Мазмұнға өту
telegei
Бағыбек Құндақбайұлы
Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы · Проза · 1955–1956

Бағыбек Құндақбайұлы

Бағыбек Құндақбайұлы (1926 жылы 10 қазанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Сұлутөбе қыстағы) - театртанушы, педагог, өнертану ғылымдарының докторы (1996), профессор (1989). Ресей Табиғаттану академиясы Еуразия өнертану бөлімшесінің академигі (1996).

1 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
1 Зерттеу мен эссе
5 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Бағыбек Құндақбайұлы қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

1 туынды

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Бағыбек Құндақбайұлы (1926 жылы 10 қазанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Сұлутөбе қыстағы) - театртанушы, педагог, өнертану ғылымдарының докторы (1996), профессор (1989). Ресей Табиғаттану академиясы Еуразия өнертану бөлімшесінің академигі (1996).

1955 жылы Ташкенттің А.Н. Островский атындағы театр-көркемсурет институтының театртану факультетін бітірген.

1955 —1956 жылдары Қазақстанның балалар мен жасөспірімдер театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, 1956—1958 жылдары Жамбыл қаласындағы республикалық мәдени-ағарту училищесінде өнер тарихының оқытушысы болған. 1958 жылдан М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет етіп келеді. Қазір осы институттың бөлім меңгерушісі. Мәскеудегі А.В. Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтының аспирантурасын (1963) бітірген. Өнертану ғылымының докторы, профессор.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ресей жаратылыстану академиясының «Евразия зерттеу» бөлімшесінің академигі, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері, «Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

М.Кәрімнің «Айгүл елінде», Б. Жәкиевтің «Ертең жаңа жыл», «Бәрі де ойыннан шықты», И. Экренің «Сау басыма — сақина», «Майор Тоот және басқалар», Лев Устиновтың «Таза жүрек» пьесаларын қазақ тіліне аударған.

Қазақша, орысша мәдениет пен өнер терминологиялық сөздігінің жетекшісі әрі авторларының бірі. ІІІ томдық «Қазақ өнерінің тарихы», монографиясының театр бөлімін жазған.

Шығармалары

Уикипедия / Telegei ↗

Қазақтың академиялық драма театрында қырық жыл. (К. Нүрпейісовпен бірге). А., «Жазушы», 1966;

Режиссер және спектакль. А., «Жазушы», 1971;

Қызылорда театрында 25 жыл. А., «Жазушы», 1976;

Путь театра. А., «Жазушы», 1976;

Уақыт және театр. А., «Өнер», 1981;

Бел белестер. А., «Өнер», 1987;

Мұхтар Әуезов және театр. А., «Ғылым», 1997;

Заман және театр. А., «Өнер», 2001;

Театр туралы толғаныстар. А., «Өнер», 2006;

Қазақ театры ның тарихы. («Тұңғыш талпыныс», «Алғашқы адым», «Театр туған да», «Театр шежіресі») тарау лары. А., «Ғылым», I том. 1975, ІІ том. («Бүгінгі күн тақырыбы театр сахнасында», «Комедиялық спектакпьдер», «Эпостық спектакльдер», «Тарихи революциялық спектакльдер», «Қорытынды», «Репертуар» тараулары. 1978). ;

Алты томдық «История Советского драматического театра». М., 1966-1971;

Жиырма-отызыншы жылдардағы Қазақ әдебиеті. А., «Ғылым», 1997;

Он томдық «Қазақ әдебиеті тарихының 7-8-9 томдары». А., «Қазақпарат», 2004-2005;

Шернияз. А., «Өнер», 1990; Восхождения. А., «Жалын», 1977.

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Бағыбек Құндақбайұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

1 зерттеу
Өмірбаян

Бағыбек Құндақбайұлы: шығармашылық өмірбаяны мен таңдаулы туындылары

Бағыбек Құндақбайұлы — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Бағыбек Құндақбайұлы · 11.10.2026

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Бағыбек Құндақбайұлы туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

5 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Бақыт Кәкиқызы Нұрпейіс

лингвоелтану инновациялық орталығы, 2009 ж. 11. «Ізі өшпейтін ізгі тұлға». Бағыбек Құндақбайұлы . – Алматы, ЖШС «Жедел басу баспаханасы», 2010 ж. 12. «Классикалық

Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Бағыбек Құндақбайұлы — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Бағыбек Құндақбайұлы туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Бағыбек Құндақбайұлы — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Бағыбек Құндақбайұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Бағыбек Құндақбайұлы — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Бағыбек Құндақбайұлы мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Бағыбек Құндақбайұлы — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Бағыбек Құндақбайұлы өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз