Мазмұнға өту
Home

Сізге жазған хаттардан

Дәурен Берікқажыұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Сізге жазған хаттардан

Авторы: Дәурен Берікқажыұлы

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН Өлеңдер Алматы УДК 821. 512. 122 ББК 84 (5 Қаз)-44 Б-47 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Д. СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН/ өлеңдер Д. Берікқажыұлы. – Алматы: Хантәңірі, 2014. – 108 бет.

ISBN 978-601-03-0278-5 Баспасөз бетінде сирек көрінетін Дәурен Берікқажыұлының аталмыш жинағындағы өлеңдер әр жылдары жарық көрген кітаптарынан алынып отыр. Кезінде Есенғали Раушан «Жас Алаш» газетінде ақжарма тілегін айтып, Темірхан Медетбек өзінің «алтынкөпірліктер» атты ауқымды сыни еңбегіне сыналап енгізген ақынның бұл да бір есеп беру еңбегі іспетті. Көру диапазоны кең, айтар ойы айқын шығармашылық иесінің сезім иірімдері өлеңсүйер көпшілікті бейжай қалдыра қоймас деп үміттенеміз. УДК 821. 512. 122 ББК 84(5 Қаз) - 44 ISBN 978-601-03-0278-5 © «Хантәңірі», 2014 Б-47

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН «Оттегім менің, от демім менің – жырларым» (1996ж.) жинағынан БИҒА ӘЖЕМЕ Әжімі мол жүзің қайда? Аңсадым! Ағарған шаш көтеріп жүр қанша мұң?! Саулығымызды тілеп күбірлейсің бе әлі, апа, Жұлдыздарын кеудесіне тақса түн? Жүрсің бе тігіп көзіңді мұнар алысқа? Жетектеп жүр ме қолыңнан тағы бала ұстап... Қателіктерден, апа, жүрсем де талай опық жеп Сәттерім менің таусылар емес адасқан. Мазасыз ойлар жүр ме әлі саған ұялап? Жыр жазып жүрем қолымды жиі сиялап. Жүзіңе келіп қосылса бүгін бір сызық Кінәлі санап өзімді, апа, ұялам!

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ *** Жүрегіммен сәби Сені ұнаттым! Тағдыр қатал жазалады бірақ тым. Мен жырымды қалдырайын Өзіңе Жүрегімді келгені үшін жұбатқың. (Ертеректе жазылған өлеңнен) Қаламаймын әйтеуір тоң сақтауды, Саған жазған жырымнан моншақ жауды! Бар тілегім: өшірмей өткен күнді, Біздер жүрген ұмытпай қалсақ бауды. Қаламаймын барлығын ұмытуды... Жанарымды тамыздың түні жуды! Жаны нәзік ақынға кездескенде Ұмытпашы жүрегін жылытуды. Қаламаймын түндерді мұңы қалың. Бүтінделмей кеттік-ау, сынық әнім. Бірақ сенің жалғыз-ақ сәлеміңнен Ұлылығын жаныңның ұғынамын! Қаламаймын өткеннің шырғалаңын, Сағыныш боп мен талай сырғанадым. Бәрі де өтті. Алайда, есіміңе Мен әлі де (неге екен?) шырмаламын.

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН *** Сені іздеймін, аяулым, сені іздеймін! Жүрегіммен жүдеулеу егіздей мұң. Көңілімнің ақ гүлі семіп бүгін, Толқынымен тербетті теңіздей түн. Жанарымда сағыныш дір-дір етіп... Жалғыздығым жырымды жүр күзетіп. Сен кеткелі көктем де жоламай бір, Сен кеткелі... кеткендей жүз күз өтіп!

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ *** Аңдымаймын бұл күнде есігіңді... (Елеңдеймін естісем есіміңді) Сені қайдам... Ал өзім жүріп-жүріп Ұмыта алмайтындығымды кеш ұғындым! Ауылың қашан кеткелі болып сағым?! Сезіміңді келеді анықтағым. Сені қайдам... Ал өзім қарай-қарай Суретіңе жалғыз-ақ жалықпадым! Мен періште болсам ғой... жолығар ем Қабағыңа мұң болып қонып өлем! Сені қайдам... Ал өзім іздей-іздей Кеткендеймін мәңгілік болып өлең.

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН АЛАКӨЛ Толқындары сырға тағып Тудырады күй әсем! Көз жауымды тұрмаса алып Алакөлді сүймес ем. Мінезі бар теңіздердің – Көкшіл әлем, тентегім! Жабырқасам сені іздедім, Сені іздеген еркемін. Шағала айтқан әнұраннан Таулар жүр ме оянып? Мен өзіңе қалдырам ән Жатсын Күнге боялып. Мені іздей ме аралдарың Жататұғын асыр сап? Көптен бері бара алмадым, Кетпедің бе жатырқап...

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ «Ante Meridiem» (2001ж.) жинағынан Еліре соққан Ебі жел, Екілен тағы, екілен! Ез туған ұлға егесіп Егізің болып кетіп ем... Бөлтірік елім шығарып Бөрілігін есінен Қанымды менің қарайтса – Қан майдан шығар несібем? Еліре соққан Ебі жел, Екілен тағы, екілен! Емендей басы еңкеймес Ертөстік елдің өкілі ем. Кеудесін соққан кәпірің Көп кете берсе бетімен Көкпарға тартсақ болмас па, Көнтулақ жасап етінен. Еліре соққан Ебі жел, Екілен тағы, екілен! Ез туған ұлға егесіп, Егізің болып кетіп ем... Толағай туған ағалар Тышқан боп кетсе шетінен Есіріп шерін тарқатар – Есер болуға бекінем!

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН НАЙЗАҚАРАМЕН ТІЛДЕСУ Ей, ажары талақ – көкбет шың! Намысты туған нар қайда? Өртенбей жатып өпсек мұң Өкіртіп бізді алмай ма?! Жарқырар біз бір алдаспан Қынапқа қайрап салмай ма?! Маңдайда не тұр, маңдайда... Еңсесі биік ер біткен Айылын тартса болмай ма?! Аруағы биік қай-қайда – Абылайдай Ар қайда? Наурызбайдай Нар қайда? Алауыз, арсыз айқайға Қыран текті қазағым Шаңқ етпей шерім тарқай ма, Ей, қатулы қабақ – найза шың!

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ *** Менің бейнем өміріңізде бар күні Маған бекер жымиясыз, Тәңір, сіз. Менің шимай-шатпағымның барлығы Күнтізбенің беттеріндей қадірсіз. Мансап қуып жүгіретін уақытта Ессіз жандай қиял қудым қанатты. Тағдырымды айырбастап табытқа, Жүрегіме құя салдым шарапты. Тәмам болып сал-серілеу ғұмырым, Арғы бетте адасады ақыл да. Жер бетінде жәндіктердің жыбырын Көру қандай қиын еді ақынға! Қасіреттер қабағымды тілгілеп, Өктем болса көктемдерге гүл сіңді. Менің жаным табиғаттай нұр тілеп, Менің жаным табиғаттай күрсінді. Менің бейнем өміріңізде бар күні Маған бекер жымиясыз, Тәңірсіз. Қаралы күн ақындардың барлығы Қара жерге жерленеді қабірсіз!

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН 19-ШАҚЫРЫМ «…black Miles» M.S.Harper Қара шақырым, Қара шақырым, Ғасырым сөніп барады ақырын. Қасиетті менің қасіретім болсаң Қаңғырып келдім, Қарама қырын! Қыршындардың да Қиып қанатын Барады сенің биіктеп атың. Қара шақырым – Тағдырым менің, Тайраңдап келіп тұйықталатын. Аспани арман, Ала таңым да, Қара шақырым, алақаныңда. Гүл біткен сенің жиегіңдегі – Қаза болғандар Жол апатында! Қара шақырым, Қара шақырым,

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Арзандап тағы бара ма құным?! Қадымнан бері қан жыламаған Жанымды менің жарала бүгін. Түсініп болам байыбын ненің, Қабырғамды алып байыдым дедің... Қасыңа келсем қалтырататын Қара шақырым – Қайығым менің! Атой салғанда Адасқан елес, Қалмайды екен Қара аспанда да ес. Қара шақырым – Қара сағыныш, Қара шақырым – Қара асфальт емес!

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН *** Ұсынбаңдаршы гүл маған тамырын қиып, Жансыз денемен болмайды қабірім биік. Тірі гүлдердің жер бетін сағынғанда бір Табандарынан жатайын ақырын сүйіп. Отырғызыңдаршы гүл бәрің қас-қағым термен, Бір өмір мен де гүл болып бастағым келген! Бір демің барда білмесең құнын тірліктің Гүл біткеннің де сезесің асқағын көрден. Жан-жақтан сұрақ жауғанда негелеп қалың, Жетімек ойды кетесің егелеп бәрің. Ұмытпаңдаршы алайда гүлдерді тірі, Гүлдерді тірі қалайды көбелек жаным. Тартпасын тағы десеңдер ақын ұл күйік, Ұсынбаңдаршы гүл маған тамырын қиып. Тірі гүлдердің жер бетін сағынғанда бір Табандарынан жатайын ақырын сүйіп!

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ *** Боркемік бала, өртеніп кетті-ау өзегім, Жалғаныңды енді жаңғырық болып кеземін. Қынаптан шыққан қылыштай кенет жарқ етсем Марқасқа туған Махамбеттердің көзі едім! Ызадан басқа оята қойсын шер нені?! Тулап бір кетем алдымнан көрсем кермені. Аруақты елдің алысқан асау арманын Тулақ етпеймін тексіздеріне төрдегі! Жалын жырыма оюын салып зергер мұң, Тағдырым талақ тапқасын тағы тербелдім. Ертеңі болсам еңсесін төмен түсірмен Ереуіл атқа ер салмай өткен ерлердің!

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН Боркемік бала, қылығың бүгін жат маған, Қанатың қайда алтындай Күнге қақтаған?.. Өзегімменен өртеніп тұрған Ертеңге Абылайлардың Аруағыменен аттанам!

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ *** Бозарған бұлттар, Сазарған бұлттар, Шыңына таудың қажалған бұлттар, Тағдыры ұқсас сендерге ғана – Жерде де жұмбақ жаны бір жұрт бар! Арманын жазар атар таңына Ұқсамайды олар қатардағыға. Өрекпіп тұрған өлеңіменен Өздерің құсап шығады олар - Ресми емес сапарларына! Есіріп кетсе есектер кей күн, Есерлігіне де есеп бермейтін – Тентектік дейтін тектілігі бар! Көрсоқырлары көрсе де көрмей, Ессіздері, рас, есептемейтін. Болмайды мұны танытып алмай – Ширыққан кезде шабыты қандай! Өзеурей қалар өктемдерменен, Көкпеңбек қана көктемдерге де Кетеді олар қағытып таңдай. Жарқ ете қалар жасынға санар – Мұқағали мен Қасым да солар!

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН Бұларды қанша мұқатсаң дағы, Жауатын бұлттай түнеріп тұрып Мұзарт шыңдардың басында қалар. Бозарған бұлттар, Сазарған бұлттар, Төгіліп алып тазарған бұлттар, Тағдыры ұқсас сендерге ғана – Жерде де жұмбақ жаны бір жұрт бар!

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ *** «Мужское отрезвленье – не измена...» Николоз Бараташвили Ей, пері қыз, ойнақ салған төбемде, Енді бір сәт көзіңді сал төменге! Елесіңмен есімді алып болдың-ау, Өзегімді айналдырып өлеңге. Қасіретім қабырғамды ұрғасын, Ажал қолын сүйгісі кеп тұр басым. Ал, сен болсаң сақ-сақ күліп әредік, Сезімімнің саудалайсың сырғасын. Қосақтаған тағдыр атты жеңгені, Сен де түсін мына мендей пендені! Арманымды арзан көрсең, арымды Ширек ғасыр шимайлаймын ең кемі. Күміс қанат қиялымды ұрлаған Бөтен емес бәлендейін мұң маған.

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН Мен де талай жүрегімді пәршалап, Сайтан алғыр сайқалдарды жырлағам. Енді бүгін елес болмай көп елге, Ей, пері қыз, қолыңды соз төменге. Мен бақытқа кенелейін, әйтпесе, Бір тамшы жас табылады менен де!

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ МАХАББАТ МОНОЛОГЫ Өзіңсіз келген көктемнің мамыры жоқтай Шатылдым бүгін шаттықтың тамыры соқпай. Жанымды жеген уайымнан өлердей болдым, Кетсем бе көкке атылған ағып бір оқтай? Айларды қарғап бітірдім төзімді сынар, Шарапты да іштім білмей-ақ кезімді құлар. Күндермен жалын кеткесін қоштасып мәңгі Түндерден қалың іздеймін өзіңді, Шынар. Жаңбырлы түнде естілмей еріген күлкің Сазындай қоңыр тірліктің төгілем бұл күн. Қасыңда сенің көбелек көңіл ем рас, Қасыңда сенің керемет өмір ем, шіркін! Шаршатып мынау жанарды жасанды көрік, Табылмай кеттің өзің де тасаңды беріп. Сағым боп мәңгі жоғалмай көрінсең етті, Боласың қоңыр әніме қашанғы серік? Қаліңнің кардиограммасы керегі маған ...ғашықтық жайлы радио береді тағы ән.

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН Сағынтып мені сала бер сергелдеңіңе, Сен үшін Мәжнүн болуға келеді шамам! Көгеріп, шіркін, тұрады майса қашанғы, Жанымда жылап түнімен майшам жатады. Өзіңдей ару келмейді қалаға біздің, Өзіңдей текті бітпейді Зайсанға тағы. Көңілде жетім күндердің наласы қалып, Бұзыққа айналдым тағдырдың жағасын алып. Жалғыздығымның жарасын тырналай бердім, Мойындатып кеткен жаныңның бағасын анық.

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ *** Тектілік сүйер тамыры, Тағдыры тентек шынар шын, Сені ойлап менің көңілім Көгілдір ғана мұң алсын. Жатыры жәлап жалғаннан Баз кешіп бір сәт кеткенде Өгейсітпеген жанымды Сен де бір өлең шығарсың?! Қас-қағым сәттік құдірет Оянып енді кеткесін, Серілеу менің сезімім Ерніңнен сүймей кетпесін. Жарасып тұрып жасынмен, Жаңғыртып тағы кетейін Сатыбалдиевтің мақамын, Айжарықтардың төкпесін! Дүр етіп ұшқан құстардай Дір ете қалса қабағың, Тәкаппар әлем татпаған Тәңіри теңеу табамын. Тулаған сайын анарың Бұла түн болып қарадым, Улаған сайын жанарың Ұлы ақын болып барамын!

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН Тектілік сүйер тамыры, Тағдыры тентек шынар шын, Сен де әйтеу мендей мұңлықты Табындыруға құмарсың. Құбыласы түгел дүние Талақ болатын бір күні Өртеп бір кетер өзекті Сен де бір өлең шығарсың?!

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ ТРАГЕДИЯ «Была царицею в Египте. Теперь – я воск. Я тлен. Я прах» А.Блок, «Клеопатра». Атса да ақ шарапқа қанып таңым, Мен – табыттамын, Табыттамын! Құдай-ай, арзан қолмен бальзамдалып, Көрмеге қойылыпты-ау шабыт тәнім. Ендігі сорлысы да қарап маған, Мазаққа айналады мадақ толы ән! Туғаннан түк көрмеген құл-құтандар Жабайы күй кешеді алақтаған... Құнымды білмегесін қара ғасыр, Кіл тобыр келіп алып салады асыр. Патшалар өртенетін жанарыма Ақындар жаңбырлатып тамаша жыр. Жарты әлем басын иген асқақ едім, Перғауындар, пәршалап таста мені! Қайран мүсін

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН Қор болып жатыр мұнда Бір кездері әлемнің ашқан өңін. Ендігі бейшара да төніп маған, Өліп-талған шайтанын көріп қалам. Бұл ғасырдың патшасы – Цезарь емес! ХХ ғасыр ешкімнен қорықпаған. Атса да ақ шарапқа қанып таңым, Мен – табыттамын, Табыттамын! Құдай-ай, арзан қолмен бальзамдалып, Көрмеге жерленіпті-ау шабыт тәнім...

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ *** Бәрі де қойғандай кеңесіп: Сол өмір. Сол өлең. Сол есік! Көрмеге келгендей отырам Бөлмеде сәл ғана жел есіп. Кеткендей құтын да Тәңір ап Бәрі де тұрады-ау қаңырап. Бұл жерде маздаған Өмір мен Өлім бар азырақ! Қапысыз қапқандай сор келіп Шекеңді сұп-суық тер көміп, Өзің де бұйым боп көрмелік Жылағың келеді шерленіп! Жарты әлем жан-жаққа жөнесіп кетсе егер ...ендігі көр есіп! Күнәсіз көзімнің алдында: Сол өмір. Сол өлең. Сол есік.

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН *** Адасып көк түтін ішінде Бөріден жүргем жоқ кем ұлып. Көріп ап өзіңді түсімде, Сонан соң отырам егіліп. Даусымды тыңдаған шығар түн Жалғыздық сияқты жасқана. Бәріне, бәріне шыдармын... Айналып кетпесем басқаға. Өзімнен өзім кеп түңілем, Тұтқын боп қатыгез ғасырға. Не деген бейшара ғұмыр ем Дәл осы жиырма бес жасымда! Адасып көк түтін ішінде Бөріден жүргем жоқ кем ұлып. Көріп ап өзіңді түсімде, Сонан соң отырам егіліп. «Ұмытқан шығарсың..?» деме сен, Дық салып кірпияз көңілге. Бәрібір Дон Жуан емес ем Жұрт айтқан осынау өмірде! Санаңа сайтан боп соқтығар Қыз-қырқын болса да бар мұнда,

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Бәрі де далбаса боп шығар Дәл сенің сезімің алдында. Адасып көк түтін ішінде Бөріден жүргем жоқ кем ұлып. Көріп ап өзіңді түсімде, Сонан соң отырам егіліп.

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН *** Жасыма, жырым, Жанарың бітсін көкке тек. Қатынның ісін Қайталар біз бе өкпелеп?! Менменсінгеннің мұқалмай Мысын басатын Көңілі көктем Кеуделерге де әлі от керек! Мінезің барда Есердің өзі тосылар, Жарқ етсең, жарқ ет Жасындай бір сәт несі бар?! Өйткені Сенде Баһадүрлердің биік рухы мен Тентектердің де Тапталмай кеткен төсі бар! Қанатың бітіп, Салсаң бір, шіркін, құзға зер, Жарым дер біреу, Қағынғандары қызба дер... Не демейді енді Қарғасын қалың шулатып, Қасиеті басым Қылышын боққа сызған ел.

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Жасыма, жырым, Жанарың бітсін көкке тек. Қатынның ісін Қайталар біз бе өкпелеп?! Құдайсынғанның Құдайын салар есіне – Көңілі көктем Кеуделерге де әлі от керек!

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН «Алдаспанның арызы» (2008ж.) жинағынан Көңілімнің кіргізер бар шырайын Бүршігіңді тезірек жаршы, қайың! Көктеменің көзіндей жапырағыңа Көктеменің өзіндей тамшылайын. Көктеменің өзіндей тамшылайын... Арашалап уайымнан алшы, қайың. Ұсақталсам бөлінген бұтақ болып, Бұлақ болсам көмілген аршылайын. Бұлақ болсам көмілген аршылайын... Қайың, қайың! Бәріне ал, шыдайын. (Таттанбай-ақ тұрғанда әр-шырайым) Қатты болмай тұрғанда қамшыдайын... Бүршігіңді тезірек жаршы, қайың!

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ *** Мен бүгін түрімнен түршігіп, Үздігіп үзілген құс үнге Жүргенше... Бәріне қырсығып Айналып кетсем бе мүсінге?! Жанымды талдырмай әз үміт, Адами арманнан ада боп Маңдайға тас болу жазылып, Аспанға аңырып қаракөк Тұрар ем. Бүлініп бір әлем, Біреуі тіріліп жатса да. Басымды қатырмай мұра мен Қоғамға... Және де патшаға! Мезі етпей дерті де, дауы да, Мезі етпей жаңалық... Жарнама! Жан болмай қарайтын жауыға, Саябыр табар ем сәл ғана. Қиял не, Жоғалтып сезімді Бір жұмбақ өмірді бастар ем: Сабырлы, Бәріне төзімді, Аспанның астында асқақ ең!

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН ЕҢСЕЛІ ҒИМАРАТ ІШІНДЕГІ ОЙ Дау-дамай, көрмеген дабыр да, Бұл неткен бақытты қабырға! Оюы сергітіп ойыңды, Бояуы шақырған сабырға. Жай тауып, алмайтын тобыр дем Дәліз де шаттыққа көмілген. Бәрі де орнында... Тек өзім өз орнын таппаған өмірден. Кез-келген бермейтін сірә, мән Аспалы шамы да тұр аман. Біртүрлі Сәуле де сүйкімді Әдемі әйнектен құлаған. Ұмытып ақ пенен қараны Жүрегің жыларман болады. Көңілің басқа емес, басқыш қып тастаған тасқа да толады.

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Керме де, төгілген перде де, Өзінше бір асқақ, өр неге?.. Осынша көзайым болатын бір тылсым бөлмеден бөлмеге көшеді...көрсетпей көшені, Көрсетпей сорыңды бес елі. Бірауық өзіңмен өзің қап, Бірауық мерейің өседі. Жатпайтын беріп те сірә, мән Осы бір тыныштық тұр аман: Жай тауып даңғаза тірліктен Жаныма араша сұраған!

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН *** Айдалада, аспан асты, сетер құз, Соқа басым жетектеген соқыр мұң Ай жарығы, қаннен ғана қаперсіз Қардың биін тамашалап отырмын. Қардың биі... көрдіңіз бе, Сіз, оны Ықыласпен, көңіл бөліп, мән беріп? Пәктігімен көздің жасын үзеді, Ақтығымен барлығына бәлденіп. Қардың биі – таңғажайып, тым нәзік, Қайталанбас қимылы бар және де. Менің шерлі көкірегіме жыр жазып, Көңілімді көтереді әуеге.

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Болмысына ең қолайлы, әм берік, Сахна ғып көне шатыр, бұтақты Қардың биі қиялыма жан беріп, Сөніп қалған сезім отын тұтатты. Қардың биі тәрк ететін ластықты, Қардың биі нәті бөлек нұр сынды Жүрегімді елжіретіп тас тіпті, Тағдырына тәнті етердей тылсымды. Қардың биі... көрдіңіз бе, Сіз, оны Ықыласпен, көңіл бөліп, мән беріп? Пәктігімен көздің жасын үзеді, Ақтығымен барлығына бәлденіп.

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН САЯЖАЙДАҒЫ КӘРІ ТӨБЕТКЕ Еріксізден аударатын пейілді, Кәрі төбет, көзің неткен мейірлі! Саған қарап ішімдегі шер-шемен Көктемдегі көк тұмандай сейілді. Нәпсілері шынжырланып көрмеген – Иттен емес, иттік көріп пендеден, Кәрі төбет, мен де батып құсаға, Мен де сендей тәулік сайын шерленем. Дабырадан, жалыққасын даудан да, Мен де сендей тұрам өстіп ауламда. Мен де сендей сыр айтатын жан таппай, Күрсінемін күн төбеден ауғанда. Мен де сендей ит дейтұғын тірліктен Жарық күткен жан емеспін, нұр күткен: Құтты күні бірін-бірі жұлып жеп, Құтты күні бірін-бірі үркіткен. Сол себепті өткен сайын бұл маңнан, Кәрі төбет, сені іздеймін мұңданған. Бір қасиет қалғаны үшін көзіңде Бұл өмірде ит нәжіске былғанған.

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ *** Мұңды ұлының амандығын тілеген, Қайран, шеше, шықпадым ба үдеден?! Өн бойына шырмауықтай жапсырып Мені әбден жынды қылды бұл өлең. Ақпанда да жыны қозып арқаның, Бала қамын ұмытқамын, жар қамын. Ғазиз басым сіңіп кетіп ғайыпқа, Ғазал болып рауандайды әр таңым. Жарты әлемге жарыместеу көрініп, Отызда да бола алмадым өр, ұлық. Құдай қайтіп жарылқасын, жүргенде Есті күні «есен...» деуге ерініп. Қамсыз ұлды қайғыны да әкелген, Қайран шеше, шығармайтын қаперден. Шайыр болмай, шатақ қумай, шат түрмен, Сәби болып шаңырағыңда жатар ма ем.

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН БАБЫРДАН Ырық бермей кетсеңіз де, өктем боп, Менің Сізге зәредей де өкпем жоқ. Бәрі сыйлық, Сіз көрсеткен бәрі нұр Қаталдық па, ізгілік пе, бәрібір! Көзің үшін мұз ерітер сәл күліп, Сөзің үшін тұратұғын бал тұнып. Шашың үшін шырмап алған жанымды, Мен – құлыңмын құлақкесті мәңгілік. Ғашық етіп жанға қайғы жамадың, Оның аздай, басқа біреу – бар әнің. Мені қалай тәлкек етсең, дәл солай Тәлкек етсін сені сүйген адамың.

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ *** «Ана жақ пен мына жақты тартып ем Жебірей шал дәрі өлшейтін безбенге...» Жұматай. Түрегеліп, тіктеу үшін еңсені Мендік ғұмыр – күту, күту тек сені. Мұнда – мола. жапырақтар кемсеңі, Анда – кеңсе, ғимараттар еңселі. Қара шатыр алданатын қар аулап, Мұнда – қаңтар, жарым көңіл, жадау бақ. Ана жақта – аялдама, жанталас және аспан жанып тұрған алаулап. Қысқа күнде жүз құлайтын, жүз тұрып – Базбір әуен естілетін үздігіп Мына жақта – мешеу тірлік, ауру, Үнсіз көше көрсетпейтін ізгілік.

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН Жадырауды шығарғасын жадынан Мына төбе әрі суық, әрі паң. Ана жақта – шулы даңғыл, жарнама, жатжұрттықтар айналаңда, жарық ән. Ана жақта – сарсаң тірлік, сабылыс, Мына жақта – сарыуайым, сағыныш. Мендік ғұмыр – Сені күту, тек Сені: аты – өлең, заты – құс! Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ АРҚАНЫҢ ҚЫСЫН КӨРГЕНДЕ ТУҒАН ОЙЛАР (экспромт) Күміс шашып тұрған сынды аспан бір, Ауадағы сынықтары көз қарып. Қайта оралды жанарыма қашқан нұр, Мұз боп қатқан Муза әлем қозғалып. Әз жүрегің құлақ тіккен дыбысқа әр Көз алдымда күміс аула, күміс тал. Бақыт та өзі, Жақұт та өзі секілді Тымағыма тұрып қалған уыс қар.

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН ОҚУ ЗАЛЫНДА Бұзардай болып білімнің қырық қамалын, Бас қойған сәтте көпшілік кітапқа қалың Жаныма келіп ақырын жайғасқан ару, Несіне маған қарадың жылып қабағың? Қылығың бұзып қанымның ағысын анық, Отырмыз енді қабақпен ұғысып алып. Тістелген мынау бармақты тістеймін тағы – Ойымда барлық сөзімнің күмісі қалып. Жанарлар айтып іштегі күбірімізді, Көңілде ынтық сезімнің дүбірі қызды. Асылы біздер қолдағы кітаптарды емес, Оқып отырған сындымыз бір-бірімізді.

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ *** «Любить – это значит – когда тебя нет...» Сальвадор Ново Сізді сүю – Сізді көрмей тамсану Өтіп кеткен жалқы сәтке шегініп. Сізді сүю – Сағынышты қарсы алу, Естен танып, Егіліп... Сізді сүю – Сізді көрмей сананы Сансырату, сеніңіз. Сізді сүю – Көзбен өбу қаланы Сіңіп қалған деміңіз. Cізді сүю – Сізді көрмей тағдырлы Сөзге айналу, тіркеске. Сізді сүю – Азап шегіп сан түрлі, Жанып кету бір кеште! СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН Сізді сүю – Сізді көрмей тамсану Өтіп кеткен жалқы сәтке шегініп. Содан кейін Сүйемін деп жар салу, Үнсіздікке көміліп.

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ КӨК МАЙСА Карл Сэндбергтен Аустерлиц пен Ватерлоода өрімдер Таудай-таудай өлік болды, көміңдер. Мен – көк майса, көктеп шығам бәріне, Жұмыс істеуге маған мұрсат беріңдер. Геттисбургтің түбіндегі барлығын, Ипр менен Вердендегі қалдығын – Түгел жинап, қара жерге көміңдер. Содан кейін жұмысымды көріңдер! Жылдар өтсін...жүздер кетіп, жүздер кеп, Сұрар әлі : «Қайда келдік біздер?» – деп. Мен – көк майса, Жұмыс істеуге маған мұрсат беріңдер.

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН ҚАЙРАТ ӘЛІМБЕКТІҢ ҚАЗАСЫНА ОРАЙ ЖАЗЫЛҒАН ЖОҚТАУ Беу, аспан, Бебеу аспан, Бедеу аспан, Сенбісің ағекемді ала қашқан... Жанына зарық беріп жара басқан, Тәніне табыт керіп қара ағаштан? Беу, аспан, Бебеу аспан, Бедеу аспан, Сенбісің Қайратты алып қара басқан... Болмысы, бар бітімі бала жастан Жыңғылмен жусан болып араласқан? Беу, аспан, Бебеу аспан, Бедеу аспан, Сенбісің зар асырған бар Алаштан... Сананы сансыратып сан адасқан, Қаһары қан ағызған қара тастан? Беу, аспан, Бебеу аспан, Бедеу аспан,

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Сенбісің сар далада селеу басқан Селдірін самал болып тарамастан Ақынды ажал болып ала қашқан? Беу, аспан, Бебеу аспан, Бедеу аспан, Өртенген өзегіне қарамастан, Айырған ағайынды бел ағаштан Сенбісің ғапыл дүние теңеуі асқан? Айтшы...

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН ІЗ КЕСУ Стюарт Хенсоннан Дүниені ақ парақтай аударып Ақша бұлтпен жыл келеді жаңа дүр. Аяз буған сол бір күні таң жарық Түлкі, мысық, қоян қашқан жолдар мен Борсықтардың ізін бізге ап қалып, Түннің жырын оқытады дала бір. Ал қайтарда бөкебайға оранып Бала сынды есі кеткен ертекке, Ну ішінде жалғыз-жарым жоғалып, Қаншама рет көз салғанмен маңайға Болашағың ашылмаған кітаптай Жұмбақ болып қала берер қалайда.

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ *** Сен де, мен де мынау үйге сыя алмай, Сен де, мен де бір нәрсені қия алмай, Қысқа күнде қырық рет құбылып, Жынды болдық есімізді жия алмай. Сен де, мен де бір күрсініп, бір күліп, Сен де, мен де бір шығамыз, бір кіріп... Бір нәрсені қоятындай бүлдіріп, Бір нәрсені тастайтындай тындырып. Сен де, мен де түйсінетін жан таппай, Сен де, мен де сүйсінетін жан таппай, Қиялменен ертелі-кеш қиянда Қаңғырамыз жел айдаған қаңбақтай. Сен де, мен де дәл осылай күн кешіп, Сен де, мен де дәл осылай мұң кешіп, Беймәлім бір әлемменен үндесіп, Жын-перімен отырамыз тілдесіп. Сен де, мен де біреулерге паң болып, Сен де, мен де біреулерге таң болып, Қырық жасқа қартаямыз сәт сайын Көкке ғашық көңілдерге шаң қонып.

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН Сен де, мен де бір нәрсені жаға алмай, Сен де, мен де бір нәрсені таба алмай, Құтырған шақ құбылаға қараймыз Қарқ-қарқ күліп сен де, мен де...жан Алла-ай!

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ EX ANIMO (қолтаңба) «Шын жүректен...» – дедім де, «шын жүректен...», Бере салдым жүректі дір-дір еткен. Беу, перизат, сен соны түсіндің бе, Көз алдымнан сағымдай бұлдыр еткен? Өңім түгіл баспаған түсімде аяқ – Кереметке пәк нұрмен түсін бояп Кіргіздің де, есімді жиғанымша Ғайып болдың Бақтың бір құсындай-ақ! Аңыздың да кім білген шын боларын, Шын боларын және оның мұң боларын. латын тілінде «шын жүректен» деген мағынаны білдіреді

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН Тағдырымды тәрк етіп... тағы қалдым Тыраулатып сезімнің тырналарын. Қиялыма құрбандық қара басым Бағаласа, тек өзі бағаласын. Елесіңмен есімді түрткен сайын Өзегіме өлең боп ораласың. Беу, перизат, нұр әлем, мөлдір есім, Айта берем ежіктеп енді несін. Жүрегімді жаулаған Сен дедім ғой, Үкімін де енді оның Сен білесің!

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ ЭПИТАФИЯ Серік Томановқа Өлдің рас, өлімді де өлеңмен Өкіндіріп өзегінде шер өнген. Сондықтан ба шумағыңнан шым-шымдап Жүрегіңнен аққан жасты көрем мен. Өлдің рас, өксік өмір өгей деп, Жан күйзеліп, күйдіргесін көмейді от. Енді сені талап алып, мінбеде Талант дейтін көкезулер көбеймек. Өлдің рас, өзектіге - өлім бір, Оқушыға оқымайды қорым жыр. Өзің құсап итшілесем үй таппай,

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН Өлең жазған өзімнің де сорым бұл! Өлдің рас, аспандағы жасындай, Кеуіп-піскен көп пендеге бас ұрмай. Ғұрпы бөлек ғазал қалды артыңда Шуақ шашып шулап өткен ғасырдай. Өлдің рас, өрт тигендей қалыңға, Қас-қағым сәт айнала сап сағымға. Жарнама мен жасандылық жерітіп, Жартыкеш күй. Жалғыздықтың жанында. Өлдің рас, өлдің рас, өр үнмен Тұла бойы Тәж-Махалдай өрілген. Тағдырыңды тәлкек етіп тоңмойын, Көңіліңді итаяқ қып көрінген. Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Өлдің рас, өлімді де өлеңмен Өкіндіріп өзегінде шер өнген. Сондықтан ба шумағыңнан шым-шымдап Жүрегіңнен аққан жасты көрем мен.

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН АЛДАСПАННЫҢ АРЫЗЫ «Алдаспан айтар төрелік...» Жұматай. Атой шықса Жарқ-жұрқ еткен аспанда Әттең...әттең өтті-ау дәурен бастан да! Тас шабардай жасаратын мына жүз Тексіздердің қанын судай шашқанда. Ширыққан сәт шыққан кезде қынаптан Сауға...сауға кететұғын сұрап маң. Осы жүз ғой ханға мәулет сұратып, Дүлей дейтін жендеттерді жылатқан. Енді қазір заман қайсы, заң қайсы? Өзіңді-өзің еркекпін деп алдайсың. Қанжар да ұстап көрмегесін қолыңа Ханға кіріп дат та сұрай алмайсың.

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Күн өткізген өтірікпен, өсекпен – Дұшпан сені дүбәрамен дос еткен. Әттең сенің жауырыныңа мұз қатып, Жекпе-жекте алқынбайды қос өкпең. Небір басты сойқан дейтін, дүр дейтін, Қайран заман, көзіне де ілмейтін. Өйткені сол, қаһары бар қылыштың Қаперіне қаймығу да кірмейтін. Қатынбасты қарайтқасын қамсыз ғып, Қайда барма: қоқан-лоққы, арсыздық! Қисайғанды қылшасынан қиятын Енді мүлде қайнамайды қан түздік. Әттең, әттең жетпегесін өре түк Сормаңдай жұрт сорлайды бір сор еміп. Қиянатты көтермейтін әз басым Бәрі бекер, айтпағасын төрелік!

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН «Гүл мен Қылыш жырлары» (2008ж.) жинағынан УТОПИЯ Шіркін, тыныштық болса: Өлеңге хош кіретіндей, Ой даусы естілетіндей. Ескірген естеліктерге еріксіз ес кіретіндей! Уақыттың күрсінген үні, Жүректің дүрсілдегені, Тірліктен қажыған жанның Көзімен «құрсын» дегені Қолыңа қалам ұстатар! Шіркін, тыныштық болса: Кірмеген шырай көптен Себездеп нұр әйнектен, Көңілім күн аңқыса Көлеңке ұдайы өпкен! Аспаптай үрмелі дені Мұң шағып бөлме гүлдері, Жаңғырар сәруар сәттің Қиялды зерлеген демі Шіркін, тыныштық болса...

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ *** Ар бардай, арман бардай, тағдыр бардай, Шіркін-ай, шілдедегі жаңбыр қандай! Телміріп терезеге қарай берем Біреулер өлең жазып қалдырғандай… Ән бардай, әлем бардай, аңқыр бардай, Шіркін-ай, шілдедегі жаңбыр қандай! Көңіліммен көше бойлап шауып барам Бейкүнә ат ойнаған балдырғандай… Бал бардай, балалық пен балдыр бардай, Шіркін-ай, шілдедегі жаңбыр қандай! Жатырмын шатырдағы шах сияқты Шөлін бір шарап ішіп қандырғандай… Ар бардай, арман бардай, тағдыр бардай, Шіркін-ай, шілдедегі жаңбыр қандай! Бір демде қауырсындай жеңілейткен Тылсымат тамшысында жан, нұр бардай, Шіркін-ай, шілдедегі жаңбыр қаңдай!

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН ӨТІНІШ Леон Фелипеден Мен қартайдым, әттең әбден қартайдым Өмірімде қанша жанға шалқайдым. Сол бақилық бауырлардан ендігі Кешірім де сұрай алмау – бар қайғым. Есті күнім оралмаса есіме Бұл шындықты жасырамын несіне. Қарсы келген қайыршыға жығылып, Қолын сүю енді қалған несібе. Тірісінде аз тимеген кесірім Қанша адамнан сұрар едім кешірім... Егер бәрі әлдеқашан бақұл боп, О дүниенің аттамаса есігін. Расында да, тұрғанымда дін-аман, Испания, бейбағыңды жылаған Сенде, тіпті мынау жеті құрлықта Қалмады ма кешіретін бір адам? Жадым сөніп күннен-күнге, әйтпесе Қайталанып жатыр сұмдық жайт неше.

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Сөз біткен де естен шығып, тіл құрғыр Күрмеледі бір ауыз сөз айт десе. Бірақ...бірақ, ажал дейтін өлермен Төнген сәтте сөйлей алсам егер мен Сол ұлы сөз, аузымдағы соңғы сөз «Кешіріңдер» болса деймін дегенмен. СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН *** Сен түсіме кірген күн Түс емес-ау, нұр көрдім! Көкірегім мөлдіреп Мәжнүн болып үлгердім. Сен түсіме кірген күн Түс емес-ау, гүл көрдім! Ортасында жүр екем Кілең ғажап үндердің. Сен түсіме кірген күн Түс емес-ау, мұң көрдім! Көшіп апты көзіңе Күрсінісі түндердің. Сен түсіме кірген күн Қайта-қайта күрмелдім... Өмір көріп өксіген Тор көзінен шілтердің!

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ ЭМИЛИ ДИКИНСОННАН Ешкім емес, жай біреумін. Сіз кімсіз? Мендеймісіз Түгі де жоқ қызғанар. Олай болса, Жүрейікші үн-түнсіз, Біліп қалса Сыйғызбайды бізді олар. Бәленмін деу Несі қызық, айнам-ау, Есер емес, Есті жанға түйсінген: Ол да құдды бақа сынды Қайталау Өз есімін Шалшық суға қи сіңген! Білем, білем, білем әбден аршаны, Білем және толқындарды ең ізгі – Болмасам да сай-салада аршалы, Көрмесем де өмірімде теңізді.

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН Төбемізден төгіп тұрған тәмам нұр, Құдайақы, болмасам да онда да – Білем және бар екенін ғалам бір, Құдды соған алғанымдай жолдама. Теңіз сүйіп, қызғаныштан үзілем – Қонақ етсе ақпар-жақпар тау елі. Оны айтасыз, қызғанамын ізінен Күймелердің ол отырған әуелі. Кезіктіріп жол-жөнекей, шалғайда Мәз болысса жасамыс пен жас қалмай. Жалғыз мендік бұйырмады маңдайға Оны көру – жеті қат көк аспандай! Қызғанамын ұясынан құстардың, Сол үйдегі шыбынға да қызығып. Жапырақ та болуға әзір құштармын Әйнегінде би билейтін сызылып. Шіркін деймін, сәт туар ма біздерге Бас айналар дәл осындай бақытқа – Ала алмайтын Писарроның жүз жерден Баға жетпес сырғаларын сатып та. Күн шықты деп оятатын әр таңда Жарықтан да қызғанамын ерікті –

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Күн орнына күн бола алар жалғанда Көзайым жан тұрған кезде көрікті. Дегенменен сезімге де дір еткен Шектеу қойып, жұма салдым көзімді. Құрдым дейтін мәңгі бақи түнектен Жебірейіл мен аяғасын өзімді.

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН *** Телефонды көтермесең, көтерме! (Жаныңды өртеп не қыласың бекерге) Қырсыққанда тұз себетін жараңа Некелі адам бал да емес, шекер де! Мазаласа – көптен күткен шақ туып, Алып-ұшып тұрған болар аптығып?! Қайтер екен, қоңырауын алмай қой (бала сынды қылығына пәк күліп!) Ойламаған жерден тағы мат қылып. Шарасыздан жан дүниесін шер көміп Тұрсын солай, жүрсін солай өртеніп: Өзін-өзі мың-сан рет кінәлап, Өз-өзінен мың-сан рет жеркеніп! Сүйетінін білсең дағы құлай бір Осы жолы бере көрме шырай, нұр! Сезім құрғыр тулап тіпті болмаса Алақаның бетке басып жылай тұр... Сөйлесе алмай күні бойы, кешкісін Ыза болған ол да бір сәт өксісін: Жоғалғанын біліп іңкәр әлемнің, Жоғалтқанын біліп жалғыз жоқшысын.

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Жаның қинап не істемексің бекерге, Телефонды көтерме! Сергелдең сәт самайыңды ағартып Өмір сынды кетер ол да өтер де!

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН *** Көздеріңнің бір ойланып, бір күлген Өзекті өртер дерт боларын кім білген?! Бір-ақ рет билеймін деп өзіңмен Біраз уақыт есеңгіреп жүрдім мен. Біраз уақыт өз-өзіме келе алмай, Біраз уақыт ақылыма ере алмай, Жынды болдым көз алдымнан біраз күн Сенен басқа жан адамды көре алмай. Арбап және әдеттенген жиі алдап Саусағыма сарқылмаған сиямды ап Біразырақ ақын да боп үлгердім Біраз уақыт оны-мұны қиялдап. Сүйемін деп, айтпасаң да сенем деп, Тосын хабар алатындай сенен бек Ханзададай асыл затын жоғалтқан Біраз уақыт жүрдім әйтеу елеңдеп. Біраз уақыт арқыратып, бірер күн... Біраз уақыт өзің болып күлер түн?! Біраз дейтін бірақ осы бір сөзде Тұтас тағдыр тұрғандығын білер кім?

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ ЭГОФОБИЯ Байлық жимай, боқ теріп, Бошалаған тамса мұң – Өз-өзімді жек көріп, Өз-өзімнен шаршадым! Мендік ғұмыр темірдей Дым сіңіріп, тат жеген – Жаһұттары терілмей, Жабылатын жақшамен. Теңбіл доптай домалап, Қошқыл тартса аспаным Өз-өзімді табалап, Өз-өзімнен қашқамын. Күн түнеріп, түн ұлып, Жалт ойнатқан сезім мың – Өз-өзімнен түңіліп, Өз-өзімнен безіндім! Ебі желдей елірген Жұмыр басты ие алмай... Өтіп барам өмірден Өз-өзіме сыя алмай.

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН CИМУЛЯЦИЯ Тұра бер шырайыңды бермегендей, Тұра бер көрсең дағы көрмегендей. Мен байғұс көздер үшін көлденең кей Болайын өп-өтірік терлегендей. Сыр бермей, сыртың бермей, сылдыр көлдей Күліп қой таныстарың күлдіргендей. Сиқырланған мен болсам сасқанымнан Болайын басқаға ізет білдіргендей. Нұрланып та үлгерген, сұрланып та Көрсетейік өтірік түр халыққа. Тұрғандай болсын бәрі өз орнында, Тұрғандай болсын өмір бір қалыпта. Таңы бөлек ататын, татар дәмі Жолаушыдай болайық сапардағы. Бір-біріне тәкаппар түр көрсеткен Біз дейсің бе жалғыз-ақ шаһардағы?! Аялауға тұрмайтын, аяуға да Аяр тірлік қозғалтқан баяу ғана Қазір бізді екіге айырады Тағдыр дейтін тасжүрек аялдама.

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Содан кейін жүрекке зарық тұнып, Ішімізден егіліп, жанып, тынып, Жібереміз өзіміз өзімізді Көшелердің ішіне лақтырып. Күй кешеміз содан соң терлегендей, Күй кешеміз содан соң көрмегендей. Содан кейін қаптаған «өліктермен» Өмір сүріп жүреміз өлмегендей.

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН КӨКЕКТЕГІ КӨҢІЛ КҮЙ Пенде көрсем жын көргендей шошынып, Өз-өзімнен қала берем тосылып. Мен оларды баяғыдай іштартып, Мен олармен жыламаймын қосылып. Қапелімде мінез тапсам төтен, дөй – Маған олар мүлде суық, бөтендей. Сол себепті өте шығам олардың Қастарынан кәпір мінез көкемдей. Олар басқа, құдды мен бір басқадай, Қашан болсын іздеп жүрем басқа жай. Ол істеген істен жаным түршігіп, Олар айтқан сөзді сөз деп растамай. Қас-қағым сәт қаумалап ап жан-жақтан Солар мені діңкелетіп, шаршатқан. Енді оларға қанша шыдас береді Сірі ғұмыр жұлдыздарға қарсы аққан? Пенде көрсем жын көргендей шошынып, Өз-өзімнен қала берем тосылып. ...шіркін деймін, арман бар ма Адамда Ыңылдаған Хауасына қосылып?!

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Орхан Уәли Қанықтан үш өлең ЖЕКСЕНБІЛІК КЕШТЕРДЕ Көңіл, шіркін, толмағанмен түріме, Қарыздан да құтылатын күн туар. Бірақ, жаңа костюм киген күні де Сүйеріңе шүбәм бар. Дей тұрғанмен, Болсын сенің есіңде, Шырт түкіріп, Салтанатпен шығар күн Мен өзіңді Жексенбінің кешінде Дәл осылай сүйе алмайтын шығармын?! СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН ПӘТШАҒАР... Сылқым біткен Ойлайды екен ғазалдар Бір өзіне жазылған деп Тек қана. Менің оны шер көмген сәт шимайлай Салғанымды қайдан білсін, Пәтшағар?!

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ СЕН ҚАЙДАСЫҢ? Құйрық байлап Батпырауық ұшырған, Сақи кеуде Сөз таба алмай қысылған Сол бір шақта: Екеуара. Күн қамсыз. Алып-ұшып Алабұртып тұрған қыз, Сен, қайдасың?

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН *** Осылай болған, осылай бола береді – Арманшыл ақын жазылмай кеткен өлеңі Түсінде ылғи ала бұлт, аспан, құс көріп... Өңінде бармақ тістеген күйі өледі. Ышқынған дауыс ыршып бір шықпай іштегі Шідерлі жанша түнерді қанша үстелі! О, қашан оның өкініштері өрт болып, О, қашан оның сағынышына піскелі! Бейкүнә сырдай сарғайып қалған сызылып, Мың жалғап үміт-тілегін және мың үзіп Қаншама жүрді ол толысқан дәндей қызынып, Қаншама жүрді ол қара аспан құсап бұзылып!

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Кезін бір аңсап жұмыртқа сынды аршылған О, оның жүйке тамыры қанша жаншылған! Әттеңі қанша өрт болып тұнған, дерт болып, От демі қанша терезесінде тамшы ұрған... Осылай болған, осылай бола береді – Беймәлім ақын белгісіз тегі, дерегі Қырық жыл жүріп қиялда сызған әлемін Бір шумақ жырға сыйғыза алмай өледі!

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН *** Жарымжан күй кешіп тұрып жылардай Өмір сүріп жүрміз дейміз ұялмай. Өмір сүріп жүрміз дейміз боқ теріп, Өмір сүріп жүрміз дейміз күле алмай! Шенқорлығы жемқорлыққа ұласқан Өмір сүріп жүрміз дейді мың асқан. Қаны сұйық қиянатшыл қауымға Көрінбейді дүр аспан! Қандалаша сорған ұлт пен ұлысын Өмір мүмкін өмір шығар ұры үшін, Өмір мүмкін өмір шығар құл үшін Қорып жүрген ынсапсыздар ыдысын?! Емен-жарқын риясыз бір күле алмай, Шын бақыттың не екенін біле алмай Өмір сүріп жүрміз дейміз былшылдап Талықсыған тіземізді бүге алмай! Қабағымен қаяу салып көңілге Қорқау қапқан өмір мынау өмір ме – Қиқар кісі күлген сайын семіріп, Итаршысы үрген сайын елірген?!

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Шен-шекпенді шулаған сәт ұлардай Ұрандаймыз келіп... Тыныш тұра алмай. Содан кейін өттік дейміз өмірден Адам құсап бір күн өмір сүре алмай! СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН Эпиграммалар Кадрлар бөлімінде істейтін кеудемсоққа Ойлаушы едім басыменен адамның Алла ғана ойнайды деп расымен. Бүгін көрдім бар екенін наданның Ойнайтұғын адамдардың басымен. Есік көзінде отырған күзетшіге Ит дейін десем, адам сияқты күледі, Адам дейін десем, ит сияқты үреді. Кірген-шыққан адамды ыза қылуды Бірақ, иттен де артық біледі!

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Қара басыммен алысып өткен кеңседегі қара қатынға Күлгендей періште, пәк бала, Сөйлейді сыпайы, сақ қана. Тек қана шаш емес боялған, О тоба, жүрек те қап-қара! Тіс дәрігеріне Пәремді де, зәремді де алатын, Ниетіңе лайық емес халатың.

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН ҚҰРДЫМ Нұрсыз жанар, Мейірімсіз алақан, Әр қиялда – бастың қамы қарақан. Атқан сайын қартайтады қаланы Қайырымсыз көліктегі қара таң. Мұқыл арман, Бүкір сана, Тұқыл дем, Шылым ғұмыр шүршіт сорып бітірген. Түкірігі таусылмайтын тәмам жұрт Талтаңдайды сарай салып күпірден. Қажалған ми, Қартайған жад, Қарғыс үн, Қалтаң-қалтаң еткен жансыз бар мүсін Жанталаса жазып жатыр жаһанның Судай жаңа Жарыместену жарғысын! Қарайған қан, Көрдей терең күрсініс, Сұлық сүлдер, Сумаң сөздер, Сұр дыбыс.

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Қайқы ауыздай Батыс быт-быт былжырап, Шайпауыздай шыт-шыт сынып тұр Шығыс! Сенім соқыр, Бағыт бұлттай бұлыңғыр, Үзіле алмай үздігеді жұлын құр. Тұтам емшек іздеп тұттай әлемнен Қайта-қайта кісінейді құлын жыр! СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН *** Бәрі де ашкөз: ауру да, ажал да, Ашкөз тірлік, ашкөз ұрлық базарда. Ындын кеуіп, ыңыршағың айналар Ығыр еткен ынсабы жоқ заманда. Қалбалақтап, таба алмаған сор емін - Қайда барсам аран ғана көремін. Көремін де көңілімді көр етіп, Өлеңімді кебін етіп өлемін. Тойып болмас тоғышарлар бағына: Ашкөз кеңсе, ашкөз түрме тағы да. Ашкөз заңгер ақыл айтып шаршатты Зайырлы елдің пысқырмайтын заңына.

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Ашкөзденіп сау дейтұғын сана да, Ниет бүтіл айналғанда қараға Қан жылатып, қартайтады жаныңды Қанағатсыз қайыршы да, бала да. Бәрі де ашкөз: ауру да, ажал да, Ашкөз діндар бет сипайды мазарда. Ашкөз қиял жеткізді ме, білмеймін Ойларымды айыбы жоқ ғазалға.

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН «Муза» (2014ж.) жинағынан АРУ ЖАЙЛЫ – ҚҰС ТӨРЕСІ ЕСІМІ Жанарыңнан - қауызындай гүлдердің, Жалпыда жоқ арай көрдім, нұр көрдім! Нұр көрдім де жалқыға тән тек қана Жүрегіммен ғашық болып үлгердім... Талай аңыз басылғанмен тасқа сан, Бұлай ғашық болмас ешкім! Ешқашан! Осы есіммен мен Өмірмен достасып, Осы есіммен мен Өмірмен қоштасам. «Жынды ақын!» деп кекет мейлің, күл мейлің, Сенен өзге қызды көзге ілмеймін! Сен жоқ жерде тірлік кешсем, кешермін, Сен жоқ жерде, бірақ өмір сүрмеймін. Ару жайлы – құс төресі есімі Шалқып айтқан шайырды, Алла, кеш ұлы! Бірақ осы жүрегімнің шешімі, Бірақ осы тағдырымның кесімі! Жанарыңнан – қауызындай гүлдердің, Жалпыда жоқ арай көрдім, нұр көрдім! Нұр көрдім де, ширегінде тәуліктің Мәжнүнге ұқсап тағдыр кешіп үлгердім...

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Артық айтсам, Тәңірім кешірсін: Абыз да емес ардақтаған елі шын, Аңыз да емес аралаған ел ішін, Тоғыз жолдың торабында күн кешкен Бұл қаланы жақсы көрем сен үшін! Көз алдымда неше мәрте кемді күн Еселеген өрлігі мен ерлігін - Жаһанда жоқ жауһар көздің иесі, Бұл қаланы сен деп білем мен бүгін, Бұл қаланы сен деп білем мен, күнім! Жолым түссе қанат бітіп, қан жүріп, Жан дүнием сала берер жаңғырып! Бұл қаланы сен жүргенде сән күліп, Жоқ іздеген барша жұртты таң қылып, Сүйіп өтем, биік етем мәңгілік! Бұл қалада мөрі бардай Тәңірдің Келген сайын, көрген сайын аңырдым... (Аңырдым да, ақылымнан жаңылдым!) Менің мынау фәниде жоқ нәзігім, Менің мынау фәниде жоқ сабырлым! Мың бір ода жаздыратын бір гүлі Сияқты өзі дүниенің кіндігі...

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН Туыс болып көрінетін тұрғыны Бұл қаланы жақсы көрем ерекше Сенің даңқың паш ететін бір күні! Сыйлаған Тәңірдей өр, шебер – Сүргенім бір ғұмыр болса егер... Оның да өзі тек көзіңнің Бір тамшы жасымен өлшенер. Мәжнүн қылған бұл жалғанда бір бес күн Сені бір рет көрсем деумен күн кештім! Сені бір рет көрсем деумен мұң кешкен Мен сияқты бола қоймас жынды ешкім?! Одан өзге тілек жоқтай... Құдірет! Сені бір рет көрсем дедім, бір рет. Сонау күннен сызылмай һәм сүртілмей Көз алдымда қалып қойған сүгірет. Құдайақы, нарқы бөлек нұр едің! Сені ойласам болды - құстай түледім. Сен кімді жолықтырғаныңды білмессің, Бірақ, кімді сүйгенімді мен білемін.

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Содан болар, қадір білмес, білмес құн Жұрт ішінде сен бар деп тек күн кештім. Одан артық азап бар деп білмеспін, Одан артық ғажап бар деп білмеспін! Басқа арман, тілек жоқтай... Құдірет! Сені бір рет көрсем дедім, бір рет. Көрген түстей ардақты һәм аяулы Көз алдымда қалып қойған сүгірет. Сен – ақсың ғой... ақ болғасын жылайсың! Ақ болғасын, пәк болғасын ұнайсың. Құдайақы, сен сияқты ешкімді Жылатпағам, ұнатпағам бұлай шын. Әр сөзіме болғаныммен қырағы Жоқ дей қалсаң жылатқым кеп тұрады.

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН Қысқа күнде қырық мәрте құлпырып Есімді алған ерке еліктің лағы! Дүн-дүние... дір етер сәт дүр ғалам Жоқ дей көрме! Жоқ дей қалсаң жынданам. Қараөткелде қалсын десең бір шайыр Махаббатты махаббатпен жырлаған. Сен – ақсың ғой... ақ болғасын жылайсың! Ақ болғасын, пәк болғасын ұнайсың. Құдайақы, сен сияқты ешкімді Жылатпағам, ұнатпағам бұлай шын. “Карузоны”** тыңдағанда... Сені ойлап сыймай кетем бұл ғаламға - Қалқып ұшқан құсқа тән кепиеті, Қасиеті көнбейтін қылқаламға! **«Карузо» - әйгілі тенор Энрико Карузоның құрметіне шығарылған ән.

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Лықсып тұрған өзегі сырға, мұңға, Өр әуенмен бір сәтте нұрланам да Қылығыңды сағынам сау адамды Айналдырып жіберер жынды адамға. Көктем болып біресе күркіреген, Қара күз боп біресе сіркіреген, Дәуір сөйлеп тұрғандай дүркіреген - “Карузоны” әйтеуір тыңдай қалсам Жарқын бейнең жаңғырып көз алдымда Шымырлайды жүректе шіркін Өлең! ...нота үзіліп қалғанша жүрем сосын Мың айналып жұртыңды бір түнеген. Жанарыңды алмай жанымда тұрдың Жалқы бір сәтте құлаған – Сисам да ішіне қалың қабірдің Қимаймын Сені, бір адам!

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН АНКАРА. ЭТЮД Шатырдан қып-қызыл, аспаннан көктеңбіл Көңілім босайды өппеген көптен нұр. Аршасы һәм тасы сыр шерткен шаһарға Кірерін-кірмесін біле алмай көктем тұр! Біле алмай көктем тұр... біле алмай тұрмын мен: Не өзі ашылған? не өзі сілкінген? Орамал білмесе, білмедім ештеңе Терезе алдында көз жасы сүртілген.

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ ТОҒЖАНҒА Cені көрсем хош көргендей боламын, Сені көрсем дос көргендей боламын. Иесі бір ең әдемі мінездің, Ең әдемі қызы мынау қаланың! Күндей күліп тұратұғын жамалы Бір жарқ етсе жанды баурап алады. Қылықты қыз – ең әдемі есімі, Қылықты қыз – ең әдемі жанары! Сөйлесе де, сөйлейтұғын сыпайы - Сені тапқан жанның түгел ұпайы! Сенің бүгін туған күнің дейді жұрт, Су берсең де, у берсең де жұтайын... Әкелші!

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН ЭДИНБУРГ Сені неге сонша жақсы көремін... Сені неге сонша іздей беремін? Суық шаһар, сырбаз шаһар, сыз шаһар Сұп-сұр тасқа жазған сұмдық өлеңін! Маңғаз көше мекен болып мас ұлға, Айырылмайтын бұлт тұрғанмен басыңда, Қатпар-қатпар тарих тұнып тұр сенің Қына біткен құдіретті тасыңда! Ештеңеге мән бермейтін ғасырда, Ештеңені таң көрмейтін ғасырда, Мен таңқалдым не құдірет бар деп бұл Күні-түні үзілмейтін жасыңда! Қанша ғажап көрсеткенмен жас ғасыр, Қанша бақты көргеніммен жап-жасыл, Сендегідей тәнті болып тамшыға, Сендегідей сұқтанбадым тасқа сұр!

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Содан ба екен, қаяу шалса көңілді Сағынамын сартап болған со күнді: Көрген түстей – бар қылатын жоғыңды, Көрген түстей – шұғылалы соғұрлы!

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН *** Орасан азап, арттырар жанға аз күнә Ойландырады екен, ойран қылады екен көз мына! Дәл осы құсап күлмейтін болар күншуақ, Дәл осы құсап жадырамайтын болар жаз, сірә? Бейіштен түскен хор қызы күліп тұрғандай Шұғылалы шымқай шашады екен нұр маңдай! Көсіліп келіп, тосылып бір сәт қаласың Төбеңнен тосын таспенен біреу ұрғандай. Жасындай бейне жанарда мынау жарқ еткен Тулайды өмір, шулайды және бар көктем! Жалт еткен мезет шыңырау ойға шым батып, Тағдырын тарпаң мен ғана емес шығармын тәрк еткен?

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Қабақтан анау табамын жанға жай тағы, Қадалған жанға қарашық бір сыр айтады! Қиялым менің қанатын қаққан қиянға Қараған сайын қара өлең болып қайтады. Орасан азап, арттырар жанға аз күнә Ойландырады екен, ойран қылады екен көз мына! Дәл осы құсап күрсіндірмейтін болар күншуақ, Дәл осы құсап жылатпайтын болар жаз, сірә? СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН *** Бұл не оңаша қалдырған? Бұл не кеудемді өртеген? Құсалы көңілге ән салдырған Өлең жазғым келеді ертемен. Өлең жазғым келеді өртеніп: (Сол құстай өртеніп...тірілген!) Жан үшін шаршаған жеркеніп, Мән үшін беймезгіл бүлінген ...өлең жазғым келеді ертемен.

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ *** Саған неге қарай бергім келеді... Сенен неге арай көргім келеді? Бұл ғасырдың әлі күнге жазылып Үлгермеген ең әдемі өлеңі! Қарай берер не тылсым бар өзіңде, Арай көрер не тылсым бар көзіңде? Жан-дүниемді селк еткізер соншалық Ештеңеге селт етпейтін кезімде! Әнтек күліп, әнтек қана жымиып, Небір ойға батырдың-ау тұңғиық. Тәңірімдей табиғаты тым жұмбақ, Әмірімдей дәрежесі тым биік! Қаса сұлу сен боларсың мен көрген, Қаса сұлу сен боларсың ел көрген. Сау ақындар көрген мезет жынданып, Жынды ақындар көрген мезет сенделген! Саған ғана қарай бергім келеді... Сенен ғана арай көргім келеді! Бұл ғасырдың әлі күнге жазылып Үлгермеген ең әдемі өлеңі!

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН ҚАРАША (Томас Худтан) Күн жоқ, гүл жоқ! Нұр жоқ, жыр жоқ, Түр жоқ, түк жоқ тамаша. Қызыл қайың қалтырайды оңаша. Көбелек жоқ, ебелек жоқ, бала жоқ, Ара да жоқ гүлге қонған таласа. Аңғар біткен аруақтай қуарып, Заңғар тіптен көрінеді аласа. Әр нәрседен қалып қойған көңілің Айналамен қоймайды бір жараса. Қарап тұрып қарайтады қаныңды Қанын ішке тартқан...сұп-сұр Қараша!

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ *** Қайта-қайта қарасам да тоя алмай Түсімде де сені көрем ой, Алла-ай! Осыншалық тәтті болар ма едің сен Шыға келсең тұтас жұтып қоярдай... Жаным қояр жер таппадым көргеннен... Өлген сезім қайта оянды, өлген дем! Ең лайықты сен тұрғанда жүректі Қалай көпке жұлмалата бергем мен?! Жанарыңмен өмір сыйлап жап-жарық Жан-дүниемді кеттің бірақ ақтарып! Сені көрген сәттен бастап мен жүрмін Жарылуға һәм жылауға шақ қалып. Мұндай өртті бұрын-соңды кім көрген... Азабыма азап қосты түн келген. Жаным күйіп кетер ме екен жеткенше Мәжнүн құсап сені сүйіп үлгерген? Тағдырыма осы болса тиесі Жынды адамдай Дәурен кешкен күй осы. Мені бекер өртедің-ау беймезгіл Ең әдемі көздің көркем иесі! Ех...

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН ЖЕТІМ БАҚ Түмен жұрттың ортасында жетім қап Сен де мендей жылайсың ба, жетім бақ? Сені ешкім іздемейді, білемін Маған да ешкім сыр айтпайды жақындап. Хал сұрайтын (тым болмаса, күнара!) Сенде де жоқ жанашыр дос, шын аға. Күні бойы қалың ойға батасың, Мен де батам ара-тұра...күнәға! Жапырағыңның жабырқаңқы реңін Көрген сайын шым етеді жүрегім. Сен де кеше көктем едің, гүл едің, Мен де осы кеше тірі жүр едім! Өткен дәурен, кеткен дәурен базарлы Ойлай берсең, ол дағы бір тажал-ды! ...Енді менің кездеспеші алдымнан, Сен туралы жазбайыншы ғазалды Жол бойында жылап тұрған жетім бақ.

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ *** Мені биге шақырасың ба? Шақырасың ба...шығайын. Кішкентай кафе сахнасында Білдірмей сосын жылайын. Жалғаннан жаным жеріп кеткенін Жанарым айтсын қаншалық! Құшағыма енші еріп кеп менің ...кішкентай кафе ән салып. Тірі екенімді ұқтырып бір сәт Кеудеме әнтек құлашы. Тұра бермей бұл сезімді құрсап Саксофон дағы жыласын! Өткенде мені от демің шарпып Шат күйге еніп шырайым, Кафенің ішін құс сынды қалқып Айналып бірге шығайын. Өлтірмей мені қалған бағымның Сезінген сол сәт салмағын, Айтылмай қалған армандарымның Алақан айтсын қалғанын! ...айтшы, биге шақырасың ба?

СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН ЭЙФОРИЯ Шымқай қызыл шуақ үнін тыңдатып Анкарада бара жатыр күн батып. Ауласында шарапатты шаһардың Шұғылалы ой кешу де шын бақыт! Көше бойы күтетіндей той алдан Қызыл, сары, аппақ түске боялған. Әуезімен әлдилейді жүректі Ойда-жоқта гүлдің даусы оянған! Межелі сәт жұпар аңқып маңайым, Балбыраймын кешкендей бір бал айын! Көз ұшында мың-сан жарық күледі Көңіліме көктем сыйлап толайым. Шымқай қызыл шуақ үнін тыңдатып Анкарада бара жатыр күн батып. Мен отырмын жеті қат көк аспанда Шұғылалы ойларыма шым батып!

МАЗМҰНЫ “Оттегім менің, от демім менің – жырларым” жинағынан Биға әжеме................................................................................3 “Қаламаймын әйтеуір тоң сақтауды”..............................4 “Сені іздеймін, аяулым , сені іздеймін!”..........................5 “Аңдымаймын бұл күні есігіңді...”....................................6 Алакөл.........................................................................................7 “Ante Meridiem“ жинағынан “Еліре соққан Ебі жел”..........................................................8 Найзақарамен тілдесу............................................................9 “Менің бейнем өміріңізде бар күні”...............................10 19 шақырым............................................................................11 “Ұсынбаңдаршы гүл маған тамырын қиып”................13 “Бөркемік бала”.....................................................................14 “Бозарған бұлттар”..............................................................16 “Ей, пері қыз”.........................................................................18 Махаббат монологы.............................................................20 “Тектілік сүйер тамыры”....................................................22 Трагедия...................................................................................24 “Бәрі де қойғандай кеңесіп...”..........................................26 “Адасып көк түтін ішінде”.................................................27 “Жасыма жырым”.................................................................29 “Алдаспанның арызы” жинағынан “Көңілімнің кіргізер бар шырайын”..............................31 “Мен бүгін түрімнен түршігіп”........................................32 Еңселі ғимарат ішіндегі ой................................................33 “Айдалада...”...........................................................................35 Саяжайдағы кәрі төбетке..................................................37 “Мұңды ұлының амандығын тілеген”...........................38 Бабырдан.................................................................................39 “Түрегеліп, тіктеу үшін еңсені”.......................................40 Арқаның қысын көргенде туған ойлар.........................42 Оқу залында...........................................................................43 “Сізді сүю...”...........................................................................44 Көк майса................................................................................46 Қайрат Әлімбектің қазасына орай

жазылған жоқтау...................................................................47 Із кесу........................................................................................49 “Сен де, менде мынау үйге сыя алмай”.........................50 Ex animo....................................................................................52 Эпитафия................................................................................54 Алдаспанның арызы............................................................57 “Гүл мен Қылыш жырлары” жинағынан Утопия......................................................................................59 “Ар бардай, арман бардай, тағдыр бардай”..................60 Өтініш.......................................................................................61 “Сен түсіме кірген күн”......................................................63 Эмили Дикинсоннан...........................................................64 “Телефонды көтермесең көтерме”...................................67 “Көздеріңнің бір ойланып, бір күлген”.........................69 Эгофобия.................................................................................70 Симуляция...............................................................................71 Көкектегі көңіл күй.............................................................73 Орхан Уәли Қанықтан үш өлең...................................74 “Осылай болған...”.................................................................77 “Жарымжан күй кешіп тұрып жылардай”...................79 Эпиграммалар......................................................................81 Құрдым.....................................................................................83 “Бәрі де ашкөз...”...................................................................85 “Муза” жинағынан Ару жайлы – құс төресі есімі............................................87 Анкара. Этюд.........................................................................93 Тоғжанға..................................................................................94 Эдинбург.................................................................................95 “Орасан азап...”......................................................................97 “Бұл не оңаша қалдырған?”..............................................99 “Саған неге қарай бергім келеді”..................................100 Қараша....................................................................................101 “Қайта-қайта қарасам да тоя алмай”............................102 Жетім бақ..............................................................................103 “Мені биге шақырасың ба?”...........................................104 Эйфория................................................................................105

Дәурен БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ СІЗГЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН Редакторы Алмагүл Ниязбекова Қате түзеуші Назерке Кәкен Көркемдеуші редакторы Айкерім Бақбергенқызы Техникалық сарапшы Ержан Жамалбаев ISBN 978-601-03-0278-5 ИБ №63 Басуға 15.10.2014 ж. қол қойылды. Пішімі 80х100 1/32. Офсеттік басылым. Қаріп түрі “MM Academy”. Көлем 5,0 шартты баспа табақ. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 63 «ҚАЗақпарат» баспа корпорациясының баспаханасы

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙