Ағайынның арасы...
Жанұзақ Аязбеков
Проза
ЖА
Жанұзақ Аязбеков (10.2. 1954 жыл, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Көшек батыр ауылы) - журналист, әдебиетші. Қостанай облыстық «Қостанай Таңы» газетінің Директор-Бас редакторы.. Әкесі – Айтбаев Аязбек (1917 - 2003), ҰОС ардагері, еңбек ардагері, ауыл шаруашылығы қызметкері болған. Анасы - Әлшерова Сара (1920- 1985), бөлімше бригадирі, ауыл шаруашылығы қызметкері болған. Бөлтірік шешен ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепті (1972), С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1977) журналист мамандығы бойынша, Алматы Жоғары партия мектебі, журналистика бөлімін (1984) журналист-саясаткер мамандығы бойынша бітірген. 1977 жылы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес ЖОО жолдамасымен Қостанай облысына журналистік қызметке жіберілді. Ол алдымен Қостанай облыстық телевизия және радио комитетінде қатардағы редактор болып жұмыс істеді (1977). Одан соң жастар редакциясының меңгерушісі, аға редактор, облыстық радионың бас редакторының орынбасары (1981), Алматы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы (1984) қызметтерін атқарды. 1988 жылдан Қостанай облыстық партия комитетінің баспасөз жөніндегі нұсқаушысы, 1989 жылдан Қазақ радиосы мен Қазақ теледидарының («Қазақстан») «Хабар» агенттігінің Қостанай облысындағы меншікті тілшісі, 1995 жылдан Қостанай облыстық телерадиокомпаниясы төрағасының орынбасары, осы компания құрылымындағы «Заман» телеарнасының директоры Қазақстан» Телерадиокорпорациясы АҚ Қостанай облысық филиалы директорының орынбасары - Бас редакторы болып қызмет істеді. 2014 жылдан Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газетінің Директор – Бас редакторы. «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз» басқа да бірқатар мерзімдік басылымдарда әдеби-сын, көсемсөз материалдары жарық көрген. «Ағайынның арасы» (2014) жарық көрген, кітабы, «Періште қыз » әні сөзінің авторы. Ж. Аязбеков Мәскеуде өткен 4 Евразиялық телевизиялық форумына «Қазақ тұлпары» авторлық бағдарламасымен қатысқан (2001 ж). «Қазақстан» РТРК телебайқауында «Апта» ақпаратты сараптау бағдарламасымен республикада 1 орынға ие болған (2002 ж.), облыс әкімінің «Облыстық ең үздік репортері» атты арнайы сыйлығының жүлдегері (1999 ж.). Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінің (2000 ж.) Қазақстан журналистер одағының Құрмет грамоталарымен марапатталған. 2007-2008 жылдары Ж. Аязбековтың «Замана» телебағдарламасы көрермендер тарапынан ыстық ықыласқа бөленді. Автор осы бағдарламасы үшін 2008 жылы Қостанай облыстық Меценаттар Клубының «Қазына» сыйлығын жеңіп алды. Қазақ теледидарының 50 жылдығына орай «Алтын жаршы» белгісімен марапатталды. 2009 жылы Қазақстан Журналистер Одағының «Қазақстанның Құрметті журналисі» құрмет белгісіне ие болды. «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Тың игерудің 50 жылдығы», «Қазақстан мәлихатына 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Әскери атағы - запастағы майор. Үйленген. Жұбайы – Аязбекова Бақыт Аманкелдіқызы, бала тәрбиешісі, зейнеткер Ұлы – Аязбеков Дәурен - полиция майоры, ұлы – Аязбеков Еркін - телевизия режиссері, қызы – Аязбекова Әсел – PR (Public Relations) маманы. Немерелері – Айзат, Айқын, Дастан, Аяжан,Мәди, Милена.
Жанұзақ Аязбеков қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер
Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы
Жанұзақ Аязбеков (10.2. 1954 жыл, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Көшек батыр ауылы) - журналист, әдебиетші. Қостанай облыстық «Қостанай Таңы» газетінің Директор-Бас редакторы..
Әкесі – Айтбаев Аязбек (1917 - 2003), ҰОС ардагері, еңбек ардагері, ауыл шаруашылығы қызметкері болған. Анасы - Әлшерова Сара (1920- 1985), бөлімше бригадирі, ауыл шаруашылығы қызметкері болған.
Бөлтірік шешен ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепті (1972),
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1977) журналист мамандығы бойынша,
Алматы Жоғары партия мектебі, журналистика бөлімін (1984) журналист-саясаткер мамандығы бойынша бітірген.
1977 жылы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес ЖОО жолдамасымен Қостанай облысына журналистік қызметке жіберілді.
Ол алдымен Қостанай облыстық телевизия және радио комитетінде қатардағы редактор болып жұмыс істеді (1977).
Одан соң жастар редакциясының меңгерушісі, аға редактор, облыстық радионың бас редакторының орынбасары (1981),
Алматы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы (1984) қызметтерін атқарды.
1988 жылдан Қостанай облыстық партия комитетінің баспасөз жөніндегі нұсқаушысы,
1989 жылдан Қазақ радиосы мен Қазақ теледидарының («Қазақстан») «Хабар» агенттігінің Қостанай облысындағы меншікті тілшісі,
1995 жылдан Қостанай облыстық телерадиокомпаниясы төрағасының орынбасары, осы компания құрылымындағы «Заман» телеарнасының директоры Қазақстан» Телерадиокорпорациясы АҚ Қостанай облысық филиалы директорының орынбасары - Бас редакторы болып қызмет істеді.
2014 жылдан Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газетінің Директор – Бас редакторы.
«Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз» басқа да бірқатар мерзімдік басылымдарда әдеби-сын, көсемсөз материалдары жарық көрген. «Ағайынның арасы» (2014) жарық көрген, кітабы, «Періште қыз » әні сөзінің авторы.
Ж. Аязбеков Мәскеуде өткен 4 Евразиялық телевизиялық форумына «Қазақ тұлпары» авторлық бағдарламасымен қатысқан (2001 ж).
«Қазақстан» РТРК телебайқауында «Апта» ақпаратты сараптау бағдарламасымен республикада 1 орынға ие болған (2002 ж.),
облыс әкімінің «Облыстық ең үздік репортері» атты арнайы сыйлығының жүлдегері (1999 ж.).
Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінің (2000 ж.)
Қазақстан журналистер одағының Құрмет грамоталарымен марапатталған.
2007-2008 жылдары Ж. Аязбековтың «Замана» телебағдарламасы көрермендер тарапынан ыстық ықыласқа бөленді. Автор осы бағдарламасы үшін 2008 жылы Қостанай облыстық Меценаттар Клубының «Қазына» сыйлығын жеңіп алды.
Қазақ теледидарының 50 жылдығына орай «Алтын жаршы» белгісімен марапатталды.
2009 жылы Қазақстан Журналистер Одағының «Қазақстанның Құрметті журналисі» құрмет белгісіне ие болды.
«Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Тың игерудің 50 жылдығы», «Қазақстан мәлихатына 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
Әскери атағы - запастағы майор.
Үйленген. Жұбайы – Аязбекова Бақыт Аманкелдіқызы, бала тәрбиешісі, зейнеткер
Ұлы – Аязбеков Дәурен - полиция майоры, ұлы – Аязбеков Еркін - телевизия режиссері, қызы – Аязбекова Әсел – PR (Public Relations) маманы. Немерелері – Айзат, Айқын, Дастан, Аяжан,Мәди, Милена.
Жанұзақ Аязбеков шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар
Жанұзақ Аязбеков туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар
3663 Әбілғазы 607 3664 Атыгаев 607 3665 Өмір 606 3666 Баймолдин 606 3667 Аязбеков 606 3668 Тілеуберді 605 3669 Сейтказиев 605 3670 Ізтілеу 605 3671 Едилбаев
«Әдебиет порталы» қорындағы Жанұзақ Аязбеков туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.
Abai.kz сайтында жарияланған Жанұзақ Аязбеков шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.
«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Жанұзақ Аязбеков мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.
Қазақша Уикипедиядағы Жанұзақ Аязбеков өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.
Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз
ХА
Хұсанова Ақбота
4 шығарма
МР
Мақұлбек Рысдәулет
4 шығарма
ҚҚ
Құрманғали Қуанышбай
3 шығарма
СС
Самат Сләмғазин
5 шығарма
СШ
Сафуан Шаймерденов
5 шығарма
ЕӘ
Елена Әбдіхалықова
2 шығарма
ЖК
Жұмаш Кенебай-Көкбөрі
2 шығарма
ГБ
Гүлмәрия Барманбекова
6 шығарма
ША
Шымкент – Алматы
1 шығарма