Қамқа Қазбекқызы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Қамқа Қазыбекқызы
ШЫҒАРМАЛАРЫ «Нұрлы Press.kz» Алматы Қараүлек ана Қамқа Қазыбекқызы Алмажан Азаматқызы Ұлбике Жанкелдіқызы Күніке қыз Әйеке Бектөреқызы Күнжан Бәтен Жыға қыз Жібек Сара Тастанбекқызы Нұрила Әбенқызы Майса Тәбия Кәрібекқызы Сарымай
УДК 821.512.122 ББК 84 (5 қаз)-5 Қ 41 Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жамбылтану және халық ақындары ғылыми-зерттеу институты Редакция алқасы: С. Пірәлиев, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, У. Қалижанов, Б. Ыбырайым, Б. Сманов. «Ақындар аманаты» атты қазақтың ауызша әдебиеті жобасының авторы: Бекен Ыбырайым. Қараүлек ана, Қамқа Қазыбекқызы, Алмажан Азаматқызы, Ұлбике Жанкелдіқызы, т.б. Шығармалары – Алматы: «НұрлыPress.kz», 2014 - 288 б. – (Ақындар аманаты) ISBN 978-601-7572-04-4
Өлеңмен ойлау, өлеңмен сөйлеу өткен ғасырларда өмірдің өзіндік қызығына, өнердің өзгеше саласына айналғанына – ақын қыздардың шығармалары да жарқын куә. Төкпе ақындардың санатында қыздардың осынша мол ұшырасуы - әлем әдебиетінің тарихында бұған дейін болмаған, қайталанбас құбылыс. Шашасына шаң жұқпаған талай ақын ағалар қыздардан сан мәрте ұтылғанына тарихта мысалдар ырғын. Оқырмандарға ұсынылған осы жинаққа есімдері ел жадында сақталған аяулы да ардақты ақын қыздардың шығармалары - өлеңдері, айтыстары енгізілді. УДК 821.512.122 ББК 84 (5 қаз)-5 ISBN 978-601-7572-04-4 © Ыбырайым Б., 2014 © «Нұрлы Press.kz», 2014 Қ 41 Қараүлек ана (ХVI ғасыр)
ЖОҚТАУЛАР
Қараүлек ана ҚАРАҮЛЕК АНАНЫҢ ҰЛЫ МАМАЙДЫ ЖОҚТАУЫ Ай, Орағым, Орағым! Жалғыз қалдың, қарағым! Мамайжан еді ырысың, Бір құрсақтан дүреген Екеу еді туысың, Екеуің жауға барғанда, Жауыңды жеңді ұрысың, Серіксіз қалдың, қарағым, Дүние шіркін құрысын! Қарағым Орақ, ой, Орақ! Алаштан ұран шақырса, Құрбысының алды Орақ! Мамай кетіп алдында, Туғансыз жалғыз қалды Орақ! Атыңды дұспан атаса, Мамай еді серігің. Оркөз еді – көлігің. Артында жалғыз сен қалып, Мамайдың көрдім өлігін. Мамайжан бойға біткенде, Арыстан, бөрі етін жеп, Қанып еді жерігім. Мамай еді – қуатың, Екі жыл шөлге қамады Қалмақтың бермей суатын. Айқай, енді күн қайда Қойға тиген бөрідей Жапыра қалмақ қуатын!
Қараүлек ана Қасыңа әскер ерітпей, Мамай еді жолдасың. Мамай тірі жүргенде, Өткір еді алмасың... Мамайжан тірі жүргенде. Еліңді жауға бермедің. Қолыңды алға сермедің, Орманбет биді қалдырып, Ноғайлыны тергедің. Алтын тақтың үстінде Ханмен қатар көлбедің. Пәни дүние, қайтейін? Екеуінің алдында Қазам жетіп өлмедім! Айналайын Орағым. Жау жайлайтын жарағым! Тайды жеген бөрідей Тәуір еді талабың. Тарқамаса игі еді Тау бетінде қонағың! Дұспандарға тіреген Аумаса игі еді табаның. Сары ала туың салбырап Қалмақтың бұздың қамалын! Хандардың білдің амалын. Көзімнің Мамай нұры еді, Хан кеңесі құрылса, Сымбатты сұлу төре еді. Жау кеңесі құрылса, Жасқанбай шапқан ер еді.
Қараүлек ана Сасқандар ақыл сұраса, Ойы терең өр еді. Хан тарығып, халық сасса, «Жабықпаңыз ноғайлы, Жауың қайда?»— дер еді. Белдемшесін белденген, Көкірегі желденген, Қара қошқыл қан жұтып, Қан жұтпаса – шерленген. Қалмақтың жерін жерлеген, Болатын шарға қайраған, Бедеу атын байлаған. Шағанның бетін шаң қылып, Төрт түлік малды айдаған. Ауылдың сыртын шаң қылып, Жылқыны топтап байлаған. Орданың сыртын қоршатып, Күндердің күні болғанда, Құдайдан пәрмен болған соң, Маңдайыма сыймаған! Күмістен ожау ойдырған, Қысаң қара сабаны Тұс-тұсымнан қойдырған. Алты қанат ақ Орда Ішіне жібек жайдырған. Егескен қанды күнінде Алтын тақтан тайдырған. Қараүлек анаң жоқтаған, Тым-ақ алаш мақтаған. Дұспанды жерге таптаған, Досты сыйлап сақтаған.
Қараүлек ана Ақ кіреуке сауытым, Ақ құрсағым ауырттың. Жылай-жылай жалықтым, Қайғы жұтып жабықтым, Тас емшегім жібіттің, Қу сүйегім еріттің. Өкпе-бауырым суыттың, Кәрі шешең қайғымен Ағар бұлақ құрыттың. Сары ала туды құлаттың, Ел-жұртыңды жылаттың. Құдай салды, мен көндім, Бұл сапарды ұнаттың! Жұртыңды жаулар қамады, Ақ ордаңды талады. Артыңда қалған жас бала Қашан сендей болады?! Қырық ұл туса бір күнде, Орның қалай толады? Жұртыңды дұспан ториды, Кім мініп атқа қориды? Жерді құртқан жез аяқ Мінбей, түспей ариды. Көзінің жасы көл болып, Қараүлек шешең қартайды. Ақ үйімнің арыстаны! Боз үйімнің бостаны! Алысқа кетіп келмедің, Жасым жетіп мұңдадым. Басыма қара күн салдың,
Қараүлек ана Ертеңді-кеш үн салдым. Жауатын күндей құрсандың, Жауды көрсең зең салдың. Өңім-түсім біле алмай, Ертеңді-кеш тамсандым, Өлдің, Мамай, қор болдың! Тірлігіңде зор болдың! Дұспанға құрған тор болдың! Қараүлек шешең зар болды, Сауытың қалды сандықта. Алғаның қалды тұлдықта. Аңдысқан дұспан көп еді, Елің қалды тарлықта. Қараүлек шешең шерменде, Таудай болған көңілім, Тал бойыңды көргенде, Неғылып тірі отырмын Мамайжан бүгін өлгенде?!
Қараүлек ана ҚАРАҮЛЕКТІҢ МАМАЙДЫ ЖОҚТАҒАНЫ (Нұрпейіс Байғанин нұсқасы) Туырлықтай ту алған, Мамай, Қылышын қанға суарған, Мамай, Жау көргенде қуанған, Мамай, Ертістің басы ер Шаған, Еңіретіп мұны алған, Мамай, Сөйтіп жүрген Мамайға Не көрсеттің, көп ноғай? Әскерге қару ілдірген, Мамай, Айбатты әскер жүргізген, Мамай, Берен де жаға, бек сауыт, Белсендіріп кигізген, Мамай, Тастан өткен көк садақ, Белге орай ілдірген, Мамай, Досын сыйлап сақтаған, Мамай Сансыз әскер болса да, Одан қорқып саспаған, Мамай, Нашарды бағып, жақтаған, Мамай, Дұшпанды жерге таптаған, Мамай, Қырымнан әскер жүргізген, Мамай, Қуантып халқын күлдірген, Мамай, Қарсыласқан жау болса, Қан жаудырып бүлдірген, Мамай, Сөйтіп жүрген Мамайға Не көрсеттің, көп ноғай?! Сансыз әскер құра алған, Мамай, Жауды көрсе қуанған, Мамай, Ерлігі елге сыналған, Мамай,
Қараүлек ана Үртістің басы Ормақан, Үй салдырып мұны алған, Мамай Сөйткен патша Мамайға Не көрсеттің, көп ноғай?! Үлкендер айтса тіл алдың, Мамай, Жақсылыққа қуандың, Мамай, Беренге беркін ту алдың, Мамай, Қалмақтың басы Қараман, Қан жаудырып мұны алдың, Мамай, Сөйткен патша Мамайға Не көрсеттің, көп ноғай?! Досын көрсе сүйінген, Мамай, Құралдап әскер түйінген, Мамай, Жау көрмесе күйінген, Мамай, Жаулары жаннан түңілген, Мамай! Құрал жиған дүйімнен, Мамай, Қырымның басы Қытайдан, Қырғын салып мұны алған, Мамай, Салтанатын сан халықтан оздырған, Алтыннан орда салдырған, Мамай, Қара түн жауға төндірген, Мамай, Сан жетпейтін көп әскер Қарсыласып келгенде, Қалдырмай есін тандырған, Мамай, Еңселескен жау көрсе Жасынның отын жандырған, Мамай, Сөйтіп жүрген Мамайға Не көрсеттің, көп ноғай! Ерлікке бастап ту алдың, Мамай, Белге буған ақ алмас, Қызыл қанға суардың, Мамай!
Қараүлек ана Қуаты сен халықтың, Үлкендер айтса тіл алдың, Мамай, Орыстың басы Одаман Үйіріп салып мұны алдың, Мамай Сөйтіп жүрген Мамайға Не көрсеттің, көп ноғай! Шығыршықты көк сауыт, Белге орай ілгіздің, Мамай, Шалқытып дәурен сүргіздің, Мамай, Байтақ ноғай халқыңды Қуанышпен күлгіздің, Мамай, Сөйтіп жүрген Мамайға Не көрсеттің, көп ноғай! Жау дегенде желіккен, Мамай, Жау көрмесе еріккен, Мамай, Ойлаған ақыл-кеңеспен, Мамай, Талай жаумен егескен, Мамай, Әскерін жиып теңескен, Мамай, Әскерге қару ілдірген, Мамай, Егескен жауын бүлдірген, Мамай, Орақай садақ, сайкез оқ, Беліне құрсай ілдірген, Мамай, Ноғайлының ерлерге Құмырсқа бел, құмар көз, Қалмақтан сұлу сүйдірген, Мамай, Ақкіреуке қамқадан, Асыл киім кигізген, Мамай, Құрал-сайман бәрі сай, Ноғайлының жігітін Сансыз жауға тигізген, Мамай, Сөйтіп жүрген Мамайға
Қараүлек ана Не көрсеттің, көп ноғай? Нұр сәулесін жаудырған, Мамай, Қалмақ деген халыққа, Қайғының отын жандырған, Мамай, Талайдың есін тандырған, Мамай, Кейінгіге үлгі сөз Мирас етіп қалдырған, Мамай, Сөйтіп жүрген Мамайға, Не көрсеттің, көп ноғай? Байтақ елді меңгерген, Мамай, Жез аяққа жем берген, Мамай, Азды көпке теңгерген, Мамай, Адасқанға жөн берген, Мамай, Жау дегенде тербенген, Мамай, Тырп етсе қалмақ, жерге енген, Мамай, Үш күн жауды көрмесе Көкірегі шерленген, Мамай, Сөйтіп жүрген Мамайға, Не көрсеттің, көп ноғай? Жау дегенде жатпаған, Мамай, Табысына мақтанған, Мамай, Беліндегі көк алмас Сары алтынға қапталған, Мамай, Қолындағы көк найза Шын шынарға сапталған, Мамай, Қара жерге қаптаған, Мамай Сөйтіп жүрген Мамайға, Не көрсеттің, көп ноғай?! Бақытқа артық жолдылым, Мамай, Сөйлеген сөзі үлгілім, Мамай, Топтан озған дүлдүлім, Мамай,
Қараүлек ана Бақшадағы бұлбұлым, Мамай, Ақ киіктің діңірі, Мамай, Боздаданның сырнығы, Мамай, Ақбоз үйдің ұйығы, Мамай, Қашағанның құрығы, Мамай, Жан Мамайдан айырылып, Қор болдың, көп ноғай. Алтыннан ожау ойдырған, Мамай, Күмістен піспек құйдырған, Мамай, Үйге мейман келгенде, Ат семізін сойдырған, Мамай Нашар менен пақырдың, Бәрін сыйлап тойдырған, Мамай, Жез аяқ тұлпар байлаған, Мамай, Алмасын шарға қайраған, Мамай, Жауды көрсе жайнаған, Мамай, Табаны жаудан таймаған, Мамай, Мәдік бас, үш – Ақшатты, Жаз күнінде жайлаған, Мамай, Шыңғыртып құлын байлаған, Мамай, Жаудан елді қорғаған, Мамай, Енгізген халықты ордадан, Мамай Төресін тура жолдаған, Мамай, Буыршынның бұйдасы, Мамай, Көк найзаның сидасы, Мамай, Сырлылардың сырласы, Мамай, Пақырлардың мұңдасы, Мамай, Патшалардың құрдасы, Мамай, Көп ақылдың ордасы, Мамай, Биліктінің жолдасы Мамай, Адамның өткір алмасы, Мамай,
Қараүлек ана Жан Мамайдан айырылып, Ақырында қор болдың, көп ноғай. Басымнан бақытты арылттың, Мамай, Көп күнімді тарылттың, Мамай, Сексен жаста зарықтым, Мамай, Қайғыланып жабықтым, Мамай, Құса басып тарықтым, Мамай, Жасым жетіп келгенде, Артыңда жылап қалыппын, Мамай, Тар құрсақты кеңейттің, Мамай, Тұла бойымды еріттің, Мамай, Тас емшегімді жібіттің, Мамай, Астана елге сүйкімім, Мамай, Қасіретке күйіппін, Мамай, Жан Мамайдан айырылып, Ақырында қор болдым, Мамай! Белдемшесін белсенген, Мамай, Соғысқан жауын меңгерген, Мамай, Хандарды тақтан төңкерген, Мамай! Жан Мамайдан айырылып, Ақырында қор болдың, ноғай. Алтын Орда бақшасын, Гүлдендіріп жайнатқан, Мамай, Бақшада бұлбұл сайратқан, Мамай, Сарыбоз әскер ойнатқан, Мамай, Еменді найза толғатқан, Мамай, Жан Мамайдан айырылып, Ақырында қор болдың, ноғай! Қуантып халқын күлдірген Мамай, Құралды әскер ерлерін, Асқар шыңнан жүргізген, Мамай,
Қараүлек ана Асырмайтын Қаратау, Ортасынан тілдірген, Мамай! Сөйтіп жүрген Мамайға Не көрсеттің, көп ноғай! Ай, Орағым, Орағым, Сөзімді тыңда шырағым, Екеуің қатар тұрғанда. Мақсат пен біткен мұрадым, Бас кес десе, тас кескен, Өткір алмас қияғым, Егізіңнен айырылып, Сексенде еңсеп құладым, Асырмайтын алтын тау ................................. Қарағым, Мамай, құладың, Болар ма еді арманым, Артыңа қалса тұяғың, Жылар ма едім шырағым. Айбаты артқан өктем ер, Жау сауытын сөккен ер, Бір баланың зарынан, Көздің жасын төккен ер, Айтып-айтпай немене Арманда болып кеткен ер. Жасым жетіп келгенде Басыма түсті уайым, Қайырын хақтан сұрайын, Сол секілді Мамайға, Жыламай неғып тұрайын... Арманда болған хан, Мамай, Иманың болсын сыбайың.
Қамқа Қазыбекқызы (ХVIII-XIX ғ. ғ.)
Қамқа Қазыбекқызы ӘКЕСІ ҚАЗЫБЕКТІ ЖОҚТАУЫ Бісімілләдан бастайын, Шариғаттан аспайын, Ішім толды қайғыға, Азырақ көзім жастайын, Алаштан озған әкекем, Жоқтаусыз қалай тастайын? Алатаудай әкекеме Ажалдың сыны келгені Жылағанды не қылсын? Көздің жасын көрмеді! Қазақ болып зарлады, Тілеуді құдай бермеді. Кешегі жүрген әкекем Жоқтаусыз тастар ер ме еді?! Шаншар абыз нәсілінен Алтау едік анадан. Сәдібек, Асан, Бөдене, Үсен менен Балапан Бесеуіне аға боп, Алашқа әкем қараған. Жолбасшысы кеткен соң, Айрылды қазақ панадан. Төрт тіреудің бірі едің, Қиын-қыстау іс келсе, Бәрінен де ірі едің! Енді қазақ не болар Асқар тауы құлаған? Белгілі шығар алашқа Қоңтажыға барғаның.
Қамқа Қазыбекқызы Он сегізде сол күнде Қалмақты сынға алғаның, Қазақты жоқтап қалмақтан Араға сөзді салғаның. Қалмақтың ханы Қоңтажы Жауаптан ұтып алғаның. Босатып едің, жан әкем, Тұтқында қазақ қалғанын. Талап алған шабынды, Қайырып алдың бар малды. Ұлықсыз тоқсан жесірді Сол жерде анық алғаның! Қазақ пен қалмақ бас қосып, Екі ұдай болған тобында Алдыңа бір жан салмадың! Батыр жинап, ел шаппай, Қылыш шауып, оқ атпай, Ақылыңменен жол тауып, Қазақтың кегін алғаның! Туғаннан-ақ, жан әкем, Жолыңды құдай оңдады. Қасиетің тағы мол, Қас қылған саған оңбады. Қазаққа деп заң жасап, Қазыбектің қасқа жол – Артында мирас қалғаны. Шариғат айтқан жол емес, Законың тағы қол емес! Дуалы ауыз айтқан соң, Қазаққа бір жол салғаны. Әкемдей болып жан тумас
Қамқа Қазыбекқызы Рулы үш жүз қазақтан. Батырларша ел шауып, Бір күні жаудан жеңіліп, Қалған емес хан болып, Өзіне дұспан көбейтіп, Қалған емес азапқа! Ақылменен жол тапқан, Бағыменен ел тапқан. Батыр мен хандар сасқанда Әкеме келіп жол тапқан! Құдайдың берген бағында, Талай ханмен қарысқан! Ел де шауып қан төккен, Талай ермен салысқан! Бәрін де жеңген әкекем Ақылмен орап алыстан, Қазақ, қалмақ бас қосса, Сан жүйрікпен жарысқан! Алдымен келіп бәйге алып, Олжасын қазақ үлескен: Орынсыз жерде қан төгіп, Қас қылған емес бір жанға, Басын иіп құл болып, Бағынған емес бір ханға. Қазаққа арнап жол салдың Қолайлы қылып әр заңға. Жесір қатын, жетім ұл Аруағыңа таянып Ие болды мал-жанға! Жоғалмақтай жол салып, Үлгі болып сөз қалып,
Қамқа Қазыбекқызы Кеткен жоқ әкем арманда! Өз басында бағы жоқ, Сүйеніп тұрар ханы жоқ, Болды ғой қиын қалғанға! Қара қылды қақ жарып, Әділ өткен әкекем, Байытсын құдай иманға! Үш жүздің ұлы жиналса, Алдыңнан кеңес тарқаған, Ақылың, бағың мол еді Айдын көлдей шалқыған. Сырдың бойын жаратпай Мал өсірер орын деп, Қазақтың ұлын өрдіріп Қоныс әпердің Арқадан. Орыс, қазақ, қалмаққа Жұпардай иісің аңқыған. Аруақты туған жан әкем, Озып артық даңқынан Өсиет қылдың қазаққа: Сарыарқа болсын қонысың Қалмақ, сартпен жауықпа, Болмасын дедің жұмысың. Өнерсіз өскен ел едің, Біреу саған жау болса, Паналауға жарайды Мынау көрші орысың. Орыспенен жауласпа, Есіңде болсын бұл есім! Ақылың, бағың молынан Елің ерді соңыңнан.
Қамқа Қазыбекқызы Арқасында әкемнің Отырған жоқ бұл қазақ Ешкімнің кейін тобынан. Он сегізде сөз бастап, Қазыбек би атандың. Болар бала боғынан, Қайран сабаз әкекем, Мақтауыңа жете алмай, Қызыл тілім қырқылды Ілімімнің жоғынан. Өнерсізім болмаса, Қалай айтсам жараспас, Қазақта сенен кім озды Жұлдызы туып оңынан? Байлығың несін айтайын, Кедей деп адам айта алмас. Мырза деп несін айтайын, Әркім-ақ қонақ қайтармас, Сөйлеуге тілім сөз тапса, Мақтауыңнан тайсалмас. Өмірімше жырласам, Мінезіңнің, әкекем, Мыңнан бірі таусылмас. Сусыны қанар қазақтың Ағар бұлақ суалды, Сіз осылай болды деп, Естіген қалмақ қуанды. Қасиетті туған, әкекем, Ешкімнен қазақ кем болмас, Шын беріп кетсең дуаңды!
Алмажан Азаматқызы (1823 –?)
ДАСТАН
Алмажан Азаматқызы ЖЕТІМ ҚЫЗ Жәңгір тұсында Азамат дейтін адам өліп, оның Алма жан дейтін он төрт жасар қызы, Төрежан дейтін жеті жасар ұлы жетім қалады. Нарындағы тоғыз би екі жетімнің ма лын өздері бөліп алмақшы болады. Өзі ақын, өзі қажырлы Алмажан билердін жауыздығына наразылық білдіреді де, бүтін дүниесін тастап, інісін жетектеп, ханға барып арыз айтпақшы болады. Жүрейін деп жатқанда, қарт атасына келіп, ақын қыз былай дейді: Мақпал бір ойсам жарасар Алтын сандық зерлерге, Ғұзырлық етсем жарасар Сөйлеген қызыл тілдерге. Сұмырай туған кыз Алмаш, Құрбаның болсын мұнапас Балуан ата пірлерге. Уақыты оның біткен соң, Қарамай кетті қамқорым Бақшадағы қызыл гүлдерге. Бұлбұлым ұшып кеткен соң, Жарықтан шығып, тап болдым Қараңғы тұман түндерге. Құдіреті күшті Алланың Әмірі боп біздерге, Әкекемді мен бейбақ Дуана болып іздерге. Бар сенгенім – тоғыз би Өзіме қарап тап берді. Қорғалауға қара таппадым,
Алмажан Азаматқызы Шағайын енді кімдерге? Атамнан қалған малды алдың, Мойныма қой кінәмді, Жазығым не, билер, сіздерге? Алтыннан соққан қылышым Бауы үзіліп түсті белімнен. Дүбірші тұлпар арғымақ Босанып шығар барған жерінен. Құс ұлығы бидайық Шарқ ұрып көкке ұшқанда, Балапан үйрек, қаз бен қу Көтеріліп ұшпас көлінен. Сусыныма шай ішіп, Бастаңғыма бал жеген, Толықсыған қыз едім, Күніме жетпей айрылдым, Екі бірдей тірімнен. Әкекем өзі кеткен соң, Атаңа нәлет тоғыз би, Адастырды-ау жөнімнен. Адастырған емей, немене, Зорлық етіп, айырдың Ата бір қоныс жерімнен. Сөйлесе билер, сөз қалмас Алмаш «арсыз көрімнен». Екі бірдей жетімді Жайсыз жерде жылатып, Қорқыныш жоқ, тоғыз би, Нәубетті кезек өлімнен. Есіктің алды көк терек, Сөз сөйлейін тіл безеп.
Алмажан Азаматқызы Балуан ата ер Әли Аян берді түсімде: «Түрегел, қызым, сөйле!» деп. Мен айтайын сөзімді, Тарқатайын мұңымды, Не қылайын сөзге бой тежеп. Қуарып қалған қу үйде Мен де бір, билер, қу тезек. Атамнан қалған малды алып, Лұқпандай мың жасап, Өлмеймін деп жүрмісіз? Асықпай тұр, тоғыз би, Сізге де келер бір кезек. Ойласам, ақыл жетпейді-ау Адам бір заттың құлқына-ай. Пияладай ұшқан сұңқарым Көрсетпей кетті қылпын-ай. Күйік бір етіп көзіме, Артыңа тастап кеттің ғой Мына бір жаудың өзіне. Әкекем, өзің кеткен соң, Атаңа нәлет тоғыз би, Үш күндейін кеңесіп, Басылмады сұлқыны-ай. Атамнан қалған малды алдың, Ең болмаса, тоғыз би, Шыдамадың қырқына-ай. Алтын туы жығылды Мысыр сынды қаланың. Делбесі жібек үзілді Күймелі күміс шананың.
Алмажан Азаматқызы Әкем мен шешем өлген соң, Қанғаны сол ма табаңның? Қас ақымақ болмасаң, Өлімге неге күлесің, Қайдан білдің, тоғыз би, Боларын неден қазаңның? Қатерлі қызың мен болсам, Алдына келсін балаңның. Қызыл тілім сау болса, Асықпай жүр, тоғыз би, Басыңды бір тығармын Артына өлген анаңның. Атым бір мінген қаракер, Шабуыл салсам, шығар тер. Уақыты мұның біткен соң, Тоғызы жетпей төгілді Өндіре салған алтын зер. Жасымнан еткем жақсылық, Бірін де билер білмеді-ау, Нарындағы тоғыз залымға Қайырда өткен болды-ау сер. Екі бірдей жетімді Түс көргендей түңілтті Бауыры суық қара жер. Жәңгір ханды ниеттеніп, Жетімді қолдан жетелеп, Қызың да кетіп барады, Қамқор едің, атеке, Көріселік, қолың бер. Алтын зер салсам жарасар Қара мауыт жағаға.
Алмажан Азаматқызы Арғымақ жексем жарасар Күймелі күміс шанаға. Әкеке, өзің кеткен соң, Атаңа нәлет тоғыз би, Қызылы сөнбей сәуленің, Жетімге келіп қол салып, Дұшпанға қойды табаға. Билерден қорлық көрген соң, Шыдамай кетіп барамын Төрежан сынды балаға. Шіреніп жатып толғайтын Сұмырай Алмаш қызыңда Бұрынғыдай, ата, күн бар ма-ай! Шағалалы көлдей шалқыған Халқымнан безіп барамын, Ақырын Тәңірім бермесе, Қос жетімде сын бар ма-ай. Қызымен жасты Алмашты «Аламын!» деп тап берді, Нарындағы тоғыз залым да, Ойласам, ата, дін бар ма-ай! Қатты сөзді тік көрді, Ерлер керек бұл іске Сөзімді айтқан тыңдарға-ай. Атеке, көрсең, сәлем айт, Еске алып бізді сұраған Нарындағы жас жігіт, Құрбы да құрдас қыздарға-ай. Қой айдаттым базарға Алтынды, күміс теңгеге.
Алмажан Азаматқызы Жасау бір жидым жайнатып Қарағайдан салған бөлмеге. Ата, бір көрсең, сәлем айт, Жанұзақтың зайыбы Түймежан сынды жеңгеме. Басыма тарлық келген күн, «Шырағым, жайың қалай?» деп Қасыма бір де келмеді. Жан жолдасым жеңешем Толықсыған кеңілімді Бір тиындай көрмеді. «Жылама, жаным, бикеш!» деп, Жұбатып көңіл бөлмеді. Жан білмеген жас басым, Жалғыз да кетіп барамын, Атеке, көрсең, сәлем айт Қайратты, қанды жігітке, Қасыма бірі ермеді. Қараша құс мекендер Қарағай, қайың тал басын. Киік, құлан мекендер Асқар таудың жал басын. Әкекем, өзін кеткен соң, Атаңа нәлет тоғыз би Ұмытып кетті-ау Алласын. Мен жыламай қайтейін, Менің көрген күнімді Адамзаттың ұлына Әр кезде Тәңірім салмасын. Билерден қорлық көрген соң,
Алмажан Азаматқызы Алып та қашып барамын Әкемнен қалған бір тұяқ – Төрежанның өз басын. Атеке, көзің сала жүр, Атаңа нәлет тоғыз би Артымда қалған малымды Тағы да талап алмасын. Жәңгір ханды ниеттеніп, Қызың да кетіп барады, Тоғыз биге сәлем айт, Дегенінен қапыл қалмасын! Керуенім кетті Мәріге, Мәріден кетті әріге. Қамқорым менің кеткен соң, Артында қалған қос жетім Келе алмай жүр сәніне. Тоғыз бидің зарпынан Есендеспей барамын, Қайран жұртым, елдегі Жасы бір үлкен кәріге. Атеке, көрсең, сәлем айт Ескеріп бізді сұраған Қайран да жұрттын бәріне. Мұндай да мұндай іс көрдім, Көріп тұр ғой көзіңіз. Қартайған соң халқыңа Елеусіз болды сөзіңіз. Жәнгір ханды ниеттеніп, Қызың да кетіп барады, Көріскенше күн жақсы, Қош, аман бол өзіңіз.
Алмажан Азаматқызы Алмажан қарт атасына осы сөзді айтып, інісін же тектеп, хан ордасына жаяу жүріп кетеді. Түнде адасып, қалың қамысқа тап болады. Інісі әрі шаршап, әрі қорқып, жылап отырғанда, Алмажан мына сөзді айтады: Емшектесім, жұбайым, Бақытыңды, сірә, ашпады-ау Бір жасаған Құдайым. Келіп кіріп кетіппіз Ызғын қалың қамысқа. Енді ойласам, қарағым, Адасар болдық сыңайым. Ханның көлі – қорық көл, Мұнда келсе қарауыл, Көлде неғып тұрайын!? Осындай торға түскенде, Ізгі бір адам келсейші Біздей екі жетімге. Жөн керсетіп бермеген Жасаған Жаппар Құдайым, Жөнімді кімнен сұрайын? Шығып едік елімнен Хан Жәңгірді көрмеге, Ішке толған мұңды зар, Арызымды айтып бермеге. Ең болмаса, шырағым, Аға ғып сені бермеді-ау, Ағатайлап ермеге. Өлгенімше зар болдым Аға менен жеңгеге. Жалғыз қара сен үшін
Алмажан Азаматқызы Ниеттеніп қана келемін Ұсынып мойын өлмеге. Қызыл тілім сауында Ханға жетіп барайын, Дүниенің шарығы жоқ екен Екі айналып келмеге. Жасыңда қалдың, шырағым, Ата, анаңды көре алмай. Арманда кетті екеуі Қызығыңды көре алмай. Алмажан сынды сұм апан Жылай да толғап келеді, Басына пана бола алмай. Толықсыған көңілім Басылмайды, қарағым, Тоғыз биден кек алмай. Атаңа нәлет тоғыз би! Қаңғыртып бізді жіберді-ау, Дүние-малды көре алмай. Билерден қорлық көрген соң, Келемін іздеп Жәңгірді, Жата алмадым үйімде, Ел-жұртымнан ұялмай. Киік, құлан мекендер Асқар таудың бұлағын. Борай да борай қар жауса, Тәңірдің өзі сақтайды Киіктің жетім лағын. Шырағым, кімнен көреміз Заманның мұндай болған шұнағын.
Алмажан Азаматқызы Елінен безген қос жетім – Мекендер болдық екеуіміз Қалың қамыс құрағын. Елінен безген жетімнің Кім білер жосық, тұрағын. Апекең мұңдық сау болса, Дұшпаннан кегіңді әперер, Көңілің бұзып, қамығып, Жылай берме, шырағым. Қанаттасым, жалғызым, Тар жерде жылап жасыма, Апекең сенің қасында. Тар жерде жылау лайық па Азамат ердің баласы Төрежан деген басына? Жылағаның қоймасаң, Кешегі кеткен әкекең Балапан болып жүзбей ме, Көзіңнен аққан қанды жас Араласып у болды Ішейін деген асыма. Құлан бір түзде, қу көлде, Көңілді бұзып қамығып, Жылай да берме, шырағым, Алмажан сынды апекең Құрбандық болсын басыңа! Қаршыға құстың баласы Ұшады заулап алысқа, Қонады зәулім көз жетпес Бәйтерек басы шалысқа.
Алмажан Азаматқызы Арғымақтан туған қазанат, Болдырмайды шабысқа. Асылдан қалған тұяғым, Билерден қорлық көрген соң, Шыдамай шықтым намысқа. Әкекем өзі кеткен соң, Жолығуға мұң болдық Жүз көріскен танысқа. Бесік табы кетпеген, Қабырғасы қатпаған, Екі бірдей қос жетім Жүре алмадық алысқа. Тоты құстай керіліп, Шалқып өскен қыз едім, Тап болдым дүлей қамысқа. Дегеніме келгенше, Мекен етіп тұрмадым Адыра қалған Нарында. «Мен» деген қазақ баласы Кімнен артық деуші едім, Кешегі әкем барында. Тұйыққа бүгін киліктім, Кім су себер іштегі Түтеніп жанған жалынға! Алмажан інісімен жол таба алмай, адасып көп жүреді. Мұнан кейін олар Орда маңында тұратын Сағитжан деген ноғайға жолығады. Бұл адам әкесіне таныс, дос адам екен, Алмажан оны танып, мына сөзді айтады: Жылқы салдым тоғайға, Тоғай бір толы шоғайна.
Алмажан Азаматқызы Оңға шығар ақ ісім, Ісім бір келер оңайға. Оңайға ісім келмесе, Осындай игі жақсы адам, Шақырсам да жолай ма? Елінен безген қос жетім, Құдай айдап, кез болды Әкемнің досы ноғайға. Кешегі әкем барында, Арғымақ міндім жорға деп. Әкекем өзі кеткен соң, Әулие қоймай сыйындым: «Ер балуан, қолда!» деп. Қолдаған емей, немене, Аян берді түсімде: «Түрегел, қызым, толға!» деп. Әрбір күннің бірінде Толғай түсіп келемін: «Біз бейшара мұңдыққа Көрсеткенің, Алла, сол ма?» деп. Шырайыңды көргенде, Шырамытып мен тұрмын «Әкекемнің жан досы Сағитжан ноғай бұл ма?» деп. Айдын да айдын, айдын көл, Айдын көлдің ішінен Ұшады үйрек пырлаған. Қоғалы үйрек ұшқан соң, Байласа, қарға тұрмаған. Еңсесі биік ақбоз үй Тігулі қалды Нарында,
Алмажан Азаматқызы Қайырсыз болып оңбаған. Тоты құстай керіліп, Еркелеп өскен қыз Алмаш, Күні бір бүгін болғанда, Қу қамысты паналап, Көлден де көлге зырлаған. Сағитжан аға, білмейсіз, Жөнімді саған айтайын: Азамат ердің қызы едім, Менің атым – Алмажан. Сіздің келген уақытта Тоғыз жасар бала едім Тұлымшағымды шалмаған. Өспей кеткір сұм басым, Он төртіме келгенде, Салиқалы қыз болдым Жібектей шашын талдаған. Кешегі кеткен әкекем, Ерлігін оның сұрасаң, Ер Әлиден кем емес; Өз дегені болмаса, Пенденің тілін алмаған. Ақылы артық арыстаным Озып еді байтақтан, Үзілсе арқау жалғаған. Достың опат болған соң, Орнын ұстай тұрарға Артында тұяқ қалмаған. Пиялай кескен қолымнан Сұңқарым қашып кеткен соң, Нарындағы тоғыз би Біздерді келіп алдаған.
Алмажан Азаматқызы Алдағанмен тұрмаған, Төрежан сынды сәбиді Есігіне құл қылып, Қызметіне салуға, Алмажан сынды бейбақты Кішілікке алуға – Басымды сүйтіп шырмаған. Сұмырай туған қыз Алмаш Билердің онысына болмаған. Бұған да неғып көнейін, Туғалы қорлық көрмеген, Күні бүгін болғанда, Мына тұрған қыз Алмаш Алдыңа келіп зарлаған. Алладан болған іс болса, Маңдайымнан көрейін, Жәңгір ханның құзырын, Алып барып, көрсетші, Арызымды айтып берейін. Тындалмаса арызым, Бұл қорлыққа көнгенше, Қаңғырып жүріп өлейін. Сағитжан қыз бен баланы ертіп, Жәңгір ханның орда сына алып келеді де: – Анау ханның есігі, анау ханның үйі,– деп жөн сілтеп жібереді. Алмажан інісін жетектеп, хан үйінің есігінің алдына келеді. Ханның билері Алмажанды ханға жібермейді. Ал мажан билерге мына сөзді айтады: Елім бір көшті талдауға, Талдаудың түбін барлауға,
Алмажан Азаматқызы Сұрамай жөнімді, ұстадың, Екі бірдей жас жетім Көрінді ме оп-оңай, Билерім, сізге алдауға. Алыстан іздеп келгенде, Сендерден қорлық көргенім, Нарындағы тоғыз залымнан Құтылдым деген сұм басым, Қайтадан түстік байлауға. Ай жалыны айда екен, Күн жалыны күнде екен, Орданың басшы билері, Қас қасқырлар мында екен. Арызға келген жетімді Жібермей, жолдан тоқтату, Билерім, сізге жөн бе екен? Нарындағы тоғыз залымнан Онан да зорлар мында екен. Нарында тоғыз залым-ды, Залымдар алып малымды, Тірідей қорлық көрген соң, Бір шапағат болар деп, Үміт етіп келіп ем Жаяу іздеп ханымды. Құтылдым деген сұм басым, Артық туған қыз едім, Қолымнан сұңқар жем жеген. Қапыда ұшып сұңқарым Шақырсам да келмеген.
Алмажан Азаматқызы Сұңқарым ұшып кеткен соң, Нарындағы тоғыз би Мал қоймады бөлмеген. Екі бірдей жетімге: «Жаның шықсын, өл!» деген. Келіп едім даңқымен Жәңгір ханнын құзырына, Күндіз-түні барсаң да, Есігі бар кең деген. Қалай еді билері, Арызға келген жетімді Жібермей, жолдан тоқтатып: «Параң болса, бер!» деген. Қоя бер, билер, жөніме, Қалжыңдасып тұратын Үйіндегі жеңге емен. Ұлбике Жанкелдіқызы (1825–1849)
ӨЛЕҢДЕР
Ұлбике Жанкелдіқызы ТҮС КӨРГЕНДЕ Мәделі үлкен шәһардағы медреседе жеті жыл оқып, аулына келе жатып, қатты шөлге дұшар болып қалады. Далада түнеп жатқанда, түс көреді. Түсінде оған Ұлбике көнектен зеренге қымыз құйып беріп отырады. Ауылға келген соң Мәделі Ұлбикеге көрген түсін айнытпай айта ды. Сонда Ұлбике: Басыма салған едім желегімді, Таппадым жеті жылдай дерегіңді. Мүттөйі теріс басқан зәлім қожа, Тауып бер көнегім мен зеренімді, – деп әзілдепті.
Ұлбике Жанкелдіқызы ШЕШЕГЕ ЖАУАП Жаңыл шешей қызы Ұлбикеге «кім болса сонымен қақтығыса берме, өзіңмен лайықтылармен ғана айтыс» деп ақыл айтады. Сонда жалын атқан қыз мына екі ауыз өлеңін айтады: Аузымдағы ақ тісім, маржан тісім, Мұндай жақсы болар ма сүйген кісім. Сүйген кісім сүйкеніп өте шықса, Қатты жаққан қазандай қайнайды ішім. Тәшкеннен алып келген сырнайып-ты, Жөнін білген тартады желқайықты. Ақ шөйі мен көк шәйінің қиығындай, Өзіме таба алмадым лайықты.
Ұлбике Жанкелдіқызы СЫРҚАТҚА СҮЙЕНІШ «Аузың дуалы қыз едің, менің күнім не болады» деп ті ұзақ ауырып жатқан кемпір Ұлбикеге. Сонда сырқат адамға сүйеніш болар деген үмітпен қыз былай депті: Өткеннің не болғанын кәрі білер, Мән-жайын бүгінгінің бәрі білер. Аты ай бойы ауырып жатқан жанның Сауығып жазыларын дәрі білер. Кеселге көп ауырған жем болады, Бір жері, айықпаса, кем болады. Шипасын, сүзек болса, мен айтайын, Марал шыбық суы да ем болады. Ұлбике Жанкелдіқызы ШӨП ШАБУШЫЛАРҒА Ұрық шашқан жерлерге де шөп шығады, Сегіз көде болардай көп шығады. Өсіп шықсам жамсатып оратұғын, Жігіт бар ма жұртыңда деп шығады.
Ұлбике Жанкелдіқызы ҚҰДЫҚ ҚАЗУШЫЛАРҒА Арқан бойы құдықты қазған жігіт Қамал бұзып жар салған ноянға тең. Ит алдына шөп салып жүрген пенде Безек қаққан далада қоянға тең.
Ұлбике Жанкелдіқызы ӘКЕГЕ СӘЛЕМДЕМЕ Ұлбике Қарақойлы жұртының Бойтан дейтін жігіті не үш қыздың қалың малына ұзатылады. Қыз кезі өлеңжырлы ойын-сауықпен, той-тамашамен өткен Ұлбикенің жаңа отбасында жағдайы болмайды. Қайын атасы мен енесінің қыспағына дұшар болады. Күйеуі оны жиі-жиі ұрып-соға береді. Бір күні жас келін ауыл сыртынан бір арқа жусан арқалап келе жатып, қара жол үстінде төркін жағына бара жатқан жақынына кездесіп қалады. Арқасындағы отынын түсіріп, оған сүйене отырып, әлгі жолаушыға сәлемдеме өлеңін жылап отырып айтады. Жол тартып шыға кетсең осы жерден, Аулыма қайрыла кет өзің көрген. Тарылып көк өзегім келе жатыр, Үзілер жібек жіп те осал жерден. Ғұмырым ойлай берсем, болды қауіп, Отырмын, жүре алмаймын басым ауып. Айта бар бұдан барсаң көкешіме, Өзімен ала келсін тәуіп тауып. Масайрап Бойтан тентек қызып алды, Бар нәрін тал бойымның сүзіп алды. Айта бар бұдан барсаң Ошақтыға, Жанымның әр моншағын үзіп алды. Не деген қайын ата қас кісі еді, Аузынан айқайласа тас түседі.
Ұлбике Жанкелдіқызы Ел-жұрттан осындағы жөн сұрасам, Бір түнде ебін тауып қаш деседі. Жұбайын ожар жігіт сорлатады, Дат сөзбен ел-жұртына қорлатады. Әке мен ағайынға тілі тисе, Жанына жас келіннің сол батады. Тары ексең көл табанға тары шығар, Күшімен құдіреттің бәрі шығар. Қорлығын өз жарының көп көргеннің Көзінен жылай берсе зәрі шығар. Сөзімді әкеме айтқан ел тыңдасын, Ел-жұрттан жылу сұрап мал жинасын. Қалыңын маған берген айдап келіп, Басымды тірі жүрген қайтып алсын.
Ұлбике Жанкелдіқызы СЫР Ауыл әйелдері, қыз-келіншектері бастаңғы жасай ды. Жиында Ұлбикеге ішкі сырыңды өлеңмен айт деп қолқалайды. Не қам бар ер жігітте басы еркінде, Той-думан серілікпен жүрер күнде. Мәз болам еркегім мен қайын атам Бір апта төркініме жібергенге. Мен байғұс торға түскен боз бөдене, Жуғаным құммен ысып жез тегене. Сол жігіт дұшар кезде келмей қалды Зым-зия қайран күнім, әттегене! Ах ұрсам, шыға жаздар шыбын жаным, Өтсе де жарық күнім атпас таңым. Қол ұшын беретұғын адам алыс, Балықтай ауға түскен бұлқынамын. Дамылсыз тамған тамшы тас бұзады, Арасын екі тату қас бұзады. Дөң мінез, тоқпақ қолды, ожар адам Талқандап сыр сандығын ашқызады.
Ұлбике Жанкелдіқызы БІР ЖІГІТКЕ Ауыл-аймақтан сыртқа шықпаған үйкүшік жігіт кез келген қызға тиісе береді екен. Бір күні қызойнақ кешінде әлгі жігіт төңірегіне былапыт сөздерін айтып, жиналған жастардың мазасын алады. Сонда Ұлбике мына өлеңін айтыпты: Әкең байғұс кезіп жүр келін іздеп, Қыз-қырқынға көз салып жүр елеңдеп. Күнде шығып төбеге жол қарайды, Бір сорлыны өңгеріп келе ме деп. Сенің әкең бір елдің ескісі еді, Қараңғы елдің ішінде естісі еді. Есер сөзді айтқаның не болғаның, Шайпау сөзден шайқалып іш түседі. Бала екенсің әдепсіз салдыр-салақ, Екі бұты тылтиған жалбыр балақ. Аяғыңды көсілмей тартып отыр, Құрқылтайдың ұясы өзіне шақ. Теке сақал, мысық мұрт, келте екенсің, Шолақ иық, қауқарсыз пенде екенсің. Сөз сөйлесе өз елін жамандаған, Ақ та емес, қара да емес – бөрте екенсің. Түлкі қандай, ендеше, лақ қандай, Лақ ойнап, жар тасты құлатқандай. Бар он екі мүшенің бәрі қыңыр, Көре алмадым ештеңе ұнатқандай.
Ұлбике Жанкелдіқызы ЖОЛ ҮСТІНДЕ Тау етегінде салт атты келе жатқан Ұлбикеге жол үстінде бір жас дуана кездесіп қалады. Қыздан келесі ауылға баратын жолды сұрайды дуана. Дуана жүрер жолда дорба асынған, Ел-жұртым оны-дағы асыраған. Есер емей немене дуана да, Өзі адасқан адамнан жол сұраған. Өрлей берсең, Қаратаудың құзы бар, Шыға білсең төбесінде мұзы бар. Төменіне түсе берсең, Баба ата, Баба атаның қырғауылдай қызы бар.
АЙТЫСТАР
Ұлбике Жанкелдіқызы ҰЛБИКЕ МЕН КҮДЕРІ ҚОЖА (1-нұсқа) Күдері: Сексеуіл құмға бітер басы алмалы, Зинақор бір құдайды еске алмады. Өлеңнің бес-алты ауыз арқасында Тұсыма қыздар келді қос алмалы. Ұлбике: Сексеуіл құмға бітер басы алмалы, Зинақор бір құдайды еске алмады. Тұсында қыздар болса қос алмалы, Қожа қайтіп ұстайды ақ шалмалы? Күдері: Сексеуіл құмға бітер басы алмалы, Зинақор бір құдайды еске алмады. Біреудің ақ некесін арам қылған Жәһөннәмге қыздар кетер қос алмалы. Ұлбике: Сексеуіл құмға бітер басы алмалы, Зинақор бір құдайды еске алмады. Қазақтың ақсақ тайын алдап алған, Жәһәннәмге қожа кетер ақ шалмалы. Күдері: Сексеуіл құмға бітер басы алмалы, Зинақор бір құдайды еске алмады.
Ұлбике Жанкелдіқызы О дүние бұ дүниеден жақсы дейді, Барайық бәріміз де, жан қалмалы. Ұлбике: Өлең, өлең дегенге өтер елі, Өлең айтып көңілді көтерелі. Бұл дүниеден о дүние жақсы болса, Адамға айтпай қожекем кетер еді. Күдері: Екі құзғын ұшқан жері – Еділ, Жайық, Алашта ақын бар ма бізге лайық? Бұ дүниеден сіз де өтер, біз де өтер, Екеуміз ебін тауып сөз қылайық. Ұлбике: Екі құзғын ұшқан жері – Еділ, Жайық, Алашта ақын бар ма бізге лайық? Сөйлесерге жоқ емі көп өлеңім, Қожам, өлең сұраймын қолым жайып. Күдері: Екі құзғын ұшқан жері – Еділ, Жайық, Алашта ақын бар ма бізге лайық? Ұлбике өлең сұрайды қолын жайып, Алдағанын Ұлбике не қылайық. Ұлбике: Екі құзғын ұшқан жері – Еділ, Жайық, Алашта ақын бар ма бізге лайық? Кішкентайдан қосылған, тақсыр қожа, Әрі отырма, бері отыр, жақындайық.
Ұлбике Жанкелдіқызы Күдері: Екі құзғын ұшқан жері – Еділ, Жайық, Алашта ақын бар ма бізге лайық? Кішкентайдан жабысқан бір дертің бар, Жақындасаң кетеді сына тайып. Ұлбике: Қара залым алар ма қара тұр деп, Қара ғалым алар ма бара тұр деп, Қожаның арамзасын біле қойдық, Біз байғұсты алдайды бара тұр деп. Күдері: Төрт орамал шетіне түйдім анар, Жақпаған құл қылмысты дозақ барар. Қожаменен, Ұлбике, ойнап-күлсең, Өнебойың шымырлап мейірің қанар. Ұлбике: Төменнен жеті көшіп өрге келдік, Жеті әулие тоғысқан жерге келдік. Келмегірдің жеріне қайдан келдік, Діннен шыққан қожасы елге келдік. Күдері: Бір алуан бала едің денем сүйді, Жақпаған қу қылмысты дозақ күйді. Бала едің өзің тәуір, Ұлбике ақын, Көрмес-білмес кісідей тілің тиді. Ұлбике: Қожеке, бес өлеңім осындай-ды, Асық жолың бейіске қосылмайды.
Ұлбике Жанкелдіқызы Түбің қожа болғанмен, дәретің жоқ, Дәретсіз жан иманға қосылмайды. Күдері: Бұқараның жолы да түйе боздақ, Тәңірге ісің жақпаса бардың дозақ. Со дозақтың ішінен шықпа, жаным, Қожекеңнің айтқанын қылсаң мазақ. Ұлбике: Қыдырып құс салдың ба құланыңнан, Ер өлтіріп кек алдың ба ұраныңнан. Артынша, қожа тақсыр, қарғай бердің, Сен де көрмей кеткенсің Құраныңнан. Күдері: Менімен жау болмассың, елдесерсің, Бір-екі ауыз сөзбенен теңдесерсің. Арашалап қоймадың, Ұлбике ақын, Не малдан, не бастан кем өсерсің. Ұлбике: Сенімен жау болмағам, елдескенмін, Бір-екі ауыз сөзбенен теңдескенмін. Не малдан, не бір бастан кем болар деп, Тәңірге қашан, қожа, сөйлескенсің? Күдері: Сенімен жау болмағам, елдескенмін, Бір-екі ауыз сөзбенен теңдескенмін. Бір табан сенен гөрі жолым үлкен, Бабаңа Әзірет Әлі сөйлескенмін.
Ұлбике Жанкелдіқызы Ұлбике: Өзің көңіл бермесең мен не етейін, Ажал жетсе, бір сақа дәндетейін. Қаратқан жұртты аузына ақын болсаң, Көңіліңді, саспай тұр, сап етейін. Күдері: Айтайын айт дегеннен біліктімді, Бұл менің қызға түскен бір ісім-ді. Бабамыз Әзірет Әлі аң атыпты, Қоймаймын қыз-дұшпанға күлісімді. Ұлбике: Жаратқанның бар ма екен көрген нұрын, Бұрын көрген бейіштен алады орын. Қожеке, мен сенен бір сөз сұраймын, Не жаратқан болады ілкі бұрын. Күдері: Бар дейді жаратқанның көрген нұрын, Нұрын көрген бейіштен алады орын. Ұлбике, сен сұрасаң мен айтайын, Кәппенен нұр жаратқан ілкі бұрын. Ұлбике: Бар дейді жаратқанның көрген нұрын, Нұрын көрген бейіштен алады орын. Қожеке, сен о сөзді білмей айттың, Жаратқаны бар дейді онан бұрын. Күдері: Әуелде Мұхаммедтің нұрын қылған, Он сегіз мың әлемнен бұрын қылған.
Ұлбике Жанкелдіқызы Батыраш Әділғазы нұрын төгіп, Сегіз бейіш ішінен орын қылған. Ұлбике: Әуелде жаратқанда жан жаратқан, Дарияның түбінде мың жыл жатқан. Дарияның түбінен шығарған соң, Нұрдан алып тауып бер не жаратқан? Күдері: Әуелде жаратқанда жан жаратқан, Дарияның түбінде мың жыл жатқан. Дарияның түбінен шығарған соң, Нұрдан алып Ай менен Күн жаратқан. Ұлбике: Айтамын айт дегеннен, қожам, дүрсің, Қожам, тоқсан түрлендің мені көрсең. Оны тапсаң бір тыныс алар едің, Әзірет Әлінің атасын тауып берсең. Күдері: Әптиектің ішінде бар еді әліп, Жетік молда оқиды хатты танып. Атасының аттары Батыраш-ты, Әкесінің есімі Әбутәліп. Ұлбике: Сабақтың басын сұраса, үнді дейді, Жаман сөз жақсы адамға мін-ді дейді. Пайғамбар, ат сұрамақ сүндет екен, «Әкең атын сұраймын, кім-ді» – дейді.
Ұлбике Жанкелдіқызы Күдері: Құба жон, арғы ауылда жортар бөрі, Бір жарымның жоғынан көңілім шерлі. Ұлбике, сен сұрасаң мен айтайын, Ер Көшек – әкем аты, мен – Күдері. Ұлбике: Ішінде осыншаның атым Есен, Халқым қоймас өлеңді білмен десем. Қожеке, сен айтқанда, мен де айтамын, Жанкелді – әкем аты, Жаңыл – шешем. Күдері: Құба жон арғы ауылда жортар бөрі, Жоғынан бір жарымның көңілім шерлі. Ұлбике, сен айтқанда, мен де айтайын, Ер Көшек – әкем аты, мен – Күдері. Ұлбике: Керегенің басында мақта шүйке, Шүйкені жаман қылса болады үйке. Қожеке, сен айтқанда, мен де айтамын, Жанкелді – әкем аты, мен – Ұлбике. Сонда Күдері тоқталады. Тағы да Ұлбике: Ақ тайлаққа жүк арттым қатар-қатар, Шудасы жосып жатса шаңға батар. Сыймаған тіл-аузыңа ақын болсаң, Дария ағып жатқан қашан қатар?
Ұлбике Жанкелдіқызы Күдері: Ақ тайлаққа жүк арттым қатар-қатар, Шудасы жосып жатса шаңға батар. Қауыста қарашамен қаймақшиды, Жеті тоқсан айында дария қатар. Ұлбике: Бұ қайдағы қожа еді-ей, есі кеткен, Есі кеткен болмасаң Ертіс өткен. Есі кеткен болмаса, есер қожам, Жеті тоқсан айлары қашан өткен? Күдері: Жүк арттым ақ тайлаққа қатар-қатар, Шудасы шөгіп жатса шаңға батар. Сендей мен күн есептеп жүруші емен, Қай күн суық болғанда дария қатар.
Ұлбике Жанкелдіқызы ҰЛБИКЕ МЕН КҮДЕРІ ҚОЖА (1-нұсқа) Ұлбике бетіне жан қаратпаған ақын болыпты. Сол за манда Күдері деген кісі «қожамын» деп садақалар жинап жүреді екен. Сол уақта бір той болып, Ұлбике сол тойға келген-ді. Күдері де ақын екен. Бозбалалар екеуін айты стырамыз деп, кеу-кеулеп, қожаны қыздың тұсына алып келіпті. Сонда қожаның айтқаны: Күдері: Қожа өлеңді айт дегенде аялданды, Сұм дүние қай қалпында баяндалды. Қимылдат, өлеңіңді, Ұлбике ақын, Тұсыңа қожа келіп даярланды. Ұлбике: Әуенге асығамын салғанымша, Қожаға ащы дауысым барғанынша. Қожаға асықса да дәнеме жоқ, Мейірі қазақ айтып қанғанынша. Күдері: Ата-бабам, шынжыры қойылған қол, Қожа келіп тұрады оң менен сол. Әншейін-ақ бір айтқан сөзің шығар, Ақылы бар баланың айласы сол. Ата-бабам пір тұтып, қожа қылған, Не себептен қожаға тимейді жол?
Ұлбике Жанкелдіқызы Ұлбике: Қожа болсаң, басыңда шалма болар, Сомсынғанға зорсынған балға болар. Қожа сендей болар ма сары құлақ сарт, Көңілінде иман, аузында Алла болар. Есек мінген сартпенен айтысқаным, Сүйегіме бір үлкен таңба болар. Қыз-жігітте қожаның жұмысы жоқ, Мүриді кемпірімен жалдап алған. Күрең: Бабам үлкен Әлімге көкірек шырақ, Төрт жағы төрт тараптан аққан бұлақ Пайғамбардың нәсілін сары құлақ деп, Ақыретте бересің үлкен сұрақ Күтпейсің шариғат нәпсің үшін, Әзір жаспын десең де қиынырақ. Қожаң тұрып қараға көзін салын, Түңілікті үйден тыс кеттің жырақ. Ұлбике: Аулақ тарт Қожа болсаң кеселіңді, Осы жол қайтарармын меселіңді. Ат мініп біздің елден тон алған соң, Сатқансың Қашқарлыққа есегіңді. Жеп едің ел қыдырып сынық малта, Үмітің бүгін неғып кішірейді. Шыны пірлік қылмаққа садақа кет, Айтамын талай-талай өсегіңді. Қожеке, пайғамбардың атын сатып, Таппай ма құдай сенен есебіңді.
Ұлбике Жанкелдіқызы Күдері: Алтын менен күмісті тас дейтұғын, Қыздың көркі көзі мен қас дейтұғын. Ақынсып ақ сүйекке тілің тиіп, Өз айыбын білмейтұғын нас дейтұғын. Еліңді қалмақ пенен қырғыз шапса, Қожаға төре менен бас дейтұғын. Ұлбике: Шыққанда ат екіге құнан дейтұғын, Тимеген тайдан тұяқ жат дейтұғын. Қожамен, төременен дәзір қылмақ, Әншейін қазакшылық салт дейтұғын. Көп тисең ашуына біздің қазақ, Қожаңды құл, төреңді сарт дейтұғын. Мысықша көзін жұмып, елді алдаған, Қожаны оңдырмайды ат дейтұғын. Күдері: Мінгені қожекеңнің құнангер-ді, Қожаңыз қара өлеңге кемеңгер-ді. Бұлғақтамай жөніңді айт, Ұлбике ақын, Сірә да көрдім талай тереңдерді. Шығамын, шерменде ит қыламын Қожаның нәсілі сарт дегендерді, Өлгенге имам, тіріге қожа бол, – деп, Қолыма ат басындай кітап берді. Ұлбике: Кісі өлгенде ат пенен тон алсаңшы, Алдап тоғыз алғанша жоғалсаңшы,
Ұлбике Жанкелдіқызы Бір кісі өлсе үш тоғыз алдап алып, Тозаққа өзің барып қағылсаңшы. Қожасып, өлі-тіріні айтамын деп, Аюдай алжып жүріп сандалсаңшы. Нәпсіні дөнен иттей семіз қылып, Түбіне зынданшының ұға алсаңшы. Онда Күдеріні жұрт жасытып, күліп, қызды көтермелеп, Ұлбике жеңді, – деп бозбалалар шуылдап, қолпаштаған соң, ол өкпелеп тұра жүгіріпті. Онда әркім қожаға «кетпеңіз» деп жұбатып көңілін ашыпты, сонда Ұлбике өлең бастапты: Өлең десе көңілім судай тасар, Мен емес қару таппай сөзден қашар, Қан жауғырдың тексізін мұнан байқа, Өкпелеген қойшыдай тұра қашар. Өкпелесе қоя бер құрғырыңды, Өзінің де құзғындай ниеті нашар. Жарты мата басына орап алған, Және бір сарт қожа кеп орнын басар, — деп айтқанда, Күдері қожа бір жолата жеңіліпті.
Ұлбике Жанкелдіқызы ҰЛБИКЕ МЕН КҮДЕРІ ҚОЖА (2-нұсқа) Ұлбике: Қарағай отқа салса көсеу болар, Қартайса қара арғымақ мешеу болар. Қожеке, білгір болсаң сөз сұрайын, Жігіттің нағыз жұрты нешеу болар? Күдері: Жігіттің үш жұрты бар қатынасар, Сыйласса қуанысып мауқын басар. Әрине әрқайсының орны басқа, Болғанмен бәрі жақын, жолы қатар. Жігіттің туған жұрты күншіл келер, Талғампаз қайын жұрты сыншыл келер. Көтерер еркелікті нағашы жұрт, Жиен деп қимайтұғын мүлкін берер. Ұлбике: Қарағай отқа салса көсеу болар, Қартайса қара арғымақ мешеу болар. Қожеке, білгір болсаң сөз сұрайын, Атап бер, қазына ерде нешеу болар? Күдері: Жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, Көк мылтық, алмас кездік қысы-жазы.
Ұлбике Жанкелдіқызы Ау-жылым, қара қақпан құра білсе, Жігіттің келіспей ме сонда сазы. Жігіттің осы жеті қазынасы, Жасайтын табиғатқа базынасы. Қоя бер сұрағыңды, Ұлбикежан, Сана да, айтқанымды жадыңа алшы? Ұлбике: Қарағай отқа салса көсеу болар, Қартайса қара арғымақ мешеу болар. Қожеке, білгір болсаң сөз сұрайын, Атап айт, елдің жұты нешеу болар? Күдері: Қысыр сөз үлгі бермес Құран тұрып, Біреуі жеті жұттың – қуаңшылық, Екінші – қаһарлы қыс мал қыратын, Үшінші – жұқпалы ауру, ашаршылық. Төрт пен бес, өрт пенен су – тілсіз жауың, Ешкімнен біле алмассың оның дауын. Алты, жеті – соғыспенен жер апаты, Шошытар басқа түссе адам қауымын. Осымен тамам болды жеті жұтың. Өмірлік тәжірибеден алған сабақ Қарттарым солай депті есі бүтін. Ұлбике: Қарағай отқа салса көсеу болар, Қартайса қара арғымақ мешеу болар.
Ұлбике Жанкелдіқызы Қожеке, білгір болсаң сөз сұрайын, Ғайыптар адамзатта нешеу болар? Күдері: Бұл өмір қалтылдаған бір желқайық, Еш пенде ұшып кетпес қанат жайып. Қара жер бауырына өзі-ақ тартар, Табаның бір иірімде кетсе тайып. Адамзат бұл дүниеден өткенінше, Басынан кешетіні бес-ақ ғайып: Санайын тыңда да отыр көңіл қойып, Бірінші – жүздесуің – дидар ғайып, Екінші – дәмдес болу-несібе ғайып, Үшінші – жолға жолдас-сапар ғайып. Төртінші – бас қосуың некелесіп, Сүйсең де, сүймесең де – тағдыр ғайып, Бесінші – бұл өмірден өтер шағың, Ажалың неден болар ол бір ғайып. Ұлбике: Қарағай отқа салса көсеу болар, Қартайса қара арғымақ мешеу болар. Қожеке, білгір болсаң сөз сұрайын, Сойғанда малда жілік нешеу болар? Аттарын атап берсең осылардың, Дәріптеп даңқыңды елге асырармын. Ризамыз пірлігіңе, жүрлігіңе, Жұрт білед оның несін жасырамын.
Ұлбике Жанкелдіқызы Күдері: Он екі малда жілік алты жұптан, Шаруалар білер бағып, жолын тұтқан. Аттарын атап берем, тыңда да отыр, Шынымен қожа сөзін қадір тұтсаң. Үлкені – сый қонаққа жамбас болар, Бас пенен тартылғанда жолдас болар. Екінші – табағыңа ортан жілік, Қабырға, омыртқаны жолдас қылар. Үшінші – жіліктің бар асықтысы, Бұнымен де құрмет етер асып кісі. Төртінші – табағыңа жауырын түсер, Ас құрмет бұрынғының тәртіпті ісі. Бесінші – табағыңа тоқпан жілік, Мұны да тартады жұрт жолын біліп. Алтыншы – кәрі жілік әйелдерге Тартылар сыбағалы құрмет қылып. Осындай алты жілік жұбыменен, Өзінің тартылады жолыменен. Ас беру, қонақ күту қазаққа сын, Бәрін де жасамаса жөніменен. Ұлбике: Қожеке, сөйлеп кетсең шежіресің, Тасқындап тау суындай төгілесің. Азырақ жұрт тыңдасын танысалық, Сұрағым жеті атаңнан не білесің?
Ұлбике Жанкелдіқызы Күдері: Қожайы Мұса менің жетінші атам, Сәйеди Ибраһим алтыншы атам. Сәйеди Ибраһимнен Смағұл ер, Бұл менің санағанда бесінші атам. Одан соң төртінші атам Ғабдімәлік, Дуана – хажы Мәді үшінші атам. Би Қылыш дау шешетін екінші атам, Ер Көшек одан туған бірінші атам. Мен болсам Күдерімін алдыңда отқан, Өзіңмен бірге ойнаған алтыбақан. Қасиетін бабалардың халық білер, Мен оны мақтан етіп несіне айтам. Ұлбике: Қарағай отқа салса көсеу болар, Қартайса қара арғымақ мешеу болар. Қожеке, білгір болсаң сөз сұрайын, Алты алпыс, сегіз сексен нешеу болар? Күдері: Қаратас үгітілсе құм болады, Замана жылдан-жылға сұм болады. Ұлбике-ау, сен білмесең мен айтайын, Алты алпыс, сегіз сексен мың болады. Ұлбике: Қарағай отқа салса көсеу болар, Қартайса қара арғымақ мешеу болар.
Ұлбике Жанкелдіқызы Қожеке, білгір болсаң сөз сұрайын, Құйрығы ту байталдың нешеу болар? Күдері: Ендеше сүмбіл еді, сүмбіл еді, Туғанын сүмбіленің кім біледі. Байталдан құйрық санап жүргенім жоқ, Өзіңдей арқан ескен күң біледі. Ұлбике: Қарағай отқа салса көсеу болар, Қартайса қара арғымақ мешеу болар. Қожеке, білгір болсаң сөз сұрайын, Жұлдызың аспандағы нешеу болар? Күдері: Ащыны тұщыменен татқан білер, Арзанды қымбатпенен сатқан білер. Аспаннан жұлдыз санап көргенім жоқ, Өзіңдей шалқасынан жатқан білер. Ұлбике: Ризамын, жауабыңа зерек қожам, Қазаққа сіз екенсіз керек, қожам. Бұрын соң артық кеткен сөзім болса, Кеше гөр әруағыңмен жебеп, қожам! Күдері: Ұлбике-ау, таусылмайтын сен бір сұрақ, Сарқылмас сағасы арна мен бір бұлақ.
Ұлбике Жанкелдіқызы Әлеумет риза болса біз де риза, Кешпейтін сөздерің жоқ, Ләйлім шырақ. Сен жанған Алтын шырақ жеке-дара, Үлгі айттық естігенге екеу ара. Асыл сөз артта қалсын, жұрт үлгі алсын, Жиған мал не болады қора-қора.
Ұлбике Жанкелдіқызы ҰЛБИКЕ, ЖАНКЕЛ ЖӘНЕ КҮДЕРІ ҚОЖА Көктемде Жанкелдің де, Ұлбикенің де елдері қыстаудан жайлауға көшеді, сонда Жанкелдің көш-жөнекей келіп, Ұлбикеге тиісіп айтқаны: Көк қамыс құрақ-құрақ сайда болар, Көп жылқы көк алалы байда болар. Келіп ем Ұлбикеден сұрағалы, Кешуі Көкөзектің қайда болар? Ұлбике: Жүрмейсің, Жанкел кедей, аттай жарап, Келеді әкең қақпас алдыңды орап. Жылқың өтпей бара ма, жазған кедей, Кешуін Көкөзектің менен сұрап? Жанкел: Бұлғаймын қамшым сабын қарағанға, Көрінер айғыр сұлу жарағанда. Шырағым, бұған неге шамданасың, Кешуін Көкөзектің сұрағанға? Ұлбике: Бұлғаймын ұршық сабын қарағанға, Көрінер шашым сұлу тарағанда. Қолыңда жетелеген қотыр тай жоқ, Кешуді таң боп тұрмын сұрағанға! Жанкел: Адамның бәрі бірдей барабар ма? Ақын деп мақтаныпсың санағанға.
Ұлбике Жанкелдіқызы Алдағы жел қайықты суға салғын, Жұрт өтсе, Жанкел өтпей қала ала ма? Ұлбике: Жел қайықты көрсеттің шамаларға, Бұл сөзің үлгі болар тамаларға. Жел қайық жер аударып, толқын қауып, Қалмасын аузың толып қара қанға? Жанкел: Мен жаяу, қыздар атты жаяуласам, Артыңа қарамайсың, аяуласам. Аударып жел қайықты жаным жоқ па, Мініп ап ортасынан таяуласам. Ұлбике: Жоқшылық кәрілікпен жолдас екен, Болғандар оған жолдас оңбас екен. Айтысып бұ кедеймен кім тұрады, Жүрмесек көшті тартып болмас екен. Жанкел: Жайыңа жігітшілік қоймас екен, Ұлбике, сөзіңе жұрт тоймас екен. Тарап жүр ел аузында бір әңгіме, Ұлбике Күдерімен сырлас екен. Ұлбике: Салады қойшы қойын алқа-қаққа, Мінеді құдай сүйген алтын таққа. Бір итті итаяқтан тойыпты деп, Келіп пе ең итаяқтан жаламаққа?
Ұлбике Жанкелдіқызы Жанкел: Құйрығы боз шолақтың бөденедей, Өлгенді опат дейді кенегендей. Ұлбике, итаяқты дайындай бер, Тіліңді шешендетіп сермелемей. Осы кезде Жанкелдің көші кеп қалады, көш сиқы өте кедей, жамау-жасқау екенін Ұлбике сөз етіп, былай дейді: Ұлбике: Көшіңді көрдім, Жанкел, мәздемідей, Шайлаңыз тесік-тесік қазған көрдей. Тарығар бала-шағаң сусын таппай, Қондырған мәздеміңді, Жанкел кедей. Жанкел: Жігіттер, мал адамның тегі екен, Ұрса таяқ, сөйлесе сөзі екен. Аузыңмен құс тістесең дәнеме жоқ, Барға – бал, жоққа – қапа дүние екен. Ұлбике: Сен кімге, Жанкел кедей, жағып жүрсің, Өріске қой-малыңды бағып жүрсің. Ордаңдап оқпақ құстай сүйкімсіз боп, Қаңғырып қараңғыда неғып жүрсің? Жанкел: Ұлбике, қуанамын келгеніме, Сен едің қалағаным, гүлдерім де.
Ұлбике Жанкелдіқызы Қолыңа қаршығадай қондырсаңшы, Ордаңдап оқпақ құстай жүргенімде. Ұлбике: Жанкел-ау, ниетіңді арам қылма, Қайың тең бе қадірсіз тораңғылға? Қасқырдай ит талаған арсыз кедей, Қаңғырып жүре берме қараңғыда. Жанкел: Қазаққа аты шыққан мәшһүріңмін, Мен болдым саған ғашық жас күнімнен. Көгенде сен бір жатқан бағлан қозы, Аңдыған қараңғыда қасқырыңмын. Ұлбике: Жанкел, сен қасқыр болсаң қабысарсың, Қоймастан қозы көрсең, жабысарсың. Ел келсе, сендей қасқыр ебін таппай, Далада тасбақа жеп қарысарсың. Жанкел: Жортамын көк бөрідей түн өткізбей, Жақындат көңілің болса тілеткізбей. Құшақтап қу тіземді жата алмаймын, Барасың құмарыма бір жеткізбей. Ұлбике: Қаңқылдап қара қарға жыл шықпаған, Қу кедей, қай ісің бар қырсықпаған. Жаныңда жасауылың бар ма, кедей, Жаныңды қысы-жазы тыншытпаған.
Ұлбике Жанкелдіқызы Жанкел: Ұры едім төмендегі жасауылға, Кеп едім шығайын деп осы ауылға. Жағамды жасауылдан бір босатсаң, Жүрер ем ұмытпастан ден сауымда. Ұлбике: Сал Жанкел, қай ісіңмен теңгелгенсің, Түрткен соң жасауылың жөнелгенсің. Жігіттік қай адамның басында жоқ, Ұятсыз шыли өзің өлерменсің. Жанкел: Ойы жоқ оттап қайтар өлерменнің, Түртпесе жасауылым келер ме едім? Ас ішер ауыл жақын деген кәне, Көзімнің бір көрмедің телміргенін. Ұлбике: Бар ма екен, Жанкел, сендей жазған адам, Ақылы тек жатсайшы ауған адам. Қуалап кедей сорың келтірген ғой, Қамшы жеп қараңғыда бозбаладан. Жанкел: Ұлбике, сізге керек бізде бар-ды, Жұмыстар бізге керек сізде бар-ды. Салт екен Адам ата бабамыздан, Қыз десе жігіт халкы іздеп алды. Ұлбике: Жазықты жасаулыға болдың пенде, Түрткен соң жасауылың келгің келді.
Ұлбике Жанкелдіқызы Саны жоқ адамдыққа, арсыз кедей, Пайғамбар Адам ата болғың келді. Жанкел: Хан да асық, қара да асық бір басыма, Жөні жоқ қарамаймын ұрғашыға. Бай болсаң байтал майын бермейсің бе, Сөзіңнің пайдасы жоқ, мырзасынба. Ұлбике: Жанкел-ау, іздегенің байтал ма еді, Құмарың байтал мінсе тарқар ма еді. Байталға жуасырақ жармаспасаң, Біздің байтал тебеген, тарпаң еді. Жанкел: Ұлбике, іздегенім тарпаң еді, Құмарым сонан өлсем тарқар еді. Тарпаңның шоқтығына қолы жетсе, Кеудесін Жанкел бейбақ артар еді. Ұлбике: Қу кедей, өлең айтсаң, қасқарасың, Қамысты қара өлеңмен жастанасың. Басқа елде сен секілді бойдақ жоқ па, Арың жоқ, бірақ өзің масқарасың. Жанкел: Жарлымын, жалғыз құдай миятым-ды, Қыздардан аямаймын құр атымды.
Ұлбике Жанкелдіқызы Мәнісін масқараның білмеймісің, Өзіңнен тілегенім ұятың-ды. Ұлбике: Көшуге көшпенді ел боп қуатың жоқ, Көреді көлді көзің, суатың жоқ. Шабасың айға абалап арыстандай, Бетіңде арың да жоқ, ұятың жоқ. Жанкел: Аулыңа Жанкел тағы бір барады, Шиқанын толықсыған бір жарады. Айтқанын бұрынғының білмеймісің, Ұялған әр нәрседен құр қалады. Ұлбике: Сен де бір, арсыз кедей, ұялсаңшы, Нәпсіңді алаңдамай тыя алсаңшы. Қолың жетпес бойыма аузыңды ашпай, Тілесең ат алсаңшы, түйе алсаңшы. Жанкел: Ұлбике, ат алайын, түйе алайын, Кедейліктің несіне ұялайын. Төсіңдегі қос алмаңнан бір сипатсаң, Төрт түлік мал алғандай қуанайын. Ұлбике: Елеңдеп кедей деген есірер ме, Басынан өткен істі кешірер ме? Пайдаң болса, өзіңнің басыңа қыл, Кедейдің әуесім жоқ кесіріне.
Ұлбике Жанкелдіқызы Жанкел: Ұлбике, менің сізге әуесім көп, Сөз – шырын,ойым – бақша мәуесі көп. Бұлбұлдай гүлсіз жерге қона алмайтын, Жанкелдің Ұлбикеден дәмесі көп. Ұлбике мен Жанкел осылай айтысып жатқанда, бұрын Ұлбикемен айтысып, одан жеңіліп жүрген Күдері қожа Жанкелдің артына барып, бой тасалап тыңдап тұр екен. Сонда Күдеріні көріп, Ұлбикенің айтқаны: Жанкел-ау, ұста болдың құрамаға, Айтылды талай өлең сыбағаға. Орныңнан тұрмаймысың, Жанкел кедей, Артыңда қожа емес пе құба бала? Күдерінің Жанкелге айтқаны: Қыздар бар қыздардан да қырғи теңі, Өткен соң жігітшілік кім бүйтеді. Берсеңіз тұрып орын, Жанкел аға, Біз де айтысып көрейік Ұлбикемен. Жанкел: Қыздар бар қыздардан да қырғи теңі, Өткен соң жігітшілік кім бүйтеді. Кішкене сабыр қылып отыр, тақсыр, Берейін басыменен Ұлбикені. Ұлбике: Жанкел-ай, тілің айыр, басың жалпақ, Бір сөзің әлгі айтқан кеттің шалқақ.
Ұлбике Жанкелдіқызы Берейін Ұлбикені басымен деп, Билей ме Ошақтыны қарақалпақ? Жанкел: Таксыр-ау, білмеп едім сізді бұрын, Ұлбике салған екен көздің қырын. Қарақалпақ серкесі, тақсыр қожам, Сіз бер десең бермейін неғып орын? Күдері: Білмедің, Жанкел, менің келгенімді, Келдім деп айтпап па едім мен жөнімді. Құрметтеп Күдеріні сыйласаңыз, Иман тап, Жанкел аға, өлгеніңде. Жанкел: Қайта алмас тұлпар басы тасқа ұрынбай, Неғып орын бермейін, тақсырым-ай. Жанкелдің кінәсі өтсе, кешіре гөр, Мүридіңді айтпағайсың пәс қылып-ай. Күдері: Замана алдымызда кызыл түлкі, Ғанибет тіршілікте ойын-күлкі. Төрт-бес жыл болып кетті көрмегелі, Бармысың аман-есен, ау, Ұлбике? Ұлбике: Қожаның арғы атасы барды Мекке, Баласы сұңкар құстың азды жеке. Сағындық, көрмегелі бес жыл болды, Келдің бе аман-есен, ау, Қожеке?
Ұлбике Жанкелдіқызы Күдері: Ұлбике, Бақтиярдан сенің затың, Жайылған бар халыққа Ұлбике атың. Кітаптай айтқан сөзің мәнді болған, Туар ма мұнан артық перизатың?! Ұлбике: Қаралы қарайғанға, қарағым-ай, Аспалы қылыш еді жарағың-ай. Жабығып отыр едім мен қор болып, Қазанат қайдан келдің, арабым-ай? Сайраған баудың көркі, бұлбұлым-ай, Барады қапалықпен бұл күнім-ай. Ағарып атқан таңдай қайдан келдің, Қыраны қаршығаның тұйғыным-ай. Шығады тоғай барған балтаны алып, Не кетпес балта тисе жаңқаланып? Көргенде ана жылы жас бала едің, Келдің бе аман-есен Арқа барып? Күдері: Қайтады саудагерлер Құман алып, Тәшкенге қатынайды жылда барып. Ұлбике, ойымнан еш кетпедің ғой, Сонда да ақыл-есім мұнда қалып. Ұлбике: Алдайсың Ұлбикенің жүзін көріп, Сарғайтты кеткен жолың ұзын болып.
Ұлбике Жанкелдіқызы Тақсыр-ау, Ұлбикені ұмыттың ғой, Арқаның ақ мамықтай қызын көріп. Күдері: Мен нағып сен сөйлесең езілмеймін, Арқада қыз жоқ екен өзіңдейін. Әр елде беті тегіс толып жатыр, Балқытар сөзі қайда өзіңдейін. Ұлбике: Арқадан тез келмедің барсаңыз да, Есіңе Ұлбикені алсаңыз да. Сылқымдық Сарыарқада бес жыл құрып, Қажеке, қолың жетті қанша қызға? Күдері: Сылқымдық Сарыарқада қылып жүрдім, Сол жерде қадіріңді біліп жүрдім. Өлеңмен отыз қызға болдым таныс, Кет десем, ұйқысырап құрып жүрдім. Ұлбике: Сылқымдық Сарыарқада қылып жүрдің, Сол жерде қадірімді біліп жүрдің. «Халық айтса, қалт айтпайды» деген сөз бар, Басыңды неге өсекке іліндірдің? Күдері: Қылығын қыз баланың шырын білдім, Қырғидай қармағыма іліндірдім. Жазбасам тағатыма айыбым жоқ, Дәтімнің қаттылығын жаңа білдім.
Ұлбике Жанкелдіқызы Ұлбике: Әулие боп отырсың, тақсырым-ай, Басыңнан күнәң кетті асқынып-ай. Әдетің алаңдаған қайда кетті, Қаратаудың қарны ашқан қасқырындай. Күдері: Ұлбике, сен сенбейсің қасқырыңа-ай, Жалаңды құр отырсың жапсырып-ай. Жанкелді аулың нағып ұстап отыр, Сенің де әңгімең жүр асқынып-ай. Ұлбике: Қажеке, ыза болдым қылығыңа, Сындырған әзіл сөздің сынығына. Болмаса егер айтқаны өлең сөзбен, Бұ кедейің келмейді жұлығыма. Күдері: Базарда пышақ тұрар қыныменен, Келеді сатып алсаң пұлыменен. Жел тұрса шөптің басы қимылдайды, Жанкелден сен саумысың шыныменен? Ұлбике: Мақтаныш жігіт халқы жігітке етер, Кеппей жайсыз мақтанған сыбыс етер. Ит мінез жігіт халқы болады екен, Иттерше жемес астан үміт етер. Күдері: Ұлбике, алданасың жалған жарға, Не дейсің ақиретке алған жарға ?
Ұлбике Жанкелдіқызы Жете алмай жүрген қолы біз алмасақ, Жанкелдің қолы жетті, амал бар ма? Ұлбике: Қажеке, көңілім тура алған жарға, Ешкімге пұрсатым жоқ алданарға. Өтірік сөз көп айтып көтеріп ап, Қажы халқы өсекті қалжыңдар ма? Күдері: Ұлбике, көңілің бұрдың жалған жарға, Ақиретте қиын дейді алдағанға. Ауылың ұстап отыр бір Жанкелді, Танатын бұл дәлелден айлаң бар ма? Ұлбике: Жанкел кеп жүруші еді қымыз ішіп, Балалардан таяқ жеді еті қышып. Әзіл сөз айтпайтындай болды маған, Бүгін түн соры қайнап қолға түсіп. Күдері: Ауылдан шаңкай түсте аулаққа айдап, Жаттыңдар Көкөзекте бір жай сайлап. Жанкелдің өсегінен аман болсаң, Байың неғып сабап жүр үш күн байлап ? Ұлбике: Құранда «құл-ағызу раббил фәлақ», Өсекті жапсырады бір занталақ. Маңыма тұрмақ түгіл жолаған жоқ, Айтты екен өтірікті қандай қазақ.
Ұлбике Жанкелдіқызы Күдері: Жанкелге өлең сөзден кеткен дарып, Байлардай жүрмесе де малға жарып. Бұл Жанкел уәде сөзбен қолға түскен, Болмаса жын ұрды ма түнде барып? Ұлбике: Ұлбике жүрген жолдан адаса ма, Біздерге жала сөздер жанаса ма? Қоймайсың, Жанкелді әкеп жапсыруды, Жан беріп түсесің бе арашаға? «Күдерінің сөзі жалған болса да, шынға айналып кетуі мүмкін, тоқтатыңдар айтысты», – деп, қариялар тыйым салыпты.
Ұлбике Жанкелдіқызы ҰЛБИКЕ МЕН ТАСПАҚОЖА (1-нұсқа) Ұлбике: Қатты соққан дауыл да басылады, Күллі жұртқа күн шуақ шашылады. Білгіш болсаң кәнеки, айта қойшы, Құдай күні қай кезде таусылады? Таспақожа: Қайда бұрсаң арғымақ сонда жүрер, Ескі кетіп, орнына жаңа келер. Ғұмыр саны Алланың өзіне хақ, Қанша екенін жаратқан өзі білер. Ұлбике: Тәңір өлшеп әркімге жас береді, Әр пендеге қауашақ бас береді. Жаратқанның қолында болса бәрі, Жастан ассаң өлшеулі не істер еді? Таспақожа: Әр елде бар бір батыр жау-жасақты, Нар қылышты, найзалы алтын сапты. Сен білмесең, Ұлбике, мен айтайын, Лұқпан әкім данышпан мың жасапты. Ұлбике: Дарияның бас жағы бұлақ дейді, Жол салатын далаға, тұяқ дейді.
Ұлбике Жанкелдіқызы Рас па екен көктегі жарық жұлдыз, Төбесінде әр жанның тұрад дейді. Таспақожа: Жер-жаһанның бәріне Тәңір ие, Жұлдыз асты тірі жан кие-кие. Жұмыртқаның қабығын түртіп ашып, Балапан да келеді дүниеге. Ұлбике: Өлең мен ән әуелден бір келіскен, Қас қанатты құстай боп шығар іштен. Нұх кемесі қайырлап қалған кезде, Жетім бұзау бишара қайдан түскен? Таспақожа: Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған? Жетім бұзау үстінде қалып кетіп, Зеңгі баба әулие содан болған. Ұлбике: Жолға шыққан Меккеге қалар барып, Қалдай қалса тобасы қайтар дарын. Қожа болсаң, қысылмай айта қойшы, Қандай құстың күнінен түні жарық? Таспақожа: Екі ауылдың арасы арық-арық, Бау-бақша іші болады қарық-қарық. Сен білмесең, Ұлбике, мен айтайын, Жапалақ пен үкінің түні жарық.
Ұлбике Жанкелдіқызы Ұлбике: Күн ысыса шілдеде бас қайнайды, Шапашотым ағаштан жасқанбайды. Темір деген бәрінен берік болса, Неге ғана шотымды тас қайрайды? Таспақожа: Жер үстіне жаратқан бәрін сапты, Оқығанға әлемнің бәрі нақты. Аяқ басқан жердегі қара тастың Бәрі дағы темірден болар қатты. Ұлбике: Бұлтты жарып аспанда ай шығады, Бірде кейін, бірде ерте жай шығады. Мен қояйын тағы да бір сауалды: Көктен қалай шатынап жай шығады? Таспақожа: Бұлтты жарып, оның рас, ай шығады, Бірде кейін, бірде ерте жай шығады. Жауын күні дүркіреп көк төбеден Әзіреттің оғынан жай шығады. Ұлбике: Жел соғады шығыстан, аңызақтан, Бір соққанда он соғып аңыратқан. Аспандағы топ жұлдыз Үркер деген, Көрінеді қай кезде шаңырақтан?
Ұлбике Жанкелдіқызы Таспақожа: Ошақты қыз сұрақтан ерінбеді, Көкке өрлеген не деген керім еді! Аспандағы топ жұлдыз Үркер деген, Шаңырақтан қаңтарда көрінеді. Ұлбике: Қара ешкіні саусам да ақ шығады, Киім тіксем өзіме шақ шығады, Шақпақ тасты қолға алып соғыстырсам, Қалай ғана жарқылдап шоқ шығады? Таспақожа: Бойдақ жанның көп екен ынта-зары, Ақын қызды көруге ынтығады. Шайтан оттан жаралған деген бар ғой, Түртіп қалсам сенен де шоқ шығады. Сол кезде қыздың анасы Жаңыл шешей: «Өлеңді тоқтатыңдар» – деп, бір отырыстағы ойын-күлкі үшін жігітке рахметін айтады. Жиналған жұрт қыз бен жігіттің өлеңіне риза болып тарайды.
Ұлбике Жанкелдіқызы ҰЛБИКЕ МЕН ТАСПАҚОЖА (2-нұсқа) Бұл айтыс Ұлбикенің бой жеткен кезінде болыпты. Өзін айттырып қойған адамға наразы болып жүрген қыз көптен таныс жас ақынның әдейі келгеніне іштей разы бо лып қалады. Екі-үш ауыз лебізін ән сазына бөлеп айтады. Ұлбике: Ауыз ашпай отырсам не етер еді, Күйкі өмірім өксікпен өтер еді. Ақын жігіт алдыма келген сәтте Өлең шіркін көңілді көтереді. Жел тұрса жеңіл нәрсе көкке ұшады, Отырсаң босқа қарап іш пысады. Сағынғанда, сарғайып күткеніңде, Өлеңіңмен сыпайы келші тағы. Орны бөлек әр сөздің, жөні басқа, Елі бірге әр қыздың жөні басқа. Көрмегелі көп айдың жүзі болды, Серт етіп пе ең аулыма жоламасқа?! Таспақожа: Шашың сұлу көрінер өрілгенде, Бойың сұлу көрінер керілгенде. Қыз дегеннің жолы ұзак, өзі жаттық, Ғайып болар жұлдызы көрінгенде. Екі жақсы қосылса, бақ табады,
Ұлбике Жанкелдіқызы Айдай болып ашылар қас-қабағы. Бойтанға да зәмзәмнің суындай боп, Ем болады сұлудың ақ тамағы. Бөдене де табылса дәнін жейді, Өлең айтқан өзінің жанын жейді. Толған айдай толықсып өскен қыздың Тентек Бойтан қалайша қамын жейді? Ұлбике: Өлең айтқам сен түгіл Мәделіге, Қалың қожа ішінде кәделіге. Қалай-қалай сөйлейсің, қасқа қожа «Ақын екен Ұлбике» демеді ме? Кімге керек өріктің дәнегі жоқ, Жаман шөптің малға да керегі жоқ, Өлең айтып не керек құны жоққа, Сәлделіге бөріктің керегі жоқ. Күн жадырап, қыс өтсе, жаз болады, Алты ауыз сөз ақынға аз болады. Өлең айтпай, сөз таппай қалған байғұс Көтергенге қаңбақты мәз болады. Таспақожа: Барған жерің балауса майдан болсын, Көк аспаны Күні мен Айдан болсын. Туып-әскен жеріңнің бәрі жібек, Өз аулыңдай бөтен жер қайдан болсын? Қожалардың қыздарға салған демі Тоқсан тоғыз кеселге болар емі.
Ұлбике Жанкелдіқызы Қыз дегенің додаға түскен лақтай, Кім-кім тартып әкетсе, соның жемі. Кейбір терек кеспей-ақ жығылады, Кейбір адам жау келмей тығылады. Пір қаққан мен көк соққан бірге жүрсе, Ел арасын ыластап ми қылады. Ұлбике: Әр жігіттің өзіне теңдесі бар, Әрбір қыздың ақылшы жеңгесі бар. Екі жастың арасын шошытатын, Таспаның да қолында инесі бар. Қыз-қырқынның жаз болса қолы тимес, Тезек теріп, Күнімен үйін көрмес. Көрмей жатып Бойтанды тұра қаштың Бір бөріге он қыздың әлі келмес. Көзіме ыстық керегем, шаңырағым, Саулық қойым, көк ешкім-маңырағым. Жас шағымнан атаған адамым сол, Сен секілді қожаны не қыламын ?! Таспақожа: Өлең айтса, ақындар сөз таңдайды, Сұлуларды таразы көз таңдайды. Үрпек жүнді аққудың өзі екенсің, Кім біледі ол жақта Күн мен Айды. Бай ұлының жүрісі басқа дейді, Құрығы ұзын, ақылы қысқа дейді.
Ұлбике Жанкелдіқызы Бұл құлақта естіген не жазық бар, Екі аяқты, әйтеуір, нұсқа дейді. Сол Бойтанның астында саяғы бар, Ұзын келген қолында таяғы бар. Өзі қара, ағармас жыласаң да, Сен сүйетін шіркіннің қай жағы бар? Ұлбике: Әркім аттар шамалап арығынан, Тамшы тамар қазанның жарығынан. Екі аяқты еркекте мін болмайды, Қыз да аңғарар жігіттің парығынан. Жастай өскен жерімде бағыланмын, Онда кетсем, елімді сағынамын. Қабыланның қолына түсіп қалдым, Жазғанына тәңірдің не қыламын? Көшкен елдің жақыны, ұзағы бар, Таулы, тасты, шөл дала, құз-жары бар. Қайда барсам жолымды кес-кестейтін Құрып қойған Бойтанның тұзағы бар. Таспақожа. Ат бауырын бапкерлер жаза алады, Қаршыға құс үйрек пен қаз алады. Ойнап-күліп қожамен қосылғанның Қайғы-дерті кеудеде тазарады. Көсеуі ұзын адамның қолы күймес, Кембағалға мүліктің молы өшмес.
Ұлбике Жанкелдіқызы Сен қайтесің, Ұлбике, ол немені, Көз көрмеген пендені көңіл сүймсс. Қожа жігіт тон киер көк әдіпті, Орамамен хат жазар жеті әліпті. Осы түнде мінгесіп бір кетейік, Тағдыр жолы, әйтеуір, бір кәдік-ті. Ұлбике: Айран болса, күбі іші бос болмайды, Бір-біріне жақсы адам өш болмайды. Өзі әкеліп құдайым қосса-дағы, Бөлтірік пен ақ қозы дос болмайды. Ел-жұртымнан өсірген айналайын, Мына отырған орнымнан қозғалайын. Қожалардан өзінің теңін таппай, Ошақтыда қыз қалса, мен қалайын. Қатайған жоқ қабырғам, талша менің. Бекіген жоқ әлі де қыпша белім. Бері отырған орныңнан әріге отыр, Ұят болар, қолымды қыспа менің.
Ұлбике Жанкелдіқызы ҰЛБИКЕ МЕН ІЗТІЛЕУ Ізтілеу: Өлеңді қоя бердім ал дегенге, Несіне тоқталайын жар дегенге. Арнайы той дегенге келдім іздеп, Осында бір-екі ақын бар дегенге. Ұлбике: Өлеңді қоя бердім ал дегенге, Несіне бөгелейін жар дегенге. Қосылып өзім теңді айтысушы ем, Көңілім толмай отыр шал дегенге. Ізтілеу: Сөзіңе шал деп айтқан нанғаным жоқ, Әйелге сенен кейін барғаным жоқ. Шашым ақ, сақалым ақ болғанменен, Аққуды қаздан кейін шалғаным жоқ. Ұлбике: Ізеке, алпыс бестен асамысың, Тоқталмай осы жасқа тасамысың. Келгенде алпыс беске көзің жұмып, Жастарды жолыңдағы басамысың. Ізтілеу: Ізекең талай тайлақ мінген шығар, Аққуды талай көлден ілген шығар. Аққуды талай көлден ілгендігін, Біразы бозбаланың көрген шығар.
Ұлбике Жанкелдіқызы Ұлбике: Ақылың тұрсам ойлап өшкен екен, Басыңнан талай дәурен көшкен екен. Келгенде алпыс беске бозбала ертіп, Сарапқа сенің басың түскен екен. Ізтілеу: Ұлбике, халің білмей айқайлайсың, Ағаңды жеңемін деп шайқаймысың. Келгенде алпыс беске қайратымды Үйіңе бір қондырып байқаймысың. Ұлбике: Қараңыз Ізекеңнің аруларын, Жастықта есіне алған қаруларын. Қарт Қожақ Ақжүніске не деп айтқан Қандағы алпыс екі тамырларын. Ізтілеу: Нансаңыз толып жатыр қаруларым, Тасиды таудай бұлақ тамырларым. Нанбасаң жүр шыланға кіріп қара, Қайнайды шал дегенге зығырданым. Ұлбике: Біреудің әуре қылма келіншегін, Ойында еш нәрсе жоқ еріншегін. Алаштай, Тасболатпен көзіңді ашпа, Әйекем бізге қойған келімсегін. Ізтілеу: Халіңді білмей қайдан болдың шешен, Қол бала қылып алған сені Есен.
Ұлбике Жанкелдіқызы Сен мені келмей жатып білдің қайдан, Сен бе едің мені тапқан Ұлы шешем? Ұлбике: Бойынан Айдарлының ордым құрақ, Қадыр-хал жас та болсам түстім шырақ. Құлы деп Күлқараның қойын баққан, Естиді әркімдерден біздің құлақ. Ізтілеу: Балтаның сабын ашсам таты қалған, Олжаны байламай ма атып алған? Мақтанба нағызбын деп сен де маған, Тарыға екі пұттай сатып алған. Ұлбике: Ізеке, көрініп тұр сөз құйрығы, Құлдарды алып қашқан ат жүйрігі. Тарыға екі пұттай келе қойсақ, Мал алып, ерге тимек Хақ бұйрығы!
Ұлбике Жанкелдіқызы ҰЛБИКЕ МЕН МӘДЕЛІ Ұлбике: Әке сөзін жасымнан жаттап алғам. Тал бойыма жинақтап қаттап алғам. Жеке шығып бәйгеден тұлпардай боп, Өлеңімді әніммен баптап алғам. Мәделі: Жастайымнан сұлуды көп таңдаймын, Мінезіне ісі сай ма деп таңдаймын. Өздеріңдей сұлудың зәрлі сөзін, Көңіліме ауырлап өкпе алмаймын. Ұлбике: Әудемжармен әуелі үнімді аштым, Он екімде өлеңмен тілімді аштым. Он үшімде өзімдей бозбаламен Жұмбақ айтып өлеңмен жағаластым. Мәделі: Бақ-құт деген бармақтай болады екен, Қыз бен жігіт басына қонады екен. Еркін өссе екеуі он алтыда Аспандағы айдай боп толады екен. Ұлбике: Моншағымның әр тасы бір өлең-ді, Бесігімде үйренгем бар өлеңді. Балапандай кезімде қайран шешем Тал бойыма дарытқан қара өлеңді.
Ұлбике Жанкелдіқызы Мәделі: Сұлу қызға тұс-тұстан көз түседі, Қысылса да аузына сөз түседі. Өлең айтып отырған Ұлбикенің Кеудесінде бұлбұл құс тілдеседі. Ұлбике: Бес жасымда шешеме болдым шырақ, Сегізімде әкеме қойдым құлақ. Тоғыз жасқа келгенде үрдей болып, Өлең айттым наурызда үй жағалап. Мәделі: Өлең айтып бәдікте үніңді аштың, Көп алдында қалқайып маржан шаштың. Ат арытып айтысқа келгендердің Арқасына ырситып қамшы бастың. Ұлбике: Әуелден-ақ адамзат тіл, көмейлі, Шайпау сөз қыз жөнінде не демейді. Іздеп келген сол ақын кетіп қалған, Қой да үріккен жағына беттемейді. Мәделі: Бетке жақса опа да әр береді, Ақ көйлекке қос етек өң береді. Сұлу қыздың жүрісі, жөні бөлек, Ондай қызға қай жігіт тең келеді? Ұлбике: Адасқан жүре берсе жолын түзер, Арық ат жал біткенде белін түзер.
Ұлбике Жанкелдіқызы Айтатын осындайда жұмбағым бар, Күрмеуді шеше алмаған арқанды үзер. Мәделі: Көзі ашық адам ашар кітап бетін, Біліммен тоқсан тоғыз тілдесетін. Бір тілді ақын қызға қамдап келгем, Абайла, кездігім бар тіл кесетін. Ұлбике: Бүгінгі пісіргенім кесте күлше, Үш бұрыш, төрт бұрышты кеспе күлше. Жалын – оқ ішімдегі атылады, Бейауыз қай-қайдағы бөспе күлсе. Мәделі: Тон киер ару жігіт сәнді әдіпті, Хат жазар орамамен жеті әліпті. Арғымақ асау тайдан қалып кетсе, Әйтеуір не де болса бір кәдік-ті. Ұлбике: Шықпайды неге ажырық сортаң жерге, Теңізде дәм тартпайды шортан неге? Айта ғой білгіш болсаң өлеңіңмен, Кешке қарай шықпайды шолпан неге? Мәделі: Білгендер балық жаны суда дейді, Тамыры ажырықтың буда дейді. Жер үстін мекендеген Шолпан қыздың Шырқыраған шыбын жаны нуда дейді.
Ұлбике Жанкелдіқызы Ұлбике: Әуелгі ел мен жұрттың тегі бар ма? Аспанның керегесі, шегі бар ма? Тағы да ауыл көшсе мекендейтін, Құдайдың жер астында жері бар ма? Мәделі: Екі айдың батар, шығар екі ортасы, Айтайын сен білмесең үй арасы. Айта жүр сұрай қалса ел-жұртыңа, Болмайды жер мен көктің шекарасы. Ұлбике: Ішінде әптиектің «пе» болады, Қос ноқат қойса үстіне «те» болады Айта ғой білгіш болсаң, ей, Мәделі Сұраймын, құс атасы не болады? Мәделі: Әуелден жаратқанның жолы аян, Өлеңге құлағың сал, бері таян. Кем ақыл, сен білмесең мен айтайын, Болады құс атасы Шегірбаян. Ұлбике: Бұқарда оқығанның өрісі бар, Балаға тәлім болар дәрісі бар. Қожадан оқып шыққан кәлпелердің Әйтеуір қайда болсын ырысы бар.
Ұлбике Жанкелдіқызы ҰЛБИКЕ МЕН ЖІГІТ (1-нұсқа) Жанкел байдың бір үйір жылқысының ішінен Ұлбикенің бәсіре тайы жоғалып кетеді. Қыз өзіне енші дөненін іздеп, Түркістанның мал базарына келіп, қалың елді аралап жүріп, әр жерде өлеңмен жар салады: Жаршы қыз алты ауылды аралады, Үйір-үйір жылқыны саралады. Енді, міне, кеп тұрмын хан базарға, Өлең айтсам қашқан мал оралады. Тарпаң жорға мойнында қос қоңырау, Төбел қасқа, ақ бақай, сәл қоңырлау. Ұстап мінген балаға өзі жуас, Сол жорғамды осында көрген бар ма-ау? Дөненімнің санында қарасы бар, Жастай басқан тұмарша таңбасы бар. Көрген-білген адамға көке, анамның, Сүйіншіге беретін танасы бар. Қыз біледі шешеден естігенін, Шеше білер қызына ес кіргенін. Құлақ естіп, көз көріп білмегенді Таң қаламын, әйтеуір, іш білгенін. Қол жетпеген биікке көңіл жетер, Ақылдыдан сөз алған қалмас бекер. Ұры-қары дегенді жасырғанның Күні де көр, шынында түні де көр.
Ұлбике Жанкелдіқызы Жоғалған малын осылай өлеңмен іздеп жүрген қызға бейтаныс бір жігіт өлеңмен қосыла кетеді. Жігіт: Сират көпір жігітке қара қылдай, Ұзындығы жүргенге бір мың жылдай. Бұл жалғаннан ұрлықсыз өткен адам Нұр пейіштен өзіне алады жай. Ұлбике: Қысқа дей ме бұл жалған, ұзын дей ме, Ажал деген әйтеуір кез келмей ме? Апаратын пейішке әлгі көпір Жүз мың адам жүрсе де үзілмей ме?! Жігіт: Бұл жүргеннің бәрі де жерде қалар, Үш бүктеліп денесі көрде қалар. Өлгендердің жеп-жеңіл шыбын жаны Қыл үстімен пейішке бірге барар. Ұлбике: Жұлдызға да бозбала созар қолын, Әркім өссе біледі оң мен солын. Ұры-қары дегеннің ізі жерде, Құмырсқа да біледі жүрер жолын. Жігіт: Құдай берсе ұрыға аяп берер, Жерге түсіп жанына таяп берер. Ауылдастың жылқысын ұрлағанның Ол жалғанда сазайын таяқ берер.
Ұлбике Жанкелдіқызы Ұлбике: Ұрыға ерген ұрыдан жетер дейді, Ауылдастың мал-мүлкін бекер жейді. Ондай жанның таңы атса, күні батпас, Зәуім күні тозаққа кетер дейді. Жігіт: Қауын исін білмеген түйнекті үзер, Шекпен жайын білмеген өрмекті үзер. Сұлу қыздың бәсіре тайын алған, Сол ұры да ертең-ак елден безер. Ұлбике: Жақсы адамның айтқаны елге кетер, Ұры-қары айтқаны желге кетер. Көңілі сара, ашық біз де жанбыз, Қыз ақылы қысқа деу тіптен бекер. Ауыл артын жайлаған баспақ-тана, Ұстағаның қаршыға баптап қана. Қасымдағы қыздарды қара дейсің, Қара қашар сүті де аппақ қана. Өзен бойын өрлеген биік шынар, Дауыл соқса шатынап ол да сынар. Өлең білмес болдырған ат секілді Ер-тоқымын тыпырлап ауырсынар. Жас балаға үйретсең тіл шығады, Сырнай қылсаң қамыстан үн шығады. Түн болғанға өкінбе, ей, құрдасым, Ертең тағы іргеден Күн шығады.
Ұлбике Жанкелдіқызы Тамам адам бір отқа жылынады, Отты басқан бәлеге ұрынады. Білгіш болсаң айта ғой, ей, қалпақтым, Қыс түскенде су неге суынады? Бұл өлеңнің адам жоқ кілтін ашқан, Кең сарайдан өлеңін түртіп ашқан. Айтысуға менімен келген байғұс Қатты сасып, қалпағын тастай қашқан. Күніке қыз (ХIХ ғ.)
Күніке қыз ЖАНАҚТЫҢ ҚАМБАРТЕГІ ҚАРПЫҚ-МӘМБЕТ КҮНІКЕ ҚЫЗБЕН АЙТЫСҚАНЫ Жанақ: Деген соң Қамбар елмін, Қамбар елмін, Қара өлеңге салғанда Дәкең менмін. Есіл менен Нұраны қатпай қонсам, Мәмбетшем, табылмассың, қаражынмын! Қыз: Қу Қамбар, Қуандық пен Сүйіндікпін, Үстіңе салсаң үйіп ауыр жүкпін. Еліңді бар шапқанда екі шауып, Сөкең барса, шошқадай бірақ түрткен. Жанақ: Баласы бәйбішенің Қуандығың, Жиын-тойда қоймайсың жуандығың, Бір шапқанда елімді екі шапсаң, Қылған қайда, Күнікей, туғандығың? Қыз: Ұры Қамбар, деген соң ұры Қамбар, Жан торсығың жанында ірі Қамбар. Жаз жайлаған-жайлау іші, күз қоймасың, Маған десең, тұқымың құры, Қамбар!
Әйеке Бектөреқызы (ХІХ ғ.)
Әйеке Бектөреқызы ҚОҢЫРҚҰЛЖАНЫ ЖОҚТАУЫ Бісмілләдан бастайын, Шариғаттан аспайын. А, дариға, жақсы атам, Өтіп кетті дүниеден. Ханзаданың баласын Жоқтаусыз қайтып тастайын? Ойбай-ау, жақсы атам-ау! Ай, бұл жалғаннан барамын, Көзім жасын тыя алмай, Көкірегім де барады, Қайғы-дертке сыя алмай. Өлім берді жасымда, Басым салып базарға, Көп ішінде жақсылар, Сөз бастаудың қиыны-ай! Ойбай-ай, жақсы атам-ау! Әй, әуелі өткен атамыз, Басында қайғы-қапамыз. Өтіп кеткен ханзада, Жұртына түскен жапаңыз. Шариғатта бұзық жоқ, Айтқан сөзде обал көп. Кешірсін құдай қатамыз. Үй ішінде жақсылар, Қабыл болсын батаңыз! Ойбай-ау, жақсы атам-ау! Әй, ханзаданың баласы, Алтын тәжі басында, Иманың жолдас қасыңда.
Әйеке Бектөреқызы Ақылға деген кен едің, Мұхит, дария суындай. Айбатлу едің еліңе Сары алтынның буындай. Ойбай-ай, жақсы атам-ау! Біразырақ айтайын Жақсы атамның кеңесін. Жақсы атамның тұсында Қуандықтың баласын Естуші ме едің, ағалар, Адам хақын жегенін? Біраз көңілім басайын, Ханзаданың баласын Жоқтаусыз қалды демесін! Ойбай-ау, жақсы атам-ау! Әуелі өткен заманда Алды ма өлік мазаңды? Біразырақ айтайын Құдайменде бабамды. Асыл да туған қарағым, Алпыс сегіз жасыңда Жеткізді құдай қазаңды. Ойбай-ай, жақсы атам-ай! Үлкендер берсе ақ бата, Қайғымен болдым көп қапа. Ойбай-ай, жақсы атам-ай! Арғы атаң сенің Жошы хан, Айрылдым дәулет құсынан. Байлық пен бағаң таймаған. Жиырма төрт ата тұсынан, Көп ішінде қақсатып,
Әйеке Бектөреқызы Дүнияда қиын жоқ екен, Ойлап, тұрсам, ағалар, Құдіреттің ісінен. Ойбай-ай, жақсы атам-ай! Хүкім келсе кім түспес Айдындай гауһар тағынан. Кім қалады, ағалар, Алланың атқан оғынан? Аңдып жүрген дұшпанның Жұлдызы туды оңынан. Бір ханзада жоғалттым Құдайменде тобынан, Ойбай-ау, жақсы атам-ау! Күнжан (ХІХ ғ.)
Күнжан ЫСМАЙЫЛДЫ ЖОҚТАУЫ Арғымақ, тұлпар жайлаған, Ақ сұңқар салып байлаған. Мың сан кісі жау келсе, Алдына салып айдаған. Айтқаны қата болмаған, Атының басын бұрмаған, Айбынын суық көрген жау Алдында қарсы тұрмаған. Жеңіл де болсын сұрағың. Әулие пірлер медет қып, Бейіште болсын тұрағың. Толы бір топқа кіргенде, Шоқтығы шығып сөйлеген. Әділдігі сонша еді, Адамзаттың баласын Өз ұлындай көздеген. Ер құнына даулы боп, Екіұдай боп ел сасса, Жақсы сөзбен жөндеген. Өз ақылы болмаса, Бөтен сөзге көнбеген. Науқастанып келгенде, Жұрт сарылып біледі. Тілегін жаппар бермеген, Көзінің жасын көрмеген. Ел сорына кез келіп, Айрылдым, жұртым, қарақтан Мырзалығы сонша еді, Кәріп пенен қасірге
Күнжан Барлық малын таратқан. Енді мұндай жан тумас Бөкей, Тәуке, Барақтан. Тумай сөзге ілініп, Ақ патшаға білініп, Жастайында шен алған Ешкімге сөзін бермеген, Дұспаннан қорлық көрмеген. Жасынан-ақ аруағы Күннен-күнге өрлеген. Замана жаман Күнінде Азғана Күн жүрмеді. Ырысы қайтқан жұртының Көзінің жасын көрмеді. Кешегі менің бекзатым Бесінде мектеп оқыған. Алтыда ақыл тоқыған, Жетісіне келгенде, Жетпіс жерден діл сұрап, Құдықтай көзін шұқыған. Сегізіне келгенде, Сергердіге бас болған. Тоғызына келгенде, Толған айдай балқыған, Тоғыздан онға келген соң, Дәулеті көлдей шалқыған. Он біріне келгенде, Ақылы асты халқынан. Он екіге келгенде, Құрбы өтпеді нарқынан. Жиырмадан өткен соң,
Күнжан Енді отызға жеткен соң, Салиқалы би болды. Миуасы алтын шынарым, Шынардай ағаш түбінен Құдіретсіз сынар ма? Халық иесі тұрмады, Жоқтамай көңілім тынар ма? Пайғамбар сынды нұрыңды Көруге жұрты құмар-ды. Жайнап жүрген бекзатым Су сепкендей басылды. Алдыңнан құдай жарылқап, Бейіштің есігі ашылғай! Періштелер жолдас боп, Хор қыздары қосылғай, Түрлі неғмет шашылғай. Келбетіңді қайтейін Гауһар-жақұт тасындай, Күнәйіңді кешсін деп, Ысқат беріп отырмын Отыздағы жасыңды-ай. Кімге тастап кеттіңіз Қара Әйтімбет еліңді? Дүниеден еркем өткен соң, Қусырдым жаман белімді, Құдайдың өзі суалтты Айдай шалқар көлімді. Бұл барғаннан келмесең, Бейіш барсаң орын ал, Хордың қызы жолықса, Бірін көр де, бірін ал!
Күнжан Артында қалған ел-жұртың, Бала-шаға ойыңа ал. Ұмытпай ойға алсаңыз, Қияметте жолығар, Бісміллә деп сөз айтқан, Шырағымда иман бар. Сұм дүние сағым боларсың, Барлығын жалмап тынарсың, Жылтырайсың сыртыңнан, Өртенген ішің шынарсың. Абайлатпай адамға. Ақыр бір күн құларсың. Кешегі кеткен арыстан, Қайткенде естен шығарсың? Сөзімнің басы бісміллә, Бісмілләсіз іс қылма! Құдірет салды-ау құрығын Айдынды туған арыстанға. Керуен көшсе жол қалар, Өткен дәурен соң қалар. Қанаты сынса сұңқардың, Қайраты болмас, қарға алар. Қапасы қатты дүние-ай! Көзімнің жасы сорғалар, Сұм дүние-ай, құзыр көшесің, Өткіздің ердің нешесін? Бес күндей қызық көрсетіп, Аларсың ақыр есесін. Біреудің алып баласын, Жылатып қойдың шешесін. Жетім қылдың жасында,
Күнжан Біреудің алып әкесін, Тыңдаңыздар, жақсылар, Әуел сөздің басынан, Өлім жақын адамның Көзі менен қасынан. Ешкім жақын болған жоқ Ол Мұхамбет досынан. Сол ерді де зарлатып, Жалғызын алып жасынан. Ойлаңыздар, ағайын, Жаман іс бар ма осынан? Мұң тыңдаған ағайын, Мұңымды айтып шағайын, Қай жақтан іздеп табайын? Әуелі құдай, бісміллә, Жат етейін рахман. Біздей зарлап өткен жоқ Бұрынғыда неше жан. Неше бек өткен, неше хан? Бұрынғы өткен пайғамбар – Бәрі өлімге болды тән, Бар кісіге жарасар Өлімге де қылған сән. Күні-түні зарланып, Қарлығып тұр біздің ән. Жапырағы алтын шынарым, Жалын тимей сынар ма? Оңмен аққан дария Теріс айналып тынар ма? Асылмаған жан бар ма Кешегі алтын шынарға.
Күнжан Дабысына асық боп, Кім келмеген бұларға. Алдырдым, халқым, қайтейін Алтын сапты найзамды! Жер ошақтай тесік жер Жұтып салды дариямды. Өзім деген кісіге Қылушы еді қайратты. Қысылған жерде жол тауып, Тигіздің халыққа пайдаңды. Жұрт сандалып сасқанда, Табушы едің қайлаңды, Жайнап шықтың жасыңнан Сексеуілдің шоғындай, Түскен жерін ұсатқан Зеңбіректің оғындай. Талғамай шапқан жүйрігім, Ашың менен тоғыңды-ай. Айрылдың, халқым, нарыңнан, Көтерген ауыр қомындай. Қайырға шалқар көл еді, Дұспанға асқар бел еді. Қай теңдікке, ағайын, Жеткізбей кетті қолыңды-ай?! Сая салған адамға Шынардан шыққан бұтақтай. Айтқан сөзім мәнілі, Ғалімлер жазған кітаптай. Тобынан озған датқалар, Таққа мінген патшалар. Таңылмай қалмас табытқа.
Күнжан Жатқызбас кімді бұл тақтай? Қазан соғып құлатты-ау Халқымның биік қаласын. Біреудің алып баласын, Жылатып қойдың анасын. Ойлап тұрсаң, сұм өлім, Кімдердің тұтпас жағасын? Бәтен (ХIX ғ.соңы)
ӨЛЕҢ
Бәтен БАЛҚЫН ҚЫЗЫН ЖОҚТАУЫ Ақ күміс, адыра қалғыр жадырай тұр, Келмесең осы кеткеннен, Балқынжан-ау, Артыңда жалғыз бауырым шырқырап тұр Жеткенде жеті жасқа құран бердім, Молдаға оқысын деп қоя бердім, Артында апасы жоқ, сіңлісі жоқ, Қаңғыртып жалғызымды неге бердім? Айтайын, айт дегенде атым тұсап, Тұсап қойған жерінде тұрсын жусап. Келгенде елу беске сұмырай Бәтен Туар ма енді бала Балқынға ұсап? Қарағым, айналайын, қандай еді? Бауырсақ майға піскен нандай еді. Мақтасам өзімді өзім болар өлім, Баланың өзі қатар маңдайы еді! Қарағым, айналайын, ұлы кентім, Сарғайды санаменен ақша бетім. Болғанда қыс ортасы сығыр, ойбай, Бұзылды жалғызыма құрған кеншім! Ақ ешкі келе жатыр лағына, Сүт берген үрпегінен шырағына. Қосылып кел екеуміз зарланайық, Алланың тиер ме екен құлағына?! Тапқаны ақ ешкінің екі лақ, Біреуі лағының салпаң құлақ. Ақ ешкі, жерге қара көдеңді же, Табарсың есен болсаң тағы лақ. Ақ ешкі, сен де мұңды, мен де мұңды. Жаратты бір жаратқан бесеу сұмды.
Бәтен Ақ ешкі, жерге қара, көдеңді же, Құдайым берер ме екен бізге тұяқ? Бойынан Досыкенің ел өтеді, Шапаннан жалаң қабат жел өтеді. Сығыр-ай, мен зарламай, кім зарласын? Балқынның енді маған күні өтеді. Досыкенің бауыры жалғыз там-ды, Аямай-ақ бар құдай жалғызды алды. Елу беске келгенде сұмырай бетің, Жалғызынан айырылып аңырап қалды? Жыға қыз (ХIX ғ.)
АЙТЫСТАР
Жыға қыз ҚУБАЛА МЕН ЖЫҒА ҚЫЗДЫҢ АЙТЫСЫ (1-нұсқа) Қубала мен Жыға .... Жұмырбаймен қанаттас болған адамдар. Туып өскен жерлері де қанаттас болған (сол Жаңақала ауданы). Қубала Масқар деген ру болса керек. Жығаның қай ру екені мәлім емес. Жығаны Қубаланың ауылы айттырып қойған екен. Бір күні Қубала бір тойға келсе, Жыға өлең айтып отыр екен. Үстіне Қубала кіріп келгенде, ығыспай өлеңін айта береді. Қубала әрі арланып, әрі Жығаны тоқтатқысы келіп, бір сөз дейді. Оған Жыға жауап қайтарады. Айтыс осылай басталады. Бірақ бұл жазылып отырғаны түгел емес. Соңғы жағы ұмытылып қалған. Мәнісінде Жыға жеңіледі. Қубала: Торының айыл, тұрман, тебінгісі, Сөз сөйлейді әрбір жерде кемел кісі. Тап болған заманыңа мен қайнағаң, Ұялмай сөйлей мекен келін кісі. Жыға қыз: Қубала, бала десем, жігіт педің? Басыңда ақ қалпағың түбіт педің? Ішінде топты жұрттың келін дейсің, Қубала, менен неге үміттендің? Қубала: Көрдің бе қыз Жығаның құтыруын, Тазыдай жез қарғылы жұтынуын.
Жыға қыз Мәріңе бала өгіз бір беріппіз, Жығажан, қиын болар құтылуың. Жыға қыз: Басынан қоңыр төбе жуа аларсың, Еліңе Жыға барса қуанарсың. Қазірде өзімсініп жүргенменен, Түбінде қыз Жығадан құр қаласың. Қубала: Басынан қоңыр төбе жуа аларсың, Еліме бара қалсаң қуанарсың. Қазірде «бармаймын» деп отырғанмен, Түбінде біздің елге бір барарсың. Жыға қыз: Қубала, олай десең үнің өшсін, Тіліңнің болат қайшы ұшын кессін. Қазақтай көп қарғысты мен білмеймін, Біреуде құлшылықта күнің кешсін. Қубала: Қыз Жыға, олай десең үнің өшсін, Тіліңнің болат қайшы ұшын кессін. Қазақтың көп қарғысын мен білем бе, Әкеңнің оң жағында ішің өссін. Жыға қыз: Астымда атым мінген ақ боз атым, Қолыма найза алғаным салтанатым.
Жыға қыз Әкемнің оң жағында бала тапсам, Болмай ма ол өзіме қолқанатым. Қубала: Астыңа атың мінген ақ боз атың, Қолыңа найза алғаның салтанатың. Әкеңнің оң жағында бала тапсаң, Қалмайды өле-өлгенше жаман атың.
Жыға қыз ҚУБАЛА МЕН ЖЫҒА ҚЫЗДЫҢ АЙТЫСЫ (2-нұсқа) Бөкейдің даласына құм қараған, Жыңғылы мен жиде, үйеңкі, тал тараған. Жыға мен Қубаланың айтысы екен, Дегендей тілегенге тек сұраған. Жайлауы Нарын екен Қубаланың, Ісіне бар ма шара бір Алланың. Біреу кеш, біреу ерте өліп жатыр, Кез келер бәріне де жұмла жанның. Жыға қыз жесір екен Қубалаға, Басынан бақыт тайса, бар ма шара? Айттырған жастайынан күйеуі өліп, Кезі екен қана тұтқан, қайғы жәна. Бір тойға келген екен көңлі сергіп, «Қайғыны жоямын» деп уәде беріп. Кез болып қайнағасы осы тойда, Өлеңді қоя берген көңлі еріп. Жығаны қайнағасы жаратпайды, Сөйлесе мәнісін де қаратпайды. Десе де арға шауып, жайлап баулып, Өкпесі ішіндегі таратпайды. Қыз Жыға Қубаладан жасқанады, Сездірмей жөнсіздігін аспалады.
Жыға қыз Тыңдаңыз құлақ салып, жамағаттар, Айтысы екеуінің басталады. Қубала сөз сөйледі өзі бастап, Іркілмей қыз Жығаға өлең тастап. Әйелдің беті ашылса ары кетер, Басынан алайын, деп өзім жасқап. Қубала: Торының айыл, тұрман, тебінгісі, Сөз сөйлейді әрбір жерде кемел кісі. Тап болған заманыңа мен қайнағаң, Ұялмай сөз сөйлей ме келін кісі. Жыға қыз: Қубала, бала десем, жігіт педің? Басыңда ақ қалпағың түбіт педің? Ішінде топты жұрттың келін дейсің, Қубала, менен неге үміттендің? Қубала: Көрдің бе қыз Жығаның құтыруын, Тазыдай жез қарғылы жұтынуын. Мәріңе бала өгіз бір беріппіз, Жығажан, қиын болар құтылуың. Жыға қыз: Басынан қоңыр төбе жуа аларсың, Еліңе Жыға барса қуанарсың.
Жыға қыз Қазірде өзімсініп жүргенменен, Түбінде қыз Жығадан құр қаласың. Қубала: Басынан қоңыр төбе жуа аларсың, Еліме бара қалсаң қуанарсың. Қазірде дардайсынып отырсаң да, Түбінде біздің елге бір барарсың. Жыға қыз: Қубала, олай десең үнің өшсін, Тіліңнің болат қайшы ұшын кессін. Қазақтай көп қарғысты мен білмеймін, Біреуде құлшылықта күнің кешсін. Қубала: Жығажан, олай десең үнің өшсін, Тіліңнің болат қайшы ұшын кессін. Қазақтың көп қарғысын мен білем бе, Әкеңнің оң жағында ішің өссін. Жыға қыз: Астымда атым мінген ақ боз атым, Қолыма найза алғаным салтанатым. Әкемнің оң жағында бала тапсам, Болмай ма өл-өлгенше қолқанатым. Қубала: Астыңа атың мінген ақ боз атың, Қолыңа найза алғаның салтанатың.
Жыға қыз Әкеңнің оң жағында бала тапсаң, Қалмайды өле-өлгенше жаман атың. Жыға қыз: Басында боз қырқаның зікір қылдым, Құданың бергеніне шүкір қылдым. Қубала, сөзге жетік аға едің, Ұялып әйел басым пікір қылдым. Бек айып ер жігітке қызды сөккен, Беделін, ар-ұятын бірдей төккен. Ебдейсіз қармағыңа ілінер ем, Егер де өзің тауып келсең еппен. Басыма жарасады құндыз бөркім, Күнменен таласады күндіз көркім. Қараңғы қайғы түніңде ай сәулелі, Әр жерде жарық берген дүркін-дүркін. Жыға едім атым шыққан жұртқа игі, Әр жерде ерегіссем алған бәйгі. Айтысып жесіріңмен жерге кіргір, Салмашы жүрегіме тағы қайғы. Жыға қыз Қубаладан жығылды енді, Құданың салғанына мықтап көнді. Көнбеске мәнісінде болар еді, Алды да жау жағадан, қауіп төнді. Бұл сөзге Қубала да қалды тоқтап, Неғылсын аз бен көптің түбін жоқтап.
Жыға қыз Әншейін тентектікпен айтылған сөз, Жесірді қояйын деп тамам мықтап. Мінеки, қара сия, қағаз, қалам, Тыңдаса өлең әзір жұмла ғалам. Есітіп екеуінің айтыстарын, Құраған Мысай ақын етіп тамам. Бұл өлеңді Мысай деген кісі құрастырса керек. Бірақ ол кісінің қай жердікі, қай ру, ол мәлім емес. Жібек (ХIX ғ.)
АЙТЫС
Жібек БАЛА ОРАЗ МЕН ЖІБЕК ҚЫЗДЫҢ АЙТЫСЫ Бала Ораз: Молдалар намаз оқиды бесін көріп, Апайдың өкпелейін несін көріп. Жүрегім кеткен ұшып қайта түсті, Апайдың қатарланған көшін көріп. Ертеңгі ауға түскен ақ шортандай, Апайды жатар ма еді шешіндіріп. Өлеңші өлең айтады анасындай, Басымнан көп асырдым борасынды-ай Басыңа қызыл шархат қисайтасың, Түйенің жел жапырған қорасындай. Қыздарды білегінен көп сүйредік, Орыстың жеккен атқа шанасындай. Хат жазып сәлем айттық Байұлына, Байұлы қайта қонсын, Ойылына. Сен де бір делінсіген бала екенбіз, Дамылдап жатар ма еді қойыныңа. Мал салып ел қондырдың дағылына, Жаз болса, қой қайтады шағылына. Көп айдың көрмегелі болды көп күн, Келеміз Байұлының сағынып-ай. Қыздары Байұлының қандай әсем, Шығады мақпал тонын жамылып-ай, Мақпалдай екі бетің үлбірейді, Бұхардың жидесінің қабығындай. Шашың бар үш түрлі өрген қолаң қара,
Жібек Үйректің жаңа жұлған мамығындай. Етіңіз етімізге майда тисін, Орынбор қымбат бұлы ақ ұнындай, Даңқымыз алты алашқа шыққан, апа, Әлемнің жазғытұрғы сағымындай. Жолаушы атым арық, келем жүдеп, Әпеке-ау, дамылдатшы бауырыңа-ай. Пәленше пәлен деген дабылыңмен, Әпеке, жаңа таптым ауылыңды-ай. Жібек қыздың жауабы: Барсаң, бала, сәлем айт, Адай деген жұртыңа. Екінші сәлем айт, Қаратаз сынды ұлтыңа. Ақылды болсаң, жас Бала, Артымда анам қалды деп. Бір айналғайсың сыртыңа, Барсаң, Бала, сәлем айт, Адай деген еліңе. Екінші сәлем айт, Қаратаздың ішінде. Төремұрат Нарынбай, Өтен сынды еріңе. Ер деп оны кім айтар, Біз жүргенде, Бір аттанып келмеді, Әскері мен тануғай. Ынта болып жүр едім,
Жібек Маңқыстауға баруға-ай, Ынтық болып жүр едім. Адай тазды көруге-ай, Тазға хабар беруге-ай, Көшпелі Адай, жас шіркін, Жарамады олар да, Біз секілді аруды, Малын беріп алуға-ай, Жаратып па едің құдай-ай, Орынбордың аузында, Томаға ... қалуға-ай, Желігіп тұрсың, білемін, Осы жерде айқай салуға-ай, Ісініп тұрсың, білемін, Жағамнан менің алуға-ай, Ана көрінген ауыл біздікі, Ертең сонда бір той бар, Жараймысың, жас Бала, Менімен бірге баруға-ай, Алдыңда анаң тұрғанда, Адырағалғыр шіркін, Той бастап, шапан алуға-ай, Мен халқымнан озған бедеумін, Меніменен айтыспа, Меніменен айтыссаң, Төнерсіз бала қалуға-ай. Өз еліңде жүргенде, Туғалы көзің тойды ма, Біз секілді аруға-ай.
Жібек Бала Ораз: Сәлеміңді, апа, айтайын, Адай деген еліме-ай. Қаратаздың ішінде. Өтен сынды елім-ай. Апа, саған күш болар Ініңді басып жеңуге-ай. Бақайда-бақай дегенде, Бақай ма? Кітапта бақан, Қазаққа қалқа салғамын. Қаратаз деп шапқанда, Дұшпаннан теңдік алғамын. Ер Бекеттен шапқанда, Бәйгеден зулап келгенмін. «Бәйтеректен» шапқанда, Белгілі болып желгенмін. Шағырай деп шапқанда, Жеті атаны жетіру? Жетеуін де басып жеңгенмін. Құдай да болса хат көрмес, Қаратаздың баласын, Жеті рудың қартайған, Кәрі қызы басып жеңдім дегенін. Бедеумін дедің, әпеке, Баяу болсаң байталсың, Кешегі жер шабысың, Көрімімен асқан соң, Құлын салған биедей, Төмендеп, апа, қайтарсың.
Жібек Жібек қыз: Былай тұршы Жетіру, Мына Байұлы бала келеді. Байұлын көрген соң, Бұлбұлың шауып жөнелді. Танисың ба, жас бала, Кешегі қырман басында, Қызыл тонға оранған апаң мен едім, Сонда құла байтал астында, Қу шекпенің үстіңде. Қаңғырған Байұлы бала сен бе едің? Адырақалғыр шіркін, Жалғыз-ақ менің сен бе екен, Күн қақты тазды көргенім. Он бесіме келгенде. Құрбының қатарына енгенмін. Он алты жасқа келгенде, Қатар өскен құрбының Мерекесін көргенмін. Қара кемпір бәленей, Бәленейдей жыршыны Былтыр қыста жеңгенмін. Тәпсіғұлдай мылжыңды. Көш-жөнекей көргенмін, Қаратаздың ішінде Жиенқұл Шайық бар деп еді, Шыныңды айтшы, жас бала, Жиенқұл шайыр сен бе едің?
Жібек Бала Ораз: Өтірік айтпа, әпеке, Бәленшиді жеңдім деп, Тәпсіғұлды көрдім деп. Таз шешенін көргенде, Бір соғарсың саныңды, Сөз таба алмай, апа, өлдім деп. Қаратаздың ішінде Есебақ деген қартым бар, Таласса қазақ жеңбеген, Келдібайдың ішінде, Құлмамбеттей көкем бар. О да Орынбордың аузында, Жеті күндей айтысып, Біреуі басып жеңбеген. Ысықта Абат деген қартым бар, Қасында ғалым молла келмеген. Адайда Абыл деген жыршым бар, Шамасыз бұған дана еді, Шариғатпен сөйлеген. Жиенқұл мен Верістам, Байда олақтың баласы. Мен Жиреншеден кем едім. Менің атым бала Ораз, Бәрінен де төменмін. Жиенқұлдай шешенім, Қоян жылы осы жақта, Бір қартайған, кәрі қыз көрдім деп еді, Сол ұлғайған анам сен бе едің, Әуелгі сөзім ағындай,
Жібек Көтерсе құдай бағымдай. Меніменен айтыссаң, Сындырармын сағыңды-ай. Жиырма бестен асқанша, Отызға аяқ басқанша, Осындай шалпы тіліңнен, Байлаған құдай бағыңды-ай. Жібек қыз: Адырақалғыр шіркін, Адайдың несін мақтайсың, Құбашыңға қойын қамаған, Көп шоқайын жамаған. Қатыны менен баласын, Ерте тұр деп сабаған. Мақтайын деп келесің, Адай деген еліңді. Соқыр төре Нарынды. Ышын жын қаққан Өтен деген еріңді, Меніменен қағыссаң, Сындырармын беліңді. Өшірермін үніңді. Басармын, бала, деміңді, Суырамын күліңді, Суалтармын күліңді, Суалтармын айдын көліңді. Мақтайын деп келесің. Аса көшкен еліңді. Жайлап жатқан жеріңді.
Жібек Көшпелі Адай тағыңды, Аса жерге әкеліп, Айтасың бұлдап есіңді. Мен Елегімді мақтасам, Ағашым айбар көрінген, Жіңішкемді мақтасам, Тарысы жерге төгілген. Рабайды мақтасам Жарлым егін салар деп, Жалғызым пішен шаба қалар деп, Сендей қаңғырып келген Байұлы, Тары қалқан алар деп, Елек пенен Қобдадан, Әбішімді мақтасам, Екі иініне кіраншін Орынбордан барып шен алған. Жігітім жайын сұрасаң, Үйге қонақ келер деп, Үйге келген қонаққа, Қайнатып қатын берер деп. Орынборды менсінбей, Қызыл қағаз ақ қант, Қостанып барып шай алған. Біздің елдің адамы. Шайдан басқа ішпеген, Үйіне төреден өзге түспеген. Үйіне қонған қонаққа, Ащы қымыз, қызыл шай, Содан басқа бермеген. Әбішімді мақтасам,
Жібек Есігін сықырлаудың есікпен бекітіп, Кереуеттің үстінде жатып көлбеген. Құла байтал астында, Қу шекпенің үстінде, Не көрдім деп сорлы кетесің, Мына бір өткен дүниеден? Бала Ораз: Жетірудің, кәрі қыз, Ерлік жаққа келгенде Маған тізгін берерсің, Батырлыққа келгенде. Нағылып мені жеңерсің. Арқада Әлім деген елім бар, Правитель төреңді, Қу шөңгедей көрмеген. Адай деген елім бар. Ол Адайдың ішінде, Арғы жағы Амантай. Бергі жағы Үргешбай. Сүйінқара деген ерім бар. Өл өлгенше патшаға, Бес сом 25 т санап бермеген. Қаратаздың ішінде, Қабан деген ерім бар, Ол хандардың қорлығына көнбеген. Есентемір деген елім бар, Есентемір ішінде, Сұлтанкелді, Көктаубай, Жазығы Есентемір демесең,
Жібек Сырымменен қосылып, Орынбордың аузында, Көкпанға тыным бермеген. Черкентте бар шағырай, Қадырқұлдай Бөрібай. Жаңабай көлдің басында, Жеті румен ұрсысып, Отыз жігіт өлтіріп. О да бұған көпті деп, Бір құнан өгіз құн берген. Беріш деген елім бар, Бұл Беріштің ішінде, Исатай мен Махамбет, Даражалы ер еді. Ол Жәңгірдің қорлығына көнбеген. Жасы да жеткен, кәрі қыз, Жалған да сөзді сөйлеме. Жібек қыз: Адырақалғыр шіркін, Адайдың несін мақтайсың? Құбашыңды жатып шөлдеген. Тәңір бақыт бермеген, Ысықтың несін мақтайсың? Байұлының қатарда сәнін көрмеген. Шеркештің несін несін мақтайсың, Үйіне келген қонаққа Бір аяқ сусын бермеген. Есентемірдің несін мақтайсың, Қарабау мен Сары көл,
Жібек Су ішінде мамыр құс, Мамыр құсқа тыным бермеген. Беріштің несін мақтайсың? Үдере көшіп көрмеген. Мен Адайдың жайын білемін, Бүгін-ертең көшеді, Көшеді де қонады. Қызы менен қатыны Бір шұңқырға барады, Шұқырдан құдық қазады. Алдыңғы келген жылқысы Шала-шұрпы қанады. Соңғы келген малына, Бұған жетпей қалады, Ақылы жоқ Адай таз, Төбелесті салады. Қатынының бас жарылса, Қызының бұрымы жұлынса ақсақалға барады. Ақсақал төре салады. Айыбына бес қойдың Жабығасын алады. Ертең жаңа көшеді, Маңғыстау деген қонысқа, Бір ай көшіп барады. Бір-екі айдай отырып, Қайта келе салады. Қауғалары қалдырлап, Жаман тоны қаудырап, Әр бұлаққа барады.
Жібек Ерте қатыны тұрады, Алмадай мойнын бұрады. Түсейін десе, суы жоқ, Құсырымен қазанға қолын ұрады. Түнде тұрған еріне, Бір аяқ асты береді, Оны ішіп алған соң, Түндегі қойдың соңынан Шепіктері шырпылдап, Ұршықтары бұлтылдап, Өкпелері зырқылдап, Жүгіріп кетіп барады. Шуаштының көліне, Мың сан Адай шомылып, Ақылы жоқ Адай таз, Суды ыластап барады. Жігітінің киімін сұрасаң, Сары ыластап барады. Жігітінің киімін сұрасаң, Сары тоннан басқа кимеген, Қызының киімін сұрасаң, Іші төстек, қойдың жабағасы. Сырты алаша, Етіне содан басқа нәрсе тимеген. Қыдырған түнде жігіті Қысқа қоныс жалбыр шаш. Тоқалдан басқа сүймеген. Елірме, тазым, елірме, Нең бар еді сенің көрмеген?..
Жібек Бала Ораз Қыздың елінің Әбіш деген бір әкімі Бала Оразға «енді сен айтатын сөз жоқ», – дегенде, оған Бала Ораздың айтқаны: Былай тұршы, Жетіру, Әбекемді көрейін. Көріп сәлем берейін, Асықпашы, кәрі қыз, Сөзіңе жауап берейін. Қорыққанымнан бұл жерде Сөйлей алмай отырмын Неғылып қарап өлейін. Әбекем артық ер еді, Көзімнің жасын көреді, Көрген емес немене, Тілегімді береді. Бұрынғының айқтаны, Рас болса, Әбекеу-ау, Жақсының тиер пайдасы, Әркімге бірдей деп еді. Жарлықтың күні құрысын, Қасына адам келмеген. Жалғыздықтың күні құрысын, Жоғалса адам білмеген. Он екі ата Байұлы, Мұнан да кісім болмады, Шылбырымнан алуы-ай, Егізім Адай қайда екен, Егіліп ұран салуға-ай, Бәйтерегім қайда екен,
Жібек Бәйгілі топта жаруға-ай. Шағырайым қайда екен, Осындай арлы жерлерде, Шалқып та келіп шабуға-ай. Жаратып па едің, құдай-ай, Орынбордың аузында Кәрі қыздан жеңіліп, Масқара болып қалуға-ай, Ассалаумағалайкум, Әбітім, әкім сен бе едің? Құзырыңа тап болып, Сөйлеген інің мен едім. Кешегі қасымдағы жолдасым, Осы ауылға бармалық, Көрерміз қорлық дегенде, Әбекем тірі бар болса, Басы жұмыр пендеден, Көрмеспін қорлық деп едім, Бұтаңа қонған бозторғай Осы күнде мен болдым. Басыма сарсаң тигізбес, Бәйтерегім сен болдың. Сен қағарланып келгенде, Едігенің бес ұлы, Бесеуіне өзің тең болдың, Сен емес пе едің, Әбеке, Үйге қонған қонақтың Қонарына жай берген, Ақ қант, қызыл шай берген. Мінсін деп жорға тай берген,
Жібек Ақыретте бір Алла, Атымтайдай жомартқа
Жұмақ пенен тамұқтың Арасынан жай берген. Орынбордың аузында Кәрі қыздан жеңіліп, Өшіремісің үнімді, Сындырамысың белімді, Суырамысың күнімді Суалтамысың айдын көлімді, Ер қадірін ер білер деп еді, Айналайын, Әбеке, Бір сөйлейін, өлтірші Қасыңа алып ініңді... Әбекем рұқсат берген соң, Мына тазың есірді, Еркімен шауып көсілді. Қораңа бес қой жатпаған, Ернің аққа батпаған Жетіруда қыз бар ма? Саудагерге арын сатпаған. Қызыққаның, әпеке, саудагердің Қызыл тон мен бөркі ме? Не беріп едің, әпеке саудагердің Шай менен секер шытына Берерін беріп қойған соң, Қоя ма, апа, еркіңе? Елімде мырзам көп еді Көп байлықтың белгісі
Жібек Бір мырзаның белінде Жүз биенің бұлы жүр еді. Түйе малын мал демей, Еріккенде ерлерім ал қидың Құба жөнімен құлай-құлай желеді. Сендердей кәртаң қыздарды Қойдан жаман қосақтап Олжалап алып келеді. Сен аяңдадың, желмедің, Қасыма таман келмедің. Білгіш болып, кәрі қыз Сөзіме жауап бермедің. Сара Тастанбекқызы (1878—1916)
Сара Тастанбекқызы АРСАЛАҢ АЛДЫНДА Қызымын Тастанбектің, атым Сара, Арман көп, айта берсем, көңілім нала. Қорғалар көп ішінен бұта таппай, Шырылдар бозторғайдай мен бір бала, Еңіреттің ерте бастан, туған елім, Кір жуып, кіндігімді буған менің. Кең жатқан Садыр, Матай елдерінен Бір теңім болмады ма ұлдан менің. Жеткізіп сабырлықпен ұстап бақпай, Бәйгеде топқа қосып, тұмар тақпай, Желкемді көктейінен қидыңдар да, Бөріге байлап бердің жетім лақтай. Несіне жасырамын, елім, сенен, Еріксіз бір жетіммін дертім терең. Адамдай құтыла алмас қорлық беріп, Көрдіңдер қанша жазық, жапа менен. Немді айтам, басымдағы мұңымды айтпай, Сатылған бір жемтікке құнымды айтпай. Қаны бір қарындаспын, Арнай аға, Қарқ қылып қажы берген пұлыңды айтпай. Елімнің биі де бар Төлібайдай, Бергеннің біреуі сол мені байлай. Бәрі де қажы аулының қамын істеп, Жабысад терідегі шелі майдай.
Сара Тастанбекқызы Елімде батыр да бар Мүсәпірдей, Жүрген жоқ жағдайымды көрмей, білмей, Алдында Тұрсынбектің құрдай болып, Жорғалайд жақсылардың бәрі бірдей. Мұңымды әнмен айтам жылай алмай, Қайғыға жастай көрген шыдай алмай, Өшетін көрінбейді қасірет оты, Қоржиған Жиенқұлды Құдай алмай. Бүйтер ме ем болсам егер баласы бай, Тұрса егер әкем тірі, төрт жағым сай. Бұлаңдап асау кердей жүрген басым, Тоқтыдай борышқа кеттім, уа, дариғай! Мүсәпір күнде алатын елден шауып Мен үшін бере алмай ма бір ат тауып!? Неткенің осыншама, Арнай ағай, Қоя алмай бір тентектің ісін жауып. Секілді айтпасам дерт арылмайтын, Жүрек мұз, жаудан қорқып жарылмайтын. Ағайын Жайсаңбекке жаны ашыса, Жөн бар ма ед бір тайынша табылмайтын. Таусылмас сөйлей берсем айтар сөзім, Сүйенген қызыл тілге шын сорлы өзім. Шырылдап шынжырлаған жас күшіктей, Төрт болар құлға барсам екі көзім. Өлшеу жоқ қиялымнын өрісіне, Шыдаймын, шығармаймын көбісіне.
Сара Тастанбекқызы Айттырған күйеуіңіз, Арнай аға-ау, Сыйғандай бір тоқтының терісіне. Сөйлетті елім мені ұлға балап, Сатпаймын әнімді мен бұлдамалап. Мұнымды сендерге айтпай, кімге айтайын, Қоржиған өл демесең құлға қарап. «Ақ бата», «Ақ қой қаны» деген атақ, Әрқашан көлденеңдеп алда жатад. Дегенде-ақ «Құдай», «Құран», Құл боласың, Қайсыңның бұл қамалға қолың батад?! Қор болып дінге уланған ел жүрегі, «Бұйрыққа ылаж бар ма» деп жүреді. Көзсіз ел көргенсізге жем болғанша, Суға ағып бір күн өлгім кеп жүреді...
Сара Тастанбекқызы ОРТАҚ МҰҢ Ортақ мұң әркімнің-ақ ойын тербеп, Азаттық жыры айтылса-ақ арман кернеп, Намысы әр әйелдің түрткілейді, «Сараны сайратуға жәрдем бер» деп. Біреуі ақық моншақ, бірі тана, Алып кеп: «Омырауыңа,— дейді,— қада». Шеріктеп, кездеп шығып шайы көйлек, Табылды қамзол тігер Қатипа да. «Құралмақ көп түкірсе көл» дегендей, «Жармысын бүтініңнің бөл» дегендей, Біреуге біреу осылай пейіл тауып, Азаттық жыр тыңдауға шөлдегендей. Аз күнде-ақ «қыз» атандым бойым сылап, Оқалы қамзол киіп, белді қынап, Шоқпардай үкі таққан кәмшат бөрік, Ақша жүз ажарыма тұрды ұнап. Көтерген көп көмегі бір баланы, Көрікті киімдерге жырғалады, «Базарлық», «орамалым» деген атпен, Сақина, болды күміс сырға-дағы. Кешегі күл-көмеште ескен басым Толықсып, толған Айдай ырғалады. Ары өтіп, бері өткені «сыйлық» тастап, Көбейді қызға «ұнамақ» мырза дағы. Көркейіп, сырт пішінім өзгергенмен Кетпейді жүректегі ызғар әлі.
Сара Тастанбекқызы АҚҚУ Қымбатты апа, жеңгем, құрбы-құрдас, Қайғыма қатар ортақ мұңы мұңдас. Ғажайып түсімде мен бір іс көрдім, Көп болып бұл түсімнің жоруын аш. Білмедім ауысқан ба Ай менен Күн, Болмаса өзгерген бе дүние бүтін, Түсімде батыс жақтан таң сібірлеп, Шығысты басып тұрды бір көк түтін. Адасып орыннан аспанда Ай, Көміліп көк түтінге тұр табылмай. Күн батқан ұясынан кері шығып, Аспанға сәуле шашты бұрынғыдай. Айдын көл – Күн шағылысқан алдым ашық, Көзімше көбеюде тасқын тасып. Сол көлдің ортасында бір аққу құс, Қорғанып дұшпанынан қонды қашып. Шүйіліп аспандағы бір қара құс, Аққуға алдындағы көрсетті сұс, Көл толқып көбігімен көлегейлеп, Тудырды қарақұсқа қиын жұмыс.
Нұрила Әбенқызы (1896-1921)
АЙТЫСТАР
Нұрила Әбенқызы
НҰРИЛА МЕН АҚЫНДАРДЫҢ АЙТЫСЫ ЖӘНЕ ЖАМБЫЛДЫҢ ТӨРЕЛІГІ (І-нұсқа) Нұрила: Мен болсам Жантудағы Нұрила ақын, Шығандап шырқағанда шықсын даңқым. Құбылтып ырғағымен даусым әнді, Тыңдасын ынтасымен, сүйіп халқым. Жасымнан шаршы жиын топқа түстім, Ақынмен көңіл соққан көп айтыстым! Телегей теңізіне көптің малтып, Халықтың қайнарынан шәрбәт іштім. Сондықтан мүдірмейді тіл мен жағым, Кенеттен тез қамданып ой, қиялым, Алдында әлеуметтің сөйлегенде, Кетеді көтеріліп аруағым. Жолдаспын өмір серік өлеңменен, Құдықтан өнер қаздым тебенменен. Кененді бір көруге құмар едім, Атақты әншіл ақын, – дегенменен. Жеңіп ем былтыр ғана Арғынбайды, Осы үйде домбырасы даңғырлайды. Мен бар жерде айтпастай болып еді, Әйткенмен, ақын, шіркін, ар қылмайды. Шыдамай өлеңімнің таяғына, Жеңіліп ең, Байбурыл, баяғыда.
Нұрила Әбенқызы
Оспан, Мақыш, сенің де есіңде ме Жем түсіп ақсағаның аяғыңа. Айтыспаған менімен Шүкітай бар, Жампаңдаған қасыңа Жартыбайды ал, Ұлы тойда осындай кез болғанда, Қалдым демей қапыда, айтысып қал! Үмбетәлі жай сөзге шамданатын, Бар қобызы Бармақтың таңданатын. Менімен осы жерде көп ақын бар, Айтысуға қайсысы қамданатын? Ортамызда ежелгі жырау отыр, Барлық ақын бас қосқан мынау отыр. Сіз тыңда, сізден соңғы айтысалық, Жай бізді Жамбыл ата сынап отыр. Дулат ақыны Шүкітай: Қапы ма едің, қарағым, Шүкітайдан, Атым түсті аузыңа сенің қайдан? Өз өнерім өзімді тарықтырмас, Көмек сұрап көргем жоқ Жартыбайдан. Айтыспаған сазайым тек болмаса, Сені білем, Нүрік-ау, кішкентайдан. Атақ, ізет, абиыр сақтамасақ, Біреумізден, шырағым, төгілді айран. Жанту болсаң, Нүрігім, Жаныс едім,
Нұрила Әбенқызы
Ауылыңмен ағайын, таныс едім. Екі бақсы жеңгенде бірін-бірі, Бір емес пе, ойлашы, намысы елдің. Аулақта әлі де бір айқасармыз, Қара өлеңмен қағысып, шайқасармыз, Оңашалау Дулаттың бір тойында Ақындықтың әр түрін байқасармыз. Той бастауға әлгіде ол таласты, Жолын қуып атаның Шапырашты, Жүлдесіне солардың жүйрік тиді, Білетіні жоқ па екен сөз ұйқасты? Дулат ақыны Бармақ: Қобыз қылы қолында, мен ғой – Бармақ, Әлден келсе, абиыр әркім алмақ. Неге қажет жоқ жерде руласып, Шапырашты Дулат пен бола қалмақ. Құбыладан оң тұрып жел соққанда, Жер түбіне кетеді жеңіл қаңбақ. Айқайласып келгенде арты жеңіл, Шапырашты жай тұрсын жолды алмай-ақ. Не дейді бір-біріне екі Дулат, Жай ғана Шапырашты тұрсын тыңдап. Бетіне ұстап келетін Жамбылы бар, Сүйінбайдан кейінгі кәрі шумақ. Айтыспаймыз, әрине, Жамбылменен, Басқасының, байқасам, нарқы төмен.
Нұрила Әбенқызы
Екі Дулат демесең осы арада, Айтысуға ылайық әнші Кенен. Айтсаң, Кенен, абайлап, байқап сөйле, Нұриланың тұңғиық сөзі терең. Ер жігітке өлгенмен тең болады, Жеңілгенде осындай әңгімеден. Дулат ақыны Кенен: Бір сөзге тиянақты болмай палуан, Имендің бе ізденген өнерпаздан, Неге састың, сөзіңнен неге адастың, Қажығандай қайқаңдап Нұриладан? Ел ақынын қомсынып Бармақ отыр, Бұйрық айтып біреуге арнап отыр. Жұлындырып ежелден отыратын Мұның сөзі қыршаңқы, түйе қотыр. Атағымды жоймаймын атым барда, Жұртқа Кенен қадірлі нарқым барда. Әнші басқа, әртүрлі ақын басқа, Менің мұндай жарысқа мәнім бар ма? Атышулы ақын ғой алты алашқа, Қайрап салса, өтетін қара тасқа. Шапырашты дегенге шыдай алмай, Дайындалып өзі отыр бір шайқасқа. Безеп қапсың қолыңа домбыраны, Болмағанды болымды болдырады.
Нұрила Әбенқызы
Қима сөздің қисынын табушы едік, Қамданбасаң бола ма, Үмбетәлі? Шапырашты ақыны Үмбетәлі: Сүйегімнен Бармақтың сөзі өтіп, Табаныма зырқырап барды жетіп. Жамбылдан басқа ақынды көзіне ілмей. Делебемді қоздырды екпіндетіп. Өрен жүйрік өлеңге Үмбет едім, Жүрген, тұрған жеріме міндет едім. Түлкісі қызыл алтай сөздің қуып, Апарып өзеніне індетемін. Қандай ақын қайтарар қаруымды, Желді күнгі дауылдай сарынымды. Өртіне көңіліңнің су сепкендей, Бір басамын, Нүрік-ау, жалыныңды. Сұрастырып жүргенде осы кезден, Естідің бе бір пенде мені жеңген. Әрбір сөзді аңдысып айтысқанда, Аспау керек шегінен жалғыз сөйлем! Ақпай-тоқпай дедің де кеттің қойып, Ортасынан түскендей мұздың ойып. Әлде қалай болад деп ойламадың, Сөзбен жұрттың мәселін қырып-жойып. Ала сөйлеп әркімді омырауға, Ұшырадың, Нүрік-ау, үлкен дауға,
Нұрила Әбенқызы
Аттан байтал аптығып озған емес, Сұрамаспын сондықтан сенен сауға. Байтал мінсе кейбіреу қылмаңдатып, Шекесінен басады жылмаңдатып, Адымы алыс атпенен жарысқанда, Басып озар байталды ынжаңдатып. Нұрила: Екі сөзге келмей-ақ еркектендің, Сөз нақысын білмейтін тентек пе едің? Айтысудың қағысып ісін білмей, Келген сөзді аузыңа жентектедің. Ақын десем, шіркін-ай, әңгі ме едің? Әңгіменің бұзасың дәмді жерін, Мен тартатын алдыңа сый табағын Сен сықылды болушы еді мәңгілердің. Айтар сөзден адасып албыттандың, Мен талайын албыттың қаңғыртқанмын. Жем жеген екі мезгіл сәуріктей боп, Әулігіп айдалаға аңғырттандың. Көк байтал көрдің бе аттан қалысқанын, Ауыздықпен алдында алысқанын. Үш бәйгеден күніне келген жүйрік, Менің сондай сенімен жарысқаным. Талай топқа бұл Нүрік баратұғын, Әнім осы той болса салатұғын,
Нұрила Әбенқызы
Сен сияқты өлеңге қыры барлар Тал бойыма таңырқап қалатұғын. Шыға салма жүйрікпін қыз күнімнен, Тосқауылға тоқталып бір мүдірмен, Атағы бар, даңқы бар талай жерде Салғыластым сан қабат бұлбұлыңмен. Боламын деп өлеңге көңілі теңдей, Бір шалымға көбісі қалған келмей. Үпілмәлік ішсең де, Үмбетәлі, Мен жеңемін сөзіңді бұйым көрмей. Үмбетәлі: Шешен десем, Нүрік-ау, шатпақ па едің? Сұлу десем, сұмпайы сатпақ па едің? Аты шыққан әйгілі жорға десем, Арқасына ер батқан ақсақ па едің? Үлгі көрген халықтан, шаршы көрген Ақын десем әншейін шап-шақ па едің? Тұлпар жүйрік тұқымы көк байталдың, Өз ойыңша озғанын мақсат көрдің. Қанша айтқанмен байталдың бағасы кем, Ұрғашы да болмайды еркекпен тең. Қара тілді әйелдің талайымен Қақтығысып әр жерде сөйлесіп ем. Ырық бермей отырсың сен де маған, Оңай намаз емеспін онша саған.
Нұрила Әбенқызы
Ұзақ жолға шыдамай тайталасып, Қарғып кетсем қаласың қанжығадан. Намыстанба, Нұрила, жаным, оған, Өзіңнен кем еркегің, тидің соған. Тұяғындай тұлпардың серпінменен, Қаптай берсін бетіңе ұшқан тозаң. Өлеңімнің тасқыны астаң-кестең, Жұдырығы ұрғандай апай төстен, Үмбетәлі ақынның өшсін аты, Сен сықылды жеңілсе жөн білместен. Нұрила: Сен болмасаң жарымес, мен емеспін, Байқап сөйле, антұрған, жөн білмес кім? Ұйқы-тұйқы сөзіңде қызығарлық, Не ғыл дейсің инедей болса кескін. Матауы жоқ, түйінді байлауы жоқ, Сұйық сөзді сапырып желдей естің. Алақандай аузыңа ем қонбаған, Мінезіңе ежелгі өкінбеспін. Өзі куә өзіңе өз өлеңің, Қай сөзіңе тасырқап бөгелемін, Шайқасуға менімен шамаң болса, Әуселеңді, әрине, көрер едім. Ылғауыма жарайтын ыңғайың жоқ, Тізгініңді ірікпей қоя бергін.
Нұрила Әбенқызы
Тезек терген бәйгінің атындай ғып, Шаңымды да көрсетпей жөнелемін. Көңілді сөз көкейге тез қонады, Көп мылжыңның аяғы ез болады. Екі тәуір бірігіп баспайды ауыр, Бір жақсыға бір жаман кез болады. Құдайдың, білесің бе, қолы тапшы, Жалпы көпке жетеді қайдан жақсы? Ақынның атағына кір жұққызып, Ел қыдырған диуана сен бір бақсы. Ақынмын деп ұялмай жүрсің өзің, Бес тиынға тұрмайды айтқан сөзің. Өз бойыңды өлшемей өңмең қағып, Не қыласың тексеріп жұрт мінезін. Үмбетәлі: Көргенім жоқ, Нүрік-ау, сендей пірсіз Өнерлінің өмірі жұртқа мінсіз. Шаңқан боздай сөзіме шаң жұқпайды, Ішегі домбырамның ешбір кірсіз. Тал бойымнан мін тапсаң, бір табасың, Өйте берме үнемі, ей, үмітсіз. Қандай жерден қауіпті сын тақсаң да, Отырамын осы жерде мен күдіксіз. Азар болса шығарсың долы қатын, Долы менен перінің жолы жақын.
Нұрила Әбенқызы
Ізденген мақсатына жетпей қоймас, Бір асқанға бір тосқан жолығатын. Шыдамайтын перінің зардабына, Долы қашып, тимейтін, қорынатын. Қонған бақыт басымнан тек ұшпаса, Сендей сайтан жолымда соғылатын. Тілің шайпау, шатпарақ, сөзің қатал, Мың қаралы еркекке біткен сақал. Әйелдің анық пірі сондығынан, Қарсы келсең, жарқыным, аруақ атар. Тәуба келтір тіліңнің жазасына, Тие бермей Үмбеттің мазасына. Өнегеде үлкенді сыйламасаң, Жолығасың шоқпардай назасына. Шимай-шатақ сөзіңді шатпақтама, Пәк денесін біреудің сатпақтама, Сөз аяғы біткенше албыттанып, Ақылы жоқ адамдай асқақтама. Нұрила: Ей, Үмбет, ақындықпен арындадың, Жорғадай жолға түскен ағындадың. Антұрған, әзіл сөзге ыза болып, Тауаны тар адамдай тарынбағын. Елімнің жолықпасам сілесіне, Үмбеттің киесіне табынбадым.
Нұрила Әбенқызы
Шалаға жанып тұрған жақындасып, Темірдің қызуына қарылмағын. Салтымнан самғағанда адаспаймын, Саналы болса сөзің, таласпаймын. Бойыңда шықпай жүрген ұшығың бар, Өлеңмен оңды-теріс аластаймын. Бетіңде сақал, мұрттан тұлдыр да жоқ, Қырғандай ұстарамен бұлдыр да жоқ, Секілді кәрі кемпір кейіптенген Қазақтың сендей көсе ұрығында жоқ. Ой, сана, сезіміңді мөлшерлесем, Ақындық ақыл, дарқан қимыл да жоқ. Қатыннан қасабалы неңіз артық, Ер белгі, иегіңде бір қыл да жоқ. Болғанда бетің тықыр, бойың мықыр, Қытықтау мінезің бар, желкең шұқыр, Кескінің келісімсіз, таңқы мұрын, Торсықтай майлап қойған қара жылтыр. Жабысып cap шаяндай елді мақтап, Ән қосқан домбыраға тыңқыл-тынқыл. Сыртыңмен жеңемін деп желпінесің, Естіп ем өсегіңді сенің былтыр. Өлеңге мығым болсаң сығымдаймын, Ер болсаң тыпырламай менен құтыл. Артықша менен сенің қай жерің бар?
Нұрила Әбенқызы
Не жеңіп, не жеңіліп, сөзден ұтыл. Өткендей өңменіңнен осы сөзім, Ал, Үмбет, жетең болса, кәне, ұмтыл! Үмбетәлі: Ат жақты, сұңғақ бойлы, түсің бөрте, Әркімге шолжаңдаған сөзің ерке. Сыртыңнан сыр білмеген сұлу дейді, Бойыңа шақ болмаған ойың келте. Сенімен сөйлесуге арсынамын, Бойыңды ойың менен шаршыладым. Өз бойыңа өз ойың жетпеген соң, Жамбасына сөз басып қамшыладым. Сөзбенен қолтығыңды қытықтаймын, Ширатып бостығыңды пысықтаймын. Жібіңді ескеніме ширамасаң, Өлеңнің өкпесімен ұшықтаймын. Төңкеріліп отырмын судай жылжып, Кездеспеген бетіме бір қиындық. Иегімде бір қыл жоқ – бозбаламын, Сәні бар ма сақалдың бес тиындық. Мінезіңді, сырыңды білдім сенің, Бір адамсың бұлт етпе, түлкі құйрық. Долы құйын секілді ұйтқып, шалқып, Жылт етесің сынаптай қолдан сырғып. Мықыр кескін бойымнан садаға кет, Сен сықылды емеспін бояма бет,
Нұрила Әбенқызы
Сөзіңнен көң-қолаңса иісің шықты, Байым қылып бір-екі сөйлесіп ек. Мәнері жоқ сөзбенен маза бермей, Сандаласың әйтеуір бірдеме деп. Қабағыңа қара қас сызылады, Сөйткеніңмен кім саған қызығады. Алты тиын алмаймын бағасына, Атым үркіп, арбаңнан бұзылады. Шаптың қарсы, не десем, бетке дүрсе, Ысқырғандай орданың оқ жыланы. Аулақ кетсін шенімнен, алас-алас, Десем қата болмайды Нұриланы. Нұрила: Айқастың, Үмбетәлі, арыстандай, Қойғыласып қолма-қол салысқандай. Қиынға қылыш шаптың, қисын таптың, Өрге бір өршеленіп жарысқандай. Сасқаныңнан садаға сөзге түсіп, Жеңілгенің, қой болмас, қарыштанбай. Үмбеттің айтқан сөзін жақтаушылар Отыр ма екен осы жерде намыстанбай. Шынын айтқан адамға ел сенеді, Арам сөзден ақ денем жиіркенеді. Ақылсыз ұлғайғанын есіне алмай, Сақалсыз бозбала боп белсенеді.
Нұрила Әбенқызы
Көп ішінен көсеге орын бар ма, Шайқай берсем әңгіме теңселеді. Орынсыз оғат келген омырау сөзді, Дәл ұстаған табанда еңсереді. Айта берсем әр неңді ауырлайсың, Шала піскен бейшара, қауындайсың. Қанша айқайлап ышқынып әуліккенмен, Мерзім жерден ойдағы табылмайсың. Ала жіпке ат қойып ала бөтен, Айдаһарсың, ақынды жылан десең. Үш тамызып басына ақ құйдым ғой, Ирелеңдеп ініңе жарар кетсең, Келер сөзді өзіңе неге айтасың. Намыстанба тағы да әңгі десем. Әңгілігің емес пе, алдырмадым, Шаңымды да шапқанда шалдырмадым, Жетең болса жетерлік енді қашан, Айтқаныңды азасыз қалдырмадым. Екі туып енеңнен сен келсең де, Осы болды есіңнен тандырғаным. Жаман сөзбен жағымсыз, Үмбетәлі, Құлағымды сасытып даң қылмағын. Жеңілерін Үмбеттің Жәкең біліп, Байқауымша маған бір қалды ұмтылып, Талайдың-ақ шапанын шешіндірген, Айтыспаққа ынтасы жұлқындырып.
Нұрила Әбенқызы
Ал, Жәке, Үмбетәлі тері тұлып, Қаупитқан ішіне бір сабан тығып. Түбінде бір керегі болар, – десең, Апарып босағаңа қойғын іліп. Қару өлең бұл сөзге қайдан тапсын, Жүйрігінің Нұрила басын тартсын. Кім жеңді осы арада кім жеңілді? Қазылық енді осыған Жәкең айтсын! Жамбыл: Жамбыл сөзін бастаса, бастан айтар, Түйіп түгел соңына тастап айтар. Бақ берген маңдайына бас бармақтай, Жүлде алады әр жерде жүйрік байтал. Бағы жанса байталдың бағасы зор, Адасқанын Үмбеттің байқады ол. Бұл жердегі айтыстың кезегінен Нұрилаға беретін теңеуім сол. Жүйрік озды жүйріктен құлаштаған, Көрген жұрт көз мөрімен растаған. Кәрі демей, жас демей айтысатын, Сүйінбайдан соңғыға мирас қалған. Әйелдің асқан биік құзарынан, Өлеңнің тау мен тасын құлат маған. Кәрі тарлан Жамбылдан дәмең болса, Ауығыңды басайын шыдатпаған.
Нұрила Әбенқызы
Ерден басып екпінді жолың озды, Өлеңшінің көбісі шілдей тозды. Шапырашты мен Жамбыл Қарасайлап, Ұмтылғанда үстіңе перім қозды. Құнжыңдап домбыраға менің арқам, Ауызымнан ақтарылды өлең дарқан, Еліңде ерлік бар ма, байлық бар ма, Мәнісін байқасалық, айтшы, қалқам. Айтылса әрбір өлең әніменен, Дауыс та құбылады сәніменен, Аршын сөздің асылын ақтар бері, Сөліменен, маңызды дәміменен. Тамаша үшін осындай бас қосқанда, Сөкет болмас айтысқан кәріменен. Бала күнгі әндерім – ескі жолдас, Ада-күде кеткен жоқ әлі менен. Нұрила: Сөз құраған ауызға әрбір әріп, Зерек адам сөзімнен пайдаланып, Әркім сөздің ішінен қисын терсе, Ақын атқа қонады өлең дарып. Домбыраға ән қосқан сәнді әуенін, Тыңдаған жұрт қалады тояттанып. Сіз дарқан, сізден үлкен ақын бар ма, Жасым кіші, әйелмін жолым нәзік.
Нұрила Әбенқызы
Дауысыңды неше қилы әсемдейсіз, Желдетіп дауылыңнан бәсеңдейсіз. Сіздің бетке мен қарсы тұра алмаймын, Әлдилеп алдына алған әкемдейсіз. Киліккенің бола ма енді бұған, Айтыс болып әлінше өтті думан. Теңдесе алман сізге мен, жасым кіші, Қинамаңыз, тағы да ізет қылам. Мен түгіл, ат үркеді атағыңнан, Басып озған жүйріксің қатарыңнан. Жасыңа құлдық қылдым, мені босат, Айналайын, ататай, сақалыңнан. Келін болып еліме былтыр түстім, Сізге жайын айтпақпын бұл жұмыстың: Нәресте бар үйімде және әлсізбін, Босанғалы болып ед маған үш күн. Баланың қарамастан туғанына, Орап тастап кетіп ем құндағына. Ат жіберіп, әдейі шақырған соң, Өлең айтып бергелі мұндағыға. Аяғыма сол менің бала шідер, Қайтуыма сондықтан ұлықсат бер, Бөгелуге емшегім сыздап отыр, Бөбегіме, ататай, мені жібер!
Нұрила Әбенқызы Жамбыл: Жамбылдың жасы жетті жетпістерге, Мұндай бала көргем жоқ өткір тілге, Дауысың көкке жетіп, аспан жарған, Естідік әуезіңді бір түн біз де. Олай болса, тоқтату мүмкін емес, Бар, шырағым, ұлықсат бердім сізге. Қара табан болғанда қарашығың Шақырамын, кел сонда біздікіне. Сөзіңнен сорғалаған тамады алтын, Аңқылдаған адамға көңілің жарқын, Бала жастан өлеңге Жамбыл құмар, Басылатын жайым бар әнмен мауқым. Тербеткен жүрегімді жас баладай, Құлағымда тұрады осы даусың. Барғын, балам, аман бол жолыққанша, Бәрекелде, үстіңе көп нұр жаусын! Нұрила Әбенқызы
НҰРИЛА АҚЫН МЕН ҮМБЕТӘЛІ АҚЫННЫҢ АЙТЫСҚАНЫ (ІІ-нұсқа) Бай болса, баласы жоқ жаман екен, Шашылып өлгенде мал қалады екен. Қасымы Сымайылдың деген кісі, Жалғанда баласы жоқ адам екен.
Келгенде жасы алпысқа сол Қасымның, Қатыны бір ұл бала табады екен. – Осыған бір үлкен той қыламын, – деп, Жұртына Қасым жарлық салады екен. Бұл тойдан аянбаймын – депті Қасым, Алпысқа жер ортасы жетті жасым. Жасында пайғамбардың бала көрдім, Қуатсыз қуаң тартқан сақал-шашым. Келгенде бұл сапарға бала туды, Той қылып шақыртамын Жетісуды, Өткізбек ұлкен той қып ойым бар – деп, Қызығын, қуанышын көпке ұсынды. .... (1) Қасым басы қалайыққа, Той қылды көп көмегі аты шулы. Жиылып игі-жақсы дулат елі, Жасамақ мерекелі болды дуды. Бұл тойға шақыртады талай елді, Хат жазып қашық жерге хабар берді. Нұрила Әбенқызы
«Қасымның Ұлы туған Ұлы той» – деп, Ар жаққа алашапқын ат жіберді. Көшелеп алпыс үйді тігіп қойды, «Көрсек» – деп, ел құмартты осы тойды. Қонаға келген жұртты күтімге алып, Әр үйге екі-екіден сойыс сойды. Біреулер қойын сойып үйін тікті, Ел болып арқалады ауыр жүкті. Қонаққа қанша халық келіп жатыр, Бір жігін білгізбестен бәрін күтті. Онан соң екі күндей атын шапты, Мәз болып бозбалалар көкпар тартты. Сайыс, күрес палуан да бәрі болып, Мінеки осыменен той тарқапты. Алыстан келген адам он үйлік жан, Тағы да кейінгі Күн қонып қапты. «Қызығын қыз тойындай қыламыз» – деп, Жиылып қыз-бозбалалар өлең айтты. Қызыққа Бәрібаев қонып отыр, Тамаша ойын-сауық болып отыр. Көтерген жаңқа ағашын ақындар кеп, Қасымға «құтты болсын» соғып отыр. Айқымның ақыны екен Үмбетәлі, Түзелді Кенен келіп тойдың сәні. Қулықты Бармақтың да құрып отыр, Қанай мен Жуанышты мақтағалы.
Нұрила Әбенқызы
Той қылған Қасым Қанайдың қайны болады, – қайным той қылып жатыр – деп, Қанай Бәрібаевті ерте барады. Бәрібаевтің алдына келіп, ертедегі күнін көксегендей бо лып, Бармақ ақынның айтқан өлеңі: – Інімсің– Бармақ айтты: – Кенен, – деді – Бүгінгі кезек батыр сенен – деді, – Жақпайды менің сөзім жас балаға, Мәртебем болып өтті төмен – деді. Назімді көтеретін Сәтмәңке жоқ, Бұл заман қалған екен, менен – деді. Әркімді алсын Құдай қатарымен, Адыра қалған екен өлең, – деді. Дейтұғын «ақын Бармақ» Бармақ едім, Әр жерде абирды алған едім. Сәтмәңке, Алпысбай мен Шәдбен төре, Алдына солардың да барған едім. Мінеки, біздің бастан өтті дәурен, Солардың заманында саңлақ едім. Бұл күнде күркілдеді көкірегім, Несіне өткен күннің өкінемін?! Аударыс-төңкеріс боп мына заман, Өлеңге салқын болып кетіп едім. Бәрі өліп жолдасымның жалғыз қалып, Боп жүрген шер көкірек жетім едім. Бар қылып айтушы едім ойда жоқты, Ауыздан қайтып алмай атқан оқты. Айтпайын осы өлеңді десем дағы, Қу кесел үйреншікті қайта соқты.
Нұрила Әбенқызы
Басамын аңдып-аңдып аяғымды-ай, Дегенмен заманым жоқ баяғымдай. Бәрі өліп жолдасымның жалғыз қалып, Жылқының болып тұрмын саяғындай. Қырықтың сегізіне келді жасым, Әр түрлі қызық істі, көрді басым. Адасқан көп тобынан қаздай болдым, Өзімнің жоқ болған соң замандасым. Кешегі құзғындардың ақыны едім, Өзгертіп мен байқұсты не қыласың? Жиналған шілдехана ұлы топсың, Болғанда бәрің ұлық, бәрің сотсың. Жас ақын заманыңда жаңа шыққан, Келтіріп кемеліне Кенен соқсын. Кененнің өлеңі: Кенен де домбыраны қолына алды, Сыпайы ширатылып ән толғанды. Құлағын домбыраның толғай бұрап, Отырып бір тізерлеп орын алды. Ал Кенен шырқап-шырқап әнге салды, Дауысын естіген жұрт қайран қалды. Сай шыққан заманаға бұлбұл еді, Қаратты өз аузына тірі жанды. Өлеңді Бармақ бастап бұрын айтты, Өзінің өтіп кеткен түрін айтты.
Нұрила Әбенқызы
Тұңғиық, бітеу кеуде кісі емес пе, Жараның аузын қасып ұлғайтты. Жаратқан Құдай қисық қыңырайтып, Сөзінің сынын бұзды сырын айтып. «Мұңым» деп шынын айтқан Бармақ еді, Ұлықтар жазаласын мұны қайтып. Сөз тумас осындайда ақылы аздан, Құтылмас өлең шіркін өнерпаздан. Саңылақтың заманында біреу еді, Қалыпты қартаң тартып қайран жазған. Өгейсіп өткен күнін Бармақ отыр, Өткенді-кеткенді айтып зарлап отыр. Кененге кезек берді – сөйлегін – деп, Кенен де оңды-теріс самғап отыр. – Беремін мен де кезек, Үмбет, саған, Сөзімнің аялғысын аңдап отыр. Адасып айтар сөзден жаза баспай, Бар болса, соны өлеңің қамдап отыр. Ақынсың аты шыққан алты алашқа, Әр кімнің әр алуан көңілі басқа. Бергіден бейнеуіңді бері сөйле, Бармақша жаза басып қаталас па? Ал, Үмбет, аламысың келді кезек, Домбырам жұлқынады сені көзеп. Қиынға қия шапқан жүйрік едің, Адырға алғызбайтын бойын тежеп.
Нұрила Әбенқызы
Ақын жоқ бұл өңірде сенен өткен, Самғайтын сан қараға тілді безеп. Ұтылып сөйлер сөзден отырғанда, Күлгізіп кетпеймісің бірдеме деп. Үмбетәлінің өлеңі: Ешкімге баяндамай саулап өтіп, Домбырашы айланып келді жетіп. Желісін үзбей тартып соққан желдей, Айтатын ақын қайда екпіндетіп. Адасып ақылынан Бармақ алжып, Жүргенін өлең қылды елге қаңғып. Бармақтың Кенен ақын сөзін қоштап, Түңғиық, бітеу кеуде қойды даң ғып. Сәтмәңке, Алпысбай мен Шәдбен төре, Солармен аяқтасып жатқын барып. Тәрік қып дүниені безген болсаң, Көсеуді көтке байлап жүрсің нағып? Кененнің бүгін миы ашып отыр, Бармақты үлкен қара басып отыр. Тұрғанда Үмбетәлі кім сөйлесін, Көктемгі қар суындай тасып отыр. Менімен айтысатын ақын қайда? Үрейі күні бұрын қашып отыр. Бармағың арман қылып өткен күнін, Көңілі өз-өзінен жасып отыр. Үмбетке кім бермейді қолын жайса, Ер жігіт қор болады серттен тайса.
Нұрила Әбенқызы
Бұл сөзге мақтан желік қосқан барма? Соғып-ақ кетейін ба, Сүйінбайша? Дейтұғын «Үмбет ақын» Үмбет едім, Өлеңді оңды-теріс гулетемін. Жорғадан, шабыстан да құры емеспін, Сабалап екі жаққа шулетемін. Үмбетке пар келетін ақын барма? Сөзіме менің табар тақыл барма? Бармақтан күдер үздік түк болмады, Кененді ақын ғой деп қапыл қалма? Осыдан таң атқанша жалғыз айтса, Бұл Үмбет жалықпайды сапылдарға. Мерекең қызық болсын көп әлеумет, Менімен айтысқандай қатын барма? Жұлып алғандай Зейнеділ деген жігіттің айтып жіберген өлеңі: Ей, Үмбет, бір қатын бар біздің елде, Ауылымыз алыс емес жақын жерде. Ол келсе, Үмбетәлі жеңілесің, Пәлені сен қылдың деп өкпелеме? Мұртынан күлімсіреп, марқұм Бәрібаевтің айтқан өлеңі: Ей, Зейнеш, ол қатынның айтшы атын, Үмбетті жеңетұғын қандай қатын? Көрелік ондай болса, біздер соны, Шақырып келе қойшы болса жақын?
Нұрила Әбенқызы
Зинаділдің өлеңі: Айтайын ол қатынның Нұрила аты, Өлеңі мына Үмбеттің сөздің таты. Нұрила келіп қалса, осы араға, Болады деп ойлаймын көңіл шаты. Шақырсаң, Нұрила ақын келер деймін, Жазасын бұл Үмбеттің берер деймін. Көп мақтап оған дейін қажет емес, Көзіңіз келгеннен соң көрер деймін. Қияңқы жігіт еді оның басы, Белгілі Нұриланың бізге жасы. Кісіге анау-мынау жібермейді, Жұмсаңыз Табылтай мен Иманбайды. Және де дұғай сәлем хат беріңіз, Кім барса, қалтасына сап беріңіз. Ішінде екі сағат келсін деңіз, Лауға мініп келер ат беріңіз. Жуаныш Нұрилаға хат жазады, Білсін деп замандасым айтқан назды. Ішінде екі сағат келсін деді, Көруге құштар болып өнерпазды. Жазды да осылай ғып хатты берді, Лауға құла жорға атты берді. Табылтай, Иманбаймен екі болыс, Хатты алып Нұрилаға шапты дейді.
Нұрила Әбенқызы
Бұлар да жылдам жүріп келеді енді, Хатты алып Нұрилаға береді енді. Мінеки, хат та келді, ат та келді, – Шақырып жатыр сізді төре – деді. Нұрила төре хатын көреді оқып, Отырды көңіліне ақыл тоқып. Жүрегі жауланады естіген соң, Қылмады ешбір қатер көңілі қорқып. Әр жерде болып жүрген ойын-сауық, Өлеңге кеткен екен ниеті ауып. Дәл сонда жиырма бес жасында еді, Босанып қалған екен бала тауып. Осындай айтқыш ақын жалғанда жоқ, Іркілмей жіберетін дегенде соқ. Алдында үш күн бұрын жас босанып, Нұрила отыр екен қызыл шу боп. Әйел деп кім айтады қайран жасты, – Бармасам, деп айтады мені қашты. Барғаным жөні келсе мақұл ма деп, – Нұрила байына кеп ақылдасты. – Бірдеме қылар едік хаттың жөнін, Қайтеміз деп отырмын аттың терін. Ойланшы мынау естің жөні қалай? Сен едің Құдай қосқан менің ерім.
Нұрила Әбенқызы
Байының – бармайсың – деп, айтқан өлеңі: – Қарашы, – деді, – мына масқараны, Бұл тойға барамын деп қасқарады. Ұнамсыз айтқан сөзі иттің – деді, – Қайтпекші болып отыр жас баланы. Бұл тойға тілімді алсаң, бара алмайсың, Сен барсаң, бір пәлеге арандайсың. Қатыным, «көтті қысқан бай болады», Ол тойдан мендей бала таба алмайсың? Салтыңда той-жиынға бардың талай, Дедім бе, ол уақытта жүрдің қалай? Балаңды өзің тапқан өзің баққын, Болмассың өлеңге онша малай. Табылтай сонда бұған жалынады: – Бір лаж балаңызға табылады. Осындай мөдуар боп отырғанда, Көңілді бір ауласаң нағылады? Жалынды Иманбай да – Жәкетай – деп, – Бұл тойға нағылсаң да жібергін – деп. Көңілі үшін екеуінің өлгенде әзер, Зорға айтты: – барса өзі біледі – деп. Нұрила сонда орнынан түрегелді, Барады алып ұшып жүрегі енді. – Бұл тойға жіберсеңіз барам – деді, Болыстар қуанғаннан күле берді.
Нұрила Әбенқызы
–Бар десе, менің байым бата берер, – Мен тапқан бала болса, құмдағында жата берер. Қынжылмай бар десеңіз жіберсеңші, Бір түнгі азар болса, ұйқың өлер. Алмасаң тұншықтырып аштан өлмес, Нәр берер нәрестеге Құдай шебер. Көп жылап мен келгенше булықпаса, Көресі ашты-тоқты күнін көрер. Қатынды байы сонда – барсын – деді, – Шат болып ұлықтарың қалсын – деді. Осындай құрметпенен шақырғанда, Бейшара абиырды алсын – деді. Соны айтып қатынына бата берді, – Қор болмас әйел адам күтсе ерді. Бейшара пешенеңді көтерсін – деп, Үйінде тілеулес боп жата берді. Нұрила атқа мініп жүріп кетті, Жанына екі-үш қатын жолдас ертті. Ішінде екі сағат жылдам жүріп, Баяғы той боп жатқан жерге жетті. Айтуға аттан түсіп сабыр қылмай, Өлеңді ат үстінен еңіретті. – Мен өзім шақыртумен тойға келдім, Кім бар деп осы тойда ойлап едім. Жақсылар жайсаңменен бас қосқанда, Әр жерде той жиынның ойнағы едім.
Нұрила Әбенқызы
Қылайын бұл тойға мен де хошым, Әдет қой кім той қылса, менің осым. Жеткерсін әр пендені мұратына, Талапты қылған тойың құтты болсын! Барды лау мінсін деген құла жорға, Жорғамен лажым жоқ келдім зорға. Отыр ем жас босанып осы кезде, Болғанда өзім тойда, балам онда. Аруағы Дулатқожа қолдай көргін, Тар жерде жәрдем беріп, тайғақ жолда. Нұрила осыны айтып аттан түсті, Қызады ақын дуда, жыны қысты. Айғайлап аруақты шақырған соң, Көңілі халайықтың болды хошты. – Келді – деп, – ақын қатын жер жаңғырды, Көруге құштар болып бұлбұл құсты. Қамалап қатын-қалаш жүргізбеді, Бұл тойда не бар, не жоқ білгізбеді. Отырған Бәрібаев – үйге тарт – деп, Қамалап қатынды жұрт кіргізді енді. Кіргізді Нұрилаға есік ашып, Аттады босағадан қадам басып. Отырған Бәрібаев, Қанай төре, Көрісті бәріне де амандасып. – Өлеңін қатын қашан қозғайды – деп, Сырттағы ел тықыршыды жанталасып.
Нұрила Әбенқызы
Тайсалмай төрге беті қарсы қарап, Қимылдап қызыл тілі қаусырма жақ. Ақырып, айғай салып қоя берді, Жүгініп босағадан отыра қап. Ол уақта қазақтың оқығандарын ел төре, ұлық – деп айтатын. Нұриланың төрелерге амандасқан өлеңі: – Аман ба, Бәрібаев, Қанай төре? Бұл тойда бас қосыпсың талай төре. Жолдасы Жуаныштың сіз де аман ба? Көрмеп ем бұдан бұрын, Жанай төре. Бәріңнің жасың құрбы замандассың, Жел сөзге Құдай берген қамалмаспын. Жігіт ең көптің болған апасындай, Келеді Жуанышқа амандасқым. Құтылмас шіленгерден сөз жүйесі, Жиналды жаңа-жаңа елдің есі. Ай өтіп көрмегелі апта болды, Жүрмісің есен-аман, жұрт иесі. Енші Алла елің де аман, жұртың да аман, Тілеулес елі-жұртың болдық саған. Сізге мен көп нәмінен амандасам, Керекті кісі емессің жалғыз маған. Көлеңкең Жетісуға тегіс түсіп, Артылды осы уақта сіздің бағаң. Жұрт үшін жер әлемді жүрсің кезіп, Амалын әр ұлттың білдің сезіп.
Нұрила Әбенқызы
Мұратқа мұсылмандар жете ме деп, Іздендің бір шыбындай жаннан безіп. Бұл ісің Жетісуға болды зайыр, Алдыңнан бір шығады қылған қайыр. Туғызған Құдай жұрттың нәсібіне, Жігітсің өзің дана, сөзің шайыр. Жеттіңіз мәртебе іздеп ілімменен, Жинадың елдің басын білімменен. «Мен сондай болдым ғой» – деп, үлкендік жоқ, Жігітсің кішпейіл күлімдеген. Тәшкенге Мәскеуменен қолың жетіп, Кезіңде дұшар болдым дүрілдеген. Мен едім Жантудағы ақын қатын, Қалмайды қайда жүрсем қатын атым. Қатыны пәленшенің ақын деген, Кетіп жүр талай жерге менің даңқым. Мәліммін күнбатыс пен күншығысқа, Сонда да алтын басым ауар мысқа. Қарсылық жарлығыңа қыла алмадым, Бұл жерге шақырдыңдар не жұмысқа. Кеңшілік беріп қойған менің ерім, Тамаша ойын-күлкі жүрген жерім. «Қиянат аманатқа қылмас үшін», Дәм татып дастарқаннан бердім сенім. Туғалы бас нәресте үш күн болды, Әлі де бекіген жоқ менің белім.
Нұрила Әбенқызы
«Қыжалат, керек» деген бұйрық барды, Бар еді не керегім енді менің? Құмдаққа нәрестемді келдім бөлеп, Қатында бала тапқан бар ма кегің? Бәрібаев: – жеңгей, олай болса, тездеп қайта қойыңыз, сіздің мұндай болып отырғаныңды білгеніміз жоқ, біз қаталасқан екенбіз, ғапу етіңіз, балаңызға обал бола ды, тез қайтқаныңды өтінемін – деді. Зинаділ: – жоқ, бұл кісінің қайтуына мен қарсымын – деп, айғай салып, айтқан өлеңі: Зейнәділ сол уақытта мақтанды көп, Мақтанып, айғай салып, шаттанды кеп. – Келмесе жеңілгенге тән болдым – деп, О дағы отыр екен уәйім жеп. – Нұрила, осы тойға шақырған мен, Айтысып жеңемісің Үмбетті сен. Сыртыңнан мақтанады желдей есіп, Не демес ей, аулақта ақылы кем. Үмбетті жөні келсе бір жеңіп бер, Еркекпен адам едің терезең тең. Нұрила, бар еді ғой ақыл-айлаң, Бала едің атағыңды жұртқа жайған. Үмбет пен Бармақ ақын, Кенен ақын, Алдырдық айтыссын деп осы жаймен. «Айтыспай қайт» дегенге мен қарсымын, Жеңіп бер осы болсын тиген пайдаң?
Нұрила Әбенқызы
Нұриланың өлеңі: Дүлділдей қызыл тілім сөйлер шағың, Тарықпай тауып сөйлер сөздің табын. Әлеумет алдыңа кеп айтпай кетсем, «Нәумит қал» дегендей боп сынар сағың. Құдайдың берген кені өлең деген, , Көңілім өлең десе елеңдеген. Кененді бір көруге құштар едім, Атақты әншіл ақын дегенменен. Дабысың Жетісуға мәлім бопты, Басыңда Кұдай берген өнерменен. Көргендей бізден бұрын қуғын-сүргін, Көңілің неге жасып төмендеген. Аман ба Үмбетәлі, Бармақ ақын? Сендерді деп айтады саңлақ ақын. Бұл Бармақ егде тартып қалған екен, Сөзімнің, Үмбетәлі, аңда парқын. Айтысып меніменен талай ақын, Бейшара аяғында зар қағатын. Өлгенде айтамысың, енді қашан? Құрысын сасық кербез ақын салтың! Үмбеттің етінен өтіп, сүйегіне жетіп, ұстаса кеткен өлеңі: Нұрила, жек көрмеймін арыныңды, Таныдым келген жерден қалыбыңды. Асықпа айтқанымша аптықпағын, Шығарар Үмбетәлі жалыныңды.
Нұрила Әбенқызы
Үмбет ем озып жүрген осы керден, Құтылмас талап қылса, иман ерден. Аузыңды еркінсітпей тарта сөйле, Сен бе едің елде қатын байын жеңген? Келдің да ақпай-тоқпай кеттің қойып, Барасың үндемесем төбемді ойып. Болар деп түбі қандай, ойламайсың, Барасың елдің бәрін қырып-жойып. Нұрила, сенің жайың маған мәлім, Сөйлейсің шала оттап жанның бәрін. Көзі жоқ көбелектей шоққа түсіп, Қалмасын, байқап сөйле, кетіп сәнің? Жарамас балуан жауға, ақын дауға, Өлеңнен сұрамаспын сенен сауға. «Бәйгі алмас байтал озып» деген сөз бар, Сақа айғыр ап жүрмесін омырауға. Көзіңді сүзе қарап қылмыңдатып, Әр сөзді айтқыр ойың бар жылмыңдатып. Ішінде ұлы көптің ұялмастан, Жарысқың кеп отыр тырбаңдатып. Нұриланың өлеңі: Ей, Үмбет, сенің өзің еркек пе едің, Білмейтін сөздің нарқын тентек пе едің? Қағысып айтысудың ығын білмей, Аузыңа келген сөзді жентектедің.
Нұрила Әбенқызы
Шіркін-ай, ақын десем әңгі ме едің, Бұзасың әңгіменің дәмді жерін. Алдына мен тартатын сый табағы – Болады сен сықылды әңгілердің! Адасып айтар сөзге албыттандың, Албыттың мен талайын қаңғыртқанмын. Жем жеген екі мезгіл сәуріктей боп, Әулігіп айдалаға аңғырттандың. Емес, пе айтысқан соң жарысқаным, Көк байтал көрдің бе аттан қалысқанын. Айғайлап әйелмін деп айта келдім, Осы ма білген сөзің, данышпаным. Нұрила талай тойға баратұғын, Той болса әнім осы салатұғын. Омырауға алам деп кеп талай сәурік, Өз боғын бір искеп қалатұғын. Ей, Үмбет, сөзге құлақ саласың ба? Ақылға түсінбейтін баласың ба? Жеңілсең қасиетің кетіп менен, Атақты албасты боп қаласың ба? Атандым Нұрила ақын қыз күнімнен, Келемін көп айтысып сар кідірмен. Ақынмен әлде неше айтысқанда, Емеспін адамзат боп бір мүдірген. Сөйледім талай топқа сермей-сермей, Отырмын сермер жерге еркін келмей.
Нұрила Әбенқызы
Болады өлең деген әңгі намыс, Бұл жерден мен кетпеймін сені жеңбей! Егерде жеңілетін болсам сенен, Өлгенім жақсы емес пе үйді көрмей. Үмбеттің өлеңі: Сөзіме шалып айтқан шамданасың, Еркектен қалыспауға қамданасың. Түзетіп өз бетіңді айтсаң бойыма, Өлеңнің тауып айтып таңдамасын. Сөзіңе өзің айтқан көңіл қоймай, Аузымды менің бағып аңғарасың. Әңгі деп ақымаққа мені теңеп, Сәурікке кімді қосып сандаласың? Байталды шыжбыңдатар айғыр қуып, Айғырдан жүкті бопсың бала туып. Баланы кеше тауып тойға кепсің, Келмепсің жүргекте ұрған кірін жуып. Былапыт сендей қатын көргенім жоқ, Салдақы, маңайыма келме жуық. Шерменде, сен сықылды жеңген емес, Болған жоқ тұзым төмен өзім туып. Нағыпты байталдан қап онша маған, Болдым ба оңай намаз мен де саған. Алдымда жаңғалақтап сөйлей алмай, Әр жерде қалушы еді сендей адам. Мен өзім ерте шауып, кеште озам, Емес қой сен сықылды менің қожам.
Нұрила Әбенқызы
Екі ауыз өлеңменен есің шығып, Боп кетер топырағың сенің тозаң. Өлеңі бұл Үмбеттің астаң-кестең, Тисе тисін, тимесе апай төстен. Өлгенім үйді көрмей жақсы емес пе, Жеңілсем сен сықылды жарым естен. Нұриланың өлеңі: Ей, Үмбет, мінезің бар оңбайтұғын, Ақылға сөз айтасың қонбайтұғын. Ләпсіңнен жаңылдың ба жазым болып, Жеріңе кеп отырсың жондайтұғын. Дәл өзі сен емес пе кеңкелестің, Болады сөзі осындай жарым естің. Бетіме мұның несін қылдың шіркеу, Біреудің қарқаралы қызы емеспін. Бақ берсе, бала берсе бағыменен, Үмбеттің сағы сынар тағы неден. Ауырсаң, Үмбетәлі, сүзек болып, Ұшықтар Нұриланың таңыменен. Табады әр кім иман дініменен, Біреудің біреу жүрмес күніменен. Кер кеткен кірін жумай тойға келсем, Үмбеттің тазалатам тіліменен. Не дейді мына антұрған, төрелерім, Алдыңа шақыртпасаң келер ме едім?
Нұрила Әбенқызы
Наясап, бейәдептің тіл сазайы, Өлеңім үстем келіп төпеледім. Бұл Үмбет ақын емес, анық шатпақ, Ежелден ескі мінез сөзге тақпақ. Жігітті абиырлы әр уақытта, Жүреді әр нәрседен Құдай сақтап. Әйгілі ақын болсаң ел мақтайтын, Өзімдей сөйлесеңші екі жақтап. Әйтеуір ақынмын деп әуектейсің, Білмеймін не айтқаныңды қыжалақтап? Белгісі өлеңшінің олай емес, Жақсының сөзі балдай сырлы кеңес. Майда тіл, жұмсақ көңіл болмайынша, Ақындық адамзатқа оңай емес. Өлгенше өрге айдадың өзіңізді, Мен де өре бастырмадым сөзіңізді. Осымен жоғалтайын көзіңізді, Берейін тілеп алсаң кеміңізді. Айтысып меніменен пар келмейсің, Таппасаң менен басқа теңіңізді? Үмбеттің өлеңі: «Ұят жоқ – иман жоқта» деген дінсіз, Көрмедім бұл жалғанда сендей пірсіз. Шімірікпей, жүзің құрғыр, не деп айттың? Бетіңнің қытығы жоқ «тіпі», бүрсіз!
Нұрила Әбенқызы
Деуші еді әр кім сені долы қатын, Жүрмейді долыменен пері жақын. Бар болса, қалған сөзің тағы да айтқын? Қалған жоқ ешбір жерім қорынатын. Ұлықтар, бұл қатынның жоғалт көзін? Қарашы, наясаптың кеп айтқан сөзін. Келдім деп шақыртумен міндет қылса, Мен де бар кесіп жерлік, тойғыз өзін? Ауырған сыздағанға табылды ем, Сүзек боп ауырғанға дәрігер кем. Тентектің телі сөзін тергеу түгіл – Хош алып мұның сөзін көресің жөн. Сөзінің кім жетеді ұшығына, Теңгерді елдің бәрін пұшығына. Таланың жастайыңнан неден кетті? Еркектің жолығарсың қошығына. Бұл заман болғанменен мейлі қатар, Дүние деген сөз бар алып сатар. Әйелдің еркек пірі деуші еді ғой, Еркектің сарт болмаса аруағы атар. Барғанда сөздің ырасы тазасына, Тіліңнің бір тартарсың жазасына. Ақ түйең алтау екен ой, қара бет, Үмбеттің жолықпасаң назасына. Былапыт, былғадың ба тілімді енді, Айыпты айтқан сөзің білінбеді.
Нұрила Әбенқызы
Мұртынан езу тартып Бәрібаев, Қуаттап қатын сөзін күлімдеді. Қарабет халық ішінде қаймықпастан, Аянбай айтысам деп дүрілдеді. Сенімен бір Құдайға жүгінсем, Өркендеп көгертпесін түбіңді енді. Нұриланың өлеңі: Ей, Үмбет, ақындықпен арындадың, Арындап ары-бері ағындадың. Антұрған, әзіл сөзге наза болып, Қарғанып, қара басқыр, қағынбағын. Елімнің жолықпасам сілесіне, Еркектің киесіне табынбадым. Шалаға жанып тұрған жақындасып, Темірдің қызуына қарылмағын. Салтымнан самғағанда адаспаймын, Саналы сөзің болса таласпаймын. Бойыңда шықпай жүрген ұшығың бар, Өлеңмен оңды – теріс аластаймын. Бетіңде сақал-мұрттан тұлдыр да жоқ, Қырғандай ұстарамен бұлдыр да жоқ. Секілді кәрі кемпір кейіптенген, Қазақтың сендей көсе ұрығында жоқ. Ой-сана, сезіміңді мөлшерлесем, Ақындық ақыл дарқан зымбыл да жоқ. Қатыннан қасабалы неңіз артық, Ер белгі иегіңде бір қыл да жоқ.
Нұрила Әбенқызы
Болғанда бетің тақыр, бойың мықыр, Қитықтау мінезің бар, желкең шұқыр. Кескінің келімсіз таңқы мұрын, Торсықтай майлап қойған қара жылтыр. Жабысып сары шаяндай елді мақтап, Ән қосқан домбыраға тырқы тыңқыл. Сыртымнан жеңемін деп желпінесің, Естіп ем өсегіңді сенің былтыр, Өлеңге мығым болса, сығымдайын, Ер болсаң, тырпыламай менен құтыл? Артықша менен артық қай жерің бар? Не жеңіп, не жеңіліп сөзден ұтыл. Өткендей өңменіңнен болды сөзім, Ал, Үмбет, жетең болса айғай ұмтыл?! Үмбеттің өлеңі: Көремін ей, Нұрила, озғаныңды, Қозбасы әңгіменің қозғарылды. Пырпылдап қаншық иттей қаба бердің, Шығарып тастамасам боздағыңды. Төбеңді мен қазатын тұлдыр көсе, Түсіңнен шошып оян Үмбет десе. Соңына қоңырау таққан бұзық қатын, Ол датың ажырамас өле-өлгенше. Басынан балдыр сөзді пысықтаймын, Сен – тышқан, мен қақшитын – мысықтаймын. Аластап ары-бері асқындырып, Жеріңде жөпелдеме ұшықтайын.
Нұрила Әбенқызы
Болсам да мықыр кескін, сөзім пысық, Бүркіттей тұяғыма алдым қысып. У бердің өз байыңа не күн туып. Ойнастың тілін алған ұры мысық. Болса да бетің қызыл, өңің сұлу, Не пайда болмаған соң бойда жылу. Сүймесең ойнасыңа тисең нетті, Жаныңа қанша қажет қастық қылу. Өлсін деп ол барғанда алмас бердің, Өзіңе адам пенде нанбас дермін. Қолыңда қаза тағдыр тұрған болса, Құтылып ол байыңнан қалмас па едің? Алғашта айта салмай ар санадым, Шығарып боздағыңды қамшыладым. Сезген соң сеңді суға түсті байың, Өлсін деп отқа төсін қарсыладың. Етсең де қанша қастық өлмей қалып, Қия алмай ойнасыңа сансырадың. Бетіңде шімірігер шіркеу де жоқ, Жалғанды жалпақ басып шаршыладың. Арамға ақ төсіңді бастырғанша, Адалға аланиет қас қылғанша – Ойнастан бала тауып сол байыңда – Өлгенің өте жақсы мерт қылғанша. Мұндай іс мұсылманға мін болады, Әділін түгел тауып тапсырғанша.
Нұрила Әбенқызы
Сөзіме айтпайтұғын асық болдың, Асығып албастыңды қақтырғанша! Нұриланыц өлеңі: Дүниенің кең қазына жалғанында, Жарасар араздығым алғаныма. Қатасыз, қамтамасыз пенде болмас, Толқынды туғананың (З) аңғарында. Болғанды бастан аяқ болды демей, Бола ма болмады деп танғаныма. Мін қылып осы сөзді тағамын деп, Алдымнан, ақын Үмбет, қамдадың ба? Бір дәмді, бір дәмсізбен қосып шайнап, Ашты ма, тәтті ма деп талғадың ба? Пенденің жұмыр басы не болмайды, Жетпесе жетем деген арманына. Не түрлі керуен көшіп заман өткен, Тұрмысты талқы басып тепеңдеткен. Адамзат бірде теңіз, бірде дөңір, Ондай іс бола бермек сондай геппен. Кісінің ерлі-байлы арасына, Түседі деген сөз бар мысы кеткен. Болғанда байыменен төсек азар, Үмбеттің несі кетті не себептен? Кінаға істеп өткен кешу болса,
Айыпсыз адасқанға шешу болса, Байыма баяғыдай баз қалыбым, Айтпас ең ондай сөзді есің болса! Нұрила Әбенқызы
Ат қойып ала жіпке ала бөтен, Қағынып отыратын Үмбет көсем. Ант беріп адалдық деп айта алмайсың, Сондайдан өзіңді де тапты шешең. Жастықтың қызық дәурен науқанынан, Бола ма өткен пенде аман-есен? Кезегін келер сөздің кер айтасың, Тағы да намыстанып әңгі десем. Емес пе әңгілігің, алдырмадым, Шапқанда шаңымды да шалдырмадым. Жетерлік жетең болса есең болды, Азасыз айтқаныңды қалдырмадым. Енеңнен екі туып сен келмесең, Есіңнен осы болды тандырғаным. Жағымсыз жаман сөзбен, Үмбетәлі, Екінші құлағымды даң қылмағын?! Үмбеттің өлеңі: Нұрила, құтылмады сенен қулық, Мініңді білгізбейсің судай жылжып. Адамның екі аяқты өрі екенсің, Бұлт берме мінезің бар түлкі құйрық. Секілді долы құйын ұйтқып, шалқып, Сынаптай жылт етесің қолдан сырғып. Шарт жұмған екі көзін ұры мысық, Тұрғандай не көрдім деп бәрін сылғып. Орданың сұр жыланы тәрізденіп, Ысқырып, осқырасың, шапшып, сырғып. Арбадың аспандағы бозторғайды,
Нұрила Әбенқызы
Түскендей алқымыңа жұттың қылғып. Жүткірік қылғығаның тұмау болып, Өкпеңді теспей шықпас іштен қылқұрт. Қолқаңды қолқа құрт боп аралармын, Бүлдіріп бүйрегіңді жаралармын. Аралап ішек-қарын, қатпаршақты – Паралап жүрегіңді далалармын. Басыңнан ақылды ұрлап, миыңды жеп – Есіңді есек қылып алалармын. Қақпалап сен сайтанды мініп алып – Бетіңе шапалақпен сабалармын. Еріңе опасыздық іс білдірдің, Дедің да тіл мінеки жымдай қылдың. Желді аяқ, желім ауыз, желпінбегін, Желкеңе осы арада ырғып міндім. Қаншық ит қанша айтсаң да кісі қаппас, Сақ болса, көп үреді босқа жырбың. Дүзқара, бетің қара, ниетің ала, Ұялмас болармысың мұндай мылжың. Пешенесіз елден шыққан, ой, қарабет, Опасыз екеніңді ойлана кет. Үмбеті Мұхамедтің бола алмайсың, Болғаның ерге шекті – Құдайға шет. Ар иман ізетіңнен түгел безіп, Өмірден маған десең қорғалап өт. Ез болмай ердің жөнді кез болғанда, Тастаса болар еді садағам деп.
Нұрила Әбенқызы
Нұриланың өлеңі: Ей, Үмбет, уға қостың, қуға қостың, Құйынға, түлкі, мысық, суға қостың. Сынапқа, сұр жыланға мені теңеп, Момақан бозторғай боп жырға қостың. Құлғана мерез кесел тұмау болып, Сырыңды зиынкестік шынға қостың. Ойымнан ақыл басым адаспайды, (4) сен жеңбесті сынға қостым. Сыпайы сөйлеймін деп Ит қылып ең соңында тырға қостың. «Жығылған сүрінгенге сөз тағады», Өзіңе кезек келер өйтсе, достым. Білмейсің кім опалы, кім опасыз, Сөз былғап арасына сөз қосасыз. Ақиқат ақты қара таратады, Түскенде мәлім болар еш оқасыз. Тартқанда таразыға жанның бәрін, Азабың ауыр-жеңіл сонда мәлім. Тозақты пенделердің белгілері Некесін бұзбақ екен о уәденің. Тозақтың ең түбінен орны шығар, Ақ іске ант қор боп берсе жаны. Еріне шекі болған шет жағасы, Түбіне сүңгіп кетер сендей залым. Болады иман жолдас – ұят, арға, Әзәзіл ардан кеткен Үмбет барма. Алтынай қарындасың бірге туған,
Нұрила Әбенқызы
Баласы Алпысбайдың Жұмақанға. Ақ бата, қызыл қанды судай ұрттап, Қызығып Құда түсіп, бердің малға. Айнытып онан бұзып алып кеттің, Берем деп өз теңімен сүйген жарға. Ей, Үмбет, иман қайда, ұят қайда? Ләпсінің іздегені пақыр пайда. Озбырым от басынан озған емес, Содырың сенің, Үмбет, маған сай ма? Ақ жүрек, адал ниет адам болсаң, Бердіңіз содан бері қанша байға? Баланың жайы қандай, жақсы жүр ме, Майдалап жауап бергін Алтынайға? Үмбеттің өлеңі: Нұрила, бел жотаңды баса бердім, Қарғасам қалың сөзден аса бердім. Еліне Алпысбайдың құдаласып, Қалыңдық қарындасқа матап едім. Сүйкімді құда болып сүйек алды, Жоқ шығар мұнан бүккен таса жерім. Атаның ұлы ғой деп қапы қалдым, Ол кезде мен де кедей нашар едім. Кез болған кезегінде байға бердім, Ақ майға, қызыл құйрық шайға бердім. Артынан қарындастың барамын деп, Өткізіп бір жарымдай айда келдім.
Нұрила Әбенқызы
Мән-жайын манақасын қайдан білем, Байқасам күйеудің де түсі күрең. Үйіне қарындастың ол күн қондым, Ішкімде ықылас жоқ ашық рең. Тәрізі жақтырмаған бола ма деп, Дедім ғой ертесінде атқа мінем. Асықпа деді маған қарындасым, Ілесіп дәм шыдасаң бірге жүрем. Білмеймін қуаң түспен өңі қашып, Бар деді арамызда бір дербелең. (дүрбелең болуы мүмкін) Тарыс кетті күйеу бала танбаймын деп, Ала кет мына балаңды алмаймын деп. Жаздырып қалақ қант, қалы берді, Басыңды дау-дамайға салмаймын деп. Құм сірке үсті-басы көк ала бит, Қарасам қарындасым үйге алып кеп. Болғанда бай келіні күң болыпты, Жүргенде басқан ізі мін болыпты. Менсінбей кедей ұлын байдың ұлы, Жүйкесі жүрсе құрып, құм болыпты. Күс-күс боп екі қолы қара сиырақ, Ақ беті айғыз-айғыз кір болыпты. Адамның санатына оны қоспай, Итпенен есіктегі бір болыпты. Біреуге сонан кейін таңдап тиді, Онысы өзіне сай дөп жолықты. Өзіне жаңа тапты жанашырды, Бейшара Алтынайдың бағы ашылды.
Нұрила Әбенқызы
Ошарлы ұлды-қызды отан болып, Егізден екі тапты тамаша ұлды. Үйіне түне күні мен барғанда, Егіздер нағашым деп алас ұрды. Нұрила мұнан ұпай таба алмайсың, Тасбақа қылар Тәңірім, табашылды. Нұриланың өлеңі: Адамға абиырсыз аса мақтан, Орынсыз осы сөзің ей, сел атқан. Тигені Алтынайдың бесеу бопты, Кеткелі кейін басып біздің жақтан. Бес елден жалғыз кедей таппадың ба? Байларға бақал болдың айна сатқан. Шыққалы соңғы жерден үйіңде отыр, Екіден егіз ұлды қашан тапқан? Бір бала өмірінде ол тапқан жоқ, Сен таптың өтірікті оңай жатқан. Адымың ашылмайды, маңдымайды, Дәмі жоқ дәлел сөзге жала жапсаң. Әй, Үмбет, үзгім келді сенен үміт, Қылар ма сондай кәсіп сендей жігіт. Алтынай ондай сауда болмас еді, Басында берген болсаң теңін біліп. Басыңды байдың ұлы менсінбеді, Өлудің біле алмады емін қылып. Батымсыз оның басы бола берді, Қойған соң сені Құдай еміндіріп.
Нұрила Әбенқызы
Үмбетім, сөзің жылпың, аузың епті, Жеріген қойша телдің екі бетті. Арланып әлденеше Алтынай жас, «Өлем» деп намыстанып у да жепті. Тағдыраға жазым болса, кімнен себеп? Тұрмыстың тұтқын нұры оған кепті. Қояңды көп қаздырып нағыласың, Қоздырып қай-қайдағы бәлекетті. Жел сөзім желдей соғып сауылдасын, Қабағың қатып, ішің ауырмасын. Арқаңа таңсам жүкті таңғышақтап, Өтірік өре баспай мамырларсың. Шүйкітіп бірден-бірге бейшараны, Болды ғой «есік қақпай» қарындасың. Көрем деп байдан опа байқұс бала, Өткіздің зая қылып жарым жасын. Ұлықтар, осы сөзді түйініңіз, Үмбеттің сатқан сиыр, тиыны біз. Аяғын мұнан былай байқап бассын, Жазаға заң көтерсе бүйріңіз. Қолқаға мұнан артық сізден сұрап, Алатын біздің болмас бұйымымыз. Теңгермей иығына жүрсе дағы, Үмбетпен бірдей шығар иығымыз. Не дерін сонда Үмбет біле алмады, Басында қой дегенде тіл алмады. Үш тұрып, сасқанынан үш отырды, Аяғын қадам басып жүре алмады.
Нұрила Әбенқызы
Айғайлап кейбіреулер күлді қатты, – Қаншық ит жалбыратып сені қапты. – Басынан оңға сөзің шықпады – деп, Әр кімдер әр алуан сөгіп жатты. Желкелеп дәу төбетті қаншық жеңді, Жеңгенде әдемілеп аршып жеңді. Әйгілеп жұрт көзінше Бәрібаев, Мың теңге ол қатынға бәйгі берді. Жорға мен құла жорға ақпарлатып, Үйіне жарым түнде қайта келді. Мың теңге үйде жатып олжа алған соң, Ләм деп айта ала ма қатын ері. Аяғы әңгіменің болмай мешел, Аз ғана түсінігін сөйлеп кетер. Сонан соң Нұрилаға көп кешікпей, Жабысты Ұлы науқас Ұлы кесел. Кез болып келте сүзек кеден болды, Себебі ол науқастың неден болды? Созылып соның түбі ұзай-ұзай, Соңында ісіп-кеуіп шемен болды. Бақса да қанша тәуіп сәті қонбай, Ақыры обал жетіп өлер болды. Бармағын баса тістеп – өнер – деді, – Болмадым жарық сәуле көрер – деді. Аз ғана жүрмедім – деп, арман қылып, Өкініш өлеңі екен өлердегі:
Нұрила Әбенқызы
Айтысқан талай қызық, талай ақын, Ішімде бірге кетті өлең – деді. Не керек бәрін жазып жүрмеген соң, Еңбегім зая кетіп төленбеді. Айтысты талай ақын арыстандай, қолма-қол қойғыласып алысқандай. «Мен жүйрік, мен де дүлдүл» деген сабаз, Жеңілмей кеткені жоқ намыстанбай. Бәрінен Үмбетәлі басым екен, Таласып ат құлағы жарысқандай. Қиынға қия шапты, қисын тапты, Алысып ауыздыққа қарысқандай. Ішіме түйнектей боп түйлігеді, Сол жерде сонан кесел жабысқандай. Көңілім не де болса торықты деп, Қызуда қыз басымды соғыппын кеп. Бетіме қарсы келген не қалың сөзін, Итеріп иірімге түсірем деп. Артынан назар керде адам ба деп, Шешініп өз-өзімнен қорықтым бек. Қырық кісі атын білген Қыдыры бар, Ер екен сілесіне жолықтым деп. Өтірік айтамын деп егіз ұлды, Үш тұрып жеңген жерде үш отырды. Байқаусыз қапелімде бір жеңілді, Әйтпесе, ақын екен аса құнды. Тегінде оңайлықпен ақын болмас,
Нұрила Әбенқызы Мылтықтың оғындай-ақ назасы ұрды. Жастыққа басын тартып сүйей бердік, Әріден үзіл-кесел көзін жұмды, Айқасып кезегінде ажал жетті. Тәжірибе қылды қатын ескі дінді, Біреудің назасына біреу өлсе, Қызыл тіл алып жемей қойсын кімді! Майса (ХIX-ХХ ғ. ғ.)
Майса МАЙСА МЕН САЯДІЛДІҢ АЙТЫСЫ Өрнекті үгіт бастау ұлы тойын, Көрсетпек көркем затын көптің ойын. Паратқа барлық адам жиналғанда, Жаһанның жадыратқан тұл бойын. Әркімнің жүрегінен тасқын қозып, Айқайын шырқағанда көкке созып, Тотыдай топ ішінде Майса қыздың Әндері үдетпелі басқан озып. Дауысы қарлықпайтын ән созымға, Мекені Колашник қалқозында. Атақты Алатаудың әншілерін, Жел сөздің жеңген талай жампозында. Шағылған жүректері ақын батпай, Жүретін топ сыртында ештеме айтпай. Сезімнен өлеңшіні бездіретін, Жаныңды түйрегенде жез тармақтай. Майсаға табылмайтын өлең теңі, Айтайын енді кім бар көңілдегі. Шіркінді Саяділмен шайқастырып, Байқасақ деп жүретін, әттең, сені. Ақынның жері бар ма жоқталмаған, Ойланбай айтыс десең тоқталмаған. Саяділ келе қалды сайтандай боп, Қойнында ақ домбыра топқа арнаған.
Майса Әркімді мақтан өлең айтатындай, Бір қонып сол қалқозға қайтатындай. Алдынан Майса соның ұшырады, Жалыны жанып тұрған жай тасындай. Іздеген сұрағанға тап болғандай, Алқымы Майса қыздың қап болғандай. Өлеңді түйдегімен соғады кеп, Отырды үйірмелеп жұрт қозғамай. Майса: Майсаның даңқы мәлім кішкентайдан, Дауысы шырқағанда талай сайдан. Ары өтіп құлағыңа естіледі, Келмейді айтысуға көңілі тайған. Шөкітай, Үмбетәлі тағы-тағы, Жүргені безер болып осы жайдан. Алдыма ажал тартқан киіктей боп, Саяділ, жөніңді айтшы, келдің қайдан? Саяділ: Сыпыртып томағамды Алатаудан, Бүркіттей түлкі көрген ұштым заудан. Жайылған Жетісудың сағындағы Сұңқардай алдым тоят қоңыр қаздан. Бөктерлеп осы таудың мен сағасын, Жүйріктей көсілемін баурын жазған. Біздерге қыз дегенің қызыл түлкі, Төктеріп қанжығаға байлап алған.
Майса Майса: Алыстан түлкі болсаң шаң беремін, Түнемел түздің құсын тең көремін. Жарасаң аң алуға түбінде бір, Жая ма тоятыңа жал беремін. Жарамсыз бөденеге қырғи болсаң, Тақ-тұқтай керегіңе нан беремін. Бұлт етсем тасқа түсіп, Бір кегім Майса қызда бар демегін. Саяділ: Сырыңды түйдім сенің, ақын Майса, Даңқыңды дәріптейді халқың жайса. Жылқыдай дара шапқан әуселең бір, Шаң тимес жүйрік болсаң енді байқа. Көргенде айнымайтын ақиықпын, Соғамын қиғаш келіп қолдан тайса. Тартқаның таңдайыма талшық болмас, Қаймағын қалқып, сөздің майын шайқа. Майса: Елімде аға құрбы, бар замандас, Тұсыма талай менің құрған малдас. Бәйгеден дара келген әлденеше, Жүйрігің мың да болса бір шала алмас. Бір қабат аңлаусыз жазым көрмей, Қыраның ... тіпті ала алмас. Біреудің табыт қойдың дәмесіне Айтпағын ондай сөзді, аузыға тас.
Майса Саяділ: Қашаған безбе жүйрік өлең қусаң, Қолыңда бұғалығың дайын тұрсаң. Бойында қаруы бар жігіт құсап, Қайырын асау сөзді алып ұрсаң. Дау бар ма онда саған айтатұғын, Болады мақтағанға сөйтіп сисаң. Қарғысың маған деген саған болсын, Ілінбей бір тарпуға сен жығылсаң. Майса: Өлеңді жұрт таң қалған айтуыма, Аударып айтысқанды тартуыма. Тарпуың тай тепкендей болса-дағы, Сен менің шыдамайсың қарпуыма. Шамаңа шалқайсаң да шіренбедім, Мен саған өлеңімді үнемдедім. Көп түсіп сайыскердей арын алған, Ақынмын аударысып жүрер ме едім. Саяділ: Қызбенен сондай жақсы аударысқан, Емеспін мен дұшпаның жауланысқан. Сізбенен бірге ойнап, бірге күліп, Өмірде қандай қызық бауланысқан. Майсаның көңілі кімде бар екен деп, Естідім бір ақынға зар екен деп.
Майса Болайын бол десең де мен сенікі, Басқаны елемегін жан екен деп. Майса: Осы күнгі еркектің бәрі мәлім, Өте-мөте бәрінен ақын зәлім. Күнде жанын біреуге елжіретіп, Соғыс жүрген өзінше бір әусәлім. Аузыңдағы ақық жыр тізген моншақ, Әр затыңмен танысып үйір болмақ. Сенен басқа пендені жан демейтін, Сен кім едің, білдің бе, бір қызғаншақ. Саяділ: Қыздың жолы жіңішке, із қалайтын, Сондай ізді бозбала бағалайтын. Қыз сайқалы меншікті жар болмайды, Әлдекімге аударып көзқарасын. Сондай қыздан сақтанып жүрген басым, Алмай тұрып әркімді қызғанатын. Қонарында қолыма қитықтанып, Сабалаған талай қыз түз қанатын. Майса: Еңбекке біздің қалқоз ұйымдасқан, Қыз кетті жалқау ұлға бұйырмастан. Болмаса шақыртқышы құс қона ма, Сөйледің бейпіл ауыз ұғынбастан. Жағдайсыз жаман жерге бармаймын деп,
Майса Талай қыз сыртыңда жүр сыбырласқан. Соның бірін еңбекпен шақыра алмай, Бетіңнен өстіп ұят жыбыр басқан. Саяділ: Әр сөзің сүйегіме шын батқандай, Жойылмас арзан баға қымбаттанбай. Қойнымда еңбек тәбіл кнежкем бар, Көзіме оттан ыстық нұр мақпалдай. Ыласқа шайнау тілің үйір екен, Денеге баттастырып кір жаққандай. Сіздің де мінезіңе сын теңемес, Көңліңе ауыр алма мың батпандай. Майса: Бет алды жалған сөзді жақтырмаймын, Бойыма болмағанды жапсырмаймын. Мінімді ойымдағы дәл таппасаң, Өріне өтіріктің бастырмаймын. Қамданып қашағандай бұрын көрген, Сен білсең сезігімді татырмаймын. Састырып айтатұғын жауабыңнан, Мен қусам адымыңды аштырмаймын. Саяділ: Қаланған қарпыменен өлең шымдай, Қалыпқа түзулігі тартқан сымдай. Сақамен сөз дәнейін ашқаннан соң, Айқын-ақ отырасың болып жұрдай.
Майса Өлеңге сонда мәлім жетік болсаң, Қаруын қайтарасың қайқақ қылмай. Сұрайтын осы жерден сауалым бар, Жауабын беремісің тап жылжымай. Майса: Сауалын сауаты көп сонда шығар, Біз білмеген кітаптың томы шығар. Аттанып асығыспен тез қайтатын, Аттың жалы, түйенің қомы шығар. Ұнаса ұсынғанда халайыққа, Жігіттің тон ішінде жөні шығар. Сауалдың сондай қиын таразысын, Басалмаған салмақтың сөзі шығар. Саяділ: Тартылса таразыға сөздің сыны, Тұрады басыңқырап көптің ығы. Бұлжытпай мағынасын дәл тексеріп, Анықтап аударады істің ығы. Егілген егін иіп мезгілімен, Бүркітпен дәнін бүркеп тұрса қыны. Уқалап бір түп бидай алақанға, Бағалап алғаныңда қанша құны? Майса: Бағалап ал дегенің әл емес пе, Адамның әл-дәрмені дән емес пе? Қорегі көздің нұры көңіліміздің, Өмірдің бір түп бидай нары емес пе? Ажарын екі беттің кіргізеді,
Майса Күе көріс, тірлік, қуат бәрі емес пе? Жанға тең жетпіс нанның бағасы бар, Еткенім осылай деп діл емес пе? Саяділ: Жеткізді шын мақсатқа қыз бидайын, Таба ма тапсырмаса сөз ыңғайын. Үнемі үзілдірмей тез қайтарып, Жауапты жалықтырма берген сайын. Табанда айтқан жерден тауып бермек, Ешкімнің назарында тұрмас дайын. Төрт неге қажет, зәру жұртқа, Білсеңіз түсіндірің бізге жайын. Майса: Түкпірі дүниенің ке болады, Келмекке кемеріне ел қонады. От пен су, тұз, бидайдың мәртебесі, Халықтың қажетіне тең болады. Жаратып адамзаттың жарағына, Бірі себеп біріне ем болады. Осы заттың біреуі болмағанда, Тұрмысың әр мүшесі кем болады. Саяділ: Қыран едім қырғидай сөз ілетін, Тобын қуып, торғайын бездіретін. Қарындастың қапы жоқ отқырында, Тапқырлығын тартынбай сездіретін. Өлеңшінің міндеті өзге жаннан,
Майса Не керегін өзіне тез білетін, Бес нәрсенің адамға жұлдызы ыстық, Ажыратып айтып бер қасиетін. Майса: Жылқы адамның қауырсын қанатындай, Ешкі мен қой тұрманның манатындай. Алыс жолға түйемен жүре тартқанда, Мұқтаждығын ңілден табатындай. Мана көнек мал құты сиыр малдың, Сүт бұлағы ертеңннен ағатындай. Бес түлігі пенденің қасиетті, Қадағалап өсіріп бағатындай. Саяділ: Қалқоз бір мүшесі Майса тегің, Осы еді бағанадан қойған шегім. Мал мынау жер қайысып ырғып жатқан, Ту тігіп алабына жайқалды егін. Күн құсап көктемдегі күркіреген, Алуанын біз көрдік машиненің. Қондырып мұндай бақыт басымызға, Жандырған кім болады ел еңбегін? Майса: Дүниені айналдырған асыл кілт, Отырған ... жетім жігіт. Еркектің адалдығын өзгертуге, Еңбектің жетеді ізгі туын тігіп. Жанғанын еңбегімнің білгем сонда-ақ,
Майса Шындығын .... қоғамға нақ. Мүмкін болса сауалдың бер кезегін, Тең созуға жүлдемді жеткен уақ.
Саяділ: Өлеңді он жасымнан айттым ән деп, Жүйріктей домбырамды бақтым сән деп. Есікке отырсам да, жоғары шық, Пешенеме өзімнің біткен дәулет. Әйел бала, затыңды сыйлағанға, Асқынып, артықсынып кетпе дендеп. Кезегіңе келетін таласым жоқ, Мен күтуші, айта бер, сіздің нәубет. Майса: Айтысалық, Саяділ, сөзге қыза, Аударатын біріміз шепті сыза. Алыс беріс арадан үзілмеген, Болып қалдық екеуміз өлең құда. Аларыңда болып ең алман-жалман, Бергенде келгенде бекем шауа. Айтпай түсіп адамға танытатын, СССР-дің белгісі не екен, сірә? Саяділ: Өнеріңді менімен салғасып ал, Әр нәрсенің ағымды арнасы бар. Қадым ханнан, халқымнан үзілмейтін, Одақ елдің орталық жалғасы бар.
Майса Жер жүзіне әйгілі айтпасам да, Айшықтанған әлемге тамғасы бар. Маңдайының алдында танытатын, Алтын орақ, ақ күміс балғасы бар. Майса: Бұл жаһанда бір шам бар сөнбейтұғын, Өшіруге өрті зор көнбейтұғын. Бүкіл әлем қолына ұстап соны, Ғажайыбын пенде жоқ көрмейтұғын. Жанған сайын жер жүзін жарқыратып, Сәулетіне аспан жоқ төнбейтұғын. Ұзақ мың-мың молынан жыл жасайтын, Ол не зат деп ойлайсың өлмейтұғын. Саяділ: Шам дегенің қағазға жазылған хат, Оқуына дүйімнің бар лұқсат. Не біреудің ерікті ерлігінен, Атын айтсаң халықтың көңлі құрсант. Тас баспайтын тозбайтын ісі көріп, Мойныменен қылғандай жұрт ибадат. Даналықтан табылған өнер, білім, Деп ойлаймын өмірі өлмейтін зат. Майса: Өнер қонып, көкейдің көк сазына, Сөздің қанып тойғандай сырбазына. Шебер істің шеңберлі сый табағын, Тартылғандай әркімнің өз алдына. Ада болмас алғанда сондай кеніт,
Майса Төңіректің төрт бұрыш тұрманына. Өтіп қайнап өмірі сарқылмаған, Не нәрсе деп ойлайсың бір қазына.
Саяділ: Ақиқатқа адамзат анық сенбек, Тұқым шашып, қамданып, егін екпек. Бейнетіңе бедеге берілгендей, Сеніміңді сендірем мен түгендеп. Жанданып жаз шырайын көгергенде, Шегендей мейірбанды жер желіндеп, Алған берген, жегенге таусылмаған, Деп ойлаймын қазына болады еңбек. Майса: Әңгіменің әдеті туарында, Сөз күтеді не түрлі борауыма. Талай ғасыр жер бетін басып өтті, Түбегендей бір қалтқы қалауы да. Талай ғасыр толқынын тоздырғанша, Шық тимеген сияқты шылауына. Бір қалпында тұра ма жер осымен, Суытпай бер баға сұрауыма. Саяділ: Жер тоймайды жеміне түлкі құрсақ, Күн нұрына сондықтан ол жалынсақ. Бір ғасырды, дәуірді жалмағанда, Бөліп-жарып жегендей бір бауырсақ. Табиғаттың сан түрлі құбылысы, Бірі бермек, бірінен бірі алмақ.
Майса Қарым-қатынас өзара күш жалғасып, Тозығымен өседі сырын ұқсақ. Майса: Екпініңді байқадым баталмастан, Қағысқанда қалыспай қапталдасқан. Айқайыма дауысың бап келеді, Қабуындай шапанның астарласқан. Нәубет алып сен менен тіл безедің, Тілден алып сен қашан жолды жедің, Өр жағына өлеңнің шыға бермей, Берші маған сауалдың бір кезегін. Саяділ: Өлеңіңді ұйытқып жаңа соқтың, Дүрілі бар өзінше жанған оттың. Сенен кезек болса да дәмең мәлім. Сауалыңа жауапсыз қалған жоқпын. Жүйрік еді қиялың жүгіртетін, Алдын бөгеп әр сөздің күйрететін. Бір кезекке таласып қалай қалдың, Айтшы, болса сауалың мүдіртетін. Майса: Бар бөгетін алдында балталаған, Ортасынан қақ жарып баршалаған. Өзі қамбыл жаратпақ қажетіне, Өйтпейінше құмары тарқамаған. Күнде аударып қонысын қондыруға, Дамыл көрмей танысын арқалаған.
Майса Жүксіз тұрған арқасын бір көрмейсің, Немене деп ойласаң шаршамаған. Саяділ: Бітеу істі шабатын балта бадыл, Жарылатын қарсы күш таппай тақыл. Жаңа жұртқа танысып қонған ауыл, Жасыл барқыт жүкпенен қам ғып жатыр. Дүниесін меңгерген өз күшіне, Диірмендей дөңгелеп тартады әсіл. Жүрсе тұрса бір минөт бос тұрмайтын, Ең данышпан дүниеде деймін ақыл. Майса: Ақыл, көңіл айнала дөп-дөңгелек, Айла сезім арбасқан қиял демек. Намыс бермей, ар бермей адамшылық, Қызмет орны істейтін болса бөлек. Ел жемейді, осылар шай ішпейді, Тоятына нендейін азық жемек. Қарны ашпайтын қай жерінде, Алатынын айтып бер неден керек? Саяділ: Көңілім қанық Маркстің ғылымына, Сүңгігендей айдынның тұнығына. Жылдан жылға үйреніп, қаздай жүзіп, Малтып қиял ойнайды ойығына. Сезім ауқат әлінше алып жейді, Жоғын қылып жұтқанын жұмырына.
Майса Ғылым теңіз, ақылға азық болған, Қуат қойып өмірлік ұғымына. Майса: Қалың нөсер жауғандай қатқан күнге, Түзелмеген зат бар ма басқан тезге. Бастау науа бақырмен суғарсаң да, Мезгіл осы қанбайтын құлақ сөзге. Қызығына тоймайтын дүниенің, Көл көсірін әкеліп тартсаң көзге. Жалықпайды неліктен көздің нұры, Тағы көрсем дегендей тағы да өзге. Саяділ: Өң тамаша өзгергенде, Дүниені тоймайды көз көргенде. Құлақ сөзге қанбаған құмарлығы, Орайына оралғы тез бергенде. Рабатқа жасанды айландырып, Іспен жеңіп ер еңбек меңгергенде. Нысанаға тұрғызған дүние жауын, Күнде соны сөз керек ел мергенге. Майса: оралады оңына күн мен ай да, Біздің халық қазіргі осы жайда. Бұл дүниенің жиһазы аспан әлем. Біздің мекен отырған кең сарайда. Мұнан артық пендеге бақыт пенен Бітпейтұғын білдің бе дәулет қайда?
Майса Таңдайыңа татқан дәмді кәусар, Тәтті нәрсе не болмақ осындайда. Саяділ: Кең сарайдың бақ-дәулет парқын білсең, Елдің жаңа саналы салтын білсең. Келешегі кейінгі жас ұрпақтың Өмірінің өнерлі қалпын түйсең. Болашағын болжалдап ойыңменен, Жадыраған қабақпен жарқын күлсең. Ең қызықты дүниенің тәттісі деп, Жас баланың айтады бетін сүйсең. Майса: Жайлауына жаңа жұрт ауыл қонған, Жатырқаусыз ағайын бауыр болған. Тау көтеріп, табандап лақтырып, Ту малақай жұмыскер қауым қолдан. Бір жүйеден сан құт құралады, Мәшинедей толқыны бұралады. Адамзаттың ақырғы айнымайтын, Ең ұстамды не болмақ тиянағы? Саяділ: Адамда арман бар ма туса бүгін, Біледі бір данышпан істің түбін. Құлпырған қызғалдақтай етті мені, Елімнің еркін еңбек ұл мен қызын. Аршындап аттағанда алға басып, Шарлаған біздің халық дүние жүзін.
Майса Е соңғы адамзаттың тиянағы — Аңсаған бүткіл дүние камунизм. Майса: Жасайтын камунизм ел қоғамын, Аңқыған хош иісті жел соғады. Тегістің дәуірінің өткелінде, Халқымның мәртебесі тым жоғары. Саяділ, сауатыңа газет оқып, Інжудей жүрегіңе кеше тоқып, Білімің өсе берсін барған сайын, Аяғың алған бетке желе жортып. Орнады тегістіктің босағасы, Болмақ ертең бізде қос ағасы. Ілгері сәтті сезім жасай берсін, Өмірдің өте қызық осы арасы. Саяділ: Тілімнің қамшы басып тұлпарына, Майсаны алған жоқпын шынтағыма. Сұрадың қанша сауал, сонша шештім, Кейінгі мақтан болсын ұрпағыма. Тамат тамам. Тәбия Кәрібекқызы (1900-1969)
АЙТЫС
Тәбия Кәрібекқызы ОМАРҚҰЛ МЕН ТӘБИЯ Омарқұл: Бастаймын тойдың басын, той қылған қыз, Тойына бұқа, тана сойғызған қыз. Тойыңыз мерекелі құтты болсын, Күйеуге кетейін деп ой қылған қыз. Тәбия: Тойыма тана сойды, тайлақ сойды, Көргенге тоқтыдай қып байлап қойды. Жерімнен туып-өскен кетпек болдым, Жау алсын, Жаукен алсын осы тойды. Омарқұл: Тойыңды тізе бүктім бастағалы, Көңілдің кірін жуып тастағалы. Жүрмек жоқ өз елінде қыз болған соң, Қасқырдан қалай тоқты жасқанады. Тәбия: Базарда бағалы зат тиын екен, Үптеген үйдің мүлкі бұйым екен. Жазған соң жат жұрттыққа амал қанша, Айрылған өз жұртыңнан қиын екен. Омарқұл: Әркімге ақыл менен қайрат қуат, Кең тұсау, ұзын арқау біздің суат. Бақытты барған елде бола қалсаң, Қар кетіп қара жерге қонған мұрат.
Тәбия Кәрібекқызы Тәбия: Әрине, неге жаман жекжат-жұрат, Қыз сорлы, туған елін неге қияд. Артымнан іздеп барар бауыр да жоқ, Тұрамын соны ойласам сиыршылап. Омарқұл: Бақ, дәулет елді тегіс бай қылған жоқ, Ешкімнің жал-құйрығын сай қылған жоқ. Әзелде әйел болып жаралғаң соң, Елінен өзіңдей боп айрылған көп. Тәбия: Ұстатып қазан-ошақ, аяқ-табақ, Сорлы қыз бөтен елге кім боп барад. Кеше қыз, бүгін қатын, несі қызық, Қойсайшы, жаратқанша жаратпай-ақ. Омарқұл: Дүние кейде орта, кейде толы, Атаның айнымайды салған жолы. Алдында әйел деген бір тайпы жұрт, Тәбия, арман қылып айтпа соны. Тәбия: Жылауды, жырау қылып мен айтамын, Өзіңдей замандасқа көп айтамын. Ер болсам өзіңдей боп жүрмес пе едім, Арманға өзімді айтпай, нені айтамын? Омарқұл: Адамдар зерек болмақ ақылы мол, Қажыма, ақыл – қайрат айтқаным сол.
Тәбия Кәрібекқызы Еліңе барған жерде елеулі боп, Халқыңа кәдірменді, қалаулы бол. Тәбия: Жарайсың, бәрекелді, замандасым, Құмандай күзетерміз, оттың қасын. Елеулі елге келген бір келін деп, Ұстата қоймас, сірә, елдің басын. Омарқұл: Ардақтап әзір күтсең ата-ананы, Бар еді жақсы-жақсы баталары. Ұятты иманындай күткен келін, Халқына қалаулы боп атанады. Тәбия: Көргем жоқ мұнан бұрын ата күтіп, Енеме өлі жүнді берсем түтіп. Қолына қолайлы боп жағар ма едім, Құманға дәрет суын қойсам жылытып. Омарқұл: Қоқырсып үйдің іші жатса ыбырсып, Болғаның жаман келін қыбыр-қылшық. Басқарып үйді түзу меңгермесең, Мен кепіл, тастауына енең ұрсып. Тәбия: Қолыма ертең ерте алсам ұршық, Тықыршып бәйге атындай тұрсам ыршып. Басқарып үйде, түзде шаруасын, Ойнасам бозбаланың санын шымшып.
Тәбия Кәрібекқызы Омарқұл: Айтады ақын өлең ауыстырып, Таңдасаң жігіттерді қағыстырып. Ененің көзі шалса ондай істі, Ұлына сабататын шағыстырып. Тәбия: Таяққа маған тиген намыс қылып, Бәріне барған елдің таныс қылып. Өкпелеп ерім теріс жатқан күні, Бір қабат кетпеймісің табыстырып. Омарқұл: Толғанып тоқтар жылың биыл деймін, Үйренген әдет қалмақ қиын деймін. Үнемі мен қасыңда бола алмаспын, Тілегім енді сенен тиыл деймін. Тәбия: Жылқы деген мал жақсы аман болса, Қойға жетпес қай бірі шабан болса. Ойнап-күлмей, тең тауып қайтып жүрем, Алған жарым әулекі жаман болса. Омарқұл: Салмай тойға мінетін Құлакерім, Құлакерге жарасқан күміс ерім. Алған жарың өзіңе сай келмесе, Онда саған кінә жоқ бұраң белім. Тәбия: Бай болмаса кедейге бай қонбайды, Үйірінен лаққан тай оңбайды.
Тәбия Кәрібекқызы Жаман ба деп ойлаймын сол шіркінді, Менің көңлім осыған бір толмайды. Омарқұл: Қызыл құйрық болмаса шай болмайды, Бай болғанда дастарқан жай болмайды. Бір жақсы мен бір жаман әр қайда бар, Екі жақсы қосылып сай болмайды. Тәбия: Дүниеде біреу мол, біреу тапшы, Сенің аулың емес пе бәрі бақсы. Борсық па екен, атаңыз қалмақ па екен, Туа қалдың, шіркін-ай, қайдан жақсы? Омарқұл: Атамызды сұрасаң тегіс қалмақ, Қолға түскен оқ тиіп ақсақ болмақ. Сол тектінің тұқымы он үй бақсы, Жел аударған жерінен жеке қаңбақ. Тәбия: Ақынысың адамның алқымы іскен, Сенің атаң қазаққа олжа түскен. Жеті ата боп тұқымың тазарыпты, Өңді болып туғандай ол бір тектен. Омарқұл: Өте шебер сықаққа біздің қазақ, Екі кісі бас қосса күлкі, мазақ. Кемітуге келгенде тең құрдасын, Ішкі мінін атаның іздеп табад.
Тәбия Кәрібекқызы Тәбия: Қайғылы Теке қалмақ жатқан қабақ, Қазаққа көндіге алмай тартқан азап. Түйіліп борсық еті тамағына, Жатқанын көргенім бар неше қабат. Омарқұл: Тойым болмас емінген сұраншыға, Судан таза нәрсе жоқ Қожантыға. Жабысқан мысқыл сөзден шала шығар, Айрылған ел-жұртынан бұралқыға. Тәбия: Ел заңы бұралқыға қышқыл десең, Омарқұл, мойындамай мысқыл десең. Тарының талқанына қақалып-ақ, Анығы өлген жоқ па үлкен шешең? Омарқұл: Мейлінше үлкен шешем бай болатын, Көңілім мал біткен соң жай болатын. Тарының талқаны емес қақалғаны, Қасықтың басындай бір май болатын. Тәбия: Өліпті қомағайдан сенің ағаң, Ендігің бәрі мәлім, айтпа маған. Тобықтай майға бола адам өлген, Сүйекке үлкен таңба білсең жаман. Омарқұл: Мақтанып байлығына кеуіп өлді, Қақ басқа дүниені теуіп өлді.
Тәбия Кәрібекқызы Ындыны жарығанның ол белгісі, Ақ майды ауызына еміп өлді. Бір атаң суға кетіп ағып өлді, Бір апаң мойынына арқан тағып өлді. Қоңқабай сенің атаң нағыз қазақ, Жарылып көжесіне не ғып өлді? Тәбия: Бір атам байламаға барып өлді, Көмейге шомылам деп ағып өлді. Бір апам бір жаманға тимеймін деп, Мойнына қыл арқанды шалып өлді. Өліпті наурызнамадан талай ата, Көл қылмақ ризықты қауым бата. Көжеден наурызнама он бір астау, Ішем деп ескі кегін алды жата. Омарқұл: Он бір астау көжеге местей екен, Наурызға атаңыз өштей екен. Он бір үйден он бір астау көже ішіпті, Қомағайың, Қоңқабай мешкей екен. Айтып қойсаң атаңды күйеуіңе, Күйеу қоймас қалжыңдап сүйерінде. Өле өлгенше бетіңе салық болып, Таңба болар Тәбия, сүйегіңе. Тәбия: Күйеудің де өліпті атасы аштан, Сондай жері болмаса күйеқастан.
Тәбия Кәрібекқызы Тоғыз таздың ауылы атанады, Құрт жайлаған қып-қызыл жалтыр бастан. Ең кенжесі болады маған күйеу, Ірің ағып тұрады самай шаштан. Аштан өлген әкеге ол не айтады, Тойып өлді Қоңқабай деймін астан. Омарқұл: Өлең құрап айтуға кенде емес ем, Сөз ілесіп барады жөндемесем. Таз болуға тақалып қалған шығар, Ерте барып кенжені емдемесең. Тәбия: Сауға құдай қосқын деп мен зар едім, Елім дегендей, онымен енжар едім. Тоғызының басын да құрт жегенде, Ол шіркіннің қасында мен бар ма едім? Омарқұл: Өзің қожа, таздарға өзің бисің, Жаңылсаң аруақты үйің күйсін. Еріңді ерте барып емдемесең, Кеудеңе толтырарсың жұпар исін. Тәбия: Жүгірмек, қайдан келдің сенің өзің? Өткендей қос өкпеден айтқан сөзің. Құрт жайлап ол шіркінді құдай алса, Ашылар ма екен деймін екі көзім.
Тәбия Кәрібекқызы Омарқұл: Тым асып сөз сөйлеме, замандасым, Алпысқа өлмей жасың аман барсын. Іні өлсе аға мұра, өле берсін, Таз бастың тоғызын да тамамдарсын. Тәбия: Бақандай тоғыз ауыл атам Сатпай, Бәйгіден ат келеді басын тартпай. Ақылы Алпысбайдың қайда кеткен, Сатпайдың барлық тазын сыртқа сатпай? Омарқұл: Алпысбай, осы күнде біздің болыс, Уез де, жандарал да қазақ-орыс. Мал емес таз болса да сататұғын, Военный болып кетер болса соғыс. Тәбия: Мінеді қыздар тойға тығыр атын, Қой сақа қолға жақпас атылатын. Алмайтын ажал, адам үйірлі таз, Амалым бар ма сонан құтылатын? Омарқұл: «Базардан базар барып айғыр алдым, Айғырды арзан алып қайғыландым», – Деген сөз бір жаманның мақалы екен, Дегендей болып жаным айнымағын. Тәбия: Жүрегім айнығанда құсық болды, Аузыма секем алып ұшық толды.
Тәбия Кәрібекқызы Бағыма менің құдай тазды жазды, Қатының неге сенің пұшық болды? Омарқұл: Алғалы қатынымды заман болды, Алғанда оның мұрны аман болды. Ауруға не ылаж, не амал бар, Жақында таңқы мұрын самал қонды. Тәбия: Болғанда ошақ ауыс, қатын күйіс, Бізге дос болып шықты, сізге біліс. Жүрегің ірге жақтан жерімей ме, Аңқыса от жағыңнан жұпар иіс. Омарқұл: Қорғасын май болмаса ерімейді, Пұшық мұрын сауға да берілмейді. Тұлпардың өз тұяғы өзіне май, Қағынан жылқышы ата жерімейді. Тәбия: Мен сүйем, сүйемісің менің құрбым? Жай айтқан біреуі ғой ұзын сырдың. Дегендей жарық келі сынық сапқа, Қайтеді тазға берсең сынық мұрнын? Омарқұл: Секілді тауға біткен жалғыз арша, Таздарға жар етеді пұшық барса, Менде жоқ саған жетер қалың дәулет, Сонда да сен жоқ маған, амал қанша?.
Тәбия Кәрібекқызы Тәбия: Бай болады кей біреу ішпей-жемей, Барар едім бағыңа болсаң кедей. Ел ішінде орынсыз жарлы болып, Неге болдың осынша малдан өгей? Омарқұл: Ысырап қылып ұстадым талай малды, Сәулетіме сәулелер қарай қалды. Болмас едім, дариға, әттең жарлы, Іштен алып, қырқадан қырсық шалды. Тәбия: Өңге сөзден осы сөз өңі бөтен, Бөтен сөзге бой берме, болса жетең. Естимін, бір қырсықты көргенім жоқ, Көрдіңіз бе ол қандай адам екен? Омарқұл: Түс-тұрпаты қырсықтың жаман екен, Аяғы жоқ, қолы жоқ адам екен, Адам басып бармайтын айдалаға, Тоғаланып, домаланып қалады екен. Інісі бірге туған оның кедей, Домалап, қырсық іздеп барады екен. Бермесе оған тамақ тартып жейді, Екеуі төбелесті салады екен. Кедейден қырсық, шіркін өжеттірек, Іштен алып, сыртынан шалады екен.
Тәбия Кәрібекқызы Кескілесе кетпейтін кеуде тіреп, Кейде тату, кей кезде араз екен. Тәбия: Жапанда жатқан болса өзі тырысып, Ойпырм-ау, қандай сұмдық, ондай қырсық. Берсең кедей жағасың ол қырсыққа, Бермесең берекеңді алады ұрсып. Омарқұл: Кет деген тілді қырсық алмайды екен, Жабысып көшіп-қонсаң қалмайды екен. Біресе, алдыменен бейілді жеп, Аяқты шанағымен жалмайды екен. Алдына төрдің келіп шарт жүгініп, Ашпын деп адам көрсе зарлайды екен, Кеміріп өне бойы кедейді жеп, Байларға ауыс-күйіс бармайды екен. Тәбия: Ойпырм-ау, қырсық деген қандай сұмдық!, Көзіне көрінгенді жұтса қылғып. Бауыры бірге туған сен болған соң, Миыңды жеп жүр екен әбден мыжып. Қырсықтан ақыл сұрап алсаң еді, Қойғанша обадай қып отырғызып. Не қыл деп айтар екен қырсық саған, Әңгімең жігіт екен өте қызық.
Тәбия Кәрібекқызы Омарқұл: Айт дедім ақылыңды бір күн оған, Жатқын деп ашуланды тіпті маған. Амал жоқ безгім келсе айрылмайды, Көр кеуде іші сасық, түрі жаман. Түс болмай төсегіңнен тұрма, – деді, Мойныңды шаруаға бұрма, – деді. Еріншек жалқау деген досың болсын, Тіршілік ешбір кесіп қылма, – деді. Жаныңды тыныс көздеп жатқын, – деді, Осындай оңай дүние тапқын, – деді. Әркімнің малын алып қарызға жеп, Борышқа белшеңнен кеп батқын, – деді. Бір есек сатып алып құтыларда, Отынды баулап тұрып артқын, – деді. Мал жиып азаптанып қор болғанша, Базарға отын теңдеп сатқын, – деді. Тәбия: Ақылды қырсық ағаң айтса солай, Жауабың неге болмас оған орай. Менімше теріс ақыл айтпаған ғой, Өзіңше, осы ақылдың қайсысы оңай? Омарқұл: Мен жүрмін атан тапсам, отын таппай, Алуға атан тапсам, қатын таппай. Атқа сатып, атанға қатын алсам, Есек кетті маңына жақындатпай.
Тәбия Кәрібекқызы Соңымнан қалмай қырсық ұмтылады, Бөрік тозып, екі жең қырқылады. Көнетоз жейде, дамбал бола беріп, Ұрты да етігімнің жыртылады. Құйысқан, үзеңгі бау, тартпа, жүген, Ер-тоқымнан бос тұрып қырсығады. Қырсықтың тілін кедей алмағын деп, Жатқанда жамбасымды шымшылады. Түңіліп онан көңіл үйге таман, Барсам деп жаным құрғыр тыншымады. Барам деп – мен де – қырсық – сенен қалмай, Ұмтылып онан бетер жұлқынады. Етегі туырлықтың жұлым-жұлым, Жел соқса желбеңдеген күйге келді. Сандық пен есік ағаш, шкаф тозып, Ит ішіп, қызығымды ірге көрді. Сатуға отын тасып ебін таппай, Қурайдың қалың шыққан жерін таппай. Алуға орақ сатып он тиын жоқ, Қарызға бере алмады тегін таппай; Біреуден есек майын сұрап едім, Ерттейтін енді жүрмін ерін таппай. Ұртыма мұртымды алып жалғап жүрмін, Бұл дүние бір пәле екен не қылсақ та-ай. Тәбия: Үйіңе қырсық кепті кетпеймін деп, Туысқан-туғанымды ептеймін деп.
Тәбия Кәрібекқызы Ептесе қырсық сені кедей қылмақ, Төбеңді жайлап, қыстап, көктеймін деп Бір жазға қоныс берген бірер күздей, Артыңнан еш қалмапты күдер үзбей. Қырсықтың байдан беті күйген болса, Жоқ па екен елде кедей тағы сендей. Қырсықты кедей бастан асырады, Кей кедей қырсық жоқ деп жасырады. Ұмтылып ілгері іске талап қылса, Қырсықты кедей келіп қашырады. Болмаса анық жаман кедей болмас, Жігітке кедейшілік бас ұрады. Омарқұл: Қырсықтың талай-талай қорлығы өтті, Жасымда төбелесіп әлі жетті. Кезінде әлі жеткен ұрып-соғып Кеткенде қайғылана ол әндетті. Ер жетіп, ес білгелі күресіп жүр, Оған да менің күшім тіресіп жүр. Ит жығыс кей кездерде түсіп қалып, Өшігіп онан бетер сіресіп жүр. Жығылып не жықпайды, не тынбайды? Күреспен өне бойы күн өтіп жүр. Түнде ұйқы, күндіз күлкі маза бермей, Жығылып, жықпаса да жүдетіп жүр. Айқасып аздан бері алысып жүр, Аяғы аяғыммен шалысып жүр.
Тәбия Кәрібекқызы Кей кезде қоян-қолтық ұстаса қап, Тізесі тіземменен қағысып жүр. Қайқайтып ұрар кезі келіп қалса, Баяғы шалған қырсық шабысып жүр. Тәбия: Алмас едім қолыма ұршық қылып, Сондығымнан келмейді қырсық біліп. Әйелдігім болмаса, әттең дүние, Сабар едім қырсықты тұншықтырып. Сабар едім шіркінді өлмес қылып, Қойса құдай сенімен селбестіріп. Өкпесіне қырсықтың екі теуіп, Қуалар ем үйіме келмес қылып. Тіпті қалмас қырсығың шірік болсаң, Жағаласар жағаңа ынжық болсаң. Түспегенде ит жығыс қайтушы еді, Қисыны жоқ қияңқы бүлік болсаң. Жеңбесіне қоя ма қырсық сені, Босаң біткен боз кемік жілік болсаң. Болмауыңа қоя ма түтпегенде, Көк ешкінің жүніндей түбіт болсаң. Маңайыңды ол қырсық баспас еді, Сымға тартқан күмістей түзік болсаң. Қиғылықты қырсыққа қылар едім, Дәл өзіңдей, дариға, жігіт болсам.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру