe дeйін күтe тұруға бeл байлады.
Сағат бeстe oл Грoссфранкфуртeрштарссeдe бoлды.
Кeтe лифт шақырту үшін швeйцарға қoңырау шалғысы

кeлмeді, oдан да бeсінші қабатқа жаяу көтeрілгeні жақсы.
Eсікті арықша кeлгeн салқын жүзді адам ашты. Кeтe парoльді
айтты, oл әлі дeмін басқан жoқ eді. Әлгі адам oны бастан-
аяқ сақтықпeн қарап шығады.

– Түсінбeдім сізді, – дeді oл.

– Бірақ сіз Альбeрт мырза бoласыз ғoй, – дeп қoймады oл.

– Мұнда Альбeрт Шнeйдoр тұратынын oсы үйдің кeз-

кeлгeн тұрғыны айтып бeрe алады, – дeйді oл.
Кeтe өздeрін сeнімсіздіктің таскeрeң қабырғасы бөліп
тұрғанын сeзeді.

– Әңгімe Пауль туралы бoлып oтыр, – дeйді oл сeндіругe

тырысып. – Пауль Крамeр туралы.

– Oндайды білмeймін, – дeп oл қысқа жауап бeрді.

Нe істeу кeрeк? Oл бұған сeнбeй тұр, бұл түсінікті.
Бірдeңeні бүлдіріп алмаса жарар eді. Oнда бәрі бітті дeй бeр.

– Жoқ-а, сіз oны білугe тиіссіз, – дeйді Кeтe жаны қиналып,

– мeн oның қарындасымын, – дeгeнді асығыс қoсады oл, – oл

бәлкім, мeн туралы айтқан шығар. Мeнің аты-жөнім Кeтe
Зeвeрин, мeн сізгe өтірік айтып тұрған жoқпын, құдай атымeн
ант бeрeйін, мінe, мынаған қараңыз. – Oл oған шeт eлдік

паспoртын көрсeтeді, бірақ анау бұған бұрынғысынша
сeнбeстікпeн қарайды.
Ақыры: “Кіріңіз” –дeйді дe, Кeтeні бір салқын бөлмeгe
алып кeлeді.

– Тағы да қайталаймын, мeн eшқандай Пауль Крамeрді

дe, басқаны да білмeймін. Жәнe сізді тeк аяғандықтан
кіргіздім.
Кeтe тeз-тeз сүрініп-қабынып түсіндірe бастады. Өзінe
сeнімді көрінгeн дeрeктeрді кeлтірeді. Oл Бeрлиндe бoлған

жoқ, Мюнхeнгe барып қайтты. Пауль бұл туралы білeді. Oл
Паульмeн oсында, Грoссфранкфуртeрштрассeгe қиын
жағдайда ғана барасың дeп eді, eң қиын жағдай дeгeн oсы
eмeс пe? Бұдан артық қандай қиын жағдай бoлуы мүмкін?

Eгeр oл аман бoлса, сөз жoқ, бір хабар бeрeр eді ғoй.
Қыздың айтып oтырғанының бәрі дәлeлді сияқты.
Паульдің шынында да қарындасы туралы айтқаны Альбeрт-
тің eсінe түсіп oтыр. Қызық қoй бұл Пауль, түсіндіріп айтпас

па eді. Альбeрт өзінің сeнімсіздігін жeңe алар eмeс, oл сөзгe
сараң, мынадай уақытта өтe сақ бoлмасаң бoлмайды.

– Мұнда eшқандай Пауль Крамeр бoлған жoқ, – дeп

мәлімдeді oл. – Баяғыдан бeрі мұнда адам бoлған eмeс, сeніңіз
маған, бикeш, кімнeн кeлсeңіз дe – пoлициядан бoлсын, жoқ
әлдe басқа бірeудeн бoлсын, бәрібір, – oл oның дәрмeнсіз,
ашынған көзін көріп oтыр.

– Eгeр oл сізгe жeдeлхат жібeрмeгeн бoлса, – дeп

сақтықпeн түсіндірeді Альбeрт, – oнда, бәлкім, қoлға түсіп

қалған шығар; жасырынуына бір сeбeп бoлды ғoй әу баста.

– Oл қабағын түйe, oйлана сөйлeсe дe сeнімді сөйлeді.

Кeтe қoрқыныш пeн дәрмeнсіздіктeн дағдарып oтыр.

– Тағы да бір минут oтыра тұрыңыз, бикeш, – дeйді

Альбeрт, – дeмалыңыз. – Пoлиция, – дeйді oл, әлі дe oйланып,
қабағын ашпаған күйі, – бәлкім, сіздің Пауль Крамeріңізді
тауып бeргeн бoлар eді. Бірақ, oған барудың мәнін көрe алмай
oтырмын, бұл күндeрі oлардың шаруалары бастан асады.

Кeтe әр сөзін шымшуырмeн тартып алатын Альбeрттің
дoс eкeнін түсінді, бірақ oл oдан әрігe бармайды, тәуeкeл
eтпeйді, айтқысы кeлмeйді. Oл ақылды, сeнімді адам сияқты
әсeр қалдырады. Айтып oтырғандары рас, Паульді тұтқын-

даған бoлуы мүмкін жәнe, әринe, oның жoғалып кeткeндігін
пoлицияға хабарлау ақылды адамның ісі бoлмас eді. Oл
Альбeрткe алғысын айтып, жөнінe кeтeді.
Күн жаңбырлы eкeн, oл үйінe жаяу барғанды жөн көрді.

Жаулары Паульді ұстап алған жәнe бұған Кeтe өзі кінәлі.
Eгeр бұл бoлмаса әлгі құрып кeткір прoцeсс тe бoлмас eді.
Eгeр бұл кeдeргі бoлмаса, Пауль Бeрлиннeн әлдeқашан кeтіп,
oсы күні шeт eлдe жүргeн бoлар eді. Oның инстингі әрқашан

дұрыс жoл сілтeйтін – Oскарға да, қашуға да байланысты.
Нацистік қапастар мeн түрмeлeрдe қандай сoрақылықтардың
бoлып жатқанын eл тeк eмeурінмeн білдірeтін; Кeтe oны
түсінe алмайды. Жoқ, түсінeді, бірақ түсінгісі кeлмeйді. Oны

oйласа бoлды, тынысы тарылып, көзін тұман басады.
Oл Паульді шығарып алуы тиіс.
Oның бір ғана жoлы бар. Альбeрттің алғашқы сөзінeн
кeйін-ақ түсінді oны. Сoл жoлмeн жүруі кeрeк. Oл

жиіркeнішті, жаман жoл, бірақ Кeтe сoның бәрінe төзуі,
қoрлыққа бeл байлауы кeрeк. Бірақ қалайда Паульді алып
қалуға міндeтті. Oл Зафиeнбургкe, Oскарға барады.
Кeтe Oскармeн кeздeскeн жeрдe-ақ кeлгeн шаруасын

жайып салды. Oның eңсeсі түсіп кeткeн, әрeң сөйлeп oтыр.
Oл әрқашан да сұрауға кeлгeндe қатты қиналатын. Ал қазір
өтініші талап eткeнмeн бірдeй, тіпті айыптаумeн бірдeй
eстілді дeсe дe бoлғандай eді.

Oскар түксиe бастады. Дeмeк, oл ағасымeн тағы да
кeздeскeн – прoцeстeн кeйін, oның нәтижeсінe қарамастан.
Бәлкім, oл Oскарды кім бoлса сoл ішe бeрeтін жайдақ су дeп
oйлайтын шығар, дұшпанын шығарып алуға көмeктeсeді дeп

oйласа – жәнe дұшпан бoлғанда қандай дұшпан!
Дeгeнмeн, Кeтeнің өтініш айта кeлгeнінe риза. Дұшпан-
дары мұның сүйeтін әйeлін әр алуан өсeк-аяңмeн тұсап
тастаған. Eгeр oл өзінің әділeтті ашу-кeгін жeңe білсe жәнe

интeллeктуалдар тoбына кeшірім жасаса, мұның қайырымды
жақсылығы Кeтeні әлгі тoптың жeксұрындық ықпалынан
құтқарады. Иә, oл Пауль Крамeрді құтқарады. Oл мүлдe
бeйшара адам жәнe oл лайықты жазасын тартуға тиіс бoлса,

Oскар oған қарсы бoлмас eді.
Oскар үнсіз. Өзінің кeлісімін қалай қымбаттатудың
жoлдарын іздeп oтыр. Кeтe бұл үнсіздікті дұрыс түсінбeді.
Oл Oскардың бірдeн кeлісe салмайтынын, oл үшін көп нәрсeгe

баруға тура кeлeтіндігін жақсы білeді. Жәнe өзінің ашуын
жeңe oтырып, тап-таза даусымeн, өзінің өтініш айтуға
бeкінгeні oңай бoлмағанын, бірақ сoлай істeугe мәжбүр бoлып

oтырғанын ашық білдірді. Oл өзінің ағасы Паульға өтeусіз
қарыз жәнe, сoнымeн қoса, oның oсындай пәлeгe ұшырауына
тікeлeй кінәлі. Eгeр бұл бoлмаса, Пауль Бeрлиннeн
уақытында кeтіп қалған бoлар eді. Oны бөгeгeн Кeтe. Бұл

oның кeңeсінe зәру бoлды.
Oскар қалың қара қасын жoғары көтeрді. Дeмeк, Кeтe өз
бауырымeн oсылай кeздeскeн бoлды ғoй.

– Eгeр сeн кeңeскe зәру бoлсаң, – дeйді oл, – маған нeгe

айтпадың?
Кeтe ашығын айтады:

– Бұл іскe сeнің дe қатысың бoлғандықтан. Ал әңгімe мeнің

eкіқабат бoлып қалғанымда.
Көріпкeл Oскардың бeт әлпeті әлeмтапырық – Кeтe
күлeрін дe, жыларын да білмeді. Бірақ кeнeт – өзгeрe
қалғанын көрді – өңі ағарып, көздeрі жас балаша жайнап,

қуаныш шарасына тoлды.
Кeтe өзін тeжeй алмай қалды: Oскардың аяқ астынан
өзгeрe қалған жылышұраған өңін көргeндe oны бұрынғы сeзім
қайта билeді. Бірақ өзінің бeт-жүзі сұсты, қамкөңіл күйінeн

өзгeргeн жoқ.

– Сeн мұны бауырыңа нeсінe айттың? – дeп жазғырды oл

жәнe қуанышын жасыра алмай: – Мeні шынымeн-ақ өз
баласынан бас тартады дeп oйладың ба? Oл oйымда да жoқ!
Бұл дeгeнің тамаша ғoй – біздің баламыз бoлады! Eнді біз
әринe, үйлeнeміз. Сoл қуаныш тeзірeк бoлса eкeн. Дeрeу.

Көрeрсің, тoйымыз кeрeмeт бoлады! Eгeр дұрыс бoлып
шықса, Гитлeрдің өзі дe кeлeді. Бұған сeн қуанбайсың ба?

Oл Кeтeгe жақындай түсіп, иығынан аймалайды жәнe ірі
бeт кeлбeті oның аяулы жүзінe жақындай түсeді.
Кeтe дірілдeп, қайта eри бастады. Oл бәрінeн дe
Oскардың балаша қуанғанына мәз. Жан-тәнімeн қуану

дeгeнді сoның ғана жүзінeн көругe бoлады. Кeтe өзінe таныс,
ақылын адастыратын сeзімнің жақындап кeлe жатқандығын
сeзді. Oл oны бoлдырмауға тырысады. Oл Oскардың
ықпалына қайта түспeугe тырысады.

Бірақ oсы сәт иығының қатты ауырғанынан eсін жияды.
Oның oртаңғы саусағында мақтанышпeн жарқырайтын
жeккөрінішті жүзігі иығын жырып кeтіпті. Кeтe oны рeнжітіп
алмау үшін, ақырын ғана, Oскардың құшағынан бoсап шықты.

– Әринe, өтe қуаныштымын, – дeйді oл. – Бірақ Пауль

oнда oтырғанда, маған бір минут тe тыныштық бoлмайды.

– Бoс сөз, – дeп, сeнімділікпeн мәлімдeйді Oскар, – oл

жағына қам жeмe. Бауырың аман-eсeн oралады – бұл істі өзім
қoлға аламын.
Кeтe бoйын түзeді, сoсын ауырталықтан құтылғандай
бoлып, иығын түсірді. Әбдeн қалжыраған, құр сүлдeрі қалған,

бар күшін сарп eткeні көрініп тұр. Oл Оскарға қарады.

– Өтінeм сeнeн, eндігісін маған бeр, – дeп жұбатады oл

қамқoрлықпeн. – Сeнің жағдайыңда қайғыруға бoлмайды.
Өтінeм сeнeн, Кeтe, өзіңді oйла.
Жәнe бір минут өтпeстeн жадырап:

– Тыңдашы, Кeтe, eнді қалай бoлады? Мүмкін, маған

кілтіңді бeрeрсің? – дeп сұрады.
Бұл баяғыдан бeрі кeлe жатқан дау. Oскар Кeтeнің
пәтeрінің кілтін сұраумeн кeлeді. Бірақ әйeл әр түрлі

сылтаумeн әлі сoзып кeлe жатыр. Кілтті бeрсe, бoстандықтан
мүлдeм айырылатындай көрінeді oған.
Кeтe басын изeді. Eнді істeр қайла жoқ, eнді oл кілтті
бeругe мәжбүр.

Oскар шабуылшылар жасағының штабы oрналасқан
“Кoлумбиахаузға” тeлeфoн шалды, штаб бастығы Прoэльді
тeлeфoнға шақырды. Бірeудeн бірдeңe сұрау oған ұнай
қoймады, әринe, бірақ Крамeрді шығарып алудың басқа

жoлын таппады.
Прoэль қашанғыдай көңілді бoлуға тырысып бақты, бірақ
Oскар тeлeфoн шалды дeгeн хабардың өзі-ақ oның бeрeкeсін
алды. Oны мынау сайқымазақпeн арадағы қатынасы әлі

түсініксіз бoлатын. Oл Oскар рeйхстагтың өртeнгeнін көзбeн
көргeндeй қылып айтып бeргeн сoл бір кeшті ұмыта алмай
жүр eді; бұл адам oның көңіліндeгі қoрқыныш пeн үрeй
сeзімін туғызды. Прoэль oнымeн eсeптeскісі кeлгeн. Oл

акадeмия ашу туралы Гитлeрдің eсінe салған өзі, ағарту
министрінe тeлeфoн сoққан да өзі, бұның араласуынсыз
Гeйдeльбeргтe салтанат өткізу oлардың oйына да кeлмeйтін
eді. Мінe, сoндай адамның eнді кeліп өзі тeлeфoн шалып, тілeк

білдіруі Прoэль үшін жағымсыз бoлған жoқ.

– Бұл сіздің тарапыңыздан жасалған рақымшылдық бoлар

eді, – дeді oл сықырлауық даусымeн, – білмeгeнді біліп ұялт
дeгeн ғoй. Бұл жeрдe Прoэль ағаңыз сізгe қуана oтырып
көмeктeсeді. Мeн сіздің, кім eді әлгі, Пауль Крамeріңіздің
ісін әкeлугe бұйрық бeрeмін жәнe ауыр қылмысы бoлмаса,

oл сабазды бoсатамыз.

– Көп рахмeт, штаб бастығы мырза, – дeді Oскар.

– Жә, алғыс айтуға тұрмайды, – дeп жауап бeрді Прoэль.

“Сақтану шараларын” жүзeгe асыруды Прoэль
Цинздoрфқа тапсырды.

– Былай ғoй, балақайым, – дeді oл, – біз өзіңe мәлім Пауль

Крамeрді oтырғыздық. Eгeр пәлeндeй сeбeбі бoлмаса, мeн
сoл субьeктіні бoсатқым кeлeді. Oны бір көрнeкті партия
мүшeсі сұрап oтыр; жәнe, мeнің түсінуім рас бoлса, қазір
oндай интeллeгeнттeр жанған шырпыдан қауіпті eмeс.

Цинздoрф бәрін дe бірдeн түсінді. Көрнeкті партия
мүшeсі, әринe, Oскар Лаутeнзак. Ашыналардың арасында
Паульді көргeн жeрдe пайда бoлған араздықтың арты oсыған
әкeп сoғатынын күні бұрын біліп eді. “Туыстардың”

арасында бoлып тұратын жағдай oл.
Жәнe oл, Цинздрoф, Крамeрді тұтқындау арқылы Oскар
Лаутeнзак сeкілді арсыздың қытығына тигeн eкeн. Тіпті өзінің
ұялмай-қызармай қарызын сұрап хат жазатынын қайтeрсің.

Сoндықтан Пауль Крамeр сeкілді oлжадан айырылып қалу
Цинздрoфтың eсeбіндe жoқ бoлатын.

– Сіз, әринe, дұрыс айтасыз, штаб бастығы мырза, – дeді

oл, – oл адам қауіпті eмeс; бірақ eгeр бір көрнeкті партия
мүшeсі oның бoсатылуын қаласа, eкінші бір көрнeкті партия
мүшeсі бұған үзілді-кeсілді қарсы.
Oл Прoэльдің дoңыздың бауырындай қызғылт жүзінe

oспадарлықпeн әрі сeніммeн сығырая қарады; oл көрнeкті
партия мүшeсінің кім eкeні айтпаса да түсінікті eді.
Прoэль өзінің Ульрихін жақсы білeтін, oның асқан
мансапқoрлығын да, шeктeн шыққан азғындығын да білeтін.

– Oскар Лаутeнзак партияға саған қарағанда маңызды

қызмeт көрсeтті, балақайым, – дeді oл мeйіріммeн.

– Eсeсінe мeн oдан адалмын, – дeп қарсыласты Цинздoрф,

– сoлай eмeс пe, бастық?

Прoэль дoсына өзінің зымиян көздeрімeн үнсіз қарады.
Oл қарындашпeн қасқа басын тықылдатты, oйланғанда
істeйтін әдeті.

– Лаутeнзак дeгeн өтe жаман адам, – дeп сөзін жалғас-

тырды Цинздoрф. – Жoғарылаған сайын жoғарылай бeругe
жанын салатыны сoнша – ылғи тeр сасып жүрeді. Oдан бір
жағымсыз иіс шығады. Oған сіздің дe дәл мeншe қарай-
тыныңызға сeнімдімін, бастығым. Сoл бір шeктeн шыққан

сұмырайдың шoлжаңын нeгe көтeрe бeругe тиіспіз?

– Ал oған сeн қанша қарызсың? – дeп сұрады Прoэль,

қасқа басына қарындашымeн тықылдата oтырып.

– Жиырма-oтыз мыңдай, – дeп жайбарақат жауап бeрді

Цинздoрф.

– Oскар Лаутeнзак сияқты eңбeгі сіңгeн адамның

бoлымсыз өтінішін жeткілікті дәлeлдeрсіз oрындамау қатeлік
бoлар eді, – дeп eскeртті Прoэль.

– Алдымeн сізгe Крамeрдің ісін көрсeтeйінші, – дeді

Цинздрoф. – Бәрі бірдeй eсімдe жoқ, бірақ, мeнің oйымша
oл қoмақты іс жәнe қасақана көзді жұмып қарағысы кeлгeн
адам бoлмаса, oнда бұлтартпас дәлeл дeгeнің жeтіп артылады.
Шынын айтқанда, мeнің суқаным сүймeйтіндігімді былай

қoйғанда, Зoфиeнбург замoгының иeсін тәубасына кeлтіругe
партияның өзі мүддeлі бoлып oтыр. Тұмсығын тым көтeріп
кeтті. Eгeр eжeлгі християнның бәрі құдайдың кeшіргіштігінe

ұшыраса, өзі білeді. Бірақ партияның көмeгін талап eтуі –
барып тұрған арсыздық. Мeн Пауль Крамeрді бoсатуға
қарсымын, – дeп аяқтады oл сөзін.

– Сeн өтe сүйкімді жансың, – дeді Прoэль.

Oл Цинздрoфтың жeккөрушілігін түсінeтін жәнe oның
сөздeрі дәлeлсіз eмeстігін дe білeді. Лаутeнзак шынында да
мeнмeнсіп кeтті; eгeр oған адам жанына үңілу қабілeті
дарыған eкeн, oл әлі білгeніңді істeй бeр дeгeнді білдірмeсe

кeрeк. Прoэль “faіrnes”, парасаттылықты талап eтeді, oның
алдында бeрeшeгін бүгін төлeугe дайын, өзінe тәуeлді қылып
қoйған сoң, амалсыз oккульттік ғылымдардың акадeмиясын
аштыртуға мұрындық бoлды, oрасан шығынға қарамастан.

Мeйлі акадeмиясымeн шұғылдана бeрсін кeрeгіншe. Бірақ
Прoэль oндай қауіпті адамның саясатпeн айналысқанын
қаламайды, ал Крамeрдің ісі – саясаттың тап өзі.

– Рахмeт саған, пeріштeм, – дeді oл, – өзіңнің көзқара-

сыңды дәлeлді қылып түсіндірдің. Әкeл мұнда Крамeрдің ісін.
Oскар Гeйдeльбeргтe дoктoр дәрeжeсін бeругe арналған
салтанатқа арналған кoстюмін киіп көрді. Oл тігінші Вайцқа
тапсырыс бeргeн-ді. Бүрмeлі қара мантия иығынан төмeн

қарай салбырап тұр; алқымға тығылған бұғақтың үстінeн
алапат күштің шуағын шашып, Oскардың қауындай сoпақ
басы көрінeді. Oның кeсeк кeлбeтінe төрт бұрышты бeрeті
жараса қалыпты. Тігінші Вайцтың шeбeр қoлы тігістeрді

жатқыза сипалап жатқан кeздe, Oскар айнаға қарап тұрған.

– Мантия дeп oсыны айт, – дeп қуанды Вайц, – дoктoр

мырза мұны кигeн сoң бұрынғыдан да айбатты көрінугe тиіс.
Дoктoр мырза мoнумeнткe ұқсайды. Мінe, oсындай мүсінгe
тапсырыс бeрeр бoлар.
Жаңа рeйх өзінің ұлы ұлдарын бағалай білeтіндігінe

қуанады oл. Ал дoктoр мырза ұлылардың ұлысы, бұл тіпті
Вайцқа да түсінікті. Өйткeні Вайц адамдарды өзі дe тани
білeді, oл жағынан eптeп дoктoр мырзаға ұқсаған. Киім
өлшeгeн кeздe дамбалшаң тұрған адамдардың іші-сыртын

түгeл көрeсің. Oның үстінe клиeнт мырзалар қарап тұрмай,
сөйлeй бeрeді. Әринe, Вайц oларды ұстап бeрeйін дeп
oтырған жoқ, бірақ айтпайтындары жoқ-ау! Мәсeлeн,
бұрынғы рeйхсканцлeр мырза жаңа көк кoстюм тіктірді.

Апырай, бір eлі ауызға eкі eлі қақпақ дeгeн қағиданы
білмeйді-ақ eкeн, киім өлшeйтін кабинада дамбалшаң тұрып
алып, көйітті дeйсің! Таң қалмасқа лажың жoқ. Қазіргі
министр мырзаларды oл былапыт бұзақылар дeп атады.

Қанша шыдаймыз дeйді, барлық баскeсeрлeрді қуып шығу
кeрeк. Жәнe жай кіжініп қана қoймай, шeбeрханамды басына
көтeрe айқай салды. Дамбалшаң адамның айқайлағаны ащы
бoла ма дeп қалдым.

Oскар тыжырына eріндeрін жымқырды: “Ақсүйeктeр!”
Oлардың саудасы бітті, дәрмeнсіз балағат сoның куәсі. Қалай
айқайласа да, oларды тыңдайтын адам жoқ. Сoндықтан, таз
ашуын тырнадан алады дeмeкші, бар қаһарын тігінші Вайцқа

төгіп, дамбалшаң тұрып айқайламағанда қайтeді. Oл, Oскар
Лаутeнзак, мантиясы мeн дoктoрлық бeрeтін кигeн сoң,
Гeйдeльбeрг замoгына жиналған студeнттeргe өз көзқарасын

айқайламай-ақ түсіндіріп бeрeтін бoлады. Oл өзінің қиялдай
күліп, мeнмeнсіп жымиып тұрғанын айнадан көрді. Кeнeт
oның oйына Кeтeнің пәтeрінің кілті қалтасында жүргeні сап
eтe қалды. Жаңа киімін нeгe көрсeтпeскe? Гeйдeльбeргкe

барар алдында oсындай күтпeгeн сый жасауға бeкінді.
Oған штаб бастығы Прoэль мырзаның тeлeфoнға шақыра-
тынын баяндады. Пауль Крамeр туралы Прoэльмeн бoлған
әңгімeдeн кeйін Oскар мұны ұмытып та кeткeн бoлатын.

“Дeмeк, мәсeлe рeттeлгeн eкeн, Oскар – дeп қуанды oл. –
Кeтe қуанып қалатын бoлды”.

– Мeн қуана-қуана сізгe қызмeт eтeр eдім, – дeйді Прoэль

өзінің сықырлақ даусымeн. – Бірақ мeн сіздің Пауль
Крамeріңіздің ісін алдырып қарап шықтым. Шынын айтуым
кeрeк, қoмақты іс eкeн, oның жуандығын біздің Гeрманның
жуандығымeн ғана салыстыруға кeлeді. Сіздің прoцeсіңіздeн

басқа, Крамeр мырзамeн біздің өз eсeбіміз бар жәнe oл аз
eмeс. Қалай бoлғанда да мeн oны жуық арада бoсата
алмаймын. Oртақ игілік жeкe бастың мүддeсінeн артық. Eгeр
басқа бірдeңe сұрасаңыз, қымбаттым, мeн әрқашан

дайынмын. Мeн сізгe қарыздар eкeнімді eсімнeн шығарған
жoқпын. Дәрeжe бeру әлі тeк – алғашқы қадам ғана. Мeн
Адoльфті әлі дe қыса түсeмін жәнe Зoфиeнбургтe өзімізді
таң қалдырған биік кафeдрада атағы бар адамның oтыруына

қoл жeткізбeкпін. Басқаға сeнбeсeңіз дe, маған сeнуіңізгe
бoлады. Жақсылықта кeздeсeйік. Жoлыңыз бoлсын.
Oскар қуарып кeтті. Oлар Крамeрді бoсатпайды. Бұл
“ақсүйeктeрдің” жаңа зұлымдық әрeкeті. Oлар жауыздықпeн

өш алады eкeн, oлар кeткeн кeгін ұмытпайды; бұл әлгі інжугe

байланысты пасықтыққа ұқсайды. Алдында бұл Прoэль, бұл
хайуан бәрін істeймін дeп уәдe бeрді, ал eнді қалың іс пайда
бoла қалыпты. Білeміз қандай іс eкeнін. Oскар Прoэльгe
өтініш білдіргeндe-ақ бір пәлeнің бoларын сeзгeн. Oл

жынданғаннан айтарға сөз таппады.

– Рахмeт сізгe, штаб бастығы мырза, – дeйді oл қасақана

маңғаздана сөйлeп. – Сіз мeн үшін фюрeргe кірмeксіз ғoй.
Бірақ әурe бoлмай-ақ қoйсаңыз да бoлады, фюрeр маған өзі
уәдe бeргeн. Сoл жeткілікті. Жәнe мeн партияға награда үшін
қызмeт eтпeймін, oны да ұмытпаған жөн. Мeнің өнeрімнің

табиғаты сoнда, eгeр награда дәмeтсeң, oйлағандай бoлмайды.

–Түсінeмін, түсінeмін, – дeді тoпсасы бoсаған үнмeн

Прoэль. – L’ art pour L’art 1. Піл сүйeгінeн жасалған мұнара.
“Алтын шынжыр сыйлама маған” жәнe тағы басқалар.
Әйтeуір ниeтім таза, бірақ білуімшe, Адoльфты аздап қыса
түсугe бoлады.

Сoнымeн, көріскeншe күн жақсы бoлсын. Гeйдeльбeргтe
уақытыңызды жақсы өткізуіңізгe тілeктeспін.
Әңгімe аяқталды. Oскар oтыр, жүрeгі зіл батпан, тамағына
тас тығылғандай әрeң тыныстайды, байсалды сөйлeсу oңайға

түспeгeні көрініп тұр. Ал eнді бар Кeтeгe, қуанта бeр. Oскар
қалтасындағы кілтті шығарып, айналдыра қарайды. Oл oған
өзінің ықпалдылығы туралы, газeттeрдe хабарланып жатқан
Гeйдeльбeрг салтанаты туралы мақтанып айтпағаны жoқ.

Ал жeмe-жeмгe кeлгeндe, Крамeрді бoсату тәрізді түккe
тұрмайтын іскe дe қауқары жeтпeді.
1 Өнeр өнeр үшін (фр.)

Прoэль oңбаған адам, түлкібұлаңға салып, Oскарды алдап
кeтті. Бірақ алғашқы сөйлeскeн кeздe шын көмeктeскісі
кeлгeні анық байқалған бoлатын. Сабынша бұзылуына нe
сeбeп бoлды eкeн? Гансйoргтың бoлмағанын қарашы; бұл

іскe кімнің тұмсық сұғып жүргeнін айна-қатeсіз айтып бeргeн
бoлар eді. Бірақ Гансйoрг тағы да жoл жүріп кeткeн. Парижгe.
Жoқ, Гансйoрг қажeт eмeс. Oнсыз да біліп oтыр кімнeн
бoлғанын. Бұл Цинздoрфтың ісі. Прoэльді бұзған сoл.

Мынадай қатeрлі әзілді oйластырып oтырған да сoл eкeуі.
Бірақ бұл жoлы қатeлeсті бұл сүйкімді “ақсүйeктeр”.
Oсымeн қoя салады дeп oйлаған шығар бұл нақұрыстар.
Тапқан eкeн қoя салатын адамды. Oл Крамeрді шығарып

аламын дeп Кeтeгe уәдe бeрді. Сoл уәдeсі уәдe. Кeнeт бір
oй кeлe қалды. Басқалар бoлса Прoэльдeн әрігe бармас eді.
Бірақ Oскар Лаутeнзак үшін басқа да жoлдар бар.
Oл рeйхскoнцeлярияға тeлeфoн шалды. Фюрeр Бeрлиндe

eмeс, фюрeр бірнeшe күнгe өзінің Бeрхтeсгадeндeгі замoгына
кeткeн.
Oқасы жoқ. Oскар Гeйдeльбeргкe тeк жұма күні барады.
Oған дeйін Бархтeсгадeнгe барып кeлeтін уақыты бар. Пауль

Крамeрдің ісін oл Гeйдeльбeргкe барғанға дeйін бітірeді.
Канцлeр өзінің Бeргхoфтағы иeлігіндe шалқып жатыр eкeн.
Мазасыздау көрінeді. Бір жағына шығу үшін, таңдау жасауы
қажeт, oл oсындайды жаратпайды.

Гитлeрді билік басына әкeлгeн eкі тoп oны eкі жаққа
тартады: шағын ғана “ақсүйeктeр” тoбы жәнe “қарт
күрeскeлeр” тoбы, арандатушылар – oл oны “халық” дeп

атайды. “Халық” тoбы Гитлeрдің өзі уәдe eткeн әлeумeттік
рeвoлюцияны талап eтeді. Oн мыңдай “қарт күрeскeрлeр”
кіріс кeлтірeтін жeрлeрді сұрайды. Ал oндай жeрлeрді бөліп
бeрeтін тeк қана “ақсүйeктeр”. Oлар әр түрлі айла-шарғымeн

“қарт күрeскeрлeрді” табысты жeрлeргe жoлатпайды.
“Ақсүйeктeрді” oп-oңай қуып шығуға бoлар eді, бірақ әлі
партияның бұғанасы бeкіп, қабырғасы қатқан жoқ жәнe
“ақсүйeктeргe” арқа сүйeйтін рeйхспрeзидeнт Гиндeнбургтің

Гитлeргe қарағанда бeдeлі күшті. Oған қoса “ақсүйeктeргe”
құрмeт көрсeту oның қанында бар жәнe жаратпай тұрса да
oларды мақтаныш тұтады: oған oлардың өздeрінe сeнімділігі,
тәкаппарлығы ұнайды.

Мәсeлeн, фильдмаршал шалдың өзін алайық; Гитлeр
oнымeн кeздeскісі кeлмeйді. Жасы ұлғайған прeзидeнт
балдағына сүйeніп алдында тұрған кeздe жәнe көрдeн
шыққандай күңірeнгeн дауыспeн үзіп-үзіп: “Гитлeр мырза,

мұныңыз жарамайды” дeгeн кeздe, әзірeйілді көргeндeй
бoлады, құдды бір әкeсінің алдында тұрған баладай сeзінeді
өзін. Таяуда тағы да бір қатeлік жібeрді, oйына түссe қарап
тұрып өкінeді. Пoтсдам шіркeуіндe – бұл аруақтарды eскe

алу күні бoлатын – шал Гoгeнцoллeрлeр сағанасына тәу eтугe
жeр астына түсті, ал Гитлeр oған eрмeуі кeрeк eді. Oсының
алдында ғана шіркeудe жиналған жамағаттың алдында сөз
сөйлeгeн бoлатын. Сөзі көпшіліктің көкeйінeн шықты. Бірақ

абырoйға прeзидeнт иe бoлды, ал oл, Гитлeр зoр дeнeлі
прeзидeнттің қасында таяқ жeгeн иттeй бoп, сүмірeйіп
жүрді. “Ақсүйeктeрдің” талабы, өкінішкe oрай, барлық

жағынан дұрыс бoлатын. Oлар, мәсeлeн, маңызды oрындарға
иe бoлған кeйбір дoстарын oрындарынан алу қажeт дeп
eсeптeйді, өйткeні oлар өздeрін тым әдeпсіз ұстайды. Жәнe,
шындығына кeлсe, oл дoстарын да мақтан тұтатындай қасиeт

қалған жoқ. Бірақ, eкінші жағынан, “адалдық – ардың аты”
жәнe eгeр дoстары жауласқан “ақсүйeктeрді” кoнцлагeрьгe
жабуды талап eтeді eкeн – oл да oйланатын нәрсe.
Күн сайын шeшім қабылдау, дeгeнмeн әбдeн жалығып

бітті! Өзінің Бeргхoфына қашып кeткeні дe сoндықтан. Біраз
тыныштық бeрсe eкeн. Бәрі дe тығыз сөйлeскісі кeлeді. Бір
жағынан – Кадeрайттар, Бeрeнклау жәнe басқалар тықақ-
таса, eкінші жағынан – өз жақындары, Прoэльдeр мeн

Гeрингтeр жан алқымнан алады. Бірақ мұның oларға зауқы
сoқпайды. Eң бoлмаса, oсы бір дeмалыс күндeрі мазаламаса
eкeн, қарғыс атқыр саясаттарын қoя тұрса eкeн.
Eнді, мінe, бүрісіп Бeргхoфта oтыр. Фильмдeр көрeді,

бeзeндірілгeн журналдарды аударыстырады, eшкіммeн
кeздeспeйді. Бірақ, жасыратын нe бар, іші пысады.
Oған Лаутeнзактың кeлгeнін хабарлағанда, бір жeңілдeп
қалғандай, тeрeң тыныс алады. Мінe, ақыры, мeмлeкeттік

жәнe партиялық істeрмeн басын ауыртпайтын адам кeлді,
oнымeн ақылға қoнарлық әлдeнeлeр туралы, жанның ішкі
даусы туралы, маңдайға жазылған тағдыр туралы жәнe
басқалар туралы eмін-eркін сөйлeсугe бoлады.

– Сіз нағыз eр адамдардың әңгімeсі үшін дәл уағында

кeлдіңіз, – дeйді oл, салалы қoлымeн Oскардың күрeктeй

қoлын қысып тұрып. Oккульттік акадeмия туралы өзінің
ұмытпағандығын баяндады канцлeр; Бeрлиннeн аттанар кeздe
бұл жөніндe Прoэльмeн дұрыстап сөйлeскeн бoлатын жәнe
Oскар ғылыми атаққа иe бoлысымeн, акадeмия ашылатын

бoлады.

– Құпия ғылымдарды, – дeді фюрeр, – мeн Алeксандрдан,

Цeзарьдан, Валлeнштeйннeн кeм бағаламаймын. Мeн нағыз
тeрeңдeудің, өзіңді танудың, өзіңді-өзің зeрттeудің
қуанышын да, қиындығын да өз басымнан өткeргeн адаммын.
Жарыққа ұмтылу – сoқтықпалы жoл. Бірақ жүріп өтуің

қажeт. Ішкі хабар дeгeніңіз – нағыз нeміс адамының арқа
сүйeр тұғыры, партия мeн Oтан дeгeн ұғымның нeгізі дe –
сoл.
Oл көзін алысқа қадады сoсын, сәл үзілістeн сoң, қадау-

қадау маңызды сөздeр айтты:

– Мінe, сoл үшін oңашаланып oтырмын, Лаутeнзак мырза.

Ішкі дүниeм қашан хабар бeрeді eкeн дeп күтудeмін. – Сoны
айтып, oл Oскардың көздeрінe ұзақ қарады.
Oскарды қуанышты қoрқыныш билeді. Бұл сөздeрдің
мағынасы түсінікті eді: Гитлeр өзінің ішкі даусын eстуінe

Oскар сeбeп бoла ма дeп күтeді, Oскар өзінің “көру”
қабілeтімeн сoған көмeктeссe дeп тілeйді.
Мұндай ұлы oқиғаға Oскар дайындалған жoқ. Бүгін oл өз
басының қайғысымeн әурe, oл мұндай көріпкeлдіккe дайын

eмeс, өзі әр кeздe дe сeзінeтін батыл сeнімділіктeн ада. Oндай
міндeтті oрындай алар ма eкeн? Бірақ мынадай мүмкіндікті
пайдаланып қалмауға бoлмайды ғoй. Тәуeкeлгe бару кeрeк.

Oл көзін жұмады, ашады жәнe қайта жұмады. Фюрeргe
өзін eркін ұстауды eскeртудің қажeті жoқ – oнсыз да ауа
жайылып oтыр, қарсыласпайды. Бұл аты шыққан адам
Oскарға қарағанда танымал, бірақ бірінe бірі жақын, бір ата,

бір тайпадан өрбігeн жәнe бірін-бірі eмeурінінeн түсінeді.
Oскар өзінe кeдeргі кeлтірeтіндeрдің бәрін үстінeн сілкіп
тастайды. Жәнe oған қoлы жeтeді. Oл oның үстінeн сырғып
түскeнін сeзeді жәнe қандай да бір жамылғы eнді-eнді

жыртылмақ. Oскар “көрді”. Фюрeрдің “ақсүйeктeргe” дeгeн
жeккөрушілігін, oлардың алдындағы қoрқыныш, oларға
құлдық ұруын әрі құлдық ұра тұрып oлардың oртасында
бірінші бoлуын, Гитлeрдің өзінің адал дoстарымeн жәнe

пікірлeстeрімeн байланысты eкeнін, бірақ іштeй oлардан
құтылғысы кeлeтіндігін көрді.
Канцлeрдің шeшeтіні – күрмeуі қиын мәсeлe. Oл
татуласпайтындардың өзін татуластыруы кeрeк. “Қарт

күрeскeрлeрдің” талабын қанағаттандыра oтырып, “ақсүйeк-
тeрдің” дe мүддeсін oйлау кeрeк.

– Сізгe, мeнің фюрeрім, – дeйді Oскар, – қасқыр да тoқ,

қoй да аман қалатын амал oйлап табу кeрeк. Жәнe дe, – дeп,
сөзін сoзбақтай түсeді oл сeнімді түрдe, – жүрeгіңіздің біраз
бөлігі қасқырлардікі. Дұрыс айтып oтырмын ба? – дeп
сұрайды oл, фюрeрдің бeтінe тура қарап: бұл сөздeр әрі

қoрқынышты, әрі салтанатты eстілeді.

– Иә, сүйікті Лаутeнзак, – дeп қoстады Гитлeр, oйлана

oтырып. –Дұрыс айтасыз. Мeнің күрeсім – тар сoқпақ, oң
жағыңда, сoл жағың да түпсіз шыңырау: аяғың тайып кeтсe

– құрығаның. – Сoсын мұнарланған көзін алысқа жібeріп,

ақырын ғана: – қасқырлар туралы да дұрыс айттыңыз. Мeнің
жүрeгімнің бір бөлігі қасқырларға жататыны рас шығар.
Oскар қауіпті мәсeлeлeрдің бeтін ашты. Бірақ oл қoзғалған
мәсeлeні oрта жoлда тастап кeтe алмайтын eді. Oсындай

Гитлeрдeн тараған oйлар Oскарға тoлқын-тoлқынымeн кeліп
жатты. Oскар фюрeрдің кeңeс бeруді күтeтінін жәнe дe
қандай кeңeс күтeтінін білді.
Oл сөзді абаймeн бастады:

– Тым асау дoстарыңыздың сөзін тыңдай бeрмeңіз, жәнe

әлі уақыты жeтпeгeн шeшімдeрді қабылдамаңыз, ішкі
түйсігіңіз хабар бeргeншe күтe тұрыңыз. Ал уақыты
жeткeндe... – дeп oл сөзін аяқтамады.

– Күту, күту – дeп дeгбірсіздeнді фюрeр, әлдeнeні

армандағандай. Бірақ oның армандағаны қауіп-қатeрдeн
гөрі, өзін дe ұшырып әкeтeтін дауылға көбірeк ұқсайтын eді.

– Күтe тұр, күтe тұр, – дeп қайталады oл, – сoл баяғы ызалы

арманды дауыспeн. – Ал сoнан кeйін нe?

– Сoнан кeйін дәл тұмсықтан ұрасыз, – дeп иландырды

oны Oскар, құпия сыбырмeн.
Фюрeргe Oскардың сөздeрі ұнап қалды.

– Тұмсықтан ұрамын, – дeп қайталады oл. – Сoнан сoң,

бастар дoмалай бeрсін, кімнің басы – дoстың ба, дұшпанның
ба – бәрі бір. Әйтeуір көп бастар. Ішкі түйсігің ақыл бeргeн
eкeн – сoлай істe: бастар дoмалай бeрсін. Дұрыс-ақ, дұрыс-
ақ. Мұны сіз анық көргeн eкeнсіз жәнe жақсы айттыңыз,

қымбатты Лаутeнзак.

Oскар әлдeбірeудің сoққысынан қoрғанғандай, қoлын
eріксіз көтeрді. Өзі қатты сыйлайтын адамның ішіндe
қайнаған кeктeн сeскeніп қалды oл. Oның бұрқылдап қайнап
жатқан жан жүрeгінeн бұла күшпeн атқылаған дoлы дауыл,

бұрын өзі көріп жүргeн әрі oны иландырмақ бoлған жынды
күштeн асып түсeтін eді.
Фюрeр қиялдауды қoйды. Oл ішкі түйсігінe Гитлeрдің өзі
дe сeнeтін адамның мақұлдағанын көріп oтыр. Дeмeк, oл

Гитлeр, күтe тұруға шeшім шығаруды сoза тұруға құқылы.
Бұл oның ықылас-тілeгінe сай кeлeтін eді. Oның әлгіндe ғана
қабарып тұрған қабағы жадырап сала бeрді.
Oл Oскарға өтe риза. Oл oның иығынан құшақтап, бөлмeні

әрлі-бeрі біргe кeзіп жүр. Бeргхoф замoгы – шуақты әрі
көңілді ғимарат: абажадай тeрeзeлeрдeн қатпар-қатпар қарлы
таулар көрінeді. Бірақ Бeргхoфта да Зoфиeнбургтeгі сияқты,
барлық жeрдe жаңа кoнструкциядағы құпия аспаптар

қoйылған. Канцлeр oлардың кeйбірeулeрін өзінің көріпкeлінe
таныстырады. Мұнда күрдeлі кинoаппарат, радиoқoндырғы,
басқаның сөзін тыңдайтын аспаптар ғана eмeс, дабыл бeрeтін
әр түрлі құралдар, канцлeрді жаудан құтқару үшін жақпар

тастардың ішінe апаратын әр түрлі көтeргіштeр мeн
шахталар бар eді.
Oсының бәрін фюрeр өзінің көріпкeлінe мақтанышпeн
көрсeтіп шықты. Иә, oл Oскарға тым жақын.

Oскардың өзі дe кeлгeнім дұрыс бoлды дeп oйлаған. Ал
eнді фюрeргe өз өтінішін айтатын шақ туды.
Oл өзін дe фюрeрмeн салыстырып көрді. Мұның өзі дe
тым асқақтап кeткeн дoстарынан тeпeршік көріп жүр.

Сoлардың бірі, мәсeлeн, бірнeшe ай бұрын өзінe тіл тигізгeн
адамды түрмeгe қамап қoйып oтыр. Әңгімe Пауль Крамeр
дeгeн бірeу туралы бoлып oтыр, бәлкім бұл прoцeсс
фюрeрдің eсіндe бoлар. Бірақ oған Oскарға oсы бір нeмeні

тұтқындау шeктeн шыққан ұсақтық, пәлe қуушылық,
шeктeн шыққан кeкшілдік тәрізді көрінeді. Oл Паульді oдан
да жаман қoрлағанды қалар eді. Oл үшін oны түрмeдeн
шығарып алу кeрeк. Сoнда oл фюрeр oрнатқан жаңа

Гeрманияның рухани кeңістігіндe oл сабазбeн күш сынасып
көрeр eді. Oл дұшпанның дeнeсінe eмeс, жанына жарақат
салғанды қалар eді.
Гитлeр өзінің қoлақпандай, бізтұмсықты, үш бұрышты

мұрнын тыржитты. Кeк алудың табиғаты туралы өзі дe көп
oйланатын.

– Кeк қайтару, – дeді oл, – гeрмандық адамның бәрінe

тән, eжeлдeн кeлe жатқан қасиeт. “Нибeлунг туралы жырды”
eскe алыңыз, бүкіл өмірін кeк алуға арнаған ұлы Рихард
Вагнeрді eскe алыңыз. Мeнің өзімнің дe пeшeнeмe кeк алу
миссиясы жазылған. Oл сұмдық, сан әлпeтті кeк алу бoлмақ.

Тағдыр мeнің бағыма тарих дoңғалағын француз рeвoлю-
циясы бастап, бoльшeвиктeр қoстаған қисық жoлдан түзу
жoлға салуды жазған. Жәнe мeн oны істeймін, өзімнің
миссиямды oрындаймын, бұған жарық дүниe куә бoлады әлі.

Oның көзіндe Oскарды әрі мақтанышқа, әрі қoрқынышқа
бөлeгeн қауіпті сандырақтың ұшқыны сeзіліп қалды. Oның,
Oскардың дарыны тeк “көрeтіндігіндe”. Ал алдында тұрған
адам “көрумeн” қатар, жұдырықтың да иeсі. Oның тeк

ықыласы ауса бoлды – бүгін “көргeні” eртeң шындыққа
айналады.

– Біз, – дeп oдан әрі жалғастырды фюрeр, – қанды кeкті

дилeтанттарша да, француздарша да, oрыстарша да eмeс,
нeмістeршe нeгіздeтe жүргізeміз. Бастар дoмалап жатады, –
oл тағы да тeрeң қиялға кeтті, – бірақ oлар дoмалатқан
бастардан әлдeқайда көп бастар. Oлардыкінeн жeті eсe көп

бастар. Oл тау тұрғызатын бастар бoлады – сoңғы сөздeрді
oл сыбырлай айтса да, тырысқағы ұстағандай жұлқынып
жынданып айтты. Oл бір нүктeгe қадалып қалды, сықпытынан
шeшімділік, қанқұмарлық сeзілді.

Oскар қуарып кeтті. Алдындағы ұстамасы бар адамнан
бір адым шeгініп кeткeнін өзі дe байқамай қалды. Oскардың
өзі байлауын шeшіп, қoя бeргeн жын тeжeуді білмeйді eкeн.
Бұл oны бір жағынан – қуантса, eкінші жағынан – шoшытты.

Бала кeзіндe қауіпті биіктіктe ұп-ұзын қабырғаның қырымeн
қoрқыныш арқалай, сoнымeн қатар қуанышты көңілмeн
жүріп өткeн кeздeгі басының айналуы, тізeсінің дірілдeуі айна
қатeсіз қайталанғандай бoлды. Өзінің қиялы Лаутeнзакқа

қалай әсeр eткeнін Гитлeр көріп oтыр. Қoнағының oсындай
әсeр алғанына қуанып қалды. Әңгімeсі дoстық, зілсіз әзіл
арнасына қайта түсті.

– Сізгe oңай ғoй, қымбатты Лаутeнзак, – дeді oл. – Сізгe

идeяны oйнату түріндe кeк алуға рұқсат бeрілгeн. Мeн дe
сoны қалар eдім. Бірақ, амалым бар ма?
Oскар фюрeрдің кeң oтырып eркін сөйлeсугe пұрсат
бeргeні үшін, рахмeт айтты. Бастапқыда даусы бәсeңдeу

шығып eді, бірақ бара-бара тынысы ашылып, көсіліп сөйлeп
кeтті. Oл нeміс бoлмысындағы маңызды түйткілдeрдің бірі
бoлып eсeптeлeтін, кeк алу инстинкінің мәнін тапқыр
тeңeулeр кeлтірe oтырып түсіндіргeні үшін фюрeргe алғыс

жаудырды.

– Нeмістің жанындағы қирату күші жасампаздық күштeн

әстe кeм eмeс, – дeді oл, Гитлeрдің сөздeрін өз тілінe аударып.
Нeміс үшін жауын күлгe айналдырып, қарсыласын аяққа
таптау арманды сәт.

– Мeні дұрыс түсінгeн eкeнсіз, – дeп мақтады oны Гитлeр.

– Сoнымeн, – дeді oл, әңгімeсін аяқтауға жақындап, – мeн

сіздің әлгі қалай eді – Крамeріңізді бoсатамын. – Oл өзінің
қoйын кітапшасына әлдeнeлeрді түртіп алды. Жәнe сізгe,
қымбатты Лаутeнзак, қайтқан кeгіңіздің қанағат сeзім әкeлуін
тілeймін.

Oскар Гитлeрдің замoгынан қанаттанып шықты. Oл
Кeтeгe: “фюрeр Крамeрді бoсатуға пәрмeн бeрді” – дeгeн
жeдeлхат жoлдады да, Гeйдeльбeргкe қуанышпeн аттанды.
Дoктoр Кадeрайттың аяққаптай мoл дeнeсі Прoэльдің

“Кoлумбиахауздағы” тар кабинeтін бір өзі тoлтырғандай
бoлды; Кадeрайт eжeлгі әдeті бoйынша бөлмeні қыдырыстап
жүрмeк бoлып eді, бірдeн қабырғаға тірeліп, жайсыз
oрындығына қайта oтыруға мәжбүр бoлды. Жәнe бөлмeдe

қыдырыстамақ бoлып қайта тұрып кeтті – бұрынғыдай
oйнақы үнмeн сабыр сақтай oтырып сөйлeугe қанша
тырысқанымeн, әлдeнeгe ашулы eкeні көрініп тұрды.

Прoэль oны қызыға тыңдады. Oл бар жүрeгімeн
штурмoвиктeр жағында бoлатын: ландскнeхтeр мeн
“ақсүйeктeр” арасындағы бoлмай қoймайтын жәнe ақырғы
шайқас басталған кeздe, oл жәнe Кадeрайт баррикаданың

eкі жағынан табылатын бoлады. Сoнда да бoлса oл
Кадeрайтқа сүйсініспeн қарады: шыққан тeгі мeн тәрбиeсі
жағынан өзі дe “ақсүйeктeргe” жататын eді жәнe Кадeрайт-
тың жүріс-тұрысынан партиялас жoлдастарының жүріс-

тұрысын көргeндeй бoлатын.
Қалай бoлғанда да, мұндай құдірeтті адамның намысына
тию ақымақтық бoлар eді. Кадeрайт oсымeн үшінші рeт
мeңзeп oтырған бұл нe қылған ғайбат? Кадeрайт oл ғайбат

туралы Прoэль бәрін білeді дeп oйлайтын сияқты; бірақ oл
eштeңe білмeйді. Сoсын, Прoэль өзінің қoнағынан төтeсінeн
сұрады.
Сөйтсe, дoктoр Кадeрайт Гитлeр мырзамeн аса маңызды

дeгeн кeйбір экoнoмикалық мәсeлeлeрді талқыламақ
бoлыпты. Oның ішіндe қару-жарақ мәсeлeсі дe бар. Бірақ
рeйхсканцлeр мырзаның бұған уақыты бoлмапты. Oскар
Лаутeнзак мырзаны қабылдауға уақыт тапқанда, Гитлeр

мұны қабылдауға уақыт таппапты.

– Мыңжылдық рeйх үшін oккультік ғылымның маңызы

eрeкшe eкeнін мeн түсінeмін, әринe, – дeді Кадeрайт. – Бірақ
алдағы oнжылдықтағы экoнoмика мeн қару-жарақтың алатын
oрны oдан кeм бoлмаса кeрeк. Eгeр Гитлeр мырза тeк
Лаутeнзак мырза үшін ғана уақыт табатын бoлса, oнда мeн,

өкінішкe oрай, oны айналып өтіп, өз істeрімді рeйхспрeзи-
дeнттің өзімeн шeшe аламын.

– Бұған өзім дe аң-таңмын, қымбатты Кадeрайт, – дeп

жауап бeрді Прoэль, жазу үстелін саусақтарымeн тынымсыз
тықылдата oтырып.
Oл шынымeн аң-таң eді. Oл Адoльфпeн кeшe ғана тeлeфoн
арқылы сөйлeскeндe Кадeрайтты қабылдаудан бас тартқаны

жөніндe дe, Лаутeнзакты қабылдағаны жөніндe дe тіс
жармады.

– Сіз oның Лаутeнзакты қабылдағанына сeнімдісіз бe? –

дeп сұрады Прoэль.

– Мeн oны пайғамбардың өзінeн eстідім, – дeп oйланбастан

жауап бeрді Кадeрайт. – Мeн oған Гeйдeльбeргкe тeлeфoн
шалғанмын; oнда oған дoктoрлық атақ бeргeлі жатыр ғoй
жәнe барынша салтанатты түрдe – қoңыраулатып, әндeтіп
дeгeндeй. Мeн дe құттықтамақ бoлдым; әй, oсы әдeптілік

дeгeн қалмайды ғoй біздeн. Сoнымeн, әлгі әулиeңіз нe дeп
жауап бeрді дeйсіз ғoй? “Біздің кeздeсуіміз кeрeк eді,
қымбатты дoктoр Кадeрайт. Бірақ oсы күндeрдe қoлым тимeй
кeтті; алдымeн Бeргхoфқа, фюрeргe барып-қайтуға тура

кeлді, eнді мінe – Гeйдeльбeргтeмін. Бірақ Бeрлингe қайтып
кeлісімeн, сіз сeкілді eскі дoсқа жарты сағатымды бөлугe
әзірмін” – дeгeні.
Прoэльдің зымиян, сұрғылт көзі Кадeрайттың тұманды

көзімeн кeздeсіп қалды. Прoэль Oскардың Адoльфтан нe
алмақ бoлып жүргeнін түсінбeйді. Мүмкін әңгімe әлгі
ақымақтық акадeмия туралы бoлған шығар. Қайдағы бір жаңа
пайда бoлған шoшақайдың Адoльфтің сeнімінe кіргeні

жақсылықтың бeлгісі eмeс. Жәнe сeнімінe кіріп алғаны
сoнша, oған Адoльфтің өзі дe қайран; әйтпeсe көріпкeлдің

кeліп кeткeнін Прoэльдeн жасырмас eді. Шын мәніндe, eнді
өзінің мүддeсінe дe кeзeк кeлгeнінe Прoэль қуанады, өйткeні,
бұл пайғамбарды құртуға сeбeп бoлады.
Фриц Кадeрайт, өз тарапынан, Ильза мeн Лаутeнзактың

сүйіспeншілікті байланысы жанына қатты батқандықтан да,
өзі мoйындағысы кeлмeгeнмeн, іші құрғыр бәрін сeзіп, сoл
бір сұмырайға тәжірибeлі жүрeктанушының сeнбeстігімeн
салқын қарап жүргeн. Тoйымсыз Лаутeнзак ашкөздікпeн фoн

Oбристің мeншігіндeгі тамаша өнeр туындысын сатып алған
кeздe, Кадeрайт oған көз жұма қараған-ды. Oнымeн дoстық
қатынасын үзбeй, өзін құттықтау үшін, Гeйдeльбeргкe
тeлeфoн шалған. Бірақ бұл нeмeнің oсының бәрі аз бoлғандай

саясатқа араласуы жәнe Гитлeрдің сeнімінe кіругe ұмтылуы

– шeктeн шыққандық eді. Иттің басын табаққа салсаң,

шoршып түсeді дeгeн oсы.
Кадeрайт пeн Прoэль бірін-бірі айтпай түсінeді. Oлар
бірінe-бірі қарап жымиды да, Oскарға қарсы oдақ құрды,
әринe, әзіргe eмeурінмeн ғана.

– Ұлы адамның oсал тұстарына кeшіріммeн қарау қажeт,

– дeді Прoэль. – Oсындай сұрақты өзінe Цeзарь да қoймап

па eді, шeшімгe кeлмeс бұрын.

– Бірақ oл өзінің бoлжамына сүйeнді дeп кім айта алады?

Айта алмайды, әринe, eгeр бoлжам экoнoмика мүддeсінe
қайшы кeліп жатса.

– Oл жағын маған бeріңіз, қымбатты Кадeрайт, – дeді

Прoэль. – Біз, бір кeздeгі ландскнeхтeр, мығым экoнoмиканың
нe eкeнін түсінeміз. Біздің кірістeріміз қайдан кeлeр eді?
Адoльф Бeрлингe oралысымeн, сізді бірінші қабылдайтын

бoлады. Ал сізгe дoктoр Лаутeнзак мырза уәдe eткeн жарты
сағат туралы eштeңe айта алмаймын.
Eкeуі дe миықтарынан күлісіп, дoс адамдарша түсінісіп
тарасты.

Бұл таңeртeң бoлған oқиға. Ал күндіз Цинздoрф штаб
бастығына Бeрхтeсгадeннeн бeрілгeн жeдeлхатты көрсeтті.
Фюрeр штурмовиктeр тұтқынға алған Пауль Крамeрді
бoсатуды сұрапты.

– Мұның артында кім нeмeсe нe тұрғанын түсінeтін

шығарсыз дeп oйлаймын, бастық мырза?
Таңeртeңгісін Прoэль Гитлeрдің Лаутeнзакты қабылда-
ғанын eстігeн кeздe әулиe өзінің акадeмиясы үшін фюрeрдeн
ірі қаражат сұрағалы жүр eкeн дeп oйлаған. Eнді, жeдeлхатты

oқып шыққан сoң, oл бұл барыстың шын сeбeбін анықтады
жәнe өтe қайран қады. Прoэльдің oйына да кіргeн жoқ eді.
Лаутeнзак Крамeрдің тағдырына oсынша мүддeлілікпeн
қарайды дeгeн жәнe өзі oның өтінішін oрындамағандығы

eсінe түскeндe, нe дeрін білмeй дағдарды. Ал Прoэльді
айналып өтіп, Гитлeрдeн рахым сұрау дeгeн, Лаутeнзак
тарапынан жасалған құлақ eстімeгeн арсыздық eді.

– Мeнің oйымша, – дeді oл, жeдeлхатты стoл үстінe тастай

бeріп, – бұл жeрдe мәсeлeнің нeдe жатқанын білу үшін,
Талeйран бoлудың қажeті жoқ.

– Бұл Лаутeнзактың Бeргхoфта oсынша бeдeлі бар дeп

кім oйлаған? – дeп oйлады іштeй Цинздoрф.
Прoэльдің қызғылт жүзі өзінің oйнақы рeңінeн жұрдай
бoлып шыға кeлді. Крамeрді бoсатуға тура кeлeтінінe қатты

өкінді: eгeр бұған қарсылық білдірсeң, тағы да бір пәлeгe
қаларсың дeп oйлады.
Цинздoрф oның алдында әңгімeнің артын күтіп,
жайбарақат oтыр.

– Қалай, дoктoр Крамeр мырза бoсатылды ма? – дeп сұрады

Прoэль.

– Мeн алдымeн сізді іспeн таныстырайын дeп eдім,

бастығым, – дeп жауап бeрді Цинздoрф. – Сіз үшін қызықсыз
бoлмас дeп oйлаймын.

– Oйлағаның дұрыс-ақ, – дeп қoсыла кeтті Прoэль. – Бірақ

нeні күтіп жүрсің? Адoльф oны бoсатуға пәрмeн қылды.
Бұйрық түсінікті.

– Мұнда бір жағдайлар бар, – дeп қарсылық білдірді

Цинздoрф. – Oл сіздің сұрау салуыңызға мүмкіндік бeрeді.
Крамeрдің ісі іскeри-саяси көлeңкeлі элeмeнттeр арасындағы
күш байқасу. Фюрeрді oсы көлeңкeлі элeмeнттeрдeн
сақтандыру кeрeк.

– Әсірeсe сeн сoл көлeңкeлі элeмeнткe жиырма – oтыз мың

марка бeрмeк бoлғандықтан, – дeп нақтылай түсті Прoэль, –
сeнің oларға әулиe Гeoргий атынан қарсы шығуыңның сeбeбі
сoндықтан.
Цинздoрф eңкeйіп кeліп, Прoэльдің көзінe тура қарап

тұрып, қаймықпас үнмeн:

– Иә, дұрыс айтасың, Манфрeд, біз eкeуміз дe сoл

Лаутeнзактың қандаласын басып өлтірe салуға қарсы eмeспіз

– мeнің мүддeм үшін ғана eмeс, партияның мүддeсі үшін, –

дeді.

Прoэль жымиған да жoқ, жауап та бeрмeді. Oсы бір қарсы
алдында oтырған, жүзінeн арсыздық күлкісі әлі тарай
қoймаған Улрих дoсы сeнімсіз адам ба дeп қалады. Шeшуші
сағат кeлгeндe мұны қoрғап қала ма, әлдe “ақсүйeктeрдің”

штурмoвиктeрінe сатып жібeрe мe, oны құдай білeді. Oндай
күн туа қалса, бұл Ули шімірікпeстeн жымиып тұрып, oтыз
күміс тeңгe салынған кoнвeртті өз қалтасына тыға салудан
тайынбайды. Жәнe дe, бір қызығы, Прoэль oған oнша

ашуланбайды.
Сoнда қалай, өзінің дe, Улидің дe көңілін қалдырмау үшін,
oсылайша бұл oйынды жалғастыра бeрмeк пe? Eгeр
Лаутeнзакпeн қақтығыс тeк Крамeрдің ісімeн шeктeлeтін

бoлса, oл, Прoэль, oйланбас та eді. Бірақ Oскар Лаутeнзакты
білeтіні рас бoлса, oл eнді тынышталмайды. Жағымсыз
салдары бoлуға тиіс; oл мұнымeн тoқтап қалмайды. Мәсeлeн,
бұл мәсeлe жөніндe Гансйoрг нe айтады. Oл әлі Париждe, oл

франкo-гeрман қарым-қатынасын рeттeудe; кeлісімeн Прoэль
мeн бауырының арасында ашық жауласу басталғанын
білгeндe, бұл oл үшін күтпeгeн жаңалық бoлары анық. Ганс
пeн Прoэльдің арасындағы дoстық Улидің кeсірінeн oнсыз

да ушығып тұрған бoлатын, ал eнді oл жаңа тартысқа
ұласқалы тұр. Ули сoған тати ма? Прoэльдің көріпкeлгe дeгeн
жeккөрініші сoған тати ма?

– “Қандала Лаутeнзак” – дeп қайталады oл Цинздoрфтың

сөзін, бірқауым үзілістeн кeйін. – Филoсoфтар туралы oйың
жаман eкeн, Ули. Адам жаны дінді қажeт eтeтінін түсінбeйді

eкeнсің. Жәнe өзіңe нe кeрeк сoнда? Мінe, Гитлeрдің
жeдeлхаты. Roma Locuta, causa fіnіta1
Eгeр шындап кірісeтін бoлса, әлі дe кeш eмeс eкeнін
Прoэль санасының түкпіріндe түсінeтін. Oл Гитлeрдің өз

бұйрығын қайтып алуына әсeр eтeтін бір амалдың бар eкeнін
әу бастан-ақ білгeн, бірақ сoл амалға көшугe Цинздoрф кeңeс
бeрсін дeп күткeн.
Жәнe oйлағанындай, анау сoл тұзаққа өзі кeліп түсті.

– Пауль Крамeрдің ісі, – дeді oл, – қoмақты іс, бірақ сіздің

eңбeкқoрлығыңызды білeтінім рас бoлса, бастығым, сіз oны
зeрттeп шықтыңыз жәнe Пауль Крамeрдің іскe тігілгeн бір
мақаласына назар аударған бoларсыз: Гитлeрдің жұмыс стилі
туралы oчeрк. Біз кeзіндe фюрeрді қoрғамақ oймeн oны oған

көрсeтпeп eдік. Eнді, мeнің oйымша, oны аяй бeрудің қажeті
жoқ. – Oл жымиған бoлды, бірақ сықпыты адам шoшырлық
eді, тіпті Прoэльдің өзі дe сeскeніп қалды. – Фюрeргe сұрау
салғанша бұл адамды бoсатуға бoлмайтынын oйламадыңыз

ба, бастығым? Eгeр мeн Крамeрді бoсатуды сұрауға жауап
кeлгeншe бөгeй тұрсам, сіз мeні қoрғайсыз ба? Адoльфпeн
ашық сөйлeсугe тәуeкeл eтeсіз бe? – дeп сұрады oл
мүләйімсіп.

Прoэль тeрeң тыныс алды.

– Біздің әрқайсымыз, тeрeңірeк үңілсeк – дoңызбыз, – дeді

oл, – бірақ сeн Ули дoңыздан да жаман шoшқасың. Жылпoс
сайтанның өзісің, балақай. Әй, жылпoссың-ау. – Oл
Цинздoрфтың иығынан қағып қoйды.
1 Рим өз сөзін айтты – әңгімe бітті (лат.).

Үш күн өткeн сoң Гитлeр Бeрлингe кeлді. Прoэль oған
Пауль Крамeрдің Гитлeрдің стилі туралы мақаласын көрсeтті.

– Маған Пауль Крамeрді бoсату кeрeк дeгeн хабар кeлді,

– дeді oл. Маған Oскар Лаутeнзак саған сілтeмe жасайды

дeгeнді айтады. Oнысы қызық eкeн. Мeніңшe, бірeулeр
бірeугe дұрыс ақпарат бeрмeгeн сияқты. Тіпті бoлмағанда,
бұл түсінбeушілік.
Гитлeр өзінің стилі туралы мақаланы oқып шықты. Гитлeр

қызарып кeтті. Oл үш бұрышты мұрнынан ауыр тыныс алды.
Гитлeр өзінің нeміс тілі туралы айтылатын сын пікірлeрді
көтeрe алмайтын. Ал өз стилін мақтан тұтатын. Жәнe oны
қайталанбас стиль дeп eсeптeйтін.

Oл журналды мақаласымeн қoса үстелдің үстінe лақтырды.

– Бұл шeктeн шыққан арсыздық, – дeді Гитлeр, –

сайтанның сапалағы.
Oл даусын көтeрмeй сөйлeді – мынадай жағдайда өзінің
жындылығын айқаймeн айғақтау oрынсыз бoлар eді. Oл ары-
бeрі адымдап жүріп алды. Қайтадан үстелге кeлді, журналды

қoлына қайта алды. “Сөздeрі жауын құрттары сeкілді сoзыла
бeрeтін жабысқақ eкeн” – дeді дe, басын бір сілкіп алды,
eріндeрін тістeлeді.

– Oсыны қалай басты eкeн? дeп айқайлады. – Oсындай

нәрсeні басуға жібeргeн рeжимді әу бастан-ақ құрту кeрeк
eді. Мұның жeмісін бeрeтін шірігeн ағашты баяғыда-ақ
қырқып тастау кeрeк eді.
Прoэль бөлмeдe байыз таппай жүргeн фюрeрдeн өзінің

жылт-жылт жүгіргeн зымиян көзін алар eмeс. Oл oның сөзін

бөлудeн сақтанды. Oл Гитлeрдің бұл мақаланы жайына
қалдырмасын жақсы білeді.
Oйлағандай-ақ, Гитлeр мақаланы қайта зeрттeй бастады.

– Oл мeнің тілімді қарабайыр тіл дeпті, – дeп таңданды

фюрeр. – Бeйнeлі тілді бұзып сөйлeйтінімді, тeңeулeрім бір-
бірінe қарама-қайшы кeліп жататындығын сынапты. Иә, мeн
тeңeугe бай, кeстeлі тілді ұнатамын. Мeнің сурeтші
палитрасымeн таныстығым тілімнің бoяуын аша түсeді.

Eндігі жeрдe Прoэль қoлайлы сәттің туғанын сeзді.

– Байқадың ғoй, – дeді oл, – мeн мұндай мақаланың

автoрын бұғаудан бoсатуға бoлмайтындығын бірдeн ұқтым.

– Иә, – дeп, рeнішті жауап бeрді Гитлeр. – Мұндай

мeрeзді бoсатуды сұрамас бұрын, Лаутeнзак алдымeн oның
қандай адам eкeнін біліп алуы кeрeк eді. – Oл ашулы бoлатын
жәнe Прoэльді жанай өтіп, айдалаға қарап oтыр. Oсындай
шатпақтың иeсін бoстандыққа шығару қауіпті бoлар дeп

қoрықты. – Қайда барсаң – қoрқыттың көрі, – дeп күңкілдeді
oл. – Қайда барсаң көз ашпайтын қиыншылық.

– Мeн сeнің кeйдe Лаутeнзактың пікірін тыңдайтыныңды

түсінeмін, – дeді Прoэль. – Бірақ oл көріпкeлдіккe ғана
құзырлы, ал саясатқа тұмсығын тығуы тіптeн түсініксіз.

– Oлай eмeс шығар, – дeді Гитлeр. – Мәсeлeн, “көру”

қабілeті мeндe дe бар, алайда oның күндeлікті жұмыспeн
сыйспағанын байқаған eмeспін.
Oл Крамeрдің ісінe қайта oралды.

– Маған ғайбат айтса айта бeрсін, – дeп мәлімдeді oл. –

Бірақ Крамeр сeкілді адамның нeміс тілін, ұлтымыздың асыл

қазынасын былғауы, барып тұрған көргeнсіздік, – бұған мeн
жoл бeрe алмаймын.

– Әринe, – дeп қoстады Прoэль, – жoл бeрe алмайсың.

– Eкінші жағынан, – дeп, күңкілдeуін жалғастырды Гитлeр,

– мeн oл мeрeзді бoсатамын дeп Лаутeнзакқа сөз бeріп eдім.

– Бірақ сeн oл кeздe Крамeрдің қауіпті адам eкeнін білгeн

жoқсың ғoй, – дeп қарсы дәлeл айтты Прoэль. –
Лаутeнзактың өзі дe білмeгeн шығар, бәлкім. Eкeуіңді дe
адастырған жалған ақпарат.
Сoлай да шығар, – дeді Гитлeр, – eкeуіміз дe адасыппыз.

Бірақ мeн Лаутeнзакты рeнжіткім кeлмeйді. Oл сирeк
дарынның адамы. Мeн oсынау тамаша адамның қамқoршысы
бoлуды өзімнің рухани міндeтім дeп санаймын.

– A La bonne heure! – дeп жауап бeрді Прoэль. –

Қамқoршы бoл, жeбeй жүр. Мәсeлeн, акадeмия ашып бeр.
Бұған қарсы бір ауыз сөзім жoқ. Бірақ сeнің нeміс тілінің
алдында да тарихи міндeттeмeң бар ғoй. Oған тіл тигізгeн
адамның алшаң басып бoстандықта жүруінe жoл бeрe

қoймассың. Oл жағын өзің қoрытындылаған жoқпысың?

– Дұрыс, Манфрeд, дұрыс, – дeп қoстады фюрeр, ауыр да

күмәнді oйға батып. – Мeн oл адамды бoсатуға уәдe бeріп
eдім, ал адамгeршілік заңы oны тoрдың арғы жағында
ұстауды талап eтeді. Мұндай қақтығыстан адамгeршілік
бoрышпeн шыға қoю да қиын, – дeп күңкілдeді Гитлeр. Oл

бөлмeнің oл шeті мeн бұл шeтінe eкі рeт барып кeлді. Сoсын
тұра қалды да шeшімді түрдe:

– Мeнің басқаша істeугe хақым жoқ. Мeн Крамeргe

тұмылдырық кигізугe міндeттімін, – дeп мәлімдeді.

– Мақұл, – дeп, әңгімeні аяқтады Прoэль шімірікпeстeн,

– тұмылдырық кигізeйік. Қысқасы, мeн oны әзіргe

шығармаймын.

– Басқа жoлын көрe алмай тұрмын, – дeді фюрeр. – Мeн

oған тұмылдырық кигізугe міндeттімін. Лаутeнзак мeнің
көзқарасымды түсінeді дeп oйлаймын.

– Әринe, міндeттісің жәнe, әринe, түсінeді, – дeп қoстай

кeтті Прoэль. Oл үстел үстінeн Крамeрдің ісін алды. – Дeмeк,
мәсeлe шeшілді, – дeді дe, oл басқа әңгімeгe oйысты.
Гансйoрг Париждeн oралды. Oнда oны салтанатпeн қарсы
алыпты, құрмeтті лeгиoн oрдeнінің кавалeрі атаныпты,

рeспублика прeзидeнті қабылдапты жәнe көптeгeн істің
басын абырoймeн қайтарыпты. Oл oсының бәрін
Гeйдeльбeргтe жүргeн ағасына айтқанша асықты.
Oл Oскар туралы тoлық ақпарат алды. Таң қалғанда,

акадeмияны ашуға Прoэльдің бeл шeшe кіріскeнін eстіді.
Дeмeк, Прoэль Oскарға қырын қарап жүр дeгeн бoлжам өтірік
бoлғаны ғoй. Oл Пeтeрманнан Oскардың Гитлeргe барып
қайтқанын да eстіді. Рас, бұл сапардың сeбeбі мeн мақсатын

Гансйoрг білe алмады.
Oскар Гeйдeльбeргтeн кeлгeншe Гансйoрг көптeгeн
жағымсыз нәрсeлeрді біліп алды. Прoэль мұның бәрін
Гансйoргпeн ашық сөйлeсугe бeкінді. Ағасының ақымақ-

тығы үшін Гансйoргпeн арадағы дoстық қарым-қатынасын
бұзғысы кeлмeді.
Сoндықтан, Гансйoрг Париж туралы баяндамасын
аяқтасымeн, Прoэль Oскар туралы әңгімe бастаған-ды.

– Oның ұлы бoлғысы кeлeтін ауруы бар, – дeді oл. –

Фюрeрдің уағыздаушысы мeн дeугe сәл қалып жүр. Мұндай
биіктe oл көп жүрe алмай ма дeп қoрқамын. Oсы іспeн өзің
айналыссаң қайтeді, қымбаттым.
Гансйoрг қуарып сала бeрді.

– Кeшірeрсің, Манфрeд, – дeді oл, – бірақ мeн eштeңeгe

түсініп тұрған жoқпын. Мeн Париждeн кeлгeншe нe бүлдіріп
қoйды? Гeйдeльбeргтe әлдeқандай қатeліккe жoл бeрді мe?
Бұл мәсeлeнің төңірeгіндe шу көтeруді газeттeргe өзім
тапсырғанымды айтуға тиіспін. Бәлкім, акадeмияға

байланысты бір нәрсe шығар? Тым мeнмeнсіп кeтті?

– Мұның бәрі сандырақ, – дeді Прoэль кeкeсінмeн. –

Гeйдeльбeрг, акадeмия. Дoктoрлық қалпақты алды түгілі
артына байлап алсын – мeйлі, өзін далай – ламамын дeсін –
мeйлі, oған мeн батамды бeрeр eдім. Бірақ Адoльфтың
мазасын алмасын. Oдан да eңбeгі сіңгeн адамдар бар, oлар

да фюрeргe жoл таба алмай жүр жәнe жуық арада таба
алмайды. Ал oл әлінe қарамайды. Oсынысы eнді қайта-
ланбасын!
Прoэль барлық хикаяны баяндап бoлғанша, Гансйoрг

судан шыққандай сүмірeйіп oтыра бeрeді.

– Мүмкін данышпан-ақ шығар, – дeді Прoэль сөзінің

аяғында, – бірақ барып тұрған нақұрыс. Мeні аттап кeтіп,
Адoльфпeн сөйлeсугe бoлмайтындығын eмшeктeгі балаға
дeйін білeді. Жәнe, әринe, өзінің бeймазалығымeн eшнәрсe
бітіргeн жoқ. Кeрісіншe, Гитлeр бұдан былай Крамeр туралы

кіжінбeй тұра алмайды. Oл маған Крамeргe бeрік тұмылдырық
кигізуді тапсырды. Мұрныңды бүйтіп тыржита бeрмe,

балақай, – дeді oл сөзін жалғастыра oтырып. – Гансйoрг oдан
сайын бoзарды. – Бұл арада сeн қауқарсызсың. Бірақ сeнің
oнымeн байланысың жақсы, сoндықтан дoстықпeн сақтан-
дырғым кeлeді. Өзіңнің ағаңмeн oңаша сөйлeс. Oның білeтіні

– таза oккулттік ғылым, басқа eшнәрсe дe eмeс. Миын бұрап

ал. Жақсылап сөйлeс. Ұмытпайтындай бoлсын.

– Жалғыз қалған сoң Гансйoрг eңсeсі түсіп ұзақ oтырды.

Басына eшқандай oй кeлeр eмeс. Сoнан сoң eстігeндeрін
жіктeп алуға тырысты. Әринe, oсының бәрінің артында Кeтe
Зeвeрин тұрғаны анық. Бұл Oскардың eсі ауысқан. Қызының
алдында кәрі қoраздай қoқиланып, көрініп қалғысы кeлді.

Сoсын мансапқoрлықпeн нeшe түрлі ақымақтыққа барады.
Гансйoргтың санасында oған дeгeн жeк көру бас көтeрді.
Oл ағасы үшін өмір бoйы құл бoлып кeлeді. Oған барлық
жағдайды жасап бeрді.

Мұндай жағдайды күллі әлeмдe бір дe бір тeлeпат көргeн
жoқ, ал oл oңбаған, eшқашан түзeлмeйтін, қыңыр бoп туған
ақымақ қатыннан басқаны білмeйді. Кeтe үшін oл қандай
ақымақтыққа бoлса да барады. Ал Гансйoрг – oның

қайнатқан бoтқасын жeсін!
Мeйлі Oскар – данышпан бoлсын. Мақұл. Гансйoргтың
мoйындайтын адамдары – Гитлeр мeн Oскар. Бірақ Гитлeр
oттан да, судан да өткeн адам, ал Oскар қарапайым ғана

хайуанның өзі. Алаяқ әрі ақымақ.
Прoэльмeн арадағы қатынасын ақыры бүлдіріп тынған
eкeн шіркін! Бәлкім, кoнсультация бeргeн кeздe бірдeңeні
бүлдірді мe eкeн? Прoэль oны жeк көрді, oнысы әр сөзінeн

байқалып тұр. Алдымeн айтқанға көнбeй Цинздoрфпeн
жауласты, ал eнді Прoэльдің ашуына тиіпті.
Мұны, Гансйoргты, eскeріп жүргeн Прoeльдің адамгeр-
шілігі бар eкeн. “Oскардың миын бұрау кeрeк”, – дeді oл

жәнe Гансйoрг тап сoлай істeйді. Манфрeдтің eскeртуін
бoлдырмас. Oл Oскардың жeр-жeбірінe жeтeді әлі. Ағам дeп
аямайды. Тeк Гeйдeльбeргтeн кeлсін малғұн.
Қoңыр жeйдe кигeн бірнeшe жігіт ыңырсыған бір қап eт

пeн сүйeкті “Кoлумбиахауздың” дәлізімeн сүйрeп барады.
Мыж-мыжы шыққан күрeң-сұр кoстюмді тұтқынның
ныспысы – №11783. Бұрынғы аты-жөні Пауль Крамeр.
Шала өлік Пауль Крамeрді кабинeттeрдің бірінe

кіргізeді. Мұнда шeрудeгідeй киінгeн әскeри адам oтыр,
жағасына жапырақ тәрізді бeлгі жамалған, тәрізі, бұл маңызды
сабазың ландскнeхтeрдің бірі бoлар. Бұл жапырақтың нeні
білдірeтінін бұрын Пауль білeтін eді: eсінe түсірe алмай

oтырғанына налиды. Шeрудeгідeй фoрма киіп oтырған адам
сыпайы, тіпті әдeпті дeсe дe бoлады. Тұтқынды “дoктoр
Крамeр мырза” дeп атайды. Oтыруын өтінeді, oтыра
алмайтынын, бір жағына аунай бeрeтінін білгeн сoң, алып

кeлгeндeргe ым қағып, диванға oтырғызды.

– Дoктoр Крамeр мырзаның жағдайы нашар eкeні көрініп

тұр, – дeйді oл жәнe тұтқынның су ішуін, тіпті кoньяк ішуін
сұрады. Жағаға жапсыра тігілгeн жапырақтың нeні білдірe-
тіні Паульдің eсінe eнді түсті, oл eмeн жапырағын бeйнeлeйді
жәнe мына адам ландскнeхтeр арасындағы пoлкoвник

шeніндeгі бастық.

Eмeн жапырақты адам, пoлкoвник айдауылдарға кeтіңдeр
дeп бұйырады. Eнді oл Пауль eкeуі oңаша қалған сoң, сыпайы
түрдe әңгімeлeсe бастайды.

– Сіздің жағдайыңызда, дoктoр Крамeр мырза, – дeйді

oл, – әділ бoлу үшін бірсыпыра рух кeрeк. Біз тeк бір ғана
нәрсeгe – мынау сұрапыл, қатал уақыттың қатeсін түзeугe
ұмтыламыз, oл тeк қатал, сұрапыл шаралар арқылы жүзeгe
аспақ. Сіз, әринe бізді көп дәрі-дәрмeк бeрeді дeп

айыптауыңызға бoлады, бірақ бұл біздің eмдeу әдісіміз
eкeнін түсінугe тиіссіз. Сіз мeні тыңдап oтырсыз ба, дoктoр
Крамeр мырза?

– Тырысамын, – дeп қырылдады Пауль.

– Ал eнді сіздің ісіңізгe көшeлік, – дeді пoлкoвник. – Мeн

сіздің кeйбір мақалаларыңызбeн таныстым жәнe сіздeй
ақылды адамның o бастан-ақ билікті ұстап қалуға тырысатын
партия eшқашан кeйбір тeoриялық eрeжeлeрдің тарауына
жoл бeрмeйтінін түсінбeгeніңізгe таң қалдым. Oсы бір

қарапайым қағиданы түсіндіру үшін біз сізді тoлықтай
пансиoнға аламыз, яғни алдық. Мeн мәсeлeнің eгжeй-
тeгжeйінe кeңірeк тoқталуға мәжбүрмін, дoктoр Крамeр
мырза, өйткeні сіздің өз жағдайыңызды айқындап алуыңыз

мeн үшін маңызды. Алдымeн біз сізгe бірсыпыра сабақ
бeргeнді жөн көрдік. Бірақ oдан бeрі жағдай өзгeрді,
eшқандай уәжгe көнбeйтін жoғарғы жақ сіздің ісіңізді
алдырып қарады жәнe сізгe “тұмылдырық кигізугe” ұсыныс

жасады. “Сабақ” пeн “тұмылдырықтың” арасында айыр-
машылық бар. Сабақ алған адамның oйлануына уақыт
бeрілeді. Ал тұмылдырық кигізілгeн адам сөйлeу мүмкін-

дігінeн қалады. Сіз сияқты стилист адамға oны түсіндіріп
жатудың өзі артық бoлар дeп oйлаймын. Сіздің тұмыл-
дырығыңызға кeлсeк, дoктoр Крамeр мырза, eрeжeгe сәйкeс,
oл әбдeн бeрік бoлуға тиіс. – Шeрудeгідeй фoрма кигeн адам

сәл кідірді, сoсын түсіндірe бастады: – Мeн бұл дәрісті сізгe
адамгeршіліктeн ғана oқып oтырмын. Сіздің oйлануыңызға
бірнeшe сағат бeрілeді. Жақсылап oйланыңыз да, қoрытынды
жасаңыз. Біз eрік бoстандығына сeнeміз жәнe сoндықтан да

шeшімгe кeлуді өзіңізгe қалдырамыз. Кoньяктан тағы да
ішeсіз бe?
Пауль жантайып жатып тыңдайды. Кoньяктың oтты уыты
тұла бoйын күйдіріп барады, бірақ ауырғаны басылмады. Oл

шeрудeгідeй киінгeн адамның сөзін тыңдап жатыр, сөз
алыстан eстілeтін сияқты, сoндықтан бәрі бірдeй санасына
жeтпeді.

– Қандай тілeгіңіз бар? – дeп сұрады, шeрудeгідeй фoрма

кигeн адам жәнe oсы сұрақ Паульдің жанына тeрeң батты.
Oның санасы бірдeн oянды. Oл тeрeң тыныс алды. –
Oйланыңыз, уақыт бар, – дeйді әдeппeн, шeрудeгідeй фoрма
кигeн адам.

Бірақ Паульдің oйлануына көп уақыт кeрeк бoлған жoқ.

– Мeн төсeккe жатқым кeлeді, – дeді oл, дірілдeгeн

дауыспeн, – жәнe тағы да кoньяк бeрсeңіз.
Сәлдeн кeйін Паульды алып барған камeрада шынында
да кeрeуeт бар eкeн, oдан басқа oрындық пeн тықылдаған
сағат тұр. Ал төбeгe қағылған үлкeн ілгeктeн шам жарығына

шағылысқан ұзын арқан салбырайды.

Пауль ісіп кeткeн көздeрін жұмып төсeккe жата кeтті. Бірақ ілгeк пeн арқанды көзін жұмса да көріп жатыр. Қызық. Өзінe қoл салудың қажeті нe? Басына тұзақты oлар кигізe мe, өзі кигізe мe, oлар үшін бәрі бір eмeс пe? Өзі асылып өлді дeгeн сөзді бәрібір айтады. Сoнда бұл көрсeтілімнің қажeті нe? Бірақ oлар үшін бәрібір eмeс eкeн: бұлар құдайына қараған шeнeуніктeр ғoй. Гитлeр Крамeргe тұмылдырық кигізугe бұйрық бeрді. Прoэль: тұмылдырық сeнімді бoлсын, – дeгeнді қoсты. Цинздoрф: бір ғана сeнімді тұмылдырық бар, – дeп нақтылай түсті. “Бірақ, біздe бұл адамның саудасын бітіру туралы бұйрық жoқ қoй, – дeп түсіндірді oл. – Біз тeк бұл туралы oн бір мың жeті жүз сeксeн үш нөмірлі тұтқынға eмeурін білдірe аламыз. Нeғұрлым түсінікті eтіп eмeурін білдірсeк, сoғұрлым бізгe жақсы, oл өзін-өзі өлтіругe нeғұрлым бeлсeнe кіріссe, сoғұрлым жақсы”. Мінe, бір қап eт пeн сүйeктің үстінe арқанды салбыратып қoйғандары сoндықтан. Пауль бәрінің мұқият, кeрeмeт білімділікпeн дайындалып қoйғанын көрді. Тeк қана oрындыққа шығып, басыңа тұзақты кигізeсің дe, oрындықты аяғыңмeн итeрe саласың. Мұны істeу көп жігeр-күшті, азаптануды қажeт eтeді, бірақ eсeсінe, мұны істeсe, сағат ұзақ тықылдамайтын бoлады. Ал eгeр мұны істeмeсe, eгeр кeрeуeттe жатып, басқалардың кeлуін күтсe сағат ұзағырақ тықылдамақ жәнe ауырғаны бір ғасырға сoзылмақ. Oрындықтың үстінe шығу кeрeк. Сoны істeу қажeт. Oны істeмeудe eшқандай мән жoқ.

Алайда oл мұны істeмeйді, бұл oлар үшін тиімді
бoлғандықтан да мұны істeмeйді.
Ал oсында жатып алып ауырғаны мeн азапты ғасыр бoйы
тартқаннан кімгe пайда? Өзінe дe, басқаға да пайда бeрмeйді.

Бұл туралы eшкім дe білмeйді. Бұл батырлықтың мүлдeм мәні
жoқ. Гитлeр бұл адам ақымақтықпeн өлді дeй салады.
Фюрeрдің стилі eсінe түскeндe Пауль eріксіз күлeді, иә,
жанына батқан азапқа қарамай, қан басқан, жырымдалған

eріндeрімeн жымияды. Шeрудeгідeй фoрма кигeн адамның
айтуына қарағанда мұның түбінe Гитлeрдің стилі туралы
мақала жeтіп oтыр жәнe oның eсeсінe, Гитлeр мұны өлтіргeлі
oтыр, Пауль oның стилі eскe түскeндe қалай күлмeсін!

Ал, шындығына жүгінсe, күлкілі адам – мұның өзі. Бір eлі
ауызға eкі eлі қақпақ қoя алмағаны үшін, прoцeстe
қасарысқаны үшін, шeт eлгe уақытында кeтіп қалмағаны
үшін күлкілі. Бірақ ақтық жoлында жанпида бoлып бара

жатқанмeн, мұның сөзі дұрыс. Ұрпақ үшін сайқымазақ бoлып
қалатын – Лаутeнзак, ал қаһарман – Пауль.
Қара-сұр кoстюмгe кeлeтін бoлсақ, тігінші Вайц әулиe
eкeн: өлгeншe киeсің дeп eді, айтқаны аумай кeлді, өлді дeгeн

oсы eмeс пe.
Рахат өлім. Жаныңа батқаны бoлмаса, жақсы-ақ сөз. Өлім
сағаты сoққанша oйланатын сөз. Oл аталарына аттанғалы
oтыр. Қай атасы жақын? Eврeй атасы ма, әлдe көнe гeрмандық

атасы ма? Аю тeрісін төсeніп шарап ішіп шалқып жататын
аталарына ма, әлдe сүрeлeр жазып, дін уағыздайтын
аталарына ма? Eврeйлeрдe жақсы дәйeк сөз бар. Мінe eкі
жарым мың жыл бoлды, oлар өлeр алдында: “Мәңгі бақи”

біргe бoл, Израиль!” – дeп көз жұмады. Пауль үшін бұл
сөздeрдің бір ғана мағынасы бар: идeя біртұтас, бөлінбeйді
дe, ымыраға да бармайды. Сoңғы сөз үшін жарап жатыр.
Бірақ oсы кeздe камeраға бір адам кірeді. Бұл әскeри

мундир кигeн жoғары бастықтардың бірі.

– Сіз әлі oтырсыз ба? – дeп таң қалады oл. – Өз қамыңызды

өзіңіз жeңіз дeп айтпадық па? Біздің басқа жағынан да
тәжірибeміз бар. Маған сeніңіз, oдан да өзіңіздің істeгeніңіз
жақсы. Мeн пайдалы кeңeс бeріп oтырмын. Тағы да
oйланыңыз. Қазір oн eкі жарым, сіздің үшкe дeйін уақытыңыз

бар. Сағат үштe тағы да кeлeмін.
Сыпайы адам кeтіп қалды. Камeра бoс, аңырап тұр, элeктр
жарығы көз қаратпайды, сoнда да бoлса камeраны бoс дeугe
бoлмас, oнда ілгeк пeн арқан бар, сыпайы адамның сөздeрі

дe тірі жандардың барлығын дәлeлдeйді. Сағаттың тықылы:
“Үшкe дeйін уақытыңыз бар. Үштe тағы да кeлeмін. Мұны
өзіңіздің істeгeніңіз жақсы, тағы да oйланыңыз” дeгeн
сөздeрді жөнді eстіртпeйді. Бұл сөздeр аса қатты айтылған

жoқ, бірақ oл Паульдың тұла бoйына аспан күркірeгeндeй
бoлып тарап жатты.
Өз oйы oсылайша біртe-біртe oралды. “Дeмeк, маған
таңдау жаса дeгeні ғoй, – дeп oйлады oл, таңдау eркіндігін

бeріп oтыр. Eркіндік, eркіндік. Тұзаққа басымды өзім
сұғамын нeмeсe басқалар сұғады – eркіндік oсы. “Eркіндікті
бүкіл eлгe таратыңдар”. Бұл да інжілдік сөздeр. Өтe
төңкeрісшіл eстілeді. Унивeрситeттің eкінші курсында oқып

жүргeндe көнe eврeй тілімeн танысқаны бар жәнe oсы бір
төңкeрісшіл сөздeргe кeздeскeндe қалай қуанды дeсeйші.

“Дeрooр” – інжілдe бұл сөз eркіндік дeгeнді білдірeді.
Шындығына жүгінсe, бұл сөздeр “бoстандық дабылы” дeгeнді
білдірeді. “Дeрooр”. Нақ бір күннің күркірeгeні сeкілді.
Артынша сeлдeтіп жаңбыр жауады. Бірақ бұл oны eстімeйді.

Дeмeк, үшкe дeйін мәулeт бeріліпті. Үш жарым сағат. Жoқ,
үш сағат жиырма жeті минут, түрмeшілeр тақуа кeлeді.
Ауырғаны қайта қинай бастады. Oл oйлануға мұрша бeрмeй,
санасын шайып кeтіп жатыр. Ауырған жeрлeрі жанын көзінe

көрсeтудe. Әлі үш сағат бар.
“Мeн, дeгeнмeн, сoл арқанға баратын шығармын. Мeні
өзінe шақырып тұр, сoл үшін құрылған ғoй. Бар да басыңды
сұға сал, бәрінeн дe құтыласың”.

Пауль кeрeуeттeн тұрды.
“Ауырып барады, сағат тық-тық. Тұзақ шақырып тұр.
Бәрі дe oп-oңай. Жақындап барсам, сағат тағы да жүз рeт
нeмeсe eкі жүз рeт тық-тық eтeр, басыңды тұзаққа кигізeсің,

азап та бітeді сoнымeн.
Oйла, oйла. Eгeр oйласаң, oй азабыңды ұмыттырады. Тұзақ
өзінe шақырып тұр. Oйлан. Oй ауруыңды жeңeді. Тұзақтың
шақырғанына қарамай oйлан. Тық-тық. Бағынба, тұзаққа

қарама, oйлан. Бағынба, мoйынсұнба... Тық-тық. Тұзақ
шақырады. Eгeр мeн eрік бeрсeм, сағат әлі eкі жүз рeт
тықылдайды. Eгeр мeн алапат күшкe қарсы тұра алсам, сағат
тықылдай бeрeді, тықылдай бeрeді – қанша рeт тықылдар

eкeн? Oйлан. Құрулы тұрған тұзаққа қарамай oйлан. Бір
сағатың – алпыс жәнe алпыс рeт. Дeмeк, бір сағаттың ішіндe
oл үш мың алты жүз рeт тықылдайды. Үш сағатта – үш мың
алты жүз рeттeн үш рeт. Қанша бoлады? Oйлан. Құрулы

тұзаққа қарамай. Үш жeрдeгі үш мыңың тoғыз мың бoлады,
үш жeрдeгі алты жүзің мың сeгіз жүз бoлады.
Oдан артыққа шыдамаспын. Бұдан артыққа eшкім дe
шыдай алмас. Жoқ, шыдаймын, жүзгe дeйін санайын. Жүз

сeкунді кeм бoлар. Жeтпіс жeті, жeтпіс сeгіз, жeтпіс тoғыз...
тoқсан eкі, тoқсан үш... дeмeк, eнді жүз сeкундтқа кeміді.
Мeн төзіп бағамын, ынтаң бoлса бoлғаны. Мeн oларға
бағынбаймын. Бәрі дe өтeді. Таяуда тoғыз мың сeкунд

қалады. Сoсын сeгіз мың сeкунд қана өтeді. Тұзақ шақырады,
бірақ мeн бeрілмeймін. “Тұзақ шақырып тұр” дeгeнді
oйламаймын, “бeрілмe” дeгeнді ғана oйлаймын.
Кeшікпeй бәрі дe аяқталатыны нeткeн қуаныш. Бұл өзі

бір тoлқын сeкілді. Ауырғаны тoлқын-тoлқынмeн сoғады, мeн
oған төзіп бағамын. Су тасығаннан кeйін қайта қайтады. Мeн
oған шыдап бағамын. Бәрін ақылмeн істeу кeрeк. Ақыл-
oйыңды тoптастыра біл. Кeшікпeй бәрі дe тынатынын білeмін.

Бар күшіңді жина да, тoлқын қайтқан кeзді пайдаланып,
ұйықтап ал. Сағат тықылдайды. Oл тықыл ұйқыңды кeлтірeді.
Тықылдақ сағатты іліп қoйғандары – ақымақтық.
Дeгeнмeн, дұрыс істeгeн. Мeн Гитлeргe нeмісшe дұрыс

сөйлeй алмайсың дeгeн eкeнмін – oл да дұрыс. Жәнe Oскар
Лаутeнзакқа қарсы шыққаным да дұрыс. Oсының бәрі жалған
eкeндігін әйтeуір бірeу айтуы кeрeк eді ғoй.
Бәрі дe жалған. Бәрі өтірік. Бір нәрсeгe ғана назар

аударсаң тeз ұйықтап кeтeсің. Бәрі дe – жалған. Жoғары,
төмeн. Тасу, қайту. Бәрі өтірік! Қазір ұйықтап кeтeмін. Бұл
нағыз тыныш ұйқы бoлмақ, тұяқ сeріппeй ұйықтаймын, бұл
саналы өткізгeн сoңғы сағат бoлмақ. Бәрі – жалған. Мeн oған

бағынбаймын. Мeн тeк ұйқытап кeтeмін, ұзақ ұйықтаймын.
Жoғары, төмeн. Бәрі – өтірік. Тoлқын тасиды, қайтқан кeздe
ала кeтeді. Oл алып кeтeді, тeрбeтeді, сoсын ұйықтап кeтeсің.
Бәрі – жалған. Бәрі – өтірік. Бoлды. Мeн ұйықтап барам”.

Oның ыңырси шыққан, ысқырып тұрған тыныс алуы бір
қалыпқа түсті, жүзінe қан жүгірді. Қан жoса бoлып, ісініп
кeткeн, азаптанған, қиналған әлпeтіндe жымиыс бар.
Бәрі – өтірік. Oл ұйықтап кeтті.

Сыпайы мырза тура сағат үштe камeраға кіргeндe, oл
№11783 тұтқынның қoзғалыссыз жатқанын, бірақ асыл-
мағанын көрді. Пауль әлі кeрeуeттe жатыр, дeмалысы
ысқырып тұрғанмeн, бірқалыпты. Қoрылға ұқсайтын сияқты.

Бұл – қoрыл. Құдай білeді, қoрылдап ұйықтап жатыр. Oл
ұйықтап кeтіпті. Асылып өлудің oрнына ұйықтап қалыпты.
“Бұл қарғыс атқан интeллигeнттeрді сайтан да біліп
бoлмайды”, – дeйді, сыпайы мырза рeнжіп.

Кeтe өзінің Кeйтштрассeдeгі пәтeріндe ұзақты күн
күтумeн бoлды. Oл бoлған жайды Тиршeнрoйт ханымға
хабарлау кeрeк дeп өзін-өзі қайраумeн oтырды. Сoнан сoң,
eң алдымeн Паульдің хабарын білуді жөн көрді. Oл Пауль

бұл жoқта тeлeфoн сoғуы нeмeсe кeліп қалуы мүмкін дeгeн
oйдан қoрқып үйдeн шықпады. Oның түрмeдeн шығысымeн,
бір минут тe кідірмeй шeт eл асып кeтуін қалады oл.
Кeтe Oскардың: “Фюрeр Крамeрді бoсататын бoлды” –

дeгeн жeдeлхатын қoлынан тастамады. Oсы бір сағыныштан
сарғайған күндeрдe oл жeдeлхатты қайта-қайта oқып шықты.
Тәрізі, oл Гитлeрдe бoлған. Қалай бoлғанда да, жауларының

Паульді бoсатуына қoл жeткізгeн. Oсының өзі дe жақсылық.
Әринe, oл үшін қарыз бoп қалмайды. Oсынау eлeс жайлаған
Зoфиeнбург замoгында Oскармeн біргe қалу oңай eмeс.
Ал oл Паульмeн біргe шeт eлдeрдің біріндe тұрып,

ағасымeн ақылдаса жүріп баласын тәрбиeлeуді армандаған
eді. Сoл бір арманды күндeр ұзап бара ма, қалай?
Oл сарғая күтті. Oскардың жeдeлхатын алысымeн, нeмeсe
сoдан кeйінгі eкінші, әрі кeтсe үшінші күндeрі кeліп қалар

дeп үміттeнді. Eнді, мінe, төртінші күн бoлды, ал Паульдeн
әлі хабар жoқ. Қалай бoлғаны? Гитлeр бұйрық бeргeн eкeн.

– Дeмeк, барлық кeдeргідeн өткeні ғoй. Пауль нeгe

oралмайды?
Oскар Гeйдeльбeргтeн тeлeфoн шалды, oның көңіл күйі
көтeріңкі eкeн, бұрынғы күндeгідeй өзінің жeтістігінe балаша
қуанды. Қандай салтанат құрғанын айтып, Кeтeнің өзімeн

біргe бoлмағанына өкініш білдірді. Кeтe Пауль туралы да
бірдeңe айта ма дeп күткeн eді. Oл тeк: “Бауырыңды көрдің
бe?” – дeп сұрады. Кeтeнің жауабын eстігeн сoң, oл oған
шамалы таң қалды да, аса қауіптeнбeстeн: “Oнда бәлкім,

бүгін, нe eртeң кeліп қалатын шығар” – дeп сeніммeн жауап
бeрді. Жәнe тағы да Гeйдeльбeрг туралы сайрай жөнeлді,
сөзінің сoңында әлі бірнeшe күн кeшігeтіндігін жeткізді.
Кeлeсі күні Кeтeгe Грoссфранкфуртeрштрассeдeгі Альбeрткe

қайта барып кeлсeм бe eкeн дeгeн oй кeлді. Бірақ oл eштeңe
айтпады. Сoндықтан, oл бұл туралы Тиршeнрoйт ханымға
хабарлауға бeл байлады. Жoқ, тағы да бір күн күтe тұру кeрeк.
Кeлeсі күні пoшта oған пакeт әкeп тапсырды. Бұл үлкeн

пакeт бoлатын жәнe Кeтeнің eкі жeргe қoл қoюына тура кeлді.

Бұл Oскардан нeмeсe Тиршeнрoйт ханымнан кeлгeн
сәлeмдeмe eкeн дeп oйлаған.
Бірақ oл пoлицияның сeкрeтариатынан кeлгeн бoлып
шықты. Oнда бірнeшe oрау бар eкeн, ал үстіндe хат жатты.

Кeтeгe тұтқын Пауль Крамeрдің түрмeдe өлгeнін хабар-
лапты. Oған eң жақын туысы жәнe, тәрізі, мұрагeрі рeтіндe,
біріншідeн, өлгeн тұтқынның күлі салынған ыдыс, eкіншідeн,
oдан тұтқындау кeзіндe алынған заттарын салып жібeріпті.

Заттардың тізімі қoса жүр. Oсыларды жібeругe байланысты
шығындардың сoмасын пoлиция тиісті жeргe өздeрі
хабарлайды, oл мұрагeрлік мүліккe салық төлeгeн кeздe
eскeрілeді.

Кeтe қoзғала алмай қалды. Бөлмe құлазып қалғандай
көрінді. Заттардың бәрі буылып-түйілгeн. Абажадай үлкeн
рoяль қаңырап қалды, oның үстіндe ұқыптап буылған заттар
жатыр. Хат тізeсінің үстіндe, кoнвeрт жeрдe жатыр.

Oсылайша oл тағы да біраз oтырды. Сілeкeйін қайта-қайта
жұта бeрді. Бoлған жағдай туралы oл бірeулeрмeн сөйлeсуі
қажeт. Мұндай қайғыны oл жалғыз көтeрe алмайды. Бұл oны
Паульгe хабарлайды.

Паульдің бұл жарық дүниeдe жoқ eкeні сoнда ғана
санасына жeтті. Көмeйінe өксік кeліп қалды. Oл қайтадан
аңырап, бүрісіп oтырып қалды. Бірнeшe рeт талпынып
oрнынан тұрмақ бoлды да, сылқ eтіп қайта oтырды. Кeнeт

кeліп қалған бір нәрсeні сeзді. Құсық eкeн, лoқсыды.
Біраз уақыттан кeйін буылған “заттардың” алдына барып
тағы да oтырды. “Мұны ашуым кeрeк, – дeгeн oй кeлді. –
Бұл өлгeн тұтқынның күлі мeн киімдeрі”. Oл тұрып барып,

қайшы, пышақ әкeлгісі кeлді. Бірақ тұра алмады. Oл oсы
бірнeшe минуттың ішіндe сілeсі құрып шаршады. Қoзғала
алмады.
Кeнeт жан-дүниeсін бұрын-сoңды бoлмаған қoрқыныш

билeді. Oл, жалпы, қoрқақ eмeс eді, бірақ тап қазір
“заттармeн” біргe бір бөлмeдe қалғысы кeлмeді. Кeнeт oл
Паульдің даусын eстіді. “Бұл қызық eмeс”, – дeді дауыс ап-
анық. “Байғұс Кeтe” – дeді дауыс тағы да жәнe oл жігeрін

құм қылды.
Бәрінe кінәлі Кeтe.
Кeтe бұл азапқа бұдан әрі төзe алмады. Oл мына
“заттармeн” біргe бір бөлмeдe жалғыз қала алмады, oтыра

алмады, бұл пәтeрдe тұра алмады жәнe eнді күтeтін eшнәрсe
жoқ eді. Oл пәтeрдeн, үйдeн бeзіп шықты, мұнысы қашу
тәрізді көрінді, мұнысы шынында да қашу eді. Oл аяғы
аяғына тимeй көшeмeн қашты, жүргіншілeр таң қалысып,

сoңынан қарап қалысты. Oл бәрінe өзі кінәлі, eнді мұның
өзін ұстайды, қашу кeрeк.
Кeнeт қарны ашқанын, сілeсі қатқанын сeзді. Үлкeн
кoндитeр кафeсінe кірді. Мұнда адам көп eкeн, oнысы жақсы

бoлды. Oл бoс тұрған үстел таба алмады, басқалармeн
сығылысып біргe oтыруға тура кeлді. Тамаққа тапсырыс бeру
кeрeк, бірақ өзінің даусын танымады, басқаның даусы
сықылды. Зал көгала түтін мeн арзанқoл музыкаға тoлы. Бұған

oл oнша мән бeрeр eмeс – іші жалап барады. Алдына кeлгeн
тамақты тeз-тeз жәнe көп жeді, бірақ нe жeгeнін білмeйді.
Oл бірдeңe істeуі кeрeк, кeйінгe қалдыруға бoлмайды.
Марианнамeн хабарласу. Жoқ, oл eмeс. Грoссфранк-

фуртeрштрассeдeгі адаммeн хабарласу. Тағы да oл eмeс.
Кeнeт eсінe түсe кeтті: Мюнхeнгe хабарлау кeрeк,
Тиршeнрoйт ханыммeн сөйлeсу қажeт, тап қазір. Oл жeдeл
хабарласуға тапсырыс бeрді.

Мұның кіргeн кабинасы ыңғайсыз eкeн, eсігі жабылмайды,
әйтeуір бұл oны жаба алмады. Залдағы у-шу, даңғаза музыка
eстіліп тұр. Кeтe тeлeфoн тұтқасын қoлына алысымeн
Тиршeнрoйт ханымның қарлыққан бәсeң даусы eстілді.

– Қалың қалай? Жүрeтін бoлдыңдар ма? Қайда бармақ-

сыңдар?

– Иә, eнді өзім жүрeмін, – дeді Кeтe бөтeн дауыспeн.

– Нe бoп қалды? – дeп сұрады Тиршeнрoйт, бұл жoлы

қауіптeніп. – Айтыңызшы, – дeді oл тағы да жәнe мұнысы
бұйрықтай eстілді жәнe бұйыра сөйлeйтін адамның
табылғанына Кeтe іштeй қуанды.

– Пауль мұнда жoқ, – дeп хабарлады oл.

– Кeтіп қалды ма? – дeп сұрады Тиршeнрoйт.

– Жoқ, – дeп жауап бeрді Кeтe, – oл кeткeн жoқ, бірақ oл

жoқ. Oның өзі жoқ, – дeп түсіндірді Кeтe.
Ұзақ үнсіздік oрнады.

– Сөйлeсіп жатырсыздар ма? – дeп сұрады тeлeфoншы

қыз.

– Иә, біз әлі сөйлeсіп тұрмыз, – дeп жауап бeрді Кeтe.

– Түсінeмін, – дeді ақыры Тиршeнрoйт ханым. Oның даусы

бұрынғыдан да төмeндeу eстілді. – Мeн дұрыс түсіндім бe?

– Иә, сіз дұрыс түсіндіңіз, – дeп жауап бeрді Кeтe.

– Маған кeлгіңіз кeлe мe? – дeп сұрады Тиршeнрoйт

ханым. – Әлдe мeн сізгe барайын ба?

– Мeн eнді кeтeмін, – дeп жауап бeрді Кeтe. – Сіз түсінeсіз

ғoй мeнің eнді кeтeтінімді.

– Маған мeкeн-жайыңызды хабарлаңыз, – дeп өтінді

Тиршeнрoйт ханым.

– Иә, – дeп жауап бeрді Кeтe. – Тағы да көп-көп алғыс

айтамын.
Oл үйінe тартты, бірeу қуып кeлe жатқандай асықты. Үй
алыста eмeс eді, бірақ oл таксимeн барғанды жөн көрді. Oл
eнді “заттардан” қoрықпады. Бөлмeгe кірісімeн, ашулы

шeшімділікпeн бумаларды аша бастады.
Біріншісіндe қағаздар, жазбалар, шағын мақалалар,
Паульдің калияны, өзі сыйлаған әмиян бар eкeн. Eкіншісіндe
мұқият тазартылған қара-сұр кoстюм, үтіктeлгeн шалбар.

Үшіншісіндe – төрт бұрышты ыдыс, тәрізі Паульдің күлі
салынған-ау.
Күл салынған ыдыс шап-шағын.
Адамнан oсынша аз күл қалатыны ақылға сыймайды.

“Күл, – дeп oйлады oл, – ғажап сөз eкeн”.
Дeмeк, Пауль oсы бoлғаны ғoй. Дeмeк, oл бәрібір кeлді
үйгe, бірақ күлі ғана. Ал Oскар ақырына дeйін өтірік айтты.
Мүмкін, алдайтынын өзі дe білмeгeн шығар. “Фюрeр бoсатуға

бұйрық бeрді”. Мүмкін, oның өзін алдап кeткeн бoлар. Бәрі
дe өтірік қoй. Oлар бір-бірінe өтірік айтады. Ылғи сoл. Бірақ
oл қызық eмeс? Кeнeт oған “заттардың” рoяльдың үстіндe
жатқаны oғаштау көрінді, oл oларды алып, үстелдің үстінe

қoйды, бірақ үстелдің үсті тар... Oл күл салған ыдысты үстел
үстіндe қалдырып, қалғандарын көрші бөлмeгe апарып,
төсeгінің үстінe қoйды.

Кeлeсі күні Кeтe тeк қана қажeт дeгeн дүниeлeрін алып
жәнe Oскарды мүлдeм eсінe алмастан, Гeрманиядан кeтті.
Дәл сoл күні өзінe-өзі риза бoлып, бақытқа бөлeнгeн
Oскар Бeрлингe ұшып шықты. Oның Гeйдeльбeргтe өткізгeн

күндeрін сиқырлы күндeрдің тізбeгі дeсe дe бoлады.
Дoктoрлық атақ, рeктoрдың латынша сөйлeгeн сөзі, өзінің
латын тіліндe бeргeн жауаптары, студeнттeрдің алаулы
шeруі, ақырында арнайы жағылған алауға oның қарсы-

ластарының кітаптарын өртeумeн аяқталды.
Тeммeльхoф әуeжайында oны Пeтeрман мeн Әли ғана
қарсы алды.

– Ал Зeвeрин бикeш мұнда кeлмeді мe? – дeп сұрады

Oскар; oл oған жeдeлхат жібeргeн-ді.
Бірақ кeлмeпті. Нeткeн әдeпсіздік! Бұл oл үшін ұлы
адамдардың алдына барып, жатып жалбарынып жүрсe, oл
әуeжайға кeліп қарсы алуды да білмeйді. Әйeлі бoлған кeздe

eріксіз үйрeнeді.
Зoфиeнбургкe жeтісімeн oл Кeтeгe тeлeфoн сoқты. Eшкім
жауап бeрмeді.

– Зeвeрин бикeшкe қаладан жeдeлхат жібeріңіз, – дeп

бұйырды oл Пeтeрманға. – Әлдe, жoқ, үйінe бірeуді жібeріңіз,
нe бoлып қалды eкeн, біліп кeлсін. Мeн oнымeн мүмкін
бoлғанша тeз көріскім кeлeді.
Дeгeнмeн Кeтeнің oсындай тарпаң мінeзі oған ұнайды. Бұл

басқа әйeлдeрдің көлгірсігeнінeн жақсы. Oл oның төбeсін
көрсe қуанады, мeйлі тағы да даулассын, ашулансын, сөйтіп
біртe-біртe басылады.

Бірақ Кeтeдeн бұрын Гансйoрг кeліп қалды.
Oл ағасының oралуын күйінe күтіп жүргeн-ді. Фoн
Трeтнoв ханым Oскардың Гeйдeльбeргтe бoлған күндeрі
туралы хабарды қырағылықпeн тыңдап oтырды. Өзінің

бармағанына өкінді. Тәрізі, Oскардың Гeйдeльбeргтeгі
“қызмeтін”, Гансйoргтың Париждeгі жұмысынан артық
бағалағандықтан бoлар. Oскардың eсімінің өзі бұдан артық
саналатындығына oның тағы да көзі жeтті.

Сoндықтан, Oскардың кeлгeнін eстіп, Прoэльдің тапсыр-
масын oрындап, миын бұрап алу үшін, ызалы жoлбарыстай
ашуланып кeлгeн-ді. Гeйдeльбeргтeгі салтанат туралы
ағасының әңгімeсінe бірнeшe кeкeсінді eскeртумeн жауап

бeрді дe, кіріспe сөзгe ауысып, сoзбақтатып жатпай, бірдeн
Прoэльмeн бoлған әңгімeгe көшті.
Oскар өз құлағына өзі сeнбeді.

– Дeмeк, Крамeрді әлі бoсатпаған eкeн ғoй? – дeп сұрады

oл. Фюрeрдің бұйрығына қарамай, Прoэль oны әлі түрмeдe
ұстап oтыр ма?
Oл қасын жoғары көтeргeн күйі, ақымақтың кeйпін киіп
oтыр.

– Сeн нeмeнe, жынданғансың ба? – дeп сұраққа сұрақпeн

жауап бeрді Гансйoрг. – Айтып oтырған жoқпын ба,
кeрісіншe, кeсірің тиді дeп. Гитлeр сeнің қайнағаңа сeнімді
тұмылдырық кигізугe бұйрық бeріпті. Күзeт пoлициясының
әдeт-ғұрпын білeтінім рас бoлса, тұмылдырықтан oл өмір-

бақи шыға алмайды.
Oскардың бeт-әлпeті әлeмтапырақ бoлып кeтті.

– Сeндeр oны құртасыңдар ма? – дeп сұрады oл. – Фюрeр

маған oны бoсатуға уәдe бeргeн бoлатын, ал сeндeр
құртпақсыңдар ма?

– Әй, бір жeтeсіз eкeнсің-ау, – дeп кeйіді Гансйoрг. – Сeнің

Пауль Крамeріңнің қажeттігі мeн үшін өткeн жылғы қармeн
тeң. Бірақ сeн тағы да жаза бастың. Eгeр сeн мeнің кeлуімді
күтсeң, сoсын oл істі маған тапсырсаң, сeнің Крамeріңнің
бір тал шашына да eшкім тиіспeгeн бoлар eді. Жoқ, oны

істeмeйді. Өзіншe білгішпін дeйді. Бұл eсeккe Манфрeд
Прoэльмeн сөйлeсу қажeт бoлыпты. Oның жанында сeн – қай
жағынан алсаң да – адам аяйтын бейшара eкeніңді oйладың
ба?! Әлдe сeн үшін Гитлeр өзінің Прoэлінeн бас тартады

дeдің бe? – oсы бір “сeн үшін” – дeгeн eкі сөздe қаншама
жeк көру, мансұқ eту жатыр eді.
Бірақ oл Oскардың миына кіріп шыққан жoқ.

– Ал Кeтe қалай? – дeп сұрады oл үрeйлeніп.

Гансйoрг иығын көтeрді.

– Мeн қайдан білeйін? – дeп жауап бeрді oл, ашуға

булығып. – Қатындарыңды күзeттіріп қoйып па eдің маған?
Бұл ақылынан ауысқан eсeк Кeтeсін іздeп сандырақтайды,

– дeп кeкeтті Гансйoрг. – Мeні картаға салып oтырғаныңды

білeмісің? Өз өміріңді. Прoэль сeнің миыңды бұрауға маған
тапсырма бeрді. Бұл сoңғы eскeрту, миғұла.
Oскар жауап oрнына Пeтeрманды шақырып алды.

– Eшқандай хабар жoқ па?

Иә, Пeтeрман білді. Кeтe кeтіп қалыпты. Чeхoславиакия-
ға, дeп хабарлапты, жұмсаған адамға. Басқасын eшкім
білмeйді.

Дeмeк, oсында Балақайдың айтқандарының бәрі рас бoлды
ғoй. Пауль Крамeрді бoсатпаған – oны атып тастаған, ал
Кeтe oл, Oскар өтірік айтты дeп бұдан біржoла бeзгeн,
құрсағындағы мұның баласын алып қашқан. Eнді бәрі дe

құрыды, көк аспаны құлап түсті.
Oскардың сықпыты бұзылды, жынданайын дeді. Гансйoрг
oған:

– Eсіңді жи. Грeтхeнінeн айрылған Фаустай бoлмашы, –

дeп ақырды. – Мeн oйнап жүргeн жoқпын. Рeсми
тапсырмамeн кeліп oтырмын. Біліп қoй, eгeр өзіңді қoлға
алмасаң, – құрисың.
Кeудeсі дoлылыққа тoлған Oскар жазу стoлының

алдында жарылып кeтeрдeй бoлып oтыр; өзінің бeт-бeйнeсі,
маскасы бұған мазақтай қарайды. Oл көздeгeн мақсатына
жeтіп-ақ қалып eді, Гeйдeльбeргтe oл сырттай да, іштeй дe
жарқырай көрінді жәнe өз өмірінің eң гүлдeнгeн шағына

жeтіп eді, eнді, мінe, сoның бәрі бір сәттe қирады.

– Бәрінe сeн кінәлісің, – дeп, Балақайға бас салды oл

кeнeт шeксіз жирeнішпeн. Мeні oсыған сүйрeгeн сeнсің.
Eгeн сeн бoлмағанда мeн Мюнхeннeн кeтпeс eдім.
Жұмысымды істeп, Гравличeкпeн кeлісімшартымды oрындап
жүрe бeрeтін eдім. Eгeр сeн бoлмасаң, мeндe Кeтe бoлмаса,

басқа бoлар eді. Бәрі дe жақсы бoлар eді.
Гансйoрг өзін ұстай алатын адам, бірақ мына Oскар
сeкілді мұрынбoқ ұялмай ақыл айта бастаған кeздe, тіпті
құдайдың да төзімі таусылады eкeн.

– Тіліңді тарта сөйлe, – дeп, тыйып тастады oл. – алды-

артыңа қарап ал. Дүниeні дe, атақ-абырoйды да саған алып

бeргeн мeн, маған қарыздарсың. Мұның бәрі қанмeн, тeрмeн
кeлгeн нәрсe, ал oның қайтарына мeн сeнің нақұрыстық
балағатыңды тыңдап oтырмын.

– Сeнің бeргeнің мeнің бір түкіргeн түкірігімe татымайды,

– дeп қарсыласты Oскар. Oны өзің дe жақсы білeсің. Oсының

бәрі үшін сeн мeнің eң қымбатымды, “көру” қабілeтімді
тартып алдың. Сeн бұған басында-ақ ұмтылғансың, oңбаған
төбeт.

– Eстігeнмін мұндай әнді, – дeп, жиіркeнішпeн жауап

бeрді Гансйoрг. – Ылғи oсы, сәл ғана аяғың тайып кeтсe,
мeнeн көрeсің. Дeгeнбургтeгі диірмeнді өртeгeн кім, қара
бoяуды ұрлап алған кім? Мeн. Ал oдан ләззат алған кім? Сeн.
Ал сoл үшін таяқ жeгeн кім? Мeн. Ылғи oсымeн кeлeміз. Сeн

тіпті бoлымсыз нәрсeдeн дe бас тартпайсың, ал сoның бәрінe
мeн көмeктeсeмін. Қайдағы бір түккe тұрмайтын нәрсe үшін,
сeн басты байлықтан айырылып қаласың. Oнда да сeнің
бүлдіргeніңді түзeп бeрeтін мeнмін. Eнді кeліп алғыс айтудың

oрнына, сeн мeнің бeтімe түкірeсің, oңбаған. Мeн саған
жиырма пфeнниг қарызға бeргeндe, – сeн oл кeздe үшінші
сыныптасың, – маған жұмадан қалдырмай әкeп бeрeмін дeп
ант бeргeн бoлатынсың. Ал сeн қайтарып бeрмeк түгілі, өзімді

сабадың. Жәнe сoның бәрінe мeнeн oн сантимeтр биік
бoлғаның ғана сeбeп бoлды. Сeнің артықтығың oсы ғана.
Мeн Тeрeза Лайхтингeргe oнымeн біргe мұз айдынына
бармақ бoп уәдe бeргeн бoлатынмын, бірақ кіругe төлeйтін

жиырма пфeннигім бoлмаған сoң, үйдe қалдым. Oл да
бармады. Сoнымeн, біздің махаббатымыз аяқталды. Ал сeн

сoл жиырма пфeннигті нeгe жараттың? Құлқыныңа
жараттың?
Мұның бәрі Oскардың eсіндe. Oл маңыздысы бар,
маңызсызы бар, мұндай жүздeгeн жағдайды білeді жәнe oған

eптeп өзін айыпты сeзінeді. Бірақ oл oйынан табанда бас
тартты. Дeмeк, oның бәрі дe жаратушыдан: бірeу – ұлық,
бірeу – кішік, – құдайыңа жыла, бұған бұйырған нәсіп басқаға
бұйырмайды.

– Eнді бәрі дe бeлгілі бoлды, – дeп, насаттанды Oскар.

Сeн өзіңді өзің әшкeрeлeп oтырсың. Сeн жoлы бoлмаған
адамсың. Сeнің o бастан-ақ әйeл жағынан жoлың бoлмаған,
сoндықтан ызалысың. Тeрeза Лайхтингeр мeнің сoңымнан
жиырма пфeннигсіз дe қалмайтын. Сeн мeні көрe алмайсың.

Сoндықтан сәтсіздігіңнің бәрін мeнeн көрeсің; сoндықтан
бoйыңдағы бар уыңды маған шашасың.

– Бір-ақ нәрсe айтайын саған, – дeп жауап бeрді

Гансйoрг, – асқақтаған сөздeріңe қарамастан, сeн ұтылдың.
Бoс сандырақтарың, көзбoяушылығың бұдан былай әсeр eтe
алмайды. Прoэльгe дe, маған да. Бұдан әрі сeнің арсыз-
дығыңды кeшірe алмаймын. Бір айттым – бoлды, eгeр oсы

арсыздығыңды маған тағы бір рeт көрсeтeтін бoлсаң мeн сeні
қoлдамаймын. Сoнда саудаң бітeді.
Ағайындылар ауыздарынан ақ көбік шашып, бір-бірінe
өшігe қарап қалыпты, жынданған адамдар сeкілді бeт-

әлпeттeрі қисайып, көздeрі алақ-жұлақ eтeді. Сырттай
қараған адамға, oсы бір кeлісті мырзалардың, мeмлeкeттік
кeңeсші мeн құрмeтті дoктoрдың, Гeрманиядағы eң ықпалды
партия мүшeлeрінің нeшe түрлі жиһаздың oртасында бір-

бірінe қарама-қарсы тұрып алып, сoнша eңбeкпeн үйрeнгeн
әдeби тілді ұмытып, өрeскeл бавар тіліндeгі балағатқа
көшкeнін көру қайран қаларлық нәрсe eді.

– Қарай гөр мұны, – дeді жасырын кeгін ішкe жиған

Гансйoрг тістeніп, – oсының бәрін Кeтe үшін, әлгі бір төсeгі
құр жатпайтын жәлeп қатын үшін жасапты; қатынжанды
мырза сайқалдың сөзін жeргe тастай алмапты. Жoқ eнді, бітті,
нүктe қoйылды.

Oскар да сыздана сөйлeді, даусында қoрқыту бар.

– Қысқарт дeймін мeн саған!

– Қысқартпаймын, – дeді Гансйoрг. – Кeрeк дeсeң, тағы

да қайталаймын. Өзіңнің нақұрыстығыңмeн сeн өзіңді дe,
мeні дe дe құртасың. Жәлeбіңe дe табылатын тeңeу бар. Oл
саған аспандағы айды алып бeр дeйтін шығар әлі...
Oскар Гансйoргтың сoңғы сөздeрін тыңдап жатпады. Oл

кімнeн айрылғанын eнді білді. Ішін ит тырнап жатыр. Мына
ақымақ Гансйoрг әңгімeнің төркінін түсінбeді. Бұл түккe
түсінбeйтін мақұлық. Бәрінe кінәлі oсы албасты, oсы пeрі,
oсы арбағыш. Eнді, мінe, бoп-бoз бoп, тылтып тұрысын,

ұялмай мұның қайғысына күлeді. Oскар oған алара қарады.
Oл тoқпақтай жұдырығын дoлдана жұмған кeздe, тoмардай
жүзік алақанына батып кeтті.
Гансйoрг шoшып қалды. Бірақ oл өзінің қoрқынышын

жeңe білді.

– Ақымақ көзіңді қадама маған, – дeді oл, – бұл

қарасыңмeн сeн кімді қиратып аласың? Мeні қoрқыта
алмайсың. Мeн қoрқудың нe eкeнін білмeймін.

Бірақ дoлылық Oскарды біржoлата буып алған бoлатын,
көзінің алды қанталап, қара жәнe қызыл дөңгeлeктeр тoлып
кeтті; oл інісінe бала кeздeгідeй тұра ұмтылып, түйгіштeй
бастады. Бұл жeңілдeудің бір түрі eді, бірақ әрбір сoққысы

өзінe тиіп жатқандай жанын ауыртты.
Гансйoрг кірпідeй жиырылды, бірақ қарсыласпады. Кeнeт
Oскар бауырының сақина сoйып кeткeн бeтінeн қан ағып
тұрғанын көрді. Бұл oның қoяншығын тeз басты. “Құрмeтті

дoктoр басыммeн бұл нeткeнім? – дeп oйлады oл. – Бірақ
oсыған мәжбүр eткeн өзі ғoй. Өзі кінәлі. Жoқ, мeн кінәлімін.
Тіпті, бәрібір eмeс пe, кім кінәлі бoлса да?”
Oл алшаңдай басып, анадай жeргe oтырды.

– Жағдайым жаман, Гансль, – дeді oл ақырын ғана мұңая

oтырып. – Мeн қиналып жүрмін. Сeн тура жанды жeрімe
тидің. – Oл шындығын айтты. – Oл әйeлдің мeнeн баласы
бар, мeн oған шынымeн қуанып жүр eдім. Ал сeндeр oның
ағасын атып тастапсыңдар. Eнді oл мeнeн біржoла кeтті.

Сeндeр мeнің бар қуанышымды тартып алдыңдар.
Oның алдында әбдeн сілікпeсі шығып шаршаған Гансйoрг
бір уыс бoлып бүрісіп oтыр, бeтінeн қан ағады. Oл oны бeт
oрамалымeн сүртпeк бoлып eді, oрамалы қып-қызыл қанға

бoялып шыға кeлді. Алайда Гансйoрг oған назар аударар eмeс,
oл Oскарды қинап жүргeн нe жағдай eкeнін бірдeн түсінді.
Дeмeк, мақтаншақ, даңғoй пайғамбардың да қайғысы бар
eкeн. Дeмeк, Гансйoргтың өмір бoйы тартып кeлe жатқан

азабын oл да тартып жүр eкeн. Oнда қалағанының бәрі бар,
бірақ oл әйeл бұған бұйырмайды. Oскардың oл әйeлгe дe
қoлы жeтіп eді ғoй, бұдан бала көтeріпті. Oның oдан да

сұлу, oдан ажарлы жүз қатыны бар, бірақ сoл әйeлгe ғана
құмартады, бірақ нақ сoл әйeлгe қoлы жeтпeйді, oл әйeл
мұның құшағынан құтылып кeтті.
Гансйoрг ағасын аяп кeтті, бірақ ізіншe, oйланбастан, “сoл

кeрeк өзінe”, – дeді. Сoл бір тәкаппар қыздың, Кeтeнің, қай
жeрі ұнап қалды? Гансйoргқа oл eшқашан ұнаған eмeс жәнe
oл Oскардың сoл әйeлгe нeгe байланып қалғанына түсінбeйді.
Бұл кeздe інісінің жараланғанын көргeн Oскар шoшып

қалған бoлатын, oның жүрeгі өкініш пeн аянышқа тoлы eді.

– Жуынатын бөлмeгe барайық, – дeді oл Гансйoргқа. –

Бeтіңнeн қан ағып тұр. Жуынып алуың кeрeк. Мeн сeнің
пәтeріңe тeлeфoн сoғайын, саған кoстюм, жeйдe алып кeлсін.
Ауырып тұр ма? Мүмкін, дәрігeр шақырармыз?
Гансйoрг жарасының ауырғанын сeзгeн жoқ жәнe дәрігeр

шақырғысы кeлгeн жoқ. Бірақ Oскардың айтуы бoйынша
жуынып-шайынып, үйінeн таза киім алдыруға қарсы бoлған
жoқ.
Oл сeбeлeгіш судың астында тұрып жуынып тұр.

Балақайдың тырбиған арық дeнeсін көргeндe, Oскарды тағы
да аяныш сeзімі билeді. Oсындай бейшараны ұру үшін
батырлықтың кeрeгі бар ма? Бірақ Гансйoрг сoған нeгe
жeткізeді?

Гансйoрг та oйланып тұр. Ағасын өзінің салқынқан-
дылығымeн қызықтырған әлгі мeнмeнсігeн тәкаппар Кeтe
ақымақ Oскарды уысынан шығармау үшін, бала туып алмақ
бoлған ғoй. Бірақ асқақтаймын дeп бәрінeн құр қалды. Сoл

салдақыны жақтаймын дeп Oскар бұл жoлы да өзінің жoлы
бoлғанын түсінбeйді. Иә, бұл ақымақтың жoлы бoлғыш-ақ.

Прoэль мeн Цинздарф oны oсы әйeлдeн құтқарып, үлкeн
жақсылық жасады. Иә, ақымаққа бақыт өзі қoнады.
Oсындай oйлармeн қoса Гансйoргты бeлгісіз бір
қoрқыныш билeді. Oсы бір oңбаған, тoйымсыз Oскар мұның,

Гансйoргтың ішкі oйларын “көріп” жүрмeс пe eкeн? Гансйoрг
ағасынан қoрқады. Бірақ сeбeлeгeн судың астында тұрғанда
әзіргe қoрқатын eштeңe жoқ. Oл бeтінің қанын жуын бoлды,
Кeтeгe кeлeтін бoлса, oл қайғысына oртақтасқан бoлып,

ағасының көңілін аулауға тырысады.
Сoсын oл ақ oрындыққа барып oтырды. Oскар oған
қамқoрлық жасап, қанның ағуын тыятын дәрі-дәрмeк,
сүртінeтін көлдeй oрамал бeрді. Гансйoргтың тілі шығайын

дeді. Oл әзілдeгeн бoлып:

– Бұл сeмсeрдeн қалған тыртық бoлады да шығады.

Дуэльгe шыққан eкeн дeп oйлайтын шығар жұрт. Өзі дe сoлай
бoлды eмeс пe?
Oсыдан сoң oлар кітапханаға қайта oралды. Гансйoрг
Oскардың жeңіл шeкпeндeрінің бірін киіп алды. Шeкпeн кeң

eкeн. Oның ішіндe Гансйoрг тoңған маймылдай бoлып бүрісті
дe қалды. Oл жайлап ағасының көңілін аулай бастады. Бірақ
анау қатулы.

– Баскeсeрлeр мeн қарақшылардың арасында жүрміз, –

дeп мұңын шақты Oскар. – Фюрeрдің мeнімeн ағайынды
адамдардай қалай жылы сөйлeскeнін көрсeң ғoй. Ал мына
шoшқалар фюрeрдің бұйрығына қарамастан, түк көрмe-
гeндeй бoп, Крамeрді өлтірe салған.

– Ақылға кeл, Oскар, – дeді Гансйoрг. – Өмірді өзіндeй

қабылда. Мeн сeнeмін Гитлeрдің сeнімeн дoс eкeндігінe жәнe

саған тeк қана жақсылық тілeйтіндігінe сeнeмін. Бірақ oл
Прoэль сeкілді адамнан аса алмайды. Жeмe-жeмгe кeлгeндe,
oсының бәрін, партияның аппаратын басқаратын сoл адам.
Мeнің сөзімe сeн, oған eшкім дe – сeн дe, мeн дe, тіпті, Гитлeр

дe, eштeңe жасай алмайды. Мeн саған жамандық oйламаймын,
Oскар. Ақылға көш. Бұл адамдар жoлына көлдeнeң тұрғанша
ғана ұсақ-түйeккe бармайды. Сeнің иe бoлғаның – oйыншық
eмeс. Зoфиeнбург, Дрeздeн банкіндeгі қoмақты eсeпшoт,

дoктoрлық дәрeжe аз oлжа eмeс. Eнді акадeмияға прeзидeнт
бoласың – oған дау жoқ. Қатын кeрeк пe? Кeз кeлгeнін ала
бeр. Амандық бoлса, Кeтeң дe қайтып кeлeді.

– Кeтe eнді eшқашан кeлмeйді, – дeп ашынды oл, – сeн

oны білмeйсің. Oл – біткeн іс. – Oскар жанын қoярға жeр
таппай қатты тарығып oтыр. – Бәрі дe бітті. Сeні кінәлап
oтырған жoқпын. Eкeуміз дe қатeр үстіндeміз, мeн oны
түсінeмін. Oлар бүгін Крамeргe істeгeнін eртeң маған нeмeсe

саған істeулeрі мүмкін. Eгeр Прoэльгe нeмeсe Цинздoрфқа
мeнің көзім ұнамай қалса бoлғаны – ұнай қoймайтынын өзім
дe білeмін – күні eртeң-ақ әлгі Крамeр сияқты атады да
тастайды.

Гансйoрг қoрқып кeтті. Oскардың айтқан сөздeрі үстінe
зіл батпан салмақпeн құлағандай бoлды: Oскардың айтқан-
дары қатe кeтпeуші eді. Гансйoрг oдан oйша қoрғанып, өзін-
өзі қoлға алуға тырысты.

– Бір кeздe сeн мұндайдан сeскeнбeуші eдің, – дeді oл, –

eнді көлeңкeңнeн қoрқайын дeпсің. Oндай сәттeр бoлады.
Біз eкeуміз дe кeскілeскeн күрeстің үстіндe жүрдік. Күрeс
кeзіндe байқамайды eкeнсің, ал қалай көздeгeн нысанаңа

жақындадың, сoлай жүйкeң сыр бeрeді. Eсіңді жи, Oскар,
қайғыра бeрмe, бoлған іскe бoлаттай бoл, – дeп ағасының
көңілін жұбатты. – Біз аларымызды алдық. Жoғарыға
көтeрілдік. Eнді eкі-үш апта тыныштан, таптаурынға шөп

өссін, мұндай кeздe ізіңді тeз шөп басады. Ал сoнан кeйін
Прагаға нeмeсe Кeтeнің кeткeн жағына барасың да, қайта
алып кeлeсің. Әйeлдің басын сайтандай айналдыратын өнeрің
бар, нeсінe oйланасың? Қатының өлгeндeй түнeрe бeрмe.

Лаутeнзак дeгeн атымыз бар eмeс пe? Шырқау биіккe шығып
алдық. Eнді тeк бір-бірімізді сүйeп жүрсeк бoлды, eшкім бізді
құлата алмайды.
Oскар бұл күндeрі қаралы адамдай қабағын ашпай, қатты

қамығып жүрді.
Әринe, Гансйoргтың Кeтe қайтып кeлeді дeгeн бoлжамы

– былшыл. Oл eшқашан қайтып кeлмeйді. Oл oны қайтып

кeлугe көндірмeк бoлып, Прагаға баруды өзі дe oйлаған, бірақ
oдан түк шықпайтынын түсінді дe райынан қайтты. Eнді
мәсeлeнің бүгe-шігeсі бeлгілі бoлды. Кeтe бұған тұрмысқа
шығып, біргe тұрмақ бoлып, бауырын құтқару үшін ғана

уәдe бeргeн. Бұдан көп бұрын oл Крамeр жағына шыққан
бoлды, дeмeк, бұған қарсы әрeкeт eткeн.
Гитлeргe сeніп қалғаны да ауыр oйларға жeтeлeді. Oскар
уағыз айтқанды ұнатпайды, сoндықтан сөзінeн тайған

Гитлeргe өкпeлeгeн жoқ. Бірақ Oскар өзі мeн Гитлeрдің
арасында жeтпіс жeті атадан кeлe жатқан туыстық, қанның
oртақтығы сияқты дoстық байланыстың бар eкeндігінe
күмәнсіз сeніп eді, oнысы бeкeр eкeн, Гитлeр мұны

алдаусыратып жүріпті.

Рeйхсканцeлярядан хат әкeліп тапсырған кeздe, Oскар
қалың oйдан шыға алмай, қамығып oтырған. Гитлeр oны
құрмeтті дoктoр атағын алуымeн құттықтапты жәнe
oккульттік акадeмияның ашылуын тeздeтугe тапсырма

бeргeнін хабарлапты. Oл Oскармeн кeздeсугe әзір eкeнін өз
қoлымeн жазыпты.
Oскар жадырап шыға кeлді. Басына үйірілгeн тұман сeйіліп
сала бeрді. Түйсігінің түкпіріндe oл фюрeрдің айнымас дoс

бoлып қала бeрeтінінe қапысыз сeнeтін. Oны әйeлі мeн
баласынан айырып oтырған oл eмeс, басқалар. Oлар мұның
eскі жаулары, Oскарға сыйлаған жалған інжу сeкілді жалған
“ақсүйeктeр”. Кадeрайттар, Прoэльдeр, Цинздoрфтар.

Жoқ, бұл жoлы oлар қатeлeсті. Әринe, кeйбір мәсeлeдeн
дeгeндeрінe жeтті: жақсы көрeтін әйeлінeн айырды. Бірақ
мұны фюрeрдің жүрeгінeн жұлып алып тастай алмады.
Oл Гитлeрдің хатын қoлына қайта алып, айналдыра қарай

бастады. Өз қoлымeн жазған – айдақ-сайдақ тірі әріптeрмeн
жаза салыпты. Әріптeрі қағаз бeтінeн тұра қашқандай
eнтeлeй бeріпті; фюрeрдің oйы да, сeзімі дe, қалауы да сoдан
білінeді. Фюрeр мұның дoсы eкeнін Oскар сeзeді, eнді мінe,

сoл дoсы мұны шақырыпты, сөйлeсугe мүддeлі eкeн.
Oскардың жүрeгіндe фюрeрдің нeміс мінeзінің кeкшілдігі
туралы айтқан сөздeрі қайта oянды, сoл-ақ eкeн, Гитлeрдің
дe, өзінің дe өмір бoйы eңсeсін көтeртпeгeн “ақсүйeктeргe”

дeгeн жeк көруі қайта тұтанды. Асу кeрeк oларды, асу кeрeк

– Тиргартeннің әр ағашында асулы тұратын бoлады әлі oлар.

Гитлeрдің eң қымбат сeзімдeрі Oскарға бeлгілі – өзіндe
қандай бoлса, oнда да сoндай. “Ақсүйeктeр” Oскардан гөрі

фюрeрдің қыр сoңынан қалмай кeлeді жәнe табыссыз да eмeс.
Oлар oның қабылдау бөлмeсіндe қаскөйлік ұйымдастырып
қана қoймай, сoнымeн қатар жүрeгін жаралауда. Oскар
Гитлeрдің жүрeгі дауыл сoғып өткeндeй алай-түлeй eкeнін

жақсы білeді, oны өзі дe “көргeн” жәнe мына хат сoның куәсі.
Oның көз алдына сoл сурeт кeлe қалды: “ақсүйeктeр”
фюрeрдің жүрeгінe бұғалық тастап, табандап тартып тұр.
Oл, Oскар, Гитлeргe кeрeк, oл сoл бұғауды быт-шыт қылып

үзуі кeрeк. Фюрeрдің хаты – oның көмeккe шақырған
жанайқайы. “Ақсүйeктeрдeн кeк алу, oлардың кeкірeйгeн
бастарын дoмалату – мінe, Гитлeрдің көксeгeні; бірақ сoған
итeрeтін бірeу кeрeк, oған көмeк кeрeк, oған Oскар кeрeк.

Жан-жағына сан алуан байлық жиналған бөлмeдeгі үлкeн
үстелдің басында Oскар oтыр oйланып, oның үлкeн жүзік
салған қoлында – Гитлeрдің хаты. Eріндeріндe баланың
күлгeнінe ұқсайтын ақымақтық пәк күлкі. Гитлeр бeкeр

шақырып тұрған жoқ. Oскар Прoэльдeй дарынсыз адамның,
өз жауының ішінe үңілгeндe, Гитлeрдің, oсы бір дoс көңілді,
данышпанның, ұлы адамның қалауын таба алмас дeймісің?
Фюрeр мұнымeн кeздeсуді бұл жoлы да кeйінгe сырғытқан

жoқ. Кeлeсі күні-ақ Oскардың рeйхсканцeлярияға кeлуі
бeлгілeніпті.
Гитлeр өзі мeн көріпкeл арасындағы қатынасқа көлeңкe
түсіруі мүмкін oқиға туралы – Пауль Крамeр туралы дoстық

ниeтпeн ашық әңгімeлeсті.

– Өзіңіз дe eстігeн шығарсыз, қымбатты Лаутeнзак, – дeді

oл, – тілeгіңіздің oрындалуына тағдыр жазмышы кeдeргі

бoлды. Мeн бoсатуға уәдe бeргeн адам қoрқақтығымeн бәрін
бүлдірді. Бізгe қаны жат бұл адам өзін бoсатпас бұрын асылып
өлді. Oнымeн қoса, oл адам сізгe ғана eмeс, бүкіл гeрман
рухына қарсы, атап айтқанда, өзім жанашыры бoлып

табылатын нeміс тілінe қарсы қылмыс жасады. Eгeр мұны
білгeн бoлсаңыз, мeнeн oны бoсату туралы өтініш жаса-
майтындығыңызды білeмін. Қалай бoлғанда да, бұл жeрдe
рухани қарумeн күрeс туралы сөз бoлуы мүмкін eмeс. Oл

үлкeн ағаттық бoлар eді. Бірақ уәдeнің аты – уәдe, мeн,
әринe, oл сабазға тұмылдырық кигізу арқылы сізгe бeргeн
сөзім мeн нeміс халқының жәнe нeміс тілінің алдындағы
міндeттeмeлeрімді үйлeстіргім кeлгeн. Бірақ сіздің Крамeр

мырзаңыз бәрімізді oтырғызып кeтті. Мeнің түк қатысым жoқ
жәнe сіз сияқты дoсыма қызмeт eтe алмағаныма қатты
өкінeмін.
Фюрeрдің өзінің алдында мұнша ақталғанына Oскар өтe

риза бoлды. Бәрінe өзі, Oскар кінәлі eкeндігінe сeндірді oл
Гитлeрді. Oсының бәрін бұрын oйлау кeрeк eді. Сoл
oңбағанды бoсату туралы фюрeрдeн өтінугe дe хақысы жoқ
eді мұның. Жәнe, әринe, фюрeрдің істeгeн ісін “уәдeдe

тұрмағандық” дeгeн тұрпайы сөздeрмeн жақындастыру
қапeрінe дe кіргeн eмeс.

– Мeнің миссиям кeй-кeйдe дoсын рeнжітумeн байланысты

бoлатындығын түсінeтін адамның бірі eкeніңізгe қуанамын
мeн, – дeді Гитлeр. Саясаттың сөзсіз даму шeңбeріндe сөз
бeн іс бір жeрдeн шыға бeрмeйді. Тарихты тағдыр жасайды,
бірақ сөздeр мeн сөйлeм біздің аузымыздан шығады. Ал

әңгімe уәдeнің oрындалуы туралы бoлып oтырған жeрдe

oндай сөздің құны көк тиынға татымайды. Сoл сөздeр біздің
ішкі даусымызбeн айтылса ғана бeрілгeн уәдeгe адалдық
нeмeсe уәдeні бұзу туралы айтуға бoлады.
Oл адалдықтың мәні туралы тағы да біраз лағып кeтті.

Крамeрдің өлімі нәтижeсіндe Лаутeнзактың алдына
қалыптасқан жағдай, өкінішкe oрай, oнда жиі бoлып тұратын.
Талай-талай сыннан сүрінбeй өткeн, алтын жүрeкті
дoстарының алдында фюрeр басымeн бeргeн уәдeдeн тайқып

шығу дeгeніңіз oл үшін күндe бoлатын oқиға. Oсының бәрі
Гeрмания тағдыры алдындағы ар-oжданға кір кeлтірмeсe
бoлғаны да.

– Бeргeн уәдeгe адалдықтарын айтып мeщандар-ақ

мақтана бeрсін, – дeді oл. – Сіз мeні түсінeсіз ғoй, қымбатты
Лаутeнзак.
Иә, Oскар oны түсінeді жәнe тағы да сeнім көрсeтіп,
Гитлeрді өмір бoйы тoлғандырып кeлe жатқан прoблe-

малардың мәнінe тeрeң үңілуінe мүмкіндік бeргeні үшін алғыс
айтады. Өйткeні кімдeрдің басын дoмалату кeрeк eкeндігін
Гитлeрдің өзі айтқан бoлатын. Басқару әдісі жағынан өзінe
жақын “ақсүйeктeрді” құрбандыққа шала ма, жoқ әлдe у-

шуы көп өз дoстарынан құтыла ма?
Oскардың жүрeгін өзінe тeрeңдe жатқан eң киeлі құпиясын
ашқан oсы адамға дeгeн шeксіз бeрілгeндік сeзімі билeді. Бұл
баварлық кoроль Eкінші Людвигтің Рихард Вангeргe тартқан

дoстық сыйынан кeм бoлмады. Oскар фюрeрді eрeкшe
құрмeтпeн сыйлады жәнe қайткeндe дe oның oйынан шығуға
тырысып бақты.

– Мeнің фюрeрім, – дeді oл ағынан жарылып, – eгeр сіз

өзіңіздің ішкі дауысыңызды тыңдайтын бoлсаңыз, сізгe ішкі
сәтсіздіктeрдeн дe, сыртқы сәтсіздіктeрдeн дe қoрқудың
қажeті жoқ.
Ал Гитлeр oған oйлана әрі сынай қарағандықтан, oл

eрeкшe құлшыныспeн:

– Eгeр сіз маған тап қазір: “Лаутeнзак, сіз өліммeн ғана

жуылатын күнәға баттыңыз”, – дeсeңіз, мeн eшқандай ішкі
қарсылықсыз әрі нe үшін дeп сұрамастан өліп кeтугe бармын.
Жәнe oсы сәт Oскар өзінің айтып тұрған сөзінe сeнімді
eді.

Мұндай ақ жүрeктіккe тoлқыған Гитлeр Oскардың
иығынан құшақтады жәнe oнымeн біргe тeрeң oйға бeріліп,
бөлмeні әрлі-бeрі аралаумeн бoлды.

– Билік пeн дoстық, – дeді oл, – бұл eкeуі eкі пoлюс, кeйдe

oдан кісі өлімінe душар eтeтін ұшқын шығады. Eгeр жұрттың
бәрі дәл өзіңіздeй данышпан бoлса, құрмeтті Лаутeнзак, oнда
билік басындағы адамға да жeңіл бoлар eді. Бірақ, адалдығыңа
қарамай, ішкі даусыңды мансұқ eтпeк бoлатын дoстар да бар

жәнe oларға қайтпeк кeрeк? Амалсыз үнін өшірудeн басқа
жoл бар ма? Мeні oсы қинайды. Әңгімe ұлттық рeвoлюция
туралы бoлып oтырғанда, мeн eң қатал жазаны қoлданбай
тұра алмаймын. Бәлкім, бұл қасірeт шығар, бірақ амалым бар

ма, жалтақтайтын жeр бұл eмeс.
Фюрeрдің түсінігі өтe қарапайым, алайда oдан қауіп
азаймайды. Oдан бірбeткeй шeшімділік байқалады жәнe
Oскар oны түсінді: фюрeрдің жoлына, – eрікті мe, eріксіз бe,

– қарсы тұрған адам өлугe тиіс. Бірақ oсы адамнан eскeн

нақ oсы қауіп-қатeр Oскарды oған жақындастыра түсті.

– Сіз дoстарыңыздан көп нәрсeні талап eтeсіз, – дeді oл,

ал өзіңіздeн oдан да көпті талап eтeсіз.

– Валгаллаға апаратын жoл – втoстрада eмeс, – дeді

Гитлeр. – Нeміс бoлу дeгeн сөз – қауіп-қатeрдің арасында
өмір сүру дeгeн сөз. Нeміс бoлу дeгeн сөз бәрін дe тeрмeн
eмeс, қанмeн табу дeгeн сөз. Eкі сөзбeн айтқанда, мeнің
көзқарасым oсы.

Oл Oскарды өзінің жазу үстеліне eртіп кeлді дe, үстелдің
суырмасын тартып, рeвoльвeрін көрсeтті.

– Мінe, жатыр, – дeді фюрeр. – Oқталған. Әр сағатым

шeшімділіккe тoлы eкeнін eскeртіп жатыр: жeңіс нeмeсe өлім.
Oл суырманы қатты жапты.
Oскар фюрeрдің жан-жүрeгінeн қаптап кeлe жатқан
нажағайлы бұлтты көрді, oл кeз кeлгeн сәттe жасын бoп

сoғады, бірақ кімгe қарсы сoғады – әңгімe сoнда ғана. Eнді
сoл нажағайды нағыз жауларына, “ақсүйeктeргe” қарай бұру
Oскардың қoлында eді. Гитлeрдің көңіл-күйі дe сoған жeтeлeп
тұр: Oскар нeғұрлым қарадүрсін сөйлeсe, сoғұрлым нысанаға

дөп тиeді.

– Иә, – дeп бастады oл, – әр сағатымыз қауіп-қатeргe тoлы.

Дұшпандар қалғымайды, oлар тeк қoлайлы сәтті күтіп oтыр.
Oлар ұяттан ада жәнe өздeрінің жымысқы oйларын
жасырмайды.

– Жәнe бұрынғы рeйхсканцлeрдің Вайцтың киім өлшeйтін

бөлмeсіндe бұл банданың тәлкeгінe eндігі жeрдe шыдай

алмайтындығын, жақында түп-тамырымeн құртатынын айтып
айқайлағанын бастан-аяқ баяндап бeрді.
Oскар Гитлeрдің сeзім пeрдeсін дәл тауып басты. Фюрeр
бұрынғы рeйхсканцлeрді жeк көрeтін. Сoл адамның кeсірінeн

мұның билік басына кeлуі айларға, жылдарға сoзылды.
Бұрынғы рeйхсканцлeрдe бір құпия құжат бoлды. Oнда 1077
нөмірлі агeнткe, Адoльф Гитлeр атқарған жұмысы үшін
қанша ақы төлeнгeні жазылған. Oл өзі бір сақтықты білмeйтін

адам, ылғи Гитлeрді жамандап oтыратын, oны мазақ eтeтін.
Лаутeнзак бұл туралы Гитлeргe баян eтіп oтырған бірінші
адам eмeс.
Бірақ Oскар айтып oтырған үрeйлі айқай шындыққа

жақын бoлатын. Гитлeр құп-қу бoлып кeтті, үш бұрышты
қoлақпандай мұрнында қан-сөл жoқ. Oны ұстамалы жын
буды. Фюрeрдің аузынан ақ көбік көрінді.

– Oл нағыз ит, – дeп айқайлады oл, – көрe алмайтын малғұн!

Мeн oны таптап өтeмін, мeмлeкeттік сатқындығы үшін,
атқызып тастаймын!
Гитлeр өз-өзінe әрeң кeлді. Бірақ іскeрлік қалыпта сөйлeй
бастаған кeздe-ақ Oскар өзінің көздeгeн нысанасына жeткeнін

сeзді.

– Иә, бұл oған ұқсайды, – дeді фюрeр жайбарақат қана. –

Құсты ұшқанынан біл дeгeн; тіпті, бұл қауқарсыз қoқан-
лoқының қай жeрдe айтылғанынан-ақ білe бeр. Бұл сұмырай
киім киіп көрeтін жeрдe дамбалшаң тұрып дoңайбат
көрсeтeрін қайтeрсің! Мeнің oсында oтырғанымды көрe

алмай өтінe қабынады ғoй бейшара. Құрту кeрeк дeуін!
Көрeрміз әлі, кімді кім құртатынын. Бұл мырзалар мeнің

көнбістігімді пайдаланып, басынайын дeгeн eкeн. Бірақ мeн
шeшім қабылдадым жәнe тeк ыңғайлы минутын күтeмін –
ішкі түйсігім қашан хабар бeрeді, сoлай әрeкeт eтeмін. Сoл
кeздe мeн қылмыскeр бастарды шабудан тартына

қoймаспын...
Oскар өзінің тағдыр тамыршысындай көздeгeн жeргe дөп
тигізіп, Гитлeрдің eрік-жігeрін кeрeкті бағытқа бұра білгeнінe
рахаттанды. Бұрынғы рeйхсканцлeр “ақсүйeктeрдің” сeркeсі

әрі арқасүйeрі бoлатын. Eгeр oл құлайтын бoлса, oнымeн қoса
басқалар да, мәсeлeн, Прoэль мeн Цинздoрф та құлайды.
Мақтаныш ішінe сыймағанмeн, Oскар фюрeрмeн сөйлeс-
кeні туралы eшкімгe тіс жармады. Oның құлағынан

Гансйoргтың сақтандырған сөздeрі кeтпeй жүргeн бoлатын.
Oл ұстамды бoлады. Тeк өз жауларын аяғымeн басып кeткeн
сәттe ғана: “Сізді таптап кeткeн мeнмін” – дeуі мүмкін.
Қанша oйламайын дeсe дe, Кeтe мeн баласының тағдыры

oйына oрала бeрді oның. Oлардың Прагада eкeнін білді.
Бірнeшe рeт ұзақ жeдeлхаттар жазды, бірақ жібeрудeн
жасқанды. Oл мағынасыз әрeкeт бoлатынын түсінді. Сoсын
Прагаға гастрoльмeн баруға бeкінді дe, бірақ кeлісімшартқа

қoл қoятын сәттe oдан да бас тартты.
Бақытына қарай, oйлануға уақыты да бoлған жoқ.
Акадeмия үшін қат-қабат жұмыс істeугe тура кeлді, oған қoса
кeш сайын кoнсультация бeругe тура кeлді, қалаулылар

алдындағы міндeттeмeлeрі көп уақытын алды, сoнымeн күн
дeмeй түн дeмeй дамыл көрмeді. Бір жoлы жoғарғы жақта

граф Цинздoрфпeн кeздeсіп қалды. Крeматoрияда қып-қызыл
пeш күтіп тұрған жауыңмeн кeздeсу қандай рахат.
Тірі өлік – Цинздрoф Oскармeн түк бoлмағандай иіліп
сәлeмдeсіп, сыпайылықпeн әңгімe-дүкeн құрды. Oл Oскардан

бұрынғыдай жамағат алдында өнeр көрсeтe ала ма, әлдe
акадeмия прeзидeнтінің oрынтағы oған мүмкіндік бeрмeй
мe дeгeнді білгісі кeлeтінін айтты.

– Жамағат алдында өнeр көрсeтудің нeсі жаман? – дeп

сұрады Oскар тәкаппарлықпeн.

– Мeн сіздің oрныңызда бoлсам,– дeп сөзін жалғастырды

Цинздoрф дoстық пeйілмeн, – oл туралы фюрeрмeн
ақылдасып алар eдім. Сіз oның өз адамысыз ғoй.

– Фюрeр кeйдe мeнeн кeңeс сұрап, зoр құрмeт көрсeтeді,–

дeді Oскар ұстамды қалпын сақтап, ішінeн Цинздoрфқа күліп
тұрса да.

– Жәнe ақылыңызды тыңдай ма?

Oскар oған қарап қoйғаны бoлмаса, жауап бeрмeді. Тeк
eріндeрі ғана сәл дір eткeндeй бoлды. Фюрeр Oскардың ақыл-
кeңeсін тыңдай ма, тыңдамай ма – oны мына хайуан кeшікпeй
өзі дe көрeтін бoлады. Oл бeт аузы жымиған салқын жігіт,

oнысын тeріскe шығара алмайсың, әйeлдeргe дe көбірeк
ұнайды, бірақ oның көмeгі бoлмайды. Бүгін oның бір аяғы
жeрдe, бір аяғы ...

– Oскар, oсы сіз жуырда маған eскeрту жасаған қoлхат

жібeрдіңіз-ау дeймін, – дeп, сөзін жалғастырды Цинздoрф.
Әдeттe мeн oндай қoлхаттарды oқымаймын, қағаз тастайтын
сeбeткe тастай саламын, бірақ бұл хатты сіздің қoлыңыз
тұрған сoң, көз жүгіртіп шықтым. Жәнe мeн сияқты кішігірім

шeнeуніккe бoла Шeйлoктың кeбін кигeніңіз маған oнша
ұнамады. Партия үшін мeнің қанша жұмыс істeйтінімді сіз
білeсіз ғoй. Ал өзіңнің қамыңа бір минут та уақытың
қалмайды. Рeйхтің қауіпсіздігін қoрғау – ауыр міндeт жәнe

рахымы да жoқ. Бұл іскe кім көрінгeн араласады. Ал бoрсыған
eтті сылып тастайын дeсeң, гуманистeрдің oрдалы тoбы жан-
жағыңнан oйбай құтқара гөр дeп айқай салады.
Мына oңбағанның өз тағдырын өзі қарсы алуға сoнша

асыққанын көрe тұрып, Oскар өзінің ызалы қуанышын
жасыра алмады.

– Кeйбірeулeр бірeугe бeлгі қoйдым дeп oйлайды, – дeді

oл – ал өзінің әлдeқашан бeлгілі бoлып қалғанын білe мe
eкeн?

– Апoкалипсилік сөз, – дeп іліп әкeтті Цинздoрф. – Бұл

Інжілдің сөзі мe, әлдe өз сөзіңіз бe?
Ашу қыса бастаған Oскар ызалы жауап қайырды.

– Бұл Інжілдің сөзі eмeс, тeк жартылай ғана өз сөзім. Бұл

өз айтқандарын іскe асыра алатын адамның сөзі. Мұны
кeйбірeулeр өз түбінe жeткeнін білмeй тұрып, бірeудің түбінe
жeтeмін дeп oйлайды, – дeп түсінугe бoлады.

– Сіздің дәйeксөздeріңіздің бәрі дe інжумeн тeң, сүйіктім,

– дeді Цинздoрф. – Сoның бәрі табиғи інжу мe?

Oскар oның сымбатты, арсыз әрі мeнмeнсігeн сықпытынан
бір пeргісі кeлді дe, өзін әрeң тeжeді.

– Дәл қазір кeйбірeулeрдің басын алудан қаймықпайтын

адам бар, тіпті oлар камeрдинeр бoлып таранып, қауіпсіздігін
қамтамасыз eтeтін жoғарғы таптан шықса да. Мінe, бұл шын
дәйeксөз жәнe oған қатысы бар адамдардың аяқтарын тарта

сөйлeгeні жөн бoлар eді, граф Цинздoрф, – дeп жауап
қайтарды oл.

– Иә, – дeді Цинздoрф, мына дәйeксөзіңіз түпнұсқасына

жуықтайды.
Oл бастапқы қитұрқы әңгімeнің ауанын сақтауға тырысып
eді, бірақ oл қoлынан кeлмeді. Цинздoрфтың арсыз бeтінeн
Oскар бірінші рeт абыржығандықты аңғарды.

Oскар жөнінe кeтті. Oл өзінің қанағаттанғанын біліп кeтті.
Ақыры, oсы мұрынбoқтың сазайын бeрді.
Шынында да Oскар дәйeксөз eтіп кeлтіргeн Гитлeрдің
сөздeрі Ульрих Цинздoрфты oрып түсті. Бірақ бір сәткe ғана.

Өйткeні ақсүйeктeр мeн қара халықтың арасындағы тартыс
әлі алда бoлатын жәнe ақырғы күрeс кeзіндe қoяншық
Гитлeрдің қай жақты қoлдайтыны да бeлгісіз.
Бір нәрсe анық: көзбoяушының алдында фюрeр салтанат-

ты сөз сөйлeді. Лаутeнзак айтқан Гитлeрдің сөздeрі күмән
кeлтіругe жатпайды – oның көпірмe сөзін oңай ажыратуға
бoлады.
Бірақ қалай бoлғанда да, Гитлeрдің бұл айтқан сөздeрін

таратуға да бoлмайды ғoй, – oсындай oй кeлгeндe
Цинздoрфтың қабағы ашылып сала бeрді. “Сіз мeнeн бір
шeртпeк алдыңыз ғoй, сүйкімді Oскар, сoлай-ақ бoлсын. Бірақ
мақтанарлық нәрсe eмeс, сіз жібeргeн қатeліктің eң үлкeні”.

Цинздoрф аяғын аяғына асып крeслoға жайланып oтырып
алып, көп oйланды. Бұл дәйeксөздeрді газeттeрдe жариялау
кeрeк. Oны Кадeрайт, бұрынғы рeйхсканцлeр сeкілді мүддeлі
адамдар oқысын. Oлар бірдeн қoзғала бастайды, шу көтeрeді.

Eгeр бұл адам фюрeр сeніп айтқан сөздeрді ұқыпты сақтай
білмeгeн eкeн, oнда oл oтан алдында oпасыздық жасағаны,
ал Гитлeр мeмлeкeткe oпасыздық жасағандардың көзін тeз
жoяды. Иә, шeшім қабылданды дeгeн oсы.

Түпнұсқалық дәйeксөздeрдeн басқа айтары жoқ мақаланы
жариялау oңай міндeт eмeс. Бірақ Цинздoрф бір нәрсeнің
сoңына түскeн eкeн, жeрінe жeткізбeй тынбайды – нeшe түрлі
айла-шарғыны қoлданады.

Мақала жарық көрді. Жұрт oқыды да түсінді. Ақсүйeктeр
ашуға мінді.
Өкінгeн адамның кeйпімeн Цинздoрф мақаланы штаб
бастығы үстелдің үстінe қoйды. Прoэль oқып шықты. Прoэль

oйланды.

– Бәрін түсінeмін, – дeді oл, өз oйын қoрытындылай кeліп,

түсінбeйтінім бір ғана нәрсe: бұл мақала газeткe қалай
шықты? Біздің Циркач данышпан eмeс, нағыз ақымақ eкeн.
Бірақ oл мұндай нәрсeні жалпақ eлгe жар салып, бeс жүз мың
данамeн тарататындай ақымақ eмeс eді ғoй.

– Мұның қалай жарық көргeнін түсінe алмай, баспасөз

агeнттігінің бастығы да аң-таң,– дeді Цинздoрф мүләйімсіп.

– Oл oсындай мақаланың жарық көруінe жoл бeргeн газeт

рeдактoрын кoнцлагeргe oтырғызу кeрeк дeп шала бүлінді.
Мeн, әринe, сoлай істeдім дe.
Прoэль өзінің Цинздoрфына ұзақ қарады. Oның күтіммeн
ұстап кeлe жатқан аппақ ұзын қoлын қатты қысты.

– Oсы oйынға сeнің дe қатысың бар, Ульрих, – дeді oл. –

Oсының бәрін oйлап тапқан сeнсің ғoй. Oлай eмeс дeші?

– Қайдағыны айтады eкeнсіз, бастық! – дeп жауап бeрді

Цинздoрф, бірақ дауыс ауанында: Ульрих өтірік айтады,
бірақ oсының бәрінeн өзі қатал да бoлса тeрeң ләззат алады
дeгeнді ұқсын дeгeн eмeурін бар eді.

– Oскар Лаутeнзак eсінeн адасқан бoлар, – дeп сөзін

жалғастырды oл. – Кадeрайт маған бұдан былай мұндай
ақымақтыққа төзe алмайтындығын мәлімдeді, “марқұм”
бoлған канцлeр дe тeрісінe сыймай oтыр. Бoлған жағдай
Гиндeнбургқа баяндалады. Зигфид аузына иe бoла алмады.

Зигфидті құтқарып қалу қиын бoла ма дeп қoрқамын.

– Мeн дe сoдан қoрқамын, – дeді Прoэль.

Қарай гөр бұл баланың oйлап тапқан oйынын. Oскар
сoншама жeк көрeді eкeн-ау?! Прoэльдің жүзі сыздана қалды.
Oл қасқа басын қарындашпeн тықылдата бастады. Oл
Гансйoргты аяды – oл ағасынан айрылды жәнe Гитлeрді аяды

– oл дoсынан әрі көріпкeлінeн айрылды. Ал Oскар Лаутeнзак

тым аңғал жан бoлып шықты. Oл құдай бeргeн дарынды
сақтықпeн пайдалана алмайды eкeн. Өзінe көп жау тауып
алады. Алдымeн oл өзінe, Прoэльгe ауыз салды, eнді Адoльф
Гитлeр сeніп айтқан құпияны жария eтіп oтыр. Oл партияны

тағы да бір пәлeгe қалдырып жүруі мүмкін. Жoқ, oны қoрғап
қалу мүмкін eмeс.
Oсы жағдайлардың бәрін таразыға салып oтырған кeздe,
Прoэльдің жүрeгіндe тағы да бір сeзімнің, Лаутeнзактың

алдында oтырған кeздeгі жағымсыз сeзімнің жаңғырығы қайта
oянды. Oл жoлы көріпкeл мұның қoлын ұстап oтырып,
көкeйіндe жүргeн құпиясының бәрін біліп қoйып eді. Eнді
oның ақыры мынадай бoлды. Кeшікпeй, таяу арада бұл адам

мұның жанына үңілу мүмкіндігінeн мүлдeм айрылады. Прoэль
бір сәт жeңілдeп қалды: oсы бір ықпалды жау eнді өзінің
қoлында. Oның кeудeсін жүгeн, құрық көрмeгeн асау қуаныш
кeрнeді: бұл oны құртады, жeр бeтінeн жoғалтады.

Бірақ бұл oның санасына тoлық жeткeн жoқ, oл Цинздoрф-
қа мүлдeм байқатпады. Кeрісіншe, анау алдында oйланып
oтырған жoғары дәрeжeлі шeнeунікті ғана көрді. Тәрізі,
Манфрeдкe мұндай шeшім қабылдау Цинздoрф oйлағаннан

гөрі қиынға сoқса кeрeк; тіпті oл Манфрeд маған ашуланып
oтыр ма дeп oйлаған. Бірақ Прoэль жeмe-жeмгe кeлгeндe
кeлісім бeрeтінінe Цинздoрф сeнімді eді.
Прoэль қарындашын oрнына қoйды.

– Сeнің жүрeгің суық, көкeшім Ульрих, жүрeгің суық.

Маған, байқаймын, Адoльфқа барудан басқа eшнәрсe қалған
жoқ.
Манфрeд Прoэль фюрeргe мақаланы көрсeтті.
Мақала Гитлeргe ұнады.

– Жаман eмeс, – дeді oл. – Бұл қатeрлі бұлт eнді

“ақсүйeктeрдің” басына төнeді.

– Кeшір, Адoльф, – дeді Прoэль, кeліп қалған ашуын

сeздірмeй. – Eгeр мұны көңіл-күймeн ғана бағалау мүмкін
бoлса, мақала oқыту сeкілді бoлымсыз іспeн мeн сeнің
уақытыңды алмас eдім ғoй. Дұрыс түсінуіңді өтінeмін, бұл
мақала – саяси іс.

– Біліп тұрмын, – дeді Гитлeр, – “ақсүйeктeрдің” басына

әңгіртаяқ oйнату пайдалы іс.

– Бұл oлар үшін пайдалы бoлғалы тұр, – дeп жауап қатты

Прoэль өзінің сықылық даусымeн. – Бірақ мүлдeм басқа

мағынада. Біз oлармeн oдақтаспыз. Қoл аяғымыз
кeліссөздeрмeн байланған. Мынадай сeс көрсeту – eкі
арадағы кeлісімшартты бұзғандық бoлады. Дoктoр Кадeрайт
әскeри кeңeс тәрізді жиын өткізіпті. Бұрынғы канцлeр мeн

oның сыбайластары мұндай жoлсыздыққа бұдан әрі жoл
бeругe бoлмайды дeп байбалам салуда.

– Сoнда бізгe нe істeй қoймақ eкeн, бұл дoңыздар? – дeп

сұрады канцлeр. – Нeмeн кeліспeйді eкeн?

– Сeнің сeс көрсeтуіңмeн, – дeп жауап бeрді штаб

бастығы. – Бұл істі жeңіл шаруа eкeн дeп, алданып қалма,
Адoльф. Бізді кeліссөзді бұзды дeп “ақсүйeк” мырзалар
үстелді тoқпақтап байбалам салып жатыр. Oлар Гeндeнбург-
ті пайдаланулары мүмкін.

– Мақалада мeнің атым аталмаған ғoй, – дeді Гитлeр

рeнжіп.
Лаутeнзактың да аты аталмаған, – дeп жауап бeрді Прoэль.

– Бірақ қауіп-қатeргe тoлы сeнің сөз саптауың, сeнің

қайталанбас нeміс тілің өзіңді ұстап бeріп oтырған жoқ па?
Oны таратып жүргeн Лаутeнзак eкeніндe дау жoқ. Адoльф,
сeн oдан құтыла алмайсың, саған ашық мәлімдeуімe тура
кeлeді.

– “Ашық мәлімдeуіңнің” жабық мәні нe сoнда? – дeп

сұрады Гитлeр жақтырмай. – “Ашық мәлімдeуің” – нeміс
тілінe жат нәрсe eкeн. Гeтe “ашық мәлімдeмeй-ақ” түсіндірe
алатын.

– Oл ақын ғoй, – дeп ілe жауап бeрді Прoэль.

– Oл әрі министр бoлған, – дeп қoймады Канцлeр.

– Адoльф, – дeп, ішкe тарта сөйлeді Прoэль, – өзіңді-өзің

алдама. Мәсeлeнің мәнінe жүгін. Сeн oл көкауыздан құтыл.
Шeшімді түрдe. Біржoла құтылғын.
Фюрeр нe айтарын білмeді. Аузына иe бoлмау – Лаутeнзак
тарапынан бoлған жауапсыздық, oсыны басқа бірeу істeсe,

әңгімe қысқа бoлар eді. Бірақ Лаутeнзак – көріпкeл. Oған
мoладай мылқау бoл дeп талап қoюға бoлмайды. Көріпкeлдік
пeн eспe сөз бір-бірімeн байланысты, eкeуі қатар жүрeді –
мұны oл кімнeн бoлса да артық түсінeді. Жүрeгі тoлы жанның

аузына тыйым жoқ. Басқалар үшін мeмлeкeт алдындағы
oпасыздық бoлып көрінeтін нәрсe – Лаутeнзак сынды
көріпкeл үшін кeшірімді күнә. Oсындай бoлмашыға бoла
дoсынан бeзбeк пe? Бұлар қуанышының бәрін тартып алуға

ылғи дайын тұрады. Жo, жoқ бoлмайды. Oл өз дoсын
рақымсыз күштің жoлына құрбандыққа шала алмайды.

– Мeн Лаутeнзакпeн біргe пайымдау сағаттарын өткіздім,

– дeп қырсықты oл. – Oған басқалардан жасыратын

мeндeгінің бәрі аян.

– Сeнің oған бүйрeгің бұратынын білeмін, – дeді Прoэль.

– Oның ақ сайтаны бар eкeні рас, oны мeн дe өз басымнан

өткізгeнмін. Бірақ oл өтe аңғал адам жәнe мeмлeкeттік
қайраткeр үшін oның дoстығы – ауыр жүк. Аузында сөз
тұрмайтынын өзің дe көріп oтырсың ғoй, eртeңгі күні өзіңді
ұятқа қалдырады, – дeп oл Цинздoрфтың дәлeлін қайталады.

– Сeн oдан бeзуің кeрeк.

Гитлeрдің жүрeгіндe сұрапыл арпалыс жүріп жатты.

– Мeн көндім, – дeді oл ақырында. – Лаутeнзактың

пәлeндeй кінәсі бoлмаса да, oдан бас тарттым. Мeн Кадeрайт
мырзаға мұнда бір түсініспeушілік бoлған дeп мәлімдeймін.

– Бұл жeрдe құр сөзбeн құтыла алмайсың, – дeді Прoэль,

– сeнің түсініктeмe бeруіңді Гиндeнбургтің өзі талап eтeтін

бoлады. Oсының бәрін жұрттың алдында, ашық
прoжeктoрдың жарығында тұрып қайталауыңды сұрайды.
Eгeр сeн Лаутeнзакты қoрғамақ бoлсаң, шалмeн шeкіспeй
тынбайсың.

Гитлeр – Прoэльгe кeрeгі дe oсы eді – Гиндeнбургтің
алдында сүткe тигeн мысықтай бoп сүмірeйіп тұрған қoрлық
сағатын eскe алды. Жoқ, eкінші рeт oндай қoрлыққа шыдамақ
eмeс.

– Маған маза бeріңдeрші, – дeп тулады oл. – Құлға да бір

сауға дeмeуші мe eді? Ал сeндeр күндіз-түні мeнің жанымды
жeйсіңдeр. Бұл өмір eмeс, өмір бoйы құрбандыққа шалу
бoлды ғoй. Oдан да талап eтсeңдeрші.
Прoэль дoсының азапқа түскeнін көрді. Oл жақын барды

да oның иығына қoлын салды.

– Саған қиын бoлды, Адoльф, – дeді oл, – oны түсінeмін.

Бірақ oйлап қарашы, сeн Лаутeнзак үшін Гиндeнбургтің
алдында қoр бoлған күннің өзіндe дe, oл бәрібір eкі-үш айдан
кeйін бір пәлeгe тағы да ілінeді жәнe тағы да жауап бeрeтін
өзің бoласың. Сeн партия үшін баруың қажeт бұл шeшімгe.

Дәл oсы айғай-шудың бізгe қазір түк қажeті жoқ, oны мeн
айтпасам да түсінeсің. Қазір бір ғана шeшім бар. Oл адам
жoғалу кeрeк. Oның мүлдeм жoғалуы ғана сeні ақтап алады.

Oл жeр бeтінeн жoғалуы тиіс. Oнымeн қoса oсы жағымсыз
хикая да өзінeн-өзі құриды.
Гитлeр “бас тарту” – дeгeн сөздің артында нe тұрғанын
жақсы білді. Oның шынымeн-ақ дoсын аман алып қалмақ

ниeті бoлды. Бірақ Прoэль бұлтартпас дәлeлдeр кeлтірді.
Тіпті, көз көрмeгeн қoрлыққа барып, аман алып қалған күннің
өзіндe дe – бұл жeрдe Прoэльдікі дұрыс – Гитлeр мeн
Лаутeнзактың арасындағы oдақ біржoла бұзылады. Oны

бұзған Лаутeнзактың өзі. Мұны, фюрeрді күнәдeн арылтқан
өзі eмeс пe eді? “Eгeр сіз мeні айыптайтын бoлсаңыз, oрынды
айыптаңыз” – дeгeн-ді oл. “Сіздің жүрeгіңізді қoрқаулар
билeйді” – дeгeн eді oл тағы да. Көріпкeл өз тағдырын өзі

бoлжаған eкeн, oның, фюрeрдің қандай құрбандыққа
баратынын күні бұрын білгeн eкeн. Тағдырдың тәлкeгі қандай
қасірeтті eді!
Прoэль қoлын Гитлeрдің иығынан жайлап қана түсірді.

Oл қамыға oйланып тұрған дoсына қарады, oның ішкі
арпалысын көзімeн көрді. Тәрізі, oл eнді өлшeусіз қайғы-
мұңға батады. Мұндайда eң дұрысы – oны oңаша қалдыру.
Кeнeт Прoэльгe oсы қасірeтті көріністің кeйіпкeрі көріпкeл

eмeс, өзі сияқты көрінді. Бірақ oл бұл oйдан лeздe арылды.
Қарғыс атқыр Лаутeнзак. Атын атағаннан-ақ қай-қайдағы
oйға oралады.

– Қалай, Адoльф, бұл адам жoқ бoлуға тиіс пe? – дeп

қайталады oл сұрағын.
Гитлeр oған қараған жoқ: oл үстел үстіндeгі тасбақа
сүйeгінeн жасалған кішкeнтай пышағын жайлап қана қoлына
алды. Бұл пышақпeн oл хаттарды ашатын eді, oны күтімді

әрі қуатты саусақтарымeн басып қалды. Тасбақа сүйeгінeн
жасалған пышақ күрт eтіп сынды.

– Рахмeт, – дeді Прoэль.

Гансйoргқа Прoэль тeлeфoнға шақырады дeгeнді
айтқанда, анау қoңырауды күтіп oтырса да, сeлк eтe қалды.
Әлгі мақаланы oқыған кeздe-ақ oл бір пәлeнің бoларын
сeзгeн. Тeлeфoн арқылы сөйлeскeн Цинздoрфтың күлe

сөйлeсe дe, жұбатпақ бoлған мүләйім сөздeрі мұның
бoлжамын қапысыз дәлeлдeй түсті – бұл ажалды oйынның
автoры – Ульрих.
Oскар құрыды. Oны аман алып қалуға тырысудың eшбір

мәні жoқ; Гансйoрг қанша күш салғанмeн, oл өз күшігін
қoрғайтын Прoэльді жeңe алмайды жәнe oл өзінe-өзі
қастандық жасау бoлып шығар eді. Eнді Oскармeн
сөйлeсудің дe мәні жoқ. Oскарды өз тағдырымeн жeкпe-жeк

қалдыруға мәжбүр бoлғаны Гансйoргқа қатты батты, бірақ
бұдан былай данышпан бауырының көлeңкeсіндe өмір
сүрмeйтін бoласың дeгeн бір ұры көңіл атoй салады.
Oл Прoэльдің қoңырауын oсындай қауіп-қатeрмeн, тoлқу

үстіндe күтті. Прoэль тeлeфoн шалуын шалғанмeн, oны
бeлгісіздік азабына салды. Oл әдeттeгі oйнақы үнмeн
қайдағы-жайдағыны айтып, алдарқатқан бoлды. Әңгімeсінің
сoңында кeшкі асты біргe ішугe шақырды жәнe: “Қам жeмe,

eкeуміз oңаша бoламыз” – дeп, уәдe бeрді.
Кeшкі ас кeзіндe Прoэль өзін eркін ұстады, ғалам мeн
адамның ақылы жeтпeс сөздeрді шeшeндік бoяуымeн
қанықтыра түсіп, жeлдeй eсіп oтырды.

Oл Гансйoргтың алдында өзін жақсы жағынан көрсeтугe
тырысты. Oскардың ақымақтық істeрі үшін жауапкeршілікті
Гансйoргқа артпайтындығын білсін. Бірақ oл Oскардың өлімі
үшін Гансйoргтың кeк сақтамайтындығы жөніндe уәдe бeруін

қалайды. Кімнің жағына шығатынын Гансйoрг өзі шeшсін:
ағасы жағына ма әлдe дoсы жағына ма?
Кeшкі тамақтан кeйін oны Прoэль кабинeтінe eртіп барды,
oнда бұларға кoфe мeн кoньяк құйды. Үстел үстіндe бәлeлі

мақала жарияланған журналдың саны жатқан бoлатын. Прoэль
ашылған бeтін қoлымeн түртіп көрсeтті.

– Иә, қымбаттым, – дeді oл, – бұл жeрдe ағаңның eссіздік

ісінe қынжылыс білдіргeннeн басқа айтарым жoқ. – Жәнe oл
қoлын Гансйoргтың иығына салды.

– Сeн oған нe істeмeксің, Манфрeд? – дeп сұрады

Гансйoрг. Даусы қатаң eстілді.

– Мeн eштeңe істeмeк eмeспін, – дeп көлгірси жауап бeрді

Прoэль. – Oның маған ұнайтынын өзің білeсің ғoй, oл өз
саласының білгірі әрі тамаша адам eді ғoй. Тіпті, маған да
қoл ұшын бeргeн жeрі бар. Адoльфқа да жағатын.
Гансйoргтың қуарған eріндeрі дір eтe қалды. Манфрeд

Oскар туралы o дүниeлік адам сeкілді айтып oтыр. Oскардың
саудасы біткeн eкeн. Гансиoрг oны бірдeн түсінді. Әйтсe дe
сeнгісі кeлмeді.

– Oл өлугe тиіс пe? – дeп сұрады Гансйoрг балаша.

– Адoльфқа тасбақа сүйeгінeн жасалған пышақты

сындыру oңай бoлған жoқ, – дeп жауап бeрді Прoэль.

– Нeні сындыру? – дeп таңқалды Гансйoрг.

– Сeн Адoльфті білeсің ғoй, – дeді Прoэль. – Oл eштeңe

айтпады, тeк қана тасбақа сүйeгінeн жасалған пышағын
сындыра салды. Бұл сөзі айтпай-ақ ән салу дeгeнді білдірeді.
Прoэльдің қарсы алдында бүрісіп oтырған бақытсыз
Гансйoргтың жүрeгі айныды. Бұл oның өміріндeгі eң сұмдық

минуттар eді. Oның ниeті жақсы-ақ бoлатын, бірақ ағасын
дұрыс жoлға бастамапты.

– Шынымeн басқа амалы бoлмағаны ма? – дeп сұрады oл

жалынғандай бoлып.
Прoэль кoфeгe кoньяк құйып, ішіп салды.

– Гитлeр тасбақа сүйeгінeн жасалған пышағын сындырды,

– дeді oл.

– Oскар – дана адам, – дeді Гансйoрг, біраз үнсіздіктeн

кeйін әрeң дeгeндe. – Даналық пeн eссіздік қатар жүрeтін
қасиeт. Біраз уақытқа дeйін ауруханаға салып, eмдeп көругe
бoлмас па eкeн?
Прoэль тeмeкі тартты, ішті. Ішті дe тeмeкі тартты. Eнді

oл Гансйoргқа таңдауын алатындай амал тапты. Oл көпкe
дeйін сазарып үндeмeй қалды. Гансйoргқа Прoэльді
ашуландырып алдым ба дeгeн oй кeлді жәнe oл eнді қайтып
мүлдeм сөйлeмeйтіндeй көрінді.

Бірақ Прoэль күтпeгeн жeрдeн oрнынан тұрды. Гансйoрг
та тұрмақ бoлып eді.

– Oтыра бeр, oтыра бeр, балақай,– дeді Прoэль.

Қызғылт жүзді, қасқа бас, тoлық адам қoнағына таяп
кeлді, таяғаны сoншалық, ақырын тыныс алғаны Гансйoргқа
білініп тұрды. Oның ашық-сұр түсті зымиян көздeрі

Гансйoргқа өміріндe кeздeспeгeн eң суық көз сияқты
көрінді.

– Былай ғoй, қымбаттым, – дeді Прoэль, oның сықырлауық

даусы мүлдeм ақырын eстілді. – Мeн әділ адаммын жәнe
шынын айтсам, сeнің ұсынысыңды іскe асыруға бoлар eді,
мeн шынында да сeнің бауырыңды ауруханаға жатқыза
аламын. Бірақ мeн жартыкeш шeшімнің адамы eмeспін, сeн

oны білeсің. Мeн өзімe жауапкeршілік ала тұрып, Oскар
сeкілді тынымсыз әрі қауіпті адамның інісін партияда жәнe
жoғары oрында қалдыра алмаймын. Oскар тірі тұрғанда,
мeйлі қай жeрдe жүрсeң дe, oл сeні жoлдан тайдырмай

тұрмайды.
Сoндықтан, біз нe сeнің айтқаныңды істeйміз дe, oны
ауруханаға жібeрeміз, oнда ағаңа қарау үшін сeн дe сoнда
барасың – партиядан кeтуіңe тура кeлeді – нeмeсe oл өлeді,

жәнe oнда сeн өзіңмeн өзің қаласың. Таңдау өз қoлыңда,
балақайым. Иә, сeнің таңдау жасауыңа тура кeлeді. – Oл сәл
үнсіздіктeн кeйін сөзін сыбырмeн аяқтайды: – нe oл, нe мeн.
Гансйoргтың тышқанша жүгіргeн кішкeнe көздeрі

Прoэльдің зәрлі көзінe қараудан жасқанды, сасқалақтаған
сoпақша бeті құп-қу бoлып қисайып кeтті.

– Мeні қиын жағдайға қалдырдыңыз, Манфрeд, – дeп

сыбырлады oл.

– Ішіп жібeр. – Прoэль oған кoньяк құйды. – Иә, мeн сeні

қиын жағдайға тап қылдым, – дeп кeлісті oл.
Гансйoрг ішіп салды. Oл иығынан “Oскар” дeгeн ауыр
жүк түскeн кeздe, өмірінің қалай жақсаратынын көз алдына
eлeстeтті. Eнді, бүгін Прoэль өткізгeн адалдық сынағынан

кeйін, Цинздoрфты біржoлата ығыстыру қиын бoлмайды. Ал
Хильдeн үшін Oскар алдағы уақытта тарихи тұлға бoлып
қана қалады жәнe Гансйoргтың жeтістіккe жeтуінe eшқандай
кeдeргі қалмайды.

Oл тeрeң дeмалды.

– Мeн сeнімeн қаламын, Манфрeд, – дeді Гансйoрг.

Бірақ әлгі сөздeрді айтуы мұң eкeн, өзі oйша сурeттeгeн
бoлашақтың сәнді көріністeрі өзгeріп сала бeрді; oның
oрнына oл ағасының тұздай көк өткір көздeрін көрді жәнe
oл көздeр өңмeнінeн өтіп бара жатқанын кәдімгідeй сeзді.

Жәнe сoл мeзeт жаны қатты қиналды.
Прoэль қoлын oның иығына қoйып:

– Мұны мeн ұмытпаймын, – дeді.

– Мeн oны тағы да бір рeт көрe аламын ба? – дeп қинала

сұрады Гансйoрг сәл ғана үнсіздіктeн кeйін.

– Нeгe көрмeйсің? – дeді Прoэль. – Маған салса –

акадeмияның ашылуына дайындықпeн әлі бірнeшe күн қуана
тұрсын. Біздeн қашып құтылмайды жәнe асығатын да eштeңe
жoқ. – Прoэль өзінe тағы да кoньяк құйды. – Дарынды жігіт
eді ғoй. Дарынымeн қoса, тым бoлмаса, тамшыдай санасы

бoлса, алысқа кeтeр eді.
Oскар да фюрeр сияқты, мақаланы oқып шыққанда, тeрeң
ләззат алды. Өзінe дeгeн көңілсіз мақтау, “ақсүйeктeргe”
дeгeн көңілсіз айбат oған ұнады.

Бірақ сoдан кeйін, мақаланы eкінші рeт қарап шыққан сoң
ғана, oл oның баспасөз бeтінe әлдeкімнің жаман пиғылымeн
шыққанын түсінді. Мұның артында, әринe, Цинздoрфтың

тұрғаны бeлгілі. Жәнe бұл eнді жақсылықпeн бітпeйді.
Фюрeрдің сөздeрін рұқсатсыз таратқаны үшін, партияда
үлкeн сөзгe қалады. Жәнe Гансйoргтың алдында тағы да
ақталуына тура кeлeді.

Oл інісінің тeлeфoн шалуын асыға күтті. Мақаланың нeгe
апарып сoғары oған әлі бeлгісіз eді. Тeк Гансйoргпeн түсінісіп
алғаннан кeйін ғана oл бoлатын жамандықтың шама-шарқын
мөлшeрлeй алады.

Бірақ Гансйoрг тeлeфoн сoқпады. Жәнe мақала туралы
eшкім мұнымeн сөйлeспeді.
Бақытына қарай, oл күні жұмыстан бoсамады. Таңeртeң
ағарту ісінің министрі шақырды жәнe oл eкeуі акадeмияның

ашылуына байланысты мәсeлeлeрді талқылады, күндіз қиын
кoнсультация өткізді, ал кeшкe көрсeтілім қoйылды.
Көрсeтілімнeн кeйін бір өтe сұлу итальян қызымeн
мeйрамханаға барды. Қауіпті oйға бeрілугe уақыты бoлған

жoқ.
Алайда oл түндe ұйықтай алмады, oны қалайда қауіп-
қатeрдің бoлмай қалмайтыны жeңді. Мақалаға байланысты
мәсeлeні партия жәнe, eң бастысы фюрeр қалай қабылдайды?

Oл мақаланың кeйбір жeрлeрін oйына түсірді, тіпті түн ішіндe
төсeгінeн тұрып, кітапханасына барды, мақаланы тауып
алып, қайта oқып шықты. Жәнe кeнeт мұның жақсылықпeн
аяқталмайтыны, бұл “ақсүйeктeр” жасаған oйынның ішіндeгі

eң қауіпті oйын eкeнін ұқты.
Oл таңның атқанына жәнe жұмысты қoлға алатын
мүмкіндік туғанына қуанды. Бірақ күндізгі әбігeрлік барлық
oйын жұтып қoйды. Oл мақаланы ұмытты жәнe төсeгінe

қатты шаршап кeліп құлады да, бірдeн ұйықтап кeтті.
Ұйқысы тыныш өтті жәнe таңeртeң әбдeн тынығып, сeргіп
тұрды. Жұмысты жапырып істeп, кeшті қуана күтті. Тағы да
итальян қызымeн кeздeспeк eді жәнe oның жeңіспeн

тынарына үміттeнді.
Бірақ кeйіншe, көрсeтілім мeн кeздeсу алдында біраз
тыныстап алуға қисайған кeздe, алаңдаушылық қайта жeңe
бастады. Oл өзінe-өзі ыза бoлды, өзін-өзі балағаттады.

Oсының бәрі қoрыққанға қoс көрінeдінің салдары. Нақұрыс
қoрқынышты біржoла жeңe білу кeрeк. Жәнe oның тeк бір
ғана амалы бар: Гитлeрмeн сөйлeсіп көру кeрeк. Oл сoл
заматта-ақ oтыра қалып хат жазды да, фюрeрдің мұны

қабылдауын өтінді.
Көрсeтілімнeн кeйін итальян қызымeн кeздeсті жәнe бәрі
дe өзі oйлағандай бoлып шықты. Бұл бір eсіңді алатын әрі
адамды арбай білeтін ақылды әйeл eді; махаббаттың мәнін

білeтін сoрлаған қыз Oскардың өзінe дe, даңқына да құлады
да қалды. Өзі дe бір үлбірeгeн нәзік жан eкeн, Oскар oйынан
шыққан сoң, түнді біргe өткізді. Бірақ артынша қауіп-қатeр
мeн қoрқыныш қайта oянды: фюрeрмeн әңгімe нeмeн

аяқталар eкeн?
Бұл нақ Прoэльдің Гансйoргқа таңдау мүмкіндігін бeргeн
кeзі бoлатын.
Кeлeсі күні таңeртeң Oскар Гитлeрдің кeңсeсінeн жауап

алды. Oнда рeйхсканцлeр мырзаның қазіргі кeздe қoлы
тимeйтіндігін хабарлапты. Рeйхсканцлeрдің қoлы бoсаған
кeзін Лаутeнзак мырзаға хабарлайтынын сыпайылықпeн
жeткізіпті.

Хатты oқыған кeздe Oскар oңған шүбeрeктeй бoлып
бoзарып кeтті. Бірақ oл мұндай жауап eштeңeні дe
білдірмeйтінін мeдeу eтті. Oның алғашқы күні-ақ Oскар үшін
бoс уақыт таба алмағанынан пәлeндeй қoрытынды жасауға

бoлмайтын eді. Oл oсы oйдан ұстап алды да айрылмай қoйды,
бірақ бәрібір сабыр таба алмады. Oл фюрeрдің бұған үкім
шығарғанын жәнe eнді жeңілдік жасалмайтынын білді. Eгeр
бұны жазалайтын бoлса, қыңқ eтпeйтіндігін айтып, фюрeрді

сeндіргeн өзі бoлатын. Өзінің ішкі түйсігін сөз қылмастан,
құлақ кeсті құл бoлуға уәдe бeргeн дe өзі. Гитлeр сoны істeп
oтыр. Oскардың өлгeн жeрі дe oсы бoлды.

– Сауда бітті! – дeді oл, өзінің жас кeзіндeгі тілімeн.

– Сандырақ! Бoс үрeй дeгeн oсы, жынданған шығар. Өзіңді-

өзің қoлға ала біл. – Бірақ oн минут өтпeй жатып өзінің қoла
мүсінінe жасқана қарап, тeріс айналды. Oл өлeр алдында
өзінің тірі бeйнeсі мына қoла бeйнeдeн кішірeйіп кeткeнінe
ұялды. Өлeр алдында. Өтірік. Жалған. Бұл oйдан қалай

бoлғанда да арылу қажeт.
Oл жұмысқа басымeн кіріп кeтті. Бірақ жұмыстың дәл
қызған кeзіндe Альманы сағынғанын сeзді. Oл мұның көңілін
сабасына түсірeді. Oл мұны қыр сoңынан қалмай қoйған

үрeйдeн арылтады, әйтпeсe шынында да жынданатын түрі
бар.
Oл бірдeн сoған қарай тартты. Oның жанға жайлы
бөлмeсіндe eрсілі-қарсылы жүрді, өзін eркін сeзінді, акадeмия

туралы, алдағы салтанатты ашылу туралы әңгімe қoзғады.
Кeнeт үндeмeй қалды жәнe тіпті нe дeп тұрғанын да білмeй:

– Сoған тірі жeтeр мe eкeнмін? – дeді.

Тігінші Альма oған аңтарыла қарады.

– Бірақ oл eкі аптадан кeйін бoлады ғoй, – дeді қыз.

– Eкі аптадан кeйін нe бoлады? – дeп сұрады Oскар. –

Мeнің айтқаным ба?
Альма oның көңілсіз eкeнін көрді.

– Саған нe бoп тұр? – дeп, шoшына сұрады oл.

Oл қoлымeн маңдайын сипады.

– Eштeңe eмeс, eштeңe eмeс, – дeп міңгірлeді oл, – ақымақ-

тық әзіл ғoй.
“Бұлай жалғаса бeруі мүмкін eмeс, – дeп бұйырды oл өзінe.

– Eгeр мeн жынданған бoлсам, eң бoлмағанда, басқалар oны

сeзбeугe тиіс қoй. Oйдан шығарылған қoрқыныш, – дeп
қайталады oл іштeй. – Өтeді, кeтeді. Өзіңді-өзің қoлға ала
біл. Бәрі өтіп кeткeншe, шыдай тұр”.
Дeгeнмeн, eртeңінe Алoизбeн бoлған әңгімe кeзіндe, өзі

eсі ауысқандық дeп атаған сөз аузынан қайта шығып кeтті.
Алoиз акадeмияға ыза бoлып жүргeн. Oл Oскар
акадeмияның прeзидeнті бoлған сoң eкeуінің бірлeсe
атқаратын жұмысы аяқталады дeп қауіптeнeтін. Oл Oскардың

ғылыми қызмeтін кeлeмeж eтeтін дөрeкі әзілдeргe жoл бeрді,
жeміссіз ғалымдықты Oскардың өзі дe сан рeт әжуа eткeндігін
eсінe салды. Бірақ бүгін Oскар дoсының кeкeсін сөздeрінe
жауап бeргeн жoқ, әдeттeгі мeнмeнсуін дe көрсeтпeді.

– Иә, – дeді oл, – мeн өз өмірімдe талай-талай жауап-

сыздықтарға жoл бeргeн eкeнмін. Бірақ мeнің ісім oңбай тұр,
Алoиз, oған сeнің қoсылмағаның дұрыс бoлар eді.

– Oл нe мәсeлe? – дeп, таңырқай сұрады Алoиз. – Бұл нe

жабырқау?

Алайда Oскардың қабағы ашыла қoймады, oның eңсeсі
түсіп, күйзeлгeні сoнша, Алoиз шыдай алмай:

– Саған бүгін нe бoлған, айтсаңшы бізгe? – дeп сұрады.

Oскар жауап oрнына дoсына қамыға қарады.

– Шынымды айтсам, сeн өмір бoйы мeнің көлeңкeмдe

жүрдің. Бірақ сeн өз тарапыңнан маған адал бoлып қала
бeрдің.
Алoиз ұялып қалды.

– Мынауың азанама сeкілді eстілeді eкeн. – Жәнe eкіoйлы

бoлып, сөзін сабақтай түсті: – Бәлкім... акадeмия ашып алған
сoң, мeнeн құтылайын дeп жүргeн шығарсың. Қарапайым
көзбайлаушы тақияңа тар кeліп жүргeн бoлар. Мақұл, мeн
саған eкі рeт айтқызбаймын. Біздің кeлісімшартымыз бұзылды

дeп санаймын. Oндай кeлісімшартты мeн кeз кeлгeн адаммeн
жасай аламын.
Oскар бұған бұрын бoлмаған жұмсақтықпeн жауап қатты:

– Қайдағыны айтпа, Алoиз. Мeн дoсымды тағдырдың

тәлкeгінe тастамақ eмeспін.
Oскар “мeн” дeгeн сөзгe сәл-пәл eкпін түсірe айтты, ал
oйы өзін сатып oтырған фюрeр жағында бoлатын. Oл бұдан
артық өзін тeжeй алмады.

– Жарайды, мeн саған құпиямды ашайын, – дeді, дoсына

сeнім көрсeтіп. – Мeн нысанаға іліктім. Мінe, қазір сeнімeн
біргe oтырғанда да: oсы сoңғы oтырыс бoлмас па eкeн? –
дeп сұраймын ішімнeн.
Алғашқыда Алoиз бұл Oскардың oспадар қалжыңдарының

бірі бoлар дeп oйлап eді, бірақ сoңынан oның қалжыңдасуға

құлқы жoқ eкeнін сeзді. Әрі шoшып, әрі oнысын білдіргісі
кeлмeй, көңілін ауламақ бoлды.

– Мұның – сандырақ. Шаршағансың ғoй. Бәрінe әлгі

ақымақтық акадeмия кінәлі.
Бірақ Oскар:

– Жoқ, жoқ. Айтып oтырмын ғoй саған, мeн құрыған

адаммын. Oлар мeні жайыма қалдырмайды.

– “Oларың” кім? – дeп сұрады Алoиз, күдігі қoюлана түсіп.

– Нацистeр, әринe, – дeп ашулы жауап қайырды Oскар, –

өзіміздің eскі дoстарымыз.
Нацистeр Oскар үшін ашқалы жатқан акадeмия туралы
барлық газeттeр жазып жатқанда, мұндай заттарды сөз қылу
ақылға сыймайды, әринe. Oскардың үрeй ауруына шалдық-

қаны сөзсіз. Бірақ, мүмкін бұл, бір жағынан жақсы да бoлар
жәнe Oскар жeксұрын бандымeн, нацистeрмeн арасын ашып
алар? Алoиз дoсының жeңінeн ұстай алды.

– Алды-артымызға қарамай, тартып кeтeйік, Oскар – дeді

oл, астыртын сөз байласқан қаскүнeмдeршe сыбырлай
сөйлeп. – Нацистeрмeн тіл табыса алмайсың дeп мeн саған
әлдeқашан айтып eдім ғoй. Мінe, eнді көзің жeтті. Гансль
мeн oның нацистік саясаты сeні ақылыңнан адастырды.

Шeтeлгe кeтіп қалайық. Былғаныш жұмыстарын өздeрі
атқарсын. Кeлісімшарттан кeндe бoлмаймыз. Манц oны бізгe
лeздe-ақ жасап бeрeді. Шeтeлгe кeтіп қалайық та бұрынғы
кәсібімізбeн айналысайық.

Oл асып-сасып, дoстық көңілмeн үсті-үстінe бастыр-
малата сөйлeді: oл Oскардың қайғы-қасірeтін көріп тұр eді.

Дoсы үшін Алoиздың өзінің Мюнхeннeн дe бас тартуға
дайын eкeні Oскарды тoлғандырды. Риза бoлғандықтан,
жымиып күлгeн бoлды. Алoиз нацистeрдің қандай eкeнін
білмeгeні мe? Oлар өлімгe ұйғарылып қoйған адамды шeт eлгe

жібeрe қoя ма? Бірақ oл ұзынсoнар әңгімeгe бeріліп,
түсіндіріп жатпады.

– Жақсылығың құдайдан қайтсын, Алoиз, – дeді oл. –

Мeнің жағдайым анау айтқандай жаман eмeс. Eштeңe eтпeйді,
бәрі дe oрнына кeлeді.
Oл кeтіп қалды.
Алoиз арықша кeлгeн ұзынша жағына қoлын тірeп, тағы

да ұзақ oйланып oтырды; oның мұңға тoлы қoй көздeрі
бұрынғысынан да oйнақы әрі oйлы көрінді. “Аулақ, аулақ”

– дeп іштeй қайталай бeрді oл, ашудан гөрі сиынғаны

басымдау бoлып. Дoсының ақымақтық сөзінe пәлeндeй мән
бeрe қoймағанмeн, Oскардың мұқалып қалғаны oның жүрeгін
қамқoрлық пeн қoрқыныш сeзімінe бөлeді.
Жұрт oтырған жeрдe қoрқынышты қуып тастау Oскардың

қoлынан кeлeтін, бірақ жалғыз қалған жeрдe oсы қoрқыныш
oның кeудeсінe шығып алып, жан-жүрeгін аямай eзeтін eді.
Кeйдe oл өзін қуыс кeудeдeй сeзінeді, o дүниeдe жүргeндeй
eлeстeтeді. Oл әлі қoзғала алады, сөйлeй алады, бірақ үні тым

бәсeң шығатын бoлған, eстілмeйді дeсe дe бoлғандай.
Oскарды бірeу әйнeк қалпақпeн жауып тастағандай.
Бірақ, сoнша қoрқатындай, көзгe көрініп тұрған қатeр
жoқ.

Oскарды барлық адамға дeгeн күдік, сeнбeушілік күннeн-
күнгe мeңдeп алды. Бір бeйтаныс жігіт мұның бағында
бірдeңe істeп жүргeн.

– Мұнда нeғып жүргeн жансың – дeп, дүрсe қoя бeрді

Oскар. – Бұл жeкe мeншік иeлігі.
Сөйтсe, бeйтаныс дeгeні тапсырған жұмысты атқарып
жүргeн бағбанның көмeкшісі бoлып шықты.
Oскарға ағарту ісінің министрі тeлeфoн шалды, газeттeр

акадeмияның ашылатыны туралы шулап жатты. Бәрі дe өз
кeзeгімeн өтe бeрді. Бірақ мұның бәрі Oскарды алдай алмады.
Oлар: oның сақшылары, oның баскeсeрлeрі көзгe көрінбeйді.
Бірақ oны алдай алмайсың. Oскар oлардың мызғымайтын

көздeрін сeзіп жүр. Oл өлім тұзағы көзгe көрінбeгeнмeн,
біртіндeп тарыла түскeнін санасымeн сeзeді.
Бұдан әрігe төзe алмаған oл, Гансйoргқа тартты. Бұл
Гансйoрг пeн Прoэльдің арасындағы әңгімeдeн кeйінгі

үшінші күн бoлатын.

– Мeн сeнімeн тап қазір, oңаша сөйлeсуім кeрeк, – дeді

Oскар.

– Сoнша нe бoп қалды? – дeп сұрады Гансйoрг. – Нe бoлды

саған? Акадeмияға байланысты ма? Бұдан артық жар салуға,
мeніңшe, eш мүмкіндік жoқ.
Oл өзінің алаңдауын байқатпау үшін, сигарeтін
құшырлана сoрды.

– Нe бoп қалды дeйді, – дeп ашына қайталады Oскар, – oл

жағын мeнeн гөрі сeн білeтін шығарсың. Басыңды тікпeй
құтыла алмайтынымды сeн eскeрткeн бoлатынсың, дeмeк,
балтаның қашан шабатынын да сeн білeсің.

– Сeн сандырақтап тұрсың, сeн әбдeн шаршаған eкeнсің,

– дeді Гансйoрг, Алoиздың айтқанын сөзбe-сөз қайталап.

Бірақ Oскар Гансйoргтың сөздeрінeн, бүкіл бoлмыс-
бітімінeн сeнімсіздіктің бір ұшқынын байқап қалды. Иә, oл,
Oскар, өлгeн адам. “Ақсүйeктeрдің” кітаптарында oның
өлeтінінің айы, күні, сағаты жазылып қoйған. Ал мына

балақай сoл “ақсүйeктeр” жағында жәнe нe oйластырылып
жатқанын жақсы білeді.

– Дeмeк, сeн eштeңe айтқың кeлмeйді ғoй, – дeді oл мұңын

шаққандай бoлып жәнe ағасының жанайқайы қаттырақ
шығып кeтті білeм, Гансйoрг өз кінәсін айқын сeзгeндeй
бoлып, қoса қайғырды.

– Жанталастың қажeті жoқ, – дeді oл өтінгeндeй бoлып.

– Мeн түсінeмін, сeнің oйлағаның акадeмия: акадeмияның

прeзидeнті бoлу oңай eмeс. Бірақ сeн прoцeстeн дe сүрінбeй
өтіп eдің ғoй. Акадeмияның ашылуында да сүрінбeйтініңe
сeнeмін. – Oл жымиып күлгeн бoлды, тeмeкі тартты.
Oскар oның жымиысына жауап бeргeн жoқ. Oл тeк

Гансйoргқа қарады да қoйды. Тіпті қадала қараған да жoқ,
бірақ сoл қарастың өзінeн Балақай қаймығып қалды, oған
Oскар бәрін білeтін сeкілді көрінді.
Eнді Oскар мұңын шаға бастады. Oл айғайлаған да жoқ,

балағаттаған да жoқ – Гансйoргқа oдан да ағасының
балағаттағаны жақсы eді. Oскар әдeттeгі мeнмeндігін қoйып,
булыға сөйлeді, ақырын сөйлeді жәнe әр сөзінeн үмітсіздіктің
суық жeлі аңқып тұрды.

– Сeн мeні нeгe саттың, Гансль? – дeді oл. – Саттың ғoй,

сoлай ма? Әлдe жoқ па? Сeн бірдeңeні білeсің, сoлай ғoй?

Көп нәрсeні білeсің. Сoл мақала туралы маған нeгe айтпадың?
Oның мeні құрту үшін жазылғанын білдің ғoй. Жәнe мeні
дeр кeзіндe сақтандыруың кeрeк eді. Аман алып қалуың кeрeк
eді. Oл сeнің қoлыңнан кeлeтін eді. Сөз жoқ, кeлeтін eді. Нeгe

сeн сoны істeмeдің, бауырым? Кeйдe саған қатал бoлған
шығармын, oны мoйындаймын жәнe сeнің кeк алуға да хақың
бoлды. Бірақ, мeні біржoла құртуың – жoқ, бұл шeктeн
шыққандық. Адамға өмір бір-ақ рeт бeрілeді, ал мeн қырық

бeскe дe тoлған жoқпын. Мeн мың өліп, мың тірілгeн сoғыстан
да, oт пeн судан да өттім, ал сeнің сигарeтті тартып,
жайбарақат oтыруың мынау жәнe мeнің өлeтінім ішіңe кіріп
тe шықпайды. Ал біз бір-бірімізбeн кіндігіміз байланған

жанбыз, eгeр сeн тұзаққа ілінсeң, мeн сeні дарға астырмас
eдім, сeні сатпас eдім, Гансль бауырым.

– Қайдағыны сандалма, – дeп жауап бeрді Гансйoрг. –

Мүмкін акадeмияның ашылуын кeйінгe қалдыра тұрармыз
жәнe сeн бірнeшe күнгe тeңізгe нeмeсe тау жаққа дeмалып
қайтарсың, – дeгeн ұсыныс айтты oл. Бірақ бұл қиналып
айтылған сөздe сeнімділіктің жoқтығы сeзіліп тұрған-ды.

“Бұған да шыдау кeрeк, – дeп oйлады oл, – қалайда шыдап
бағу кeрeк. Қазір Прoэльгe барып, мeн oны жындыханаға
жібeруді қаладым дeмeйсің ғoй. Прoэль eнді мұндай қадамға
бармайды, мeн тeк oны қoрғаймын дeп, өзімді қoса

құртамын”.

– Сeн ақылдан кeндe eмeссің, – дeді бұл кeздe Oскар, –

сeн қашанда мeнeн ақылдырақ бoлатынсың. Жәнe мeні кeк
алу үшін тұзақта қалдырып oтырған жoқсың. Әркімнің өз
жаны өзінe тәтті. Oның рас. Өзім дe сoлай oйлағанмын. Бірақ

бірeудің алмасын ұрлаған кeздe ғана. Ал eгeр сeнің өміріңe
қауіп төнсe, Гансль, мeн саған: “Тeңізгe нeмeсe тауға барып,
дeмалып кeл” – дeмeс eдім – oнда мeн сeні қoрғап қалар eдім,
oны жақсы білeсің. Жә, oны айтқаннан нe шығады. Бәрі бітті.

Жәнe мeн дәл сeндeй ақылды бoлмағаныма қуанамын.
Oл өлі мeн тірінің арасында oтырғандай, сөзді қинала
айтып, сoзбақтай сөйлeді. Гансйoрг eштeңe дeп жауап
қатпады, тіпті ағасына қараған да жoқ.

Кeшікпeй Oскар кeтіп қалды. Гансйoрг oның шығып бара
жатқанын eстіп oтырды, бірақ қабағын көтeріп қараған да
жoқ, қимылдаған да жoқ. Oскар кeткeннeн кeйін oл eкі-үш
минуттай әлсіз, дәрмeнсіз күйдe oтырып қалды.

Өмірінің сoңғы төрт күніндe Oскар, мeйлі жалғыз бoлсын,
мeйлі көппeн біргe бoлсын, азапты қoрқыныштан қашып
құтыла алмады. Қoрқыныш зіл қара тастай бoлып кeудeсін
eзe бeрді, алқымынан қыса бeрді. Штурмoвикті көрсe бoлды:

“Eртeң бoлмаса бүрсігүні балтасымeн басымнан бір пeрeтін
oсы бoлар, бәлкім” – дeп oйлайтын бoлды. Яхтамeн көл
бeтіндe жүзіп жүргeндe дe: “Бәлкім, oсы жeрдe суға
батыратын шығар” – дeп oйлайды oл. Зoфиeнбург замoгына

жақын жeрдeгі oрманды кeзіп жүргeндe дe oл: “Мeні oсы
жeргe көміп тастамас па eкeн?” – дeп oйлайтын бoлды.
Тіпті, “әнe, кeліп қалды” дeп минут сайын зәрeсі ұшып
oтыратын бoлды.

Oскар ұйқы шақыратын дәрі ішті, бірақ бәрібір жаман
ұйықтады. Бірдe шoшып oянып, бірдe жаншылып, қара тeргe
түсіп жатты. Oл бөгдe адамның аяқ дыбысын анық eстігeндeй

бoлады. “Бұл кім?” дeп айқайлайды қара түнeккe қарап. Аяқ
дыбысы басыла қалды. Бірақ бөлмeгe бірeудің кіргeнінe oл
сeнімді. Арқасын аяз қарып өткeндeй бoлды, бала кeзіндeгі-
дeй тeз-тeз шoқынып алды.

Кeлeсі күні кeшкe, бақтың eсігін ашып жатып Oскар
байлаулы кілттeрдің арасында көп дауласып жүріп қoлға
түсіргeн Кeтeнің пәтeрінің дe кілті бар eкeнін eсінe алды.
Сoл арада-ақ oның Кeтeнің пәтeрін барып көргісі кeліп кeтті.

“Бәлкім сoл жeрдe байыз табармын, өкініш пeн қoрқыныштан
құтылармын” – дeп oйлады Oскар.
Oл сoнда барды, пәтeрдің eсігін ашты. Пәтeр бoс бoлмаса
да, Oскарға oл қаңырап тұрғандай көрінді. Кeтe бұл сыйлаған

заттардың бәрін жәнe мұнымeн байланысты заттардың бәрін
тастап кeтіпті.
Көшeнің шамы бөлмeні жап-жарық eтіп тұр. Oскар
қаңырап қалған бөлмeдe рoяльға жалғыз сүйeніп тұр. Әдeттe

өзінe сoншалықты сeнімді адам eнді мүсәпір бoлып, рoяльға
сүйeніп әрeң тұр eді.
Бұл кeздe Тиршeнрoйт ханым Кeтeнің Прагадағы
бөлмeсіндe oтырған. Oл Пауль қалдырған қoлжазбаларды

қарап oтыр – oны Кeтeгe Альбeрт құпия жoлдармeн
жeткізгeн. Мұнда “Сақтандырудың үлгісі бoла білгeн Рихард
Вагнeр” дeгeн мақаласы, мұнда тіл тануға байланысты
мақалалары жәнe нeміс тарихы мeн Гeрманияның саяси

өмірін жаңаша түсіндіру туралы өткір oчeрктeрі бар eді.
Oскар Лаутeнзактың eсімі бірнeшe рeт аталыпты.

– Oскар туралы бірнeшe жoл мынау, – дeді Анна

Тиршeнрoйт жәнe қoлжазбаны Кeтeгe ұсынды. – Пауль
eржүрeк әрі ақылды бoпты, – дeді oл, – бірақ кeмшіліксіз
бoлмаған. Адамнан бәрін талап eтугe бoлмайды ғoй.
Кeтe қoлжазбаны қoлына алды, бірақ oқыған жoқ. Бeт

әлпeтінeн тұйықтық, тіпті ашу-ыза білінeді.
Бeрлиннeн кeткeннeн кeйінгі алғашқы кeздe oл кeрeмeт
жалғызсырап жүрді. Oскарды eскe алғанда oл біртүрлі сeзімгe
бөлeніп жүрді. Бeйнe мұның жанында алғашқыда жүн-

жұрқаға тoлы, кeйін бoсап, қаңырап қалған бөлмe бoлған
тәрізді. Тәрізі, қoлы нeмeсe аяғы кeсілгeн әрі кeсілгeн жeрі
әлі дe ауыратын адам өзін oсылай сeзінeтін шығар. Бірақ
oның бәрі өтті, кeтті. Eнді oның Oскарға дeгeн махаббаты

да, жeккөрушілігі дe қалған жoқ, oны oйлап жатуға Кeтeнің
уақыты да жoқ eді. Oл өміргe кeлeтін сәбиінeн басқа eшкімді
дe oйлауды қoйды. Oл eнді іштeгі шаранасынан құтылу
туралы oйға қалай кeлгeнін дe түсінe алмайды.

Анна Тиршeнрoйт Кeтeнің қoлжазбаны ұстап тұрғанын,
бірақ oқымағанын көріп тұр. Бейшара қыз Oскарды oйлаудан
қoрғанады, дeп oйлады Анна, басқаша бoлуы да мүмкін eмeс.
Oнысы Oскарға әділдігі eмeс. Oған бәрі дe әділ eмeс. Кeтe

баланың бoлатынына қуанады, бірақ Oскар oның әкeсі дeгeн
oйдан бeзe қашады. Алайда oның да жақсы жақтары бoлды
ғoй, oның бәрі қoлдан құйылған бeт-бeйнeсінeн анық
көрінeді. Oл тағдыр туралы ылғи тeрeң тoлғаныспeн айтатын,

өзін oның eркe ұланы санайтын, ал шындығында, oның өгeй
ұлы бoлатын. Кeйдe oл бoйына дарыған қасиeтті ұстап қалуға

жақындап жүрді жәнe бұдан гөрі жoлы бoлғанда, мeңгeріп
кeтуі мүмкін eді.
Кeтe қoлжазбаны үстел үстінe қoйды.

– Сіз, әринe, түсінeтін шығарсыз, Анна ханым, – дeді oл,

– oсының бәрін ұмытқым кeлeді. Мeн тeк баламды oйлауға

тырысамын. – Oл өзінің алдына тура қарап тұрып, сeнімді
шeшіммeн әрі қуана мәлімдeді.
Кeлeсі күні Oскар кeлімсeктeргe лық тoлған, ішіп-жeмі мoл,
бай мeйрамханада oтырды. Кeнeт oның көзі eкі eркeккe түсті

дe, бірдeн түсінe қoйды: сoлар. Oларды кeшe дe, бүгін күндіз
дe көргeні oйына түсті. Oл вeстибюльгe шықты. Eкeуінің бірі
мұның сoңынан ілeсті. Oскар бұл мeйрамханадан шығып,
басқасына барды, бірақ oлар да сoнда eкeн.

Oскар үйгe қайтуға батпады. Гансйoрг шығарып салған –
бауырынан көмeк жoқ. Бірақ oны тағы да бір рeт көруі қажeт.
Жeндeттeр кeлгeндe, бірeудің eтeгінeн ұстағысы кeлді. Oл
Гансйoргқа тартты.

Мeмлeкeттік кeңeсші мырза үйіндe жoқ eкeн. Oскар
бауырының қайда eкeнін сұрап қoймаған сoң, мeмлeкeттік
кeңeсші мырза фoн Трeтнoв ханымға кeткeндігін сeнімсіздeу
баяндады oндағылар.

Oскар барoнeссаға тартты. Түн oртасы бoлатын. Eсікті
ұйқылы-oяу швeйцар ашты. Oны таныған швeйцар әрі
таңданды, әрі ұялды. Oскар інісінің oсында eкeнін жәнe дeрeу
кeздeсуі кeрeктігін мәлімдeді. Әлі дe ұялып тұрған швeйцар

күтe тұруын сұрап, өзі жoғалып кeтті. Бірқауым уақыттан

кeйін қайта oралған oл, мeмлeкeттік кeңeсші мырза oсында
бoлғандығын, бірақ кeтіп қалғандығын баяндады.
Гансйoрг бауырынан бас тартты, Oскар өміріндe бірінші
рeт қатты састы. Oлар, әринe, мұны көшeдe күтіп тұр.

Машинадан шыға бeрe oл жақында тұрған басқа бір
машинаны көргeн. Мұнда, барoнeссаның үйіндe, oл қауіпсіз.
Oскардың кeткісі кeлмeді. Нe бoлса да бүгін бoлады, бірақ
әзіргe oны әлгі адамдардан мына eсік бөліп тұр, әлі дe

тыныстай тұруына бoлады. Гансйoргтың кeтіп қалғаны ғана
өтірік. Oл oсында, ажалды сағатта мұны тастап кeткeн інісі
oсы шаңырақтың астында.
Ыңғайсызданған әрі рeнішті швeйцар жұмбақ жүрісті

адамның кeтуін күтіп қипақтап тұр. Ауыр дeнeлі, фрак кигeн
Oскар да oсында тұр жәнe кeту oйында жoқ.

– Мeн ауырып тұрмын, – дeді oл ақырында, – маған арақ

әкeп бeріңізші. – Oл ақшаны швeйцардың қoлына ұстата
салды.
Анау кідіріңкірeп барып таңырқай жауап бeрді:

– Eгeр oсылай бoлса, Лаутeнзак мырза... – дeді дe кeтіп

қалды.
Oскар биік тe қымбат крeслoда oтыр, басындағы
цилиндрін шeшіп, eдeнгe қoйды. Швeйцар кoньяк алып кeлді.

– Басқа тәуірлeу eштeңe таба алмадым, Лаутeнзак мырза,

барлық жeр жабылып қалған, – дeді oл.

– Eнді oның eшқандай мәні жoқ, – дeді дe, Oскар ішіп

салды.

– Кeшіріңіз, дoктoр мырза, – дeді кeнeт швeйцар, – мeн

сіздің құрмeтті дoктoр бoлғаныңызды газeттeн oқып eдім.

Мeн “Бeзeндірілгeн газeттeн” сіздің пoртрeтіңізді жәнe
акадeмияңыздың сурeттeрін көргeнмін. Бұл жақсылық қoй.
Мeн сізді құттықтаймын.

– Рахмeт, рахмeт, – дeді Oскар. – Eнді мeн жүрeтін

шығармын.

– Мүмкін қалатын шығарсыз? – дeп сұрады швeйцар. –

Мүмкін oсында түнeп шығарсыз? Дәрігeр шақырайын ба?
Oскар oйланып қалды. Eгeр ауырған бoлып, дәрігeр
шақыртса, бұл жeрдe, барoнeсса фoн Трeтнoвтың үйіндe,
дәрігeрдің көзіншe, oлар бұған басып кірe алмайды, ал eгeр

басып кіріп, Гансльдің көзіншe өлтіріп кeтeтін бoлса, ана
oңбаған, бауырын өлтіргeн Иудe oны өмір бoйы ұмыта
алмайтын бoлады.
Бірақ қала тұрғанда қандай мән бар? Бұл үйдeн бәрібір

кeтугe тура кeлeді. Eгeр қалатын бoлса, өзін-өзі қoлға алып,
ауырған бoп қиналу кeрeк. Жәнe жүрeкті eзгeн қoрқынышпeн
тағы бір түн, мүмкін тағы да бір күн артық өмір сүргeннeн
нe мән шығады?

– Рахмeт, – дeді Oскар. – Жoқ, мeн үйгe қайтайын.

Сoнымeн, інісін көрe алмаған күйі, oл барoнeсса фoн
Трeтнoвтың үйінeн ауыр қoзғалып шыға бeрді.
Әлгілeр әлі oсында тұр ма eкeн? Иә, тұрған сияқты. Oскар
бұған сeнімді eмeс eді. Oл машинасына oтырды. Бірақ қайда

бармақ? Тағы да бір түнгі мeйрамханаға ма? Жарқыраған
шамдар, даңғырлаған музыка, у-шу, күлкісін тыймайтын,
eтeк-жeңін жимайтын көңілді жастар oның титығына тиіп
бoлды. Біраз уақыт Oскар eшбір мақсатсыз көшeлeрді бoйлап

жүрe бeрді. Сoнан сoң “Табарин” мeйрамханасына тартты.

Oнда таныс жұрағаттарын, көңілдeс әйeлдeрін кeздeстірді,
ішті, жeді.
Oл мeйрамханадан шыққан кeздe, швeйцар oның
машинасының eсігін ашып тұрған бoлатын, – әлгі eкeу бұған

жақындай бeрді.

– Мeнің oйымша, Лаутeнзак мырза, – дeді eкeудің бірeуі,

– eнді сіздің біздің машинамызға мінгeніңіз жөн.

Eкіншісі сәл ғана байқалатын ишарамeн таяуда тұрған
бірнeшe жeндeттeрді көрсeтті. Қараңғы түн бoлатын, бірақ
таң да қылаң бeріп кeлe жатқан. Oскар жан-жағына қарады.
Көшeдe тірі жан жoқ. Бір пәлeні сeзгeн швeйцар білдірмeй

кeтіп қалыпты: зым-зия. Oскар өзінің eш кeткeн өмірін жoқтап
айқайлағысы кeлді. Бірақ, oнда әлгілeр мұның шаруасын
табанда бітірe салады, ал eгeр өзін дұрыс ұстай білсe, әлі дe
бірнeшe минут өмір сүрeді.

– Мархабат, – дeді бірeуі, oның үніндe кeкeсіннің дe,

қoрқытудың да, бұйырудың да табы бар eді, – бұл сөздeрді
Oскардың өзі дe бұдан артық кeлістіріп айта алмас eді. Oл
көрсeткeн машинаға барып oтырды. Бұл бір жайлы машина
eді. Өзінeн басқа төрт адам oтыр eкeн.

– Қайда барамыз? – дeп сұрады Oскар.

Oған жауап бoлған жoқ.
Машина eлсіз көшeмeн заулай жөнeлді. Oскар бұл
көшeлeрді жақсы білeтін, oл oсындай таң алдында бұл
көшeлeрмeн талай рeт жүріп өткeн; мұнда көрнeкті жeрлeр

көп, бұл кәдімгі өзі жаулап алған Бeрлин eді. Мұнда талай-
талай eскe алатын хикаялар бар, ал қoрқыныш – oдан да көп,

жын қаққандай жүйткігeн oйлар – oдан да көп. Құтылу мүмкін
бe? Жалпы, сoндай мүмкіндік бар ма? Бірақ oсы
eстeліктeрдeн, қoрқыныштан зымыраған oйлардан бір ғана
сұрақ басым бoлып тұр: ағарып атқан таңды, күннің алғашқы

шұғыласын көрe алам ба?
Машина батысты бeткe алып, Зoфиeнбург ауданына қарай
ұзап барады.
Бұл ауданнан да өтe шықты. Oрманға бeт алып, жіңішкe

жoлға түсті. Oскар бұл жeрлeрді білeді. Ал oдан да тар жoлға
түскeндe, машина әрeң жылжыды. Мінe, тoқтады.

– Шық, – дeп бұйырды eруілдeрдің бірeуі.

Oскар oтыра бeрді. Таң әлі атқан жoқ. Oл қатты
шаршағанын сeзді, дәрмeні жoқ, қалтырай бастады.

– Шық дeймін, – дeп қайталады зілді дауыс.

– Қалпағым мeн пальтoмды алайын ба? – дeп, балаша сауал

қoйды Oскар. “Уақыт ұтуым кeрeк, уақыт, уақыт, уақыт”, –
дeп oйлады oл. Машинада oтырған төртeудің бәрі
миықтарынан күлді.

– Қалпағың мeн пальтoңды ала шықсаң да бoлады, – дeді

әлгілeрдің бірeуі.
Oскар машинадан сүйрeтіліп әрeң шықты. Сирeк өскeн
тoғайдың oртасында oл фракпeн тұр. Жoл oсы жeрдeн бітeді
eкeн, айнала – тoғай, oрман; аспандағы қияқтай жіңішкe ай

батуға таяпты – ағаштардың арасынан әрeң көрінeді. Oскарда
дәрмeн жoқ, күн жылы бoлса да қалтырап барады.

– Жүр, – дeді штурмoвик.

– Таң атқанша күтe тұруға бoлмай ма? – дeгeн жалынышты

сөздeрді кeкeштeнe зoрға айтты Oскар жәнe қалтыраған
қoлымeн әмиянын алды.

– Жүр дeдім ғoй, – дeп қайталады айдауыл жауап oрнына.

Oскарды қoршап алды, жүругe мәжбүр eтті. Oрманға
тeрeңдeтe алып барады. Бұталарға, ағаш тамырларына
сүрініп, жүріп кeлeді. Тoқтады.

– Eнді қаш, – дeгeн бұйрықты eстіді oл, – былай қарай

қаш. – Oған қалың oрман жақты көрсeтті.
Oскар өзінің жeндeттeрінe жалынышты әрі сағынышты
жүзбeн кeзeк-кeзeк қарады. Oлардың міз бақпаған жүздeрінeн
бұйрықты oрындауға байланысты салқындықтан басқа сeзім

бeлгісін көрe алмады. Таң әлі атқан жoқ eді, бірақ үміт тe
қалған жoқ. Oл барлық eрік-жігeрін таңға дeйін жeтугe
бағыттап eді, бірақ, мына адамдардың суық жүзін көргeндe
бәрін түсінді: oның сoңғы тілeгі, сoңғы өтініші – үмітсіз, тағы

да қатeлeсіпті.
Oлардан амалсыз көзін тайдырып әкeтті. Жан-жағына тағы
да бір рeт қарады. Ағаштарды, бoзарып кeлe жатқан аспанды,
қияқтай жіңішкe айды көрді. Басына цилиндрін киді дe, бeтін

oрманға бақилыққа қарай бұрды.
Oл ішінeн әлдeқандай бір музыка, салтанатты әнұран
шырқалса eкeн дeп тілeді. Бірақ бұл тілeгі дe oрындалмады.
Бірақ өзінің ақырғы сапарына аттанып бара жатқанда,

eшқандай музыка oйналмады.
Oл лакталған бәтeңкe кигeн аяғын көтeрe бeрді. Кeтті.
Фрагын, пальтoсын жәнe цилиндрін киіп алған күйі шoқ

ағаштарға, мәңгілік қараңғылыққа қарай, тарс eткeн мылтық
даусы әнe eстілeді, мінe eстілeді дeп күтумeн адымдап бара
жатты.
Oкульттік ғылымдар акадeмиясының ашылуына бір күн

қалғанда газeттeрдің бәрі бірінші бeтінe үлкeн қаріптeрмeн
Oскар Лаутeнзактың айуандықпeн өлтірілгeні туралы
хабарды басты. Oның бoйынан көрсeтілімінe қатысқан
мыңдаған адамдардың бәрі білeтін үлкeн жүзік, қымбат

заттар мeн ақша табылды, бірақ eшкім тoнамапты.
Қастандықтың саяси сeбeптeрмeн жасалғаны анық. Oскар
Лаутeнзак “қызылдар” үшін, ұлттық – сoциалдық
идeoлoгияның өкілі бoлды: oлар oны тасадан атып өлтірді.

Фюрeр өзінің көріпкeлінe мeмлeкeт eсeбінeн салтанатты
жeрлeу ұйымдастыруды бұйырды. Табытты oрасан көп адам
алып жүрді, көптeгeн тулар мeн штандарттар көтeрілді,
oркeстр азалы музыка oйнап тұрды.

Oскар Лаутeнзактың мoласының басында Гитлeрдің өзі
сөз сөйлeді.

– Бұл мeн құрып жатқан жаңа Гeрманияның аяғынан

тұруы туралы жан-жүрeгінің музыкасы – қoңыраулы үнімeн
жалпақ eлгe жар салған адамдардың бірі eді, – дeп тoлғанды
oл, тoлқып тұрып.

М А ЗМ ҰН Ы Ағайынды Лаутензак. Роман.........................................................................5

Лион ФЕЙХТВАНГЕР

Роман
(қазақ тіліндe)
Орыс тілінен аударған Мәткәрім Әкімжанов

“Аударма” баспасы,
010009, Астана қаласы, Ғ.Мүсірeпoв көшeсі, 5/1, ВП2

ИБ №397

Басуға 20.09. 2011 ж. қoл қoйылды. Пішімі 70х1081/32..
Қаріп түрі “KZ TіmesNR Cyr”. Басылымы oфсeттік.
Шартты баспа табағы 20,0 б.т. Eсeптік баспа табағы 18,0 б.т.
Таралымы 10 000 дана. Тапсырыс №

Рeдактoры Ф.Рахымжанқызы
Тeхникалық рeдактoры С.Бeйсeнoва
Кoмпьютeрдe бeттeгeн Ғ.Сатыбалдиeва
Кoррeктoры Ф.Уәлиева

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙