TELEGEI

Home

Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері. Үшінші кітап

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері. Үшінші кітап

Мәшһүр Жүсіп Көпеев ел тарихын көп білетін шежіреші ретінде танымал. Шығармаларында әлеуметтік, адамгершілік мәселесін ашып көрсеткен. Адам бойындағы теріс қылықтарды сынаған, адамның мінез-құлқындағы жақсылық пен жамандықты салыстыра бейнелеген. Достық, ақыл-ой, ақыл туралы жазған ғибратты сөзде...

1.ТҰРМЫС САЛТ ЖЫРЛАРЫ

ЖАР-ЖАР (1-НҰСҚАСЫ)

- Бір толарсақ, бір тобық

Санда болар, жар, жар!
Қырық кісінің ақылы
Ханда болар, жар-жар!
«Әкем - ай!»- деп, жылама,

Байғұс қыздар, жар-жар!
Әкең үшін қайын атан
Онда болар, жар-жар!

- Жазғытұрғы ақша қар

Жаумақ қайда, жар-жар?!
Қалың - тайдай айқасқан
Оң жақ қайда, жар-жар?!

- Азар жақсы болса да,

Қайын атамыз, жар-жар?!
Айналайын әкемдей
Болмақ қайда, жар-жар?!

- Бір толарсақ, бір тобық

Санда болар, жар, жар!
Қырық кісінің ақылы
Ханда болар, жар-жар!
«Шешем - ай!»- деп, жылама,

Байғұс қыздар, жар-жар!
Шешен орнын қайын енең
Онда болар, жар-жар!

- Жазғытұрғы ақша қар

Жаумақ қайда, жар-жар?!
Құлын-тайдай айқасқан
Оң жақ қайда, жар-жар?!
Азар жақсы болса да,

Қайын енеміз, жар-жар,
Айналайын шешемдей
Болмақ қайда, жар-жар?!

- Бір толарсақ, бір тобық

Санда болар, жар, жар!
Қырық кісінің ақылы
Ханда болар, жар-жар!
«Ағам - ай!» - деп, жылама,

Байғұс қыздар, жар-жар!
Ағаң үшін қайын ағаң
Онда болар, жар-жар!

- Жазғытұрғы ақша кар

Жаумақ қайда, жар-жар?!
Құлын-тайдай айқасқан
Он жақ қайда, жар-жар?!
Азар жақсы болса да,

Қайын ағамыз, жар-жар,
Айналайын, ағамдай
Болмақ қайда, жар-жар?!

- Бір толарсақ, бір тобық

Санда болар, жар, жар!
Қырық кісінің тақылы
Ханда болар, жар-жар!
«Жеңгем - ай!»- деп, жылама,

Байғұс қыздар, жар-жар,
Жеңгең үшін абысын
Онда болар, жар-жар!

- Жазғытұрғы ақша қар

Жаумақ қайда, жар-жар?!
Құлын - тайдай айқасқан
Оң жақ қайда, жар-жар?!
Азар жақсы болса да

Абысыным, жар-жар?!
Айналайын жеңгемдей
Болмақ қайда, жар-жар?!

- Бір толарсақ, бір тобық

Санда болар, жар, жар!
Қырық кісінің ақылы
Ханда болар, жар-жар!
«Інім - ай!»- деп, жылама,

Байғұс қыздар, жар-жар?!
Інің үшін қайын інің
Онда болар, жар-жар?!

- Жазғытұрғы ақша кар

Жаумақ қайда, жар-жар?!
Құлын-тайдай айқасқан
Оң жақ қайда, жар-жар?!
Азар жақсы болса да,

Қайын ініміз, жар-жар?!
Айналайын інімдей
Болмақ қайда, жар-жар?!

- Бір толарсақ, бір тобық

Санда болар, жар, жар!
Қырық кісінің ақылы
Ханда болар, жар-жар!
«Сіңлім - ай!»- деп, жылама,

Байғұс қыздар, жар-жар?!
Сіңлің үшін қайын сіңлің
Онда болар, жар-жар?!

- Жазғытұрғы ақша қар

Жаумақ қайда, жар-жар?!
Құлын-тайдай айқасқан
Он жақ қайда, жар-жар?!
Азар жақсы болса да

Қайын сіңлім, жар-жар?!
Айналайын сіңлімдей
Болмақ қайда, жар-жар?!

- Бір толарсақ, бір тобық

Санда болар, жар, жар!
Қырық кісінің ақылы
Ханда болар, жар-жар!
Шымылдығын серпи сал,

Көрсін ағаң, жар-жар!
Көздің жасын кел қылып,
Төксін әкең, жар-жар!
«Жылда-жылда ноғайдан

Пұл аламын, жар-жар!
Бір міндеттен құтылдым!»,

- Десін әкең, жар-жар!

Шымылдығын серпи сал,
Көрсін шешен, жар-жар!
Көздің жасын көл қылып,
Төксін шешен, жар-жар!

«Жылда-жылда болжама
Бояй бердім [1], жар-жар!
Бір міндеттен құтылдым !»

- Десін шешең, жар-жар!

Шымылдығын серпи сал,
Көрсін ағаң, жар-жар!
Көздің жасын көл қылып,
Төксін ағаң, жар-жар!

«Жылда-жылда базарға[2]
Мал сатам»- деп, жар-жар!
«Бір міндеттен құтылдым!»

- Десін ағаң, жар-жар!

Шымылдығын серпи сал,
Көрсің жеңгең, жар-жар!
Көздің жасын көл қылып,
Төксін жеңген, жар-жар!

«Жылда-жылда күйеуге
Апарам»[3]- деп, жар-жар!
«Бір міндеттен құтылдым!»

- Десін жеңгең, жар-жар!

Шымылдығын серпи сал,
Көрсін інің, жар-жар!
Көздің жасын көл қылып,
Төксін інің, жар-жар!

«Жылда-жылда үй ішің
Топыр қылмай [4], жар-жар!
Бір міндеттен құтылдым!»

- Десін інің, жар-жар!

Шымылдығын серпи сал,
Көрсін сіңлің, жар-жар!
Көздің жасын көл қылып,
Төксін сіңлің, жар-жар!

«Жаман жездем жалпылдап [5],
Келе бермей, жар-жар!
Бір міндеттен құтылдым!»

- Десін сіңлің, жар-жар!

ЖАР-ЖАР (2-НҰСҚАСЫ)

- Алып келген базардан

Қара насар, жар-жар?
Қара құйрық сәукеле
Шашын басар, жар-жар!
«Әкем - ай!»- деп, жылама,

Қыздар байғұс, жар-жар!
Әкең үшін қайны атаң
Орын басар, жар-жар!
Алып келген базардан

Қара насар, жар-жар!
Қара құйрық сәукеле
Шашын басар, жар-жар!
«Шешем - ай!»- деп, жылама,

Қыздар байғұс, жар-жар!
Шешен үшін қайын енең
Орын басар, жар-жар!
Алып келген базардан

Қара насар, жар-жар!
Қара құйрық сәукеле
Шашын басар, жар-жар!
«Ағам - ай!» - деп жылама,

Қыздар байғұс, жар-жар!
Ағаң үшін қайын ағаң
Орын басар, жар-жар!
Алып келген базардан

Қара насар, жар-жар!
Қара құйрық сәукеле
Шашын басар, жар-жар!
«Жеңгем - ай!» - деп, жылама,

Қыздар байғұс, жар-жар!
Жеңгең үшін абысын
Орын басар, жар-жар!
Алып келген базардан

Қара насар, жар-жар!
Қара құйрық сәукеле
Шашың басар, жар-жар!
«Інім - ай!»- деп, жылама

Қыздар байғұс, жар-жар!
Інің үшін қайын іні
Орын басар, жар-жар!
Алып келген базардан

Қара насар, жар-жар!
Қара құйрық сәукеле
Шашын басар, жар-жар!
«Сіңлім - ай!» - деп жылама

Қыздар байғұс, жар-жар!
Сіңлің үшін қайын сіңлі
Орын басар, жар-жар!

2. ЖҰБАТУ

Қара суды жағалай қаз барады,
Анасынан айрылып қыз барады.
Қара суға қан құйсаң, агар кетер,
Жат кісіге қыз берсең,алар - кетер

- Жылама, бикем, жылама,

Көзіңнің жасын булама!
Ұл боп тусаң әуелден
Сені мұндай қыла ма?!
Бүркендіріп қоя ма,

Көздің жасын бояма,
Біз бермейік десек те,
Мал бергенің қоя ма?!
Ол кеңеске кірмессің,

Тұр десек те, тұрмассың,
Өзіңе билік тиген соң [1],
Жұртыңа тұлға болмассың!
Сен жылайсың: «Үйім!»- деп,

«Жиғаным-қызыл бұйым!» [2]- деп
Әкең сенің ойлайды:
«Отырғаны балам қиын!»- деп.
Сен ойлайсың: «Барсам!»- деп,

«Бір [3] үйге тұлға болсам!»- деп,
«Өз алдыма мал салып,
Адамшылық құрсам!»- деп.
«Ақша отауға кірсем!»- деп,

«Барша манат кисем!»- деп,
Тілеуің бекем алдында:
«Әлдилеп бала сүйсем!»- деп,
Сәрсенбі күні тойыңыз,

Құтты болсын тойыңыз,
Тілеулі құтты тойында
Көп жылауды қойыңыз!
Жыламай кулак салыңыз,

Бұ сөзіме наныңыз!
Мен айтамын өсиет
Тыңдап, ұғып алыңыз!
Мұнан көшіп кетерсің,

Шын еліңе жетерсің!
Тең құрбың шықса алдыңнан,
Ойнап, ойлап етерсің.
Тең құрбың келіп сөйлесер,

Қалжыңдасып ойнасар,
Жақсы-жаман екеніңді
Ойнаған болып барласар!
Құрбың келсе, күлгейсің,

Әдеппенен жүргейсің!
Салмақпенен сөз сөйлеп,
Жақсы жауап бергейсің!
Бұ барғаннан барарсың,

Ата-енеңе барарсың!
Дүниесін құрметтеп,
Қабағына қарарсың!
Құлдай малын баққайсың,

Күңдей жұмыс қылғайсың!
Ата-енеңе жаққайсың!
Ата-енең айтар: «Келінім!» - деп,
«Келінім жақсы елім!» - деп,

«Бөтен жақ жат жұртына
Жақсылығың білінер!» - деп.
Қораңа бөліп мал берер,
Алдына келіп дем берер!

Арқан есіп, жүн түтіп,
Адамшылық құра бер!
Адам болсаң, өлмессің [4],
Еш жамандық көрмессің!

Жақсы болсаң, білерсің!
Жаман болсаң, білмессің!
Күйеуіңді күткейсің,
Өз басын құрмет еткейсің!

Қанша көңілің, қалса да,
Біріңе - бірің түтпейсің (тұтпайсың)!
Жыртық қылма киімін,
Шашпа жиған бұйымын!

Күйеуің келсе бір жақтан,
Онай қылып тұр киынын!
Біріңді-бірің құрметтеп (құрметлеп),
Қызықпенен күнелтсең!

Келістіріп дүниесін,
Ақ сұңқардай түлетсең!
Шариғаттың белгісін,
Білсең жақсы үлгісін!

Сөзге сынық қылдырмай,
Күтсең жақсы құрбысын!
Аз асынды [5] кеп етсең,
Кеп асынды кел етсең,

Бар асынды даяр [6] қып,
Қонақты сыйлап жөнелтсең,
«Мұнша қызмет қылды!» - деп,
Күйеуің көңілі жай болар:

«Малым адал болды!» - деп.
Күң жұмсасаң, қорлама,
Тіл алмаса, зорлама!
Тәтті, дәмді асыңды

Онан бөлек ұрлама!
Құл жұмсасаң, ұрмаңыз,
Оған қорлық қылмаңыз,
Жетім хақын ойлаңыз!

Бұл сөзіме наныңыз!
Өзің сараң болмаңыз,
Сараңдық атақ алмаңыз,
Қонақ қонса үйіңе,

Табағына ішек-қарын салмаңыз!
Жаман қатын белгісі.
Әр неден жоқ үлгісі,
Қатты болар ұйқысы,

Шірік болар терісі.
Жаман қатынның белгісі.
Әр неден жоқ үлгісі,
Сасық болар үй-іші [7],

Онан жаман өз иісі,
Еш келмейді келісі!
Талқан түйіп, қиып берер,
Қарны тойсын деп берер,

От басынын боқтығын
Тер алдына ап келер!
Аяқ болар құмғаны,
Қолын малып жуғаны.

Үсті-басы боқ болар,
Қас құдайдың ұрғаны!
Шашы [8] жүрер жалбаңдап,
Балағы жүрер салбаңдап.

Маңдайдан шашы бұрқырар,
Екі емшек салақтап!
Ол - адамнан ұялмас,
Өзінің дүниелігін жия алмас!

Өзінің малын танымас,
Қатын болып дәнемеге жарамас!
Замананың[9] азғаны,
Аттан байтал озғаны,

Некесізден хан тұрып [10],
Қайран қазақ тозғаны!
Сарғайып атқан сары тан
Сәуле беріп көрінді[11].

Оқыра жүрген бурыл ат
Тұсыңда сенің бүгілді.
Мінгенде атың боз ғана,
Күйеуің жап-жас бозбала,

Пайғамбар қызын ұзатқан,
Солар бір салған жол ғана!
Қыстай бір тіктің сыңсыма,
Айтарым, жар-жар, сыңсыма!

Әжептәуір бала едің,
Обалың қырық бір жылқыға!

Бұрынғы заманда «сыңсыма»- дейтін сарт қолы бір мата болушы еді, ұрғашылар көйлек киюші еді. Алдыңғы «сыңсыма» деген - сол, соңғысы - «жылама» деген.

Күйеуің жүр күлімдеп,
Қолына тиіп жылқысы.
Ата-енеге жақпайды
Келіннің шайпау тілдісі [12].

Ұзатпай сені қайтеді13],
Зылиқа, Зәуре - екі апаң
Апаңның салған үлгісі!
Мінгенде атың жиренше,

Тықыршып тұрмас мінгенше,
Шын [сен] ақылың кіргенше,
Ақ тайлақ шығар інгенше!
Мінгенде атың боз ғана,

Күйеуің жап-жас бозбала,
Тана бір моншақ тағарсың,
Тұңғышың болсын қыз бала!
Сәрсенбі күні той етер,

Дүрілдеп, желдеп қой кетер,
Сен кетсең, шешен жүдейді,
Келіні келіп күнелтер!
Әуеден ұшқан сона-ды

Саялы жерге қонады.
Артыңда сіңлің жоқ болса,
Шешеңе киын болады!
Мінгенде атын ала-ды,

Теңселе басып барады [14].
Жыламай аттан, бикем-ай,
Апарып шешен салады!
Мінгенде атың ала-ды,

Тең құрбың мұнда қалады.
Жыламай аттан, бикем-ай,
Жаз бір, күз бір барады!
Мінгенде атың теңбіл көк,

Тең құрбың қалды мұнда кеп.
Орамал берсең, барша бер,
Мақтайды сені мына коп.
Есіктің алды құмдақ-ты,

Құмдақтан қоян зымырапты.
Атасы басқа жау жеңге
Отауға салып тыңдапты.
Есіктің алды тастақ-ты,

Тастақтан қоян бас бақты.
Атасы басқа жау жеңге
Отауға салып тастапты.
Есіктің алды шашу ойын (үшін),

Шешен бір шашар шашуын!
Қалыңға берген қырық жылқы
Кешке де алар ашуын!
Жайықтан ұшқан жалғыз қаз,

Еділден ұшқан екі қаз,
Біреуі шапқан, бірі боз,
Сандығын толған сары бөз!
Әуеден ұшқан көбелек,

Күйеуің жаман сүмелек,
Келіншек болып түскен соң.
Күн көрсетпес төпелеп.

3. БЕТАШАР

Келін күйеудің үйіне келгенде, сәлем етіп отырады. Күйеудің, туғандары, ағайындары бәрі отырады. Онан соң бір кісі [1] ағаштың басына бір асыл бұйым шүберек байлап алып шығып отырып, келіннің басындағы бүркенген желегін көтеріп, бетін ашып, былайша өлең айтады:

Айт, айт, келін, айт, келін,
Атыңның [2] басын тарт, келін!
Сауысқаннан сақ, келіп,
Жұмыртқадан ақ келін!

Кер биенің - құлыншақ,
Салбыраған тұлымшақ.
Алдыңғы түйең - итіншек,
Артқы түйең тартыншақ.

«Алдыңғы түйең - итіншек!»- деп,
Кетке соқпа, келіншек!
«Артқы түйең тартыншақ!»- деп,
Басқа соқпа, келіншек!

Шу-шу болар, шу болар [3],
Құлағыңды бері сал,
Асылыңды кері сал!
Ата-енеңмен ұрыссып,

Қақаңдама, келіншек!
Үй артына мал келсе,
Бақаңдама, келіншек!
Таңертең тұрып, келіншек!

Құрт ұрлама, келіншек!
Өзің жатып, байыңды
«Тұр-тұрлама!»-, келіншек!
Аузы-мұрның сүйреңдеп,

Өсек айтпа, келіншек!
Қайынағаңның алдынан
Кесіп өтпе, келіншек!
Сары етігің салпылдап [4],

Сазды баспа, келіншек!
Сауыр етігің шойқаңдап,
Тоғай кезбе, келіншек!
Көн етігің керпілдеп [5],

Ауыл кезбе, келіншек!
Жаулығың тік шошаңдап [6],
Бұзау қорыма, келіншек!
Атан ақыл үйретсе,

Адырайма, келіншек!
Енең ақыл үйретсе,
Едірейме, келіншек!
«Абысыным жақсы!»- деп,

Сырыңды айтпа, келіншек!
«Қайындарым жақсы !»- деп,
Қойныңа алма, келіншек!
Келін, келін (келіңіз) көріңіз [7],

Көрімдігін беріңіз!
Ала-құла демеңіз,
Түсін айтып қойыңыз,
Жылқы берсең, көктен бер,

Өзі жүйрік, беріктен бер!
Қайын атаға бір сәлем!
Түйе берсең, тайлақ бер [8|.
Мұрындығын сайлап бер!

Түйе берсең, ақтан бер,
Өсеріне бақтан бер!
Қайын енеге бір сәлем!
Сиыр берсең қарадан,

Сірә да өлмес жарадан.
Қайынағаға бір сәлем!
Қойды берсең, қоңырдан,
Өсеріне оңдыдан [9],

Абысынға бір сәлем!
Ешкі берсең, сарыдан,
Құлақ шыдамас - дауысының зарынан [10],
Қайынініге бір сәлем!

Мүйізі пышаққа сап болар,
Терісі бұтқа қап болар,
Бұты толған бұлақ болар,
Іші толған лақ болар,

Ақтылы [11] қойды айдаған,
Алалы жылқы байлаған,
Осы жанның үлкені -
Атасы, саған бір сәлем!

- Мінгенде атың боз ғана,

Жорғасы бар аз ғана,
Таналы моншақ таққалы,
Тұңғышы болсын қыз ғана!
Есіктің алды терек-ті,

Қатындар тоқыр өрмекті,
Барған жылы ұл тапсаң,
Құдайдың берген ермек-ті
Арғымақ келер аяндап [12],

Ақырын сөйле баяндап.
Қой келеді жыбырлап,
Ақырын сөйле сыбырлап!
Қойды берсең ағынан,

Өсер - өспес боғынан!
Мінгенде атың жиренше,
Ойнақтап тұрар мінгенше,
Сірә да, мауқым басылмас

Әлдилеп бала сүйгенше!
Ақ түйең татырауда,
Ақ тайлақ жатыр матауда.
Қыз игенде (екен де) қысылдың

Мейлінше ойна отауда!
Есіктің алды ақ балық
Ақ балық етіп қақталық [13].
Орамал берсең барша бер,

Елге барып мақталық!
Есіктің алды ақ балық
Ақ балық етіп қақталық.
Орамал берсең, безден бер,

Шыға беріп боқталық!

4. ХАЛЫҚ ӨЛЕҢДЕРІ

БІР АҚЫН ӨЛЕҢДЕРІ

Тоғай бойында Едіге баласы Бейсенге біреудің айтқаны:
Сенің әкең - Едіге,
Сарнаушы еді еліге,
Сарнамасқа бола ма,

Қызыққан соң тес пен теріге?!

АБАҚТЫДАҒЫНЫҢ ЗАРЫ

Бастайын «Бисмилладан» - тәңірім атын,
Жазайын төрт жігіттің мінажатын.
Түзетіп таршылықта жаза алмадым,
Ғайыпқа ала көрмеңдер жазған (иазған) хатым!

Жазуға төрт жігіттің аты керек:
Қайдатұр, Сатыпалды, Айжан, Тілек.
Жар болсын тәңірім өзі бейшараға,
Бала еді іс көрмеген Жұман, Бөбек.

Мырзаға Сатыпалды жала салды,
«Бір істі сен қылдың!»- деп, пәле салды.
Бір доңызды ит талап өлтіріпті,
Сол уақытта төрт жігітті ұстап алды.

Ғаламда он сегіз мың жалғыз Алла,
Бұрынғы заманымыз қайда қалды?!
Салмасын еш пендеге мұндай күш,
Зынданға, міне, ап келіп жалғыз салды.

Құдай-ау, кез келтірдің қандай сорға,
Бастадың қандай күні мұндай жолға?!
Бойымнан осы өкініш қайтып кетер,
Оқ атып, қылыш шаппай, түстім қолға.

Жоқ еді бұл кәпірге қылған қасым,
Көзімнен, ойлай берсем, агар жасым!
Тұтқында қазам жетіп, өліп кетсем,
Құдайым иманымнан айырмасын!

Зынданда жата алмадым бойым дулап,
Сұм дүние, өтемісің аттай тулап?!
Серкедей қой бастаған көсем едім,
Қайран жұрт, қаламысың қойдай шулап?!

Пәленің қалай десем болар атын,
Жатырмын қолға түсіп, болып қатын.
Құдай-ау, мұндай қорлық көрсеткенше,
Пенденің алған артық аманатын!

Кез болды жоқ орыннан бізге неген,
Бейсенді ішке айдаған жұртын жеген,
Сегіз жыл «Итжеккеннен» арман кетіп,
Ханымыз Абайділда қайдан келген?!

Жесімнің Азнабайы жылқы айдаған,
Үш жерден найзасына ту байлаған.
Ол кімнің төбесіне қой қазыпты,
Тайжанды атып, Сейтенді ішке айдаған!

Біз түгіл, жұрт ұстаған Кәкен де өлген,
Біздерге бұ да шығар кезек келген!
Тұрлыбек жұрт билеген - Маңдай да өлген,
Тоқтамыс, Төбет пенен Жандай да өлген.

Ер Кәкен өліп кетті біздің сорға,
Біз түстік қапияда қазған орта.
Кісісін Баба, Бағыс жиып алып,
Ақшасын шашар еді біздің жолға!

Не етеді өзгесі өлсе, Кәкен өлмей,
Ер Кәкен жатар ма еді бізге келмей?!
Тіріде жұрт қараған, мырза Маңдай,
Шынымен жатқаның ба, 6іp тырбанбай?!

Шыныңмен жатырмысың, ай, Кәкен ер,
Жатыр ма шын жібермей сұм қара жер?!
Кәкен жоқ, қанша айтқанмен, енді маған,
Жақсылар бұрынғы еткен, жар бола гөр!

Доңыздың етін жеген кәпір оңбас,
« Келеді –деп - пәле қайдан?»- айтып болмас.
Бұл иттің тақылдаған айғағы жоқ,
Жар болса жалғыз тәңірім, боқ та қылмас!

Жалғанда осы қайғы естен кетпес,
Көрген жан кәпіршілік бізден етпес.
Жер жүзін қаптап түтін, өрт алса да,
Жар болса жалғыз тәңірім, ештеме етпес!

Дүниенің көзім жетпес ғайыбына,
Кез болдым қандай істің айыбына?!
«Пәледен құтқар өзің, иа, Құдай!»- деп,
Біз міндік Тәуекелдің қайығына.

Сәлем де, Мәжін биге, келе көрсін,
Мәнісін мынау істің біле көрсін!
Ит даусын түзде жүрген бәрі есітпес,
Не қылсын билер бізді өздері есен?!

ҚАРА ӨЛЕҢ

Үлкенге керсең қалды да.
Ас құйылды [1] тегешке.
Үлкен билер қалды да,
Құлдар кірді кеңеске [2].

Кеңескенде, не десті,
Тырнадай мойнын теңесті.
Теңескенде, не десті,
Біріне-бірі серт қылды:

Үйге кедей келгенде,
Бір аяқ ас бермеске!

Өлеңтіні жағалай
Тал шығады деп едім.
Тал шыбықтай бұралып,
Сал шығады деп едім.

Соққан бейіт сықылды
Үй шығады деп едім.
Қырыққан серке бұттанып,
Би шығады деп едім.

«Жал-құйрығы қаба»- деп [3],
Жабыдан айғыр салмаңыз!
«Атасы бай екен»- деп,
Жаман қатын алмаңыз.

«Жал-құйрығы қаба» - деп,
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жаугершілік күн болса,
Ұстап мінер ат тумас!

Жаман қатын алсаңыз,
Екі кісі бас қосса,
Сүйреңдеп сөйлер,
Топқа кірер ұл тумас!

Жаман қатын алсаңыз,
Төркініне бір алмай,
Төсегіне жата алмас!
Тең құрбысы келгенде,

Жалғанда қорлық болады,
Онды жауап айта алмас.

Таудан аққан тас бұлақ
Тасыса, құяр теңізге.
Қанша малы кеп болса,
Бай қуанар егізге.

Жаманнан жақсы туса,
Жақсыдан жаман туса,
Тартпай қоймас негізге.

Ақ дариядан үлкен дария болмас,
Тасыса, қалыбынан аспас.
Тұрымтайдан ұшқыр құс болмас,
Торғайдан басқа нәрсе алмас.

Ақ патшадан үлкен патша болмас,
Оның жарлығы екі болмас.

Бұзау - тайынша жиылып,
Бота болған заман-ды.
Жаман-жақсы жиылып,
Адам болған заман-ды!

Тамам молда жиылып,
Можа [4] болған заман-ды!
Тамам тере жиылып,
Қара болған заман-ды!

Оралдан қашқан өр түлкі
Өрлей [5] қашса, ит жетпес.
Тегеуріні төрт елі,
Аспаннан түскен тас түлек.

Жерге түссе [6], тек кетпес.
Қас патша қарашасына:
«Ерте келдің, кешке келдің!» - деп кек етпес [7]

Ұлы ханның ұлы едің,
Асыл ханның сідігі едің.
Шыныаяқтың сынығы едің,
Қас патшаның өзі едің!

Мінезіңнен дәме етпеймін,
Сүйегіңнен дәме етемін [8]!

Алыстан қара көрінсе,
Жүйрік озар созылып,
Қаба - қаба қар жауса,
Атан тартар бүгіліп.

Ендігінің жақсысын
Есіктен төрге қарап,
Отырғанын көрерсің түнеріп [9].

Борай - борай қар жауса,
Боранына келтірер.
Аз кісіні көп кісі
Орамына келтірер.

Көп нені айтады,
Азға қылған зорлығын айтады.
Аз нені айтады,
Кептен керген қорлығын айтады.

ТАҚПАҚ. КІМ АЙТҚАНЫ БЕЛГІСІЗ

Арай, арай, арай бар,
Арай толған сарай бар.
Бұрылша атқа бұғау бар,
Бұғауды кесер егеу бар.

Сом темірге балға бар,
Сомсынғанға Құдай [1] бар!
Ақ сұңқар, сен: «Ұшқырмын!»- деп, мақтанба,
Алдыңда жаюлы тұрған торлар бар.

Тұлпар, сен: «Жүйрікпін!» - деп, мақтанба,
Алдында казулы жатқан орлар бар.
«Басым кеп!» - деп, топтанба,
«Малым кеп!» - деп, шоқтанба!

«Жарлымын!» - деп, жабықпа.
«Жалғызбын!» - деп, зарықпа[2].
«Мұңлымын!» - деп, қамықпа,
«Жаяумын!» - деп тарықпа.

Мұңайма, жігіт, мұңайма,
Мұң тарқатар Құдай бар!

Суда жүрген сүңгуір,
Су қадірін не білсін?!
Түзде жүрген дуадақ,
Кел қадірін не білсін?!

Жарлыдан жаңа байыған,
Жалғыздан өсіп көбейген,
Ел қадірін не білсін?!
Өзі көкайыл, өзі дию, пері,

Өзі долы қатын,
Ер қадірін не білсін?!

Тау белгісі тас болар,
Бай белгісі ас болар!
Төренің жаманы
Төлеңгітімен қас болар!

Баланың жаманы -
Әкесін өлтіргенмен дос болар.
Құдайдың ең жаман жаратқан адамы
Қатынының ойнасымен дос болар!

Бұзылар елдің белгісі -
Бура тарасы бас болар!

Боларында болып от,
Боз жорғадай желіп от,
Болмасыңды білген соң,
Болған ердің қосын жек!

Өзің адам болған соң,
Аудара тастап,
Қалай кетсең, олай кет!

Бай болсаң, торғын орамалмен бетің сүрт,
Жарлы болсаң, жаныңменен көтіңді сүрт!
Бай болсаң, жан-біp алтын,
Қанша сыйласаң, сыйлауына турады.

Жарлы болсаң, жан-біp күдері
Қанша қинасаң, қинауына тұрады, үзілмейді!

Мырзалық - қонаққа пайда, малға қас,
Батырлық - жолдасқа пайда, жанға қас!
Өтірік сөз - дауға пайда, иманға қас!
Өткір пышақ - қолға пайда, қынға қас!

Алыс пенен жуықты –
Жортқан біледі
Ащы менен тұщыны –
Татқан біледі.

Тірліктің қадірін –
Өліп көрде жатқан біледі.
Денсаулықтың қадірін –
Ауырып, төсек тартқан біледі.

Жан тыныштықтың қадірін
Толғатып, бала тапқан біледі.
Сеңсең тонның қадірін
Сексенге келген қарт біледі.

Сары атанның қадірін
Ел қыдырған сарт біледі.
Тес айылдың батқанын
Иесі білмейді, ат біледі.

Ер жігіттің қадірін
Ағайын білмейді, жат біледі.
Кімнің жақсы - жаманын
Жаратушы Хақ біледі!

ТӨРТТАҒАНДАР

Қаруы ер жігіттің қылыш екен,
Қылыштың үлкен пышақ інісі екен.
Құрбының алған жары жақсы болса,
Төрт елі маңдайының ырысы екен.

Арқа, Ойылдың құба жон - ат желгендей,
Бабын тапса, құс болмас ителгідей.
Бойымда аса күшті бір дертім бар,
Бабын қыздар таппаса, кісі өлгендей.

5. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Өтірік өлең айттым да, қызға [1] жақтым,
Құмырсқаның асауын [2] қойдай бақтым.
Асауын шегірткенің ұстап мініп,
Тау - таудан тарбаңдатып түлкі қақтым [3].

Бір қоянды міндім де, аспанға ұштым,
Екпініне шыдамай, жерге түстім.
Алты күндей ақ боран соғып еді,
Жалғыз қурай түбіне [4] ас қып іштім.

Дүниеде ауыр екен [5] үрген қарын,
Жалғыз өзім көтердім соның бәрін.
Атандарға үш төстеп(осы тұстап)артып едім,
Көтере алмай, жығылды, жануарым [6]!

Бұ дүниеде бек ауыр [7] үрген қуық,
Жалғыз өзім көтердім аузын буып.
Қара шіркей шыбынға [8] арба салдым,
Ондай мықты [9] көрмедім өзім туып.

Бір қарсақты жаратып, базар [10] міндім,
Құлағынан берік басып [11]әзер міндім.
Екі хамбал (сомбал) [12] үстіне теңдеп алып,
Қара жолдың үстінде борт-борт желд1м.

Базарға барайын деп, борсық міндім [13],
Өзім жаяу болған соң, қорқып міндім.
Екі хамбал астыма мата теңдеп,
Қара жолдың үстінде борт-борт желдім.

Торғайдың атым үрікті қу басынан,
Тышқанының арқан естім шудасынан.
Отыз кісі бір қаншыр ұстап алып [14],
Астау - астау ет жедік ер басынан.

Маса деген біp әділ пақыр [15] екен,
Имансыз сона деген кәпір екен.
Үйіне инеліктің кіріп барсам,
Ас беріп әкесіне жатыр екен.

Түбінен жау қияқтың ердің басы [16],
Көнектей көбелектің жұмыртқасы.
Базардан өзім барып алып келдім,
Қаншырдың шаңырақтай омыртқасы.

Өтірік өлең айтсам да, [17] келісі бар,
Сары масаның сабалық терісі бар.
Бөгелектің [18] биесін байлаймын деп,
Өрмекшінің он құлаш желісі бар.

Міндім де инелікті, сона қудым,
Сонаны үш күн, үш түн қона қудым.
Тес етіне сонаның жерік болып,
Тіліне жол (сол)жеңгемнің бола қудым.

Кеп маса қу көдеге құт құйыпты [19],
Көбелек: «Даулымын!» - деп, жұрт жиыпты.
«Ол дауына [20] мен өзім болмаймын!»
Көлбақа суда жатып, тырбиыпты.

6. ЖАРАПАЗАН

Жарапазан айта келдім, сіз байларға,
Кім кетіп, кім жетпеген бұл айларға?!
Кірерсіз сегіз бейіш сарайларға
Мұхаммед үмбетіне шаһыр рамазан!

Бір келген он екі айда шаһыр рамазан,
Қылыңыз рамазанда жанды құрбан!
Үшбу айда енді бізге Қалам, Құран,
Мухаммед үмбетіне шаһыр рамазан!

Бес парыз мұсылманға минат болған,
Ораза, намаз, зекет, қажы, - ол - нұриман!
Бұл айда рақмет нұрға дүние толған,
Мухаммед үмбетше шаһыр рамазан!

Ораза тұт, үшбу айда оқып құран,
Қараңғы көрде шамын жанып тұрған.
Наныңыз бұл сөзіме, хақ мұсылман,
Мұхаммед үмбетіне шаһыр рамазан!

Бұл айды керген де бар, кермеген де,
Білерсіз жан қадірін тергегенде.
Жақсы емес садақаны бермеген де,
Мұхаммед үмбетіне шаһыр рамазан!

Бұл айда кешер Алла жазығыңды,
Сыйласаң біздей пақыр ғарібіңді!
Садақа, берген қайыр – азығың-ды,
Мұхаммед үмбетіне шаһыр рамазан!

Бұл айда береке нұр тәңірім шашар,
Бұл айда шайтан лағын қорқып қашар.
Есігін семіз жұмақ періште ашар,
Мұхаммед үмбетіне шаһыр рамазан!

Әр айда бола бермес бұл рамазан,
Қасиетін оразаның білмес надан.
Ықылас қып қарсы алыңыз, келсе шаман,
Мұхаммед үмбетіне шаһыр рамазан!

Наныңыз жұмақ, тамұқ - тамам барын,
Тағы бар ғаршы, күpcі, лаухи қалам,
Қожасы дүние, ақырет - Алла тағалам
Мұхаммед үмбетіне шаһыр рамазан!

7. ЖОҚТАУ ӨЛЕҢДЕРІ

БҰРЫНҒЫ ЖОҚТАУ ҮЛГІСІ

Алты атасы бай еткен,
Алты атанға жүк артқан.
Жеті атасы бай еткен,
Жеті атанға жүк артқан.

Ұяда[1] сұңқар түлеткен,
Қияда сұңқар тілеткен [2].
Алтайы қызыл түлкі артқан [3],
Қиядан барып тіке атқан [4].

Баршаны бөздей жырттырған,
Жібекті жүндей тұттырған [5].
Қонақ қонса: «Қон!» - деген,
«Қой сем1зш сой!» - деген.

Тойға қазан астырған,
Жақсылыққа көзін жеткізген,
Шылаушын (сыйлау шын) салып, ат мінген,
Шыңыраудан алып, су ішкен.

Шынжырлы қауға тақтырған.
Қайыңнан астау шаптырған,
Қаптатып жылқы жаптырған.
Айдарлыға айдатқан,

Тұлымдыға байлатқан [6].
Қалмақтан жылқы қудырған,
Құлынын жолда [7] тудырған.
Жамбасынан [8] отырған,

Саннама [9] жұлдыз батырған!
Бес тақа баршадан тон қылған,
Жет! Рудан қол жиған [10].
Әуелде құдай қалаған,

Асылы нұрдан тараған [11].
Ақ сұңқардай түлеген,
Тояты оның қанған соң,
Алыстан тоят тілеген!

Алыстан дұшпан аттанса [12],
Қар - жаңбырдай бораған.
Жақыннан дұшпан аттанса,
Карт бурадай жараған [13].

Барғанда, тере таныған,
Қайтқанда, қара қамаған.
Қарасы мен төpecі
Қамап ақыл сұраған.

Тобықтының биі еді
Сексенге келген Кеңгірбай.
Еншің [14] толды параға.
Парадан алған кеп мақпал

Өлгенде жайылды қараға [15].
Екі жұртқа жем қылып,
Fылажың не дүр Аллаға [16]?!
Айдының Алатаудай бар сд1,

Қайратың Қаратаудай бар еді.
Кәріп пенен қасерге
Сауып тұрған бие еді.
Жетім менен жесірдің

Айттырмай мұнын бшед1.
Толарсақтан саз келсе,
Қажымай оған күледі.
Арғын-Найман - Орта жүз

Қылышын жанай жүреді.
Тұғырға қалған сұңқары,
Суытып қойған тұлпары.
Алпыс басты ақ орда,

Ақ сұңқар үйде тұрған-ды,
Күні де тун1 [17] базарым,
Алладан [18] кайтты назарым!
Бетімнен кетті ажарым!

Хан иеміз кеткенде,
Бір күнде кетті базарым!
Жаздыгүні болғанда,
Күннің көзі байланған,

Ақ сұңқар ұшып айналған!

БАЛҒЫНДЫ ЖОҚТАУ

Басында қу ағашты тақияң тұр,
Ақ күміс, адыра қалғыр, жарқырап тұр!
Келмесең со барғаннан, жалғызым - ай[1],
Артында қалған анаң аңырап тұр! [2].

Жеткенде жел жасқа құран бердім,
Молдаға сені оқытқан құнан бердім! [3].
Артында апасы жоқ, сіңлісі жоқ,
Қалынды жалғызыма неге бердің [4]?!

Айтамын, айт дегеннен [5] атым тұсап,
Тұсап қойған жерінде тұрсын жусап.
Келгенде елу беске, сұмырай Бәтен,
Туар ма енді бала Балғынға ұқсап?!

Қарағым, айналайын, қандай еді,
Бауырсақ майға піскен, нандай еді.
Мақтасам өзімді-өзім, болар өлім [6],
Баланың өзі құрбы маңдайы ед1!

Қарағым, айналайын, ұлы кентім,
Сарғайды санаменен ақша бетім!
Болғанда қыс ортасы, сығыр ойбай,
Бұзылды жалғызыма құрған кентім [7].

Ақ ешкі келіп жатыр лағына (ұлағына),
Сүт берген ақ үрпінен шырағына.
Қосылып, кел екеуміз, зарланайық.,
Алланың түсер ме екен [8]құлағына?!

Тапқаны ақ ешкінің - егіз [9] лақ,
Біреуі лағының - салпаң құлақ.
Ақ ешкі, көкке қарап, көденді же,
Табарсың есен болсаң тағы да лақ [10].

Ақ ешкі, сен де мұңды, мен де мұңды,
Жаратты бір жаратқан бесеу(би сау)[11] сұмды.
Ақ ешкі, көкке қарап, көденді же,
Құдайым берер ме екен бізге [12] де ұлды?!

Бойынан Досханның ел өтеді,
Шапаннан жалан қабат жел өтеді
Сығыр - ай, мен зарланбай, кім зарлансын,
Балғынның енді маған айы өтеді!

Досханның бауыры жалғыз там-ды,
Аямаған бір Құдай жалғызды алды.
Елу беске келгенде, сұмырай Бәтен,
Жалғызынан айырылып, аңырап қалды.

БОПЫ ТӨРЕНІҢ ҚАРЫНДАСЫ ЖОҚТАҒАНЫ

Күйлері [1] белбеу белімде,
Азалы болдым елімде,
Бөпекем жарлық берген соң,
Жүре бердім жөніме.

Бас, бас елім, бас елім,
Басынан келген осы ел1м.
Жапырағын жалпайтып [2],
Жарды 6іp [3] алған осы ел1м.

Мұхаммед - Құдай достысы [4],
Оны да алған осы өлім.
Қылышынан қан тамған
Ғалыны да [5] алған осы өлім.

Өлімнің інісі - уайым [6],
Бұл істі салған Құдайым.
Қара біp шашым жаяйын,
Жаяйын да, жияйын [7].

Күнәлы [8] бармақ, жез тырнақ,
Күнінде қанға бояйын.
Албыраған ақша бет
Сүйегіне таяйын [9].

Мөймілдеген [10] қара көз,
Жаспенен оны ояйын.
Алшаңдап жүрген жас төрем,
Орнына кімді қояйын?!

Өркеш те, өркеш, өркеш тау,
Бауыры толған көк бастау.
Топ ішінде қиын екен
Жалғыз енді сөз бастау.

Бастамасқа шарам не,
Басыма салған қарам не?!
Мен жыламай, кім жылар,
Бетімдегі жарам не?

Боғастың бойын өрт алды,
Жүректің басын дерт алды.
Он жеті жасар Әбіжан
Қорасан деген дерт алды.

Асыл да гауһар болатым,
Ұшайын десем, канатым.
Әкекем қосқан қосақтан
Айырды шебер құдіретім.

Алты атанға жүк арттым,
Ала арқанмен берік [11] тарттым.
Алдынан жүрмес атакем,
Құшақтап тұрып сөз қаттым.

Арғымақ үйірін сағынса,
Артқы аяғын қағынар.
Алғанын бибақ сағынар,
Қаннан опанік [12] жағынар.

ТӘТИДІ ЖОҚТАУ

Қара бір таудың жылғасы,
Халқының бағлан құлжасы,
Сүйіндіктің ағасы,
Алтыннан салған сырғасы,

Алаштан дұшпан сөз келсе,
Алдында жүрер жорғасы.
Қара бір таудың өлкесі [1],
Аты Алтайдың серкесі,

Жарлығы жалған болмаған,
Хан, қараның еркесі.
Базардан келген бөз еді,
Жақсыдан қалған көз еді,

Ебінің қызыл желіндей,
Саулап бір тұрған сөз еді [2].
Айдыны таудан зор еді,
Дәулеті көлден мол еді

Өзім бір деген Алашқа,
Аласы бір жоқ төре[3] еді.
Айғыр бір қуған құлындай,
Адам аулын [4] жақтаған,

Әділдікке салғанда,
Кәпір, қазақ мақтаған.
Құрама жиып, ел қылып,
Қосын [5] таза сақтаған.

Тілі шайпау тентегі
Ақылымен тоқтаған [6].
Көлдегі аққу дауысты,
Ақ сұңқар құстай дабысты,

Ерегескен дұшпанға
Айдаһардай шалысты [7].
Қайтпас қара бұлттай,
Қалшиғанмен қарысты.

Екі де тізгін, бір айыл,
Бір өзім деп салысты.
Толқын топқа барғанда,
Иығы асып [10] сөйлеген.

Сүйіндіктің баласын,
Өз ұлындай билеген.
«Елім Алтай екен!» - деп,
Ырқына зорлық қылмаған [11].

Ертегі өткен Асандай,
Елдің қамын ойлаған.
Асылық айтып Аллаға,
Күнәкар ғасы, болмаған [12].

Адалдығы ғалымдай [13],
Дін сөзіне тоймаған.
Ақылы және[14] данышпан,
Кеудесіне сыймаған.

Мұнарадан жол алған,
Бухарадан қол алған,
Жалғыз қылдан ніл алған.
Аруақты елдің қосы еді

Адал пірдің досы еді.
Нияз алар мұртынан,
Мұрт деп барар жұртынан,
Қожалар оқыр құранды[15].

Құраннан басқа пайда жоқ,
Ажалдан хайла жоқ.
Сарғайғанмен өлмек жоқ,
Уайымнан енбек жоқ,

Әcіpe қылыш жүзіндей,
Қалайы сандық ішіндей,
Алтын ділдә алпыс мың.
Қыс [16]қонысын сұрасаң,

Қоянды менен Жыланды,
Өзен аққан бойында
Мекен қылды Нұраны.
Тірісінде көп берді:

«Зекет!» - деп тай мен құнанды[17].
Жесір қатын, жас бала,
Қайырымен жұбанды.
Жайлауға беттеп кешкенде,

Шандатып жылқы айдаған [18].
Тайы қысыр қалмаған,
Тайлағы бота салмаған [19].
Сегіз руға мал беріп,

Сексен қысырақ байлаған.
Бетегелі кең тарлау,
Беткейге біткен рандай [20].
«Дүниеден Тәтті өтті!» - деп,

«Алтайдан қайрат кетті!» - деп,
Қожалар сызған сиядай
Дұшпанның көңілі тынды ғой[21].
Барсаң, сәлем дегейсің,

Ақжолдың ұлы Арғынға,
Атпен желі тарттырдым
Кереге бойы шалғынға[22].
Дұғай сәлем дегейсің,

Қошқарбай ұлы Құрамға,
«Қорам орта болды!» - деп,
Қоңсыны күндеп қазбасын,
Бір Аллаға жазбасын (иазбасын)!

Ішіп, бір киіп, буласын,
Сұм дүниенің өтерін,
Өлшенуменен ойласын!
Мың - миллионы кетсе де,

Төре алдына бармасын [23].
Жұмақтың төpі - он тарау,
Ойнай, күле жүргейсің.
Пейіштің төpі - бес тарау,

Белгілі болып жүргейсің.
Аллаға ісің, ақ болса,
Ақ сарайға кіргейсің,!
Нұрдың қызын сүйгейсің,

Торқадан көйлек кигейсің!
Шараба түһүр шәрбатын,
Сусыныңа ішкейсің [24]!
Иә, Мұхаммед, қолдағай,

Көп иад еткен үмбетін [25]!
Көп тілеуі көл болғай,
Көпсінгенде дәулетін,
Аян болсын әуретің!

Парша менен мәулімді,
Боз, бояқтай жұмсаған,
Жорға менен жүйрікті,
Тай, құнандай жұмсаған.

Қожалардың айтқаны,
О дүниенің сөзі еді,
Ақ кіреуке сыймаған
Алып бір туған жоталы,

Жарастықты мырза еді [26]!
Алладан бұйрық келген соң,
Бұ дүниенің қиғаны!
Шаңырағын идірген,

Шынар деген ағаштан,
Мал байлығы бір асты
Біткен қазақ алаштан.
Бетіне жан келмеген,

Майқыменен таласқан,
Үш Мейрамның, ұлында:
Қуандық пен Сүйіндік,
Жан жоқ бұған таласқан.

Ексе де елге, бітерме
Мырзада мұндай жарасқан [27]
Бесінде мектеп оқыған,
Алтысында ақыл тоқыған,

Жетісіне шыққанда,
Жетпіс пірден сөз сұрап,
Құдықтай көзін шоқыған [28].
Сегізіне келгенде,

Сүйіндікке бас болған,
Аққан сендей толқыған!
Тоғызына келгенде,
Туған айдай балқыған.

Енді он жасқа[29] шыққанда,
Дәулет көлдей шалқыған.
Он біріне шыққанда,
Ардағы асты халқынан,

Он екіге шыққанда,
Құр қайтпады нарқынан.
Жиырмадан еткен соң,
Енді отызға жеткен соң,

Салиқалы би болды,
Жесір менен жетімге,
Тігіп бір қойған ұл болды.
Жетім менен жесірдің,

Болып өтті азығы,
Аз ғана ауыл Сүйіндік,
Аз күн болды қазығы.
Өз бауырым деп жан тартпай,

Тіл жаздырып, дат айтпай,
Әділдікке салғанда,
Еш [30] бар ма еді жазығы?!
Ат басына соқтырып,

Ақы айтпаған дуа [ғып],
Аузына күпір кеп түспей,
Алласын күткен мұңайып [31]!
Сексен үшке келтірмей,

Ажал берд1 Құдайы.
Өткен іске салауат,
Артынан қайырын [32] сұрайық!
Самарқанда сайлатты,

Сары алтыннан түймесін.
Хазірет те соқтырды,
Ақыретте күймесін.
Аруақ ата қалаумен,

Аруақты баба жебейін!
Жауаптамаң жар болып,
Ініне шайтан мінбесін [32].
Ғалам білген Тәтиді

Жоқтаусыз қалды демесін!

БІР ӘЙЕЛДІҢ БОТАСЫН ЖОҚТАҒАНЫ

Ертеде бір қатын [ның] бой жеткен қызы болыпты. Екі ботасы бір інгенге тел болыпты. Үйіне бір қонақ қонып: «Қырықтың бірі - қыдыр!»- деп, тойғызып, сыйлап салыпты. Таң сәрінен қатын түрегелсе (тұра келсе), екі ботаны ит-құс тып-типыл қылып кетіпті. Түйе боздап, азынап түр дейді. Сонда қатын екі бүйірін таянып, отыра қалып, дауыс қылып ботасын жоқтағаны:

Боз інген боздап тұр-ау ботасына,
«Қонағым қыдыр болған» - жатасың ба?
Қыдыр болған кісіге қыдыр - дағы
Мен сиейін қонақтың батасына!

Екі ботам бар еді қауыны май,
Қара малдан аз еді-ау сауыным - ай!
«Кешкі қонақ қыдыр!» деп, жұрт айтады,
Енді қонақ жолатпан ауылыма - ай!

Есік алды қара су, балдыры бар,
Балдырына атынды шалдырып ал.
Айдап келген ботамды байлап салмай,
Ерке карым, ұйқыңды қандырып ал!

Екі ботам бар еді, бота - ақ еді,
Қонғам жерім ботаға от - ақ еді.
Айдап келген ботамды байлап салмай,
Ерке қардың іздегені ко...к еді.

ҚАЛМАҚ САРЫАРҚАДАН АУҒАНДА, ТАМАҚ СҰРАП ЖЫЛАҒАН БАЛАЛАРЫНА АЙТҚАНЫ

Сорқара, Сортын бар ма?
Сөрелеп жайған етің бар ма?
Көнек, Толағайың бар ма?
Көнекте тұрған қымызың бар ма ?!-

деп ұрсады екен. Сорқара, Сорты - Сарысу мен Нұраның аралығында «Құлан өтпес»,«Үшкөң»- дейтұғын өзендер бар. Сол маңдағы жер аттары. Көнек Толағай -Сарысу бойында[ғы] төбелердің аттары. Өзге жерден малының сүті мен еті күшті, қуатты болады. Алтай, Қарпықтың қазығы, Тінәлі, Тоқтамбет деген - халықтың жайлау, қыстауы.

ҚАЛМАҚТЫҢ САРЫАРҚАНЫ ЖОҚТАП ЖЫЛАҒАН ЗАРЫ

Қайран да, қайран, қайран тау,
Тиюші еді пайдаң тау [1].
Пайдасының белгісі –
Үйімде тұрған үлгісі.

Үлгісінің өрнегі:
Шаңырағым, уығым,
Үйде бақан, сырығым [2].
Ат ұстайтын құрығым,

Қазаныма қақпағым,
Желі бір қағар тоқпағым,
Арбама арыс білігім,
Ел қыстауға қонғанда,

Сиыр бір жатар шілігім,
Ат жүре алмас аралдым
Ішінде бұғы, маралдым!
Бұғы да, марал жатқан жер,

Мергендер таңдап атқан жер.
Мерекеге батқан жер,
Артығын алып сатқан жер!
Үш атамыз еткен тау,

Үш мың қара біткен тау [3],
Әкем күйеу болған тау,
Шешем келін болған тау [4].
Ақ бүркеншік салынып,

Ала берен киген тау,
Ит жүгіртіп, құс салып [5],
Өзіме теңдік тиген тау!
Мұнарланып артымда

Қала бердің көрініп.
Ілгері қарай аяғым
Бір баспады - ау ерініп!
Көңіл еріп, жас келіп,

Кетті-ay өңім өзгеріп!
Бай төбетім мыңқылдап,
Даусы қудай саңқылдап,
Байсал тауып үрген тау [6].

Балалы қаздай байпаңдап [7],
Бәйбіше дәурен сүйген тау.
Дуадақтай тоңқаңдап,
Тоқалдар дәурен сүрген тау.

Кетейін деп кетпедім,
Төңірегің толған жау [8].
Шабынды (Сабынды), қола, қамысым[9],
Тамам жұртқа танысым,

Мына да көрген зорлықтан
Қалады-ау есіл қонысым!
Боранда малым ықпаған,
Үйімді дауыл жықпаған.

Шағыр бір жусан, изендім,
Сенен кетіп күйзелдім.
Байлаулы атқа пішінем,
Матаулы атқа кісінем.

Ат арқандар қазығым,
Балаларға азығым!
Кетейін деп, кетпедім,
Ойда - орыс, қырда қазақтан

Тынышым бір кетті-ау жазылған!
Қожыр, қожыр тастарым [10],
Сен есіме түскенде,
Көзімнен ақты-ау жастарым!

Ащының бойы ай татыр,
Балауса шөбің бал татыр [11],
Балдырғаның май татыр.
Актылы қой айдаттыр,

Алалы жылқы жусаттыр!
Шыбышым лак салмаған,
Тоқтым бір қысыр қалмаған.
Үш ай тоқсан соқса да [12],

Малым жұтап қалмаған,
Желіні сыздап маңыраған,
Төлі шулап жамыраған.
Он екі қазылық, ой, Түндік,

Маңырап жатқан қой - Түндік
Есіл – Нұра - екі су [13]-
Еңкейіп онан бетін жу.
Бірің - шекер, бірің - бал,

Қайбіріңді айтайын?!
Бетеге, көде, жауылша -
Шулап тұрған бәрі мал.
Кеуір келді-ау қиқулап,

«Аш құлақтан тыныш құлақ!
Кете бердім зар жылап,
Көбейген соң күнде шу.
Қарқаралы, Қазылық[14],

Жатушы едің жазылып!
Жазғытұғры көшкенде,
Қалушы едің, қара жол,
Қабырғадан қазылып.

Күзгітұрым қонғанда [15],
Төрт түлік мал баурайда,
Жатушы еді жай тауып,
Құлашын керіп жазылып.

Егізімнің сыңары [16]
Бірін сойсам, той болған.
Қалған бірі жетіліп,
Келер жылы өзіндей

Ыңыранып семіз қой болған.
Сойғанымның терісі
Илей білген шеберге
Бір өзі бір бой болған.

Илей білмес жаманға
Ел кыдырып кеткенде,
Кек ала шолақ иттерге
Көкпары болып тартылып,

Зор мереке той болған.
Біз барармыз, барармыз[17],
Барып қайда оңармыз?!
Барсақ, залал тартармыз!

Сендей жерді жалғанда,
Іздеп қайдан табармыз?!
Егін де жайын білмесек,
Арып, шаршап, талармыз!

Тарынын сөгін жалармыз,
Шөпшек теріп, шөп жиып,
Аштан өліп қалармыз!

8. ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ

(алфавит реті бойынша)

1. Абылайдың асында жорғаламағанда,

Атаңның басында жорғалаймысың?! 2. Абылайдан басқа төре - ас еңбегіңді,

Түлкі алмайтын жаман бүркіт - ат еңбегіңді. 3. Аға өлсе, жеңге мұра. 4. Ағайын арасынан (аразынан) ақсайды,

Ат турасынан ақсайды. 5. Ағайын бар болсаң, көре алмайды.

Жоқ болсаң, бере алмайды. 6. Ағайынға қадірім жоқ, бетімді көреді

Қатынға қадірім жоқ, етімді көреді. 7. Ағайынның азары болса да,

Безері болмайды. 8. Ағам - алғанша,

Жеңгем - жегенше. 9. Адал бидің елін дау араламайды. 10. Адам аласы - ішінде,

Мал аласы - сыртында. 11. Адам баласы - Алланың добы.

12.Адам болар жігіттің -
Етек-жеңі кең келер,
Қошқар болар қозының –
Маңдай алды дөң келер.

13. Адам жүрген жерде аруақ жүзеді. 14. Адам көркі - шүберек,

Ағаш көркі - жапырақ. 15. Адам құлақтан семіреді,

Хайуан тамақтан семіреді. 16. Адам сөйлескенше,

Жылқы кісініскенше. 17. Адам сөйлесіп танысады,

Хайуан иіскесіп танысады. 18. Адам тілі тас жарар,

Тас жармаса, бас жарар. 19. Адам тілінен ұсталады,

Ат тезегінен ұстады. 20. Адамзатты сөз бұзады,

Тау мен тасты жел бұзады.
21 .Адасқанның айыбы жоқ,
Айналып үйірін тапқан соң.

22. Адасқанның алды жөн көрінеді. 23. Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ. 24. Адым жерде - олжа бар,

Адым жерде - пәле бар. 25. Аз-аздан үйреніп, дана болады,

Тамшыдан жиылып, дария болады. 26. Аз ғана елге жасауыл болма,

Аз ғана асқа бөгеуіл болма. 27. Ай – айдың оты басқа. 28. Айғайласып келгенде, дау озады,

Аллалап зікір салғанда, қожа озады.
29.Айғыр үнді келсін,
Қошқар жүнді келсін.

30. Айдан - анық, сүттен - ақ,

Күннен - жарық, судан - тұнық. 31. Айдың бір беті қараңғы болса,

Бір беті - жарық. 32. Айналдырған ауру алмай қоймас. 33. Айран ішкен құтылады,

Шелек жалаған тұтылады. 34. Айт дегенде, ит жүгіреді,

Иттің [соңынан]қызыр жүгіреді. 35. Айтулы достың малы бар. 36. Айылың құйысқандай болсын,

Алашын туысқандай болсын. 37. Ақ болса да ант ішпе, айрандай жұғады. 38. Ақ деген құлда бір шағым қу бар. 39. «Ақ» деген - алғыс,

«Қара» деген - қарғыс. 40. Ақ жалау барда -

Мал0ым бар деме,
Әзірейіл барда -
Жаным бар деме!
41 .Ақ көт, қара көт -

Суға түскенде, мәлім болады. 42. Ақ қоянның қалжасын

Адам жесе, тоймасын. 43. Ақ теріні қара теріге айырбастаған. 44. Ақ ұнның наны -

Ақ түйенің шабысына піседі. 45. Аққа – қара жоқ,

Қараға - шара жоқ,
Кәріге - дауа жоқ.

46. Аққан суға да бір тосу. 47. Аққу құсқа оқ тисе,

Қанатын суға тигізбес.
Қас төренің белгісі -
Қарашыға сырын білдірмес.

48. Ақпа құлаққа айтсаң,

Ағып кетеді
Ұқпа (Құйма) құлаққа айтсаң,
Құйып алады.

49. Ақпейілдің аты арып, тоны тозбайды. 50. Ақсақ қой жатып семіреді,

Ақсақ ит жатып үреді 51. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. 52. Ақыл - білім азығы,

Білім - ырыс қазығы. 53. Ақыл жастан шығады,

Асыл тастан шығады. 54. Ақыл жас ұланнан шығады,

Жүйрік тай - құнаннан шығады.
55.Ақыл - малда,
Көрік - көмейде.

56. Ақылсыз бас - аяқтың әлегі. 57. Ақылы жоқ,

Бос белбеу ұрыншақ еді. 58. Ақылы жоқтың - жақыны жоқ. 59. Ақымақ достан - ақылды дұшпан артық. 60. Ақымаққа - тоқпақ,

Аюға намаз үйреткен - таяқ. 61. Ақымақтың тізгіні -

Құлағында болады.
Ақылдының тізгіні –
Кеудесінде болады.

62. Ақын жігіт той бастар,

Батыр жігіт қол бастар.
Шешен жігіт дау бастар.

63. Ала қарғада аласың болсын. 64. Ала қойды бөле қырыққан - жүнге жарымайды. 65. Ала мал ала келер. 66. Алғыс түбі ақ май,

Қарғыс түбі - қара қан. 67. Алды-алдына би болсаң,

Алатауға сыймассың
Бас-басыңа би болсаң,
Балқан тауға сыймассың!

68. Алдыңғы арба қайда жүрсе,

Соңғы арба сол ізбен жүреді. 69. Алланың шайтанынан адамның шайтаны күшті. 70. Алма алмадан реңк алады. 71. Алпыс жыл атан болғанша,

Алты күн бура бол. 72. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. 73. Алтын көрсе, періште жолдан шығыпты. 74. Алтынды ала білген бөле біледі. 75. «Алың - алыңмен» - алты сарт аштан өліпті.

«Қошқардікі түседі» - деп, қасқыр аштан өліпті. 76. Алып - алты, жеп-жеті болмайды. 77. Алыс та, атынды жық,

Аясаң, қоя бер. 78. Алыстағыдұшпаннан

Андып жүрген дос жаман. 79. Алыстан арбалағанша,

Жақыннан дорбала. 80. Аман - айтуға,

Есен - естуге,
Семіз - көруге.

81. Ана көрген - тон пішер,

Ата көрген - оқ жонады. 82. Анасын көр де, қызын ал,

Аяғын көр де, асын іш. 83. Ант - аумай, ат жүгірмейді. 84. Андамай сөйлеген -

Ауырмай өледі 85. Аңдысқанауыл болмайды,

Есептескен дос болмайды. 86. Аңқау елге - арамза молда. 87. Апы кіріп, күпі шығып. 88. Апырып, жапырып,

Бір тауды бір тауға соғып. 89. Арамзаның құйрығы – бір - ақ тұтам.

90.Арамсыз адал болмайды,
Жамансыз жақсы болмайды.

91. Арзан би ғылытсыз болмайды,

Қымбат би хиктамсыз болмайды. 92. Арқадағы Абылайдай бол,

Бұхарадағы Даниярдай бол. 93. Арқанның ұзыны,

Сөздің қысқасы жақсы. 94. Арқасынан аяз қысқандай,

Боранның масағы тигендей. 95. Арлы арына қараса,

Арсыз жеңдім дейді. 96. Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен. 97. Арпаны асқа санама,

Боғыңды көбейтеді!.
Жаманды еске санама,
Тобыңды көбейтеді.

98. Артқы аттың жеткенін

Алдыңғы ат білмейді. 99. Аруақ қанға тояды. 100. Аруана - нардан туады,

Қас бұзақы - қардан туады. 101. Ас - адамның арқауы. 102. Ас - аттынікі,

Той – тондынікі. 103. Аса пайда - пайда етпес,

Пайда етсе де, бай жетпес. 104. Асатпай жатып «Құлдық!» - дейді. 105. Асқа тәлім - мешкей,

Көтке тәлім - ойнасшы. 106. Асты қорлама, құстырар,

Ерді қорлама, тыштырар. 107. Астың аласы -

Құдайдың пәлесі. 108. Астың жақсысы да - айран,

Жаманы да - айран . 109. Асығып басқан –

Шайтанның ізін басады.
Аңдап басқан -
Қызырдың ізін басады.

110. Асық ойнаған азар,

Доп ойнаған тозар,
Қой бағып, көтен жеген озар!

111. Асық ойнаған - ақтық,

Доп ойнаған - тоқтық,
Бәрінен қой бағып, көтен жеген - боқтық.

112. Асыққан- қалар ұятқа. 113. Асыққан - шайтан ісі,

Сабырлық - құдай ісі. 114. Ат айналып, қазағын табады,

Диірмен айналып шүмегін табады. 115. Ат арыса, тулақ,

Ер арыса, аруақ. 116. Ат аунаған жерде түк қалады 117. Ат баспайын деген жерін үш басады.

Ер көрмеймін деген жерін үш көреді. 118. Ат бауырынан қан етсе,

Қиыспайды туысқан. 119. Ат - биеден,

Алып анадан туады. 120. Ат болар тай - саяққа үйір,

Адам болар бала - қонаққа үйір. 121. Ат - ердің қанаты. 122. Ат - ерінді,

Ер мұрынды келеді. 123. Ат иесі алдына мінеді. 124. Ат пен есектің ақыры бір болса, мінездес болады. 125. Ата алмаған атынан көреді,

Қайтып келіп, қатынынан көреді. 126. Атадан алтау тусаң, бір жалғыздық. 127. Атадан бала астым десе,

Баптан (бастан) төмен туады. 128. Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі.
Ата жолын қумаса,
Бәрінен де жоғы игі!

129. Аталастың аты озғанша,

Ауылдастың тайы озсын. 130. Аталасым, атқа мін,

Атасы басқа, аттан түс. 131. Аталы ұлдың кісесі басқа,

Биелі ұлдың боқшасы басқа. 132. Атаның жаман ұлы-малға ортақ.

Әзірейіл - жанға ортақ.
133.Атаң да болса, бір жолдас,
Қатының да болса, бір ойнас.

134. Атан өлсе, қойылар,

Атан өлсе сойылар. 135. Атан өлсе, өлсін,

Атаңды көрген өлмесін. 136. Аттан жығылғанды пері аңдиды,

Далада қалғанды бөрі аңдиды. 137. Аттан жығылсын, жау өлсін.

138.Аттыға - жол,
Ауыздыға сөз бермейік

139. Аты аталмаған жігіттен –

Аты шыққан қу артық. 140. Атың жемқор болса, берді Құдай,

Қатының жемқор болса, ұрды Құдай. 141. Аударыспақ ойнаса,

Аздың көті қылпылдайды.
«Тақия алыспақ»- ойнаса,
Таздың көті қылпылдайды.
Жұрт ду көтеріле шаба жөнелгенде,

Туысы жалғыздың - үйде отырған
Әке-шешесінен көті қылпылдайды.
«Күйеу ұрын келеді» - дегенде,
Қыздың көті қылпылдайды.

142. Аузынанақ ит кіріп,

Қара ит шығып. 143. Ауру - астан,

Дау - қарындастан. 144. Ауру батпандап кіріп,

Мысқылдап шығады. 145. Ауру елегенге түстенеді,

Қорғаштанғанға қонады. 146. Ауру емес, жын емес,

Мінезді қалай бағамыз? 147. Ауру кісі күлкі сүймейді,

Ит жүйрігін түлкі сүймейді. 148. Ауру кісі - тырысқақ,

Аш кісі - ұрысқақ. 149. Ауру қалса да,

Әдет қалмайды. 150. Ауруды елемеген өледі. 151. Ауыздан шыққан сез - орнына кайта сыймайды.

Надан шыққан - жеріне қайта сыймайды. 152. Ауыздан шыққан түкірік –

Қайта жұтса, мәкүріп. 153. Ауылдағы молданың ауызы сасық. 154. Ауырып жазылған жан олжа,

Жоғалып табылған мал олжа. 155. Аш атасын танымас. 156. Аш атым - тоқ атым,

Тоқ атым - жоқ атым. 157. Аш бала тоқ баламен ойнамайды,

Тоқ бала аш болам деп ойламайды. 158. Аш иттің көтін сұқ ит жалайды,

Сұқ иттің көтін сұм ит жалайды.
Сұм иттің көтін сұр ит жалайды.

159. Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді. 160. Ашаршылықта туған баланың

Екі көзі аста.
Тауда туған құлынның
Екі көзі таста.

161. Аштан өлсең де, ата кәдеңді қойма. 162. Ашу - пышақ,

Ақыл - таяқ. 163. Аюды ноқталап мініп жүріп,

Құлдың құрылысынан шошыпты. 164. Аяғы жаман төрге шыға алмас,

Жеңі жаман ас іше алмас. 165. Аяғы жаман терді былғар,

Аузы жаман елді былғар.
Көті жаман көлді былғар.

166. Аяғын көріп, асын іш,

Шешесін көріп, қызын ал. 167. Әдептінің баласы –

Асатпай асын жемейді.
Көргенсіздің баласы -
Көріп отырса да. «Мә!» - демейді.

168. Әділ биде ата жоқ,

Тура биде туған жоқ,
Туғанына бұрған биде иман жоқ.

169. Әділ бидің елін дау араламайды,

Әділ патшаның елін жау араламайды. 170. Әйелдің аузы - алпысты,

Асты - жетпістікі. 171. Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа. 172. Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без,

Шеше тұрып, қыз сөйлегеннен без. 173. Әкем өліп те, өлгем жоқ. 174. Әкесі өлгенді де естіртеді. 175. Әлем Әлімге күледі,

Әлім әлдебіреуге күледі. 176. Әлді түлкі аштан өлмес. 177. Әлін білмеген - әлек,

Әліңді білсең керек. 178. Әңгіме бұзау емізеді,

Бұзау таяқ жегізеді. 179. Әңгіме мұрыннан келеді. 180. Әр қамалға - бір зауал.

181 .Әр ханның тұсында бір сұрқылтай. 182. Әркімдікі өзіне -

Ай көрінер көзіне. 183. Әркімнің үйренген жері –

Мысыр шаһары. 184. Әсіре қызыл тез оңады. 185. Әуелгі қыстау - жердің құты,

Әуелгі әйел - ердің құты. 186. Әуелі өзіңнің үйіңе жақ,

Онан соң ауылыңа жақ,
Онан соң отан - аймағыңа жақ,
Онан соң халқыңа жақ,
Сонан соң барып, Құдайға жақ!

187. Әуені местей, жерді ұлтарақтай қылады. 188. Әулие - ат үстінде,

Машайық – мал ішінде. 189. Әулие жанындағысын қолтықтайды. 190. Әулие, қасиетіңнен безейін,

Тамағымды берші! 191. Бай байға құда болса,

Арасында жорға жүреді,
Кедей кедейге құда болса,
Арасында дорба жүреді.
Бір бай бір кедейге құда болса,

«Қайдан болдым?!» - деп, зорға жүреді. 192. Бай байға құяды,

Шұқанақ сайға құяды,
Өзек өзенге құяды.

193. Бай - бай емес,

Бірлік - бай. 194. Бай - бастас,

Би - құлақтас. 195. Бай болсаң, жан - бір алтын:

Қанша сыласаң, көнеді,
Жарлы болсаң, жан - бір күдері:
Қанша қинасаң, қинауыңа [төзеді].

196. Бай болсаң,

Торғын орамалмен бетіңді сүрт.
Жарлы болсаң,
Жаныңменен көтіңді сүрт.

197. Бай - бір жұттық,

Батыр – бір оқтық. 198. Бай төсегі – темір кіс,

Кедей төсегі - қара кіс. 199. Бай төсегі – темір пейіш,

Кедей төсегі - қара кебіс. 200. Байдың асын байғұс қызғанады. 201. Байдың малы - ардақты,

Кедейдің жаны (баласы)- ардақты. 202. Байлық - мұрат емес,

Жоқтық - ұят емес. 203. Байсалды айғырдың үйірін ат жақтайды. 204. Байтал шауып, бәйге алмас. 205. Бақа сисе, көлге сеп. 206. Бақ-бақ еткен текені

Қар жауғанда, көрерміз.
Батырсынған жігітті
Жау келгенде, көрерміз!

207. Бақпаса, мал кетеді,

Қарамаса, қатын кетеді. 208. Бақсыны керсе,

Аурудың дерті қозады.
Ұстаны көрсе,
Айылбас тозады.
Елді көрсе,

Ит озады. 209. Бақыр қазан - баршаның қамы. 210. Баланы - жастан,

Қатынды - бастан. 211. Баланың жеңінің ұшын жамаса,

Қарыс - бойы өседі. 212. Баланың істегені білінбес,

Тайдың мінілгені білінбес. 213. Балаң жаман болса,

Дәрменің кетер.
Қатының жаман болса,
Арманың кетер.
Қапа - қасіретпенен заманың кетер!

214. Балапан басына,

Тұрымтай тұсына. 215. Балдан тамады,

Бардан жұғады. 216. Балдыздың - балдан тәтті,

Дәмін татсаң, жалдан тәтті. 217. Балта көтергенше,

Дөңбек жай табады. 218. Балтамен шапқандай мін тұрып,

Пышақпен жонатынды көреді. 219. Балтаның сабы - ұзынынан,

Жасықтың – көбінен -
Ақылдың азы жақсы.

220. Балуанға оң - терісі бірдей.

221 .Балық жеген бағыспайды,
Жан-жағына қағыспайды.

222. Балық жүні жылмағай,

Ұстаған көңілі тынбағай. 223. Бар ағайын пәтуада болмас,

Жоқ ағайын сатуда болмас. 224. Бар - барын бермейді,

Жоқ - қарап тұрмайды. 225. Бар - қасына бар - дағы,

Байымасаң, маған кел.
Жоқ - қасына бар - дағы,
Жоғалмасаң, маған кел!

226. Бар мақтанса, табылады,

Жоқ мақтанса, шабылады. 227. Бар - шабылмас,

Жоқ - табылмас. 228. Барар жерің - Балкан тау,

О да біздің көрген тау. 229. Бардан - пайда,

Жоқтан залал. 230. Бардың ісі - пәрменмен,

Жоқтың ісі - дәрменмен. 231. Барымен - базар ,

Жоқты қайдан қазар?! 232. Бас ауырса, жан қорқар. 233. Бас - басына би болсаң,

Матар [Қара] тауға сыймассың!
Алды-алдына би болсаң,
Алатауға сыймассың!

234. Басқа келген пәледен,

Бастан құлақ садақа. 235. Басқа пәле неден? –

Басқа пәле - тілден! 236. Басы - барымта,

Басқасы - сырымта. 237. Басы қараның байы кеп,

Басына пайдасы жоқ,
Бөдененің үйі жоқ:
Қайда барса, бытпылдық.

238. Басынан кіріп,

Аяғынан шығып. 239. Басынды кім сыйласа,

Машайығын - сол! 240. Баталы құл - арымас,

Батасыз құл - жарымас. 241. Батаменен ер көгереді,

Жаңбырменен жер көгереді. 242. Батыр - алғырт,

Бай - салғырт. 243. Батыр - аңқау,

Бай - салқау. 244. Батыр - бір оқтық,

Бай - бір борандық. 245. Батыр деген – бір - ақ ат,

Би деген - ақ шариғат. 246. Батыр өлгенін білмейді,

Жомарт бергенін білмейді. 247. Батырдан да жолды игі. 248. Батырлық - жолдасқа пайда, жанға қас,

Мырзалық - қонаққа пайда, малға қас.
Өткір пышақ - қолға пайда, қынға қас,
Өткір сөз - дауға пайда, жанға қас.

249. Бауыр болмай,

Тәуір болмас,
Ру болмай, бұру болмас,
Сәуір болмай, жауыр болмас.

250. Бәйбіше - Құдай бұйрығы,

Тоқал - иттің құйрығы. 251. Бәрі - таздың салдары. 252. Бейнет түбі - рақат. 253. Бейшараның асын: «Бисмилла»- тауысады,

Аз ас болса, бисмилла көтін қысады. 254. Белден шалғын - береке. 255. Береген қолым - алаған. 256. Берген аста - береке бар,

Бермеген аста - біте бар.

Мәшһүр - Жүсіп ескертуі: «Береке»- Құдайдың [бір] аты, «Біте»- шайтанның аты. 257. Берген - биге жарыған,

Бермеген - кімге жарыған?! 258. Берген перде бұзады. 259. Берейін деген құлына -

Айдап салар [ілінсе].
Бермейін деген құлына –
Ізі де табылмас, бүлінсе!

260. Бермесе де, бай жақсы.

Жемесе де, май жақсы. 261. Берсең, аласың,

Ексең, орасын! 262. Бесі айғырдың бетінен сақта! 263. Би қылмасаң, би қылма,

Би түсетін үйі қыл. 264. Биді би десең, күледі,

Құлды құл десең, еледі. 265. Бидің үйі - құр даурық,

Ұстаның үйі - құр:«шық-шық!» 266. Болар ұлан боғынан. 267. Болат пышақ қап түбінде жатпайды. 268. Боранды күні ит пен бала құтырады. 269. Бөрі арығын білдірмейді,

Итке жүнін қампайтар. 270. «Бөрі - қартайса да, бір қойлық болады!»- деген.

271 .Бурыл атта бұғау бар,
Оны кесер егеу бар.

272. Бұзылар елдің белгісі -

Бура - қарасы бас болар. 273. Бұқаны малым бар деме,

Диуананы жаным бар деме. 274. Бұл дүниеде үш кісіден ыхтыраз:

Бірі - ақсақ, бірі - соқыр, бірі - таз. 275. Бұл не қылған батпан құйрық,

Тегіннен жатқан құйрық?! 276. Бұлттан шыққан күн ыстық,

Күннен туған ұл ыстық. 277. Бұлтты күні - күн таяқ жейді. 278. Бұралқы ит үнмен жағады,

Бұйра қозы жүнмен жағады. 279. Бұралқының пұлы жоқ.,

Бұзылған шаһардың сәні (сыны) жоқ. 280. Бұрынғының қойы маңыраушы еді,

Ендігінің қойы ауызын ашады. 281. Бұтаны қорғалаған торғайдың жаны қалады. 282. Бүлінгеннен бүлдіріп алма. 283. Бүркіт алсаң,

Көрінген қызылға талпынып, бармайтынын ал.
Қатын алсаң,
Көшкенде, жұртыңда қалмайтұғынды ал!

284. Білген - білгенін істep,

Білмеген - бармағын тістер. 285. Білмес - Құдайды білмес,

Көрмес - түйені кермес. 286. Білім - ер азығы.

Ер - ел азығы. 287. Білімді мыңды жығады,

Білекті бірді жығады. 288. Бір ауылда – бір үй аш болса,

Бар ауылды аш қылады.
Бір ауыл аш болса,
Бар елді аш қылады.

289. Бір байдың жұртына екі тышқан таласады. 290. Бір бала әкеден ете туады,

Бір бала әкеге жете туады.
Бір бала көтінен кете туады.

291. Бір баласы бардың –

Шығар-шықпас жаны бар.
Екі баласы бардың –
Өкпе, бауыр, жалы бар.
Үш баласы бардың –

Бухарада бұты бар,
Хорсанда қолы бар.

292. Бір жатқан есектің ен малы. 293. Бір жоқты бір жоқ табады. 294. Бір жол бар - алыс,

Алыс та болса, жақын.
Бір жол бар - жақын,
Жақын да болса, алыс.

295. Бір кедейге бір кедей өш келеді. 296. Бір көрген - біліс,

Екі көрген - таныс. 297. Бір күн дәм татқанға –

Қырық күн сәулем! 298. Бір күн қарыны ашқаннан –

Қырық күн ақыл сұрама. 299. Бір күн туыппын,

Бір күн өліппін. 300. Бір кісі мың кісіге олжа салады. 301. Бір кісінің ішіне бір-ақ аяқ ас сыяды. 302. Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді. 303. Бір қыдыр бар: құт - қыдыр,

Бір қыдыр бар:- жұт - қыдыр,
Бір қыдыр бар: бұт - қыдыр.

304. Бір қызымнан - бір қызым һәм сорақы. 305. Бір мал пайда келтірер,

Бір мал залал келтірер,
Залал келтірген мал –
Иесін өлтірер!

306. Бір өлімнен құтылу жоқ. 307. Бір сөзді айтсаң,

Бір сөз еске түседі. 308. Бір тай бие болмайды,

Екі тай түйе болмайды. 309. Бір тары - ботқа болмас,

Ботқа болғанмен,
Жұртқа ас болмас.

310. Бір шайнасаң, май шайна,

Шылқылдасын аузында.
Қатын алсаң, семіз ал,
Былқылдасын қойныңда.

311. Бірге тумақ болса да,

Бірге жүрмек жоқ. 312. Бірді беріп, мыңды алсаң,

Бір байырғыдай болмайды.
313.Бірдің шарапаты – миға тиеді,
Бірдің кесапаты - мыңға тиеді.

314. Біреу «қырық жеті» - беріп,

Қатын айттырады.
Біреу үйде жатып:
«[Қатын] менікі! – дейді.

315. Біреу өлмей, біреу күн көрмейді. 316. Біреуге - пышақ,

Екеуге - таяқ. 317. Бітісі жаман қамысты –

Су ішінде өрт алады.
Жетесі жаман жігітті
Ажалдан бұрын дерт алады.

318. Ғалымның хаты өлмейді,

Жақсының аты өлмейді 319. Даудан тиген,

Диірменнен өткен. 320. Даудан - ілік,

Тойдан - жілік. 321. Дауды елемеген - төлейді,

Ауруды елемеген – өледі. 322. Дәм айдаса, қалма,

Адам айдаса, барма. 323. Дәм - ғанибет,

Дидар - ғанибат. 324. Дәметпеген - астан құр қалады,

Ұялған - көттен құр қалады. 325. Дәрігерің дәрігері -

Дертке дерт қоспаған. 326. Долы қатын - жылауық,

Сүтсіз сиыр - мөңіреуік,
Ақсыз төлдеген қой - жамырауық.

327. Дос - басқа, дұшпан аяққа қарайды. 328. Дос болып, ауру болғанша,

Сауда қылып, сау бол! 329. Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады. 330. Досын бергенің тұсына (түсіне) қарама! 331. Досын да, дұшпаның да ер болсын. 332. Дуамен ер көгереді,

Жаңбырмен жер көгереді. 333. Дұшпаннан түк тартса да, пайда. 334. Дүние бір күн бетін көрсетеді,

Бір күн көтін көрсетеді. 335. Дүниеде бір кезі бар, бір көзі жоқтан сақтан,

Бір қолы бар, бір қолы жоқтан сақтан,
Бір аяғы бар, бір аяғы жоқтан сақтан!

Мәшһүр - Жүсіп ескертіп «Егер бұлар бүтін тұрғанда, дүниені бүлдірер едік. Құдай -Тәбәрік уа тағала пенделерінің сырын әбден біліп жаратқан. Оларды бүтін қылмай, жарты қылғандығы - басқа пенделерін аяғаны, жаны ашығандығы. Және бұлар бүтін жаратылғандарға сыбағасын жеткізбейді.» 336. Дүниеде тас табылар,

Қымбатлы бас болмас. 337. Дүниені жиған - жемейді,

Бұйырған жейді. 338. Ексең егін, ішерсің тегін. 339. Екі аяқ қымыздың -

Бір аяқ желігі болады. 340. Екі аяқтыда - бажа (құрбы) тату,

Төрт аяқтыда - бота тату. 341. Екі даугер ауыл болмас,

Қас төреде бауыр болмас. 342. Екі жабысқақ, бір сылтау. 343. Екі жақсы дос болмайды,

Дос болса, түбі бос болмайды. 344. Екі жақсы ерікпес,

Екі жаман бірікпес. 345. Екі жақсыдан бір жаман туса,

Жыннан пайда болады,
Екі жаманнан бір жақсы туса,
Нұрдан пайда болады.

346. Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді. 347. Екі кісінің тақсыры -

Бір кісі діннен шығарады. 348. Екі қарадан күлкі туады,

Екі сарыдан үкі туады,
Бір ақ, бір қарадан түлкі туады.

349. Екі қатын алғанның - дауы үйінде,

Жаман қатын алғанның - жауы үйінде. 350. Екі қырағыдан суқараңғы туады. 351. Екі нардың арасында шыбын өледі. 352. Екі өлмек жоқ. 353. Екі сұңқар таласса,

Құзғын, қарғаға жем түседі. 354. Екі торының өзгелігі жоқ. 355. Екі шоқып, бір қара. 356. Ел алмаған - елу жыл жатады. 357. Ел даусыз болмайды,

Тау құрсыз болмайды. 358. Ел жиіде - кедей ток. 359. «Ел көшті, жау жетті!»- деп. 360. Ел қонбай, ит тынбайды. 361. Ел - тозығы жетер - сөзден азар,

Ер - тозығы жетер - көзден азар. 362. Ел - ұрысыз,

Тау бөрісіз болмайды. 363. Елден кетсе де, ерден кетпейді. 364. Елдің жайлауында,

Биенің байлауында. 365. Елу жылда - ел жаңа,

Жүз жылда - қазан жаңа. 366. Елуде - елес,

Қырықта - қылау. 367. Елің қосқандай болсын,

Алашын туысқандай болсын. 368. Енді соқыр көрінсе,

Жоламайын қасына. 369. Ем таппаған - тұз жалайды. 370. Еменнің иілгені сынғаны. 371. Енбек қылсаң, емерсің. 373. Еңбектіге қара жер ойылады. 373. Еңкейгенге - еңкей:

Әкеңнен қалған құл емес.
Шалқайғанға шалқай:
Пайғамбардың ұлы емес.

374. Еп – ептен - себеп (сәбап)

Балшықтан - мұрат. 375. Ер дұшпансыз болмайды,

Есек тұсаусыз болмайды. 376. Ер - егіз,

Еңбекте - жалғыз. 377. Ер екеніңді білейін,

Ер өлтірші, көрейін. 378. Ер есектей тасиды,

Қатын қаздай асайды. 379. Ер жігіттің екі сөйлегені – өлген, 380. Ер игісі - қос табар. 381. Ер қартайса, көзден азар,

Кеп отырған жерден азар. 382. Ер толқыса, ел сүйеу болады,

Су толқыса, жар сүйеу болады,
Халық толқыса, хан сүйеу болады,
Хан толқыса, кім сүйеу болады?!

383. Ер - туған жеріне,

Ит - тойған жеріне. 384. Ергежейлінің елуі жиылып, ешкі жыға алмайды. 385. Ерден - ердің қаупі бар. 386. Ерді - Құдай,

Етікті нәл сақтайды. 387. Ерді намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді. 388. Ердің атын қатын шығарады,

Қатынның атын отын шығарады. 389. Ердің ерлігін білмеген -

Құдайдың «Бірлігін!»- білмейді. 390. Ердің құны - есебін тапқан сабазға екі - ақ ауыз сөз. 391. Ердің үш жұрты болады. 392. Еркек семіз болса, елдің құты,

Қатын семіз болса, үйдің жұты. 393. Еркек семіз болса - есек,

Қатын семіз болса - салулы төсек. 394. Еркекте ақыл қалмайды,

Қонысынан ауған соң.
Әйелде ақыл қалмайды,
Біреуден сауын сауған соң.

395. Еркектің қоры - күлегеш,

Әйелдің қары - күлегеш. 396. Ерсіз қатын үйге тұрмас,

Баусыз оймақ қолға тұрмас. 397. Ерте тұрғанның - ырысы артық. 398. Ертеңгі үшін есек қайғырады. 399. Ерінген - екі тышар. 400. Есебін тапқан - екі асар. 401. Есек ойыны - қырық жылда,

Есебі табылар – бір жылда. 402. Есектің күші - адал,

Сүті - арам. 403. Есек - тұсаусыз болмайды,

Ер - дұшпансыз болмайды. 404. Есеп: есеп білмеген - есек. 405. Есерсоқ болмай,

Ер болмайды.
Есептен болмай,
Бай болмайды.

406. Eccіз ауруды

Жынсыз бақсы бағады. 407. Естімеген елде кеп,

Есек мінген сартта кеп. 408. Есі кеткен ешкі жияды,

Ешкіменен есін жияды.
Ең таппаған - сиыр жияды.

409. Есіктен табылса,

Төрге озба. 410. Есің барда - елің тап. 411. Етті - қуырған тауысады,

Сиырды – шұбырған тауысады. 412. Еттің бәрі - қазы болмас,

Иттің бәрі тазы болмас. 413. Ешкі егіз табады,

Ит сегіз табады,
Шошқа тоғыз (семіз) табады.
Ұл туғанға - күн туады,
Тук таппаған - ыржияды.

414. Ешкілі қой - өреген,

Қызды ауыл өсекші. 415. Жағатын күн ыстық келеді,

Өлетін жігіт пысық келеді. 416. Жазғытұрғы айғыр - жамбасынан,

Сақ қарға салмағынан ілінеді. 417. Жазуға сенген - жаңылшақ,

Оқуға сенген – ұмытшақ. 418. Жаққанға - жағып,

Жақпағанның дамбалын ала кетеді. 419. Жақсы айғырдан ат ұстайтын -

Бала тусын. 420. Жақсы ат -

Ажал болмаса, бейнеттен құтқарады. 421. Жақсы ат -

Есен болмаса, бейнет тіптен. 422. Жақсы әйел -

Жаман еркектің басын хан қылады.
Жаман әйел -
Жақсы еркектің басын даң қылады.

423. Жақсы әке - қырық жыл азық. 424. Жақсы бастар, жаман қостар. 425. Жақсы болсаң жердей бол -

Бәрін шыдап көтерген.
Таза болсаң, судай бол –
Бәрін жуып көтерген.

426. Жақсы – жаманның азығы,

Өлі - тірінің азығы. 427. Жақсы жүрісінен пұл болады,

Жаман жүрісінен құл болады. 428. Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді. 429. Жақсы - көргенін айтады,

Жаман - бергенін айтады. 430. Жақсы кісі аттан құласа,

Жаман кісі табашы болады. 431. Жақсы лепес - жарым ырыс. 432. Жақсы мал - жан садақасы. 433. Жақсы мен жаманның жаны бірдей,

Арық пен семіздің бауыры бірдей. 434. Жақсы сөз - жанның азығы. 435. Жақсы сөзге жан семіреді. 436. Жақсыға сөз ереді,

Жаманға шеп ереді. 437. Жақсыға да бір: «Шіркін!»,

Жаманға да бір: «Шіркін!» 438. Жақсыда жаттық жоқ. 439. Жақсыдан жаман туады –

Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады -
Адам айтса, нанғысыз.

440. «Жақсыдан - жаман туды!» - деп, өкінбе.

Күндерің бір күнінде
Тартпай қоймас негізге.

441. Жақсыдан - шарапат,

Жаманнан - кесапат. 442. Жақсымен жолдас болсаң,

Жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болса,
Қаларсың ұятқа.

443. Жаланбаса, сиыр бола ма,

Ойнамаса, бала бола ма?! 444. Жалаң аяқ байпаңдап,

Қаздар қайтіп күн көреді?!
Шыбын шықса, жаз болып,
Таздар кайтып күн көреді?!

445. Жалаңаштанып жауға шап,

Ажал келмей, елім жоқ! 446. Жалғанда еккен болсаң,

Ақыретте орып аласын. 447. Жалғанда сүйерің - от,

Ақыретте күйерің - от! 448. Жалғанды жалпағынан басып. 449. Жалғанның жарты пәлесі. 450. Жалғыз жігіт би болмас,

Жалғыз ағаш үй болмас. 451. Жалғыз қурай жер жарады. 452. «Жалғызбын!» - дегенге Аллам қоймайды,

«Жарлымын!» - дегенге борышым қоймайды –
Бұл жаным қайтсе қалады?!

453. Жалғыздық - Құдайға жарасар! 454. Жалғыздың жары - Құдай. 455. Жалқауға - сөз, шайтанға таяқ өтпейді. 456. Жалтыраған бетіне,

Жылан кірсін көтіңе. 457. Жалынған - қорған емес,

Жағаласқан - қорған. 458. Жаман адам - тақпақшыл,

Жаман сиыр - соқпақшыл. 459. Жаман айғыр енесіне тап береді. 460. Жаман атқа жал бітсе,

Жалына торсық байлатпас.
Жаман адамға мал бітсе,
Жанына қонсы[қондырмас].

461. Жаман да болса, ағамыз,

Жақсыны қайдан табамыз?!
Ауру емес, жын емес,
Мінезді қалай бағамыз?!

462. Жаман күйеу - қайынсақ. 463. Жаман малды асырасаң,

Аузы-мұрныңды май етер,
Жаман адамды асырасаң,
Аузы-мұрныңды қан етер.

464. Жаман мерген теке атқан жеріне өш. 465. Жаман - өз сыбағасына құлды ұрады. 466. Жаман - сыйлағанды,

Сиыр - сипағанды білмейді. 467. Жаман тонның биті ащы,

Жаман адамның тілі ащы. 468. Жаман үйден - қосым жақсы,

Сынық ошақтан - мосым жақсы.
Жаман қатын алғаннан да,
Бойдақ жүрген осым жақсы.

469. Жаманға жақсылық еткені –

Жауырынша боқ сүрткенің. 470. Жаманға жақсылық қылсаң,

Атынды ерттеп қойып, қыл. 471. Жаманды жіберсең: «Жау жетті!» - дейді. 472. Жамандыққа – жақсылық қыл! 473. Жаманмен құда болсаң,

Дауымен іс қылады.
Итпенен үйір болсаң,
Боғымен той қылады.

474. Жаманның айтқаны келмейді,

Сандырақтағаны келеді. 475. Жаманның әлі жапалаққа келеді. 476. Жаманның барынан - жоғы игі. 477. Жаманның жүзі - бірге есеп,

Қарғаның миына - бір кесек. 478. Жаманның ойыны - жаман,

Шошқаның мойыны - жаман. 479. Жаманның үйі қопсыса, жүні түседі,

Жақсының үйі қопсыса , күйі түседі. 480. Жандыда - жайын үлкен,

Жансызда - қамыс үлкен. 481. Жантақты жерде сона бар. 482. Жаны ашымастың қасында -

Басың ауырмасын. 483. Жанын жамбасынан алғандай. 484. Жана байдан қарыз алма,

Ескі байдан қол үзбе! 485. Жанылмас жақ болмас,

Сүрінбес тұяқ болмас. 486. Жапалақпен тасты ұрса да,

Жапалақ өледі
Таспен жапалақты ұрса да,
Жапалақ өледі.

487. Жаптым - жала,

Жақтым - күйе. 488. Жарғанатқа - жарықтан

Қараңғы артық. 489. Жарлы болма,

Жарлы болсаң, арлы болма. 490. Жарлыға жарты қарсақ пайда,

Бүтін қарсақ қайда? 491. Жарлылық жақсы екен –

Жатып ішер ас болса! 492. Жарлылық - жомарт ердің қолын байлайды. 493. «Жарлымын!» - деп, тарықпа,

«Жалғызбын!» - деп, зарықпа! 494. Жарлының аузы асқа тисе,

Мұрыны қанайды. 495. Жарым құрсақтан - жатар орын. 496. Жас - жастың тілеуі бір. 497. Жасқаншақтың көзі сау. 498. Жат жорғасы - бие болады,

Тай жорғасы - түйе болады. 499. Жатқан жыланның құйрығын өзің бастың. 500. Жатқанға - жан жуымайды. 501. Жау - жағадан алғанда,

Бөрі - етектен алады. 502. Жау жоқ деме - жар астында,

Бөрі жоқ деме - бөрік астында. 503. «Жау келді!» - деп,

Ақылыңды тауыспа.
«Көшемін!»- деп,
Отыныңды тауыспа!

504. Жау малы жасық татымас. 505. Жауатын күн ыстық келеді,

Өлетін бала пысық келеді. 506. Жаудағының да тезегі тиеді. 507. Жауды аяған - жаралы қалады. 508. Жауды батыр қашырды,

Жақсы аты Бараққа қалды. 509. Жаужұмыр жақсы болса,

Ит жемес пе ед1?! 510. Жаяудың шаны шықпас,

Жалғыздың үні шықпас. 511. Жел - несібелі. 512. Желдетпей, тұман ашылмас,

Желінбей, жүйрік басылмас. 513. Желіні сау қой - қосаққа имейді. 514. Жеңгенің көңіліне қараймын деп, буаз болдым. 515. Жеңіл тулақ - желге ұшар. 516. Жер астынан жік шықты,

Екі құлағы тік шықты. 517. Жер асыңнан - жемес асың көп болсын. 518. Жер жұтуға тоймайды,

От отынға тоймайды,
Кісі ұйқыға тоймайды,
Бөрі қойға тоймайды,
Құлақ естуге тоймайды,

Көз қарауға тоймайды.
Өмір - жасауға тоймайды,
Бай малға тоймайды,
Ғалым ғылымға тоймайды,

Жер суға тоймайды,
Әйел ерге тоймайды,
Өлі дуаға тоймайды,
Тері иге тоймайды,

Төс балғаға тоймайды (14 тоймас бар). 519. Жерден жеті қоян тапқандай. 520. Жерден тапсаң, санап ал,

Жан - жағыңа қарап ал! 521. Жердің тауы айналмайды,

Тасы айналады.
Ауған елдің басы айналады.

522. Жетер-жетпес мүмкін тахыт [тақ]. 523. Жеті атасын білмеген -

Жетесіздік салдары. 524. Жеті күн - елден,

Жел күн - желден. 525. Жетім-жесірді жылатқан -

Өз-өзін қан қақсатқан -
Азды-көпті жиған-тергеніне ие болмайды.

526. Жетім қозы - көткеншек (күтіншек). 527. Жетім құрсағы - жетеу. 528. Жиен ел болмас,

Желке ас болмас. 529. Жиен неге ел болмасын, малы болса?!

Желке неге ас болмасын, майы болса?! 530. Жоғалған пышақтың сабы алтын. 531. Жоғары ернімен көк тіреп,

Төменгі ернімен жер тіреп. 532. Жоқшылықта туған құлынның

Екі көзге - таста.
Ашаршылықта туған баланың
Екі көзі - аста.

533. Жолаушы жиылып,

Елден кеп болмайды.
Шұқанақ жиылып,
Көлден көп болмайды.

534. Жомарт - жоққа тоқтар,

Тентек - көпке тоқтар,
Өтірік - шынға тоқтар,
Асыл - қынға тоқтар.

535. Жорға жүрісінен - пұл болады,

Жаман жүрісінен - құп болады. 536. Жорға мінген - жолдасынан айрылады,

Сұлу алған - құрбысынан айрылады,
Құдай ұрған - құрдасынан айрылады.

537. Жортар аттың жоғы игі,

Жаманның барынан да, жоғы игі. 538. Жортуыл басы жолда қалады. 539. Жорыққа қатын аттанса,

Сақар мен сабын ұрлайды. 540. Жуас түйе жүндеуге жақсы. 541. Жуастан жуан шығады. 542. Жұмыртқада түк қанша,

Әйелдің ақылы сонша. 543. Жұртта қалған жөке арқан -

Алып, кімді бай етеді
Қалып кімді жарлы етеді?!

544. Жұт - жеті ағайынды,

Күйеумен - сегіз ағайынды. 545. Жұтқан - жұтамайды. 546. Жұп жеткен түйеге

Бәуәддин не қылады? 547. Жүз қараң болғанша,

Жүз тамырың болсын. 548. Жүйрік ат көпке олжа салады. 549. Жүйрік ат, шешен -

Ер бағына туады. 550. Жүйрікке құмар бол. 551. Жүйрікке - томар,

Түйеге - көрдім жоқ. • 552. Жүйріктің тері кеппес,

Сұлудың көтті кеппес. 553. Жүрген аяққа жөргем ілінеді. 554. Жығылған күреске тоймайды. 555. Жығылған үстіне жұдырық. 556. Жығылсаң, жер көтереді. 557. Жығылсаң - нардан,

Ажалың – әлде қайдан?! 558. Жығылып жатып, сүрінгенге күледі. 559. Жылайтын баланың -

Күні бұрын көзі қышиды. 560. Жыламаған балаға емшек бермейді. 561. Жылан жылыны сүйеді. 562. Жыланды үш кессе де,

Кесірткелік болады. 563. Жыласуға - өзің жақсы,

Сыйласуға - жат жақсы. 564. Жылқы мал - ысқырса,желдікі,

Айдаса, жаудікі. 565. Жылқы мал кенжелесе, өседі,

Қой көбелесе, өседі. 566. Жылқы кенжелемесе, өспейді

Қой көбелемесе, өспейді. 567. Жылы-жылы сөйлесе,

Жылан іннен шығады.
Қатты-қатты сөйлесе,
Кәпір діннен шығады.

568. Жынды баладан - ерке бала жаман. 569. Жыртық үйге - тамшы жау,

Арық атқа - қамшы жау. 570. Жыртық шелек жеңілірек. 571. Жібекті сақтай алмаған - жүн қылады,

Қызды асырай алмаған - күң қылады. 572. Жігітке жаннан кеш те, іс қыл. 573. Жігіттің жорғасы -

Еліне не болады.
Тайдың жорғасы -
Түйе болады.

574. Жіліктің майлы басын өзіне тартып. 575. Заманның азғаны -

Аттан байтал озғаны. 576. Игіліктің ерте-кеші жоқ. 577. Иек астында алты күн жүрдім. 578. Иесін сыйлағанның - итіне сүйек сал. 579. Ине өткеннен жіп өтеді,

Жіп өткеннен іс бітеді. 580. Ит арбаның астында келе жатып:

«Арбаны мен алып келемін!» - дейді. 581. Ит балалап, сауын болмас. 582. Ит есекке ет беріпті,

Есек итке шөп беріпті,

- Екеуі де аш қалыпты.

583. Ит - жеті қазынаның бірі. 584. Ит жоқта шошқа үреді қораға,

Би жоқта құл жүреді араға. 585. Ит жүйрігін түлкі сүймейді,

Ауру кісі күлкі сүймейді. 586. Ит итаяғын жаламай, тоймайды. 587. Ит иттігін білдірмей қоймайды. 588. Ит қарынына сары май жақпайды. 589. Ит құрсағы жібісе, жатпайды. 590. Ит құтырса, иесі қабады. 591. Ит - опа,

Қатын - жапа. 592. Ит тойса да, жалаңдайды,

Тоймаса да, жалаңдайды.
593.Ит ұяласынан қорықпайды.

594. Ителгіден қашқан дуадақ -

Былғаймын деп саңғиды.
Дәнеме сезбес жамандар
Онай ғана жұмбақтың
Шешуін білмей қанғиды.

595. Иттен туған құрмалдыққа жарамайды. 596. Иттің аузына түскен соқта

Жаншылмай шықпайды. 597. Иттің иесі болса,

Бөрінің тәңірісі бар. 598. Иті май жемейді. 599. Кәлимасыз пір болса,

Керемет болмайды,
Алалы тұяқ, арам мал –
Берекеті болмайды.
Атадан қалған адал мал

Әрекеті болмайды. 600. Кәпірдің қаламынан сақта. 601. Кәпірдің қаласынан сақта,

Дұшпанның жаласынан сақта.
602.Кәрі келсе, асқа;
Жас келсе, іске.

603. Кедей: «Байға жетем!» - дейді,

Бай: «Құдайға жетем!» - дейді. 604. Кедей болатын жігітке -

Көк шолақ ат кез болады. 605. Кедей елдің көшбасшысы кеп болады, 606. Кедейдің керімінен сақта. 607. Келмек - сүннәт,

Қайтпақ - рұқсат. 608. Келіннің аяғынан,

Қойшының таяғынан. 609. Келешектің баласын –

Кезек-кезек сүйерміз. 610. Кеме келсе, қайықшы жол береді. 611. Кемедегінің жаны 6іp. 612. «Кемпірі бардың - кәпірі бар!» - деген қайда? 613. Кеңеспен ішкен тон келте болмайды. 614. Кеңесті - азбайды,

Кең - тозбайды. 615. Керек тастың ауырлығы жоқ. 616. Керқұланың терісін –

Келер жылы киесін. 617. Кері кеткен елдің кеңесі көп болады. 618. Кері кеткеннің келіні - ұрлық қылады,

Ілгері басқанның иті - оттайды. 619. Кері кеткеннің саяғы -

Далада жүріп тебіседі. 620. Кетеген болса, түйең жау,

Тебеген болса, биең жау,
Тіл алмаса, қатын жау.

621. Кетпеннің басын басса, сабы тиеді. 622. Кигіз кімдікі болса, білек соныкі. 623. Көбен мінсең, көтіне қара.

624.Көгалым (күкалам) кезге бір көрінсін. 625. Кеже деген - тоқ ас,

Асыл төре келсе, жоқ ас. 626. Кежеден басқа асымыз жоқ,

Құдайдан басқа досымыз жоқ. 627. Көженің буымен жорыққа аттандырғандай. 628. Көз жұмбай, дария кешпейді. 629. Көз - қорқақ, қол - батыр. 630. Көздей істі - көл қылып,

Болмашыға алданып,
Ерте күнді кеш қылып.

631. Көзі соқыр - соқыр емес,

Кеудесі соқыр - соқыр. 632. Көзің ауырса, қолың тый. 633. Көйлек - адамның шарбысы (шарпысы). 634. Көк долыдан дию пері қашыпты. 635. Көктемде - айғыр мас,

Ақпанда - бура мас,
Көбік қарда – қошқар мен теке мас,
Жиырма бесте – жігіт мас.

636. Көл қорыған қызғышқа ұқсап. 637. Көлге жүзгендей, ағыл,

Телегей теңіздей төгіл. 638. Көмір тас қазғандай,

Өрт сөндіргендей,
Жеті күн аштан келгендей!

639. Кен құрысса,

Қалыбына кетеді.
Жаманға қанша қақса,
Өзінің салтына кетеді.

640. Көңіл бір атым насыбайдан қалады. 641. Көңіл кірі - айтса, кетеді,

Көңіл кірі - жуса, кетеді,
Сүйек кірі - қайтсе кетеді?!

642. Көңілсіз жұмыстан -

Көтсіз бала туады. 643. Көп ауызы – уәлі. 644. Көп уыстан берсе, толтырады,

Көп бір мұштан қосса, өлтіреді. 645. Көп жортқан түлкі терісін алдырады. 646. Көп жүрген жыланның аяғы көрінеді. 647. Көп – көп емес, бірлік көп. 648. Көп күлген - басқа келер. 649. Көптің қарттың ішінде - бір бала дана болар,

Көп баланың ішінде - бір қарт бала болар. 650. Көп қорқытады,

Терең батырады. 651. Көп - Құдайдан бір – ақ жас кіші. 652. Көп ойланған құл қаша алмайды. 653. Көп отырған - жер азар,

Қатыны жаман - ер азар,
Қарашасы жаман - хан азар,
Имансыз болса, көр азар.

654. Көп суыр ін қазбайды,

Ін қазса да, кең қазбайды. 655. Көп түкірсе, көл болады. 656. Көпке тентек жігіттің,

Бір ажалы - көптен.
Көп кетеген түйенің
Бір ажалы - шөптен.

657. Көпті жамандаған көмусіз қалады. 658. Көптің аузы -

Құдайдың қаламы. 659. Көрген көргенін айтады,

Көсеу түрткенін айтады. 660. «Көрдім» - деген - көп сөз,

«Көрмедім» - деген – бір - ақ сөз. 661. Көре - көре көсем болады,

Сөйлей - сөйлей шешен болады. 662. Көрер таңды көзімен атырып. 663. Көрмес - түйені көрмес. 664. Көрпесіне қарай көсілу керек,

Қобызына қарай күйлеу керек. 665. Көрші ақысы –

Тәңірі ақысы. 666. Көрінбеген қарадан –

Көрінген бұлт жуық. 667. Көсеуің ұзын болса, қолын күймейді,

Ағайының көп болса, адам тимейді. 668. Көтін қысқан бай болады,

Қыспаған көтте пәле бар. 669. Көшерін - жел,

Қонарын - сай біледі. 670. Көшкен жұрттың қадірі –

Қонғанда етер.
Ер жігіттің қадірі –
Өлгенде өтер.

671. Көшпей, қонбай, қараша қатын жоғалды. 672. Күйеу атымен күл тасы. 673. Күл өссе, отқа жұт,

Қыз өссе, үйге жұт. 674. Күле кіріп, күңірене шығады. 675. Күлме досыңа,

Келер басына. 676. Күлсең, кәріге күл. 677. Күлшелі бала - күйеуге жақсы. 678. Күн жаумай су болып. 679. Күн жауса, түндігі ұрады,

Шоқпар сорлыға тиеді. 680. Күн қорланса, қорегіңді сайла. 681. Күнде мұндай қансонар –

Қайдан табылар?! 682. Күнде тойсаң, бүлерсің, («бүлінерсің» ұғымында болу керек -Н.Ж.).

Аптада бір тоймасаң, өлерсің. 683. Күндестің күлі - күндес. 684. Күндіз - күлкі,

Түнде ұйқы көрмей. 685. Күншілдің күні – қараң. 686. Күні бұрын күтін,

Күтінбесең, шығар түтін. 687. Күні бұрын құты қашып. 688. Күніне желше жүз құбылады. 689. Күн көтінде күміс жылтырайды,

Салып қалса, сылдырайды. 690. Күріш арқасымен күрмек су ішеді. 691. Күтпеген қонақ - аттандырады,

Күтпеген жау - қашырады. 692. Күшала жегендей,

Аузына бұрыш салғандай. 693. Күштінің көті диірмен тартады. 694. Кісі ақылымен бай болғанша,

Өз ақылыңмен жарлы бол. 695. Кісі болар кісінің

Кісісінен танимын.
Кісі болмас кісіні
Мүшесінен танимын.

696. Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол. 697. Кіші қатын –

Кісі қатыны. 698. Қаз тойғанына семірмейді, орғанына семіреді. 699. Қазақ болмай, ғазап болмас,

Тамақ болмай, таму болмас. 700. Қазақ, жүрген жерің - азап. 701. Қазақтың жаны - азап-ты,

Наданның жаны - тозақ-ты. 702. Қайда барсаң,

Қорқыттың көрі. 703. Қайтып келген қыз жаман,

Қайта шапқан жау жаман. 704. Қайтып көрер есікті –

Қатты серіппе! 705. Қалауын тапса, қар жанады. 706. Қалған көңіл - шыққан жан. 707. Қанағат - қарын тойғызар,

Қанағат қылмаған - жалғыз атын сойғызар. 708. Қара арғымақ арыса,

Қарға адым жер мұң болар.
Қара көзден нұр тайса,
Қарауға бір зар болар.

709. Қара есекке - жан қайғы,

Қасапшыға - май қайғы. 710. Қара жердің қырғысын сыдырғандай. 711. Қара қазан қайнағанша,

Қалмақ[қа] шапқан ат суиды. 712. Қара суды қайнатқанмен, май шықпайды. 713. Қарағай басынан - қар жауса,

Жұтамайды сауысқан. 714. Қарадан хан қойса,

Қасиеті болмайды.
Үлгісізден би қойса,
Өсиеті болмайды.

715. Қараң қалған елді қатын билейді. 716. Қарап отырған - қарап қалады. 717. Қараша, қауыс,

Кәрі - құртаңды тауыс. 718. Қарғайын десем - жалғызым,

Қарғамайын десем - жалмауызым. 719. Қариясы кімнің бар болса,

Жазулы даяр хатпен тең -
Үй қасында төбешік
Ерттеулі атпен тең.
Жаман туған туысың

Жаны ашымас жатпен тең. 720. Қарны ашқан - қаралы үйге қарай жүгіреді. 721. Қарнымның ашқанына жыламаймын,

Қадірімнің қашқанына жылаймын. 722. Қарны тойса, қартаны ас демейді. 723. Қартайғаныңды құрдасыңнан білерсің,

Кимегеніңді құдаңнан білерсің 724. Қарыс - алыс, сүйем - жуық. 725. Қас жаман қасындағысын қарақтайды,

Әулие жанындағысын қолтықтайды. 726. Қас жаман қасындағысын қартайтады. 727. Қас сорлының ішіне қатық жақпайды. 728. Қас төреде бауыр болмас. 729. Қас шеберден - шорқақ туады,

Қас батырдан - қорқақ туады.
Қас жорғадан - жортақ туады.

730. Қасқырдан қайрат кетсе,

Ешкіні «Апа!»- дейді. 731. Қасқырдың ең жаманы қой үркітеді. 732. Қасыңдағы күйеуден - қарғылаған ит артық. 733. Қаттысын қайырып,

Жұмсағын жапырып. 734. Қатын алдың - кемеге міндің,

Балалы болдың - қарық болдың. (Ескерту: мұндағы«қарық болу» - суға кетіп, қарық болуды айтып отыр ма деп ойлаймыз. Бұл тәрізді бұрын да ұшырасатын кей оғаш деген пікірлерді Мәшһүр - Жүсіп атамыз өзі қалағандықтан емес, ел арасындағы кереғар теріс көрінуі мүмкіндіктерінің бәрін теріс қамтуды мақсат тұтқандықтан жазғанын кейін арнаулы «Түсініктер» бөлімінде де ескертеміз - Н.Ж.). 735. Қатын алсаң орыстан,

Басың кетпес борыштан.
Қатын алсаң қарадан,
Арты кетпес жаладан.
Қатын алсаң төреден,

Аузы кетпес парадан. 736. Қатын алсаң, семіз ал,

Былқылдасын қойныңда.
Бір шайнасаң, май шайна,
Шылқылдасын аузыңда.

737. Қатын бастаған көш қараң қалады. 738. Қатын бастаған кеш оңбайды.

Құралай бастаған киік оңбайды. 739. Қатын билеген ел оңбайды,

Төлеңгіті билеген төре оңбайды. 740. Қатын көп болса, шөміш жұртта қалады. 741. Қатын қайраттанып, қазан қайнатпайды. 742. Қатын өлді|, қамыстың басы сынды. 743. Қатынға тиме, қарасы жұғады.

Балаға тиме, пәлесі жұғады. 744. Қатынды бастан, баланы жастан. 745. Қатыны жаман - ер азар,

Қарашасы жаман - хан азар,
Имансыз болса, көр азар.

746. Қатыны өлген - қызды ауылға қарап жылайды. 747. Қатының жаман болса,

Дәрменің кетер.
Балаң жаман болса,
Арманың кетер.
Қайғы - қасіретпенен заманың кетер.

Бағырын отқа жаға - жаға кетер. 748. Қауіп қайдан болса, қатер - сонан. 749. Қашқан жауға - қатын ер. 750. Қашқан - жаудан құтылады.

Көшкен - жұттан құтылады. 751. Қашқан түлкі қызыл көрінеді.

Жалаңаштікі ұзын көрінеді. 752. Қашпаған қашардың уызы. 753. Қимылдаған қыр асар. 754. Қисық арба жол бұзар,

Дүмше молда дін бұзар. 755. Қожа, молда тоқтықта,

Қарны ашса, сәлдесі қалар боқтықта. 756. Кожаны жықпас па,

Аузына тықпас па?! 757. Қой алдырып, қорасын бекітеді. 758. Қой анасы бестен. 759. Қой асығы демеңіз,

Қолайыңа жақса, сақа қой!
Жасы кісі демеңіз,
Ақылы асса, аға қой!

760. Қой аузынан шөп алмас. 761. Қой бітерде қотаншы ит кез болады. 762. «Қой»- дегенше, қоя ғой. 763. Қой, көбелесе, өседі,

Жылқы, кенжелесе, өседі. 764. Қой - ұры, қойшы - өтірікші. 765. Қой үстіне торғай жұмыртқалағандай,

Жыланмен бала ойнағандай. 766. Қойдан қоңыр қойшының қоңыр өгізі. 767. Қойды - шартық,

Елді - қортық бүлдіреді. 768. Қойманы көмген ала ма,

Көрген ала ма? 769. Қойшының қоңыры - өгізі. 770. Қойшының өгізі - қоңыр,

Сиыры - сары, жылқысы тарғыл болмайды. 771. Қол ағашы мықты болса,

Кигіз қазық жерге барады. 772. Қолы ойнағанның –

Аузы ойнайды. 773. Қомағайдың сазасын бір соғым май берсін. 774. Қонақ бір қонса - құт,

Екі қонса - жұт. 775. Қонақ жаман болса,

Үй иесі қыдырады.
Үй иесі жаман болса,
Қонақ қыдырады.

776. Қонақ мақтаған нәрсені -

Қонақ басы[на]сыйласаң,
Жақын арада
Адам атамыздан жап - жалаңаш қаларсың.

777. Қонғанша қонақ ұялады,

Қонған соң, үй иесі ұялады. 778. Қоңсыны қозғаса, кешіреді,

Отты қозғаса,өшіреді. 779. Қоңсыны қорласа, баласына шақыртады. 780. Қорқа жесең, қой қалады.

Тарта жесең, тай қалады. 781. Қорыққанға - қос көрінер. 782. Қорықпасаң: «Әке!» - дер ме едің?! 783. Қорықсаң, от жақ,

Тоңсаң, от жақ,
Қарның ашса, от жақ.

784. Қосақ арасында бос кетеді. 785. Достын кішісі болғанша,

Иттің күшігі бол. 786. Қотыр үстіне - шиқан,

Көтеремге - көлденең. 787. Қоянның бойын көріп,

Қалжасынан түңіл. 788. Дуалап соғар байы жоқ,

Құйын соғар үш жоқ. 789. Қуға - қу намазшамда жолығады,

Екі жалаңаш - аңдамда жолығады. 790. Қуырдақтың үлкенін –

Түйе сойғанда, көрерсің. 791. Құда болғанша,

Құлын - биең сұрас.
Құда болған соң,
Құл да болса, сыйлас.

792. Құдай деген - құр қалмас. 793. Құдай сақтаса, пәле жоқ,

Қарғаса, дауа жоқ! 794. Құдайға сенген құстай ұшады,

Адамға сенген мұрттай ұшады. 795. Құдайдан қорықпағаннан - қорық. 796. Құдайдан сұрағанның -

Екі бүйірі шығады.
Адамнан сұрағанның -
Екі көзі шығады.

797. Құданың құдасы –

Қоянның сорпасы. 798. Құйқа да болса, шайнап бақ,

Құл да болса, ойнап бақ. 799. Құйрығы жоқ, жалы жоқ,

Құлан қайтіп күн көреді?!
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көреді?!

800. Күл жиылса, шақпақ шағады,

Би жиылса, тақпақ табады. 801. Құл жиылып, бас болмайды.

Құм жиылып, тас болмайды. 802. Құл күйеуге - күн жеңге,

Мәмлесіне – бір теңге. 803. Құл құтырса, құдыққа қармақ салады,

Күң құтырса, көтіне бармақ салады. 804. Құлақ - кәрі,

Бой - жас. 805. Құлан қағынан жеріне,

Қаңғып жұрт, шөлде елер.
Жігіт елінен жерісе,
Тірі жүріп - ақ, күнде өлер.

806. Құлды: «Бәрекелді»- өлтіреді. 807. Құлдың екі көзі жоқ,

Ұлдың бірі көзі жоқ. 808. Құлынында жетім қалған -

«Құрайт!»- десе, үйірін білмейді.
Қозысында жетім қалған -
Түртіншегін қоймайды.

809. Құр аяққа - неке жүрмейді,

Қара суға - бата жүрмейді. 810. Құрғақ қасық ауыз жыртар. 811. Құрдасын таппаған ер азады,

Жолбасшысын таппаған ел азады. 812. Құс қанатымен ұшады,

Құйрығымен қонады. 813. Құста сүт жоқ,

Жылқыда ет жоқ,
Жақсыда кек жоқ,
Жаманда тек жоқ.

814. Құтырған ит

Айға қарап ұлиды. 815. Қыз ауыр ма,

Тұз ауыр ма? 816. Қыз күніндегі мінезің кей майталман -

Бір елге қатын болып түссе - дағы қоймайды. 817. Қыз - қылығынан. 818. Қызға - қырық үйден тыю. 819. Қызмет қыл да, міндет қыл. 820. Қыздың қырық жаны бар. 821. Қызыл тілде буын жоқ 822. Қызың өссе, қылықтымен ауыл бол,

Ұлың өссе ұлықтымен ауыл бол. 823. Қылғанға – қылғанның сауабы бар. 824. Қынтал (қанатыл) қызым от қыстырмас. 825. Қырсыққанда, қызыл ит қырын жүгіреді. 826. Қырық кісі - бір жақ,

Қыңыр кісі - бір жақ. 827. Қырық қатынның ақылы тауықта жоқ,

Ақылы болса, ол тауық жер ме еді боқ?! 828. Қыс қызырын көрем десең,

Қыстың қамын жаз қыл.
Тән қызырын көрем десең,
Қорегіңді аз қыл.

829. Қыс - қысыл,

Жаз - жазыл. 830. Қыс парағат бірла өтер -

Құрым болса отыны.
Қатының долы болса,
Сүйектің қалмас бүтіні.

831. Қыс тоқсан түспесе, мұз қатпайды. 832. Қыс шілдеде - су сақта. 833. Қысқа жіп күрмеуге келмейді. 834. Қысқа қарағанда, жолдасың ала қарға болсын. 835. Қысыла – қысыла қыз болдым. 836. Лак маңырай су ішер,

Ұлан жылай күн кешер. 837. Лау (алау) қатынға:

Тоқпақтай тұлымды,
Балуандай жауырынды,
Тояттаған бүркіт жемсаулы
Күндей жарқырап күлген –

Сүйкімді бала бітеді. 838. Май айныса, тұз түзейді.

Сабын айныса, тұз түзейді.
Халық айныса, хан түзейді,
Хан айныса, кім түзейді?!

839. Май берген баладай алдап. 840. Майлы күйедей жұғады. 841. Мал - арыстанның аузында,

Түрікпеннің төрінде.
842.Мал - әулие,
Малдан шыққан май - әулие.
Май берсе, қолдамаған қай әулие?!

843. Мал - байдыкі,

Жан - Құдайдыкі. 844. Мал - басқа бітер,

Қына - тасқа бітер.
Ішіп-жемейтін жаманға –
Қасақана - қасқа бітер.

845. Мал: «Боқтан сасыққа бітемін!» - депті,

«Тастан қаттыға бітемін!» - депті. 846. Мал бітce, көзге тал бітеді. 847. Мал ұрлаған - пенденің ұрысы,

Сөз ұрлаған -
Құдайдың ұрысы.

848. Малда ақыл жоқ - итке бітеді,

Жүнде ақыл жоқ - көтке бітеді. 849. Малды - тапқанға баққыз,

Отынды - тергенге жаққыз. 850. Малдының беті - жарық,

Малсыздың беті - көншарық. 851. «Малым бар!» - деп , мақтанба,

«Басым бар!» - деп, топтанба. 852. Малым - жаным садақасы,

Жаным - арым садақасы. 853. Мезгілсіз шақырған тауықты жұлмақ керек. 854. Мөкіре балық, тұмсығы тасқа бітпей, тоқтамас. 855. Мұртқа өкпелеп жүргенде, сақал шықты. 856. Мұсылманның қайыры жетер басына,

Енді соқыр көрінсе, жоламасын қасына. 857. Мың асуға - бір тосу,

Әр қамалға - бір зауал. 858. Мың атадан – бір байырғы. 859. Мың оқысаң - мүлік,

Жүз оқысаң - такрар. 860. Мың өліден - бір тірі,

Мың олжадан - бір байырғы артық. 861. Мың сіз - бізден –

Бір шыж-мыж. 862. Мыңды беріп, бірді алсаң,

Бір байырғыдай болмайды. 863. Мыңның түсін (туысын) білгенше,

Бірдің атын біл. 864. Мыңын жемей, бай өледі,

Бірін жемей, жарлы өледі. 865. Мырзалық қонаққа пайда, малға қас,

Батырлық жолдасқа пайда, жанға қас,
Өтірік сөз дуға пайда, иманға қас.

866. Мырзасы сүйегін кемірсе,

Иті тигенін кеміреді. 867. Мысыққа ойын керек,

Тышқанға өлім керек. 868. Немере не береді –

Етін жеп, сүйегін береді. 869. Не де болса, Айды аспанға бір шығардым.

870.0йдан орып, қырдан қырып. 871. Ойнамаса, бала бала ма,

Жаланбаса,сиыр бола ма? 872. 0йнап сөйлесең де, ойлап сөйле. 873. Ойын түбінен от шығады. 874. Ойыншының тамағы тоқ. 875. Олақта – ой жоқ:

Өз ісін өзі бүлдіреді. 876. Олақтан салақ жаман. 877. Оңар елдің белгісі

Ақсақалы – үлгісі.
Оңбас елдің белгісі
Ақсақалы – күлкісі.

878. Оңтайлы - аттай,

Өткір - шоттай. 879. Ораздының баласы -

Он бесінде: «Баспын!» - дейді.
Қас сорлының баласы -
Жиырма бесінде: «Жаспын!» - дейді.

880. Ортақ егіздей - оңаша бұзау [артық]. 881. Ортаншыға оқ тимес,

Оқ тисе де, боқ тимес. 882. Ортаңғы ауыл кең болмай,

Шеткі ауыл ел болмайды. 883. «Осы жер!» - деген - кеш жер. 884. От ауызды, орақ тілді. 885. От ішінде - мақта,

Мақтадай Құдай сақта!
886.Отыз тістен шыққан сөз -
Отыз ру[лы] елге кетеді.
887.Отыншының орағын,

Сушының шелегін алып. 888. Отының су болса,

Қыстың құр қамысынан не пайда?!
Етігің тар болса,
Дүниенің кеңдігінен не пайда?!
Қатының долы болса,

Елдің бейбітшілігінен не пайда?! 889. Өгіз өлдім демес,

Арба сындым демес. 890. Өгіз өлмес, арба сынбас. 891. Өгіз өрге сүйрейік.

892.Өгіздей - күшті,
Арыстандай - ер,
Судай - бос.

893. Өз ағасын ағаламаған –

Кісі ағасын жағаламайды. 894. Өз балаң -

Өзекке тепкілесең, кетпейді.
Кісі баласы -
Кісінесең, тұрмайды.

895. Өз еркімен жүрген әйел -

Ұрыншақ болады. 896. Өз көзі – өлтіргенді тірілтпейді,

Жығылғанды тұрғызады. 897. Өз қорлықтан - жат қорлық. 898. Өз мінін өзі білген -

Біреуге төре болуға жарайды. 899. Өз - өлтірмес,

Жат - жарылқамас. 900. Өзбек - өз ағам,

Сарт - садағам. 901. Өзен жағалағанның өзегі талмас. 902. Өзен тұрып, өзге жерге қонған - нәмәрт,

Өзі болған жігіттің
Түбі терең, сұраған - нәмәрт.

(Ескерту: «нәмәрт» сөзіне мынадай анықтама берілген: «Айтқан сөзде тұрмайтын, опасыз, сараң» - Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, Ғылым, 1983 ж., 7-том, 332 б. -Н.Ж.). 903. Өзі жақсы кісіге - дүние мал,

Өзі жаман болғанның бар дүниесі - біреудікі. 904. Өзі тоймағанның сарқытын ішпе!

9O5. Өзі ұры : «Ұры!» - дейді,
Өзі қары: «Қары!» - дейді.

906. Өзі үйренбегенді - Дүние үйретеді. 907. Өзі шығайын деп тұрған кез еді.

9О8. Өзімдікі дегенде,
Өгіз қара күшім бар.
Кісінікі дегенде,
Қол тимейтін ісім бар.

909. Өзіме салсам,

Тайлы бие тиеді.
Кісі алдында аяғым
Анда-санда бір тиеді.

910. Өзін таныған - Тәңірсін таниды. 911. Өзінің басын зор еткен,

Ағайынын қор еткен, -
Жапанда қалар жалғыз бас.

912. Өзің білме,

Білгеннің тілін алма. 913. Өзіңнен зор қар (хар) шықса,

Екі көзің сонда шығар. 914. Өзіңнен тумай, ұл болмас,

Сатып алмай, құл болмас. 915. Өлген арыстаннан -

Тірі тышқан артық. 916. Өлген - тірілмес,

Өшкен - жанбас. 917. Өлгенге - қара жер,

Өлмегенге - өлі балық. 918. Өлгендей «Өлді» - дегенге нан,

«Әдет қалды!» - дегенге нанба.
«Тау қозғалды!» десе, нан,
«Жаман жақсы болды» - дегенге нанба!
919.Өлгеніңді жасырасың,

Көмгеніңді қайтесің?! 920. Өлеңді жерде өгіз семіреді,

Өлікті жерде молда семіреді.
921.Өлетін бала пысық келеді.

922. Өлетін бала тамға қарай жүгіреді. 923. Өлетін өгіз балтадан таймас. 924. Өлмегенге – өтірік дау. 925. Өлсең, өлесің,

Өлмесең кісі боласын. 926. Өлшеп салған асыңа

Қонақ келсе, қатты күн. 927. Өлі аруақ орынын құр тастамайды. 928. Өлі бураның басынан -

Тірі атан қорқады. 929. Өлі - тірінің азығы,

Жақсы - жаманның азығы. 930. Өліге ас берсең, түсіңнен шықпайды,

Жаманға ас берсең, үйіңнен шықпайды. 931. Өлімнен - ұят күштірек. 932. Өнбес дауды -

Өспес ұл даулайды. 933. Өнер алды - қызыл тіл. 934. Өнерді үйрен де, жирен. 935. Өнерлі өрге жүзеді. 936. Өрттен де бір түп көде аман қалады,

Қырық жыл қырығын болса да, ажалды өледі.
937.Өсетұғын елге - cі...c кіреді,
Өспейтін елге сыбыс кіреді.

938. Өспейтін елдің жігіті топ ішінде -

Құрдасын: «Қатыным!» - деп, ойнайды.
Өсетін елдің жігіті топ ішінде -
Құрдасын: «Батырым!» - деп, ойнайды.

939. Өткенге өкінбе,

Қашқанды қума. 840. Өткіншінің өкініші кетпес. 941. Өткір пышақ: қолға пайда, қынға - қас.

Өтірік сөз: дауға - пайда, жанға - қас. 942. Өтпес жарлық - бойға қорлық,

0тпес пышақ - қолға қорлық. 943. Өтірік - шыңға тоқтар. 944. Өтірікшінің үйі күйсін . 945. Өтірікшінің шын сөзі - зая. 946. Пайданы басына қыл,

Басыңнан асса, досыңа қыл. 947. Палау жесе, болмай ма? 948. Панасыз болса, сайдан без,

Пайдасыз болса, байдан без. 949. Пәледен машайық қашыпты. 950. Пәлелі көтке бармағыңды тықпа,

Тырнағың қалады. 951. Пәлен жерде бақыр бар,

Барса [түк те] табылмас. 952. Пейілі жаманды Тәңірі табады,

Бітімі жаманды ит қабады. 953. Пышақ берсең, қынымен,

Қынымен берсең, шынымен. 954. Піс қазаным - бес ай,

Отыр көтім - он ай. 955. Рулы - ел ұялы теректей. 956. Рулының оғы қалса, табылар,

Жалғыздың жағы қалса, табылмас. 957. Сабасына қарай - піспегі,

Сақалына қарай - іскегі,
Есегіне қарай - тұсауы.

958. Сабыр түбі - сары алтын. 959. Санамасаң, саннан шық,

Елемесең, елден шық. 960. Саңырауға сәлем берсең:

«Атаңның басы» - дейді. 966. Саңыраудың қолына түспе,

Соқырдың жолына түспе. 962. Саптыаяққа ас құйып,

Сабына қарауыл қойып. 963. Сараң - сараң болмайды,

Сұрауы жетпейді. 964. Сарғайған - жетер мұратқа. 965. Сарғая - сақтасаң, қызарына бөртерсің. 966. Сарт құрымай, без таусылмайды.

Айта берсең, сөз таусылмайды. 967. Сары орыстың - бәрі орыс,

Сары жаудың - бәрі жау. 968. Сасқанға - жол тар,

Тасқанға - жол жоқ. 969. Саудада - достық жоқ,

Сәлемде - борыштық жоқ. 970. Саудың асын ішіп,

Аурудың сөзін сөйлейді. 971. Саумал ішсең, қымыз жоқ,

Байтал мінсең, құлын жоқ. 972. Сауысқаннан сақ бол. 973. Сезікті секіреді. 974. Сексеуіл жанып, сөнгенше,

Сексендегі шал өледі. 975. Семіздікті қой көтереді. 976. Семіздің - аяғы сегіз. 977. Сенген қойым сен болсаң,

Күйсегеніңді ұрайын. 978. «Сенікі, менікі» - деген - көңіл тарлығы,

«Әрі жат, бері жат» - деген - төсек тарлығы. 979. Сиыр алсаң, танып ал,

Танымасаң, тарғыл ал. 980. Сиыр пұл болды,

Қатын би болды. 981. Сиыр сары, жылқы тарғыл болмайды. 982. Сиыр су ішкенде, бұзау мұз жалайды. 983. Сиыр судан жерісе,

Су сиырдан жериді!. 984. Сиыр тілінен қыршаңқы болады. 985. «Соқыр!» - десең, көзіме,

«Ақсақ!» - десең, аяғыма тиеді. 986. Соқыр көргенін жазбайды. 987. Соқырдың өз бидайын өзіне қуырып. 988. Сомсынғанға айла бар,

Сол темірге балға бар. 989. Сорлы балаға - сорлы қатын кез келеді. 990. Сөз – сөзден туады,

Сөйлемесе, неден туады?
991 .Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.

992. Сөз тапқанға қолқа жоқ. 993. Сөзді сөз түртеді. 994. Сөздің көркі – мақал-ды,

Ердің көркі сақал-ды.
Сақалы жоқ кеселер
Қасабалы тоқал-ды!

995. Сөйлей білмеген -

Сөзді өзіне келтіреді.
Көше білмеген –
Көлік өлтіреді.

996. Су аяғы - құрдым. 997. Су ішкен құдығыңа түкірме. 998. Судай сұлуға жолық. 999. Судан өткенше: «Қызымды берейін!»

Судан өткен соң:
«Қап, енеңді ұрайын!»

1000. Судан өткенше:

«Қызымды берейін!» - дейді,
Судан өтіп алған соң:
«Өзіңнің айтып жүргенің не?!» - дейді.

1001. Сусыз жердің - шөбі арам,

Перзентсіз ердің малы (күші)- арам.
Енбексіз ердің - дәмі арам,
Сатайын десем, пұлы - арам.

1002. Сұлу - сұлу емес, сүйген сұлу.

Сүймегенге - «көбік ауыз, көк айыл,түрме ерін» -
Деген бедірей бетпақтың өзі.

1003. Сұңқар - шашып жейді,

Қарға - басып жейді. 1004. Сұрағанда берген тұрымтай -

Сұңқар орнына жүреді. 1005. Сүт көп, көмір аз. 1006. Сүт сүйек өсіреді,

Көңіл киім өсіреді. 1007. Сүтке күйген ауыз,

Қаймаққа да күйеді!. 1008. Сүтке сүт қоспа демес,

Күшке күш қоспа демес. 1009. Сүтсіз сиыр – мөңіреуік,

Долы қатын - жылауық.
Ақсыз балалаған қой - жамырауық.

1010. Сыйға - сый, сыраға - бал. 1011. Сынаудан - ілік,

Тойдан - жілік. 1012. Сыпайы - сырын жасырады,

Пұшық - мұрнын жасырады. 1013. Сыпайы - тоңбайды, қалтырайды. 1014. Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді. 1015. Сырын білмеген аттың

Сыртынан жүрме! 1016. Сіңбес астың бөгелуі жаман. 1017. Таз - әулекі,

Соқыр - әңгі. 1018. Таз таранғанша, той тарқайды. 1019. Тайдың жорғасы - түйе болады,

Жігіттің жорғасы – еліне ие болады. 1020. Тайын - Тәңірсіндей,

Құдайын Құдайындай көреді. 1021. Тақырға жерге - су тұрар,

Қайратты ерге - мал тұрар. 1022. Талапты ерге нұр жауар. 1023. Талтаңдасаң талтаңда,

Ақшаң болса, қалтаңда. 1024. Тамақ - тоқ,

Көйлек - көк. 1025. Тамақтан - айырған –

Жаудан айырған. 1026. Таныған жерге - бой сыйлы,

Танымаған жерге - тон сыйлы. 1027. Таңғы тамақ - Тәңірден. 1028. Таспен атқанды - аспен ат. 1029. Таста тамыр жоқ,

Төреде бауыр жоқ . 1030. Тастай алмаған шоқпар -

Һәм басқа, һәм көтке тиеді. 1031. Тау белгісі тас болар,

Бай белгісі - ас болар. 1032. Тауда болар тарғыл тас,

Тарықса, шығар көзден жас.
Тар қолтықтан оқ тисе,
Қайрылмай кетпес қарындас.
Өзінің басын зор еткен,

Ағайының қор еткен –
Жапанда қалар жалғыз бас.

1033. Таудай талап бергенше,

Бармақтай бақ бер. 1034. Тауды құлатқандай. 1035. Таудың тамы айналмайды,

Тасы айналады.
Итің, боқ жемесе.
Басы айналады.

1036. Таусылмайтын – бір жерұйық. 1037. Таусылмайтын - ұлы сабаның қоры. 1038. Тәңірі асырған тоқтыны бөрі жемес. 1039. Тәуекел түбі қайық-ты,

Мінесің де кетесің.
Уайым түбі - теңіз-ді,
Батасың да, кетесің!

1040. Тәуекелде қайғы жоқ. 1041. Тегіңді малдан сұра. 1042. Темекінің жаманынан –

Ағашы жақсы.
Ағайынның жаманынан –
Алашы жақсы.

1043. Тентек шоқпар жинайды. 1044. Тентектің ақылы -

Түстен кейін енеді. 1045. Тесік моншақ жерде қалмас. 1046. Той дегенде, қу бас домалайды. 1047. Тойға барсаң, бұрын бар,

Бұрын барсаң, орын бар. 1048. Тойға барсаң, тойып бар. 1049. Тойғанға - бір салса да, еңбек. 1050. Тойғанда,томашадай тамағым жоқ. 1051. Тойдан - татқан да бір, тойған да бір. 1052. Тойдың болғанынан

«Болады!» - дегені қызық. 1053. Тойымдықты Құдай береді,

Көңілдікті ноғай береді. 1054. Тоқалдан туып, ерке болмас,

Шыбыштан туып, серке болмас. 1055. Топан суы қаптағандай. 1056. Торғай, жаңбыр жауса,

Балапанын қорғайды.
Бұршақ жауса,
Басын қорғайды.

1057. Төбел тазға төрт теңге,

Жалтыр тазға жарты теңге,
Ойма тазға он теңге,
Қырма тазға қырық теңге!
Сал көтіңді керсенге,

Сыйса да бер бес теңге,
Сыймаса да бер бес теңге!

1058. Төлеңгіті билеген төре оңбайды,

Қатын билеген ері оңбайды,
Бұралқысы билеген ел оңбайды.

1059. Төренің жаманы –

Төлеңгітімен қас болар. 1060. Төркіні жақынның - төсегі жиылмас. 1061. Төркініне сенгеннің - төбесі жарық. 1062. Төсегіңе қарап, аяғыңды көсіл. 1063. Туған атам, қойнына -

Сен алмағанда, кім алады?! 1064. Туысы 6іp болса да,

Ерден - ердің ісі артық?!
Пішіні (формасы) жоқ күмістен –
Сұлулап соққан мыс артық,
Сырты құрым, қараша үй –

Ықыласты болса адамы.
Тәтті болса тағамы,
Боз ордадан үш артық!

1065. Түз - май қатығы,

Өлең, жыр - сөз қатығы. 1066. Тұрымтай да тайлы биенің етін жейді. 1067. Түзелер істің басына,

Жақсы - келер қасына. 1068. Түйе бойына сеніп құр қалады. 1069. Түлкінің қызылдығы - өзіне сор. 1070. Түлкің - анау, тазың - мынау! 1071. Түн ұйқысын төрт бөліп. 1072. Түстік өмірің болса,

Кештік мал жи. 1073. Түсі игіден түңілме. 1074. Тырна - көкте,

Тұзақ - жерде. 1075. Тышқан көтін көріп,

Жаралы болады. 1076. Тышқан ініне кіре алмай жүріп,

Қалжуыр байлайды. 1077. Тышқанның да сауыры бар. 1078. Тіл - қайыстан қатты,

Қылыштан өткір,
Оқтан [тез].

1079. Тірліктің күші бірлікте. 1080. Уайым түбі теңіз-ді,

Түсерсің де, кетерсін.
Тәуекел түбі – қайық-ты
Мінерсің де, өтерсің.

1081. Ұйқыдан басы кетпегеннің –

Көзінен жасы кетпейді. 1082. Ұйтқып соққан борандай. 1083. Ұйықтаған ұйқы алады,

Ұйықтамаған жылқы алады. 1084. Ұл жеп жайына кетті,

Қыз жеп, байына кетті. 1085. Ұл - өзі туғандай,

Келін - [өзі] келгендей. 1086. Ұл он беске жеткенше –

Қолға ұстаған қобызын.
Ұл он бестен асқан соң,
Тіл алмаса, доңызың.

1087. Ұл таппаған қатыннан -

Лақтаған сипа артық. 1088. Ұл ұяға қонды,

Қыз қияға қонды. 1089. Ұлын өссе, ұлы құлықтымен,

Қызы өссе, қызы қылықтымен ауылдас бол. 1090. Ұлың тойшыл болса, аттың соры,

Қызың тойшыл болса, көттің соры. 1091. Ұра берсе, шайтан да өледі. 1092. Ұрлық қылса, өледі,

Шөп жесе, қақалады. 1093. Ұрлық түбі - қорлық. 1094. Ұрсайын десем - өз балам,

Тәңірім қылды, не шарам?! 1095. Ұры байымас, сұқ семірмес.

Ұры байдың ауылын көрдің бе еш?! 1096. Ұры басынып ұрлайды,

Қонақ таңдап қонады. 1097. Ұры - қарының серігі. 1098. Ұры өлгенше: «Ақпын!» - дейді,

Тоқал өлгенше: «ақпын!» - дейді. 1099. Ұры - түн асқанша,

Қасқыр - дөң асқанша. 1100. Ұрының көті қуыс. 1101. Ұрының өзіне лайық сойылы бар. 1102. Ұрысы күшті болса,

Иесі өледі. 1103. Ұялмаған бұйырмағаннан жейді. 1104. Ұй қорыған ит оңбайды,

Қыз қорыған жігіт оңбайды. 1105. Үйден шыққан күш -

Не байға, не сайға қон. 1106. Үлкейіп барып, сыпайыны көр,

Кішірейіп барып, шынайыны көр. 1106. Үндемеген үйдей пәледен құтылады. 1108. Үркектеген бие еді,

Итті көрсе, иеді. 1109. Үш ай тоқсан болмаса,

Үлкен теңіз тоңбайды.
Қатын шайпау болмаса,
Ер жалғыз үй қонбайды.

1110. Халық айныса, хан түзейді,

Хан айныса, кім түзейді?! 1111. Ханнан - қазық,

Биден - тоқпақ қойып. 1112. Шабан үйрек бұрын ұшады,

Сасқан үйрек артынан сүңгиді. 1113. Шағала келмей, жаз болмас,

Шаңқан болмай, боз болмас. 1114. Шағала келмей, жазға жарымас.

Қазы келмей, дауға жарымас. 1115. Шайнаған - күмән,

Жұтқан - бұйырған. 1116. Шайтаннан албастының бір атасы жуық. 1117. Шақырғанға бармасаң, Шақыруға зар боларсың. 1118. Шам жарығы түбіне түспес. 1119. Шалатын кісінің аяғы маймақ. 1120. Шаңырақ жалап ит тоймайды. 1121. Шапқанда - байдың ұлы,

Тоқтағанда – кедейлігі есіне түседі. 1122. Шаппақ болсаң, зымыра. 1123. Шаруа көшсе, байиды,

Дәурен көшсе, жариды. 1124. Шаруаның мұны бір,

Бұзылғандардың жыны бір. 1125. Шегіртке түскендей қылып,

Тері сүйреткендей қылып. 1126. Шеткі ауыл көшсе, ортадағы ауыл шет болады. 1127. Шешен жігіт - қыран құс. 1128. Шешеннің тілі - ортақ,

Шебердің қолы - ортақ. 1129. Шешінген - судан тайынбайды. 1130. Шиқанның аузын жұлып алғандай. 1131. Шоқпар - әрі басқа,

Әрі көтке тиеді. 1132. Шеккен түйе - соққанды білмес. 1133. Шөлдегенде, су - қымыздай,

Сағынғанда, қатын - қыздай. 1134. Шөлмек - мың күн сынбайды,

Бір күн сынады. 1135. Шөп басымен болса, қимайды. 1136. Шөп - біткен жерге бітеді. 1137. Шөптей қағып,

Баудай қусырып. 1138. Шыбыштан туып,

Серке болмайды.
Тоқалдан туып,
Ерке болмайды.

1139. Шығасы шықпай,

Кіресі кірмейді. 1140. Шығасыға - иесі басшы болады. 1141. Шын дүние - шынжыр арқан,

Жалған дүние - жалған жіп. 1142. Шын жыласа, соқыр көзден жас шығады. 1143. Ысқырып жатқан жыланның обалы жоқ. 1144. Ілгері басқанның - иті оттайды,

Кері кеткеннің - келіні ұрлық қылады. 1145. Іннің ауызы - кімдікі болса, соның, түбі - өзімдікі. 1146. Іріген ауыздан – шіріген сөз шығады. 1147. Істің ағы білмейді,

Ердің бағы біледі. 1148. Ішкен - мас,

Жеген - тоқ. 1149. Ішкеніміз - алдымызда, ішпегеніміз - артымызда. 1150. Ішпесе де, көңілі тоқ. 1151. Ішуі жаманның - тышуы жаман.

1152.Ішің күйсе, тұз жала.

9. МӘШҺҮР - ЖҮСІПТІҢ ҚАЗАҚ МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРДІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ ЖАЗҒАНЫ

1) «Шығасы шықпай, кіресі кірмейді» мақалының шығу төркіні.

Қазақта бір мақал бар: «Шығасы шықпай, кіресі кірмейді - деген. Бұл сөзге дәлел керек - қайдан алынған сөз екендігі. Хазірет Сүлеймен ғалайссаламның он үш жасында аузынан шыққан сөз екен. Ол сөздің шығу себебі: хазірет Дәуіт ғалайссаламның халифалық құрған күнінде хазірет Сүлеймен ғалайссалам есік алдында ойнап жүрсе, бір қатын жаман наза болып, жылап келеді. Бала сұрайды:

- Әй, қатын, неге мұнша күйінді - жылаударсың?- деп

Қатын айтты:

- Екі жетім бала - шағам бар. Өзіміз қара қасқа кедейдің барып тұрғанымыз. Жалғыз-ақ пұт бидайымыз бар еді, онан басқа дәміміз (дәнемеміз) жоқ еді. Соны диірменге апарып, ақысын беріп, тарттырып алып, қапқа салып, арқалап келе жатқанымда, бір қатты дауыл-құйын соғып, өзімді домалатып жығып, ішіндегі ұны - мұнымен қабымды ұшырып алып кетіп, артынан қуып, өкшем өшіп жете алмай бара жатқанымда, дарияға түсіріп, Құдай пана берсін, көзіме бір де көрсетпей, қақ ортасына алып кетті. Дарияға түссімен батқан болса,өмір бойы сүнісем де, соңынан қалмас едім, кез жетпестей жерге, ортасына алып кетіп, титығымды құртты. Ұнды, не қылайын, әркімнен сұрап алғам-ды,бір жөні болар еді-ау. Қабымды ғана қайтейін?! Өзімнің бар өмірімде еңбек қылып, тоқып алған қабым еді «Шешеміз ұн тарттырып алып келеді» - деп, қуанып отырған балаларыма: «Жүзі қара болып, не бетіммен көзіне көрінемін?!» - деп, соған ішім ашып, күйіп барамын!- дейді.

- Ай, бейшара» мұңдым, мүсәпір, Құдай саған үлкен болыстық қылған екен. Дереу барып тақта отырған патшаға арыз қыл: «Маған әлім жеттік қылып, бір қап ұнымды жел тартып алды, желден көлденең алып бер!» - дей ғой, - дейді.

Қатын жылап, патшаға кіріп еді, екі пұт бидай берді. Қатын қуанып:

- Бір жасы мың болғыр-ай, балаларыма құр бармасқа тәуір болды ғой!- деп, алып шықты.

Xaзірет Сүлеймен сұрады:

- Патша не дейді? – дейді.

- Айналайын, әділ патшамыз иесі пұт бидай беріп, көсегемді көгертті,-

дейді.

- Уай, бейшара, сен ұн тілей келген тіленші ме едің? Дауыл соғып, ұныңнан айырылып қалып келген емес пе едің? Ұнды олжа көріп қуанба. «Дауылдан ұнымды алып бер, әділ патша болсаң!» - деп, бар қайтадан. «Желдің үстінен арызға келіп едім ғой - де», - деп, қайта жіберді.

Қатын қайта кіріп еді Дәуіт патша үш пұт бидай берді. Қатын қуанып, алып шығып еді, Сүлеймен ғалайссалам:

- Тағы қайыра бар, - дейді - «Мен ұн сұрай келгенім жоқ, ұнымды алып кеткен желден көлденеңімді алып бер!» - деп, жабыс, - дейді. - Әділ патша болсаң, арманыма жеткіз, ақымды алған жел мен мені алдыңа алып терге, ұнымды не үшін алғандығын айырып бер! Қазақтың Қарабайы сықылды қайыр бергенше мәз болма, патшалық хүкіміңді тура қыл!- деші, не айтар екен? – дейді.

Қатын қайта кіріп еді, хазірет Дәуіт ғалайссалам:

- О заман бу заман желмен кісі дауласқанын көргенім жоқ. Бар, бейшара, бес пұт бидай ала ғой! – дейді.

Қатын қуанып, бес пұт бидай алып шығып еді, хазірет Сүлеймен ғалайссалам:

- Әлі арызыңа жете алған жоқсын. «Маған бидайдың керегі жоқ, дауымды шариғатыңа салып бер. Қанша берсең, қайырыңа ризалығым (ырзалығым) жоқ, әділшілігіңді көрсет! - деп, жабыс! – дейді.

Қатын тағы қайта кірді:

- Мен сізден бидай сұрамаймын, даугерін. Дауымды орнына келтірсеңіз екен! – дейді.

Дәуіт ғалайссалам айтты:

- Уай, қатын,сен қалай жансын, менің алдымнан қуанып, құлдық бас деп, бидай алып шығасың. Тек далаға шықсаң болғаны, қайтадан келіп мылжыңдай бересің. Осы саған далада біреу бір нәрсені үйретіп тұр ма, шыныңды айтшы,- дейді.

- Өзіңіздің кішкене кенжетайымыз мені еркіме қоймай: «Қайта баршы!»- деп, болмай жіберіп тұрған сол! – дейді.

Хазірет Дәуіт ғалайссалам тысқа шығып:

- Әй, балам, не үшін бұл қатынды әуре қылып, қайта-қайта кіргізе бересің? – дейді.

Хазірет Сүлеймен ғалайссалам айтты:

- Ата, бұл қатын аздап «Қара қылды қақ жарып тере беретұғын әділ патша ғой!» -деп арызға келіп тұр. Ұнын алып кеткен желдің үстінен даугер болып: «Ұнымды не себепті алып кеткенін біліп бер!» - деп. Сіз мұның арызын тыңдамай, дауына қолын жеткізбей: «Дауыс білмеген ойбайға зорлайды» - дегендей, қайыр-садақа беруге зорлай бересіз. Патшалық ісі осылай бола ма екен? – дейді.

Хазірет Дәуіт ғалайссалам айтты:

- Балам, желмен дауласып, дау алған бар ма екен? Желмен мұны көлденеңдестіруге менің әлім келе ме? – дейді.

Хазірет Сүлеймен ғалайссалам айтты:

- «Иттің иесі болса, бөрінің Тәңірісі бар», - деген қайда, желдің де билеушісі бар шығар. Ол жел де өз белмен алған жоқ шығар. «Желге менің әлім келе ме?» - деген жұрттың қолынан сайлап қойған қара патшаның жұмысы ғой. Өз - құдай сайлаған халифа: сізде және пайғамбарлық күші бар ғой! Құдай жаратқан мақұлықта байлаусыз, пәтуасыз бір қалыпта тұра алмайтұғын нәрсе - жел ғой. Бір уағдасына тұра алмайтұғын адамды жұрт айтады ғой: «Күнінде желше жүз құбылады», - деп. Бет алдына лағып есетұғын желден күші аса алмайтұғын болса, ол халифалықтан сізге не пайда? Ол пайғамбарлықтан сізге не қасиет? Алла тәбәрік отұғлы сізді пайғамбар қылғанда: «Менің Құдайлығымды пенделеріме таныт!»- дейді. Құдайдың құдайлығын, құдайдың шеберлігінен таныта алмасың бар: «Патшамын, пайғамбармын!» - деп, несіне мәз боласың?! Жел де - Құдайдың қызметкері, сіз де - Құдайдың қызметкері. «Менің қол астымдағы бір жесір қатынның бір пұт ұнын қабыменен бір жел алып кетіпті. Өзің жұмсап па едің? Өз бетімен қылған ісі ме?» - деп сұра Құдайыңнан. Бұл бейшара қатынның көз жасын Құдайдан сұрап беруге намыстанғаның ба, жоқ, ерінгенің бе? – дейді.

Хазірет Дәуіт ғалайссалам айран-асыр, дал болып тұра қалды. Ғибадатханасына барып, Құдай тәбәрік отғылыға мінәжат қылды. Сәждеге басын қойып, көтеріп алып еді «Әссәлам-ғалейкум!» - деп, адам суретінде бір періште жетіп келді.

- Иә, бәни-алла, ол қатынның арызы турасында, міне, мен келдім. Мен желге мүкіл (өкіл) періштесімін. Ол қатынның қабы менен ұнын мен һәм өз бетіммен желге алдырғаным жоқ. Дарияның жүзінде іші саудагер, дүние талап қулармен толық бір кеме келе жатыр еді. Кемесі толған пұл еді, адамзатқа не керек - жарақ түгел еді. Дарияның ішіндегі бір тасқа соқтығып, кемелерінің астынан бір жері жарылды. Сол жарықты Бітеуге шамалары келмей, суға ғарық (қарық) боларлық дәрежеге жеткен соң, қойдай маңырап, қозыдай шулап, Құдайға жыласты.

- Иә, Құдай, осы дарияға қарық қылмай, балыққа жем қылмай, бізді сәлем[ет] шығарсаң [1], құтқарсаң, сенің күшті құдіретіңнің құдайлық жолы[на]һәм жол садақасына [2]кемедегі малдың қақ жартысы жетім мен жесірдікі болсын! Жетім мен жесірдің көзінің жасының құрметі үшін бізді бұ пәлеңнен құтқара көр!- десіп, ботадай боздасты. Сол уақытта олардың шын жабығып жылаған наласы Құдайға жетіп, Алла тәбәрік отұғлы маған бұйырды:

- Пәлен жерде бір жесір қатын қаппен ұн арқалап келе жатыр. Соның ұнын қап-мабымен алып келіп, кеменің жарығына тық! - дейді. - Бұлардың жаны елімнен аман қалсын да: «Жетім - жесір үшін!» - деп, арнап айтқан құдайы садақа нәзірі сол қатын мен екі баласына берілсін! – дейді. Сол кеме осы күнде дарияның жүзінде. Алдынан кісі тостырыңыз. Пәлен күнде, пәлен сағатта құрғаққа шығады. Кеменің түбінің жарығын қараттырыңыз, қатынның ұны қабымен тығын болып, су кіргізбей бөгет болып тұр. Ол керуеннің біріне-бірі оны көрген жоқ, тек: «Құдай сақтады» - деуменен келеді. Қалай сақтағандығынан хабары да жоқ. Сіз құдай тәбәрік отұғылының бұл шеберлігін халыққа, жұртқа шашып есіттіріңіз де, кеменің жарығына тығылған қабын танып қатын алсын және Құдайға айтқан нәзірін сесітпей, шып - шырғасын шығармай, қалпынша керуен бұл қатынға берсін! Міне, Құдайдың құдайлығы осы, ешкімге залал салмайды.

Пендесіне не тағдыр қылса, ақыры сол пендеге жаны ашып болысқандығы болады, -дейді. Мұнан соң қазірет Дәуіт ғалайссалам қатынды жібермей, [қам]атып қойып, дарияның жағасына қарауылшы қойып, қатынды ертіп [3], кідірмей керуендер де құрғаққа шығып, қысылған, сасқандығына пейіл болысып, жандары аман қалғанына қуанысып, айтқан нәзірлерін бір жесір қатын, екі жетім балаға шашау шығармастан түгел берісіпті.

2) «Сөз тапқанға қолқа жоқ» - деген сөздің басы қайдан шыққан?

Жер иреті Сарысу өзенінің жазғытұрым тасып жатқан кезі. Екі құс салған екеуі судың екі жағында тұрып сөйлеседі. Біреуі насыбай атады. Онда ана жақта тұрғаны айтады:

- Өзім барып насыбай атуға судан өте алмай тұрмын. Мен үшін маған арнап насыбайыңды енді бір атшы!- дейді.

Бұл мына жақта тұрып, оның тілін алып, шақшасып ерінің қасына қағып - қағып жіберіп, мазаттанып, шаттанып насыбайын бір атқанда, ар жақта көріп тұрған - аузынан суы ағып, елітіп жығылыпты.

- Ризамын - ризамын (ырзамын) өзіңе де, шақшаңа да, атып тұрған насыбайыңа да! Екеуіміз құшақтасқан дос болайық, тамыр болайық, қолқа алысайық. Су тасуы қайтқан соң біздікіне келмесең, осы сезімді сыйлағандығыңның қолқасын алмасаң, ризалығым жоқ, - деп, өлердей сөзін айтып, қонаққа шақырып кетеді.

Судың тасуы басылған соң, қонаққа барады. Тамыры да тікесінен тік тұрып күтіп алады.

- Қалағаныңды алып кет, алмай кетсең, ризалығым жоқ!- деп, ерік әліне қоймаған соң, жүзіктің көзінен өткендей бір қара жорға тайы бар екен, соны қалап алып кетеді. Сонан соң жұмысы жоқ та болса, тек мұның шақшасынан насыбай атуға құмарланып, олай өткенде, былай өткенде, келіп, кетіп жүреді. Бір күндерде біреуден аласы адал ақы бір қозылы қойып алып келе жатып, тамырынікіне қонады. Ертең жүрерінде: «Бір қозылы қойды қайдан айдап жүрсең, маған тастап кет!»- деп, алып қалады. Бұл жолы емес, әйтеуір бір келіп кетіп жүргеніңде, қолқа қылып сұрап алғаны емес, мұның шақшасын алып кетеді.Төртті - бесті жыл арада өтеді. Қара жорға тай ат болып, ат болғанда, анау - мынау ат емес, топ бұзар ат болып, Арғын, Найман басы қосылған ас болса, жорға бәйгесін бермейтұғын атақты жорға болып шығады. Оның түпкі иесі көрген сайын іші күйіп, ел-жұрты, ауыл - аймағы бәрі шулайды: «Осындай жорғаны беріп қойып, әлі сен одан не алдың? Сал қолқаңды, ал қалағаныңды! Қолқаңа тұрмаса, қалағаныңды бермесе, жорғаңда не ақысы бар?!- деп, о да, бұ да айта берген соң, тамырына қолқа сұрата қатынын жібереді. Бұл келген қатынды сыйлап күтеді.

- Қолқа алудың реті менікі еді, ол оны білмей жүр екен - деп, дәнеме бермей, құр алақан қылып қайтарады.

- Бар тамырдан қолқа алып кел! - деп, бұ да қатынын жібереді.

Тамыр бұлқан - талқан болады:

- Мынау қай келемежі? Қара жорғам анау: топ жарып көзге түсіп, ас болған сайын алдымен келіп жүр. Аққан, тамған - бәрі айтады: «Баяғы пәленнің қара жорғасы!» - деп. Айдай әлемге белгілі, басы ашық ерек іс. Қозылы қойым анау текке алып қойған! «Жата - жата жамбасқа (жанбасқа)» - деп, мынаның зорлығы өтіп кетті-ау! - деп, тұра сала биге шабады. Ол заманда Арғын, Найман ортасында: «хан Барлыбай»- атанған Барлыбай би бар болса керек. Бұл Барлыбай: «Бағаналы, Балталы, // Кигіз қынды, қапталы, // Қағып қойса қалтасын, // Бұрқылдайды топтарының талқаны!»- дейтұғын елден шыққан би. Наймандар: «Бағаналы - Барлыбай, // Жау шайқаған Сандыбай» -десіп келеді. Оның: «хан Барлыбай»- атанғандығы -«Ақтабан шұбырынды» - сықылды бір жұт болғанда, өңгеден тігерге тұяқ, тағалы торы тай қалмағанда, Барлыбайда жалғыз ат қалып, ол заманда қазақтан өңге құрыса да, ас, той, жиын, батаоқыр құри ма?!Сондай, бас қосылатын жиылысқа өзге жан жаяу - жалғыз өгіз, түйемен шұбырса, жалғыз бұл атты болған екен де, сондықтан: «Хан Барлыбай» - атанған екен.

Анау шапқылап барған соң, хан Барлыбай шақыртыпты:

- Манағыдан бермен жазған сөз бәрі ананың сөзі ғой. Ол сөзін көтені аузынан көрініп тұратұғын кісідей көпірткен соң, мұныкін есіттік. Ал, сен сөйле! - дегенде, бұл айтыпты:

- Рас, мен мұның бұл айтқан малдарын алып та жүрмін, осы күн астымда мініп те жүрмін. Және қозылы қойын алып малданғаным да рас. Бірақ бұл қолқасын алып еді. Алған күнде иненің көзінен өтерліктей болып алып еді.. Енді мынау жер мен көктің арасына сыймайтұғын кісідей көкіп отырғаны! - дегенде:

- Сенен мен не алып едім?! – депті.

- «Не алып едім?» - деп, Құдайдан қорықпай, адамнан ұялмай, қалай айтасың? Шақшамды алғаным қайда? Мен саған тамыр болғандығың үшін қимастықтан бергенім қайда? Басқа кісіге, көріп берейін десе, ұстатам ба? – депті.

Отырған жұрт мұның сөзін ерсі көріп күліпті. Сонда қара жорғаның иесі.

- Қыстың, қатты боларын лақ (олақ) білер, күннің суық - жылысын құлақ білер. Берген нәрсең тұтамдай сиыр мүйізі. Төрелігін Барлыбай - екең өзі - ақ білер! – депті.

- Көтені аузынан көрініп тұрған иттің былшылдап отырғанын!

Қыстың қатты боларын тоқты білер.
Қара құйын жайылымы құтты келер,
Пара беріп қоймасаң, Барлекене,
Айтылған сөз мәнісін боқты білер!

- дегенде, Барлыбай би шамданып:

- Жаным, шақшаңның не артықтығы бар еді?- дегенде.

- Шақшамды айтайын, - депті, - Шақшам серке мүйізінің тақысы еді, қозылы қой өзінің ақысы еді. Орай салған жезі бар еді, тоқсан маржан кезі бар еді. «Толық бір тай-ды, соны жез» - деп, маржандаған ұстаның қолқасына берілген кезі бар еді. Және: «Өзі сатса, бір түйе, бір атқа алар еді-ау!»- деген әркімнің сөзі бар еді. Және онымен қойды ма?! Бір шақшаны істеп бергеніне тайды азсынып: «Тау жайлаймын» - деп, наршамды алды, «Ой қыстаймын»- деп, шотымды алды, «Қыр қыстаймын» - деп, балтамды алды. «Қалауым»- деп, бөрте атымды алды, «Жау шауып кетті!»- деп, төрт атымды алды. Қайқы келген қара атымды алды тілік құлақ сары атымды алды. Сары аттың енесі кішкентайына - бие еді, әкecі тұлпарға жиен еді. Енді сол шақшамды өзіме қайырса, мен қара жорғасын да, қозылы қойын да өзіне қайырып беріп, шақшамды өзіме бергені үшін, үйіме ертіп барып, қалаған атын мінгізейін, үстіне тон кигізейін! - дегенде, отырған жұрт: «Бұған не айтасың?» - дегенде.

- Сөз тапқанға қолқа жоқ, сөз тапқанға қолқа жоқ! - деп, екі санын шапалақтап, тұра жөнелді дейді.

Шақша иесінің аты Нау екен.«Нау құрымай, дау құрымайды» - деп жұрт аузына ілінген алаяқ екен.

«Боштай өлді» - деп, естігенде,

- «Боштай өлді» - дегенше,«дау өлді» - десеңдерші! - дескен екен.

Құс салып далақтап жүргенде, шақша түсіп қалып, жоғалған екен де, Нау оны біліп: «Тоқта, бәлем, аузыңа бір құм құярмын!»- деп, ішінде ойлап жүреді екен.

3) Қазақ мақалдарына катысты деректер.

Қазақта бір мақал бар: «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне». Қазақ соның айтуын білсе де, мағынасын білмейді. Бұл хадис шарифта Шіп Алутин мен Алайманның мағынасынан алынған сөз. Жақын би адам ұғлы болса - ойғам. Отынның асылы сый дұр бізге.Топырақ - Адамның асыл шыққан жері, рухының өрбіп-өңдіген жері Құдай тәбәрік тағаланың құдірет қасы денесінің шыққан жері топырақ. Мұнан мағлұм болды. Шын жұрты, шыққан жұрты - ақырет ғаламы. Жалған дүниенің жүзі ішпек - құшпақ үшін болған - тойған жері болды. Ердің eрі, екеудің сынығы болған - жан. Ақырет жұмысын қоштап, соның жабдығын ойлап, ескертіп туған жері сонда болады. Ер болмаған, ерлік ісін қыла алмаған жұртта қалған жемтік өлексені қиып кете алмаған иттей болып, дүние шылығымен алданып қалады.

Еркек семіз болса,
Елдің құты.
Қатын семіз болса,
Үйдің жұты.

Бұл сөз де бар:
Еркек семіз болса - есек,
Қатын семіз болса – салулы төсек.
Өспейтін елдің жігіті

Топ ішінде құрдасын
«Қатыным!» - ойнайды.
Өсетін елдің жігіті
Топ ішінде құрдасын

«Батырым!» - ойнайды.
Оңар елдің белгілі
Ақсақалы - үлгісі.
Оңбас елдің белгісі

Ақсақалы - үлгісі
Өсетұғын елге сі...c кіреді,
Өспейтұғын елге сыбыс кіреді (Пыш-пыш!).
Кері кеткенің саяғы

Далада жұрт тебіседі.

Күні кеше Сарыарқада қасиетті, шарапатты болып өткен Исабек (Ғайсабек) ишан дуам айтып отырады екен:

Байлық - мұрат емес,
Жоқтық - ұят емес! - деп.

Құлақ естігенді көз бір көрмек, 1928-нші жыл, ұлу жылы, байлықтың мұрат еместігін көзінен көріп нанды.

Шортанбай қожа айтқан:
Байды құдай атқаны,
Жабағы жүнін сатқаны.
Кедей қайтсе, күн көрер,

Жаздай жатақ жатқаны.
Сиыры бар болса,
Соғымына сояды.
Қағаздатып бұзауын,

Ноғайына қояды.

Оның сөйлегені: біздің құрттай бала күнімізде еді 1928-нші жылда, ұлу жылында, Құдайдың байды атқанын көзіміз көрді. «Құдай ұрғанды қоса ұрмаса, Құдайдың жандай досы болмайды», - деген де сөз бар.

Қазақ мақалы: Иесі сыйлағанның итіне сүйек сал!» - дейді. Қазақ мақалы:
Дүние бір күн бетін көрсетеді,
Бір күні көті көрсетеді...
Ақылы жоқтың, жақыны жоқ,

Тойғанға тон жоқ.
Қашқан түлкі қызыл көрінеді,
Жалаңаштікі ұзын көрінеді.
Жұртта қалған жөке арқан,

Алып, кімді бай етеді,
Қалып, кімді жарлы етеді?
Көңілсіз жұмыстан
Көтсіз бала туады.

Сүт сүйек өсіреді,
Киім көңіл өсіреді.
Баланың жеңінің ұшын жамаса,
Қарыс бойы өседі.

Аман - айтуға
Есен - естуге
Семіз - көруге!
Бала күнде Мұса Шорман би ұғлынан естіп едім.

Қарадан хан қойса, қасиеті болмайды.
Үлгісізден би қойса, өсиеті болмайды.
Кәлимасыз пір болса, кереметі болмайды.
Алалы тұяқ арам мал берекеті болмайды.

Атадан қалған адал мал әрекеті болмайды.
Тоқтышақтан тон кисе,
Желді күні тоңбайды.
Қарғыс алған атадан,

Егіз екі оңбайды.
Үш ай, тоқсан түспесе,
Үлкен теңіз тоңбайды.
Қатын шайпау болмаса,

Ер жалғыз үй қонбайды.
Бірді беріп, мыңды алсаң,
Бір байырғыдай болмайды.
Мың олжадан бір байырғы деген жоқ па?

Айтқыл сөзді ұққанға,
Жанды - жанға соққанға!
Айтып-айтпай немене
Мақтамен құлағын тыққанға!

Батыр деп оны қайтесің,
Түйе үстінен бұққанға,
Дос деп оны қайтесің,
Есікті қатты серпіп шыққанға!

Жақсы деп оны қайтесің,
Амалын ішіне сақтап,
Көтіне қолын сұққанға.

4) Сараңның барып тұрған сараңы.

Бір келіншек қатынға біреу:

- Енең келеді, - дегенде:

- Енем інге кірсін! – депті.

- Уай, байғұс, енеңнің қанжығасында саған салып келе жатқан оша (шеке) мен төсі бар, - дегенде:

- Енемнің менен басқа несі бар? – депті. Сонда енесіне тамақ берерде айтқаны:

- Айран аяулы, қымыз құюлы, төс шандыр, сүт ыстық. Не болса да, тан атқан соң көрерсің, - деп, аш жатқызыпты.

Енесі:

- Үйге қайтамын, - дегенде, айтқаны:

- Бір сиырым бар қарала, нанбасаң барып арала. Бір сиырым бар мөшке, өзі келеді кешке. Бір сиырым бар қашар, айдап жүруіңе нашар. Бір тайыншам алабас, айдауына жарамас, - деп, қайтарыпты.

Бір кедей, Жансары, өзіңде ұл жоқ, жалғыз қызын Қозғанға ұзатқан. Жалғыз қызы төркіндеп келгенде, айтқаны:

- Бір сиырым алабас, айдауына жарамас. Бір сиырым қашқан жоқ, сен түгіл бұқа етегін ашқан жоқ. Ендібіреуі қашып кеткен қашар, айдауына нашар.

Бірді - екілі бес тайынша, о да айдау - байлау көрмей жүргендігін жақсы көреді жайынша, - деп, қызын құр қайырыпты. Ақырында:

- Өлер шағым болды, - деп, қызын шақыртып алып, бір бұзау тайынша беріп қайтарыпты.

10. ЖҰМБАҚТАР

(өз қолжазбасы бойынша)

1. Бір жапырақ ет жоқ,

Бір ұрттам қаны жоқ,
Белгілі жаны жоқ,
Сөйлегені не нәрсе?

2. Бір жапырақ еті жоқ,

Бір ұрттам қаны жоқ,
Белгілі жаны жоқ,
Не керектің бәрі өзінен табылған не нәрсе?

3. Жансыз, денесіз, дем алып тұрған не нәрсе? 4. Бас, көз, ауыз, тілден дәнеме жоқ,

Айтқан сөзі артында қалған екеу не нәрсе? 5. Жын емес, адам емес, періште емес,

Адам баласына тағылым берген не нәрсе? 6. Жын емес, адам емес, періште емес.

«Охи!»- ға ие болған не нәрсе? 7. Өзі өлді де, өлгендік себебімен

Екінші өлікті тірілтуге жарады - не нәрсе?

11. ЖАҢЫЛТПАШТАР

(өз қолжазбасы бойынша)

1. Дырда қылау,

Қызыл ала бұзау.
Жатыр жалман құлағы,
Қиқу қыздардың қызыл ала тырнағы.
Қызыл тырнағы қылтылдақ,

Сүйір тырнағы жылтылдақ. 2. Тауда татақ тарғылша,

Матақ суда сотақ,
Солқылдайды қу бұтақ.
З.Отырар таудың басынан
Отау тікпек ойнайық.

Ор киіктің (ор қоянның ) [1] терісін
Сыпыра (отыра) [2] сілікпек ойнайық:
Олай сілікпе, бұлай сілік,
Жан - жағына қарай сілік,

Отарбайдың үйін сілік,
Үйі толған қызын сілік,
Семіз қызын серпей сілік,
Арық қызын аяй сілік.

4. Мынау кімнің қотаны,

Қайын атамның қотаны.
Қотаныңда қос терек,
Жайылып шыққан [1] (айналасы) жас терек.
Қайын атамның қотаны,

Маған тік тұрды,
Мен қайын атамның
Қотаныңа тік тұрдым.

5. Жүк үстінде төрт бөрік,

Төртеуі де көк бөрік,
Кел, қыздар, сол бөрікті [2] тігіселік, сөгіселік!
Кел, қыздар, төгіселік, сөгіселік,
Кел, қыздар, төгіселік, сөгіселік!

6. Дарияның ортасында сең келеді,

Сеңменен сексен серке тең келеді.
Сексен серке біреуін ұстап алып,
Сақалын суға салып - малып,
Сілкіп, сығып, сақалын суға [3] малып - малып,

Сілкіп, сығып, сақалын суға малып - малып,
Сілкіп, сығып!

7. Жаңбыр жауып келеді, қар аралас,

Насыбайдың ішінде күл аралас.
Бір топ қатын келеді қыз аралас,
Ойпаң жерге шөп шығар көде аралас.

12. БАҚСЫНЫҢ СӨЗІ

Әуелі, Құдай, сен онда,
Сен оңдасаң, біз мұнда!
Тілеген тілек және бер,
Қас бедеуге бала бер!

Жақсы Құдай, жай Құдай,
Мырза Құдай, бай[1] Құдай!
Әуелі Құдайым Көк жасаған,
Сонан кейін Жер жасаған!

Сыйынайын, бірінші, Құдай,
Екінші, сыйынамын [2], Мұхаммед!
Біріңе[3] біз құл болдық,
Біріңе үмбет болдық.

Үшінші төрт жар [4],
Төртінші - сексен сегіз машайық.
Жүз жиырма төрт пайғамбар,
Меккеден [5] әулие,

Мединедегі әулие,
Хан Шыңғыста әулие
Қызылтаудың басында - Қыз әулие,
Баянауласында – Қоңыр әулие,

Өгізтаудың басында – өгіз әулие,
Қошқартаудың басында - Қошқар әулие!
Таудағы бұланның,
Іштен шыққан айдаһар жыланның [6]

Өлі десем, өлі емес,
Тірі десем, тірі емес,
Ата[сы] - Қорқыт әулие!
Уақ атасы - ер Көкше:

Ерлігінің белгісі –
Садағына келген - сан кісі,
Мылтығына келген – мың кісі!
Сары, Баян, Сарша, Өтеулі!

Үш жүз сексен ат –
Бәйгеге қосқан Көрпебай,
Арғын атасы - Қарақожа,
Ханда - Абылай, қарада –

Қазыбек, Жалан аяқ - Ғазиз,
Диуана пірім [7],
Төртуылды [8] - Торайғыр,
Нағашы[сы] - Тұрдыбек.

Өзім [нің] нағашы атам –
Жағалбайлы: Түнқат,
Қаракерей [9]: Қабанбай,
Қаз дауысты [ 10] Қазыбек,

Қаракерей: Мұрында [11] Қандыбай,
Шақшақұлы Жәнібек,
Тобықтыда - Құнанбай [12],
Ішіндегі - Доғалбай.

Өте шықты Құнанбай заманында
Таздың арғы атасы - Шойынқара.
Қара, сары Қондыбай -
Әулие [13] қасиетті өткен.

Терістаңбалы - арғы атасы - Кентбұға.
Өте шықты ішінде - Аманқұл бақсы,
Бәсентиін арғы атасы - Барлыбай,
Ішінде - Тасыбай:

Тұрлыбек - дуанбасы [14].
Әуелі Құдай жын жасаған,
Бірінен – бірін мол жасаған.
Жынның арғы атасы - Кентбұға,

Жын атасы - сары Абыз [15]
Жын атасы - сары Азбан,
Әуре қылма сен, Азбан!
Жын атасы - Бердібай,

Жын ураны: «Екеу-екеу!»
Аспандағы менің бес пірім,
Қырық пышақ салдырған [16]!
Қырық ине маған түртіп,

Төбеме айдар қойдырған.
Жынға мойын қойдырып,
Көнбегенге көндірген,
Қу ағашқа төндірген.

Ақсақалдыдан бата алдырған,
Ақсарбас қойды сойдырған!
Бес бала - бес асау тай үйге кіргізген,
Ерегіскен жерге дерт салған,

Жын болып байланған,
Кезбе [17] болып айналған!
Ойдан келген он қожа,
Қырдан келген қырық қожа,

Ол қожаның ішінде –
Әзіреті қожа:
Жеп [18] өлікке жан берген,
Жамағат жанды тең көрген,

Белгізге бел берген,
Перзентін тең берген!
Оң қолымды ораймын,
Сол қолымды сұраймын,

Шежіреге басын сүйеген,
Күнге шашын тараған,
Ата қадірін білмеген,
Ана сүтін ембеген,

Желден жеті қоян айдаған,
Дұғаменен байлаған,
Жеті кетпен, шот басқандай болдым,
Жеп қазанға түскендей болдым!

Он екі ақ боз ат,
Ойнағандай күн қайда?!
Жын шақырдым қан бардан,
Қияда жатқан жандардан!

Темір жанға сәлем - де:
Хабар бер: ауыр қол жисын,
Темірден тон тіксін!
Ойдан келген он бері,

Сол бөренің ішінде
Алты ауызды көк бөрі –
Көк жендет көлінде, бай елінде!
Жұмабайдың баласы,

Кесер кеуде [19] кек қабан,
Жын ішінде сен жаман!
Маңдай терісі құрысып,
Жын біткенмен ұрыссып,

Жөргегімде жабысып,
Он бір жаста табысып,
Қара керей - Мұрыннан келген,
Жиеннен [20] туған жиен бар.

Тоғыз ұлдың кенжесі –
Мырзабай - Қабыл.
Сарала қамқа тон киген,
Сары арғымақ ат мінген,

Қылышын қынға қынаған,
Келдің, біл, бұ жолда
Қысаң қатынның ағасы
Қара алып жатқан шаңырақ басында.

Тұқымы [21 ] жоқ кісідей,
Тобықтыдан келді
Қаражігіт - Күліхан,
Алтайдан келген алтауым,

Шабдар атты кемеңгер.
Елден келген - екеуім [22],
Желден келген - жетеуім!
Елден келген - Ақәділ,

Шандұтбастан келген Шаңдыаяқ.
Қайдан келген ентелеп,
Бәйге атындай ентелеп?!
Көк ала сақал Көзімбет,

Алпыс атты, қырық жаяу
Мыңай-Жүзай, -
Сен - жарқыным, жолдасым!
Жоғазтыннан келген төрт атты,

Төментіннен келген бөрте атты[23],
Кейінде айыл жетпес сары атты!
Адым - адым басқан,
Адымы жерді күйдірген,

Тұяғы құмды суырған,
Тозаң - тозаң жүгірген,
Тозаңды жерге су жырған (ирған).
Жол, жол жатыр,

Жол жағалай қол жатыр.
Сонша қолдың ішінде
Қарабек атты сұлтан жатыр!
Хан Тілеуберді сұлтаным,

Арғынғазы - Шолпаным [24]!
Ойдан кірген ойпатым,
Қырдан келген бекзатым –
Дәуіт пайғамбар, ер Дәуіт!

13. БАТА ҮЛГІЛЕРІ

БАТА

Иә, Құдайым, жарылқа:
Жарылқасаң, малды қыл,
Біткен жұрттың алды қыл,
Бұған қас сағынғанның

Малын алып, жарлы қыл!
Алла әкбар!
Иә, Құдайым, бала берсін,
Мал мен басты және берсін,

Саған қас қылған дұшпанға
Табанының астына сала берсін!
Алла әкбар!
Иә, Құдайым, оңдасын,

Мың саулығың қоздасын!
Сексен түйең боталап,
Сегіз келін қомдасын!
Тіленшінің [1] биесің берсін,

Үйсін, Қоңыраттың түйесін берсін,
Біткен аруақ бәріне тие берсін!
Алла әкбар!
Құдайым, жарлықасын, бай қылсын[2]

Төрт түлігін сай қылсын!
Кетпес дәулет берсін,
Кең пейіл берсін!
Құрмалдығың қабыл болсын,

Тілеуің [3] дұрыс болсын,
Мұратың хасыл болсын,
Тілеген тілегіңізді берсін!
Алла әкбар!

Асың, асың, асыңа,
Береке [4] берсін басына!
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,

Қыдыр келсін қасыңа!
Осы тұрған боз үйге
Қыдыр ата дарысын!
Бәйбішесі бұл үйдің

Он екі құрсақ көтеріп,
Ұлға[5] көзі жарысын!
Желіңнің [6] о шеті мен бұ шетіне
Оқ жіберсе [7], жетпесін!

Тәңірі берген нәсібең
Тепкілесең [тепкілесең] [8], кетпесін!
Әр кезде байлық кетпесін!
Кешке келіп шулатқан,

Қошақайдың [9] атасы -
Қошқар бассын үйіңді
Бақайлары шыртылдап,
Мүйіздері жылтылдап,

Үй арасын боқ еткен,
Ішсе, айранға тоқ еткен,
Бұзаулардың атасы –
Бұқа бассын үйіңді!

Шудаларын шаң басқан,
Артқы өркешім қом басқан,
Ботақайдың [10] атасы –
Бура бассың үйіңді!

Шыңғыр - шыңғыр [11] кісінескен,
Тышып, боғын иіскескен,
Құлыншақтың атасы –
Айғыр бассын үйіңді

Саған қас қылған кісінің
Базарға барып, аты өлсін!
Ерте кетіп, қайтқанда,
Үйіне келсе, қатыны !

Көтіне тышқақ тисін,
Қолына пышақ тисін!
Тышқағы тыйылмасын,
Төсегі жиылмасын!

Шаңырағы шартылдап,
Шандырына қадалсын!
Босағасы бортылдап,
Борбайына қадалсын!

Күлдіреуіші күрт сынып,
Көтіне қадалсын!
Алла әкбар!

БҰРЫНҒЫЛАРДЫҢ БАТАСЫ

Әуелі Құдай жарылқасын,
Пайғамбардың берекетін берсін!
Әбубәкір, Сыздықтың салауатын берсін,
Әділ Омардың һайбатын берсін,

Әзіреті (хазірет) Оспанның ұятын берсін,
Әзіреті Әлінің (ғалының) қуатын берсін!
Ибрайым (Ибраһим) пайғамбардың малын берсін,
Әкім Лұқпанның жасын берсін,

Әкім Сүлейменнің тақытын берсін!
Ескендір(Александр)Зұлқарнайынның бақытын бе
Атымтай жомарттың даңқын берсін,
Дәуіт пайғамбардай отыз ұл берсін!

Ұл берсе, оразды берсін,
Қыз берсе, қылықты берсін!
Жасы ұзын болсын,
Жүзі қызыл болсын!

Айғырың үнді келсін,
Қошқарың жүнді келсін!
Қызын пұлды келсін,
Ұлың құнды келсін!

Дәулетің зияда болсын,
Дұшпаның пияда (сияда) болсын!
Ұлың ұяда болсын,
Қызың қияда болсын!

Адам жаласынан, бұлт аласынан,
Көрінер, көрінбес мың да бір пәлесінен –
Патша Құдайым өзі сақтасын!
Кәпірді мұсылман еткен,

Мұсылманға дін үйреткен,
Әкімдердің (Айымдардың) сәлеметтігіне,
Халық қамын жеген –
Қарқарадай хандардың сәлеметтігіне.

Ел қамын жеген –
Едігедей билердің сәлеметтігіне.
Өз еңбегін өзі жеген,
Құдая, шүкір, тәубе дейін –

Қара бұқара халықтың сәлеметтігіне!
Халқын, жұртын,
Қаны бірге ұлтын -
Ілгері бастырамын деген –

Еңбекшіл ерлердің сәлеметтігіне!
Қой орнына ат берген
Атымтайдай жомарттардың сәлеметтігіне!

Баяғыда тойға жасанып келген сұлу қыз - дүние қартайып, қайыршы кемпір болып, қарапейіл байларды – ұшынған сорпа, қағынған ет есепті қылып, қапшығына салып алған. «Жемесе де, май жақсы, // Бермесе де, бай жақсы!» - деген.

Қап түбінде қалғандардың сәлеметтігіне!
Молдаларға қол берген, көрпе салып,төрге алған –
Уызы арылмаған байлардың сәлеметтігіне!
Халқы, халайығы қостаған,

Орындықты (орнықты) саба ұстаған -
Бәйбішелердің сәлеметтігіне!
Тақыр жерде тайғақ бар,
Тәңірім, онан сақтасын!

Бату жерде пәле бар,
Машайық онан сақтасын
Шұңқыр жерде шайтан бар,
Сақтаушы онан сақтасын!

Ойнақтаған он қолын
Ақ білекте қарайсын!
Қимылдаған екі аяқ
Табаныңда қарайсын!

Аузындағы отыз тіс
Таңдайында қарайсын!
Құдай қосқан қосағың,
Бірге ілесіп қарайсын!

Малыңызға, басыңызға берекет берсін!
Саған қас сағынғанға ала - құла әрекет берсін!
Көктен жаудырсын,
Жерден өндірсін!

Байды Құдай байытсын,
Бәйбішені қайытсын!
Кигенін кір болмасын,
Мінгенің тер болмасын!

Алла ойында тұрсын!
«Құл-һуалла» - қойныңызда,
«Әлхам» - аузыңызда,
«Иасин» - жадыңызда болсын!

Бұл оқыған аяттар ай болсын,
Сегіз пейіш ортасында көңілің жай болсын!
Іргеңді аралап, дау жетпесін,
Еліңді аралап, жау жетпесін!

Сізге пәле сағынғанның
Өз басынан кетпесін!
Иә, Жалил, әл - жәллат,
Иә, Кәрім, әл - керемет,

Пендең саған аманат!
Сақтағайсың сәлемет!
Алла әкбар!

БҰРЫНҒЫЛАРДЫҢ ТАҒЫ БІР БАТАСЫ

Арқадағы Абылайдай бол,
Бұхарадағы Даниярдай бол!
Қойкелдінің қойын берсін,
Қойсоймастың ойын берсін!

Тоқаның жылқысын берсін,
Ақылдының құлпысын берсін [!]!
Боқтыдай бай бол [2],
Байкелді, Бостандай мырза бол!

Қарасудан көпір салып өткен [3]-
Толыбайдың жолын берсін!
Арқадағы Абылайдай даңқ берсін [4],
Бұхарадағы Даниярдай бақ берсін!

Қойсоймастың ойын берсін [5],
Қойкелдінің қойын берсін!
Боқтыдай байлық берсін!
Байкелді, Бостандай мырзалық берсін!

Азнабай, Сапақтай бол [6],
Байқонды, Бапақтай бол!

КЕЙІНДІ БІР БАТА

Көкшетау жағында үйге қонған екен:әкелі - балалы екеуі. Қонған үй көже қылып беріпті. Сонда әкесі:

- Дастарқанға бата қыламын, - дегенде, әкесінің қолын қағып жіберіп:

- Көже батасына мен жүйрікпін! - деп, шұбыртып сөйлеп бата қылғаны:

- Көже, көже, көр, ұстан

- Қайдан шыққан бұ көже?

- Аузы түпкі орыстан!

Құдай ұрған қу елсің,
Жау шапса, саған болыспан!
Құдай айдап біз келдік
Ел шеті алыс қиырдан.

Соймаған сорлы не еткен жан,
Қора толған сиырдан.
Жеуіңе қимай жүргенде,
Түк қалмас жұтта биылдан!

Көже шөптің басы екен,
Қу кедейдің асы екен.
Сен бай болып, не етесің?
Төрт аяқты малдан -

Түк көре алмай, кетесің!
Ешкіні елде көр,
Қойды мың күншілік жолда көр!
Түйе туа бітпесін,

Жылқыдан садақа кет!
Көкшетаудың басын көре кел,
Көкөзектен арман асып, қалаға кет!
Өлі аруақ жебесін,

Тірі аруақ демесін!
«Осы үйден ет асаймын!» - деп,
Келген баланың мен сі...ін енесін!
Өзі аш қонақ,

Өзі қу қонақ -
Мұнан артық не дейін?!
Сонда үй иесі ұялғаннан:

- Мына бәлекетке қуырдақ қуырып бер, қатын! – депті. - Айтқан cөзі еттен өтіп, сүйекке жетті ғой! - деген соң, қуырдақ қуырып, тойғызыпты. Қуырдаққа берген батасы:

- Мұның аты - қуырдақ,

Шын ықыласпен берген соң,
Пісіп қалды-ау жуырда - ақ!
Манағының бәрі ойын,
Ырысың өссін дуылдап!

Саған қастық қылғанның
Баласы қалсын шуылдап!

14. МЫСАЛ - АҢЫЗ ҮЛГІЛЕРІ

ҚАРШЫҒАНЫ МАҚТАҒАНЫ

Бір кісінің қаршығасын ит өлтірді. Бұ кісі кеп жылады. Жылап бұ өлеңді айтты:

Айтамын Құдайдан соң Мұхаммедті,
Сібірде көкжал салды көк жендетті.
Тоғыз тілек болғанда, топ қазды алып,
Қазасы көкжендетің [1] иттен жетті.

Көкжендет алты қаштың бауыңды үзіп,
Шыдамай өнеріңе, кеттің сүзіп [2].
Сенімен он сегіз жыл болдым жолдас,
Кеттің бе шыныменен күдер үзіп?!

Көкжендет, ұшушы едің желдей есіп [3],
Тұрушы ең қазды ұстап, жаннан кешіп.
Қара көт қақшымақтан ілгеніне,
Тұрады күдірейіп көк жендетсіп.

Көк жендет, үйде кеңес, түзде кеңес,
Салғанмен қанша құсты [4], сендей емес.
Аралас шүрегейі топ үйректен [5],
Басқаны кижекте1рден алушы емес.

Көкжендет, мойның ұзын, шалғын қысқа,
Салғанмын жалықпастан[6] талай құсқа.
Алты қаз, он бес үйрек бір жерде [7] алып,
Дуадақ жолықпады[8] сен байғұсқа.

Көкжендет, сен де кәрі, мен де кәрі,
Кек жендеттей болсайшы [9] құстың бәрі.
Алты қазды бір жерде алып ұрып,
Танбайды баяғысынан байғұс кәрі!

Көкжендет, ұшушы едің тоғайды өрлеп [10],
Талай ат тұрып қалған көзі терлеп [11].
Кешке таман болғанда, дабыл тиіп,
Есіл мен Еділде [12]: « Мені көр!» - деп.

Көкжендет құсым, салдым тоғайды ерлеп [13],
Талай ат тұрып қалған көзі терлеп.
Көйлектің шұбатылған жеңін былғап,
[Кә]рі қыз тұрушы еді «Келсең, кел!» - деп.

Көкжендет, бүгін біздің түстің [14] еске,
Қарайтын танушы емес ертең кешке.
Сұқсырлар, көжектер мен толып қалды,
Жүгірдім сасқанымнан Қозыкөшке.

Тірлікте үшбу хатты тамам қылған,
Сез айттым ықыласпен бұрынғыдан.
Қолыма қағаз алдым сия менен,
Жетеді мұратына дұға қылған.

Қолыма қағаз жаздым, қалам алып,
Әнеу күні Тоқболатқа қайттым барып.
Қарағым, тәрбиеңе ынтық болып,
Мен қайттым сөйлесе алмай, құмарланып [15]

Жазғаным қағаз бенен қалам, сия,
Лағылдың екі көзің сипатында.
Мен бардым маңғазыма дүйсенбі күн [16],
Не қылып келмей қалды қалқам, сірә?

Мен бардым жұма күні құла атпен,
Қайтейін құйқылжыған мінезіңнен?!
Күнде қырық көрсем де, арманым жоқ,
Өлермін диуана боп қайғыменен!

БОЗТОРҒАЙ

«Қиын жол қияметтің – тар-ды» - дейді,
«Бір жағы - су, бір жағы от [1], жар-ды» - дейді,
«Хазірет Ғалы пайғамбар заманында
Маңайында бір мүсәпір бар-ды!» - дейді.

Көңілінде ол Mүcәпір аласы жоқ,
Ерлі-байлы екі бас [2], баласы жоқ.
Жарлығы Жаратқанның сондай қатты:
Бір жалғыз тым болмаса қарасы жоқ.

Құдайы береді екен есіне алып,
Асы жоқ ішеріне байғұс [3] көріп.
Күнінде [4] амалы жоқ ол бейшара,
Суларға [5] жүреді екен қармақ салып.

Ұшқан құс, жүгірген аң,- бәрі тамақ,
Шәкіртлер ұстатынан [6] алар сабақ.
Ұзын күн қармақ салып жүрсе - дағы [7],
Ілінер қармағына жалғыз шабақ.

Ол жарлы қармақ салып, кайтады екен,
Кедейлік мүсәпірге батады екен.
Екеуі бір шабақты қорек қылып,
Соныменен ауқаты өтіп [8] жатады екен.

Ол жарлы бұрынғыдай бола алмады,
Көңілі күндегідей тола алмады.
Бір күн күн бойы қармақ салып,
Еш нәрсе қармағымен ала алмады.

«Қиын жол қияметтің - тар-ды» - дейді|,
«Бір жағы - су, бір жағы от, жар-ды» - дейді
«Ол күні аш болған соң жазған кәріп,
Кәпірге тамақ сұрай барды», - дейді.

Жоқтықта қинар нәпсі[9] кәрі жанды,
Көреді ол мүсәпір атпас таңды.
Не берсін тегін тамақ ол кәпір де
Бір теңгенің тамағын қарызға алды.

Пайғамбар бізден бұрын өтті дейді,
Кемелге тілеулі құл[10] жетті дейді.
«Пәлен күні кепіл тауып беремін!» - деп,
Бір күнді болжал қылып [11], кетті дейді.

Ол жарлы бұрынғыдай бола алмады,
Көңілі күндегідей тола алмады.
Болжал күні болғанда, барып еді,
Берерге жалғыз тиын таба алмады.

Жоқтықта қинар нәпсі кәріп жанды,
Көреді ол мүсәпір атпас таңды.
Күнінде ол теңгесін өтей алмай,
Енді жарлы мойнына есім салды.

Жоқтықта қинар нәпсі кәріп жанды,
Көреді бұ мүсәпір атпас таңды.
Күнінде ол теңгесін өтей алмай,
Мың қылып, бір теңгесін хатқа салды.

Жарлыға мың теңге ақша түсті дейді
Кедейлік бәрінен де күшті дейді.
Ақшасы мыңға жетіп кеткеннен соң,
Жарлыны: «Ақшам бер!» - деп, қысты дейді.

- Қайдан тауып (табып) беремін саған? - дейді,

- Аз ғана аял берші маған! - дейді.

- Саған берер бір тиын еш нәрсем жоқ,

Барайын Мұхаммедке таман! – дейді.
Жаман жоқ бұрыс басқан асқанынан [12],
Бір теңге мыңға қадам басқанынан.
Мысырды бұл мүсәпір қырық айналды,

Барарын білмей қайда сасқанынан.
Шаһарда бұл бармаған есік қалмай,
Бас салып ешбіріне кіріп бармай.
Сылтау ғып әне - міне дегенменен,

Теңгесін қояр емес кәпір алмай.
Ол жарлы бір Аллаға налып [13] келді,
Қоймасын ол көшірдің танып келді.
Өзінен берер [14] нәрсе жоқ болған соң,

Сасқаннан Мұхаммедке алып келді.
Құдайдың салғанына көніп келді,
Енгенде Мұхаммедке күліп келді [15].
Мұхаммед, сақабалар - бәрі отырған

Жерінде сәлем беріп кіріп келді.

- Уағалейкум әссалам, ай, мүсәпір,

Бұл қалай қасындағы жүрген [16] кәпір'?
Екі көзің жылауда, a, мүсәпір,
Қай жаққа алып сені бара жатыр?

- Сыйынсаң бір Аллаға, бұрын сыйын,

Іс еткен соң сыйынсаң, болар қиын.
Бар еді бұ кәпірдің менде ақшасы,
Берерге таба алмадым жалғыз тиын.

- Жаратқан бәрімізді бір Құдай-ды,

Жаратты жарық қылып Күн мен Айды.
Өзіңнен берер нәрсең жоқ болса егер,
Барасың мұны ертіп [17] енді қайда?

- Жаратқан жабдығымыз бір Құдай-ды,

Жатқанға шалқасынан дүние қайда [18]?
Он сегіз мың патшасы - сіз,
Бір пайдаңыз тиер ме екен осындайда?
Өзіне мал жимады ол пайғамбар,

Малы көп сақабалар пейілі тар.
Жан-жағында отырған сақабалар
Қараса, Мұхаммедім жерге қарар.
Ашуы ер Ғалының енді келді-ей,

Көңілін кең жаратқан хақ шалқар көлдей.

- Бабам жерге қарады - деп, хазірет Ғалы, -

- Бата бер, мен үзем! - деп, тура келді-ей!

- Бата бер, мен үзем! - деп, тура келді-ей!

Ашуы ер Ғалының қатты келді.
Адамның өн бойына біткен түгі
Кімнен найзадай боп, шыға келді.
Ол Мұхаммед пайғамбар бата берді,

Fалының айтқан сөзін қабыл көрді.
Бабасынан бата алып хазірет Fалы
Ерітіп ол мүсіндерді үйге келді.
Шүкір қылдым Құдайдың бұл ісіне,

Тағы тәубе қыламын әр ісіне.

- Ақша бар ма кәпірге беретін? - деп,

Үйдің ішін тінттірді Бибісіне.
«Жоқ еді»- деп, аузына ала алмады,
Көңілі күндегідей бола алмады.
Үйдің ішін ақтарып қараса да,

Берерге жалғыз тиын таба алмады.
Қайғысыз хасірет Ғалы ер-ді дейді,
Берер нәрсе таппады енді дейді
«Бұ ақшаңды тауып мен үзермін!» - деп,

Екі ұғылын (ұлын) кәпірге берді дейді.
Хасен мен Хұсайынды алды дейді
Қуанып кәпір үйге барды дейді
Екі етегін белше түріп алып,

Бір жаққа бетін түзеп салды дейді. [19].
Жолында хазірет Ғалы жалғыз жүрді
Жалғыз жұрт, кеп ұлт мола көрді.
Ол моланың басына келді - дағы,

Отырып хазірет Ғалы дұға (дуа) қылды.
Молада бір торғай отыр, көзін салды,
Торғайды көремін деп көңіліне алды.
Ер Ғалы айналдырып көріп еді,

Сол жерде кергеннен соң, қайран қалды.
«Ұстап алып торғайды көрсем!» - дейді,
«Хасен мен Хұсайынға берсем!» - дейді.
«Ержеткенде ермек қылып, ойнар еді,

Алып барып оларға берсем!» - дейді.
Не күшті, ойлап тұрсам, Құдай күшті,
Аузыма айтып едім, Құдай түсті.
Шап етіп аяғынан ұстап еді,

Торғай құс жұдырықтай алды да, ұшты.
Ер Ғалы бір Аллаға нанып кетті,
Боларын бір тамаша танып кетті.
«Маған енді не пар?» - деп, жүрген Ғалы [20] –

Жұдырықтай бір торғай алып кетті.
Жаратқан жер дүниені жексенбі күн,
Қараңғы өлгендерге болады түн.
«Хазірет Ғалы, торғайдан айрылма!» - деп,

Артынан ащы дауыс шығады үн.
Ол торғай аспанға шырқап шықты, қайрылмады,
Сөйтсе де хазірет Ғалы қайғырмады.
Ерлікпенен торғайды тұтып еді [21],

Ақырында ерлікпен айрылмады.
Қайғырып хазірет Ғалы саспады енді,
Бір жолға Құдай тағала бастады енді.
Ол торғай аспанменен алып келіп,

Ғалыны жапан түзге тастады енді. [22].
Ер Ғалы бұрынғыдай күле алмады,
Қалды жаяу, астына ат міне алмады.
Ғалыға бір зор уайым енді түсті,

Өзі қайдан келгенін біле алмады.
Ер Ғалы тәубе қылып, күлді дейді,
Болғанын бір ғажап іс [23] білді дейді –
Иә, Құдай, өзің оңға баста! - деумен

Аяндап бет алдына жүрді дейді.
Жүре - жүре бір асқар белге келіп,
Өзі туып көрмеген жерге келді.
Әр жолға Құдайымның өзі бастар,

Бір көп жойқын ен жатқан [24] елге келді.
Ер Ғалы елге қарай жүрді дейді,
Бір шаһардың ішіне кірді дейді.
Бір еркек жоқ көрінген, бір ұрғашы,

Бір қараша үй көріп, келді дейді.
Келді де қараша үйге сөйлес қылды,
Сөйлес қылса, бір жаман кемпір келді.

- Кемпір - ау, тірі еркегің еліңде жоқ,

Сұраймын, жөніңді айтшы [25], не елсің? – дейді.

- Айтайын жөнімізді cізгe батыр,

Сұрасаң, жөніміздің өзі кәпір.
Бар еркегі елімнің тойға кетті,
Патшамыз осы уақта той қып жатыр [26].
Ғалының ауады енді тентек ойы,

Кемпірдің қозғалады тула бойы.

- Қимылдаған еркегің бәрі кетіп,

Ол қылған патшаңыздың ненің тойы?

- Бір жерге тамам кісі орнайтұғын[27],

Мойынын бөтен жаққа бұрмайтұғын.
Патшаның мәжілісі бар жұма сайын,
Сауық қып, кеңес қылып жырлайтұғын.

- Кетіпті тірі еркегің тамам! - дейді,

- Не болды онда бармай саған? - дейді.

- Мұсылманның дініне кіргізейін,

Ол тойың тура сілте маған! - дейді.

- Барар болсаң, кеп тұрма мұнда - дейді,

- Менің айтқан сөзімді тыңда! - дейді.

- Сонау жерге барғанда, дауыс шығар,

Той қылып, шулап жатқан сонда! - дейді [28].

- Бір жақсылық қылайын, кемпір! - дейді,

- Тіліңді калимаға келтір!- дейді.

- Мұсылманның дініне кіргізейін,

- «Лә-ила-ила-Алла!» - келтір! - дейді.

- Дінімді бермен, тілімді берсем - дағы,

Көңілім бермен, сөзіңе ерсем - дағы.
Тілімді калимаға келтірмеймін,
Өз құмымнан [29] шықпаймын өлсем - дағы!
Сонаң соң хазірет Ғалы тасты [30] дейді,

Кемпір жаман ол қорқып састы дейді.

- Өз құмымнан шықпайтын неме екенсің [31],

- Деп кемпірді дарға (дараға) асты дейді.

Кемпірден бір ашуын алды дейді,
Кемпір байғұс тырайып қалды дейді.
Екі етегін белше түріп алып,
Ер Ғалы тойханаға барды дейді [32].

Сол тойға келді жаяу Ғалы батыр,
Кемпірге - жүрген жері заман ақыр [33].
Самсаған сары қолға келді жетіп,
Той қылып, шуылдап жатыр тамам кәпір.

Хазірет Ғалы сол тойға келді жайнап,
Кәпірлер шулап жатыр күліп-ойнап.
Кіріп барып отырды ортасына
Сансыз құлдың бәрінің көзін байлап.

Сыйынды хазірет Ғалы Алласына,
Кіріп барып отырды ортасына.
Мас болған арақ ішіп, сауық қылып,
Енді кеңес айттырмақ молдасына.

Кәпірлер өз есінен шықты дейді,
Бір-бірін арақ беріп жықты дейді.
Сол азан салдыртқалы [34] молдасына,
Басына мұнараның шықты дейді.

- Жігіттер, ал тыңдайық, кідіріңізші,

Тыңдасаңыз құлақ салып: «Е!»- деңізші!
«Мұнараның басына шыққаннан соң,
Азан[д]а айтатұғын не?»- деңізші!
Боқтайды: ораза, намаз әуел иман,

Боқтайды тағы онан соң кітап «Құран».
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар - боқтап бәрін,
Түк қалдырмай төрт жардан(иардан),сақабада [35].
Ол молда бұрынғыдай бола алмады,

Көңіліне күндеп сөз қона алмады.
Айтайын деп ентелеп келсе - дағы [36],
Айтуға бір ауыз сөз таба алмады.
Аруағы [37]ер Ғалының күшті дейді,

Молда бақыр көтінен пісті дейді.
Сөзінің күнде айтатын біреуі жоқ,
Молданы тамам кәпір қысты дейді.
Қиын жол қияметтің тар, білемін

Төрт шадияр пайғамбарға жар білемін.
Сезімнің күнде айтқан біреуі жоқ,
Бір адам пайғамбардан бар білемін.
Молданың көңілі болды күпті дейді,

Бір ауыз сөз таба алмас тіпті дейді.

- Пайғамбардан кім бар, кәне, осында?! – деп,

Кәпірлер тұс - тұс жақтан тінтті дейді.
Ол молда бұрынғыдай күле алмады,
Көңіліне күндеп сөз қона алмады [38].
Кәпірлер тұс-тұс жақтан тінтсе - дағы,

Ғалыны ішіндегі көре алмады.
Ер Ғалы ортасында отыр жайнап,
Кәпірлер дулап жатыр күліп-ойнап.
Ғалыны ішіндегі қайдан тапсын,

Бәрінің қойғаннан соң көзін байлап.
Аруағы ер Ғалының күшті дейді,
Молда батыр көтінен пісті дейді.

- Сен өтірік айтасың, адам жоқ! - деп,

Молданы:

- Өлтірем! - деп, қысты дейді.

Ойласам, Бисмилланың пірі отыр-ды,
Көңілге бисмилладан себеп кірді.

- Пайғамбардан кейінгі мен бармын! - деп,

Ер Ғалы ерлігімен түрегелді.
Дәметпеген тамақтан аш қалады [39],
Қиямет қайым болғанда, тас жанады.

- Мінеки, мен бармын! - деп, түрегелді,

Жиылған тамам кәпір бас салады.
Ер Ғалы бір Аллаға нанып келді,
Болғаным бір ғажап іс танып білді [40]. –
Өзі жаяу, бір адам жүр екен! - деп,

Ғалыны патшасына алып келді.
Қылышын жасауылдар қайрайды-мыс,
Мылтығын жасауылдар сайлайды-мыс.
«Бұ кісіні қалай қылып өлтірем?!» - деп,

Патшасы молдасы мен ойлайды-мыс.
Молда айтты:

- Жүр екен бұл мұнда келіп,

Тәлкектеп, өлтірейік мазақ қылып.
Бұ кісіні: «Аллалап» өлтірейік,
Мойнына бір нәрсені кінә қылып [41].

- Иә, молда, сіз айтсаңыз олай қылып,

Құдайым бізге оңай қылып.
Бұ кісінің міндетің сізге бердім,
Сіз мұны өлтірсең де, қалай қылып.

- Бір адам әлдеқалай келіпті кез,

Жігіттер, шамаң келсе, қимылда тез!
Тапсаң сен, таба алмасаң, өлтірейік,
Жұмбақ қылып айтайық он ауыз сөз.
Молда айтады Ғалыға:

- Нанармысың?

- Менің айтқам тілімді алармысың?

Жұмбақ қылып айтамын он ауыз сөз,
Бір ауызын қалдырмай, табармысың?
Ғалы айтады молдаға:

- Нанармысың?

Менің айтқам сөзімді алармысың?
Тапсам, таптым, таппасам, өлемін ғой,
Тапсам, үш ауыз сез айтайын, табармысың?!
Молда айтады:

- Сөйлесіп, танысалық

Таппағанды қылышпен шабысалық.
Әуелі мен сұрайын, жауап берші,
Кезектесіп жұмбақты, табысалық!

- Сөйлейін, сөйле десең, Жаббар Құдай,

Шарапаты Мәдниненің тұрсын былай.

- Өлтірермін, ойламай,тапшы жылдам:

«Бір - екеу болмақ жоқ, мұным қалай?

- Сөйлейін, сөйле десең, Жаббар Құдай,

Шарапаты Мәдиненің тұрар былай.
Ол неге екеу болсын, шұнамыр құл,
Жаратқан бәрімізді жалғыз Құдай.

- Сөйлейін, сөйле десең, Жаббар Құдай,

Шарапаты Мәдиненің тұрсын былай.
Дереу басын кесермін, тапшы жылдам,
Екеу үшеу болмақ жоқ, оным қалай?

- Үндерде не жақсы, Құран үні,

Түндерде не түн жақсы, Қадір түні.
Ол неге үшеу болсын, кәпір дұшпан,
Жаратқан бір Құдайдың Ай мен Күні!

- Сөйлейін, сөйле десең, Жаббар Құдай,

Шарапаты Мәдиненің тұрар былай.
Өлтіремін, ойламай, тапшы жылдам,
Үшеу төртеу болмақ жоқ, оным қалай?
Айтайын, білгенімді, жиылған көп,

Мен айтсам осылай қып, бола ма еп?
Ол неге төртеу болсын, кәпір дұшпан,
Хұптанның аяғында отыр Уәжіп.

- Сөйлейін, сөйле десең, Жаббар Құдай,

Шарапаты Мәдиненің тұрар былай.
Өлтіремін, ойламай, тапшы жылдам,
Төртеу бесеу болмақ жоқ, оным қалай?

- Төрт шадияр: екеуі: Омар, Оспан,

Біреуі - хазірет Ғалы - елден босқан,
Біреуі - Әбубәкір сыдық болар,
Ол неге бесеу болсын, кәпір дұшпан?!

- Сөйлейін, сөйле десең, Жаббар Құдай,

Шарапаты Мәдиненің тұрар былай.
Өлтіремін, ойламай, тапшы жылдам,
Бесеу алтау болмақ жоқ, оным қалай?

- Шырақтың алды менен арты болмас,

Кітаптан шыққан сөздің қалты болмас.
Дәрет пенен бес уақыт намаз болар,
Шұнамыр құл, ол - бесеу, алты болмас!

- Сөйлейін, сөйле десең, Жаббар Құдай,

Шарапаты Мәдиненің тұрар былай.
Өлтіремін, ойламай, тапшы жылдам,
Алтау жетеу болмақ жоқ, оным қалай?

- Қияметтің қыл көпірі қиын жер ме,

«Исрафил соры»- деген қызыл жел ме?
Ол неге жетеу болсын, кәпір дұшпан,
Жаратқан имандыға алты кәлима.

- Сөйлейін, сөйле десең, Жаббар Құдай,

Шарапаты Мәдиненің тұрар былай.
Өлтіремін, ойламай, тапшы жылдам,
Жетеу сегіз болмақ жоқ, оным қалай?

- Сенің айтқан сөзіңнің бәрі анық,

Менің айтқан сөзімді қылма танық.
Ол неге сегіз болсын, кәпір дұшпан,
Қылмысты құл орны тұр - жеті тамұқ.

- Сөйлейін, сөйле десең, Жаббар Құдай,

Шарапаты Мәдиненің тұрар былай.
Дереу басын алармын, тапшы жылдам,
Сегіз тоғыз болмақ жоқ, мұным қалай?

- Қылмыссыз құлға орын - жұмақтан тақ,

Он екі иман көңілімде болады нақ.
Ол неге тоғыз болсын, шұнамыр құл,
Қылмыссыз құлдың орны-сегіз жұмақ(ұжмақ)[42].

- Сөйлейін, сөйле десең, Жаббар Құдай,

Шарапаты Мәдиненің тұрар былай.
Өлтіремін, ойламай, тапшы жылдам,
Тоғыз он болмақ жоқ-ты, оным қалай?

- Ай, кәпірлер, мен айтайын сөздің жайын,

Пайдасы жоқ сөзіңді не қылайын?!
Ол неге он болсын, шұнамыр құл,
Тоғыз ұлды пайғамбар Ибраһим (Ибрайым)!

- Сөйлейін сөйле десең, Жаббар Құдай,

Шарапаты Мәдиненің тұрар былай.
Өлтіремін, ойламай, тапшы жылдам,
Он он бір болмақ жоқ, мұным қалай?

- Жеті қабат жер мен көк - бәрі ғалам,

Бейіш бетін көре алмас қылмысты адам [43].
Ол неге он бір болсын, шұнамыр құл.
Он ай құрсақ көтерген ұрғашы адам.
Ол дүние бұл дүниеден қатты дейді,

Қызығы бұ дүниенің тәтті дейді.
Ол молда он ауыз сөз айтып еді,
Бір [44] ауызын қалдырмай тапты дейді.
Ғалы айтты:

- Тіліме нанармысың,

Менің айтқан тілімді алармысың?
Он сөзді айтып едің, бәрін таптым [45],
Мен үш ауыз сөз айтайын, табармысың?

- Көп сезің бар ішіңде сенің - дейді,

- Ашуыма көп тиме менің!- дейді.

- Әлде не деп айтасың маған?- дейді,

- Ол сөзіңді айтпаймын сенің !- дейді.

Аруағы ер Ғалынын құнт дейді,
Көтінен молда бақыр пісті дейді.

- Бұ айтқан соң, сен неге айтпайсың?- деп,

Молданы тамам кәпір қысты дейді.

- Қоймадың, ай, патшам, халімізге,

Келді бір зор қайғы шәрімізге (шаһарымызға).
Мұның айтқан үш сөзін айтар ем мен,
Мен айтқанда, айтар болсаң бәріңіз де.

- Өтерсің бір нәрсені көңіліңе алып,

Таппасаң, байғұс молдам, болдың қарт.
Сенің айтқан сөзіңді біз де айтармыз,
Бұ жерде не болармыз сенен қалып?!

- Айтайын, солай болса, мен! – дейді-міс,

- Менің айтқан сөзіме көн! – дейді-міc.

- Айтатұғын сөзіңді сұра менен,

Сөзіңді айтшы, білейік, сен! - дейді-міс.

- Ойласам, бисмилланың бірі зат-ты,

Болғанда тілім - шежіре, көңілім - хат-ты[46].
Бұл сөзімді ойламай, жылдам тапшы,
Жұмақтың есігінде не жаратты?

- Қияметтің қыл көпір жол бар дейді,

Ұзындығы мың жылдық [47] мол бар дейді.
Жұмақтың есігінде есіткенім:
«Бисмилла ал-рахман рахим!» - сол бар дейді.

- Ойласам, бисмилланың бірі зат-ты,

Болғанда тілім - шежіре, көңілім - хат-ты.
Бұ сөзімді ойламай, тапшы жылдам,
Жұмақтың тап төрінде не жаратты?

- Қияметтің қыл көпір жол бар дейді,

Ұзындығы мың жылдық мол бар дейді.
Жұмақтың тап төрінде есіткенім:
«Лә-ила-Алла-ила-Алла!» - сол бар дейді.

- Ойласам, бисмилланың бірі зат-ты,

Болғанда тілім - шежіре, көңілім - хат-ты.
Бұ сөзімді ойламай, тапшы жылдам,
Жұмақтың мәуесінде не жаратты?

- Қияметтің қыл көпір жол бар дейді,

Ұзындығы мың жылдық мол бар дейді.
Жұмақтың мәуесінде есіткенім:
«Лә-ила-Алла-ила-Алла» - сол бар дейді.
Ол молда үшеуін де білді дейді,

Тілдері калимаға келді дейді.

- Бәрімізге ұстат болып, имам болдың [48],

Не аласыз біздерден енді?! – дейді.

- Жеткізген мұнда мені бір торғай құс,

Үйден мені шығарған жарлы байғұс.
Не бересіз біздерге, не бермейсіз,
Керек еді біздерге алтын, күміс.
Тамам кәпір мұсылман болды дейді,

Шайтан қашты, періште толды дейді.
Алтын менен күмісті жинап еді,
Үлкендігі бір таудай болды дейді.
Ер Ғалы енді ойлайды ойды дейді,

Алтын менен күміске тойды дейді.
Арқасына көтеріп салып еді,
Ер Ғалы көтере алмай, қойды дейді.
Ер Ғалы бір Аллаға нанып кетті,

Құдайдың шеберлігін танып кетті[49].
Екіншілей арқалап көтергенде,
Торғай құс келді де алып, алыс кетті.
Ер Ғалы сабыр қылып, саспайды енді,

Алла тағала бір жолға бастайды енді.
Ол торғай аспанменен алып кетті,
Ғалыны өз үйіне тастайды енді.
Алып келіп кедейге берді дейді,

Кедей байғұс қуанып күлді дейді.
Кедей барып кәпірдің борышын төлеп,
Дін мұсылман мұны естіп білді дейді [50].

КИІК

О заманда бар екен жалғыз киік,
Тамам кәпір аттанды тұзақ жиып.
Тұзағына кәуірдің (кәпірдің) [1] киік түсіп,
Тартып үзіп кете алмай, қалды киік.

Құдайым жеткізбесін бізді жүзге [2],
Естімеген сөз кетер құла түзге.
«Киік - деген аз ғана өлеңім бар,
Тыңдасаңыз, айтамын оны сізге.

Киік алды ол кәуір торын құрып,
Хаққа киік жылады мойнын бұрып [3].
«Киік»- деген аз ғана өлеңім бар,
Тыңдасаңыз, айтамын, құлақ қойып.

Торын құрып ол кәуір киікті алды,
Киік алып, тұзағын жерге салды.
Бауыздауға киікті жатқызғанда,
Мұстафа Мұхаммедім кез боп қалды [4].

Кәуірге [5] Мұхаммедім сәлем берді

- Мұның жанын маған бер, кәуір! – дейді.

- Әжетіңе жарамас арық киік,

Екі лақты (ұлақты) бейшара мұңдық еді.
Көңілі бұл киіктің лағында,
Қалды лағы бір таудың бұлағында.
Анасына азынап жылағаны -

Аян болды Алланың құлағына.

Сонда Мұхаммед пайғамбар:

- Киік барып, лағын емізіп келсін! Оған шейінмен кепіл болайын, киікті босат!-дейді[6].

Сонда кәуір айтты:

- Тас, алтын шыққан тауға, теремісің,

Менің айтқан сөзіме еремісің?
Осы киік барғаннан келмей кетсе,
Жаныңнан күйігімді [7] беремісің?!

Мұхаммед пайғамбар айтады:

- Тас, алтын шыққан тауға, терер - ақпын,

Сенің айтқан сөзіңе ерер - ақпын.
Сол киік барғанынан келмей кетсе,
Жанымнан мен жазған құл берер - ақпын [8].
Айтады айт дегеннен хан тағына,

Ақынның шек келтірме тіл - жағына.
Кепіл боп Мұхаммедім жіберген соң,
Зырылдап кетті киік лағына [9].

Сонда киіктің екі лағы айтады:

- Алақай, анам аман кепті - дейді,

- Жүрдің бе қимай тәтті шөпті? – дейді.

- Күнде ерте мұнан бұрын келуші едің,

Не болды бүгін саған?! - депті дейді [10].
Сонда киік айтады:

- Бар еді кішкентайдан көп күнәйым [күнәм][11],

Дауысымды шығармай, бір жылайын.
Жапанның отын оттап жүргенімде, .
Кез қылды жайған торға бір Құдайым [12]!

Балаларының сөзі:

- Отырдық сен келгенше шыдап зордан,

Ажалың болды ма, ана, бейнетқордан.
Жапанға тұзақ құрған кәуір болса,
Не дейді босатарда сені тордан?

Киіктің сөзі:

- Ол кәуір босата ма, өлмей, қолдан?

Токтатты тұзақ құрып бізді жолдан.
«Келсін, - деп, - емізіп балаларын!» -
Пайғамбар хақ Мұхаммед кепіл болған [13].

Балаларының сөзі:

- Ай, шеше, сен барғанда, біз барармыз [14],

Артында бір күн қалмай, тез барармыз!
Пышақты сенен бұрын бізге салсын,
Басында шыр көбелек айналармыз!

Киік айтады:

- Ай, балам, барма! - деймін. – Сен өлерсің!

Шөп жесең, тісің шыққан, күн көрерсің.
Анаң жоқ, сүйенерге атаң да жоқ,
Үш уақыт та зар қылып күңіренерсің!
Сол мезгілде «Киік келе қоймады!» - деп, тәуір Мұхаммед пайғамбарға айтады:

- Мінгені пайғамбардың арғымақ дүр,

Шытырманды аралап ұшады құр.
Алдың ба азап іздеп [15], а, Мұхаммед,
Кәне, киік келгені, кешігіп тұр?

Мұхаммед айтады:

- Мінгені пайғамбардың арғымақ дүр,

Шытырманды аралап ұшады құр.
Ақшам менен намаздыгер арасында
Киік енді келеді, аялдай тұр!

Сонда киік екі баласыменен үшеу болып келе жатқанын көріп, кәуір қуанып айты дейді:

- Ұсындың [16], киік, Хаққа мойын қойып,

Сені жесем, кетер ем бір-aқ тойып.
Кепілдіктен құтылдың, ау, Мұхаммед,
Бір киігім келіп тұр үшеу болып.

Мұхаммед айтады:

- Тас, алтын тауға шыққан теремін бе,

Сенің айтқан сөзіңе еремін бе?
«Үш киік келіп тұр!» - деп, қуанасың,
Мен саған осы үшеуін беремін бе?

- Өзің торына түскен киігіңмен бол! Екі баланы саған неге өлтірейін! Құдай өзі асырап сақтар, бұл екеуіне тиюші болма! – дейді. Сонан соң киік балаларын Мұхаммедке тапсырғаны:

- Айтамын, айт дегеннен Мұхаммедім,

Екі лағым, мен өлсем, қалар жетім.
Жетімшілік басыңнан кешкен жоқ па,
Хабарлас боп [17] жүре гөр - Мұхаммедім!

Мұхаммед сөзі:

- Біз хабаршы болайық, сіз барыңыз,

Тоқтау салмай кәуірге, тез барыңыз!
Жылай - сықтай бара гөр, байғұс киік,
Жетер ме екен Аллаға мұң - зарыңыз [18]!
Киікті кәуір қуанып қармап алды,

Қармап алып, мойнына белбеу салды [19].
Киік бауыздарға бет қойғанда,
Мұстафа Мұхаммед жетіп барды.
Мінгені пайғамбардың арғымақ сұр,

Аралай шытырманды ұшады құр.

- Жіберші бұ киікті, кәуір, деймін,

Сен өзің намаз оқып, мұсылман бол!

- Құс ұшып, бұлбұл деген қонар құмға,

«Құдай, жеткіз - деуші едім - осы жолда!»
Киігімді жіберсем, а, Мұхаммед,
Мен де өзіңдей мұсылман болармын ба [20]?!
Иман тапқан Құдайға құл болады,

Айтқан сөзі әрқашан пұл болады [21].
Тілге нанып, мұсылман болған адам
Бізден де әжептәуір сол болады.
Құс ұшып, бұлбұл деген қонар құмға,

«Құдай, жеткіз - деуші едім - осы жолға!»
Киігіңді жібердім, Мұхаммедім,
Мен мұсылман болдым ғой, әлхамдулла!
Пайғамбар бізден бұрын өтті дейді,

Кейінгіге жол салып кетті дейді.

- Киігіңді жібердім,- ау, Мұхаммед,

Шапағатшы бол таңда!- депті дейді.

ЛАШЫН МЕН ҚАРҒА

Лашын үйрек ілді көлді көріп,
Отырды табанымен басын бүріп.
Лашын әрлі - берлі шоқыған соң,
Бір қарға алып жейді аңдып жүріп.

Келмейді ол қарғаның санасына,
Үйректі алып ұшты баласына.
Үйректің басын, етін көріп,
Қарайды балалары анасына.

- Қарайсың неге, балам, маған! - дейді,

- Қалай екен, балалар, анаң?! - дейді.

- Үйрек етін же - дағы қарық бол енді

Не жегізбес бұл анаң саған? - дейді [1].

- Үйрек етін же - дағы, қарық бол енді [2],

Құс жаралған жоқ шығар шешен теңді?!
Анаң байғұс аспаннан іліп еді,
Бір ерні - көк, бір ерні - тіреп жерді.

- Әуеде ұшып жүрген аққу [3]мен қаз,

Шешеке, өтірікшінің өмірі [4] аз.
Жын менен, атам жеген, қан шоқымай.
Есен-сау ұшса игі еді биылғы жаз?!

- Көрерсің хақтың жүзін: « Алла!» - десең,

Ай, балам, нанар едің бірге жүрсең [5].
Шүрегей жұдырықтай, үйрек түгіл,
Ақ сұңқар әуедегі етін жесең [6]!

- Ала қарға, сауысқан - құстың қоры,

Ақыр заман болады - ау жылқы жылы!
Атам жеген жын менен қан шоқымай,
Бекер, шешем, әкелдің бізге мұны [7]!

- Қанағат қашан қашқан [8][ мен байғұстан?!

Салымым бұрыннан - ақ ұшқан құстан.
Қылғалы мұны мекен - жиырма жыл,
Балалар сенен бұрын есен ұшқан.

- Ертіс пен ұзын аққан, Есіл деймін,

Оқыған күн аударып [9]- Бесін деймін.
«Үйректі өзім ілдім!»- деген сөзің
Шешеке - ау, боп жүрмесің [10] кесір деймін!

- Сұм қарлығаш тызылдап ұшып кетті [11],

Түбіме шағымшы боп [12], сол –ақ жетті.

- Үйрекке сенің алған мақтанды!- деп,

Қарлығаш лашынға хабар етті.

- Бізді шаққан жағылсын жанған отқа,

Сұм қарлығаш жолықсын қайын оққа!
Келгенмен, лашын маған не қылады,
Онда тұмсық бар - дағы, мен де жоқ па [13]?!

- Шын сөйлеген әр жерден ет жейді - ғой [14],

Өтірікші мұратқа жетпейді - ғой!
Ата-бабам жемеген ас болған соң,
Жесек - тағы тамақтан өтпейді ғой!
Лашын, сұңқар тояттап ет жейді ғой,

Өтірікші, шешеке, жетпейді ғой!
Қашып енді лашыннан құтылуға
Құйрығыма қанатым жетпейді ғой!

Қара қарға айтады:

- Балалар, басты өлімге байламайық,

Жоқ нәрсені уайым қып ойламайық[15]!
Балалар, ол жалғыз да, біз алтау ғой,
Алтаумыз тұс - тұсынан найзалайық!
Қарлығаш хабар берген соң, Лашынның айтқаны:

- Мінгені патшаларның-қаражал, сұр

Дәм татқан бір тоғайдан мың қара құр.
Тұқымын түк қалдырмай, құрытайын,
Жалпылдап жаман қарға қай жақта жүр?!
Қарлығаш:

- Берем - дейді – бір - ақ тауып,

Қылмайды дәнемеден қарға қауіп.

- Міне, лашын келеді, өлтірді! - деп,

Қарғаға хабар беріп келген шауып.

- Мінгені патшалардың - қаражал, сұр,

Дәм татқан мың тоғайдан бір қара құр.
Мен қашып бұл лашыннан құтылайын,
Қарлығаш, балаларға қараса тұр!
Жалбаңдап жаман қарға қайда кетті:

Бойынан Тасарладың мекен етті.
Қырымнан көзі шалып қалған екен,
Соңынан қара лашын қуып жетті [16].
Лашын дауандардан дауан асты,

Жігітлер, өтірік сөз жанға қас-ты.
Соңынан қара лашын қуып жетті,
Қарғаны барқылдатып бір - ақ басты.
Өлерін енді қарға анық білді,

Барқырап:

- Айтқам жоқ! - деп, танып көрді.

Мойнына айтқан сөзін қойдыруға
Қасына балалардың алып келді.
Балаларынан:

- Шешеңнің мақтанғаны рас па? - деп сұрады,

- Мереке, күнде жиын той мен, - дейді,

- Ойлаған ақ сұңқарға оймен, - дейді.

- Шешемнің айтқан сөзін жасырмайын:

«Бәрінен құс біткеннің зормен!» - дейді.

- Білмейсің, жаман қарға, әлің! - дейді [18],

- Ел - жұртқа сенің сырың мәлім! – дейді.

- Қарғаны өтірік айтқан өлтіремін,

Балалар, асырайын бәрің! – дейді.

- Бәйгеден шауып келген жүйрік атты,

Жігітлер, өтірік сөз жанға қатты.
Лашын, сенің берген балыңнан да
Бір қасық анам берген суы (сүті) [19] тәтті.
Мінегені(падишаның) батырлардың қара жал сұр,

Дәм татқан бір (мың) тоғайдан мың (бір)қара құр.
«Асырайын!» - дегенге ашуланған,
Қырайын бәріңді де, асықпай (қара да) тұр [20]!

- Балаларым! - дейді екен кәрі ана,

- Бұтағы осы ағаштың сегіз сала.

Қорықпайтын жетімдердің көз жасынан
Жоқ па екен лашын құста біздей бала?!

- Балаларым! - дейді екен кәрі ана,

- Бұтағы осы ағаштың сегіз сала.

Тарығып, зарыққанда, әрең көрген
Бар еді, аман ұшса, жеті бала.

- Шешекем, бірер сөзін жасырайын,

Басынан жақсылықты (ихсылықты) асырайын!
Шешемді өлтірмесең, Лашын - еке,
Біз саған көрген сайын бас ұрайын!
Бұл жерде бәрімізді қылсаң ғайып,

Таусылып қалады сөз бір - ақ байып.
Өлтірмей(шешемізді)бәрімізді [21]қылсаң азат,
Шашамыз ерлігіңді жұртқа жайып.

- Байладым бір қарғаны балаларға,

Сауысқан - құстың қоры [22]- ала қарға,
«Тапқан сөзге - қолқа жоқ» - деген - осы,
Балалар, тауып айттың, шара бар ма?!
Күштісі құс біткеннің - бидайық құс,

Өтірік айтпа, ай, қарға [23], көтіңді қыс!
Жаман қарға, сен жүрер жерің емес,
Бес баланды ертіп ап, тоғайға көш!

- Бау қара ағаш деген соң, бау қара ағаш,

Қас болды іргемізден бір қарлығаш.
Тоғайды өзім көрген жерім емес,
Тастасаң алып барып, алдияр бас!
Бидайық тамам құстан күшті дейді,

Бауырына балаларды қысты дейді|.
Арасы қырық күншілік (жолдар)шөлдер екен,
Түс болмай алып барып(тоғайға ағып)[24]түсті дейді.
Кетіпті мекеніне лашын қайтып,

Балалар құтқарыпты зарын айтып.
Бұл ғибрат кейінгіге қалсын бізден,
Өтірікті кім тауысар бәрін айтып?! [25]

15. ӨЛЕҢ – ДАСТАНДАР

АЛТЫНБАС ПЕН КҮМІСАЯҚ

Айтамын, тыңдасаңыз, жақсы кепті,
Көп адам бізден бұрын өтіп кетті.
Жамағат ықыласымен құлақ қойса,
Малға бай, басқа кемтар бір хан өтті [1].

Аспаннан қалың жауған қар болыпты,
Кең жиһан қапалығы тар болыпты [2].
Бітіпті жеті рудың малы ханға
Сөйтсе де, бір перзентке зар болыпты.

Он сегіз ол падиша жасында еді,
Бақ құсы өмір бойы басында еді.
Келгенше қырыққа жасы перзент көрмей,
Өлгеннің, өлмесе де, қасында еді [3].

Бастан - кем, тар болған жан - малды дейді [4],
Кедей көп болған жақты - жанды дейді.
Жеткенше алпыс жасқа бала болмай,
Бір-бірлеп жетпіс қатын алды дейді.

Құдайдың көрсеткенін көрді дейді,
Көңіліне жақсы ниет кірді дейді.
Көрмеді жетпісінен жалғыз перзент,
Жетпіс қатын,- бәрі де өлді дейді.

Құдайдың жақсылығын білмеген соң,
Тағат қып қорқып хақтан [5] жүрмеген соң.
Мұнша малды кеп жиып, не қыламын,
Әр нәрсе сәніменен бермеген [6] соң.

Ісіне Алла салған көнбеген соң,
Уайым [7] неге керек, өнбеген соң?!
Үйінен қаңғып кетті құла түзге [8],
Бір перзенттің қуанышын көрмеген соң.

«Көңілімді жалған құрғыр бөле берді [9]»
Алланың ақ ісіне көне берді.
Бір күні жеті руға мал шашты да [10],
Қаңғырып жапан түзге жүре берді.

Шын көңілмен бір жолға басты қадам,
Тыңдамас насихатты білмес надан.
Қаңғырып, айдалаға келе жатса,
Алдынан даусы шықты - бір зарлы адам [11]!

Жаратқан жер мен көкті Алла ма екен,
Әр істі өзі жөндеп, қылар бекем [12].
Баланың күйігінен шығып жүрген,
О да бір сексен жаста кемпір екен.

Мінгені ер жігіттің қара кер-ді,
Атты емес, ол падиша жаяу жүрді.
«Көз жасын көрер ме екен бір Алла?!» - деп,
Зар еңіреп, жыласумен [13] қолын берді.

Кемпір айтты:

- Аллаға сыйындым! – дейді.

- Зарланып кеш[т]е - күндіз жүрдім! – дейді.

- Өткіздім жетпіс байды бір-бір санап,

Сонымен сексен жасқа келдім! - дейді [14].

- Көңілімде перзент зары болды, - дейді,

- Бауырым қайғы-ғамға толды, - дейді [15].

- Көрмедім жетпіс байдан жалғыз(йалғыз) перзент,

Бәрі де байларымның өлді – дейді.
Құдайдың шеберлігін білді дейді:

- Әр жолды өзің оңда енді - дейді,

Жамағат, қалай екен Құдай ісі,
Кемпір - шал боп қосылып жүрді дейді.
Екеуі бірін-бірі сүйді дейді,
Шалыңа ақ жолмен тиді дейді.

Елсізде екі мұңдық бас қосқан соң,
Көз жасын тәңірім иді дейді [16].

- Құдайға мен жылайын, көңілім күпті,

Кешірсін күнәйымды өзі – депті.
«Сұрауы жеткен!» - деген осы емес пе?!
Сол кемпір сексен жаста болды жүкті [17].
Пенделер: «Алла!» - деген - иман тапты,

Иманның өтірік сөз бетін жапты.
Тоғыз ай, тоғыз сағат болғанында,
Сол кемпір алтын басты бір ұл тапты.
Азапты өлгенінше көрмейді енді,

Көңілді жамандыққа бөлмейді енді.
Алтынбас туған күні тойын қылып,
Бұл тойға нанып ешкім келмейді енді [18].
Құдайдың шеберлігін білді дейді,

Бауыры ғашық отқа күйді дейді.
Алтынбас бір күн түнде ұйықтап жатса,
Түсіне Күмісаяқ кірді дейді.

- Алтынбас, сегіз оғын атамысың [19],

Күнәға жас басыңмен батамысың?!
Құдайым ол басында қосты бізді,
Үйінде маған келмей жатамысың?!
Туғаннан менің көңілім бір сағымда,

Мен ойнап, күлсем деймін жас шағымда [20].
Құдайым екеуімізді қосып еді,
Ананың іште жатқан құрсағында.
Алтынбас төсегінен түрегелді (тұра келді),

Түсте көрген ғашық жар (нар) көңілі болды.

- Әкеке, ескен желге ғашық болдым,

Құдайым кетпес қайғы маған берді.
Айтамын, тыңдасаңыз(тыңласаңыз),бір қызық кеп,
Жаныңа, иман күтсең, болады сеп.

- Ай, әке, рұқсат бер енді маған,

Ұйқы ұйықтап,күн көре алман,мен тамақ жеп [21].

- Пайғамбар бұрын еткен Мұса - дейді,

- Кім сарғаймас,басқа күн туса?! - дейді.

- Әкеке, жұмысыңды істетіп ал [22],

Ісіңе қатты қайырым жұмса! – дейді.

- Жарасар алмас пышақ қынға, - дейді,

Құдайым берген екен сынға! - дейді [23].
Көрінген таудай болып қара тасты
Ап келші, көз қуанышым, мұнда! – дейді.
Жең сыбанып, етегін түрді дейді,

Тасқа қарай бет алып, жүрді дейді.
Таудай болып көрінген қара тасты,
Қолтығына қыстырып келді дейді [24].

- Жаныңды бір жар үшін қидың! - депті,

- Күшіңді маған бола жидың! – депті.

«Өмірінше келтіре алмас!» - деп, айтып ем [25],
Күшіңізге, көз қуанышым, тойдым! - депті.

- Қарағым, сен кеткен соң, кем болармыз,

Дұшпанмен, сен тұрғанда, тең болармыз!
Есіңе ал, тірі болсаң, ай, қарағым,
Біз кімге қартайғанда жем болармыз?!
Алланың салғанына көне берді,

Көңілін ғашық жарға бөле берді.
Арызын атасына айтты-дағы,
Мінді де сарала атқа, жүре берді [26].

- Ғашығым, менің айтқан сөзім тыңда,

Біздің жер жырақ емес, келсең мұнда.
Арада дамыл алмай жүрсең, күн-түн,
Жетерсің күйіп-жанып бес мың жылда [27]!
Алтынбас ұйқысынан түрегелді,

Ғашық жар түсте көрген, көңілін бөлді [28].
«Не болсам да, болайын осылай!»- деп,
Күнбатысқа қарата жүре берді.
Жақсыдан өзіңіздей көп естимін,

Жақсы маған айтпаса, нені естимін?
Арада бірнеше күн өткеннен соң,
Келіпті бір шаһарға деп естимін.
Шаһардан қыздың жұртын сұрайды енді,

Аты - жөнін және өзі еш білмейді.
Бар екен бір қария үш жүз жаста,
«Білсе, сол білер!»- деумен соған келдік
Алтынбас қарияға сәлем берді,

Хабарын ғашық жардың сұрайды енді

- Ай, жігіт, сабырлық қыл бір Аллаға.

Жетерсің, мойнына алсаң, бір мың жылды [29].

- Бір мың жыл маған - дейді - бір күндей-ақ,

Жеріне жығылармын жеткен аяқ.
Жөнелді қариядан рұқсат алып,
Дүниені шыр айналған бұл бір саяқ [30].
Алтынбас аянбастан жол жүріпті,

Құдайым сарала атқа тіл беріпті:

- Елсізде екі мұңдық бейнет көріп,

Біз келдік аман мұнша жерге! - депті [31].

- Алтынбас, бірнеше күн жүрдік жолда,

Ойыңды неге айтпадың бұрын - сонда?
Ал енді, сен айтпасаң, мен айтайын,
Құдайдың құдіретімен келдік мұнда.
Бұл жерден сенің қайының - бір жылдық жер,

Жетерміз мезгілінде намаздыгер.
Көп мехнат ара жолда көрдік қанша,
Жеткізген һәммат беріп пәруәрдігер [32].
Ер - тоқым сарала атқа салады екен,

Уақытымен оқып намаз алады екен.
Басқа мал жүріп бір жыл жетер жерге
Сарала ат бір сағатта барады екен [33].
Сарала ат астындағы арық екен,

Ай жүзі арығынан сарых екен.
Үйінен Алтынбастың шыққан күні,
Көңіліне Күмісаяқ анық екен [34].
Сонда үйге сәлем беріп, кіріп келді,

Жалт қарап, Күмісаяқ енді көрді.

- Құдайым, көрсеткенің рас па?! - деп,

Секіріп Алтынбасқа қолын берді.
Қосылды бір-біріне екі зарлы,
Бұрын жалғыз болса да, енді барлы.
«Бір адам қызыңызбен бір жатыр!»- деп,

Патшаға кідірместен хабар барды [35].
Хан тақсыр естіген соң, ашуланды,
Еліне: «Жиылсын!» - деп, хабар салды.
Бір түнде он мың әскер (ғаскер) келді-дағы,

Бейшара Алтынбасты қамап алды.
Зарлықты бір Аллаға қылды дейді,
Мойынын Мәдинеге бұрды дейді.
Ашумен қыз ағасы келді-дағы,

Қылышпен Алтынбасты ұрды дейді.
Тілегін иманды құл тапты дейді,
Жалғанды ақыретке сатты дейді.

- Күйеуін қайнағасы ұрмай ма? - деп,

Бейшара сабыр қылып жатты дейді.
Алтынбас иілумен бұғып қалды,
Құдайдың бұйрығына тап амалды [36].
Қылышпен шабайын деп ұмтылғанда,

Қолынан Күмісаяқ ұстай алды:

- Алланың аманатын берермін! - деп [37],

- Сөзіне кім айтса да, көнермін! - деп.

Бата алмай хан кісісі қайтып барды,
Хан ойлайды: «Барып өзім көрермін!» - деп.
Хан өзі Алтынбасқа келді дейді,
Алтынбас тұрып сәлем берді дейді.

Келбетін көруменен көңілі толып,

- Қызыма табылды тең енді - дейді [38].

- Күйеужан, саған көңілім толған! – дейді,

- Дәуренім күйікпенен солған!- дейді.

- Баяғы қазақ - қалмақ жау шағында

Қалмақтан зор дұшпаным болған! – дейді.

- Жатамын мен үйімде ішім пысып,

Жүремін шариғатпен жолға түсіп.
Қатты жау қалмақпенен болған күнде,
Жау қолына қайынағаң кеткен түсіп.
Жарасар алмас қылыш қынға, - дейді,

- Тұрарлық жас екенсің сынға! - дейді [39].

- Қайын ағаң жау қолына кеткен түсіп,

Соны ап кел, күшің болса, мұнда! - дейді.
Не салды басқа Құдай, көре берді,
Мен аяп, айтпасам да, Құдай білді.
Айтқан соң, намысына шыдай алмай,

Салып ұрып, сарала атпен жүре берді.
Заманнан көп заманлар өтті дейді,
Алтынбас айтқан сөзге жетті дейді.
Жау қалмақ он айшылық жерлерде екен,

Он күнде ел шетіне жетті дейді.
Жау қалмақ Алтынбасты білген екен,
Жауырыншы жауырын жағып, көрген екен.
Жайсаңы түсте көріп Алтынбасты

Жиылып қарсы алдынан келген екен [40].
Құдайға Алтынбас жүр көңілі тойып,
Жүрегі алып ұшты көшіп - қонып.
Қара құстай жиылып қалмақ шықты,

Жердегі топырақпен бірдей болып.
Соқтығып екі дария, толқын ұрды,
Сеп жайып қолын қалмақ шебін құрды [41].
Қалмақтың көптігіне шыдай алмай,

Атының басын тартып біраз тұрды.

- Жүремін өлгенімше: «Құдайым!» - деп,

Жаныңа, иман күтсең, болады сеп.
Бермесең өзің қуат, Құдайым-ай,
Мен жалғыз, өзің жалғыз, бұ қалмақ көп [42].
Құдайымнан күш тисе, жығылмаймын,

Жасырынып, бір сайға тығылмаймын [43].
Жасымнан жолдас болған сарала атым,
Қалмақ көп те, мен жалғыз, не қылайын?!
Ішіне көп санаған ештеме (ешнеме) алмас,

Көп кеңесіп тұрған жан алыс бармас.
Кірелік бұ қалмаққа, не болса да,
«Қарманған - деген сөз бар - қарап қалмас» [44]!
Жаратқан күшті Алладан жәрдем жетті [45],

Жауға қарай жүріпті түзеп бетті.
«Қыбырлаған қыр асар! - деген бар» - деп,
Бас жоқ, кез жоқ, қалмаққа кірді, кетті.
Қалмақтың бір шетінен кірді дейді,

Шеңгеліне түскенді бүрді дейді.
Сол күні күн батқанша ұрыс қылып,
Қалмақтан бір он мыңды қырды дейді [46].
Әуелі сөз бастаймын: «Құдайым!» - деп,

«Құдайым кешірмесе, күнәйым» - деп.
Алтынбас бір уақытта көзін ашса,
Сап бопты бұ қалмақ біткен милайым боп.
Жалғыз-ақ Жайсан қапты тірі дейді,

- Құлыңның, әкебас, мен бірі! – дейді.

- Ей, Алтынжан, бір қасық қанымды қи [47],

Қайынағаң әлі өлген жоқ, тірі! – дейді.
Үйіне сорлы Жайсаң ертіп барды,
Құдайым бір мехнат жолға салды.
Қырық құлаш шыңырауға салған екен,

Жау, шіркін, қорыққаннан, суырып алды,
Екі ғашық қосылмай, зарлы дейді,
Көңіліне, көріп, ашу алды дейді.

- Жау, шіркін, мұнша неге жүдеттің?! - деп,

Жайсаңның басын кесіп алды дейді.
Өзінің күйеулігін айтты дейді,
Тілегін ақыры тапты дейді.
Қасына қайын ағасын ертіп алып,

Жеріне есен-аман қайтты дейді.
Жеріне есен-аман енді келді,
Ата - енесі алдынан шыға келді.
Қырық күн удай той берді жұртын жиып,

«Өлді» - деген балам - деп, - тірі келді.
Ықылас ата түсіне және кірді,
Патша Құдай көңіліне сана берді.
Кемпір-шал көрмеген соң, сағынған-ды:

Қайтсын, рұқсат беремін, балам! – дейді.
Ақылды Күмісаяқ тапты дейді,
Бәрін де бір ғашыққа сатты дейді.
Қасына Күмісаяқ жолдас қылып,

Қырық нарға қазына тиеп артты дейді.
Ырғап-жырғап құл, күң мен жүрді дейді,
Жолдан неше ғажайып көрді дейді.
Түсінде көрген қызын алып қайтып,

Жұртына есен-аман келді дейді.

- Құдайым тілегімді берді - дейді,

- Қолыма дәулет құсым келді, - дейді.

- Мұрныма қарағымның исі келді,

Көрермін баламды есен енді – дейді.
Кемпір-шал шыдай алмай, қарсы жүрді,
Үш күнде бірін-бірі есен көрді.
Жалғыз кеткен қуанышы өсіп қайтып,

Күннен-күнге көркейіп ажар түрді [48].

- Шұбарым, арғымағым, боз тарланым,

Түскенде сен есіме, көп зарландым!
Сен, шырағым, үйімнен жалғыз кетіп,
Екеу келдің, енді өлсем, жоқ-ты арманым!
Шұбарым, арғымағым, боз тарланым,

Түскенде сен есіме, көп зарландым!
Баламды «өлді» - деген тірі көріп,
Құдайға өлсем - дағы, жоқ-ты арманым!
Құрметлеп шаһарына алып келді,

Құдайдың шеберлігін танып білді.
Патша сонда жүз алпыс жасқа жетіп,
«Әу!»- деуге де шамасы келмей өлді.

МҰХАММЕД ПЕН ШӘРИАЛАР

Пайғамбар шапағатшы таңда жарым,
Көрсетті имандыға өз дидарын.
Келіпті пайғамбарға сәлем бере,
Бір күш қонақ қылды шәриарын.

Төрт йардың (жардың): Әбубәкір бірі-сыдық,
Тірлікте арам жеме[с] дінді бұзып.
Өтерін бұл дүниенің білгеннен соң,
Закотты қайырменен берген қызық.

Төрт йардың ол біреуі - тақсыр Ғұмар [1],
Біздің таудан үлкен айдыны бар.
Патша боп, жұрт билеген заманында
Көп жұртты мұсылман қып кеткен солар.

Біреуі сол төрт йардың-тақсыр Оспан,
Олардан (одардан) құр(ы) қалмас көңілін қосқан.
Көңіліңді бұ дүниеде түзу тұтсаң,
Күнінде таңла махшар орнын бостан [2].

Біреуі сол төрт йардың - Талы хайдар,
Атағын жұртқа шашқан мұның Жаббар.
Кәпірді мұсылманнан айырғанда,
Мұхаммед үмбетіне болады айбар [3].

Біреуі қонағының - бибі Фатима (Фатпа),
Тірлікте танылмаған жаман атқа.
Біздерге ақсақалдар бергей бата,
Сөздерді кітаптағы айттық жатқа.

Пайғамбар алтын табақ қолына алды,
1шіне толтырғанша құйды балды.
Бал да аппақ, табақ та аппақ, аса нұрлы,
Ішіне бір жалғыз-ақ қылды салды [4].

Иманды құл жұқармай, ірі өтеді[5],
Жан кетсе де, көзі ашық, тірі өтеді.
Табақ пен бал , тағы ақ қыл бір жалғыз тал,
Сұлулықта бірінен-бірі өтеді.

- Төрт жары (нары) пайғамбардың келсін! - дейді,

- Бұйрығын пайғамбардың көрсін! – дейді.

- Арасын: ауыр - жеңіл, қиын-тардың,

Айырып ғақылменен білсін! - дейді [6].

- Құраннан жауап берсе, қатар (хатар), - депті,

- Күнәға, таппай айтса, батар! – дейді.

- Құраннан жауап сөйлеп, мағына айырған,

Сонан соң осы балдан татар! – дейді.

- Тіліне арамзаның нанба, - дейді,

- Аузыңа тірлікте арам салма! – дейді.

- Балдан тәтті, жіңішке жалғыз қылдан,

Және нұрлы бұлардан бар ма?! - дейді [7|.
Шакырған Біләл тақсыр хабар беріп [8],
Жетім хақын жемеңіз зорлық қылып.
Төрт жардың үшеуден үлкен еді,

Сөйледі Әбубәкір тура келіп (түрегеліп):

- Булардан он есе артық намаз нұры[9],

Балдан тәтті болмағым - Құдайдың құлы.
Құдайға шын ықыласпен құл болудың
Жіңішке, білгендерге, қылдан жолы.
Бір сезді Әбубәкір айтып салды,

Пайғамбар Құдай досы (дос-ты) қабыл алды.
Жер қорыққан айдынынан айбатты еді,
Көр енді Хатапұғлы ол Ғұмарды.
Көрмедім пайғамбардай дінге кеңді,

Кәпір көп соғысқанда, бәрін жеңді.

- Құраннан мағына тауып беремін! - деп,

Ұмтылды жауап бере Ғұмар енді:

- Бұлардан нұрлы - әділдік нұры, - дейді [10],

- Балдан тәтті - ғаділет жолы! - дейді.

Ақ пен қара арасын айырмақтың,
Қылдан нәзік, білсе егер оны! - дейді.
Бір сөзді тақсыр Ғұмар айтып берді,
Пайғамбар, Құдай досы, қабыл көрді.

Екеуінен соң үшінші болып туған
Зиалнұрын Оспанға кезек келді.
Сөйлей бер өлмей тұрып, қызыл тілім,
Немене өлгеннен соң көрген күнім?!

- Құраннан мағына тауып беремін!- деп,

Ұмтылды жауап бере Оспан пірім:

- Булардан он есе артық Құран нұры,

Балдан тәтті, айырып білсе соны.
Қатесіз бастан-аяқ оқымақтың [11],
Жіңішке жалғыз қылдан, қиын жолы.
Бір сөзді Оспан пірі айтып салды,

Пайғамбар, Құдай досы, қабыл алды.
Жер қорыққан айдынынан Ғалы батыр
Алдына бабасының жақын барды.
Жігіттер, бір сөзіме құлақ салың,

Шайтан бар азғырушы зор дұшпаның.
Кәпірді қойдай қырып, кегін алған
Ұмтылды жауап бере хазірет Ғалың!

- Иман нұры - бұлардан асыл затты [12],

Түрлі - түрлі сөзі бар балдан тәтті.
Мейманды ырза қылып жөнелтпектің
Жіңішке жалғыз қылдан, жолы қатты.
Бір сөзді хазірет Ғалы айтып салды,

Бабасы оның сөзін қабыл алды.
Пайғамбар қызы Ғалының жұптысы еді
Бибі Фатима (Фатпа) тақсырға кезек барды.
Біреуі қонағының - бибі Фатпа,

Тірлікте танылмады жаман атқа.

- Құраннан мағына тауып беремін! - деп,

Ұмтылып жауап берді сонда жатқа [13].

- Бұлардан маған бабам жүзі нұрлы,

Бұ балдан бабам сөзі тәтті болды.
Бабамды өлгенімше сақтағаным,
Жіңішке жалғыз қылдан, қиын жол-ды.
Бір сөзді бибі Фатпа айтып салды,

Бабасы оның сөзін қабыл алды.

- Қонақтарым, бұ сөзің жарады! - деп,

Енді кезек тақсырдың өзі қалды.

- Әйел балам бұлардан нұры нұрлы,

Қылықты қыз балдан да тәтті болды.
Теңін тауып бермеклік мүшету пір еді
Жалғыз қылдан жіңішке, қиын сол-ды!
Зекетсіздің малдары - жылан, шаян,

Құдайға періштелер қылды баян.
«Пайғамбар төрт жары мен сөзі осы!» - деп,
Құдайдың құдіретіне болды ғаян.
Пенденің мал кетерде кетер пейілі,

Ардақтап бұ дүниенің көрме сейілі [14].

- Пайғамбар төрт жарымен бас қоссын! - деп,

Келтірген екен мұны жіберейін.
Жігіттер, бұ сөзге сал құлағыңды,
Сыйлап күт бар әліңше қонағыңды.
Намаз, құран, әділдік, қонақ күтпек -

Қараңғы көрде сәуле шырағың-ды!
Әуелі жан иесі - Адам ата,
Жан қылып топырақтан қылған жота.

- Қонақтардың бұ сөзі аққа шықты, - деп,

Пайғамбар қол көтеріп, қылды бата.
Ғалының бір досы бар - Ахтам атты,
Жан беріп досы үшін қанға батты.

- Қонақтарым, бұ сөзің аққа шықты! - деп,

Пайғамбар ақ балдың дәмі татты.

- Артық нұр, Алла, берген сыйың екен [15],

Балдан тәтті, таупықлы (туфиқлы) халал некең
Құдайға құлшылық қып жақпағымыз,
Жіңішке жалғыз қылдан қиын екен.
Сүрерсің азар болса, жүз жыл өмір,

Қылмысты отқа жанып, болар кемір.
Қолына дүние малы келсе-дағы.
Болғанда хисап (есеп) күш, жанға жәбір.
Сүрерсің азар болса патшалық,

Өтпеді патша болып неше халық?!
Үстінде алтын тақтың хан болсаң да,
Бетіне таразыда болар салық.
Сүрерсің азар болса, жүз жыл тірлік,

Ағайын дәулеті артса, қылар бірлік.
Қолыңа дүние малы келсе-дағы,
Өмірін - не бір айлық, не бір күндік.
Сүрерсің азар болса [16], жүз жыл байлық,

Болғанда біреу қойлық, біреу - тайлық.
Қолыңа дүние малы келсе-дағы
Өмірің – не бір жылдық, не бір айлық.
Өлімді ойламаймыз, еру елміз,

Дүниеде қайғысы жоқ серуен біз.
Ташкент пен [17] Бухарадан мата жүктеп,
Дүниеге біз бір келген керуенбіз.
Құдайға жақсы кісі жылай берер,

Қазаға пәле менен шыдай берер.
Дүниеге біз бір келген керуенбіз,
Қайтарын пұлды болып Құдай білер.
Боларсың азар болсаң , жүз жыл шешен,

Қалмассың, иман таппай, болса есің.
Жүз жыл тәубе қылғаның, - бәрі бекер,
Жетімге зорлық қылып, хақын жесең.
Боларсың азар болса жүз жыл батыр [18],

Түспей ме, өлсең басқа заман ақыр?!
Жүрмісің: «Өлмеймін!» - деп, бейшаралар,
Алдында тосқауылдап өлім жатыр!
Жаныңа оқи берсең, намаз пайда,

Бұ иман, намаз білмей, саған қайда?!
Барғандар бізден бұрын орын алды,
Көшерміз біз де бір күн, жүгің сайла [19].
Жаныңа оқи берсең, намаз пайда,

Таппайсың өтіріктен жанға хайла.
Бүгінде надан өскен қазақ түгіл,
Пайғамбар - Құдай досы, төрт жар қайда?
Жаныңа оқи берсең, намаз пайда,

Тәубе қылып баға гөр осындайда!
Намазға салақ болсаң, жоғалдың ғой?
Болмаса Мұхамедден, тимес пайда!
Пайғамбар дүйсенбі күн Миғраж асты,

Көп жылап: «Үмбетім!» - деп, сондай састы.
«Үмбетім әлде қандай болады?!» - деп,
Көзінен ағызыпты қанды жасты.
Құдайға жағар ма екен ғамалымыз,

Өлімді ойламаймыз, наданымыз.
Кәпірді мұсылман мен айырғанда,
Болады әлде қандай заманымыз?!
Ғалым боп, пайғамбарға ұл болмаған,

Сираттың көпірінде пұл болмаған.
Жүрмісің алды - алдыңа күнә қылып,
Құдайға қиын болар құл болмаған!
Жігіттер, бұ сөзге сал құлағыңды,

Жуық қыл, тәубе қылып, жырағыңды.
Қараңғы көр ішіне бір кірерсің,
Әзірле жағар соған шырағыңды [20].
Біледі жалғыз тәңірі мінезіңді,

Тәубе қылсаң - қылмасаң, кінә өзіңде.
Қараңғы көрдің жарығын мен айтайын:
Парыз, уәжіп, сүндетке сал көзіңді!
Тағы да жалбарындық Құдіретке,

Жалынса, медет бергей жаман дертке!
Пайғамбар жалғыз ұғлын құрбан қылған,
Сөйткен біз не көрсеттік Мұхаммедке[21]?!

ЗАМАН АҚЫР

Хабиб хақ сәруардайын,
Әбубәкір, Ғұмардайын (Омардайын),
Ғұшман (Оспан), Ғалы хайдардайын
Ғаділ (әділ) патша табылмас-ты.

Йақшыны (жақсыны) көзден салмаңыз,
Жақсыдан ғапыл (қапы) қалмаңыз.
Тәңірі қылған жақсының
Аяғынан алмаңыз!

Әр жұртқа бір, әр топқа бір,
Алтын сақа табылмас-ты.
Бас ауырса, бақсыларды[1],
Алып келіп, бақтырарсың.

Бизабанды бейжай сүйіп [2],
Өкпеменен қақтырарсың!
«Пәлекет қашты!» - деп,
Тұмар алып, тақтырарсың.

Тура құрық салған болса,
Дертке шипа табылмас.
Қатының өлсе, ах ұрып,
Ғамкін [3] болып қалсаң керек!

Онан-мұнан қармаланып,
Баз біреуді алсаң керек,
Төсек қалың салсаң керек!
Бір кеткен соң қамқорын (ғамхорын),

Ата-ана табылмас-ты!
«Жаман болды алғаным!» - деп [4],
Бір Тәңірге кеп налырсың!
«Жарым сондай болса екен!» - деп,

Көрінгенге көз саларсың.
Әзел (азал) күнде маңдайыңа
Жазған болса, не қыларсың [5]?!
Бәріңізге жүзі қызыл,

Қасы қара табылмас-ты!
Балаларың мектеп көрсе,
Әркім келіп сауал сөйлесе,
Оған түзу жауап берсе,

Оған баға (баһа) табылмас-ты[6]!
Көп мұсылмандар пақыр болар,
Тамам жерлер тақыр болар,
Пақырлардың халін сұрар -

Қайырлы байлар (байдар) табылмас-ты!
Бұ дүниеге көңіл қойма,
Қонақ қонса, арық сойма,
Ақылың болса, өзіңді ойла [7].

Алты құлаш бөзден басқа
Артық пайда табылмас-ты!
Жарлы екен деп аямайды,
Бай екен деп сыйламайды.

Ғапіл [8] адам ойламайды,
Өлімге хайла табылмас-ты!
Бір шыбындай жанын қинап,
Ғаты шида (ғашида) болмасаң,

Қатын, бала, малдан кешіп,
Тәркі дүние болмасаң.
Кеш[т]е – күндіз зар еңіреп,
Тағаттықты қылмасаң [8],

Рақатпенен жатқандарға
Дидар құдай табылмас-ты!
Балшықтан соғып, пісіріп,
Әрбір түрге көшіріп,

Ана ішінде жан қылып,
Қып-қызыл қан ішіріп (ішкізіп) [9].
Шешесінің қарынында
Тоғыз ай, он күн кешіріп,

Жылатып, жерге түсіріп,
Әуелгідей мұныңды
Және қылса керек-ті.
Ғақыл беріп, тіл беріп,

Аяқ беріп, қол беріп,
Ақ жүзге қызыл гүл беріп,
Қуат қылса керек-ті [10]!
Он екі жасқа кім келсе,

Құдайыны бір білсе,
Өзін жұрттан кем көрсе,
Өзінен жұртты зор көрсе [11],
Мұндай кісі әр топқа

Аға болса, керек-ті!
Тағат қылса Аллаға,
Күнде барса молдаға,
Қағаз, қалам қолға алып,

Қаратса жүзін құбылаға,
Рақмет жауар ол құлға [12]!
Мұның орны жаннатта,
Бөлекше болса керек-ті!

Бір пара қылар ұрлықты,
Ұрлықтың түбі қорлық-ты,
Қыла жүрер зорлықты.
Басы жерге жеткенше,

Қоя білмес сұмдық-ты[13]!
Құлағына алмайды
Құдайдың салған жарлықты.
Мұның орны - жаһаннам,

Ләззат болса керек-ті,
Ғапіл адам жатады [14],
Бір күн тәубе қылайын!
Бір күн тәубе қылғанша,

Үзіп жұлып алайын,
Аузыма алып салайын!
Жас уақытта тәубе [ 15] қылғанша,
Қартайғанда Құдайға

Мұқым жатып жылайын!
Өлшеп берген өмірін
Зая қылса керек-ті.
Бір параны Құдайым

Алтын таққа міндіріп,
Дәулет құсын басына
Орнықты қылып қондырып [16],
Пәрменіне (парманына) жұртын көндіріп,

Оған жаққан шырағын
Ала алмай ешкім сөндіріп [17].
Баршаға тілін алдырып,
Қимылдаған жанларды

Тіліне оның нандырып [18],
Ел басы қылса керек-ті.
Жастыққа басын жеткенде,
Жалынарсың малыңа.

Жан алқымға келгенде,
Кім көз салар халіңе?!
Керек қылмас малыңды,
Кім аяйды халіңді [19]?!

Шашыратпай қаныңды [20],
Суырып алар жаныңды.
Ғазиз жанды денеңнен
Айырып алса керек-ті [21]!

Қасықтап жиған мал қалар,
Сайманы мен үй қалар.
Кетпесін деп отырған [22]
Орныңнан денең қозғалар.

Ұлан, ұсақ қыз қалар,
Ағайының басында
Айғай салса керек-ті!
Сені тезірек жоғалтар,

Жеңсіз көйлек кидіріп [23],
Бейнетпен жиған мүкәммал
Көрінгенге олжа боп,
Ішіндегі текке күйдіріп,

Үш жеріңнен будырып [24],
Өзіңізді жүрген көре алмай,
Дұшпаныңа жудырып,
Қатты бір жерді ойдырып,

Басыңа бір тас қойдырып [25],
Топырақпен бастырып,
Дуа да қылса керек-ті!
Көзің бір оттай жайнатып,

Ауыр күрзі ойнатып,
Сорыңды сондай қайнатып [26],
Мүңкір, нәңкір періште
Еркіңе қоймай ойға тиіп,

Жалғанда қылған ісіңнен [27]
Сауал сұрса (сұраса) керек-ті!
Заман ақырдың хандары,
Қасындағы сұлтандары,

Тақ үстінде жұртын түтіп тұрғандары
Жарлыдан алып, байларға
Ауыстырса [28] керек-ті!
Заман ақырдың қожасы

Қыдырып [29] келер есікке.
«Бұ үйде кім бар екен?»- деп,
Көзін салар тесікке.
Бала-шағасын бастырып,

Төрге шығып отырып,
Дұға (дуа) қылса керек-ті!
Заман ақырдың молдасы
Шаңырақтай [30] келер сәлдесі.

Бауыр қыла көрмеңіз,
Иманынан оңай-ды[31].
Аузыңда оның үлдесі,
Аузыңда Құдай куәсы,

Қабыл емес дұғасы (дуасы).
Қолына пайда түскен соң,
Жарым ділда оның бағасы (баһасы).
Көрмей, білмей біреуге

Куә болса керек-ті!
Заман ақырдың биіне
Барар болсаң алдына,
Құлағын салар жанына

Қашан қарайды жалына (xaлінe),
Түрінің қарап малына
Төре берсе [32] керек-ті.
Заман ақырдың байлары

Ұлық білер [33] өз басын,
Қайда дәулетті кісі келсе,
Оған берер бар асын.
Телміріп келсе бір кедей,

Көзінен төгіп жасын,
Бермек түгіл бейшараны
Әжуа қылса керек-ті!
Заман ақырдың қатыны

Қанағат қылмас қартыны,
Артына тастап (ташлап) ұятты (ұятны),
Бас жағын беріп байына [34],
Біреуге берер артыны.

Басқаға беріп бүтінін,
Байына сақтар жартыны.
Қиямет күні ол қатын
Жаза тартса, керек-ті!

Заман ақырдың жастары
Әдебі жоқ, бейбастақ,
Шайтанның жолдастары.
Ата-анасының көзінше

Қол салысып ойнасып,
Ойнағаны, күлгені
Зина болса керек-ті!
Ұл әкеден ұялмас,

Қызды ана тыя алмас,
Кетсе шарлап, жия алмас [35],
Айтса әр нәрсе, тіл алмас.
Заман ақырдың қыздары

Беті қара болса керек-ті.
Заман ақырдың адамдары
Бір-бірінің артынан
Өсек айтып қалмағай.

Бір-бірінен ауысып
Аяқ-табақ алмағай [36].
Бір-бірінің үйінен
Ас аузына салмағай,

Үй басына өзді-өзі
Би болса керек-ті [37]!
Енді шуршит шығып, Ташкентті алғай,
Қоқан менен Хожазаны алғай,

Мұсылмандар жылап қалғай!
Ұлығы һәйбат піриад болса керек-ті!
Шүршіт шығып жүріс қылғай,
Самарқанда ұрыс қылғай!

Шаһизында шаттан шығып,
Шүршітшілердің бәрін қырып,
Опа[т] қылса керек-ті!
Тажал (дажал) шығып, дінді бұзғай,

Қылышынан қан тамызған,
Мұсылмандар онда (анда) тұрғай,
Сол малғұн: «Тәңірі - мен!»- деп,
Ұғуы қылса керек-ті!

Мәді (Міһді) шығып жолығысқай,
Мұсылманға басын қосқай,
Тажалменен ұрысқай,
Тап тұта алмай, Мәди қашқай,

Пайғамбардың көрін құшқай,
Көрден Ғайса деп,
Әуез (ауаз) шықса керек-ті!
Аспаннан Ғайca түскей,

Мәдинемен көріскей,
Кәпірменен ұрысқай!
Тажалды өлтіріп,
Ғайса хүкім жүргізіп,

Мәдіні имам қылса керек-ті!
Бір параны көрсеңіз,
Аузы тола иман-ды.
Қойыны тола құран-ды,

Сахар тұрып тыңдасаң,
Соққаны Алла ұран-ды.
Хақтан қорқып жүрегін
Пәре (пара) қылса керек-ті!

Бір параны көрсеңіз,
Беті-қолын жуынып,
Һәммат қорын буынып,
Нәпсіні отқа күйдіріп,

Өз көңілін өзі бекітіп,
Ол пендені Құдайым
Иманды қылса керек-ті!
Бір параны көрсетіңіз,

Жанын отқа өртеп,
Өмірін желге ұшырып,
Нәпсі үшін жүгіріп,
Жан жолдасы бес намаз

Қаза қылса керек-ті.
Бір параны көрсеңіз,
Қора-қора малы бар.
Бір параны көрсеңіз,

Табақ-табақ наны бар.
Бір параны көрсеңіз,
Күн көргіштік әлі бар.
Бір параны көрсеңіз,

Тек шықпаған жаны бар,
Біреуді бай, біреуді кедей қылса керек -
Қожа - пұлға, молда - пұлға,
Жақсы - пұлға, жаман - пұлға,

Ұры, залым қарақшы - [38]
Бәрінің талас дағуасы -
Дүние болса керек-ті!
Разы (рызай) Алла, мал берсең,

Қайыр үшін жан берсең,
Баз бір жерде бас берсең,
Қарны ашқанға ас берсең,
Қиямет күн басыңа,

Сая болса керек-ті [39]!
Шапағатшы пайғамбар
Үмбет үшін зар жылап:
«Үмбетлерім күнәсын (кінәһин)

Кеше гөр!» - деп, жалынып,
Сәжде қылса керек-ті [40]!
Аздар көпке теңелер,
Пақыр байға теңелер,

Қорлар зорға теңелер!
Бір-біріне теңеліп,
Ақысын алса керек-ті [41].
Ата ұлға бақпағай,

Қыз анаға бақпағай,
Бұл күндеп татулар
Біріне-бірі жақпағай!
Әркім өзі халімен

Мүбетла болса керек-ті [42]!
Пайғамбарлар бір бөлек,
Машайықлар бір бөлек [43],
Мұсылманлар бір бөлек,

Кәпірлер һәм бір бөлек,
Жақсы жаман арасы
Бір айрылса, керек-ті!
Сұраушылар келер-лер,

Бөлек-бөлек қылар-лар
Сират атты кәпірге
Айдау салса керек-ті!
Сират атты көпірдің

Жуандығы - бір қылдай,
Ұзындығы - үш мың жылдай,
Иманды құл болмаса,
Өтпек түгіл мішкілді,

Имансызлар жыласып,
Нала қылса керек-ті!
Артына қараса, ор-орлар,
Алдына қараса, қыл көпір,

Қадам қойса, жығылар.
Бүйткенше топырақ болса, қырып,
Зар еңіренсе, керек-ті!
Ол Мұхаммед пайғамбар

Жалаң аяқ, жалаң бас,
Көздерінен төгіп жас,
Көзден аққан жастары
Қып-қызыл қанға аралас,

Үмбет үшін жанрларын
Пида қылса керек-ті!
Біреу құстай ұшады [44],
Біреу желдей еседі

Біреу көз жұмып
Ашқаннан - жылдам кешеді.
Еңбектеп өтірік біреу,
Біреу тайып түседі.

Әркім ғамалына лайық
Жаза тартса керек-ті.
Бір параға - бір демдік,
Бір параға – мың жылдық,

Бір параға - бір айлық,
Біреуге болып бір күндік
Әркім қызметіне қарай етсе керек - ті
Ораза, намаз - иманың,

Қылған қайыр, ықсаның
Шалған қойың - құрбаның
Арқасына көтеріп,
Алып ұшса керек-ті!

Көрің[көргін] Расул үмбетін,
Үмбетке қылған һамметін.
Жиып тамам үмбетін
Абу кәусар шәрбатын

Ішіп қанса керек-ті!
Жад (ид) етіңіз Жаббарды,
Жарылқаушы Fаффарды,
Әбубәкір, Ғұмарды,

Ғұшман (Оспан), Ғалы хайдарды
Хауызы кәусар суына
Табақшы қылса керек-ті!
Сүйген құлға он қолдан,

Сүймегенге сол қолдан,
Бейбақтарға арқадан -
Нама келсе керек-ті!
Құлақ сал ғылым сөзіне,

Ғалымның айтқан сөздерін
Еш алмайсың көзіңе!
Құдайымның алдында
Қол-аяғын өзіңе

Күә болса керек-ті!
Мизан таразы құрылар,
Әуелі намаздан сұралар,
Дүниеде қылған істерің

Мойныңа сенің қойылып,
Халінше қылса керек-ті.
Дүниеде көп күлгендер,
Дүниені өтпес білгендер,

Күнәсы ауыр келгендер -
Басын төмен салып,
Ұялып тұрса керек-ті!
Пайғамбар туы жасыл-ды,

Ғазірейіл туы қызыл-ды,
Қиямет жолы ұзын-ды,
Бара-бара ұзын жол
Екі айрылса керек-ті!

Бір жол барар бейішке,
Түрлі-түрлі жеміске,
Белі қылдан жіңішке,
Хорлар болса керек-ті!

Хорлар он бес жасында
Таза гүлдер (гуллар) басында,
Ер жиырма жасында
Хорлармен ойнасып,

Жақсылыққа жетсе керек-ті!
Денсаулық бар, ауру жоқ,
Тірілік бар, өлім жоқ,
Қызығы бар, қайғы жоқ,

Суық, ыстық желі жоқ,
Көктемдегі күндей болса керек-ті [45]!
Ғайшы ғашырат онда бар,
Наз нығымет онда бар,

Шырын шәрбат онда бар,
Жан фарағат онда бар,
Құдайым сүйген құлына
Нәсіп етсе керек-ті!

Бір жол барар тозаққа,
Тәңірі алар азапқа,
Түрлі - түрлі ғазапқа
Душар етсе керек-ті.

Оттарға салып қоздатқай [46],
Ботадайын боздатқай!
Іс өткен соң пұшайман
Пайда етпесе керек-ті!

Періштелер жиылып,
Дүниенің суы құйылып [47],
Алып келіп тозаққа
Құйсалар егер бұйырып,

Түкіріктей бола алмай,
Құрып қалса керек-ті [48]!
Тозақшылар аш қалса,
Зақұм деген зәрі бар,

Рақметі (рахматы) жоқ, қаһары бар,
Сусағанға заһар (зәр) ішіп,
Ішіп қазандай [49] қайнатса керек-ті!
Әркім қылмысына лайық

Жаза тартса керек-ті.
Заман ақырдың адамдары (адамлары)
Өмірлері аз болғай,
Өздері құмарпаз болғай,

Әрқайсысының қолында
Бір-бір қобыз, саз болғай!
Жиылып, түрлі ғаламат қылып,
Жер жүзіне түрлі пәле болса керек-ті

Дария тасып, су ақпағай,
Таулардан бұлақ шықпағай,
Жаңбыр жауып, шөп шықпағай [50],
Малды сауса, сүт шықпағай!

Рас сөз асла (әсте) қалмағай,
Бір иманды болмағай,
Тәубе есігі тарс бекіп,
Байланып қалса керек-ті[51]!

Жастарда әдеп қалмағай [52],
Жасы үлкеннің тілін алмағай,
Бірі - бірінің сөзіне
Жүз ант ішсе, нанбағай,

Медресе, мектеп салмағай,
Ғалымлар айтса адал сөз,
Құлағын оған салмағай,
Жалғаншылар сөз айтса,

Сусыны онан қанбағай,
Ақыреттің һайбатынан
Піриад етсе керек-ті!
Азанменен қаумат кетер,

Мейірім менен шапағат кетер.
Молдадан қалам, хат кетер.
Мекке жерден көтеріліп,
Аспанға ұшса керек-ті!

Күн тұтылып, жел болғай,
Топырақтан өзге шашылмас,
Бұ жерде гүлдер ашылмас,
Түрлі-түрлі жемістер,

Құрып қалса керек-ті!
Исрафил сорын үргенде [53],
Тау қаңбақтай домалар,
Тас бұршақтай жаумалар,

Жан дегеннің бәрі де
Пақыр болса керек-ті.
Тамам жерлердің жүздері,
Айнадай тақыр болса керек-ті!

Төрт Мұқарраб періште
Әрқайсысы бір істе,
Үшеуін де өлтіріп,
Хақ жарлығын орнына келтіріп [54],

Ғaзіpeйіл жалғыз қалса керек-ті!
Құдайым айтар:

- Кім бар?! - деп,

Ғазірейіл айтар:

- Мен бар! - деп.

Бір қанатын төсеніп,
Бір қанатын жамылып,
Алланың алдында жалғыз тұра алмай [55],
Жан-жағына қарауға

Бүлк етіп мойын бұра алмай,
Ғазірейіл сонда өз жанын
Өзі алса керек-ті
Хақтан жарлық болып,

Денеге кайта жан кіріп,
Өлген адам тіріліп,
Қылған амалдары(ғамалдары)бадырайып көрініп,
Күн шыққандай жария

Көзге түссе керек-ті[56]!
Көрлі көрді басында
Елу мың жыл отырып,
Көзден аққан жастары [57]

Жер дүниені толтырып,
Ұялғаннан аққан терлері
Ұлығ дария болса керек-ті!
Пайғамбар жатқан тарапқа

Тура қарап симеңіз!
Үйіңізде біреудің
Пұлы болса, біреудің!
Аштан өліп қалмассыз,

Халал болса дініңіз.
Отыз тістен шыққан сөз[58]
Кетеді талай жерлерге!
Мұны жаттап (жатлап) алғандар

Отырар шығып терлерге.
Қашанғы қалған ескі сөз
Қадірлеп мұны жинаған,
Құрметтеп (құрметлеп) мұнша сыйлаған,

Деңіздер (диңызлер) рақмет - естіген
Бейнет қылған ерлерге!

ШАЙХЫ БУРИХ

Айтайын, тыңдасаңыз, жақсы кепті,
Бізден бұрын көп адам өтіп кетті.
Хазіреті мұстафаның заманында,
Шайхы Бурих диуана деген өтті.

Тағы да айтайын (Шайхы) Бурих диуананы,
Қайтармайды аузынан келген кепті.
Жақсы иман (мен) диуана сөз айтады,
Не айтқанын Құдайым қабыл етті.

Ертеде Шайхы Бурих диуана өтті,
Құдайым диуананы: «Достым!» - депті.
Құдайым диуананы сонша сүйді,
Сүйгеннен: «Өзім[нің] достым!» - депті.

Ертеде Шайхы Бурих диуана өтті,
Диуананы Құдайым: «Достым!» - депті.
Шыққан сөзін аузынан қабыл қылды,
Диуананың Құдайға ғарызы жетті.

Тәңірім айтты бір күн:

- Ай, диуанам,

Қырық күндей қызмет қылсаң маған.
Қызметіңіз өткеріп менен тіле,
Қалағаның берейін мен де саған!

- Жарлық қылсаң, қызметке [мен] лайық,

Шыныммен қылайын зі[к]ір бүкірейіп.
Қызметті өткеріп, қырық күннен соң,
Бұйымымды тілермін мен де келіп.

- Диуанам, бермейді деп, ғапіл қалма,

Бір беремін деген соң, қайту бар ма?!
Қырық күн өтіп, қызметімні бітіргенше,
Ине - жіптей көңіліңе харам алма!
Тентегім, айтқан сөзді жүптегейсің,

Өзің кейін жаман сөзді кектемейсің!
Бермесіңді сұрар патшайым-ай,
Бір онға (өңкем) бойыңды бекіткейсің!
Бір күндей қыламын мың күніңді,

Оңай қылып берейін қиыныңды!
Саған қиын болса да, маған оңай,
Таба алмай тұрар деймісің бұйымымды?!
Диуана кызмет қылды Құдайына,

Қырық күн тынбай қылды ұдайына.
Қырық етіп, кызметін бітірген соң,
Айтқан күнін болдырып, келді алдына.

- Диуанам, бәрекелді қызмет еттің,

Аз ғана күн айтысқан сөзге жеттің!
Көңіліңдегі арызыңды айтқыл маған
Диуанам, өтіп кетті қу қызметің!

- Құдайым, қызмет салдың маған,

Қызметім жақты ма екен енді саған?!

- Айтқыл, диуанам, ғарызыңды енді,

Қызметің өтіп кетті енді маған!
Диуанам, қызметің жақты маған,
Қырық адам қызметін қылдың тамам.
Арызын (ғарызын) болса, ай, диуанам,

Не тілесең, беремін, енді саған.

- Өзің тентек жаратқан диуанамын,

Бір өзіңе мас болған, бір уанамын!
Айт дейсің, қоймайсың, патшайым,
Мен арызды (ғарызны) айтарға ойланамын.

- Диуанам, мақұл емес, ойлағаның,

Ойласаң, раматымнан құр қалғанын!
Диуанам, бу сөзіңе ұялмағыл,
Ұялсаң, дидарымнан құр қалғаның!

- Құдайым, маған берсең, тозақты бер,

Тозақ отын[ан] күл ұшыра гөр,
Сен тіле дедің, тіледім, патшайым,
Пенделер күнәсын кешіре гөр!

- Диуанам, тозақ па еді сенің қасың,

Қарашы айтқан сөзің тентек мастың!
Қалағаның берейін әлде болса,
Тозақты қой, өз[ге] нәрсе тілде, достым!
-«Қалағаның тіле!» - деп өзің айттың,

Өзің айтқан сертіңнен өзің қайттың.
Айтқан сөзге мен жеттім, сен жетпедің,
Сен қайтсаң достықтан, мен де кайттым.
Өзің айттың дегенім - «Тіле!» - дедің,

Өзің тіле дегенге тілеп едім.
Шайтанға да азарлық беріп едің,
Шайтан құрлы көрмедің еш пендені.
Сегіз бейіш жараттың: «Рахмет!» - дейін,

Жеті тозақ жараттың: «Қаһар не?» - дейін?!
Тозақты күл қылып көкке ұшыр,
Тәңірім, сенен разы болайын мен.
Күшің жетпей тұр ма екен осыларға,

Пенделердің күнәсын кешірерге.
Он сегіз мың ғаламға патша - сенсің,
Сен кешірмесең, ғазірейіл кешірер ме?!
Бар қыларға келгенде, күшің жетті,

Жоқ қыларға келгенде, қайда кетті?!
Құдая, тозағыңды ұшырмасаң,
Өзімді тозағыңа түсір! - депті.
Ибраһим Исадай айдай ол Меккені,

Құдіретіңмен жараттың өзің мені.
Растылыққа мен жеттім, сен жетпедің,
Мұндай көрмекші емеспін достым сені.
Меккеден түзік екен көңілім менің,

Сонша түзік көңілімді қалдырғаның.
«Соңара отқа пендемді саламын!» - деп,
Мақұл ма екен тозақты жандырғаның?!
Әуелгідей болмады айтқан сөзің,

Өзің білесің, достыққа жеттім өзім.
Достылығыма мен жеттім, сен жетпедің,
Мен бұзбадым Меккені, бұздың өзің!
Пенделерім өз ісіне қанық дейсің,

Достықтың көрмедім еш пайдасын!
Он сегіз мың ғаламның жары - Құдай,
Айтқан сөзден сен тайдың, мен таймадым!
Құдайым жоқ, тәңірім жоқ сенен өзге,

Айтқан сөзім жетер ме өзгелерге?!
Патшалық халіңмен сен жетпедің,
Пенделерің қайтіп жетеді айтқан сөзге?!
Тәңірі айтты:

- Тозағым тұра тұрсын,

Мұсылманым қорыққаннан тәубе қылсын.
Бір тозағым болмаса, мұсылманым,
Менің Құдай екенім қайдан білсін?!
Мұсылманды бейішке қаратқанмын,

Кәпір үнін тозақты жаратқанмын.
Пиғылынан мұсылман тозақ барса,
Өз обалы өзіне онан жаман.

- Ай, Құдай, өзіме бер тозағыңды,

Бір - ақ өзім көрейін ғазабымды.
Құдай-ау, не қылсаң да, өзіме қыл,
Тозағыңа жібермеспін қазағымды.

- Диуанам, тозақ оты тұра тұрсын,

Қорыққаннан пенделерім тәубе қылсын!
Бір тозақтан қорықпаса пенделерім,
Менің Құдай екенім қайдан білсін?!
Диуанам, бұ заман ақыр болар,

Мұсылманның кебісі кәпір болар.
Аспандағы жұлдыздар жерге түсіп,
Жердің жүзі мидай тақыр болар.
Диуанам, бұ заман ақыр болар,

Бәрісі мұсылманның кәпір болар.
Азға зорлық - зомбылық қылғанлар кеп,
Бәрі де ез алдымда қоқыр (қыхзыр)болар.
Пенделерге тозақты көрсетейін,

Аз бен көп екеуін теңгерейін.
Көптен аздың ақысын (ғақысын) алып беріп,
Диуанам, бұ сертіме құп жетейін!
Пенделердің күнәсін кешірейін,

Кешсем де Иасинға түсірейін.
Аздың малын көппін деп жегендерге
Тас жегізіп, заһарды ішірейін!
Ай, диуанам, тозағымды пендем көрсін:

«Қатты ғазап бар екен, - деп, - Алла!» - десін.
«Аса қатты ғазап бар екен!» - деп,
Иман қылған есен бе бушман жесін!
Диуанам, тілегіңді мен берейін,

Мұсылманды тозаққа жібермейін!
Көп пен аздың ақысын (ғақысын) алып беріп,
Қор мен зордың екеуін теңгерейін!
Диуанам, мақұл емес қой бұ сөздерің,

Тозақты қой, өзге нәрсе тіле деймін.
(Күл қылып) Тозағымды өшірсем, пенделерім
Бір күн қоймай жеп кетер өзді - өздерін!
Диуанам, ризамысың енді маған,

«Немді аяйын - деп тұрмын, - енді сенен?!»
Мұхаммед атлы достым құрметін[е]
Үмбетлерін тозаққа жібермеспін!

- Құдай-ау, еркінлікпен айттым саған,

Тілеуім сен - дағы бер айын маған!
Мұхаммедтің күнәһар үмбетлері,
Тозағыңның отынан болсын аман!
Диуананың тілегін Құдай берді,

- Мұсылманды тозаққа салмаң! – деді.

- Жаратқан бір Құдайдың хақы үшін,

Дұға қылып қойыңыз бұған! – деді.

КӨРҰҒЛЫ

Айла медет Жаббар [Хақ],
Сөйлесін деп біздерге
Беріп еді тіл мен жақ.
Бір қиссаны аяқтап,

Тамам етіп кетейін,
Жар болса бізге аруақ.
Неше бөлек таралған
Бұл өзбектің баласы.

Түрікпен халықтың ішінде,
Ат пенен ердің санасы.
Қазақпенен бұлардың
Әуелден-ақ бір екен

Ата менен анасы.
Түрікпеннен шықты Толыбай
Тұлпар мініп, ту алып.
Ерлігіне сүйеніп,

Халқы жүрді қуанып.
Ерегіскен дұшпаннан
О да жүрді кек алып.
Мұның ұлы - Шағала

Шағаланың баласы
Патша болды Мұңдыбек.
Дұшпанға қылып ерлікті
Кәпірден бұ да алды кек.

Пайғамбардың діні үшін,
Қызылбаспен соғысты.
Қарап тұрман бұл һәм тек,
Арыз-Румда соғысып,

Жаулармен неше тоғысып.
Басын жойды бұл ердің
Жанды қоймас қырғын кек.
Жамағаты зар жылап,

Жесір қалды Алтыншаш.
Бота форым, ақ мамық,
Өзі сұлу қолаң шаш.
Сұлулығы сонша бар,

Көрген адам болар мас.
Бұрын тапқан бала жоқ,
Құдіретке қылар шара жоқ.
Жүкті болып бейшара

Отыз бірде қалды жас.
Біраз уақыт өткен соң,
Алтыншаш бір күн ауырды.
Шақырып алды жанына

Бозқұландай бауырды.
Күні - түні жатады,
Ауруы жанға батады.
Есінен салмай, жад етіп,

Жаратқан Жаббар – қадірді.
Сүйген құлы риза дүр,
Құдайдың салған ісіне.
Әуел бастан тамамдап,

Кіріп еді қырық шілтен
Сол күні мұның түсіне.
Алла салса, дариға - ай,
Ғазиз басқа не пәрмен (парман)?!

Толғатып бала тудырмай,
Ішімде кетті-ау көп арман!
Көргенім өтірік болмаса,
Ертеңгі күні өтермін!

Хақ бұйрығы осылай,
Не ғып ғылаж етермін?!
Тоғыз ай, он күн көтерген,
О, дариға, арманым,

Көңілім бір кетті тына алмай,
Бұл қасіреттен жазылып,
Белімді бекем буа алмай,
Үміткер болған қуанышым,

Бойымда кетті туа алмай!
Өзімменен ішімде
Бірге кетті - ау арыстан!
Теке жәумет халқыңа

Болса керек данышпан!
Несібесін тілеген
Құрсақта жатып, алыстан!
Атқа мініп, ер жетсе,

Маңына келмес бір дұшпан!
Бір айдан соң табармын,
Ұмытып кетпе, шырағым,
Ашып ал көрден баланы.

Айналайын, Бозқұлан,
Меніменен болсаң туысқан!
Бозқұланға мұны айтып,
Жұмды көзін Алтыншаш.

Құдіретіне Алланың
Сұнып мойын, қойды бас.
Жаназа оқып, кебіндеп,
Апарып қойды молаға

Ағайын - қауым, қарындас.
Апасының айтқанын
Анық расқа қоя алмай,
Қылмады мұны жұртқа паш!

Көрұғлының көрде туған жері

Көр ішінде туғызып,
Жан беріп жісмін тебірентті.
Ғаусыл ағзам, қырық шілтен,
Емізді қолдан шәрбатты.

Сүт шығып ана төсінен,
Бір-біріне емірентті.
Тастан бұлақ ағызып,
Көрұғлыны жағызып,

Біреуіне күн, жыл өтті.
Жеті жасқа келгенде,
Ғауыс ағзам ұстатты
Үйретіп әрбір өнерді

Өткерді бастан міндетті.
Моладан шығып жүретін
Көрұғлы бекке күн жетті.
Қайрат күйі бойына

Көрұғлының сыймады.
Далаға шықпай тұруға
Еш тағаты болмады.
Дүйсенбі күн тал түсте

Моладан шығып, ерігіп,
Жалғыз жүріп ойнады.
Бұл уақытта бала ғой,
Жалғыз-ақ ойын керегі!

Көрінгенге талпынып
Ұмтылады жүрегі.
Әлі күнге мұңы жоқ
Емшектен басқа қорегі.

Шәмбіл шау шаһар деп
Тас, топырақтан қора ғып.
Тілеген сонда тілеп:

- Айналайын, Құдайым,

Айтқанымды қош көрші,
Дүниенің қызық сәулетін
Сатусыз маған бос берші!
Түрікпеннің жұртына

Аға сұлтан патша ғып,
Жаратқан Жаббар, ием - ай!
Жүз жиырма жас берші!
Мал сойып жинап жұртымды,

Ақсақалдан бата алсам,
Ишан мен жиып қожаны
Дұғасымен хат алсам!
Түрікпенге ие боп,

Артымда қалып атағым
Дүниені кезіп, жұрт алсам!
«Көрұғлы сұлтан» - атансам,
Сұр бұлттай аспандағы ойнасам,

Кәпірді алдыма салып айдасам!
Шапса қылыш, атса мылтық өтпес,
Жүз мың жаудың ішінде
Аждаһадай ақырып,

Арыстандай ойнасам!
Бір Құдайдан қылар болсам үмітті,
Дар[б]азам болса алтын құлыпты.
Өзім дүние кезіп,

Жұрттан асқан ер болсам!
Қасыма ертсем аждаһадай
Қырық бір атты жігітті!
Қасыма ертсем аждаһадай жандарды.

Құл ғып сатсам қызылбастай жауларды!
Қырық жігіттің ортасында жүргенде,
Құлатар ем дүниеде биік тауларды!
Беліме байласам аспаһадай болатты,

Көкке қарай қарғытып мінсем Ғиратты!
Түрікпеннің халқын жинап хан болып,
Білгенімше жағып өтсем шырақты!
Құдай үшін мешіт үйді салдырсам,

Күһи қаптан қос сұлуды алдырсам!
Қартайғанша жаудан қайтпай жүрегім
Жүз жиырма жасқа жетіп, болдырсам!
Мен бір өтсем қатарымнан, теңімнен,

Болсам батыр дұшпан жүрмес соңымнан
Қатын алсам перизат - періден.
Оймақ ауыз, күлім көзді сұлудан!
Көрұғлының іштен болсын достары,

Перизаттың қалам болсын қастары.
Перзент тумас болсын оның өзінен,
Болсын оның он төрт жаста жастары.
Іштен пірім, сен емессің құлақсыз,

Атқа мінсем, іс қылмаспын тұрақсыз.
Дүниеде перзент берме, қайрат бер,
Өліп кетсем, ризамын, тұяқсыз!
Шәмбіл-білге соқсам алтын шаһарды,

Асқар таудан көрінсе биік мұнарлы!
Әр қақпаға мыңнан атты байласам,
Зер кекілді, мойнында алтын тұмарлы.
Кәпірлерге мен көрсетсем жұмысты,

Жүз мың жауға бермес болсам тынысты.
Түрікпеннің бар ұстасын жинатып,
Аспаһани соқсам өткір қылышты!
Алтын тақта салдырсам түрлі өнерді,

Әр қылышым болса тілді кемерлі.
Ешбір арман қалмас еді-ау көңілімде,
Кәпірлерге қылсам түрлі өнерді!
Бір Құдайға қылсам әр күн тәубені,

Сыйлап күтсем жасы үлкен ағаны!
Қырық жігітпен [түрлі тамақ] ішетін
Алтыннан жасатсам шайхана орданы!

Көрден шыққан жерде

«Көрұғлы сұлтан»- атанып,
Туғаннан жауға өшіккен.
Пендесі құр қалмайды
Тәңірі берген нәсіптен!

Бақыты ашылса біреудің,
Ғайыптағы нәрселер
Өз – өзінен кіреді
Домалап келіп есіктен.

Ешкім сөкпес айыптап:
«Келтірді - деп - нешіктен?!»
Мына бір жерін айтайын:
Апанын сөзін ұмытып,

Бозқұлан ер кешіккен!»
Кешіккенін айтайын:
Бозқұланның бар екен
Ақбілек деген бір жары.

Сол күндеп адамнан
Артық бір (біз) екен ажары!
Соңынан ертең әуре боп,
Мал мен басын ұмытар

Оған түссе назары.
Кәпірлерден әр жерден
Іздеушілер көбейіп,
Қашпаса егер бір жаққа,

Таянғандай секілді
Бозқұлан ердің ажары.
Күйгентаудың басына
Ақбілекті алып жөнелді

Мінген қара тұлпары,
Қиядан көздеп іледі
Қолындағы сұңқары.
Ауламаққа көп екен

Құлан бір құлжа, арқары.
Елсізге шығып дем алып,
Дұшпандардан алыс боп,
Қасіреті біраз тарқады.

Апасының Бозқұлан
Айтқан сөзін ұмытты.
Есептесе, сол кезде
Жетпіс екі ай - жыл өтті.

Арқар, құлжа аулаған,
Ақбілек пен Бозқұлан
Күйгентауды жайлаған.
Алтыншашты ұмытып,

Айтқан сөзге бармаған.
Апасының Бозқұлан
Айтқан сөзін ұмытты.
Етегінен Күйгентау

Бір құланды қуыпты.
Құлан ұзап кеткен соң,
Сахара майдан даладан
Көп ұлтқа жолықты.

Аңын аулап Бозқұлан
Сахара майдан даладан.
Өте берді гулетіп,
Көп зиарат моладан.

Құм басқан жалаң аяқ,
Бір адамның ізі бар,
Тым - ақ үлкен шамадан.
Тартты атының тізгінін:

«Зиараттың ішінде
Не ғып жүрген бұл адам?»
Апасының айтқаны
Есіне түсті сол кезде

Дәл сап етіп Бозқұлан.
Жақсы адамның сөзінің
Болмас, сірә, іреуі.
Жер мен көктің бар ма, ойла,

Ортасында тіреуі?
Моланы батыр таниды
Апасының тапсырған
Есіне түсті сол кезде

Қақсаған зарлап тілеуі
Із иесі аң емес,
Байқаса бөтен жан емес.
Өліктен тірі жан шықпас,

Құдіретке ғажап таң, емес!
Байымдап енді білді ойлап,
Көрде туып, көрде өскен,
Көрұғлыдай жиені.

Зар етіп, Хаққа қылды зар:

- Өлмесе, мұның болар - деп,

- Алды-артымның, сүйеуі!

Жапанда өскен тағыға
Қашан бір қолым жетеді?!
Бере гөр, Құдай, маған! - деп,
Ұстауға талап етеді.

Түсіре алмай қолына[н],
Арада төрт ай өтеді.
Қарасын көрсе алыстан,
Жуықтатпай маңына,

Жытып бір қашып кетеді
Көрмегені жақсы екен,
Көріп бір, қолы жете алмай,
Бозқұланның жүрегін

Ғашықтық оты өртеді
Сандалды батыр далада,
Қиып бір тастап кете алмай,
Астына мінген тұлпары

Арыды, қуып жете алмай.
Баладан әбден түңіліп,
Қайғыдан белі бүгіліп,
Төрт айдан соң Бозқұлан,

Қайтты бір үйге түңіліп.
Ба[р] хайласын тауысып,
Қалды көзі үңіліп.
Үйіне қайтып келген соң,

Бозқұланды керген соң,
Ақбілектей асыл зат
Алдынан шықты жүгіріп.
Бозқұлан сонда сөйлейді

- Сенсің менің, Ақбілек,-

Сүйген жарым, алғаным.
Қайтсем, менің басылар
Көңілдегі арманым?!
Моласында апамның

Бір тамаша іс көріп,
Төрт [айдан]бері, Ақбілек,
Күзетіп соны қалғаным!
Түсіре алмай қолыма,

Қапалықпен келіп құр.
Екі етегім көл болып,
Көзден аққан жасыма!
Қоршаған бұлт сықылды

Зор қайғы орнап басыма!
Зарығып жүдеп келіп тұр,
Тірі емес бүгін, өліп тұр.
Ауырлап жүгін, бак етіп,

Шөгіп бір қалды нарларың.
Есіктің алды кар ма екен?!
Қатар-қатар нар ма екен?!
Біp перзентке дүниеде

Бізден де ешкім зар ма екен?
Арманы не екен дүниеде
Алдында бардың ағасы,
Артында бардың інісі,

Тетелес ессе баласы?!
Алды-арты жоқ жалғыздың
Болмайды еш құн, бағасы!
Дұшпан келсе жалақтап,

Шабасың қайда далақтап?!
Мұнан қиын бар ма екен:
Төрт болса көзің, алақтап?!
Сор болар тұзың, еңбек еш,

Жаныңды қи да, дария кеш!
Ұстап алсам, қарағым,
Болар еді-ау сүйеніш!
Ақбілектей алғаным,

Саған бір қолқа салғаным:
Табарың бар ма бұған еш,
Қалай соны (сол) ұстармын?!
Күйгенімнен көп сөйлеп,

Ерте күнді қылдым кеш.
Сонда Ақбілек сөйлейді

–Молада жүрген тағыға

Болдың ба мұндай ынтызар?
«Шын тілеген пендеге
Болады - деген - Алла жар!»
Әр пенденің басында

Бола бермес мұң мен зар!
Биік тауда қар жатқан,
Жүк қалмас жолда нарға артқан,
Қақсатып қанша зарлатқан –

Сүйген құлын беру бар,
Ашылар бір күн жүйесі
Мұңайтып қоймас иесі!
Құдіреті күшті Құдайдың

Бір жарылқар күні бар!
Мен айтсам сөздің мақұлын,
Ұстайтын оның ақылын –
Алма деген жемістен

Көп қылып сонда алып бар,
Тастап кетсең әр жерге,
Теремін деп жүргенде,
Ілікпес (илікпес) пе екен ақ сұңқар?!

Көр ішінде тудырған
Алланың қалай пәрмені?!
Жалғыздықтан кетіп жүр,
Бозқұланның дәрмені.

Жетейін деп келеді
Тарыққан ердің, арманы.
Теріп алып көп қылып,
Бір бұтаны тасалап,

Әр жерге әкеп тастап жүр:
«Қызықсын!» - деп, алманы.
Көрден шығып Көрұғлы
Алмаға жатқан қарады.

Қолына алып алманы.
Сонда аузына салады.
Тәттілігі пақырдың
Көңіліне әбден жарады.

Еш нәрседен хабарсыз,
Далада өскен батырың
Бір-бірлеп теріп, үстіне
Бозқұланның барады.

- Қарағым, кел! - деп, ұмтылды,

Көргеннен соң, Бозқұлан.
Зып беріп бала жөнелді
Құлаш жайып созылған
Жерге басқан іздер

Жол боп жатыр қазылған.
Шаңына қалды ере алмай,
Қосылса да жақыннан.
Барса бір көрге Көрұғлы

Есігің алдында
Жатыр екен арыстан.
Тұрар емес шошынып,
Жүгіріп жетіп барысқан .

Кермеген бір жау кез болып,
Иек асты жақыннан,
Не қыларын білмейді
Адасты бала ақылдан.

Кейін қалды артымда
Менімен атпен жарысқан
Өкпем күйіп шошынып,
Келіп тұрмын алыстан.

Жаумысың өзің, елмісің,
Keмбісің, өзің, теңбісің?!
Жөніңді айтшы сен маған!
Қалайшадан бұл жерге

Жатырсың келіп, арыстан?

- «Ұстай ма?» - деп, қауіп етіп,

Адамзаттан қашамын.
Жаулықпен келсең сен маған,
Тырп еткізбей басамын!

- Опырт - топыр ұйқалап,

Кәжік-күжік құйқалап,
Қабырғаңды күйретіп,
Жемтігіңді сүйретіп,
Екпініңді басамын.

Еркелемей былай тұр,
Көз салып маған мойның бұр!
Іздемесең, қалың сор,
Орнымды берші, арыстан!

Сонда арыстан сөйлейді:

- Жау болуға жарамас

Көрген жан сенің қараңды!
Танытуға мен келдім
Артыңда қуған ағаңды!
Мұнан былай емуге

Анаңның сүті арам-ды!
Нағашыңмен танысып,
Жаяулықтан құтылып,
Арғымақ мініп жарысып,

Дүниеге шығып қорек қыл
Мұсылманға бұйрықты
Ләззатты халал тағамды.
«Білдір!» - деп,мені жіберген

Қырық шілтен ғайып бабаң-ды!
Кіріп көрге көрісуге
Рұқсат жоқ анаңды!
Артыңнан қуған - таны енді

Бозқұландай тағаңды.
Көрұғлы сонда сөйлейді:

- Ей, арыстан, дүниеде

Мен жүзіңді көрмеспін.
Айрылсам ана сүтінен
Тірі де болып жүрмеспін!
Жалғаншы сенің сөзіңе

Анығын білмей ермеспін!
Өтірік пірлер айтпаса,
Жүз жиырма жасамай,
Жалғанда жаудан өлмеспін!

Пірлерім болса мандаткер,
Ешбір жанның сөзіне
Құлақ салып көнбеспін!
Жөніңді айтып білдірші,

Мен сені бұрын көргем жоқ,
Кім екенің білмеспін!
Сонда арыстан сөйлейді:

- Ендеше баян етейін:

Көріп тұрған күніңмен!
Жаныңды раушан ететін,
Хош иісті гүліңмен!
Кедергі болып асырмас,

Дұшпанға асқар беліңмін!
Қайрат - қуат беретін
Қапаларыңды шығарып,
Көңілдегі желіңмен!

Танымасаң, танырсың,
Көр ішінде неше жыл
Балапандай баулыған
Жалғанда бак пен талайың

Қолдаушы ғайып піріңмін!
Көргеннен соң батырдың
Піріне көңілі бітеді.
Төменшілік жүзінен:

- Рұқсат бер! - деп өтініп,

Көп кішілік етеді.
Осылай сөйлеп тұрғанда,
Қара атпенен төпелеп,
Бозқұлан ер де жетеді.

Қалқан қылып тау-тасты
Қашуменен Көрұғлы
Шөгірлі таудан өтеді
Қанатты қара тұлпарға

Бір көрсетпей қарасын,
Адастырып кетеді.
Ер Бозқұлан жад етіп,
Бір Құдайға жалынды.

Астындағы тұлпары
Қара терге малынды.
Қайғы түсіп көңіліне,
Көзден жасы құйылды.

Пірлерден медет болмаса,
Ұстар ісі қиын-ды!

- Сал мұны түзу жолға! - деп

- Түсіре гөр қолға! - деп,

Бозқұлан сонда зарланып,
Пірлерге жылап сыйынды.
Қарсы алдынан жел тұрып,
Соқтырды қара боранды.

Дүниенің тола шөп-шары
Балаға келіп оралды.
Аяққа бөгет боларлық
Әр нәрсе кеп килігіп,

Теп - тегіс басы құралды.
Ауызға өкпе тығылды,
Алдынан соққан қатты жел
Қайнатты жаман зығырды.

Бір бастырмай аяғын,
Ғауыс ағзам, қырық шілтен
Себепкер боп мүдіртіп,
Аяғын тұсап кідіртіп,

Тау мен тасқа сүрінтіп,
Дымы құрып жас бала
Бір жерге кеп жығылды.
Жатқан жерін көрген соң,

Шаршағанын білген соң,
Ұстайын деп түйілді,
Даярлап жібек киімді.
«Ашумен салып қалар!» - деп,

«Бір салса басты жарар!» - деп,
Қусырып қолын әдеппен
Алдына келіп иілді.
Көрұғлы сонда сөйлейді

–Адамзат маған пар ма еді,

Бір жетім пана таппастай,
Дүние құрғыр тар ма еді?
Еркіме менің қоймастан,
Шешемнен қуып шығарып,

Осынша жер қашсам да,
Шаршамадың бір талып.
Қашқанды қоймай еркіне,
Неге мұнша қыстадың?

Шаршы түсте қуғаннан
Кешке кеп зорға ұстадың!
Осынша мені қуғандай,
Алды-артымды буғандай,

Көзімнен аққан бұл жасым
Өкпемді болды жуғандай.
Менде кеткен, адамзат,
Әкеңнің құны бар ма еді?!

Бозқұлан сонда сөйлейді

- Сенен басқа менің жоқ

Бұл уақытта тілегім.
Зәредей жоқ көңілімде
Сен үшін, қозым, иреуім!
Жалғыздық түсіп басыма,

Cepік қыла алмай шаршадым
Tүрікпеннің біреуін.
Нағашың жүр қан жұтып,
Болмаған соң зар етіп,

Алды-артымда сүйеуім!
Көрде туып, көрде өскен,
Сен боласың, қарағым,
Көрұғлыдай жиенім!

Бала да болса, Көрұғлы
Ақылмен ойлап біледі:
Алыс емес, жақының.
Жеті жаста сұлтаның

Ақсұңқар құстай түледі
Талаптары ойлаған
Енді орынға келеді:

- Бұл сезіне нанбаймын,

Білсең, айтшы, адамзат,
Жалған айтпай, шын айт –
Менің әкем кім еді?
Бозқұлан сонда сөйлейді:

- Басыңды қос, шырағым,

Екі жерде жүрмелік!
Сұрасаң, баян етейін,
Мен нағашың-жетімек.
Лаз, Румда соғысып,

Жаулармен неше тоғысып,
Ойран еткен әр жерге
Сенің әкең - Мұңдыбек.
Батырға түсті (тосты) ақылды.

Жақсы адамның маңайы
Күнде болар жиын-той.
Бір қиял кірді есіне
Бар кебін баян еткен соң.

Қайғырсын мұның несіне?!
Пірлері келіп дәл сол күн
Әуел бастан тамамдап,
Көрұғлыдай баланың

Кіріп еді түсіне.
Жар болса тәңірім құлына
Даяр қылар керегін.
Көрұғлының Бозқұлан

Байлаған шешті білегін.
Көздің жасын тыя алмай:
«Болды - деп, - қабыл тілегім!»
Бозқұландай батырдың

Көңілінен қайғы арылды.
Мінгесумен екеуі
Арам тер жүрген бойында
Қара тұлпар шабылды.

Неше жыл бағып өсірген
Піскен қауын жарылды.
Жүз мың жауға беретін
Жалғыз өзі төтеп-ті

Арыстан мұнан табылды.
Қауіпсіз жүрген дұшпанның
Кең дүниесі тарылды.
Моладан өте бергенде,

Көрұғлы бек арыстан
Бозқұланға жалынды:

- Тілегім бар, нағашы,

Қабыл көрсең, тілейін!
Рұқсат берсең, анамды
Не халде екен, білейін.
Жансыз тәнін пида ғып,

Асырап еді-ау әжекем
Барып тағы көрейін!
Екі төсін иіскелеп,
Мауқын басып, аймалап,

Кешікпей тағы келейін!
Кеткенім ғой арманда
Көре алмаспын жалғанда,
Емшегін бір жол емейін!

Бозқұлан сонда сөйлейді:

- Болып тұрсың, қозым - ай,

Жалғанда менің шырағым.
Бұл жалғанда қалайша
Басылар менің құмарым?!
Қайғыменен қан жұтып,

Неше күндей байланған
Екі көзде жанарым.
Дұшпаным көп, қорқамын
Қашып жұрт күн көрген

Күйгентауда тұрағым
Тапсыр Хаққа, қайтесің?!
«Келмей ме, - деп, - қорқамын»
Жібермеймін, шырағым!

Көрұғлы сонда сөйлейді:

- Қайран ғазиз анам - ай,

Дүние жүзін әуес қып,
Барады кетіп балаң - ай!
Жеті жыл жатып жаныңда
Қорек алып төсінен

Жол тартып енді барам - ай!
Ықтияр жоқ басымда
Оқымағұл пәд дұға:

- «Кетті- деп, - тастап, - қарамай

Шарасыздан барамын
Тағамның сөзін қия алмай,
Қайырылуға жарамай!
Көрұғлыны алып жөнелді

Күйгентаудың басына.
Бозқұланның көңілі өсіп,
Ағалы - інілі екеуі
Ақыл қосып: «Жөн!» - десіп,

Күйгентауға келеді.
Тұлпарға қара мінгесіп,
Асығып шауып келеді.
Жолыққанша сұлуға

Ақбілектей кездесіп,
Мекен еткен неше жыл
Күйгентаудың даласын.
Ақбілек пен Бозқұлан

Бітіруге келеді
Көңілдегі жарасын.
Қарап тұрса алыстан
Мінгесулі екі ердің

Ақбілек көрді қарасын.
Екі көзі үңілді,
Көрейін деп жүгірді,
Жиені мен тағасын.

«Өтірік пе, шын ба?» - деп,
Зар етіп Хаққа келеді
Қолмен ұстап жағасын.
Сүйіп жатыр иіскелеп,

Көзінен ағып қанды жас
Көрұғлыдай баласын.
Мекен еткен неше жыл
Ақбілек пен Бозқұлан

Күйгентаудың басында
Көрұғлыдай арыстан
Екі зарлы мұңдыға
Ермек болып қасында

Шаттық кіріп көңіліне
Тыныштық алып жатады.
Біраз уақыт осында
Жанды аямас Бозқұлан

Енді өзіне тигеннен
Көңілі қайтпас сүйгеннен.
Мінді атқа желігіп,
Көрұғлы қызық көрсін деп,

Аң қумаққа күйгеннен.
Жаннан қайтпас жүрегі
Қайратына сенгеннен.
Қара[ға] дамыл бермеді,

Неше күндей мінгеннен.
Бозқұлан жанын қойып тұр
Көрұғлыдай аяуды.
Алыс емес аңдыған

Дұшпан жақын таяу-ды,
Келе жатқан сенделіп,
Көр биеге қос артқан
Бозқұлан көрді көзімен

Қырық бір жүрген жаяуды.
Көргеннен соң Бозқұлан
Үйіне қайтып шабады.
Астындағы қараны

Екі жақтап сабады.
Көңілі жаман шошынып,
Мекен еткен жайына
Шабуыл қойып барады.

Бозқұлан келіп сөйлейді:

- Ей, шырағым, қайдасың?

Қырық бір дұшпан мен көрдім.
Сен таппасаң хайласын.
Қараға мінсең «Алла!» - деп,
«Іздеген жауың қайда?» - деп,

Алдыңда бәрі жайрасын.
Кәріп (ғариб) болған нағашың
Батыр туған ерінің
Көреді қашан пайдасын?!

Атқа мінсең, бағланым,
Жүз мың дұшпан болса да,
Мен білемін, қоймассың!
Мен болайын дұғада,

Кәміл пірлер қолдасын.
Қарағым бүгін ойнасын!
Бес қаруды іл беліңе
Келді дұшпан көріне

Тырнақ алды сапарын
Бір құдайға аманат!
Жауды қоспа үйіріне,
Кеудеден жанын айырып,

Таянт қолын бүйіріне!
Түсуге жаудың соңына
Оңар емес бұл күнде
Кез келген қарсы жолына.

Қараға мінді арыстан,
Несібесін тілеген
Құрсақта жатып, алыстан,
Атқа мініп ер жетсе,

Маңына келмес бір дұшпан.
Баруға бетін түзеп тұр,
Жолдас алмай жанына.
Көрұғлы сонда сөйлейді:

- Бозқұландай нағашы,

Әр тарапқа бұл күнде
Бөлініп тұр ойларым.
Жүз мың дұшпан болса да,
Білесің бе, тағам-ау,

Жиеніңнің жайларын?!
Тірі болсақ, көрерміз,
Қызылбас пен қалмақтың
Неше түрлі жайларын!

Бозқұлан сонда сөйлейді:

- Сөзімді тыңда, шырағым,

Сақтасын Құдай, сақтасын
Құдіретімен Алланың!
Мынау садақ қалыпты
Рүстем менен Дастаннан.

Ер жігіттің көп болар
Жау ішінде хайласы.
Ибраһим Салилдің (Тилдің)
Соққан мынау найзасы.

Сұраған соң, шырағым.
Баян етпек дұрыс-ты.
Мұнан былай шыққан соң,
Түзетерсің жүрісті.

Атаңыз өткен ер Дәуіт
Саған кеткен қалдырып,
Сауыт пенен қылышты.
Көрұғлы сұлтан қуанып,

Мұны естіп сүйініп.
«Жау!» - деген соң, асығып,
Аш бүркіттей түйіліп.
Бес қаруды асынып,

Сауытты алды киініп.
Сансыз дұшпан болса да,
Қамайын деп иіріп.
Сөйлейді сонда Бозқұлан:

- Көрұғлыны тапсырдым

Иә, Кәрім, иә Аллаға
Ғаршы, Күрсі, Лух, Қалам,
Мүлкінде дүр бар шағалам!
Қозыма бергіл сен иары!

Бағланым жауға жөнелді
Бұл дүниенің сәруары.
Сұлтаным қашан келгенше,
Осы орында қозғалмай,

Нағашыңның тұрғаны.
Жауымды жаулап беретін
Сен - жанымның қорғаны.
Жолдасың жоқ қасыңда

Барасың жалғыз жетімек.
Ғайыптан қолға түсіріп,
Ақбілекпен екеуміз
Шүкіраналік етіп ек.

Көңілін пәс қып қайтармай,
Иә, Мұхаммед пайғамбар,
Бере гөр бізге бір тілек!
Мұсылман аз-ды, көп-ті кәпір,

Салар қозым заман ақыр.
Қозыма бергіл сен иары
Ғұмар, Ғұсман, Әбубәкір!
Тозаққа кетер кәпір жаны,

Жад етемін, Жаббар секні!
«Дұшпандарға қор қылма!» - деп,
Тапсырдым: «Иа, хазірет Ғалы!»
Мұсылманға кәпірлер қас,

Қозымның көңілін қылма пәс!
Жәрдем бергіл, қырық шілтен,
Ғаусыл ағзам, хызыр Ілияс.
Қараменен жөнелді,

Екі жаққа сабалап.
Шошынар емес, тұрса да,
Жүз мың дұшпан қамалап.
Күйгентаудың басында

Отыр екен қырық бір ер
Әрқайсысы мысал шер,
Салса көзін шамалап.
Көзін салып байқаса,

Ойда біреу келеді
Тас бұршақтай домалап.
Сапабек деген бір ері
Бар еді мұның ішінде

Есеп жоқ күшінде.
Тоғысқанда жаулармен
Мың санға өзін бағалап.
Жолдасына сол шақта

Сапабек тұрып айтады:

- Бүгін болды бір ермек

Беті кайтар ер емес,
Жеті жасар жүгірмек.
Алайын деп келеді
Ал енді біздер қашайық,

Күйгентаудың басына.
Бір жерде тұрып өлмелік,
Қолдан намыс бермелік!
Қашып бәрі жөнелді,

Күйгентауға тырмысып,
Жоғары өрлеп басына.
Кер бие қалды байлаулы
Жүгі қалды жайраулы.

Олжа боп таудың тасына,
Басына түсіп уайым
Жаннан басқа нәрсені
Ерлер қойды тілеуді.

Көрұғлы жетсе артынан,
Бұлардың орны сайлаулы.
Көрұғлы шауып сол шақта
Кер биеге барады.

«Тырнақ алды олжам!» - деп,
Маңдайынан тәубе етіп,
Анықтап белгі салады.
Қашқан ерді иіріп,

Бір жерге әкеп қамады.
Құтылмасын білген соң,
Сапабектей асыл зат
Қол қусырып батырдан:

«Сауға!» - деп жанын сұрады.
Құлақ салсаң сөзіме
Сапабектей асыл зат
Ұнады ердің көзіне:

«Тар жерде жолдас болар!» - деп,
Көзін салып қарады
Батырлардың жүзіне.
«Сұраған өзің қырық жігіт

Жолығар, - деп - дәл бүгін!»
Түсіне кіріп пірлері
Айтып еді өзіне.
Атта түсіп Көрұғлы

Көріседі ерлерге.
Ел-жұртынан айрылып,
Жаһан кезген шерлерге.
Ғайыптан мұны кез қылған

Риза болды пірлерге!

- Қырық жігітім, серігім,

Аманат қоям бұл жерге!
Бес жылдан соң беліңе
Алмас қылыш байлатып.
Арғымақ атты жайлатып,

Қос-қос дабыл қақтырып,
Түрікпен халқын бақтырып,
Құс салып, сайран етерсің,
Һудак деген көлдерге!

Сапабек сонда айтады:

- Бұйрық болса Алладан,

Жолдас болып ерерміз.
Қалай жатып Күйгенде
Жаяу не ғып жүрерміз?
Сұлтаным, айтқан сөзіңе

Шарасыздан көнерміз.
Бес жылғаша бұл жерде
Ішетін ас болмаса,
Киер киім болмаса,

Қалайшадан жүрерміз?
Бізге рақым етсеңіз,
Кер биені тастап кет,
Біз күмәнсіз өлерміз!

Көрұғлыны сонда сөйлейді:

- Бұл аштықтың жолына

Түспеңіздер, нарларым,
Туғансыздар, ерлерім,
Жұлдыздың түз су оңына.
Көрұғлының Сапабек

Кәміл пірге жыласаң,
Арқар, құлан, киіктер,
Өзі келіп шұлғысар
Ұстатып даяр қолыңа.

Саятшы қылып тапсырдым
Қырық шілтен бас қосқан
Ғайып иран ау шеран
Басымды беріп жолыңа!

Қозғалмастан жата бер,
Тәуекелден бас бұрма.
Талапқа белін буғандар:
«Далада аштан өлем!» - деп,

Уайым, қайғы қылмаңдар!
Айтқанымнан бұрылып,
Бөтен жаққа бармаңдар!
Бөтен істі көңілге

Жігіт болсаң, алмаңдар!
Бес жыл деген - бес-ақ күн
Уағдадан таңбаңдар!
Аманат қылып тапсырдым

Сіздерді бабам ер Қанпар
Пірлерім болса медеткер,
Ететұғын не ғам бар?!
Кер биені алып жөнелді –

Аман бол! - деп, - Сапабек!
Өзі тірі тұрғанда,
Дұшпандарға кетпес кек.
Бұл уақытта екпіні

Буырқанып, бұрсанып.
Мұздан темір құрсанса,
Қозғалғандай жер мен көк.
Бозқұлан үйде жылайды:

«Бірер жауға сыналмай,
Мінді – деп - атқа ертерек!»
Көрұғлы келді үйіне,
Өсіп бір келді көңілі

Іздеген жауды бұқтырып,
Нағашысын қуантып,
Көңіліне шаттық көп кіріп.
Өзіне атын тапсырып,

Жата берді Көрұғлы
Женгесінің жанында
Кер биені бақтырып.
Атасы өткен Мұңдыбек,

Тұлпар мініп, ту ұстап.
Қозғалмаған табаны
Жалғанда жаудан жылыстап,
Жеткізіп қойған Құдайым

Көңілге алған нәрсенің
Орны-орнымен дұрыстап.
Бозқұлан үйде жоқ еді,
Сырттан келіп бір адам

Жөн сұрайды дауыстап:

Райхан патшаның айтқаны:

- Қоңыраулы қатар-қатар нар бар ма?

Сөз айтамын ақымақ туған заңғарға!
Кәлдірханның патшасымын – Райхан
Бұл ортада мен сөйлесер жан бар ма?
Мұны естіп Көрұғлы батыр сүйінді,

Қамқа тонды тал бойына киінді:

- Сөйлеуге саған жарар мен бар! - деп,

Үйден шыға тысқа қарай жүгірді:

- Аға, сіздің танымаймын затыңды,

Рас айтпай, өтірік айтқан қатын-ды.
Саған берген аман-есен сәлемім –
Астындағы түсіп берші атынды!
Көрген жерден көңіліне әбден жарады,

Екі көзі ішіп-жеп атты барады.
Үстіндегі Райханмен ісі жоқ,
Шыр айналып атқа анықтап қарады.

- Ат таныған мұның өзі қандай бек,

Сатпай саған ат беремін қалай тек?!
Көзіңе тиер Ғиратыма қарама,
Жеті жасар көрден шыққан жүгірмек!

- Кетемісің көзім жасын ақтырып,

Мінер ме еді Ғиратыңды бақтырып?!
Аға, маған басы бүтін бермесең,
Кер биеме кетсең қайтер шаптырып?!

- Үйге барып, патша екенім - білдірсең,

Айдын көлден лашынға қу ілдірсең!
Ғиратымның орамалы сол болсын,
Құшақтатып жеңешеңді сүйдірсең!
Мұның сөзін қабыл көрді Көрұғлы,

Алаңғасар ердің ісі белгілі:

- Сүйгізбекке Райхандай патшаға

- Тұрмын, - дейді, - жеңешем, сені бергелі.

Жан жаратып, [сұлу] (суыр) еткен Құдайым,
Жана шықты көңілдегі уайым.
Ақ бетіңнен бір сүйгізсең, нең кетер,
Кер биеме бір шаптырып қалайын!

- Бір қапалық бізден бүгін өтпесін,

Білдім енді мені көрмей кетпесін.
Ат үстінен ала - ақ мені жөнеліп,
Тақымына қысып алып кетпесін!

- Сен шықпасаң, жеңгем, жүзің көрмеспін,

Тірі болып бұ дүниеде жүрмеспін!
Мен тіріде жеңгем қылма уайым,
Өзім өлмей, сені жауға бермеспін!
Жиенінің көңілін қимай ұялып,

Түрегелді алма мойны бұралып.
Шыға келді ақ орданың ішінен
Таудан қашқан ақ түлкідей шұбалып.
Бір кеткен соң келе ме енді қайрылып,

Жаяулықтан қала берді қаймығып.
Балалықпен бұл құлықты андамай,
Жеңгесінен қалды: «Дат!» - деп, - айрылып.

- Мына дүние маған болды-ау бүгін тар,

Құдай досы, иа Мұхаммед пайғамбар.
Аңға кеткен нағашыма көрсетпей,
Қазір менің жанымды алшы, Біру бар!
Ғаусыл ағзам, иа, қырық шілтен кәміл пір,

Тартып кетсең, ризамын, қара жер!
Аңға кеткен нағашыма көрсетпей,
«Пендем!» - десең, Жаббар Құдай, елім бер!
Адам болып мен жүремін не халде,

Айрылып қап жоққа болуым арқанда.
Аңға кеткен нағашыма көрсетпей,
Жеті жаста аманатың ал, Алла!
Ғират ізі жол боп жатыр қазылған,

Әзал күнде, осылайша жазылған.
Бұл жылаумен Көрұғлы бек тұрғанда,
Бірнеше аңмен келді аңнан Бозқұлан:

- Бір қапылық балалықпен өтті ме,

Аңдып жүрген дұшпанның көңілі бітті ме?!
Мен келгенде, неге жүгіре шықпады
Алла қосқан Ақбілегім кетті ме?!

- Төрт күн болды мен айрылып жатқалы,

Жиеніңді қарғап Құдай атқаны!
Жеңгетайым жоқтай көрме, ағажан,
Жиеніңнің бір айғырдың сүрігіне сатқаны!

- Сүйген жарым үшін болған мен мұңдық,

Қапалынып еш болмайын бұған дық.
Жеңге түгіл жаным саған құрбандық
Айғырынан алсаң тұқым, арман жоқ!
Құлын тапса, Ғират қылып мінерсің,

Есен болсаң, ұзақ дәурен сүрерсің -
Сен тіріде уайым қылман, шырағым,
Аман болсаң, өзіңе алып келерсің!

- Аспанда бар Үркер менен Таразы,

Қиқу салар тауықтардың қоразы.
Бұл сөзіңе көңілім менің шаттанды,
Жан нағашым, жаңа болдым мен разы!

Кер биенің толғауы

Күні бітіп жеткен соң,
Кер бие бір күн толғатты.
Ішіндегі жануар
Шығара алмай ғиратты.

От оттамай, су ішпей,
Дамылсыздан аунапты.
Отыз күндей дөңбекшіп,
Ешбір тыным болмапты.

Шыдай алмай Көрұғлы
Аяндап үйге барыпты.
Аспаһани қанжарын
Қолына батыр алыпты:

«Құлыншағым жазым болып,
Тұншығып өліп қалар!» - деп,
Жұқа шаптың тұсынан:
«Бисмилла!» - деп, салыпты.

Қиған қамыс құлақты,
От орнындай тұяқты.
Бір тазы бедеу ішінен
Шауып шықты жануар

Бейне тұлпар сияқты.
Ерге берді бір тілек
Жеткізді атқа Құдірет.
Ойлағаны болған соң,

Батырға енді не керек?!
Бір көк ала ғиратты
Алды қолға жетімек.
Бозқұлан кетті шапқылап,

Өрдегі жатқан жылқыға.
Күн-түн жүріп дамылсыз
Шәмбілдің шықты беліне.
Жылқы салған жағалай,

Һудактың айдын көліне.
Мұнан айдап жөнелді
Бөліп алып жүз бие
Жолықсын мұның кіміне.

Ғиратыңды еміз! - деп,
Күйгенде жатқан дулатып,
Айдап бір келді еріне.
«Қой көтерер семізді»,

Қатқанда бетін кім баспас
Түпсіз терең теңізді?!
Құндаққа орап ғиратты,
Жас балаға ұқсатып,

"Тілегенін жегізді.
Күні-түні қосақтап,
Бір өзіне ғираттың
Жүз биені емізді.

Тәрбиелеп бағумен
Құлын-тайдан бұласты.
Құнан жаста ғиратқа
Керген адам қарасты.

Дөнен жаста ғиратқа
Бейне пырақ атындай
Салған абзал жарасты.
Жеңгесін батыр қумаққа

Бес жасына қарамай,
Жалына батыр жармасты.
Асықса да, рұқсатсыз
Пірлерден медет болмас-ты.

Бір көргенше жеңгесін,
Көрұғлы батыр тұрмас-ты.
Жарқылдатып байлады
Беліне гауһар алмасты.

Арманда ғапіл қалдым деп
Өлгенше естен қалмасты.
Жолыға алмай піріне
Жүгіре - жүгіре далада

Табандарын тас тесті.
Ғайып иран қырық шілтен
Шөгірлі тауда кездесті.
«Кәлдірханға барам!» - деп,

Рұқсат сұрап пірінен,
Сол жерде батыр сөйлесті.
Пірлері сонда сөйлейді
Бір шапқан соң ғиратты

Ала алмассың тоқтатып,
Әр орында жүрмес бұл
Ешбір серік жоқтатып,
Күн-түн жүрсең, тоқтамас,

Алғайсың, жаным, ұмытпай,
Отыз күнде бір отта[ты]п.
Берді бата пірлері.
Шығатұғын кез болды

Ат пенен ердің терлері.
Жаудан қайтпас жүрегі
Нағыз осы кездері.
Жалғанда жоқ кездескен

Екеуінің теңдері.
Бұл сөзімнің ішінде
Ажар мен жоқ өңдері.
«Ақбілекті ізде!» - деп,

Бата берген теп-тегіс
Көрұғлының пірлері.
Пірлерінен бата алып,
Ғиратқа мінді арыстан.

Ойламайды қалар деп,
Қатарда шапқан жарыстан.
Балқығандай майысқан,
Жез қармақтай қайысқан.

Он үш жасқа жетпей-ақ,
Жау іздеген алыстан.
Көрсетпей күшін ғираттың
Кім қорқады намыстан?!

Бозқұланға тапсырды:

- Шәмбілге қарай айда! - деп,

Елді аударып қоныстан.
Бас қосып адам болыңдар
Қай уақытта келемін
Аузы түкті орыстан?!

Мен тіріде, Бозқұлан,
Кемік болмас басына.
Ақбілекті көргенше,
Өмір берсін жасыңа.

Күйгентаудың басында
Қырық жігітім менің бар
Сапабекке сәлем айт
Ертіп ал соны қасына!

Бозқұлан сонда сөйлейін:

- Жаратушы, иа, Жаббар,

Көрұғлы үшін қылдым зар!
Жүзі жарқын, беті ашық,
Бергіл бұған ықтияр!
Мен тапсырдым қозымды

Үш жүз он мүрсәлге!
Сажып қыран сәруары
Иары бергіл, иа, Хайдар!
Өзіңнен медет болмаса,

Біз кәріптe не хал бар?!
Жүрген жері қозымның
Болсын дайым гүлстан!
Аман болса, дұшпанға

Салса керек зымстан!
Мен қозымды тапсырдым:
Иа, қожа Ахмет Иассауи,
Жатқан жайы - Түркістан.

Барша пірлер - аманат
«Тар жол, тайғақ кешуде»,
Нашарларға болысқан.
Көрұғлы батыр жөнелді,

Қарғыта басып, секіртіп,
Астында ғират ойнатып,
Сұлығы жүген шайнатып.
Тұяқтан ұшқан тозаңы

Һудак көлін шаңдатып.
Үсті - басын шан басты,
Күні – түні жол тартып.
Садағын салған оқтатып.

Найзаның басын шоқтатып.
Бір жүріп ғират кеткен соң,
Ала алмас басын токтатып.
Керліктіріп келеді

Айшылықты алты аттап.
Тұяғы қиып кеткенде,
Тасты күл ғып таптатып.
Ғират сынды жануар

Келе жатыр шандатып.
Белінде тарсу жарқылдап,
Райханға жүрді бет алып,
Көз жіберіп қияға

Қарауыл қарап, жер байқап,
Бір биік таудан асады.
Жолдасы жоқ жанында
Сөйткенмен кімнен сасады?!

Ойына алмай дәнеме
Ғиратқа қамшы басады.
Бет алдынан не келсе,
Анадайдан қашады.

Көрұғлы батыр жау іздеп,
Шығып бір кетті елінен.
Жанды қара көрінсе,
Сұлтанның жүрмес шенінен.

Гулетумен барады
Дімсіздің өтіп көлінен.
Қарғытады ғиратты
Тау мен тасты жерінен.

Өткелі жоқ өтетін
Тұнжырап жатқан, түбі жоқ.
Көрші деген бір судың
Соқты арыстан белінен.

Мақтайды батыр жалынып,
Астындағы ғиратты:

- Қиғыра жалды, қыл құйрық

Хайуан заттан сымбатты.
Сен астымда жүргенде,
Жай жүру маған қымбат-ты!
Құдайым бізге жазған жоқ,

Тыныш ұйықтап жатпақты.
Жазған бір болғай маңдайға
Дұшпаннан кекті алмақты!
Осындай қиын жерлерде

Айналайын, ғиратым,
Салсам бір саған салмақты.
Тәуекел деп Аллаға
Астындағы ғиратты

Көркінен сонда қарғытты.
Баладай қылып өсірген
Көрұғлы батыр құндақта.
Мінбек болып жау жаулап

Жол үстінде қалмаққа.
Талап еткен жолы - бұл
Кәлдір ханға бармаққа!
Ерегіскен дұшпанға

Заманақыр салмаққа!
Бес жылдан бергі cеpті-бұл,
Әуелден-ақ дерті - бұл
Салмай көзін жан-жаққа!

Аспан көкпен таласып,
Қарғып барып түседі
Секен қадам ар жаққа.
Жүгірумен Көрұғлы

Келеді шаһар жанына,
Жайылып жатқан малына.
Қарамайды көз салып,
Бұлардың көп - азына.

Жөн сұрасып, сөйлесті
Қой бағып жүрген қалжырап
Кәріліктен балжырап,
Қартадау болжыр тазына.

Ал, сол шалды өлтіріп, шаһар жаққа жүрейін деп тұрғанда, сонда ғиратына сөйлегені:

Он үшімде шығып едім жұмысқа,
Тіл білмейтін, аузы түкті орысқа!
Мен келгенше, ғират-жаным, аман бол
Берік болғайсың аспаһани қылышқа!

Кәлдір ханға жалғыз келген бұл басым,
Жалғыз сен боп жатқан басқа жоқ.
Бес қаруға, ғират атым, ие бол,
Аунағанда, түсіп бұлар қалмасын!

Бір қапылық бүгін бізден өтпесін,
Жалғызшылық түбімізге жетпесін!
Шілтен пірім, ғиратыма сақшы бол,
Мен келгенше, бір жау алып кетпесін!

Көрұғлы сұлтан қолына таяқ алып, қойшы киімін киіп, шаһарға келеді. Ақбілек Көрұғлыны танып сөйлескені:

Жан жаратып, сурет еткен - Құдайым,
Пайғамбардың - Алла сүйген - үмбетін!
Аман-есен келдіңіз бе, асыл зат,
Кейін қалған бізден жылап перзентім

Сен жалғыз, мынау көп тұр қызылбас!
Сен жылама, көңіліңді қыл қара тас!
Сен екенін қызылбастар білмесін,
Кейін Көрұғлы бек амандас!

Көңілімізден шықпай жүрген қапалық,
Жалғыз жүрген жау қолында мен - мұңлық,
Өлсем, Хаққа ризамын, мен көрдім,
Шыбын жаным саған болсын құрмалдық!

Мәшһүр болған бұл халыққа дабысың,
Пірлеріңмен Алла оңдасын жүрісің!
Көп кешікпей, Көрұғлы бек, кейін қайт,
Қандай күнде бітер екен жұмысың!

Сонда Көрұғлы айтады:

- Жермен жексен қызылбасты етпекке,

Түп - түбіне кәпірлердің жетпекке,
Уақытың қалай, Ақбілектей жеңеше,
Келіп едім алып сені кетпекке!

- Қызылбастар мазақ қылып күлмей ме,

Алла қайрат Көрұғлыға бермей ме?!
Сеніменен қашар едім бүгін түн:
«Өз байталын алып кетті!» - демей ме?!
Талдап шашын он екіден өрейін

Күн батқанша алдап қызды көрейін!
Ақшам уақыты, әзіp болып тұр сонда,
Шама келсе, ертіп қызды келейін!
Талабыңды қайтармасын Құдайым,

Осы жерде мен келгенше тұр дайын!
Оныменен тең бұл дүниеде жан болмас,
Өзі сұлу жұрттан асқан - Гүлайым!
Ақбілек Көрұғлыны сөз байлаған жерде қойып, Гүлайымға келіп айтқаны:

- Қыз - ау, бикеш, талдап шашты өрейік,

Қызғалдақ көп Алтынтауда, терейік!
Ағаң ұйықтап жатқанында, қыз Бикеш,
Жан сүйсінер қызық көріп келейік!

- Бір қапылық бізден, сірә, өтпесін,

Ағама жау түбімізге жетпесін!
Бұлай жүру бізге еп пе, жеңге жан,
Қараңғыда бір жау алып кетпесін!

- Қыз бикештер талдап шашын өрермін,

Қызғалдақ көп Алтынтауда, терермін!
Сенің ағаң Райхандай күшті еді,
Маңайына дұшпан батып келер ме?!
-«Жақсы лепес - жарым ырыс» - ырым-ды,

Оңаша алып сұраймысың сырымды?
Сеніменен барар едім қосылып,
Айтсаң маған сонда ойлаған шыныңды!

- Бау ағаштан гүл терелік түн қатып,

Жатқанменен не табамыз құр жатып?!
Ойнап-күлер шағың осы, қыз Бикеш,
Жүр, келелік біраз шерді тарқатып!

- Ақылы асқан менің жеңгем нам еді,

Ол айтқаның маған лайық пар ма еді?!
Ерік әліме қоймай алып барасың,
«Көрсет!» - деген мені біреу бар ма еді?

- Алтын, күміс Райханның қаласы,

Жазылмайды - ау, жүрегімнің жарасы!
Әнеу күнгі өзің айтқан жігітің -

- «Көрсет!»- деген Мырзабектің баласы.

- Барар едім ендеше оған сайланып,

«Оянар - деп тұрмын - ағам!»- ойланып.
Ағай білсе, бір-ақ күнде жоқ қылар,
Барсам - дағы, кешікпейін, айланып.
Ғашық болған сол жігіттің өзіне,

Қылма мазақ мені соның сөзіне.
Көп тоқтатып мен қасына қоймайын,
Бір көрініп қайтсаң болар көзіне.
Алып шықты алма мойнын бұралтып,

Бау ағашқа жетіп келді түн қатып.
Он үш жасар Көрұғлы бек арыстан
Тұрған екен ғират атын ойнатып.
Туды жұлдыз Көрұғлының оңынан,

Қараңғыда кім қуады соңынан?
«Мырзабектің баласы»- деп, нандырып,
Алып келіп тапсырыпты қолынан:

- Аман-есен өз жұртыңды көргейсің,

Көп кешікпей іздеп мені келгейсің,
Қыз екен деп өзің бұған қызықпай,
Бозқұландай нағашыңа бергейсің!
Нардай белі нағашымның бүгілді,

Мен кеткен соң қабырғасы сөгілді.
Апарып бер осы қызды қолына,
Өзің бұған аудармай-ақ көңілді –

деп, қала береді.Таң атқан соң Ақбілек тура сала кір жуып жатыр екен. Райхан тұра келіп, үй ішінде жоқ болған соң,

Райханның Ақбілекке: - «Гүлайым қайда?! - деп айтқаны:

- Тұра сала жан-жағыма қараймын,

Ерте тұрдың, қатын, сенен сұраймын.
Қарасам да көрінбейді бұл үйде,
Қайда кеткен қарындасым - Гүлайым?!

- Үсті - басым жүдеп, өзім кірледім,

Тұра сала жудым кірді - ермегім.
Жүзқара қар түн ішінде ойнақшып жүр еді,
Төсегінде бар ма, жоқ па білмедім.

- Аш белше айыспаны ілген-ді,

Он үш жаста ғиратына мінген – ді.
Онан басқа еш дұшпаным жоқ еді,
Теке жәуміт Көрұғлы бек келген-ді
Көрұғлыдай туысым айырып келермін,

Ғиратыма қайратпенен мінермін.
Көйлек-дамбал су қылыпсың, Ақбілек,
Мен үстіме енді немді киермін?!

- Бар деп айтсам, бегім, көңіл толады,

Жоқ деп айтсам, бегім, көңіл солады.
Екі көрпе алды-артына ілдірсең,
Бірі - камзол, бірі - жейде болады.
Райханның қастарына келеді,

Бостау қылып екі көрпе іледі,
Ерін ерттеп ғиратына мінеді.
Түс киізді жалпылдатып жөнелді.
Құлақ салсаң Райханның сөзіне,

Дөнен бесті түсті ғират ізіне.
Ертеменен қуып еді Райхан,
Нақ тал түсте көрінеді көзіне.
Көрұғлы бек ғиратына айтады:

- Қаршығадай кеттім қызды ілдіріп,

Қарғы судан, жүйріктігін білдіріп.
Зар жыласын артыңдағы Райхан
Қызылбастың ішін кетші күйдіріп.
Мынау залым түскен екен соңыма,

Жұлдыздарым, тушы менің оңыма!
Ғаусыл ағзам, ғиратыма бер медет,
Ұстап берме қызылбастың қолына!
Көрұғлының көңілі тасып еседі,

Ғират қарғып Көркін судан өтеді.
Көрұғлы бек секірткенде ғиратын,
Қырық кадам ар жағына түседі.

Райхан келіп, артынан ғиратын қарғытып еді, алды қырға, арты суға түсті. Жете алмайтынын біліп,

Көрұғлыға дауыстап айғайлап айтқаны:

- Астындағы ғиратты

Басқа адамға бақтырма!
Жүзің дұшпан болса да,
Шаршайды деп, тек тұрма!
Үстіне бір мінген соң,

Дамыл, тыйыштық таптырма!
Қадірлей гөр атыңды,
Бір байталға шаптырма!
Мен жете алмай ғиратпенен қалғаным,

Өлгенімше іште кетті - ау арманым!
Ғиратымның өз тұқымы жау болды,
Құрысын бүйтіп Ақбілекті алғаным!
Бір емшектес қарындасым - Гүлайым,

Қапыда өткен дүниеде бір уайым!
Ағаң кетті екі көзі төрт болып,
Көргенімше хош - аман бол, Гүлайым!
Зар жылатып екі көзді жас қылдың,

Ғиратымның өз тұқымын қас қылдың!
Көргенімше хош - аман бол, Гүлайым,
Көрұғлыдай адам - хорға тапсырдым –

деп, қала береді Көрұғлы аман-есен еліне келіп, Көрұғлыны Түрікпен халқы хан көтеріп, ат қойды, Гүлайымды Бозқұланға қосты. Түрікпен халқын жинап, той-тамаша қылып, қабыл - дабыл қақтырып, Шәмбіл деп шаһарына ат қойды. Көрұғлы сол уақытта көңілі тасып айтқан сөзі:

- Қырық жігітім, сен қыласың ерлікті,

Мен тіріде көрсетпеспін кемдікті.
Көрген адам абзалына таң қалсын,
Масатыдан атқа тоқы терлікті.

- Қырық жігітім, әрбір талап(қалап) ойлаңдар,

Жау дегенде жанған шоқтай жайнаңдар!
Жалғыз ханға талап қылды сұлтаның,
Тас кесетін алмас қылыш байлаңдар!
Ұзақ бергей Көрұғлыға өмірді,

Талай жігіт дәулетінде семірді.
Қырық екісі басын қосып бір жерде,
Киіп алып өңкей болат темірді.
Ат құйрығын ара жолда тізгендер,

Жау көрінсе, перен сауыт кигендер.
Қырық екісі басын қосып бір шықты,
Әрбіреуі жүз мың жауға тигендер.
Бір қапылық абайсызда етпесін,

Жан қарсылық Бозқұланға етпесін!
Түрікпендей халқыма айтам өсиет,
Мен кетті деп, алды-алдына кетпесін!

- деп, екінші қабат Райханға аттанған жолы сайын дала елсіз[де] жерде келе жатып, жігіттеріне айтқан сөзі:

Бәрімізде - қаршыға құс, бидайық,
Біреулерді оңашада сынайық!
Елсіз жерде ат енері байқалсын,
Кел, жігіттер, ұзақ жарыс қылайық!

Бедеулерге ерлер қамшы басады,
Бәрі кейін айдалада қалады.
Ғират мойнын көкке қарай созғанда,
Ұшқан құстың қанаты да талады.

Құлақ салсаң, ей, жігіттер, сөзіме,
Жеті жаста кез болып ең өзіме!
Айналыңдар Көркін судың басынан,
Аман болсаң, көрінерсің көзіме!

- солай деп, жігіттеріне амандасып, сол жерде айтты: - Сендер маған ере алмайсыңдар. Мен Көркін судан Ғиратты секіртіп өтемін. Сендер келгенше қызылбастың талайын жайратармын, қалың сорын қайнатармын. Аман болсам, қызылбастың қыз-келіншегін алдарына базарға салған малдай қылып, айдатар-мын! -де[п], кете берді. Астындағы ғиратына айтқан сөзі:

- Жан ғиратым, басыңменен алыстың,

Тарта – тарта екі қолым қарыстың!
Ағынына зорға шыдап келемін,
Әуедегі ұшқан құспен жарыстың!
Ғират атты патшаға хабар барыпты,

Сізден хабар қызылбастар алыпты.
Қоғатаудың басында тұр тоғыз мың,
Қарауылшы Райхан патша салыпты.
Бір Құдайға хатты бүгін жолдаймын,

Көлдей қылып көзім жасын пұлдаймын!
Екі жетім қосылып ек жалғанда,
Ғират, сені осы жолы сынаймын!
Жау дегенде, мен жанымнан кешермін,

Түрікпенде Көрұғлы бек есермін!
Қоғатауға дәл бүгінгі күн жетпесең,
Мен басынды тап үш жерден кесермін!

- Аямастан сал қамшыңды өзіме,

Құлағың сал шын деп біліп, сөзіме!
Намаздігер, намазшамның кезінде
Жеткізейін Қоғатаудың өзіне!
Есен-аман Көркін судан өткізді,

Көрұғлының көңілін ғират біткізді.
Намаздігер болған деген мезгілде
Қоғатаудың дәл басына жеткізді.

Қоғатауға келіп, самсаған сары қолды көріп, аты жер тарпып тұрмаған соң, жауға кіруге ыңғайланып ғиратына айтқан сөзі:

- Желінбей жүйрік басылмас,

Желдетпей тұман ашылмас!
Таяқ тимей етіне,
Жара түспей бетіне,
Долданып батыр ашынбас!

Желігіп келген ғиратым
Жер жүзі тола жау болса,
Мен үстінде жүргенде,
Жалғызын мұның қашырмас!

Астында ғират жүргенде,
Жүз мың жауды көргенде,
Бір Құдайдан басқаға
Көрұғлы сұлтан бас ұрмас!

Кейін қалды қырық жігітім - ерлерім,
Шарап берген арыстандай – шерлерім!
Қан төгілер күн бүгін
Медет бергіл хызыр Ілияс - пірлерім!

Ұрыссайын қызылбаспен жүз алуан,
Сақтағайсың кәміл пірлер көп жаудан!
Бір өзіңе зар жылаймын сыйынып:
Медеткерім, медет бергіл ер палуан!

Тірлікте көз бен тілге қылма шет,
«Көп екен!» - деп, қайырмаймын жаудан бет!
Медет берші біздей кәріп мұңдыға
Түркістанда – иа, Иассауи қожа Ахмет!

Мен аспаннан лашын құстай түйілем,
Жау дегенде, қашан тоқтап, тыйылдым?!
Жан - жағымнан жар боп жүрген қолдаушы
Кәміл пірлер, баршаңызға сыйындым!

Бұ сөзді айтып, бір Құдайды жар етіп,
Өңменінен кәпірлердің - көзі етіп,
Аралықта намаздігер - намазшам,
Кіріп барды ортасына сол жетіп!

Барған жері опыр-топыр болады,
Көргендері аттарынан құлады.
Қырық шілтен қолдауышы болған соң,
Неткен адам бұған шыдап тұрады?!

Есітерсіз бұл қиссадан талай сөз,
Ұрыс қылды ер Көрұғлы - жиһангез!
Қызылбастың өкшесін атқа бастырып,
Қалып жатыр ат астында неше жүз!

Мінген аты құсты ұшырмай, басады,
Көзі көрген зәресі ұшып сасады.
«Қарсыласар меніменен бір жан жоқ
Үріккен қойдай ұйлығып қашады!»

Ажалдысы кез болып, өзі өледі,
Қырсықтысы тұпа - тура келеді,
Сілтегенде аспаһани қылышы,
Қара тасты ортасынан бөледі.

Қызылбасты тәңірім мұнша көп қылып,
Көп те болса, жаратыпты шөп қылып,
Сирағынан ұстап алып кейбірін,
Кезек-кезек аспанға атып доп қылып!

Кейбіреуін жақпен көздеп атады,
Қолы тиген сеспей ғана қатады.
Жұдырықпен қойып қалса төбеге,
Шек - қарыны ақтарылып жатады.

Тұла бойын шандып алған шарынып,
Таусылмайды ит неге деп тарылып.
Көрұғлының қайрат - күшін көрумен,
Көбі өліпті жүректері жарылып.

Біріне - бірі маңайына келмейді,
Қалай қашып құтыларын білмейді.
Өліп жатыр қылар қайрат жоқтықтан,
Ерік өзінде боп ешкім өлмейді.

Ұрыссады ер Көрұғлы арыстандай,
Қар бұзылып, көктемде су тасқандай.
Он төрт күндей ұрыс қылды Көрұғлы
Бұрынғы өткен Рүстем менен Дастандай!

Қызылбасты қан қақсатып еңіретті,
Талайына татырды ажал шәрбатты,
Тап он жеті күн болғанда,
Қоғатаудың сай - сайынан қан кетті.

Саған өтірік, маған шындай - әбден нан,
Таудан ақты сарқыраған қызыл қан!
Он жеті күн таң атқанда қараса,
Өлтіруге таба алмапты жалғыз жан.

Он жеті күн бір күндей де болмапты,
Сонан бері тыйыштық, дамыл алмапты,
Аты сонда басыменен алысып,
Бес минутке демалуға қоймапты.

Ер жігітке қарысудың бар хайласы.
Ат болмаса, ердің болмас пайдасы.
Жерге шанша шыр айналып тұрыпты,
Жеңілдеген қолына алған найзасын:

- Кәне, маған, айтсаңдаршы - жау қайда?!

Жау бар болса, аямай-ақ тағы айда!
Аттың әлі шабары бар он үш күн,
Сегізіне жындандың ба, ей, найза?!

Сонда найза өз-өзінен бітіп сөйлегендей боздаған, түйедей күңіреніп, тыңдағанға бір түрлі үн шығарады:

- Жолдасың жоқ қасыңа ерген бір сенің,

Мен білемін: бір жатқан соң [тұрмасын].
Атың менен бойдағы бес қаруын
Қармап табар қасындағы жолдасың.
Тілеуінде жүрген пірлер қолдасын,

Кәпірлердің тас-талқан қыл ордасын!
Бүгін мұнда жатсаң, саған жеңіс жоқ,
Көріп тұрмын жылап тұрған көз жасын.
Біреу жылап жатса, біреу күліпті,

Жалған құрғыр екі жүзді болыпты.
Райхан патша уәзірлермен кеңесіп,
Ақбілекке қатты ғазап қылыпты.
Жарым сағат уақытың босқа өтпесін,

Ұйқы - дұшпан: дұшпандығын етпесін!
Жылдам жетіп, жеңгеңді айырып ала гөр,
Өлсе, қаны мойыныңызда кетпесін!
Өне бойы қызыл қанға батыпты,

Ұйқы көрмей, қабақтары қатыпты.
Бір кішкене мызғып дамыл алуға
Аттан түсе қала батыр жатыпты.
Ғират сонда ауыздығын шайнапты,

Азу тісін шықыр-шықыр қайрапты.
Аяғымен тарпып қалып оятып,
Ұйықтауына ерік - әліне қоймапты.

- Тек, жануар, құр - құр! - деп, қол сермепті,

Онысын аты бұйым құрлы көрмепті.

- Бір ұйықтасаң, тұра алмайсың, жатпа! - деп,

Жатса-дағы дамыл, тыйыштық бермепті.

- Болды ма екен жеңгем – дейді - шын кәріп?!

Қарғып тұрды Көрұғлыбек қозғалып,
Ғиратына мініп алып Көрұғлы
Төрт қырлаған кек сүңгіні қолға алып:

- Жазған ғират, төрт аяғын көтерсең,

Дамыл көрмей бұ дүниеден өтерсің!
Жатқызбасаң, мініп алып шабайын,
Мөлшер айтшы: қай уақытта жетерсің?

- Шыққан терім менің бойдан қайтқанша,

Аямай шап, Құтпанға азан айтқанша,
Мұсылманнан кәпір ерте жатады,
Жеткізейін жұрттың алды жатқанша!
Ғират ұшып көкке қарай кетеді,

Жануардың жалы су-су етеді.
Алды жатып, жұрттың арты жатпай-ақ,
Арызрумың шаһарына жетеді.
Құдай шебер: қызыл тілді безеткен,

Ұрыс жайын қызылбастар түзеткен.
Қырық мың найза әр қақпаның аузында,
Мың-миллион солдаттар бар күзеткен.
Күзетшілер:

- Кімсің? - деп сұраса,

Көрұғлы бек шынын айтып береді.

- Қараңғыда атқа қамшы саласың,

Мойның бұрмай бізге, кетіп барасың!
Шыныңды айтпай, қолға түсіп ұстасаң,
Ашылмастай бір тұманға қаласың!

- Арғы атамыз ерлерге қылған қызмет,

Өзім әкем - патша болған Мұңдыбек.
Менің өзім - көрден шыққан Көрұғлы,
Естісеңдер, қызылбастар, міне, көп!
Қызылбастар найзаны ала ұмтылды.

Ер Көрұғлы өз-өзінен құтырды .
Айғай-ұйқай, шаңы аспанға шығумен
Айдың [өзі]қап-қара боп тұтылды.
Кәпірлердің құртты батыр айласын,

Пірлер келіп, тигізіп жүр пайдасын!
Көрұғлының да[ры]тпады етіне
Кәпірлердің оқ пен қылыш, найзасын!
Көрұғлының құдірет күшін асырды.

Алдына келіп талай батыр бас ұрды.
Түн ортасы болған шақта Көрұғлы
Тұс-тұсына кәпірлерді қашырды!
Қақпалардың аузын қызыл қан қылды,

Жүрген жерін қара боран шаң қылды.
Әр қақпадан қырық мың найза сындырып,
Көрген жанға көп тамаша таң қылды.

Көп әскерді қырып, жапа-жалғыз жұрт, Ақбілекті іздеп, Райханның ордасына келіп, жеңгесіне: «Бар болсаң, шыға көр!»- деп айтқаны:

- Қадір Алла пендесіне мейірбан (мыһырбан)

Жоқтан өзі бар ғып бізге берді жан!
Мен, Көрұғлы, келіп тұрмын сені іздеп,
Үйде болсаң, шықшы бермен, жеңге-жан!
Шақырса да жеңгесі жоқ, келмейді,

Бары-жоғын тыста тұрып білмейді.
Ғират атын айдалаға қаңтарып,
Түсті батыр: үйге жаяу кіргелі.
Атын тысқа байламай бос қалдырды,

Қараңғыда ешкім таба алмай, қаңғырды.
Үйдің іші қараңғылық болған соң,
Тұс-тұсынан шам-шырақты жандырды.
Сөйлеп тұрған бұл ордада сөзді жоқ,

Басып кеткен қараңғыда ізі жоқ.
Қараса да, таба алмайды бұл үйден,
Іздеп келген Ақбілектің өзі жоқ.
Жеңгесін үйден таба алмай, тысқа шығып, ғиратына айтқаны:

- Ғиратым, қандай әлің бар,

Өкпе-бауыр, жалың бар.
Ақбілекті таба алмай,
Дағдарып, болдым ынтызар.
Алыстан болжап көруші ең,

Fайыптан хабар беруші ең,
Жеңгем қайда екенін
Болжап бір айтшы, жануар!
Сонда ғират есінеді,

Көтеріп басын жан-жаққа
Төңкеріп басын қарады
Жан-жақтағы шарбаққа:

- Ақбілектей кәріпті

Қырық бір құлаш шыңырауға
Бекітіп қолын салыпты.
Шамасы саған келе алмай,
Сонан бір өшін алыпты!

Апарайын түп-түзу
Зынданда жатқан жеңгеңе,
Қылсаң талап бармаққа!
Ер Көрұғлы ғиратына мінеді,

Кейде жортып, кейде аяндап желеді.
Аулақ екен бұл шаһардан ол зындан,
Көргендей-ақ түзу тартып келеді.
Жез бұйдалы қоңырау таққан нармысың,

Бір көруге сүмбіл (шамбыл) белді зармысың?!
Көрұғлы бек іздей келді, жеңге-жан,
Аман-есен бұл зынданда бармысың?

- Жүрген жолын оңғарсын да Құдайым!

Сен тіріде ойламаймын еш уайым!
Дауысыңды естіп, көңілім шат болды,
Мен жанымды саған құрбан қылайын!

- Көрұғлыдай іздеп келді дарқашың,

Түгел киіп сауыт-сайман, қалқанын.
Мен тастадым, жеңгем ұстап шыға гөр,
Өзің кескен мынау жібек арқаның!

- Тұр жылтырап екі көзім жайнаған,

Тұтқын болып жеңгең соры қайнаған!
Бұл арқаннан ұстар менде дәрмен жоқ,
Екі қолды тас қып мықтап байлаған.

- Келген екем жапа-жалғыз бекер мен,

Алмай сені қалай тастап кетермін!
Түсіп кетсем, шығаратын кісі жоқ,
Басқа түсті бұл жалғыздық, не етермін?!

- Ғират, қапта, мойныңа арқан байласаң,

«Мен қозғалмай, тырп етпе!» - деп, қайрасаң,
Жұлып алып екеумізді кетпей ме,
«Шу, ғират! - деп, қиқу салып айдасаң!
Ғиратының мойнына арқан байлады:

- Мен қозғалмай, тырп етпе! - деп, қайрады.

Көрұғлының өзі: «Шу!» - деп, айдамай,
Төрт табаны тұрған жерден таймады.
Аттың көзі шамшырақтай жанады,
Арқанменен Көрұғлы өзін салады.

Қырық бір құлаш шыңыраудың түбінен
Жеңгесінің қолын шешіп алады.
Бір Құдайым пендесіне пана-ды,
Қиқу дауыс арқан ұстап, салады.

Шаншып алып ат құйрығын, ойнақтап,
Көрұғлыны бір-ақ жұлып алады.
Басын беріп бір Құдайдың жолына,
Қарамайды жүргенде он мен солыңа.

Шыға келді шыныраудан
Көрұғлы Ақбілекті қабат ұстап қолына.
Бірін - бірі көрісумен көңілі өсіп,
Екі жарты, бір бүтін боп селбесіп,

Түн ортасы мезгілінде Көрұғлы
Жүріп кетті Көкалаға мінгесіп.
Көкаланың мінгесумен беліне,
Ойында жоқ қайтуға әлі еліне.

Қалған-құтқан бес мың қолмен
Райхан Алзырумның кеткен қашып жеріне.

Қызылбастарға ойранды салып, шаһары тұл қалып, Ақбілекті қырық бір құлаш шыңыраудан шығарып алып, Қоғатауға келіп тұрғанда, Сапабек бас болып қырық жігіт сонда келді. Аман-есен көрісіп, мәз-мейрам болысып, қарқ олжаға батысып, өзі бұл жерде тұрып, Сапабекті басшы қылып, қырық жігітті Райханның соңынан қудыруға жіберді: «Қашқан жауға қатын ер!» - деген сөз бар емес пе? Менің баруым ерліктен болмайды! Өзі қалып, жігіттер барады.

- Ер Сапабек, қашқан жауға барып кел,

Жаннан кешіп, зор төбелес салып кел!
Жолдасының бәрін тегіс қырып кел,
Райханды тірі ұстап алып кел!

- Артымызда сіз тұрғанда қарайып,

Бір ұрысты мен бастайын ғажайып.
Бес мың қолға біз де тегіс барайық,
Ал, сұлтаным, батаңды бер, қол жайып!
Көрұғлыдан қырық бірі бата тіледі,

Райханнан жеңілмесін біледі.
Сұлтаннан қырық ері бата алып,
Алзырумда жатқан жауға келеді.
Қырық бір жігіт сол кеткеннен кетеді,

Арасында бірнеше күн өтеді.
Күні-түні дамыл алмай жүрген соң,
Райханның ордасына жетеді.
Қырық жігіт бара - ақ соғыс салады,

Үш мың қолды кідірмей-ақ алады.
Бәрінің де аты шаршап, болдырып,
Қырық бірі де қолға түсіп қалады.
Қолға түсіп, естерінен танады,

Әрбіреуін қызылбастар сабады.
Көрұғлының зардабынан қорыққаннан,
Өлтірмейді, бәрін байлап алады.
Көрұғлыны қырық шілтен қолдады,

Сол себептен ешкім мұндай болмады.
Ғират біліп - ерлер қолға түскенін
Жерді тарпып, байлауында тұрмады.

- Жер тарписың, ғират жаным, не білдің?

Саған шөбі жақпады ма бұл жердің?!
Қарап тұрып, қара терге малындың,
Жауға кеткен ерлерімнен не білдің?!

- Қырық жігіт Алзырумға барыпты,

Үш мың жауды кідірмей-ақ алыпты.
Жабы шіркін жау жолында сыр беріп,
Қырық бірі де қолға түсіп қалыпты.
Жерді тарпып, шұлғып тұрған бұл басым,

Құндаққа орап, мені өсірген жолдасым.
Алзырумда қолға түскен ерлердің
Көріп тұрмын жылап тұрған көз жасын!
Мұны естіп Көрұғлы батыр күйінді,

Жау дегенде, аш бүркіттей түйілді.

- Ат жоқ болды, мен де бірге барар ем! - деп

Сымдай белі Ақбілектің иілді.

- Мен ғиратқа: «Тәуекел!» - деп, мінермін,

Есен болсам, он төрт күнде келермін.
Он төрт күннен бір күн асса, күдер үз,
Жұрт жылаған ұлы тойды көрермін!

- Ей, шырағым, құлағың сал сөзіме,

Тілек тілеп, жас аламын көзіме!
Құдай досы - пайғамбарға тапсырдым,
Шаһариарлар жәрдем берсін өзіңе!
Туралап шап кәпірлердің сыртынан,

Тұқым қойма кәпірлердің жұртынан!
Райханнан көп кемшілік мен көрдім,
Тесіп алып, жетелеп кел, ұртынан!
Ер Көрұғлы қош айтысып кетеді,

Екі ортада біраз уақыт өтеді.
Ертеменен атқа мінген уақыты еді,
Нақ тал түсте Алзырумға жетеді.
Келген жерден қатты сүрен салады,

Алзырумның бауыры мидай дала-ды.
Көрұғлының естіген соң дауысын,
Ақыл-естен қызылбастар танады.
Жүрек қабы жарылғаны өледі,

Кім бетше бой тоқтатып келеді?!
Көрұғлының естіген соң дауысын,
Қырық жігітке қуат - қайрат береді.
Ұрыссуға бәрі бетін түзеді,

Қылыш тартып, жағын кезеп көреді.
Қырық бірдің күші келіп бойына
Байлауларын быт-шыт қылып үзеді.
Көрұғлының дауысын құлақ есітті,

Жазған Құдай қызылбастан несіпті.
Босанып ап қырық бір жігіт байлаудан,
Тұра сала төбелесіп, өшікті.
Қолындағы аспаһаны - қылыш-ты,

Мұны көріп, кәпірлер қашып жылысты.
Сол майданда ер Көрұғлы бастапты
Бұрын - соңды еш көрмеген ұрысты.
Бұлар - қасқыр, қызылбастар болып қой,

Қызыл қанға боялып, жүруіне... бой.
Әскер басы ер Көрұғлы болған соң,
Айтқан сөзге, шын деп біліп, құлақ қой!
Өлген - кәпір, өлмей қалған - мұсылман,

Келген жаудан үйіріне жоқ қосылған.
Қуық басты, сырнай мұрын - қызылбас
Көрұғлының заманында тосылған.
Бастарына заман - ақыр салыпты,

Қыз – қатыны үйде жесір қалыпты.
Ақбілекке айтқан сертке жетуге
Райханды тірі ұстап алыпты.
Қызылбасқа неден мұндай өшікті,

Татырмапты кіруге жерге тесікті!
Жаяу айдап, қан ағызып мұрнынан,
Екі ұртынан жіп өткізіп тесіпті.
Ақбілекке жаяу айдап келіпті,

Пышақпенен танауларын тіліпті.
Құлақ - мұрнын тауысқан соң кесумен
Құрттап, биттеп, айдалада өліпті.
Қызылбасқа қылып қырғын кесірді,

Қойдай тізіп көгендепті жесірді.
Ер Көрұғлы ортасында тұрғанда,
Бозбаласы Түрікпеннің есірді.
Өзді - өздері сыбағасын бөледі,

Сансыз дүние қанша болса көнеді.
Райханның қазынасын сепсітпей,
Алып келіп Бозқұланға береді.
Көрұғлының даңқы жұртқа кетеді,

Барлық өмірі салтанатпен өтеді.
Аман-есен Бозқұланға қосылып,
Ақбілек те мұратына жетеді.
Мәз болумен Мәшһүр деген құр атқа

Талай жерде қалып жүрмін ұятқа.
Өліп қалған Көрұғлыны тірілттім,
Мен де сондай жетермін бе мұратқа?!
Бір Құдайдың он сегіз мың ғаламы,

Біз білмейтін бұдан да көп тамамы.
Жоқтан бар ғып талай сөзді сөйлеген
Әуелден-ақ ақын Мәшһүр қаламы.
Көрмеген жан қайдан білсін жайымды,

Құнан, денең, құлын, бесті тайымды.
Тірі жүрсем, иншалла, сөйлермін,
Күндіз бенен пар ғып Жұлдыз, Айымды.
Бір шүберек қамқа тозса бедері,

Көрмеген жан белгісіз ғой не дері?!
Бұл қазаққа бастап мұны сөйлеген:
Өзі - қожа, Көшекұлы Күдері.
Сөйлеп кеткен қашан өзі кеткенше,

Ерік, ықтияр қашан бұдан кеткенше.
Әңгіме қып Қаратаудан айтқаннан
Таусылмапты Қызылжарға жеткенше.
«Құлақ - кәрі, бой - жас» - мақал қалыпты,

«Жаңа туған жас ұл» - деме кәріпті.
Сол кісінің шыққан сөзі аузынан
Құлағында бұл Мәшһүрдің қалыпты.

САЙЫН БАТЫР

Бұрынғы елдің барында,
Өткен елдің заңында,
Сол елдердің тұсында,
Ноғайлы деген халық өтті.

Үшшарбақты кент етті,
Ноғайлының үш кенті,
Заманында жарлы өтті,
Ауыр дәулет [1] мал кетті.

Жарлылықтың зары өтті,
Халқы жарлы болған соң,
Әжептәуір жігіттің,
Ақ бетінен қан кетті.

Жап-жалаңаш болған соң,
Әйелінен ар кетті.
Үшшарбақты ол кентте,
Кірлі киім кимеген,

Жортақы атқа мінбеген,
Аллаға [2] тілі тимеген,
Түсте жерге жүрмеген,
Бес уақытта ақ намаз,

Біреуін қаза қоймаған,
Бір Құдайды ойлаған,
Ноғайлының халқында,
Сондай бір бай болмаған [3].

Өз алдына шәр [4] болған,
Қара басы хан болған,
Байлығы жұртқа заң болған.
Тоқсан қара құлы бар,

Тоқсан тоғай малы [5]бар,
Дүниеқор сол байдың,
Дүниеде жалғыз зары бар.
Дүниеқор Бозмұнай,

Өз алдына шәр болған.
Алпыс жастан өткенше,
Құдай қосқан қосағы,
Елу жастан өткенше,

Бір перзентке зар болған.
Елу жасқа келеді,
Өкшесі бір қанамай [б].
Еміреніп сүймеді,

Жаңа иіс-ті баланы-ай!
Елде тәуіп қоймады,
Tәуіптің бәрі жиналып,
Кең сарайға орнады,

Сөйтсе де перзент болмады.
Бір уақыттар болғанда,
Жылқыда жүрген тоқсан құл
Қымыз ішіп, маз болды.

Мастығымен тек тұрмай,
Үйдегі баймен қас болды.
Мұндар [7] құлдар кеңесті!,
Төбеде тұрып сөйлесті

Сөйлескенде не десті:

- Қызыл шапан кимедік,

Қырыншыл ат мінбедік.
Ноғайлының керме қас [8],
Қыздарын құшып сүймедік.
Дүниенің көріп қызығын,

Жігіттік дәурен сүріндік,
Өтерін жалған білмедік.
Мына жүрген Бозмұнай,
Бізді ұлындай көрмеді

Бүлініп (бөлініп) [9] жатқан малынан,
Бізге қалын бермеді
Ертеңменен бай келсе,
Екі қолын байлалық,

Кірерге көрін сайлалық!
Бозмұнайды өлтірсек,
Біз сәтіне келтірсек,
Тоқсан тоғай жылқыны,

Тоқсан бөліп алалық.
Бұ сықылды тегін мал,
Қайдан да іздеп табалық.
Қарағай найза сықылды,

Қарсы шабар ұлы жоқ.
Артынан іздеп келетін,
Қатарланған халқы жоқ.
«Құл кеңесіп жатыр!» - деп,

Байға айтқан кісі жоқ.
Онымен байдың ісі жоқ.
Бір замандар болғанда
Ертеңменен бай тұрды,

Арқаннан атын алдырды,
Алтынды ер мен жүгені
Тоқымыменен салдырды.
Қара тонын белсеніп,

Қас патшадай теңселіп.
Боз жорға атты найқалтып,
Жылқының алдынан шықты шайқалтып.
Қара басы хан болған,

Өз алдына шәр болған,
Тоқсан құлдың біреуі,
Бүгіліп сәлем бермеді,
Байды көзі көрмеді

Сонда бай бір тұрып бұрқанды [10],
Буырқанды, бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды,
Тоқсан құлдың бірінің,

Атын атап шақырды.
Ашуменен Бозмұнай,
Қырармын деп ақырды.
Шетте жүрген бір құлын

Бай шақырып алады.
Қолға түскен сол құлды,
Ашумен бай сабады.
Біреуін сабап жатқанда,

Тоқсан құл байды қамады.
Жаңбырдай құрық жауады.
Басына таяқ тиген соң,
Жалғыздығын білген соң,

Өзінің құлы ұрған соң [11],
Боз аттың басын бұрмалап,
Сарай қашты «Алла-лап!»
Ойбай салған даусына,

Жер күңіреніп барады.
Үйде тұрған бәйбіше,
Құлағы естіп шалады.
Сарайдан шықса жүгіріп,

Келеді екен Бозмұнай
Өз жанынан түңіліп.
Атының келіп Бозмұнай
Теріс жағынан құлады,

Жер бауырлап сұлайды.
Қосағымен екеуі [12],
Әнін қосып жылайды.
Ойбай салған даусына,

Үшшарбақты Ногайлы,
Жамағаты жиналып [13]:
«Не қылды?» - деп сұрайды.
Жұрт келсе де тұрмады,

Көтеріп басын алмады,
Сол ойбайы танбады.
Бозмұнай бай жылайды,
Иад [14] етеді құдайды.

Жылағанда Бозмұнай:

- Ашамайға мінгізіп,

Көш алдына жүріп,
Әжептәуір құрбының,
Алдына алып сүйгізіп,
Алашқа атын білгізіп,

Ұл қызығын көрмедім,
Астына жорға мінгізіп,
Үстіне қамқа кигізіп!
Орынды жерге бергізіп,

Алаштан бекзат келтіріп,
Оң жағыма кіргізіп,
Қыз қызығын көрмедім!
Еркіме түскен дұшпаннан,

Жау қорлығын көрмедім.
Алыстан келген сол жауға,
Малым үшін өлмедім!
Құлдан зорлық кергенше,

Күнде бүйтіп өлгенше [15],
Тезінен өлім бермедің!
Құлдан қорлық көргізіп,
Қорлықпенен жүргізіп,

Қойғаның бүйтіп сенделтіп,
Айналайын, бар Құдай,
Сүймес пендең мен бе едім?!
Кең сарайға бармады,

Көтеріп басын алмады,
Сол жылаудан танбады.
Жылауменен бай жатты,
Қызарып барып күн батты.

Түніменен бай жатты,
Сарғайып барып тан атты.
Ғалымдар азан айтқанда,
Би намаз ұйықтап жатқанда,

Ақ шалмалы бір адам,
Жетіп келді қасына,
Таянып тұрды басына.
Екі қойны толыпты,

Бозмұнайдың со күні [16],
Көзінен аққан жасына.

- А, Бозмұнай, Бозмұнай!

Не тілегің бар? - дейді
Тілегің болса, ал! - деді
Сол уақытта Бозмұнай
Ұшып тұра келеді.

Көзінің жасын төгеді

- Дүниеқор бай болдым,

Ауыр [ 17] дәулет тұсында
Қара басым хан болдым,
Бір перзентке зар болдым.
Сол перзенттің зарынан

Жиын, тойға кіре алмай [18],
Өтерін дүние біле алмай,
Құлдан көрдім қорлықты,
Жалшыдан көрдім зорлықты.

Өз малыма бара алмай,
Белден мамық сала алмай,
Тыныштық ұйқы ала алмай,
Өз жанымды қия алмай,

Өлейін десем өле алмай,
Сол құлдардың қорлықтан,
Өз малымды көре алмай.

- Тілегенің ұл болса,

Бар тілегің сол болса,
Бабай Омар бабасы,
Қабыл болған дұғасы.
Тілегенің ұл болса,

Бір тілегің сол болса,
От жағалай отырып,
Оттың басын толтырып,
Көп аламысың сен? - дейді

Бірін мыңға балаған,
Бірді аламысың сен? – дейді.
Қалағаныңды айт, - дейді.

- Құдай өзін қалаған,

Ер ортасы болғанда,
Пайғамбар жасқа толғанда,
Жігіттік дәурен солғанда [19],
Берекесіз балаға,

Оттың басын боқ қылып,
Қырға шығар ішінде.
Бір оңдысын жоқ қылып,
Мен не етейін көбіңді [20],

Маңызы жоқ шөбіңді?!
Үйің базар болғандай,
Бір де болса сол маған!
Бірін мыңға балап бер.

Өмірім жасын ұзақ қып
Берсең маған қалап бер.
Сонда әулие сөйлейді [21],
Сөйлегенде бүй дейді:

- Өзің іздеп бармадың,

«Берші маған бала!» - деп,
Мазамды қинап алмадың,
Үйде жатып зарладың.

- Бердім, бердім, мен! - дейді,-

Күтіп алсаң сен» - деді.
Жаста Құдай демеген,
Қылған ісін жөндеген,
Өзге жұрттың тілегін,

Бұ сықылды бермеген,
Мұның көрген қызығын,
Еш пендесі көрмеген.
Белін шешіп жатпаған,

Аңсамай [22] саумал ішпеген,
Ерте мінген атынан,
Кешке дейін түспеген.
Сансыз дұшпан батпаған,

Бет алғаннан қайтпаған,
Дұшпаннан Алла сақтаған.
Жұрттың сөзін сөйлеген,
Алар жауын кездеген,

Батыр Сайын болсын! - деп,

- Үстіне аруақ қонсын, - деп,

- Көңілін разы болсын! - деп,

Ала есегі қайқалап,
Ала қоржын арқалап,
Шар кітабы қойнында,
Аса таяқ қолында,

Жүрген хақтың жолында,
Жаны Алланың қолында,
Жөнеле берді бұ адам.
Екі етегін түрініп,

Бозмұнай үйге келді жүгіріп,
Жатыр екен бәйбіше
От басында [23] бүгіліп.

- A, бәйбіше, тұр! - дейді!,

- Бет, қолыңды жу! - дейді,

- Әулиең жарды жүректі,

Құдайың берді тілекті.
Арылтар болғай бейнетті!
Есен болсаң, көрерсің,
Сайын атты перзентті.

- А, бәйбіше, тұр! – дейді,

Қойдан қошқар ал, - дейді,
Құдай жолына шал!» - дейді.

- А, Бозмұнай, Бозмұнай,

Дәулетті берген бар Құдай,
Ертеңмен кеткен о қойға
Жете алмаймын жүрсем де,
Сен алпысқа жеткенде,

Мен елуден өткенде,
Жігіттік күн кеткенде,
Кәрілік қарсы жеткенде,
Енді берсін, не Құдай,

Бермесе Құдай, қайтесің?!

- Қошқарды қимай айтасың.

Аяғанмен малдарды,
Қай түбіне жетесің?
Бермесе де, бар, - дейді,
Қасқыр жеген бір қошқар

Алып кел де, шал, - дейді.
Сонда бәйбіше барады,
Алып келіп, шалады.
Жұртын жиып алады,

Жұрты тарқап кеткен соң,
Бір-бірінен сұрады:
«Қашан болар екен?» - деп,
Екі міскін жылады.

Бір күйлері болғанда,
Елуге келген буаз кемпір
Қарны шықты қампайып,
Құрсағы шықты шампайып,

Бір аз заман өткенде,
Жаңа жылға толғанда,
Уәдесі болғанда,
Бейсенбінің күнінде,

Буаз кемпір келіп толғатты.
Ноғайлының үш кентін,
Түгелімен орнатты,
Бет біткенде сұлу жоқ,

Бұл сықылды сымбатты.
Таң сарғайып атқанда,
Сайын сынды қасқаның,
Желкесі жерге тақ етті,

Маңдайы күнге жарқ етті.
Дүниеқор Бозмұнай,
Екі етегі түрініп,
Өріске таман жүгіріп:

- Оң қолымды жаярмын,

Мұнан немді аярмын?
Бүгін өліп кетсем де,
Аманатқа даярмын.
Төрт түлік саған қыламын,

Елі - жұртым жиямын!
Аямай малды қырады,
Ат жетер жерді жияды.
Жұрт жиылып болған соң,

Табақ тартып берген соң,
Алтын тақта хан отыр,
Қас жақсының бәрі отыр.

- Өлгенде керген перзентім,

Атын жөндеп қойыңыз.
Түсімде қойған аты бар,
Соны тауып қойыңыз.
Тоқсан торқа кисе не [24],

Тоғыз жорға мінсе не?!
Хан мен билер отырсын,
Ғақылмен ойлап білсе не?!
Хан мен билер отырып,

Жорға менен торқаға,
Қоймай жатып таласты.
Қымыз ішіп, мас болып,
Билер есінен адасты.

Адасқанның белгісі,
Бір-бірінің ұмтылып,
Жағасына жармасты.
Жұмырықтасып жүргенде,

Мұрындары қанасты.
Хан мен билер ұрысты [25],
Еһе-лесіп тұрысты,
Көрген құрып сыйласы,

Қызыл шеке болысты.
Сонда келді Бозмұнай:

- Хан мен билер, ұрыспа,

Ұрысқаның дұрыс па?
Тәңірі өзіңе бермесе,
Маңдайына ырыс па?
Тоқсан торқа кигенмін,

Тоғыз жорға мінгенмін,
Бұл айтқаным бұрыс па?
Екі күн жатсаң, сақтаймын,
Біреуіңді кайт деп айтпаймын.

Бар дәулеттің тұсында,
Қалай тамақ таппаймын?!
Екі күн жатты, таппады,
Шұбырған кедей қайтпады.

Ондай, мұндай қойған ат
Бай көңіліне жақпады.
Соған дейін сол жұртты,
Дәулетімен сақтады.

Сонша адам жиылып,
Сайын атын таппады.
Сол уақытта бір адам
Жүз отызға келіпті,

Талай жұртты [26]көріпті.
Ноғайлының жұртында
Онан үлкен кісі [27] (адам) жоқ,
Өзі жарлы болған соң,

Онымен жұрттың ісі жоқ,
Хан мен билер қасына,
Шал байғұс келді таянып:

- Бәрекелді, хан мен би,

Жарасады жатқаның.
Байлығында Бозмұнай
Мыстан табақ тарқаның?
Қамалып жатып хан мен би,

Жаңа туған тас түлек,
Кәнеки, атын тапқанын?
Хан мен билер отырып,
Шалға қарап ұрысты.

Таппаған соң, хан мен би,
Намысына тырысты.

- Егер атын таппасаң,

Он екі қақпа сарайға
Сені байлап қоймасам!
Шал да аңырып тұрмады:

- Мұның атын сұрасаң,

Беліндегі бес қару
Тал бойына жарасқан,
Ерлігі асқан [28] алаштан,
Батыр Сайын болмас па?

Үстіне аруақ қонбас па?!
Хан мен билер қамалып,
Соны тауып қоймас па?!
Хандар қайтты томсарып,

Билер қайтты қомсарып,
Тоғыз жорға жетектеп,
Тоқсан торқа бөктеріп [29],
Шал жөнелді заң салып.

Тойы тарқап кеткен соң,
Күмістен бесік идірді,
Алтыннан түбек қойдырды,
Қара кісіні: «Қатты!» - деп [30],

Бала кісіге бөлетті.
Жаңа туған жас бала
Емшек берсе, ембеді.
Етті берсе, жемеді.

Анасының қарасын [31]
Егіз екі көрмеді.
Бозмұнай тұра шабады [32],
Шаһарға таман барады,

Көпті көрген көненің
Құлағына салады:

- Кешегі туған жас бала

Емшек берсе, ембеді,
Етті берсе, жемеді.
Анасының қарасын
Екі сегіз көрмеді,

Дағдардым, жұртым, мен! – дейді,

- Хайласын тапшы сен!- дейді.

Ноғайлы жұрты кеңесіп,
Сайып сынды мырзаға,
Үш күніне бір ту бие сойғызды,
Ортан жілік майымен,

Үш күнде бір тойғызды.
Бір жасына келгенде [33],
Білектіден белі асты.
Екі жасқа келгенде,

Ерлікпенен таласты.
Үш жасына келгенде,
Ертең мінген атынан
Кешке дейін түспеді

Шақыртпай тамақ ішпеді.
Төрт жасына келгенде,
Қарағай найза толғайды.
«Жүрсем екен!» - деп ойлайды.

Бес жасына келгенде,
Қадір түнін күзетті,
Ноғайлының үш кентін,
Түгелімен түзетті [34].

Езу тартпай, сөз сөйлеп [35],
Абиырлы қыздан ол өтті.
Халқы жарлы [36] болған соң,
Кәріп пенен мүсәпір,

Сайынның арқасында күнелтті.
Алты жасқа келгенде,
Атын таңдап мінгенде,
Алты қырлы ақ сүңгі

Оң қолына алғанда,
Қындағы алтын айбалта.
Аш белше шалғанда,
Момыннан сондай туғанда,

Алласы артық қылғанда,
Айдыны сондай асқаны [37].
Қара бай қорқып, қаз болды,
Қайыршақ қорқып, саз болды.

«Сайын келді» - дегенде,
Тоқсандағы кемпірлер,
Қысылғаннан қыз болды.
Ақпанның алты ай қыс күні,

Атқа мінсе, жаз болды.
«Сайын келді» - дегенде,
Тоқсандағы шалдардың,
Қырық күн ішінде болғанда,

Төсектен басын көтермей,
Төбесі жидіп таз болды.
Бір күндері болғанда,
Тоқсан құл тұрып кеңесті,

Кеңескенде, не десті [38]?

- Мына жүрген ер Сайын,

Көрмейсің бе ыңғайын [39],
Баяғыда әкесін,
Алдыма салып қуғанды,
Қуып, ұстап, ұрғанды

Әлі күнге білген жоқ.
Бұ да бір күн білгенде,
Құлағына тигенде [40],
Бізді тегіс ұрады [41],

Бәрімізді қырады,
Бұған адам шыдар ма?!
Мың сан жылқы ішінен [42],
Ат табармыз лайық.

Жорға менен жүйрікті,
Түн ішінде алалық,
Сусыз шөлге бас қосып,
Біздер қашып баралық [43]!

Жорға менен жүйрікті,
Тізіп құлдар алады,
Сусыз шөлге бас қосып,
Құлдар қашып барады.

Ертең келді ер Сайын,
Қара ала атты ойнатып,
Жылқыда құлдың бірі жоқ,
Қашты деген көңілінде,

Ер Сайынның кірі жоқ.
Құл кеткенін білген соң.
Батыр бала долданды,
Жылқы бағар кім қалды [44]?!

- Тоқсан құл, саған не қылдым?

Әкеме қылдың зорлықты,
Шешеме қылдың қорлықты.
Соны есіме алмадым,
Ат терлетіп келсең де,

Етіңе қамшы салмадым,
Өз обалың мойныңа,
Түлен сені қойды ма?
Қардан жаман түспесем,

Қарадай сенің ізіңе!
Азар болса, қашқансың,
Сусыз шөлдің жүзіне!..
Келтірсе Құдай көзіме,

Болармын деп жүргенмін,
Дұшпанның жалғыз өзім,
Мыңы менен жүзіне.

- Шу! - деп еді қара ала ат,

Қырдан асып қылт етті,
Жұлдыздай ағып жылт етті.
Ұлы сәске болғанда,
Аңыратып шықты ер Сайын

Қаратөбе басына.
Тоқсан құл кетіп барады
Аяғының астында.
Қосылып өлең айтысып,

Сырнай күйін тартысып,
Сол төбенің басында,
Ер Сайын тұрып долданды,
Жалғыздығын ойға алды:

- Ай, жаратқан жалғыз Құдайым,

Өлемін деп жемеймін[45]
Тіпті мұнан уайым!
Жаманның қылған ісіне
Неғып та бұған шыдайын?!

Тоқсан құлмен соғыссам,
Абиырды тауыссам,
Егер жазатайым іс болса,
Жалғызға түсер күш болса,

Қартайғанда атамнан,
Енді де перзент [46] туар ма?
Сараң нем, болмаса,
Қанатсыз мені қылар ма?!

Тоқсан құлдан құр қайтсам,
«Құл кетті!» - деп елге айтсам,
Жиын, тойға кіре алман [47]!
Құрбымның бетін көре алман.

Бармасам да, барайын,
Бармай не ғып қалайын?!
Қынынан шықпас ақ алмас,
Суырып қыннан алайын,

Көтерсе Құдай талайым [48]!
Екі тісі сақылдап,
Ауыздан көбік бұрқылдап,
Жау көрмеген жас бала,

Құлға ұмтылды қалшылдап.
Ойын емес, шынынан,

- Шу! - деп еді қарала ат,

Жұмырланды қарыннан.
Түнертіп бала келген соң,
Енді өлетін білген соң,
Құл қорқысып қалысты.

Аттан түсе қалысты.
Жылағанға болмайды,
Жалынғанға қоймайды.
Атасынан күшті туған жас бала.

Құлдарменен ойнады.
Өзгесін қырып салды да,
Отызын жиып алды да,
Қара төбе басына

Жаяу айдап барады.
Бірін тірі жібермей,
Ту сыртынан жарады,
Құлдан өшін алады.

Қасқаның көңілі тыңған соң,
Тоқсан құлды қырған соң,
Сай көлігін қуалап,
Қонаға шәрге келеді.

Құл қырдым деп айтпайды,
Бұрынғыдай сол мырза,
Шіреніп үйде жатпайды.
Мал көтінен қалмады,

Жақын жатқан жылқыны,
Айшылыққа айдады.
Айшылыққа барады,
Елдің шиыр шетінде,

Дұшпанның жүрер бетінде,
Күні - түні Алладан,
Жау тілейді жетіде.
Қайда кеткен алаштың,

Найза ұстаған батыры?
Тап менің тұсымда,
Еркек біткен таусылып,
Қалған ба жұрттың қатыны?!

Күндердің күйі болғанда:
Алыс пенен жуықты,
Ат үстінде барлаған,
Дүниенің төрт бұрышын,

Ыңғай жүріп шарлаған,
Қамалды бұзып, жылқы алған.
Күймені бұзып, қыз алған,
Дұшпанды көрсе, бір күнде,

Отыз екі түрленген,
Он жасына келгенде,
Жау атысып үйренген,
Қара Қыпшақ Қобыланды

- Ноғайлыдан ер туған! -

Деп есітіп құлағы:

- Ер Сайынға барайын,

Ол батырды қолға алып,
Байқайын бак пен талайын,
Алыста жатқан қалмақпен
Бір соғысты салайын!

Мың кісіні қолға алып,
Ер Сайынмен жолықпаққа ойланып...
Қобыландының бұл сөзін [49],
Жұрты қабыл етеді.

Мың кісіні қолға алып,
Сайынды іздеп кетеді.
Бір күндері болғанда,
Жылқыға таман жетеді.

Құрағытып жүрген ер
Жолығыса кетеді.
Қарауылда жүрген ер Сайын,
Жау екен деп қашпады,

Жалғызбын деп саспады.
Ақ алмасын суырып,
Тасқа егеп қайрады.
Найзасының басына,

Алтынды туын байлады.
Жалғыз өзі кеп жаумен [50]
Ұрыссуға ойлады.
Жақындасып келгенде

Қобыландының қасында,
Найзагері қорқады,
Аттың басын тартады.
«Қашсақ - тағы қоймас!» - деп,

«Тоқта!- десек,- тұрмас!» - деп,
Аттың басын бұрар ма,
Қашпай адам шыдар ма?
Сонда Қобыланды тұрып айтады:

- Жамандар, мұнан қашпаңыз,

Өлемін, - деп, - саспаңыз,
Өзім жауап берермін.
Ақ боз1 атпен аңқылдап,
Айыр қалпақ солқылдап,

Батыр Сайын сен болсаң,
Қобыланды ағаң мен болсам,
Ел шетінде кез болсаң,
Лоқылдатпа қылышың,

Мың кісілік уысың [51].
Мұндай жерде ер Сайын,
Қылышыңды суырып,
Кімге қайрат қыларсың?!

Жаушылыққа келмеймін,
Сені көргелі келгенмін,
Атадан артық туған ер Сайын,
Қол тізгінін бергенім [52]!

Қол тізгінін беремін,
Іздеп шыққан жауым бар,
Қызығын сонда көремін!

- Олай болса, Қобыланды,

Мына жатқан жылқының,
Кел, қарасын көрмей, жүр,
Ұйықтап жатқан құлынның,
Кел, ұйқысын бөлмей жүр.

Қонақасың беремін.
Жүретұғын жағыңа,
Мен соныңа еремін,
Ерлігі жауда көрермін!

Мың кісіні алып келеді,
Қонақасы береді
Тоқсан асау береді,
Қаруын түзей береді [53].

Әке-шеше жылайды:

- Өлгенде көрген жалғызым,

Аттанып кетсе, жорыққа,
Қалады басым қорлыққа.
Таянып келді Бозмұнай [54],
Қобыландының қасына:

- Желіктіріп баланы,

Қайғы салдың басыма!
А, Қобыланды, Қобыланды,
Тентектігің қоймадың,
Жұрт тіліне болмадың!

Бұрынғылар алмаған,
Маңына адам бармаған [55],
Адам жүрмес бір жауға,
Жүремін деп ойландың.

Мына жүрген ер Сайын,
Он жасына жеткен жоқ,
Жеті жастан өткен жоқ,
Үш наурызды берсеңші,

Сайын оған жеткенде,
Қызығын сонда көрсеңші,
Бұл тілегімді берсеңші?!

- Құдай деген бай едің,

Өз алдына сара едің,
Кәріңе сенің қалмайын,
Сонда да естен салмайын,
Үш наурызды берейін.

Сол үш наурыз өткен соң,
Уәдеге келгеймін,
Соған дейін ер Сайын,
Жау жарағын сайласын,

Мінер атын байласын!
Біз келерміз сау болсақ,
Уәдеден таймасын!
Мың кісі дүрілдей кетеді,

Тілегін алып қуанып,
Бай үйінде жатады,
Үш наурызға жұбанып.
Белден төсек салған соң,

Бай ұйқысы қанған соң,
Бір күндері болғанда,
Бәйбіше тұрып толғады,
Ойлады, ойламасқа болмады,

Байды ерекше қоймады:

- Толып жатқан малын бар,

Сарайыңның сәні бар,
Осынша көп малың бар,
Бір Сайыннан тағы да,
Қанша аяйтын жаның бар?!

Үш-ақ наурыз өткенде,
Жалғызым кетер жорыққа,
Иесіз қалған бұл малың,
Кедейге түсер зорлыққа.

Толып жатқан малыңнан,
Сұрап, қалың берсеңші,
Үш шарбақты ноғайдан,
Лайық қызды көрсеңші,

Сөйтіп, келінді болсаңшы!
Соныңменен Бозмұнай,
Боз жорға атқа ер салды,
Үш шаһарлы ноғайға.

Қыздарына көз салды.
Лайық қызды таппады,
Көрген қыздың бәрі де,
Бай көңіліне жақпады:

- Мен бармаған ел бар ма [56],

Ер Сайынға тең бар ма?
Келін де болса, сөйлесіп,
Аз ғана күн тұрмаққа.
Қимағанмен бұ малың

Апара ма жұмаққа?!
Сайынды көрген қыз біткен,
Шықты анда жанасып,
Үш шаһардың қызынан,

Жиылған қыздың көптігі,
Жол тимеді, бір көпірге таласып.
Бай көңіліне жақпады,
Сонан бір сұлу таппады.

- Мен бармаған ел бар ма,

Есіткен жерде Сайынға,
Лайық туған қыз бар ма?
Ноғайлының халқы айтты:

- Өзің теңді адамда,

Қиырда жайлап шет қонған,
Дұшпанына бет болған,
Айттырғанға бермеген,
Мұндай теңі келмеген,

Айтқанына ол берсе,
Сені өзіне тең көрсе,
Көбік байдың үйінде,
Беті желге [57] тимеген,

Езу тартып күлмеген,
Бөтен үйге енбеген,
Аюбике сол сұлу.
Қолаң қара шашы бар,

Қырғауылдай керілген,
Тамағынан ішкен асы көрінген,
Тақалып күнге қараса,
Бетіне күн сәулесі білінген.

Лайық сұлу сол бар-ды.
Қорықпай жұрт барсаңыз,
Шамаң келіп алсаңыз,
Бермей қалар дейсің бе [58],

Барып, хабар салсаңыз?!
Соған кетті Бозмұнай,
Судың бойын көбелеп,
Қартайғанша боз жорға ат,

Өзі мінген жебелеп,
Сарайдың келді қасына,
Шаһардың келді басына,
Он екі қақпа сарайы,

Көтерілген талайы.
Есігінің қасында,
Қақпасының басында
Тұрады екен күзетіп,

Екі қара малайы.
Екі тісі кетілген,
Оң танауы сетілген,
Құл да болса сол өзі,

Тілге шешен жетілген:

- Ноғайлыда Бозмұнай,

Сен де неге зар едің?
Шалқаңнан үйде жатуға [59]
Бір кісідей бар едің.
Тан сәріден жүріпсің,

Ашулы болған кісідей.
Қабағыңды түйіпсің,
Жолың болсын, а, байым!
Не есітіп, біліпсің?!

Сонда Бозмұнай сөйлейді [60]

- Байың есен - саулық па?

Қатты сөйлеп, мұндар құл,
Жүрегім жарып даурықпа.
Көбікті үйде бар болса,
Жетектеп шықсын қызын.

Лайық болса балама,
Еліне айттырып беремін.
Айтқаныма бермесе,
Шақырғанға келмесе,

Өле заман қайтамын,
Тентек туған Сайынға
Бара сала айтамын.
Сетік құл келді саңыраңдап,

Көбік байдың қасына.

- Ай, көбік бай, тұр! - дейді,

Әзірейіл тажал ма,
Мұнан жаның қалар ма?!
Ноғайлының Бозмұнай
Сарайыңа келіп тұр.

Айттырса, бермес адамға,
Келмес еді қасыңа,
Сарайдың бүйтіп басына,
Ер Сайынға сеніп тұр.

Көбік жатып бұрқанды,
Мұздай темір құрсанды:

- Шауып алса, мал да көп,

Үйден алса, қыз да көп,
Сайындай тентек ұл да көп.
Бүгін келсін ер Сайын,
Ұрыссуға даярмын!

Жалғыз қыздың тұсында,
Кімнен жаным аярмын?!
Адам екен демеңіз,
Еңсеп келген Бозмұнай,

Үйден сусын бермеңіз!
Бозмұнай естіп тұрады,
Аттың басын бұрады,
Бай бір ашу қылады:

- Бұ барғаннан бармасам,

Үш шаһардың адамын,
Мінгізіп атқа алмасам,
Бұ бермеген қызыңды,
Ат көтіне салмасам.

Бозмұнай боп жүрмеймін!
Боз жорға атқа мінбейін,
Еркегіңді қырмасам!
Жұрт көргендей қылмасам,

Шәріме есен кірмейін!
Бозмұнай елге кайтады,
Білген хабарын айтады.
Алтын тақта хан келді,

Жиылып түгел шор келді:

- Көбік, неге қызың бермедің?

Со сықылды Сайынды,
Неғып күйеу көрмедің?
Бұ қызыңды бермесең,
Сайынды күйеу демесең,

Аттанып, Сайын келген соң,
Оған елді бүлдіріп,
Сенің қызын құрысын!
Залалын шәрге тигізіп,

Бұ қызыңды бермесең,
Сайынды күйеу көрмесең,
Ноғайлыға көшкенім,
Бермесең де болмас-ты,

Еркіме Сайын қоймас-ты,
Бермегенмен бұ қызым
Қанша маған жолдас-ты.
Шақырып кел, Сетік құл!

Мінейін десе, ол құлға,
Ерттеулі тұрған аты жоқ,
Тақа жаяу жүрерге,
Сетіктің өзінен жүйрік тағы жоқ.

Қарт түйедей еңкілдеп,
Жалғыз танау желпілдеп,
Табан терісі түріліп,
Жөнелді Сетік жүгіріп.

Көз көрім жердей өткенде,
Бозмұнай байды шақырды:

- Атыңның басын бұра тұр,

Ашуланбай тұра тұр!
Жұрт қауымға енді ғой,
Өзі жаяу демесең,
Құл шақыра келді ғой,

Қалаған қызын берді ғой!

- Шақырса да, бармаймын,

Малға берсе ол қызды,
Бір тоқтыға алмаймын.

- Сенен малды алмайды,

Саған кісі бармайды,
Тілеген қызды береді.
Асы боларсың, Аюбикені
Берем деп тұрғанда, алмасаң!

Ұлықтық болар Аллаға,
Шақырған Көбікке бармасаң!
Құлды артына салады,
Қайта кетіп барады.

Жетіп келсе Көбікке,
Келмей, тойын қылады.
Төрге көрпе салғызды.
Шақыртып үйге алғызды.

Ашуланбай табысты,
Қалаған қызын алысты.
Еліне қайтып келді де,
Ноғайлының үш шәрін,

Сегіз жерге орнатты.
Сайын сынды батырдың,
Ер - тоқымын оңдатты.
Үш шәһәрлі ноғайдан,

Қосшылыққа отыз кісі сайлатты.
Отыз жігіт қолға алып,
Соған таман түн қатты.
«Сайын келді»- деген соң,

Көремін деп сайланды.
Қимылдаған жан келді,
Мұнара басып шаң келді.
Көрген жұрттың бәрі де

Жас баланы таң көрді.
Көрмеген жанның бәрі де,
Көрген жаннан сұрасты,
Көруге жұрт таласты.

«Сайын келді»- деген соң,
Қыз бен жігіт дуласып,
Кеңеседі шуласып [61],
Со сықылды батырға,

Қылған тойы мынасып.
Нақ отыз күн ойын қылып,
Нақ қырық күн тойын қылып,
Уәдесі болған соң,

Жұрт жақсысын жияды,
Әлімдерді алғызып,
Ақ некесін қияды.
Ақ некесін қиғанда,

Ақ ордаға барғанда,
Ойнап ойыны қанғанда,
Қатты ұйықтап қалғанда,
Таң сарғайып атқанда,

Қолдаушының[62] ағасы,
Бабай Омар бабасы,
Тұсына жетіп келеді –
Сайын батыр сен болсаң,

Ақ некеңді қиғанда,
Сәтті күні кез болсаң,
Қолыңды жай, сен, - дейді.

- Берейін саған мен! – дейді.

Ұшып тұра келеді,
Қолын жая береді.

- Екі перзент көресің:

Ең үлкені - Бөкенбай,
Ең кішісі - Көлікбай.
Со Көлікбай туғанда,
Дұшпанға салар бүлікті.

Аруағы соның биік-ті!
Ала есекке қайқалап,
Ала қоржын арқалап,
Жөнеле берді бір адам.

Бай сұлуды ұзатты,
Аққу құстай аңыратып,
Жарылған мұздай күңірентіп,
Тоты құстай таратып,

Қас патшадай найқалтып,
Қаса байдай шайқалтып,
Түйесіне күң берді,
Ат ерттеуге құл берді,

Бәйшешектей түрленіп,
Ұзатты сұлуды жөнелтіп.
Сұлуды алып келген соң,
Шәр тамаша көрген соң,

Жаңа түскен со сұлу,
Айы, күні маң болды,
«Қыздай жүкті келді» - деп,
Ноғайлыға заң болды.

Ноғайлының шаһары,
Өсек айтып гуледі.
«Жүкті келді келін», - деп [63],
Қыз-келіншек күледі.

Бір Алланың бергенін,
Жалғыз Сайын біледі.
Уәдесі болғанда,
Сәтте сұлу толғатты,

Қыз-келіншек орнатты.
Ақ жарылқап күн туып,
Екі бірдей ұл тапты.
Бет біткенде сұлу жоқ,

О сықылды сымбатты.
Толғатып сұлу ұл тапты,
Өріске таман бай шапты.

- Оң қолымды жаярмын,

Мұнан немді аярмын?!
Бүгін өліп кетсем де,
Аманатқа даярмын!
Аямай малым қырайын,

Ноғайлыны жияйын,
Есіркеген Құдайым,
Қос немере сүйгізіп [64],
Қызыққа неге тояйын?!

Ноғайлы жиып келеді:

- Жиылып тұрған ноғайлы,

Міне, туған перзентім,
Арылып тұр бейнетім.
Бір-бір аттан үлкеніңіз мініңіз,
Кейінгілердің бір – бір тоннан киіңіз,

Атын жөндеп қойыңыз!

- Ат қоярға келгенде,

Айдалада түс салып,
Жүрегі жүрген жарылып,
Мына туған перзентің,
Қолында бар дәулетің,

Не қылсаң да, жарасар!
Мұнын атын сұрасаң,
Үлкенің аты - Бөкенбай,
Ең кішісі - Көлікбай.

Бөкенбай қоя береді...
Бөкенбайдай со бала,
Бір жасына толғанда,
Сонда келді Қобланды,

Үш жылдың уәдесі толғанда.
Ел шетіне келген соң,
Сайынға хабар берген соң,
Ақбоз атқа ер салды,

Байлаулы тұрған қара атқа,
Қосын артып алады.
Үш шарбақты ноғайдан
Қырық жігіт таңдап алады.

Қобыландыға қосылып,
Аттанып кетіп барады.
Құлан жортпас жер қалды,
Адам жүрмес шөл қалды.

Алтыншы ай өтеді,
Ат мойнынан жал кетеді.
Олар сынды ер жоқ-ты,
Ерікпей жортқан күні - түн.

Нақ он екі ай болғанда,
Қалмақтың еңсесіне қол жетті.
Аттың ерін алысты,
Түстенісе қалысты.

Қалмақ жақын екен деп,
Батырға хабар салысты.
Жағалбайлы атасы,
Сөзінде көп жоқ қатесі,

Жауырынмен сөйлескен,
Қарақоныс жауырыншы
Жауырын жағып қарады.
«Қауіп-қатер бар ма?» - деп [65],

Батыр Қобыланды сұрады:
Жауырыншы сонда сөйлейді [66],
Сөйлегенде бүй деді:

- Ер Сайын мен Қобыланды,

Бұл жауына бармаймын.
Жылқысы жолда тұрса да
Жылқы аламын деп бұ жолда,
Қасқа менен жайсаңның

Обалына қалмаймын.
Тілімді алған мұсылман,
Бәріңе де айтамын,
Бәрің тілді алмасаң,

Алпыс кісі қосшымен,
Өзім елге қайтамын.
Қобыланды батыр отырып,
Ер Сайынды шақырды:

- Сайын сынды батырым,

Бұзылмасын ақылың.
Екпінің күшті, қарқының,
Маңдайың сұлу, жарқыным,
Алар болсақ, мал да көп,

Соғысарға, жау да көп.
Есендік пен саулықта,
Жұрт аманда, барлықта,
Жау тосқауылы бар дейді,

- Кел, есенде қайталық?!

Бозбаладан айрылсақ,
Жұртқа не сөз айталық?!
Қайт дегенде, долданды:

- Хабар алып шайтаннан [67],

Аттанған жолдан қайта алман!
«Қорқып қайтып келдік!»- деп,
Аузым да барып айта алман!
Алғанымның қойнында,

Күлкі де болып жата алман!
Бұ қалмаққа келген соң,
Жалғыз да болсам, қайтпаймын,
Айғырдайын алыспай,

Қызыл қанға батыспай,
Ақ сүңгіні салыспай [68],
Қалмақпенен атыспай,
Сары жайдың кірісі

Үзілгенше тартыспай,
Ақылыңды ала алман [69].
Елге қайта бара алман!

- Бұлайша Сайын айтады:

Қобыландының мың кісісі
Елге тіке тартады.
Ноғайлының қырық жігіті
Қалмаққа тіке тартады.

Батыр Сайын келгенін,
Қобыландының қайтқаның,
Қалмақ естіп, біледі,
Құлағына тиеді.

«Қобыланды,Сайын келді!» - деп,
Берік жерге қамал тартады,
Келе жатыр қырық жігіт,
Қарағайды қақ жарып.

«Қалай жүрген батыр?» - деп,
Жолдастары таң қалып.
Ақ төбенің басына
Шыға келсе ер Сайын,

Қалмақтың көрді сансызын.
Қаланы көріп таң қалды,
Қасындағы қырық жігіт;
Жанынан қорқып сандалды.

Төмен қарап жыласты,
Құдайдан иман сұрасты.

- А, қырық жігіт, жылама,

Сіздер кейін қалыңыз,
Таса жерге барыңыз,
Есен болса жаныңыз,
Жақсылығым бар болса,

Бұ заманда ұрыспа,
Өзің теңді жау болса,
Маңайына жуытпа!
Бұ кеткенімнен келмесем,

Қазам жетсе, өлермін,
Егер қазам жетпесе,
Басыма аман күн туса,
Бір уақытта келермін.

Қой, қош, аман болыңыз,
Мұсылманның ұлында
Мен - бір шіріген жұмыртқа.
Жөнелді боз атпен аңқылдан,

Айғай салған даусына,
Қарағай жарылып барады.
Қалмақтың жатқан шәрінде,
Екі батыр бар екен.

Бірінің аты - Жоламан,
Бірінің аты - Еламан.
Ер Сайын мен Қобыланды,
Тоғыз сан басын жоямын.

Бір мезгілде ер Сайын,
Көрінген жылқыны алады,
Қуалап кетіп барады.
Жылқыны қуып келгенше,

Ақ төбенің қасына,
Қырық жігіт тұрған орынға,
Қуып келсе, ер Сайын,
Қырық жігіттің бірі жоқ.

Айтқанын ердің қыла алмай,
Тұр деген жерде тұра алмай [70].
Кеткен екен қашысып,
Кейін қарай асысып.

Қалмақ жатыр дуылдап [71],
Атын жиды шуылдап.
Тұсаулы атқа жармасып,
Мәстегіне тармасып [72],

Қашан қалған шілдеде,
Ер-тоқымынан адасып.
Келе жатыр ит қалмақ,
Жаман даусын салысып.

Жердің жүзі қайысып,
Көдедей шықты майысып,
Мәстектің шаңы бұрқылдап.
Қылыштары келеді,

Өкшесіне [73] сартылдап.
Ақ төбенің басында,
Сайын жалғыз қарап тұр:
«Келгенменен бұ қалмақ,

Не қылады маған?!» - деп,
Мазақ қылып жырқылдап.
Жау әбден келген соң,
Боз аттың басын бұрмалап,

Тоғысты қасқа: «Алла-лап!»
Бөлек, бөлек қылып жүр,
Бөлінген қойдай қырып жүр.
Қалмаққа мүскіл туып жүр.

Еламан мен Жоламан,
Тау тасалап қашып жүр.
Алады деп жұртымды,
Осы қалмақ сасып жүр,

«Еламан мен Жоламан,
Көрінер күнің бар ма?» - деп,
Аузын қатты басып жүр.
Көбін қырып болғанда,

Со сықылды ер Сайын,
Алланы еске алмады,
Қайратына мас болып.
Бабай Омар бабасы,

Жалбарына жүрмеді,
Пірі үстіне қонбады.
Баяғы қайрат болмады,
Оймақ құрам сау жер жоқ,

Тұла бойында қалмады,
Жарадан қасқа жаурады.
Әр жарадан аққан қан,
Су сықылды саулады.

Ерден медеу кеткен соң,
Жығыларға жеткен соң,
Аттың басын бұрмалап,
Жөнелді қасқа: «Алла-лап!»

Егесіп тұрған ит қалмақ,
Соңына түсті тоспалап.
Тоғыз сан кісі қуса да,
Жеткізбей кетті құтылып,

Ертең кеткен қырық жігіт,
Артынан жетті ұмтылып.

- Бәрекелді, қырық жігіт,

Түге[л]қасқа ер! - деген,

- Атыңның басын бұрылтып,

Қырық жігіт, қашпай, тұра тұр,
Тоқпақ жалды тоқ боз ат,
Тоқтата алмай келемін,
Қалмақ тоғыз сан, мен жалғыз,

Тонау бермей келемін.
Тезек теріп келіңіз,
Жарам нешеу санаңыз.
Омыртқада он жара,

Қабырғада қырық жара,
Қақ жамбаста [75] бір жара.
Жалаң аяқ жүрмеген,
Бисмилланы білмеген,

Салып еді бір қалмақ,
Сырлаған сары қайың оқпенен.
Қабырғаның түбінен,
Омыртқаның жігінен,

Қан сарқырап тыйылмас,
Қырық жігіт, сізден болмаса,
Ноғайлының жұртынан,
Топырақ маған бұйырмас.

-А, қырық жігіт, қырық жігіт,
Қарағай түбі қара өлең,
Бәрі жақсы саналым,
Шақпақ тақсам, от түспес,

Қарағайдың бүгінде.
Сілбіз болған қуынан,
Шықпаған - ақ екенмін
Жұлдызымның оңынан.

Мен дұшпанға мерт болдым,
Қара қыпшақ Қобыланды,
Ердің қасымда жоғынан.
Мен шыққанда жаз еді,

Алла бізге жар еді,
Жауырынменен сөйлескен,
Қарақоныс бар еді.
«Жан олжа», - деп еді, нанбадық,

«Қайт!» - деген тілін алмадық.
Қас әулие сол екен,
Тілін алмай жүдедік [76].
Аттанған жерім сұрасаң,

Жылқы алған бұ жерім,
Ойыл менен Сейілде [77].
Бейнетіме бұ қалмақ,
Хабар тауып жиылды-ау!

Қырық жігіт, сендер болмасаң,
Жұрт көрерім қиындау!
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда?

Күйме бұзып [78], қыз алып,
Қамалды бұзып, жылқы алып,
Қара арғымақ қатырып,
Қарсыласқан дұшпанға,

Жүрегінен найза батырып,
Мына жатқан қалмаққа,
Ат жүгіртер күн қайда?!
А, қырық жігіт, азамат,

Маған бола өлмеңіз,
Сендер бейнет көрмеңіз,
Менің үшін өлмеңіз.
Қарағайдан табытым,

Бекем қылып салыңыз,
Таңдап мінген көк атты,
Басыма мықтап байлаңыз,
Шүберек киім кигізбе,

Қанды етіме тигізбе,
Жібекке орап қойыңыз,
Ел шетіне барғанда,
Әкем шығар елпілдеп,

Шешем шығар еңкілдеп:
«Сайыным қайда?» - дегенде,
Не деп жауап берерсіз?
«Ел шетіне жау келді,

Кереке болды!»- дегейсіз,
«Қара арғымақ арыды,
Оттата қалды!»- дегейсіз.
Бір күн де болса қуансын,

Ақырында бейшара,
Есіткен күні суалсын!
Топтан таңдап алғаным,
Жер үстінде жоқ еді.

Найзагерден арманым,
Дүниенің көрдім жалғанын.
Аюбике сұлуға
Дұғайы сәлем дегейсіз!

Таң сәріден тұрарсың,
Беті-қолың жуарсың.
Қынай белін буынсын,
Бүрілген бес бармақ,

Бетіне жара салмасын,
Егіз екі со сұлу,
Дұшпанның тілін алмасын!
Өзімнен қалған жақсыны [79],

Жат көрмесін, өз көрсін!
Қайта алмадым жорықтан[80],
Бұл дүниеде жолықпан.
Құдай қосқан қосағым,

Дұғай (дуай) сәлем дегейсіз.
Ақыретте кез келсін [81 ]
Қара Қыпшақ Қобыланды,
Батыр ерге сәлем айт!

Мен кеткенде тумаған,
Оғы жасын қылмаған,
Көлікбай мен Бөкенбай,
Айырылып сонан қалмасын,

Енді жауға бармасын!
«Әкем өліп қалды!»- деп,
Қаперіне алмасын [82].
Өздері адам болғанша,

Қара қыпшақ Қобыланды,
Көзінен таса қылмасын!
Ал, қырық жігіт, азамат,
Ашып кетші бетімді,

Салқын соқсын етімді.
Қимылдарға шарам жоқ [83],
Құлазыған қу түзде,
Қазам жетер секілді.

Сіздер бұлай кеткен соң,
Қалмақ келіп жеткен соң [84],
Мұсылманнан көре алман,
Қыдырып жүрген жетімді!

Қырық жігіт кетті қарасып.
Қимай кетті, жыласып,
Олар елге келместен,
Елі хабар білместен,

Аюбике со сұлу,
Түнде жатып түс көрді.
Түсінде талай іс көрді,
Өз басына күш көрді [85].

Қатты шошып оянды,
Тан сәріден тұрады,
Беті-қолын жуады,
Екі етегін түріпті,

Енесіне келді де,
Түсінің жайын сұрады [86]:

- Мен бүгін бір түс көрдім,

Келіспеген іс көрдім,
Жауырыным тола қара шаш,
Жайылыңқы көрінді,
Келіспеген іс көрдім [87]:

Қимылдарға шара жоқ,
Құлазыған қу түзде
Қазам жетер секілді
Бедерлеген бес тырнақ,

Қызыл қанға малыныңқы көрінді
Шешем берген боқшасы,
Шашылыңқы көрінді.
Жауда жүрген балаңның,

Астындағы қара ала ат,
Құйрығы келте көрінді.
Қолына алған ақ сүңгі,
Ортасынан, ай, ене,

Үзіліңкі көрінді.
Сонда енесі жорыды:

- Жауырының толған қара шаш,

Жайылыңқы көрінсе,
Ертеңменен қой өрер.
Білектен шыққан бес бармақ [88]
Жайылғаның жұрт көрер.

Жайылғаны шашыңның.
Балам, соған көрінсін.
Бедерленген бес тырнақ,
Қызыл қанға, а, балам,

Малыныңқы көрінсе,
Таңда тал түс болғанда,
Қызылменен боятсаң,
О да соған көрінсін.

Жауда жүрген баламның
Астындағы қара ала ат,
Құйрығы келте көрінсе,
Жау қарасын көргенде,

Ат құйрығын сүзген-ді.
Қасындағы жолдасы,
Жау көрмеген жамандар,
Жаннан күдер үзген-ді.

Қолына алған ақ сүңгі,
Ортасынан, а, балам,
Үзіліңкі көрінсе,
Жүрген шығар жалғызым,

Қалмақтың белін сындырып.
Келеді екен жалғызым,
Барған ісін тындырып.
Жаманға жылқы қуғызып [89],

Алдынан ай, күн туғызып,
Келеді екен қырық жігіт.
Аяғына су өтіп,
Маңдайынан күн өтіп,

Жылауменен күнелтіп [90],
Жолдасын жауда қалдырып [91],
Жүзіне қара шалдырып,
Жылауменен күн елтіп,

Азар жетті шәріне.
«Қырық жігіт келді - деген соң,
Шаһары естіп, білген соң,
Бозмұнай келді алдынан:

- Қырық жігіт, келдің бе?

Есендік пен саулық па,
Азамат түгел барлық па?!
Кәрілік мұндар ұрмаса,
Көзім жасқа толмаса,

Сайын сынды жалғызым
Көрінбеді көзіме?!
Қырық жігіт сонда айтады:

- Бара сала ер Сайын

Қалмақтан ойып жылқы алды,
Күнде тиіп қалмаққа,
Сарайынан ұйқы алды.
Жау жерінен өткенде,

Мұсылманның жерінің,
Шетіне жетіп келеді.
Аттан медеу кеткенде,
Қалмақтар жетті салысып.

Ат бұруға көнбеді,
Жалғыздың әлі келмеді,
Алған жылқы айрылдық,
Ел шетіне жау келді.

Кедергі бола келеді [92],
Қара арғымақ арыды.
Жетектеп соны келеді.
Ақ кіреуке сөгілді,

Жалғай алмай келеді.

- Маған десе, бұ балам,

Тағы талай жол жүрсін,
Есендік пен сау болсын!
Дұшпаннан аман бар болса.
Соны айтып бай кетті,

Сау дегенге қуанып,
Өтірік сөзге жұбанып,
Қайдан білсін Сайынның
Қалғанын оның суалып.

Үйде сұлу білген соң,
Сұлу шықты жүгіріп,
«Қырық жігіт келді» - деген соң,
Алдынан келді бүгіліп:

- Қырық жігіт, азамат,

Неге бүйтіп жаурайсың?
Ақ сақалды атамды,
Өтірік айтып алдайсың.
Алдап айтқан сөзіңе,

Егіз екі нанбаймын.
Сайын өлді десең де,
Біріңді ұстап алмаймын!
Қырық жігіт тұрып ойласты [93],

Айтпасақ та болмас-ты,
Жетіп келген жас бейбақ,
Айтқызбай ерікке қоймас-ты.
Сонда қырық жігіт сасады,

Жылап тұрып айтады:

- Сайын сынды сол қасқам,

Сан қалмақпенен тоғысты,
Ерінбей қылды соғысты,
Көпке шама келмеді [94],
Қалмаққа құдай болысты.

Оймаққа құрам сау жері,
Тал бойында қалмады [95].
Тұс-тұсынан оқ тиіп,
Жарадан қасқа жаурады.

Қалмақтан шығып кеткенде,
Жығылар мезгілі жеткенде,
Қарағайдан табытын,
Бекем қылып сайлатты.

Қалап мінген қара атты,
Көз алдына байлатты:
«Бас көтерер күн болса,
Еріктіріп мінермін,

Мінбестей болған күн болса,
Күнінде бір көрермін!»
Сайын сөйтіп қалған соң,
Оны (аны) сұлу білген соң,

Екі бетін алады,
Қара шашын жаяды.
Үйге жетті жұлқынып,
Жын қаққандай бұлқынып,

Дауыс қылды отырып [96],
Батырды сұлу жоқтайды:

- Беліндегі бес қару

Тал бойына жарасқан!
Сендей теңім табылмас,
Жеті алашты қыдырсам.
Алашта мұңдық мен болдым,

Ханышадай күнімде,
Ер қасқамнан адасқан!
Қарағай найза өңгерген,
Өзінің жұртын меңгерген,

Азды көпке теңгерген,
Аттанған жаудан келмеген,
Алты қанат ақ орда,
Қасқам ішіне енбеген,

Мендей мұңдық бар ма екен?
Ойнар, күлер шағымда,
Еркін ойнап күлмеген,
Өзім тірі жүргенде,

Кеудеме еркек мінгізбен!
Алмадай болған қызыл бет,
Қиғаш ерінге сүйгізбен,
Берен төсек, құс жастық,

Маңайыңнан бойдақ жүргізбен!
Маңдайын құлаш ер Сайын,
Қылығың еске түскенде,
Жанымды не ғып күйгізбен!

Аузым тола қан болса,
Дұшпаныма білгізбен.
Сен кеткелі он бес жыл,
Бөтен үйге бармадым.

Езу тартып күлмедім.
Мен сарғайып жатқанда,
Неден көңілім қалдырдым?!
«Бұ заманда жоқпын!» - деп,

Түсіме нешік кірмедің?
Ертең қылған даусымды,
Түсте келіп қоярмын,
Кешке қылған даусымды.

Күн батқанда болармын.
Алмадай болған қызыл бет,
Тырнақпенен соярмын.
Мөлдіреген екі көз,

Жылауменен оярмын!
Ел шетіне жау келсе,
Қара қабан сықылды,
Кімді алдына қоярмын?!

Жылап, жылап уанды,
Беті-қолын жуынды,
Көлікбай менен Бөкенбай,
Оқ атысып жүр екен,

Екеуі келді жүгіріп,
Анасы отыр бүгіліп.
Екеуі есінен адасты,
Адаса тұрды екеуі,

Бір жүгенге таласты:

- Үйде жатқан әкем-ді,

Неге кеткен алысқа?
Сонша жерге бастасып,
Жау жеріне тастасып,
Бұ барғаннан бармасам,

Екі бірдей көк ала,
Арғымаққа мінбесем,
Өңшең темір кимесем,
Қобыланды, саған қылмасам,

Біткеніңді қырмасам,
Ер Сайыннан тумайын!
Жылқыға кетті жүгініп,
Тұрмады үйде кідіріп.

Сұлу үйден барады
Енесінің қасына,
Енесі бибақ жылайды,
Жад етеді құдайды:

- Құдайдың берген жалғызы

Таласып емшек еміскен,
Құнан тайдай тебіскен,
Беліндегі бес қару,
Тал бойына келіскен!

Атаң қалды кеңестен,
Шешең қалды жіп ескен,
Жауға айқайлап тигенде,
Оң иніңе қонбады

Төрт мұқырраб періштең.
Ай, сорлы болған енем - ай,
Жылағанменен өнбейді,
Дауыстағанмен келмейді,

Сайын сынды балаңды,
Маңдайы құлаш ер дейді.
Мен тұл үйінде тұра алман,
Күнде дауыс қыла алман,

Жер жүзінде бар болса,
Өзім іздеп табармын.
Жаралы болса, бағармын!
Дүниенің төрт бұрышын

Теңселіп жүріп[97] кезермін.
Сол сықылды батырды,
Іздемей не ғып тынармын?!
Сайын сынды со батыр,

Отыз екі ерден ет (от)алған,
Бірде-бірі ем бе екен?
Шешем берген үйімде
Аюдың бар ақ дәрісі,

Жарасына ем бе екен?
Тірі қалды деп ести тұрып [98],
Іздеместей ер ме екен?!
Жылқыдағы қос күрең

Жыламай тоқым салдыршы,
Бұрым түзге жүрмеген,
Түстік жерге бармаған,
Қырға шыға қалмаған,

Жөнелді бибақ жыласып,
Кетіп барады қарасып,
Бет алдына жарасып,
Қос күреңнің басымен.

Күні - түні барады
Жылауменен күнелтіп.
Жол білмеген әйелді
Алланың өзі түзетіп.

Әр төбенің басына
Сұлу шығып қарайды,
Көрінер заман болмайды.
Бір күндері болғанда,

Ай мен күнге таласқан,
Қара төбе көрінді,
Со төбені көргенде,
Сұлудың көңілі бөлінді:

«Ай, міскін болған енем-ай!»
Қара төбе қасында,
Бәйтерек тұр басында.
Ала-құла сауысқан,

Қан көргендей болады,
Балаңның қалған жерлері,
Сонау бір жерде болады.
Мен тұсынан озамын,

Неге қарап тұрамын?
Енесі сұлуды оздырды,
Күреңше аттың мойынын,
Жездей қылып создырды.

Енді сұлу қамшылап,
Бұлттай ұшты жамшылап,
Кекілден тері тамшылап,
Сұлу озып келген соң,

Аттан түсе қалады,
Түсе сала жылады.
Бұрылып қарар күш жоқ,
Сөйлесерге тілі жоқ,

Тостағандай тола көз,
Төңкере келіп салады,
О, сұлу басын қоса қалады!
Көтеріп келіп алады,

Суға арқалап барады,
Қанын жуып алады.
Аюдың келіп ақ дәрі,
Аударып сұлу жағады,

Тез тірілтіп алады.
Су басында екеуі
Ойнап ойны қанады,
Ақ жарылқап қалады.

Келе жатыр кемпір сол [99],
Бауырына қамшы таянып.
Өлді деген баласын
Еңсеп келген анасы,

Алдынан шықты алшаңдап.
Өлгені жаңа тіріліп,
Еліне тиген панасы,
Құшақтасып көрісті,

Бетінен сүйіп өбісті.
Қайтасынан жасады,
Алласы көзін ашады.
Аттың ерін алысты,

Үшеуі ұйықтап қалысты.
Ұйқыда бибақ білмеді,
Үстіне келіп орнады:
«Жолдасы елге барды» - деп,

«Жалғыз Сайын жеке өзі,
Жаралы болып қалды!» - деп,
Қалмақ естіп біледі.
Еламан мен Жоламан

Сансыз қалмақ қолға алып,
Сайынды іздеп келеді.
Жатқан жерін көреді,
Үстіне келіп орнады,

Біріне-бірі тұрмады.
Бір мезгілде ер Сайын,
Көтеріп алса басына,
Жеткен екен Жоламан,

Шаншар жердің тұсына.
Сайын тұра сасады:

- А, құдайым, құдайым,

Өлемін деп қылмаймын,
Бұйрық жетпей уайым.
Тарқамаған бола ма,
Жалбарынған күнәйым.

Бабай Омар, бабам-ай,
Жаңылдым ба, тобам-ай,
Ақыры жаудан бола ма-ай,
Туғаннан менің қазам-ай!

Алпыстағы анам-ай,
О да жауға бара ма-ай,
Құдай қосқан қосым-ай,
Оны бір дұшпан ала ма-ай!

Ноғайлының кең шәріңе-ай,
Сайын есен бара ма-ай,
Жар бола гөр, Аллам-ай!
Ер тоқымын арқалап,

Боз атқа келді «Алла-лап!»
Ер тоқымын салғанда,
Айылын тартып алғанда,
Ауыздығын боз ат шайнады,

Адамдай тұрып сайрады:

- Батыр Сайын, саспашы,

Көп екен деп қашпашы,
Құдайдың берген қуатын,
Осы жолы басташы?!
Қатарланған қамалды,

Қақ жармасаң, саған серт,
Оқ жеткізсем, маған серт!
Жыландайын жыбырлап,
Қыздардайын сыбырлап,

Ақ сауыт сонда сөйледі:

- Батыр Сайын, қорықпашы,

Бөтен сөзді айтпашы,
Қатарланған қамалды
Бұза алмасаң, саған серт!
Тоқсан қабат оқ жетсе,

Оқ жеткізсем, маған серт!
Сақтасын мықтап құдірет!
Атыменен сөйлесіп,
Ақ сауытпен кеңесіп,

Кемпір менен сұлуға:

- Артымнан қалмай, жүр! - десіп,

Қамалып тұрған қалмақты
Қабандайын қақ жарып,
Сайын шықты құтылып.
Еламан мен Жоламан,

Кемпір менен сұлуды,
Ұстай алды ұмтылып.
Қалмақтар тұрып кеңесті:

- Қаптай қусақ боз аттың,

Қарасын жылқы көрмес-ті,
Сайынды қолға бермес-ті.
Алған[ы]менен анасын.
«Қолаң шашын қидық!»- деп,

Ат үстіне салыңыз,
Қамал тарта қалыңыз.
Төбе шашы жұлынса,
Даусы шығар шырқырап,

Анасына шыдамай,
Сайын шабар бұрқырап,
Қашпаңыз сонда тырқырап!
Ат үстіне салғанда,

Ұлынан етіп сұрады:

- Маған бола келмеші,

Шырағым, маңайымды көрмеші!
Мен жанымды не етейін,
Сенің үшін, шырағым,
Құрмалдық болып кетейін!

Алғаны сонда жылайды:

- Ай, Сайын атты epім-ай,

Алланың қосқан теңім-ай!
Сенен ары айшылық
Менің шыққан жерім-ай.
«Шыбықтай бойы ұзын!» - деп,

«Алмадай беті қызыл!» - деп,
Әйел де түбі дұшпан-ды,
Қызық көрме, ер Сайын,
Біз кетті деп ұрысқанда,

Мен кетсем де, аларсың [100],
Ноғайлының кең шаһарын!
Сайын, есен барарсың,
Жар бола гөр, Аллам-ай!

Ер тоқымын арқалап,
Боз атқа келді «Алла-лап!»

- Тірі болсаң, кегіңді,

Екі ұлыңды қасыңа ал!
Шаппасына болмады,
Пірі еркіне қоймады.
Алпыс екі періште

Үстіне келіп орнады.
Боз аттың басын бұрмалап,
Ұмтылды қалмаққа таман туралап.
Аруақтың қалай тасқаны [101],

Қалмақтың қалай қашқаны,
Кемпір менен сұлуды,
Қалай тастай қашқаны!
Қуа барып, ер Сайын,

Қалмақпенен соғысты,
Ерікпей қылды тоғысты,
Он үш күн ұрсып тауысты.
Үстіне келген қалмақтың,

Жанды адамын қоймайды.
Атын, тонын алды да,
Еліне таман айдайды.
Батыр Сайын келгенше,

Ел хабарын білгенше,
Бөкенбай мен Көлікбай,
Қобыландыға барыпты,
Аттанып еліне келіпті.

Жасанғанда қайтпаған,
Сансыз дұшпан батпаған,
Со сықылды Қобыланды,
Екеуінен қорқыпты.

- Ай, Қобыланды батыр сен болсаң,

Туып, бетін көрмеген,
Көрген кісі әкемді,
Маңдайы құлаш ер деген,
Қас ерменен тең деген.

Қалған жерден алып кел,
Өлтірген жауын тауып бер!
Үйде жатқан әкемді
Жау жеріне бастадың,

Кандай шөлде тастадың?
Бармасаң да, барарсың,
Бармай не ғып қаларсың?!
Қобыланды сонда айтады:

- Алдына түсіп барайын,

Неге іздемей қалайын?!
Қалмаққа бүлік салайын,
Сайыңның кегін алайын!
Мың кісіні алады,

Аттанып, кетіп барады.
Айшылық жатқан қалмаққа,
Барып бір соғыс салады.
Қалмаққа барса, ор екен,

Оры - терең зор екен.
Көлікбай сонда айтады:

- Ай, Қобыланды, Қобыланды,

Бүйтіп бұған тұрмалық,
Қорыққан кісі сықылды.
Тұрып кеңес қылалық,
Ордан арман өтелік,

Қалмаққа тоғыс етелік!
Бөкенбай мен Қобыланды,
Көлікбай мен үшеуі.
Ордан арман етелік,

Қалмаққа кіріп кетеді,
Бөкенбай мен Қобыланды,
Екі батыр қашады,
Ордан бермен асады.

Қобыландының мінген ат,
Ордан өтті кідірмей,
Бөкенбайдың көк ала ат,
Артқы аяғы ілінді,

Ер - тоқымын құшақтап,
Орға түсіп жүгірді.
Көлікбай шапты қамалға,
Көк ала атты борбайлап,

«Ой, бауырым!» - деп, ойбайлап,
Қалмақтың құрған қамалдың,
Бұ жағынан шапқаннан,
О жағына бір өтті.

Ар жағынан шапқаннан,
Бер жағына бір өтті.
Батырлары ақырды,
Балуандарын шақырды,

- Тұс - тұсына барыңыз,

Бірер арқан алыңыз,
Шабатұғын жағына
Керме ұстай қалыңыз,
Кермелеп ұстап алыңыз.

Көздеп тұрып Көлікбай,
Аласа қылған арқанның,
Үстіменен кетеді.
Биік қылған арқанның,

Астыменен кетеді.
Тап сегіз күн болғанда,
Бәрін қырып кетеді.
Ордан бір хан асады,

Дария судай тасады.
Орда жатқан Бөкенбай,
Канмен ағып барады.
Қобыланды со батыр,

Сонда суырып алады.
Қалмақтың елін өрт қылып,
Топырақтай көшіріп,
Барлық малын көшіріп

Жалғыз сол Көлікбай,
Айдап шықты шаһардан,
Қалмақтың дән қарасын қоймай-ақ,
Қызығына тоймай-ақ,

Қасқаның көңілі тыңған соң,
Қалмаққа қалағанын қылған соң,
Жылқыны төске салған соң,
Қалмақтан кегін алған соң.

Қол түстеніп жатқанда,
Келе жатыр бір адам,
Туырлықтай туы бар,
Мың кісінің шаңы бар,

Артында қанша жаны бар,
Қобыланды батыр айтады:

- Көлікбай батыр, барыңыз,

Қандай дұшпан болады
Алды-артын шалыңыз!
Соныменен Көлікбай,
Тұрымтайдай түйіліп,

«Қылармын!», - деп кіжініп,
Қарсы шығып келеді.
Келе жатыр ер Сайын,
Өлген жерден тіріліп.

«Жиылып жатқан қалмақтың
Тоғысы бар!» - деп кіжініп.
Көлікбай оны танымай,
Әкесі деп ойламай,

Аруағы құнт жас бала:

- Ет жүректің басы деп,

- Өлер жерің осы! - деп,

Табапдап найза салады.
Сайын сонда айтады:

- Сайын әкең - мен, - дейді,

- Көріселік, кел! – дейді.

- Есенбісің сен?! – дейді.

Аттан түсе қалады,
Суырып найза алады.

- Жазалы болды қолым-ай,

Ерлік бір қылған құрысын,
Мұнан былай жолым-ай!

- Құрымасын жолын! - деп,

- Жазалы болмас қолын, - деп

Әкең мұнан не қылсын?!
Неше ердің көрмедім,
Бұ сықылды найзасын,
Көріп жүрмін жасаған,

Бір Алланың пайдасын.
Әкең мұнан өлмейді,
Ет жүрегің қорықпасын.
Бар, Көлікбай, бар, - дейді,

Қобыландыдай атаңнан,
Барып, сүйінші ал! – дейді.
Тастап кеткен ер Сайын,
Жазылып келді сау - дейді,

Көлікбай қолға шабады,
Ат аямай барады.
Тіке салып сонымен,
Қобыландыға келеді.

Болып тұрған бұ шақта,
Қобыланды батыр көңілсіз.

- Жазалы болған келіпті,

Сайын атты ініңіз.
Озып келдім мен сізге,
Не бересіз, а, батыр,
Қуантқан үшін сүйінші

Кәнеки, маған беріңіз [102]!

- Тартып ішкен торсықтай,

Өзі сұлу Тайбурыл.
Рас болса, келгені,
Ал сыйладым мен сізге!
Сайын сонда келеді,

Келгенін қарап Қобыланды,
Танып, көрісіп біледі.
Атқа мініп желеді.
Көп шүкіршілік қылады.

Атқа мініп қайтысты,
Шіріне таман тартысты.
Шәрге есен келген соң,
Ноғайлының көп жұртын

Көрісіп сәлем берген соң,
Бозмұнай тұрып той қылды.
Аттанған жауын алысып,
Көңілдері тынысып,

Аман-есен қайтқанға,
Аллаға шүкір кеп қылды.
Той тарқап кеткен соң,
Батыр Сайын сөйледі:

- Енді түзге жүрмелік,

Қолға найза алмалық,
Қалмаққа енді бармалық.
Көлікбай мен Бөкенбай,
Қобыландыдай батыр-ай,

Екі ұлыңа бата бер,
Жолымызды берелік,
Үйіңе барып, жата бер.
Айтқанынша Сайынның,

Қобыланды батыр береді:

- Алла ашсын жолыңды,

Ұзын қылсын қолыңды,
Танып жүргіл, ай, балам,
Оның менен солыңды!
Сөйтіп бата берген соң,

Қобыланды батыр қайтады.
Еліне барып со батыр,
Батырлық құрмай жатады.
Екі ұлының тұсында

Сайындайын батырдың,
Іргесін дұшпан баспады,
Қолынан дәулет қашпады.
Ел шетіне жау келсе,

Сайын сынды батырдан
Көлікбайдың ерлігі,
Анағұрлы асады.
Екі ұлының тұсында,

Баршадан болды тірлігі,
Үш алашқа жайылды
Екі ұлының ерлігі.
Өлген жерден тірілткен,

Қалмаққа атын жүріткен,
Бір құдайдың кеңдігі,
Сайын сынды батырдың
Сондай екен кеңесі,

Адамнан артық денесі.

ЕР КӨКШЕ

Уақ ұлы Қамбар екен,
Қамбар ұлы - ер Көкше.
Ер Көкше жас екен,
Жас та болса, бас екен.

Оң сан ноғай бүлгенде [1],
Орманбет (Ормамбет) хан өлгенде,
Ол барып жатыпты
Манан деген суына,

Балқан деген тауына.
Үлесерге мал таппай,
Атысарға [2] жау таппай,
Со[л] кісінің ішінен

Бөлініп шықты қырық кісі,
Қарауыл кеткен төрт кісі,
Шыңдауыл кеткен бес кісі -
Сан жылқыны алыпты.

Мың кісі оны қуыпты.
Күн астынан шан шықты,
Шан астынан ту шықты,
Кайтпас қара болат реңкті [3].

Балалы батыр Жаңбыршы,
Қуып жетті [4] мың кісі.
Сонда ер Көкше жазған айтады:
Менің мылтығыма - мың кісі,

Садағыма - сан кісі,
Қылышыма - қырық кісі!..
Төсенерге төсек жоқ,
Жастанарға жастық жоқ,

Жастық болар бес кісі!
Мәмбеттің ұлы Тілеген,
Азуын тасқа білеген,
Бал ішкенге мақтанған,

Бір өзін сан кісіге теңеген.
Оған да болсын:екі сексен, жүз кісі!
Сенің жақсыңа - дара бір кісі.
Жаманыңа - екеу ара бір кісі!

«Енді – де - қалды не кісі?!»
Со кісінің ішінде
Төрт жігіт ағайынды бар екен.
Бір кісі бір атқанда,

Үш атады екен.
Сан жылқыны алыпты,
Мың кісі оны қуыпты.
Жан жолдасы Манаша

Аршынбасты ақ құламен
Бөгей - бөгей келеді,
Әлі жетпей келеді.
Табаны жазық тарлан бозға мініп,

Бір оғын аузына тістеп,
Бір оғын жанына кезеп,
Жауға еніп кетіпті.
Жаудың маңдайынан еніп,

Көтінен шығып келді.
Оң бүйірінен еніп,
Сол бүйірінен шығып келді.
Жүрген жері кезең болды,

Жеті күн соғысып ,
Жеті түн соғысып,
Қырық кісі бәрі өліпті.
Қырық кісіден жалғыз қалыпты,

Ер Көкше батыр қалыпты.
Мың кісі бәрі өліпті,
Мың шешен жалғыз қалыпты,
Жаңбыршы батыр қалыпты.

Аттың қолаңсасынан қан келді.
О, Жаңбыршы айтты:

- Екеуміз соғыспайық!

- Соғыспасақ, соғыспайық, қоя қояйық!

Мың кісіден атын Жаңбыршы алды,
Алып келген жылқыны ер Көкше алды.
Кайтып кетті Жаңбыршы.
Ер Көкше кісілерін қарап жүрсе,

Жан жолдасы Манашаның
Маңдайынан қасапы оқ кіріп,
Басын көтеріп, соғып жатыр екен.
Оғын суырып алды,

Қара дәріні құйып еді,
Түрегелді Манаша,
Өзінің қырық кісінің
Бәрін де тұрғызып алды.

Манағымың жылқысын айдады.
Жүріп келе жатыр еді,
Ер Көкше атқа жүре алмады.

- А, жігіттер, жігіттер,

Манашым, менің Манашым
Жауырын қағып қарашы,
Тезектің отын қалашы!
Омыртқамда он жара,

Оң қарай алмай келемін.
Қабыртқамда қырық жара,
Қимылдай алмай келемін!
Толарсақта тоқсан екі бар жара,

Толғана алмай келемін!
Қақ жауырында бір жара.
Қарға жүнді қамыс оқ
Шаш етектен тиіпті,

Көкжелкеден шығыпты,
Бәрінен ауыр [5] сол жара.

Олар енді жүріп кетті. Қараса, ер Көкше жоқ, Манаша да жоқ. Манаша ер Көкшеге айтты:

- Ер Көкше, бүйтіп жатар ер ме едің?!- дейді.

- Бар, - дейді «Жау жетті» - деп, олай - бұлай айғай салып шаба гөр! – дейді.

Манаша атқа қамшы басып:

- Ер Көкшесі, ер Көкше, соңыңнан жау жетті! - деп, шапты.

Ер Көкше жағын кезеп, атына жайдақ мініп:

- Жау қайда?! - лап, былай бір кетті, олай бір кетті. Жау көрінбеді. Өзі аттан түсуге мұршасы еркін келмеді, құлай бір кетті. Жалғыз ауыз тілге келді:

- Жалғызым, ер Қосай: «Менің қанымды жоқтап, қалмаққа бет қойып келе жатқанын көріп жатайын!» - деп, осы таудың басына шауып шыққаным сол! – дейді. - Осы жерге көміп кет! – дейді.

Ер Көкшенің сүйегі Орал тауының қазаққа қараған шеткі шаншылған биігінде. Жолдасы сонан соң айбалтамен жер қазып көмді [6]. Қайтты. Сонан соң Манаша манағы кісілерді қуып жетті. Олар: «Екеуі де өлді» - десіп, малдарын үлесін алып қойған екен. Манаша келгеннен соң, бірін-біріне соғып, малды қайтып алды. Сонан соң ер Көкшенің сыбағасын бөлек алды. Мылтығының сыбағасын алды, қылышының сыбағасын алды, өзінің сыбағасын алды, сонан соң өзгелерге берді. Ер Көкшенің үйінде жалғыз баласы бар екен, аты Қосай екен. Ол үйінде қырық құлаш саты қылған екен, соған шығып көрді жорықшыны.

Қосай үйден шығыпты,
Келген кісіні көріпті:
«Әкем ер Көкше келсе,
Әкем жорға ап келсе,

Жорғаны мен мінермін,
Торқаны мен киермін!»

- Алдынан шығып айтыпты.

Манаша енді келіпті,
Кісілерге айтыпты.

- Мынау Қосай сұраса,

Сендер жауап бермеңдер,
Ешбір сөз айтпаңдар!
Оған жауап мен беремін!
Бала алдынан шығыпты:

- Ассалаумағалейкум, ағалар,

Ақ сақалды бабалар,
Менің әкем көрдің бе,
Жаным дейін, ер Қосай,
Тәнім дейін, ер Қосай?!

- Сенің әкең мен көрдім,

Табаны жазық тарлан боз,
Табаны тиіп келеді.
Оны қаға келеді,
Садақ толған сегіз жебе,

Жүні [7] ұшып кетіпті,
Оны жүндей келеді.
Солқылдаған ақ пайза
Қисайып кетіпті,

Оны түзете келеді.
Өңгеге өгіз олжа тигенде,
Әкеңе тана олжа тиді,
Соны тағып келеді [8].

- Ай, ағалар, ағалар,

Ақсақалды бабалар,
Табаны жазық тарлан боз
Табаны тиер ат па еді?!
Садақ толған сай жебе

Жүні ұшар оқ па еді?!
Солқылдаған ақ найза
Қисаяр ағаш па еді?!
Өңгеге өгіз олжа тигенде,

Әкеме тана тиер ер ме еді!
Ай, ағалар, ағалар,
Ақсақалды бабалар,
Азаматтар, шоралар,

Олай деме, былай де,
Бізге: «Әкең өлді» - де,
Бізді «Құдай ұрды!» - де,
О кәуірге [9] қылмасам,

Ағытқан қойдай маңыратып,
Аш күзендей шулатып,
Арқауылдың сары жон
Тізеден соқпақ салмасам,

Керегесін кертпесем,
Кертіп отқа жақпасам,
Қосай атым құрысын!
Бала үйіне қайтты, Манаша айтты:

- Ай, Қосай, мынадан сауға алыңыз!

- Өзім кісіге сауға бергендей болғанда алармын!

Қосай сонан үйіне қайтып келді:

- Ай, шеше, шеше,

Біздің әкей өліпті,
Бізді Құдай ұрыпты!
О, кәуірге қылмасам,
Аш күзендей шулатып,

Ағытқан қойдай маңыратып,
Арқауылдың сары жон
Тізеден соқпақ салмасам,
Қосай атым құрысын!

Әкемнің сөйтіп кегін алармын!
Әкемнің елі бар ма,
Әкемнің жұрты бар ма,
Құдасы әкемнің бар ма,

Құрбысы әкемнің бар ма,
Досы бар ма әкемнің?!

- Жоқ - дейді шешесі. – Бойы өсіп, бұғанасы қатпай, балам, жауда өлерсің!

- дейді.

Бір Жәпекбай деген құлы бар екен.

- Мен мінгендей ат бар ма? - деп сұрады.

- Сен мінгендей, ат жоқ! – дейді. Айтпады Жәпекбай.

- Шыныңды айт! – дейді.

Айтпады.

- Жәпекбай, сен шыныңды айтпадың! - деп, жағасынан ұстап жерге ұрды.

Жәпекбай:

- Айтайын! – дейді.

- Орайқақтың басында

Ай маңдайлы алаша ат,
Күн маңдайлы құлаша ат,
Салхан (салпан) құлақ сарғылша ат!
Еменнің ең түбіне,

Мінсең де, сол жарар!

Әкесінен қалған қырық құлаш жібек арқан бар екен, алып келді. Оны су ішетұғын жеріне өзін көрсетпей, жер қазып жатты. Әуелі күн маңдайлы құлаша ат келді, артынан ай маңдайлы алаша ат келді. Күн маңдайлы құлаша ат су ішті. Суды ішіп - ішіп тамсанып еді, маңдайы бүлкілдеді: күндік өнері бар екен. Ай маңдайлы алаша ат суға келді. Су ішті, маңдайы бүлк-бүлк етті: айлық өнері бар екен. Сары ат су ішпей шығып, қайтып кетті. Ертең келді. Сары ат ертең кеп су ішті. Шалманы бала мойнына тастады, ұстап алды, жүгендеп алды. Мініп шешесіне келді, шешесіне айтты:

- Менің ер тоқымымды қыл! – дейді. - Мен ханнан барып, қол сұраймын! – дейді.

Ханға келді:

- А, хан! - дейді - Тақсыр! – дейді.

Хан есітпеді (естімеді). Хан тойда отыр екен. Сонан соң хан:

- Шыққаннан соң, сөйлесермін! – депті.

Бір төбенің астына барды. Ұйықтап жатыр. Хан асын жеген соң, тысқары шықты:

- Манағы жарғағы бар сары бала қайда? - дейді? Бір бала айтты:

- Мына төбенің астында ұйықтап жатыр! – дейді.

- Бір он жеті он найза алып, со балаға барыңдар! Жаман болса, қорқар, жақсы болса, қорықпас! – дейді.

Он жігіт барды. Айғай салып:

- Не ғып жатырсың? – дейді. - Хан: «Басыңды аламын!» - дейді.

- Басым ханның алуына жараса, мен іске жарағаным ғой, даярмын [10]!- дейді. - Өзі соқтықса, немді аярмын?! – дейді.

Келді бала ханға.

- Бері кел! - деп шақырды.

Ханның қасына келіп отырды бала.

- Бала, кім баласысың? – дейді.

- Ер Көкшенің баласымын! – дейді.

- Неге келдің?

Бала:

- Әкемді кәуір өлтірген, сізден қол сұрағалы келдім!

- Бұ бала жас екен. Балам, сен барма! Қыз айттырып берейік. Қосайға айттырғандай, қыз бар ма? – дейді.

Арғынның Ақсары биі айтты:

- Менде қыз бар, - дейді. - Аты Ботакөз [11] – дейді.

Қосай айтты:

- Қалың малы не? – дейді.

Айтпады Ақсары би.

- Арғынның Ақсары биі,

- Бермен бак, Сары би,

- Ботакөздің қалың малын

- Айт, Сары би,

- Қалың малын айтпасаң,

- Әрмен қарап тұр, Сары би!

- Хан, тақсыр, қатын болса, жай алармыз, әкемнің кегін алған соң. Маған қол бер әуелі! – дейді.

Хан айтты:

- Бұған баратұғын ерлер бар ма?

Арғынның Ақсары биінің алты баласы бар екен:

- Барармыз! – дейді.

Онан соң жұрт:

- Барамын! – дейді.

Үйіне келді. Алтауы сонан соң:

- Бармаймыз! – дейді.

Қосайдың өзі аттанды. Жұрт бәрі де:

- Бармаймыз! – дейді.

Бес асық дос баласы бар екен. Бесеуі:

- Біз сенен қалмаймыз! - десіп, бірге жүрді.

- Ботакөздің ауылын баса жүрейік! – дейді.

Ботакөз сұлу ұлы жеңгесіне жүгіріп келді:

- Анағы кісіге сөйлесейік! – дейді.

- Құда түспей, құйрық - бауыр жемей, неге көрінесің оған?

Онан қыз жүгіріп кіші жеңгесіне келді:

- Анағы кісіге бір сөйлесейік! – дейді.

- Қайтіп барамыз оған? – дейді.

- Қарға көнек ілейік, бие сауған болайық, сөйтіп сөйлесейік!

Қарына көнек іліп келді, бие сауған болып барды. Қосайды түсірді аттан. Ойын-күлкі көп қылдылар. Бір уақытта жеңгесі:

- Қайтыңыз! – дейді.

Қосай атқа барды. Қыз айтты:

- Қайтыңыз, мереке ойын қылайық, қызық кызмет бар мұнда.

Қосай айтты:

- Атқа мініп шыққан соң, еркек қайтып түсер ме, ұрғашы қайтіп түседі? Қосай аттанды. Қыз қолтығынан тартып түсіруге болмады.

Қолтығынан жігітке жібек шапан ат берді. Қыз айтты:

- Қашан келер екенсіз?

Жігіт айтты:

- Шапанның жағасынан оймақтай қалғанда, келермін!

Жүріп кетті. Қосай оныңменен көп күн барды. Арғынның: Ақсары бидің балалары:

- Қосайдың ауыр қолы жорыққа бара жатыр! - деп, келемеж қылды.

Айдап ай өтіп кетті,
Жылдан жыл өтіп кетті.
Қосай алған қолменен
Барып-барып кетіпті.

Неше ай барған соң,
Қасындағы бес бала айтыпты:
-«Жаным» дейін, ер Қосай,
Шыным дейін, ер Қосай,

Көп біз шөлдеп барамыз,
Көп біз пәле[12] көреміз,
Бұған амал не болады?
Қарнымыз ашып барады!

Судан шөлдеп барған соң,
Аштан - аш болған соң,
Қайдан амал табармыз?-
Бес бала оны айтқан соң,

Қосай сөзін есіткен соң:

- Шөлдеп барған кісіге,

Қарны ашқан кісіге
Сусағанда, су берейін,
Қарны ашқанда, ас берейін!-
Садағымның қорамсағында

Бес бауырсағы бар екен!
Салхан (салпаң) құлақ сары аттың
Бауырының астында
Жайдың тасы бар екен.

Садағының қорамсағындағы
Бес бауырсақты алды дейді,
Бесеуіне алып берді дейді.
Бесеуіне өңгеріп жүріп,

Бес бауырсақты жейді дейді.
Салхан құлақ сары аттың
Бауырының астында
Жайдың тасын алыпты,

Бұлғап - бұлғап жерге қойыпты.
Әуеден жаңбыр жауыпты,
Міне, судан ішіпті,
Ер Қосай атқа мініпті,

Қарауыл қарап кетіпті.
Жеті тауға шыққан соң,
Сары ат жүрмей қалды.

- Қамшыласам да, жүрмедің,

Қармансам да, жүрмедің,
Тебінсем де, жүрмедің,
Тербелсем де, жүрмедің!
Маған неден көңілің қалды?

- Ойбай, нем, ер Қосай,

Жүгенімді алып, қунатпадың,
Ер тоқымымды алып, аунатпадың,
Саған неден разы болайын?!
Ер Қосай аттан түсе қалыпты,

Ерін тастап алыпты.
Арқа терісі бірге түсе қалыпты.
Жүгенін енді алыпты,
Бас терісі бірге түсе қалыпты.

Салхан құлақ сары ат Арқаның [13]ақ жусанынан алты оттап,алты аунап түсті, үйден шыққан қалпына түсті. Құйрығын сыртына салып, құла шұбар құлан болып, күннің батысына таман кетті. Бала айтты:

- «Ат аяған - жерге қарайды» - деген, «Құс аяған - көкке қарайды» - деген осы екен-ау! – дейді. [Бала]жылап - жылап ер тоқымын жастанып, жатып қалды. Ол сары ала ат барып, баяғы батыр Жаңбыршының шаһарын үш айналып қашты. Қарға тұмсықты, қазық аяқты кемпір бар екен, сол кемпір айтты:

- Бұ жарғағы бар екен, сары бала бар екен, бұ семіз сары ат бар екен. Бұл шаһарыңды үш айналып [айланып] шабады екен. Мұны ұстаңыз көп! – дейді.

Шаһардың жігіттері қуды сары атты, жетпеді. Сары ат қайтып барды. Келсе, Қосай ұйықтап жатыр екен. Ат басқа тепті. Оянды.

- Неге жыладың? Мен батыр Жаңбыршының шаһарын үш айналып қаштым. Маған жетер ат жоқ екен. Мен сол ат сынарға бардым. Бір соқыр қара бие, не жетті, не жетпеді, ішіндегі құлын тұлпар екен. Сол шаһарда бір күрең арғымақ бар екен. Бір сары бала бар екен, тоқсан сиырдың сүтін ішеді, соны тастама. Екеуін өлтір! Менің түгімнің түбі сайын бір оқ. Мен жеті күн, түн шаба алмасам, маған серт! Шабыса алмасаң, саған серт! Бір өзімнің дүбірімді мың жылқының дүбіріндей қылайын. Сауырымның ортасында екі бәйтерек орнатайын!

Қосай айтты:

- Мен бір өзімнің дауысымды мың кісінің дауысындай қылайын! Басымды таудай қылайын, көзімді шаңырақтай қылайын! Жеті түн, жеті күн шаба алмасаң, саған серт! Сен желігіп жүргенде, бет тайдырсам, маған серт [14]!

Атына мінді, келді шаһарға. Келіп тиді. Жел түн, жеті күн соғысты. Аттың тізесінен қан келді, бәрін қырды. Бір жүз кісі қалды. Баланың алмасының сағағына май қатты. Өзі шаршады. Сары ат айтты:

- Түсе қап бауырыма ен!

Түсе қап бауырына енді. Ат сілкінді.

- Тұр! - дейді. - Үстіме мін! - дейді.

Үстіне мінді. Жүз кісіні жесір - жебір қылып алып жөнелді. Алып шығып, олай екі дөң артылып түсті.

Баяғы желмая мінген кемпір көтінен қуып келді:

- А, Қосай, - дейді - мұның артынан жоқтайтұғын кісі барар.

Қосай айтты:

- Бір ел алып қал!

Кемпір бір тайпа ел алып қалды. Онан соң сары ат жүрмеді.

- Неге жүрмейсің? – дейді.

Ат айтты:

- Ұмыттың! – дейді.

- Немене? – депті.

- Темір үй қалды, күрең арғымақ қалды, сары бала қалды.

Қосай қайта жүрді. Келді қайтып:

- Енді оны қайтіп бұзамыз? - дейді.

- Мені тепкіле, өкпемді шығар. Сауырымнан сабап сапты аяқтай ет шығар, сөйтіп қоя бер!

Сары ат ақты - бозды жерге барып, қайтадан жүгірді. Келіп үйді тиіп, киіп кетті [15]. Темір үйдің екі қабаты үзілді. Тағы кетті, жүгіріп қайтып айналып кеп теуіп кетті. Темір үй ашылып кетті. Ішінде сары бала жатыр екен, күрең арғымақ тұр екен. Күрең арғымақтың аяғында темір шідері бар екен. Темірден ноқтасы бар. Сары баланың қолында бір жағы бар екен. Бір тебені атса, төбе аударылып түсер еді. Сары бала айтты:

- А, Қосай, тірі болсам, елімнің кегін алармын сенен!

Қосай басқа кеп шапты, ішін жарды. Ішін қараса, тоқсан бөлек қарыны бар екен, тоқсан сиырдың сүтін ішіде екен. Бір кемпір анда (онда) отырды:

- Тәңірі көзіңді ашсын! - дейді.

Сары ат айтты:

- Қайт енді – дейді.

Сонан соң Қосай манағы көшіне келді. Кешке айтты:

- Мен озып барайын. Ұзын сызған жерден жүр, дөңгелек сызған жерге

қон!

Сонан соң ер Қосай озып барды жеріне, бір төбенің басына шықты. Күндік жерден есітеді екен, түстік жерден болжайды екен. Түстік жерде Жаңбыршы батыр кетіп бара жатыр екен, қасында ұлы Темірбай алып бар екен. Бір сәуегейі бар екен. Жаңбыршы айтты:

- Сәуегейім, не көрдің бүгін?

Сәуегей айтты:

- Бүгін біздің шаһарды бір сары бала шапты. Астында семіз сары аты бар. Жеті қабат темір үйді бұзды. Бу сары баланы өлтірді.

Жаңбыршы айтты:

- О баланы біз көрдік, бізді о бала көрді. Біз оған барсақ, ол бізді өлтіреді. Ол бізге келсе, оны біз өлтіреміз!

Сонан соң Қосай жөніне жүріп кетті. Сары ат айтты:

- А, Қосай, елің енді жақын еді. Бір таудың ар жағында Ертістің суы бар, оның ар жағында Арғынның: Ақсары биінің ауылы бар. Мына тауға желіп шық, суға желіп түс. Желіп мен ар жағына өтейін. Судың ар жағында мен жығылайын. Сен сонда: «Атым өлді» - деп, айғай сал. Сонан соң ауылдың кісісі келер. Арғынның Ақсары биінің алты ұлы құйрығымнан тартар. Көтімді қозғалта алмас. Арғынның: Ақсары биі өзі тартар. Сонан соң түрегелермін! Көңілі тәуір болып қалсын! - дейді.

Қосай кетті, тауға желіп шықты, желіп түсті, судан желіп өтті. Судың жиегіне келіп жығылды, айғай салды. Ауылдан кісі келді, Қосай айтты:

- Жолаушы едім, менің атым жығылып жатыр!

Арғынның: Ақсары бидің алты баласы келіп, тартты, көтін қозғалта алмады. О[л] тағы айғай салды. Арғынның: Ақсары биі өзі келді. Келіп тартты, ат тұра келді тартқан соң.

- А, балаларым, - дейді - Қартайсам да, өзім тәуір екенмін. «Бөрінің қартайса да, бір қойлық әлі бар» - деген осындайды айтады ғой! – дейді. - Жаным, кім едің? – дейді.

- Қосайдың жолдасымын! – дейді.

- Қосай әкесінің кегін алды ма?

- Кегін алды.

- Ойбай, олай болса, үйге жүр, сусын іш!

Үйге келді. Қосай сусын ішті. Ботакөз сұлу аяқшы болды. Үйінде жатқан сартпен қалжыңдасып ойнар екен қыз. Қосай оны білді. Қосай тұра аттанды:

Қолымдағы қарағай садақ,
Қайыра тартқан бар ма екен?!
Сираңның сары жөн
Тізеден соқпақ салған бар ма екен,

Әкесінің кегін алған бар ма екен?!
Әкеңе бердің толы аяқ,
Шешеңе бердің жарты аяқ.
Маған бердің орта аяқ.

Көңіліңді беріп қойыпсың,
Телегей қара бөрікті
Жатыр екен үйінде.
Қалай ойнасаң да, ерікті,

Бір күнде басыңа тиер тал таяқ!
Сонан соң жұртына кетті. Арғынның: Ақсары бидің балаларыма айтты:

- Ертең менің көшім өтер. Отар малдарына не болмай, қалмаңдар[16]!

Сөйтіп жұрт кетті, келіп қолына келді. Судың арғы жағында қонды. Ертең айдады. Арғынның: Ақсары бидің ауылын бастыра айдады. Сиыр - сиырына қосылып кетті, қойы қойына қосылып кетті. Ақсары бидің алты баласы алты тайга мініп, жайдақ шаңның ішінде қалды. Алтауы айттылар:

- Қосай мырзаға айтыңыз, малымызды белін алайық, тоқтасын!- дейді.

Оған:

- Тоқтамаймын!- дейді.

Қойындай қой бөліп тастады, жылқысындай жылқы бөліп тастады.

- «Ботакөздің қалың малы» - деп білсін. Жаманға мал неге керек: Жаманның алдындағы малы біреудікі. Жақсыға мал неге керек: кімде мал бар болса. ол мал жақсынікі емей, кімдікі? - деді де, жүре берді [17].

Жүріп үйіне келді, қаршыға салды. Ботакөз сұлуға:

- Үй тіксін! – дейді.

Ботакөз сұлуды алып келді. Кешке жаңа тіккен үйге барып жатты. Әбдіренің аузы берік шықты, көңілі жайланды [18]. Белдеуге ат байланды. Аты үйді сындырып бара жатыр.

Ботакөз сұлу айтты:

- Атыңыздың мінезі осылай ма еді?

Қосай айтты:

- Күнде қаз, дуадақ қанжығасында жүруші еді, соны көксеп тұр. Шығып қара, -дейді.

Шығып қараса, жау жеп қабат қоршап алыпты.
Қосай айтты:

- Кейін тұр, атыма мініп шығайын!

Атына мініп шықты, қолдан қарсы келді біреу. Манағы желмаяға мінген кемпірдің баласы екен, Темірбай алып екен. Найзамен шанышты Қосайды, жоғары көтерді.

- Қосайым, қалайсың? – дейді.

- Әлі де болса, бақ талайым сенен найза бойы жоғары үстінде тұрмын ғой, мінеки! -дейді [19].

Солай дегенде, Қосайды жерге тастай берді. Найзаның қарыстай жері ұңғысынан үзіліп, Қосайдың ішіне қалды. Ағашы Темірбай алыптың қолында кетті. Қосай өліп қалды. Темірбай алып онан соң еліне шапты. Қатынын мінгестіріп алайын деп еді, Темірбай алып алдырмады:

- Шешеме қылған жақсылығы бар еді.

Манағы желмаяға мінген кемпірге бір тайпа ел беріп кеткен еді. Соның үшін қатынын ат көтіне салдырмады. Сары атты ұстайын деп еді, ұстатпады. Жанды қараға шалдырмайтұғынын білді, қумады. Қырық кісіні өлтірді, сары ат қашып кетті. Сары ат Қосайға қайтып келді. Қайтып келсе, Ботакөз сұлу өлгелі жатыр екен. Ат айтты:

- Өлме! - дейді. - Мына өлген кісінің өтін алып, Қосайдың мұрнына құй! - дейді.

Өлген кісілердің өтін қатын алды, мұрнына құйды. Қосай:

- Қатты ұйықтап қалыппын-ау! - деп, тұра келді. - Жау қайда кетті? - дейді.

Атына мініп алды. Қатыны айтты:

- Қайтып түс, ұйықта бүгін. Әкең түсіңе кірер, аян берер, бет алды лақпа

(ұлақпа)! - дейді.
Қосай қайтып түсті, ұйықтады. Ер Қосай түсіне әкесі енді. Әкесі айтты:

- Мұнан былай, балам, қатын қойнында жатып,жауға аттана шаппа! - дейді. - Өзің көрген кемпірдің ұлы Темірбай алып - сырты болат, іші - құрыш, - дейді [20]. - Атса мылтық өтпейді, шапса, қылыш өтпейді. «Сені өлтірдім!» - деп кетті. Үйіне бара қатынының койнына жатар, сонда оның мойнына шайтаны үйелейді. Сол шағында қасиеті қашады. Сонда барып, мойнынан шап! Мойнынан шап! - дейді.

Қосай ұйқысынан тұра аттанды. Темірбай алыптың көтінен қуып барды. Түнде жасырынып, андып барып, қатынының қойнында жатқан жерінде мойнынан шапты. Басын алды да, кетіп қалды. Бір таудың ішіне барып, бекініп жатты. Ертең таң атқан соң Темірбай алыптың басын найзаның ұшына шаншып алып, тал түсте шаһарға кірді. Темірбай алыптың басын найзаның ұшында жүргенін көрген соң, жалғыз жан бүлк етіп үйінен шыға алмады. Көзіне көрінгенді қырып, ат - тонын алдына, қыбырлап түсуге жарағаннан дәнеме тастамай алып кайтты. Жеті жүз ұста жидырды, жетпіс арба көмір алдырды, өзі көмірдің ортасына отырды. Ұсталарға көрік бастырды, өзі корғасындай балқыды. Көтінен найзаның сынығы түсіп қалды, жазылып кетті. Өзі малын малданып, жанын жанданып, еліне қарадан хан болып, сондай әділ болып, барша мұратына жетті.

ШОРА БАТЫР

Бұрынғы заманда Қазан деген қалада Тама деген ел тұрақ қылған екен. Сол елдің ішінде үш ағайынды кісі болған. Үлкенінің аты – Кәрібай, ортаншысының, аты - Нәрік, кенжесі - Есім би. Бұл қаланы Есім би билеп тұрыпты. Кәрібайдың баласы Тасен мырза атанып, Есім биге келген мейманды тіке тұрып күтіп алып, сол қалада бірден соңғы кісі атаныпты. Нәрікбайдың малы сан жетпеген есепсіз коп болыпты. Гүлқаныс деген бәйбішесі бар екен, пұшпағы қанамай, ұшы-қиыры (ұшы-ғұйыры) жоқ дүние, шіркін, бар болыпты, бір перзентке зар болыпты. Нәрік байдың жылқысында «Қанатты қара» дейтұғын бір бедеу биесі болыпты да,сол бедеу биеге су тұлпары судан шығып келіп шауып, бір шұбар құлын туыпты. Жерге топ етіп түскен соң, ұшып тұра келіп, зырылдап шаба жөнеліпті. Мұның тұлпар екенін айдай әлем біліп, жұрт аузына ілініп, көзге түсе бастапты. Қазан қаласына келген жан мұны бір айналдырып, көрмей кетпейді екен. Және көрген жанның аузынан суы ағып, мұрнынан боғы ағып, жолынан қалатұғын болыпты. Сонда Қазан қапасында Анасбай деген бір бай зор той бермекші болып, жұртқа сауын айтыпты: «Отыз күн ойыны бар, қырық күн тойы бар», - деп. Ол замандағы байлар жұртқа байлығын көрсетіп, мақтаныш қылу үшін той қылады екен де: «Ас - аттынікі, той - тондынікі», - деп, басқа байлар байлығын жұрт көзіне түсіру үшін, жұрт көрмеген тон киіп, тоғыз ту бие - сойыс үшін, тоғыз саба қымыз - ішу үшін; бір түйеге тоғыз қылып қазына артып, «той шашуы» - деп, солай барады екен. Сонан соң ол тойда бұл байдың күтілуі өзге жаннан бөлек болып, бұл бай: «Қара басы хан болған, // Өз алдына заң болған» - атанады екен. Нәрік бай осы жабдықпен тойға баруға даярланып жатқанда, өзінің баласындай болып жүрген немере інісі Тасен мырза тасыраңдап кіріп келді де, тіке түрегеліп тұрып:

- Нәреке, мына тойға барып, көптің көзіне түсіп, жұрт аузына ілініп, бір атақ алып келейін. Маған Шұбар дөненіңізді тойға мініп баруға берсеңіз! - дейді.

Сонда Нәрік бай айтады:

- Уай, шырағым, Тасенжан-ай, ұлы бар кісі ұлын көріп қуанады, қызы бар кісі қызын көріп қуанады. Ұлы жоқ, қызы жоқ кісі неменесін көріп қуанады? Оған малының еркегі ұлындай, ұрғашысы қызындай көрінеді. «Ағайын - ащы, мал - тұщы». Байлық, шіркін -тұщылық, туысқандық - ащылық емес пе? Маған Шұбардөнен тәтті де, оны сұрап тұрған сен - ащысың. Сен Шұбар дөненді мініп тойға барсаң, Гүлқаныс пен екеуміз бара қалсақ: «Өзімізден туып, бұған мінерлік бала болмағандықтан, мынау мініп жүр-ау!», - деген ой-сана ойға түсіп, ішкеніміз - ірің, жегеніміз - желім болады ғой. Өзге қалаған атынды қалай мінсең, олай мін, бір Шұбарды аузыңа ала көрме, - дегенде,

Тасен:

- Ай, Нәреке-ай, қулығыңа кеттің ғой! Құдайдың да өзіңді қуартып қойғаны осы пейілің ғой! - деп, есікті тарс еткізіп, тұра жөнелді дейді.

Нәрік мұны естіген соң, қалпақтай түсіп, құлап, жерге бауырын төсеп сұлап, қосағымен екеуі әнін қосып жылап, тойға баруды қойды, ту биелерді сойды. Келген жанларға:

- Біздің үйден ақырғы ішіп-жеген ас – суларың - осы. Мен енді бұл жерде - тіршілік қылып, тұра алмаймын. Қыр қыдырамын, су сыдырамын. Әулиеден - әулие тастамай түнеймін, бұл малға ие тілеймін! Құдайдай бір бермесе, бермей қақиып қалатұғын жалғыз емес қой. Әулие, жарықтық, көп қой, бірі болмаса, бірі желеп - жебер. Әулиелер бір бала берер, бермесе, Нәрік пенен Гүлқаныс қаңғырып жүріп өлер! - деген соң, жұрт қимағансып, жыласып - шуласып, біреуі үй деп, біреуі бүй деп, орынды сөз тауып айтарлық бір жан да болмады.

Ет жеп, қымыз ішу үшін жиылғандар гулесіп отыра берді. Сонда Нәрік байдың қырық үйі кедейі, қоңсысы бар екен. Нәрік байдың малын бағып, отын жағып, мұның малының аркасымен не ішейін, не жейін демей, дәнемеден кемдік көрмей, тоқ болып, уайым-қайғы жоқ болысып жүреді екен. Ет жеп, қымыз ішісіп, гулесіп отырғанда, сол қоңсыларына айтты.

- Бұл дәулет бітуі маған бітсе де, ішіп-жеуі, мініп - түсуі қызығын сендер көруші едіңдер. Мен сендердің мінген –түскен, ішкен - жегендеріңді қызғанбаушы едім. Міне, мен көшемін, басқа жаққа ауамын. Маған бола сендер әуре болмаңдар. Бұрынғылар айтыпты: «Айрылма үйіріңнен. Айрылсаң үйіріңнен, екі қолын кетпес бүйіріңнен», -депті. Жат жерге, бөтен елге барып, оңсақ жақсы, кісі қатарында болсақ жақсы. «Бұралқының пұлы жоқ, бұзылған шаһардың сыны жоқ», - дегендей, жат жұртта көзге түртті бола қалсақ, Құдай басқа салған мен көрейін. «Өз қорлықтан - жат қорлық, // Жат қорлықтан - сарт қорлық!» - деп, тасырлап келген Тасен сөзін естіп отырғаннан да, басқа бөтен жаттың қорлығын корейін! - дейді.

Сонда қоңсылары шын жүрекпен сөйлеп:

- Сен өлген жерде өлеміз, қалған жеріңде қаламыз! - дескен соң, Нәрік бай қырық үй Тама болып, көшіп жөнелді.

Інісі Есім би үйде жоқ екен, қалмаққа жорыққа кеткен екен. Ол барған жолынан аман-есен келген соң, соңынан қуып келіп жетіп, осынша: «Қайтыңыз!» - десе де:

- Мен енді бет алған жолымнан қайтпаймын! - деп, кайтпады.

Есім би жылап - жылап қайтып кетті. Бұл қырық үйлі Тама сол көшкен бетімен үш-төрт ай көшумен күн өткізіп, бір Аққала деген шаһардың маңына барды. Ол Аққаланың маңында он сан Ноғайлы бар екен, Айрақты елі бар екен, мың үйлі жасыл Түрікпен бар екен. Сол түрікпеннің Қарахан деген ханы болады екен де, Әліби дейтұғын биі болады екен. Бұл Әліби отыншының орағын, сушының шелегін алады екен. Жұртты хан билемейді, Әліби билейді екен. Түрікпен - балықшы екен де, Ноғай - егінші екен. Балықшы түрікпеннің, егінші Ноғайдың өрістеп жайылар малы жоқ. Айналасы қорық, жанды қара баспаған, соны шөп, тұнық су жер болған соң, Нәрік бай үй тігіп, желісін қағып, биесін байлап, басы айналып (айланып), көңілі жайланып отырып алды. Біреумен біреудің жұмысы жоқ: «ішкен - мас, жеген - ток». «Мың қара бас саулықты бір қозы емер, сонда - дағы тоймайды паруардігер», - дегендей - ақ, жалғыз-ақ Әліби екен. Қарайғанды қармап, жанындағысын жалмап жүретін қу екен. Нәрік байдың байлығына аузынан суы ағып, көргенше асығып, қырық нөкерді қасына ертіп алып, сау етіп келіп қалғанын бір-ақ білді дейді. Нәрік бай мойын сұнды, қолын қусырды, жылқы асауын шатырлатып сойды, саба - саба қымызды қойды. Бұл қырық кісі түгіл, барлық Ноғайлы, Айрақты, жасыл Түрікпен тайлы-таяғына шейін қалмай келсе, қымыз ішілмеген бойымен, ет желінбеген бойымен қалатұғын болды. Әліби сөз бастады:

- А, бай, қонысың жайлы болсын! «Бай қонысы бағулы» - деген осы ғой. Енді сенің малыңа, жаныңа ешкімнің сұғы жоқ. Жалғыз-ақ Қарахан деген ханымыз бар. Ол ханның өзіне қоныстас болған елден малын шұбыртып, санап зекет алатын салығы бар: «Зекеті жоқ мал - арам!» - дейді. «Зекетін берген соң, ішіп-жеуге адал болады», - деген әуел - ақырдан айтылып келе жатқан мұсылманшылықтың мұсылмандық қалыбы бар, -дейді.

Нәрік бай:

- Жақсы айтасың, шырағым. «Қонысың жайлы болсын!» - деген сөзіңе жауап: -«Жайы - саған, жайлауы - маған болсын», - дейді. - Екінші, зекет деген сөзіңе жауап: Біздің қазақта мақал бар: «Көзбен көрген – анық, құлақпен естіген - танық. Өтірік пен шынның арасы бір – ақ тұтам жер», - дейді. Ол сөзінің мәнісі: «Көзің көргенге - нан, құлағың естігенге нанба», - дейді. Міне, сенің мың үйлі жасыл Түрікпеннің бас кісісі Әліби екендігіңді көріп отырмыз. Дауылпаздай даңқың, тұлпардай дүбірің жер жарушы еді: «Тапса, танасын жейді, таппаса, бас салып бақыртып баласын жейді», - деп. Сенің сол аты шулы Әліби екеніңе нанып отырмыз. Сол үшін «Керсен алдыңда, көздік қолыңда»,- деп, Еділ, Жайық екі судың күрілдеп, тасығанындай тасып, аузы бардың жейтұғын асын көлдей құйып, қырмандай үйіп алдыңа салып отырмыз. Қырық күн жатсаң, сақтаймын, бірің қайт деп айтпаймын. Осы дәулеттің аркасында Аққаланың бар жанын жиып келсең де, қалай тамақ таппаймын?! Әуел ақырдан жұрт асқан дәулетті бай болмақ та, оның дәулеті көпке ортақ болмақ. Міне, қасымда қырық үй кедей ішіп - жеп, кенеліп, оның үстіне өзіңдей неше кедей қаңғырып келсе: «Ас та төк, шаш та төк» - қыламын да отырамын. Біз сенің айтқаныңа көніп, айдауыңа жүріп, бөгелекке басын изеген жылқыдай, басын изей беретұғын, су жағалап, балық алғаннан басқаны көрмеген сенің Түрікпенің деймісің?! Жер тырнап, шөп жұлғаннан басқаны білмейтұғын толағай (долағай) бас Ноғайың деймісің?! Жайылуы малдай, жусауы аңдай болып, бетімен жайылып, бетімен өскен, көңіліне жақпаған жерден бір күн отырып қалмай тұра көшкен казак деген халық боламыз. Ата-бабамыздан қалған әдет-ғұрыпты (әдет - ұрыпты) ұстап, солардан қалған сөзге қатықтай қатып, сүттей ұйып қаламыз. Бұрынғылар айтады екен: «Сусыз шөлдің шөбі арам, // Еңбексіз ердің дәмі арам, // Перзентсіз ердің малы арам», - дейді екен. Сенің ол айтқан сөзің ер жеткен ұлы бар, бойжеткен қызы бар, балалы-шағалы, перзентті кісі зекет берсін деген сөз ғой. Менікі - арам мал. Қанша адалдаймын дегенмен, адал бола ала ма? Мейлің өзің бер, бермесең, Қараханың берсін, берсін! Мейлің мына жақта біреу бар деп отырсың ғой, соның берсін, берсін! Сонан соң зекет дегеніңді қалай қылып алсаң, солай ал! Мен бір иесіз арам малды бағып жүрген жанмын. Әуелі өздерің бұл малға ие тауып, бұл малды адал қылыңдар да, сонан соң зекетін ала беріңдер! Менің айтқанымды сендер қыла алмасаңдар, сендердің айтқандарыңды мен де қыла алмаймын! - деген соң:

- «Сөз тапқанға қолқа жоқ» - деген осы екен-ау! - деп, - Енді бұған не айтамыз?! -деп, Әліби дағдарды, дәнеме дей алмайды, үйіне кайтты.

Қырық үйлі Таманың ауылы жасыл Түрікпенмен ауылдас болды, бауырлас болды. Қырық үйлі Тамадан қырық бала шығады, мың үйлі жасыл Түрікпеннен мың бала шығады. Асық ойнайды. Сонда мың бала қырық баланың асығын ұтып алып тірідей көрін қылып, танауларын жырып, тырнадай бақыртып жұлып, білгенін қылады екен. Әліби Нәрік байдың отқа, суға қызыққанын білді, ешқайда кете алмайтынына көзі жетті. Қарахан деген ханының Темірхан деген әкесі болған екен. Оны Әліби у беріп өлтіріп, орнына Қарахан деген баласын хан көтеріп, бала әкесіне дұшпандық қылғанын ішінен біліп тынып, сыртқа шығарар қайраты жоқ - жүре берген екен де, Қаратиын дегенді жіберіп: «Хан сой деп жатыр, хан бүй деп жатыр», - деп, бүл Әліби де халықты қанап, құтырған иттей жан - жағындағысын талап жүре берген екен. Әліби Нәрік байға елші салды: «Нәрік бай бұл жердің оты-суы малыма қоныс десе, Шұбар атын маған берсін. Шұбар атын бермесе, екеуміздің ат құйрығын кесіскен жеріміз осы болсын. «Ысқырып атқан киіктің обалы жоқ», - деген. Бар, осы сөзді айтып кел!» - деп. Әлібидің елшісі келіп, бұлайша айтқан соң:

- Япырым-ау, «Ал», «Бер» - деген екі ағайынды еді. «Ал» бұрын жүріп, «Бер»-соңынан жүруші еді. Алдында «Ал» жоқ, ағасынан адасып жүрген «Берге» мен беруді біле алмай турмын, - деп, қайырып, қоя берді дейді.

- Бұл Шұбар атты сұратқаны: «Баласы жоқ, қу бас, мұнысын кімі мінеді?» - дегені ғой! - деп, жылап:

- А, долданып Құдай,бұл малға ие бер! Бермесең, мені ал! - деп, түйеден бұра, жылқыдан айғыр, сиырдан бұқа, қойдан қошқар, ешкіден теке айтып, - бәрін сойып, қырық үйлі Таманың бір жанын қалдырмай түгел жиып:

- Үлкенің - аға, жасы кішің-іні, қатын-қалаш, келін-кепшік, ұлан - ұсақ. - Нәрік пенен Гүлқанысты көргендеріңнің ақыр – тақыры - осы! Бұрынғылар айтқан екен: «Құдайдан жәрдем болсын десең, жалғыздықты ықтияр қыл». - деген екен. Міне, біз жолдас та алмаймыз. Ат, тон да алмаймыз. «Әулиеге - шырақ, қожаға - тамақ», - деп еді. Көрінген әулие болса, басына мал сойып, шырақ жағып, түнеуге бір мың қойды алдымызға сала жүріп, қалған сендердің амандық - есендіктеріңді бүйрегіміздің бір жағына ала жүріп, көктің астында, жердің үстінде болған әулиеден әулие тастамай қыдырамыз. Әулие жарса жүректі, берер болса тілекті, қайтамыз. Болмаса, бізде қайту жоқ: өлген жерде өлеміз, қалған жерде қаламыз! - деп, жүре берді де, жыласып, шуласып қалғандар қала берді.

Бұл Нәрік пенен Гүлқаныс жер - суды да білмейді, жол жайын, ел жайын білмейді. Ыңғайы күннің батысына қарай бет қойып, бармаған тауы, баспаған жері болмаса керек. Қайда әулие бар десе, бір қой сойып, түнейді. Іздеп жүргені - түсінде бір аян. Оған да барды, бұған да барды. Далада қалқайған, қарайған тас көрінсе, тастамайды, ағаш көрінсе, тастамайды. Айлардан ай өтті, жылдардан жыл өтті. Маңдайларынан күн етті, табандарынан сыз өтті. Ес кетті, жан шықты. Өздері әбден түңілерлік болған кезінде, ат жүрсе, тұяғы күйетін, құс ұшса, қанаты күйетұғын құдайдың қу медиен, құба жонында алты қой бағып жүрген бір шалға оқтай ұшырап, кез болысып, жөн-жобасын айтқан соң, шал айтты:

- Ой, мүсәпірлер - ай, ойсыз, санасыз жалған дүниенің жарқ-жұрқ еткен жалған отына алдантып, өмірлеріңді бос өткізіп, ер ортаны болғанда, пайғамбар жасқа толғанда, жігіттік дәурен өткенде, кәрілік күні жеткенде, от ауызды, орақ тілділердің тікенектей қадалған тілінен долданып, үйде отыра алмай, шығып кеткен сорлы екенсіңдер! Жүруін жүрсеңдер де, қайда баруларыңды білмей, адасып, қаңғып жүр екенсіңдер. Ұшпас тауық, көшпес кентте жатқан жұрт сауда қылады, егін салады. Сол екі кәсіпке жарамаған жамандар, жатып ішер жалқаулары оқу оқиды. Асы жоқтықтан, оразашыл болады, іс жұмысы жоқтықтан намазшыл болады. Сонан соң сондай жандары ажал жетіп өле қалса, «Жоғалған пышақтың сабы алтын», - деп, әспеттеп, басына үй тұрғызып, бір сиырдың құйрығын байлап, әлеміштейді де, дәнемеге жарамаған жаман жалқаулар басын күзетіп, оны әулие деп ат қойып, айдар тағады. Құдай жаратуында әулие қылып жаратпаса,онымен ол әулие бола ала ма? Сендердің әулие деп түнеп жүргеніңнің көбі - сол. Өзің қазақ болсаң, ата – бабаң - Қазақбайдың сөзін естіген жоқ па едің: «Әулие жақынын қолтықтайды, алыстың «әлхамынан» жақынның «құлһуалласы!» - деп. Түбі тегі қазақтың өзінен шыққан Қаратаудың бауырында «Бабайтүкті Шашты Әзиз» - деген әулие бар. Онда күмбез де жоқ, сырлаған, қырлаған там да жоқ, басында желпілдеген сиырдың құйрығы да жоқ, жерменен жер болып қалған. Қолдан кісі орнатқан ағаш емес, Құдай шығарған басында бір ағаш бар. Түбінде бір жылы бұлақ бар, ақ шеңгел бар. Сол ақ шеңгел - Бабайтүкті Шашты Әзиз көмілген жер. Соған бар да, түне. Ауызың барғанша сұра, ол берсе, берген сықылды қылып береді, - деген соң, қуанып кетті:

- Ой, жаным-ай,өзің қыдырмысың? Бізді қуанттың. Алты қойды да мал бағып деп бағып жүрсің ғой, мына қойдан алты жүз қой ал да, бізді бастап алып жүр! - дейді.

- Жоқ, байғұстар, менің осы айтқанымның өзі де сендерге бала берген емес пе? Бар, жүре бер! «Жортқанда, жолың болсын, жолдасың қыдыр болсын!» - деп, батасын беріп, қала берді де, бұлар жүре берді.

Қыр қыдырды, су сыдырды, тау асты, тас басты, қол терледі, сойылды, табандары ойылды. «Іздеген миқан ағашын табады», - деген бар емес пе?! Жалықпай, қажымай жүре берген соң, Қаратауды тапты, онан келіп бауырымдағы жалғыз ағаш пен бұлақты тапты. Ақ шеңгелді тапты. Нәрік бай көріп түңілді:

- Ай, бәйбіше - ай, біздің жүрмеген жеріміз, көрмеген еріміз қалды ма? Соның бәрінен дәнеме болмағанда, төртті - бесті шеңгел бір нәресте береді деп ойлап, ой бөлуге де тұрмайды! - депті.

Гүлқаныс айтты:

- А, бай, үйден айдап шыққан мың қойдан:ұры алған жоқ, бөрі жеген жоқ, бәрін әулиелерге арнап сойдық. Міне, бұл күнде жалғыз-ақ тоқты қалды. Көптен жарылқай ма, аздан жарылқай ма, осы қойдың таусылуына қарап жүрген шығар. Баяғы шал бекер шал емес шығар. Кел, жалғыз тоқтыны сояйық, өзіміз жеп тояйық. Бір түн басына түнейік, ұйқымызды бөлейік! Бабай түкті Шашты Әзизден шын ықыласпен тілейік! Бабайтүкті Шашты Әзиз, сенбесем, маған серт, қолдамасаң, саған серт! Сарт болсаң, садағам кет! - деп, Гүлқаныс ұйықтамай отырды.

Нәрік бай:

- Сен алсаң, маған да қарасарсың, - деп, - Мен ұйқымнан қалмайын, - деп, жатып қалды.

Таң сары белгі беріп, анау-мынау көрінерлік болған кезде, ала есегі қайқалап, ала қоржын арқалап, шар кітабы қойнында, гүлбары қабақ мойнында, аса таяқ қолында, жүрген актын жолында бірақ шалмалы келіп:

- Уай, байғұс, мұңды – зарлылар-ай, Құдайдың құлағын шулаттыңдар ғой. Үн -зарларың құдайдың құлағына барды. Құдай мені жұмсады. Көтер басыңды, жай қолыңды. Мыңды аламысың, мыңға балап бірді аламысың? Қалағаныңды, ойыңа алғаныңды айт! - дейді.

Гүлқаныс ұшып түрегеліп, қолын жайып:

- Көзім қызарып, жырбиып, аузымның еті қашып, ырбиып, мұрыным қырдай болып зорайып, иегім бір жапырақ ет жоқ болып сорайып қалғанда, ешкідей егіз, иттей сегіз күшіктегенде, маған не түседі? Оттың басын боқ қылып, қырға шығар ішінде бір оңдысын жоқ қылып, мен не етейін көбіңді, құлан көде шөбіңді?! Берсең, маған қалап бер, басын мыңға балап бер, өмір жасың ұзақ қып, әр жасын мыңға санап бер! -дегенде:

- Ал, мүсәпірлер, көз - жасыңды құдай иді, тілегеніңді құдай берді. Қалағаның ұл болса, ойлағаның сол болса, атса, мылтық өтпесін, шапса, қылыш өтпесін. Отқа салса, күймесін, суға салса, батпасын! Бір құдайдан басқадан, сірә да, бұйрық жетпесін. Атын Шора қой! - деп, жөнеле береді.

Гүлқаныс қуанғаннан, жүрегі жарылуға аз-ақ қалды. Бойын тоқтата алмай, ұшып тұра келіп жонға шығып кетті. Нәрік бай ұйықтап қалды. Бір уақытта таң атын, күн шыққан соң, оянып, тұра келсе, түнде қасында бірге жатқан Гүлқанысы жоқ.

- Ойбай, Құдай-ай,бала сұрап аламын! - деп жүргенде, қасымдағы қатынымнан айрылып қалдым-ау! Мен балаға зәру болсам, әулие қатынға зәру екен ғой! Әулие, әулие пайдаңнан безейін, қатынымды берші!

Айғай салды. Олай бақырды, бұлай бақырды:

- Гүлқаныс! Гүлқаныс! - деп шақырды. Дыбыс шықпады. Отырғанмен, Гүлқаныс табылатын көрінбеді. Тұра келді. Төбе - төбеге қарай жүгірді. Анна қырға шықты, мына қырға шықты.

Гүлқаныс та бойын токтатып, есін жиып: «Әлгі байғұс оянса, мені қайда кетті деп, іздеймін деп, бір жаққа лағып (ұлағып) шығып кетер - ау!»- деп отыр екен. Екеуі бірін-бірі көрісіп, ыржақ қағып, күлісіп, құшақтасып, сүйісіп, Гүлқаныс көрген түсін, әулиенің аян бергенін айтып, қуанысып отырды. Сөйтіп отырғанда, бір бұлақ шалшық суға қоңыр қаз бен аққу лек-лек келіп қонып, судың беті, жүзі аққу мен қазға толып кетті. Ілездің арасында бір бидайық келіп, желкелерін қиып, бірін тірі жібермей, қырып тастады.

- А, құдай, «Өлмегенге өлі балық» - деген - осы екен-ау! - деп, қаз бен қуларды бауыздап жиып ала берді.

Және өздері ырым қылды: «Бізге құдай бала берсе, берген баласын осы бидайықтай қылып береді екен!» - деп. Шақпақтарын шағып, тезек қалап от жағып, құмыршаларын асып, қуаныштары қойнына сыймай тасып, қаз бен қудың етінен жеп, тойып, еріндері жібіп, тамыр - тамырлары елеуреп, дүрдиіп кеп, қыз-жігіт күндеріндегі қайрат -қуаттары бойларына әбден еніп, күйлеріне келіп, бірінен - бірі сұрасып, құшақтасып жатып, мерекеге батысып қалды. Ерлі-байлы болғалы екеуінің бір-бірінен көрген тәттілігі болды. Әулиенің аян бергеніне сенді:

- Бала деген неме, // Еріксіз туады енді, // Әулие жарды жүректі, // Құдай берді тілекті. // Кел, табалық енді елді!- десіп, алты жыл өтіп, жетінші жылға аяқ басылғанда «қағанағы қарық, сағанағы сарық» - болып, қырық үйлі Таманың ортасына келді. Қалған қырық үйлі Тама да айы, күні туып, құтпан, құт болған байлары ортасына аман-есен келгендігіне қуанып:

- Уа, жасаған - ай, ішкен - жегеніміз жана бойымызға тарады ғой! - деп, мәз - мейрам болысты.

Мал бұрынғысынан асып, тасып, далиып кетіпті. Басқа бөтеннің ұстап жеуі түгілі, атып жеуіне келмей, жылқыда айғырлары, түйеде буралары, сиырда бұқалары, қойда қошқар - текелері жанды қараны - ішін аралатпайтын болып, қастық ойлап келген ұрыны, бөріні жайратып тастайтын болып, анадайдан аулақ қашып жүретұғын болыпты. Гүлқаныс бәйбіше ағы ақ, қызылы қызыл, - ажары еніп дүріне кіріп, ақ мамықтай үлпілдеп, жас тайлақтай елпілдеп: «Ақ мамық бота форым!» - деп, ауызға ілініп, қозы бұты, қой саныға өзі бала берерлік әулие болыпты. Гүлқаныс бәйбіше жеріді. Жерігенде, арыстан етіне жеріді. Нәрік бай қақпаншы шалдарға, саятшы мергендерге:

- Арыстан етін ап келгенге қыздың қалың малын беремін! - деп жар шақыртыпты.

Нәріктің өзінің бір қойшысы бар екен. Далада қой бағып жүргенде, таяғын жерге қадап қойып, таспен көздеп ойнап, машық қылып, көздемпаз болған екен. О да айтып жүреді дейді:

- Ай, бәлем, арыстан маған көрінші, таспен қақ шекесінен көздеп жайын табамын да, әлі оның етін бәйбішеге мен ап келемін! - деп.

Естігендер келемеж қылып күліседі екен:

- «Өлген қыздан дәметкен өмір тентек» - деген осы - ау! - деп.

Бір күн[і] қойшы мүсәпір таяғымен ойнап жүрсе, бір қалың қамыстан қойлар үрікті. «Шөптің басы желмен қимылдаса, үркетұғын, шіркін, бұл не көрді?» - деп, қараса, бір арыстан түр екен. Қойлар сонан үріккен екен. Бұл қойшы от басында отырғанда, қонған қонақтың әңгімесіне құлақ салып тыңдап отырады екен. Сондай әңгімеші шалдардан естіген екен: «Арыстан - деген аңның патшасы. Оған кез болып қалғанда: «Аяғыңа -бас, тақсыр!» - деп, аяғына бас ұрып, өзін мақтаса, мақтау сүйеді», - дегенді. Қойшы көре сала, қол қусырып, аяғына бас ұрып:

- Уай, тақсыр - ай, құдай маған сені де көрсетеді екен. Сені көргенде, құдайдың өзін көргендей қуандым - ау! Жүрсем, тұрсам, ойымнан тастамай, ұйықтап кетсем, түсімнен шықпай жүруші едің. «Ай, маған ондай ұлық патша қайдан көрінеді?! Егер де көре қалсам: «Аспандағы айды алып бер!» - десем, көз ашып, жұмғаннан оңай алып берер еді-ау!» - деуші едім, - дегенде, арыстан мақтағанға мазаттанып, есі шығып, елеріп: «Айды алып беремін!» - деп, аспанға шапшығанда, жерге сылқ ете түсіп, артқы екі аяғы бірден қирап қалыпты. Қойшы қасына келіп:

- Ой, есі жоқ есалаң сорлы-ай, аспандағы айға шабамын деп, аяғыңнан айрылдың -ау! «Әлін білмеген әлек» - деген осы екен-ау! «Құдай ұрғанды қоса ұрмаса, құдайдың жандай досы болмайды», - деп еді. Енді саған сыбаға мынау! - деп, қара келтек жуан таяғымен арыстанды басқа - көзге төпелеп, мылжалап өлтіріп, жонынан таспадай тіліп, бәйбішеге ап келіп берген соң, Гүлқаныс отқа салып пісіріп жеп, жерігі қанып, ай-жай болып, көңілі тынды дейді. Бұл кемпір буаз болып, қарыны қампайды, іші шампайды, аяқ басуы талтайды. Айы, күні толып, табар мезгілі болып, жіп құрдырып, жиырма күн толғатып, ес кетті, жан шықты дегенде, бір ұл перзентті зорға тауып, күмістен түбек, алтыннан шүмек жасатып: «Қарагестің жүні қатты болады» - деп, балагестің терісінен жөргек істетіп, төбел бие сойды: төменгі елді шақырды. Жорға бие сойды: жоғарғы елді шақырды. Ала бие сойды: аймақ елді жиды. «Отыз күн ойыны бар, қырық күн тойы бар!» - деп, шілдеханасына солай сауын айтты дейді. Мың үйлі жасыл Түрікпеннің Қарахан деген ханы, Әліби деген биі:

- Қырық үйлі Тама еді қалаған шұбар атты бізге бермеді. Байлық көрсетіп, той қылып жатыр. Біздің Түрікпеннен жалғыз жан бұл тойына бармайық. Сабасы ішусіз қалсын, еті жеусіз қалсын, кімге берерін білмей дағдарсын! - деп, шақырған тойына бірде-бірі бармапты, дүние берсе, алмапты.

Шора бес жасқа жетті дейді. Қырық баламен бірге асық ойнауға шықты дейді:

- Ай, ағалар, ағалар, ана топқа баралық, асық саудасын салалық! - депті.

Онда Таманың балалары шулап қоя беріпті:

- Қарағым, олар коп те, біз аз. «Борай, борай қар жауса, // Боранына келтірер, // Аз кісіні көп кісі, // Орамына келтірер», - деген бар емес пе? Біз оларға бармайық, бір пәлеге қалмайық. Тірідей көрімізді қылады, тырнадай түтіп, жұлады. Асықтан жеке доп салады. Шымбайымызға батырған, таңдайымызға татырған. Барсақ, өлгеннен басқамыз жоқ! - дейді.

- Жүр, ағалар, ағалар, // Алдыңда жүріп өлейін, // Өз көзіммен (көзімнен) корейін! // Көптік қылып шуласса, // Жан жазасын берейін! Сендер барып ойынды сала беріңдер. Мен жылқыға барып, Шұбар атты мінейін. Көп кідірмей келейін, - деп, жүгенді қолына алып, тоқымды қолтығына қыстырып, Шора жылқыға жөнеле берді.

Бұл Шұбар атты бұрын мінбеймін деп ойлаған ешкім болмаған. Бірде - біріне ұстатпайтын, жанды қараға шалдырмайтұғын және қуғанды қайырылып келіп, не тістеп, не теуіп жараламай, сау қалдырмайтұғын, сөйтіп талайды түңілткен жануар Шораны көрген соң:

- Айналайын, ием, жаңа келді ғой! - деп, басын шұлғып. - Қылша мойыным мұнша, -деп, алдына оқыранып келіп, тұра қалғанда, Шора жүгендеп алып, арқасына тоқым салып, мініп алып, жайдақ жалаңдатып жетіп келсе, Әлібидің жалғыз баласы басшы болып, мың бала қырық балаға білгенін қылып, тырнадай түтіп, жұлып, атпас таңды, шықпас күнді бастарына орнатып жатыр екен. Сонда Шора айтады:

- Доңғалақ арба жүрместей,

Қарлы ма еді жеріңіз?
Азды түтіп жегендей,
Бассыз ба еді еліңіз?
Іздегенің ұрыспенен

Төбелес болса,
Кәні, маған келіңіз!-
дегенде, мың баланың ішінде бір таз бала бар екен. Ол айтты:

- Қырғауыл жүнді қызыл таз,

Төбе шашы ұзын таз,
Атып таста жалғызды,
Қағып таста жалғызды,
Қырып таста жалғызды,

Жойып таста жалғызды! – деп, дүрсе қоя бергенде, ұзыны мен көлденеңін бірдей көреді, мың бапаның бәрін қиратып қырады.

- Алла жығып берді ме, адам жығып берді ме?! - деп, қырық бала мың балаға білгенін әбден қылады.

Қырғауыл жүнді қызыл таздың, төбе шашы ұзын таздың айдарын жұлып алады, мылтығын тартып алады. Қызыл ала қан қылып, көргендерге таң қылып, аунатып тұрып сабады, қойдай иіріп қамады.

- Не көрсең, еліңе айтып бар! - деп, баяғыдан бергі қырық баланың өшін, кегін алады.

Қырғауыл жүнді қызыл таз,тебе шашы ұзын таз Қарахан деген ханының , Әліби деген биінің алдына жылап барады:

- Анада Шора ер екен.

Ерлігінің белгісі -
Осы топтан қара да бойы зор екен.
Анада Шора ер жетсе,
Ат аркасына бір мінсе,

Ом ойыңа (үйіңе) астырар;
Қылды, бақыр, мосыны,
Атқа да артар қосыны.
Мың баланы жайратты,

Кірерге көрін сайлатты.
Тірі болып сау қалған -
Мың баладан бірі жоқ.
Менен басқа тірі жоқ.

Балаларды қылғандай,
Қылмайды бізге демеңіз,
Ондай боқты жемеңіз.
Қарахандай хан нем,

Әлібидей би нем,
Сендерге де қылады - осыны! - деп, боздап, еңіреп қоя берді.
Әліби деген би екен: қақырғаны қақсыды, түкіргені түксіді:

- Қырық үйлі Таманы қырып тастамасқа немене, жойып тастамасқа немене? Жүр, атқа мінейік, жүр! - деп, тұра жөнелді.

Қарахан деген ханы айтты:

- Ол бала бір біз емес, бұ заманның асқан - тасқанының түп тамырын құртуға, арамтамақ пен шошқадай болып семірген қатын, қызын шулатып, ұлытуға туған бала. Үйде отырып: «От ішінде мақта, // Мақтадан құдай сақта!» - дегеннен басқа оған қылар қайрат, қуат бізде жоқ. Нәрік меніменен дос еді. Әліби үйінде отыра алмас. Бұғанасы қатпаған, буыны бекімеген, ұрыс, төбелес әдісін үйренбеген жас бала ғой. Нәрік бай көшсін, аусын, елін тапсын. Жұртына қырық қашырға артып қазына тастап кетсін. Оны мың баланың кұны деп білсін. Оның ішінде менен бала жоқ. Және Әлібиге: «Тоқта, қой!» - деуге менде шара жоқ. Бірақ «Әліби жайрапты», - дегенді құлағым естісе, қатыным ұл тапқаннан артық қуанар едім. Осы сөзді айтып кел! - деп, жасырын кісі жіберіпті.

Бұл хабар барған соң, Тамалар үркіп, көше бастады. Нәріктің малына, жанына қарайлауға мұрша қайда, әркім өзі өлмегенін тәуір көреді:

- Енді мың үй жасыл Түрікпен бізге білгенін қылады, тырнадай түтіп жұлады! - деп.

Шора мың баланы жайратып, тып-типыл қылып барып, ұйықтап қалған екен. Бір ұйықтаса, жиырма күнсіз оянбайды екен. Оята алмай жаман састы. Сонда қырық бала айтты:

- Қырық қашыр қазына мен бізді тастап көше беріңдер. Шора өлген жерде өлеміз, қалған жерде қаламыз! - деген соң, Тамалар жылап, еңіреп, көше жөнелді де, қырық бала Шораны күзетіп қала берді.

Мың үйлі жасыл Түрікпен балаларын көміп, біріне бірі бата - сата қылысып, у-шу болысып, көз жастарын тыя алмай, етек-жеңін жия алмай жүргенде, жиырма күн толып, Шора батыр да оянды. Басын көтеріп қараса, ел-жұрт жоқ, тып - типыл, қырық қашыр қазына мен Шұбар ат басында, қырық бала қасында.

- Бұл немене? - дейді.

Қырық бала мән-жайын айтты:

- Мың үйлі жасыл Түрікпен көтеріле аттанып: «Қырық үйлі Таманы талап аламыз!» -дегендерін естіп, «кеп қорқытады, терең батырады» - деген бар емес пе? Ел үркіп, малдан, жаннан безіп, жонға шығып кетті, - десті.

- Біз қимай, қасында қалдық, - деген соң:

- Ай, олай болса,

Маған бола сендер өлмеңдер!
Аманында ел табындар!
Қырық қашыр қазынамен,
Арқанда тұрған Шұбармен

Жалғыз өзім қалайын.
Көтерсе құдай талайым,
Түрікпеннің басына
Заман ақыр салайын!

Жалғызға жалғыз болысар.
Сендер тастап кеткен соң,
Үркер мен айдай бас қосып,
Ауыл үй боп қонысар.

Мені іздеуші болмаңдар.
Бүрісіп босқа тоңбаңдар.
Өзім жетіп дін есен,
Соңдарыңнан барайын! –

деп, бәрін қоя беріп, жалғыз өзі қала берді.

Қырық қашыр қазынаны далаға үйді. Қырық қашырды Шұбар атқа мініп, жалғыз өзі бағып тұрды. Әліби анадайдан Шораның қарасын көрді:

- Қата қалғыр, қабысқыр! Жүресінен жатып, қан құсқыр! «Қара болса, қазынаға шабар, хан болса, маған шабар» - деп тұрғанын қарашы! - дейді.

Сонда Шора айтты:

- Қазынаны алсаңшы,

Алып ханға барсаңшы!
Қалағаның Шұбар ат болса,
Оны өзін күшіңді асырып, алсаңшы! - дейді.
Онда Әліби айтты:

- Қазынаны ала білмен,

Алып ханға бара білмен.
Хан тілегі бұл емес,
Алып пәлеге қала білмен! - дейді.
Шора тұрып айтты:

- Қазынаны алыңыз,

Алып ханға барыңыз.
Алмасаң және өзің біл.
Кеше көрген қарындас,
Бір күн тағы керек болар.

Өзіңе олжа - жаныңыз.
Төгілмесін қаныңыз! - дейді.

Әлібидің қақырғаны қақсиды, түкіргені түксиді. Ителгі кұстай етпеттеп, балаға қарай шұқшиды. Сонда Шора қаршыға кұстай талпынып, ашуы кеудесіне сыймай алқынып, айқаса кеткен жерде, Әлібиді тақымына қыстырып, бір төбенің басына апарып тастай берді. Әліби аттан жығылған соң, қалған қырқы сасады, өткелсіз суға қарай қашады. Ебедей мойнын созады, жер басқаннан озады. Қырығын қырық жерде домалатып, бықпырт қылып тастайды. «Басы ойын еді, аяғы шын болды-ау», - деп, осындайды айтқан екен. «Ойын түбі - шын болар, осырық түбі - боқ болар», - деген мақал - өтірігі бар ма?! Қырық қашыр мен қырық атты айдай - майдай үріккен елінің соңынан барады. Елі: «Жасыл Түрікпеннің ауыр қосыны келіп қалған екен!» - деп, мал-жанын тастай қашады. Атты, қашырды, - бәрін тастай беріп, жалғыз өзі барып, үріккен, босқан елін тоқтатты. Ел орнығып қонды, үйлерін тікті. Шора жатып ұйықтайын деп еді, шешесі:

- Жатпа, балам! Сен бір ұйықтап қалсаң, жиырма күнсіз оянбайсың. Мың үйлі жасыл Түрікпен артымыздан келіп қалса, сені өлтіреді, елімізді жебір-жесір қылып шабады. Қазан деген жерің бар, Тама деген елің бар. Бізден өзің аман кетсең, басың аман күнінде туған-туысқан еліңе жетсең, сен тірі аман тұрғанда, Түрікпен келгенмен, біздің бір бүлдіргемізге тие алмайды, - деген соң, «Елің бар, жұртың бар» - деген сөзді естіп, қуанып, ұшып тұра келіп, Шұбар атқа мініп, жөнеле берді дейді.

Сонда Шораның жүріп бара жатқанда айтқаны:

- Түрікпеннің төрінде,

Шамбылдың асқар белінде
Шыға жайлап, шет қонған;
Дұшпанға қарсы бет қонған;
Қырық үйлі Тама ішінде

Кірсіз киім кимеген;
Аллаға тілі тимеген,
Күндік жерге жүрмеген;
Өз үйінен басқа үйге

Басын сұғып кірмеген;
Қара басы хан болған,
Өз алдына заң болған,
Нәріктің ұлы Шорамын!

Мен Қазанға барамын.
Мен Қазанға барғанша,
Күн жаумасын, қар жаусын,
Қар жаумаса, мұз жаусын,

Мұз жаумаса, қан жаусын,
Ат басын неге бұрамын?!

Сонда Шора келе жатса, Тасбұлақтың басында Тасыр мерген жатыр екен, Әлібидің інісі екен.Өзі мергендігі сондай екен: ұша жөнелген бір топ құстан алты кұс атып қалады екен. Әлібиді жайратып кетті дегенді естіп, Шораның атысарға оғы жоқ, шабысарға қылышы жоқ, жолын тосып, жасырынып жатып, Шораны көздеп атып, жалғызынан жайратып, зығырданын қайнатып келейін деп жатыр екен. Тасыр мерген күндік жерден көреді екен, түстік жерден естиді екен. Шора күндік жерден естіп, бір жетілік жерден болжайды екен. Тасыр мергенді көре сала Шора батыр атына сөйледі:

- Айналайын, Шұбар ат,

Тамағында қалың бар,
Өкпе-бауыр, жалың бар.
Заты хайуан демесе,
Адамнан есті жануар.

Ана жатқан залымның
Мылтыққа оғын салғызбай,
Қолына қару алғызбай,
Ұмтылып тұра бергенде,

Орнынан өзін тұрғызбай,
Олай - бұлай қарауға
Босатып мойнын бұрғызбай,
Көзді ашып, жұмған арада

Мені соған жеткізіп,
Алқымынан шап беріп,
Алып жерге ұруға,
Мұршамды емін-еркін еткізіп,

Бір қайратты бастауға,
Жайратып жауды тастауға
Қарағым, қандай әлің бар?
Сонда Шұбар аты сөйлейді:

- Сен - Шора да, мен - Шұбар,

Жалымнан гу-гу жел шығар,
Қызып алып шапқанда,
Жұлдыздай зымырап аққанда,
Маңымда болған тұншығар!

Төрт аяғым - болатым,
Ұшқан құстай қанатым.
Желіге басып, шу десем,
Екпініме кім шыдар?!

Құйрық маймен жемдесең,
Екі бұт құм теңдесең,
«Шу, Шұбарым, шу!» - десең,
Ай, отыз күн, шапқанда,

Сонда менен - тер шығар!
Дедің ғой мені сынайын,
Айтқаныңды қылайын,
Мен де Хаққа жылайын.

Жалғанда тең боп қосылған
Екеуіміздей кім шығар?! –
деп, аты зырылдап ала жөнелді.

«Ал» - деп, ауыз ашқанша, «көр» - деп, көзді жұмғанша, сып етіп жетіп барып, Тасыр мергеннің жағасынан шап беріп ұстай алып ұрды.

- Жан сауға, батыр, жан сауға! Мен де бір кісідей-ақ батырмын деп жүр едім. Батыр емес екенмін, қатын екенмін. Шын батыр сен екенсің. Екеуіміз құшақтасып, дос болайық! - дейді.

- Жарайды, болсақ, болайық. Бірақ кейінгілер: «Тасыр мерген мен Шора батыр бірін-бірі алыса алмаған соң, дос болыпты», - деседі ғой. Менің жеңгенім, сенің жеңілгенің кейінгіге айқын болсын. Менімен дос болатұғындығың шын болса, бір құлағыңды қи! -дейді: - Мен шыбындай жаныңды, бір қасық қаныңды саған қиғанда, сен бір құлағыңды қимасаң, етіңнен ет кесіп бермеген соң, дос болғаның қайсы? - дейді.

- Жарады, жарайды. Басқа келген пәледен, бастан құлақ садаға, қолқа қылып сен сұрасаң, ол құлағым бос кеткен жоқ далаға. Екеумізден бір қалған өрнек, үлгі сөз болсын артта қалған кейінгі ұлан, ұсақ балаға! - деп, бір құлағын шорт кесіп алып, Шораға берді.

Шора мұны қолына ұстап жүрсін бе, қойны-қонышы жоқ, қалта-салтасы жоқ, Шұбар аттың құйрығына қыл өткізіп, байлап алды. Тасыр мергенді еліне қайырып қоя берді:

- Барсаң, сәлем дегейсің,

Қарахан деген ханыңа,
Бес қақпалы (қапқалы) жанына.
Анада Шора кетті деп,
Сұқтанбасын:

Қалған мал мен жаныма!
Тама деген елім бар,
Қазан деген жерім бар.
Мен сол елге барып,

Қайта артыма айналғанша,,
Мұрсат берсін, тимесін:
Қартайған кемпір-шалыма,
Қыбырлаған жаныма,

Өрісте жатқан малыма! –
деп, жүре береді. Келе-келе жатса:
Оқыр - шұқыр жер жатыр,
Бетегелі бел жатыр,

Құлан жортпас шөл жатыр,
«Құсқонбас»- деген қол жатыр.
Құдайдың құба жонында,
Таяғы бар қолында

Қақпан құрған шал жатыр.
Сонда жатқан шал басын көтеріп алып сөйлейді:

- Жол, жол болсын! Жол болсын!

Жеке де басын қол болсын!
Атыңның жүні (жоны) тасыңқы,
Көп шабуыл көргендей.
Қабағың сенің қатыңқы,

Түн ұйқыңды бөлгенде.
Емшек сүті аузыңнан
Арылмаған баласың.
Маңдайын сұлу, жарқыным,

Екпінің күшті, қарқының,
Алды-артыңа көз салсам,
Оттай қаулап жанасың.
Аш бүркіттей түйіліп,

Лашын құстай шүйіліп,
Жол тартып қайда барасың?!

- Арғы атамды сұрасаң,

Қарабура ұранды -
Қырық үйлі жүрген Тамамын.
Өз жөнімді сұрасаң,
Нәріктің ұлы Шорамын.

Қазан деген жеріме,
Тама деген еліме
Танысуға барамын!

- Нәріктің ұлы Шора, сені де құдай көрсететұғын күн бар екен-ау! - деп, ұшып тұра келіп, басы секілдеп, қолы қалтылдап, бас салып құшақтап, о жағынан бір сүйіп, бұ жағынан бір сүйіп, бақырып, жылап жатыр дейді.

Әкесінің туысқандары екен.

- Бұл жапанның сары даласында не ғып жатырсың? - дейді.

- Уай, шырағым - ай, «Тозған қазды топтанған карға жейді» - деген бар емес пе? Баяғы басымыз түгел, малымыз есен тұрған шақта, қазақ қалмақты шапқанда, қоржынның түбіне салып, бір Садырқұл деген бала алып келген екен. Сол Садырқұл ер жетіп, елін тауып, қалмақтан қосын ертіп келіп, елімізді қысқа күнде қырық шауып, жалаң малды алдына салып айдағанына қанағат қылмай, аспандағы жұлдыздай, маңдайында кәмшат құндыздай іріктеп, таңдап он қызды алып кетті. Оны іздеп баруға елімізден еркек болып туған ұлдың жоқтығынан, тағы шапқалы келе жатыр деген хабар естіп, соның жолына қақпан құрып жатырмын, - дейді.

- Өзіңнен басқа ер танырлық еліңде жан бар ма? - дейді.

- Бір Есім би деген ағаң бар. О да қарап жатқан жоқ шығар. Ас ішіп, аяқ босатарларды жиып: «Аттанайық қалмаққа!» - деп, қалбаң - құлбаң қармалап, атқа мінуге жарамайтұғын жамандарды арбалап жүрген-ді, қарсы алдыңнан жолығар, - деп, қош айтысып қала берді.

Онан былай жүріп келе жатса, басы құралған, көп-көп болып жиылған топ қарсы алдынан доп келді. Отырған жері омардай, күйген ғана томардай, қол бастайтын түрі жоқ біреу отыр екен.

- Жол, жол болсын! Жол болсын!

Жеке де басын қол болсын!
Атыңның жоны (жүні) тасыңқы,
Көп шабуыл көргендей.
Қабағың сенің қатыңқы

Түн ұйқыңды бөлгендей.
Уыз сүтің ауызыңнан
Шығып тұрған баласың.
Жүзің жылы көрініп,

Ішім еріп барады.
Екі көзің алаңдап,
Аш бөрідей жалаңдап,
Қарағым, қайда барасың?! - депті.

- Арғы атамды сұрасаң,

Қара бура ұранды
Қырық үйлі жүрген Тамамын.
Өз әкемді сұрасаң,
Нәріктің ұлы Шорамын.

Қазан деген жеріме,
Тама деген еліме
Танысуға барамын! –
дегенде, күйген томардай шал өкіріп тұра келіп:

- Қарағым - ай, өңім бе, түсім бе? Сені көріп тұрғандығым өтірік пе, шын ба?! - деп, бас салып көрісіп, о жағынан бір сүйіп, бұ жағынан бір сүйіп: - Жалғанның жарық сәулесін жаңа көрдім ғой! - деп, - Қуанғаннан да жарылмаған жүрек енеңді с...йін! Шырағымды құшақтап тұрғанда, шығып кетпегеніңді қайтейін?! - деп, жылап, өксігін баса алмапты. - Шырағым, құдай өзіңе өмір берсін! Қызығыңды кейінгі ұлан - ұсақ көрсін! Осы бетіңмен Қазанға бар! Өзің құрбы балалар бар, шешелерің бар, жеңгелерің бар, - олар да сені көріп, қуанып, мәре-сәре болсын! Қалың қосын - ел садағасы, қарауылшы - қол садағасы! Біз өңшең садаға жұмыртқа болып шыққан жанбыз. Енді өлсек те, құдайға ризамыз. Артымыздан жоқтап алар сендей ұл туған соң, бізге өлімнің өзі бір зор мереке! - дейді.

Онда Шора айтты:

- Ой, ағалар, ағалар,

Олай деме,бұлай - дейді.

- Берді саған құдай! - дейді.

Атысарға жау таппай,
Алысарға ер таппай,
Тіресерге тең таппай,
Қайда кеткен бұл жұрттың

Найза ұстаған батыры?!
Тап менің тұсымда
Еркек біткен қырылып,
Қалған ба жұрттың қатыны?!» - деп,

Жау қайдалап жалақтап,
Екі кезім алақтап жүргенімде,
Мен қалай қалайын?!
Қалай қалған ұлан - ұсақ,

Қатын-қалаштың қасына барайын!
Жүріңдер! Жау қайда? Жау қайда?
Бар деген жаққа мені айда!
Таста мына үйілген төгілген

Сабан-сұбан шөбіңді!
Қара қарғаша шуласқан,
Түкке тұрмайтын көбіңді!
Өзін кергенде,

Кісінің үрейін ұшырып,
Құтын қашырады.
Мұны керген дұшпан
Бізді басынады! –

деген соң, көптің бәрін қайырып тастап:

- Қарағымның қызығын көремін. Алдында жүріп, ажалды езім іздеп өлемін! - деп, қырық азаматпен Есім би ақсақал өзі жүрді.

Көптен былай бөлініп шыққан соң, Шұбар ат біресе олай, біресе бұлай ойнақшып, басын тұқырып алып қашып, Шораның астына тұрмай, қолын ауыртқан соң:

- Кел, ағалар, елсізде ат сынайық, «Бөрі қашты» - қылайық. Жақсы жора болсын, -деп, - Ал! - деп, жөнелгенде, Шұбар ат басына бой бермей, қызылбас мылтығының оғындай атылып, Шораны алып, көзден ғайып болды да кетті. Көзімен (көзінен) көргендер аузы ашылып, аңқиып, танаулары таңқиып, құр кекке қараумен бастары қайқиып: «Жын ба, шайтан ба, дию ма, пері ме, бізді алдап жүрген жәдігөй сиқыршының бірі ме?» - деп, ілгері басып жүрерін де білмеді, кейін кайтарын да білмеді. Айран-асыр (хайран-асыр), таң-тамаша қалып, ілгері басқан аяқтары кейін кетіп, құр сүлдері келе жатқан сықылды.

Шора сол кеткеннен мол кетіп, жалпақ сары далада атын тоқтата алмайтұғындығын білген соң, аспан көкпен таласқан, бұлттан бойы әрі асқан Қапсағайдың қара тауының басына зымыраған бойымен ұшқан құстай бір - ақ барып шықты. Ар жағына қараса, қара кұрттай қыбырлап, құмырсқадай жыбырлап, бақайшағы майысып, қабырғасы қайысып келе жатқан қалмақтың қалың қосынын көрді. «Қой мұның алдынан шықпайын, асылық болар. Артынан түсейін», - деп, қыраң жерден қылт етіп, ойпаң жерден бұлт етіп, қол артынан зып етіп, бидайықтай сып етіп келіп қалғанын бір-ақ біліп, шошып қалып, Садырқұл:

- Не ғып жүрген жансың? - дейді

Сонда Шора былай дейді:

- Мен бір азық қазғанмын,

Су таба алмай, азғанмын,
Жоқ жоғалтқан, сергелдең,
Жоқ іздеген, жазғанмын.
Аяулыда алты ат жоқ,

Тобылғы жүнді торы ат жоқ,
Сылдырдан еді сырғасы,
Мақпалдан еді дорбасы,
Сенделіп жүр жорғасы,

Он атым және қабат жоқ!
Сөзі, түрін таныды. Сасқандығынан ауызына сол түсті:

- Атып таста жалғызды! Қағып таста жалғызды! Жұлып таста жалғызды! - дейді.

Ол пәлен - паспадан деп былшылдап тұрғанда, айтқан аузын жиғызбай, тақымына басып ала жөнеліп, Қапсағайдың қара тауының басына апарып, домалатып тастай берді. Қайта оралып қалың қосынға барып, қойға тиген топалаңдай тиіп, қынадай қырып, танауларын жырып, тырнадай түтіп, жұлып, тірідей көрін қылып, бықпырт тигендей тып-типыл қылып тастап, жалғыз өзі қалып, Қапсағайдың қара тауының басына шығып, демін алып отырғанда, кейінгі қырық азамат үрейі ұшып, зәресі қалмай шошып, әрең зорға келіп жетті:

- Не көрдің?

- Не білдің?

- Ел көріне ме, жау көріне ме? - десті.

- «Жау қырдым» - деп айтпайды,

Шіреніп, сұлап жатпайды.
Он күн, он түн аш жүрсе,
Керек қып бір нәр татпайды.
Қаралдысын көрген жан

Беттесуге батпайды.
Мен сөйттім деп мақтанып,
Міндет қып тағы сатпайды.

- Мен дәнеме көргенім де жоқ. Мына жерде домалап біреу жатыр. Оның кім екенін сөйлесіп білгенім де жоқ, - дейді.

Бұлар барып көрсе, Садырқұл екен.

- Не ғып жатырсың? - дейді.

- Өз еркіммен осылай жатуға мені жынданды дейсіндер ме? Нәрікұлы Шора деген ер шығып, жекеде басы зор шығып, тулақ сабағандай шаңымды қағып, бақайшағымды шағып, ыңыршағымды отқа жағып, көшірменің (күшірменің) қу басындай домалантып тастаған соң, жатпағанда, не қылмақшымын?! - дейді.

Сонан соң бұлар Садырқұлдың танауын таңқитып кесті, ұртынан тесті. Қалмақтың қалған елін шауып, жаншып, талауға - солай қарай жүрді. Қалмақта ұшы-қиыры жоқ, ептейсіз (ебедейсіз) көп жұрт екен, Қараман деген ханы бар екен. Ол Қараман қалың қосын алып, Өзбектің шаһарын шауып, елін талауға аттанып, солай кеткен екен. Өзбек, қазаққа таң атырып, күн шығармасқа бел байлап, батырын қазаққа аттандырып, өзі Өзбекке барып, Қаныкей, Тінікей деген екі қарындасын елге ие қылып, орындарына қойып кеткен екен. Ол Қараманның Бозтұлпар деген даңқты тұлпары болады екен.

- Өзбекке қор қылып, жануарымды мінбейін. Есек пен қашырға мінген сарт-сауанға шабуға Қосалықтың қос жүрегі мен Арша көгім де жарар,- деп,үйге тастап кеткен екен. Жау қарасын көрген соң, Бозтұлпар жылқыдан ойнақтап шығып, шаһарға қарай қашып, Қараманның ордасына барыпты. Қаныкей, Тінікей кере сала далаға жүгіріп шығып:

- Мынау бір сұмдық екен. Біздің жылқыға жау тиген ғой. Жердің үстінде, көктің астында бізге беттеп келуге бататұғын жан жоқ еді. «Аққала деген жерден, Тама деген елден Шора деген ер шықты, жеке де басы зор шықты!» - деп еді. Дәу де болса, бұл жау сол шығар! - деп, айтқан ауыздарын жиғанша, қосын шаһарға келіп қалып, үріп шығар иттен басқа алдынан шығар жан жоқ, иесіз қалған шаһарға келіп кіріп, Қаныкейді Есім би алып, Тінікейді Тасен мырза алып, Қараманның жалғыз қызы Қаракөз сұлуды Шораның қойнына салып, Шораны таққа отырғызып, хан көтеріп, ер басына дара-дара былай тұрсын, екеу ара, үшеу ара қатын алып, орналасып тұрып алды. Арада біраз күн өткен соң, Қараман Өзбектерге қыламын деп барғанын қылып, бетіне келгенді қырып, өзбектердің қыздарын ат үстіне мінуге жараған азаматтарына үлестіріп беріп, ұлын -отын, қызын қатын қылып, жебір-жесір қылып, шауып, талап, кайтып келсе, өзі біреуге не қылып келген болса, күн күнемей, түн түнемей, өзіне де біреу не қылып, не қойғанының үстіне келді. «Дүние бір бетін, бір күн көтін көрсетеді деген», - осы.

Далада жатып елші салды:

- Жекпе-жек қарсыласу - батырдың ісі. Иесіз қалған елді шабу - қатынның ісі. Менің Бозтұлпарымды өзіме беріп жіберсін. Шора маған өзі жекпе - жекке шықсын! Екеуміздің таласымыз дүние ғой. Кім болса, сонан үйіліп, төгіліп қалатұғын дүние үшін жаман жасықтардың жанын, түкке тұрмайтұғын қанын құр далаға бос шығын қылмайық. Есім бай, Тасен онда да бар шығар, менде де бар шығар. Бірақ Шора мен Қараман қазақ, қалмақта да жоқ шығар!- деп.

Шора бұл сөзді жөн дейді. Бозтұлпарын өзіне жіберді. Және:

- Біздің Тамадан бір жан қалмасын, олжа деп, бір бүлдіргі алмасын! Біздің Есекең мен Тасекең маған жақсы ат әперді. Сол олжа да аз болмас, - деп, Қараманмен жекпе-жекке шықты.

Қарма - қарсы шабысты,
Айқай-сүрен салысты.
Қол төбелес, жұдырықпен
Қоян қолтық алысты.

Тайсалмастан айқасты,
Батырлар күшін байқасты.
Сеңгір таудай соқтығып,
Дариядай толқып шайқасты.

Иһхаласып тіресті,
Икемге көнбей сіресті.
Қан майданды шаңдатып,
Балуандарша күресті.

Бүйірлері сығылды,
Өкпе ауызға тығылды.
Шапыр-шұпыр төбелес,
Көргенге толық бір кеңес.

Деңбектей құлап гүрс етіп,
Қараман батыр жығылды.
Жығылғанып білген соң,
Жауырыны жерге тиген соң,

Жұдырықтай жас бала
Үстіне аттай мінген соң,
Бақырайып кезі астында
Қараманның жатқанын

Қазақ, қалмақ көрген соң:

- Қалмады намыс, ар, - дейді,

- Мен - қара жер төсеулі.

Сен - жауған қалың қар! - дейді.

- Тірілік пен бұ жалған,

Қоштасамын сенімен,
Менен аулақ бар! - дейді.

- Шын ер туған ұл болсаң,

Бір қолқам сенен бар, - дейді.

- Енді мені қозғалтпай,

Ту сыртымнан жар! - дейді.

- Бір ұртта да қанымнан,

- Өтімді суырып ал, - дейді.

- Қазақ пенен қалмақтың

Аруағы үшін садаға
Құрмалдыққа шал! - дейді.
Сонда Шора айтты:

- Білмеуші едім өзіңді,

Көрдім жаңа жүзіңді.
Өлімге мұнша құмар боп,
Өлердей айттың сөзіңді.
Тіліңе қалай нанайын,

Сойған қойдай бауыздап,
Басыңды қалай алайын?!
Батылым онша бармайды,
Күйеу жігіт болғансып,

Алып едім қызыңды.

- Отыздан асып бұл жасым,

Қырыққа таяу келіппін.
Өтпес біліп жалғанды
Өзімді өлмес біліппін.
Маңдайым кайтпай пендеден,

Бетіме ешкім келмеген.
Қарайған жанның бәрін де
Жан - ау деп көзге ілмеген.
Періп кетпе пірі боп,

Зорайып өсіп ірі боп,
Тоқтаусыз жортып желіппін.
Жау алатын қыз итті
Бала екен деп біліппін.

Маған сен күйеу болғандай,
Оң жағыма кіргізіп,
Қай қолымнан беріппін?!
Өзім үшін тусам да,

Жұртым үшін өліппін!
Елімнің баспа іргесін,
Өлтірме бит пен бүргесін.
Жебір де жесір қылдырма,

Шібішімнің аяғын бастыртып,
Атқа сындырма,
Құдай риза (ырза), мен риза,
Кес кідірмей басымды.

Дулатып бергіз асымды.
Тірілік пен өмірден
Өлімді артық біліппін! –

деген соң, Шора басын кесіп, ту сыртынан жарды, өтін алды. Қанынан бір ұрттап, мейірі қанды. Қалған елінің бір бүлдіргесіне тигізбей, Қараманға ас бергізіп, қалмақ, қазақты тең ұстап, жеті жыл тұрып қалыпты. Жеті жылға толған кезде әке-шешесі түсіне кіріп, жылау - сықтауда қалғандығын айтып, аян беріпті. Шора ұшып тұра келіп, бала-шаға, бау-шарбақпен көшіп, елін іздеп, баяғы бәйбішеге арыстан етін жегізетін қойшы қой бағып жүріп, атқан оқтай душар болып ұшырап: Уай, қарағым - ай, Құдай сені де көрсететұғын күн бар екен-ау! - деп, бас салып көрісіп:

- Сені: «Қалмақтың ханы Қараманға барып қаза тапты!»- деп естіп, жасыл Түрікпен елді шауып, талап,бай құл орнында, бәйбіше күң орнында, мойындары ырғайдай, биттері торғайдай, - деген соң, Шора шыдап тұра алсын ба, тұра жөнелгенде, қойшы жүгіріп келіп, шылбырынан ұстай алыпты:

- Қарағым, тұтқиылдан сені көрген соң, әке-шешең жүрегі жарылып, өліп кетер. Шұбарды маған бер. Мен барып оларды жүрегін қозғап алмай, үркітпей, шошытпай сүйінші сұрайын. Шұбарды көрмесе, нанбайды, - деген соң, Шора Шұбар тұлпарды мінгізіп қоя берді.

Қойшы барып сүйінші сұрап, жасыл Түрікпен естіп, тайлы - таяғына шейін қалмай жиылып, Нәрік байдікіне келіп, еңсесі биік ақ сарайға Нәрік бай мен Гүлқанысты енгізіп, үлде мен бүлдені кигізіп, басы Қарахан болып, Шораның алдынан жаяу -жалпы шұбырып, ботадай боздап, інгендей еңіреп, қойдай маңырап, қозыдай шулап шыққанын көріп:

- «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш», - деген осы екен-ау! - деп, Қараханды хан көтеріп:

- Бұған қарсы келгенің менен ажал табасың!- [деді].

Түрікпенді ел қылып, жұрт қылып, бір бүлдіргісіне тигізбей, өзінің қырық үйлі Тамасын көшіріп, Қазанға алып кайтты дейді. Нәрік пенен Гүлқаныс, Шора мен Шұбардың қызығын көзімен (көзінен) көріп, жалғанның жарастықты дәуренін сүріп, барша манат басына, сақалы көтіне жетті дейді. Шора заманында атақты батырдың бірі болып, хандарға қағылып орып бермей, өзгеден алапаты артық болыпты. «Күндердің күнінде бұл жерді кеуір алады, моламды кеуірдің атының аяғының астында қалдырмаймын!» - деп, елін алып ауып, Стамбул жұртына қарай ауып, Халифа қол астына барып, үрім - бұтағы со[л] өніп, соғыста қайрат көрсеткен батырлар шықты д[ейді].

АБЫЛАЙ ХАН

Ай, жараңдар, жараңдар,
Маған да таман қараңдар.
Бір сөзім бар, айтамын,
Айтамын да, қайтамын.

Бұ сөзімді аңдасаң,
Құлақ қойып тыңдасаң,
Әулие [1] өткен Абылай хан,
Заманында хан болды.

Жұрт үстінде паң болды,
Жүрген жері шаң болды.
Қазақпенен орысты,
Қалмақ пенен шүршітті

Бір өзіне қаратып,
Ғаламға даңқын таратып:
«Абылай хан сөйтті!» - деп,
Соңғыларға заң болды.

Бұрынғыдай болмайды
Мұсылманның баласы.
Алды-артымды қамады,
Кәпірдің салған қаласы.

Кәпірге қарап оқ атқан,
Мұсылманға жан тартқан,
Күнінде Кенесары болмаса,
Кәпірдің жұма күні тойы бар,

Шақыртам деген ойы бар.
Өз жұртымның қызығы -
Қызылжар мен Қоқандай.
Қайын жұртымның қымызығы [2]-

Шәуешек пенен Бұхардай.
Абылай, сен жас ұл едің,
Тұрымтайдай төре едің,
Түркістанда жүр едің,

Ақ сұңқар құстай түледің!
Тоятың сенің қанған соң,
Алыстан тоят іздедің.
Сүмбіл туар жылтиып,

Ат семіріп құнтиып [3].
Абылай сарттың найзасы
Қайың да болды, берік болды.
Атакемнің найзасы

Қарағай болды, морт [4] болды.

КЕНЕСАРЫ

Айтайын, айт дегеннен, ау, жараңдар,
Кейін сал кеңесіңді, бозбалалар.
Айтамын Кенесары, Наурызбайды,
Бұр - дағы мойыныңды, құлағың сал!

Жел болса, қамыс басы айда - сайда,
Жігітке бір өткен соң, дәурен қайда?
Бұр - дағы құрдай мойның, құлағың сал,
Айтамын Кенесары, Наурызбайды.

Баласы Абылайдың Қасымым-ай,
Сүйегі өзге жұрттан асылым-ай!
Үш төре Абылайдың сарттан өлді,
Орысқа - қазақ түгіл [1] басымым-ай!

Бауыры Алатаудың тал мен терек,
Мінгені Жеке батыр - Көкше серек.
Аттанды он торт мың қол шеру тартып [2],
Басы екен Кенесары бір зеңбірек.

Кене ағам қосым тартып, Қырғыз барды,
Аз ауыл: «Қосшы (қошшы)» - деген қырғызды алды.
«Бәлемді оңдап [3] тұрып қырайын!» - деп,
Қырғызға: «Жиылсын!» - деп. хабар салды.

Ілінер қара балық жібек ауға,
Аттанды Кенесары Қырғыз жауға [4]!
Болғанда бесінші күн қырғыз толды,
Қыбырлап қара құрттай Алатауға.

Кене ағам қосын тартып, қырғыз барған,
Аз ауыл «Қосшы»- деген қырғызды алған.
Кененің ішіп жатқан суын бұрып,
Қаңғырып Кене қолы шөлде қалған.

Кене ағам атысады жалғыз жатып,
Атының, шаба алмайды, мойны қатып.
Астында ер Науанның Қызылауыз,
Оқ үзді артқы аяғын бұлғаңдатып.

- Оқиды молда жайып ала хаты,

Кете ме қырғыз қырып азаматты?!
Астымда Қызылауыз оққа ұшты,
Бересің (бересің), тақсыр, бізге қандай атты?!

- Беріпті «Сөйлесін!» - деп, тіл мен жақты,

Наурызбай, осындайда қимылдап бақ!-
Өркеші жоқ түйедей, мойны құлаш,
Ап келді Көртайлақты - Үйсін: Байзақ.
Көртайлақты ап келді:

- Судан шыққан сүйрік! - деп,

- Таптан да озған жүйрік! - деп.

- Аяқты малға жеткізбес,

Мін – дағы[5], жауға килік! - деп.
Кенеге тілеу болмады,
Қырғызды Құдай оңдады.
Арам қатқыр, Көртайлақ,

Қызылауыз аттай болмады.
Наурызбай соғысуға ерінбеді:

- Қазаққа бұл бір келген керім! - деді.

Ғалының «Сейтбаттал» соғысындай,
Найзадан күннің көзі көрінбеді.
Қол оқпен қозы жауырын Бопы атады,
Мылтықпен Құдайменде қиратады.

Соғыста өңге төре жүргенінде,
Шатырда жаман Көшек тек жатады [6].
Не күшті бұ дүниеде, Құдай күшті,
Алдымен Ержан төре қолға түсті.

Онан соң, Құдайменде мылтығы өшті,
Шатырға: «Ой, бауырым!» - деп, Науан түсті [7].
Кигенім кек сауыр етік, қызыл ұлтан,
Алдымен қолға түскен Ержан султан.

Оққа ұшып Құдайменде қалғаннан соң [8],
Жайдақтап жауға шапты Қарақұлпан.
Кигенім кек сауыр етік, қызыл ұлтан,
Оққа ұшып Құдайменде жатыр султан.

Қырғызды екі жарып [9] бөгеп тастап,
Сүйегін алып шықты Қарақулпан.
Кенені осы жолы қара басты,
Кене мен қырғыз қолы араласты.

Жеңерін жау қырғыздың білгеннен соң,
Наурызбай, Кенесары ақылдасты.
Наурызбай [дың] Кене ағаңа ақылдасқандай қып айтқаны:

- Кене аға, осы соғыс болды қалай,

Жеңері қырғыз-қазақ екіталай.
Ыңғайы жау қырғыздың жаман болды[10],
Кене аға, осы жолдан қайтсаң қалай?

Кене ханның сөзі:

- Науанжан, осы соғыс болды қалай,

Жеңері қырғыз-қазақ екіталай.
Мен өлсем, бірді-екілі күшік бар ғой,
Науанжан, сен аманда кайтсаң қалай [11]?!

Наурызбай:

- Төгілер, өлсем жерге, қара қаным,

Бұ сөзді не деп айттың, тақсыр ханым?!
Жерінде сенің өлген - мен де өлейін,
Болып па сенен артық менің жаным?!
Кене ағам, сенен қалып не боламын,

Қырғызды, айқай салсам, үш бөлемін!
Кегімді жалғыз қалып мен ала алман,
Жеріңде сенің өлген - мен де өлемін!

Кене ханның сөзі:

- Науанжан, бұл айтқаның жүйесіз ғой,

Қырғызға: «Абылай - лап!» - тиесіз ғой!
Мен өлсем, артта қалар тұяқ бар ғой,
Сен өлсең, қара шаңырақ иесіз ғой [12]!
Наурызбай жүруші еді жаумен ойнап,

Кене жүрді он кісімен: «Абылай - лап!»
Ер Науанның астында Көртайлақ ат,
Ерін алып тастады, мінді жайдақ [13].
Кенеге тігілмеді торғын шатыр,

Топалаң тиген қойдай қазақ жатыр.
Басы екен - Шұбыртпалы: ер Ағыбай,
Құтылды есен-аман сексен батыр.
Қазақ бір қашты дабырлап,

Қырғыз бір қуды жабырлап.
Адыра қалғыр Қараөткел,
Қазақтар қалды сабырлап.
Бауыры Алатаудың терек, тал-ды,

Қоқидың бойын өрлей қырғыз салды.
Ер Науан аты жүрмей отыр еді,
Жау қырғыз келді - дағы қамап алды [14].
Ұстаған ер Науанды Үйсін дейді,

Жүрегі жау қырғыздың дүрсілдейді.
Қасына жаман Тағай келді жетіп:

- Ит қасақ [15] шыныңды айтшы, кімсің? - дейді.

Қырғыздың «қазақ» деуге тілі келмейді, «қасақ» - деп айтады. Қатындары балаларын қарғап, ұрысқанда: «Қасақ алғыр!» - деп қарғайды. Соңда «Кімсің?» - дегенде, Наурызбай не дейді:

Сұрасаң арғы атамды , хан Абылай,
Атқаны Кене ағамның Күлдір, Мамай.
Ит қырғыз, танымасаң, танытайын,
Қызыңды қатын қылған мен - Наурызбай!

Тағай.

Наурызбай, ойың болса, ойла! - дейді,

- Дәуренің бұрынғыдай қайда? - дейді.

- Елшіге былтырғыда жіберіп ем,

Батырым-Жаманқара қайда? - дейді.

Наурызбай.

Батырың біздің елге барды, - дейді [16],

- Аса ауыр қалың олжа алды, - дейді.

- Еліңе тірі болса,келмес пе еді,

Ақтарылып шек - қарны қалды! - дейді.

Тағай.

- Құдайым, айналайын, берді - дейді,

- Байлауда енді Науан шірі! - дейді.

- Айтасың өтіріктен, жаның шыққыр,

Сұрадым Ержаныңнан тірі! - дейді.

Наурызбай.

Жігітке қару болмас садақтайын,
Ақ тузын Абылайдың адақтайын.
Бүйрегін наркескенмен ойып алып,
Итінді бақыртқанмын лақтайын.

Тағай.

Батырым-Жаманқара - ерім құтпан,
Өлтірдің оны неге жүрек жұтқан?!
Кескенше басын қылыш, тілін тартпай,
Ит еді бу қайдағы жүрек жұтқан [17]?!

Наурызбай.

Қол оқпен қозы жауырын қойып (қуып)
Өгіздей жон терісін сойып алдым.
«Ханыма қырын қарап сөйлейсің!» - деп,
Бүйірін наркескенмен ойып алдым.

Тағай.

Науанжан, сенің өзің төресің ғой,
Қырғызға: «Абылай - лап!»- тиесің ғой.
Манабым Жаманқара сен өлтірсең,
Болыпсың сен де сондай, өлесің ғой!

Наурызбай.

Жүруші ем өз елімде мен жайыма,
Жігітке өлім деген уайым ба?
Ит қырғыз, әке десем, жібермейсің,
Болармын, өлсем, жақын Құдайыма.

Тағай.

Жігіттер, өлең баста, өнер баста,
Мереке күнде мұндай табылмас та.
Кескенше кесер басын, тіл тартпайды,
Кескілеп, Наурызбайды, итке таста!

Наурызбай.

Жағалай Қоқи бойын терек пен тал,
Құйғаным тегешіме тола аяқ бал.
Ит қырғыз, әке десем, жібермейсің,
Итіңе, маған десең, кескілеп сал!

Тағай.

Үйінен тамам қырғыз жылап шықты,
Ішінде бір сұрқылтай сынап шықты:

- Анадан жалғыз туған ер екенсің,

- Керек деп - өтің неге? - сұрап шықты.

Қырғыз сөзі.

Құлағы арғымақтың ерек - серек,
Жапанға жалғыз біткен бір бәйтерек.
Бір туған елде жалғыз ер екенсің
Наурызбай, сенің өтің кімге керек?!

Наурызбай.

Бір салсам наркескенмен шығады миы,
Ит қырғыз, менің айтқан сөзіме ұйы.
Керегің өн бойымда өтім болса,
Қызыңның, өтімді ал да, көтіне құй!

Жағалай Қоқи бойын терек, тал-ды,
Шақырып Құсбек итін жанына алды.
Қырғыздың өз қылышы өтпеген соң,
Науанның наркескенімен басын алды.

Ертістің арғы жағы - Тарбағатай,
Сөзімнің менің айтқан бәрі қате - ай!
Ерлерді (ердерді) бұрынғы өткен біз қозғадық,
Жамағат мына отырған, қылсаң бата - ай!

Сұрасаң арғы атамды Атығай-ды,
Кене мен өлең қылдым Наурызбайды.
Тілеген - менің атым, ақын, молда,
Науанды өлең қылып жұртқа жайды.

Абылайдың көкжалдары қырғызда өлген,
Сол өлген соң, дұшпандар жырқ-жырқ күлген.
Абылайдың көкжалдары өлгеннен соң,
Дін мұсылман быт-шыт боп жаман бүлген!

КЕНЕСАРЫ – НАУРЫЗБАЙ

Дүр гауһардың данасы,
Үйсіздерге үй болған,
Бұл Арқаның панасы.
Аңқағанға сусын боп [1],

Шаршағанға ат болған,
Дарияның аққан саласы.
Үшкеңгірде мекені,
Ұлытаудың даласы.

Кіші таудың саласы.
Көп тілеуін тілеген
Мұсылманның баласы.
Ата бір тегін сұрасаң,

Абылай ханның баласы -
Кенесары, Наурызбай.
Тұра алмай оның кеткені -
Бұл жақтағы қазақтың

Ауызының аласы.
Абылай ұғлы Қасым-ды [2]
Жасық емес, асыл-ды.
Саржан атқа мінген соң,

Жасынан ойлап тастады (таслады).
Дұшпанның көңілі басылды,
Жалғыз езі емес-ті,
Есенкелді қосылды.

Ұсталар алар қолына,
Қышқаш пенен балғаны.
Кенесары, Наурызбай
Қырғыз бір болды арманы.

Іледен өтіп, хан кетті,
Өр Дулатқа барғалы.
Сол жақтағы қазақ пен
Қосылып барып алғалы.

Барып еді өр Дулат,
Барғанын қабыл алмады.
Асаулар үзді шідерді,
Сыйламай Дулат жіберді.

Сеніп келген халқынан
Хан Кене үзді күдерді.
Күздігүні болғанда,
Қатуланды, қасланды (қаттанды).

Хан қамалдан аттанды,
Қоласты қалың шеңгелден,
«Қосшы»- деген елді алды,
Қаракыстақ, Шөңгелден [3]

Қалшасын ұстап байлады.
Хан болып халқын меңгерген,
Кем-кетікті теңгерген,
Сатуына Қалшаның

Тоғыз түйе арттырып,
Отаулатып қыз беріп,
Қисайған жағын түзеген.
Бұл уақытта Құдайым

Қоқаннан ауған көп
Дулат Қара ағаштай ел келген.
Мәмбет ұлы Байзақ, Балқожа,
Медет ол келген:

«Жауың қайда, мен жолдас»,-
Хан Кенеге жел берген.
Жоғарғыдан су ағар,
Жүйесін тауып төменге.

Атса, мылтық өтпейді,
Асылдан соққан беренге (перенге).
Дулатты сүйді хан Кене:
«Мен жолдаспын!»- дегенге.

Сұңқарлар жайды қанатты,
Жұртына салды санатты,
Қара ағаштай көп Дулат
Хан аузына қарапты.

Сегіз жүз кісі аттанып,
Шапты бір олжа болатты.
Ақсу деген өзеннен [4],
Бұ сапарда Наурызбай.

Төрт қамалды бір бұзып,
Жұртты аузына каратты,
Қоқиланып [5]қырғыздың,
Қатыны мен қыздарын,

Қос - қосқа бөліп таратты.
Дулаттың алған малына
Бір төлеңгіт бармады,
Олжа атын алмады.

«Қызыл тұмсық болсын», - деп,
Ғақылмен аузын қандады,
Екіншіде аттанды,
Естіген Дулат қалмады,

Байзақ келді төменнен.
Көңілі бітті айқасып,
Кенесары төреңмен.
Телім дас болды олжаға

Наурызбай атты беренмен (перенмен).
Он екі мың кісі боп,
Бір күні кайта ел шапты,
Таудағы алты өзеннен.

Зеңбірегін асырды
«Абылай аспас» - кезеңнен.
Құлақ (қаулақ) бір тарс бекінді,
Кенесары, Наурызбай,

Таудан асты дегеннен.
«Абылай аспас» - асудан,
Асамын деп өрледі.
Асуды қырғыз бермеді.

Бес күнгеше атысты,
Қазақтың әлі келмеді.
Қарабалта, Суқызлық [6]
Аңғарынан шан асты.

Атынан әркім адасты.
Қырғыз, қазақ ат қойды,
Бір кезеңге таласты.
«Абылай аспас» асудан

Асамын деп, аса алмай,
Көп қырғызды баса алмай,
Ерлер сонда бір састы.
Ұрыс қылды қырғызлар,

Төбеден атын ойнатып.
«Қызықсын – деп - асуға!»
Қазына төкті жайнатып.
Жалғыз жолға су кұйып,

Қар ерітіп, қайнатып.
«Абылай аспас» асудан
«Асамын!» - деп өктеді.
Асуды тастап қырғыздар

Бас қамын қылып кетпеді.
Ойдан атқан зеңбірек,
Тау басына жетпеді.
Сол уақытта болғанда,

Ыза болып хан Кене,
Келтірді екі түйені.
Шөгере салып түйені,
Зеңбірегін сүйеді.

Тұрғызып қойып атса да,
Сонда да тауға жетпеді.
Атасы өткен Абылай,
Тілеуді бергей бар Құдай,

Былтырдан алған басшысы
Шапырашты: Бұғыбай.

- Бұғыбай басшы қайда? - деп,

Шақырды тере Наурызбай:

- Ай, Бұғыбай, Бұғыбай,

Қорлық болды-ау, бұ қалай?
Амал тапшы бұған-ай!
Былтырдан өзің келгеннен,
Елдің алдың жарлығын.

Құлдың жедің жабдығын,
Бір кезеңнен айдадың
Үш алаштың барлығын.
Жалғыз жолдан аса алмай,

Қырғызға беттей бата алмай,
Тау-тастың тарттың зарлығын.
Жалғыз жолдан аса алмай,
Қазақтың жолы байланды.

Бес күнгеше атысып,
Тауысып тұрмын хайламды.
Өліп кетсем, Бұғыбай,
Көңілімде арман кетпесін!

Осы бүгін күн батпай,
Тау басында қамалға
Бір тигізші найзамды!
Бұғыбай сонда сөйлейді,

Сөйлегенде, не дейді?

- Қол бөлініп, жол тап! - деп,

Бере ме жауап ханымыз?
Ағаңнан жауап алыңыз,
Ағаңыз рұқсат ол берсе,
Томағамды сыпырып,

Қамау да тасқа салыңыз!
Жауыңды шаншып беруге
Науанжан, келмес халіміз.
«Жол тап!»- деген сөзіңнен

Төгіле қалмас арымыз.
Ер Наурызбай келіпті,
Алдына қарсы Кененің:

- Түсі суық тартқанда,

Төрт қырлаған жебенің.
Ажал уақыты болғанда,
Қорғаны болмас көбенің.
Рұқсат берсең, Кенеке,

Тау басында қырғызға
Барайын соған деп едім!
Ертіп келген қасымда [7],
Бұғы басшы ер! - дейді.

- Асуы жоқ Алатау

Бұ - дағы қиын жер! - дейді.

- Бүйтіп тұрып қамалмай,

Бұзайын барып қамалын
Кенеке - ау, жарлық бер! - дейді.

- Біраз жігіт сайланып,

Соңыма менің ер! - дейді.

- Тау басына бір шықсам,

Қызығымды көр! - дейді.
Кене хан сонда сөйлейді:

- Алдыңа басшы сал! - дейді.

- Кетпесін жаудан ар! - дейді.

- Дұшпаннан кекті ал! - дейді.

- Бұғыбай айтса бір сөзді,

Екі-үш жүз (йүз) кісі ертіп,
Ертерек соған бар! - дейді.
Сонда Науан сөйлейді:

- Алла тағала жеткізсе,

Бір мұратқа жетейін!
Былтырғы қылған қырғыздың
Зорлығын бүгін өтейін!
Екі-үш жүз кісі көбірек,

Онша ер алып не етейін?!
Аз кісіге жақсы екен,
Алатаудың саласы.
Қиын жерде жолдасқа

Сүйіклі еді, қарашы!
Көп кісі қаптай шабуға
Арқаның бар ма жазық даласы?!
Отыз шама кісімен

Барғым менің келеді.
Қысылған жерде әркімге
Аруақ та болсын панасы!
Таң қалады Кене хан,

Ер Науанның сөзіне.
Бұл арада Науандай,
Қайырымды жан көрінбес көзіне.
Қайтармады бұл бетін,

Рұқсат берді еріне.
Іріктеп алды манатты,
Қауырсынды, қанатты.
Таңдап алды Наурызбай

Тастан қайтпас болатты.
Тамам қолдың бектері [8],
Бұғыбай басшы алдында.
Жол қиынын көрген соң,

Қамалдағы қырғыздың
Алла оңдаса, осы жол
Жан жазасын бергелі
Отыз қасқа жөнелді.

Отыз жігіт жөнелді
Наурызбайдың соңынан.
Бұл сапарда Науанның
Жұлдызы туды оңынан.

Жаз жайлауы - Сардала,
Қыс қыстауы - Қарғалы.
Кене хан рұқсат берген соң,
Наурызбай төре жөнелді.

Отыз жігіт соңында,
Тау басында жиылған,
Көп қамалға барғалы.
Наурызбай төре кеткен соң,

Төменде қалған қалың қол
Тұра алмады - ау ерігіп,
Басын қосты бірігіп.
Бастырмайды тау мен тас

Жарлыда бар шегене
Байзақ датқа (датхуа) түсінді
Бұ жауаптың тегіне.
Хан қасынан жылысып,

Жетіп барды көбіне.
Ер Байзақтың қараңыз,
Көпке бір айтқан кебіне:

- Ат үстінде қақайып,

Қарап тұрып өлмелік,
Намысты қолдан бермелік,
Теп-тегіс түсе қалыңыз,
Ер басына бір-бір тас,

Түсіп бір жерден алыңыз!
Қамалып босқа тұрғанша,
Сөйтіп бір жолды салыңыз!
Ойда тұрған хан Кене [9]

Жарлық қылды көб[іне]:

- Ескі жолға таласа,

Жаңадан жолды салғай[сың]
Сонда тұрып хан Кене
Көбін жиып сөйлейді,
Сөйлегенде, не дейді:

- Ат тұяғымен шаң [болған],

Алатаудың [арасы].
Қара ағаштай көп қырғыз
Бірсыпыра болдың, қарашы!
Ойда - Қоқан, қырда - орыс,

Хакім болған қаласы.
Алдырғаны дұшпанға
Аузы жұрттың аласы.
Кімнен таяқ жегендей

Бір ауызға қараса,
Біздің казак баласы!

- Тізгінді берсе Кенеңе,

Қайрат қосса жебеге.
Ер басына аяқтай,
Тас аударса, бұ тауды,
Жол салмасқа немене?!

Мұны айтқанда ер Байзақ
Аттан түсіп барды да,
Жерден бір тас көтерді.
Байзақ аттан түскен соң,

Төгіле қалды-ау арымыз.
Алмасақ та таудан тас,
Аттан түстік бәріміз.
Сол арада қарасақ,

Тау басында шу шықты,
Мұнара болып бұ шықты,
Будақтап мылтық түтіні,
Қолында жасыл ту шықты.

Отыз көкжал бөрімен
Наурызбай төре бұл шықты.
Жау - жоғары, біз - төмен,
Жеткен екен қамалға.

Наурызбай сынды сұр берен,
Мінген аты көк дөнен.
Қарқарадай ат астында [11],
Жауға барып кірісті.

Күншығыс жақ шетінен,
Қамалға кірді көлденең.
Кене хан соны көрген соң,
Қалмады сабыр қарары.

Жауға киын барары,
Жаны қайтіп шыдасын?!
Түтеген мылтық ішінде,
Көзінің кірді жанары.

Жанған оттай бұрқылдап,
Көк дөнен ат астында
Ақ орамал басында
Ор қояндай бұлтылдап,

Жарқ-жұрқ етіп күнменен
Найзаның ұшы жылтылдап.
Наурызбай кірді қамалға
Күншығыс жаудың шетінен.

Шыдай алмай Кене хан
Ат қойды таудың бетіне.
Биіклігі сонша бар
Шөке атым (аттам) жер бармай-ақ,

Сыпырылып қалып барады,
Көкбұрыл аттың көтінен.
Кене ханның арманы
Қырғызды таудан асырып,

Құмбелден жатпақ жай алып,
Не жаны қалсын Кененің
Наурызбайдан аянып?!
Еріне көзін салмады,

Тарта берді шылбырын,
Қылышын тасқа таянып.
Қайтпасын ханның білген соң,
Тұс-тұсынан ат қойдық.

Түсініп қазақ оянып,
Наурызбай шықты қамалдан [12],
Найзасы қанға боялып!
Төрелер кетті алдында

Артында қалған көп қазақ
Несіне тұрсын аянып?!
Құйылысты сайдың ішіне,
Қырғыздың неше қырандары,

Қамалда тұрып а[ттары],
Неше батыр өздері.
Қол толды таудың тасына,
Барғалы жаудың қасына,

Екі мың кісі аттанып,
Шықты бір таудың басына.
Ханның туын көрген соң,
Қоқиласып, шуласып,

Қырғыздың қатыны мен қыздары.
Сол арада хан Кене
Қырық арқанды жалғады,
Тартып алды арбаны.

Зеңбірегін бір атты,
Көп қамалды бұзғалы.
Зеңбірегін алған соң,
Арқанменен сүйретіп.

Халқына ғақыл үйретіп,
Қатар да қойып бір атты
Тауды, тасты күңірентіп.
Шамға жақтық шырақты,

Жақындатып (иақындатып) жырақты.
Қожабай мерген ер екен,
Қамалдан малды құлатты.
Мылтығын тастап тау-тасқа

Қырғыздың қашты мергені.
«Абылай - лап!»- ат қойып,
Қазақтың қаптап келгені.
Он екі шамғал, жүз мылтық,

Жүз қаралы мергені.
Алтын жатса, алмады,
Олжаға кезін салмады.
«Абылай аспас» асуды [13]

Асамын! - деп, өктеді.
Наурызбайдың ірілігін
Қырғыз, казак сөкпеді.
Қырғыздан мерген жүгірді,

Алдынан мылтық төккелі.
Қатар қойып арбаны
Төтесінен бір атты.
Олжабай мерген ұшырып,

Қамалдан малды құлатты.
Зеңбіректі қарсы қойды,
[Абылай!]- десіп, ат қойды,
Екі мың шамғал, жүз мылтық

Бәрін қырды мергеннің!
Қамалға кіріп хан кетті,
Наурызбайды көргелі.
Таудың тердік шиесін,

Иад қылды әркім иесін.
Қамалға барып керді хан
Шыққан екен Наурызбай
Елу шамалы жылқы алып [14],

Жетпіс шамалы түйесін
Қырғызға қылып кесірді.
Бергізгенде олжа қып,
Домаланған қара көз

Қыз, келіншек - жесірді.
Қамалда жүрген Наурызбай
Хан Кенені көрген соң,
Бүгежектеп жүрген ер

Еркінше шауып көсілді.
Қолына жасыл ту алып,
Ақ білегін сыбанып.
Бозбалаға сөйлескен

Ағасын көріп қуанып.

- «Абылай аспас» асудан

Кенекем дүкен құрғалы.
Батырлардың келіспес,
Майданға кірмей тұрғаны.
Кенекем келді біз үшін

«Жақсылар – деп - сіз үшін!»
Аянбай бүгін іс көрсет,
Таманың батыр Құрманы!
Бүгін бізге жар болғай (иар) болғай -

Бабамыз өткен Абылай!
Арғыннан шыққан қос жігіт [15],
Табыннан шыққан Бұхарбай,
Дулаттан озған Меңдібай (Өңдібай),

Шәкір мен Жәуке, Төлебай,
Шұбыртпалы - Ағыбай,
Төртуылдан - Жанайдар,
Қарауылдан - Кенжетай.

Ойран салдың бозбала
Ала бір таудың бетінде.
Мұнда қылмай қайратты
Қосқа барып өкінбе!

Істерің (ишларың) жақсы бозбала,
Ұстатармын қырғыздан
Қос-қос қара жетімді!
Жан аянба қамалда

Он екі шамғал, жүз мылтық -
Кенекем келген секілді.
Кенекем келіп қосылса,
Кім тұрар соның бетінде?!

Қылды бір жауға өкімді,
Ат тұяғын шаң қылдық.
Алатаудың дарасын,
Төрелер түзде жад (иад) еткен

Хан Абылай бабасын.
Мылтық оғы от алмас [16],
Құлақтары тұтанбай.
Ақ кіреуке, берік сауыт

Мылтыққа тұрар төтепке,
Шығыршығы жұқармай,
Аянбай бүгін қимылда
Табынның есіл Бұхарбай!

Жаман жігіт турады
Жауды көрсе жалтақтап,
Көлге қонған құтандай.
«Абылай аспас»- асудан

Аса барып, ел шапты.
Қоқилатып айдады.
Қырғыздың қатын-баласын.
«Ел болалық!» - дегенде,

Бергендей еді бар малын.
Бітіре алмай төре жүр,
Көңіліндегі арманын.
Ол малын ел қайтарып.

Және шауып ел алды,
Ақсудың бұзып қорғанын.
Және шауып ел алдық
Ақсудың салған қаласын.

Шауып алды сол жолда
Аспара (Есқара) мен Меркені.
Билеп бір тұрған ұлығы
Мәмедәлі деген сарт екен.

Ауызға кіріп сөз болған,
Ақауыз деген арғымақ,
Сол Мәмедәлі берген ат еді,
Белгілі бұрын кент еді.

Сарттың бір салған қаласы,
Екі жүз үйдің мекені,
Ақсудың аяқ саласы.
Қоқанды сол алды ғой

Имам батыр ағасы.
Мұны есітіп хан Кене
Екі жүз кісі Ержанды
Басшы ғып соған жіберді.

Дабылы кеткен Кененің
Әубан мен Сыбанға.
Мұнан үріккен кеп қырғыз
Қайта барып қамалды

Судың басы-Дауанға.
Ергенде қол, сыймайды
Алатаудың бауырына.
Дулатты соған айдады.

Өшіккен қырғыз жауына,
Он мың кісі аттанып,
Кекіліктің тауына [17],
Мұнарамен шаң болды

Қызылсу [18], Самса [19] саласы.
Ол сапарда қазақтың
Қабыл болды тәубесі (тобасы).
Қол алдында жүргенде,

Кәрібоз деген бір қырғыз -
Ер Қанайдың баласы.

Дулат осы бөлініп кеткеннен соң, астыртын қырғызға үндес болып, Кене ханға қиянат қыла бастады. Осы қамалды бұзғанына қанағат қылмай, енді соңынан қалмай қуа бергені... Кәрібоздың елшілікке келіп, Наурызбайға айтқан сөздері:

Кәрібоз сонда сөйлейді,
Сөйлегенде, не дейді?

- Ай, Наурызбай, ай, төрем,

Не жазығым бар еді,
Кенесары ханыңа?!
Бітті деп көңіл қылмадың,
Қырғыздағы арыңа.

Алмаған арың қалды ма,
Қырғыздан сенің тағы да?!
Қосшыны шаптың шулатып,
Қарағаштай шөңгірден

Қалшасын ұстап, байладың.
Хан болып, халқын меңгерген
Сатуына қалшаның
Тоғыз түйе арттырып,

Отаулап қызды бергені.
Атаң Абылайдың тұсында
Бар ма еді қалыңсыз
Саған қыз бергені?!

«Абылай аспас»- асудан
Аса келіп, ел шаптың.
Туыңды тігіп Құмбелден
Қыстай шауып елімді,

Баламды салдың тілімге.
Босатып қойдың, бостырып,
Ата мекен жерімді.
Жаманқарамды өлтіріп,

Бір сындырдың белімді!
Бұрынғы-соңғы ұлықтың
Салған бір жолы бар ма еді,
Елшіге берген өлімді?!

Қоқанда жатқан қорқытып,
Аттарын (атларын) алдың бегімнің.
Тіріме қылсаң, аз ба еді,
Өлігім саған не қылды?

Атаңның хақы бар ма еді,
Енеңнің ақы бар ма еді
Есқожа, Қанай көрінде?!
«Бұған ашу бассын!» - деп,

Елімді саған тастадым.
«Олжа қылып жатсын!» - деп,
Жерімді саған тастадым.
Бұ да алғаның емес пе?!

Жалғыз да, жалғыз ат мініп,
Қорғалап тауға босқаным!
Білмеймісің, Наурызбай,
Мейманаңның асқанын?!

Құдайыңның тосқанын,
Жанқарамды өлтірдің,
Суырып алып [дене]сін.
Сол әкенің басына

Тірсегінен асқаның!
Не себептен, хан Кене
Қырғызға мұнша өшіккен?
Ақ қалпақты қырғыздан

Қазаққа жазған несіптен.
Ат мініп, жарақ асынған
Бізді аяма, төрелер,
Есіркесең болмай ма,

Жолыңда жатқан бесікті?!
Балалы арқар баурайды,
Баласыз арқар маңырайды.
Мейірімсіз мұнша болғанша

Не шүршіт пен, не қалмақ -
Бірі де болсаң, болмай ма?!

Кәрібоздың бұл сөзіне пар келетұғын сөз жоқ. «Сөз аяғы құрып қалмасын!»- деп, ақша шықпаған мылжыңдық болған соң, уақыттың өтуі ойға келмегендіктен, шерте бергеніміз ғой!

Сонда Науан не дейді?

- Жақсы айтасың, Кәрібоз,

Қонысын орыс алған соң,
Кенекем кеткен жерінен.
Бауыры суып ол жерден,
Қарашы болған елінен.

Он екі кісі бас қылып,
Жеке батырымды жібердім.
Қоқидың шалқан келінен,
Екі жыл жатты пенде болып,

Жаңғараш, Жантай бегіңнен!
Ауылым баса қонған соң,
Әзер алдым өлімнен!
Жанқараңды өлтірдім,

Өзіңнің қылған кегіңнен.
Кім таласар, жігітлер,
Құдайдың берген бағына?!
Әркім шыққан табына,

Қанайыңды мен сенің.
Атаң ақы бар ма еді,
Менің Сыпатай, Андасымның тамында [20]?!
Білмейсің, Кәрібоз,

Мойнындағы жазаңды?!
Құл болмасаң Құдайға,
Кенекем алар мазаңды?
Міндетін ханның алайын

«Қойдым, - деп, маған ант берсең,

- Арағың мен бозаңды!»

Екі саба арақты
Жанғараш пен Жантайың
Артып келсін ант етіп,
Тіліп кайтсын сабаңды!

Қайтыс қылсын Кенекем
Қатын менен баланды.
Арағыңды қоймасаң,
Наурызбай берер жазаңды!

Кәрібоздың сөзі:

- Ықпалың асқан күніңде,

Айтарсың, төре, сөзіңді.
Асқар тауға, Наурызбай,
Мінгіз - ай берме өзіңді!
Алтын жағаң қисайса,

Бір күн қырғыз ояр көзіңді!
Атаң сенің Абылай,
Он сан жатқан Орта жүз.
Ұйтқысын өзің шайқадың!

Қанды көйлек елің-ді,
Кіші жүзге сыя алмай,
Тастай қаштың жеріңді.
Төлегенұғлы Жанғабыл

Тоқсан кісіңді өлтіріп,
Бітеу сойып басыңды.
Қоқанға берді тіріңді.
Басың кетер панадан,

Жаның кетер танадан.
Тіпті үміт қылмаймын [21]
Қолыңдағы, Наурызбай,
Қатын менен баладан.

Атаң сенің Қасым хан,
Қан шеңгелдеп туыпты.
Туғаныңда анадан.
«Салтыма тарттым!» - десейші,

Солайша десең, нанамын.
Ержан кеткен түн қатып,
Қалың жаудың шетінен.
Хан баршаға жіберген

Қудырып, дамыл таптырмай.
Қашқан жаудың көтінен
Жасанған жауға жолығып,
Мінген бір аты зорығып,

Қолға түскен сықылды
Екпіндеп барған бетімен [22].

Қиссадан қисса: «Қашан да болса, адамның таласқан бір жері болады. Сол жерді алған соң, тұра қалу керек. «Сол бетіммен тоқтамай жүре беремін!» - дей бермей, кезеңдескен Құмбелді алған соң, қашқанды қумай, Ержанды жібермей, Дулатты бөліп, жауға айдамай, Кәрібозбен елдесіп тұра қалса, еш пәле жоқ еді. Бұлар қосын қылып, Қырғызға аттанарда бір сыйыншы айтқан екен: «Бұл жолға Ержан бармасын, үйде қалсын! Іштеріңдегі құтың екен. Ержан үйде тұрса, жалғызың өлмейсің, аман келесің. Онан соң бүл жолға Ержан барып, қолға түсе қалса, бас көтеруге жарамайсыңдар! Ат аркасына мінген төреден бір де бірің қайта алмайсың! - деген екен. Бұл айтқан тілді төрелер керек қылмай:

- Үйде қалад[ы] деген не?! - деп, көтеріле аттанған екен. Және Үшкеңгірден Қоқидың көліне қарай көшкенде, бір қария айтқан екен:

- Бұрынғылардан тәжірибе бар еді: «Қоныс аударсаң, қосын қылсаң, күннің батысына қарай қош, не солтүстікке қарай көш! Егер оңтүстікке, не күншығысқа қоныс аударып, қос жүргізсең, қаны - жының төгілгеннен басқа дәнеме таппайсың! - деп.

Бұл сөзге де құлақ салмаған екен. Және Қарауылдан бір Бөгенбай деген қария қырғызға елшілікке барғанда, қырғыз бұлардың не айтқанын қылмақ болып, хазірет Ғалыдан ант ішіп: «Қай бұзылғанымызды аруақ пен Құдай тапсын!» - деп, елдесіп қайтқан екен. Соның үстінде тұрғанда Жеке батырдың бір қысырағының үйірі жоғалып, соны қырғыздан көріп:

- Қырғыз, шіркін, уағдасында тұрушы ма еді?! – деп - шауып ала қоямыз!- деп, тура (тұра) аттаныса бастағанда, сонда Бөгенбай ақсақал:

- Қойыңдар, төрелер, қыздырманың қызыл желі, шағымшының шақпа тілі пайда бермейтұғын, залалға қалдыратұғын. Қырғыздың манаптары аруақ, Құдайдан ант айтысып: «Бірімізге біріміз қастық ойламасқа!» - деп, мал айтып сойысып, бата қылысып едік. Сонда союға: «Құдай мен аруаққа!» - деп арнап асып келген қошқар еді.Үйге кіргізіп, бата қылдыруға есіктен мүйізі сыймап еді. Мен өзім бүл жолға жүрмеймін де және сендердің ұру, союыңа бата да бермеймін! Желкілдеген жеті Момынның баласы, жалғызың бармаңдар! «Жауға жүрмейсің!»- деп, хан өзі қырып тастаса, әуелі қолынан сендерді қырып ат - тансын!- деген соң, жеті Момыннан жан ермепті. Бөгенбайдың тілін алып қала беріпті де, жазған Арғынның аңғалдары төрелермен кете беріпті.

Қайыр, қара сөзде таусылу жоқ. Бір жекпе-жек десетұғын кезең жер келді. Сопы біраз сөйлейік. Ержанның колға түскенін Кәрібоз есіттіріп кеткен соң, Наурызбайдың Кенесары ханға келіп айтқан жері:

Ханға келді Наурызбай:

- Ержан жауға барыпты,

Кешегі мінген бәйгекөк
Бүгін мойыны талыпты.
Уаллағылым Кенеке,
Ержан да қолды болыпты,

Бізді жоқтап көзінен,
Ержан жасын текпесін!
Пенде болып Қырғызға
Ердің көңілі шөкпесін!

«Батырды ұстап алдық!» - деп,
«Байлауға мықтап алдық!» - деп,
Қырғызға дабыл кетпесін!
Ержан батыр аңсызда

Жолығыпты аранға.
Ағасы кетсе, артында
Інінің күні қараң-ды.
Ержан жауға түскенде,

Біздің мұнда, тақсыр хан,
Тұрмағымыз арам-ды!
Маған жауап беріңіз,
Екі-үш жүз кісі бөліңіз.

Ержан үшін жан кешіп,
Бір қайратты бастайын,
Тілеулес болып тұрыңыз!
Үш жерден қаптап шабайын,

Асуына шығармай,
Айырып алып қалайын!
Қан құстырып келейін,
Сақау қырғыз талайын.

Кене хан жауап бермеді,
Науанның көңілін көрмеді:

- Шығар жаудың алдына

Науанжан, маған ер! - дейді.

- Шабар мезгіл таянды,

Ат пенен ердің өнері.
Толды бір колға сыңысып,
Қызылсу, Самса кенері.
Қырғыздан кірді майданға:

- Біреуің шық, - деп, - сайранға!

Шеннен асқан бедері
Байзақ датқа (дадхуан) сөйлейді,
Сөйлегенде, не дейді:

- Қызылсу мен Самсаның

Қолға толды арасы.
Қараағаштай көп Дулат
Ханға болдың қарашы.
Қысылған жерде әркімге

Аруақ бір болсын панасы.
Жемит болған дұшпанға
Алаш байдың баласы -
Ауызының аласы.

Кімнен таяқ жегендей,
Бір ауызға қараса,
Біздің қазақ баласы?!
Біреуің атқа мініңдер

Бедерге жауап беріңдер!
Олардың бізден артық па
Атасы менен анасы?!
Таусылдың ба Мәмбеттің

Найза ұстаған баласы?!
Қайғыға толды бұ жолда
Қазақтардың қойыны.
Батырлардың майданда

Қызбас болды ойыны.
Ер Байзақтың сөзіне
Еш адам басын көтермей,
Төмен де түсті мойыны.

Қырғыздың қолы жиылды,
Әр жерлерден құралып.
Қыстай мінген қазақы ат
Баса алмай жатыр аяғын,

Қып-қызыл тастан тұралап.
Майданға Бедер кірген соң,

- Кел, қасақ! - деп тұрған соң,

Шыдамады Наурызбай
Түрегелді - ау(тұра келді-ау) орнынан
Шыбықтай белі бұралып,
Камзол ішік үстінде

Бауын үзіп белсеніп,
Ақауызын мінді де,
Түсті бір таудан теңселіп.
Сол арада Наурызбай

Жігітлерін қайрайды,
Fайбатбірлан (айбатпенен) ісі жоқ,
Бұлбұл құстай сайрайды:

- Жақсы (ихшы) болса, ханымыз,

Қайтпас-ты бастан бағымыз.
«Жау қарасын көргенде,
Ойыңнан шығар, - деуші едім,

- Үйдегі мал, бас, жаныңыз!»

Қара ағаштай көп қырғыз
Қиқу сал да, дабыл қақ,
Атын қой да, өзін шап,
Қатты тарт та, көздеп ат.

Майданға кірер күн бүгін
Бүгін жаннан кешіңлер,
Кебінді қолдан пішіңдер,
Әрқайсың оннан шаншыңдар!

Артықша туған ерлерім,
Іс көрсетер күн бүгін!
Таудың басы қарлы тұман,
Қырғыздарға бермей аман,

Бүгін болсын ақыр заман!
Жанымдағы арыстандарым,
Жаннан кешер күн бүгін!
Жанымда жүрген шерлерім,

Күміс қылыш, белдерім,
«Осындай жерде керек!» - деп,

- Көзімнің майын бергенім!

- Солайша айтып Наурызбай

Тартып - тартып жіберді
Ақауыз атты жамбасқа (жанбасқа),
Қолын бір сілтеп суырды
Тұрсынбай берген алмасқа.

Артына көзін салмады
Үйде бір қалған мал-басқа!
Шыға шапты Наурызбай
Бұлдырықтай зырқырап.

Бедер шықты каска атпен
Қояндай шаңы бұрқырап.
Хан қасынан ұмтылды Меңдібай,
Дулат: Ағыбай, Шәкір мен Жәуке,

Төлебай, Арғыннан шыққан қос жігіт,
Табыннан шыққан - Бұхарбай.
Төртуылдан - Жанайдар,
Қарауылдан - Кенжетай,-

Он бір жігіт жөнелді,
Наурызбайдың соңынан.
Сол сапарда Наурыздың
Жұлдызы туды оңынан.

Сол уақыттар болғанда,
Бедер де сонда сөйлейді,
Сөйлегенде, бүй дейді:

- Ай, Наурызбай, ай, терем,

Патшазада баласың,
Ғақылың асқан данасың!
Алдыңда айдап, шулаттың
Қырғыздың қатын-баласын!

Ер деуші еді Наурызбай,
Бірің де келсең, болмай ма
Иттеріңді шұбыртып,
Төрем, қайда барасың?!

Артына қарап Наурызбай
Ерлеріне сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:

- Әрқайсың бір шерге ұ[қ]сап,

Келдіңіз бе, бәріңіз?!
Біздің бүгін кеудеден
Шықпақ бір болса жанымыз,
Келгенменен, ерлерім,

Қорғауға келмес халіңіз!
Құдай берсе абиыр,
Түсірген атты алыңыз.
Жазым болсам бұл жерде,

Сүйегіме шабыңыз!
Бедер айтты бір сөзді,
Төгіле қалды-ау арымыз!
Сөзге сынық болмайын,

Ерлерім, кейін қалыңыз!
Сол уақытлар болғанда,
Бұрқ-сарқ етіп айқасты,
Батырлар күшін байқасты.

Төренің асты хайласы,
Қайраттың (ғайраттың) тиді пайдасы.
Айқасып қалған мезгілде
Шолтаңдап Бедер мырзасы,

Аспанға ұшты найзасы.
Бедер келіп жолыққан
Кекіліктің тауынан.
Наурызбай келіп жолыққан

Қызылсу, Самса баурынан.
Айқасқанда екеуі
Бедер мырза жығылды
Күрең қасқа аттың сауырынан.

Мұнарамен шаң болды
Шу мен Таудың жағасы.
Төрелердің жар (иар) болды-ау
Хан Абылай бабасы!

Бедер аттан ұшқан да:

- Иа, құдай! - деп, шуласты,

Үш алаштың баласы.
Аузы жетті тілектен
Найзасы тиді білектен.
Шанышқан екен Бедерді

Наурызбай төре жүректен.
Сыртынан шығып темірін
Суыра алмады - ау жақсылар
Қанменен қатты - ау жібектен.

Әр тараптан қырғыздар (қырғызлар),
Қоқиласып ат қойды,
Үміті (мидді) болып сүйектен.
Жалғыз шапты Наурызбай

Жауға қарсы енуге.
Шауып барып Бұхарбай
Өткізіп алды шылбырын
Ер Бедердің беліне.

Ордалы құлан серкелі
Малақай қылар үйегін,
Үш ай тоқсан болғанда,
Шаруа шешер күйегін.

Түсіріп төре кеткен соң,
Бұхар батыр ап кетті
Ер Бедердің сүйегін.
Қарасайшы Құдайдың

Бұларға берген бақтарын:
«Бермейміз!» - деп артынан
Қырғыздың қаптай шапқанын.
Араласып соғысып,

Бұхарбай батыр ап келді
Артында қалған аттарын.
Алып келіп оларды
Хан Кенеге тартқанын!

Ер Бедердің артынан
Олжаболат баласы
Ораз кірді майданға.
Бастан ауған бағы бар,

Қарайып тұрған ханы бар,
Шығайын деп тұрған жаны бар,
Жаны қайтіп шыдасын
Наурызбайдың қосында

Некелеп (некахлап) алған жары бар.
Ораз шапты ар жақтан,
Наурызбай шапты бер жақтан.
Айқасқанда екеуі

Ораз мырза жығылды.
Телкоңыр аттың сол жақтан,
Бір себептен Ағыбай
Қарайған екен қанына

Жеткен екен төпелеп,
Наурызбайдың жанына!
Түсіріп төре кеткен соң,
Шауып барып Ағыбай

Оразды алды көтеріп,
Телкоңыр аттың жалына.
Қоқилай келген қырғызға
Бермей кетті тағы да.

Қазір оған қарап тұр
Наурызбайдың жебесі (жұмысы)
Тасып, киімге сыймайды
Хан Кененің денесі.

Қарала атты бір қырғыз
Тағы да кірді майданға.
«Мынау кім?» - деп сұрасаң,
Жанқараштың інісі.

Інісінің бір ісі
Қыстай шауып жол қылды
Қызылсу, Самса жиегін.
Наурызбай төре ағытты

Ерлігінің тиегін.
Түсіріп төре кеткен соң,
Жақын жерде қырғыздар
Алып бір қалды сүйегін.

Шапқан сайын Ақауыз,
Жерді таптап, өктеді,
Қырғыз, казак ерлігін
Наурызбайдың - сөкпеді.

Екі мың кісі қырғыздан
Өзен жолын өрледі,
Жаяу мерген төккелі.
Оны керіп Кене хан

Иек қақты нөкерге
Арбадан арыс көтерді,
Шымғалды (шымғалны) қойды қатарға
Жиылған көпке атарға.

Зеңбірекке оқ берді,
Құлағына от берді,
Зеңбіректің аузына
Селдір сирек топ келді.

Зеңбіректің аузы ауып,
Қолдың болды көтінен.
Сегіз кісі ұшырды
Селдір сирек шетінен.

Бір боз атты ұшырды
Қырғыздың арғы бетінен.
Сол арада қырғыздар
Ойран болып бүлінді.

Қасында тұрған Наурызбай
Сұңқардай соғып ілінді,
Және оқтап атқанда,
Ұрмай, соқпай зеңбірек

Ортасынан бөлінді.
Қырғыз қашты алақтап,
Наурызбай кетті шабақтап.
Бір тозаңның астынан

Тоғыз атты ап келді
Меңдібай, Дулат: Ағыбай.
Бір тозаңның астынан
Он екі атты ап келді:

Шәкір мен Жәуке, Төлебай.
Бәрі келіп қосылды
Қызылсудің беліне.
Көңілі бітті Науанның

Тұз татырған еріне.
Шыға шапты Наурызбай
Екі мың қырғыз айналып (айланып)
Мерген төккен жеріне.

Он сегіз мерген бір жерде
Білте шекіп жатқаны.
Жалғыз барған төрені
Тегісінен атқаны.

Шара бар ма Құдайдың
Бұл сапарда қаққаны.
Қой боғындай қорғасын
Ажалы жоқтан таппады.

Мылтығын тастап, тау-тасқа
Қайта қашты мергені.
Мергеннің атын бермеді,
Араға түсіп кернеді.

Біреуін шаншып түсіріп,
Екеуін шаншып, өлтіріп,
Бес мергенді тірі айдап,
Сегіз мылтық өңгеріп,

Тартуға ханға бергені.

- Бұларға атын бер!- дейді,

Қызысудың жарында
Найзасын тұрды таянып.
Ханды қара баспаса,
Барса не етті сол жолда

Қалың қолдан оянып.
Күн батқанша атысып,
Мерекеге батысып,
Ақауыз ат оққа ұшты,

Қызылсу, Самса боданның [23]
Аңғарынан шаң асты.
Атынан әркім адасты
Болған қырсық, міне, осы,

Қырғыз, казак екі жар
Наурызбайға таласты.
Қазақ аз да, қырғыз кеп,
Ортаға алып қамасты.

Наурызбайға түйіліп,
Үсті-үстіне үйіліп,
Аттарын басқа сабасты.
Қияда жүрген Бұхарбай

Көре сала төрені
Жандамалап жанасты,
Шауып келіп Бұхарбай
Ерінің мінді артына

Үзеңгісін шығарды,
Қиын жерден елбесіп,
Төреге шықты мінгесіп,
Қырғыз жетті алысып,

Айғайлап, сүрен салысып.
Ағыбай сыртын айналды,
Құтқармаққа ойланды.
Наурызбай мен Бұхарбай

Салар еді ойранды.
Мінгесулі бір атқа
Бұлардың қолы байлайды.
Басшыны жетіп дендеді,

Қорғауға әлі келмеді.
Алдыңғы келген қырғызды
Ағыбай шаншып кернеді.
Және қайта ұмтылды,

Төрені жауға бермеді.
Шәкір шапты бұл жақтан
Дулат: Қабан, Меңдібай
О да келді бір жақтан.

Жәуке менен Төлебай
Кертайлақ атты ап келді.
Мініп алды Наурызбай
Көлденеңдеп тұрысты.

Сегіз жігіт бас қосып,
Су бойында ұрысты.
Тоқта[та] алмай көп жауды
Белеңге ойнап шығысты.

Шұбыртпалы: Ағыбай
Талайды шанышты жүректен.
Итшілесіп, сілкісіп,
Қорғап шықты төрені.

Қиын жерде түбектен
Кертайлақты мінеді.
Ақауыздай болмады,
Тасып жүрген Науанмың

Көңілі бұған толмады.
Шанышпақ түгіл қырғызды,
Болмады қорғау басына.
Қайтып келіп Наурызбай,

Ханның түсті қасына.
Өсіп бір сонда сөйледі
Құдайменде төреге
Долданып, қатты ашына:

- Тау суындай сарқырап

Дұшпан алды өренді.
Қырғыз тұтқын қылыпты
Ержан сынды төреңді!
Қолға түскен шағында:

«Екі інім, бір ағам бар,
Сатылсам, менің бағам бар.
Өлсем, алар құнымды.
Ала алмас ешкім тонымды!»

- Сөй деп айтқан Ержанның

Інісінің бірі - сен.
Қалдым жалғыз қайранда,
Ұзақ болдым майданда.
Бір көрмедің мені сен!

Ержан жауға түскенше,
Сен - ақ түссең болмай ма?!
Бар болса менің бір ісім,
Жауға шабар белсеніп,

Жігіттің жанға мырзасы.
Тар жерде келер жолдас боп,
Ерлердің – пайда - құрдасы.
Ат жығылған шағында

Ержан болса қасымда
Болмас едім қазаққа
Әзіл сөздің олжасы.
Бәрі де жау боп көрінді

Алатаудың тастары
Елден бұрын Нысанбай
Жоқ сұмдықты бастады.
Қобызы қолда байлаулы,

Қосшысының қасында,
Қобызды қосқа тастады,
Кейінгі қосқа қашқалы.
Қыстай шауып, жол болды,

Алатаудың дарасы.
Бұл сапарда қазақтың
Болмады қабыл тәубесі.
Рүстем менен Сыпатай

Үндес болды қырғызға
Күн батқан соң қосылды
Әне, ауыздың аласы.
Он екі... Дулатты

Рүстем айдап қашырды,
Мойнына болсын жазасы.
Амалдас болып қырғызға
Қанды екен қандай табасы?!

Сол қалғаннан төрелер
Еліне қайтып келмеген,
Қарашы халқын көрмеген.
Жұрт сарылып тіледі,

Тілеуді Құдай бермеген.
Киімді бала тудырған,
Алтынды қылыш будырған.
«Абылай - лап!» - ат қойып,

Жауды көрсе, қудырған
Көп сарғайтып келмедің,
Кене хан, саған не болды?!
Дорбадан жемін жегізген,

Қысырдың сүтін емізген.
«Баскын[шы] қалың жау келсе,
Алып шығар!» - дегізген.
Кенекемді қалдырып,

Көкбурыл, саған не болды?

- Патшада бар алтын тақ

Жасынан Құдай берген бақ,
Без милы қара бүркіттей,
Шабытты туған суға нақ,
Бір атадан жалғыз тақ,

Көп сарғайтып келмедің,
Наурызбай, саған не болды?

- Қайғы түсті басыма,

Заманым бұлай тарылып,
Салтанатты төреден
Қалғаннан соң айрылып...

Енді жайы болмады. Бөлініп кеткен он мың Дулат: Байзақ бас болып, Рүстем ұғлы Сыпатай қырғызға үндес болып: «Бір түн ішінде біріміз қалмай, қашалық. Аз ғана төлеңгітімен өздерін оңаша тастап. Сонан соң алмайтұғын оның несі бар?!» - деп, Қырғызға бірігіп кетті. Наурызбайға бір Кертайлақ деген атты апарып мінгізіп еді. Ол ит түске шейін шабуға жарамай, көзі терлеп тұрып алды.

Кенені Құдай оңдады,
Қылған бір ісі оңбады.
Арамқатқыр Кертайлақ
Ақауыз аттай болмады.

Кенесары ханның қолы Дулат дүркірей жөнелген соң, түн ішінде сатырлап қашты. Кене хан өзі тұрған жерінде тұрып қала берді. Ағыбай, Жанайдар үш қайырылып барды: «Жүріңіз, тақсыр» - лап. Хан болмады. Сонда қырғыз Суан - бек деген ханға қылыш суырып, дүрсе қоя бергенде, Жанайдар батыр Суанбекті жанаса беріп шауып қалғанда, Суанбектің басы допша домалап жерге түсті. Сол қылыш «Суанбекті шапқан көк қылыш» - атанды. Жанайдар батырдың үйінде әлі бар. Ханның қашпасын білген соң, Арғынның сексен жігітіменен Ағыбай, Жанайдар бірі алдынан кезеуілші болып, артынан тосқауылшы болып, қуып жеткен қырғыздарды шаншып тастап, есен-аман құтылып елге келді.

Наурызбай аты болдырған жерде аттан түсіп, малдас құрып отырып
алды.

- Сен кімсің! - деп сұраған қырғызға айтқаны:

Сұрасаң арғы атамды, хан Абылай,
Айтқаны Кене ағамның - күлдір Мамай[24],
Ей, қырғыз, танымасаң, танытайын,
[Қорқақты] қатын қылған мен Наурызбай!- деп, қасқайып қарады да отырды.

Наурызбай колға түскен соң, осы әңгімені бастан-аяқ сөз қылған Нысанбай жыраудың айтқаны:

Не етейін - екі қанатым
Түбінен сынды қайрылып.
Жаңбыр жаумай су болды,
Үстіме киген манатым.

Неше сынды достарың
Түрмеге түсті санатың.
Еншілескен ерлерге
Тиюші еді ғайратың!

Тасқа тиіп, кептелді
Балдағы алтын болатым!
Жаның қайда жай табар
Жадында Жаббар болмаса?!

Көңілің қайда жай табар
Қырық мың әскер аттанып,
Бейшара ныжам болар ма
Ғасаба керней болмаса!

Жұртың екі бөлінді
Қайда барып, жұрт болар
Кенесары қасында
Ер Наурызбай болмаса!

Халық иесі хандарда
Қандай айтса, мін бар ма,
Шегірткеге талатқан
Қырғауылда жүн бар ма?!

Жапалақтан жасқанған
Жалғыз демінде үн бар ма?!
Ақауызын жүгіртіп,
Коп қақсасаң, жақсылар,

Наурызбай келер күн бар ма?!
Кене ханның тұсында
Қарт бурадай жарадық.
Жауған қардай борадық.

«Абылай - лап!» - ат қойып,
Дұшпанның алдын орадық.
Кене хан жазым болған соң,
Алды-алдына тарадық.

Көрінгеннен қорғалап,
Кісі аузына қарадық.
Өзіміз шапқан Созақтан
Бір шақта ақыл сұрадық.

Бастан ауды бағымыз,
Иесіз қалды тағымыз.
Төрелер өліп қалған соң,
Ұстағанның қолында

Тістегеннің аузында
Ат жемі болдық тағы біз!

16. ТҮСІНІКТЕР

1. Жар-жар (1-нұсқасы). Бұл бұрынғы ҚР ҰҒА (Қазақстан Республикасы ұлттық ғылыми академиясы. Ескерту: Әрі қарай жақша сыртындағы бастапқы қысқарған түрін «ҚР ҰҒА»- қолданып отырамыз.- Н.Қ.) Орталық ғылыми кітапханасы қолжазба қорындағы ақынның өз жазбасы 1170 «а» папкасы, 8-14 беттері бойынша ұсынылып отыр. Сонымен бірге бұл үлгінің ең алғаш көрнекті тюрколог ғалым, Ресей зерттеушісі В.В.Радловтың «Наречья тюркскихь пле-мень...» Санкт-Петербургь, 1870-кітабында басылғанын ескеру үстінде әрі Мәшһүр - Жүсіптің ол кітапқа сүйену мүмкіндігін, әрі ел аузынан өзі жинауы ықтималдығын қоса діттеген жөн деп санаймыз. Ол кітап пен біз ұсынып отырған нұсқа ұқсастықтары кейінгі жинаушы Мәшһүр - Жүсіптің бастапқы В.В.Радловқа иек арту мүмкіндігін аңғартса, ара-тұра ұшырасқан жекелеген өзгерістер болуының өзі ақынның өзі жинауының дәлелі деп ұғынған жөн. Ал, ұқсастық, бірдейлік көзі неде дегенде, ел арасына тараған қысқа поэзиялық туындылардың, оның ішінде ойын-тойда жиі қайталанып, әбден шыңдалған үлгілердің онша өзгеріске түспеуі мүмкіндігі де белгілі. Сонымен бірге әулеттік мұрағатта(Мәшһүр - Жүсіп жазбасы, төртінші папка, 69-72 б. аралығында) тап осы мәтін орын алған. Бастапқы 17,5 шумағы сақталмаған ол үлгі он сегізінші шумақтың соңғы екі жолымен: «Інің үшін қайын інің // Онда болар, жар-жар!»- деп басталады. Осы орайда В.В.Радлов кітабындағы (Ел қазынасы - ескі сөз. Алматы, Ғылым, 1994,42-45 б.) мәтін мен біз ұсынып отырған Мәшһүр - Жүсіп жазбалары арасындағы жекелеген сәйкеспеулерді атап көрсетуді жөн көрдік:

1. В.В.Радловта: «Жылда-жылда боғжама боядым - деп, жар-жар, // Бір міндеттен құтылдым»- десін шешең, жар-жар!» (44 б.) - деп берілсе, Мәшһүр - Жүсіпте сол жолдар: «Жылда-жылда боғжама // Бояй бердім, жар-жар! // Бір міндеттен құтылдым» //- Десін шешең, жар-жар!»- деген сәл өзгеріспен берілген. Біздіңше, «деп», «десін» сөздерін келтіріп, бір сөзді орынсыз екі рет қайталағаннан гөрі бір-ақ рет қолданған соңғысы ұтымдырақ тәрізді.

2. В.В.Радловта: «Жылда-жылда базарға бардым дейді, жар-жар, // Бір міндеттен құтылдым десін ағаң, жар-жар!»- түрінде енсе, Мәшһүр - Жүсіпте бұл жолдар басқаша берілген: «Жылда-жылда базарға // Мал сатам»- деп, жар-жар! // «Бір міндеттен құтылдым!»- // Десін атаң, жар-жар!» Бүл тұста да, біздіңше, базарға барғанын ғана айтумен шектелуден гөрі қыз ұзату, оның жасауы үшін мал сатуды анық көрсеткен кейінгі үлгі қолайлырақ екені дау туғызбас деп санаймыз. 3. Бұрынғыда: «Жылда-жылда күйеуге бардым дейді, жар-жар, // Бір міндеттен құтылдым десін жеңгең, жар-жар!» - түрінде жалпылама берілсе, кейінгіде әйтеуір күйеуге күр беру емес, белгілі бір зат т.с.с. апару ұғымы нақтылана түскен: «Жылда-жылда күйеуге // Апарам,- деп, жар-жар! // Бір міндеттен құтылдым!- // Десін жеңгең, жар-жар!» 4. Бастапқыда: «Жылда-жылда жездеме бардым - дейді, жар-жар, // Бір міндеттен құтылдым десін інің, жар-жар» күйінде орын тепкен. Зерделесек, мұнда інінің жездесіне баруы жай хабарланумен ғана шектелсе, соңғыда қалжың түрінде болсын қонақ күтуден т.с.е. жалығу, ығыр болу да шаң беріп, өлең шынайылығы, қарапайым халық ұғымына жақындауы арта түскен: «Жылда - жылда үй ішін // Топыр қылмай, жар-жар! // Бір міндеттен құтылдым!» //- Десін інің, жар-жар!» 5. В.В.Радловта: «Жылда-жылда жездеме бардым дейді, жар-жар, // бір міндеттен құтылдым десін сіңлің, жар-жар»- түрінде жалпылама айтылса, тағы да Мәшһүр -Жүсіпте қарапайым пенде ұғымына, қалжыңына сай шынайы нақтылана түскен: «Жаман жездем жалпылдап, // Келе бермей,жар-жар! // Бір міндеттен құтылдым»//-Десін сіңлің, жар-жар!»

Жар-жар (2-нұсқа) Бұл да Мәшһүр - Жүсіптің өз қолымен жазылған 2 нұсқа: 1170 «а» папка, 14-15 беттер және 4-папка: 72,73-беттер бойынша салыстырыла берілді. Назар аударарлық жәйіт: В.В.Радлов пен Мәшһүр - Жүсіп арасында еш өзгешелік жоқ. Бүл мәтін бұдан бұрын Мәшһүр - Жүсіп таңдамалысында (Алматы, Ғылым, 1992,20-21 б.) да орын алғанын ескертеміз.

2. Жұбату. Бұл да Мәшһүр – Жүсіптің жоғарыда аталған екі жазбасы бойынша әзірленді. Бұ жолы да В.В.Радловпен салыстыру жүргіземіз:

1. В.В.Радловта: «Өзің бөлек туған соң, // Жұртыңа тұлға болмассың»- деп келтірілсе, Мәшһүр - Жүсіптің екі нұсқасында да бастапқы тармақ: «Өзіңе билік тиген соң»- деген қалыпта бой түзеген. 2. Бастапқыда: «Сен жылайсың ұлым деп, // Жиғаным қызыл бұйым деп»- күйінде өрістеп, ұзатылар қыздың «ұлым деп» жылауы өмір шындығына мүлде сай келмеуімен назар аудартса, Мәшһүр - Жүсіпте бұл жолдарда да, нақтылық, шынайылық басым: «Сен жылайсың: «Үйім!»- деп, // «Жиғаным - қызыл бұйым!»- деп.» Біздіңше, ұзатылар қыздың туып-өскен үйін қимай жылауы заңды да, әлі бойына бітпеген, бітуі мүмкін емес ұлын ойлауы әрі ерсі, әрі шынайы емес. 3. Бұрынғыда: «Сен де ойлайсың барсам деп, // Үйге тұлға болсам деп»- күйінде келсе, кейінгіде екінші тармақ басында «бір» сөзі орналасуы көмегімен ұғым нақтылана түскен: «Бір үйге тұлға болсам!»- деп. 4. Бастапқыда алғашқы жолдар: «Адам болсаң, өлмейсің,// Еш жамандық көрмейсің» -түрінде келіп, төртіншісі: «Жаман болсаң, білмейсің» - деп шаңырақ көтеріп, «өлмейсің», «көрмейсің», «білмейсің» - деп, белгілі бір ұғымды тым шегелеп айтса, біз ұсынған нұсқада олардың орнын: «өлмессің», «көрмессің», «білмессің» - иеленіп, алдын-ала тым кесіп айтпай, жинақтап сенім білдірумен шектелу жүзеге асқан. 5. В.В.Радловта: «Аз басынды көп етсең, // Көп асыңды көл етсең» - деп, ірге тепсе, Мәшһүр - Жүсіпте алғашқы тармақтағы: «Аз басыңды» орнына: «Аз асынды» орналасқан. Біздіңше, бұл жолдарда адам басын көбейту емес, ас-тағамды молайту соз болғандықтан да, кейінгі нұсқаның тиімдірек екені айқындалады. 6. Бұрынғыда: «Бір асынды дайра қып, // Қонағын сыйлап жөнелткен»- делінсе, кейінгіде: «дайра» орнына «даяр» сөзі енгізілуі көмегімен ұғым нақтылануы жүзеге асты. 7. Бастапқыда: «Әр неден жоқ үлгісі, // Сасық болады иісі» - делінсе, кейінгіде соңғы жол кеңейіп, екі тармақ қалпында сап түзеген: «Сасық болар үй іші, // Онан жаман өз иісі» - деп,белгілі бір ұғым әрі кеңейіп, әрі дамытылып берілген. 8. Алғашқыда: «Шылауышы жүрер жалбаңдап, // Балағы жүрер салбаңдап» -делініп,салақ әйел шенелсе, соңғыда «шылауышы» орнын «шашы» сөзі иемденген. 9. В.В.Радловта: «Заманы оның азғаны, // Аттан байтал озғаны» - деп өрнектелсе, Мәшһүр - Жүсіпте «заманы оның» орнына «замананың» делініп, сын өрісі кеңейе түскен. 10. Бұрынғыда: «Некесізден хан туып, // Қайран қазақ тозғаны» - қалпында отау тігілсе, кейінгіде «туып» орнын «тұрып» сөзі иемденіп, заман ыңғайы эсерлі көрінген. 11. Мәшһүр - Жүсіпте: «Сарғайып атқан сары таң // Сәуле беріп көрінді» - деп берілсе, В.В.Радловта екінші жол: «Сағынайын, бикем, түсімді» - түрінде келіп, бір түрлі ұғынықсыздыққа бастап тұр. 12. Мәшһүр - Жүсіпте бір шумақ:

Күйеуің жүр күлімдеп,
Қолына тиіп жылқысы.
Ата-анаға жақпайды
Келімнің шайпау тілдісі, -

деп шаңырақ көтерсе, В.В. Радловта мұндағы бірінші, үшінші жолдар мүлде түсіп қалып, екінші тармақ: «Қайтқан бір келген жылқысы» түрінде келіп, үғынықсыздыққа қана жол ашылып тұр. Бұл орайда біраз қателердің В.В.Радлов көшіруінен емес, кітап әзірлеушілер байқамауынан т.с.с. орын алуы мүмкіндігін ескермей отырған жоқпыз. Біздің дәлелдегіміз келгені – Мәшһүр - Жүсіптің өз алдындағы В.В.Радловқа сүйену мүмкіндігімен қатар, ез ізденісі аз болмағанын көрсету. 13. Сондай-ақ Мәшһүр - Жүсіптегі: «Ұзатпай сені қайтеді // Зылиқа, Зәуре - екі апаң // Апаңның салған үлгісі» - жолдарындағы алғашқы тармақ та В.В.Радловта орын алмаған. 14. Бастапқыда: «Мінгенде атың алады, // Тең құрбың мұнда қалады» - делініп, өзінен кейінгі: «Тең құрбы қалды мында көп» - жолындағы оймен қайталау тууына жол ашса, соңғыда екінші жол мүлде басқаша: «Теңселе басып барады» - деп өріліп, әрі қайталауға бастамауға, әрі сурет дәлдігі сақталуына әкелген. Мұның бәрі әрі қазақ фольклор үлгілерінің көп нұсқалы болуы мүмкіндігін, әрі әр зерттеушінің айтушылардан түрлі жауап алып дүрлішелікке ұрынуы ықтималдығын дәлелдей түседі демекпіз.

З. Беташар. Мәшһүр - Жүсіптің екі жазбасы:1170 «а» папка, 15-18 беттер және 4-папка, 73-76 беттер мәтіні бойынша әзірленді. Бұ тұста да аздаған өзгешеліктерді көрсету Мәшһүр - Жүсіптің өзіндік жинау жұмысы нәтижесін дәлелдей түседі деп санаймыз:

1. В.В.Радлов түсінігінде: «Онан соң бір кісі ағаш пенен келіннің жаулығын көтеріп, бетін ашып, елең айтады» - деп жалпылама түрде айтылса, Мәшһүр - Жүсіпте бұл нақтылана түскен: «Онан соң бір кісі ағаштың басына бір асыл бұйыммен шүберек байлап алып, желпіп отырып, келіннің басындағы бүркенген желегін көтеріп, бетін ашып, былайша өлең айтады». 2. В.В.Радловта: «Аттың басын тарт, келін» - делінсе, Мәшһүр - Жүсіпте бастапқы сөз: «Атыңның» - деп берілген. 3.«Шу-шу болар, шу болар» - деген жол мен оған ілескен, екі тармақ В.В.Радловта жоқ, Мәшһүр - Жүсіпте ғана орын алған. 4. «Сары етігің салпаңдап» - тармағы мен оған ілескен екінші жол В.В.Радловта жоқ, тек Мәшһүр - Жүсіп жазбасында (1170 «а», 16 б.) орын алуымен ерекшеленеді. 5. Бастапқыда «қон етігің қорқылдап» - делінсе, кейінгіде «қорқылдап» орынын «көрпілдеп» иеленген. 6. «Жаулығың тік шошаңдап» - деп басталатын10 тармақтың В.В.Радловта да, Мәшһүрдің әулеттік мұрағатта сақталған 4-папкасында да жоқ екенін, бұл жолдардың тек 1170 «а» папка 16- беті бойынша берілуінің өзі бастапқы жинаушы мен кейінгі еңбегі арасында өзгешелік бар екенін, ақынның ел аралап жүріп, тынбай ізденгенін ғана дәлелдейді. 7. Мәшһүр - Жүсіптің 1170 «а» папкасы 16-бетінде және В.В.Радловта осылай келсе, ақынның екінші бір 4-папкасы, 74 бетінде «келіңіз» орнына «көріңіз» берілген. 8. В.В.Радловта бұл жолдардың, яғни "Түйе берсең, тайлақ бер, // - Мұрындығын сайлап бер" - тармақтарының жоқ болуы да Мәшһүр - Жүсіп ізденісі көкжиегі кеңірек екенін аша түседі. 9. Бұрынғыда: «Қойды берсең қоңырдан, // Өсеріне оңынан» - деп берілсе, Мәшһүр -Жүсіптің екі жазбасында бірдей: «оңынан» орнына «оңдыдан» делінуі де назар аударарлық. 10. Бастапқыда: «Ешкі берсең сарыдан, // Даусы шыдамас зарынан»- делінсе, кейінгіде екінші тармақтағы ұғым дәлдігі тағы да көңіл бөлгізеді: «Құлақ шыдамас - дауысының зарынан». 11. Бұрынғыда: «Ақты қойды айдаған» - түрінде берілсе, кейінгіде бастапқы соз: «ақтылы» - деп келтіріліп, ұғым нақтылана түскен. 12. «Арғымақ келер аяңдап» - тармағымен басталған 6 тармақ әрі В.В. Радловта, әрі Мәшһүр - Жүсіптің бір жазбасында (4-папка, 75- бет) болмай, тек екінші жазбасында (1170 «а» папка, 17- бет) ғана орын алуымен ерекшеленеді. 13. В.В. Радловта: "Есіктің алды ақ балық» - тармағынан кейін орын алған әр жолдың екіншісінің соңғы сөздері: «қақтайық», «мақтайық», «қақтайық», «боқтайық» - түрінде отау тіксе, Мәшһүр - Жүсіпте: «қақталық», «мақталық», «қақталық», «боқталық» -түрінде келіп, бастапқы «ақ балық» сөзімен толық түрде ұйқасуымен көзге түсіп тұр.

4.Халық өлеңдері.

Бір ақын өлеңі.

Жоғарыда айтылған қолжазба қоры, 1176- папкадағы Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы (65- беті) бойынша ұсынылып отыр.

Абақтағының зары. Сол қолжазба қоры, 1176-дағы Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы бойынша әзірленді . Шығарма мәтініне маңдайша ретінде орын алған: «Атығай – Қарауыл - бір төрт жігіт жаламенен абақтыға түсіпті. Сонда солардың біреуі ел-жұртына өлеңмен сәлем қағаз жазыпты. Бала күнімізде: «Төрт жігіттің өлеңі» - деп, «Қонақ кәде айт!» - дегенде, айтысып жүруші едік. Соның біраз өлеңін жаза салдым.»

Қара өлең. Жоғарыда аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр – Жүсіп 1170 «а»папка 1-4 беттері бойынша әзірленді. Сонымен бірге жоғарыда аталған В.В.Радлов кітабының 39-40 бетінде тап осы мәтін орын алған. Біз бұл орайда да орын алған біраз сөз өзгерістеріне түсінік беріп отырамыз:

1. В.В. Радлов жинаған казак фольклор үлгілері жарияланған: «Ел қазынасы - ескі сөз». Алматы, Ғылым, 1994 ж,- кітабы мәтіндеріне берілген түсінікте (595 б.) түп нұсқада, яғни 1870 жылы Петербургте «Наречия тюркских племен»- деген атпен басылған кітапта осы «құйылды» сөзінің «құйынды» - деп басылғаны, сөз мағынасына ғана қарап түзетілгені ескертілген. Біздіңше, бұл өзгерту әбден орынды, себебі Мәшһүр - Жүсіп жазбасында да ап-анық «құйылды» - деп жазылған. 2. В.В.Радловта бұл жолдар: «Үлкен билер қалғанда, // Құлдар кірді кеңеске» - деп берілсе, Мәшһүр - Жүсіпте бастапқы тармақ: «Үлгілі билер қалды да» - түрінде келтірілген. Соңғы үлгі алынуы әрі сөз ыңғайы, заман тынысына доп келеді, әрі бір шумақ ішінде жеке сөздің («үлкенге», «үлкен») екі рет қайталануынан аман сақтайды. Сондай-ақ соңғыда «құлдар» сөзі үстіне баттитып, басқа қою сиямен «надандар»- деген сөз жазылған екен. Біз оны құлды кемсіту атаулыны біржақты, теріс түсіндірген кеңес заманы қысымы әсерінен енгізілген озгерту болар деп шамаладық. 3. «Жал құйрығы қаба» - деп» - деген тармақпен басталатын 18 жолдық мәтін В.В.Радловта мүлде жоқ болып, тек Мәшһүр - Жүсіпте орын алуы тағы да ақынның өз бетінше көп жинағанын дәлелдей түседі. 4. Жоғарыда аталған 1994 ж. шыққан В.В.Радлов кітабында осы «можа» сөзін түп нұсқада қате жазылған деп есептеп, «қожа» - деп өзгерткен екен. Біз Мәшһүр - Жүсіпте де «можа» - деп жазылғанына қарап, «можа» сөзін не көне араб - парсы сөзі, не бізге әзір белгісіз бір аталым болуы мүмкін деп санаймыз. 5. В.В.Радловта: «Оралдан қашқан ор түлкі // Аралап қашса, ит жетпес» - делінсе, Мәшһүр - Жүсіпте: «аралап», орнына «өрлей» сөзі орын алған. Біздіңше, мұнда әңгіме «аралап» қашу туралы болып тұрған жоқ, «өрлей», яғни өрге қарай етпеттеу, жер жағдайын неғұрлым ұтымды пайдалану сөз болып тұр. Сондай-ақ «ор түлкі», яғни «ор түлкісі» дегеннен де жер жағдайын ескеріп, неғұрлым басқалар бара бермес, өрді, биікті таңдап мекен еткен, яғни Орал тауын паналағандықтан да, жазық дала аңы емес, «ер түлкісі» аталуға лайық демекпіз. 6. Бұрынғы В.В.Радловта: «Аспаннан түскен тас түлек // Жерге түссе, тек өтпес» -делінсе, кейінгіде (Мәшһүр - Жүсіпте) «өтпес» орнын, «кетпес» сөзі иеленген. Соның нәтижесінде соңғыда сөз мағынасы нақтыланып, қалпына келтірілді. 7. Бастапқыда бұл жолдар: «Қас патша «қарашын // Ертең келдің» - деп, кек етпес» -түрінде келіп, бір түрлі ұғынықсыздық арқаласа, кейінгіде нақтылық, дәлдік басым: «Қас патша қарашысына: // «Ерте келдің, кешке келдің!» - деп кек етпес!» 8. 1994 жылғы В.В.Радлов кітабында: бұрынғы басылымдағы (1870 ж.) «мінезінен», «сүйегінен» сөздері орнына «мінезіңнен», «сүйегіңнен» сөздері жорамалмен ғана енгізілсе, Мәшһүр - Жүсіпте де «мінезіңмен», «сүйегіңнен» - деп жазылуы кейінгі долбар дұрыстығын дәлелдеуге кызмет ете алады. 9. Бастапқыда: «Ендігінің жақсысы // Есіктен төрге қарап // Отырады түнеріп» - деп келтірілсе, біз ұсынып отырған нұсқада: «Ендігінің жақсысын // Есіктен төрге қарап, // Отырғанын көрерсің түнеріп» - күйінде өрілген. Кейінгіде сыналушы отырысы ғана емес, сынаушының оған деген көңіл-күйі қоса қамтылып тұрғаны анық. 10. Бұрынғыда; «Аз кісіге көп кісі // Орамына келтірер» - делінсе, соңғыда «кісіге» орнына «кісіні» алынғандықтан, тағы да ұғым нақтылануы жүзеге асты.

Тақпақ. Бұл туындыны «Тақпақ» дегенде, Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы бойынша жазылған аталым басшылыққа алынды. Жоғарыда аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы, 1177 папка, 149-150 беттеріндегі мәтін бойынша әзірленді. Ақынның тап осылай басталатын екінші қысқа үлгісі әулеттік мұрағаттағы екінші папканың 133 - бетінде орын алған. Тек мұнда шығарманың «Мұң тарқатар құдай бар!» - жолына дейінгісі ғана қамтылған. Осы орайда бүл мәтіннің ақын таңдамалысының екінші томына (Алматы, Ғылым, 1992, 54-55 б. құрастырған С.Дәуітов) енгені белгілі. Тек онда шығарманың «Боларында болып от» - деп басталатын жол мен «Қанша қинасаң, қинауыңа тұрады, үзілмейді!» - сөздеріне дейінгілері енбей қалған. Оның себебі Кеңес билігі тұсында әзірленгендіктен де, ол үзіндідегі сөздердің біразы сол кездегі саясатқа сай келмегендіктен қысқарған деуге негіз толық. Біз бұл орайда мәтінде айтылған сөздер мен Мәшһүр - Жүсіп дүниетанымы, пікірі арасында үнемі сәйкестік бола бермеуі мүмкіндігін, ақынның фольклор үлгілерін еш саясатқа бағындырмай, ел арасында қалай айтылса, сол қалыптан аудармай жеткізуді ғана мақсат еткенін есте ұстаған жон. Асылы фольклор үлгілерін белгілі бір идеяға икемдеу, өзгертіп жазу ол ғылым талаптарына мүлде қайшы келетінін ескерсек, өзгертпей жеткізу қайта Мәшһүр - Жүсіптің елеулі табысы екенін еске салғымыз келеді. Сонымен бірге көлемі шағын болса да, Мәшһүр Жүсіптің әулеттік мұрағаттағы жазбасында бірер өзгешелік бар екеніне, оны ескермеуге болмайтынына көңіл бөлген жөн:

1. Әулеттікте: «Құдай» сөзі орнына «Тәңір» - деп берілген екен, біз «құдай»- дегенін алдық. Себебі «тәңірі» сөзінің қазақ даласына ислам діні келгенге дейін қолданылуы мүмкіндігін, ал, «құдай» - дегеннің неғұрлым кейінгі айтылу үлгісі болуы ықтималдығын басшылыққа алдық. 2. 1177 папкада: «Жалғызбын деп, қамықпа» - деген бір жол ғана енсе, әулеттікте ол екі тармақ түрінде кеңейген: «Жалғызбын деп зарықпа, // Мұңлымын деп қамықпа!» Біз әулеттіктегіні неғұрлым кең де, дұрысырақ деп санадық.

Төрттағандар. Бұл төрт тармақтық өлеңнің маңдайшасында туындыны қандай жағдайда кімдер айтқаны ескертілген: «1921 - ноябрь басы, жаңаша сейсенбі, бүгін 22-інші, ескіше дүйсенбі, бүгін тоғызы. Бірінің - 8,бірінің 20-сы күні Баянаулада Потуков Павел дегендікінде болдық. Город Павлодар, улица Первый Май, дом номер - семьдесет пять, продает-қа Сырбай Шорабаев. Бір шайырдың айтқаны.» Ал, өлең соңынан мына сөздер жазылған:

Оқыдым ерте тұрып, бамдат намаз,
Мінажат бір Аллаға жаздым қағаз.
«Мимнің дауасын татып, тасып бол!»деп,
Қыздармен заманымда болдым араз.

«Мейрамның басы қосылғанда туды!»- деп, атын Мейрам қойды, жылы - жылан, осы сиырда 81 - де болады. Ораш әкесі - Үміннің інісі Ниязбек. Үркімбай қызын Ниязбек баласы Мәукенге берген. Солардан тұқым бар-жоғын білу үшін жазылған.

5. Өтірік өлең.

Жоғарыда аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр - Жүсіптің оз жазбасы: 1170«а» папка, 101-103 беттері бойынша ұсынылып отыр. Сонымен бірге бұл мәтіннің жоғарыда аталған В.В.Радловтың 1870 жылғы кітабында жарияланғанын, екі үлгі арасында айырмашылық көп екенін, осы жолы біз ұсынып отырған кітаппен салыстырғанда, аз-кем селкеуліктер бұдан бұрын басылған ақын таңдамалысында да (М.Ж.Көпеев, Таңд., Алматы, Ғылым, 1992, 42-43 б.) орын алғанын ескертеміз. Енді соның бәрін нақты көрсетеміз: 1. В.В.Радловта (жоғарыда ескертілгендей, бұ жолы да «Ел қазынасы - ескі сөз // Алматы, Ғылым, 1994 жылғы кітабынан үзінді келтірілгенде, «В.В.Радлов» - деген аталымнан кейін, тек сол кітаптағы бет ретін келтіріп, отырамыз - Н.Ж.) мұндағы «қызға» орнына «жұртқа» сөзі (65 б.) орын алған. 2. Мұндағы «құмырсқаның асауын» орнына В.В.Радловта «құмырсқаны қайырып» -сөздері (65 б.) берілген. 3. Соңғы екі жол В.В.Радловта мүлде басқаша өрілген: «Ел қыдырған кешегі есер кезде // Бөгелек басына тана тақтым.» 4. Мұндағы «түбіне» орнына В.В.Радловта: «ығына» - (66 б.) деп келтірілген. 5. Бұл сөздер сәл өзгертіліп, бұрынғыда (В.В.Радловта) «дүниенің ауыры» (66 б.) -күйінде шаңырақ көтерген. 6. В.В.Радловта осы шумақтың үшінші тармағы «атандарға» - деп басталып, сөйлем ішіндегі келесі тармақ соңы да «атандардан» деп беріліп, бір сөйлем ішінде сөздің екі рет қайталануы шаң берсе, Мәшһүр - Жүсіпте кейінгі «атандарым» орнына «жануарым» орын алған. 7. Бастапқыда бұл қолданым сәл өзгеріп: «Дүниенің ауыры» - деген қалыпта отау тіккен. 8. В.В.Радловта: «Үлкеніне серкенің» (66 б.) арба салу берілсе, Мәшһүр -Жүсіпте:серкеден көп кіші «қара шіркей, шыбынға» арба жегу өрнектеліп, әсірелеу шеңбері көп кеңейіп, әсерлілік арта түскен. 9. Мәшһүр - Жүсіптің 1170 «а» папкасында (102 б.) және В.В.Радловта (66 б.) осы «мықты» сөзі бой көтерсе таңдамалыда оның орнын «күшті» сөзі орынсыз иеленген. 10. Мәшһүр - Жүсіпте бұл жол: «Бір қарсақты жаратып, базар міндім» - деген қалыпта өріліп, өзінен кейінгі тармақ соңындағы «әзер (азар) міндім» сөздерімен құп ұйқасып, үйлесіп тұрса, В.В.Радловта осы тармақ: «Бес қарсақты күнінде баса міндім» - делініп, әрі болашақ көлікті алдын-ала даярлау («жаратып») түсіп қалуы, әрі ұйқас толымсыздығы («баса міндім»- «әзер міндім») анық байқалады. 11. Бұрынғыда бұл сөздер: «Жүргізе алмай шіркінді» (66 б.) - қалпында өріліп, кейінгідегі қимыл-әрекет дәлдігі («құлағынан берік басып») қамтылмай қалған. 12. В.В.Радлов кітабында және 1992 жылғы таңдамалыда да «сомбал» - деп басылған сөзді біз қолжазбадағы бастапқы әріптің таңбалану ерекшелігіне қарап, «хамбал» - деп өзгерттік те, «сомбал» дегенді жақша ішінде қоса келтірдік. 13. Бұрынғыда бұл шумақ орнын мүлде басқа тармақтар иеленумен бірге соған ілесе тағы төрт жол қосыла берілген. Сонда кейінгіде, яғни біз ұсынып отырған Мәшһүр -Жүсіпте, әрі алдыңғы шумақ өзгешелігі, әрі соған ілескен бір шумақ енбегені анықталады. 14. И.Тап осының алдындағы 3 тармақ В.В.Радловта мүлде басқаша берілген: «Өтірік өлең айтамын ер басынан, // Шылым қылдым шыбыштың қу басынан, // Қара шіркей етіне қазан толып.» Ал, осы шумақтың төртінші жолы Мәшһүр - Жүсіптегі қалыпта шаңырақ көтерген: «Астау - астау ет жедік ер басынан.» Біздіңше, мұндағы ыңғайсыздық әрі бірінші мен төртінші тармақ соңы «ер басынан» делініп сөз қайталануынан, әрі шылымның ол кез үшін тым сирек құбылыс болуынан туып тұрған сияқты. 15. Мұндағы «бір әділ пақыр» - В.В.Радловта: «бірталай бақыр» - күйінде ірге тепкен. Біздіңше, будан кейінгі жолдын: «Имансыз сона деген кәпір екен» - деп өрілуіне қарама-қарсы алынуымен де бастапқы тармақ өзіндік ой, әсерлілік өрбітуге бағытталған, яғни: «Маса деген бір әділ пақыр екен» - қалпында өлең идеясы, композициясы тұрғысынан да неғұрлым шынайы да, үйлесімді болып тұрған тәрізді. 16. Тап осы жолмен басталатын үш шумақ В.В.Радловта мүлде бөлек. Сонымен бірге Мәшһүр - Жүсіпте осы он екі тармақ мүлде басқаша келтірілумен бірге соған қоса төртінші шумақ та орын алған. Біздіңше, бұл өзгерістерден тағы да В.В.Радловтан кейін жинаған Мәшһүр - Жүсіп еңбегі де бір бөлек қазына екені дәлелдене түседі деп түйін жасауға болады. 17. 1992 жылғы таңдамалыда осындағы «айтсам да» сөзі «айттым да» - делініп, сәл қате берілген. 18. Тағы да сол таңдамалыда «бөгелектің» сөзі «бөкейліктің» - делініп қате аударылған. 19. Таңдамалыдағы «қойыпты» сөзін «құйыпты» - деп аудару көмегімен (араб әрпінде белгілі бір әріпті «о», не «у», не «у», не «о», не «у» - деп оқи беруге келетіні арабша оқи алатындар үшін белгілі қағида - Н.Ж) белгілі бір ұғымды нақтылай түстік. Расында, «құт қойыпты» - дегеннен де «құт құйыпты» өрнегі белгілі бір береке құттың берілу тәртібін нақтырақ бере алады. Оның үстіне кейінгі тармақтар соңындағы: «жиыпты», «тырбиыпты» сөздерімен ұйқасуға «қойыпты» өрнегінен гөрі «құйыпты» лайық болып, құп үйлесіп тұрғанын байкау да қиын емес. 20. Тандамалыдағы: «Ол дүниеде мен өзім болмайын деп» - делініп, бір түрлі ұғынықсыздық тудырған «дүниеде» сөзін мәтін жазуына бажайлап қарап, «дауына» -деп өзгерткенде, ұғым дәлдігі қалпына келді.

6. Жарапазан. Мәшһүр - Жүсіптің Мәдина деген қарындасынан туып, жасынан ақын мұрасын жинаумен шұғылданған Жолмұрат Жүсіпұлының (1894-1977) әулеттік мұрағатта сақталған көшірмелерінің 3 - папкасы, 409 - беті бойынша әзірленді.

7. Жоқтау өлеңдері.

Бұрынғы жоқтау үлгісі. Жоғарыда аталған Алматыдағы қолжазба қорындағы Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы, 1170 «а» папка, 26-28 беттері бойынша әзірленіп, алдында сөз болған В.В.Радлов кітабымен салыстыру жүргізілді. Сараптау кезінде төменде көрсетілгеніндей, көп өзгешелік болуы тағы да бұл үлгінің ел ішінде түрлі нұсқалы т.с.с. болуы мүмкіндігін, сонымен бірге бастапқы жинаушының қазақ тілі бояуы түрлішелігін байқай бермеуі ықтималдығын қоса аңғартады. Енді мысалдар келтіріп, нақты дәйектеу жүргізейік:

1. В.В.Радловта және Мәшһүр - Жүсіп жазбасында: «Ұяда сұңқар түлеткен» - деп дұрыс жазылса, 1992 жылы шыққан ақын таңдамалысында «ұяда» сөзі «әуеде» болып орынсыз бұрмаланғанын ескертеміз. 2. Ақын жазбасында және 1992 жылғы таңдамалыда: «Қиядан сұңқар тілеткен» -делінсе, В.В.Радловта соңғы «тілеткен» орнына «түлеткен» беріліп, өз алдындағы: «Ұяда сұңқар түлеткен» - дегендегі соңғы сөзді қайталау туғызғанын ескерген жөн. 3. Мәшһүр – Жүсіп жазбасында және 1992 жылғы таңдамалыда да бұл жолдағы соңғы сөздер: «түлкі артқан» - түрінде келсе, В.В. Радловта «артқан» орнын «атқан» иеленген. 4. Ақын жазбасы мен таңдамалысында: «Қиядан барып тіке атқан» - қалпында орын алса, бұрынғыда, яғни В.В.Радлов нұсқасында соңғы сөздер «теке атқан» түрінде берілген. Біздіңше, бұл тармақ алдындағы жол түлкіні артуға арналса, кейінгісі сол аңды «тіке» атуға байланысты екені анық. Араб жазуына 1914 жылғы А.Байтұрсынов енгізген жаңа үлгі, ережеге дейін, әсіресе дауысты дыбыстарды түрліше оқуға мүмкін болғаны да белгілі. Демек Мәшһүр - Жүсіп жазбасы 1914 жылға дейін қағазға түсті десек, «теке», «тіке» сөздері бірдей белгіленетіні бұл салада еңбек еткендер үшін еш жаңалық емес. 5. Мәшһүр - Жүсіп жазбасында: «Баршаны бөздей жырттырған, // Жібекті жүндей тұттырған» - деп жазылып, соңғы: «жырттырған», «тұттырған»- сөздерінің толық ұйқасуы іске асса, бұрынғы үлгіде ол реттілік өзгерген. Мәселен, онда «тұттырған» орнына «түттірген» сөзі қолданылған. 6. Сондай-ақ Мәшһүр - Жүсіпте: «Айдарлыға айдатқан, // Тұлымдыға байлатқан» -күйінде ап-анық жазылса, В.В.Радловта «айдарлыға» орынын «айдалаға» иеленген. Біздіңше, Мәшһүр - Жүсіптегі әр тармақ басындағы: «айдарлыға», «тұлымдыға» сөздері бірін-бірі демеп, үйлесіп, халық салтын, нанымын дөп бейнелесе, жылқыны айдалаға айдату еш жөнге, дағдыға сай келмеуімен көзге ұрып тұр. 7. Мәшһүр - Жүсіпте: «Қалмақтан жылқы қудырған, // Құлының жолда тудырған» -делінсе, бастапқыда (В.В.Радловта) «жолда» дегенді «қолда»сөзі алмастырып, біртүрлі ұғынықсыздық тудырып тұр. Біздіңше, жылқыны «қолда» тудырды дегеннен де, «жолда» тудырды деу уақыт шындығына, сол кездегі адамдар дәстүріне неғұрлым дөп келеді. 8. «Жамбасынан» - деп, қазіргі емле сөздігіне сүйеніп жазып келсек, Мәшһүр - Жүсіпте және В.В.Радловта ол «жан басынан»- түрінде берілуі тегін емес. Расында, адамның бір басы, әрине, негізгісі иықтан жоғары орналасса, әсіресе төрт аяқтап қозғалуға тура келгенде, бүйірдегі бір мүшесінің де екінші бір жанама бас тәрізді қылтиып көрінуі мүмкіндігін ескермей болмайды. 9. «Санама жұлдыз батырған» - дегендегі «санама», сөзі бір түрлі түсініксіздік туғызып тұр. Біздіңше, ол «саннама» түрінде жазылса, сандаған жұлдыз, яғни көп жұлдыз ұғымын ашуға бағытталар еді. 10. Мәшһүр - Жүсіпте: «Бес тақа баршадан тон қылған, // Жеті рудан қол жиған» -делінсе, бұрынғыда алдыңғы тармақ соңындағы «қылған» орынын «киген» иеленіп, тағы да ұйқас солғындауына негіз болып тұр. 11. Мәшһүр - Жүсіпте: «Әуелде құдай қалаған, // Асылы нұрдан тараған» - деп өрілсе, бастапқыда «әуелде» сөзі - «әуелі», «тараған» дегені - «жараған» - күйінде келтірілген. Біздіңше нұрдан тарау ұғымы Аллаға сену, Алланың жарату құдіретін ескеруден туса, «жараған» сөзі «жаралған» түрінде берілгенде ғана сол ұғымға бағытталарын ескерген жөн. Бұл орайда тағы да алдыңғы жолмен кейінгінің ұйқасу сапасын нашарлату іске асарын ескерсек те, бастапқы қолданымның кезең тынысына неғұрлым сай келетінін бағамдау қиын емес. 12. «Алыстан дұшпан аттанса» - тармағы Мәшһүр - Жүсіпте орын алмаған. Біз оны соз орайына, қолданым дәстүріне т.с.с. сүйеніп, В.В.Радлов бойынша енгіздік. 13. В.В.Радловта осы тармақ соңы: «жаранған» болып берілсе, тағы да оған дейінгі ұйқас негіздері соңғы етістіктің «бораған» және одан кейінгі жол аяғының «қамаған» -түрінде келіп, бірыңғай ұйқас тәртібіне бағындырыла алынғанын ескергендіктен де,осы «жаранған» орнына Мәшһүр - Жүсіптегі «жараған» сөзін енгізу тиімдірек деп санадық. 14. В.В.Радловта: «Сексенге келген Кеңгірбай, // Ішің толды параға» - делінсе, Мәшһүр - Жүсіпте «ішің» орнына «еншің» - алынған екен, соңғыны таңдадық. 15. Бастапқыда: «Өлгенде жайылсын қараңа» - делінсе, кейінгіде (Мәшһүр - Жүсіпте) «жайылсын» - «жайылды», «қарана» - «қараға» - деп өзгертілген екен. Біз белгілі бір әрекеттің жүзеге асуы мүмкіндігін емес, нәтижесін діттеген соңғыны туынды идеясына неғұрлым сай келеді деп таптық. 16. Мәшһүр - Жүсіп жазбасында да, В.В.Радловта да бар тап осы жолдың: «Ғылажың не дүр Аллаға» - 1992 жылғы кітапқа енбеуі шығарманың кешегі кеңестік жүйе кезінде әзірленгендіктен, «Алла» сөзін қолданудан қашқақтау нәтижесі болар деп шамаладық. 17. Бұрынғыда бұл жол: «Күні де, түні де базарым» - деп отау тіксе, кейінгіде бастапқы сөздер: «күні де - түні» қалпында ықшамдалған екен, біз соңғыны қаладық. 18. Бастапқыда осы тармақ «Аллалап қайтты назарым» - деп шаңырақ көтерсе, соңғыда алдыңғы сөз «Алладан» екен. Кейінгіде ұғым нақтылана түскен тәрізді.

Балғынды жоқтау. Бұл туынды да жоғарыда аталған қолжазба қорындағы ақынның 170 «а» папкасы бойынша әзірленіп, тағы да В.В.Радлов кітабымен салыстыру жүргізілді. Мәшһүр - Жүсіп жазбасы маңдайшасында: «Батырбек деген төренің қызы Балғын өлгенде, шешесі жоқтады» - делінсе, В.В.Радловта да сол іспеттес тақырыпша берілген екен, біз оны ықшамдап. «Балғынды жоқтау» - деп атадық. Бастаған үрдіс бойынша тағы да айырмашылықтарға көңіл бөлеміз:

1. Бастапқыда, В.В.Радловта, осы тармақ соңындағы Мәшһүр - Жүсіптегі «жалғызым -ай» орнына «артыңда» сөзі орын алған. 2. Бұрынғыда бұл тармақ мүлде өзгеріп: «Ау, жаңғыз бауырым шырқырап тұр» -делініп, ұғым көмескілігі алға шыққан. 3. Мәшһүр - Жүсіпте баласын оқыту үшін не бергені нақты көрсетілсе, бастапқыда: «Молдаға оқысын деп қоя бердім» - делініп, тым жалпылама айтылған. 4. Бұрынғыда тармақ соңы: «бердім» - деп аяқталып, белгілі бір өзгерісті, өлімді бекітуші пенденің өзі тәрізді әсер қалдырса, кейінгіде бәрін жасаушы жаратқан иенің өз шешімі екені аңғарылады. 5. Бастапқыдағы: «айт дегенің» - сөздері кейінгі бойынша түзетіліп, ұғым нақтылығы қалпына келтірілді. 6. Бұрынғыдағы (В.В.Радловтағы) сөз соңындағы мағынасы беймәлім «үлік» сөзі ұғымды айқындап берген кейінгі, Мәшһүр - Жүсіптің «өлім» дегенімен ауыстырылды. 7. Нақтылық, дәлдік талабы бойынша бастапқыдағы «қорған» сөзі кейінгінің «құрған» сөзімен алмастырылды. 8. Мұндағы «түсер» сөзі орнын бұрынғыда «жетер» - иеленген. 9. Мәшһүр - Жүсіпте: «Тапқаны ақ ешкінің егіз лақ» - делінсе, В.В.Радловта «егіз» орнында «екі» сөзі тұр. 10. Бастапқыда (В.В.Радловта): «Екі ешкі көкке қарап, көденді же, // Табарсың есен болсаң тағы лақ» - делінсе, кейінгіде (Мәшһүр - Жүсіпте) «екі ешкі» емес, «ақ ешкі» болып дұрыс өзгертілген. Сонымен бірге соңғы «тағы» мен «лақ» сөздері арасында түсіп қалған «да» шылауы қалпына келтірілген. 11. В.В.Радловтағы: «Жаратты бір жаратқан бесеу сұмды» - дегендегі «бесеу» сөзі бір түрлі ұғынықсыздық тудырып тұр. Осы орайда біз «бесеу» сөзін «би сау» сөздерімен, сау емес ұғымымен алмастыруға болар ма еді деген түйінге келдік те, екі қолданымды катар бердік. Араб әрпінің таңбалану ерекшелігі бұл ұғымның екеуіне де қайшы емес. 12. Мәшһүр - Жүсіпте шумақ аяғы: «Құдайым берер ме екен бізге де ұлды» - делініп, оз алдындағы бастапқы жол соңы: «мен де мұңды», екінші аяғындағы: «бесеу сұмды» сөздерімен құп үйлесіп, ұйқасып тұрса, В.В.Радловта шумақ соңындағы сөздің «тұяқ» болып алынуы ұйқас тәртібіне мүлде қайшы келіп тұрғаны анық.

Бопы төренің қарындасы жоқтағаны

1. Мәшһүр - Жүсіп жазбасы: 1170 «а» папка, 31 - бетінде және 1992 жылғы таңдамалыда «күдері» - делінсе, бұрынғыда (В.В.Радлов кітабында) «күлдәрі» - сөзі өрнектелген. 2. 1170 «а» папкада және В.В.Радловта «жалпайып» сөзі - дұрыс берілсе, таңдамалыда (32 б.) «жайқалтып» - деп қате жазылған. 3. Ақын жазбасында: «жарды бір» - деп алынса, ол таңдамалыда да солай берілген. В.В.Радлов кітабын «Ел қазынасы - ескі сөз» аталымымен әзірлеушілер «жардыны» сөзін келтіріп, оны жергілікті тіл ерекшелігі деп санаған (Алматы, Ғылым, 1994, 597 б.). Біздіңше,мұнда «жарды» - дегенді «күйеу», «жұбай» деген сөздердің синонимі ретінде қабылдаған жөн. Сонда шығарма басында жазылған мына тақырыпқа: «Бопының қарындасының күйеуі өлгенде жоқтағаны» - назар аударсақ та, әйелдің көз жұмған күйеуін, яғни жарын жоқтауы келіп шығады. Қараңыз: «Жарды бір алған осы өлім.» 4. Бастапқыда (В.В.Радловта): «досын» делінсе, кейінгіде (Мәшһүр - Жүсіпте) «достысын» - отау тіккен. 5. «Ғалыны да» - дегендегі «да» шылауы бұрынғыда жоқ, кейінгі Мәшһүр - Жүсіп бойынша енгізілді. 6. Соңғыда: «Өлімнің інісі - уайым» - түрінде ірге тепсе, бастапқыда: «Өлімнің несін ойбайым» - деп беріліп, біртүрлі ұғынықсыздық тудырып тұрғанын байқау қиын емес. 7. Бұрынғыда және кейінгіде: «Қара бір шашым жаяйын, // Жаяйын да жияйын» -күйінде өрілсе, таңдамалыда аяққы: «жияйын» - орнына «жылайын» сөзі қате алынған. 8. Бастапқыда: «Қыналы бармақ, жез тырнақ» - қалпында өрістесе, кейінгіде «қыналы» сөзі «күнәлы» өрнегімен алмастырылған екен. Біз соңғыны таңдадық. 9. Бұрынғыда: «Күнінде қанға бояйын. // Албыраған ақша бет // Сүйегіне тақайын» -деп беріліп. «бояйын» мен «тақайын» сөздерінің онша ұйқаспауы орын алса, «тақайын» орнына кейінгідегі «таяйын» енгізілуі нәтижесінде ұйқас қалпына келтірілді. 10. Бастапқының: «Моймылдаған қара көз» - жолындағы алғашқы сөз таңдамалыда: «мөймүлдеген» - деп берілген екен. Ақын жазбасына қайта үңілу нәтижесінде «мөймілдеген» нұсқасын таңдадық. 11. Бұрынғыдағы: «Ала арқанмен бек тарттым» - тармағындағы « бек» сөзі орнын соңғыдағы: «берік» - иеленді. 12. Алғашқыда: «ханнан ендік жағынар - делінсе, кейінгіде «ендік» орнына «опанік» -сөзі кірген екен. Біз «опанік» - түбірі «опа» екенін ескеріп, кейінгіні ұсынып отырмыз.

Тәтиді жоқтау. Бұл туынды да жоғарыда аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр - Жүсіп жазбасы, 1170 «а» папкасы, 39-46 беттері бойынша ұсынылып, В.В.Радлов кітабымен (1870) және белгілі ғалым М.Бөжеев көшірмесімен салыстыру жүргізілді:

1. Бастапқыда (1870 ж. В.В.Радлов кітабында): «Қара бір таудың үлгісі» - деп берілген екен, біз кейінгіге, Мәшһүр - Жүсіптің жоғарыда аталған қолжазба қорындағы 1170 «а» папкасының 39-бетінде осы тармақ соңы: «өлкесі»- делінуіне қарап, әрі ол сөздің өзінен кейінгі тармақ соңындағы: «серкесі» сөзімен толық ұйқасуына сүйеніп, жол аяғындағы: «үлгісі» - сөзін «өлкесі» - деп алмастырдық. 2. Мәшһүр - Жүсіпте: «Ебінің қызыл желіндей // Саулап бір тұрған сөз еді» - деген қалыпта отау тіксе, В.В.Радловта: «Ебінің» орнына «Еділдің» сөзі тұрумен бірге екінші тармақтың мүлде түсіп қалуы орын алған екен. Біз толы нұсқаны, кейінгіні, басшылыққа алдық. 3. Бұрынғыдағы: «түрі еді» - сөз қолданысын кейінгіге сүйеніп, әрі сөз мағынасы нақтылығын ескеріп: «төре еді» - деп өзгерттік. 4. Сондай-ақ бастапқы «ұлын» сөзі де соңғы бойынша «аулын» болып түзетілді. 5. Соңғыда, яғни Мәшһүр - Жүсіпте: «Құрама жиып, ел қылып, // Қосын таза сақтаған» - деген түрде шаңырақ көтерсе, бастапқыда, яғни В.В.Радловта: «қосын» орынын «күсін» иеленген екен. Біз сөз ыңғайына, мағынасына қарап, кейінгіні таңдадық. 6. Екінші үлгіде (Мәшһүр - Жүсіпте): «Тілі шайпау тентегі // Ақылымен тоқтаған» -күйінде өрілсе, бұрынғыда «тентегі» орнына «тентегін», «тоқтаған» орнына «тоқтатқан» кірген екен. Тағы да оған дейінгі «тоқтаған» сөзімен үйлес: «жақтаған», «мақтаған», «сақтаған» - сөздерінің «тоқтатқан» дегенмен онша ұйқаспайтынын, соз ыңғайын ескеріп, соңғыны таңдадық. 7. Мәшһүр - Жүсіпте:

Көлдегі аққу дауысты,
Ақ сұңқар құстай дабысты,
Ерегіскен дұшпанға
Айдаһардай шалысты, -

түрінде келсе, оған дейінгіде, В.В.Радловта, екінші тармақ аяғындағы сөз «дауысты» -делініп, алғашқы жол соңындағыны орынсыз қайталауды тудырған. Сондай-ақ шумақ соңындағы сөз: «шалышты» - түрінде келіп, біртүрлі түсініксіздік тудырған. Біз соңғы үлгіні таңдадық. 8. Бұрынғыда: «Қанға - ай түскен асылдай, // Қалшайғанмен қарысты» - делініп, ұғынықсыздыққа ұйтқы болса, тағы да соңғы бойынша түзету енгізіліп, сөз мағынасы нақтылана түсті: «Қайтпас қара бұлттай // Қалшиғанмен қарысты.» 9. Бастапқыда: «Екі де тізген,бір айыл» - делініп, «тізген» сөзі түсініксіз тұрса, тағы да кейінгі бойынша ол өрнек «тізгін» болып өзгертіліп, «тізгін», «айылдың» - ат тұрмандары түрлері екені айқындала түсті. 10. Алғашқыда «Топ ішінде шығып сөйлеген» - күйінде орын алса, соңғыда: «Иығы асып сөйлеген» - деп, қайраткер сипатын нақтылай түсу, даралау жүзеге асқан екен. Біз кейінгіні алдық. 11. Бұрынғы: «Еркіне зорлық қылмаған» - жолындағы «еркіне» орнына Мәшһүр -Жүсіп бойынша «ырқына» енгізілді. 12. Бастапқыда: «Күнәкар, сірә, болмаған» - делінсе, кейінгіде «сірә» орнын «ғасы» сөзі меншіктеген екен. Тағы да соңғы үлгінің сөз мағынасын дамытып, аша түсетіні ескерілді. 13. Біріншіде: «Адалдығы әлімдей // Дін сөзіне тоймаған» - бой көтерсе, кейінгіде «әлімдей» орнын «ғалымдай» иеленген екен. Сөз мағынасы, орны соңғының неғұрлым ықтимал екенін дәлелдейді деп санадық. 14. Алғашқыда: «Ақылы дана, данышпан» - күйінде өрнектеліп, соңғы екі сөз қолданымында бір-бірін қайталау жүзеге асса, кейінгідегі «дана» орнына «және» сөзі кіргізілуі сол біртектестікті болдырмауға қызмет етіп тұр. 15. Кейінгіде:

Аруақты ердің қосы еді,
Адал пірдің досы еді,
Нияз алар мұртынан,
Мұрт деп барар жұртынан,

Қожалар оқыр құранды – деп өріліп, бірінші тармақ пен екінші, үшінші мен төртінші ұйқасуы және бесіншінің өз алдындағы және өзінен кейінгі шумақтардың соңғы жолдарымен ұйқасуы (яғни шумақ аралық ұйқасқа біраз ұқсауы) жүзеге асқан. Ал, бастапқыда орын алған өзгерістердің ұйқасқа да, мағына бірлігіне, үндесуіне де т.с.с. қабыспай жатуын байкау киын емес. Мәселен, алғашқы тармақ соңындағы «қосы еді» орнына «күшті еді» кіруі өз алдына, екіншідегі соңғы «досы еді» сөздерін «мұрты еді» ауыстырған. Ал, үшінші соңындағы «мұртынан» сөзі «мұрыннан» болып өзгерсе, төртінші басындағы: «мұрт деп» -«мұртты» күйінде ірге тепкен. 16. Соңғыда: «Қыс қонысын сұрасаң, // Қоянды мен Жыланды» - делініп, айтар ұғым ап-анық жеткізілсе, бұрынғыда «қыс» орнына «қос» енуі арқылы тағы да мағына қабыспауы, ұғынықсыздығы туып тұр. 17. Сондай-ақ: «Тірісінде көп берді» - тармағы жазылған соң, оқырман көңілінде «нені?» сауалы туары анық. Сол сұраққа жауап іздесек, екіншіде (Мәшһүр - Жүсіпте) ол ап-айқын берілген: «Зекет!» - деп, тай мен құнанды.» Мұнда зекет үшін тай - құнан ұсынылуы нақты көрсетілсе, одан бұрынғыдағы екінші жол: «Зекетім деп қуанды» -түрінде келіп, зекетке не бергені ашылмай қалған. 18. Мәшһүр - Жүсіпте: «Жайлауға беттеп көшкенде, // Шаңдатып жылқы айдаған» -делініп, тағы да бір ой толық та, анық берілсе, В.В.Радловта осындағы алғашқы жол мүлде түсіп қалумен бірге «шаңдатып» деген нақты сурет жасап тұрған сөз ығысып: «Көшкенде мың жылқы айдаған.» - деген ұзын шұбалаңқы жол сап түзеген. Біздіңше, жылқы санын «мың» деп бір ұғымға ғана шегелегеннен гөрі, сол мыңды тура айта салғаннан да, «шаңдатып» сөзі мал көптігін нақты әсерлі көрсете алған. 19. Мәшһүр - Жүсіптегі: «Тайы қысыр қалмаған, // Тайлағы бота салмаған» -жолдарында әрі нақты ой, әрі ұйқас тәртібін сақтау орын алғаны анық. Ал, бұрынғыда: «қысыр» - дегенді «қысырақ» сөзі ауыстырып, мағына қайшылығын тудырумен бірге екінші жолдың мүлде түсіп қалуы тағы да өлең әсерін көп төмендетіп тұр. 20. Алғашқыдағы: «Бетегелі кең тарлау // Беткейге біткен райдай» - жолдары соңындағы «райдай»сөзі түсініксіздік тудырса, кейінгіде оның орнын «раңдай» иеленген. «Раң» сөзіне берілген тіл білімі мамандары анықтамасын еске алайық: «Раң. Көктемнің басында қар суымен шығатын, бойы аласа майда шөп» (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 8-том, Алматы, Ғылым, 1985, 49 б.) 21. Тағы да Мәшһүр - Жүсіпке жүгінсек, бұл қадамдардың казак тілі үшін көш бастаушы ретінде де көп іс тындырған қажырлы да талантты ғалым беделін төмендетуге апармақ түгіл, бастай да алмайтыны анық. Себебі әрі басқа ұлт өкілі бола тұрып, әрі тек қазақ емес, түркі тектес ұлт тілдерін соншалық кең қамтыған, әрі бірінші болып қағазға түсірген В.В.Радловты жеке бір салада болсын біз зерттеп отырған адамға ұстаз ретінде алуға әбден болады. Әйтсе де алғашқы зерттеуші тыңнан жол салса, сол бұрынғының тәжірибесіне сүйенгендіктен де, оның біраз қателерін кейінгінің қайталамауы мүмкіндігі өсетінін де біз ескермей кете алмаймыз. Себебі бастапқы зерттеуші қанша маңызды шаруа тындырса да, оның жекелеген ағаттықтарын көрсетпеу белгілі бір ғылым саласын дамытуға емес, тоқыратуға ғана әкелетіні де бұрыннан басы ашық жәйіт. Біз назар аударған шумақ Мәшһүр - Жүсіпте былай өрістеген.

«Дүниеден Тәти өтті!» - деп,
«Алтайдан қайрат кетті!» - деп,
Қожалар сызған сиядай,
Дұшпанның көңілі тынды ғой!

Ал, В.В.Радлов кітабында көп өзгешеліктер бар. Мәселен, алғашқы жолдары былай келтірілген: «Тәти өтті – деп - Алтайдан // Қайрат кетті! - деп қожалар.» Кейінгі үзіндіде катар тұрған екі жолдың ұйқаспауымен бірге, үшінші тармағы: «сызған сиядай» - делініп, әрі буын саны азаюы, әрі біртүрлі ұғынықсыздық орын алған. Демек мұнда да басқа ұлт өкілінен гөрі Мәшһүр - Жүсіптің ел тарихын, тілін көбірек білетіні және қағазға түсіруді кейінірек қолға алуы - бәрі кейінгі нұсқаның дұрысырақ болуын негіздегені анық. 22. Мәшһүр - Жүсіпте: «Ақжолдың ұғлы Арғынға // Атпен желі тарттырдым» - делінсе, одан бұрынғыда «ұғлы» орнын «баласы», «тарттырдым» - сөзін «тарттырды» -ығыстырған. 23. Кейінгіде:

Ішіп, бір киіп, буласын,
Су.м дүниенің өтерін
Өлшенуменен ойласын!
Мың - миллионы кетсе де,

Төре алдына бармасын! – делінсе, бастапқы өзгешеліктері тағы да көңіл бөлерлік. Бірінші жол: «Ішсін, күйсін, буласын» - деп алынса, екінші тармақтағы: «дүниенің» - сөзі «дүние» - түрінде қосымшасыз енген. Үшінші тармақ басындағы: «өлшеуменен» - орнын «осынауменен» иеленсе, «миллион» сөзі «милиан» - деп қате жазылып кеткен. 24. Соңғыда: «Шараба түһүр шәрбатын // Сусыныңа ішкейсің!» - түрінде орын алса, бұрынғыда бастапқы екі сөз: «шерімен тауып» - күйінде берілген. 25. Екіншіде: «Иа, Мұхаммед, қолдағай, // Көп иад еткен үмбетін!» - түрінде болса, «көп иад еткен» сөздері орнына бұрынғыда «көп айтқан» орналасып, айтылмақ ой жүгі жеңілдеп кеткен. 26. Мәшһүр - Жүсіпте: «Алып бір туған жоталы, // Жарастықты мырза еді» - қалпында бой көтерсе, В.В.Радловта екі жол біріктіріліп: «Алып бір жоталы мырза еді» - делініп, әрі жолдағы буын саны орынсыз ұзарып, әрі мырза сипатын ажарлаушы «жарастықты» сөзі енбей қалған. 27. Кейінгіде:

Қуандық пен Сүйіндік,
Жан жоқ бұған таласқан.
Ексе де елге. бітер ме
Мырзада мұндай жарасқан?!- деп берілсе,

Бастапқыда екінші жол басындағы: «жан жоқ бұған» орнына «жан болмаған», ал, «мырзада» орнына «мырзадай» сөзі орын алған. 28. Бұрынғыдағы «шұқыған» дегенді кейінгі бойынша «шоқыған»- деп өзгерткенде: бұған дейінгі және кейінгі ұйқас қураушы сөздердің: «оқыған», «тоқыған» және ең соңында «толқыған» - деп алынып, біз ұсынған сөзбен толық ұйқасып тұрғанын ескердік. 29. Жоғарыда сөз болған 1994 жылғы кітапты әзірлеушілер 1870 жылғыда осы «еш» сөзі «іш» болып жазылып кеткенін, өзгерту болжаммен жүргізілгенін ескертсе, Мәшһүр - Жүсіпте де «еш» деп анық жазылуы кейінгі авторлар долбарының дұрыстығын дәлелдейді. 30. Бастапқыда:

Ат бастына соқтырып,
Ақ айтпаған дұғайы.
Аузына қыдыр көп түспей,
Алдасын күткен мұңайы, -

деп беріліп, көп түсініксіздік және ұйқаспау тудырып тұрғанын байқау қиын емес. Енді Мәшһүр - Жүсіпке және өз долбарымызға сүйеніп ұсынған нұсқаны келтірейік:

Ат басына соқтырып,
Ақы айтпаған дуа [ғып],
Аузына күпір көп түспей,
Алласын күткен мұңайып!

31. Бұрынғыда: «Артқы шылығын сұрайы» - делінсе, кейінгі бойынша ол: «Артының қайырын сұрайық» - болып өзгертілді. 32. Бастапқыда:

Аруақ ата қалап,
Аруақ баба жебесін.
Жауап таман жар болып,
Ініңе шайтан мінбесін! –

деп, біртүрлі ұғынықсыздық тудырса, тағы да Мәшһүр - Жүсіпке сүйену біраз түйткілді шешуге жәрдем берді:

Аруақ ата қалаумен
Аруақты баба жебесін!
Жауаптамаң жар болып,
Иініне шайтан мінбесін!

Әсіресе үшінші жолдағы: «жауап таман» жар болуы еш түсініксіз болса, енді жауаптаманың қолдауы біршама ұғынықты екені анық. Алғашқыда: «Ініңе шайтан мінбесін» - делініп, інінің ағаға т.с.с. қандай қатысы бары тіпті беймәлімдікке соқтырса, басқаға емес, адамның өз иініне шайтан мінбеуі айтылғанда, кімге арналғаны ап-айқын болды. Осы орайда шығарманың басы жазылған бетке көлденеңдеп жазылған ақын ескертпесі туынды авторы кім екеніне саңылау түсіре алады демекпіз: «Бұл жоқтауды сөйлеуші Шортанбай қожа еді - деседі. Сонда Шортанбай қожаға бір түйе, бір ат берген» -деседі.» Бұл деректі оқи отырып: «Неге Шортанбай өлеңі - деп берілмеген?» - деген сауал тууы заңды. Біз бұл туындының 1870 жылғы В.В.Радлов кітабында фольклор үлгісі ретінде берілгенін, сонымен бірге Мәшһүр - Жүсіптің де Шортанбайдың туынды авторы екенін кесіп айтпай, елден естіген «деседі» - дегенді ғана келтірумен шектелгенін ескеріп, әзірше фольклор ішіне қалдыра тұрғанды жөн көрдік.

Бір әйелдің ботасын жоқтағаны.

Жоғарыда айтылған қолжазба қорындағы Мәшһүр - Жүсіптің өз қолымен жазылған 1176 папка, 225 (320) бетіндегі мәтін бойынша әзірленді. Бұл туынды жазылған беттің сол жағында көлденеңдеп жазылған ақын ескертпесі орын алған: «Бұрынғының сөзі: «Бір қыдыр бар - құт қыдыр, // Бір қыдыр бар - пұт қыдыр.»

Қалмақ Сарыарқадан ауғанда, тамақ сұрап жылаған балаларына айтқаны.

Бұл да жоғарыда ескертілген орында сақталған 1177 папка ішіндегі Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы бойынша ұсынылып отыр. Шығарма тақырыбы ретінде Мәшһүр - Жүсіп мына ескертуді маңдайша етіп жазған екен: «Қалмақ ауғанда, тамақ сұрап жылаған балаларына айтқаны.»

Қалмақтың Сарыарқаны жоқтаған зары. Бұл да негізінен алғанда сол 1177 папкадағы Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы, 41-43 беттері бойынша әзірленді. Сонымен бірге ақынның сол қолжазба қорында сақталған екінші бір жазбасы (Мәшһүр - Жүсіп, 1170 «а» папка, 92-93 б.) бар екенін ескерткіміз келеді. Біздіңше, ең толығы кейінірек қағазға түскен 1177 папка үлгісі де, одан көп ертерек жазылғандықтан да, әрі қысқа, әрі ауытқулар орын алғаны - 1170 «а» папкасы. Осы орайда бүл мәтіннің жоғарыда аталған В.В.Радлов кітабындағы нұсқасымен де салыстыру жүргізілді. Сонымен бірге 1992 жылғы ақын таңдамалысы екінші томында осы үлгі біраз өзгеріп, т.с.с. басылғанын ескеріп, үш нұсқаға сараптама беріп өтуді де жөн көрдік.

1. 1170 папкадағы екінші жол «Пайдаң маған келген тау»- түрінде келіп, одан кейін сол 92- беттің он жағында көлденеңдеп жазылған топтама: «Тиюші еді пайдаң тау» - деп басталса, 1177-де соның екіншісі ғана берілген. Біз қайталауға ұрынбас үшін 1177-дегіні таңдадық. Осы орайда В.В.Радловтағы екінші тармақ «Байдің маған тиген тау» -түрінде келгенін атап өтеміз. 2. «Үйде бақан, сырығым» - жолын маңдай еткен 4 тармақ Мәшһүр - Жүсіптің 1177 папкасы 41 - беті және 1170 «а»- ның 92-бетінің оң қапталында көлденеңдеп басқа қолтаңбамен өрнектелген жазба бойынша берілген. Сол 1170-тін 93-бетіндегі 4-7 жолдарында әрі тармақ реті ауысып, әрі жекелеген сөздерінің В.В.Радлов кітабындағы 14-17 тармақтары үлгісін қайталауы да тегін емес. «Қазанымның қақпағы, // Желі бір соғар тоқпағы. // Ат ұстауға құрығым, // Үй тіреген сырығым.» Осы орайда В.В.Радловта «қазанымның» орнына «қазынамның» делінуі кезінде дұрыс жазылмауы, не кітапты баспаға әзірлеушілер қателігі нәтижесі болу керек деп шамаладық. «Қателік» дейтініміз, «қазанымның қақпағы» - әрі түсінікті, әрі сол кезде қолданылған тұрмыс заттары ерекшелігін дөп басып тұр. Ал «қазынамның қақпағы» әрі күнделікті қолданылып жүрген бұйымдар тізбегіне: тоқпақ, құрық, сырық ұғымдарына мүлде үйлеспейді, әрі Мәшһүр - Жүсіпте екі рет (1177 және 1170 папкада) тек «қазанымның» -түрінде жазылуы тегін емес. Сонымен бірге соңғы үлгі әсерінен де В.В.Радловта және 1170-тің 93 бетіндегі «ат ұстауға» - сөздерінің алғашқы сыңары ғана өзгеріп: 1992 жылғы ақын таңдамалысында «жылқы ұстауға» - түрінде алынған. Ал, біз мұны 1177 және 1170-тің 92-бетінің оң қапталындағы жазба бойынша «ат ұстайтын» түрінде беріп отырмыз. Сондай-ақ 1177 бойынша біз ұсынған «үйде бақан» - орнына В.В.Радловта және 1170-тің 93 - бетінде: «үй тіреген» - орын алған. Мұның бәрі тағы да ел арасында сол мәтіннің, екінші бір нұсқасы орын алуы мүмкіндігін аңдатады. 3. «Үш атамыз өткен тау, // Үш мың қара біткен тау» - жолдарынан кейін Мәшһүр -Жүсіптің 1177 - папкасында: «Әкем күйеу болған тау» - деп басталатын топтама кірсе, В.В.Радловта, Мәшһүр - Жүсіптегі 1170- те және таңдамалыда (1992): «Баян бір ауылы қазылық» - тармағын алға салған басқа түйдек орын алған. 4. В.В.Радловта: «Атам күйеу болған тау, // Енем келін болған тау» - делінсе, 1170-те алдымен «енем» жазылса да, сол қолтаңбамен «шешем» - деп түзетілсе, 1177-де әрі 1170 - тегідей: «атам» орнына «әкем» алынумен бірге «енем» орнына «шешем» алынуының шындыққа жанасымдылығы дау туғызбаса керек. Қазақ ұғымында ененің келін болуын дәріптеуден де шешені мадақтау неғұрлым шынайы екені белгілі. 5. «Ит жүгіртіп, құс салып» - жолын маңдай екен 8 тармақ В.В.Радловта, 1170 «а»- да және 1992 жылғы таңдамалыда да жоқ, тек 1177- бойынша енгізілді. 6. 1870 жылғыда (В.В.Радловта): «Бай төбетім маңқылдап, // Қотанына үрген тау»- деп қысқа түрде берілсе, 1177-де де тек «қотанына» сөзі орнына «байсал тауып» орнаса, бұ жолы 1170 «а» бойынша: «Бай төбетім маңқылдап» - тан кейінгі екінші: «Даусы қудай саңқылдып» - кіргізілді. 7. «Балалы қаздай байпаңдап» - тармағын ту еткен 4 жолдық түйдек 1870 жылғыда мүлде жоқ, тек Мәшһүр - Жүсіптің екі жазбасында бірдей орын алған. 8. 1870 жылғыда: «Кетейін деген ойым жоқ, // Айналасы толған тау» - делініп,таудың көптігі қысым көзі болғандай, теріс ұғым тудырса, кейінгіде (Мәшһүр - Жүсіпте) бәрі өзгеше: «Кетейін деп кетпедім, // Төңірегің толған жау!» 9. «Шабынды, қопа, қамысым» - деген тармақпен бет түзеген 15 жолдық мәтін В.В.Радловта жоқ та, Мәшһүр - Жүсіпте бар. 10. Мәшһүр - Жүсіпте: «Қожыр-қожыр тастарым, // Сен есіме түскенде, // Көзімнің ақты - ау жастарым!» - делінсе, бұрынғыда (1870 ж.) екінші жол мүлде жоқ. 11. «Балауса шөбің бал татыр» - жолымен басталған 3 тармақ Мәшһүр - Жүсіптің бізде бар үлгілерінде жоқ. Әйтсе де ақын мұрасын ең көп зерттеген және тыңғылықты жинауға бар өмірін сарп еткен ақын жиені Жолмұрат Жүсіпұлы жазбасында орын алуы негізсіз емес деп санап кіргіздік. 12. «Үш ай тоқсан соқса да» - жолымен басталған 4 тармақ, ақынның 1177-папкасында жоқ, тек 1170 «а» бойынша енгізілді. Сонымен бірге ол жолдар Жолмұрат көшірмесінде де орын алған. 13. «Есіл, Нұра - екі су» - деген жолға ілескен 10 тармақтың бұрынғыда (В.В.Радловта) мүлде болмай, кейінгіде (Мәшһүр - Жүсіпте) орын алуы да соңғының ізденіс аумағы кеңдігін аша түседі. 14. «Баян бір ауылы Қазылық // Жолың жатыр қазылып» - В.В.Радловта 5-6- жол ретінде келтірілсе, таңдамалыда бұл 23-24 тармақ ретінде сол үлгіде берілген. Мәшһүр - Жүсіптің 1170-папкасында бұл жолдар сол ретпен қайталанса, 1177-де «Баян бір аула»- орнына «Қарқаралы» енгізілген. 15. Мәшһүр - Жүсіпте:

«Күзгітұрым қонғанда,
Төрт түлік мал баурайда
Жатушы еді жай тауып,
Құлашын керіп жазылып» -

делінсе, бұрынғыда әрі екінші жол мүлде жоқ, әрі мұндағы үшінші жолдың бастапқысы «жатушы еді» және төртіншінің соңғысы «жазылып» қана алынып, бір тармақ ретінде біріктіріліп, басқа сөздер енбей қалған. 16. Мәшһүр - Жүсіптегі: «Егізімнің сыңары» - жолымен өрістеген 13 жолдық топтама тағы да бастапқыда жоқ. 17. Бұрынғыда (1870 ж.) шығарма соңы былай аяқталады:

Біз барармыз,
Барсақ бадал табармыз.
Егін де жайын білмейміз,
Аштан өліп қалармыз.

Бұл топтама кейінгідегі 1177 - папкада мүлде орын алмаса, 1170 «а» - да бастапқы тармақ: «Біз барармыз, барармыз» - түрінде алынып, буын саны кемістігі толтырылумен бірге «бадал» - сөзі орнын «залал» иеленген. Ал, Мәшһүр - Жүсіп мұрасын ең көп көшірген жиені Жолмұрат көшірмесінде бастапқы жолдан кейін: «Барып қайда оңармыз!» - тармағын бетке ұстаған айналасы 6 жол қосылған екен. Сонда айналасы 10 тармақтық мәтіннің үшінші және алтыншы жолдары тек 1170 бойынша, бастапқы мен соңғысы әрі 1170, әрі Жолмұрат; 2, 4-5, 7-9 жолдары тек Жолмұрат бойынша алынғанда, мына мәтін ірге тепті:

Біз барармыз, барармыз,
Барып қайда оңармыз?!
Барсақ, залал тартармыз!
Сендей жерді жалғанда

Іздеп қайдан табармыз?!
Егін де жайын білмесек,
Арып, ашып, талармыз!
Тарының сөгін жалармыз,

Шөпшек теріп, шоп жиып,
Аштан өліп қалармыз!

1177 - мәтіні соңында Мәшһүр - Жүсіптің мына бір ескертпесі, толық түсінсек, кейін де қайталануы мүмкін ел зары берілген: «Мұны бұрын қалмақ айтып жыласа, осы күнде қазақ айтып жылап, ботадай боздап отыр. Бұрынғы дәурені кім-кімнің болса да, көзінен бір-бір ұшқан заман!»

8. Қазақ мақал-мәтелдері. Мақал-мәтелдерді жазылу реті бойынша емес, алфавит тәртібімен беруді жөн көрдік. Біріншіден, бұлай алу белгілі бір мақал-мәтелді іздеуші оқырманның тауып алуын жеңілдетеді. Екіншіден, Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасында да, одан жасалған Жолмұрат Жүсіпұлы т.с.с. көшірмелерінде де ел аузынан ор кезде жинау салдарынан белгілі бір мақал - мәтелді екі, не үш рет қайталап қағазға түсіру орын алған. Сол қайталауларды кітап бетінде болдырмас үшін де осы жолды тандап алдық. Осы орайда қазақ мақал-мәтелдерін осы уақытқа дейін құрастырып жариялағандардың бәрі белгілі бір мәтіннің қайдан, кімнен, алынғандарын көрсетпей, ел аузынан тікелей өздері жинаған қалып танытып келгеніне назар аудартқымыз келеді. Осы орайда бүкіл ескі әдебиет үлгілерін сүзгіден өткізу кезінде әміршілдік жүйенің тыйым салуынан құтқару үшін де Мәшһүр - Жүсіп есімін атамау себебін де ескерген жөн. Ал, заман түзеліп, тыйым салулар артта қалған кезде ауыз әдебиеті үлгілерімен бірге мақал - мәтелдерді де XІX ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғасыр басында ең көп жинаған Мәшһүр - Жүсіп екенін атап айту керек. Әміршілдік жүйе кезінде ҚР ҰҒА Орталық ғылыми кітапханасы қорындағы Мәшһүр - Жүсіптің біраз жазбасы қолды болып, тек оның жиені Жолмұрат көшірмелері сақталуын да шүкіршілік етіп, оған қоса әулеттік мұрағаттағы үлгілерді қамтып әзірлеу барысында осы біз ұсынып отырған мәтіндер шоғыры дүниеге келді.

Бұл тұста мақал-мәтелдер ішінде бұрынғы «партиялық, халықтық» - деген талаптарға сай келе бермейтін оғаш, тіпті ерсі көрінерлік пікірлер де орын алуы мүмкіндігін ескерте отырып, ол ақынның жеке басы көзқарасы айнасы емес екенін діттегіміз келеді. Мәшһүр - Жүсіп зерттеуші ретінде ол айшықтарды белгілі бір көзқарас сүзгісінен өткізуді мақсат етпеген. Соның салдарынан да кейде тіпті бір-біріне кереғар, оқшау, анайы, тұрпайы саналарлық нұсқалар да қалдырылмай жиналып, сол кездегі халықтың бар топтарының көзқарас деңгейлері қамтылған. Фольклор үлгілерін белгілі бір «тазалаудан» өткізбей таралу, сақталу қалпында жеткізудің казіргі ғылыми талапқа толық сай келетіні белгілі. Кейде белгілі бір ұғымның көп варианттылығы болған жағдайда олардың біразын қайталау емес, көп түрлілік белгілері ретінде қарастырып отырдық. Мәселен, «Адал бидің елін дау араламайды» - деген мәтелдің (9- мысал) кейін: «Әділ бидің елін дау араламайды, // Әділ патшаның елін жау араламайды» - деген жетілдірілген түрде келуін (169- мысал) - ескере отырып, бұл қолданымдарды жай бір қайталау емес, бір нұсқаның көп қырлылығы дәлелі ретінде кіргіздік. Сонымен қатар Жолмұрат көшірмелеріне Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы бойынша өзгеріс енгізу де орын алды. Мәселен, Жолмұратта: «Батырлық - жолдасқа пайда, жанға қас, // Мырзалық - қонаққа пайда, малға қас» - делінсе (Әулеттік мұрағат, Жолмұрат-2-папка, 188 - бет), Мәшһүр -Жүсіпте соған қоса: «Өткір пышақ - қолға пайда, қынға қас, // Өтірік сөз - дауға пайда, жанға қас» - бар екенін (Әулеттік мұрағат, Мәшһүр - Жүсіп, 2-папка, 125-бет) ескеріп, оны қосып ұсындық (248-мысал). Сондай-ақ Жолмұратта: «Елемесең, елден шық, // Санамасаң, саннан шық» - түрінде берілсе, Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасында бұл екі сыңардың орны ауысып берілген екен (ҚР ҰҒА Орталық ғылыми кітапханасы, қолжазба қорындағы Мәшһүр - Жүсіп жазбасының 1645-папкасы, 48-бет). Біз кейінгіні таңдадық (959-мысал). Сонымен бірге Мәшһүр - Жүсіпте: «Еркек семіз болса, елдің құты, // Қатын семіз болса, үйдің жұты» -деп ап-анық (Әулеттік мұрағат, Мәшһүр-5-папка, 18-бет) жазылса, Жолмұратта соңғы «жұты» орнына да «құты» алынған екен, біз бастапқыға тоқталдық. Осы орайда Жолмұраттың кешегі әміршілдік жүйе кезінде көшіргенін еске алсақ, онда дінге қатысты мақал-мәтелдердің біраз қысқаруы орын алғанын, оның бәрі бұ жолы Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы бойынша енгізілгенін ескертеміз. Мәселен: «Жалғанда еккен болсаң, / Ақыретте орып аласың» (Мәшһүр, 1645-папка, 52- бет) (446- мысал) тек Мәшһүр - Жүсіпте кездесуі ақын жазбаларын іріктеп көшіру орын алғанын да дәлелдесе керек. Сондай-ақ: «Көңілсіз жұмыстан // Көтсіз бала туады» - өрнегінің Мәшһүр - Жүсіптің екі бірдей жазбасында (1. Жоғарыда аталған қолжазба қорындағы 1177-папка, 135 (90) бет. 2. Әулеттік мұрағат, 5 - папка, 19-бет) ірге теуіп, басқа көшірмелерде кездеспеуі де заман талабынан туған «қысқарту» нәтижесі екені анық. Мына мәтел де кешегі кеңестік жүйеге мүлде сай келмегендіктен де, тек Мәшһүр -Жүсіп жазбасында ұшырасады: «Өзін таныған - Тәңірісін таниды» (Мәшьүр-1645-папка, 53-бет) (910-мысал). Кешегі әміршілдік жүйе кезінде хандар, билер, байларды бірыңғай мансұқтап, ал кедей біткенді бірыңғай марапаттап, ақтау жүзеге асса, соның бір көрінісі: «Көп отырған жер азар, // Қатыны жаман ер азар, // Қарашасы жаман хан азар, // Имансыз болса, көр азар» (Мәшһүр-1645-папка, 72-бет) (653- мысал). Бұл мысал тағы да Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасында ғана орналасқан. Сонымен бірге Мәшһүр - Жүсіп атамыз заман тынысын таныту үшін де анайы деген мысалдарды да қалдырмай қамтыған: «Өсетұғын елге сі...с кіреді, // Өспейтұғын елге сыбыс кіреді» (Әулеттік мұрағат, Мәшһүр, 5-папка, 18-бет) (937-мысал). Мәшһүр - Жүсіп біраз мақалдардың шығу төркінін сараптап айтып отырған. Мәселен: «Өтірікшінің үйі күйсін» - тұжырымының анықтамасы былай берілген: «Бұл һәм Құранда бар сөз. Қазақ сөзінің асылдығы: қарасаң, Құраннан табылады да отырады.» (Әулеттік мұрағат, 1- папка, 56 - бет). Сонымен катар мына ұйғарымның да казак мақал-мәтелінің шығу тарихын анықтаудағы мәні ерекше: «Қазақ айтады: «Ұлың өссе, ұлы құлықтымен, // Қызың өссе, қызы қылықтымен ауылдас бол!» - дейді. Құлық - араб тілі. «Құлық» - деген адамда болған мінездің ең барып тұрған оңды, жақсысы. Солай болғаны үшін қазақ өз бетімен көшіп-қонып, өсіп-өніп жүрген күнде әр таптың бір биі болып, ел-жұртты: «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалатып» - билеп тұрды. Сонда айтысып жүрді: «Тайдың жорғасы түйе болады, // Жігіттің жорғасы еліне не болады» - деп. Мұнан мағлұм болды: «Ел билеуге жараған мінез - құлқы басқадан озық болғандықтан билегендігі.»(ҚР ҰҒА Орталық ғылыми кітапханасы Мәшһүр, 1176-папка, 322(415)- бет). Осы орайда Мәшһүр - Жүсіп шығармаларын жинауға бар өмірін сарп еткен, оның Мәдина деген қарындасынан туған жиені Жолмұрат Жүсіпұлының (1894-1977) осы топтамада келтірілген: «Бай төсегі - темір кіс, // Кедей төсегі - қара кіс» - деген сараптамаға катысты жазбасы назар аудартады: «Ақ кіс, қара кіс» - деген тышқанның бір түрлі тұқымдары болады. Қара кістің жүні өте жұмсақ, мамық болады екен. Бұрынғы уақытта патшалар, байлар балаларын жаңа туған жас күнінде бала кістің жүніне бөлейді екен: «Жас балаға қатты болмасын!» - деп. (Әулеттік мұрағат, Жолмұрат, 2- папка, 11- бет). Мәшһүр - Жүсіптің: «Шығасы шықпай, кіресі кірмейді» т.с.с. мақал - мәтелдерінің шығу өрісін анықтарлық тұжырымдары осы кітаптағы «Қазақ мақал-мәтелдері» -топтамасына ілестіріле ұсынылған ақынның өз жазбаларында кеңірек сарапталғаны белгілі. Сөз соңында ескертеріміз: Кейін Мәшһүр - Жүсіп шығармалары баспадан толық шыққанда барып, анықталар жәйіттер де аз болмайды. Атап айтқанда, тарихқа түсініктемелер, көзқарас сараптамалары ішінде жол-жөнекей айтылып, келтірілетін басқа да мақал-мәтелдер килігерін ескерсек, бұл үлгілердің бәрін қамтып шығару мәселесі ақын шығармалары толық жинақталып, баспадан шыққаннан кейін барып іске асуы ықтималдығын да дәйектеген жөн.

9. Мәшһүр - Жүсіптің қазақтың мақал-мәтелдерінің шығу тарихы туралы жазғаны.

1. «Шығасы шықпай, кіресі кірмейді.» «... сәлемет шығарсаң» - дегендегі «шығарсаң»-сөзі Мәшһүр - Жүсіптің әулеттік мұрағаттағы өз жазбасында (5-папка, 11-бет) бет шетінің іріп түсуі салдарынан жоқ болса, соны әулеттік мұрағаттағы Жолмұрат (2-папка, 332-бет) көшірмесі бойынша енгіздік. 2. «...Һәм жол садақасына» - сөздері де осы ретпен толықтырылды. 3. Мұндағы: «қатынды ертіп» - сөздері де Жолмұрат бойынша кіргізілді.

10. Жұмбақтар. Мәшһүр - Жүсіптің екі қолжазбасы: әулеттік мұрағат, 2 - папка, 127-беті және ҚР ҰҒА қолжазба қорындағы 1171- папка, 186 (129) беті бойынша әзірленді.

11. Жаңылтпаштар.

«Қырда қылау...» - деп басталатын 7 жаңылтпаш Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы бойынша әзірленді (Әулеттік мұрағат, 3- папка, 138- бет). Соңында ақын атамыз: «Мәшһүр Иосиф Көпеев» - деп қол қойып, мұны қашан қағазға түсіргенін, яғни: «Он жерде бес жас» - елуге тең болса, «төрт жерде үште» - дегені - соған ілескен 12 жыл, сонда бәрі 62 жаста, 1920 жылы жазғанын ескерткен:

Он жерде бес жасы бар, төрт жерде үште,
Жасынан колға алғаны - шимай кесте.
Он бестегі баламен әлі құрдас,
Шаш - сақалдың кескіні жоқ тіпті есте.

12. Бақсының сөзі.

Осы туынды да жоғарыда аталған Мәшһүр - Жүсіп жазбасы, 1170-папка, 86-92 беттер аралығындағы мәтін бойынша әзірленіп, В.В.Радлов кітабындағы нұсқамен салыстыру жүргізілді. 1. Кейінгідегі (Мәшһүр - Жүсіптегі) «бай» сөзі бұрынғыда (В.В.Радловта) «би»- деп жарияланған. 2. Соңғыдағы: «сыйынамын» сөзі бастапқыда: «сыйынайын» - деп берілген. 3. Осы жолдың және екінші тармақтың басындағы: «біріңе» сөзі алғашқыда: «біріне» болып енгізілген. 4. Мұндағы «төрт жар» орнына бұрынғыда, В.В.Радловта, «тәңірім» - сөзі орналасқан. Біздіңше, бірінші - Құдай, екінші - Мұхаммед алынғаннан кейін, үшіншіде - «тәңірі» сөзіне орын жоқ. Себебі ол әрі «құдай» ұғымын қайталап, әрі пайғамбардан кейінгі орынға ысырылған болып шығар еді. 5. Осы жолдағы: «Меккедегі», келесідегі: «Мединедегі» сөздерінің соңғы «дегі» қосымшасы түсіп қалғандықтан да, бастапқыда ұғыным қиындығы туып тұр. 6. Бұл тармақтан кейінгі: «Бекпеу ата Бек әзіл» - жолы Мәшһүр - Жүсіпте жоқ та, тек

В.В.Радловта орын алған. 7. Мұндағы «пірім» сөзі бұрынғыда «жырақ» түрінде келтірілген. 8. Осындағы ру аталары жиынтығы ретінде берілген: «Төртуылда» сөзі алғашқыда «төрт ұлды» болып алынып, мағына өзгерісін тудырып тұр. 9. Мәшһүр - Жүсіпте: «Қаракерей: Қабанбай» - деп, дұрыс алынса, бастапқыда: «Қаракесек: Қабанбай» - делініп, ата ауысуы жүзеге асқан. 10. «Қаз дауысты Қазыбек» - деп, кейінгіде дұрыс берілсе, бұрынғыда: «қу дауысты Қазыбек»- қоныс тепкен. 11. Соңғыда: «Қаракерей: Мұрында - Қандыбай» - делініп, Қаракерей ішінде - Мұрын, оның ішінде Қандыбай ұғымы сап түзесе, алғашқыда кісі атын бейнелеген «Мұрында» орнын «мұрынды» сөзі иеленіп, ұғым түсініксіздігіне негіз болған. 12. Кейінгі бойынша келтірген: «Құнанбай» - сөзі бастапқыда «Дөненбай»- деп ауыстырылған. 13. Мәшһүр - Жүсіпте: «Қара, сары Қондыбай - // Әулие қасиетті өткен» - делініп, Қондыбай әулиелігі дәріптелсе, бұрынғыда екі тармақ орнына біреу ғана алынып: «Әулиеата қасиетті өткен» - қалпында түсінік ауқымы тарылған. 14. Мұнда тармақ «дуанбасы» сөзімен аяқталып, өзінен бір жол бұрынғы «Аманқұл бақсы» сөздерімен біршама ұйқасып, үйлесіп тұрса, бастапқыда: «дуан басында» түрінде тамамдалып, ұйқас келіспеуіне әкелген. 15. Бұл тармақ алғашқыда жоқ та, тек кейінгіде орын алған. 16. Осындағы соңғы сөз: «салдырған» - өзінен кейінгі: екінші, алтыншы, жетінші тармақтар аяқталымындағы сөздерімен біршама үйлесу, ұйқасуға бейімделсе, бұрынғыда оның орнын «салдырып» иеленген. 17. Кейінгіде: «Кезбе болып айналған» - делінсе, бастапқыда: «кезбе» орнын түсініксіз «кірне» иеленген. 18. Соңғыдағы: «Жеті өлікке» орнына алғашқыда «жат өлікке» - ірге тепкен. 19. Мәшһүр - Жүсіпте: «Кесер кеуде» - делінсе, бұрынғыда: «Қосыр құда»- орын алған. 20. Кейінгіде: «Жиеннен туған жиен бар» - делінсе, бастапқыда: «Жиенім туған жиен бар»- отау тіккен. 21. Мұндағы: «Тұқымы жоқ кісідей» - дегендегі бастапқы сөз алғашқыда «тоқымы» болып басылған. 22. Соңғыда бұл тармақ соңы: «екеуім», бұдан кейінгінің аяғы: «жетеуім»- деп тамамдалып, ұйқас реті сақталса, алғашқыда аталған сөз соңындағы: «ім» қосымшасы жоқ. 23. Мәшһүр - Жүсіпте: «Жоғартыннан келген төрт атты, // Төментіннен келген бөрте атты» - делінсе, бұрынғыда: «Жоғартын келген төрт ат, // Төментін келген бөрте ат» -алынып, бастапқы мен соңғы сөздер қосымшалары түсіп қалған. 24. Бұрынғыда: «Арымқазы-ұлтаным» - делініп, белгілі бір адамды себепсіз төмендету алға шықса, соңғыда: «Арғынғазы- шолпаным!» - делініп, шығарма сарынына неғұрлым сай келген.

13. Бата үлгілері.

Бата. Бұл жоғарыда аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр - Жүсіп қолжазбасы, 1170-папка, 5-7 беттері бойынша беріліп отыр. Сонымен бірге бұл үлгінің жоғарыда аталған В.В.Радлов кітабына кіргенін ескеріп, мәтін бойынша және мәтінге берілген түсініктермен де салыстыру жүргіздік. Бұл мәтін сонымен қатар ақын таңдамалысының 2 - томында (Алматы, Ғылым, 1992, 39-42 б.) жарияланды.

1. «Тіленшінің» сөзі турасында 1870 жылғы кітаптың 1994 жылы кайта басылған нұсқасында мынандай анықтама орын алған: «Радлов «Тіленші» есіміне байланысты мынадай түсінік берген: «Тіленшінің әкесі - Қазыбек. Тіленшінің баласы - Алшынбай. Алшынбай баласы - Жүсіп. Қаз дауысты Қазыбек - Қаракесектің ұраны.» Халық шежіресі бойынша, Қаракесек - Орта жүздегі Арғын тайпасының Бес Мейрам тобына кіретін рудың аты. Мейрамнан - Қуандық, Сүйіндік, Шегендік, Бегендік және Қаракесек (шын аты - Болатқожа) болып тарайды.» (Ел қазынасы - ескі сөз (В.В.Радлов жинаған қазақ фольклорының үлгілері), ҚР ҰҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Алматы, Ғылым, 1994, 596 б. Жинақты баспаға әзірлегендер: Б.Уахатов, С.Қаскабасов, Қ.С.Матыжанов). Осы орайда бүл есімге арналған Мәшһүр - Жүсіп түсіндірмесінде біраз өзгешеліктер бар екеніне көңіл бөлу жөн деп таптық: «Тіленшінің әкесі - Бекболат. Бекболат әкесі -Қазыбек. Тіленшінің баласы - Алшынбай. Алшынбай баласы - Жүсіп. «Қаз дауысты Қазыбек»- Қаракесектің ұраны.(1170- папка, 5-6.) 2. «Құдайым, жарылқасын, бай қылсын»- деп басталатын топтама діни ұғымдары көп болғандықтан, кешегі кеңес саясатына сай келмегендіктен бе, әйтеуір 1992 жылғы Мәшһүр - Жүсіп таңдамалысына енбей қалған. 3. Мұндағы «тілеуің» сөзі В.В.Радловта «тілегің» - деп берілген. 4. В.В.Радловта: «береке» орнына «берекет» келтірілген. 5. Ақынның 1992 жылғы таңдамалысында «ұлға» сөзі орнына «ауылға» сөзі қате басылған. 6. Мұндағы «желіңнің» сөзі В.В.Радлов кітабында «желіннің» делініп, мүлде басқа мағынаға ие болған. 7. Мұндағы: «оқ жіберсе» сөздері В.В.Радлов кітабында: «оқ шаптырса»- делініп, тағы да мағына өзгерісі туған. 8. В.В.Радловта бұрынғы есту үлгісі бойынша «текпілесе»- делінсе, Мәшһүр - Жүсіпте ең соңғы «ң» қосымшасы үстеліп, «тепкілесең»- түрінде орын тепкен екен. Біз сөз түбірі «теп» екенін және қазіргі жазу тәртібін ескеріп: «тепкілесең» - түрінде енгіздік те, бұрынғы естілу үлгісін жақша ішінде көрсеттік. 9. В.В.Радлов кітабын 1994 жылы шығарушылар осы «қошақайдың» сөзін «қошақанның» - деп өзгертіп беру себебін былай түсіндірген: «Түпнұсқада «қошқайның» - деп берілген. Дұрысы «қошақанның» болуы тиіс. Ал, Мәшһүр -Жүсіпте бұл сөз: «қошақайдың» - деп жазылғандығын ескеріп, біз өзгертпей алуды қаладық. Себебі ол кезде «қошақан» сөзімен қатар «қошақай» сөзі де қолданылғаны Мәшһүр - Жүсіп жазбасында ап-анық көрініп тұр. 10. 1994 жылғы В.В.Радлов кітабында тағы да сол үлгімен өзгерту енгеніне мынадай түсінік берілген: «Түпнұсқада бұл сөз «ботақайның» - деп берілген. Қазіргі нормаға сәйкес «ботақанның» - деп түзетілді.» (Сонда, 596 б.). Біздіңше, бұ тұста да Мәшһүр -Жүсіптің: «ботақайдың» - деп жазуы тегін емес. Тағы да сол кездегі сөз өрнегі үлгісі ретінде бастапқы қалыпты сақтағанды жөн деп таптық. 11. Мәшһүр - Жүсіпте: «шыңғыр - шыңғыр» болса, бастапқыда (В.В.Радловта): «шыңыр-шыңыр» - күйінде орын тепкен. Сөз соңында айтарымыз: алпысыншы жылдардың соңында белгілі зерттеуші Мұратбек Бөжеевтің Мәшһүр - Жүсіп туындыларының бір томдығын әзірлегені, оны кітап қылып жариялауға кезең қыспағы бөгет жасағаны белгілі. Міне, сол дайындалған қолжазба папкасында да осы мәтіннің қазіргі әріппен сауатты берілуі де ақын мұрасын зерттеушілер еңбегін арнайы зерттеу қажеттігін дәлелдейді.

Бұрынғының батасы.

Бұл мәтіннің маңдайшасына Мәшһүр - Жүсіптің өз қолымен былай деп түсінік берілген: «Құрттай бала күнімізде батагөй шалдардың бастас кісіге нұсқа қылып қалдыру үшін Көпейбаласы Мәшһүр - Жүсіп жазған (Жоғарыда аталған қолжазба қоры, 1177- папка, 22- бет).

Бұрынғылардың тағы бір батасы.

Бұл мәтін жоғарыда аталған қолжазба қорындағы 1178- папкада ақынның өз қолымен екі тұста: 35- бетте және 101-103 беттерде екі рет жазылған. 35 - беттегінің маңдайшасында: «Бұрынғылар баталасқанда: «Арқадағы Абылайдай бол!...» - деп жазылып, әрі қарай біз ұсынып отырған баталар тізбегі берілсе, 101 - бетте де тақырып ретінде: «Бұрынғылардың бағаларында» - делініп, әрі қарай тағы да осы мәтін шоғыры қайталанған, 35- беттегінің соңы: «Байкелді, Бостандай мырза бол!» - деседі екен» -деп, аяқталса, 101 - бетте бұған дейін аталған: «Абылай, Даниярға т.с.с. кісі аттарына түсінік берілген: «Абылай мен Данияры белгілі. Бірі - Арқада хандық қылған, бірі: Бұхарды билеп, дәуір сүрген. Қойкелді - Қаракесек: Байсоры деген табынан шыққан. Сақау Тоғжанның өлеңінде бар:

Әкесі әкеміздің - Жанкелді бай,
Салғанда қара өлеңге көңілім жай.
Бестауда қойы сыймай толықсиды,
Бір шеті Дегелеңде - Қойкелді бай.

Қойсоймас о да Қаракесек: он алты ұлды Жоламанның баласы, Баймұрын мырзаның әкесі. Тоқа – Алтай – Тоқаның Тоқасы. Ақыл - Күліктің: Тоқасының баласы. Өмірінде тұқымынан байлық айрылмаған. «Құлығы» - дегені - Жерұйықтан жібек көген алған екен. Заманындағы жұрт соны көзінен көрген екен. Құлпырып тұрған соң: «Дүниенің құлығы екен. Мұның үрім-бұтағынан байлық кетпейді!» - делінген сөз халық аузына ілінген екен. «Қара мал жылқы малды таппай ма екен, // Қойы бар бай Қуанның он екі мың» - делінген Қуан бай осы тұқымнан шыққан. Боқты - Қанжығалы: Әжібайдан шыққан. Ол заманда Бұхар, Ташкент сарты Арқаға адам көрмеген бұйым алып келеді екен. Бір белбеулігі - жүз қой.

- Мұнша қымбат! Мұныңды кім алады? - деген қазаққа:

- Абыз шумақ Боқты алар, // Басқа қазақ боқты алар! - деген соз мақалдай боп қалған.

Боқтыбайдың жалғыз баласы Добал жұрттың бас қосатұғын бір жиынына қырық сабаны қымызға толтырған екен.

- Бас қосатұғын кеңес қайда болады, хан кімдікіне түседі? - дегенде:

- Қырық сабаны қымызға толтыруға шама-шарқы әбден келетұғын үйге түсу керек! -дегенде, сонда Боқтыбайдың жалғыз баласы Добал:

- Біздікінде болыңыз! - деп, бір күнде қырық саба толтыруға мойнына алыпты да, оны қырау құрлы көрмей, толтырыпты. Отырған жері сонда Баянаула тауының солтүстік Жасыбай асуының ауызы. Шала - осы күнге шейін сол жері: «Добал жұрты» - атанып қалған: айдай әлемге білікті болғандығы сонша!

Байкелді, Бостан - «Айтқожаның алтауы» - атанған. Жауғаш, Биғаш, Мырзалы, Мырзас, Байкелді, Бостан - алтауы да әйдік болып ауызға ілінген.» 1. «Ақылдың құлпысын берсін» - жолын маңдайша еткен бата топтамасы әулеттік мұрағатта сақталған, ақынның өз қолымен жазылған үлгіде де орын алған (2-папка, 267- бет). Бұл түйдектің де маңдайшасы ретінде: «Бұрынғылардың батасы»- орын алған. 2. «Боқтыдай бай бол, // Байкелді, Бостандай мырза бол!» - тап осы орында 2 - папкада жоқ та, оның есесіне араға 6 жол салып: «Боқтыдай байлық берсін, // Байкелді, Бостандай мырзалық берсін!»- түрінде сәл өзгеріп берілген. 3. «Қарасудан көпір салып өткен» - дегеннен бастау алған мәтін Мәшһүр - Жүсіптің 1178 - папкасындағы, 35 пен 101 беттің екеуінде де жоқ, тек әулеттіктегі 2- папка, бойынша енгізілді. 4. 1178-де: «Арқадағы Абылайдай бол, // Бұхардағы Даниярдай бол!»- делінсе, мұнда сәл өзгеше: «Арқадағы Абылайдай даңқ берсін, // Бұхардағы Даниярдай бақ берсін!» 5. Мұнда: «Қойсоймастың үйін берсін» - алдымен ірге теуіп, «Қойкелдінің қойын берсін!» кейінгіге ығысса, 1178-де бұл екі тілектің орны ауыстырылып берілген. 6. Соңғы екі жол 1178-де мүлде жоқ. Осы орайда Мәшһүр - Жүсіптің 2 - папкасындағы: «Ақылдың құлпысын берсін!» - деп басталатын баталар шоғыры әулеттік мұрағаттағы Жолмұрат Жүсіпұлы көшірмесінде де (2-папка, 138 - бет) орын алғанын ескертеміз.

Кейінгі бір бата. Жоғарыда аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр - Жүсіп жазбасы, 1178-папка, 316(176) бетінен алынды.

14. Мысал - аңыз үлгілері.

Қаршығаны мақтағаны. Жоғарыда аталған қолжазба қорындағы 1170-папкадағы Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы бойынша әзірленіп, жоғарыда аталған, бұрын жарық көрген: В.В.Радлов кітабы мәтінімен салыстыру жүргізілді:

1. Бастапқыда (яғни В.В.Радловта) бұл тармақ: «Қазасы онан соң иттен жетті» - деп берілсе, кейінгіде (яғни Мәшһүр - Жүсіпте) «онан соң» орнын «көкжендеттің» иеленген. 2. Алғашқыда бұл жол: «Шыдамай өнеріңе кеттің үзіп» - түрінде келіп, әрі бір шумақ ішіндегі ұйқас құрайтын: бірінші, екінші және төртінші тармақтың бір ғана «үзіп» сөзімен аяқталып, сөз қайталаулар туғызса, кейінгіде сөз қайталау жоғалып, ұғым нақтылана түскен: «Шыдамай өнеріңе, кеттің сүзіп.» 3. Назар аударарлық жайт: екінші шумақта екі нұсқада бірдей әңгіме қаршығаға қарап айтылып: «алты қаштың» т.с.с.- делінсе, екінші жақты сақтау дәстүрі үшінші шумақта Мәшһүр - Жүсіпте ғана сақталған да, В.В.Радловта ол 3-жақ тұрғысынан ғана берілген:

Көк жендет, ұшушы еді желдей есіп,
Тұрады қазды ұстап, жаннан кешіп.
Қара көт қақшымақтап ілгеніне
Бұ шіркін қодыранды көкжендетсіп.

Ал, Мәшһүр - Жүсіпте «ұшушы еді» - деп, үшінші жақпен айтпай, сөз иесінің өзіне жақындатып «ұшушы едің» - түрінде алынумен бірге екінші жолдағы «тұрады» орнын «тұрушы ең» иеленген. Төртіншідегі: «Бұ шіркін қодырайды» - сөздерін «тұрады күдірейіп» ығыстырған. 4. Бұрынғыда: «Жасымнан салған кұсым» - бой көтерсе, соңғыда: «Салғанмен қанша құсты» - табан тіреген. 5. Алғашқыда: «топ үйректің» - енгізілсе, кейінгіде: «топ үйректен» - делінген. 6. Бастапқыда: «Салармын әлі де болса, талай құсқа» - делініп, өліп қалған құс тірілердей болашаққа үміт артылса, екіншіде істің өтіп кеткені нақтыланып, шындыққа жақындау жүзеге асқан: «Салғанмын жалықпастан талай кұсқа.» 7. Бұрынғыда: «Алты қаз, он бес үйрек бірдей алып» - қалпында табан тіресе, соңғыда: «бірдей» орнына «бір жерде» алынған. 8. Алғашқыдағы: «көрінбеді» - сөзін кейінгі: «жолықпады» сөзі ауыстырған. 9. Бастапқыда: «Көк жендеттей болмайды құстың бәрі»- отау тіксе, екіншіде «болмайды» орнын «болсайшы» иеленіп, өзімсіну, әсерлену өсе түскен. 10. Бұрынғыда: «Көк жендет құс ұшады төмен өрлеп» - қалпында шаң беріп, әрі төмен өрлеу түсініксіздігі туған. Кейінгіде: «Көк жендет, ұшушы едің тоғайды өрлеп» түрінде өрістеп, әрі істің бұрын болғанын қадап айтып, соны көксеу, әрі әйтеуір «төмен» ұшу емес, белгілі бір мақсатпен «тоғайды өрлеп», яғни аралап ұшу нақтылана түскен. 11. Алғашқыда: «Шабытына тілейді үйрек бер деп» - біршама жалпылама алынса, кейінгіде құс тездігіне ат ілесе алмауы нақты көрсетілген:«Талай ат тұрып қалған көзі терлеп.» 12. Бастапқыдағы: «Екпінімен іледі» орынын: «Есіл мен Еділде» - иеленген. 13. Бұл шумақтың бұрынғыда мүлде орын алмағанын ескертеміз. 14. Бұ жолы да алғашқыда: «түсті еске» - түрінде берілсе, соңғыда: «түстің еске»-делініп, екінші жақпен айту, өзіне тартып, иемдену сақталған. 15. Алғашқыда: «Мен қайттым сөйлесе алмай күйіп-жанып»- түрінде болса, екіншіде соңғы «күйіп-жанып» дегенді «құмарланып» ауыстырған. 16. Бұрынғыда: «Мен бардым маңғазыма досым екен» - делінсе, кейінгіде: соңғы «досым екен» - орнына «дүйсенбі күн» - қоныс тепкен.

Бозторғай.

1. Кейінгіде (Мәшһүр - Жүсіпте): «Бір жағы - су, бір жағы - от, жарды» - дейді» -түрінде берілсе, бұрынғыда (В.В.Радловта) «от» сөзі мүлде түсіп қалған. 2. Соңғыда: «Ерлі-байлы екі бас, баласы жоқ» - делінсе, бастапқыда алғашқы төрт сөз орнына: «Ерді - қатын екеуі» - делініп, бір түрлі ұғынықсыздыққа жол ашылған. 3. Екіншіде бір тармақ: «Асы жоқ ішеріне байғұс кәріп»- күйінде отау тіксе, алғашқыда «байғұс»- дегенді «жазған» алмастырған. 4. Бұрынғыда: «Күннен амалы жоқ ол бейшара» - деп өрілсе, кейінгіде «күннен» орнына «күніне» ірге тепкен. 5. Алғашқыдағы: «суға» орнына екіншіде «суларға» орналасқан. 6. Бастапқыда: «Шәкірті ұстазынан алар сабақ» - қалпында табан тіресе, соңғыда: «шәкірті» орнына «шәкіртлер», ал, ең бастысы «ұстаз» сөзі орнына «ұстат» алынған. «Ұстат» сөзі мағынасы «ұстаз» дегеннен анағұрлым кең. Ол араб тілінде оқытушы, білім беруші ғана емес, ғылымға баулушы мағынасын қоса береді. 7. Кейінгіде: «Ұзын күн қармақ салып жүрсе - дағы» қармағына жалғыз шабақ қана ілінетіні айтылса, бұрынғыда: «Өзі де күнде қармақ салса - дағы»- делініп, қиындық нақтылығы, ұзақ уақыт жұмсалуы ашылмай қалған. 8. Алғашқыдағы:«екі байғұс»- дегенді екіншіде «ауқаты өтіп»- ығыстырған. 9. Соңғыда: «Жоқтықта қинар нәпсі кәріп жанды»- түрінде келіп, жанды не қинайтыны нақты көрсетілсе, бастапқыда «нәпсі» орнын «жақсы» иеленіп қыспақты тудырушы не екені көрінбей қалған. 10. Кейінгіде: «Тілеулі құл»- енсе, біріншіде: «Тілеулі арыстан» болуы бунақ ішінде буын санының өсуіне әкелген. 11. Бастапқыда: «Бір күнде бұлар айтып кетті дейді» - делініп, бір түрлі ұғынықсыздық туса, екіншіде тағы да ұғым нақтылана түскен: «Бір Күнді болжал қылып кетті дейді.» 12. «Жаман жоқ бұрыс басқан асқанынан» - жолын маңдай еткен 8 тармақ алғашқыда (В.В.Радловта) мүлде жоқ, соңғыда (Мәшһүр - Жүсіпте) ғана бар. 13. Кейінгіде: «Ол жарлы бір Аллаға налып келді» - делініп, тармақ соңындағы сөздер іргелес екіншідегі: «танып келді» және төртіншідегі: «алып келді» сөздерімен дәлме-дәл ұйқасып тұрса, бұрынғыда ұйқас заңы бұзылып, бірінші жол аяқталымындағы: «налып келді» орнына: «тілеп келді»- жайғасқан. 14. Екіншіде: «берер нәрсе» - болса, біріншіде: «бірер нәрсе»- орналасқан. 15. Соңғыда:«Құдайдың салғанына көніп келді, // Енгенде Мұхаммедке күліп келді»-делінсе, бастапқыда мұндағы екінші - бірінші орнына көшкен де, кейінгінің алғашқы жолы енбей, оның есесіне: «Болғанын бір сұмдықтың біліп келді»- жайғасқан. Біздіңше, мұнда бір сұмдықтың болғанын білетіндей жағдай туғанын әспеттегеннен де, «Құдайдың салғанына», яғни тағдырға мойын сұну шығарманың идеялық -тақырыптық негізіне неғұрлым жақын да, орайлы тәрізді. 16. Кейінгіде: «Бұл қалай қасындағы жүрген кәпір?» - сауалы берілсе, алғашқыда «жүрген» орнын «сенің» меншіктеген. Біздіңше, «сенің» дегендегі мағына «қасыңдағы» сөзі арқылы да аңдалса, «жүрген» сөзі өз орнында тұрған тәрізді. 17. Екіншіде: «Барасың мұны ертіп енді қайда?» - шаңырақ көтерсе, біріншіде алғашқы үш сөз: «мұны үзгелі барасың» - түрінде отау тігіп, әсіресе «үзгелі» сөзі мағына көмескілігін тудырған. 18. Соңғыда (яғни Мәшһүр - Жүсіпте): «Жаратқан жабдығымыз бір Құдайда, // Жатқанға шалқасынан дүние қайда?» - делініп, келуші мақсаты анық баяндалып, әрі алғашқы тармақтар соңы қара өлең ұйқасы тәртібі бойынша төртіншімен ұйқасып тұр. Ал, бұрынғыда әрі өз алдындағы шумақтағы бастапқы екі жол тағы қайталанып, сол арқылы келуші тілегі қамтылмай, әрі алғашқы екі жолдың соңғы төртіншімен ұйқаспауы да жүзеге асқан. 19. Кейінгіде бір шумақтың төртінші жолы: «Бір жаққа бетін түзеп салды дейді»-қалпында тамамдалып, өз алдындағы бірінші, екінші тармақ соңындағы сөздермен құп үйлесіп, ұйқасқан. Ал, алғашқыда тармақ аяғы: «жүрді дейді»- деп беріліп, ұйқас тәртібіне қабыспай қалған. 20. Екіншіде бір шумақтың екінші, үшінші тармағы былай берілген: «Боларын бір тамаша танып кетті. // «Маған енді не пар?!» - деп, жүрген Ғалы.»Ал, біріншіде: «тамаша»- сөзі «сұмдықтың», «пар» дегені «бар» күйінде ірге тепкен. Біздіңше, сол шумақтың алғашқы жолында: «Ер Ғалы бір Аллаға нанып кетті» - тұрғанын ескерсек те, Аллаға сенген Ғалыға торғайдың өзін көтеруіне «сұмдықтың» емес, «тамаша» сөзі доп келетін тәрізді. Сонымен бірге батыр Ғалының өзімен теңдесер күшті жоғын шегелеген ойын ашуға да «бар» емес «пар» сөзі жақынырақ тұрған сияқты. 21 .Әуелгіде: «Серлікпенен торғай тұтты әуел» - делінсе, екіншіде біраз өзгерген, нақтылана түскен: «Ерлікпенен торғайды тұтып еді.» 22. Бұл шумақ басындағы соз бастапқыда: «қайла қылып» түрінде келсе, соңғыда: «қайғырып» болып өзгерген. Сонымен бірге төртінші тармақ: «Әліні бір сапарға бастайды енді» - деп жалпылама хабарлана салса, кейінгіде: «Ғалыны жапан түзге тастады енді» - делініп, қиындықты нақты бейнелеу алға шыққан. 23. Жоғарыда біз келтірген 15- сілтемеде бұрынғыда: «Болғанын бір сұмдықтың біліп келді» - дегендегі «бір сұмдықтың» өрнегінің тағы да сонда қайталануын көреміз: «Болғанын бір сұмдықтың білді дейді.» Ал, соңғыда: бір сұмдықтың» орнын «бір ғажап іс» иеленіп, тағы да жарқын сурет басымдығы назар аудартады. 24. Бұрынғыдағы бір ғана «жөнсіз» дегеннің орнына екіншіде үш бірдей сөз ірге тепкен: «жойқын ен жатқан». Соның нәтижесінде белгілі бір ұғым дамып, жоталана түскен. 25. Кейінгіде: «Сұраймын, жөніңді айтшы...» түрінде келсе, алғашқыда «айтшы» сөзі енбеген. 26. Соңғыда: «Бар еркегі елімнің тойға кетті, // Патшамыз осы уақта той ғып жатыр»-қалпында ірге тепсе, бастапқыда «елімнің» - дегенді «жиылып», «уақта» сөзін «жақта» ауыстырған. 27. Бұрынғыда жол соңында: «құралатұғын» орналасып, өзіне тете екінші тармақ аяғындағы: «бұрмайтұғын» және төртінші соңындағы: «жырлайтұғын» сөздерімен онша ұйқаспай тұрса, соңғыда аталған бастапқы сөз орнына «орнайтұғын» кіргізіліп, шумақ ұйқасы қалпына келген тәрізді. 28. Соңғыда: «Сонау жерге барғанда, дауыс шығар, // Той қылып, шулап жатқан сонда!! - дейді»- күйінде өрілсе, бастапқыда: «жерге» сөзін «шәрге», «шулап»- дегенді «дауыстап» ауыстырған. 29. Кейінгіде: «Өз құмымнан шықпаймын»- алынса, алғашқыда «құмымнан» орнына «дінімнен» орналасқан екен, біз соңғыны алдымен беру үстіне біріншідегіні жақша ішінде қоса келтірдік. 30. Мәшһүр - Жүсіпте: «Сонан соң хазірет Ғалы тасты дейді, // Кемпір жаман ол қорқып састы дейді» - деп жазылса, оған дейінгіде (В.В.Радловта) алғашқы жолдағы «тасты» орнына «састы» алынып, әрі екінші тармақтағы «састы» сөзін қайталауға, әрі Ғалы рухына сай келмеуге әкелген. 31. «Өз кұмыңнан шықпайтын неме екенсің» жолы мен соған ілескен төртінші тармақ В.В.Радлов кітабына мүлде енбеген. 32. Соңғыда: «Екі етегін беліне түріп алып, // Ер Ғалы тойханаға барды дейді» - деп берілсе, бұрынғыда «түріп алып» - «түріп алды» күйінде келген. Сонымен бірге мұндағы төртінші жолдың соңғы сөздері: «барды дейді» өз алдындағы: «алды дейді» (бірінші тармақ соңы), «қалды дейді» (екінші аяғы) сөздерімен құп ұйқасып тұр. Ал, бастапқыда 4 - тармақ соңы: «жүрді дейді» - делініп, ұйқас сәйкеспеуін тудырған. 33. «Кәпірге жүрген жері - заман ақыр» - түріндегі кейінгідегі осы тармақ бастапқыда мүлде өзгеріп кеткен: «Бұрын пайғамбардың бірі батыр.» 34. Екіншіде: «Сол азан салдыртқалы молдасына» - делініп, белгілі бір әрекеттің тек басталғалы жатқаны орынды көрсетілген. Ал, біріншіде, «салдыртқалы» орнына «салдырған соң» табан тіреп, болып өткен іс тәрізді теріс әсер қалдырған. 35. Алғашқыда: «Қоймады боқтамаған әулиеден» - деп, жалпылама айтылса, кейінгіде: «Түк қалдырмай төрт жардан, сақабадан»- қалпында нақтылана түскен. 36. Осы мәтіндегі 59 - шумақтың екінші және үшінші тармағы соңғыда: «Көңіліне күндегі сөз қона алмады, // Айтайын деп ентелеп келсе-дағы» - деп өрілген. Ал, бұрынғыда екінші жол: «Кеңілі күндегідей тола алмады» - деп, сәл өзгеше берілсе, үшіншідегі: «ентелеп»- «Ентігіп» сөзімен ауыстырылған. 37. Бастапқыда: «Аруға ер Әлінің күшті дейді» - делініп,бір түрлі ұғынықсыздық тудырса, кейінгіде: «аруға» орнына «аруағы» орнап, белгілі бір ұғым айқындала түскен. 38. Соңғыда: «Ол молда бұрынғыдай күле алмады, // Көңіліне күндегі сөз қона алмады» - түрінде орын тепкен. Ал, бұрынғыда алғашқы тармақ соңы: «күлмеді» - делініп, ұйқас селкеулігін тудырса, екінші жолы: «Көңілі бұрынғыдай бола алмады» - күйінде біраз өзгерген. 39. Кейінгіде: «Дәметпеген тамақтан аш қалады»- делініп, өзінен кейінгі екінші жол соңындағы «тас жанады», төртінші аяғындағы: «бас салады»- сөздерімен дәл ұйқасып тұр. Ал, бастапқыда осы жол: «Әулиенің үлкені ашуланды» - делініп, кейінгі тармақтардағымен онша үйлеспейді. 40. Мәшһүр - Жүсіпте: «Ер Ғалы бір Аллаға нанып келді, // Болғанын бір ғажап іс танып білді» - жолдары сап түзеген. Алғашқыда (В.В.Радловта) бірінші тармақ соңы: «налыс қылды» - деп аяқталып, ұйқасқа біраз қиғаш келсе, мұндағы: «бір ғажап іс» орнына жоғарыда айтылғандай, тағы да «бір сұмдықтың» килігіп, Fалының ештеңеден қорықпайтындығына сай келмеуімен одағайланып тұр. 41. Бұрынғыдағы екінші тармақ соңындағы: «ыза қылып» - дегенді соңғыда: «мазақ қылып» ауыстырған. Сонымен бірге осы шумақтың төртінші тармағы басындағы: «бойына» орнын екіншіде: «мойнына» иемденген. 42. Кейінгіде 81-шумактың бірінші жолы: «Қылмыссыз құлға орын - жұмақтан тақ» -болып алынса, бастапқыда «орын» сөзі кірмей қалған. Сонымен бірге екіншіде төртінші жол басы: «Қылмыссыз құлдың орны»- деп басталса, тағы да алғашқыда жеке сөз «құлдың» енбеуі орын алған. 43. Соңғыда: «Бейіш бетін көре алмас қылмысты адам»- делінсе, алғашқыда: «Бар деді бейіште қылмыссыз адам» - деп басқаша өрілген. Дәйектесек, бірінші нұсқада бейіште қылмыссыздың болуы әшейін хабарланумен шектелсе, екінші біз ұсынғанда, қылмыстының кіре алмайтыны шегеленіп ескертілген. 44. Екіншіде: «Бір ауызын қалдырмай тапты дейді» - орын алса, бұрынғыда «бір» сөзі орнын «бұл» иеленген. Біздіңше, сөз реті, мағынасы - бәрі кейінгі нұсқадағының дұрыс екенін ап-анық дәлелдейді. 45. Кейінгіде (Мәшһүр - Жүсіпте): «Он сөзді айтып едің, бәрін таптым» - делініп, молда сұрақтарына жауап бергенін Ғалының еске салуы, пысықтауы орынды келтірілсе, бастапқыда (В.В.Радловта): «Он ауыз сөз айтып едім, бәрін таптың» - делініп, жұмбақ шешуші Ғалы сауал берушіге айналып, белгілі бір бейненің керісінше жағдайға көшуі шындықтан мүлде ауытқуды туғызған. 46. Соңғыда: «Болғанда тілім - шежіре, көңілім - хатты»- түрінде өрнектелсе, алғашқыдағы өзгешеліктер ұғынықсыздық тудырған: «Болғанда тілім сәждеге көңілім қатты.» 47. Екіншіде: «Ұзындығы мың жылдық» - делінсе, бұрынғыда «мың» орнына «мұның» орналасып, белгілі бір ұғымның бұрмалануына жол ашылған. 48. Осының алдындағы 109 - шумақтың соңғы екі жолы мен 110-шумақтың бастапқы екі тармағы Мәшһүр - Жүсіпте жазылмай қалғанын В.В.Радлов нұсқасы бойынша анықтап отырмыз. 49. Соңғыда: «Ер Ғалы бір Аллаға нанып кетті, // Құдайдың шеберлігін танып кетті» -орын алса, алғашқыда бірінші жолдағы: «Аллаға» орнына «адамға» кіргізілген. Сонымен бірге Алланы мадақтауға арналған екінші жол мүлде ысырылып, оның орнына: «Болғанын бір сұмдықтың танып кетті» - келтірілген. 50. Мәшһүр - Жүсіпте: «Кедей барып кәпірдің борышын төлеп, // Дін - мұсылман мұны естіп білді дейді»- түрінде өрбісе, бұрынғы В.В.Радлов нұсқасында: «Кедейге кәпірдің борышын төлеп, // Жарлы байғұс сонымен қалды дейді»- жолдары орын тепкен. Мұнда шумақтың үшінші, төртінші жолдары берілгенін, бастапқыдағы екінші тармақ: «Кедей байғұс қуанып алады дейді»- екенін ескерсек, сол бұрынғыдағы екінші мен төртінші жолдарда бір ой, бір идея қайталанып тұрғанын байқау қиын емес. Осы түсініктемелерді жинақтай келе мынадай түйінге тірелеміз. Мәтіндегі жеке сөздер, не сөйлемдер түрлішелігі кездейсоқ емес. Ол белгілі бір үлгінің ел арасында көп нұсқалы (вариантты) болып келетінін дәлелдейді. Сонымен бірге В.В.Радлов кітабы ертерек (1870 ж.) шыққанын ескерсек, мәтінді әзірлеу кезінде қазақ тілінің сыр-сипатын жетік біле бермегендіктен және баспа қызметкерлері байқамауынан кеткен ағаттықтарға т.с.с. назар аударылуы - бәрі ғылым, шындық заңы алдындағы жауапкершіліктен ғана туғанын дат етеміз.

Киік.

Бұл туынды ҚР ҰҒА Орталық ғылыми кітапханасы қолжазба қорындағы Мәшһүр -Жүсіп жазбасы, 1170- папка, 312-321 беттері бойынша әзірленіп, жоғарыда аталған В.В.Радлов кітабындағы мәтінмен салыстыра саралау қоса жүргізілді. 1. Бұрынғыда (В.В.Радловта): «Тұзағына керуеннің»- алынса, екіншіде (Мәшһүр – Жүсіпте) «керуеннің» дегенді «кәуірдің» (кәпірдің) сөзі ауыстырған. 2. Бастапқыда: «Құдайым жеткізбейсің бізді дүзге, // Естімеген сөз кетер құла түзге»-делініп, екі тармақ аяғы да «дүзге» сөзімен тамамдалып, бір түрлі ұғынықсыздық тудырған. Мәшһүр - Жүсіпте алғашқысы «жүзге» сөзімен аяқталып, шығарма авторының жүз жасқа жетпеуі мүмкіндігіне назар аударылған. Біз соңғы нұсқа шындыққа неғұрлым жақын тұр деп санадық. 3. Алғашқыда: «Аяққа жығылды ол киік мойын қойып»- түрінде берілсе, кейінгіде: «Хаққа киік жылады мойнын бұрып»- табан тіреп, әрі киіктің кімнен көмек күткені нақтылана түссе, әрі тармақ соңындағы»мойнын бұрып» сөздерінің өз алдындағы:«торын құрып»- дегенмен доп ұйқасуы жүзеге асқан. 4. Біріншідегі: «жетіп барды»- дегенді соңғыда «кез боп қалды» алмастырған. 5. Бұрынғыдағы: «көруге» сөзі екіншіде: «кәуірге»— дегенмен өзгертілген. 6. Қара сезбен берілген Мұхаммедтің бұл сөздері В.В. Радловта жоқ, тек Мәшһүр -Жүсіпте бар. 7. Бастапқыдағы: «киігіңді» сөзін кейінгіде: «күйігіңді» ауыстырған. 8. Алғашқыда: шумақ соңы: «төлер - ақын» сөзімен тамамдалып, өз алдындағы бірінші - екінші аяғындағы: «тереді - ақпын», «ерер –ақпын»- сөздерімен толық ұйқаса қоймаған. Соңғыда бұл өрнек: «берер - ақпын»- дегенмен алмастырылып, өз алдындағы жолдар соңындағы: «терер - ақпын»-«ерер ақпын»- сөздерімен құп үйлесіп, ұйқас сапасы жақсарып, сөз мағыналары нақтылана түскен. 9. Жоғарыда айтылған 1170- папканың 314 - бетінің сол жақ қапталында Мәшһүр -Жүсіп түсініктемесі берілген: «Алла рахим сал ғаламин ташафах ила-иа ал-заби бафасах калам. «Уалайыл анхират» кітабында сөйлейді киікке шапағат қылғанын.» 10. Бұрынғыда: «Киік баласы айтты:

Пайғамбар бізден бұрын өтті дейді,
Пендесіне жол салып кетті дейді.
Алақай анам салды да жетіп келді,
Не болды саған ана депті дейді,-

деп жазылған. Ал, кейінгіде бұл былай берілген: « «Сонда киіктің екі лағы айтады:

- Алақай, анам аман кепті! - дейді,

- Жүрдің бе қимай тәтті шөпті ? - дейді.

- Күнде ерте мұнан бұрын келуші едің,

Не болды бүгін саған? - депті дейді.

Екі нұсқаны салыстырсақ, алдымен «Киік баласы айтты» дегеннен кейін: «Пайғамбар бізден бұрын өтті дейді» - сөздері киік лағы аузынан айтылғандай естіледі де, оған лайық еместігі көзге ұрады. Екіншіден, біріншідегі: «Не болды саған ана»- сөздерімен шектелу лақ мазасыздануы себебін толық ашпайды. Ал, соңғыда ешкінің бұрын ерте келетіні еске алынғасын барып, лақ абыржуын не тудырғаны нақты көрсетілген. 11. «Күнәйым» сөзі бүгінгі қолданыста жоқ болғанымен, көне заманда орын алғанын Мәшһүр - Жүсіп жазбасы арқылы анықтауға болады. Біздіңше, «күнә» айтылғанда, толық күнә, ал «күнәйым» келтірілгенде, аздаған, жартылай күнә мағынасы берілетін тәрізді. Ол жағын тіл тарихын зерттеушілер анықтай жатар деген ниетпен біз сол кездегі жазылу қалпын сақтап бергенді жөн көрдік. 12. Әуелгіде: «Жабаның отына жүргенімде, // Түсірді тұзағына бір Құдайым»-қалпында отау тігілсе, екіншіде сәл басқаша:« Жапанның отын оттап жүргенімде, // Кез қылды жайған торға бір Құдайым!». Кейінгіде берілмек ұғым түсініктілігі, нақтылығы басым сияқты. 13. Біріншіде:

Сол кәуір жіберерде үндемеді,
Мұхаммед кепіл болған Мұстафа еді.
Жерінде мезгіл айтқан бармай кетсек,
Сол кәуір Мұстафаны ұстайды енді.

Екіншіде:
Ол кәуір босата ма, өлмей, қолдан?
Тоқтатты тұзақ құрып бізді жолдан.
«Келсін - деп, бір емізіп балаларын!» -

Пайғамбар хақ Мұхаммед кепіл болған.

Біздіңше, ұйқас толымдылығы, белгілі бір бейнеге көзқарас шынайылығы, оқиғаның даму реті, нақтылық сипаты - бәрі де соңғының ел аузынан дұрысырақ жиналғанын дәлелдесе керек. 14. «Ай, шеше, сен барғанда, біз барармыз»- жолын маңдай еткен сегіз тармақ Мәшһүр

- Жүсіпте 14-15- шумақ болып тұрса, В .В. Радловта ол кейін ығысып, 18, 19- шумақ ретінде орналасқан.

15. Соңғыда: «азап іздеп»- деп, пакты да, түсінікті берілсе, бұрынғыда: «азын іздеп»-күйінде келіп, ұғым көмескілігі туған. 16. Бастапқыдағы: «жығылды» сөзі кейінгіде: «ұсындық»- болып өзгертілген. 17. Бұрынғыда: «Хабар болар, жүре көр, Мұхаммедім»- түрінде алынса, екіншіде: «хабар болар»- орнын «хабарлас боп» - иеленіп, тағы да белгілі бір ұғым нақтылығы артуы жүзеге асқан. 18. Кейінгіде: «Жетер ме екен Аллаға мұң-зарыңыз?! - делініп, өз алдындағы бірінші, екінші тармақ соңдарындағы: «сіз барыңыз», «тез барыңыз»- сөздерімен толық ұйқасып тұр. Ал бастапқыда: «мұң-зарыңыз» орынын «тілегіңіз» иеленіп, орныққан ұйқасқа мүлде кірікпей қалған. 19. Алғашқыда: «Киікті кәуір қуанғаннан қамап алды, // Қамап алып мойнына белбеу салды»- делінсе, екіншіде екі рет қайталанған «қамап» сөзінің екеуі де «қармап» болуы көңіл бөлерлік. Салыстырсақ, киік қамайтын қора, үй жоқ жерде «қармау» сөзі неғұрлым шындыққа жақын тәрізді. 20. Біріншіде: «Мен де өзіңдей болармын мұсылман» - делінсе, екіншіде: «Мен де өзіңдей мұсылман болармын ба?» - түрінде өзгерген. Осы орайда бастапқы бірінші, екінші жолдардың: «қонар құмға», «осы жолда»- сөздерімен аяқталуын ескерсек те, соңғының дұрысырақ екені дау тудырмас деп ойлаймыз. 21. Бұрынғыда: «Бұлбұл деген құс ұшып қонады,// Саясынан сарқырап оқ жонады»-түрінде келсе, кейінгіде басқаша: «Иман тапқан Құдайға құл болады, // Айтқан сөзі әрқашан пұл болады.» Осы орайда бұдан кейінгі шумақта: «Құс ұшып бұлбұл деген қонар құмға»- қалпында ірге тепкенін ескерсек, алғашқыда қайталау орын алғаны айқындалады.

Лашын мен қарға әңгімесі.

Бұл туынды жоғарыда айтылған қолжазба қорындағы Мәшһүр - Жүсіптің екі жазбасын: әріп таңбалау сипатына Қарағанда, ертерек қағазға түсірілген 1170-папканың 668-671 беттерін және кейінірек қағазға түскен 1176-папка, 4 - дәптер, 285(31 )-282(34) беттерін салыстыра отырып әзірленді. Көп ретте 1170-тен гөрі 1176-да бейнелеу амал-тәсілдерінің жетілдірілгені байқалады. Бұл арада белгілі бір шығарманың ел арасында түрлі сипатта таралу мүмкіндігін ескерсек, Мәшһүр - Жүсіптің туындының сақталу үрдісі бойынша қағазға түсіргені байқалады. Шығарманың қай кезеңде жазылғаны туралы 1170- папка мәтіні соңында мынадай ескерту орын алған: «Бұрынғы заманның ескі өлеңі.» 1. Бастапқы үш шумақ 1170- те жоқ та, тек 1176- папка бойынша берілді. 1170-те мәтін маңдайында мына түсінік жазылған: «Бір қарға бес балапанына лашын алып жеп кеткен үйректің қалған тамтырын алып келіп тастай беріпті. Сонда балалары, бұрын жеп көрмеген, шошып кетіп: «Қайдан алдын?» - дегенде, қарғаның айтқаны.» 2. Бұл туындыда төртінші шумақ ретінде ұсынылған бұл төрт тармақ 1176- да мүлде жоқ, тек 1170 бойынша енді. 3. 1170- те «аққу мен қаз»- делінсе, 1176-да «алқоңыр қаз»- делінген. 4. 1176-да: «өтірікшінің өмірі», ал 1170-те «өтірік айтсаң, өмірің». Біз тек бір адамға емес, бар өтірікшіге қатысты айтылған 1176-ны таңдадық. 5. 1170-те бұл екі жол мүлде басқаша өрілген: «Ай, балам, мен тіріде не көрмессің, // Қаз, үйректен басқаны бір жемессің!» Бұл ойлар үшінші, төртінші шумақта, кейін де біраз қайталанғандықтан, мақтанушы бейнесін нақты ашарлық 1176-ны таңдадық. 6. Тағы да 1170- тегі қайталауға құрылған: «Аспаннан аққу, қазды ілер шешең»-орнына, белгілі бір сезімді, мақтануды жаңа бір биікке көтерген 1176- дағы «Ақ сұңқар әуедегі етін жесең!»- тармағын таңдадық. 7. 1170- те осы төртінші тармақ бесінші шумақтың соңғы жолын біраз қайталаған: «Есен ұшсақ игі еді осы жолы!» Біз тағы да лирикалық бейнені жаңа бір қырымен танытарлық: «Бекер, шешем, «әкелдің бізге мұны?!» - дегенді 1176- бойынша енгіздік. 8. 1176 бойынша кіргізілген: «Қанағат қашан қашқан»- орнына 1170- те «Қанаттыда үлкен жоқ» - күйінде отау тіккен екен. Біздіңше, қарғаның сұңқар, лашыннан, не бүркіттен үлкен еместігі көзге көрініп тұр. Сондықтан кейіпкер мінезін шынайы бейнелеуге 1176-дағы неғұрлым доп келетін тәрізді. 9. 1176-да: «Оқыған күн аударып Бесін деймін»- болса, 11-70- те бастапқы үш сөз: «Біреуі бес намаздың»- қалпында сап түзеген екен. Біздіңше, әйтеуір бес намаздың бірі екені жалпылама айтылғаннан да, нақтылығы басым 1176- дағы ұтымды. 10. 1170- те: «Кім өлтіріп тастады [бұл] үйректі, // Жаныңа өтірік сөз...»- деп берілсе, 1176- дағы біз ұсынған сөздер лирикалық бейне сипатын неғұрлым шынайы ашуға көмектесіп тұр. 11. 1176- да қарға сөзі берілмес бұрын баяндаушы түсінігі қара сөзбен беріліп, өлеңнің қандай жағдайда туғаны айқындалған: «Сонда қарғаның қасында қарлығаш бар екен. Қарға жан-жағына қарап, қарлығаш жоқ болған соң, айтқаны:» 12. 1170- те: «Түбіме өлтіруге сол-ақ жетті» - күйінде алынса, 1176-да «өлтіруге» орнына «шағымшы боп» енген екен. Біздіңше, ақырында қарғаның өлтірілмегенін ескерсек, алдын-ала: «өлтіруге» - деп байбалам салғаннан да жай ғана «шағымшы боп» - деген 1176- дағы шындыққа неғұрлым жақын. 13. 1170- те: «Келсе, келсін, қорықпаймын мен лашыннан, // Қарғада сүймегенге сүймен жоқ па?!», ал 1176-да: «Келгенмен, лашын маған не қылады, // Онда тұмсық бар – дағы, менде жоқ па?!» Біздіңше, қарғаның сөйлеу мүмкіндігі, адамдар қолында ғана болатын сүйменді айтқаннан да, өзінде және лашында да бар тұмсықты көлденең тосуы шындыққа неғұрлым жақын. 14. «Шын сөйлеген әр жерден ет жейді ғой» - тармағын бетке ұстаған 12- шумақ 1170-папкада мүлде жоқ, тек 1176- бойынша берілді. 15. 1176-папкада 14- шумақ басы: «Балалар, басты өлімге байламайық, // Жоқ нәрсені уайым қып ойламайық»- болса, 1170- те: «Өзен бар мына жақта Еділ, Жайық, // Бір қоныс мұнан кетсек бізге лайық.» Біздіңше, осы шумақтың соңғылары: «Балалар, ол жалғыз да, біз алтау ғой, // Алтаумыз тұс-тұсынан найзалайық!»- екенін ескерсек, бұған 1170-тің алғашқыларында сөз болған қоныс аударып, ығыспақ ниеттен гөрі күрес -әрекетке бейімдеген 1176- нұсқасы дөп келеді. 16. «Мінгені патшалардың қаражал сұр» - дегенді ту еткен 15- шумақ пен оған ілескен 16-шумақ 1170-те жоқ, тек 1176- бойынша ұсынылды. 17. 1170-те: «Қырымнан көзі шалып қалған екен, // Көтінен қара лашын қуып жетті.» -деп өрбісе, 1176- да алғашқы тармақтың соңғылары: «көрген екен». Біз «көзі шалып көрген»- дегенде, көзі шалу мен көруде - бірін-бірі қайталау барын ескеріп, бу жолы «қалған екен»- деген 1170-ті құп көрдік. Оның есесіне 1170-тегі «көтінен» сөзінің 1176-да «соңынан»- деп өзгертілуін жөн көрдік. 18. «Білмейсің жаман қарға, әлің!»- деп басталатын 22-шумақ 1176- да мүлде жоқ, тек 1170 бойынша енгізілді. 19. 1176- да «бір қасық анам берген сүті тәтті»- делінсе, қарғада сүт болмайтынын ескерсек те, 1170- те «сүті» орнына «суы» алынғаны ұтымды саналды. 20. 24-шумақта 1170-тегі: «Мінгені падишаның»- дегендегі соңғы сөз орнына 1176-ның «батырлардың» сөзі енгізілді. Сонымен бірге 1170- те: «Дәм татқан мың тоғайдан бір қара құр» - дегендегі алғашқы «мың» - «бір», кейінгі «бір» «мың» болып, тағы да 1176 бойынша түзетілді. Сондай-ақ 1170- тегі «қара да тұр» орнына тағы да сөз мағынасына, ретіне қарап бұ жолы да 1176 бойынша: «асықпай тұр» - нұсқасы тиімдірек деп саналды. 21. 1170- те: «Өлтірмей, шешемізді қылсаң азат» - қалпында сап түзесе, 1176-да «шешемізді» орнына «бәрімізді» жайғасқан екен. Тек шеше емес, балаларына да қауіп төнгені ескерілген 1176- дағы үлгі ұсынылды. 22. 1176-да: «Сауысқан, сенің атың - ала қарға» - күйінде бой түзесе, 1170- те: «сенің атын» орнына «құстың қоры»- орын тепкен екен. Сөз ретіне, мағынасына қарап, 1170-үлгісін кіргіздік. 23. 1170-те: «Ай, қарға, мұнан былай көтіңді қыс!» - деп айтылса, 1176- да: «өтірік айтпа» қосылып, «мұнан былай» ығыстырылған екен. Сөз реті, мағынасы - бәрі 1176-дағының ұтымдырақ екенін дәлелдейтін тәрізді. 24. 1170-те: «Арасы қырық күншілік шөлдер екен, // Түс болмай, тоғайға ағып түсті дейді»- деп өрнектелсе, 1176-да «шөлдер» орнын «жолдар» иеленген. Соз қисынына қарап, біз 1170-ті таңдадық. Ал, оның есесіне мұндағы «тоғайға ағып»- түзілімі «алып барып» сөздерімен жаңаланды. 25. 1170-те соңғы 33-шумақтың кейінгі үш жолы: «Бұтына тышты қарға өтірік айтып, // Балалар өлмесіне себеп болды, // Жалынып, жалғаны жоқ шынын айтып.» - деп берілген. Ал, 1176-да ол жолдар: «Балалар құтқарыпты зарын айтып, // Бұл ғибрат кейінгіге қалсын бізден, // Өткенді кім тауысар бәрін айтып?!» Біздіңше алғашқыдағы бірінші жолда бұрынғы айтылғанды қайталау орын алса, 1176- да қайталау болмауы назар аудартады.

15. Өлең – дастандар.

Алтынбас пен Күмісаяқ.

Жоғарыда аты аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр - Жүсіп жазбасы, 1170- папка, 321-338- беттері бойынша әзірленіп, бұдан бұрын ескертілген В.В.Радлов кітабындағы осы туындымен салыстырыла саралау қоса жүргізілді. 1. Соңғыда (Мәшһүр - Жүсіпте): алғашқы шумақтың төртінші жолы: «Малға бай, басқа кемтар бір хан өтті»- делініп, өз алдындағы бастапқы жолдар аяғындағы: «жақсы кепті», «өтіп кетті»- сөздерімен күп үйлесіп, толық ұйқасып тұрса, бастапқыда (В.В.Радлов кітабында) ұйқас сапасы солғындап, төртінші тармақ аяғында:«адам болды»- түрінде келген. 2. Бұрынғыда: «Қисса айтсам, көңіліңіз жай болыпты» - делінсе, кейінгіде бұл тармақ өзгерген: «Кең жиһан қапалыға тар болыпты.» Біздіңше, алғашқыдан келтірілген екінші шумақтағы осы тармақ өз алдындағы жапсарлас біріншідегі: «Айтамын, тыңдасаңыз, жақсы кепті»- дегенді біршама қайталап тұр. Ал, екінші нұсқада қайталау жоқ, белгілі бір философиялық ой үстеліп, шығарма жүгі, мәнділігі арта түскен. 3. Үшінші шумақтың соңғы үш жолы кейінгіде: «Бақ кұсы өмір бойы басында еді. // Келгенше қырыққа жасы перзент кермей, // Өлгеннің, өлмесе де, қасында еді»- деп өрбіген. Ал, біріншіде бұл жолдар: «Әлемнің көп қайғысын оған берді.// Жылады қырыққа шейін бала тілеп, // Сүйтсе - дағы тілеуін еш бермеді.» Бұл екі нұсқаны салыстырсақ, соңғыда біз келтірмеген алғашқы тармақ аяғындағы: «жасында еді»-дегені екінші тармақ соңындағы: «басында еді», төртіншідегі - «қасында еді» сөздерімен толық ұйқасып тұр. Ал, біріншіде ұйқас құрайтын соңғы бунақтар: «жасында еді», «оған берді», «еш бермеді»- қалпында отау тігіп, ұйқас сапасын көп әлсіретіп, өлең көркемдігіне едәуір нұқсан келтіріп тұрғанын байқау қиын емес. 4. Бұл туындының төртінші шумағына көңіл бөлсек, Мәшһүр - Жүсіпте:

Бастан кем, тар болған жан - малды дейді,
Кедей көп болған жақты - жанды дейді.
Жеткенше алпыс жасқа бала болмай,
Бір-бірлеп жетпіс қатын алды дейді.

В.В.Радлов кітабында бұл шумақ мүлде басқаша келтірілген:
Қылыпты кей адамды малды дейді,
Қылыпты кей адамды зарлы дейді.
Жетіпті ол патша алпыс жасқа,

Алпыста жетпіс қатын алды дейді.

Салыстыра сараптасақ, Мәшһүр - Жүсіпте өмірде малы көптер «бастан кем» болатынын, ал, малы аздар керісінше «жақты - жанды» күй кешетінін салыстыру арқылы жаңа бір идея өрбіп, жетпіс әйелді бір-бірлеп алу соз болса, бастапқыда алпыс жасқа толғанда барып, бірден сонша әйел алғандай көрінеді. 5. Алғашқыда: «Тағат қып дүниеге жүрмеген соң» - деп берілсе, екіншіде: «дүниеге» сөзін «қорқып хақтан» ауыстырған. 6. Біріншідегі: «Әр нәрсе сеніменен бермеген соң»- жолы бір түрлі ұғынықсыздық тудырса, кейінгіде «сеніменен» сөзі «сәніменен» деп алмастырылғанда, түсініксіздік жойылды. 7. Бұрынғыдағы: «ойбайым» сөзі орнына соңғыда: «уайым» қоныс тепкен. 8. Бастапқыда: «Өлейін қаңғып жүріп құла түзде»- делінсе, кейінгіде: «Үйінен қаңғып кетті құла түзге»- түрінде өрістеп, әрекет нақтылығы алға шыққан. 9. Алғашқыда бірінші жол: «Көңілім жамандыққа бола берді» - қалпында орнығып, өзінен кейінгі екінші, төртінші тармақтар соңындағы: «көне берді», «жүре берді» сөздерімен онша ұйқаспай тұрса, екіншіде: «бола берді»- орнын «бөле берді» иемденіп, ұйқас тәртіптелуі жүзеге асқан. Сонымен бірге сол тармақтағы «жамандыққа» -кейінгіде «жалған құрғыр»- деп ауыстырылған. 10. Біріншіде: «мал беріп»- деп жай баяндалса, екіншіде: «мал шашты да»- алынып, мырзалық сипаты нақты ашыла түскен. 11. Бұрынғыда: «Алдынан кез келеді бір жалғыз адам»- деп, жай хабарланса, соңғыда алдымен «бір зарлы» дауыс шыққанына алдымен көңіл бөлгізеді: «Алдынан дауыс шықты - бір зарлы адам!» 12. Бастапқыда: «қылар ма екен?» - деген сауал ретінде келтірілсе, кейінгіде: «қылар бекем»- жауап түрінде орныққан. 13. Алғашқыда: «Жыласып біріне-бірі» - делінсе, соңғыда: «зар еңіреп жыласумен»-келтіріліп, белгілі бір сезім әрекеттің аз да болса, дамып, нақтылана түсуіне жол берілген. 14. Біріншіде: «Кемпір айтты мен келдім сексен жасқа, // Сексен бес жасымда жетпіс байға тидім деді», ал, екіншіде: «Өткіздім жетпіс байды бір - бір санап, // Сонымен сексен жасқа келдім - дейді»- тармақтары орналасқан. Біздіңше, алдыңғыда құр баяндау басым да, аяққыда кемпір сипатын аңдатарлық бояу бар. Мәселен, «бір-бір санап» тиюдің өзі талғам, екшеу орын алғанына жарық себездеп тұр. 15. Бұрынғыда: «Үйімде бала зары болды дейді, // Бауырымды қайғы отқа күйді дейді» - деп айтылса, соңғыда: «Көңілімде перзент зары болды, - дейді, // Бауырым қайғы -ғамға толды, - дейді.»- қалпында отау тіккен. Біздіңше, бастапқыда алғашқы тармақ аяғындағы: «болды дейді» - дегенге іргелесті тамамдаушы: «күйді дейді» - толық ұйқаса алмай тұр. Ал, екіншіде ұйқас та толық, сезім нақтылығы да басым. 16. Екі нұсқаның әрқайсысында 15-шумақ мүлде өзгеше болуымен ерекшеленеді. В.В.Радловта:

Әуелі зарлы боп жүрді дейді,
Көңіліне иман нұры кірді дейді.
Жамағат ықыласымен мұны тыңда,
Көз жасын екі мүсәпірдің көрді дейді.

Мәшһүр - Жүсіпте:
Екеуі бірін-бірі сүйді дейді,
Шалыңа ақ жолмен тиді дейді.
Елсізде екі мұңдық бас қосқан соң,

Көз жасын аяп Тәңірім иді дейді. 17. Бастапқыда: «Дегені бейшараның сол емес пе, // Сол кемпір сексен бесте болды жүкті»- енгізілсе, кейінгіде: «Сұрауы жеткен - деген осы емес пе, // Сол кемпір сексен жаста болды жүкті» - беріліп, егде тартқан адамның бала көтеру мезгілі бес жас төмен түскені байқалады. 18. 18 - шумақ та өз алдындағы 15 - шумақ тәрізді екі нұсқада алуан түрлі болуымен назар аудартады. В.В.Радловта:

Азапты өлгенінше көрмеді енді,
Көңілінде жамандығы болмайды енді.
Алтынбас туған күні той қылып,
Ел - жұртқа келсін деп хабар берді.

Мәшһүр - Жүсіпте:
Азапты өлгенінше көрмейді енді,
Көңілді жамандыққа бөлмейді енді.
Алтынбас туған күні тойын қылып,

Бұл тойға нанып ешкім келмейді енді.

Назар аударсақ, біріншіден, бастапқыдағы аяққы сөздер: «көрмеді енді», «болмайды енді», «хабар берді» - ұйқас талабына онша сай келмей тұрса\\, кейінгідегісі толық үйлесуімен көзге түседі. Екіншіден, «азапты... көрмеді» - дегеннен де «азапты көрмейді»- қалпындағы соңғы нұсқа шындыққа жақын. Себебі әңгіме өткен кез, не тіпті осы шақ туралы емес, болашақта азап көрмеу хақында болуға тиіс десек, екіншінің ақиқатқа жуықтығы дау тудырмайды. Үшіншіден, бастапқыда тойға шақыру туралы ғана ескертіліп, сонымен шектелсе, кейінгіде шақырғанға ешкім сеніп, келмегені баяндалады. Біздіңше, шығармада одан әрі басқа оқиғалар өрбігендіктен, тойға келу - келмеуді анықтайтын осы бірдетальды сақтаған соңғы нұсқа шығарманың басты идеялық тақырыптық негізіне жақынырақ тұр. 19. Бұрынғыда: «Алтынбас сай кез оған атамысың?» - деп берілгенде, біртүрлі түсініксіздік туса, соңғыда «сай кез оған»- орнын: «сегіз оғың»- иеленіп, ұғынықсыздық ысырылған. 20. Алғашқыда: «Берер ме тілегімді бір сағымды, / Ойнаймын ғашығыммен бұл шағымда»- делінсе, кейінгіде: «Туғаннан менің көңілім бір сағымда, // Мен ойнап күлсем деймін жас шағымда!»- түрінде қоныс тепкен. Түске кірген қыздың ғашық жігітін шақыруына әңгіме негізделгенін бағымдасақ, сол мақсатқа бағындырылған екінші мәтіннің шығарманың идеялық - тақырыптық негізіне неғұрлым жақын екенін дәйектейміз. 21. Бастапқыда: «Е, әке, рұқсат бер енді маған, // Айтып зар еңірепті мехнат жеп»-қалпында берілсе, екіншіде соңғы тармақ мүлде басқаша: «Ұйқы ұйықтап, күн көре алман, мен тамақ жеп.» 22. Біріншіде 24- шумақтың екінші, үшінші жолдары: «Басқа іс түссе кім сарғаймас күн туса деді. // Атеке, жұмысыңды бітір деп» қалпында ірге тепсе, кейінгіде: «Кім сарғаймас, басқа күн туса?!»- дейді. // Әкеке, жұмысыңды істетіп ал!»- түрінде өзгерген. Зерделесек, бұрынғыда бір тармақ ішінде: «іс түссе», «күн туса»- деп екі рет шарттасқаннан да, соның бірін ғана алған соңғы ұтымдылығы айқын. Сонымен қатар біріншіде: «жұмысыңды бітір»- сөздері әкеге қатысты алынса, екіншіде: «жұмысыңды істетіп ал»- дегеннен оны атқаруға тиісті тек бала екені - айқындалған. 23. Бұрынғыдағы: «Жарасар алмас пышақ қынға деді, // Құдаң енді қылдым саған деді»- жолдарының екіншісі соңғыда мүлде басқаша: «Құдайым берген екен сынға! -дейді.» Байыптасақ, біріншінің, екінші тармағы бір түрлі түсініксіздік әкелсе, екіншінің сол жолы нақтылығымен және алғашқымен толық ұйқасуымен көңіл бөлгізеді. Нақтылық дейтініміз, бұдан кейін әкесінің ұлын сыннан өткізу мақсатында таудай болып көрінген тасты әкелуге жұмсағанын, баласының оны орындағанын көргесін барып,жауапты сапарға рұқсат бергенін дәйектесек, кейінгі үлгідегінің ақиқатқа лайық екені ашыла түседі. 24. Алғашқыда:

Айтайын жаңа бір сөз енді деді,
Тілегін бейшараның берді деді.
Көрінген таудай болып қара тасты
Қысты да қолтығына жүре берді, -

деген шумақ ірге тепсе, екіншіде алғашқы екі жол: «Жең сыбанып, етегін түрді дейді, // Тасқа қарай бет алып жүрді дейді» - түрінде өзгешеленіп, үшіншісі әуелгі нұсқамен бірдей болып, ал, төртіншіде тағы да басқаша келген: «Қолтығына қыстырып келді дейді.» Бағымдасақ, біріншінің бастапқы екі тармағы бұрын-соңды айтылған ойды қайталауға ойысса, екіншісі кейіпкер іс-әрекетін нақты өрнектеуге құрылған. 25. Бастапқыда 27- шумақтың үшінші жолы: «Бара көрдім тасты, ай, қарағым!»- деп берілсе, кейінгіде: «Өмірінше келтіре алмас!- деп айтып ем!» - түрінде өзгерген. Зерделесек, біртүрлі түсініксіздік арқалаған біріншіден әке уайымын нақты ашқан екіншідегісі шығарманың тақырыптық - идеялық негізіне бағындырылуымен ұтып тұр. 26. 15, 18- шумақ тәрізді 29- шумақ та екі нұсқада түрліше болуымен назар аудартады. В.В.Радловта:

Алланың дағдырына көне берді,
Ғашыққа біткен ойын бөле берді.
Арызын атасына айтсын деді,
Салып ұрып сарыала атқа мініп, жүре берді.

Мәшһүр - Жүсіпте:
Алланың салғанына көне берді,
Көңілін ғашық жарға бөле берді.
Арызын атасына айтты - дағы,

Мінді де сарала атқа, жүре берді.

Сараптай үңілсек, біріншінің алғашқы тармағындағы: «...дағдырына»- орнын соңғы нұсқада «салғанына» иеленумен бірге екінші жолда алғашқыдағы: «Ғашыққа біткен ойын» болу емес, «көңілін ғашық жарға» бейімдеу алға шыққан. Сондай-ақ бастапқының үшінші жолы ұғынықсыздығымен көзге түссе, кейінгіде нақтылық, дәлдік орнаған. Алғашқының төртінші тармағында буын саны кілт өсіп, мақам, ұйқасқа т.с.с. теріс ықпал тудырса, кейінгіде қалыпты өлшем сақталған. Мұның бәрі не ел арасында шығарманың сақталу түрлішелігінен, не кітап әзірлеушілер жаңсақтығынан орын алуы ықтималдығына тағы да назар аудартқымыз келеді. 27. 30- шумақтың бірінші тармақтан басқа қалған үш жолы екі нұсқада бір-бірінен өзгеше болуымен көңіл бөлгізеді. В.В.Радловта: «Құдайдың бұйрығымен келдім мұнда. // Мекенім сұрасаңыз менің алыс, // Жетерсің күйіп жаның бес мың жылда.» Мәшһүр – Жүсіпте: «Біздің жер жырақ емес, келсең мұнда, // Арада дамыл алмай жүрсең күн-түн, // Жетерсің күйіп-жанып бес мың жылда!» Сараласақ, жол ұзақтығын нақты да, әсерлі бейнелеу біріншідегіден гөрі екіншіде басым тұрған сияқты. 28. Бұрынғыдағы: «көрінбеді»- орнына соңғыда: «көңілін бөлді»- жайғасқан. 29. 15, 18, 29- шумақтар тәрізді бұл 34-де түрлішелік басым. В.В.Радловта:

Алтынбас сәлем берді кәріге,
Сұрады халін, жұртын тағы және.

- Е, жігіт, сабырлық қыл Аллаға,

Жетерсің шапшаң жүрсең бір жылда.
Мәшһүр - Жүсіпте:
Алтынбас қарияға сәлем берді,
Хабарын ғашық жардың сұрайды енді.

- Ай, жігіт, сабырлық қыл бір Аллаға,

Жетерсің, мойныңа алсаң, бір мың жылды!

Салыстырсақ, екеуінде алдымен ұйқас екі түрлі. Сонымен бірге не В.В.Радловқа айтқан адам жаңылуынан, не баспа қызметкері елемеуінен «мың» сөзі түсіп қалып, бір мың жыл емес, бір-ақ жылда жетуге болатындай көрсетілген. 30. 15, 18, 29, 34- шумақтар тәрізді 35-і де екі нұсқа да түрліше келуімен назар аудартады. В.В.Радловта:

Рұқсатты жігітке кәрі берді,
Онан соң Алтынбас жүре берді.
Бір Аллаға тәуекел қылып жүргенінде
Көп мехнат жол үстінде жігіт көрді.

Мәшһүр - Жүсіпте:

- Бір мың жыл маған - дейді - бір күндей-ақ,

Жеріне жығылармын жеткен аяқ.
Жөнелді қариядан рұқсат алып,
Дүниені шыр айналған бұл бір саяқ.

Салыстыра бағымдасақ, кейіпкер мінезін ашарлық белгілер молдығымен кейінгі ерекшеленеді. 31. 15,18,29 34,35 - шумақтар тәрізді 36-шы да екі нұсқаның түрлішелігімен көзге түседі. В.В.Радловта:

Арада бірнеше күн өтті деді,
Құдайым сарыала атқа тіл берді.
Көп күн жолдас болғаннан соң,
Келдік бір мұндай жерге аман деді.

Мәшһүр - Жүсіпте:
Алтынбас аянбастан жол жүріпті,
Құдайым сарала атқа тіл беріпті.

- Елсізде екі мұңдық бейнет көріп,

Біз келдік аман мұнша жерге! - депті.

Алғашқы нұсқада жалпы баяндау басым да, екіншіде кейіпкер сипатын ашарлық сөз саптау алға шыққанын байқауға болады. 32. 38- шумақтың 3- жолы мен төртіншісінің орны біріншіде ауысып кеткенін анықтау үшін екіншідегіні толық келтірейік:

Бұл жерден сенің қайның - бір жылдық жер,
Жетерміз мезгілінде намаздыгер.
Көп мехнат ара жолда көрдік қанша,
Жеткізген һәммат беріп пәруәрдігер.

Ал, бастапқыдағы соңғы екі тармақ былай келтірілген: «Сол қал бітірер пәруәрдігер, // Көп мехнат көрдік жол үстінде.» 33. 39- шумақтың кейінгі үш тармағы да екі нұсқада әр түрлі болып келген: 1. «Бес намаз құдайынан келеді екен, // Түн болды күндіз болмай жүрді налып, // Сары ала ат күнде аралап жүреді екен.» (В.В.Радлов). 2. «Уақытымен оқып намаз алады екен. // Басқа мал жүріп бір жыл жетер жерге // Сарала ат бір сағатта барады екен» (Мәшһүр -Жүсіп). Осы екі үлгінің 1 - жолы: «Ер-тоқым сарала атқа салады екен»- түрінде екенін ескерсек, алдымен, біріншідегі ұйқас толымсыздығы көзге ұрады: «салады екен», «келеді екен», «жүреді екен». Екіншіден, соңғының аяққы тармақтарында ат жүйріктігі нақты бейнеленсе, алғашқыда оған көңіл бөлінбеген. 34. Бұрынғыда: «Құлыңды бермесең де үйден шыққан, // Бейшара Күмісаяқ арық екен»-делініп, басты кейіпкер Алтынбас әлі жетпеген, көрмеген Күмісаяқтың арықтығы орынсыз сөз болса, соңғыда сол аяққы тармақтар: «Үйінен Алтынбастың шыққан күні // Көңіліне Күмісаяқ анық екен» - деп беріліп, мүлде басқа мағынада өрістеген. 35. Алғашқыда төртінші жол: «Бір адам ханға келіп хабар берді»- делініп, өз алдындағы бастапқы тармақтар соңындағы: «екі зарлы», «болды жарлы»- сөздерімен толық ұйқаспай қалған. Ал, кейінгіде: «хабар берді» орнын «хабар барды» иемденіп, ұйқас толық қалпына келген. Сондай-ақ біріншіде екінші жол соңы: «жарлы»- деп бітсе, екіншіде оны «барлы» ауыстырған. 36. Бастапқыда шумақтың алғашқы екі жолы: «Құдайым Алтынбасты қылған зарлы, // Құдайдың бұйрығына амал бар ма?»- делініп, әрі ұйқассыздық туып, әрі оқиғаның шынайы өрістеуі көрінбей қалса, ол екіншіде дұрыс қалыпқа түскен: «Алтынбас иілумен бұғып қалды, // Құдайдың бұйрығына тап амалды.» 37. «Алланың аманатын берермін - деп»- тармағымен басталған бұл 47- шумақ В.В.Радлов кітабында мүлде жоқ, тек Мәшһүр - Жүсіпте орын алған. 38. Біріншіде 48 - шумақтың ақырғы жолдары: «Келбетін бейшараның көргеннен соң, // Сол жерде хан қызын бермек болды»- деп жазылса, екіншіде: «Келбетін керуменен көңілі тойып, // Қызыма табылды тең енді!- дейді»- түрінде берілген. Шумақ басындағы тармақтар ұйқасын негіздеуші соңғы сөздер: «келді дейді», «сәлем берді»- екенім ескерсек, алғашқыдағы төртінші жол ұйқасқа кірікпеуімен көзге түседі. Сонымен бірге алғашқыда ханның қызын бермек болуы жай баяндалса, кейінгідегі сөз қолданысы хан бейнесін нақты ашуға бағындырылған. 39. Әуелгіде: «Салса енді алмас пышақ қынға дейді, // Құдай өзім қылдым мұнда дейді», - делінсе, екіншіде: «Жарасар алмас қылыш қынға,- дейді, // Тұрарлық жан екенсің сынға!- дейді»- қалпында берілген. Салыстырсақ, біріншідегі: «салса егер»-дегенді «жарасар», ал, «пышақ»- сөзін «қылыш»- алмастырған. Сонымен бірге бастапқының бір түрлі ұғынықсыз берілген екінші жолы кейінгіде нақтылана түсіп, хан бағалауы, сенімі - бәрі қамтылған. 40. Бұрынғыда 54-шумақтың 2-4 жолдары былай берілген: «Күтіп біткен қалмақ жүр екен. // Жайсаңы үшбу мұны түсте көріп, // Желіп қарсы алдынан келген екен.» Ал, екіншіде басқаша өрістеген: «Жауырыншы жауырын қағып, көрген екен, // Жайсаңы түсте көріп Алтынбасты // Жиылып қарсы алдынан келген екен.» Дәйектесек, бастапқыдағы екінші мен төртінші жолдарда бірін - бірі қайталау орын алған. Ал, соңғыда жауырыншы әрекеті қосылып, қайталау ығыстырылған. 41. Алғашқыда: «Қосылды іздеп жүріп екі зарлы, // Есіңе ал өлгеніңше бір құдайды»-түрінде келіп, тап осы тұсқа қатысы жоқ болып, тек бұрынғыдағыны қайталау орын алса, кейінгіде: «Соқтығып екі дария толқын ұрды, // Сеп жайып, қалың қалмақ шебін құрды»- қалпында беріліп, нағыз ұрыс қарсаңы нақты бейнеленген. 42. Бастапқыда: «Бермесең өзің құрмет Құдайым-ай // Болады жалғыз менен қалмақ көп»- делінсе, соңғыда былай өрбіген: «Бермесең өзің қуат, Құдайым-ай, // Мен жалғыз, өзің жалғыз, бұ қалмақ көп!» Біріншідегі түсініксіз «құрмет» сөзін «қуат» дегенмен ауыстыру арқылы кейінгіде қаһарман тілегі айқын берілген. Сонымен бірге соңғыдағы екінші тармақ жүгі де нақтылана түскен. 43. Біріншіде: «Өзің рахыметіңе мен жылаймын, // Құдайым - ау, жарым деп мен сұраймын»- делініп, бұрынғы өтінішті қайталау орын алса, екіншіде кейіпкер сипаты, қорықпайтыны анық көрінген: «Құдайымнан күш тисе, жығылмаймын, // Жасырынып бір сайға тығылмаймын!». 44. Әдепкідегі: «Қатындай қарап тұру ол жарамас»- орнына кейінгіде: «Қарманған -деген сөз бар - қарап қалмас!»- енген. 45. «Жаратқан күшті Алладан жәрдем жетті»- деп басталатын 60- шумақ та В.В.Радловта жоқ, тек Мәшһүр - Жүсіпте орын алған. 46. 61- шумақтың 2-4 жолдары да екі нұсқада түрліше берілген: 1. «Қойдай қалмақ басын қырды дейді, // Сол күні күн батқанша ұрыс қылды, // Қалмақтан он мың кісі өлді дейді.» (В.В.Радлов). 2. «Шеңгеліне түскенді бүрді дейді. // Сол күні күн батқанша ұрыс қылып, // Қалмақтан бір он мыңды қырды дейді.» (Мәшһүр - Жүсіп). Осы орайда бастапқы жол: «Қалмақтың бір шетінен кірді дейді»- екенін ескерсек, біріншінің төртінші тармағында ұйқастан ауытқу орын алғанын көреміз. Атап айтқанда, бастапқыда әдепкі тармақ аяқтары: «Кірді дейді», қырды дейді»- түрінде келсе, оған төртіншідегі: «өлді дейді» онша үйлеспейді. Сонымен қатар алғашқының екінші мен төртінші жолында біріндегі ойдың екіншісінде қайталануы шаң берсе, соңғыда ол жоқ. 47. 63- шумақтың бастапқы 3 тармағы да екі нұсқада өзгеше:!. «Құдай жан жаратқан пыры дейді, // Байлау жатып Жайсаң шірі дейді. // Е, Алтынбас, бір қасық қанымды бер!» (В.В.Радлов). 2. «Жалғыз-ақ Жайсаң қапты тірі дейді, //- Құлыңның, әкебас, мен бірі!- дейді. //- Ей, Алтынжан, бір қасық қанымды қи,» (Мәшһүр - Жүсіп). Дәйектесек, біріншіде түсініксіздік басым болса, екіншіде кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі, нақтылық сақталған. 48. Екі үлгіде 72- шумақтың 2-4 жолдары түрліше алынған: 1. «Үш күнде жеріне екеу кірді. // Жалғыз кеткен қуанышын тірі көрді, // Сол жерде құшақтасып көңіл тұрды.» (В.В.Радлов). 2. «Үш күнде бірін-бірі есен көрді. // Жалғыз кеткен қуанышы өсіп қайтып, // Күннен-күнге көркейтті ажар түрді!» (Мәшһүр - Жүсіп). Шығарма соңында Мәшһүр - Жүсіп жазғаны: «Үшбу Алтынбасты қисса қылып шығарушы кім де болса, рақмет! Өлеңге ұста мәһір. Аузына пірі сөз салатын қудың өзі екен. Ертегісі мақсат емес, өлеңнің мазмұны - мақсат. Нәпсі, һауа, шаһуат, ашу - бір анадан болған төрт туысқан. Жын, шайтан, жұлдыз, пері, періште, адам – бір атадан болған алтау. Атадан - алтау, анадан - төртеу // Жалғыздық көрер жайым жоқ.» Осы орайда Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінің соңғы шумағы осы сөздермен басталатынын, оған түсінік берілуі керектігін еске саламыз.

Мұхаммед және шәриарлар. Жоғарыда аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр - Жүсіп жазбасы жинақталған 1170-папканың 289-295- беттері бойынша әзірленіп, алдында сөз болған В.В.Радлов кітабында «Шариар» тақырыбымен берілген мәтінмен салыстыру жүргізілді.

1. «Төрт иардың ол біреуі - тақсыр Ғұмар» - тармағымен басталған үшінші шумақ әуелгіде (В.В.Радловта) мүлде жоқ, екіншіде (Мәшһүр - Жүсіпте) орын алған. 2. Алғашқыда төртінші шумақ соны: «Күнінде таңды, махшар орнын бос тұр»- деген қалыпта қоныс тепсе, кейінгіде аяққы «бос түр» орнын «бостан»- иеленген. Ұйқас құрайтын бастапқы тармақтар аяғы: «Оспан», «қосқан» - түрінде келгенін ескерсек, соған дөп келетіні тек екінші Мәшһүр - Жүсіп қолданысы екені анық. 3. Бесінші шумақтың бастапқы жолдары бұрынғыда шумақ соңында орналасып, кейінгілері келесі шумақтың басы болып орны ауысқанын ескертеміз. Бұл тұста да соңғы үлгі тиімділігі: біріншідегі ақырғы тармақтар: «Біреуі қонағының Әлі айбар, // Кәпірден бұзып алған шәрісі бар»- күйінде беріліп, толық болмаса да, өзара ұйқасумен бірге: «Мұхаммед үмбетіне болады айбар»- деген аяққы жолмен де үйлесіп, бір шумақ ретінде берілуге лайық екені анық байқалып тұр. Сондықтан да бесінші шумақтың тап осы үлгіде Мәшһүр - Жүсіпте келтірілуі ұйқас тәртібіне т.с.с. толық сай келеді демекпіз. Сонымен бірге шумақ ішіндегі мұндай тармақ орын ауысуларының біз ұсынып отырған алтыншы, жетінші шумақтарға да тон екенін бағымдасақ, әуелгідегі ауытқу деңгейі кеңейе түсетіні анық. 4. Бұрынғыда бір шумақ: «Біздерге ақсақалдар бергей бата, // Сөздерді кітаптағы айттық жатка. // Пайғамбар алтын табақ қолына алды, // Ішіне толтырғанша құйды балды»- түрінде беріліп, қара өлең ұйқасы тәртібіндегі басты ереженің: 1,2,4 жолдары өзара ұйқасып, үшіншісі бос қалуының бұзылуына тап боламыз. Оның есесіне кейінгіде мұндағы соңғылардың алғашқыға айналып, өзінен кейінгі мына жолдармен құп үйлесіп, өзінше бір шумақ құратынын айқындау қиын емес: «Бал да аппақ, табақ та аппақ, аса нұрлы, // Ішіне бір жалғыз-ақ қылды салды.» Осы орайда соңғы екі тармақтың алғашқысы бірінші нұсқада мүлде жоқ болса, ал екіншіде осылай орын алуы нәтижесінде алтын табақ сипаты ашыла түскен. 5. Үшінші шумақ тәрізді «Иманды құл жұқармай ірі өтеді.» - жолын маңдай еткен сегізінші шумақ мәтінінің тек соңғыда болып, бұрынғыда орын алмауы т.с.с. сәйкессіздіктер тағы да екіншінің алғашқыға қарағанда, толығырақ екенін дәлелдейді. 6. «Арасын: ауыр-жеңіл, қиын-тардың, // Айырып ғақылменен білсін дейді»- делінген тоғызыншы шумақтың осы соңғы жолдары бастапқыда жоқ. 7. Бастапқыда: «Балдан - тәтті, қылдан - жіңішке, тастан нұрды, // Құраннан тауып берші бар ма дейді»- делінсе, кейінгіде: «Балдан тәтті, жіңішке жалғыз қылдан, // Және нұрлы бұлардан бар ма?!- дейді»- түрінде орын алған. 8. Бұрынғыда: «Шақырды төрт нарды биге барып»,- деп айтылса, соңғыда шақырушының кім екені көрсетілген:«Шақырды Біләл тақсыр хабар беріп.» 9. Алғашқыда:

Намазы нұр турды осы тастан,
Тәтті екен ұжмақ асы осы балдан.
Сираттың кемерінен айдағанда,
Жіңішке оның қылы бұл қылыңнан,- делінсе, екіншіде:

Бұлардан он есе артық намаз нұры,
Балдан тәтті болмағым - Құдайдың құлы,
Құдайға шын ықыласпен құл болудың
Жіңішке, білгендерге, қылдан жолы.

Біздіңше, екі нұсқаның ұйқасы, сөз қалаулары т.с.с. әрқилы болуы тағы да фольклордың басты ерекшелігін: ауызша тарағандықтан да, ел арасында түрлі қалыпта түрленуі ықтималдығын дәлелдей түседі. 10. 13 - шумақ секілді бұл 16-шумақ та екі нұсқада мүлде алуан түрде келуімен ерекшеленеді: 1. Оқыған осы тастан намаз нұрды,

Бұл балдан намаз сөзі тәтті болды.
Құдайға құлшылық қыл жақпағымыз
Жіңішке жалғыз қылдан маған сынды (В.В.Радлов).

2. - Бұлардан нұрлы - әділдік нұры,- дейді,

Балдан тәтті ғаділет жолы!- дейді.
Ақ пен қара арасын айырмақтың
Қылдан нәзік, білсе егер, соны!- дейді (Мәшһүр - Жүсіп).

Бұл да ел арасына таралған нұсқа түрлішелігін көрсетумен бірге бізге жеткен екі нұсқаны да бағалай білу, салыстыра дәйектеу қажеттігін дәлелдей түседі. 11. Әуелгіде: «Қатасыз бастан-аяқ оқымағам, // Жіңішке жалғыз қылдан маған

сынды»- қалпында өрістеп, дін жолындағы төрт шәриардың: «оқымағам» сөзі қисынсыз естілсе, екіншіде: «Қатесіз бастан-аяқ оқымақтың // Жіңішке жалғыз қылдан, қиын жолы»- түрінде алынып, Оспан білімділігіне шек келтіруге орын қалмаған. 12. 13, 16- шумақтар тәрізді бұл 22- шумақтың да екі нұсқада қилы-қилы келуі тағы да фольклор үлгілерінің ел арасына көп нұсқалы болып таралуы ерекшелігімен түсіндіріледі: 1. Нұрды тұр осы тастап аупу қарым,

Кәпірді қойдай қылып қырғандарым.
Майданда соғысқаным тұрғанымда,
Намазды қылдан жіңішке оқымағым (В.В.Радлов).

2. Иман нұры бұлардан асыл затты,

Түрлік - түрлік сөзі бар балдан тәтті.
Мейманды ырза қылып жөнелтпектің
Жіңішке жалғыз қылдан, жолы қатты (Мәшһүр - Жүсіп).

13. Бұрынғыда 24-шумақтың аяққы жолы: «Ұмтылды жауап бере бибі Патпа» - делініп, тармақ аяқталымындағы: «бибі Патпа»- алғашқы жол соңындағы тап осы сөздерді қайталауды тудырса, кейінгіде оның орнын: «сонда жатқа»- иеленіп, қайталаудан арылу іске асқан. 14. Алғашқыда: «Пенденің дәулет кетсе, кетер биі, // Ардақтап бұл дүниені құрма зейі»-делініп, бір түрлі ұғынықсыздық туса, кейінгі неғұрлым түсінікті, нақты болуымен ерекшеленеді: «Пенденің мал кетерде кетер пейілі, // Ардақтап бұ дүниені көрме сейілі.» 15. 13,16,22- шумақтар сияқты 33- шумақ та екі нұсқада түрліше келуімен назар аудартады: 1. Нұрды түр осы тастан Алла жолы,

Бұл балдан Алла жолы тәтті болды.
Құдайға құлшылық қып шықпағымыз
Жіңішке жалғыз қылдан маған қатты (В.В.Радлов).

2. - Артық нұр, Алла берген сыйың екен,

Балдан тәтті, таупықлы, халал некең.
Құдайға құлшылық қып жақпағымыз
Жіңішке жалғыз қылдан қиын екен (Мәшһүр - Жүсіп).

Салыстыра зерделесек, бастапқыда бұрын айтылған ойды қайталаумен шектелу басым болса, кейінгіде халал неке мәні хақындағы т.с.с. соны ойлар қосылған. 16. Осы орайда шумақ басының: «Сүрерсің азар болса» - деп берілуі соңғы үлгіде бұған дейінгі: 34,35,36-шы және 37 шумақта орын алса, бастапқының: 34, 35, 36, 37-шумақтары: «Сүрерсің әлі де болса»- қалпында өріс алғанын, айтылмақ идеяға екіншідегі сөз қолданым ғана толық сай келетінін ескерген жөн. Салыстырсақ: «Сүрерсің әлі де болса жүз жыл өмір»- дегеннен де (34 - шумақ)- «Сүресін азар болса, жүз жыл өмір»- қалпында ғана өмірдің өткінші екені, о дүниедегі жауаптылықты ұмытпау керектігі соңғы үлгіде неғұрлым нақты, шынайы және әсерлі бейнеленіп тұрғаны анық. 17. Бастапқыда: «Тескенмін Бұхарадан мата жүктеп» - деп беріліп, бір түрлі түсініксіздік тудырса, кейінгіде «Тескенмін» орнына «Ташкент пен» - орнап, ұғым нақтылануы іске асқан. Сонымен бірге осы тармақ алдындағы «қысымы» сөзі екіншіде «қайғысы»- түрінде берілген. 18. Бұдан бұрын: 3, 8- шумақтар В.В.Радловта жоқ болып, тек Мәшһүр - Жүсіпте орын алса, «Боларсың азар болса жүз жыл батыр» - тармағын бетке ұстаған 41- шумақтың да бұрынғыда жоқ, тек кейінгіде орын алғанын ескертеміз. 19. Әуелгіде: «Барғандар биден бұрын орын алды, // Көшерміз біз де бір күн орын сайла» - түрінде сап түзесе, соңғыда: «биден» орнына «бізден»- сөзі орынды берілген, ең аяққы «орын сайла»- дегенді - «жүгің сайла»- алмастырған. Дәйектесек, «орын» -деген сөзді іргелес тармақтарда екі рет қолданғаннан, оның екіншісін ауыстырған соңғы үлгі ұтымдылығы айқын. Оның есесіне алғашқы тармақтағы жетпей тұрған «орын» сөзі соңғыда жоқ болғандықтан, бірінші үлгі бойынша енгізілді. 20. Бұрынғыда 48- шумақтың 2-4 жолдары «Артылар тәубе қылсаң сауабыңды. // Қараңғы көрге сен бір кірерсің, // Әзірде саған жарық шырағыңды!» - түрінде орналасқан. Ал, екіншіде бұл тармақтар: «Жуық қыл, тәубе қылсаң, жырағыңды, // Қараңғы көр ішіне бір кірерсің, // Әзірле жағар соған шырағыңды.» Осы орайда біріншінің екінші жолы аяғындағы «сауабыңды»- сөзі орнына кейінгіде «жырағыңды» сөзі келіп, өз алдындағы жол соңындағы: «құлағыңды» және төртінші аяғындағы: «шырағыңды» сөздерімен толық ұйқас құрап тұрғанына назар аудартқымыз келеді. Сонымен бірге соңғы үлгіде: «әзірде»- орнына «әзірле», «саған» орнына «соған», «жарық» орнына «жағар» енгізілуі де оған кейінгінің шығарма идеясы мен айтылмақ ойға неғұрлым доп келетінін аңдатады. 21. Осы шығарма соңындағы: «Пайғамбар жалғыз ұғлын құрбан қылған, // Сөйткен біз не көрсеттік Мұхаммедке?!»- жолдарының Мәшһүр - Жүсіптің «Ибраһим»- оқиғалы өлеңінің, немесе шағын дастанының басында орын алғанын ескерген жөн. (Қараңыз: Мәшһүр - Жүсіп. Шығ., 1- том // Павлодар, ЭКО, 2003,66- бет). Мәшһүр - Жүсіптің белгілі бір мәтінді жинаумен шектелмей, сонымен әсерленіп, сондағы идеяны өрістетіп отырғаны осы бір қайталаудан да шаң береді деген түйін жасағымыз келеді.

Заман ақыр.

Бұл туынды жоғарыда аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр - Жүсіптің өз қолымен жазылған 1170- папкасы, 341-358 беттері бойынша әзірленіп, алдында көрсетілген В.В.Радлов кітабындағы осы шығарма мәтінімен салыстыру жүргізіліп отырды. 1. Алғашқыда (В.В.Радловта) тап осы арада «тәуіптерге» сөзі тұрса, кейінгіде (Мәшһүр - Жүсіпте) «бақсыларды»- орын алған. 2. «Бизабанды бейжай сүйіп»- жолы бұрынғыда мүлде жоқ та, соңғыда ғана бар. 3. Бастапқыда «кеміген» сөзі тұрса, екіншіде оның орнына «ғамкін»- орналасқан. 4. «Жаман болды алғаным!» - деп,// Бір тәңірге көп налырсың! //«Жарым сондай болса екен! - деп»- деген үш тармақтың әдепкіде жоқ, тек кейінгіде ұшырасуы тағы да не ел арасына таралу түрлішелігінен, не бастапқы кітапты әзірлеушілер қателігінен орын алуы мүмкін деп ойлаймыз. 5. Әуелгіде: «Ажал болса маңдайында // Біткен болса не қыларсың!»- қалпында өрілсе, екіншіде: «Әзел (азал) күнде маңдайыңа // Жазған болса, не қыларсың?!» - түрінде берілген. 6. Әдепкіде: «Балаларын мектеп көрсін, // Әркім мәселе сұраса, // Оған баға табылмас-ты»- деген үш жол бой көтерсе, соңғыда бұл мәтін әрі 4 тармақ болып кеңейген, әрі сөз айырмашылықтары орын алған: «Балаларың мектеп көрсе, // Әркім келіп сауал сөйлесе, // Оған түзу жауап берсе, // Оған баға табылмас-ты!» 7. Бұрынғыда: «Қонақ келсе, арық сойма, // Есің болса өзіңді ойла»- делінсе, екіншіде «келсе» орының - «қонса», «есің» сөзін «ақылың» ығыстырған. 8. Алғашқыда: «Кеше күндіз зар жылап, // Тағат тақия қылмасаң»- орын алса, кейінгіде «жылап»- дегенді «еңіреп», «тағат тақия»- сөздерін «тағаттықты» алмастырған. 9. Бастапқыда: «Хан қылып, сурет қылып, // Жан қылып, қып қызыл хан ішірі»-делінген 2 тармақ түрінде келсе, соңғыда ол көлем жағынан екі есе ұлғайып, белгілі бір ұғымды нақты да кең бейнелеу іске асқан: «Балшықтан соғып, пісіріп, // Әр бір түрге көшіріп, // Ана ішінде жан қылып, // Қып-қызыл хан ішіріп (ішкізіп)». 10. Біріншідегі: «Ақыл беріп, ақ жүзге гүл беріп, // Қуат қылса керекті»- жолдары екіншіде тағы да екі есе кеңейіп, белгілі бір ұғымның нақтылана түсуіне қол жеткізілген: «Ғақыл беріп, тіл беріп, // Аяқ беріп, қол беріп, // Ақ жүзге қызыл гүл беріп, // Қуат қылса керек-ті!» 11. Әуелгідегі: «Құдайыны бір білсе, // Өзін кісіден кем көрсе,,// Кісіні өзінен ұлық білсе»- делінген үш жолдық мәтінге кейінгіде әрі бір жол қосылып, әрі біраз сөздер өзгертіліп берілген: «Он екі жасқа кім келсе, //Құдайыны бір білсе, // Өзін жұрттан кем көрсе, // Өзінен жұртты зор көрсе.» 12. Әдепкіде: «Қағаз, қалам алдаға, // Рақмет жауар ол құлға»- делінсе, екіншіде тағы бір жол қосылған: «Қағаз, қалам қолға алып, // Қаратса жүзін құбылаға, // Рахмет жауар ол құлға!» Кейінгіде ұғым кеңейіп, ой ұштала түскені анық. 13. Бұрынғыдағы:«Көрінген кісіге қылады зорлықты. // Басы жерге жеткенше, // Қоя білмес қорлықты»- тармақтары соңғыда: «Қыла жүрер зорлықты. // Басы жерге жеткенше, // Қоя білмес сұмдықты!»- түрінде берілген. 14. Бастапқыдағы: «Мұның орны жаман // Лепсе болса керекті, // Қапыл адам жетеді.»-жолдары кейінгіде көп өзгеріске ұшыраған: «Мұның орны - жаһаннам, // Ләззин болса керек-ті, // Ғапіл адам жатады.» 15. Алғашқыдағы: «Жас уақыт қылғанша»- жолы біртүрлі ұғынықсыздық әкелсе, екіншіде ол жойылған: «Жас уақытта тәубе қылғанша.» 16. Біріншідегі: «Дәулет күшін басына қондырып» - деген түсініксіз тармақ соңғыда кеңейіп, екі жол ретінде беріліп, белгілі бір ұғымның нақтылығы орныққан: «Дәулет құсын басына // Орнықты қылып қондырып.» 17. Әуелгіде: «Кеплеп отын сөндіріп, // Өкімінен жұртын көндіріп» - делінсе, кейінгіде: «Оған жаққан шырағын, // Ала алмай ешкім сөндіріп»- түрінде орын тепкен. 18. Бастапқыдағы: «Бағындырып, нандырып»- жолы да соңғыда біраз кеңейтілген: «Қимылдаған жанларды // Тіліне оның нандырып.» 19. Әдепкіде: «Кім сұрайды халіңді?// Жан алқымға келгенде, // Кім сұрайды халіңді»-делініп, бір тармақтың екі рет қайталануымен шектелу орын алса, екіншіде берілмек ұғым біраз кеңейген: «Жан алқымға келгенде, // Кім көз салар халіңе?! // Керек қылмас малыңды, // Кім аяйды халіңді?!» 20. Бұрынғыда: «Шашыратпай қалыңды»- делініп ұғынықсыздық тудырса, кейінгіде: «қалыңды» орнын «қаныңды» иеленіп, түсініксіздік жойылды. 21. Бірінші нұсқадағы: «Жақсылық қылса керекті»- екіншіде: «Айырып алса керек-ті!»-деп алынған. 22. Әуелгіде: «Кетпесін деп отырған // Орныңнан денең қозғалар»- тармақтарының мүлде жоқ екенін, тек екіншіде орын алғанын еске саламыз. 23. Алғашқыдағы: «Жөнсіз көйлек кигізіп»- дегендегі «жөнсіз»- «жөнсіз»- деп түзетілумен бірге одан кейін енбей қалған үш жол соңғы нұсқа бойынша қамтылды: «Бейнетпен жиған мүкәммал // Көрінгенге олжа боп, // Ішіңді текке күйдіріп.» 24. Бастапқыдағы: «үш жеріңнен бүрдіріп»- дегендегі соңғы сөз орнын «будырып» иеленумен бірге одан кейінгі енбей қалған екі жол кейінгі нұсқа бойынша енгізілді. «Өзіңді жүрген көре алмай, // Дұшпаныңа жудырып.» 25. «Басыңа бір тас қойдырып»- біріншіде жоқ та, тек екіншіде орын алғанын еске саламыз. 26. «Сорыңды сондай қайнатып»- та тек кейінгіде бар. 27. «Жалғанда қылған ісіңнен»- де тек соңғыда орын алған. 28. Әдепкідегі: «ақыл қылса»орнын екіншіде: «ауыстырса» иеленген. 29. Бұрынғыдағы: «қайрылып»- соңғыда «қыдырып»- деп, ауыстырылған. 30. Біріншідегі: «бек үлкен»- екіншіде «шаңырақтай» - делініп өзгерген. 31. «Иманынан оңай-ды // Аузында оның үлдесі, // Аузында Құдай куәсы»- делінген үш тармақ тек соңғыда бар, бұрынғыда жоқ екенін ескертеміз. 32. Бастапқыдағы: «жүре берсе»- кейінгіде: «төре берсе»-сөздерімен алмастырылған. 33. Әуелгідегі: «ұлық билер»- дегендегі екінші сөз соңғыда: «білер» боп алынған. 34. «Бас жағын беріп байына, // Біреуге берер артыны. // Басқаға беріп бүтінін, // Байына сақтар жартыны»- делінген 4 тармақ алғашқы нұсқада жоқ, тек кейінгіде орын алуымен ерекшеленеді. 35. «Кетсе шарлап, жия алмас»- жолы әдепкіде жоқ, тек екіншіде бар. 36. Бұрынғыда: «Бір-бірінің үйінен // Өсек айтып қалмаған, // Бір-бірінің үйінен // Аяқ-табақ алмаған»- қалпында орын алса, кейінгіде алғашқы «үйінен» сөзі - «артынан», кейінгі «үйінен» - «ауысып» - делініп ірге тепкен. 37. Алғашқыда: «Үй басына бір үй болса керек-ті»- түрінде келсе, соңғыда ол кеңейген: «Үй басына өзді-өзі // Би болса керек-ті.» 38. Соңғыда: «Ұры, залым, қарақшы - // Бәрінің талас дағуасы - // Дүние болса керек-ті»- делінсе, әуелгіде үш тармақ шөмейіп: «Бәріңізге ұлығы дабыға болса керекті»-түрінде ұғынықсыздыққа ұрындырған. 39. Бастапқыда: «Бір пара жанға бас берің! // Осы күнде басыңа // Сая болса керекті»-түрінде өрбісе, кейінгіде әрі ұғым нақтылануы, әрі ой кеңеюі жүзеге асқан: «Баз бір жерде бас берсең, // Қарны ашқанға ас берсең, // Қиямет күні басыңа // Сая болса, керек-ті» 40. Біріншіде: «Үмбет үшін зар жылап, // Кешір, жалынар, // Сажда қылса керекті»-қалпында сап түзесе, екіншіде тағы да нақтылықты, әрі ұғым кеңеюін көреміз: «Үмбет үшін зар жылап,// «Үмбетлерім күнәсын // Кеше гөр!»- деп, жалынып, // Сәжде қылса керек-ті!» 41. Бұрынғыда: «Теңеліп ақын алса керекті»- деген түсініксіз тармақ соңғыда кеңейген: «Бір - біріне теңеліп, // Ақысын алса керек-ті» 42. Алғашқыдағы: «Әркім өзіменен мүптөле болса керекті»- тармағы кейінгіде әрі кеңейген, әрі нақты бейнелер әкелген: «Бұл күндегі татулар // Бір - біріне жақпағай! // Әркім өз халімен // Мүмбетла болса керек-ті!» 43. Екіншідегі: «Машайықлар бір бөлек»- тармағы біріншіде мүлде жоқ. 44. Соңғыдағы: «Біреу құстай ұшады, // Біреу желдей еседі, // Біреу көз жұмып // Ашқаннан жылдам кешеді»- деген 4 тармақтық мәтін бұрынғыда мүлде жоқ. 45. Әуелгіде: «Суық іске желі жоқ, // Көктегі құл болса керекті»- делінсе, кейінгіде біраз өзгерген: «Суық, ыстық желі жоқ, // Көктемдегі күндей болса керек-ті. 46. Біріншідегі: «қайнатқай» орнын екіншіде «қоздатқай» иемденген. 47. Бұрынғыда: «Періштелер жиылып, // Дүниенің суын жиып»- делініп, жию ұғымы екі рет қайталанса, соңғыда «жиып» орнына «құйылып»- қоныс тепкен. 48. Бастапқыдағы: «Ол сулар құрып қалса керекті»- жолы екіншіде біраз кеңейген: «Түкіріктей бола алмай, // Құрып қалса керек-ті!» 49. Әуелгідегі: «Ішін қандай қайнатса керекті» - тармағындағы «қандай» сөзі кейінгіде «қазандай»- деп алмастырылған.

Қар жауып, шөп шықпағай» - жолы әдепкіде жоқ, тек екіншіде бар. 51. Соңғыдағы: «Тәубе есігі тарс бекіп, // Байланып қалса керек-ті!» - дегендегі «тарс бекіп»- алдыңғыда жоқ. 52. «Жастарда әдеп қалмағай» - дегенмен басталып, «перизат етсе керек-ті» -сөздерімен тамамдалған мәтін көлемі алғашқыда 5 тармақ болса, кейінгіде оның ара -арасына тағы да 6 жол қосылған. Мәселен, мына үзінді қалып қойған: «Жасы үлкеннің тілін алмағай, // Бір-бірінің сөзіне // Жүз ант ішсе нанбағай» және «Ғалымлар айтса адал сөз, // Құлағын оған салмағай, // Жалғаншылар сөз айтса, // Сусыны онан қанбағай.» Мұндағы қосылған 7жолды 6 деп көрсетуіміз: осының алдында соңғы нұсқа бойынша келтірілген З тармақ мағынасы сығымдалып, алғашқы нұсқада: «Біріне рас сөз қалмағай» - түрінде берілгенін ескерген жөн. 53. Біріншідегі: «Асрапыл сырын ұрғандай» - ұғынықсыз жолы екінші бойынша: «Исрафил сорын үргенде»- деп берілді. 54. «Хақ жарлығын орнына келтіріп»- бұрынғыда жоқ, тек екіншіде бар. 55. «Алланың алдында жалғыз тұра алмай, // Жан-жағына қарауға // Бүлк етіп мойнын бұра алмай»- жолдары В.В.Радловта жоқ, тек Мәшһүр - Жүсіпте (екіншіде)орын алғанын ескертеміз. 56. Алғашқыдағы: «Күн шыққандай көрініп керекті» - соңғыда тағы да кеңейтілген: «Күн шыққандай жария // Көзге түссе керек-ті!» 57. Бұрынғыда: «Көзден аққан жасыңа // Ұлық дария болса керекті»- делінсе, кейінгіде осы екі тармақ арасына тағы екі жол қосылып, тағы да кеңейіп, мағыналық т.е. толығуға түскен: «Көзден аққан жастары // Жер дүниені толтырып, // Ұялғаннан аққан терлері // Ұлығ дария болса керек-ті!» 58. «Отыз тістен шыққан сөз»- деп басталатын ең соңғы 9 жолдық мәтін В.В.Радловта жоқ, тек Мәшһүр - Жүсіпте бар екенін діттеумен бірге кейінгінің өзінен бұрынғы еңбегін бағалап кұрметтеуін әсіресе мына жолдардан көруге болады: «Қадірлеп мұны жинаған, // Құрметтеп мұнша сыйлаған, // Деңіздер рақмет - естіген // Бейнет қылған ерлерге!» Сонымен катар Мәшһүр - Жүсіп Көпжасарұлы осы мәтін соңында мынадай түсініктеме жазып қалдырған: «Василий Васильевич Радлов жинағаннан, орысша басқаннан көшіріп алған, жазған Мәшһүр Жүсіп Көпейбаласы. «Тарғын», «Сайын», «Қозы Көрпеш», Ақбала, Қожамберділерді Бөкейханов Әлихан сонан көшіріп алып, бастырып жүр. Егер Радлов жинап алмағанда, бұлардан бұл күнде тамтыры қалмайтын еді.» Осы орайда мынадай заңды сауал туары анық. Бұған дейінгі түсініктердің бәрінде көрсетілгендей, В.В.Радлов пен Мәшһүр - Жүсіп нұсқалары арасында көп айырмашылық болуы: біраз мәтіннің алғашқыда болмай, тек кейінгіде орын алуы, сонымен бірге сөз, сөйлемдер өзгешелігі болуы себебі неде? Біздіңше, бірінші себеп Мәшһүр - Жүсіптің В.В.Радлов нұсқасымен шектелмей, ел арасынан өз жинағандарын қоса енгізуі болса, екіншіден, 1870 жылғы баспа кінәсынан т.с.с. орын алуы мүмкін селкеуліктерді кейінгі жинаушының қайталамауы нәтижесі. Мұның бәрі бұрын да, кейін де ел арасынан жиналған, жиналатын фольклор үлгілерінің алдымен ауызша айтылып таралғандықтан да, әр кезде түрлі өзгерістерге ұшырап отыруы мүмкіндігін ескеріп, ол нұсқаларды үнемі салыстыра саралап отыру керектігін дәлелдейді.

Шайхы Бурих

Бұл туынды Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Егіндібұлақ ауылын мекен еткен, Мәшһүр - Жүсіп мұрасын жинаушылардың бірі - Сұлтанмахмұт (Шолтым) Иманмәдіұлы (1897-1983) сақтауымен жеткен Әзмұхаммед Жанқошқарұлы көшірмесі бойынша әзірленді.

Көрұғлы. Бұл дастан да жоғарыда аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр - Жүсіп шығармалары жинақталған 1173- папка ішіндегі Жолмұрат Жүсіпұлы көшірмесі (12-дәптер, 1-21- беттері) бойынша әзірленді. Шығарманың бас жағы 7 буынды ерікті ұйқас өлшемімен, ал кейінгі бөлімі 11 буынды қара - өлең үлгісінде жазылған. Мәтін соңында оның қағазға түскен мерзімі 1894 жылы екені де көрсетілген. Ал, бұл туындының ел аузынан жиналып қағазға түсірілуі барысы шығарма соңында ап-анық ескертілген:

Мәз болумен Мәшһүр деген құр атқа,
Талай жерде қалып жүрмін ұятқа.
Өліп қалған Көрұғлыны тірілттім,
Мен де сондай жетермін бе мұратқа?!

Бір шүберек қамқа тозса бедері,
Көрмеген жан белгісіз ғой не дері?!
Бұл қазақта бастап мұны сөйлеген:
Өзі - қожа, Көшекұлы Күдері. ...

«Құлақ - кәрі, бой - жас»- мақал қалыпты,
«Жана туған жас ұл» - деме кәріпті.
Сол кісінің шыққан сөзі аузынан
Құлағында бұл Мәшһүрдің қалыпты.

Сайын батыр. Бастапқыда ескертілген қолжазба қорындағы Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы, 1170- папка, 225-284 беттері бойынша әзірленіп, алдында сөз болған В.В.Радлов нұсқасымен салыстыру жүргізілді. Осы орайда бұл туындыны қазіргі әріппен машинкаға бастырып, 1970 жылдары кітап қып ұсынып, ол ойын орындай алмай өмірден озған М.Бөжеев еңбегін атап өтеміз. Сонымен бірге бұл туындының ақын таңдамалысының 2- томына (Алматы, Ғылым, 1992, 170-215 б.) енгенін (әзірлеген - С.Дәуітов) атап өте отырып, ол үлгімен де салыстыру іске асқанын еске саламыз:

1. Бұрынғы басылымда (В.В.Радловта): «Ел дәулеті мал кетті»- делінсе, кейінгіде (Мәшһүр - Жүсіп жазбасында) «ел дәулеті» орнын «ауыр дәулет» иеленген. Ескерту: Бұдан былай В.В.Радловтан келтірілсе, «бұрынғы», «бастапқы» т.с.с. сөздері. ал Мәшһүр - Жүсіптен болса, «кейінгіде», «екіншіде» т.с.с. жазылып отырады -Н.Ж. 2. 1992 жылғы кітапта (яғни таңдамалыда) заман ыңғайына бейімделу (кітап әзірленген кез кеңес үкіметі заманы ғой) нәтижесінде «Аллаға» сөзі «адалға» болып өзгертілген екен. Біз түпнұсқа бойынша түзету енгіздік. Осы орайда В.В.Радлов кітабында да «Аллаға»- деп жазылғанын ескертеміз. 3. Алғашқыда (В.В.Радловта): «Сондай бір бай болған»- түрінде берілсе, соңғыда (Мәшһүр - Жүсіпте) «болған»- «болмаған» сөзімен алмастырылған. 4. Бастапқыда: «Өз алдына cap болған»- қалпында орын алып, «сар» сөзі ұғынықсыздық тудырса, оны екіншідегі «шәр» ауыстырды. 5. Әуелгіде: «Дүниеде жалғыз мұңы бар»- келтірілсе, кейінгіде «мұңы»- дегенді «зары» сөзі ығыстырған. 6. Біріншіде (В.В.Радловта): «Айы күнге келеді // Өкшесі сірі қанамай»- қалпында өрістесе, екіншіде (Мәшһүр - Жүсіпте): «Елу жасқа келеді, // Өкшесі бір қанамай»-түрінде біршама өзгертіліп келтірілген. 7. Бұрынғыда: «Мұнда құлдар кеңесті»- алынса, таңдамалыда «мұнда» орынын «мұндар» иеленген, 1170- папкада да солай жазылған. 8. Бастапқыда: «Ноғайлының керме қас, // Жігіттей дәурен сүрмедік, // Өтерін дәурен білмедік»- делініп, бір түрлі түсініксіздік тудырса, соңғыда 3 тармақ 5 болып кеңейіп, әрі ұғым дәлдігі орнаған: «Ноғайлының керме қас, // Қыздарын құшып сүймедік. // Дүниенің көріп қызығын, // Жігіттік дәурен сүрмедік, // Өтерін жалған білмедік.» 9. Алғашқыда және таңдамалыда, сонымен бірге М.Бөжеев көшірмесінде: «Бөлініп жатқан малынан»- делінсе, біз сөз қисынына қарап, «бөлініп» дегенді «бүлініп»- деп өзгерттік. Осы орайда: «Бүлінгеннен бүлдіргі алма»- дегенде көп мәніс барын ескерген жөн. Артында перзенті жоқ, жасы келген адам күні ертең көз жұма қалғанда, сонша малдың қолды болуы мүмкіндігін ескерсек, әңгіменің әйтеуір бөлінген мал емес (ол неге бөлінеді?), бүлінген, бүлінейін деп тұрған, түпкі иесі болмағандықтан да, талан -таражға ұшырау қаупі төнген мал туралы болып тұрғаны анық. Осы орайда 1914 жылғы А.Байтұрсынов жетілдіруіне дейін араб әрпіндегі бір ғана «9» белгісінің: о, ө, ү, ұ, у - деп, бес түрлі оқылып келгенін, тек сөз мағынасы, реті, қисынына қарап таңдау жүргенім ескерген жөн. Осы тұста ең көп жарияланды, зерттелді деген Абай өлеңдерін бүгінгі әріпке аударуда да түрлі қателіктер орын алуы ықтималдығын ескерткіміз келеді. Сонымен бірге зерттеуші М.Бөжеевтің осы сөз аудармасына күмән келтіріп, бет қапталына соның арабша таңбалануын қоса келтіруі де, тәжірибелі ағамыздың осы сөзге кейін қайта оралмақ ойы болғанын да аңғартса керек. 10. Алғашқыда: «Сонда бай тұрып бұрқанды»- делініп, «бай» сөзінен кейінгі «бір» сөзі түсіп қалуы мұнда ғана емес, таңдамалыда, сонымен бірге М.Бөжеев жазбасында орын алса, бұ жолы Мәшһүр - Жүсіп жазбасы бойынша енгізілді. Сонымен бірге тап осы тармақтан кейін тұрған: «Буырқанды, бұрсанды» жолы В.В.Радлов кітабында түсіп қалғандықтан, 1170- папка бойынша кіргізілді. Кейін қосылған бұл соңғы тармақтың таңдамалыда және М.Бөжеев көшірмесінде де бар екенін ескертеміз. 11. Әуелгіде: «Өзінің қолы кірген соң»- күйінде отау тігілсе, екіншіде: «Өзінің құлы ұрған соң»- шаңырақ көтерген. Сөз қисыны кейінгідегінің дұрыстығына мойын бұрғызады. 12. Бастапқыда: «Қосағымен екеуі»- тармағынан кейінгі: «Әнін қосып жылайды»- жолы түсіп қалса, ол 1170- папкадағы нұсқа бойынша енгізілді. 13. Бұрынғыда: «Жамағаты жиналды»- жолы ғана орналасса, соңғыда: «жиналды» -«жиналып» - делініп сол өзгерумен қатар тағы бір тармақ: «Не қылды?» - деп сұрайды» - кіргізілгенін еске саламыз. 14. Біріншіде: «Жат айтады құдайды»- делінсе, екіншіде бастапқы екі сөз: «Иад етеді»-түрінде келіп, тармақ ұғынықтылығы қалпына келген. 15. Алғашқыда:

Күнде бүйтіп өлгенше,
Сүймес пендең мен бе едім?
Құлдан қорлық көргенше,
Тезінен өлім бермедің.

- қалпында келтірілсе, кейінгіде әрі бірер тармақ орыны ауысып, әрі жаңадан 3 тармақ қосылып, ұзарған:

Күнде бүйтіп өлгенше,
Тезінен өлім бермедің!
Құлдан қорлық көргізіп,
Қорлықпенен жүргізіп,

Қойғаның бүйтіп сенделтіп,
Айналайын, бар құдай,
Сүймес пендең мен бе едім?!

16. Әуелгіде: «Бозмұнайдың сүйгенде»- жолы алынса, соңғыда екінші сөз «со күні»-делінген. 17. Бастапқыда: «Ен дәулет тұсында»- келтірілсе, кейінгіде «ең»орнын «ауыр» иеленген. 18. Бұрынғыда: Жиын, тойға кірмедім. // Өтерін дүние білмедім»- қалпында ірге тепсе, екіншіде тармақтар соңы: «кіре алмай», «біле алмай»- түрінде өзгерген. 19. Алғашқыда: «Жігіттік күн озғанда»- орын тепсе,соңғыда «Жігіттік дәурен солғанда»- деп алынған. 20. Біріншіде: «Мен не етейін көбіңді? // Бір де болса сол маған // Бірін мыңға балап бер!»- делінген 3 тармақ орын алса, екіншіде бастапқы жолдан кейін: «Маңызы жоқ шөбіңді?! // Үйің базар болғандай»- тармақтары енгізіліп, жол саны бесеу болған. 21. «Сонда әулие сөйлейді»- жолымен басталған алты жолдық мәтін В.В.Радловта жоқ, тек Мәшһүр - Жүсіп бойынша берілді. Сонымен қатар бұл жолдар таңдамалыда бұл тұста емес, сәл ертерек орын алған. 22. Әуелгіде: «Еңсемей саумал ішпеген»- дегендегі алғашқы сөз 1170- папка бойынша «аңсамай» сөзімен ауыстырылды. 23. Бастапқыда: «Жатыр екен бәйбіше // Етбетінен бүгіліп» - деп берілсе, кейінгіде «етбетінен» орнын «от басында» иеленген. 24. Бұрынғыда:

Тоқсан торқа киесің,
Тоғыз жорға мінесің.
Хан мен билер отырып,

Ақылмен ойлап білесің! - қалпында берілсе,соңғыда тармақ аяқтары сауал қоюға ыңғайланған:

Тоқсан торқа кисе не,
Тоғыз жорға мінсе не?!
Хан мен билер отырсын,
Ғақылмен ойлап білсе не?!

25. Алғашқыда: «Хан мен билер ұрысты // Сол заманда аз екен // Хан билер қуанысты»-делінсе, мұндағы екінші, үшінші жолдағылар екіншіде мүлде жоқ та, оның есесіне мына тармақтар жайғасқан: «Еһе-лесіп тұрысты, // Көрген құрып сыйласы, // Қызыл шеке болысты.» 26. Әуелгіде: «Талай мақұл көріпті»- орын алса, соңғыда «мақұл» дегенді «жұртты» сөзі алмастырған. 27. В.В.Радловта: «Онан үлкен адам жоқ» - түрінде берілсе, Мәшһүр - Жүсіп әуелі «адам» сөзін жазғанымен, оның үстіне «кісі»- деп, өзгеріс енгізген. Біз де екіншіні құптадық, себебі ол өзінен бір жол кейінгі тармақ соңындағы: «ісі жоқ» сөздерімен ұйқас құрап, құп үйлесіп тұр. 28. Бастапқыда: «Ерлік еткен алаштан»- қалпында көрінсе, кейінгіде: «еткен» орнын, «асқан» иемденген. 29. Бұрынғыдағы: «Тоғыз жорға жетектеп, // Тоқсан торқа алысып»- жолдарында өзара ұйқас мүлде болмаса, екіншіде: «алысып»- дегенді «бөктеріп» сөзімен ауыстыру ұйқас сапасын біраз жақсартқан. 30. Біріншіде: «Қара кесте қатты деп, // Бала кіске бөлетті»- түрінде ұғынықсыздық тудырса, соңғыда: « Қара кісіні «қатты!»- деп, // Бала кісіге бөлетті»- қалпында беріліп, ұғым нақтылана түскен. 31. Алғашқыдағы: «Анасының кәрісін // Егіз екі көрмеді»- дегендегі «кәрісін» сөзі түсініксіздік әкелсе, кейінгіде ол «қарасын» - деп өзгертілген. 32. Жаңа туған баланың емшек ембеуін, басқа да оқыстығын көргеннен кейінгі әке қиналысы, әрекетінде де өзгешелік бар. В.В.Радловта: «Бозмонай бай сасады, // Шәріге таман барады. // Үлкеніне құлағын салады»- қалпында отау тігілсе, Мәшһүр - Жүсіпте біраз басқаша: «Бозмұнай тура шабады, // Шаһарға таман барады. // Көпті көрген көненің // Құлағына салады.» 33. В.В.Радловта:

Бір жасына келгенде,
Біліктіден би болды.
Екі жасқа келгенде,
Еліменен тең болды, -

қалпында өрілсе, Мәшһүр - Жүсіпте біраз басқаша келтірілген:
Бір жасына келгенде,
Білектіден белі асты.
Екі жасқа келгенде,

Ерлікпенен таласты. 34. Әуелгіде: «Түгелімен өзгертті» - делінсе, соңғыда: «өзгертті» - «түзетті»- деп ауыстырылған. 35. Біріншіде: «Езу тартпай ұл өтті» - деп берілсе, екіншіде «ұл өтті» дегенді «сөз сөйлеп» алмастырған. 36. Бұрынғыда: «Халқы жақсы болған соң»- түрінде өрістесе, соңғыда «жақсы» орнын «жарлы» иемденген. Зерделесек, «Кәріп пенен мүсәпір // Сайынның арқасында» күнелту себебі халқының «жақсы» болуынан емес, «жарлы» екендігінен туындағаны анық. 37. Бастапқыда: «Айымда болып туған соң, // Қарабай қорқып қыз болды»,- күйінде алынса, кейінгіде «Айдыны сондай асқаны, // Қара бай қорқып қыз болды»- түрінде сап түзеген. 38. Тап осы: «Кеңескенде, не десті?» - тармағы алғашқыда жоқ та, тек екіншіде орын алған. 39. «Көрмейсің бе ыңғайын» - жолы да әуелгіде мүлде орын алмай, тек соңғыда ұшырасуымен ерекшелінеді. 40. Біріншіде: «Құлағына тіккенде» - делінсе, кейінгіде соңғы сөз «тигенде» - болып өзгертілген. 41. «Бізді тегіс ұрады»- тармағы да бұрынғыда кездеспей, тек екіншіде орын алған. 42. «Мың сан жылқы ішінен // Ат табармыз лайық»- жолдары да тек кейінгіде жайғасуымен ерекшеленеді. 43. Бастапқыда: «Түн ішінде алалық! // Сусыз шөлге бас қосып, // Біз де қаша берейік!»-делініп, ұйқас селкеулігі туса, соңғыда аяққы жолы: «Біздер қашып баралық»- деп өзгертіліп, ұйқас қалпына келтірілген. 44. «Жылқы бағар кім қалды?»- тармағы да тек екіншіде орын алуымен ерекшеленеді. 45. Бұрынғыда: «Әлемін деп қалмаймын, // Бұған нағып шыдайын?»- түрінде берілсе, кейінгіде тармақ саны екі есе өсіп, нақтылық, дәлдік орын тепкен: «Өлемін деп жемеймін // Тіпті мұнан уайым! // Жаманның қылған ісіне // Не ғып та бұған шыдайын?!» 46. Алғашқыда: «Қартайғанда атамнан // Енді бір зейнет туар ма?» - делініп, бір түрлі түсініксіздік тудырса, екіншіде «зейнет» сөзін «перзент» ығыстырып, ұғым нақтылығы қалпына келген. 47. «Құрбымның бетін көре алман!» - жолы да тек соңғыда берілуімен ерекшеленеді. 48. Әуелгіде: «Суырып қыннан алайын, // Көтерсе құдай тілейін!» - қалпында сап түзеліп, ұйқас толыспауына әкелсе, кейінгіде: «тілейін» орнын «талайым» иеленіп, жетімсіздік ығыстырылған. 49. «Қобыландының бұл сөзін»- тармағымен басталған 8 жол В.В.Радловта мүлде жоқ, ал Мәшһүр - Жүсіпте 1170-папка, 240-беттің оң жақ қапталында көлденеңдеп жазылған. 50. «Жалғыз өзі көп жаумен»- жолын маңдай еткен үш тармақ тек Мәшһүр - Жүсіптің 1170-папкасы, 241- бетінде орын алғанын, атап айтқанда, бірінші жолы: «Алтынды туын байлады» жолы астынан жазылса, қалған екеуі сол қапталға көлденеңдеп ірге тепкенін ескертеміз. 51. Бастапқыда: «Мың кісілік тұсыңа // Бұл дұшпанға ер Сайын»- қалпында табан тіресе, екіншіде: «Мың кісілік тұрысың // Мұндай жерде ер Сайын»- түрінде сап түзеген. 52. «Қол тізгінін бергенім» В.В.Радловта жоқ, тек Мәшһүр - Жүсіпте бар. 53. Бұрынғыда: «Тоқсан асау береді, // Көріп түзей барады»- делініп, әрі ұйқас қожырауы, әрі соңғы жолда бір түрлі ұғынықсыздық бас көтерсе, соңғыда аяққы тармақ: «Қаруын түзей береді» - түрінде килігіп түсініктілік, үндестіктің қалпына келуіне ықпал еткен. 54. «Таянып келді Бозмұнай» - тармағы соңынан келетін үш жолдық мәтін В.В.Радловта жоқ, тек Мәшһүр - Жүсіпте кездеседі. 55. «Маңына адам бармаған» - тармағы да тек Мәшһүр - Жүсіп бойынша еніп тұрғанын ескертеміз. 56. «Мен бармаған ел бар ма?» жолын ту еткен 6 тармақ В.В.Радловта мүлде жоқ, тек Мәшһүр - Жүсіпте орын алған. 57. Алғашқыда: «Еті жеңге тимеген» - делінсе, екіншіде: «Беті желге тимеген»- түрінде біраз өзгертіліп алынған. 58. «Бермей қалар дейсіз бе, // Барып, хабар салсаңыз?!»- жолдары да тек Мәшһүр -Жүсіпте ұшырасуымен көзге түседі. 59. Әуелгіде: Ноғайлы жұрттың басы едің»- делінсе, кейінгіде бұл жол мүлде жоқ та, есесіне тыңнан: «Шалқаңнан үйде жатуға // Бір кісідей бар едің»- деген екі тармақ қосылған. 60. «Сонда Бозмұнай сөйлейді»- жолы да тек Мәшһүр - Жүсіпте ұшырасты. 61. «Кеңеседі шуласып»- тармағы да тек соңғыда орын алған. 62. Бұрынғыда: «Үйде жүрген ағасы»- отау тіксе, екіншіде алғашқы екі сөзді: «қолдаушының» алмастырған. 63. «Жүкті келді келін!- деп, // Қыз-келіншек күледі»- жолдары да тек Мәшһүр -Жүсіпте беттің оң қапталында жазылған. 64. «Қос немере сүйгізіп»-тармағы да тек Мәшһүр - Жүсіпте ірге тепкен. 65. «Қауіп-катер бар ма? - деп» - тармағы да тек Мәшһүр - Жүсіп бойынша енгізілді. 66. «Жауырыншы сонда сөйлейді»- жолын маңдай еткен 3 тармақ та Мәшһүр - Жүсіпте ғана орын алған. 67. «Хабар алып шайтаннан» - жолы да тек Мәшһүр - Жүсіпте бар. 68. «Ақ сүңгіні салыспай, // Қызыл қанға батыспай»- тармағы да Мәшһүр - Жүсіпте ғана ұшырасты. 69. «Ақылыңды ала алман»- дегенді бетке ұстаған 3 тармақ та Мәшһүр - Жүсіп бойынша кіргізілді. 70. «Тұр деген жерде тұра алмай»- жолы да тек Мәшһүр - Жүсіпте ғана кездесуімен ерекшеленеді. 71. Бастапқыда: «Қалмақ жатып...»- қана берілсе, соңғыда: «Қалмақ жатыр дуылдап»-деп, толық қамтылған. 72. «Мәстегіне тармасып»- тармағы да тек Мәшһүр - Жүсіпте орын алған. 73. Алғашқыда: «Өкпесіне сартылдап»- делінсе, екіншіде: «өкпесіне» орнын «өкшесіне» иемденген. 74. Әуелгіде:

Егесіп тұрған ит қалмақ
Соңына тұспан тулап.
Тоғысқан кісі қосады
Жеткізбей кетті құтылып, -

түрінде беріліп, бір түрлі түсініксіздік туса, кейінгіде екінші, үшінші тармақтар: «Соңына түсті тоспалап, // Тоғыз сан кісі қуса да»- деп өзгеріп, ұғынықтылық орнаған. 75. «Қақ жамбаста бір жара»- дегендегі «жамбасқа» сөзінің В.В.Радловта да, Мәшһүр -Жүсіпте де «жанбаста» болып жазылуы тегін емес. Біздіңше, жанбас - демек иықтағы бас емес, әсіресе, жалаңаш еңбектеп қозғалғанда байқаларлық бүйірдегі бөлініп, томпиып, екінші қосалқы бас тәрізді көрінуді өрнектеуге арналған. 76. Біріншіде: «Тілін алмай жауладық»- болып өрбісе, соңғыда «жауладық»- дегенді «жүдедік» ауыстырған. .В.Радловта: «Жылқы алған бұ жерім // Бүгінде мұнан шұрқырдау»- делінсе, Мәшһүр -Жүсіпте бастапқыда екінші тармақ басындағы екі сөз тап осылай беріліп, соңы: «шұңқыр тау»- деп өзгертілсе де, кейін ол жол үстінен сызылып, орнына: «Ойыл менен Сейілде»- берілген. 78. Бастапқыда: «Күйіне қызыл қыз алып»- деп берілсе, екіншіде тармақ басындағы екі сөз: «күйме бұзып»- деп өзгертілген. 79. «Өзімнен қалған жақсыны»- тармағы да тек Мәшһүр - Жүсіпте бар . 80. «Қайта алмадым жорықтан, // Бұ дүниеде жолықпан»- жолдары да тек Мәшһүр -Жүсіпте орын алған. 81. Бұрынғыда:«Ақыретте тез көрсін»- қалпында шаңырақ көтерілсе, кейінгіде алдымен аяққы «тез көрсін» жазылып, соңынан оның үсті бір сызықпен сызылып: «кез келсін» жайғасқан. 82. Алғашқыда: «Айрылып сонан қалмасын»- делініп, өз алдындағы екі тармақ маңдайындағы тармақты қайталау жүзеге асса, соңғыда оны мүлде басқа жол: «Хабарына алмасын»-ығыстырған. 83. «Қимылдарға шарам жоқ»- деп басталатын 3 тармақтық үзік тек Мәшһүр - Жүсіпте орын алған. Атап айтқанда, 1170-папка, 262-беттің оң жақ қапталына көлденеңдеп жазылған. 84. «Қалмақ келіп жеткен соң»- жолы да тек Мәшһүр - Жүсіпте ұшырасады. 85. В.В.Радловта: «Өз басына күш көрді, // Таң сәріден тұрыпты, // Екі етегін түрініпті»-делінсе, Мәшһүр - Жүсіпте алғашқыдан кейін: «Қатты шошып оянды»,-жолы енумен бірге мұндағы екінші соңынан ізінше: «Беті - қолын жуады»-қосылып, үш тармақтық мәтін бесеу болып кеңейген. 86. «Түсінің жайын сұрады»- тармағы да тек Мәшһүр - Жүсіпте қоныс тепкен. 87. «Келіспеген іс көрдім»- деп басталған төрт тармақтық мәтін тек Мәшһүр - Жүсіптің 1170- папкасы, 262- бетінен алынды. Атап айтқанда, алғашқы жол бет ішінде тармақтар аралығында қыстырыла өрнектелсе, қалған үшеуі беттің оң жақ қапталында көлденеңдеп табан тіреген. 88. «Білектен шыққан бес бармақ // Жайылғанын жұрт көрер»- жолдары да В.В.Радловта жоқ, тек Мәшһүр - Жүсіпте орын алған. 89. Бұрынғыдағы: «Жаманға қуғызып»- жолы орнына кейінгіде: «Жаманға жылқы қуғызып, // Алдынан ай, күн туғызып»-деген тармақтар жайғасып, ұғым кеңейтілген. 90. Бастапқыдағы:«Қарағай найза сүйретіп» жолы соңғыда да жазылып, оның үсті сызылған да, одан кейінгі тармақ үстінен: «жылауменен күнелтіп» кіргізілген. 91. Алғашқыда: «Жылауменен күнелтіп // Азар жетті жеріне»- делінсе, кейінгіде оның алдында мына жолдар орналасқан: «Жолдасын жауға қалдырып, // Жүзіне қара шалд 92. «Кедергі бола келеді»- жолы орнына В.В.Радлов кітабында көп нүкте қойылған, тек Мәшһүр - Жүсіп бойынша алынды. 93. «Қырық жігіт тұрып ойласты»- деп басталатын 4 тармақтық мәтін тек Мәшһүр -Жүсіптегі 265-беттің сол жақ қапталына көлденеңдеп жазылған. 94. «Көпке шама келмеді»- жолы да тек Мәшһүр - Жүсіпте орын алған. 95. Әуелгіде: «Тал бойында қалмады // Жарадан қасқа жауырды»- деп, тым қысқа берілсе, мұнда келтірілген бірінші жолдан кейін: «Тұс-тұсынан оқ тиіп» кіргізілумен қатар ең соңында тыңнан 2 тармақ қосылған: «Қалмақтан шығып кеткенде, // Жығылар мезгілі жеткенде.» 96. В.В.Радловта: «Сұрын салды отырып»- делінсе, Мәшһүр - Жүсіпте алдымен: «Сүрен салды»- деп басталса да, кейін ол сызылып, үстіне «дауыс қылды»- орнаған. 97. Бұрынғыдағы: «Тексеріп кезермін»- жолының бірінші сөзі кейінгіде: «Теңселіп жүріп»- деп өзгертілген. 98. «Тірі қалды деп ести тұрып»- жолы да Мәшһүр - Жүсіпте ғана орын алған. 99. Бастапқыда: «Келе жатыр кемпір сұм // Бауырына қамшы таянып» - делінсе, мұндағы «сұм» орнын соңғыда «сол» сөзі иемденген. Зерделесек, батырдың туған анасын «сұм» деп атау мүлде ыңғайсыз, демек не бұрын (1870), не кейін (1994) баспа тарапынан кеткен орашолақтық болуы да ықтимал. 100. «Мен кетсем де, аларсың»- жолынан кейінгі 5 тармақтың тағы да Мәшһүр -Жүсіпте ғана бар екенін ескертеміз. 101. Алғашқыдағы: «Арықтың тасқыны» түсініксіз көрінсе, соңғыға сүйеніп: «Аруақтың қалай тасқаны» - дегенге тоқталудың белгілі бір ұғым нақтылануына бастап тұрғаны анық. 102. «Кәнеки, маған беріңіз!» - жолы да тек Мәшһүр - Жүсіпте орын алған. Ескерту: В.В.Радлов кітабы мен Мәшһүр - Жүсіп жазбасын салыстыру кезінде бұдан бұрынғы дәстүр бойынша негізгі айырмашылықтарды ғана көрсетіп, жекелеген сөз ауысуын, не оларға қосымша жалғану ерекшелігін т.с.с. сөз етпедік. Бұдан бұрын да айтқанымыздай, өзгешелік болу себептері жинаушыда емес, фольклорды таратушы адамдардың белгілі бір нұсқаны сақтап, жеткізу - сипаттары әр жерде сан алуан болуынан, т.с.с. себептерден тууы мүмкін екенін айтқымыз келеді. Қалай болғанда да бұл түрлішеліктің өзі ауыз әдебиетінің, фольклор үлгілерінің сақталу, тарау ерекшелігін т.с.с.танытуымен мәнді дегіміз келеді.

Ер Көкше. Жоғарыда аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы, 1170- папка, 148-173- беттері бойынша әзірленіп, алдында сөз болған В.В.Радлов кітабындағы «Ер Көкше» мәтінімен салыстыру жүргізіліп, айрықша өзгешеліктері көрсетіліп отырды. Жырдың бұрынғы үлгілерде «Ер Көкше»- аталып келгенін ескеріп, біз де сол атауды қалдырдық. Әйтсе де бұл шығарманың орталық қаһарманы ерлік дәстүрді бастап мерт болған Көкше емес, оның баласы Қосай деуге де негіз бар. Себебі Көкше әрекеттері тек бастама күйінде қалса, әке кегін жоқтап, жорыққа шығып, көп іс тындырған оның ұлы Қосай әрекеттері шығарма сюжетінің басым бөлегін құрап тұр. Осыны ескеріп шығарма тақырыбын: «Көкше және Қосай батыр» - деп атауға да болады.

1. Алғашқыда (1870 жылғы В.В.Радлов кітабында): «Он сан ноғай біл- генде»- делінсе, соңғы сөз кейінгі нұсқа (Мәшһүр - Жүсіп) бойынша «бүлгенде» - деп өзгертілді. Біздіңше, «бүлгенде» дегеніне «бүлінгенде» сөзінің қысқарған түрі, не көне қолданым айнасы. 2. Бастапқыда: «Үлесерге мал таппай, // Атысуға жау таппай» орын алса, «атысуға» орнына кейінгіде «атысарға» берілген. Бұл орайда «үлесерге», «атысарға» сөздерінің ырғақ, үндесу тұрғысынан да бір-біріне сай келетініне көңіл бөлген жөн. 3. Бұрынғыда: «Шаң астынан ту шықты, // Қайтпас қара болат іріңті»- делінгендегі соңғы сөз ұғынықсыздығы туса, екінші бойынша оның орнына «реңкті» кіргізіліп, ұғым нақтылығы қалпына келтірілді. 4. Әуелгідегі: «қуып кетті» орнын соңғыдағы: «қуып жетті» иемденіп, ұғым дәлдігі жүзеге асты. 5. Әдепкідегі: «Бәрінен енді сол жара» - дегендегі «енді» сөзі кейінгіде: «ауыр» - деп алмастырылып, жарақат деңгейін бөліп көрсетіп тұр. 6. Қара сөзбен берілген түсінікті салыстырсақ, екі нұсқадағы айырмашылық елеулі екенін көреміз: 1. «Манаша ер Көкшеге айтты: «Ер Көкше бүйтіп жатар ер ме едің?» -деді. «Бар» - деді «бұлай жау жетті деп шап!» - деді, Ер Көкше сонан жау жетті деп шапты, бір оқты жағына кезіп, атына жайдақ мініп, жау қайда деп былай бір кетті, бұлай да шапты, жау көрінбеді. Онан соң келіп жығылды, жолдасы сонан соң айбалтамен жер қазып көмді.» (В.В.Радлов. «Ел қазынасы - ескі сөз» кітабы ішінде) // Алматы, Ғылым, 1994,158- б.) 2.«Манаша ер Көкшеге айтты:

- Ер, Көкше, бүйтіп жатар ер ме едің?! - дейді. - Бар, - дейді - «Жау жет- ті»- леп, олай-бұлай айғай салып шаба гөр! - дейді.

Манаша атқа қамшы басып:

- Ер Көкшесі, ер Көкше, соңыңнан жау жетті! - деп, шапты.

Ер Көкше жағын кезеп, атына жайдақ мініп:

- Жау қайда?!-лап, былай бір кетті, олай бір кетті. Жау көрінбеді. Өзі аттап түсуге мұршасы еркін келмеді, құлай бір кетті. Жалғыз ауыз тілге келді:

- Жалғызым, ер Қосай: «Менің қанымды жоқтап, қалмаққа бет қойып келе жатқанын көріп жатайын!» - деп, осы таудың басына шауып шыққаным сол!- дейді. - Осы жерге көміп кет! - дейді.

Ер Көкшенінің сүйегі Орал тауының қазаққа қараған шеткі шаншылған биігінде. Жолдасы сонан соң айбалтамен жер қазып көмді.» (Мәшһүр - Жүсіп, 1170- папка, 151-152 6.) Екі нұсқаны салыстыра зерттесек, Мәшһүр - Жүсіпте ер Көкшенің атқа мініп шауып, тау басына жетіп жығылуы т.с.с. мәні кең ашылған. 7. Алғашқыдағы: «Жәні ұшып кетіпті»-тармағындағы ұғынықсыз «жәні сөзі екіншіде «жүні» - деп берілген. 8. Бұрынғыда: «Өңгеге өгіз олжа тигенде, // Әкеңе талай олжа тиді»- түрінде келсе, соңғыда әрі «талай» сөзі «тана» делініп өзгеріп, әрі оған жалғаса үшінші тармақ отау тіккен: «Соны тағып келеді.» 9. Бастапқыдағы: «О көрге қылмасам»- жолындағы түсініксіз «көрге» сөзі екіншіде «кәуірге»- болып өзгертілген. Назар аударарлық жайт: тап осы қолданым және оған ілескен: «Ағытқан қойдай маңыратып, // Аш күзендей шулатып, // Арқауылдың сары жөн // Тізеден соқпақ салмасам //... Қосай атым құрысын!» - тармақтары арада он жол салып, тағы бір қайталанады. 10. Әуелгіде: «Хан басымды алса, даярмын» - деп берілген бала жауабы кейінгіде кеңейтіліп, онда батылдық қана емес тапқырлық, ақылдылық бар екені

көрінген: «Басым ханның алуына жараса, Мен іске жарағаным ғой, даярмын!»
Сонымен бірге біріншіде жоқ баланың мына сөздері де оның өзіне сенімді
қалпын аша түскен: «Өзі соқтықса, немді аярмын?!

11. Әдепкіде қыз аты бар жерде «Ботақыз»- делінсе, соңғыда ол- «Ботакөз». 12. Алғашқыдағы: «Көп біз желе көреміз»- дегендегі: «желе» сөзі

түсініксіздік тудырса, екіншіде оның орнын «пәле» иеленген. 13. Бұрынғыда: «арнаның ақ жусанын» - делінсе, кейінгіде «арнаның» орнын «Арқаның» иемденген. 14. Бастапқыда: «... Шаба алмасаң, саған серт, шабыса алмасам, маған серт»- қалпында берілсе, соңғыда ол біршама кеңейтілген: «... Шаба алмасаң, саған серт! Сен желігіп жүргенде, бет тайдырсам, маған серт!» 15. Бірінші нұсқада: «Сары ат айтты болды, жерге барып, қайтадан жүгірді, келіп үйді теуіп кеп кетті»- түрінде шаңырақ көтерсе, екіншіде тағы да кеңею, нақтылану басым: «Сары ат ақты-бозды жерге барып, қайтадан жүгірді. Келіп үйді тиіп, киіп кетті.» 16. Ақсары би ауылы үстінен мал айдап өтпес бұрын айтылған Ер Қосайдың мына ескертпесі әуелгі нұсқада мүлде жоқта, тек кейінгіде орын алған: «Ертең менің көшім өтер. Отар малдарыңа ие болмай қалмаңдар!» 17. Сондай-ақ өтіп бара жатып, бөлініп қалдырылған мал туралы айтқан Қосайдың мына сөзі де алғашқыда жоқ болып, тек соңғыда орын алуы - бір мәтіннің ел арасында көп нұсқалы болуының айғағы: «Ботакөздің қалың малы - деп білсін. Жаманға мал неге керек: жаманның алдындағы малы біреудікі. Жақсыға мал неге керек: кімде мал бар болса, ол мал жаксынікі емей кімдікі?- деді де, жүре берді. 18. Күйеуге тиген қыздың өз абыройын сақтап келгенін аңғартатын мына детальдың бұрынғыда жоқ, тек екіншіде ұшырасуы да осының алдында айтылған түйіннің дұрыстығын, ел арасына таралған мәтіндер түрлішелігін айқындай түссе керек: «Әбдіренің аузы берік шықты, көңілі жайланды.» 19. Жекпе-жек кезінде күші басым Темірбай Қосайды найзаға шаншып жоғары көтеріп, мысқылдап: «Қосай, қалайсың?- дегенде, оның берген жауабы тағы да бастапқыдан гөрі кейінгіде біршама кеңейтіліп берілген. 1. «... бұрын үстінде едім, әлі де болса үстіңдемін» (В.В.Радлов). 2. «Әлі де болса, бақталайым сенен найза бойы жоғары үстіңде тұрмын ғой, мінеки!» (Мәшһүр - Жүсіп). 20. Ауыр жарадан ес жиып, бірден жау қумақ болғанда, әйелі айтқан ескертпе т.с.с. алғашқыда қысқа да, кейінгіде кең: 1. «Жау қайда кетті?» - деді. «Қайтып түс» қатын айтты. Қосай қайтып түсті. Қатын айтты: «Бүгін атаң түсіңе енер»- деді. Үйіне қайтты. Ер Қосай атасы түсіне енді, атасы айтты: «Ол кемпірдің баласы Темірбай алып сырты - болат, іші – құрыш - деді.» (В.В.Радлов) 2. « -Жау қайда кетті?»- дейді. Атына мініп алды. Қатыны айтты:

- Қайтып түс, ұйықта бүгін. Әкең түсіңе кірер, аян берер, беталды лақпа!-

дейді.
Қосай қайтып түсті, ұйықтады. Ер Қосай түсіне әкесі енді. Әкесі айтты:

- Мұнан былай, балам, қатын қойнында жатып, жауға аттана шаппа!- дейді. - Өзің көрген кемпірдің ұлы Темірбай алып - сырты болат, іші құрыш- дейді.» (Мәшһүр -Жүсіп).

Шора батыр.

Мәшһүр - Жүсіп қолжазбасы әуелі оның үлкен ұлы Мұхаммедшарафи мұрағатында сақталған, кейін ол өлгеннен кейін 1937-1938 жылдардың бірінде Мұхаммедшарафиұлы Төлеубайдың тапсыруымен ақынның кенже баласы Мұхаммедфазыл қолына көшкен. Сол жазбалар ішінен осы шығарма алынған 1645-папканы 1963-1964 жылдардың бірінде Мұхаммедфазыл ұлы Қуандық ҚР ҒА Орталық ғылыми кітапхана қолжазба қорына өткізген. Папкадағы бет ретін белгілеп жазу да сол өткізуші қолымен жүргізілген. Шығарма маңдайшасында ақынның өз қолымен мынадай ескерту жазылған: «Қазақ ертегісі. Мәшһүр - Жүсіп Көпейұлы- сөйлеуші.» Сонымен бірге ақын жиені Жолмұрат және ұлы Мұхаммедфазылдың осы туындыдан жасаған көшірмелері әулеттік мұрағатта сақталған. Сондай - ақ жоғарыда аталған қолжазба қорындағы 1176- папканың 331(424)-338 және 378 (447)- 380(449) беттері аралығында Жолмұрат қолымен жазылған көшірме нұсқа да орын алған. Жолмұрат көшірмесінде (338 б.) «Мәшһүр - Жүсіп. 1922. 8.02»- деген жазу ұшырасуына сүйеніп, әзірше шығарманың қағазға түскен жылы 8.02.1922 жылы болар деп есептеп отырмыз.

Абылай хан.

Жоғарыда аты аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы, 1170-папка, 127-129 беттері бойынша әзірленіп, тағы да алдында көрсетілген В.В.Радлов кітабындағы осы аттас мәтінмен салыстыру жүргізіліп отырды. 1. Алғашқы нұсқадағы (В.В.Радлов): «Әуелі өткен Абылай хан»- дегендегі «әуелі» сөзі екіншіде (Мәшһүр - Жүсіпте) «әулие»- деп алмастырылған. 2. Әуелгіде: «Қайын жұрттың қызығы»- орын алса, кейінгіде «қызығы»- дегенді «қымызығы» ауыстырған. 3. Бастапқыда: «Атсеміріп күнтиіп»- қалпында іргетепсе, соңғыда: «күн тиіп» орнын «құнтиып» иеленген. 4. Бұрынғыда: «Қарағай болды, мерт болды»- күйінде сап түзесе, екіншіде: «мерт» сөзі «морт» болып берілген.

Кенесары.

Жоғарыда көрсетілген қолжазба қорындағы Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы, 1170-папка, 129-136 беттері бойынша даярланып, бұдан бұрын сөз болған В.В.Радлов кітабындағы: «Кенесарының өлеңі»- аталымымен орын алған тап осы туынды мәтінімен салыстыра саралау қоса іске асып отырды. 1. Кейінгіде (Мәшһүр - Жүсіпте): «Орысқа - қазақ түгіл басымым-ай!»- түрінде берілсе, бірінші нұсқада (В.В.Радловта) «түгіл» сөзі енбей қалған. 2. Бұрынғыда: «Аттанды он төрт мың қол жер қайысып»- қалпында алынса, соңғыда: «жер қайысып» дегенді «шеру тартып» ығыстырған. 3. Бастапқыдағы: «Балам аңдап тұрып қырайын деп»- тармағындағы алғашқы екі сөз екіншіде: «Бәлемді оңдап»- түріндегі өзгеріске түскен. 4. Әуелгіде: «Бір тілек болса екен мұсылманға»- делінсе, кейінгіде басқаша: «Аттанды Кенесары қырғыз жауға». Осы орайда әрі қырғыздың қазаққа жау болуы да даулы екенін, әрі бұл Мәшһүр - Жүсіптің өз пікірі еместігін, тек жинаушы ретінде ештеңені өзгертпеу дағдысы нәтижесі екенін ескерткіміз келеді. 5. В.В.Радлов кітабының кейінгі басылымында (Ел қазынасы - ескі сөз, Алматы, Ғылым, 1994, 605 б.): «Мұндағы жауға килік деп»- жолындағы бастапқы сөзге мынадай түсінік берілген: «Түпнұсқада «мындағы» түрінде берілген. Барлық жерде әдеби нормаға сәйкес түзетілді.» Біздіңше, қазақ жазуына А.Байтұрсынов енгізген (1914 жылғы) жіңішкелік белгі бұрынғы кезде болмағандықтан да, ол сөзді әрі «мындағы», әрі «мін-дағы» түрінде оқуға болады. Тап осы тұста Наурызбайдың бұрынғы атына оқ тиіп, оның екіншіге мінуі сөз болғанын ескерсек, «мұндағы» емес «мін-дағы» сөзі сұранып тұрғанын байқау қиын емес. Сонымен бірге Мәшһүр - Жүсіп жазбасында да «мін-дағы» сөзі ап-анық орын алған. 6. Алғашқыда: «Наурызбай соғыс қылып жүргенінде, // Шатырда көмек жаман тек жатады»,- деп айтылса, екіншіде біраз өзгеріс бар: «Соғыста өңге төре жүргенінде, // Шатырда жаман Көшек тек жатады.» 7. Бірінші үлгідегі:

Не күшті бұ дүниеде Құдай күшті,
Әуелі Ержан төре мылтыққа ұшты.
Өлгенін Ержан төре білгеннен соң,
Шатырға «Ой, бауырым» - деп Науан түсті-

деген шумақтың екінші, үшінші жолдары кейінгі үлгіде мүлде басқаша өрілген: «Алдымен Ержан төре қолға түсті, // Онан соң Құдайменде мылтығы өшті.» 8. Тап осы тармақтар алдында бұрынғы нұсқа бойынша Ержан оқ тиіп өлген болса, ал соңғыда оның жау қолына түскені айтылса, бұл қалып кейінгі жолдарда да сақталған. В.В.Радловта: «Әуелі мылтыққа ұшты Ержан сұлтан. // Өлгенін Ержан сұлтан білгеннен соң»- деп келтірілсе, Мәшһүр - Жүсіпте мүлде басқаша: «Алдымен қолға түскен Ержан сұлтан. // Оққа ұшып Құдайменде қалғаннан соң,-» 9. Бастапқыда: «Қырғызды екі барып бөгеп тастап»- делінсе, соңғыда «барып»- дегенді «жарып» өзгерткен. 10. Әуелгідегі: «Екі күшік балаң бар да» - орнына екіншіде: «Ыңғайы жау қырғыздың жаман болды» - бой көтерген. 11. Жеңілу қаупі туғандағы Кене ханның інісіне айтқан ақылы да екі үлгіде біраз өзгеше. 1. «Мен өлсем, екі күшік балам бар да, // Науанжап. осы жолдан қайтсаң қалай?» (В.В.Радлов). 2. «Мен өлсем, бірді-екілі күшік бар ғой, // Науанжан, сен аманда қайтсаң қалай?!» 12. Жеңіліс сызы таянғандағы Кененің кейінгі айтқан сөздері де екі нұсқада түрлішелігімен көзге түседі.

Науанжан, осы сөзің жиексіз ғой,
Қырғызға айғай салып тиесіз ғой.
Екеуміз осы жолда бірдей өлсек,
Артымызда боқташақ иесіз ғой (В.В.Радлов).

Науанжан, бұл айтқаның жүйесіз ғой,
Қырғызға: «Абылай-лап!»- тиесіз ғой!
Мен өлсем, артта қалар тұяқ бар ғой,
Сен өлсең, қара шаңырақ иесіз ғой! (Мәшһүр - Жүсіп).

13. Бұрынғыда: «Алдынан қуғыншының қашты жайдақ»- делінсе, кейінгіде: «Ерін алып тастады, мінді жайдақ»- болып келтірілген. 14. Алғашқыда: «ұстап алды» болса, соңғыда: «қамап алды». 15. Бастапқыда: «Ит, қазақ, шыныңды айтшы, кімсің?- деді» түрінде орын алса, екіншіде «қазақ» сөзі «қасақ» - делініп жазылумен бірге, сол сөзге берілген түсінік бірінші нұсқада мүлде жоқ та, кейінгіде ғана орын алған: «Қырғыздың «қазақ» деуге тілі келмейді, «қасақ»- деп айтады. Қатындары балаларын қарғап, ұрысқанда: «Қасақ алғыр!»- деп, қарғайды.» 16. Елшілікке жіберілген Жаманқараға не болғанын айтқан Наурызбай сөзі екі нұсқада әр қилы келтірілген. 1. Батырың біздің елге келді-дағы,

Азырақ біздің елде жүрді-дағы.
Жаманқара итіңнің тілі ащы,
Тілі ащысынан өлді-дағы. (В.В.Радлов)

2. Батырың біздің елге барды,- дейді,

- Аса ауыр қалың олжа алды,- дейді.

- Еліңе тірі болса, келмес пе еді,

Ақтарылып шек-қарны қалды!- дейді (Мәшһүр - Жүсіп). 17. «Ит еді бұ қайдағы жүрек жұтқан»- жолынан кейінгі 8 тармақ, атап айтқанда: «Қол оқпен қозы жаурын қойып алдым» және: «Науанжан, сенің өзің төресің ғой»- деп басталатын шумақтар тек Мәшһүр - Жүсіпте орын алған да, В.В.Радловта мүлде жоқ, оның есесіне: «Жау қырғыз меніменен ел емессің» - деп басталатын бір шумақ бастапқыда бар да, екіншіде орын алмаған.

Кенесары-Наурызбай.

Жоғарыда айтылған қолжазба қорындағы Мәшһүр - Жүсіптің өз жазбасы. 1170- папка, 808- 845- беттері бойынша әзірленді. Кене хан туралы жазылған фольклор, ауыз әдебиеті үлгілерінің топтастырылып «Хан Кене» деген аталыммен кітап болып (Хан Кене, Алматы, Жалын, 1993 ж. Сарашысы - Есенбай Дүйсенбай) шыққаны белгілі. Онда Кенесары - Наурызбай дастанының Нысанбай ақын жырлаған нұсқасының 1912 жылы Қазан, 1923 жылы Ташкентте басылғаны т.с.с. көрсетілген. Осы орайда 1912 жылы баспадан шыққанға дейін де жырдың ел арасында ауызша тарағанын ескерсек, біз назар аудартқан кітаппен Мәшһүр - Жүсіп жазбасы айырмашылықтары болуы тағы да ауыз әдебиеті, фольклор үлгілерінің көп нұсқалы болып келуімен түсіндіріледі. Белгілі бір шығарманың түрлі нұсқаларын салыстыра сараптауды мамандардың болашақ ізденісі үлесіне қалдыра отырып, біз бұл жолы ел аузынан жиналған Мәшһүр -Жүсіп жазбасын өз қалпында даярлап ұсынуды жөн көрдік. 1. «Аңқағанға сусын боп»- тармағымен басталған 8 тармақтық мәтін Мәшһүр - Жүсіп жазбасының сол қапталына кейін енгізілген Жолмұрат Жүсіпұлы қоспасы бойынша берілді. Бұл орайда алғашқы том түсінігінде ескертілгендей, Мәшһүр - Жүсіптің Мәдина деген қарындасынан туған жиені Жолмұрат өмір бойы ақын туындыларын жинап, түсінік жазып, ел арасындағы нұсқаларды көп көшіргенін ескерсек, бұл өзгерістер де Мәшһүр - Жүсіптің басқа бір жазбасынан алынуы мүмкін деп есептейміз. 2. Абылай ұғлы Қасым-ды»- дегенді маңдай еткен 7 жол да алдында айтылғандай, Жолмұрат үстемесі бойынша орын алды. 3. Осы аталымдар жазылған беттің оң қапталында Мәшһүр - Жүсіп ескертуі орын алған: «Қарақыстақ, Шөңгел - деген екі өзеннің аты. Алатаудан шығып, Шуға құяды, [Ала]таудың бойындағы таулар да осы екі өзеннің атымен аталады.» 4. «Ақсу деген өзеннен»- жолын алға ұстаған 4 тармақ та Жолмұрат бойынша енді. 5. Бұл сөзге байланысты сол қапталда мына ескерту бар: «Қоқиланып»- дегені қырғыз жұртының қатын - қызы жылағанда: «Қоқи, қоқи!»- деп жылайды. Қазақша: «Ойбай, ойбай!»- дегені. 6. Бұл сөздер жазылған 811(207)- беттің оң бүйірінде мына ескерту бе- рілген: «Қарабалта, Суқызлық - деген Алматы тұсында Алатаудың бір белгілі кезеңі.» 7. «Ертіп келген қасымда»- деп басталған 11 жолдық мәтін де 814(210) -беттің сол қапталынан қосылған Жолмұрат жазбасы бойынша кіргізілді. 8. 815(211 )беттің оң жақ қапталына: «Тамам қолдың бектері»- жолымен ірге тепкен 7 жолдық мәтін де Жолмұрат бойынша қосылды. 9. «Ойда тұрған хан Кене» тармағын маңдай еткен 22 тармақ та сол 816(212) беттің сол жақ қапталына үстелген Жолмұрат жазбасы бойынша кіргізілді. 10. «Жау-жоғары, біз-төмен»- деген жолдан бастау алған 12 жол да - Жолмұрат жазбасын ескеру жемісі. 11. «Қарқарадай ат астында»» - тармағына ілескен айналасы 3 жол - Жолмұрат қоспасы нәтижесі.

шықты қамалдан» - жолымен басталған 9 жол Жолмұрат бойынша қосылды. 13. «Абылай аспас асуды» - жолын ту еткен 14 тармақ - Жолмұрат бойынша кіргізілді. 14. «Елу шамалы жылқы алып»- жолының Мәшһүр - Жүсіп бойынша алынғанын ескерте отырып, сонымен бірге осы тармақты сызып, Жолмұраттың: «Екі жүз алпыс жылқы алып»- деп өзгерту енгізгенін де бір бүйірде ұстаған жөн. 15. 820(216)- беттің сол жақ қапталында көлденеңдеп мына ескерту орын алған: «Бұл Арғыннан шыққан қос жігіт: Ағыбай, Жанайдардан басқа - Ағыбай, Жанайдар – жауда тізесін бірінен-бірі айырмай жүреді екен, «Арғыннан шыққан қос жігіт»- атанған екен.» 16. «Мылтық оғы от алмас»- деп басталатын 10 тармақ Жолмұрат үстемесі бойынша қосылды. 17. 823(219) беттің оң қапталында осы бетте айтылған тау аталымына түсінік берілген: «Кекілік тауы Шудың оң жағында, «Тоқпақ»- деген қаланың күншығыс жағында.» 18. «Қызылсу» аталымына берілген түсінік те Мәшһүр - Жүсіптің ел аузындағы нұсқаны қағазға түсіре отырып, оны сараптауға т.с.с. көңіл бөлгенін дәлелдейді: «Наурызбайға жолыққан Қызылсу - Тоқпаққа қарай Алатаудан аққан өзен. Кекіліктің теріскей жағындағы Шуға төніп тұрған тұмсығын «Кекілік сеңгірі»- деп атайды. Кенесарының ту тіккен жері Кекілік сеңгірінен бес шақырым жоғары: «Майтөбе»-деген жер. Майтөбені - қырғыздар ежелден «Қанды жер»- деседі екен.» 19. «Самса» атауы 823 (219)- бетте берілсе, оған деген түсінік келесі 824- (220)-беттің сол жақ қапталында орын алған: «Самса - Алатаудың бір асуынан ағып келіп, Қызылсуға құятұғын о да бір өзен. Осының басын қырғыздар бөгеп, басқа жаққа ағызып, Кене қолын сусыз қалдырған. Ас-сусыз үш күн соғысып, аты да, адамы да болдырып, титығы құрып, қолға түскен.» 20. 826(222)- беттің сол жақ қапталында Мәшһүр - Жүсіптің мына түсініктемесі орын алған: «Андас - Дулат: Ботпай руынан. Моласы Мерке мен Алатаудың арасында. Бұрын қырғыз жері еді, бұл күнде орысты арқаланып, Дулат алып кеткен. «Андасымның тамында»- дегені; «Есқожа, Қанай тамын соның маңайына неге салдың?»- деп жаздырғаны.» 21. «Тіпті үміт қылмаймын»- деп басталатын 3 тармақ 827(223)- беттің он жақ қапталына кіргізілген Жолмұрат жазбасы бойынша енгізілді. 22. 828 (224)- беттің сол жақ қапталына жазылған ескертпе: «Кәрібозға Құдай рахмет айласын!» Мұндай ешкім сөйлемес - Дүйсенбай жыраудан басқа жан қисынын келтіріп айта алмас та.»

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙