Шалқар К. Үш томдық шығармалар. 3-том
Кеңесжан Шалқарұлы
Балалар әдебиеті
КШ
Кеңесжан Шалқарұлы (бүркеншік лақап аты (псевдоним): Баркөл Барызов.) (12.4.1939 жылы туған, Шығыс Түркістан, Тарбағатай аймағы, Еміл өзені) - жазушы, сазгер, ақын. Текті кісі болған, Шақантай Жауғашарұлы батырдың ұрпағы. Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан. Гимназияны бітіргеннен кейін Қытай Халық Республикасында солақай саясаттың қысымымен Шыңжаң университеті мен Шыңжаң институтын бітіре алмай кетті. Ол оқуын Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында жалғастырып, оның қазақ тілі мен әдебиеті факультетін 1965 жылы тәмамдады. Алматыда "Қазақ әдебиеті" газетінің арнайы шақыруымен қалып, академик Хажым Жұмалиевтің аспирантурасында оқыды. Ол "Қазақ радиосы", "Ғылым", "Қайнар", "Қазақстан" баспаларында редактор, аға редактор болып, 25 жылдай жұмыс істеді. Ғылым академиясында, Қазақ радиосында және теледидарда, "Жетісу" газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгеруші болып қызметін көрсетті.
Кеңесжан Шалқарұлы қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер
Кеңесжан Шалқарұлы
Балалар әдебиетіЭнциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы
Кеңесжан Шалқарұлы (бүркеншік лақап аты (псевдоним): Баркөл Барызов.) (12.4.1939 жылы туған, Шығыс Түркістан, Тарбағатай аймағы, Еміл өзені) - жазушы, сазгер, ақын. Текті кісі болған, Шақантай Жауғашарұлы батырдың ұрпағы. Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан.
Гимназияны бітіргеннен кейін Қытай Халық Республикасында солақай саясаттың қысымымен Шыңжаң университеті мен Шыңжаң институтын бітіре алмай кетті. Ол оқуын Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында жалғастырып, оның қазақ тілі мен әдебиеті факультетін 1965 жылы тәмамдады. Алматыда "Қазақ әдебиеті" газетінің арнайы шақыруымен қалып, академик Хажым Жұмалиевтің аспирантурасында оқыды. Ол "Қазақ радиосы", "Ғылым", "Қайнар", "Қазақстан" баспаларында редактор, аға редактор болып, 25 жылдай жұмыс істеді.
Ғылым академиясында, Қазақ радиосында және теледидарда, "Жетісу" газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгеруші болып қызметін көрсетті.
Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты "Зауал-заман" дилогиясы үшін. 23 қаңтар 2012 жыл. Алматы қаласы. Қазақстан Жазушылар одағы.
Төлеужан Ысмайыловтың 80 жылдық мерей тойына арналған "Мәңгілік жас рухым - өлеңдерім!..." атты республикалық жыр мүшайырасына Арқат Атамекен деген бүркеншік атпен қатысқан. Арнаулы жүлдемен марапатталады. "Абыралы - Дегелең" қоғамдық қоры, Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық әкімдігі, Қазақстан Жазушылар Одағы, Шәкәрім атындағы Семей мемлекттік университеті. Арнайы Диплом. Семей қаласы. 2012 жыл.
Республикалық тұңғыш телефестивалының (1966), 1994 жылы Мағжан Жұмабаевқа арналған, 2003 жылы Дулат Бабатайұлына арналған, осы жылы Нәзір Төрекұловқа арналған жыр мүшәйраларының жүлдегері.
1996 жылы Хазірет Бибі Фатима конкурсының жеңімпазы атанып, Иран Ислам Республикасының сыйлығына ие болған.
Халықаралық Жамбыл атындағы және Қазақстан Журналистер Одағы сыйлықтарының лауреаты (1996).
1997 жылдан зейнеткер. Шалқарұлының "Ақ көбелек" (1976), "Шарапат" (1980), "Айнагүл" (1984) өлең жинақтары шықты. Ол Мұстай Кәрім, Д.Кугультинов, Г.Абашидзе, Низами, Елхани және моңғол, өзбек, ұйғыр ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Өлеңдері жапон, орыс, моңғол, өзбек, латыш, эстон, түрік, әзірбайжан тілдеріне аударылған. 30-дай күй, 45-тей әннің авторы.
"Шуақ" (1967), "Сәске сыры" (1972), "Ақ сапар" (1975) және т.б. өлең жинақтары жарық көрген.
Кеңесжан Шалқарұлы "Зауал заман" атты дилогиясы мен "Сүмбеден ұшқан сұңқар", "Қолтырауын құлқыны", "Жалқынжал", "Қара қасқыр" т.б. хикаяттары мен "Шақантай батыр", "Қарасай батыр", "Ел ұраны", "Мұқағали мұқамы", "Қара жер", "Нұх және наурыз", "Азалы азалия" сияқты жиырма дастаны, сексендей ән мен күйлері бар. Оның бір шамасы қазақ радиосы мен телеарнасында жазулы.
Кеңесжан Шалқарұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар
Кеңесжан Шалқарұлы туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар
Кеңесжан Шалқарұлы – жазушы, редактор. 1939 жылы Шығыс Түркістан аймағының Еміл өзені бойында дүниеге келген. 1965 жылы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік
етіп тапсырған. Айтыс ақыны Қалихан Алтынбаев “Ақырғы айқас”, ақын Кеңесжан Шалқарұлы “Шақантай батыр” атты тарихи дастандарын жазған. Батырдың мазары қазіргі
«Әдебиет порталы» қорындағы Кеңесжан Шалқарұлы туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.
Abai.kz сайтында жарияланған Кеңесжан Шалқарұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.
«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Кеңесжан Шалқарұлы мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.
Қазақша Уикипедиядағы Кеңесжан Шалқарұлы өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.
Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз
МҒ
Мәлік Ғабдуллин
2 шығарма
МЫ
Маралтай Ыбыраев
2 шығарма
ҒБ
Ғаппар Біләл
2 шығарма
НБ
Нұрлан Байтас
2 шығарма
ЕШ
Ермахан Шайхыұлы
5 шығарма
ҚБ
Қалижан Бекхожин
46 шығарма
МЖ
Мұхарбек Жәкейұлы
10 шығарма
ТТ
Тұңғышбай Төрегелдиев
3 шығарма
АШ
Ақылбек Шаяхмет
8 шығарма