Қас қағым сәт
Есләм Зікібаев
Поэзия
ЕЗ
Есләм Зікібаев (Е. Слам) (5.06.1936, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданының Өрнек ауылы - 12.04.2002, Алматы) - ақын, жазушы. Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан. 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. Еңбек жолы «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінде басталып, одан «Қазақстан әйелдері» журналында, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан»), «Жетісу» газеттерінде жалғасқан. Бұдан кейін Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің бөлім бастығы, «Жалын», «Жазушы» баспаларының редакция меңгерушісі, «Кітап жартысы» — «Друг читателя» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, «Ақиқат» журналының бөлім меңгерушісі және алқа мүшесі болды.
Есләм Зікібаев қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер
Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы
Есләм Зікібаев (Е. Слам) (5.06.1936, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданының Өрнек ауылы - 12.04.2002, Алматы) - ақын, жазушы. Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан.
1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген.
Еңбек жолы «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінде басталып, одан «Қазақстан әйелдері» журналында, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан»), «Жетісу» газеттерінде жалғасқан.
Бұдан кейін Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің бөлім бастығы, «Жалын», «Жазушы» баспаларының редакция меңгерушісі, «Кітап жартысы» — «Друг читателя» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, «Ақиқат» журналының бөлім меңгерушісі және алқа мүшесі болды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Өзі туған Есіл ауданының Құрметті азаматы. Бірнеше мүшәйралардың жүлдегері.
Алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық жастар газетінде жарық көрген. Қазақстан Жазушылар одағының 1986— 1996 жылдары басқарма мүшесі болған. Серб жазушысы Змайдың бірталай шығармаларын башқұрт ақыны Ш.Бикколдың «Жүрегімнің жарығы», қырғыз ақыны Ж.Садықовтың «Тау жолы» жыр кітаптарын, түркмен жазушысы К.Қүрбаннепесов шығармаларын т.б. тәржімалаған. Оның өлеңдеріне біршама әндер жазылған.
Ақ қайыңдар. Өлеңдер. «Жазушы», 1975;
Аққу-арман. Өлеңдер. «Жазушы», 1977;
Мен космонавт боламын. Өлеңдер. «Жалын», 1978;
Ақ қайнар. Өлеңдер. «Жалын», 1982;
Ақ айдын. Алматы. 1980;
Ақ сағым. Алматы. 1982;
Алтын сағым. Өлеңдер. «Жазушы», 1985;
Верую в людей. Стихи. «Жазушы», 1989;
Құс ғұмыр. Өлеңдер. »Жазушы», 1992;
Дүние жалған. Өлеңдер. «Аман» ЖШС, 1998;
Арна. Өлеңдер. «Аман»ЖШС, 2001;
Жыр тағдырым. Алматы 2003;
Қас қағым сәт. Алматы. 2004;
Армандай ғұмыр. Алматы. 2007;
Өмір - бәйге. Астана. 2007.
Есләм Зікібаев шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар
Есләм Зікібаев туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар
Біләлов Осман-Рустамбек Байгенжеұлы Бижiгiтов Мұқаш Қаппасұлы Елеусізов Есләм Зікібаев Ысқақ Ыбыраев Мүтәлләп Қанғожин Шапет Қоспанұлы Қоспанов Ермек Қонарбаев
«Әдебиет порталы» қорындағы Есләм Зікібаев туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.
Abai.kz сайтында жарияланған Есләм Зікібаев шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.
«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Есләм Зікібаев мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.
Қазақша Уикипедиядағы Есләм Зікібаев өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.
Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз
ҚЖ
Қабдеш Жұмаділов
27 шығарма
ЕҚ
Ермек Балташұлы, ҚР Мәдениет қайраткері
1 шығарма
АР
Ахат Расул
2 шығарма
ТК
Тұрсынбек Кәкішев
18 шығарма
БС
Бердібек Соқпақбаев
54 шығарма
ТМ
Тұрлыбек Мәмесейіт
4 шығарма
СЖ
Сәндібек Жұбаниязов
3 шығарма
БҮ
Бауыржан Үсенов
2 шығарма
АС
Асқар Сүлейменов
40 шығарма
ҚБ
Қуат Бораш
5 шығарма