TELEGEI

Home

Әмір Темір

Татьяна Васильченко

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Әмір Темір

Тарағай Бахадүрдің баласы – Әмір Темір ибн Тарағай Бахадүрдің есімі әмірші Темір деген мағынаны білдіреді. Ол тарихта өз заманының шебер қолбасшысы ретінде таныс. Бұған қоса, ең қатыгез жаулаушы бейнесінде де белгілі. Шындығында, ол ғалымдарға бас иді, сәулетшілер мен шебер жандарға асқан құрмет көрсетті. Оқымысты адамдарды жанына жақын ұстады. Темір басқарған мемлекеттің астанасы – Самарқанд қала

Әмір Темір
Васильченко Т.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінің бағдарламасы бойынша шығарылып отыр
Васильченко Т.
Тарағай Бахадүрдің баласы – Әмір Темір ибн Тарағай

Бахадүрдің есімі әмірші Темір деген мағынаны білдіреді. Ол та-
рихта өз заманының шебер қолбасшысы ретінде таныс. Бұған
қоса, ең қатыгез жаулаушы бейнесінде де белгілі. Шындығында,
ол ғалымдарға бас иді, сәулетшілер мен шебер жандарға асқан

құрмет көрсетті. Оқымысты адамдарды жанына жақын
ұстады.
Темір басқарған мемлекеттің астанасы – Самарқанд
қаласы. Ол өзі билік еткен тұста сарайлар, мешіттер, кесене-

лер салдырып, Самарқандты сәулет өнерінің озық үлгісіне ай-
налдырды.

© «Аруна Ltd.» ЖШС , 2007 ББК 63.3 В 19 Барлық құқығы қорғалған. «Аруна» баспасының жазбаша рұқсатынсыз кітаптан үзінділерді, суреттерді көшіріп басуға болмайды. ББК 63.3 Әмір Темір. Тарих, тұлға, уақыт. – Алматы: «Аруна», 2007. – 96 бет. – «Шығыстың ұлылары» топтамасы В 19 ІSBN 9965-26-241-1 ІSBN 9965-26-241-1 00(05)07 В

Мазмұны Бірінші тарау Бабалар сәуегейлігі ..........................................................................5 Екінші тарау Мәуереннахр үшін күрес ............................................................28 Үшінші тарау Өрлеу немесе бағбанның жолы ...................................64

Жер бетінде осыдан жеті ғасыр бұрын өмір сүрген
Тарағай Бахадүрдің баласы – Әмір Темір ибн Тарағай
Бахадүрдің есімі әмірші Темір деген мағынаны біл-
діреді. Ол адамзат тарихына өз заманының шебер

қолбасшысы ретінде енді. Бұған қоса, ең қатыгез жау-
лаушы бейнесінде де белгілі. Түрлі елдер өз шежіреле-
рінде келер ұрпақ үшін оның өміріндегі оқиғалар тура-
лы әңгімелерді сақтап келген. Алайда, бүгінгі заманға

жеткен бұл шежірелердің барлығында Темір әр түрлі
есімдермен, дәлірек айтқанда, лақап аттармен атала-
ды: Тамерлан, Темірлан, Ақсақ Темір.
Тамерланның ел жаулау мен халықты бағындыру-

ға келгенде ашкөздік көрсеткені анық. Оның атын
шығарған, яғни қанды даңққа бөлеген де осы ісі еді.
Тамерланның айбатты есімін адамзат санасынан
жүздеген жылдар да өшіре алмады.

Қандықол жаулаушы жаратылысының бұдан өзге
қыры болды дегенді қазір еске түсіретіндер аз. Шын-
дығында, ол ғалымдарға бас иді, сәулетшілер мен ше-
бер адамдарға асқан құрмет көрсетті, өзінің сауаты

жоқ бола тұра, кітап әлеміне ілтипатпен қарады. Оқы-
мысты адамдарды жанына жақын ұстады. Кітапты
дауыстап оқудың шеберлері Темірге көне еңбектердің
қалың томдарын оқып беретін. Ал, ол болса, сағаттап

тыңдаудан жалықпайды.
Темір басқарған мемлекеттің астанасы Самарқанд
қаласы болды. Ол Самарқандты өзі билік еткен уақыт-
та сарайлар, мешіттер, кесенелер салдырып, сәулет

өнерінің озық үлгісіне айналдырды.
Темірді жолдастары жас кезінде ержүректігі мен
турашылдығы үшін құрметтеді.
Сонымен қоса, ол бір заманда ана мейіріміне бөленген

сәби болатын...

Бірінші тарау
Бабалар сәуегейлігі
Сәуір айының металы – темір,
ал тасы – алмас, дүниеде алмастан қатты не бар?

Линда Гудмен

емір Бұхарадан оңтүстікке қарай орналасқан Кеш қаласы-

ның*маңындағы Қожа-Илгар қыстағында дүниеге келді. Шың ғыс ханның ұлы – Шағатайдың бұрынғы патшалығы болған бұл жерлер Әмудария мен Сырдария өзендері арналарының арасында орналасқандықтан, Өзенаралығы деп аталады. Оны арабтар Мәуереннахр дейді. Темірдің әкесі – Тарағай Бахадүр көшпенділердің ұрпағы болғанымен, отырықшы өмір салтын ұстанды. Тұрмысы орташа бек кәдуілгі тақуа мұсылман еді. Сондай-ақ, аз ғана жерге иелік етті. Тарағай бек барластардың шағатай руынан шыққан. Орта ғасырда шағатайлар бүкіл Мәуереннахр, Жетісу мен Қашқарияны мекендеді. Олардың көпшілігі өздерін Шыңғыстың ұлы – Шағатайдың ұрпақтары санайтын. Және осыны ерекше мақтан тұтатын. Қалғандары Шағатай ұрпақтарымен қатар өмір сүріп жатқандарына шүкіршілік ететін. Олар да осынысымен мақтанатын. Шағатайдың мықты жауынгер ретінде даңқы шыққаны белгілі. Ол әскери жорықтарда үнемі әкесінің жанынан табылды. Жұбайы, әрі қожайыны Тарағай Бахадүрге 1336 жылы 9 сәуірге қараған түні Текина қатын ұл сыйлады. Тамерланды әлемге танытқан уақыт та жауынгерлік рухымен ерекшеленді. Қасиетті Түркістанның төбесін көмкерген тұнық көктей шыдамды әйелдің сәбиінің маңдайына осы екі жағдай таңба болып басылды ма, кім білсін?.. Текина қатын Темірді тап сәуір айында дүниеге әкелді. Егер кімде-кім Темір басқа күні немесе басқа айда туылды десе, сенбеңіз. Өйткені, тек Марс планетасының шарпыған отты назарында туылған сәбидің тағдыры ғана осыншалық ұлы, осыншалық қатыгез болуы мүмкін. Т *Өзбекстандағы қазіргі Шахризабс қаласы.

Ұлы дейтін себебіміз, Темірді дәл осы тағдыр хан көтерді және халыққа билік ету мәртебесін берді. Қатыгез дейтініміз, дәл осы тағдыр оны істерінің адалдығына және халықтың ұлы азат етушісі екендігіне сендіре отырып, алдады. Темір бұған күмәнсіз иланды. * * * Сырттай қарағанда, Темірдің дүние есігін жаңа ашқан басқа сәбилерден ерекшелігі де жоқ-ты. Ол да жұдырық боп түйілген құйтақандай қолдарын ербеңдете, апыл-ғұпыл қадам жасап, бет алды жылайтын кәдімгі нәресте. Алаңсыз ана мен бейкүнә сәбиді көмкерген көк жүзіндегі аспан компьютерінде нәрестенің болашағы есептеліп жатқандай, әлдекімнің құдіретті саусақтарының тағдыр пернелерін шарасыз басқаны секілді жұлдыздар міз бақпастан жымыңдап тұрды. Ал әлемнің келесі бір тұсында жаулап алушының ауыр адымын сезгендей Жер-Ана селт ете түсті. Өмір есігін ашқан қаншама күнәсіз жан жарық әлемге қол созған осы бір сәби алақанынан тараған суық ажалды сезіп, қорқыныштан аласұрды... Тек босанған ана ғана бұл сәтте бақыт құшағында еді. Нәрестенің дені сау. Ал даусы не деген ащы десеңізші. Мейлі, сәби өмірге келгеніне әлемге жар салып, іңгәлай берсін. Текина қатын көз ұшында бұлдыра ған өзінің және балаларының болашағы туралы ойланып жатпады. Ағарып атқан әрбір таң оған үйреншікті күйбең тірлігін жүктейтін. Өміріне мән-мағына беріп, шүкірлік етуге осының өзі жетіп артылатын. Ол ең басты міндеті құрсақ көтеріп, бала туу екенін жақсы білді. Одан кейін сәбиді бұғанасы бекігенше емізу керек. Сосын баланың өзіақ несібесін жібермей, майлы жілікті жұлып алатын болады. Сәбидің әкесі – Тарағай бек жаңа туған нәрестеге батасын берсін деп Шамсуддин шайыққа алып барды. Бұл кезде шайық ыждаһаттылықпен Құран оқып отырған. Бірақ, кіріп келген Тарағай бекті көргенде оқуын тоқтата қойды. Шайық Құран сүрелерінің орта шеніне жеткенде «Темір» сөзі кездеседі. Бұл сәйкестік нәрестеге Темір есімін беру алдын ала шешіліп қойған дегенді білдірсе керек. Күн артынан апта, айлар жылыстап сырғып жатты. Жыл өтті. Сәби ана құшағынан ажыраған жоқ. Қоршаған әлемдегі жаңалықтың бәрін асқан құмарлықпен санасына тоқи берді. Төбеде бірде тұңғиық та биік әрі көз жетпес алыс, бірде ақ ұлпадай кіршіксіз немесе дымқыл қошқыл бұлттардың ауыр салмағынан жақын болып көрінетін аспан тұрды. Төменде кейбір тұстары жұмсақ, иілгіш шөптен көрпе жамылған, енді бір тұстары әбден тапталып, тақырға айналған жер жатты.

Темір бауырында ақша бұлттар қалықтаған биік аспанның ұлпадай жеңілдігін көрді. Өзіне баурайтын, сөйте тұра, үнемі қол-аяғын сырып, таяқ жегізетін жердің қаттылығын сол қалпында қабылдады. Ол айналадағының бәрі тек маған тиесілі деп түсінетін. Сондықтан, болмашы нәрсеге ренжудің қажеті бар ма деп ойлады. Көзбен сүйсініп қарауға болатынның бәрі, оның ішінде аспан да, жер де әрдайым Темірмен бірге жүрді. Көзіне ілінген дүниелердің арасында анасы Текина қатын, әжесі Сайда, қарында сы Күлсім және көптеген апайлары – әкесінің әпкелері, басқа да туыстары мен олардың балалары бар еді. Темірдің әкесі өте қатал адам. Мұны баласы да сезетін. Сондықтан, әкесіне тура қарамауға тырысатын. Есесіне, ол шешесінің ет асқанын ерекше қызығушылықпен тамашалайтын. Анасы етті бабына келтіре жіліктеп, ұсақтап турайтын. Содан соң, отта баяу қайнатып пісіретін, ұзақ уақыт пісіретін. Арагідік қақпағын ашып, қарап қояды. Кейде анасына басқа әйелдер, қайын әпкелері мен қайын сіңлілері, екі абысыны қолғабыс береді. Ошақ ашық аспан астында, кең далаға қойылған. Сондықтан, нәрестені көзіне түтін кіріп кетпесін деген оймен алысырақ киіздің үстіне отырғызады. Асылған еттен баланың танауын қытықтайтын аңқыған иіс шығатын. Шешесі тірлігін істей жүріп, бірдеңе дегендей болады. Кішкентай Темір мүмкін менімен, әлде ет асылып жатқан қазанмен сөйлесіп жүр ме екен деп, түсінбейді. Сәби еттің піскенін шыдамдылықпен күтетін. Анасының қазаношақтың басындағы әрбір сиқырлы әрекетін жатқа білетін. Содан соң қолына кепсерді алғанда жүрегі жарылып кетердей қуанады. Кеңістікке таралып кеткен аңқыған еттің иісі отбасын дастарқан басына жинайды. Анасы қазаннан етті сүзіп алып, үрлеп суытады. Содан соң, «бері кел» дегендей қол бұлғап, Темірді шақырады. Осы сәт шешесі «саған арналған тәтті тағам осы» дейтіндей көрінетін. Бұл – бала үшін сарылтып күттірген ыстық сәт. Нәресте қолдыаяққа тұрмайтын жылдам болғанмен, әлі қорқақтап басады. Аттап-аттап қадам жасайын десе, үстіндегі киімі өкпесін қысқандай көрінетін. Ал қара жер құйрығын нықтап ұстап тұрғандай, икемді қозғалып, қадам жасауға мүмкіндік бермейтін. Баласының мына әрекетін көрген шешесі жақын жерде айналшықтап жүрген қызын шақырады. – Әй, Күлсім, мұнда кел, ініңе тамақ берші! Жүгіріп келген қызға анасы қолындағы суып қалған етті ұстатады. Сәбидің аузы күйіп қалар дегендей тағы үрлейді. Анасы шырынды әрі хош иісі аңқыған етті кейде өз қолымен беретін. Бала етті қомағайлана жұлып алатын. Ол жаңадан шығып келе жатқан сүт тістері бар иектерімен етті қуана соратын. Еттің шырынды дәмін сезетін. Осыдан кейін оның назарын аспан да, бұлт та, қазанның айналасына жиналған адамдар да аудара алмайтын...

Мың сандаған сәттерден құралатын мезгіл асқан жылдамдықпен күндерге, айларға, жылдарға айналып жатты. Жүйткіген уақыт ешқашан тоқтаған емес. *** Жасы келіп қалған Сайда кейуана немересін қатты жақсы көретін. Бірақ, Темір бірбеткей болып өсті. Әдепсіздігі үшін әкесінің қаһарына ұшыраған кездері де жетерлік. Тентектік жасап, жазаланғанда ол басқа балалар сияқты бағынуды білмейтін. Керісінше, біраз жерге қашып барып әкесіне жұдырығын түйіп, сес көрсететін. Бірақ, баланың қайтымы тез. Сондықтан, ренжігенін лезде ұмытатын. Артынша жүзінде сенімділік пайда болып, қуанып жүре беретін. Жеті жасқа келгенде Темір құрдастарының арасында төбелесті бірінші бастайтын бұзыққа айналды. Әжесінің табиғаты әкесі мен шешесіне ұқсамайтын. Ол баланың ақымақтығын кешіре салатын. Сабасына түскенде Темір және оның достары – Мидхад, Раджаб, Шағып пен Сафа әжесін қаумалап, отыра кететін. Ал әжесі болса, бала қиялын баурайтын неше түрлі ертегілер мен аңыз-әңгімелер айтады. Бұл аңыздар алыс елдер, құдіретті билеушілер мен тәкаппар әміршілерді бағындырған қолбасшылар, батырлар туралы еді. Мұндайда Темірдің көзі жанып, балаң жүзі тәкаппарлана түсетін. Ол атып тұрып, ойша қылышпен ауаны оңды-солды кескілейтін. – Трах! Бах! Өзге балалар да Темірге еліктеп, соңынан еретін. Содан кейін олар ойынның қызығына батып мәз болысатын. – Тра-ах! Ба-ба-ах! Осы кезде Сайда әжей орнынан қозғалмастан қолын ербеңдетіп қой деп белгі береді. Бұл – тентек баланы тыныштандыруға жасаған әрекеті. Болмағасын ренішпен айқайлап: – Тентек! Дәл қазір орныңа отырып, тыңдамасаң, соңы қалай аяқталғанын ешқашан біле алмайсың! Темір бірден басыла қоймағанымен, әжесі баяндаған аңыздың немен біткенін білуге деген құштарлық баланың бойындағы бұзықтықты жеңіп тынатын. Кейде Темір оңаша қалғанда әжесінің бауырына еркелей тығылады. Сотқар, тілазар баланың шын көңілден шыққан сүйіспеншілігі еді. Әжесі мен Темірдің құпия әңгімесін жел, аспан, аяқ астында жатқан шөп қана тыңдайды. – Әже, әкем маған неге қатал? Білесің бе, мен өскенде күшті болам. Сонда өзімді біреудің жазалауына жол бермеймін.

– Олай деме. Кез келген бала әкесіне бағынуы керек. – Ол жазалағанда үнемі тамақсыз қалдырады. Егер мен аштан өліп қалсам қайтеді? – Әй, сенің қулығың-ай. Тамақсыз қалған кездерде саған әжең басқалардан тығып ет тасыған жоқ па еді? – Иә! Бірақ, әкем бұл туралы білмейді ғой. – Білмегені жақсы. Білсе ашуланады. – Әже, сен неге солай істейсің? – Өйткені, құлыным, мен сенің үлкен әрі күшті болып өскеніңді қалаймын. Ал, тамақ жемесең, жүдеу және әлжуаз болып қаласың. – Әже! Мен қашан үлкен әрі күшті боламын? – Жақында. Қалай тез өскеніңді сен өзің де байқамай қаласың! Сол кезде кең даланың төсінде жүйрік атпен шабасың... Осыдан кейін әжесі әдеттегідей тағы да ғажап аңыздары мен ертегілерін бастайды. Бұл сүйікті Темірінің күшті, келбетті және ержүрек жауынгер болатыны туралы аңызы. Ер-тұрманы қандай әсем, ал әбзелдері алтын, күміспен апталған. Үстіндегі киімі неткен керемет! Ол қанша ерлік жасайды десеңізші! Ас-суы да жеткілікті екен... Осыны естігенде баланың жанарында ұшқын пайда болды... Жас өспірім кезінде Темірдің жүрегі әрдайым жалындап тұратын. Жалын уақыт өте үдей түсті. Бұл кішкентай Темір мен оның айналасындағылардың өмірін қиындатып жіберді. Тек данагөй және қайырымды Сайда әже ғана немересін әлпештей алатын. Немересін қатты жақсы көргендіктен, үнемі қорғаштап жүретін. * * * Арада үш жыл өтті. Мәуереннахр халқының бейбіт өмірді ұмытқаны қашан. Мемлекетті құраған ұсақ феодалдық иеліктер оны әлсіретіп жіберді. Бұл жерде әр бек, әр әмір өз заңы бойынша өмір сүрді. Біреулер отырықшылыққа ауысқандықтан, көшпелі өмірдің ауыртпалығын қайта арқалауды қаламады. Басқаларының көшпелі тұрмыста үйренген еркіндіктен айырылғысы келмеді. Сол кезде Мәуереннахрды Қазан хан басқарды. Хан біртұтас мық ты мемлекет құру үшін не істеу керек деп бас қатырды. Ол Мәуереннахрды отырықшы өмірдің бай әрі гүлденген орталығына айналдыруды армандады. Қазан ханның серіктері аз болатын. Олар, негізінен, отырықшы өмірге көшкендер. Дегенмен, Мәуереннахрда көшпелі әскери ақсүйектердің ықпалы басымырақ еді. Көшпелілер үй мен шаруашылыққа таңылмаған еркін адамдар болуды аңсады. Сондай-ақ, малдарын

дала төсі мен тау бөктерінде еркін өргізуді қалады. Ал қалаға жақын қоныстануға қарсылық білдірді. Сондықтан, шағатай руының көшпенділері Шағатай ұлысының Мәуереннахр бөлігін билеуші Шыңғыс ханның ұрпағы Қазан хан ға деген жек көрушілігін жасыра алмады. Қазан ханға наразы көш пенділерді Қазаған бек басқарды. Ол өзінің жұлдызды сағатын тағатсыздана күтті. Он жасар Темір ересектердің арасындағы мұндай кикілжіңдерді онша түсіне бермейтін. Оның өз қуанышы мен қайғысы бір басына жетерлік еді. Сайда әжей жиі ауыратын болды. Сондықтан, немересімен шүйіркелесуге мүмкіндігі бола бермейді. Бірде Сайда әжей қатты сырқаттанып үйден шықпады. Бұрынғыдай күншуақта қыздырынуды, көлеңкеде отырып демалуды, салалы саусақтарымен ұршық иіруді қойды. Тартымды әңгімелер баяндауды қойды. Әжей жылы көрпеге оранып, төсек тартып жатып қалды. Бірақ, ауруын айтып, шағынбады. Ешкімге салмақ салмады. Балаларға әжелеріңді мазаламаңдар деп, алдын ала ескертіп қойған-ды. Бірақ, сүйікті немересі ешкімге байқатпай әжесінің көрпесіне қойып кететін. Дымын ішіне тартып, әжесінің сөніп бара жатқан жанарына қарап, сыбырлайтын: – Әже, бұл мен ғой, Темір... Мені кіргізбеді, бәрібір келдім... Естіп жатырсыз ба? Әжесі кейде жұмған аузын ашпайды. Темір осыған өкпелеп қалады. Содан кейін біреудің көзіне түсіп қалам-ау деп қорықпаған ол басқаларға қыр көрсете емін-еркін шығып кетеді. Бір күні таңертең Сайда кемпір баласы Тарағайға үйдегі ересектердің бәрін жина деп бұйырды. Аз уақыттан кейін шағын терезесінен таңғы сәуле әрең себелеген алакөлеңке бөлмеге Тарағай мен оның әйелі Текина қатын, екі ағасы Тәжі мен Фасхи әйелдерімен және тұрмыс құрмаған екі қарындасы жиналды. Балалардың ешқайсысын шақырған жоқ. Оларға дымдарын шығармай, тыныш отыру тапсырылды. Әжейдің бетіндегі әжімдері жазылып, өшуге айналған жанарында әрі суық, әрі айқын нұр пайда болғандай. – Құлындарым, бүгін түсімде, – деп ақырын және анық дауыспен сөз бастаған Сайда әже, – аталарың Қажұлды өңімдегідей көрдім. Ол маған мына жалған өмірмен қоштасып, о дүниеге аттанатын кезің келді дейді. Ал өлгеннің қайтып келмейтінін жақсы білесіңдер, – деді. Әжей көзін жұмып, аз-кем тыныстады. Жаңағы сөзді айту оған көп күш түсірген сияқты. Жиналғандардың қабақтары қатулы. Сондықтан, орнаған тыныштықты ешкім бұзған жоқ.

– Түсімде, – деп сөзін жалғастырды Сайда, – Қажұл маған аян білдірді. Ол былай деді: менің жиендерімнің немесе немерелерімнің бірі мына өмірде хандықты жаулап алады. Халықты бағындырып, үлкен жетістікке жетеді... Әлемдегі барлық патшалар соған бағынады әрі асқан дәулетті иемденеді... Оны жер бетіндегі ең бақытты жан деп есептейді… Ол үшін алтынның құны шаңмен тең... – деді. Тағы да тыныштық орнады. – Қажұлдың аяны мұнымен біткен жоқ, – деді Сайда әже шаршаңқы дауыспен. Әжей тағы да бірдеме айтты... Және бұл өте маңызды еді... Сайда әже түсінде аян берген Қажұлдың соңғы сөздерін айтып үлгермеді. Өйткені, осы уақытта бөлмеге Темір жүгіріп кірген болатын. Ол бағанадан бері есіктің орнына ілінген перденің ар жағынан сығалап тұрып, барлық сөзді тыңдап алған. Үлкендерді итере ентелеген ол жан тапсырғалы жатқан әжесіне ұмтылып, айқайлап жіберді: – Әже! Сіздің айтқан адамыңыз мен ғой! Мен ғой, әже, батыр болатын!... Темір бойын кернеген сезімнің әсерінен булығып, көз жасын төгіптөгіп алды. Жүзінен әлдебір батылдық байқалды. Осы бір күтпеген оқиғаны бақылап отырған үлкендер жақ ашпады. Тек Сайда әжей ғана немересінің жасаураған жанарына тік қарап, сасқалақтағаннан: – Құлыным, Көк Тәңірі қолдасын өзіңді... – деп сыбырлады. Сайда әжей осыдан кейін-ақ әлсірей түсті. Тек бөлменің сұрқай төбесіне бағытталған жанары мен дыбыссыз жыбырлаған ерні кейуананың әлі тірі екенін әйгілегендей еді. Бәлкім, ол Қажұл баба айтқан маңызды сөзді жеткізуге оқталған шығар. Кейуана бір нәрселерді сыбырлап жатыр. Бірақ, дыбыссыз сөздерді есту мүмкін емес еді. – Сен неге есіресің, оңбаған? – деді әкесі ашуға булығып. Көздері ызадан от шашқандай. – Әкетіңдер мынаны... Аулаққа әкетіңдер! Текина қатын баласын қолынан тартып, ренішті дауыспен «жүр, жүр...» деп сыбырлап, есік жаққа сүйреледі. Бірақ, Темір анасының қолынан бұлқынып шықты. Әжесінің үстіндегі шұбар көрпеге жабысып, жанарына қарады. Содан соң: – Әже! Менің болашақта батыр болатыным рас қой! Сен білесің, иә, әже? Ол менмін бе? – деп үздіксіз қайталай берді. Темірдің көз жасы бетін жуды. Ақырында, көнбей жатқан баланы анасы мен апайлары жетектеп алып кетті. Бөлмеде Тарағай, Тәжі және Фасхи ғана қалды. Олар шешелерінің басында біраз отырды. Бірақ, Сайда әже тіл қатпады. Көп ұзамай Сайда әже тыныш әрі жайбарақат ұйқыға кетті. Ал, кешке қарай әжейдің жаны қиналмастан көкке ұшты.

* * * Темірді бұзықтық жасағаны үшін жаза күтіп тұр еді. Себебі, ол жалған дүниені мәңгілікке тастап бара жатқан жанның соңғы аманатын жеткізуіне кедергі жасады. Сайда әже өлер алдында Қажұл бабаның аян еткен сөздерін толық жеткізе алмады. Ол соңғы тілегін айтып, балаларына батасын беріп үлгермеді. Балалары Сайда әжені соңғы сапарға шығарып салды. Тарағай Темірдің қылығына қатты ашуланды. Сондықтан, шаң басқан ескі заттар сақталатын қойма-қораға қамап қойды. Бұрышта матамен қапталған үлкен сәкі тұрды. Бұзық ұл осылай жазаланды. Бұл Темір тағы бір нәрсені бүлдірмесін болмаса қашып кетпесін деген ойдан туған шешім еді. Оның үстіне Темірді қорғаштап, барлық айыптарын жуып-шаятын баяғы Сайда әжесі жоқ. Темір алакөлеңке қорадағы сәкінің үстінде аяғын салбыратып, жер сыпырып отыр. Бұрышта жан-жағы матамен қапталған үлкен сәкі. Бала анда-санда сыртынан мықтап бекітілген есікке жабырқау жүзбен қарап қояды. Ол әкесінің жазасынан гөрі, әжесінің қазасына көбірек қайғыруда. Әкесінің қаталдығынан қорықпайтын. Тек бойында әкесіне деген қарсылық күшейе түскен. Бала жан-жағына барлай көз салды. Ескі қоймаға ол бұрын талай рет кірген. Бірақ, мұнда бірінші рет қамалуы. Сонымен, әкесі жазалағысы келген екен, дегеніне жетті. Темірдің ескі заттар қоқырсып жатқан жерде отыра беруге шыдамы жетпеді. Басында біреу келіп, шығарып алғанша, илікпеспін деп ойлаған. Бірақ, қамауда тұрғанына қанша уақыт өтті. Көмекке келетін ешкім жоқ. Бәрі оның осында екенін ұмытып кеткен сыңайлы. Темір жан-жағына мұқият қарап шықты. Қойманың аласа төбесінің төменгі жағында екі кішкентай терезе бар. Оның бірі торланған. Одан ауа мен жарық еркін кіреді. Сәкінің үстіндегі екінші терезе шаң басқан кендір қаппен бекітіле салған екен. Күн ортасынан енді ауған кез. Әлі жарық болғандықтан, қойманың ішіндегі заттарды анық көруге мүмкіндік бар. Темір бұрыш-бұрышты аралап шықты. Содан кейін қабырғаны беріктігін тексерген адамша ұстап көрді. Қабырғаға қағылған ілмекке көз қарықтырар ат әбзелдері ілінген екен. Әбзелдер уақыт өте келе қарайған күміс салпыншақтармен, түрлі-түсті шашақтармен әшекейленіпті. Қасында безендірілмеген әрі әбден қажалған ер-тоқым. Тағы бір бұрышта бір үйме болып киіз терліктер жатыр. Ілмектерде шаң басқан cу құятын бос сабалар салбырап тұр. Бірнеше қамшы мен ұзын шыбықтар да осы жерге ілінген. Темір аяғының ұшымен көтеріліп, қабырғадағы ат әбзелдерін алмақ болды. Ол өзін аттың үстінде отырған жеңімпаз батырдай сезінгісі келген еді. Бірақ, ер-тұрман ауыр болып шықты. Сондықтан, темір

ілгектен оны алу қиынға түсті. Осы кезде бұрыштағы ыбырсыған терліктердің астында жатқан ескі, жыртылған бір орам киіз текеметті көзі шалды. Бала текеметті шаңға қақалып-шашалып жүріп қабырғаға сүйеп қойды да киіздің үстіне шықты. Ер-тұрманды ақыры алып тынды. Ілгектен сырғып төмен қарай ұшып түсті. Жолында кезіккен «жеңілмейтін батырды» да құлаттыау, әйтеуір. Бірақ ол беті мен иығын сырып өтті. Темір жараланған жерін қолымен сипалай жүріп орнынан тұрды. Шекесі мен бетінен жылымшылап қан ақты. Шаңға батқан ер-тұрман оның сәтсіздігінің куәсіндей жерде жатыр. Нағыз батыр оңай жеңіледі деп кім айтты? – Ескі-құсқы бірдеме! – деп Темір оны жаратпаған сыңай танытып, аяғымен теуіп жіберді. Енді ол қабырғада ілулі тұрған қамшыны алып, ары-бері сілтеді. Содан кейін есікке қарай секірді: – Не? Есіктің жақтауына жабысып... тұрсың ба?.. Қазір қамшымен сабағанда қалай қыңсылар екенсің! Қалай қайқаңдар екенсің, көрерміз! Ол бар күшімен есікті сабалады. Қолы талғанша қамшының астына алды. Бірақ, есік сықырлаған да, шиқылдаған да жоқ. Бұл ойын тез жалықтырып жіберді. Оның үстіне бірге ойнайтын достары да қасында емес. Темір қамшыны жерге тастай сала, иығымен итеріп ашпақ болды. Бірақ, шамасы келмеді. Кенет Темір еркіндікті қатты аңсады! Көз ұшында көрінген көкжиекке дейін созылып жатқан кең даланың төсінде желдей жүйткіген арғымаққа отырып құстай самғауды армандады! Ол ат әбзелдері күміспен, алтынмен апталса деп ойлады... Іштей ер-тоқымының мынау сияқты ескі, әбден тозған емес, керісінше, ою-өрнекпен қашалғанын қалады. Ал, арғымағымның жалы желмен жарысардай көркем, қос бүйірі күн көзіне жылтыраған керім болса деп армандады. Әрі жанымда жүз нөкерім* жүрсе деді. Әжесі айтқандай, бүкіл әлем табанымның астында жатса екен деп қиялдады... Алысқа самғаған қиялының жетегіне ергені сонша, ауызының суы құрыды. Қиялдағаны сонша әжесінің соңғы сөздерін ақырын дауыспен бірнеше рет қайталады. Өз даусына өзі құлақ салды. Бұл әлдебір әдемі әуенді тыңдағандай әсер етті: «Жер бетінің билеушілері оған бағынатын болады... Жер бетінің билеушілері бағынады...» Темір сәкіге малдас құрып отырды да, нөкерлері туралы ойлады. Әлемді жаулап алу үшін жүз нөкер жетер ме екен? Жоқ, жүз нөкер аз болады. Мың нөкер керек! Бірақ, Темірдің қарамағында жаужүрек * Нөкер – атты қызметшілер.

нөкерлер болмай тұр. Әзірге өзі басқаратын бір топ балалардан басқа ешкім жоқ. Қазір олар қайда жүр екен? Неге көмекке келмейді? Кенет сырт жақта абыр-сабыр басталды. Дабырлаған дауыстар естілді. Біреулер қызу айтысып жатыр. У-шу күшейе түсті. Торланған терезенің арғы жағында пайда болған екі қол терезенің темір сымына жармасты. Темір олардың беттерін көрді. – Мидхад! – деген Темір қуанғаннан күліп жіберді. – Темір! – деді Мидхад алакөлеңке қойманың ішінен досын іздеп. – Бұл жерде екенімді қайдан білдің? – Күлсім әпкең айтты. Мидхад терезенің темір торын жұлқылай бастады. – Әкең саған қатты ашулы деді Күлсім әпкең. Сол үшін жазалайтынын да айтты. – Не істеп кеттің? – деді төменнен шыққан дауыс. Темір Раджабты дауысынан таныды. – Терезе шайқала бастаған сияқты, – деп жауап берді Мидхад. Торланған терезе, шынында, қимылдап тұр. Бірақ, оны жұлып алуға баланың күші жетпеді. Оның үстіне, Мидхад терезеге бойы жетпеген соң, досының иығына шығыпты. Сондықтан, кез келген сәтте құлап түсуі мүмкін. Достарының бос әурешілігін көргенде Темірдің шыдамы таусылды. Сәкіге секіріп шығып, екінші терезенің ішіндегі ілгекті жұлып алуға күш салды. Достарының жанында болғаны Темірге қуат берді. Әбден қатып қалған ілгекке жету үшін саңылау іздеді. Бірақ, саусағын қанатып алды. Терезе тым кішкентай. Нығыздап тығылған шүберек қабырғаға жабысып қалғандай қатты екен. Жоқ, мен берілмеймін! Қойманың сыртында достарым тұр... Мен олармен бірге болуым керек! Темір терезеге киіз текеметті сүйреп алып келді. Сөйтті де, киізді терезеге қолы жететіндей етіп орналастырды. Енді терезені Мидхадпен бірігіп жұлқыласа, көздегеніне жететіні анық. Тор біртіндеп әлсіреді. Бала сыйып кетерлік кішкентай терезенің арғы жағында Темірді арман болған азаттық күтіп тұр. Терезенің кішкентай ойығына икемді әрі шағын денесін сыйды руға аз ғана күш салса болғаны. Арада бірнеше уақыт өткенде Темір қораның артқы жағындағы сазды еңісте жүрді. Денесі жырылған, беті кір-қожалақ. Есесіне, Темір өзін жеңімпаз батыр сезінді. Жүгіре-жүгіре ентіккен балалар қалың өскен бір топ түйе жапырақ пен тікенек шөптің жанына келіп тоқтады. Темір жан-жағына барлай көз тікті де, қолымен келесі тұсты сілтеді. Енді олар алаңқайдың арғы жағындағы қабырғасы ғана қалған қираған үйге бет алды. Осында аздап тынықпақ.

– Әкең қатты ұрды ма? – деп сұрады Шағып Темірдің денесіндегі беті әлі қата қоймаған жараны нұсқап. Темір басын шайқады. – Әй, Темір, сарайда отырғанда саған тамақ берді ме өзі? – деп сұрады Сафа. – Ешкім тамақ берген жоқ. Мен тамақ ішпесем де жүре берем. – Су ішпесең де жүре бересің бе? – деді Сафа Темірдің шыдамын тауысып. Раджаб: – Сусыз ешкім өмір сүре алмайды. Темір: – Ал, мен сусыз өмір сүре алам, – деп аяғымен жерді бір тепті. Сәл-пәл ойланған соң былай деп қосты: – Әрине, егер су болмаса. Ал, су болса, көбірек ішіп алып, шөлге шыдап жүре берер едім. – Егер көп су ішсең... Мысалы, бір саба су ішсең... не болатынын білесің бе?.. – деді де, Раджаб күліп жіберді. Темір: – Не болады? – деп қарқылдаған Раджабқа ашулы көзбен қарады. – Не болушы еді? Баратын жеріңе жете алмай қаласың! Раджаб тағы қарқ-қарқ күлді. – Сен не деп тұрсың? Неге жете алмайды, жетеді! – деді Шағып. Ол да дауға араласып кетті. – Мүмкін, сен жете алмассың, ал Темір жетеді! Раджаб: – Қолыңнан келсе, қарныңдағы бір саба сумен жетіп көр! – деп жеңістік бермеді. Бұл Темірдің шамына қатты тиді. – Жүгіріп бара жатқанда бір саба судың жартысын жерге жіберіп қояды! Сосын іш киімін қорғанның сыртында кептіруге тура келеді! – Іш киім кептіретін кім? Мен бе? – деген Темір Раджабқа жақындай берді. – Мен бе?.. Кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білесің бе? – Жарайды енді! Несіне ашуланасың! Мен жәй айта салдым. Қалжыңдағаным ғой. Қолыңды ербеңдете берме, жетер! Темір қос қолымен Раджабқа жармасты. – Мені... барлық патшалар мен адамдардың... билеушісін мазақ қылып тұрсың ба! – Қайдағы билеушіні айтасың? – деген Раджаб Темірдің қолынан сытылып кетуге тырысты. – Сондай! Қандай екенін өзің біліп аласың! – деді Темір. Олар бірін бірі тоқпақтай бастады. Достарды ажыратқанда екеуінің де мұрны қанапты. Балалардың ішіндегі ең ақылдысы – Мидхад. Ол достарды татуластырмақ болды. Раджаб: – Маған неге жұдырық ала жүгірді? – деп ақталды.

– Мені мазақ қылушы болмасын! Мен әміршімін! Бұл туралы Қажұл бабам аян берген... Темір мүдіре сөйлеп, Сайда әжесі өлер алдында айтып кеткен аян жөнінде әңгіме бастады. – Сайда әжеңнің нақ сен туралы айтқанына сенімдісің бе? Оған көзің жете ме? – деп қайта-қайта сұраған Сафа Темірге сенімсіздеу қарады. Темір Сафаның сөзіне ренжіген кейіппен: – Басқа кім болушы еді? – деді. – Әжем мен жөнінде және ең маңызды шаруаны айтқысы келген... Бірақ, мен өзім біліп алдым! – Иә... әрине, – деп қостады Шағып. – Қажұл баба айтса, жәй айтпайды. Бостан-бос аян бермейді. Темірдің күтпеген жаңалығына таң қалғаны сонша, төртеуінің де дымы шықпай қалды. Естігендерін әрқайсысы өзінше түсінді. Темірдің өзі де болған жағдайды ой елегінен өткізді. Бірінші Мидхад сөйледі. – Саған сенеміз. Бізге үнемі жетекшілік еттің. Елді сен билемегенде, кім билейді! Мидхад сөзімді қолдаңдар дегендей достарына қарады. Содан соң тағы қайталады: – Біз бәріміз саған сенеміз! – Сендер маған сенесіңдер ме? Бірақ, бұл аз! – Аз? Басқа не керек? – деді Раджаб кекесінмен. Темір жақын келіңдер дегендей ымдап, жұмбаққа толы дауыспен сыбырлады: – Менің нөкерлерім боласыңдар... Өмірлеріңнің соңына дейін маған адал болуға ант берулерің керек... Керегі осы. – Қалай? – деп қайта сұрады Сафа. Темір: – Менің алдыма тұрыңдар да, ант беріңдер, – деп бұйырды. Бесеуі де орындарынан көтерілді. Темірдің жүзі маңғазданып кетті. – Ант береміз! – деп айқайлады төрт нөкер сиқырланғандай. * * * Сайда әже өмірден озғаннан кейін Темір еркелікпен қош айтысты. Бұдан былай оны ешкім еркелетпеді. Темірдің әкесі мен шешесі өз заманының қатал заңымен күн кешті. Темір он екіге келгенде-ақ жауынгерлігімен және қайсарлығымен ерекшеленді. Садақпен оқ атуды, қару-жарақ қолдануды үйренді. Асау атқа бас білдіруді меңгерді. Темір жасықтар мен жігерсіздерге өктем қарады. Көршілері Темірден аяқ тартатын. Тек баяғы достары ғана оған жетекші ретінде қарап, мойындады. Кезінде құлыптаулы қорадан қашуға көмектескен Мидхад, Раджаб, Шағып пен Сафа Темірге жан-

тәнімен берілген еді. Ал, Темір олардың қарақшылық шабуылдарда бастап жүретін жетекшісіне айналды. Он төртке келгенде Темірден біреулер сескенсе, екіншілері бас иді. Түн қараңғылығы түскенде ол үйде отыра алмайтын. – Әй, Сафа, сол жақ қапталдан кел, ал, сен Шағып, қойларды сайға айда! – деп Темір атының басын тартты. Ол жаңа ғана түн қараңғылығымен көрші ауылдың шетіндегі керең Зубаирдың қаша сынан төрт қойды алып шыққан екі серігін күтіп тұр. Серіктері осы істі тындырып, аттарына қонды. – Мидхад, Раджаб, тездетіңдер! Зубаирдың иті өзі сияқты кәрі. Бөтен адамдардың келгенін кеш сезіп, үзік-созық үріп жатты. Мидхад арғымағын кері бұрып, ер-тұрманға ілінген сөмкедегі сүйекті итке мазақтағандай лақтыра салды. – Неге үресің? Жей ғой! Ит сес көрсеткендей ырылдады. Бірақ, бұдан кейін үрген жоқ. Асыққан төрт атты Зубаирдың үйінің қасындағы сайда қойлардың аяғын тұсаулап тастады. Атқа отырып, жол үстінде тағатсыздана күтіп тұрған бесінші адаммен бірге түн қараңғылығына сіңіп жоқ болды. Олжаларын өздерімен ала кетті. Кәрі ит сүйекті жалап-жұқтап болғасын, тұмсығын аспанға көтеріп, кінәсін сезгендей қыңсылады. Көкжиектен ай қарап тұрды. Ит құйрығын қысқан бойы күркесіне кірді. Тек, аспандағы ай ғана адамдардың тірлігіне таңданып әрі қайғырып, көк жүзінде асықпастан жүзіп бара жатты. Бес салт атты дегеніміз – ересек өмірге енді ғана аяқ басқан жеткіншектер еді. Олжаларын арғымақтарына байлап, ауылдан және жолдан аулаққа кетіп бара жатты. Алдан ай сәулесімен шағылысқан көлшік секілді бұлақ көрінгенде барып, аттарының басын тартты. Асықпастан өзен арнасын бойлап төмен қарай жүрді. Бұлақ суының әсерінен үлкен сайға айналған жерге бағыт алды. Бұл жер қалың өскен тоғайдың ортасында. Сондықтан, сырт көзге көрінбейтін. Жел су бастаған жұмысты соңына дейін жеткізген сияқты. Сай қабырғаларының жылдар бойы желге әбден қақталғаны көрінеді. Көзге байқалмайтын сүрлеу жолмен төмен қарай жүрген аттылар тапқандарын жерге тастады. Мидхад бір қойды шетке апарды да, беліне байланған қанжарын суырды. Өте шапшаң әрі епті қимылдады. Өлімге душар болған мал дыбыс шығармады. Тіпті, ештеңе болмаған да сияқты. Тек, үрей тудырар түнгі қараңғылықта жарқ еткен пышақтың жүзі ай сәулесіндей жылт етті. Пышақ жүзінің қаннан қарайып кеткені байқалды... Тоғайдың жиегінде өткен жылғы құрғақ қамыстан тұрғызылған күрке тұрды. Шағып жылдам басып күркеден қазан алып шықты.

Қамыс-қопа мен бұталардың арасындағы сүрлеу жолға түсіп, суға кетті. Олардың мұнда жиі келіп тұратыны көрініп-ақ тұр. Осында кішігірім той жасауға қажеттінің бәрі табылатын. Раджаб бірнеше тастан тұрғызылған ошақтың басында құрақ ұшып жүр. Сафа сайдың бір бұрышына су тимейтіндей етіп ұқыпты жиналған бір құшақ құрғақ отынды алып келді. Тек Темірдің тыныштығын ешкім бұза алар емес. Жұлдыздарды қызықтап өзімен өзі отыр. Бәлкім, көк жүзінен өзінің тағдыры жазылған жұлдызды іздеп отырған болар... Мүмкін, көз тартар жұлдызды түннің сұлулығына тамсанып, қазір дайын болатын дәмді тамақ туралы ойлаған шығар... – Әй, Темір, неге ойланып кеттің? Болашақтағы атақ-даңқың туралы қиялдап отырмысың? – деді Раджаб от жаға жүріп. Әдеттегідей зілсіз қалжыңдап, Темірді өткір тілімен түйреп өтті. Бірақ, Темірдің біреумен ұрысуға зауқы болмағандықтан күлімсіреп жауап берді: – Жоқ. Бала кезімде ет жейтін уақыт қашан болады екен деп тағатсыздана күтетінмін. Соны еске түсіріп отырмын, – деп көңілдене достарына қарады. – Кішкентай кезімде піскен еттің иісі мұрнымды жарғанда аузымның суы құритын. Етті алып, жейін десем, текеметтен тұра алмайтынмын. Ашуланып, мен күштімін дегендей, айқайға басатынмын. Қыран-топан күлкі Темірді ары қарай қамшылай түсіп, орнынан тұрды. Иығын кербездене жазып, аяғын кеңірек қойып, әңгімесін ары қарай жалғастырды: – Енді етті қиналмастан өзім де таба алам. Қалған төртеуі оны қолдағандай қошеметпен айқайлады. – Менен көрші ауылдардың халқы сескенеді. Несі бар? Бұл жақсы да шығар. Демек, менімен бірге болуға өзім сияқты ержүректер ғана талпынады деген сөз. Төрт нөкер оны тағы қоштағандай көңілдене күлді. – Мен мықтымын әрі күштімін. Аяқ-қолымның күші жеткілікті... Осы кезде аспаннан бір жұлдыз ағып түсті. Түнгі аспанда пышақтың өткір жүзіндей жарқ еткен із қалдырды. Күтпеген жағдайға қарап, Темір үнсіз қалды. Аққан жұлдызды Раджаб та байқады. – Қара, саған аспан да қолдау көрсетіп жатыр! Сен бізге жетекші, ал біз сенімді нөкерлерің боламыз! – Біз саған бала кезде-ақ ант беріп едік қой! – деп жалғастырды Мидхад. – Білем. Сендер маған адал дос болып кеттіңдер, – деп ұстамдылықпен жауап берген Темір жүрегін мазалаған әлдебір үрейді сейілтуге тырысты.

Аз уақыттан кейін бес жігіт бар дүниені ұмытып, аңқаларын жарған еттің иісіне елікті. Бұл әрбір көшпендіге бала кезден таныс иіс еді. * * * Өзенаралығындағы өмір қатты өзгерді. Төрт жыл бұрын Қазаған бектің жұлдызын оңынан тудырған оқиға болды. Кезекті шайқаста өзі өштескен және көшпелі ақсүйектерге жеккөрінішті Қазан ханды өлтіріп тынды. Мәуереннахрдың билігі Қазағанның қолына көшті. Алайда, Қазаған ұлы Шыңғыстың ұрпағы емес еді. Заң бойынша, елді Шыңғыс ханның ұрпақтары ғана билей алатын. Осыған байланысты Қазаған қулыққа кірісті. Ол әмір деген лауазымды иеленді. Ал, билеуші ретінде Шыңғыс ханның ұрпағынан шыққан жасанды хандарды жариялай бастады. Алдымен Данишмендчаны, кейін Баян Кули ханды қойды. Іс жүзінде елді әмір Қазаған басқарды. Оның билігі он екі жылға созылды. Қазағанның билігі тұсында көшпенділер көрші елдерді тонаумен ғана айналысты. Бұны жаңа билеуші қолдады. Тонау, шабуылдау, осы арқылы баю. Қазаған құзырындағы халықтың алдына бұдан басқа мақсат қойған жоқ. Сол себепті де Темір сияқты жас барластарға бұл кәдуілгі өмір салтына айналды. Басында небәрі төртеу болған Темірдің нөкерлері уақыт өте көбейе берді. Нөкерлер көпестердің жүк тиелген керуендеріне шабуыл жасады. Саңырау Зубаир сияқты ауыл-аймақтағы әлсіз көршілерін тонады. Өрісте жүрген малдарды барымталады. Темір жат адамдарға аяушылық танытпады. Ал, достарына келгенде жомарт әрі кеңпейілдік танытты. Жастық жалынмен өмір сүруді қалаған жігіттердің Темірдің қатарына қосылуы да осыдан. * * * Темір тағдыр сынына тап болды. Сол күнгі оқиға шағатай руының барлас тайпасынан шыққан жас жігіт үшін соңғы болуы әбден мүмкін еді. Темір көз жұмған болса, жер бетінде қанша адамның аман қаларын кім білсін? Неліктен тағдыр сол бір қатерлі сәтте Темірдің өмірін қимады? Қыл үстінде тұрған өмірін неге сақтап қалды? Бұл сауалдардың жауабын аспан кеңсесінің құпия қоймаларынан ғана табуға болатын шығар. Темір өзіне нөкер болуды қалаған жігіттерді сынап көруді ойластырды. Жігіттермен бірге кезекті олжаны іздеп, жолға шықты. Күн еңкейіп қалған. Қожа-Илгардан ұзай бергенде арттарынан ат тұяғының дабыры естілді. Бұл үнемі жұптары жазылмайтын Мидхад, Раджаб, Шағып пен Сафа еді. Темір достары барымтадан шаршап келгендіктен,

тынықсын деп тастап кеткен-ді. Бірақ, олар Темірдің кезекті олжаға шыққанын біліп, арғымақтарына қарғып мініп, артынан қуып жетті. Жастар әңгімелесе жүріп, аласа төбелер самсаған ашық далаға бет алды. Күн әлі ұясына батқан жоқ. Ал, түн қараңғылығы барымта жасауға қолайлы уақыт. Күн сәулесі көкжиекке сіңіп кеткенше біраз уақыт бар. Демек, асығудың қажеті жоқ. Оған дейін бес ержүрек жігіт пен жаңадан қосылған төрт жігіт апшыны қуырған ыстық күнді ауыстырған кешкі самалға рақаттанып, алдағы жоспарды талқылады. Көз ұшында көрінген еңісте жайылған бір отар қойға жеткенше біраз жол жүріп өтті. Отар үлкен екен. Біраз олжаға батуға болады деп ойлады. Салт аттылар тоқтап, аз-кем сөйлесті. Қас қарайғанша күту керек деп шешті. Осы кезде ымырт жабыла бастаған еді. Күн көкжиекке батып, түпсіз тұңғиыққа сіңіп бара жатқан. Енді жоспарды іске асыратын кез келді. Темір жаңадан қосылған жігіттердің бірін қойшылардың назарын аударсын деген оймен алға оздырып жіберді. Қалғандары өзімен бірге қарама-қарсы жақтағы төбені байқатпай айналып өтуге тиіс еді. Өзіне сенімді төрт нөкеріне аулаққа барып, күте тұруды бұйырды. Ол жаңадан қосылған жігіттерге өздерін көрсетуге мүмкіндік берді. Күннің соңғы шапағы көз ұшындағы төбенің ұшар басын қызыл түске бояды. Дала түн қараңғылығына ене бастады. Біршама қашық тұрған барымташылар күзетші иттердің үргенін естіді. Иттердің үні бір кез өшті. Демек, қойшылар барлаушыны байқап қалды деген сөз. Қазір иттерді қуып жіберген болу керек. Далада өлі тыныштық орнады. Темір қойшылардың қай тұста тұрғанын анық білді. Олардың саны екі не үшеуден көп емес деп түйді. Ол серіктеріне ақырын бұйрық берді. Аттың жалына жабысып, тебінген жігіттер дыбыс шығармастан отарға қойып кетті. Сөйтті де, қойлардың бір бөлігін алдарына салып айдай жөнелді. Осы кезде иттер тағы үрді. Қойшылардың айқайлаған даусы шықты. Темір дауыс шыққан тұсқа қарай шапты. Барлаушысына шегініп, қашып кетуге мүмкіндік бермек болды. Темір қамшысын аспанға көтеріп, атын шапшытып, желдей жүйткіді. Бұл жоспарды құрған өзі болғандықтан сәтті аяқталатынына сенімді еді. Зәресі ұшқан екі қойшыны жон арқаларынан соғып, қамшының астына алды. Осы сәт Темірдің жүрегінде шаттық оты жалындап жатты. Қолға үйретілген құстың егесінің қолына қонғаны сияқты, Темір бүгін жолым болады деп шешкен. Өйткені, сәтті шабуылға шығарда үнемі осындай күйге түсетін. Қуанғаннан айқайлап жіберді. Айқайы қойлардың маңырағаны мен иттердің үргенін, қойшылардың қарғанған даусын басып кетті. Темірдің үні кең даланы кезіп кеткендей. Атын қамшылап, алға

жүйткіді. Барлаушы Темірдің соңынан ерді. Жаңадан келген үш жігіт өз жұмыстарын мінсіз атқарды. Отардан бөліп алған қойларын Темірдің нөкерлері күтіп тұрған жерге қарай бағыттады. Енді қойларды қосқа қарай тезірек қуу керек. Сәтті шабуылдан қанаттанған жаңа қосылған жігіттер қараңғыда бір-біріне шалыныса қараңғылықта малдарды асқан сенімділікпен айдап бара жатты. – Қалай, Темір, біз өзімізді көрсете алдық па? Нөкерлікке аласың ба? – Оны қойдың етін жеген кезде ойланам! – Тезірек ет жесек екен! Кенет арт жақтан жараланған жолбарыстың ырылына ұқсас ұрандаған дауыстар шықты. Темір өздеріне таяп қалған ат тұяқтарының дыбысын естіді. Артына қарап еді, бастырмалатып келе жатқан қуғыншыларды көрді. Түнгі аспанның әлсіз жарығынан садақпен, найзамен қаруланған бір топ адамды байқады. Барымташылардан әбден қорлық көрген Сеистандағы малшылардың қарулы күзет жалдағанынан Темір хабарсыз. Істің бұлайша насырға шабатынын Темір сезбеді. – Мұнда келіңдер! – деп ызалы дауыспен айқайлаған Темір серіктерін бір жерге жұдырықтай жұмылдырмақ болды. Көмекке достары жетті. Мұқият ойластырылып, жүзеге асырылған істің қиындап кеткені анық. Енді шайқасқаннан басқа амал жоқ. Екі жақтың күші тең келмеді. Тоғыз барымташыда қару-жарақтан үлкен пышақтан басқа ештеңе жоқ. Одан қалса, қолдарына ұстаған қамшылары бар. Ал, күзетшілердің саны он-он бес адамдай екен. Олар аттарын тежеп, садақтары мен жебелерін шайқасқа әзірлей бастаған. Бірінші Сафа құлады. Оның кеудесіне жебе тиіп, ат тұяғының астына түсті. Қорыққаннан шегіне берген жаңадан қосылған жігітке екінші жебе тиіп, желкесін тесіп өтті. Содан соң оқ жаңбырша жауды. Бұл кезде кімнің қайда құлап жатқанын ажырату қиын еді... Темірдің құлағына өлім алдында жатқан достарының ыңырсыған дауыстары естілді. Қамшысын сілтеп, қынынан пышағын суырып алып, қарсыластарына өкіре бас салды. Дәл осы кезде әлдекімнің дәлдікпен лақтырылған қысқа найзасы (сүңгі) оның саусағын қиып түсіп, буынына кіріп кетті. Астындағы арғымағы үріккеннен шегіншектей берді. Үздіксіз атылған бірнеше жебенің бірі Темірдің денесін түйреп өтті. Арғымағы да оқтан құтыла алмады. Енді жамбасының қатты солқылдағанын сезді. Сөйтті де, тұңғиыққа сіңіп жоқ болды. Жарасының жанына батқаны сонша, тамағына өксік тығылды. Арғымағы өзін баса құлады. Айналадағы қараңғылық қоюлана түскен уақыт. Бұл дірілдеген ай сәулесі мен жұлдыздар жымыңдаған түн емес еді. Керісінше, түпсіз ажал қараңғылығы Темірдің үстінде қалықтаған кез болатын.

«Жо-жоқ! Бұлай болуы мүмкін емес! Мен орнымнан тұрып, ұлы
тағдырыммен қауышуым керек. Алда мені атақ-даңқ пен жеңістер
күтіп тұр!.. Өз әміршісімен жүздескісі келген әлем қуаныштан шат-
танып, қорқыныштан қалтырауда!..»

Жас жігіт қозғалмақ болды, бірақ аяқ-қолы өзінікі еместей,
ештеңе сезбеді. Денесінің ауырғанын да елемеді. Тұла бойының
ыстық та дымқыл қара жерге жабысып қалғандай ауыр тарта бер-
генін байқады.

«Әже... бұл қалай? – деп сыбырлады ұйып қалған ернін жыбырла-
тып. – Қажұл баба?..»
Көзінде таңданыс оты жарқ етті де, қайта сөнді. Бұл көріністі еш-
кім көрген де, естіген де жоқ...

Екінші тарау
Мәуереннахр
үшін күрес
«Бек жоқта сен де бексің»

Түркі мәтелі

демі кілемдер төселіп, алқызыл жастықтармен безендірілген

аласа дәліздің дуалдары тамаша бақпен жалғасып жатыр. Күннің батысы бұлбұл құстың мың құбылған әсем әнімен ажарлана түскендей. Әнші құс тұт ағашының ұшар басына жасырынып, сайрап отыр. Күндізгі аптаптан кейін бақ ақырын тербетілгендей. Моңғол ханы Тоғлық Темір – Моғолстанның қожасы. Оның иелігіндегі жерлер Сырдарияның солтүстігіне қарай созылып жатыр. Қазір Тоғлық Темір жұмсақ жастыққа басын сүйеп, жападан-жалғыз. Жан дүниесіне бұлбұлдың сайрағаны да, алдағы түннің жанды жайландырар самалы да әсер етпеді. Хан терең ойдың құшағында. Ондағысы мына бір жайт... ...Мәуереннахрдың билеушісі Қазаған әмір жалдамалы кісі өлтірушінің қолынан мертігіп, биліктен тайды. Одан бері екі жыл өтті. Қазаған Мәуереннахрдың билігін он екі жыл өз қолында ұстады. Осы уақыт ішінде көрші елдерге қарақшылық шабуыл жасап, қан қақсатты. Қазаған әмір мықты адам еді. Көзі кеткелі Мәуереннахрға тегеурінді билеуші керек. Бұл ел бұрынғы даңқынан айырылды. Ұсақ хандықтар бір-бірімен қырқысуда. Олардың ішінде әзірге адасқандарға тоқтау салып, елді жұмылған жұдырықтай біріктіретін лайықты адам табылған жоқ. Қазір Мәуереннахр жел білгенін істейтін бір уыс құм сияқты. Шыңғыстың ұрпағы Тоғлық Темір сол желдің орнында өзі болуға дайын... Бір аптадан соң өз иелігін кеңейту мақсатымен Мәуереннахрға жорыққа аттанды. Хан бұл шешімді алтын өрнекпен кестеленген алқызыл жастыққа жантайып жатқанда қабылдады. Осыдан кейін кешкі бақтан Ә

ескен жан рақаттандырар таза ауаны кеудесін кере жұтты. Кеш бойы қабақ ашпаған ол қоршаған әлемнің сұлулығына қарап жымиды. Хан бағалы сақина тағылған қолын жеміс-жидек салынған күміс табаққа созды. Сосын шабдалыны алып, сүйсіне жеді. Бір аптадан кейін Тоғлық Темір мықты қол жинап, жорыққа аттанды. Оның әскерлері Ходженттің тұсында Сырдарияны кесіп өтті. Ешқандай қарсылықты кездестірмегендіктен, Сырдария мен Әмудария өзендерінің арасындағы кеңістікті басып алды. Кейбір хандар өз еріктерімен берілді. Енді біреулері иеліктерін тастай қашып, Хорасан мен Ауғанстанда бас сауғалады. *** Түн қараңғылығын жамылған екі атты Қашқадариядан Хорасан ға қарай суыт жол жүріп бара жатты. Ересектеуінің асығыс екені сырттан қараған адамға анық байқалады. Ал, оның қасындағы жас жігіт ары қарай бару керек пе, жоқ па дегендей, тартыншақтай берді. Олар біршама жол жүрген соң аз-кем тілдесті. – Неге аяңдап келе жатсың? – деп түсінбеген кейіп танытты қарттау кісі. – Моңғолдың қаршығасы майлы жілікке шүйліккен екен. Басымызды тәуекелге тікпей, қауіпсіз жерге жасырынғанымыз дұрыс шығар. – Аға, сіздің Хорасанға барғаныңыз жөн болар. Әрі бұл тиімдірек. Мен кері қайтып, уәлаятымызды* төнген қауіптен құтқарудың амалын қарастырып көрейін, – деп жауап берді жас жігіт. – Сәті түссе, моңғол ханына қызметке кіріп, иелігімізді қайтарармын. – Бірақ, басыңды қатерге тіккелі отырсың ғой. Әкеңнің әруағының алдында ант бергендіктен, мен сені қорғауға тиіспін. – Аға, маған мұқият қараңыз. Қазір өзімді қорғауға шамам келеді, – деп жұлып алғандай жауап берді жігіт. – Тіпті, бала кезімде де біреудің қамқорлығына мұқтаж болып көрген емеспін. Оның үстіне, сын сағатта қолдап-қорғайтын періштем бар. Бұны тағдырдың өзі дәлелдеді. – Мықты әскерге қарсы жалғыз өзің не істей аласың? Барлық нөкерлеріңді жинаған күннің өзінде Тоғлық Темірді жеңе алмайсың. – Мен жалғыз емеспін. Маған өз нөкерлерімен әмір Хусейн қосылады. – Әмір Хусейн деген кім? Марқұм Қазаған ханның немересі ме? – деп таңданды қарт кісі. – Ол әйелі мен айдай сұлу қарындасын ертіп Мәуереннахрдан кетіп қалған жоқ па еді? *Уәлаят – облыс, иелік.

– Жоқ, аға, – деген жас жігіт Хусейннің қарындасы туралы сөз болғанда күліп жіберді. Жүзі алабұртып кетті. Бақытына орай, түн қараңғы еді. Жұлдыздардың әлсіз жарығынан қарт жігіттің жүзіндегі өзгерісті байқаған жоқ. – Сақ болғайсың, балам, – деп басын шайқады егде кісі. – Ағаң Қажы-Барлас Жаратқаннан сенің амандығыңды тілейді. – Қам жемеңіз, Жаратқан маған батасын берген, – деп кекесін мен күлді жігіт. Сосын екі саусағы кесілген оң қолын жоғары көтерді. – Ақ батаңыз үшін рақмет! Ал, қош болыңыз, аға! – Қош бол, Темір! Аттарын қамшылаған қос атты екі тарапқа қарай асығыс шауып кетті. *** Сарай маңындағы жағымпаздардың мақтау сөзіне масаттанған Тоғлық Темір оңайлықпен келген жеңісін тойлап жатты. Өзінің құдіреттілігі туралы ойлағанда ханның жүрегі ерекше ләззатқа бөленетін. Табақтан бір кесек піскен ет алып, асықпай шайнаған Тоғлық Темір Моғолстан жерін кеңейту туралы жоспарды тыңдап отырған. Себебі, оның Мәуереннахрға жорығы аяқталған жоқ еді. Кейбір иеліктер Тоғлық Темірге бағынудан әлі де бас тартып отырған болатын. Осы уақытта нөкерлер күтпеген қонақты алып кірді. Өз-өзіне сенімді айбынды жауынгер оң аяғын ақсаңдай басып, ішке енді. Жеңіске жетіп, көңілі тасып отырған хан күтпеген қонағын жайдары жүзбен қарсы алды. Қысқа аман-саулықтан кейін жауынгер былай деді: – О, Моғолстанның ұлы әміршісі! Мәуереннахрдағы көптеген иеліктердің билеушілері өз халқын қорғамай, тәрк етті. Ал, кейбіреулері сенің әскеріңді көріп, қорқау қасқырша бет-бетімен қашты. Меніңше, ержүрек жауынгердің қорқаумен бір шепте болғаны жарамайды. Сондықтан, мәртебелі хан, мен сіздің қол астыңызға өтуді қалаймын. Тоғлық Темір күліп жіберді. Сосын маңындағыларды көзбен шолып шықты. Қонақ ханның жауабын шыдамдылықпен күтіп отырған еді. Оның жүзінен «несі бар, егер ханның көңілін көтере алсам, оны кінәлаудың қажеті жоқ» деген ойдың табы байқалды. Жас жігіттің беті бүлк етпеді. – Сен кімсің? Сөзің өткір екен. Бірақ, шын сөйлеп отырғаныңды қайдан білем? – деп кекесінмен сөйлеген хан қонағының көзіне тік қарады. – Егер ұрыс даласында да осындай ержүрек болсаң, менің әскерімде лайықты жауынгер бола аласың.

– Мен Кештен шыққан Тарағай Бахадүрдің баласы Темірмін, – деп

лайықты жауап берді қонақ.

– Әкең де жауынгер шығар? Ол неге менің әскеріме қосылмады?

– деп сұрады күлкісін жасыра алмаған хан. – Мүмкін, менің әске-

рімнің қуатын мойындағысы келмеді ме? Әлде, менің күшімнен
жүрексінді ме?

– Менің әкем ержүрек жауынгер әрі діндар мұсылман болған,

– деп жауап берді қонақ. Темір ханның сөзінен байқалған кекесінді

елемеген кейіп жасады. – Әкемді Жаратқанның алып кеткеніне бүгін
екі ай толды.
Арада үнсіздік орнады. Тоғлық Темір қонағының табандылығын
жоғары бағалады. Іштей құрметтегендей де көрінді. Бірақ, бұнысын

білдірген жоқ.

– Несі бар, баланың әке жолын жалғастырғаны абзал. Саған әскер

қатарына кіруге мүмкіндік берем.
Осылай деген хан жас жігітке қолымен ишара жасады. Қонақ бас
иді де, шығып кетті.
Моңғол ханы сөзінде тұрды. Көп сөйлемейтін батыр жігітті қол

астына алды. Бұған қоса, шағын болса да, байлығы тасыған Қашқадыр
уәлаятын айбынды жауынгердің иелігіне берді. Ханға Қашқадырдың
бұрынғы билеушісі Қажы Барластың жан сақтау үшін Хорасанға
қашып кеткені белгілі еді. Ал, мына айбынды жауынгер Тоғлық

Темірдің алдағы жоспарын іске асыруға көмектеседі. Өйткені, хан
оған лайықты сый-құрмет көрсетті.
Даңққұмар Тоғлық Темір хан сабырлы әрі рухы мықты Кеш бар-
ласының өрлеу жолындағы бірінші баспалдақ болатынын білмеді.

Жас жауынгердің көздегені моңғол қаршығасынан елді арашалап
қалу екенін де сезбеді. Өйткені, Мәуереннахрдың тағына отыру –
жас жігіттің ежелгі арманы. Елде сол үшін қалды.
Енді Темір Кеш пен Несеф қалаларын биледі. Бұл қалалар бұрын

ағасы Қажы Барласқа қарасты уәлаяттың құрамында еді. Темірдің
айбынды жоспары біртіндеп жүзеге аса бастады.
Жас жігіт келесі күні-ақ Тоғлық Темірдің қол астындағы қызмет-
ке кірісіп кетті. Ол түменбасы* болып тағайындалды. Енді Темірдің

қарамағында он мың жауынгері бар.
Темір Тоғлық Темірдің көрсеткен құрметіне риза еді. Бойындағы
туа біткен жетекшілік қасиетін көрсетуге мүмкіндік алды. Те-
мір түмендегі жауынгерлерді жаттықтыру үшін аттан түспеді.

Қол астындағылармен бірге моңғол әскерінің қуатын көрсететін
ұрыстарға қатысты.
*Түмен – он мың сарбаздан құралған әскер.

Аздаған уақыт өткенде Темір ханның сеніміне әбден кірді. Хан шешім қабылдар алдында сонымен кеңесетін болды. Бірде Тоғлық Темір Моғолстанда болып жатқан толқулар туралы естіп, мазасы қашты. Ақырында Темірмен кеңесті. – Бүлікті ушықтырмас үшін ханның Моғолстанға оралғаны дұрыс қой деп ойлаймын, – деді Темір. – Ал, Мәуереннахр ешқайда кетпейді. Мұндай жауап ханға ұнады. Хан әскерімен бірге Моғолстанға аттанды. Мәуереннахрдағы уақытша билік тиісті құжатпен мөрленіп, Темірге қалдырылды. *** Тоғлық Темір өз еліндегі бүлікті басып, бір жылдан кейін Мәуереннахрға оралды. Темір ханның жанында жүрген сымбатты әрі тәкаппар жас жігітті байқап қалған еді. – Мәуереннахрдағы шаруаларды аяқтау үшін ұлымды ерте келдім, – деген хан баласына мақтанышпен көз тастады. Содан соң Темірге қарап, былай деді: – Бұл – Ілияс Қожа. Ел басқаруды Ілиясқа бересің. Ал екеуміз біздің назарымыздан тыс қалған Мәуереннахр жерлерін біріктіру ісін аяқтаймыз. Темір үнсіз бас иді. – Ілияс Қожа әскери істер мен ел басқаруға келгенде осалдау, – деді өз өкінішін жасыра алмаған Тоғлық Темір. Осы кезде алтын сақинасын ары-бері қозғалтып тұрған. – Бірақ, сенің болғаның жақсы болды. Сені билеушінің бас кеңесшісі және әскердің бас қолбасшысы етіп тағайындаймын. Темір бас иді. – Маған қызмет еткендей, ұлыма да адал қызмет етеді деп үміттенемін, – деп хан Темірге бұрылды. Айтылған ұсынысқа қарсы шығуға болмайтынын көзімен ұқтырды. – Ұлым сенің қызметіңді лайықты бағалайды. Сөйтті де, хан баласына мейірлене қарады. Темірдің қуанышы көпке созылмады. Айын оңынан туғызған сәттілік одан теріс айналған сияқты. Мәуереннахрдың жаңа билеушісі Ілияс Қожаның рақымсыз әрі қыңыр адам екендігі білінді. Темір турашыл адамдарды жоғары бағалайтын. Ілияс Қожаның бойында бұл қасиет жоқ еді. Ол мемлекет істерін жүргізуде де әлсіз. Ондай патшаны кім сыйласын? Моңғол ханының баласы – парасат, қажырдан да кенде қал ған жан. Сондықтан, Темір жаңа «қожайынға» қызмет етуді қаламады. Енді Темір уақытының біраз бөлігін әмір Хусейнмен өткізді. Екеуінің көздеген мақсаты да бір. Темір мен Хусейн Моңғол ханын

тақтан шеттетіп, Мәуереннахрдың билігін өз қолдарына алуды жоспарлады. Ал, Хусейннің атасы бір кезде Мәуереннахрды басқарған. Осы үшін Тоғлық Темірмен тайталасуға құқы бар деуге болатын. Хусейннің қарындасы Ұлжай Тұрқан – ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу. Темірдің назарынан бұл да тыс қалмады. Мәуереннахрға билік үшін күресте Хусейнмен одақтас болу оған тиімді көрінді. Ал, Ұлжай Тұрқан Темірдің жүрегін ерекше сұлулығымен баяғыда-ақ жаулап алған... Ұлжай... Темір ондай тұңғиық әрі мөлдіреген жанарды өмірінде көрмеген. Көздері Темірмен тоғысқанда Ұлжайдың жанары тұнық көлдей дірілдейтін. Темір сұлуға жанасып, барқыттай нәзік денесін өз қолымен сезінуді армандайтын. Қыздың жібектей шаштарының аппақ иығына қалай төгілгенін елестетіп, қиялдайды. Екеуі туралы ойласа болды-ақ, тұла бойы өртеніп кететіндей. Бірде Хусейн мен Темір аңға шықты. Олардың арғымақтары қатар келе жатқан. Темір Хусейнге қарындасына үйленгісі келетінін айтты. Бұл – Хусейн үшін қуанышты хабар. – О, туыстассақ, одағымыз да нығаяр еді, – деді әмір Хусейн. Сөйтіп, Темір мен қарындасының некесіне келісімін берді. – Біз бір-бірімізге керек адамдармыз. Егер туыстассақ, мүдделеріміз де жақындай түседі. Ұлжайдың жүрегі болса Темірді алғаш көргеннен жаралы. Бірақ, үйлену тойы туралы естігенде ұялғаннан қуанышын жасырып қалды. Үйлену тойы үш күнге созылды. Жауқазын гүлдей нәзік Ұлжай Тұрқан Темірдің үшінші әйелі болса да, нақсүйері. Оның жарына деген сүйіспеншілігі өмірінің соңына дейін суыған жоқ. Бірақ, Ұлжайдың шырағы аққан жұлдыздай тым ерте сөнді... *** Әскери қолбасшының жұмысы Ілияс Қожаның көңілінен шықпады. Оған бірбеткей әрі қыңыр мінезді ақсақ Темірдің өзіне сенімді адамдарға қарсы келетіні жайлы әңгімелер жетіп жатты. Ілияс Қожаның маңындағылар, негізінен, көшпелі тайпалардан шыққан өзбектер. Олар моңғол әскеріне Мәуереннахрға жорық кезінде жолжөнекей қосылған. Моңғол әскерлері жергілікті халықты ғана емес, дінбасыларын да тонап, жәбір көрсетті. Осы жағдай Темірдің титығына тиді. Сөйтті де, өзге әскери шенеуніктер ұстап, шынжырға байлап қойған жетпіс

адамды тұтқыннан босатып жіберді. Және мұны Ілияс Қожаға жаңа ғана бір жандайшап жеткізген болатын. – Менің асау кеңесшім осы әрекетін қалай түсіндірер екен? – деп қыңырлана сұрады Ілияс Қожа жандайшаптан. – Әміршім, ол тұтқындалған жетпіс адам Мұхаммед пайғамбар дың үмметтері деген сылтау айтты! Қасиетті тектің ұрпақтарын тонауға жол берілмейді деді. Ал, ұстап алып, шынжырлау бұдан да сорақы әрекет екенін жеткізді. – Мұхаммедтің үмметтері? Тым әсірелеп жіберген екен! Ал, ол үмметтер біздің әскердегі пұтқа табынушылардың қасында кім екен?! Ешкім де емес! – деп әр сөзін нықтап сөйлеген билеуші Ховарезмнің патшасы Текел Баһадүр жаңа ғана сыйға тартқан меруерт көзді сақинаны айналдырып қарады. – Пұтқа табынушылар менің әскерімнің қатарында шайқасып жүр. Ал, ақсақ Темірдің пайдасынан зияны көп! Әкемнің тап соны кеңесші етіп тағайындап кеткені қандай өкінішті. Аз болғандай, бас әскери қолбасшылық қызметке бекітті. Әкемнің қателескені анық. Енді сол қателіктің салдарын мен тартудамын. Ілияс Қожа үшін әскердің қандай рудан құралғаны бәрібір. Тек биліктің шайқалуына жол бермей, қол астындағы халықтың арасындағы бүлікке тоқтау салып отырса болғаны. Бұл алымсалықты кедергісіз жинауға мүмкіндік береді. Қалған мәселелерді ойлап, бас қатыратын адам ол емес. Ілияс Қожа «Темір таққа отыруды астыртын армандап жүр» деген әңгімені естігенде қатты ашуланды. – Не деген дөрекілік! – деп айқайлады қорланған Ілияс Қожа. – Жоқ, ардан безген оңбағанға бір шара қолданбаса болмайды... Моңғол ханының мұрагері қауырсынды сиясауытқа батырды да, не жазарын білмегендей маңдайын тыржитты. Сосын қарамағындағы суқаны сүймейтін Темірдің өзіне бағынуды қаламайтынын және бірбеткейлігі туралы жаза бастады. Хат ертесі күні Моғолстанға, Ілияс Қожаның әкесі – Тоғлық Темірге жіберілді. Темірді Құдай сақтады. Моңғол ханы Тоғлық Темірдің жауап хаты Ілияс Қожаға жетпей қалды. Хат Мәуереннахр билеушісінің алдында тұрған күміс табаққа түспес бұрын оның кеңесшісі Темірдің қолына тиді. Темірдің оқу-сызуға сауаты жоқ еді. Керек кезде хатты жанындағы көмекшісіне жаздыратын. Қазір көмекшісі Тоғлық Темірдің құпия хатын оқып беру арқылы қожайынына баға жетпес қызмет көрсетті. Хан құпия хатында баласына мемлекетті басқару ісіне қатысты кеңес бере келе, былай депті: «Қымбатты ұлым! Егер ана көргенсіз

кезінде қанатының астына кімнің алғаны туралы есінен шығарса әрі сені тыңдамай, әуреге салса, қоштаса бер. Қалай қоштасу керектігін өзің де білесің...» Соңғы сөздің қатерлі мағынасын түсінген Темір ойланып қалды. Ол кезінде Мәуереннахрда қалып, моңғол ханына қызметке кірген. Осының бәрі моңғолдар жаулап алған өз елінде беки түсу үшін қа жет болған. Бірақ, Темір жоспарын іске асырып үлгерген. Тоғлық Темір одан құтылу туралы кеңес беріпті. Ал бұл оның жоспарының күлталқанын шығарды. «Енді не істеу керек? Қандай шешім қабылдау қажет?» Ауыр ойдың қамауында қалған Темір асқан ықыласпен Жаратқан ға жалбарына бастады. Бір кез шаршаған болу керек. Көзі ілініп кетті. Түсінде ақ сақалды қарияны көрді. Жанынан өтіп бара жатып қария былай деді: «Өзіңнен күштілердің алдында шегінген дұрыс. Жеңе алмайтын жауыңнан аулақ жүрген жөн. Пайғамбарлар осылай істеген...» Көрген түсіне қайран қалған Темір орнынан атып тұрды да, нөкерлерінің бірін шақырды. – Махмұд! – деп айқайлады. Жаратқанның құдіретті қолдауына сенген оның дауысында батылдық бар. – Нөкерлерімнің бәрін жина, қарулансын. Және Балхқа әмір Хусейнге хабаршы жібер. Өз адамдарын алып, менімен Бадахшанға баратын жолда кезігетін болсын. Бәрін сол жерде талқылаймыз. Темір тағдырдың қалауымен өзіне қарсы ойластырылған зұлымдықтан аман қалды. Өміріне қауіп төндірген Ілияс Қожадан аулаққа кетуді жөн деп шешті. Темір бастаған алпыс атты түн қараңғылығын жамылып, Әмудария өзеніне қарай кетіп бара жатты. Жоқ, Темір қорқаулар сияқты қауіптен басын алып қашпаған. Оның үстіне моңғолдармен шешуші шайқас жүргізетін сәттің әлі тумағанын жақсы түсінді. Темірмен бірге бастан-аяқ тұмшаланған жас әйелі Ұлжай Тұрқан кетіп бара жатты. Әскер Әмударияны кесіп өткенде Ұлжай күйеуінен имене сұрады: – Қайда кетіп барамыз? – Бадахшан тауларына барып жасырынамыз. Көбірек сенімді адамдарды жинайық. Біздің аздығымыз сонша, тіпті, өзімізді қорғауға да шамамыз жетпейді. Ұлжай күйеуінен «Сенімді адамдарды қайдан жинайсыз, сосын олар немен айналысады?» деп сұрағысы келді-ақ. Бірақ, онсыз да қатулы Темірді ашуландырып алмайын деп үнсіз қалды. Темір тауда жасырынып, уақыт соза түсу керек деп шешті. Бұл ұтымды сәтті күту үшін керек. Ол моңғол билеушісінің қыспағынан

шаршаған Мәуереннахр тұрғындары Ілияс Қожаға қарсы бүлік шығарады деп үміттенді. Сонда Темірдің қатарына қазір басын көтеруге қорқатындардың өздері де қосылады. Оған моңғол қаршығасымен өліспей беріспейінше айқасатын адамдар аса қажет. *** Темірдің нөкерлері түні бойы Бадахшан тауларына қарай жылжып отырды. Темір мазасызданып келеді. Ол ары қарай не істейтінін шешкен жоқ. Тезірек Хусейнмен жүздесуді қалады. Мақсаты өзін толғандырған күдік пен үміт аралас оймен бөлісу еді. Анандай жерде аласа таулардың тізбегі көрінді. Осы тұста тақуа Емір-Халалдың жабағы үйі орналасқаны есіне түсті. Темірдің тақуа жөнінде көп естігені бар. Басына мынадай ой келді: данагөй ақсақалдан кеңес сұрап, кіріп-шықса қалай болар екен? Қарияның үрейін ұшырмас үшін нөкерлеріне мен келгенше күте тұрыңдар деп бұйырды. Өзі нөкері Махмұд пен Ұлжайды ертіп, тау бөктеріне еніп кетті. Олар айналадағы тыныштықты бұзбастан жүріп келеді. Ат тұяғы тиген жерден сырт еткен шөптің дауысы да естілмейді. Тақуаның үйін көп іздеп, әуре болған жоқ. Түнгі аспанның жарығынан жал ғыз үйдің сұлбасын аңғарды. Темірдің таңданысында шек жоқ. Тақуа бұлардың келетінін сезгендей, таяғына сүйеніп, күтіп тұр екен. – Амансыз ба, құрметті Емір-Халал! Жаратқан жар болсын, – деді аттан түсе бере Темір ақ сақалды қарияға. Бұл сыпайылық сақ таған кейпі. – Амансың ба, жолаушы! Маған не шаруамен келіп қалдың? – Құрметті Емір-Халал! Маған және менің адамдарыма қауіпсіз жерге жасырыну керек. Мәуереннахрдың жаңа билеушісі – Ілияс Қожаның тіміскі иттері біздің ізімізден қуып келе жатыр. Біз Бадахшан тауларына жасырынғанды қолайлы көріп тұрмыз. Сіздің ақыл-кеңесіңізді тыңдағым келеді... – Сұраған екенсің, жауап берейін... Бадахшан тауларына барма. Тау саған құрылған тұзақ болуы мүмкін. Одан да Ховарезмнің кең даласына қарай аттан. Сол жер саған және сенің адамдарыңа қауіпсіздеу. Ашық далада сендерді кім тауып алады! Темір тақуаға алғыс айтты да, шұғыл жүріп кетті. Бадахшан тауларының қауіпті екенін өзі де сезген. Енді Емір-Халалдың нұсқауын алғасын, соның кеңесіне жүгінетін болып шешті. Бадахшанға қарай біраз жерді шауып өткен Темір Хусейннің шағын әскерімен қосылып, ары қарай бірге кетті.

*** Кең далада басқа түгілі, атты әскерді де табу оңай емес. Ашық далада жел де хабар таратады деп бекер айтылмаса керек. Бірақ, оның рас, өтірігін кім білген? Әйтеуір, біреудің қырағы көзі алыста келе жатқан салт аттыларды байқап қалған. Сосын Ховарезмнің билеушісі Текел-Баһадүрге даланың бір қиырында атты әскер келе жатыр деп жеткізіпті. Билеуші аттылардың кім екенін анықтауға асықты. Мәуереннахр билеушісі Ілияс Қожаның қуғынға ұшыраған әскери қолбасшысының қашып кеткені оған құпия емес. Текел-Баһадүр кідірместен кең далаға өз барлаушыларын жіберді. Олардың міндеті – Темірдің әскерінің нақты қайда орналас қанын білу. Өзі Ілияс Қожаға құпия хабармен шабарман аттандырды. Хабарда мәртебелі билеушінің қашқын қолбасшысы атты әскерімен бірге табылғаны және бақылауда екені айтылған. Шабарман жазбаша бұйрықпен оралды. Онда Темір мен оның жақтастарын жою керектігі көрсетіліпті. Текел-Баһадүр моңғол ханының баласына жағымпазданып қалудың оңтайын тапқанына қуанды. Мың атты әскерді жинады. Сөйтіп, ұрымтал сәтті күтіп отырған Темірді іздеп жолға шықты. Текел-Баһадүрдің атты әскері ашық далада түйілген бұлттай жылжиды. Мыңдаған аттың тұяқ дүбірінен кез келген адам үріккендей еді. Бірақ, Темір сабырлы қалпын бұзбады. Ол қанатын кеңге жайып шауып келе жатқан аттыларды көргесін шұғыл іске кірісті. Өзінің шағын әскерін шабуылға дайындады. Бес бөлікке бөліп, әрқайсысын басқаратын жауынгерлерді бекітті. Әрбір салт аттыда ұзақ қашықтықтан ұрыс жүргізуге қажетті қару – садақ пен жебе салынған қорамсақ бар. Ал, қысқа қашықтықтағы ұрыс үшін сақпандарын сайлатты. Әскери топтың бірін әмір Хусейн басқарды. Темір әскерін қосыннан алысқа, алға қарай оздырды. Қосындағы шатырлардың бірінде сырт көзден тасаланып Темірдің сүйікті әйелі отыр. Темірдің өзі, алдын ала іріктеп алған нөкерлерін ертіп, таяу маңдағы төбеге көтерілді. Екі әскер күш сынасуға бетпе-бет келгенде күн тас төбеге көтеріліп қалған. Текел-Баһадүрдің мыңдаған салт аттылары шабуылды күтіп тұрған Темір мен Хусейннің бірнеше ондаған жауынгеріне дауылдай шүйлікті. Таң қаларлығы, шабуылдағандардың ұрысына тойтарыс берілді. Темір жауынгерлерді бірі екіншісін қорғайтындай шеберлік пен орналастырған еді. Темірдің әрбір жауынгері Текел-Баһадүрдің он жауынгерін сұлатуда. Әрқайсысы жабайы аңдай айқасты. Шайқастан кейін ұрыс даласы мерт болған адамдар мен жылқылардың жансыз денесінен көрінбей қалды.

Мынандай жанкешті қарсылықты күтпеген Текел-Баһадүрдің кері
шегінбеске амалы қалмады. Оның мың жауынгерінен ұрысқа қабілетті
үш жүзі ғана қалды. Қалғандары мерт болған не жараланған. Бұл
Темірдің әскеріне келген шығынмен салыстырғанда орасан көп. Ал,

Темір болса, іріктеп алған жауынгерлерімен ұрысқа қатысқан жоқ.
Бесін намазының уақыты. Күтпеген сәтсіздіктен есеңгіреген
Текел-Баһадүрдің жауынгерлері Жаратқаннан қолдау сұрап, ерек-
ше ынтамен намаз оқуға кірісті. Ұрыс даласының екінші жағын да

Темірдің жауынгерлері Жаратқанға жалбарынып жатты. Жауын-
герлерінің бір бөлігін жоғалтты. Сондықтан, Жаратқанның жебеуі-
не аса мұқтаж.
Текел-Баһадүрдің әскері намаздың аяқталғанын күтпестен Те-

мірдің нөкерлерін тағы шабуылдады. Қатарлары едәуір сирегенмен,
сан жағынан әлі де болса басым келетін. Темір ұрысқа іріктелген
нөкерлерін кіргізу үшін осы сәтті күтті.
Мынадай ерекше ұрысты көргенде таң қалғаннан аспандағы күн

де дымын ішіне тартып, тоқтап қалғандай болды. Темірдің нөкерлері
бірінен кейін бірі мертікті. Ол бірнеше аттының әмір Хусейнді
қоршап алғанын байқап қалды. Дереу досы өжеттілікпен қарсыласып
жатқан тұсқа қарай ойланбастан қойып кетті. Темір ұрандатып келе-

ді. Оның құлақ тұндырар дауысы даланы кезді. Ашуға мінген Темір
әмір Хусейнді қоршаған шеңберді бұзып өтіп, бірнеше жауынгерді
қылышымен сұлатты. Шабуылдаған нөкерлер кейін шегіне берді.
Хусейн ажалдан құтқарып қалғаны үшін алғысын білдіргендей Те-

мірге қарады. Енді олар ызалы арыстандай қатар шайқасты. Бұлары
нөкерлерге қосымша күш беріп, жау әскерінің мысын басты.
Текел-Баһадүр тағдырдың тәлкегіне ұшыратқан ұрыс даласына
өкінішпен көз тастады. Мың сан жауынгерден аман қалғаны жүз

адам. Олардың өзі тауы шағылғандай аянышты күйде. Текел-Баһадүр
тірі қалғандарды жинап алу үшін кері шегінді.
Темір мен Хусейннің әскерінде шайқас соңында он адам және
жеті арғымақ аман қалды.

Әлден уақытта тыныштық орнағанын байқаған Тұрқан шайқас-
тың аяқталғанын түсінді. Әп сәтте жүрегі өрекпіп шатырдың
бір шетінен сыртқа көз тастады. Адамдардың дауысы да, аттың
осқырынғаны да естілмеді. Шыдамы таусылғасын төбеге көтерілген

ол жансыз денелермен көмілген далаға қарап мелшиіп тұрып қалды.
Ұлжай жанарымен Темірді іздеді.

– Ол осында! Ол тірі! – деп сыбырлады өз-өзіне. Ұлжай жақын дап

келе жатқан аттының бірі Темір екенін жазбай таныды. Ұлжай дың
қуаныштан жүрегі атқақтап, Жаратқанға алғысын жаудыра жүріп,
шатырға қайта оралды.

*** Темір мен Хусейн қалған азық-түлік пен керекті заттарды жинастырып, қосынды асығыс тастап, жүріп кетті. Енді олардың ізінен тың күшпен жарақтанған қуғыншылардың түсуі әбден мүмкін еді. Бірақ, қуғыншылар көрінбеді. Ауыр шайқастан Темір мен Хусейн әбден шаршап-шалдықты. Азырақ әскерлерімен Түркістан даласында ілбіп келе жатты. Сонай-ақ, өмірімізде жақсы өзгеріс болады деп үміттенді. Темір Ұлжайды бірге мінгестіріп алды. Ұзыннан созылған дала төсінен аң аулап, қанжығамызды майландырамыз деген ойлары іске аспады. Бүкіл әлемнен шеттетіліп қалған түркімен ауылдарының бірінен екі қой сатып алудың сәті түсті. Бұл аз ғана әскерге аштықтан қалжырап қалмауға көмектесті. Тағы бір жерде олар адасып қалған үш жолаушыны кезіктірді. Жолаушылар әскермен бірге қалғанды жөн көрді. Азық-түлік таусылудың алдында. Бірақ, Темір жолаушыларға ас беріп, тағаммен бөлісті. Келесі күні күн ұясына батып бара жатқанда ыстықтан қалжыраған Темірдің серіктері жолда құдыққа кезікті. Шөлдерін қандырған олар сол жерде ұйықтап кетті. Ертесінде таң сәріден ары қарай жылжи бастағанда, жол-жөнекей қосылған үш жолаушы және үш жылқылары ұшты-күйлі жоқ. Бұл – тоз-тозы шыққан әскер үшін үлкен шығын. Енді бар-жоғы төрт жылқы қалды. Темірге бәрінен Ұлжайдың қалжыраған жүзіне қарау ауыр ти ді. Ұлжайдың жанарында мұң бар. Еріндері жарылған. Ал, үстіндегі киімнің алба-жұлбасы шыққан. Алда не күтіп тұрғаны белгісіз. Азық-түлік жоқ, су жетіспейді. Темір шешім қабылдады. – Ұлжай, сен Самарқандқа барасың. Онда менің әпкем тұрады. Сол сені өз үйінде жасырады. Маған әзір ол жерге баруға болмайды. Ұлжай қорыққанынан аузын да аша алмады. Тек күйеуінің жүзіне жалынышты көзбен қарады. Бірақ, Темір алған бетінен қайтпады. Ұлжайдың қасына сенімді төрт нөкерді қосты, қалған жылқыларды астарына мінгізді. Бір жылқыға екі адамнан мінгесті. Басқа амалдары қалмады. Жол шалғай. Бұл Темір үшін Ұлжайды аш-жалаңаш ертіп жүргенге қарағанда дұрыс шешім болып көрінді. Ұлжай үнсіз жылады. Күйеуін қайтып көре алмаймын деп қорықты. Сөйтті де, керім жүзі күңгірттеніп кетті. Тек жанары бұрынғы нұрын жоғалтпады. – Жылама! Жақында бәрі өзгереді. Содан кейін қайтадан бірге боламыз, – деп әйелін жұбатты Темір. Оның дауысы Ұлжаймен бірнеше күнге қоштасып жатқандай сенімді шықты. Ұлжай көз жасын сүртті.

Темір Ұлжаймен қоштасарда кібіртіктеп қалды. Өзі де жақын
арада жақсы өзгеріс болады дегенге сенді.
Нөкерлермен бірге ұзай берген Ұлжайды көзбен шығарып салған
Темір мен Хусейн қалған төрт жауынгерді ертіп, ары қарай жыл-

жыды.
Шағын түркімен ауылына жеткенде алтауының да кейпі қайыр-
шыдан аумайтын. Бірақ, олар бұл үшін намыстанған жоқ.

– Аллаға шүкір, біз осы жерден тамақ та, су да табамыз, – деп

қуанды Хусейн. – Бірақ, анау қарулы адамдар кімдер? Мүмкін,
жақындаудың қажеті жоқ шығар?

– Түркімендер ғой, – деп жауап берді Темір. – Бізге тиіспейді.

Ілияс Қожаның адамдарынан жасырынып жүргенімізді айтамыз.
Өздерін байқап қалған аттыларға қарсы жүрді. Бірақ, салт атты-
лар суық қарсы алды. Олар Темірдің жауынгерлерінің қару-жа-
рақ тарын тартып алды. Содан соң, қабырғалары саз балшықтан со-

ғылған аулаға алып кірді де, сарайға қамап қойды. Біраз уақыттан
кейін ас-су әкеліп берді. Бірақ, сарайдан шығармады.

– Қожайын кешке келеді. Сосын сендердің тағдырларыңды ше-

шеді, – деді тамақ алып келген адам.

– Біз қайдамыз? Қожайындарың кім? – деп сұрады Темір.

– Махан ауылы. Ал, біздің қожайынымыз – аса құрметті Әли бек.

– Әли бек деген кім? – деп қайта сұрады Темір.

– Әли бек Тшун-Гарбани – жергілікті басқарушы. Ол өте ауқатты

және құрметті түркімен, – деп жауап берген адам неге екені белгі-
сіз, күліп жіберді.
Темір түркімендер суық қарсы алады деп күтпеген еді.
Кеш болды. Шадыр мінез әрі асығыс шешім қабылдайтын Әли

бек Тшун-Гарбани бұлардан кімсіңдер, қайда барасыңдар деп сұрап
жатпады. Қаңғыбастарды құрт-құмырсқа қаптаған терең зындан ға
тастаңдар деп бұйырды. Бұл – ортағасырлық Азияда қылмыскер-
лер ді жазалауда жиі қолданылатын азаптаудың бір түрі.

Темір мен Хусейн үшін күтумен өткен ұзақ күндер және са-
рылтқан түндер басталды.
Жүздері қуарып, сақалдары өсіп кетті. Улы жәндіктер шаққан
терілері жараға айналып, асқына түсті. Бірақ, осындай азапқа

қарамастан, Темірдің тауы шағылған жоқ. Ақырын жылжыған азап-
ты сәттерде ол Құдай туралы ойлады. Күн сайын сан рет қайталап,
дұғасын оқыды:
Сен қараңғы түнді күнге айналдыруға ерікті құдіретсің...

Сен жер бетін аңқыған гүлмен көмкеруге ерікті құдіретсің,
Қиын сәтте көмектесіп, азабымды жеңілдете көр,
Өйткені, сен қиындықтан құтқара алатын құдіретсің...

Бірақ, бір-бірінен айнымайтын күндер мен түндер бұрынғыша жылжып жатты. Азаптан жақында құтыламыз деген үміт біртіндеп сөне берді. Бұлар мына шұңқырда қанша күн өткізді? Мына ауасы сасық зынданда әлі қанша қиындықты бастан кешіреді?.. Бүкіл әлемде ешкімге керек еместей. Темір дұға оқуды жалғастыра берді. Хусейн оның табандылығына қайран қалды. Сен қараңғы түнді күнге айналдыруға ерікті құдіретсің... Хусейн Темірді бір заманда ажалдан құтқарған осы дұға екенін білмейтін. *** ...Бұл Сеистанның маңындағы сәтсіздікпен аяқталған қой ұрлаған қайғылы түнгі оқиға болатын. Арғымақтың астына бастырылып қалған Темір ес-түссіз жатты. Осыны көрген нөкерлер оны мерт болды деп ойлаған. Темірдің айналасында осыдан аз ғана уақыт бұрын қылшылдап тұрған жас жауынгерлердің жансыз денелері шашылып жатты. Қатты жарақаттанып, ыңырсып жатқандарды ызаланған малшылар күрекпен ұрып өлтірді. Олардың ұрыларға деген ашуы ұшан-теңіз болатын. – Өздеріне де сол керек! – Ішек-қарындарын ит жесін! – Ешкім мал ұрлағаны үшін жазасыз қалам деп ойламасын! Сеистандықтар айналасында шашылып жатқан ұрыларды таптап, боқтап-бұралай жүріп ауылдарына қарай шауып кетті. Олар ұрылардың екі жылқысын қоса алып кетті. Темір бірнеше сағат ес-түссіз жатты. Көзін ашқасын денесінің қатты ауырғанына қарамастан, өзін басып қалған өлі жылқының сауырынан бар күшін салып, әрең босанды. Жүруге шамасы келмеді. Жер бауырлап жылжып еді, есінен танып қалды. Қатты шөліркеді. Темір тірі қалуды ғана армандады. Дене күйдірер күн сәулесінің астында ессіз жатқан ол қорғансыз болатын. Бірақ, көзге көрінбейтін әлдебір күш ауық-ауық есін жидырып, алға жетеледі. Ол бір аяғы мен шынтағына сүйеніп, ары қарай жер бауырлады. Жарақат алған оң аяғы қатты сырқырап, жерде сүйретіліп келе жатты. Осы сәт Темір мәңгілік жер бауырлап келе жатқандай көрінді. Әл-дәрмені кеткен ол жерге бетін қойып, дұға сөздерін есіне түсіруге тырысты. Темір ес білгелі әкесі бұл дұғаны Жаратқанға жалбарынғанда айтатын.

Сен... қараңғы түнді күнге айналдыруға ерікті... құдіретсің...
Әкесі осы сөздерді айтып жалбарынды ғой деймін...
Сен... жер бетін... аңқыған гүлмен көмкеруге ерікті құдіретсің...
Көмектесе көр...

Ары қарайғысын есіне түсіре алмады. Бірақ, Жаратқанның өзіне
назарын аударып, көмекке келуі үшін осы сөздердің өзі жеткілікті
көрінді. Басқа ешкімнен қайыр болмады.
Тағы да алға жылжыды. Ісіп-кеуіп кеткен ернімен әлгі дұғаны

қайталап келеді. Кенет алдынан жападан-жалғыз тұрған киіз үйді
байқады. Киіз үйдің қасында көзін қолымен күннен көлегейлеп,
алысқа көз тіккен шалды көрді. Ол Темір келе жатқан тұсқа қарап
тұр екен. Айқайлап, тездетіп көмекке шақыру керек! Бірақ, дауы-

сы шықпады. Ендеше, қол көтеріп, белгі беру қажет! Темір тұла бо-
йын қақсатқан ауруды жеңіп, қанға малынған қолын әрең көтерді.
Шал асып-сасып, таяғына сүйеніп, Темір жаққа тәлтіректеп келе
жатты.

Бұл да Жаратқанның жіберген көмегі.
Темір шынтағын жерден көтеріп, алға қарай асықты... Сөйтті де,
есінен танып қалды.
Ес-түссіз қанша уақыт жатқаны белгісіз. Көзін ашқанда құрақ-

құрақ аспанның қиындылары көрінген биік шаңырақты байқады.
Содан соң, аман екенмін деп шешті. Шал жалма-жан еңкейіп,
қолындағы сусынды аузына тосты.

– Іше ғой, балам. Бұл – дала шөптерінің тұнбасы. Аздап ащылау.

Бірақ, жиіркенбей іш. Сені құтқарған осы емдік шөптен жасалған
сусын. Әлі ұзақ жасайсың. Жаның сірі екен.
Темір шалдың күтімінде бірнеше апта болды. Оның қатты за-
қымданған денесі ақырын жазылып келе жатты. Осыншама көрген

сұмдықтан кейін де Темірдің жүні жығыла қойған жоқ. Ол шалмен
көп сөйлеспейтін. Тек қария өзін аяп, жақын тарта:

– Балам, осында қала сал. Адамдар қатыгез. Мына күйіңмен

қайда бармақсың? Кімге керексің? – деп өзімен қалуға үгіттегенде
күліп жіберетін.
Темір іштей «Әлемдегі ең ұлы адам болғанда бәріне керек бола-
мын» деп ойлайтын. Содан соң:

– Сенің жақсылығыңа жақсылықпен жауап қайтарамын. Кейін-

деу, – дейтін.
Бірде таң ата шал ұйықтап жатқанда Темір денесінің ауырғанына
қарамастан, аса таяққа сүйеніп, кетіп қалды.

*** ...Қазір Темір себептен-себепсіз тұтқынға түсіп, қамауда отыр. Ол Жаратқан осы жолы да дұғамды естіп, зынданның есігін ашады деп сенді. Бірақ, бұл азаптан құтылғанға дейін арада сарылтқан алпыс екі күн өтті. Бірде күн батуға айналғанда Маханға суыт жүрген бір топ атты келді. Олар Әли бек Тшун-Гарбанидің үйінің қақпасын қағып, дауыстады: – Үйдің қожайынына арналған хатымыз бар! Аса құрметті Әли бекке хат келді! Қақпа ашылысымен, аттылар аулаға баса-көктеп кірді. Садақтарын қалың өскен шынар ағаштың көлеңкесінде демалып жатқан Әли бек пен оның көмекшілеріне қарай бағыттады. Артынша тұтқындарды босатуды талап етті. Әли бек үшін бұл күтпеген жа ңалық болды. Зындан бос тұрмасын деп сегіз аптадан бері қамауда ұстап отырған қаңғыбастарға біреу араша түседі деп ойламаған. Әли аттылардың табандылығынан қаймығып қалды. Өз адам дарын Темір мен Хусейнді және олармен бірге қамауда отырған нөкерлерін алып келіңдер деп жіберді. Кенет аулаға тағы бір салт атты кірді. – Аса қадірменді Әли бекке хатым бар! – деп асқан құрметпен сөйлеген ол сөмкесінің аузын шеше бастады. Бұл нағыз шабарманның өзі. Әли бек хатты ашып, жүрексіне оқыды: «Қымбатты інім Әли! Маған белгілі болғандай, біздің мекенде Мәуереннахрдың билеушісі Ілияс Қожаның қуғында жүрген бас қолбасшысы Темір жасырынып жүр. Егер ол сенің алдыңа Құдай айдап келіп қалса, лайықты сый-құрмет көрсеткейсің. Оның атқарған ісі Мәуереннахрдағы әрбір түркіменге белгілі. Ол жағын өзің де білесің. Темір – біздің досымыз. Сондықтан, біздер, түркімендер оған алғыс айтуымыз керек. Ағаң Мұхаммед бек». Осы уақытта аулаға тұтқындарды алып келді. Темір улы жәндіктер шаққандықтан ісіп кеткен көзін әрең ашты. Қалы кілемде отырған ауылдың қожайынына қарап, былай деді: – Әй, Әли бек! Сен ар-намыстан жұрдай болғансың-ау. Болмаса Темір жөнінде ешқашан естімеп пе едің? Сенің қандастарың түркімендерге қаншама рет қол ұшын бердім? Ілияс Қожаның жауынгерлерінің қысымы мен жүгенсіздігінен қорғаймын деп қанша рет араша түстім? Жақсылыққа жасаған сыйың осы ма?!

Әли бектің жүзі қуарып, қалтыраған қолымен хатты ұстап отырған. Ол өзіне бағытталған жебелерге қарап, қысылғаннан міңгірлеп ақтала бастады. Әли бек қатты қателескенін айтып, енді ол кінәсін жуып-шаюға дайын екенін жеткізді. Тұтқыннан босатылғандарға ат мінгізіп, киімдерін ауыстырды. Осыдан кейін жауынгерлер желдей жүйткіп, шауып кетті. Ат тұяғының астынан көтерілген шаң ғана қапырық ауада ұзақ уақыт сейілмей тұрып алды. Біраз жерге барғасын Темір өзінің құтқарушыларына алғысын білдіру үшін кідірістеді. Көмекке келгендер Темірді бұрыннан білетін жанкешті батырлар екен. Олар Темірмен кез келген шабуылға баруға дайын болатын. Құтқарушыларды Ұлжайды Самарқандқа жеткізіп, қайтып келе жатқан Темірдің төрт нөкері ұстап алған екен. Нөкерлер Темірді іздестіре келе, жергілікті халықтан оның Әли бектің тұтқынында жатқанын біледі. Ары қарай Темірді зынданнан босатуға тағдырдың өзі көмектесіпті. Тұтқында өткен азапты күндерден кейін Темірге тынығу аса қажет. Ойын жинақтап, бұрынғы жауынгерлік рухын қайтаруға кірісті. Өзі сияқты әлсіреп, азып-тозған Хусейнмен уақытша қош айтысып, Самарқандтағы үлкен әпкесі Күлсімнің үйіне аттанды. Онда үміт пен күдік аралас уайымға салынып, айдай сұлу әйелі әрі сүйіктісі Ұлжай күтіп отыр. *** Әмірші Ілияс Қожа жігерсіз адам болатын. Сондықтан, өз әскерінің арасында тәртіп орната алмады. Мәуереннахрда моңғолдар мен оларға жорық кезінде жол-жөнекей қосылған өзбектер білгенін істеп жатты. Жергілікті қыздарды алып қашты. Қарсы келгендердің бәрін ұстап алып, шынжырға байлады. Бейбіт халықтың мал-мүлкін тартып алды. Халықтың наразылығы күннен-күнге күшейе берді. Темір қателеспепті. Олардың көпшілігі қырсыз билеушіге қарсы шығуға дайын тұр. Есесіне, қуғында жүрген ақсақ Темірдің халық арасында аты шыға бастады. Оның шағын әскермен мың жауынгерден құралған Текел-Баһадүрдің әскерін жеңгені туралы әңгіме ауыздан ауызға жетті. Осыдан кейін Темір нағыз батырға айналды. Ақыры, Темірдің көптен күткен жұлдызды сәті туды. Қорлыққа ары қарай шыдағысы келмегендер оның әскеріне қосылуды қалады. Көп уақыт өтпей Темір Ілияс Қожаға қарсы шыға алатын үлкен әскер жинап алды. Ілияс Қожа қолынан іс келмейтін билеуші әрі әлсіз қолбасшы болғандықтан, иелігіндегі қалалардан айырылды.

Тіпті, өзі де ел аумағынан тықсырылып шығарылды. Бірақ, әскерін қайта толықтырып, Мәуереннахрды қолға алу үшін қайта шабуылдады. Ілияс Қожаның елге қайта басып кірген кезі болатын. Темір мен Хусейн өз әскерлерін тың күшпен толықтырып үлгермеді. Осыған қарамастан, жау шабуылына тойтарыс бермек. Үнемі жолдары болатын олар сәттілікке ғана сенді. Қарсыластар Шыназ бен Ташкенттің аралығында бетпе-бет келді. Бұл айқас ешқандай дайындықсыз басталды. Бар болғаны, бір әскер екінші әскермен ұшырасып қалды. Сосын ұрыс басталып кетті. Кімнің жеңіске жететіні белгісіз шайқастың қызған шағында жа уын жауды. Жауын біртіндеп нөсерге ұласты. Жердің беті жабысқақ саз балшыққа айналды. Жылқылар жабысқақ қоймалжың балшыққа тайғанақтап, үстіндегі жауынгерлерімен қоса омақасып жатты. Хусейн не істерін білмей Темірге қарады. Ол әдеттегідей дұрыс жол сілтер деп үміттенді. Бірақ, бұл жолы Темір шайқастың барысын өзгертуге қауқарсыз еді. Сәттілік теріс айналды. Қалған әскерді сақтап қалу үшін шегіну керек. Олар ұрыс даласын тастап кетті. Сондықтан бұл жеңіліс халық арасында «балшықты шайқас» аталған. Қуғыншылардан қара үзген Темір мен Хусейн Самарқандқа қарай шегінді. – Енді не істейміз? – деді Хусейн. Әдеттегідей досының тапқырлығы мен ақылына сенім артып. Темір жауап қатқан жоқ. Өйткені, біраз жауынгерлерін жоғалт ты. Ал, жолдарын байлаған табиғаттың қитұрқы мінезі жауынгерлердің мысын басқаны рас. Екеуі Ілияс Қожаның әскеріне қазір қарсы тұрудың мүмкін еместігін түсінді. – Біздің ізімізбен келеді, – деді жабырқаңқы дауыспен Темір. – Және біз оларды тоқтата алмаймыз. Тез арада кету керек. Әйтпе се, әскерден айырыламыз. – Демек, біз қаланы тастап кетеміз бе?.. Темір үнсіз атының жалын сипады да, жүріп кетті. Хусейн соңынан ілесті. Темір мен Хусейн қаланы қорғау үшін бірде-бір әскери жасақ бөлмеді. Әскермен бірге Әмударияны кесіп өтіп, Балх жаққа жол тартты. Самарқанд қорғаусыз қалды. Жатжұрттықтардың әскері Темір мен Хусейннің соңына түсіп, қалаға жақындап келе жатты. Қала өзі не таяған қауіптен селт еткендей. Қарапайым қала тұрғын дарын, қолөнершілер мен қала маңындағы шаруаларды қорғайтын

ешкім жоқ. Ал, қала көшелерін үрей кезіп кетті. Осы сәтте қарапайым халықтың ішінен күш біріктіріп, жақындап қалған моңғолдарға тойтарыс беруге бел буған ержүректер табылды. Жауды күшпен жеңу мүмкін емес-ті. Содан соң қалалықтар қулыққа көшті. Олар алда келе жатқан жауынгерлер қалаға кіргенде алдап қақпанға түсіріп, кенеттен бас салды. Қақпан сарт етіп жабылғанда Ілияс Қожаның әскері бірден екі мың жауынгерінен айырылды! Қала тұрғындарынан мұндай батылдықты күтпеген моңғолдар абыржып қалды. Шегінуге мәжбүр болды. Арада көп уақыт өтпестен моңғол әскеріндегі жылқылардың арасында індет тарады. Мұның себебі белгісіз. Әрбір төрт жылқының біреуі ғана тірі қалды. Бұл ұрыс даласындағы шайқастан да қорқынышты еді. Үмітін үзген Ілияс Қожа Самарқандтан шегінді. Сый да, төлем де ала алмады. Қаланы тонап та үлгермеді. Осындай сәтте оның құдіретті әкесі Тоғлық Темір дүние салды. Сондықтан, қол ұшын созатын ешкім болмады. Соғыста Темірдің әскерінің тегеурініне төтеп бере алмаған моңғолдар Мәуереннахрды біржола тастап кетті. *** «Балшықты шайқастан» кейін айырылысқан Темір мен Хусейн қыс бойы кездеспеді. Хусейн туған елі Балхқа кетті. Темір қысты Кештегі өз үйінде, әйелдері мен балаларының арасында өткізді. Өкінішке орай, Темірдің нақсүйер әйелі Ұлжай Тұрқан ауырып, дүние салды. Ұлжайдың өмірі дауылмен тұтанып, тез өшкен ұшқын сияқты. Темір қайғыға салынды. Ұлжайды сүйгендей ешкімді сүймеп еді. Ұлжай ол үшін аспандағы жарқыраған жұлдызбен тең болатын. Енді оның жаны ынтық болған жұлдыз сөнді. Темір жалғыздықтың азабын тартты. Дүниенің бояуы солғын тартып, айналасын қара түнек басқандай күй кешті. Бірақ, бұл туралы ешкімге тіс жарып айтпады. Өйткені, жан жарасын жүрегінің бір түкпіріне жасырған болатын. Ол отбасының барлық мүшелерімен мейірімді болу керек деп шешті. Қыс бойы балаларының тәрбиесімен айналысты. Ұзақ күттірген көктем келді. Темірдің бойындағы жаугерлік рух оянғандай. Жақында болған оқиғаны талқылау үшін Хусейнмен кездесті. Бұл кезде ел ішін Самарқандтағы көтерілісшілердің моңғолдарды ойсырата жеңгені туралы хабар кезіп кеткен. Бұл жаңалықты естігенде Темір мен Хусейн де абдырап қалды. Оларды жау әскерінің

алдында қорғансыз күйде қалған қала халқының моңғолдарға төтеп бергені таң қалдырған жоқ. Темір мен Хусейнді кезінде өздері басқарған Самарқандтың көтерілісшілердің қолына өткені мазалады. Бұл жағдай екеуіне де қолайсыз тиді. Билікке жету жолында ал дарында пайда болған көптеген қиындықтарды ойлап, қажыды. Енді Темір мен Хусейн билікке кез келген тәсілмен жету керек деп шеш ті. Бұларға Самарқандтағы басшылықты қолға алу маңызды. Самарқандты күшпен болмаса, қулықпен қолға алу керек деп шешті. Қос әмір өзара келіскен соң, нөкерлерін ертіп Самарқанд түбіндегі Канн-и-Гиль елді мекеніне аттанды. Осы жерде жеңімпаздарға құрмет көрсеткен болып, қаладағы көтерілісшілердің жетекшілерін алдыртты. Оларға үлкен сый-сияпат жасады. Сосын өз нөкерлеріне көтерілісшілерді ұстап, дарға асыңдар деп бұйырды. Жетекшілерінен айырылған Самарқанд Темір мен Хусейннің билігіне көшті. Енді олар Мәуереннахрдағы ең ықпалды күшке айналды. Бірақ, олар екеу ғой. Екеуі де елдегі бірінші адам болуды армандады. Хусейн өзін кезінде Қазаған бабасы отырған тақтың мұрагері мін деп есептеді. Ал Темір мұнымен келіспеді. Оның үстіне, Хусейн мен Темірді байланыстырған Ұлжайдың көзі жоқ. Осылайша, кеше ғана адал достасқан жандар қауіпті бақталастарға айналды. Екеуінің арасында пайда болған жеккөрушілік жасырын өшпенділікке ұласты. Хусейн мен Темірге Мәуереннахрдың жері тарлық етті. Темірдің қауіптілігін сезген Хусейн Балх қаласында бекініс салдырды. Бірақ, Темір Хусейннің бұл әрекеті өзіне қарсы бағытталғанын жақсы түсінді. Сосын әскерін ертіп, Балхқа аттанды. Балх қоршауда қалды. Темірдің жауынгерлері қаланың қабырғасын тесе бастады. Төбелерінен тастар мен жебелер жауып жатты. Мерт болғандар мен жараланғандарды жаңа жауынгерлер алмастырды. Шабуыл жалғасты. Балхтың қабырғалары өте берік қаланған. Хусейн сондықтан да қамал жаудың шабуылына төтеп береді деп үміттенді. Бірақ, Темір шыдамдылық танытты. Өз жауынгерлерінің тау болып үйілген жансыз денелерін көргенде бұрынғы досы Хусейнге деген өшпенділігі өрши түсті. Оның үстіне, ең қауіпті бақталасынан құтылу мүмкіндігін жібергісі келмеді. Ақыры, қала қабырғасының бір тұсы осалдық танытты. Пайда болған тесіктен Темірдің жауынгерлері қалаға басып кірді. Не істерін білмей абыржыған Хусейн қаладағы ішкі қамалға жасырынып қалды. – Ақымақ! Мына қабырғалар маған тосқауыл болады деп ойлайды ма екен? – деп кекесінмен күлді шабуылдың барысын мұқият бақылап тұрған Темір.

Дегенмен, ұзақ жасырынудың мүмкін еместігін Хусейннің өзі де
түсінді. Оның бір ғана амалы қалды: Темірге татуласуды ұсыну. Ху-
сейн жасырын есік арқылы Темірге елшілерін жіберді.
Темір алдында еңкейіп тұрған елшіні тыңдап болған соң былай

деді:

– Хусейн татуласуды және өмірін сақтап қалуды сұрады ма? Жа-

райды. Мен оның басына сауға беремін. Бірақ, бұдан басқа ешқан-
дай уәде бере алмаймын. Бар да, оған мендей жеңімпаздың еркін
жеткіз!
Кешке қарай айқара ашылған қамалдың есігінен бірнеше нөке рін

ертіп, Хусейн шықты. Жүзі қуарып кетіпті. Қолында қаруы жоқ.
Хусейн Темір тұрған жерге ақырын басып жылжып келеді. Темір
досының орынтағына жайғасып, ашық аспан астында күтіп отырған.
Темірдің мызғымас жүзінен ойын оқу мүмкін емес-ті. Хусейннің

өмірін сақтаймын деген сөзінде тұра алады ма? Ол жағы беймәлім.
Енді шыдамы таусылған Хусейн жалт бұрылып, қаша жөнелді. Те-
мір жауынгерлеріне қарап, қолын көтерді. Бұл қумаңдар деген бел-
гісі еді.

– Кете берсін. Мен оның өмірін қалдырдым. Қалғаны Алланың

қолында! – деп бәріне естірте айқайлады. Темірдің жасағаны жеңім-
паздың кең пейілін аңғартқандай.
Десе де, Темірдің нөкерлерінің ішінен бір адамның бөлініп,
Хусейннің соңынан кеткенін ешкім байқамады.

Темір Балх қаласын жауынгерлеріне талқандауға берді. Қамал
қираған үйіндіге айналды.
Арада бірнеше сағат өткесін Хусейнді қас жауы Кейхосраудың
өлтіргені мәлім болды. Кейхосрау Хусейннен бір кезде ағасын өл-

тіргені үшін кек алды.
Енді Темірдің Мәуереннахрда қауіпті бақталасы қалмады. Бірақ,
оның билікке келуіне кедергі келтірген бір ғана жағдай бар. Темір
Шыңғыс ханның ұрпағы емес. Бұл мәселені Темір оп-оңай шеш-

ті. Өлтірілген Хусейннің әйелдерінің бірі – Сарай Мүлік ханым
Шыңғыс ханның руынан, сондықтан Темір оны әйелдікке алды. Са-
рай Мүлік ханым ханның қызы ретінде Темірдің бірінші әйелі бол-
ды. Енді Темір билеуші әулеттің күйеу баласына айналды. Осылай

билікке жол ашылды.
Темір Мәуереннахрдың барлық аймақтарының басшыларын жи-
нап, салтанатты түрде таққа отырды. Беліне хан белбеуін байлап,
басына тәж киді.

Отыз төртке келген ақсақ Темір Мәуереннахрдың әмірі деп жа-
рияланды. Оның көк аспандағы жұлдызы бұрынғыдан да қаттырақ
жарқырай түсті.

Үшінші тарау
Өрлеу немесе
бағбанның жолы
«Түсімде биік тауға өрлеп

бара жатыр екенмін»
(Темірдің өмірбаянынан).

аңертеңгі аңшылық сәтті өтті! Әмір Темір дала төсінде жабайы

ешкі мен қоян аулағанды, егер сәті түссе, одан да ірі аңды қанжығасына байлағанды ұнататын. Аңға шыққаннан рахаттанып, тынығып, мемлекеттік істерді ұмытып, серпіліп қалады. Темірдің үзеңгілес серіктері оның барлық ойын-сауықтан аңшылық пен шахмат ойнағанды ұнататынын біледі. Бүгін Темір кең далада құмарынан шыққанша шапқылады. Жанындағы серіктерінің ішінде өзіне жақын бірнеше мырзалар мен бір топ нөкері бар. Әмірдің қанжығасына байланған екі жабайы ешкіні нөкерлер алып келе жатты. Әмір аңшылықтың әсерінен әлі шықпағандықтан аяңдап келеді. Тағы да терең ойдың құшағында. Темірдің ойынан бір адам шықпай қойды. Аты – Тоқтамыс! Жақсылықты білмейтін, өр көкірек жігіт Әмір Темірдің, яғни Мәуереннахр мен оған қарасты иеліктер билеушісінің барлық жоспарын бұзды. Сол арқылы қулығын асырды!.. ...Әмір Темір ел басқарған алғашқы күннен бастап, Мәуереннахр дың тағына отырғаннан кейін-ақ (одан бері он жылға жуық уақыт өтті) Жошы ұлысында* болып жатқан жағдайдың бәрін жіті бақылады. Бұл елде кейде әмірдің де мазасын қашыратын оқиғалар болып тұрған-ды. Ұлыс, оның екі қанаты – Ақ Орда мен Алтын Орда біріккенге дейін Темір үшін аса қауіпті емес еді. Алайда, Ақ Орда билеушісі Орыс хан Алтын Орданы бағындыруды ойластырды. Біртұтас мықты мемлекет құрып, бүкіл Жошы ұлысының ханы болуды қалады. *Ұлыс бұрын Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыға тиесілі болған, оның құрамына Моңғолияның батысына қарайғы, Шағатай ұлысының солтүстік және солтүстік-батысына қарайғы жерлер кірген. Т

Темір осыдан секем ала бастады. Оған мықты әрі қауіпті көршінің қажеті қанша? Әмір Темір ұлыстың екі бөлігінің бірігуіне кедергі келтіретін ұтымды сәтті күтті. Енді тағдырдың өзі қолайлы жағдай туғызғандай. Ақ Орда әмірлерінің бірі – Тойқожа оғлан Орыс ханға қарсы бүлік шығарып, сол үшін дарға асылды. Орыс хан бүлікшіні жазалаған мен, баласы – Тоқтамысқа тиіспеді. Өйткені, ол тым жас еді. Сары ауыз балапанды Ақ Ордада қалдырды. Дегенмен, Тоқтамыс тың қаупі сейіле қоймады, тап қасқырдың бөлтірігіндей әкесін өлтірген дер ден аулақ жүретін. Ордадан екі мәрте қашып кетті. Бірақ, қайтарып алып келді. Үшінші рет Тоқтамыстың жолы болды. Осы жолы шапағат пен қорған сұрап Әмір Темірге келді. Бұл – Темірдің жүрегі қайғыдан қарс айрылған кез. Жиырмаға жаңа келген сүйікті тұңғышы Жахангер дүние салды. Әмірдің осындай сәтте жәбір көрген, әкесіз қалып, қудалауға ұшы раған бозбалаға көмектеспеуі мүмкін бе? Оның үстіне, Тоқтамыс – Шыңғыс ханның ұрпағы, хан тегінен. Темір Тоқтамысты шын көңілімен өз қамқорлығына алды. Жеткіншекке сый көрсетіп, мәпелеп, әлпештеді. Атақты әулеттің бақытсыз баласы үшін бәрін жасап жатқанын ойлағанда Темірдің жүрегі жай табатын. Көп ұзамай әмір тамаша жоспар құрды. Бірде Самарқандтағы сарайдың салтанатты бөлмелерінде Темір жібек кілемнің үстінде моншақпен зерленген жастыққа сүйеніп, Тоқтамысқа шахмат үйретіп отырған. Бағалы ағаштан оюланып тақтада піл сүйегінен жасалған нақышты екі мүсін тұрды. Тоқтамыс зерек болғандықтан, бар ықыласымен беріліп ойнайды. Әрбір сәтсіздігі үшін ашуланғанына Темірдің күлкісі келеді. Онда да қарсыласының ойынға құмарлығын арттыра түсу үшін дем беріп отырады. Ойын кезінде Темір байқатпай негізгі сұраққа ойысты. – Достым, сен жассың, тұла бойың тұнған қуат пен сенімділік, – деп бастады әңгімесін. – Өзіңдей жігіттер атақ, билік пен байлық туралы армандайды. Сенің де арманың сол ма? Темір бозбаланың көзіне мейірлене қарады. – Қазір сенде не бар? Мен берген дүниеден басқа ештеңе жоқ, – деген әмір өкінішпен күрсінді. – Мейірімді әмір, сізге жаудан құтқарып, қамқорлығыңызға алғаныңыз үшін ризамын! – деп Тоқтамыс жарылқаушысына қарады. – Ризашылығыңды бағалаймын. Сыпайылық жастарға жарасады, – деді игі ниетін жасырмаған Темір. – Мені келешегің толғандырады.

Және әкеңнің өлімінен кейін қанша нәрсе жоғалтқаныңды ойлап қынжыламын. – Әкемді өлтіргеннен кейін мен бәрін де жоғалттым... – Бірақ, жоғалтқан жоғыңды қайтара аласың! – Қалай? – деген Тоқтамыстың көзінде сенімсіздік пен әлсіз үміт оты жылт етті. – Мен саған көмектесем! Жоғалтқан байлығыңды қайтаруға ғана емес, бірнеше есе артығымен алуға көмектесем... Менің жоспарым бойынша әрекет етуге дайынсың ба? – Сізді мұқият тыңдап отырмын, қадірменді әмір. Әрбір сөзіңізді орындауға әзірмін! – Дәл осы сөзді естігім келген. Міне, менің жоспарым... Темір қашқын жігітке құпия ойын жайып салды. Ол Тоқтамысты өз әскерін қосып Ақ Ордаға аттандырмақ. Тоқтамыс Темір әскерінің көмегімен Орыс ханнан тақты тартып алуы керек. Осыдан кейін Тоқтамыс Ақ Орданың билеушісіне айналады. Ал Темір оны тәлімгердей бағыттап отырады. – Менің көмегіммен Ақ Орданың тағына отыруға дайынсың ба? – Осы күнге дейін маған бұл туралы армандаудың өзі қиын еді, қадірменді әмір!.. Темір ойластырған жоспарын жүзеге асыруды кідіртпеді. Жоспардың мүлтіксіз көрінгені сонша, ол жақында уысына түсетін олжаны сезді. Бірақ, Тоқтамыс ә дегеннен үмітті ақтамады. Темір оны Ақ Ордаға таққа отырсын деп екі рет жорыққа аттандырды. Екеуінде де Орыс хан бозбаланы әлсіз күшіктей өз жерінен тықсырып шығарды. Енді жорыққа Темірдің өзі аттануды ойлады. Бірақ, биылғы қыс тым қытымыр. Сондықтан, күннің жылығанын күтті. Ал көктемде Орыс хан дүние салды деген хабар жетті. Енді тақты оның балаларынан тартып алуға тура келеді. Олардың әрқайсысы билікке келуді армандап жүрген. Темір шегінбеуге бел буды. – Мен үнемі сөзімде тұрамын, – деді ол Тоқтамысқа. – Бұл жолы да. Не өзгерді деп ойлайсың? Бастысы, мақсат өзгерген жоқ. Бар болға ны, жағдай өзгерді. Сөзінде тұрды. Арада екі жыл өткесін Тоқтамыс Темірдің көмегімен Ақ Орданың тағына отырды. «Ақыры, ойымды жүзеге асырдым-ау! – деп ойлады көңілі тыныш тапқан Темір. – Енді Ақ Ордадан да, Алтын Ордадан да қауіптенудің қажеті жоқ!» Әмір қателесіпті. Арада аздаған уақыт өткенде Тоқтамыс дөрекі мінез көрсетіп, тәлімгерінің нұсқауын тыңдамауды шығарды.

Темір Тоқтамыстың Жошы ұлысының екі қанатын біріктіріп, біртұтас әрі мықты Алтын Орданың билеушісі болуды жоспарлағанын естігенде қатты ашуланды. Әмір бұлай болар деп күткен жоқ еді. Шыңғыс ханның сары ауыз ұрпағы кешегі жарылқаушысының мүддесі мен беделін аяққа таптады!.. ...Ойлар, тағы да ойлар! Әмір терең ойдың құшағында келеді. Өзгелер Темірден озбай, аттарының тізгінін тарта берді. Аңшылар олжаны Самарқанд маңындағы әмірдің әсем үйлерінің біріне алып кірді. Бірақ, аңшылық Темірді Тоқтамыс туралы жабырқау ойлардан уақытша ғана арашалаған сияқты. *** Әмірдің Самарқандтағы сарайы әдемілігі жағынан Мәуерен нахр билеушісінің сәлдесіне тағылған бағалы лағылмен ғана теңесе алатын шығар! Темір ел астанасын жер бетіндегі ең бай және ең әдемі қалаға айналдырамын деп шешті. Ол Самарқандты нығайтып, жаңа ғимараттар салуды бұйырды. Қаланың айналасында берік қорғандар бой көтерді. Мәуереннахрдың түкпір-түкпірінен ғимарат са лып, безендіретін шеберлер мен суретшілерді алдырды. Ең алдымен, ішкі қамал салынды. Бұл ғимаратты көргенде әмірдің сарайына келген жатжұрттық елшілер таңдай қағысады. Бірақ, әдемі сарайда билеушінің өзі жиі бола бермейтін. Әмір дің Самарқандтың түбінде саябағы жайқалған әсем үйлері көп. Әйел дері де осында тұрады. Оның жаны осы жерде ғана тыныш табатын... Бүгінгі сәтті аңшылықтан кейін әмір демалып, серіктерімен көңіл көтеру үшін қала сыртындағы үйлерінің біріне аялдады. Кең бөлменің қабырғасы мен едені өрнектелген, ал қонақтарға арналған бөлмеде жібек кілемдер төселген екен. Әмір маңайындағыларды қызметіне қарай отырғызатын. Атақ-даңқы аздары төменірек, әмірден қашықтау жайғасады. Аспазшылар олжаға түскен аңдардың ұшаларын* жіліктеп, ас әзірлеуге кірісті. Қонақтарға ұзын құмыралардан шарап құйылып, күміс және фарфор табақтарға салынған жемістер қойылды. Темір шарап ішкенді аса ұнатпаса да, мол дастарқанды жақсы көретін. Әдетте, ол тамақтанғанда қонақтар да жақсы тамақтанып, дәстүрді бұзбай, көңілді отыруға тиіс. Темір ұзаққа созылған сары уайымнан жақсы әңгіме тыңдап, серпілуді қалады. Самарқандтан рухани тәлімгері Береке шайықтың *Өлген (сойылған) малдың тұтас еті, бас-сирағы, ішек-қарыны, өкпе-бауыры, терісінен басқасы.

келгенін естіп, қуанып қалды. Шайық жорықтар мен сапарларда Темірмен бірге жүрді. Темір шайықты құрметті орынға жайғастырып, дәмді тағамдар ұсынғаннан кейін, ақсақалмен терең ойлы әңгімесін бастады. – Қымбатты шайық! Сіз менің мемлекет басқарудағы қолдаушы серігімсіз, – деді әмір қарияға құрмет көрсетіп. – Қалай ойлайсыз, дін мен заң үстем болмаған мемлекет қандай болады? Меніңше, ол шатырсыз, есігі мен ілмегі жоқ үйге ұқсайды. Ол үйге ең жексұрын адамның өзі баса-көктеп кіреді! – Көк Тәңірі куә, жер бетінде сенен дана, сенен мейірімді билеуші жоқ, қадірменді әмір! – деді таңданысын жасырмаған шайық. Сосын ақ шалған басын әмірдің даналығы мен мейірімінің алдында иді. – Рас, мен әрдайым қол астымдағыларға әділетті билеуші болуға тырысамын, – деді әмір. Ол шайықтың ойын ары қарай жалғастырды. – Мәселен, Мәуереннахрдағы әрбір әмірдің немесе мыңбасының қарамағына өз күнін көрсін деп бір-бір елді мекеннен беремін. Үш жыл өткесін ол жерге халықтың билеушісіне көңілі толады ма, жоқ па, соны біліп кел деп адам жіберемін. Ауыр алым-салық салып, елді шаршатқан жоқ па? Егер халықтан артық салық алғаны анықталса, жүгенсіз билеушіні келесі үш жылда дымсыз қалдырамын! Ондағы ойым болашақта халқымды тонауға дәндемейтін болсын дегенім! – О! Бұл өз қарамағыңдағы халыққа көрсеткен шынайы қамқорлығың екен, әміршім! – деді толғанысын жасырмаған шайық. Әмір сөзін әрі қарай жалғастырды. – Шектен шыққан сараңдық танытып, дүние жинағандардың байлығын халыққа қайтарып беремін! Осы сөздерге қатты тебіренген шайықтың көзіне жас үйірілді. – Қара қылды қақ жарған әділеттіліктің үлгісі осы шығар! – деп қолын көкке жайды. – Сенің істеріңе қарап ұлы адамның мінезін танимын. – Менің міндетім – мемлекетімде әділетті билік орнату, – деді жандана түскен әмір. – Темірдің мемлекеті нағыз кереметтің үлгісін көрсету керек. Тамаша ғимараты бар қалалар, ғибадатханалар, мешіттер, мектептер! Оқымыстылар, сәулетшілер, көркем өнер шеберлері! Әділетті басшылар мен бақытты халық! Өз иелігімді жаңғыртамын, халық ғасырлар бойы мені ризашылықпен еске алатын болады!.. Қызметшілер жаңа ғана дайындалған ыстық етті үлкен күміс табақтарға салып алып кірді. Содан соң әмір мен шайықтың және тамақ күткен қонақтардың алдына қойды.

– Бірақ осы бір ақылсыз адамдарды бақытқа бөлеу үшін, – деп жалғастырды сөзін Темір, – алдымен бағындыруға тура келеді. Мен де соны істеп жүрмін. Мемлекет мықты болу үшін үлкен болу керек. Мен мемлекетімді көрші елдердің есебінен кеңейттім! Әмудария мен Сырдарияның арасындағы барлық жерлерді біріктірдім, оған Ферғана мен Шаш өңірін, сондай-ақ, бүкіл Оңтүстік Хорезмді қостым! Енді әмір тамақ жей берсеңдер болады дегендей, табақтан бір үзім ет алды. Қонақтар буы бұрқыраған асқа қол созды. Ет желініп, мүжілген сүйектер күміс табақтарға қайта салынды. Оларды қызметшілер тез арада алып кетті. Темір етті асықпастан жеді. Оқтын-оқтын қонақтарына көз тастап, қонақтарының тоқ және көңілді отырғанын байқады. Темірге керегі де осы. Тек Тоқтамыс туралы ой тамаша дастарқан мен отырыстың сәнін бұзып, жанын жегідей жеді. Темір ренішін уақытша болса да ұмытқысы келді. Ас ішіліп жатқанда хабаршы әмірге маңызды мәлімет алып келді. Қалқа өзенінің жағасында Тоқтамыс хан Алтын Орданың қазіргі билеушісі Мамаймен шайқасыпты. Әскері жеңіліс тапқасын, Мамайдың өзі аз ғана әскермен қашып құтылыпты. Тағы да Тоқтамыс! Әмір осылай болатынын білген және қауіптеніп те жүрген. Қазір бар болғаны сәл ғана қабағын шытты. – Несі бар, Тоқтамыс сәтті қадам жасапты, – деді әмір сабырлы үнмен. – Мамайды дәл қазір орыс әскерінен* жеңіліп, есін жия алмай жатқанда ойсыратқаны жөн болған екен. Тоқтамыс орайлы сәтті жібермепті. Темір іштей «Енді оған Ақ Орда мен Алтын Орда бағынады. Ақылынан адасқан хан ұрпағының басына тағы қандай ой келері Жаратқанға ғана аян!» деп ойлады. *** Әмір ұзақ түн мазасыз ойға беріліп, көз ілмеді. Жатын бөлмедегі алтын жіппен зерленген жұқалтым пердеден таңғы сәуле көрінісімен, иығына атластан тігілген кең шапанын іле салып, баққа қарай беттеді. Әмір таңғы бақтың тамаша көрінісін қызықтамақ болды. Әсемдігі кең сарайдай үлкен үйден кем түспейтін бақтың сұлулығына сүйсінбеу мүмкін емес. Бақтың күтімі де жақсы. Ондағы гүлдер мен ағаштар бір-бірімен толық үйлесім тапқан. Жеңіл күркелердің *1380 жыл, Дмитрий Донской Куликово даласында Мамайдың әскерін талқандады.

қашалған торлары шеберлікпен тоқылған шілтерге ұқсас. Шағын көлшіктерде тұп-тұнық су жылтырап жатыр. Осы кереметтің ортасында адам жаны жай табатын. Темір саяжолдардың бірінде ағаштар мен бұталардың ішінде жүрген бағбанды байқап қалды. Қария өсімдіктерді сиқырлағандай, бір өзіне ғана белгілі әрекеттерді жасауда. Темір бағбанның епті әрі сенімді қимылына қарап тұрып қалды. Екі көмекшісі оның нұсқауын қалт жібермей орындап, құрал-сайман ұсынып, кесілген бұталарды аулаққа тасып жүр. Бағбан өз ісін жақсы білетін. Әмір оны қолдағандай, «Мына адам өзінің таңғажайып әлемін жасап жүрген Жаратушыға ұқсайды екен!» деп ойлады. Ол бағбанға жақынырақ келді. Бағбан құрмет көрсете иілді. – Айтшы, – деді Темір бір үйме кесілген жап-жасыл бұтақтарға қарап, – Мына ағаштардың бұталарын не үшін кестің? – Өйткені, олар дұрыс бағытта өспеген. Сондықтан, бақтың көрінісін бұзады, – деп ынты-шынтасымен түсіндірді. – Бақ оның құрылымына негіз болған түпкі ойға сәйкес келу керек. Кейде бүкіл бақтың қайталанбас сұлулығына қол жеткізу үшін көптеген бұталарды құрбандыққа шалуға тура келеді. – Кесілген бұталарды не істейсің? – Қоқыспен бірге өртеймін. Есесіне бақтың таза әрі тамаша күйі сақталады. – Сен жақсы бағбансың, – деді Темір бір үйме кесілген бұтаға қарап ойланып. – Егер осы тамаша бақты бір емес, ондаған бағбанның күтіміне берсе, бақтың сұлулығын он есе арттыра ала ма? Бағбан жауап бермес бұрын тағы иілді. – Егер бір баққа он бағбан жиналса, керісінше, оның үйлесімділігін бұзады, – деді. – Себебі, олардың әрқайсысының әдемілік туралы өз түсінігі бар ғой. Осыны айтқан бағбан қожайынының бұйрығын яки сауалын күткендей иіліп тұрды. Бірақ, бағбанның сөзіне қатты толқыған Темір ары қарай кетіп бара жатты. Оның ойы жұмақтың төріндей мына бақтан әлдеқашан алыстап, әлемді шарлап кетті. «Мына бағбан не деген данагөй еді! – деп ойлады Темір. – Баққа менің әлемді ойлағаным сияқты қарайды екен! Осыдан кейін әлемде үйлесімділік болу үшін не істеу керек екенін анық білем. Әдемілігі жағынан көк аспанмен не теңесе алады? Ол тұтас және мінсіз таза! Адамзат әлемін де мінсіз таза деуге бола ма? Жоқ! Өйткені, әлем сияқты алып «бақты» жасайтын «бағбандар» тым көп. Және олардың әрқайсысы «ағашты өздігінше кеседі».

Баққа бір бағбан, әлемге жалғыз әмірші керек. Көк аспандағы Құдай да жалғыз! Жер бетінде де жалғыз билеуші болу керек. Ол әмірші мен болам! Оқымыстыларды көкке көтеремін! Шеберлерге сый-сыяпат көрсетемін! Ақындар мен әншілерді әлпештеймін! Әлем жалғыз билеушісі бар, бір дінді ұстанатын тұтас мемлекетке айналғанда ғана бақытты болады. Адамдар бұны ешқашан өздігінен түсінбейді!» Темір тәртіпке келтіруге мұқтаж ақылсыз адамзат әлемі үшін жауапкершілік жүгін көтеретінін мақтанышпен ойлады. Жер бетінің болашақ әміршісі, теңдессіз Темір әлемге үндестік алып келеді! Өзі нұсқаған қисық өскен бұтақтың бәрін шауып тастайды! Осы оймен қанаттанған әмір бақтың ішіндегі жолда салтанатпен қадам басып келе жатып, басын тіктеп көтерді. Ақсақтығы да байқалмай қалғандай еді. Темір әскерін жорыққа дайындады. Атты әскер мен жаяу әскер найза, садақ, қылыштарын қайрап, мыс қалқандарын тазалап, жебелерінің мықтылығын тексерді. Темір той тойлауға бір күнін де жоғалтқысы келмеді. *** Көп ұзамай Темірдің әскері жорыққа шықты. Әмір әскерінің қуаттылығымен ғана емес, даңққұмарлығымен де қаруланып, елдерді бағындыру үшін шайқасқа аттанды. Оның қаруы алғырлығы, сақтығы, қулығы мен қатыгездігі еді. Ол көптеген қалаларды осы мінезінің арқасында шайқассыз бағындырды. Темір күрдтер мекендеген Герард қаласының тұрғындарына өмірлеріңді сақтаймын деп уәде беріп, өзіне қаратты. Халыққа үлкен алым-салық салды. Сосын қаланың қашалып жасалған қақпа ларын алып, туған қаласы Кешке апарыңдар деп бұйырды. Хорасан тұрғындарының өз билеушісіне көңілдері толмайтын. Сондықтан Темірге өз еріктерімен берілді. Темір Хорасан билеушісінің тағына ұлы Мираншахты отырғызды. Эльбурз бен Гильтан аудандарының халқы Темірдің әскеріне тегеурінді қарсылық көрсеткен жоқ. Сондықтан, бұл аудандар оңай бағынды. Темір жас кезінде жергілікті малшылардың қолынан қатты мертіккен Сеистан қаласын тонады. Әмір Мазендеранға да ешбір кедергісіз жетті. Бірақ, халықтың қарсылығына тап болғандықтан, бұл мемлекеттің барлық қалала-

рын дауылдай жайпап өтті. Астанасы – Астарабатты талқандаңдар деп бұйырды... Темір Самарқандқа орасан олжамен оралды. Оның қол астындағыларға бөліп беретін байлығы жеткілікті еді. Әмірдің жеңісін Мәуереннахр астанасы бірнеше күн тойлады. Дағыралар тартылды. Қала халқына үлкен теріге салынған тау-тау піскен еттер үлестірілді. Халық әмірге мадақ айтты. Темір осыған қарап разы болды. *** Ойын-сауық аяқталып, өмір үйреншікті арнасына түсті. Темір зеріге бастады. Аңға шығып, шахмат ойнады. Осыдан рақаттанды. Оқымысты адамдармен кездесіп, ұзын сонар әңгіме құрды. Темір соғыс уақытында да, бейбіт өмірде де ережелерді өзі бекітетін. Төрт уәзірі барлық мемлекеттік істер туралы есеп беруге дағдыланған. Темірдің құзырында ерекше тапсырмаларды орындайтын адамдар бар болатын. Олар – Мәуереннахрдың басқа елдермен шекарасында, тіпті өзге мемлекеттің ішінде қандай жаңалық болып жатқаны туралы ақпарат беретін арнайы адамдар мен жасақтар. Кейде Темір Самарқандтың құрылыс алаңдарына барып, жаңа ғимараттардың қалай салынып жатқанын көріп қайтатын. – Самарқанд әлемдегі ең әдемі астана болу керек! – дейтін ол. Шеберлердің көпшілігі жатжұрттық тұтқындардың ішінен іріктелінеді. Темір тұтқындар жақсы жұмыс істесін деп кейде піскен ет беріп тұратын. Әмір бейбіт өмірден тез жалықты. Бірде дінбасы өкілдерінен, ақсүйектер мен әскерилерден тұратын кеңесті шақырды. Содан соң жаугерлік жорықтарды жалғастыратын уақыт келді деп жариялады. Өйткені, оның қырағы көзі Батыс Парсы елі мен онымен көршілес мемлекеттерге түскен болатын. Қол астындағылардан әскерге жорыққа қажетті аттар табыңдар деп талап етті. Әскерилердің барлығы дерлік соғыс уақыты болмаған соң үй шаруасының қамына көшкен еді. Енді оларды жинау науқаны басталды. Әмірдің тағаты таусылды. Өйткені, жасы елуге таяп қалды. Бірақ, ойдағы арманына әлі жеткен жоқ! Әскери жол Темірдің өмір жолына айналды. Жалғыз мақсаты – басқа елдерді жаулап алу.

*** 1386 жыл. Темірдің әскері жат елдерді бірінен кейін бірін басып алып жатты. Жауынгерлер кезекті бір қаланы жаулап алғанда әмір халықты екіге бөліңдер деп бұйырады. Сөйтіп, атақты адамдарды, оқымыстылар мен сәулетші, шеберлерді Самарқандқа аттандырады. Тұтқындардың білімі мен шеберлігі Мәуереннахрдың игілігіне айналатын. Темір жаңа қалаларды басып алғанда жауынгерлеріне басқа да нұсқаулар береді. Мысалы, басып алған қалалардың барлығы бірдей тонау мен зорлыққа ұшырамауға тиіс. Темір мойынсұнып, бас игендерге тиіспейді. Бірақ, қарсылық көрсеткен қалалардың соры қалың! Әмір Темірдің табаны тиген жерлерде көз жасы мен қан көл боп ақты. Ол тамаша әрі үйлесімді болашаққа жетудің басқа жолы бар деп ойламады. Темірдің орасан үлкен әскері Арменияға басып кіргенде қоңыр күз келді. Жауынгерлер кең майдан құрып, дала мен тауға, жықпалдарға жайылып, айналасындағының бәрін тонап, таптап жатты. Жол бойы кезіккен Гарни, Карс, тағы басқа бекіністер талқандалды. Әскердің бір бөлігі Тифлисті басып алу үшін Грузияға таяп қалды. Грузиндер төнген қауіпті алдын ала білді. Тифлисті қорғауды Грузия патшасы Баграт V басқарды. Қалаға жасалған бірінші шабуыл сәтсіз аяқталды. Грузиндер ұрыс ашқандардың бетін қайтарып тастады. Баграт екінші шабуылды күтті. Бірақ, ұрыс болған жоқ. Бұл түн грузиндер үшін мазасыз өтті. Келесі күні Тифлисті басып алуға әскерді Темірдің өзі бастап барды. Олар тағы сәтсіздікке ұшырады. Баграт V Темірдің әскерін үлкен шығынға батырып, кері шегінуге мәжбүрледі. Бірнеше сәтсіздіктен кейін Темір қамалды қоршауға алды. Әмірдің жауынгерлері от лақтыратын қарулар жасады. Содан соң, оларды қалаға жақын орналастырды. Асығыс жасалған қарулар грузиндерді тек мертіктірумен шектелді. Темірге енді қаланы алудың басқа жолын қарастыру керек болды. Артынша жауынгерлерге себеттер мен темір торлар тоқу бұйырылды. Осындай қарулармен әскер мен техниканың бір тобын жауып тастады. Жауынгерлер темірден жасалған қалқанның астымен жылжыды. Ал мерт болғандарды жаңа күшпен алмастырып отырды. Ақыры, қақпаны бұзып, қалаға кірді.

Қала қас қағым сәтте дағыраның тарсылы мен басып алушылардың айқайлаған даусынан тұнып қалды. Тифлис тұрғындарының қарғыс сөздері мен ажал құшқандардың жан айқайы осы шудың ішінде тұншығып жатты. Багратты ұстап, Темірге алып келді. – Дінің қандай? – деп сұрады Темір. – Халқым сияқты мен де христианмын, – деп жауап берді тайсалмастан тұтқын. – Егер менің дінімді қабылдасаң және қол астыңдағыларға мұсыл мандықты қабылдатсаң, халқыңды аман алып қаласың. Осыны ойлан! – деді тәкаппарлықпен жеңімпаз. – Ойланайын, – деді Баграт V. Грузия патшасы амалы таусылғанын түсінді. Темір патшаны 12 мың жауынгер ілестіріп, үйіне жіберді. Патша грузиндерді өз діндерінен бас тартып, мұсылмандықты қабылдатуға үгіттемек. Бірақ, грузин патшасы Темірге жалған уәде берді. Ол баласына құпия түрде қолайлы жерде торуылда деп хат жіберді. Баграт V жасақты таудың тар шатқалына ертіп барды. Осы жерде Темірдің жауынгерлері торуылдап тұрған грузиндердің қолынан мерт болды. Темір алданып қалғанына қатты намыстанды. Қыс өткесін үлкен әскермен Грузияға қайта келіп, халықты аяусыз қырды. *** Парсы еліндегі көптеген қалалар мен князьдіктер Темірге өз еріктерімен берілді. Әмір мұны жақсылыққа жорыды. Бас сауғалап, бағынғандарды Темір тонаған жоқ. Тек алым-салық салды. Қаланы қорғап, ержүректік көрсеткендер қанға бөкті. – «Бағымның» үйлесімділігін бұзатын «бұтақтарды» қырқып тастаймын, – деді Темір ұлы бағбанға еліктеп. Әмір мейлінше көп елді бағындыруға тырысты. Дегенмен, әскер ол қалағандай тез жылжымады. Жаулап алған жерлерде жергілікті тұрғындардың наразылық толқуы бұрқ ете түсті. Темірдің тоналмаған қалаларға салған салығы тым үлкен еді. Бұған халық қарсылық таныта бастады. Әскер арасындағы тәртіп бұзғандарды бұғаулау үшін бір жерден екінші жерге бағыттап отыруға тура келді. Темір бас имегендерді қатыгездікпен жазалады. Исфаһанда тап осындай жағдай орын алды. Темір Исфаһанды бағындырған соң ішкі қамалды сақтап қалды. Мұнысы – жергілікті халыққа көрсеткен құрметі. Осы жерге қала халқынан салық жинау үшін орынбасарын тастап кетті. Бірақ, әмір

қаладан кетісімен, халық бүлік шығарды. Темірдің орынбасарына бас салған ызалы топты жергілікті ұста басқарды. Олар Темірдің тәртіпті қадағалау үшін қалдырған үш мың жауынгерін жайратып салды. Темір осы хабарды жол үстінде естіді. – Рақымсыздар! Менің қайырымдылығымды бағалай алмады, – деді қаһарланып. – Бүлікшілерді қатаң жазалау керек, басқаларға үлгі болсын. Әмір көп ойланбастан әскерін кері қайтарды. Содан соң өз үкімін жариялады: Пайғамбардың ұрпағына тиіспеңдер, қалғандарын қырыңдар! Ертесіне 70 мың исфаһандықтың шабылған басы қала қамалынан лақтырылды. Көшеде қан судай ақса да, ыңырсыған дауыстар естілмеді. Әмірге бұл әлі де аз. Темір осы бір қан сасыған жерден қала маңында әрқайсысы 10 000 адамның бас сүйегінен салынған жеті мұнара бой көтергенде бір-ақ кетті… Ажал құшқан бейбақтардың артында жоқтайтын да ешкім қалмады… *** Темір талқандаған қалаларда мешіттер мен мұнаралар ғана аман қалатын. Әмірдің құдіреті қанды даңқымен қатар өсті. Темірдің жолын Тоқтамыс тағы кес-кестеді! Парсы жеріне соғысқа кеткенде Алтын Орда ханы Мәуереннахрға баса-көктеп кірді. Қалаларды тонап, елдің түкпіріне қарай дендеп ене берді. Тоқтамыстың әскері Бұхара мен Самарқандқа таяп қалған. Осыны естіген Темір қоршауда қалған қалаларға отыз мың әскерімен көмекке ұмтылды. Тоқтамыс жалма-жан шегініп, соғыстан басын алып қашты. Арада тыныштық орнады. Әйтсе де, уақытша ғана еді. Оның Мәуереннахрға шапқыншылығы қайта жалғасты. Әске ри істерге ден қойған Темірдің көңілін осы жағдай бөле берді. Темір қазір Тоқтамыспен соғысудың тиімсіздігін түсінді. Тоқтамыстың империясы Сырдарияның төменгі ағысынан Днестрге дейін, Отырардан Киевке дейін ұлғайды. Енді оны бағындыру оңай болмас. Бірақ, әмірдің қолын басқа да жағдайлар байлап отыр. Тоқтамыстың кезінде сатқындық жасағанын әлі ұмыта қойған жоқ. Темір Тоқтамыс өкінеді, сөйтіп, кешірім сұрайды деп үміттенді. Сондықтан, жағымсыз әрекеті үшін жазалауға асықпады... Тоқтамыстың Мәуереннахрға шабуылынан кейін Темірдің төзімі таусылды. Түні бойы Құдайға жалбарынып шықты. Таңертең кеңес

шақырып, жорыққа шығатыны туралы жариялады. Әмір Алтын Ордаға соғыс ашты. *** Темір Тоқтамыспен бетпе-бет кездесуді көкседі. Оның шөл даламен келе жатқанына үшінші ай. Бірақ, ашық ұрыс жүргізудің сәті түспей-ақ қойды. Тоқтамыс ұшты-күйлі жоқ! Сусыз далада әмір дің әскері шөліркеді. Тамақ жетіспеді. Темір барлаушыларын жанжаққа жөнелтті. Хабарлама естісімен әскерін көрсетілген жерлер ге аттандырып отырды. Бәрібір Тоқтамыс ұстатпады. Әскер ашықты. Соған қарамастан, қолбасшының соңынан ерді. Темір әлсіреген жауынгерлерді тамақтандыру үшін ашық дала да аң аулауға рұқсат берді. Жауынгерлер үлкен шеңбер құрып, іріліұсақты аңдарды аранға* қуып тықты. Аңшылық сәтті өтті. Күн көкжиекке сіңгенде көптеген оттардан шыққан түтін піскен еттің иісімен араласып кетті. Қуғыншыларды дәмді ас күтіп тұрды. Әскер азапты аштықтан құтылды. Бірақ, жауынгерлердің рухы әлсіреген еді. Осыны ойлап, әмір шөл далада өз әскеріне байқау ұйымдастырды. Ол Самарқандта түрлі байқаулар өткізетін. Темір әскерінің алдына салтанатты киіммен шықты. Басында алтынмен және лағылмен әшекейленген дулыға. Қолында әмірдің қуаттылығын әйгілегендей бұқаның басы салынған аса таяғы. Әмір айбынды арғымағымен дағыраның тарсылымен сапта тұрған жауынгерлерін шолып шықты. Ара-тұра кідірістеп, қарапайым сарбаздармен тілдесіп, қару-жарақтарын тексеріп жүр. Темір сарбаздарға олжа иемденетіндерін айтып, ержүрек болыңдар деп рухтандырды. Ал жауынгерлердің еңсесі біраз көтеріліп қалды. Темір Тоқтамысты Еділге дейін қуып барды. Алтын Орда ханы Самара мен Чистополенің арасында Кондурча өзенінде кідірістеді. Енді Темірмен соғысқаннан өзге амалы таусылды. Кең далада ұрысқа әзір екі әскер дымдарын іштеріне тартып, қарама-қарсы тұр. Темір жақтан жауынгерлердің тығыз қатарын бұзып, аласа бойлы Береке шайық алға шықты. Жауға бетін қаратып, дұға оқыды. Содан соң жерден бір уыс топырақ алып, жау тұрған тарапқа ызалана лақтырып жіберді. – Жеңіліс тауып, сорлап қалыңдар! – деді шайық. Бұл сөзді екі тарап ұрыс басталды деген белгі деп қабылдады. Темір қуатты екі жүз мың әскерімен Тоқтамыстың әскеріне тап берді! Қарсыластарының қуғынынан қажыған Тоқтамыстың жауынгерлері ашына шайқасты. Кімнің басым түскені біршама уақыт *Аран – аң аулау үшін іші темірден жасалған кең қоршау.

білінбеді. Артынша Тоқтамыстың жауынгерлері жеңіле бастады. Олар біраз жер шегінгендіктен, әскери рухын жоғалтып алды. Алдыңғы шептегі аттылар қарсыласып бақты. Бірақ, тойтарыс берілді. Тоқтамысты көз алдарынан жоғалтып алған жауынгерлер мертікті деп ойлады. Бұл жағдай одан әрі үрей туғызды. Ұрыс қызған шақта туды ұстаған сарбаз оны құлатып алды, өзі де шаңға омақасты. Мұны көрген Тоқтамыстың сарбаздары меселдері қайтып, бытырап қашты. Тоқтамыс әскерінің бет-бетімен бытырағанын қорқынышпен бақылады. Темірдің қолына түспес үшін ұрыс даласын тастап, бой тасалады. Темір жеңілген ханды қуған жоқ. Қатты қалжыраған жауынгерлеріне демалыс керек. Темір сөзінде тұрды. Жеңіске жеткесін сарбаздарға бай олжа үлестірді. Олжа дегеніміз – алтын, бағалы тастар, мал-мүлік, күң, т.б. Темір сарбаздарына тыныстауды бұйырды. Ұзақ түндер мен күндерге ұласқан ойын-сауық басталды. Думанды перідей сұлу тұтқын қыздар қыздыра түсті. Әмір Самарқандқа оралғасын жеңіс тойын астана тұрғындарымен бірге жалғастырды. *** Алайда, Темірдің Тоқтамыспен қақтығысы мұнымен біткен жоқ. Алтын Орда ханы жеңілісін мойындамады. Сондықтан, Темірмен шайқасу үшін жаңадан қол жинады. Темір кезекті жорығымен Парсы еліне аттанғанда Тоқтамыс ізінен жүріп отырып, бағындырған қалаларды тонады. Тоқтамыстың қыңырлығына қайран қалған Темір татуласу туралы хат жіберді. Хатқа Тоқтамыс дөрекі жолдаумен жауап берді. Татуласудың мүмкін еместігін түсінген Темір тағы да Тоқта мыстың соңына түсті. Екеуі Теректің жағасында кездесті. Тоқтамыс Темірді тар шатқалда қақпанға түсірем деп ойлады. Темір оның қулығын асырғысы келгенін байқап қойды. Тоқтамысқа ашық жерде шайқасуға тура келді. Көктемнің осыдан аз ғана уақыт бұрын құлпырып тұрған таңы қас қағым сәтте тозаққа айналды. Жебелердің жаңбырша жауғанынан күннің көзі көрінбей қалды. Жауынгерлер ажалды жекпе-жекте айқасты, бір-бірін сұлатып, өлгендердің денесін таптады. Екі тарапқа да ауыр тиген шайқас үш күнге созылды. Тоқтамыс бұрын-соңды жүрегі дауаламаған шешімге келді. Ол Темірді

әскерінен бөліп әкетіп, өлтіріңдер деп бұйырды. Қосымша күшті басқарған Темір аз ғана жасақпен негізгі әскерден бөлініп қалғанын байқамады. Өзіне жау сарбаздарының жақындағанын көргенде қылышын суырып алды. Әмір қатардағы жауынгерлердің артына тығылмастан, ызалана шайқасты. Бір сәт тығыз шеңбер құрып, қоршаған жау тегеурініне төтеп бере алмастай көрінді. Енді көмек дер кезінде келеді деп үміттенбеді... Темір қорыққан жоқ. Өйткені, жүрегінде қарсылық рухы өшпестей жалындап тұратын. Егер Жаратқан жанын алғысы келсе, осы шайқаста, Тоқтамыс сияқты қорқау күшіктің қолымен алмасын деп тіледі. Жаратқан ием мұндай масқарадан арашалай гөр! Ол бар ынтасымен Құдайға жалбарынды. Кенет тым жақын жерден шайқас даласын тілгілей ұрандаған таныс дауыс естілді. Шабуылдағандардың шеңберін бұза-жара елу сарбаз көмекке келе жатты. Темір шаттанды. Жаратқан тағы да ажалдан қалқалап қалды! Темір қоршаған жау күшін кері ысырып тастап ары қарай шайқасты. Осы ұрыста Жаратқан жар болады деп сенді! Темірді құрықтау туралы жоспарының іске аспай қалғанын көргенде Тоқтамыстың зәресі ұшты. Содан соң тап өткен жолғы дай ұрыс даласын асығыс тастап кетті. Ал қолбасшысыз қалған әскерлері тағдыр тәлкегіне ұшырап, толығымен талқандалды. Темір үлкен жеңістен кейін баласы Орыс ханды Алтын Орданың билеушісі деп жариялады. Темір үшін Тоқтамысты жеңудің мәні зор еді. Тоқтамыс сияқты рақымсыз, қауіпті әрі үнемі ойын мазалайтын жауынан ақыры құтылды. Тоқтамыстың бір жерде бой тасалап жүргені анық. Бірақ, бұрынғыдай қуатты емес. Әмір жорығын жалғастырды. Орыс жеріне дейін барып, Елец қаласын талқандап, өртеді. Бірінің артынан бірі келген сәттілік Темірді Мәскеуге жетеледі. Бұл жолы бойындағы ашынған жаулаушыдан ақылды қолбасшылық мінезі басым түскендей. Қыс таяп келеді. Темір қуатты әскерді солтүстікке бастап барудың қолайсыздығын түсінді. – Орыстың қытымыр қысына ұрындырып, әскердің басын қатерге тігудің қажеті қанша? – деп ойлады. – Әлі бағындырылмаған мемлекеттер оңтүстікте де аз емес қой? Әскерін кері қайтарды. *** Бірде әмір қала сыртындағы үйінің тамаша жатын бөлмесінде ұйықтап жатқанда түс көрді.

Көкорай шалғында семіз сиырлар жайылып жүр екен дейді. Темір болса, сиырларды кезек-кезек сауып жүр. Таңертең Темір кеңесшісі Береке шайықтан түсін жорып беруін сұрады. – Көрген түсіңе қарағанда, байлығың көптеген есе артады екен, – деді басын изеген шайық. Сөйтті де, тылсым құбылыстардың тереңіне сүңгігендей кейіп жасады. Бірнеше күннен кейін Темір Үндістанға жорыққа жиналды. Ал көрген түсі сапарын жақсыға жоруға мүкіндік берді. Демек, алда оны оңай жеңіс пен бай олжа күтіп тұр деген сөз. Темір оңтүстікке бет алды. Әскері қиял-ғажайып Үндістанның жеріне сенімділікпен қадам басты. Үнділердің діні басқа, сондықтан оларға рақымшылық жасаудың қажеті жоқ деп ойлады. Жеңілмейтін әскер Мератх қаласының берік қамалын басып ал ды. Үндістанның гүлденген қалаларының күл-талқаны шықты. Халық аяусыз өлтірілді. Темірдің әбден шыныққан сарбаздары соры қалың жұртты оңды-солды сұлатты. Тұтқынға түскен әйел дер мен балалар өлік басып, судай аққан қанды қорқынышпен кешті. Өлексенің сасық иісі ауада тұрып қалды. Іріп-шіріген мәйіттер ден індет таралуы әбден мүмкін еді. Сарбаздар үшін де қауіпті. Темір әскерін Үндістанның астанасы Делиге алып баруға асықты. Бірақ, әмірді мазалаған ой бар. Оның әскері жүз мыңдаған тұтқынды өздерімен алып жүруге мәжбүр. Мәйіттер барлық жерде тау-тау болып үйіліп жатқандықтан, енді өлтірудің қажеті жоқ. Тұтқындар шайқас бастала қалса, қашып кетіп, қаланы басып алуға кедергі жасайды. Темір қаланы қоршауға алғанға дейін тұтқындарды өлтіріңдер деп бұйырды. Басқа амал жоқ. Сарбаздар бұйрықты орындауға кірісті. Бір сағатқа созылған жан түршіктірер кескілеу мен айқай дан кейін бәрі тынды. Дели қамалының айналасын құлақ тұндырар ты ныштық орнады. Әбден шаршап-шалдыққан сарбаздар алдағы соғысқа кедергі келтірмесін деп жансыз денелерді аулаққа тасыды. Кенет қаланың қақпалары айқара ашылды. Талайды көрген ұрысқа дайын сарбаздардың алдында таң қаларлық көрініс пайда болды. Бұл – Дели басшысы Махмұдтың ұзыннан-ұзақ сап түзеген пілдерден құралған әскері. Алып жануарлар қимылсыз тұрған Темірдің әскеріне қарай жылжып келеді. Жеңілмейтін жауынгерлер мұндай сұмдықты өмірлерінде бірінші рет көрді. Олардың қатарын үрей кезіп кетті. Біреулері таяп

қалған құбыжықтан қашуға талпынды. Ендігілері қорыққаннан тізерлеп, бетін жапты. Көптеген сарбаздар біз бейкүнә жандарды өлтірдік, сол үшін Құдайдың қаһарына ұшырадық деп шешті. Бұрын-соңды көрмеген қорқынышты жануарлардың үстінде қарулы жауынгерлер отырды. Пілдер жақындаған сайын бұрын жүрексінуді білмеген әскердің зәресі ұшты. Темірдің алдыңғы шептегі әскері артта тұрғандарды тықсыра кері шегінді. – Кері қайтыңдар! – деген дауыс үрейленген сарбаздардың төбесінен ұшып өтті. Олар бұзылған сапты қалпына келтіре бастады. Темір жағдайды тез бағамдады. Сондықтан, басталмай жатып жеңі ліспен аяқталуы мүмкін шайқастың нәтижесіне әсер ететіндей бұйрық берді. Темірдің нөкерлері өркештері бір шоғыр шөппен маталған түйелерді алып келді. Шөпке от қойып, түйелерді таяп қалған пілдерге қарсы айдады. Темір қателескен жоқ. Оттан қорыққан пілдер үстіндегі адамдардың бұйрығына бағынудан қалды. Әскер алға қарай ұмтылды. Үшкір найза, өткір жебелер пілдер мен қала қорғаушыларға қарай ұшты. Жалт-жұлт еткен қылыштар біреулерді сұлатып, екіншілерін мертіктірді. Жараланған пілдер үстеріндегі адамдарды лақтыра осқырынып, өз адамдарын да, жатжұрттықтарды да таптады. Жарақат алып, қиналған жануарлардың өкіргені жан түршіктірер керней дауысындай ұрыс даласын кезіп кетті. Құбыжықтай көрінген пілдердің де осал жері бар екенін түсінген Темірдің сарбаздары қайта қатуланды. Үнділердің қолбасшысы Махмұд әскерінің көз алдында жеңілі ске ұшырағанын өкінішпен бақылап тұрды. Дегенмен, үнділер өз қаласын ержүректікпен қорғаған еді. Олардың барлығы қуатты Темір әскерінің соққысынан мерт болды. Ал әскерсіз қалған Махмұд қалаға кеп тығылды. Шабуылдағандар оның соңынан қуып, қорғаусыз қалған қақпаға лап қойды. Үнді астанасының көшелері мен алаңдарын басып алды. Дели қаласындағы тонау мен зорлық-зомбылық үш күнге созылды. Мұны сөзбен жеткізудің өзі қиын. Ал астананың айналасы өлгендер мен пілдердің кесілген тұмсығына толып кетті. Темірдің әскері Ганг өзеніне дейін барып, кері бұрылды. Темірдің енді көңілі тоқ. «Дінсіздердің» әсем елі басқыншылықтан кейін тіршіліксіз шөл далаға айналды. Темір болса, шексіз байлықпен Самарқандқа оралды. Бір Делидің өзінде жүз мыңдаған адам өлтірілді. Миллионға тарта үнді тұтқындары құлға айналып, әскердің соңынан ерді. Темір ұрыс аяқталғанда он шақты пілді қолға түсіріп, олжалады.

*** Темір келесі жорығында Сирияны бағындырды. Бұл жолғы Темірдің негізгі қарсыласы Анатолия билеушісі – «Жай оғы» деген лақап атты иеленген түрік сұлтаны Баязид. Темір Баязидті бұрыннан жақтырмайтын. Түрік сұлтаны – ержүрек адам. Ешқашан Мәуереннахр әміріне сый-құрмет көрсеткен емес. Екі әмір хат алысқанның өзінде бір-біріне тіл тигізудің орайлы сәтін жібермейтін. Дегенмен, шығысқа тән әдептіліктен аспайтын. Жеме-жемге келгенде Темір Баязидпен соғысуды қаламады. – Түрік сұлтаны Баязид – Мұхаммедтің үмметі, – деп ашуланды Темір. – Оның қолынан қанша «дінсіз» жер жастанды. Мен де «дінсіздермен» қасиетті соғыс жүргізіп келемін! Біздің одақтас болуымыз мүмкін еді. Енді қас дұшпандардай соғыспақпыз. – Аллаһтың қалауы осы шығар, – деп басу айтты Темірге діндар Береке шайық. Жаздың толысқан шағы. Шайқас күн тас төбеге көтерілмей тұрып, таңертеңгі уақытта басталды. Қарсыластар Анатолия астанасы Анкараның жанында кезікті. Темірдің әскері Баязидтің құрама әскеріне қарағанда сан жағынан басым, әрі қатаң тәртіпке үйренген шымыр. Әмір әскерінің артықшылығы осы. Дегенмен, Баязидтің әскері Темірдің бірінші шабуылына төтеп берді. Осы жағдай қаһарлы азиялықтарды ашындыра түсті. Кектенгендері сонша, қарсыластарына бас салып, тықсыра бастады. Баязид әскерінің бірінші қанатын басқарған қолбасшының өлімі түрік әскерін абыржытты. Әскерінің бет-бетімен шегінгенін көрген Баязид негізгі күшті ертіп, үстіртке қарай шегінді. Үстіртте ұрыс жүргізу қолайлы деп ойлады. Темірдің сарбаздары төбені екі жақтан айналып өтіп, қоршауға алды. Әмірдің өзі әлі тың 40 әскери бөлімді ертіп, кенеттен қырғидай тиді. Баязид қараңғы түскенге дейін үздіксіз шабуылдарға тойтарыс берді. Бірақ, көп шығынға ұшырады. Қараңғылық түскесін түрік сұлтаны қоршаудан сытылып шығып, қашып кетті. Ұрыстан шаршап-қажыған Темір өз шатырында әскери басшылардың құттықтауларын қабылдады. Жалғыз қалғанда жеңіске жеткізгені үшін Жаратқанға алғыс айтты. Содан соң демалып, көз шырымын алуды ойлады. Кенет шатырдың сыртында абыр-сабыр басталып, айқайлаған дауыстар естілді. Темір төсектен тұрды. Сарбаздар қол-аяғы байлапматалған Баязидті алып келе жатыр екен! Екі қолбасшы аздаған

уақыт бір-бірінің көзіне үнсіз қадалып тұрды. Кенет Темір күліп жіберді! Түк түсінбей ашуға булыққан Баязид былай деді: – Әмір, сен жеңіске жеттің. Бірақ, бұл күлуге рұқсат деген сөз емес. Жаратқанды есіңе түсір! Бүгін оның мейірімі саған түсті. Ертең маған рақымын төгуі мүмкін. Сонда менің қолымда алтын тұрса, сенің қолыңда бұғау болады! Темір тұтқынның дөрекілігіне ашуланған жоқ. Мұнысы айналасындағыларды таң қалдырды. Керісінше, тұтқынның қолын босатыңдар деп бұйырды. Достық ниетпен күліп: – Жо-жоқ, сұлтан, мен сенің адам аярлық жағдайыңа күлген жоқпын. Тіпті, саған жаным ашып тұр. Мен басқа нәрсеге күлдім. Қарашы: сен бүкірсің, ал мен ақсақпын. Жаратқан әлемді билеуді кімдердің қолына тапсырған! Тағы да күліп жіберді. Осыдан кейін Темір Баязидке өз шатырының жанынан шатыр құрғызып, лайықты құрмет көрсетіңдер деп әмір етті. Көрсетілген құрметтен кейін де Анатолия қалаларын тонап, Баязидтің байлығымен қоса әйелдерін тартып алу тоқтамады. Түрік сұлтаны мұндай масқараны көтере алмай құсадан өлді. Бұған Темір шынымен қайғырды. *** Темір соңғы жорықта жеті жыл жүрді. Әскер Самарқандқа өлшеусіз алтын-жаһұтпен әрі жеңіспен оралды. Темір ауыр шайқастардан серпілгісі келсе де, жорықта көп қателік жібергенін ойлап, жиі қиналды. Жеңістен басы айналған әмір дінсіздердің ғана емес, мұсылмандардың да қанын судай төкті. Мұсылмандардың нақақтан-нақақ төгілген қаны арына салмақ салды. Енді осы күнәсін жумаса жарамас! Темірдің адал серігі Береке шайық дүниеден озды. Өзінің және сарбаздарының күнәсін қалай жууды Темірдің өзі шешті. Ол үшін пұтқа табынатын Қытай империясын құрбандық қа шалу керек деп ойлады. – Ғибадатханаларды қиратып, пұттарды талқандауға Қытайға аттану керек! Алайда, Темірдің бұл ойын кеңеске қатысқан әскери басшылар қолдамады. Ызаланған Темір оларды сатқынсыңдар деп айыптап, дарға аспақ болды. Ашуы басылғасын, өзін қолдамағандардың көзін қайта жеткізуді ойлады. Айналасындағыларды сендіру Темірдің

қолынан келетін. Арада аз уақыт өткенде әскери кеңесшілер қасиетті соғыс ашуды көкседі. Сол күні кешке жұлдызшылар Темірге өз мәліметтерін жеткізді. Өкінішке қарай, соғыс үшін таңдалып алынған уақыт қолайсыз болып шықты. Соғысты ең болмағанда көктемге дейін шегере тұру керек. Бірақ, Темір Жаратқан қолдайды деп сенді. Арада бес ай өткесін жеті жылдық жорықтан оралған Темір әскері кезекті жорыққа әзірленді. Бақайшағына дейін қаруланған Темір сән-салтанаты өзінен кем түспейтін, тұяғымен жер тарпыған арғымағына отырды. Ол қошеметшілері мен екі мыңдық әскерін бастап Самарқандтан кетіп бара жатты. Салтанатпен шығарып салған халқы билеушілерінің жеңіспен оралатынына сенімді еді! Жердің бетін қалың қар басқандықтан, атпен жүру қолайсыздық тудырды. Күн күңгірт. Аспанды бұлт торлап алған. Ауа райына қарап, әскерді кері қайтарудың реті тағы жоқ. Әскер алға қарай жылжыды. Әскер мұз басқан Сырдарияны кесіп өтіп, Отырарға жақын дады. Қытай қорғаны бұл жерге жақын. Отырарда Бердібектің сара йына тоқтады. Темірге суық тиіп, безгек ұстаған адамдай қалшыл дады. Кенет Темір отырған ғимаратта өрт басталып, көпшілікті қатты абыржытты. Бірақ, өртті тез сөндірді. Темір адамдарын жолды торуылдап келіңдер деп жіберді. Өзі жылыну үшін шарап алдырды. Оралғандар жерде екі сүңгінің бойын дай қалың қар жатқанын, ары қарай жүрудің мүмкін еместігін айтты. Темірдің қабағы түнеріп кетті. Осы уақытта әмір Бердібек келіп, Қарақожа деген адамның келіп тұрғанын хабарлады. Оны Тоқтамыс жіберген екен және Темірмен жолыққысы келетінін айтыпты. Темір басын бұрды. Жүзінен әлдебір көлеңке жүзіп өткендей. – Қарақожа қайда? – Есіктің алдында. – Күте тұрсын. Әмір орнынан тұрып, арнайы қабылдау бөлмесіне барып, таққа отырды. – Алып келіңдер! Елшіні алып кірді. Иіліп, билеушінің аяғының астындағы кілемді сүйе бастады. Содан соң Тоқтамыс ханның сөздерін жеткізді... – Мен көрсетілген қайырымдылыққа рақымсыздықпен жауап бергенім үшін жазаландым. Қазіргі жағдайым аянышты. Бар үмітім – сіз

кешіреді ме деп ойлаймын. Егер кешірім алсам, сіздей жарылқаушы-
ма өле-өлгенше адал болып өтер едім!
Бұл сөздер Темірдің құлағына қарлы боранның арасынан талып
жеткендей алыстан естілді...

Шын мойындау сөздерді Темір қанша күтті! Жаны енді жылын-
ғандай сезінді. Елшімен мейірлене сөйлесіп, пейілдене уәде берді:

– Жаратқан жар болса, жорықтан оралғасын, сенің ханыңа Жо-

шы ұлысын беремін! Қазір бар да, менің кешіргенімді жеткіз.
Ол Қарақожаға Тоқтамысқа арналған сый-сияпаттарын беріп,
шығарып салды.
Әмірдің жағдайы нашарлап, безгек күшейе түсті. Жылы көрпеге

оранып, көзін жұмды да, тас түнекке ене берді.
Осы кезде әлсіз жылтыраған сәуле бөлмені жарықтандырып жі-
бергендей. Жоқ, бұл бөлме емес, шексіз шөл дала екен. Темір орта-
сында жатыр. Ақ киімді адам таяп келеді. Жоқ, табаны жерге тимес-

тен жүзіп келеді. Әлгі адамның жанары алысқа қадалған. Әлдене
деп дыбыстайды.
«Қажұл баба!» – деп сыбырлады таң қалған Темір. Бірақ,
атасының жүзін ешқашан көрмеген ғой.

Әлгі адам бұрылып, үнсіз қадалды. Алыстан тағы бір бейне
көрінді. Бұл жанары нұрға толы, мұңды әйел еді.
«Сайда әже!» – деп ұмтылды Темір. Әйтсе де, қол-аяғы ештеңе
сезбеді. Әйел басын шайқап, дыбыссыз дұғасын оқып, жоқ болды.

Темір бар күшін салып, алысқа көз тікті. Ешкімді көрме алма-
ды. Үшінші біреуді күтті. Темір әлгі екеуі сияқты бұлдыраған шөл
даланың сағымына сіңіп жоғалмайды және менімен сөйлеседі деп
ойлады.

Шөл дала Темірді түсінгендей көрінді! Айналада таң қаларлық
құбылыстарға толы. Жерден шыққан жасыл жапырақ көптеген
ағаштарға, алып саябаққа айналды. Саялы ағаштар жаңа ғана
шөл дала болған жерді жауып кетті. Әрбір ағаштың түбінде бағбан

жұмыс істеп жүр. Бәрі де қураған бұталарды кесіп, жас бұталарды
мәпелеуде. Бағбандар тым көп. Және бір-біріне мейірлене қарайды.
Міне, бір бағбан Темірге жақындап қолын созды. Орнынан тұруға
көмектесті. Сөйтті де, күлімсіреп саябақтың ішіне қарай жетеледі.

Темір өткен жерде құстар сайрауын тоқтатып, гүлдер солғын
тартты. Әмір бұған таң қалды.
Биік гүлмен өрнектелген қақпаға жақындады. Бағбан үнсіз Те-
мір тұрған жақты нұсқады. Қақпа айқара ашылды. Темір қақпадан

шыққасын тағы да шексіз шөл далаға тап болды. Қорқынышпен ар-
тына қарады. Өкінішке қарай, өрнекті қақпа жабылып қалды.

Көрген елесі қалай тез пайда болса, солай тез жоғалды. Темір көзін ашты. Алдында ғана ұйқыға кеткен бөлмедегі төсекте жылы көрпеге оранып жатыр екен. Жанында түсін жорып беретін Береке шайық та жоқ. Жүзін үрей билеген емші әмірге төніп тұр екен. Екеуінің жанары ұшырасып қалды... Қанша шайқастан аман қалған Темір ажалды сәтінің таяп қалғанын сезді. Көрген түсінің мәні де осы еді! Әмір бар күшін салып, сабырлы қалпын бұзбауға тырысты. Май шам алып келіңдер деп бұйырды. Соңғы аманатын айту үшін жақындарын жинауды өтінді. Айналаны ауыр тыныштық басты. – Жақында жалған дүниені тастап кететінімді сезіп жатырмын. Жаратқан мені шақыруда. Сондықтан, мұрагер тағайындауым керек... Темір айналасына жиналғандарды көзбен шолып шықты. Қасындағылардың өзін мұқият тыңдап тұрғанына және бірде-бір сөзін қағыс қалдырмайтынына көз жеткізгісі келді. – Мұрагерлікке немерем Пір-Мұхаммед* Жаһангерді таға йындаймын! – деді Темір. Оның дауысынан бұрынғы қатыгездігі қазір де сезіліп тұрды. – Самарқандтың билігін соған тапсырамын. Сендер маған бағынғандай оған да адал болыңдар. Ант беріңдер! Әмірдің жанында тұрғандар жылады. Көздері жасқа толып, Темірге ажал алдындағы соңғы еркін орындаймыз деп салтанатты түрде ант етті. Көрші бөлмедегі Темірдің әйелдері мен күңдері сыңсып жылады. Әмір оларды ауа райының қолайсыздығына байланысты Самарқандқа аттандыруды ойлаған. Күтпеген сырқаттан төсек тартып қалғасын бұл істі атқаруға үлгермеді. Жылаған дауыстарды естігенде Темірдің жүрегі қарс айрылды. Темірдің жанында балалары тұр. – Балаларым, – деді Темір ерекше сезімталдықпен, – міне, сендермен қоштасатын сәт жақын. Жылап-сықтаудың қажеті де, пайдасы да жоқ. Одан да Жаратқаннан маған рақым тілеңдер... Оларды тастап кетіп бара жатқанын ойлағанда Темірдің өзегі өртенді. Бірақ, ішіндегі алай-түлей өкінішін ешкімге сездірмеді. – Сендерге не айтатынымды тыңдаңдар. Халыққа мен сияқты әділетті қараңдар. Мен өзім бағындырған мемлекеттерде Құдайдың көмегімен жақсы заңдар орнаттым… Енді ешкім де өз жақындарына жаман қарай алмайды. Мен қайырымдылыққа қайырымдылықпен *Пір-Мұхаммед – Темірдің ерте қайтыс болған сүйікті ұлы Жаһангердің баласы.

жауап бердім, ал зұлымдарды Құдайдың еркіне тапсырдым. Осы ісіме Жаратқан менің аз ғана күнәларымды кешіретін шығар деп үміттенемін… Сендердің де өмірлеріңдегі негізгі жол бастаушы әділеттілік пен жақсылық болсын. Бір-біріңмен араздаспаңдар. Әйтпесе, жауларың мұны өз пайдасына асырады. Бақытты болыңдар! Әкелеріңнің соңғы аманатын естеріңде сақтаңдар… Бөлмеде үздіксіз Құран оқылды. Құран оқушылардың бірі өлім аузындағы Темірдің басында отырды. Әлсіреген Темір соңғы күшін жинап, «Аллаһтан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деп қайталады. Әмір өлер алдында осы сөздерді айтқан адамның жұмаққа баратынын білетін. Темір игілікті және әділетті істері арқылы жұмаққа барамын деп сенді. Себебі, бүкіл ақыл-ойын үйлесімді әрі тамаша әлемді бақытты етуге бағыттады емес пе? Темір от пен қанға оранған жолды таңдап алу арқылы қателеске нін түсінбеді. Жүз мыңдаған бейбақтың қанына малынған қазынамен байығанын біле тұра, өкінген жоқ. Қайта өз қолынан қиналып өлген мұсылмандардың алдындағы күнәсін дінсіздердің қанымен жуып-шая алмағанына өкінді. Бірақ, Темір Жаратқан кешіреді деп сенді. Сондықтан, дүниеден өтер алдында күнәсін өтегендей, «Аллаһтан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деп сыбырлады. Осы сөздерді айтып жатқанда Темірдің жаны Аллаһтың алдына ұшып кетті. *** Әмір Темір 71 жас өмір сүрді. Оның 36 жылында патшалық құрды. Байлық, бақыт пен әділеттілік туралы армандады. Темір дәулетті адам болды ма? Иә. Самарқандтағы сарайына жаулап алынған елдерден шексіз байлық ағылып жатты. Бақытты адам болды ма? Бақыт дегеніміз – пәлсапалық мәселе. Адамды бақытты деу үшін өмірінде ешбір бақытсыздық болмау керек делік. Онда Темір бақытсыз. Өйткені, әмір тірі кезінде өзіне жақын адамдарды – сүйікті ұлын, сүйікті әйелін, сүйікті немересін жоғалтты. Сонымен қоса, мұрагерім деп сенген Мырза-Мұхаммед Сұлтаннан, өзіне шексіз берілген Береке шайықтан айырылды.

Әмір әділетті адам болды ма? Бұл сұрақ әлдекімдердің намысына тиетін де шығар. Әр түрлі елдердің тарихында Темірлан бейнесі түрліше суреттеледі. Бірде өз заманының жарық жұлдызы ретінде бағаланса, енді бірде халықтың қанын төккен зұлым ретінде бейне ленеді. Десе де, өзі билік құрған уақытта әділеттілік туралы жиі айтатын және қол астындағылардан әділеттілікті талап ететін. *** Темірдің балалары Жахангер, Омар-Шайық, Мираншах, Шахрух әке аманатын орындамады. Ел ішінде бүлік шығады деп қорқып, Самарқанд халқынан әкелерінің өлімін жасырып қалды. Содан соң билік үшін бірнеше жыл өзара қырқысты. Бұл ұрыста Темірдің баласы Шахрух жеңіске жетті. Ол Темір құрған мемлекетті екіге бөлді: Хорасан және Мәуереннахр. Герард қаласы Хорасанның орталығына айналды. Шахрух осында орналасты. Самарқанд бұрынғыдай Мәуереннахрдың астанасы болып қала берді. Шахрух Самарқандқа билік ету үшін Темірдің немересі, өзінің баласы Ұлықбекті тағайындады.

Құрметті оқырмандар! «Шығыстың ұлылары» атты топтама кітаптары күні бүгінге дейін балалар көркем әдебиетінде нақтылы айтылмаған ұлы адамдардың өмірімен таныстырады. Топтама ірі тарихи оқиғаларды, маңызды қозғалыстарды, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды және ұлы тұлғалардың, қағандардың, батырлар мен ғалымдардың, ойшыл-ақындардың өмір жолын қамтиды. Сонымен қатар әдеби шығармалар балалардың туған жеріне, халқына, тарихына ыстық сүйіспеншілік сезімдерін оятып, ұлы ата-бабаларының асыл мұраларын құрметтеп, Отанына деген мақтаныштарын арттырады. Баспа жобасының жетекшісі Қ. Раимбеков Авторы Т. Васильченко Кеңесшісі Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымының докторы Зардыхан Қинаятұлы Суретшісі К. Каметов Аударған А. Серимова Бас редакторы Қ. Байғабылова Көркемдеуші редакторы Е. Козлова Редакторы А. Жақыпова Корректоры Н. Сламбекова Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан, 050000, Алматы, Чайковский көшесі, 190/184, 23-кеңсе Тел./факс (727) 272 84 11, 272 84 21. E-maіl: aruna_ltd@maіl.ru Көтерме бағамен сатып алу үшін «Аруна» баспасының сауда бөліміне хабарласу қажет. Тел./факс (727) 272 84 11, 272 84 21 Осы және басқа кітаптарды кітап-поштаға тапсырыс жасау арқылы да алуларыңызға болады. E-maіl: aruna_ltd@maіl.ru Пішімі 60х90 1/8. Борлы қағаз. Гарнитура «Школьная». Шартты баспа табағы 12. Есепті баспа табағы 19. Таралымы 10 000 дана «ІntellServіce» баспаханасында басылды «Аруна» баспасының дизайн орталығы М. Сушков

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙