Жәндіктер және өрмекшілер
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Дениз Райан
モミホツナヘワ деңгей1 Мен оқығанды ұнатамын! Балаларға жылдам әрі дұрыс оқуды қалай үйретуге болады? Олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін қандай кітап таңдау керектігін білесіз бе? Бұл сұрақтарға балаларға арналған «Мен оқығанды ұнатамын!» бағдарламасы бойынша жарық көрген кітаптар сериясы көмектесе алады. Бұл серия 64 кітаптан тұрады, онда балалардың жас ерекшеліктерін және қызығушылықтарын ескере отырып әзірленген және құрастырылған материалдар бар. Серия 4 деңгейге бөлінген: «Оқып үйренемін» (5–6 жас), 16 кітап «Оқи аламын» (6–7 жас), 16 кітап «Өзім оқимын» (7–8 жас), 16 кітап «Жақсы оқимын» (8–9 жас), 16 кітап Алуан түрлі тақырыптар кішкентай оқырмандарды интеллектуалдық тұрғыдан дамытып, қоршаған әлемді тануға мүмкіндік береді. Балалардың жасына сәйкес блокта ұсынылған тақырыптар: «Жануарлар», «Жер Ғаламшары», «Ғылым және өнертабыстар», «Тарих» Бұл тақырыптардың әрқайсысында таңғажайыптар мен ең қызықты Мен оқығанды ұнатамын! Жәндіктер және өрмекшілер
Жәндіктер және өрмекшілер Мәскеу «Махаон» Жәндіктер деген не? . . . . . . . . . . 4 Жәндіктердің саны қанша? . . . . 6 Қоңыздар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8 Көбелектер. . . . . . . . . . . . . . . . . 10 Өрмекшілер. . . . . . . . . . . . . . . . 12 Аралар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14 Қорек . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16 Ұшу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18 Жүзушілер . . . . . . . . . . . . . . . . . 20 Секірушілер . . . . . . . . . . . . . . . . 22 Мазмұны Дүниеде жәндіктер мен өрмекшілер көп. Олардың кейбіреуі кәдімгідей қауіпті. Енді олармен жақынырақ танысып көрелік.
Жәндіктер деген не? Қоңыздар, шыбындар, көбелектер, аралар, құмырсқалар – осының бәрі жәндіктер. Араның алты аяғы және екі жұп қанаты бар. Артқы қанаты Алдыңғы қанаты Басы Аяғы Ара Жәндіктердің саны қанша? Дүние жүзінде жәндіктердің миллионнан астам түрі бар. Олар жердің барлық бұрышын мекендейді. Мына шыбындар қанаттарын өте тез қағып, әуеде бір орында қалқып тұра алады. Олар ызылдауық шыбын деп аталады. Қоңыздар Қоңыздардың алдыңғы қанаттары қатты болады. Олар үстіңгі қанаттар деп аталады. Кейбір қоңыздар тіптен ұша алмайды. Геркулес қоңыздар мүйіздерін айқастырып, бір-бірін бұтақтан итеріп құлатуға тырысып жатыр. Мүйіз Геркулес қоңыздар
Көбелектер Көбелектер - өте әдемі жәндіктер. Көбелектердің балаңқұрттары жұлдызқұрттар деп аталады. Алдыңғы қанаты Желкенді көбелек Көбелектердің үлкен төрт қанаты болады. Артқы қанаты Артқы қанаты Алдыңғы қанаты Шыбындар мен көбелектер өрмекке шырмалады, сосын өрмекші оларды жеп қояды. Өрмекшілер Өрмекшілер жәндіктерге ұқсас, бірақ олардың аяқтары алтау емес, сегіз. Өрмекші өзі жасайтын өте нәзік жібек жіптен өрмектер құрады. Өрмек Өрмекші Денесі Қатты үлкейтілген өрмектің жібі. Аралар Аралар балауыздан керезторларды салады. Бір торларды балаңқұрттар мекендейді, басқаларында – бал қоры сақталады. Ара
Балауыздан жасалған қақпақшалар Балы бар торлар Қорек Жәндіктер жапырақ, тұқым және өсімдіктердің жемісін жейді. Ал кейбірі құрттар мен басқа жәндіктерді жейді. Мына дәуіт көбелекті ұстап алып, жегелі жатыр. Көбелек Дәуіт Ұшу Көптеген жәндіктердің бір немесе екі жұп қанаты бар. Олар жақсы ұшады. Ханқызы – кішкене қоңыз. Оның қара дақты қызыл түсті үстіңгі қанаттары бар. Қанаты Ханқызы Үстіңгі қанат Жүзушілер Көптеген жәндіктер жүзе алады. Олар шалшықты, әуітті, көлдер мен өзендерді мекендейді. Кейбір су қоңыздары құрсағын жоғары қаратып жүзеді. Ескек қоңыздар ұзын артқы аяқтарымен суды еседі. Басы Аяғы Денесі Ескек қоңыз
Күшті ұзын аяғы Секірушілер Кейбір жәндіктер жақсы секіреді. Шегірткелер секіріп отырып, жауларынан құтылып кетеді. Шегірткенің алты аяғы бар. Артқы аяқтары – ең ұзыны және күштісі, шегірткелердің секіргіштік себебі де содан. Шегіртке
Мектепке дейінгі балалардың үлкен топтарына Жәндіктер және өрмекшілер Авторы Дениз Райан BEASTLY BUGS Copyright © 2008 Weldon Owen Pty Ltd Conceived and produced by Weldon Owen Pty Ltd 61 Victoria Street, McMahons Point Sydney, NSW 2060, Australia Перевод с английского М. О. Торчинской Научный редактор А. В. Тихонов Ответственный редактор О. А. Самусенко Технический редактор Т. Ю. Андреева Компьютерная вёрстка О. В. Краюшкина Корректор Н. М. Соколова Все права защищены. All rights reserved. © Перевод на русский язык. ООО «Издательская Группа Аттикус», 2008 Machaon® ISBN 978-5-389-03026-8 (каз.) ISBN 9978-5-389-00308-8 (русск.) ISBN 978-1-74089-674-0 (авс.) ООО «Издательская Группа Аттикус» — обладатель товарного знака Machaon 119991, Москва, 5-й Донской проезд, д. 15, стр. 4 Тел. (495) 933-7600, факс (495) 933-7620 E-mail: sales@machaon.net. Наш адрес в Интернете: www.machaon.net ГС № 77.99.60.953.Д.011615.10.07 от 03.10.2007 Қазақ тіліне аударған: Марал Жұмағалиева. Редакторы: Мақпал Тажмағамбетова Баспагерден алынған эксклюзивті құқықтардың иесі «Кітап ұйық»ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев кошесі, 1, тел: (727) 2735906, 2735907 Суретімен 24 бет Басуға 2011ж.__ қазан қол қойылды Формат 70х100 1/16 ,жылтыр қағаз Шартты баспа табағы 1,93 Таралымы 11000 дана, тапсырыс № __ «№ 2 Офсетті баспа фабрикасы» ААҚ-да басылған 141800, Мәскеу облысы, Дмитров қаласы, Московская көшесі, 3. УДК 372.3/4 ББК 74.102 Б79 «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды».
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру