Қалдыбаев Ə. Шығармалары. 2-том
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Әлдихан Қалдыбаев
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Øûғàðìàëàðû Алматы 2015 Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Øàíøàð àòàé Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? 2-òîì Алматы 2015
ISBN 978-601-264-147-9 (2-т.) ISBN 978-601-264-145-5 Қалдыбаев Ə. Шығармалары/ Əлдихан Қалдыбаев. – Алматы: "Таймас" баспа үйі. 2015. 2-т. – 304 бет. ISBN 978-601-264-147-9 Белгілі балалар жазушысы, драматург Əлдихан Қалдыбаевтың шығармалар жинағының екінші томына қазақ балаларының əлдеқашаннан сүйіп оқитын соғыс кезіндегі ауыл өмірі мен əскери тақырыптағы хикаяттары еніп отыр. Жазушы шығармалары шынайы шындықтың өзінен өрілген, оларда сөз болған оқиғалар оқырманды еш селкеусіз иландырады. Образды тіл, жеңіл юмор тəнті етеді. Қ 25 © Қалдыбаев Ə., 2015 © “Таймас” баспа үйі, 2015 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлiгi “Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша жарық көрді ƏОЖ 821.512.122 КБЖ 84(5Қаз)-7 Қ 25 ƏОЖ 821.512.122 КБЖ 84(5Қаз)-7
ØÀÍØÀÐ ÀÒÀÉ Хикаят
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Оянсам, Шəкір жоқ жанымда. Тұрып кетіпті. Апам даладан ауызғы бөлмеге сөйлеп кірді. – Шəкір, ана қарасан Əлипаны сүзіп, өлтіріп қоя жазда ды. Екі ая ғын тарбаңдатып аспанға көтеріп алған екен, жаны қалды əйтеуір бей шараның. Бір тəуірі мүйізі кір мепті еш жеріне. Қағынды ғой бұл арам қатқыр. Енді Айыр жəкем мүйізін кесем деп жатыр. Өзіне де сол керек пəленің. – Апа, қашан кеседі мүйізін? Шəкірдің жып ете түсуін! – Қазір. – Көк сиыр өріске кеткен жоқ па? – Айыр жəкем жібертпеді. Қазір ара əкеледі. Мынадай қызықты естіп алып, қалай шыдап жатпақсың. Орнымнан ұшып тұрып, терезеге жармастым: көк сиыр мамаағашта байлаулы тұр. Апыл-ғұпыл киіне салып, ауызғы үйге ытқып шықтым. – Əлден, қызық! Қазір Шаншар атай көк сиырдың мүйізін кеседі. – Сенсіз де білемін. – Білсең не қыл дейсің! Саған адам деп айтып отыр сам. Менің орынсыз шап ете түскенімді Шəкір ұнатпай қалды. Ұнатпаса мейлі. Ол қаншама үлкендік танытқаны мен, менің де кейбір нəрселерді одан бұрын естіп-білуіме болады ғой. Босаға жақ бұрыштағы кебеженің ішінен бірдеңе іздеп, күйбеңдеп жатып, екеуміздің кикілжіңімізді естіме ген екен, апам бері қарай бере мені көрді де, дəл Шəкірге айтқанындай етіп, маған да мəн-жайды тү сіндіре бастады.
Øàíøàð àòàé – Əлден, ана қарасан Əлипаны сүзіп, өлтіріп қоя жаздады. – Апа, бұл естіп жатыпты. – Сол əйтпесе. Бұл пəле мүйізін оңайлықпен кестірсе десеңдерші əуелім. Барыңдар далаға, тез жуынып келіңдер. Айыр жəкем келгенше шай ішіп алайық. Онан кейін көк сиырмен алысып, жуық арада нəр тимес аузымызға. Сəл қабақ шатысып қалғанымызбен, екеуміз де апамның үкіміне оп-оңай көне кеттік. Шəкір де, мен де алдағы қызық оқиғаға асығатын сияқтымыз. Мен құманды, Шəкір сүлгіні ұстап, далаға шықтық. Шəкір құманды алмақ болып еді, бермедім. Үлкеннің аты үл кен ғой, ол менен бұрын жуынсын да. – Алдымен мен құяйын суды, – деп ем, Шəкір мəз болып қалды. – Е, бəсе!.. Көк сиыр екеумізді көре салысымен, мөңіреп қоя берді. Арты ауылдың жоғарғы жағындағы жайпақтан өтіп, алды Ноғайбай сайының аузына еніп қалған сиырларды алакөзімен бір атып өтті де, тыпырши бастады. – Əй, жануар-ай!.. Шəкір барды да, көк сиырдың салбыраған əукесін қаси бастады. Көк сиыр лезде мазасыздануын қойып, моп-момақан күйге енді. Басын төмен салып, мүлгіп тұр. Мен де қарап тұра алмадым, жүгіріп кеп, көк сиырдың мой ны нан құшақтай кеттім де, қалың бұйра маңдай жүнін уқа лай бердім. Көк сиырды жұрт қаншама «сүзеген, мал емес» деп зар илеп жек көргенімен, ол біздің үйдің ішіне моп-момақан. Үлкендерді бы лай қой ғанда, Шəкір екеуміз оған не істесек те, былқ етпейді. Көк сиыр жусап жатқанда екеуміз дің үстіне мініп алып, қопаң дай тынымыз да бар. Сонда да бір қыбыр етпей жата беретінін қайтерсің. Қойшы, əйтеуір, көк сиыр – біз қанша жүндесек те көнген жануар. Міне, енді екеуміз де көк сиырдың бір-бір мүйізін ұстап
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ алғанбыз, екеу міз де үнсіз сипай береміз. Екеуміз де көк сиырдың түбі жуан, бунақ-бунақ, ұшы істіктей үшкір ақ сұр ай мүйіздерін қимайтын сияқтымыз. Алда өзін күтіп тұр ған қатерді сезе ме, қайдам, көк сиырдың көзіне жас үйіріліп кеткендей болады. Сол сəт оның баданадай қапқара көзінің шарасында ғы Шəкір екеуміздің ертеңгі ұй пақтұйпақ бейнелеріміз діріл деп кетеді. – Бекет ағам болғанда кестірмейтін еді. Шəкір қатты мұңайып тұр. – Жүр, екеуміз жотаға барып, жездеме айтып келейік. – Біз барып айтып, одан папам келгенше қай заман?! Шəкірдің даусы дірілдеп шықты. Жалт қарап едім, теріс айналып кетті де, асыға басып үйге беттеді. Мен де көк сиырдың мүйізін қоя бере салдым. Көк сиыр өкіріп-өкіріп Ноғайбай сайының аузына бір, маған бір қарады. Мен көк сиырдың көзінен үрей көргендей болдым, денем өз-өзінен тітіркеніп кетті. «Мұны босатып жіберсем қайтеді?» Ұмтылып барып, бұйданы қолыма алдым. Сол сол-ақ екен, басыма тағы бір ой оралды. «Қой, Шаншар атай құртар». Осы екі ой жарысып, дел-сал күйде біраз тұрдым. Көк сиыр тықыр қағады. Бір сəт жалма-жан күр меп бай ланған бұйданың ілмегін тартып кеп жібердім. Көк сиыр басын бір шайқады. Бұйда сыпырылып түсті. Енді ол тұяқтарын сыртылдатып, ентелей басып жөней берді. * Сен, оқушы, əрине, бірден байқадың. Шəкір екеуміз ағалы-ініліміз. Бірақ екеуміз бір кісіні екі түрлі атап отырмыз, ол «папа» деді, мен «жезде» дедім. Екеуміз бірге туғанбыз: əкеміз – Қалдан, шешеміз – Əміржан. Мен əкем ді «жезде», шешемді «əкпе» деймін. Мұның мəнісі – ем шектен шығысымен, мені нағашы апам бауырына бас қан. Сөйтіп, менің тілім осылай шыққан. Апам, əрине,
Øàíøàð àòàé Шəкірді де, мені де жақсы көреді. Жездем мен əкпеме де бірдейміз. Алайда ол екеуі мені «баламыз» дей алмайды. «Апасының баласы» дейді. Мен ол екеуінің əкешешем екенін білемін, бірақ ашық айта алмаймын. Ол сезім – жүрегімнің түк піріндегі шоқ. Апам мені олардан қыз ғанып, бөлектеп отырады. Біз апам екеуміз қоржын тамның, бір басында, Шəкірлер екінші басында тұрады. Дастарқанымыз бір, бірақ екі түтінге тəнбіз. Оны айтпаса да болар ма еді? Апама опасыздық жасағандай болып отырғанымды қарашы! Қайтейін, өз өміріңнен хикая жазған екенсің, бар сырыңды ақтарып, алға тартуың керек. Өйтпейді екенсің, шығармаң шынайы болмайды. Оның үстіне, маған енді біздің үйдің адамдарын қалай атайтын болсам, солай жазуға тура келеді. Айталық, атайтын тұста əке-шешемді «жезде-əкпе» деп жазамын. Туыстық жөніне орай əңгіме болатын жерде «əке-шешем» деп те жаза беремін. Екеуін əкем-шешем деуім – заңды, жезде-əкпе деуім – орынды. Сондықтан, алда: «Мынау бізді неғып шатастырып отыр?» – деп ренжи көрмеңдер. Маған ренжуге тек апамның ғана құқы бар. Əйткенмен, апамның өзі де бұл жайды жасыра ал май айтып қалатыны бар. Оның бəрі сөз бола жатар. Ал қазір əңгіме желісін қайта жалғайын. * Бəріміз жайбарақат шай ішіп отырмыз. Менің көк сиырды босатып жібергенімді апам да, Шəкір де сезген жоқ. Апам терлеп-тепшіп сүт қатқан шайды сораптап тартады. Бүгін Шəкір де шайшыл болып кетіпті, апамнан қалысар емес. Мен береке тауып отыра алмадым, даладан тықыр күтіп елеңдеймін. – Айша, көк сиыр қайда? Жүрегім су ете түсті, ыстық қан бетіме шапты. – Қайдасы несі? Тұрған жоқ па байлаулы?
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Апам таңданған кейіппен бізге қарады. Біз жамырай тіл қаттық: – Тұр еді ғой байлаулы. – Тұрған... Сол қолында шумақталған бір буда арқан, оң қолында кішкентай қолара – Шаншар атай кіріп келеді есіктен. Ашулы, бетіне қаны шауып, қара сұр жүзі түтігіп, аппақ қу дай селдірлеу сақал-мұрты едірейіп ке тіпті. Онсыз да өткір қызыл көзі қанталап, бəрімізді бір-бір сүзіп өтті. Зəрлі сұс өңменімізді тесіп, біруыс болдық. Дастарқанның берекесі кетіп қалған еді. – Жəке, төрлетіңіз. – Төрлеткенде не, ана терің жайылғыр босанып кет кен соң! – Апыр-ай, күрмеп, тас қылып-ақ байлап ем. Қолы бар ма, немене? – Мойының астына келгірдің екі мүйізін тып-типыл ғып отап тас тағанда көрер əлі! Кешке болсын! Шаншар атай тізе бүкпеген күйі кері бұрылды. Оның мұндай суық та, суыт іс-əрекетіне үйренген апам да, біз де таңдана қойғанымыз жоқ. Шаншар атай табалдырықты аттай бере бəрімізге тағы бір одырайып қарады. Біз жер шұқып, дастарқанға үңіле түстік: онда он шақты құрт, жарты кесе май бар еді. Бір түйір де нан жоқ болатын. – Айша, мына балалардың біреуін қазір жібере қойшы үйге. Біздің үйде қаптың түбінде қалған бірер пұт ұн бар сияқты еді. Соның бір табағын бергізіп жіберейін, – деді атай одырайған күйі. Біз еңкейген басымызды жоғары көтеріп алдық. Шаншар атай үйден шығып кете барды. * Атайдың аяғының тықыры басылған соң барып, апам: – Көк сиырды екеуің шешіп жібергеннен саусыңдар ма осы? Босанатын жөні жоқ еді, – деді бізге.
Øàíøàð àòàé «Əй, алтын апам! Шаншар атайдың көзінше өстіп сұрамағанын қа рашы! Онда ғой нағыз сұмдық болатын еді», мен осылай ойлап үлгер генше Шəкір: – Жоқ, босатқан жоқпыз, – деді. Мен де қарап тұра алмадым, жер болып отырған апамды аядым: – Не қыламыз босатып... Бірақ апам бəрін сезіп отырған сияқты. – Əй, қайдам? Сендер соны аяйтын сияқтысыңдар, – де ді. Апамның өзі де көк сиырды аяп отыр екен, мақтап ала жөнелді. Көк сиыр – Шəкір екеуміздің соғысқа кетіп, өткен жылы қара қағаз келген Бекет ағамыздың бəсіресі. Бекет соғысқа аттанған жылы қашар екен. – Бекет əбден жақсы көретін мұны, – деп бастады сөзін апам. – Кешке жұмыстан келісімен айналдыратыны осы еді. Күнұзаққа сазда арқандаулы тұрған бұл аш қалардай-ақ кешке қарай арбасының шанағына бір бау көк шөп салып ала келетін. «Балам-ау, мұның нең, аш дейсің бе?» десең: «Апа, жесін, жетім ғой» дейтін. Біз оны ұжым шар жұмысына жарады, жігіт болды деп жүрсек, бала екен ғой сонда, күнім. Бекетті əскерге барады деген кім? Қалдан ды шығарып саламын деп кетіп еді ауданға. Кетерінде: «Апа, танам ашығып қалмасын» деген. «Ертең келесің ғой. Соған дейін неғыпты ашығып?» деп ем сонда. Сөйтсем, келмеске кеткен екен ғой, қарағым. Ал сол көк тана аштан өліп, көштен қалмай-ақ жолым үйдей көк сиыр болды. Шынында, Бекет ағам соғысқа жасына жетпей кеткен. Ол аудан орталығы – Новотроицкіге əкемізді əскерге шығарып салуға барады. Бірақ əкеміздің асқынған өкпе ауруы бар екені анықталып, дəрігерлер əскерге жаратпайды да, ауруханаға жатқызады. – Əке, сіздің орныңызға мен барайын, – дейді Бекет. – Сен жас емессің бе?
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Есебін табамыз ғой оның... Өзі ауырып, əскерге жарамай, тең құрбыларынан кем болып қорланып жатқан əкеміз баласының маңдайынан сүйіп: – Барсаң, бар. Біздің тұқымнан да бір адам Отан қорғауға қатысса, оған не жетсін! – деп рұқсатын береді. Бекет денелі, күш-қайраты мол бала болып өскен. Ол осынысын пай даланып, комиссия мүшелерін алдап, жасын өсіріп, əскерге жарайды да кетеді. Сөйтіп, майданға Бекет əкесін емес, əкесі Бекетті шығарып салады. Біздің бұл əңгімені бірінші рет естуіміз емес. Апам талай рет айтқан. Бірақ соның бəрінде ол кісі бұрынғысы нан бөлек жаңа үнмен толқи отырып айтатын. Бұл – біздің үйдің үлкен-кішісіне ыстық сиыр. Тіптен ағам кеткенде көп нəрсенің байыбына жетіп үлгермеген мен де көк сиырды жақсы көремін. Көк сиырды көрген сайын менің жүрегімде ағама деген бір бей мəлім нəзік сағыныш оянады. Шəкір болса, Бекеттің екеумізді талай арқалап жүргенін, есік ал дындағы құйға апарып, құртақандай кезіміз деақ малту үйреткенін ай тып, мақтанып отырады. Мұндай əңгімені ол да көбінесе осы көк сиыр туралы сөз болғанда айтады. Міне, енді сол көк сиырға қатер төніп отыр. Бір жолға мен құтқар ғаныммен, кешке мүйізі, сөз жоқ, кесіледі. Сүзеген болмаса ғой, мұның біреуі де жоқ. Сиыр неге сүзеген болады екен, ə? – Апа, көк сиыр неге сүзеген? – Өзі – жетім бұзау. Айтса-айтпаса да, мұның сүзеген болатын түк жөні жоқ. Мұны құртқан Келеке кемпірдің баласы – Əуесбек. Бұл ар қандаулы тұрса, Əуесбек ба ра ды екен де, жатып кеп сүзісіп ойнайды екен. Көк бұзау Əуесбекпен сүзісуді əбден дағдыға айналдырып алды да, адам көрсе, қодыраятынды шығарды. Əуесбекті ұрсып жүріп қойғыздық. Бұл да қойып кетті. Бұзауында жабысқан əдет
Øàíøàð àòàé қалмайды екен, анда-санда шығып қалады. Сонысы ғой, əйтпесе бұл ешкімді əдейілеп, қуып жүріп сүзген емес. Жаңа Əлипаны да сүзбейтін екен. Үйінің жанынан бұл өтіп бара жатса, Əлипа айыр ала жүгіріпті. Ол айырмен бір салып кетсе, бұл мүйізімен бір қағып тастапты. Мүйізін кессе, кессінші. Мүйізі не керек, өзі болса, болады да. Бүкіл Кербұлақ бойында бұған тең келетін сиыр жоқ. Апам айтса айтқандай, көк сиыр – қандай мақтауға болсын, шын тұ рарлық жануар. Өткен қыста Шаншар атайдың өзінің біздің үйде отырып айтқан мына бір сөзі менің əлі есімде: – Нағыз зауыт сиыр-ау. Малым-ақ қой, шіркін! Кедей дің малы. Тұ қымын алар ма еді өзінің! Міне, енді сол атай бүгін көк сиырға қатты өшігіп отыр. Неліктен? Көк сиыр сүзеген. Бұл бұрын Келеке кемпір ді де сүзген. «Өзіне де сол керек. Баласын бұзақы қылып өсіріп, сол сүзеген қылып еді. Соның сазайын тарттырды өзіне», – деп еді онда жұрт. * Көк сиыр былтыр Тұрсынды да сүзген. Ол – бір қорқынышты əрі адам күлерлік əңгіме. Күзгі жиын-терін аяқталған кез. Майданнан даусы бұзылып маңқа, бір көзі кем болып қайтқан Тұрсын жота дағы жекжаты берген азын-аулақ астықты жеткізіп ал мақ болып, апамнан көк сиырды сұрап алған. Жұрт көлік ке зəру сол бір жылдары көк сиыр өгіз орнына да жүре тін. Көктемде қосқа, науқандық жұмыстардың қызған шағын да арбаға жегілетін. Тұрсын он шақты шақырымдай жердегі жекжатынікі нен бір қап би дайды екі бөліп, көк сиырға тендеп алып, кері қайтады. Жолда бір өр ге келгенде көк сиыр аяғын санап басып, кібіртіктей береді. Тұрсын қам шымен осып-осып жібереді. Көк сиыр ентелей басады. «Е, бəсе, айдауың келіспей келе жатыр екен ғой».
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Тұрсын осы оймен дөңге шығып қалғанда көк сиырды тағы бір салып қалады. Қамшы сиырдың емшегіне тиеді. Сол сол-ақ екен, көк сиыр мойнын ішіне алып мөңкіпмөңкіп, үстін дегі бидайды да, Тұрсынды да жерге атып ұрады. Сөйтіп, одырайып қа рап сəл тұрады да, Тұрсынға тап береді. Қапелімде мұны күтпеген Тұрсын қашып та үлгере алмайды. Көк сиыр бас салып сүзеді. Алғаш «өлдім ғой» деп есі шығып кеткен Тұрсын көк сиырдың мүйізінің денесіне дарымағанын аңғарады. Дəл екі мықынынан жанап өткен қос мүйіз қара жерге терең бойлап кіріп барады. Мүйіз терендеген сайын, Тұрсынның сегіз көзін зіл батпан ауырлық жаншып, опырып кетермен болады. «Өлді деген осы екен ғой». Осындай бір үрейлі ой Тұрсынның тұла бойын қатты тітіркентеді. «О, қайран күндерай! Фашист иттің кезенген оғынан аман қалған қу жан көк сиырдың мүйізінің ұшында кеткенің бе?». Тұрсын екі қолымен жер тіреп, қатты ышқынып əрекет етеді. Жарты тонна келетін зіл қара тас сиырдың көк сүңгісінің шеңгелінен шығу қайда? Қайта қу сиыр онан сайын сығымдай түседі. Жан қысылғанда адамның ойы сұмдық жүйрік. Мына тажалдан құтылудың жолы осы деген ойлар Тұрсын ның басын жай оғындай айқыш-ұйқыш тілгілейді. Бір сəт өлген болып, қимылсыз сұлық қалады. Көк сиыр өңмендеге нін қояды, бірақ босатпайды, есті жануар Тұрсынның өтірік өлгенін біліп тұр, əрине. Тұрсын ой тоқтатады. «Осы пəлені жұрт ақылды деуші еді. Жалынсам, мүмкін, бір септігі тиер. Қой, не де болса, жалынайын». Тұрсын енді зердесіндегі барша əдемі сөздерін айтып жалына бас тайды. – Айналайын, көк сиыр! Жəкетай, көк сиыр! Құлдық қылайын, көк сиыр! Осы бір жалбарыну жан мұрын ұшына келіп тұрғанда қаншалықты кереметтей зарлы, аянышты үнмен шықты екен десеңізші. Ал мұның үстіне, Тұрсынның маңқалығы
Øàíøàð àòàé қосылғанда, қаншама кайғылы, мұңды болғаны өз-өзінен түсінікті. Көк сиыр осы бір мүгедек жанның жалбарынуын құп алды ма екен, жоқ, əлде, енді жетер деп ойлады ма екен, əйтеуір, бір кезде басын жер ден оқыс жұлып алып, өңкиіп Тұрсынға қарап тұрады бір сəт. Екі көзі шатқаяқ тап, шатынап аларып кетіпті. Ес қалмаған Тұрсын көк сиырға беттей алмай, қимылдасам, қайта бас салар деп, орнынан тұрмай, тағы біраз жатады. Бірақ көк сиырда ондай арамдық болмай, басын отқа қояды. Кешкі апақ-сапақта көк сиыр қазығына келді. Апам сиырды байлап жатып: – Құдай сақтай гөр-ай! – деді. Тым үрейлі айтты. Анадай жерде тұрған мен естіп қалдым. – Не болды, апа? – Құртқан екен мынау? – Нені? – Тұрсын аман келді ме екен? Мүйізі топырақ-топы рақ. Қара жерге түбіне дейін кіргенге ұқсайды. Мынау сүз ген оны, сүзген ғой, күндерім! Арыстай азаматты мерт етпесе игі еді бұл пəле. Алла-а!... Бəріміз үрпиісіп қалдық. Алақандай ауыл мына үрейлі жайды əп-сəтте естіді. Əркім əрнені айтып жатыр. Тұрсынның əйелі естісімен, аңырап дауыс салды. Құлындағы даусы қиянға кетіп жатыр. Дауыс шыққан үйді қайғының қалың тұманы басып, əбден мезі болған ел не істерін білмей дүрдиіп тұр. – Қой, келін, жаман ырым бастап, мұның нең? Бақандай жігіт сиырға бой беруші ме еді? Мен қазір барып Тұрсынды аман-сау кер биеге мін гестіріп əкелемін. Ізінше-ақ Шаншар атай ауыл алдындағы қара жолда кер биесін көсілтіп, құйындай ұшып бара жатты. Желдей ескен аты шулы жүйрік бие əне-міне дегенше көзден ғайып болды.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Шаншар атай өзі айтқандай-ақ, Тұрсынның жүгін биесіне теңдеп, өзін мінгестіріп алып келді. Жұрт қуанып қалды. Апама қатты батқан екен, ана екеуі аттан түсіп болмай жатып-ақ: – Не бопты, жəке? – деді. – Не болсын, көк сиыр жығып кетіпті, – деп Шаншар атай көңілсіз жауап берді. Тұрсынның неліктен көк сиырдан ажырап, жүк-мүгі мен айдалада қалып қойғанын ешкім де білген жоқ еді, əбден ізі суыған соң өзі айтыпты əйеліне, сөйтіп бұл əңгі ме лезде ду етіп тарап кетті. Жұрт Тұрсынның маңқылдап көк сиырға жалынғанына ішек-сілесі қатып күлетін əрі жарып тастамаған ақылды жануарға қайран қалатын. * Сонымен, мен шешіп жіберіп, көк сиырды бір жолға қатерден арашалап алып қалдым. Бірақ Шаншар атайдың қайраулы арасы көк сиырға кешке дейін ғана мүйізі мен жүруге мұрша беріп отыр. Кешке жақын жағдай басқа. Бұл уақытта бағанағыдай босатып қоя бергеніңмен, көк сиыр қазығын тастап кетпейді. Бұйдасы үзіліп, яки шешіліп кетсе, сымпыңдап жайылып кететін кейбір тойымсыз сиыр сияқты емес, зат мал. Осы бір жайтты ойлап, үшеуіміз де тұнжырап отыр мыз. Меніңше, көк сиырдың мүйізіне бір адам ара түссе, ол – əкем. Осы ойымды апама айттым: – Апа, Шəкір екеуміз қамбаға барып, жездеме айтып келсек кайтеді? Ол көк сиырдың мүйізін кестірмес, мүмкін. Шəкір екеуміздің əкеміз – Жайсаң жотасындағы егіс бри гадасында ұста. Шешеміз де сонда. Олар көктем келіп, қос шықты болды, жотаға көшіп кетеді де, өзендегі ауылға əбден жиын-терін біткенде бір-ақ тү седі. Жота өзен нен талай жер. Əйткенмен, көлік тапшы ауыл адамдары екі аралыққа жаяу қатынай береді. Біз де талай жүргенбіз. Сол
Øàíøàð àòàé алыс жол табанды қыздырып, балтырды сыздататынын біле тұра, көк сиыр үшін Шəкірдің де барғысы келді. – Барайық, апа. Апам ауыр күрсінді. – Қалдан Айыр жəкемнің үкіміне қарсы бола қоймас. Үлкеннің дегеніне қарсы келмес болар, балаларым. Оның үстіне, біле білсеңдер, сол Қалданның қалқайып тірі жүргені осы Айыр жəкемнің арқасы емес пе? Бұл ауылда ешкім де оны қолынан қаға алмайды. Апам шындықты айтып отыр. Біздің əкеміз ана жылы əс кери комиссия жатқызған ауруханадан үйге өң жоқ, түс жоқ жүдеп келген. Үй іші қатты қорқып қалған. Көкірек ауруы екенін білгенде жұрт аяушылық та білдірген. Өйтпеген де ше? Ол – осы ауылдағы жалғыз ұста. Ал ұстаның қолы – алтын. Өйткені оның қолынан шыққан зат – халықтікі. Апам осылай дейді. Əкеміз ауруханадан келген күннің ертеңіне үйге Шаншар атай келді. Əкемнің көңілін сұрай келіпті. – Көкірек ауруын да ауру деп, тəйірі. Шаншар атайдың мына сөзі көктен түскендей еді. Сөйте тұра, бə ріміздің дімкəс көңілімізді бір сəтке болса да серпіп тастағандай бол ды. Ауру əкем момақан тіл қатты. – Кім біледі? Дəрігерлер жаман атайды ғой. – Е, олар айта береді де. Мұның мың да бір емі – борсықтың майы. Төменгі жүгерінің ішінде бір борсық бар деседі. Соны алуға бір құлқым болмай-ақ жүруші еді. Бүгін кешке бір көрейін. Əр істің сəті түссін деңіз. Шаншар атай борсықты опоңай соғып алып келді. Əбден дəндеген борсық жүгері нің ішіне күндізден-ақ кіріп алып, шықпайды екен. Шан шар атай бесін кезінде бақша шетіне келе берсе, екі тазысы қалың жүгерінің ішіне қойып кетіпті де, борсықты айдап шы ғыпты. Арғы жағы белгілі. Шаншар атай борсықты сойылмен қара тұмсықтан бір салған да, қанжығасы на байлап, ауылға қайтқан.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Борсық айтқандай-ақ керемет семіз болып, ішінен май ақтарылып түсті. Шаншар атай ешкімді маңына жолат пай, борсықты жалғыз өзі жайғаған. Борсықтың майы мен етін қазанға қуырып, əкем екеуі жеп алады. Бізді «шошы нып қаласыңдар» деп маңайларына жолатпады. Əкем бір керлен кесе майды бір-ақ жұтыпты. Күшті май əлсіз əкемді атып ұрыпты. Содан қатып ұйықтап қалған. Ертеңіне түске дейін оян бады. Біз қаншама үрейленіп, дəудірлесіп жүрсек те, тұяқ серіппеді. Сол қыбыр етпе ген күйі жатып кешқұрым бір-ақ оянды. – Денем сергіп, көкірегім кеңіп қалыпты, – деді де, өзенге барып, суға шомылып келіп, қайта ұйықтады. Ал келесі күні жотадағы ұстаханасына кетті. Жолда Аққайнарға жете бергенде, əкемнің жүрегі айнып, көзі қарауытып, басы айналыпты. Содан Аққайнар ға жетіпті де, еңкейіп, суға бас қоя бергенде, аузынан іртікіртік қара қан атқылапты. Аққайнар қызыл қанға боялыпты. Əкем сол жатқаннан шай қайнатым уақыт жатады. Бұл мерзім ішінде Аққайнар тұнады, əкемнің көкірегі шай дай ашылып, тынысы кеңіп сала береді. Сосын тастай су ды сіміріп-сіміріп алады да, жүріп кетеді. Міне, содан күні бүгінге дейін қайтып төсек тартқан жоқ, колхоз шаруасына араласып кетті. Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс, ұзын бойлы, жауырыны қақпақтай, өткір көзді, түксиген қабақты, үлкен қоңқақ мұрынды айбарлы шал дəл қазір маған бұрынғыдан да тұлғалана түскендей болды. Ендеше, ондай адамға ешқандай да қарсылық болуға тиіс емес. Кетті көк сиырдың мүйізі! Жүрегім тыз етіп бір аунап түскендей болды. Алабұртқан көңілім көнбістік деген үлкен күшке мойын ұсынғандай еді сол сəт. – Сонда да барайықшы, апа, – дедім мен. – Мейілдерің. Əкелерің көмектесер-көмектеспес, оны бара көрер сіңдер. Жарайды, əке-шешелеріңді көріп,
Øàíøàð àòàé ма уық тарың бір басылып қал сын. Сен қулар соларды сағынып жүргеннен саусыңдар ма өзі, түге? Менің бұл екеуі деп арса-арсам шығып жүргенім бекер екен ғой онда. Апам бізге күлімсіреп қарады. Біз оның зілсіз өкпесін жақсы түсініп тұрмыз. – Жоқ, олар – Шəкірдің əке-шешесі. Сағынса, сол сағынсын. Бара бер сін өзі-ақ жотаға. Мен өстіп бұртаңдап, теріс айналып кеттім. – Өй, айналайын, айналайын сенен! Солай екен ғой. Қойдым, қойдым, енді айтпаймын олай деп. Əй, бірақ құдайдан жасырмағанды адамнан жасырамыз ба? Екеулерің де сағына беріңдер. Əке-шешесін жақсы көр мейтін бала бар ма, қарақтарым-ау. Бара қойыңдар, барып қайтыңдар. Біз жарыса үн қаттық: – Барамыз. – Барамыз. – Мақұл. Ал, қазір Айыр жəкемнің үйіне қайсың барасыңдар? – Екеуміз де барайық, апа, – деді Шəкір. – Мейілдерің. Біз Шаншар атайдың үйіне таяп қалғанда, алдан шаңшұң дауыс шық ты. Атай жарты қаптан аз ұнды сүйре тіп есік алдына шыға келді. Қатты түтігіп кеткен, кейіп сөй леп жүр. – Пейілі сонша тарылып, қарай гөр мұны! Қу қара басыңа көрінгір, ə! Өз обалың өзіңе. Осы ауылдың балашағасы анда-санда болса да тісіне сын дырып басатын бір жапырақ нан таппай зарығады, ал бұл жарты қап ұн ды астына басып отырады. Елден сенің нең артық? Сен де көр, ел көргенді. Біз состиып тұрып қалдық. Үйден бұлқан-талқан болып Əлипа апай шықты. Шаншар атайға бату қайда? Бірақ сонда да тек тұрмай сөй леп тұр:
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Алжыған, алжыған ғой бұл қақбас. Мейлің. Менің нем кетеді. Өзің нің сорың. Ертең-ақ сүмеңдеп астық іздей тін өзің. Желге шашасың ба, елге таратасың ба, өзің біл. Қапты көтеріп, енді болмағанда, ұнды желге ұшыр мақ болған Шаншар атай кілт тоқтады. Қапты жерге тастай салды, қаптың аузы бұрқ ете қалып, ақ тозаң Шаншар атайдың бет-аузын бір қапты да, жөңкіп жөней берді. Атай үшкіріп-түшкіріп жатып: – Ешкімге ештеңе татырмаймын, бермеймін деп құрдан-құр бұлқан-талқан болғанша, бағанадан бері осылай демейсің бе? Мұны табатын да, қажет болса, елге тарататын да мен. Шаншар қартайғанда қатыннан жеңілді де гізбек екенсің ғой. Жоқ, ол болмайды! Кəне, балалар, əкеліңдер бері ана табақтарыңды, – деді. Шəкір екеумізде ес те, түс те қалмаған. Өз-өзімізге келе алмай үрпиі сіп тұрмыз. – Өй, өңшең ынжық немелер! Əй, Əлден, əкел бері қолыңдағы табақ ты. Шұңқыр қызыл табақ менің қолымда екенін сонда барып сездім. Бойымды тез жиып, төрт-бес аттап барып, атайға табақты ұсындым. Шаншар атай табақты қап түбіне сүңгітіп жіберіп, бетімен-бет ұн алып шықты. Табақтағы ұн ұшқындай бастап еді, атай: – Шеш көйлегіңді, кəне! Табақтың бетін жауып бе рейін, – деді. Мен атайдың қаһарынан қорыққанымнан, апыл-ғұ пыл көйлегімді сыпырып бердім. Атай көйлекпен табақты қымтап орап, қолыма берді. – Айшаға айтыңдар. Ең алдымен екеуіңе күлше пісі ріп берсін. Ал барындар енді, – деді де, атай қабын сілкіп, салмақтап қойды. – Жарайды, ата. Рақмет! – Ал жөнеліңдер. Рақметті қарындарың тойғанда айтасыңдар. Біз келе, барлық жайды бұлжытпай əжемізге жеткіздік.
Øàíøàð àòàé – Жарықтық-ай, ə! Сондай қасиетті адам ғой ол, – деді апам. Біз оны сезіп тұрмыз. * Шəкір екеуміз даңғыраған арба жолмен Ноғайбай сайын өрлеп, салып ұрып келеміз. Беткейді былай қойғанда, сай етегіндегі шөптің өзі сарғыш тартқан шақ. Жиын-терін нің нағыз қызған кезі. Жол ұзақ. Сайдың ортан беліне жеттім-ау дегенде қара сирақтарым білеуленіп, табаным қыза бастады. Қипақ тап, кейіндеп келемін. Сай ба сына қайта-қайта көз жібе рем, басат бітетін жердегі сирек көк тастар қарауытып, əзер көрінеді. Əлі талай жер екенін біле тұра: – Шəкір, мынау өзі ұзын сай екен ғой. Бұл пəленің басына қашан шы ғамыз? – деймін мен қайта-қайта. – Сен көп қиқалаңдай берме. Бүйте берсең, қайтып кетемін мен. – Ал мен қайтпаймын. – Əрине, сөйту керек. Сен білесің бе? Бекет ағам мұндайға өте шы дамды еді. Суға қалай жүзетін еді десеңші. Маған да, саған да малтуды үйреткен сол болатын. – Оны мен сенен жақсы білемін. Мен де шыдамдымын. Жездеме барып айтамын: «Көк сиырдың мүйізін кескізбе» деймін. Білесің бе? Мен жездемді де, əпкемді де сағындым. – Ой, қу-ай! «Сағынған жоқпын» дегенің қайда жаңа апама?! – Апама... апама айтуға болмайды. – Неге? – Сол. Мен – апамның баласымын. – Онда тұрған не бар? – М-м... Кішкене отырайықшы. Жездем мен əкпемді көр генше шы дамай бара жатырсың ғой сен қу да.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Жарайды, ал. Отырсақ, отырайық. – Шəкір, сен білесің бе? Мен Бекет ағамды сағындым. – Одан қарақағаз келіп қойды ғой. – Мейлі. Қарақағаз келсе, келсін, көресің, бір күні аққағаз да келеді. Онда Бекет ағам тірі деп жазылады. – Сөйтсе, шіркін!... Екеуміз аяғымызды арба дөңгелектері қаза-қаза ойып жіберген жол табанындағы шаңдаққа батырып, шоқиыпшоқиып отыра қалдық. Жол ернеуін қуалай жусан өс кен. Соның көлеңкесіне бұғып жатқан жол табаны əлі ыси қоймапты. Қоңырсалқын топырақ аяғымды шымырла тып, қытықтап, жұмсақ бір рақат сезімге бөлеп, жанды жай ете баста ды. Маужырап, көзіме ұйқы тығыла берді. Қал ғып бара жатқандай едім, Шəкір тоқтатты: – Əлден, сен енді шаршамайтын боласың. – Қалайша. – Қазір көресің. Шəкір қолына бетегенің бір талын сындырып алып, дəл аяғының астында үйіріліп жатқан кіп-кішкентай шұңқырға төне түсті. Мен көз алмай қарап отырмын. Шəкір қолындағы шөпті шұқырдың дəл ортасына тігінен қойып бұрай бастады да, «шөре-шөре» деп əндетіп ала жөнелді. Ендігі бір сəтте шұңқыр бетіне кішкентай бір қап-қара қоңыз шыға келді. Шəкір қуанып кетті: – О, міне, шөре шықты! Əкел аяғыңды, Əлден, шөрені табу өте қиын. Ал мұны табанына жаққан адам жалғанда жүйрік, желаяқ болады. Сен де сөйтесің. Жүйрік болғанды қай бала жек көрсін! Мен дереу аяғымды ұсындым. Шəкір əлгі қоңызды алақанына салып, менің табаныма басты да, уқалай бастады. Сөйткен сайын менің денем біртүрлі сергіп, көңілденіп бара жаттым. – Шəкір, мына шөрең шынында жақсы екен. Аяғым ның жүргісі келіп барады. Жүр кеттік. – Жүр. Жарысамыз ба? – Жарысамыз.
Øàíøàð àòàé * Жаңағы шөреден болды ма, əлде, тынығып қалғандыкі ме, сай ба сындағы жотаға тез-ақ шықтық. Енді алдымызда бетеге, боз, ақселеу жамылған ойлы-қырлы сары дала жатты. Бізге бұл жота жақсы мəлім, қазір мына алдағы ойпаңның арғы жағындағы анау созылып жат қан белдеуді асқан соң-ақ, біздің колхоздың егіні баста лады. Біздің шешеміз де сонда. Екеуміз жарыса жөнелдік. Егіншілер келесі ойпаттағы алқапта болып шықты. Қызкеліншек, əр жастағы əйелдер қалың бидайды қолорақ пен бері қарай орып келеді екен. Бізді алғаш бойын жа зып, керілмек болған біреуі көріп қалып еді, демнің ара сында барлық орақшы басын көтеріп, кеудеден келетін қалың бидай арасынан едірейіп-едірейіп шыға келді. Бəрі үріккен елікше состиып-состиып тесіліп қалған. Сол сəт үрейлі топтың дəл ортасынан бір ақ жаулықты əйел сы тылып шығып, бізге қарай ентелей басып келе жатты. Бұл – біздің шешеміз. Біз екі аяқка ерік бердік. Шəкір ме нен құрық бойы бұрын жетіп, құшағына кіріп кетті. Мен Шəкірдің басынан аса секіріп барып, шешемнің мойнына жабыса кеттім. Шешем бізді алма-кезек сүйіп жатыр. Мен де шешемнің ащы тер сорғалаған бетінен сүйіп-сүйіп алдым. – Күндерім менің! Тел қозыларым! Ал неге келдің дер? Айтыңдаршы? Менен бұрын Шəкір жауап қатты: – Көк сиыр Əлипа апайды сүзіп алды. Соған Шаншар атай ашуланып, мүйізін кесейін деп жатыр. «Мүйізін кестірме» деп папама айтқалы келдік. – Əкпе, жүр, жездеме сен де айтшы! – Əй, баламысың деген-ай. Сендердің қараларыңды көргеннен бірдеңе болып қалды ма деп зəрем зəр түбіне кеткені. Соған бола, сонша жерден əуре болып келгендерін қарай көріңдер бұлардың. Əжелерің қалай жібере қойды сендерді? Жоқ, қашып кеттіңдер ме?
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Біз сендерді сағындық дедік. Жіберді, – дедім мен. – Сағынғандарыңнан айналдым мен сендердің! Енді не істедік? Сендерді айналып-толғанып тұратын көп уа қыт та жоқ. – Біз қазір жездеме барамыз. – Мейілдерің. Əкелерің дүкенде. Ал ауылға қашан қайтасыңдар енді? – Бүгін, – дедім мен. – Бүгін қайтамыз, – деді Шəкір. – Неге? Бүгін бізбен бірге болыңдар. – Шаншар атай көк сиырдың мүйізін кешке кесем деген, – дедім мен. – Папама соны айтамыз, – деді Шəкір. – Айтыңдар, айтыңдар. Шаншар атайға «қой» дей алмас əкелерің. Оның үстіне, көлік жоқ, ол жаяу бара алмайды. Ауруынан əлі жөнді айыққан жоқ қой. Əйтпесе ел қатарлы майданда жүрмес пе еді? Ал бара қойыңдар. Біз ұста дүкенінің есігінің көзіне келіп тұра қалдық. Тұрап теріс қарап алып, көн көрікті ырсылдап басып жатыр. Бір күшейіп, бір бəсеңсіген қып-қызыл шоқ көзінде жаңа дан қызара бастаған бір кесек темір жатыр. Келтек үс тінде қолында бізге жақсы таныс қысқышы, балғасы бар əкем отыр. – Жезде! Əкем бізге жалт қарады да, жайнап сала берді: – Əу, батырлар-ау, қайдан жүрсіңдер. Кəне, келіңдер бері, – деп құшағын жайды. Біз енді əкеміздің құшағына ендік. – Үстерің күйе болады енді. Қойыңдар. Одан да əңгіме айтыңдар. Əжелерің аман ба? Біз барлық жайды жарыса айтып шықтық. Əкеміз бізді əбден тыңдап алды да: – Əй, кессе кессінші сол пəленің мүйізін, əркімді бір сүзіп қағынды ғой өзі де, – деп қолын бір-ақ сермеді. – Онда біз кетеміз, – дедім мен бұртиып.
Øàíøàð àòàé – Бүгін осында болыңдар. Сен оған өкпелеме, балам. Мəселе, көк сиырдың мүйізінде емес, сүтінде. – Жоқ, біз барып Шаншар атайдың көк сиырдың мүйі зін кескенін көреміз, – деді Шəкір. – Ендеше, жақсы. Əжелеріңе сəлем айтыңдар. Сендерге беріп жібе ретін дəнеңе де жоқ. Бір түйір дəннің өзін майданға жөнелтіп жатқан тірлік қой біздікі. Көк сиыр аман болса, аш болмассыңдар, əйтеуір. – Біз кеттік, əке. – Бара қойыңдар, айналайындар. Əкем күрк-күрк жөтелді. * Біз келсек, балалардың барлығы ауыл алдындағы құйда екен, аралас тық та кеттік. Шіркін, адамның ойлағаны орындалатын болса! Тіптен, бəрін қойғанда, бір-ақ тілекті айтсаңшы. Менің көкейіме осы бір əттеген-ай ой күн кешкірген сайын жиі орала берді. Мұндай жағдайда мен Күннің батпауын қалар едім. Көк сиыр өрісте жүре берер еді. Шаншар атай да онда көк сиырдың өрістен қайтпағанын біліп, қауындығынан ауылға келе қоймас еді. Мен осы ойымды балаларға айтып едім, бəрі іліп əкетті. – Мынаны қараңдар-ай! Бұл – Қамау. Мені кішісініп тұрғандағысы. – «Тауықтың түсіне тары кіреді» деген. Құдайдың Кү нін батырмайтын дəмесін қараңдар мынаның! Бұл – Дүйсен. Кəдімгі таңдайы тақылдаған қу Дүйсен. Өзге өзге, Дүйсенге жер болайын ба, шап ете түстім. – Күн Құдайдікі ме екен? – Енді кімдікі? – Төрт жыл бойы не оқығансың? – Əй, сол оқуды қойшы!
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Мынаны-ай, ей... Көк ми болмасаң, Рысжан апай талай рет ешқандай Құдайсыз-ақ Жердің Күнді айналып жүретінін, Күннің де, Жердің де шар тəрізді екенін шеке ңе шұқып тұрып құймап па еді?! – Құйған. Өтірік сөз миға кіруші ме еді? – Саған дауа жоқ екен. Бірақ сенде қай бір ми бар дейсің. Шынында, Дүйсен – нашар оқушы. Мидың азды-көптігі үлгеріммен өлшенеді. Мұны Дүйсен жақсы біледі, талай естіген сөзі, үндемей қалды. Оның есесіне Қамау жауап берді: – Əй, сол мұғалімдерді қойшы, аузына келгенін айта береді. Жердің Күнді айналады дегені – өтірік. Ақыл ды болсаң айтшы, Жер айналса, бүгін есігін өзенге беріп тұрған үйлер ертең неге əрі қарап қалмайды? Қамаудың мынасы мені есеңгіретіп кеткендей болды. Дүйсеннің жаны кіріп қалды. – Ал, «географ», осыған жауап беріп көрші данышпан болсаң. Шынында, мен – сыныбымызда аты шыққан географпын. Рысжан апай көктемде: «Картадан Еділ өзенін тауып келіңдер» деп тапсырма берді. Мен картадан Еділді таба алмадым. Сөйттім де, КСРО-дағы барлық өзенді өлшеп шықтым. Апай айтқан Еділ мен Волганың ұзын дығы бірдей – 3600 километр болып шықты. Ертеңіне бірде-бір бала Еділді таба алмай бардық мектепке. Рысжан апай тізімнің басынан түсіп, бəрімізге екі қойып келеді. – Жомартов, Еділді таптың ба? – Жоқ. – Отыр. Екі. – Қалданов, Еділді таптың ба? – Жоқ. – Отыр. Екі. Екі. Бұл – өмірі мен алып көрмеген баға. Шошып кеттім.
Øàíøàð àòàé – Апай, қоймаңыз екіні! – Неге? Сен басқалардан артық па едің? – Жоқ. Картада Еділ жоқ. – Бар. – Мен КСРО-дағы барлық өзенді өлшеп шықтым. Ұзындығы 3600 километр бір-ақ өзен бар. Ол – Волга. – Ендеше не қыл дейсің? Еділ дегеніміз сол Волга ғой. – Қалайша? – Еділді орысша Волга дейді. Карта орыс тілінде. Сондықтан Еділ картаға Волга болып жазылған. – Дұрыс айтасыз, картада Еділ жоқ, Волга бар. Рысжан апайдың бағаналы бері маған тақақтап, ашуға булығып тұрған жүзі жібіп жүре берді. Мұғалім де болса, өз ағаттығын аяқ астында мойындады. – Қалданов, саған бес. Қалғандарыңның екілеріңді сызып тастаймын. Балалар аң-таң. Үзілісте шүпірлеп, бас салып мені жүр гізбей қойған. Сөйткен мен Қамаудың мына сұрағына миым жетпей, жағымды сүйеніп отырып қалдым. Кенет сол қолыма бір маса жабыса кетті. Сілкіп едім, ұшпады. Дəл қолымның үстіндегі қалыма тұмсығы тиер-тимес болып жабысып отыр. Қолымды сілтеймін, ол қалыма қараған күйі отыра береді. Міне, мəселе қайда жатыр! – Таптым мен! – Балалар аңтарылып қалды. – Жер айналғанда, өзенге қарап тұрған үй неге кері қарап қалмайды дейсіңдер ғой. Ол былай: Жер деген үлкен нəрсе. Ол айналғанда оның бетіндегі ешқандай зат өз орнын ауыстырмайды. Төмен қарап ағып жатқан өзен аға береді, өзенге қарап тұрған үй сол күйі тұра береді. Қамау сұрақ берерін беріп алып, өзі де соған жауап таба алмай пұшайман болып тұр екен, менің сөзімді іліп əкетті. – Шынында, үй ертең əрі қарап кететін сол тұрған жер
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ ғана қозғал майды ғой. Əлден өте дұрыс айтып отыр. Бұл, шынында, географ екен, жарайсың. Масаның қолыма қонғаны маған тағы бір ой салды. Күн салқындап, кеш түсіп келеді деген сөз бұл. Енді сиырлар өрістен қайтады. Мен суға шомылып жүріп, Ноғай бай сайының қалың сиырқұйрық, түлкіқурай өскен далиған аузына қарай бердім. Сай аузынан ең бірінші болып көк сиырдың тұмсығы көрінуі керек. Өйткені ертеңді-кеш сиырлар өріске беттеп, не қайтып келе жатқанда көк сиыр үнемі алда болады. Онын өткір мүйізіне, қатал мінезіне ауылда бір сиыр қарсы келе алмайды. Содан да көк сиыр – үнемі көш бастаушы. Ойлағанымдай-ақ, сай аузынан көк сиыр көрінді, алшаң-алшаң басып келеді. – О, о, сиырлар келе жатыр! Күндегі əдет бойынша мына сөздерді мен қуанышты үн мен айтып қалдым. Көк сиырдың мүйізін бүгін кешке Шаншар атайдың кесетінінен əлдеқашан хабардар болған балалар іліп əкетті. – Қазір қызық болады. – Шаншар атамның көк сиырдың мүйізін кескенін көреміз! – Немене, сен де қуанып тұрсың ба? Шəкір бүйірімнен түртіп қалды. – Жоқ, ə. Балалар судан апыл-ғұпыл шығып, тез-тез киіне бастады. Су ішінде Шəкір екеуміз ғана қалып қойдық. – Əй, немене, сендердің қызықты көргілерің келмей ме? Қамаудың мына қыңыр сөзіне Шəкір де қырсық жауап берді: – Өздерің шуылдап барып, көре беріңдер. Өркөкірек Камау шап ете түсті. – Немене? – Не естідің – сол.
Øàíøàð àòàé – Сенің сиырыңның мүйізін кеседі екен деп, біз қызықтан құр қалады деп пе едің? Тапқан екенсің ақымақты! – Қалмай-ақ қой. Бара бер, жүгір. – Не деп тұрсың өзің? Сен де барып көресің, білдің бе? – Ал бармасам ше? – Барғызамын! – Кімді? – Сені! – Алдымен мұрын боғыңды сүртіп ал. – Абайла, əйтпесе, көрсетермін мен саған қазір мұрынбоқты! – Көрейік онда, кім-кімге көрсетер екен. Шəкір жарқабаққа ытқып шықты. Екеуінің əркезгі қораздарша қоқыраңдасып қалатынына үйренген біз шүпірлесе қалдық. Олар бұрын көбінесе: – Кəне, сен ұршы! – Ал, сен ұршы! – десіп, бір-біріне бата алмай өз жөндеріне кететін. Бүгін жаны күйіп тұрған Шəкір бірден Қамаудың мұрнынан періп жіберді. Қамаудың ұмтыла бергені сол еді, мұрнынан қан сау ете түсті. Ол қос уысын дірдектеп жоси жөнелген қанға тосып, бүк түсіп отырып қалды. Талай баланы ұрып-соғып қан қақсатқан бұзық Қамау, қымс етсең, тап беретін дөңкеуде Қамау, бір сөз айт саң, бас салатын пысық Қамау, міне, енді біруыс болып отыр. Кенет еңіреп, егіліп кеп жылады. – Сендер екеусіңдер. Мен сені соғар-ақ едім, саған Əлден болысқалы тұр. Ерік ағам соғыста өлмей, тірі болып осында жүрсе, көрсетер едім мен саған. Ағашым-ау, аға!.. Мұндай болады деп мүлде ойламаған Шəкір де, біз де қатты састық. Əкесін соғыс жұтқан, шешесі тастап, тұрмысқа шығып кеткен, жалғыз кəрі əжесі бар осы бір содыр баланың жүрегіндегі қайғы-мұң бəрімізді тұңғыш рет осқылап өтіп еді. Қамаудың булығып жылауы, меніңше, өте орынды-ақ.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Менің Шəкірге болысатынымда сөз жоқ. Ағаңды біреу сабап жатса, қайсың қарап тұра аласың! Бірақ дəл сол сəтте ешқандай мияты жоқ Қамау енді бұдан былай Шəкірмен төбелесе қалса, болысып қол көтермеспін дедім өзіме-өзім. Қамауды Шəкір де аяп кеткен екен, еңкейіп төніп түсіп жалынып жатыр: – Қамау, жылама, жыламашы. Екеуміз дос едік қой. Кел, табысайық. Жүр, бəріміз барып, Шаншар атайдың көк сиырдың мүйізін кескенін көрейік. Қамаудың ашуы тез-ақ қайтты. Ол біраз мұрнын сүрткілеп тұрды да: – Жүр, – деді. * Барлық бала біздің үйдің жанына келсек, апам көк сиырды сауып отыр екен. Жаңа бастапты. Көк сиырдың ұзындығы кере қарыс төрт емшегінен сүт шелектің түбіне, бүйіріне тыз-тыз құйылады. Осы ауылдағы жал ғыз бұзауын салмай иійтін көк сиыр желініндегі бар сүтті сарқып береді. Шелек түбі күрп-күрп ете бастады. Сөйт кен сайын көбік көбейіп, шелек ернеуіне таяп келеді. Сүт тің жылы иісі мұрынды жарады. Апам көк сиырды сауып болды да, шелек тола сүтті ошақ басына əкеліп қойып, бетін нан илейтін тақтаймен жапты. Сөйтті де, Шаншар атайдың үй жағына қарады. Бəрі міз де сөйттік. Дəл Шаншар атайдың үйінің желкесіндегі боз төбеден асып бара жатқан Күн сəулесі көзімізге құйы лып, ештеңе көрсетпеді. Бəріміз алақанымызды көлегей леп қарадық. Шаншар атай үйінің маңында жоқ. «Е, онда қауынында болды ғой». Ойлағанымдай-ақ, Шан шар атай кер биенің лыпылдаған сумаң жүрісімен сай дағы бақша жақтағы белестен асып түсіп келеді екен.
Øàíøàð àòàé Кер биені былай қойғанда, Шаншар атайдың атқа отырысын біз сонадайдан танимыз. Ерге отырғанда атай дың жайшы лықтағы биік еңсесі одан сайын ұзарып, екі аяғы кер биенің тізесін қауып, ерекше айдарланып кетеді. Оның үстіне, жүрдек, жүйрік бие де атайға əдемі бір жарас тық беріп тұрады. – Əне, Шаншар атай келе жатыр! Апам селт етіп, жан-жағына қарады. Қоршап алған бізді көрді. – Сендерге не жоқ, қарақтарым-ау? – Көк сиырдың мүйізін кескенін көреміз. – Əй, шырақтарым-ай!... Апам бізге осыдан басқа еш нəрсе айтпады. * Бұл кезде Шаншар атай да келіп қалған еді. Атай кер биеден шапшаң түсті де, қаңтара салды. Жүзі біртүрлі түтігіп, ашу, айбар жинап алыпты. – Жəке-ау, биеңізді мамаағашқа байламайсыз ба? – Жоқ. Өзі тұрады. Оған ана көк итті таңамыз қазір. Əкел бері жетектеп. Апам көк сиырды қазығынан шешіп алып, жетектеп мамаағашқа қарай жүрді. Мұрны пыс-пыс етіп, жан рақатқа батып жатқан жерінен тұрғызғанға ренжи ме, жоқ, басына төніп келе жатқан қатерді сезді ме, көк сиыр тартынып, еріне басады. Апам оны «Шо, жануар, шолап», ма маағашқа əзер жеткізді. – Алдымен мені қағып жібермейтін етіп, басын бұйдасымен мамаға бір таңғын. Сонан кейінгісін өзіме қоя бер, – деді Шаншар атай. Апам дəл солай етті. Балалардың бəрі сұқтана сілейіп қалған. Шаншар атай көк сиырға жақындады. Көк сиырдың көзі шатынап, Шаншар атайға одырая қарады. Бірақ адамның дегеніне көнген жануар емес пе, тыныш тұр ды.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Шаншар атай сиырды мойнынан қыл арқанмен бір неше қабат етіп мамаағашқа таңып тастады. Енді алда істің нағыз қиыны тұрды. Ол – мүйізді аралау. Шаншар атай қос білегін түрінді. Бір қолына қолараны алды. Екінші қолымен көк сиырдың оң мүйізінен мық тап ұстады да, ақырындап аралай бастады. Міне, қызық, көк сиыр тып-тыныш тұр! Бəріміз таңданып əрі қуанып тұрмыз. Шаншар атай да қуанып кетті. – Иə, Алла, іске сəт! Бұл қызталақтың мынасы жақсы болды-ау. Тегінде, бұл – тұқымы асыл мал. Атай сөзін аяқтай бере, көк сиыр жан даусы шыға өкір ді. Ендігі сұмдық оқиға қас қағымда болды. Көк сиыр жан ұшыра өкіріп, алапат күшпен жұлқынды дейсің бір! Мамаағаш жұлынды ма, сынды ма, демнің арасында көк сиырдың мойнына сүйретіліп қалды. Көк сиыр енді Шаншар атайға тап берді. Атай тұра кеп қашты. Бізде де үрей қалмай, опыр-топыр болып, жан-жаққа зыттық, Зытып бара жатып, артыма қарадым. Көк сиыр Шаншар атайға жетермен болып қа лыпты. Енді екі-үш сүйем жақындаса, ашулы сиыр атай ды жарып тастайды. Буын-буынымнан əл қашып, отыра кеттім. – Əй, көк сиыр, тоқта! Қой! Бұзауынан, сонау Əуесбек сүзісіп ойнап жүрген кезі нен біздің үйдің үлкен-кішісінің осы бір бұйрық сөзіне ба ғынып өскен есті жануар апам ның айтқанын орындап, қалт тоқтай қалды. Шаншар атай есігі ашық тұрған үйге зып беріп, жоқ болды. Көк сиыр бұрылып, көлденеңдеп шыға берді. Тұрған бойы сұс, ашу, ыза. Əншейінде салбырап тұратын əу кесі жиырылып, желкесі күдірейіп оқтаудай болып ішін тартып алған. Мамаағаш түсіп қалыпты. Көк сиырдың мына түрінен апамның өзі де жасқа нып тұр. Көк сиыр қазығына қарай жүрді. Көк сиырдың осы бір əрекеті жаңағы апыр-то пырды сейілтіп кеткендей бол ды. Неге екенін қайдам, көк сиыр басын шайкап-шайқап қоя-
Øàíøàð àòàé ды. Қазығына барып, көлденеңдеп тұрғанда барып көр дік, ара əлі мүйізіне жабысып жүр. Апам мен бұрын көріп-білмеген елгезектікпен тез-тез басып келіп, араны жұлып алды. Аппақ араның жүзі қыпқызыл қан. Денем дір ете түсті. Дəл бір өз шекемнен қан шыққандай құйқам жыбырлап, төбе ша шым тік тұрды. – Əй, бейшара-ай, сүзеген болып нең бар еді? Апам көк сиырды қазыққа байлады. Шаншар атай үй ден жасқана шықты. Əйткенмен, ол мұнысын ешкімге сез діргісі келмеді. – Мұның мүйізін жығып салып кесу керек, – деді қат қыл үнмен. – Қойыңызшы енді. Қайтсеңіз де кестірмейді бұл. Мүйізі қанап тұр. Бір үйлі жанға талшық болып отырған жануар ды аясаңыз нетті! Бұл өлсе, көрген күніміз не болады. Балалар тағы да бұрынғысынша тізіліп тұра қалған еді. Бірен-саран көрші-қолаң кемпірлер де жиналып қалған. Шаншар атай сазарып тіл катпады. Апамның соншалықты егіле айт қан сөзі ол кісінің де сай-сүйегін сырқыратса керек, лып етіп атқа қонды да, ызғарлы үн қатты: – Енді осы біреуді сүзсінші! Құдайдың малы болса да, бір үй тұрмақ, бір рулы елді асыраса да, етке айдатып жіберемін! Шаншар атай кер биесінің басын кері бұрды. Əлі де паң, иілмей кетіп барады. – Мұның сүзіп ешкімді қиратып бара жатқаны жоқ қой, – деді бір кемпір. Оны екінші біреуі қостады: – Соны айтам. Айыр жəкемнің сонша қадалғаны несі екен? – Не айтып тұрсыңдар өздерің? Егер бұл үлкенді-кішілі осы ауылдың біреуін жазым қылса, сонда көрер ем екеуіңнің ақылгөйсігендеріңді. Шаншардікі бəріміздің қамымыз, біле білсеңдер! Бұл – Қамаудың əжесі. Ол кісі тағы бірдеңелерді айт пақ болып еді, демігіп жөтеліп қалды.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Дұрыс жеңешемдікі. Мал иесі – менің апамның мына сөзі барлық болған жайға нүкте қойғандай еді. Жиналғандар жөн-жөніне та рай бастады. * Ойынды сылтауратып біз ғана кетпедік бұл маң нан. Бəріміз біздің есіктің алдындағы сазға алқа-қотан оты рып алып, əңгімеге бастық. Əңгімеміз қайта-қайта көк сиыр ға ойыса берді. Камау бір сөзінде: – Мен осы жасымның ішінде дəл осындай сиыр көрге нім жоқ, – деп қалды. – Өйдейт деген. Сабазың кəдімгі бір белі бүгілген қарттарша соғады ғой. Қу Дүйсеннің мына сөзіне балалардың бəрі ду күлді. – Əй, бір қу екенсің-ау. Не десең де, мен ит жейдені сенен бұрын тоздырғанмын ғой. Біз көк сиыр туралы ай тып отырсақ, бұл қайдағы бір қулығын соғады ғой. – Ал, мейлі. Бəсе, Дүйсенде біреуге қарсы келер шама қайда? Оңай көне кетуін қарашы. – Сөйтсеңші. Мына екеуінің сөз жарыстыруы біздің əңгімеміздің сə нін кетірді. Істің бір қисыны қашқаннан кейін қиын ғой, көк сиыр туралы сөз одан əрі өрбімеді. Бұл кезде Ай арқан бойы көтеріліп қалған болатын. Оның аппақ сүттей сəулесі көз ұшындағы Шатыртөбе нің биік шоқысынан бері асып келіп, ауыл үстіне мол құйылған. Күндізгі абыр-дабыр бəсеңсіп, ауыл демалып жа тыр. Əншейінде ауыз жаппайтын иттер де тыншыған. Күндіздің өзінде бізге қорқынышты болып көрінетін əңі рейген-əңірейген адырлар қа зір көлеңкеленіп, қоңыр тар тып, мүлгіген ауыл үстіне төне түскендей. Белгісіз үрей əкеледі. Ол Ай сəулесімен келіп, біздің бойымызға шым-шым сіңіп жатқан сияқты.
Øàíøàð àòàé Үлкендер бұл адырларда түрлі жыртқыш андар, ұрықары жүреді де седі. Олары бүлдірген, шие теруді сылтау ратып қаңғып кететін бізді қорқыту үшін айтатын сөздері болуы керек. Бүлдірген мен шие піскенде кім шыдап тұрсын? Талай бардық, бəрінде аман-сау оралып жүр дік. Рас, əр нəрседен секем алып, қашқанымыз да бар. Бірақ ол біздер үшін таусылмас əңгіме емес пе. Жүре гіңді қолыңа алып заулау қандай рақат десеңші! Артта қалып қоятын балаларды білмеймін, алдыңғы топта бола тын маған əйтеуір сол сатырлаған жарыс қызық көрінеді де тұрады. Бұл адырларда ешқандай қауіпті жыртқыш аңдардың, ұры-қарының бол майтынын бəріміз білеміз. Əйтпесе Кербұлақ өзенінің күнгей жа ғын дағы сай-салалардың ығын бойлай салған тоқал тамдардағы ер-аза маттары май данда, басқа бас көтерерлерінің бірі шөп шабыста, бірі егін орағында жүрген алақандай ауыл сол ит-қүс пен ұры-қарының ойнағы болмас па еді. Бірақ балалардың бəрі де өз көкіректеріндегі үрейді ешкімге білдір гісі келмей, түрлі сылтаулармен үйді-үйіне тарқасып жатты. * Шəкір екеуміз келсек, апам күндегі таусылмайтын күйбең тірлігін іс теп, даладағы ошақтың басында жүр екен. Ыстық күлшенің, күйіңкіреп піскен сүттің қоңырсық иісі келеді мұрынға. Ыстық күлше! Бұл біздің аузымызға жиі тие беретін ас емес еді ғой ол кезде. Апам Шəкір екеуміздің алдымызға бір-бір кеседен ыстық сүт, қып-қызыл болып піскен ыстық күлше əкеліп қойды. Күлшені ортасынан қақ бөлгенде буы бұрқ етіп, ауыр қалқып көтеріле берді. Біз күлшені ай-шай жоқ ау зымызға тықтық. Күлше шайнаған сайын күрт-күрт етеді. Қызылша кемірген жылқы құсап, күртілдетіп соғып отырмыз. Бір
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ қызығы күлше, шайнадың болды, тоз-тозы шығып, берекесі кетеді əрі жұтқан сайын тамақты майда қатты ұнтақтар жыбырлатып өтеді. Сөйтсем, апам Шаншар атай берген ұнға үйдегі азынаулақ ұрпақты қол диірменге қайта тартып, қосқан екен. Оны апам бізге айтар ма еді, айтпас па еді, кім білсін, бір кезде менің тамағыма өткір бір нəрсе қа далды да қал ды. Не əрі жүрмейді, не бері жүрмейді, қадалып, өңешімді тесіп барады. Мен қиқылдап, шиқылдап өліп барамын. – Тұқымың құрығыр-ай, масақ болды ма екен, қауыз бол ды ма екен? Қу ұрпақты қайта тартып қосып нем бар еді? Сүттен мол қылып ұрттап жібер. Ұртта! Тамағым алып-жұлып барады. Сүтті аузыма апарар ға тағат жоқ. Апам кесе толы сүтті аузыма тоса берді, қатты-қатты екі-үш рет түйіле жұттым. Қадалған пəле зу деп төмен қарай жүрді де кетті. Орны тызылдап қалды. Қарның ашып тұрғанда тамақтың ауырғаны сөз емес екен. Күлшенің қалғанымен сүтке тойып алдым. Апам төсек салды. Шəкір бөлек, ал мен апамның қойнына жата мын. Жатысымен апам мені, мен апамды құшақтап, бір-бірімізге еркелеп кетеміз. Менің ылғи да қоятын сұрағым да, апамның беретін жауабы да дайын. Ол мынау: – Апа, мына емшектің екеуі де менікі ме? – Жоқ, біреуі Əлдижандікі, біреуі сенікі. Апам еш уақыт «Екеуі де сенікі» демейді. Оған мен де өкпелеп бұр тандамаймын. Мен енді қолымды сырғытып апамның өкпе тұсына апарамын. Сөйтіп, апамның ішіндегі үлкендігі жұдырық тай тастай катты түйінді жазбай табамын. – Бұл – күйіктен болған кесел, – дейді апам. – Ауыра ма? – ... – Айтсаңызшы, ауыра ма деймін? – Ауырмағанда ше.
Øàíøàð àòàé Бұл да біздің күндегі əңгімеміз. Осы бір еркелеудің түрі əу баста қашан шыққанын білмеймін, əйтеуір дағды болып кеткен. Менің апам – күйікті көп көрген адам. Нағашы атам Ыдырыс ерте қаза табады. Кербұлақ өңірін жазда Пішпектен Кірешке (шын аты Григорий болса керек) деген өңкей қызыл ала сиыры бар орыс байы жайлайды екен. Сол Кірешке бір жылы атама қа рыз малын бермей, ағайын-туғанымен бір түнде бар ша сиырын айдап қашады. Атам жанына бір жігіт алып, ұзатпай қуып жетеді. Атам жеткен бойда Кірешкені қара шапанының шалғайынан алып, аттан аударып тастай ды. Атаңа нəлет Кірешкенің алты атары бар екен, орны нан шойырылып тұра бере, атамды көздеп тұрып басып жібереді. Оқ тура сүбесінен тиеді. Атамның жанындағы жігіт аттандап ауылға тартады. Ауыл адамдары келсе, атам қансырап жатыр екен. – Қапияда кегім кетті-ау итте. Қолыма енді бір түсер ме еді! – деп өкінеді атам. Осы жарақаттан айыға алмай, артында қалып бара жатқан жас əйелін, кішкентай-кішкентай екі қызы мен ұлын көп айтып жатып, атам көз жұмады. Шиеттей жан, шикі өкпелер жылап қалады. Сондағы апамның аза тұтып жылағанын ауыл адам дары əлі айтып отырады. Апам жасында той-жиында талай айтысқа түскен ақын қыз болған екен. Аза үстінде шыққан сөз – қайта айтылмайтын сөз. Дегенмен, мына бір жері Қамаудың əжесінің есінде қалып қойыпты. «Сүбеден тиген оқ па еді, Суырып алар жоқ па еді?» – Сорлы Айша өстіп жылап еді ғой, – деп, аса бір қатты елжіреп айтып отырушы еді ол кісі. Апам жас балаларын ешкімге жаутаңкөз қылмай, өзі асырап-сақтайды. Екі қызы тұрмыс құрады. Олардың ең
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ үлкені біздің шешеміз – Əміржан. Бүбісара əпкеміз Қордай ауданындағы «Көкқайнар» кеңшарында тұр мыста. Ол да балалы-шағалы, Əлдижан ағамыз майданнан қатты ауырып келіп, өткен жылы дүние салды. Əлдижан ағамның қалай келгені менің жөнді есімде жоқ. Бір күні шай ішіп отырып, қатты жөтелгені есімде. Күркілдеп ұзақ жөтелді. Басын көтергенде көгеріп кетіпті, көзін де жас бар екен. Бақсам, апам жылап отыр. Бір сұмдық оқиға таянып келе жатқанын бəріміз де іштей сезіп, тұнжырап қалған едік сол дастарқан басында. Ағам күн-түн қатқан соғыстың ауыр да азапты қатал күн деріне өк песін беріп қайтыпты. Төсек тартып бір ай жатты да, көз жұмды. Өлікке бізді жолатпады. Ағам анасының барлық арман-үмітін о дүниеге арқа лап бара жатқанын сезіп, қимады ма екен, əйтеуір, апамның оң емшегін уысына қысып жатып жүріп кетіпті. Баласын бас са лып жатқан апамның емшегінен ағамның қатып қалған қолын əзер жазады жұрт. Осы бір керемет қайғылы оқиға көпшілігіне «бауырым-ай, бауырым-ай» деп текке азанқазан қылатындардың талайының көзінен шын жасын шығарып еді. Қазір ойлап отырсам, кеудесінде жүргенімен, баласы уы сына қысып алып кеткен екен апамның бір емшегін. Апамның кеудесіне қатқан түйін жастай кеткен жарының, қыршын кеткен ұлының жүрек сыздатар күйігі екен ғой. Сол бір аңғал бала күнімде еркелігімнің апамның орны толмас ескі жарасының аузын ашатынын қайдан білейін мен! Білсем, дымым ішімде болмас па еді. * Ауыл алдындағы құйда шомылып жүрміз. Құй – бұл терең. Ол біздің үйдің тұсында болғандықтан, менің əкем нің есімімен «Қалданның құйы» деп аталады. Ал Шəкір екеу міз «біздің құй» дейміз. Сонымен біздің құй ұзындығы он шақ ты,
Øàíøàð àòàé көлденеңі екі-үш метр, кісі бойлағысыз терең. Құйдың бас жағы да, аяқ жағы да жайпақ. Содан болар, оған басы нан құйылған су да, аяғынан шыққан су да ешқандай толқын тудырмайды. Құй беті ешқандай қозғалыссыз, қап-қара боп мөлдірейді де жатады. Түбі тастақ, лай болмайды. Біздің ауылдың балалары шетінен жүзгіш. Жалпы, осы бір кішкене тау өзенінде бұдан басқа құлаш ұрып шомы ла қоятын жер жоқ. Сондықтан бұл өзен ді бойлай отырған екі колхоз – «Карауылтөбе», «Кербұлақ та» тек біздің ауыл балалары ғана суға жақсы жүзеді. Бірде ауылға жоғарғы «Қарауылтөбе» колхозынан Нұржан, Дүржан деген менен ересектеу екі бала келіпті. Біз мəз болып суға шомылып жүрміз. Екеуі құйға түсуге жүрексініп, жағада бүрсиіп отыр. Тұқшыңдап жерге үңіле бергендіктерінен, біріне-бірінің ымдарынан олардың өздерін өздері мүлде қорсынып отырғанын оп-оңай сезуге болушы еді. Ауыл балалары алақандай құйды опыр-топыр қылдық. Біріміз құлаш ұрып зауласақ, біріміз зып беріп сүңгіп жоқ болып, біріміз сопаң етіп, су астынан шыға келеміз. Екі бала əбден қызығып бітті. Бірақ екеуінде де бізге араласуға дəрмен жоқ, малту білмейді. – Кел, жалақ ойнайық! Дүржан маған жалт қарады. Өзінен кіші, басы бақырдай, шертік қарын, аяқ-қолы балғадай, бір көрген көзге ебедейсіздеу менің кейпім оған мүлде ұнамады білем, мұр нын тыжырынды. Мен де Дүржанның орынсыз өкпелі жүзіне қараймын деп қапы қалдым. Су ішіндегілер: – Мен – бірінші! – Мен – екінші! – Мен – үшінші! – деп шулады да кетті. – Əлден, өзің қуатын болдың. – Қусам, қуам. Сол сол-ақ екен, балалар қуғын көрген үйректей су түбіне сіңіп, зым-зия жоқ болды. Енді бір сəтте бəрі əр жер,
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ əр жерден сопаң етіп шығып, жағалаудағы шөптен ұстап тұрды. Мен көзіммен бірден Дүйсенді іздедім. Ол шикі сары жүзі су-су, бадырақ көкшіл көзі жыпылықтап, менің дəл тұсымда тұр екен. Тап бердім. Дүйсен бетін əріге беріп, зып етіп сүңгіді де кетті. Онысы мені алдағаны. Дүйсен негізінде төмен қарай сүңгігенді жақсы көреді. Неғұр лым малту біліңкіремейтіндерді паналап жүретін қу ғой ол. Мен төмен салдым. Ойлағанымдай-ақ Дүйсеннің басы дəл алдымнан қылтың ете қалды. Шекесінен бір салдым. – Жалақ Дүйсенде. Жалақты маған қайтып беруге болмайды. Дүйсен жанжағынан жалақ берер ыңғайлы ешкімді таба қоймады. Жақын жерде Қамау мен Шəкір тұр, бірақ Дүйсенде оларды қуар шама қайда. – Аналар неге ойнамайды? Дүйсен жағадағы екеуді көрсетті. Ой, пəле-ай! – Олар – жоғары ауылдың балалары. Малту білмейді, – деді Қамау. – Мейлі, ойнасын. Жағадағы екеудің реңдері қашып кетті. Дүржан намысшыл бала екен, шап ете түсті. – Ойнасақ, ойнаймыз! Дүйсеннің жаны кіріп барады. – Ойнаңдар, ойнаңдар, – дейді шімірікпей. Дүржан көйлегін жерге атып ұрып, суға қойды да кетті. Қас қағым ішінде болған бұл оқиғаны Дүйсен екеуміз ден басқа балалардың көбі байқамай да қалды. Дүржан су бетіне тез-ақ ытқып шықты. Малту білмейтіннің аты біл мейтін ғой, енді ол екі қолымен су бетін саба лап, қайта батып бара жатты. Көмекке бірінші болып мен ұмтылдым. Басқалар да сөйт кен болар, бірақ Дүржанға менің қолым бірінші бо лып ілікті. «Суға кеткен тал қармайды» демекші, Дүржан шап беріп, мені құшақтай кетті. Алғаш жүрегім су етіп, қорқып қалдым. Дүржан маған
Øàíøàð àòàé қарағанда ере сек бала, қолы қайратты екен, қысып алып барады. Бір жақсы жері – ол менің белімнен құшақтап ты. Алақаныммен есіп-есіп жіберіп едім, су бетіне шыға келдім. Дəл жағаға таяу жер екен, біруыс шөптен ұстай ал дым да, мықтап қатып қалдым. Дүржан, басы су бетіне шығысымен, мойныма жармасты. Ағасы жағада безек қағып жүр екен, інісін жанұшы ра жағаға тартып алды. Балалардың бəрі топырлап жағаға шықты. Дүржан ал кеп құс, ал кеп құс! Суды біраз-ақ жұтқан екен. Сəлден кейін барып есін жиды. – Мені құтқарған кім? – болды алғашқы сөзі. Ағасы жауап берді. – Əлден. – Басы бақырдай қара бала ма? – Иə. – Пəлесін-ай! – Рақмет айтпайсың ба қайта? – Айтпаймын. – Неге? – Менен кішкентай ғой. – Кішкентай болса, не ғыл дейсің? – Кішкентай балаға да рақмет айтушы ма еді. Мынаның кесірін-ай! Ашуым келіп кетті. – Рақметің құрысын! – Құрысаң, өзің құры! Мен не қыларымды білмей қалдым. Дүйсеннің жаны кіріп, сауысқанша шықылықтап жүр. – О-о, бір майдан болады енді. Əлден суда күшті болғанымен, құрлықта қайдам-ау, – деп құтырынады. Нұржан бір есті бала екен. Дүйсенге ұрсып тастады. – Мынау бір оңбаған бала ғой өзі. Айтақтауын мəз болып. – Əй, бұл немене, топырлай қалыпсыңдар? Топырлап тұрған біз дауыс иесін бірден таныдық. Бригадир Сатылған соғыстан қатып-семіп қайтқан мінер жақ
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ аяғы серейіп, үнемі тап-таза мұнтаздай болып жүретін ақ қителі мен кепкасы ақ құбаша өңіне нұр беріп, қысы-жазы жазбай мінетін торы жорғасының үстінде төне түсіп отыр. – Əй, немене бұл? – деп қайталады бригадир. Аузы жүйрік Дүйсен сарнап қоя берді. – «Қарауылтөбеден» мына екі бала келіпті. Екеуі де малту білмейді екен. Мынаусы суға кетіп қала жаздады. Əлден құтқарып алды. – Дұрыс болған. Шаңқай түсте ауылға келген мейман ды суға жіберіп не көрініпті сендерге. Ал, кəне, үйді-үйлеріңе тараңдар. Əңгіме бар. Бригадирдің «Əңгіме барының» сырын біз əбден жақсы білеміз. Оның астары – ересек балаларды жұмысқа əкету. Шал-кемпір, бала-шағамен істес болып əбден үйренген кə нігі бригадир қашан да осылай етеді. Кемпірлерге сөз айтса, бəрі: – Баламыздың бұғанасы əлі қатқан жоқ. – Үйбай-ау, бесіктен белі шықпай жатып не қылған жұмыс? – десіп, ат-тондарын ала қашады. Міне, мұндайда бригадирдің таптырмайтын мияты – балалардың өздері. – Кəне, қарағым, өзің айтшы, барасың ба? Өздеріңдей құрбыңмен ой нап-күліп шөмеле салғанға, немесе атқа мініп алып, тас айдағанға не жетсін, – дейді бригадир. Тіл қатуға апасынан батпай тұрған бала: – Барамын, – деп лып ете түседі. Осымен іс бітеді. Апасының баласына бір алара қараудан басқа лажы қалмайды. – Əп, бəрекелде, – дейді бригадир, – бармағанда ше?! Сол шөп, сол астық жалғыз маған керек дейсің бе? Ел ризығы – ол. Анау майдандағы ерлердің азығы. Ал дайындал. Бригадир сөзінің соңғы жағын көтеріңкі дауыспен бұйыра айтады да, атын қамшымен борбайдан бір салып, келесі үйге қарай тартып отырады.
Øàíøàð àòàé Міне, енді бригадир тағы да үй-үйді жағалап жүр. Шəкір екеуміз есік алдында көріп отырмыз. Ең алдымен төменгі Аманның үйіне барды да, одан шығысы мен Дүйсендікіне соқпай, тура біздікіне қарай тартты. Бітті, Шəкір жұмысқа кетеді екен. – Маған келе жатыр, – деді Шəкір, – сен əлі жассың ғой! Əншейінде бірге ойнап, анау бір үлкендігі біліне бермейтін ағамның мына сөзіне жабырқап қалдым. – Сенен жаман істемес едім жұмысты. Əттең, алмайды ғой. – Сенің осың жаман. Бірдеңе айтса болды, дереу шамданасың. Келер кезек, терме тезек. Сен де барасың əлі-ақ. Менікі, шынында, орынсыз шамдану еді, ыңғайсызданып қалдым. – Сол кезек ертерек келсе екен. Шынында, сен үлкенсің ғой. Бригадир бізге жылы сөйлей келді. – Тұрсыңдар ма, солдаттар? – Тұрмыз. – Апаларың кайда? – Үйде. – Шақырыңдар. Екеуміздің ойлағанымыз бұлжымай келді. Шəкір қырман ға тас айдауға баратын болды. Бұл жұмысқа апам түк қарсы лық жасаған жоқ. Несі бар, Шəкір далаға кетіп бара жат қан жоқ, əке-шешесінің жанына барады. Менің де Шəкірден қалғым келмейді, ішім əлейім-жəлейім бо лып кетті. – Енді кімді аласыз, аға? – дедім, Сатылған атының басын кері бұра бергенде. – Қамауды. Сендерді де көреміз. Қуанғанымнан айқай салдым. – О, бізді де алады! – Əй, баламысың деген-ай. Бригадир мырс етіп жымиды да, Қамаудың үйіне қарай тартты.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Мен аса бір қызық ойыннан құр қалғандай, көңілім пəс болып, құлазып қала бердім. * Шəкірлер кеткен соң мен үшін ауылды алабөтен көңілсіздік биле гендей болды. Ауылда қалған біз сияқты бастауыш сыныпта оқитын ба лалар мен бізден де кіш кентайлармен бірге жүру бұрынғыдай қызық болмады. Бір қызығы, құйға қыздар да келіп шомылатынды шығарды. Бибіайым болмаса, басқа қыздың суға шомылғаны не, шомылмағаны не маған?! Бибіайым – менімен бірге оқитын ерке қыз. Əкесі майданда, жиі-жиі хат келіп тұратын бақытты қыз. Атасы да, əжесі де бар. Атасы – Шаншар атай, əжесі – Əлипа əжей. Бір-ақ əттеген-айы – шешесі аурушаң. Оның қыздарға ілесіп суға келе бермейтінінің өзі сол шешесін айналсоқтап, шыға алмайтынынан. Əйтпесе ойын десе, жанын сала тын көңілді қыз. Бибіайымды көргенде менің қимылым жұғыспай, сөзім ұйқаспай қа латыны бар. Бибіайым қыздарға қосылып, суға келді болды, берекем ке теді. Əншейінде қыздардың ма засын алатын мен құйдың тұсындағы қой тасқа шығып алып, шоқиып отырамын да қоямын. Барар ем, бала лардан, əсіресе, қыздардан ұяламын. Бибіайымның мөп-мөлдір көздеріне, ұшы көтеріңкі пісте мұрнына, желбіреген тұ лымына, аппақ қос қасқа тісіне қарамай тұра алмаймын мен. Бибіайымнан көз айырып, басқа біреуге қарадым екен, олар дың бəрі маған сұқтана тесіліп тұрған сияқты болады. Мен, міне, үйреншікті қойтаста тағы да отырмын. Күн бүгін ерекше шақырайып, арқамнан да, шекемнен де өтіп барады. Оның үстіне, дəл мен отырған тақырдың жанындағы бір топ шиесабақтың түбінде құжынаған шілде қоңыздар ыз-ыз етіп, миымды қатырып, жүйкемді құртып
Øàíøàð àòàé барады. Қанша шыжып күйсем де, суға бара алмаймын. Себебі Бибіайым келген шомылуға. Үйде отыра-отыра зе рігіп, ішқұса болып қалған Бибіайым мəз болып, асыр салып шомылып жүр. – Əлден, кел, суға түс! – деп айқайлап, қол бұлғайды маған. – Жоқ бармаймын. – Неге? – ... – Сен келмесең, мына Дүйсен мазамызды алады. Мұны менің өзім де көріп отырмын. Жағына пышақ жанып алғандай құп-қу, қалақтай Дүйсен қыздар суға келді болды, құтырынып кетеді. Қазір су бетінде одан асқан өнерпаз жоқ. Ересек балалар жұмыста, ал оны көп еркінсуге жібермейтін менің отырысым мынау сопайып. Дүйсен қыздарды қырғи тиген торғайдай түтті. Біресе су ас тымен сүңгіп келіп қыздардың аяғына жабысады, біресе суға тұншықтырады. Қыздар опыр-топыр болып үрпиісіп қалады. Анадайдан кезекті бір сүңгіп келгенінде Дүйсеннің қолы Бибіайымға тисе керек, құлындағы даусы шығып, қатты шоршыды. – Дүйсен – оңбаған! Шомылмаймын! Енді суға қайтып келмеймін. Бибіайым бүрсек-бүрсек етіп дірілдеп кетті. Үнінен ашу емес, біртүрлі мұңайып, пəс болып қалғаны білініп тұрды. Бибіайым апыл-ғұпыл киінді. Теріс айнала беріп, шашын сипады. Сол-ақ екен, аяғының астын, киімі жатқан жерді тыпырлап қарай берді. – Тарағым! Тарағым жоқ. Мамам ұрсатын болды-ау енді. Бибіайым жылап жіберді. – Ура, Бибіайымның тарағы жоғалды. Апырай, мына Дүйсеннің ессізі-ай! Біреудің тарағы жоғалады, сол үшін үйіне баруға шешесінен қорқып жылайды, ал ол Дүйсенге қызық.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Кəне, іздейік! Тарақты кім тапса, сонікі. Мен тапсам, апама апарып беремін. Жайпады-ау мына Дүйсен. Шімірігетін емес шіркінің. Дүйсенге осылайша жыным келіп қарап отырмын. Ерің суға сүңгіп кетіп, басын қылтитады да, «əлду» деп қайта жоқ болады. Жалғыз өзі-ақ құйдың қыздар шомылған аяқ жағының астан-кестеңін шығарды. Бибіайым жағада мұңайып отыр. Біруыс болған үрейлі кейпі Дүйсеннен бір қайыр күтетін сияқты. Дүйсен таба қалған күнде бермек қайда. Бет-аузы бүлк етпей, Бибі айымды шырқыратып, тарақты уысына қысып тайып отырудан тайын байды бұл Дүйсен. Жоқ, болмас оның! Мен көйлегімді қойтасқа атып ұрдым да, жүгірген бетіммен келіп, суға гүмп бердім. Құйдың ортан белін ала сүң гіп едім, төмен қарай асыға жүзіп келемін. Су ішінде ме нің көзімді ашып алатыным бар. Сонда құйдың түбінде жатқан əрбір қиыршық құмға дейін көрінеді. Құйдың аяғына жете бере, көзімді аштым. Жан-жағым аппақ тұман құсап жылтырайды. Су түбі болар-болмас қылаңытып көрінеді. Төмен ұмтылып, жан-жағыма үңіле қарадым. Тарақ жылтырап жатыр екен. Жартылай құмға батыпты. Іліп əкеттім. Тарақ қолыма тиісімен, демім таусылып, тұншығып бара жатқанымды білдім. Су түбін аяғыммен бір теуіп, сопаң етіп жарық дүниеге шыға келдім. Жағадағылардың бəрі қолымдағы тарақты көрісімен, ішектерін тартып таңданды. – Бұл не сұмдық? – Қалай тапты? Қалай тапқанымды түсіндіріп жатайын ба? Бұл құпияны қыздар тұрмақ, балалардың өзіне айтқан емеспін. Тек бірде Қамау мен Шəкірге ғана айтқанмын. Сонда екеуі де: «Ой, құрысын! Ашуға болады-ақ екен, дегенмен, біртүрлі қорқынышты», – деген. Қор қыныштысы қорқынышты, бірақ Бибіайым үшін маған ол сөз болып па?
Øàíøàð àòàé Тарақ табылуын табылды. Соны енді Бибіайымға беру қиын болды маған. «Мə, тарағың», – деп лақтырып жіберемін бе? Ол болмайды ғой. Оным біртүрлі ыңғайсыз сияқты. Бұл пəледен Бибіайымның өзі құт қарды. – Əй, Əлден, тарақты неғып ұстап тұрсың? Əкел бері. – Мə! Тарағы қолына тиген соң, Бибіайым көңілденіп кетті. Шешініп, қай тадан суға шомылды. Су шашып ойнап жүргенде: – Тарақты сенің тапқаның жақсы болды. Дүйсен тапса, бермес еді. Тарақ құрысын. Өзі ауру мамамды ренжіт пейін дегенім ғой. Əйтпесе... – деп ауыр күрсінді. Мен Бибіайымды да, шешесін де аяп кеттім. Бибіайымның шешесі колхоз жұмысынан қалмайтын қарулы əрі асқан сұлу адам еді деседі жұрт. Соғыс басталған жылы қыста қой бағып жүрген əкесі Шаншар атайға жəрдемші болып барады. Бірде шөп басқан шанасы дəл көпірдің үстіне келгенде ауып, суға қойып кетеді, жүгіріп үйіне жеткенше су киім саудырлап мұз болып қа тып қалады. Содан бері ауырып, үйінде жатыр. Қызы ауру болған соң Шаншар атай мен Əлипа əжей қолына алмақ болып еді, Алуа əпкей: «Өзі жоқта Əбудің отын өшірмеймін», – деп бармай қойған. Ауру деген пəле қайдан келеді екен адамға? Ауру болмаса ғой Алуа əкпей ел қатарлы жұмыста болар еді. Ал Бибіайым болса, ешқандай қайғы-мұңсыз бізбен бірге асыр салып ойнап жүрер еді-ау! * Судан əбден шаршап келіп жатып едім, көзім ілініп кетіпті. – Əлден-ау, Əлден! Шық бері, тез шық, ойбай! Апамның үрейлі үні ұйқымды шайдай ашты. Бір сұм дық болып қалған екен деп, далаға атқып шықтым.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Не болды, апа? – Əне, келе жатыр. – Кім? – Айыр жəкем. – Келсе, не қылады? – Сорлы балам-ай, көк ит тағы біреуді сүзген де. Көрмей місің, Айыр жəкем тура біздің үйге қарай келе жатыр. Мен орынсыз тақақтағанымды қоя қойып, үрейленіп калдым. Шаншар атай алды аяңдап, арты желіп отыратын кер биесін суыт бас тырып келіп те қалды. Жақындай бере бай қадым: атай ашулы емес сияқты. Көңілім орнына түскендей болды. Əйтсе де, біздің кейпіміз өрт сөндіргендей болса керек, Шаншар атай оны бірден байқады: – Неменеге əбігерленіп тұрсыңдар? – Əлгі көк сиыр біреуді сүзіп алды ма деп. – Ол енді ешкімді сүзбес. Сүзсе, тек мені ғана сүзеді. Бірақ Шаншар оңайлықпен берілетін жау емес Айша, соның өзі маған өшіккен сияқты. – Қойыңыз. – Шын. Əнеугүні барлық сиырды бастап келіп, оды райып өте шықты. – Мүмкін, мүмкін. – Ол құрысын. Ал мені не шаруамен келді дейсің ғой. – Атай сəл ойланып қалды. – Мына балаңды сұрай келдім. – Иə... Апам не дерін білмей қалды. Шын айтып тұр ма дегендей, аңырайып атайға қарай берді. Мені бір қызығушылық қытықтағандай алып ұш тырып жанымды шығарып барады. – Рас, балаңды сұрай келдім. – Сонда не? Апамның мына сөзін мен де лезде қайталап шықтым: «Сонда не?» – Қауын пісті. Бригадир түнгі қарауылдыққа Рахманды беріп еді, күндізгісіне бір адам керек болып тұр. Ал мынау
Øàíøàð àòàé Əлден болса, соған əбден лайықты. Əнеугүні бригадирге де айтқанмын бұл жайды. «Е, əнеугүні Сатылған ағайдың: «Сендерді де көреміз» дегені осы екен ғой. – Апыр-ай, ə! – Апыр-ай дейтін ештеңе жоқ. Балаң күндіз бір дөң астында жүрсе, ештеңе етпес. Кешке үйіңе келіп тұрады. Ауылда жүргенде шошқа таға латайын деп пе едің бұған? Шаншар атайдың бір қасарысса, қайтпайтынын елдің бəрі жақсы біледі. Дегенін болдырмай қоймайды бұл қарт. Қарсыласудың жөні жоқ. Апам да көнді лажсыздан: – Барса барсын, жəке. Бірақ бала айдалаға түнеп қалып жүрмесін. – Е, о жағына қам жеме. Маған бұл күндіз қасымда жүрсе болғаны. Ал киін, балам. Кешке дейін талай уақыт бар, жұмысыңмен танысып қайтасың. Мен Алуаның үйіне кіріп шығайын, кемпірімді де білейін. Сен дайын тұр. – Жəке-ау, түссеңізші аттан. Шай ішіңіз. – Əй, Айша-ай, оған уақыт қайда? Шайдан гөрі одан да айраның болса, бір тостаған əкел. – Апам үйге кіріп кетті. Мен тұрмын сол орнымда сі лейіп. Киінетін не бар менде. Жейде, дамбалым үстімде. Аяқ киім деген атымен жоқ. Оның орнына күс-күс аяғым, тау мен тасқа салғанда бір қайтпайтын сір болып қалған қара табан бар. Апам əкелген айранды Шаншар атай ат үстінде тұрып сімірді. Мұр тына жұққан айранды екі қолымен кезек-кезек асықпай сүртті де, маған қарады. – Батыр-ау, киінбейсің бе? Мен аяғымның басына қарадым. Шаншар атай қарқылдап кеп күлді. – Қартайды деген осы-ау. Сенің киімің үстінде екенін енді білдім ғой. Сен қыста да жалаңаяқ жүгіре беруші ең ғой, айтпақшы. Мен ана үйлерге тез барып келе қояйын.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ * Мен үйіне беттеген атайға бедірейіп, таңдана қарап қалыппын. Енді қайтейін, бұл атайдың көңілді күлкісін тұңғыш рет естуім. Шаншар атай – балаларға өте суық адам. Қит етсең, аямай жазалайды. Біз кейде қыран-топан болып ойнап жатқанымызда ту-талақай қылып қуып, үйді-үйімізге əкеліп тығатын. Неге екенін, жазда балаларға көп жуымайды, ал күз, қыс айларында бүйідей тиеді. Əсіресе, өткен қыста мазамызды көп алған болатын. Менің атайды жек көріп кеткенім де бар. Жаңа жалаңаяқ кейпіме қарап тұрып күлгені атайдың да, менің де есіме сол жайды түсіріп еді. Қыста апам маған киіз етік сырып берді. Ұядай жылы киіз етікті киіп, Шаншар атайдың үйінің желкесіндегі үлкен боз төбедегі ұзын күресін қарда сырғанап жүрген бала ларға келгенімде, бəрі мені қаумалап алды. Əлмолда етік ші əскерге кетпей тұрып, көннен тігіп берген етіктері ме нікі құсап тозып кеткен балалар менің апамның шеберлігін əр саққа жүгіртіп мақтап жатты. – Тамаша екен. Өзі үлкендеу ме, қалай? – деді Қамау. – Өсіп келе жатқан баласың. Жаның тірі болса, əлі бірнеше жыл киесің, – деп апам əдейі кең тіккен. – Ол да дұрыс. – Дұрысы дұрыс-ау, бірақ мұнымен сырғанауға болмайды ғой. Кейде осындай тапқырлығы да бар-ау Дүйсеннің. Оның мына сөзі төбемнен жай түскендей болды. Жаңағы есіп тұрған көңілім су сепкендей басылды. Бірақ менің бұл өкінішім көпке созылмады. – Кəне, табаныңды көрсетші. Мен оң аяғымды аспандата көтердім. Қамау қуанып кетті. – Сырғанауды айтасың, бұл безіп кетеді əуелім. Табаны көн екен. Бəріміз биік жалдың басына шықтық.
Øàíøàð àòàé – Ал, Əлден, заула! Анадайдан жүгіріп, екпіндеп келіп, сырғанап кеп кеттім! Киіз етігім еш кідіріссіз зулай жөнелді. Тіпті тіземнен асқан ұзын қонышы жайында келді. Бұрынғы етігімнен кейде тобығым тайып, кейде тізем бүгіліп кетіп, омақаса құ лайтынмын. Ал мынау тобығымды да, тіземді де қимылдатар емес. Аяғым сəл бүгілді, əрі қарай ұзын қоныш жібермейді. Тіптен рақат. Ұзын жалдың орта тұсына келгенімде сол аяғымды көтеріп едім, жалғыз аяғыммен сайдың табанына бір-ақ жеттім. Балалар у-шу болды да қалды. Мен енді төбенің басынан бастап аяғына дейін бір аяқтап сырғанап түсетінді шығардым. Əп-сəтте «Əлден – біраяқ» атандым. Қызып алған біз Күн боз төбені қызыл жалқыққа бөлеп, ұясына енгенше ойнаппыз. – Шаншар атай келе жатыр. Бəріміз жалт-жалт қарасақ, кер биесіне тоқым салып, жайдақ мінген атай боз төбенің етегінде бізге қарап желе жортып келеді екен. Қолын бұлғап кіжініп қояды. Біз тоз-тоз болып, ауылға қарай тарттық. – Ой, ойының осылғырлар! Бір пəс ойнасаңдар жетпейтін бе еді? Не оқу жоқ, не жұмыс жоқ, қара бұларды! Атай биесімен омыраулатып келіп калды. Мен қолапайсыз киіз етік пен кейіндей бердім. Кер биенің ыстық демі жетті желкеме, жалма-жан киіз еті гімді атып ұрып, жалаңаяқ бездім. Мұнымды атай да, балалар да байқамады. Əу де генде аяғымды суық қар қа рып тызылдатып жіберіп еді, біраздан соң түк сезбе дім. Сол бетіммен заулаған күйі келіп, үйге қойдым да кеттім. Үй іші менің бұл қылығыма əуелі сенбеп еді, аяғымның кып-қызыл болып кеткенін көргенде үрпиісіп қалды. Бір қызығы, аяғым үсіген де, түк те болған жоқ. Апам барып, киіз етігімді тауып əкелді. Шаншар атайға ешкім лəм-мим деп тіл қатқан жоқ, қайта апамдар: «Босқа салпаңдап ойна ған балаға сол керек», – деп, Шəкір екеумізді біраз қуы рып алған.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Сөйткен атай бүгін бүйтіп отыр. Соншама сұсты адам мені көмекші етпек. Одан артық бақыт бар ма, сірə?! – Сен де айран ішіп алсаңшы, – деп, апам маған да бір тостаған айран əкелді. Бірақ жүрегім алып ұшып, ас батпады. Атай көп аялдамай қайта оралды. Биесін лыпылдатып бастырып келіп, дəл менің жаныма тоқтай бере: – Ал, əкел қолды, – деді. Мен сол қолымды бердім. Ол атайдың жуан алақаны на сүңгіп кетті. – Əуп, балам! Атай мені жерден оп-оңай көтеріп алып, артына бір-ақ қондырды. * Міне, енді Шаншар атайдың артына мінгесіп келемін. Шаншар атай да, кер бие де ауыл балаларының қолы жете бермейтін бірі – қастерлі адам, екіншісі – қасиетті мал. Əйтеуір өзім ес білгелі кер биенің үстіне мінген баланы көрген емеспін. Осыларды ойлап, көңілім өсіп барады. Кер бие шыбындап, құйрығымен екі бүйірін сабап келеді. Оқтын-оқ тын артқы екі аяғымен бауырын тепкілейді. Мұн дайда мен ерге тақай түсіп, атайдың белбеуінен өзіне біл дірмей, ақырын ұстап қоямын. Біл діріп ұстауға жүрексінемін. Бірақ атай мұнымды сезіп қойды. – Əй, бала, ұстап отыр. Қалай өзі, тақымың бос болып, аттан ауып тү сіп қалып жүрмегін. Атайдың мына сөзі менің шымбайыма батты. Атқа бұрын бір емес, талай мінгенім бар. Бірақ атайға жауап қатуға шама қайда менде. Атай бір уақыт қамшылар жақ үзеңгіге салмағын салып, маған қырын беріп отырды. Сөйтті де сөз бастады: – Сайдағы бақшаны білесің ғой. – Білемін.
Øàíøàð àòàé – Қайдан білесің? – Талай көргенбіз. – Қашан? – Былтыр. – Бірдеңе іздеп келіп пе едіңдер? – Жоқ, қауын қазан болған соң, келіп масақ тергенбіз. Одан бұрын да.... – Ие, одан бұрын да. Соны айтшы енді. – Жоқ, оны сізге айтуға болмайды. – Дұрыс, дұрыс... Түсіндім. Былтыр мені алдап, əрлібер лі жүгіртіп қойып, қарбыз ұрлағандардың ішінде сен де бар екенсің ғой. Əттең, сонда қолыма түспедіңдер. Түскенде, ұрмай-соқпай тас көтертіп қоятын едім! – Тас көтерткен деген не, ата? – Тірі болсаң, көрерсің. Атай біраз үндемей қалды. Былтыр атайды алдап, жер қаптырып кеткеніміз бар. Ба лаларда да небір қулық болады ғой. Үлкеннен үйренеді де. Ал былтырғы жасаған қулығымызды, меніңше, Қамаудың өзі ойлап тапты. – Əй, балалар, бүйтейік: үш адам қауынның арғы басынан келіп түседі. Атай соны қуып жүргенде біз күркенің жанына үйіп қойған қарбыздан көтергенімізше алып тайып тұрамыз. Бұл қулық бəрімізге қатты ұнап, оны ойлағандай-ақ жүзеге асырғанбыз. Мұнымызға Шаншар атай разы болып: – Мықты екен бұл балалар. Айласын асырды менен, – деп айтыпты жұртқа. – Осы мен сені неге əкеле жатырмын? – деп жалға ды үзілген əңгімені атай. – Одан да мəймөңкелемей со ған көшейін. Өзің білесің, үлкендер қауынға түспейді. Бə рін бүлдіретін осы сендер. Мен сені, міне, осыған септігі тие ді деп əкеле жатырмын. Баланың тілін бала біледі. «Қауынға түсеміз» деген сыбыс естідің болды, дереу маған айт, арғы жағын өзім көремін.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Мынау масқара ғой! Балаларға не бетімді айтпақпын. – Ой, ата... Шаншар атай маған арғы жағын айтқызбады. – Əй, жаман неме! Білемін не айтайын деп тұрғаныңды. Жолдас тарымды сатамын ба дегелі тұрсың ғой. Оның дұрыс. Ал сен мынаны біл: бүгіннен бастап біз Рахман үшеуіміз – бақшаның иесіміз. Біз енді бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қимылдауымыз керек. Ал сол балалар қауын ұрласа, үшеуімізді тақырға отырғызғаны. Олар ға да кінə жоқ. Бала болған соң көкке құмар бо лады. Ұрлаймын деп желілерді құр таптайды. Ұрлағанша, өз де рін ертіп келші, мен олардың бəрін местей қылып тойғы зайын. Мен ойланып отырмын. Шындығында, атайдың сөзінің жаны бар. Біздікі – құр бүлдіру. Қамаулар жұмыста. Биыл ғой балаларды қауынға бастап келетін Дүйсеннен басқа ешкім жоқ. Сол қорқақ келеді дейсің бе. – Жарайды, ата. Балаларға бірде-бір қауын бермеуге тырысамыз. Шаншар атай ағынан жарылды. – Е, бəсе деген. Солай болуға керек қой. Өзім де бір бала сөз түсінсе, осы сен түсінер деп жүруші ем. Сені қалап алғанымның тағы бір сыры бар. Жаңа ғана айттым ғой, көк сиыр маған өшікті. Ал оның сендердің үйдің үлкенкішісінің қай-қайсысының болса да дегенін екі етпейтінін жақсы білесің ғой. Енді сол көк ит мені қапыда жазым қылып кетпесін деп алып келемін сені. Күндіз жаным да жүрсең болды. Малдың өшіккені жаман болады. Қарап отырғанша əңгіме болсын, колхоздың көк бұқасы ның сиыршы Көміржанға өшігіп, ақыры жарып тынғанын естіп пе едің? – Естігем. Бірақ қалай болғанын білмеймін. – Ендеше, сол қара бұқа бұзауынан Көміржанның қолында өседі. Мал болған соң, анда-мұнда маңып кете береді де. Мұндайда сиыршы оны қамшымен, таяқпен ұрып қайырады да. Сөйтсе, қара бұқа одырайып қала бере-
Øàíøàð àòàé ді. Кейін əбден жетіліп, көк бұқа болған соң, əлгі Көміржанды өрісте де, үйде де аңдитынды шығарыпты! Үйін айнала өкіріп, жер тырмалап топырақ шашады екен. Бір күні Көміржан шыдай алмай кетеді. «Əй, сенен-ақ жаздым-ау!» – деп айырын ала жүгіреді. Қара бұқаның да күткені сол екен, айырмен ұрған-пұрғанына қарамай, Көміржанды мүйізіне іліп алып, ырғап-ырғап лақтырып жібереді. Көміржан тіл тартпай кетеді. Шіркін, жастық! Сонда менің əскерге кеткен балам Базар: «Бұқадан да адам жеңіледі екен. Үстіндегі шапанын шешіп алып, бұқаның алдына тоса қойса, ол тап бергенде, жалт берсе, шапанды жанап өте шығар еді. Сөйтіп, бұқаның əбден титығын құртып алып соқса, сауырлатып өлгенше, қайтып жуығанын көрер ем», – деп еді. Көк сиыр қапылыста ұмтыла қалса, менде өйтіп қарсылық көрсететін қауқар да жоқ қой. Атай өзінің ұзап кеткен жастығын ойлады ма, ерге тік отырып, əрі қарап кетті. Мен атайдың еті қашып, терісі қат пар-қатпар болған, бірақ əлі де жуан мойнына, бұжырбұжыр шүйдесіне қарап отырмын. – Міне, сайдағы қауындық. – Атай тағы да маған қырын беріп отырды. – Жайшылықта бірге жүреміз ғөй. Қарттық дендеп бара ма, қалай? «Жас жүрсе қунайды, қарт жатса қунайды» деген сөз рас тегі. Түс кезінде күркеге кіріп, көз шырымын алғанды жақсы көремін. Сөйтсем, кəдімгідей ес алып, тыңайып қаламын. Міне, осы кезде сен анау тақыр ға шығып отырсаң, болғаны. Қауындық алақандағы дай көрініп тұрады. Осымен сен өзі қызметіңді əбден түсін ген болуың керек. Түсіндің ғой? Мен басымды изедім: – Түсіндім. – Дұрыс. Атай тағы ары қарап отырды. Алдан піскен қауынның жұпар иісі келді. Ол мұрнымды қытықтап, қызықтырып барады.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ * Мен жаңа өмірге тез бейімделдім. Балалармен бірге жүрген де жақсы еді, бірақ мына тірліктің де өз қуаны шы, өз қорқынышы бар екен. Мен келгеннен үш күннен соң қауын үзілді. Шаншар атай бұл күні аса сергек болып, ерекше қуанып жүрді. – Көресіңдер, қауын үзілген күні бригадир бір-ақ арбамен келеді. Мен оны бір қатырайын, – деген. Айтқандай-ақ, Сатылған ағай бір-ақ арба əкеліпті. Атай Сатылған ағайды бір қатыруға жұптап жүрген сө зін айтып, құ марынан шығып, əбден масаттанды. – Əй, қарағым, бұл сыпыра емес пе? Мұның нең, он шақты арбамен келсең болмайтын ба еді? – деп қалжыңдап қуланды. – Қауын-қарбыз табылса болды ғой, арба табылады. – Бригадир басқа сөз таба алмай, жер шұқып қалды. – Сен ыза болып қалғаннан саумысың? Осылар қалжыңды да білмейді. Ерте ме, кеш пе, қашан болсын, таситын өзің ғой. Атай қарқылдап кеп күлді. – Сенің өстеріңді біліп, осы сөзді көптен жұптап жүруші едім. Атайдың қалжыңына енді түсінген Сатылған аға да ақтарыла күлді. – Атай, – деді ол күлкісін тыйып, – ана Қамау ауылға келді. Енді сол балаларды бастап келіп, былтырғыдай қауыныңызға түсіп жүрмесін. – Е, оған не бар ауылда? Жұмысы қайда? – Денесіне сыздауық шықты. Ол құрғыр қаптап кетіп, ердің үстінде отырып, тас айдауға шыдамады. Содан соң өзім үгіттеп əкеліп тастадым. «Жоқ, бармаймын, жұмыс істеймін» деп көнсінші. Зорға көндірдім. – Ол бір қырсық бала. Аман болса, Қамауекең бір соғады екен бізге. Жылдағыдай емес біз биыл үшеуміз ғой. Алдай алмас енді олар. Əлденнің өзі-ақ ұстайды оларды əрі-беріден соң.
Øàíøàð àòàé – Онда дұрыс. – Солай. Мына əңгімені естісімен, ішім қып ете түсті. Əнеугүні Шаншар атайға уəдемді бергенде: «Қорқақ Дүйсен балаларды бастап келе қояр дейсің бе?» деп ойлап едім. Ал Қамау, сөз жоқ, келеді. Жылда бізге ұйтқы болып жүре тін де сол. Сайдағы бақша мен ауыл аралығы жеті қараңғы түннің өзінде оған бұйым емес, қорықпайды да, үрікпейді де. Қамау əрі мұндайға келгенде – менің де атаманым. Қайтейін, уəденің аты уəде. Екіншіден, мен ол уəдені анаумынау емес, Шаншар атайдың өзіне беріп отырмын ғой. Өзі адам құсап келмесе, бір де қауын ала алмас Қамау лар. Мен осы ойымды айтып едім, Шаншар атай балаша қуанды. – Өзім де сезуші едім, – деді атай. – Ол, əрине, сенен үлкен бала. Бірақ əсте өзіңді ешкімнен қор санауға болмайды. Күресу керек. Міне, сонда ғана сен жеңіске жете аласың. Біздің не істеуіміз керек? Қазір сен ауылға қайт. Күннің қызған кезі, балалар суда шығар. Бар да, аралас та кет. Бітті. Талай əңгіме естисің. Кешке қарай өзім биемен барып, саған соғып шығамын. – Жарайды. * Мен жалғызаяқ жолмен ауылға қарай заулап келемін, Күн шақырайып, өзінің барлық отты сəулесін төгіп, айнала ның бəрін ыстыққа малып қойған. Əсіресе, беткейдегі тастар тұншығып, сағым тəрізді жылтылдаған ыстық дем шашып, өздерінің көлеңкелеріне өздері төне түседі. Мен де ыстықтап, бойым ауыр тартып, əзер жүріп келемін. Дегенмен тікенді, тастақты жерге келгенде жүгіріпжүгіріп аламын. Өйтпей, жай жүрсең, табаныңа тас ба тып, тікен кіріп əурелейді. Шіркін, жүгірген кезде қара табан тікен-пікеңді түк те елемеуші еді-ау!
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Кезеңге шыға келгенімде ауыл жарқ ете түсті. Алды мен өз үйіме, онан соң Бибіайымдікіне, сонан соң барып құйға қарадым. Үй жақтан ешкім көрінбейді. Ал балалар атай айтқандай-ақ құйда шомылып жүр екен. Құйдың суы ап пақ күмістей болып жалтырайды. Лезде ыстықтан тұншығып кеткендей болдым. Ылдиға қарай бездім сонан кейін. Мені бірінші болып Дүйсен көрді. – Қарауыл, қарауыл! – деп айқай салды оңбаған. – Қайсы қарауыл? – Қамау жан-жағына қарады. Менен басқа ешкімді көре алмады. – Қарауылың қайсы, ей, қу? Басқа балалар да аң-таң. – Анау ше, əне тұр ғой қарнын қарбызға қампайтып алып. Мен əншейінде болса, Дүйсенге есемді жібермес едім. Қазір қарауыл екенім де рас, қарбызға тойып алғаным да рас. Шындықты айтып тұр ғой Дүйсен. Шындыққа қарсы тұрып болған ба? Шет-жағасы шығып келе жатқан əңгі мені де үзуге болмайды. Сонымен үндемедім. – Бұл қарауыл болып па еді? Қамау мына сөзді жұлып алғандай тез айтты да, маған тесіле қарады. – Иə, сайдағы бақшаның қырағы көздерінің бірі – осы. Түу, Дүйсеннің мына сөзіне күліп жібере жаздадым. Ал балалар қыран күлкі болды. – Қырағы көз! – Өй, қайран-ай! – деп тақылдайды бəрі. – Е, е, кел бермен. Былтырғыны ұмытқан жоқ шығарсың. Бүгін кешке соны тағы бір қайталап жіберейік. Сен қай уақытта қарауылдайсың? – Күндіз. – Түнде ше? – Рахман ағай. – Кешке қайда боласың? – Үйде. – Бітті! Ал дайындалыңдар! Бүгін кешке жорыққа атта-
Øàíøàð àòàé намыз. Сары қауын мен құм қарбызды соғатын кез келді тағы да. Мына қарауылдың өзін де қосып аламыз. Міне, қызық! Басқа, басқа, дəл мынаны күтпеген едім мен. Қайтпек керек? Не де болса, Шаншар атайға айта мын да. Қазір «барамын» демесе, болмас. Менің үндемей қалғанымды қарсылыққа жорыды ма, Қамау тағы бастырмалатты. – Əлден, неге үндемейсің? Атайдан қорқып тұрсың ба? Мына мен тірі болсам, ол атайға ұстатпайтын бір ама лын табармын. – Жоқ, қорыққаным жоқ! Мақұл. Барайын. Қамау бəрімізді алқа-қотан отырғызып қойып жоспар құрды. Мен бастаған үшеу арғы шетінен келіп кіреміз. Рахман ағай мен Шаншар атай солай қарай жөнелгенде Қамау бастаған топ үй маңындағы қауын-қарбызды керегінше алып, зытып береді. Жиналатын жер – осы құй басы. * Сайдағы бақшаға Күн батқалы біраз уақыт өтіп, Ай əлі туа қоймаған, көзге түртсе, көргісіз қараңғы шақта келіп жет тік. Шаншар атай əлі үйықтамапты. Күркеде от жылтырап тұр. Бəріміздің көңіліміз өрекпулі. – Қайтеміз? Бастаймыз ба? – Қазір Ай да туады. Жер жүзі кішкене жарық тартсын. Біз сайдағы бақшаның ауыл жағындағы төбешіктің үстінде жатыр мыз. Шығыс жақ біртін-біртін арайланып келеді. Бұл – Айдың хабаршы сəулелері. Біз асығып отырмыз. Бірақ Күн мен Айдың тууы адамның еркіне бағынған ба? Жоғарғы ауылдың желкесіндегі қарсы беттен Ай қыпқызыл болып жартыкештеніп көрінді де, жайлап еңсесін көтере берді. Содан барып қызыл жалқық ақшыл тар тып, бетіндегі алдыңғы аяғын көтеріп, бір нəрсені андып тұр ған аю тəрізді сурет айқындала бастады.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ «Ал, балалар, кезің келді жайнайтұғын, Қауынды қаршылдатып шайнайтұғын». Қамау осылай өлеңдетіп жіберді. Бəріміз дүр сілкіндік. Мен отря дым ды бастап, қауындықтың аяқ жағынан келіп кірдім. Рахман ағай əдейі осы маңда жүр екен, айқай салды: – Əй, бұл кім, ей? Аттан, аттан! Шаншар атайдың да айқайы естіліп қалды. Бірақ атай біз жаққа келмеді. Рахман ағай балдағымен секеңдеп кел ді де, арықтың жағасына серейіп тұрып алды. – Əй, балалар, үйлеріңе қайтындар! Ала алмайсыңдар қауынды, – деп айқайлайды бізге. Біздің ісіміз бітті. Сонда да ұзамай айналсоқтап тұр мыз. Күрке жақ азан-қазан болды да кетті. – Аналар құрыды! Қолға түсті. Біз ауылға қарай салып ұрып жөнелдік. Қалған əңгі мені ертеңіне Қа маудан да, атайдан да естідім. Атай далбаң дап жүгіре басып, біз жақка кетісімен, Қамау команда береді. – Бала басы – екі қауыннан. Одан артықтың керегі жоқ, жүк болады. Ал жылдам! Балалар лап қояды. Бəрі екі-екіден қауын-қарбыз көтеріп, аңыздан енді шығып ұзай бергенде, екпіндей шапқан ат тұяғының дүбірін естиді. – Ал қашыңдар! Қамау бұл сөзді айтып үлгергенше, атты кісі дүрсіл де тіп келіп балаларды бір айналып шығады. – Иттің күшіктері, біреуің де қаша алмайсың! Қашқаныңды құрық сын ғанша сабаймын. Кəне, кейін қарай жолға түсіңдер! Балалар опыр-топыр болып үйлігіп тұрып қалады. Ашуы жаман атай дың қандай болсын зорлық-зомбылықка баратынын бəрі жақсы бі леді. Сондықтан лажсыздан көнген. Атай балаларды шұбыртып айдап кел генде, күркенің жанында Рахман да тұр екен.
Øàíøàð àòàé – Түу, ауылда бала қалмаған екен-ау! – деп таңданыпты. – Несін айтасың, шұрқ етпе. Мен енді көрсетейін қауын ға түскенді бұларға! Кəне, бойларыңа қарап, бір қатар болып тізіліп тұрыңдар! Рах ман, сен əскерсің ғой, тұрғызып жібер мыналарды. Қауындарын құшақ тап тұрсын қақайып. Шаншар атай аттан түскенше, Рахман бəрін сапқа тұрғызады. Балалар аң-таң. «Екі қауынды көтеріп тұру деген бұйым болып па?» деп ойлайды бəрі. Бірақ бұл жаңсақ ой еді. Аздан соң бəрі тыпырши бастайды. – Ата, қолым талды. – Ата, аяғым сынып барады. – Ататай, өлетін болдым. – Ештеңе етпейді. Қауын ұрлаған қандай екен? Одан да соны айт. – Құрысын. – Енді ұрламайық. – Жоқ, ұрлаңдар! Атай мұнан əрі міз бақпай отырып алады. Қыбырлағанын құрықтың ұшымен түртіп қояды. Затында қушыкеш болған соң амал бар ма, Дүйсен мұнда да тыныш тұра алмайды. Ақырын шынтағымен Қамауды түртіп қалады. – Қарауылының да бізбен бірге келгенін айтсақ қайтеді? – Құры! – Айтам. – Айтшы! Қамау аяғын ақырын көтеріп, Дүйсенді май құйрықтан бір тебеді. – Құйрығым-ай, құйрығым-ай! Дүйсен бір жері ойылып қалғандай ойбай салады. Атай сезіп қалады. – Əй, сен екеуіңнің жүктерің жеңіл болып тұр-ау, ə. «Есектің жүгі ауыр болса, жатаған». Қазір, қазір.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Атай орнынан тұрып барып, күркенің жанында жатқан əжептəуір үлкен екі тасты əкеліп, бірін Қамауға, бірін Дүйсенге көтертіп қояды. Нағыз масқара еңді болады. Мына жайға балалар дың барлығы қол дарының қарын талдырған ауырлықты да ұмы тып, ішек-сілесі қатып кү леді. Бұл күлкі бұйырмаған тек Қамау мен Дүйсен болады. Екеуінің еңсесін ауыр тас тар басып жіберген. Бұл кезде біз ауылға келген едік. Ауыл дүрлігіп жатыр екен. Əр жер-əр жерден баласын дауыстап шақырғандардың саны көбейіп, ақырында жиналып алыпты. Бəрі бізді бас салды. Бас тартуға амал жоқ, шынымызды айттық. – Ойбау-ау, ол шалдың біреуін жазым қылуы да мүмкін ғой. Елдің бəрі сайдағы бақшаға қарай шұбап бара жатты. Олардың алды келіп жеткенше, балалардың діңкесі құрып біткен. Бəрі аяқ-қолы дір-дір етіп жығыларман халге жеткен. Əсіресе Дүйсен өлімше күйде болады. Мейірі қатты, ашулы атай шетінен құрықпен түрткілеп, бірде-бірін дем алдырмай қойыпты. Балаларының артынан келгендер түгел жиналғанша Шан шар атай балалардың жүгін тастатпаған. Араша сұраушылар түгенделді-ау дегенде барып: – Ал, барыңдар! – дейді. Балалар қолдарындағы қауын-қарбыздарын жерге қояқоя салып, құ рысқан денелерін жаза алмай, сүмірейіпсүмірейіп, кібіртіктеп, ілби ба сып жолға түскен. – Мыналарыңды алып кетіңдер. Түнделетіп зəуі мен келген əрі əбден көтеріп бауыр басып қалған бұйым тайларың ғой. Топырлап жатқан қауын-қарбызға балалардың біреуі де бұрылып қа рамайды. Қауын-қарбыз – біздің ауылдың үлкеніне де, кішісіне де əуес ас. Ауыл жұртының сазға айдайтын бақшасын да олар піспейді. Суы мол, күні ыссы құмақ қойнауға қауын-
Øàíøàð àòàé қарбыз ересен шығады. Мұны жақсы біле тін Шаншар атай келгендерді құр қайтармайды, бірді-екілі болса да бере ді. Бұл жолы да атай балаларының жұлған қауын-қарбы зын апа-аталарына беріп қайтарады. – Осы жаман немелер күндіз келсе де, тойдырып жіберемін ғой. Бат қаны – мені басынғаны болды емес пе. Жоқ, Шаншар атай ешкімді ба сындырып көрген емес. «Ата» деп келсін, мен үлкендік жөнімді істеймін. Шаншар атай балаларының артынан келгендерді осы сөзбен шығарып салады. Атайды үлкен деп, батыр деп сый лайтын ауыл ақсақалдарының бірде-біреуі тіс жарып үн қатпайды. Жер болып келіп, жер болып қайтады. Кейін бұл əңгімені естігендер атайдың қаталдығы мен мейірімділігіне қатар таңданып жүрді. * Ертеңіне мені Шаншар атай: – Бала, қалай екен, ə? – деп көңілді қарсы алды. – Əбден, қызық болыпты ғой. – Айтпа. Естерінен кетпес еттім. Шіркін, кірпіш болмады, бəріне соны арқалатқанда, қызықтың нағыз көкесі сонда болатын еді! Енді қолға түссе, ол да болады. Оны қояйық. Бүгін сен жалғыз өзің қалайын деп тұрсың. Қауынқар бызды арбамен Шоқпарға таситын болыпты. Солар мен бірге барып, алды қалай болар екен, көріп қайтайын деп тұрмын. Бұйырса, саған тəтті-пəтті ала келемін. Рах ман да: «Бірге барам. Доғдырдан аяқ сұраймын» дейді. Жал ғыз қорықпайсың ғой. Қорықпа, саған жан адам тимейді. Мал келсе, қайырып жібер. Ит-құстан, тегі, қорықпа. Лашын мен Құмай тұрғанда, олар мүлде жолай алмайды. Мен кешікпеспін. Менің көңілім біртүрлі жабырқап, мұңайып қалдым. Əйткенмен, Шаншар атай сенім артып отырса, көнбеске шара бар ма?
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Қорықпаймын, – дедім. Бригадир үш арба, бір түйе жіберіпті. Арбалардың бəрі де ескі, жа мау-жасқау. Бұл жамаудың бəрі – менің əкемнің қолы. Ырдуанның, дөң гелектің жаңа шабағына қарадым болды, алыста жүрген əкем, шешем, Шəкір елестейді. Əкпем: «Иесіз сайда жалғыз қалай қаласың, күнім?» – деп қарайды маған. Осы бір тəтті елеспен бірге жүрегім ді қорқыныш та буады. – Сиырлар келе жатыр. Рахман ағайдың даусын естісімен, бəріміз жан-жағымызға жалт-жұлт қарадық. Біздің ауылдың сиырлары сай аузынан түсіп, бері қарай шұбап келеді. Қайран біздің көк сиыр əдеттегідей алда екен. Біртүрлі ширақ, ентелей басады. – Рахман, Əлден екеуің түйеге мініп барып, сиырларды қайырып жіберіңдер. – Жарайды. Үстіне талай жүк артылып, талай адам мініп жауыр болған қарабура біз жақындай бергеннен-ақ жынын шашып бақырды. – Бақырғаныңды əлі қоймапсың-ау, жануар. Рахман ағай қарабураны балдағымен жасқап барып мініп алды. – Ал, бала, кел. Мен ілгері басып едім, қарабура бақырып, маған қарай мойнын со зып пəле қылды. Рахман ағай балдағымен басқа салып қалды, мен арт жағынан жүгіріп келіп қарғып міндім. Қарабураны екі жақтап «Айт, шу, айт, шүу» деп тебініп, əзер тұрғыздық. Түйенің басын бұруымыз мұң екен, сиырлар состиып-состиып тұра қалды. – Əй, өк, қу қарасандар! – Қайт, көк сиыр! Сиырлар əрі қарай жосып жүріп берді. Біз сонда да қарабураны біраз жер бақыртып барып, кері бұрылдық.
Øàíøàð àòàé Қарабура күркеге қарай ентелей басты. Көліктің жылдам жүргені жақсы екен. Ағай да, мен де көңілденіп қалдық. «Екі жігіт молодой, Бір бұлт мініп барады-ой». Рахман ағай осылай əндетіп қойды. Бір бұлт. Мен аспанға қарадым. Бір бұлтқа мініп бара жатқан екі жігіт кəне? Біздің дəл тас төбемізде үлкен қара бұлт төніп тұр екен. Сол бұлттан екі жігіт бейнесін ізде дім. Екі жігітті бұлттың шығыс жақ ше тінен таптым. Дəл Рахман ағай екеуміз құсап біреуі үлкен, біреуі кіші қарайыпқарайып отыр. – Əне, екі жігіт. – Кəне? Рахман ағай жан-жағына қарады. Аспандағы екі жігітті жерден қайдан тапсын? – Таба алмадыңыз ғой. – Қайдағы жігітті айтып отыр бұл бала, ə? Мен аспанға қолымды создым. – Əне. – Жігіт емес, бұлт қой ол. – Жаңа өзіңіздің: «Екі жігіт молодой, Бір бұлт мініп барады-ой», – дегеніңіз қайда? Рахман ағай қарқылдап кеп күлді. – Бір бұлт, бір бұлт, ол түйе деген сөз емес пе. Орыс тілінде түйені бір бұлт дейді. – Қызық екен! Кейін білдім. Рахман ағайдың «бір бұлты» «верблюд» екен. * Қарбызды тиегендер Шоқпар стансасына бағана кетіп қалған. Рахман ағай арбаның біріне мініп кетті.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Шаншар атай кер биесімен тұмсықты айналғалы қашан. Күн еңкейіп, бесін болып қалған. Мен тақырда отырмын. Күркеге жолағым келмейді. Оған кірсем, бір қорқынышты бейне келіп, бас салардай болады. Əсіресе иесіз сайдың түстігіндегі əңірейген тастарға жан бітердей болып төне түседі. Тақырда отырып алып, сол тастарды түрлі жан-жануарға ұқсатып, өз ойыммен өзім ермек боламын. Бірақ ол тастардың бірде-бірін қорқынышты хай уанатқа ұқсатқым келмейді. Қой, сиыр, түйе, жылқы, адам. Осыларға ұқ саған тастар болса, солардың əрқайсысынан көз алмай ұзақ отырамын. Олар маған жақын, мият болып көрінеді. Мына бір тас – тура қасқыр. Жүрегім зу ете қалды. Не деген түсі суық пəле! Теріс қарап кеттім. Күркенің көлеңкесінде жатқан екі тазыға көзім түсіп, сəл-пəл жүрек тоқтаттым. * Былтырғы бір оқиға айна-қатесіз көз алдыма келе қалды. Апам, Шəкір үшеуіміз көк сиырға мінгесіп, төменгі, Жолымбетте қо рықшы болып отырған жақын нағашымыз дың үйіне барғанбыз. Наға шымыз тура өзеннің жағасына күрке тігіп алыпты. Есіктерінің алды – қалың құрақ. Нағашым үйінде жоқ екен. Нағашы апам шай қайнатып, есік алдында жүрді, ал біз іштеміз. Көк сиыр қазықта байлаулы тұрған. Бір уақытта даладан жан ұшыра өкірген дауыс шықты. Бəріміз үйден атқып-атқып шықтық. Күркенің аяқ жағындағы қалың қамыстан өкіре шыққан бұзау безген бетімен келіп, үйді айналып барып, көк сиырға тығылды. Көк сиыр да өкіріп, жатып кеп жұлқынды. – Ойбай, қасқыр. – Құртты-ау арқандаулы бұзауды!
Øàíøàð àòàé Осыны айтып, екі кемпір төменгі қалың қамысқа қарай тұра жүгірді. – Айтақ, айтақ! – деп айқайлап барады. Шəкір екеуміз не істерімізді білмей, состиып тұрып қалдық. Кемпірлер қасқыр екенін қайдан білді? Шəкір ауыл алдындағы беткейге қарады да, үрейлі жүзбен үйге зып беріп кіріп кетті. Беткейге мен де қарадым, үш қасқыр жайымен шуап барады екен. Буын-буыным құрып, айқайлайын десем үнім шықпай, отыра кеттім. – Жүгір, жүгір үйге! Шəкірдің даусы құлағыма алыстан талып естіледі. Сүйір тұмсықтары кере қарыс, мойындары күжірейгенкүжірейген үш көкжал демде-ақ дөң асып жоқ болды. Бірақ үшеуі арқандаулы тұрған бұзауды жарып кетіпті. * Менің денем қазір де сондағыдай тызылдап, ұйып кеткендей болды. Шіркін, қазір жанымда бір бала бол са! Тіптен Дүйсеннің өзі де үлкен абай болар еді-ау. «Жал ғыздық тек Тəңірге жарасқан» деуші еді апам. Сол рас екен. Мына сайдан қазір бір адам көрінсе, əкемдей болғалы отыр маған. Əне, сол адам көрінді де. Жоғары тоспа жақтағы мұрыннан астында сүліктей қара қасқа аты бар біреу шыға келді. Қасқа ат қатты жорғалай басады екен. Сұлу атқа үстіндегі адам мүлде жарасымсыз, қонбай отыр. Əне-міне дегенше жолаушы дəл жаныма келіп тоқта ды. Киімі олпы-солпы, шашы бұйра-бұйра болып, қобырап өсіп кеткен жігіт екен. Аңдап тесіле қарайды, түсі сұсты. – Əй, бала мынау не? – Бұл – бақша. – Бақшада не бар? – Қауын бар, қарбыз бар. – Мə, мына қапқа қауын сал.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Мен қапқа екі қауын салып əкелдім. – Мə, қабыңыз. – Неге көп салмағансың? – Атам келген адамға екеуден артық берме деген. – Атаң қайда? – Шоқпарға кеткен. – Стансаға ма? Қашан келеді? – Қазір. – Мə, тағы сал қауыныңнан. Жолаушы қапелімде өзгеріп, дегбірсіздене бастады. Өзі аттан түскісі келмейді. – Болды. Енді салмаймын. – Саласың. Жолаушы қалтасынан наганын суырып алды да, кезеніп тұрып: – Жылдам сал! – деп ақырды. Менің есім шығып кетті. Жерден қапты қалай көтеріп алғанымды білмей де қалдым. – Бар, тез! Қауындыққа қарай бүгжеңдей жөнелдім. Қауындық қа же те бере есім ді жиып, бір ойға кеттім: «Осы күркеге қойып кетсем қайтеді?» Ақырын еңкейіп қапқа қауын салып жатқан болып қарап қоямын, жо лаушы жан-жағына жалтақ-жалтақ қарайды. Бір кез Шоқпардан келетін жолға қарап ұзақ тұрып қалды. Осындай сəтті күтіп тұрған мен күркеге қарай салып ұрып жөнелдім. – Ей, тоқта, тоқта! Мен қарайламадым, күркеге жетіп қалдым. Наган гүрс ете түсті. «Өл дім ғой» деп ойладым. Бірақ оқ дарыма ған сияқты, еш жерім ауыр майды. Күркеге жете бере, сүрініп жығылып, артыма қарап едім, қасқа атты жолаушы зымзия жоқ болыпты. Екі тазы орындарынан дүрдиіп-дүрдиіп атып тұрды. «Не сұмдық болды» дегендей, елең-елең етеді.
Øàíøàð àòàé – Айт, Лашын! – деп, жолаушы асқан кезеңге қарай қол сілтедім. Екі тазы солай қарай жарыса жөнелді. Екеуі кезеңге шықты да, түкке тү сінбей тұрып қалды. Жан-жаққа тап-тап беріп елеңдейді. * Сөйткенше Шаншар атай да келіп қалды. Менде өң жоқ, түс жоқ, құп-қу болып отырсам керек. – Саған не болған, балам? Жаңа осы жақта бір атты лы адам жүрді ме, қалай өзі? – Мені атып кетті. – Атқаны несі? Кім ол? – Білмеймін. – Ойбай-ау, оқ қай жеріңе тиді? – Білмеймін. Шаншар атай ерекше елгезектікпен атынан домалап түсіп, менің үсті-басымды сипалап көре бастады. Оқ дарымапты. – Құдай бір мол сақтаған екен, балам! Ол жауыз кеше «Қарауылтөбенің» бір қойшысын атып кетіпті. Шаншар атай лезде ширығып кетті. Биесінің тартпа сын мықтап тар тып, үзеңгіге аяғын салып, «Əуп, бабам!» деп ерге ширақ қона кетті. Ырғай шоқпарын тақымына бас ты, белін белбеумен мықтап буып, бөркін миығына түсіріп, баса киіп алды. – Ал, бала, қазір арбалар да келіп қалады. Мен кеттім жаңағының ар тынан. Ол енді менен құтыла алмас. Кə, Лашын, Құмай. «Шаншар атай тұрғанда, бұл ауылды ешқандай ұрықары басын бас» деуші еді үлкендер. Атқа еңкейе жымып отырып, шоқытып бара жат қан атайды көріп тұрып, осы бір сөздің шындығына көзім жеткендей бол ды. Атай кезеңге шыға бере, кер биеге қамшы басты. Биесі атырылып, көсіле жөнелді де, көзді ашып-жұмғанша ғайып болды.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Мен күркеде əлі де үрейленіп отырмын. Қауын қалды жайына. Атай асқан кезеңге бір, төменгі мұрынға бір қараймын. Бірақ атай да, ар ба кештер де тез арада көріне қоймады. Мен арбакештерден гөрі атайдың тезірек көрінуін тілеймін. Басын қатерге байлап кетті ғой ол. Анада – наган, атайда – шоқпар. Не болар екен атайдың көрген күні? Амансау орала гөр, айналайын ата! Көрінші ертерек көзіме! Жоқ. Көрінбеді. Төмен қарасам, алдында үш арба, артында қара атан тізіліп келеді екен. Торлаған қорқыныш сейіліп жүріп берді. Алдарынан жүгіре шық тым. Келе алдындағы арбаға қар ғып міндім. Рахман ағай осы арбада екен. Болған жағдайды соған айттым. Ол арбакеш балаларға айтты. Бəрі даурығып қалды. Бəрінің де Шаншар атайға мият болғысы келеді. Бірақ тұяқтары сыртылдап, мұрыны пысылда ған шабан өгізбен қайда бармақсың. Қара атан болса, өгізден де шабан. Арбаларды доғарып, қара атанды шөгерген соң: – Қой, қарап отырмайық. Ең болмаса анау биікке шығайық, бірдеңе көрінер ме екен? – деп, Рахманнан басқамыз бақшаның түстігіндегі төбеге шықтық. Жоғарғы адырлар жаққа көз тігеміз, ешкім көрінбейді. Енді əркім əртүрлі сəуегей əңгімеге көшті. – Ол сұм атайды атып кетсе, не бетімізді айтамыз? – Атайдың бір көрген құқайы осы дейсің бе? Ол кісі талай ұры-қарыны жайратқан. Қазір-ақ келеді оны өңгеріп. – Сол қашқын қайбір шаба алады дейсің атқа. Атайдың екі тазысы да қой майды. Екеуі атай əмір етсе, ат тұрмақ, түйенің үстіндегі кісіні жұлып алады. Бұл даурықпа сөздер ұзаққа бармады. Ноғайбай сайының аузынан ат жетектеп шыққан атайдың өзі де көрініп қалды. Мен жетектегіні бірден таныдым – бағанағы қасқа ат. – Жетегіндегі мені атқан қашқынның аты.
Øàíøàð àòàé – Əп, бəлем, ол қасқаның өзі де сол атқа таңулы жатыр. Біз төмен қарай құлдилап, жарыса жөнелдік. Қашқында бағанағы сұсты кейіптің бірі де жоқ, басы салбырап, ша шының ұйпа-тұйпасы шығып, көзі аларып, есі ауып қалыпты. Атай өзін ерге етпетінен салып, қыл шылбырмен мықтап таңып тастаған, қыбыр етерге дəр мен жоқ. Маған сұсты көзімен бір қарады. Бірақ онысы маған: «Сені ме?» емес, «Саған не жаздым?» дегендей болып көрінді. – Атай, қалай ұстадыңыз? – деп сұрады Тұрап. – Оны өзің жауға шапсаң, білерсің. Бір амалы болды десеңші, əй теуір. Белсеніп кіріскен адам мұндайдың талайын алады. Ал мен енді мұны Шоқпардың милисасы на, Иван тамырға апарып тапсырып, бір-ақ қайтайын. Күн кеш болып қалды. Əлден, бүгін үйіңе бара алмайтын бол дың. Осында жата бер. * Ересек арбакеш балалармен бірге болу көңілді екен. Кешке қарай арбакештер қауын-қарбыз жарып, Шоқпардан əкелген бөлке нандарын турап еді, көл-көсір дастарқан болды да шықты. Қызды-қызды əңгімелер айтып, бəріміз əбден тойып алдық. Нағыз əңгіме төсекте басталды. Ересек балалар да біз сияқты болады екен. Олардың да Дүйсені бар көрінеді. Ол Тұрап болып шықты. – Барлық əңгімені былай жиып тастайық. Ұйықтап қалған жоқ па өзі? Мына Əлден бүгін соғысқа қатысқанмен бірдей болды. Тұраптың мына сөзін бəрі іліп əкетті. – Шындығында, ей. Соғыста да адамға қарап оқ атылады. Мұнда да сол болды ғой. – Бұл бір ер бала екен, азаматың! – Айтпа деймін! Мен болсам, жүрегім ұшып кетер еді.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Сендер одан да Шаншар атайды айтсаңдаршы. – Рас-ау! Жігіттер енді əңгіме əуенін Шаншар атайға бұрды. Күрке іші қап-қаранғы. Көзге ұйқы тығылады. Арбакештер шылымдарын жарқ-жұрқ тұтатып алып, Шан шар атай туралы білетіндерін жарыса айтады. Атайдың сан рет ат үсті сайысқа түскен, ерден ауып көрмеген, жауырыны жер иіскемеген атақты палуан екенін, жұртты зəрезап қылған қашағанды оп-оңай ұстайтын епті екенін, жастығы есіне түскенде казір де биесін бос жіберіп қойып, бұғынып келіп, үстіне көз ілеспес шапшаңдықпен қарғып мінетінін – бəрі-бəрін естідім. – Қартты Базар қартайтып кетті ғой, – деді Тұрап. – Базарды осындай батырдың баласы деп кім атайды? Əуелі Наубайсібір жағында ойнатып алып, майданға осы жолмен алып жүрген екен, жолда үш рет қашуға əрекет жасапты. Бірінде Аңырақайда, екіншісінде Шоқпарда қашып ты. Екеуінде де ұстап алыпты. Аспара стансасына барғанда тағы да зы тып беріпті. Бұл жолы қуған солдаттарға жеткізбей, ұзап кетіпті. Сөйт се, қуғыншылардың алдынан екі атты кісі шығып қалыпты. «Қайтар ана азғынды» депті командир. Екеуі Базарды қайырып, айдап келіпті. «Стрелять» депті командир. Бір солдат автоматпен дыр-р дегізіпті. Атайға естірткізгенде сенбей қойды. Кемпірі жыламақ болған екен. «Тəйт, о неменем! Сені мен менен ондай бала тумайды», – деп зекіп тас тапты. Бірақ өзі үш күндей жоғалып кетіп, оралыпты. Содан кейін-ақ атай жұрт көзі нен қашқақтап, үндемейтін болыпты. Пошташы келе жатса: «Хат бар ма?» деп сұрауды да қойыпты. Көзім жұмылып бара жатыр еді, мына сұмдық əңгіме ұйқымды шайдай ашты. Енді көпке дейін көзім ілінбей қойды. Бағанағы қашқын мен Шаншар атайдың баласы Базар көзіме кезек-кезек елестейді.
Øàíøàð àòàé Базарды атай əскерге былтыр шығарып салған. Əлі есімде, атай ба ласын кер биесіне мінгестіріп, Шоқпарға алып жүрген. Біздің есіктің алдынан өтіп бара жатқанда апам: – Жəке-ау, Базарды қайда алып барасыз? – деп сұрады. – Шоқпарға. Бұл он сегізге толды. Құдай қаласа, жігіт болды. Майданға барады. – Шақырып па еді? – Шақырады да. Сол шақыруды күтпей-ақ алып барамын. – Есен-сау қайт, қарағым! Əй, жəке-ай! Апам таңданды. Мен де таңдандым. – Сау бол, аға. – Сау бол, Əлден. Ауылдың иесі енді сендерсіңдер. Осы ны біліңдер. – Білеміз. – Онда дұрыс. Базар аға өстіп разы болып аттанып еді. Сол Базар ата сенімін ақтамай, қашқын болыпты. Қандай жиіркенішті еді десеңізші! Шаршап жүрген арбакештер қор-қор ұйқыға кетті. Мен апамның мейі рімді құшағын аңсап жатырмын. Апамның қолтығына мұрным ды тықсам, жақсы-жаман ойдың бəрі жоқ болып, тəтті ұйқыға берілер едім... Мен түн жарымында, талықсып жатып, əзер ұйықтап кетіппін. * Ертеңіне оянсам, бəрі тұрып кетіпті. Жанымда түнгі күзеттен келген Рахман ағай жатыр. «Шаншар атай келді ме екен?» Далаға жүгіріп шық тым, күн сəске түс болып қалыпты. Шаншар атай күркенің көлеңкесінде отыр. Арбалар жоқ, кетіп қа лыпты. – Ə, бала, тұрдың ба? – Қашан келдіңіз, ата? – Түнде. Сендер ұйықтап жатқанда.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ «Апыр-ай, бұл кісінің ұйқысы қалай тез қанады екен?» – Əлден, сен бүгін ауылға бара ғой. Əне, торға бір қауын, бір қарбыз салып қойдым. Соны ал да, қайт. Далаға түнетпеймін деп едім, Айша елеңдеп отырған шығар. Кешегіні естіп, ұшып келе ме, кім білсін? Ми лиса саған рақмет айтты. «Нағыз жігіт екен», – деді. Мен торды алдым да, жолға түстім. Жүрегім өрекпіп, қуана адымдай басамын. Мен – қазір ауылда бостан-бос қа көше таптап жүрген бала емеспін, қашқынға қарсы тұр ған, милицияның алғысын алған баламын. Кезеңге шыға келгенімде ауыл маған ұзақ мерзім көз жазып қалып, сағынып көргендей ыстық боп, жарқырап жатты. Əр үй, əр қора: «Балам келе жатыр, балам келе жатыр!» – деп қуанып құшақтарын жайып, өзіне қарай тартатын сияқты. Мен бойым балқып, тұрып қалдым. Өзен жаққа қарадым. Балалар суға əлі келе қоймапты, құйдың бас жағындағы жайпақтан бір қыз су алып жатыр. Бірден таныдым – Бибі айым. Ылдиға қарай жүгіре жөнелдім. Бір шелек суды əрі апарып қойып, екіншісін іліп алға лы еңкейе берген Бибіайым мені көріп қалды. Əу дегенде Бибіайымға қарай жүгіргеніммен, ол мені көрісімен, бұ зылып, бұрыстап өте шықпақ болып, қырындай бердім. Сол сол-ақ екен, Бибіайым: – Əлден, бері кел, бері кел! – деп айқай салды. Енді бармай гөр. Адам құсап айқайлап шақырып тұр. Естімегенсіп еле мей кете берсе де болар еді, бірақ ол – иттік қой. Мінезі тік, мəймөңкелеу ді білмейтін Бибіайым ның ертең-ақ мұны бетіме басатынына сөз жоқ. Лажсыздан Бибіайымға қарай жүруге тура келді. Мен жақындай бере-ақ, Бибіайым қатты мазасыздана сөйледі: – Болшы, бол! Тезірек өт бергі жаққа. – Не боп қалды? – Көремін. – Нені?
Øàíøàð àòàé – Оқ тиген жеріңді. – Ол жоқ қой. – Мейлі тез өт. – Көпірден өтіп келейін де. – Онда мен өкпелеймін. – Өкпелесең, өкпеле. – Ой, мақтаншақ! Бұл жер таяз ғой. Тізеңнен де аспайды. Сен бала ғынды түріп жібер де, өте шық. – Мен білемін ғой, асады. – Керек десең мен теріс қарап, көзімді жұмып тұрайын. Сен дам балынды шеш те, өте шық. Бибіайым екі қолы мен көзін тас жұмып, теріс айналып кетті. Мен не қыларымды білмей состиып тұрмын. Мына қызға немене керек? Кешегіні бұл қайдан естіген? Апам да есті ді ме екен? Онда үйге тезірек барайын. – Түу, сені-ай! Көзім талды ғой. Енді қашан? Бибіайым көзін ашып қарады да, əлі шешінбей тұрған мені көрді. – Не, сен бір айтқанымды істемейсің бе? Басқа қыздармен, балалармен ойнағанда пəледейсің. Жарайды онда, кеттім мен. Бибіайым бұртаңдап барып, шелегіне жармасты. Бибіайымның айтып тұрғанының бəрі рас. Енді қасарысудың еш қандай жөні жоқ. Бұл жерден өткенге нем кетеді менің? – Бибіайым, тоқта. Қазір өтемін. Бибіайым қуанып кетті. Дереу теріс қарап тұрып, көзін жұма қойды. Мен көйлегімді, дамбалымды шешіп бір қолыма, екінші қолыма торды ұстап суға түстім. Су түбі балшық, əр жерінде үлкендігі қос жұдырықтай-қос жұдырықтай тас бар екен. Солардың біріне сүрініп кетіп, жығылып қалмайын деп, аяғымды еппен басып келемін. Көзі талып, шыдамы кетті ме, қайдам, Бибіайым: – Болдың ба? – деп айқай салды.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Жоқ. Енді аз-ақ қалды. – Болдың ба? Бибіайым көзін ашып кеп калды. Мен бүк түсіп суға отыра кеттім. Бағанадан бергі еңбек зая кетті. Қо лымдағы киімім малмандай су болды. Бибіайымға ашуым келгені сонша, не дерімді білмей қалдым. – Өзің бір оңбаған қыз екенсің ғой! Бибіайым көзін жұматын емес. Менің сөзіме ашуланбады да. Ой, сұмдық-ай! – Əлден ұялшақ! Əлден ұялшақ! – деп, сақ-сақ күледі. – Əй, қыз, жұм көзіңді! – Жұмбаймын. Керек болса, өзің жұм. Мына қызды жын ұрар. Не деген ұятсыз еді! – Ал, əйтпесе!.. Мен көзімді тарс жұмып алдым да, жағаға қарай тарта бердім. Жаға ға шығып киінген соң барып көзімді бір-ақ аштым. Бибіайым көзін жұмып тұр екен. – Болдың ба? – деді. – Болдым. Бибіайым көзін аша салып, ішек-сілесі қата күлді. – Жаңағың не? Мен ойнап айтсам, сенің ренжігенің. Мейлі, сүмі реймей-ақ қой. Мен əдейі істедім керек болса. Əйтпесе сен оқ тиген жеріңді көрсетуші ме ең? «Қуын-ай мына қыздың!» Менің ашуым тарқай бастады. – Маған ешқандай оқ тиген жоқ. – Кеше сені бір қашқын атып кетіпті дегені қайда? Мен болған əңгімені айтып бердім. – Бəрібір, – деді Бибіайым, – сен біздін сыныптағы балалардың бəрі нен жақсысың. Мен тіптен не айтып, не қоярымды білмей қалдым. – Бибіайым, мынаны сен алшы. Мен тордағы қауын мен қарбызды Бибіайымға ұсындым. Бибіайым:
Øàíøàð àòàé – Неге? Атам беріп жіберді ме? – деді жұлып алғандай. – Көкең де тапқандарын шешеңе əкеліп бермейтін бе еді? – Ой, жынды Əлден! – Өзің жынды. Бибіайым менімен салғыласып жатпады, екі шелек су ды алды да, үйіне тартып отырды. Мен состиып тұрдым да қалдым. Қайтейін енді, өзім ғой бүлдірген. * Үйге кіріп келгенімде, апам жылап жіберді. – Күнім-ау, тірімісің? Құлыным-ау! Апам жылауын осылай бастады. Сосын: – Жаңа ғана естіп, зəрем зəр түбіне кетті. Жолға енді жиналып жатыр едім, – деп жылады. – Балаға қарап оқ атқан деген не сұмдық! – деп жы лады. – Бір жеріңе оқ ти се, күніміз не болатын еді? – деп жылады. Дауыс шыққан үйден мезі болған ауыл кемпірлері біздікіне тез-ақ жиналды. Істің мəн-жайын түсінген соң, бəрі жағаларын ұстап, таңырқап тарқасты. Апам мені көпке дейін жанынан шығармады. Шай қойып жүріп үйге кіріп те, шығып та айналып, толғана берді. Кешке жақын үйге шешем мен Шəкір келді. Қамбаға барған біреуден естіпті де безіпті екеуі жаяу ауылға қарай. Жаяу жүргенді көтере алмай, өкпесі алқынып қалатын əкем бұларға ілесе алмайтын болған соң, қалып қойыпты. Шешемнің де, Шəкірдің де қара торы жүздері күнге күйіп тотығып, бет-ауыздары жарылып кетіпті. Екеуі де келе мені бас салды. Шешем дəл бағанағы апам құсап азан-қазан қылып жылады. Оған апам да қосылды. Сондағы шешемнің: – Жалғыз бауырым мен бір баламды жұтқаның аз ба еді, қу соғыс! Бұл сəбиде нең бар еді? – деген сөзі əлі күнге құлағымнан кетпейді.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Əншейінде ұрысып-таласып қала беретін Шəкір екеуміз бұл кеште бір-бірімізге қынқ деп қабақ шытқанымыз жоқ. Екеуміз жатарда далаға шықтық. Аузымызға саусақтарымызды салып жіберіп, ысқырдық кеп. Біраздан соң əр жерден жауап қатқан ысқырық шықты. Бір-бірімізді ысқырықтан-ақ танимыз ғой біз. Балалар тез-ақ жиналды. Біздің есіктің алдындағы сазға ақсүйек ойнадык, Əншейінде бала лардың ойынына араласа бермейтін қыз дар да келді. Көптен бері көр меген өте қызық ойынның бірі болды бұл. Шөбін шауып алған тап-тақыр саз Ай нұрымен күндізгідей жарқырап тұрды. Ақсүйектен басталған ойын айгөлекке, мысық пен тышқанға, қой мен қасқырға ауысты. Ойынға Бибіайым келмеді. Бағанағыға өкпелеген-ау деп жорыдым. Кінəлі екендігім ойыма қайта-қайта оралып, мазам кетті. Содан ба, «тыш қан», «қой» болсам, тез ұста лып, «мысық», «қасқыр» болсам, ешкімге жете алмай, əуре болдым. – Əлден, бүгін саған не болған? – деді бірде Қамау. Дүйсен шап ете түсті. – Сен естімеп пе едің? Мұны кеше қашқын атып кет кен жоқ емес пе? Қамау естімепті. – Қой! – деп таңданды. – Ой, суайт-ай! Балалардың көбі естімепті. Дүйсен сарнай жөнелді. – Теміржолмен майданға солдат алып бара жатқан пойыз Шоқпар стансасына келгенде, одан бір қорқақ қашып шығыпты. Біздің таулар нағыз сондай қашқан-пұшқанға таптырмайтын жер ғой. Бұл қу да Қиын сайға көзі түсісімен жайнап кетіпті. «Бітті. Қайда бекініс», – дейді де, тартып отырады. Қалада өсіп, дала көрмеген байғұс Қиынсайды жақын деп қалса керек, əрі жүреді, бері жүреді, жете алмайды. Шекесінен бұрқ-бұрқ тер шығады. Білесіңдер ме, тер шығу мен жан шығудың арасы жақын болады.
Øàíøàð àòàé Содан, қойшы, əлгі қашқын «Қарауылтөбенің» бір қойшысына жо лығады. – Атыңды бер, – дейді. Қойшы өлсе берсін бе? Колхоздың аты кім көрінгенге бере қоятын шара-пара емес қой. – Бермеймін! – дейді. Қашқын тапаншасын суырып алады да, көздеп тұрып атып кеп қалады. Оқ қойшының дəл маңдайынан тиіп, «қой боғындай қорғасын ажал да болып жабысады». Дүйсеннің құбылтуы-ай, шіркін! Ойын жайына қалып, бəріміз ұйып тыңдап қалыппыз. Дүйсеннің бөсіп кеткенін мен жөнінде айта бастағанда бір-ақ білдім. – Содан əлгі қашқын Қиынсайды бетке алып келе жатқанда біздің Əл декеңе ұшырасады ғой. «Бала, қауын бер» дейді. Бұл жазған сонда ұрының мешогіне бір қауын, бір қарбыз-ақ салыпты ғой. Бандитгің аты бандит, онда тойым болған ба?! «Тағы», – дейді бандит. «Жоқ», – дейді Əл ден. Мұның көнбесін білген соң, қашқын қалтасынан тапаншасын жарқ дегізіп суырып алады. Əлдекең мешокты қолына ала салып бүгежең дей жөнеледі қауындыққа қа рай. Сөйте тұра, бұл итің былай шыға бере күркеге қарай зыта жөнеліпті. Қашқын көздеп тұрып періп кеп жіберіп ті. Мерген-ақ екен, оқ Əлденнің дамбалын жыртып, қара санын жалап өте шығыпты. Ой, ит-ай, өліп пе еді десеңші, тіптен! Бəрін арттырып жі бермей ме деймін-ау. Колхоздың қауыны жаннан əулие бо лып па? Ақымақ десеңші мұны. Мен болсам, қашқын ның мешогін толтырып беріп: «Ал жолыңыз болсын!» дер едім. «Е, Бибіайымға төндіріп айтқан осы екен ғой! Қаты райын сені». – Сен суайт сөйтесің. Ол рас, – деді Қамау сол сəт. – Сен сияқты жүрексіз ғой ол қашқының да. Қарашы сылдырауын. Қамаудың сөзін балалар іліп əкетгі. – Е, бəсе десеңші!
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Бұл Дүйсен оңбайды. Мен бірдеңе демек болып едім, сөзімді басқалар сөйлеп жатқан соң, тоқталдым. – Сендерге əңгіме айтса да жақпайсың, – деп өкпелеген болып жатыр Дүйсен пəле. – Шынында, құбылтты-ау өзі. Көресіңдер, түбінде бұдан жазушы шы ғады. Шəкірдің осылай деп Дүйсенді қостағанына таңданып қалдым. – Мұндай суайттан жазушы шықпайды. Жазушы өтірікті жазбайды, – деді Қамау. – Оның рас енді. Қой, кеттік, Əлден. Ертең ерте тұру керек. Балалар тез тарап кетті. * Ертеңіне шешем мен Шəкір кеткен соң, сиырды сауып болып, апам: – Əлден, көк сиыр кеше де, бүгін де иімеді. Көзі кіртиіп, жүні жығылып қалыпты. Бір нəрсеге ұрынған сияқты, – деді маған. – Кеше сиырлар қай жақтан келіп еді? – Сайдағы бақша жақтан келді-ау деймін. – Шаншар атай осыны өшікті деп жүр еді. Сол кісі сабаған шығар мұны? – Кім білсін? Бір кəдік. Мұны қойшы. Бұл қарасан сол Айыр жəкемді жазым қылмаса десеңші. Сен ертерек барып білші. Сайдағы бақшаға келгенімде, үнемі тақырда отыра тын, не қауын дықтың ішінде жүретін атай көрінбеді. Тақырда Рахман ағай отыр. Осы ның өзі көңіліме күдік ұялатып, қорқыныш туғызғандай болды. «Атай күркеде шығар» де ген ойды мият тұтып, іштей қайталай бердім. Мен күркеге қарай тарттым. Рахман ағай қол бұлғап шақырды. Неге екенін, дауыстамайды, құр ымдайды.
Øàíøàð àòàé Мен жанына келгеннің өзінде де Рахман ағай біреу ес тіп қоятындай ақырын сөйледі: – Т-сс-с, дабырлама, Шаншар атай ұйықтап жатыр. – Неге? – Бала, қызықты білмейді екенсің ғой. Кеше көк сиыр мен атай ай қасып қалды. Менің бойымнан ток жүріп өткендей болды. Апам екеуміздің күдігіміз теріске шықпады, дəл келді. – Қалайша? Айтыңызшы! – Отыр жайланып, айтайын. – Рахман ағай маған ақсақ аяғы жағынан орын нұсқады. – Ұйықтап кеткен екенмін, – деп Рахман ағай қозғалақтап, еңсесін көтеріп отырды. – Даланы бірдеме тарсылдатып алып барады. Шошып кеттім. Киінуге де шамам келмей, еңбектей жөнелдім далаға, бір жерде қолында шапаны бар атай, бір жерде көк сиыр тұр. Екеуі де ырсылдап өкпеле рін соғады, екеуі де солықтарын баса алмай ентігеді. Бір уақыт көк сиыр басын шайқап-шайқап атайға қарай тұра ұмтылды. Атай шапанын жалп дегізіп, сиырға ауаны сүзгізіп, өткізіп жіберді. Көк сиыр қайта бұрылып еді, атай тағы да сөйтті. Көк сиыр енді ұмтыла алмай, өкпесін соғып, тұрып қалды. Атай жерде жатқан ақ таяғын алып, көк сиырға қарай жүрді. Көк сиыр атайға қарсы келе алмай, тайқып шықты. Атай тұра қуып барып, көз ілеспес шапшаңдық пен көк сиырдың үстіне қарғып мінгені. Мен тіптен байқай да алмадым. Сиырдың арқасына қолы тигендей болып еді, үстіне қона кетті. Көк сиыр мөңкімеді, тек «енді ұрады-ау» дегенге ұқсап, басын біресе төмен салып, біресе қайқайтып арлы-берлі алып қаша берді. Мен де «атай енді ұрадыақ» қой деп едім, өйтпеді. Қақпалап мініп барып, сиырға қосып жіберді де, кері қайтты. – Мен жеңдім! Ол маған өшігіп еді. Енді қайтып жоламайтын еттім, – деп отыра кетті келе.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Əбден титықтап, діңкелеп қалыпты. – Неге ұрмадыңыз? – дедім мен. – Біз онсыз да бір-бірімізді түсіндік. Бір үйлі жанды асырап отырған сиырды ұрам деп, бір жерін майып қып алсам, пəле емес пе? – деді атай. Екеуміз басқа сөзге келмедік. Содан кешкілік жатқанынан əлі тұрмай ұйықтап жатыр. Шаршап қалыпты. Əне, атайдың өзі де шықты далаға. Күрке алдында сылдырлап ағып жатқан арыққа жуынып-шайынып, бізге қарай жүрді. Рахман екеуміз жамырай сəлем бердік. – Ассалаумағалайкүм! – Салаумалайкүм! – Балалар, амансыңдар ма? Атай екеуміздің де қолымызды алды. Шаншар атай дың еті қашқан жалпақ алақаны тастай екен. Талай шоқпар, кетпен, күрек ұстаған ба тырдың алақаны ғой бұл. – Рахман, сен барып демал. Əлден екеуміз бірдеңе қылармыз, – деді атай. Балдақты адамның ылдиға қарай жүргені қиын болады екен, Рахман ағай шойнаң-шойнаң етіп əзер кетіп барады. Атай екеуміз келісіп алған кісілерше, Рахман ағай дан күркеге жеткенше көз жазбай қарадық та отырдық. Ол күркеге кіргенде барып, бір-бірімізге қарадық. Көк сиыр құсап атайдың көзі кіртиіп, жүдеп қалыпты. Мен атайды аяп кеттім. Осынымды сезді білем, атай: – Мен жеңдім оны, – деді. – Жеңгенде де енді адамға беттемейтін еттім. Өзі де есті жануар ғой. Ол қайтып адамды сүзе қоймас, сірə. – Естідім. Балаңыздың айтқанын жасапсыз. – Иə, баламның айтқанын жасадым. Баламның, баламның... Атай ауыр күрсінді. Маған пайымдап біраз қарап отырды. Мен көз тайдырдым. Қазір Шаншар атай мен үшін бұрынғыдай жұмбақ, сұсты шал емес, күнделікті жұмыста
Øàíøàð àòàé бірге жүрген қадірменді қарт. Атай қинала отырып, əңгімесін қайта сабақтады. – Балам, менің сол балам туралы естіген боларсың? – Иə, естігем. – Ендеше, сол естігенің болыпты. Ешкім менен батып сұрай алмайды. Бірақ бəрі соншалықты жасық, сатқын баланың əкесі болғаным үшін мені іштей аяп, мүсіркейтін сияқты болады да тұрады. Мен баламды мұндайлық таяздықка қимаймын. Амал не, болар іс болыпты. Құдайдан қорықтым, мүрдесін ашпадым. Бірақ мен соны балам емес пе деп те ойлаймын. Атып тастаған соң, командир: – «Отанын сатқан азғын, ит екенсің, Шаншаров!» депті де, теріс қарап жүре беріпті. – Ойбай, бұл «Кербұлақтағы» Шаншардың баласы болмасын, – депті атпен кайырып келгеннің біреуі. – Əкесінен ұят-тағы, көмейік, – депті екіншісі. Сонымен, шұңқыр қазыпты да, көміпті. Маған жұртты зар латқан қарақағаз да келген жоқ қой. Өлдіге қалай қиямын мен оны. Тірі ол, тірі. Онайлықпен жер жастана тын жасық емес болатын балам менің. Дүниеде Шаншар деген ат аз дейсің бе? Көп. Аспарада атылған соның бірі шы ғар. Неғып тіл бере алмай жүр екен, а? Атай əңгімесін аса бір елжір үнмен аяқтады да, үстінен бір ауыр жүкті жұлып тастағандай, кеудесін кере дем ал ды. Мен де ойламаған жерден күрсініп салдым. «Тірі бол са екен» дедім іштей. – Алдыңғы күні қашқынды апарып өткізгенде милиса досым Иваннан сұрадым. «Пəшестің күйреуіне аз-ақ қалды. Осы қыстың ар жақ, бер жағында тыныштық қайта орнар», – деді ол. Керманды жеңіп қайтқандар ішінде менің де балам болса! Құдайдан сұрайтыным осы ғана. Ол күнді мен көру-көрмеуім екіталай... Менің əкем жет піс бесінде өлген екен, əкемнің əкесі де сөйткен. Мен де биыл жетпіс бестемін, мен де осы жасты аттап кете алмай тын шығармын.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Қойыңыз, ата, сіз əлі тыңсыз ғой. – Сырт көзге ғана тыңмын. Əйтпесе ауруым да бар, қажыр-қайратым да қайтты. Жаздай мына қауын ермек болып еді, енді ол да қазан болып келеді. Енді бір төрт-бес арттырсақ, жетіп жатыр. Сонан кейін балаларды жауып, бір құмарларынан шығарайыншы. Біз өстіп əңгімелесіп отырғанда, арғы қырдан кер бие желіп түсіп келе жатты. Ол күнде өстеді. Күн қызып, шыбын шыққанша жайылады да, дəл осы уақытта суға келеді. Сөйтіп, арықтағы суға қанған соң, бақшаның түстігіндегі биікке шығып алып, кешке дейін басын төмен салып, ұйқылы-ояу мүлгіп тұрады. Кер бие қазір де арықтағы суға бас қойды. Екі демалып жұтып, қарыны қабақтай болды. Енді күркенің көлеңке сіне келіп тұрды. – Осы сен атқа міне аласың ба? – деді атай. – Аздап міне аламын. – Аздап деген не ол? Қазақтың баласы қаршадайы нан аттың құлағында ойнауы керек. Сен болсаң, онға келдің. Сонда да ұялмай «аздап» дейсің. Бар, жүгір, кер бие кетіп қалмай тұрғанда ұсташы. Мен күркеге қарай тұра жүгірдім, атай да орнынан ауыр тұрды. Жүгіріп келе жатып та, биені жүгендеп тұрып та: «Апырау, бұл атай қайтпек?» – деп ойлай бердім. Менің танданған кейпімді атай бірден аңғарды. – Еріккен шал не істемек деп тұрсың ғой, мін кер биеге! Күнде мі ніп тұр, тақымың қатады. Айттым ғой жаңа, қазақтың баласы аттың құ лағында ойнауы керек. Атай мені кер биенің үстіне көтеріп мінгізді. – Тізгінді тежеп ұстап, тақымыңды қысып отыр. Жай аяң дап барып, сонау белден қайт. Қаласаң, шоқытып-шоқытып ал. Тақымың қатты болса, көңілің орнығып, өзіңнің де шапқың келеді. Ал жолың болсын! – Шүу!
Øàíøàð àòàé Кер бие құлағын қайшылап, сылаңдай басып келеді. Мен бұрын білмейтін бір мінезі – кер бие не болса соған жалт-жалт қарап, елеңдей береді екен. Сергек жылқы ғой. Шіркін, ат үстінің өзінше бір желігі бар-ау! Адамның кеудесі тасып, əн айтқысы, айқайлағысы келеді. Бойыңды белгісіз қуаныш кернеп, рақатқа бөленесің. Оның үстіне, талай топты шулатып, бəйгеден келген кер биеге мініп бара жатқанда шалқымай, қа шан шалқымақсың. Құйғытып-ақ кеткім келеді. Бірақ бұрын жайдақ атқа шауып көрмеп едім, содан жүрексінемін. Кер бие оң жақтағы қапталға жалт қарады. Құйын келеді екен. Шаң-тозаң, шөп-шаламды көкке шаншылта үйіріп, қураған жапырақтарды са тырлатып, тура маған қарай зулады. Мен қорғаншақтап, кер биенің басын тарта бер дім. Құйынның алдын орап елпілдеп жүрген алғашқы жапырақтар келіп жетісімен, кер бие жалт беріп, атып кеп кетті. Мен жалп ете түстім. Дүниені астан-кестен қылған құйын үстімді басып өте шықты. Құр кетпей, апам ақ жүннен басып берген қалпағымды ала кетіпті, анадай жерде жатыр. «Құйынның ішінде жын-шайтан болады» деуші еді апам. Сол есіме түсіп, қорқып кеттім. Бірақ енді қорқатын не қалды? Жын болсын, шайтан болсын, мені аттан жығып, мұратына жетіп тынды ғой. Атайдан ұят болды-ау! Мен қорлана басып барып, калпағымды алдым да, үстібасымды əбден қағып болып, қауындық жаққа қарадым. Атай кер биемен құйғытып келеді екен. Əне-міне дегенше маған жете беріп, кілт тоқтады да, сабырлы ғана: – Тақымың қатпаған екен, балам, əлі. Кел бермен, – деді. Атай мені артына отырғызып ала салды да, кер биенің басын қоя берді. Мен атайдың белінен мықтап қапсыра құшақтап алдым. Шапқан ат үсті жайында болады екен. Көңілім орнына түсіп, қолымды босатыңқырап ұстадым. Күркенің жанына келіп тоқтағанда, атайдың белбеуі-
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ нен бір-ақ қо лыммен ұстап отырғанмын. Мұнымның бəрін атай қапы жібермей ба қылап келеді екен. – Міне, үйрендің. Енді күнде мініп тұрасың, – деді. – Əріберіден соң сен бəйгеге шабатын боласың. Ол керек те. Жеңіс күнгі тойда сен шаппай, кім шабады мұнымен? – Сіздің жеңісті көре алмай, биыл өлем дегеніңіз қайда? Осы сөздің аузымнан қалай шығып кеткенін білмей қалдым. «Құр татын болды-ау, қап!» Шаншар атай ашуланудың орнына қарқылдап кеп күлгені. – Əй, баламысың деген-ай! Жеңіс қуанышы жалғыз маған ғана керек пе екен? Мен өлген екен деп, өмір тоқтап, тоқырап қалады деп пе едің? Өмір, ол – жөңкіп аққан қуатты, құдіретті өзен. Шаншарлар – ағыс ара сында біраз болып келіп, жағаға толқын теуіп тастап кеткен жаңқа. Ол жаңқа да басында көктеп, көк тіреп өскен ағаш емес пе еді? Ендігі көк өскін – сендерсіңдер. Кер биені сен мініп, шауып бəйгеден келсең, мен көрде жатып бір аунап түспеймін бе? Соны біліп қой, балам! Атай толқып сөйлеп тұр. Мені бұрын естімеген, сөйтсе де жақын, тек осы атай ғана айтуға тиісті сөздер баурап алып еді сонда. Əлі күнге мен бұл сөздерді өмірді, келешекті сүйген адамның сөзі ретінде жиі-жиі еске ала мын. Бəрінде де мəз болып ақтарыла күлген Шаншар атай тұрады көз алдымда. * Атай айтқандай-ақ, қауын-қарбыз қазан болған күні маған ауыл балаларын түгел шақырттырып алды. Балалар келе атайға жамырай аман дасты. – Ассалаумағалейкүм, ата! – Ата, амансыз ба? Атай қатты разы болды. – Кəне, қолды əкеліңдер. Сəлемдесу серті – қол алысу.
Øàíøàð àòàé Құр «Ассалау» деген аз адамға. Ауыз айта береді, алақан антқа жүреді. Қол алысып амандасқанда ғана білемін мен сендердің қайсыңның қандай жігіт екендеріңді. Адамның көңіл күйі қолында тұрады. – Əп, бəрекелді, əп, бəрекелді! – деп, бəрінің қолын алып жатыр. – Ал отырыңдар. Қауын-қарбыз ғой – əуес ас. Оны бəрің де жақсы бі лесіңдер. Енді сол қазан болып отыр. Қызығып жүрген сендер де, қызғыштай қорып жүрген мен де бүгін оны бітіреміз. Əйткенмен, сыпыра дейді емес пе мұны. Аралап көріңдер, тапқандарыңды алыңдар. Сендер тоятын қауын-қарбыз табылатынына мен кепіл. Əп-сəтте-ақ, қауындықтың дала-даласы шықты. Біз атай, Рахман үшеуіміз де масақ теріп алдық. Енді арада бір пəс өткенде бəріміз қауын-қарбыз арқалап ауылға келе жаттық. Сонымен, сайдағы бақша қызығы көрген түстей болып өте шықты. Мен біртүрлі ауылға сыймай жүрмін, жатырқап қалған сияқтымын. Да лаға кірсем, шықсам, жалтақтап біресе сайдағы бақша жаққа, біресе Шаншар атайдың үй жағына қарай беремін. Бірақ мен екеуіне де бара алмаймын. Сайдағы бақша қызығы қауын-қарбыз қазан бол ған күні ма сақпен бірге əр баланың иығында кеткен. Ал атай болса, енді менің теңім емес. Ол – бұрынғыша түрлі қалтарыс-құпиясы көп, бізге бала деп немқұрайды қарайтын көп үлкендердің бірі. Өстіп дел-сал болып жүргенде Шəкір келді. Оқу басталатын күн жақын қалыпты, сөйтсем. Шəкірдің келуі, оқуға баратын күннің жақын қалу қуанышы Шаншар атайды ұмыт тырып жіберіп еді. Ертеңгі асты аузымызға апара бергенбіз. Менің алдымда бір кесе қас пақ, Шəкір сүт ішіп отыр. Шəкір қаспаққа жоламайды. Апамның «Үй ленгенде тойында қар жауады» деген сөзінен бе, əлде менің оңайлықпен бермесімді біле ме, таласпайды, əйтеуір.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Есік жай сықыр етіп ашылып, Бибіайым кіріп келді. Мен аузыма қаспақ тола қасықты апарған күйі аңырайып отырдым да қалдым. Бибі айым мені мұңды көзімен бір сүзді. Жүрегім бір қауіпті сезгендей тыз ете түсті. – Апа, Əлденді атам шақырып жатыр. – Неменеге? – Білмеймін. Өзі түнімен ауырып шықты. Жаңа қатты қысылып қалды. «Əлденді шақырып кел» деп мені жіберді. Бибіайым маған тағы қарады. Көзі жасаурап тұр екен. Өңі қатты бұ зылып кеткен. Маған тіл қатпайды. Анадағы өкпесі жібермей тұр, бірақ оның осы үнсіз қарасынанақ «Жүрсеңші, бол. Мен өкпемді қойдым» деп тұрғанын сездім. – Бар, – деді апам. – Бар. Неге шақырды екен жəкем? Мен де барайын, қазір. Біз үйден шыға сала, жүгіре жөнелдік. Атайдың үйіне жақындай бергенде, Бибіайым кілт тоқтады. – Алқынып барғанымыз болмас, – деді сонан соң. – Расында. Бибіайым маған қарады. – Əлден, сен анадағыға өкпелеп қалған жоқсың ба? – Жоқ. – Өй, өтірікші. Өкпеледің ғой. Енді мойындамайсың. – Рас. – Көрдің бе? Шыныңды айтудың орнына тағы жасырасың. – Көрдім. Сен де өкпелеп едің ғой. – Рас, ей! Өкпемізді екеуміз де жасырыппыз ғой. – Білесің бе, қандай адам бір-бірінен өкпесін жасырады? – Жоқ. – Ендеше, айтайын ба? – Айт. – Бір-бірін жақсы көрген адам. – Кетші өзің. Не, сонда сен мені жақсы көресің бе? Ал мен сені...
Øàíøàð àòàé Мен Бибіайымға сөзінің аяғын айтқызбадым. Қайбір оңған сөз айтады дейсің ол. – Жүр. Не болса, соны айтқанша тезірек барайық. Біз үйге жасқана басып ендік. * Атай жастығын биіктеп, кеудесін көтеріп, терезеден сырт қа қарап отыр екен. Аяқ жағында – Əлипа əжей. Алуа əп кем де келіпті. Ол тұрып отыруға шыдамаса керек, оң жақ босағада жантайып жатыр. – Ассалаумағалейкүм, ата. Атай, ентігіп əзер сөйледі. – Кел, Əлден, кел. Мен состиып тұрып қалдым. Атайдың жанары солып, көзі-басы кір тиіп қалыпты. Қозғалақтап ұмтылып барып, түрегеліп отырды. – Əлден, кер биеге мін де, Төменгі мұрыннан басын қоя беріп, со нау жоғарғы Айдардың желкесіндегі кезең нен бір-ақ тарт. Мен көріп отырайын. Сені сол үшін шақырдым. – Жарайды. «Апыр-ай, мұнысы несі екен?» Кер биеге мінген бойда да, Төменгі мұрынға кетіп бара жатып та, аттың басын кері бұрып тұрып та, осы ойлар көкейімнен кетпей қойды. Шабатын жолға қарап біраз тұрдым. Даң ғыраған арба жол сайрап жатыр. Айдардың үйінің желкесіндегі кезеңге дейін талай жер. Жүрегім алабұртады. Қазір жолда ауыл иттері шəуілдеп қосылады. Кер бие олардың бірі болмаса, бірінен үркіп, жалт беріп, тастап кетіп жүрсе, қайтпекпін? Қой, шаппай-ақ қояйын. Ауылға жай аяңдап қайтқым келіп бір тұрдым. Өзге емес, Шаншар атай сұрап отыр ғой. Шапқым келіп бір тұрдым. Атайдың əне бір күнгі сөзі құлағыма дың ете қалды. «Міне, үйрендің, енді күнде мініп тұрасың. Əрі-беріден
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ соң сен бəйгеге шабатын боласың. Ол керек те. Жеңіс күнгі тойда сен шаппай, кім шабады мұнымен!». Бойым сергіп, көкейіме ерлік, өжеттік ұялады. – Шүу, жануар! Кер бие ата жөнелді. Əу дегенде құлағын жымырып, басын төмен салып алып, жер бауырлай жымып жөнеп еді. Мұнысы екпін алғаны екен. Енді кереметтей жайында шабыспен жалы дүрдиіп, екі құлағы едірейіп зулап келеді. Суылдап жел еседі. Құлағымның түбі ызың-ызың етеді. Мен тізгінді тежеп ұстап, кер биенің жалына төніп отырдым. Жер-дүние кейін қарай зымырай көшіп, қалып барады. Ойлағанымдай-ақ ауыл иті түгел қосылды. Əншейінде жүйрік сияқты көрінетін иттер шəу-шəу етіп, шаң қауып қалып жатыр. Атайдың үйінің алдынан өте бере терезеге қарадым. Терезе Күн нұрына шағылысып ештеңе көрсетпеді. Тек қол бұлғап өте шықтым. Мен аттың басын межелі кезеңнен бір-ақ тарттым. Артыма қарадым, атайдың үйінің терезесі көрініп тұр. Мұны менің бірінші рет байқауым еді. Бəсе, атай менің шапқанымды көріп отырайын деген екен ғой. Онда атай əбден көрсін. Мен ауылға қарай желе шоқырақтатып жөнедім. Өзіміздің үйдің тұсына келе бергенде естідім, Шаншар атайдың үй жағынан шу шығып қалды. Мен таяп қалғанда, ол үйден апам шықты. Өңі бұзылып кетіпті. – Балам, Айыр жəкем жүріп кетті. Түсінбей қалдым. – Қайда? – Сен үйге кірмей-ақ қой. Атаң жан тапсырды. Тағы түсінбедім. – Кімге не тапсырды? – Байғұс балам-ай, енді не десем екен? Өлді. – Атам-ой, атам-ой! Бұдан əрі не болғанымды білмеймін. Шапқан бетіммен
Øàíøàð àòàé келіп, аттан секіріп түсіп, бара Шаншар атайды бас салып жылаппын. – Арманда кеткен атам-ау! Балаңның аман келгенін көре алмай кеттің-ау! Сені күтті деп айтам мен ол келгенде. Атам-ой, ата, – деп елдің сай-сүйегін сырқыратыппын. Үлкендер: – Баланы əкетіңдер өліктен! – деп, мені үйден жетектеп шығарып жіберіпті. Атайдың өлімі осылай күтпеген жерден оп-оңай бол ды. Көп қиналып жатпай, бір-ақ түн ауырып, ешкіммен көп тіл ге де келмей, апамша айт қанда, «жүрді де кетті». Бар болғаны мен терезесінің түбінен өтіп бара жатып қол бұлғағанда, «Тəубе. Бар екен ғой!..» депті. * Ертеңіне атайды жерлеуге адам көп жиналды. Жота дағы жұмыс іс теп жүрген шалдар, қыз-келіншек, ересек балалар – бəр-бəрі келді. Көрші «Қарауылтөбе» колхозынан да жұрт топ-топ болып келіп жатты. Бəрі жылап келіп көрісіп, ауылды азан-қазан етті. Есік алдында тізіліп отырған шалдар да, алақандай екі бөлмеге толып алған əйелдер де əлсін-əлі: – Жарықтықтың мұнысы несі екен? – деп, атайдың кешегі өлердегі ісіне, айтқан сөзіне қайта-қайта таңдана берді. Əркім əрқалай жорып, əр түрлі саққа жүгіртті. Əншейінде небір жұмбақ сырды оп-оңай таба қоятын үлкендердің бұл күнгі болжамдарының бəрі де маған бекер болды да тұрды. Өйткені олардың ешқайсысы да мен ойлағанды айтпаған еді. Ал мен болсам, атайдың көкейінде кеткен сөзін былай топшыладым: «Тəубе. Бар екен ғой. Біз өлгенмен, ат жалын тартып мінген жеткін шек қалып барады екен артымызда. Солар біздің аруағымызды ешкімге таптатпас, біз жетпегенге жетер. Лайым солай болсын. Əумин». Атайдың айтып үлгере алмай кеткен сөзінің осы еке ніне мен əлі күнге сенемін.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Атай, мен де сіз сияқты шал боламын! – деп едім сол күні мен. Шал болу бізге əлі алда ғой. Дегенмен менің сол айтқаным айтқан. Шаншар атай сияқты қарт болу – алдағы арманым ол менің. * Сонау ұзап кеткен соғыс жылдары аядай ғана Кербұлақ аулында өткен менің балалық шағымның кішкентай ғана бір үзігін осымен аяқ тасам да болар еді. Бірақ барлық оқушының көңілінде бір-ақ сұрақ шешімін таппай дүдəмал болып бара жатқан сияқты. Ол – атайдың өзі мен бірге ішінде кеткен армандары. Оған «Эпилог» деп айдар тағып созбалап жатпай-ақ, төтесінен бір-ақ қайырайын. Атайдың басты арманы – Жеңістің болғаны айдан анық. Адамды сенім алдамайды екен, жауды жеңіп оралғандар ішінде атайдың ұлы Базар да болды. Бірақ мен оған əкесі нің ішінде кеткен өксік арманын ол кезде батып барып айта алмап едім. Тек ауыл сыртындағы жұпар иісті жел ескен Бозтөбенің басына шығып алып, төменгі молаларға қарап тұрып: – Балаң келді, ата! Ол сатқын емес екен! – деп, сан рет айқайлап айтқан болатынмын. Базар ағай бұл повесті оқыр да, білер өзі-ақ. ...Енді бəрі түсінікті шығар.
«ÑÀҒÛÍÄÛÌ ÑÅÍІ, ІÍІÌ» íåìåñå ÆÀÑ ÆÀÓÛÍÃÅÐ ÁÎËÀÒÒÛҢ ІÍІÑІ ÁÅÊÅÍÃÅ ÆÀÇҒÀÍ ÕÀÒÒÀÐÛ Хикаят
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Бірінші хат Бекен, сен хат жазған сайын солдат өмірі туралы сұраудан бір жалық пайсың, бəрін білгің келеді. Міне, солдат болғалы бергі үш ай ішіндегі сұрақтарыңды тізіп көрсе, бір жалпыдəптер жетпес, тегі. Атамның, əжемнің, көкем мен апамның жанында жылы үйде теледидар көріп отырып алып, сұрақты шұбырта беру саған, əрине, оңай. Ал маған оларыңның бəрі тұрмақ, біреуіне жауап жазу қиын. Солдатта уақыт жоқ. Міне, мен қазір қарауыл үйінде отыр мын. Қа рауыл дегенге, сөз жоқ, сенің көз алдыңа көп бол са, ауылдағы Күл жаханның дүкенінің алдындағы жарық түбіне келіп жайғасатын Жар қынбек шал келер. Жоқ, олай емес. Қарауыл – бес қаруын асынған солдаттар тобы. Олар кезек-кезек тұрып күтетін жерді пост дейді. Сол постт а тұрған солдат – сақшы. Былайша айтқанда, Қарауыл тобындағы кез келген солдат постқа тұрды болды, сақшыға айналады. Ал сақшы – қарауыл бастығы, оның орынбасары жəне ауыстыратын адамнан басқа ешкімнің сөзі өтпейтін, қолы жетпейтін адам. Ол өзіне тапсырылған постты күзету жəне қорғау жөнінде жауынгерлік тапсырма орындайды. Сақшы қару-жарағын тіптен өзі бағынатын адамға да бермейді, ол қашан өзін алмастырғанша постты тастай алмайды, мейлі өміріне қауіп төнсін, қызметін аяғына дейін атқаруға тиіс. Ол постта тұрғанда ұйықтамауы, отырмауы, бірдеңеге сүйенбеуі, жазбауы, оқымауы, сөйлеспеуі, сусын ішпеуі, шылым шекпеуі, дəрет сындырмауы, басқа адамнан ештеңе ал мауы, бермеуі, жағдай қыспаса, автоматын оқтамауы керек.
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì Көріп отырсың ба, сақшы болу – қиынның қиыны. Мұның бəрін та лапқа сай атқару үшін ол постқа тынығып алып, тыңайып баруы керек. Міне, дəл сондықтан қарауылдағы солдат əр постқа үш-үштен бөлінеді. Сөйтіп, бір тəулік ішін де кезектесіп екі сағаттан постта тұрады, яғни сақшы болады. Посттан келіп, екі сағат қарауыл үйінде сергек жүреді, сосын екі сағат жатып ұйықтау, əрі қарай қайта постта тұру. Бұл тəртіпті ешкім де өзгерте алмайды. Өйткені бұл – адам мүмкіндігі əбден есепте ліп тізілген, өмірде өзі жеткілікті дəлелденген тəртіп. Қазір мен сергек отыратын кезек. Екі сағат бос уақыт бар. Біраз жазып көрейін. Сенің əуеніңе төңкерілетін уақыт қайда? Осылай деп əңгімені шорт үзсем ғой, əлбетте, ренжисің. Ал сен біл сең, солдатқа туған-туыскандар да, жора-жолдастар да қандай ыстық десеңізші, шіркін! Солдаттың тұла бойы – тұнған сағыныш. Қалай бір соқталы сөз айтып тастадым-ау деймін өзім. Сен бұған күлме, бəрі рас. Əлі күнге, анау айтқандай, бір ұзап шығып көрмеген ауылмен қайта қауышатын күнді екі жыл бойы күтіп жүру, əй, шыдамға сын шығар. Соны ой ласам, ішім əлем-жəлем болады. Мен атамды, əжемді, көкемді, апамды, сені де кереметтей жақсы көреді екенмін. Талай рет шекісіп қалып, таяқ жеуші едің. Өзің ғой енді бүлдіретін. Қарашада маған əскерге шақыру қағазы келіп, үйдің іші абыр-сабыр болып жатса, сен: – Ой, сонша əбігер болғандарың, бір шəлтиген солдат болуға жарайды бұл, – деп қойып келіп қалдың. Өзің айта қойшы енді, шəлтигенің нең? Мұның аты – ма зақтау, əрине. Келеке етіп тұрған адам інің болса, енді өзің білесің ғой, ыржалаңдаған бетінен сүйкетіп жіберген артықтық етпейді. Ал қазір бір көрсем, сонда рас екені де, өтірік екені де белгісіз бақырып қалып, жас ағып жүріп берген дөңгелек бетіңді, кертпіш мұрныңды, ақша маңдайыңды қайта-қайта сүйер едім. Қалқан құлағыңды да
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ ұмытпаймын, əрине. Оны да сүйсем бе екен, жоқ, бұрасам... Ойбай-ау, не деп барам... Бекен, тіптен төбеме ойнақташы, мыңқ етер ме екенмін. Сені айтамын, өзіміздің күрең бие мен қоңыр сиырды да, қара қой мен жағал ешкіні де, екеуміз ортаға алып отырып сабақ жасайтын дөңгелек үстелді де сағындым. Бəрің де аяулысың, бəрі де ыстық! Аңсарым ауады да тұрады. Бірақ көңіл қаншама алып ұшпасын, сабасына тез түседі, екі жыл қызмет ету керек. Əскер қатарында қызмет ету – əрбір азаматтың құр метті міндеті. бұл – айдай анық шындық. Сен бұл ұлы ұғымды білуге тиіссің. Сенің жасыңда біз талай нəрсені білетінбіз. Білмесең, біліп қой, əскер қатарында қызмет ету – Отан қорғауға даярлану деген сөз. Өзің айтшы, адамда Отаныңды қорғаудан асқан борыш болушы ма еді, жоқ, бол майды. Солдат болу – сол даярлықтың басталуы. Əскер əркім ойына келгенін істейтін жер емес. Солдат тың таңғы са ғат алтыда тұрғаннан түнгі онда жатқанға дейінгі барша тірлігі – сағаты, минутына дейін қатаң тəртіппен түзілген. Сол бойынша жүріп-тұрамыз, оқимыз, жаттығамыз – өмір сүреміз. Оның бəрін тізіп жазып жату саған да, маған да қызық бола қоймас. Жеке-жеке сұрағыңа да жауап бұл. Бар болғаны солдат өмірін, осында көрген-білген, ойға түйген жайларды əлім келгенінше жазып көрермін. Осыдан сансыз сұрақтарыңа жауап алып қаларсың. Күні бұрын ес кертіп қояйын, не жазсам да разы бола сың. Ештеңені ежіктеп сұрамайсың. Біліп қой, солдатта – менде сенің əуеніңе төңкерілетін жағдай жоқ. Ең бастысы, солдат не болса, соны соға беретін ашықауыз емес, ол əскери құпияны қатаң сақтауға тиісті. Ал көп сөйлеген адам бір нəрсені бүлдіріп алмай тұрмайды. Қаншама сенің туған ағаң болғаныммен де, мен – солдатпын. Солдат жақынына, жақсы көретін адамына өзінің барлық сырын айтар, əскери құпияны аша алмайды. Əскери құпияны сақтау – əскери антқа адал болудың басты белгілерінің бірі.
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì Шындығына келсек, мен саған хатты қыска ғана жазсам да жетіп жатыр емес пе. Оған жан қинаудың қажеті жоқ. Бұрынғы-соңғы талай сол даттың хатын оқып көргенмін ғой. Соларша жазсам, хатым былай болар еді: «Солдаттық сəлем!! Аса жаннан артық көруші, алтыннан ардақты, күмістен салмақты, асықтың құлжасы, үйдің мұржасы – інім Бекен, денсаулықтың арқасында ойнап-күліп (оны сен қатыра сың ғой), оқуынды оқып, шапқылап жүріп жатқан шығарсың. Атамның, əжемнің, көкемнің, апамның денсаулықтары жақ сы ма? Бəрі аман-есен жүр ме? Ал, Бекен, оқуың қалай? Мектеп бітіруіңе төрт жыл қалды ғой, ол түк емес, тез өтеді. Жақсы оқы. Орташа оқығанның қандай болатынын көрдің ғой, міне, жүрміз өстіп, солдат болып. Жақсы оқысаң, мен құсап «құламайсың», бірден түсіп кетесің институтқа. Осы айтқан тілімді ал. Шіркін, адам өмірінің «əттеген-ай!» деген үзігін қайта жалғар болса, онда бар ма, онда мен түк те ойланбастан, мектеп партасына отырар едім де, кітаптан бас алмай жабысып оқыр ем. Оқудың түбін түсірер едім. Он дай күн қайда бірақ? Есесіне, сен қатыр енді. Бір үйден біреу оқымысты болса, аз ба? Ендігі үміт сенде, інім. Сен солдат туралы көп сұрап, басымды қатыра берме. Саған құлаш-құлаш хат жазып жататын уақыт жоқ. Бəрін барған соң айтамын. Осымен хатымды аяқтаймын. Айтпақшы, бізді сұраған жанның бəріне сəлем де. Сау болыңдар! Сəлеммен, Болат». Міне, менің хатым осы болуға керек. Сенің дəметіп жүргенің бұл емес, əрине. Солдат өмірінің барша қыры мен сырын білгің келеді. Кейін өзің көретін жайды қазірден біле берсем дейсің. Əй, қу-ай, мейлі, енді əс керде ағаң бол ған соң сөйтесің де. Менің жазғандарымды достарыңа ай тып, мақтанбақсың ғой. Жарайды.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Мен де сен сияқты едім. Солдат болып қайтқан талай ағайдың аузын бағып, сілекейім шұбырған. Емініп отырып естіген сол əңгімелер кере меттей қызық еді-ау! Біздің аузымыздан суымыз ағып отырғанын байқап қалған қу жігіттер əңгімесін əдейі үзіп, діңке құртатын. Бəрібір ол тоқтау болмайтын, əңгімені үзілген жерінен əрі қарай іліп əкетіп, қиялға ерік беретінмін. Көңіл қандай жүйрік, демнің арасында ұшқыш та, па рашютист те, матрос та, танкист те болатынмын, шпиондарды аңдып, ше карада да тұ ратынмын. Осының басын бір-бір шалып келіп, мерген болуға тоқтайтынмын. «Неге?» дейсің ғой. Оның жауабын ендігі хаттан күт. Əне, жатуға шақырып жатыр. Кеттім демалуға. Сау бол! Ағаң Болат. Екінші хат МЕНІҢ НЕГЕ МЕРГЕН БОЛҒЫМ КЕЛДІ? Бекен, өткен хатта осы сұраққа келіп тіреліп едік қой. Оның себебі тереңде жатыр. Мен білсем, сенің де мерген болғың келеді. Мейлі, ол жағын өзіңе қалдырып, өз жайыма көшейін. Сен білесің бе, қайдам, біздің ауылда балаларды əс кер ге шығарып салуға арналған жиын жылына екі рет өтеді. Мəдениет үйіне жұрт ба лаларды əскер қатарында қыз мет етуге шақыратын уақытта – көктемде бір, күзде бір жи налады. Мұндай жиынға бұрын бірнеше рет қатысқаным бар. Ұжымшардың бастықтары, ақсақалдар, мұғалімдер, əскерге баратындар сөйлеп, соңы нан концерт, би болады. Бізге керегі, əрине, соңғы жағы. Жиналыс, сөз ертерек біт се екен деп тыпыршып отыратынбыз. Сөйтсем, нағыз қы зық сол сөзде жатыр екен. Мəдениет үйіне бізді шығарып салуға ауылдың кəріжасы лық толды. Неге екенін, сен жоқсың бірақ. Біз – əскерге шақырылған алты бала алдыңғы қатарда отырмыз.
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì Талай өтіп жүрген жиын ғой, соның бірі де. Жарайды, бізге арналған жиын-ақ делік, онда тұрған не бар? Ауылдық кеңестің хатшысы Ханшайым апай алып ұшып жетті жаны мызға: – Балалар-ау, бұларың нелерің, мұнда отырғандарың? Жүріңдер анда, президиумға шығыңдар! Алтауымыз да орындарымыздан атып-атып тұрдық. Не əрі, не бері жүрерімізді білмей, иіріліп қалдық. Жұрт шапалақты ұрып келіп жіберді. Сол сəт ауылдық кеңестің төрағасы Елубай ағай, ұжымшар төрағасы Кемел ағай, бірнеше ақсақал жəне бір əскери адам сахнаға шыға кел ді. Бəрі үстелге жайғаса берген, состиып-состиып тұрған бізді көрді де Елубай ағай ілгері ұмтыла беріп: – Балалар, келіңдер бері, президиумға шығыңдар! Бүгінгі құрмет – сендерге. Кəне, кəне, былай төрлетіңдер! – деп оң қолымен жол нұсқады. Бұрын кім көрген, президиумға шығу қиынның қиыны екен, алтауы мыз да өрт боп жанып кеттік. Біз жайғасып бол дық па, болмадық па, Елубай ағай саңқылдап сөйлей жөнелді. – Құрметті жиналған көпшілік қауым! Бүгін біз бір аса елеулі оқиғаға байланысты бас қосып отырмыз. Осы қазір ғана өздеріңіздің көздеріңіз ше қошаметтеп президиумға шақырып отырғызған ауылымыздың алты баласы азамат тық сапарға аттанады. Əскерге барады, жолдастар. Біз бүгін оларға əкелік, ағалық ақылымызды айтып, мына отыр ған ақсақалдар ақ батасын беріп, шығарып салуымыз керек. Тапсырмамызды, яғни ама натымызды берейік. Бұлар ды бəрің де білесіңдер. Сонда да таныстырып қояйын. Мұным дұрыс шығар, ə? Ендеше, оң жақтан бастайын. Анау шеткі – Теріскейдегі Шəріп шопанның баласы Əлтай. Нағашыларына тартқан ба, қайдам, нəзіктеу сияқты. Ештеңе етпейді, екі жылдан кейін келгенде сені танымай қаламыз əлі-ақ. Екі иығыңа екі кісі мінгендей жігіт болып ораласың. Одан кейінгі – Балға-
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ бай ұстаның баласы Болат. Айтпақшы, бұл – атасының баласы екен ғой. Смағұл ақсақал, кешіріңіз. Міне, өзі де сізге тартқан етжеңді жігіт. Кө ресіз, иə, көресіңдер, зыптай болып оралады əскерден. Елубай ағай өстіп бəрімізді бір-бір сипаттап алып, «тапсырмаларын, яғни аманаттарын» беруге көшті. – Ал, балалар, бəріңе бір-ақ аманат – Отанның адал ұлы болыңдар! Тапсырма – «Кербұлақтың» азаматы деген атқа кір келтірмендер. Адам қайда жүрсе де, еңбегімен елеулі, қызметімен қадірлі. Жан-тəндеріңді салып, қызмет етіңдер! Жақсы солдат болыңдар! Осы айтқандарымды екі елі естеріңнен шығармаңдар! Елубай ағайдың сөзі қандай ғажап еді, жүйке-жүйкем босап, құйқам шымырлады. – Ал, кəнеки, араларыңызда бұл балаларға игі тілек білдірем дейтін деріңіз бар ма? Бар болса, мұнда, трибунаға шы ғыңыздар. Ау, ақсақалдар, сіздер бірдеңе деңіздер, жол болсын айтыңыздар, ақ баталарыңызды беріңіздер. Смағұл ақсақал, сіз бастасаңыз, қайтеді? Атам мұндайды күтпепті, қалбалақтап трибунаның қайда екенін, қа лай қарап жүрерін білмей сасып қалды. Жұрт күліп жатыр. Атам кілт тоқтап, орнына қайтадан отыра кетті: – Смеке, оныңыз не қайта отырғаныңыз, бері келіңіз. Атам орнынан қайта түрегелді. Орындықтың жақтауынан екі қолымен мықтап ұстап, нықтап-нықтап тұр. – Елубай, соныңды қойшы. Ол тірбүнең бастықтарға бол маса, бізге жараспас. Шалдарға осы жер де жетеді. Жол болсын айтсақ болыпты да. – Əй, балалар, сендер өзі қолпаштауды жақсы көре тін қусындар-ау деймін. Қара, бүкіл ел жиналыпты, мұрын дарың кеткен таңырайып. Осы ларың дұрыс. Елубай, бұларға енді мен де сен құсап тапсырмамды бе рейін. Менің тапсырмам: бəрің де сынайпыр болыңдар! Неге дейсіңдер ғой. Күлесіңдер, ə. Көрсетейін мен сендерге күлкінің əкесін. Міне!.. Күліңдер ал!..
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì Атамның оң құлағы шұнақ екенін екеуміз жақсы біле міз ғой. Атам соны көрсетпей, миығына бастыра киіп жүре тін тақиясын жұлып алды. Құлағының орны тып-типыл, жалтырап тұр. Жүрегім атқақтап аузыма тығылды. Ұят-ай! Атам шұнақ құлағын неге көрсетті? Мəз болып күліп отырған ел сілтідей тынды. – Ал, айтыңдаршы, мына құлақ қайда? Жоқ. Немістің сынай пыры қа ғып түскен. Осы шұнақ құлақпен-ақ пəшестерді індерінің түбіне ты ғып қайтқан бұл Смағұл. Осыдан ең болмаса, біреуің сынайпыр болып шықсаңдар, жарар едіңдер. Балдар, жоқ, жігіттер, сынайпыр болыңдар. Жігітте өткір көз, қарулы қол, жасқанбайтын жүрек болсын. Мұндай жігіт, сөз жоқ, сынайпыр болады. Біздің сынайпырлар жаудың құлағын емес, басын жұлып түсетін. Өзіміздің осы жамбылдық сынайпыр жігіт Ыбырайым Сүлейменов үш жүздей немісті жер жастандырды. Көріп отырсыңдар ма, сонда сынайпырдың бір өзі үш жүз адамға татиды деген осы. Балам Болат, сен ұқтың ба, сынайпыр бол! Мына менің «шұнақ Смағұл» атанып жүргенім – сол пəшес сынайпырының кесірі. Ал құлақ деген адамға өте қажет. Айналайын атам-ай, шұнақ құлағыңызды намыс қылып, жан адамға көрсетпеуші едіңіз, жаныңыз қысылып кетті-ау! Кейімеңіз, мен мерген боламын. Жаңа ғана күліп отырған ел жым болды. Алдыңғы қатарда отырған бір жас бала орнында ма екен дегендей, екі қолымен екі құлағын бір-бір ұстап қойды. Сол сəт Əлтайдың нағашы атасы Ыстыбай ақсақал сөйлей түрегелді. – Смағұл дұрыс айтады. Мына менің «Кемиек Ысты бай» атанғаным да сынайпырдың кесірі. Міне, мына «Қызыл Жұлдызды» кеудеме мар шал Жуковтың өзі қадаған. Қас қарайып, қараңғы түсе бастаған кез. Траншейде жатқан быз. Қасында бір топ нөкері бар Жуков сау етіп ке ле қал ғаны. Орнымыздан ұшып-ұшып тұрдық, «Осторожно, сынай пер»
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ деді Жуков. Басымызды бұға-бұға қалдық. Содан бір күн бұрын қиян-кескі ұрыста көрсеткен ерлігімізді елеп, Жуков бəрімізге орден, медаль үлес тіре бастады. Шіркін, Жуков нағыз жомарт адам еді ғой, аямай, қарық қылды. Маған мына «Қызыл Жұлдыз» тиді. Осыны кеудеме қадап тұрып маршал: «Жарайсың, қазағым! Өстіп соғыса бер, əлі-ақ «Алтын Жұлдызда» аласың. Кəне, енді шылым тұтатыңыз, жолдас Өмірбаев!» – деп зажигалкесін жарқ дегізгені. Қолбасшының өзі өстіп кішірейіп тұрғанда, жазған құлда жан бар ма, сақтықты ұмытып, орнымнан серең етіп тұ рып, шылымымды тұтатпақ болып еңкейе бергенім сол еді, жағым сақ ете қалды. Немістің сұр мергені іліп түскен екен. Абырой болғанда, оқ маршалдың қолына тимей, менің иегіме тигенін айтсаңшы! Жуков қа бүкіл ел қарап отыр, ал мен не, бар болғаны гөспителге бір жатып шықтым да, соғысқа қайта кіріп кеттім. Əй, өзім де өлерменмін-ау, иек тің бодауын аз қайтарған жоқ бұл аталарың. Менің де тілегім, жоқ, аманатым – сынайпыр болыңдар! Əй, Əлтай, басқа болмаса да, сен бол. – Ата, айтып тұрғаныңыз Жуковтың өзі емес, адъютан ты шығар, – деп алдан бір бала қадала кетгі. Ыстыбай атай шоршып түсті: – Тəйт, əрі! Осы заманның баласы не боп барады, түге? Қара сенбеуін! Жуковты танымай не бопты маған? Əлде Жуков соғысқан жоқ деп пе едің? Қалай соғысқан, əке сін танытқан. Немене, кино көрмейсіңдер ме өзі? «Москва үшін шайқас та» Жуков барлық қаруды елемей, жанына солдаттың бас қаруы автоматты алдырып қоймады ма? Ө-ей, Жуков мергеннің мергені, солдаттан өскен адам. Əскерде солдаттан асқан адам жоқ. Ол кісі мұны білетін, солдаттармен қойындасып жата беретін жарықтық... Ал мен болдым. Енді өздерің сөйлеңдер. Біздің ішіміздегі пысығымыз Əлтай болып шықты. «Қайсың сөй лейсің?» деген заматта «Мен» деп трибунаға барып қаздиып тұра қалды.
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì – Құрметті жолдастар! – Əлтайдың мұнысы кəдімгідейақ еді, əрі қарай болмады. – Сендердің, жоқ сіздердің бəрімізді, ж-жо, бізді сыйлап, түу, құрметтеп келіп-келіп, қалай енді, жай, отырғандарыңызға мың, одан да көп, мейлі миллион дейінші, рақмет! Біз, біз енді мергеннің көкесі боламыз. Міне, былай көздеп... – Əлтай екі қолымен мылтық ұстаған адамша тұра қалып, көздеген болды. – Көзде-еп тұрып періп кеп қалғанда, жаудың құлағын қағып түсеміз, аузын апандай етеміз. Жаудың ең жанды жері – қақ жүрегіне тигіземіз. Біз – солдатпыз. – Əй, мынау бір болайын деп тұрған бала екен, – деді атам. – Дұр-рыс, – деді Əлтайдың нағашы атасы. Əлтай енді еркінсіп кетті: – Жолдастар, жау қайда, көрсетіңдерші, көкесін көзіне көрсетейік. Мына біз тұрғанда қорықпаңдар. Тып-тыныш жата беріңдер ауылда. Жұрт қыран күлкі болды. Əлтай не айтарын білмей қызарақтап қалды: – Енді не айтам? Осы ғой... Тағы бірдеңе дейін бе?.. Онда мен өзі танк... Əй, қойшы соны, мерген дедім ғой, мерген... Ыстыбай атай Əлтайдың бүлдіріп бара жатқанын намыс қылды: – Əй, Əлтай, қой енді, басқа балалар сөйлесін. – Жарайды, мен қойдым, ата. Онда мына Болат сөйлесінші, көрейік не айтатынын?! Жұрттың бəрі маған қарады. Əлтай мəз, ыржалаңдап келіп, орнына отырды. Сөйлеу қайда, орнымнан біреу зорлап көтеріп тұрғызбаса, қи мыл дап не болыпты маған? Төмен қарап, мөлиіп қаттым да қалдым. – Жарайды, ешкімді қышамайық. Енді мен бір-екі ауыз сөз айтайын. Айналайын Кемел ағай өстіп орнынан тұрмағанда, менің күнім не болатыны белгісіз еді. Кемел ағай трибунаға барып тұрды.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Жолдастар, кішкене тынышталыңыздар! Жаңағы сөйлеген жолдас тардың барлығы дұрыс айтып жатыр. Айналайын алты бала, азаматтар, сендерді бүгін біз құрметтеп, əскер қатарында қызмет етуге шығарып салу үшіп жиналып отырмыз. Біздің даңқты Қарулы күштеріміздің қа тарын да солдаттан бастап маршалға дейін қызмет етеді. Олардың бəрі өзін бір-ақ ауыз сөзбен «солдатпын» дейді. Өйткені солдат – ұлы ұғым, жолдастар. Бəріміз де солдат пыз. Тыныштық болсын! Егер ел басына күн тусыншы, онда осы отырған бəріміз қолымызға қару алып, солдат сапына тұрып, Отан қорғау жорығына шығамыз. Бейбітшілік кезде де солдат керек елге. Олар біздің тыныштығы мыз ды, алаңсыз еңбек етіп, оқу оқуымызды күзетеді. Сол солдат – осы балалар. Менің алдымда сөйлеген жолдастардың сөздеріне толығымен қосыла мын. Отанға адал қызмет етіңдер, жігіттер! Бізді де ұмытпаң дар. Қызметте рің бітісімен, ауылға оралыңдар. Сендерді мына жиналған ел-жұртта рың, ұжымшардың егін далалары мен мал фермалары асыға күтеді. Келіп, еңбек етіп, осы ауылды өсіретін, гүлдендіретін сендерсіңдер. Ауылға асықтырып жүрсін деп ұжымшар басқармасының ұйғарымымен бəріңе бір-бір қолсағат сыйлауға рұқсат етіңдер! Кəне, Əлтай, сөзің жақсы екен, сен келші алдымен. Бəрі жақсы еді, Кемел ағайдың соңғы сөзі қытығыма тиді. Сылдыр Əлтай бəрімізден артық болғаны ма сонда? Ке мел ағай бұл қатесін тез түзеді, қолымызға сағат тағып тұ рып, бəрімізге бір-бір ауыз жылы сөз айтты. Кезек маған кел ді. – Қолың қатты екен, жақсы солдат боласың. Ауылдың абыройын кө теріп қайт! – Жақсы солдат болу үшін не істеу керек, ағай? Айтыңызшы, мен бəріне əзірмін! – Міне, жігіт! Оны командирлерің айтады. Командирдің бір айтқанын екі етпесең, нағыз солдат боласың. – Сөйтемін, ағай! – Сөйт. Сөйтіңдер, қарақтарым!
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì Жиналыс осымен бітті. Кезек ойын-сауыққа берілді. Бірақ ол маған бұрынғыдай əсер еткен жоқ. Қайта-қайта жаңағы жиналыс есіме түсе берді. Мұндай құрметті бұрын кім көрген. Жиналыста сөйлегендердің бəрінің айтқаны дұрыс. Атамдар соғыста жау оғынан көп қорлық көр ген. Оларға салса, біз əскерде мергендікті үйренсек, же тіп жатыр. Бастық ағайлар көпті біледі. Отан солдаты бол, кейін ауылға келіп, еңбек ет дейді. Біз сендердің айтқандарыңның бəрін орындаймыз. Солдат бо ламыз. Əрбір оғын көзге атқан мерген болмаған соң оның несі солдат? Менің мерген болғым келетіні, міне, сондықтан ғой. Енді білдің бе, Бекен? Білсең бұл хат осымен тамам. Ал ағаң аман. Сəлеммен, Болат. Үшінші хат НЕТКЕН ЫСТЫҚ ЕДІҢ СЕН, ТУҒАН ЖЕР! СОЛДАТ БОЛУ ҚОШТАСУДАН БАСТАЛА МА? ЖОҚ... Бізді шығарып салған сəтті ұмытпаған боларсың, Бекен, сен. Ұжымшар кеңсесінің алдында көлденеңдеп тұрған көк ала автобус көзден кетпес. Алғаш біз үй ішімізбен келгенде ешкім жоқ еді, демнің арасында жұрт жиналып қалыпты. Бəрі – солдатқа баратын алтауымыздың туған-туысқандарымыз. Менімен қоштасуды үлкендік жолымен атам бастады: – Кел, батыр, бетті əкел. Кешегі айтқаным айтқан: мерген бол! Ал енді сен солдатсың! Мен солдатпын. – Əмісе жолың бола берсін, күнім! – деп күбірлеп бетімнен сүйді əжем. Мен солдатпын. – Балам, жылы киініп жүр. Баспаң шығып қалмасын, абайла. Мой ныңнан бөкебайыңды тастама. Жүн нəскиіңді кезек-кезек ауыстырып киіп жүр, – деп апам дамылсыз сөйлеп жатыр.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Мен солдатпын. – Аман барып, сау қайт, – деп қуана жымиды көкем. Мен солдатпын. – Келгенде маған бесжұлдыз, белдік əкеліп бер! – дедің сен қолтығыма тығылып. Мен солдатпын. Сендер өстіп сыртта қала бердіңдер. Біз автобусқа отыр дық. Автобус от алып қозғалды. Сендер əр нəрсені жа мырай айтып, шулап тұрсыңдар. Біз ауылды, бəріңді қимай жалтақ-жалтақ қарап отырмыз. Бойымыз да, ойымыз да өскен, туған жер, неткен ыстық едің сен! Əне, біздің үй тұр аппақ болып, «Табалдырығымнан бір атташы күлімдеп» дейтін сияқ ты. Міне, Көкарық көшесі жатыр көсіліп. «Бойыммен бір жүріп өтші жайраңдап» дейтін сияқты. Əріде Шу өзені барады жөңкіле ағып, «Жа рымнан бір секірші, тереңіме шаншылып кеп» дейтін сияқты. Бəрі біз ге ілескісі келеді. Қайда, мекендерін қиюшы ма еді, біртін деп қалып барады. Автобус екпін алып, біз оза бердік. Біз енді солдатпыз. Бізді енді тоқтататын күш жоқ. Тіптен, сол дұрыс. Қайтқың келсе, қайта ғой десе де, қайтпас едім. Бұл – мені қорлау болар еді. Қатардан калу – өлім, көппен көрген – ұлы той. Сірə, мерт болары анық ақтық айқасқа кірейін деп тұрған жауынгерге: «Сен осында қала ғой, басқалар-ақ барсын» десе көнбес. Намыс буар, ары жібермес. Мен де солаймын, солдат болам. Солдат болу – менің арманым! Айта берсең, сөзсіз қажет. Неге десең, сен білесің, менің сол аяғым оң аяғым нан сəл-пəл қысқа, оның үстіне, ептеп қисықтау. Сен кішкентай кезде аттан жығылғанмын, содан аяғым қара санымнан шорт сынып, осылай болып біткен. Менің аяғымның бұл ақауы сырт көзге байқалмас, ал ауыл адамдары жақсы біледі. Бірақ мен ешқандай кемдік көріп жатпаған соң, ешкім көп елең қылмайды. Биыл көктемде біздің көшеден бір топ баланы аудан дық
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì əскери комиссариат шақырғанын білесің ғой. Сол кезде менің аяғымның кемдігі гу етіп еске алынды. – Ой, бұл Болат ақсақ. Мұны қайтсін əскерге алып? – Бұған рақат! Біз əскерде жер тепкілеп жүргенде, бұл ауылда əке-шешесінің қасында жүреді, – десті балалар. Əлтай қу шойнаңдап, менің жүгірісімді салып, мазақ тап мəз болды. Балалар қыран күлкіге батты. Мен ызадан жарылып кете жаздадым. Бірақ Əлтайға қой дей алмадым, айтып тұрғаны рас – аяғым кем екені кем. Оңаша болса, əрине, Əлтай бұлай еркінсімес еді. Балалар бар жерде ол – батыр. Əбден мазақтады. Ойнағанды көтере алмай, төбелес ашты деген аттан қашып, мен шарасыз тұра бердім. «Əлтай, əлі көрерміз кімнің қандай солдат болғанын?!» Өстіп іштей кіжінгеннен басқа амал жоқ еді менде. Сол сəттен бастап мен əскери комиссариат шынымен жаратпай қояр ма екен деп шыбын жаным шығып жүрдім. Жаратпаса, нағыз масқара болғаным, жаратса, нақақтаннақақ мазақтағанның қандай болатынын көресің əлі-ақ, Əлтай. Сыптай түзу солдат болам мен. Əскери комиссариатқа барғанымда аяғым жөнінде лəммим дегенім жоқ. Комиссия ерекше назар аударатын өкпем таза, үсті-басымда қыл пықтай да жара жоқ, əскерге жа радым да шыға келдім. Сен сондағы менің қуанғанымды көрсең етті. Сол аяқтың аз-маз қысқалығы, сəл-пəл қисықтығы не қылар дейсің? Рас, жүгіргенде Əлтай мазақтағандай шойнаңдап кетпегеніммен, кемдігім ептеп байқалатыны бар. Қалай жүгірсем, олай жүгірейін, онда тұрған не бар? Солдатқа кере гі жылдамдық болса, ол менде жеткілікті. Мұның бəрі, əрине, менің өз көңілім. Облыстық əскери комиссариаттың комиссиясы өте қа тал деседі. Адам ның төрт мүшесін, ішкі сарайын түгел сара лап қарайды екен. Содан өткен бала, міне, нағыз солдат сол. Көңіліміз тағы өрекпи бастады.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Бұл – соңғы сүзгі. Осыдан өтсек, бітті, жолдарың болсын! – Ауданнан кейін тағы да тексерудің не қажеті бар екен? – Керек. Солдат болу оңай деп пе едің? – Солдатқа ең керегі – денсаулық. Қалғанын сержанттар-ақ қатырады. – Сержантты айтасың, алғаш барған жастарға ефрейтор да қожа. – Кезек күткен жігіттер өстіп əрнені бір айтып, тыпыр шып тұрмыз. Былтыр мектепті менімен бірге бітірген Берік бай іштен көзі жасаурап шықты. Жігіттер түсіне қойды, көңілді əңгіме шорт үзілді. – Мені жаратпады. Енді қайттім! Берікбай шарасыз кейіппен маған қарады. Менен не көмек болсын, демімді ішке тартып тұрмын. Не айтпақ пын? Жігіттер Берікбайды ортаға алып, сұрақты жаудыртып жатыр: – Қой, əншейін шығар? – Рас. – Не дейді сонда? – Өкпеңде қара дақ бар. Осында ауруханаға жатасың, тексерілесің, – дейді. – Бəсе. Тексеріп көреді де, түк пəлең жоқ деп жібереді əскерге. – Кейін жібергенін қайтем, қазір жіберсін.. – Қайтесің енді, басқа амал жоқ, көнесің. – Көнбегенде, қайда барам, көрем де. – Мұны көресің, жібермесе, қаласың. Ал ұжымшар берген сағатты қайтесің? Апыр-ау, мына Əлтай қандай жосықсыз? Біреу қатарынан қалып жер болып, ауру тауып азып тұрса, бұл қуланады. Мұны не деп болады? Бас қалар да осылай ойлаған болуы керек, бəріміз Əлтайға жирене қарап қалыппыз. Берікбай шарт кетті: – Сондағы қимайтының мынау ма, қазір онда, – Берікбай
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì қолындағы сағатты шешіп алып, Əлтайға ұсынды. – Мə, Сен – солдатсың. Бұл саған лайық. Сағат менің қай теңім?.. – Өй, мынау қайтеді, ей? Ойнап айтам. – Жоқ, шындап айтасың. Сендер əскерге барасыңдар, бақыттысыңдар. Ал мен... Берікбай сағатты Əлтайдың жанқалтасына сүңгітіп жіберді де, тез-тез басып сыртқа беттеді. Жігіттер Əлтайды ал кеп қоңашта: – Сен не, сонша ойының тасып? Жігіттер, келіңдер, көрсетейік бұған ойынды. – Не істейміз сонда? Басынан мəтек аламыз ба? – Мəтек аз бұған. – Сонда не істейміз? – Жығып салып, тепкілеу керек. – Əй-əй, абайлаңдар! Отан солдатын сабамақ түгілі, басынан сипай алмайсыңдар. Солдатқа командирден басқаның айтқаны – пішту. – Кəне, ұрып көрші біреуің, гаупвахтаға апарып қамасын. – Ол не пəле? – Түрме. Солдаттың түрмесі. – Ой, құрысын онда? Əлтайды қорқытамыз деп, өзіміздің үрейіміз ұшты. Бұл Əлтайға дауа жоқ екен. Біздің кəдімгідей сескеніп қалғанымызды да пайдалана қойды: – Əй, ақсақ, сен қалай жарадың, ей? Мə, сағатты апарып бер. Мырзасын жаманның. Қайдағы, ет қызумен берерін бе ріп алып, енді іші ұлып тұрған шығар далада. Апар, апар! Əлтайдың тілін алдым ба, жоқ Берікбайды аядым ба, білмеймін, əйтеуір, сағатты ала салып, далаға атқып шық тым. Шынында, Берікбай не қыларын білмей, əрі-сəрі болып тұр екен. – Берікбай, сен қызықсың. Кімге өкпелейсің? Бізге ме? – Жоқ. – Əлтайға ма? – Соны қойшы.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Онда, мə сағатың. Ал! Несіне асығасың, барарсың əскерге. – Барам ғой. Сендерден қалғым келмей тұрғаны. – Ой, соны да сөз деп. Жүр жігіттерге! Берікбай қимай қиналып тұрған жігіттер үшін жер түбіне бармай ма, үнсіз ілесті. Солдат болғанша талай қызықты көреді екенбіз əлі-ақ. Менің ойыма кенеттен келген бұл тұжырымның кереметтей растығына кейін талай рет көзім жетті. Оның əрқайсысы бір-бір əңгіме. Əлі-ақ соның бəрін жазам. Тек асықпа. Бəрін бірден жазып тастайтын уақыт солдатта қайдан болсын? Əр хаттың арасында біраз мерзім өтер. Бекен, сен оған ренжіме, асықпа. Ау, айтпақшы, сол уақыттың өткені керек əуелім. Менің жазатындарым – өз басымнан кешкен оқиғалар, солдатта көр гендерім, ойға түйгендерім. Əлбетте, мен оларды кеше, бүгін, бағана, қазір деп жатпаспын, дегенмен уақыт сыйлаған өмір үзіктерін тастамауға тырысармын. Солай. Осымен бір доғара тұрайын. Жақсы. Ағаң Болат. Төртінші хат МҰНЫ «ЖОЛДА» ДЕГЕН ДЕ ЖӨН ШЫҒАР Бекен, солдат туралы жазбас бұрын оған жеткенше көргендерімді, яғни жол қызығын жазу қажет сияқты. Ақыры менікі жазу, сенікі оқу екен ғой, мұны да бір көрейік. Бұл жазу дегенің бір пəле, тегі, бір нəрсені жөндеп жазайын десең, екіншісі көлденеңдеп көкейіңді тесіп, қаламыңның ұшына оралады. Мен қайбір мұндайды жазып көрген адам дейсің, дегенмен, ең бастысы, ұстаған бағыттан таймай тар та берген шығар. Азар болса, ұнамас. Онда жыртып таста. Ұнаса, тоқта-тоқташы, ұнасын-ұнамасын, сақтап қой. Мен кейін ауылға барған соң оқып көремін. Саған керегі болмаса, өзім алам. Мүмкін, бір кəдеге жарап қалар.
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì Жа зушы дегендер сөйтеді екен ғой, жазғанын жерде қалдырмайды дейді. Көрген-білгенін тізіп жазып, кітап қылып шығарады екен. Кім біледі, мен де сөйтермін. Несі бар солдат бəрін істей білуі керек. Ал, шынымды айтсам, жазушы болу – менің арманым. Мейлі, енді бұл əңгімені қоя тұрайын əзірге. Алдымен сол дат болып алайыншы. Өткен хатта қай жерге келіп тоқтап едік өзі? Ə-ə, түсті еске. Иə, сонымен комиссия атаулының бəрі бітіп, жүрек əбден орнықты-ау. Енді біздің денсаулығымызды ешкім тыңдап-сығалап тексермейді, жағдайымызды сұрап əурелемейді. Енді біз ешкімге қарайлай алмаймыз, жол шақырады, баратын жер күтеді. Жүрегіміз алып ұшып асығамыз: ертерек солдат болсақ екен. Ұшағы қайда, ұшсақ, машинасы, пойызы қайда, мінсек деп ентелейміз. Мейлі «кукурузникке» мінгізсін, мейлі «товарный» пойызға, жүк тиейтін қызыл вагонға мінгіз сін, əйтеуір, алып жүрсе екен. Ой, шіркін-ай, солдат болып, мұз дай қару асынып алып, суретке түсіп, көрген-білгенің ді ай тып хат жазып, үйге салып жіберген адамнан бақытты кім бар екен бұл дүниеде?! Біз асыққанмен, əскери адамдар асықпайды екен. Бір жылға татитын бір күн бойы əскери комиссариат ауласынан шығармай ұстап барып, кешке қарай вокзалға автобуспен алып келді де, пойызға отырғызды. Кəдімгі жолаушылар пойызына міндік. Иə, бізде қазір солдатты қызыл вагонға мінгізбейді. Бұрын сөйтетін. Ақын Қасым Аманжолов соғысқа сондай вагонмен аттанған. «Оралым, менің Оралым, Қол созып қызыл вагоннан, Үстіңнен өтіп барамын». Аяулы ақын жастық шағы өткен жермен осылай қимай қоштасқан. Мінген көліктері қызыл вагондар екен. Өстіп
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ қызыл вагондар тарихтың бір белгісі боп есте қалған, ақын жырынан орын алған. Пойызға Шоқпардан Шуға дейін талай мініп едік қой. Көр генбіз, вагонда əркім өз тірлігімен кетіп бара жатады. «Жол қысқарсын» дегендер шахмат, дойбы ойнайды, екеуара, үшеуара əңгіме-дүкен құрады. Вагон іші тып-тыныш, жинақы болып тұрар еді. Ал біздің вагон гулеп келеді. Вагондағының бəрі – бір тілек тің ада мымыз. Бəріміз бір-бірімізден айнымаймыз – түптүгел тақыр баспыз. Сол тақыр бастың бəрінің іші – аяулы, асқақ сезім: өткенді қимастық, ал ғы күнге асығу. Бə ріміз қайда барып, қайда тоқтарымызды білмейміз, тек солдат бо латынымыз анық, бірге қызмет ететін боламыз. Ендеше, несіне жатырқаймыз? Біз бір купеге мінген төрт бала ай-шай жоқ та нысуды бастадық. Турасын айтқанда, біз емес, Əлтай бастады. – Жігіттер, келіңдер, танысайық, дос болайық. Біреуміреу тиіссе, дос болған жақсы. – Солдатқа кім тиеді? – деді сұнғақ бойлы, мығым қара бала. – Соны айтам, – деді тапалдау бадырақ көз сары. Менің Əлтайға ашуым келді. Аузына келгенді айтамын деп қараптан-қарап пұшайман болып тұр. – Мейлі, жігіттер, сонда да танысқанымыз жақсы. – Бұл – басқа сөз. Менің атым – Өмірзақ. – Танысу керек. Мен – Əкіммін. – Менің атым – Болат. Ал мынау – Əлтай. Қол алысып, жөн сұрастық. Өмірзақ пен Əкім көрші «Көк қайнар» кең шарынан екен, біз болса да – «Кербұлақтанбыз». Бітті, біз таныс бо лып шыға келдік. Байқап қалдым, басқа купедегі балалар да жапа-тармағай танысып жатты. Əлтай жаңағы ыңғайсыз сөз айтып, ұятқа қалғанын демнің арасында ұмытып, бүкіл пойызды аралауға кірісті. Əр кеткен сайын жаңа бір хабар алып келеді. Мұндай қолдыаяққа тұрмайтын шапшаң жігітті кім көрген, лыпып тұр.
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì Қай жаққа бара жатырмыз? Қандай бөлімшеде қызмет ететін бола мыз? Шіркін-ай, шекарашы болар ма еді? Əй, қайдам, жаяу əскерге апа рып қойып қалатын шығар? Осы тəрізді сұрақ бəріміздің көкейімізде тұнып тұр, бірақ асыққанда не, бəрі рет-ретімен бола жатар. Əлтай тағат қылмады, осы сұрақтардың, бəріне жауап іздеп шарқ ұрды. Біреу ананы, біреу мынаны айтады. Əлтай дереу бізге жеткізеді. Ешқандай нəтижесі жоқ бос сөзді тыңдай-тың дай мезі болдық. Содан Əлтайды күлкі ете бастадық: – Əлтай, сен əлі аз білесің, пойыздың бастығына бару керек. – Жоқ, алда үшінші вагонда штаб орналасқан, соған бар. – Майор жолдас, сізге қатардағы жауынгер Əлтай, жоқ, фамилияң қалай еді? – Ыстыбаев. Қатардағы солдат Əлтай Ыстыбаев келіп тұр деуі керек мұның. – Қой, бұған ондай ақыл бермеңдер. Шын көріп қалып жүрер. – Иə, шын көрем, барам, – Əлтай орнынан атып тұр ды. – Барса, несі бар екен? Көріңдер де тұрыңдар, бəрін бі ліп келем. Енді біз жік-жапар болдық: – Əлтай, сен қой мұныңды, ұят болады, – деді Өмірзақ. – Жалғыз саған емес, осы купедегінің бəріне ұят, – деді Əкім. – Командир ашуланып, бір пəлеге қалып жүрерміз, – дедім мен. Əлтай өршіп кетті: – Ə-ə, қорқасыңдар, ə, қорқыңдар. Пəле маған емес, мені айдап сал ған сендерге болады. Сендер жіберді деймін мен командирге. Өмірзақ шарт кетті. – Мынау бір жұқсыз ғой өзі. Бар, бар, маңдайыңнан сипар жаман қатты. Əлтайға біздің де ашуымыз келді:
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Сені кім зорлап отыр бар деп. Отыр. – Шынында, қойғын. Қоймайсың ба, онда өкпелеме. – Сонда не демексіңдер? Маған керегі балтай-шал тай емес, қайда ба рамыз, соны білу. Гуд бай, жол беріңдер, кеттім мен штабқа. Апыр-ау, мына Əлтай барып тұрған жүрек жұтқанның өзі екен. Шы нымен, біздің аузымызды аңқайтып тастап, вагоннан шығып кете бар ды. Мұндай көзсіз ерді кім көрген? Мені біреу жетелеп, біреу айдаса да, бармас едім сол штабқа. Əлтайдың барғаны барған-ау, бірақ тез оралды. Жаңа ғы лепірген көңіл жоқ, жүні жығылып қалыпты, бізге қарағы сы келмейді. – Не болды, Əлтай? – дедім мен. – Болмай қалыпты ғой, – деді Əкім. – Жоқ, əбден болған екен, – деді Өмірзақ. – Иə, əбден болды. Əкім екеуміздің үніміз жарыса шықты: – Не болды? – Ол – əскери құпия. – Онысы несі тағы? – дедім мен түгіне түсінбей. – Онысы – тұмсықты қайда болса, сонда тыға бермеу керек. Демнің арасында Əлтайдың ақылы кіріп қалғанын қара! – Міне, мұның дұрыс. Əйтпесе бұл ел өріп кетер, – деді Əкім. – Түбі адам боласың, Əлтай, – деді Өмірзақ. – Мен не, сонда қазір адам емес пе екенмін? – Адамсың, бірақ солдат емессің. – Қалайша? – Солайша. Солдат тұмсығын қайда болса, сонда тыға бермейді. Ол – əскери құпияның не екенін білетін, соны сақтайтын адам. – Сен оны қайдан білесің? – Білем де. Кітап оқу, кино көру керек.
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì – Кітап, кино. Сен, мүмкін, мұғалім шығарсың, тегі? Мен – Əлтаймын, солдат өмірін өзім көремін. Қайран, Əлтай-ай, қарашы, қалай қайырады, сөзге дес бермейтіннің нағыз өзісің-ау бір. Жəне де тауып сөйлей сің. Рас, əскер əркім ойына келгенін істейтін жер емес. Мұн да барлық адам бір-ақ тəртіпке бағынуға міндетті. Ал əске ри құпияны сақтау – сол міндеттердің ең бастыларының бірі. Солдат – біздің Отанды қорғауға қажетті кішкентай тетіктен бастап, ең озық күрделі техникаларға дейін меңгеретін адам. Біздің жауларымызды қызықтырмай тын нəрсе жоқ. Олардың қызықтаушылығы, əрине, жай білу емес, қастандық əрекетте ріне жаратуға тырысу. Ашық ауыз солдат – оларға оңай олжа. Солдат екенсің, аузыңа абай, жоқ, берік бол! Біз осылай бір дүркіреп барып басылып, онымыздың өзі осындай ойға жетелеп, тынши бергенімізде, купемізге бір сержант келе қалды. Шет ке отыра бере: – Ал, балалар, кəне, мұнда кімдер орналасты? – деп, қолындағы тізімге тесілді. Біз аты-жөнімізді атадық. – Байқаймын, іштеріңдегі пысықтарың Ыстыбаев екен. Оны сендерге бастық етіп тағайындаймын. Бұдан былай ғы жерде осы не айтса, соны орындайсыңдар. Əлтайдың екі танауы едірейіп шыға келді. – Сонда мен командирмін ғой, а, сержант жолдас? – Иə, бастықсың. – Онда бітті, мен қатырам бұларды, қыбыр еткізбеймін. Сіз қам же меңіз. Мен тұрғанда бəрі жақсы болады. – Мен сізге сенем, Ыстыбаев жолдас. – Сержант жолдас, сіз неге мені командир жолдас демей, Ыстыбаев жолдас дейсіз? – Олай деуге əлі ерте. – Онда қатардағы жауынгер Ыстыбаев жолдас деңіз. – Оған да ерте. – Сонда қалай, біздің кім болғанымыз енді?
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Сендер ме, сендер жаңадан шақырылғансыңдар. – Сонда не, біз əлі солдат емеспіз бе? – Солдат емессіңдер. – Неге? – Сендер əлі əскери ант қабылдаған жоқсыңдар. Ант қабылдамаған адам солдат та, командир де бола алмайды. – Ой, онда болмаған екен. – Ештеңе етпейді, Ыстыбаев жолдас. Баса бер, бұл купеде сен бастықсың, шартты түрде командир десе де болады. Сержант орнынан тұра берген, Əлтай жымың ете қалды. Білем ғой, ол енді бір қулық айтады. – Сержант жолдас, сіз маған автомат беріңіз. Сөйтіп, бү кіл вагонды сеніп тапсырыңыз. Содан соң көріңіз де тұрыңыз, вагондағыларды қыбыр еткізбеймін. – Ойбай, мынау құртады, – деді Өмірзақ. – Мүмкін, саған зеңбірек керек шығар, – деді Əкім. Қайтатын Əлтай ма, одан сайын өршелене түсті: – Несі бар, керек. Сендерді аман-есен алып жүру оңай деп пе едің? Қай-да-а-а! Өңшең сарыауыз балапан. – Өйдө-ө-өйт, міне, үлкен адам! Жігіттер, бағынайық мына Əлтайға, жым болыңдар! – Иə, сөйтейік, өйтпесе ракета сұрап жүрер бұл тағы. Бəріміз күлкінің тиегін ағыттық. – Балалар, тұра тұрыңдар, күлмеңдер. Ыстыбаев жолдас дұрыс айтады. Бұл өзі бір əскер өмірінен хабары мол бала сияқты. Қарашы, бі ліп тұр, автомат – солдаттың бас қаруы. Соны ұстаған күннен бастап сол датсыңдар сендер. Ал ол жауынгерлік ант қабылдамай тұрып ешкімге де берілмейді. Сендер енді Ыстыбаев жолдасты автоматсыз да тыңдауға тиіссіңдер. Бұл – үлкендерің. Сержант Николаев сөйлей бастағаннан-ақ, езуіміз жиыл ған, демнің ара сында сылқидық та қалдық. Мəссаған, керек болса! Адамға бақыт қо найын десе оңай екен
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì ғой. Əлтай өстіп, демнің арасында бəрімізден үлкен бас тық болып шыға келді. Əлтай сержант Николаевтың алды-артын орап, келесі купеге шығарып салып кетті. Міне, жандайшап дейтін шіркіндер қайдан пайда болады! Əлтай бара, көршілерге команда берді: – Балалар, тұрыңдар! Командир келе жатыр! Купе апыр-топыр болды. Жайбарақат отырған жігіттер өре түрегелді. Елді дүрліктіргендеріне Əлтай емес, сержант ұялды: – Отырыңдар, отырыңдар, балалар! Ыстыбаев жолдас, пойызда мұның қажеті жоқ. Жалпы, сен өз купеңе бара қойшы. – Құп болады, командир жолдас. Бұл Əлтай, тегі, əскер заңын түгел біліп алған! Өстіп таңданбасқа амал жоқ. Əлтай келе өткір көзімен купені жоғары-төмен бір шолып шықты. Сөйтті де, даусын нықтап, команда берді: – Əй, салагалар, менің бұйрығымды тыңдаңдар! Купе іші ыбырсып кетіпті. Басы артықтың бəрін тығыңдар, көзіме көр сетпеңдер. Адамға кеңістік, ауа керек. Ал, кəне, іске кірісіңдер жандарыңның барында! Біз бір-бірімізге қарадық. Бəріміздің де жүзімізде «Мынау қайтеді, ей?!» деген танданыс бар еді. – Əлтеке, енді кішкене қоя тұрсаңызшы. Жол алыс, қазірден бə рін жинап қойсақ, кейін не істейміз? Рақым етіңіз! Біз сіздің бағы ныш тыларыңызбыз ғой, аяңыз. Өмірзақ қалжыңбас бала екен, қатырды-ау. Оны біліп жатқан Əлтай жоқ, кəдімгідей ісіп-кеуіп барады. – Сен өйтіп, мұны əлдеқандай қылма. Табыла қалуын командирдің! Керек пе, өзің жина. Жинамайсың ба, шагом марш! Əкім бірбеткей бала екен, өстіп қасқиып тұр. Əлтай не қыларын білмей сасып қалды. Мен не дейін енді? Əлтай мінезінен тапты.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Əкім, сен өйтіп тулама. Жаңа айтты ғой сержант, Əлтай командир, айтқанын орындау керек. Өмірзақ түсінікті жігіт болып шықты. Əлтай есін енді жиды: – Сенің фамилияң қалай еді өзі. І-і, Айбеков. Иə, Айбеков жолдас, айтқанды істейсің. Өйтпейді екенсің, онда өкпелеме, сержантқа барып айтамын. – Тапқан екенсің қорқақты. – Онда мен кеттім. Əлтай шынымен құлдыраңдап тартып берді: – Əй-əй, Əлтай командир. Біржолғы ашуыңды бер маған. Əкім бе, оны өзіміз-ақ бағындырып береміз саған. Əкім, сен сөзді қой, командирдің бұйрығын орында. Келіңдер, бəріміз орындаймыз. – Иə, бұйрық, менің... Жо-жоқ, əскери бұйрық. Орында! Орындаңдар! – Сенікі емес, «əскери бұйрық» дегін. Ендеше, ол бұйрықты орындауға алдымен өзің кірісесің. – Неге? – Командир əркез алда болуы керек. Əкім тауып айтты. – Иə, айтпақшы, сонысы бар екен ғой. Ал онда кірістік. Енді ешкімге де қасарысудың қажеті жоқ еді. Дереу ың-жыңсыз бейберекет жатқан киім-кешегіміздің, оныпұнымыздың ілетінін іліп, тығатынын тығып едік, купе іші кəдімгідей саңғырап шыға келді. Əлтай командир бұған дереу разылық білдірді: – Жарайсыңдар, жігіттер! Солдат деген, міне, осындай болуы керек қой. Бəріңе алғыс жариялаймын! Біз күліп жібердік. Əкім де жаңағы тызақтағанын ұмытып, Əлтайға разы болып таңданды. – Əлтай, сен мұның бəрін қайдан біліп жүрсің? Аумаған командирсің. – Теледидарды көбірек көру керек. – Көргенде қандай, бір кісідей-ақ көрдім, бірақ менен командир шықпас.
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì – Кім білсін, шығып қалар. – Жоқ, шықпайды. Мен білсем, командир болып туу керек. – Ой, қой! – Рас, қарашы, сен əлі солдат та емессің, ал бірақ командирсің. Бұл Əкімнің шын көңілі ме, жоқ, кекеткені ме? Бір жақсы жері – Əлтай шын көңілі деп ұқты. – Балалар, солдаттың қарны əркез тоқ болуы керек. Ал сендер – ашсыңдар. – Оны қайдан білдің? – Қарны аш адам тырысқақ. Мəселен, мына Əкім сияқты. – Дұрыс айтасың, Білесің, білесің біраз нəрсені. – Онда төгіңдер, жолға алып шыққандарыңды үстел үстіне. Əжелерің, шешелерің салған жылы-жұмсақтан əкеліңдер. Шынында, мына Əлтай пəле екен, біраз емес, бəрін біледі. Сөмкеде əжем бір, апам бір тықпалаған дəмді тағам аз емес еді. Басқа балаларда да, Əлтайдың өзінде де жеткілікті екен, купенің кішкентай үстелі тамақтың алуан түрінен көрінбей кетті. Сөйтіп, біз шүйіркелесіп, асқа отырдық. Үстелді жинар кезде Əлтай қайтадан командир болып шыға келді. – Тоқтаңдар! Мен кезекші тағайындауым керек екен ғой. Кімді та ғайындасам, сол бір тəулік бойы осы купедегі барлық жұмысты атқара ды. Үстелді, купе ішін жинау, тəртіп сақтау соның мойнына жүктеледі. Кəне, кім кезекші болады, қолдарыңды көтеріңдер. Кезекшісі өзіне, оған кім құштар болсын, ешқайсымыз қолымызды көтерген жоқпыз. Қайтатын Əлтай ма, аяқастынан тауып кетті: – Сөйттіңдер ғой, онда алфавит бойынша боласыңдар. Айбеков, Ибра гимов, Смағұлов. Бітті, Əкім бүгін сен – кезекшісің, ертең – Өмірзақ, бүрсігүні – Болат. Əкім Əлтайға тағы қадалды: – Ал өзің ше? Сен қашан боласың?
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Мен – командирмін. Болмаймын. Маған сендерді пойызда аман-есен алып жүру де аз жұмыс болмас. – Сонда қалай, біз өзіміз жүре алмаймыз ба пойызда? – Жүре аласыңдар ма, жоқ па, маған оның қажеті шамалы. Менің білетінім: əскери бөлімшеге жеткенше не айтам, соны орындайсыңдар. – Қарай гөр, ей, демнің арасында қожайын бола қалуын! – Енді қалай деп ең? Қысқарт сөзді! Бағынбайсың ба, онда басқа купеге ауыс. – Керек болса, өзің ауыс. – Е, е, онда айтқанды орында. Екеуінікі енді босқа салғыласу болып бара жатыр. Өмірзақ əділін айтты: – Əкім, сержант Николаев жаңа Əлтайды командир қойып кетті ме, қойып кетті. Енді одан айрылып, Əлтайға не көрініпті? – Сонда да, енді... – Ешқандай енді жоқ. Əлтай – командир. Оның айтқаны – бəрімізге заң. – Əлбетте. Əй, Өмірзақ, сен бір жібі түзу жігіт екенсің. Өстіп түсін діріп қойшы білмейтіндерге. Əлтай жеңді. – Мейлі, онда қойдым. Əкім кезекші болды. Купедегі командирлігі де бір айналайын екен ғой, Əлтай əрі-беріден соң бүкіл вагон ішіндегілерді қыбырлатпауға айналды. Əрлі-берлі жү ріп-тұруымыз, пойыз тоқтағанда сыртқа шығу-шықпауымыз – бəр-бəрін Əлтай өз қолына алды. Бір ғажабы, кəдімгі бір бұрыннан командир болып келе жатқандай, ұрсудың, зекудің де түр-түрін біледі: – Көп қыбырлап-жыбырлай бермей, отырыңдар! – Пойыз тоқтаған сайын түскенді қысқартыңдар! Бір же де қалып қойып, сендер үшін жауап беріп жүрер жайым жоқ. Біз бұған біраз бұрқылдаған боламыз, бірақ командир айтқан соң қиын екен, көнеміз.
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì Əлтай шынымен пысық болып шықты. Сержант Николаевтың төбе сі көрінді болды, ентелеп алдынан шыға ды. Бар пейілімен купеде бəрі орны-орнында екенін, біздің аман-есендігімізді сартылдатып айтып-ақ жатқаны. – Жарайсың. Сен түбінде сержант боласың, – дейді Николаев. – Отанға адал қызмет етемін! Апыр-ау, бұл Əлтайға дауа жоқ екен. Қалай ғана тез үйреніп алған мұның бəрін?! Əлтай бізді өстіп, жол бойы таңдандырумен болды. Бір қылығынан келесісі, бір сөзінен екінші сөзі өтеді, күлкі ден езу жия алмай келеміз. Бекен, бұл хатым ұзақ болып кеткен жоқ па өзі? Қайтем енді, бір əңгімені бастаған соң аяқтау керек. Ең дұрысы, азкөп демей, өстіп жылжыта беру болар. Сөйтем, бауырым. Сен мықтап зейін қойып оқы ғанды, мен жақсылап жазғанды білейік. Мен не жазуды білем: бəрі бастан кешкен жай. Тек жақсылап хатқа түсіру керек. Тырысып-ақ жатыр мын. Қалай болып шығатынын көреміз де енді. Əзірше, сау бол! Ағаң Болат. Бесінші хат АЛҒАШҚЫ ƏСЕРЛЕР, ЕФРЕЙТОР ХАМИДОВПЕН ТАНЫСУ Пойыз біз қызмет ететін əскери бөлімше орналасқан қалаға түнгі са ғат екіде жетті. Сержант Николаев бəрімізді сапқа тұрғызып, жеке-жеке фамилиямызды атап түгендеді. – Абрамов. – Мен. – Айбеков. – Мен. – Ибрагимов. – Мен.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Смағұлов. – Мен. Сержант осылай дауыстап, біз жауап беріп отырып, тізімнің аяғы көрініп қалған. – Янбулатов. – Мен. – Балалар, қай бөлімшеге? Мына асығыс дауыс Янбулатовтың жауабымен бірге шық ты. Біз сапта тұрып ешкімнің рұқсатсыз сөйлемей тінін біліп қалғанбыз, оның үстіне, баратын бөлімше туралы түк түсінігіміз де жоқ қой, үндемедік. Неге екенін, сержант Николаев бірден жауап бергісі келмеді, жан-жа ғына асыға көз салды. Əрине, күтіп алатын адамды іздеп жүр. Дауыс иесі жұқа, бидай өңді, қоңқақ мұрын, біз қатарлы жігіт екен, сержант Николаевқа қадала кетті: – Сержант жолдас, сіз маған жауап беріңіз, қай бөлімшеге бастап ке лесіз мыналарды? – Сізге оның қажеті қанша? – Қажет болған соң сұрайды да адам. Айтыңыз, мүмкін менің іздегенім сіздер боларсыздар. – Солай ма? Біз – қырық бір жүз жиырма алты əскери бө лімшесіне бара жатырмыз. – Бірден айту керек еді. Көрдіңіз бе, сіздер бізге екенсіздер. Ал, кəне, түгелсіңдер ме? Түгел болсаңыздар, жүріңіздер. Əй, көктүйнектер, оңға! Басыңдар аяқты! Мен кімге айтып тұрмын? Мына бейтаныс жігіттің тым еркінсіп, баса-көктеп бара жатқанын сержант Николаев жақтырмай қалды: – Сіз кімсіз өзі? Алдымен танысып алғанымыз жөн болар, ефрейтор жолдас! – Ефрейтор Хамидов. Мен сіздерді күтіп алуға келдім. – Сержант Николаев. Міне, енді бəрі түсінікті болды. Ал, қырандар, қозғалдық! Біз əскери бөлімшеге жаяу тарттық. Ефрейтор Хамидов
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì сержант Ни колаевтан қай жерде қызмет ететінін, бізді қай қаладан бастап алып келе жатқанын тəптіштеп сұрап келеді. Қала шырт ұйқыда. Көше біткен самсаған электр жарығы. Шіркін-ай, осылардың, ең болмаса, он шақтысын біздің көшеге орнатар ма еді. Тойлыбайдың үйінің тұсындағы жалғыз жарық бір көшеге қайдан жет сін. Бірақ ауыл адамдарына бəрібір, олар өз көшелерінің ой-шұңқырын айтасың, көлденең жатқан қурайына дейін жақсы біледі. Шырттай қараңғы түнде аяғының астына қарамай-ақ, үйреншікті жерді табанымен, бүкіл болмысымен сезініп, тарта береді. Дегенмен жарық керек. Бір көшенің адамы екінші көшеге барғандай болса, тапырақтап-ақ қа лады. Əсіресе қарттарға қиын. Сен білесің, жоқ ұмытып қалдың ба? Онда есіңе салайын. Биыл көктемде біздің атамыз бен Əлтайдың атасы көрші көшедегі Сəуенің үйінде кешкі асқа қарап, біраз отырып қалыпты. Содан екеуі тысқа шықса, дала тастай қараңғы екен. Екі шал бірін-бірі жетелеп, еңбектегендей болып қорлық көреді. Біраздан соң екі қарт бірі ойға, бірі қырға тартып, келісе алмай қалады. Аманбайдың үйінің тұсына келгенде екеуі тоқтап, алдарын жақсылып бағдарлап алмақ бола ды. Сөйтсе, жол аппақ болып сайрап жатыр дейді. – Смағұл, мынау аппақ болып жатқан жол емей не, жүр бері, – деп Ысты бай атай аяғын аттай бере, көше табанындағы шалшық суға күмп береді. – Кəне, – деп ілгері басқан атам да Ыстыбайдың кебін киеді. Екі қарт үсті-басы малмандай болады. Атам үйге кейіп келді: – Бұл ел қызық өзі, жарықты бəрі үйіне кіргізіп алып отырады өстіп тізіліп. Үйге жарық не керек, жарық далаға керек. Бір күні біреу шұқырға түсіп өлер. Сонда орнатар бұл бастық далаға жарықты. Шынында, осы біздің ұжымшардың көшелерінде неге
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ жарық жоқ? Маған салса, көшедегі əр бағананың басына бір шам ілер едім. Ал қарты бар үйдің айналасын жарқыратып қою керек. Көше жарық болса, күнің де, түнің де бір ме деймін. Біз жап-жарық көшеде шұбырып келеміз. Біраз жүрген соң шаршады ма, қайдам Өмірзақ: – Ефрейтор жолдас, əскери бөлімше əлі алыс па? Алыс болса, неге машина əкелмегенсіз? – деді. Сол сол-ақ екен, ефрейтор шап ете түсті: – Дəмесін қарай гөр, ей, мынаның. Таксиге мінгің келетін шығар, мүмкін? Жоқ, олардың бəрі қалды арттарыңда. Оларды енді екі жылдан кейін көресіңдер. Мен сендерді жақсылап тұрып қуамын əлі: машина іздемейтін боласыңдар сонда. Мүлдем ұмытасыңдар. – Мə-ə, екінші Əлтай шықты ғой алдымыздан, – деді Өмірзақ. – Əл тай, бұған не дейсің өзің? Бұл мүмкін, сенің көкең шығар? – деді Əкім. Вагондағы пысықтықтан түк жоқ, Əлтай: – Қойыңдар. Сұры жаман екен, құртады, – деп күңкілдеді. – Əй, не деп міңгірлеп келе жатырсыңдар? Батыр болсаңдар, естіртіп айтыңдар. Əйтпесе көресіңдер! Сөзі неткен ірі еді мына ефрейтордың! Əскери өмірдің қатал болатынын кім білмейді? Ол жөнінде вагонда да аз айтылған жоқ. Бірақ ол сөздер дің біреуі де біздің ұнжырғамызды түсіре алған емес. Қайта алдағы, бұ рын көрмеген құпиясы мол өмірге бар пейілімізбен құлай қызы ғып, көңіліміз алып ұшып, тез жетуге асыққанбыз. Міне, ен ді Хамидов сол əдемі сезімімізді өткір қамшымен осып-осып өткендей болды. Тілімнің ұшына мына бір сөздер орала берді: – Əскер – адам тек қана қаталдығын көрсететін жер емес шығар. Жігіттер күліп жіберді. Ефрейтор шамданып қалды. – Солай ма? Көктүйнектер ə дегенде осындай асау бо-
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì лады, сосын барып жуасиды. Сен де сөйтесің. Жуасытам. Осыдан көр де тұр. – Сіз мені қорқытпаңыз. Біліп қойыңыз, мен қорқақ емеспін. – Білем, əскерге келгеннің бəрі алғаш сен құсап батырсынып қоқы раңдайды, сосын барып адам болады. – Сонда қалай, адам болу – қорқақ болу ма? – Мұнда адам болу – бағыну. Қорықпаған солдат бағынбайды. – Солдат саналы түрде бағынуы керек. – Сана, – Хамидов қарқылдап күлді, – сержант жолдас, сіз кімдерді əкелгенсіз? Мыналарыңыз мұрнына ештеңенің иісі бармайтын біреулер ғой. Əй, қайдам, оңайлықпен бұлардан солдат шыға қоймас, шашымды ағартар. – Ефрейтор, жетер. Сіз өзі... Сап кілт тоқтады. Сержант Николаевтың сөзі шорт үзілді. Біз сыртына үлкен қызыл жұлдыз салынған көк қақпа ға келіп тіреліппіз. – Жігіттер, келдік! – Ей, қақпа, ашыл, кəне! Осы сəт қақпа, кəдімгі бір тіл алғандай, екі жаққа қарай сырғып ашыла берді. Біз əскери қалашыққа жүрексіне ендік. Бекен, бұл хатты осымен бітіремін. Өйткені келесі хатта басқа əңгіме басталады. Сау бол! Ағаң Болат. Алтыншы хат ҚОШ БОЛ, ЕСКІ КИІМ! Сержант Николаев басқа əскери бөлімшеден екен, ертеңгі астан соң бізбен қоштасты. Біз ұзын бойлы, егде старшина мен ефрейтор Ха ми довтың қолына тидік. Екеуі бізді сапқа тұрғызып, моншаға бастап келіп, шешіндіріп, ауыл дан киіп келген киімдерімізді бір бұрышқа үйгізді. Барлығымыз ауыл дың, ата-анамыздың, өткен-кет-
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ кеніміздің көзіндей болған киім-кеше гіміз ді қимай, жал тақжалтақ қарай береміз. Солдат киімін ертерек таратса екен деген асығыстық та бар. – Ал, балалар, моншаға түсіп, жақсылап жуыныңдар. Шық қан соң солдат киімін үлестіреміз. Ескертіп қояйын, мына киімдеріңді енді қай тып кимейсіңдер. Кімде-кім егер қажет деп санаса, киімін поштамен үйіне жіберуіне бола ды. Старшина сөзін аяқтар-аяқтамастан, жігіттер шулап қоя берді. – Кімге керек ол? – Біздің арамызда ондай сараң жоқ. – Құрысын. – Онда өздерің біліңдер. – Сонда мұны не істейсіздер? – Не істейміз? Өртеп жібереміз, оны-мұны сүртетін шүберек ретінде пайдаланамыз. – Қап, қайран бəтеңкем-ай, импорт еді! Жігіттер ду күлді. Əлтайға да керегі осы ғой, бірге күліп жатыр: – Старшина жолдас, мұның бəтеңкесі отқа күйіп жиді ген кезде өзіне беріңіз, жесін. Əкімнің бұл сөзі ешкімге ұнаған жоқ. Əлтайдың орны на Өмірзақ шамданды: – Əкім, сен қалжың түсінбейсің. Əлтай ойнаса, сен шындайсың. Сол да бола ма екен? – Түсінетін не бар мұнда? Дүниеқоңыз адам болмаса, кім айтады он дай сөзді? – Мен айтам. Адамның киімі – абыройы. Ол сенің талай ыстығыңды да, суығыңды да көрген. Киімді аяқ асты еткен жақсы ырым емес. Əлтай сөзден жеңілген бе, тауып-ақ айтып тұр. Бірақ Əкім де қырсық екен, қыңбады, қайта өршелене түсті: – Пах-пах, ырым-сырым... Айтасың, ей! Табылды бір атай. Мүмкін, жылап қоштасармыз бұл ескі-құсқымен? – Əлтай не дерін білмей қалды. Əкім одан сайын қадалды. – Ал
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì бұған не дейсің? Солай ма екен? Дұрыс-дұрыс, үндемеген үйдей пəледен құтылады. Əйтпесе ескі киімнің артынан кетер сендей адам. Əлтай қолын бір-ақ сермеді. – Əй, құрысыншы бəрі. – Жоқ, мұнымен құтылмайсың сен. Бар, тепкіле, жырт ана киімдерді. Өйтпейді екенсің, «Мынау ескі киімін қи май тұр. Солдат киімін кигісі келмейді» деймін старшина ға. Бітті, гауптвахтаға апарып салады. Жігіттерге ойын керек, іліп əкетті: – Сөйтсін. – Солдат киімін кимеймін дегені – Отанға қызмет етпеймін дегені ғой мұның. – Мұндайларды гауптвахтаға отырғызу аз, асу керек. Əлтай енді шынымен састы. – Əй, қойыңдар, ей! Мен жай ойнап айтам. Қу жігіттер одан сайын құбылтты: – Ойнаса да, адам ойындағысын айтады. – Иə, мұныкі – сол. – Вагонда əбден құтырып еді, бəрі бекер екен гой. Соғыс болса, сатқын болатынның нағыз өзі екен бұл. Əңгіме насырға шауып бара жатгы. Əлтай бір қызар ды, бір қуарды. Көпке топырақ шаша ала ма, демде жуасып, жүдеп тұр. Аяп кеттім. – Балалар, сендер өйтіп тұқырта бермеңдер адамды. Əлтай ешқай сыңнан кем солдат болмайды. Жігіттер енді маған кірісті: – Бұл қандай адвокат? – Жерлесі. Екеуі бір ауылдан. – Бəсе, бəсе, ескіліктің қалдығынан арылмағаны көрі ніп тұр. – Онда бұл екеуіне үйрету керек. Əскерде жерлес, туысқан деген жоқ. Мұнда бəріміз бірдейміз – солдатпыз. – Жігіттер, оны мен де білемін. – Ал білсең, жерлесіңнің сөзін неге сөйлейсің?
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Əлтай жалғыз қалып қойды. Бір адамға жабылу – əділетсіздік. – Міне, мəселе қайда жатыр? – Əлтайға кім жалғыз қал депті? Көптің сөзін сөйлесін. – Ол дұрыс шығар. Бірақ дегенмен... Мен сөзімді аяқтай алмадым. Старшинаның өктем үні біздің əңгі мемізді шорт үзді: – Кəне, тоқтатыңдар сөзді! Барыңдар, тез-тез шомылыңдар! Əңгіме ескі киім жөнінде болса, айттым ғой, керек дегендеріңді алыңдар. Біз енді үн-түнсіз біртіндеп, моншаның буы бұрқыраған үлкен бөл месіне кіре бастадық. Бекен, осымен бір тоқтайын. Иə, адамның, моншада не істейтіні, жаз басам да белгілі. Ол жерде жапатармағай шомылғаннан басқа не əңгіме болсын. Есесіне ендігі хатым ұзақ, керемет ұзақ бола ды. Мен оны түгелдей ефрейтор Хамидовқа арнаймын. Ал енді өзің емес, өзге туралы жазу қалай болар екен? Мен қазірден осыны ойлап жүрексінемін. Несі бар, шындықты жазсам болды емес пе? Өзімді өстіп қайрап қоямын. Шынын да, болған оқиғаны ешқандай боямай жазсам, кім өкпелей ді? Хамидов пе? Өкпелесе, өзінің қылығына өкпелесін. Маған еш қоспасыз, боямасыз жазсам, жетіп жатыр. Солай. Ал сау бол! Ағаң Болат. Жетінші хат ЕФРЕЙТОР ХАМИДОВ СӨЗІНДЕ ТҰРДЫ: МЕНІ ҚЫРЫНА АЛА БАСТАДЫ Моншаның шомылатын бөлмесінен шығысымен, бізге солдат киім дерін үлестіре бастады. Бəрі ине-жіптен жаңа шыққан біркелкі киім дер. Қолына солдат киімі тиген балалардың қуанышын көрсең, шіркін! Солдат болды деген осы ғой енді. Бұл киімді киген сəттен бастап біз өзгеріп
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì шыға келетін шығармыз, сірə. Əлбетте, біздің бет-пішініміз, болмысымыз, арман-аңсарымыз өзгермес, бірақ енді бізді көрген адам анау-мынау демей, солдат деп қарайды. Ефрейтор Хамидов жағалай жүріп, жігіттерге «шұлғауды былай шұл ған, белдікті бұдан гөрі қаттырақ тарт» деген тəрізді ақыл үйрете бас тады. Жігіттер бұған күліп жатыр. Енді қалай? Мұның бəрін бізге сонау кішкентай күнімізде əкешешеміз, кейін өмір деп аталатын ғұлама ұстаз үйреткен болатын. Олардың үйретуі аялы да аяулы еді, Хамидовтікі болса, жатқан бір кекету, кемсіту, орынсыз түртпектеп, пысықсыну. Өзінен-өзі күйіп-пісіп, болып-толып жүр: – Бұл салагалар ма, бұлар адамды шаршатады екен. – Əй, мынау қайтеді, ей, погонды тағуды да білмейді екен ғой. – Тар дейсің бе, мен бір апта қуған соң, қарныңнан түк қалмайды, сонда бұл кең болып шыға келеді. – Кең дейсің бе, бір жуған соң, бұл кішірейіп кетеді. – Болды, болды, осы тиген-тигенді киіңдер, əйтпесе жалаңаш қала сыңдар. Апырау, бұған не деп болады? Сонда не, біз енді солдат екенбіз деп, мына ефрейтордың басынғанына көне беруіміз керек пе? Əй, қайдам, командир деген мұндай болмайтын сияқты еді ғой. Иə, командир қатал болуға тиіс. Алайда ол деген аты-жөні жоқ ұрсу, желкелеу емес шығар. Мен өстіп дал болдым. Ефрейтор Хамидов жағалаған күйі маған жетті. – Етікті қалай киіп жатырсың, кəне? Соны да білмейді бұлар. Шеш етігіңді, көрсет, қалай шұлғандың екенсің шұлғауыңды. Мен ефрейторға алакөзіммен ата қарадым. Өзгені қайдам, дəл етік киюдің жөнін біздің ауылдың балалары Хамидовтан əлдеқайда ар тық білетіні, Бекен, өзіңе де белгілі. Көктем мен күздің лайсаңында біз дің ауылда керзі немесе рəзеңке етіктен басқа аяқкиім атаулыға аяқ сұғып болмайтынын ешкімге дəлелдеп жатудың қажеті жоқ. Көше
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ біт кен көлкілдеген батпақ, етіксіз қарыс жер аттай алмайсың. Етікті, əрине, шұлғаумен киеді. Біздің ауылдың үлкенкішісі шұлғауды қалай шұлғанатынын Хамидовтан сұрап көріп пе екен, өздері-ақ біледі. Мен де солардың бірі мін. Мұның бəрін қалай түсіндіріп жатпақпын Хамидовке? Үнтүнсіз киіне бердім. Хамидов айтқанынан қайтпады: – Не дедім мен саған? Шеш етігіңді! Көрсет қалай кигеніңді! – Шешпеймін. Кидім, болды. – Немене? Не деп тұрсың? – Не естідің, солай дедім. – Е-е, сен түндегі пысық жігіт екенсің ғой. Байқаймын, сен əлі үлкен мен қарым-қатынас жасауды білмейтін жас сияқтысың. Ештеңе етпейді, үйренесің, үйретем. – Алдымен өзің үйреніп ал. Хамидов шарт сынды: – Мен саған көрсетемін үйренгенді! – Кім едің сен сонша көрсететін? – Командирмін. Саған бұл аз ба, онда құдайыңмын ал! «Командирмін» дегенде ығып-ақ қалып ем, «құдайыңмын» дегені зы ғырданымды қайта қайнатты: – Кет əрі оттамай. – Не дедің сен?! Командирге бұлай деуге кім право берді саған, ə? – Сенің құдаймын деуге қалай аузың барады? Ефрейтор қып-қызыл болып түтігіп, аузына сөз түспей тығылып қалды: – С-са-ла-га, к-к-көр де тұр, ə-ə-əлі-ақ бүрсең қағасың. Сені ме, сені... Старшина неге екенін, бағанадан бері Хамидов екеуміздің егесімізге мəн бермей, жігіттерге киім үлестірумен болып жатқан. Істің насырға шауып бара жатқанын енді аңғарды-ау деймін, сұсты жүзін бұрып: – Ефрейтор Хамидов, тоқтат! Ал сен, жас жігіт, тезірек киін, – деді.
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì Ефрейтор Хамидов үн-түнсіз тайқып жүре берді. Мен старшинаның əділеттілігіне разы болып, айтқанын орындайын деп жылдам киіне бас тадым. Казарма алдына келген соң, старшина бізді сапқа тұрғызып қойып, əрқайсымызды жеке-жеке алға шығарып, киіміміздің тар-кеңдігін əбден ұқыптап қарай бастады. – Мына гимнастерка, сізге сəл тарлау екен. Ештеңе етпейді, əлі-ақ ысыласыз. – Шинель, сізге кеңдеу екен. Дереу айырбастау керек болды мұны. Ефрейтор Хамидов, жаз, сіздің фамилияңыз кім? – Ыстыбаев. – Ыстыбаев. Нөмірі үшінші шинель деп жаз. – О-о, бұл болмайды, белдікті қаттырақ буу керек. Біз өстіп шүпірлеп жатқанда екі офицер жақындап келіп қалыпты. Старшина көре сала: – Взвод, смирно! – деп команда берді де, аяқтарын нықнық басып, алдарынан шықты. Сөйтті де, оқтай болып тұра қалып: – Подполковник жолдас, жас қатар толықтырушылар солдат киімдерін киіп, сапта тұр. Взвод командирі Рого зин, – деп сақ-сақ етіп рапорт берді. Подполковник оң қолын миығына тақап ұстаған күйі алдымызға ке ліп, қарсы қарап тұра қалды да: – Салематсыздар ма, жас жауынгер жолдастар! – деп қатты дауыстап амандасты. Біз жамырай жауап бердік: – Салематсыз. – Салематсыз, подполковник жолдас. Подполковник алғаш тым сұсты, ашулы сияқты көрініп еді, біздің сəлемдесуді ұқсата алмағанымызға жымиғандай болды. Жүзі дереу жылып, мейірімді көзімен бəрімізді түгел шолып шықты. Сөйтті де, сабырлы үнмен сөйлеп кетті: – Бұл ештеңе емес. Солдат киімін киген соң, командирді солдатша қарсы алуды да үйренетін боласыздар. Əлі-
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ ақ ысылып, шынығып, жіп тіктей солдат болып шыға келгендеріңді байқамай да қаласыздар. Кəне, енді танысып қояйық. Мен – батальон командирі подполковник Халявинмін. Ал сендер қай жерденсіңдер? – Жамбылдан. – Ақтөбеден. – Өте жақсы. Ол облыстардың жігіттерінен тамаша солдаттар шы ғады. Сендер жас жауынгер курсынан өткен ше, старшина Рогозин взвод командирі, ефрейтор Хамидов оның орынбасары болды. Міне, осы екеуінің барлық айтқанын бұлжытпай орындайсыңдар. Отанға адал қыз мет етіңдер деген тілек білдіремін бəріңе! – Сөйтеміз. – Əрине. – Жарайсыңдар, жігіттер! Ал онда кірісіңдер солдат ғылымын мең геруге! Солдат болу жеңіл емес, қиын, бірақ құрметті. Солдат киімінің қадіріне жете біліңдер. Апырау, командирдің кішісінен үлкені мейірбан бола ма, қалай өзі? Мына кісі командирден гөрі ауылда қалған атама көбірек ұқсайтын сияқты. Атамның да, мұның да тілейтіні – біздің жақсы солдат болуымыз. Бекен, көрдің ғой, үлкендер өстіп сенім артып, қайтақай та пысықтап отырғанда мен қалайша жаман солдат болайын?! Тек мына бір Хамидов деген ефрейтор болма са, бəрі жақсы. Соның өзі тіптен қызық жігіт болып барады. Ендігі хатта бұған көзің жете түсетін болады. Бұл хат осымен тамам деп біл. Ағаң Болат. Сегізінші хат ЕФРЕЙТОР ХАМИДОВТЫҢ ҚАТЫГЕЗДІГІ Ефрейтор Хамидов не болса, соған шорт сынып, едіреңдей жөнеле тін жігіт болып шықты, тура біздің Əлтай. Ал Əлтайдың командирлігі пойызда қалып қойды ғой, оныкі
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì бұрынғы бір естіген, көргендеріне елік теу болатын. Командир болу үшін адам алдымен солдат сапында тұруы, үлкен мектептен өтуі керек. Мұны Əлтай білмейді дейсің бе, біледі, сондықтан командирлігін пойызда қалдырып кеткен. Қазір Əлтай – тіл алғыш, Хамидов не айтса да мақұл, лыпып тұрады. Ондай адам əскерде мақтаулы. Ха мидовтың сөзімен айтқанда: «Əлтай – адам болатын жас». Əлбетте, ефрейтор Хамидовтың айтқанын жалғыз Əлтай емес, бəріміз орындауға тиіспіз. – Командирдің бұйрығы талқыланбайды, орындалады. Əскер заңы – осы. Тəртіп бар жерде ғана табыс бар. Əскер – əркім ойына кел ге нін істейтін жер емес. Командирдің айт қанын екі етпей орындап, жауынгерлік өнерді беріле үй реніп, мейлінше жетік игеру керек. Сонда ғана сендер нағыз солдат боласыңдар. Өйтпейді екенсіңдер, қорлық кө ресіңдер. Жақсы солдат қарулас достарына, үлкен-кішіге, бəр-бəріне сыйлы, жаман солдат көзге күйік, кім көрінген ге түрткі. Жас жауынгер курсы кезінде ефрейтор екеу міз солдат əліппесін түгел үйретеміз. Күні ертең қандай солдат болатындарың бізге, біз не үйреттік, қаншалықты үйреттік, соған байланысты. Старшина Рогозин өстіп бір сөйлеп кетсе, шешен адам, əскер өмірінің ұңғыл-шұңғылын зердемізге біраз құйып ба рып тоқтайды. Айтқанының бəрі рас. Старшинаның бізден басқа да жұмысы аз емес болуға керек, ефрейтор Хамидовке ертеңді-кеш нұсқауларын береді де кетеді. Ендігі барлық билік – Хамидовта. Біз таңғы алтыда тұрғаннан онда жатқанға дейін ефрейтор Хамидов тың құзырындамыз, ол не айтса, соны екі етуге хақымыз жоқ. Бізге еф рейтордың бұйрығы бүкіл Қа рулы Күштердің үкіміндей, бұлжытпай орындаймыз. Устав талабының өзі осы – солдат командирдің бұйрығын сөз сіз, дəл де тез орындауға міндетті. Əйткенмен, Хамидовтың кейбір əрекеттері маған тым
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ ар тық сияқты болып көрінеді. Аты-жөні жоқ дігірлеп, өктемдік көрсете ме-ау, орынсыз безеріп қатыгездене меау, əйтеуір, ойына келгенін істейді. Старшина Рогозин түстен кейін бізге жаңадан салынатын жанар-жағармай қоймасының іргесіне қалауға əкел ген тастарды машинадан түсіру ді тапсырған. Біз – төрт жігіт, жан қоямыз ба, əп-сəтте-ақ машинаны босатуға таяп, жұмыс қоян қашты бола бастаған. Сол сəт мен бір үл кенді гі сандықтай тасты машина қорабының ернеуінен бар күшіммен итеріп түсіре берем дегенімде, қолым тайып кетіп, оң аяғым екі тастың арасына қысылды да қалды. Жіліншігім үзіліп түскендей болып, шоңқиып отыра кеттім. Машина үстіндегілер сасып-салбырап, қапелім де мандым ды қимыл жасай алмай, состиып тұр. Қайдан келе қалғанын, машинаға қалай қарғып шыққанын білмей мін, əйтеуір, екі солдат менің аяғымды тас арасынан дереу шығарып, жерге сүйеп түсірді. – Рақмет, жігіттер! – Əй, жастар-ай! Бұлар солдат болғанша қашан?.. Машина үстіндегілер де, мен де жер болдық. Енді қалай, біз əлі қо палмыз, ал мына солдаттар – епті. Біздің қимылымыз үйлеспейді, бұ лардікі жарасымды. – Əй, сенің осың-ай, – деді біреуі. – А, несі бар? Бұлардың əлі көктүйнек, тапқырлық атаулыдан жұр дай екенін бекер демекпісің енді? Жас, салага болмаса, мынаның қу жілін шігін көкпеңбек қылғанша ездірер ме еді тасқа? Жас солдаттарды өстіп қор санайтыны бар бұлардың. Ефрейтор Хами дов та – сол. Бізге ара түскен секпіл бет, шашты солдат бір айналайын екен: – Сен де жас болғансың. Бұлар да үйренеді солдат əліп песін. Əлі-ақ нағыз солдат болып шыға келеді. – Үйренеді. Үйренгенше, талайдың жүйкесін тоздырар. Аяқ-қолы балғадай ұзын солдат шиқылдап күлді. – Айтасың сен де.
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì – Көрер ем, сені егер Хамидовтың орнына қойса. – Несі бар? Қойса, үйретемін. Көресің, бəрі тамаша сол дат болатын жігіттер. – Əй, қайдам? – Сені адам жеңіп болмайды. Сөзді доғар енді. Екеуі əлі де келісе алмай кетіп барады. Мен шашырап жатқан тастың ең артқы шеткісіне жетіп, отыра кетіп едім, жүрегім төмен тартып, қара суға түсіп, терлеп жүріп бердім. Жігіт тер қалған тастарды түсіріп жатыр. Аяқтың ауырғаны жайына қалып, жаңағы бір солдаттың табалаған сөздері жанға батып барады. Осыншама олақ, ебедейсіз болармын ба?! Жігіттер де мойындары сал бырап кеткен, соңында қалған ауыр тастарға төне түсіп, тырмысып, əлдері жетпей, əуреге түсті. Көмектесуге менде дəрмен жоқ, демнің арасында қор болып қалдым. Терім басылып, еңсем көтеріле берген, енді жіліншігім сырқырап ауы ра бастады, орнымнан тұрып көріп едім, аяғым бастырар болмады, қай та отырдым. Дəл осы сəт ефрейтор Хамидов келе қалды. Мақсаты белгілі: біздің жұмысымызды бақыламақ. Менің мына шоқиып отырысым кімге ұнасын, Хамидов дүрсе қоя берді: – Тағы да жаныңды күйттеп отырсың ба, көктүйнек? Бұл – ісінде береке жоқ жұқсыздарға айтылатын сөз. Ал олар болса, мына қорлауды ар көрмей, ыржалаңдар еді, немесе өзінің мүшкіл халін айтып, сарнап қоя берер еді. Мен қайтпекпін? Менің тілім қышып отырған жоқ, жіліншігім шаншып отырмын ғой. Бар бітіргенім – Хамидовке жақтырмай бір қарадым. Ефрейтор Хамидов команда берді: – Қатардағы жауынгер Смағұлов, тұр! Мен орнымнан сүйретіле түрегелдім. – Ефрейтор жолдас, оның аяғын тас қысып қалды, – деді Өмірзақ, үлкендігі қолдиірмендей бір тасты жерге лақ тырып жіберіп.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Ештеңе етпейді. Сендерге жұмыс істетіп қойып, өзі отырмақ қой сонда бұл! – Сіз қызық адамсыз! Құр ұрысқанша, сіз Смағұловты санитарлық бө лімшеге апарыңыз, – деді Əкім. – Не, не, бұл жұмыс істемеу үшін аяғын əдейі жаралайды, ал мен са нитарлық бөлімшеге апарам?! Тапқан екенсіңдер ақымақты! Барсын өзі. Еңбектеп барсын. – Солай ма?! Жоқ, ондай қатыгездігіңіз үшін рақмет! Біз өзіміз апа рамыз, жұмысты сіз істейсіз. Жүріңдер, жігіттер. – Жоқ, апармайсыңдар! – Жоқ, апарамыз! Жігіттер машинадан қарғып-қарғып түсті де, келе сала, мені қолдарын айқастырып жіберіп көтеріп алып, санитар лық бөлімшеге тартты. – Мен сендерге көрсетемін. Үшеуіңді де кешке жақын асханаға айдап барып, картошка тазалатып қоймасам ба, қап! Қара да тұрыңдар осыдан енді! Мейлі, бара беріңдер. Ефрейтор Хамидов өстіп кіжініп қала берді. Қайбір мəз болып тұр дейсің бірақ. Орынсыз қаталдық қолында билік бар адамды, мейлі ол бетіне жан қаратпайтын командир болсын, опық жегізбей қоймайды, тегі. Жіліншігімнің еті езіліп қалған екен, бес-алты күн ертелі-кеш сани тарлық бөлімшеге барып, ем қабылдап жүрдім де, қатарға қайтадан қо сылып кеттім. Ал Хамидовтың қатыгездігі көңілге кетпейтін дақ салды. Бұл Хамидов əлі талайды көрсетер. Біз дайынбыз бəріне. Ештеңе етпейді. Солдат сері гі – шыдам, төзім. Сен есіңде мықтап ұстар бір жай осы. Кейін керек бола ды. Солдат болғаныңда Хамидов сияқтылар саған да табылады. Жаның қиналғанда осы сөзімді есіңе алсаң, қызметің жеңілдер. Көр де тұр, сөйтеді. Ендігі хатқа дейін сау бол. Ағаң Болат.
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì Тоғызыншы хат «АСҚАНҒА – ТОСҚАН» Түскі тамақтан кейін бəріміз казарма алдындағы шылым шегетін орын да отырғанбыз. Мен қаннен-қаперсіз өзімше бір ойға шомып ке тіп пін, балалар дүрдиіп-дүрдиіп тұр. Түкке түсінбей жоғары қарадым: ефрейтор Хамидов тұр маған төніп. Балалар бір қызық күтіп, жымың-жымың етеді. Хамидов қоразданып шыға келді. – Барлықтарың отырыңдар! Қатардағы жауынгер Смағұлов, тұр! Тұрдым. – Отыр! Отырдым. – Тұр! Тұрдым. – Отыр! Отырдым. «Жетпей ме енді?»! – Тұр! – Неге? – Сен тым ақылдысың. Тұр! Командирді қалай сыйлау керек екенін үйретермін мен саған. – Жоқ, сіз командирді сыйлауды үйретіп емес, солдатты қалай қор лауды үйретіп тұрсыз. – А-а? Хамидовтың аузына сөз түспей тұтығып қалды. Ко мандир ғой, бірдеңе істеу керек. – Е-ей, соңғы рет айтам, тұрасың ба, тұрмайсың ба? Мен үн-түнсіз сазарып отыра бердім. – Солай ма? Взвод, сапқа тұр! Жылдам, жылдам! Взвод, рет түзе! Взвод, смирно! Ал не? Əрине, сендердің де малғыларың келеді. Солай болуы да керек. Бірақ сендердің демалғандарыңды қаламайтын да адам бар. Ол – қатардағы жауынгер Смағұлов. Мейлі енді, соның ойлағаны-ақ болсын. Взвод, оңға!
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Ефрейтор бізді плацқа алып шықты. – Взвод, тоқта! Қазір біз демалыстың орнына əскери жаттығуға кірісеміз. Ашу буған ефрейтор аямады: əрлі-берлі жүргізе бастады. Жаңа ғана тамаққа тойып алған біз демде-ақ порапора болып терлеп, қара суға түстік. Шөлдеп, таңдайымыз кеуіп барамыз. Біз өстіп əлек-шəлегіміз шы ғып жүргенде, плацтың тұсына бір жеңіл машина келіп тоқтай қал ды. Одан батальон командирі түсті де, бізге қарай жүрді. Еліріп алған ефрейтор бізді кілт тоқтатып, аяғын салтанатпен басып барып, рапорт берді: – Подполковник жолдас, жас жауынгерлер əскери жаттығуда жүр. Ефрейтор Хамидов. Подполковник зілді үн қатты: – Бұл қай жаттығу, ефрейтор жолдас! – Подполковник жолдас, кінəлі өздері. Əсіресе ана біреуі... – Ефрейтор, білемін не айтпағыңызды. Жалғай беріңіз жаттығуыңызды. Подполковник жалт бұрылып кете барды. Ефрейтор Хамидов пұ шайман күйде бізге бұрылды. Менің де жаным мұрнымның ұшына келіп еді. «Уһ» деп бір демалдым: «Е, бəсе, Хамидовқа да əй дейтін ата, қой дейтін қожа болуы керек қой, тіптен!» Сұры қашып кеткен Хамидов жаттығуды одан əрі жал ғастыра алма ды. Сыр білдірмегенсіп, тағы бір-екі айнал дыр ды да қоя берді. Біздің түскі демалысымыз қайта жал ғасты. Бұл хатты осымен доғарайын, Бекен. Өйткені ендігі хатта Хамидовтың басқа бір қылығын жазам. Ағаң Болат. Оныншы хат УСТАВ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ОНЫ КІМ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕДІ? Түстен кейін сабақ өтіп, онда əскери уставтармен та ныстық. Əскер өмірінің барлық қыры мен сыры бүге-шігесіне
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì дейін жазылған кітаптарды жігіттер қызыға аударады. Демнің арасында бөлме ішін сыбыр-күбір əңгіме, парақтардың сатыр-сұтыры кернеп кетті. Мына тірліктен ештеңе шықпайтынын сезді білем, Хамидов: – Бұл болмайды екен. Мен дауыстап оқимын, сендер тыныш тыңдап отырыңдар, – деді. – Сөйткен дұрыс. – Ал тындадық. Балалар тыныштала берген. – Ефрейтор жолдас, устав дегеніміз не? Сіз алдымен соны айтыңызшы, – дегені ғой Өмірзақтың. Ефрейтор Хамидов та, жігіттер де ойланып қалды. – Устав дегеніміз, устав дегеніміз, – деп Хамидов қолындағы кітап ты əрлі-берлі ақтара берді. Алайда одан «Устав дегеніміздің не екені» оңайлықпен табыла қоймады. «Бəсе, ефрейтор жолдас, сіз уставтың не екенін білмейсіз. Ол – ақылды кітап. Онда əскери өмірдің барлық қыры толық қамтылып жазылған. Оның көздейтіні – əскерлердің жауынгерлік даярлығын жетілдіру, əр кез асқан ұйымшылдық көрсетуіне, қатаң тəртіп сақтауына жету. Қатардағы жауынгерден маршалға дейін уставқа бағынады. Одан титтей ауытқу ға ешкімнің құқығы жоқ. Əскери устав – əскери қызмет заңдарының жиынтығы. Ефрейтор жолдас, Уставты жай ғана түсінікті тілмен жұрт темірдей тəртіп деп атайды. Сіз ең болмаса, осыны білсеңіз етті!» Орнымнан ұшып тұрдым: – Ефрейтор жолдас, рұқсат етіңізші, мен айтайын, устав дегеніміздің не екенін. – Сен бе? Сен отыр. – Неге? – Сол, сен əлі білмейсің. – Жоқ, білемін. – Білмейсің дедім бе, білмейсің. Сабақ бітті. Кешке көрсетемін мен сендерге уставтың не екенін. Взвод, далаға шық! Сапқа тұр!
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Сөйтіп, Хамидовтың устав жөніндегі түйсігі онша терең болмай шықты. Сонысына қарамай, ол уставтың барлық командаларын өте жақсы біледі. Команда – командирдің бұйрығы. Біз оны орындауға міндеттіміз. Бұл – əскери ант, устав талабы. Мен айтар едім: команда – командирдің солдатпен сөйлесетін тілі. Ол тіл командирдің артықшылығын білдіруге ғана емес, солдатты да сыйлауға қызмет етсін. Бұл – менің түсінігім. Ал Хамидов ше? Хамидов мұны өзі айтқандай, кешке қарай көрсетеді. Біз жатар алдындағы сапта тұрмыз. Хамидов бəрімізді түгендеп бол ды да: – Сендер бүгін уставтың не екенін білмек болдыңдарау осы! Жақсы, мен берейін сендерге ондай мүмкіндікті. Қазір сендер отыз секунд ішінде шешініп, төсекке жатып үлгерулерің керек. Устав дегеніміз, міне, осы! – деді. Е-е, бұл ауылдан əскерге барып келген жігіттер талай айтқан жай ғой. Сөз бар ма, солдат болған соң, ол жинақы, ылдым-жылдым болуы керек. Оның ар жағында отыз секундта апыл-ғұпыл шешініп, төсекке жатып үлгерудің өзі қызық емес пе! Бұл устав дегеніміз осыған дейін ескер ген не деген ақылды кітап еді! Бəріміз бой жиып, демімізді ішке тартып, лап бергелі тұрмыз. Ха мидов команда берер емес. Жігіттердің шыдамы таусылып, денелерін босаңсыта бастады. Хамидовтың күтіп тұрғаны да осы екен: – Взвод, жат! – деп қалды. Жанталасқан апыр-топыр басталды да кетті. Алдымыз шешініп бола бердік. – Взвод, тоқтат! «Мұнысы несі?» Жалғыз мен емес, жігіттердің бəрі аңтаң. Үн-түнсіз киіне бастадық. – Взвод, сапқа тұр! Рет түзе! Рет түзедік. – Взвод, жат!
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì Тағы да алып-ұшып шешіне бастадық. – Взвод, тоқтат! Хамидов бізді осылай қайта-қайта орта жолдан тоқтатып, қайта-қайта сапқа тұрғызды. Əбден зықымыз шықты. – Түу, есектен де жаман болдық-ау! Өмірзақ аузын жиып үлгерген жоқ, Хамидов жабыса кетті: – Жоқ, сендер есек емессіңдер. Дегенмен сендерге атбəйгесін көрсетіп қойған артық болмас деймін. Сонда уставтың не екенін түсінесіңдер. Взвод, далаға шығып, сапқа тұр! – Біз ешқайда да бармаймыз, жатамыз! Өмірзақ, тегі, ер жігіт, еш қаймықпай айтып тұр. Мұндай жігітті қа лайша қостамай тұрарсың! – Иə, біз жатамыз. Устав талабы да сол: солдат сағат онда жатып, ал тыда тұруы керек. – Солай ма? Екеуің взводтың ішінде іріткі туғызбақ екенсіңдер ғой. Көрейін онда кімдікі жөн, кімдікі теріс екенін. Мен қазір барып батальон кезекшісін шақыртып келемін, сол береді бағасын. Хамидов шынымен есікке беттеді. Өмірзақ та, мен де, бүкіл взвод та үрпиісіп қалдық. Батальон кезекшісі келді деген не сұмдық?! – Ефрейтор жолдас, не істесеңіз, соны істеңіз, құқыңыз бар. Уставта солай жазылған. Бұл Өмірзақты қойғын, бəрін біледі. Расында да, командирдің бұй рығы – солдатқа заң. Хамидов кілт кері бұрылды. – Міне, мұның дұрыс. Уставтың иісі мұрындарыңа кіре бастады деген осы. Взвод, далаға шығып, сапқа тұр! Біз ефрейтордың ырқына амалсыз көндік. Өмірзақ сонда да айтарын айтып қалды. – Не десеңіз о деңіз, сіздің мұныңыз – шектен шығушылық. Хамидов айтқанынан қайтпайтын ерегіспе екен: – Сендейлерді көргенбіз. Сендерді тыңдаудың қажеті
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ жоқ, тыңдатып үйрету керек. Взвод, стадионды он айналым жасайсыңдар. Бұл – ко ман дирмен жағаласқандарыңның жазасы. Осыдан біреуің жүгірмей кө ріңдерші, кəне, онда бүгін жату жоқ. Ал, жүгіріңдер! – деп команда берді. Еш құлықсыз жүгіре бастадық. Қалашық тыныштық құшағына жаңа енген. Күздің аспанды ауыр бұлт көмкерген қою қара түні. Адамға ұй қыдан басқа ештеңенің керегі жоқ керенау кез. Біз аяқтарымызды тарп-тарп еткізіп, осы мүлгіген тыныштықты ту-талақай етіп, жүгіріп жүрміз. – Тоқтаңдар! Біз тыпыр-тыпыр тоқтай қалдық. Қолының қарына жалпақ қызыл лента байлаған офицер – бөлімше кезекшісі бізге тақай бере, ашулы үн қатты: – Неменеге жүгіріп жүрсіңдер сендер жарым түнде? – Командиріміз бұйырды, біз соны орындап жүрміз. – Орындаған дұрыс енді, бірақ жетер. Жүгіргенді тоқтатыңдар, барып жатыңдар! – Жоқ, тоқтатпаймыз. Біз уставтың не екенін үйреніп жүрміз. Мен мұны əдейі айттым. – Сонда қалай? – Біз күндіз ефрейтор Хамидовтан устав дегеніміздің не екенін сұрағанбыз. Ол мұны білмей, кешке үйретем деген, үйретіп жатыр. – Устав дегеніміз – Хамидовтың қатыгездігі, біздің мезгілсіз уақытта жүгіруіміз екен, капитан жолдас. Əй, Əлтай-ай, тілің неткен удай еді? Капитан қатқыл үнмен команда берді: – Взвод, сапқа тұр! Хамидов казарма алдындағы жарықтың астында қаздиып тұр екен, саппен жай басып келе жатқан бізді көре сала, дүрсе қоя берді: – Ей, көктүйнектер, неге жүгірмейсіңдер? Онда жиырма айналым жасайсыңдар. – Ешқандай жиырма айналым жоқ.
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì Хамидов шошып қалды, бөлімше кезекшісіне қарай ұмтыла берген. – Взвод... – Ефрейтор, қажеті жоқ. Взвод бар, ұйықтаңдар. Ал сіз, ефрейтор жолдас, менімен бірге штабқа жүріңіз. Ефрейторда жаңағы екпін жоқ, жуасып, жым болып бара жатты. Ертеңіне бізді взвод командирі старшина Рогозиннің өзі оятты. Бəріміз түсіне қойдық, ефрейтор Хамидовты командирліктен алып тастаған болды. Мейлі командир бол, мейлі қатардағы солдат бол, адамшылықтан аттама. Əлбетте, ол елдің бəрінің қолынан келе бермейді. Ал, командир, пейілі кең, жомарт, жаны жайлау жазира адам болуға керек. Əрине, командир ешкімді де еркінсітпейді, өз дегенін істетеді. Бұйрық ақылды, əділ болса, солдат жан-тəнімен орындайды. Ондай командирді жұрт тың бəрі сүйеді, сыйлайды. Жанға бататын, арға тиетін бұйрық жалпы мүд деден емес, жеке бастың қа мынан туады. Əскер – темірдей тəртіпті, қара қылды қақ жарған əділдікті қажет ететін жер. Одан титтей ауытқыған командир өкініш ке ұрынады, сенімнен айрылады. Хамидов та сөйтті. Барсын! Ол туралы əңгіме осымен бітті. Хат та аяқталды. Ендігі хатта мүлде басқа əңгіме басталады. Сау бол. Ағаң Болат. Он бірінші хат БІЗДІҢ ЖАҢА КОМАНДИРІМІЗ – КІШІ СЕРЖАНТ КОРОСТИН Взвод командирінің орынбасары болып кіші сержант Коростин кел ді. Аты – Михаил. Бұл – менің аяғымды қы сып қалған тас арасынан шы ғарып алатын секпіл бет, шашы ның əр талы онша-мұнша тебен инеге жетеқабыл, тікірей ген қайратты қызғылт шашты жігіт. Ол алғашқы күні-ақ бəрімізді
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ үйіріп əкетті. Хамидов құсап не болса, соған ашуланбайды, қандай қи мыл-əрекетті болсын, өзі əдемілеп көрсе тіп, біздің де дəл солай айнықатесіз қайталап істеуімізді та лап етеді. Жүріс-тұрысының бəрі жа расымды, нық. Біз оның барлық талабын да, бұйрығын да бұлжытпай орын дауға жан-тəнімізді саламыз. Оның айтқанын орындау бойды сергітіп, көңілге қуаныш ұялатады. Коростинше аяқты нық əрі əсем басу, турникте жəне басқа снарядта сол құсап, шыр көбелек айналу – бəрімізге арман. Коростиндей болмасақ, біз əлі солдат емеспіз. Коростиннің бір қорбиған ойыншық Мишкасы, қонжығы бар. Қолы қалт еткенде ол осы қонжығын құшақтап, бетіне бетін басады. Сол сəт қонжықтың қатқыл ұзын жүні иесінің бетінің қытығына тиеді білем, мажыражай болып, жымың-жымың етіп рақатқа батады, секпіл бетін қызыл арай көмкеріп, жаңа шығып келе жатқан күндей болып алаулайды. Жүзінен бейкүнə сəби шаттығы шашырап, көгілдір көзі мейірім төгеді. Коростин ертеңгілік төсек-орнын жинағанда, қонжығын жастығының үстіне отырғызып жатып, дəл бір інісімен сөйлескендей, дəудірлеп кетеді: – Кішкентай солдатым менің! Отыра ғой ал. Не, кешке дейін тап жылмай отыру, күту ауыр болып жүр ме? Қайтерсің енді, солдат өмірі – қатал. Тəртіп керек мұнда. Солдат бұйрықты орындауға міндетті. Сен де солдатсың. Саған бұйрық: «Отыр!». Қозғалмай отыр ендеше, сені өзі ешкім ренжітіп жүрген жоқ па? Ой, қой! Не болса соған жаси ма екен жігіт деген. Төзім керек, бауырым Мишка. Сол дат – от пен суды, ыстық пен суықты елемейтін адам. Неге де болса қасқайып қарсы тұрады ол. Ал саған не жоқ? Қой, мұның болмайды. Сен де төзімді, қайсар, қажыр-қайратты болуды үйрен. «Апыр-ау, мұнысы несі екен?!» – деп таңданып жүрдім мен. Кейде түрлі жаттығу ойындарының, сабақтардың арасындағы үзіліс кездерінде казармаға кіре қалсам, қаз-қа-
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì тар төсектердің үстіне үш бұрышталып сап құрып жиналған жастықтардың арасында делдиіп отырған қонжықты кө ретін едім. «Ештеңе етпейді, отыра тұр. Шыда. Солдат көн біс болуы керек. Кеш болсын, сонда иең қолына алады, қуа нышқа кенелесің» деп күбірлегенімді өзім де білмей қалатынмын. Қонжығын Коростин түнде қойнына алып жатады. Көрпесімен қымтап жатып, казарма ішіндегі кезекшіге: – Түнде қарап қойыңдар, қонжық ашылып қалмасын. Мұның ұйқысы жаман, қорбиып алып. Солдат өмірі ұйқышыл маубасты сүймейді, – деп қояды. – Құп болады, кіші сержант жолдас! Бізге сеніңіз, қонжық ашылмайды. Біз – сергек солдатпыз. – Дұрыс. Мен сендерге сенемін. Ал, Мишка, ұйықта, ұйықтау керек. Бəріміз де ұйықтайық, балалар. Кешке дейін тыным көрмей шаршаған взвод командирі демде қалың ұйқыға кетеді. Кезекшінің алдында ұзақ түн бар. Мен де талай рет кезек ші болдым. Сонда көзіме небір дүлей ұйқы тығылғанда, қызғылт шашына дейін тыныстап ұйықтап жатқан Коростинді, оның мойнына тұмсығын тығып, жабыса түскен қонжықты көрген сайын жатардағы əңгіме есіме түсіп, денем сергіп жүре беретін. Шырт ұйқыдағы жігіттерді бір шолып шығып, қонжықты, оның иесін маңайлап өтемін. Кейде шынында, қонжықтың көрпесі ашылып қалады, ақырын басып барып, ептеп қымтап қоямын. Өз достарымыздың тыныш ұйқысын күзетіп, көз ілмей таң атыруды біз осылай оп-оңай үйреніп алдық. Ойыншық қонжықты өстіп жас солдаттардың барлығы жақсы көріп кетті. Тіптен ол біздің жаңа, жасқана қадам басқан солдаттық өміріміз дің ажырамас бөлігіне айналды. Біздің қонжыққа соншама пейіл болуы мыз оның иесіне деген ілтипатымызбен сабақтасып жататын тəрізді еді. Жақсы адам үшін жан пида емес пе, біз кіші сержант Коростиннің бір айтқанын екі еткізіп көрген емеспіз.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Коростиннің қонжықты жанындай жақсы көретінінде бір құпия бар сияқты болып көрінеді де тұрады маған. Сол құпияны білуге құштар болдым да жүрдім. Бірақ оны атыжөні жоқ сұраудың өзі ыңғайсыз емес пе? Өзімен бір оңаша қалудың реті келе қоймады. Бірде кешкілік шылым тартатын орында жалғыз отырғанмын, жаныма Коростин келе қалды. Екеуміз біраз өздіөзімізбен отырдық. Мен көптен күткен қолайлы сəт қой бұл, сұрайын деп бірнеше рет оқталдым. Бірақ біртүрлі ынғайсыздана бердім. Ақыры қызықтаушылығым жеңді: – Кіші сержант жолдас, сіз қонжықты неліктен сонша жақсы көресіз? Меніңше, мұнда бір құпия сыр бар сияқты. – Солай ма, Болат? Рас па? Оны кейін айтармын, қазір ерте. Қазір ерте. Міне, қызық! Қызықтаушылығым одан сайын артты. Амал қайсы, командирден ежіктей сұрай беруге жол жоқ. Бітті, өзі айтқанша күтіп жүре беру керек. Бекен, сен де ендігі хатты күте тұрсаң қайтеді? Не жазу керектігін біраз ойлап, елеп-екшеп алмаса болмас. Не болса соны төпеп жаза беру жақсы емес, əрине. Оның үстіне, біздің мұнымыз құр амандық-есендік білдіретін хат емес, солдаттар туралы хикая болып бара жатқан сияқты. Шыныңды айтшы, ағаң қалай жазады екен? Мейлі, айтпайақ қой, маған сенің өтінішіңді орындағаным да жетіп жатыр. Сау бол! Ағаң Болат. Он екінші хат КЕЗЕКТЕН ТЫС НАРЯД НЕМЕСЕ ƏЛТАЙДЫҢ ТЫМАҒЫ Таңертеңнен кешке дейін отыз асаумен алысу оңай ма, Коростин қатты шаршайтын. Рас, Бекен, бізді бас білмейтін асау десе болады. Арынымыз қатты, құштар лығымыз жеткілікті, бірақ не тындыратынымызды, нені бүл-
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì діретінімізді білмей, тəлтіректеп қаламыз. Бір себептен бізді жаңа аяқтанған жас төл десе болар. Бізге күні бойы солдат өмірінің əліппесін үйрететін жалғыз адам – кіші сержант Коростин. Білгіміз келгенді содан сұраймыз, келіспей жатқан қимылымызды, ұқсамайтын тірлігімізді сол түзеп, жөнге салады. Жас жауынгер курсы – өтпелі мерзім. Мұндағының бəрі уақытша. Старшина Рогозин де – негізгі жұмысы басқа, бізге командир болу уақытша қосымша тапсырылған адам. Содан болар, ол бізді ертеңгілік бір, кешкілік бір сапқа тұрғызып, үсті-басымызды, етігіміздің нəлінен бастап, ты мағымыздың бауына дейін бір қарап шығады. Бір жеріңнен титтей кемшілік көрген екен, аямайды. Жағаңның астарын кішкене бір кір шалсын, қалтаңда қолорамалың, яки тарағың болмай қалсын, нəлің босасын, не түймең жарқырап тұрмасын, бітті, сап алдына шы ғарып қойып, кезектен тыс бір наряд жариялайды. Оны жүзеге асыруды Коростинге тапсырады да кетеді. Содан қайтып, оны бұл күні көрукөр меуіміз екіталай, есесіне берген наряды кешке дейін өз күшін жой майды, мойнымызға ілінген жүк ол. Орындап барып қана құтыласың одан. Кезектен тыс наряд – жас жауынгерге берілетін жаза ның ең бір өтім дісі. Біз оны Рогозиннен ғана емес, Коростиннен де аламыз. Айтқанға көн бей, қиқаңдап, жөн-жосықтан шығып бара жатқан балаларға кезектен тыс наряд беріп қоймаса болмайды, əрине. Мұның өзі əуелім керек қажеттілік. Командирдің айтуынша, бұл – тəрбие құралы. Ал ол құралды командир дің бəрі пайдалануға тиіс. Иə, тиіс, əйтпесе командир көңіл шек аталады. Тиіс болған соң Коростиннің де бізге кезектен тыс наряд жариялап қоятыны бар. Бірақ оның наряд берген ғұрлы құты қашады. Бөлімше ні сапқа тұрғызып, тəртіп бұзған адамды алға шығарардан бұрын, өзі қып-қызыл болып кетеді. Мұнысы ашудан гөрі ұялуға ұқсайды. Шын, ұялады.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Өз қаруластарына кезектен тыс наряд беруден асқан азап жоқ шығар, тегі. Қайтсін енді, əскер заңы осы. Мұнда арқаңнан қағатын ата-анаң жоқ. Жақсы қызмет еттің бе, алатының – алғыс, жаман болдың ба, еншің – наряд. Кезектен тыс нарядтың ең жаманы – оқу-жаттығу уақытынан тысқары кезде өтеледі. Кешкі астан соң, жұрттың арқа-басы босап, жаппай кең тыныстауға кіріскенде, наряды барлар артына қарай-қарай асханаға кетіп бара жатады. Осындай қорлықты маған да көруге тура келді. Ер теңгі сапта тұрмыз.Старшина Рогозин үсті-басымызды тек серуден өткізе бастады. – Бас киімдеріңді алыңдар! Бас киімімізді оң қолымызға алдық. Старшина бəріміз дің тақыр басы мызға «неғыпты, шашы өскен біреуі бар шы ғар» деген кейіппен үңіле ді. Ондай адам қайдан бол сын, «карантинде» шаш қоюға рұқсат жоқ. Старшинанікі – дағды. Əлтай болмаса, шаш қоюға асығып жүрген ешкім де жоқ. – Жағаларыңның түймелерін ағытыңдар! Бəріміз гимнастеркамыздың түймесін ағыттық. Старшина əрқайсымызға таяп кеп, жағамызға шұқ шиды. – Сенің фамилияң кім? – Ыстыбаев. – Қатардағы жауынгер Ыстыбаев, саптан шық! Қармаққа бірінші болып Əлтай ілікті. Саптың алдына шығып, бізге қарап жымың-жымың етіп тұр. – Оң өкшелеріңді көтеріңдер! Көтердік. Старшина, əскер тілімен айтқанда, тыл жағымыздан келіп, саптың басынан аяғына қарай өкшемізді көзімен сүзіп барады. Орта тұста – менің тұсыма келіп, тоқтай қалды. – Қатардағы жауынгер, саптан шық! Кімге айтып тұр? Менің етігімнің нəлі орнында. Ешкім ор нынан қоз ғалмады. – Қатардағы жауынгер Смағұлов!
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì Коростин Рогозиннің менің фамилиямды білмейтінін осы лай түзеп жіберді. – Қатардағы жауынгер Смағұлов, саптан шық! Нəлің босаған. Рас, ептеп қана босап еді, қалай біле қойды, ə? – Құп болады? – Тексеру бітті. – Взвод, смирно! – Қатардағы жауынгер Ыстыбаев, қызмет атынан кезектен тыс бір наряд жариялаймын! – Бар, бір наряд. – Қатардағы жауынгер Смағұлов, қызмет атынан кезектен тыс бір наряд жариялаймын! – Бар, бір наряд. Кешке Коростин бізді асханаға ертіп əкеліп, аспаз солдатқа тапсырды: – Юсуп, мына екі жігітті көп ұстама. Картопты аршып берсін де қайт сын. Жастар ғой, шаршап жүр. – Құп болады, кіші сержант жолдас! Коростин кетісімен, Юсуп аспаз бізді айналдыруға кірісті. – Уа, жерлестер, кəне, арши білесіңдер ме? – Неге білмейміз? – Білемін. – Онда жақсы. Осы жарты қапты аршып бітірсеңдер болғаны, қай тарамын, тездетіңдер. – Біз картопты жан-тəнімізді салып аршып жатырмыз. – Əй, бала, бері келші. Əлтай екеуміз бірдей жалт қарадық. Юсуп есік көзінде тұр екен, сұқ саусағымен мені шұқыды: – Сені айтам. Сен кел бері. Юсуп əрі ас пісіретін бөлмеге еніп кетті. Ізінше мен де кірдім. – Бала, сен маған ұнап қалдың. Пышақ ұстауың, картоп аршысың жақсы екен. Маған жəрдемші керек, соған сені қалап тұрмын. Сен тек келіссең болды, арғы жағын өзіме
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ қоя бер. Қызметің жеңіл болады, өстіп жүресің астың арасында. – Жоқ, қажеті жоқ. – Неге? – Мен əскерге аспаз емес, солдат боламын деп келгенмін. – Ал не, сонда мен солдат емеспін бе? – Қайдам. – Қайдамың нең, сен мені солдат емес деп тұрсың ғой. Жоқ, мен – сол датпын. Солдат болғанда да нағыз өзімін. Аспаз болу – маған бе рілген жауынгерлік тапсырма. Менің дəмді тамағым, біле білсең, сол даттың бəрін ұстап тұрған. Есіңде болсын, қарны тоймаған солдат түкке жарамай ды. Сен мұны өмір бақи есіңде ұста. – Кім білген? – Мен білем. Қажет болса, саған да білдірем. – Қалайша? – Солайша. Ерегіскенде, мен ертең комбатқа айтып, сені көмекшілікке сұрап алам. Сен менің қолбалам боласың, қайда жұмсаймын, солай қарай ұшып тұрасың. – Жоқ. Мен солдат боламын. – Сорлы-ау, оның несі жақсы? Күн-түн қатып, постта тұ расың, оқу-жаттығуға шыққанда алаөкпе болып кабель тарқатасың, жинайсың. – Несі бар, əбден жақсы, қолымда ожау емес, автомат болады. – Мынаны қарай гөр, ей, салага. Сендей қызметшілді көргенбіз біз. Өз обалың өзіңе, бар! Ана сарыны жібер. Армия қатарында қызмет етуді жайлы-жайсызға бөліп алғанын қарашы, ей? Өзі тағы кеуде кереді! Əлтай кеткен, екеуі көпке дейін күбірлесті. Аспаз Юсуп кеңкілдеп кү ліп қояды. Содан əжептəуір уақыт өткен соң барып оралды-ау Əлтай. Сойған түлкі құсап жымың-жымың етеді. – Болат, айым оңынан туды.
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì – Иə. – Аспаз болатын болдым. – Оның несі жақсы? – Сен не білесің? Сендер жаз күнге шыжып, қыс бүрсеңдеп тоңып жүргенде, Əлтекең отырады асханада жылыжұмсақты соғып. Біздің алғашқы командиріміз əскерде қызмет етуді бұлай түсінбейтін сияқты еді. Юсуптың үгітіне қалай оңай көне кеткен, ə? Бəсе, тым жылдам едің, жұқсыз болып жүрмегін, Əлтайжан. Мен Əлтайға жирене қарадым. Əлтай біртүрлі жыпжылмағай бо лып қалған сияқты. Қандай да бір нəрсесі жет пей, жараспай тұр. Ол не? Əлтайдың басына, аяғына қараймын, ештеңе көре алмаймын. – Əй, Əлтай-ай, бала екенсің сен əлі. – Баршы өзің. Не, мына тымақты айтып тұрсың ба? Бізге, салагаларға осы да жетеді. Біз ендігі жылы келген жас тардікін аламыз. Аспаз болсам, табылады маған тымақтың көкесі. Міне, əңгіме қайда? Юсуп, ашығын айтқанда, Əлтайдың тымағын алдап алып қойыпты. Əлтайдың сөмпиіп тұр ға ны ескі тымақтан екен. – Əлтай, сен бос сөзді қой, тымағынды ал. Ұят болады. – Кімнен? – Өзіңнен. – Қалайша? – Юсуп сені алдап отыр. Алдану – ақымақ болу. – Баршы өзің. «Өз ақылым – ақыл-ақ, кісі ақылы – шоқырақ! – дегенді естіген шығарсың. – Кіші сержант Коростинге не дейсің? – Не деймін, тымақ өзімдікі, не істеймін, өзім білемін. – Өзің білмейсің, бар, ал тымағыңды. Солдаттың бір мін деті – киім-кешегін ықтияттап киіп, оларды уақтылы тазалап, ретке келтіріп тұру. Біз байқамаппыз, Юсуп есік көзінде тыңдап тұрыпты.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Жарайсың, Əлтай! Бар, қайта бер казармаға. Дем ал, ұйықта. Ал мынау таң атқанша аршиды картопты. Əлтай ыржақтап мəз болды: – Құп болады, бас аспаз жолдас! Кеттім ал. – Мен де кетемін. – Жоқ. Сен қаласың. – Неге? Наряд Əлтай екеумізге бірдей жарияланған, бір дей өтеледі. – Мынау бір қырсық қой, ей. Бар, барыңдаршы екеуің де көзіме кө рінбей. Айтпады деме, саған қызмет ауыр болады. – Жеңіл болу үшін үстімдегі киімімді үлестіруім керек екен ғой. Жоқ, мен ондай алаңғасар емеспін. – Көресің, бұл асаулығыңнан түк те шықпайды, құр босқа қор боласың. Бар, барыңдар екеуің де. Əлтайға қарағым келмей қалыпты, казармаға лəм-мим деспеген күйі келіп, өзді-өзі жастығымызға бас қойдық. Кіші сержант Коростин Əлтайдың тымағынан айры лып қалғанын ертеңгілік бірден байқады. Тұрып жатқанбыз, Əлтай аспаздың көнетоз тымағын басына апара берген! – Қатардағы жауынгер Ыстыбаев, кел бермен! Əлтай тапырақтап барып, Коростиннің алдына қалт тұра қалды! – Кіші сержант жолдас, қатардағы жауынгер Ыстыбаев сіздің бұй рығыңыз бойынша келіп тұр. – Қатардағы жауынгер Ыстыбаев, тымағыңыз қайда? – Т-т... Коростин ашулана да біледі екен. – Тоқтат сөзді! Юсупке бергенсің. Бұл не, жағымпаз дық па, жоқ, ашықауыздық па? Біліп қой, əскерде оның екеуі не де, əсіресе, қорқақ болуға жол жоқ. Бар, жүгір! Бір ая ғың асханада, бір аяғың осында бол сын! Тымақсыз кел ме, қара түрін! Əлтайда ес қалмады, асхананы бетке алып безе жөнелді. – Осы да біздің алғашқы командиріміз болды-ау!
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì – Вагонда сонша тұштаңдап еді, бəсе. Пысық па деп ем, пəтуасыз екен ғой. Өмірзақ пен Əкім қуаты жоқ əңгіме айтып тұр, əрине, мен Əлтай үшін қатты ұялдым. Күні бойы өз-өзімнен біртүрлі ыңғайсызданып, Коростинге қарай алмадым. Бұл күйімді ол бірден сезген екен, кішкентай бір оңашалана бергенде оң иығыма қолын салып, ақырын сыбырлағандай етіп сөйледі. – Болат, мен сені түсінемін. Сен өзіңді кінəлі санап жүрсің. Мұның – дұрыс. Солдат өз басының қамынан гөрі взводтың арын көбірек ойлауы керек. Юсуп Ыстыбаевтың тымағын алдап алып қана отырған жоқ, бəрімізді мазақ етпек. Бұған жол беруге бола ма? – Жоқ. – Міне, өте жақсы. Қап! Түнде Əлтайдың тымағын Юсуп алдап алғанына неге ғана көн дім екен, ə? «Тымақ менікі емес, Əлтайдікі, мей лі» деген самарқау сезім болды ма? Жоқ, бір кісідейақ шырқырап айттым емес пе, Əлтайға. Босбелбеу екен, көнбеді. Біздің, бір взводтың солдаттарының жанымыз да, арымыз да бір екен. Кезектен тыс наряд арқалап, асханаға тағы барармыз, бірақ Юсупке алдану қайда енді! Біз көп нəрсені үйреніп қалдық. Дегенмен... Бекен, бұл «дегенмен» жайында келесі хатта жазайын. Тағы бір үзіліс жасап алғанымыз жөн шығар. Сау бол! Ағаң Болат. Он үшінші хат СОЛДАТ ТАПҚЫРЛЫҒЫ Келесі күні Əлтай екеуміз казармаға кезекші болдық, бұл – кəдімгі заңды наряд. Жігіттер оқу-жаттығу сабақтарына кеткен соң:
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Ал, Əлтай, тағы бірдеңені бүлдіріп жүрмейік, жақсылап тұрып атқа райық міндетімізді, – дедім. Кешегіден көңілсіз жүрген Əлтай: – Əрине, қатырайық, – деп қуанып кетті. Шынында, екеуміз кешке дейін бір тыным көрмедік. Демалыс бөлмесін, казарма ішін, бізге тиесілі тағы басқа толып жатқан бұрыш-бұрыштың бəр-бəрін айнадай қылып жудық, сүрттік. Телефон шылдырына «Рубин-2» тыңдап тұр!» деп тақ-тақ етіп жауап бердік. Бəрі дұрыс. Кешке қарай, жігіттер келердің алдында казарма ішіндегі үлкен екі пешті жағу керек болды. Пеш күндіз жағылмай, түнде қыз-қыз қайнап тұратын. Мен қолыма шелекті алдым да тамызық, көмір əкелуге отын қоймасына тарттым. Əлтай пештің күлін алуға кірісті. Қойманың есігін аштым, іші толған көмір, тамызық боларлық түк жоқ. Шелекке көмір толтырып əкелдім. – Ал жағайық, тамызығың қайда? – Тамызық жоқ. – Енді қайттік? – Білмеймін. – Білмейсің, ə? Білмейсің, жассың. Тоқтай тұр онда. Мұн дайда солдат тапқырлығы қажет. Қазір. Əлтай сыртқа шығып кеткен, демнің арасында қолтығына ұзындығы екі құлаштай тақтай қысып оралды. – Ал, мə, мынаны жар. – Мұны қайдан алдың? – Оны қайтесің? Мен таптым, сен жар да, от жаққаныңды біл. – Жоқ, сен алдымен айт, тағы бірдеңені бүлдіріп жүр ген шығарсың. – Онда əкел бері, өзім-ақ жарайын. – Жармайсың. Қайдан шыққан тақтай бұл? Мен соны білмей, жар ғызбаймын. – «Солдат тапқырлығы» дейді мұны. Миға жұмыс істету керек адам деген, сонда бəрі табылады.
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì Біз өстіп кеу-кеулесіп жатқанда, казармаға старшина Рогозин кіріп келді. Екеуміз сыптай болып тұра қалдық. Мен кезекшілігім жайында баяндадым: – Старшина жолдас, кезекшілік ойдағыдай өтуде. Ешқандай төтенше оқиға болған жоқ? Кезекші – Смағұлов. – Кəне, не істеп жатырсыңдар? – Пеш жағып жатырмыз, старшина жолдас. – Көрсетіңдерші. Қалай жақпақсыңдар? Пешке таяр-таямастан, старшинаның ашулы үні бұрқ ете қалды: – Не істегенсіңдер сендер? Мына тақтайды қайдан алдыңдар? Қоршау қабырғадан жұлып алыпты, ей! Əлтай құп-қу болып кетті. Мен состиып қаттым да қалдым. Старшина екеумізге тесіле қарады. – Солдат тапқырлығын үйренгендерің ғой. Бұл тапқырлық емес, бүл дірушілік. Айтыңдар, қайсыңның ісің? – Мен... – Сен болсаң, апар, шегеле орнына! Апыр-ай, бұл не деген тəртіпсіздік?! Екеуіңе кезектен тыс екі нарядтан жариялаймын. Келген соң, Коростинге айтыңдар. Ал қазір сен бар, мынаны апарып өз орнына қақ! – Құп болады, старшина жолдас! Əлтай құлдыраңдай жөнелді. Кіші сержант Коростин біздің хабарымызға мырс етіп күліп жіберді де, дереу езуін жиып ала қойды. – Бұларың не енді? – деді содан соң. Мұнысы кінəлағаннан гөрі, «кайтейін, боссыңдар. Ештеңе етпейді, əлі-ақ пысисындар» дегенге көбірек ұқсайтын еді. «Əбден шаршатып біттік-ау өзін!» Қайтеміз енді, аянып жүргеніміз жоқ, бірақ жақсы ниетіміз, ір-əрекетіміз тəжірибесіздіктен діттеген жерден шығара бермейді. Бекен, біз өстіп жүріп, жас жауынгер курсының қалай тез өтіп кетке нін білмей де қалыппыз. Ендігі əңгіме сол дат өміріндегі ең салтанатты оқиға туралы болады. Сау бол. Ағаң Болат.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Он төртінші хат ЖАУЫНГЕРЛІК АНТ ҚАБЫЛДАУ – НАҒЫЗ СОЛДАТ БОЛУ Ертеңгі саяси хабарлама кезінде старшина Рогозин: – Ал, сұңқарлар, ертең жауынгерлік ант қабылдайсыңдар, нағыз сол дат боласыңдар, – деді. – Қазір кімбіз сонда? Қайран Əлтай, бəрін біледі, сонда да бір көрініп қалуы керек оның. – Қазір... Былай айтқанда, жауынгерлік ант қабылдағанша, сендерді шы нымен солдат деуге болмайды. Қа зір жеке қару-жарақтарың жоқ, сақ шы болмайсыңдар, жауынгерлік тапсырма орындамайсыңдар, тағы-тағы... Қысқасы, жассыңдар сендер. – Кезектен тыс наряд ше? – Е-е, ол жай ғой. – Сонда біз оны бекер орындап жүріппіз де. – Неге? Жоқ. Ол – командирдің бұйрығы. – Қап, бекер орындаған екенмін-ау? Жігіттер сұрақты ал кеп жаудырсын. – Жауынгерлік ант қабылдамаған адамды əскери трибуналға бере алмайды екенсіздер ғой. Сол рас па? Өмірзақтың мұнысы енді басалқалы сұрақ. – Рас болуы да мүмкін. Өз басым ондайды көрген емеспін. Жауын герлік ант қабылдамаған адам əскери адам емес, əрине. – Сонда біз несіне келгелі бері арам тер болғанбыз? Əкім, тегі, бірбеткей жігіт. Қалай тайсалмайды, ə? – Сендер арам тер болған жоқсыңдар, солдат өмірінің əліппесін үйрен діңдер. Оның бəрі қызметтеріңде керек болады. Мен де қарап отыра алмадым: – Картошка аршу да керек бола ма? – Керек болады.
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì – Құрысын картошка аршығаны. – Ыстыбаев дұрыс айтады, түнде ұйқыдан қалып, Юсуптың малайы болып, картошка аршудың қажеті қанша еді? Ақымақ болған екенбіз. – Неге? Ол – тапсырма. – Бірақ жауынгерлік тапсырма емес. – Ол – Отанға емес, аспазға қызмет ету. – Жоқ. Олай емес, Юсуп Алматының көкбазарында тұрған жоқ, сен дерге тамақ істеп жүр. Оның қызметі – осы. – Сонда да. – Біз əлі ант қабылдағанымыз жоқ, солдат емеспіз, бұйрықтың бəріне бірдей бас шұлғи бермеу керек еді. – Əсіресе Хамидовтың қорлығына төзгенімізді айтсаңшы! – Болды, болды! Ертеңнен бастап солдат та боласыңдар, бұйрық та жүреді. Бос сөзді доғарайық, нақты іске кө шейік. Бүгін кешке өздеріңді, киімдерінді ерекше дайындыққа келтіріңдер. Жауынгерлік антты жаттап алдыңдар ғой. – Жаттап алдық. – Қараңдар, ертең қолдарыңа жауынгерлік антты бергенде, қарап тұ рып жатқа соғатын болыңдар! – Құп болады, старшина жолдас! – Мен сендерге сенемін! Сендердің жаңағы көп сұрақтарыңа жауап мынау – мен оны талай айтқанмын – əскерге шақырылған əрбір азамат өз жолдастарының сапы алдын да, командирлердің көзінше, Жауынгерлік Ту ас тында қару-жарақты қолына ұстап тұрып, Отанға, халыққа адал боламын деп салтанатты ант сөзін айтады. Анттан айныған адамның кім болатынын мен айтпасам да білетін шығарсыңдар. – Білеміз. – Білсеңдер, бəріңе табыс тілеймін! Біз кіші сержант Коростин екеуміз ант талабының ауыр екенін əбден түсіндірген сияқтымыз. Əскери ант бəріңді адал да шыншыл, ба-
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ тыл да ержүрек, тəртіпті де сақ, Отанға, ха лыққа берілген, Отанның білгір де сенімді қорғаушысы болуға, əскер жəне халық мүлкін сақтауға міндеттейді. Сендердің осы талаптың бəріне жауап беретін солдат болатындарыңа мен күмəн келтірмеймін. Сендер жақсы болсаңдар, біз дің еңбегіміз жанғаны. Ант қабылдау салтанаты өте жақсы өтсе екен енді. Командирдің жанашыр сөзі-ай, шіркін! Ол – адамға қанат бітіріп, жі герлендіретін, құлшындыратын күш. Мұндай да солдат барын салады. Біздің дайындығымыз ерен бол ды: жауынгерлік антты бəріміз жатқа соғамыз, киі міміздің бəрі өтектеулі, түймелеріміз, белдігіміздің доғасы, етігіміз – бəр-бəрі жалт-жұлт етеді. Ертеңгі астан кейін бүкіл батальон жарқырап киініп, плацқа сапқа тұрғызылды. Саптың басында біздің – жас жауынгерлердің взводы. Батальон сіресіп қатып қалды. Плацқа əскери бөлім нің Жауынгерлік Туы шығарылды. Жауынгерлік Туды мен неге үлкен əріптермен жазып отырмын? Біліп қой, Жауынгерлік Ту – жауынгерлік ар, абырой мен даңқ белгісі. Оны бəріміз көздің қарашығындай сақтап, қорғауымыз керек. Ол жайшылықта əскери бөлімшеде сақталады. Соғыста майдан даласына алып шығарылады. Ту жау қолына түспеуі керек. Ту жоғалса, əскери бөлімше таратылады. Кінəлілер жазасын алады. Батальон командирі подполковник Халявин аяғын нықнық басқан күйі, біздің алдымызға келіп, қалт тұра қа лып, даусын қатты көтеріп: – Саламатсыздар ма, жауынгер жолдастар! – деді. – Денсаулық тілейміз, подполковник жолдас! Біз бұл сөздерді бір үнмен, бір деммен айттық. Даусымыз жақсы шықты. Подполковпик риза кейіппен саптың басына қарай беттеді. Ол жерге үстіне қызыл қыжым жабылған үстел қойылып, соның басында біраз офицерлер шоғырланып тұр.
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì Жас жауынгерлерді біртіндеп шақыра бастады. Саптан шығып, сал танатты жүріспен үстелге жақындауың, жауынгерлік антты ұстап тұ рып оқуың, жақсысы жатқа айтуың, сөйтіп барып, сыптай болып орныңа қайтуың керек. Бұл кезде бүкіл батальон саған үңіледі. Бəрі сынап тұр: мынау не үйренді екен, қандай солдат болды екен? Кезек маған да келді. Белгісіз бір құдіретті күш дедектетіп ала жөнелді. Намыс, жігер оты бет-жүзімді алаула тып жіберді. Бар ынта-жі герім қалай да сыптай болып, нық-нық басып барып, əскери антты се німді үнмен жатқа соғу ға жұмылған. Барлық қимылым үйлессе екен, ант сөзде рін айтқанда мүдірмесем екен! Осыдан басқа ой жоқ, басқа дүниенің бəрі ұмыт. Абырой болды, бəрін ойдағы дай орындап шықтым. Кіші сержант Коростиннің еңбегі зая кеткен жоқ, жігіттердің барлығы əскери ант қабылдау рəсімін ойдағы дай өткерді. Коростин бұған қатты қуанды. Бағанадан бері бір жанып, бір сөніп тұрған оның бұл кейпін шəкірті сынға түскен бапкермен ғана салыстырса болар, кеудесін кере еркін бір дем алды: – Болды! Бəрі дұрыс! Жарайсыңдар, жігіттер! Бəріміздің арқамыздан ауыр жүк түскендей болды, дүние кеңіп, плац жайнап шыға келді: айнала ал қызыл ту, үрмелі аспаптар оркестрі ойнап тұр. Біз шын солдат болдық. Дəл осы жерде бізді рота-ротаға бөлді. Біз нағыз солдат сапына тұрып, бөлімше туы, батальон командирі, офицерлер алдынан салтанатты марш пен өттік. Бекен, біліп қой, кейін осы салтанатты сəтке əбден жақ сылап дайын далатын бол. Бөлім командирінің алдынан өткеніңде қатарыңнан қал май тыныңды көрсет. Көре сің, сол даттың өмірі өңкей сыннан тұрады. Со лар дың бірде-біреуінен сүрінуге хақың жоқ, бəрін устав та лабына сай, тындырымды, сапалы атқаруың керек. Өйтпейді екенсің, көзге түрткі боласың. Командирлерді былай қойғанда, қаруластарыңның өзі қоңаштайтынды шы-
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ ғарады. Сондықтан да, бауырым, солдат болуға қа зірден дайындала бер: барлық жағынан шынық! Білдің ғой. Білсең болды. Ағаң Болат. Он бесінші хат АТАЛАРДЫҢ АМАНАТЫ ОРЫНДАЛДЫ. БІЗ – МЕРГЕНБІЗ Мен кіші сержант Коростин қызмет ететін взводқа тап болдым. Нағыз əскери қызмет енді басталды. Автомат асынып, сақшы болу, алғаш рет нысана ату, əскери техника ны меңгеру – осылардың бəр-бəрінде Коростин ақылшы аға болудан айныған емес, тіптен қимылымыз үйлеспей, бір нəрсеміз келіспей жатса, қатты қысылатын. «Каран тин» кезінде жөндеп үйрете алмаған екенмін-ау деп өкіне тіні көрініп тұрады: біресе қызарып, біресе қуарып кетеді. Біз кіші сержантты ыңғайсыздыққа душар етпейік-ақ дейміз, бірақ келісімсіз жайлар, өкінішке қарай, кездесіп қала береді. Взвод нысана атуға барды. Жас жауынгерлер курсында автоматты қалай ұстау, нысананы қалай көздеу, шүріппені еппен жайлап басу керек екенін бізге кіші сержант Коростин айтудай-ақ үйреткен. Арнаулы станокта етпеттеп жатып та, тізерлеп отырып та нысананы көздеп атуды əбден үйренгенбіз. Шүріппені баса бере, жалма-жан «жиырма екі» деп қоя бере салуға əбден-ақ жаттыққанбыз. Сол қас қағым сəтте екі оқ атылып үлгереді екен. Автомат минутына 600 оқ атады. Неткен жылдамдық?! Қолыңды шүріппе ден дереу тарта алмай қалдың ба, оқшантайдағы барлық оқтан айрылдым дей бер. Біз мұны жақсы білеміз. Міне, енді Əлтай екеуміз автоматымызды кезеніп, нысананың көрінуін күтіп жатырмыз. Нысана қылт етіп шығады да, он секунд қана тұрып жоқ болады. Сол кезде дəл көздеп атып үлгеруің керек.
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì Нысананы күту не, өзіне мылтық оқпанын кезенсе де Əлтай қарап жатқан ба: – Болат, атаң снайпер бол деп еді ғой. Ал көрсет өнеріңді, – деп сы бырлады. – Сен ше? Мировой мерген боламын дегенің қайда? Старшина Рогозиннің: – Неге сөйлейді, ей, мыналар? Не, мұны білмей ме бұлар? Ал атыңдар! – деген өктем үні естілді. Сөйтсек, біз бір-бірімізді қағытып жатқанда, нысана каздиып шыға келген екен. Екеуміз де атып үлгере алмай қалдық, нысаналарымыз лып беріп жоқ болды. Нысана көрінсе, қағып түсіреміз-ау деп лепіріп-ақ шығып едім шепке. Əлтай жермен-жексен етіп тынды. Нысананың қайта көрінуін күтетін болдық. Енді тигізсек те ештеңе емес, бірақ бір балымыз кемиді. – Жігіттер, абыржымаңдар, тынышталыңдар? Əлі де кеш емес, абайлаңдар! Ал енді ақылды болыңдаршы! Бəрі дұрыс болады. Коростин өстіп əрі өтініп, əрі демеп жатыр. Сол сəт Əлтай екеуміздің нысанамыз да сопаң етіп шыға келді. Көздеп тұрып, шүріппені ақырын бастым. Жиырма екі – тата! Нысана жалп ете қалды. «Ата, мен мерген болдым! Кіші сержант жолдас, сіз бізге өте жақсы үйреткенсіз! Жаңа мен қапы калдым, əйтпесе осы енді, мен – мергенмін!» Əлтай тағы да атып үлгере алмады. Жатыр. Нысананың үшінші рет көрінгенін күтеді. Старшина Рогозин: – Қатардағы жауынгер Ыстыбаев, тұр орныңнан! – деп бұйрық берді. Əлтай жатқан жерінен сүйретіліп əрең тұрды. Мейлі, нысананы көздей алмай-ақ қойсын, мейлі, старшинаның ашуы келіп тұрсын. Əлтай қайтіп қуланбай қалсын?! – Старшина жолдас, маған мына Смағұлов кедергі жасады. Мен көздей бергенде, бұл «салаганың» автоматы тырылдап кетті.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Тоқтат сөзді! Кіші сержант Коростин, мына солдатты былай шет керірек апарыңыз да үйретіңіз əбден. – Құп болады, страшина жолдас! Кіші сержант Коростин Əлтайға ашуланған жоқ, қайта ақырын-ақы рын сөйлеп барады. – Бұл ештеңе емес, бұдан да сорақы жасағандар болған. Ең бастысы – жүрек тоқтату. Қолға оқтаулы автомат алып, алға шыққанда, солдат өзін нық сезінуі тиіс. Өзіңе, қаруыңа сен, оқу-жаттығу кезінде үйренгеніңе сүйен. Бітті, бар болғаны осы. – Құп болады, тырысып бағам, кіші сержант жолдас! – Міне, енді дұрыс. Сен жақсы атуға тиіссің. Мен білемін, сен ата аласың. Мұндай адам үшін жан пида, екінші рет Əлтай ныса наны бірден жалп дегізді. Анада шығарып салу салтанатында бізге тапсырыл ған аманат орын далды: біз мерген болдық! Солдаттың бас қаруы – бір-бір автоматтың иесіміз біз енді. Бекен, атамдарға осы да жетер, ал Қарулы Күштерге бұл мүлде жет кіліксіз. Солдат автоматты ғана емес, күрделі əскери техниканы да мең геруі керек. Біз қазір осы ған кірістік. Алғашқы хатымда айтқанымдай, мен ол əскери құпия жөнінде ештеңе де жазбаймын. Онсыз да мен аз сілтемеген сияқтымын. Осымен доғарсам да болар еді. Сер жант Коростин мен оның қонжығының бірер əңгімесі қалып барады екен. Соларды екі хатқа сиғызайын да қояйын. Ендеше, тағы бір демалайық. Ағаң Болат. Он алтыншы хат ҚОНЖЫҚ МИШКА – ДОСТЫҚ БЕЛГІСІ Жерге алғашқы қар түсіп, қыс хабары білінгенде, қызметін өтеу мер зімі біткен солдаттар азаматтық өмірге
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì аттанатын болды. Барлығы жолға дайындалып жатыр. Бəрі қуанышты, бəрі бақытты. Біз – жас сол даттар қызыға қараймыз. Осындай бақытты күннің, алыс та болса, біздің де еншімізге тиетіні жүрек түкпірін жылытады. – Əлі-ақ сендер де бітіресіңдер қызметтеріңді. – Қайда-а! Бұларға қызмет те қызмет. Жерге қар екі рет түсіп, екі рет еруі керек. «Кəрі» солдаттар өстіп, біреулері қамқор қалып танытып, екіншілері мазақтап жатыр. – Ал, сұңқарлар, біз барып алаңсыз еңбек ететін болайық. Тыныш тығымызды күзетуді сендерге, сенімді жастарға тапсырдық, – деді Ко рос тин. – Құп болады, кіші сержант жолдас. – Болат, мен сендерге сенемін! Мені ұятқа қалдырмайтындарыңды білемін. Біздің взвод əр кез озат болуы керек. – Сеніңіз. Біздің взвод əр кез озат болады! – Міне, бұл – солдат сөзі. Бізге керегі сол. – Коростин судай жаңа қызыл чемоданына қонжығын сала берген, кілт тоқтады. Сонан соң ма ған мейірлене қарады. – Болат, осыны сен алып қал. Сыйладым. Сен бұл туралы сұрап едің-ау, айтпақшы. Айтып бермегенім дұрыс болмады. Сонда да болса, бұл сенде жүрсін. – Неге? Керегі жоқ. – Жоқ, ал. Бұл Мишка менен – Мишкадан ескерткіш болсын саған. Иə, сен енді Мишка десең де болады мені. Менің ресми командирлігім бітті, біз енді жай ғана достармыз. Мен қонжықты иесінен аса разы пейілмен қабыл алдым. Біздің кіші командиріміз – кіші сержант Михаил Корос тин менің досым болып аттанды «азаматтық» өмірге. Біз «қарттарды» жақсылап шығарып салдық. Түрлі ескерткіш заттар алмастық, хат жазысып тұруға келістік. Қонжықты енді мен жастығымның үстіне отырғызып қойып жүрмін. Кешке қарай, күндізгі сан алуан оқу-жатты-
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ ғулардан соң, казармаға кір ген бойда мен оны дəл Коростинше алдыма алып, еркелетіп біраз отыра мын. – Кешке дейін ішің пысты ма? Ештеңе етпейді. Мен – солдатпын. Ал солдатта күндіз сенімен ойнайтын уақыт жоқ. Сен маған өкпелеме. Мен осылай дабырлап сөйлеп кеткенімді білмей де қаламын. Сол сəт кешке дейінгі шаршап-шалдыққанымды мүлде ұмытып, денем біртүрлі жеңілденіп, сергіп қаламын. Бекен, шынымды айтайын ба, бұл қонжық əуелім маған сен құсап та кетеді. Егер жанымда болсаң, сені де дəл өстіп еркелетер едім. «Қайдан, мен үлкен болып кеттім» дерсің. Үлкен бола ғой, бəрібір сен – менің інімсің, ал мен – ағаңмын. Мен – солдатпын. Сен өзің түсінесің бе бұл сөздің мағынасын? Сен үлкен бол, кіші бол, мейлі, солдаттың алдында бас июің керек. Солдат – сендей інісін, əке-шешесін, атасын, апасын, жолдастарын, туған жерін сағынып жүретін адам. Ол сағынышын санамен жеңіп, еліне қалтқысыз қызмет етеді. Солдат – бəріңнің тыныштығыңды күзетіп тұрған адам. Солдат болмаса, біздің елге көз алартушылар жаппай бас көтереді. Біздің жауларымыз солдаттан қаймығады. Адамдардың алаңсыз еңбек етуі, оқуы тікелей бізге – солдаттарға байланысты. Қалай, бала? Өзіңді біраз оқытып жібердім-ау деймін. Бірақ мұным артық емес. Кімнің кім екенін осы бастан біле бергенің жақсы, бала. Сау бол! Ағаң Болат. Он жетінші хат МИШКА – МЕНІҢ ДОСЫМ, СЕН, БЕКЕН –МЕНІҢ ІНІМСІҢ Бекен, сенің солдат өмірі жөніндегі сұрақтарыңа əзірге жазылар жауап осы. Меніңше, нүкте қоятын кез таяп келеді.
Ñàғûíäûì ñåíі, іíіì Айтпақшы, дембель, яғни демобилизация болған соң, көп ұзамай-ақ маған Михаил Коростиннен мынадай хат келген. Ол хат мен тұрмақ, саған да көп нəрсе айтады. Сондықтан түгел көші ріп жазайын: «Солдат досқа сəлем! Саламатсың ба, Болат! Қызмет қалай өтіп жатыр? Не жаңалық бар? Уəдеде тұрдыңдар ма? Взвод бұрынғысынша озаттар қатарында ма? Мен ауылда шофер болып қызмет істеп жүрмін. Қонжықтың жағдайы қалай? Айтпақшы, сен қалай да ол туралы бір құпия сыр бар деп ойлайтынсың да жүретінсің. Соны білмек болып сұ рағаның да бар. Мен айтқаным жоқ. Айтсам, қызығы да болмай қалатын еді. «Карантиндегі» балалар ды сержант аямай қууы керек деген бір жа ман ұғым бар солдаттарда. Ефрейтор Хамидовтың сол үшін жазаланғанын өздерің көріп едіңдер ғой. Жастарға əскер өмірінің əліппесін үйрету, əрине, оңай шаруа емес. Тəртіп пен талапқа көндіккісі келмейтін жастарға қатал болу қажет те шығар, бірақ Хамидов құсап шектен шығуға болмайды. Менің де қатал болуым қажет еді. Сондықтан күндіз сендерге ананы-мынаны үйретемін деп жүріп, артық кеткен кездерім де аз болмайтын. Бүгін командир болғаныммен, сендерден еш айырмашылы ғым жоқ, Отанға қызмет етіп жүрген солдат екенімді, қолымнан тек тықақтап жастардың мазасын алу ғана емес, маған жақсы көру сезімі де тəн екенін білдірейін деп ойладым да, осы қонжықты сатып алдым. Сөйттім де, қонжықты еркелеткен болып, бар сырымды айтып жүрдім. Қалай қарайсың, ол мақсатым орындалды ма? Сен де енді қонжықты өгейсітпе! Онымен достас. Аймалап, еркелетіп қой. Сонда мауқың басылып, шерің тарқайды. Шын айтам, ол сенің қызметіңді жеңілдете түседі. Жігіттердің бəріне сəлем айт. Жаңа жылдарыңмен! Сəлеммен, досың Мишка». Бекен, көрдің бе қандай хат!
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Мен бұл хатты оқып шығысымен, көпке дейін сұлық оты рып қалдым. Мына ойыншық Мишканы да, алыстағы Миша Коростинді де бұрынғыдан да жақсы көріп барам. Содан бері қонжық Мишка менің қымбаттыма, жан серігіме айналды. Содан бері мен мұны жақсы адам, дос белгісіндей сақтап келемін. Қонжықты қолға алып еркелеткен сайын, аяғымызды арпыл-тарпыл басқан жас жауынгер болған күндер келе қалады бар қызығымен көз алдыма. Міне, біз казарма ішінде сапта тұрмыз. Мишка, əне, менің жасты ғымның шетінде отыр шоқиып. Оң құлағы делдиіп, сол құлағы салпиып кеткен, атқа алғаш мінген бала сияқты шарасыз. Осы қазір атын аңдаусыз тебініп қалып, желе жөнелетіндей. Екі көзі дəл бір жаны бардай жайнақ қағып, қуаныш шашады. – Сол, шыда енді. Саптан қалай шықпақпын? Болмайды. Жо-жо-о-оқ, сені қанша жақсы көрмейін, бəрібір, устав талабын бұза алмаймын мен! – Взвод, тараңдар! Міне, бұл – Мишка да, мен де күткен команда. – Мишка, болды, қазір. Қару-жарағымды қояйын өзді-өз орнына, со дан соң қолыма алам сені! Кірісеміз əңгімеге. Сен, алдымен айтшы өзің, мені сағынып отырсың ба, жоқ, Коростинді ме? Сағын, сағын. Ол – сағынуға əбден лайық адам! Ал əзірге сен екеуміздің еншіміз – сағыну. Мишка – сенің иең, менің досым. Бекен, көрдің ғой, менің Мишка қонжықпен күндегі əңгімемнің түрі осындай болып келеді. Тоқташы! Сағындым сені, інім! Бəріңді сағындым! Атама айт: «Болат мерген болыпты» деп. Əжеме айт: «Балаң үлкен жігіт болыпты» деп. Апама айт: «Болат енді ауырмайды, шынығыпты» деп. Көкеме ештеңе деудің қажеті жоқ, бəрін өзі-ақ біледі. Бəріңді сүйдім! Ағаң Болат.
ÑÎËÄÀÒ ÁÎËÓ ÎҢÀÉ ÌÀ? Хикаят
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Аралға біз, Жорабай екеуміз, желпініп жеткенбіз. Ба сымызда – бі лім, қолымызда – чемодан, қалтамызда – жолдама. Жорабай мектеп-ин тернатқа, мен орта мектеп ке мұғалім боламыз. Аудандық оқу бөліміндегілер Жорабайды жақсы қарсы алды: мектеп-интернаттың қаланың күнбатыс жағында орналасқанын айтып, жол нұс қады; маған қырын қара ды: орта мектепке қазақ тілі мен əдебиеті мұ ғалімінің ке регі жоқ. Міне қызық! – Сонда қалай? Университетке неге заявка бересіз дер? Аудандық оқу бөлімінің аға инспекторы Дəрменов қызарақтап қалды, аузына түскені: – Білмедім. Берілген. Бастық берген де. – Сол да бола ма екен? Бастығыңыз қайда? – Демалыста. Мектеп директоры да демалыста. – Олар осы уақытта демалысқа шығушы ма еді? – Шығады. Екеуі де балаларын Алматыға оқуға əкеткен. Не істесек екен енді, а? Сені орнына шақыртқан əйел декреттен шығатын болып қалғанын көрмейсің бе. Шаруа тығырыққа тірелді, көңіл пəс тартты. Көктемде бізді бөлетін кезде Арал қаласына екі жолдама барын білген сəтте-ақ Жорабай екеуміз бірге барайық деп келі се кеткенбіз. Комиссия мүшелері Алматыға емес, Арал ға сұранып тұрған адамға қарсы болушы ма еді, бірден құптаған. Сонда университеттің беделді комиссиясының ұйғары мымен беріл ген жолдама құдіретінің жеткен жері осы болғаны ма? Декретте жүрген адамның орнына уни верситет бітірген адамды шақыртатын бұл неткен сұмдық! Қара, енді қайда сиғызарын білмей, бас қатырады.
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? Дəрменов те, мен де шарасызбыз: – Сен, қарағым, ертең келші. Сөйт, бір мəнісін ойластырып көреміз. – Мейілдеріңіз. Ертеңіне Дəрменов мені көңілді қарсы алды: – Бала, хал қалай? Баратын мектеп табылды саған. Қазір жолдама берем, соны ал да, Бөгенге тарт. Айтпақ шы, сен Бөгеннің қайда екенін білмейді екенсің ғой. Еш теңе етпейді, автостанцияға бар да, Бөгенге баратын автобусқа отырсаң болды, апарады. Мектеп те, ұжымы да жақсы. Сен барып орнына істейтін əйел əлі бір жыл декретте болады. Ол жұмысқа шыққанша істе, үйрен, содан соң көре жатамыз. Не істейсің, барасың ба? – Барамын. Аралы не, Бөгені не, маған – бəрібір. Айналайын Аралдың ұстаз аналары, менің басталмай жатқан еңбек жолым сендердің дүниеге сəби əкелулеріңмен байланысты болғанын қарай көріңдер! Сендер жұмыс қалды деп алаңдамаңдар, бала емізген ананың көңілін жай етуге жарасам, арман қайсы?! Дегенмен мен бұл жаққа құстай ұшып жетіп ем, өз еншім бар деп келгем. – Ал, жолың болсын, ендеше. Жемісті еңбек ет! Аралда қарайлайтын шаруаң жоқ шығар, ертең жүріп кет. Дəрменовтің шаруасы бітті. Үлкен іс тындырған кісі болып қалды. Мен былай шыға бере тағы біраз толқыдым. Менің осын шама жер түбі, су аяғы құрдым – Аралға баратын болғанымды үйдің іші əрқалай қарсы алған. Əкем тө тесінен бір-ақ қайырған. – Ақыры жұмысың мұғалім болу екен, шүкір, жетеді осы Шуда да бала деген, оқыт соларды. Шешем кішкене өмірге жанасымдылау келді: – Сол да бола ма екен? Өкімет жіберген жаққа бара ды да адам деген. Апам ешкімнің көңілін жыққан жоқ: – Кім біледі тағы...
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Алайда апамның «тағысы» менің тағдырымды шешті. «Тағының» аржа ғында айтылатын қандай бір күдік сөз əкем нің жұдырықтай өндірше гін бүлкілдетіп өткендей болды, шешем ыстық шайды ұрттап алып, көзі жасаурап қалды, апам тұнжырап төмен қарады. Ізінше əкем мен шешем ұйғарымдарын білдірді: – Онда барсын. – Сөйтсін. Менің əкем де, шешем де, апам да оқымаған. «Екі қолға – бір жұмыс» тірлік кешіп келе жатқан адамдар. Оқу бітірген жастың жіберген жерге бару керек екенін, əйтпесе келешегін бүлдіріп алатынын солардың өзі де біледі, ал шақыртып алғандардың тірлігі мынау, əуре-сарсаңға салады. Қайтып кеткім келіп бір тұрдым. Бірақ қайда барам, ертең-ақ мені əртүрлі деңгейден іздейтінін былай қойғанда, «жіберген жер алмады» деп ауыл адамдары ның көзіне көріну түкке жарамай қалумен пара-пар емес пе. Қой, не де болса, кеттім Бөгендеріне. * Есепке тұруға əскери комиссариатқа келіп едім, үшін ші бөлім бастығы дəл бір мені өліп-өшіп күтіп отырған адамдай қуанып, теміржолшылар клубында өтіп жатқан комиссия ға жол сілтеді. Əскерге шақырылғандар ды комиссияға кіргізіп-шығарып жүрген аға лейтенант ай-шайға қаратпай, шашымды алдырып келуге шаштаразға жұмсады. Студенттік күндерде бес жыл бойы жоғары да, төмен де тараған, оңға да, солға да жатқызған, ақыры канатка етіп қойып тынған қалың қара шашымды қимай, оның үстіне, бұрын көрмеген ортаға, танымайтын оқушыларға тақыр бас мұ ғалім болып барғым келмей, əжептəуір қипақтадым. Əскери комиссия мүшелері қайдан көнген. Олары дұрыс та, өйткені əр алуан бас, сан түрлі мінез бар. Шашын алам деген бас, сөз жоқ, мінез көрсетеді. Шашсыз басқа
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? жарастық жоқ екенін бəрі біледі. Басын ұстара ға үнсіз тосатын балалық кейінде қалғалы қашан. Мың сылтау айтуға бармыз біз. Комиссия қайсыбіріміздің əуенімізге төңкерілмек, солдатқа алынатын адамның ақ құйқасынан қара табанына дейін тексеруден өтеді, содан да шашты алдыру шарт. Көндім, көппен бірге мен де тақыр бас болып шыға келдім. Комиссия нəйеті бір-ақ күнде өте шықты. Оның қо рытындысы: əс кери қызметке жарадың, əлəзір барып жұмысыңды істей бер. Керек уақытында шақыртып аламыз. * Мен бұл шақырту қағазын алғаш күтіп жүріп, кейін ұмы та бастаған мын. «Шақырмайтын шығар» деп қойғанмын. Өзім жетекшілік ететін тоғызыншы сыныпқа жаңа сабақты түсіндіру ге кіріскенім сол еді, есік қағылды. Сөзімді шорт үзіп, есікке қарадым, ашылмады. – Да. Арғы жағындағы кісі есікті ашудың орнына тағы қақты. Дəу де болса, əдепті біреу болды бұл. Əдетте, бүйтетін дер қартаңдау ата-ана болып келеді. Қашаннан əдеп сақтап үйренген олар сыныпқа кіруге қаймы ғып, өстіп есікті үстіүстіне тақылдатып тұра береді. Есікті өзім барып ашпасам, болмайды енді. Есік қаққан, мен ойлағандай, қарт кісі болмай шықты. Ке рісінше, қа бырғаға қырын беріп ауылдық Кеңестің хатшысы – ұзын бойлы, ақ құбаша, бетіне ұят ұялаған балаң жігіт тұрды. Мен оны бірден таныдым: анада есепке тұруға барғанда көргенмін. Бұл жігітке не керек? Осы сұрақ көкейімді кеулеп өтті, бірақ қапелімде, еш жорамалға сая алмадым. Хатшы жігіт маған қарай екі-үш аттап келіп, қолын созып сəлем берді: – Саламатсыз ба, ағай! Сізге повестка бар еді, соны алсаңыз.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Ауылдық жерде əскерге шақырту қағазын жергілікті Кеңес атқару комитетінің тапсыратыны сонда барып түсті есіме. Кенеттен кез болған маңызды істің өзінен пəс тірліктің қай-қай сысының да əркі-тəркісін шығарып, адам санасына өз үстемдігін ғана жүргізетіні бар. Мынау шақырту қағазы əп-сəтте менің де көңілімді əлейім-жəлейім етті. Енді ғана құлшына əңгімелей бастаған жаңа сабақты одан əрі жалғастыруға зауқым соқпай, тіптен беттегім келмей қалды. Барша ой-зейінім «солдат» деген жалғыз-ақ ұғымға ауып, жүрексіну ме, қимастық па, асығушылық па, əйтеуір, осылар тəріздес біресе қатқыл, біресе елжір сезімдер сапырылысып жүріп берді. Менің сыныпты ұмытып, өзге бір дүниеге шым-шым бой лап бара жатқанымды оқушылар анғарған сияқты. Əлі күнге көбісінің мінез-құлқын жөнді біліп, жақсы-жама нын анық аңғарып болмаған өңкей өрімтал, көген көз жауды рап өңменімнен өтіп барады, сыр тартпақ сыңай танытады. Ұстаз үшін шəкіртіне əлсіздігін көрсету – мерт болу, өзім ді күштеп жаңа сабақты түсіндіруді қайта жалғастырдым. Бірақ көңілді алаң бір алып қалған соң қиын екен, кең жазылып кете алмай, сөзім қожырай берді. Сонда да өзімді-өзім қыстап, тақырыпты айтып шыққан болдым. Кім тыңдап, кім тыңдамай отыр, бəрін қалт жібермей сезетін сергектік тен айрылып қалыппын, «Кəне, түсіндіңдер ме?» – деген кейіппен тіктеп қарасам, оқушылардың бəрі үнсіз отыр. Сынып ішінде масаның ызыңы білінердей тыныш тық орнаған. Мұғалімдерді, жалпы үлкен атаулының оқушылар ды, балаларды көп нəрсені білмейтін, сезбейтін санайтыны бар. Бұл – өзіміздің білместігіміз. Күнде жаңа сабақтың анасын бір, мынасын бір сұрап, кеу-кеулеп кететін оқушылар құлаққа ұрған танадай сілейіп отыр. Көбі менің байыз таппай тұрған көңілімді дөп басатын тəрізді. Мен ұстаздық парызымды өтедім:
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? – Ал, балалар, жаңа сабақты түсіндіңдер ме? Сынып үндемеді. Мен айтқанды бірден қағып алатын озат оқушылар ға телміре қарадым. Олардан бауырымдай, досымдай мият күттім. Бəрі көз тайдырып кетіп, біруыс болып партаға төне түседі. Шындықты тайсалмай айтатын бірде-бір оқушының болмағаны ма сонда? Біз кімді тəрбиелеп жүрміз? Өн бойым тоңазып, аласарып барамын. Бір тіл қатшы біреуің! Менің мына шарасыз күйімді сыныптағы ең озат оқу шы Сəуле Жү нісова түсіне қойды. – Ағай, ештеңе түсінбедік. Ұстаз атаулы төзбес қорлық та қуантады екен адам ды. Жарайсың. Жарайсың, Сəуле, айналайын! Оқушылардың бəрінің айта алмай отыр ғаны, менің күткенім осы ғой. Сынып та, мен де жанданып жүріп бердік. – Өте дұрыс. Не істесем екен, қайта түсіндірейін. – Жоқ. Түсіндірмей-ақ қойыңыз. Сіз жаңа бір жайсыз хабар естідіңіз-ау деймін. Солай болды, əйтпесе... Сəуле əрі қарай не айтарын білмей қызарып кетті. – Сəуле, сен дұрыс аңғарыпсың. Бірақ мен жайсыз ха бар емес, қуа нышты хабар естідім. Мені əскерге шақырыпты. Балалар гу ете қалды: – Ой, ағай, бес жыл оқып, енді əскерге барғаныңыз қандай қызық! – Сонда сонша жерден келген еңбегіңізді ескермегені ме? – Соны айтам. Военкомат та бір əшейін екен ғой. – Шіркін, мені де алса əскерге, қазір-ақ кетер едім! Найыбы бір жарым айдың ішінде оқушылар маған кəдімгідей бауыр басып қалған екен, осылай деп бірі ая ныш, бірі қимастық білдірді. Айт қандарының кейбіреуі менің өз ойыммен үндескендей болып, елжіретіп алып барады. Ұстаз – шəкіртіне əр кез еңсесі биік, жұмбақ адам. Мен не айтарымды білмей, іштей толғанып біраз отырдым. Бес жыл студенттік өмірдің ащысы мен тұщысын бірдей көріп,
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ тірнектеп жинаған білімімді осы жеткіншектерге жеткізсем дегеннен басқаны ұмытып кеткен екенмін мен қазір. Өз қарбаласы, қамы бар жақсы басталған өмірімді қимай тын сияқтымын. Əскери комиссариат мені Отанға қызмет етуге шақырып отыр ғой. Бала оқыту да – Отанға қызмет ету. Алайда, адам Армия қатарына шақырылған екен, былайғы барлық шаруасын жиып тастауға міндетті. Отан үшін атқарған ісіңнің үлкен-кішісі жоқ дейміз, сонда да солдат болудың жөні басқа. – Балалар, əскерге ерте, немесе кеш барғанда не тұр, бəрібір. Қашан шақырса да біз – солдат. Мен мүдіріп қалдым. Жаңа ғана «мені айт, мені айт» деп анталап тұрған көп ойдың берекесі қашты. Көкейімде гінің бəрі əсіреқызыл сөз болып көрінді. Ал оқушыларға көпірме сөз керек емес. Басқаны қайдам, өз басым оларға биік мінберден асқақтап сөйлеуді артық деп білемін. Дегенмен орта жолда тоқтай алмадым: – Біздің еліміздің əрбір жасы солдат болуы тиіс. Бəрің де əлі-ақ солдат боласыңдар. Солдат болу оңай. Соңғы сөз аузымнан ойланбай шығып кетті. Артық айтып алғанымды білдім, бірақ ұстаз сөзі екеу емес, қайта тартуға кеш. «Слесарь болу оңай», яки «қой бағуда тұрған не бар?» деген тəрізді бір ұшқары сөз болды. Бір жақсысы – балалар бұдан əрі көп кеукеулеген жоқ, қоңырау соғылған. Осы бір абайсыз айтылған пікір солдаттық өмірімде та лай рет таразы басына түсті ғой. Алда айтылар əңгіме ар қауы да осы – солдат болу оңай ма, жоқ па төңірегінде болмақ. * Мұғалімдер бөлмесіне мен қолыма шақырту қағазын ұстап, көңілі ме қобалжу ұялап ендім. Сол сəттен бастап жол қамына кірісіп кеттім. Ешкім менің, мен ешкімнің қолы-
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? на қарап тұрмаған қарапайым мұғалім емеспін бе, шаруам əп-сəтте-ақ тынды. Қош айтысар кез келді. Мұғалімдер көп емес, аз уақыт қызметтес бол ғанымызға өкініш білдірді. Бəрі жатқан бір əдемі қимас сөздер ай тады. Тіптен мектеп директорының өзі: – Тым аз, бір жарым ай ғана мұғалім болдың. Жақсы бала екенсің. Отаныңның адал солдаты бол! Қызметің аяқталған соң осында кел, қай кезде оралсаң да, саған орын тауып беремін, – деп жол болсын айтты. Шіркін, адам-ай десеңші! Тамыз айының бел ортасында жалғыз че мо данымды ұстап, автобустан түскенімде осы лардың бірде-біреуін та нымаушы едім, енді қара, бірінің баласындай, бірінің ағасындай, бі рінің құрбысын дай болып кетіппін, бəрі қимайтын тəрізді. Мен де кəдімгі бір ет жақынымнан айрылардай елжіреп жүрмін. Дегенмен, менің Бөгеннен ертерек кеткеніме қуанатын да адам бар. Ол – Сейсенғали. Мен сияқты жас кадр ол да, Орал педагогикалық инс титутын бітірген физик. Сейсенғали бағанадан бері бір қызарып, бір сұрланып үнсіз отыр еді, ақыры көкейіндегісін айтып тынды: – Барсын жастар. Осылар болмаса, кім күзетпек бұл елдің тыныш тығын? Отырғандар оның бұл қай айтқаны екенін білмей, аңтарылып қалды. – Өзің ше? Сен де жас емессің бе? – деді бірі. Жауабы дайын екен, Сейсенғали мүдірген жоқ: – О, біз əскер жасынан асып кеткенбіз. – Қой, əрі. – Рас. Мен отыз сегізінші жылғымын. Əскерге шақыру мерзімі былтыр өтіп кеткен. Бұл солдат болып жер тепкілеп жүргенде, мен ауылда сайран салам. – Сен не айтып отырсың өзің? Оның несі мақтан? Солдат болып көрсең, сен бұлай демеген болар едің, қарағым. Түкті білмейтіндігіңнің салдары ғой мына сандырағың.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Бурыл шашты ұстаз Жапсарбай ағай Сейсенғалиды өстіп тыйып тастады. – Əзіл ғой, ағай, – деп ыржалақтаған болды Сейсенғали. Күлкісінде қа тесін мойындау жоқ, амалсыздығын бүркемелеген аярлық бар еді. – Шынында, солдат болған жақсы ғой. Сейсенғалидың мына берекесіздігінің мінезден емес, ішкі бір есептен туындап жатқандығы жалғыз маған ғана аян. – Е, бəсе! Қалжыңдағаны да қызық осы күнгі жастардың. Диванда отырған үш-төрт мұғалима апайдың біреуі нің осы сөзі жет пей тұр екен, бəрі орнына келді: Сейсен ғали ыңғайсыз жағдайдан шықты, мен əңгіме тақырыбы болудан құтылдым. Биыл Бөгенге келген жас кадр үшеуміз – Сейсенғали, Шекер жəне мен. Сейсенғалидың мені жаңағы қағытуының төркіні, міне, осы Шекерге байланысты. Сейсенғали мен Шекер Бөгенге бір күнде келіпті. Сейсенғалидың үйі осы ауылда, Шекер ешкімді танымайды. Қандай да жанашыр пейілге зəру қыз Сейсенғалимен тез танысқан. Сейсенғали Шекерді бір ағайындарының үйіне пəтерге орналастырған. Екеуі үш-төрт рет киноға да бірге барған. Араларында нендей сөз болып, қандай сыр айтылғанын өздері білер, менің білетінім Сейсенғали қаншама айналсоқтағанмен, қыз көңілі құлай қоймаған. Ендеше, Сейсенғалидың Шекерді қызғанғанының жөні болсын! Өз əлсіздігін білген адам ғана осындай оғаш қылық, күншіл кейіп, күйкі мінез көрсетеді. Шекер, сен жолатпа мұндай жігітті маңайыңа. Асықпа, кездесесің əлі-ақ бақытыңа! Сол сəт кеудемде бұрын ешқандай қозғауы болмаған толқын өріп, əлдеқалай бір тəтті сезім оянып, шақыруы жоқ шарқ ұру жүрегімді тыз дегізіп, деміктіріп өткендей болды.
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? * Иə, сол мен əскерге аттанатын түнге дейін Шекер маған осы ауылға өзім құсап жолдамамен келген бір кітап хана шы қыз болатын. Мен сияқты, ешкімді танымайды, күні бойы кітапханасынан шықпайды. Рас, таныстығымыз жаман басталған жоқ-ты. Мектепте жаңа оқу жылы басталуға бес күн қалған. Бөгенге келгеніме он шақты күн өт кенімен, бұл ауылдың мəдени ошақтарын жағалай қойған жоқ едім, енді кітапханаға баруға тура келді: өзімдегі бірлі-жарым кітапты оқып тауысқанмын. Кітап алу бір себеп болса, естіген «үріп ауызға салғандай жап-жас кітапханашы қызды» көргім де келген. Мен кітапханаға, неге екенін, біртүрлі жүрексініп ендім. Кітапхана шағын екі бөлмелі үйге орналасқан ауыл дық жерлерге тəн кəдімгі мə дениет ошағы екен. Кіре беріс бөлме түрлі көрнекі үгіт құралдарымен безендірілген, ұзын үс тел үстіне газет тігінділері қойылған. Арғы, түпкі бөлме кітап сақтауға арналған. Осы екі бөлмені жалғастыратын есік көзіне тақау қойылған үстел басында бері қарап кітапханашы қыз отыр, басқа тірі жан жоқ. Мен табалдырықтан аттай бере бөгеліп қалдым. Қыз төніп отырған кітабынан басын жұлып алып, жалт етіп бір көз тастады да, қайта төмен қарап кетті. Не ілгері жүрерімді, не кейін шегінерімді білмей, состиып тұрып қалыппын. Қыз басын қайта көтерді. Ұяң жымиып көз тігеді. Жуан бір бұрым болып өрілген қолаң шашы өңірін қуалап барып, үстелден төмен құлапты. Ашық ақ мандайына жаңа туған құлынның жалы тəрізді үлбіреген кекіл шашы үйіріліпті. Арасы жалғанып кеткен қою қара қасы, алаулаған алма беті – бəрі-бəрі ешқандай бояу көрмеген сəби қалпында екен. Өрттей қызыл көйлегі ақ жүзіне ерен келісіп, ерекше жарастық берген: жағасы талма мойнын қымқырып, ақ тамағына күлгін көлеңке ұялатқан. Ол мен үстеліне таяп келгенше үн қатпады. Мен оның
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ мұнысының паңдығы екенін де, ұяңдығы екенін де біле алмай, өз-өзімнен қысылып, кібіртіктеп қалдым. Қыз бұл ха лімді тез ұқты. – Келіңіз, ағай. Үні сондай ибалы, ізетті екен. Күйсандықтың ең бір нəзік сазды тілін оқыс басып қалғандағы тəрізді сүйкімді үн құлағымда жаңғырығып, өн бойымды ұйытып өткендей болды. – Келдік, кітап алайын деп едім. – Онда жақсы. Бұрын кітап алып оқушы ма едіңіз? – Жоқ. Мұнда алғаш рет келуім. – Онда кітапты сүймейтіндерден болдыңыз ғой. «Пысығын қарай гөр өзінің. Кəсібіне керекті сөзді қалай тез үйренген, ə!» Мен іштей осылай дегеніммен, қызға басқаша айттым: – Мүмкін. – Мейлі. Онда төргі бөлмеге өтіңіз де, қалаған кітабыңызды алыңыз. Қыз үнінен аяушылық білініп тұрды. Осы жасқа келген ше кітапханаға бас сұғып көрмеген адамды қақыратып сөк се де болар. Бұл қыз əдеп сақтайды, бірақ сонысының өзі-ақ тоғышарлықты аямай бетке басқан нан ауыр. Бір тəуірі мен Шекер ойлағандай кітап бетін ашпайтын адам емеспін ғой. Кітапхана үлкен болмағанымен, кітапқа əжептəуір бай екен. Əсіресе, классиктердің кітаптары том-том болып, адам қолы тимеген күйі тұр. Мен көп ойланып жатпай, Джек Лон донның «Майкл – аралдық» деп аталатын романы басылған томына тоқталдым. – Маған мына кітапты тіркеп беріңіз. Қолына Лондонды ұстай бере, Шекер андамаған жерде ағасы қо лына кəмпит ұстата салған бала құсап, аңтары лып тұрып қалды. Мен оның: «Мына кітапқа тісі бататын кім еді бұл?» – деп тұрғанына шəк келтірмедім. Осыны өзіне айтып сала жаздап барып қайттым. Ибалы қызды ая дым, оның үстіне, Шекердің таңырқауы ешқандай кемсіту емес,
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? басқашалау, анығырақ айтсақ, мынау алыстағы ауылдан əлемнің ең озық жазушыларының бірін оқитын адам табылғанына таңдану еді. – Ағай, паспортыңыз бар ма? Есеп карточкасын толтырайын. – Бар, қарындас. Паспортымды ашысымен Шекер маған жалт етіп бір қарады, қолы сəл дірілдегендей болды. – Е, бəсе, – деді дереу. – Несі бар? – Сіз де Сейсенғали тəрізді жас мұғалім екенсіз ғой. – Иə. Шекер өрттей болып қызарып кетті. Төмен қараған күйі есеп карточ касын толтырып жатты. Алдында ашылып жат қан кітап «Үлкен кеңес энциклопедиясы» екен. Енді мен таңғалдым: – Қарындас, кітаптың ең үлкеніне кірісіпсіз ғой. Шекер жымиды: – Ағай, оқып отырғаным жоқ, сызып отырмын. – Нені? – Сталинді. Ауылсовет ағай энциклопедиядан бастап, барлық кітап тардағы Сталин деген сөзді мына тушьпен бастырып өшір деп тапсырған. Сол кісінің тапсырмасын орындап отырмын. – Мұнысы несі екен? Осы кітапханадағы кітаптардан фамилиясын өшіргенге Сталин тарихтан да өшеді дей ме екен? Əй, қайдам-ау... Мəселе бұл кітаптарды өшіруде емес, басқада шығар. Шекер не дерін білмей сұлық отыр. Мына болымсыз істі құлшынып емес, лажсыздан атқарып отырғаны көрініп-ақ тұр. Бірақ адам өзіне тап сырылған істің ұшығына шығуы керек. Энциклопедияның ашық жатқан бетіне көзім түсіп кетіп еді, Сталин екі-үш жерде тұр екен. Оларды Шекер де көрді. – Ағай, сіздің аяғыңыз жеңіл екен. Ертеңнен бері бірде-
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ бір Сталин табылмай қойып еді, міне, қараңызшы, мына бетте жыпырлап тұр. – Солай ма? Ондай болса, мен жиі келіп тұруға тырысам. – Сөйтіңіз, ағай. – Сөйтем. – Міне, кітабыңыз. – Рақмет! – Сіз сонда Лондонды жақсы көресіз бе? – Жоқ, Сталинді жақсы көрем. Лондон – оқитын жазушы. Шекердің құлағының ұшына дейін қызарып кетті. – Ағай, онда мен оны сызбай-ақ қояйын да. – Жоқ, сыза бер, Шекер! Сталинге бəрібір. – Білмеймін, мұным дұрыс па, жоқ па? – Дұрыс, дұрыс. – Қайдам?.. Шекерді ыңғайсыздандыра беріп қайтем, Лондонды алдым да, рақ метімді айтып, шығып кеттім. * Бөген ауылы таулы жерде өскен маған алғашқы күн ненақ біртүрлі қызық болып көрінген. Теңіздің құрлыққа сұғы на кіріп жатқан жағасына орналасқан бұл ауыл түгелдей құм ішінде, үй-үйдің арасына жал-жал үресін құм тұрған. Бұл қалың құм ешқандай көше тəртібі сақталынбай салынған үйлерден өте бере теңізге қарай жылға-жылға болып құлдилайды. Құмнан аяқ алып жүрер жер жоқ мұнда. Таба ның тиді болды, оспа құм сусып шөгіп, ілгері басқан аяғыңды кейін тартады. Кітапханадан шығып, осы қаптаған құм ішінде балпаңбалпаң ба сып келе жатып, өз-өзімнен бірдеңеге алаңдай бердім. Мүмкін, ол оқу басталатын күннің жақын қалғандығы болар. Сыныпқа мұғалім болып еніп, танымайтын оқу шылармен алғаш рет жүздесетініме жүрексінетін шығармын. Бірақ мен ол күнді ойша көз алдымнан əлденеше
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? рет өткізіп, əбден бекінгенмін. Жаңағы қыз шығар? Онда тұрған не бар бірақ? Бар дым, көрдім, кітап алдым, қайттым. Шекердің мені Сейсенғалиға ұқсатқаны несі екен? Құм сырғып та банымнан төмен қарай тартады. Көңілімнің жігі сөгіліп, еңсем пəс бо лады. Сейсенғали – мектепке барған сайын көріп жүрген жігітім. Серейген ұзын, бетінде қан-сөл жоқ құп-қу, арық жігіт. Менің оған ешқандай ұқсастығым жоқ. Мен – орта бой лы, қара торы, аяқ-қолым балғадай жігітпін. Мүмкін, Шекер ұқсастықты пішінімізден емес, өмірімізден көрген болар. Иə, сөйткен. Шекер түсінікті қыз сияқты. Дегенмен, Сейсенғали өз ауылына келіп отыр. Ұқсас деп қайта Шекер екеуміздің өмірімізді айтса болар. Ол да, мен де танымайтын қияндағы ауылға студенттік чемодандарымызды көтеріп келіп отырған жоқ емеспіз бе. Енді Шекер екеуміздің бір деңгейлес күйіміз жақсы ойларға жетелеп, жарқын желі тартып бара жатты. Шекерді тағы көргім келді. Оның кілті өзімде, бар болғаны – қолымдағы мына кітапты тез оқуым керек. Ал мен бұл романды бұрын да оқығанмын, Лондон ның иттер туралы романдарын адамның қайта-қайта оқығы сы келеді. Атақты «Ақ азу ды» мен бес рет оқып шыққан мын. Ал мынау «Майкл – аралдық» жəне «Джерри-Майкл дың ұяласы» романдарын бір-бір рет оқып шығып, жазушының иттің өмірін суреттеп отырып-ақ өз қоғамының ең толғақты мəселелерін қозғағанына таңғалғанмын. Тағы да оқып, тереңдей түссем деп қойғанмын, соның ретінің енді Бөгенде келгенін қара. Кітаптан бас алмай, белгілі тұстарын жүгірте оқып бітіп, келер күні кешке қарай кітапханаға келгенімде Шекер мені жылы жүзбен қарсы алды. Тіптен, менің бүгін бір соғатынымды біліп, күтіп отырған адамша орнынан атып тұрды. Үнінен де қуаныш лебі білініп тұрды: – Келіңіз, ағай, келіңіз. Түу, тез-ақ оқып қойдыңыз ба? – Иə.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Əй, қайдам? Бірақ сіздер жылдам оқитын шығарсыздар? – Кішкене жүгіртіңкіреп оқығаным рас. Кітапхана шы лардың емтихан алатыны болушы еді, сіз де сөйтерсіз, мен дайын. – Жоқ. Ол не дегеніңіз? Сізден емтихан алатындай білім қайдан бол сын менде? – Мен бұл романды бұрын оқығанмын. Сəл асығып оқығаным рас. – Бəсе. Мен сіздің сөйтетініңізді, бүгін осында бір соғатыныңызды біліп едім. – Шекердің мұнысы ақкөңілдігі ме, жоқ балалығы болды ма екен? Не де болса, ойына келгенді жасырмай айтып салды. – Қызық екен! Алдағыны күні бұрын болжап білетін адамдар болады деген рас екен ғой. – Бұл мүлде болжампаздық емес, ағай. Жай... Сіз де, мен де – осында жаңа келген адамдармыз. Сондықтан сіздің танитын адамыңыз, баратын жеріңіз көп емес. Тіптен осы кітапхана мен балықшылардың мəдениет үйінен басқа баратын көпшілік орын жоқ та мұнда. – Рас, айтасың. Бұл кітапхананың иесімен таныссақ та артық болмас еді. – Танысыңыз. Мен сіздің есіміңізді білемін, кеше паспортыңызды қолыма бердіңіз емес пе. – Кітапханашы болу қандай жақсы, ел құжатын қолдарыңызға өзі ұстатады. – Бірақ олардың бəрінің есімі есте қала бермейді, ағай. – Əрине. Мен де сіздің есіміңізді білемін – Шекер. Шекер қолын ұсынды; – Біледі екенсіз; Шекер. – Сіз де білесіз; Балабек. – Мен сізді кеше Сейсенғалиға ұқсатқаныма ренжіп қалдыңыз-ау деймін. Шынында, оным ағаттық болды. Кеші ріңіз! – Иə, біз ұқсаспыз...
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? – О не дегеніңіз! Сіз оған ұқсамайсыз. Ол осында күнде келеді, бірақ əлі күнге бір кітап та алып көрген жоқ. – Ол – физик. Физикке кітап оқудың қажеті жоқ шығар. – Сіз шыныңызды айтып тұрған жоқсыз. Əдеби кітап оқымаған адам жанының жұтаң екенін сіз жақсы білесіз. Есіңізде болсын, мен шындықты айтатын адамды ғана ұнатам. – Шекер, ойланып көрші, менікі жалған сөйлеу ме, жоқ басқа ма? – Тоқтаңызшы, ойланайын. Иə, иə, сіз... Сіз... – Иə, мен оны кекетіп тұрмын. – Шынында, өзі бір қызық жігіт. Адамның мазасын алып бітті. Біз енді біраз ашыла əңгімелестік. Шекер Жамбыл мəдени-ағарту учи лищесін бітіріпті. Меркіден екен. Мен Шудан екенімді айттым. Шекер бұған қатты қуанды. – Нағыз ағай екенсіз. Тіптен жақсы болды. Мен енді мұнда жалғыз емес екенмін! – Иə, солай. Неге жалғыз боласыз? Əлі-ақ үйреніп кетеміз бұл ауылға. Дос та, қас та табылады. Өмірдің қызығының өзі де сонда болса керек. – Мүмкін. Жалғызсырап жүргенім рас. – Мен де студент достарымды, Алматыны аңсап жүрмін. – Бəсе. Өстіп шыныңызды айтыңызшы. – Айтамын, айтамын! Шекер екеуміз осы сыпайы сыйластық райдан айнығанымыз жоқ. Мек тепте оқу басталып кетті де, артық-ауыс уақытым болмай, кітапханаға сирек барып жүрдім. Бара калған күнде кітап алмастыра салып қайтып кететінмін. Сол күнгідей сөйлесудің жөні келмей-ақ қойған. Қашан келсем де, кітапханаға жастар толып отыратынды шығарды. – Шекер, жұмысыңыз жеміссіз емес екен, – дедім бірде мен оған дойбыға төне түсіп отырған бір топ жігітті иегіммен нұсқап. – Қайдам, ағай?
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Несі қайдам? Кітапханашы жұмысы – оқырмандарының көптігімен өл шенбей ме? – Оныңыз дұрыс. Адамның көп келгені жақсы. Алғашқы күндері үстел басында біруыс болып жалғыз отырушы едім. Енді, міне, оқырман көбейіп келеді. Бірақ сіз сирек келетін болып барасыз. – Мектепте оқу басталды, біздің де жұмысымыз қызды. – Мұғалім болу қиын шығар? – Кім біледі? – Сіз білесіз. – Соны əлі білмей жатырмын. – Онда сізге қиын емес екен. – Жағдайыңыз қалай? Сталинді өшіріп біттіңіз бе? – Қайдан? Мені қинап жүрген – сол. Сірə, бітіре алмаспын. – Бітіресіз. – Мен «Оқуды осы кітаптан Сталинді өшіру үшін бітірдім бе?» деп өзіме-өзім ренжіп жүрмін. – Сіз өзіңізге емес, ауылсовет ағайға ренжіңіз. Сталинмен бүйтіп кү респеу керек. Кітаптағы Сталинге қара жағудан гөрі санадағы Сталиннің қаралығын, қараулығын өшіру дұрыс. Амал қанша, бастығыңыз айтқан екен, істейсіз. – Істеймін. Бірақ көпшілік жұмыс та атқаруым керек еді. Ол жұмысты мен кітапхана кеңесін құрудан бастасам деймін. Сіз соған мүше болсаңыз қайтеді? – Болайын. – Рақмет сізге. – Шекер, сен əзірше Сталинді сыза тұр, мен мектепке, балаларға үйреніп алайын. Содан соң кірісейік кітапхана кеңесінің жұмысына. – Мақұл. – Келістік, ендеше. Шынында да, жұмыс мойын бұрғызар болмаған. Оқу бітіріп келген жас мұғалімге сын көз көп болады екен. Сабақ беру əдістемесінде, оқушылардың мінез-құлқында кез десіп қалған қиындықтарға орай алғаш рет дербес ше-
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? шім қабылдауың, соған қарамай, титтей де қателеспеуің керек. Жас кадрдың алғашқы адымынан жұрт кейінгі адымын топшы лайды, жоғары оқу орнынан алған білім, өнегесін таразы басына салады. Өзін қанаттандырған ортасын, өзін сыйлаған жас мұндай кез шарқ ұрар. Мен де бос уақытымды, бар құштарлығымды шəкірттердің де, ұстаздар дың да көңілінен шықсам деген жалғыз мақсатқа жұмылдырғанмын. * Міне, енді мен ертең əскерге аттанамын. Мұнысы несі, мені орны толмас өкініш қайта-қайта мазалай берді. Əрнені бір ойлаймын, ештеңеге тоқтай алмаймын. Бір орайда Шекер оралған ойыма, содан көз алдымнан кетпей қойғаны. Мен оның жүрегімнің түкпіріне жақынымдай жылы ұялағанын анық аңғардым. «Ағай», «қарындастан» аса алмаған аяулы, инабатты күндер енді алыс тартпақ. Шекерді бір көргім, қоштасқым келді. Шекер менің əскерге баратын болғаныма қалай қарар екен? Қия алмай бара жатқанымды айтсам ба екен өзіне? Қой, сыйластық күйімізге басқа еш нəрсе қосудың, екшеудің қажеті бола қой мас. Мен осыған бекініп едім, оным бекер əурешілік болып шықты. Чемоданымды жинап болып, көңілімнің астан-кестеңі шы ғып отыр ғанымда көрші тұратын балықшы жігіт Тоқтар кел ді. Бүгін мəдениет үйінде əскерге шақырылған балық шы жігіттерді шығарып салуға ар налған кеш болады екен, соған барайық деп келіпті. Менің көңілім ештеңеге шап пады. – Бармаймын. Ертең əскерге жүремін, соған əзірленуім керек, – деп селқос жауап бердім. Тоқтар – əлжуаз, момын жігіт, сұранып мазамды алған жоқ: – Соны біліп, əдейі келіп едім. Мені де шақыртыпты. Сіздің əскерге баратыныңызды бағана кітапханада Сейсенға-
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ лидан естідік. Жүргеніңіз жақсы еді, балықшыларды зауыт қалай шығарып салатынын көретін едіңіз, – деп өкініш білдірді де кетіп қалды. Кешке шынымен-ақ барғым келмеп еді, бір пəстен соң көңілім құла зып, əлденеге елеңдей бердім. «Сейсен ғали менің əскерге баратыным ды кітапханада неменеге айтты екен? Шекер де естіді-ау! Қап, оған жолықпай, ештеңе демей кету керек еді, ұят болатын болды-ау енді!» Осындай ой маза берер болмаған соң тысқа шығып, үйдің батыс жақ қалқасында теңізге бір, мəдениет үйі жаққа бір қарап біраз тұрдым. Күздің мизам ұшқан бел ортасы болса да, жылуы əлі қайта қоймаған Күн ертең де аспанның бүгінгідей ашық болатынын аңғартып, қып-қы зыл жалқық болып ба тып барады. Келгелі байқамаппын, теңізге батқан Күн ға жап сұлу болады екен. Теңіздің көк жал болып жатқан көк жиегіне ілінген өрттей күн шапағы кешкі қоңырсал қын са малмен шайқалған майда толқындарда сан алуан түске еніп құбылады, дегенмен қызылы көп біртін-біртін қара қошқыл тарта басгаған теңіз беті сан мың адам факел ұстап жүгіріп жүрген алып алаңға да ұқсап кетеді. Күн теңіз айдынына сіңген сол сансыз отты өзіне қарай жиырып, алысқа түріп алып кетіп бара жатыр. Енді бір сəтте Күн өзінің алтын кірпіктерін жұмды да, теңізге шым батып кет ті. Енді оның қызыл сəулесі аспандағы ақ сұр бұлттар дың бауырына жиналды. Теңіз біртін-біртін түнеріп, ауыр күрсініп, теңселіп жатты. Теңіздің бей сəубет шақтағы мынау тұнжыр күйі еңсемді басып, езіп барады. Ойы мол, ойыны көп күндер алыста, Алматыда қалған екен. Бақсам, осында келгелі бір рет ки ноға барғаным болмаса, балықшылардың мə дениет үйінде өтіп жататын бірде-бір шараға қатысып көрмеппін. Мұ нымды басалқалылықтың басталуына баларымды да, жаңа ортаға үй реніспеушілікке үйлестірерімді де біле алмадым. Қазір де шеттеп тұр ғаным мынау. Біздің ауылда Кеңес Армиясы қатарына жастарды шы-
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? ғарып салу кі шігірім тойға пара-пар болушы еді, шіркін! Клубта алдымен салтанат өтіп, ол ойын-сауыққа ұласатын. Талай жолы жолдастарымды шығарып салған аяулы сəттер көз алдыма келді. Ұзақ таңды кірпік ілмей атқызған, сол ұйықтамаған күйі əскери комиссариатқа баратын. Шудың вокзалынан бір-ақ қайтатын күндер-ай десеңізші! Ал қазір мені шығарып салу ешкімнің ойы тұрмақ, назары на да кіріп шықпағаны, ел қатарлы Отанға адал қызмет етуі ме тілектес сөз айтылмайтыны еңсемді басты. Менің халімді ұғар адамның болмағанына жабырқап, жан-жағыма үмітсіз көз тіктім, ешкім көрінбеді. Ондай адам кайдан болсын мұнда? Болса, ол – жалғыз Шекер. Бірақ мен оның пəтерде тұратын үйін іздеп бара алмаймын. Ұят! Шекер де бері қарап аяғын басуға ұялады! Сол кез ойыма Тоқтар айтқан жаңағы сөз түсе кетті. Менің əскерге аттанатынымды Сейсенғали айтқан кезде естіген болса, Шекер бүгін мəдениет үйіне бір соғуы керек. Мен енді мəдениет үйіне барып, келсе, Шекерге жүреті німді айтқым, оның «Ағай» деген жайдары үнін естігім келді. Ата-ана, ағайын-туған, дос-жаран тым алыстап кеткен сол түні маған бір жанашыр адам аса қажет еді. Келсем, кештің салтанатты бөлігі өтіп кетіп, жастар биі болып жатыр екен. Жағалай орындық орналастырылған, ортасы ашық зал іші толған отырған, тұрған, билеген адам. Сахна төрінде эстрада оркестрі ойнап тұр. Оркестрге қараған сəтте мен өз көзіме өзім сенбей сілейдім де қалдым. Оркестранттардың дəл ортасында аузында кларнет, серейіп Сейсенғали тұр. Кларнеттің сазды үні бас қа аспаптың барлығынан дараланып оқшау шығады. Аза матың құбылтып-ақ ойнайды екен, мына сауықшыл қауым соның құдіретіне бағынып, теңселіп жүрген сияқты. Дəл сол сəт маған дүниеде Сейсенғалидан бақытты адам жоқ сияқты болып көрінді. Өз-өзімнен шүйкедей болып кішірейіп, шөгіп бара жаттым. Мынау көңілді думанды ортада маған орын жоқ екен.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Ешкімді танымайтын, өзіңе жан адам назар аудармайтын кеш қандай суық еді?! Кері бұрыла бергенім сол еді, құлағыма Шекердің «Ағай» деген нəзік үні талып жеткендей болды. Жалт қарасам, оң бүйірімде Шекер тұр. Шекердің күлкі үйірілген жүзінде өне бойы кітапха на да көріп жүрген сыпайылық пен байсалдылықтан гөрі ма засыздық бар сияқты. Екеуміз кəдімгі бір күні бұрын келі сіп кездескен адамдарша жылы ұшырастық. Əуелгі сөз, əрине, менен болды: – Шекер, сен де осында ма едің? – Ағай, мен сізді залға кірген заматта көргенмін. Мен осында Шекер үшін келгенімді жасырдым: – Солай ма? Залда мен танитын ешкім жоқ қой деп жанжағыма қарамап едім. Шекер томсырайып қалды. Үстіңгі ерні түріліп, екі беті нің ұшындағы екі иірім тереңдеп, көзі жыпылықтады. Мен өз сөзіме өзім өкіндім. – Мейлі, – деді де, Шекер енді не айтсам екен деген дей, сəл тоқтап қалды. – Ал мен сізді осында көретініме сеніп келіп едім. Естігелі бері сізбен қош айтыспай қалар ма екенмін деп мазам кетті. Бірақ сіз маған əскерге бармайтын сияқты болып көрінесіз. – Неге? – Сізге солдат емес, мұғалім болу жарасады. – Əзірге солдат болуға тура келіп тұр. – Əскери комиссариат та қызық екен, сізді сонау Алматыдан кəдімгі бір солдатқа барам деп келген адамдай-ақ шақыра қойғандары несі? – Қызмет етуім керек болған да. Əскери комиссариат əскер жасындағы адамды алалап-құлалап емес, түгел шақырады. – Солдат болу өте жақсы, ағай. Менің Самат көкем былтыр ғана келді солдаттан. Үй ішімізбен үш жыл бойы сағынып жүрдік. Енді олар мені сағынып жүр. Шіркін, алса, мен де барар едім солдатқа.
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? – Алады. Жүр. Қазір қыз солдат көп. – Қойыңызшы. Сіздердікі жөн. Қыз бала қайбір солдат болып же тіс тіреді дейсіз. Сіз-ақ болыңыз солдат. – Шекер, бұл не, маған өкпелегеніңіз бе? – Неге өкпелеймін? Сізге солдат болу жарасатын сияқты. Сіз тек қабағыңызды шытыңқырап жүруіңіз керек. Бірақ, меніңше, сізде ашу болуы мүмкін емес. – Солдатқа ашу керек болса, үйренеміз де. – Жоқ. Ашудың керегі не, үйренбеңіз. Солдат айбынды болуы керек дегенім ғой. – Боламыз. – Адамды қазір өзі емес, қару-жарақ айбынды етеді. Солай шығар, ə, əлде, мен жаңсақ айтып тұрмын ба? – Дұрыс айтасыз. Дегенмен, қай əскердің болсын, ең құдіретті қаруы – адам. Қару-жарақтың бəрі адам ақылымен жасалған, адам қолымен іске қосылады. – Ой, ағай-ай, сізбен ақыл салыстырып нем бар еді менің? – Неге, дүниедегі құбылыстың бəріне адамның өз пікірі болуы керек. – Сіз əскерге кетіп қаласыз, əйтпесе, көрер едіңіз... – Нені? – Менің де өзімдігім барын. – Шекер, сіз не, өкпелеп қалдыңыз ба? Əттең, əскерге кетпегенде көп-көп пікірлесетін екенбіз. – Жүріңіз, билейік. – Жүріңіз. Екеуміз биге араласып кеттік. Шекер əр қимылды сергек сезіп, ыр ғаққа бар пейілмен беріліп, жеңіл билейді екен. Байқамаппын, бойы да ұсынықты болып шықты, менің миы ғымнан келеді. Қандай да қимылға бейім тал шыбықтай бұралған икемді дене, бүкпесіз пейіл менің əлгіндегі пəс көңілімді өсіріп, бар өнерімді салып билеп кеттім. Шекердің «Сізге солдат болу жарасатын сияқты. Сізде ашу болуы мүмкін емес» деген сөздері ойыма қайта-қайта орала берді. Сонда бұл қыз менің бойымнан жарастық,
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ мінезімнен жақсылық іздеп жүргені ме? Өзіндегі барын да білдірді-ау! Мен Шекерді тым жассынып, жасқаншақтап жү ріппін ғой. Енді Шекерді өзіме жақын тартып биледім. Шекер қымсынған жоқ, емін-еркін кейпінен айнымады, тіптен кей кезде құшағыма тығыла түсетін сияқты. – Шекер, бұрын биге келуші ме едіңіз? – Жоқ. Екеуміз жұп жазбай біраз биледік. – Сіз əскерге кетпегенде жақсы болатын еді, – деді бір кезде Шекер. – Неге? Жаңа ғана солдат болу қандай жақсы дегеніңіз қайда? – Дегем. Енді осылай деймін. – Шекер, сіз, кешіріңіз, мен де жасырдым жаңа. Шындығын айтсам, осында мен сізді кездестіретініме сеніп келіп едім. Сізбен қоштаспай кеткім келмеді. Мен иығымдағы қыз қолының дірілін сезгендей бол дым. Екі беті қып-қызыл өрттей болып, алаулап деміккен дей болды. Мен ыссылап, көйлегім етіме жабыса бастап ты. Енді зал іші қапырық тартып, тарылып кеткендей бол ды. Қапелімде, Шекерді қапсыра құшақтап алғанымды қайтерсің. Еркіме ие бола алмай қалғаныма қысылып, терлеп-тепшіп, биден жаңылып қалдым. Сол абдырап қалған шарасыз сəтте мені музыка ырғағына Шекердің өзі түсіріп жіберді. Мұны астанадан оқу бітіріп келген жас мұ ғалімнің əр қимылына көз тігіп тұрған жастар байқады ма, жоқ па, біле алмадым. Шекердің мына кішкентай қамқорлығы мені қуанышқа бөлеп, жүрегімді елжіретті. Өзім күні бойы алабұртып іздеп жүрген жанашыр адамым осы – Шекер. Мен ел-жұрттан еш именбей, қатты құшып сүйгім келген, ұят деген қасиетті қақпа қайта серпіп, меңзең күйге түскем, көз алдымнан қызылды-жасылды жарық жүйткіген. Бұл шарасыз күйімді Шекер сезіп қоймаса екен деп ыңғайсызданып, абдырап барам. – Ағай!
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? Меп селк ете қалсам керек. Бұрын өзіңнен кіші осылай деп атаса дейтін аяулы сөз құлағыма түрпідей тиді. Əпсəтте əдемі сезімімнің быт-шытын шығарған. – Ағай! – Ол не, қарындас? Менің үнімдегі өкінішті Шекер сезе қойды: – Ағай, қарындас демей, Шекер деңізші жай ғана. – Қарындас, сіз де ағай демей, Балабек деңізші жай ғана. – Жарайды, келістік. Балабек. – Келістік. Шекер. – Сіз не менің сіңлім құсап айтқанымды айтасыз? – Сіз не, «сіз» дейсіз? Қазір ғана келістік емес пе? – Келістік. Бірақ сізді «сен» деуге болмайтын сияқты. Мен не дерімді білмей, дал болдым. Өсіп тұрған көңілім пəс тартып, құлазып жүре берді. Ешқандай сөзге де зау қым соқпай қалды. Соншама бала құсап елпілдеп кеткеніме іштей қапа болдым. Бұл гүл қызда нем бар еді? Бір ыңғайын тауып далаға шығып, алды-артыма қарамай зытқым келді. Шекер менің бұл халімді бірден сезіп қойды: – Балабек, сіздің қайтқыңыз келіп тұр. Біреу ойыңдағыны дəл тауып тұрса, мойындамай қайда барасың? – Оны қайдан біліп қойдың? – Көрдіңіз ғой, ағай, біліп қойдым. – Сонда да қалай білдің? – Білетін не бар, сіз көңілсіз болып бара жатырсыз. – Неге көңілсіз болайын?.. – Оныңыз болмайды. Сіз жасырмаңыз. – Жасырмасам, менің өкінішім – сенсің. Шекердің көзі шарасынан шыға жайнап барып, төмен қарап кетті де, үн-түнсіз сұлық қалды. Əттеген-ай, ренжітіп алғанымды қарашы! Мені күле қараған қызға жабыса кететін біреу деді-ау! Бар болғаны сені бүгін ғана жанашы-
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ рым болсын деп едім, қимасым болған өзіңсің. Мүмкін, бұл шындық асықпай пісіп айтылар ма еді, əзір асығыс болғаны анық. Кешіре гөр мені, айналайын аңқау қыз! Өзің ғой, кішкене тұйықтау болсаң қайтетін еді. Солдатқа бара жатқан жас қомағай, оның өкініші көп. Соның ең егілдір гіші – махаббат. Сол махаббат сен болып кездесіп, енді лезде айрылайын деп отырсам, өстіп тез ұрынбай қайтейін мен?! Саған осының бəрін айтып түсіндірмей қалай кете аламын? Осы кез біз айналып есік көзіне келіп қалыппыз. – Шекер, жүр далаға шығып, біраз салқындап келейік. Шекер мақұл екенін үнсіз білдірді. Клубтағы даңғыраған музыка біз ба лық зауытын айналып өтіп, теңіз жағасына жеткенше естіліп тұрды. Бірақ ол мені бағанағы кеш кіліктегідей өзіне ынтықтыра тартқан жоқ, қайта ілесіп қалғысы келмегендей ышқына талмаусырап, ызыңдап жетіп жатты. Бізді теңіздің қара қошқыл толқындары мейірімді ананың шапаны ның кең ашылған шалғайындай шайқалып келіп, қуана қарсы алды. Ауа шыңылтыр екен. Біз теңіз жағасындағы ұлпа құм бетін көмкерген қыл қатқақты шытыр-шытыр басып келеміз, екеуміз де үнсізбіз. Жаңағы бір сөзден бұрынғы жарқын дық қайда? Ертең мен кетемін, Шекер қала ды. Кеудемді қимастық кернеп, аузыма кермек дəм келді. Шекердің де дəл осылай ойлап келе жатқанын мөлшерледім, қателеспегеніме сендім. Өс тіп мəре-сəре болып келе жатып, əлсін-əлсін Шекерге жанасып қала бердім, тіптен бір-екі рет иықтарымыз түйісіп қалған. Шекер шеттемеді, қымсынған да жоқ, өзін еркін ұстайды. Мен алып ұшқан көңіліме сап-сап айттым: «Қой, ұзақ сапар, беймəлім өмірге аттанайын деп отырып, босқа мазалап қайтемін бұл қызды, өкінішім болып қала берсін». Желігіп алған көңіл көнбеді: «Қанша ұзақ болғанмен, оралатын сапар ғой ол. Махаббат қызығы күнде кездесіп, бірге жүруде ғана ма екен?» Енді Шекердің
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? осындағы, менің Кеңес Армиясы қатарындағы өмірім астасып, ұзын желі тартып, алдағы күнді мағыналы етіп, ынтықтыра түсті. – Шекер... – А-а. Шекер жалт қарады. Кеудемді кернеп, тілімнің ұшына келіп, «мені айт, мені айт» деп тұрған небір əдемі сөздер құйын ала қашқан қылпық құсап ту-талақайы шығып, ғайып болды. Шекердің Ай нұрына бөленген теңіздің қалайы айнасынан өрген алагеуім арайға малынған бақытты, мөлдір жүзі «сүйе мін!» деген жалғыз ауыз сөзді күтіп тұр екен. – Шекер, мен сені сүйемін! Шекер селк ете түсті. Аузына апара берген айранды аңдамай төгіп алған сəби тəрізді аң-таң əрі момақан күй тағдырын маған тапсырған дығын аңғартты. Жүзіне енді лез де үрей үйірілді. Бұл үлкен оқиға алдындағы жүрек сіну ме, жоқ, қуаныш па екен?! Мен екі қолыммен екенін де, барлық денеммен екенін де, өмір бақи білмей өтетін, ешуақытта енді қайталай алмайтын ғажап жұмсақ, соны мен бірге құдіретті қимылмен Шекерді өзіме тарта бердім. – Шекер, мен сені алғаш көрген сəтте-ақ сүйгенмін! Бұл сөздерді мен сыбырлап айттым ба, əлде айтпадым ба, білмеймін, Шекерді барша ыстық ынта-ықыласыммен құшағыма алдым. Шекер сəл жасқаншақ тартқан дай болған, екеуміздің көзіміз ұшыраса кетті. «Шының ба?» деп бар жанымен жалына сұрап тұр Шекер! – Шыным!.. Шекердің жүзіне шексіз сенім ұялады: иегін бір ұмсынғандай болды да, көзі жұмылып, ернімізге ерніміз жабыса кетті. Біз қайта-қайта сүйістік. Күзгі суық теңіз толқындары біздің айқасқан оттай құшағымыз бен үнсіз ұғысқан, бақыт толы жүзімізді көргісі кел гендей, жағаға ентелеп келіп
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ жатты. Біз махаббатқа мас болып, теңселе басқанда мөлдір тамшылар менің балағыма жармасып, Шекердің балтырын шымшылап ойнады. – Балабек, теңіз суық екен, жүрші, бұл жерден кетейік. – Қайда барамыз? – Қайдам?.. Менің үнсіздіктен басқа шарам жоқ еді. Ауылға қайтуға көңіл соғар емес. Жаңа табысқан жүрек, айтылмаған ар ман оңашалықты қалайды. Бұл маңда біз қызықтар, бақытымызға куə болар не бар, білмейміз. Екеуміздің де бұл ауылдан қарыс адым жер ұзап шығып отырғанымыз осы. Теңіз. Құм. Біз тағы біраз жер жүріп барып, жағадағы үлкен жал құм үстіне шығып отырдық. Күз түні біртін-біртін суытып, салқын тартып, дене түршігейін деді. Шекер де тоңа бастады білем, біруыс болып, қолтығыма кіріп барады. Мен оны костюміммен тұмшалап қымтап қойдым. – Ищай, тоңдым... Шекердің иегі дірілдеп кетті. Мен оны қатты құшып бауырыма тарттым. Тұңғиық бір терең төмен тартып, дүлей қимыл белең ала берді. Шекер əлсіз бұлқынып қарсылық білдірмек болып еді, еспе құм сырғып, шарасыз болып қалды. – Мен сендікпін ғой... – Мен де сендікпін... Дəл осы сəт аяқ астымыз құлақ тұндыра дүрілдеп кетті. Біз атып-атып тұрдық. Моторлы қайық екен, мүлгіген тыныштықты түре қуып, ұзап бара жатты. Біз қайта отырдық. Шекердің мұрны пыс ете қалды. Жанары боталанып барып, екі-үш тамшы бүрсек-бүрсек үзіліп түсті. Ол енді солқылдап жылады. – Қойшы, жаным, жылама! – Жыламағанда кайтемін, қорқып қалдым. – Неден, қайықтан ба? – Иə...
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? – Қорықпа, жаныңда мен бармын ғой. – Сенен де қорқам. – Солай ма? Онда жүр, кеттік. – Неге? – Сен маған сенбедің. – Ой, Балабек, сен осындай өкпешіл ме едің? – Шекер, сенікі дұрыс. – Балабек, қорқыныш пен сенім екі түрлі сезім емес пе? – Екі түрлі сезім, бірақ сенің қорқынышың сенімсіздік тен туып отыр. – Білмеймін, əйтеуір мені қорқыныш билегені рас. – Əй, қыздар-ай!.. Біздің қарындастарымызды ба қытты да, бақытсыз да етіп жүрген осы – сенімсіздік. Жанатын жерде жасқаншақтатып, құлай сүйетін сəтте қорғаншақтатады бұл сенімсіздік. – Балабек, сен олай деме. Егер мен саған сенбесем, осында келер ме едім. Мен сені алғаш кітапханаға кірген күніңде-ақ сүйгенмін. – Неге содан бері айтпадың ойыңды. – Өзің неге айтпадың? – Ұялдым. – Мен де ұялдым. – Сен ұялған соң сендім мен саған. Сейсенғали құсап, ұят-аят жоқ жабыса кеткеніңде маңыма да жолатпайтын едім. – Шекер, біз қай-қайдағыны айтып кеткен жоқпыз ба? – Білмеймін. Бірақ айта берші. Ертең сен кеткен соң мен кіммен əңгімелесем? Мынау танымайтын жерде жал ғыз қаламын. Қорқыныш жаңағы қайық та, сен де емес, сол – жалғыздық шығар. – Неге, əлі-ақ танысып, үйренісіп кетесің бұл ауылдың адамдарымен. – Əрине, сөйтем, бірақ сен жоқ жерде мен жалғызбын. Мейлі, жалғыз-ақ болайын, сарғайып сағынайын, жиі-жиі хат жазып тұрсаң болғаны!
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Жазбағанда ше, жазам. – Балабек, алғашқы хатыңды пойызда жаз. Шіркін, солдат болу ғажап қой. Жалпы, балалардың өмірі біздікінен əлдеқайда қызық. Солдатты сүйген қыз қандай болады екен, ə? – Сендей болады. Сен де хатты жиі жаз. – Əрине, жазам. Əрі қарай алдағы өміріміз, тағдырымыз туралы түсініскен əңгіме өрбіді. Мына бақыт ұрымтал кездескендей болғанымен, екеуміз де осы орайлы сəтке əзір екенбіз. Махаббат бүгін біздің есімізді алып елпең деткенмен, күні ертең-ақ екеумізге де қатал сын болар сағыныш атты сары бел, уақыт атты тау тұрғызып келіпті. Біздің ендігі еншіміз – күту, қайтып кездесер күнді аңсау, оған дейін байланыстырып тұрар жалғыз жіп – хат. – Дегенмен, сенің кетпегенің жақсы еді! Шекер күрсінді. – Неге? – Сол... Шекер сөзін аяқтай алмай төмен қарап кетті. Қимас сəт деген осы шығар. – Шекер, махаббаттың бар мағынасы қол ұстасып қатар жүруде ғана болмауы керек. Оның мұраты қайта сүйгеніңді адам қиялы жететін барша ізгілік атаулыға бөлеп, кезде сер күнді асыға күтіп жүрсе, биіктей түсетін сияқты. Қыз бен солдат махаббаты – осы. – Мен де солай ойлаймын. – Күтудің сыны да болмақ. – Балабек, мен өмірімде бір-ақ рет сүйетін адаммын. – Шіркін, өмір бір ғана махаббатқа байланысты болса ғой. Адамда махаббаттан басқа да толып жатқан сезімдер бар. Жəне де, меніңше, жақсылықтан гөрі жамандық əкелетіні көп. Соның бірі – сұғанақ көз. – Сейсенғалиды айтасың ба? Оған мен əлдеқашан-ақ «Аулақ жүріңіз» дегенмін.
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? – Жүрсе, десеңші. – Жүреді. Біз ауылға қайтып келеміз. Əлсін-əлсін тоқтай береміз. Əрнені айтып күлеміз. Өркеш-өркеш құм белдерде, тү нерген жағалауда, қорғасын теңізде – бəр-бəрінде көңіл ділік тұнып тұрды. Екеуміз ауыл шетіне енгенде алғашқы тауық шақырды. Ə дегенде əржер-əржерден өңеші созымды кексе қораздар үздік-создық үн қатып еді, мұндай ұзақ бəсекеге енді-енді түсіп бастыға бастаған бала қораздар кеш қалғанымыз-ай деп өкінгендей дереу іліп əкетіп, ауылды азан-қазан қылып ала жөнелді. Мен енді байқадым: уақыт таң қараңғысы екен. Көгілдір арай шығыс жақтағы құм жоталарынан асып келіп, ауыл үстінде тұнып жатқан қараңғылықты қайшылап қия бастапты. Балықшы ауыл ерте оянады. Біз асықтық. – Шекер, шығарып саласың ба? – Өзің айтшы. – Шығарып салмай-ақ қой. Мен кетемін, сен сөзге ілігіп жүрерсің. Қазір қоштасайық. – Мақұл. Мен құшағымды аштым. Шекер мойныма асыла кетті. – Шекер, таң атып келеді. – Мейлі. – Қой, ел көреді. – А-а. – Шекер құшағын босатты. – Сау бол онда. Тез орал, Бек! – Сау бол, Шекер! – Шекер самарқау, еріне басып барып, пəтер үйінің есігін қақты. Шам жанды. Шекер маған бұрылып, қолын бұлғады. Мынасы – қоштасқаны, əрі жылдам кет деп асықтырғаны. – Көріскенше!
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ * Пəтерде тұратын үйіме жақындап қалғанымда дəл кақпа көзінде қа раңдап тұрған екеуді көрдім. Оның серейген ұзыны Сейсенғали екенін таныдым, жүрегім секем алғандай болды. Шекерді қызғанып келіп тұр ған болар. Сейсенғалидың кешегі кекесін көзі көкейіндегі шаланың ащы түтіні болды онда. Ол кезде жағдай басқаша болатын, ал қазір мен Шекер үшін ештеңеден қайта алмаймын. Жандарына келгенде байқадым: Сейсенғалидың жанындағы Тоқтар екен, екеуінің де жүздері жайдары. – Иə, жігіттер, тұрыпсыңдар! Сейсенғали жауап қатты: – Бүгін əскерге сенімен бірге Тоқтар да жүреді. Бұл – жақын інішек. Ағайындар жиналған шығарып салу кешіне барып едім, кешігіп қа лыппын. Жолда есіме сен түсіп, бұрылып едік, жоқсың, қайда жүрсің сонша түн қатып? – Қайтесің оны? – Білем, қу бала. Мейлі енді. Шекермен мен бұрын таны сып едім, сен қағып кеттің. Сабаздар түнімен жүріп, сүйіскен екенсіңдер ғой. – Сейсенғали, бұл не сөз? – Ой, сен жай қалжыңдағанға шындап келе жатырсың ғой, ей. Тоқтар, əкел жаңағыны. Бағанадан үнсіз тұрған Тоқтар лып дегізіп костюмінің төсқалтасынан бір шиша арақты суырып алды, стақан да, жарты таба наны да даяр екен. Мен Сейсенғалидың мынасының ақпейіл ілтипаты екенін де, жоқ əріде бүкпесі бар арамдығы екенін де біле алмай, дал болып қалдым. – Жігіттер, мен мұны ішпеймін. Рақмет! – Сөзді қой. Біз шығарып салайық деп түні бойы күте міз, бұл ішпейді. Сонда мұның бізді менсінбегенің бе? – Ішіңіз, ағай. Ертең бірге жүреміз. Сізбен бір бөлімше де қызмет етсем, жақсы болар еді.
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? – Ертең емес, бүгін. – Сейсенғали жарты стақан арақты маған ұсынып үлгерді. – Ал, алып қой. Жолың болсын! «Ақ пейілдері екен ғой, алайын». – Дос болып ажырасайық. Хат жазып тұр, – деді Сей сенғали ажырасарда. – Сен айтшы, Шекермен сүйістің дер ме? – Оны қайтесің? – Əншейін білейін дегенім ғой. – Қызықсың, ей... – Мейлі, қойшы соны. Жолың болсын! Сен кішкене тісқаққансың ғой, мына Тоқтарға көз қырыңды салып жүр. Біз қол алысып ажырастық. Мен Сейсенғалиды түсінбей қалдым. Шы ғарып салғаны ма, Шекер екеуміздің арамыздағы əңгімені білгісі келді ме, Тоқтарды тапсырмақ болды ма, біле алмадым. * Мені оқушыларым шығарып салды. Ауыл шетіндегі ұшақ қонатын шағын алаңға өзім жетекшілік еткен тоғы зын шы сынып оқушылары түгел келіпті. Мектепте сабақ жүріп жатқан кез. Олардың мен үшін сабақты жібергені ешқандай тəртіпке сыймайтын еді. – Балалар, қойыңдар, сабақтарыңа барыңдар. Сен дердің осыларыңның өзіне көп-көп рақмет! – деп қайтармақ болдым. Оған көну қайда, окушылар: – Шығарып салмай қайтпаймыз. – Бір рет сізді шығарып саламыз деп тəртіп бұзсақ, ештеңе бола қоймас. – Сізді бізден басқа кім шығарып салмақ? – десіп қайтпай қойды. Абиыр болғанда ұшақ кешікпей келіп қонды. Сол кезде сынып старостасы Совет Жұбанышев: – Ағай, сынып сізді жақсы көріп кетіп еді, – дегені. Балалар шулады да кетті: – Рас, ағай, сіз əскерге бармағанда жақсы болатын еді.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Бізді ұмытпаңыз. – Хат жазып тұрыңыз. – Неге ұмытайын? Жазам. – Ағай, солдаттан қайтқанда осында келіңіз. – Келем, келем. Оқушылардың ыстық ықыласына ие болған мұғалім нен асқан бақытты адам жоқ шығар, сірə! Азғана мерзім ішінде мен де балалар сыйлайтын дəрежеге жеттім бе, білмей мін, əйтеуір бəрінің жүзінде қимастық бар. Менің көңілім көлкөсір болып шалқыған. Күні кеше ғана бірін де танымай тын бүлдіршіндер туған ағаларынша қаумалап тұрғанда көзіме жас үйірілген. – Сау болыңдар, айналайындар! – Сау болыңыз! – Жолыңыз болсын! Ұшаққа ауыр көтерілдім. Маған орын иллюминатор түбінен тиді. Ұшақ бар күш-қуатымен гүрілдеп, қалшылдапселкілдеп, шаң-боранын будақтатып алып орнынан қозғалды да, оңтүстікке бет түзеп жүгіре жөнелді. Жерден кө теріле бере қиғаштай кері бұрылып ауыл үстімен ұшты. Мен иллюминаторға жабыса түсіп, жерге үңілемін. Шекерді бір көріп қалмас па екенмін деп емінемін. Ауыл шетіндегі үйлер, мəдениет үйі, балық зауыты артта қалды, кітапхана үстіне таядық. Шекер қайда, неге бір көрін бейді? Ұшақ гүрілі енді жетті білем, Шекер кітапханадан атқып шықты да, қолындағы қып-қызыл орамалын бұлғаған күйі кіш кентай үресін құмның үстіне қарай жүгірді. Біз ұзап барамыз, Шекер қалт тұра қалды. Шекердің бет-жүзі маған, əрине, көрінген жоқ, алайда, мен оның маған ақ сапар тілеп тұрғаныңа шүбəсіз сендім. Күздің сəске түс əлетіндегі шағырмақ күннің ащы сəулесіне малынған сап-сары үресін құм үстіндегі менің жолыма бəрін тігіп, орамалын асыға бұлғап, ілгері ұмсына түсіп қала берген, басқаға еш шарасы жоқ жалғыз қара көкірегіме аяулы сурет болып ұялап еді сонда.
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? * Аудан орталығы – Аралға келіп, аяғым жерге тиісімен, ешқайда қа рамай, тура оқу бөліміне тарттым. Аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Немат Кəріпжанов: – Военкоматтікі не бұл? Біреу аттай қалап, сонау Алматыдан шақыр тып алады, бұлар ие бола кетеді. Бұл жаққа оқу бітірген жастар онсыз да жолап жатқан жоқ. Қазір аудандық атқару комитетінің төрағасы Иманов жолдасқа барып, жағдайды айтып түсіндіремін. Алып қаламын, – деп шала бүлінді. Мен кəдімгідей-ақ иланып қалдым, кешелі бері Шекермен кешкен тəтті шақ, оқушыларымның көзіндегі мөлді реп тұнған қимастық – бəр-бəрі əншейін-ақ болып шыға келетін тəрізденгені. Шекермен серт байласып бекінген ұзақ мерзімді қысқартқым, бел шешіп түскен арналы ағыннан шығып қалғым келмеген. – Ағай, сіз ешқайда да бармай-ақ қойыңыз. Мен əскер ге барамын. Кəріпжанов маған таңдана қарады: – Сол да сөз екен! Біреу əскерден қалдырам деп тұрса, бұл шалқаяды ғой. – Бұл шалқайған емес, заңды. Кəріпжанов телефон теріп, Дəрменовті шақырды. Көп ұзамай каби нетке аға инспектор енді. Екеуміз амандастық. – Е-е, бала, неғып жүрсің? – деді Дəрменов. – Серік, сен анада бұл баланы Бөгенге бекер жібергенсің. Қара енді, кəдімгі бір осы Аралдан университет бітірген мұғалім болмаса, баратын бала табылмай қалғандай-ақ əскерге шақыртыпты мұны. Біз Сабыр екеуміз демалыстан келгенше осында бір жерге тыға тұрсаң ғой, мұндай болмайтын еді. Бəрі сенің кінəң, қаңғып келген адам құсатып, Бөгенге айдапсың да, қоя беріпсің қажет кадрды. – Немат Кəріпжанович, Сəкең екеулеріңіз келген соң айтып едім ғой.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Айтқансың. Онда кеш болатын. – Қайдам. Дəрменовті шақырғандағысы осы-ақ болды, Кəріпжанов маған бұ рылды. – Сен жолдама алған мектептің директоры Сабырдың қызы мен менің балам биыл он бір жылдықты бітіріп еді. Соларды Алматыға апарып оқуға түсіріп қайтқан ша, Дəрменов дəрменсіздік көрсетіпті. Əттеген-ай, жаны мызда жүргенінде майор Борисовқа айтып, шақыртпай тын едік қой əскерге. Сен бала əлі де ойланшы, бармай мын десең, райкомға шығайын. – Қажеті жоқ, барамын. – Онда өзің білгін. Қызметің біткен соң осында кел, қашан келсең де орын болады. – Ағай, келуге де болады, бірақ мен ойланып тұрмын. – Нені? – Тамыз айында, қауырт жұмыс кезінде Алматыға бала жетектеп кеткен адамдармен еңбектес болу керек пе, жоқ па, соны. Немат Кəріпжапов шамшыл адам екен, екі көзі едірейіп шыға келді: – Əй, бала, не деп тұрсың өзің? Сені дұрыс шақырған екен əскерге. Бар, бар. – Барам. – Бар. Содан əрі кет келген жағыңа. Сені ме, сені əскерге жібермей, сілеңді қатырсам ба екен, а? Жүр содан соң Бөгенде шаң қауып, құм шайнап. Мына адамның қолынан бəрі келеді. Тұлданып шыға келгенін қарашы енді. Алматыдан шақыртып алып, декреттегі əйелдің орнына жұмыс істетіп отырғаны оған түк те емес, ендігісі мынау. Не айтса болады? – Ағай, бұларыңыз келешекке жаман. – Не айтып тұрсың? Не жаман? – Университетке жалған заявка бергендеріңіз жаман, жас кадрды ай далаға келгендей еткендеріңіз жаман.
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? Еңбек жолым басталмай жатып, алдауға тап болғаным жаман. – Серік, сен не дейсің мына балаға? Дəрменовте үн жоқ. Кəріпжанов креслосына бір аунап түсті. – Серік, мынаны кабинетіңе ертіп апар да, қағазын қайтып келмейтін дей етіп дайындап бер. Əскерге шақырғаны жақсы болған екен мұны. – Мақұл, Нəке. Дəрменов кабинетіне келе, үн-түн жоқ, бастығының тап сырмасын бір пəсте орындап берді. Бір жапырақ қағазға менің Арал ауданындағы Бөген орта мектебінде бір ай он жеті күн мұғалім болғаным туралы жалғыз сөйлем жазылыпты. Аға инспектор С. Дəрменов қол қойған. – Ағай, бар болғаны осы ма? – Осы. – Еңбек кітапшасы қайда? – Бастық осы жетеді деді. Кейін жұмыс істеген жеріңде еңбек кітап шасы толтырылғанда осыны қондыртып аласың. – Бастығыңыз қызық адам екен. Дəрменов иығын қиқаң еткізді. Сонымен, менің мұғалімдік қызметім тамам болды. * Мен Шекердің хатты жиі жаз деген тілегін, өзі айтқандай, пойыздан жазбақ болдым. Бізді алып келе жатқан пойыз əр жерге бір тоқтап, кейбір стансаларда тіптен екі-үш сағаттан аялдап, жер өндіре алмай-ақ қойды. Сан алуан халық шаруашылығы жүгін тиеп алып жүйткіген ауыр составтар мен жолаушыларды барар жеріне дер кезінде жеткізуге асыққан жүрдек пойыздар бізді əуелім оқтын-оқтын иірім-иірім қалтарысқа айдап тығып тастап, көз қызықтырып өте шығып, жүйкемізді құртқан.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Есесіне, біздің көңіліміз ерекше жүйрік еді, шіркін! Үлкен өмірге, есею сапарына аттанып бара жатқан жастар барша вагон ішін қуанышқа бөлеп жіберіп еді. Айтылмаған əн қалмаған. Қай əнді болсын, жігіттер кеуделерін кернеп, тулап тұрған сезімдерін сарқа салып айтады. Адамның елді, жерді қастерлеу, ата-ана алдындағы борыштарлығы, сүйініш-күйініш, сағыныш сезімдерінің өлең жолына түспегені, əнге айналмағаны жоқ екен. Көлік үстінің ерекше бір желігі болатынын мен бұрын да білетінмін. Студенттік кезде тың егінінің жиын-терініне дəл осылай пойызбен баратынбыз. Сонда вагон іші думанға толатын. Көппен бірге менің де көңілімді шаттық кернеп, əн айтқым келетін. Достар шырқаған əннің бəріне қосылып, оқта-текте өзім де жақсы көретін əнімді бастап та жіберетінмін. Мен өзі сүйетін əнді шырқауға келгенде адамға анау айтқан əншіліктің қажеті жоқ деп білемін. Жүректің терең түкпірінде тұнып жатқан, бір кездері досжарандармен бірге думандата шырқаған аяулы əндер мені қайта тапты. Біреу «Əлі есімдені» бастаған, жігіттер əуелетіп əкетті. Мен де қо сылдым. Əннің бас жағы əнугүні Шекер екеуміз бірге өткізген сияқты арайлы түнді аңсау, өмірі естен кетпейтін кезді сағыну болып келеді де, соңғы жағы аһ ұруға айналады. «Содан бері, өтті, сəулем, талай күн, Əлсін-əлсін суретіңе қараймын. Тағдыр...» Мен кілт тоқтадым, əрі қарай айтуға аузым бармады. Бұл өзі маған сонау мектеп қабырғасында жүрген кезден таныс əн еді. Əн емес-ау, ақ махаббатынан айрылып қалған іш құса пақырдың ащы айқайы бұл. Шекер екеуміздің ал дағы өміріміз туралы алмағайып ой кешіп келе жатқан мен əн нің соңғы сөздерін қайтіп қана айтайын, кілт тоқтадым. Əнге қайтып зауқым соқпай қалған. Содан думанды
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? ортадан шеттеп, біраз отырып-отырып барып, Шекерге хат жазуға кірістім: «Пойыздан сəлем! Шекер, сүйіктім, сау-саламат боларсың! «Алғашқы хатыңды пойыздан жаз» деп едің ғой, соны орындауға кірісейін. Біз солдатқа шақырылған жастарды алып бара жатқан эшелонда, міне, екінші күн келеміз. Қайда апаратынын білмейміз. Білетініміз – Отан ға қызмет етуге кетіп барамыз. Біздің Отан – ұлан-байтақ. Оның қай түкпіріне апар са да, бəрібір емес пе, түрлі əн айтып, сан алуан ойға шо мып кетіп барамыз. Менің əскерге баратынымды үй ішім білмеуші еді, бағана барлық жағ дайды айтып хат жаздым. «Үйге бір келіп кетпегені несі?» деп ренжіп қалатын болды бəрі. Əсіресе, əжемнің қабырғасына қатты батады. Анада мен осы жаққа жүрерде ауыл шетіндегі аялдамаға дейін шығарып са лып тұ рып, автобус қозғаларда екі көзінен мөлт-мөлт етіп жас сорғалап қалып еді. Мен үлкен адамдардың көз жасынан қорқамын. Былтыр көрші аудан да тұратын əпкемнің үйіне бардым. Екі-үш күннен кейін қайтатын кез келіп, дастарқан жинала бергенде əкпемнің кəрі атасы: – Балам кел, бетті əкел. Мен сені енді қайтып көремін бе, жоқ па? Жақсы адам бол, – деп көзіне жас алып еді. Сол кісі содан үш ай өткен соң дүние салды. Үлкендер көп нəрсені күні бұрын сезетін адамдар болады деседі. Бұған сену, əрине, қиын, бірақ мен олардың көз жасынан қорқып қалыппын. Жаңа үйге хат жазғанымда көзінде жас, көңілінде кү дік, қолын жайып ақ батасын айтып тұрған əжем көз алды ма келіп, жанарыма жас үйірілді. Іртік-іртік моншақтар «ыңқ» десем, ытқып кетердей болып-ақ еді, сазарып отырыпотырып көз шарасында əзер дегенде кептірдім. Шекер, Аралда облыс орталығына бізді алып баратын
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ жүрдек пойызды солдатқа баратын жастар бір сапта тұрып қарсы алдық. Бір-бірімізді əлі жөнді танымайтын біздерді белгісіз бір құдіретті күш бағындырып тұрды сол сəт. Біздің бір-бірімізден титтей де айырмашылығымыз жоқ. Рас, мен сəл сақалау болармын. Əскерде темірдей тəртіп болатынын бəріміз жақсы білеміз. Сол тəртіпке бағыну дың басталған жері осы шығар, сапта біріміз де қыбыр етпей тұрмыз. Пойыз тоқтап, жолсеріктер вагондардың есігін ашқан соң жолбасшы капитан: – Ал, жігіттер, енді шығарып салатындармен, ата-ана, туысқандарың мен қоштасып, тез вагонға отырыңдар! – деп команда берді. Жігіттердің барлығы əке-шешелерінің, туған-туысқандарының мейі рім ді, жылы, қимас құшағына кірді. Біз Жорабай екеуміз состиып тұрып қалдық, Шекер, сен Жо рабайды білмейсің. Ол – менің университетті бірге бітір ген досым, Аралдағы мектеп-интернатта мұғалім-тəр биеші. Екеуміз Аралға жұмыс істейміз деп келіп едік, оның ойына алғаны болды. Мен əскерге кетіп барам. Тепловоз гудок берді, жұрт жапа-тармағай қозғала бастады. Жорабай асығыс: – Жақсы қызмет етіп қайт, Балабек! – деді. – Өзің де жақсы еңбек ет, Жора! Екеуміз үшін бір өзің қалдың. Универ ситет бітірген филологтың қандай болатынын көрсет аралдықтарға. – Тырысамыз. Сен өмір көретін болдың. – Иə. Өмірбаянға тағы бір жазу түсетін болды. – Балабек кел, сағат айырбастайық, бір-бірімізге деген суынбас жү регіміздің дүрсіліндей болып жүрсін қолы мызда. Біз сағат алмастық. Содан соң саусақтарымызды сындырардай болып қол қысыстық. Пойыз баяу жылжи бастады. Болашақ солдаттар жапа-
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? тармағай вагон баспалдағына жармастық. Жолсерік «болболдап» бізді вагон ішіне тоғытты. Қолсозым жерде алыстан бірге келген дос қалып барады. Əрі де, Бөгенде сен қалғансың, оқушыларым қалған. Облыс орталығында бізді комиссияға қайта түсіріп тексеріп алды да, команда-командаға бөліп, арнайы құрастырылған пойызға отырғыз ды. Қайда бара жатқанымызды жол бастаушылардан сұрасақ, бəрі: «Ол – əскери құпия. Барғанда көресіңдер» деп айтпайды. «Мақұл онда» деуден басқа лаж жоқ, кəдімгі жолаушылар вагонында жатырмыз, аппақ көрпе-жастыққа оранып. Өйтпегенде несі бар? Біз де – жолаушымыз. Біз аттанып бара жатқан сапар салмағы қандай жолаушыңыздан болсын кем соға қой мас. Біз солдат шинелін киіп, қару-жарақ асынып, қатал өмір кешуге кетіп бара жатырмыз. Əдеттегі жолаушы вагонынан біздікі өзгешелеу. Вагонда ғылардың бəрі біркелкі тақыр бас жас. Осының өзі-ақ біздерді тым тез бір тілектің адамы етіп жіберген. Бірбірімізді көп тосырқап жатпай, топ-топ болып əңгіме-дүкен құрып, əн айтып келеміз. Бəрінен махаббат əндері көп ай тылады. Қай əнді болсын, жігіттер өз үніндегі ең бір сағыныш, өкініш əуездерін салып айтады. Солдат өмірі сағынышқа толы болатынын жігіт тердің барлығы сезіп келе жатыр. Мен үшін бұл сағыныш сазы анада ауыл шетіндегі аялдамада əжемнің моншақтаған көз жасы торлаған кірпі гіне ілініп басталып, сен болып сап-сары құм үстінен қол со зып еді, енді жүрек сыздатады. Əрине, еске түсіп, өткен-кеткен пойыз екпінімен артқа қарай жүйтки көшіп жатқан сары дала бедері құсап ауысып, еш нəрсені ұшығына шығандата шығарып ойлауға байыз таптырмайды. Сейсенғалидың өзі де ойыма əлденеше рет түсті. Оның мен жүрер күнгісін айтамын-ау! Ол жайында мен саған айтып үлгере алмадым, сірə, ендігі хатқа жазармын. Сау бол! Сүйдім! Сəлеммен, Балабек.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Шекер, Шекерім менің! Мына хатты қайта жалғауға тура келді, өйт кені саған салып жіберуге мүмкіндік болмады. Ғашықтар бір-бірінен тəтті сөзін аямайды деседі. Мен де саған арнап əдемі, айшықты сөздер іздеп көрдім. «Айым, күнім, сүйіктім, сəулем» деген сияқты сөздер бірінен соң бірі тілім ұшына орала берді. Алайда оның бəрі жаттан ды екен. Менің саған деген сезімімді де, ыстық ынтықтық табы ернімізде кеткен сол бір ұмытылмас сəттің бар лəзза ты мен қуанышын да, екеуміз екі жақта жүретін ұзақ уақыт тың ауыр жүгі мен қиындығын да осы «Шекерім!» деген жал ғыз сөзге сыйғыздым. Сенің есіміңнен асқан сұлу, одан артық аяулы сөз жоқ маған. Шекер, тек менің ғана емес, осы пойызда келе жатқан жігіттердің бар лығының да жанына балаған бір-бір қызы бар сияқты. Бəрі бір сəт телміріп отырып хат жазады. Солдаттың бір жартысы ауылда екен. Мен сол жартымды – сені тауып аттанып бара жатқаныма шексіз қуа ныштымын! Қайта-қайта əдемі қиялға шомамын. Өткен өмірімнің барлығын енді сенімен өлшеп, болашағымды сенімен сабақтастырып келемін. Жоғары білімі барлар əскерде екі жыл қызмет етеді екен. Екі жыл деген өткен соң екі күн емес пе. Қайта қауышар күнді сарыла аңсап жүрген күндер мəңгі есте қалар. Аңсау дегеніміздің өзі адам жүрегіне ең нəзік сəуле құятын құдіретгі күш пе деймін. Сол сəулені үзіп алмай, қылпық жуытпай жарқыраған күйінде сақтай алса, адам арманына алқынбай жетпек. Бір-бірін беріле сүйген, бір-біріне қалтқысыз сенген адамдар ғана сөйте алатын шығар. Шындығында, адамда сенім болмаған соң оны күдік билеп, күлкілі жағдайға тап болуға дейін барады екен. Бағана осында сол Бөгеннен менімен бірге аттанған Тоқтар Тезекбаев деген жігіт егіліп жылап, қызық қылды. Өңшең сайдың тасындай жігіттер қарап отыра алған ба, түрлі əзіл-қалжың айтылып, мажыражай күйде еді, бір кезде Тоқтар «уһ» деп күр сінді де, өксіп кетті.
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? – Ой, не болды саған? – Мұның не? – десіп, бəріміз үрпиісіп қалдық. – Не болсын. Ештеңе жоқ. Ол мені күтпейді! Тоқтар шынымен-ақ жылап отыр. Жігіттер шүпірлеп, Тоқтардың маңына жинала қалды. Сұрақты жау дырып кеп берді: – Кім? – Мəрзиа. – Соған да жылай ма екен? – Жыламағанда ше? Ондай сұлу қызың болса, сен жыламақ тұрмақ, өкірерсің əуелім! Тоқтар бір нəрсе тындырдым деген кейіппен еңсесін көтергендей болды. Жігіттердің біреуі сонда да қудалауын қояр болмады: – Бүйтіп жылағанша, сену керек қызға. – Иə, сену керек. Сенемін. Сонда да айрылып қала мын ба деп қор қа мын. Сол үшін жылаймын. Ой, мейлі енді, қойдым. Тоқтар өстіп, өзіне-өзі басу айтып, жас торлаған көзін сүрте бастады. Тоқтардың мұнысына біз қыран күлкі болғанбыз. Былай бір қара ғанда күлкілі-ақ жайт. Қазір байыптап ойлап қарасам, кеудемді күлкі емес, аяныш алып барады. Қимай құшақтасқан талай қыздың жігітін күтпей, басқаның жетегінде кеткенін көрген ғой, қайтсін. Дəл осы Тоқ тардікі тəрізді бір-бір күдіктің – осы жігіттердің барлығының көкірегін көмбе шоқтай тызылдатып бара жатқаны анық. Біреуіміз оны сыртқа жылап шығарамыз, екіншіміз əнге қосамыз, үшіншіміз ой тереңіне тұншықтырамыз. Ал бізге – ұзақ сапар тартқан жігіттерге əзірге сол күдік ті күйттеу емес, алдағы жарқын күнге жасқанбай қол созу болса керек. Өз басым солай ойлаймын. Сенім – ешкімге аяғын жаза бастырмайтын күш. Шекер! Мен өзі əрнені бір жазып кеткен жоқпын ба? Думан-шу ішінде отырып, қолымнан келгені осы болды. Ен-
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ дігі хатты тұрақты адрестен жазармын. Бірен-саран пысық жігіттер қайда барып тоқтайтынымызды біліп те қалыпты. Олар шын болса, таяп та қалған сияқтымыз. Сүйдім! Балабек». * Əскери бөлімшеге келген соң Шекерге алғашқы əсерлерімді айтып мынадай хат жаздым: «Шекер! Сау-сəламат боларсың? Шекер, менің хатымды асыға күтіп жүрген шығарсың? Біз, міне, енді əскери бөлімшедеміз, бұрын көріп-білмеген өмірге қа дам бастық. Мен саған айтқан жоқ екенмін ғой, «Солдат болу оңай» деп едім оқу шыларыма анада, шақырту қағазы қолыма тиген сəтте. Сөйтсем, оным мүлде бекер сияқты. Мұндағының бəрі бізге тосын, жаңалық. Жас солдат – жасқаншақ, қимылы қиюласпай, тірлігі ұйқаспай қалады. Басқаны былай қойғанда, солдат киімін киюдің өзі-ақ бізге жатқан бір қиынның қиыны болып шықты. Бірақ мұнда жас солдаттарға қамқор қол өте көп екен. Соның ішін дегі солдатқа ең жақыны старшина ма деймін. Біздің старшинамыз Болдырев деген егде кісі. Тегінде біртоға, ұс тамды адам болуға керек, көп сөйлемейді, алайда айтқанын істететін қалпы байқалады. Взвод киіне бастағаннан старшинаның екі көзі біздің бас-аяғымызға қадалумен болған. Солдат киімі денемізге бірден қона кетпеді, біртүрлі ыңғайсыз, олпы-солпы. Старшина əрқайсымызға жеке-жеке киіміміздің қай жері артық, қай жері кем, оларды ретке келтіруіміз үшін не істеуіміз керектігін ерінбей түсіндіріп шықты. Осы айтқандарын орындауымыз үшін жарты күн уақыт берді. Арамызда өмірі қолына ине-жіп ұстамаған жігіттер де аз емес екен. Саптың əр тұсынан: – Старшина жолдас, мен мұны істей алмаймын. – Мен осылай-ақ жүре берем.
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? – Бұл бір жуған соң шуып, шап-шақ болып кетеді, – деген тəрізді сөздер естіле бастады. Старшина оның біреуін де құлағына ілмеді. Қайта даусын қатайтып: – Сол да сөз екен. Солдат бəрін өзі істей білуі керек. Киімдеріңді де нелеріңе шақ етіп, киіп шыға келгендеріңде, қыран бүркіттей түлеп шыға келесіңдер. Киімін бойына қонымды етіп кие алмаған солдат солдат емес, көже. Кешке қарай тексеремін. Кімде-кім айтқанымды орындамаса, өзі білсін, ондайларды кезектен тыс наряд күтіп тұрғанын қазірден ескертіп қояйын. Ал кірісіңдер! – деп команда берді. Біз старшинаның айтқандарын өз хал-қадірімізше орындап, кешке қарай сапқа тұрғанымызда, кəдімгідей-ақ түрленіп шыға келдік. Сол сəт саған дəл осы кейіпте бір көрінгім келіп кеткенін қайтерсің. Қайтейін, бірақ сен сонша алыс қалыпсың. Шекер, сонымен біз жас жауынгерлер курсына кірісіп кет тік. Бұрын нан қызмет етіп жүрген жігіттер: «Сержантгар сендерді карантинде (жас жауынгерлер курсын осылай дейді екен) аямай қуады. Еттерінді сылып, терілерінді қалдырады», – деп қорқытқан болады. Өздері өткен жол ғой. Бүгінгі кезекті біз иемденіппіз, ертең келесі лектің жігіттері еншілейді. Біз қиындықтан қорқу үшін келіппіз бе əскерге? Жоқ, əрине, жігіттердің барлығының ойы – осы. Сонда да болса, адам деген қызық қой, əлгіндей əзіл-шыны аралас, қорқытқан қоқан-лоққы сөзге сеніп қалатындар да бар екен арамызда. Соның бірі Тоқтар болып шықты. Кеше Тоқтар сақал-мұртын электрлі емес, жай ұстарамен алып жатыр. Ұстарасын ол: «Мұны маған зауыт социалистік жарыста озып шыққаным үшін сыйлаған», – деп мақтан ететін. Бірдеңені бүлдіргенін сезе қойдым. – Тоқтар, электрлі ұстараң қайда? – «Стариктерге» бердім. (Үшінші жыл қызмет ететін солдатты «ста рик» дейді). – Неге?
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Сол. – Оны қалай түсіндік? Сыйладың ба? Өзіңе де сыйланған зат емес пе еді ол? Жоқ, əдейі бердің бе? – Жоқ. Бір «старик» сұрады, бердім. – Дұрыс екен! Сонда мұның өз еңбек ұжымыңның сыйлығын сыйламағаның ба, əлде, ұстараң көп пе еді? – Əй, қойшы! Қанша университет бітірдім дегеніңіз бен, сіз не білесіз? «Стариктермен» қазірден жақсы бол саң, кейін ротаға өткен соң өзіңе жақсы болады. – Несі жақсы? Жақсы болады екен деп оларға жағыну керек пе сонда? – Жағын, жағынба, оны өзіңіз біліңіз. Мен өзім бердім ұстарамды. Біз де «старик» болғанда өстеміз. – Тоқтар, сен өйте алмайсың. – Неге? – «Стариктің» бəрі бірдей озбыр емес. – Айтасыз. Бұл – дəстүр. – Ол – дəстүр емес, азғындық. – Көреміз күшіңізді. «Стариктер» сізге де ауыз салады əлі-ақ. Шекер, міне, Кеңес Армиясы қатарында қызмет ету дегенді кім қалай түсінеді, осыдан біле бергін. Бұл балалы ғы ма, шалалығы ма, қайдам, əйтеуір Тоқтар əскердегі «дедовщина» деп аталатын кеселге арамыздағы алғашқы ұшыраған солдат болды. Ал өзіңде не жаңалық бар? Сенің өміріңдегі тамшыдай жаңалықтың өзі мен үшін шалқар теңіздей екенін білесің ғой. Хал-жағдайыңның түгін қалдырмай жаз. Сөйт, Шекерім менің! Сүйдім! Сағынышты сəлеммен, Балабек». * Жас солдаттарға алғаш хат келе бастаған кез ешуақыт та естен кет пес. Түрлі сабақ, не жаттығудан шаршап-
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? шалдығып түскі үзіліс кезінде казармаға енгенде, алдынан хат шыққан солдат қуанышына дүниеде пара-пар келетін еш нəрсе жоқ шығар, шіркін! Алыстағы ана жүрегінің бала деп соққан нəзік лүпілін, атаның ақ батасын, бауырластың сарылған сағынышын, сүйген қыздың зəуде бір болмаса аузынан шыға қоймайтын ынтық сөзін жеткізген хат – əр солдаттың бұрын бастан кешкені мен бүгінгі өмірін алдағы болашағымен астастырып желі тартатын, аяулы асқақ сезімге бөлейтін аса құдіретті күш. Конверт соңына асығыс көз жүгіртіп, апыл-ғұпыл ашып жіберіп оқыған сəтте одан асқан поэзия қайсы бұл жалғанда. Хат оқып отырған солдаттың жай-күйін дүниеде тек ана көкірегінде жабы сып отырған сəбимен ғана салыстырса болар. Сəби қан дай пəк, қамсыз, бақытты. Сəби бойына қуат берер ақ қай нар əлі еш нəрсенің байыбына жетпеген, сонысына қара май, ретсіз ренжіп, шіреніп жылағанында мауқын басар жал ғыз ғана жұбаныш болса, хат та солдат бойын сергітіп, көңілін көл етеді. Хат келмеген солдат жұмысқа кеткен анасын аңсаған сəби тəрізді мазасыз. Шекердің хаты көп кешікпей келгенімен, менің алып ұшқан асығыс көңіліме талай тəтті қиял, үкілі үміт арқалатып үлгерген. Хат қолыма тиген бойда мен төсегімнің аяқ жағында тұрған орындыққа отыра салып, оқуға кірістім. «Балабек! Сенің пойыздан да, əскери бөлімшеден де жазған хатта рыңды алдым. Көп-көп рақмет! Мен бірдеңе білсем, сен кейін жазушы боласың. Өздеріңнің өмір лерің ді түгел қысқа да дəл сыйғызып жазатыныңа таңдана отырып, екі хатты да қайта-қайта оқып шығамын. Сөйткен сайын сен осы Бөгенде, жанымда жүрген болып кетесің. Ұшақ сені ауыл үстімен алып ұшып, ұзап бара жатқан сəтте дүние дегінің бəрін ұмытып: «Балабек, мен сені сүйемін! Күтемін!» – деп қай та-қайта күбірлей беріппін. Ұшақ демде алыстап, жалғыз қараға, одан нүктеге айналды да, көкжиекке сіңіп, сені алысқа, əскерге алып кете барды.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Көз ұшында ғайып болған əлгі нүкте ең болмаса тағы бір көрінердей-ақ құм үстінде көп тұрдым. Ұзақ қарадым, əрине, ұшақ қайырылушы ма еді, көрінбеді, лажсыз кітапхана ға қарай бұрылдым. Еш нəрсеге зауқым соқпай, есеңгіреп қалдым. Кітапхана іші қаңыраған бос үңгір, теңіз тастай суық ызғарлы сияқтанды. Бетінде жүруге əжептəуір үйреніп қалған құм табанымнан тартып, ілгері аттаған адымымды қысқартты. Сол сəт мен сені шын сүйгенімді сездім. Өң мен түстей болып өткен сол түн бақыт түні болған екен. Сол түнге дейін де осы ауылда сен барда мен бір мағыналы өмір кешкен екенмін. Өзіммен бірге қуанып, бірге сүйінетін, бірге күйінетін, бірақ көңіл күйімізді білдіріспеген, сонда да жақын бір адам қолсозым жерде жүргендей бола тын да тұратын. Мен ол адамның кім екенін анықтап білме сем де, əйтеуір, көңілім орнын да болатын. Сол адамды – сені жаңа тапқанымда, кешігіп тапқанымда аспанға телмір тіп қаратып, тастадың да кете бардың. Міне, енді мен сол өзің көтеріліп кеткен көкке бір, сен қызмет етіп жатқан оңтүстік жаққа бір көз салып, алаң болумен жүрмін. Көзім талар, мейлі, қарай берем. Балабек, сен, мүмкін, таңданарсың, мен əуелім осылай зарығып кү тіп жүргеннен артық махаббат жоқ па деп те ойлаймын. Күткен адам көп ойлайтын, қиялшыл болатын көрінеді. Ондай адамның көкірегін жылытып, көңілін өсіріп жүретін арманы көп болады екен. Сол арманды тараутарау өргізіп, қайта жинап жүрген де бір қызық па деймін. Сейсенғалидың маған ғашық болғансып, жылмаңдап жүр генін біледі екенсің ғой, бірақ менің жүрегім жалғыз саған ғана берілген. «Қызым, адамда жүрек жалғыз, махаббат біреу», – деген маған анам. Мен – ана сөзінің адамымын. Екеуміздің сертімізді ешкім де, ешқандай қиындық та бұза алмайды. Сен кеткен күннің ертеңіне кітапханаға Сейсенғали келді. – Аман ба, Шекер қарындас, – деп баса-көктеп енді ішке.
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? Даусында өктемдікпен қоса, қуаныш та бар сияқты. Ол ненің қуа нышы? Тіксініп қалдым. Үндемедім. – Сен қыз неге үндемейсің? Балабектің кеткеніне қайғырып жүрсің бе? Барсын келген жолымен. Осы ауылдың жігіттері де жетеді саған, – деп тұр енді еш шімірікпестен. Сонда да адам екен дедім, сыпайы жауап қаттым: – Қойыңызшы, ағай! – Қоятын несі бар? Жігіт табылмаса, өзім-ақ аламын сені бір жаманға қор қылмай. – Ағай, бұл қай айтқаныңыз? – Е, не, мені Балабектен кем деп пе едің сонда? Ха-ха, тапқан екенсің кемсітетін адамды. Ешкімге сенімен салыстырып барып баға берем деген ой менде болып көрген бе, не дерімді білмей қалдым. Мұнымды басқаша түсінсе керек, Сейсенғали: – Қой, солай, қарағым! Солдатты күтіп қайтесің? Көп сөз ді қой да көн, – деп жылмыңдады. – Барыңыз енді өз жөніңізге. Əйтпесе мен мектеп директорына да, ауылсовет төрағасына да барып айтамын қазір. – Айтсаң, айт, Балабектің қатыны, – деп безерді Сейсенғали. – Мен сізді əжептəуір адам екен десем... Мама.. Балабек... Мен шыңғырып жылап жібердім. – Жыласаң жыла. Маған оны балықшы Жұмағали айтқан. Долы бол саң, соның бетін тырна, – деп шыға жөнелді. Мен жылап, ауылсоветтің төрағасына бардым. Көзім бұлаудай болып ісіп кеткен түрімді көргенде, шошып кетті білем, ол кісі: – Қызым, не болды саған? Біреу ренжітті ме? Ол кім? Айт. Мейман баланы ренжіткен кім екен, көрейік біз ол адамды, – деп жік-жапар болды. – Айта алмаймын, ағай, – дедім бар болғаны. – Үйін сағынған ғой бұл бала, – деді ауылсовет ағай.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Əңгіменің бұлай бет алғанына куанып кеттім. Сейсенғалидың аузынан шыққан жексұрын сөздер менің тілімнің ұшына оралатын да емес еді. – Иə, – дедім төмен қараған күйі. – Е-е, онда сəл шыда, қарағым, кейінірек көрерміз. Жұмысыңды жақ сылап істе, кітапханаңа адам келе ме өзі? – Келеді. – Дұрыс екен онда. Жақсылап тұрып жұмыс жоспарын жаса, сөйт те, алып келші осы таяу күнде. Көрейік, көмектесейік. – Жарайды, ағай. – Менің ашуым басылып қалды. Осылай жүріп жатқан жай бар. Үй ден хат алып тұрамын. Мамам қызық, хат сайын: «Шекер, сен сол жақта біржолата қалып қойып жүрме, өзі бір жер түбі екен. Артыңнан іздеп кім бармақ ол итарқасы қиянға. Жақын жер деген жақсы ғой, əйтеуір. Дипломың қолыңа тиді болды бері қарай тарт», – деген тəрізді бір сөйлемді қыстырып жіберуден танбайды. Менің мұнда сені күтіп жүретінімді қайдан білсін мамам. Ауылдан осыншама ұзап кеткенімді мамам мен папам о баста-ақ жақтырмаған. Қалың құм ішіндегі ауылға аттап аяқ басқанымда менің де көңілім секем алып қалған. Сөйт сем мұнда да қайнаған қызу өмір бар екен. Айналдырған екі айға жетер-жетпес уақыттың ішінде саған кездестім, енді, міне, үйден гөрі сені көбірек ойлайтын болдым. Осылай жүрем енді сені күтіп. Ана Тоқтар деген жігіттің бала құсап жылағаны қызық екен. Бір се бептен онысы дұрыс та ма деймін. Жандай жігіттерін күтпей, жерге қаратып кететін қыздар да кездесіп жүр ғой өмірде. Сол Тоқтардың енді біреуге жағыну үшін өз мүлкін үлестіріп жүргені қызық екен. Ондайлар, меніңше, жақсы солдат бола қоймас. Балабек, мен сенің өте жақсы солдат болғаныңды қалай мын! Сау бол! Сүйдім! Шекер».
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? * Шекердің хаты менің көңілімді астан-кестен қылды. Айналайын Шекер, мен білемін, сенемін, сен сөзіңе беріксің. Мен бақытыма кезігіп едім, мына бір Сейсенғали деген пəленің зияны тиіп кетіп жүрмесе екен. Шекерді қорғансыз көріп басынуын қарай гөр, ей! Хат жазсам ба екен? Ол мұнысын білмей істеп отыр дейсің бе бірақ. Бəрін біледі, қолынан келгені – бұл. Ондай адамға хат жазып, сөзді қор қылып қажеті жоқ. Осы тəрізді аласапыран ойлар жарысып, басымның əңкі-тəңкісін шы ғарды. Əрі ойланып, бері ойланып келіп, мектеп директорына мы надай хат жаздым: «Солдаттық сəлем! Құрметгі Сейфолла ағай, сау-сəлемат боларсыздар. Сіздердің денсаулықта болып, шəкірттерді тəрбиелеу, оқыту ісінде табыстан-табысқа жете берулеріңізге əр кез тілектеспін. Мен ойдағыдай қызмет етіп жүрмін. Сейфолла ағай, бұл хатты мен сізге кішкентай бір тілекпен жазып отырмын. Сіз ғафу етіңіз, мұның өзі айтуға да ыңғайсыз, нəзік сыр, өзіңіз ғана біліп қойсаңыз екен. Сондағы кітапханашы Шекер деген қызбен уəдеміз бар еді: ол мені күтеді. Сейсен ғали соны біле тұра, Шекердің мазасын алып жүрген көрінеді. Біз бір ұжымның адамымыз ғой. Сол ұжымның басшысы, жасы үлкен аға ретінде Сейсенғалиға сіз: «Бұл бейбастағыңды қой», – деп айтар ма екен деген ойдамын. Солдаттың сүйген қызына көз тігіп, еркінсу ертең көрісетін жігітке жараспас. Солдаттың қолы қысқа, мүмкіндігі шектеулі, Отанға қызмет етуден басқа тірлігі жинастырылып тасталған. Сіз Сейсенғалиға осы тұрғыда ықпал етіп қойсаңыз жөн болар еді. Сау болыңыз! Сəлеммен, Балабек».
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ * «Солдат болу – оңай» дегенімнің мүлде бекер екендігін мен өстіп əскерге келген алғашқы күндерден-ақ сезе бастағанмын. Əскери өмірдің солдатқа артар жауапкершілігі мен жүгін жас жауын герлер курсы əбден жақсы ұқтырды. Ауызекі «карантин», Устав тілінде «Жас жауынгерлер курсы» деп аталатын ант қабылдағанға дейінгі мерзім əскерге жаңа келген жасқа қуанышты да, қайғыны да үйіп-төгеді. Жас жауынгерлер курсындағылар балалар бақшасында тəрбиеленушілердің күнін кешеді. Оларға ақыл айтушы, үйретуші көп. Құлаққа қанша түрпідей тигенімен, жас жауынгерлер курсын «каран тин» деп атаудың бір жағынан жөні де бар екен. Бұл кезде жастар негізгі əскер құрамынан бөлек өзінше взвод-взводқа бөлініп, жаңа өмірге бейім деледі, солдат ғылымының əліппесін үйренеді. Солдат өмірі түрлі жаттығуға толы. Солдат құралайды көзге атқан мерген болуы керек, ол жаттығумен келеді; солдат сыптай, жүріс-тұрысы ширақ, қимылы нық болуы керек, ол жаттығумен келеді; солдат батыл да батыр, сайыпқыран, қажырлы да қайратты болуы керек, ол жаттығумен келеді; мұның барлығының үстіне жəне де ең бастысы солдат өзіне тап сырылған қару-жарақтың, осы заманғы техниканың тілін жетік мең герген білгір болуға керек, бұл да, сөз жоқ, оқумен һəм жаттығумен келеді. Осылардың барлығын үйренуге, жетілдіріп шыңдауға арналған сабақтар мен жаттығулар солдатқа басқа бөтен-бөг де нəрсеге бір сəт те алаң болуға, аяғын құйттай да шəл кемшалыс басуға түк те мүмкіндік бермейді. Адамның кейде бір жалғыз-жарым қалғанда небір ойларға беріліп, езіліп отырып қалатыны бар емес пе. Кішінің қасында өсіп, ұлының қасында өшетін осындай сəттер мені əуелім қуыс кеуде кеуек, шүйкедей етіп жіберетін
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? кез дері де болушы еді. Мұндайда біресе бозарып, біресе сұрланып, жақ жүнім үрпиіп, қабағым жыбырлайтын, жағымды таянып əр ойдың жетегіне бір еріп, бірақ бірдебіреуінің ұшығына шыға ал майтынмын. Солдатта бүйтіп езіліп, ой тұңғиығына шоматын уақыт жоқ. Солдат болу Отан қорғауға даярлық деп аталатын үлкен ұғымның жықпыл-жықпыл қойнауында үнемі ілгері талпынуға, талмай қимыл үстінде болуға бастайды. Солдат өзінің қол жеткен жерін, атқарған ісінің жемісін дер кезінде көріп отырады. Солдатта «бөрі арығын білдірмес, сыртқа жүнін қампайтар» деген тірлік жоқ. Алға қойған тапсырманы орындап шықтың ба – абыройлысың, қолыңнан келмей ме – болмағаның. Ал солдаттың атқара алмайтын ісі болмасқа керек. Үгіттеу, көндіру – бұлардың барлығы ауылда, азаматтық өмірде қалған. Солдат – жағыну, жағымсуды білмейтін нақты істің адамы. «Қолымнан келмейді» – солдат лексиконында жоқ сөз. «Құп болады, командир жолдас» – солдат сөзі, міне, осы. Ұзын-ырғасы бір айдан сəл-ақ асқан жас жауынгерлер курсы ұзын тұсау, кең арқау өмір кешіп, етек-жеңді кеңге салып жүрген біздерге оңайға соқпады, кəдімгідей сылынып түстік. Бірақ бұл сылыну сақа солдаттар айтқан «терінің қалуы» емес, бойдағы арам терден, артық еттен, сонымен қоса барлық жалқаулық атаулыдан арылу еді. Оның есесіне, жігіттердің бұлшық еттері едірейіп, жауырында ры қақпақтай-қақпақтай, тепсе темір үзетін шымырлар өсіп шықты. Солдат өмірінің құдіреті, міне, қайда жатыр! Күні кеше ғана старшина Болдырев үлестірген су жаңа киімдер сол даттың əлеуетті қолымен бірнеше рет сығым далып жуылып, бірі шуып, бірі созылып, əрқай сы мыздың бойымызға сəн ательелері шебер лері нің қо лы нан шыққандай жарастық тапты. Бұл дəрежеге жету жастар ға оңай соққан жоқ. Кеңес Армиясы қатарында қызмет етіп қайтқан балалардың есейіп, соқталдай жігіт болып оралатыны əмбеге
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ аян. Меніңше, мұның еш құ пиясы жоқ, солдатты ешкім мəпелемейді, оған үнемі тапсырма беріліп, талап етіледі, ол – əр кез орындаушы. Біріне ақыл, біріне қайрат беретін оқу-жаттығу ойындары ерке-бұлан болып өскен жастың өзін тез бастықты рып, басалқалы етеді. Жас жауынгерлер курсындағы басты тұлға – сержант. Оны ұстаз, тəрбиеші, жаттықтырушы десе болар. Алуан түрлі мінездің, тілі, түрі бөлек, денесінің шынығуы əрқа лай балаларды бір қалыпқа түсіру – əскери тапсырмаларды орындай алатын жауынгер етіп шығару қиынның қиыны, əрине. Əлбетте, командирдің қолында керемет құдіретті қару бар, оның аты – бұйрық. Командирдің бұйрығын бұл жытпай орындау – əскери устав талабы. Устав талабын орындамаған жауынгер жазаланады. Тəр биенің жалғыз ғана құралы жаза емес екені бесенеден белгілі. Жаза шектен шыққандарға ғана беріледі. Жас жауынгерлерге сержанттар оқу сабақтарын айтып түсіндіріп, түрлі снарядтағы жаттығуларды өздері істеп көрсетіп барып орындатады. Командир əркімнің қабілет-мүмкіндігін жақсы аңдап біліп, сергек ескеріп отыруы тиіс. Іс нəтижелілігі, міне, сонда ғана қамтамасыз етіледі. Жауынгердің бəрі бірдей орындауға міндетті оқу-жаттығу ойындарына келгенде командир – мызғымас адам, айтқанын істетеді. Жауынгердің барлығы бірдей тапсырманы ынта-ықыласымен орын дайды деу ағаттық болар еді. Жан қинамай, əскер тұрмақ, жайшылық өмірде табыс жоқ, сөйте тұра жігіттер əрекет-қимылдың жеңіліне иығын беруге құмар. Өңкей сайдың тасындай сақырлаған жігіттердің бір-бірі мен қарым-қатынасында да командир тыйып отыратын тұс тар бар. Біздің кіші командиріміз, аға сержант Золотарь – атына заты лайық алтын жігіт. Байланыс техникумын қызыл дипломмен бітірген оның білімі терең, мінезі жұмсақ. Де несі құрыштан құйғандай шомбал, төртбақ, серіппелі, жаттығу снарядтарының кез келгенінде ұршықша үйіріледі.
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? Жайшылықта жайбарақат болғанымен, айтқанын орындатпай қайтпайтын қатал, ең бастысы – əділ. Жас солдаттардың мүмкіндігін жақсы біледі, соған орай тапсыр ма беріп, талап етеді. Мұндай командирден асқан кім бар, Золотарьдың аузынан шыққаны – бізге заң. Қаншама бір қатаң талап қойғанының өзінде оның бар болмысынан, үнінен біздерге бір терең мейірімі білініп тұрар еді. Оқу-жаттығу кезінде кездесетін кемшілігімізді кешіруге болады. Жан қина, беріліп үйрен – бəрі дұрыс. Командир сеніп тұрғанда, бізге не көрініпті, жақсы солдат болуымыз керек. Аға сержант Золотарь – менің екінші командирім. Шын қызметті бастамай жатып, «карантиннің» өзінде екінші аға сержанттың алдын көріп үлгердім. Неге? Бұл – бір қызық əрі қолайсыз əңгіме. Үйренбеген тірліктің беймəлім қатпар-қыртысы көп болатыны өзі нен-өзі түсінікті. Ал солдат өмірінің ол қатпарқыртыстары сан алуан қиындықтармен астасып жатады. Жолында не кездессін, солдат бəрінен жол тауып шыға алуы керек. Əлбетте, ол үшін адамға бірде ақыл, бірде қайрат, бірде машық керек. Жас солдаттың əр адымы, қи мылы бақылауда, оған сын көз көп, бəрі бағасын беруге əзір. Өзіне қойылар талаптың бəрін жас солдат өз дəрежесінде орындай қояды деу, артық айтқандық болар еді. Сөз бар ма, жас солдаттардың жүріс-тұрысында, бұйрықтарды орындауында олқы соғып жататын, алқам-салқамдық танытатын тұстар жеткілікті. Кім іштен бəрін біліп туған, үйренеді де. Бірақ əскерде мұндай кеңдік жоқ. Жас солдаттарды аямай қуу керек, қымс етсе, дереу жазалау керек, сонда тез үйренеді, бастығады дейтін бір пікір бар. Сондағы сүйенетіндері – Суворов айтқан «Жаттығуда қиын болса, ұрыста оңай болады» дейтін сөз. Бұл ұғым ды түсініп барып талап қойса, жақсы ғой, əншейін дақпырт пен кететіндер де бар. Қалай дегенмен де, жас солдат бəрін үйренуге, орындауға міндетті.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Жас жауынгер курсындағы өмір өңкей үйрету мен үйренуден тұ рады. Ғажап! Осы уақытқа дейін ештеңе білмейтін, түкті түсінбейтін, қо лапайсыз біреу болып өмір сүріп келгендейсің. Сенің бұрынғы өмі ріңнен, болмысыңнан кəдеге жарар, іске асар түк те жоқ. Солдат басқа өмірлік сапаға ие болуы керек. Адамның бүгінгі болмысы – өткенінің жемісі. Өткенін түкке татығысыз ету – адамды қорлау. Кейбір тықшыңдаған пысықай командирдің осыны білмейтіні қиын-ақ. Солдат бəріне көнуі керек деп төпей беруді айтсаңшы бəрінен де! Біз – жеке байланыс батальонының жас жауынгерлері екі взвод пыз. Оның бірі – болашақ радиошылар да, екіншісі – телефон-телег раф шылар. Біз кейін батальонның радио жəне телефон-телеграф рота ларына қосыламыз. Бай ланысшылар өздерін Кеңес Армиясының интел лиген циясымыз деп мақтан етеді екен. Ол сөздің жаны бар, байла нысшылар, əсіресе, радиошылар қызметі тех ни камен сабақтас. Алуан түрлі радио, телефон-телеграф стансаларында жұмыс істеуді меңгеру, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызу үшін адамға, ең ал ды мен, білім керек. Соған орай сонау шақыру пунктінен бастап білімі бар жастарды іріктеп, əдейілеп жібереді екен. Соның ішінде, əсіресе, радиошылардың білімі жақсы, орыс тілін жетік білуі керек. Осы реттен менің радио ротада қызмет етуім заңды еді. Бұл социалистік қоғамның «əркім нен – қабілетіне қарай, əркімге – еңбегіне қарай» деген ұлы прин ципіне əбден сəйкес. Солай болды да. Мен əскери өмір əліппесін үйренуді радио ротаның жауынгерлер взводында бастадым. Жас радиошылар арасында бес жоғары білімді жігіт бар екенбіз. Бесеуміз – бес ұлттың өкіліміз. Аминов – тəжік, Баратов – өзбек, Нико лаенко – украин, Рубан – молдован, мен – қазақпын. Аға сержант Иванов бар жанын салып, бізге демдеақ талай нəрсені үйретіп үлгерген. Адам тəрбиелеу ісінің
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? құпиясын қалай ғана жылдам игеріп алғанын қайдам, əйтеуір бірде біздің саналылығымызға сүйеніп, енді бірде бұйрық күшіне жүгініп, тез үйіріп əкеткен. Радио сыныбында сабақ өтіп жатқан. Аға сержант Ива нов морзе əліп песінің кілтін қалай басу керектігін əрқай сымызға жеке-жеке көрсетіп, əлекке түсіп, біз оның айтқанын жасауға тырысып бағып дегендей, жапа-тармағай қимыл үстінде едік, сыныпқа қолының қарына қызыл байлаған солдат кіріп келді. Бəріміз жалт қарадық. Пысық, ісіне мығым солдат екен, тақылдай жөнелді. – Аға сержант жолдас, мына төмендегі солдаттарды: Ами новты, Бара товты, Николаенконы, Оразбаевты, Рубанды майор Сокол шақырып жатыр. – Осы дəл қазір ме? – Иə. Қазір келсін. Кетуге рұқсат етіңіз. – Барыңыз. Аға сержант Иванов бесеумізге штабқа баруға бұйрық берді. Үлке німіз етіп Николаенконы тағайындады. Бесеу міз шұбап, сыртқа шықтық. – Майор Сокол деген кім? – дедім мен. Біледі екен, Николаенко: – Саяси орынбасар, – деді. – Ол бізді неменеге шақырады? – Кім білген оны? – Бізді үгіт-көпшілік жұмысына қатыстырады. – Мүмкін бір жаққа оқуға жіберер. Біз өстіп жолай əртүрлі болжам айтумен болдық. Штабқа көңіліміз күпті болып ендік. Бөлімше кезекшісі біз ді штаб алдында қарсы алып, ұзын дəлізбен «Саяси бө лім жөніндегі орынбасар» деген есік көзіне дейін бастап əкеліп: – Тоқта! – деп команда берді де, ішке кіріп кетіп, іле қайта шықты. – Кіріңдер! Біз табалдырықтан жасқана аттадық. «Т» əрпі тəріздендіріп қойылған үстел басында батальон командирінің
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ сая си бөлім жөніндегі орынбасары майор Сокол отыр екен. Николаенко: – Майор жолдас, сіздің шақыруыңызбен, – дей берген. Майор Сокол: – Жарайды, кіріңдер, отырыңдар! – деп тыйып тастады. Бесеуміз кабинеттің қос қабырғасына жағалай тізіліп қойылған орын дықтарға жасқана жайғастық. Майор Сокол қасқа бас, жоқ, басында қыл пық жоқ тап-тақыр, қоңқақ мұрын, жағы кере қарыс кесек адам екен. Осы мол пішіні не көзі келіспеген, кішкентай, шүңгірек. Турасын айту керек, майор Сокол бізді жылы қарсы алды: – Жігіттер, мен сендерді неге шақыртып отырмын? Сендер – жоғары білімді мамандарсыңдар. Бұл – өте жақсы. Менің сендерді саяси-тəрбие жұмысына қатыстыр ғым келеді. Бұған қалай қарайсыңдар? Үлкеніміз Николаенко жауап берді: – Дұрыс қараймыз. – Онда келіңдер, жақынырақ танысайық. Алдымен, қатардағы жауын гер Николаенко, сен айтшы, қай оқу орнын бітіргенсің. – Львов пединститутын. – Жерлес екенсің ғой, жақсы! Майор Сокол жігіттерге жағалай осы тəрізді сұрақтар қойып, жауап алып, бəріне бір-екі ауыз қоштау сөз айтып жатыр. Молдавияны да, Өзбекстанды да, Тəжікстанды да жақсы біледі екен. – Ол республикалардың адамдары тамаша, шеттері нен еңбекқор, бұлардан жақсы солдат шығады. Майор Сокол ең соңында маған бұрылды. Мен де аналар құсап, жылы сөз күтіп, тағатсызданып тұрғанмын. – Ал сен қайдансың? – Қазақстаннан. – Не бітіргенсің? – ҚазМУ. – Қазақсың ғой.
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? – Иə. – Мен Қазақстанды да, қазақты да аз білемін. Университет бітірген қазақ қандай болады екен, тексеріп көрейік. Кəне, айта қойшы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы кім? Ана төртеуінен менің республикам, өзім шынымен-ақ осал, кем болғанымыз ба? Тексергенінің түрі осы ма? Мұнысы қомсыну ғой барып тұрған! – Майор жолдас, мен жоғары білімді мұғаліммін, жоға ры сыныптарға сабақ бергенмін. Мынадай топас сұрақты мен тіптен төменгі сынып тардың оқушыларына беруге ұя лар едім. Майор Сокол қанын ішіне тартып, ақ сұр болып, түтігіп кетті. Сірə, бұрын-соңды солдаттан мұндай сөз естіп көрмеген. – Сен не дедің? – Не, сіз естімей қалдыңыз ба? – Естідім. Мен саған көрсетем, топас сұрақтың қандай болатынын. Майор Соколдың аузынан ең бір былапыт сөз атқылады дейсің бір! Мен мұндай жылдам сөйлейтін адамды өмірім де көрген емеспін, ерні-ерніне жұқпайды, құдды таңдайына магнитофон орнатып қойған дерсің. Мен оның айтқанда рын жаза алмаспын, жазуға келмейді де. Ол маған да, менің ұлтыма да аямай тіл тигізді. Мен алғаш жүрегі жарылып, не күйіп кетер деп едім, жоқ, қорлап, боқтап сөйлеген сайын екпіні басылып, дүлей түрі сынып, реңі кіре бастады. – Мен саған көрсетем, топас сұрақтың қандай болатынын. Бар, ана сержантқа айт, сені телефон-телеграф ротасына апарып, капитан Ма каровқа тапсырсын. Мен са ған үш жыл телефон шөлмегін тасытып қоя мын. Кет, шық! Мен өстіп ұлтымның, өзімнің арыма араша боламын деп аямай тап талдым. Ес-түсім шығып кеткен екен, майор дың есігін жаба бере маң дайымнан суық тер бұрқ ете қалды.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Ұзын дəліз қапырық тартып, екі өкпем аузыма тығылды. Əскери шені соншама жоғары адам да осынша ашуланшақ болады екен. Бойында қылдай қауқар, қолында титтей билік жоқ солдатты өзі қорлап алып, намысының жоқшысы болғысы келгені үшін мұншама пұшайман ету, əй, қайдам, ешқандай устав, нұсқау атау лыда жоқ шығар. Иə, жоқ, мен оған əбден сенімдімін, бірақ үлкен адам өстіп зіркіреп тұрғанда сеніп те қалатын сияқтысың. Қолы нан бар келгені осы да, əйтпесе адамды аяйтын офицер емес мына Сокол. Далада есеңгіреп тұрып, ана төртеуін күтіп алып, сыныпқа бірге кірдік. Атақ-дəрежесі жоғары адам солдатқа кек сақтамас, ет қызуымен ұрысқан да қойған шығар деген оймен сержант Ивановқа ештеңе деген жоқпын. Қалай айтарсың?! Арада екі сабақ өтіп, келесісі енді басталған. Сыныпқа майор Сокол кіріп келді. Сержант Иванов команда берді: – Взвод тұр, смирно! Майор жолдас, жас жауынгерлер взводы тео риялық сабақпен айналысуда. Майор Сокол оң қолын көтерді. – Взвод, отыр! Майор Сокол енді қаздиып тік тұрған күйі сынып ішін көзімен сүзіп қарай бастады. Іздегені мен екенмін, көзіміз түйісе бере, Соколдың өктем үні шықты: – Өркеуде солдат, сен мұнда неғып отырсың? «Шыны ма, домбытып қорқытқаны ма?» – Аға сержант Иванов, мынау сізге ештеңе айтқан жоқ па? – Жоқ. – Онда түсінікті. Командирдің бұйрығын орындағысы келмейді екен. Аға сержант, мынаны капитан Макаровқа апарып тапсыр. Телефоншылар взводына қойсын, үш жыл шөлмек тасытсын. Майор Соколдың шаруасы осымен бітті. Менің тағдырым ше шілді.
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? Аға сержант Иванов мені телефон-телеграф ротасы ның командирі капитан Макаровқа əкеліп тапсырды. Капитан Макаров: – Сіздің жоғары біліміңіз бар екен, неге бұлай еткен? – деп таңданыс білдірді. – Мейлі онда, жүріңіз. Ротада бос штат жоқ, дегенмен көреміз. Капитанның титтей де болса, жылы ұшырай сөйлегенінің өзі-ақ өн бойымды жылытып өтті. – Сонда солдаттар да штатта тұра ма? – Енді қалай? Біздегі əр солдаттың өз орны, өз қыз меті бар. Əркім өзіне белгіленіп берілген қызметті атқарады. – Мен ойлап едім... – Иə, сіздер солай ойлайсыздар. Солдат болу жер тепкілеу деп, жоқ, олай емес, бұл – кəдімгі жұмыс, қызмет, əскери техниканы меңгеру, күтіп ұстау, қажет болса, іске қосу, қалғаны – ерік-жігерді, денені шынықтыру. Ештеңе етпейді, бəрін көресіз, үйренесіз. Капитан Макаров қарапайым, ашық адам екен, командир мен солдат арасында бар дейтін шекарасыз, шектеу сіз сөйлейді, қайта мен өзім қысылып, терлеп-тепшіп кеттім. Мен өстіп, майор Соколдың тепкісімен телефон-телеграф ротасының жас жауынгерлері сапына келіп қосылдым. Бұл жөнінде батальонға гу-гу əңгіме тез тарап кетті. Қызметті жаңа бастағандар ғана емес, нағыз солдаттардың өзінің мені бір-біріне сыртымнан көрсетіп жүргенін өзім де байқап қалдым. Тоқтар осы телефон-телеграф ротасының курсында болатын. Кешке қарай казарма алдындағы орындықта отырсам, жаныма келіп жайға сып, бір нəрсе сұрамақ болып, қи пақтай берді. Батпай, біресе саусақта рын шыртылдат ты, біре се еңкейіп, біресе шалқайып отырды, содан есі ней бастады. – Тоқтар, бірдеңе айтқың келді ме? – Иə, сізді майор Соколмен ұрсысып қалыпты дейді, сол рас па? – Рас. Бірақ ол ұрсысу емес.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Енді не? – Майордың кемсіткеніне қарсылық білдіру. Міне, енді көрдің бе ақыры не болғанын. – Біздің ротаға келгеніңізді айтасыз ба? Мұнда қызмет ету қайта жақсы, жеңіл. – Əй, Тоқтар-ай, мəселе қызметтің жақсы-жаман, ауыржеңілінде ме екен? – Енді неде? – Қабілетіне қарай қызмет етуде. Біздің қоғам адам ның барша қабілет қайнарын ашуға мүдделі. Өйткені қо ғамның бар байлығы, соның ішінде қорғаныс қуаты да адам ақылымен, күшімен жасалынады. Менің жоғары білімім бар, радио ротада қызмет етуге тиіс екенмін, неге сөйтпей мін? Майорға жақпай қалдым, міне, мəселе қайда жатыр. Тоқтар аузы ашылып тыңдап қалған. – Қатардағы жауынгер Оразбаев, кел бермен! Дауыс шыққан казарма бұрышына қарасам, аға сержант Золотарь тұр, кейпінде асығыстық, мазасыздану бар. Ентелеп басып келіп, рапорт бердім: – Аға, сержант жолдас, сіздің бұйрығыңызбен келіп тұр мын. Қатар дағы жауынгер Оразбаев. – Жүр, «əкей» шақырып жатыр. Жүрегім су ете түсті. «Əкей» (батя) деп отырғаны – батальон коман дирі. Майор өзі қудалағаны аздай, бата льон командиріне де айтқан екен ғой. Мені енді не күтіп тұр?! Батальон командирі подполковник Петровты үш-төрт рет көргенмін. Соның бірі осыдан екі күн бұрын болатын. Түскі тамақка кетіп бара жатқанбыз, батальон штабы ның алдына таяп қалғанымызда іштен «əкей» шыға келді. Сержант Иванов команда берді: – Взвод! Взвод сіресіп, аяқты нықтап басып жүрді. Əлбетте, біздің бойымызды тіктеп ұстау, аяғымызды бірдей алып, нық-нық басып жүруімізде шалалық аз емес. Бұл ұнамады білем, «əкей»:
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? – Взвод, тоқта! – деп дауыстап команда берді. Біз апыр-топыр тоқтай қалдық. Подполковник Петров енді команда тізгінін өз қолына алып, бізді біраз əрлі-берлі жүр гізіп, өлең айтқызып байқады. «Əкейдің» көңілінен шы ға тын дəрежеге жету қайда əлі бізге, сапты тоқтатып, бетімізді өзіне қаратып алып, жайымен, қамқор, жанашыр сөз бастады: – Əлі нашарлаусыңдар. Бұл болмайды. Солдат, ең алдымен, сапта жүре білуі керек. Екі иығы түсіп, сүмірейген солдат ешкімге керек емес. Балалар, бəрін қойыңдар, мықтап кірісіңдер. Солдат ғылымын неғұрлым тез игергендерің өздеріңе де, бізге де жақсы. Бұған қалай қарайсыңдар? – Жақсы. – Өте дұрыс. – Онда сау болыңдар! Мен сендерге сенемін, табыс тілеймін. Батальон командирі камқор, жайдары қалпымен-ақ зіл батпан міндет тастап кеткен. Жас жауынгерлердің əрбір қадамына бүкіл батальон көз тігіп отыр екен. Біздің еңсе міз көтеріліп қалған. Солдат сапында тұрып, мақтауды, зекуді есту басқа, жан-жағыңда жақсылығыңды да, жамандығыңды да бөлісер қаруластарың тұр: тағ дырыңды таразы басына жападан-жалғыз салу қиын, оның үстіне «əкей дің» өзі əдейілеп шақырып отырса, менің жағдайым адам ұғарлық шығар деймін енді, есім шығып кеткен. Батальон командирі бізді жылы да, суық та қарсы алды деуге бол майтын еді, үлкен командирлерге тəн сұсты, салмақты, іскер кейіпте екен. Аға сержант Золотарь біздің өзінің бұйрығы бойын ша келгенімізді тақпақтап айтып шықты. «Əкей» сержанттың сөзін бөлген жоқ, тыңдап алды да: – Сержант жолдас, сіз боссыз, біз екеумізді қалдырыңыз, бара беріңіз, – деді.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Золотарь есіктен шығысымен, подполковник менің басаяғымды асық пай бір шолып шықты. Мен ептеп жүрек тоқтаттым. Не десе де тура жауап бермек болдым. – Қатардағы жауынгер Оразбаев, университет бітірген адам осылай істей ме екен? – Подполковник жолдас, мен не істеппін? – Сіз майор Соколдың намысына тигенсіз. – Қайдам? Подполковник жолдас, айтыңызшы, университет бітірген адамды осылай қорлауға бола ма? – Қалайша? Майор Сокол сізден бар болғаны Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысының кім екенін сұраған. Сол да қорлау ма? – Мен майор Соколға айтқанмын, тағы да қайталайын: мұндай сұрақты бастауыш сыныптың баласына қоюдың өзі ұят. Университет бітірген адамнан соны сұрау – барып тұрған қорлау. – Тұра тұр, тұра тұр. Біліп қой, партия қайраткер лері нің аты-жөнін білу ешкімге ешқашан қорлық болған емес. – Подполковник жолдас, керек болса, мен сізге бүкіл Саяси Бюро мүшелерінің аты-жөнін айтып берейін, бірақ ол менің білімімнің деңгейін білдірмейді ғой. – Сонда оларды білу жөнінде жастардан босқа талап етіліп жүр ме? – Мен ондай ауыр сұраққа жауап бере алмаспын. Өзім туралы ғана айтайын, мен он төрт жасымнан комсомолецпін, Саяси Бюро мүшелерін сол кезден бастап білемін. Бірақ олардың аты-жөнін білу менің не рухани бай лығымды, не патриоттық сезімімді арттыруға қылдай да ықпал еткен жоқ. – Қызық екен! – Сіз кешіріңіз! Мен шынымды айтып отырмын. Мен – университет бағдарламасын тауысқан адаммын. Гомер, Шекспир, Пушкин, Толстой, Хемингуэй, Шолоховты оқығанмын. Мен өз халқымның да ойшылдары мен саяси
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? қай раткерлерін қастер тұтамын. Оны менің білімім ғана емес, адамгершілігім де талап етеді. Майор Сокол соны біле тұра, кемсітпек болады. – Қатардағы жауынгер... – Əне, сіз менің фамилиямды ұмытып қалдыңыз. – Дұрыс айтасыз. – Оразбаев. – Қатардары жауынгер Оразбаев, Саяси Бюро мүшелерінің де, өз республикаңыздың да бірінші хатшысының аты-жөнін білу керек жəне сұраған кезде айту керек. – Бұл устав талабы ма, жоқ, сіз майор Соколдың сөзін сөйлеп тұрсыз ба? – Қатардағы жауынгер... сіз абайлап сөйлеңіз! – Неге абайлаймын? Əлеуметтік жағынан алғанда кеңес заңы ал дында майор Сокол да, мен де тең құқықтымыз. Оған да, маған да Отан жауынгері болу міндеті жүктелген. Ол – офицер, саяси басшы, мен – қатардағы жауынгер мін. Ол – бастық, мен – бағыныштымын, бұй рық тарыңызды бұлжытпай орындаушымын. Менің солдат, адам ретіндегі ендігі тағдырым сіздердің қолдарыңызда. Бізді де адам, онда да жүрегі, сезімі бар адам деп қарасын майор Сокол. Ол менің намысымды аяққа таптағанын былай қойғанда, мен өкілі болып табылатын бүкіл қазақ халқына лағынет айтты. Майор Сокол мені халқым үшін атып тастаса да айтатыным – осы. – Қатардағы жауынгер Оразбаев, сіз жақсы сөйлейді екенсіз. – Подполковник жолдас, бұл – сөз емес, жан ашуы. – Дегенмен мен мынаны ескерткім келеді: бізге сөз емес, солдат керек. – Мен – солдатпын. Егер əлі жөнді солдат бола алмай жатсам, сөз басқа, бар күш-жігерімді саламын, тырысып бағамын. Сөзімді беремін, солдат боламын. – Мұныңыз дұрыс, барыңыз, солдат болыңыз. Сіз радио ротада қызмет ететін боласыз, сонда барыңыз.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Подполковник жолдас, телеграф-телефон ротасында қалуға рұқсат етіңізші! – Неге? – Мен əскерге жеңіл қызмет іздеп келгенім жоқ. ТТР-ға қиын деп жіберген екен, соны көрейін. – Мейлі. Жақсы қызмет етіңіз. – Құп болады, подполковник жолдас! Кетуге рұқсат етіңіз! – Бара беріңіз! Штабтан былай шыға бере, жүйке-жүйкем босап, делсал болып тұ рып қалдым. Өн бойымды ең бір өксікті ойлар кернеп бара жатты. Əй, айналайын майор Сокол, қымбатты «əкей», мына əңгіменің маған не қажеті бар еді? Мен – солдатпын. Солдат – сендердің қолдарыңа берілген сазбалшық, қалай илейсіңдер, еріктерің, кірпіш етесіндер ме, жоқ, аяқ асты қылып езгілейсіңдер ме, қолдарыңнан қағып жатқан ешкім жоқ. Солдатқа майор Соколдардың қорлауы емес, командирдің, мейлі, қатал-ақ болсын, əділдігі, мейлі, маңдайдан сипамай-ақ қойсын, аялы алақаны керек. Мен енді қанша дегенмен университетті бітіргенмін ғой. Солдат ши нелін кимегенмен, талай нəрсені білемін, университетте үш жарым жыл əскери даярлық сабақтары өткен. Полковниктер Калашников пен Захаров əкемізді көзімізге талай көрсеткен. Біздің курстан бақандай сегіз бала дəл осы əскери даярлық сабақтарынан «екі» алғандығы үшін университеттен шығарылған. Төртінші курста оқып жүргенде əс кери даярлық қысқартылып, көзіміз ашылған. Əй, ақымақ екенбіз-ау, полковник Калашников осы хабарды естірткенде кəдімгі бір Жеңіс күніндегідейақ малақайымызды аспанға атып қуанғанбыз. Сөйтсек, онымыз мүлде бекершілік екен. Университетті бізден бір жыл бұрын бітірген балалар тып-тыныш əскери жиынға бір барды да, кіші лейтенант атағын алып шыға келді. Ал біз, естимін ғой, мен сияқтылар аз емес, міне, енді сақалы мыз сапсиып солдат сапына тұрдық.
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? Подполковник жолдас, білемін, менің білімімнің, түсініктүйсігімнің əскерде қызмет етуіме ешқандай қатысы жоқ. Иығында солдат погоны бар екен, бітті, басың толған ақыл ма, кеудең нəзік поэзия ма, онда ешкімнің шаруасы жоқ, үн шығарма, бұйрықты орында. Сенің пірің – бұйрық беретін командир, соған мойын ұсын. Бұйрық орындалды болды – жақсысың, орындалмады ма – жамансың. Өйт кені бұйрықтың ақылды-ақылсыз екеніне орындаушы емес, берген адам жауапты. Əлбетте, əскерге де оқыған, білімді, алуан түрлі техника тілін меңгеруге қабілетті адам керек. Бірақ ол – жалпы сөз, елеп жатқан ешкім жоқ. Əйтпесе, шынымен ұстанатын принцип осы болса, мені ТТР-ға айдар ма еді? Шүкір, бейбітшілік кез. Жағаласатын жау жоқ, солдаттың ерік, күш-жігері шындап сыналар шырғалаң жоқ, бар болғаны – сержанттың айтқанын екі етпе. Сапта аяғынды түзу бас, сыптай болып жүр, спорттық снарядтарда жақсы ойна, постта міз бақпай тұр, казармада елгезек кезекші бол, еститінің – мақтау, ойдан шықпайсың ба, еншің – ұрыс есту, ренжі, жер бол, оған ешкімнің белі ауырмайды. Жаныңды жанып қайта сал. Əлбетте, түпкі мақсат аса қасиетті – Отанға қызмет ету! Мына елеусіз тірліктің бəрі сол үшін керек. Қиын-қыстау күн туа қалса, шыныққан шымыр жауынгер қажет. Ол – бізбіз. Сондықтан ғой бұл солдат деген қауымның сабылып жүргені. Солдатқа не керек? Оның өмірі шектеулі, белгілі бір шеңбер ішінде өтеді. Əскери форма мода қуғызбайды, солдат асханасында үстел үстіне дастарқан мəзірі тасталмайды, алдына дайын ас қойылады. Күні бойғы тірлігінде титтей де тандау жоқ, бəрі қатал бұйрықпен, ақылды нұсқаулармен нық орныққан, тəртіпті, ұйымдасқан. Əскери өмірдің бүге-шігесіне дейін қамтылған əртүрлі уставтардың талабын орындау – солдатты ештеңеге аландатпауға əбден жетіп жатыр. Солдат барлық ерік, жігер-күшін
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ қызметке жұмылдыруға керек. Ол – қиындықтарға төзіп, құрбандықтарға барып жүрген адам. Иə, ол – кəдімгі қуана да, қайғыра да, жақсы көре де, жек көре де алатын адам. Ал адамды адамдық сезімдерден ешқандай майор Сокол да, ешқандай қатыгездік те мақұрым ете алмайды. Аға сержант Золотарьдың даусы естілді. – Взвод, сапқа тұр! Лықсыған ой кейін серпілді. Мен кешкі серуенге шығатын сапқа тұруға беттедім. * Жас жауынгер курсы аяқталып, біз əскери ант қабылдап, ротаға өткен соң жаңа өмір басталды. Біз, жас солдаттар, ұзын казарманың шығыс жақ шетінде болатынбыз. Бұрыннан қызмет ететін солдаттармен арамыз пирамидалармен бөлін ген. Əскерде болмаған оқырмандарга түсіндіріп қояйын, пирамида – солдаттың бас қаруы – автомат тігінен сүйеп қойылатын ұзын қарағай жəшік. Сол пирамидалар алынып тасталып, ұзын, кең казарма тұтасып кетті. Казарманың бір жағы радио ротаныкі, екінші, яғни, жас жауын гер болған жағы телеграфтелефон ротасыныкі екен. Оның екі қапталы қаздай тізілген екі қабатты төсек. Екі рота да жастармен толығып, абыр-сабыр басыла бере, казарма ішін жақсылап жинап, тəртіпке келтіру басталды. Бір қызығы, бұл жұмыс түгелдей жастарға тап сырылды да, екінші, үшінші жылы қызмет етіп жүрген солдаттар сап таратылысымен, сайдың тасындай болып іріктеліп шыға берді. Біз бұл жайдың себебін ептеп біле бастағанбыз, екінші, əсіресе, үшін ші жылы қызмет ететін солдаттар мұндай «қара» жұмысқа мүлде қол ұшын тигізбейді екен. Барып тұрған əділетсіздік, бірақ соны өздері дəстүр деп санайды. Бірінші жылғы солдат бəрін істеуі керек, ке-
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? лесі жылы келген жастар ор ныңды басады. Сонда сен де өстесің, ештеңе істемейтін боласың. Адам дарды көпекөрінеу жікке бөлетін бұл құбылысқа командирлердің де еті үйреніп кеткені қандай жаман! Қараңызшы, казарманың біздің ротаға тиесілі аумағынан екінші, үшінші жылғы солдаттар қол тигізетін алақандай жер табылмаған дай, старшина Болдырев оларды таратып жіберіп, біздерге бəрін дігерлеп істетіп жүр. Тоқтар екеумізге еден жуу тапсырылған. Екеуміз де бұл іске бар ынта-пейілімізбен кірісіп кеттік. Казарманың еденін жууды біз біраз үйре ніп қалғанбыз, сонда да қара терге түсіп, төсектердің астын да, бұрыш-бұрыш, қуыс-қуысты да қоймай, айнадай жалтыратып жатырмыз. Казарманың екі босағасында екі пеш бар. Соның сол жақтағысының жанында төрт «кəрі» солдат əрнені айтып тұр. Жас солдаттарда оларға алаңдарлық мұрша қайда, сапырылысып, өздеріне тапсырылған жұмыс пен əлек. Жұмысы жоқ адам қарап тұрған ба, пеш жанындағы лар бізді қағыта бастады: – Жуыңдар! Жалтырайтын болсын! – Өстіп бір жыл жалайсыңдар бұл еденді. Содан соң барып тұрасыңдар мына біз құсап. Мына əділетсіздікке кеуде қыжылдайды, бірақ қарсы лық білдіруге амал жоқ, старшина осылай бөлген. Старшина енді əрі өтіп, бері өтіп, біздің не істеп, не қойып жатқанымызды бақылаумен жүр. «Өйтіңдер-бүйтіңдер» деген нұсқаулары да дайын əрі көп екен, əбден діңкелетті. Ақыры біттікау! Казарма іші тап-тұйнақтай болып, жарқырап тұр. Старшина ротаны сапқа тұрғызып, кімнің қай төсекке жататынын айта бастады. Маған ең шеткі төсектің екінші қабатындағысы тиді. Ма құл. Жас солдаттар зат қапшықтарымызды пештің арғы жағына жерге тастап қойғанбыз, енді жапатармағай соларымызды алып, төсектеріміз ге қарай беттедік. Бірден байқалды, зат қапшығым орта тү сіп жеңіл тартып қалыпты. Төсектің аяқ жағын-
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ дағы орындық қа қоя салыпты, тіс щеткасы, паста сияқты заттарым жоқ. Конверт, қағаздарымды да қымқырыпты. Шекердің хаттарын газетке орап буып қойғанмын, олар да кетіпті. Бұ ларды алған – пеш жанында тұрғандар. Мен олардың жанына жетіп бардым: – Жігіттер, заттарымды қайтарыңдар! Бəрі от басып алғандай шу ете қалды. – Не? – Қандай зат? – Не деп тұр мына салага? – Заттарыңды пештен ізде! Мен пештің қақпағын ашып жібердім: қап, Шекердің хат тары бума күйінде жанып бітіп, қап-қара күйік-күлге айналып жатыр, жаңа маздап жана бастаған көмір үстінде. – Оңбағандар, не істедіңдер? Бұл — қыздың хаттары. Адам емес екенсіңдер. Төртеуінің де түрі бұзылып кетті. – Не дедің? – Асауын қарай гөр! – Ештеңе етпейді, жуасытамыз кешке. – Неге кешке, қазір. Кəне, қайталап айтшы жаңағыңды! – Адам емес, айуан екенсіңдер. Мен аузымды жиып үлгермей жатып, старшина Болдыревтің ашулы үні шықты. – Бұл не əңгіме? – Старшина жолдас, мыналар менің заттарымды ұрлап алыпты. – Қандай заттар? – Зат қапшығымды ашып, заттарымның қажеттілерін алып, хатта рымды отқа тастап жіберіпті. Старшина Болдырев қап-қара болып түтігіп кетті. Айшайға қарамай, таяу тұрған тумбочканы ашып жіберіп еді, ұрланған заттың бəрі сонда жатыр екен. – Старшина жолдас, андағының ішіндегілер – менің заттарым.
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? – Мүмкін, сен өзің қойған шығарсың осында? – Жоқ. Бəрі зат қапшығымда болатын. – Қатардағы жауынгер Скоробогатов, мынау сенің тумбочкаң ғой. – Иə. Старшина жолдас, сіз дұрыс айтасыз, бұл тумбочкаға заттарын мұның өзі қойған, тегі. – Доғар сөзді. Старшина енді тумбочка иесін оқты көзімен ата қарап тұрып қалды. Бұл қараста бəрі бар еді: азғындаған адамды аяу, кеңес солдатының абыройын аяққа басқанына ашуыза, не істерін білмеген шарасыздық, осылар кернеп тұр старшинаны! – Жастардан ұялсаңдар етті! Ұятсыздар! Старшина бұрылып кете барды. Төртеу ыржаңдасып қала берді. – Салага, кешке көресің, – деді жаңағы Скоробогатов деген солдат. – Сенен бе? – Иə, менен. – Көреміз. Ұрлағандарымен қоймай, қорқытады тағы. Мен сенің кім екенінді білмеймін, бірақ бір нəрсе белгілі болды: ұятсыз екенсің. – Оны кешке көреміз. – Сен ұрынатын адамыңды білмей тұрсың. – Айттым ғой, кешке көреміз. Сенен де асауды жуасытқанбыз. – Əуре болмай-ақ қой, мені жуасыта алмайсың. * Кешке жақын тұрмыс бөлмесінде бір топ солдат гимнастеркамыздың жағасына астар тігіп отырғанбыз. Бұл – біздер сияқты жас солдаттарға аса қажет тірлік. Ертең гілік сапқа тұрғызып тексергенде рота командирінің жағасы кір солдатқа беретін жазасы дайын, ойланбай, кезектен тыс
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ бір наряд жариялайды. Кезектен тыс наряд алған сол дат кешке қарай кухняға картоп аршуға барады. Жұрт уақты лы демалып, ұйықтап жатқанда кімнің жұмыс істегісі кел сін, жағамызды тап-таза ұстауға тырысамыз. Скоробогатов əркімді бір қағытып, мазаны алып тұр. Олар астар тік пейді, өйткені командирлер жағасын тексермейді. Бұл неткен қызық, түсініксіз. Сонда солдатқа қойылар талап оның қанша жыл қызмет етуіне байланысты болғаны ма? Əлбетте, олай емес, оңбағандық. – Инені де солай ұстай ма екен? – деп бір іліп өтті Скоробогатов мені. Назар аударғаным жоқ. Ол бұған еркінсіді. – Салага, неге жауап бермейсің сен үлкенге? Жоқ, бағанағы сөзден қорқып қалдың ба? Қорық-қорықпа айтқаным айтқан. – Балақан, аулақ жүрсең қайтеді? Скоробогатов не дерін білмей қалды. Ол енді Тоқтарға тиісті: – Тезик, сен неге астар тікпейсің? – Ертең бір наряд алатын болдым. – Жарайсың. Шын көңілден шыққан сөз. Сен түбі адам боласың. Мына Оразбаев салагаға ерме. Бұл бұзады. – Бұзатын кім екен, оны өмір көрсетеді. Тоқтар, не, астарың жоқ па? – Артық астарымды тумбочкамнан біреу қағып кетіпті. – Онда неге айтпайсың, біз неге бермейміз? – Немене, сізде артығы бар ма? – Бар. Мə, тігіп ал. – Рақмет сізге, бір нарядтан құтқардыңыз. Скоробогатов Тоқтарға жабыса кетті: – Тезик, сен не, салаганы сіз дейсің, а? Тоқтар жауаптан тосылған жоқ: – Бізде жасы үлкен адамды сіз дейді. – Солдаттар көктүйнекті сен дейді. – Дей берсін. Біздің халық үлкенді сыйлайды.
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? – Халық, қайдағы халық? Əскерде бір-ақ халық бар, ол – солдат. Сен солдат заңын ұстанып, мұны «сен», бізді «сіз» деуің керек. – Білмеймін, оны «сен» деу ыңғайсыз сияқты. – Ыңғайсыз не бар онда? Салага, менің айтқаным – заң саған. Оны орындамасаң, ыңғайсыз, əне, сол. Скоробогатов Тоқтарды көпе-көрінеу тықсырып бара жатты. Сөзге араласуға тура келді. – Сен Скоробогатов, доғар сөзді. Біздің халық үлкенді сыйлаған. Ол – ұлттық дəстүр. – Неткен дəстүр? – Қанымызға сіңген дəстүр. Атадан балаға мұра болып келе жатқан дəстүр. – Айтасың. Мен айттым ғой, мұнда бір-ақ дəстүр бар, ол – салаганы «сен» деу, Тезик сені «сен» дейді. – Жоқ, демейді. – Дейді. – Сен не, күшейесің? Біліп қой, маған сенің ешқандай қылжағыңның қажеті жоқ. Біз – қазақ деген халықпыз. Бізде кішісі үлкенін құрметтейді, айтқанын екі етпей орын дайды. Бізде əйел еркекті сыйлайды, алдынан қия басып өтпей ді. Білемін, сіздерде басқаша. Біліп қой, əркім өз ата-дəстү рін ұстануға құқылы. Тоқтар егер қазақ болса, мені «сен» дей алмайды, өйтуге аузы бармайды. – Азиаттар! Тағылықтарың қашан қалар екен?! – Скоробогатов, сен андағыдай ауыр сөз айтуға жас сың. Қандай да бір халық жөнінде пікір айту үшін оны жақсы білу керек. Сен түк те білмейсің, білетінің – «салага» деу. – Сен доғар сөзді, əйтпесе ант қабылдатамыз. – Сендейлер сол, Кеңес Армиясындағы барлық жаман əдетті иемденіп алғансыңдар. – Мен не дедім саған, өшір үнінді! – Саған мұндай сөз ұнамай ма, бар онда! Скоробогатов не қыларын білмей, сілейіп тұрып қалды. Ашу, ұят бетіне теуіп, сұрланып шыға келді.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Салага, саған «қараңғы» ұйымдастырмай болмайды екен. – Тапқан екенсің қорқатын адамды. Сендер қорқаққа қожасыңдар, өз арын қорғай алатыннан аулақ жүресін дер. – Жоқ, біз қыңыр-қисық салагаларды жөнге саламыз. – Ол сендердің міндеттерің емес, командирлер бар. Бізге солардың ақылы да жетеді. – Оны көресің, көрсетем. – Баршы өзің! – Барам, бірақ кейін өкініп жүрме. – Тапқан екенсің қорқатын адамды. Басқаға айтып тұр сың. – Көрерміз. – Көрсек, көрерміз. Скоробогатов екеуміз тағы біраз күжілдестік. Ол бір кісідей-ақ сес көрсетіп бақты, мен ыққаным жоқ. Осы сəт бөлмеге екі «қарт» кіре қалғаны. Скоробогатов бел алып, есіріп жүре берді. – «Қарттар», мына салаганы қараңдар, «шүрегейлерді» қапаландырып отыр. Сол-ақ екен, бір төртпақ, тығыршықтай солдат сарнап қоя берді: – Валера, бұдан аулақ жүр! Бұл – сен тұрмақ, майор Соколға тіл ти гізген пəле. Оқымысты... Академик... – Ештеңе етпейді, Анвар. Біздің өз академиямыз бар, соны бітіреді бұл енді, жүр далаға! Тапқан екенсіңдер қорқатын адамды! – Жүріңдер! Есіктің алдына шықтық, екеуі үн жоқ жуынатын бөлмені бетке алды, мен де үнсіз ілесе бердім. Екеуі жуынатын бөлмеге кірді, мен де кірдім. Анвар есіктің ілгегін салды. Скоробогатов талтайып тұра қалды да, оң аяғын көтерді. – Мə, шеш! – Не?! – Етікті шеш, табанымды жала! – Тағы не керек?
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? – Сенің мұрныңды бұзу керек! – Валера, мұрнынан қан ағып, былғайды. Одан да, міне, былай... Өкпем солқ ете қалды. Тынысым бітіп, бүгіле бердім. – Аяқты да жұмсау керек. Сол иығым зірк ете түсті. Шегіншектеп барып, отыра кеттім. Бетімді екі қолыммен басып, еңкейген күйі сəл тыныс алдым. Екеуі бір-біріне қарап жымыңдасты: – Не істейміз, тағы ұрамыз ба? – деді Скоробогатов. – Жоқ, жетеді. Ақылы бар адам сияқты түсінеді, айтқанды істейді енді. Мен есімді жиып, еңсемді көтеріп, орнымнан тұрдым. Скоробогатов оң аяғын, тағы ұсынды: – Мə, орында бұйрықты! Айналайын ізгі тəрбие берген ата-ана, мектеп, университет, Кеңес Армиясы, кешіріңдер мені! Скоробогатовты аяғынан ала беріп, жанды жерінен бір тептім, шалқасы нан түсті. Анвар екі көзі жыпықтап, есіктің ілгегіне қол созды. – Анвар-ака, оныңыз болмайды. – Е-е, ука, қойың. – Қоямыз қазір. – Құлақ-шекеден жақсылап тұрып қондырдым, мұрттай ұшты. Есіктің ілгегін аштым да, шығып кете бардым. Олар да, мен де бұл əңгімені ешкімге айтқан жоқпыз. Екеуінен енді қайтып «көктүйнек», «салага» деген қорлау сөздерді де естіген емеспін. Қатқыл да суық сыйластық орнады арамызда. Менің ешкімді басындырмасымды білді олар. Маған керегі де сол, əрине. Əскерге мен біреуге тізе көрсетем деп келгенім жоқ, ешкімнің қолжаулығы да бола алмаймын. * Үйренбеген тірліктің беймəлім қатпар-қыртысы көп болатыны өзінен-өзі түсінікті. Ал солдат өмірінің əр бұлым-
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ бұлтарысы алуан түр лі қиындықтармен астасып жатады. Олардың бірін ұқсатуға ақыл, екін шісіне қайрат, үшіншісіне машық керек. Осының барлығын жас солдат өз дəрежесінде орындай қояды деу, əрине, артық айтқандық болар еді. Сөз жоқ, жас солдаттардың жүріс-тұрысында, əскери бұйрықтарды орын дауында олқы соғып жататын тұстар баршылық. Осындай кезде жас солдаттар кəдімгідей қорлық көріп қалып жүрдік. «Көш жүре түзеледіге» үйренген халықтың ұлымыз ғой, біз арпыл-тарпыл ады мымызға кешіріммен қарау, қамқорлық көрсету күткендей болып едік, қайда, ондай атаулының бəрінің ауылы алыс тартты. Қайта, қанша талаптанып, тырысқанымызбен, қалт жіберіп алатын жай кездесті бол ды, кəнігі солдаттар кемсітіп шыға келеді. Əсіресе Скоробогатов адамды қоңаштаудың шебері болып шықты. Қараша айының аяғында біз қызмет ететін оңтүстік өлкесінде суық жаңбыр басталды. Сол-ақ екен, əскери қалашық ішінің миы шығып, жаттығу жүргізетін алаңдар аяқ басып болмайтын батпаққа айналды. Солдаттар мұндай да өздігінен асфальттан қия басып шықпайды. Оның өмір дің өзі үйреткен сыры бар – солдат киімі қылпық жуымай таза болуы керек. Бұл – талап. Оны былай қойғанда, тектентек батпақ ке шетін солдат болушы ма еді, ондайды зəуде кездестіре қою екіталай. Командирлер де жайшылық та солдаттарды батпақка салмайды, əрине. Мұндайда сабақтың көбі оқу сыныптарына ойысып, теориялық даяр лық өрісі кеңейе түседі. Осындай бір лайсаң күні взвод командирі аға лейтенант Растрыгин бізді оқу сыныбына отырғызып, байланыс аппараттарының телеграф-те лефон ротасына тиістілері нің бірнешеуін, олардың тактикалық-тех никалық қасиет те рін сипаттайтын схемаларды алға жайды. Кəдімгі айны қ атесі жоқ мектептегі физика сабағы басталды. Аға лейтенант алдымен əрбір аппараттың құрылысын барлық солдат тан сан алуан сұрақ қойып жіліктеп сұрап шықты. Солдаттар да
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? құдды оқушы, бірі біледі, бірі білмейді. Взвод командирі де кəдімгі физик мұғалім, білетін солдатты бір-екі рет сөйлетті де қойды, білмейтіндерді əбден қуды, қойшы, миы мызға талай нəрсе сіңірді. Түскі үзілістен соң казарма ішінде отырып, қару-жарақты тазалауға бұйрық берілді. Солдаттар жапа-тармағай пирамидаға лап қойды, мен состиып тұрып қалдым. Неге? Мен – қару-жарақсыз солдатпын. Иə, солай. Майор Соколдың екпінінің – «жемісі» бұл. Рас, капитан Макаров пен аға лейтенант Растрыгин менің қарусыз солдат екенімді білдірмеуге тырысады: қарауылға барғанда, ату жаттығуларын орын дағанда автомат тауып береді. Əшейінде, біреу демалыста, біреу наряд тан бос дегендей, артық-ауыс қару болып тұрады, ал мынадай ротаның бəрі қорамсаққа – пирамидаға қол салғанда, мен состиып тұрып қаламын. Қорлық-ақ, амал қайсы, көну керек. Мұндайда менің еншім – пирамиданы мұнтаздай етіп сүрту. Білемін, бірақ өз бетімше кірісе алмаймын, бұйрық керек. Аға лейтенант Растрыгин: – Қатардағы жауынгер Оразбаев, сіз пирамиданы ретке келтіріңіз! – деп бұйрық берді. – Құп болады, аға лейтенант жолдас! Солдат өзіне тапсырылған жұмысты тез де сапалы тындыруы керек. Солдат өмірінің бұл ұлы қағидасы санама сіңгелі қашан, мен пирамиданы жан-тəнімді салып, тап-таза етіп сүртіп, жарқыратып қойдым. Сөйттім де, өз төсегімнің аяқ жағындағы орындыққа отырдым. Тоқтар ылдым-жылдым ғой, автоматын елден бұрын тазалап болып, менің жаныма келіп жайғасты. – Ей, салагалар, бері келіңдер! Біз жалт қарадық. Скоробогатов орындық үстіне автоматын шашып тастап, бізге қарап ыржалаңдап отыр. Əне күнгі кикілжіңнен кейін бүйтпес деп едім, «жыны» тағы
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ қозыпты. Серейген арық, шақша бас, беті біруыс, қалқан құлақ бұл жігіт жастарды қоңаштауға шебер, тегі, əйтпесе əңгіме бітпеп пе еді. Мұндайлардың əдеті, жұрт көзінше құтырып кетеді. Қара, менің алара қарағанымды шам көріп, шап ете түсті. – Немене, көзіңді бақырайтасың, салага? Келіңдер тез, кəне. Мен мырс еттім. Тоқтар тұрақсыздық жасады. – Қазір, қазір. Барамыз... Тоқтар маған қарады. – Бар! Жетесіз! Тоқтар не істерін білмей, бүгежектеп қалды. – Бауырлар, мына көктүйнектерді қараңдар! Бұлар əлден «қарттардың» тілін алмайды, кейін қайтпек? Мынау өзін университет бітірдім дейтін шығар. Бізге мұндай академиктің керегі жоқ. Солдат университеті басқа. Соны миына сіңіру керек екен мұның. Скоробогатов тауып айттым, кəне, қайсың қолдай сың дегендей жан-жағына айдарлана-ақ қарап еді, ешкім еліге қоймады. – Сен де, мен де сіңіргеміз бір-біріміздің миымызға. – Жоқ, ол – аз. Саған «қараңғы» ұйымдастыру керек. Оңашада басыңа ескі шинельді жаба салып, сазайыңды тартқызса, бүйтіп сүйреңдемейтін боласың. Былтыр Антоновтың сағатын ұрлаған Яцыноны жігіттер сөйтіп соққанда, əкесі көзіне көрінген. – Дұрыс жасаған. Жолдасын қарақшылаған адамды өл тірсе болады. Ал сен менің арымды қарақшыламақ боласың. Адамның ары сағаттан артық екенін біліп қой, бала. – Мен саған баламын ба? Сен өзің калай сөйлесесің үлкенмен? – Жоқ, сен менен кішісің, менің жасым үлкен сенен. – Ха-ха-ха, ха-ха-ха... Салага, көгілдір қаз... Күлкісі қандай оспадарсыз, уытты еді. – Скоробогатов, сен кекшіл адам екенсің.
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? – Жоқ, мен кекшіл емеспін, намысшылмын. Мен «қарттардың» на мысын қорғап отырмын. Солай, салага. – Мүмкін сен əкеңді де салага дерсің! – Əрине. Əкем əскерге қызмет етуге келсінші, мен оны сол заматында «салага» деймін. – Сөйтесің сен. – Енді қалай деп едің? – Бəрі түсінікті. Автоматыңды өзің тазалайсың. – Жоқ, сен тазалайсың. Тазалатам! «Қарттар», не естіп тұрсыңдар? Мына салага не деп тұр? Бұл қайдан шыққан зор! – Валера, жетер даурыққаның. Сен не, əлі білмейсің бе... Анвар Худайбергенов дер мезгілінде араласты, əйтпесе іс насырға шауып бара жатыр еді. Скробогатов өршігенін қойып, автоматын құрас тыруға кірісті. Өйткені бұл шаруаға берілген уақыт бітіп қалған. * Жатар алдындағы бос уақытты мен демалыс бөлмесінде өткізуді дағ дыға айналдырып алдым. Ауылға, Шекерге х ат жазамын, кітап оқи мын. Қалаға шыққан сайын бір кітап əкелемін. Бір барғанымда кітап дү кенінде Александр Бектің «Волокаламск тас жолы» сатылып жатыр екен, қалтамды қағып сатып алдым. Мұның қазақша аудармасы – «Ар палысты» сонау мектепте жүргенде оқығанмын. Онда Бауыржанның ба тырлығына қызығып, оқиға қуып, асығыс парақтағанмын, əрине. Оның үстіне, Баукең жөнінде кең тарап кеткен ғажайып əңгімелер мен «Ар палыста» айтылатын жайлар əбден араласып кетіп, ненің не екенін ажы рата алмай қалған екенмін, міне, енді кітаптың алғашқы жолынан бастап асыл ағаның жо рық жылдарындағы өмірі жүйелі тізбек тартгы. Айналайын Бауыржан аға, дүниеде сенің болғаның
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ қан дай жақсы! Халқыңды – қазағыңды айдай əлемге керемет танытыпсың, көке! Сен дей қолбасшы шыққан халықты барлық жұрт тануға керек. Шіркін-ай, сізді мына майор Соколдарға біраз уақыт командир қылып алар ма еді. Қазақтың кім екенін көрсетер едіңіз көзіне. Сонда бұл Соколдар университет бітірген ініңізге анандай ақымақ сұрақ қоймас еді. Ең бас тысы – тепкі көрмес едік. Əйтпесе, қараңызшы енді, жоғары білімім бола тұра, маған шөлмек тасытып қойып отыр. Білем, көке, əскерге келген екенсің, қызмет ет. Солдат шен, дəреже қуатын адам емес, бірақ Сокол жікке бөліп отыр. Ол шамшылдық шарпуымен айқайға басып, мені жеңген болды. Ал маған бəрібір. Алайда, əділеттілік керек, мен де өзім құралпы жігіттермен бірге радио ротасында қызмет етуім керек еді. Оған майор Сокол жол бермеді. Кеңес Армиясының қуатын алып атомдар емес, ақылды адамдар арттырады. Адамсыз техника – өлі. Əр адам қо лынан келетінін атқарсын, қақпақыл көрмесін. Рас, алуан түрлі əскери уставтарда қатардағы жауынгерден бастап командирлерге дейінгілердің барлығының өмірдің кез келген жағдайын да не істеп, не қоюы керектігі білгірлікпен тəптіштеп жазылған. Оны ұстанған адам жолдан шықпас еді, бірақ... Иə, «бірақ» көп біздің өмірімізде. Солар бұл адамдарды түрлі бұлталаққа салатын. Мейлі, мен Отанға қызмет етемін. Қолға жұғып қалатын түк те жоқ, тапсырылған жұмыстың барлығын атқара беремін. Кешкілік жалғыз өзім демалыс бөлмесінде «Волокаламск тас жолын» оқып отырғанмын, взвод командирі лейте нант Растрыгин кіріп келді. Орнымнан ұшып тұрдым. – Отырыңыз. Отырдым. – Не істеп отырсыз? – Кітап оқып отырмын. – Қандай кітап? Көруге бола ма?
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? – Болады. Көріңіз. «Волоколамск тас жолы». – Тамаша кітап. Кеше ғана оқып біттім. Иə, кітап геройы Бауыржан Момышұлы – сіздің жерлесіңіз, қазақ. Меніңше, бұл Отан соғысы туралы жазылған кітаптардың ішіндегі үздігі. Момышұлы – ұлы қолбасшы. Мен таңғалдым, ол қолбасшы ғана емес, асқан əскери педагог, психолог. Ғажап! Қазақ деген керемет халық екен. Мен қазақтардың қандай халық екенін білмейтінмін, мына кітапты оқыған соң білдім. Біздің тілмен айтқанда: «Қазақтармен барлау ға баруға болады екен». Сіз майор Соколға ренжіп жүрсіз ғой. Ештеңе етпейді. Сокол Кеңес Армиясы емес, офицер, сіз оған емес, Отанға қызмет етесіз. Сіз де Бауыржан құсап халқыңызға, қазағыңызға сөз келтірмей, жақсы қызмет етіңіз. Сіз мені түсіндіңіз бе? – Түсіндім, аға лейтенант жолдас! – Онда кітабыңызды оқуды жалғастыра беріңіз. – Құп болады. Əртүрлі əдемі ойға беріліп отырып қалдым. Айналайын Бауыржан аға, ғаламат асыл қасиетгеріңмен, алапат батырлығыңмен мен сияқты қанша қандасыңа қуаныш, бақыт сыйладың екенсің? Сенің жұлдызың əлі биіктеп, жарқырап жана береді. Растрыгин сияқты иманжүзді, көзі ашық, көкірегі ояу офицерлер аз емес, əрине. Меніңше, сізді олар ғана танып қоймайды, бəрі мойындайды. Сіз жеңіс үшін ештеңеңізді аяма ған адамсыз. Ешкімді алалап-құла лап көрмеген командирсіз. Айтқанын орын дататын, дегенін бол дыратын құдіретсіз. Бір ұлттың өкілін екін шісінікі нен артық-кем көрмеген əділетті, кеудесінде намыс оты бар қазақтың арысыз. Мына Соколды қарашы енді, не істегенін?! Мен арқы лы менің ұлтымды қорламақ болады. Мейлі шөлмек тасиын, мейлі еден жуайын – бəрібір. Осының бəрі керек тір лік. Ендеше ешқайсысын жиіркенбей атқарамын мен. Бар пейілімен қызмет ету керек адам Отанға. Бауыржан көке, Сіздің бар болмысыңыз – соның үлгісі. Сізді ешкім басы нып
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ көрген емес. Сіз генералға да, қолбасшыға да өз пікіріңізді бүкпей, бұқпай айтқансыз. Олар Сізді айқын ақылыңыз, өте өткірлігіңіз үшін жақсы көрген, сыйлаған. Сіз қазір де саптасыз. Əне, оны жаңа аға лейтенант Растрыгин айтып кетті. Сізден қазіргі офицерлер үлгі алады екен, меніңше, мəңгі сөйтеді. Сіздей піріміз, ту ұстаушымыз барын біле тұра, қайтып қана төменшіктерсің?! Өйтсек, халқымыздың сіз биіктеткен беделін түсіріп аламыз, аға! Сіз сеніңіз, біз қазақ деген атқа сай боламыз. * Кім де болсын, өзімен тең сөйлескенді, иық теңестіре алатын адамды сыйлайды. Жасқану, ығу бар жерде қорсыну бар. Ал қорсыну ешуақытта достыққа бастамайды. Адамды қорсынып, кемсітіп сыйлаудан асқан жек сұрын ештеңе жоқ. Тоқтар басына мұндай ой келмеген жігіт болып шықты. Екінші жыл ғы солдаттардың – «шүрегейлердің» де, үшінші жылғы солдаттардың – «қарттардың» да айтқанын екі етпей лыпып тұрады. Өстіп елпеңдеп жүремін деп «Тезик» атанды. «Тезик» – бұл Тоқтардың Тезекбаев деген фамилиясының қысқартылған түрі. Тезикті əсіресе Скоробогатов көп иектейді, ермегіне айналдырып алған. – Тезик, хал қалай? – деп сұрайды Скоробогатов кешкі үзіліс бітерде. – Өте жақсы, – деп жауап береді Тезик. – Ой, азамат. Етігіңді тазаладың ба? – Жарқырап тұр. – Түймең ше? – Айтпаңыз. Айнадай. – Ал жағаң? – Міне, көріңіз, аппақ қардай. – Жарайсың, Тезик. Сенен түбінде жақсы ефрейтор шығады.
Ñîëäàò áîëó îңàé ìà? – Кеңес Одағына қызмет етемін, ефрейтор жолдас! Скоробогатов ыршып түседі. – Не дедің, көктүйнек? Қайтала, кəне! – Еф... Ефре... Скоробогатов тап береді. – Жо-жоқ, қатардағы жауынгер жолдас! – Смирно! Тоқтар қаздиып тұра қалады. – Қатардағы жауынгер Тезекбаев, қызмет атынан алғыс жариялаймын! – Кеңес Одағына қызмет етемін! – Міне, нағыз адам болатын жас. Көресіндер, бұдан Ушаков тəрізді қызметшіл сержант шығады. Еш біліксіз, еріксіз ыржалаңдап «қарттар» мен «шүрегейлерге» жам паң қағып жағыну арқылы əжептəуір əскери адам бола калғандай-ақ Тоқтар кəдімгідей өсіп, ісініп қалады. Скоробогатов енді ертеңгілік көзін жыртитып ашысымен, шалқасынан керіліп-созылып жатқан күйі айқай салатынды шығарды. – Тезик, бүгін қай күн? Дембильге қанша күн қалды? «Қарттардың» есіне салып қоюымыз керек емес пе, бұған сен қалай қарайсың? – Мен өте онды қараймын. Қазір-қазір, жолдас сержант, жо-жолдас... – Əй-əй, не деп барасың сен... – Менің аузым біледі, сіз осы жақын күнде сержант болып қаласыз. – Ой, аузыңды... Сержант деген кім ол? Жағымпаз біреу. Валера ешкімнің аузына қарай да, ешкімді аузына қарата да алмайды. Менікі – тиесілі үш жылды беру, сосын көрмегенім əскер болсын. Сен біліп қой, бұл сержант дегендерің – əр нəрседен дəмелі халық. Шетінен өссек деп тұрған біреулер. Генерал бол деші, біреуі қой дер ме екен? – Сіз де солсыз ба деймін.
Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Сен, жасы үлкенге қалай-қалай сөйлейсің, а, жоқ, бірдеңе дəметіп тұрсың ба? Онда аласың, мұрныңнан пе рейін бір. – Қатардағы жауынгер жолдас, сіз не, қалжыңды түсінбейсіз бе? – Бəсе, солай де. Ал кіріс, өз қызметіңе. – Құп болады, командир жолдас. Сержанттарды күндегенімен, командир болуды жек көр месе керек, Скоробогатов үнсіз, шаттана жымиып төсегінен тұрып жатады. Бір адамға да болса билігің жүру, артықшылығынды сезіну, қанша айтқанмен, рақат-ақ қой. Тезик енді апыл-ғұпыл киіне салып, есік көзіне барып, бері қарап қалт тұра калып, КСРО Қорғаныс министрі маршал Малиновскийдің мерзімін өтеген солдаттарды запасқа жіберіп, жасы толғандарды əскер қатарына шақыру жөніндегі бұйрығының жылда газеттерге жарияланатын кезге қанша күн қалғанын тақылдап айтып шығады. – Жақсы-ы. Барыңыз. Өз жұмысыңызбен айналысыңыз. – Құп болады, қатардағы жауынгер жолдас. Дегенмен Тоқтар – əзілі таусылмайтын жігіт, кенеттен тағы бір қулық түртіп, жымың ете түседі. – Қатардағы жауынгер жолдас, дембельге қанша күн қалғанын білу сізге ерте емес пе екен? Менің білуімше, сізге əлі екі жыл қызмет етуге тура келетін сияқты. Сіз ана ауладағы тал-дарақтар екі рет көктеп, жапырақ жайып, ол екі рет қайта солып түскен соң қайтатын шығарсыз үйіңізге. Жоқ, əлде, маршал сізге басқа жағдай жасай ма? Жігіттер күлкіні қойып келіп жіберді. Скоробогатовтың екі құлағы боп-боз болып кетгі. – Мына салагаға қараңдар! Не деп тұр өзі? Əй, көгілдір қаз, сенің менде жұмысың болмасын, жұмысың – сол, ротада күнде ертеңгілік бір адам дембильге қанша күн қалғанын жариялап тұруы керек. Ол адам – сен. Сенен бұрын бұл жұмысты мына көкең атқарып келген. Биыл бұл міндетті саған атқаруға тура келеді, біліп қой, енді
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру