Мазмұнға өту
Home

Ядролық зұлмат

Еркін Байғабылұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ядролық зұлмат

Авторы: Еркін Байғабылұлы

УДК 070 ББК 76.02 Б 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Еркін Байғабылұлы Ядролық зұлмат / Еркін Байғабылұлы – Алматы: «Қазы ғұрт» баспасы, 2012. – 304 бет.

ISBN 978-9965-22-406 Белгілі журналист Еркін Байғабылұлының бұл кітабында ел өміріндегі саяси-экономикалық, мəдени-əлеуметтік өзгерістерге əлем елдері тəжірибесімен салыстыра отырып, сараптама жасалады. Автор ядролық зұлмат қарудан өз еркімен бас тартқан мемлекетіміздің ғаламдық бастамалары мен бүкіл əлемді алаңдатқан ядролық қауіпсіздік түйткілдеріне қатысты ой толғайды. Шетелдік іссапарлардан түйген пікір-ұсыныстарын ортаға салады. Журналистік қызметтің қыр-сырымен бөліседі. Кітап қалың көпшілікке арналған. © Байғабылұлы Е. , 2012 © «Қазығұрт» баспасы», 2012 ISBN 978-9965-22-406 Б 17 УДК 070 ББК 76.02

Анам Аймангүл Түктібайқызының рухына арнаймын. Автор

БІРІНШІ БЛІМ АТЫ БАРДА ЖЕЛІП ЖРІП, ЕЛ ТАНЫ Жолсапар очерктер АЛЫС ТА, ЖАҚЫН ЖАПОНИЯ Күн Шығыс еліне сапарымыз əлемге əйгілі Хиросима қаласынан басталды. Біздің облыс орталықтарымыз сияқты қала. Бірақ халықтың тұрмыс деңгейі салыстырмалы түрде алсақ, Алматы мен Астана қалалары тұрғындарымен деңгейлес көрінді. Жалпы жапондар тым үлкен сарайлар мен үйлер салуға тым құлықты болмай шықты. Бір жағынан жердің аздығы əсер еткен шығар. Екінші жағынан олардың өзіндік ерекшелігі ептілік пен жинақылықты құрмет тұтатыны тағы бар. Тіпті қонақ үйлерінің өзі шағын бөлмелерден тұрады. Бəрі бар, бірақ икемді пайдалана білуің керек. Əр қимылың ептілікті талап етеді. Шағын бөлменің ішінде əр қадамыңды есеппен, еппен баспасаң, жан-жағыңдағы заттарды іліп кетесің. Қонақ үйінің өзін ұлттық ерекшелікке бейімдеп жасап қойған, əйтпесе оларда жағдай жоқ емес қой. Жапондарды алғаш көргенде, иіліп ілтипат көрсететініне риза боласың. Бұл өзі тағы бір қырынан қарасаң, керемет денешынықтыру қимылы сияқты көрінеді екен. Иілген кезде қазақтың ұлық болсаң кішік бол деген мақалы бірден еске түсті. Өзіңде біраздан кейін біртіндеп иілген адамға иіліп ілтипат жасағың келе бастайды. Ақыры

мен өзім осы қимылды тез үйреніп алдым. Бір қызығы жапондар сен қанша иілсең, сонша рет иіліп тұра береді. Бірнеше рет бұл ишараттың қаншалықты ұзаққа жалғасатынын білу үшін қонақ үйде кездескен түрлі деңгейдегі адамдармен қайтақайта иіліп байқасып көрдім. Алайда, жапондар көп иілген сайын зор құрмет көрсетіп жатқандарын байқататын болып шықты. Бұл да ұлттың бойындағы үлкен мəдениетті, қанға, сүйекке сіңген тектілікті байқатса керек. Жапондардың тағы бір мен байқаған керемет қасиеттері, намысшылдығы жəне əділеттілікті сүйетіндіктері. Олар намысшылдықтарының арқасында күлге айналған Хиросима мен Нагасаки қалаларын қайтадан жаңаша тұрғызып, гүлденген жайнаған қалаларға айналдыра алды. Бұл елге атом бомбасының тасталуы жапон халқының намысын қозғады. Олар ғылымсыз, білімсіз, мықты экономикасыз, мол қаржы қаражатсыз мемлекетіңді, халқыңды ешкім мойындай қоймайтынын түйсініп, дереу белсенді де қарымды əрекетті таңдады. Сол жолға түсіп алып, еңбекқорлықпен қайрат-жігердің арқасында қиналса да бір адымдап алға жылжыды. Бұл қам-қарекет өз нəтижесін берді. Тəуекелге барып, өздерін бомбалаған бақуатты АҚШ сияқты елдерден инвестиция тартып, несиелер алып өндірісті жолға қойып, аяқтарынан тік тұрды. Жапон елі озық экономикалы елдердің алдыңғы қатарынан ойып орын алды. Əлем жапон ғажайыбын мойындады. Енді бұл халықтың əділеттілікті ту қылып ұстайтынына келсек. Жапондардың бұл қасиеті мемлекеттік билік құрылымының өзінен байқалады. Мəселен, мұндағы парламент екі палатадан тұрады, үкімет парламент сайлауында көп дауыс жинаған партияның депутаттарынан жасақталады. Егер үкімет бір жылдың ішінде халыққа уəде еткен міндеттемелерін орындамаған болса, отставкаға кетеді. Жұмыс істей алмағандар орындарын жаңа адамдарға береді. Сондықтан шенеуніктер халық, ел мүддесі үшін жанын салып қызмет етуге тырысады. Тағы бір əділеттіліктің белгісі, егер лауазымды үкімет мүшесі өз жұмысында қателік немесе кемшілік жіберсе, бірден өз өтінішімен қызметтен кетеді. Тіпті қымбат үй, қымбат көлігі бар шенеуніктер парламент депутаттары

алдында оны қандай табыстан тапқанын нақты дəйектермен дəлелдеп көрсете алмаса да лауазымымен қоштасады. Бұл дəйектердің барлығы ақпарат құралдары арқылы жарияланып отырады. Сондықтан бұл елде журналистердің беделі де зор. Олар əділеттікті іздеп кез келген мекемеден ақпарат ала алады. Бірақ ақпарат құралдарына талап та қатаң. Егер телеарна, радио, газет-журнал жалған ақпарат таратқан болса, сол ұжымның өнімін ешкім алмай қояды. Халық лезде жаппай теріс айналады. Бұл да əділеттіліктің төресі емес пе? Ел азаматтарының саяси сауатының жоғарылығының арқасында əділетті ақпарат тарататын мекемелердің беделі бұл елде қашанда биік. Жапониядағы газеттердің тиражы бір мен он миллион аралығында. Осыданақ ақпарат құралдарының абырой-беделін бағамдай беріңіз. Журналистерге деген құрметті бір жұманың ішінде біз де əжептəуір сезініп қалдық. Барған жеріңде барлығы жағдай жасап құрақ ұшып кетеді. Барлық ақпаратты алдыңа жайып салады. Бұл елде шынайы хабарлар жасап, ел құрметіне бөленген журналистердің үкімет мүшесі, парламент депутаты болуы да тез. Əріптестерімізге қатысты тағы бір есте қалған жағдай, сұхбат алып жатқан кезде олар тізерлеп отыра қалады екен. Қанша уақыт сөйлесе де тізерлеп отыра береді. Бұл елде тілшілердің əлеуметтік жағдайы да жақсы. Əйгілі ЭН-ЭЙЧКЭЙ телеарнасы журналистерінің айлығы он мың АҚШ долларынан асады. Біз Хиросима қаласындағы атом бомбасы жарылған жерді көзімізбен көрдік. Жапондар бұл зұлмат оқиғаның қасіретін сол замандағы қалпында қираған ғимараттар мен заттар арқылы жеткізе білген. Күйген, жараланған адамдарды бейне таспа, фото арқылы көз алдыңа əкеледі. Бомба түскен аумақты саябаққа айналдырып, оның ортасына аза тұту ескерткішін жасап, мəңгілік алау жағып қойған. Бақтың ортасында мұражай салынған. Одан бомба түскен сəттен бастап, оқиғаның қалай болғанын сезініп, атом қаруының тажал зұлмат екендігін ұғынып шығасыз. Мұнда кіріп шыққан кез келген адам ядролық қарудың адамзатқа əкелетін ауыр қасіретін түйсінеді. Бұл арада жапондардың тағы бір даналығын ұғындық. Бір

жағынан бұл орын АҚШ сияқты елдің сол кездегі өктемдігі мен қатыгез əрекетін əшкере етсе, екінші жағынан бүкіл адамзатқа бейбітшіліктен асқан тірліктің жоқ екенін ойға салып тұр. Қазақ халқы да ядролық қару сынағынан аз зардап шеккен жоқ. Семей полигонында жасалған бес жүзге жуық сынақ Хиросимаға түскен бомбаның екі мың бес жүзіне тең екен. Содан-ақ екеуінің айырмашылығын саралай беріңіз. Бірақ біз дəл жапондарша Семей полигонының қасіретін əлемге көрсете алып жүрміз бе? Курчатовтағы мұражай тым жұпыны. Сынақ алаңы өткен бір шахтадағы жарылыстың көрінісін дəл сол кездегідей көрсететіндей барлық технологияларды пайдаланып, жасап қойып, əлем назарына ұсынатын болсақ, дүниежүзінен оны көруге келетіндер табылатыны сөзсіз. Оны елімізге жаһандық ядролық қауіпсіздік мəселелеріне қатысты өтіп жатқан басқосуға келген шетелдік қонақтарға көрсету арқылы таныта да аламыз. Бұл жерде əлемді ядролық қарудан тазартуға үндейтін жаһандық нүктеге айналатын еді. Сонда біз де жапондар сияқты шеккен қасіретімізді көрсете отырып, бүкіл адамзатты одан сабақ алуға шақыратын едік. Бүгінде əлем бізді ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан жəне сынақ полигонын жапқан тұңғыш ел ретінде танып отырғаны бұл мұражайдың маңыздылығын арттыра түсетіні сөзсіз. Хиросима қаласы радиациялық зардаптарды зерттейтін əлемдік орталыққа да айналып үлгерді. Тура сол атом бомбасы жарылған жердегі мұражайдың жанында радиациялық зардаптарды зерттеу университеті орналасқан. Ондағы ғалымдар мен дəрігерлер тың жаңалықтар мен зерттеу жобаларымен дүние жүзіне танымал. Сол кезде парламент мəжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған қазақстандық делегация осы университеттің студенттері жəне оқытушылары мен кездесті. Жапондар еліміз туралы көп сауалдар қойды. Кездесуде қойылған сұрақтардың ішінде бір сауал бəрімізді ойлантып тастады. Зерттеуші ғалым нақты деректерді келтіре отырып, дүниежүзілік статистика бойынша, қазақтар мен жапондар арасында өзіне-өзі қол жұмсайтын адамдар саны көп екендігін алға тартты. Осының себебі неде екендігін сұрады. Орал

ағамыз бұл ядролық қарудың тікелей зардабының бір көрінісі екендігін қынжыла айтты. Бəріміз бұл пікірмен іштей келістік. Сапар барысында біз Хиросима мен Семей қалалары арасындағы жан-жақты ынтымақтастық қалыптасқанын іс жүзінде байқадық. Жапонияда үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы өте белсенді. Хиросималықтар семейлік үкіметтік емес ұйымдар жəне қоғамдық қорлармен байланыс орнатып, нақты көмектер жасаған. Екі қаланың дəрігерлері мен ғалымдары арасында радиациялық зерттеулерге қатысты ғылыми бірлескен жобалар дайындалған. Медициналық заманауи диагностикалық аппараттар мен жабдықтар, дəрі-дəрмектер түрінде берілген тегін көмектер өз алдына бір төбе. Хиросималықтардың тағы бір ерекше көмегі олар жылына бір семейлік үздік оқушыны іріктеп алып, өз қалаларының кез келген жоғары оқу орынында оқуға тегін грант беріп келеді. Осы студенттер бізге сапар барысында көмектесіп, аудармашы ретінде көп қолғабыс етті. Бұл қала тұрғындарының семейліктерге деген ықыласының ерекшелігін байқататын дəйектің көкесі олар Семей полигоны тұрғындарының мұңын керемет жеткізе білген «Заман-ай» əнін жапон жəне ағылшын тілдеріне аударып, айтып жүргендігі. Хиросималықтар бізге осы əннің жапонша, ағылшынша нұсқалары жазылған дискіні сыйға тартқанда, бұл халықтың бізге деген жанашырлығына шексіз риза болдық. Осы дискіні шығарушы қоғамдық қордың жетекшісі Кейчи Сасаки бұл əн əлемдегі халықтарды ядролық сынақтарға қарсы күреске үндейтін əнұранға айнала бастағанын қуана жеткізді. Əнді Жапониядағы ең танымал Томоко деген əнші орындайды. Біз Хиросимадан кейін жапондардың əйгілі жүрдек пойызына отырып, атақты Киото қаласына жол тарттық. Жылдамдығы сағатына үш-төрт жүз шақырымды алатын көлікте жолаушы үшін өте ыңғайлы жағдай жасалған. Басқаны айтпай-ақ қояйын, қызмет көрсету мен байланыс саласындағы технологияның жетіктігі соншалық, біз онда отырып, түсірген материалымызды монтаждап, интернетпен жібере алдық. Киото тарихи ғимараттары мен түрлі храмдары жəне саялы бақтары көп əдемі қала. Шаһар мың жылдан аса Жапонияның

астанасы да болған. Мұнда екі мыңға жуық будда жəне синтоизм храмдары мен бақтар орналасқан деген ақпарат бар. Оның əрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Мəселен, біз болған көптеген гүлдер мен өсімдіктер, ағаштар өскен храмда табиғаттың таңғажайып сұлулығына көз жеткізе түсесің. Жанжағың қызыл, сары, ақ, көк гүлдер, жапырақтары жайқалған түрлі түсті ағаштар, өзінше əн салған құстардың дауысы анық естіліп тұр. Саябаққа кіріп шыққанда, қаланың шуылынан бір сəтке арылып, рахаттанып, демалып қалғаныңды сезінесің. Бұл араға жапондар табиғатпен сырласуға келеді, өсімдік əлемінің жұмбақтарын үнсіз бақылайды. Егер атақты сакура гүлінің гүлдегенін жəне ағаштардың жапырағының үзіліп түскенін көрген адам өзіне сəттіліктің сыйы бұйырды деп іштей марқайып қуанады. Мұндай табиғатқа деген ерекше ілтипат тек жапондарда ғана шығар деп ойладым. Бір сəтке біз неге қоршаған ортаның тылсымдарына осылайша бойлай алмаймыз екен деген өкінішті ой келді. Шынымен мұндай саябақ бүгінгі заманның қым-қуыт қарбалас тірліктерін əп-сəтте ұмытып, ой-санаңды тынықтыратын тамаша демалыс орыны емес пе? Шіркін-ай Астанада, Алматыда басқа да қалаларымызда осындай бақтар көп болса ғой деп армандадық. Біз барған келесі храм тастар əлеміне тартып алып кетті. Бұл жерде түрлі тастардың өзіндік ерекшелігіне арналған керемет мұражай орналасқан. Осы храмды аралап жүріп мен əр тастың өзіндік қыртысы, құрамы, қабаты болатынын бағамдадым. Бұған дейін мұндай кереметке мəн бермей жүре беріппіз. Негізінде бабаларымыз тастардан түрлі əшекейлі бұйымдар жасап, тарихи таңбалары мен жырларын тасқа қашап, ескерткіш етіп бал-балтасты қойған. Байқасақ, тас əлемінің ғажайыптары біздің халыққа да жат емес тəрізді. Гауһар тас, інжу-маржан, алтынмен апталған, күміспен күптелген, қоладан құйылған, мыс жалатылған деген сөздер əр тастың ерекшелігін ашып тұр емес пе? Жапондар тастарға қарап, көздің лəззат алуына мəн берген. Бұл да жанарыңды рахаттандырудың бір əдісі ме деп қалдым. Келесі барған бағымыздың тура ортасында Кинкакуджи атты таза алтыннан салынған храм тұр екен. Оны лауазымды патша маңындағы қызметкер болған Сегун

Есимицу деген адам салдырған. Ол 8 жастағы ұлының тəрбиесі мен айналысу үшін қызметінен бас тартқан жəне будда дінін терең тануға бет бұрған. Бұл ғимаратты Есимицу жердегі будда жұмағына айналдырмақ ниетпен салдырыпты. Бүгінде Кинкакуджи əлемдік мəдениеттің бірегей ғимараттарының тізіміне енгізілген. Алыстан жалт-жұлт етіп көздің жауын алып тұр. Оны салған шеберлердің еңбегі де керемет екендігі сөзсіз. Ғимарат бір рет өртеніп кеткен. Бірақ кейіннен ол қайта қалпына келтіріліп, тура бұрынғы ғимараттың жаңа көшірмесі салынған. Осы араға ағылып келіп жатқан саяхатшылардың легінде шек жоқ. Үлкен саябақтың əр жерінде халықтың тарихынан салт дəстүрінен сыр шертетін жəдігерлер мен ескерткіштер қойылған. Сол заманда пайдаланылған тұрмыстық заттар да бар. Бақтың шыға берісіндегі сарайшықтар маңына бүгінгі заманға лайықталған дəстүрлі ғимараттар салынып, түрлі естелік заттар мен сувенирлер сататын орындар жұмыс істеп жатыр. Тарихи құнды орынды көрсету арқылы, саяхатшыларға өз халқыңның дəстүрін Алтынмен апталан Кинкакуджи ибадатханасы

де таныстырасың, ел мəдениетінің мəйегі тереңде жатқанын жеткізесің. Тағы бір үлкен саябаққа барғанымызда арнайы ұлттық мейманханаға кіріп, гейшалардың өнерін тамашалай алдық. Гейша жапондардың ұғымында сұлу, бекзат, ой-өрісі биік, ізетті де əдепті, сымбатты да икемді, сезімнің сыр-пернелерін дөп баса алатын нəзік жан. Олар бізге жапон шəйін беру рəсімін көрсетіп, мың бұралған билерін тарту етті. Қазір гейшалар тек сахналарда, арнайы мейрамдарда өнер көрсететін дəстүрлі өнерпаздарға айналған. Оларды баяғы замандағыдай пайдалану жойылған. Киотода жүргенде өзің адам мен табиғат арасындағы байланыстың қыр-сырын жаңаша түсіне бастайсың. Жапон халқының табиғатқа деген ерекше ықылас-ілтипатына риза боласың. Қала тұрғындары тіпті əр жыл мезгіліндегі қанық бояуларға сай киініп, тағамдарында соған қарай өзгертіп отырады екен. Əр адам ағаштарды, өсімдіктерді баптауға келгенде жандарын салады. Ерекше күтім болған соң, олардың əдемілігі де еселене түскендей. Жапондардың əр істі тындырыммен жасайтын еңбекқорлығы да керемет. Шағын тəтті тағамдар сататын дəмхананың өзінде керек тəттіңізді көз алдыңызда жасап береді. Дəмі тіл үйіреді. Ал енді күн шығыс елі тұрғындарының сыпайылығы да бөлек. Əр азамат бүкіл халықтың, елдің атынан əрекет етіп тұрғандай, жауапкершілікті терең сезінеді. Сондықтан болар меймандарға деген құрметтері зор. Бұл жапондардағы игі қасиеттердің барлығы ғасырлар бойы қалыптасқан дəстүр мен мəдениеттің арқасы ғой деген ой түйдік. Осындай ерекшеліктері арқылы Киото нағыз өркениет орталығына айнала алған. Киотодан кейін біз Жапонияның өндірісті аймағы Нагоя қаласына келдік. Бұл шаһардың аумағында бүкіл əлем білетін Тойота көліктерін шығаратын зауыт орналасқан. Осы өндіріс орны арқылы бүкіл аймақтың əлеуметтік экономикалық мəселелері оңтайлы шешіліп отыр. Зауыт жаңа технологиямен толықтай жарақтанған. Барлық жұмыстарды компьютер арқылы басқарылатын роботтар істейді. Адамдар тек əр

жасалған бөлшектің бітер тұсында тексеріп қадағалау жасап тұрады. Зауыттың соңғы үлгідегі өнімдері қойылған көрмені аралап көрдік. Барлық көліктердің ең жаңа модельдері самсап тұр. Бізді соңғы үлгідегі жаңа көлік қызықтырды. Ол бір адамға арналған өте шағын автомобиль екен. Алыстан қарасаңыз кресло сияқты. Өте ыңғайлы барлық жүйелер автоматты түрде басқарылады. Жылдамдығы 70-тен аспағанымен, қаланың ішінде жүруге қолайлы. Мұндай көліктер қазір əсіресе, көшелері тарлау келетін Еуропада өтімді болып шықты. Біріншіден, онымен кез келген жерден кептелмей өтіп кетуге болады, екіншіден жағармаймен емес электр қуатымен жүреді, үшіншіден, тоқтап тұратын жерде көп орын алмайды, төртіншіден, бағасы да қымбат емес. Зауыт менеджерлері алғашқы кезекте барлық нарықтың əлеуетін жан-жақты зерттеуге айрықша мəн беретіндерін жасырған жоқ. Əр құрлықтағы елдердің нарықтарында қандай көлікке сұраныс көп, ең алдымен соны жіті анықтап алып, соған лайықтап өнімді жасап жөнелтіп отырады. Тағы бір ерекшеліктері əр модельді жүргізушіге қолайлылықты жақсарта Тойотаны( со(ы )лгідегі бір кісілік к.лігі

түсу үшін жаңа автоматты тетіктермен толықтырып жетілдіре түседі. Өндіріс жеткен жетістігінде тоқтап қалмайды, əрдайым ізденіс жалғаса береді. Бұған қоса көліктердің бағасы тым қымбат қойылмайды. Осындай ыждаһаттылық пен еңбектің арқасында жапондардың Тойотасы əлемді мойындатып отыр. Еуропа мен Американың машина жасаушыларын басып озған олар қай елге болса да үлгі. Қазір жапондар Орталық Азия нарығын тиянақты зерделеу үстінде. Бұл аумақта зауыттың құрастыру филиалын ашу қаншалықты тиімді деген сауалға нақты жауап əлі анықталған жоқ. Олар Ресейдегі филиалдары жұмыс істеп тұрған соң, сол арқылы да сұранысты қанағаттандыру жолын да қарастырмай отырған жоқ. Жеті рет өлшеп, бір рет кесетін жапондар егер филиалды ашсақ, онда оның орналасатын жері ретінде Қазақстанды таңдаймыз десті. Тойотаның өнімдерді сату ісімен айналысатын «Тойота цуше» корпорациясының президенті Джунзо Шимизу Қазақстанның Жапониядағы құрметті консулы. Сондықтан мұндай зауыттың бізде ашылу мүмкіндігі зор екендігін болжап қойдық. Жалпы Жапондар ойлап тап/ан саксафоншы робот

біздің елдің де сапалы өз өнімдерін шығаруына жан-жақты жағдай бар, пайдалы қазбаларымыз мол, инвестициялық ахуал жақсы, қаражат қорымыз бар. Қазақстанға неге өз металдарымызды пайдаланып, мұнай өндіруге қажет техникаларды шығармасқа, неге ғарыш саласына қажет сирек металдардан тұратын тетіктерді жасамасқа, əлемде сұраныс көп өнімді таңдап, соны жасауды немесе қажет бөлшегін шығаруды қолға алмасқа? Осы сияқты жобалар жіті сараланып барып қолға алынса, нақты нəтижеге қол жеткізуге болады. Біздің Шинкансен экспресс пойызына мініп жеткен келесі қаламыз Жапонияның астанасы Токио болды. Он екі миллионнан аса тұрғыны бар ірі мегаполисті қазіргі заманғы сəулет өнерінің айтулы жобалары жүзеге асқан орталық деуге болады. Қала тарихи орындардан да кенде емес. Ең басты тарихи ғимарат император сарайы. Ол тура шаһардың ортасындағы ауданда орналасқан. Сарайдың құрылысы сонау он алтыншы ғасырда басталып алғашқы ғимараттар сол кезде бой көтерген. Бүгінде ол екі бөліктен тұрады. Батыс бөлігіндегі Фукиагэ бағында император сарайы, онда қазіргі император Акихито отбасымен, туған-туыстарымен жəне сарай қызметшілерімен тұрады. Бұл жаққа саяхатшылар кіргізілмейді. Екінші шығыс жақтағы ескі қамалы бар бөлігінде Шығыс бағы бар. Осы тұста Нидзюбаси көпірі де тұр. Сарай толықтай мемлекет қамқорлығында. Тіпті император отбасымен оның туыстарын, қызметшілерін ұстау ел қазынасына жүктелген. Токио тұрғындарынан сарайдағы император отбасының өмірі туралы əртүрлі ақпарат естідік. Император туыстарының қала да, ел ішінде еркін жүріп тұруына мүмкіндік бермейтін түрлі шектеулер бар. Соған көбінесе сарайдағы жастар жағы көнгісі келмейді екен. Бірақ дəстүрді сақтау керек. Сондықтан ел тұрғындарының бір тобы сарайдағы өмірге қызыға қараса, екінші бөлігі іш пыстыратын ондай тірліктен гөрі еркіндікте жүргенің əлдеқайда жақсы деген пікірде. Соңғы жылдары қоғам арасында император отбасы неге мемлекет қаржысына, яғни ел тұрғындарының қаржысына өмір сүреді деген сауал көтеріле бастапты. Халық ішінде оларда өз күндерін өзі көрсін

деп есептейтіндер қатары молая түскен. Токиодағы тағы бір тарихи ғимарат Мейдзи храмы. Ол он тоғызыншы ғасырдың аяғы мен жиырмасыншы ғасырдың басында Жапонияның əлемдік алпауытқа айналуына айрықша үлес қосқан император Мейдзиге құрмет ретінде салынған. Енді Токионың аспанмен астасқан зəулім ғимараттары орналасқан аудандары туралы əңгіме қозғасақ. Синдзюку ауданы ірі əкімшілік, іскерлік жəне сауда орталығы. Онда алғашқы биік жапондық ғимараттар тұрғызылған. Осы аумақта Токио қаласы əкімшілігінің қырық сегіз қабаттық алып ғимараты да бар. Оның үстіңгі қабатынан бүкіл Токионы алақандағыдай көруге болады, тіпті атақты Фудзи тауының сілемдерінде тамашалай аласыз. Бұл аудандағы елу төрт қабаттық Токио Опера Сити кешенінде ұлттық театр ғимараты мен заңғар мұнара тұр. Ал енді Жапон астанасындағы ғажайып үлкен көпірді көргенде таңдай қақпай қоймайсыз. Ол шуақты көпір деп аталады. Оның түрлі иірімді бұрылыстары мен қалтарыстарын бір жүріп өткенде есте сақтау əсте мүмкін емес. Елшіліктегі көлік жүргізушілерінен сұрап едім, жігіттер оны меңгеру үшін апталап жүргендерін жасырған жоқ. Бір бауырымыз сол үшін мотоцикл жалдап алып, əр бұрылыстың қайда апаратынын көріп, жүріп шығыпты. Соның арқасында көпірдің білгіші атанған оған əріптестері осы көпірдің үстімен кетіп бара жатқанда міндетті түрде телефон шалып, жол сұрайды екен. Бұл көпірдің үстімен жаяу жүріп өтуге де болады. Арнайы жаяу жүрушілер үшін ұзындығы 918 метрлік жол бар. Оны жылдам жүргенде жарты сағаттан аса уақытта əзер жүріп өтуге болады. Токиодағы тағы бір жапон ғажайыбы саналатын нысан мұхит суының астынан қазылған туннель. Оның ұзындығы он шақырымға жуық. Бұл озық жаңа технологияның арқасында жүзеге асқан ғаламат жоба. Арнайы су өтпейтін үлкен құбыр сияқты төрт қатарлы көлік жүре алатын жолы бар туннель жасалып, мұхиттың астына орнатылған. Оның арқасында Токиоға жақын орналасқан қалалардан келетін тас жолдар жүз шақырымға қысқарған. Əрине, мұндай жолмен жүрген кезде бір жағынан таңданасың, екінші жағынан үрей де пайда бо-

латыны жасырын емес. Қалай болғанда да мұхиттың астында кетіп бара жатқаныңызды сезінсеңіз, іштей қобалжитыныңыз сөзсіз. Оның үстіне ауа қысымы мен ылғалдылық бəрібір байқалып тұрады. Мұндай туннельдер əлемде санаулы ғана. Бұл нысанның үстіңгі жағында көпір салынған. Онда жаяу серуендейсіз. Көпірдің тура ортасында сусын, ішіп демалатын мейрамхана, барлар орналасқан. Көпірдің үстінде тұрып, шексіз қиырға қарап көз талдырғанда мұхит əлемінің тұңғиықтығы мен күштілігін бағамдай аласыз. Жапонияда жиі болатын цунами, жер сілкіністеріне осы мұхиттың алай-дүлей дауылдарында пайда болатын алып толқындары ықпал етпей қоймайды. Əр халық өз елінің табиғатына бой үйретіп алады ғой. Біз Күн шығыс елінде жүргенде бірнеше рет жердің тербелісін сезіндік. Əйгілі Тойота компаниясының бас офисі орналасқан биік ғимаратта ресми кездесулерге журналистер қауымы мен арнайы күзет жəне қауіпсіздік қызметінің жігіттері алдын ала келіп, күтіп тұрғанбыз. Бір кезде күзет қызметінің жетекшісі Алып имараттар ортасында

қарамағындағы жігіттерді əрлі-берлі жүгіртіп, əуреге сала бастады. Олардың шалт əрекеттерінен біз бір төтенше жағдай орын алғанын білдік. Бірақ нақты не болғанын біле алмай тұрмыз. Бір кезде күзет бастығы жердің тербелісін сезіп тұрсыңдар ма деп сұрады. Шынымен бəріміз тынышталып, тұра қалып едік, бір толқын сияқты тербелісті сезіндік. Бірден жапондар жаққа не істеу керек деген сұраулы көзбен қарадық. Сөйтсек, олар саспаңыздар деп жымың-жымың етеді. Мұндай тербелістер жиі болып тұрады екен. Ғимараттар шағын тербелістерден сейсмикалық талаптарға сай салынғандықтан ешқандай зардап шекпейді. Оған да біртіндеп бойымыз үйренді. Токиодағы ірі сауда орталықтары орын тепкен ғимараттарда көздің жауын алады. Мəселен, Икэбукуро ауданында əлемдегі ең биік сауда жəне демалыс орындарының бірі саналатын алпыс қабатты SUNSHINE CITY кешені тұр. Онда отыз бес секундта алпысыншы қабатқа көтеретін əлемдегі ең жылдам лифт бар. Бұл ғимаратта сауда орындарынан басқа театр да, мұражай да, аквариум да, балалар паркі де, қонақ үй де орналасқан. Ал оған қарама қарсы орналасқан Тойота салонының бірінші Артымызда Токионы( «шуа/ты к.пірі»

қабатында жаңа спорттық стильдегі көліктер, екіншісінде орташа деңгейдегі джиптар мен минивэндер, үшінші қабатта отбасылық көліктер, төртіншісінде люкс класты автомобильдер сатылады. Егер жүргізушілік куəлігіңіз болса, өзіңізге ұнаған кез келген жаңа көлікті жүргізіп сынақтан өткізетін жер асты алаңы тағы бар. Акихабара деп аталатын үлкен электроника дүкеніне Токиоға келген кез келген саяхатшы келуге тырысады. Бұл электронды қалашықта əйгілі жапондық сапалы өнімдерді арзандау бағаға сатып ала аласыз. Əлем бүгінде жапон жасөспірімдерінің өзіндік сəн үлгісін жазбай таниды. Олар дүниежүзілік брэндтердің əсіресе түрлі түсті жаңа үлгіде шыққан киімдерін өз қалауынша ең бастысы стильді етіп кигенді ұнатады. Осылайша, жапон жастары да сəн əлемінде өз қолтаңбасын қалдыра бастады. Токиода сəн қуушыларға нəр беретін екі аудан бар. Біріншісі, Гинза сауда орталығы болса, екіншісі Омоте ауданындағы Харадзюку сəн жəне дизайн орталығы. Омоте – сандо көшесін жапондар өздерінің Елисей алаңы деп атайды. Гинзаға қарағанда мұнда сəн саласындағы демократияны көзіңмен көресің. Өзіндік сəн қалыптастырған жапон жастары осы араның əрін келтіретін гүлі. Токио ел астанасы болғандықтан, ондағы саясат туралы жазбай кету мүмкін емес. Біз жапон парламентіндегі мəжілістер мен кездесулердің куəгері бола жүріп, бұл мемлекеттегі саяси жүйе тек əділеттік негізде құрылғанына көз жеткіздік. Жапонияда негізінен екі ірі партия бар. Саясаттағы басты бəсеке де солардың арасында жүреді. Елдің басты саяси-экономикалық мəселелерін парламент шешеді. Сайлауда жеңген партия өз үміткерлері ішінен сайлаған премьер-министрге зор өкілеттік береді. Бірақ оның жұмысын екінші орындағы оппозициялық партия жіті қадағалауда ұстайды. Олар үкіметтің барлық бюджеттен бастап, ұсақ мəселелерге дейінгі шаруаларына қатысты жиындарына, мəжілістеріне ешқандай шектеусіз қатыса алады. Егер жеңген партия өзінің сайлауалды уəделерін орындамаса бір жылдан соң-ақ, үкімет басшысы ауысып, екінші

орындағы оппозициялық партия өкілі тізгінді алады. Мұндағы оппозициялық партияның бір артықшылығы кемшілікті ғана тізе бермей, халық үшін дұрыс жасалған іс болса қарсыластарын құттықтап, құрмет көрсете алады. Бұл жапондардың саясатта да биік деңгейде екендігін көрсетсе керек. Біз сұхбаттасқан токиолықтар соңғы жылдары елдің дамуында айтарлықтай өзгерістер бола қоймағанын жоққа шығармайды. Бізге енді ғарышты игеретін жобаларды қолға алу керек шығар, əйтпесе бір орнымызда тұрыңқырап қалдық деп қалжыңдап қояды. Əбден алға жылжуға үйреніп қалған ел халқы соңғы жиырма жылға «Жапония жоғалтқан жиырма жыл» деген теңеу беріп қойыпты. Тағы бір түйткілді жайт, ұлттық құндылықтарға қатты мəн беретін жапондардың бүгінгі ұрпағы да мəйекті салт-дəстүрлерінен алшақтай бастаған. Бұрын үлкендерге айрықша ілтипат көрсетіп, əдеп сақтайтын жастар, қазір олардың көзінше құшақтасып тұра береді. Ұлттық тəрбиенің əлсіреп, сыртқы факторлардың əсерінен жапон қыздарының тұрмысқа шығу көрсеткіші өте төмендеп кеткен. Отбасы құрғандары бір баладан əрі нəресте тууға құлықты емес. Осыдан келіп ұлттың қартаюы белең ала бастаған. Қазір халықтың жиырма бес пайызын алпыс бестен асқан адамдар құрайды. Жапон елінде жастар арасында түрлі дін өкілдерінің дəстүрі мен əдет-ғұрпын аралас қолдану пайда болыпты. Мысалға жас жапондар үйленген кезде будда храмдары мен бірге шіркеуге де кіріп шығып, қызық көріп, діни рəсімдерді атқарады екен. Бұл мəселеге əсіресе үлкендер жағы алаңдаулы. Мен осы сапар барысында жапондар мен қазақтардың арасындағы көп ұқсастықтарды байқадым. Ең алдымен олардың тəрбиесінде ұлттық дəстүрге айрықша мəн береді. Адамгершіліктен аттамау, əділеттілікті қолдау, ар-намысты сақтау, үлкенді сыйлау жағынан ұстанымымыз бірдей. Жапондар да біздің мүшел жасымыз сияқты, адам жасының белестеріне қатысты ырымдар бар. Бізде мүшел жас он үш жылда келсе, оларда əр он жыл сайын қайталанады. Сол жастарда жапондар да əр əрекетіне сақтықпен, байсалдылықпен қарауға тырысады. Тіпті ұлттық спорт түрлерімізде бір-біріне

жақындау. Əйгілі сумо, дзюдо күрестерінің əдіс-айлаларында да, ережелерінде де ұқсастықтар бар. Сумоның бас жеңімпазы мен біздің түйе палуанға қойылатын талап бірдей. Ірі, салмақты, күшті болсаң да, епті əрекет жасай біл. Соңғы жылдары жапон ғалымдары өздерінің шығу тегіне байланысты жаңа зерттеулерді жария ете бастады. Олар ата-бабалары Алтай тауынан шыққанын нақты зерттеулер мен дəлелдермен əлемге жария етті. Бұл біздің шынымен бір жақындығымыздың негізгі түбірі тəрізді. Дүниежүзінің айтулы ғалымдары жүргізген зерттеулердің нəтижесі бойынша жапондар мен қазақтардың гендік жағынан өте ұқсас халық болып танылуы да жайдан-жай ұқсастық емес екендігіне нақты көзім жете бастады. Бұрындары мен бұл пікірге сəл күмəнмен қарап, оны өзіміз ойлап тапқан əңгіме ғой деп ойлаушы едім. Бұл ұқсастықты жапон елінің лауазымды саясаткерлері де мойындап отырғанын кездесулердегі əңгімелер барысында білдік. Біз парламент мəжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған депутаттық делегациямен бірге Жапония парламентінің басшылығы мен депутаттары атынан берілген түскі асқа қатыстық. Сонда жапондық саясаткерлер бұл дəйекке айрықша мəн берді. Əсіресе жапондық депутаттар делегациясы жетекшісінің «біздің екі халықтың ұқсастығы соншалық, қазір осы тұрған жерімізде біз кімнің жапон, кімнің қазақ екенін бірден айыра алмаймыз» деп ағынан жарылды. Бұл дипломатиялық ықылас қана емес, жақын тартқан ниет екендігі сезіліп тұрды. Күн шығыс еліндегі бір аптаның ішінде төрт қаланы аралап жүріп, көшелерден өзімнің туысыма, досыма, курстасыма, əріптесіме, сыныптасыма, көршілеріме түрлері ұқсас жапондарды көп кездестірдім. Сол сияқты жапондар бізді де көшеде кездестіргенде жапон екен деп қабылдап қалып жатты. Бұл да жай ұқсастық емес шығар. Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ ұлтының болашағы үшін жандарын қиған Əлихан, Ахмет, Міржақып бастаған ардақты арыстарымыздың Жапония елін үлгі ретінде алып, сондай мемлекет құрайық деп жалпы қазаққа ұран тастағаны, олардың нағыз ел болашағын болжай алған көрегендігі мен сұңғылалығын дəлелдеп тұр. Ұлтымыздың ұлы тұлғалары

бұл елдің болашағы зор екендігін сол кездің өзінде дөп басып болжай алғанының өзі олардың кемеңгер қайраткер болғандығын көрсетеді. Жиырмасыншы ғасырдың басында алаш қайраткерлері сол замандағы ең озық ақпарат құралы саналған газет-журналдарды халықтың сауатын ашатын, ойөрісін кеңейтетін, заңдар мен құжаттарды түсіндіретін жəне үгіт насихат құралы ретінде тиімді пайдалана білді. Олар Жапония елінің саяси жүйесі, үкіметі мен парламенті жүзеге асырып жатқан оң істері, экономикалық құрылымы мен халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дəстүрі мен тарихы туралы көп мақалалар жазғанын архивтерден табылған газет-журнал мен құжаттардан біліп жатырмыз. Зұлмат заманда 60 мыңнан астам қазақтың «Жапон шпионы» деп айыпталғаны белгiлi. Оның негiзгi себебi «Алаш» партиясының бесiншi ұстанымы болды десек, қателеспеген болар едiк. Өйткенi онда: «. . . ғылымға, ұлттық салт-дəстүрге негiздел ген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгiсiндегi ұлттық-демократиялық мемлекет құру» деп көрсетiлген. Бұл туралы белгiлi жазушы, алаштанушы Тұрсын Жұртбай «Ұраным Алаш!. . » атты еңбегiнде жазды. Мен алаш зиялыларының өз елі туралы еңбектерін зерттеп жүрген Хоккайдо университетінің профессоры Томохико Уяма деген жапон ғалымы бар екендігін естігенде бірден сол адаммен жолығудың мүмкіндіктерін қарастырдым. Алайда бұл сапарда сəті түспегенімен кейіннен ғалыммен Астанада кездесіп, сұхбаттаса алдық. Ол елордада өткен Алаш көсемі Əлихан Бөкейхановтың жүз қырық жылдығына арналған мерейтойлық шараларға қатысып, баяндама жасады. Ғалым соңғы жиырма жылда тынбай еңбектеніп, қайраткерлеріміздің Жапония туралы еңбектерін бүге-шігесіне дейін зерттеп шығыпты. Бұл адамның осы баға жетпес еңбегіне қалай сүйінбейсің. Олардың еңбегін оқу үшін ғалым қазақ тілінде меңгеріп алған. Баяндамасының басын қазақша бастап, əрі қарай орыс тілінде сөйлеген соң, бас жағын жазғызып алған шығар деп ойлағам, сөйтсем жапоным қазақша сұхбат беремін дегенде аңырадым да қалдым. Сұрақ қойсам, тəп-тəуір қазақы жауап беріп тұр. Əдеби көркем

сөздерімізді орынымен қолданады. Тілді елімізге келіп, арнайы үйренген. Арыстарымыздың еңбегін өзіміз əлі толықтай зерттей алмай жатқанда жапон ғалымы бүкіл зерттеушілерге əдемі үлгі көрсетіп кетті. Жапондардың арасында да қазақтың рухани дүниесін жоқтаушы бар болып шықты. Бұл да жайданжай, кездейсоқтық емес. Жапон мен қазақтарға қатысты өмірден алынған тағы бір дерек. Қазақ радиосында жұмыс істеп жүрген кезім, бір күні эфирден Акио Норо деген кішкене жапон қызының тамаша əн айтқанын естідім. Кейіннен бұл жас əнші туралы ақпарат сұрастыра бастадым. Сөйтсем ол, радиода музыкалық режиссер болып қызмет ететін Амангелді Бекайдаров ағамыздың немересі болып шықты. Қызы жапон жігітіне тұрмысқа шыққан. Бірнеше жыл күн шығыс елінде тұрған, бірақ кейіннен тағдыр тəлкегімен өмірден ерте озады. Зайыбы Амангелді ағалардың өтінішіне құлақ түріп, кішкене қызы Акионы Алматыға жібереді. Музыкаға бейімі мен нəзік дауысын байқаған атасы немересін өнерге тартып көреді. Осылайша, жапон музыка əлемімен жіті танысқан Амангелді аға тілі жапонша ашылған Акиоға сол тілде əн үйретеді. Жас əншіні қазақ көрермендері жылы қабылдады. Акио кейіннен белгілі балалар байқауларының жеңімпазы атанып, өнер биіктерін бағындыра алды. Бұл қазақ қызы мен жапон жігіті арасындағы шынайы махаббаттан өрістеген туыстықтың бір көрінісі. Алыс та, жақын Жапония. Бұл ел бізден алыста орналасқанымен екі халықтың арасында біртүрлі жақындық бар. Жанжақты ұқсастықтарымыз тым көп. Бұның бəрі жайдан-жай емес. . . НОРВЕГИЯ БАҚУАТТЫ ЕЛ

Норвегия əлемдегі бақуатты елдердің қатарында. Адам басына шаққандағы ішкі жалпы өнімі ең жоғары елдің бірі. Бір адамға алпыс мың доллардан келеді. Жұмыссыздар саны 3 пайыз, ал кедейлер 2, 5 пайыз ғана. Мұнда мемлекеттің барлық

қазба байлығы ел азаматының игілігі үшін деген басты қағида бар. Мемлекеттің негізгі табыс көзі мұнай мен газ. Солтүстік теңіздің түбінен шыққан қара алтын мен көгілдір отын Еуропа елдеріне экспортталады. Көмірсутегі шикізатынан түсіп жатқан қыруар табыс арнайы құрылған ұлттық мұнай қорына құйылып отырады. Бұл қордың жұмысы ашық жүргізіледі. Ондағы қаржыны үкімет халықтың келісімімен басқарады. Үкімет қордың жұмысы, қанша қаржы жиналғаны туралы есепті əр тоқсан сайын парламент депутаттарына келіп беріп отырады. Елдің шикізатты байлығынан түскен табысты халық пен қоғам өкілдері жіті қадағалауда ұстайды. Егер ел мен халық мүддесі үшін қаржы керек болған жағдайда қордағы қаражатты пайдалануға болады. Сəл тарихқа шегініс жасасақ, норвег ғажайыбы 1969 жылы Солтүстік теңіздің түбінен табылған Экофикс мұнай газ кенішінен бастау алады. Ел парламенті 1972 жылы энергетикалық саясат айқындалған тұжырымдаманы бекітеді. Ол бойынша барлық елдегі пайдалы қазбалар халықтыкі жəне халық игілігі үшін жұмсалуы тиіс деген басты қағида нақты айқындалған. Үкімет мұнай саласын басқаруды өз жауапкершілігіне алған. Кейбір Еуропа елдерінің сынына қарамастан, Норвегия кеніштерінде жұмыс істеп жатқан ірі əлемдік транс ұлттық мұнай компанияларына қатаң талаптар қояды. Ең алдымен, салықтық реформалар жасап, компанияларды лицензия алу үшін арнайы төлем, кіріс салығы мен мұнайдан түскен табыс салығын төлеуге міндеттейді. Нəтижесінде мемлекет мұнай саласынан түскен жалпы табыстың 80 пайызын өзі иеленеді. Мұнай қорындағы барлық қаражатты құр жатпас үшін тиімді түрде сақтау жолы қарастырылған. Экономика профессоры Эрлинг Стейгумның төрағалығымен жұмыс істеген арнайы комиссия мұнайдан түскен қаржыны ел ішінде жұмсау инфляция мен голланд ауруына əкеп соғатынын ескертіп, оны сыртқа инвестиция ретінде қолдануға болатынын ұсынады. Бұдан кейін парламент қор қаражатының жыл сайын тек төрт пайызын ғана ел бюджетіне бөлу жөнінде шешім шығарады. Қор біртіндеп түрлі шетелдік құнды қағаздар мен айтулы əлемдік компаниялардың акцияла-

рын басқаруға инвестиция құюға кіріседі. Нəтиже жаман емес. Жалпы қаржының 60 пайызы компаниялардың акцияларына, 40 пайызы құнды қағаздарға тиімді құйылуының арқасында қор қазір əлемдік қор рыногының 1 пайызын, еуропалық активтердің 1, 8 пайызын қадағалап отыр. Норвегтер қор жұмысын тиімді жүргізуге айрықша қарайды. Жаңа əлемдік өзекті мəселелерге, өзгерістерге орай тың шешімдер қабылданып келеді. Мəселен, АҚШ-тағы қаржы дағдарысы кезінде қор бірден ондағы ипотекалық агенттіктердің облигацияларын дереу сатса, Еуропадағы дағдарыс барысында Италия мен Испаниядағы құнды қағаздарға бөлінетін қаржы көлемін қысқартып, АҚШ пен Ұлыбританияға инвестиция құюды ұлғайтқан. 2006 жылы мұнай қоры өзінің атын «Норвегияның мемлекеттік зейнетақы қоры» деп өзгертті. Аты өзгергенмен заты өзгерген жоқ. Тағы бір назар аударатын жайт, бұл қордың ішінде этикалық кеңес деген ерекше құрылым бар. Оған бес адам мүше. Осы адамдар компанияларға құйылған инвестицияның қаншалықты тиімді екендігін қадағалап қана қоймай, əр таңдалған компанияның əлем мен қоғам алдындағы іс-əрекетіне, абырой қызметіне, моральдық мəселесіне де мəн береді. Мысалға, олардың ұсынысы бойынша, Норвегия үкіметі қызметкерлерінің еңбек құқын бұзған «Вол март» сауда жүйесіндегі, ядролық қаруларға арналған баллистикалық зымырандар жасағаны үшін американдық «Боинг» компаниясындағы, экологиялық талаптарды бұзғаны үшін «Норильск никелі» компаниясындағы қаржыларын кері қайтарып алған. Этикалық кеңеске мүше үш əйел мен екі ер адамның біреуі философ, біреуі эколог, біреуі этика жөніндегі маман, екеуі кəсіби заңгер. Қазір норвегиялық қорда 400 миллиард доллардан аса қаржы бар. Осындай ауқымды жетістігі бар елдегі тыныс-тіршілікті көру маған ерекше қызық болды. Мен бұл елде адам құндылықтары мен құқықтары бірінші кезекте екенін Осло қаласына келген бетте-ақ өз басымнан өткен бір оқиға арқылы нақты көз жеткіздім. Біз осы ел премьер-министрінің Қазақстанға сапары алдында көрермендерімізді Норвегия өмірі мен жан-жақты

таныстыру мақсатында арнайы шақырумен бардық. Мəскеу арқылы Копенгагенге, одан əрі Ослоға ұшқан едік. Мəскеудегі əуежайда үлкен сөмкелерімізді багажға өткіздік. Сол кезде денсаулығыма байланысты ем алып жүргендіктен ішетін дəрілерім бар еді. Жолға керегін алдымда, негізгі қорабын сөмкеге салған болатынмын. Ослоға келіп жүкті алайық десек, менікі жоқ. Əуежай өкілдерін шақырып, сөмкенің жоқтығын айттық. Бұл ақпаратты ести салысымен қызметкерлердің менен кешірім сұрап, мəселенің анығын білу үшін зыр жүгіріп кеткенін көрсеңіз. Олар дереу Копенгаген əуежайымен хабарласып жүкті іздестірсе, менің сөмкемдегі дəріге байланысты нақты ақпараттары болмағандықтан жүкті алып қалуға мəжбүр болғандарын жеткізіпті. Дəрігерімнің кеңесімен Еуропа елдерінде бəрі мұқият тексерілетіндіктен, ағылшынша анықтама ала салғаным кəдеге жарады. Дереу құжаттың көшірмесін Копенгагенге жіберді. Одан кейін əуежай қызметкерлері сізді ыңғайсыз жағдайға қалдырдық деп қайта-қайта кешірім сұрап, дəрігер шақырып əлектеніп кетті. Лезде дəрігер келіп менің жағдайымды сұрай бастады, дəл қазіргі сəтте дəріге қажеттілік болса, оны дереу тауып беретіндерін айтып, дəріханаларына хабарласып үлгерді. Мен əзірге дəрімнің бар екендігін айтқан соң барып, барлығының жүректері орындарына түсті. Онда сіздерді баратын жерлеріңізге жеткізіп салайық, жүкке алаңдамаңыздар, келесі рейспен бірер сағатта келеді, бізге мекенжайларыңызды айтсаңыздар сонда апарып береміз дейді. Мұндай клиентке деген ерекше ықылас-ілтипатты көрудің өзі бізге ғанибет болды. Бұған қоса сіздің бізден моральдық шығын талап етуге құқыңыз бар дегенде тіптен қайран қалдым. Міне, адамның құқықтарына деген құрметтің көкесі осы емес пе? Норвегия компанияларының өз жұмысшылары мен қызметкерлеріне деген көзқарасы да ерекше болып шықты. Əлемге əйгілі Нокиа телефондарын шығарушы «Теленор» компаниясына бардық. Ғимаратының өзі алыстан қарағанда ғарыштағы жұмбақ нысандарға ұқсайды. Бұл сəулетшілердің арнайы өткізілген халықаралық байқаудан жеңіп шыққан жобасы екен. Компания қызметкерлерге өз үйлері сияқты өте ыңғайлы, ке-

луге асығып тұратындай ғимарат салуды қалаған. Сондықтан сəулетшілер барларын салған. Ең алдымен, бұл ғимараттағы басты ерекшелік компанияның барлық қызметкерлерінде ешқандай кабинет жоқ. Тіпті ұжым президентінің арнайы отыратын кеңсесі жоқ. Əр департаменттерде ашық залдарда үстел орындықтар телекоммуникациялық жүйелерімен орналастырылған. Бірақ əр бөлімнің жанында жиналыс өткізетін шағын залдар бар. Компания қызметкерлеріне жұмыс істеу еркіндігі берілген. Əр қызметкердің бір-бір ноутбогы бар. Ол жұмыс уақытында ғимараттың кез келген аумағында жүре береді. Ең бастысы ноутбогы арқылы барлық қызметкерлер мен электронды байланыс арнайы жүйемен қосылып тұрады, менеджерлерден тапсырмалар сол арқылы тікелей беріліп отырады. Жұмыс нəтижесі де сол арқылы жеткізіледі. Сонда электронды виртуальды əлем арқылы өзіңді бір жерде отырып, қатып қалғандай емес, керісінше жұмыстың өзінде демалып жүргендей сезінесің. Ал ғимараттың ішінде сусын, шай, кофе ішетін, жеңіл-желпі тағамдар мен жеміс-жидектердің неше түрі қойылған шағын кафе сияқты орындар көп. Олардың үстелдері де отырып демалуға да, жұмыс істей беруге де ыңғайлы етіп қойылған. Бұның бəрі қызметкерлер үшін тегін. Қалаған кезіңізде керегіңізді ала бересіз. Ал түскі ас кезінде тамақ ішетін үлкен асхана тағы бар. Ол жерде кез келген тағамыңызға тапсырыс беріп, түстене аласыз. Ғимараттың бірінші қабатында тек демалыс сауықтыру орындары самсап тұр. Суға түскіңіз келсе бассейнге кіре бересіз, спортпен шұғылданғыңыз келсе, шынықтыру залының есігі ашық. Тіпті қонақ үйде бар, егер ұйқыңыз келіп, маужырай бастасаңыз, бір сəт демалыс уақыттарында мызғып алуыңызға болады. Ғимараттың екінші бір бөлігінде түрлі аспаптар қойылған орындар бар, егер музыкадан хабарыңыз болса, қалаған аспабыңызда ойнап құлақ құрышын қандыра аласыз. Келесі залда музыка тыңдауға жағдай жасалған. Жақсы көретін əн-күйіңіз бен ұнататын тобыңыздың дискісін алып тыңдай бересіз. Құлақшынмен де, акустикалық дыбыс зорайтқышпен де тыңдайтын орындар сақадай-сай тұр. Ғимараттың үшінші бөлігінде мүлгіген тыныштық. Бұл жерге

жүйкеңіз шаршағанда тынығуға келесіз. Кəдімгі əткеншектер мен жұмсақ секіретін заттар қойылған. Бір жағында сурет салатын жабдықтар жасақталған. Шабытыңыз оянып сурет салғыңыз келіп кетсе, мархабат. Енді ғимараттың сыртына келсек, үлкен аумақтың барлық жағында демалатын орындықтар мен күннен қалқалайтын ағаш сəкілер бар. Жайқалған ағаштар мен көздің жауын алатын түрлі-түсті гүлдер арасында таза ауа жұтып, серуендеуге болады. Міне, осы қызмет пен демалыс орындарының бəрін жұмыс режимін үнемді тиімді жəне электронды виртуальды байланыста қосулы жүріп пайдалана аласыз. Бастысы жұмысқа кедергі жасалмауы керек, берілген тапсырмалар мен бұйрықтар орындалып жатуы керек. Теленор компаниясы алғашқыда бұл ғимаратқа орналасқан адамдар шай, тамақ ішетін жерлерде көп шоғырланғанын байқаған. Бірақ бір-екі айдан кейін бəрі реттелген. Ғимаратта тек темекі тартатындарға ғана шектеу жасалған. Олар бір ғана жерде шылым шеге алады. Компания осылайша, темекі тартуға қарсы екендіктерін жеткізген. Осы жаңа ғимаратқа көшкелі бері Теленор ұжымының жұмысы алға едəуір жылжи түскен. Ұжым басшылығы қызметкерлерімізге ыңғайлы жағдай жасап едік, нəтиже біз күткендегіден де жоғары болды деп отыр. Шынымен де бұл бақуатты елдің əр «Теленордың» бабы зор ғимараты

адамның жағдайын жақсартуға бағытталған оң ісі қай елге болса да үлгі екендігі сөзсіз. Мұнай мен газдан қыруар табыс тауып отырған ел бұл салалардағы өндіріске жаңа технологияларды енгізу жағына де ерекше мəн берген. Біз Норвегияның газ зауыттары мен мұнай өнеркəсібі нысандарының жұмысымен таныстық. Ең алдымен олар табыстың белгілі бір бөлігін бірінші кезекте өндіріске керек озық технологияға жұмсауды міндеттеріне алған. Сондықтан бұл елдегі барлық өндіріс жүйесі толықтай автоматтандырылған. Біз Солтүстік теңіздегі Шляйпцнер кенішіндегі мұнай өндіру платформасын да көрдік. Оған тікұшақпен ұшып бардық. Тікұшаққа отырғанға дейін бірнеше медициналық тексерулерден өтіп, арнайы құтқару күртешесі бар қызыл-сары киім мен резеңке етіктер кидік. Оларды қалай қолдану керектігін түсіндіруге біршама уақыт бөлді. Бұл сақтандыру шараларының жөні бар екен. Өйткені Солтүстік теңізде қатты дауыл болса, тікұшақтарға қауіп төнеді. Бұрындары бірнеше рет теңіз үстінде тікұшақтар апатқа ұшырапты. Сонда суға құлаған адамдарды құтқару барысында түрлі қиындықтар орын алған. Əсіресе, адамдарды іздеп табу оңайға соқпаған. Сондықтан «сақтықта қорлық жоқ» демекші, норвегтер сақтандыру күртешесі бар қызыл-сары киімдер жасатып, оны теңіз үстіндегі платформаларға баратын барлық адамға кигізуді талап етіп қойған. Шляйпцнер платформасын теңіз үстіндегі шағын қалашық деп айтуға болады. Ол теңіздің түбіне арнайы технологиямен қағылып құйылатын тұғырлар арқылы бекітілген. Үлкен кешеннің негізгі бөлігінде мұнай өндіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Ал екінші бөлігінде мұнайшылар тұратын бірнеше қабатты нысандар салынған. Оның ішінде барлық демалу-сауықтыру орындары бар. Спортпен шұғылданатын залдар, монша мен сауна, газет-журналдар мен кітап оқитын бөлмелер, фильм көріп, музыка тыңдайтын залдар, интернет кафе, барлық тағам түрлері дайындалатын мейрамхана жұмыс істеп тұр. Мұнайшылардың өзін қалада жүргендей сезіндіру үшін барлық жағдай қарастырылған. Платформада жұмыс істейтіндер екі жұма сайын вахталық əдіспен

ауысып отырады. Норвегиядағы ең жоғары айлық алатындар осындай жерде жұмыс істейтіндер. Олар жылына екі рет демалыс алып, шетелдерге барып тынығып келуді қарапайым үрдіске айналдырған. Норвегтер бұл нысанды ТМД елдерінің бұқаралық ақпарат құралдары ішінен қазақстандық телеарна өкілдеріне бірінші рет көрсетіп тұрғандарын айтты. Бізге Шляйпцнер платформасында болды деген сертификаттарын беріп, мұнайшылар киімін кигізіп ескерткіш фотаға да түсіріп, кетерімізде өзімізге альбом ретінде сыйлады. Норвегиядағы мұнайшылар астанасы саналатын Ставангер қаласына да арнайы ат басын бұрдық. Бұл қала аумағында мұнай өндірісіне қажет құрал-жабдықтар, қондырғылар жасайтын өнеркəсіп орындары шоғырланған. Солтүстік теңіздегі кеніштерге керек-жарақтар осы қаладан жөнелтіледі. Платформаларда жұмыс істейтін мұнайшылардың барлығы дерлік Ставангерде тұрады. Шаһар шағын, өте жинақы көрінді. Осы қалада мұнай өндірісі саласына арналған əлемдегі жалғыз мұражай бар. Оны тамашалап көріп шықтық. Бір атап өтер ерекшелігі əлемдегі мұнай өндірісі тəжірибесін саралай отырып, Норвегияның осы салаға қатысты тарихы мен жетістіктерін Шаршаанда тербелетін «Теленордаы» 3ткеншек

жəдігерлері мен деректі фильмдері жəне тарихи тұлғалары арқылы жан-жақты көрсете білген. Мұражайдың ең керемет бөлігі орталық залда екен. Оған кіргеннен кейін біз биік жартастың үстінде тұрғандай əсерде қалдық. Жарық сөндірілді де, төменгі жақтан көз алдымызға жəне құлағымызға теңіздің толқыны сезілгендей болды да, түбі көріне бастады. Бір кезде теңіз түбіндегі жер қыртыстары анық көрінді. Əрі қарай мұнай көзінің қалай пайда болып, қалай жиналатынын жəне игерілу жолдарын тамашаладық. Жер асты əлемінің жұмбақтарымен əп-сəтте танысып шықтық. Біздің елімізде мұнайлы мемлекет қой, бірақ мен осы күнге дейін мұнайдың түзілу барысына жіті мəн беріп көрмеппін. Мұнай бір жерде қатып тұратын зат емес, сұйықтық қой. Сондықтан ол көшеді екен, əсіресе теңіз түбіндегі мұнай көшпелі болатынын ғалымдар дəлелдеген. Біздің Каспийдегі мұнайымыз мың өліп, мың тірілген қазақ халқына Алла тағаламыз нəсіп еткен несібе екендігіне əбден көзім жетті. Каспийдің аумағы бес мемлекетті қамтып жатыр. Бірақ Қазақ елі аумағында ең мол байлық тұнып тұр. Ставангер қаласынан көлікпен шығып елу шақырымдай ұзағаннан кейін қоршалған жап-жасыл шөп өсіп тұрған аумақта қойлар мен сиырларды жайып жүргендерді көріп, жол бастаушыларымыздан егер фермерлер болса, тоқтап жағдайларымен танысуға бола ма деп сұрадық. Олар келісіп, бізді теңіздің жағалауында тұрған фермердің үйіне алып келді. Екі қабатты коттедждің алдында бір джиппен, бір жеңіл көлік тұр. Есікті қағып, жөн сұрасқаннан кейін, отағасы мен жұмыстары туралы əңгімелестік. Фермердің жекешелендірілген жер аумағы бар екен, сонда қой, ешкі, сиыр, жылқы ұстайды. Қаз, үйрек, тауық сияқты үй құстары да жүр. Үйінен əлдеқайда алыстау жерде мал қорасы тұр. Шаруа жерінің бір бөлігіне көкөніс те өсіреді. Үйінің жанындағы жағалаудан шағын кеме мен қайықты көрдік. Теңізден балық аулау, басқа өнімдерді жинау фермердің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата кəсібі. Шаруашылықтың өнімдерін қалаға апарып, арнайы дүкендерге өткізеді. Табысы да жаман емес. Фермерлікпен айналысушыға бастапқыда үкімет жеңілдікті несие беріп қолдау көрсеткен.

Кейіннен аяғынан тік тұрған шаруа өз ісін дөңгелетіп алып кеткен. Норвегтердің шалғайдағы шаруасының тұрмысы да жақсы екендігіне үйінің ішіне кіріп, сусын ішкенімізде де əбден көз жеткіздік. Елдің ішкі жалпы өнімінің адам басына шаққандағы көрсеткіші өте жоғары Норвегияның əр тұрғынының тұрмыс тіршілігі бақуатты екендігіне тағы бір оқиға нақты дəлел болды. Мемлекеттің астанасы Осло қаласына оралғанымызда бізді осы елде тұратын қандастарымыз үйлеріне қонаққа шақырды. Олардың телефондарын қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығы арқылы біліп алып, сапарға шығар алдында Астанадан хабарласқан едім. Бауырларымыз елшіліктер арқылы келетін қонақүйімізді тауып алып, күнде келіп бізді сұрастырып жүріпті. Тобымыздың ішінде бір қазақ барын біліп алған қандастар мені көргенде қуаныштарын жасыра алмады. Тіпті қатты қысып қапсыра құшақтауларының өзінен бауырға деген сағынышты сезіндім. Бауырлардың шақыруын əріптестерім Сергей Куянов пен Ринат Муксиновқа жеткіздім. Олар да қуана келісіп, баратындарын айтты. Біз бір жағынан қандастарымыз туралы сюжет жасауды ойластырып, техникаларымызды, елден ала шыққан кітап, түрлі фильмдер мен əн-күйлер жазылған дискілер сияқты жəне басқада ескерткіш сыйлықтарымызды да алып бардық. Ослода тұратын қазақтар Мұстафа Басташ деген ағамыздың екі қабатты коттеджінде қарсы алды. Норвегияға келгеніне жиырма жылдан асқан отағасы сыра зауытында инженер-технолог болып жұмыс істеп, зейнетке шыққан. Жас кезінде Түркиядан жұмыс іздеп келген ол өзімен бірге істейтін норвег қызына үйленеді. Бүгінде жеңгеміз екеуі балаларын өсіріп, мəре-сəре болып отыр. Бір ұлдары Норвегия мемлекеттік университетінің студенті атанған. Екінші ұлы мектептің үздік оқушысы. Мен ғана емес, үйге кіргенде əріптестерім Сергей мен Ринаттың өзі асылған еттің иісі бұрқырап тұрғанын байқап, нағыз қазақтың кең дастарқаны Ослода да бізді күтіп тұр екен ғой деп таңдана мəз болысты. Балық пен басқа да теңіз өнімдерін жеп-жеп, етімізді əбден сағынып қалыппыз. Табақта құр ет емес, жарықтық қазы-қартаға дейін тұр. Бұдан басқа мол

дастарқанда қазақтың бауырсағы мен шелпегі, құрт-ірімшігі мен талқаны самсап тұрғанын көргенімде қайран ұлтымның қайда жүрсе де қаймағы бұзылмай, қадір-қасиетінен арылмайтынына əбден қанықтым. Біздің таңқалысымызды байқаған, үй иесі Мұстафа аға қазақтың баласы болғандықтан, ұлттық тағамдар біздің дастарқанымыздың негізгі көркі, бұның бəрі мына əйелдер қауымының екі-үш күн бойғы еңбегі деп əзілдеп қояды. Сөйтсек, бұның бəрін норвег жеңешеміз Түркиядағы қайын жұртына барып жүріп, үйреніп алыпты. Жылқы етінде сол жақтан алдырып отырады екен. Үйдің екінші қабатындағы үлкен үстел басына отырған соң, жан-жағындағы бауырларымызды да таныстырды. Ослода жəне оның маңында жиырма бестей қазақ отбасы бар болып шықты. Бүгінгі дастарқанға бəрі қамтылсын деп, əр отбасыдан бір үлкен кісі мен бір бала шақырылған. Бұл қазақтардың осы елге келуіне Мұстафа ағамыздың өзі себепкер болған. Бəрі ол кісінің алыс-жақын туыстары. Қандастарымның əрқайсысы, менің айтып отырған əңгімемді түсініп, əр қойған сұрағыма жауап бере алғандарына мəзмейрам. Өйткені кейінгі кезде Түркиядағы қазақтардың өзінің балалары ана тілін ұмыта бастаған. Норвегиядағы бауырларыНобель сыйлыыны( иегерлері аны/талатын имарат

мыз балаларын тіл үйренсін деп сол жаққа жазғы демалыстарда арнайы жіберіп тұратындарын айтты. Əріптестерім төрде тұрған қара домбыраны көріп, менің ептеп шертетінімді білетін болғандықтан, маған əн айтып жібер деп қолқа салды. Əнді мұндайда айтпағанда қайда айтамын, бар білетін əндерімді шырқауға тырыстым. Жүздерінен байқап отырмын, үлкендер жағы əр əнді естіген сайын елітіп, рахаттанып отыр. Ал балалардың қызығушылығы тіптен ерен, домбыраның əр қағысын қалт жібермейді. Жанымда адамдар көп отырғандықтан байқамаппын, жастар менің əн айтып отырғанымды бейнетаспаға түсіріп алыпты. Оны дастарқанға бата берілген соң, үзіліске шыққан кезде байқадым. Таспаға қарап домбыраға жармасқан балалар менің тартқанымды өздерінше əуенге салып жатыр. Тағы бір тағылымды жайтты байқадым, ұрпақтарының ертеңін ойлаған үлкендер ертіп келген жеткіншектерінің менімен бірауыз сөйлескенін қалап тұр. Əрқайсысына сұрақ қойып, əңгімеге тартып көрдім. Өскіндерінің ана тілін ұғып жауап беруге тырысып жатқанын көрген ересектердің кейбірінің көзінен қуаныштың жасын да байқап қалдым. Қарап тұрмай барлық балалармен сөйлесіп, əрбірінің атын айтқызып, жаттаған өлеңдерін тыңдап, ризашылығымды жеткіздім. Бір Норвегияда т7ратын /андастарымызбен бірге

қайран қалғаным барлығы жеті аталарын жаңылмай айтып тұр. Бүкіл апарған дискілер мен кітаптарды жəне басқа да заттарды əрбір үйге жетсін деп бөліп беруге тырыстым. Шайға отырған кезде теледидарларын қосып, Каспионетті туралап қойыпты. «Бұл жастар жағына жақсы болды, қазақшасын ұқпай қалса, ағылшыншасын қағып алады. Қалай болғанда да қазақтың тілін естігендеріне қуанамыз» – дейді ағалар жағы. Олар осы арнаға қатысты ұсыныс, өтініштерін де жеткізді. Көбінесе қазақтың ұлттық əн-күйі жиі берілмейтінін, салт-дəстүріміз де молынан көрсетілмейтінін, бұрынғы тарихи тұлғалар мен оқиғалар туралы фильмдер аз көрсетілетінін айтты. Мен пікірлерінің орынды екендігін, оны Каспионет арнасы басшыларына құлаққағыс ететінімді жеткіздім. Бұл үйдің қазақы қонақжайлылығына рақметімізді айтып, аттанар алдында жеңешеміздің қазақша сөйлеп тұрғанын көріп тағы бір таңқалдық. Мұстафа ағамызға деген махаббат, құрмет, адалдықтың арқасында, нағыз жар бола білген норвег жеңгеміздің мəрттігіне тəнті болдық. Жалпы бір жұмадай Норвегияда жүріп, бұл халықтың мінезін, болмысын түсінуге тырыстым. Байқасам, норвегтер алдауды қатты жек көреді екен. Бəрі ашық, бəрі əділ, шынайы болғанын жандары қалап тұрады. Норвегтер өздері туралы айтылған «Бізде біреуді алдасаң ісің ешқашан алға баспайды, өйткені біз бір-бірімізді танимыз, бір-бірімізбен бəрібір кездесеміз» деген тəмсілденақ халықтың болмысын ұқтым, тіршілігі де мінездеріне сай екендігін бағамдадым. МЫҢ ҚҰБЫЛҒАН МЫСЫР Мысыр елі кезінде өркениет пен мəдениет орталығы болғаны белгілі. Перғауындардың көне жазуы, Александриядағы кітапхана, Мысыр патшалары мəйітінің сақталу ерекшелігі, алып тас мүсіндері, əйгілі Пирамида. Мұның бəрі сол замандардағы адамзаттың даму деңгейін көрсететін құбылыстар. Осы ғажайып жетістіктердің барлығы бір ғана елде жүзеге асқан. Бірақ уақыт өте келе, бұл тарихи елдегі даму дөңгелегі тежеліп, алға қарай

жылжу саябырсыған. Қазір мысырлықтар сол ата-бабаларының қалдырған мəңгілік мұраларын мансұқ ету арқылы күн көріп отырғанын көзіңмен көргенде, заман ағымынан қалыспай ілесіп отырудың өзі іргелі əрекет екендігін мойындайсың. Егер олар перғауындар кезіндегі қарқынмен дами бергенде, елдегі жағдай басқаша болатын еді. Бүгінгі Египет халқының аз мөлшері ғана бай, басым көпшілік тұрғындар кедей. Орта тап кең қалыптасып үлгермеген. Бірнеше жұлдызды қонақүйлер мен кəсіпкерлік ғимараттары маңында жүрсең бəрі жақсы сияқты, ал олардың аумағынан екі жүз метрдей ұзай бастасаң, қайыр сұраған адамдар тобырына кездесе бересің. Соңғы жиырма жылда ел астанасы Каирдың өзі жұтаңданып кеткен. Мен көшеден кезінде кеңес үкіметі шығарған Жигулидің алғашқы түрлерінің такси болып қаптап жүргенін көргенде шынымен таңқалдым. Қазір олар тіпті бізде аз кездеседі. Халық пен əңгімелесе бастасаң, Хұсни Мүбаракты кеңес көсемі болған Леонид Брежневке теңейді. Брежнев қартайғаны соншалық, тілі күрмеліп, сақауланып баяндамасын əзер оқитын. Мүбарак та сондай кейіпке түсіпті. Көшелерде оның жас кезіндегі фотолары ілініп тұр. Тұрғындар егер ол сол жас кезіндегідей жігерлі жұмыс істеп, өзекті де өткір мəселелерді қордаланбай тұрғанда шешіп жатса, əңгіме басқаша болатынын айтады. Өзі қартайғанымен қоймай, халықты да жөнсіз бастамаларымен мезі ете бастаған. Мəселен, ол алпыстан асқан адам ғана басқарушы қызметтерге отыра алады деген сияқты жөнсіз өз талаптарын енгізіп қойған. Біз Египеттің белді мемлекеттік газет-журналдары мен телеарналарының жұмысымен таныстық. Олар елуге келгендерді əлі жас буын деп атайды екен. Сапарымыздың алдында ғана БАҚ басшыларын өзгертіпті. Қанша айтқанмен ел ағалары атанған адамдарды жас мамандар деп таныстырғанда таңданысымызды жасырмадық. Жасы ұлғайған Мүбарактың мұндай ерсі əрекеттерін халқы əжуаға айналдырып алған. Кайрліктер тіпті кейбір жерлерге одан аумайтын сыңары барады, басшымыз сөйлеуден де қалған, қол бұлғап кетсе мəзбіз деп əзілдеп қояды. Нағыз саясатқа араласқан тұсында жасындай жарқылдаған Хұсни Мүбарак беделінің билікте тым көп отыруының, ізбасарларына жол бермеуінің

салдарынан түсіп кеткенін біз сол жолы-ақ байқадық. (Бұл сапармен 2005-ші жылдың тамыз айында барған едік. Кейіннен Мүбарақтың жағдайы қандай болғаны белгілі. ) Алайда, Мысырда бұрынғы құндылықтардың кейбірі сақталып қалған. Мəселен, онда зиялы қауымның пікіріне халық назар аударып отырады. Олардың аузына ешкім қақпақ қоя алмайды. Ой тұжырымдары мен ұсыныстарын кез келген ортада ашық айта алады. Əсіресе, жоғары оқу орындарының ғалымдары жалтақтамай кемшін тұстарды қоғамға жария етіп отырады. Оған біз Каир университеті профессорларының дəрісін тыңдаған кезде нақты көз жеткіздік. Елдегі ахуал, қоғамдағы жағдай, ақпарат құралдарының жұмысы туралы дəрістер оқыған ғалымдар Египеттің тоқырап бара жатқанын, биліктің жұмысына қан жүгіртетін жаңа буын қажет екендігін жасырған жоқ. Олар халық пен билік арасында қалыптасқан алшақтықты кемшілік ретінде атады. Биліктегілер қарапайым азаматтарды дінмен ұстап отырғысы келеді, тіпті басқа діндегілердің жетістіктері бізге жат деп қойып, өздері балаларын батыс пен АҚШ-тың жоғары оқу орындарында оқытып тəрбиелейді. Бұл да қоғамдағы əділетсіздіктің бір көрінісі емес пе деп шамырқанады оқытушылар. Ғалымдар жалпы араб елдері арасында ауызбіршілік жоғын да сынға алды. Ортақ бір үйлестіруші тұлға көшбасшының болмауынан əр ел өз қотырын қасуды ғана біледі. Ортақ өгізден, оңаша бұзау артық деген ұстаным белең алған. Соның салдарынан жекелеген араб мемлекеттері құрбандыққа шалынып жатқанын дəл айтты. «Егер араб əлемінің күшеюін шын қаласа, неге Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Əмірліктері, Кувейт сияқты мұнайдан қыруар табыс тауып отырған елдер халқы кедей біз сияқты мемлекеттерге қол ұшын созбайды. Тегін емес, жеңілдікті несие бөлу арқылы жəрдемдесуге болады ғой. Бірақ өкінішке қарай, ондай мəрттікке ешқайсысы бармай отыр» деп қынжылады ел зиялылары. Расымен де, олардың пікірімен келісуге болады. Араб əлеміндегі бірліктің жоқтығынан Палестина əлі тəуелсіздігін алған жоқ, Ирак елі тас-талқаны шығып, батысқа жем болып кетті. Соңғы ойран Араб елдерінде орын алған жаппай

ереуілдер. Бұл оқиғалардың өзі мемлекеттер арасындағы үйлестіруші құрылымдардың өте əлсіз əрі пəрменсіз екендігін көрсетті. Егер елдер де бар əлеуметтік жəне саяси мəселелерді саралап, алдын алғанда бəрі басқаша болатын еді. Басты кемшілік елдер арасында өзара тауар алмасу мен нарықтарды реттейтін интеграциялық ынтымақтастықтың жоқтығы. Бірі тым алға шығып кеткен, бірі тым артта қалып қойған. Бірбіріне көмектесе отырып, бірлесіп алға жылжу үрдісі қалыптаспаған. Өте алысқа бармай-ақ Еуропалық Одақты үлгі етіп алып, əрекет еткенде оң нəтиже болатын еді. Египетте бюджетке негізінен табыс туризм саласы мен Суэц каналы арқылы өтетін тасымалдан көп түседі. Мысыр еліне əлем жұртшылығы əлемнің жеті кереметіне жататын Пирамида мен перғауындар тарихынан сыр шертетін мұражайлар мен тарихи қалаларды көру үшін ағылып келіп жатады. Шынымен де, Пирамиданың алып кірпіштермен түп-түзу қаланғанын көргенде таңданбай қоймайсыз. Қазір неше түрлі техникалар бар заманда ондай ғимаратты салу оңайға соқпайды. Бұл адамдардың күші арқылы салынғанын көз алдыңа елестетсеңіз, оны тұрғызған перғауындар патшасының құдіретін түйсінесіз. Əрқайсысы бір метрге жуық болатын кірпіштерді құю, оны қалау, биікке көтеру жəне бұрышын сақтай отырып ғимаратты тұрғызу мұның бəрі перғауындардың сол кезде-ақ сəулет өнерінен хабардар болғанын көрсетеді. Осынау алып нысанның тек ортасында ғана перғауын патшасының мүрдесі пайдаланған заттарымен қоса жерленген. Мүрденің бірден қурап кетпей сақталуында да ерекшелік бар. Олардың медицинадан да хабары болғанын байқатады. Пирамида былай қарасаңыз қаншама тарихты бойына сақтап тұрған керемет нысан. Оны көруге кімдер келіп, кімдер кетпеген. Əлем тарихының атасы Геродот та көрген, əйгілі қолбасшылар Наполеон да, Зұлқарнайын да, Бейбарыс та маңына ат басын тіреген. Ең қатыгездік танытқан Наполеон болыпты. Оның əскері осынау адамзат құндылығына зеңбіректен оқ атқан. Бірнеше мəрте атылған зеңбіректен пирамиданың алдында тұрған жыланның басы іспетті Сфинкстің мұрыны сынып түскен. Ең ғажабы сол заманнан

бүгінге дейін сол сынықты қайта жапсыруды қолға алған қаншама ғасырда өмір сүрген адамдар əлі күнге дейін балшықтың құрамын дəл анықтап, жапсыра алмаған. Сонда перғауындар балшықтың құрамын да өзіндік ерекшелікпен жасатқан болып шығады. Мəдениеті асқақ ел қолбасшысының осынау көз тартар ғажайып туындыны көріп тұрып, атқызғаны пендешілігі болар дегеннен басқа ештеме айта алмаспыз. Қазіргі мысырлықтар Пирамиданың маңын нағыз сауда мен демалыс жəне саяхат орталығына айналдырып жіберген. Неше түрлі Мысыр елінің тарихынан сыр шертетін сувенирлер саудасы қызып тұр. Арабтың киімін киіп, аттарына мінемін десеңіз, бəрі дайын. Бірақ қызметті ұсынушылардың деңгейі əр түрлі, бірі тым қарабайырлау болса, бірі шетелдіктердің талғамына сай. Түнде пирамида маңында керемет қойылым көрсетіледі. Тура пирамиданың салыну тарихынан бастап, жерленген перғауын патшалары, бұл маңға келген тарихи тұлғаларға қатысты оқиғалар туралы түрлі озық жарық түсіру жəне дыбыстық 8лемні( жеті кереметіні( бірі – Пирамида жанында

зорайтқыш технологияларымен жасалған фильм қойылым бірден көрерменді тарих тұңғиығына иіріп əкетеді. Оқиғаларға өзің куə болып отырғандай сезінесің. Өйткені сол заманның басты куəгері пирамида жаныңда қасқайып тұр. Əлемнің ғажайып нүктесінде тұрып, тарих сабақтарын өзгеше таразылайсың. Адамзаттың кешегісі мен бүгінгісін саралаудан өткізесің. Тарихи тұлғалар болған жерде, өзің де тұрсың. Бəрін тамашалап, көз құмарын қандырған соң, олар мына ғажайып нысанды көргенде қандай ойда болды екен деген сауал мазалай бастайды. Бұл жердің өзіндік ерекше орын екенін, оған қатысты аңыз-əңгімелердің көптігінен де бажайлауға болады. Тіпті ол көктен түскен дегенде болжам барын естідік. Пирамида маңындағы тыныс-тіршіліктің де бөлекше екендігін сол маңайда жүргенде ғана сезіне аласың. Адамзатты өзіне тартып тұрған табиғи тылсым жұмбағы көп бір əлем. Бірінің жауабын тапсаң, екінші қыры сыр тарта бастайды. Каирдегі Осман патшасы салдыран мешіт

Қатар тұрған үш пирамиданың аумағында Жаратқаннан тілек тілеп, арманыңның орындалуын ниет қылатын орын да бар. Құдық тəріздес қазылған аса терең емес шұңқырға тиын теңге тастайсың. Түскенде кəдімгі лақтырған бақырыңның сыңғырлаған дауысы естіледі. Сонда тілегің қабыл болып орындалады дейді мысырлықтар. Бұл ырымға сенген мен де іштей тілек тілеп, өз төл теңгемізді лақтырдым. Сізге өтірік, маған шын Жаратқаннан сұраған тілегім орындалды. Бұрын қиюы келмей жүрген тірліктің кілті табылып, өзінен-өзі Каирдегі бабамыз С7лтан Бейбарыс мешітіні( ала(/айы С7лтан Бейбарыс мешітіні( іші

шешілді. Мен Пирамиданың тағы бір кереметін іштей мойындадым. Бұл нысаннан табылған ерен жаңалықтың көкесі перғауын жазуы. Ғалымдар оның əріптерін анықтап, алфавитті қалпына келтіре алған. Қазір кайрліктер атыңды арнайы алқа жасап, сол əріптермен жазып береді. Бұл туристер үшін таптырмайтын олжа. Біз осынау пирамида маңынан қазақтың қызымен үйленген араб жігітін кездестірдік. Шындығына келгенде ол бізді елшілік арқылы өзі іздеп тауып алды. Қайын жұртына құрмет көрсетіп, дəм татырғысы келген екен. Өзі кəсіпкер, тура пирамиданың түбіндегі ең үлкен мейрамхананың қожайыны. Түскі асты күйеу баланың шақыруымен сол жерде іштік. Бізге зор ілтипат көрсеткен ол Қазақстанда бірнеше мəрте болғанын тілге тиек етті. Əлі күнге дейін қазақ достарынан хабар үзбеген. «Бұл дастарқан менің жарымның атажұрты қазақ халқына көрсеткен құрметім деп біліңіздер, қашан келсеңіздерде есігіміз айқара ашық» дейді ағынан жарылған араб марқасқасы. Ұрыста тұрыс бар ма, енді қарындасымызды дастарқан басына шақыр, бет-жүзін көріп, тілдесесейік десек, біздің салтымызға сай əйелдер қонақтармен бірге отырмайды, қарындастарыңыз менен сəлем айтып жіберді дейді күйеу баламыз. Бəріміздің атымыздан үлкендеріміз қонақжай отбасына бата беріп, ризашылығымызды жеткізді. Құдайдың құдіретін қараңыз, əлемнің таңғажайып нысаны саналған Пирамида төрінде де қазақы дастарқаннан дəм татамыз деп кім ойлаған. Каирге барған кез келген қазақ осы елде билік құрған Бейбарыс сұлтан мешітіне атбасын тіремей кетпейді. Бізде бабамыз тұрғызған Алланың үйіне кіріп, жергілікті имамдарға Құран оқыттық. Атшаптырым аумағы бар мешіттің негізгі күмбез орнатылған бөлігінде намаз оқитын орындар бар. Бір үлкен ерекшелік сол бөлікте кітапхана да орналасқан. Мысыр елін Бейбарыс бабамыз басқарған тұста мешіт тек Жаратқанға құлшылық ететін жер ғана емес, білім нəрімен де сусындайтын орынға да айналған. Біз əйгілі сұлтанның заты қазақ екендігін айтып мақтансақ, араб жұрты оны ең алдымен ислам халифатын сақтап қалған ұлы тұлға деп бағалайды. Бейбарыс жанжақтан жаулар анталап, халифат басшылығы паналайтын жер

таппай қиналған кезде, барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, ерлікке пара-пар əрекет жасап, мұсылман қауымының туын құлатпай тіктеуге зор үлес қосқан. Екіншіден, оны араб əлемін крест жорығынан, монғол шапқыншылығынан қорғап қалған даңқты патша, əрі атақты қолбасшы деп құрметтейді. Бейбарыс өзінің сарабдал саясаткерлігінің, білікті əскери қолбасшылығының арқасында күші басым кресшілер мен моңғолдардың бетін қайтарып, тойтарыс берген. Біз келешекте бабамыздың тек қазақ екендігін ғана емес, бүкіл дүниежүзілік мұсылман əлемі үшін ортақ білгір көшбасшы болғанын да терең зерделеп, зерттеуге айрықша мəн беруіміз керек екен деген ой түйдік. Ғалымдарымыздың құлағына алтын сырға. Енді бір намысымызға тиетін нəрсе, осынау Каирдегі мешітке жасалып жатқан жөндеу жұмыстарының əлі толық аяқталмағаны. Қазақ даласынан шыққан əйгілі патша деп тайға таңба басқандай етіп, ағылшын, араб, қазақ тілдерінде маңдайшасына жарқыратып жазып қойған тарихи нысандағы 8йгілі перауынды/ .нерді( шы(ы Сфинкс

жөндеу жұмыстары қаншама жылға созылып кетті. Жылда парламентте оған қаржы бөлу жағы көтеріліп, қарастырылады. Бірақ жеме-жемге келгенде үкімет түрлі сылтауларды алға тартып, жоспарланған қаражатты үнемдеп, құрылысты бітіре алмай келеді. Бұл ғимарат біле білсек, қазақ елінің əлемге танылуына ықпал ететін біздің халықаралық деңгейдегі рухани, мəдени орталығымыз бола алады. Неге десеңіз, бізге сұхбат берген Египет үкіметінің өкілдері Бейбарыс мешіті жөнделсе, оны елдің туристік бағдарламасына енгізіп, бүкіл Пирамиданы көруге келетін шетелдіктердің баруына да ықпал ететін едік деп отыр. Бұл көктен сұрағанымызды жерден берді демекші, Египетке келетін миллиондаған қонақтар Бейбарыс мешітіне барса, Қазақстан туралы да мол мағлұмат ала алады деген сөз емес пе? Осыны ұқпай отырған ел үкіметіндегі шенеуніктердің келте əрекетіне қалай қынжылмайсың. Біз қайта бұл керемет мүмкіндікті пайдаланып, мешіттің жөндеу жұмыстарын кеңейтіп, заманауи үлгідегі технологияларды қолдану арқылы елімізді де кең таныстыратын орынға айналдырып жіберсек, ешкім оған қолбайлау жасайын деп тұрған жоқ. Египеттегі туризм туралы əңгімемізді əрі қарай жалғасақ, мысырлықтар Қызыл теңіз жағалауларын тамаша демалыс орталығына айналдыра алған. Оған жарқын мысал, Шармəл Шейх демалыс қалашығы. Үш, бес, жеті жұлдызды қонақ үйлер əлемдік талапқа сай жұмыс істеп тұр. Шетелден келетін демалушылар үшін барлық қолдан келетін жағдайдың бəрі жасалған. Жағажайлар тап-таза, қонақүйлердегі қызмет көрсету өте жоғары деңгейде, спорттық жəне сауықтыру, демалыс нысандары да биік талапқа толықтай жауап береді. Ең бастысы демалыс жолдамалары басқа туризм саласы дамыған елдермен салыстырғанда тым қымбат емес. Сондықтан болар əсіресе, күзде мұнда Америка мен Еуропа құрлығының тұрғындары көп болады. Біз Египетке барған кездің алдында осы қалашықта жарылыс орын алып, ел іші де дүрлігіп қалған еді. Бұл оқиға бірден туризм саласына кері əсерін тигізіп, саяхатшылар легі саябырсып кетіпті. Сол тұстағы Қазақстанның Египеттегі елшісі Бағдат Əміреевтің бізбен сұхбаты барысында Шарм-əл Шейх туралы

көп сауалдар қойылды. Біздің қызығушылығымызды байқаған елші бірден іскерлік танытып, Египеттің туризм саласындағы жоғарғы шенеуніктерімен көзімізше телефонмен сөйлесіп, сол қалашыққа барып, жағдайды көзбен көруімізге мүмкіндік жасап берді. Сапар барысында байқағанымыз елшіні бүкіл Египет министрлері жақсы таниды екен. Шығыстану саласының білгір маманы, араб тілін өте жетік меңгерген Бағдат ағамыз барлық елдердің елшілерінің ішіндегі ең беделдісі атаныпты. Оны Мысыр елінің үкіметі шенеуніктерінен естігенде өзіміз марқайып ырза болдық. Елдестірмек елшіден демекші, қай министрлігіне барсақ та, Бейбарыс бабамызды, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевты жəне елшіміз Бағдат Əміреевті əңгімеге қосып, жылы пікірлерін жеткізіп жатты. Сөйтіп, аяқ астынан елшіміздің беделінің арқасында, Каирде тек тəжірибе алмасуға келген біздер бір жұмаға жуық уақыт бойы Қызыл теңіз жағалауындағы бес жұлдызды қонақ үйде демалып, халықаралық туризм орталығының жұмысында көзімізбен көріп қайттық. Шіркін, өзіміздің Алакөл мен Марқакөліміз, Балқашымыз бен Бурабайымыз, Баянауылымыз бен Көлсайымыз, Каспийіміздің жағалаулары да осындай демалыс орталығына айналса екен деген тілеуді іштей қайталаумен болдық. Египетте өзіндік брэндке айналған өнім де бар. Ол иісмайлар мен иіссулар. Бұл өнімдердің шығу тарихы тағы да перғауындар заманынан бастау алады. Олар хош иісті майларды денелеріне жағып, күннің ыстығынан да қорғана білген. Мысыр елінде тамыз, шілде айларында күннің астында жарты сағат жатсаңыз болды тура табаға қуырылғандай күйіп қаласыз. Күннің ыстықтығы соншалық, көлеңкеде жатқанда да денеңіз күйе береді. Сондықтан бұл жақта байқамасаңыз күнге қатты күйіп қалсаңыз ыстығыңыз көтеріліп, мазаңыз кетіп, əуреге түсіп қаласыз. Оны жергілікті тұрғындар перғауын сырқаты деп атайды. Соған қарағанда кезінде перғауындар күнге байқамай тез қақталған тəрізді. Осындай күюден сақтану үшін иісмайлар жасалған. Перғауындардың оны өзіндік қолдану тəсілдері де бар. Бабаларының өнімін жетілдіріп, бүгінге жеткізген адамның бірі Мұхаммед Əл-Файед. Ол əлемге танылған Мы-

сыр миллиардері. Кəсіпкер перғауын иісмайына əйгілі француз əтірінің бөлшектерін қосу арқылы жаңа өнімдер шығарған. Оған бүгінде дүниежүзі бойынша сұраныс бар. Осылайша ұлттық өнімді əлемдік өніммен жетілдіру арқылы тамаша жетістікке қол жеткізілген. Қарап тұрсақ қазақтың қымызы, құрт-ірімшігі, шұбатының да өндірісін жолға қойып, ұлттық өнім ретінде сыртқа шығаратын болса, сұраныс қалыптасары сөзсіз. Менің бір əдетім, əлемнің əр түкпірінен көрген жақсы істер бізге жұғысты болуын тілеп, барған жерімдегі жетістіктерді тəптіштеп сұрап, біліп алып, оған қатысты өз еліміздегі мүмкіндіктерімізді де саралауға мəн беремін. Оным, жақсы сөз жарым ырыс дегендей, көргенімді елмен бөлісе отырып, өз бауырларыма ой тамызық тастау. Жақсыдан үйренгенге не жетсін!

НЬЮ-ЙОРК – ƏЛЕМНІҢ АСТАНАСЫ Əлемнің астанасы саналған Нью-Йорк қаласы қайнап жатқан тіршіліктің көмбесі іспетті. Көшелердегі шу, көліктердің қиқуы, төбедегі тікұшақтардың дауысы, полиция машиналарының жаңғырған қатты үні бұл осы қаланың менмұндалаған ерекшелігі. Көбінесе батыстық фильмдерден бəрімізге жақсы таныс азан-қазан өмірдің ішіне əп-сəтте тап болғанда, шынымен абдырап қалады екенсің. Тұрып жатқан қонақүйіңнің маңынан тікұшақтардың ойқастап ұшып жүргенін көргенде бір жағынан таңданасың, екінші жағынан қауіпсіздік шараларының күштілігін бағамдайсың. Біз бұл қалаға БҰҰ-ның бас ассамблеясы сессиясының жұмысы туралы ақпарат тарату үшін келген едік. Əлемдік саясаткерлер, мемлекет басшылары, айтулы тұлғалар мен қайраткерлер, дүниежүзілік ақпарат құралдарының майталмандары барлығы осы қаланың қонақтары. Бұл кезде Нью-Йорк нағыз əлемнің жүрегіне айналады. Қаланың төрінде орналасқан БҰҰ ғимаратында өткір ғаламдық мəселелер жан-жақты талқыланады. Бүкіл қала тұрғындары да бұл өз шаһарларының жұлдызды сəтін мақтанышпен сезінетін сияқты. Көшеде кетіп бара жатып, жан-жағыңа көз жүгіртсең, оны да байқайсың. Ал біз сияқты қонақтар əлем астанасының ағысына енген соң, өзін бір елдің ғана емес, жер жаһанның бір 8лем тадыры шешілетін Б;;-ны( имараты

тұрғыны ретінде, ал елін соның бір бөлшегі ретінде сезіне бастайды екен. Өйткені бұл арада алғашқы кезекте адамзаттық түйткілдер тəптіштелгеннен соң барып, оның аясында əр елдің, халықтың мүддесі түгенделеді. Тек өз жайыңды ғана күйттеп кетуге болмайды, жер тұрғындарының ғаламдық мəселелеріне де айрықша назар аудару керек. Осы ұстаным БҰҰ-ның негізгі қағидасы. Əр ел осы ұйымның мүшесі ретінде қоянқолтық жұмыс істей отырып, оның негізгі бағыттарына қайшы келмейтін өз мемлекеттік мүддесін де сауатты дипломатиялық жолмен түгендей алса, басты жетістік сол. Бұл жолғы сессия барысында дүниежүзіндегі ядролық қауіпсіздік мəселесі өткір талқыланды. Əлемде «қырғи қабақ соғысы» аяқталғанымен, ядролық қару жасау тоқтатылған жоқ. Сынақ полигондары ірі ядролық елдерде əлі жұмыс істеп тұр. «Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі халықаралық келісімді» кейбір алпауыт елдер бекітпей отыр. БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун сол елдердің қатарында АҚШ, Қытай, Үндістан, Израиль, Иран, Пəкістан, Солтүстік Корея, Египет бар екендігіне əлем назарын аударды. Бас хатшының демократиялық жолды ұстанған мемлекеттердің авторитарлы биліктегі елдермен бір тізімде тұруын сынап, бетке айтуы бұл ұйымның халықаралық беделінің зор екендігін көрсетеді. БҰҰ айтулы ғаламдық мəселедегі Б;;-ны( бас ке(сесінде т7ран =аза/стан туы

жас мемлекет Қазақстанның жүзеге асырған жұмыстарына жоғары баға берді. Семей полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартқанымызды əлемге үлгі ретінде ұсынды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойған 29 тамыз күнін халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні деп жариялау жөніндегі ұсынысына да қолдау көрсетіп, оны ұйым бекітті. Бұл Қазақ елінің əлемдік деңгейдегі мəртебесінің көтерілгені емес пе? Бұл қазақ халқының ғаламдық жалпыадамзаттық мəселеге қосқан зор үлесі, мəңгілік қолтаңбасы. Өз еліңнің жаһандық деңгейдегі осынау əрекеті бағаланып жатқанын Нью-Йоркте жүріп естіп білгенде, басқаша əсерде болдық. Əлемнің астанасы бізге де ыстық бола түсті. Күннен-күнге қалаға бауыр баМа(аз Манхеттен

сып, оның барлық тіршілігіне дендей бастадық. Ел аузындағы əлемге танымал көрікті жерлерін тамашалай бергің келеді. Əйгілі «Азаттық» статуясы, Бруклин көпірі, маңғаз Манхеттен, дүниежүзінің нарқын реттеуші атақты Нью-Йорк биржасы, онымен қатар орналасқан іскерлік жəне қаржы орталықтарының аспанмен астасқан зəулім ғимараттары қаланың күш қуатын көрсетіп тұр. Ал Бродвэйдегі түнгі серуеннің өз қызығы мол. Жан-жағың самаладай жап-жарық, жарқыраған түрлі түсті əлем. Бір жерде суретшілер өнерлерін ұштап жатса, бір жерде музыканттар саз əуендерімен баурайды. Кейбір алаңқайлардағы жарықпен көмкеріп жасалған сахналарда сайқымазақтар көрерменді қызыққа бөлеп жатыр. Ал арнайы орындарын сайлап алып, жарнамалық шараларын қыздырып жатқандар да сан жоқ. Біз бір адамдар шоғырланған шағын алаңға аяқ басып едік, жан-жағымыздан шуылдаған бақа-шаянның, шырылдаған шегірткенің, құстардың сайраған түрлі дауысы құлағымызға келе қалды. Арнайы сондай əуенді қойып қойған ғой деп ойласақ олай болмай шықты. Əр жəндік пен құстардың дауысын бірнеше адам əр жерде тұрып, арнайы аспаптармен салып тұр екен. Олар біздің таңданысымызға риза болып, өз еңбектерінің босқа кетпегеніне мəз-мейрам. Бұл думандарды көріп қана қоймай, жолшыбай ірілі-ұсақты дүкендерден керегіңді де қарай жүресің. Біз əріптесім операАта/ты Бруклин к.пірі

тор Еркебұлан Құрманғали екеуміз жүре-жүре аяғымыз тала бастаған соң, енді өз қонақүйімізге қайтуға қамданып келе жатыр едік. Алдымыздан арбаларын сайлаған велосипедті арбакештер тұрағы кездесе қалғаны. Бірден солардың жанына жақындап, қонақүйге жеткізіп салуларын сұрадық. Олардың арасында екі үш татар жігіті бар болып шықты. Еркебұлан екеуміздің өзара қазақша сөйлесіп тұрғанымызды естіп, татар бауырлар тіл ұқсастығын байқап, жанымызға жетіп келгендері. Татарша, қазақша, орысша сөйлесіп жүріп ортақ тіл табысып кеттік. Рашид деген жігіт өзінің арбасына отырғызып алып, бізге түнгі Нью-Йорктың басқа да əдемі жерлерін көрсетіп шықты. Жеңіл əрі жел есіп тұрған арба үстінде құдды бір өз даламызды кезіп жүргендей əсерге бөлендік те қалдық. Рашид студент екен, қолы сабақтан босағанда арбаға отырып, қосымша қаражат табатын көрінеді. Мұнда келгеніне он жылдай болыпты, бастапқы да Татарстаннан туыстары көшкен. Біртіндеп олар Рашидті де қызықтырыпты. Татар бауырымыз Қазақстан туралы жақсы біледі. Ол тура өздері сияқты қазақ жастары да бір тұрақта жұмыс істейтінін айтты. Рашид бұл бір жағынан ақша табу болса, екінші жағынан спорт дейді. Арбакеш болған күні фитнес клубқа бармайды екен. Фитнес дегеннен шығады, АҚШ-та салауатты өмір салтына айрықша мəн беретініне көзіміз əбден жетті. Нью-Йорктегі кез келген ғимараттың астыңғы қабатында арнайы жаттығу залдарында жүгіріп жүрген адамдарды көресіз. Көшеде де сондай, саябақтардың іші де дене шынықтырып жатқан адамдарға толы. Денсаулығын ойлап, сергек тірлікке ұмтылған үлкен-кішіні көргенде бұл салауаттылық біздің ұлтымызға да жұғысты болса екен деп тіледік. Бірден маған, Астанаға жеткен соң міндетті түрде жүгіру автоматын алу туралы ой келді. Бұл ойымды елге келген соң сəтті жүзеге асырдым. Бұған қоса біртіндеп, аптасына үш төрт рет таңертеңгілік саябақта серуендеуді, дене шынықтыруды əдетке айналдыра бастадым. Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың демекші, мен əр өзім болған елден осындай тағылымды істерді үйренуді о бастан əдетке айналдырған едім.

Американдықтардың тағы бір ерекшелігі кез келген дүкендегі тауардың сапасына жіті мəн беретіндігі. Ондағы тұтынушылардың құқын қорғайтын мекемелердің жұмысы да белсенді. Олар сапасыз тауарды көп жіберетін елді анықтап, сол мемлекеттің өнімін АҚШ-қа кіргізуге қатаң тыйым сала алады. Сондықтан талап күшті болған соң, өнімді əкелуші үлкен жауапкершілікпен қарап, тек сапалысын жеткізуге тырысады. Бұл ел тұрғындары несиемен өмір сүруге əбден бейімделіп алған. Егер көлікті судай жаңа қалпында автосалоннан алсаңыз, сізге үш жылға кепілдеме беріледі. Сол уақыт аралығында көлікке көп зақым жасамасаңыз, онда тағы жаңа көлік алуға қақыңыз бар. Маркасын өзгертемін десеңіз, баға айырмашылығын төлейсіз. Мен көшелерде жаңа көліктердің самсап тұруының себебін сонда түсіндім. Бізге ол жақтан ескірген көліктердің əлі күнге дейін тасылып жатқанының да сырын ұқтық. Сапарымыздың үшінші күнінде кешкісін жұмыстан кейін қаланың біраз жерін аралап болған соң, БҰҰ-дағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінің екінші хатшысы Алмат Игенбаев тамақтану үшін бір мейрамханаға алып келді. Дəмді асты ішіп болған соң, ақшамызды төлейік деп қанша екендігін өзара сұрасып жатқанымызда даяшы қыздың қазақша жауап бергенін естіп, біраз абдырап тұрып қалдық. Сөйтсек, даяшымыз өзіміздің қарындасымыз болып Б;;-ны( /арбалас/а толы баспас.з орталыы

шықты. Шығыс Қазақстан облысының тумасы Маржан НьюЙоркке ағылшын тілін үйрететін курс арқылы келіпті. Қазір тілдің теориялық жағын меңгерген ол практикалық тəжірибе жинақтауда екен. Əрі даяшы, əрі кассир болып жұмыс істеп жүрген Маржан əлем астанасындағы тіл үйрену курсы сəтті өтіп жатқанын айтты. Бізге осындай тосын сый жасаған Алматтың нағыз болашағы зор кəсіби дипломат екендігіне сапар барысында бірнеше мəрте көз жеткіздік. Ағылшыншасы жетік маманның БҰҰ бас кеңсесіндегі еліміз делегациясының əр кездесуінің қандай маңызы мен мəні бар екендігін журналистер қауымына жан-жақты түсіндіріп, мол ақпарат беріп, арасында өзінің сараптамалық пікірін де айтып отыратыны көңілімізден əбден шықты. Жəне ең бастысы ойын нəрлі қазақ тілінде майын тамызып сабақтайтыны қатты ұнады. Алматтың бастауымен ертеңінде БҰҰ ғимаратында ашылған Қазақстан туралы арнайы көрмені тамашалауға бардық. Онда еліміз туралы жан-жақты ақпарат жəне ядролық қауіпсіздікке қосқан Қазақстанның үлесі туралы мол мағлұмат қамтылғанын көрдік. Бас ассамблеяның отырысы барысында тіпті, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның өзі барлық елдердің өкілдерін осы көрмені тамашалауға шақырды. «Көрмені көрген адам ядролық қарудың адамзатқа келтіретін зардабының өте ауыр екендігіне көз жеткізеді» – деді ол. Жалпы ассамблеяның негізгі отырыстарын жүргізген Пан Ги Мун əлемдік қайраткер екендігін байқатып отырды. Бұған дейінгі бас хатшылардың сөзінде көбінесе ресми сарын басым болатын. Ал Пан Ги Мун болса, шығыстың астарлап, философиямен жеткізетін шешендік мəнерін кең қолдану арқылы сессияның отырыстарын шебер жүргізе алды. Отырыс залындағылар бас хатшының сəтті шыққан сөздеріне қол шапалақтап, ризашылықтарын білдіріп жатты. Оның осы сессия барысында сөйлеген бір ғана қанатты сөзін назарларыңызға ұсынайын. Əлемде бірнеше түрлі аралдар мен жағалауларда орналасқан мемлекеттер мұхиттар мен теңіздердің құрсауында қалып, жойылып жатыр. Соңғы жылдары дүниежүзінде мұнай мен газдың көп өндіріліп ауаның ластануынан мұзды мұхиттардың еру жылдам-

дығы өсіп, су көлемі ұлғая түскен. Соның салдарынан аралдар мен жағалауларды су басып қалу оқиғалары көбейген. Осы өзекті мəселенің салдарынан экологиялық мигранттар деген жаңа термин пайда болды. Елі су астында қалған халық басқа мемлекеттерден пана іздеп жер сұрап, босып кетеді. Бұл сондай адамдарға қолданылатын атау. Осы түйткілді жан-тəнімен түсінген Пан Ги Мун «Біздің келіссөздеріміздің баяу жүріп жатқаны соншалық, тіпті одан мұздықтар тез еріп жатыр» деп мəселені елдерге төтесінен бірақ қойды. Сөзінде зіл де бар, астар да жоқ емес. Бұл қайраткердің тек саясаткер ғана емес, ойы терең, тілі шешен тұлға екендігінің дəлелі. БҰҰ сессиясындағы сөз беру рəсімінің де ерекшелігі бар, трибунаға шығар алдында Т)нгі Нью-Йорк

сөз сөйлеуші таныстырылады. Сол кезде төрағалық етуші бас хатшы немесе оның орынбасары жаңадан ұйымға мүшелікке өткен елдер болса атап өтіп, орындарынан тұрып қошемет көрсетеді. Өзара ілтипаттан кейін мемлекет басшылары мен өкілдер сөзіне кіріседі. Бұл да бір қалыптасқан дəстүр. Мінбеге шығушылардың сөз сөйлеу уақыты айқындалған. Белгіленген мерзімнен артық сөйлей бастаса зал кəдімгідей тыпырлай бастайды. Кейде тіпті қол шапалақтап, дауыс көтеріп тыңдамай қояды. Кейбір елдің өкілдері өз мемлекеттері туралы жөнсіз ақпарат айтыла бастаса, орындарынан тұрып залдан шығып кетеді. Халықаралық талаптарға сай нақтыланған тəртіпке бағына бермейтін де ел басшылары бар екен. Мəселен, ол кезде көзі тірі дəурені жүріп тұрған Ливия басшысы Муамар Каддафи өзін таныстырған соң, мінбеге шығып сөйлегенге дейін залдың ішінде елдің бəрімен сəлемдесіп, біраз жүріп алды. Одан кейін төрағалық етушілермен жеке-жеке амандасып шықты. Содан кейін сөз сөйлеуге кірісті. Арапша қағазға қарамай сөйледі. Бірден АҚШ-тан бастап, Еуропа елдерін де сынға алды. Иракқа жасалған шабуылды айыптады. Залда отырған кейбір Еуропа елдерінің басшылары Саркози, Берлусконилерге аттарын атап əрекеттеріңнен əрдайым өктемдік байқалып тұрады деп тарпа бас салды. Олар үнсіз тыңдап қана отырды. Арасында БҰҰның қауіпсіздік кеңесіне қатысты пікірін де айта кетті. «Оған АҚШ, Еуропа елдері кірген неге бір Африка құрлығы елдерінен өкіл мемлекет кіргізілмейді» – деп өзінің сауалын шегелеп жеткізуге тырысты. Бұның өзі БҰҰ мінбесінің барлық елдердің басшыларына тең дəрежеде берілетінінің жəне онда ешкімнің аузына қақпақ қойылмайтынының көрінісі. Бір қызығы, мұндай саясаткердің осындай оқыстан сөзбен тиісетін əдісін əлем ақпарат құралдары əбден біліп алған сыңайлы. Каддафи сөйлердің алдында барлық журналистер отырған конференцзалдың іші азан-қазан күйінен арылып, бүкіл камералар мен диктофондар, микрофондар қосылып, бір қызық пікір айтылатынын күтіп жинақылана қалды. Жəне оның сыни пікірлері айтыла бастағанда, бəсе-бəсе десіп, əріптестерім мұндай саясаткер де болуы тиіс, енді қызық басталды деп гуілдесіп кетті.

БҰҰ-да бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына айрықша жағдай жасалған. Журналистер отыратын үлкен конференцзалда барлық техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, арнайы нүктелерге қосылып, өтіп жатқан мəжілістерді тікелей көшіріп алуға болады. Бас ассамблеяның отырысы өтіп жатқан жерге тек өз еліңнің өкілі сөйлеуге шыққан кезде ғана кіре аласың, сол сəтте көптеген əлемдік тарихи шешімдер қабылданып жатқан залдың ішін көруге мүмкіндік жасалады. Сессияның алғашқы күндерінде журналистердің жұмысы тіптен қауырт. Ұйым ғимаратының алдында төбесіне тарелка қойылған жылжымалы техникалық станциялар бүкіл бір көшенің бойын алып тұрады. Тікелей қосылымдар мен репортаждар, сұхбаттар əр сəт сайын эфирге жол тартып жатады. Ғимараттың алдындағы аузы буылған қару ескерткіш пен елдердің тулары тұрған жерден орын алу да оңай шаруа емес. Тіпті əр телекомпания алдын ала орынын сайлап, техникасын қосып қойған. Біз операторым Еркебұлан Құрманғали екеуміз жапондардың əйгілі Эн-Эйч-кэй компаниясының журналистерінен өтініш жасап, олар жалға алған аумақта тұрып, он минуттай түсірілім жасауға рұқсат алдық. Қазақстан туралы айтқанымызда жапондардан бізге ген жағынан ең ұқсас халық сіздер ғой деген сөзді естігенде-ақ ісіміздің оңға басып, рұқсат беретіндерін сездік. Күн шығыс елінің мамандары түсірілімдерін тоқтатып, өз аумақтарын босатып бере қойғанының арқасында біз БҰҰ ғимаратының алдындағы қайталанбас қарбалас сəтті қамтитын түсірілім жасауға мүмкіндік алдық. Сессия кезінде əлемнің түкпір-түкпірінен келген қоғамдық жəне үкіметтік емес ұйымдар тура осы ғимарат алдында бейбіт митингтер өткізуге алдын ала рұқсат алады екен. Алаң мен көше толы өз түйткілі жазылған демократиялық талаптары бар үнқағаз ұстаған əлем тұрғындары. Бір жұмадай Нью-Йоркта жүріп бізде əлем астанасының ерекше ағысын сезіндік. Бұл алып қаланың айрықша келбеті өз өрнегімен есімізде қалды.

ЕВРОПАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КӨЗҚАРАСЫ

Еліміз Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына төрағалық кезінде кəрі құрлықтағы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың өрісін кеңейте алды. Ұйымға мүше елдер Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатымен, əлеуметтік, экономикалық жағдайымен, тіпті тарихы, салт-дəстүрімен жан-жақты танысып үлгерді. Қазір Еуропада Қазақ елін білетіндердің саны əлдеқайда артқандығын мен Венадағы Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының штаб пəтерінде болғанда анық сезіндім. Осыдан бес-алты жыл бұрын Еуропа елдерінде іссапармен жүргенде Қазақстан туралы ақпараттың мол емес екендігін байқағанбыз. Ал бүгінде жағдай басқаша. Қазақстан десең, ең алдымен ядролық полигонды жапқан ел, көптеген ұлыстар мен ұлттар ынтымақпен өмір сүріп жатқан мемлекет, əлемдік дінаралық келісімге зор үлес қосушы ретінде жəне жерімізде мол пайдалы қазба бар екендігін де біледі. Бұл халықаралық ұйымға төрағалық арқылы біз елімізді əлемге таныта түскендігіміздің жарқын көрінісі. Басқаны айтпай-ақ қоялық, ЕҚЫҰ-ның штаб-пəтеріндегі кез келген қызметкердің Қазақстан туралы пікірі жақсы екендігіне сапар барысында нақты көз жеткіздік. Мұндай ұйымға төраға болған соң, атқарушы биліктің саясаты халықаралық талаптарға сай болуы керектігі даусыз нəрсе. Бұл тұрғыда Қазақ елі ЕҚЫҰ-ның ортақ талаптарына, ұсыныстарына да назар аударды. Мəселен, соңғы парламенттік сайлауда көппартиялы жүйенің жүзеге асқандығы алға жылжығандық. Еуропалық ұйым парламентке түрлі ұлт өкілдерінің Қазақстан халқы ассамблеясы арқылы депутат ретінде сайлануын да оң нышан деп бағалайды. Төрағалық кезінде біздің депутаттарымыз, саяси қайраткерлеріміз ЕҚЫҰ мінбелері мен басқосуларында тиімді пайдалана алды. Ұйым аясындағы жиындарға қатысып, баяндамалар жасап, өзекті ойларын ортаға сала білді. Əр мəселені қалай көтеріп, қандай жолмен шешуге болатынын халықаралық ұйымның құрылымдарынан үйренді. Бұл да біздің саяси элита үшін үлкен

тəжірибе болды. Мысалға биылғы ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясының қысқы отырысында қазақстандық депутаттар түрлі секциялардағы отырыстарға белсенді қатысып, ұсыныс бастамаларын жария етті. Жалпы сессияда талқыланған ең өзекті мəселе Еуропадағы дағдарыс жайы болды. Ол кезде əлі тығырыққа тірелген Грекияға барлық Еуропалық Одақ елдері көмек бергені жөн бе деген сауал қызу талқыланып жатқан еді. Əр елдің атқарушы биліктері мен басшылары түрлі пікірлер айтып, пікірталас өршіп тұрды. Сондай жағдайда Еуропалық парламентшілер бірауыздылық танытып, көмек беруді қолдау керектігіне мəн берді. ЕҚЫҰ Парламенттік ассам блея сының Төрағасы, грекиялық депутат Петрос Эфтимиу: «Бұл барлық елдерге əсер ететін дерт, оның о баста алдын алмасақ, ертең бір ұшы басқаларға да келіп тиеді. Сондықтан бірлесіп, ортақ əрекет жасап, Грекияның аяқтан тұруына қолдау көрсетейік» – деп үндеу тастады. Қазақстандық депутаттар болса, өз еліміздің дағдарысқа қарсы күрес шаралары туралы əңгімелеп, Демократияны таразылайтын Холбрук сарайы

ең алдымен атқарушы билік кəсіпорындар мен хаттама бекітіп, жұмысшыларды қысқартпауды талап еткенін, қысқартылған жағдайда басқа жұмысқа мамандандыру арқылы мəселені шешкенін жəне жаңа өндірістік инновациялық бағдарламаны қолға алғанын тілге тиек етті. Нəтижесінде жаппай жұмыссыздыққа ұшырауға жол берілмегенін алға тартты. Алқалы басқосуда ғаламдық ядролық қауіпсіздік мəселесі де өткір көтерілді. Əсіресе, ядролық өнімдердің заңсыз саудасын ауыздықтау жайына назар аударылды. Бұл тұрғыда еліміздің депутаттары Семей полигонын жапқан Қазақстанның бейбітшіл ұстанымын басқа мемлекеттердің есіне салып, ядролық сынақтарға тыйым жасау жөніндегі халықаралық келісімнің бекітілуіне барлық елдердің парламенттерін атсалысуға шақырды. Еуропа елдерін алаңдатқан тағы бір түйткіл заңсыз көшіқон. Жұмыссыздардың көбеюіне байланысты бір елден бір елге қоныстанушылар саны артқан. Бұл қарбалас барысында заңсыз келіп кетушілер легі өскен, заң бұзушылықтар көбейген. Біздің депутаттар мұндай мəселені бастан өткерген Қазақстан көрші Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжікстан елдерімен уақытша еңбек ету =аза/станды/ журналистер Е=Ы; штаб-п3терінде

үшін келетіндерге квота белгілеп, үкіметтік деңгейдегі келісімдер арқылы реттегенін жеткізді. Тағы бір назар аударарлық жайт, парламенттік ассамблея отырыстарында ЕҚЫҰ-ның саммиті елордамызда өткен кезде қабылданған Астана декларациясына жиі сілтеме жасалды. Онда қамтылған мəселелердің орындалу барысы тиянақты талданды. Бұл елімізде өткен алқалы жиынның осынау беделді халықаралық ұйымның жұмысын жетілдіруге үлес қосқанының бірден-бір белгісі. ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясы ұйымға мүше елдердің барлық өзекті мəселелеріне мəн беріп отыратынын сессия барысында байқадық. Бір отырыс түгелімен Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың жағдайына арналды. Ұйымның арнайы құрылымдары бұл мəселеге қатысты өз қорытындыларын жария етті. Тимошенкоға қатысты сот процесінде кемшіліктер орын алғандығы, оған қысым көрсетілгені айтылды. Мамандар түрмедегі жағдай да мəз емес екендігін көтерді. Ұйым өкіліне Украина билігі Тимошенкомен жүзбе-жүз кездесуіне рұқсат бермеген. Осыған орай аталмыш елдің ресми өкілі шақырылып, жауабы тыңдалды. Ресми өкіл жоғарыда айтылған кемшіліктерді жөнсіз деп есептейтінін жеткізді. Соңғы сөзді отырысқа төрағалық етуші түйіндеп, егер Украина ЕҚЫҰ өкілін Тимошенкомен кездестірмейтін болса, оның денсаулық жағдайына нұқсан келтіруді жалғастыратын болса, онда бұл елге нақты шаралар қолдану керек деген шешімді жария етті. Ескертпелерден қорытынды шығармаса, тіпті Украинаға футболдан Еуропа чемпионатын өткізуге рұқсат бермеу керек дегенде пікірлер айтылды. Ең соңында Украина бұл талаппен санасты. Осы отырыс кезінде Беларусьтағы президенттік сайлауда қуғын-сүргінге ұшыраған үміткердің жайы да қаралды. Ол түрмеден шығарылмаса, бұл елге экономикалық санкциялар қойылатыны ескертілді. Араға көп уақыт салмай, онсызда жағдайы мүшкіл Беларусь басшылығы түрмеде жатқан саясаткерді босатты. Міне, ұйымның беделі деген осы шығар. Еуропалық ұйымдардың негізгі ерекшелігі əр елдегі жағдайдың адамзаттық құндылықтарға қайшы келмеуіне жол бермеу. Əр мемлекеттің кемшін тұстарын ғана тізбелей бер-

мей, бар болса жетістігін де айтып отыруды көздейді. Мəселен, Еуропалық Кеңестің парламенттік ассамблеясы біздің еліміздегі 2007 жылғы парламенттік сайлауда тек бір партияның жеңуін сынға алды. Осыған байланысты ұсыныс, ескертпелерін атқарушы билікке жеткізіп отырды. Сонымен бірге бұл ұйым Қазақстанның дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың өзіндік үлгісін қалыптастырушы ел екендігін де ұмытқан жоқ. Сол сайлаудағы түрлі ұлт өкілдерінің ассамблея атынан депутат атануын оң үрдіс деп бағалады. Еуропалық кеңестің парламенттік ассамблеясының өкілдері ұлттар арасындағы ынтымақты тірлікті қалыптастырушы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысына айрықша мəн берді. Өйткені мұндай мəмілегер ұйым Еуропаның өзінде жоқ. Кəрі құрлықтағы көптеген соғыстар мен жанжалдар əлі күнге дейін ұлтаралық, дінаралық қатынастарға байланысты өршіп келеді. Өздеріндегі олқылықты ескерген ұйым біз сияқты жас тəуелсіз мемлекеттің бұл бағыттағы жетістігін де мойындап отыр. Қазақстандық парламент депуттарымен іссапарға барған біздер Страсбургте өткен Еуропалық Кеңестің парламенттік ассамблеясының алдында Люксембург еліне ат басын тіредік. Страсбургтегі ПАСЕ имараты

Жер жаһандағы шап-шағын мемлекет. Халқының жағдайы жаман емес, ішкі жалпы өнім адам басына шаққанда қырық мың доллардан келеді. 500 мыңдай тұрғыны бар елдің аумағы 359 шақырымды ғана құрайды. Бұл мемлекетте банк қызметі мен болат балқыту саласы жақсы дамыған. Бір атап өтерлігі Люксембург ауқымы шағын болса да, 160-тан аса ұлттар мен ұлыстардың мекені. Бұл елдің өзінде жұмыссыздық деңгейі өте төмен, сондықтан оған көрші ірі Еуропа елдерінен жұмыс іздеушілер көп келеді. Жұмыспен қамтылғандардың 60 пайызы сырттан келгендер. Алайда осынау еуропалық мемлекеттің ішінде сол басқа елден келіп еңбек етушілерге қатысты түйткілді мəселелер қалыптасып отыр. Олар Люксембургтегі сайлауға қатысып, дауыс бере алады. Бірақ өз өкілдерін бірдебір билік тармақтарына сайлай алмайды. Бұл тұста Люксембург саясаткерлері мен сарапшылары біздің елдегі Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдерінің парламентке сайлану үрдісін оңтайлы үлгі деп бағалады. Бұл елде əр ұлт тек өз мəселесін көтеруден аспай, мемлекеттік мүдде тұрғысынан əлі топтаса қоймаған. Люксембург көші-қон мəселелерін зерттеу институтының төра8лемдегі сайлаулара баа берілетін отырыс залы

ғасы Мишел Легран: «Басқа ұлттардың өкілдерін парламентке сайлау мəселесінде Қазақстан тəжірибесі бізге үлгі болады. Қазір Люксембург халқын басқа ұлт өкілдері тек өзінің ұлттық мəселелерімен ғана шектелмей, жалпы халықтың, елдің ортақ мүддесін қорғай ала ма деген сұрақ толғандырып тұр», – дейді. Еуропаның дамыған елдерінің ішінде де қоғам үшін пісіп жетілмеген осындай түйткілдер бар болып шықты. Еуропалық кеңес біздің елдің əлемдік дəстүрлі діндер жетекшілерінің съезін өткізіп келе жатқанын жоғары бағалайды. Өйткені бұл құрылтай алшақтап кеткен діндер мен мəдениеттер арасындағы сұхбаттастықты жалғастырды. Бір дөңгелек үстел басында отырып, түрлі дін жетекшілері пікір алмаса алды. Қазіргідей əлемде дінаралық текетірес өршіп тұрған кезде Қазақстан нағыз келісім аралына айналды. Бейбітшілікті, тұрақтылықты, дамуды үндейтін діндер басшыларына ең алдымен өзара сыйластық қажет екендігін алға тартқан Қазақ елі болды. Осы Еуропаның үш қаласын аралай жүріп, түйген ойымды да сабақтай кетейін. Венада жоғары мəдениеттің белгісі барлық орындарда байқалып тұратындығы. Көше емес тіпСтрасбургтегі к.не имараттар

ті, мейрамхананың ішінде қатты сөйлемеуге тырысатын веналықтардың сабырлылығына қайран қаласың. Мұндағы ғимараттар сəулет өнерінің жауһары ғана емес, мəңгілік ескерткіш іспетті. Вена опера театры, Холбрук сарайы, қалалық мэрияның ғимараттары қандай сəн салтанатпен, жоғары сапамен салынған. Бірнеше ғасыр бұрын салынса да жаңа ғана бой көтергендей қасқайып тұр. Бізге құрылыс салуды осындай елдерден үйрену керек шығар. Үлкен ғимаратты салғанда кемел ойлау білу керек-ақ. Ол бүгінгі ғана емес, ертеңгі ұрпақтардың да кəдесіне жарауын ескерген жөн. Əсіресе, Астанамызда бой көтеріп жатқан зəулім ғимараттар ұлттық ерекшелікпен мəңгілік сəулет ескерткіші болып салынып жатса, ертең біздің мақтанышымызға айналатыны сөзсіз. Құрылысшыларымыздың бір мезеттік пайданы ғана есептеп, ұлттық мүддені ескермей, өзі де тарихта қалатынын бағамдай алмай жүргендігі өкінтеді. Елорда да енді ғимарат салғысы келетіндердің құлағына алтын сырға. Страсбург пен Люксембургтің тарихи орындары ретінде бізге түрмелері көп көрсетілді. Абақтылары тура қала ортасында, көпірлері бар жерде орналасқан. Қылмыскерлер қашып шықпас үшін түрмелердің қалың кірпіштермен тастармен қаланғаны көрініп тұр. Бүгінгі күнге дейін олар сұсты қалпын жоя қоймаған. Люксембургте ескі түрме ғимаратын үлкен өнер орталығына айналдырыпты. Бастапқыда бұл ақпарды естімеген кезде лабиринт тəріздес нысанды еркін аралап жүргенбіз, кейіннен оның абақты болғанын білгенде көңіліміз біртүрлі суыңқырап қалды. Бір жағынан алғанда бұл қалаларда басқа көне тарихи орындар аз болған соң, сақталған ғимарат ретінде абақтылар көрсетілгенін түсіндік. Өз еліміздегі тарихи орындардың көп екендігіне тəубе дедік. Түрмеден гөрі, тағылым алатын, тағзым ететін орындардың көп болғаны жақсы тəрізді. Тек біздің тəуелсіздігімізге ерен үлес қосқан өмірлерін пида еткен алаш қайраткерлері қамалған түрмелерді мұражайға айналдыру ойланатын нəрсе. Алматыда арыстарымыз қамалған түрмелер əлі тұр емес пе? Оны көрген жас ұрпақ ардақты қайраткерлердің тəуелсіздік үшін қалай күрескенін түйсіне алатын еді.

Люксембургте ағылшын, француз жəне люксембург тілі қатар қолданылады. Олардың қайсысы мемлекеттік тіл болады деген сауал əлі күнге дейін көпшіліктің көңілін алаңдатады. Сондықтан əзірге үш тілде еркін қолданыста. Бұл жергілікті ақпарат құралдарының жұмысына да əсер еткен. Мұндағы бір газет үш тілде шыға береді. Əр тілдің өз беттері бар. Жарнамалар да үш тілде жарияланады. Бұл үрдісті бізде де тəжірибе ретінде қолданып көру керек сияқты. Көбінесе елімізде қазақ тілді басылымдарға жарнама аз беріледі деп кіжініп жатамыз. Нарық заңдылықтарын елеп, газеттерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде бірлесіп шығарып көрсе, олардағы жарнамаларда үш тілде жарияланса. Бəлкім, қазақ тілді ақпарат құралдарының қоржыны толар. Əріптестерім бұл тəжірибені де бағамдай жатар. ҚҰРАН ТҮСКЕН ҚАСИЕТТІ ЕЛ Сауд Арабиясы Алла тағаланың шапағатына бөленген киелі жерлері бар елдің бірі. Оның аумағындағы Мекке мен Медине қалаларының күллі адамзат тарихындағы орыны бөлек. Мұхаммед пайғамбарымыз өмір сүрген екі қалада бүкіл мұсылман қауымның атазаңына айналған Қасиетті Құран Кəрімнің түсуі адамзатты жаңа рухани белеске көтерген айырықша кезең. Қалай болғанда да осы Қасиетті Кітап Мекке мен Мединеде жазылып, бүкіл адамзатты өзіне табындыра алған бірегей рухани қазынаға айналды. Жаңа ислам дінінің дүниеге келуіне түрткі болып, мұсылман қауымның өмірлік адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағыт сілтеген қасиетті бағдаршам атанды. Күллі мұсылманды бас идірген басты діңгекке айналды. Шағын қаладан бастау алған дін бүгінде жер шарындағы халықтың жартысынан астамының жүрегінде. Бұл жайдан жай емес, бір адам ғана жасай алатын іс емес. Бұл Алла тағала, Жаратқан иеміздің құдірет күшінің арқасында жүзеге асып тұр. Бізге жұмбақ күш адамзатты əділдікке шақырып, əлі күнге дейін əлдилеумен келеді. Бұл ғажайып

құдірет біз табынған Алла Тағалаға ғана тəн. Сондықтан адамзат Жаратқан Иемізге мəңгілік бас иіп келеді. Осынау Ислам дінінің түпқазығы қаланған Қасиетті Құран түскен жерде жүріп, саф ауасын жұтып, киелі Қағбаға тағзым етіп, Қара Тасын сүйіп, Зəмзəм Суын ішіп, аспанындағы шыққан күні мен айын, жұлдыздарын көру ғанибеттің ғанибеті. Əсіресе, Қасиетті Қағба тұрған иісі мұсылманның бас мешітін көргенде жүрегім лүпілдеп қоя берді. Ішіне алып қақпалардан кіріп, Қағба тұрған жерге жақындағандағы əсер мүлдем басқаша. Ал Қағбаны айналып, кіші қажылықтың белгіленген шарттарын орындай бастағанда, Құран сүрелері мен дұғаларын дауыстап айтып жүрген сəтте жылы да емес, суықта емес бір саумал самал есті де тұрды. Құдды бір бойыма нəр құйып жатқандай əсерде болдым. Ғажайып бір күй кештім. Осы керемет сəттерді сөзбен жеткізу əсте мүмкін емес. Оны əр мұсылман баласы сол қасиетті Қағбаның жанында мінəжат етіп жүрген кезде ғана сезінетін тəрізді. Қағбаға қолымды тигізіп, отбасымның, ата анамның, туыстарымның амандығын, елімнің тыныштығы мен өркендеуін тіледім. Маған діни рəсімдерді атқаруға көмектесіп жүрген сол жерде тұратын қандас бауырымыздан Қара тасқа жақындай аламыз ба деп сұрадым. Ол ниет етіп көрейік, Алла сəтін салса, бола жатар деген соң, ұзын-сонар кезекке тұрдық. Бір кезде жанымдағы адамдар бізге қарап сөйлеп, алға қарай жол сілтеп, əбігерленіп кетті. Не болғанын түсінбеген мен, бауырыма қарадым. Сөйтсем, арапша сөйлеген адамдар мына мұсылмандардың алыстан келгені түрлерінің өзгешелігінен көрініп тұр, алға жүрсін жолымызды берейік деп Қара тасқа қарай меңзеп тұр екен. Не істеуіміз керек десем, қандасым ілтипаттарына алғыс айтып, жол сілтеуші адамның соңынан еріп, алға жылжитынымызды жеткізді. Сонымен, қалың топтың арасынан əлгі адам дауыстап жүріп, бізді əп-сəтте Қасиетті Қара тастың жанынан бірақ шығарды. Екі жағында екі сарбаз тұр. Екі үш секундтың ішінде тасты сүйіп, əрі қарай жылжуың керек. Тасты сүюге бас сұққанда көргенім, жылтыр, əрі қап қара екен. Қара тасты сүйген соң, Қағбаның жанында екі ракағат намаз оқып, мінəжат еттік. Бұдан кейінгі, кіші қажылықтың

келесі шарты екі жотаның арасында Құран сүрелері мен дұғалар оқып, əрі-бері жеті рет жүріп, жүгіру. Осы шартты орындап жүргенде мұсылман қауымның Анаға деген ерекше құрметін сезінесің. Аңыз бойынша, аптап ыстықта шөлдеп, шырылдап жылаған сəбиіне су іздеп шарқ ұрған ана əрлі-берлі есі шығып жүгіреді. Ананың шыр-пыр болғанын көрген Алла тағала өз мейірін төгеді. Сəби тепкілеп жылап жатқан аңызақ жерден су шығарады. Бұл адамзатқа күш-қуат беретін Зəмзəм су еді. Міне, Алла тағалаға бас иетін басты ғибадат ететін мешітте Ананы құрмет тұтатын шартты атқару нəсіп. Осының өзі Ислам дінінің тереңді меңзейтін діңгегінің мықты екендігін көрсетеді. Жоталардағы шартты орындаған соң, зəмзəм суды ішіп, шөліңізді қандырасыз, қолы басыңызды жуасыз. Бұдан кейін қайшы тигізіп, шаш алғызасыз да, бір-біріңізбен төс қағыстырып, кіші қажылықпен құттықтайсыз. Кіші қажылық кез келген мұсылман атқара алатын сауапты мінəжат. Мединедегі М7хаммед пайамбар жерленген мешіт

Сауд Арабиясының Алла ризық берген ел екендігін, мұнай мен газдың мол қорынан да байқауға болады. Мұнда əлі бірнеше жүз жылға жететін көмірсутегі шикізаты қоры бар. Аңызақ құмды аумақтағы барлық елдерге ондай несібе бұйыра қоймаған. Таяу Шығыстағы ең мол мұнай-газ қоры осы елде. Қара алтын мен көгілдір отынның арқасында Саудия мемлекеті əлеуметтік-экономикалық жағдайын түзеп, озық елдердің қатарына қосылып үлгерді. Ондағы шикізат кеніштерін игеруге АҚШ-тың əйгілі мұнай-газ компаниялары инвестиция құйып, өндірісті жолға қоюға атсалысқан. Бірақ бекітілген келісім-шарт бойынша, арнайы белгіленген мерзімге дейін, американдықтар біртіндеп өндіріс тетіктерін жергілікті тұрғындарға үйретіп, басқаруды да мемлекетке қайтару жолдары нақтыланған. Қазір елдегі негізгі кеніштер үкіметтің басқаруына өткен. Осы саладан түсетін қыруар табыстың арқасында Сауд Арабиясы құмды жерге арнайы су тартып, пальма ағашын өсіруге дейін қолға алған. Халықтың тұрмыс деңгейі жақсы. Ірі қалаларында жолаушыларды тасымалдайтын ешқандай қоғамдық көлік жоқ, барлық тұрғындар жеке көліктерімен жүреді. Осыдан кейін болар, тақтайдай түзу жолдар мен көліктер жүз отыздан кем жүрмейді. Жан-жағыңнан зуылдап бара жатқан жеңіл көліктерді көргенде кəдімгідей алаңдап отырасыз. Жолдар өте сапалы салынған. Біз көліктің ішінде отырып-ақ, сюжетіміздің мəтінін жазып бітірдік. Соқпақ деген атымен жоқ. Бұл мұнай өндіруші елде жағармай бағасы өте арзан, біздің бағамен есептегенде бір литрі он жеті теңге ғана. Сондықтан болар, көшеде төрт-бес литрлік жағармай жейтін джиптер қаптап жүр. Сауд Арабиясы батыс пен ислам əлемі арасындағы диалогты қалыптастырушы елге де айналып отыр. Өркениеттер арасындағы келіспеушіліктерді, діни өзекті мəселелерді реттеу үшін бұл елде түрлі халықаралық форумдар мен конференциялар өтіп тұрады. Бұл тұрғыда Сауд Арабиясы мен Қазақстанның ұстанған бағыттары ұқсас. Біздің ел əлемдегі барлық дін жетекшілерінің құрылтайын өткізіп, оларды адамзатқа ортақ құндылықтар жөніндегі салиқалы сұхбатқа тартып келеді.

Бұл съез арқылы түрлі дін өкілдері бір үстел басында отырып, пікірлерін ортаға салып, келелі ойларымен бөлісе алып жүр. Осы алқалы халықаралық деңгейдегі басқосу арқылы Қазақстан дүниежүзіндегі бірден-бір келісім мен бейбітшілік аралына айналып отыр. Сауд Арабиясы өркениеттер арасындағы диалогты жалғастыруға ұмтылған ел. Бұл мемлекет ислам мен батыс əлемі арасындағы көпір іспетті. Саудиялық саясаткерлер мен діни қайраткерлердің біздің елдің дінаралық келісім мен ұлтаралық татулық бағытындағы істеріне жоғары баға беретінін осы мемлекетке Парламент депутаттарымен екі рет барған сапарымда нақты көз жеткіздім. Қасиетті Мекке мен Мединедегі бүкіл əлемдік ислам діні жетекшілері Қазақ елінің бұл ұстанымы ислам қағидаларымен толықтай астасып жатыр деп есептейді. Меккедегі Қағба тұрған мешіттің жəне Мəдинедегі Мұхаммед пайғамбар жерленген мешіттің бас имамы Шейх Салех бен Хусейн: «Қасиетті Құранда жақсы елдердің жақсы істерінен үйрен, сонда жақсы 8уежайды( .зі сарай сия/ты

елдердің қатарына қосыласың деп жазылған. Қазақстандағы бейбітшілік пен ынтымақ күллі мұсылман елдеріне əрдайым үлгі. Өркендеп келе жатқан Қазақ мемлекетіне ақ жол тілеп, дұғалар оқимыз. Сіздің елдегідей халықтарды ұлтқа, дінге бөлмей тепе-тең ынтымақты тірлік кешу ислам қағидасының басты тұғыры. Қазақстан Президентінің барлық ұлттар арасындағы сыйластықты қалыптастырған үлгісі əділетті шешім. Əділеттік те мұсылмандардың басты қасиеті» деді. Біз еліміз туралы мұндай жүрекжарды жақсы пікір айтқан тұлғаға риза болыстық. Осы қайраткердің қабылдау бөлмесіне кірер тұстағы дəлізде көптеген сурет, қолөнер туындылары қойылыпты. Арасынан Алатаудың жап-жасыл бөктері мен таулы шатқалдары бейнеленген картинаны көзіміз шалып қалды. Бұл суретті тура төр жаққа іліп қойған екен. Кездесу барысында депутаттар біздің Алатауға ұқсайтын сурет екен деп еді, имам: «Иə, дəл айтасыздар, сол Алатау бөктерінде орналасқан қалаларыңыз маған керемет бір жердің жұмағындай əсер қалдырды. Жасыл желекке көмкерілген, шыршалары өзінше əдемі. Түрлі алма ағаштары самсап тұр. Осы табиғаты тамаша Сауд Арабиясы саясаткерлерімен с7хбат

жерде болғанымнан ескерткіш ретінде, осы картинаны алып қайтып едім» деді. Діни қайраткермен кездесу барысында оның, энциклопедиялық білімі мен халықаралық саясаттан жан-жақты хабардар екендігін байқадық. Əсіресе, Ислам ғұламалары мен батыс философтарының адамзаттық құндылықтарға қатысты ұқсас ой-пікірлерін салыстыра отырып, саралап жеткізуі ұнады. Батыс пен ислам елдері арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың тиімді жəне тиімсіз тұстары, Таяу Шығыстағы ірі елдердің саясаты, араб елдеріндегі мұнайға қатысты ойын жөнінде өз жеке пікірін ортаға салды. Меккедегі бас имамның жан-жақты білімділігі, біздің имамдарға нақты үлгі екендігі сөзсіз. Кейде мешіттеріміздегі кейбір имамдарымыз салиқалы əңгімеден гөрі, ренжіп, жекіп сөйлеп жатқанын естіп қаламыз. Көбінесе, шариғат жөніндегі мəселелерге дендеп барады да, ислам өркениетінің жетістігі, ойшылдары мен философтарының өшпес мұраларын зерделеп, қоғамдағы ахуалмен байланыстырып жеткізу жағы жетіспей жатады. Өз топырағымыздан шыққан Əбу Насыр Əл-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, Мұхаммед Хайдар Дулати, Ибн-Сина, Əл-Хорезми, Абай, Мəшһүр-Жүсіп Көпей, Шəкерім сынды даналарымыздың туындылары нағыз ақыл-ойдың қайнар көзі емес пе? Сол мол қазынаны тек бүгінгі ұрпаққа таныстыра білу қажет. Ол үшін имамдарымызға зор ізденіс керек! Сауд Арабиясы саясаткерлері еліміздегі Қазақстан халықтары ассамблеясының жұмысына қызығушылық танытты. Бұл құрылымның ерекшеліктерін зерттеп, тəжірибе алмасуға ұсыныс жасады. Сауд Арабиясында да осы қазақстандық құрылымға ұқсас, ұлттық диалог комитеті жұмыс істейді. Бұл елде түрлі ұлттар тұрмайды, сондықтан ұлтаралық мəселе жоқ. Алайда, исламдық діни бірлестіктер саны көп. Ұлттық диалог комитеті солардың жұмысын сабақтастырып отыруға назар аударады. Əр бірлестік арасындағы тепе-теңдікті сақтау арқылы үйлесімді жұмыс жүргізу үшін олар əлемдік тəжірибені зерттеп, өздеріне оңтайлыларын іріктеген. Араб елі сондай оңтайлы құрылымның қатарына Қазақстан халқы ассамблеясын да енгізген. Саудиялықтар əр ұлттық орталықтардың

жұмысын үйлесімді жүргізу ісін қалыптастырған Қазақ Елінің тəжірибесінен үйренеріміз көп деп отыр. «Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысы бізді қызықтырды. Татулық пен ынтымақ үлгісін жете түсіну үшін сіздердің елдеріңізге сарапшы мамандарымызды жіберуге келістік». Бұл Сауд Арабиясының ұлттық диалог комитеті бас хатшысының пікірі. Саудия елінде депутаттар қандастарымызбен де кездесті. Басқосуға бір қауым адам жиналған екен. Олардың арасында өзбектерде көп болып шықты. Қандастарымызға «көші қон туралы» заңның талаптары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Барлық түйткілді сауалдарына жауап берілді. Тəуелсіз еліміз əлемнің кез келген мемлекетінде жүрген қазақтарды шақырып, қабылдап алуға дайын екендігі жеткізілді. Бауырларымыздың атынан сөз алған ақсақал өз қандастарына қамқорлық танытып, атамекенге көшіріп алып жатқан тəуелсіз елімізге зор алғысын білдірді. «Біздің іздеушіміз бар. Ат басын тірейтін атамекеніміз бар. Егемен еліміз, өз Отанымыз бар. Елге көшіңіздер деп жағдай жасап жатыр. Бұдан артық қандай қамқорлық керек. Аллаға мың шүкір айтып, тəубе дейміз», – деп қуаныштан толқыған ақсақалдың көзінен жас ыршып кетті. Бұдан соң өзбектердің ақсақалы да сөз сұрады. Ол да жүрекжарды ойын жайып салды. «Біз де бауырлас Қазақ мемлекетінің өз қандастарына қатысты жүргізіп отырған көреген саясатына ризамыз. Бүгінде Қазақстанды бүкіл əлем біледі. Тек дүниежүзіндегі қазақтар ғана емес, түркі тілдес халықтардың барлығы, оның ішінде біз өзбектер де сіздердің жетістіктеріңізбен мақтанамыз. Нұрсұлтан Назарбаевтай сарабдал басшыларыңыз бар Қазақ елі бақыттысыздар!». Өзбек ақсақалының бұл сөзінің өз шындығы бар екен. Өкінішке қарай Өзбекстан сыртта жүрген өз бауырларына қолдау көрсетіп, елге шақыру саясатын ұстанбаған. Соның салдарынан Сауд Арабиясындағы өзбектердің жағдайы мүшкілдене түскен. Өйткені олардың көбі Ауғанстан, Пəкістан елдерінде туып, бері қарай ауып келгендер. Сауд Арабиясы өз ішінде тумаған адамға азаматтық бермейді жəне ұлы сөздің ұяттығы жоқ жерлеуге де рұқсат етілмейді екен. Осы ауыр ахуал ақсақалдардың арқасына аяздай батып тұрғанын білдік. Бұл

түйткілді алға тартқан өзбектер өздерін де Қазақстанға шақыру мүмкіндігі бола ма екен деген сауалдарын да қойып көрді. Алайда оларға депутаттар бұл көші-қон бағдарламасы тек қазақтарға арналғанын жеткізді. «Тек сіздердің өтініштеріңізді Өзбекстан үкіметіне жолдай аламыз»деген жауап айтылды. Сапар барысында əйгілі Медине қаласында да болып, Мұхаммед пайғамбарымыз жерленген мешіттегі зиратты көріп, намаз дұғалар оқып, мінəжат еттік. Осы қаладағы Қасиетті Құран Кəрім шығарылатын баспаға да бардық. Онда əлемнің барлық тіліне аударылған Құран нұсқалары басылады. Қасиетті кітаптың əр тілдегі бір нұсқасы арнайы сақталған орынға кірдік. Бірден көзімізге Халифа Алтай ағамыз аударған қазақша Құран оттай басылды. Сауд Арабиясы таза мұнайдың арқасында жағдайын көтерген ел. Мұнда да арнайы мұнай қоры құрылған. Оған жылда өндірілген мұнайдан түсетін табыстан қаржы жиналып, белгілі бір пайызы жыл сайын əр азаматқа беріледі. Осылайша, əділдікті ту еткен пайғамбар елі мұнайдан түскен пайданы халқымен бөлісе алып отыр. ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫҒАН БІРІККЕН АРАБ ƏМІРЛІКТЕРІ Біріккен Араб Əмірліктері мұнай мен газ өндірісі арқылы экономикасын дамытып, жағдайын түзей алған елдің бірі. Көмірсутегі шикізаты кендері табылғанға дейін жергілікті тұрғындар тоғыз жолдың торабында тұрғандықтан жəне теңіз айлақтары арқылы ауқымды жүк тасымалданғандықтан сауданы қыздырып, керуендер жөнелтумен айналысқан. Əмірліктегі арабтардың тағы бір ата кəсібі теңіз түбінен маржан тастарды теру болған. Сол бағалы тастарды келіп кетіп жатқан керуендердегі көпестерге сатып, табыс көзіне айналдырған. Бұл елде алғашқы ірі мұнай көздері өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары ашылды. Ол кезде осы аумақта Ұлыбританияның үстемдігі жүріп тұрған кезең еді. Əмірліктегі мұнай кеніштеріне

қуана жармасқан ағылшындар ен байлыққа қолды сала бастаған болатын. Осы тұста арабтар сырттан отарлау саясатын жүргізушілерге бірлесіп қарсылық көрсетіп, дербестік қамына кіріседі. Арабтар бірігіп, ағылшындардың құрығынан босап шығудың жолдарын жүзеге асырады. Нəтижесінде жетпісінші жылдары жеті əмірлік бірігіп, өз алдына бөлек ел атанады. Сол кезеңде əлемде мұнайға деген сұраныс күрт артып, Біріккен Араб Əмірліктері қара алтынды игеруге сырттан инвестиция тартып, саланы жедел дамытуды қолға алады. Өз қолдары өз ауыздарына жеткен арабтар содан бастап, өз байлықтарының қызығын көріп келеді. Қазірдің өзінде бұл мемлекеттің дəлелденген 13 миллиард тонна мұнай қоры бар. Жылына 140 миллион тонна мұнай өндіреді. Бес мұнай өңдеу зауыты бар. Негізінен авиакеросин, дизелді жағармай мен автобензин өңделеді. Көмірсутегі шикізатын сыртқа шығаруға мүмкіндік беретін толыққанды технологиямен жарақтанған терминалдары мен айлақтары сақадай сай. Жылына жүз миллион тоннадан аса қаралтын сырт елдерге сатылады. Олардың мұнайын алып отырған елдердің алғашқы легінде Жапония, Корея, Үндістан, Қытай сияқты алпауыт елдер тұр. Мəселен, Жапонияның бір өзі жылына 40 миллион тонна мұнай алады. Осындай өндірістері қарқынды дамыған өркениетті елдерге көмірсутегі шикізатын беріп жатқан БАƏ олардан өзіне керекті өнімдерді де қысылмай ала алып отыр. Тиімді екі жақты қатынасты құра білген əмірліктер жоғарыда атап өткен елдердің барлығынан сыртқа шығаратын негізгі өнімдерін көп көлемде алып, əрі қарай Парсы шығанағы елдеріне сатуды жолға қойған. Ол үшін Жабел Али арнайы еркін экономикалық аймағын құрып, шетелдік əйгілі тауар өндірушілерге салықтық, кедендік жеңілдіктер жасап, қызығушылық тудырған. Мəселен, осы аймаққа кірген кез келген шетелдік компания жылжымайтын жəне басқа да мүліктерге толықтай өзі иелік етеді, сырттан қаржыны еркін əкеліп, кіргізе де алады. Елге əкелінетін өнімдер барлық салықтар мен кедендік баждан толықтай босатылған. Осы аймақта ірі контейнерлерді қабылдай алатын порттар мен тауарларды сақтай алатын үлкен қоймалар да салынған. Жабел Али бүгінде

əлемдегі ірі көлемді сауда саттық жасайтын орталыққа айналып отыр. Бұған қоса БАƏ мұнай саласынан түскен табыстың арқасында жеңіл өнеркəсібі, құрылыс, ауылшаруашылығы салаларын да дамыта алды. Таңқаларлық ақпарат соңғы 25 жылда құмды далаға 100 миллион ағаш отырғызылған. Тіпті жер бүлдіргенді сыртқа шығаратын деңгейге жеткен. Əмірлікте туризм саласы ерекше қарқынмен өркендеп, теңіз жағалауындағы Дубай сияқты қалалар жаңа ғасыр шахарына айналды. Бұл қала бүгінде əлемнің ең танымал туризм, сауда, қаржы жəне іскерлік орталығы болып есептеледі. Онда келген саяхатшылар демала жүріп, саудасын да жасап қайтады. Барлық қызмет көрсету инфрақұрылымдары сапалы жұмыс істейді. Дубайда турист дегеніңізге аса зор ыждахаттылық пен сыпайылықпен пен қарайды. Қайда жүрсеңізде қас қабағыңызды аңдып тұрады. Мен бұл қалаға бір рет іссапармен, бір рет отбасыммен демалуға бардым. Бірнеше күннен кейін шахардың негізгі көрікті жерлерін аралап шыққаннан соң, кейбір ірі сауда орталықтарына өзіміз таксимен жетіп жүрдік. Бір жолы əйгілі Дубай мол сауда үйіне бармақ болып отырған таксиіміздің шопыры ағылшын тілін жаңа үйреніп жүрген адам болып шықты. Ол бізді дұрыс түсінбеген болуы керек, басқа сауда орталығына алып келді. Шопырға бізді Дубай молға жеткізуді сұрап едік қой деп түсіндіріп жатсақ, ілезде полицейлер жанымызға келіп, мəселенің мəн жайын сұрап білді. Дереу такси компаниясының өкілін шақыртып, саяхатшыны ренжіткені үшін шопырға шара қолдануды бұйырып, бізді дереу сұраған жерімізге жеткізуді тапсырды. Біз ешкімге айтып та үлгерген жоқпыз, алайда сақшылар видеобақылау жүйелері арқылы алаңдаулы көңілімізді бірден байқап көмек қолын созған. Сапарымыз рамазан айына дəл келгендіктен ислам мемлекетінің осы уақытты мереке ретінде өткізетінін көрдік. Барлық қонақ үйлер мен сауда орталықтарында елу жəне жетпіс пайыздық жеңілдіктер жасалады. Бүкіл ел бойынша азық түлік сататын дүкендер мен мейрамханалар, дəмханалар күні бойы жабық тұрады, тек ауызашар уақытта ғана ашылады. Бұл орындарда да жеңілдіктер ұсынылады. Күні бойы көше бойында су ішуге,

тамақ жеуге тиым салынады. Саяхатшылардың өзі жергілікті заңдылықтарға бағынып, тек қонақ үйіндегі бөлмесінде, яғни жабық орындарда ғана ауқаттана алады. Бұл ораза ұстап жүрген адамдарға қиындық тудырмау үшін жасалған жағдай. Бірақ түрлі заттар мен тауарлар сатылатын ірі дүкендердің есігі ашық. Олардың үлкен фойелерінде ораза тұтып жүрген адамдар демалатын арнайы сəкі сияқты кілем мен көмкерілген орындар жасалған. Онда тынығып отыруға, жантайып демалып алуға да болады. Намаз уақытында барлық жердегі, ғимараттардағы дыбыс жүйелері арқылы құран оқылып жатқаны естіліп тұрады. Намаз оқитын орындар барлық жерде бар. Ислам мемлекеті қаншалықты саяхатшыларды құрметтесе, олардан соншалықты өз діни дəстүрлерін де сыйлауды заңды түрде талап етіп қойған. Дубай дүниежүзі халықтары демалатын заманауи қала бола тұра, мұсылмандық шарттарын жоғары ұстанады. Бұл елге ұшатын жəне ұшып кететін əмірліктер ұшақтарында ең алдымен Құран сүрелері оқылатынының өзі барлық мұсылманы елдері үшін тағылымды іс. Кəсіпкерлік саласында да мұсылмандықтың табысты адал еңбекпен табу, алдауға жол бермеу сияқты қағидаларын сақтауға мəн беріледі. Алған міндеттемесін орындамағандарды іскерлер қауымдастығы айыптайды. Əмірліктегі арабтардың ішіндегі лауазымды қызмет атқаратындары мемлекеттік жұмыста жүріп бизнесін де қоса басқара береді. Байлықты несібе деп санайтын олар табыстары туралы ақпаратты да қоғамға ашық жариялап отырады. Тағы бір ерекшелік мұндағы кез келген кəсіпкерлік нысанының басшысы міндетті түрде жергілікті араб болуы шарт. Елдің билік құрылымының да өзіндік ерекшелігі бар. Мемлекет абсалютті монархия жүйесімен басқарылады. Билік мұрагерлік жолмен беріліп отырады. Атазаңдары бойынша, жоғары билік органы Əмірлердің жоғарғы кеңесі. Оның отырысында мұрагер ханзадалардың арасынан лайықты үміткер таңдалып, бес жыл мерзімге президент сайланады. Кеңес елдің негізгі саясатын айқындап, министрлер кеңесіне оны жүзеге асыруды жүктеп отырады. Президент ел астанасы Абу Дабидің де басқарушы əмірі қызметін қоса атқарады.

БАƏ мұнай мен газ сатудан түскен табысты арнайы тұрақтандыру қорына жинақтайды. Бүгінде ондағы қаржы айналымы бір триллион доллардан асады. Жиналған қаражаттың бір бөлігі мұқтаждыққа қарай əлеуметтік экономикалық жобаларға да жұмсалып отырады. Мысалға , елде жылына бір рет тəуелсіздік мерекесі кезінде жастардың жаппай үйлену тойлары өткізіледі. Бір күнде ел бойынша 2011 жылы 700-дей жұп некесін қидырған. Шаңырақ көтерген жастарға мемлекет жеңілдіктер мен сыйлықтар жасайды. Бірақ бұл көмектер ұлты араб азаматтығы бар 21 жасқа толған жігітпен 18 жасқа келген бойжеткенге беріледі. Əржас отбасына 19 мың доллар көлемінде пайызсыз несие беріледі. Оны төлеу жанұяда бала дүниеге келсе, мүлдем тоқтатылады. Бұл бір жағынан жергілікті ұлттың санын көбейтуге бағытталған мақсаты тереңді көздейтін игі іс екендігі даусыз. Соңғы жылдары əмірлік басшылығы қор қаражатын қаржы дағдарысынан тұралаған банктерге беруді тоқтатып, жаңа технологиялық жобаларға құя бастады. Əмірлік үкіметі микропроцессорлар шығаратын Intel Corp-ның басты бəсекелесі Advanced Micro Devices (AMD, Sunnyvale, Calif. ) компаниясы зауытының бақылау пакетін сатып алды. Өндіріс орынына 8,4 миллиард доллар инвестиция құюға келіскен, араб елі азиялық өндірісшілерді сырғытып, əлемдегі ірі чипмейкерге айналмақ. Бұл өнімдер кремнийден жасалатынын ескерсек, əмірліктегі шексіз құм таптырмас шикізат ретінде пайдаланылмақ. AMD's процессорлар шығаратын Нью Йорк пен Дрездендегі ірі зауыттар арабтардың меншігіне айналады. Сұраныс артып тұрған өнімнен мұнайдан да артық пайда түседі деген болжам бар. Араб мемлекеті болашақтың қуат көздерін өндіру технологиясына да 15 миллиард доллар инвестиция бөліп отыр. Əлемдегі жаңа қуат көзі саналатын фотовольтті күн технологиясына 2 миллиард доллар қаржы салды. Бұл күн сəулесін пайдалану арқылы энергия алу технологиясын дамытатын заманауи ірі жоба. Əмірлік астанасы Абу Даби қаласы жанынан Масдар-сити қалашығын салып жатыр. Оның барлық инфрақұрылымы күн энергиясымен жұмыс істейтін болады. Қырық мың ғана адам тұратын экологиялық қалашық

дүниежүзіндегі керемет жобалардың бірегейі. Жалпы араб əмірліктері күн энергиясын тұтынуды 2020 жылы 1 пайызға, 2030 жылы 5 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Отыз қырық жылдың ішінде айтулы жетістіктерге қол жеткізген Əмірліктер алға қарай қарыштап дамып барады. Дубайдағы бой көтеріп жатқан зəулім ғимараттардың салыну жылдамдығы да тым тез. Бұл қалада бүгінде əлемнің озық университеттерінде білім алған араб жастары көптеп қызмет етеді. Бір жағынан олар өз елдерінде дүниежүзінің озық жобаларын іске қосып жатса, екінші жағынан зор ізденіспен мемлекеттерінің дамуына ықпал етуде. ТҮРКИЯДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРДІҢ СЫРЫ НЕДЕ?

Бауырлас елде бірнеше мəрте іссапармен болып, осы өзекті сауалға жауап табуды мақсат етіп қойдым. Жан-жақты сараптаудан өткізіп, жауап та тапқан сыңайлымын. Енді бірден соған көшейін. Түркияның ең басты жетістігі қысқа мерзім ішінде туризмді жоғары деңгейге көтере алғандығы. Əйгілі Анкарадаы елбасы Н7рс7лтан Назарбаевты( ескерткіші алдында

Ататүріктің өзі теңіз жағалауларының саяхатшылар мен демалушыларды тартатын бірден-бір орынға айналатынын алдын ала болжай білді. Осыған орай ол үкіметке əлемдік тəжірибеге зерттеу жүргізе отырып, бағдарлама құруды міндет етіп қойған. Оның өсиетін ұрпақтары орындауға тырысып, нəтижелі əрекет ете алды. Үкімет елу, алпысыншы жылдары арнайы бағдарлама қабылдап, туризм саласын дамытуды жүйелі түрде қолға алған. Бірінші кезекте барлығы қаражатқа тірелетіндіктен жеңілдікті несие беру мəселесін шешеді. Қонақүйлер, жағажайлар, мейрамханалар, демалыс орындарын салам деушілерге мемлекет жеңілдікті несие берген. Алғашқы жылдары оны қайтару пайызы азайтылып, аяқтан тұрып алуға жағдай жасалды. Нысандар толыққанды жұмыс істей бастағанда несиені қайтару пайызы көтеріліп, үкімет өз қаражатын кері ала алған. Екінші көмек осы салаға бет бұрғандарға жерді жекеменшікке, арзан бағаға ұсынған жəне ұзақ мерзімге төмен бағамен жалға беру жайы қаралады. Бұл да ісін жаңа бастаған кəсіпкерге үлкен жəрдем. Осылайша, Түркия несие беруді оңтайлы ұйымдастыру арқылы туризм саласының ғимараттарын тұрғызып алғаннан кейін, қызмет =аза/ журналистері Кония /ант зауытында

көрсету сапасына айрықша мəн берген. Барлық ірі қалаларда осы салаға қажет мамандықтар бойынша жедел оқыту курстары ұйымдастырылады. Нəтижесінде тез арада жағажайлары бар өңірлердегі халық жұмыспен қамтылып, жаңа табысы мол кəсіпті тез əрі сапалы деңгейде меңгерген. Ғимараттар мен мамандарды дайындап алған соң, үкімет туризм нысандарын азықтүлікпен қамтамасыз ету жайына кірісіп, ауылшаруашылығы саласын қоса дамытуды қолға алған. Бұл тұрғыда бірінші кезекте елдегі жердің құнарлылығын зерттеуге айырықша мəн беріледі. Қай өңірде, қандай өнімді өсіруге болатыны нақты ғылыми түрде анықталған. Осыдан кейін үкімет ауылшаруашылығы өнімдерін өсіремін деушілерге де жеңілдікті несиелер ұсынған. Нəтижесінде əр өңір белгілі бір өнімді өсіруге бейімделіп, оның қыр-сырын терең меңгеруге кіріскен. Түркия барлық жеміс-жидек, көкөніс, азық-түлік өнімдерін өз ішінде өндіруге қол жеткізеді. Ең тиімдісі өзінде өскен соң, олардың бағасы да жоғары емес. Табиғи ерекшеліктерге сай кейбір өте ыстық жерде өсетін цитрусты жемістер ғана сырттан тасымалданып, негізгісі ел ішінде өсірілген. Ауылшаруашылығының екінші бір саласы ет, сүт өнімдерін өндіру жайы да ескерілген. Шаруа қожалықтары да жұмысын жетілдіреді. Сөйтіп, туризм Т)ркі тілдес елдер саябаындаы =аза/стан )йі

саласы ауылшаруашылығының да көтерілуіне тікелей ықпал етеді. Түркия қонақтарды қарсы алып, күтуді, азық-түлікпен қамтамасыз етуді жүйелі түрде өз ішінде шешеді. Бұдан соң үшінші кезең орта жəне шағын бизнеске назар аударады. Бұл топ инфрақұрылымдық қызмет көрсету жұмыстарына жұмылады. Тасымал, байланыс, жол, сауда, тұрмысқа қажет тауарлар өндіру ісі т. б. жолға қойылады. Туризм бұл саланы да өзімен бірге алға тартады. Міне, осындай жүйелі, негізді, жан-жақты екшелген туризмді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру арқылы экономикасын нығайтқан Түркия өркениетті елдер қатарына кірді. Бір сала бірнеше саланы өзімен бірге тарта алды. Біз осы елде демала жүріп, бəрі енгізілген деген ас та төк тамақ пен қызметке таңқаламыз. Оның сыры жоғарыдан жүргізілген жүйелі істе екендігін сараладық. Бұл бауырлас елдің бізге үлгі болатын басты жетістігі. Қазір Түркия ауылшаруашылығы өнімдерімен Еуропаны қамтамасыз етуші елге де айналып келеді. Жоғарыда біз келтірген дəйектер осы саланың да аяқтан тұрғанын көрсетті. Өзін-өзі толық қамтыған мемлекет бүгінде азық-түлік өнімСтамбулдаы тарихи панорама ішінде

дерін жан-жағындағы көрші елдерге тиімді түрде сатып отыр. Тау қатпарлы жері көп болғанымен Түркия ірі астық өндіруші. Мұнда ысырапқа жол жоқ. Əр дəн шашау шықпастан диірменнен өтеді. Біздегідей қойма жоқ деп, астық далада қалмайды. Алла берген нəсіпті, түрік ағайындар тəубемен қабылдап, Жаратқанның ризығын ысырапсыз кəдеге жаратып, табыстың көзін еселеуді үйренген. Олардың астығына барлық Еуропа елдері ауыздарын ашып отыр. Түркиядағы ауылшаруашылығы саласындағы тағы бір негізгі ерекшелік əр өнімді қалдықсыз пайдалану технологиясы жолға қойылған. Бұл арада да əлемдік тəжірибе терең сараланып, жаңа технологияны енгізуші, зерттеуші ғалымдарға назар аударылған. Олардың жемісті еңбегіне қомақты сыйақы тігілген. Ғылыми жобасы үздік деп танылса, табысқа кенелетінін білген ғалымдар барын салған. Егер зерттеушінің жаңа технологиялы жобасы іске қосылатын болса, жалпы өндірістің елу пайыздық табысы ғалымға беріледі. Ғалымның еңбегі де табыс көзіне айналған. Бір жағынан ізденіске де серпіліс берілген. Нəтиже де орасан. Біз Түркияның ауылшаруашылықты өңірі Кониядағы қант зауытында болдық. Ғалымдардың жіті ізденісінің арқасында бір қызылшадан оннан аса өнім алуға қол жеткізілген. Қант пен конфет өнімдерінен басқа биоэтанол шығарылады. Дəрі-дəрмек пен минералды тыңайтқыш өндіріледі. Тіпті бал арасының азығы жасалады. Ең соңында зауыттан шығатын түтін де кəдеге жараған. Одан көмір қышқылы алынып, тəтті сусындар жасауға қолданылады екен. Қызылшаның сабағына дейін пайдаға жарайды. Осы қалдықсыз өнім технологиясын игерген зауыттың басқарушысы Режеп Конук мырза, бүгінде Түркиядағы миллиардердің бірі. Ол бізде «қант, май, ұн болса неге қалба жасамайсыңдар деген аталы сөз бар. Біз бар болғаны сəл тер төгіп, бабалар жолымен барымызды кəдеге жараттық» дейді. Түркі жұртының айтулы кəсіпкері мен бізге қазақстандық журналистерге емен-жарқын əңгімелесуге де мүмкіндік туды. Режеп Конук тек кəсіпкер емес, руханият жанашыры да болып шықты. Ол жерлестері діни

ұстаз, ойшыл Рушди мен қазақ жерінің ғұламасы Қожа Ахмет Йасауидің астасып жатқан ой-əпсаналарын алдымызға жайып салған да тек тамсанумен болдық. Іскер азамат жаттанды емес, тура табиғи дауыс ырғағымен бабалар сөзін нақышына келтіріп айтқанда, туыстығымыздың тамыры тереңде жатқанын айқын сезіндік. Сұхбат барысында, мен де сөз алып, сауалымды қойдым. «Түрік бауырларымыздың ішінде өзіңіз сияқты білікті іскерлердің болуы бəрімізге мақтаныш. Бұл түркі жұртына ортақ мақтаныш. Бір қызылшадан оннан аса өнім өндіріліп жатқанын көзімізбен көріп, таңданысымызды жасыра алмай отырмыз. Бауырлас ел Түркиядағы мұндай жетістіктер бізді де қуантады. Алдағы уақытта қазақстандық əріптестеріңізбен жүзеге асырмақ жобаларыңыз бар ма? Біздің қызылшадан да осындай өнімдер алуға бола ма? Қазақ елінің нарығын бағамдап көрдіңіз бе? Режеп Конук: Маған қатысты айтқан жылы пікіріңізге шынайы алғысымды жеткіземін. Бұл нағыз туыстың пікірі деп есептеймін. Біз Қазақстандағы нарықты зерттеп көрдік. Қызылшаларыңыз тура біздікіндей. Тек енді оны ұқсатудың Анкарадаы Хажы байрам Уали мешітінде 3ріптесім Ахмет Алязбен бірге

жолдарын қарастыру керек. Қазір бізбен бірлесіп жұмыс істеу ниетімен бірнеше қазақстандық кəсіпкер жобаларын ұсынды. Оны зерделеп, талқылап жатырмыз. Алла қаласа, бірлесіп атқаратын істер бар». Бастапқыда сұрақтарға жауап беріп, келесі жоспарлы кездесуге кетуі көзделген кəсіпкер бізбен екі ортадағы жарасымды əңгімені жалғастырғысы келіп, бірге дастарқандас та болды. Зор ілтипат көрсетіп, өзі көлігімізге мінгенге дейін жанымызда жүрді. Жанындағы көмекшілері мен бізді бастап жүрген түрік бауырлар оны сіздердің пікірлеріңізге аса риза болғандығының белгісі деп түсіндірді. Қалай болғанда да мұндай Режеп Конук сияқты іскерлігі мен қоса зиялылығы қатар түркі жұртының азаматтары көп емес екендігін мойындаймыз. Өкінішке қарай, тек бір жақты пайданы басым ойлайтындар қашанда көп. Бабалар өсиеті мен мұрасына, ақыл кеңесіне терең бойлай алатын саясаткерлер де санаулы екендігін ойласақ, миллиардердің мұндай деңгейдегі парасаттысын өз басым алғашқы рет кездестірдім. Онымен сұхбаттасып, жүздескенім мен үшін өмірімде есте қалған ерекше оқиғаның бірі болды Соңғы жылдардағы қаржы дағдарысына орай Түркия іскерлері Еуропадағы жұмысы тоқтап, акциялары құнсызданған өндіріс орындарының акцияларын сатып алуды жаңа үрдіске айналдырып отыр. Атақты Рокфеллерлер мен Уоррен Баффет, Джордж Сорос сияқты əлемдік нарқасқалардың тəжірибесінен үлгі алған ірі түрік компанияларының жетекшілері арзан акциялы өндірістерді өз елдеріне тартып, тұтынушыларға жаңа өнімдер ұсына бастаған. Мəселен, қазақстандық журналистер болған Веко компаниясының тəжірибесі соған дəлел. Қазір бұл ұжым Еуропаның бірқатар телевизор, шаңсорғыш, тоңазытқыш шығаратын кəсіпорындарының брэндтерін сатып алған. Өнімді жаңа тетіктермен жетілдіріп, тек Еуропа ғана емес, ТМД жəне Таяу Шығыс елдері рыногына шығара алып отыр. Ал Түркия əуе жолдары компаниясы болса, Еуропаның əйгілі ұшақ тасымалы алпауыттары мен бəсекеге түсіп, жолаушыларды өздеріне тарта алған. Бізбен кездескен компания

басшысы менеджменттің тиімді жүргізілуі арқасында табыс көзін ұлғайта білгендерін айтты. Ең алдымен олар Еуропа аумағындағы əуе тасымалы нарығының көлеміне, ұшақтар паркіне, билеттердің бағасына сараптама зерттеу жүргізген. Оның қорытындысы бойынша, компания орта класты шағын ұшақтар рейстерін көбейтіп, билеттердің бағасын төмендеу қойып көрген. Соңғы қаржы дағдарысы кезінде бұл əрекетті Еуропалықтар қуана қолдап, Түрік əуе жолдарының билеттері қолма-қол сатылып, сұраныс еселеп артады. Бұл компания Қазақстан нарығын да бағамдап көріпті. Бірақ олар бізде бұл салада бəсекелестік жоқ екендігін кемшілік ретінде атады. «Екі-үш компания ғана нарықты бөліп алған, басқаларды жақындатқысы келмейді. Үкіметтеріңізге ішкі жəне сыртқы рейстерге қатысты билеттер бағасын төмендету арқылы жолаушыларды тарту жолдарын ұсындық. Өкінішке қарай біздің ұсынысымызға ешкім қолдау көрсетпеді» деді компания басшысы. Олар алдағы уақытта да келіссөздер жүргізуді жалғастыратындарын жеткізді. Мен компания басшысына өзім байқаған Түркия əуе жолдарындағы кемшілікті айттым. «Астанада компанияның ұшағына отырғанда барлық хабарКониядаы Жалаллидин Руми кесенесінде

ландырулар тек ағылшын, түрік, орыс тілдерінде жеткізілді. Бауырлас елдің аумағында тұрып, мемлекеттік тілін ұмытып кеткендеріңіз оғаштау көрінді. Тағы бір олқылық ұшаққа отырар алдында қазақ тіліндегі газет-журналдарды да таба алмай қиналдым» дедім. Компания басшысы бұл оғаштық үшін кешірім сұрап, кемшілікті түзеу үшін қазір дереу тапсырмалар берілетінін айтты. «Екі арадағы кейбір біз байқамай жүрген мəселелерді шешуге бүгінгі кездесуіміздің пайдасы тигеніне қуанып отырмын» деп өз лебізін де жеткізді. Журналистердің басқа мамандықтардан бір артықшылығы осындай түйткілді жайттарды ұжым басшыларына тікелей айта алатын мүмкіндігі бар. Осы мүмкіндікті құр жібермей, өзекті мəселені көтергенім үшін əріптестерімнің өзі риза болып: «Ереке, енді сіздің арқаңызда түрік ұшақтарынан қазақ тілінде ақпарлар естуге мүмкіндік алатын болдық», – деп жатты. Сапар барысында біз Түркияның белгілі «Жиһан» медиахолдингінің жұмысымен танысып, əріптестерімізбен сұхбаттастық. Барлық жұмыс үрдісі біздегіге ұқсас екен, тек бір ерекшелікті байқадым. Холдинге кіретін ірі газеттер мақалалар мен фотоларға қоса, өз сайттары арқылы видеоны да оқырмандарына ұсынатын болыпты. Видеоға сұраныс көп екендігін ұққан əріптестердің бұл тəсілін, біздің газеттер де меңгерсе ұтылмайтыны сөзсіз. Телевизияға қатысты жетістік, Түркияда телеарналар сериалдарды түсіріп сату арқылы пайдаға кенеліп отыр. Соңғы жылдары бұл өнімдерге Таяу Шығыстағы жəне Африкадағы араб елдерінен сұраныс артқан. Өйткені мұсылман елдер сериалдар арқылы Түркиядағы діндестерінің қазіргі тұрмыс-тіршіліктегі заманауи жетістіктерін көріп, өз өмірлеріне де өзгеріс енгізе бастаған. Екіншіден, бұл елдердің Осман империясы кезіндегі тарихи байланыстары мен салт-дəстүр жағынан жақындықтары да бар. Кейбір сарапшылар, тіпті «Араб көктемі» деп аталып кеткен, былтырғы араб елдеріндегі көтерілістерге Түркия сериалдарының да əсері болғанын айтады. Бауырлас елдегі жақсы өмірді көрген арабтар да алға ұмтылушылық қалыптасқан деген пікір бар.

Кейінгі кездегі Түркияның футболдағы жетістіктері де баршамызды қатты қызықтырғаны жасырын емес. Осы елде жүргенде бұл жетістіктің де сырын білуге тырыстым. Мамандардың пікірінше, ең алдымен мемлекет арнайы бағдарлама қабылдап, барлық мектептердің жанынан тегін футбол үйірмелерін ашқызған. Мектептің қабырғасында жүріп балалар бұл ойынның қыр-сырын бір кісідей меңгере алған. Футболға деген жаппай қызығушылық телеарналардан түрлі халықаралық аяқ доп жарыстарын көрсету арқылы да арттырылған. Екінші себеп, əйгілі Еуропалық футболшыларды командаларға шақыру арқылы жанкүйерлер тартылған. Бастапқыда Венгрияның Аджи деген ойыншысы, əрі жаттықтырушысы алғашқы болып Түркияның бір командасына келген. Осыдан соң, барлық командалар осы əдісті жалғастырып кеткен. Танымал Еуропалық футболшылар командалардың ойын өрнегіне оң өзгеріс əкелген. Көрермендер алғашқы да соларды көру үшін ғана келеді екен. Бұл əлемдік футболшылар арқылы жанкүйерді тарту əдісіне біз былтыр еліміз командасы Ұлыбритания құрамасымен ойнаған кезде де нақты көз жеткіздік. Осы матчқа еліміздің түкпір-түкпірінен жанкүйерлер ағылды, көрші елдерден де көп келді. Бір күнде қала бюджетіне бір миллион доллардай табыс түскен. Бір ойын Алматының барлық саласының жұмысына əсер еткен. Бұл футбол дұрыс ұйымдастыра білсе, нағыз табыс көзі екендігіне нақты дəлел. Маған Стамбұл қаласы өзінің ерекшелігімен қатты ұнайды. Мешіттер қаласы, сауда орталығы, тоғыз жолдың торабы, Еуропа мен Азияға ортақ шаһар. Ең бастысы тарихи қала. Осман империясының жəдігеріндей сақталған əйгілі қамалдар қаншама сырды сақтап тұр. Түріктердің Константинопольды бір-ақ күнде басып алып, Стамбұлға айналдыруы да ғажайып тарихи оқиға. Осы тарихи оқиға бейнеленген үлкен панорама арнайы ғимарат ішіне салынған, сол заманда жүргендей сезінуге мүмкіндік береді. Бұл ел тарихындағы маңызды шайқастың барлық кейіпкерлері суретшілердің сан қырлы таланты арқылы жан-жақты бейнеленген. Панорамаға кіргенде

дыбыстық эффектілерде сол заманның тынысын құлағыңызға əкеледі. Тарихыңа сүйсініп, бабалардың ерлігіне бас иетін мұндай орын біздің Астанаға да салынса шіркін деген ой келді. Қазақ халқы үшін Аңырақай шайқасының орны бөлек қой. Сол тарихи оқиға негізінде барлық басты кейіпкерлерді, жеңісті шайқасты көрсететін панорама елордамыздың төрінде тұрса, қандай керемет болатын еді. Стамбұл түркі тілдес елдердің де орталығына да айналып келе жатқанын көрдік. Біз айтқан панораманың тура жанынан түркі халықтарының туыстығына арналған үлкен саябақ ашылыпты. Оның ішіндегі ағаштар мен гүлдерді тамашалап, тынығуға болады. Саябақтың тура ортасында түркі тілдес халықтардың əрқайсысының тарихы мен салт-дəстүрін паш ететін ұлттық жəдігерлері қойылған мұражайы бар кеңселер орналасқан. Біз өз еліміздің туы ілініп тұрған ғимаратқа кіріп, мұражайды тамашаладық. Осы жер Қазақстаннан келген саяхатшылар соғатын бірден-бір орынға айнала бастаған. Бұл көлемді аумақты алып жатқан саябақты аралап шыққан соң, түрік бауырлардың туыстарға деген ыстық ықыласын сезінгендей болдық. Стамбұл біздің Пəкістан, Ауғанстан жақтан босып келген қандастарымызды құшақ жая жылы қарсы алған шаһар. Түркия тəуелсіздігін жариялаған жылдары, ел ішіндегі түріктердің саны басқа ұлттардан сəл ғана басымдау болған екен. Осы олқылықтың орнын толтыруды əріден ойлаған Ататүрік дүниежүзіндегі түркі тілдес халықтарға сыртқы істер министрліктері арқылы үндеу тастап, Түркияға шақырған. Бұл үндеуді естіген Пəкістан, Ауғанстан аумақтарында болған қазақтар бірден бауырлас елге келетіндерін мəлімдеген. Бірақ күннің ішінде жүздеген отбасы ұшақпен Стамбұлға жеткізілген. Осы көштің ішінде болған Омар Жігіт ақсақал: «Бəрімізді ұшақтан түскен соң, киімдерімізді лақтыртып, жуындырып, сақал-мұрттарымызды қырғызып, шаштарымызды алып, жаңа ақ көйлекті костюм шалбар кигізіп басқа есіктен шығарғанда бір-бірімізді танымай абдырап қалғанбыз» деп есіне алады. Бірден барлық қандастарымызға баспана беріп, жеңілдікті несие бөліп, білетін

қолөнерлерімен айналысуға жағдай жасаған. Содан істің жөнін білетін ағайындарымыздың ішінен жүн жəне тері өнімдерін шығаратын кəсіпкерлер шыққан. Қазір Стамбұлда олар бір ауданның төңірегінде шоғырланған. Олардың ұрпақтары атакəсібімізді əрі қарай жалғастырып отыр. Бүгінде Еуропада жүрген қазақтардың көбі осы қандастарымыздың туыстары. Түркия мен Қазақстан түркі тілдес елдердің көшбасшылары ретінде ынтымақтастықтың барлық түріне қолдау көрсетіп келеді. Бұл өте дұрыс үрдіс. Ғаламдық жаһандану кезінде бауырлас елдер бір біріне сеп болу арқылы кез келген қиындықтардан шығудың жолдарын таба алады. Əлемдік тəжірибеге сүйенсек, мұндай саяси, экономикалық жəне мəдени ұстанымдар топтасқан ұйымның маңызы күннен-күнге арта түспек.

ЕКІНШІ БЛІМ «БАР МЕН ЖО=» ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ƏЛЕМДІК ЖОБАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСИ БАСТАМАЛАР Кез келген ел өз мемлекеті мен халқын дүниежүзіне таныстыру үшін түрлі жобаларды қолға алып жатады. Бұл үрдісті тəуелсіздік алған тұстан бері Қазақстан да жүзеге асырып келеді. Қазір біздің елдің көтерген саяси-экономикалық, тарихимəдени бастамалары мен жобалары əлем жұртшылығының назарына ілігіп отыр. Əсіресе, Қазақстан басшылығының саяси бастамаларына дүниежүзі елдері бірден мəн берді. Ең алдымен Қазақстан əлемде бірінші болып, ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Өз аумағындағы ядролық сынақ алаңы алпауыт елдердің мысын басқан Семей полигонын жапты. Бұл еліміздің игі бастамасы қаруымен сес көрсеткісі келетін барлық мемлекеттерге үлгі боларлық қадам еді. Қазақстанның осы маңызды шешіміне əлемдік қауымдастық жоғары баға берді. 2010 жылы сəуірде Вашингтон қаласында өткен тұңғыш ғаламдық ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы шақырылып, алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеуі соған дəлел. Мемлекет басшысы 47 елдің президенттері қатысқан биік мінбеде тұрып,

əлемдік қауымдастықты ядролық жарылыстар мен сынақтарды тоқтатуға шақырды. Осы саммит алдында ғана Қазақстанға сапармен келген БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Нұрсұлтан Назарбаевқа «ғаламдық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы» деген баға беріп кеткен еді. Сонымен бірге ол Елбасына «өз шешіміңізбен Семей полигонын жапқан əрі ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан елдің басшысы ретінде сіздің Вашингтонда өтетін саммитте өз ұсыныс бастамаларыңызды айтуға толықтай моральдық құқыңыз бар» деуі көп жайтты аңғартса керек. Саммит кезінде бүкіл əлем ақпарат құралдары Қазақстанның əрекетін бүкіл дүниежүзіне үлгі ретінде ұсынды. Осылайша Қазақстан əлемдік қауымдастықтағы ядролық қауіпсіздікке айрықша үлес қосқан бірден-бір ел ретінде ғаламдық тарихта қолтаңбасын қалдырды. Бұдан кейін еліміздің атын əлемге танытқан айтулы оқиға дəстүрлі дін өкілдері мен дінбасыларының құрылтайы болды десек, қателеспейміз. Бұл шараның жер жаһандағы отты нүктелерде діни мəселелерге қатысты қақтығыстар өршіп тұрған кезде өтуі жəне барлық дін өкілдерін бейбітшілік пен ымырашылдыққа, адамзаттық ортақ құндылықтарды сақтауға, бағалай білуге шақыруы, дінбасыларын салиқалы сұхбатқа тартуы, оны ұйымдастырушы елдің терең де маңызды мақсатты көздегенін айқын көрсетті. Қазақстанның Азиядағы өзара сенім жəне ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес құру туралы бастамасына да əлем қолдау білдірді. Алматыда Азия құрлығындағы ең ірі елдердің басшылары алғаш рет бас қосып, аумақтағы саяси ахуал, қауіпсіздік мəселелері төңірегінде келелі кеңес құрды. Осы кездесуге қатынастары шиеленісіп тұрған Үндістан мен Пəкістан басшыларының қатысып, ой бөлісуі үлкен саяси оқиға болды. 2006 жылы кеңестің жоғары деңгейдегі екінші мəжілісінде де Азия құрлығы мен əлемді алаңдатқан мəселелер сараланды. Ол жолы Израиль, Палестина, Иран елдерінің өкілдері бір үстел басында отырып, пікір алмасты. Осындай мəмілегерлік бастамасымен дүниежүзінде əртүрлі дау өршіп тұрған шақта Қазақстан əлемдегі бірденбір келісім аралына айнала алды. Бұған қоса, мемлекетіміз

бұрынғы Кеңестер Одағы елдерін бұрыннан бар қатынастарды жоғалтпас үшін ТМД ұйымына бірігуге шақыра алды. Екі бірдей ірі құрылым Еуразиялық Экономикалық қауымдастық пен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуына тікелей себепкер болды. Кедендік одақтың құрылуына тікелей ықпал етті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеке-жеке бөліп, экономиканы дамыту қиын іс екенін, керісінше, əлемдік рынокқа бірлесіп, ынтымақтаса енгенде ғана нəтиже болатынын дəлелдей алды. Əлемдік тəжірибеде бұл тұжырымның дұрыс екенін Еуропа елдерінің іс-əрекеті көрсетіп отыр. Сонымен бірге Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық ұйымының белсенді мүшесі атанды. Қытай, Ресей сияқты ірі елдер мүше бұл ұйым қауіпсіздік мəселелерімен қоса, экономикалық ынтымақтастық жайын да кең талқылайтын құрылымға айналды. Қазір ШЫҰ-ның əлемдегі беделі де өсіп келеді. Оған мүше болуға ұмтылушы елдердің қатары да көбейіп отыр. Біздің ел ынтымақ бірлігімен де əлемге танылды. Өзінің кең құшағын айқара ашқан қазақ халқы тағдырдың тəлкегімен пана іздеп келген басқа ұлттарды бауырына басты. Есін жиып, етегін жабуға көмектесті. Достық пейілге риза болысқан ұлттар қазақтың мəртебесін көтеруге, мемлекетін нығайтуға атсалысты. Көпұлтты елде береке мен бірлікке толы ынтымақты тірлік қалыптасты. Республикамыздағы барлық ұлттар Қазақстан халқы ассамблеясына бірікті. Бұл құрылым ұлттар арасындағы бірлікті нығайта түсу үшін жұмыс істеп келеді. Мұндай институт тек бізде ғана бар. Оның бірегей құрылым екенін БҰҰ бастаған барлық халықаралық ұйымдар бағалап отыр. Олар енді елімізде қалыптасқан ұлтаралық татулық пен бірлікті дүниежүзі елдеріне үлгі ретінде ұсына бастады. Қазақстанның тағы бір əлем назарына іліккен үлкен жобасы жаңа елордамыз – Астананы салуы. Тəуелсіздік алғаннан кейін жаңаша озық үлгіде бой көтерген қала егемендіктің мəңгілік түп қазығы. Жарқыраған əсем де зəулім ғимараттар Астананың көркін асыра түсті. Əлем Қазақстанның жаңа Астанасын да мойындады. Осындай оң жетістіктерімен дараланған Қазақстанның беделі əлемдік қауымдастық алдында өсіп келеді. Биыл еліміз

Еуропадағы Қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына төраға болып сайланды. Бұл Қазақстанның тəуелсіздік алғалы бері жүзеге асырып келе жатқан саяси бағытына əлем елдерінің берген жоғары бағасы. Дүниежүзіндегі əділдіктің жаршысы атанған ЕҚЫҰ-ның тізгінін ұстау – жас тəуелсіз ел үшін үлкен құрмет. Бұл – қазақ елінің тарихында алтын əріптермен жазылатын тағы бір бірегей тарихи оқиға. Міне, бұл тəуелсіздік алғанына он сегіз жыл толған еліміздің əлемдік ауқымдағы ең басты жетістіктері. Осы оң істердің негізгі бастамашысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болғанына бəріміз куəміз. Бұл əлемдік деңгейдегі сарабдал саясаткердің елінің дүниежүзіндегі беделі мен абыройын көтеру үшін, халқының мерейін өсіріп, жағдайын жақсарту үшін жасаған ерекше еңбегі. «СТАЛИНГЕ СЫЙЛЫҚ», «ТІЛЕП» ЖƏНЕ ПАУЛО КОЭЛЬО Қазақты əлемге танытуға бағытталған тарихи мəдени жобалардың ең ауқымдысы – «Көшпенділер» фильмі болды. Оны танымал фильмге айналдыру үшін əлемдік киномайталмандар тартылды. Əйгілі актерлер мен режиссерлер фильмді түсіруге атсалысты. Фильм қазақ елінің тарихына арналғандықтан, қазақ ұлтының ержүрек те айбынды мінезін паш етуге бағытталған. Бірақ ниет дұрыс болғанымен негізгі мақсатқа толыққанды қол жеткізілмеді. Басты кемшілігі «шытырман оқиға ойлап табамыз» деп, көп тұсында тарихи деректерді бұрмалау орын алып, Абылай заманындағы оқиғалар, тұлғалар кең ашылмай қалды. Бірақ фильмге кино саласының заманауи технологиясы қолданылғандықтан, түсірілімдік жағынан ерекшеліктері болды. Мұндай ауқымды туындыны түсіру оңай емес, сондықтан кемшіліксіз ештеңе болмайды. Тағы бір ескеретін жайт, фильмді түсіру арқылы отандық кино саласы үлкен тəжірибе жинақтады. Əлемге танымал киногерлерден көп нəрсені үйрене алды. Бұл кино саласы үшін жаңаша серпіліс болды. Фильм керемет табыс əкелмесе

де, қазақ киносының қайта жандануына өзіндік үлес қоса алды. «Көшпенділер» Қазақстан киносын жаңа кезеңге бастады. Көрермен де жарнамасы жақсы ұйымдастырылған отандық өнімді асыға күтті. Оның əр көрсетіліміне жұртшылық ағылып келіп жатты. Астана мен Алматыдағы кинотеатрлар халыққа лық толы болды. Мұның өзі отандық киноөнімге деген сұраныстың бар екендігін жəне осы саладағы менеджменттің де дами бастағанын көрсетті. Бұрындары біз талай кинорежиссерлердің фильмдерін өз елімізде көре алмай, шетте түрлі сыйлықтар алып жататынын еститінбіз. Бірақ олардың көбінде еліміздегі сұрқай тіршілік көрсетіліп келді. Сондықтан бұл фильмдер арқылы Қазақстан сыртқа тым жұтаң таныстырылып жатты. «Көшпенділерден» кейін, тағы бір халықаралық жоба «Моңғол» фильмі əлем көрермендеріне жол тартты. Оскар сыйлығына үміткерлікке дейін ұсынылған кинотуынды жаман баға алған жоқ. Бірақ онда да тарихи сəттер бұрмаланып, Бөрте бейнесі табиғатына сай сомдалмады. Жас қазақ режиссерлерінің ішінде Рүстем Əбдіраштың «Сталинге сыйлық» фильмі жоғары бағаға əбден лайық. Онда қазақтың табиғи болмысы бас кейіпкер арқылы тамаша ашылған. Нұржұман Ықтымбаев ағамыз да басты рөлді айтулы голливуд жұлдыздарынан артық болмаса, кем орындамаған. Кинотуындыда пана іздеп келген ұлттарға кеңпейілділік, дархандық, қамқорлық танытқан халқымыздың бейнесі тамаша сомдалған. Ар, намыс, адамгершілік қасиеттер фильмнің негізгі түп қазығы ретінде алынған. Бұл фильм халықаралық байқауларда өзінің биік бағасын алды. Оскарға ұсынылған тағы бір фильм – «Келін». Ел көрермендері оны жылы қабылдай қойған жоқ. Онда кейіпкерлер образдарындағы шиеленіс, жаңа кинотехнологиялар тетіктері қолданылғанымен тарихи мүдде, болмыс тұрғысынан ұтымсыз тұстар байқалып тұрды. Біз атап өткен дүниелерден басқа фильмдер де түрлі деңгейдегі байқаулардың жүлдесіне ілігіп жатыр. Мұның өзі Қазақстандағы кино саласының əлемдік бəсекеге сай дамып келе жатқандығының белгісі. Өнер саласындағы тағы бір əлемдік деңгейдегі жоба Марат Бейсенғалиевтің белгілі əлем сазгерлері, музыканттары жəне шығар-

машылық ұжымдармен бірлесіп жасаған «Тілеп» қойылымын дүниежүзі көрермендері жақсы бағалады. Онда ұлттық əнкүйлеріміз əлемдік классикалық туындылармен, қазіргі заманғы шығармалармен астаса орындалуы ұтымды шыққан. Шығармаларды орындау барысында ұлттық аспаптарымыздың өзіндік ерекшелігі ашыла түседі. Қойылымға əр елдің айтулы симфониялық оркестрлерімен хор ұжымдарының тартылуы да жергілікті көрермендерді бейжай қалдырмады. Бұл – əлем сахналарында өнер көрсетіп жүрген Марат Бейсенғалиев пен Алан Бөрібаев сынды таланттардың өз елдерін əлемге таныту үшін бүгінгі заманға лайықтап дүниежүзі көрермендерінің сұранысына сай жасаған ерекше жəне сəтті жобасы. Соңғы жылдары еліміздегі саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерінің мемлекетіміздің қалыптасу кезеңіндегі тарихи оқиғаларға қатысты кітаптары жарық көре бастады. Солардың ішінде оқырман ықыласына бөленген еңбектер де бар. Мəселен, тəуелсіз Қазақстан дипломатиясының негізін қалаушылардың бірі, көп жылдар бойы Сыртқы істер министрі қызметін атқарған, ел үкіметін басқарған, бүгінде Парламент сенатының төрағасы, білгір саясаткер, мемлекет қайраткері Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Беласу», «Күнгей мен көлеңке» кітаптары саясат тақырыбын кең қамтыған, көбінесе, қалың қауымға белгісіз ресми кездесулердің əр жағындағы қызықты сəттер суреттелген, түрлі саясаткерлермен кездесу барысындағы ой толғамдар екшелген туындылар. Бұл екі кітапты оқыған кез келген шетелдің азаматы қазақ елінің бүгінгі ұстанып отырған салмақты саясаты туралы толыққанды хабардар бола алады. Осы еңбектерде Қазақстанның əлемдік қауымдастықпен түрлі халықаралық өзекті мəселелерге қатысты қоян-қолтық əріптестік қатынас орната алғаны жан-жақты сарапталған. Қасым-Жомарт Кемелұлының кітаптары – қазіргі замандағы тарихи оқиғаларды саралаудан өткізген саяси публицистикалық еңбектер. Бұл туындыларды жатық тілде əрі қызықты жазылғандықтан оқырман қауым бірден жылы қабылдады. Бұрын-соңды мұндай кітаптар елімізде жарыққа шықпағандықтан, оларды саяси эсселердің алғашқы қарлығашына жатқызуға болады. Қасым-Жомарт

Тоқаевтың кітаптары əлемдік тұлғалардың осы тектес еңбектерімен иық тірестіріп тұр. Ең бастысы, бұл туындылар тəуелсіз Қазақстанның қалыптасқан өзіндік саясаты мен əлем қолдаған халықаралық бастамаларын дүниежүзі оқырмандарына кең таныстыра алды. Қазақ елі мен халқын əлемге таныту үшін жазылған жаңа кітаптар туралы əңгіме қозғалғанда, бірден ойымызға атақты жазушы Пауло Коэльо түседі. Бұл дүниежүзіне танымал қаламгер қазақ жеріне келіп, бірқатар өңірлерді аралап, халқымыздың салт-дəстүрімен, тыныс-тіршілігімен танысты. Журналистерге берген сұхбатында өзіне Қазақстанның ұнағанын айтып, еліміз туралы бір шығарма жазатынын жеткізген еді. Атақты қаламгер араға көп уақыт салмай, «Захир» деген көркем шығарманы дүниеге əкелді. Бірақ бұл кітап менің жеке пікірімше, қазақты əлемге танытады деген үмітті ақтай алмады. Жазушы негізгі кейіпкерінің психологиялық əрекетін түсіндіре отырып, жолай қазақ дəстүрі мен дала дүниетанымын танытып жазамын деп ойлаған. Алайда оны өзі түсіне алмай, негізгі бағытынан жаңылып қалған. Ол біздің қаншама ғасыр бойы сақталып, атадан балаға мұра болып келе жатқан əдет-ғұрып, дəстүрімізді Қазақстанға бір-екі рет келгенде ұғына алмаған. Тіпті қазақтарда жоқ ғұрыптарды өзі ойдан шығарып, шығармасына арқау еткен. Бізде жоқ салтдəстүрді бізге жөнсіз таңған. Сөйтіп, қазақтың дүниетанымын өз түсінігінше жазып, бүтіндей бір халықтың жан дүниесін рухани түп қазығын аяқасты еткен. Оның тек Қазақстан туралы жазған нақты ақпараты бір бетке де толмайды. Оның өзі өте құрғақ жазылған. Атақты жазушының тым қарабайыр жазу əдісі көңілді құлазытты. Мұндай шығарманың жарыққа шыққанынан шықпай-ақ қойғаны жақсы еді. Бұлайша халқымыздың бітім болмысын, дəстүрін бұрмалауға алдағы уақытта жол бермеу керек. Бір өкініштісі, осы кітап туралы бірде-бір ақсақал жазушымыз ешқандай пікір білдіріп жатқан жоқ. Мұндай шығарманы Коэльоға жазғызғанша, Мұхтар Əуезовтің «Абай жолы» мен Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділерінің» ағылшын тіліне аударылған нұсқасын көп тиражбен шығарып, əлем оқырманының назарына ұсынып көру керек еді. Атақты

Коэльо арқылы қазақты əлемге танытқан емес, керісінше, ұлт дəстүрін бұрмалаған түсініксіз жоба болды. Əйгілі жазушының талантына шек келтірмейміз, бірақ бұл жолғы еңбегі тым атүсті жазылғандықтан, сұйықтау болып шыққан. Біз шетелдік мұндай қаламгерлерге өз еліміз туралы жазуды ұсынғанша неге өз жазушыларымызды қолдамаймыз. Қазір Құдайға шүкір, елімізде шығармашылығы толысқан жазушылар жетерлік, солардың ең үздік еңбектерін жинақтап, ағылшын тіліне аударып, жариялап, Байланыс жəне ақпарат министрлігі немесе Жазушылар одағы оларды халықаралық сыйлықтарға неге ұсынбайды? Енді халықтың өресін қалыптастыратын əдебиетке де назар аударатын уақыт туған тəрізді. Үкімет жыл сайын жаңа əдеби туындыларға арнайы байқау жарияласа, бұл салада оң өзгеріс қалыптасар еді. Көршіміз Ресейдің өзінде қазір жазушыларға арналған байқаулар өте көп. Бір атап өтерлігі, олардың жеңімпаздарына берілетін қаржылай сыйлықтар да қомақты. Мəселен, АҚШ-та ақын-жазушыларға арналған жүздеген байқау бар екен. Бұл шығармашылық адамдарын ізденіске жетелейді. Əйтпесе еліміздің ақын-жазушылары тек мемлекет тарапынан екі жылда бір берілетін екі-үш мемлекеттік сыйлыққа ғана еңбектерін ұсына алады. Оның өзінде соңғы кездері бұл сыйлықты тек ықпалды аға буын жазушылар ғана алатын болды. Бұған қоса, бізде мемлекеттік сыйлықтармен бірге нағыз əдебиет жанашырлары мен оқырмандардың тəуелсіз сыйлықтары көп болғаны жақсы. Сонда «əдебиет – ардың ісі» демекші, өмір шындығын ашып көрсеткен, ақиқат пен əділдікті ту еткен еңбектер шынайы бағасын алатын еді. «Айқын» 06. 08. 2010 жыл.

ҮЛКЕН МҰНАЙ ОЙЫНЫ ҚАЗАҚСТАН Қазақстан əлемдегі мол мұнай қоры бар елдің бірегейі болып саналады. Оның жер қойнауынан 200-ден аса көмірсутегі шикізаты бар кен орындары табылып отыр. Бұл көздер анықталған жердің жалпы көлемі 1 миллион 700 мың шаршы шақырым, яғни ол республика аумағының 62 пайызын құрайды. Əзірге Қазақ елінің мұнай қорын əлемдік сарапшылар 13 миллиард тонна мөлшерінде деп болжап жүр. Жаңа ғасыр басында бір ғана Қашағаннан 7 миллиард тонна қор шығуы мүмкін деген ақпаратты естігенде жер-жаһан жұртшылығы таңданыс білдірген. «ОКИОК», кейіннен «Аджип ККО» аталған халықаралық консорциумның операторы өз болжамын мəлімдеді. Олар Қашаған мұнайының географиялық қорын 38 миллиард баррель, одан алынатын қор 7 – 9 миллиард баррель деген деректі жеткізді. Бірақ инвесторлар бұл сандық көрсеткіштің əлі де өсе түсетінін жасырған жоқ. Осы коммерциялық ірі жаңалық бұдан екі жыл бұрын Қазақстан басшылығы таратқан болжамның растала түскенін көрсетті. Қазақстанның негізгі мұнай көздері Каспий қайраңында екені белгілі. Теңіздің Ресей, Иран, Түркіменстан, Əзірбайжан мемлекеттерімен салыстырғандағы ауқымы едəуір үлкен. Қазақстандық бөліктің көлемі 113 мың шаршы шақырым, Ресейдікі – 64 мың, Ирандікі – 44 мың, Əзірбайжандікі – 78 мың, Түркіменстандікі 79 мың шаршы шақырым. Бұл аумақтың байлығына алыстан да, жақыннан да көз тігушілер көп. Əсіресе, басқа төрт елге қарағанда көмірсутегі шикізаты менмұндалаған қазақстандық шельфке қызығушылар саны арта түсуде. Олардың ішінде АҚШ, Ресей, Еуропа елдері, Иран жəне Қытай мемлекеттерінің ұмтылысы ерекшелеу. Көп бағытты құбырларды таңдаған Қазақстан осынау мемлекеттердің əрқайсысымен түсіністік қарым-қатынасын қалыптастыруға тырысуда. Соңғы кездері Қазақ Елі тəуекелге бару арқылы біраз тірлік атқарды. Біріншіден, əлемдік рынокқа тартылған құбыры бар Ресеймен тіл табысу арқылы мұнайын сыртқа шығара

алды. Екіншіден, табиғи байлықтарын игеру үшін АҚШ сияқты державаның ірі компанияларын өзіне тартып үлгерді. Үшіншіден, өркениетті Еуропа елдерімен де қабақ шытысқан жоқ. Төртіншіден, көрші Қытай жəне Иран мемлекеттері қатысатын бірлескен жобалар барысы тиянақталды. Бесіншіден, жəне ең маңыздысы, ірі жобалар жүзеге аса бастады. Атырау облысындағы Теңіз кеніші игерілді. Одан өңдірілген мұнай Каспий құбыр тарту консорциумы жобасы арқылы Еуропаға жол тартты. Бұл – өткен он жылдың басты жетістігі. Қазақстан алға қойған жоспарына біртіндеп қол жеткізу арқылы əлемдік алпауыттарға да өз пəрменін байқатты. Қазақ мұнайынан үміті бар əр ел оның ұстанымымен де санасуға көшті. Қазақстан ірі державалар араласқан «Үлкен мұнай ойынының» ортасына осылай кірді. Бұл ойын негізінен Каспий мұнайына байланысты. Республика жылдан-жылға мұнай өндіру көлемін арттырып келеді. 2000 жылы 35, 3 миллион тонна, қара алтын өндірілді. Салыстырмалы дерек келтірсек, 1996 жылы 22 миллион тоннадай ғана мұнай өндірілген еді. Биыл өндіріс көлемі 42-45 миллионға дейін өспек. 1980 жылдары Қазақстан өндірген мұнайының 20 пайызын ғана сыртқа шығаратын, былтыр 82 пайызын экспортқа жөнелтті. Қара алтын қазіргі күні жер бетіндегі ең басты энергия. Содан болар оған деген сұраныс күннен-күнге артып отыр. Сарапшылар 2010-2020 жылдарға дейін мұнай ең негізгі куат көзі болып қала беретінін мəлімдеуде (М. Мұқанов, «Əлемдік мұнай рыногының болашағы мен қазіргі тенденциялары»). Сондықтан осы аралықта оның саудасы да қыза түспек. АҚШ энергетика министірлігінің ақпаратына сүйенсек, 2020 жылы мұнайға сұраныс 56 пайызга артпақ. Халықаралық энергетика агенттігінің ақпараты бойынша, мұнайды тұтыну көлемі 2010 жылы 4 миллиард 468 миллион тоннаға, ал 2020 жылы 5 миллиард 264 миллион тоннаға жетуі мүмкін. Қуат көзі өз экономикасын өркендеткісі келетін кез келген елге өте қажет. Егер ол өз жерінде болса, құба-құп. Болмаса, əр мемлекет жолын тауып, саяси жəне экономикалық əдіс-тəсілдер арқылы мұнай қоры бар елдермен қатынас орнатуға ұмтылады. Бұрын тек Кеңес Одағы мен Иранның ғана аумағында болған

Каспий жаңа тəуелсіз елдер шаңырақ көтергеннен кейін үлкен көкпарға түсті. Олар оң-солын бағамдап үлгергенше, бұрыннан осы аумаққа ықпал ету жолын қарастырып жүрген əлемдегі басқа алпауыт елдер мүмкіндікті құр жібермей, алыстан əрекет етуге көшті. Өйткені Каспийдегі көмірсутегі шикізатының көлемі Парсы шығанағындағы қордай мол екендігі болжанды. АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің Конгреске ұсынған есебінде Каспийдің қоры 200 миллиард баррель, яғни 27, 5миллиард тонна деп болжанған. Сарапшылардың ойынша, 2015 жылы бұл аумақтан экспортқа шығатын мұнай көлемі күніне 2-4 миллион баррельге немесе жылына 150-200 миллион тоннаға дейін жетпек. Мұндай үлкен байлыққа қарымы бар қаржысы бар мемлекеттер қалай ұмтылмасын. Осылайша «үлкен мұнай ойыны» басталды. Оның белортасында Қазақстанда жүр. РЕСЕЙ Ресей құбырлары арқылы біз жылына 13-14 миллион тоннаға дейін қара алтынды экспортқа шығару мүмкіндігін таптық. Өткен жылы бұл көрсеткіш 20 миллион тоннаға дейін жақындады. 2000 жылдың желтоқсан айында қол қойылған екі ел үкіметтері арасындағы хаттамаға сəйкес, Қазақстан Ресей құбырлары арқылы 10, 8 миллион тонна мұнайын алыс, 5 миллион тоннасын жақын шетелдерге, ал, 1, 5 миллион тоннасын алмастыру жүйесі бойынша экспортқа шығаруда. Негізінен Атырау-Самара, Махачкала-Тихорецк-Новороссийск жəне КТК құбырлары пайдаланылуда. Алдағы уақытта Ресей аумағынан өтетін Балтық, Дружба-Адрия құбыр жүйелерімен де мұнай айдау жүзеге асуы тиіс. Бүгінде осы жүйелерден қанша қазақ мұнайы тасымалдануы керектігі пысықталып жатыр. Жуырда 7 маусым күні екі мемлекет үкіметтері Қазақстан мұнайын Ресей арқылы тасымалдауға қатысты 15 жылға арналған келісім шартты бекітті. Осыған сəйкес, Атырау-Самара құбырымен жылына 15 миллион, ал Махачкала-Новороссийск арқылы 3, 5 миллион тонна мұнай айдалады. Екі ел үшін де Каспий құбыр жүйесінің іске қосылуы маңызы зор іс болды. Осы жобадан түсуі тиіс 40 миллиард АҚШ доллары мөлшеріндегі табыстың

23, 3 миллиарды Ресейдің 8, 2 миллиарды Қазақстанның еншісіне тимек. Оның тасымалдау мүмкіндігі 28 миллион, ал одан əрі 67 миллион тоннаға дейін өспек. Соңғы жылдары Ресей Каспий аумағындағы саяси-экономикалық мүддесін арттыруға ұмтылып отыр. Оның мұнай-газ компаниялары қара алтын көздерін барлау жобаларына белсене араласып кетті. Əсіресе, «Лукойл» компаниясының қадамдары қарымды. Алғашында Əзірбайжан қайраңына асығыс ұмтылған алпауыт ондағы кейбір болжамдар нақтыланбаған соң, енді Каспийдің солтүстігіндегі, оның ішінде Қазақстан жағындағы мұнайды игеруге ұмтылыс білдіруде. Сонымен бірге Лукойл өзінің қатарына Юкос, Газпром сияқты ірі компанияларды тартып, үшеуара бірлескен Каспий мұнай компаниясын құру мəселесін қолға алды. Бұл ұжымдар Құрманғазы, Хвалыньское, Центральное сияқты екі елге қарасты шельфтің ортасындағы кеніштерді игермек. Таяуда Қазақстан мен Ресей көптен бері талқыға түсіп келе жатқан осы үш кеніштің тағдырын құжат жүзінде нақтылады. Қос мемлекет үш кеніш тұрған аумақты орта аралық тең бөліс сызығы арқылы бөлуге келісті. Ол бойынша, Центральное мен Хвалыньское Ресейдің, ал Құрманғазы Қазақстанның аумағында қалатын болды. Бірақ оларды игеру ісін екі елдің компаниялары елу де елу, яғни тең дəрежеде жүргізбек. Тек Құрманғазы кеніші бойынша Ресейге 25 пайыздық үлес беріледі. Тағы 25 пайызға екі ел бірлескен «ҚазРос газ» кəсіпорынын құрады. Қалған 50 пайыз, Қазақстан үлесінде қалады. Ал Хвалыньское мен Центральное кеніштері бойынша екі мемлекеттің үлесі тең дəрежеде. Бұған қоса Роснефть пен Итера компаниялары да біздің жақтағы Адай, Федоров блоктарын барлау жобасына кірді. Өткен жылдың көктемінде Тюмен мұнай компаниясы Ақтөбе облысындағы Кеңқияқ кенішін игеруге араласты. Ресей мен Қазақстан Каспийдің заңдық мəртебесін теңіздің түбін орта аралық тең бөліс сызығы арқылы бөлуді, үстін ортақ пайдалануды қолдайды. Жақында бұл түсіністік құжат жүзінде бекітілді. Міне, осындай мұнай саласындағы екі жақты тиімді қатынастар Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымын

өсіруге əсер етті. Екі мыңыншы жылы оның көрсеткіші 71, 5 пайызға өсіп, 4, 3 миллиард долларды құрады. Өткен жылы тауар айналымы тағы 25 пайызға өсіп, бір жылда қосымша 1миллиард долларға ұлғайды. Қазақстан əзірге мұнайын тек Ресей құбырларымен ғана əлемдік рынокқа шығара алады. Басқадай құбырлар əлі салынған жоқ. Алайда, солтүстік көршіміз қазақ мұнайының басқа құбырлармен кетуін қолдамайды. Сондықтан Ресейдің осал тұсын білетін Қазақстан оған соңғы он жыл ішінде өз экономикалық талаптарын қоя алды. Нəтижесінде жыл сайын көмірсутегі шикізатын экспортқа шығару квотасын бірнеше есе өсіріп отырды. Бұдан Ресейдің кейбір мұнай компаниялары зардап шеккенімен ертеңгі қатынастарды ойлаған ел Қазақстан жағын ренжіткен жоқ. Қазақ елі үшін де Ресеймен орнатылған жан-жақты байланыстың маңызы зор. Біріншіден, ол ТМД-дағы ең ірі сауда-экономикалық əріптес. Екі мемлекет осы жаңадан құрылған Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа кіреді. Бұл құрылымның экономикалық жəне саяси рөлі үлкен. Мұнымен қоса Ресей Еуразиядағы жəне Каспийдегі саяси ықпалын əлсіреткісі келмейді. Екіншіден, солтүстік көршімізбен аумақтағы қауіпсіздік мəселелерін бірлесіп шешуге болады. Ресей де, Қазақстан да ұжымдық қауіпсіздік шартын бекіткен елдер. Оның сыртында қос мемлекет те Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше. Үшіншіден, екі мемлекет арасында мəдени жəне ғылыми байланыстар қалыптасқан. Бір ақпарат кеңістігінде өмір сүреді. Ресеймен қатынас қалыптастыру геосаясат жағынан да маңызды. Қазақстан Ресеймен қоян-қолтық араласу арқылы АҚШ, Қытай, Иран, Еуропа елдерімен байланысты реттеу тетігін қолында ұстап отыр деп айтуға болады. АҚШ Қазақстан мұнайына алыстан көз тігуші елдің бірі АҚШ. Экономикасы қуатты ірі держава тоқсаныншы жылдардың басынан ақ Каспий аумағына назар аударды. АҚШ тың бұл аумаққа ұмтылуының экономикалық жəне саяси себептері де бар. Əсіресе, геосаяси салдары басым. Біріншіден, АҚШ Каспий

аумағын болашақта Парсы шығанағын ауыстыратын мұнай газ қорын алатын көзге айналдырмақ. Өйткені американдықтардың араб елдерімен қатынасы тұрақты емес. Сондықтан алпауыт мемлекет ертеңге қамданып отыр. Осы арадан екінші мəселенің ұшы шығады: АҚШ бұл байлыққа жақын отырған Ресей, Қытай, Иран сияқты елдермен жəне өзімен Одақтас Еуропа мемлекеттерімен де еріксіз бəсекеге түседі. Бүгінде арнайы геосаяси ойын жүргізуде. Əсіресе, Ресейдің Каспий маңындағы ықпалын əлсіреткісі келеді. Ал Иран десе, АҚШ қабағын суыта қояды. Оған деген санкцияны əрі кері алатын түрлері жоқ. Америка Еуропалықтарға да ноқта салып қойғанды ұнатады. Сөйтіп, ірі держава ірілік жасап, Каспий аумағын өз уысында ұстағысы келетінін аңғартты. АҚШ алға қойған мақсатына жету үшін ұзақ жылдар зерттеу жүргізіп, бағдарлама жоспар жасап, іске кірісетін мемлекет. Оның Каспий бассейнінен қатысты арнайы жоспарлары «АҚШ тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясы» сияқты маңызды құжаттарға кірді. Америка Еуропа елдері бастама көтерген «21ғасырдың Жібек жолы» атты жобаны қолдап əкетті. Оған ұсыныстарын енгізу арқылы, жобаны меншіктеп алды десе де болады. Осы жоспарларға сəйкес, АҚШ Каспий аумағындағы Кавказ жəне Орталық Азия елдеріне қатысты өзіндік саясат жүргізуге кірісті. Оның ішінде көмірсутегі шикізаты көп Қазақстанға да айрықша мəн берілді. Алпауыт ұжымдарды молынан тарту үшін Қазақстан оларды қызықтыратын жеңілдіктер жасады. Өйтпесе, əлемдік бизнес өкілдерінің келу келмеуі екіталай шаруа болатын. Сөйтіп, қаржылық мүмкіндігі аз Қазақстан мен мұнай мен газға сұранысы күшті АҚШ сияқты ірі держава өзара тиімді іскерлік қатынастар орнатты. Өткен он жылда республикамызға тартылған шетелдік инвестицияның 36 пайыздан астамы АҚШ үлесінде. Оның жалпы көлемі 4 миллиард доллардан асты. Вашингтон таймс газетіндегі əріптестерімізге сұхбат берген АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл өз компанияларының алдағы он жылда Қазақстанға екі жүз миллиард долларға жуық инвестиция құйғалы отырғанын хабарлап, іскерлердің бұл шешімге тегіннен тегін тоқтамағанын атап өтті. Шеврон, Тексако сияқты Американың мұнай-газ компаниялары

Қазақстанда өз жобаларын жүзеге асыруда. Мəселен, ЭксонМобил еліміздегі үш жобаға бірдей қатысып отыр. Оның Теңіз кенішінде 25 пайыздық, Каспий қайраңын игеру ісінде 14 пайыз, Каспий құбыр тарту консорциумында 7, 5 пайыз үлесі бар. Шеврон Теңіз кенішіндегі басты инвестор, үлесі елу пайыз. Ал Тексако компаниясы 20 пайыздық үлесі бар Қарашығанақтың негізгі акционерлерінің бірі. Бастапқыда жеке-жеке келген бұл ұжымдарды кейбірі бір-бірімен қосылып, бүгінде бірлескен үлкен концерндерге айналып үлгерді. Бұл арада Қазақстанда жұмыс істеп жатқан Шеврон мен Тексаконың бірігуін атап өтуге болады. Аталмыш алпауыттар Қазақстанмен жасалған келісім бойынша елімізге отыз-қырық жылға келіп отыр. Еліміздегі жəне шетелдік белгілі сарапшылардың мəліметіне сүйенсек, түбінде байлығы көп Каспий шельфін игеру үшін 150 – 200 миллард долларға жуық қаржы керек екен. Осы қаражаттың ауқымды бөлігін американдық компаниялар əкеледі деген үміт бар. Өткен жылы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШқа ресми сапары барысында мемлекет басшылары екі жақты қатынастарды кеңейту мүмкіндіктерін оның ішінде мұнай-газ мəселесін, Каспий қорын игеру, тасымалдау жобаларын жіті талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Джордж Буш «Жаңаша қарым-қатынастар» атты бірлескен мəлімдемеге қол қойды. Онда екі елдің бір-бірімен стратегиялық əріптес екендігі атап көрсетілген. Ал екі мемлекет үкіметтері «энергетикалық əріптестік туралы» декларацияны бекітті. Бұл құжатта мұнай мен газ кеніштерін барлау мен игеру, өндіру мен тасымалдау мəселелеріне қатысты ынтымақтастық жайы қамтылған. Декларацияда Қазақстанның өз ішінде мұнай мен газды өңдейтін кəсіпорындар салу жоспары да қарастырылған. АҚШ үкіметі мен компаниялары бұл ауқымды шаруаларға тікелей қол ұшын бермек. Баку Жейхан АҚШ-тың Каспий аумағындағы іске асырғысы келетін жобасы. Аталмыш құбыр экономикалық жағынан əжептəуір қаржы талап еткенімен стратегиялық жағынан мұхиттың арғы жағындағы ел үшін өзіндік маңызға ие. Бастапқыда американдықтан Əзірбайжан жақтағы шельфтен көп үміт күтті. Бірақ кейбір кеніштерден алдын ала болжанған

қорлар анықталмады. Содан кейін АҚШ Қазақстанға қолқа салуды күшейтті. Өйткені Баку Жейхан салынса, оны толтыратын мұнай керек. Қазір бізден 20 миллион тоннадай мұнай сұралып жүр. Құбырды Ақтау-Баку-Жейхан деп атау туралы ұсыныс та айтылған болатын. Қазақстанға 2007 – 2008 жылдарға қарай екінші үлкен құбыр керек. Оған дейін қара алтын негізінен КТК құбырымен экспорттала бермек. Президенттер БакуЖейханның маңыздылығын атап өтті. Қазақстан басшылығы бұл құбырдың өзіне артықтық етпейтінін білдірді. АҚШтағы жобаға қатысты ынтымақтастықты дамыта беретіндерін жеткізді. Қазақ елі АҚШ-пен байланысты өрістету арқылы өзінің əлемдік қауымдастықтағы беделін қалыптастыра алды. Ірі держава біріншіден, қауіпсіздіктің кепілі. Екіншіден, АҚШ-пен түсіністік қалыптасса, солтүстік жəне шығыс көршілеріміздің саяси-экономикалық ықпалын бəсеңдетуге болады. Үшіншіден, Қазақстанның əлемдік рынокқа шығуына жол ашылады. Дүниежүзілік ірі қаржы құрылымдары мен тығыз қатынас орнатуға жəрдемдеседі. Біздің елдің алдағы мақсаттарының бірі Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру. Жақында ғана оған Қытай мүше болды. Ресейдің де талпынысы күшті. Көршілерімізбен тереземіз тең жағдайда тауар алмасамыз десек, оған кіру жолын қарастыруымыз керек. Бұған қоса Қазақстан үшін Кеңес Одағына кедергі ретінде дүниеге келген Джексон-Вэник əлі өз күшін жойған жоқ. Оның металл өндіретін кəсіпорындарға тигізер экономикалық зардабы ауыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары кезінде осы маңызды екі мəселе де талқыға түсті. Америка басшылығы Джексон-Вэник шартының Қазақстанға қолданылуын тоқтату жайын қарастыратын болды. Сондай-ақ АҚШ еліміздің ДСҰ-на мүшелікке өтуіне қолдау көрсететінін мəлімдеді. АҚШ Қазақстанды нарықты экономикалы ел ретінде таныды. Бізге бұл мəртебе ТМД-да бірінші болып беріліп отыр. Бұған дейін Еуропа Одағы Қазақ мемлекетіне осындай құқық берген болатын. Бұл Қазақстанның əлемдік нарықтағы өз орынының айқындала түскенін көрсетеді. Жəне АҚШ-пен арадағы қатынастың жаңа белеске көтерілгенін байқатады.

ЕУРОПА ЕЛДЕРІ Еуропа елдерінің ірі мұнай-газ компаниялары да елімізге қарасты кеніштерді игеруге о бастан ықылас танытты. Əсіресе, Ұлыбритания, Италия, Франция, Норвегия іскерлері Каспий шельфінің қазақстандық бөлігін барлау жобаларына бірден араласты. Елімізге тəуелсіздік алған тұста мұнай-газ саласын дамыту жəне көмірсутегі қорларын игеру үшін шетелдік инвесторлардың көмегі керек болғанын жоғарыда айтқанбыз. Тоқсаныншы жылдардың басында үкіметіміз құрған «Қазақстан Каспий шельф» мемлекеттік компаниясының Каспийді игеру жобаларына Италияның Аджип компаниясы бірінші болып үн қосты. 1993-ші жылы халықаралық консорциум құрылып, оған Ұлыбританияның Бритиш петролеум жəне БритишГаз, Шелл, Францияның Тотал, Норвегияның Статойл компаниялары кірді. Бұлар мен бірге аталмыш жобаға АҚШ-тың Эксоны да енді. Ал төрт жылдан соң алғашқы барлау нəтижелері анықталғаннан кейін бұл құрылым ОКИОК деген атқа ие болды. 1998-ші жылы оның құрамына тағы бір америкалық Филлипс Петролеум жəне жапондық Импэкс компаниялары қосылды. ОКИОК та еуропалық компаниялардың үлесі басым. Сондықтан олар 2001-ші жылы ортақ операторды таңдау кезінде ұйымшылдық таныта білді. Көптеген сарапшылар бұл іріктеуде АҚШ-тың Эксон Мобилі жеңеді деген үмітте болған. Алайда, Италияндық ЕНИ тобының Аджип компаниясы озып шықты. Еуропалықтардың осы жеңісті қадамы олардың Каспий аумағында өзіндік мүддесі бар екендігін анық байқатты. Бұл құрлықтағы елдер мұнай мен газға зəру. Ондағы мемлекеттер көмірсутегі шикізатын Ресейден, Парсы шығанағы жəне Солтүстік теңіз елдерінен тасымалдайды. Жылдан-жылға Солтүстік теңіздің қоры азаю үстінде. Парсы шығанағындағы көздерге толық сенім арту қиын. Екі мыңыншы жылғы жаздағы Франция, Италия, Германияда қалыптасқан жағармай дағдарысы көлік жүргізушілердің ереуілі еуропалықтарды қатты ойлантып тастады. Осы оқиғадан кейін Еуропа Одағының мүшелері Каспий төңірегіндегі Қазақстан сияқты табиғи ресурстары мол елмен байланысты ширата түсті. Елімізге келген

ірі еуропалық компаниялар көмірсутегі шикізаты кеніштерін игеру жобаларына белсене инвестиция құя бастады. Бұған дейін көбінесе, қауіпсіздік, адам құқықтары жəне демократия мəселелеріне ғана мəн беретін Еуропа өкілдері экономикалық жағдайымызды саралауға да назар аударды. Нəтижесінде Еуропа Одағы бірінші болып бізді нарықтық экономикалы ел ретінде таныды. Еуропаның əсіресе, газға деген сұранысы өте күшті. Мəселен, Германия, Франция, Италия өздеріне керек көгілдір отынның елу пайызын Ресейден алады. Бір жағынан бұл мемлекеттер солтүстік көршіміздің өздеріне деген ықпалын əлсірету үшін де Қазақстанмен байланысты тереңдетіп отырған тəрізді. ОКИОК-тағы операторлықты Аджиптің жеңуінде де өзіндік себептер бар сияқты. Біріншіден, бірқатар сарапшылар Қашағаннан мұнай мен газдың көп шығатынын алға тартады. Ал ЕНИ тобының Аджип компаниясы ТМД-дағы газ құбырлары жобаларын нақты жүзеге асырушылардың бірі. Ресейден Түркияға газ құбырларын тартып жатқан да солар. Аталмыш компанияның мүмкіндіктері мол. Оның жерге қаратпайтынына сенім бар. Екіншіден, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев операторды анықтау кезінде айтқан бес талаптың біреуінде газды пайдалану мəселесін шешуді нық қойды. Қазақ елі жағы алдағы уақытта тек мұнай ғана емес, газдың да көп мөлшерде сыртқа шығарылуына мəн бергелі отыр. Еліміз 2015-ші жылы табиғи газ өндіру көлемін 45 – 50 миллиард текшеметрге дейін жеткізуі қажет. Жəне 34 миллиард текше метр газды сыртқа шығаруға мүмкіндігі бар. Негізгі тұтынушы ретінде Ресей мен Батыс Еуропа елдері болжанған. Осылайша, операторды іріктеу кезінде, мұнай мен қоса газды игеріп, өңдеуге маманданған компанияны таңдау арқылы Қазақстан басшылығы ең алдымен өз елінің мүддесін түгендегенін бағамдауға болады. Бізге шикізатымызды үлкен рынокқа шығаруға АҚШ-пен бəсекелес Еуропа Одағымен де байланысты өрістете түсудің маңызы зор. Соңғы кездері Еуропа елдері АҚШ-қа қарайлай бермей, өздері интеграция мəселелеріне айырықша ден қоя бастады. Олардың өз еуроларын шығаруы жай қадам емес. Сонымен бірге Еуропа Одағы тек өз мүшелері ғана кіретін əскери құрылым

құру бастамасын да тегіннен-тегін көтеріп отырған жоқ. Бұл АҚШ-тан неғұрлым тəуелсіз болуды қалаудың белгісі екені анық. Осы тұста шикізаты көп Қазақстан геосаяси ойынның аңысын аңдауда. Текетіреске түскен ірі ойыншылардың қай жағын болса да, тура қолдай қойған жоқ. Өз мүддесіне сай əрекет етуде. Оның үлкен мəні бар. Қазақ мұнай-газын тəтті тоқашқа теңесек, одан АҚШ-та, Еуропа да дəм татқысы келеді. Ал екі алпауыт арасындағы бəсеке арқылы Қазақстан саясиэкономикалық ұпайларын түгендеуге мүмкіндік алады. Енді Еуропаға Қазақстан көмірсутегі шикізаты қандай жолдармен шығады деген сауалға жауап іздесек. Қазір ең алдымен қара алтынымыз КТК жобасы арқылы Еуропаға жіберілуде. Бірақ алдағы уақытта бұл құбыр түрлі кедергілерге ұшырауы ықтимал. Түркия үкіметі жоба іске қосылар қосылмастан Босфор-Дарданелл бұғаздары қазақ мұнайы тиелген үлкен танкерлерді өткізуге дайын емес екендігін мəлімдеді. Олар су тасымалы көліктері бөгеліске ұшырайды, мұнай теңіз экологиясын бұзады деген желеулерді алға тартты. Осыдан кейін басқа тасымал жолдары іздестіріле бастады. Бүгінде бұл жолды алмастыратын үш жоба пайда болды. Оның əрқайсысының артында тұрған Еуропа елдерінің арасында қақтығыс жүріп жатыр. Əр жобаны қолдайтын мемлекеттер топтасып, əрекет етуге тырысуда. Енді оларды көрейік. Біріншіден, Босфор мен Дарданеллді ауыстыруға мүмкіндігі бар тасымал жолы Одесса-БродыГданск құбыры. Қазақ мұнайы Новосибирскіден Одессаға дейін жеткізіліп, одан əрі құбыр арқылы Бродыға шыға алады. Бұдан кейін Гданскіге де жіберуге болады. Дружба-Адрия құбырына да қосыла алады. Одесса-Броды-Гданск жобасы Украинадан басқа жаңа дамып келе жатқан Шығыс Еуропадағы мұнай өңдеу зауыттары бар Польша, Словакия, Венгрия елдеріне өте тиімді. Ал ол Дружба-Адрия құбырымен əрі қарай жалғасса, Германия, Франция, Ұлыбритания жəне солтүстік батыс Еуропа мемлекеттерінің мүдделері мен мұндалап тұр. Түркия бұғаздарын алмастыратын екінші жоба Констанца-Триест. Мұнайымыз Румынияның Констанца портына дейін танкермен тасымалданып, əрі қарай не Дунаймен, не теміржолмен

батыс жəне оңтүстік Еуропаға, бұдан кейін Адриатика теңізі арқылы Триест портына жол тарта алады. Бұған Румыния, Сербия, Словения, Хорватия, Италия қызығушылық танытуда. Жобаның техникалық экономикалық негізін Италияның ЕНИ тобы пысықтап жатыр. Үшінші Бургас-Александрополис жобасын Болгария жəне Грекия ұсынып отыр. Болгарлар танкерге тиелген Қазақстан шикізатын Бургас портынан күтіп алып, əрі қарай Грекияның Александрополис портына дейін құбырмен жібермек. Қазір Қазақ Елі осы үш жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін саралауда. Қай бағыт бізге тиімдірек, қай жобадан көбірек ұтамыз? Олардың артында тұрған елдердің пиғыл ниеттері қандай? Бұл сұрақтарға жауап ізделуде. Келтірілген дəйектер Еуропа елдерінің Қазақстанға жайдан-жай назар аудармағанын айқындай түседі. ҚЫТАЙ Біздің мұнай мен газымызға Қытай елі де көз салып отыр. Шығыс көршіміздің экономикасы жылдан-жылға қарқынды дамып келеді. Көптеген сарапшылар алдағы уақытта аталмыш елдің ішкі жалпы өнімі жылына 6-7 пайыздық өсім қосатынын болжап отыр. (С. Смирнов «Мұнай ағымдарын диверсификациялау») Олардың ойынша, Қытай қазіргі Жапония экономикасының деңгейіне 2005 жылы, ал 2010 жылы əрі қарай АҚШ-ты қуып жетеді. Экономикалық өсім болғаннан кейін мемлекеттің қуат көздеріне деген сұранысы арта түсетіні сөзсіз. Тоқсаныншы жылдарға дейін Қытайда көмірді негізгі қуат көзі ретінде пайдаланды. Бірақ уақыт оза келе, бұл үрдіске өзгеріс енгізілді. Өйткені қарқынды даму мен экологиялық проблема амалсыздан көмірсутегі шикізатын пайдалануға көндірді. Қытай 1993-ші жылдан бастап, мұнайды экспортқа шығарушы елден керісінше, оны сырттан алушы мемлекетке айналды. Мəселен, 2000 жылы 60 миллион тонна, 2001 жылы 75 миллион тоннадан аса мұнайды сырттан алуына тура келген. Ал əлемдік сарапшылардың есептеуінше, 2005 жылдарға қарай бұл көрсеткіш 120 миллион, 2010 жылы 260 миллион тоннаға жетуі ықтимал. Қытайдың өз ішінде мұнай-газ

қорлары жоқ емес. Əсіресе, Шығыс Қытай, Оңтүстік Қытай, Сары теңіз аумағынан көмірсутегі шикізаты анықталған. Бірақ бұл жерлерде көрші мемлекеттермен даулы мəселелер бар. Бұған қоса Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданындағы Тарим, Жоңғар, Цайдам мұнай бассейндерінің қоры көп деп болжануда. Алайда, осы өңірлердің жер қыртысындағы қатты қабаттар мен шикізатты тереңнен қазып алу жайы жəне ауа райының қолайсыздығы проблемалар туындатуда. Бұл ауқымды шаруа үшін қомақты инвестиция тағы керек. Бүгінде Қытайға мұнай негізінен Парсы шығанағынан танкерлермен тасымалданады. Көршіміз бір ғана көзге тəуелді болып қалудың экономикалық жəне саяси жағынан қауіпті екенін түсінеді. Олар Қазақстандағы мұнай мен газға ықыластары ауғанын 1997 жылы анық білдірді. Осы кезде екі ел Ақтөбе жəне Өзен кеніштерін бірлесе игеру жөніндегі ірі келісімге қол қойды. Жобаның құны 9, 5 миллиард доллар көлемінде бағаланды. Оған сəйкес, 2006 жылы Батыс Қазақстан Қытай мұнай құбыры салынады деп жоспарланды. Бірақ алға қойған мақсатына бірден емес, біртіндеп қол жеткізетін шығыстағы көршіміз аталмыш жобаны толық жүзеге асыруға асығар емес. Ақтөбе мұнай-газдың 60 пайыздық үлесін алған Қытай ұлттық мұнай корпорациясы қазір тек Жаңажол мен Кеңқияқ кеніштерін игерумен ғана шұғылдануда. Одан өндірілген мұнайдың жартысы Ресейдің Орск мұнай өңдеу зауытына, қалғаны темір жол арқылы Шымкент мұнай өңдеу зауытына жəне Қытайға жіберіліп жатыр. Ақтөбе мұнай-газдың өндіріп жатқан қара алтыны 3 миллион тонна маңайында. Көршіміз сылбыр əрекеттерімен қоймай, алған міндеттемелерін орындамай отыр. Олар Өзен кенішіне инвестиция құямыз деген уəделерін жүзеге асырған жоқ. Сонымен бірге Батыс Қазақстан Қытай құбыры жобасының болашағы тым бұлыңғыр болып кетті. Қытайлар жобадан бас тартпаймыз деп жар салады. Іс жүзіндегі қимылдары оған сəйкес емес. Ақтөбе мұнайының сапасы нашар, қоры көп емес, құбыр салу тым қымбатқа түседі деген сылтаулар көбейді. Көршіміздің екіұшты ойынын байқаған Қазақстан өткен жылы көктемде Ақтөбе мұнай-газдағы мемлекеттік пакеттің 25, 12

пайызын тендерге шығарды. Оны америкалық Аксесс индустриас компаниясы жеңіп алды. Бұл келісімді орындамаған қытай корпорациясына берілген қарымта жауап сияқты. Кейбір сарапшылар Қытай елінің Батыс Қазақстан Қытай құбырын салуды кейінгі қалдыруының өзіндік себебі бар екендігін жазуда. Ең алдымен мамандар бұл мемлекет өз ішіндегі мұнай-газ инфрақұрылымын дамытуға жаңа кіріскенін, ол үшін бірнеше миллиард доллар қаражат керек болып отырғанын алға тартады. Мұндай жағдайда көршімізге үш миллиард доллар тұратын қазақстандық құбырды салу ауырлау тиетінін айтады. Бұған қоса сарапшылар қазір болмаса да алдағы уақытта Азиядағы ірі мемлекет қазақстандық жобаға қайта оралатынын болжауда. Олардың мəліметіне сүйенсек, Қытай Иран жəне Ирак пен ынтымақтастықты арттырған көрінеді. Бүгінде Иран Швейцар Қытай консорциумы құрылып, Нека Тегеран мұнай құбырын салуға кірісе бастапты. Бұл жоба іске қосылса, Батыс Қазақстан Қытай құбырының маңызы қайтадан артпақ. Өйткені Қазақстан, Иран, Қытай келісімге келу арқылы swop жүйесі бойынша аталмыш құбырды жəне Ақтау мен Нека порттарын пайдаланып, мұнай алмасу процесін жолға қоя алады. Жəне бір атап өтер жайт, Қытай 2000 жылы Ресей мен Шығыс Сібірден өзіне қарай жаңа құбыр салу жөнінде келісімге келді. Бұны Юкос пен Транснефьт жəне Қытайдың Синопэк компаниялары тиянақтау үстінде. Жобаны болашақта Қазақстан да саралап көрмек. Жақында еліміздің мемлекеттік хатшысы, сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Шығыс Сібір жобасы жөнінде өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, егер біздің елге тиімділігі болса, Қазақстанда осы жобаға қатыспақ. Онда мемлекеттік хатшы үш жақты құрылым дүниеге келуі мүмкін екендігін айтты. Қасымжомарт Тоқаев жаңа жобаға үш ел бірлесіп кіресетін болса, Батыс Қазақстан Қытай жобасы өзінен өзі күн тəртібінен шығып қалады деген болжамын білдірді. АҚШ тағы терактіден кейін əлемдік саясатта едəуір өзгерістер болып жатқаны белгілі. Америка Ауғанстандағы соғысқа орай, Орталық Азия елдерінде əскери базаларын орнықтырды. Бұл осы аумаққа жақын отырған Қытай сияқты елді алаңдатпай

қоймайды. Өткен жылғы қыркүйектегі оқиғадан соң шығыс көршіміз Батыс Қазақстан Қытай жобасының экономикалық техникалық негізі дайын болды деген ақпаратты жедел тарата бастады. Бұл да геосаясат ойынының тағы бір қырын көрсетеді. Қытайдың қазақ мұнайына қатысты астарлы ойыны осындай. Оны шаршы тақтадағы жүрісін дөп басу оңай емес. Бірақ саясат тəсілдерін тереңнен ширататын көршіміз біздің қара алтыннан үмітті екенін байқатты. Жалпы Қазақстанға Қытай жобасының жүзеге асқаны тиімді. Неге десеңіз, Азия Тынық мұхиты аумағындағы елдер жедел дамып келеді. Олардың мұнай мен газға сұранысы да жоғары. Ендеше бұл рыноктың да болашағы үлкен. ИРАН Қазақстан мұнайына қатысты Иран мемлекетінің ұстанған өз мақсаты бар. Бұл ел біздің Каспий жағалауынан өндірілген мұнайымыздың өз аумағы арқылы тасымалдануына мүдделі. Иранның географиялық орналасу жағдайы оған өте ыңғайлы. Аталмыш мемлекеттің аумағы арқылы Каспий бассейнімен Таяу Шығыс, Кавказ жəне Оңтүстік Азия елдері арасындағы көлік жəне тасымал жобалары жүзеге асыруға болады. Иран солтүстік пен оңтүстік жəне шығыс пен батыс бағыттарын байланыстыратын маңызды коммуникациялық дəліз. Осы ел Қазақстанға мұнайын Парсы шығанағы аумағына шығаратын өз мұнай құбырлары мен мұнай өңдеу зауыттарын жəне теңіз порттарының қызметін ұсынып отыр. Көп бағытты құбырларды қолдайтын бізге Иран арқылы өтетін құбыр жолы да қажет. Сондықтан Қазақстан-Түркіменстан-Иран жобасы дүниеге келді. Бұл шынын айтқанда, екі елге де ұтымды. Иран үшін бұл жобаның жан-жақты маңызы бар. Біріншіден, қазақ мұнайы өз аумағынан өтеді. Ол дегеніміз Иранның бүкіл инфрақұрылымына толықтай əсер етеді, жаңа құбырлар іске қосылады. Мұнай өңдеу зауыттарының қуаттылығы артады. Құбыр біткенге дейін Каспий арқылы тасымал көбейеді. Порттардың жұмыс ауқымы молая түседі. Сонымен бірге Иран өз аймақтарын мұнаймен қамтамасыз ететін желілерді жақсарта

алады. Осы күні оның жаңадан игеріліп жатқан кеніштері мен мұнай өңдеу зауыттарының орналасу жағдайы тым қолайлы емес. Кеніштер елдің оңтүстігінде болса, зауыттар солтүстікте. Екі ортадағы құбырдың қуаттылығы да төмен. Қазақстандық жоба іске қосылып, одан келетін көп мұнай солтүстіктегі зауыттарға түссе, swop алмастыру жүйесі бойынша Иранның оңтүстігіндегі кеніштерді игеріп жатқан ірі батыстық компаниялар өндірген мұнайларын сол жақтан əлемдік рынокқа тікелей шығара алады. Екіншіден, бұл құбырдың саяси маңызы да бар. Иранмен экономикалық байланыс жасауға АҚШ қарсылық білдіріп, бірнеше құжаттар жариялағаны белгілі. Мəселен, 1996 жылы қабылданған Иран мен Ливанға қарсы санкциялар актісінде бұл мемлекеттердің энергетикалық секторларына 20 миллион доллардан артық қаржы құймау жөнінде атап көрсетілген. Жəне осы акт барлық елдердің компанияларына қатысты екені жазылған. Сондай-ақ өткен жылы 13 наурызда Джордж Буш Иранмен сауда жасауға, оған инвестиция құюға тыйым салатын ветоның күші одан əрі созылатынын мəлімдеді. Американың осы талаптарын жұмсарту үшін Иран əртүрлі қадамдарды ойластырып отыр. Қазақстандық жобаға екі елден басқа Еуропа мен Жапонияның ірі компаниялары да араласпақ ниет білдіруде. Əсіресе, Франциядағы ТотальФинаЭльф компаниясының жоспары ауқымды. Бұған қоса Қазақстанның көмірсутегі шикізатын өндіріп жатқан басқа батыс жəне америкалық алпауыттардың салмағы да басым. Мұнай өндірушілер ұтымды құбырға орай, өз экономикалық пайдасын ойлап, араша түсуі ықтимал. Жобаның жүзеге асуына олар түртпек болса, Иран өзіне қарсы санкциялардың күшін жоюға тым құрығанда əлсіретуге тетік таппақ. Иран мұндай тыйымдардан құтылудың жолын өзінше іздеуде. Ол өзінің мол мұнай-газ қорын алға тарту арқылы да Еуропаның тіпті АҚШ-тың компанияларымен байланысты өрістетуге мəн беруде. Соңғы бес жылда АҚШ-тың санкцияларын мойындағысы келмейтін, ең алдымен өздеріне тиімді жобаларды жүзеге асыруға ұмтылған Еуропаның бір топ компаниялары Иранға он миллиард доллардай инвестиция құйып үлгерген. Мысалы,

ағылшын голландтық Roual Dutch Shell компаниясы Соруш пен Ноуруз кеніштерін игеруге бір миллиард доллар инвестиция құюға келіскен. Сондай-ақ АҚШ-тың Халлибертон компаниясы да Иранның мұнай-газ рыногында ойқастап жүргеніне біршама уақыт болды. Иран бұл ірі компаниялар АҚШтың талаптарын жұмсартуға əсер етеді деген үмітте. Иран ОПЕК-тің де белді мүшесі. Қазақстан жобасы жүзеге асса, ол мұнайды экспорттаушы елдердің мүддесін қорғау мақсатында əріптесімен оңтайлы келіссөз жүргізуге мүмкіндік алады. Жəне жаңа көз Каспийден шыққан қара алтын ОПЕК-ке мүше елдер аумағына жол тартса, əлемдік рынокқа онша əсері де болмайды. Иран бұл жайтты да есепке алып отыр. Қазақстан үшін ең оңтайлысы жобаның экономикалық мəні зор. Бір жағынан Парсы шығанағы, одан əрі Оңтүстік Азияға мұнайымызды шығара аламыз. Екінші жағынан құбырды салу құны да онша қымбат емес. Мысалға Баку-Жейхан жобасына кем дегенде 2, 4 миллиард қажет болса, ирандық құбырға 1, 2 миллиард доллар ғана қаржы кетпек. Үшіншіден, біз жоба жүзеге асса, құбыры бар елдердің саяси-экономикалық ықпалын əлсірететін тетікті молайтамыз. Сонда мүдделер тепе-теңдігі сақталатыны сөзсіз. Осы күндері Қазақстан жағын бұл құбырдың техникалықэкономикалық негізін толыққанды саралап жатыр. Үкіметте арнайы жұмыс комиссиясы құрылған. Ирандықтар құбырларын дұрыстауға кірісті. Олар Нека-Тегеран құбыр жүйесін салуда, оның үшінші кезеңі аяқталуға жақын. 2003 жылы құбыр 20 миллион тонна қазақ мұнайын қабылдауға дайын болады деп күтілуде. Осы кезде Тегеран жəне Тебриз мұнай өңдеу зауыттары біздің көмірсутегі шикізатымызды өңдейтін жағдайға келтіріліп, қайта жасақталып бітуі тиіс. Өйткені бұдан бұрын қазақ мұнайын қабылдап көрген осы зауыттар да проблемалар туындаған еді. Ирандықтар Нека-Тегеран құбырының бірінші кезеңі аяқталысымен 1 тонна Қазақстан қара алтынын тасымалдау тарифін 21-ден 13 долларға дейін түсіруге дайын екендіктерін мəлімдеп үлгерді. Əзірге біз Иранға Каспий арқылы жылына 1 миллион тонна мұнайымызды жіберіп отырмыз.

БАСҚА «ОЙЫНШЫЛАР» Қазақ жерінен шығып жатқан көмірсутегі шикізатына Жапония мен Түркияда мойын созып отыр. Азиядағы экономикасы ең мықты Жапон мемлекеті Қазақстанмен екі жақты байланыс орнатуға жан-жақты мəн береді. Оның ұлттық мұнай корпорациясы еліміздегі қараалтын кеніштерін барлау жұмыстарына қатыса алды. Олар Арал маңында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұдан кейін жапондар Каспий қайраңында барлау жүргізуге ниет білдірді. Бұл мемлекеттің тағы бір Импэкс атты компаниясының Қашағанды игеріп жатқан халықаралық Аджип ККО консорциумында 8, 33 пайыздық үлесі бар. Бүгінде Жапония мұнай мен газды көп мөлшерде Парсы шығанағы елдерінен алады. Бірақ олар да бұл көзге нақты сенбейді. Сондықтан оны алмастыратын жобаны да ойластыруда. Жапондар қазақ мұнайын Қытай аумағы арқылы өз жеріне тартқысы келеді. Біздің шикізатқа қол жеткізу үшін ирандық жобаны пайдалану мүмкіндіктерін де қарастыруда. Бұдан басқа оңтайлы жобалар əзірге жоқ. Ресей мұнайын сұрайын десе, екі мемлекет арасында өткір тұрған жер дауы бар. Бір жағынан осындай факторлар күншығыс елінің Қазақстанмен қатынасты тереңдетуіне себебін тигізуде. Қазір Жапония бізге қаржылық көмек көрсетіп отырған донор елге айналды. Əсіресе, ұзақ мерзімге жеңілдік несиелерді көп бере алды. Бұл ел Орталық Азия елдерімен қатынастарды дамыту үшін 1997 жылы «Еуразиялық дипломатия» атты сыртқы саясат тұжырымдамасын бекітті. Осы құжат шеңберінде Қазақстанмен екі арадағы ынтымақтастықты өркендету шарттары да сараланды. Ал Түркия болса, Баку-Жейхан құбырын екі қолын көтеріп қолдап отырған ел. Аталмыш жоба іске қосылса, оның негізгі бөлігі бауырлас мемлекеттің аумағынан өтпек. Яғни, түріктер осы құбыр арқылы өз жағдайларын түзеудің, экономикасын көтерудің өте тиімді жолын таппақ. Əзірге бұл жобаның тағдыры қызу талқыланып жатыр. Түркия КТК-ның жүзеге асырылуын онша жылы қабылдамады. Олар өздеріне балама жобаға қарсылық білдіріп, жасанды кедергілер туралы мəселелер қозғай бастады. Қазақстан мұнайын Босфор мен Дарданелл бұғаздарынан өткізу проблемасы туындағанын

жоғарыда келтіргенбіз. Екі ел бірлескен ҚазТүрік мұнай компаниясын құрғаны белгілі. Оның Боташ деген компаниясы да бізде жұмыс істеуге ұмтылып жүр. Қос бауырлас елдің арасындағы байланыстың өрбуіне тарихи тамырластық негіздері де игі ықпал етуде. Соңғы кездері Ауғанстандағы жағдайды реттеуге АҚШ тікелей араласқан соң, осы ел арқылы өтетін мұнай-газ құбырлары жобалары қайта талқыға түсе бастады. 1997 жылы Американың Юнокал компаниясы Каспий көмірсутегі шикізатын Ауғанстан арқылы Пəкістан мен Үндістанға шығаратын жобаны дайындаған еді. Бірақ, ол сол кездегі талибан үкіметімен жүргізілген келіссөздердің сəтсіздігінен құпталмаған болатын. Енді осы жобаны қайта жаңғырту мүмкіндіктері пайда болды. Ауғанстан, не болмаса Пəкістан аумағымен өтетін құбырдың Қазақстан үшін артықтығы жоқ. Біздің ел онымен Үнді мұхиты аумағы рыногына жол табады. Қазақ мемлекетінің байлығына кейінгі жылдары Үндістан да қызығушылық танытуда. Олардың кейбір ірі компаниялары Каспийдегі Дархан кенішін игеруге қатысады деген болжам бар. Сондай-ақ БАҚ үндістандықтар Қаражамбас кенішіндегі жобаға да тартылғанын хабарлады. Бұл «үлкен мұнай ойынына» тағы бір ірі ойыншы келіп қосылғанын байқатады. Бұған қоса Пəкістан да қарап отырған жоқ. Ол да Орталық Азиядағы позициясын нығайта түскісі келеді. Оның Үндістанмен бəсекелес екені əлемге аян. Пəкістан үшін Қазақстан мұнайының өз аумағы арқылы Үнді мұхиты рыногына шыққаны қолайлы. Бұл мемлекет Каспий мұнайын қабылдауға болатын өзінің Гвадар портын қазіргі заманға сай технологиямен жасақтауға мəн беруде. Пəкістан Орталық Азия елдерімен байланысты өрістететін тетік ретінде көлік дəліздерін, негізінен Қарақорым тас жолын тиімді пайдалануға тырысып отыр. ТҮЙІН Қазақ елінің көмірсутегі шикізатына қатысты қалыптасқан «үлкен мұнай ойыны» жаңа қызып келеді. Əзірге тек оған қатысушы ойыншылар алғашқы жүрістерін жасады. Ойынның

əрі қарай қалай дамитынын болжау қиын. Алайда, көп нəрсе байлықтың иесі Қазақстанның қандай бағытты, қандай жоспарды, қандай стратегиялық ұстанымды таңдауына байланысты шешілмек. Əлемге əйгілі саясаттанушы Збигнев Бжезинский «Ұлы шахмат тақтасы» еңбегінде: «Еуразия, əлемдік билік үшін күрес жалғасып жатқан шахмат тақтасы. Бұл күрес геосаяси мүдделерді стратегиялық жағынан басқару мəселелерін қамтиды» – деп жазған еді. Шынымен де, Еуразияда əлемдік билікті уысында ұстауға ұмтылған ірі державалар мүдделерінің текетіресі жоқ емес. Ал Қазақстан – осы аумақтың бел ортасында тұрған мұнай мен газ қоры мол ел. Сондықтан ол Еуразиядағы геосаяси күрестің де дəл ортасында. Қазақстан экономикасы мығым, дамыған елге айналуы үшін өз көмірсутегі шикізатын тиімді жолмен əлемдік рыноктарға шығара алуы тиіс. Бұл алдағы 10-15 жылда шешілуі тиіс. Одан əрі де əлемдік сарапшылар жаңа қуат көздерінің пайда болатынын жиі айта бастады. Технология жоғары деңгейде дамыған заманда ол да мүмкін жағдай. Белгілі қазақ саясаттанушысы Өмірсерік Хасеновтың: «Каспий мұнайының барланған жəне болжанып отырған қоры оны əртүрлі бағытта сыртқа шығаруға мүмкіндік береді. 21 ғасырдың алғашқы онжылдығында тек батысқа қарай ғана емес, оңтүстікке де, шығысқа да бағытталған мұнай құбырларының салынуы ықтимал» деген болжамы да шындыққа айнала бастады. Əзірге батысқа тартылған бір құбыр бар. Екіншісі жоспарлану үстінде. Ал шығыс пен оңтүстікке шығатын құбырлар да сараптауға түсіп, өздерінің сəтін күтіп тұр. Қазақ Елі көмірсутегі шикізатын тасымалдауға қатысты жобаларды іріктеу кезінде саяси-экономикалық мүддесін алға тарта отырып, өзіне ұтымды ұстанымды мың електен өткізіп барып анықтауы қажет. Бұл ұстанымның мемлекеттің ертеңгі тағдырына тікелей қатысы бар. Мол мұнайымыз бен газымызды дұрыс ұқсата алмасақ, байлығымыз ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында кетіп қалуы ғажап емес. Егер ірі алпауыттар араласқан «үлкен мұнай ойынының» аңдысын дөп басып, өз мүддемізді қорғайтын жолдарды алдын ала саралап,

тереңнен зерделей алсақ, мұнай мен газ біздің мемлекеттің əлеуетін, қуатын арттыратын несібемізге айналмақ. «Егемен Қазақстан» 28. 08. 2002 жыл. МҰНАЙ МҰНАРЫ ТҮПҚАЗЫҚ ҚАЛАНДЫ Соңғы онжылдықта Қазақстан мұнай-газ саласында едəуір жетістіктерге қол жеткізді. Көмірсутегі шикізатын игеруге қомақты инвестиция тартылды. Бүгінде Теңіз, Қарашығанақ, Кеңқияқ, Жаңажол, Құмкөл, сияқты ірі кеніштерді игеруге шетелдік алпауыттар қомақты қаржы құйып отыр. Бұған қоса Каспий қайраңын барлау жұмыстары да қатар жүргізілуде. Соның нəтижесінде Қашаған, Құрманғазы кеніштерінен мол қор анықталды. Олардан табылған байлық Қазақстанның қуатын, əлеуетін арттыруға тікелей ықпал етеді деген үміт бар. Қазір еліміз жылына 40 миллион тонна мұнай өндіретін жағдайға жетті. Мұнай-газ саласы ел экономикасының дамып, қалыптасуына өз ықпалын тигізді. Республикамыздағы ішкі жалпы өнім 1999 жылдан бері 40 пайызға өсті. Бұл өсімге аталмыш саланың қосқан үлесі ауқымды. Өйткені кейінгі жылдарда əлемдік нарықтағы мұнай бағасының қалыпты болуы мемлекетіміздің қазынасына қомақты валюталық түсімдер əкелді. Қара алтынды өндіруші компаниялар төлейтін салықтың көлемі де жыл сайын өсіп келеді. Еліміздегі жалпы өнеркəсіп өнімдері көлемінің 40 пайызға жуығын мұнайгаз шаруашылығы құрайды. Негізгі байлығымыздың арқасында Ұлттық мұнай қоры құрылды. Бұл – қаржы құрылымының дүниеге келуі ел ертеңін ойлағандық. Аумалы-төкпелі заманның ауанын дөп басу оңай емес. Алдағы уақытта мұнай бағасы күрт төмендеп кетсе, шикізат өндіруге ден қойған мемлекетіміздің экономикасы əлсіреуі ықтимал. Сонда бұл қордың қаражаты көмекке келеді. Егер əлемдік рыноктағы жағдай тұрақты болса, қор қаржысы молая түседі. Оның бір бөлігін əлеуметтік-

экономикалық маңызы зор жобаларға құю жолын қарастыруға болады. Қазақстан мұнай-газ саласын дамыту жолында басты түпқазықты қалап алды. Енді оның алдында жаңа міндеттер тұр. Он жыл барысында орын алған олқылықтарды да саралап өтер кез туды. Ең алдымен экономикамыздың мұнай өндіру саласына тəуелді болуы тəуекелді іс екені өзінен-өзі байқалды. Көмірсутегі шикізаты бағасының құйқылжып тұруы ел экономикасының мазасын кетіретін мəселе екені белгілі болды. Бұл осал тұсты үкіметіміз де мойындап үлгерді. Сондықтан мемлекет басшылығы оған тың талаптар жүктеп отыр. Ең алдымен президент мұнай мен газды өңдеу, мұнай-химия жəне осы өндіріс орындарына қажетті техникалар мен қондырғы құралдарды жасау мəселесін қолға алуды өткір көтерді. Елбасы құр мұнай мен газды шикізат ретінде сыртқа шығара бермей, өз елімізде өнім жасап, соны экспорттасақ, экономикамыз нақты нығая түсетінін орынды ескертуде. Осы күндері Үкімет өнеркəсіпті дамытуға арналған жаңа бағдарлама дайындау үстінде. Онда аталмыш көмірсутегі шикізатын өңдеу, оған қатысты ішкі инфрақұрылымды жетілдіру, ішкі рынокты жанар-жағармаймен қамту сияқты өзекті мəселелерді шешуге мұрындық болатын тетіктер тиянақталады деген ойдамыз. Өндіру көлемі өскен мұнай-газ шаруашылығы келешекте басқа экономика салаларын аяғынан тік тұрғызуға қолғабыс ете алуы қажет. Осы арада импорт алмастыру бағдарламасының маңызы зор. Біз оны іске қосу арқылы шетелдік инвесторлардың қаржысын өз елімізде қалдыруға ықпал етеміз. Қазақстан бұл бағдарламаны Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірмей тұрған кезде тиімді жүзеге асырса, көп ұтыста болады. Өйткені ДСҰ-на кірсек, шетелдік жəне отандық өнімдер бірдей бəсекеге түсіп кетеді. Ол тұста инвесторларға қазақстандық өнімді ал дей алмаймыз. Үкімет бұл жайтты да алдын ала ескергені жөн. ЖАНАРМАЙҒА НЕГЕ ЖАРЫМАЙ ЖҮРМІЗ? Он жылда қалыптасқан негізгі кемшілік біз мұнайлы ел бола тұра, жанар-жағармайға жарымай келдік. Күз бен көктемде егін егу мен астық жинау кезінде жанармай бағасы аспандап шыға

келеді. Үш мұнай өңдеу зауытымыздың не біреуі, не екеуі жыл сайын дəл науқанды уақытта жөндеуге тұра қалады. Бұл əрекетке үкімет еш тосқауыл қоя алмай келеді. Нəтижесінде маңдай терін төгіп, күш-қайратын сарп еткен ауылдағы диқан қауымы көп сорлайды. Қымбат жанармайды амалсыз алып, қарызға батады. Күзде шыққан астығының жартысынан көбін жанармай үшін төлейді. Бұл баға қитұрқысынан, əрине, мұнай зауыттары, олардың мүддесін қорғайтын шенеуніктер ұтады. Жəне зауыттар мен тұтынушылардың арасында өріп жүретін делдал алыпсатарлар да өз пайдасын ойлайды. Ішкі рынокта осы үлкен кемшілік қалай қалыптасып отыр? Оның себептері қандай? Аталмыш сауалдарға жауап іздеп көрелік. Біріншіден, ішкі рыноктың жағармаймен жеткілікті түрде қамтылмауы Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу зауыттарының толық қуатында жұмыс істемеуіне байланысты. Олардың 18, 5 миллион тонна мұнайды өңдеу мүмкіндігі бар. Алайда, зауыттар қуаттарының тек 55 пайызын ғана іске қосады. Мамандардың деректеріне сүйенсек, еліміздің ішкі рыногына 10 миллион тонна ғана мұнай өнімдері қажет екен. Көмірсутегі шикізатын өндіру көлемін қарқынды өсіріп келе жатқан Қазақстан өзіне қажет осы азын-аулақ мұнайды əлі өңдей алмай əуре. Зауыттар шикізат тапшылығын алға тартып, өздерін ақтауға тырысады. Ал үкімет өкінішке қарай, еліміздегі мұнай өндіруші компаниялардан зауыттарға қажет шикізатты бөлуді дұрыс талап ете алмайды. Шынтуайтына келсек, ол мұнай компанияларына арнайы шикізат бөлу кестесін ұсынып, мəселе де қойды. Бірақ олар бұл талапты толық орындаудан жалтарып келеді. Мұнай өндірушілер көмірсутегі шикізатын сыртқа шығарғанды жақсы көреді. Сол үрдіс экономикалық жағынан оларға тиімді жəне пайда көп түседі. Өйткені əлемдік рыноктағы баға жоғары. Ал олар өндірген мұнайларын Қазақстанның зауыттарына берсе, табыстан қағылады. Бұған қоса оның өңдеу құны да қымбат. Себебі зауыттардағы технология ескі. Оған тағы жоғары салықтық төлемдерді қосыңыз. Осыдан кейін мұнай компаниялары қалайша Қазақстанның қамын жесін. Үкімет бүгінде өте ыңғайсыз жағдай тұр. Зауыттарға өңдеу құнын түсір десе, ол

талап орындалмайды. Компанияларға мұнайды ішкі рынокқа құй десе, тағы нəтиже жоқ. Нарық заманында əр ұжым өз пайдасын ғана күйттейді. Оларды міндеттей алмайсың. Аталмыш мəселенің туындайтынын үкімет мұнай саласындағы өндірістерді жекешелендірген кезде бағамдай алмаған. Осылайша, бүгінде амалсыз өз қолын өзі байлаған жайы бар. Оның құрамында шетелдік инвесторлар бар бірлескен компанияларға қатаң талап қоя алмайтыны, олармен жасалған келісімшарттарда мұнай мен газды өңдеу ісіне инвестиция құю шарты нақты көрсетілмеген. Инвестицияны тартуға мүдделі үкімет кезінде шетелдік инвесторларға жұмсақ жағдай жасауға тырысты. Ол тұста өңдеу мəселесін өткір қою қиындау болды. Үкіметтің зауыттарға тісі бата алмайтын себебі олардың заңды қожайындары бар. Мəселен, Шымкент зауыты акциясының 88, 37 пайыздық үлесі Канадалық Харрикейн компаниясында, ал Павлодардағы зауытта индонезиялық қаржы тобы басқаратын Маңғыстаумұнайгаз ашық акционерлік қоғамының ықпалы басым. Тек Атыраудағы зауытта ғана Қазмұнайгаз ұлттық компаниясының үлесі 86 пайызды құрайды. Бұл ең ескі 1945 жылы салынған өндіріс орыны. Оған қазірде реконструкция жүргізіліп жатыр. Сондықтан ол да ішкі рынокқа қажет өнімді шығаруға əзірге қауқарсыз. Осыдан келіп бұл үлкен кемшіліктің ұшын ұстауға болады. О бастан мемлекетіміз кеніштер мен зауыттарды мұнайды өндірумен, өңдеумен қатар шұғылданатын кешенді бағдарламалары бар компанияларға беруді ойластыруы керек болатын. Сонда өндіруші мен өңдеуші арасында кедергілер туындамас еді. Біз де қазір іс жүзінде өндірумен біреу, өңдеумен екінші, делдалдықпен үшінші компания шұғылданады. Содан ішкі рынокта да бəсеке қалыптаспай отыр. Ел ішіндегі осы олқылықты көрші Ресейдің мұнай өндірушілері тиімді пайдалануда. Үкіметіміз амалы таусылған соң, ішкі рынокты қамту үшін 2000 жылы 253 миллион долларға шеттен жағармай сатып алған. Ресейден өткен жылы 1 жарым миллион тонна мұнай өнімдерін сатып алыппыз. Бұл мұнай өнімдерін импорттау үрдісі əлі сақталуда деген сөз. Жанармайды көлеңкелі жолмен тасымалдау кең етек

алып кетті. Елімізге əкелінген мұнай өнімдерінің елу пайызы осындай жолмен тасымалдануда. Басқа дамушы елдерде бұл көрсеткіш он пайыздан аспайды. Жанармай дағдарысын жеңу үшін үкімет реттеу тетіктерін жіті ойластыруы қажет. Жақында парламент мəжілісінің депутаттары «мұнай өнімдерін өндіру жəне оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасын талқылауға кірісті. Осы құжат арқылы жоғарыда атап өткен баға қитұрқысының алдын алуға ерекше маңыз берілгені жөн. ӨЗ МҮДДЕСІН ОЙЛАҒАН АЛПАУЫТТАР Шетелдік ірі алпауыт компаниялар елімізге үлкен пайда іздеп келгені даусыз жайт. Олар ең алдымен тез жəне еселеп табыс табуды ойлайтыны тағы жасырын емес. Осы мақсатты жұзеге асыру үшін қалтасы қалың инвесторларымыз Қазақстанның мүддесін ескермей кетуге бар. Біз оған іс жүзінде анық көз жеткізе алдық. Сөзіміз дəлелді болу үшін бір-екі мысал. Өткен жылы Үкімет сұйытылған газды экспорттауды уакытша тоқтату туралы «Теңізшевройлға» талап қойды. Инвесторлар бұл шарттың өздеріне тиімсіз екенін біліп үкіметтің талабын орындаған болып, əдіс айлаға көшті. Олар газды сақтайтын орындарының аз екенін алға тартып, көгілдір отынды құр ауада жағуға кірісті. Бұл Қазақстан байлығын ысырапқа салу əрекеті бір емес бірнеше күнге созылды. Соның салдарынан газ бағасын түсіргісі келген үкімет «Теңізшевройлға» сөзін өткізе алмай, талабын кері алуға мəжбүр болды. Осы оқиғадан соң, инвесторлардың біздің мүддемізді қаншалықты орындайтынын ұғынуға болады. Тағы бір ащы мысал. Қазақстанға жылына тұтыну үшін 10 миллиард текше газ керек. Ал ең сорақысы бұл мөлшердегі көгілдір отынды еліміздегі мұнай өндіруші компаниялар жыл сайын құр ауада жағып жатыр. Біздің мол газымыз бола тұра 8 облысымыз ғана газдандырылған. Қалған өңірлерге бұл отын түрін жеткізу жайы толық шешілген жоқ. Оңтүстік облыстарымыз осы күнге дейін өзбек ағайындардың қабағына қараумен жүр. Ішкі тасымал құбырларының жоқтығынан, барларының ескіргенінен еліміз сырттан газ сатып

алуға мəжбүр. 2000 жылы көршілерімізден 119, 9 миллион долларға газ сатып алыппыз. Шетелдік алпауыттар байлығын игеріп жатқан өңірлердің инфрақұрылымын дамытуға да жіті ден қоймай келеді. Тек өздері тұратын қалашықтарға көңіл бөледі. Ал облыстардағы өзекті мəселелерге жандары ауырмайды. Мəселен, негізгі мұнайлы өлкелеріміз Атырау мен Маңғыстау аймақтарында ауыз су мəселелері əлі шешілмегенін айтсақ та жеткілікті. Бұл жақтардағы ауылдардың тіршілігі баяғы қалпында. Инвесторлар қоршаған ортаны қорғау жайына да көп бас ауыртпайды. Каспийдегі итбалықтардың жаппай қырылуы, теңіздегі балық қорының азаюы, осы аймақтағы мұнайшылардың денсаулық жағдайының нашарлауы жайданжай қалыптасқан жағдай емес. Ірі мұнай компаниялары Қазақстандық экологтардың айыппұлдарына пысқырып та қарамайды. Олар қымбат тұратын қоршаған ортаға аз зардап əкелетін технологияны қосқаннан гөрі, кішкене мөлшердегі айыппұлды төлей салғанды ұтымды санайды. Тағы бір назар аударатын мəселе, Қазақстанның мұнайгаз кешенінде жұмыс істеп жатқан компаниялар өндірген мұнайларының біраз мөлшерін оффшорлық аймақтарға жөнелтіп жатыр. Əлемде мұндай 100-ге жуық аймақ бар. Олардың негізгі ерекшелігі онда тіркелген компанияларға салықтық жеңілдіктер ұсынылады жəне саудаласу операцияларының құпиялылығына кепілдік беріледі. Қазақстан мұнайын ең көп алатын Бермуд жəне Виргин аралдарындагы оффшорлық аймақтар. Бұл аралдарға елімізден жіберілген мұнайдың жалпы бағасы 1995 жылы 100 миллион АҚШ доллары болса, 2000 жылы оның көлемі 2, 2 миллиард долларға жеткен. Сонда біз өз мұнайымыздың аталмыш аймақтарға арзан бағаға жіберілуінен бір ұтылудамыз. Екінші ұтылысымыз, мұнай өндіруші компаниялар салық төлеуден жалтарып отыр. Қадағалаудың дұрыс болмауынан, мемлекет бірнеше миллион долларға пара-пар қаржыдан көз жазып қалуда. Жақында бұл олқылықты Парламент депутаттарына «Салық кодексіне озгеріс енгізу» жобасын ұсынған Қаржы министрі Зейнолла Кəкімжанов та атап өтті. Ол үкімет ірі алпауыттармен текетіресті бастайтынын мəлімдеді.

Министр əр компаниядан оффшорлық аймақтармен сауда жасау үрдісін ашық талап етеміз деп отыр. Компаниялардың қызметі ашық болуы тиіс. Біз осы мəселені реттеуге кіріспекпіз, – деді ол. Оған Парламент Мəжілісінің депутаттары қолдау көрсетті. Бұл жаңа үкіметтің оң қадамынан тек нəтиже күтеміз. Қазақстанда бастапқыда салық заңдылықтары күрделі еді. Жəне салықтардың мөлшері де жоғары болғаны жасырын емес. Сондықтан 90 жылдардың басында құрылған бірлескен ірі мұнай-газ компанияларына ауқымды жеңілдіктер жасалды. Соңғы жылдары еліміз салықтық құжаттарын жөндеуді тікелей қолға алды. Нəтижесінде жаңа салық кодексі дүниеге келді. Кейбір салықтық талаптар жеңілдетілді. Тіпті, қосымша құн салығы, əлеуметтік салықтар төмендетілді. Бұл бұрынғы жеңілдіктері бар ірі ұжымдарға тиімді болды. Енді оларға мұнай мен газдың иесі Қазақстан нарықтық заңдылықтарға сəйкес жаңа талаптар қоя алуы тиіс. Осыдан он жыл бұрынғы жəне қазіргі салық жүйесін салыстыра отырып, дəйекті келіссөздер жүргізе алуы қажет. Бекітілген келісім-шарттарды бұзудың қажеті жоқ, бірақ қарымта қайтаруға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізуді қарастырған жөн. ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ ҰТЫЛЫСЫ КӨП Жақында еліміздің Мемлекеттік хатшысы сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Каспийдің қазақстандық жағалауымен басқа да мұнайлы аймақтарында 200-ге жуық игеруге лицензия берілмеген блоктары бар екенін мəлімдеді. Бұл əлі қоры жұмбақ кеніштер. Қашаған мен Құрманғазы, Қаламқас жəне Ресеймен бірге игерілетін Центральное, Хвалынское кеніштері алдағы 5 – 10 жылда жаңа құбырлармен əлемдік рыноктарға жол тартады деп күтілуде. Өткен он жылдықтағы кемшіліктерді ескере отырып, жаңа үкімет ірі кеніштердің қорын игеруге, өндіруге, өңдеуге отандық капитал мен отандық компанияларды көптеп тартуы қажет. Бірлескен жобаларда олардың үлесі басым болуы тиіс. Бүгінде Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко ел экономикасында артық қаражаттар пайда

болғанын жиі айтып жүр. Бұл арада зейнетақы жинақтау қорындағы қаржы, ұлттық мұнай қорындағы жəне даму банкіндегі қаражаттар алға тартылады. Бұған қоса қазір ұлттық кəсіпкерлеріміздің де жағдайы жақсарды. Олардың да капиталы он жылда əжептəуір деңгейге өсті. Міне, осы қаражаттар мен мүмкіндіктер енді еліміздегі мұнай мен газды өңдеуге, батыстағы байлықты оңтүстікке, солтүстікке, шығысқа жеткізетін ішкі жəне сыртқа шығаратын мұнай-газ құбырларын, көлік дəліздері жолдарын салуға, əртүрлі қызмет түрлері инфрақұрылымды дамытуға ұтымды жұмсалуы тиіс. Алдағы уақытта «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясын мемлекет мүддесіне қызмет ететін ірі ұжымға айналдыру жоспары жүзеге асса құба-құп болар еді. Болашағын ойлаған ел өзінің энергетикалық қауіпсіздігіне бірінші мəн беруі керек. Мəселен, Франция, Италия, Швеция сияқты мемлекеттер газбен айналысатын компаниялардың 75 пайызын мемлекеттік қадағалауда ұстап отыр. Одан олар көштен қалған жоқ. Ірі мемлекеттік компания əр елдің мүддесін түгендеп отыруға ықпал ететін үлкен тетіктің бірі екенін əлемдік тəжірибе көрсетіп берді. Мысалға, жылына 160 миллион тонна мұнай өндіретін Вэнесуэланың ірі мемлекеттік концерні бар. Ол ұжым шикізат өндірумен бірге өңдеу ісіне де қатты мəн беріп, еліндегі 6 зауытты реконструкциялаған. Сөйтіп, мұнай өнімдерін экспорттауды жолға қойған. Осылайша, Солтүстік Америкадағы мұнай жəне газ рыногындагы өз рөлін күшейте түскен. Көрші Қытай елінің ұлттық мұнай корпорациялары да ел мүддесін түгендеуге үлес қосып отыр. «Казмұнайгаз» біртіндеп ірі компанияға айналуы тиіс. Ол ертең əлемдік рынокта жұтылып кететін құрылым болмауы керек. Оның қуат қарымын осы бастан кеңейте бергеннен мемлекет ұтылмайды. Ол ТМДдағы əріптестерімен бірге Ресейдің ірі компаниялары сияқты аумақтағы мемлекеттердегі тиімді жобаларға араласуы қажет. Бұл тұрғыда кезінде Кеңес Одағы ықпалында болған қазіргі Шығыс Еуропа елдерінің рыногы да назарда болуы керек сияқты. Дүниежүзін жаһандану кезеңі күтіп тұр. Оған əлем елдері де икемделіп келеді. Сол үрдіс жүзеге

асқанда еліміздің мүддесін мол кен байлықтарымызды игере, өндіре, өңдей алатын ірі ұжымдар ғана қорғай алады. «Егемен Қазақстан», 30 қазан, 2002 жыл ƏЛЕМ ЕЛДЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ЫҚЫЛАС НИЕТІ БƏСЕҢДЕМЕЙДІ. МҰНАЙ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ САРАПТАМА Соңғы төрт айдың ішінде елімізге бірнеше мемлекеттің басшылары ресми сапармен келіп кетті. Қазақстан Президенті де екі араб еліне барып қайтты. Осы уақыт аралығында бұрын соңды тым белсенділік танытпай, салқын қанды ұстанымда болған Оңтүстік Корея жəне Германия іскерлері Қазақстандық əріптестерімен жаңа келісімдер бекітті. Бұл ресми жəне іскерлік келіссөздердің барлығында да мұнай тақырыбы жөнінде əңгіме қозғалды. Елімізде мол көмірсутегі шикізаты қорының болуы басқа мемлекеттермен саяси, экономикалық, əлеуметтік мəселелерді талқылау кезінде алтын кілт ретінде көмекке келеді. Жер бетіндегі негізгі қуат көзі мұнай мен газға деген сұраныс бар кезде əлем елдерінің Қазақстанға деген ықылас ниеті бəсеңсімейді. ГЕРМАНИЯ МЕН ОҢТҮСТІК КОРЕЯ КАСПИЙДІ ИГЕРУГЕ АТСАЛЫСПАҚ Германия Федеративтік Республикасының канцлері Герхард Шредер Қазақстанға сапары кезінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен екі мемлекет арасындағы қатынастарды кеңейтуге бағытталған ауқымды саяси экономикалық мəселелерді кең талқылады. Мəртебелі мейманмен бірге келген 150 қонақтың ішінде кəсіпкерлер көп болды. Бұған дейін еліміздегі ахуалды зерттеп, бағамдауға мəн берген неміс іскерлері өз ұстанымдарын нақтылай түскенге ұқсайды. Олардың Қазақстандағы оң өзгерістерге көздері жете түскен сияқты. Германия кəсіпкерлері бұл жолы біздің көмірсутегі

шикізатымызды игеруге мүдделі екендіктерін ашық жеткізді. Бұрын тек жалпылама ниеттерін білдіріп келген немістер келісім шарт жасау жөнінде əңгіме қозғай алды. Германия Каспийдің қазақстандық қайраңындағы көмірсутегі кеніштерін игеруге атсалысқысы келеді. Осы елдің «Wintershall» энергетикалық кəсіпорынының өкілдері алғашқы кезекте кеніштерді игеруге 100 миллион евро бөлеміз, егер жобаларымыз сəтті дамып жатса, 1 миллиард евроға жуық инвестиция құямыз деп отыр. Бұл жоба жүзеге асса, Германия Қазақстанға ірі көлемде инвестиция бөліп отырған мемлекеттердің бестігіне кіруі ықтимал. Неміс елінің осы уақытқа дейін біздің мол байлықты игеруге бел шеше кіріспей келе жатқанының да өзіндік себептері болды. Біріншіден Ұлыбритания, Италия, Норвегия, Франция елдеріндегідей, онда ірі мұнай-газ компаниялары жоққа тəн. Екіншіден, асықпай, тиянақты əрекет жасағанды жақсы көретін олар əліптің артын баққан жайы бар. Германия іскерлері Қазақстандағы шикізат қорының мол екендігіне нақты көз жеткізген соң, өздері жетік жəне жоғары кəсіби деңгейде меңгерген инфроқұрылым, құрылыс, жаңа технология, өңдеу жəне құбыр жасау салаларына келе алатындарына сенімді болды. Енді екі ел басшылығының қолдауы нəтижесінде қазақ герман қатынастарының көкжиегі кеңейе түспек. Əсіресе, мұнай-газ саласындағы алыс-берістің ауқымы өсетіні сөзсіз. Еуропадағы ең озық елдің бірі саналатын Германияның экономикасы өскен сайын көмірсутегі шикізатына деген сұранысы да артып отыр. Олар өздерінде табиғи қор көп болмағандықтан қара алтын мен көгілдір отынды шет елден тасиды. Қазақстан Германияға мұнай жіберетін елдердің арасында алтыншы орында тұр. Өткен жылы бізден неміс еліне 5, 5 миллион тонна мұнай жіберілсе, бұл Германияның əлем мемлекеттерінен алатын жалпы мұнайының 5, 2 пайызын құрайды. Бізге де бұл елмен ынтымақтастықты дамытудың маңызы зор. Мұнайымызды алға тарта отырып, немістердің жаңа технологияларын, сапалы тауарларын, ауыл шаруашылығы техникалары мен тасымал көліктерін, озық телекоммуникациялық қондырғылары мен құрал жабдықтарын тарта аламыз. Бұған қоса неміс-қазақ бірлескен

кəсіпорындарының қатарын көбейте түсуге мүмкіндік бар. Сондықтан қазақ елі Еуропадағы беделді елдің бірі Германиямен байланысты өрістету арқылы өз мүддесін түгендеп отыр. Өткен айдың ортасында елімізге Оңтүстік Корея мемлекетінің сауда, өнеркəсіп жəне энергетика министрі Ли Хи Бом мырза да келіп кетті. Бізге бұрындары өздерінің электроникалық өнімдерін көп жіберіп келген Корей елі де Каспийдегі қара алтыннан үмітті екендіктерін байқатып қалды. Бұл мəселе елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің осы мемлекетке ресми сапары кезінде де жіті талқыланған еді. Оңтүстік Корея да экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің бірі. Бұл елдің де жылдан жылға көмірсутегі шикізатына деген сұранысы өсіп келеді. Өткен жылы Оңтүстік Корея 38 миллиард долларға шетелдерден мұнай мен газ сатып алған. Сондықтан корейліктер де Каспий мұнайына қалай көз тікпесін. Қазақстан Президентінің осы елге мемлекеттік сапары барысында жүргізілген екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған келіссөздер өз нəтижесін бере бастады. Елімізге арнайы ат басын бұрған Ли Хи Бом сол келіссөздерде көзделген мəселелерді нақты жүзеге асыру мақсатымен келді. Ол қазақстандық əріптестерімен екі жобаны жан-жақты пысықтады. Оның біріншісі, Каспий қайраңындағы кеніштерді бірлесіп игеруге қатысты жоба. Осыған орай «ҚазМұнайГаз» бен Кореяның ұлттық мұнай корпорациясы «KNOC» бірлескен хаттаманы бекітті. Бұған қоса осы елдің ресурстары жөніндегі мемлекеттік корпорациясы мен біздің геология жəне табиғи байлықтарды қорғау комитетінің басшылары келісімге қол қойды. Оған сəйкес, екі жақ Қазақстанның оңтүстік шығыс аумағындағы кеніштерді бірлесіп игеруге кіріседі. Бұл екі мемлекеттің мұнай-газ саласындағы алғашқы қомақты келісімдері. Қазақстан үшін Оңтүстік Кореямен байланысты дамытудың жан-жақты тиімділігі бар. Біріншіден, бізге олардың да озық техналогиясы керек. Екіншіден, корейлердің құрылыс, өнеркəсіп, өңдеу, ауыл шаруашылығы, телекоммуникация салаларындағы жетістіктерінен үйренеріміз көп. Қазақстан жаңа өндірістік стратегияны жүзеге асыру кезінде

осы мемлекеттің тəжірибесінен тəлім ала алады. Үшіншіден, бізге Оңтүстік Кореямен Каспийдің мұнайы мен газын бірлесіп игеру арқылы ауқымды инвестиция тартуға болады. Бұған қоса бұл елдің кеме жасау шаруашылығы ілгері дамыған. Қазақстан болса, өз теңіз флотын енді құрып жатыр. Осы саладағы байланыстың да болашағы зор. Төртіншіден, Қазақстан Азия жəне Тынық мұхиты аумағы елдерінің экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ұйымына «АСЕАН» жəне Оңтүстік Шығыс Азия қауіпсіздігі ұйымына, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге ұмтылып отырған мемлекет. Осы халықаралық құрылымдарғы мүше болу үшін Оңтүстік Кореяның қолдауы өте қажет. ƏЗІРБАЙЖАН ПРЕЗИДЕНТІ АСТАНАҒА НЕ ҮШІН КЕЛДІ? Жақында сайланған Əзірбайжан президенті Ильхам Əлиев те наурыз айының басында елімізге ресми сапармен келді. Жаңа жəне жас президенттің Қазақстанға келуінің бірнеше түйткілді себебі болды. Ең алдымен Əзірбайжан елі американдықтар тікелей қолдайтын Баку-Жейхан мұнай құбыры жобасын жүзеге асыруға мүдделі. Бұл құбырмен тек Əзірбайжан мұнайы ғана тасымалданса, тиімсіз болып қалады. Оған Қазақстан көмірсутегі шикізаты қосымша құйылып жатса, табыс көбеймек. Əзірбайжан Баку-Жейхан құбыры арқылы Қазақстан мұнайын сыртқа шығарып қана қоймай, транзиттік елге де айналғысы келеді. Сонда ғана экономикасы əлі қалтқұлт етіп тұрған Əзірбайжан жағдайын түзеуге мүмкіндік алмақ. Ильхам Əлиев өз əкесімен сыйлас болған Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауын сұрай келді жəне ақылдасып кеңесті. Қазақстан Президенті Баку-Жейхан құбыры артықтық етпейтінін тағы бір атап өтті. Елбасы Қашаған мұнайы өндіріле бастаған кезде, Қазақстан Каспийдегі Ақтау порты арқылы Бакуге танкермен жылына 15-20 миллион тонна мұнай тасымалдай алатынын жеткізді. Президент бұдан кейінгі мəселені əрі қарай көре жатармыз деп сөзін түйіндеді. Шыныменде əрі қарай, тасымалдайтын мұнай көлемі өсетін болса, Каспий арқылы құбыр салуға тура келеді. Ал оның даулы жақтары көп.

Бұл теңіз арқылы салынатын құбырға Ресей қарсы екендігін алдын ала мəлімдеп отыр. Солтүстік көршіміз Баку-Жейхан іске қосылса, Қазақстан мен Əзірбайжан өз мұнайларын соған жіберуге икемделеді. Өйткені екі мемлекеттің де кеніштерін игеріп жатқан батыстың алпауыт компаниялары. Бұл өзгеріс Ресейге өте тиімсіз. Бірақ Қазақстан мен Əзірбайжан БакуЖейханға қолдау көрсету арқылы Ресейдің мысын басып, оның құбырына тəуелді болып қалмайды. Екі елге жаңа құбыр геосаяси тепе-теңдікті ұстау үшін керек тетік. Сондықтан, Қазақстан өз мүддесіне сай əрекет етіп, көп бағытты құбыр тарту саясатын орынды ұстанып отыр. Біздің елдің бұған қоса Иран жəне Қытайға құбыр тарту жөніндегі бастамалары да күшінде. Қазақстан саяси жəне экономикалық жағынан қай құбыр тиімді болса, сонымен мұнайын тасымалдауы қажет. Қазақстан мен Əзірбайжан президенттері көмірсутегі шикізаты мол Каспийдің заңдық мəртебесін айқындау мəселесіне байланысты өз пікірлерін білдірді. Екі мемлекет теңіздің үстін ортақ пайдаланып, түбін ортааралық тең бөліс сызығы арқылы бөлу жөніндегі келісімді бекіткені белгілі. Қазақстан мен Əзірбайжан мұндай келісімді Ресеймен де бекітіп алды. Президенттер осы келісімді басқа Каспий елдеріне үлгі ретінде тағы ұсынды. Қазір заңдық мəртебе мəселесіне байланысты Иран мен Түркіменстанның пікірі бөлек. Олар Каспийдің барлық аумағын 5 мемлекет 20 пайыздық үлеспен бөлуі тиіс деп есептейді. Бұл екі мемлекет əлі күнге дейін Ресей, Қазақстан, Əзірбайжан елдерінің ұстанымына толық келіспей отыр. Сол үшін бес мемлекеттің сыртқы істер министрліктерінің өкілдері жиі-жиі бас қосып, келіссөздер жүргізіп жүр. Алайда, бұл келіспеушіліктерге қарамастан Қазақстан, Ресей, Əзірбайжан өзара келісімдерді бекітіп, Каспийдегі кеніштерін игеруге кірісіп кетті. Бұл бір жағынан дұрыс шешім. Өйткені, олар Иран мен Түркіменстанға қарап отырса, уақыт оздырып алады. Мол байлықты игеру үшін тез арада инвестиция тарту керек. Ал, Иран мен Түркіменстанның Каспийдегі бөліктерінің аумағы аз жəне ондағы мұнай мен газ қоры онша көп емес. Сондықтан олар оны игеруге де асығар емес.

Каспийдегі ең мұнайлы елдер Қазақстан мен Əзірбайжан өзара экономикалық байланыстарды дамытуға назар аударып отыр. Екі мемлекет басшысының келіссөздерінен кейін қос елдің мұнай-газ компаниялары жаңа келісімдері бекітуге кірісті. «ҚазРосгаз» компаниясы мен Əзірбайжанның «ГНКАР» мемлекеттік мұнай компаниясының басшылары қол қойған келісімге сəйкес, 2004-ші жылы Əзірбайжанға Қазақстаннан 4,5 миллиард текше метр газ тасымалданатын болды. Олар біздің көгілдір отынның бір мың текше метрін 52 доллардан алып отырмақ. Наурыз айының орта тұсында Бакуден тағы бір жаңалық жетті. Баку-Жейхан құбырын салып жатқан акционерлер Қазақстан мұнайының тасымал тарифі өздерінікімен бірдей болатынын жария етті. Яғни, Əзірбайжан мен Қазақстан мұнайының тасымал бағамы бірдей болады деген сөз. Бұл біздің ел үшін өте тиімді. Қазақстан алдағы уақытта Əзірбайжаннан мұнай-газ саласына қажет техникаларды алмақ. Өйткені оның сапасы кеңес заманы тұсынан бері жоғары бағаланады. АРАБ ИНВЕСТИЦИЯСЫ ДА ҚАЖЕТ Жаңа жылдан бері еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі араб мемлекетіне ресми сапармен барып қайтты. Ең алдымен Президент Парсы шығанағындағы ілгері дамып келе жатқан елдің бірі Біріккен Араб Əмірліктерінде болды. Бұл мемлекет Араб елдері лигасына, Ислам конференциясы ұйымына жəне ОПЕК-ке мүше. Біріккен Араб Əмірліктерінің Президенті шейх Заид пен Сұлтан Əл-Нахайан да осы аумақтағы беделді тұлғалардың бірі. Ол алғаш рет Парсы шығанағындағы араб елдерінің нытымақтастық ұйымын құру жөніндегі бастама көтерген адам. Бұл ұйым қазір аумақтағы саяси, əскери жəне экономикалық мəселелерді талқылайтын беделді құрылымға айналып отыр. Біріккен Араб Əмірліктері Қазақстанның халықаралық деңгейдегі бастамаларына да қолдау көрсетіп келеді. Олар елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Азиядағы өзара сенім жəне ықпалдастық жөніндегі кеңес құру ұсынысына құптау білдірді. Бұған қоса осы ел Астанада өткен дəстүрлі жəне əлемдік дін жетекшілері құрылтайының маңызына жоғары баға

берді. Қазақстан мен Біріккен Араб Əмірліктері арасындағы сауда-экономикалық байланыс та жылдан-жылға өрістеп келеді. Өткен жылы екі жақты тауар айналымы 300 миллион долларды құрады. Қос мемлекетте бұл көрсеткішті одан əрі өсіре түсуге мүдделі. Қазақстан Президентінің Біріккен Араб Əмірліктеріндегі ресми сапары кезінде бұл мəселе бірінші кезекте талқыланды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Біріккен Араб Əмірліктерінің президенті шейх Заид пен Сұлтан ƏлНахайан екі жақты қатынастарды дамыту мүмкіндіктерін пысықтады. Мемлекет басшылары мұнай-газ, құрылыс, туризм, кəсіпкерлік салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктері мол екенін атап өтті. Біріккен Араб Əмірліктері 40 жыл ішінде көмірсутегі шикізатын өндіруден 300 миллиард доллар табыс түсірген. Осы табыстың арқасында ел экономикасы нығая түскен. Аяғынан тұрған компаниялар шикізат өндіруден біртіндеп, дайын өнім шығаруға кіріскен. Қазір олар басқа мемлекеттердегі жобаларға қаржы құятын жағдайға жетіп отыр. Қазақстан Президенті əлемдегі ең мұнай қоры көп Сауд Арабиясы еліне сапары кезінде де, осы мемлекет басшылығы мен көмірсутегі шикізатын игеру, өндіру, өңдеу салаларына байланысты келіссөздер жүргізді. Зерттелген мұнай қоры мен оны өндіру жөнінен Сауд Арабиясы əлемде бірінші орында тұр. Мұнда жер қойынауынан күніне 8,5 миллион баррель мұнай алынады. Бүгінде Корольдіктің барлық мұнайын «Арамко» ұлттық компаниясы өндіреді. Оның жылдық табысы 80 миллиард долларға жуық. Ал, мұнай-газ секторына қажетті технологиялар жасау толық «Сабик» ұлттық компаниясынының қолында. Олардың басшыларымен кездесуде «Сабик» пен «Арамконың» Қазақстанға келу мəселесі айтылды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Корольдіктің қаржы министрі Доктор Ибрагим Аль Асармен жүздесу барысында бізге тиімді нақты уағдаластыққа қол жетті. Сауд Арабиясының даму қоры болашақта Қазақстанға Ақтаудағы портты кеңейтуге, автокөлік, темір жол, əуежайды салуға қажетті қаражат бөлетін болды. Бұл еліміздегі көмірсутегі шикізатын жəне басқа да өнімдерді сыртқа шығаратын үлкен

теңіз портымыздың инфрақұрылымын дамытуға оң əсер етпек. Қазақстан мен Сауд Арабиясының мұнай-газ саласындағы тəжірибесінде ұқсастықтар бар. 1932 жылы Саудия елі тəуелсіздік алған кезде экономикасы қиын жағдайда болды. Табиғи байлықтарын игеретін қаржылары да, техникалары да жетіспеген. Осы жағдайдан шығу үшін біз сияқты оларда шетелдік компаниялардың инвестициясын тартып, бірлесе жер қойнауын игеруге кіріскен. Содан кейін барып, 40 жылдан соң 1970 жылдары ел үкіметі қаражат жинап алғаннан кейін, өз кеніштерін компаниялардан қайта мемлекетке сатып ала алды. Қазақстан да осы ұстаныммен жұмыс істеп отыр. Қазақстан басшылығы екі араб мемлекетіне барған кезде, осы елдердің ірі кəсіпкерлерімен, банк жетекшілерімен көп кездесулер өткізді. Оның өзіндік маңызы бар. Өйткені бізге АҚШ жəне Еуропа елдерімен қоса араб инвестициясы да қажет. 11-ші қыркүйектегі АҚШ-тағы терактіден кейін, осы елдердегі араб іскерлерінің жұмысын тексеру, күдікпен қарау көзқарасы пайда болды. Əлемдік сарапшылардың ақпаратына сүйенсек, Америкадағы араб инвестициясының көлемі 200 миллиард долларға жуықтайды. Соңғы кездері арабтар осы қаржыларды басқа елдерге жіберуді ойластыра бастаған. Осы тұста көмірсутегі шикізаты мол Каспийді енді игере бастаған Қазақстанға араб компаниялары мен банктерінің қаржысын тартуға мүмкіндік бар. Бұған қоса мұнай мен газды игеріп, өндіру арқылы қыруар пайда тауып отырған Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Əмірліктерінен біздің үлгі алатын тұстарымыз жетерлік. Нұр-Астана, 3 сəуір, 2004 жыл

ҚАШАҒАНҒА ҚАТЫСТЫ КЕЛІССӨЗДЕР ЖОБА ТАРИХЫНАН Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінде көмірсутегі шикізатының мол қоры бар деген болжамдардан кейін, оған əлемдегі қуатты елдер айрықша назар аударды. Олар əсіресе, мұнаймен мұндалған – Қашаған кенішіне көз тікті. Оны игеруге АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Франция, Норвегия, Жапония, Ресей компаниялары бірден қызығушылық танытты. Осы елдердің ірі мұнай-газ компаниялары жаңа тəуелсіздік алып, оң-солын бағамдауға кіріскен біздің мемлекетке инвестиция құюға дайын екендіктерін мəлімдеді. Бұл тұста инвесторларды тарту барысында Қазақстан басшылығы аянбай тер төкті. Сол кезде күрделі жəне түйткілді мəселелерге толы келіссөздер жүргізілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тек геолог ғалымдардың болжамына сүйене отырып, əлем алпауыттарымен батыл келісімдер жасай алды. Президент тұжырымына сенген шетелдік инвесторлар да тəуекелге бел буды. Бірақ қаржысы мен қарымы мол оларға Солтүстік Каспий жобасы қатардағы көп жобаның бірі болса, ал Қазақстан үшін ол келешектің бағдаршамы еді. 1993-ші жылы 3 желтоқсанда Каспийдің Қазақстандық қайраңында геологиялық барлау жүргізетін халықаралық консорциум құру туралы келісімге қол қойылды. Оған əлемдегі «Аджип», «Бритиш Петролеум», «Статойл», «Бритиш Газ», «Мобил», «Тоталь», «Шелл» сияқты əлемдегі алпауыт мұнай-газ компаниялары кірді. Біздің елдің атынан «Қазақстанкаспийшельф» ұжымы мүше болды. Консорциумның алдына 1997-ші жылға дейін барлау жұмыстарына қатысты зерттеулерді аяқтау, жергілікті мамандарды басшылық жүйесіне үйрету жəне теңіздегі кен игеру жұмыстарын жүргізе алатын мұнайшыларды дайындау міндеттері қойылды. Бұл межеге уақытында қол жеткізілді. Нəтижесінде теңіздегі мұнайгаз саласын дамытудың негізі қаланды. Ал 1997 жылдың 21 қарашасында барлық консорциум мүшелері өнімді бөлу жөніндегі басты келісімді бекітті. Осы құжатқа сəйкес, 1998 жылы Каспийдің солтүстік жағын игеру жұмыстарымен шұ-

ғылданатын ОКИОК консорциумы құрылды. Бұдан кейін «Қазақстанкаспийшельф» ұжымы өзінің үлесін сату жөнінде шешім шығарды. Оның үлесін Жапонияның «Импекс» жəне АҚШ-тың «Филипс-Петролеум» компаниялары сатып алды. 2000 жылы Қашаған кенішінен мол мұнай-газ қоры табылғаны нақты белгілі болды. Бұл ОКИОК-тың сапалы жүргізген жұмыстарының нəтижесі еді.

ДАУДЫҢ БАСЫ. . . Қашағанның геологиялық қоры 5 миллиард тоннаға жақын деген ақпарат жарияланған соң, əлемдегі қуатты елдердің оған қызығушылығы одан сайын арта түсті. «Темірді қызған кезде соқ» демекші, осы тұста Қазақстан басшылығы Қашағанды игеру жобасының операторлығына байқау жариялай қойды. Оған ОКИОК-қа мүше барлық компания қатысып, бақтарын сынап бақты. Байқау қорытындысы бойынша, Италияның «Аджип» компаниясы жеңіске жетті. Онда ең басты талап, алғашқы мұнайды өндіру мерзіміне қатысты болды. Сол кезде Аджип компаниясы Қашаған мұнайын 2005 жылы өндіруге кірісеміз деген уəдесін берді. Екінші негізгі талап, газды өндіру жəне өңдеу мəселесіне байланысты қойылды. Ол ауқымды жұмысты да оператор өз мойнына алды. Алайда, жаңа оператор анықталғаннан кейін атын «Аджип ККО» деп өзгерткен халықаралық консорциум 2003 жылдың басында алғашқы өнімді өндіру мерзімін өзгерту жөнінде əңгіме көтере бастады. Бұл мəселе Қазақстан үкіметіне ұнаған жоқ. Өйткені, бағдарланған жоспарларға орай, 2005 жылы Қашаған өніміне байланысты бюджетке құйылатын түсімдер алдын-ала есептеліп қойылған еді. Мəселен, осы жобадан 2003 жылы мемлекет қазынасына 50 миллион 2006 жылдан бастап, 150-200 миллион доллар көлемінде табыс түседі деп жоспарланған болатын. Үкімет енді бұл жоспарға өзгеріс енгізу қиынға соғатынын бірнеше мəрте ескертті. Министрлер кабинеті мерзім өзгеретін болса, консорциум өтемақы төлеуі тиіс деген қарсы талапты көлденең тартты. Өйткені келісім бойынша оператор өз міндеттемесін уақытында орындамай отыр. Бұған қоса қазақстандық салық мекемелері консорциумға

беріліп келген қосымша құн салығына байланысты жеңілдікті тоқтату жөнінде мəселе қойды.

ТҮЙІН ШЕШІЛДІ Екі жақ текетіреске түскен, түйткілді мəселе 1 жылдан аса уақыт бойы пысықталды. Əйтеуір, үкімет пен «Аджип ККО» консорциумы мешін жылының 25 ақпанында екі жақтың да мүддесіне нұсқан келмейтін ортақ шешім табылғанын хабарлады. Дəл осы күні үкімет Аджип ККО мен бекітілген өнімді бөлу жөніндегі келісім шартқа егер екі жақ өз міндеттемелерін уақытында орындамаған жағдайда өтемақы төлеуі тиіс деген қосымша талап енгізді. Бұл құжатқа Қазақстан атынан Премьер – министр Даниял Ахметов жəне халықаралық консорциумға кіретін барлық компаниялардың өкілдері қол қойды. Жаңа талапқа сəйкес Қашаған өнімін 2005 жылы өндіруге үлгере алмаймыз деп отырған Аджип ККО консорциумы Қазақстан үкіметіне өтемақы төлейтін болды. Оның мөлшері жөнінде Премьер-министр де, компания өкілдері де нақты ресми дерек айтқан жоқ. Үкіметпен жүргізілген келіссөздерге сəйкес, халықаралық консорциум Қашағаннан алғашқы өнімді 20072008-ші жылдары өндіре бастамақ. Бұған қоса екі жақ Қашаған кен орнын игеру жоспары мен бюджетін бекітті. Осыған дейін əртүрлі шетелдік сарапшылар Қашаған қоры туралы ақпаратқа орай, өз болжамдарын айтып əуре-сарсаңға түсіп жүретін. Олардың көбі Қазақстан жағы тым артық дəйектер жариялаған, барлау жүргізуші шетелдік компаниялар басқа дерек айтады деп жағдайды ушықтыруға тырысатын. Бұл жолы осы сұраққа да нақты жауап берілді. Консорциум мүшелері Қашағанның геологиялық қоры 4, 8 миллиард тонна екендігін тағы бір рет хабарлады. Бекітілген кенішті игеру жоспарына сəйкес «Аджип ККО» 2010 жылы 21 миллион, 2013 жылы 42 миллион, 2016 жылы 56 миллион тоннаға дейін мұнай өндіру қажет. Ол үшін халықаралық консорциум мүшелері 29 миллиард доллар инвестиция құюға келісім беріп отыр. Бұған дейін осы қаражат мөлшеріне байланысты да шетелдік сарапшылар əр саққа жүгірткен жорамалдар жариялап келген еді. Енді оған да жау-

ап айтылды. Сонымен Қазақстан үкіметі мен «Аджип ККО» халықаралық консорциумы түйткілді мəселенің түйінін тез шешті. Бұл арада тараптар болашағы зор жобаның тағдырын қиындатпау үшін дұрыс шешім шығарды. Табиғи байлықтың иесі Қазақстан да Қашағанды игеруге 2 миллиард доллардан аса қаржы жұмсаған халықаралық консорциум да басталған істі орта жолда қалдыруға мүдделі емес. Ол екі жаққа да тиімсіз. Сондықтан олар негізгі ортақ мүддеге нұсқан келтірмеу жолын іздестірді. Консорциум өз дегеніне жетіп, өнімді өндіру мерзімін ұзартты. Ал Қазақстан үкіметі өтемақы алатын болды. Бірақ оның мөлшері айтылмай қалды. Дегенмен, бұл келісім арқылы бюджетке өтемақы түрінде қанша қаржы түсетіні туралы ақпарат алдағы күндердің еншісінде қалды. Нұр-Астана, 25 наурыз, 2004 жыл ОПЕК ОПЫҚ ЖЕМЕЙДІ ШЕШІМ ҚАЛАЙ ҚАБЫЛДАНДЫ? ОПЕК-тің Венеда болған кезекті сессиясында, осы ұйымға мүше елдердің мұнай жəне энергетика министрлері бас қосты. Олар 1-ші сəуірден бастап, тəулік бойынша ұйым елдері өндіретін мұнай көлемін 1 миллион баррельге қысқарту жөніндегі шешімді бекітті. Министрлер бұл бастаманы биылғы жылдың ақпан айында Алжирде өткен кезектен тыс кездесулерінде көтерген болатын. Алайда, ОПЕК мүшелері бұл шешімді бекітпес бұрын, екіге бөлініп пікірталас өрбітті. Сауд Арабиясы мен Алжир елдері мұнай өндіру көлемін қысқарту керек деген ұстанымды қолдаса, Кувейт, Катар, Біріккен Араб Əмірліктері бұл шараны кейінге қалдыруды ұсынды. Соңғы топқа АҚШтың ықпалы байқалды. Ақпан айынан бері талқыға түскен осы мəселе бойынша Сауд Арабиясы мен Алжирдің дəлелдері тұжырымды болып, ОПЕК ақыры мұнай өндіру көлемін қысқартты. Яғни, мұнайды сыртқа шығарушы елдер ұйымы күніне өндіретін 24,5 миллион баррель мұнайды 23,5 миллион баррельге дейін қысқартты. Бұл шараға ең алдымен АҚШ

наразылық білдірді. Əлемдегі ең ірі мұнайды сатып алушы елдің басқалардан бұрын бұлқұнуы түсінікті жəйт. Өйткені, ОПЕК мұнай өндіруді қысқартса, қара алтынға сұраныс одан сайын артып, оның əлемдегі бағасы көтерілуі ықтимал. Мұндай баға секірісі басты тұтынушы Американың экономикалық өсіміне кері əсерін тигізеді. Осы елдің қазынашылық қызметінің басшысы Джон Сноу бұл америкалықтарға салынып отырған қосымша салық, ол біздің экономикамыздың дамуын тежейді деген пікірін жария етті. АҚШ пен бірге, Еуропалық Одақ мемлекеттері де мұнайды сыртқа шығарушы елдер ұйымының шешіміне реніштерін білдірді. Ал, ОПЕК-тің өз мүддесіне сай жауабы бар. Оның мүшелері көктемнің келуіне орай, көмірсутегі шикізатына деген сұраныс төмендейтінін алға тартады. Ұйым өкілдері осы маусымдық өзгерістерге байланысты тұтынушы елдеде ауқымды қор сақталатынын айтады. Сондықтан, олар біз өндірісті қысқартпасақ, əлемдік рыноктағы шикізат көбейіп, оның бағасы төмендеуі мүмкін деп отыр. ОПЕК сарапшыларының айтуынша, мұнай өндіру көлемі қысқартылса, екінші тоқсанда күніне 800 мың баррельдей шикізат артық қалмақ. Міне, осылайша Үлкен Мұнай Ойынының ірі ойыншылары арасында бір текетірес болды. Бұл арада ірі тұтынушы мемлекеттер де, ОПЕК-те өз ұпайларын түгендеуге тырысып отыр. Əр жақтың өз есебі бар. Бірі мұнайды арзанға алғысы келеді, екіншісі оның бағасын тым түсіргісі келмейді. ШИКІЗАТ БАҒАСЫ ШАРЫҚТАДЫ ОПЕК-тің шешімінен кейін, əлемдегі көмірсутегі шикізатының бағасы күрт өсіп шыға келеді. Əлемдік ақпарат құралдары 1-ші сəуірден кейін бір баррель мұнайдың құны 36 долларға бірақ секіргенін хабарлады. Сəуірдің екінші аптасында Нью-Йорк тауар биржасында мұнай бағасы 37,14 долларға дейін көтерілді. Бұл соңғы 30 жылдан бері болмаған рекордтық көрсеткіш. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жоғары баға өткен ғасырдағы 70 жылдардың соңы мен 80 жылдардың басындағы мұнай дағдарысы кезінде ғана қалыптасқан. Олардың пікірінше,

бағаның өсуіне ОПЕК шешімімен қоса, Ирактағы жəне Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі мен Азиядағы алып мемлекет Қытайдың мұнайға деген сұранысының арта түсуі де əсер еткен. Дүниежүзілік Мұнай Рыногы операторларының болжамынша, алдағы айларда мұнай бағасы төмендемейді, бір баррель мұнайдың құны 30 доллар жəне одан да жоғары деңгейде болуы мүмкін. Бұл болжамды Халықаралық Энергетика Агенттігі де құптап отыр. Ал, ресейлік сарапшылардың көбі осы жылға мұнайдың орташа бағасы 25-26 доллар болады деген пікірлерін де жеткізді. Жақында ғана осы тақырыпқа қатысты тағы бір қызық дерек жария етілді. The Washington Post газетінің редакторы саяси-экономикалық тақырыптар бойынша зерттеу сараптамалары арқылы белгілі болған журналист Боб Вудворд елең етерлік жаңалық таратты. Оның болжауынша, АҚШ Сауд Арабиясымен ресми емес келіссөз жүргізген. Осы келісімге сəйкес, ОПЕК-тегі ең ірі өндіруші ел Сауд Арабиясы біртіндеп мұнай өндіру көлемін арттырып, əлемдік рыноктағы шикізат бағасын төмендетуге көмектеспек. Боб Вудвордтың айтуынша, бұл АҚШ-тың қазіргі президенті Джордж Бушқа жасалатын көмек болмақ. Ол биылғы жылдың қараша айында өтетін президент сайлауы алдында мұнай бағасын төмендетуге ықпал ете алса, оған деген халықтың сенімі арта түспек. Белгілі журналистің бұл болжамы əлемдік ақпарат құралдары арқылы жаряланған соң, осы тақырыпқа арналған пікірталас басталып кетті. Ілешала, бұл ақпаратты Сауд Арабиясы елінің ресми өкілдері жоққа шығарды. Олар «біз мұнайды саяси мақсат үшін пайдаланбаймыз. Ол əлемдік экономикаға үлкен əсері бар құнды тауар» деген жауаптарын алға тартты. Вудворттың пікіріне орай, əлем сарапшылары да өз ойларын ортаға салды. Олардың бір тобы мұндай келісім жасалуы мүмкін екенін айтады. Өйткені, Сауд Арабиясы АҚШ-тың аумақтағы басты əріптесінің бірі. Сонымен бірге Джордж Буштың мұнай компанияларына қатысы бар. Яғни, оның əлемдік мұнай мəселелерін шешуде ықпалы мол. Сарапшылар, сондықтан Сауд Арабиясы Буштың билікте кала бергенін қолдап, оған көмек көрсетпек дейді. Ал,

сарапшылардың екінші тобы, қандай көмек жасалса да, мұнай бағасы оңайшылықпен төмендемейді деген пікірде. Осылайша, Боб Вудвордтың болжамы, бірден əлем назарына ілікті. Ал, енді сарапшылардың қайсынының тұжырымы дұрыс шығады, оны қарашадағы сайлау кезінде анық білетін боламыз. Жалпы, мұндай саяси науқан алдында қай елде болса да, əртүрлі ойындардың өрістеп кететінін белгілі. Бұл арада кім, қандай мақсатты көздеп отыр деген сауалға жауап айтудың өзі қиын. ОПЕК ШЕШІМІ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ТИІМДІ МЕ? Енді ОПЕК шешімінің Орталық Азиядағы ірі мұнай өндіруші ел Қазақстанға əсері қандай болады деген сауалға жауап іздеп көрсек. Біз ОПЕК-ке мүше емеспіз, оның жиындарына Қазақстан өкілдері тек бақылаушы ретінде ғана қатысып жүр. Алайда, бұл ұйымның мұнай өндіруді қысқарту жөніндегі шешімі біздің елімізге де тиімді деп айтуға болады. Өйткені, əлемдік рыноктағы мұнай бағасы өссе, Қазақстан шикізаты да жоғары бағамен шетелдерге сатылады. Одан бюджетке түсетін табыс көбейеді. Ұлттық мұнай қорына түсетін қаржы да өседі. Тек үкімет осы түсімдерді тиімді жұмсау жайын дұрыс тиянақтай білуі қажет. Жоспардан тыс түсетін табыс жөнімен бөлінбесе, оның кері əсері де болады. Əлемдік тəжірибеде, оны «голландық ауру» деп те атап жүр. Сондықтан министрлер кабинетіне бұл тұрғыда кемшіліктер жібермес үшін ізденістерді арттыра түсу керек. Тағы да назар аударатын жағдай, ОПЕК мұнай өндіру көлемін қысқартса, əлемдік рыноктағы басқа өндірушілер үшін бос кеңістік пайда болады. Осы кеңістікті бұл ұйымға мүше емес Қазақстан, Ресей сияқты елдер мұнай өндіру көлемін арттыру арқылы толтыруға мүмкіндік алады. Яғни, біздің шикізатымызға сұраныс та артады. АҚШ пен Еуропа елдерінің Каспий мұнайына деген қызығушылығы өсе түседі. Бұл осы экономикасы қуатты елдер мен теңіз аумағындағы жаңа тəуелсіз мемлекеттер арасындағы саясиэкономикалық байланыстарды өрістетуге оң əсер етпек. Əрине, Каспий мен Парсы шығанағындағы мұнай көлемін салыстыру əбестік болар. Бірақ араб елдері Каспий мұнайы өндіріле бас-

таса, жаңа бəсекелестердің пайда болатынын іштей сезеді. Ал, ең ірі тұтынушы АҚШ ОПЕК-ке тəуелді болып қалмаудың жолын іздеп əлек. Олар қазір Каспий аумағында стратегиялық мақсаттары бар екендігін де жасырмайды. ОПЕК шешімінің Қазақстанға тағы бір ыңғайлы тұсы бар. Біздің мұнай компанияларымыз кейбір көп шығынды талап ететін кеніштерді игеруге тəуекел ете алады. Өйткені, мұндай кеніштер баға төмен кезде игерілсе, тек қана шығынға батырады. ОПЕК шешімінің біз үшін бір кері əсері бар екенін де айтпасақ болмайды. Əлемдік сарапшылар, ОПЕК-тің шикізат өндіруді қысқарту туралы кезекті шешімі шығып, мұнай бағасы өссе болды, ең басты тұтынушы АҚШ-тың валютасы – доллардың бағамы төмендей түсетінін болжап жүр. Яғни, бұл арада қаржысын доллар күйінде сақтап жүрген еліміздің тұрғындары ұтылуы мүмкін. Бұған қоса бұл шарадан еліміздегі қаржысын доллармен сақтап келген барлық ірі мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялар да ұтылады. «Нұр-Астана» 6 мамыр, 2004 жыл ƏЛЕМДІ ДҮРЛІКТІРГЕН ҚАРЖЫ ДАҒДАРЫСЫ ДАҒДАРЫС ШЫРМАУЫ Əлемдік қаржы дағдарысы дүниежүзіндегі барлық мемлекеттердің бір-бірімен тығыз байланыста екендігін айқын көрсетті. Бұл жаһандану үрдісінің кең қанат жайып келе жатқанының белгісі. Ең алдымен ең ірі экономикасы бар АҚШта ипотекалық дағдарыс басталды. Ол біртіндеп осы елдің жəне Еуропа мемлекеттері мен Жапонияның қаржы саласына əсер етті. Бұдан кейін əлемге дендеп енген қаржы дағдарысы барлық елдердің экономикасын əлсірете түсті. Əсіресе, шикізат өндіретін дамушы мемлекеттер аяғына жем түскен жануардай қиналып қалды. Тіпті қуатты елдердің өзі тығырыққа тіреліп, өндіріс қарқындарын едəуір төмендетті. Мəселен, АҚШ-тың ішкі жалпы өнімі 2008 жылдың 4-ші тоқсанында 3,8 пайызға төмендеген. Бұл 1982 жылдан бергі ең ірі құлдырау. Гер-

манияда Еуропа елдеріне өндіріс тауарларын сату деңгейі 12 пайызға кеміген. Экспорт 8,2 пайызға, ішкі нарықтағы сұраныс 5,1 пайызға азайған. Қытай экономикасы да өндіріс көлемін кемітіп, тікелей инвестиция мөлшері 2008 жылы 32 пайызға, импорт ауқымы 18 пайызға төмендеген. Үндістанда экспорт деңгейі 12 пайызға, Ресейде өндіріс көлемі 2 есеге кеміген. Қаржы дағдарысының алғашқы 4 айының ішінде Араб елдері шетелдік активтерінің 40 пайызын жоғалтып, 2,5 триллион шығынға батқан. Исландия сияқты тұтас бір мемлекет банкротқа ұшырады. Дүниежүзілік дағдарыс салдарынан экономикасы əлсіреген елдер Халықаралық валюта қорынан көмек алу үшін кезекке тұрды. Дағдарыс əлемдік ірі компаниялардың өзін жан алқымнан алып, құтын қашырды. Жылдық табыстары азайып, шығынға батқан алпауыттар амалдары таусылған соң, жұмысшылардың санын қысқартуға мəжбүр болды. Мысалға, мұнай алыбы Royal Dutch Shell Plc компаниясы 2008 жылдың 4 тоқсанында 2,9 миллиард шығын шекті. Ал Exxon Mobil-дің кірісі, 8 миллиард долларға қысқарды. 2007 жылы ғана аталмыш компания 12 миллиард доллар көлемінде пайда тапқан еді. Мұнай алпауыттарының шығыны қара алтын бағасының айтарлықтай төмендеуінен қалыптасты. Бір жыл бұрын ғана рекордтық көрсеткіш барреліне 147 долларға дейін көтерілген мұнай бағасы 2008-дің желтоқсанында бес жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткішке құлдырап, 33 долларға дейін түсті. Дағдарыс салдарынан ірі көлік шығаратын компаниялар да едəуір зардап шекті. 2008 жылдың 3-ші тоқсанында «Тойота» компаниясының шығыны 1 миллиард доллардан асты. Бір жыл бұрын оның табысы 5 миллиард доллардан көп еді. «Мерседес-Бенц» кəсіпорны өнімінің сатылымы да төмендеді. 2008-ші жылдың қаңтарында сатылған көліктердің саны 32 пайызға кеміген. Ал Оңтүстік Кореяның «Саньён мотор» автоконцерні төлем дағдарысына ұшырап, корпорация президенті қызметінен кетті. Бұрындары жылына 200 мың көлік сатып келген ұжым тек 92 жарым мың өнімін ғана сата алған, өндіріс көлемі 30 пайызға азайып кеткен. Əйгілі көлік компанияларының құлдырауына өнімге деген сұраныстың төмендеуі себеп болды.

Мəселен, АҚШ-та Тойотаға сұраныс бірден 32 пайызға кеміген. Əлемде тіпті күнделікті тұрмыстық заттарға деген сұраныс та азайған. Электроника саласындағы көшбасшылардың бірі «Сони» компаниясы 2008 жылды 1,1 миллиард доллар шығынмен жапты. Теледидар шығаратын еуропалық алпауыт «Филипс» бұл жылды 1 миллиард 47 миллион еуро шығынмен аяқтады. Міне, осындай шығынға батқан əлемдегі үлкенді-кішілі компаниялар жұмысшылар санын қысқартуды қолға алған соң, жұмыссыздық деңгейі өсіп кетті. Дүниежүзілік банктің президенті Роберт Зелликтің айтуынша, экономикалық дағдарыс нəтижесінде əлем бойынша 60 миллионға жуық адам кедейлікке ұшыраған. Германияда 3 миллионнан астам адам жұмыссыз қалды. Ұлыбританияда жұмыссыздар саны 2 миллионға жуықтаған. Ресейде 5 миллионға жетті. Дағдарыс жаңа қаржылық қылмыс түрлерінің де бетін ашты. 2008-ші жылдың желтоқсан айында Америкада ең ірі қаржылық пирамида əшкереленді. Оны Насдак биржасының бұрынғы төрағасы, белгілі қаржыгер Бернард Мэдофф құрған. Ол алаяқтық əрекетімен өз инвесторларына 50 миллиард доллар көлемінде шығын əкелген. АҚШ-та үлескерлерді 140 миллион долларға алдаған тағы бір қаржылық пирамида құрушы тұтқындалды. Инвестициялық компанияның басшысы Николас Космо ресми түрде қысқа мерзімді несие берумен шұғылданған. Бірақ бұл жылпос та жаңа қаржы құйған инвестарлардың ақшасын басқа мақсаттарға жұмсап келген. Дағдарыс тұсында тиімді əрекет жасап, сəттілікке тап болғандар да жетерлік. Нью-Йорктегі хедж-қордың менеджері Джон Полсон жылжымайтын мүлік нарығындағы құнды қағаздарға қарсы ойынның арқасында 2 миллиард доллар пайдаға кенелген. Джейми Даймон басқаратын 900 миллиард долларлық депозиті бар JP Morgan Chase банкі дағдарыстың арқасында 1,5 миллиард бонусты қанжығаға байлаған. Ал əлемдік қаржы саласының білгірі əрі майталманы жəне дүниежүзіндегі ең бай адамдардың бірі Уоррен Баффет американдық компаниялардың құнсызданған акциялары мен активтерін сатып алуға көшкен. Дағдарыс ірі мемлекеттердің амбициясына да əжептəуір əсер еткен сыңайлы. Əсіресе, АҚШ пен Еуропа елдерінің жүні

жығылыңқырап қалды. Бұрындары өздерін өктем ұстайтын бұл мемлекеттер экономикалары мен қаржыларын тізгіндей алмай əуреге түскенін дүниежүзі көріп, бақылап отырды. Олар мың жерден мықты ел болса да, төтеден келген дағдарыстан абдырап қалды. Бір сарапшылар Ресей мен Ақш-тың Грузиядағы оқиғаларға қатысты текетіресі дағдарыстың күшеюінің арқасында сейіліп қалды деген пікір білдірді. Байтал түгілі бас қайғы демекші, АҚШ Ирактағы əскерилерінің санын да қысқартқаны белгілі. ҚАЗАҚСТАН ДАҒДАРЫСПЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСТІ? Қазақстанда қаржы дағдарысының толқынына ілікті. Ипотекалық дағдарыс белең алған тұста еліміздегі құрылыс саласы кібіртіктеп қалды. Үлескерлер қаржысына салынуы тиіс тұрғын үйлер құрылысы тоқтады. Банкілер ипотекалық несие беруді қойды. Біртіндеп қаржы мекемелері орта жəне шағын бизнеске беретін несиелерін де қысқартты. Сыртқа шикізат өндіретін өндіріс орындары өнімінің бағасы төмендеп, шығындары көбейді. Қалыптасқан бұл жағдайды дереу реттеу үшін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасын» іске қосты. Оған сəйкес, негізінен 5 бағыт бойынша қаржы секторы, шағын жəне орта кəсіпкерлік, тұрғын үй құрылысы, индустриялық жəне инфрақұрылымдық жобалар жəне агроөнеркəсіп кешенін дамыту жөнінде үкіметке нақты тапсырмалар жүктелді. Осы талапқа сай, үкімет дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітіп алып, жұмыс істеді. Алғашқы кезекте еліміздің негізгі мұнай-газ, атом, электр энергетикасы, металлургия, тау-кен, көлік, коммуникация салаларындағы жəне жеке компаниялардағы мемлекет активтерін, даму қорлары мен басқа да қаржы тетіктерін бір мүддеге, бір мақсатқа тиімді жұмылдыру үшін «Самұрық-Қазына» игілік қоры құрылды. Ол экономиканы тұрақтандыру бағдарламасының негізгі операторы болды. Елбасы бұл қор басшылығы мен үкіметке əлемдік қаржы дағдарысының зардаптарын жою тетіктерін, экономиканы диверсификациялау арқылы жаңа отандық өнім өндіруге

негізделген өндіріс орындарын құру, ішкі инфрақұрылымды жаңалау жобаларын жасау міндеттелді. Бұл мақсаттарға бюджеттен арнайы қаржы бөлініп, экономиканың негізгі салаларын тұрақты сақтауға жағдай жасалды. Осы басты жоспар қаржы дағдарысының зардаптарына төтеп беруге көмектесті. Экономиканы тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан қаржы алынды. Мұнай өндіруден жиналған қор қаражаты қысылтаяң сəтте көмекке жарады. Бұл қорды құрудағы негізгі мақсаттың бірі де сол болатын. Ұлттық қордан бөлінген қаражат та 5 бағыт бойынша жұмсалды. Қаржы саласын тұрақтандыруға 4 миллиард, шағын жəне орта бизнеске 1 миллиард, ауылшаруашылығы жобаларына 1 миллиард, инфрақұрылымдық жəне серпінді жобаларға 1 миллиард доллар бөлінді. Ең алдымен экономиканың күре тамыры қаржы саласының түйткілдерін шешуге айрықша назар аударылды. Мемлекет 4 ірі негізгі банктің акцияларын сатып алып, олардың тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік жасады. Əр банк бір-бір саланың операторы атанып, нақты секторға қажет қаражат айналымына қан жүгірді. Олар арқылы құрылыс саласына да қаржы аударылып, үлескерлер мəселесін шешуге мəн берілді. Мемлекет құрылысы тоқтап қалған тұрғын үйлердің толық бітуіне көмек жасады. Əсіресе, Астана мен Алматы қалаларындағы құрылыс компанияларына қаржылық қолдау көрсетілді. «Самұрық-Қазына» игілік қоры арқылы жеңілдетілген несие беретін арнайы желі ашылды. Оларға ипотекалық несиені 10, 5 пайызбен беру талабы қойылды. Екінші тетік ретінде дайын пəтерлерді коммерциялық банктер арқылы нарық бағамымен несиелеу ұсынылды. Үшінші мəселе бұған дейін берілген ипотекалық несиенің пайызы бір баспана алғандарға 9 пайызға дейін төмендетілді. Экономиканың тұрақты тірегі болғандықтан орта жəне шағын бизнеске ұлттық қор қаржысынан бұрын «Даму» кəсіпкерлік қоры арқылы 10 миллиард теңге бөлініп, ірі банктер арқылы 156 миллиард теңгелік несие беру бағдарламасы да іске асты. Бұл қаржылар отандық тауар өндірушілерге зор қолдау болды. Бұған қоса үкімет елдегі өндіріс орындары мен мекемелерге отандық

өнімдерді тұтыну жөнінде ұсыныс жасады. Мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық компанияларға отандық өнімдерді алу талабы қойылды. Орта жəне шағын бизнес нысандарын тексеруге мораторий жарияланды. Жаңадан «бизнестің жол картасы» бағдарламасы жасалды. Бұл да мемлекет тарапынан жасалған оңтайлы қадам еді. Экономиканы тұрақтандыру бағдарламасына сəйкес, ауылшаруашылығы саласын дамытуға да зор көңіл бөлінді. Өйткені дағдарыс шикізат өндіруден гөрі, нақты өнім өндіру тиімді екенін көрсетті. Бұл сала бірден табыс əкелмесе де, біртіндеп қор жасауға болатынын байқатты. Ең бастысы, тəуекел аз да, тұрақты табыс бар. Бұған қоса Қазақстан экономиканы диверсификациялап, ауылшаруашылығы саласын дамытуға мүмкіндік туындағанын дөп пайдаланды. Осы бағытта «Қазагро» ұлттық холдингі арқылы бір жылда 199 жаңа инвестициялық жоба қаржыландырылды. Оның ішінде азық-түлік өнімдерін өндіретін жобаларға басымдық берілді. Агроөнеркəсіп саласы алдағы уақытта да тұрақты дамудың кепілі ретінде қалыптаса түспек. Мемлекет дағдарыс кезінде инфрақұрылымдық жəне инновациялық жобаларды да ұмытқан жоқ. Мұндай қысылтаяң сəтте мемлекеттің ішкі инфрақұрылымдық жобаларға қаржы құюы тиімді екенін заманында АҚШ президенті Рузвельт те атап өткен. Америка ұлы депрессия тұсында көпірлері мен жолдарын жөндеуге мəн бергені тарихтан белгілі. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та бұл тəжірибеден бас тартқан жоқ. Үкіметке «Жол картасы», «Индустриалды-инновациялық» бағдарламаны тиянақты жүзеге асыруды тапсырып, оның орындалу барысын қадағалап отырды. Республикалық бюджеттен қаржы бөлінудің арқасында қалалар мен қоса ауылдар да жолдарды жөндеу ісі жүргізілді. Мектеп, денсаулық сақтау, басқа да əлеуметтік мекемелердің құрылыстары жалғасты. Бұл бір жағынан ішкі өндірістік белсенділікті арттырып, жұмыс орындарының ашылуына тікелей əсер етті. Ірі жобаларды қаржыландыру да тоқтаған жоқ. Мəселен, 2009 жыл бюджетінен Бейнеу-Шымкент газ құбыры магистралін салуға 32, 8 миллиард, Батыс ЕуропаБатыс Қытай халықаралық көлік дəлізіне 31, 3 миллиард, Аты-

рау облысындағы газ-химиялық кешен құрылысына 4 миллиард теңге қарастырылды. Мемлекет ірі өндіріс орындарынан жұмыс орындарын қысқартпауды да талап етті. Олар мен облыстық əкімшіліктер меморандумдарға қол қойысты. Арнайы бағдарлама жасалып, мамандарды қайта оқыту ісі қолға алынды. Бұл жұмыссыздықты ауыздықтауға бағытталған қадамдар болды. Ең бастысы дағдарыс кезінде бюджеттегі əлеуметтік шығындар қысқартылған жоқ. Жоспарланған төлем уақытында тұрғындарға беріліп отырды. Тіпті ақылы бөлімде оқитын студенттерге жеңілдікті несие беру жобасы да ұсынылды. Үкімет мемлекеттік органдардың шығындарын үнемдеуге де барды. Ұлттық компаниялар басшылары мен қызметкерлерінің бонустары сыйақылары азайтылды. Дағдарыс барысында теңгеге девалвация жасалды. Теңгенің долларға шаққандағы бағамы өсті. Бұл əлемдік тəжірибе де бар үрдіс, еліміздегі сыртқа шикізат жəне өнім жіберетін компаниялар үшін үлкен қолдау еді. Міне, Қазақстанның дағдарыс кезінде жүзеге асырған кешенді ісəрекеттері осындай болды. Сарапталып барып іске асырылған дағдарысқа қарсы бағдарламаның алғашқы оң нəтижелері 2010 жылдың алғашқы жартыжылдығының əлеуметтік-экономикалық қорытындыларынан анық байқалды. Жалпы ішкі өнімнің өсуі 8 пайызды құрады, өндіріс көлемі 11 пайызға өсті. Өңдеу өнеркəсібінде 18, 3, кен өндіру өнеркəсібінде 6, 3 пайыздық өсім қалыптасқан. Іске қосылған агроөнеркəсіптік жобалардың арқасында тамақ өнеркəсібінің өндірісі 14, 6 пайызға өскен. Ауылшаруашылығы өнімі өндірісі 3, 1 пайызға өсті. Бұған дейін төмен көрсеткіш көрсетіп келген құрылыс қарқыны маусым айында 0, 5 пайызға көтерілген. Инфляция деңгейінің төмендеу үрдістері байқалды. Жыл басынан бері жалпы инфляцияның деңгейі 4, 4 пайызды құрады. Бірақ бұл көрсеткіштер дағдарыстың толық еңсерілгенін көрсетпесе керек. Кейбір əлемдік сарапшылардың дағдарыстың əлі де бір құйтырқысы шығуы ықтимал екендігін болжаған жорамалдары да БАҚ-да оқтын-оқтын жарияланып қалып жүр. Сондықтан сақтансаң сақтармын дегендей, қазіргі əлемдегі қаржы орталықтары мен қор биржаларындағы жағдай əрдайым сақтықты қажет етеді.

ЕҚЫҰ ҚАЗАҚСТАНДЫ ТӨРАҒАЛЫҚҚА НЕГЕ ТАҢДАДЫ? Қазақстан тəуелсіздік алған уақыттан бері биік белестерді бағындырып үлгерді. Басты жетістік ЕҚЫҰ-на төраға болып сайланғанымыз. Əлемдегі саяси-экономикалық, əлеуметтік, экологиялық, қауіпсіздік саласындағы тепе-теңдікті сақтауға айрықша үлес қосып, əділеттіктің жаршысы атанған халықаралық ұйымға төрағалық ету үлкен жауапкершілік жүктейтін абыройлы іс. Бұл тұрғыда төрағалыққа Қазақ елінің таңдалуы мемлекетіміздің əлемдік қауымдастықтағы зор беделін көрсетеді. Егемендікті жариялаған тұстан бастап Қазақстан өзінің халықаралық бастамаларымен дүниежүзі назарына ілікті. Біріншіден, Қазақ елі батыл қадам жасап, əлемде тұңғыш рет ядролық полигонды жауып, сынақтарды тоқтатты. Бұл оң қадам əлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланып, басқа мемлекеттерге үлгі ретінде ұсынылып отыр. Елбасының Семей полигонын жабу туралы шешімінен кейін əлемдік ядролық қауіпсіздік мəселесіндегі сең бұзылып, жаңа өзгеріс пайда болды. Осы оқиға АҚШ сенатының Невада штатындағы ядролық сынақ алаңының жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдауына итермеледі. Одан кейін, 1993-ші жылы АҚШ Президенті Билл Клинтон ядролық сынақтарға мораторий жариялады. Бұл өз кезегінде жалпыға ортақ ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі əйгілі келісімнің пайда болуына жол ашты. Осының өзі елбасы шешімінің ғаламдық маңызын айқындап тұр. Қазақстан президенті тек Семей полигонын жабумен шектелмей, осы өңірдегі зардаптарды зерттейтін орталықтардың құрылуына түрткі болды. Курчатов қаласын халықаралық оқу-жаттығу зертханасына айналдыруға күш салып отыр. Елбасы халықаралық беделді мінбелерден ғаламдық ядролық қауіпсіздік мəселелеріне қатысты батыл көзқарас ұстанымдарын да жариялап келеді. БҰҰ-ның 64-ші сессиясында еліміздің мемлекеттік хатшысы, сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпаудың неғұрлым əмбебап жаңа шартын əзірлеу жөніндегі ұсынысын дүниежүзі мемлекеттеріне таныстырды. Қазіргі бар келісім ядролық қаруы бар немесе жоқ ел-

дерге талап қоюмен ғана шектеледі. Қазақстан Президенті ядролық елдер ядролық қаруларын қысқартып, одан бас тарту жағынан өздері үлгі болуы керектігін алға тартты. БҰҰ-ның осы сессиясы барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың 29 тамызды халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні деп жариялау жөніндегі бастамасына да қолдау көрсетті. Бұл Семей полигонында тұңғыш жарылыс болған, əрі сол полигонды жабу туралы жарлыққа Қазақстан президентінің қол қойған күні. Биыл осы күн дүниежүзі бойынша атап өтілді. Соңғы жиырма жылдықта Нұрсұлтан Назарбаев айтулы əлем саясаткерлерімен бірге БҰҰ мінбесінен басқа да халықаралық жиындар мен БАҚ-та жарияланған еңбектерінде əрдайым əлем елдерін ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу келісімін бекітуге үндеп келеді. Бұл үндеуге ірі державалар құлақ аса бастағаны байқалады. Бұған дейін аталмыш келісімді бекіте қоймаған АҚШ-тың өзі президент Барак Обаманың қолдауымен бұл құжатты сенат қарауына жіберді. Биыл екі ірі ядролық держава Ресей мен АҚШ стратегиялық ядролық қару-жарақтарды қысқарту туралы жаңа келісімге қол қойды. Оған сəйкес, қос мемлекет ядролық қаруларын 2200-ден 1500-ге дейін, тасымалдайтын зымыран, қайық, ұшақтарды 1600-ден 800-ге дейін қысқартпақ. Бұл басқа елдерді ойландыратын, басты ядролық ойыншылардың нақты да нəтижелі əрекеті. Елбасы ғаламдық ядролық қауіпсіздік жөніндегі Вашингтон саммитінде алғашқылардың бірі болып сөз алып, жаңа ұстанымдарын жариялады. Қазақстан Президенті Орталық Азия ядролық қарусыз аймаққа айналғанын мəлімдеді. Аймақ елдері бұл ниеттерін арнайы келісіммен бекіткенін жеткізген елбасы, енді басқа əлем нүктелерін де осындай қадам жасауға шақырды. Ол, əсіресе, БҰҰ-ның Таяу Шығысты ядролық қарусыз аймаққа айналдыру бастамасына айрықша қолдау білдірді. Бұл бағытта Орталық Азия елдерінің тəжірибесін зерттеуді алға тартты. Елбасы Қазақстан ірі уран өндіруші ретінде, бейбіт ядролық энергетиканы дамытуға үлес қоса беретінін айтты. Осы мақсатта өз аумағында халықаралық ядролық отын банкін құруға дайын екендігін мəлімдеді. Мемлекет басшысы болашақта барлық

мемлекеттердің əр қадам сайын ядролық қарусыз əлем идеалына қарай аяқ басуға деген шешімін бейнелейтін ядролық қарусыз əлемнің жалпыға ортақ декларациясын қабылдау туралы мəселені де көтерді. Саммит барысында ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан бейбітсүйгіш Қазақ Елі туралы жанжақты ақпараттар мен сараптамалық материалдар дүниежүзі назарына ұсынылды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төраға болуына тікелей əсер еткен тағы бір басты себеп бар. Ол ел ішіндегі ынтымақты тірлігіміз. Кең пейілді, дархан халқы бар Қазақ елі əлемге ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің өзіндік үлгісін ұсына алды. Жаңа тəуелсіздік алған жылдары ел ішінде бейбітшілік, татулық пен бірлікті сақтап қана қоймай, оны жан-жақты нығайта түсу жолдары қарастырылды. Осы мақсатта бірегей құрылым Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды. Оған мемлекетімізде тұрып жатқан барлық ұлттардың өкілдері мүше болып қабылданды. Ассамблея отырыстарында қоғамды алаңдатқан кез келген мəселе талқыға түсті. Ең бастысы ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің маңыздылығына мəн беріліп отырды. Ара-тұра оғаш əрекет танытқандар болса, сабырға шақырып, ортақ шаңырақтың тыныштығын бұзбау талап етілді. Ассамблея аясында еліміздегі барлық ұлттық орталықтардың қалыпты жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Əр ұлттың мəдениетін, тарихын, салт-дəстүрін насихаттауға еш шектеу қойылған жоқ. Өз тілдерінде оқытатын мектептерін ашуға дейін мүмкіндік берілді. Ұлттық театрларға мемлекет тарапынан арнайы қолдау көрсетілді. Тіпті аз ұлт жастарына жоғары оқу орындарына түсуге квота да бөлінді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл салиқалы саясатын еліміздегі барлық ұлттар оң бағалады. Өз кезегінде олар да шынайы қамқорлық көрсетіп келе жатқан мұндай кемеңгер басшының саясаттағы қадамдарына қолдау көрсетіп отырды. Оның ел ішіндегі жəне халықаралық деңгейдегі игі бастамаларын жүзеге асыруға септік жасады. Президент Қазақстан халқы ассамблеясының беделін жан-жақты көтеруге назар аударып келеді. Елбасының осы ұйым мүшелерінен 9 адамды парламент

депутаттығына ұсыну жөніндегі бастамасын да ел тұрғындары қолдады. Бұл да ел бірлігін нығайта түсуге бағытталған кемел қадам болды. Бүгінде елдегі татулықтың түпқазығына айналған Қазақстан халқы ассамблеясы əлемге танылып үлгерді. Оны халықаралық сарапшылар «Қазақстандағы БҰҰ» деп те атап жүр. Ассамблеяның жұмысына Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық Кеңестің парламенттік ассамблеясы сияқты беделді ұйымдар мен мекемелер жоғары баға беріп отыр. Қазақстан көп ұлтты халықтың дəстүрлі діни ұстанымдарын құрметтейтін елге де айналды. Адамды имандылыққа, рухани тазалыққа үндейтін əлемдік дін жетекшілерінің құрылтайын өткізу ісі қолға алынды. Қазіргі түрлі бағыттағы діни қақтығыстар өршіп тұрған сəтте Қазақ елі барлық адамзатты ымырашылдыққа, сабырлылыққа, дінаралық келісімге үндеді. Əлемдік дін жетекшілері терең де, тағылымды мақсатты көздеген құрылтайға қатысып, өзара ой бөлісуге, пікір алмасуға, түсінісуге мүмкіндік алды. Адамзатты алаңдатқан дін жəне руханият түйткілдерінің түйінін бірлесіп тарқатуға қадам жасалды. Осылайша, Қазақстан дүниежүзіндегі бірден-бір дінаралық келісім аралы атанды. Қазақ мемлекеті мен елбасы Нұрсұлтан Назарбаев батыс пен мұсылман əлемі арасындағы қатынас көпірін қалыптастыруға да өзіндік үлес қосып келеді. Тəуелсіздік алған кезеңнен бері дүниежүзі елдерімен қоян-қолтық қатынас орнаттық. Бүгін біз батыс елдері жəне мұсылман мемлекеттерімен де стратегиялық əріптес атандық. Еліміздің оң қадамдарын жоғары бағалаған əлемдік қауымдастық биік сенім танытып, Қазақстанды Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына жəне Ислам конференциясы ұйымына да төраға етіп сайлады. Бұл Қазақ елінің тарихында бұрын-соңды болмаған тарихи сəт. Егемендігіне 20 жыл енді толатын жас елдің аз уақыттың ішінде əлемге танылып қана қоймай, өзіндік ұстанымын мойындата білгенінің нақты көрінісі. Бұл ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген сарабдал саясатының арқасында қол жеткен басты жетістіктер.

ЕҚЫҰ САММИТІ ЕЛ БЕДЕЛІН КӨТЕРЕДІ ЕҚЫҰ-ның саммитін Астанада өткізуге қол жеткізу Қазақ елінің басты жетістігі. Ол ең алдымен елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың əлемдік қауымдастықтағы абырой беделі мен халықаралық деңгейдегі ұтымды да өзекті, заманауи ұсыныс бастамаларының арқасында жүзеге асты. Енді бұл саммитті өткізу Қазақстанға қаншалықты тиімді деген қарапайым сауалға жауап іздеп көрсек. Біріншіден, еліміздің əлемге танылуына мол мүмкіндік ашылады. 56 елдің жоғары деңгейдегі басшылары 20-ға жуық халықаралық ұйымдардың жетекшілері елордамызға ат басын бұрады. Мыңдаған əлемдік ақпарат құралдары Астанадан хабар таратып қана қоймай, еліміздің тыныс-тіршілігі туралы материалдар дайындайды. Елордамыз саммит кезінде əлемдік деңгейдегі саяси оқиға өтіп жатқан орталыққа айналады. Ұйымға мүше елдердің президенттері мен халықаралық ұйымдардың басшылары адамзатқа ортақ өзекті мəселелерді талқыға салады. Түрлі пікірлер, жаңа ұсыныстар, тың мəлімдемелер таратылады. Дүниежүзінің назары ол күндері ЕҚЫҰ саммиті өтіп жатқан Қазақ елінде болады. Бұл мемлекетіңді бір-екі-ақ күнде жер-жаһанға танытатын керемет мүмкіндік. Қазақстан осы жиынды өткізу арқылы өзінің мəдениетін, салт-дəстүрін, сұлу табиғатын да таныстыра алады. Мұндай алқалы жиынды ұйымдастыру бүгінгі заман тілімен айтқанда, еліңе кең көлемде халықаралық деңгейде пиар жасау деген сөз. Əлемге əр ел өзіндік ерекшелігімен танылуға ұмтылады. Мəселен, Норвегия, Сауд Арабиясы, Кувейт елдері туралы əңгіме қозғалғанда бірден мұнайға бай бақуатты мемлекеттер екендігі ойымызға оралады. Ал Жапония, Оңтүстік Корея, Германия дегенде жаңа технологиясы дамыған елдер ретінде есімізге түседі. Біріккен Араб Əмірліктері, Египет, Түркияны айтқанда туризм, сауда орталықтары екендігін ескереміз. Сауд Арабиясы мұсылмандардың қасиетті орталығы ретінде, Голландия раушан гүлдерімен, Франция Эйфель мұнарасымен, Италия, Греция ежелгі тарихи орындарымен дараланып тұрады. Қазіргі күні Қазақстанның да өзіндік имиджі қалыптаса бастады. Біздің еліміз ұлтаралық татулық

пен дінаралық келісімнің орталығы ретінде танылып үлгерді. Қазақстандық үлгіні мойындаған ЕҚЫҰ, Ислам конференциясы ұйымы сияқты халықаралық құрылымдар төрағалық тізгіндерін сеніммен тапсырып отыр. Енді саммит барысында да осы ерекшелігімізді дүниежүзіне тағы бір паш етуге мүмкіндігіміз бар. Мына қым-қуыт жедел дамыған жаһандану заманында, əлемді таңқалдырып, өзіңе тарту қиынның қиыны. Бірақ Қазақ Елі ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында заман ағымынан қалыспай, өзіндік даму жолымен əлемге таныла алды. Бұл бір-ақ күнде келе салған жетістік емес, оның аржағында қазақ халқының кеңпейіл дархан көңілі мен ұстамдылығы, басқа ұлттармен сыйласа білген биік мəдениеті мен мұндалап тұр. «Адам баласына адам баласының бəрі дос» – деген ұлы Абай бабамыздың ұрпағына қалдырған аманаты тəуелсіз Қазақ Елінің негізгі ұстанымына айналды. Бұл ұстанымның дұрыс екендігін дүниежүзі мойындады. Қазақстан əлем елдерімен ашық əрі əріптестік саясат жүргізу арқылы өз мүддесін түгендеп келеді. Қазақстан геосаясат тұрғысынан алғанда əлемдегі ықпалды елдердің мүдделері тоғысқан қауіпті аумақта орналасқан. Шығысымызда экономикасы нық, күш-қуаты мол Қытай, солтүстігімізде шекарамыз түйіскен ірі ел Ресей. Жанымызда қаншама жылдар бойы жанжал тоқтамаған Ауғанстан бар. Орталық Азияның өзінде алаңдататын мəселе көп. Қырғызстандағы жағдай əлі толыққанды тұрақтаған жоқ. Каспий арқылы Иранмен де көршіміз. Бұл елге де əлемдік қауымдастықтың талабы күшейіп келеді. Осындай аумақта тұрған Қазақстан үшін əрдайым өз мүддесін тиянақтап, тұрақты жəне демократиялық даму жолына түскен ел екендігін танытып отыру қажетті іс. Оның əсіресе, қауіпсіздік жағынан маңызы зор. Азулы көршілермен тепе-тең саясат ұстану үшін еліңнің танымал болуы қажет, əлемдік қауымдастықта өзіндік беделі болуы тиіс. Сондай ашық саясат ұстанған мемлекетпен дүниежүзі санасады. ЕҚЫҰ саммитін өткізу Қазақстанның беделін өсіреді. Еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартады. Бейбітсүйгіш, тұрақтылық қалыптасқан елімізге əлемнің ірі компаниялары

қызығушылық танытады. Саммит кезінде əр елдің өкілдері Қазақстан туралы кең мағлұмат алады. Астанаға келген мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастықты дамыту жолдарын пысықтауға мəн береді. Түрлі пайдалы қазбалар қоры мол елімізге жаңа ұсыныстар мен жобалар ұсынылады. Олардың арқасында Қазақстанға инвестиция тартылады. Бұл дегеніңіз жаңа өндіріс ошақтары мен жұмыс орындарының ашылуына түрткі болады. Одан мемлекетіміз тек қана ұтады. Тəуелсіздік алғалы бері елімізде шетелдік инвестицияның тартылуының нəтижесінде экономикамыздың негізгі салалары аяғынан тұра алды. Елордамыз Астана, ірі мегаполис Алматы қаласы дамыды. ЕҚЫҰ-ға төраға болу арқылы Қазақстан өзінің түрлі халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерін де жақсарта бастады. Жақында еліміз Британияның тəуелсіз ғылыми-зерттеу институты жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша – халқының тұрмыстық жағдайы, əл-ауқаты, экономикалық көрсеткіштері бойынша əлем елдері арасында 50-орынды иеленді. Legatum Prosperity Index рейтингі бойынша, Норвегия, Дания жəне Финляндия елдері көш басынан орын алса, Біріккен Араб əмірліктері Қазақстаннан бір саты ғана жоғары тұр. Ал, Беларусь 54-ші, Ресей 63-ші, Украина 69-шы орындарды иемденді. 110 елдің əл-ауқаты сараланған тізімді Пəкістан мен Зимбабве аяқтайды. Зерттеу нəтижесіне сүйенер болсақ, Қазақстан бір жылда 26 сатыға бірақ жоғарылады. Лигэтум институты мұндай зерттеуді осымен 4-жыл қатарынан жүргізіп келеді. Қазақстанның бір жылда осындай көрсеткішке қол жеткізуі институт мамандарын таңқалдырған. Сарапшылар бұған ішкі жəне сыртқы бағдарламалар мен Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік жəне Ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі ықпал етті деп есептейді. Халықаралық деңгейдегі алқалы жиынды өткізу туризм саласының өркендеуіне зор əсер етеді. Саммитке дайындық барысында Астанадағы инфрақұрылым жетіліп, қызмет көрсету сапасы əлемдік деңгейге көтеріледі. Қонақтар тек Астана ғана емес, басқа да табиғаты тамаша өңірлермен танысады.

Қазақ елінің тарихы, мəдениеті, салт-дəстүрі жайлы ақпарат алады. Бұдан артық елімізді таныту үшін қандай шара керек. Сондықтан жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, əр азамат зор мақтанышпен, əрі үлкен жауапкершілікпен өз қолынан келетін істі тиянақты атқару арқылы саммиттің сəтті өтуіне үлес қоса алуы тиіс.

ТӨРАҒА ЕЛДІҢ ЖАҢАШЫЛ БАСТАМАЛАРЫ Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына төрағалық қызметін белсенді атқарып келеді. Жыл басынан бері ұйым аясында айқындалған ауқымды халықаралық мəселелер бойынша түрлі шаралар ұйымдастырылып, жаңа бастама ұсыныстар талқыға түсті. Біздің ел төрт «Т»-дан тұратын «траст» (сенім), «традишн» (дəстүр), «транспаренси» (ашықтық) жəне «толеранс» (төзімділік) деп жария етілген негізгі ұстанымыз бойынша жан-жақты жұмыс жүргізуде. Ең алдымен төрағалыққа кіріскен сəттен бастап Қазақстан ЕҚЫҰ-ға мүше елдер басшыларының саммитін Астанада өткізу жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсынысты елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жария етіп, оны өткізудің қажеттілігін ұйым аясындағы халықаралық басқосуларда, мемлекет басшыларымен, əлемдік саясаткерлер мен кездесулері барысында дəйекті түрде дəлелдеп берді. Президент 11 жыл бойы өтпеген мұндай алқалы басқосуды өткізуге түртпек болған 5 себепті атап өтті. Біріншіден, осы заманғы қатерлер мен сынақтар, соғыстар мен қақтығыстар, əлемді шайқаған табиғи, техногендік жəне экономикалық катаклизмдер қазіргі қауіпсіздік жүйелері мен интеграцияланған əлемдік экономикадағы бар шетін орындарды жалаңаштап, жағдайды шиеленістіріп жіберді. Халықаралық қатынастар жүйесінің дағдарысы əбден айқын болып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев бұл саммитті еуроатлантикалық, еуразиялық жəне əлемдік қоғамдастық үшін ортақ қағидаттар мен құндылықтар негізіндегі мақсатқа жетудің жолын ашуға барынша пайдалануға болатынын алға тартты. Ұлт көшбасшысы Еуропалық қауіпсіздік ұйымын жаңа белестерге бастайтын реформалардың

қажет екендігін батыл жеткізді. Шынымен де биылғы жылдың 1-ші тамызында Еуропалық қауіпсіздік құрылымының негізін қалаған Хельсинки қорытынды актісінің қабылданғанына 35 жыл толды. Бұл ұйым 60 – 70 жылдары халықаралық ахуалдың шиеленісіп кетуіне орай құрылған еді. Оған 33 Еуропа елі мен АҚШ жəне Канада бірікті. Бүгінде мүшелердің саны 56-ға жетті. Оның жауапкершілік жүктемесі Еуропа аумағынан əлдеқайда шығып, кеңейіп кетті. Қырғи-қабақ соғыс кезінде ЕҚЫҰ шығыс пен батысты диалогқа шақыратын жоғары деңгейдегі форум болса, қазіргі уақытта мұндай бөлініс жоқ. Бірақ сұхбат-келіссөз жүргізуді жалғастыру мұқтаждығы бар. Бұл күндері дүниежүзі қауіпсіздік саласындағы халықаралық ұйымдардың заманның жаңа қауіптерінің алдын алып, түйткілдерін шешуге жедел үн қоса алатын деңгейге көтерілуін қалайды. Сондықтан əлемдік қауымдастық ЕҚЫҰ-ында да жаңа сапалы бағыттағы өзгеріс болатынынан үмітті. Ұйым біртіндеп, геосаяси жағдайдың өзгеруіне, заманауи қатерлердің пайда болуына байланысты өте икемді де байыпты бағыт білуі тиіс. Бұл тұрғыда елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы заман ағымын дөп басқан бастама екені сөзсіз. Екіншіден, əлем қаржы-экономикалық дағдарысты бастан өткерді. Оның орын алу себебін анықтау, енді болдырмаудың тетіктерін жасау бүгінгі күннің өзекті мəселесі. Бұған дейін бірде-бір рет ЕҚЫҰ аясында дағдарыс түйткіліне қатысты жиын өтпеген. Елбасы Астана саммитінде осы олқылықтың орнын толтыруға болатынын ескертті. Жəне оның алғышарты ретінде шілде айында елордамызда 3-ші Астана экономикалық форумы өткізіліп, əлемдегі қаржы-экономикалық дағдарысқа байланысты мəселелер пысықталды. Бұл жиында ұлт көшбасшысы ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық өлшемдеріне қатысты Бонн құжаты мен Маастрихт стратегиясына жаңа өзгерістер енгізу керектігін баса айтты. Жаңа ұсыныстар енгізілетін құжатты шартты түрде «Маастрихт плюс» деп атап, онда дағдарысты еңсеру мүмкіндіктері мен əлемнің орта жəне ұзақ мерзімді дамуы тетіктері ескерілуі керектігін ұсынды. Ал экологиялық өлшемдерге келетін болсақ, Қазақстан ұйымның

қоршаған ортаны қорғау саласындағы əлеуетін кеңейтуді қолдайды. Арал мəселесіне назар аударып, экологиялық қауіпсіздік жайын нығайтуды қуаттайды. Мəселен, еліміз бұл тақырыпқа орай, қазан айында Еуропа парламентінде арнайы тыңдау өткізуді көздеп отыр. Жыл соңында Арал мəселесіне қатысты донорлық конференция да ұйымдастырылмақ. Үшіншіден, елдердің барлығында бірдей этностық жəне діни төзімділік саласында көптеген проблемалар қордаланып қалды. Бүгінде ЕҚЫҰ-ның аумағында мəдени, өркениетті жəне дінаралық үнқатысудың өткір қажеттілігі пісіп жетілді. Нұрсұлтан Назарбаев саммитте ұлтаралық жəне конфессияралық келісім, төзімділік тақырыбында пікір алмасуға, тəжірибе бөлісуге болатынын жеткізді. Қазір батыс пен мұсылман əлемі арасында аратұра түсінбестіктер болып тұрады. Еуропа құрлығының өзінде Солтүстік Ирландия, Испаниядағы баскілер, Днестр елдері, Таулы карабах сияқты күрделі түйткілдер əлі де бар. Оларды шешу жолдары осындай алқалы жиындар да қаралмаса күрделене түседі. Сондықтан саммитте келісім тетіктерін табу жолдары сарапталатын болады. Төртіншіден, бұл жиында əлемді алаңдатқан Ауғанстан мəселесін талқылауға толыққанды мүмкіндік бар. Нақты ұсыныстар мен бірлескен іс-қимыл жоспарларын əзірлеу Ауғанстан проблемасын кеңінен ой сарабынан өткізуді талап етеді. Сондықтан Қазақстан Президенті Ауғанстан тақырыбы трансұлттық қатерлер тұрғысынан саммитте талқылануға лайық түйткіл екендігін ұсынды. Жалпы Қазақстан Орталық Азия аумағындағы көшбасшы ел ретінде, аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға барынша күш салып келеді. Ауғанстанның лаңкестікпен есірткі тасымалы ошағына айналып отырғаны көрші елдерді алаңдатпай қоймайды. Бұл елдегі жағдай тұрақтамайынша, Орталық Азия мемлекеттері жайбарақат отыра алмайды. ЕҚЫҰ-на мүше елдердің 43-і Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру шараларына үлес қосып отыр. Ендеше, саммитте бұл мəселені шешудің оң жолдары жан-жақты пысықталады деген үміт бар. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл дəйекті дəлелдеріне ЕҚЫҰға мүше елдер басшылары қолдау көрсетті. Нəтижесінде

биылғы жылдың 1-ші желтоқсанында ұйымға мүше елдер басшыларының саммиті Астанада өтетін болды. Бұл ЕҚЫҰның қазіргі төрағасы Қазақстан үшін басты айтулы жетістік. Бұл жеңіс ең алдымен əлемдік деңгейдегі саясаткер елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дүниежүзіндегі жоғары беделі мен бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бағытындағы көп жылдар бойғы еңбегінің жемісі іспетті. ЕҚЫҰ-2010 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБЫСТЫ ҚАДАМДАРЫ Қазақ елі ұйымға төрағалық барысында көрші Қырғызстанда орын алған оқиғаларды реттеуге бар күшін салды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тікелей өзі ондағы жағдайды тұрақтандыру үшін БҰҰ басшыларымен, АҚШ, Ресей елдерінің президенттерімен жəне Еуропа Одағы жетекшілерімен кеңесе отырып, қырғыз елінің жаңа жəне бұрынғы басшылығымен келіссөздер жүргізді. Арнайы өкілдер жіберіп, елдегі ахуалды ушықтырмау жолдарын қарастырды. Қазақстанның əлемдік көшбасшылар мен келісілген күш-жігері бұл елде орын алуы ықтимал азамат соғысына жол бермеді. Бұл посткеңестік кеңістікте қақтығысты бірлесіп тиімді реттеудің алғашқы тəжірибесі болды. Жағдай реттелген соң, мемлекеттегі тұрақтандандыру шараларына атсалысты. Қазақстан шұғыл көмек ретінде 10 миллион доллар бөлді. Азық-түлік, құрылыс материалдары, отынмен жəрдемдесті. Қазір көрші елдің аяғынан тұруы үшін, бүлінген нысандарды қалпына келтіруі үшін 1 миллиард доллардай қаражат керек. Қазақ елі енді осы мəселеге дүниежүзі елдерінің назарын аударып отыр. Төрағалық кезінде Қазақстан Ауғанстан мəселесіне де арнайы көңіл бөліп келеді. Бұл елге қатысты ЕҚЫҰ-ның жаңа стратегиясы қажет екендігін көтеріп отыр. Тек гуманитарлық көмек пен шектелмей, нақты тұрақтандыру тетіктерін тауып, іске қосуды ұсынады. Бұл ретте Қазақ мемлекеті Лондондағы халықаралық конференцияда қуатталған, Ауғанстандағы

қауіпсіздікті қамтамасыз ету жауапкершілігін жергілікті билікке кезең-кезеңмен беруді көздейтін бастаманы қолдайды. Кабулдың елдегі саяси күштер мен бірге талибанды да бейбіт өмірге тартып, қантөгісті тоқтату мақсатындағы əрекеттерін қуаттайды. Қазақстан Ауғанстандағы тыныштықты қалыптастыру үшін өңірге ыңғайлы деген ауылшаруашылығы сияқты салаларды дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру қажет деп есептейді. Сондықтан біздің ел, ауған азаматтарын өз жоғары оқу орындарымызда оқыту үшін құны 50 миллион доллар болатын білім бағдарламасын жүзеге асыруды бастады. Оған сəйкес, 2010-2018 жылдар аралығында Қазақстанда мың ауған студенті оқытылады. Сонымен бірге төраға ел ЕҚЫҰ аумағындағы «созылмалы» қақтығыстарды реттеу жайына да мəн беріп отыр. Бұл арада негізінен Таулы Қарабах мəселесіне қатысты келіссөздер жүргізілді. Армения мен Əзірбайжан президенттерімен «созылмалы» қақтығыстар жөніндегі арнаулы өкіліміз бірқатар кездесулер өткізіп, тараптарды ымырашылдыққа шақырды. Бұған қоса Днестр жағалауы елдері арасындағы келіспеушіліктерді де реттеу жолдары да пысықталып келеді. Қазақстан төрағалық барысында тағы бір жаһандық маңызы бар ауқымды мəселеге назар аударды. Бұл ЕҚЫҰ-ың аясын кеңейту жайы. Мемлекетіміз Еуразиялық қауіпсіздіктің континенталдық тұғырнамасы туралы идеяны ұсынды. Біздің ел Еуропалық қауіпсіздік ұғымы континенттік аядан əлдеқайда шығып кеткенін ашық көтере алды. Нəтижесінде ұйым басқосуларында еуроатлантикалық жəне еуразиялық қауіпсіздік ұғымдары жөнінде пікір айтыла бастады. Ыстамбулдағы Азиядағы өзара сенім шаралары жөніндегі кеңестің үшінші саммиті аясында АӨСШК мен ЕҚЫҰ-ның алғашқы институттық форумы болашақта мұндай трансконтиненталдық қауіпсіздік белдеуін құруға нақты негіз де қалады. «Қазірдің өзінде Еуропа үшін бір саясат жəне Азия үшін мүлдем басқасын əзірлеу мүмкін еместігін мойындау қажет. Ұзақ мерзімді жоспарда бұл кеңістіктегі тұрақтылықты трансеуразиялық қауіпсіздік жүйесін құру жолымен нығайтуға болады» – деді Қазақстан

президенті ЕҚЫҰ-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің Алматыда өткен бейресми кездесуінде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық интеграция үдерісін де қалыптастыру керек деп есептейді. Өйткені кезінде Жібек жолы арқылы байланыс орнатқан Еуропа мен Азия тұрғындары бүгінде жер бетіндегі халықтың үштен екі бөлігін құрайды. Еуразия континенті қазіргі күні əлемдік өнімнің жартысын өндіреді. Бұған дейін түрлі саяси блоктарға бөлінудің нəтижесінде бұл үлкен əлеует толыққанды жұмыс істеген жоқ. «Мен Еуразия субконтинентінде терең де дəйекті интеграциялық үдерістердің сенімді жақтасымын жəне Еуразиялық интеграцияның негізгі қағидаттары мен бағыттарын бейнелейтін біртұтас құжат əзірленуі қажет деп санаймын. Бұл құжат дағдарыстан кейінгі нақтылықтарды жəне əлемнің орта жəне ұзақ мерзімді перспективадағы даму үрдісін ескеруі тиіс» – дейді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысының ойынша, еуразиялық интеграция негізінен 7 бағыт бойынша дамуы тиіс. Біріншіден, сауда қатынастарын кеңейту үшін шекараны ашу керек. Екіншіден, Еуропа мен Азия арасындағы байланысты жеделдететін көліккоммуникация инфрақұрылымын дамыту қажет. Үшінші мəселе-инвестиция мен технология алмасу үшін жағымды инвестициялық ахуал қалыптастыру. Төртінші, тұрақты қаржы жүйесін құру үшін Азия мен Еуропадағы қаржы рыноктарын интеграциялау. Бесіншіден, жаңа қуат көздерін табу үшін елдер арасындағы ғылыми байланыстар дамуы тиіс. Алтыншыдан, адам ресурстарын тиімді пайдалану үшін көші-қон саясатын реттеу, жетіншіден азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тепе-теңдікті сақтауға жағдай жасау. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, екі құрлықтың қақ ортасында тұрған Қазақстан Еуразиялық интеграцияның бастамашысы жəне үйлестірушісі бола алады. Бұл ЕуразЭҚ, Кеден Одағы сияқты интеграциялық бірлестіктердің құрылуына тікелей себепші болған Қазақ елі басшысының жаңа ұсынысының маңызы зор. Ашық та, кедергісі жоқ заңмен реттелген ауқымды кеңістік тұрғындары үшін сауда қызып, барыс-келістің оңайлауы тиімді екені сөзсіз.

Қазақстан дүниежүзіне ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің өзіндік үлгісін ұсына алған ел. ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер еліміздің бұл саладағы тəжірибесін ескеріп, онымен жақынырақ, əрі кеңірек танысуға қызығушылық танытты. Осыған орай Астанада ЕҚЫҰ-ның толеранттық жəне кемсітпеушілік жөніндегі жоғары деңгейдегі конференциясы өткізілді. Онда біздегі татулық үлгісі əлем елдеріне жан-жақты таныстырылды. Жер жаһандағы дінаралық, ұлтаралық келіспеушіліктерді реттеу жолдары талқыланды. Төрағалық барысында ең бастысы ЕҚЫҰға мүше елдер басшыларының саммитін Астанада өткізуге қол жеткізілді. Міне, ЕҚЫҰ-ға төраға болған 8 айдың ішінде Қазақ елі осындай ауқымды да келелі істерді жүзеге асырды. Қазақстан беделді ұйымды басқару барысында тың бастамаларымен, белсенді əрекеттерімен ерекшеленді. ЕҚЫҰ-ның бұрыннан қалыптасқан қызмет аясына жаңаша леп пен серпін əкелді. Оның əлі де пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктерін ашуға, жұмысын жетілдіруге, құрылымдық өзгерістер жасауға бағытталған батыл ұсыныстар жасады. Қазақстан халықаралық саясаттың қырсырын меңгерген өркениетті жəне жаңашыл ел екендігін байқатты. Өзге мемлекеттердің жетістіктерінен үйрене отырып, өзінің де қол жеткізген белестерін таныта алатын ел екендігін көрсетті. «Егемен Қазақстан» 25. 09. 2010

ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ, ДІНАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ, ТҰРАҚТЫ ДАМУ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ФОРМУЛАСЫ Тағдыр тəлкегіне қарай, Қазақ елі кеңес заманы тұсында ұлттар лабораториясына айналғаны жасырын емес. Үлкен империяның зілді саясатымен мемлекетімізге басқа ұлттар көптеп көшірілді. Бұрындары тек қазақ халқы өмір сүрген ел, 70 жылдың ішінде 140-қа жуық ұлт пен ұлыстың мекеніне айналды. Бұл Кеңестер Одағының дəурені жүріп тұрған кезде зор жетістік ретінде бағаланды. Бірақ ол империяның күні таусылған сəтте мұндай мұраның мұңы да көп екені белгілі болып қалды. Негізгі қазақ халқының мүддесімен бірге, солақай саясат құрбандары болған ұлттар мен ұлыстардың да мүддесін ескеру керек болды. Тəуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан үшін бұл үлкен өмір сабағы еді. Барлық ұлттың тепе-теңдігін сақтай отырып, ынтымақты тірлік қалыптастыру жас мемлекет үшін зор жауапкершілік еді. Бұл жауапкершілікті елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев тереңінен түйсінді. Ол көңілдері алаңдаулы əр ұлттың тамырын басу үшін өзіндік мақсат-мұраты бар саясатты қолға алды. Былай қарасақ, ең өркениетті елдер шоғырланған Еуропа құрлығының өзінде ұлтаралық келіспеушіліктер қылаң беріп қалады. Мəселен, Солтүстік Ирландиядағы кикілжіңдер əлі толыққанды шешілген жоқ. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Босния мен Герцоговина мəселесі де ушықты. Ол жақтағы жағдайды реттеу де оңайға соқпай, əлемдік қауымдастықтың араласуымен ғана жағдай тұрақталды. Бір де журналистік іс-сапармен Еуропаның қақ ортасында тұрған небəрі 359 шақырымды құрайтын кішкене мемлекет Люксембург елінде болғаным бар. Онда біздегі сияқты 100-ден аса ұлт тұрады екен. Елдің ішкі жалпы өнімі адам басына шаққанда 40 мың доллардан келеді. Бұл елдің өзінде жұмыссыздық деңгейі өте төмен, сондықтан оған көрші ірі Еуропа елдерінен жұмыс іздеушілер көп келеді. Жұмыспен қамтылғандардың 60 пайызы сырттан келгендер. Люксембург-

те сол топ сайлауларда дауыс бере алғанымен, өз өкілдерін ешқандай билік тармақтарына сайлай алмайды екен. Халқы бақуатты демократияны ту еткен Кəрі Еуропа құрлығында да осындай түйіткілдер бар болып шықты. Ондағы саясаткерлер мен қоғам өкілдері арнайы өткен дөңгелек үстелде біздегі түрлі ұлт өкілдерінің парламентке депутат болып сайлана алатынын естігенде, орындарынан тұрып, қошемет көрсетті. Нағыз ұлтаралық өзара құрмет көрсетудің демократиялық үлгісі десті. 2008-ші жылы қазан айында Сауд Арабиясы еліне сапармен бардық. Киелі Мекке мен Мəдина қалаларында болып, күллі мұсылман қауымы қасиет тұтатын орындарға мінажат еттік. Делегация мүшелерін Меккедегі Қағба тұрған жəне Мəдинедегі Мұхаммед пайғамбар жерленген екі мешіттің бас имамы Шейх Салех бен Хусейн қабылдады. Ислам діні жетекшілерінің бірі саналатын ол президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асқан Қазақстандағы ынтымағы мен бірлігі жарасқан тірлікті дүниежүзіне үлгі ретінде ұсынуға болатынын жəне мұндай игі іс мұсылман қауымы көп бауырлас елде қалыптасқанын ризашылық сезіммен жеткізді. Шейх Салех бен Хусейн: «Өркендеп келе жатқан Қазақстан мемлекетіне де ақ жол тілеп, дұғалар оқимыз. Сіздің елдегідей Халықтарды ұлтқа дінге, нəсілге бөлмей тепе-тең ынтымақты тірлік кешу ислам қағидасының басты тұғыры. Қазақстан Президентінің барлық ұлттар арасындағы сыйластықты қалыптастырған үлгісі əділетті шешім. Əділеттілік те мұсылмандардың басты қасиеті. Қасиетті Құранда жақсы елдердің жақсы істерінен үйрен, сонда жақсы елдердің қатарына қосыласың деп жазылған. Қазақстандағы бейбітшілік пен ынтымақ мұсылман елдеріне əрдайым үлгі» – деді. Бас имамның елімізге деген құрметінің айрықша екендігін лауазымды қонақтарды қабылдайтын үлкен залдың төріне Алатаудың көркем табиғаты бейнеленген суретті іліп қойғандығынан да байқадық. Киелі Мекке шаһарында болған мұндай сəт Отанын қастер тұтатын кез келген азаматтың жүрегінде мəңгілік сақталатыны сөзсіз. Сол Сауд Арабиясында, осы елді тұрып жатқан қандастарымызбен кездесу өтті. Оған тек бауырларымыз ғана емес, өзбек, қарақалпақтар

да көп жиналыпты. Қандастарымыздың мəселелерін жанжақты талқылап болғаннан кейін, жиынға келіп отырған өзбек ұлтының қадірлі ақсақалына сөз берілді. Сонда əлгі ақсақал, «Қазақ елімен, оның басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен тек қазақ халқы ғана емес, бауырлас өзбек халқы да мақтана аламыз. Қазақстан түркі тілдес бауырлас халықтардың ортақ мақтанышы» – деді. Мұндай пікірді шетелде жүрген басқа ұлт өкілінен естудің өзі көңілге қуаныш ұялатты. Қазақстан көп ұлтты халықтың дəстүрлі діни ұстанымдарын құрметтейтін елге де айналды. Адамды имандылыққа, рухани тазалыққа үндейтін əлемдік дін жетекшілерінің құрылтайын өткізу ісі қолға алынды. Қазіргі түрлі бағыттағы діни қақтығыстар өршіп тұрған сəтте Қазақ елі барлық адамзатты ымырашылдыққа, сабырлылыққа, дінаралық келісімге үндеді. Əлемдік дін жетекшілері терең де, тағылымды мақсатты көздеген құрылтайға қатысып, өзара ой бөлісуге, пікір алмасуға, түсінісуге мүмкіндік алды. Адамзатты алаңдатқан дін жəне руханият түйткілдерінің түйінін бірлесіп тарқатуға қадам жасалды. Осылайша, Қазақстан дүниежүзіндегі бірден-бір дінаралық келісім аралы атанды. Қазақ мемлекеті мен елбасы Нұрсұлтан Назарбаев батыс пен мұсылман əлемі арасындағы қатынас көпірін қалыптастыруға да өзіндік үлес қосып келеді. Тəуелсіздік алған кезеңнен бері дүниежүзі елдерімен қоян-қолтық қатынас орнаттық. Бүгін біз батыс елдері жəне мұсылман мемлекеттерімен де стратегиялық əріптес атандық. Елдегі ұлтаралық татулық пен дінаралық келісім үлгісін жоғары бағалаған əлемдік қауымдастық биік сенім танытып, Қазақстанды Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына жəне Ислам конференциясы ұйымына төраға етіп сайлады. Бұл Қазақ елінің тарихында бұрын-соңды болмаған тарихи сəт. Егемендігіне 20 жыл енді толатын жас елдің аз уақыттың ішінде əлемге танылып қана қоймай, өзіндік ұстанымын мойындата білгенінің нақты көрінісі. Бұл ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген сарабдал саясатының арқасында қол жеткен басты жетістіктер.

Қазақстан Президенті ынтымақ-бірлік пен бірге, елдің тұрақты дамуын да айрықша назарда ұстады. Тəуелсіздікті жариялағаннан кейін ұлт көшбасшысы елді дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын межеледі. Бұл ел келешегінің көкжиегін белгілеу еді. Мемлекеттің болашақ мақсат-мұраттары айқындалған соң, оған біртіндеп қол жеткізу тетіктері іске қосылды. Нəтиже жаман емес. Нақты көрсеткіш ел экономикасының өсімі қалыптасты. Ішкі жалпы өнім екі есеге өсті, өнеркəсіп өнімдерін шығару екі есеге, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру бір жарым есеге ұлғайды. Ұлттық экономикаға жүз миллиард доллардан астам инвестиция тартылды. Жан басына келетін ІЖӨ 15 жылда 700 доллардан 8 мың долларға дейін, яғни 11 есеге өсті. Тұтастай алғанда 1996 жылмен салыстырғанда халықтың табыс деңгейі 14 есеге артты. Тек білім жəне денсаулық салаларына бөлінетін мемлекет қаржысы соңғы он жылда 8 есеге өсті. Ұлттық қордағы қаражат көлемі 27 миллиард доллардан асты. Бұл қордың тиімділігі əлемдік қаржы дағдарысы кезінде айқын көрінді. Дүниежүзі қысылтаяң кезге тап болғанда Қазақстан қордан қаражат алып, экономиканың негізгі қаржы, құрылыс, орта жəне шағын бизнес, ауыл шаруашылығы салаларын тұрақты деңгейде ұстауға оңтайлы жұмсады. Оның нəтижесі, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысынан байқалды. ІЖӨ 8 пайызға өсті. Мен өзім 1991 жылдан бастап, журналистика саласында жұмыс істеп келе жатқандықтан елдегі өзгерістерді саралап отыруға мəн беремін. Барды бар, жоқты жоқ деп айту журналистің тікелей міндеті. Сондықтан мен жоғарыда келтірген дəйектерді, еліміздің 20 жылға жуық тарихынан алдым. Осы уақыт ішінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет пен халық мүддесін жоғары қоятын ұлт көшбасшысы екендігін толықтай дəлелдеді. Ел ішіндегі бірлік пен берекенің басты ұйытқысы бола білді. Ынтымағы жарасқан елімізді ұлтаралық татулық пен дінаралық келісім жəне тұрақтылық мекені ретінде дүниежүзіне танытты. Қазақстанды іргелі елдердің қатарына қосты. Бұл кез келген мемлекет басшысының қолынан келе бермейтін бəтуалы тірлік. Əлем тарихын бажайлап қарасақ,

мұндай көшбасшы тұлғалар кез келген халықтың маңдайына бұйырмаған.

ҚАЗАҚ ТЕЛЕДИДАРЫ. КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ КЕШЕ Былтыр Қазақ теледидарына елу жыл толды. Бұл бір арнаның мерейтойы емес, бүкіл ел телевизиясының жартығасырлық тарихы. Өйткені 1958 жылдан 90 жылдардың басына дейін елімізде бір ғана мемлекеттік арна Қазақ Телевизиясы жұмыс істеді. Одан кейін Қазақстанда бірнеше жекеменшік жəне тəуелсіз телеарналар дүниеге келді. Бұл арналардың барлығына Қазақ телевизиясында еңбек еткен мамандар тартылды. Соңғы 18 жылда тəуелсіз Қазақстанның теледидары өзіндік даму жолына түсті. «Елу жылда ел жаңа» демекші, осы уақыт аралығында бұл сала түрлі белестерден өтті. Бұрынғы Қазақ телевизиясы біріншіден, сол кездегі кеңестік республиканың ең басты саяси үгіт насихат құралы болды. Екіншіден, осы елде тұратын барлық халықтардың жəне негізгі тұрғылықты қазақ халқының мəдениетін, тарихын, өнерін кең танытуға зор үлес қосты. Бұл жаңа сала болғандықтан орыс жəне қазақ тіліндегі телехабарлардың сапасы біртіндеп өсті. Негізінен Қазақ телевизиясының өркендеп дамыған кезеңі 70 жылдардың ортасымен 80 жылдардың аяғына дейінгі аралық болды. Осы кезеңде халық үзбей көретін «Алтыбақан», «Қымызхана», «Тамаша», «Айтыс», «Терме» сияқты хабарлар дүниеге келді. Сұлтан Оразалиннің «Сұхбат», Ілия Жақановтың айтулы қазақ сазгерлері мен күйшілерінің шығармашылығына арналған «Інжу-маржан», Ақселеу Сейдімбек пен Жəнібек Кəрменовтың Абай жəне халық композиторларының əндеріне арналған «Асыл мұра», Қынабек Аралбаевтың айтулы спортшылар туралы «Кездесу», Сағат Əшімбаевтың «Қарыз бен парыз», Нұртілеу Иманғалиұлының «Көкпар» хабарлары көрермен көңілінен шықты. Бұл хабарлар қазіргі авторлық телебағдарламалардың алғашқы сəтті нұсқалары еді. Бұдан кейін «Таңшолпан»,

«Тұлға», «Əнші балапан» Бейбіт Құсанбектің «Өмір өзен», Ұлбосын Айтөленнің «Желтоқсан пен тəуелсіздік», «Еске алу» деректі фильмдері, Мұрат Ерғалиевтің «Азия дауысы» хабарлары ел назарына ілікті. Олармен бірге «Шарайна» ақпараттық бағдарламасындағы Өмірсерік Жұман, Майра Əбдірахманова, Сағындық Нұрекеев, Абдолла Сүлеймен, Ерлан Бекхожин, Ерлан Қожабергенов сынды белгілі журналистер өзіндік шеберліктерімен дараланды. Олардың елбасының алғашқы шетелдік іс-сапарлары туралы жасаған репортаждары сапалы шықты. 90 жылдардан бастап, елімізде «Тотем», «КТК», «Хабар», «31», «Таң», «Рахат» сияқты жаңа тəуелсіз телеарналар пайда болды. Нарық заманының келуіне байланысты мəселен, «31», «КТК», «Таң» арналарында жарнамалық жəне сауда-саттық хабарландырулары көрерменге көп ұсынылатын. «КТК» дағы тағы бір халықтың ең сүйікті хабары құттықтаулар болатын. Бірақ бəсеке біртіндеп дамып, жаңа форматтағы хабарлар эфирге шықты. Əсіресе, барлық арналар жаңалықтар топтамасын жаңаша тəсілмен шығаруды қолға алды. Сол уақытта жаңадан құрылған «Хабар» арнасының жаңалықтар қызметі көшбасшы болғанын көрермен мойындады. Ондағы қазақ жəне орыс тіліндегі жаңалықтар сапалық жағынан бірдей деңгейде болды. Ал басқа арналардың кейбірінде орыс, кейбірінде қазақша жаңалықтардың сапасы кемшін түсіп жататын. 90-шы жылдардың ортасында еліміз бойынша əр өңірде, əрі кейбір шетелдерде тілшілік қосындары бар, техникалық мүмкіндіктері кеңейген «Хабар» арнасы ғана еді. Алайда, араға уақыт салып, «31» арнасында орысша жаңалықтар «Информ бюро», «КТК» да «Неделя» сараптамалық хабары үздіктердің қатарына қосылды. Осы кезеңде барлық арналар жаңалықтар қызметінің сапасын жақсартуға мəн бергендіктен, публицистикалық, танымдық, тағылымдық бағдарламаларды жақсартуға телекомпаниялар əлі дайын болмады. Мұндай үлкен бағдарламалардың даму кезеңі жаңа ғасырдың басына дөп келді. 90-шы жылдар басында тоқырауға ұшыраған «Қазақстан» телеарнасы он жылдан кейін ғана қайта есін жиып, аяғынан тұрды. «Күлтөбе», «Бар мен жоқ», «Ақжүніс», «Шынның жүзі», «Əн мен əнші» хабар-

лары көрермен көзайымына айналды. Басқа арналардағы сапалы қазақша хабарлардың да қатары көбейе түсті. Мəселен, «31» ші арнада «Еркін сөз», «Дода», «Тұжырым», «КТК» да «Шарайна», «Елжұрт» хабарлары сəтті шықты. Тоқсаныншы жылдардың соңында ашылған «Хабар2» арнасы да қазақ тіліндегі хабарлардың сапалық жағынан өсуіне ықпал етті. Осы арнаның «Таразы», «Мың бір мақал», «Ой көкпар» хабарлары халық ықыласына бөленді. Бірақ өкінішке қарай, «Хабар екінің» ғұмыры ұзақ болмай, тез жабылып қалды. 90 жылдардың ортасында Хабардың «77 күн» əзіл сықақ бағдарламасы мен «Жеті күн» сараптамалық бағдарламасы биіктен көрінді. Екі мыңыншы жылдардың басында да елімізде жаңа телеарналар дүниеге келді. Алматыда «НТК», «ОРТ Евразия», «Оңтүстік Астана», «Хит Тв», ал жаңа елордамызда «Астана», «Эра» каналдары хабар тарата бастады. Бұл арналардың ішінен өз ерекшелігі бар хабарларды «ОРТ Евразия» мен «Астана» жасай алды. Осы екі ұжымның шығармашылық ізденістерін көрермен жылы қабылдады. Мəселен, «ОРТ Евразия» ел арасынан талантты əнші жастарды іріктеп алып, «Супер стар» арқылы жұлдызға айналдырды. Тағы бір қызықты жоба «Еуропаны бағындыру» жобасы болды. Арнайы шоу жасап, осы арна отандық телевизия саласына АҚШ, Еуропа телевизиясы хабарларының бір нұсқасын əкелді. Бұл батыста дəлелденген көрерменді тартудың бір жолы бізде де сəтті жүзеге асты. Ал «Астана» арнасы елорда өмірін кең таныстыруға өзіндік үлес қосып, бірден еліміздегі қалалық арнаның ең үздігі атанды. Бұл арнадан орысша жəне қазақша барлық елорда жаңалықтарын көре алатын деңгейге жеттік. Бірақ телеарна 2005 жылы дұрыс келе жатқан жолынан жаңылып, қазақша хабарлардың санын қысқартты. Мемлекеттік тілде шығатын жаңалықтарды көрерменге қолайсыз уақыттарға ауыстырды. Бірақ, осы жаңадан ашылған арналардың барлығынан тұщымды елді елең еткізген қазақша хабарлар жасалған жоқ. Жеңіл-желпі сапасы ортанқол хабарлар болды, алайда олар құр эфирді толтырды, көрерменнің есінде қалған жоқ. Бұл телекомпаниялардың ең басты кемшілігі ресейлік арналарды ретрансляциялауы бол-

ды. Толыққанды өз өнімдері болмаған соң, Ресейдің дайын өнімдерін көшіріп беруді əдетке айналдырды. Одан олардың көбі əлі күнге дейін арыла алмай келеді. БҮГІН Бүгінгі еліміздегі телевизияның даму үрдісіне тоқталып, əр телеарнаның бағдарламалық хабарларының жетістіктері мен кемшін тұстарын саралап көрсек. «Хабарда» бұл күндері «Таразы», «Арнайы репортаж», «Біз айтсақ» бағдарламалары сəтті шығуда. Олардан əрдайым ізденіс көрініп тұрады. Халық назар аударатын тақырыптар таңдалады. Журналистер тақырыпты жан-жақты талдап, саралайды. Бұған қоса операторлық жəне режиссерлық жұмыстар да жетістіктер бар. Бағдарламаның сəтті шығуы оператор мен режиссердың фантазиясына да, шеберлігіне де байланысты. «Хабар» мамандары əлемдік телевизиядағы жылт еткен жаңа үрдістерді тез қабылдайды. Бұл жетістік. Телеарна өткен жылы наурызда мерекелік мюзикл түсіріп, көрермендерін қуантты. Əзіл-қалжың, əнби, əдемі декарация, сценарийде жақсы жазылған. Биыл наурыз мейрамы кезінде батыр ана мен махаббат тақырыптарына арналған сазды фильмдер көрсетті. Дегенмен өткен маусымда «Хабарда» ортанқол құр уақыт толтыратын хабарлардың да эфирге шыққандығын жасыруға болмайды. «Ақшаң болса», «Бизнес, қаржылар», «Талап пен тəртіп», «Қазақстанда жасалған», «Хабар жер», «Экономика тынысы» сияқты хабарларда бірсарындылық басым. Оларды көрермен тағатсыздана күтеді деп еш айта алмайсың. Тіпті «Таң қалмаңыз», «Кеш қалмаңыздардың» өзін де жаңа жобалар мен ауыстыратын кез келген сияқты. Жаңадан пайда болған «Дударайдың» аяқ алысы жаман емес. «Хабарда» ұлттық құндылықтар, мəдениет, əдебиет, тарих, яғни руханият мəселелеріне арналған бағдарламалар жоқ. Бүлдіршіндерге арналған хабарларда аз. Өткен жылы «Хабар» арнасы Қытайдағы олимпиада ойындарын, биыл бокстан əлем чемпионатын тікелей көрсету арқылы жанкүйерлер ықыласына бөленді.

«Қазақстан» арнасындағы үздік хабарлар «Көкпар», «Сен сұлу», «Сегіз қырлы», «Арнайы репортаждар бөлімі ұсынады», «Қолтаңба» бағдарламалары. «Дарабоз» реалити шоуы да жаңаша ізденістің жемісі болды. Бұл ресейлік немесе батыстық шоуларды тура қайталау емес, өз ұлттық ерекшеліктерімізге бейімделіп жасалған бағдарлама, мұндай тың хабарларды жасауды əр арна қолға алуы қажет. Бұған дейін «Қазақстан» жыр термелер мен дəстүрлі əн-күйді орындайтын жас өнерпаздар арасында байқау ұйымдастырған еді. Ол жоба да сəтті болды. Өткен маусымда бұл арнада да «Жаңа Қазақстан», «Бизнес ақпарат», «Капитал əліппесі», «Серпін» сияқты аттарының өзі айтып тұрғандай жалпылама хабарлар болды, олардың кейбірі əлі де бар. Сапасы да анау айтқандай емес, жарнама үшін дайындалатын хабарлар болғандықтан, құрғақ дəйектерді тізбелеуден əрі аса алмайды. «Қазақстандағы», «Аламан айтыс» хабарында да осы өнердің табиғи болмысы ашылмады. Əрине, декорация, студияны көркемдеу жағынан ізденіс өте жақсы. «Айтысты» қазіргі заманға лайық шоуға айналдыру мақсаты да орынды. Бірақ оған шығатын ақындар суырып салып айту жағынан кемшін түсіп жатты. Ондағы «жеңімпаздардың» көбі жаттанды өлеңінің арқасында ұтып жүрді. «Ұлттық арнаның» өткен маусымдардағы жұртшылыққа ұсынған «Сұлтан Бейбарыс» туралы көпсериялы көркем фильмі тамаша тарту болды. Аудармасы да ел көңілінен шықты. Бұдан кейін «Шыңғыс хан» сериалы да көрермен қатарын көбейте алды. Мұндай өз тарихымызға қатысты сериалдарды іздеп тауып, халыққа ұсыну абыройлы іс болды. Қазір қазақ халқының ұлы тұлғалары туралы деректі фильмдер де көрсетіліп жүр. Əсіресе, Алашорда қайраткерлері туралы фильмдер жоғары бағаға лайық. Бұл ұлттық тарихты түгендеуге бағытталған жобалардың тағылымдық əрі танымдық маңызы ерекше. Бұған қоса «Қазақстан» арнасы өздері түсіруге атсалысқан «Жетімдер» жəне «Ағайынды» деген екі көркем фильмді сəтті шығарды. Алғашқы фильмде бүгінгі өзіміз өмір сүріп отырған қоғамның ащы шындығы көрсетіліп, көрерменге ой тастайды. «Ағайынды» да, қарапайым қазақ отбасындағы тіршілік

арқылы қазіргі заманның түйіткілдері шынайы жеткізілген. Екі фильмге түскен əртістердің шеберліктері, режиссерлердің замана тамырын дөп басуы ізденістің жемісі. Басқа телекомпаниялар да осындай сапалы өз өнімдерін шығаруға ұмтылулары керек. Жалпы «Хабар» мен «Қазақстан» мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылып отырғандықтан өз еліміздің кино, деректі фильм саласын дамытуға да үлес қоса алуы қажет. Бұл тұрғыда олар отандық режиссерлердің жаңа фильмдерін жəне Аттила, Томирис, Бейбарыс, Шыңғыс хан, Əбу Насыр Əл Фараби сияқты аты əлемге танылған бабаларымыздың Еуропа, Араб елдері, түркі тілдес мемлекеттері түсірген көркем жəне деректі фильмдерін алып, көрсетуді дəстүрге айналдырса жөн болар еді. Өздері де тарихи фильмдерді түсіруге ұмтылып көрулері керек. Айрықша атап өтетін жағдай, осы екі арна да мемлекеттік мереке күндері жаңа арнайы бағдарламалар ұсынып келеді. Екі ұжымның ізденістері оң бағалауға тұрарлық. Өкінішке қарай, мұндай күндері басқа арналар хабарлары солғындау шығып жатады. «31» арнасында Ресейдің «СТС»-імен қосылғалы бері онсызда аз қазақша хабарлардың саны тіптен қысқарып, эфирге шығатын уақыты да қолайсыздау болып қалды. Мысалға, өткен маусымда өз көрермені бар, қоғамдағы өзекті мəселелер өткір талқыланатын «Кім» бағдарламасы жабылды. Қазақша жаңалықтар кешкі бес жарымға ауыстырылды. Бұл ешкім телевизор көрмейтін уақыт. «Замандастар», «Ай керім» бағдарламаларының тағдыры да дəл сондай. Ал «Арнадағы əуендер» түнгі үштен таң атқанға дейін эфирге шықты. Осылайша, бұл арна қазақ тілді көрерменін шеттетіп алды. Керісінше, «СТС»-тың орыс тіліндегі көшірме хабарлары мен сериалдары қаптап кетті. Олардың бəрі праймтаймда көрсетілді. Бұрын мемлекеттік тілге қатысты елу де елу пайызды сақтауға тырысатын бұл арна өз жолынан ауытқып кетті. Бұл арнадан өткен маусымда қазақша «Жұлдызбен жүздесу» хабарынан басқа жібі түзу бағдарлама көре алмадық. Ресей тарихы, мəдениеті, ғылымына арналған танымдық хабарлар көп берілді, ал өзіміздің рухани қазыналарымыз жайлы бір хабар

ұсынылмады. Тіпті елдегі саяси-экономикалық, əлеуметтік мəселелер мен жаңалықтарды саралайтын хабарларды да таба алмайтын болдық. Олардағы тілге қатысты оң іс деп тек Уолт Дисней мультфильмдерін аударғандарын ғана айта аламыз. «31» кейінгі кезде таза ресейлік арна болып бара жатыр. Биылғы маусымды олар жаңаша серпінмен бастауға тырысуда. Жаңа қазақша бағдарламалар пайда бола бастады. Əзірге ол хабарлар жөнінде пікір айтуға ертерек. Көрермен өз бағасын бере жатар. «КТК» арнасында да өткен маусым да қазақша хабарлардың жағдайы мəз болмады. Бар жоғы төрт бес бағдарламаның ішінен «Алаң жұрт» пен «Қызық радиосын» ғана іліп алуға болады. Олардың басқа арналардағы хабарлардан өзіндік ерекшелігі бар. «КТК» да телебағдарламалар кестесі бойынша күніне «Күндерек» жаңалықтар топтамасын қоспағанда тек бір ғана қазақша хабар эфирге шығып отырды. Есесіне қаптаған аударма телесериалдар жетіп артылды. Бұл сериалдар тек елу де елу пайыздық талапты жасанды орындау үшін көрсетілген сияқты. Ал орыс тіліндегі «ПОРТРЕТ НЕДЕЛИ», «Анализ плюс» сияқты сараптамалық хабарлар «КТК»-ның абыройын жауып шықты. Көрермен асыға күтетін бұл хабарлар атқарушы билікке қарапайым халықты алаңдататын өзекті мəселелерді нақты дəйектермен жеткізе алды. Жаңа маусымда КТК-да жаңа қазақша хабарлар қатарын көбейтуге ұмтылуда. Тың ізденістер байқалады. Бұны тек жақсылықтың нышаны деп бағалайық. «Астана» арнасында соңғы бір жыл да дүйсенбімен жұмаға дейін қазақ тілінде тек «Түйін сөз» бен «Осы сағатта» жəне таңертеңгілік ақпараттық хабарларды, жақында ғана эфирге шыққан «Бас тақырып» бағдарламасынан басқа ештеме көре алмадық. Тек демалыс күндері «Спорт апталығы», «Езу тартар» сияқты хабарлар қосылады. Бұлардың берілетін уақыттары да көп теледидар қарайтын мезгілге қойылмаған. Осылайша бұл арна да қазақ тіліндегі хабарлар жасауға керемет құлық танытпады. Құрылымдық өзгерістерге байланысты «Астана» енді «Нұр медиа» холдингінің қарамағына кірді. «Нұр Отан»

партиясына тікелей қатысы бар бұл холдинг ата заңымызбен айқындалған мемлекеттік тілдің арнадағы аясын кеңейтуге ықпал етеді деген үмітіміз жоқ емес. «ОРТ Евразияның» жаңалығы қазақша КВН беріліп отырды. Əрине жастардың тапқыр əзіл-сықақтары мен қалжыңдары бар. Кейде тым қарабайыр да кетіп жатады. Ең бастысы қазақша КВН-нің деңгейін өсіруге мүмкіндік туып отыр. Бұл командаларды жаңа ізденістерге жетелеуі тиіс. Бұрын өнер сарайларында өткен ойындар енді тек сахнаға ғана емес, телевизияға ыңғайланып ұйымдастырылуы шарт. Əзілді телевизия мүмкіндіктері арқылы өткірлей түсуге, сахнаны жарық жəне декорациямен безендіруге, музыкалық дыбыстық сапаны түзеуге, түсірілім кезінде білікті режиссерлық жəне операторлық қойылым жасауға, монтаждың техникалық талаптарын сақтауға бірінші кезекте мəн берілуі тиіс. Əзірге қазақша КВН -нің эфирге беріліп жатқан сандары бұл талаптарға сай келе бермейді. Ұйымдастырушылар алысқа бармай ақ Ресейдегі КВН ойындарынан үлгі алса жетіп жатыр. Монтаж, дыбыстық, түсірілімдік, сахнаны безендіру жағынан қазақша КВН əлі тек той түсіріп монтаждайтын шағын жеке студиялардың деңгейінде ғана. Алдағы уақытта КВН-ды ұйымдастырушылар бағдарламаның теленұсқасын дайындау кезінде режиссерлық жағынан кететін кемшіліктерді түзеуге кірісулері керек. Кейде тіпті қарапайым монтаждың ережелері өрескел бұзылып жатады. Бағдарлама барысындағы дыбыс пен саздың берілу сапасы да төмен деңгейде екені байқалып тұрады. Бір атап өтер жайт, кейбір КВН-ға қатысатын тəжірибелі командалардың қойылымдары отбасындағы тұрмыстық көріністерден аса алмай жүрген қаптаған əзіл-сықақ театрларының қойылымдарынан көп жағдайда асып түседі. КВН-нан басқа бұл арнада қырық жыл бұрынғы «Айтыс», «Мың бір мақал», «Деген екен», «Қазақтар» хабарлары жөнсіз қайталанып жатады. «Таң» арнасында қазақша хабарлардың саны кейінгі кездері өсіп келеді. Мұнда соңғы кездері отандық кинотуындыларды үзбей көрсетіп отыру үрдісі қалыптасты. Бұл арнаның басты оң ерекшеліктері осы болып тұр.

Бұрынғы «Рахат», қазіргі «СТВ» арнасында қазақша хабарлар тек сұхбат түрінде ғана өрбиді, телевизияның жаңа үрдістерін меңгеруге ұмтылыс жоқ. Студия ішінде ұзақ сонар əңгіме айту, көрерменге онша қызық емес. Сұрақ жауап кезінде, қонақтар сағызша созып отырып алады. Шоу хабарлар мүлдем жоқ. Бұл арнада бастысы қазақша хабар жасауға ұмтылыс ынта, ниет бар. Алайда саннан гөрі сапа жақсы болса дейміз. Тағы бір сорақысы бұл арнадан таңертеңгілік уақытта елімізде жаңадан пайда болған бір діни ағымның уағыздары мен шараларын ашық жарнамалайтын орысша хабар эфирге шығып жатыр. Соңғы кездері бір көріпкел балгер отырып алып, көрермендерге бал ашатынды шығарды. Ол хабарласқан адамның аты-жөнінен ұлтын аңғарып отырса да, түк білмегенсіп шіркеуге кіріп шығыңыз деп кеңес беретінін қайтерсіз. «НТК» дағы қазақша хабарлардың аты «Ревю», «Juke Boxs», «Қайырлы таң». Аттарының өзі заты қандай екенін көрсетіп тұр. Қалғандары орысша хабарлардың аударма түрі. Осы арна өткен маусымда күнде ресейлік «Дом-2» бағдарламасын екі сағаттан көрсетіп отырды. Ешқандай мағына жоқ ресейлік осы хабарды көрсеткенше, «НТК» продюсерлері неге өздері ізденбейтініне қайран қаласың. Бұл арна талғамы биік қазақ тілді аудиторияға лайықты бір сапалы хабар ұсына алмай отыр. Ресей арналарынан көшірме хабарларды көп көрсететін «ЭРА», кейіннен «7» арнасы мен біріккелі өз өнімдерін жасауға енді ғана мəн бере бастады. Жаңадан пайда болған «Нысана» хабарында журналистік, режиссерлық, операторлық жағынан ізденістер бар. Монтаждау əдістері де түзеле бастады. Бірақ бір арнаға бір-екі ғана хабар аздық ететіні сөзсіз. Міне, біздегі еліміздің көп өңірлеріне тарайтын басты телеарналардағы қазақша хабарлардың бүгінгі жағдайы осындай. Мемлекеттік мəртебені алғанына жиырма жылдай болған қазақ тілінде қазір эфирге шығатын көрермені бар сапалы хабарлар еліміз арналарының бəрін қоса есептегенде жиырмаға да жетпей тұр. Қорытындыны өзіңіз жасай беріңіз.

ЕРТЕҢ Мақаламның бұл бөлігінде телевизия саласында жүрген əріптестеріме ой тастау мақсатында бірнеше ұсыныс пікірлерімді алға тартып көрмекпін. Бұл қазақша хабарлар мен бағдарламалардың əр арнадағы ауқымын жəне сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар. Жоғарыда көзге ұрып тұрған кемшіліктер жөнінде жазғаным, бір арнаны мұқату не мінеу мақсатында емес, осы саланың қайнаған ортасында жүргендіктен қазақша бағдарламаларымыздың абырой беделі биік болса екен деген жанашырлық ниет қана. Патша көңілді көрермендеріміздің қатарын сиретіп алмас үшін əріптестерімді қамшылау. Ең алдымен қазақ көрермендері үшін басыбайлы тек қазақ тілінде ғана хабар тарататын телеарна керек. Бұл қажеттіліктен туындап отырған өзекті мəселе. Біріншіден, ол өз ұлттық құндылықтарымызды, өнерімізді, мəдениетімізді, тарихымызды, салт-дəстүрімізді жəне бастысы мемлекеттік тіліміздің еліміз əлемдік жаһандану үрдісіне біртіндеп еніп бара жатқан тұста жұтылып кетуіне жол бермеу үшін керек. Екіншіден, мемлекетіміздің негізгі тарихи діңгегі қазақ халқының мүддесін қорғау үшін керек. Үшіншіден, қазақ тіліндегі ақпараттар мен бағдарламалар ауқымын көбейту үшін, бəсекелестікті арттыру үшін, сапаны көтеру үшін жəне ақпараттық қауіпсіздік үшін қажет. Төртіншіден, өскелең ұрпақты ұлттық рухта тəрбиелеу үшін керек. Соңғы жылдары елімізде қазақ мектептерінің саны еселеп өсті. Сонда оқитын балаларға танымдық, тағылымдық хабарлар жасау арқылы ұлттық қасиеттеріміздің нəрін себуге болады. Бесіншіден, конституциямыздағы жəне мемлекеттік тіл туралы заңдағы талаптарды нақты орындау үшін қажет. Үкімет қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін бюджеттен қомақты қаржы бөлді. Осындай қаржының негізгі бөлігі жаңа қазақша телеарна жасауға бөлінуі тиіс. Көрші Қытай елі өздерінде бар жүздеген ұлттардың тіліне мəдениетіне құрмет көрсете алып отыр. Осы елде таза қазақ тілінде хабар тарататын екі телеарна бар. Ал қазақтардың тарихи отаны тəуелсіз елімізде бір қазақ тілді арнаның болмауы намысқа тиетін ұятты жағдай.

Екінші бір өзекті де өткір мəселе телеарналардан елімізде алпыс жеті пайыздан асқан қазақ тілді көрерменмен санасуды талап ету. Түнде қазақша концерттер беру, қазақша жаңалықтар мен бағдарламаларды ешкім көрмейтін уақытқа қою, қаптаған сапасы жоқ аударма сериалдармен эфирді толтыру бұл қазақ тілді көрерменмен санаспау емей немене. Арналар мемлекеттік тілді дамыту үшін бөлінген бюджет қаржысын ала отырып, осындай сорақылыққа баруда. Енді бұл бойкүйездікті тоқтатын уақыт жетті. Барлық телекомпаниялар қазақша хабарларды көбейтуді жасанды түрде емес, шынайы түрде қолға алуы тиіс. Яғни, сапалы хабарлар жасауға бет бұруы қажет. Бұл тұста мемлекеттік тілді дамытуға байланысты құрылған үкіметтік комиссия немесе елбасы жанындағы БАҚ мəселелері жөніндегі кеңестің жəне адам құқықтары жөніндегі кеңестің жанынан ба, ұлт зиялыларының мүшелігімен арнайы қоғамдық комиссия құруды қолға алған жөн сияқты. Осы комиссия əр тоқсан сайын арналардан шыққан қазақша хабарлардың ауқымын, сапасын қадағалап, қорытынды мəліметті арнайы басқосу өткізіп, жариялап отыруы шарт. Кемшілігі көп арналардың басшыларына қатаң талап қоюы керек. Егер олар бұл талаптарды орындамаса, комиссия бас прокуратураға ұсыныс жасап, мемлекеттік тіл туралы заң мен Конституция талаптарын аяққа басқандарды жауапкершілікке тартуы қажет. Осылайша, заң шеңберінде қазақ тілді көрерменнің мүддесін қорғауға белшешіп кіріспесе болмайды. Бұл іске қазақ тілі қоғамдары да белсене тартылғаны жөн. Үшінші назар аударатын мəселе, Ресей телеарналары хабарларының ретрансляциалануы. Оның көлемін азайту керек. Еліміздің телеарналары ресейлік дайын өнімдерді көрерменге ұсына салуды қалыпты дəстүрге айналдырып алды. Соның салдарынан тіпті қазақстандық орыс тілді журналистердің өзі ел ішіндегі оқиғалар, тұрғындар туралы хабар жасауды ұмыта бастады. Ал Ресей арналарының хабарларында өзіндік ұлттық көзқарас, менталитет бар, өз мемлекетінің саясатын жанамалап болса да жеткізеді. Біздің көрермендер оның ішінде үлкен де, бала да бар үн түнсіз көріп, бірден болмаса да біртіндеп,

олардың жақсы жаман қасиеттерін қабылдап жатыр. Ресейлік арналардың нағыз саясат құралы екенін Грузиямен болған қақтығыс кезінде анық көз жеткіздік. Осы елдегі бірде бір телеарна Грузия осындай əрекетке неге барды екен деген сауалға жауап іздеп көрген жоқ. Барлығы президентін ақымақ, оны қолдаған халқын да сондай дəреже де деп мінеп жатты. Біз ресейлік арналардың ретрансляциясы арқылы сол ақпараттарды тікелей қабылдадық. Ал Грузияның уəжін тек еуропа елдерінің арналары бере алды. Оны барлық қазақстандықтар емес, тек кабелді арналары барлар ғана көре алды. Нəтижесінде көпшілік Қазақстан көрермені Ресеймен мүдделес болып шыға келді. Міне ақпараттық қауіпсіздікті сақтай алмасаң не болатынын осыдан-ақ түйсінуімізге болады. Төртінші қолға алатын маңызды мəселе, əр телеарна білікті мамандарды тарта отырып, отаншылдықты, имандылықты, ұлттық менталитетімізді, салт-дəстүріміз бен тарихымызды, мəдениетімізді, еліміздің басты байлығы бірлігіміз бен ынтымағымызды дəріптейтін көркем фильмдермен мултипликациялық фильмдерді түсіруді қолға алуы қажет. Бұл тəжірибе көрші Ресейде өз нəтижесін берді. Əзірге елімізде де алғашқы жобалар жүзеге аса бастады. Мəселен, «Қазақстан» «Жетімдер» фильмін, «Хабар» «Махаббат аялдамасы» фильмін көрермен назарына ұсынды. Бұған қоса ел көрермендері «Ханталапай», «Рэкетир» сияқты жеке студиялар түсірген сəтті фильмдерді де жылы қабылдап үлгерді. Енді осы игі бастамаларға мемлекеттік қолдау қажет. Мəдени мұра, мемлекеттік тілді дамыту бағдарламаларына бөлінетін қаржының бір бөлігін осындай фильмдер түсіруге ниет танытқан телеарналар мен телестудияларға байқау арқылы бөлсе, нақты нəтиже болатын еді. Бұл бір жағынан мемлекеттік идеологияны халыққа жеткізудің ең тиімді бұқаралық тəсілі. Бесіншіден, түрлі салалық телеарналар ашу жағына да мəн берілуі керек. Жастар, спорт, мəдениет, имандылық, білім, денсаулық, балаларға т. б. арналған жеке арналар болса, халықтың ұлттық рухани діңгегін бекіте түсуге оң əсер ететін еді. Бұл тұрғыда «Асыл арнаның» дүниеге келуі

қуанышты жағдай. Бүгінде бізде мұндай арналардың жоқ болуынан көрермендеріміз көбінесе Ресейдің салалық арналарын көп көреді. Ал басқа елдің өз мемлекеттік идеологиясы бар екендігін жоғарыда жаздық. Оны күнде көрген азаматымыздың бірден емес, біртіндеп отаншылдық рухы əлсірей бастайды. Мəселен, еліміздің солтүстік облыстары жаппай Ресей арналарын, оңтүстік облыстардың шеткі аудандары Өзбекстан арналарын, тамашалайтыны жасырын емес. Осы өңірлерде телеқабылдағыштардың əлсіздігінен бе, қазақстандық арналарды дұрыс көрсетпейді. Бұл бір ғана техникалық мəселенің кеселінен ел халқының бір бөлігі мемлекетте болып жатқан саяси, экономикалық, əлеуметтік, мəдени жəне спорт жаңалықтарынан мақұрым қалып жатыр деген сөз. Яғни ақпараттық қауіпсіздік бұзылып отыр. Жергілікті атқарушы билік пен байланыс мекемелері өңірлерде өз арналарымыздың таралым кеңістігін кеңейтуге айрықша мəн бергендері жөн. Алтыншыдан, қазақстандық арналар дүниежүзіндегі айтулы телекомпаниялармен жан-жақты ынтымақтастық орнатуға ұмтылулары тиіс. Сонда олардың жетістіктерінен үйреніп, көрермен үшін жаңа бағдарламалар, жаңа ізденістер туындайды. Қазір мəселен, реалити шоу, саяси, əлеуметтік, музыкалық, көңіл көтеретін əзіл-қалжыңы мол шоулардың айы оңынан туып тұр. Озық шетелдік арналардың осындай бағдарламаларын тəжірибе алмасу арқылы саралап, жалаң көшірмесін ғана жасамай, өзіміздің ұлттық болмысымызға сай етіп дайындауды басты назарда ұстауымыз қажет. Арналарымыз техникалық мүмкіндіктерін жаңартып отыруға да күш салуы тиіс. Жедел пайда болатын жаңа цифрлық технологияның жаңалықтарын, монтаж жасаумен əрлеудің жаңа мүмкіндіктерін қазақстандық телекомпаниялар да тез қабылдап, игеріп отыруы шарт. Əйтпесе, даму үрдісі кенжелейді. Жетіншіден, қанша жанамалап, жалпылап БАҚ десек те, елімізде орыс жəне қазақ тілді ақпарат құралдары жұмыс істеп жатыр. Мойындауымыз керек, орыс тіліндегі хабарлар мен газет-журналдардың көрермені мен оқырманы мемлекеттік

тілдегіге қарағанда бірнеше есе көп. Осы түйткілді мəселені реттеу үшін қазақ тілді ақпарат құралдары арнайы кеңесетін құрылым құрып, құрылтай өткізіп тұруы керек. Кезінде елімізде орыс тілді баспасөздің халықаралық құрылтайы өткені белгілі, қазақ тілді ақпарат құралдарының осындай жиынын өткізуді жедел қолға алған жөн. Оған дүниежүзіндегі қазақша хабар тарататын ақпарат құралдарын да тартып, тəжірибе алмасуға болады. Жақында осындай жиын өткізу жөніндегі ұсынысымды «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин мен мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының директоры Берік Əбдіғалиевтің қатысуымен болған журналистер кездесуінде жеткізген едім. Президенттік қор бұл ұсынысқа қолдау көрсетіп, оны өткізу жайын қолға ала бастады. Осы жиында өзекті ортақ мəселелерді бірлесіп ақылдасып анықтап, атқарушы билікке нақты заң шеңберінде ата заң мен тіл туралы заңдардың баптарын алға тарта отырып, ортақ орындалуы тиіс талапты қоюға болады. Сонда мемлекеттік тілдегі хабарлар мен бағдарламаларға қатысты мəселелердің де шеті бұзылатын еді. «Түркістан» газеті, 22 қазан, 2009 жыл МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯМЕН ДАМЫТУ ҚАЖЕТ Үкімет дəл қазір тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын бекітті. Оған сəйкес, он жылдан соң қазақ тілінде сөйлесу жастар арасында сəнге айналуы тиіс. Бүгінде Қазақстан халқының 60 пайызы ғана қазақ тілін біледі. Жаңа бағдарламада бұл көрсеткішті 2020 жылы 95 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Бағдарлама еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қазақ тілін үйретуге бағытталған 30 елдің тілдік саясатын зерделей отырып, жасалған құжат тіл меңгерудің алты деңгейлік жүйесі, яғни еуропалық тəжірибеге негізделген. Бағдарламаның бас-

ты ерекшелігі балабақшадан бастап, орта мектепте, ЖОО-да мемлекеттік тілді оқытудың үздіксіз жүйесі жасалды. Екінші басты мəселе, тек оқушылар, студенттермен ғана шектелмей барлық мемлекеттік қызметкерлерге сондай-ақ халықпен тікелей қоян-қолтық жұмыс істейтін барлық кəсіп иелеріне мемлекеттік тілді белгілі бір деңгейде білу мəселелері де талап ретінде көзделген. Бүгінде елде қазақ тілін оқытатын 101 орталық бар. Алайда, олардың бірқатарының жұмысы сын көтермейді. Бағдарламада ана тілімізде хабар тарататын бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тілді контентті ұлғайтуға айрықша назар аударылған. Басты бағдарламада межеленген міндеттер маңызды. Тек орындалуы мығым болса жарады. Өйткені үкіметтің тілге қатысты бекіткен 2001 – 2010 жылдарға арналған бұрынғы бағдарламасы мазақ дүние болып шыққаны жасырын емес. Үкімет өзі осындай бағдарлама қабылдайды, бірақ құжат айналымын қазақ тіліне көшірген өңірлерге орысша бұйрықтар жібереді жəне түсініктемелерді сол тілде талап етеді. Бұл күлкілі жағдай емес, аянышты жағдай, мемлекеттік тілді қорлау. Тағы бір назар аударатын жайт, еліміздегі билік тұтқаларының ішінде тек парламент пен үкіметте ғана қазақша сөйлеушілердің сөзін орысшаға аударатын арнайы жүйемен бөлім бар (Синхронды аударма). Ал мұндай жүйе министрліктерде əлі жоқ. Соның салдарынан қазақша сөйлегісі келетін адам өзінің сөзі түсініксіз болып қалады деп, орысша сөйлеуге тырысады. Ал синхронды аударма болса, қазақша сөйлей беретін еді. Осындай қазақша сөйлегендердің сөзін орысшаға, ағылшыншаға аудару жүйесі өкінішке қарай, жоғары деңгейдегі мемлекетаралық ресми кездесулерде де болмайды. Талай рет халықаралық деңгейдегі шараларда қазақша сұрақ қойғысы келетін журналистерге барлық кездесуге қатысушыларға жəне шетелдіктерге түсінікті болу үшін орысша сұрақ қойыңдар деген талаптар жасалғанына өз басым бірнеше рет куə болдым. Негізінде мұндай шетелдіктер қатысатын кездесуде біздің мемлекеттік тілімізді басқа жұртқа кең таныстырудың орнына осындай орынсыз қысастық та жасалып жүр. Мұндай жоғары деңгейдегі мемлекеттік мекеме-

лердің өзінде болатын жөнсіз əрекеттердің кеселінен қазақ тілінің беделі де көз алдымызда төмендетіліп жатыр. Өз тілімізді басқалардың алдында осылай тұқырта берсек, сонда оның ертеңгі күні не болмақ. Мемлекеттік тілді халықаралық кездесулерде негізгі тілге айналдыру мемлекеттік мүдде үшін ауадай қажет. Оны тəуелсіздік алған кезден бері орыс тілінің көлеңкесінде қалдырып келеміз, енді қазақ халқының еліміздегі саны алпыс пайыздан асқан кезде, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту ісіне батылдау кірісе бастауымыз керек. Əйтпесе, досқа құшағы ашық ақкөңіл қазақ халқының тілі жаһандану үрдісі үдеп келе жатқан тұста жұтылып кетуі ықтимал. Бұл тəуелсіз мемлекетіміз гүлденіп дами түскен кезде, озық елу елдің қатарына ұмтылған тұста орын алса, ертеңгі ұрпақ алдында ұятты іс болады. Кейде тіл мəселесі көтерілсе, бізде бəленбай қазақ мектебі ашылып жатыр деген дəйек айтылады. Бұл да жөнсіз ақталу, өйткені мемлекеттік тілге сұраныс жоқ болса, онда мектеп ашқанның пайдасы да шамалы болып қалады. Біз қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту үшін оны бірінші кезекте компьютерлік бағдарламаларға жедел енгізуіміз қажет. Қазір елімізде электронды үкімет жүйесі іске қосыла бастады. Қазақ тілін интернет жүйесінде еркін жүретін тілге айналдыру керек. Ол үшін барлық мемлекеттік мекемелердің, БАҚтың жəне міндетті түрде қазақша басылымдардың интернетте қазақша сайты болуы тиіс. Неғұрлым қазақша сайттар көп болса, тіл өрісі кеңейе бермек. Қазақ тілді оқырманда интернет арқылы кез келген тақырыпқа байланысты кең ақпарат алатын еді. Əйтпесе, бүгінде интернеттен қазақ тілінде тұщымды ақпарат ала алмай əуреге түсесің. Қазір еліміздегі ана тілімізде шығатын басылымдардың кейбірінің əлі күнге дейін сайттары жоқ. Тіл кенже қалмас үшін заман ағымына сай технологияларға ілесіп отыруы қажет. Мəселен, қазір барлық ауылдардың мектептері біртіндеп, интернетке қосылып жатыр, қазақша сайттар неғұрлым көп болса, ол əрбір қазақша ақпарат алғысы келетін оқушыға кең дерек көзі болатын еді. Бұған қоса бізде қазақ жазушыларының шығармалары жинақталатын ин-

тернет кітапханалар жоқтың қасы. Осыдан кейін қалайша қазақ тілді оқырманды жоғалтпаймыз. Жазушылар Одағы неге осы мəселені көтеріп, өздері арнайы сайт ашып, жаңа кітаптар мен зерттеулерді оқырман қауымға таныстырып, интернет арқылы пікірталастар ұйымдастырып отырмайды. Мұндай ұйымдар заман ағымына жедел ілесіп қаламгерлердің жаңа шығармаларын жариялаудың озық үлгілерін пайдалана білуі керек емес пе. Сонда жоқ деп жүрген сын жанрыда қайта тірілетін еді. Тағы бір өкінішті жағдай, ана тіліміз бен əдебиетімізді, тарихымызды, өнерімізді зерттейтін институттардың да интернет сайттары аз. Бұл ғылыми мекемелердің сайттары көп болса, жұртшылық ғылыми дəлелденген тұжырымды деректер мен дəйектермен сусындай алатын еді. Бізде қазақ тілі мəселелерімен айналысатын қоғамдардың да сайттары аз. Бұл үлкен кемшілік. Бұрындары білім іздеген жастар кітапханаларға көп баратын, қазір болса, оның орнын біртіндеп интернет басты. Сондықтан, қазақ тілі интернет арқылы кең қолданысқа енсе, оған деген қажеттілік те арта түсетін еді. Интернетте шекара жоқ болғандықтан, шетте жүрген бауырларымызда тіліміздің нəрімен сусындар еді. Алдағы уақытта интернет қызметтің тарифтері де төмендейтін болады. Елімізде оның кең дамуына жағдай жасалып отыр. Үкімет барлық мектептерді интернеттендірудің жоспарын жүзеге асыра бастады. Міне, мемлекет жасап отырған осы мүмкіндікті қазақ тілге қатысы бар барлық қоғамдар мен ұйымдар тиімді пайдалана алуы керек. Əйтпесе, олар тек жұрттың бəрі білетін қазақ тілінің мүшкіл халін айтып, жауыр қылатын құр ауызбен орақ оратын конференцияларды ұйымдастырудан əрі аса алмай жүр. Бұл конференциялардың шешімдеріне назар аударып жатқан ешкімде жоқ. Оны өткізуге бөлінетін мемлекет қаржысына келімді кетімді қонақтарды күтіп, құр аяқ босатып ақша шашқанша, одан да əр қазақ тілді басылымның сайтын ашып берген əлдеқайда тиімді емес пе. Қазақ тілін саясат құралына айналдырып алғандар да бар. Оларға айтарымыз құр айқайдан гөрі нақты іске көшу керек. Мұндай қоғамдар қазақ тіліне қатысты заңдардың орындалмай отырғанын көтеріп, прокуратураның шара қолдануын заңды

түрде талап етуі қажет. Қазақ тілін үйретуге арналған барлық əдістемелік құралдарға талдау жасап, ең үздігін насихаттауға көмек берулері керек. Əр мекемедегі тілді үйрету үйірмелерінің қызмет сапасын тексерулері тиіс. Ұстаздардың білім сапасын жетілдіруге ықпал ету қажет. Бізде тіл фестивалдері құр əр мекеменің бөлген ақшасын жұмсау үшін өткізілетін сияқты. Оған көбінесе, нағыз тіл үйренгендерден гөрі, бала кезінен қазақ ортасында өскен біздің тілді еркін меңгерген басқа ұлттардың өкілдері қатыстырылып жатады. Бұл сонда өз өзімізді алдау емес пе. Елбасы қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мəселелерін əр руханият мəселелері қаралған алқалы жиында көтеріп келеді. Оның алдында Қазақстан халқы ассамблеясының мəжілісінде жүктеген президент тапсырмасымен үкімет мемлекеттік тілді дамыту мəселелеріне арналған комиссия құрды. Осы комиссия қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтудің жолдарын айқындауы тиіс. Мəдениет министрлігі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған жаңа бағдарламада белгіленген мақсат-міндеттердің нақты орындалуын мемлекеттік билік деңгейінде қадағалау тетіктерін жіті ойластыруы керек. Біз өткеннен сабақ алуымыз қажет. Бұдан бұрын мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама мен қаулы құжаттардың бірде-бірі толыққанды орындалған жоқ. Нəтижесінде мемлекеттік тілдің беделі өсудің орнына түсе бастады. Енді мемлекет осы қателікті түзеу жолдарын табуы тиіс. Үкімет жіберілген кемшіліктерді саралап, ана тіліміздің беделін көтеруге бағытталған шараларды жүйелі қолға алуы қажет. Мəселен, үкіметтің электронды ақпарат құралдарына қойған орыс жəне қазақ тілді хабарлардың берілу көлемі тең, яғни елу де елу болсын деген заңды талабы əлі орындалып отырған жоқ. Көптеген телеарналар бұл талапты орындаған болып, түнгі уақытқа қазақша концерттер қоятын еді, енді орысша сериалдардың сапасыз аудармаларымен эфирді толтыратын жаман əдет тапты. Ал «31», «Астана», «7-ші арна», «Орт-Қазақстан», «НТК», сияқты арналарда қазақша хабарлардың саны əлі аз. Осы мəселені реттеу үшін мəдениет жəне ақпарат министрлігі аталмыш компанияларға

мемлекеттік тілге қатысты заңдарды алға тарта отырып, қатаң талап қоя алуы керек. Қазақ мемлекеттік заң академиясының ректоры, əрі «Əділет» партиясының төрағасы Мақсұт Нəрікбаев жəне айтулы ғалым, ұлт қайраткері Амангелді Айталы бастаған зиялы қауым «Мемлекеттік тіл туралы» жаңа заң жобасын дайындағаны белгілі. Бұл жобаны дайындауға барлық қазақ тілінің тағдырына алаңдаушылық танытып жүрген қоғамдық ұйымдар мен басқа да құрылымдар өкілдері қатысқан. Жаңа құжатта өміршең əрі уақыты жеткен батыл талаптар бар. Соның бірі мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін кез келген азаматты мемлекеттік тілді білуге міндеттеу талабы. Міне, осындай талаптарды бұлталақтатпай, тікесінен қоятын кез келді. Тарихқа қарап отырсақ, əлемде тек дəрменсіз ұлттардың ғана тілі жойылып жатыр. Бізде солардың қара тізіміне кірмеудің қамын намысы бар ұлт ретінде бірінші кезекте ойлауымыз керек. Тіл жойылса, сол тілде сөйлеген ұлттың мəдениеті, тарихы, салт-дəстүрі де біртіндеп жойылады. Яғни, сол ұлт дүбəрəға айналады. Біле білсек, өз тілін білмеу ұлтқа төнген үлкен қауіп. Сондықтан мемлекеттік тілді қорғау оның қолданыс аясын кеңейту басты ұлттық қауіпсіздік мəселесі. Қазақ тілі сонау жиырмасыншы ғасырдың басынан бері Алаштың Ахмет Байтұрсынов, Əлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев бастаған арыстары мен кеңес саясаты қысымына қарамастан қазақ мектебін ашуға атсалысқан Шона Смаханұлы, өз телехабарларында ана тілі тағдырына алаңдаушылық білдіріп өткір мəселе көтерген Сағат Əшімбаев тəрізді ардақтыларының қазаққа қазақ тілінде өшпес мұра тастап кеткен даналарымыздың, жеті атасының шежіресін жатқа білген əрқайсысымыздың ата бабаларымыздың қазіргі тəуелсіздік алған Қазақ елінде ту тігіп отырған бүгінгі ұрпақтарына қалдырып кеткен басты аманаты. Міне, осы аманат егемен еліміздегі əр қазақ азаматының көкейінде тұруы тиіс. Ата-бабасының рухын қасиет тұтатын əр отбасы өз ана тіліне өгейлік танытпауы керек.

ФИЛЬМДЕР ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРДЕН АЛШАҚТАМАУЫ КЕРЕК Қазақстан киногерлері тəуелсіздік алған жиырма жылдың ішінде бірқатар тарихи көркем фильмдер түсіріп, көрермен назарына ұсынды. Олардың ең танымалдарын санамалай кетсек, «Көшпенділер», «Біржан сал», «Мұстафа Шоқай» жəне жақында ғана көпшілікке жол тартқан «Жау жүрек мың бала». Бұл фильмдердің барлығы өмірде болған тұлғалар мен тарихи оқиғалар негізінде дүниеге келді. Əр туындының өз жетістігі де, кемшілігі де болды. Соңғы шыққан «Жау жүрек мың баланы» алсақ, отансүйгіштік рухты көтеретін негізгі желі бар. Қазақ пен қалмақ арасындағы тартыс, ержүрек жас жауынгерлер ерлігі, қазақ хандары мен би, батырларының күңіренісі, жастар арасындағы махаббат та көрініс тапқан. Əсіресе, соғыста ата -аналары қаза болған жетім балалардың жиынтық образын шығармашылық тапқырлық деп атауға болады. Олардың мінездері, сөздері, іс-əрекеттері орайласып тұр. Салт дəстүрдің де ерекшеліктері ескерілген. Ең бастысы кейіпкерлер арасындағы диалогтың бай қазақи тіл мен болмысқа сай жазылғаны ерекше атап өтетін жетістік. Əр эпизодтағы сөздер жүректі тебірентеді, ой салады, тереңнен сыр шертеді. Астармен сөйлейтін қазақтың керемет көркем тілі нақышымен қолданылған. Қазақша нұсқасы тамаша шынайы шыққаны соншалық, орыс тіліндегі аударма нұсқасында кейбір нақыл сөздер, ой толғамдар анық жəне қанық жеткізілмеген. Оны ана тілінің мəйегімен сусындаған көрермен сезіп отырады. Жас актерлар мен хас шебер əртістердің жасаған образдары да жоғары бағаға лайық. Қазақ өнерінің заңғар тұлғаларының ізін басқан Тілектес Мейрамов, Төлеубек Аралбай, Досхан Жолжақсыновтар өз ролдерін керемет сомдай білген. Жастар Асылхан Төлепов, Аян Өтепбергенов, Əлия Əнуарбек, Құралай Анарбекова, Нұрлан Əлімжановтардың өнері де халықтың көңілінен шықты. Кино əлеміне ілгерілі-кейінді аяқ басқан жас əртістердің алғашқы аяқ алыстары жаман емес. Сонымен бірге жоңғар ханы мен қолбасшыларын ойнаған əртістердің де шеберлігі байқалып тұрды. Шалт қимылдары мен көзқарастарының өзі көп жайтты аңғартты. «Көшпенділерде»

басты кейіпкерлерді сомдаған шетелдік айтулы əртістердің кейбірінен қазақылықтың исін де сезе алмаған едік. Əр ұлттың өз болмысбітімін өз өкілі керемет сомдай алатыны «Жау жүрек мың баладағы» қалмақ образдарынан да көрініп тұр емес пе ? Фильмнің шиеленісті сəттердегі ұрыс -қимылдарында түрлі трюктер мен элементтер де орынды жəне шебер қолданылған. Бұл əрекеттер сол замандағы жауынгерлердің соғысу тəсілдерімен астасып жатыр. Туындыны түсіру кезінде оған да мəн бермесе болмайды. Мəселен, «Көшпенділерде» трюктерді қолдану кезінде біздің батырларымыздың кунфу, ушу, каратэ сияқты өзімізге жаттау аяқпен тебетін тəсілдерді қолданған сəттері бір түрлі күлкі келтіргені жасырын емес. Ат үстінде отырып, найза, шоқпар, қылышпен ұрыс салатын қазақтар ол фильмде əрлі-берлі секеңдеп жүргені тым оғаш көрінген еді. Трюктерді түрлендіргеннің жөні осы екен деп, олай тым артық кету ұлттық болмысқа тіптен жат. Фильмде қазақтың кең байтақ жерінің сұлулығы да жақсы көрсетілген. Шарын шатқалы, Қапал Арасан, Таңбалы тас, Қапшағай маңындағы əдемі көріністер көз жауын алады. Əсіресе, бұған дейінгі фильмдерімізде тау бөктеріндегі сұлу табиғат көп көрсетілмейтін. Сол олқылықтың орыны толған сияқты. Маған бұл фильмде жоңғар əскері мен батырларының қаруы мен киімдері, сарайлары тым зорайтылып көрсетілгендей əсер қалдырды. Құдды бір Рим əскерінен артық болмаса, кем емес сияқты. Əрине, қазақ əскері осындай мұздай құрсанған жауды тас талқан етті дегенді жеткізу үшін қолданылған тəсіл шығар. Бірақ тым əсіреленіп кеткен. Бір жерінде жоңғарлар қазақтарға жабайылар деп қояды. Ал, керісінше қазақ сарбаздары жалбаңдаған жаман-жəутік киімдермен жүр. Əбілқайырдың киімін ғана, сұлтандікіне жақындатуға болады. Қалғандарыныкі тым жұпыны. Халықтың тұрмысы нашар болғанымен, хан-сұлтандардың, батырлардың бəрі төмен жағдайда өмір сүрген жоқ қой. Қабанбайды Қубасымен, Абылайды Ақбоз атымен, Бөгенбайды қаруларымен көрсетсек, тарихи болмыстарын аша түсетін едік. Жалпы «Жау жүрек мың

бала» мен «Көшпенділер» фильмдеріндегі ортақ кемшілік қазақтың сол замандағы айтулы тұлғаларының тарихи əділетті образын ашып көрсетпей, өздеріне керек тұлғаға ғана мəн беріп, бір жақты кетіп қалатыны. Мысалға, əйгілі «Троя» фильмінде біз бір ғана тұлға емес, бірнеше тамаша образдарды есімізге сақтап қалдық. Бір оқиға арқылы қаншама, елдің батырлары мен патшалары, тіпті қайраткерлері де тарихи шынайы өмірде болған ерліктеріне, əрекеттеріне сай бейнеленген. Біздің киногерлеріміз тəуелсіздік алған кезеңнен бері бірегей ұлы тарихи оқиғамыз Аңырақай шайқасын кең түрде, толыққанды шынайы көрінісімен көрсете алмай, тұлғалардың келбетін, ерлігін айқын сомдай алмай, негізгі желіден ауытқып, нағыз көрсететін халықтың рухын көтеретін тарихи деректермен романдарда нақты жазылған хандар мен батырлардың, əскерлердің өмірде болған ерлігін өз керегіне қарай бұрмалап, əрлі-берлі жұлмалап, ашық көрсетпей келе жатқандығы өкінішті жағдай. Мың жерден творчестволық шешім болса да, тарихи əділеттілік сақталуы тиіс. Бұл бүкіл бұған дейінгі өмір сүрген ата бабаларымызбен бүгінгі халық алдындағы зор жауапкершілікті тарихи фильмге барған əр режиссер, сценарий жазушы тереңнен түйсіне алуы басты талап. Ойдан қосылған образдар бəрі –бір шынайы қабылданбайды. Əр режиссердің шығармашылық шешім үшін керек болды деп, халықтың тарихын бұрмалауға ешқандай хақысы жоқ. Əріберіден соң моральдық хақысы жоқ. Сондықтан бұл екі фильмді біз қанща мақтасақта, тарихи оқиғаларды шынайы көрсеткен кинотуындылар деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Заманына қарай, саясатқа қарай, демеушісіне қарай түсірілген фильмдер десек қаталеспейміз. Нағыз Аңырақай шайқасы туралы фильм түсіру болашақ киногерлердің еншісінде сияқты. Қазіргі киногерлеріміз бұл тақырыпқа тек қана жақындай алды. Тереңнен үңіле алмай жатыр, мəнмағынасына, маңызына жан -тəнімен бойлай алмай жатыр. Келешек ұрпақ деп жатқаным сол, «Троя» тəрізді, тіпті одан асқан фильмді тəуелсіздікті шынайы сезінген нағыз егемен ел атанғаннан кейін дүниеге келген азат ұрпақ бəлкім түсіре алатын шығар. Қалай болғанда да, халқымыз үшін ең ұлы тарихи

оқиға Аңырақай шайқасын кең қамтып, түсіру əлі киносаласында жүрген мамандарымыздың терең ізденісін қажет етеді. Бұл фильмде сол ғасырдағы қазақ халқының тарихын жан -жақты зерделеуге болады, жекпе-жекке шығып жеңген Абылайдың ерлігі мен кейінгі билік басындағы сарабдал саясаткерлігі, халықты сөзбен тоқтата алған, ұйыта білген, рухын көтерген үш ұлы биіміз Төле, Қазыбек, Əйтекенің шешендігі, сарбаздарды ерлікке бастай білген, өздері де қайсарлық көрсеткен батырларымыз Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жəнібек, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Тама Есет, Шекті Тайлақ, садақшылар жасағын басқарған ошақты Саурықтардың ержүректігі, қалың қолды білікті басқара білген бас қолбасшы Əбілқайыр бастаған Əбілмəмбет, Сəмеке, Күшік, Жолбарыс сияқты хандар мен сұлтандардың жаужүрек бейнесі мен билікке таласқан пендешілігі, сапта болған орақ ауыз Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей жыраулардың образы түйсіне білген адамға анадайдан мен мұндалап тұр емес пе? Егер бір фильмге аздық етсе, екі сериялы етіп түсіруге болады. «Біржан сал» фильмі бірегей өнер тұлғасына арналған толағай туынды. Дала дүлдүлі өмірінің соңғы кезеңдеріне көп орын берілген. Тұлғаның трагедиясы, сол заман бай манаптарының озбырлығы, махаббат майданы да бар. Басты рольді сомдаған Досхан Жолжақсынов ағамыздың шеберлігінде сөз жоқ. Əр əрекеті терең екшеліп жасалған, өнер мен махаббат патшасының сан қырлы сезімін дөп жеткізе білген. Сценарийдегі сөздердің де қазақы бай тілмен өрілгені қуантады. Тағы бір ерекшелік, фильм арқылы халқымыздың салт-дəстүрімен молынан танысуға болады. Əсіресе, сал-серілерге деген халықтың артықша құрметін сезінесің. Олардың өнерін бағалау, табиғат берген талантына бас ию үрдісі жақсы көрсетілген. Бірақ кейбір сəттер де артықтау кетіп қалған тұстар да кездеседі. Мысалға, қазақ үйдің ішінде жатқан жартылай шешінген серілерді халықтың көзінше уқалап, бүгінгінің тілі мен массаж жасап жатқан қыздарды көрсететін эпизодттар бар. Қызға қырық үйден тыйым дейтін қазақ үшін мұндай əрекет тіптен жат саналған. Бұл жерде серілерге еркіндік береміз

деп тым асыра сілтеу орын алған. Сол қазақ үй ішіндегі көріністі эротикалық тұрғыда түсіреміз деп əдепсіздікке жол берілген. Əрине, режиссер қазақтың да эротикадан хабары бар екендігін байқатқысы келген шығар, бірақ оны тым əсірелемей жеткізуге де болатын еді. Екінші бір оғаштау көрінген жайт, басты кейіпкердің əн орындағандағы дауысы өзінің болмысына сəйкес келмей, өте жіңішке естілуі. Досхан ағамыздың өзі тəп-тəуір əн айтатыны белгілі, əндерді өзі орындағанда шынайылау шығатын еді. Бұрын баритондау дауыспен айтатын актерды тенорлау дауыспен естігенде жасандылығы бірден байқалып қалады екен. Жəне бұл Біржан салдың негізгі елді ауызына қаратқан басты өнері ғой. Соған айырықша салмақ беріп, Қайрат Байбосынов сынды оның əндерін нақышына келтіріп орындап жүрген əйгілі əншіміздің дауысын таңдағанда қабылдау басқаша болатын ба еді. Көрермен асыға күткен кинотуындының бірі Мұстафа Шоқай туралы фильм болды. Сатыбалды Нарымбетов өте тағдыры ауыр, қиын қыстау заманның ақтаңгер тұлғасы Мұстафа Шоқайдың бейнесін жасауға баруының өзі атап өтуге тұрарлық. Көркем фильм арқылы ұлт қайраткерінің өмірі мен қызметінің бізге белгісіз тұстары туралы, халқы үшін жасаған ерен еңбегі жөнінде біле алдық. Əсіресе, Мұстафа Шоқайдың Германия мен Франциядағы іс-əрекеттері жайлы жазылып жүрген оқиғаларға қатысты сан-сауалдарға жауап беріледі. Оның жұмбақ тұлғасының көптеген қыры ашылған. Бірақ фильмде Алаш Орда мен Түркістан үкіметіне қатысты кезеңнің мəні толық ашылмаған, тым күңгірттік бар. Алаш қайраткерлерінің образы əлі кинода да, əдебиетте де жасала қойған жоқ. Əзірге қалың көпшілік тек нақты тарихи, құжаттық деректермен, бұрын НКВД мұрағаттарында сақталған құжаттар мен танысып қана үлгерді. Алайда, сол заманның тұлғасы туралы фильм түсірген соң, алаш қайраткерлерінің бейнесін де аша кетуге мүмкіндік болып еді. Режиссер соны дұрыс ескермеген немесе ол тақырыпқа барудан қорқыңқыраған. Тым құрығанда бірнеше эпизодпен ақиқатты көрсете кеткенде, алаш көсемдері Əлихан, Ахмет, Міржақып тағы басқа тұлғалардың жарқын бейнесі жарқ

еткенде керемет ұлтымыз үшін ұтымды болатын еді. Өйткені олар фильмнің басты кейіпкері Мұстафа Шоқай заманының қайнаған ортасында жүрген ірі тұлғалар, оның қайраткерлік қабілетінің қалыптасуына ықпал еткен ұстаздары, үлгі тұтқан адамдары болатын. Зиялы қауым бұл кинотуындының ішінде алаш тақырыбы қамтылады деп үлкен үміт күткені жасырын емес. Алайда, Түркістан үкіметіне қатысты жерде ғана тек бір эпизод жылт ете қалады. Əрине, режиссер онсызда тағдыр тауқыметі қатпарлы тұлғаны аша алсам да жетеді деп, өз кейіпкерінен де ауыр зардап шеккен алаш қайраткерлеріне бара қоймаған. Жалпы алғанда алаш үкіметі мен қайраткерлері туралы жеке тарихи көркем фильм түсіруді киногерлеріміз қолға алатын уақыт жетті. Қазіргі заманның талабы деп жай əзілсықаққа құрылған жеңіл-желпі фильмдермен тым əуестеніп кетпей, «Қазақфильм» əр жылда бір қомақты тарихи фильм түсіріп отыруды дəстүрге айналдырса деген ұсынысымыз бар. ƏлФараби, Аттила, Тұмар ханшайым, Тоныкөк, Білге қаған, Қожа Ахмет Яссауи, Мұхаммед Хайдар Дулати, Кенесары, Ақан сері сияқты алып тұлғалардың тағылымды өмірі бүгінгі ұрпақ үшін рух беретін қайнар бұлақ. Қазақты əлемге танытқан ұлы ойшыл ақын Абай атамыздың да кинодағы толыққанды образы əлі жасала қойған жоқ. «Жас Абайдың» шикі жақтары көп болғандықтан, көрермен жақсы қабылдай алмады. Соңғы жылдары елімізде тарихи фильмдердің қатары көбейіп келе жатқандығы қуантады. Енді олардың саны емес сапасына мəн беретін кез келді. Қалай болғанда да халық тарихындағы əр оқиға мен тұлғаларға қатысты деректер бұрмаланбай берілуі басты шарт . Əркім өзінше тарта берсе, тарих бізге не үшін керек. Халқымыздың өткен жолын қастерлей отырып, тарихи əділеттікті сақтай білу баршамыздың ұлт алдындағы қасиетті парызымыз.

ҚЫСҚЫ АЗИАДА -2011. ЕЛ МƏРТЕБЕСІН КӨТЕРГЕН БƏСЕКЕ Қазақстан тұңғыш рет аламан дода қысқы Азиада ойындарын өткізді. Оны жас тəуелсіз елдің батыл əрекеті ретінде бағалауға болады. Бұрындары бұл бəсекені тек Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея елдері ғана мойындарына алған екен. Айтулы жарысты өткізуші елге үлкен жауапкершілік жүктелді. Қазақстан сол үдеден шығу үшін барын салды. Ең алдымен спорттық нысандардың талапқа сай болуына мəн берілді. Астана мен Алматыда жаңа кешендер салынды. Бұл бəсекені өткізудің арқасында біз спорттық инфрақұрылымымызды жетілдіріп алдық. Қазір бұл кешендер халықтың игілігі үшін жұмыс істеп жатыр. Онда жаттыққан өрендеріміз жаңа биіктерді бағындыруға ұмтылуда. Осындай үлкен додалар арқылы салауатты өмір салтын ұстанатын отандастарымыздың қатары да көбейе түсті. Қысқы Азиада ойындарын өткізу арқылы елімізде кенжелеп отырған қысқы спорт түрлерін дамытуға жаңаша серпін берілді. Спортшыларымыз да жанкүйерлер алдында өздерін жақсы көрсетуге ұмтылды. Қысқы спорттан шаңғышы Владимир Смирновтан кейін үздік нəтиже көрсеткен спортшыларымыз аз. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін додалы жарыстарды өткізіп отырудың зор пайдасы бар екендігі əлемдік тəжірибеде дəлелденген. Айтулы əлемдік деңгейдегі сайыпқырандардың жеңісін көзбен көру əр жанкүйердің арманы екені де даусыз. Жарыстар барысында спорт саласындағы мамандарымыз халықаралық деңгейдегі əріптестерінің тəжірибесінен үйрене алды. Спорт менеджерлері шараны өткізу арқылы жаңа ұйымдастыру тетіктерін меңгерді. Бұл спортқа қатысты ұтымды тұсымыз. Ал ел имиджі, яғни елді əлемге таныту жағынан аталмыш бəсекенің жөні тіптен бөлек. Оған 30-ға жуық елдің спортшылары, жанкүйерлер, мамандар келді. Оның сыртында бүкіл əлем ақпарат құралдары Қазақстанға назар аударды. Бұл елімізді дүниежүзіне танытудың тамаша жолы болды. Елді саясатпен, шикізат қорымызбен, табиғатымызбен қоса спортпен де əйгілі қылуға болады. Кез-келген халықаралық жарыстың ел экономикасына тигізетін оң ықпалы бар екенін де ескеру керек. Біріншіден, қызмет көрсету салалары жұмыспен

кең қамтылды. Қонақ үй, мейрамхана, көлік қызметі, сауда, туризм, байланыс, телекоммуникация, ақпарат құралдары, орта жəне шағын бизнес, т. б. салалар табыс табуға мүмкіндік алды. Соңғы олимпиаданы өткізген Қытай елі бірнеше миллиард доллар табыс тапты. Былтыр Англия мен Қазақстан құрамаларының ойынынан Алматыдағы қызмет көрсету, орта жəне шағын бизнестен түскен 1 күндік табыс 1 миллион доллардан асқан. Екіншіден, ел тұрғындарының көңіл-күйіне де тікелей əсер етті. Қонақ қабылдайтын жақ сыпайы, ілтипатты, кеңпейілді болуы керектігін кез-келген Астана мен Алматы тұрғыны іштей ұғынды. Қанымыз да бар қонақжайлылық қасиетіміз осы сəтте көмекке келгені де жасырын емес. Ұлттық өнерімізді, дəстүрімізді, тарихи жерлерімізді, өз жетістіктерімізді көрсетуге толыққанды мүмкіндік жасалды. Азаматтарымыз меймандар мен қоян-қолтық араласу арқылы өз мəдениетін де көтере түсті. Ең бастысы əр азаматтың отансүйгіштік қасиеті оянды. Додалы жарысты өткізіп жатқан еліне деген мақтаныш сезім пайда болды. Бұл да бүгінгі қарбалас заманда адамды бір серпілтетін, сергітетін сəт. Осы жарысты өткізгеннен кейін Қазақстанның жаңа биіктерге ұмтылуға мүмкіндігі артып отыр. Келесі белес ретінде қысқы олимпиада, жазғы Азиада ойындары, əлемдік чемпионаттарды ұйымдастыруға болады. Енді оларды өткізу мəртебесіне үмітті елдердің қатарына қосыла аламыз. Əсіресе, Қазақстан бокс, дзюдо, ауыр атлетика, таэквон-до, жеңіл атлетика түрлерінен əлемдік чемпионаттарды өткізуге ұмтыла алады. Бұл спорт түрлерінен нəтижелеріміз де жаман емес екендігі белгілі . Сондықтан алдағы уақытта мұндай ірі бəсекелерді ұйымдастыруға əбден таласымыз бар. Соңғы жылдары елімізде футбол, хоккей, үлкен теннис, велоспорт сияқты түрлерді дамытуға мəн беріліп келеді. Бұл да оң үрдіс. Алайда, спорт менеджерлерімен үкімет мүшелері тек спортшыларға қажет ғимарат салу жайына ғана мəн бермей, əр салаға жас өрендерді тарту мəселесіне айрықша назар аударуы керек. Мəселен, үлкен теннисті алайық. Онымен айналысқысы келетін жеткіншектің ата-анасына қаражат жағынан салмақ түседі. Оның киімдері, таяқшасы, добынан бөлек, теннис

кортында дайындалуы, жаттықтырушыға беретін қаржыны есептесеңіз, едəуір қаражат кетеді. Бұл бүгінгі нарық заманында кез-келген отбасы көтере алатын жағдай емес. Сондықтан осы спорт түрімен айналысқысы келетін жас жеткіншектеріміз тек сырттан қадағалаудан əріге бара алмайды. Мұндай жағдай велоспорт, футбол, хоккейге де қатысты. Əр түйткілдің əр жағында əлеуметтік мəселе тұр. Оны тиімді шешу үшін үкімет əр спорт федерацияларының басшыларымен келісе отырып, оңтайлы жол іздеуі тиіс. Мектеп оқушыларының арасынан болашағы бар балаларды іріктеп алып, тегін дайындау ісін қолға алуы қажет. Бұл арада ауыл балаларынан үздіктерді таңдап алуға да мəн берілген жөн. Сонда біз бұл спорт түрлерінен жетістікке қол жеткізе аламыз. Ал шетелдік спортшыларды сатып алып, ел атынан бəйгеге қосу үрдісі ұзаққа созылмайтын, көңілге кірбің ұялататын намыссыз тірлік. Еліңді білмейтін, өз халқының алдында өспеген жатжұрттық спортшы медаль алып бергенімен, бұл жасанды тірлік қашанғы жалғаса береді дейсіз. Одан да өз өрендерімізді мемлекеттік, , Жас спортшыларға қолдау, , сияқты кешенді бағдарлама жасап, тəрбиелесек, 5-10 жылда нақты нəтиже өзінен-өзі көрінеді. Алысқа бармай-ақ, бауырлас Түркия еліндегі футболдың қалай жедел дамып кеткеніне назар аударайықшы. Онда балаларды тегін дайындайтын футбол орталықтары мен үйірмелері əр мектепте ашылған. Нəтиже айдан-анық. Бұған қоса туризм жəне спорт министрлігі үздік жас спортшыларды мемлекет есебінен шетелдерде оқытуға, жаттықтыруға, тəжірибе алмасуға жіберу ісін кең түрде жүзеге асыруы керек. Мысалы, Бразилияға қазақстандық оқушы футболшыларды оқуға жіберу үрдісі екі ел президенттерінің келісімімен жүзеге аса бастады. Енді оның ауқымын ұлғайту жағын ойластыру керек. Сонымен бірге мұндай келісімді Түркия елімен де жүзеге асыруға болады. Біз өзімізде бар жетістікпен де мақтана алуымыз қажет. Атап айтсақ, соңғы 20 жылдықта Қазақстан боксшылары бағындырған биік белестер баршылық. Əр жазғы олимпиадаларда, əлемдік чемпионаттарда бас жүлделерді жеңіп алған спортшыларымыз көп. Бұл тек спортшылардың ғана емес,

жаттықтырушы мамандарымыздың да айтулы еңбегі. Мұндай нəтижеге қол жеткізе алмай тер төгіп жатқан елдер қаншама. Неге біз осы жетістігімізді насихаттау, көрсету арқылы басқа елдерге өз тəжірибемізді үйретпейміз. Жоғарыда айтқан Бразилияда атақты боксшы шыққанын көрген жоқпыз. Біз олардан футбол үйренсек, оларға біз бокстан дəріс бере аламыз. Қазақстандық бокстың тəжірибесін неге дүниежүзіне танытпасқа, кеңес заманынан бері талай даңқты спортшыларымыз əлемге танылды. Енді олар арқылы біз еліміздің мəртебесін көтеруге неге тырыспаймыз ? Спорт саласының менеджерлері бұл ұсыныстарымызды електен өткізер деген үміттеміз. Кез-келген саланың алға жылжуына ақпарат құралдарындағы үгіт-насихаттың маңызы зор. Еліміздегі мемлекеттік арналар жылына бір рет өтетін бокстан Қазақстан чемпионатын тікелей эфирде көрсетуді міндетті үрдіске айналдыруы керек. Егер боксшыларымыз көп қатысатын болса, əлемдік чемпионаттардан тікелей көрсетілім жасауға ұмтылыс жасалуы қажет. Бұл біріншіден, еліміздегі айтулы нəтижесі бар бокс саласының одан əрі дами түсуіне, екіншіден жеткіншіктердің спорттық рухын оятуға əсер ететін еді. Қолда бар да алтынның қадірі жоқ, , дегендей, бұл күндері біз əлі бір оң нəтижеге қол жеткізбеген футбол командаларының сұрықсыз ойынын тікелей эфирде көріп, жүніміз жығылғанша, неге дүниежүзілік додалардың бас жүлделерін алып жатқан боксшыларымыз қатысқан жарыстарды көрсету арқылы жанкүйерлерімізді жігерлендірмейміз. Спорт ел байрағын биіктетіп, халқыңды бір мезетте дүниежүзіне таныта алады. Сондықтан да сəті келіп тұрғанда бұл мүмкіндікті жан-жақты пайдалана білген ұтады. ЛОНДОН ОЛИМПИАДАСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТТЫ Лондондағы олимпиада ойындары Қазақстанның абырой беделін асқақтата түсті. Спортшыларымыз бұрын соңды болмаған биік жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің туы əлем алдында жеті рет биікке көтеріліп, əнұранымыз да сонша рет шырқалды. Бұл нағыз еліміздің мерейін биікке көтерген керемет сəт болды. Қазақстан олимпиаданың он күні ішінде ең үздік он

құрама команданың арасында нық тұрды. Осы көрсеткіш арқылы елімізді біліп, тани түскендердің саны миллиондап артты. Тіпті əлгі нақұрыстау сайқымазақ Коэннің шаладүмбілез фильмін көргендердің пікірі де жүз пайызға өзгергенін əлемдік ақпарат құралдары мен интернеттегі дүние жүзі елдері өкілдерінің сөз сабақтауынан да аңғаруға болады. Олар спортшыларымыздың биік жетістіктері арқылы еліміздің дамыған мемлекеттерден еш кем емес екендігін мойындады. Қанша бізді сырт көз кейбір көре алмаушылар жөнсіз сынап, мінегенімен саңлақтарымыздың ерен еңбегі арқылы мемлекетіміздің шынайы жарқын бейнесі əлемге бəрі-бір жақсы жағынан паш етілді. Сол үшін барлық алқа таққан спортшыларымызға мың алғыс. Бұл спорттың дамуына айырықша мəн беріп отырған мемлекетіміздің басты жетістігі. Əлеуметтік-экономикалық жағынан дамып келе жатқан Тəуелсіз Қазақ Елінің жаңа белестерге көтерілгенінің нақты көрінісі. Осы арада спорт саласының дамуына айырықша мəн берген елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше қамқорлығын атап өтуіміз керек. Мемлекет басшысы əрдайым көк туымызды биіктен желбіреткен əйгілі спортшыларымызға жан-жақты колдау көрсетіп келеді. Олардың додалы бəсекелерге толыққанды дайындалуына жағдай жасауды үкіметке шегелеп тапсырып отырды. Тіпті бір алқалы жиында елбасының өзі атақты ауыр атлетіміз Илья Ильинге құрама команда жаттықтырушылары тарапынан қысым жасалғанын естіп біліп, ондай ерсілікті дереу доғарып, қайта сондай талантты жігіттің дайындығын жетілдіре түсуді, оның олимпиадалық жеңістерді жалғастыруына мүмкіндік беруді талап етуі көзіміз көрген бір ғана керемет дəйек. Сол елбасының қолдауы Ильядай батырымызға қандай күш қуат бергенін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сəл жүні жығылып қалған ауыр атлетшіміз қанатын қайта қомдап, ерік-жігерін шыңдап, рухы көтеріліп, жаңа биіктерге ұмтылды. Мемлекет басшысының өзі, сəл босаңсығанда қолтығынан демегенін ерекше көмек ретінде сезінген Илья барын салып, намысқа тырысып, тез арада есін жинап, спорттық бабына келіп үлгерді. Осы қолдаудың алғашқы нəтижесі оның Парижде əлем чем-

пионы атануы болды. Биік тұғырға көтерілгенде сезіміне ерік беріп, көзінен жас та ыршып кеткен еді. Бұл өз жолында кездескен қиындықтарды ел президентінің демеуімен жеңе білген хас батырдың қуаныш жастары еді. Енді, міне араға бір жыл салып, нағыз бабына келген Илья Лондондағы олимпиада ойындарында екі дүркін олимпиада чемпионы атанды. Ел абыройын көтеріп, даңқымызды əлемге паш етті. Нағыз ерлік жасады. Тағы бір дəйек, мемлекет басшысының Александр Винокуровқа көрсеткен қолдауы. Əлемдік веложарыстарда озық шығып, Сиднейде күміс жүлдегер атанған Александр əр елімізге жеңіспен оралған сəттерінде президенттің қабылдауында болып, құрметке бөленді. Елбасы кейіннен осы спортшымызды допингке қатысы бар деп, жөнсіз айып тағылғанда да қолдау көрсетіп, жігерлендіре білді. Осындай елбасы жүктеген жауапкершілікті шын жүрегімен сезінген Александр Винокуров жасы қырыққа жақындаса да Лондон олимпиадасына аттанып, Президенті мен Елінің үмітін ақтады. Тағы қалай ақтады. Олимпиаданың алғашқы күнінде қоржынымызға тұңғыш алтынды салып, барша спортшыларымызға ерекше шабыт беріп, алтынды жолымызды бастады. Винокуровтан соң, Чиншанло, Манеза, Подобедова, Ильин, Рыпакова, Сапиев Лондонның биік тұғырын бағындырып, Қазақстанның əлемдік қауымдастық алдындағы беделін биікке бірақ көтерді. Тəуелсіз еліміз ең танымал əлемдік додада ең мықты он бес елдің ішіне енді. Бұл біздің мемлекетіміздің тарихында болмаған керемет жетістік. Енді осы ел қахармандарына мемлекет тарапынан айтулы марапат жасалуы қажет-ақ . Əсіресе, велашабандоз Александр Винокуров пен ауыр атлетші Илья Илиннің ерлігі ерен. Бұл екі спортшы бұдан бұрын да əлемдік бəсекелерде елдің туын жоғары тұғырға бірнеше мəрте көтерген еді. Бұған дейін Александр Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері жəне əлемдік веложарыстар жеңімпазы болды. Сонымен бірге тез арада дүниежүзіне танылып, биік белестерді бағындырған «Астана велоклубының» негізін қалаушы. Ал ауыр атлетші Илья осыған дейін үш дүркін əлем чемпионы жəне Пекин олимпиадасының чемпионы атанғаны белгілі. Енді ел тарихында тұңғыш рет

екі дүркін олимпиада чемпионы атанып отыр. Міне, осы екі спортшы еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасына лайық екендігі сөзсіз. Оларға ең биік марапатымыз «Халық Қахарманы» атағы берілсе, құбақұп болар еді. Осыған дейін бұл еліміздегі жоғары атақ кімге берілетіндігі жөнінде ереже жарияланғаны белгілі. Онда осы марапат соғыс жағдайында жəне төтенше оқиғалар кезінде адамдар өмірін қорғап қалған жəне айтулы ерлік көрсеткен жандарға берілетіні бекітілген еді. Заманына қарай, заңда өзгеріп отыратыны əлемдік тəжірибеде дəлелденген жайт. Осы құжатқа өзгеріс енгізіп, əлемдік қауымдастық алдында ел даңқын арттырған биік белеске көтерген ел қахармандарын да марапаттауға болатынын қосу керек тəрізді. Бұл атақ басты мерекеміз еліміздің тəуелсіздігі күнінде берілетінін ескерсек, оған дейін парламентіміз бен үкіметіміз заңдық құжаттарды саралап, заң жобасын дайындап, мақұлдап, елбасы алдына жіберуге толыққанды мүмкіндіктері бар. Бұл заң жобасын атақты спортшыларымыздың жеңісіне қуанған ел халқы да, түгел қолдайтыны сөзсіз. Сонда біз ел абыройын асқақтатқан нағыз халық қахармандары Александр Винокуров пен Илья Илинді лайықты жоғары наградамызбен марапаттай аламыз. Олимпиада ойындары елдің рухын көтеретін айтулы оқиға екендігіне сөз жоқ. Оған бəріміз осы дода өткен кезде нақты көз жеткізіп келеміз. Сондықтан бұл байрақты бəсекеге тиянақты дайындалған елдер ғана оң нəтижеге қол жеткізеді. Қазақстан Лондон олимпиадасынан кейін келесі додаға жаңаша межені белгілеп, дайындыққа кіріседі. Сол бағытта ескерілсе деген пікірлерге тоқтала кетсем. Елімізде өзіндік шыңдау мектебі қалыптасқан спорт түрлері бар. Олардың қатарына бокс, ауыр атлетика, велоспорт, грек рим, дзюдо, еркін күрес, жүгіру, баскетбол, волейбол, бес сайыс, үлкен теннис, таэквондо, допты хоккей, көркем гимнастика, шахмат, ат спорты, садақ ату, нысананы көздеу, шайбалы хоккей, мəнерлеп сырғанау, шаңғы, мұздағы спринттік жарыстарды кіргізуге болады. Соңғы олимпиадаларда жеңген медальдарымыз спортшыларымыз жəне жаттықтырушылар мен білікті мамандар мектебінің жемісі

екендігі сөзсіз. Əлемдік спортта қазақстандық спортшылар өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған бокс, ауыр атлетика, велоспорт, дзюдо, еркін күрес, грек рим күресі, жеңіл атлетика, таэквондо сияқты салалар бар екендігін мақтанышпен айта аламыз. Енді біз осы спорт түрлеріндегі жетістіктерімізді ұлттық брендке айналдырып, əлемге қазақстандық мектепті кең таныстырып, жарнамалай алуымыз керек. Бұл бір жағынан еліміздің халықаралық қауымдастықтағы танымалдығын арттыра түседі, екінші жағынан отандық мамандарымызбен спортшыларымыздың тəжірибесінен үйренушілер көбейеді. Білікті мамандарымыздың мектебіне мемлекет қолдау көрсете отырып, олардың тəжірибесін дүниежүзі елдеріне ұсыну арқылы қомақты табыс табуға да болады. Бұл арада мемлекеттік деңгейдегі келіссөздерді жетілдіріп, үкіметіміз спорттағы жетістігі мол салалардағы тəжірибені басқа елдерге ұсынып, олардағы жетістігі мол саламен маман алмасуға қол жеткізуді жүзеге асыруы керек. Елбасының Бразилияға сапары кезінде футбол саласындағы жас жеткіншектерімізді оқытуға бағытталған келісім жасалғаны белгілі. Енді мұндай үрдісті жалғастырып, мемлекет басшысының əр елге сапары кезінде оңтайлы тəжірибе алмасуға мүмкіндік беретін спорттық келісімдерді де қамтып отыру шарт. Сонда біз өзімізде барды өзгеге ұсынып, олардан да керегімізді алатын боламыз. Одан екі жақта ұтады. Соңғы халықаралық додалардағы Қазақстан спортшыларының аяқ алысын саралай қарасақ, елімізде командалық спорттан жетістіктеріміз қомақты емес екен. Мүмкіндігіміз бола тұра, əлі биік белестерге көтеріле қоймаппыз. Мəселен, бізде допты хоккей, су добы, көгалдағы хоккейден əлемдік дейгейдегі мықты құрама командаларымыз болғанын ұмытпауымыз керек, баскетбол, волейболдан топ жарған командалар жеңістері əлі жадымызда. Енді ел үкіметі осы салаларға да жіті назар аударып, қаражат құйып, жағдай жасаса, жетістіктер таяқ тастам жерде тұр. Əзірге тек шайбалы хоккейден ғана командаларымыз жетіліп келеді. Командалық спортты дамытудың өзіндік əлемдік көп тəжірибелері бар. Оны дұрыс екшеп, таңдай білу

керек. Мысалға соңғы жылдары елімізде футбол саласын дамытуға кəдімгідей көңіл бөлінді. Тіпті телеарналар арқылы сағаттап ойындарды көрсету қолға алынды. Бірақ одан отандық командалар жанкүйерлерінің саны артқан жоқ. Неге десеңіз, ойындар тым жұтаң, шеберлік аз, тіпті бір шетелдерден танымал футболшыларда əкелінбейді. Қашан көрсең, ешкім танымайтын төменгі лигаларда ойнаған шетелдік футболшылар келеді, олардың ойынынан ешқандай лəззат ала алмайсың. Əр команда өзінше əрекет етіп, өз білгенін істеуде. Қаражат та бөлініп, футболшылар мен командаларға тəп -тəуір жағдай да жасалып жатыр. Бірақ ешқандай нəтиже жоқ. Бұл арадағы ең басты кемшілік, футбол менеджерлерінде ел мүддесін алдыңғы кезекке қоятын ортақ мақсат əрекет жоқ. Бұл салада сыбайластық, немқұрайдылық, қаржыны тиімді пайдаланбау жəне жеке команда басшыларының жекебастық пайда табу мүдделері басым болып кеткен. Құйылған қаржы отандық футболды дамытуға емес, жеке команда жетекшілері мен олардың сүйкімділерінің жағдайын жақсартуға кетіп жатыр. Сондықтан футбол саласына қайта құру жасау керек. Құр қаражатты сорып, еш нəтиже шығармай отырған команда жетекшілерінен арылу керек, олардың орынына нағыз елжанды, отансүйгіш, еңбекқор мамандарды тарту қажет. Бұл саланы мемлекеттік тұрғыда қадағалауға алып, жүйелі жұмыс жүргізу керек. Əр жұмсалған теңгенің есебі мен нəтижесін жанкүйерлер сезінуі тиіс. Тағы бір айырықша ескеретін жайт, тəуелсіздік алған жылдары белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбай ағамыздың жас футболщы жеткіншектерді дайындайтын Намыс клубы туралы ұсынысын мемлекеттік деңгейде қайта қолға алу қажет. Сол жылдары осы бастама дұрыс жалғасын тапса, қазір алғашқы нəтижелер көріне бастайтын еді. Ештен кеш жақсы, қайтадан игі істі қолға алып жіберсе, асулар алынады. Еліміздегі барлық мектептер жанынан жергілікті əкімшіліктер үкімет қаржы бөлген «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы салауатты өмір салтын насихаттауға, жүзеге асыруға бөлінген мемлекет қаражатына тегін футбол клубтарын ашуы керек. Балаларды жаппай тарту арқылы, қызықты командалық жарыстар

ауыл, аудан, облыс, республика деңгейінде жылда кең түрде ұйымдастырылуы шарт. Олардың финалдық ойындары телеарналардан көрсетіліп, БАҚ арқылы чемпиондар танылуы керек. Жетістікті ойын көрсеткен үздік ойыншыларға Бразилияға оқуға жолдама берілсе, əсіресе елжанды ауыл балалары оған жатпай тұрмай еңбектеніп ұмтылатын еді. Жəне осы елден оқып келген балаларды елдегі командаларға орналастыру жайы да жүйелі шешуді қажет етеді. Əйтпесе, биылғы Бразилиядан оқып келген жастардың алғашқы легін командаларға бөлу барысында түйткілді жағдай қалыптасты. Оларды бір командаға топтастыру жайы қаралды, кейіннен бірге келген бразилиялық жаттықтырушыны орналастыру түйткілі пайда болды, тағы бір топ жастарды əр командаға бөлуді ұсынды. Осылайша, оқып келген үміті зор балалардың тағдырын ту талақай етіп, көңілдерін су сепкендей басу əрекеті орын алды. Бұл тағы да футбол саласындағы бейберекет тірліктің нақты көрінісі. Елбасының қолдауымен оқып келген талантты жастарды қолпаштап, үкілеп, ақ жол тілеп үлкен додаға қосудың орынына, тағы да немқұрайды қабылдау, қайда барсаңдар, онда барыңдар деген селқос көзқарас . Бұл тіпті мемлекет басшысының тапсырмасын дұрыс орындамау деген сөз ғой. Футбол федерациясының үйлесімі жоқ тірлігіне тағы куə болдық. Бразилияға баратын балалардың алғашқы тобын іріктеуде де келеңсіздіктер болды, талантына қарай емес, тірегіне қарай өтіп кеткендер де кездескен. Енді жоғарыда айтқан тетіктерді саралай отырып, оларды іріктеуді де əділетті шешу қолға алынса, жетістік болатыны айдан анық. Мұндай оқулар мен тəжірибе алмасуларға жас болашағынан үміт күттіретін жаттықтырушыларды да жіберіп отырудың пайдасы зор. Ұлттық спорт түрлері де ерекше назар аударуды қажет етеді. Қазақша күрес, бəйге, жорға жарысы, ат спорты, садақ ату түрлері мен тоғызқұмалақ, асық ойындары біздің ұлттық мақтанышымыз. Мұндай керемет спорт түрлерін басқа елдерге таныту арқылы əлемдік спорт аренасына шығару негізгі мақсатымыз болуы тиіс. Бұл бағытта қазақша күресті насихаттау ісі жақсы қолға алына бастады. Былтырдан бері «Қазақстан

барысы» жарысы өткізіліп еді, халықтың өз күресіне деген қызығушылығы бірден ауды. Қазақ күресінің өте əділетті ереже мен əдіс тəсілдерге негізделгенін бəріміз көзбен көріп, марқайдық. Осынау күресімізді неге əлемдік деңгейге шығармаймыз деген қоғамдық пікір қалыптасып үлгерді. Бұл игі іске де мемлекеттік қолдау керек. Барлық елшіліктеріміз арқылы күресімізді таныту жолдарын ойластыру орынды. Ең алдымен көршілеріміз бен түркі тілдес халықтар арасында оны танымалдығын арттыру керек. Тіпті жүлдесінің қомақтылығын айта отырып, жанымыздағы көрші бауырлас елдердің балуандарын да тарту қажет. Халықаралық жарыстар көп ұйымдастырылса, танымалдық артады. Қазірдің өзінде қазақша күресті білетін спортшылар Орталық Азия елдерінде, Ресейде, Қытайда, Германияда, түркі тілдес елдердің көбінде бар. Сол шетелдік спортшыларға қолдау көрсету арқылы сырттағы жанашырларды көбейткен дұрыс. Əзірге қазақ күресін дамытуға қатысты алғашқы қадамдар жақсы, тек соның ауқымы кеңейе бергенін қалаймыз. Мемлекет басшысы елімізде бұқаралық спортты дамытуды үкіметке арнайы тапсырма ретінде жүктегені белгілі. Осы мақсатты жемісті жүзеге асыру үшін барлық ауылдар мен аудан орталықтарында спорт мектептерін жаппай ашу ісін қолға алмаса болмайды. Барлық спорт түрлері балаларға тегін үйретілуі тиіс. Мектептерді қажетті жабдықтармен жарақтандырып отыру жергілікті атқарушы билікке жүктелген жөн. «Жас Отан жастар қанаты» да құр жастарды жинап, конференциялар мен флеш-моб жасауға қаржы бөлгенше, ол қаражатты спорт мектептері мен үйірмелерін ашуға жұмсауы тиіс. Қазірдің өзінде облыс орталықтары мен Алматы жəне Астана қалаларында көптеген спорт үйірмелері ақылы. Əсіресе, суға жүзу, мəнерлеп сырғанау, үлкен теннис, шайбалы хоккей, велоспорт, көркем гимнастика, спорттық би сияқты танымал спорт түрлерін үйрену үшін ақша төлеу үрдісі кең етек алып кетті. Оны кəдімгідей орта жəне шағын бизнеске айналдырып алғандар да бар. Бұл спортты бұқаралық емес, ақшасы барларға ғана қол жетімді ету тəсілі. Соның салдарынан

мысалға, Астанадағы барлық спорт ғимараттары бос тұрады, қарапайымдауына кіріп спортпен шұғылданайын десең, ең кем дегенде сағатына бес жүз теңге төлейсің, оның өзінде құрал жабдықтардың жартысы сынған болады. Ал керемет етіп салынғандарына жақындау тіптен мүмкін емес. Оларға жылына ең азы жүз елу мың теңгеден жарна құйып қойсаң ғана, еркін кіріп шығып жүресің. Ондай қаржың болмаса, бір кіргенге бес мың төлеуің керек. Бұдан кейін бізде қалай бұқаралық спорт дамиды. Мəселен, бəрі осы ғимараттардың қожайындарына байланысты, бағаны белгілейтін солар. Нақты дерек, Алматыда бір фитнес клубқа айына он мың теңгеге кіруге карточка алуға болса, Астанада ондай клубты табу тіптен мүмкін емес. Тапсаң, бір -екі жерде ғана болады. Елордада орташа баға отыз мың теңге төңірегінде. Бағаға қатысты тағы мысал, жақында ғана елордамыздағы «Алау» сарайы жанынан ашық бассейн ашылды. Бес жасқа дейінгі балалар үшін ғана тегін, əрі қарай барлығына екі мың теңге төлейсіз. Демалыс күндері үш мың теңге. Тереңдігі бір метрлік бассейннің сондағы ерекшелігі суы əрдайым филтрленіп тазаланып отырады екен. Бұл кез -келген өркениетті елдегі қарапайым бассейнге қойылатын талап емес пе? Біз де бəріне ақша қосып, қалтаңды тек қағуға дайын тұрады. Осындай мəселелерді реттеу жергілікті спорт комитеттерінің жұмысы ғой. Кəсіпкерлерге үкімет бағдарламасын түсіндіріп, елбасы тапсырмасына сай бағаны төмендетуді талап ету керек емес пе? Əйтпесе, бұқаралық спорт ешқашан дамымайды. Бюджеттің есебінен, еңбек етіп жүргендердің салығынан, яғни халықтың ақшасына салынған спорт ғимараттары тек шенеуніктер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлері мен бала шағаларының керегіне ғана жарайды. Қазір Астанадағы барлық спорт ғимараттары тек сол адамдар үшін қызмет істеп жатыр. Бұл адамдардың қарапайым халықтың ақшасымен салынған ғимараттарды тегін немесе жеңілдікпен пайдалануға қандай хақы бар. Мұндай спорттық мекемелер мемлекет басшысының тапсырмасымен нағыз халқымыздың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау, тұрғындарымыздың денсаулығын жақсарту үшін салынды емес пе? Бұқаралық

спортты дамыту үшін осы жолы Лондон олимпиадасынан жеңіп келген саңлақтарымызды тек қалалар ғана емес, барлық ауылдар мен аудандарға біртіндеп жіберіп, балалар мен кездесулер көп өткізілсе, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл ел мерейін өсірген спортшыларымыз жас жеткіншектерге үлгі болып, ерекше рух беретіні сөзсіз. Тағы бір ерекше маңыз беретін нəрсе, спорттың үгіт-насихатын арттыру, жетістіктерімізді жалпақ жұртқа жария ету, жеткіншектердің қызығушылығын тудыру үшін арнайы спорт арнасы қажет-ақ. ҚАЗАҚТЫҢ ƏНІН САҒЫНДЫҚ Қазақтың халық əндері мен халық композиторларының əндері ұлттық мəдениетіміздің баға жетпес құнды жаухарлары. Бұл туындылар арқылы ұлтымыздың əнге деген құштарлығын, əнді шығарушы мен айтушыға қоятын биік талабын, өнерге деген жоғары талғамын аңғаруға болады. Қазақ əндері əлемді аузына қаратқан Европаның өнер падишасы атанған опералық əндерінен артық болмаса еш кем емес. Домбыраның сүйемелдеуімен орындалатын ұлттық əндерімізде дауыстың ырғағы ең жоғары жəне төменгі шектеу аралығында еркін құбылатынына таң қаласыз. Бұл кез келген халықтың əн өнерінде бар құбылыс емес. Біздің əншілеріміздің түрлене шырқаған дауысы қашанда биік бағаға лайық. Сондықтан болар кейде мен əлемдік опера жұлдыздарының орындаған əндерін тыңдап, таңдай қағып тамсана алмаймын. Өйткені олардың бар екпінмен айтатын əнін кез-келген қазақтың дəстүрлі əншісі емін-еркін тамылжытып орындай алады. Кезінде Əміре атамыздың Париж сахнасында орындаған əнін Еуропа жұртшылығы жоғары бағалағаны белгілі. Содан-ақ қазақтың халық əншілерінің орындау шеберлігі жоғары болғанын бағамдауға болады. Соңғы жылдары еліміздің айтулы əншілері мен өнерпаздары түрлі мемлекеттік делегациялар мен бірге шетелдік іс-сапарларға жиі шығып жүр. Сонда еуропалықтардың домбырамен айтыла-

тын ырғақты қазақ əндерін тыңдағанда ерекше əсер алатынын көзімізбен көрдік. Түрлі эстрадалық жəне опералық əндерден гөрі олар өзіндік ерекшелігі бар қазақ əнін тамсанып тыңдайды. Əншінің əн айту шеберлігіне айырықша тəнті болады. Мен мұндай делегациялармен болған бірнеше іс сапарда оған анық көз жеткіздім. Əншілеріміз əнді жеріне жеткізіп, нақышына келтіріп орындағанда əлем таланттары өнер көрсеткен сахналар қазақы үнмен ерекше жаңғырып түрленгеніне куə болдық. Музыканың биік ноталарын бағындырған əншінің қай тілде орындап жатса да, əн айту шеберлігіне жоғары баға беріледі. Ал егер ол əн сол халық өкілінің туындысы болса, онда композитор шыққан ұлттың да өнерге деген талғамы биік екендігі өзінен өзі мойындалады. Бүгінде Затаевич, Брусиловский жəне қазақтың ірі өнер қайраткерлері Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев сынды бірегей таланттары нотаға түсірген қазақтың халық əндерін тыңдаған əлем елдерінің өкілдері тек жоғары баға беріп келеді. Алтынның қолда барда қадірі жоқ дегендей, алайда, соңғы жылдары ел ішінде халық əндері мен халық композиторларының əндерін насихаттау ісі кенжелеп қалды. Нағыз саф алтындай құнды өнеріміз БАҚ арқылы кең танылмай отыр. Тіпті мемлекеттік телеарналардың өзі домбырамен айтылатын осынау əндер мен оның орындаушылары жөнінде бір ауыз толтыратындай хабар ашқан жоқ. Таза қазақ тіліндегі «Қазақстан»-ның өзінде ойын түріндегі бір екі хабар ғана бар. Бірақ олардың өзі бұл ұлттық өнерімізді барлық болмысын ашатындай деңгейде емес, жеңіл-желпі тұрғыда ғана дайындалады. Біздің телеарналар эстрадалық шоуларға уақыт бөлгенде алдарына жан салмайды. Ал халықтық өнерімізге келгенде оны көрермен қалай қабылдайды деген жасанды сұрақты алдыңа көлденең тарта қалады. Əрине, хабарды сəтті ұйымдастыра білсе, көретін адамдар табылады. Соны жасайтын білікті мамандар телеарналарда өкінішке қарай жоқ болып отыр. Шынын айтсақ, кейінгі кезде домбырамен əн айтатындарды телеарналардан мүлдем көруден қалдық. Мұндай ұлттық əн өнерімізді кейінгі буын айтпақ түгілі, білмейтін болып барады. Қазіргі жа-

стардан сері, сал деген сөздердің мағынасын сұрасаң, күмілжіп қалады. Қазақ өнерін мəңгілік еткен тұлғалардан гөрі жартылай жалаңаш əн айтатын немесе теледидардан жылтыңдап шыға беретін эстрада жұлдызсымақтары танымал. Бұл ұлттық өнердің де қадірі кетіп бара жатқанының белгісі. Ұлт жанашырлары мұндай келеңсіздіктің алдын алып, дереу дабыл қақпаса, ертең домбыраның өзін бұл не деген таяқ деп таңданатындар көбейеді. Ондай масқара халге түспес үшін зиялы қауым телеарналар басшыларынан ұлттық өнерді , оның ішінде халық əндері мен халық композиторларының əндерін насихаттауды талап етпесе болмайды. Тым құрығанда əр телеарнаға аптасына бір хабар жəне күніне домбырамен айтылатын бірнеше əнді эфирге қоюды міндеттеу керек. Бұл талапты орындауды мəдениет комитеті «Мəдени мұра» бағдарламасының бір тармағы ретінде қаражат бөлгізіп те орындата алады. Бұл халықтық өнерге мемлекеттік деңгейде қамқорлық көрсетілмесе, ата-баба мұрасын ертеңгі ұрпаққа жеткізу мұң болатын түрі бар. Бұл жаухар əндеріміздің кең танылмай отыруының тағы бір сырына тоқталғым келіп отыр. Біз соңғы жылдары бұл таза қазақи ұлттық өнеріміздің аясын өзіміз тарылтып, домбырамен орындалатын əндерге дəстүрлі əн деп айдар тақтық. Соның салдарынан ғасырлар бойы қазақтың əні деп қабылданып келген бұл əндерімізді тек дəстүрді насихаттайтын жарапазан, беташар, жар-жар сияқты деп қабылдайтындар пайда болды. Осылайша, өзіміз артық қыламыз деп тыртық қылып алған да жайымыз бар. Енді бұл олқылықтың орынын толтыру үшін домбырамен айтылатын əндерді дəстүрлі əн деп емес, қазақтың əні деп атауымыз керек. Сонда тарихи əділеттілік орын алады. Дəстүрлі əн дегеннен гөрі, қазақтың əні деген атаудың мағынасы да, ауқымы да өте кең. Ал бүгінгі заманғы қазақша жеңіл ритмді əндерді өзінің табиғатына сай эстрадалық əндер деп айта берсек болады. Олар таза қазақ əндері емес, бірі батыс əніне, бірі шығыс əніне, бірі орыс əніне, бірі көршілес халықтар əніне қатты ұқсап жатады. Кейінгі жылдары жасыратыны жоқ, өзбек эстрадасының ырғақ саздары қазақ əстрада əншілерінің

бəрінде пайда болды. Сондықтан оларды таза қазақтың əні деуге ауызың бармайды. Тағы бір назар аударатын жай, еліміздегі барлық телеарналар Əміре Қашаубаев атындағы домбырамен əн орындаушылардың республикалық байқауы туралы көп көрсетпейтін болып жүр. Біле білсек, бұл біз үшін Италиядағы өз тілдеріндегі ұлттық əндердің Сан ремо фестивалі сияқты ұлттық өнерімізді əлемге танытатын өнер додасы емес пе? Біз оны жанжақты көрсетіп, жеңімпаздарының өнерін елге таныстырсақ, нағыз ұлт өнерпаздарына айналдырсақ қандай ғанибет болатын еді. Сонда қазақтың əнін айтатын нағыз өнер жұлдыздары жарқырайтыны даусыз. Мəселен, домбырамен əн айтып елге мəшхүр болған осы байқаудың жеңімпазы Бекболат Тілеуханды елімізде танымайтын адам жоқ щығар. Қайта өнер дүлдүлі саясатпен айналысам деп, тыңдаушыларын азайтып алды. Ал Қайрат Байбосынов сынды ағаларымыздың қайталанбас дауысы əр қазақтың рухын көтере алады. Оны тек жүрекке жеткізе білуіміз шарт, ары қарай əрқайсымыздың қанымызда бар түйсік өзінен-өзі баурап əкетеді. Бастысы ұлттық қазынамызды жас ұрпаққа естірте алуымыз керек. Ол үшін телеарналарды мемлекеттің қолдауымен бұл іске жаппай жұмылдыруымыз қажет. Сексенінші жылдары Қазақ телевизиясы арқылы Ақселеу Сейдімбеков пен Жəнібек Кəрменов, Ілия Жақанов сияқты тарландар жүргізген хабарлар қазақтың əнін əр шаңыраққа жеткізе алды. Көк жəшіктен көріп естіген əнді əр өңірдегі қазақ баласы лезде үйреніп алып, ауылдарындағы концерттерде шырқап жататын. Əміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Ғарифолла Құрманғалиевтардың ізін басқан Мəдениет Ешекеев, Жəнібек Кəрменов, Қайрат Байбосынов, Дəнеш Рақышевтардың дауысы құлағымызда əлі күнге дейін жаңғырығып тұр. Сол кездегі жалғыз телеарнаның қазақтың əнін кең насихаттағанының арқасында жаңа буын төл өнерімізбен тез қауыша алды. Біздің буын сол əндерді еш ұмытпақ емес. Бір жағынан кейде сол əншілердің көбінің дүниеден өтуі қазақ əнінің де қабырғасын да қайыстырып кетті ме екен деп те ойлап қоясың. Дегенменен ең

бастысы бүгінде олардың əрқайсысының өнерін жалғастырар шəкірттері ортамызда жүр. Соларды телеарналардан кең насихаттау арқылы ұлттық əн өнерімізді бүгінгі жас ұрпақпен қайта қауыштыруға толыққанды мүмкіндігіміз бар.

ШІНШІ БЛІМ ЯДРОЛЫ= З;ЛМАТ Публицистикалық зерттеу ƏЛЕМДЕГІ ЯДРОЛЫҚ ТҮЙІТКІЛДЕР Жер жаһандағы адамзат баласының ғылым арқылы ойлап тапқан ең зұлмат заты ядролық қару. Озық ойлы, ақылы кемел ғалымдар бір сəтте саясаттың қолшоқпарына айналды. Олар өздері жасаған жойқын аждаһа түптің түбінде өздерінің ұрпағын аяусыз жалмайтынын ой елегінен өткізді ме екен? Бастарын бəйгеге тігіп, мұндай тажал қаруды жасағанша, бүкіл ғаламның келешегі үшін өз өмірлерін тəрк етіп, саясаткерлердің бұйрығына көнбегенде қазіргі əлемдегі қауіпсіздік келбеті басқаша болар ма еді. . . 1945 жылдың 6-шы тамызы күні таңғы 8 сағат 15 минут. Жапонияның Хиросима қаласына АҚШ –тың В-29 ұшағынан атом бомбасы тасталды. Тып-тыныш, тұп-тұнық болып жатқан жер жаһанның саф таза ауасы мəңгілікке бұзылды. Бұл соғыстағы жеңіс болғанымен, дүниежүзіндегі адамзаттың ең сұмдық жеңілісі еді. Бұл жер бетіндегі ғана емес, бүкіл ғаламдық трагедияның басталған күні еді. Осы сəттен бастап, адамзат өз мекені Жер жаһанға өзі қауіп төндірді. Саясаттағы

соқыр менмендік сол тұстағы екі ірі империя АҚШ пен КССРО арасындағы ядролық қару жасау жарысына ұласты. Екі алып ел барын салып, күштілігін дəлелдейміз деп зұлмат қаруларын көбейте берді, көбейте берді. Саясаткерлердің мұндай көрсоқырлық əрекетінен тек қарапайым адамдар зардап шекті. Менің халқым, менің Отаным, менің туған жерім Қазақ Елі кеңестік империяның зымиян саясатының кесірінен алапат қарудың əлемдегі алғашқы құрбандарының біріне айналды. КССРО аумағында ол кезде жан-жағында адамдар тұрмайтын, Сібір, Тайга, Амур сияқты кең алқапты бос жерлер көп болды. Бірақ оған қарамастан сынақ полигоны үшін халқы тығыз орналасқан малы, жайылатын көк шалғынды қалың шөпті жері бар қазақ жері қасақана, əдейі таңдап алынды. Өйткені сол кездегі Кеңестер Одағының көсемі И. Сталиннің қазақтарға деген жеке көзқарасы жақсы емес еді. Ол 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін коммунистер басшысы В. И. Ленинмен бірге жүріп, КССРО-ны құрған кезде Ресейдің Москва жəне Петербург қалаларында білім алған қазақтың Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Əлімхан Ермеков бастаған бір топ зиялы қайраткерлерінің қарсылығына ұшыраған болатын. Бұл қайраткерлердің ішінде большевик-коммунистер мемлекетінің болашағына дəл болжам жасағандар да болды. Мəселен, қазақ зиялыларының көсемі Əлихан Бөкейхановтың жиырмасыншы ғасырдың басында айтқан «Бір партиялы жəне біртапты мемлекет түптің түбінде өзін-өзі жояды» деген пікірі жетпіс жылдан кейін тұп-тура дəл келді. Ол тұста білімі əлі жетіле қоймаған Коба, Сталиннің лақап аты сондай еді, білімді қазақтардан талай пікірталаста жеңіліс тапты. Ақыры, кеңес армиясының күшін пайдаланған Сталин қазақ халқының зиялы азаматтарын саяси қуғынсүргінге ұшыратып, бəрін ату жазасына кесіп, өлтіртті. Қызыл комиссар онымен қоймай, отызыншы жылдары қазақтардың малы мен мүлкін коммунистер партиясына деп тартып алып, халықты аштыққа ұшыратып, қырды. 2-3 миллион қазақ сол жылдары Сталиннің қасақана саясатынан көз жұмды. Қазақ халқына əбден өшіккен Кеңестер Одағының құдайы ядролық

полигонды да қазақ жеріне аштыртты. 1949 жылдан 1991 жылға дейін ядролық қару қазақ халқы мен жері арқылы сыналды. Ядролық радиацияға ұшыраған жергілікті тұрғындар Кеңестік империяның ірі қалаларындағы арнайы ауруханаларға жатқызылып зерттелді. Бұл жылдары қазақ халқы радиациямен уланып, ауыр қасірет тартты. Нақты деректерге назар аударсақ Семей ядролық полигонында бірінші жарылыс 1949 жылғы 29 тамызда, соңғысы 1989 жылғы 19 қазанда болды. Өткен жылдар ішінде полигонда 467 атом сынағы жүргізіліп, оның 124-і – жер бетінде, 343-і – жер астында жасалды. Олардың жинақталған тротилдiк баламасы 17, 7 мегатонна болды. Бұл Хиросимада жарылған бомбаның екі мың бес жүзіне тең екен. Жер бетіндегі жəне əуедегі ядролық жарылыстарға арналған қарулар 1963 жылға дейін шығарылды. Əуе мен жер бетінде жүргізілген 55 жарылыстың радиоактивті бұлттары жəне жер асты жарылыстың 69 газ фракциясы полигон шегінен тыс жерлерге тарады. Дəл осы 124 жарылыс Қазақстан аумағының шығыс бөлігін радиациямен ластады. Полигонда ядролық жарылыстан басқа химиялық жарылыс заттарын қолдана отырып, 175 жарылыс жүргізілді. Соңғы заряд 1995 жылғы 31 мамырда химиялық жару əдісімен жойылды. Қырық екі жыл бойы Семей полигонындағы ядролық жарылыстар байтақ жерді жұт жерге айналдырып, табиғат пен адамдарға зиянды əсерін тигізді. Бүгінгі таңда полигонның аумағы да баяу əрекет ететін экологиялық бомба, жасырынып жатқан ошақ жəне əлі күнге дейін зерттелмеген қауіп секілді. Жергілікті жəне шетелдік мамандар радиациялық сəулеге ұшыраған қазақстандықтардың жалпы саны бір жарым миллион адамнан асып кетті деп есептейді. Олардың бағалауы бойынша Семей полигоны маңайындағы радиацияға ұшыраған жердің нормаға келуі үшін кемінде 300 жыл керек. Сынақтар салдарынан улы инертті газдар, ауыр металдар, басқа да радиациялық заттар жер бетіне жайылған. Сынақ кезінде бөлініп шығар зиянды ауыр металл изотоптарының ең қауіптілері – «Стронций-90», «Плутоний-238», «Цезий-137», тағы басқалары. Мəселен, стронцийдің ұсақ микробөлшекке

айналып, қоршаған ортаға зиянсыз күйге енуі үшін 56 жыл керек екен. Ал цезийге – 30 жыл қажет. Қазақстандағы Ұлттық Ядролық Орталықтың Радиациялық қауіпсіздігі институтының бұрынғы директоры, 40 жылдан астам еңбек өтілі бар эколог əрі метеоролог, радиациялық қауіпсіздік пен метеорология саласындағы білікті маман Лариса Птицкаяның айтуынша, Семей полигонындағы ядролық жарылыстардан пайда болған Плутоний-240 изотоптары табиғи жолмен 6 500 жылдан кейін, плутоний-239 изотоптары 2100 жылдан кейін ыдырайды. Ал плутоний-241 ыдыраған кезде жаңа альфа-сəулесі түзіледі, ал америций-241-дің төндіретін қаупі жыл сайын тек өседі. Егер плутонийдің бір бөлігі адам организміне түссе, сүйек тінінде 80 жыл, бауырда 40 жыл өмір сүреді екен. Барлық тірі жасушаларды өлтіріп, олардың табиғи қасиетін жойып, бұзуға əкеп соғады. Ғылымда радиоактивті плутонийді радиоактивті затқа ауыстырудың бір ғана тəсілі бар: оның өз бетінше ыдырауы, ол ядролық физика заңына негізделеді. Бұдан басқа жол жоқ. Алайда, бұл ұзақ процесс. Бір ғана жарылыс өткізуде осындай он мыңдаған изотоптар мен қосындылардың пайда болатынын ескерсек, барлық 500-ге жуық сынақтан кейінгі жеріміздің жағдайы мен экологиялық ахуалды, халқымыздың денсаулығын ойлап көріңіз. Қазіргі кезде республика бойынша қатерлі ісік ауруларынан өлім-жітімнің ең жоғарғы деңгейі осы шығыс өңірде болып отыр. Атап айтқанда, 100 мың адамға 159 өлімнен келеді. Мен сіздерге тура Семей полигонына жақын жерде орналасқан Саржал, Қайнар, Қарауыл ауылдары тұрғындарының денсаулық жағдайы туралы нақты деректерді ұсынып көрейін. 1963 жылдан 90-шы жылдарға дейін қатерлі ісік ауруларынан Қайнар ауылының өзінде 200-ден астам адам қайтыс болған. Жиырмадан астам қыз-жігіт өзіне-өзі қол жұмсап, 18 адам ақ қан ауруынан қайтпас сапарға аттанған. Осы уақыт аралығында көршілес Саржал ауылында 300-ге таяу адам қатерлі ісік, тағы басқа ауыр металдар туғызған науқастардан қайтыс болған. 1962 жылдан бері Саржалдың 70-тен астам адамдары өзіне-өзі қол жұмсаған, мұның басым бөлігі он

екіде бір гүлі ашылмаған бозбала мен бойжеткендер еді. Сол ауылдағы дəрігерлердің айтуынша, қазір мұндағы əрбір жас балада қан жетімсіздігі, жүйке ауыт қушылық, көз ауруы сияқты ауыр дерт терге шалдығушылық факторлары байқалады. Саржал ауылының 300 адамы радиологиялық диспансер есе біне тіркелген. Медициналық тексеруден өткенде 1083 адамның 500-ден астамының денсаулығында түрлі ауытқушылықтар анықталған. Ауылдағы орта мектептің 800 оқушысын тексеруден өткізгенде, төрт жүзден астамынан қатерлі ісіктің белгілері байқалған. Əр үш баланың бірі көз жанары ауруымен ауырады. Радиациялық сəуле алу кесірінен кемтар балалар қатары көбейген. Мəселен, Қарауылда бір əйел босанып, қоляғы жоқ, басында екі көзі мен аузы ғана бар мутагенді жан иесін дүниеге əкелген. Мұндай бір қолы, бір аяғы жоқ, не аяқ-қолы істемейтін, не саңырау, мылқау болып туған кемтар балалар Саржалда, Қайнарда əлі де жиі кездеседі. Осындай кембағал жан, суретші, қарағандылық Күйіковтің есімі, кескіні қазір бүкіл əлемді шарлап кетті. Жалпы, Семей өңіріндегі полигонға жақын бұрынғы бес аудан халқының денсаулық жағдайын сараласақ, жүйке ауруына шалдыққандар саны 1650-ге таяу, ақыл-ойы кемтарлар 4700-ге жетіпті. Ал 3700 адам жүйке тамыры ауруына шалдыққан. Əсіресе, екі əйелдің бірінде тамақ бездерінің ауруы асқынып қабынуы, ауруға шалдығушылардың иммунитеттері нашарлығы байқала бастаған. Республика бойынша орташа жас ұзақтығы ерлерде – 59, əйелдерде – 62 жас болса, полигон аймағына жататын аудандарда ерлерде – 52-55, əйелдерде 58 жас күйінде қалып келеді. 1995 – 2000 жылдары бұрынғы Семей облысында туғандар санынан өлгендер саны басым түскен. Дəрігерлердің мəліметтеріне жүгінсек, полигон маңайындағы 100 мыңнан астам ауыл тұрғындары 100-ден 200 бэрге дейін радиациялық сəуле алғандығы мəлім болып отыр. Бұл дəйектер «Қайнар синдромы» деген атпен құпия түрде КССРО кезінде Мəскеудегі əскери ведомствоға жинақталған. Осы медициналық тексерулерді сол кездегі Кеңес Одағына мəлім радиолог-ғалым А. Ф. Цыб

басқарып келген. Кезінде осы ғалымның медициналық комиссия сараптамасы баспасөзде жарияланды. Оны негізгe алсақ: – полигондағы атом сынақтары болған аймақта тұрғандардың қанында қызыл түйіршіктер азаюы (ақ қанға айналуы), хромосомдық өзгерістер 4 – 5 есеге артқан; – 1970 жылмен салыстырғанда əр тұрғынның орташа жасы үш жылға қысқарған; – медициналық тексеруден өткен дердің 45 – 50 пайызының орга низм дерінде ауруға қарсы тұрушылық (иммунитеті) төмендеген; – 1969 жылмен салыстырғанда ақ қан ауруымен науқастанып, қайтыс болушылар саны үш есе көбейген; – полигонмен жапсарлас тұрған аудандарда туған балалар арасында ақыл-ойы кемістер сол кездегі Одақтық көрсеткіштен (əр мың адамға шаққанда) бес есе көп; – əр мың адамға шаққанда осы бес ауданда қатерлі ісік аурулары 445 – 460 адамға жеткен; – екіқабат əйелдердің науқастануы, түсік тастауы, үш əйелдің бірінің басындағы қасірет. Радиологиялық зерттеу орталығының бас дəрігері болған В. Гусев КССРО тарап, Қазақстан тəуелсіздік алған кезде, жасырын сақталған көптеген құжаттардың көшірмесін жариялап, жантүршігерлік жағдайлардың бет пердесін ашты. Атом сынақтарынан кейін пайда болатын 600 – 700 микрорентген бүкіл тіршілікті жояды. Ал 300 – 400 рентген дозасын бойына сіңіргендер ақ қанға шалдығып, аз уақыт ішінде өмірмен қоштасады. Радиологиялық орталық дəрігерлерінің зерттеуінше, бұрынғы Семей облысы, көршілес Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Алтай өлкесі тұрғындарының көпшілігі 25 – 30 бэр, кей аудандарда 40 бэрге дейін залал шеккен көрінеді. Мұндай сұмдықтың растығын Семей жеріне келіп, радиациялық деңгейді өлшеп жүрген ғалымдар да аракідік айтып жүр. Мəселен, семейліктер ішіп жүрген сүт өнімдерінде стронций нормадан 28 есе көптігі, ет, сүт, бау-бақша өнімдерінде басқа да ауыр металдар құрамы аз еместігі ендіенді анықталуда. Осындай жағдай Ертіс пен Шаған өзен-

дерінен ауланған балық түрлерінде де байқалуда. Бұрынғы Кеңестер Одағының əскери ведомствосы Қазақстанда 20 миллион гектар жерді əскери сынақ алаңдары үшін бауырына басқан екен. Соның 2 миллион гектары Семей полигоны төңірегіндегі сынақтар алаңына жатқызылған. Осы алқапқа, полигонға жапсарлас аудандардың жері мен тұрғындарына сынақтардан қаншама зардап келді. Кейбір шетелдік басылымдардың, əсіресе, америкалық жəне жапондық ғалымдардың деректері бойынша, Семей өңіріне атом сынақтары салдарынан келген зиян мөлшері 45 – 50 мил лиард доллардан асады. Бұл жер бетіндегі бір ғана Семей полигонының жасаған ойраны. Дəл осындай полигон АҚШ-тың Невада штатында да жұмыс істеп келді. Онда да тура Семейдегіден көп болмаса, аз сынақ жасалған жоқ. Аспандағы атом саңырауқұлағын тіпті əлемдегі əдемі қаланың бірі Лос-Анжелестің тұрғындары таңданыспен тамашалады. Ол кезде мемлекеттерді басқарушылар халыққа мұны ғылым мен техниканың жетістігі əрі елдің күш-қуаты мақтанышы ретінде жеткізді. Ядролық сынақтар Қытайдың Лобнор полигонында да жасалды. Францияның Муруроа сынақ полигоны да қарап қалған жоқ. Ресейдің Жаңа жердегі полигоны да қарқынды жұмыс істеді. Ал ядролық қарулары пайда болған Солтүстік Корея, Үндістан, Пəкістан, Израиль мемлекеттері сынақтарды басқа планетада жасап жатқан жоқ қой. Олар да өз аумақтарында сынақ өткізгені даусыз. Сонда əлемдегі ядролық мемлекеттердің барлығы өзінің халқына жоғарыда мен келтірген Семей полигоны маңында зардап шеккен тұрғындар көрген сорақы радиациялық зардапты үнсіз көрсетіп жатыр деген сөз. Радиациядан туындайтын айықпас аурулар мен экологиялық қасіреттер бұл елдердің барлығында бар екендігі анық. Өйткені ядролық қару жасалатын элементтер мен ол жарылып, сыналғанда тарайтын радиациядық изотоптар бірдей. Тек ядролық мемлекеттер өкінішке қарай, ондай мəліметтерді ашық жариялап жатқан жоқ. Бір құдайдың қолдағаны шығар, əлде менің халқымның көрген қасіреті мен көз жасының өтемі болар, 1991 жылдың 29 тамызында қазақ елінің табанды талабының

арқасында жəне президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қайрат-жігерінің арқасында Семей полигоны мəңгілікке жабылды. Бұл əлемде жабылған тұңғыш ядролық полигон. Бəлкім, КССРО-ның тарап, Семей полигонының жабылып оның зардаптары туралы ашық ақпараттың əлемге жариялануы бұл адамзатқа ой салатын ерекше ескерту болған шығар. Бұл деректер ядролық текетірестің түбі жер бетіндегі адамдар мен барлық тіршілік атаулының жойылуына əкеліп соғатынын ашық көрсетті. Семей полигоны жабылған соң, біртіндеп əр ел халықтарының ашық демократиялық талаптарының нəтижесінде барлық əлемдегі полигондарда жарылыс жасауға мораторий жариялауға қол жеткізілді. Бұл əлемдік қауымдастықтың ядролық зұлматқа қарсы бірлесіп күресу жолындағы алғашқы жемісті қадамы болды. Осылайша, ғаламдық антиядролық қозғалыс пайда болды. Бұл қозғалысты қолдаушылар қатары жылдан жылға өсіп келеді. Біріккен ұлттар ұйымы мен Магатэ сияқты халықаралық ұйымдар да ядролық қауіпсіздік мəселесін өткір көтеруге кірісті. Осы ұйымдар арқылы түрлі деңгейдегі конференциялар, алқалы жиындар өткізілді. Нəтижесінде БҰҰ Бас ассамблеясы1996 жылы «ядролық сынақтарға жаппай тыйм салу жөніндегі» келісімді мақұлдап, барлық əлем елдерін оны бекітуге шақырып, бастама көтерді. Қазіргі күнге дейін бұл келісімге қосылуды қолдап, 182 мемлекет қол қойды. Бұл құжатты ядролық бағдарламалары бар 44 мемлекеттің 41-і қолдады. Əзірге 156 елдің парламенті келісімді бекітті. 44 ядролық державаның 36-ы бекітті. Египет, Израиль, Иран, Қытай, АҚШ қол қойды бірақ бекіткен жоқ, Солтүстік Корея, Үндістан мен Пəкістан əлі қол қойған жоқ. Осы сегіз ел қол қоймаса келісім күшіне енбейді. БҰҰ бастаған барлық беделді халықаралық ұйымдардың басшылары мен əлемдік саяси тұлғалар бұл сегіз мемлекеттің келісімді дереу бекітуін талап етіп отыр. Шыныменде осы елдердің басшылары əлемдегі барлық ядролық сынақтардан зардап көрген адамдардың тағдырын көз алдарына елестете отырып, олардың жанайқайына үн қоса білуі тиіс. Бұл жалпы адамзаттың өзіне өзі істеген қатыгездіктері мен қасіреттерінен арылуына тікелей

ықпал ететін ең игі қадамы болатын еді. Жер бетінде сынақтар тоқтаса, ядролық қаруды жасау да тоқтайтыны сөзсіз. Осы сегіз ел көшбасшылары өзінің халқы мен Отанының кемел болашағын жəне Жер Жаһанның қауіпсіздігін ойласа, бұл келісімді бекіту арқылы адамзаттың даму тарихының жаңа бір жарқын кезеңіне қадам басуына мүмкіндік жасайтын еді. Бұл барлығымыз үшін ядролық қарусыз əлем құру жолында қаланған тұғырлы түпқазық болатын еді. Бүгінде əлемді ядролық қауіпсіздік мəселесі бірінші кезекте алаңдатып отыр. Өкінішке қарай қазір «ядролық терроризм» сияқты жаңа терминдер пайда болды. Ядролық сынақтарға жаппай тыйм салу жөніндегі келісім ұйымының атқарушы хатшысы Тибер Тоттың мəліметінше, дүниежүзінде жиырма мыңнан аса ядролық қару бар. Оларды қауіпсіз жағдайда сақтау жəне қырағы күзету əр ядролық мемлекеттің міндеті. Бірақ соңғы жылдары Магатэ ұйымының жəне халықаралық заңдылықтар мен келісімдерде айқындалған талаптарды орындаудан жалтаратын елдер де пайда болғаны жасырын емес. Ядролық қарулары бар екендігін жариялауға асықпай отырған мемлекеттер де бар. Магатэ мамандарын аумағына кіргізбей отырған елдер де бар. Ядролық қаруларды жасайтын материалдардың саудасын қыздырып жүргендер де көбейе бастады. Магатэ ұйымы екі күнде бір ядролық жəне радиактивті материалдардың заңсыз контрабандасы туралы ақпарат түсіп отыратынын мəлімдеді. Енді əлемдегі террористік ұйымдар ядролық қаруды иемденуге ұмтыла бастаған. Бұл ғаламдық жаңа қауіп-қатердің пайда болғанын көрсетеді. 1955 жылы Лондонда əлемнің айтулы он бір ғалымы РасселЭйнштейн манифестін жариялап, ядролық соғыстың қасіреті мен зардабын ғылыми түрде дəлелдеп, нақты дəйектерді дүниежүзі назарына ұсынған болатын. Ғалымдар сонда он шақты ядролық сутегі бомбасы жер планетасындағы барлық тіршілік атаулыны жоя алатынын ащы шындық ретінде айтып, ядролық қару жарысы мен сынақтарды тоқтатуды өткір көтеріп, мемлекеттер арасындағы бəсекелестік емес, жалпы адамзат атаулыны аман сақтап қалу түйткілі пайда болғанын

қынжыла жеткізген еді. Бұл ғылым серкелерінің тұжырымды пікірі əлі өзекті күйінде тұр. Жапонияның Фукусима атом электр станциясында жер сілкінісі мен су тасқынынан орын алған авария да əлемді ойлантып тастады. Бұдан біраз бұрын Чернобыль апаты дүниежүзін үрейлендірген еді. Бұл оқиғалар ядролық энергетика қауіпсіздік шаралары жан жақты жасалған жағдайда ғана тиімді екендігін көрсетті. Олай болмаса, адам мен қоршаған ортаға төнетін қауіп орасан. МАГАТЭ ұйымының бас директоры Юкиа Аманоның мəліметінше, қазір жер бетінде 130 атом реакторы жұмыс істеп тұрса, алдағы уақытта тағы 350-і іске қосылуға дайындалып жатыр. Бұл атом энергетикасын қолдану жалғаса беретінін айғақтайтын дəйек. Қазір адамзат алдында жоғары технологиялы қуат көздерін қауіпсіз жағдайда пайдаланудың тетіктерін бірлесіп ойластыру қажеттігі туындады. Бұл жаһандық жаңашыл ғылыми бірлестіктерге тың міндеттер жүктеп отыр. Жиырмасыншы ғасырдың ғалымдары саясаттың құрбанына айналып, ядролық қуаттан бомба жасауға мəжбүр болса, біздің ғасырдың ғалымдары алдында ядролық қуат көздерін зиян-зардапсыз жəне қауіпсіз пайдалану жолдарын қамтитын инновациялық жобалар жасау міндеті тұр. Өткен ғасыр ғалымдарына қарағанда, біздің замандастарымызға жүктеліп тұрған міндеттің игі екендігін іштей қуана мойындаймыз. Бұл бір жағынан əлемде жеке бір елдердің басымдық мүддесі емес, адамзаттық жаһандық мүдденің бірінші кезекке шыққандығын көрсетеді. Оны жаһанданудың басты жетістігі деп айтуға толықтай негіз бар. Бұл тұрғыда Вашингтонда өткен жаһандық ядролық қауіпсіздік мəселелеріне арналған ғаламдық саммиттің маңызына айрықша тоқталуға болады. Осы алқалы басқосу кезінде ядролық қаруы жəне оны жасайтын элементтері бар елдерге қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған жаңа талаптар қойылды. Əлемге ядролық сынақтар мен қару жасауды мəңгілікке тоқтату жөнінде ерекше ескерту жасалды. Саммит барысында нақты іс-əрекеттер де орын алды. Бірқатар мемлекеттер ядролық қауіпсіздікті нығайтатын іс-шараларды жедел жүзеге асыруды мойындарына алды. Осы саммиттің ал-

дында ғана АҚШ пен Ресей елдері ядролық қару жарақтарды қысқарту жөніндегі келісімді бекіткені де жаһандық мүдденің басым бола түскендігін айқын көрсетті. Саммитті АҚШ-тың ұйымдастырып, өткізуінің өзін əлем қауіпсіздік бағытындағы оң қадам ретінде бағалады. Бұл Барак Обама бара алған батыл қадамның бірі болды. Жаһандық ядролық саммит осы саладағы өзекті мəселелерді талқылайтын, ортақ тоқтамға келуге болатын халықаралық алқалы басқосу. Биыл екінші саммит Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында өтті. Оның қорытындысы бойынша қабылданған коммюникеде əлем елдеріне ядролық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жаңа талаптар жүктелді. Негізінен бұл жиында ядролық жəне радиациялық қаупі бар өнімдердің заңсыз айналымына қарсы күреске айрықша назар аударылды. Мен осы форумның алдағы өтетін жиындарының күн тəртібіне əлемдегі барлық ядролық полигондардың сынақ жарылыстарынан зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету қорын құруды ұсынамын. Бұл қор жаһандық саммит аясында құрылуы керек. Оған барлық əлем елдері, əсіресе ядролық державалар ерікті түрде қаржы бөле алады. Жиналған қаржы барлық Жер жаһандағы полигондардың маңында тұрып, радиацияға ұшыраған, денсаулығына зақым келген адамдарға берілуі тиіс жəне сол өңірлердің орталықтарындағы емханалар мен ауруханаларға озық медициналық қондырғылар мен құрал жабдықтар сатып алуға бөлінуі қажет. Өйткені бұл тұрғындар əлемдік зобыр саясаттың бейкүнə құрбандары. Олар өз туған жерлерінде ядролық сынақтар болуын, экологиялық түйткілдердің қалыптасуын мүлдем қалаған жоқ. Шынтуайтына келгенде саясаткерлердің жасырын əрекетін білген де жоқ. Сол кезде мемлекеттерді басқарғандар адамдардың құқын аяусыз аяққа таптап, бəрін олардың сыртынан өктем түрде өздері шешті. Қарапайым адамдар ядролық сынақтардың кесірінен тағдыр тəлкегіне ұшырады. Бұрын соңды көріп білмеген дерт аурулардан қасірет шекті. Сонда олардың қандай жазығы бар еді? Жер жаһандағы адамзаттың жазықсыз жапа шеккен адамдарға титтей де болса көмек қолын созатын уақыты жеткен сияқты. Əр адам қорға жүрек қалауымен бір доллар-

дан ақша құйса да аздық етпейді. Өйткені бұл радиациядан денсаулығы зардап шеккен əр адамға қандай көмек болса да ауадай қажет. Емделу үшін, дəрі-дəрмек алу үшін оларға қаражат керек. Ондай қаржы бұл жандардың бірінде болса, бірінде жоқ. Сондықтан əлем елдері мен халқы 29 тамыз халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні бұл қорға қайырымдылық ретінде қаржы аударса, нақты көмек болатын еді. Мына дерекке назар аударыңызшы, 1989 жылы əлемдегі жетекші елдер ядролық қару-жарақ жасауға 1миллиард 100 миллион доллар қаржы жұмсаған. Халықаралық талаптардың күшеюіне байланысты 1997 жылы бөлінген қаражат 700 миллиардқа дейін азайыпты. Əр ядролық бомбаның сынағы үшін 25 – 30 миллион доллар қаржы кеткен екен. Ядролық зұлматқа осыншама қаражатты аямай бөліп келген мемлекеттер өздері қасірет шеккізген тұрғындарға қаржы аяса, əділеттік қайда? Мен бұл тарауда ядролық түйткілдің қазіргі замандағы ең өзекті мəселелеріне əлем назарын тағы бір аударғым келді. Келесі тарауда жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшылары жөнінде əңгімелемекпін. Олар əлем халықтарын ядролық қауіптерге қарсы күресте біріктірген ерекше тұлғалар мен қайраткерлер жəне түрлі елдерде құрылған белсенді қозғалыстар мен ұйымдар.

ҒАЛАМДЫҚ АНТИЯДРОЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫС КӨШБАСШЫЛАРЫ Пан Ги Мун, БҰҰ Бас Хатшысы Бүгінде ядролық қауіпсіздік мəселесін өткір көтеріп отырған халықаралық құрылым БҰҰ. Оның қауіпсіздік кеңесі ұйымдастырып жүрген мəжілістер мен конференцияларда өзекті мəселе жан-жақты талқыланып, ядролық державаларға жаңаша талаптар мен ұсыныстар қойылып келеді. Əсіресе, бұл ұйымға Пан Ги Мун бас хатшы болғалы бері осы бағытта белсенді əрекеттер қолға алынды. Ең алдымен айтулы тұлға əлемдік қауымдастықты 1996 жылы ұсынылған ядролық

сынақтарды жасауға жаппай тыйм салу жөніндегі келісімге қол қоюға шақырды. Оны бекітпеген АҚШ, Иран, Қытай, Египет, Израйль, Солтүстік Корея, Үндістан мен Пəкістан мемлекеттері. Пан Ги Мун осы елдерден келісімге қол қоюды жеделдетуді талап етті. БҰҰ жиындарында жəне басқа да халықаралық басқосулар да аталмыш мемлекеттердің сылбыр əрекетін оқтын-оқтын сынға алып, ескерту жасаудан тынар емес. Əлемдік қайраткер бұл бағытта барлық мінбелер мен əлемдік ұйымдардың тетіктерін мейлінше пайдаланып келеді. Ол 2009 жылы ұйым аясында қауіпсіздік кеңесінің ядролық қауіпсіздік мəселелеріне арналған саммитін ұйымдастыруға мұрындық болды. Бұл жиынға зұлмат қаруы бар елдердің басшылары арнайы шақырылып, саммитке АҚШ президенті Барак Обама төрағалық етті. Онда арнайы резолюция қабылданып, ядролық сынақтарды тоқтату келісіміне қол қоймаған елдерге бұл істі жеделдету туралы тағы да ашық талап қойылды. Пан Ги Мун ядролық державаларға келісім бекітілгенге дейін тым құрығанда сынақтарға мораторий жариялауды ұсынды. БҰҰ Бас хатшысы «ядролық қаруларды сынақтан өткізуді біржолата тыю туралы келісім» дүниежүзін аждаһа қарудан тазартуға негіз қалайтынын, бұл тыйм ядролық қару-жарақты таратуға қарсы күреске қосылған маңызды үлес болатынын айрықша ескертіп жүр. Пан Ги Мунның халықаралық басқосуларда сөйлеген сөздеріне ақпарат құралдары жіті назар аударады. Əлемдік тұлға өз ойын ашық та, анық жеткізуге мəн береді. Бұл саясаткердің тағы бір ерекшелігі мəселені тереңінен əрі кеңінен адамзаттық тұрғыдан көтере алатындығы жəне шығыстық азиялық нақышты қосып, ойын астарлы, қанатты сөздермен шебер түйіндеп, жеткізе алатындығы. Осы саммитте оның «Əлемді жаппай қырып жоятын қару-жарақтан тазартатын кез жетті. Дəл қазір жер жаһанда ядролық қарусыз өмір сүруге болатын мүмкіндік туды. Бұл бүгінгі əлемнің бейбітшілік жолындағы жаңа қадамы болуы тиіс» деген қанатты сөзі БАҚ арқылы əлемге лезде тарап кетті. Міне, осы сөздерден кейін, «Ядролық қарусыз əлем» бастамасы пайда болды.

Бұл қайраткердің өмір жолын саралап көрсек, көп жылғы дипломатиялық қызметі барысында əрдайым ядролық қауіпсіздік түйткілдерін шешуге атсалысып отырған. Мəселен, ол Кореяның сыртқы істер министрі болған тұста, бейбіт Корея жартыаралы бастамасын көтерген. Оңтүстік жəне Солтүстік Корея елдері арасындағы ядролық қадағалау сұрақтарын реттеуге үлес қосқан. Ал одан бұрын Кореяның Австриядағы елшісі қызметін атқарған кезде, ядролық сынақтарға жаппай тиым салу келісімін дайындау жұмысына тікелей қатысады. Сондықтан бас хатшыны жаһандық қауіпсіздік жайын терең білетін əлемдік тұлға деуге толық негіз бар. Саясаткерлердің де неше түрлісі бар. Бірі сөз жүзінде мəселе етіп барлық түйткілді өткір көтергенімен іс-əрекеті қабыспай жатады. Екіншісі үшін бүкіл жұмысты білікті мамандардан тұратын команда істейді. Ал нағыз сарабдал саясаткер өзі қолға алған істі барлық болмысымен жан-тəнімен сезініп атқаруға тырысады. Пан Ги Мун осы топтағы саясат серкесі. Бір ғана жарқын мысал, ол ядролық қауіпсіздік мəселелерін жан-жақты біліп қана қоймай, ядролық сынақтардан, апаттардан зардап шеккен адамдардың мұң-зарын, қасіретін түсінуге тырысты. Қайраткер БҰҰ басшысы болғалы бері уақытының соншалықты тығыздығына қарамастан əлемде тұңғыш жабылған қырық жыл бойы ядролық сынақтар орын алған Қазақстандағы Семей полигонына, ядролық бомба тасталған Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына, атом станцияларында апаттар болған Чернобыль мен Фукусимаға барып, жергілікті тұрғындармен кездесіп, олар тартып жатқан зардаптарды өз көзімен көре алды, жаны ашып, түйсіне алды. Көріп қана қоймай, ядролық сынақтардан жазықсыз зардап шеккен жандардың жанайқайын дүниежүзілік БАҚ арқылы əлемге жеткізіп, ядролық зұлматтың адамзатқа жасап жатқан кесапатын тоқтатуды қатаң талап етіп келеді. Семейге Пан Ги Мун не үшін ат басын бұрды деген журналист сауалына, оның баспасөз хатшысы ол бұл жерге адамзат көрген қасіретті сезіну үшін арнайы келгенін айтты. БҰҰ бас хатшысы Семей полигоны аумағында тұрып сөйлеген сөзінде

«Семей полигоны бірнеше ондаған жылдар бойы қырғи-қабақ соғыстың орталығы болып, жер жүзіне орасан қауіп қатер төндіріп келді. Ал бүгінде жұмысын мəңгіге тоқтатқан полигон ядролық қарусыз əлем құрудың жарқын үмітіне, нақты мысалына айналды» – деді. «Чернобыль апаты салдарынан үш жүз мыңнан аса адам басқа жақтарға көшіп кетті. Алты миллион адам зардап шекті. Италия мен менің Отаным Кореяның жарты аумағындай жер радиацияға ұшырады. Чернобыль туралы ақпарат құралдарынан оқығаннан гөрі, көзбен көрген мүлдем басқаша екен. Бұл сапар маған қатты əсер етті, көргендерім көп уақыт бойы есімнен кете қоймасы анық. Тіршілік қайнап жатқан қала əп-сəтте қаңырап бос қалған. Осындайда украин халқының «Қайғыны біреудікі деп бөлуге болмайды» деген нақыл сөзінің мəн-мағынасын ұға түседі екенсің. Бұл сөз барлық ядролық зұлматтарға қатысты айтылып тұрған тəрізді»(19 сəуір, 2011 жыл, Киевте сөйлеген сөзінен үзінді. ) «Мен Чернобыльда болдым. Семей полигонын да көрдім. Нагасаки мен Хиросима жарылыстарын көрген хабакусялармен де кездестім. Бұл сапарларымның негізгі мақсаты ядролық қарулардан арылудың маңыздылығын əлемге жеткізу». Бұл сөздер Пан Ги Мунның жалпы адамзат мүддесін ойлайтын ғаламдық тұлға екендігін дəлелдей түседі. БҰҰ бас хатшысы ядролық қауіпсіздік саласындағы батыл əрі белсенді əрекеттері арқылы ядролық державалардың басшыларына да ықпал ете алды. Ресей мен АҚШ ядролық қару жарақтарын қысқарту туралы келісімге қол қойды. АҚШ жаңа бағыттағы ядролық стратегиясын қабылдады. Индонезия елі ядролық сынақтарға тыйм салу жөніндегі келісімді бекітті. Вашингтон алғашқы жаһандық ядролық қауіпсіздік саммитін өткізді. АҚШ ұйымдастырған бұл алқалы басқосуда бірнеше мемлекеттер ядролық қауіпсіздік шараларына қатысты нақты міндеттемелерді мойнына алды. Əлемдегі ең ірі державаның өзі білек сыбанып іске кірісіп еді, басқалар да əрекет жасай бастады. Бұл дəйектер ядролық қауіпсіздік саласындағы сірескен сеңнің біртіндеп бұзылып келе жатқандығын көрсетеді. Осы

саммитте ол ядролық қауіпсіздік бағытында оң үрдіс қалыптаса бастағанын, ірі державалар тарапынан ғаламдық келісімдерге қолдау күшейіп келе жатқанын атап өтті. «Біз түрлі құрылыс блоктарының қалануы нəтижесінде əлемді ядролық қарудан тазарту жұмыстарын біртіндеп жүзеге асырып келеміз. Алда əлі де атқарылатын шаруалар көп» – деді əр сөзінің астары бар Пан Ги Мун. Келесі жаһандық саммит Бас хатшының отаны Корея елінде өтті. Онда да жаһандық ядролық қауіпсіздік мəселелері кеңінен талқыланды. Əлемге танымал тұлға əрдайым жаһандық антиядролық мəселелерді басты назарда ұстап, ушығып бара жатқан түйткілдердің алдын алуға жіті мəн береді. Пан Ги Мун соңғы жылдары ядролық қаруларды жасайтын материалдардың заңсыз айналымы пайда болғанын жария етіп, ядролық елдерге сақтық жəне қауіпсіздік шараларын күшейтуді ескертіп жүр. Өйткені бұл элементтерге халықаралық террористік ұйымдар ұмтыла бастаған. Əлемде ядролық терроризм деген жаңа термин пайда болды. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік МАГАТЭ-нің мəліметі бойынша, бір-ақ жылда осы материалдарды заңсыз сатуға қатысты 200-ден аса оқиға тіркелген. Бұл қарулар лаңкестер мен экстремистердің қолына тисе, əлем тағдыры не болмақ? Егер лаңкестер ядролық қару жасайтын болса, онда жер бетіндегі тіршіліктің бір сəтте ғана күлі көкке ұшатыны белгілі жайт. Сондықтан мұндай қауіп, қатердің алдын алуды ойлаған Пан Ги Мун енді əлем елдерін ядролық қару жасайтын материалдарды заңсыз таратуға тыйм салатын келісімді бекітуге шақырып отыр. Сонда ядролық материалдарды лаңкестердің қолына түсірмеудің заңды құжат түріндегі тетігі жасалады. Оны бекіткен ел жауапкершілікті мойнына алады. Оның айтуынша, аталмыш заттардың айналымы қатаң қадағалауда болғанда ғана лаңкестердің əрекетіне кедергі қойылмақ. Бұл қайраткердің өзі жан-жақты білетін саланың келешегі мен түйткілдерін дəл болжай алатын тəжірибелілігі мен көрегенділігін көрсететін дəйек. Пан Ги Мун ядролық мəселелерді тым ушықтырып жіберетін елдерді де тəртіпке шақырудан жалыққан емес. БҰҰ-

ның барлық тетіктерін пайдалану арқылы олардың тізгінін тартқыза алып отыр. Тым өрекпіп, бой бергісі келмейтіндерге ұстанымы қатаң. Мəселен, ол БҰҰ өткізген арнайы басқосуы аясында Израильді қатты сынға алғаны белгілі. Ол Таяу Шығысты ядролық қарусыз аймаққа айналдыруға тек бір ел Израиль кедергі келтіріп отырғанын жасырған жоқ. Ираннан да ядролық бағдарламаларын күңгүрт емес, ашық жүргізуін батыл талап етіп жүр. Пан Ги Муннің өзі жария еткен «көпірлерді жалғай білу» ұстанымы, оның нағыз халықаралық деңгейдегі дипломат əрі сарабдал саясаткер екендігін дəлелдей түседі. Оның ядролық қауіпсіздікке қатысты белсенді əрі тегеурінді əрекеттерінің арқасында халықаралық деңгейдегі абырой беделі де артып келеді. Айтулы тұлғаның БҰҰ бас хатшылығына екінші мерзім қайта сайлануы да соған дəлел. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та ғаламдық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы. Ол өз жарлығымен əлемде ядролық сынақ полигонын жапқан тұңғыш президент. КСРО-ның басшылығы мен əскери генералдардың қарсы тұрған зор тегеурініне қарамастан Нұрсұлтан Назарбаев мұндай батыл қадамға бара алды. Өйткені бұл президент өз халқының ядролық полигоннан ауыр қайғы-қасірет шегіп жатқанын өз көзімен көріп, жанымен ұғынды. Назарбаев Кеңес əскери басшыларының полигонда жүргізіліп жатқан сынақтардың адам денсаулығына еш зияны жоқ деген көзді жұмып қойып, халықты алдаған өтірігін əшкере етіп, масқарасын шығарды. Ядролық сынақтардың ауыр радиациялық зардаптары туралы ақпарат əп-cəтте əлемге тарады. Қазақ елі Президентінің Семей полигонын жабу туралы шешімінен кейін əлемдік ядролық қауіпсіздік мəселесіндегі сең бұзылып, жаңа өзгеріс пайда болды. Осы оқиға АҚШ сенатының Невада штатындағы ядролық сынақ алаңының жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдауына итермеледі. Одан кейін, 1993 жылы АҚШ

Президенті Билл Клинтон ядролық сынақтарға мораторий жариялады. Бұл өз кезегінде жалпыға ортақ ядролық қаруға тиым салу жөніндегі əйгілі келісімнің пайда болуына жол ашты. Бұдан кейін əлемдік қауымдастық дүниежүзіндегі барлық ядролық полигондардың сынақ жасауын тоқтатуды талап етуге кірісті. Осының өзі Назарбаев шешімінің ғаламдық қауіпсіздік саласына жаңа бетбұрыс əкелгендігін айқындап тұр. Қазақстан президентінің бұл бағыттағы тағы бір айрықша қадамы бар. Ол ядролық қарудан өз еркімен бас тарту туралы шешімді қабылдаған тұңғыш бейбітшіл мемлекеттің басшысы. Арсеналы жағынан əлемде төртінші орында тұрған Қазақстан өз еркімен 1150 дана ядролық зымыранды қарудан бас тартты. Сол уақытта еліміздегі ядролық арсенал Ұлыбритания, Франция, Қытай үшеуін қосып алғандағы ядролық əлеуеттен асып түсетін еді. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл қадамы да жоғары бағаға лайық. БҰҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдар мен əлемдік қауымдастық Қазақ елі басшысының көрегендігі мен кемеңгерлік ұстанымын мойындады. Мəселен, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстанға сапары кезінде Нұрсұлтан Əбішұлының əлемдегі ядролық полигонды жапқан тұңғыш президент екендігін зор құрметпен айтып, батыл əрекеті үшін шынайы ризашылығын жеткізді. Қазақстанның бұл игі əрекеті бүкіл əлемге үлгі болғанын атап өтті. Ол елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ғаламдық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы деп бағалады. Қазақстан президентіне «өз шешіміңізбен Семей полигонын жапқан əрі ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан елдің басшысы ретінде жəне 40 жыл бойы ядролық сынақтардың қайғы-қасіретін көрген халықтың атынан алғашқы жаһандық антиядролық Вашингтон саммитінде сөз сөйлеуге толыққанды моральдық құқыңыз бар» жəне «Сіз ғаламдық ядролық қауіпсіздік мəселесінде зор дауысқа ие тұлғасыз. Сіз бүкіл əлемге ядролық жарылыстарды тоқтату, ядролық қаруларды жою туралы талап қоя алатын бірденбір көшбасшысыз» деген сөздері кез келген президентке, кез келген халыққа айтылып жатқан пікір емес. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы Семей полигонын жабу туралы ба-

тыл да көрегендікпен қабылдаған салиқалы шешіміне əлемдік қауымдастықтың берген əділ бағасы. Осылайша, ядролық полигонды əлемде бірінші болып жапқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен зұлмат қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақ елі əлемдік тарихқа өз қолтаңбасын қалдырды. Бұл кез келген елдің пешенесіне жазылмаған тарихи сəт. Бұл оқиғаларды есіне ала отырып, Нұрсұлтан Назарбаев былай деп жазады. «Жиырма жыл бұрын əлемде бірінші болып біз өз жеріміздегі ядролық полигонды жаптық. Қырық жылға созылған сынақ кезінде 450-ден астам жарылыс жасалса, соның ішінде 120-дан астамы атмосферада жасалды. Олардың жиынтық қуаты 2, 5 мың Хиро си ма ны жойып жіберуге жеткілікті еді. Радиация 300 мың шаршы шақырымнан астам аумақты бүл дірді. Бұл – шамамен Германия сияқты Еуропадағы үлкен ел дер дің бірінің аумағына тең. Ядро лық сынақтардың салдарынан 1, 5 миллионнан астам адам зардап шекті. Менің Семей полигонын жабу туралы Жарлығым біздің 20 жылдықты атап өткен Тəуелсіздігімізге қадам басуымыздың кері қайтпас нүк тесі болды. Біз əлемді «ядролық зұлым дықтың» ауқымды апанынан шешімді түрде аластап қана қойған жоқпыз. Біз жаһандық қатерден де биіктеп, еліміз тарихы мен бүкіл əлемнің ядродан арылуы пайдасына қағидатты таңдау жа садық». Назарбаев халықаралық беделді мінбелерден ғаламдық ядролық қауіпсіздік мəселелеріне қатысты батыл көзқарас ұстанымдарын жариялап жүрген айтулы тұлға. БҰҰ-ның 64ші сессиясында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпаудың неғұрлым əмбебап жаңа шартын əзірлеу жөніндегі ұсынысы дүниежүзі мемлекеттеріне таныстырылды. Қазіргі бар келісім ядролық қаруы бар немесе жоқ елдерге талап қоюмен ғана шектеледі. Қазақстан Президенті ядролық елдер ядролық қаруларын қысқартып, одан бас тарту жағынан бірінші кезекте өздері үлгі болуы керектігін батыл ескерте алды. БҰҰның осы сессиясы барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың 29 тамызды халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні деп жариялау жөніндегі бастамасына да қолдау көрсетілді. Бұл Семей полигонында тұңғыш жарылыс болған, əрі сол полигонды жабу туралы жарлыққа Қазақстан президенті қол қойған

күн. Қазірде осы күн дүниежүзі бойынша атап өтіледі. Бұл тұрғыда «Қазақстан біздің жаңа мемлекетіміздің күш-қуаты ядролық бұлшық еттерін көр сетуде емес, керісінше, оларды қолданбауда жəне толықтай бас тартуда деп бірден жəне мəң гілікке шешім алды. Жəне бұл біздің мемлекеттілігіміздің – жалпыұлттық идея деңгейіне шы ғарылған бүкілхалықтық ақыл-ойымыздың темірқазығы болды. 1991 жылдың 29 тамызында іс жүзінде жаһандық қауіпсіздік тари хын да жаңа дəуір басталды. Əлем жаппай қырып-жоятын ядролық қарудан өз еркімен, саналы түрде жəне біржақты негізде бас тартқан елді үлгі тұтуға мүмкіндік алды. Жəне Қазақстан жасаған бұл қадамның маңызы шын мəнінде уақыт пен кеңістікте алдыңғы кезекке шық ты. Сондықтан 29 тамыздың біз дің бастамамызбен БҰҰ тара пы нан Ядролық сынақтарға қарсы ісқимылдың халықаралық күні деп жариялануын заңдылық деп қабылдаймыз, – дейді Нұрсұлтан Əбішұлы. Соңғы жиырма жылдықта Нұрсұлтан Назарбаев айтулы əлем саясаткерлерімен бірге БҰҰ мінбесінен басқа да халықаралық жиындар мен БАҚ-та жарияланған еңбектерінде əрдайым əлем елдерін ядролық сынақтарға жан-жақты тыйм салу келісімін бекітуге үндеп келеді. Бұл үндеуге ірі державалар құлақ аса бастағаны байқалады. Бұған дейін аталмыш келісімді бекіте қоймаған АҚШ-тың өзі президент Барак Обаманың қолдауымен бұл құжатты сенат қарауына жіберді. Екі ірі ядролық держава Ресей мен АҚШ стратегиялық ядролық қару-жарақтарды қысқарту туралы жаңа келісімге қол қойды. Оған сəйкес, қос мемлекет ядролық қаруларын 2200-ден 1500ге дейін, тасымалдайтын зымыран, қайық, ұшақтарды 1600ден 800-ге дейін қысқартпақ. Бұл басқа елдерді ойландыратын, басты ядролық ойыншылардың нақты да нəтижелі əрекеті. Назарбаев ғаламдық ядролық қауіпсіздік жөніндегі Вашингтон саммитінде де алғашқылардың бірі болып сөз алып, жаңа ұстанымдарын жариялады. Қазақстан Президенті Орталық Азия ядролық қарусыз аймаққа айналғанын мəлімдеді. Аймақ елдері бұл ниеттерін арнайы келісіммен бекіткенін жеткізген ол, енді басқа əлем нүктелерін де осындай қадам жасауға шақырды. Са-

рабдал саясаткер, əсіресе, БҰҰ-ның Таяу Шығысты ядролық қарусыз аймаққа айналдыру бастамасына айрықша қолдау білдірді. Бұл бағытта Орталық Азия елдерінің тəжірибесін зерттеуді алға тартты. Қазақстан басшысы «ядролық клубтың» жаңа құрамын жасақтап, оған нақты қаруы бар елдерді кіргізу керектігін əлемдік қауымдастықтың есіне салды. «Клуб пен оның мүшелері əр іс-қимылын БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің келісімімен жүргізуге міндеттеме алуы тиіс. Ал ядролық амбициясы пайда бола бастаған елдер райларынан қайтуы керек. «Ядролық клуб» қауіпсіздік кеңесінің бекітуімен оларға ядролық қаруды қолданбау жəне шабуыл жасалған жағдайда қорғау жөнінде қауіпсіздік кепілдемесін беруі қажет. Осы талапқа көнбеген елдерге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі санкциялар мен міндеттеу шараларын қолдануы керек» – деп есептейді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ас самблеясының 66 сессиясында əлем назарын аударған ғаламдық аса өзекті бастама көтерді. Назарбаев дүниежүзі елдеріне «Ядролық қарусыз əлемнің жалпыға ортақ декларациясын» жасау идеясын ұсынды. Бұл – осыдан 20 жыл бұрын ядролық қатерге қасқайып қарсы тұрған Қазақстан басшысының тағы бір маңызды əрі батыл қадамы. Нұрсұлтан Назарбаев декларацияны қабылдау оңайға соқпайтынын мойындайды. Бірақ тегеурінді саясаткер Жер жаһандағы адамзаттың ортақ мүддесі үшін ондай құжат ауадай қажет екендігін жəне оны қабылдауға əлемдегі барлық тұрғындар белсенді атсалысатынына сенімді. Қазақстан басшысы бұл мақсатқа қол жеткізу үшін ғаламдық антиядролық қозғалыс құрып, ядролық қаруларды жоюды, сынақтарды мүлдем тоқтатуды ядролық мемлекеттер мен олардың басшыларынан бірлесіп талап ету керек деп есептейді. Ол мұндай қарудан бас тарту мəселесін саясаткерлер емес, экологиялық жəне радиациялық зардаптарды көріп жатқан қарапайым халық шешуі керектігін ескертеді. Президенттің айтуынша, Демократиялық бағытты ұстанған жəне оған ұмтылған əр мемлекет халық пікірі мен міндетті түрде санасуы тиіс.

«Ядросыз əлем – утопия емес. Бұл – пла не таның айтарлықтай бөлігінде кө рініс беріп отырғанындай, нақты шындық. Ядролық қарудан азат аймақтар Оңтүстік жəне Орталық Америкада, Австралия мен Океанияда, Африкада, ОңтүстікШы ғыс жəне Орталық Азияда құрылса, бұл – іс жүзінде Жер ша рының жартысы. Бүгінде ядро сыз мемлекеттер қатарын толықтырып отырғандарға барлық ядро лық мемлекеттер тарапынан халықаралық-құқықтық кепілдеме нің тиімді тетігі қажет. Біз ядросыз əлемді планетамыз ұмтылуға тиісті орасан мақсат көреміз. Бұл – қандай да бір идеологиялық жəне мəдени айыр машылық коррозиясына ұшы ра маған жаңа əмбебап жалпы адам заттық құндылық. Семей полигонындағы мұражайда ядролық сынақ сойқанының ізі сайрап тұр. Тіпті үшінші ұрпақтың өзі кемтар болып тууда. Елімізде қатерлі ісіктен ең көп ауырғандар мен өлгендер нақ осы өңірде. Біздің халқымыз ядролық қаруға қарсы қалай көтерілсе, біз бүкіл əлем халықтарын адамзатты ядролық қатер апокалипсисінен құтқару жолындағы күреске дəл солай көтеруге тиіспіз. Жалпыға ортақ декларация қабылдануымен біз ХХІ ғасырда БҰҰ-ның қатаң бақылауына сүйеніп, жаһандық ядролық қауіпсіздіктің біртұтас жүйесін құруды байланыс ты рамыз. Ядросыз əлемге жол салу планетаның дұрыс ойлайтын бар лық адамдарының күш-жігерін біріктірмей мүмкін емес. Бүгінде мен жоғарыда айтып кеткен беделді де қуатты Жаһандық анти ядролық қозғалыс құру маңызды. Оны планетаның барлық құрлықтарында ұйымдастыруға кіріссек, ұтарымыз анық». (Н. Назарбаевтың «Ядролық қарусыз əлем» атты Астана форумында сөйлеген сөзінен) Қазақстан басшысы атомды бейбіт мақсатта пайдалануды қолдайды. Планетаның көмір су тегі қорлары азайып барады. Сон дықтан энергияның қайта ла ма көздерінің болашағы зор. Қазіргі кезде адам баласы үшін атом энергиясынан асқан қуатты да қолжетімді көз жоқ. Қазақстан үшін ядролық энергетика – бо лашақ инновациялық кластер лер дің бірі. Қазақ елі Магатэ ұйымына халықаралық ядролық отын банкін өз аумағында орналастыруға дайын екендігін білдіріп, ұсыныс та

жасады. «Біз бүкіл əлемдік уран қорының төрттен біріне иелік етудеміз. Бізде үлкен ғылыми əлеует пен ядролық энерге тиканың инфрақұрылымы бар. Ха лық аралық міндеттемелерді қатаң сақтай отырып, біз «бейбіт атомның» барлық нысандары қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз еттік. Қазақстан МАГАТЭ-нің бас шы лығымен жұмыс істейтін Ха лықаралық ядролық отын банкі депозитарийі рөліне өзінің кандидатурасын ұсынғаны белгілі. «Біз аталған мəселе оң шешіледі деп санаймыз. Қазақстан таратпау, қа русыздану жəне атом энер гия сын бейбіт пайдалану мəселелерінде ең сенімді əріптес болды, болып келеді жəне бола береді» дейді қазақ президенті. Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қауіпсіздік саласындағы осындай нақты іс-əрекеттері оны дүниежүзілік антиядролық қозғалыстың бірден-бір көшбасшысына айналдырды. Барак Обама, АҚШ Президенті Ядролық зұлматқа қарсы күресті қолдаушы тағы бір ғаламдық тұлға АҚШ Президенті Барак Обама. Ол əлемдегі ең ірі ядролық елді ядролық қауіпсіздік бағытындағы нақты қадамдарға бастай алған бірден-бір басшы. Ең алдымен АҚШ президенті өз елінің осы саладағы қолға алатын жаңа бастамалары мен қадамдарын 2009 жылғы сəуір айында Прагада жиырма бірінші ғасырдағы ядролық қатерлерді азайту тақырыбында сөйлеген сөзінде мəлімдеген болатын. Барак Обама əлем елдерін ядролық қаруды таратпауға жəне оны лаңкестердің қолына жеткізбеуге бірлесіп əрекет етуге шақырды. АҚШ президенті ядролық қауіпсіздік дүниежүзіндегі барлық халықтарды алаңдатқан ең өткір түйткілге айналғанын жасырған жоқ. «Бүгінде қырғи-қабақ соғыс жоқ болғанымен, бірнеше мыңдаған ядролық қарулар əлі де бар. Тарихи қызық жағдай, ғаламдық ядролық соғыс қаупі сейілгенімен, керісінше ядролық шабуыл қаупі өршіп отыр. Қазір бұл қаруларды иеленіп отырған елдер қатары көбейді. Сынақтар əлі жалғасуда. Қара нарықта ядролық құпиялар мен ядролық материалдардың саудасы қызып тұр. Атом бомбасын жасау технологиясы əлемге

тарап үлгерді. Террористер мұндай қаруды жасауға, сатып алуға, ұрлауға ұмтылып отыр. Біздің бұл қатерлерді қадағалау тетіктеріміз ғаламдық режимде жұмылдырылғанымен негізгі қаруды таратпау талаптарын бұзып жатқан елдер мен адамдар кездесіп жатады. Сондықтан бұл күндері ядролық қауіпсіздік мəселесі əлемдегі барлық адамдарды қатты алаңдатады. Бір қаладағы бір жарылыс, бəлкім ол Нью-Йоркта, Мəскеуде немесе Исламабад пен Мумбайда, Токио жəне Тель-Авивте, Париж не Прагада орын алса, жүз мыңдаған адамның өмірін қияды. Қай жерде болса да мұндай оқиғаның ғаламдық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін, біздің қоғамымыз бен экономикамыз үшін, адамдар үшін қасіреті ауыр». (05. 03. 2009. Прагадағы сөзінен). Прагада өз елінің ядролық қауіпсіздік бағытында нақты іс-əрекеттерді қолға алатынын жариялаған Барак Обама өз сөзінде тұрды. Бір жылдан кейін АҚШ-тың стратегиясы мен ұстанымдары айқындалған жаңа ядролық доктринасы бекітілді. Бұл құжат елдің ядролық қауіпсіздік саласына ғана емес, жаһандық тұрғыда жаңа бетбұрыс əкелді. Онда тұңғыш рет АҚШ үшін ең басты қауіп ядролық державалардың текетіресі емес, ядролық терроризм мен ядролық қару жарақты таратуға жол берушілер екендігі тайға таңба басқандай жазылды. Жаңа стратегияны əлемге таныстырған Барак Обама АҚШ ядролық қару-жарақты көбейтуден жəне жасаудан бас тартатынын мəлімдеді. Осындай жаһандық маңызға ие доктринаның жариялануы дүниежүзіндегі ортақ адамзаттық мүдденің жеке мемлекеттік мүддеден жоғары көтерілгенін нақты көрсетті. Бұл АҚШ президенті Барак Обаманың ғаламдық деңгейдегі айтулы батыл қадамы болды. АҚШ президенті Ресеймен ядролық қаруларды қысқартуға қатысты келіссөздерді қайта жаңғыртып, оң нəтижеге қол жеткізе алды. Келіссөздер қорытындысы бойынша Обама мен Медведев стратегиялық қару-жарақты қысқарту туралы жаңа екі жақты келісімге қол қойды. Оған сəйкес, екі мемлекет өздерінің ядролық қаруларын жеті жыл ішінде екі есеге жуық қысқартуды көздеп отыр. Екі ірі ядролық елдің бұл оң шарала-

ры əлемдегі басқа мемлекеттерге үлгі ретінде ұсынатын əрекет екендігі сөзсіз. Əлемдік саясаткер Барак Обама ғаламдық тұрғыда оңтайлы шешім жасап, тұңғыш рет жаһандық антиядролық саммитті өткізуге тікелей себепкер болды. Бұл ауқымды шараны АҚШтың ұйымдастыруы ядролық қаруы бар елдерге ой тастады. Саммит жұмысы нəтижелі аяқталды. 49 елдің басшылары ядролық қару-жарақтар мен оны жасайтын материалдарды шығаруды қысқарту жөнінде міндеттемелер алды. Мəселен, Канада жоғары байытылған уранды шығаруды қысқартатынын, ал Чили, Украина, Мексика өздерінде бар мұндай материалдан біржолата құтылатындарын мəлімдеді. Аргентина мен Пəкістан порттарындағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, ядролық контрабандаға тосқауыл қоятын жаңа шараларды қолға алатындарын жеткізді. Филиппин, Тайланд, Вьетнам елдері антиядролық келісімдер мен құжаттарды бекітуге келісті. Италия, Қытай, Жапония, Үндістан ядролық қауіпсіздікті жаңа технологиялар мен нығайтатын орталықтар құрып, мамандар дайындауды қолға алатындарын алға тартты. Ресей өзінің аумағындағы қару жасауға қажетті плутоний реакторын жабатындарын жария етті. Ресей АҚШ пен бірге 17 000 дана ядролық қару жасауға кететін 68 тонна плутонийді залалсыздандырып, электр қуатын өндіруге жұмсайтындарын мəлімдеді. АҚШ өз аумағындағы барлық ядролық нысандардың қауіпсіздік шараларын күшейтіп, Магатэні нейтрондық зерттеу орталығының қауіпсіздігін тексеруге шақырмақ. Бұл ел ядролық қаруды таратуға жəне ядролық материалдардың заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізуге бағытталған бағдарламаларға қомақты қаржы бөлетін болды. Бұған қоса саммит барысында барлық ядролық қаруы бар мемлекеттер МАГАТЭ ұйымына қаржылық көмек көрсетуге уəде берді. Соңғы жылдары бұл ұйым елдер тарапынан қаржылық қолдаудың азайып бара жатқанын жиі мəселе ретінде көтеріп жүрген еді. Барак Обама саммиттің соңында сөйлеген қорытынды сөзінде осындай əріптестік қалыптасқан кездесуде ортақ жауапкершілікті мойынға алу, ортақ қатерге бірлесіп қарсы тұру мүмкіндіктері пайда

болғанын атап өтті. «Біріншіден, біз барлығымыз ядролық қауіптің кейінге қалдыруға болмайтын түйткіл екендігін түйсіне алдық. Біз ядролық терроризм əлемдік қауіпсіздікке қатер төндіріп тұрғанын мəлімдейміз. Оған қарсы күресті күшейтіп, ең алдымен лаңкестер мен қылмыскерлердің ядролық материалдарды иемденуіне жол бермеуіміз қажет. Бұл заттарды қырағы түрде қадағалап, заңсыз айналымға тосқауыл қоюымыз керек. Екіншіден, саммитке қатысушы барлық елдер басшылары менің Прагада көтерген алдағы төрт жыл ішінде əлемдегі түгел ядролық материалдарға арнайы күзет қою туралы ұсынысымды қолдағанына қуаныштымын. Бұл мақсатқа қол жеткізу оңай емес. Бірақ бір лаңкестік əрекеттің қасіреті қандай болатынын ескере отырып, біз бұл батыл əрекетке баруымыз керек. Бұл мақсатқа қол жеткізуге болады. Үшіншіден, біздің мемлекеттеріміз халықаралық міндеттемелерді орындай отырып, ядролық материалдарға қатысты жауапкершілікті мойындарына ала алатынын қуаттадық. Ол үшін елдер ұлттық заңдарын жетілдіріп, барлығымызбен келісілген міндеттемелерді орындап отыруы тиіс. Төртіншіден, əр ел бұл қауіп-қатерге жеке қарсы тұра алмайды. Сондықтан біз бірлесіп, тиянақты ұлттық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық ынтымақтастық бағдарламасын қабылдап, оған əлем елдерін қосылуға шақыруды міндетімізге алдық». (14. 03.2010. Ядролық қауіпсіздік саммиттінде сөйлеген сөзінен). Обама ядролық бағдарламаларын ашық жарияламай отырған Иран жəне Солтүстік Корея сияқты елдерге қатаң талап қойып келе жатқан қайраткер. Оларға тек саяси емес, экономикалық жағынан қысым жасау арқылы ортақ əлемдік талапқа мойынсұндыруды қолдайды. Қазір бұл қысымдар біртіндеп Иранға жасала да бастады. Бір жағынан халықаралық келісімдерді орындамай отырған мұндай елдерге қатаң талап қою орынды. Өйткені бұл жаһандық қауіпсіздік үшін маңызды. Барак Обама да ғаламдық антиядролық қозғалыс құруды қолдайтын саясаткер. Ол ядролық қарусыз əлем құру үшін жалғыз əрекет еткеннен гөрі бірлесіп жаһандық деңгейде

үндесіп, қимыл жасау керектігін құптайды. Сонда ғана нəтижеге қол жеткізуге болады деп есептейді. «Кейбіреулер ядролық қаруды таратуды тоқтату, тежеу мүмкін емес, өйткені бүгінде əлемде оны иеленген елдер мен адамдар саны көп екендігін алға тартады. Мұндай фатализмді біз жоққа шығармасақ, онда ядролық қаруды таратуды тоқтату мүмкін емес болғандықтан, оның қолданылуы да ықтимал екендігін бір қарағанда мойындағанымыз ғой. Сондықтан біз оған жол бермеу үшін ХХ ғасырда халқымыздың бостандықта өмір сүруін бірлесіп талап ете алғанымыздай, ХХІ ғасырда да адамдардың қорқынышсыз өмір сүруіне қол жеткізе алуымыз керек. АҚШ-тың ядролық держава жəне ядролық қаруды алғаш қолданған ел ретінде қимыл-əрекетсіз отыруға ешқандай моральдық құқы жоқ. Біз бұл бағытта жалғыз мемлекет болып жетістікке жете алмаймыз, бірақ біз өзімізбен бірге басқаларды ерте аламыз, үлгі көрсете аламыз. Сондықтан мен АҚШ жер бетіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында ядролық қарусыз əлем құру бастамасын қолдайтынын жария еткім келеді. Бұл мақсатқа қол жеткізу тез бола қоймас, бəлкім мен тірі жүргенде жүзеге аса қоймас. Бірақ бізге табандылық пен шыдамдылық керек. Біз қазіргі əлемді өзгерту мүмкін емес деушілердің пікірлеріне назар аудармауымыз қажет. Біз нық сеніммен «Біздің қолымыздан келеді» деп мəлімдеуіміз керек». Барак Обаманың тағы бір құрметтеуге тұратын ісі АҚШ парламентінен ядролық сынақтарды жаппай тоқтату туралы халықаралық келісімді бекітуін тікелей талап етіп келе жатқандығы. Ол бұл құжатты қолдап сенаттың бекітуіне жіберген демократиялық құндылықтарды жоғары ұстанатын елдің тұңғыш президенті. Бұған дейінгі президенттер өкінішке қарай мұндай игі қадамға баруға тəуекел етпеген еді. Бұл да Обаманың ғаламдық ауқымдағы өзіндік ұстанымы мен қолтаңбасы бар тұлға екендігін, оның тек бір елдің президенті ғана емес, нағыз жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы екендігін дəлелдей түсетін дəнекті дəйек.

«Пагуош» қозғалысы Атом бомбасы пайда болған сəттен бастап, оның ауыр зардабын білген екі топ болды. Біріншісі лауазымды қызметтегі саясаткерлер, екіншісі ғалымдар. Бірінші топтағылар зұлмат жайлы жұмған ауыздарын ашпады, ал екінші топ адамзатқа төнген қасіретті жасырып қала алмады. Олар ядролық қаруды жасай беру Жер Жаһан үшін аса қауіпті екенін халықаралық мінбелер арқылы жария етуге тырысты. Осы мақсатта əлем ғалымдары бірігіп, Пагуош қозғалысын құрды. Бұл дүниежүзіндегі алғашқы антиядролық қозғалыс ретінде тарихта қалды. 1955 жылдың 9-шы шілдесінде Лондонда 11 əлемге танымал ғалымның авторлығымен Рассел-Эйнштейн манифесті жария етілді. Онда ядролық қарудың жер бетіне төндіріп тұрған қаупі ашық мəлім етілді. «Сутегі бомбалары қолданылатын соғыс кезінде Жердегі ірі қалалар жойылып кететіні белгілі. Бірақ оның бұдан да сұмдық зардабы бар. Егер Нью Йорк, Лондон, Москва қалаларының тұрғындары бұндай шабуылдан жойылған күннің өзінде бірнеше жүз жылдан кейін бұл қалаларды қалпына келтіруге болатын еді. Бірақ біз енді Бикиниде жасалған сынақтан кейін, ядролық қарулардан қырылатын адамдар мен күл-талқан болатын аумақтың көлемі өсе беретінін білеміз. Біз ғалымдар Хиросимада жарылған бомбадан екі мың бес жүз есе күшті қару жасауға болатынын білеміз. Ондай бомба жер астына немесе су бетінде жарылатын болса, атмосфераның жоғары қабатына радиоактивті бөлшектерді ұшырады. Олар біртіндеп, жерге қайтадан адам өміріне қауіп төндіретін шаң-тозаң жəне жаңбыр түрінде түсетін болады. Бұл саладағы айтулы ғалымдар сутегі бомбалары қолданылатын соғыс адамзаттың жаппай қырылуына əкеп соғатынын жасырмайды. Жарылыс кезінде аз адам қаза тапса, қалғандары біртіндеп, қиналып қырғынға ұшырайтын болады» (Рассел Эйнштейн манифестінен үзінді). Бұл əйгілі құжатқа физикадан Нобель сыйлығының иегері неміс профессор Макс Борн, Гарвард университетінің профессоры, физикадан Нобель сыйлығының иегері Перси У. Бриджмен, айтулы ғалым Альберт Эйнштейн, Варшава университетінің профес-

соры Леапольд Инфельд, химиядан Нобель сыйлығының лауреаты, физика профессоры Фредерик Жолио-Кюри, физиология мен медицинадан Нобель сыйлығының иегері, Индиана университетінің профессоры Герман Меллер, химиядан Нобель сыйлығының иегері, Калифорния технология институтының профессоры Лайнус Поллинг, физикадан Нобель сыйлығының лауреаты, Бристоль университетінің профессоры Сессил Пауэлл, Лондон университетінің профессоры Джозеф Ротблат, физикадан Нобель сыйлығының лауреаты, Киото университетінің профессоры Хидеки Юкава қол қойды. Арнайы қабылданған резолюцияда ғалымдар кез келген текетіресті соғыссыз бейбіт келісім жолымен шешуге болатынын, ядролық қаруды мүлдем қолдануға болмайтынын ескертті. Осылайша ғалымдар тіршілік атаулыны алаңдататын ең өткір мəселені көтерді. Адамзатқа үлкен ядролық қауіптің төніп тұрғанын ескертті. Осы манифестен кейін олар ядролық қару-жарақтың қауіпқатеріне арналған конференция шақырды. Бұл конференция 1957 жылы 7 – 11 шілде аралығында Канададағы Пагуош деген жерде өтті. Оған əлемнің он елінен дүниежүзіне танымал ядролық физиканы зерттеп жүрген 22 ғалым қатысты. Олар өз елдері мен ұйымдардың атынан емес, тек жеке шақырулармен келді. Бұл Пагуош конференциясының дəстүріне айналды. Алғашқы конференцияда ядролық қарудың бейбіт жəне əскери жағдайдағы қаупі, ядролық қаруларға бақылау жасау мəселелері қаралды. Осы басқосуда Пагуош тұрақты комитетін құру жайы шешіліп, жыл сайын əлемнің түрлі қалаларында конференциялар өткізу жоспарланды. Пагуош қозғалысы құрылған алғашқы он бес жылда қарусыздану жəне ядролық қаруларға қадағалауға қатысты халықаралық актілерді жасау ісіне зор үлес қосты. Олар 1959 жылы Баден қаласындағы конференцияда ядролық қаруды таратпау туралы келісімді бекітуді ұсынды. Осы басқосуда бұл құжаттың негізгі шарттары мен ережелері жан-жақты пысықталды. Қозғалысқа кірген белгілі ғалымдар ядролық қарулардың сынақтарын тоқтатуға қатысты құжаттарды да қабылдауға белсенді атсалысты. Нəтижесінде 1963 жылы ядролық сынақтарды ауа-

да, су астында жəне ғарышта жасауға тыйм салатын келісім бекітілді. Бұған дейін сынақтар ашық ауада да жасалып келген еді. Пагуош қозғалысының белсенді əрі тегеурінді əрекетінің арқасында 1972 жылы биологиялық қаруларға тыйым салу, ал 1993 жылы химиялық қаруларды шығаруға тыйым салу туралы конвенцияларға қол қойылды. Бұл да антиядролық бағыттағы жемісті қадам болды. Əлемдік беделі бар ғалымдар ядролық қарулардың сынақтарына бақылау жасауды да назардан тыс қалдырған жоқ. Стратегиялық қаруларды шектеу туралы жəне зымыранға қарсы қорғаныс туралы келісімдердің пайда болуына ықпал етті. Міне, осындай ядролық қауіпсіздік саласындағы ерен еңбектері үшін 1995 жылы Пагуош қозғалысына Нобель сыйлығы табыс етілді. Бұл қозғалыс 21 ғасырда жұмысын жетілдіре түсті. Заманның жаңа талаптарына сай ғаламдық қауіпсіздік, ядролық энергетика қауіпсіздігі, ядролық қаруларды қысқартуға қатысты тың жобаларды қарауға мəн беріп келеді. Осы деректер Пагуош қозғалысын жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшыларының бірі екендігін нақты дəлелдей түседі. Ұлы Мұхаң мен Əнуар Əлімжановтың жанайқайы Кеңес заманы тұсында Семей полигонының зардаптары туралы халықаралық деңгейде өткен шетелдердегі жиында мəселе көтере алған екі тұлғамыз болғанын мақтанышпен айта аламыз. Шындық айтылмай қоймайды. Бұл мəліметтер бізге тəуелсіздік алғаннан кейін мəлім болған тарихи шындықтар. Біріншісі қазақты əлемге танытқан заңғар жазушымыз ұлы Мұхтар Əуезов. Ол 1957 жылдың тамызында Кеңестер Одағы делегациясының құрамында Жапонияда өткен Атом жəне сутегі бомбаларын жоюға бағытталған 3-ші бүкіл əлемдік конференцияға қатысып сөз сөйлейді. Қазір жазушының Токио қаласының жастар сарайында өткен жиында сөйлеген сөзінің үзіндісі ғана табылып отыр. Сол шараға қатысып, сөйлеуінің өзінен ұлы тұлғаның Абай ауылы тумасының ұлылар мекенінде Семей полигонының болғанын біліп, оның зардаптарын қалай айтудың жолын іздегенін түйсінуге бола-

ды. Екінші тұлға белгілі қаламгеріміз Əнуар Əлімжанов. Ол Лондонда Ядролық қарусыздану ұлттық комитетінің кон ферен циясында (Си-эн-Ди. 10. 11. 1990) жəне Ұлыбританияның Қауым дар палатасында (13. 11. 1990) сөз сөйлеп, Семей полигоны ғана емес, бүкіл əлемдегі аждаһалардың үнін өшіруді өткір көтерді. Осы екі айтулы тұлғамыздың ерлігі туралы деректерді жалпақ жұртқа паш еткен екі белгілі қаламгеріміз Сауытбек Абдрахманов пен Ғаббас Қабышұлының баспасөзде жарияланған ақжолтай мақалаларын сол қалпында ұсынғанды жөн көрдім. Бұл дүниелерді оқыған соң, Мұхтар Əуезов пен Əнуар Əлімжановтың Кеңес Одағының қыспағына қарамастан сол кездің өзінде қазақ халқы көріп жатқан қасіретті əлемдік деңгейде көтере алғандығына көзіңіз анық жетеді.

ƏУЕЗОВ ЖАПОН ЖЕРІНДЕ НЕ АЙТТЫ? Ұлы жазушы сөзінің алғашқы дерегі табылды Сауытбек Абдрахманов – Токиодан. – Аға, сіздің келетініңізді естіп, өзімше бір мақала дайындап қойып едім, оқып көресіз бе? Токиодағы «Нью-Отани» қонақүйіне ор на лас қанымызға бір сағаттан аспай жа тып, есік қаққан жас жігіт амандықсаулық тан кейін осылай деді. Бірден тани кет тім. Өткен жылы Президенттің Жапония ға ресми сапары кезінде осы жігіт аудар машылық жасаған. Аты-жөні де еміс-еміс есте. – Сіздер мен туралы жазғансыздар, – дейді. Биылғы 25 сəуір күні жазыппыз. Жапония Сыртқы істер министрлігінің Токиода тір кел ген шетелдік дипломаттар арасында жа пон тілін игеру жөніндегі жыл сайын өтетін сайысында бас кубокты жеңіп алған қазақ жігіті жайында шағын хабар берген екенбіз. Батырхан Құрмансейіт сол сайысқа үш рет қатысып, үшеуінде де бірінші орынды иеленген екен. Өзі Оңтүстіктің Түлкібас ауданынан, Қазақ мемлекеттік

университе тінің шығыс тану факультетін 2001 жылы бітірген екен. – Көрейік. Мақалаңыз не туралы? – Мұхтар Əуезовтің Жапонияға сапары кезіндегі сөйлеген сөзі туралы. – Солай ма?! Бұлайша таңданатын жөніміз бар. Мұ хаң ның 1957 жылы Совет Одағы делегация сының құрамында жапон еліне сапар шеккенінен басқа көп ештеңе біле қоймаймыз. Əуезовтанушылардың өзі де дəл сол сапар жөнінде көп ештеңе айта алмайды. Тіпті атақты «ЖЗЛ» сериясынан осыдан екі-үш жыл бұрын шыққан Николай Анастасьевтің Əуезов туралы кітабында да Мұхаңның сол сапары бір сөй лемнің ішінде қамтылып кеткені есімізде. Айтайын, ашпайын демейді ғой, нақты дерек қалмаған соң амалсыз солай шектеледі. Мұхаң Үндістан сапары туралы жазған, Америка сапары туралы жазған, ал өзі сонау Семейде жүрген жиырма жасар жігіт кезінде «Япония» деген мақала арнаған, Алашқа үлгі тұ та көрсеткен елге сапары туралы ештеңе жазбаған. Мұхаң туралы естеліктерден де ол кісінің Жапония сапары жайында əңгімелегеніне сілтемені кездестір меп піз. Мұның бəрі жайдан жай болмаса керек. Мəселе Мұхтар Əуезовтің Жапонияда атом жəне сутегі бомбаларына тыйым салу жөніндегі бүкілəлемдік конференцияға қатысқанында, сол кезде Токиода сөз сөйлеге нінде сияқты. Өмір бойы аңдудан құтылма ған, кеңестік жүйенің сеніміне өмірінің соңғы оншақты жылында ғана кірген (1959 жылы Лениндік сыйлық берілгені туралы хабар жеткенде жазушының жақын адамдар арасында айтқан «Мылтықтың дүмі енді бетін əрі бұрған шығар» деген сөзі белгілі) Əуезов қанша жерден сақ болғанда да Қазақ елінде, ұлы Абай жерінде атом сынақтары жалғасып жатқанын айтқан жоқ па екен?. . 1961 жылы Мəскеудегі операция үстелінде бір сəт көзін ашып, «Что вы со мною делаете?» дегенінің сыры неде?. . Жалпы, сол кездің өзінде Алматының ауруханасында да сылып тастай салатын полипті сонау Мəскеудегі Кунцево ауруханасында алдыртуға кеңес берудің сыры неде?

Сұрақ көп. Жауап жоқ. Қазірше. Мына мақала ның авторы да оған жауап таба қоймаған. Өйткені, Батырхан бауырымыз бізге Əуезов сөзінің Жапония Сыртқы істер министрлігіндегі хаттамалық қағаз дар дың арасында сақталған үзіндісін ғана тауып беріп отыр. Қазірше. Түбінде ол сөздің табылаты нынан үмітті. Батырханның айтуынша, жапондар күнделік жазуға құмар халық. Сол жиынға қатысқан жастар қазір сексеннің о жақ, бұ жағындағы кісілер. Олар дың бірінің болмаса бірінің күнделіктерінде Əуезов сөзінің ұзын-ырғасы сақталып қалған шығар, бəлкім? Дұрыстап іздесе, сол тұстағы көп газеттің бірінен жазушы сөзінің толы ғырақ нұсқасы табылып жүрер? Атом қаруы на байланысты кітаптардың ара-арасынан да Əуезов сөзіне сілтемелер жолығып қалар? Ал мұнда ғылыми кітаптың неше түрі бар. Елшіліктің Алмас деген қызметкері мені сейсенбі күні Токиода «Наука» атты кітап дү кеніне алып барды. Токионың қақ ортасын да тек орыс тіліндегі кітаптар сатылатын арнаулы дүкен бар екен. Онда орыстар да біраз, ал орыс тілін үйреніп жүрген жапон дықтар тіпті көп. Астана, Алматы тұрмақ Мəскеудің өзінен табыла қоймай тын, қазірдің өзінде раритетке айналып үлгерген кітаптардың талайын сол жерден көрдік. Мысалы, 2008 жылы Мəскеудің Ресей Ғылым академиясы баспасынан небəрі 300 дана болып шыққан «Присое динение Казахстана и Средней Азии к России (XVІІІ – XІX века). Документы» деген құнды кітапты (құрастырушысы Н. Е. Бекмаханова) біз Токиодан алып қайттық. Əйтеуір, іздеуші табылса, іздейтін жер табы лады мұнда. Батырхандай білімді, ұлтжанды аза мат тарымыз көп болса талай жоғымыз түгенделеді əлі. Бүгін – 29 тамызда, яғни туған даламыз да тажал қарудың тұңғыш рет сыналғанына дəл 60 жыл болатын күні, Елбасымыздың Жарлығымен Семей ядролық полигонының жабылғанына дəл 18 жыл толатын күні біз «Егемен Қазақстан» оқырмандарына Мұхтар Əуезовтің 1957 жылғы Жапония сапарында сөйлеген сөзіне қатысты алғашқы нақты дерек жайында əңгімелейтін мақаланы ұсынамыз. Жапон баспасөзінің материалынан көшірме қоса беріліп отыр.

Авторы – Қазақстан Республикасының Жапониядағы елшілігінің бірінші хатшысы, жапонтанушы Батырхан ҚҰРМАНСЕЙІТ. Жыл сайын тамыздың алтысы мен тоғызында дəстүрлі түрде Жапонияның қасіретті Хирошима (жапондар осылай жазады – С. А. ) мен Нагасаки қалаларында Американың атомы жанын жұтқан құрбандардың рухтарына жəне зардап шеккендерге («хибакушя») бағышталып, арнайы жиын-рəсім дер өт кізіліп тұрады. 1957 жылдың тамызындағы осындай рəсімдерге қа тысқан Кеңестер Одағының де ле гациясы құрамында қазақтың əй гілі жазушысы, Алаштың ардақ ты азаматы Мұхтар Əуезов те бар еді. Дəл сол күндері Жапонияда Атом жəне сутегі бомбаларын жоюға бағытталған 3-ші бүкіл əлем дік конференция өтіп жатқан болатын. Аталмыш конференция аясында Токио қаласындағы Жастар сарайында өткен арнайы жиында Əуезов атамыз жапон жастары алдында сөз сөйлеу мəртебесіне ие болған. Əлбетте, Əуезов бұл жиында орыс тілінде сөйлеген, ал оның сөзінің түпнұсқасы қайда сақталға ны бізге беймəлім. Ол жайында бү гінгі күнге дейін зер салынып зерт телмегенге ұқсайды. Бəлкім, шешен атамыз қағазсыз-ақ сөйле ген шығар. Дегенмен, осындай оқиғадан ешқандай із қалмауы мүмкін емес деген оймен жапон дық мұрағаттарда қырық жыл ұйқыда жатқан қарт қағаздардың тыныштығын бұзып, сол жиынның хаттамасын парақтап көрсек, ал дымыздан алдымен жарықтық ата мыз дың қасқа басты суреті, содан кейін сөйлеген сөзінің жапоншаға аударылған қысқаша нұсқасы менмұндалап шыға келді. Орысшадан аударылған жапоншаны Əуезовтің ана тіліне қайта аударсақ былай болады: «Жастар – адамзаттың гүлі іспетті. Гүлдер мезгілі жеткенде дəн салуы лəзім. Ал бұл гүлдер сұм со ғыстың орағына шалынып, жа пы рылып шабылып жатыр. Сон дық тан атом жəне сутегі бомбаларының қауіп-қасіретін ең алдымен сезетін де осы жастар. Осы қару лар дың қорқынышын түйсіну арқылы жастар бүгінгіден де берік бола алатынына сенем. Атомға жантəнімен қарсы шығып жатқа ны жапон жастарының керемет қасиеті деп білем».

Қай кезде де, қай жерде де сақ сөйлеген ағамыздың сөзіндегі «осы қарулардың» дегенінің алдына «қарғыс атқыр» деп, «атомға» дегенінің алдына «атың өшкір» деп қосып аударғыңақ келеді. Алаштағы аға буыннан əлде қашан айырылған һəм атаның жолын жадынан шығарып үлгерген ұрпақтан күдер үзгенді мегзеген дей, кіндік қаны тамған жері, ұлы Абайдың атамекенін жыртқылап жарып жатқан жауыз күшке қарсы тұру керек екендігін қандастарына айта алмай арманда кеткен Əуезовтің осы жанайқайын жапон жастары ұқты ма екен? Келбеті өздеріне келетін совет жазушысы ның қырық жыл бойы бес жүзге жуық, яки жалпы күші Хирошима мен Нагасакиді жағып жіберген жойқын күштен екі жарым мың еседен асып түсер ядролық сынақтарды басынан кешкен қазақтың сарыалтын Семейінің түлегі екенін сезді ме екен? Бəлкім, сезген шығар. Ал ме нің сезетінім, жиырма жасында жапон дар туралы мақала жазып жүрген жігіт Мұхтар аты əлемге əйгілі алып тұлға Əуезов болып, алпыс жасында ақыры теңіз асып Жапонияға келгенде мұрағаттан табылған ресми хаттамада тіркелген бір-екі ауыз сөзбен шектелмегені хақ. Қазақтың елін, жерін, мал-жанын, ит-құс, құрт-құмырсқасын түгелімен патшалық Ресейдің жекеменшігіне айналдырған «уақытша ережелер» күшіне енген жылы им ператорлық Жапонияда ең алды мен елдің тəуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тарихта «Мэйд жи ишин» деген атпен қалған жаңару үдерісі басталған еді. Дер кезінде жүргізілген саяси-экономикалық реформалардың нəтиже сінде Жапония бүкіл шығыс халықтары арасында батыс агрес сор ларының бодандығынан аман қалған жалғыз мемлекет болатын. Аман қалып қана қоймай, орыс-жапон соғысында жеңіске жетіп, Қытайдың Маньчжуриясын жау лап та алған еді. Африкаң анандай, Азияң мынандай боп, əлем араны мықты алыптардың аузында қал ған тұста тəуелсіздікті ту еткен Алаш орда арыстарының дербес ұлт тық мемлекет құру ісінде жапанда жатқан Жапонияны үлгі тұтуы тегін емес еді. Мағжандар мен Тұрарларды «жапондардың жансызы» қылған орыстар ондай ғайбатты ойдан шығармаса не

дерсіз. Ал советтер заманындағы қазақ интеллигенциясының кейінгі ұрпағы орыстар таққан айдардан арланып, неғұрлым аталарымыз дың атын ақтап алуға тырысқан сайын, соғұрлым біз жапондардан алшақтай берген едік. Бұл жерде мен біреуді жансыз я тыңшы қылып шығарудан аулақпын. Ол тарихшы ғалымдардың еншісіне жататын дүние. Десек те орысқа бодан болуды тозақ санап, патша лық немесе советтік Ресейдің мүддесіне қайшы келер əрекет жасауға батылы барғандардың бəрін сатқын санап, жау көретін заман да əлі ада болар. Ал алашордалықтар арманы ның өшпес жұлдызына айналған жапондарда қонақта болған Əуезов енді аянып қалсын ба? Əсте мүм кін емес. Шертті ол сырдың та лайын жапондарға. Жапондар қарап жатсын ба, арыдан, беріден тартып, жаңа туған жас шарананың құйымшағындағы «моңғол таңдағынан» («періштелер белгісі») бастап, төрт бұрышы көк теңізден тұратын аралдарда өмір сүретін өздерінің генеологиялық шежіресі нен шерте келе, түріміздің ұқсас ты ғынан түбіміздің бір екеніне шүбə жоқтығын да айтқан болар. Ол орыстарға ұнасын ба – Əуезов алпысыншы жылы Америкаға барғанын жазса да, одан үш жыл бұрынғы Жапонияға сапары тура лы жазбаған. Мұрағаттар сөрелері талай сырды жасырып жатқаны сөзсіз – жапонтанушы-шығыс танушылардың құлағына алтын сырға. Сол Əуезов жапон халқына «Тарамыс жігерлі, зейінді жұрт» деген мінездеме берген. Дəл өзі, дөп айтқан! Əлемнің бар жапон танушысы мың толғатса да бірауыз сөзбен бұл халықты бұдан ар тық бейнелеп, бұдан артық сипат тай алмас еді. Сол жапондар бүгін де Хирошимасы мен Нагасакиін əлемнің ең əдемі шаһарларының біріне айналдырып, шеттен, шетелдерден келген меймандарды көр сең көзің тоймас əдемі табиғатымен таңғалдырады. «Кінəлі Амери ка емес, кінəлі соғыс қой» дейтін, ешкімге кек сақтамаған, жек көрсе де онысын жымиып жасыра алған сыпайы. Күл астындағы күйреген қаланы гүл мерекесінің орталығы на айналдырған аршыл. (Хироши мада əр жылдың мамырында əлем ге əйгілі «Хана мацури» немесе «Flower Festіval» гүл мерекесін тойлау игі дəстүрге айналған). Тарамыс жігерлі жұрттың тірлігі.

Ал биылғы тамыздың алтысын да өткен Хирошимадағы «хиба кушяларға» бағышталған рəсімге жолым түсіп, қатысып қайтқан едім. Қала ортасында орналасқан «Бейбітшілік саябағында» бар-жоғы бір сағатқа созылған рəсімде премьерминистр Таро Асо баста ған мемлекет басшылығы толығымен, БҰҰ Бас Ассамблеясы 63-сес сиясының төрағасы Мигель д’ Эс кото Брокман, БҰҰ Бас хатшы сының арнайы өкілі мен əлемнің алпыс мемлекетінің елшіліктерінің өкілдері сияқты ресми тұлғаларды есептемегенде, бірнеше мың адам қатысты. Осыдан алпыс төрт жыл бұрын адамзатқа қарсы жасалған айуандық қылмысты көз алдыңа келтіріп тұрған жалғыз ғимарат қасіретті қияметтің куəгері еді. Жапондар осы бір ғимаратты атом бомбасының адам баласына қандай қасірет əкелетінін əлемге паш ету мақсатында əдейі сақтап қойған. («Хирошима бейбітшілік мемориалы» немесе «атом бомба сы ғимараты». «Гэнбаку дому»). Қақиып қабырғалары ғана қалған осы тарихи жəдігерге қарап тұрып Мигель д’Эското Брокман мырза Хирошимаға атом бомбасын тастаған ұшқыштың католик дінінің өкілі болғандығы жанын жейтін өкініш сезім тудыратынын айтып, өз діні атынан жапондардан бас иіп, кешірім сұрады. Көңіліңді жібітетін əсерлі сахна, жақсы сөйледі. Осы тұста мына бір жайтты айта кетуді артық санамадым. Ураннан жасалған бомбаны тамыздың алтысында Хирошимаға тастаған америкалықтар оның аспанды айналдырып жерге түсіре тін зұлым күші бар екеніне толық көздері жетіп, үш күннен кейін енді плутонийден жасалған бом баны Нагасакиге лақтырып, ар ман дарына жетті. Ал одан екі жыл бұрын, əлі атом бомбасы дүниеге келмеген 1943 жылдың өзінде Американың сол кездегі президен ті Рузвельт Англия премьер-ми нистрі Черчилльмен болашақтың бомбасын кімнің төбесіне тастау дың дұрыстығы туралы кеңесіп, ақырында Еуропаны қанға бояған гитлерлік Германияны тізімнен алып тастайды. Себебі Германия – христиан мемлекеті. Гитлер нацист болсын, фашист болсын, немістер – католиктер. Бітті, мəселе ше шілді. Тізім болса тым қысқа-тұғын.

1945 жылы АҚШ əскери қолбасшысы Жапонияның төрт қаласын таңдап, ол қалаларды атом мен салыстырғанда ара шаққандай əсер қалдыратын жəй ғана бомбалармен атқыламауды бұйы рады. Ертең бір ғана ұшақ бір пəсте жермен-жексен қылатын ны санға артық күшті ысырап қылып не керек. Оның үстіне қала неғұр лым төрт құбыласы түгел, тұрғын дары неғұрлым беймарал болса, артынан атомнан келген апаттың көлемін санау соғұрлым тиімді болады. Цинизмнің атасы бұл! Сонымен тамыздың алтысында бауырына «бала бомбаны» («Lіttle boy» – адамзат тарихындағы алғаш қы атом бомбасының аты) жа сыр ған америкалық ұшақ Жапо ния ға бет алғанда басқа қалалардан қарағанда Хирошиманың аспаны ашық, көгінде күн күлім деп тұр ға ны туралы жерден ақпа рат жетеді. Хирошиманың тағдыры шешілді. Үш күннен соң Нагасаки көкке ұшты. Бірақ мына бір қызыққа қараңыз. Нагасакиліктерге ажалы атомнан келгендердің рухтарына бағыштап алдына барып алақан дарын түйістіретін Хирошимадағыдай «қырық бестің қалдығы» бұйырмапты. Ол Нагасакиде ондай ғимараттың болмағанынан емес еді. Гəп басқада. 1955 жылдың желтоқсанында Нагасаки ел тарихында ең алғаш қы болып (оған дейін Жапония ешқандай шет мемлекеттермен ондай қатынастар орнатып көрме ген) АҚШ-тың Миннесота штаты ның Сент-Полымен бауырлас қала бо лып тіркелді. Соны сылтауратып аме рикалықтар он жыл бұрын ато мын тастап тақымының астына ал ған Нагасакидің сол кездегі мэрі Тагаваны АҚШ-қа арнайы шақы рып, қырық бес күн құдасындай кү теді. Əрине, Нагасакидің жаңа келбеті туралы да талай сөз болғаны сөзсіз. Соус қосқан салатты сорпаның алдында жеу керек екенін (Тагава көкөніске қосатын батыстық тұздықтардың дəмділігіне тəнті бол ған деседі), демалыс күні джинсы шалбар киюдің жүріп-тұруға ыңғайлы екенін үйреткен өркениет өкілдеріне онсыз да үнсіз тізе бүгіп отырған Тагава олардың айтқан ақылкеңесін ықыласпен көңіліне тоқып қайтты. Отанына оралған бетте ол өзі бастаған іске өзі қарсы шығып, айналасын аң-таң

қылды. Нагасакиде атомның қасіретін тірілердің есіне салып тұруға тиіс болған жалғыз қалған ғимаратты түбімен талқандап, оның орнына жаңа ғимарат салудың дұрыстығын дəлелдей бастады. Ал ол ғимарат жапондық христиандардың Вати ка ны – католиктер дінінің шіркеуі, христиандардың жабық жатқан Жапонияға аяқ басқан замандардан қалған символикалық мəнісі болмысынан биік, əйгілі «Ураками кикай» немесе «Ураками тэншюдо» еді. Бəсе, Тагавамен та мыр болуға неге соншама құштар болды десек, католиктердің төбесі не атом тастап күнəға белшесінен батқанын тарихтан жасыра алмасын сезсе де, құдайға құлдық ұратын қасиетті мекенді құдайдан безгендерді қарғайтын өлкеге айналдырмаудың айласын осылай тапқан екен ғой америкалықтар. Əйтпесе, жырым-жырым қалған шіркеу Нагасакидің басты туристік нысанына айналып, жұмыр бастылар жұмақ іздеген шіркеуді тозақтың төріне айналдырған Американың атына католиктер қарғыс айтып жатса не болар еді? Құдайды жоққа шығарған атеист коммунистермен егеске түсіп жатқан капиталистерге ол кезде бұдан ыңғайсыз көзге шығар сүйел болуы мүмкін емес еді. Ал бір кездері Америкамен соттасып, аты шыққан никарагуалық Брокманның «қадірлі менің бауырларым» деп діншіл сөйлеуі нің астарында не жатыр? Ол өзінен кейін сөз алған АҚШ-тың Азиядағы ең берік одақтасы болып табылатын Жапонияның үкімет басшысы Асоның да католик екенін біле тұра (жоқ, білгендік тен) əлемдік деңгейдегі саясаткер ретінде емес, əдейі астарлай дін атынан кешірім өтініп тұр. Америкаға айтылған лағынеттің көкесі еді бұл сезгенге. Ал Асо мырза «жер бетінен ядролық қаруды жою ісінде халықаралық қауымдас тықтың алдыңғы шебінде тұруға ант етемін» деп жанды тебірентті. Бір сəт сөз құдіретінің алдында ті зе бүгіп, сезімге бой алдырып, сол сөзге сенгің келеді, пендесің ғой. Ал ұлы Əуезов кезінде атомның адамзатқа əкелер қасіретін көріп, енді бірде Семейде сынақтан өткен сұм қару біреудің обалына қалып, қазақ даласы Алланың қаһарына ілініп жатпаса нетті деп жаны ауырып, көзіне жас алған болар. Миың мен тілің бір баста болғанмен, ауыздан шыққан сөзің бір басқа болуы тиіс

заманда өмір сүрген ғұлама жаңағы Брокманша астарлап талай нəрсе айтты ғой жапондарға. Атамыз бəлкім алашордалықтардың жапондарды қайдан танығаны туралы да сыр шертіп кеткен болар. Сол дүниелер қайда жасырынып жатыр екен, керек қылатын қазақ баласын күтуден шаршады ма екен!. . Қазақ-жапон рухани қарым-қатынастары тарихын зерттегісі келгендердің жол басы, міне, осы болуы тиіс. Ал мен сол күні маған серіктес болған Хирошима қалалық мэриясының арнайы өкіліне Семейдің қайда екенін, онда 1949 жылы 29 тамыздағы алғашқы ядролық жарылыстан бастап қырық жыл қазақтың қанын ішкен полигон 1991 жылдың 29 тамы зын да Елбасымыз Н. Назарбаевтың Жарлығымен жабылғанын, оның алдында «Невада-Семей» қозғалы сын басқарған асыл ағамыз Олжас Сүлейменовтің еңбегі ерен екенін, жақында ғана Орталық Азияның мемлекет басшылары ядролық қа рудан ада аймақ құру туралы құ жатқа қол қойғаны сияқты хиро ши малық үшін қызықты дүние лерді айтып əлекпін. Хироши ма лық шенеунік Семей туралы əлі де болса əлем жетік біле бермейтініне өкініш білдіріп жатты. Осы орайда айта кетейін, сол 29 тамызды Бүкілəлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялау туралы Елбасымыздың ұсынысын қазіргі таңда халықара лық қауымдастық қызу қарасты рып жатыр. Бұл салада Қ. Тоқаев, Қ. Саудабаев сияқты халықаралық деңгейде абыройы биік ағалары мыз бен Б. Əйтімова сияқты апай ларымыз үлкен жұмыс атқарып жатса, М. Тəжин басқарған қазақ дипломаттарының да еңбегін ерекше ескере өту керек. Ел болып, жұрт болып осы асыл ойды іске асыруға үлес қосу бəріміздің парымыз деп ұғу қажет. Сөзі мен ісі екі жақта қаңғып жүретін кейбір саясаткерлерге ұқсамай, расында да əлем ядролық қарудан тазаратын күннің келеріне кəміл сеніммен қараған абзал. Ұлы Қазақ даласында жасалған, сол жерде сынақтан сан рет өткізілген улы қарудың адамзаттың обалына қалып жүрмеуін уайымдаған Əуезовтей аталарымыздың əруақтары разы болуы үшін де солай етуіміз шарт. Токио.

Мол білімін, қуат-күшін, қайрат-жігерін Қазақстанының, қаза ғы ның игілігіне сарқа жұмсап, шет жұрттарға елінің, халқының тарихын танытып өткен, ал сол қыруар еңбегіне қылдай өтем тілемеген, «Мен сөйттім! Мен бүйттім!» деп кеуде кермеген парасатты Əнуар Əлім жановтың көбімізге дерлік беймəлім берекелі істерінің бірі Семейдегі ядролық полигонды жабу жолындағы күреске үлкен үлес қосқаны екен. Оның бір дəлелі – «Қазақ ССР-ның Семей қала сы мен Семей облысындағы экологиялық жағдай жəне тұр ғын дар дың денсаулығы» деген тақырыпта 1989 жылғы 17-19 шілдеде Семейде өткізілген ғылыми-тəжірибелік конференцияда «Полигон жабылуға тиіс!» деп сөйлеген сөзі болса, бірегейі – мына екінші мақаласы (орыс тіліндегі нұсқасынан қазақшаладым). Ғажап мəн ді, аса тартымды. Батыл да байыпты ой-пікір жиынтығы. Бұл – Əне кең нің Лондонда: Ядролық қарусыздану ұлттық комитетінің конференциясында (Си-эн-Ди. 10. 11. 1990) жəне Ұлыбританияның Қауым дар палатасында (13. 11. 1990) сөйлеген сөздерінің негізі. Тарихи деректерге жүгінсек, ағылшындар өздерінің Қауымдар пала та сының мінберіне екінің бірін шығармаған, ол орынды ашық та ақи қат ойпікірлер тоғысатын халықаралық мəртебелі жер деген ұғым қалыптасқан. Қазақ перзенті Əнекеңнің сол биік мінберге шық қаны – ол азаматымыздың халықаралық абырой-беделінің құрметтелгені! Əнекеңнің туғанына 2010 жылдың 12 мамырында 80 жыл толды. Сол мерейлі күн қарсаңында қазақ жəне орыс тілдерінде «Біздің Əнуар» – «Наш Ануар» атты естеліктер жинағын шығардым. Соны əзірлеу күндерінде мұрағатжайлардан бұрын ешқайда жарияланбаған, жоғарыда аталған мақалаларын тауып алдым. Мен Əнекеңмен 20 жыл аралас-құралас болдым, Жазушылар одағында 12 жыл бірге қызмет істедік, бірақ ол халықаралық биік мінберлерден сөйлегені туралы айтқан емес. . . Ерекше қарапайым болған қайран ƏНЕКЕ, тіріңде қадірқасиетіңді біле бермедік-ау! Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ, жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстанның құрметті жорналшысы.

Сонау бір замандарда «уақыт» айта са лар көп сөздің бірі болыпты да, шешімі қиын мəселелер сөз етіле қалған сайын кі сілер «уақыт көрсете жатар» деп жүре беріпті, ал қайғықасіретке душар болған жандарды «жан жарасын уақыт жа зады» деп жұбатыпты. Сөйтіп, жұрт шы лық өмір ден туындаған күрделі мəсе ле лерге жауап із деп шаршамапты, өздерін-өздері ал дар қа тып, Соломонның бел беуін де жазулы екен деген «бұл да өтер, кетер» деген сөзді малданып жүріпті. Ол сөз гундардың пат ша сы Аттылының да, Ба тыйдың да бел беу лерінде жазулы болған көрінеді. Сірə, Аттылы мен Ба тый, Соломон сияқты, өмір дің қас қағым сəттей екенін, жастық шақтан, күш-қуаттан айырылу қияпат еке н ін ескерген шығар. Ол кезде жауынгер мен патшаға да, диқан мен Спартактай құл ға да өзі көздеген мақсатына жете алуы үшін батылдық пен күштің, ақылойдың жəрдемі қажет еді (қазірде де солай ғой). Тек олар оқ-дəріден, атом бомбасынан хабарсыз болды, егескендерін жекпе-жекте, əділ айқаста жеңіп жүрді. Ол за ман дарда адам өз тағдырын өзі бағдарла ған, өз тірлігін қалауынша өзі түзулеген, ұрпақтарының өмірін де бағыттап кеткен тəрізденеді. Алайда «уақыт көрсете жатар» мен «жан жарасын уақыт жазады» деген сөздердің төркініне үңілсең, олардың (ойына келгенді істейтін Саддам Хусейн мен Гитлер сияқты сұрқиялардан басқа ла рының) тағдырға, жазмышқа көнбістігін аңғаруға болады. Техникамен жан-жақты жарақтанып қана қоймай, халықтарының сана-сезімі оянған, дамуы дамылсыз Х ғасыр тағдыр мен жазмышты оншама керек етіп отырған жоқ, кешегі пəлсапаларға да құлақ қой май ды. Бүгінгілерге Уақыттың қадір-қасиетін ұқ тырған күш – əлеуметтік өзгеріс-төң ке рістер, ұлт-азаттық қозғалыстар, жаңа мем лекеттердің пайда болғаны. Біз Уақыттың не екенін ойладық, түйсіндік, білдік. Ол бізді Жер шарының о түкпірінен бұ түкпіріне əп-сəтте жеткізетін реактивті ұшағымен, күтпеген кезде, күтпеген жерде бола қалатын, жүздеген-мыңдаған, тіпті миллиондаған адамның тірлігін өзгертетін революциялық толқуымен ғана емес, жер бетінде жинақталған қыруар қару-жарақ тың бізді атомның тұтқынына ай нал дыр ға нымен ойландырды. Біз төніп

келе жат қан ядролық жəне экологиялық апат тар дың денемізді мұздатқан аяздай деміне душар болып отырмыз. Алапат апат жа қын. Ендігі сөзіміз не біраз кісінің, не бір ха лықтың тағдыры туралы емес, ата-баба мыз қалдырып кеткен жеріміздің жəне мə дени мұрамыздың тағдыры туралы болуға тиіс. Əңгіме біздің бесігіміз – жер жайында, алдағы өмір жайында. Бей бітші лікті сақтауға үлес қосу сияқты сындарлы міндетті арқалап келген, міне, осы залда отырған мырзалар, сіздер бұл мəселені менен кем білмейсіздер. Араларыңызда кешегі өткен соғыста қан кешкендер аз емес шығар. Олардың жан мен тəн жа ра сы на жеріміздің денесіне екі қара таңба бо лып басылған Хиросима мен Нагасаки қасіреті қосылды. АҚШ-тан кейін іле-шала 1949 жылы жарылған атом бомбасын біз – Кеңес Ода ғы жасадық. Ол бомба жарылысы ме нің жерімде болды. Жаңа қаруға ие болысымен біз «дү ниежүзілік революция» жасау ниетімізге «кеңістік пен уақытты бағындырып алу» пиғылымызды қостық. Теріс ойдан теріс істер туындайды. АҚШ бомбасын əлемді уысында ұстау үшін жасады. КСРО бомбасын одан қалып қоймау, оған қарсы тұра алу үшін жасады. Зор екі мемлекеттің ықпалымен дүние қақ жарылды. Қарулануды еселеп талап етуші атомдық бəсеке, қарама-қарсылық бас тал ды. Бұл екеуінен басқа елдер де ядро лық қаруға ұмтылып, ие болып та жатыр. Құ пия қоймалар, сүңгуір қайықтардың, бом балаушы ұшақтардың құрсағы ядро лық жараққа толды. Жеріміздің өзі жар ғыш дəрінің бөшкесіне айналды. Қыр ғи қа бақ соғысты жақтаушылар жұрттың жүй кесін тоздырды. Мұның бəріне шыдау, төтеп беру мүмкін емес. Дүлей бом ба лар ды жа сау ға қатысқан Жолио Кюри мен Андрей Сахаров сияқты ғалымдар оның жап пай қы рып-жоятын қаруға айналғанына қар сы екендерін бүкіл əлемге мə лім деп, сы нақ атаулыны тоқтатуды жұрт шы лықпен бір ге талап етіп отыр. Біз 60-70, əсіресе 80-жылдары АҚШ-та, Еуропа елдерінде, Жапония мен Үндістанда ядролық қаруға қарсы қоз ғалыстың кең құлаш жайғанын бі ле міз. Қоғамдық қуатты қимылға 80жылдардың аяқ шенінде Қазақстан жұрт шылығы да қосылды.

Ағылшын əйелдердің Гримен-Комон базасын қоршаған қайратты əрекеттері есімізде. Бейбітшілік үшін күресуші қарапайым адамдардың атом қаруларын тиеп келе жатқан əскери дəу кемелердің жолын бөгеу үшін жеңіл қайықтарға мініп, қарсы шыққандары есімізде. Атомдық сынаулар көпшіліктің қар сы лы ғы нəтижесінде біраз уақыт тоқтатылды да, кейін қайтадан жүргізілді. АҚШта, Хи росима мен Нагасакиге тас та ған да рынан тыс, 1080-нен аса жарылыс жасал ды. Кеңес Одағында – 715, Францияда – 180, Ұлыбританияда – 40-тан аса, Қы тай да 30-дан аса жарылыс жасалды. Кеңес Одағында жасалған 715 жа ры лыс тың 467-сі Қазақстанның Дегелең деген жерінде болды, оның 124-і – жер бетінде, 343-і – жер астында. Мен қазақ, қазақтың ұлы ретінде сіз дерге мынаны айтуға тиіспін: бұл жа ры лыстардың бəрі біздің жеріміздің қасиетті өңірінде, біздің бүкіл көркем өне ріміз бен əдебиетіміз əспеттеп келе жатқан Қозы мен Баян махаббаты жайын дағы көне дастан туған жерде жа салды. Ол өңір – біздің халқымыз, мə дениетіміз үшін ең қасиетті де киелі жер. Орыс Лев Толстойдың Ясная Поляна сы, шотланд Роберт Бернстің, ағылшын Байронның кіндік қаны тамған өлкесіндей. Байронның өлеңдері өткен ғасырдың соңында бүкіл Азия көлемінде тұңғыш рет сол өңірде, 467 жарылыс болған жерде қазақ тілінде оқылды. Байрон мен Пушкин өлең дерін қазақ тіліне қазақтың ұлттық мə дениетінің алып тұлғасы ұлы Абай ақы нымыз аударды. Абай кейін 467 дүмпу болған сол өңірде туып-өсіп, сонда көз жұм ды. Біздің атақты жазушымыз, ро ман да ры, хикаялары мен əңгімелері ағылшын оқырмандарына əбден мəлім Мұхтар Əуезов те – сол өңірдің түлегі. Əлемге əй гі лі геологіміз Қаныш Сəтбаев Семей қа ла сында оқып, білім алды. Орыстың ұлы жазушысы Федор Достоевский мен қазақ тың ғұламасы, саяхатшы Шоқан Уə ли ха нов тың ғажап достығы сонда басталды. Кереғарлықсыз өмір бар ма, өкінішке қарай, толстойшыл атақты ақынымыз Шə кə рім Шыңғыс тауының Дегелең, Абы-

ралы бетінде НКВД қарақшысының қолынан қа за тапты. Оны атып өлтірді. Шəкəрімнің бар-жоқ кінəсі хат жазысып тұрған ұстазы Лев Толстойша қиянатсыз өмірді аңсады, қара күштің қорлық-зорлығына қарсы тұр ды, халықты əділдікке, татулыққа, ауыз бірлікке шақырды. Ол Қазан төң ке рі сі нің тəтті ұрандарына сенді, қолдады, бі рақ қазақ ауылдарын қатыгездікпен кол лективизациялау басталғанда жаны түр шігіп, əділдіктен түңіліп, тауға кетіп қалып, жападан-жалғыз тірлік етуге кірісті. Амал не, НКВД тіміскілеп тауып алды. Қымбатты достар, сіздердің на зар ла ры ңызды халқымның тарихында болған бұл жайттарға аударып тұрған себебім: біз бүгін мұнда кесапат атаулыны айып тау ға жиналдық. Иə, кесапатты! Ал ол сан түр лі. Атом жарылысы біздің Дегелеңде немесе Абыралыда не мұхиттардың аралдарында, Қытай шөлінде, не Муруроада жасала ма, бəрібір, ол менің тауқыметті көп тартқан халқымның жүрегін сығым дай ды. Себебі: жарылыстың маңайдағы бүкіл тіршілікке қауіп-қатер екенін біледі, ба сынан кешті. 467 жарылыстың əр қай сы сы біздің жеріміз бен суымызды улады, адамдарымызды қасіретке ұшыратты, тіпті ана құрсағындағы нəрестелерді мү ге дек қылды. 467 жарылыстың əрқайсысы менің халқымның мəдени бесігінде, аяулы өңірінде оның келісімінсіз жасалып, на мы сын аяқасты етті. . . Мұншама ашынып сөйлеп, көрген жə бі рімізді алдарыңызға жайып салып тұр ған да көкейіме мына сұрақтар оралды: Осыншама зұлмат-сұмдық Ресейде, Лев Толстойдың отанында, оның Ясная По лянасында болуы мүмкін бе? Шекспир не месе Диккенс, Бернс не Байрон туып-өскен жерлерде ше? Бұл сұраққа өзім жауап берейін: Жоқ! Мүмкін емес! Ал қазақ мəдениетінің бесігі болған жерде жа рылыс жасау – ХХ ғасырда үш рет: 1904 – 1905 жылдарғы, 20-жылдарғы тау қыметке жəне 30-жылдардағы қасақа на жасалған аштыққа ұшыратылған ха лық ты ақыл-есінен тағы бір тандыру. Сол жылдардағы аса ауыр қайғы-қасіретімізді, қазақ халқына əдейі жасалған қырғынды «Зор қырғын» жəне «Қасірет қырманы» кітаптарында ақиқат тілімен баяндап бер ген британдық жазушы, тарихшы Роберт Конквест араларыңызда жүр. Ол мырзаға қазақ

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙