Мазмұнға өту
telegei
Иса Байзақов
Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы · Поэзия

Иса Байзақов

Иса Байзақов (3.10.1900, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылы — 3.9.1946, Алматы) — ақын, әнші-композитор.

1 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
17 Зерттеу мен эссе
12 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Иса Байзақов қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

1 туынды

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Иса Байзақов (3.10.1900, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылы — 3.9.1946, Алматы) — ақын, әнші-композитор.

Әкесі Байзақ ескіше хат таныған, жасында ән салып, өлең шығарған, шағын шаруалы, сауыққой кісі болған. Иса 9-ға шыққанда шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Кішкентайынан “Әнші Иса” атанады. 1921 жылы Семейдегі жұмысшы факультетінде, 1922 жылы Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында, 1929—1932 жылы

Қазақ педагогикалық институтында оқыған.

1926—1929 жылы Қазақ драма театрына шақырылып Әміре, Қалибек Қуанышбаев, Құрманбек, Серке Қожамқұлов, Елубай, тағы басқа актерлермен бірге жаңа театрдың негізін қаласады. Театр алғаш қойған М. Әуезовтің “Еңлік — Кебегі” мен “Бәйбіше — тоқалында” басты рөлдерде ойнайды. Өзі инсценировка жасаған “Біржан — Сара” қойылымындағы Біржан рөлінде нағыз актерлік дарынын танытқан. 1932—1940 жылдары Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, филармонияда, Жазушылар одағында қызмет істеді. Өлеңдері 1924 жылдан жариялана бастады. Сан қырлы талант иесі Байзақовтың, әсіресе, суырып салма ақындық өнері қазақ әдебиетіндегі осы бір ерекше құбылыстың жалғасындай еді. Байзақов жазба әдебиет өкілі ретінде де шоқтығы биік көркем туындылар қалдырды.

Өзгеше жанры

Уикипедия / Telegei ↗

Көптеген өлеңдеріне өзі өмір сүрген кезеңдегі Қазақстанның тыныс-тіршілігінің түрлі көріністерін арқау еткен. Ақын өлеңдерінде фольклорлық сипат басым. Бұл — оның суырып салмалық талантына байланысты ерекшелігі. Байзақовтың жұрт алдында айтылатын ұзақ толғау алдындағы кіріспе іспетті, өзіндік әні бар желдірмелері халық арасына кең тараған. Байзақов поэма жанрын дамытуға да зор үлес қосты.

“Ұлы құрылыс” (1933), “Алтай аясында” (1934), “Он бір күн, он бір түн” (1938), “Кавказ” (1940), “Ақбөпе” (1941), “Қырмызы — Жанат”, “Қойшының ертегісі”, тағы басқа көлемді шығармаларында өткен заман оқиғалары, кейінгі дәуір шындығы көрініс тапқан.

“Құралай сұлу”, “Алтай аясында” поэмаларында жоңғар шапқыншылығы, “Ақтабан шұбырынды” заманындағы қазақ тұрмысы шынайы суреттеліп, ел бірлігі, патриотизм идеясы көтеріледі. Әлеуметтік қайшылықтарға толы “Ақбөпе” поэмасында ақын өз кейіпкерлері Ақбөпе мен Әміржан бойына бұрынғы қазақ жастарының ең жақсы қасиеттерін жинақтаған. Ақбөпе — өз бақыты үшін күрескен өр мінезді қазақ қызының бейнесі. Байзақовтың ақындық дарыны Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше танылды. Ақын өзінің отты жырларымен ел ішіндегі насихат жұмысына белсене араласып, еңбектегі ерлікті жырлады. Байзақов 40-тан астам әннің сөзін жазып, көптеген қазақ әндерін нотаға түсіртті. Оның шығармашылығы — қазақ поэзиясындағы жарқын белестердің бірі. Актерлік, әншілік, жыршылық дарынымен қазақ мәдениетінде терең із қалдырған.

Байзақовтың өмірі мен шығармашалығын Е. Ысмайылов, М. Хасенов, Р. Бердібаев, тағы басқа зерттеген. Жазушы Н. Ановтың “Ән қанаты” романында (1956), осы аттас кинофильмде (1962) әнші-ақынның көркем бейнесі жасалды. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған (1939).

Эпикалық шығармалары

Уикипедия / Telegei ↗

«Құралай сұлу» (1925)

«Қойшының ертегісі» (1926)

«Алтай аясында» (1939)

«Кавказ» (1941)

«Қырмызы-Жанай» (1940, аяқталмаған)

«Ақбөпе» (1945)

«Неге Алатау шаттанды» (1929)

«Ұлы құрылыс» (1933)

«Он бір күн, он бір түн» (1939)

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Иса Байзақов шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

17 зерттеу
Өмірбаян

Иса Байзақов: шығармашылық өмірбаяны мен таңдаулы туындылары

Иса Байзақов — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Иса Байзақов · 11.10.2026
Өмірбаян

Иса Байзақов: шығармашылық өмірбаяны, көркемдік ізденістері және таңдаулы туындылары

Иса Байзақов — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Иса Байзақов · 11.10.2026
Әдеби материал

Иса Байзақов — Әнуар Абыханұлы Молдабеков: Шығармашылығы мен марапаттары

Әнуарбек Молдабеков (20 мамыр 1938 жыл, Алматы облысы Іле ауданы – 9 тамыз 1985 жыл, Алматы) — қазақ өнерінің аса ірі тұлғасы, көрнекті театр және киноактері, Қазақстанның халық артисі (1976), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1967).

Иса Байзақов · 11.10.2026
Өмірбаян

Иса Байзақов — Әнуар Абыханұлы Молдабеков: Өмірбаяны

Әнуарбек Молдабеков (20 мамыр 1938 жыл, Алматы облысы Іле ауданы – 9 тамыз 1985 жыл, Алматы) — қазақ өнерінің аса ірі тұлғасы, көрнекті театр және киноактері, Қазақстанның халық артисі (1976), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1967).

Иса Байзақов · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Иса Байзақов: «Ғалия Құсайынқызы Балтабаева» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Ғалия Құсайынқызы Балтабаева (Ғалия Балтабай) (1 маусым 1948 жыл Павлодар облысы Железин ауданы Аққайың ауылы) – тележурналист .

Иса Байзақов · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Иса Байзақов: «Сезімхан Жардыханұлы» — тарихи-әдеби талдау және деректер

1949 жылы 19 мамырда Баян-Өлгей аймағы Цэнгэл сұмынында дүниеге келді. Әкесі Жардыхан Мыңбиеұлы екі иығына екі кісі мінгендей алып денелі, аса күшті адам болған екен. «Орман арасынан ат сүйрей алмайтын қарағайды қолтығына қысып сүйреп келетін» деседі көзін көргендер. Анасы Қарашаш Бәрамқызы ақынның қырқынан шықпай жатып қайтыс болса, әкесі тоғыз жасында...

Иса Байзақов · 11.10.2026
Әдеби материал

Иса Байзақов — Сезімхан Жардыханұлы: Өлеңдері

1949 жылы 19 мамырда Баян-Өлгей аймағы Цэнгэл сұмынында дүниеге келді. Әкесі Жардыхан Мыңбиеұлы екі иығына екі кісі мінгендей алып денелі, аса күшті адам болған екен. «Орман арасынан ат сүйрей алмайтын қарағайды қолтығына қысып сүйреп келетін» деседі көзін көргендер. Анасы Қарашаш Бәрамқызы ақынның қырқынан шықпай жатып қайтыс болса, әкесі тоғыз жасында...

Иса Байзақов · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Иса Байзақов: «Әнуар Абыханұлы Молдабеков» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Әнуарбек Молдабеков (20 мамыр 1938 жыл, Алматы облысы Іле ауданы – 9 тамыз 1985 жыл, Алматы) — қазақ өнерінің аса ірі тұлғасы, көрнекті театр және киноактері, Қазақстанның халық артисі (1976), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1967).

Иса Байзақов · 11.10.2026
Өмірбаян

Иса Байзақов — Роза Жұмабайқызы Қадысова: Өмірбаяны, еңбек жолы

Роза Жұмабайқызы Қадысова — тарих ғылымының докторы (2006), профессор (2007), ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (2009).

Иса Байзақов · 11.10.2026
Өмірбаян

Иса Байзақов: өмірбаяны, шығармашылық жолы және әдеби мұрасы

Әкесі Байзақ ескіше хат таныған, жасында ән салып, өлең шығарған, шағын шаруалы, сауыққой кісі болған. Иса 9-ға шыққанда шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Кішкентайынан “Әнші Иса” атанады. 1921 жылы Семейдегі жұмысшы факультетінде, 1922 жылы Орынбордағы...

Иса Байзақов · 11.10.2026
Әдеби материал

Иса Байзақов — Иса Байзақов: Өзгеше жанры

Әкесі Байзақ ескіше хат таныған, жасында ән салып, өлең шығарған, шағын шаруалы, сауыққой кісі болған. Иса 9-ға шыққанда шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Кішкентайынан “Әнші Иса” атанады. 1921 жылы Семейдегі жұмысшы факультетінде, 1922 жылы Орынбордағы...

Иса Байзақов · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Иса Байзақов: «Роза Жұмабайқызы Қадысова» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Роза Жұмабайқызы Қадысова — тарих ғылымының докторы (2006), профессор (2007), ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (2009).

Иса Байзақов · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Иса Байзақов: «Ертіс ауданы» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Ертіс ауданы — Павлодар облысының солтүстік-батыс жағында, Ертіс өзенінің сол жағасында орналасқан аудан. 1928 жылы 17 қаңтарда Павлодар округі құрылғаннан кейін тоғыз ауданымен қоса Ертіс ауданы да құрылған. Ауданы 10,2 мың ш. км.

Иса Байзақов · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Иса Байзақов: «Елеусіз Байырбеков» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Елеусіз Байырбеков (1892, Созақ ауданы, Қаратау әкімшілік аймағы, Бақырлы мекені — 1944, Отырар ауданы, қазіргі Д.Алтынбеков ауылы) — ақын.

Иса Байзақов · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Иса Байзақов: «Ертіс (Павлодар облысы)» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Ертіс — Павлодар облысы Ертіс ауданындағы ауыл, аудан және Ертіс ауылдық округі орталығы, өзен айлағы.

Иса Байзақов · 11.10.2026

Автор туралы зерттеу кітаптар мен жинақтар

2 кітап

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Иса Байзақов туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

12 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Иса Байзақов ауылы

Иса Байзақов (2006 жылға дейін – Кайманачиха) — Павлодар облысының Ертіс ауданындағы ауыл, Байзақов ауылдық округі орталығы. Аудан орталығы – Ертіс ауылынан

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Байзақов ауылдық округі

Байзақов ауылдық округі – Павлодар облысы Ертіс ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Иса Байзақов , Луговое, Үлгілі ауылдары кіреді. Орталығы – Иса Байзақов

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Байзақов көшесі (Алматы)

Байзақов атындағы көше (Алматы) Көшеге сұлу сөздің хас шебері, суырыпсалмалық қабілетімен айрықша танымал болған қазақтың халық ақыны, композитор Иса Байзақовтың

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қарқаралы тасжолы (Астана)

қаласында талантты әншілер мен әртістер Мәди Бәпиұлы, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов , Жұмат Шанин, Қалыбек Қуанышбаев, Майра Уәлиева өз өнерлерін, ал Қажымұқан

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Павлодар облыстық филармониясы

Павлодар облыстық филармониясы, Иса Байзақов атындағы Павлодар мемлекеттік облыстық филармониясы - мәдени-концерттік мекеме. 1943 ж. ұйымдастырылды. Құрамында

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қуаныш Баймағанбетов

б. дастандарында ерлікті, дос-тықты, махаббатты жыр етті. Қ. Б-тың Иса Байзақов (1925) және Айтбай Дүйсенбаевпен (1957) айтыстары бар («Айтыс», 3-т.

Эссе / Талдау Қазақша Уикипедия ↗

Қуан Лекеров

Жастайынан “әнші бала” атанған Лекеров майталман әншілерден (Ұ. Айтбаев, Иса Байзақов , М.Уәлиқызы) тағылым алған. 1930 ж. Алматыға шақыртылып, Қазақ радиосында

Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

ХХ век: портреты выдающиХся деятелей

ХХ век: портреты выдающиХся деятелей Әдебиет порталы

03.11.2018
Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Иса Байзақов — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Иса Байзақов туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Иса Байзақов — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Иса Байзақов шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Иса Байзақов — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Иса Байзақов мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Иса Байзақов — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Иса Байзақов өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз