Oба Бөгде Құбылу Айну
Альбер Камю
ПрозаАльберт Камю (фр. Albert Camus, 7 қараша 1913 — 4 қаңтар 1960) — экзистенциализм бағытындағы француз жазушысы және философ, тірі кезінде-ақ «батыстың ар-намысы» деп құрметтелген, Нобель сыйлығының әдебиет бойынша 1957 жылғы лауреаты.
Альбер Камю қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер
Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы
Альберт Камю (фр. Albert Camus, 7 қараша 1913 — 4 қаңтар 1960) — экзистенциализм бағытындағы француз жазушысы және философ, тірі кезінде-ақ «батыстың ар-намысы» деп құрметтелген, Нобель сыйлығының әдебиет бойынша 1957 жылғы лауреаты.
Альберт Камю 1913 жылы 7 қарашада Франция отарындағы Алжирде, нақтап айтқанда Мондови жеріндегі «Сан-Поль» фермасында дүниеге келген. Әкесі Люсьен Комю, арғы атасы Эльзастық болып, шарап өндіретін фирмада жұмыс істеген. Әкесі І дүниежүзілік соғыс уақытында жеңіл жаяу әскерде қызмет етіп, 1914 жылы Марне жердегі ұрыста ауыр жараланып, лазаретте қайтыс болады. Анасы Кутрин Сантэ, ұлты испандық, жартылай саңырау және сауатсыз кісі болып, Алжир қаласының Белкур ауданына екі ұлы Альберт Камю және оның ағасы Люсьен Камюмен көшіп келіп, әжесімен бірге кедейлікте өмір сүреді. Кутрин отбасын асырау үшін алғашында фабрикада жұмыс істесе, кейін тазалықшы болып нәпақа табады.
1918 жылы Альберт Камю бастауыш мектепке түседі және 1923 жылы мектепті үздік тамамдайды. Ол кезде тұрмыс тым жапалы болғандықтан, Алжирде оның жасындағы кедей отбасының балалары оқуды тастап, отбасына көмектесу үшін түрлі қара жұмыстар істеуге мәжбүр болады екен. Дегенмен, бастауыш мектеп мұғалімі Луи Жермен Камю отбасына Альберт Камюдің міндетті түрде оқуды жалғастыруы керектігін түсіндіріп, үлкен болашағы бар бала екеніне сендіреді. Сол Луи Жермен Камюді лицейге түсуге дайындайды және оқу жәрдемақысын алуына да көмектеседі. Осы ризашылық үшін кейін Альберт Камю Нобель сыйлығын алу сәтіндегі сөзін үлкен құрметпен мұғалімі Луи Жерменге арнаған болатын.
Лицейде Камю француз мәдениетімен терең танысады, өте көп кітаптар оқиды. Футболмен де шұғылданып, «Racing Universitaire d' Alger» клубының жастар командасында ойнайды. Спортпен шұғылданып, командада ойнау Камюдің мораль және парыз мәселесіне назарын аудартады. 1930 жылы Камюден құрт ауруы (туберкулёз) анықталып, оқудан қол үзеді, командадан да шеттетіліп (футболға деген махаббатын өмір бойы сақтады), бірнеше ай санаторияда өткізеді. Кейін толық сақайғанымен, бұл аурудың зардабы оның өміріне жаман әсер етеді. Денсаулық жағдайына байланысты ол екі жыл бойы дипломнан кейінгі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмады және дәл осы себеп бойынша әскерге шақырылмады.
1932-1937 жылы Альберт Камю Алжир университетіне түсіп, философия мамандығында оқиды. Университетте ол өте көп кітаптар оқыды, күнделіктер жазумен болды, эссе жанрында қалам тербеді. Сол уақыттарда ол Андре Жид, Фёдор Михайлович Достоевский, Фридрих Ницше ықпалына қатты ұшырады. Оның жазушы және философ досы Жан Гренье жас Альбер Камиюдің қалыптасуына айрықша әсер етті. Камю сабағын оқып жүріп түрлі жұмыстар істеуге мәжбүр болады және бірнеше рет жұмыс ауыстырады: жеке мұғалім, бөлшек сатушысы, метеорология институтында ассистент. 1934 жылы экстравагантті он тоғыз жастағы қыз - Симоне Ийеге үйленеді, ол морфинист болған екен. Кейін 1939 жылы олар ажырасып кетті.
1935 жылы Альберт Камю бакалавр дәрежесін алады және 1936 жылдың мамырында философия магистрі дәрежесін алады. Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Неоплатонизм және христиандық ой - Плотиннің Августин теологиясына ықпалы» туралы болды. Сол жылдары «Бақытты ажал» повесін жаза бастады. Бұл кезде Камю экзистенциализм мәселелеріне назар аудара бастаған болатын: 1935 жылы Л.Шестов, Мартин Хайдеггер, Карл Ясперстің шығармаларын зерттеді; 1936-1937 жылы А.Мальроның «абсурттық өмір» идеясымен танысты.
Альберт Камю университеттің жоғарғы жылдығында социалистік идеяға бой ұрды. 1934 жылы Ауструндағы көтерілісті жақтады және 1935 жылы көктемде Франция коммунистік партиясына мүше болды. Бірақ бұл партия сапында бір жыл шамасында ғана болды, өйткені оның Алжирлік халық партиясымен байланысын үзбегені білініп, «троцкиші» деп айыпталды және партиядан шығарылды.
1936 жылы А.Камюдің жеке белсенділігімен «Еңбек театры» (фр.Theatre du Travail ) ашылды. 1937 жылы ол «Команда театры» (фр. Théâtre de l'Equipe) деп қайта аталды. Ол Достоевскийдің ең маңызды романының бірі «Ағайынды Карамазовтар» желісімен көрініс ұйымдастырды және Камю өзі "ақыл" тұлғасы Иван Карамазов рөлінде ойнады. 1936-1937 жылдары денсаулығын түзеу мақсатында, әсіресе асқынған туберкулезды емдеу мақсатында Альпі тауына барды және жолай Франция, Италия, орталық Еуропа елдеріне саяхатта болды. 1937 жылы «Сыр мен сымбат» (сөзбе-сөз: «астары және беті») атты тұңғыш эсселер жинағы жарық көрді.
Университет бітірген соң біраз уақыт Алжир мәдениет үйін басқарды. 1938 жылы «Жағалау» журналының редакторы болды. Кейін оппозициялық «Альжен републикен» (“Algen Republіcaіn”) және «Суар републикен» ) газеттерінде саяси шолушы және редактор болып жұмыс істейді. Сол кездерде Камю әлеуметтік саясатты жақсартуды, Алжир еліндегі арабтардың дамуына көмектесуді жақтады. Алжир, Суар газеттері екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда цензурамен жабылды.
Соғыс жылдары Камю бар уақытын эссе және публицистика жазумен өткізді. 1938 жылы «Неке» атты кітабы жарық көрді. 1939 жылдың қаңтар айында «Калигула» пьессасының бірінші нұсқасын жазып бітті.
1940 жылдары «Суар Республикен» газеті жабылған соң математика оқытушысы, болашақ жары Франсин Формен бірге Оранға көшіп барды және сонда жеке сабақ берумен айналысады. Кейін екі айдан соң Алжирден Парижге қарай көшеді.
Парижге келген соң Альберт Камю «Пари-Суар» газетінде техникалық редактор болып жұмыс істейді. 1940 жылы мамыр айында «Бөгде» шығармасын жазып аяқтайды.1940 жылдың желтоқсан айында «Пари-Суар» газетіндегі жұмысынан кетіп, басып алынған елде тұрғысы келмейді де, қайтадан Оранға көшіп барып, мектепте француз тілінен сабақ береді.
1941 жылы «Сизиф туралы аңыз» шығармасын жазып болады. Кейін Камю ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде «Қарсыласу қозғалысының» белсенді мүшесі болды және «Айқас» газетінде астыртын атпен мақалалар жариялады.
1942 жылы «Бөгде» жарық көрді, ал 1943 жылы «Сизиф туралы аңыз» басылып шықты. 1943 жылы «Айқас» газетінің бас редакторы атанады. 1943 жылы «Галиммар» баспа кешенінде жұмыс істейді. Соғыс кезінде лақап атпен жазылған «Неміс досыма хат» атты шығармасы жарияланды.
1943 жылы әйгілі жазушы Ж.П.Сартрмен танысып, оның қойылымдарына қатысады.
1944 жылы «Оба» атты романы жазылып бітті және тек 1947 жылы ғана басылып шықты.
1947 жылы Камю отбасында егіздер Жан және Катрин дүниеге келеді.
Оған 1957 жылы әдебиеттегі сүбелі үлесі үшін Нобель әдебиет сыйлығы тапсырылды. Ал оның замандас, қаламдас, "бәсекелес" досы Ж.П. Сартр Нобель әдебиет сыйлығын алудан өз еркімен бас тартады.
1960 жылдың 4 қаңтарында Альберт Камю досы, баспагер Мишель Галлимардың отбасымен және баспагер жиені Гастон Галлимармен Прованстан Парижге машинамен қайтып келе жатқанда, Парижден жүз киллометр жердегі Вильблевен қалашығы маңында көліктері жолдан шығып кетіп ағашқа соғылады. Бақытқа қарсы, Камю қатты соққыдан сол сәтте қайтыс болады. Рульде отырған Галлимер ауруханада жатып, екі күннен соң көз жұмады. Бақытқа қарай әйелі мен қызы аман қалады. Жазушының жеке заттары ішінен аяқталмаған “Бірінші адам” повесі және қолданылмаған теміржол билеті табылды. Сөйтіп, ұлы жазушы Альберт Камю Оңтүстік Франция Люберон ауданындағы Лурмарен моласына жерленді.
2011 жылы Итальяндық газет «Corriere della Sera» дабыралы болжам жасайды: Советтік арнайы қызмет (КГБ) әдейі автоапатын қолдан ұйымдастырып, көліктің бір дөңгелегін жарып жіберіп, ұлы жазушының өлімін қасақана туғызған екен. Камю Венгрияға Совет одағының басып кіруін айыптағаны үшін және Борис Пастернакты жақтағаны үшін оған осы сұрқия қастандық жасалған көрінеді. Газет кісі өлтіру жоспарына тіке бұйрық беруші ретінде СССР сыртқы істер министрі Шепиловты (Dmitri Chepilov) атаған. Дегенмен бұл тұжырыммен келіспейтіндер француздардың арбаны тым қатты айдайтынын себеп етіп көрсетеді. 1957 жылы әйел жазушы Франсуаза Саган да осылай ауыр жол апатына ұшыраған болатын.
Бірақ, Альберт Камюдің өзі арбаны тез айдағанды ұнатпапты. Ол "мен жылдамдықты сүймеймін, машинаны да ұнатпаймын" деген болатын. Ол Сизиф туралы еңбегінде былай жазған болатын: "абсурд кез келген бұрыштан, кез келген адам жағынан сурылып шығып бетіңе шапалақпен тартып кетуі мүмкін".
2009 жылдың қарашасында Францияның президенті Николя Саркози жазушының дене күлін Пантеонға ауыстырып жерлеуді ұсынғанымен, бірақ Альберт Камюдің ұлы бұл ұсыныстан бас тартты. Оның айтуынша, әкесі өмір бойы жалған атақты жек көрді, әлдекімдердің жасанды түрде қошамет етуін қаламайды деді.
Альберт Камю шығармашылықта үштік үлгіні ұнатқан: роман + эссе + пьеса. Оның философиялық идеясы "жалтару да, төтеп беру де мүмкін емес былжырлыққа (абсурд) қарсылық көрсету" болды. Ж.П.Сартр үшін Еркін таңдау жасау мағынасыз былжырлық алдындағы адамдағы мүмкіндік болса, Камю Сизифше "Мұңлы бақытты" ұнатты.
Бүгінге дейін көп оқылатын, Нобель сыйлығының құрметті иегері болған бұл Ұлы жазушының ажалы аянышты әрі мәнсіз болғаны секілді шығармаларының негізгі тақырыбы да мәнсіздік — абсурд мәселесін төңіректейді. Камю шығармаларын, идеяларын бір жақтылы түсіндіре салу мүмкін емес. Ол қатпары мол, идеясы алуан пікірлер тоғысқан, астарлау мен тіке айту қатарласқан ғажайып суреткер болды және жай суреттеп қана қоймай, өзі суреттеген құбылыстардың астарына бойлауға жол сілтеуді де ұмытпады. Белгілі мағынада, оның тұжырымы бойынша, адам өмірі – ажалға қарай баяу немесе тез жақындау есептеледі. Бұл дүниеде адам қол жеткізетін лауазым, атақ-даңқ, байлық, ұрпақ, туған-туыс, ата-ана, жақындар – бәрі де өткінші. Ешнәрсе және ешкім де мәңгі емес. Сондықтан адам тіршілігінің мәні мен мағынасы туралы сөз қозғаудың өзі мәнсіз. Дегенмен, осынау абсурдқа толы (сен көңілді келе жатқанда абсурд кенет белгісіз тұстан суырылып шығып бетіңе шапалақпен осып кетеді) мәнсіздіктерге қарсылық көрсетпеу, оған илектене кіріптар болу нағыз абсурд болар еді деп тұжырымдайды. Абсурдты жеңу мүмкін емес, бірақ онымен тынбай күресу, жеңілсе де күресу - адам өмірінің шынайы бақыты болмақ.
Камю философиясының өзегінде жан тебірентер гуманизм — адамның қадірі-қасиеті мәселесі жатыр: тек бақытты тұрмыс қана адам қадіріне сай келеді, бақытты адамның өмірін ғана мәнді деу керек. Мысалы, оның «Сизиф туралы аңыз» кітабында Камю Сизифтің бақыты туралы елестетеді, өйткені Сизифтің ниеті абсурд емес, абсурд ешқашан бізге ненің бақыт, ненің бақытсыздық екенін ажыратып айтпайды. Сизифтің бүкіл тірлігі басқа күш жағынан мәжбүрленген абсурдқа құрылғанымен, бәрібір Сизифтің өзі өз ісіне көңілді кірісіп, тасты таудан асыра алмаса да, тас домалатудан айнымағандықтан, ол өз қадірін-қасиетін сақтай алған "бақытты жан" есептеледі.
Камюдің ойынша Сизифті бақытты еткен нәрсе оның абсурдқа қарсылығы. Жеңе алмайтыны белгілі болса да, жеңемін деп құлшыну — міне бұл адам қадір-қасиетінің ең бағалы өлшемі. Тек абсурдқа қарсылық болған жерде ғана қадір-қасиет туралы айтуға болады.
Камю шығармашылығында қос негізді тақырыптардың үлесі көп, кейі кітап аты да болып келеді: «Сол мен оң», «Сүргін және патшалық» қатарлылар.
Камю назар аудартқан басқа да қос негіздер "Былжырақ және ақыл", "Өмір және өлім", "Азғындау және құтқарылу", "Жарық және көлеңке", "Күнә және бейуаздық", ... Бұл өзара қайшы қос негізді тақырыптар қайталанып көрініс табады және олар бір-бірін жеңе алмайды, бір-біріне сай қисынмен қатар өмір сүреді.
Камю өз эсселерінде мынадай риториканы жиі қолданады: айқын жарықты жойқын қараңғылық арқылы суреттеу. Шығармаларында бұл риторикалық амал болуы мүмкін, бірақ бұл оның барлық шығармаларында кездесетін негізгі ерекшелік есептеледі. Оның роман-әңгімелерінде болсын, философиялық эсселерінде болсын немесе сахналық қойылымдарында болсын логикалық бірізділік жоқ, кез келген жерінде өзара қайшылықтар тасқыны аласұрып кете береді. Басқа жазушыларда бұл кемшілік құсап көрінгенімен, Альбер Камюге келгенде ол ғажайып тереңдік болып көрініс табады. Дания физигі Оге Нильс Бор айтқан болатын:
Камю өзінің бұл түрдегі қайшылықтарға тура қарауы арқылы адамзат ойының шектілігі мен дүниетанымдық жарқаштарын паш етеді. Қос негіз қашанда екі тараптың қатар өмір сүруін алғышарт етеді, бірақ ол адам өмірінде үлкен сасқалақ, мағынасыздық, бөгделік, алуандық әсерін туғызады. Демек, ол өмір тақырыбында анықтау қиын, адамгершілікке сай келе кетпейтін тым тосын өңір есептеледі.
Қос негіз әуелде батыстық ойдың маңызды бір ерекшелігі болатын. Бірақ ол тарихтар бойы субъект (өзем) пен объект (көзем), жақсылық пен жамандық, сұлулық пен сұрықсыздық, ақиқат пен сандырақ, ақ пен қара, білім мен надандық секілді біржүріс ұғымдарға байланысты түсіндірілді. Бірақ Альбер Камюде бұл дәстүрлі ұғымдар кездесе бермейді, олар тек "сүргін және патшалық", "жарық және көлеңке" секілді образдарға орын босатады. Адам өлтіру қылмысы туралы жазылған «Бөгде» шығармасында "Қылмыскер және Бейуаз" мәселесі де мәнін жойып, оның артындағы тіпті де өзекті "Парыз және Безбүйректік" мәселесіне ойысады. Камюдің бұл парадокс теориясы оған теориялық шығар жол (шешім жолын) бере алмаса да, оның шығармаларындағы оқиғаларының сұмдық көп мағыналылығын, мәнді және әсерлі болуы туғызған. Эстетика тұрғысынан қарағанда, қарапайым, еш әрленбеген тіл адам санасына тосын қатер туғызады. Камюдің «Бөгде» және «Азғындау» шығармаларында бұл өте айқын байқалады.
Камю басқалардың өзін экзистенциалист деп атағанын қаламады. Бірақ тіпті ол Нобель әдебиет сыйлығын қабылдаған кездегі Арнау сөзде де оны "экзистенциалист" деп атаған екен. Демек, экзистенциализм бағыты қалайда Камюмен байланысты.
Экзистенциализм — түрлі қарама-қайшы идеяларды қамтыған ағым ретінде өз ішінде де қайшылық қат-қабат болатын. Қысқаша айтқанда, экзистенциализмнің негізгі тақырыбы "жекенің болмыстан "үрейленуі", "абсурд сезімі", "жалғыздық", "қалшыл" болып, ол адамның дүниені сезінудегі біртүрлі көңіл күйін білдіреді: қорғансыз, сүйенішсіз, екіұдай жеке адамның мағынасыз дүниедегі түгеп бермес мәнсіз күресті бастан кешіруі, сөйте тұра жеке адамның лақтырылып тасталғандай күйге түсуі.
Камю «Сизиф туралы аңыз» кітабында әр адамның бейне Сизиф секілді екенін айтады. Айырмашылығы, бұл шындықты қабылдағысы келмейді: Мұнда Камю дәл экзистенциализмдік бағытта тұрып мәселеге экзистенциалды жауап іздегені көрініп тұр.
Камюдің экзистенциализмші деп атаудан бас тартуы оның Сартрмен шекара ажыратуынан да болды. Өйткені ол кезде экзистенциализм десе көпшілік Сартрдың идеясы айтылатын. Камю мен Сартрдың идеясында ұқсас тұстар көп, бірақ қайшылықты тұстар да аз емес. Әсіресе, "Төңкеріс", "Тарих", "КСРО" секілді мәселелерде олар бөлек ұстанымда болды.
Сартр Марксизмнің ықпалына ұшыраған болатын. Ал Альбер Камю бастан-аяқ антимарксизмші болды. Ол әсіресе макстің тарихшылдығына — аталмыш тарихи материализміне қарсы болды.
Сосын Сартр философ ретінде теорияға көбірек назар аударды, абстракт болды. Ал Камюдің философия туралы идеялары өмірді тіке сезіну мен толғанудан келгендіктен оның идеялары эсселерінде көбірек көрінгенімен, бірақ әдебиетші екендігі көбірек байқалатын. Ол Алжирді сүйді, жерорта теңізіндік романтизмнен айнымады. «Бар және жоқ» пен «Сизиф туралы аңыз» бір біріне мүлде ұқсамайтын кітаптар есептеледі. Екеуінің бұл екі кітабы тек көзқараста ғана емес, маңыздысы ой жүгірту тәсілі жағында да ұқсамайды. Сартр өзінің «Бар және жоқ» кітабында біржүріс логикалық тұжырымдар арқылы сенің абсурд болмауың мүмкін еместігін дәлелдеуге тырысса, ал Камю "еркін таңдауды" дәріптемейді және "Мен осындамын, міне бұл абсурд" дегенді сезіндіреді.
Екеуінің тағы бір айырмашылығы, Сартр әрекетке мән берсе, Камю екіұдайылыққа салынады. «Оба» кітабын айтпағанда, әрекеттің маңызы жоқ, мысалы «Бөгде» кітабында тіпті де солай болды. Бұл кітаптың дәл ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде жариялануы қаншалық дұрыс деген де әңгіме болған. Өйткені "баршаға бәрібір емес пе!" қарайтын Мерсоның "қарсылық әрекетіне" қатысып, фашистермен соғысуы еш қисынға келмейтіні анық.
Камю мен Сартр тең дәрежеде "жоқтыққа", мағынасыздыққа қарсы "қарсылықты" дәріптегенімен, бірақ олардың қарсылығы ұқсамайды. Камю көбіне көп рухани қарсылықты айтады. Ол не істеуді емес, өзіңнің істеуіңе қарата сенің не ойлауың, қалай бағалауың негізгі мәселе деп қарайды. Бұл тұрғыда ол "Рухани Жеңімпаздыққа" ұқсап қалады. Ал Сартрдың дәріптейтін қарсылығы басқаша. Ол не ойлауды емес, не істеуді көбірек көзде тұтады.
Камюдің батыры Сизиф пен Сартрдың батыры Орест(Oreste)ұқсамайтын үлгілер. Дәл осы Қарсылық мәселесіндегі екеуінің пікір қайшылығы олардың неше ондаған жылдарға созылған достығын бұзды. 1951 жылы Камюдің әйгілі «Ереуілші» кітабы жарияланған соң, екеуінің ортасындағы қайшылық шегіне жетті.
Альбер Камю шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар
Альбер Камю туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар
Sisyphe) — Альбер Камю 1942 жылы басылған философиялық эссе. Бұл абсурдизм философиясындағы бағдарламалық құрал болып саналады. 1936 жылы мамырда Камю қойын
философы, әдебиеттен 1927 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты (1859). 1960 — Альбер Камю , француз жазушысы, әдебиеттен 1957 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты (1913)
Азғындау La Chute Жанр Повесть Авторы Альбер Камю Түпнұсқа тілі Француз тілі Жеке басылым 1956 Баспагер Gallimard
Агнон Халлдор Кильян Лакснесс Энрике Гонсалес Мартинес Альфонсо Рейес Альбер Камю Андре Мальро Франсуа Мориак Генриетта Шарассон Жорж Дюамель Чарльз Морган
Бунтующий человек Әдебиет порталы
14.08.2022Миф о Сизифе Әдебиет порталы
28.05.2022Записные книжки Әдебиет порталы
14.08.2022Альбер Камю Бунтующий человек Камю Альбер Бунтующий человек Әдебиет порталы
03.11.2018Гюго Виктор Әдебиет порталы
30.10.2018Самая зацелованная девушка в мире: как незнакомка спасла тысячи жизней El.kz
27.10.2023Андре Жид Әдебиет порталы
22.11.2019Жид Андре Әдебиет порталы
31.10.2018Я думаю, что в Казахстане можно сделать бестселлер Әдебиет порталы
10.08.2020Пер Лагерквист Әдебиет порталы
01.11.2018Джон Фаулз Волхв Әдебиет порталы
03.11.20182 часть Абдрахманов.pmd Әдебиет порталы
03.11.2018«Әдебиет порталы» қорындағы Альбер Камю туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.
Abai.kz сайтында жарияланған Альбер Камю шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.
«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Альбер Камю мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.
Қазақша Уикипедиядағы Альбер Камю өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.
Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз
АН
Анастасьeв Никoлай
2 шығарма
ТС
Тұрысбек Сәукетай
2 шығарма
АИ
Ақлима Исмаил
15 шығарма
НД
Несіпбек Дәутайұлы
28 шығарма
КШ
Кеңесжан Шалқарұлы
2 шығарма
СҚ
Сәруар Қамаева
2 шығарма
ОҚ
Олжас Қасым
3 шығарма
ЕА
Ерлан Аманқожаұлы
3 шығарма
АЖ
Асылбек Жаңбырбай
4 шығарма
РО
Рақымжан Отарбаев
15 шығарма
ӘН
Әбдімәлік Нысанбаев
3 шығарма
ЛҚ
Лира Қоныс
12 шығарма