TELEGEI

Home

Құрылыс материалдары

Мұхтар Әуезов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Құрылыс материалдары

Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...

(Аударма. Профессор В. Эвальдтан)

К і р і с у

Жаңа қора, үй және сол сияқтыларды салуға жұмсалатын барлық заттарды (материалдарды) екі тарап қылып жіктеуге болады:

а) табиғи заттар,
б) жасама заттар.

Табиғи заттар деп табиғатта (жаратылыста) дайын тұрған заттарды айтады. Бір нәрсе жасау үшін солардан аламыз да, ішкі құрылысын өзгертпей, құр сыртқы пішініне өзімізге керегімізге қарай түр береміз де, ұстай береміз.

Мұндай заттар: 1. Ағаш (ағаш заттары). 2. Тас, құм, балшық, топырақ және тағы сол сияқтылар. Жасама заттар деп табиғатта дайын түрде жасалып тұрмаған заттарды айтады. Мұндай заттарды қолдан жасап келтіреді. Ол үшін табиғаттағы дайын заттарды алып, оның ішкі жаратылысын өзгертеді, жасайтын мақсатқа лайықтап сыр-сипат береді.

Мұндайлар: 3. Кірпіш, жалпы айтқанда балшық және сол сияқтылардан алып, керекке қарай лайықтап пішіп беріп, сонан кейін күйдіретін (өртейтін) нәрселердің бәрін алып, тұрбасы (түтігі), күйдірген балшық ыдыс-аяқтар, тағы басқа толып жатқан сол сияқтыларды айтады.

Бұл секілді істердің жалпы атын керемик істері дейді. 4. Жабысқақ заттар яки қалау растворларының заттарын айтады (мысалы, известь, цементтер және басқалары). Мұндай заттар тастардың яки кірпіштердің араларын байластыруға я болмаса қолдан әр түрлі заттар дайындап жасап шығару үшін жұмсалады. Мұндай заттар мен әр түрлі тастар жасап шығарғанда артынан өртеудің дәнеме керегі жоқ, өзінен-өзі тас болып қатып қалады. 5. Металдар — алдымен темір, болат және шойын болады, қалайша десеңіз, машиналар жасағанда жиі қолданылатын болады. Өзге металдар үй, қора және сол сияқтыларды жасағанда аз қолданылады (мысалы мыс және оның араласқаны цинк, қорғасын, қалайы тағы басқалары). 6. Жасаған нәрселерге өң беріп, жақсылап бітіріп шығу үшін ұсталардың түрлі заттар: шыны бояулар, майлар, ләктер, смала тағы басқалары. Заттарды дұрыс пайдалану үшін, олардың сыртқы түрлері мен жөне біріне-бірі ұқсас заттардың бірінен-бірінің айырмашылық сипаттарымен ғана танысып қоймай, олардың өзді-өздеріне арнаулы қасиеттерімен де танысу қажет, себебі, сөйткенде ғана біздер әрбір заттарды өздерінің ең тиісті орындарына жұмсай алатын боламыз. Бұл қасиеттер табиғи заттарды олардың жаратылыс жағдайларына байланысты, жасама заттарда оларды жасау түрлеріне байланысты. Сондықтан жасаушы жалпы түрде болса да, қай-қайсысын болсын білу қажет. Одан әрі заттардың жақсы-жаман сорттарын айыра білу және заттарды қабылдап алу ережелерін білу қажет, қалайшадан десеңіз: жасайтын нәрсеге жұмсалатын заттардың сапасына жасаушы кісі жауапты болады. Жасайтын нәрсеге жұмсайтын заттардың жақсылық, жамандығын көпшілік уақытта әркімнің-ақ қолынан келетін оңай жолдар, ерекше бір құралдар яки саймандар керек қылмайтын жабайы пробалармен-ақ айыруға болады. Ал енді сынауы қиын болатын болса, ондай заттар бір азғантайын оларды айыру үшін әдейі арналып жасалған лабораторияға жібереді. Жасаушының мұндайдағы міндеті: 1. Лабораторияға жіберетін нәрселері анығында заттардың орташа сапасына жауап ұратындай болу керек. Міне, соны айыра білу керек. 2. Лабораторияға жіберген цифрлы қорытындыларды пайдалана білуі керек.

І. А ғ а ш

Ағаш жасау жабдығының ретінде көп артық қасиеттері бар: сайманмен істеуге оңай көнеді, жұмсақ, оның бер жағында жеткілікті берік те. Таспен салыстырғанда ағаш көп жеңіл, тасуға оңай, көтеріп салып қалауы да оңай және сумен ағызып жүргізуге де болады. Ағатың үлкен кемшілігі — жасау жолындағы өмірінің қысқалығы, қолайсыз жерге кез келсе тез шіріп кетеді: оның бер жағында ағаш жанатын зат, бір өртке ұшыраса, мүлдем жоқ болып қалады. Ағаштың толып жатқан неше алуан тұқымдарының ішінде біздің жасау жолына көп қолданып жүргеніміз қарағай, шырыш, кейде емен ағаштары. Онан басқалары жеке ғана ағаш шеберлерінің, токарьлардың, өрнек салатын шеберлердің керегіне ғана жұмсалады.

1. Ағаштың шыққандағы жасалысы

Әмсе, ағаштың бойы қабықпен қапталып шығатыны мәлім: қабықтың ішіндегі тұла бойды (древесина) жалаңаш ағаш деп айтады, барша өсімдіктерше құжыраларда жасалады, микроскоп арқылы ғана көзге көрінерлік ұсақ теріше дорбалар, бірімен-бірі байланыса өседі де, оның ішінде ағаштың сөлі және ауа сақталады. Сол сауытшаларының арасында ағаш судан жеңіл болады да, су бетінде жүзеді. Ағаштың бойы шыққан күйінде жыл сайын жуандайды, жыл сайын және жаңа қабат қосылады. Олар да құжыралардан құралған: сондықтан, жылдың жылы мезгілі көктем мен жаз уақытында өте ірірек құжыралар құралады да, күзге айналған сайын аз-аздап кеміп, ұсақ құжыралар құрылады, ақыры қыс түсе есімі келесі көктем мезгіліне шейін мүлде тоқырайды. Осының себебінен ағашты көлденең қырыққанда мынадай суретті көреміз — дөңгелек түскен сақина, әр сақинадағы қаттырақ және қошқылдау жері — күзгі мезгілде құралған табандар, жұмсағырақ ашық түсті жері — көктем кезінде құралғанын көрсетеді. Осы сақинақтарды, басқаша айтқанда, ағаштың өсімін санап, шыға бастағанына неше жыл болғанын білуге болады. Қарағай я шырыш жақсы, шұрайлы, дымды жерде жылдам өседі де, жылдық қабатын жалпақ салады. Осындай жақсы жерде шығып, жылдық қабатын жалпақ салған қарағай я шырыш, жаман құмдақ жерде шығып, қабатын жиі, тар салған қарағай мен шырыштан осал болады. Құмайт жерде жай өседі. Қарағайдан мұнан басқа біздің көргеніміз, жалаңаш ағаштың орталық жері қызғылт-сарғыш түсті болады да, қабыққа тақау жері жылдық қабатынан ақшыл сары я тіпті ақ түсті болады. Орталық жердегі қошқыл түстіні дән жері деп атайды әрі ағаштың берік жері деп саналады. Ашық түсті сыртқы жерін (заболонь) 1 қыртыс деп атайды: жұмсағырақ және жасырақ, шіруі де оңай, сондықтан бірнеше жасау реттерінде ол жерін не жонып, не аралап тастау қажет. Осы секілді дән жері мен қыртысында болатын парық еменде де, қызыл талда да және тағы басқа ағаштарда да болады. Шырышта (және қайында, жөке ағашында, теректе тағы басқаларда) дән жерімен қыртысында көп парық жоқ, бір түсті болады. Мұнан басқа тағы да жапырақты ағаштарды көлденең кескенде, құралсыз көзге ағаштың өзегі көрінеді, одан сыртқы қабыққа қарай күннің шашырағаны секілді сызықтар түскен, оны өзек шашырандысы деп атайды. Бұл ағаштың сөлі бір жылдық қабатынан өтіп, екінші жылғы қабатына қатынасады. Қылтанды ағаш заттарында да бұл сызық болады, бірақ, жай көзге көрінбейді, ұлғайтатын пиала арқылы ғана көрінеді. Осы сызық арқылы, соның бетіне қарай ағаш оңай шытынап, оңай жарылады. Ақырында, жапырақты ағаштарды көлденең кескенде бұл сызықтардан басқа тағы бірнеше нүктелерді көреміз: ұзынынан жарғанда ол нүктелер бірнеше сызықтар болады, ол ағаш затының мінез таңбасы. Кей тұқымында ол (емен мен қызыл талда) жылдық қабатының көктемдегі бөлімінде ғана көрінеді, ал басқаларының (шетен, қарағаш, қоға ағашы) барлық қабаттарына таралады. Бұл емізік тамыры (сосуды) деп аталған ағаштың түбірі ішкен су, осы сызықтары арқылы бұтақтарына, жапырақтарына тарайды. Қылтанды ағаштардың бұл емізік тамыры оншалық айқын байқалмайды.

2. Ағаштардың техникалық сипаттары

Ағаштардың бояуларының жасалыс жолымен танысқаннан кейін, енді олардың техникалық сипаттарына көшеміз. Ағаштардың заттарының әр алуандығымен қатар бір затты ағаштың да, техникалық сипаттары да неше алуан болады. Қандай жерде өскеніне, кескеннен кейін қандайлық ретпен кепкеніне, тағы сондайларына қарай болады, сондықтан, біздің көрсететін цифрымыз дәл өзі деуге қосылмай, таныстырған жоба ретінде ғана болады. Және кесілген жас ағаш (салмақ есебінде) 35-тен 60 %-ке шейін дым сақтайды. Егерде ағаш су астында көп заман жатса, су ағаштың барлық құжыраларының ішіндегі1 басқа заттарды айдап шығып, ауа сақтайтын сауытшаларына кіріп кетеді: ол кезде ағаш судан ауыр болады да, түбіне батады, дәл ағаштың жеке өз заты судан ауыр болғандықтан, оның қарсысына, ағаш кепкен сайын жеңіл тартады, ішіндегі дымын жоғалтып 11/2—2 жыл өткенде 15—20 %-тен артық дым қалмайды. Мұндай ағашты әуелі құрғақ деп атайды, осындай кезінде сатылады да, балташылардың ісіне жұмсалады. Ағаш шеберлері, көбінесе, онан да кепкенін тілейді, ондайлық кептіруді жай ауамен кептіріп жеткізуге болмайды: ондай ағашты не қыздырған ауамен, не бөлекше кептіргішке салып бумен кептіреді. Дымды ағаш кепкенде кішірейеді, мына мөлшерде: ұзынынан өте аз (мысалы, қарағай 0,01-нен 0,2 %-ке дейін), жуандығынан көбірек кемиді (қарағай 0,6-дан 6,8 %-ке шейін, жөке ағашы 11,5 %-ке шейін). Өте жасырақ қабаттары (қыртысы, я қыртысқа таяу жері) көбірек дым сақтайды, ескірек қабатынан көрі жуан жерінің кепкендегі кішіреюі бір қалыпты болмайды, сондықтан, қатпар пайда болады, өте жылдам кепкеннен шатынап та кетеді. Тақтай қатпарланғанда, көбінесе, дән жағына қарай томпақ шығарады да, қыртыс жағына қарай салпы болады.

Тәжірибелі балташы, әмсе, бұл жайын абайламай қалмайды.

Ағаш жай кепсін дегенде бір дегеннен қабығын алып тастамайды, көбінесе, қабығымен кептіреді.

Кепкен ағаш суға тисе ісініп, қарсы жағына қарай қисаятыны да болады. Майлы бояумен бояу, лакпен қоршау, смалалау, тағы сондайлар ағашқа дымның кірмегін қиындатады, қатпарлану мен шытынаудың алдын ала хабарын береді. Дымды ағаш көбірек жеңіл де және жұмсақ та, майысқақ, бірақ оншалық сынғақ емес, кебу ағаш секілді. Егер ағашты имекші болса алдын ала суға салады, яки ыстық бумен булайды: бұл күйде ағаш өзінің бір талай серпінділігін жояды да, сол иген күйінде кепкенде қайта түзелмекке тырыспайды. Механика жолына ағаштың қарсылығы яки қаттылығы әр тарапқа бір қалыпты болмайды. Ағаштың ішіндегі түйіршіктік байланыс түшріліктің өзінен нашар келеді, түйіршікті бұзбай, байланысты ғана бұзарлық күшке ағаш жақсы қарсылық қыла алмайды. Сондықтан, мысалы, ағаш оңай жарылады, сынамен (қиюын) ұзынынан көп жеңіл жарылады, көлденең қырқа кескеннен көрі. Ағаш ұзынынан созғанда (разрыв) екі есе қарсы қайрат қылады ұзынынан сыққаннан көрі. 1925 жылғы ВСНҚ-ның ағаш шаруасының құрылысы туралы жобасына үйлесімді қарсы күшті қолдану керек (шаршы сантиметрге 1 килограмм күш келсе).

Күштердің
табы
Қарағай мен шырыш
Емен

Уақытша қарсылық
Берік
қарсылық
Уақытша қарсылық

Берік
қарсылық
Талдың бойы
Созылу

Сығылу
Қозғалу
Иілу
Қозғалыс тиген кезде

Көлденең талды
Сығу
Қозғалту

720

350

50

400

150

120

70

10

100

20

15-20

30

900

500

75

500

250

150

100

15

125

30

30-50

50

Ағаштың бір заттарының қандайлық күшке болса да қарсылығы көп себептерге байланысты: аз ба, яки көп пе, ірі қаттылық, дымның мөлшері ағаштың жасының шамасы, талының түзу жасалмағы бұтағының аз-көптігі, тағы сондайлар. Ағаштың бір бағалы техникалық сипаты, іске жарататын зат жөнінде, ыстықты кемірек өткізетіндігі ағаштың құрғақ күйінде, өзге жасау заттарымен салыстырса, мысалы, бір шаршы метр қабырға қалыңдығы бір метр болса, бір сағаттың ішінде қабырғаның ар жақ-бер жағында ыстықтың айырмысы целциемен бір градус болса, өртейтін калорияның мөлшері мынадай болады. Мөлшері дәл таңданған бойына қарап..............................................................................0,17 Көлденеңнен.....................................................................................................................0,093 Қарағайдың опилогі...........................................................................................................0,045 Кірпіштің қабатында.........................................................................................................0,69

3. Ағаштың кемшілігі

Ағаштың жамандығынан, ол іске жарамай қалады, соны ағаштың кемшілігі, не паут деп атайды. Бұл турадағы ағаш заттарынан күткен қылық, қолданған орнына орайлы болу керек. Есте болсын, егерде бір жағынан жарамсыз ағашты іске қолданбақтық істің өркені болмағына көп бөгет келтіреді жөне ақырында үлкен залал шығарады. Екінші жағынан іске қажетсіз керек қыла бермек те, бекерге істі қымбаттатады. Кемшілікті үш топқа бөлуге болады. Алғашқы кемшілік тобына ағаштың басқаша шартпен өскендігінен келген кемшіліктерді қосамыз. Бұл топқа кіретіндер: Түбірлік (тығыз сығылған) бөрененің жуан жағы мен жіңішке жағы аса парықты болса. Қисықтық — әсіресе айыр болса (яғни, айыр бөрене біртегіс күйіндегіден артығырақ қисайса) сым тартып, сызық салуға болмастай болса, тақтайға тілуге жарамайды. Бұтақтылық — бұтақ ағашты жонып тегістеуге бөгет қылады, кептірген кезде түсіп те қалады (тақтайдан), оның бер жағында кептіргенде тақтай, яки қырлаған бөрене оңай сынып кетеді. Шалыс тақталық — ағаштың бойы (бент), ұзын тақтасы бұраң болып шығады. Егерде ағаштың ұзын талшасы толық бұралып кетсе 1,5—2 метр ұзындығында, онда бөренеден жарамды тақтай тілуге болмайды, бүтін күйінде ғана іске жаратуға болады. Толқын тәрізді тақтаның болғаны — талының толқынды болып жасалмағы, ол қылтанды ағаштан сирек кездеседі. Ауыс кіндіктілік — жарамды сақинасының ортасы ауыр жасалса, яғни бір жағы екінші жағынан жалпағырақ кеткеннен болады. Ондай бөренеден тілген тақтай бір жағына қатты қатпарланады. Екінші кемшілік тобына механикалы залалдар қосылады. Ағаш өмірінде ұшыраған, әсіресе, әр алуан жарықтар, ол аяздың әсерінен түскен, желдің шайқағанынан түскен, тағы сондайлардан өзек шашырандысын қуып түскен, яки солай беттеген (жел, аяздан түскен жарық) бір жылдық сақинақтық айналасына түссе, ағаштың ортасындағы (ұшып түскен) жалпы кейіннен кептірген кезде түсетін жарықтан, жел мен мимикадан түскен заттан айырмасы айналасы сығылып тұрады және кейде тіпті сыртқа ашылмайды; ал, кепкенде түскен жарық әмсе ашылып сыртқа қарай кеңірек тартады. Ағаштың тірі кезінде ұшыраған кеселдердің бәрі де аяғында ағашты шірітеді, егерде сырттан саңырауқұлақ затты нәрселердің ұрығы түссе. Бұған құрт салған — сол дегенді қосуға лайық келеді, ағаштың ішінен әр алуан құрттардың балапандары үңгіп тастаған жерлері. Ақыры, кемшіліктің үшінші тобы — әр түрлі шіру (күрең, ақ, қызыл т. б.) ағашқа саңырауқұлақтың әр алуандарының шыққандығының себебінен болған. Мысалы, темекібұтақ атты заттың шіріген үгіндісі қошқыл түсті. Ататын насыбайға ұқсайды. Жерде өніп тұрған ағашты бүлдіріп, кейде қуратып жіберетін кеселдерден басқа тағы да, жасап қойған ағаштарды бүлдіретін кеселдер бар. Ағаш үйлер дымқылдықтан, қараңғылықтан, жөндеп желге қақтырмағандықтан, көбінесе, үй саңырауқұлағы деген затпен, яки мирулиустермен жұғынып, кеселге ұшырап, оп-оңай істен шығып қалады, оның үстіне өте жұғымтал. Онымен күресудің жолы — кеселге ұшыраған жерді жоғалту, кептіру және желге қақтыру, ақыры бұрғылау, мысалы, тотияйынмен. Шпалдың өмірі ұзақ болып, көбірек іске жарамағына қылар цинктің суымен жуу, яки (қарамайдың бір түрі) крезот майымен майлаған жөн. Теңіз ішінде (ащы) сулардан ағаш тез жойылады. Шашпеннен — құрттың бір түрлісі. Егерде ағаш шірітетін кеселдерден ағаш аман тұрса, анық құрғақ жерде ағаш мөлшерсіз ұзақ жылдарға шыдайды; осылайша, су астында болса, ақырындап қатая-қатая барып, тасқа айналып та кетеді. Бірде суға тиіп, бірде кеуіп, кезегімен алмасып отырған ағаш тез шіріп кетеді. Сондықтан, мысалы, сулы жерге ағаштан ғимарат салынбақ болса, ағаштың басы су жолынан төмен батқан болу керек.

4. Ағаш заттарының саудаға қолайлы түрі

Ағаш затының саудаға түсетін түрі: үй ағаш — үлкенірек мөлшерде, құрылыс ісіне лайықты және істейтін ағаш оншалық ірі емес, әр алуан іске лайықталған. Өз ретімен құрылыс ағашы: жұмыр, қырлы және араланған деп бөлінеді.

Жұмыр ағаш ретіне мыналар кіреді:

Бөрене. Қапталған бойағашты керекке жарарлық қылып, 6,5 метрден кесіп қойған. Бұл ағаштың жуандығын жіңішке басының мөлшерімен есептейді, шамасы 18 см жоғары қарай болуы керек. Осы аталғандай қылып кесілген бүтін ағаштарды сүйреткі деп атайды. Бұлар дембелше, қысқа, жуандығы 11—15 см-ден аспайды, бұдан да жіңішке 6,5—11 см ағаштарды қада ағаш дейді. Ал бұдан жіңішке болса 4— 6,5 см қазық ағаш болады. Екі жағын тақтайша жонған ағаштарды рейка дейді.

Бұл ағаштардан басқа тағы да ат қойылған жұмыр ағаштың түрлері көп, көбінесе, жергілікті болады. Құрылыс бөренесі жақсы, түзу, нығыз болып, мүмкін қадарлы бұтағы аз және шіріксіз темекіше кепкен болады. Егерде сондай бұтақты күйінде жұмсаған болса, тақтасының қисық жасалғандығынан, көп кемшілік келмейді, аралау жолында қисық тақталы бөрене іске жарамайды. Дәл құрылыс жөніндегі ағаш қыс күнінде кесілген бөренеден дайындалған болсын; қысқы ағаштың сөлі басқаша түрде болады, артынан ондай жылдам шіріп кетпейді көктем мен жазғы кесілген ағаштардай. Ағаштың қай кезде кесілген ағаш екенін білу мүмкін. Үлкейтетін пиаламен ағыт пен қабықтың қосылған жерін қарасақ, қысқы кескен ағаштың сыртқы қабаты қошқыл, күзде жаралған қабат екенін тануға болады. Қырлы ағашты не жұмыс басында, не зауыттарда пышқымен әр жағын жанап, не болмаса жонып жасайды. Егер ағаш төрт жағынан дәлдеп қырланса, ол төрт қырлы ағаш болады. Бұл ағаштардың бұрышы үшкір болса ағылшын қыры деп аталады. Кейде ағашты көп жонбай ұшын жұмырлау қыр шығарғанда бұрыштарын моғал қалдырып кетеді, оны голландияша қырланған дейді. Кейде үш жағын қырлап төртінші жағын қабығымен қалдырады.

Сандықша ағаш — жалпақ енді (жуандығы 10—15 см төрт қырлы).
Өңдеген ағашқа тағы мыналар қосылады:

Жуан, бүтін бөренені ортасынан жара тілген ағаш құдықтың қимасына, баздың қимасына, кілет сарайларға жұмсалады. Жуандығы тілінген бөренеге қарай болады. Жаңғақ ағаш — бөренені айыра тіліп әрбірінің қыртысын тағы алып тастайды. Бұл есік-терезеге жақтау — жаңғақ орнына ұсталады. Тақтала — Бөренені тақтайға тілгендей екі қыры тегіс болмайды, пышақтың жүзі секілді, соңдықтан оларды шала тақтай дейді. Тақтайға тілгеннен түскен екі шеті көбінесе іске жарамайды. Ортасынан түскен шала тақталар балташылық жұмысына кетеді. Егер осы шала тақтайды мұрттар екі қырын қырласа, ол таза тақтай болып шығады, мұны қырлағанда әлгі екі тегіс емес қырынан мүлтік қалса, шала қырланған тақтай болып шығады. Тақтайды басқаша қылып тілуге болады: алдымен екі жағынан тіліп тастап, аударып салып тілсе, екі бет тақта ғана шығып, шетке тақаған шала ортасының тақталары таза болып шығады. Кейде бөренеден қырлы ағаш тіліп алып, қалғанын тақтай жасайды. Машинамен зауытта тілгенде шама келгенше жақсы тақталар жасауға тырысады. Қарағай, шырыштан жасалған тақтайдың көбінесе ұзындығы 4,6 метр (3 сажен), ені 20—30 см, қалыңдығы 1,25— 7,6 см болады, бұдан нашар болса жәшік секілді жұмысқа ғана жарайды. Тақтайдың әрбір сортының өзінің жарамдысы болады. Беріктік, шыдамдылық керек жерге қашама тақтай жасалып жұмсалады. Мұндай тақтайдың бір қыры ұңғуырмен қазылғанда, екінші қыры жал болады. Осындай қылып жасаған нәзік тақтайлар бәден қаптауға жұмсалады, сондықтан, бәден қаптайтын тақтай деп аталған. Үйдің қабырғасын және басқа қабырғаларды қаптау үшін бір жағы қиылған тақталар жасалады. Осы күні үй салушылар жасайтын жақтау, жаңғақ секілді саймандардың бәрі де зауытта даярланып шығады. Кереге көз жасайтын сағанақ ағаштарды қалыңдығы 6,5 см тақтайдан тіліп жасайды. Ағаш шеберлері ұстайтын өте бұта тақтайларды фанера деп атайды, оның өзі де неше түрлі болады. Оның ең қалыңы паркетный фанера, көбінесе еменнен қалыңдығы 1,2 см (онан да қалың істейді), өте жұқасы соқыр фанера деп аталады (қалыңдығы 3 мм), көбінесе қарағаштан, жасалып, үй сайманына жапсырып желімдеуге жұмсалады; онан да жұқасы (1—2 мм) қымбатырақ заттан жасалған фанера сұлу кестелі, толқынды фанерадан жасалған саймандардың сыртына желімделеді. Фанераның бір бөлекше сорты (түрі) соңғы кезде өте көп жайылып кеткен — көп қатталған фанера, яки қос қабатты тақтайлар. Оны даярлауға қайыңның, қарағаштың, яки теректің түбірін қатты қыздырып, токарлардың станкасына салып керегінше кесіп алады, аз-аздап ағаштың ішіне тереңдеп алғанда, әлгі жонғы қалғанша домаланады. Алынған жонғыны кескілеп және неше қабат қылып желімдейді, қайтсе ағаштың талды тақтасы алдыңғы желімделген қабаттың тақтасына, соңғы қабаттың тақтасы көлденең түсіп желімделсін. Дымға езілмейтін казеин 2 немесе алюминий желімімен желімдейді. Желімделген тақтаны ыстық қыспақтың астында кептіреді. Қазық ағашты даярлау жолы: біралуан ағаштың бойын жара кесіп алады. Оны мынадай қажеттіліктерге дайындайды: штукатурный (үй ішін әдемілеп ыспаттау), жайпақша қазықша (дран) ұзындығы 2 м, жалпағы 2 см (бір бұраулы) немесе 4 см (екі бұраулы дран). Бағасы мыңдаған санмен болады. Осы ретпен жаппалыққа лайықталған бұрауша сатылады, яки Финляндияның гонты — қысқа, терек дранкі бұрауша (жалпағы 5,12 см) жаппаға жұмсалады. \

ІІ. Тас заттар

1. Тас заттар.

Жаратылыс күйінде тас заттар, табиғат жолымен қалың топ болып кездеседі — түпкі шығатын жерінде және осылайша, жекеше тас күйінде табылады. Бір кезде шығатын жерінен бөлініп, сумен, яки мұзбен тасымалданып келген. Ағашпен салыстырғанда, тастан жасайтын зат ретінде көп мықты да, шыдамды да (қолайлысын таңдап алған ретте), бірақ, кеп ауырырақ, тауып алмағы да қиын, тағы да, көтеріп қалмағы да қиын. Сайманмен тасты ыңғайлап алмақ та аса қиын. Оның бер жағында, тастың жасауға қолайлы заты ыстықты өткізгіш келеді, ауаны мүлде жүргізбейді, сондықтан, оны адам тұратын үйдің қабырғасына қалап болмайды. Ақыры көзге берік көрініп тұрған тас затының бірнешесі, әр түрлі себептермен дымға, аязға шыдамсыз келеді де, солардың әсерінен тез бұзылып кетеді. Соның себебінен тас затынан жасамақшы болғанда, қатты сақтықпен қарастырып алу керек, көбінесе, лабораториямен айырып, сынап алған жөн. Жаратылыс күйіндегі тастар жоғарыдағы айтылған сыры бойынша ауыр, қалың істерге ғана жұмсалады, ірге салмаққа, үй астын көтермекке, көпірдің діңгегі, жол жасауға, көпірлерге, көшеге жаймаққа, тағы да осындайларға жұмсалады. Үй салған ретте жаралыс күйіндегі тасты үйдің іргесін көтермекке, сатының басқыштарына, аландарға, тағы да сондай жерлерге жаратады. Қабырға ретінде тастың сыртқы бетіне ғана жапсырады. Стенаны "порысты" (жұмсағырақ саты) таспен ғана қалайды. Қатты тастар ыстық жүргізбейді. Тас заттарының алуаны өте көп, оны айыра білмектің өзі де бір ғылым — петрография 3. Бұл қысқаша нұсқауда, бірнеше жасау жөнінде көпке мәлім болғандарды ғана көрсетіп кетеміз. Көп ерте заманда тас заттарынан пайда болып қатып, бір кезде отпен қызып, ағып байланған төпсер (дәл осы кезде де болса керек) шарының ортасында болған. Бірсыпыра тереңде жатып суып, кристаллы ұрықша түр алып және (оның ішінен азды-көпті ұрықты байқауға да болады) әр түсті қаттылығы да, нығыздығы да әр алуан, тағы да сондайлар — минерал деп аталған. Бұл заттардың ішінде көбірек мәлім болғаны неше алуан түрлі шұбартас.

Шұбартас. Бұл шұбартас мына минералдардан жасалады: ақ яки қызғылт, жаңадан сынған жері жылтылдап тұратын — дала шпаты, түтінге ұқсастау көкшіл, мөлдірсымал, нашарлау жылтылдайтын, аса қатты — кварц, жабысқақтау, бәкіге де оңай үгіліп түсетін (раскалывать) қара түсті немесе түссіз — слуа (бор). Ең ауыр, үлкен істерге көп жұмсалатын тас — шұбартас. Мысалы, Ленинград қаласында Финляндияның әр алуан шұбар тастарымен Нева өзенінің жағалары және арықтар, Неваның көпірі, Исааки шіркеуінің2 айналасы, тағы да солар секілді көп орындарға қаланған. Финляндиядан басқа Карелия, Килип губерниясында, Қырымда, Оралда, Кавказда, тағы да талай жерлерде шұбартастың қалың шығатын кендері көп.

Шұбартастың мықтырағы майда ұрықтысынан шығады, кварцты көп алғандығынан шығады. Борының көптігі шұбартасты көбірек осал қылады, әсіресе, тақталана біткен болса (гнейстің ішінде). Шұбартасқа жақын заттар. Петрография жолымен айырылған, жасау ретінде, көбінесе, шұбартас деп жүріседі. Сиенит тасы бұған қосылады3. Жасалыс жолында шұбартастан бөлегі, оның ішінде кварцы аз, я жоқ болады, оның орнына оған ұқсас (Роговая обманка) диопит — шұбар тастың затына жат дала шпатына ұқсайды. Көбінесе қара алтын, я жасыл түсті және басқа шұбартастың көп заттары судың тасы секілді болып жолығады, көбінесе, көшеге жаюға жұмсалады. Қайнаған тас затының тобы әр түрлі себептермен, басында жердің терең ішінде болса да, жердің бетіне жақын қатқан, кейде жерді жарып шығатын отын тауларының себебімен жердің бетіне шығып, қатып қалған. Бұл жерде аса күшті салмақпен сығылмай, ұрықты кристалдың жасалысы айқын байқалмайды, кейде топ қалпынша, я бөлекше күйде шатынаған сынық сақтайды, пиала секілді. Бұның өте ескісіне қосылатыны диаваз тасы (Онега көлінің жағасында). Бұларды Ленинград пен Мәскеу көшесіне жаю үшін әкеле бастады. Қаралтым майда ұрықты, аса берік. Онан да мықтысы базальт (Болени губерниясында, Қырым, Кавказда) жапқыға қиындықпен көнеді, шақпақ күйінше жолға төсеуге жұмсалады. Бұл айтылған заттар және соларға ұқсастардың бәрі де түпкі шығатын жерінде қалың, зор топ болып байланысып жатады да, әр түрлі көп себептермен жарылып, әр жаққа таралып, өсім алмаққа оңайлатады. Оның бер жағында шпаты байқалмаған күйінде жасау залалы аса күшті. Көп заман ашық ауада жатқандықтан бәрі, ең мықтысы да, аз-аздап бұзылады — жел жейді. Бұл бір ағымның өзі он мыңдаған жылдармен саналады, өзгенің жүрісі тез өтеді — ғимараттың өмірін алсақ тіпті жылдам. Аз заманның ішінде ауа райының алмасқанынан, тасқа түсетін сызатқа су кіріп, аз-аздап үлкейгендігінен тастағы сызатты кеңейтеді; заман өте жарық жерге тас қына, мүктердің тамыры кіреді, тасқа шыққан өсімдіктерден көмір қышқылтымы жайылады, ақырындап минералдарды бұзады. Аз да болса, аспанның ауасында да, бірнеше газ іспетті заттар (мысалы, күкірт газы мен тас көмірден азотный кислота, тағы-тағылар) тасты аса бұзғыш. Қолұстаса — екі ағым жүреді. Тасты сыртқы шпаттарымен бұзып, ұрықтарға айыру және химия ұрықтың өзіндегі минералдарды бөліп, одан екінші түрлі зат жасау. Осылайша шұбартастың дала шпаты және ұқсас заттар бұзылғаннан кейін балшыққа айналады. Химия жолында көбірек шыдамды, кварц жасалысынан өзгермейді, оның ұрығын жиғанда құмға айналады, жұмсақ, қатты болып бөлінеді. Жаңбырдың суы жоғарғы жердегі жел жеп түсірген заттарды аз-аздап тасымалдап бұлаққа, өзенге, көлге, теңізге түсіреді, ол жерде тынып жатады — салмағы ірі заттарды күшті ағын ғана айдайды, жеңіл, ұсағы ағынсыз тынық, үлкен суда жатады. Осы ретпен екінші жасалған тау заттары әр алуан ұлылы-кішілі, ертедегі таулардың сынығынан құралады (қиқымынан құралған тұқым) азды-көпті үгілмелі топ болып қалады (құм батпақ), күрекпен де, тағы сондай саймандармен алынады немесе қозғалмай жатып тығыздалады және соншалық тасқа айналып — дәл тастың өзі болып кетеді. Кейбір қайта жаралған тау тектес теңіз хайуандары, судың тұнғандағы түбіне байланып тұнған заттардан жаралады.

Құмшық. Ұсақталған заттардың ішінде жасаушылар көбінесе құмшықты пайдаланады, өзенде тасқа айналған кварцты құммен ішіндегі ұрықтары табиғаттың бір түрлі жетілуімен байланысты. Құмның байланысының беріктігі, магмасы кремнеземмен болса — кристалды құмдар; егерде құмның ұрығы батпақпен байланысса ондай құм жасау ісіне жарамайды. Дым мен аяздан тез бұзылып, құлап қалады. Ең берік құм — кварцты, оның ішіндегі кварцты ұрығы бір затты топ сықылданып, байланысып кеткен. Құмшықтардың түсі әр алуан: ақ, сұр, сары, қызыл, күрең т. б.

Извес заты. Тұнбалы затының ішіндегі көбірек керекке жарайтыны извес заты. Жасалысы көмір қышқылы қосылған извес болады, кислотамен қайнайды (көмір қышқыл газын айырмақ үшін).

Извес затынан мыналарды қарап өтелік: тақталы извес немесе қатты извес дейді. Жылан басты (раковинді) извес — туфин. Рувтилов, Волхов известерінің тақталылары ірге көтеретін іске жұмсалады — басқыштың сатысына және тағы сондайларға, көбінесе, Ленинград ғимараттарына және адам жүретін жолға ұсталады.

Мәрмәрлар. Аса бағалырақ сирек кездесетұғын мәрмәр — мәрмәр түсті извес, ұрықты кристалды мәрмәрға (ақ мәрмәр сынғанда қантқа ұқсайды) соншалық берік тығыз, жақсы ыспаланып оң беріледі. Көбінесе сымбат ісіне, үйді салтанаттау ісіне жұмсайды. Екінші тобы айтып өткен әуелгі жасалыстан айырмасы сындырғанда тегіс болып, аса қолайлы, оның бер жағында ескі жасалған заттардан көп жұмсақ, сайманмен оңай қолайланады, әсіресе, жаңа алынған кезінде.

2. Тас заттарының техника жолындағы жасалыстары

Ауырлық салмағы минералдардың 2,5 және 3,5-нің арасында; ішінде темір, көп минерал аса ауыр келеді (темір колшеден және магнит — 5-тің шамасында).

Бір текше метрдің ішінде өр түрлі заттардың салмағы:

Құмшықтар....................................................................................................2300-3500 кг. Тығыз известняк.................................................................................2000—2680-ге дейін; Шұбартас................................................................................................................2700 кг. Бытовой плита (ірге тас) іші қуыс (30%)................................................................1690 кг. Балжанар, тастар — ірі. (16% бос)..........................................................................2280 кг. Орташа (33 %).........................................................................................................2100 кг. Майдасы (23% бос).................................................................................................1860 кг. Асқан қаттылық, кварцтан вазальтуының, форфордың, тағы тағылар; барлық шөкпелі заттардың жұмсақтығы жоғарыда айтылды. Механика жолының әр түрлі сынында тастар сығымға өте қарсы қайрат көрсетеді. Мыжығанға (өте қатты сытым), уақытша сыққанға қарсы қайратын мына есеп көрсетеді (1 шаршы метрге 1 кило салмақ келсе): Базальт........................................................................................................1000—3900-ге шейін; Кварц.....................................................................................................2000-ге шейін; Ірі дәнді шұбар тас.................................................................................1500-ге дейін; Орташа ұрықты шұбар тас.....................................................................1700-ге шейін; Майда ұрықты........................................................................................1720-га шейін; Известь....................................................................................................400—1200-ге шейін; Құмшықтар.............................................................................................350—1500-ге шейін. Бір заттас тастың қайраты бір себептер арқылы өзгергіш болады (тастың дымқылдығынан, жел жеген мезгілінің мөлшерінен, белгісіз жарықшағының барлығынан, тастың тұлға түрінен, тағы басқа себептер). Сондықтан есепке мөлшері қарсы қайрат қылған тастар алынады: барлық кезде 1/20-дан аспаған; уақытша және жақсы шартта 1/10 шейін, егерде тасты бөлігі қозғалуға ұшыраса, немесе аса ауыр жүк көтерген бағанаға ұқсаса, қарсы қайрат 1/43-ден артық ете алмайды. Басқа түрлі күш түскенде тастың беріктігі үзсе, майыстырса, бұраса, шұқыса (30—50 мәртебе) жанышқаннан нашар қайрат қылады. Су жұтқандық барлық тас заттарының беріктігін азайтады, әсіресе, кеуек заттарға жаман; егерде тастың ішінде балшығы болса, онан да көрі жұмсайды; оған аяздың күші қосылса, тастың көп заттары, мысалы балшықты яки мергелди және известі заттары өзінен-өзі үгіліп кетеді; сондықтан, іске бола тасты таңдап аларда аяздың күшіне салып байқап, сынап алу керек. Бұл үшін (дәл қыспаққа сынап шыдамын көрген секілді) аралап кеседі, немесе сақтықпен бір текше тасты жиып алып, 5-тен 10 см-ге шейін текшенің қабырғаларын аяздатады, аяздататын сандыққа қойып — целсимен 150 шейін, әр қатырғаннан кейін үйде ұстап, толық ерітіп отырады. Осылай сынағанда, бұл тас аязға шыдамсыз болса, бұрыштары, қабырғаларынан үгіліп түсе бастайды, кейде бірнеше қатырғаннан кейін-ақ үгіле бастайды. Қатты ыстықта, мысалы, өртте, бір затты тас шыдайды. Мысалы, ақтас (мұны сондықтан ыстыққа шыдамды деп, кейде зауыттың пешінің ішкі бетіне жапсыра қалайды), яки кәршетселі тас, жұмсақ тәлік заты, одан ас үйдің сайманын жасайды. Ірі дәнді шұбартас және соған ұқсастар, әр түрлі минералдардан әр алуан үлкейтіндіден қатты қыздырғанда шатынап, жарылып кетеді. Известі тас қызған кезде ішіндегі көмір қышқылы извеске айналып, қайнап кетеді де, су салса мүлде құлап қалады.

3. Тастардың нарқы

Сатынсақ тастар тас базарда бөлшектеген кесікше болып, азды-көпті пішінделген түрде, немесе істелмеген күйінде түседі.

Жеке тастар. Оны үйдің көрініс бетін зейнеттемекке, көпірдің бағанасына салмаққа, ауыр, қалың істерге жабдық үшін тағы-тағыларға сызылған я мүлде дайындалған түрде жұмыс орнына жеткізеді (кейде, тіпті өң беріп істейді) яки дара күйінде, дайындалған түрде әкеледі. Бірақ ақырғы қолайлауы жасау орнында бітеді. Бұл — жұмыстан тілейтін таза іс тіпті әр алуан дөрекі сынықтан бастап, тастың кей беті үстірт қарағандықтан, пішіндеген ретінің түзулігінде толтырмай, көбінесе істелмеген күйінде қалдырады.

Жеке тастардың базарда көбірек өтімдісі, жасау ісіне көбірек қолданатын және дайындық күйде сатылатын түрлері:

Қалау тастары: Жалпы ретте беті тегістелген, ал жамбас қабырғасы төрт қырланған, бет жағына ұласатын жері ғана тегістеледі. Беттің қырын түзу көрсетпек үшін тастың қалған жақтары тегістелмеген күйінде қалады.

Сатының басқыштары әр алуан ұзындық пен жалпақтықта болады.

Адам жүгіретін жолдың плитасы әр алуан мөлшерде, көбінесе, шаршы түрде болады. Жерге қараған беті іс көрмеген табиғи күйінде болады. Карнезге және төсенішке лайықталған плита (матша төсемде) көбінесе, іс көрмеген күйінде қолданады, артық жерлерін алып тастап.

Бытовой плита. Қалыпты түрге жөні келтірілмеген плиталарды бытовая плита деп атайды (бөлшектелген түрде сатылмай, текше есебімен сатылады), үйдің астын өcіpy жұмысына жұмсалады.

Су тасы мен жұмыр тас. Азды-көпті дөңгелектеген, бөлшек, берік затты топтап, бастапқы біткен жерінен алыста кездеседі: далаларда, келдерде, өзендерде, тағы-тағы сондай жерлерде жатқан бөлшектеген тас ретінде істеледі, көбінесе табиғи күйінде іске жүргізеді, алдыңғы тастармен қиыстырмаққа артықша жерлерін сындырып тастап қалауға орнатады.

Жұмыртас. Оны көшеге төсеуге қатты топтап істеледі, шұбартас, тағы сондайлар. Ұзындығы — 24 см тасты ірі жұмыр тас деп атайды, 18 см орташа, 5,13 дейінгіні ұсақ, 9 см шамалысын ең ұсақ деп атайды. Ұсағырақ тастарды ұсақ жұмыртас деп атайды.

Мұнан да майдасы дравиле болады. Ірі ұрықтысы 19— 20 мм-ге шейін, 12—8 мм-ге шейін, орташа, 8—5 мм кішкенесі көлденеңнің ішінде. Жұмысқа құмдақ тас даярланады, қатты топтың жұмыр тастарын уатып бөлшектейді. Бұл іс кей кезде қолмен де істеледі, кейде ірі даярлайтын тас ұсатқыш машинамен істеледі. 62 мм-лік диаметірі бар сақинаның көзінен өтіп кетерлік өзен тасы аса ірі деп есептеледі, 57 мм ірісі, 50 мм орташасы, 44 мм уағы, 25 мм ең майдасы. Бірнеше жұмыстар үшін өзен тасын дайындап және басқа заттардан, кірпіштер дайындайды. Бұл заттарды ретке бөлмекке, көбінесе, гүрілдеуі қолданылады. Ол тор, ірі заттарға лайық, кергіш ағашқа құрылады. Үлкен жұмыстарда механика айналып, гүрілдеуікпен пайдаланады, ол қисайыңқыраған барабанға ұқсас, кәтел темірінен жасалады. Қабырғасында тесіктері бар, керекті ірілікке қарай лайықталған. Барлық — гравий, өзен қиыршықтары, құм заттар, көлемімен бағаланып сатылады, немесе сорттап салынған ағаш жәшікпен өлшенеді (метр есебіне шаққанша жарым саржандық жәшік қолданылып келді, жарым куб саржан снятый жәшік. Заттардың сырғанап аққыштығына қарай, еркін ағып азды-көпті жатық сызыққа қарай бұрыш шығарып, қисық түр жасайды (450°-ге жақын). Олардан жасалған үшкір басы, әмсе, пішіндеме жолымен бір қалыпты болып (шамалы), рөлеткемен өлшеп, мысалы, жасайтын шошақшаның ұзынын, немесе іргесінің диаметрін өлшеп, яки биіктіктен өлшеп, шошайған үйеменің көлемін білмек оңай. Бұлайша куб метрде жасалатын ұзындығы 1,36 м 2 куб. Көлемі м. де жасалатын ұзындық 1, 72 м.

4. Гравий мен құмның жасалысы

Бұл заттардың жасалысына азырақ тоқтап өтелік: бетон мен темір бетон істеріне аса керекті заттар болғандығы үшін. Құмға да, гравиге де қандайлық қалың, қатты болса да, су өткіш келеді; сондайлық сыры барлығынан фильтр деген сүзгіні екеуіне де қолданады. Грунт секілді құм да, гравий де еш жиырылмайды. Олардан салынған ғимарат қандайлық қалың болса да шөкпейді. Құм тұйық жерде болса сұйық зат секілденеді, салмағы тек түбіне ғана түспей, қабырғасына да түседі, ұрық қандайлық майда болса да, ағын су құм мен гравиді жеңіл ағызады. Сондықтан аса майда қиыршық құм су ішінде жүзіп жүреді, жаралыс күйіндегі бұрыш жасайтын қалпын жоғалтып, үйдің іргесінен сумен бірге сығылып, шығып кетеді; сондықтан жасау жобасын жасағанда бұл секілді жүргіш затқа аса сақтық қылу керек. Жасау жабдығында, ерітінді жасау ретінде, таза кварцты құм, жақсы заттан саналады, бұл жерде ірі құм немесе елегіне қарай қосқан құм жақсы, майдасы емес, ол сыбаққа ғана жұмсалады. Жасау жолындағы ерітпенің байланысты болмағы үшін, тегістігі жеткілікті болмаса да, құм мен торлама заттың ғана арасын толтырғанның үстіне известпен, цементпен және сондай-сондай заттармен толтыру аса қажет, оның бер жағында, әрбір құмшаның жан-жағы әлгілермен боялған болсын, дәл сондай көлемде мысалы, 1 куб м жердің бетінде майда құмның саны ірі құмның санынан көп. Оны майлауға көбірек цемент керек болады, оның өзі әрине құмнан бір талай қымбат. Оның үстіне майда құмды известің я цементтің қамырымен жақсылап араластырмақ қиынырақ келеді. Құмды, я гравиді қолданудың пайдалы реті мына шартпен қосып араластыру — майдасы ірісінің арасында болсын. Бұл екі араны цементпен толықтыратын шығыны азаяды. Мысалы, осылай, егерде бетондық құм грави цементпен араластырып істегенде дәлді есеп мына реттен табылады. Құмды тастағанда гравидің ұрықтарының арасындағы бос орынды толтыратын болсын. Цементті тастағанда құмның ұрықшаларының арасын толтырарлық болсын және аналардың да ұрықтарының араларын боярлық болсын. Бұл қолайды таппаққа жұмсалмақшы құм мен гравидің араларындағы бос жердің шамасын білу керек; бұл жеңіл табылады: белгілі орындағы үгілмелі құрғақ құмның көлемін өлшейді (мысалы 1 литр) үгілмелі құрғақ құмның (я гравидің) және оны ыдыстағы суға төгеді (мензуркеге) (көлденең сырықты өлшеуі бар пиала ыдыс). Ұзындығы құйған затты жабарлық болсын. Құмды құйғаннан кейінгі судың көтерілген бойы бұрынғы орнынан салыстырғанда (я гравимен), судың сығылып көтерілген мөлшері анық мөлшерді көрсетеді; соңғы мөлшерді үгілмелі құмнан шығарсақ (1 литр деп алған шамадан), жалпы қолданатын процент есебімен іздеген арадағы көлемді табамыз. Құм мен грави ұрығының араларындағы бос орын бір шамада, көбінесе 30—36 %-ке шейін ірілігі аса айқын болғанда, арадағы бос орын екі есе кемиді. Жай уақ тастың бұрышты ұрықтары, құм мен гравидің жұмыр ұрықтарындай тығыз орналаса алмайды, бос орны 45 %-ке шейін одан да асады. Гравиде көп кездеседі, майда ұрығы аралас 2 мм, яғни орташа және майда құм болса, қосатын құмның мөлшері келмейді. Ерітінді мен бетонға залалы тиерлік құм мен гравидің ішіндегі қоспалар: балшық пен өсімдік заттарының шірігі; егерде ішінде 5 %-тен көп болса, керекке дайындаудың алдында жұмақ өте қажет; ағын судың ішіне салып, күрекпен сапырып, қолмен я арнаулы машинамен. Балшығын арылтпақ өте қиын, әсіресе, гравидің ұрығына қатты болып байланса, жұқа, қатты болса да арылтпақ қиын болады, көбірек кездесе береді. Суға тым жай ериді де, цементке қосқанда ұрықтың цементке байланысуына үлкен бөгет қылады. Көп қылып қосқанда тастың уағын, өсімдіктің тамырларын, яғни құм мен гравиді темір елекпен елегенде бөлініп кетеді. Құм ұрығының келісін түрінің де еріткен заттың қасиетіне осындай әсер ететіні бар. Жақсы деп саналатын жер астындағы авражный құм (қоспа мен кірлегеннен аман болса) бұрышты ұрығымен жүреді. Өзен құмы көбінесе таза болады, әйтсе де домалағырақ, ысылған ұрықты болады; теңіз құмы көбінесе аса майдарақ, оның үстіне, тұз сіңген болады.

ІІІ. Балшық, оны іс қылудың жөні

1. Балшықтың сорты мен жасалу реті

Балшық деп табиғи заттарды атаймыз, құрғақ күйінде алып су құйсақ, өте күшті ісінеді, жабысқақ, жұққыш болып, қамыр іспетті топ болады және өте жұмсақ кесек болады да, қандай өрнекке (қалыпқа) салсаң да көніп, салған өрнегіңді көп заман сақтайды. Балшықтың қат болмағы, оның ішінде бір алуан балшық іспеттес заттың барлығынан оның бөлшегі аса кішкене (аса күшті микроскопке де көрінбейді). Бұл затты алдыңғы бас мақалада айтып өткенбіз. Ол дала шпатын жел қақпағында үлкен жем беретін және соған ұқсас заттарға алғаш қысылған жерінде қалған балшық — әуелгі балшық деп аталады, оған пиала балшығы қосылады. Көбінесе екінші яки шөкпе балшығы көп кездеседі, бастапқы болған жерінен сумен илеп, әр алуан қуатта қат жасап, әр жерде жатақ болған. Кейде жұмсақ, дымқыл күйде болады, кейде көп жатқандықтан, сыртқы жердің қабатының салмағымен сығылып қатқандықтан, тас іспеттеніп қатқан балшықты сланыс деп атайды. Соңғыға, мысалға, грипия сланысы, шипр немесе аспиттер. Суға езілген жонын жоғалтқан шерепицеден, күн батыс Европада одан бүркеу істерін істейді. Ол он жылдап бұзылмастан тұрады. Шөкпелі балшық, мына заттармен жасалу реті аса көп түрлі болады. Мәселен, тазалық ретінен түс жөнінен тағы-тағылармен, соларына қарай жасау істерінің жолдарына кіреді. Басқа заттардан айыру оңай көзге ұқсас болғанмен, балшықтың құрғақ сынығы, су құйғандықтың себебімен тілге жабысады, сулағаннан кейін (мінездеме балшық исі) исі шығады. Балшық өзінің майдалығының арқасында әр алуан газды жұтып сақтай алады. Суға таяған балшық су өткізбейтін зат болады; кей жерлерде жердің бір қабатының асты балшық болғандықтан, жиылған су өте алмай батпақты болады. Осы жасалысының себебінен су өткізбес қат жасайды. Мысалы, тоғанға, тағы сондай жерлерге. Бұл жасалыс, көбінесе, саз балшықта болады. Ішіне құм алмайтын және басқа қоспаларды да сулы, сазды саусақтың арасына салып езгенде сезілетін өте тоқ сазды тіске салып шайнағанда да сындыра алмайды. Арық саз ішіне құм сақтайды, оншалық қатты болмайды, су қосқанда онша күшті ісінбейді. Бірақ кепкенде оншалық көлемі кеміп те кетпейді; семіз саз ондай кепкенде ішінен сыртының бұрын кіріп жиырылғандығынан, әмсе жарылып кетеді. Сондықтан іс істерде, не қылса да азды-көпті құрғақ далада болатындықтан, өте-мөте іске жұмсау жөнінде өртеуге ниет қылғанда, жеке семіз сазды істеуге болмайды, не қылса да басқа заттан тасу керек; мәселен: құм, арық саз, шамот. Бұл қоспалардың ұрықтарын кептіргенде, я өртегенде өзінің көлемін кеңітпейді; саздың ішінде берік тұрады, ішін ақтарады. Бастапқы өзгертуге көнбейтін табиғи саздың түсі, ішіндегі қоспаға қарай әр түрлі болады, көбінің түсі өртегенде тіпті басқарып — басқаша болып кетеді. Өзінің табиғи көрінісінде, яғни өртенбеген күйінде саз жетерлік жақсы уқаланған болады. Өзіне керекті қатқа хабарласпаққа переметая оны жасау жөнінде ерекше мына керектерге қолданылады: 1) Дәл шығарып тастайтын бұйым есебінде судың шығатын жеріне алдын ала хабарландыруға қолданылады, семіз саз тоған жасарда үй іргесін көтеретін орынға тақтайдың астындағы қуысқа, тағы сондайларға керек. 2) Құм қосқанда ерітіндінің орнына жұмсалады, пештерді қалауда, түтіннің жолын саларда, тағы сондайларға. 3) Сабан шатырды сылауға, ағаш қабырғаны сылауға, өрт қатерін кетіруге. 4) Шикі кірпіш істеуге (сабан, я ұсақ ағаштарды қосып), балшықты бетонға, сылау ісіне, тағы сондайларға. 5) Жапсырма істерге, өрнек жасауға, тағы сондайларға. Олардан басқа балшық өндіріс шеберлерінің көп пайдалы істеріне жарайды (шұға ісіне, мақтадан тоқитын істерге және басқаларға). Дымды балшықты қыздырғанда, әуелі механика жолымен қосылған суын жоғалтып, кебеді. Одан әрі қыздырғанда, яғни өртегенде (900° жоғары), балшық сондайлық суын жояды, химия жолымен оның ішіне кірген, жай кептірген ретпен жойып болмайтын, бұл ретте балшық жасалысы қатты өзгереді, әсіресе, өртелген балшық: мысалы, су сіңбейді не жұмсармайды, қаттылығын сақтайды; сондықтан күйдірген кірпіш пен ыдыстар істейді. Ұнтақ құм үгіп алып, күйген балшыққа су салса, бұрынғы қаттылығын мүлде жоғалтып, сулы құмға ұқсайды. Қаншалық балшық күшті өртелсе, ауысқан әлгі қылығы айқын көрінеді. Жете өртелмегеннен істелген заттары дымды жерде ұзаққа шыдамайды. Балшықты жеткілікті дәрежеде қыздырса, жұмсара бастап, ақыры еріп кетеді. Балшық қаншалық таза болса, соншалық жоғарғы нүктеде ериді. Қосылған заттар ерекше окис (тот), темір тоты, извес, сілті4 (қуыратын ащы) тағы сондайлар балшықтың еріген нүктесін өте төмендетеді. Сондықтан отқа шыдамды кірпіш жасауда, әмсе, ішінде темір тотын сақтайтын балшыққа қалыпты құмды қосуға болмайды. Оның орнына осы мақсат үшін шамотты қолданады, яғни ірі қылып тартылған, құмға ұқсас ұнтақ отқа шыдамды балшықтан жасайды.

Отқа шыдамды деп еріген нүктесі 1650°-тен асқан балшықты айтамыз. Балшық еритін нүктеге жетерден көп бұрын жұмсарса, қайнап жөне біріге бастайды, өзіне берілген өрнегін бұзбай, клинкерни балшық деп аталады. Оның қарсысына, сулық болып еритін балшық сол, жұмсаратын нүкте мен еритін нүктесінің арасы жақын болады. Мұндай балшықтан берік, күйдірген сайман дайындауға болмайды, бірақ нашарлау, бөркемік сайман жасауға болады. Балшықтың түсі өртегенде өзгеріп кетеді: ішінде темір тоты бары шикі кезінде қандай түсті болса да, күйдіргенде жалпы қызыл түске түседі. Қатты күшті күйдіргенде ондай балшық пиалаланылады, қаражасыл пиалаға айналады. Органикалық түрдегі балшық көмір затында болып, шикі кезінде қара түсті болса да, өртегеннен кейін аппақ түске түседі (мысалы андам балшығы). Балшықтың ана іске я мына іске жарамдылығы арнаулы сындармен айырылады: жасалысы химия жолымен айырылады. Сынаудың түрі балшықты құмға айналдырып, ұнтақтап күйдіріп керу.

2. Балшықтан жасаған іс

Өнер жолы балшықтан істелген заттарды не табиғи балшықтан жасайды, не қоспалар қосып өртеп, қолмен істейді. Ондай қолайлап, өрнекке алып істелген заттар мынадай топтарға бөлінеді. а. Key К тобынан: оның сынығы кедір-бұдыр күңгірт түсті, тілге жабысқақ келеді. 1. Балшықтан отқа артық шыдамайтын арзан заттар істеледі. Олар қызыл түсті, кірпіштің әр түрлісі, шөлмек мұржасы, шерефицелер. Кейде отқа нашарлау шыдайтын балшық, өртеген кезде берігірек топтан құралған әшекейлі нәрселер береді. 2. Отқа шыдамды нәрселер. Өртегеннен кейін олар ақ, яки нашар сарғыш келеді: олар отқа шыдамды кірпіштер, яки жасау жөніндегі пайаныстар (жанан). б. Тұтас топтан жасалған істер. Бұлардың сынығы тегіс, жатық, қабыршақты, тілге жабыспайды. Кеуекшесі жоққа есепті, топ ауырлау, қаттылау келеді. Жоғарғыдағы аталған заттардан көрі болатпен шаққанда от ұшқыны шығады. 1. Балшықтан жасалған жалпақ нәрселер, көшеге төселетін едендік су жүргізетін мұржалар. 2. Неше түрлі пиалалар. Барлық балшықтан жасалатын істер бірте-бірте басқыштап табылған жолмен мына заттардан қосылысады: 1) топтың өзін дайындау, 2) қалыпқа келтіріп ұстау, 3) оны кептіру, 4) күйдіру-өртеу.

Тошы даярлау. Жай нәрселер үшін (кірпіштер, тағы сондайларға) топты дайындаудың алды. Балшықты қазып алып, табиғи тақтасын жою үшін көріктен өткізіп, керек орнында арықтататын заттарды қосып, араласты балшықты қазып алу бізде, көбінесе, қолмен болады. Механикалық зауыттарда әр түрлі экскаватормен қазылады. Қазып алған балшықты қыс күнінде, ашық ауаға тастаған жақсы, аязбен жаңбырдың әсерінен балшық үгілмелі болады. Егерде балшық аса семіз болса, іске айналдырар кезде көбірек арық балшықты қосады немесе құм салады. Керегінше, керекті жабысқақтыққа жеткенше су салады, араластыру ісін, көбінесе, атпен жүргізеді, не балшық араластыратын машинамен жүргізеді.

Көбірек қымбат бағалы бұйым қылу үшін, көбінесе, топты өнер жолымен дайындайды. Пиала жасайтын топқа мынадай қосымшалар қосылады: 1) диірменмен үккен ақ тас ол топтың ішінде тұрпат ретінде болады, 2) тартылған дала шпаты, ол өртеген кезде қайнауын жеңілдететін берік зат қылмаққа қатты себеп болады, 3) балшық соқталы болу үшін қоспа қоспақ қажет. Отқа шыдамды балшыққа арнаулы бірнеше сорттарды қоспақ, мәселен, зауыт пешін істейтін балшық істерде. Бірақ болат жасайтын істе кейде балшық қолданылмайды, ондай жерге түйілген ақ тас, магнезит, извесь, яки тас көмір майы қолданылады.

Қалыптау. Осы затпен дымқыл, жұмсақ топты даярлап алып, қалып құяды. Кірпішті қолмен құймағанда, бір кесек балшықты ағаш қалыпқа салып сығады, бірақ алдын ала қалыптың ішіне құм сеуіп қойып, балшықты қалыпқа жабыспайтын қылады. Егерде балшықтың майы қатаңдау болса, ағаш қалыпқа жайған балшықты аяғымен басады, яки ағаш тоқпақпен ұрады. Айланбалы нұсқамен келтіретін мүшелерді қолдан жасайды, үстелшеге, шөлмек мұржасына салып қалыптайды. Жалпы түрдегі кірпішке, көбінесе таспалы қыспақтың көмегімен істейді (қалыпты ет кесерге ұқсас). Оның құрылысы, цилиндрге ұқсас және ішінде бинт (бұрама) айналады, балшықты өрнекке сығып үзілмейтін тақта түзу бұрышты, яки басқа көлденең кесілген болады. Бұл тақта қыспақтың мүштігінен шыққан соң, киізбен созылған ағаш шелектің ішінде жатады да, оның ішінде сыммен бөлек кірпішке кесіледі.

Ерекше берік қылып, азды-көпті нық кірпіш даярлауға құрғақ өрнек ұсталады. Бұл ретте балшық даярлау бір басқа. Онда балшықты суламайды, оны қарсысына құрғатқышқа салып құрғатады, одан кейін ұнтақ қылады. Және аз ғана жеңіл дымдап қыспаққа салады — бұл ретте ұнтақ қатты сығылады. Қыспақтың таңбасымен дайындалған іс қалыптан шығарылып отырады. Оның түбінде құрғататын тетігі болады, бұл зауыт ісінің ағымына механикалық түрде жүргізіледі. Біздің арамызда ол әзір аз тараған.

Кептіру. Жалпы қолмен істейтін өрнекте, көбінесе, жасалыс жолында, яки далаға қырман іспетінде істелген, құм себілген аланда, ашық ауада, яки тақтай жайған жерде, шатыр астында жерді тақталап, жап-жатық қылып кірпіш кептіреді. Балшықты былай кептіру жылдың жылы кезінде ғана болады; сулы, дымқыл кірпіш аяздан жарылып, үгіліп кетеді. Сондықтан, түгел жыл бойы істейтін зауыттарда өнер жолымен кептіріледі, ол үшін ерекше қыздырған кептіргіш тұрады.

Біз бұрын да білгеміз, кептірген соң кірпіштің көлемі кемиді, сондықтан, кепкенде қаншалық кішірейетін шамасы одан ары өртегеннен кейін де қаншалық кішірейетіні ертеден тәжірибе жолымен мәлім болуға тиіс. Өрнекке салған іс осының орайынша ірірек болсын.Өртеу. Жеткілікті кепкен шикі кірпішті ерекше жасалған пештің ішіне салып күйдіреді. Өртегеннен кейін кірпішті суыту реті аз-аздап, ақырын сатылап болуы керек. Зат жылдам, қатты қыздырылғандықтан, сынғақ болып кетеді, қатпарланып, жарылып кетеді.

Жабайы пеште күйдіргенде, көбінесе, отқа жағып, кірпіш артық өртеліп, оттан алысырақ кірпіш шала өртеліп қалғыш болады. Бірнеше себептерден осында жарамсыз өртелген заттар, іске жүргізер жерге, не басқа орындарда өзінен коп пырақ5 шығарады.

3. Балшықтан жасалған нәрселердің түрлері

Кірпіш. Ол адам тұратын үйлердің қабырғаларын қаларда аса қолайлы зат болып табылады, табиғи тастардан гөрі ол артық. Оны жасау, яғни өте қолайлы өрнекке салу аса көп еңбек тілемейді, себебі, оның жас балшықтан ғана істелетіндігі. Кірпіш үгілмелі, кеуекті, сондықтан табиғи тастардың көбінен жеңіл және жылылықты көп сақтайды. Үй салғанда қабырғасын аса қалың қылмақты тілемейді. Одан ауа өтіп тұра алады (табиғи ауа қондырғыш). Оның үстіне кірпіш берік, шыдамды, өртке ұшырағанда табиғи тас заттарының көбінен берік, қолайлылық жағынан да артық, қай жерде болса да ұзындығы, қалыңдығы, жалпақтығы бір қалыпты, істеу оңай. Бұрынғы қалыпты қазына кірпішінің өрнегі былай 11/2хЗх6 вершок (немесе 266,7x133,3x66,7 мм);

СССР ішінде 1925 жылдан бері жаңадан қабылданған өрнек, бұрынғыдан аз кішірек, дәлдігі 150x120x65 мм. Жақсы өртелген қызыл кірпіш деп аталған кірпіш, мөлдір шыны тәрізді келеді. Ол өрнектен шыққанда бүтін қабырғалары, бұрыштары жарықшақтанбай, бұрыштарыңда қисығы, я жарығы болмай шығады. Сындырғанда тұп-тұтас тақтасыз, қуыссыз уақ тассыз болады. Сыртқы беті сипағанда бұжырсымал келеді (өрнекке құм сепкендіктен), сондықтан ерітпесіне тез оралады. Машинамен жасалған кірпішпен таспалы қыспамен жасалғанның бір жағы ғана бұжыр болады, сынмен көлденең кескен балшық тақтасының басқа беттері тегіс болады. Ашық қызыл деп те жете өртелмеген кірпішті атайды, ол дыммен кеселге ұшырайды және ауыр жүкке шыдай алмайды, сондықтан, оны еденге төсейді, ауыр жүк түсетін жерге қаланбайды, әсіресе, сыртқы бетіне. Темірше — өте өртелген, кейде пиаламен қырған кірпіш өте қатты, қиындықпен ағады, ерітпегені жаман оралады, бірақ дымды жерге аса шыдамды. Ол үй астын көтеретін іргеге қаланады, тағы сондай жерлерге жұмсалады. Қызыл кірпішке су 12—16 % сіңеді, ашық қызғылт кірпішке аса көбірек сіңеді (25 %). Соның себебінен недәуір жұмсарады; темірше кірпіш суды аз жұтады. Кірпішті аларда кереге көздеп қалайды — бағанасы 25 реттен, әр қайсысында 10 кірпіштен тұрады, клеткіні бірімен-бірін жарыстыра қалап жасайды. Стебиядің түріне сала. Аларда бірнеше кілеткені тандап алып, сынайды да, қасиетін мөлшерлеп, барлық дайындалған затқа қарай қалғанына баға береді. Алған кірпішіне сұйық қылып еріткен извес бүркеді (бүріккішпен). Кірпіштен одан да көрі жылылықтың шықпағын кемітпек үшін салмағын азайтып, қуыс денелі кірпіш дайындайды. Көлденең қуыс немесе ұзыннан қуысты қылып жасайды. Қабырғаларында әуелі қат болады. Бұл мақсұтпен үгіндіден кірпіш жасайды, үгінді кірпіш деген ағаштың үгіндісімен балшықты араластырып жасайды; ағаш үгіндісі өртегенде жанып кетеді де, балшық көбік іспетті қуысты кірпіш болып қалады. Аса кеуекті болу үшін балшыққа топырағын қосады, не қиыршықталған шақпақ ұнтақ іспетті зат қосады және бір алуан теңіздің ішіндегі ұсақ өсімдіктің сарқыншық затын қосады. Ол жеңіл кірпішті жасауға өте қолайлы зат. Жарты дөңгелек кірпіш ол күмбезге тізбекке, кәрнез қалау секілді, тағы сондайларға қолайлы. Істі істер жерде кірпішті тізіп әуре болу секілді бейнеттерден қашап, қолайлы пішінде сырықтармен жасайды, сырықты өрнекке салады: клетшаты (күмбезге не жарты дөңгелекке) не қысқа, немесе ұзын жағына салып, сақиналы, кәрнезді қылып жасайды, тағы сондайлар. Мұндай кірпіштерді бірде ерекше тапсырумен (заказ) істейді. Пеш салу үшін жай кірпіштен басқа қос түрлі кірпіш жасайды. Ол нан пісіретін орыс пешіне қолайлы. Пештің кленкесі — кіші мөлшерде 16x8x4 см шамасында болып, жай қалыпты кірпіштің көлемі өте үлкендік қылатын жерде, кішкене пештің ішіндегі бөлмелерге бола істеледі. Мұндай кішкене кірпіш отқа шыдамды балшықтан да және жай балшықтан да жасалады.

Күйдірген балшық. Жұқа төсек, әр алуан келісімде жабу жасау ретіне қарай істейді. Күйдірген балшық қосқыш болады.

Күйдірген балшықпен жапқан шатырдың қарын тазалағанда, біздің ауа райына қарағанда күйдірген балшықты шұғыл түрде жасауға керек, оны черепицеде (күйдірген балшық) қар тоқтап қалмас үшін істейді. Және шатырға лайықтаған черепицені үлкен жасауды керек қылғызады, темір я ағашпен жабатын мөлшерден көрі. Үлгі ретінде бір көлемді, сондықтан мөлшерін ұлғайтуға жөн келеді. Шатырдың астындағы ағаштарының бүркеу бағанасы да черепітцені бүркеудің қармағына бір жағынан бөгет қылады. Оның қасиеті: өртке қауыпсыздығы, периодический қымбат түсетін бояқты керек қылмайтындығы және артқы — қолөнері мен черепицені, әмсе, қоластынан табылатын балшықтан жасалатындығы. Сол секілді жабу жұмысына жүретін темір, төл секілділер фабрик пен зауыттарда жасалады да, сатып алынады. Соның себебінен черепице бүгін, болмаса ертең кристиан шаруасы мен өзіміздің арамызда үлкен түрде таралуына тиіс. Дәл осылайша көптен бері күнбатыс Еуропада да таралған. Жамылышы сұлама келсе (қар аз түсетін оңтүстікте) черепицені не торлап (тор көз) ұстатады, не кемерлеп бекітеді. Шатыр тік болса черепиценің астынан қию шығарып, шатыр речеткесіне ұштастырады да, не бірінің қыюын біріне түсіріл ұштастырады (черепице жалпақ болса). Одан басқа черепицені шатырға сыммен байлап бекітеді. Сымды черепиценің екі тесігінен, не астыңғы кемерінен өткізіп шатырға шегемен ұштастырады, кертіш ағашқа қаққан шегеге орап. Бұлайша бекітумен черепицеден жапқан жамылыш (шатыр) күшті дауылға да шыдайды, черепице қопарылмайды. Черепиценің көп түрінің аттарын атайық: жалпақ черепице түзу бұрышты жоғарғы жиегінен ұстастыратын кертік шығатын төменгі ернеуі дөңгеленіп қойылады. Бірақ оның қолайсыздығы аққан суды қабырғаға тигізбеу үшін жамылышын қос қабаттап істеп, ең соңында жамылышы өте ауыр болып шығады.

Өзекті (тамырлы) черепице (Қырымда татар черепицесі деп атайды). Өзекті черепицені кезегімен жоғары-төмен айқастыра отырып, оны буумен ұсталумен де, ұстасусыз да жасайды.

Голландияның черепицесі. Екі өзекті болып көлденең кессе (S) әрпіне ұқсайды. Бұл черепиценің жамылышын жасағанда оның барлық қиюларын ішіне салам, яки сиырдың жүнін қосып известь езіндісімен сылап, тез үгілмес үшін ұстатып қояды.

Көмкермелі черепице, яки Италия черепицесі. Қиықша черепице — ромбыға ұқсас кесілген мұқал бұрышты жан-жағынан көмкерілген, жоғары қалған екі шеті темен қарап тұрады.

Қалыпты черепице. Бұл таспалы сықпамен дайындалған ұзына бойында, жоғарғы жағында екі қыры бар, араларында өзек жүргізген, төменгі жағында тағы сондай екі қыры бар, барға жоқ ұзынындағы қырына қарай өзекшемен дәлдеп жасағанда берік, қос жаппа болып шығады. Қиюластырғанда қиюлары жымдасып, сырғанайтын жағына қарай бейімделіп тұрады. Қалыпты черепицені кейде марселинская деп атайды6 (алғашқы шыққан жеріне қарай). Оның екі қыры бар және бір ғана ұзынынан емес, көлденеңінен де ұстатады, сондықтан аса берік жамылысы болды. Онан соң мәрсел черепицесін ерекше зауытта жасайды, черепице әрі сұлу, әрі берік болу үшін (бетке қалайтын кірпіш сықылды) кейде бет жағып кіреукелеп (жылтырлап) істейді.

Шолмск мұржа. Ұзынын цилиндірлеген (тік жұмыр), ұзындығы 30 см шамасында, жай кірпіш балшығынан бөлшек мойынсыз жасайды. Бұл арзан материал болғандықтан жердің қуатын күшейтуге (шымдауға) жұмсайды. Әшекейлі жылтыр пеш (кестелі жырық салу) үйдегі пештерді, көбінесе, қорғасын, қалайымен кірукелеп жылтыратады. Онымен қабат үй қабырғасына да жылтырлап, түр береді.

Пеш. Кестенің ортасынан айнала дөңгелек қаттар жасалады. Бұл екі тесігі бар сыммен ұштастыратын жерін ромбы деп атайды. Кестелі сызықтан көлемі сыңар есе (27x18 см), не бір жарым есе болады (40x24 см). Оның алғашқысы недәуір арзан, көбінесе, оны жай қызыл балшықтан істеп, сондықтан недәуір бағалы балшықтан, не кәрденге жасайды. Пештің әр жеріне салынған кестелі сызық (әшекей) әр түрлі атта болады: беттік, бұрыштық, кәрнездік, далдалы, қатты (қабат) тағы басқалар.

Томпақ суретпен, түсті кіреукемен әлеміштеп жапқан кестелі сызық —пеш жапқыш деп аталады. Кестелі сызығын (пеш әшекейін) бір-бірлеп бөлшекше, не тұтас (бір пешті) күйінде сатылады. Қыш, я кәрден дайындау. Бұған әр алуан түрдегі ақ балшықтан істелген төсекшелер қосылады, бер жағы кіреукемен жабылған, монша мен жуынатын үйдің қабырғаларын шырайлау ретінде, тағы сондайларға жұмсалады. Олардың өрнегі (қалпы) әр алуан дәнекер ұстап, астар жағын жол-жол қылып жасайды. Бұған жуынатын үйдегі әр түрлі саймандар қосылады. Жуынатын үстелдер кіреукелі шылапшын, сауыттар сиятын ыдыс, ақ кіреуке мен қаптар, ақ балшықтан жасалған саймандар, тағы басқалар. Отқа шыдамды қылып жасаған нәрселерден, қысқа түрде мынаны ғана көрсетеміз:

От (отқа шыдамды) кірпіш. Пештің от жағатын жеріне бу сиятын қазанның буды қамайтын жеріне, тағы сондайларға қолданылады. Оны сындырғанда ақ түсті, сырты сарғыш келеді, жай кірпішке қарағанда оның қалпы (көлемі) кішірек келеді, мәселен, 230x112x65 мм шамасында болады. Отқа шыдамдылығы үш сорт: 1-ретінің отқа шыдамдылық мөлшері целсиймен 1710°, 2-реті — 1660°-тен кем емес. 3-реті — 1580°-тен кем емес; жай бөлмедегі пешке от кірпішінің ІІІ сортын қолданса да жеткілікті. От кірпіші жалынға жақсы шыдағанмен, ол кемік (кер сорғыш) болғандығынан, дым тартқыш, аязға шыдамсыз келеді.

Тұтас топ қылып жасау ретінде мынаны көрсетеміз:

Керамика мұржасы, бұл көбінесе арық жүргізу ісіне жұмсалады. Оны майда балшықтан жасайды да, отқа өртеп сұйық затты жұтпайтын, өткізбейтін қылады. Көбінесе оның сыртқы беті түзу кіреукемен қапталған болады. Оны жасау жолы өртеп болған кезде пештің ішіне қайнаған тұзды құйса, ол буланып кетеді де, оның буы еріп, бір бөлімі балшыққа қосылады. Арық жүргізетін торлардың тура тұтас күйінен басқа зауытта жалпы неше алуанды өрнекпен бөлімшелері жасалады; түзу үш қабат және қисық, түзу айқыш, қисық шығарма (кіндік) сипундар, тағы сондайлар. Көшеге төсейтін кірпіш — майда балшықтан жасайтын кірпішті, тратуар көшеге жұмсайды, кейде уақ тас есебінде қылып сындырып алады да, тастақ жолға жаяды. Ол уақтас табылмайтын жерлерде аса қолайлы. Темір кірпіш аталған кірпішпен кленкер мағынадағы парқы сол ғана, жай темір кірпіш керегін кездей келген (кездейсоқ) көлденең себептерден алады, жалпы жай кірпішті де дайындаған ретте кленкер балшығынан жасалмай, сондықтан, көбінесе, қатпарланған пиалаланған болады, кленкерді арнаулы зауытта ғана жасайды.

Еденге төсейтін төсекше — шаршы, яки алты қырлы, яки басқа өрнекті, кейде беті сызықты болады, оны аяқ таймас үшін, көбінесе, бояумен әр түрлі суреттелген болады. Ол істелетін балшық өрнектегеннен кейін ақ түсті, яки жылтыр түсті болады. Ертерек заманда бұл төсекті чех патшалығынан әкелуші едік, Метлахтан.7 Сондықтан оны метлахский деп атап кетті. Біздің СССР-де оны жасайтын зауытымыз болса да, бүгінде сол атпен атаймыз.

4. Балшықтан істелген заттардың техникалық қасиеті

Өртенген кірпіштің көлем мөлшері, оның қуысты кеуекшелігіне, қалыпқа салғанда қаншалық сығылғандығына және қаншалық дәрежеде өртелгеніне байланысты. Орташа алғандағы салмағы 1 шаршы сантиметрде ашық қызыл кірпіш 1,65 г., қызыл — 1,855 г., темірше 1,994 г. Бұрынғы куб қазына өлшемімен жасалған, жалпы қызыл кірпіш 4 кг, шамасында. 1. Шаршы метрдегі жалған, орта салмағы: жалпы мөлшердегі кірпіштің — 1600 кг-нан, едендіктен 1300 кг ұнтақша ағаш қосқаннан 1000—1200, теміршеден 1900 кг-ға шейін. Механиканың күшіне қарсы қайраты әр алуан лаборатория жолымен сынағанда байқалады. Әр керекті бір кезектерде, әр түрлі керекке қолайлау ісінің жолында қыспаққа салып сынау ретінде, кірпішті арамен кеспейді, тасты кескендегідей бүтін шаршысымен кірпішті жартылап кеседі де, екі жартыны бірінің үстіне бірін салып, цемент езіндісімен желімдегенде шаршыға жақын келбетті болады. Бұлайша істемектің себебі, кірпіштің сыртқы қабығы ішінен өте күйген болады да, басқаша қарсы қайрат қылады. Қоспаққа уақытша қарсылығы, осы ретпен дайындалған құрғақ шаршы, қызыл кірпіш болатын шаршы см-дегі 80 кг-нан кем емес, көпірге лайықты кленкер шаршы см-дегі 230-дан кем болмайды. Суға тойған күйіндегі қыспаққа қылатын қарсылығы, жалпы қалыпты қызыл кірпіштің құрғақ күйіндегі қарсылығының жартысынан кем болмасқа тиіс. Екінші, ұрған аязға қарсы қылатын қайратын жеке тасқа істегендегі сықылды сынауға болады; бірақ шаршыға жарған кірпішке емес, тұтас кірпішке. Арық жүргізетін мұржаға, егерде ішкі жағынан қыспаққа ұшырарлық болса, судың күшімен сыналады (диаметр астында 15—20 см қыспақтың күші 4 ауа күшіне жетуге тиіс). Сыртқы қабығына шық әсері білінбеске тиіс. Судың тұйықталуы 4%-тен аспаса, аязбен сынаудың керегі жоқ.

ІV. Иленбелі заттар

Жасау техникасында минерал бұйымдарды иленбелі заттар деп айтады. Бөлек тастарды байланыстырып қосатын майды, сумен езіп істейтін балшықты заттар көбінесе қатайған тасқа ұқсас болады. Жасау ісіне бұлар көбінесе, бөлшек күйінде беріледі (өшірілмеген извес) немесе ұнтақ күйінде. Цементтің әр түрлісі. Жоғарыдағы жазылған ретше иленбе затқа асфальттан басқа минерал болмаса да, қыздырумен илеп, бетон жасайтын смала затты нәрселердің бәрі де кіреді. Иленбе затты су қосқанда дәйім иленбе деп атаймыз, мәселен извес, цемент тағы сондайлар. Иленген кесек, жоғарыдағы айтылып келе жатқан құрғақ балшық секілді, кепкенде жарылатын болғандықтан, көбінесе, арам балшықтан жасап және құм, шөп-салам қосып илейді. Осындай су мен құмға қосатын иленбе қоспаларды жасау тәжірибесін езінді деп атаймыз. Құмның қасиеті жоғарғы көрсеткендей жарылмауға себеп болса, оның үстіне, езіндіні арзандатады. Құм туралы сөйлегенде, оны майда топырақпен қосқандағы пайдалығы неқұрлым ірірек құм қосқанда, айқын көрінеді деп едік. Мысалы, құмға гравимен ұсақ тастарды қосқандағы тәрізді. Сумен илейтін қоспалар (құм, грави немесе ұсақ тау тастары) бетон деп аталады. Мәселен, извес, цемент, тағы сондайлар. Езіндінің ішіндегі қоспалардың қанша болуы көлем мөлшерлерімен айрылады және қысқарған ретте цифрмен көрсетіледі; оның жоғарғы кірген қоспаларының көлемі, оның соңында құмның көлемі, үшінші, ірі ұрықтылардың көлемі. Бетонның қоспасы мына мысалда: 1,2 : 4. Олай болса, бір есе цементке екі есе құм, төрт есе грави (яки ұсақ тастар) алынады. Иленбе заттар (әрине, асфальт пен смаладан басқа) өртелуіне бірнеше табиғи түріндегі тастардан алынады. Қатаятын күйіне қарай алуға, бөлуге болады. Ауаның еркін соғып қатайтуынан басқа, сумен қатайту бар. Жеке ауа арқылы ғана қатпай, сумен қатады. Бұған қосылатын извес пен гипс, екіншіге гидравликелі извес және әр түрлі цементтер. Бөлекше топ болып саналатын зат гидравилика қоспасы. Ол табиғи да, я өнер жолымен де дайындалып, өз-өзінше суға қосылып иленгенде қатып қалмайды, бірақ ауа извесіне қосылғанда ғана қатайып, ауада қатпақтан басқа суда да қататын болады. Сол ретпен жалпы известі гидравликке айландырып жібереді; цементке қосылған да бұл қосылмастанда осындай мінезі бар, гравиге қосса оның қатаюына әсер етіп, езіндінің беріктігін ұлғайтады. Бұл туралы алда да айтпақпыз.

1. Извес

Известі (жалпы ауадағы) 900-1000 % күйдіргенде таза извес болып шығады, оның ішінде 10—15 %-тен артық балшық не басқа қоспа болмайды. Қолөнерлерге керекті азырақ мөлшерде дайындау үшін өртегенде, еденді пеште немесе жай шошайтқан күйде өртейді. Зауытта жүргізу ретінде, үзілместен әзір қылатын шахтылы пеш қолданады —оншалық биік емес, кең түрде (10-12 м-ден биік болмайды) тік мұржалы, кірпіштен я тастан қаланған жөне ішкі реті отқа шыдамды кірпіштен жасалған. Извесше уақыт-уақыт пештің үстіңгі ретіне жиылады да, дайындалған извес ауық-ауық астыңғы жағын басады. Күлі аз отында, мысалы, тас көмірді, отынды пештің ішіне жоғарғы жағынан қаттап салады, кезегімен известі де, осылайша қаттап салады. Пештен ыстықты керегінше алсын дейді. Күлі көп отынды, мысалы, шымтезекті пештің орта жерінен отынға лайықтайды, оның себебі, күлі извеске қосылмасын дегендік. Шахты пешінің артық ыстық — орта жерінде (биіктігіне қарай) болады. Извесшені соған салып өртейді. Үстіңгі реттегі пеште ішіндегі извесшені қыздырып қана тұрады, кеміп тұратын қызу мен өртеу белбеуінен астыңғы ретіне күйіп, түйіскен извес суиды, бойындағы қызуын пештен өтетін ауаға береді. Осы ретпен пеш қызметін жеткілікті шаруамен атқарады. Шахты пешіне салмақ, алмақ туралы соңғы кезде неше түрлі механический қолайлар шығарылған. Извесше өртелгеннен кейін извеске айналып, ішіндегі көмір қышқылын жоғалтып, 44 % салмақта болады, осы ретпен, егерде ішіне басқа қоспа сақтап қалмаса, 100 бөлімнің 56 %-ті извес болады. Яғни извесше күйіндегісінен жартысынан аз асатыны. Сондықтан, өртелген кесектің көлемі де кішірейеді, бірақ, салмағынан көрі күлмен көп кеміткендігінен (барлығы 10-15 %), сондықтан өртелген извес таза күйінде кемікше қуысты келбет алып, жеңіл, кесек, ақ түсті болады. Бұл түрдегі известі қайнамалы деп атайды, бөлшекті яки өшпеген извес делінеді. Үстіне су құйғанда (яки суға салғанда) қайнауы басылады (сенеді) — қатты ісінеді, быт-шыт болып жарылады. Егер су керегіне ғана алынған болса, онда үгіліп кетпей, құрғақ күйінде ұнтақ болады да, ұнтақ немесе сөнген извес деп аталады. Құрғақ ұнтақ 241/3 % химиялы байланған су ұстайды. Өшіргенде известен күшті қызу шығады, салған судың көбі бу болып шығып кетеді, сондықтан ұнтақты аларда суды молырақ салу керек, дәл 70 % әйтпесе сөндіруі жеткіліксіз болады. Суды онан да көрі молырақ қосқанда, құрғақ ұнтақ болмай, известі қамыр болады. Егер извес семіз болса (яғни басқа қоспа болмаса) қамыры өте жұмсақ болады, шымшығанда дәл бейнебір ішінде қатты ұрықша жоқ нәрседей болады. Суды күшті қосқан извес қамырын, извес сүті деп атайды, ағарту ісіне жұмсалады, қабырғаны грунтолауға, үйдің бетін ағартуға, тағы басқаларға. Суды өте көп қосқанда, извес іштеңе қалмастан еріп кетеді, мөлдір известі суға айналады. Дәл известі қамыр, я сүті, және известі су, қатты (атылатын көпіргіш затымен) және күйдіргіш сілті ащылығының бәрінен болады. Сондықтан, жасау жұмысынан басқа извес арзан сілті орнына жұмсалып, көп зауыттарда химия ағымына да қолданылады. Ашық ауада қалған извес қамырды тез заманда-ақ сынғак қабықша қаптайды, ауадағы көмір қышқылтымының әсерінен, қамыр жанадан көмір қышқылтымы бола бастайды. Бұл қабық аз-аздап, өте ақырын болса да қалыңдайды, қамырдың ішіне бара қоймай, қамыр ұзақ заманда өзінің қасиетін сақтайды. Известтің езіндісіне қосылған құм, известің қамырын кемікті қуысшалы қылады да, кебуін де, оңай көмір қышқылтымы да алғыш қылады. Арық извес, құм, өшкенде көлемін аз ұлғайтады (семіз извес 31/2есеге шейін ұлғаяды, алғашқы көлемімен салыстырғанда), ұнтағын шымшығанда, майдалысын семізге қосқанда кемірек келеді. Илеуіне құмды көп қосуға болмайды. Өте өртелген известің сынығы (ерекше балшық қосылғанның) қиындықпен жай өседі; кейде сондай өте өртелген известің түйіршігі ерітпесін іске жаратып, қата бастағанда өшетіні де кездеседі. Өшірген кезде көлемі өте ұлғайғыштығынан ерітіндісі қалауда, яки сылауда тұрып қатқанда жарылады. Іске жарамайтын болып та қалады. Осындай қатерінен қашпаққа жаңа ғана өшірген кезінде іске жұмсамау керек. Еріткен орнында бір жұма, мүмкін болса онан да ұзақ мезгіл тұрсын. Ондай сыры байқалса, өте сұйық езіндіні бөлек жәшікке жауып, езінді жасайтын шұқырға құярда жеткілікті, жиі сүзгіден өткізу керек. Извес қайнама, я ұнтақ күйінде базарға түседі, соңғы түрінде ұнтақ болып, зауытта өшіріледі, көбінесе, өртеген известі шошайтып қойып су құйып, өшіріп дайындайды. Қызмет жеріне әкелген кесекше (қайнама), не илеген күйінде тура езінді жасайтын шұқырда өшіреді. Известі тасырда және сақтауда (жеке қапта) су тигізбес жағын қарастыр, әйтпесе, мезгілсіз өше бастайды және өшірерде қатты қызу шығаратындығынан, көбінесе, өрт шығуға да үлкен себеп болады. Езінді жасау, яғни извес илеуіне құм қосу бізде, көбінесе, қол ісімен болады — күрекпен тасшының жәшігіне салып; бұл іске арнаулы ерекше жәшік болады — араластырғыш. Күнбатыс Еуропаның ірі орталық жерлерінде, көбінесе, ерітінді зауыттарда істеледі, жасау орындарына әбден дайындалған мәшинемен жақсы араластырған ерітінді әкелмек үшін. Іске жұмсалған извес езінді жарықтарда өте жай қатаяды, жарықтың жоғарғы жақ ішіндегісі кепкеннен басқа ауадағы көмір қышқылын жұтады, бұл известің езіндісінің мықты болмағына аса пайдалы. Бұл екі ағымда судың буы шыққанмен келеді, сондықтан, адам тұратын ғимарат известің ертіндісі жұмсалып істелсе, алғашқы кезінде дымқыл, қараға біткен кезінен бір жылға шейін адам тұрмасқа керек. Извес көмір қышқылын дымқыл кезінде жұтады, құрғақ извес оны тіпті жұтпайды, үйді кезекпен пеш жағып, мезгілінен ерте кептірмек, ерітіндінің мықты болмағына залалды. Известі тас пен кірпіш қалау үшін дайындаудан басқа сылауға, оны әшекейлеуге, тағы соларға ұқсасты істерге бола жасайды. Пеш жасау (үй салу) жұмысында, известі құм, яки силикат кірпіш түрде жұмсалады. Бұл үшін зауытта извеске таза, ақ қиыршық құм араластырады (7-10 %), азырақ араластырып, қалыпқа салып қатты қысады. Содан кейін бірнеше сағат қатты қылып, қазандағы судың буына ұстаған кірпішті шығарып, бәгөншеге салып сырғанатып, кептіруге шығарады. Қатпағы үшін бірнеше жұма ашық ауаға тастайды. Осыған ұқсасты зауыт СССР-де бар. Бумен қыздырғандықтан, известің сыртқы қабатына құмшық қосылады (Жалпы жасау ретіне бұл қоспа қосылмайды). Жалпы ретті езінді жасағаннан көрі қатты, берік байланыс болады. Бір шаршы см-де силикат кірпіштің уақытты салмаққа қарсы қайраты 150 кг-нан кейін емес. Ашық түсті силикат кірпіш, тіпті ақ түсті болады; оны қатты соққандықтан түзу қалыпты болады. Балшық кірпіш кемдік қылатын жерде, ол жақсы құрал есебінде болады.

2. Гидравлический извес пен роман цемент

Бұлар біздің жерде көп жайылмаған нәрселер, сондықтан олар туралы бірнеше ғана сөз сөйлеп өтеміз. Егерде известің ішінде 10-нан 25 %-ке шейін қоспасы болса, аса күшті өртелмегеннен алынған извес (өте күйдіріп алмас үшін) өшірерде үгіліп кетпеуін сақтап тұрады, таза известей соншалық майда, жұмсақ, ұнтақ болмаса да, ондай известің иленгені де, езіндісі де ауада қата бастап, сумен де қата береді, таза извес жуылып кететін жерде. Осындай известі, гидравлический деп атайды. Олар жасалыс ретінде де, техника ретіндегі қасиеті де неше түрлі болады. Оны Франция жұрты көбірек қолданады да және көбірек жайылған. Известің ішінде егерде мергели болса және 25 %-тен аса балшығы бар болса (40 %-ке шейін), өшетін қолайы мүлдеге есеп жоғалтады да, өртелгенін ұнтақ қылуға тарту жөнімен болады. Ұнтаққа ұқсастық нәрсесі, сарғыштау, яки күреңсымал түсті болады, оны роман цемент деп атайды. Гидравликеге ұқсас извес нашар өртеледі; сөнуін жоғалтқаннан басқа одан айырмасы "ұстасады", яғни тез қатая бастайды, қатқаннан кейін тіпті қатты болады. Өткен жылдарда біздің жерде көп жасалды, әсіресе, Мәскеу губернесінде, соңғы жылдарда оны жасау дегеннің аты өшті, қолдану ретінен портлант цемент атанған зат дәл бейне бір айдап шығарды, оның қасиетінің зорлығы мен артық жері — көбірек бір қалыпты техникалық қасиеті барлығы.

3. Гидравлике қоспасы

Ауадағы извес затының әсерімен, сумен қататын затты — гидравлике қоспасы деп атайды. Гидравлике қоспасын осы ретпен алу — ең ескі жол: ол ескі Рим заманында да мәлім болған. Гидравлике қоспасы табиғи жолымен алынғаны — пуццолан8, трассы және шақпақты топырақ (инпузор топырағы тирепел және сондайлар), онан соң қолмен тапқан қырлы шлак, күйдірген кірпіш, тағы сондайлар.

Пуццолан трассы — жанартау тұқымдас тау заты: әуелгісі үгілмелі, топырақты; екіншісі — тас іспеттес, сындыру тілейтін қатты. Пуццолан Ойталый жерінен табылады, ерекше ертерек заманда біздің жерде көп қылып әкелуші еді; трассы, көбінесе герман жерінен шығады, Рейнде, ол бізде де істеледі (мәселен, Қырымда, Кірпе қаласының жанында, Қаратауда).

Инпузор (диатом) топырақ үгілмелі, тау тұқымы, су өсімдігінің өте майда шақпақты топырақ затының сарқытынан құралған тұқым, біздің көп жерлерде кездеседі. Мысалы, Свердловқа жақын жерде, Калуга губерниясында, тағы басқа жерлерде де. Сондықтан бұл түрдегі гидравлике қосымшаны біздің кең аймақ жерлерімізден табылады деп сенуге болады.

Извес шлак (негізгі яғни известі көп жинаған) бейне бір көлденеңінен кездесіп табылған бұйымша алынады, немесе анығы, бейне бір шығарып тастайтын нәрсе ретінде, шойынды кеңінен айырғанда, егер де қайнаған шлак тез суыса, мысалы, оны суық суға құйып, іші қуыс ұсақ түйіршік болады, гидравлике қоспасының жасалысы бар. Ақырындап қатқан пиала сықылданған шлакта ол қоспалы жасалыс болмайды.

Осы ретпен жасаған шлакты қабыршақты деп атайды; өзі майда ұнтақ қылып тартылады.

Цементше — өртелген балшық, оның да ішінде гидравлике қоспасы бар; ұнтақ қылып тартылған, бірақ өте нашар, көбінесе, керекке жарамайды.

4. Портлант-цемент

Портлант-цемент,9 барлық гидравликелі иленбе заттың ішінде ең көп қолданылатұғыны, сондықтан мұны анықтап жазамыз. Оның жасалған бөлшектері ішіндегі қоспалар — баяғы жалпы гидравликелі заттар, ерекше извес пен балшық. Табиғи түрдегі балшықты известен керекті қоспаны алмақтың қиындығы (мергалин), оның жасалысының әр алуандығына байланысты, олардың өзгерісіне қарай өртеу өзгереді, жалпы жасау ағымы да өзгереді. Портлант-цемент турасында бұл қиыншылықтың болмауы, сондықтан оны, көбінесе, тура табиғи түрдегі қоспалардан жасамайды, дайын цементке қосатын мөлшерде извес пен балшық, я мергалді қосып жасайды, жалпы бір қалыпты дайындалған күйінде тұрған извес пен балшықтан. Анықты цементке дайындалған известің мөлшері 1,7-ден 2,4-дей есе артық болу тиіс, яғни шақпақты топырақ, балшықты топырақ және темір таты селезаның көлемін қоспаның бірқалыпты болғандығынан портлант-цементінің қасиеті де көбінесе бір қалыпты, басқа гидравлике иленбелерінен көрі. Портлант-цементін өндіру ісіндегі біздің алдыңғы жазып өткен гидравлике иленбелерінен артықша жері мына алдымызда айтылғандар: олардың бәрі де тым жоғары ыстыққа өртелмейді (1000°-тен төмен). Егер де біз әлдеқалай ыстық ысып кетсе күйе бастайды, сондықтан, азды-көпті бұзылады, ол портлант-цемент 1400°-ке ыстық жеткенде, әмсе, толық өртеліп піседі. Портлант-цементті жасау ағымы өзінің мінезіне қарай (шығатын заттар — извесше және балшық олардың мөлшері дәлді тағайындалған; өте майда қылып ұнтаққа тартылған құрғақ немесе дымқыл) қолайымен және өте жақсылап араластырады. Егерде өртеу ісі шахты пешінде болса, алған құрғақ қоспаны дымдайды, иленбеге айналдырып, ол иленген балшықты өрнекке салып, кірпіш қылады да, кептіреді, содан кейін пештің ішіне қарай жібереді. Айналмалы пешке салып өртерде, кірпіш түріне түсіретін қалыпқа салудың керегі жоқ және балшықтың қоспасы және тартқан извесшенің қоспасы құрғақ қолайда азырақ су себеді. Ал, дымқыл қолайда — сұйылғанша су салып, әбден шайқайды, аққан кірлері тура пештің ішіне тамады. Айналмалы пеш, бейне бір көлденең жатқан үлкен темір мұржа секілді, ұзындығы 40-тан 75 метрге шейін, өредей 2 метрге шейін, іші отқа шыдамды кірпішпен жасалған роликті азырақ бір басына қарай ызалау қылып жасасқан, оның ішіндегі отынды көмірдің тозаңы немесе мұнай порсункемен үреді. Мұржа ақырын айналғанда, ішіне салған қоспалар қабырғасында домалап, жасалымға қарсы соқтығады; қоспалар әуелі кебеді, содан кейін өртене бастап, цемент клиенкерлікке айналады. Ол үзілместен себіліп тұрады, бейне бір қыздырған шекілдеуікке ұқсап, оларды суытатын айналмалы темір барабан болады. Шахты пешінен цемент клиенкері сүйек секілденіп, өрнекке түспеген кесек болып шығады. Осылайша, яки басқа себепте суыған клиенкер әуелі складқа жиылады да, одан цемент диірменіне жіберіледі, ол жерде үгіп майда ұнтақ қылады, неше алуан, бірінен кейін біріне салынатын майдалағыш машиналардан өтеді. Сонымен оның ұстауын баяулату үшін, көбінесе, азырақ (2 %-ке дейін) гипс (сия балшық) қосады. Цемент диірменінен цилостың ішіне жиылады, одан керегіне қарай ыдысқа салып, бекітетін бөлімге жіберіледі. Бөшкеге салады, қапқа қаптайды және сату жолына кіргізеді. Дайындалған портлант-цемент сұр түсті, жеңіл және жасылсымақ реңді, өте майда ұнтақ болады — роман цементтен сыртқы айырмасы: оның ауырлық салмағы 3,5-тен кем болмайды (роман 2,80 артпайды). Цемент салған бөшкенің тасымал кезінде ағып кетпесіне іші қағаздалады; бөшкенің үстіңгі қақпағына барлық қағаз желімдейді, цементтің атын жазып, зауыттың таңбасын салады. Біздің ғұрыпша, цементтің салмағы, көбінесе, 165 кг бөшкесі 10 кг шығады. Басқа гидравлике илеулерінен көрі бізге портлант-цементтің бағалы болмағы, портлант-цемент қатқан соң көп беріктік көрсетеді, онымен қатар (оншалық беріктік қажет болмайтын жерде) көбірек құм қосуға мүмкін немесе цементті извес ерітіндісінің орнына оны қолдануға болады; құмды көбірек мөлшерде қосқанда цемент езіндісі кейін көп істерге беріктік беретін болса-дағы, дәл қалау мезгілінде қолайсыз үгілмелігінен, известі аз мөлшерде қоспақ, сүт іспетті немесе сұйық түрде жасалған извес иленуі тәрізді оңай ерітпесек, қап-қаттылық береді. Бірде бетонға, яки темір бетонға жасау жұмысына, әмсе, портлант-цемент қолданады. Портлант-цементтің қасиетінің ауыспайтындығынан, оған ерте ерік берілген, өзге иленбе заттарынан көрі стандарт бақылауы, ол цементті іске қолдануға аса сенім береді. Оның жақсы заттылығына, біздің техника жағдайымызға үйлесімді екеніне, 1927 жылғы халық шаруашылық басқармасының бекіткен қаулысы бойынша, бақылау шынында мынадай нәтиже берген: 1. Қыздырғанда жоғалтқаны 4 %-тен аспайды. 2. Бүре бастау 20 минуттен ерте емес, сумен жаба будың ақыры — 12 сағаттан кейін емес. 3. Көлемі кемудің бір мөлшерде еместігі (сынған бөлшекте сызаттың жоқтығы, су астына сақтағанда, не қыздырған кезде). 4. Мөлшерлеп алған цементтің тартылғандағы майдалануы: қабырғада 900 тесігі бар, 1 текше см 5 % артық қалмауы керек, ал, 4900 тесігі бар қабырғада 1 текше см 70 % өтуі керек. 5. Жарылмауға шыдамдылығы (1 текше см-де)

Таза цемент
Құм қосқан ерітпе l:3
4 сөтке
20 кг

9 кг
7 сөтке
25 кг
10 кг

28 сөтке
35 кг
14 кг кем болмауы керек.
4 сөтке өткізген соң міндетті емес.

6. Ерітіндінің қыспаққа шыдауы 1:3, құммен шаршы жасауға 28 сөтке 140 кг-нан кем емес, 1 текше см орында. Осы сындарда көңілдегідей болып шыққан цемент, толық жарамды деп есептеледі. Бұл сын керекті сайманды толық түрде болмағын тілейді, әсіресе, лаборатория (заттарды тексеру) құрылысында. Жақсы сортты немесе тампон портлант-цемент аталған жай цементше бірнеше зауыттарда даярланады. Мұнда ерекше көңіл бөлетін нәрсе шақпақты топырағының көп болу жағы. Цемент сыннан өткізгенде берген оның нормалы қалпынан артық та көрсетті. Оның ерекшелігін белгілеу үшін жапқаннан кейін азырақ өшіріп, портлант-цемент қалыпты, мықты болып қатуына недәуір жылдам жетеді. Мысалы, бетонға жұмсалатын шығынға шыдай бастайды: оның өтімділігі үшін алушылар кейде қызумен бағасын асырады. Портлант-цементтің қасиеттерінен басқа кемшіліктері бар, оның ең үлкені бірнеше заттардан құралған. Портлант-цементтің өзі де, одан жасалған жері де кейде лажсыз бұзылады. Портлант-цементтің қатуы судың әсерінен, өртегенде извесінің қалың біріккен жерінен айырыла бастайды және жаңадан қосылғаны ғана емес, су ішінде аса мықты болып ұстасқан жері, сол известің бөлініп кеткен жерінен соңғысы сілтінің молдығынан, цементтің ішіндегі, айналасындағы заттарға біріге алады. Сол ретпен аз-аздап сілті сипаты ауысып кетеді де, басқа бірігіп қатқан заттармен байланысын бұзады. Осылайша цементті бұзушы ретінде әуелі барлық қышқылтым қосылады, извеспен бірге еритін тұздар ерекше күкіртті қышқылтым, сіркелі, сүтті қышқылтым, көпірген, ашыған мезгілде органикалыққа айналады. Ақыры барша күкіртті қышқыл тұздар, гипстер, оның ішінде, әсіресе, су ішіндегі көмір қышқылтымы залалды (ауадағы қарама-қарсы цементтің мықты болмағына пайдалы). Көмір қышқылтымы, теңіз суында болатын күкіртті тұз ол да зиянды. Өсімдіктің майы мен малдың майы, мұндай тағы сондайлар ішінде еркінше жүрген қышқылы болмаса залалы жоқ. Өзекті заттардың қышқылдарына залалды, мәселен, су ішінде болатын шым тезек, балшық. Бұлардан басқа қант та цементті бұзады (ол қант зауыттарында кездесіп байқалған). Оның қаншалық уақытта бұзылуы бетонның айналасындағы бұзатын заттардың мөлшеріне байланысты және бетонның беріктігіне байлаулы. Залалды су қандайлық тез өтетін болса, сондайлық тез бұзылады. Осындай бұзатын әсерлермен күресу үшін, бірнеше себептермен өндіріс ісін арзан түсірмекке портлант-цементке бола клиенкерді тартарда гидравлике қоспасын қосады; сол ретпен шлак-портлант, портлант-цементке қабыршақты роман шлакты қосады да, және трассо-портлант, портлант-цементті трассомен қосады. Осы цементтер Германда кең түрде жайылған, біздің жерде өндірісі жаңа ғана басталды. Сондықтан, әзір айтуымыз кешірген тәжірибемізге қарай болады. Бұл бұйым мақсатты толық жақсы атқарарлық екені қазір айқындалып отыр.

Топырақты балшық цемент — бұл бұйым, жақында ғана Франция мен Бельгияда дайындала бастады, бізде әзірше істелген жоқ. Портланнан оның айырмасы сол, оның жасалысының ішінде балшықты топырағы көп, шақпақты топырақтан көрі өте күшті өртеледі, клиенкер сықылды болып шықпайды, әбден қайнаған кезінде шлакқа ұқсайды.

5. Гипс (сыла балшық) яки алибастр

Бұл зат табиғи күйіндегі гипс тасынан даярланады және өзін азырақ өртейді. Табиғи гипс өзінің жасалыс ретінде ішіне химияға байланысты су сақтайды, оның үшін есесі — 130-дан 170-ке шейін қыздырғанда жоғалады. Осы ретпен өртелген тасты не тартады, немесе түйіп ұнтақ қылады. Оны кейін сумен ерітіп илегенде тез қатады. Кейде, қарсы түрде істейді: әуелі гипс тасының өзін ұнтақ қылады да, содан кейін қазанға өртейді (қайнатқан гипс деп аталады). Егерде гипсті жоғарыда айтылғандай күштірек өртесе, суға қосқанда қататын қылығын жоғалтады, дәл табиғат ішінде сусыз күйінде кездесетін гипс секілді (Англияныкі). Ол қылығын қайта бітірмекке бірнеше тұз қосу керек. Гипсті цемент дайындаудың іргесі осы. Қатқан гипсте аса мықтылық болмайды, сондықтан, оны аз да болса су салып ерітеміз, сондықтан, одан істеген нәрсе дымды жерде берік болмайды. Гипстің техника жолындағы бағалы сипаты — гипс илеуі тығыздалып берген өрнекке жақсы түседі. Гипстен құйылған құйма — кемікті заттай қуысты, жеңіл болады. Гипс, жасау жолында әp алуан сұлулық ісіндегі құйма істеріне жұмсалады; мәселен, жеңіл төсеніш жасауға, көлденең қоршау жасау үшін және еденге бола. Олай істеу үшін оған известің езіндісін қосады. Мәселен, үйдің ішіндегі ағаш бөлмеге сылақ қыларда, кәрнездерді созарда гипске әр түрлі бояу қосып, өнер жолымен мәрмәр жасайды. Жасау жолынан басқа техника жолында гипсті неше түрлі істерге қолданады, дәрігерлік ісіне әрі оташылыққа қолданады.

6. Иленбелі әр алуан заттар

Бұл жерге шейін иленбе заттарының түрін жаздық. Мәселен, сумен араласып, аз-аздап, өзінен-өзі кебетін заттарды. Бұлардан басқа неше түрлі бұйымдар бар, олардың иленіп кебуі үшін бір ғана сумен емес, ішіне неше түрлі тұз қосқан сулы езінді жұмсалады; мысалы, газды ерітпе, яки фуке шыны. Сулы езіндіге ұқсас күйінде сатылатын, мынадай ұнтақтарды біріктіреді: мысалы, бор. Бірақ оларға су қосқанмен қатқан жақсы илеу болмайды. Цементтің көбірек қолдануға лайықтысы сарел цемент, яки магнезит цемент. Оның алыну реті, өртелген магнезит ұнтағын магнелі хлормен жапса, жылдам қатаяды да, жеткілікті берік болады. Оның беріктілігін мынадан шамалауға болады: сарел цементіне бірнеше басқа заттар қосып, тістің жамауына қолданады.

7. Асфальт

Табиғи түрде, көбінесе, мұнай шыққан жердің маңында смалаланған заттар битумы яки қатқан смала күйінде кездеседі. Тау смаласы атанған, таза күйінде сирек жолығады, көбінесе, тау заттары қосылған күйінде көп жолығады — мәселен, сланцы, құмшықтар, извес затты нәрселер. Асфальт битум мен смаланың қаттысы (таза көрінісі) қара түсті, жалпы қалыпты жылылықта қатты болады: оны 20°-тен аса қыздырғанда жұмсай бастайды, 40°-тен — жіпше созылады, 50°-тен асқанда ериді де, өзінің мінезді исін шығара бастайды. Су ішінде мүлде ерімейді, спиртте де сондай, бірақ басқа ерітпе заттарға, жақсы ериді (іриді). Асфальтты тас — извес тасы, табиғи күйінде ішіне аспалы битумы сіңген; СССР ішінде өзге жерден көрі Сызрань қаласына жақын жерде табылады. Ұнтаққа тартқанда, қыздырғандағысындай жабысқақ, өте байланғыш, тығыз, жұмсақ, кесек болады; не түйір, не ауыр дөңгелектің астына салып қаптағанда жап-жатық болады. Асфальт төсеудің жайы осы, мұны қаптаған асфальт деп атайды. Тасты асфальты, көбінесе, тастың ұсағына, темірге қосып илесе, қыздырған кезінде сұйылып, оны ыстық күйінде өрнекке құяды, осылайша жасалған төсек асфальт тақтас атанып, базарға түседі. Құйма ретімен адам жолын жасарда, осы тақта төсегін ұстатып, қазанға салып қыздырып, тағы да қатқан смала қосады, ұсақ тас араластырады. Жақсы араластырған асфальтты алдын ала дайындап қойған бетке құяды. Мысалы, іргесі бетондалған орынның үстін тегістеп, үстіне құм сеуіп, азырақ кептіріп қояды. Бұл асфальтты көпір және адам жолына төсейді. Табиғи асфальт гудрон жетіспеген жерде, асфальт қоюын сұйылтарда, көбінесе, басқа тұтымды гудронды қолданады, бірақ, ол асфальт қасиетін жоғалтады. Осындай араластыру ішіндегі жақсы мұнайлы гудрон, табиғи түрінде асфальттың табиғи жасалысына жуық келеді. Ең жаман болып шығатын қоспа тас көмірлі гудронды араластырғанда, өзінің бітісі бойынша және ішінде ұшпалы заты бар болғандықтан, асфальт аз-аздап, өзінің жұмсақтығын жоғалтып, сынғақ болып кетеді. Тас көмірлі гудронды қалай қосуды білмек оңай. Асфальтты қыздырғанда оған тосқан гудронның белгілі исі шығады (азырақ нафталинге ұқсас) және ол гудронның табиғи исіне ұқсамайды. Оның бер жағында, тас көмірлі гудрон спиртке ериді және оны қара-күрең түске түсіреді, ондайда асфальт гудроны спиртпен боялмайды. Көпір мен адам жолынан басқа асфальт я асфальтты гудронды қоршау жасау жұмыстарына жұмсайды, мәселен, суды еткізбейтін асфальтты гудронды таза күйінде я қоспа ретінде гудрон қосқанын; қатырманы суғаруға, киізді суғаруға, тағы сондайларға жұмсайды. Асфальтты гудронның, ерітіндісі қай ерітпемен ерітсе де, мысалы, мұнай мен асфальтты лак болып көрінеді, темір саймандарды, тағы сондайларды бояуға жұмсалады.

8. Бетон

Бетон деп — жоғарыдағы қарап өткен иленбе заттардың біріккенін айтады. Мәселен, құм, извес, ұсақ тастардың қосындысын (гидравли, жұмыр тас, таудың ұсақ тастары). Бұл қоспаның қалай пайдалы екендігі жоғарыда айтылып өткен. Қосылған иленбе зат тұқымына қарай бетон, цемент, извес, асфальт, тағы сондайларға бөлініп айырылады; егерде жеке бетон түрі ғана сөйленсе, иленбе заттардың әсерін қоспай-ақ, онда көбінесе, портлант-цемент бетон жайы ұғындырылады. Бетонды ерітетін судың мөлшері, қосатын құмы, ұсақ тастардың затына, істейтін ісінің ыңғайына байланысты. Егер бетонды өрнекке салатын болса, азды-көпті түюмен қатар, суды аз қосады, қоспа үгілмелі болғандықтан (ол қатты бетон аталады), суды көп қосса, оның үстіне түйілгенде, жай жабысқан өрнекті болып, қатталған бетон аталады. Егерде суды онан да артық құйса, бейне бір бетон қисайған жағына сызықпен аққандай қылып, құйма бетон алынады. Жалпы айтқанда, бетонда цемент қаншалық көп болса, соншалық қатты болады; қарсы түрде бетонда су қаншалық көп болса (басқа осындай шарттағыдан), соншалық бетон осал болады. Оның үстіне бетонның берік болмағына, мөлшерінің азды-көпті болғанынан басқа, ұрығуның ізі — майдалығы да әсер қылады (гидравли — ұсақ тастар). Сондықтан барлық қосымшаларды тағайындағанда оның мөлшері бар, оның ішінде суда да мөлшер болмақ. Соңғы жылдар қандай қоспалар қай мөлшерде көбірек қолданылады екен, оны мысалға алсақ, қымбатты цементті шаруалау ретінде оның іс жүзінде илейтін беріктігін бұзбау тиіс. Қолданған ұсақ тастың ірілігі, яки гравидің көлемі бетонная істейтін істің түріне байланысты болады (гравли, отқа шыдамды балшықтың уағы). Өрнекті қабырғаларындағы ең ірі ұрықты тас 1/5-тен артық болмауға тиіс, егерде бетонға темір араластырса, ондайда тасты ұрық 3/4-тен артық болмауға тиіс. Ең бұрын механикалық беріктік тілейтін бетондарға, уақ тастар мен гравли қолданады, табиғи тастардың берік тұқымынан мысалы, шұбартас кіреді. Араластыру жолы қолмен болады, немесе машина жүреді. Бетонды әуелі құрғақ күйіңде араластыру қажет, содан кейін цемент ұстаса бастағаннан бұрын керекті мөлшеріне жеткенінше аз-аздап су қосады. Бетонға жетерлік мөлшерде біржола даярланады, оны ерте іске жүргізуге керек. Егерде су өткізбейтін қылып жасау қажет болса, ерітуге қосатын суға аз мөлшерде жасыл сабын қосады, немесе әдейі арнаулы куәлігі бар қоспа қосады (церусит, аква бар, тағы сондайлар). Істі жасайтын жерде дайындалып, қабырғаларға, үй іргесін көтеретін қалауға жұмсағаннан басқа, дәл сондай қылып, алдын ала зауытты дайындап іс істейтін жерге әкелген бетонға кездесеміз, мысалға, мынадай бетоннан жасалған арықтың мұржасы, матшалар, төсекшелер, басқыштар, тағы сондайлар. Егерде бетоннан соншалық механикалық беріктік тілемей, жылу мен дыбыстың өтуін кемітіп, жеңіл қылып жасау ғана керек болса, берік бетонның кемшілігіне саналатын шұбартастың ұнтағының орнына кірпіштің ұнтағы, немесе қазанның суының ұнтағы (жаңа күйесі) қосылады, онан да жеңіл бетон жасау керек болса, пемзіның ұсағын қосса, немесе жанартаудың тұнбасын қосса болады. Құм қоспаның орнына кеуек ұрықты заттарды жұмсауға болады, мысалы, азырақ ұнталған кірпіш, қабыршақты шлактар, тағы сондайлар. Жылудың өтпегіне ауа аса өткізгіш болады, сондықтан, кеуекті бетондар жылуды көп өткізеді. Соңғы кезде істі шаруаға қолайлы қылып жүргізбекті мұрат қылып іздегенде, қабырғаны бұрынғы қалпынан жұқа қалап, жылуды аз өткізетін қылып жасау көп қолайлылық туғызады. Жылуды қоршауға, соның көбі бетонға ұқсас жасау, бетонды жеңілдету үшін оған көбінесе химиялы заттарды қосады. Мәселен, аллюмин үгіндісін сутегіне қосса, одан көбірек алынады. Мұны газды бетон деп атайды. Мәселен: көбікті бетон — сабынның көбігіне ұқсатып жасайды, бірақ көбірек шыдамды қылып, оған шапшаң ұстасатын цементтің кейбір түрлерін араластырады, көбік өзінің сауытшаларын жоғалтқанша қатсын деп. Екінші топқа бетон, яки бетонға ұқсасты топтар қосылады, олардың кеуекті болмағы, талданып өсетін заттардың қоспасына байланысты. Мәселен, ағаштың жаңқасы шымтезек, кендір, тағы сондай әр түрлі өсімдіктерді аршығандағы талдары, тоқыма жұмысына жұмсалатын заттар, тағы сондайлар. Цемент жасайтын заттар әр алуан болады: мысалы, кесли бетон ішінде — портлант-цемент, певирелттің ішінде кеслилит, магнез цементтің ішінде извес пен гипстің қоспасы тағы сондайлар. Бұл заттардың бәрі де дәл мағыналы бетон болмайды, жылуды қоршау жолына ғана жұмсалады. Механиканың шартына олардың қарсылығы оншалық зор емес.

V. Металдар

1. Темірді алу мен болат

Барлық металдың ішінде жасау жолына көп қолайлысы темір, ол болат күйінде, я шойын күйіңде қара метал деп аталады. Оның түсті металдан көп айырмасы бар. Темір — темір кенінен алынады, азды-көпті темірге минерал қосылатын күйінде ол қуыс тұқым деп аталған. Кенді көмірмен бірге қайнататын пешке салғанда қуыс тұқым ериді (еруін оңайлату үшін оған ерітпе дегенді қосады), шлак сықылданады, ал, темір өзінің көмірге біріккенін жаңғыртып, бөлшектеліп, оған қосылып, көмір заты темір түсіне түседі, шойынға ұқсап пештің астыңғы ретіне ағады (шлак, отқа шыдамды балшықтың үгіндісі). Таза темір 1500° шамасында ағады, ол піскіш, созылмалы және жұмсақ келеді; оның үстіне ішіне көмір де темірдің қоспасын көп жияды. Сондықтан, оны солғын қыздырса балқиды — 1130 — 1200°-ке шейін қыздырса қатайып, сынғақ келеді. Шойынның осындайлығынан оны жасау ісінің көп түрлеріне жаратпайды, бірақ шойынды да темірге айналдырып алуға болады. Бұрынғы заманда пештің ішінен соншалық күшті қызу шығарып, пайдалана білмеген кезде шойынды темірге айналдыру (немесе болат қылу) қиын еді. Қызудың белгілі нүктесі, шойын ағызудан жоғары, темір ағызатын нүктеден төмен болған еді. Сондықтан, темір сұйық болса ақпай, бұлтқа ұқсаған зат болып жұмсақ қамыр күйінде алынған. Оны соғумен, пісірумен қатайтқан осындай темірді (яки болатты) пісірген деп атаған. Кейін өндіру ісі кемелге келген заманда, темірді шойыннан ағызған жолмен айыратын болды. Оны құйған темір деп атады. Шойынды темірге айналдыру анығында мынадан: шойынның ішіндегі көмір заттың қалғанын шығарады. Қашан көмір заттың қалғаны болымсыздыққа айналып (2 % кем) метан соққанға да, қайнатқанға да көнетін болып, сынғыштығын жоғалтады; ондай металды ғұрыпта болат дейді. Болат ташойын секілді, шұғыл суытқанда, мәселен, қызыл күйінде суық суға салса, өте шынығып қатаяды. Бірте-бірте ақырындап суытса, болат ондайлық қатты болмайды. Шойыннан істелген темірдің ішінде неғұрлым көмір заты аз қалса, соншалық жұмсақ болып, соққанға да, қайнатқанға да көнгіш болады, қатайғыш мінезі де аз байқалады. Металдан көмір затты қалдырмай алу қиынырақ; сондықтан, химиялы таза темір техника жолында тіпті жолықпайды. Біздің жалпы ғұрыпта жұмсақ темір деп жүрген теміріміздің ішінде 0,2 % көмір заты болады. Шойынды болатқа я темірге айналдыру Бессемер жолымен болады10, еріген шойыннан жел соққызып өткізу бөлекше аппараттың, ішінде мәселен, конвертер немесе Мартен жолымен жүргізіледі. Оны регенерат деп атайды. Шойынды регенераттың ішінде қыздырады. Өте күшті қызу беретін пешке, қайнаған шойынды қоспасымен бірге не кенмен немесе солардың қалғанымен (кесінділер тағы сондайлар) темірмен бірге салады. Бұл екі қолайдан қорытылып алынған болат өрнекке (қалыпқа) құйылады да, құйма сықылданады, немесе сом түрде болады, оларды әр алуан мөлшерлі сызықтағы оқтаулардың арасына салып домалатады, сондықтан әр түрлі қырларға лайықты болатсыздық алынады. Бұл — оқтауланған темір (немесе болат) сол күйінде пайдалану жолына кіреді. Көмір затынан басқа металдың техникалық қасиетіне әсер қылатын, металдың ішінде басқа да қоспалар болуы мүмкін, мәселен, болымсыз күкірттің өзі (2,02 %). Темірді қызыл күйінде соққан да сынғақ қылады. Мұндай темірді қызыл күйінде соғуға болмайды. Фосфор, не сол тәрізді аз (0,1—0,2 %) болатты суыған да сынғақ қылады. Шойынды, не темірді болатқа айналдырғанда, бұл қоспаларды жоюға извес қосады; извес мұндай қоспалардың боқтық болып шықпағына себеп болады. Болат қылып қойғанда, оның ішіндегі күкірттің залалды әсерін жою үшін марганец қосылады. Ең ақыры сайман жасайтын болатқа да азырақ металдар қосылады, мәселен вольпрам, никель, хром сияқты тағы басқалар. Бұлар болатқа көп бағалы қасиет береді. Қысқаша қара металдың жасалыс ретімен танысқаннан кейін, енді оның әр түріне көшеміз, өйткені, жасау жолында ол көбірек қолданылатын болғандықтан, оны білу әркімге керек.

2. Шойын

Өртейтін пештің ішінде жасалып шығатын шойынның көбі — қайта жасалған шойын деп аталады. Себебі, ол қайтадан темір, я болат болып шығуға арналған. Құйма деп аталған шойын болатқа айналдырылмастан, құйма істеріне жұмсалады, жалпы құйма шойын қайнататын пештің ішінен шыққанда жұмыр, яки сопақ пішінге салып қойылады — үш қырлы қайрақ іспетті екі қабырғасы жұмыр келеді. Жұмырлап ағызған шойынды кейін вагранкеге салып қайта қайнатылады да, қолайлы өрнекке құйылады. Осы ретті жасау жолына жұмсау мақсатымен, шойынды су жүргізетін мұржаларға, тірбектерге, ас үйдің жуғыштарына, тағы сондайларға жұмсайды. Жаңа пештің әр алуан саймандары — қазандар, тағы сондайларға даярлайды. Шойын қылып құюға сұр шойын да жүреді, бұлайша аталмағының мәнісі, өрнекке құйғаннан кейін қатқанда бойындағы көмір затының қалғандары өзінен-өзі бөлінеді де, майда түйіршікке ұқсайды, графит сықылды дәл металдың ұрықтарының түріне айналады. Бұл өзінің бойындағы соңғы көмір затын шығарғандықтан, жасалысы темірге ұқсасып кетеді, яғни оншалық сынғақ болмай жұмсарады. Графитін шығармай, қайта істелген ақ шойынның, жақсы құйылған сұр шойынның сынығы (жоғарыда айтылған графиттің бөлшегі) майда ұрықты болады. Сұр шойынның қысуға шыдамдылығы 75 кг шамасында, не шаршы сантиметрде, үзуге 6 еседен кемірек, сондықтан, шойын от қызуына шыдамды болғандықтан, оны үзетін, я майыстыратын, ұрып жаратын іске ұшырарлық бөлімге жұмсамайды, сұр шойынның ауырлық салмағы 7,2-нің шамасында. Қайта істелген ақ шойын соншалық қатты, оны тістеуікпен, қысқымен іске көндіруге тіпті болмайды, оның үстіне өзі сынғақ, сондықтан оны құйма ісіне қолданбайды, сұр шойыннан арзан болғандықтан, әмсе, болатты я темірді өзгертетін іске жұмсалады; оның ауырлық салмағы 7,5-ке жақын. Шойын құймасының сынығын қайтадан қайнатып, жаңадан іске жүргізуге болады; осы ретпен қайта-қайта қайнатқан шойын, бойындағы сұр шойынға жасалысын кемітіп, ақ шойынға айналып кетеді. Осындай реттен қайта қайнатарда шойынға қошқылт сұр, сом графиттен азырақ қосады. Әрі-сәрі деп атайтын шойын қайнатып қойғаннан кейін мысқалдап, ақырын қатқаны сұр шойын болады да, шұғыл, жылдам қатқаны ақ шойын болады. Оларды бөлшек оқтаулар істеуге жұмсайды, ол әмсе, сынғақ болмайды, сыртқы бетін қатты болып тұратын істерге көп жұмсайды.

3. Болат пен темірлер

Біз жоғарыда соғуға, пісіруге көнгіш жұмсақ болатты "темір" дейді деп айтқанбыз. Аз да болса ішінде көмір заты болғандықтан, анығында сатылатын темірдің бәрі болат. Ұстаның бейнетін азайтпаққа көбінесе темір, болат жасау ретіне дайындалған күйінде сатылады (сом темір), көбінесе қолайлы, өрнекке түсірген күйде. Болаттың қасиетіне келгенде, оны әр алуан сортқа бөліп дайындаса, соның бәрі сыннан өтіп тағайындалады. Сынағанда өзгеден бұрын оның үзгенде қандайлық қарсы қайратының барлығын айырып, үзгендегі созылымдығы қандай, соны ашады. Созылмалы жұмсақ сорты, үзілместен бұрын сағыздалып созылады. Қаттырақ болат үзілмеке көп күш тілейді де, үзгенде аз созылады. Мысалы, былай: № 1 жұмсақ болат (жол камесеретінің техника шарттарында) 33—40 кг-да шаршы мм күштегенде үзіледі, үзілердің алдында 28 %-ке шейін алғашқы ұзындығынан созылып ұзарады. № 7 қатты болат, рессорға жұмсалады, ол 1 шаршы мм. 70-85 кг күштегенде үзіледі, бірақ 8 % қана ұзарады. Жасау жұмысына, көбінесе № 2 болат көп жұмсалады. № 4 болаттың үзілуге қарсы қайраты 35-тен 50 кг шейін 1 шаршы мм-де үзілердегі ұзарысы 26-дан 20 % шейін. Механика жолында қарсы күшін сынағаннан басқа болат пен темірді иіп, қайыстырып көріп, суарып көріп сынайды. Мұндай сынды технологиялық сын деп атайды. Бұл сындардың мәнісі сол заттардың сорты қанша жарамды екенін анық айырып беру.

4. Темір мен болатты сомдау (оқтаулау)

1926 жылдан бергі темір мен болатты сомдаудың жаңа сорттары. Дөңгелек темір арықтардың цилиндрі іспетті, қалыңдығы 8-ден 150 мм-ге шейін, өте жұмсағырақ сорты, бүркеншікке, ирек салуға жұмсалады. Үзуге қарсы қатты қайрат қылатын сорты темірбетон жасау саймандарына, тағы сондайларға жұмсалады. Шаршы (төрт қырлы) темірлер тақта күйінде, немесе төрт қырлы шаршы кесілген 81-ден 60 мм-ге шейін жуандығы, темір ұсталарының бекітетін, ұстататын керегіне әр алуан шегелер жасауға, тағы сондайларға жұмсалады. Жұмыр сымдар орауға (жуандығы 5-тен 14 мм-ге шейін), кей төрт қырлы (жуандығы 6-дан 10 мм-ге шейін) өте жіңішке сорты сымға тарту ретімен істеледі. Сымды сым тартатын тақта тесігінен өткізіп тартады. Шендік темір — тақтасының жалпақтығы 40-тан 65 мм-ге шейін, қалыңдығы 5-тен 10 мм-ге шейін болады. Шеңбер құрсау темірлері — жұқа тақталанған темір құрсаудың қалыңдығы 3,5 мм-ден кемірек, жалпақтығы 12-ден 100 мм-ге дейін. Тақталы темір тақтасының жалпақтығы 12-ден 200 мм-ге шейін, қалыңдығы жалпақтығының жартысынан артық болмайды. Бұрышты темір — көлденең кескенде түзу бұрышты болады, жан-жағының қабырғалары бірдей яки тең қабырғалы емес темірлер. Тақта қабырғасының жалпақтығы 20-дан 150 мм-ге шейін, жуандығы 3-тен 18 мм-ге дейін болады және ол нөміріне қарай айтылады. Нөмірдің цифры сантиметр ретімен тақта темірінің жалпақтығын көрсетеді. Қабырғалары тең емес темірдің нөмірі жарнақ ретімен қойылады, мәселен, санама жарнақ үскі жамақтарымен темір тақтасының не ана, не мына қабырғасына белгілі қос таңбамен қойылады. Темірді көлденеңінен кескенде "П" әрпіне ұқсайды, кесіндінің биіктігі 100-ден 450 мм-ге шейін көбінесе матшаға жұмсалады. Ойма, не сырық темірді көлденең кескенде "П" әрпіне ұқсайды, оның ең үлкен мөлшері 50-ден 300 мм-ге шейін. Бұл айтылған сортты темірлердің бәрі де, сортты темірлер деп аталады. Пасонды металдар деп неше түрлі қырланған темірлерді айтады. Мәселен, белгілі орынға арнап дайындалған: темір жолға бола, кемелерді жасауға бола, ауыл шаруашылығының машиналарына бола және жасау жолындағы керектерге бола. Бұл соңғы топтағы сорттардың ішінен бұл жерде құйма темір таңбалы болып, "Т" әрпі сықылды сызықталып, екі сортта биік және аласа келеді. Бағаналап, яки шаршылап істеген темір айналасының төрттен бірі сызықты екі басы тақталанған ол тіреу, матша бағаналарын жасауға жұмсалады. Жалпақ матша темірі, көз темір көпір жасау жұмысына қолданады. Цемент темір жарты дөңгелек темір. Терезе темірлері бірбеткей, не екі бетті металмен тыстаған терезенің шетіне ұстатады. Сопақ темір орау үшін тағы сондайларға керек. Бұл айтылғандардан басқа тағы да тұтас түп болып қосылатын сорттар бар, ол жалпы қара халықтың жасау ісіне қатынаспайды. Табақты темір әр алуан мөлшерде, келесі сорттарын айтарда өз реттері мен мөлшері де көрсетіледі: кең тақталы ұзын табақ, көлденеңі 200-ден 780 мм-ге шейін, қалыңдығы 4-тен 36 мм-ге шейін болады. Қалың табақты, көлденеңі 800 мм-ден артады, қалыңдығы 3,5 мм-ден қалыңырақ; ұзындығы 1,4-ден 7,5 метрге шейін, бұл екі сортта, істің іргелі ретін жабу (қоршау) ісіне жұмсалады, мәселен бу қазаны (қазан темірі), тағы сондайларға. Жұқа табақ темір — қалыңдығы 3,5 мм-ден кемірек көлденеңі 0,9—1,0 м ұзындығы 0,9—2,4 м (жарым қазандық). Жалпақ темір табағының мөлшері 710x1420 мм қалыңдығы жалпы ретте айтылмайды, салмағы табақтың салмағымен айырылады (6-дан 3,25 кг шейін) өзі топтап сатылады, бір тобы 80 кг болады, әр бір тобында 12—25 табақтан болады. Салмағына қарай, яғни, табақтың қалыңдығына қарай қарасы болады (ыстық күйінде оқтаулағанда, бетіне түскен таңбасымақтан басқа түк жалатпаған), оны тоттау үшін бетіне қалайы, не қорғасын жалатады. Темір — қалыңдығы 0,23—0,36 мм болса, жұқа қаңылтыр болады, қалайланған болса, ақ қаңылтыр деп аталады. Бұл арнаулы жұқа қаңылтырлардан сортқа кіретіндері: кереге көзді бірінен бірі кесіп өткен таңбалы сызықты үстіңгі бетін тайғақ қылмас үшін бұларды, көбінесе, еденге, басқыштарға төсеуге, тағы сондайларға жұмсайды, жабу жұмысына қолданатын толқынды я иректелген таңба салған түрлісі де болады. Бұл айтылып өткен құйма темірлердің сорттарынан басқа, жасау ісіне қолданылатын неше алуан ұсақ темірлердің де көп сорттары бар, ірірек темірден балғамен соғып, яки алдын ала дайындап қойған. Мысалы: бенттер, жапсырмалар, шегелер, балдақтар, қыспалар, тағы сондайлар.

5. Түсті металдар

Бұның ішінде жасау жұмысына жұмсалатыны мыналар:

Табақ қылып жайған қорғасын — жуынатын үй ішіне, моншаның еденіне жайып, су құятын ағаш күбі, шелектерді жалатуға, тағы сондайларға ұстайды. Үйдегі су жүргізетін мұржа ретінде жұмсайды. Қорғасын қолға оңай майысады, қышқылтым затқа оңай көнбейді, бірақ, известің езіндісі тисе оңай бұзылады.

Мырыш — табақша күйінде немесе құйма күйінде ұсталады, бірақ қорғасыннан сирек жұмсалады. Оны ауада жұқа түрде тот басады, алайда оған бұзылмайды. О да темірше (темір сияқты деген мағынада) сыртына түскен тот ішіне жылдам кіре бастайды.

Қалайы — өзінің шапшаң ерігіштігінен ұстату ісіне дәнекер сықылды істерге жұмсалады; 2/3 қалайы мен 1/3 қорғасынды қосқан ерітпе третник деп аталады. 180°-те ериді. Ауада қалғанымен қалайыны тот баспайды.

Мыс — таза түрінде (қызыл мыс) ең еуелі электр техникасына жұмсалады; жасау жолында сирек жұмсалады, мысалы, шатырға, жамылшыға, кейін алтындарды елеген істерде — мысты көбінесе, жер күйінде біз көп іске жаратамыз (таза жер), яғни, мырышқа қосып қайнатқан жердің табағын пештердің алдындағы еденге шегелейді, не есік тұтқаларын істейді, құлыптың қармақшаларын, пеш қақпақтарын, есіктің, терезенің, пеш саймандарының сыртқы істеріне көп жұмсайды.

VІ. Әр алуан құрал-жабдықтар

1. Пиала

Әр алуан жасау істеріне жұмсалатын пиалалар табақ күйінде де болады, (мәселен, терезеге). Терезеге деп жасалған пиала табағы жақсы, тегіс, түзу болуға керек. Көбік қалмаған, не шала қайнаған, тағы-тағы сондай кемшіліктері болмауы тиіс. Алмаспен кескенде үгіліп кетпеуі тиіс: тұзды қышқылттың буынан бетіне белгі (кемпір қосақ), түс түспесін. Қалыңдығы, әмсе (1,75—2 мм) екі қабат (2,5—4 мм), үш қабатты (4,75—5 мм), өзі жәшікте сатылады, бір жәшіктен 20 фунт, фунтта бір табақтан 20 табаққа шейін пиала болады (кейде онан да артық), ол табақтың мөлшеріне қарай. Терезелік пиаланы үріп жасайды да, айналықты құйып, артынан ыспалап өңдейді. Пиала жасайтын езіндіні көбінесе ақтас құмнан (немесе тартылған ақ тастан), ұсақ тас не извес қосып, тағы да әp түрлі қоспалар қосып, қайнатады. Бұл аталған қоспалар пиала қайнататын пеште бәрі бір зат болып бірігіп, мөлдір топ болып, байланысқанша қайнатылады. Түсті пиала жасар, бұл қайнатқан топқа әр түрлі металдардың тотын қосады, мысалы, қаракөк қылмаққа — ковальт тотын, жасыл түске салуға — хром тотын қосады, тағы осыған ұқсастар. Қорғасынның тоты пиалада түс бермейді, бірақ өте оңай еритін қылып, шөжегей бұршақты мөлдір қылады. Егер пиала жарықты өткізсе де, аржағындағы затты көрсетпейтін қыламын десе де, оның сыртқы бетіне пылавик буын жүргізу керек, ол пиаланы жейді, немесе бір сайман арқылы бетіне майда құм себеді, бұл екі түрлі жасау ретіне де күңгірт пиала болып шығады. Оны ыстық күйінде бетіне басқан ұсақ сызықтармен таптайды. Бұл айтылғандардан басқа, жасау жолына неше алуан пиалалар жұмсалады. Мысалы, қуысты пиала (үріп қойған), пиала кірпіш, шалыс сызықты пиала үйдің астындағы қуысқа жарық түсірмеке, есіктің тұтқасына түйме баспа, терезенің шпенгелеттеріне (терезенің ұзын бойына отырғызады, қолмен қозғап, керекке қолайлап тұрады).

2. Желім

Ағаш шеберлері мен бояушыларға қол желімді теріні жасайтын орындағы терілердің қалған қиқымдарын қайнатып жасайды, сарғыш-күрең түсті болып сатылады; суық суға ерімейді, азырақ қана ісінеді, ішіндегі шырыш қыздырғанда сұйылады, кепкенде қатады. Желімді қолдану жолы жалпы халыққа мәлім іс болғандықтан, бұл жерде жазбақты қажет деп санамай, тоқтатамын.

3. Олиф (кендір майы)

Кендір майы. Олиф — өсімдіктен қайнатқан, көбінесе, кендірдің майынан қайнатқанда, суи келе бетіне тері іспетті зат бітеді де, берік болып ұстап, өзі мен боялған затқа дым кіргізбейді. Бірақ бұлайша болуы жай кебу жолымен емес, олифтың ауадан қышқыл затты жұтуымен болады, басқаша айтқанда, оны ашытумен. Бұл ағымды жылдамдатпаққа, олифты қайнатқанда әр түрлі кебір зат қосады, қышқылы көп зат, көбінесе, қорғасынға глет немесе зелбергилет қосады. Қайнатқаннан кейін майды жайына құяды және бұрынғы жиналған тұнбаны қосады, оның үстіне кейде қайнаған кезде пайда болған қошқыл түсті жойып, ағартады — көп уақыт жарыққа қоюмен немесе химия жолымен.

Кендірдің майы қайнағаннан көрі шикі күйінде көп жай кебеді. Олиф майының жақсысы мөлдір болады, сауыттан дәлді бір қалыпта ағып (жұқа жайылып), 8—12 сағаттың шамасында кебеді, қолға жабыспайтын болып, берік байланады. Егерде қайнаған кезінде кебір затты керегінен көрі көбірек салса, олиф тез қатқыш болады да, байланған қабығы сынғақ, берік емес, жарылғыш болады. Олифты арзандату үшін, көбінесе, басқа майлар араластырады. Мысалы шайыр майы (сулама майы) минералды (сортаңды), немесе борбан. Бұл айтылған заттардың бәрі де олифтың қасиетіне үлкен залал келтіреді. Олифты әр түрлі бояулар қосып, бояу ісіне жұмсағаннан басқа, кейде ешбір бояу қоспай, таза күйінде арзан лактың орнына ағашты қаптауға жұмсайды; олифты линолиум жасау жолына да қолданады, өнер жолымен жасайтын тері және басқа әр алуан істерге де ұстайды.

4. Лак

Лак — әр түрлі спирттен жасаған смаланың ертіндісі (сулама). Скеметар немесе олифпен скеметарды қосып, еріткен Лак болады (майлы лак). Спиртті лакгер, шеллак ертіндісі сықылды басқа бояуларды қосып, спиртпен ерітіледі (қызыл, сары және басқа лактер). Оны ағаш шеберлері үй ісінің саймандарына, тағы сондайларға жұмсайды, бірақ сыртқы істерге жұмсамайды, онда дымнан бұзылады.

Скеметар лагы, әмсе, сурет жасау ісіне ғана арнап жұмсалады. Майлы лактер — азды-көпті шыдамдырақ, әр алуан қасиеті болады. Ең мықтысы, оның үстіне ең қымбаты пәуеске мен автомобильдердің темірлері мен ағаштарын бояуға жұмсалады (арба лагы), шығар ауыз есіктің сыртын бояйды, тағы сондайларды. Арзанырағын еден бояуға жұмсайды (еден лагы), одан арзанын әр түрлі бояқтарға жұмсайды.

5. Бояулар.

Жасау жолында, көбінесе, минералды бояу жұмсалады; өсімдіктерден, хайуандар шіріндісінен жасалатын бояулар, әмсе, осалдау болады және өңі де оңай кеткіш. Бояудың көбі сату жолына ұнтақталған күйінде кіреді, іске жұмсарда біртүрлі сұйық заттарды қосады, кепкенде бояумен бірге боялған нәрсеге қосыла қатады. Стенаның сыртын, ғимараттың көрнекті бетін боярда, тағы сондайларды бояуға сұйық зат есебінде извес сүті қосылады (известі бояулар). Қабырғаның ішкі жағын боярда, үйдің төбесін ағартқан тағы сол сықылды орындарға, сұйық қылып езілген бояу желімін құяды (желімді бояу), ағаштарды, металдарды боярда көбінесе олиф жұмсалады (майлы бояу). Бұл аталғандардан бөлек басқа ретпен жасалған бояулар бар. Мысалы, фукс шыныдан, сүттен, сары судан, тағы сондайлардан. Бұлардың ішінде цемент сүті (суы) өте сұйық қылып еріткен портлант-цемент темірге жақсы, берік бояу болады. Известі бояудың ішінде мыналарды қарастырып алуға жөн болады: белгілі известегі қуыратын қышқыл заты аз болсын, мысалы, извес сүтінің ерітпесін Берлиннің базальтына қосуға болмайды. Извес сүті өзге бояуларға қосылмастан, жеке өзі қабырғалардың сыртын, ғимараттардың көрнекті беттеу, бояуға жарайды және үйдің ішін, төбесін ағартуға жұмсалады, әсіресе, желімді бояулар еріп кететін дымды үйлер, кір жуатын үйлер секілді. Ауада тұрып кеберде извес сүті, ауадағы көмір қышқылын жұтатыны бізге мәлім, көмір қышқылтымы извес болады да, өзімен бояған штукатурмен де қатты ұстасады, егерде қосылған болса, ішіндегі бояумен қатты ұстасады. Желім бояуды ағарту ісіне жұмсарда, оған көбінесе өте майда ұнталған бор қосады (балқыма бор деп атанған). Ашық түсті бояудың өзі де ашық түс бере алады; бояуға қолайсыз үйді қоспалап ағартады, яғни желімді бояудың ерітпесіне бордың бұрынғы қосылған шамасына аз да болса, тағы бор қосыңырайды. Майлы бояуға бор қосса, ағарту ісін атқара алмайды, себебі, бордың түйіншектері майды жұтады да, сарғыш тартып кетеді. Сондықтан майлы бояудың ашық түсін ағартпаққа ақтың әр алуан сорттарын қосады. Мәселен, қорғасын, мырыш тағы басқа түстер (металды қорғасындар). Мұның ішінде жасыру (бетін басу) ретінен артығы қорғасынды ағартпа, бірақ оның кемшілігі бар. Адам тұратын үйде ауадан, әсіресе, қараңғы жерде уақыт өте келе сарғаяды; металды ағартпаса, бұл кемшілік болмайды, бірақ оншалық жасырғыш емес, яғни өте мөлдір. Сондықтан, металды ағартпамен бірнеше рет боямаса, боялған заттың табиғи түсін жасыра алмайды. Бұл аталғаннан басқа барит ақ бояуы қолданылады (кейде оны вланпик деп атайды). Сатылатын ағартпаларды арзандатпау үшін қоспа болады. Бұл қоспаның өзінен залал келмейді, сөйтсе де ағартпаның бүркеу қолайын нашарлатады. Сары бояулардың ішінде, көбінесе, жосаның әр түрлісімен пайдаланады, бұл ішінде азды-көпті темір таты араласқан балшық, жосаны қайнатқанда, оған аздап күрең қошқыл табиғи сары түс беруге мүмкін. Жосаның әр түстісі болады, мәселен, қызыл сары, күрең сары, қызыл күрең, тарғыл күрең, тағы басқа түрі. Олардың бәрі де арзан, аса шыдамды болмаса да, ашық сары түске айналдыру үшін әр алуаны қосылады. Қорғасынды, металды, известі, тағы басқа негізгі заттың қосындысын, құрам мөлшерімен өлшейді. Қызыл не күрең бояулардың ішінде көбірек қолданылатыны сурих (темір топырақ) пен мумио (қолайлы топырақ). Мумио күйген жосаға ұқсас, көп темір затын сақтаған, басқа балшық заты бояулар секілді арзан, бірақ шыдамы аз. Темір топырақтың табиғыи да, өнер жолымен жасалғаны да болады; алғашқысы темірдің кенін өртеген ретпен табылады да, аса берік бояу болады, әсіресе темір бояуға қолайлы. Мысалы, шатырларға, көпір фермаларына, тағы сондайларға. Өнер жолымен жасалған темірлі сурик ішінде темірі көп зауыттағы боқтықтарды қайнатып, күкіртті қышқылмен минерал аларда алынады. Мұндай бояудың ішінде аз да болса күкірт қышқылы болса, ондай бояу темірді таттан қорғамақ түгіл, тез бұзылмағына себепші болады; сондықтан, сурикті аларда қатты-қатты сақтану керек, бағалы іске жұмсарлық болғанда химия сынынан өткізіп алмақ аса қажет. Қорғасынды сурик, ашық сары, қызыл түсті темір, ағаш сықылды заттарды бояуға жұмсалады, көбінесе суға деп арналған. Барша қорғасын затты бояулар сурик бір ғана өзінің түсті бояу болғанынан басқа химия жолымен олифқа қосылады, сондықтан ең берік бояудың бірі саналады. Ерекше, сырлы суреттің қызыл бояу керек болған жеріне үй жайына тағы сондайларға, кино бар — бояуы жұмсалады (күкіртті сынап) бұл қымбат бояу. Қаракөк бояулардың ішінде, көбінесе, қолданатыны ультрмарин, оны балшық пен тұз, күкірт, көмір қосып қазандыққа салып, бүркеп, қыздырып қайнатады. Бұл өте берік бояу, бірақ оған ішінде қорғасын, металл заты бар бояуларды қосуға болмайды, ондай бояулардың қосылғандығынан заман кеше келе күңгірт тартып, кірлі түске айналып кетеді. Оның бер жағында еске салатын бір жері боялған цементті төсекшелер, черепицелер тағы сондай заттар ультрмаринмен — бірінші бояу кейін цементке қосылады да, оның беріктігін бұзбақ түгіл, оны асырады.

Бұдан басқа қаракөк бояулар: кобальт, смала, голубес, Берлин базальты — бұлардың бәрі де сирек жұмсалады.

Жасыл бояулар, көбінесе, мыс қосылған болады; бұлардың ішінде жасау жұмысына көп қолданатыны мыссымақ дегені (сіркелі қышқыл мыс), кейде қорғасынды ағартпаны қосып, ақ бояу қылады, онымен темір шатырларды бояйды, берік бояу. Мысты бояулардың бәрі де азды-көпті улы болады, онымен сақтанып іс қылу керек. Қара бояулар, суламалы қара бояудың әр алуаны көп қолданылады (күйе), оны пештерге жағуға, пеш саймандарына, жалпы өте қызатын заттарға, майлы бояулар жанатын орындарға графит жұмсалады.

6. Смала

Смала құрғақ қайнату жолымен алынады, яғни ағашты ауа кіргізбей қайнатқанда, тас көмірден қорытқыны айырғанда алынады. Әмсе, осындай істің ағымында бірталай жанатын газдар алынады (жарық газ), су және смала шығады. Смаланы ішіндегі судан айыру үшін оны тағы да қайнатады, егерде смаланы өте қайнатса — күйеді де сынғақ болады, дәл қайнатып, қайта қыздырғанда жұмсалады, онда күйдіргенге ұқсайды (смаланың қаттысы), бірақ өте сынғақ келеді. Майлы ағаштан я тас көмірден алған смала болсын, ағаштан жасалған істің жерге кіретін жерін смаламен майлайды — төменгі орнынан шығарған мұржа, пароход сықылдылардың айналмалы күректері, ағаштан жасалған заттардың үстелдеуі, тағы солар іспетті заттарды майлайды. Соңғы шет патшалықтарда тас көмірден алынған қатты смаланы көшеге, тас жаю жұмыстарына қолданады.

7. Майлау

Майлау — жарық жерлерді майлайтын зат, яки тесік жерлерді бекітпекке, тағы сондай орындарға жұмсалады, майлаудың әр алуаны бар, біз бұл жерде көбінесе, қолданып жүргені туралы ғана жазып кетеміз. Майлауды тегістеуге, ол түскен орынды толтыруға, ағаштың ішіндегі ойылған жерге, үйдің сылағындағы тегіс емес жерлеріне, тағы сондай орындарға жағады. Оларды боярдан бұрын жұмсалатын затты қалақша-шпатель деп атайды (неміс тілінен алынған шпатель-қалақша, сонымен, осы затты орынында майлайды). Үйдің ішін шпательдеуге, шпательге ағаш шеберлері бор мен желім қосады, азырақ қосады. Сыртқы істерге шпатель мен олифты ғана қосады, желімсіз. Майлы лакпен борды қосқанда аса мықты, берік шпатель болады. Егер керек болса, шпательге керекті бояу қосады. Терезенің майлауы — қысқа қарсы терезені майлайды. Ол үсіп борға, не кебір, не шикі немесе еріген май қосып жасайды, себебі, жаз шыққанда терезенің майлау желімі, оның кергіш ағашын босатпай қатып қалмасын дегендік. Сурикті майлау — қорғасынды сурикті майға қою қылып араластырады, ол су жүргізетін жабдықтарға жұмсалады. Онымен темір мұржаларды қосқан жерлерді майлайды. Темірлі желімді темірдің егеліп түскен үгіндісіне сірке қосып шойын мұржалардың ұстасқан жерлерін жапсыруға жұмсайды. Пиаланың ерітпесімен қосып, яки цемент сорелияға қосып, не осындай әр түрлі қоспалармен көп желімдер жасайды. Майлау — желімнің көбі (терезеге бола кеппейтін сазғыр қылып жасалған желімнен басқа) дайындалған күйінде сатылмайды, жұмыстың үстінде ғана керегіне қарай жасап алады.

8. Қамау заттар

Бұлар ыстықтың өтуін кемітеді (жылылықты қамайды), немесе дымқылдықтың кіруін жоғалтады. Ауа, электр әсерін ажыратады (электр қамау) тағы сондайлар. Егерде өзімен бірге ала жүре алмайтын болса, бір жерде қамалып тұратын ауа жылылықты өткізу ретінде жаман затқа қосылады. Сондықтан, барлық кеуекті заттар тозаң заты, не ішіне ауа сақтағандықтан жылулық қамаушы ретінде ғана болады. Бұған мысалға, қуыс денелі кірпіштерді үгінді ағаш қосып істеген кірпіштерді, жылы бетондарды, тағы сондайларды көрсетуге болады. Жылуды жаман өткізетін заттарға қосылатындар: кендірдің соқтасы мен мүк, олар ағаштан салған үйлердің жігін тығындауға жұмсалады.

Сабан, қамыс, сояулар. Кейде төсемге қолайлап матырас тағы сондайларға жарату ретінде сабан қолданады. Жіңішке жіппен, я сыммен байлап, немесе гипстеп (бордан) жасалған төсекше, я тақтайша, не тағы сондайлар сықылды жылылықты кем жүргізбекке және жеңіл болмағы үшін өсімдіктердің сояуларын қосады. Ондай жасаған нәрселер, көбінесе, езіне ұйқаспайтын "сабандық", "қамысты", "термозит", тағы соған ұқсас аттармен аталады.

Киіз — жүннен істеледі, жарау ісіне дейім сиыр жүнінен киіз қолданылады. Жасау жұмысына (үй салу ісіне) көбінесе арзан сорттысы жұмсалады. Оны жасау киізі дейді. Ол қабырғаны қаптауға, есікті қаптауға, матшаның сыртқа шыққан ұшын орауға, пештің бөлмелеріне және тағы сондай орындарға жұмсалады.

Инпузор — топырақ, қызу бөлетін ретке жұмсалады, я сепкен тұз іспетті, яки иленбелі заттарды қосып, сылау ретіне жасайды. Мысалы, бу жүргізетін мұржаларды сылайды, тағы сондайларға.

Картон (бұрынғы кезде Шведтікі деп аталған) ағаш затынан жасалады, жақсы сортына жүннің ішіндегі қылынан азырақ қосып істейді. Домалатып бүктеген күйінде сатылады (бұрынғы ретте бір табағының ұзындығы 7 кез, көлденеңі 1 кез болушы еді).

Азвест — талданған минерал; өзгеден гөрі Оралдан табылған отқа күймейді, сондықтан, үгілмелі күйінде, талданған күйінде, ұнтақ күйінде іске жүргізеді, табақ күйінде, иірген және соларға ұқсасты күйінде жұмсалады. Жылу бөлетін реттің барлық себептерінде, аса қызулы кезде керек; баршаға мәлім азвест шырағы кәресінді (кухон) зауыты және тағы сондайлар.

Соңғы кезде азвест жасау жолында жаңа қолайға кірді. Дәл болашақ портлант-цеметтің сұйық қылып еріткен қамырына қосылады. Бұл қоспа соңғыға қатқан соң недәуір серпінділік береді және майыстырғанда қарсы күш те береді, портлант-цемент жалпы тастан жасалған заттар ретінде қолайына келмейтін. Бұл қоспа аппараттың болыстығымен жұқа, аса мықты және берік картон табағын жасауға да болады. Оны қолдан жасайтын шифер, етернит, не болмаса азвест цемент деп аталған. Ол кедергілер жасауға, не черепице сықылды шатырларға, тағы сондайларға қолайлы.

Тығын. Үгіндіге ұқсас немесе тақтай төсекше іспетті. Ол тығынды әр түрлі заттан қысып, цемент қосып, не сорелие цементті извест, тас көмір, не смоламен шынықтырады. Өзінің жеңілдігімен тығын төсекше жамылшыны жылытуға, қабырғаны қаптауға, тағы сондайларға жұмсалады. Жылу бөлетін реттегі барша кеуекті заттар, табиғи ретінде су жұтқыш болады, су жұтқаннан кейін жылу өткізгіш те болады, сондықтан, бұлардың бәрі де жұмсау жолында дымнан құрғалған болуға тиіс.

Асфальт. Дымды болу жолында, әмсе, смола затты құралдар қолданылады, ең артығы асфальт, яки асфальтты қатқан смола. Ол қат-қат түрде яки сыланған түрде жұмсалады. Картонның жамылыш табағын тас көмірмен суарады, кейде асфальтты қатқан смоламен шынықтырады; табақ рулонның ішінде жабыспасқа бола құм себеді. Ол жабу жолына жұмсалады, матша мен шатырдың екі арасын сыларда, кейде ағаш қабырғаның сыртына шегелейді, тағы сондайларға.

Рубероид. Киіздің, яки картонның табағы, ішінде жүннің қылшығы көп қосылған смоламен суарылған. Екінші рет қабаттың арасына төсегенде асфальт линолиуммен сыртын қаптаған. Оның үстіне ұнтақпен бұйралап, сеуіп қояды. Бұл рубероид майысқақ, жалпы жаппа заттардан берік, дым өткізбейді. Сондықтан, ең артық жамылыш болып саналады. Бірақ қымбат зат.

Линолеум. Ол су шөбінен тоқылған қабатына майда ұнтақты тығын салынған табақ. Ол өнер жолымен жасалған, алып қосылған копа лагымен бояған, кейде берік бояумен түр салып, жазып қойған. Онымен ағаш едендерді желімдейді, тас басқыштарға, не едендерге, тағы сондай жерлерге жұмсайды. Олар жылытпақ үшін, не жууды оңайлатпақ үшін және тазалық үшін істелген. Ол аяқтың басып тоздырғанына да аса шыдамды.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙