Мазмұнға өту
telegei
Арғынбай Бекбосын
Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы · Драматургия

Арғынбай Бекбосын

Арғынбай Бекбосын (1937 жылы 17 маусым Жамбыл облысы Байзақ ауданы - 2017 жылы 1 мамыр Жамбыл облысы) — журналист, жазушы-публицист, мемлекет және қоғам қайраткері, профессор. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері. Жамбыл облысының құрметті азаматы.

1 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
1 Зерттеу мен эссе
9 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Арғынбай Бекбосын қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

1 туынды

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Арғынбай Бекбосын (1937 жылы 17 маусым Жамбыл облысы Байзақ ауданы - 2017 жылы 1 мамыр Жамбыл облысы) — журналист, жазушы-публицист, мемлекет және қоғам қайраткері, профессор. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері. Жамбыл облысының құрметті азаматы.

Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.

Арғынбай Бекбосынов 1937 жылы 17 маусым Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Қарасу ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Алматы жоғары партия мектебінде, КОКП Орталық комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясында, АҚШ-тың Колорадо университетінде білімін жетілдірген.

Еңбек жолын Жамбыл облыстық радиосының тілшісі, Қазақ радиосының Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы меншікті тілшісі, Жамбыл облыстық «Еңбек туы» ғазетінде бөлім меңгерушісі, Жамбыл аудандық «Шұғыла» газетінің редакторы, Жамбыл облыстық партия комитетінің бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі нұсқаушысы болған.

1985-1994 жылдары Жамбыл облыстық «Ақ жол», «Еңбек туы» газетінің редакторы болып жұмыс істеді.

1994 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің,

1995 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Онда Халықаралық істер, Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік комитетінде мүше бола жүріп, бірталай аса маңызды заң жобалары бойынша жұмыс тобын басқар ды.

Депутаттық қызметімен қоса ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы Тәртіптік Кеңестің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі міндеттерін атқарды.

1999 — 2003 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен.

2003 жылдан бастап зейнеткер.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры.

Шығармашылығы

Уикипедия / Telegei ↗

«Ауылым — әнім менің» (1975, «Қайнар»), «Жетіқарақшысы жоқ аспан» (1991, «Қазақстан»), «Кемеңгермен кеңесу» (1994, «Мерей»), «Хауа ананың аманаты» (1995, «Қайнар»), «Қылкөпір» (1999, «Өнер») кітаптары жарық көрген. «Омар Һайям рубаяттарын» қазақшалаған, «Мың түрлі ой» атты төрттағандар жинағы (2001, «Елорда»), «Фәнилік драма» жинағы шыққан. Шығыс жұлдыздарының шығармалары топтастырылған «Омар Һайям жұлдыздар шоғырында» атты аударма кітабы жарық көрген (2009). Пушкин, Лермонтов, Есенин, Бунин шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Жан-Батист Мольердің «Еріксіз емші» комедиясын аударған, ол Жамбыл облыстық драма театрында сахналанған.

«Нюрнбергтен бұрын» атты тарихи-қаһармандық драмасы «Соңғы сезім» деген атпен Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында (1995—1999), Жамбыл облыстық драма театрында қойылды. «Өткелдеғі шайқас» атты пьесасы да сахналанды.

аты аңызға айналған Әмір Темір, Бәйдібек баба мен жары ел ішінде Домалақ ана аталып кеткен Нұрилә жайлы баяндайтын "Домалақ ене" тарихи драмасы Жамбыл облыстық драма театрында қойылуда (2009 жылдан - қазірге дейін).

Марапаттары

Уикипедия / Telegei ↗

ҚР тұңғыш президенті - елбасының жеке айрықша белгідегі "Алтын Барыс" төсбелгісінің иегері

2016 - ІІІ дәрежелі Барыс ордені

2015 - "ҚР Конститутциясына 20 жыл" медалі

2011 - "ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі

2001 - "ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі

Байзақ ауданының құрметті азаматы

Жамбыл облысының құрметті азаматы

ТМД елдері Журналистер одақтары конфедерациясы сыйлығының лауреаты

профессор

1998 - Парасат ордені

1991 - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері

1986 - Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты

Қазақстан Жазушылар одағы Ағалар алқасының мүшесі.

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Арғынбай Бекбосын шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

1 зерттеу
Өмірбаян

Арғынбай Бекбосын: шығармашылық өмірбаяны мен таңдаулы туындылары

Арғынбай Бекбосын — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Арғынбай Бекбосын · 11.10.2026

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Арғынбай Бекбосын туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

9 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қылкөпір (пьесалар)

Қылкөпір - пьесалар. Авторы Арғынбай Бекбосын . Белгілі журналист-жазушы қоғам қайраткері Арғынбай Бекбосынның бұл жинағына "Төле бидің төрелігі", "Ньюрнбергтен

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің 1-сайланым депутаттары

Зейнелқабден Таукенұлы Баталов Әнуар Қасымұлы Бәкір Әбдіжәлел Қошқарұлы Бекбосын Арғынбай Белгібаев Есенбай Есенжолұлы Богатырев Игорь Анатольевич Бөлегенов

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Шымыр

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Төребай Ақбозов Нұрлан Жапарұлы Түйебеков Арғынбай Бекбосын Бөрібай Биқожаұлы Жексембин Әмзебек Рысбекұлы Жолшыбеков Оңласын Қарабайұлы

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Бақтыораз Бейсекбаев

берілді! Белгілі қаламгер, Қазақстан парламенті Мәжілісінің депутаты Арғынбай Бекбосын Парламентте болған кездесуде бүл жайды Нұрсұлтан Назарбаевқа құлаққағыс

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қазақстан қазақтарының фамилиялары тізімі

174 1790 Жеткерген 1 174 1791 Мұхамеджан 1 173 1792 Мырзатай 1 173 1793 Бекбосын 1 170 1794 Тоқтарбай 1 168 1795 Нурлыбеков 1 168 1796 Сагинов 1 168 1797

Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Арғынбай Бекбосын — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Арғынбай Бекбосын туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Арғынбай Бекбосын — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Арғынбай Бекбосын шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Арғынбай Бекбосын — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Арғынбай Бекбосын мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Арғынбай Бекбосын — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Арғынбай Бекбосын өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз