Жолжазба
Мұхтар Әуезов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...
6 июль 1955.
"Оңтүстік Қазақстан", №132 (екі облыс жайынан). "Сталин" колхозы, Мерке районы, 45 мың биязы жүн қойы бар, тек жүннен өткен жылы 3 млн сом табыс енгізген. Шопан Түсіпбеков 493 саулықтан әp 100 саулыққа 130 қозы, әр қойдан 4,5 кг жүн береді. Жылжымалы клуб бір сағатта әзір болады, 100-150 кісі сыяды. "Жүгері бар жерде сүт бар". Жуалы ауданы, "Каганович" колхозы үлгілі. Мал азықтық дақылдар бұнда көп егілді — 200 гектар. Тамыр жемістер 60 га, күнбағыс, көк шөп конвейері үшін 400 га екпе шөп, әсіресе 2 мың га жүгері егілген. Әр сиырға 5 тонна сүрленген шөп әзірлеу үшін күреседі. Сорт сынау участогі жыл сайын жүгеріден асыра өнім алып келеді. "Гибрид Краснодарский-4" ор гектарына 92 центнер берді. Облыс үшін осы асыл сорт. Сорт "стерлинг" — 74,3. Агротехника: Жақсы жер күзде сапалы жыртылған, минералдық тыңайтқыштар берілген, көктемде екі рет тырмаланған (ылғалды жабу үшін екі рет культивация), аммиак, суперфосфат. Әрбір ұяға 4-5 тұқым енгізілді, шаршы-ұялы әдіспен егілді, 4-5 рет суарады. Дән үшін егілген гектардан 100 центнер, сүрлеу үшін егілгеннен 600-700 центнер алуға міндеттенді. Облыстағы дақылдар: қант қызылшасы, кенаф, конопля, темекі, күнжіт, түрлі овощь дақылдары. Облыс мақтаны, қызылшаны... "Красная звезда" (Жамбыл ауданы), "Жалпақсаз" (Луговой ауданы) жылына 400 центнерден алады. Атақты Оңғарбаева, Құтымова, Тұлпарова, Литвинцова 500- 600-ден алады. Өткен жылы елуден аса звено 493 центнерден алды. Соңғы екі-үш жыл ішінде Сарысу ауданы 159 жүк автомашина алды. "Калинин" колхозында 18 жүк, бір "Победа" машинасы бар. Сарысу ауданында өткен жылы 103 қамыс қора салынған. 1 июньге дейін тағы 82 қора салды. "Сталиндік жол" (1955, 30 июнь), "Колхоз селосының мәдениеті" (Талас ауданы, "Ворошилов" колхозы туралы).
1955. 24. VІІ.
Колхоз "Красная звезда", пред. колхоза Апатаев Галимжан. Окончил зооветтехникум "Капланбек" в 1939 г. Үш жыл зоотехник болған, депутат Верховного Совета КазССР. 450 семей... зернов. 2 млн га, қызылша 30 га, овощь 100, алма 25 га, жібек 60 коробка, түп ағашы 80 га. Мал: 13 млн қой, 850 жылқы, 750 сиыр, 250 шошқа, 2 мың тауық. Қойдан 80 проц. жібек жүн, сиыр Әулие атын ск. порода. Стойловое содержание — на 100 коров круглогодично. Зимой стоят все. Жүгері жақсы — адам да, ат та көрінбейді. Бірен-саран шалдар болмаса, бәрі сауатты. 30-40 мамандық бар. Комбайнер, шофер. Доход 54 г. — 3,5 миллион. Биыл егін (бидай аздау) болмаса, 5 мыңға жеткізбек едік. 47 жылдан бері Одақ көлемінде алда, қазір екінші жыл с/х көрмеде қатысушы. Мұнда севооборот күшті, ойдағыдай, бізбен бәсеке тек Талдықорғандағы "Сталин" колхозы, онда Алдабергенов. 54-жылы 440-тан болды, биылғы алған міндет 500 центнер. Мектеп жеті жылдық (қазақ) және екі бастауыш, малшылардың балалары да осында оқиды. 7 жылдықтан механизаторлар шығып жатыр. Оқып қайтып келеді. 40 тракторисіміз бар, бәрі осы жердікі, комбайнерлеріміз 4 адам, шоферлеріміз өзіміздікі. Мұғалімдер... Колхоздан совхозға, өндіріске кеткендер де қайта кеп жатыр. Оңғарбаева звеносымен (8 адам) былтыр 59 центнер қант алған (350 пұт), биыл одан да көп алады. Электр, радио, өз электростансасы бар. Елу үй салынып жатыр, колхозшылар өздері үшін стандарт үй салады, проект бойынша. Бөлме 4-3, есік-терезе үлкен, пол, шифер сұрап жүр бәрі де. Малдағы жұртқа жақсы үй салдық, малға кірпіш қора салдық. Отгон Шу аяғына, 750 шақырымға барады. 12 учаске алысы, жақыны 40. Егіндікте ең жақыны 60 километрде егіледі. Госфонды жерін алыс, жақын болса да алып жатырмыз, көлік жетеді, 11 машина, 20 трактор бар. Бір "Победа". Арба, жақын жер болмаса, керексіз болды. Шоп жию механизацияланған. Жай жерден өзімізше 500-600 аламыз. Біз көп суарамыз, сезонда 12-13 рет. Қызылша қатты өседі де, трактор жүре алмайды. Долгоносик болған еді, самолетпен екі күнде жоқ қылды. Бригада айына екі рет жиылады Клубта 30 минут лекция. Колхозда 17 ұлт — қазақ, қарашай, азербайжан, неміс. Қазір тату. Келгеннің бәрі қазақша сөйлейді. 75%-і қазақ. Немістің үй-тұрмысынан үйренеді. 120 человек на животноводстве. 26 қора қой, екі адамнан (500 қойдан), үш адамнан. Тарту болу керек, кісі жеткізе алмаймыз. Қазір қойға барам деуші көп, условие өзгерді. Ең алдымен мал қора, адам қора, сонан соң алатыны көп: жүнге де, етке де, қозыға да алады. Бір қойшы бір жылда әйелімен 3 мың еңбеккүн, 5 сом ақшадай, бидай, картоп, қант 30%, 250 кг ет, яки 5 қой алады, жылқы бақса — құлын, бұзау... еңбекке таласады, бухгалтер есептемеген, істегенім неге жазылмайды деп таласады. "Октябрь" (колхоз). Күлімжан Құтымова былтыр 538 центнер, биыл одан артық аламыз дейді. "...52-жылы 19-съезге бардым. квадр. гнездоға көшпедік, тегі, нашар олар. 9 кісі жанбыз, аяқ-тұяғы екі бөлме. 4 мың 700 сом, 6 центнер қант алдым, бидай бір тонна. Хатты шала танимын, көп "не қылмадым", "неше мәрте айттым". Там салдыртайын деп сұрап ем, бермеді. "Сол немене ғып", "Tөрт жүз тоқсан". Үй іші: төсек, абдыра, көрпе, электр, радио, жерде киіз. Акбозов — секретарь Джамбулского райкома. Агроном, депутат Верхов. Сов. СССР, шаруаға олақ, салақ. Колхоз "Сталина", Тушинцев пред. колхоза (по области 140 колхозов, районов — 11). Компактная область, по ж.д. перевозкам лучшая. Три железнодорожных узла — Чу, Луговая, Джамбул. 29 совхозов по области, 140 колхозов, из них 20 лучших...
Парни из армии не возвращаются. Учащиеся колледж, тоже уходят...
25.VІІ.
Т. Артығалиев. Қой — бірінші орындамыз. Жүн — жарым жылдық планнан 123 процент орындадық. Қырықтық қалды, шал-кемпір. 1100 мың қой тегіс электр. Қазақ шал-кемпірі. 200 қамыс қора Сарысуда. Республика ішінде облыс орны: 2 миллион колхозда, 1,5 миллион совхозда, Қазақстанда бәрі 15-18 миллион қой, соның екі жарым миллионы осы облыста. Мойынқұм малдың жері — құнарлы, жұт сирек. 60 жылға төрт миллион қой болу керек облыста. Бар қырғыз қойы Жамбылдың жарымы ғана болады. 80 проц. жібек жүн. Байбатшаев Шабдан — райсовет бастығы. Жер аттары: Батыс жақ Көккесененің көк жоны, Тәңірберген даласы, ылдида: Үшкөкшенің құмы. Ел — Ойық (Ойық, Тілік Бәйдібектен тарайды). Ар жағы құм — Жотақұм. Қыр, тау, су алыс, 15-20 метрден шығады. Үшкөкше — сол Мойынқұмның бір бөлігі. Ойыққа жалғас Ошақты деген ел. Тілік Ойықпен бір. Саудакент — Сарысудың жер аты. Байқадам — коммунист, кулактар өлтірген Аққай көтерілісі кезінде. Егіншілік кейінірек шыққан. Бөрібай тоғамы (Ойық), Жиембет тоғамы (Дулат). 16 тыс. душ в районе. 13 колхоз, 3 МТС, 3 совхоз. Қаратау химкомбинат. Орта мектеп 6, орысша 2, 4 қазақша. Таластан 100 студент бар. Сарысуда 47—53 жылға дейін преседатель болған, сонда Алматыға барып, бәрін ауданға қызметке әкелген. "Герой Таласской долины" (П. Кузнецов, 1949 ж.), К. Мыңбаев кітабында аты бар. Ортақұмның ішінде Ақкесене, Көккесене деген құмдар бар. "Содан арық шығардық". "Алтын қобы" деп ат қойдық. Канал қаздық 15 километр. Жүгері ектік 250 га, тары ектік. Әлі 10 мың ғана баураймыз, канал алғанымыздың нәтижесі. Артта біз өткен мол жер — "Көделі" деп аталған. Сарысуда, "Коммунар" колхозында Сатай — герой (екі қоздатады). Алпамыс — шал, герой. "Үшбас" колхозы — Құлыбек түйені жыл сайын боталатқан... "Ленин" колхозы — Оспан Қабанбаев шөлді жақсы біледі. Соқыр шал ақын, коммунист "Сталин" колхозында, жасы 60-та (Байқаламның қасында), Сейдуалиев Ишанқұл. Совхоз жайы, аудан, партия, совет, рабочком, оқу, денсаулық — бар жағымен бағынышты, байланысты... Бұрын Жалайыр болған. Там (мола) Ақкесене, Көккесене, Тектұрмас, Атбайлар, арна (канал), Тектұрмас, Орда (қалмақ), Ақкесене — күмбез, завод трубасы тәрізді қарауыл вышка. Сүттен илеген. Тектұрмас, Атбайлар — қорған, қазақ қойған аттар. Сапақ датқа — Ошақты ішінде Тас жүрек. Ошақты Сапақ Үшаралда кен ашқан. 1905 жылы өлген. 85 жасында. 100 жылдан артық егін еккен, бидай, тары. Ағаш соқа... Үй ағаш ертеде көп өскен. Жолбарыс ату әдісі: үйдің жалаңаш сүйегін көтеріп барып атады. "Жолбарыс түнде тоқсан тоғай кезеді".
28. VІІ. 55.
Қалдыбаев Шаймардан сөздері. "Түркістан". Eгіс даласы 54-жылы өте кедей... Малға сәйкес емес, мәдениеті және жоқ. Аудан аудан болмайды екен егінсіз. Жон участогінен 32 мың га тың таптық, МТС сұрадық баурауға. Бірақ бұны (МТС-ті) құрудан совхоз жасау оңай болды. Кейін облыс та, республика да МТС-ті қабылдады. Бірақ Союздың үкіметі әлі де бекіткен жоқ, құрылған да жоқ. 16 мың га (32-ден) әзір де колхозға қалып отыр. Қазір колхоздарға бөлініп, бір биыл 3,5 га тың алып отырмыз. Ал совхоз берілген жерден 3120 га тың көтерді. Өнім алып отыр. Қалғанын пар қып көтерді. Күзде 3 мың күздік бидай, қысқасы, 56-жылы 13300 га-дан совхоз түгел өнім алмақшы. Совхоз биылғы 3100 га-ның өсіміне биылғы мемлекеттен алған 450 тонна тұқым қарызынан құтылады. Сөйтіп, келесі 56-жылы өз тұқымын қамтамасыз етеді. Тек қана пайда береді. Совхоз басты кадр жағынан қамтамасыз (механизмдер кадры), жұмыскері толық. Жаңалығы — аудан, колхоз үшін. Әсіресе жерді мерзімінде айдау, агротехниканы мезгілінде айдау, учаскелерге бөліп айдау, техниканы пайдалануда. Егін даласын табысты учаскелерге бөлуде үлкен үлгілі жаңалықтар бар. Табиғаттың байлығын шаруашылыққа пайдалану үлгісі. ...Совхоз көптеген капуста, помидор, пияз, картошка — колхоздарға тағы үлгі берді. Сол бұлақтарды жақсы пайдалану үшін су қоймаларын жасап жатыр. Совхоз орталығы тегіс ағаштанбақ жаңағы себептен. Соц-к селоны өсіруге үлкен ықпал. Аудан, колхоз, МТС-ке ықпалын қазір-ақ тигізетін. Бізде мүмкіндік жоқ еді үлгі етуге. Бұған енді еліктейтін колхоз бастықтары аз емес. Міндет алу бар — тарандықтар үндеуінше — клуб, үй, школ, қызығу, желігу бар. Ал айда құрылу дәуірінде совхозда көп қиыншылық, қайшылық та бар. Совхоз ең әуелі орталығын Қаратауда құрды. Негізгі орталығы Жонға (Андреевка) жеткізуде көктемде көп қиналды, мойны қашық еді. Бірақ 2 мың га міндетін 3100 га-ға жеткізді. Жұмыскер маман әуелде техникаға жеткіліксіз болды. Адамды жергіліктіден алуға тура келді. Кейбір мамандар келіп кіріскенде, техника жетпей қалды, қайшылықтар туды. Келген целинниктер арасынан наразылық туды. Дирекция, партия, профсоюз комсомолға кінә айта бастады. Ақша (подъемныйын) мезгілінде төлей де алмады. Совхоздар министрлігінің кемшілігі еді. Нақтылы штат та бекімеген кез болды. Осы күнге шейін тұрмыс, керектер (үй, столовой, магазин) әлі кемшілік көп. Құрылыс өте баяу келеді. Машина жоқ. 120 шақырымнан тасылады. Тау, тас, материалдар (құрылыс заты) мезгілімен толық боп жетпейді. Пайдалануға беру баяу... продукт, мәдениетті қамтамасыз ету олқы. Жұмыскер наразылығы дұрыс. Райком, дирекция кемшілігі көп. Сауда "көшпелі" жағдайда. Осындай қиыншылықтарға коллектив түсінеді. Бірақ бәрі бар емес, дарашылдар жоқ емес. Жұмысқа шықпаушылық, төбелес, мастық, қоғам тәртібін бұзу көп кездеседі. Әзір клуб жоқ, монша жоқ, наразылықтар туды. Келгіндер екі топ — алға басушылар, екінші — өзін өзіне салып тәрбиелеу. Хулиганды түзеу, әдіс өзінен адам табу. 99 проц. коллектив жақсы, он шақты үй кредит алып, үй салып жатыр - фундамент осылар. Күзден ағаш егеміз, плотина арқылы су береміз. Электрастанса болды, соц. городок шығады. Биылғы урожай жақсы (бәрі богара). Партия, үкімет талабын совхоз орындап отыр түгелімен... Техника көп... Колхозға жәрдем етіп жатыр. Комбайн (7 колхозда) көрші колхоздарға соц. помощь жасап жатыр. Өте тату, қарым-қатынастар, тығыз байланыс бар. Нечестный элемент — материал совхозға сатылсын, колхозға берілмесін дейді. Поглощать ете алмау, сатылмау — кредит көбейді. Келешек жақсы материал алуға бөгет. Совет саудасына түсінбеулер, өздерінде ақша жоқ, колхоз, малшы, зат қажет, алса — соны наразылық қып көтереді. Қалаған жерін әпердік, колхоздар қиналған жоқ. Екі соц. шаруа біріне-бірі беріп, түсініп жатыр. Райкомда (сағат 10). Ауданда биыл 52 бала орта мектеп бітірген. Осыларды кезекпен жіберген, орта мамандық алсын дейді. Биыл да, былтыр да оқыған, вуз бітірген кісілеріміз жоқ. Алмағамбетов Абушах — врач-хирург. Алматыда мединститут бітірген. Сарыарқада он колхоз (Жаңарықтан басқасы түгел). Жер: Қу, Мұңды (екі тау), Бестау, Сарыөзен, Кенжебай, Самай, Қарабидайық, Шабынды — Көктас өзені, Арқарлы, Шалқия руда, Қызылжар станциясы. Екі қызыл отау, Серікбаев отауы, 1 мың кітап бар. Үшінші рет үгіт бригадасы барады, сауда үздіксіз, октябрьде тегіс бері көшеді, балалар машинамен ерте келеді. Қырқу сонда. Передвижной движок АЖС, сол қырықтық жүргізеді. С/х выставкада екі жыл Байқадам МТС-і стенді бар. Құдықтар арасы қашық, Шуда көпір керек, Сарыарқаны осы үшін меңгере алмай отыр. Скотопрогонная трасса, 6 трасса. "Ленин" колхозы 40 мың қойы бар — Қабанбаев. Құдық — бар мәселе сонда. Бетпақтан өту құдықта, құдық 5 литрден су береді. Сарыарқада жайылым бөлінген, целина малы сонда апармай қоймайды. Осы арадан ең алыс учаске 800, Созақпен айналса 930 километр. Сарыарқаға дейін. Сарысуға автоклубты машинасымен береміз деп Министерство культуры уәде берген. Сармашев Жазықбай (культотдел бастығы) культбригаданы бастап барады, үш рет барған. "Қызыл отау" № 2, 4 — Серікбаев (2), Сәкенов коммунист. "Қазақ әдебиеті" қызыл отауға барған жоқ.
Көлік — ат. Онда: медпункт, радио, штаб, движок, зооветпунктер көшпелі. Қыс — бәрі Шуда там үйге кіреді. Фермаға қыстаулар жақын, ферма бастықтары тартылады. Монша жоқ. Бетпақтың шөбін көктемде шабады. Баялыш, тобылғы, қысқа мыртық, қара жусан, қандым, жыңғыл (ағаш). Шөл өзі 300- 400 км. Соңғы 6-7 ортадан төмен (техникумда оқып жүр). Қалғандары орта, незакончен, выш. Бәрі заочно оқиды. Струков Григорий Алексеевич, 1914 г., — работал на заводах... Факультет механизации и электрификации Воронежского СХИ. Потом послали директором МТС — работал 2,5 года, затем в обкоме Москвы. Гришин послал сюда, Казахстан — справочные карты...
27 ноября приехал сюда с дочкой; гл. бухгалтера, гл. инспектора выбрал. В декабре Сарысу — сразу остановился на этом месте. Приехали строитель и гл. агроном. Много раз (семь) искали центральную усадьбу. Она принадлежит колхозу Жданова. Ескерту: Жолжазбаның бұдан арғы мәтінінің көптеген тұстарын түсіну қиын болғандықтан, қысқартып беріп отырмыз. — Т. Ә.).
30. VІІ.
Қалдыбаев Шаймардан. "Түркістан" совхозы қиыншылық, қайшылықтарынан. Қазір самосвалдар жоқ (аз). Комбайндар тоқтауы көп. Осыдан кеш орып, жай орып отыр. Комбайнға жағдай жоқ. 16 ком., 5-ақ самосвал. Осы кезде 3120 га-ның 2,5 мыңын бітірген болар еді. 100 процент істете алмай, 50 процент қана пайдаланамыз. Қазір тек 1400 ғана орылып отыр. 10 мың центнер бидай тұр... әкетпейді. Струков бүгін 12 мың бере алам дейді. Суда, хлебосдачадан 12 мың бере алар еді. Келген машина жоқ (управление және Мин-во связей). Склад бітпеген, закрытый, тек біреу-ақ. Салынып болмаған. Жауын жауса, катер. Совхозтранста бар, білмейді жағдайды, шабан облыс (управление совхозов). Колхозда. Тың көтеруде 18 мың га план бойынша 56-жылы өнім алмақ ек. Біз 5 мыңнан биыл алып отырмыз. 18 мыңнан (56-ның) 15 мыңын көтеріп, 5 мыңынан өнім де алып отырмыз. Бірақ бір ғана МТС-ке ауыр. Бұл ауданды тыңның ауданы десек, қателеспейміз. Совхозбен қоса 32 мың... 54-жылмен салыстырғанда ол 6 мың 200 га болса, биыл егістігіміз 14 мыңдай. Колхозда, совхозда 3100, үш есеге жуық асырдық. 56-жылы совхоз 13 мың, колхоздар 10-31 га болды. 54-ж-мен салыстырғанда 5 есе көбейді. Совхоз болмаса, МТС машиналары: 75 трактор, 30 комбайн, көпшілігі самоходный. Уборканың мезгілін ұзатып жібереміз. Бір комбайнға 100 га-дан артық болмау керек (ремонт восстанов.). 28 комбайн (фактически) істегенде, бізде бір комбайнға 300-ге жуық га келіп отыр. Территориямыз разбросанность бар, жер ыңғайы да оңай емес, бір МТС-ке оңай емсе. МТС директоры Петренко — Герой Соц. Труда. Мал жайы. Мал азығы ретінде біз көп жер игеруіміз керек. 90 мыңға шөп шабу (даланың өзінен), 13 мың тонна силос жасау. Ал МТС-те траншея жасауға землеройный механизм жоқ. Силос турау, землеройный техникалары жоқ. Бір ғана МТС, қайтсе басшылығы жетпейді. Екінші қайтсе де керек. Облыс қаулы жасаған, бірақ Одақтық үкімет бөгеп жатыр. Мәдениет. Аудан 10-15 жыл артта, төмен. Халық талабы зор. Ауданда бір ғана орта мектеп (екінші керек), үш сменмен оқиды, сапа нашар. Больница, ауданда клуб жоқ, концерт, театр келсе, жиылыс болса — жанжал, Манарбек келгенде терезені қопарып әкету болды. Су мәселесі. Ынталы плотинасы, Бүркітті плотинасы. Ынталының екінші реті қажет. Жуалыға көп көңіл бөледі. 40 мың га егіс жер бар. Екі МТС бар. Үшінші сұрап жүр. Аудан басшылығына құрал, көмек керек.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру