Мазмұнға өту
telegei
Марк Твен
Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы · Проза · Балалар әдебиеті

Марк Твен

Марк Твен (ағылш. Mark Twain, шын аты Сэмюэл Лэнгхорн Клеменс (ағылш. Samuel Langhorne Clemens); 30 қараша 1835 жыл, Флорида, Миссури, АҚШ — 21 сәуір 1910 жыл, Реддинг, Коннектикут, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, көсемсөзші. Көркем әдебиет, тарихи көркем әдебиет, балалар әдебиеті, сатира, эссе, философиялық әдебиет, әдебиеттану жанрларында шығармаларын жазған. Гуманист және демократ.

3 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
6 Зерттеу мен эссе
14 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Марк Твен қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

3 туынды

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Марк Твен (ағылш. Mark Twain, шын аты Сэмюэл Лэнгхорн Клеменс (ағылш. Samuel Langhorne Clemens); 30 қараша 1835 жыл, Флорида, Миссури, АҚШ — 21 сәуір 1910 жыл, Реддинг, Коннектикут, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, көсемсөзші. Көркем әдебиет, тарихи көркем әдебиет, балалар әдебиеті, сатира, эссе, философиялық әдебиет, әдебиеттану жанрларында шығармаларын жазған. Гуманист және демократ.

Сэмюэл Клеменс 1835 ж. 30 қарашада Флорида қаласында (Миссури штаты, АҚШ) дүниеге келген.

Балалық шағы Ханибал қалашығында (Миссисипи) өткен. 1853 – 1857 жылдары ел аралап, түрлі қызметтер атқарған. 1865 жылы жарық көрген “Калаверасадан келген әйгілі секіргіш бақа” атты әңгімесі оны көпке танымал етті. 1867 жылы Еуропада, одан соң Палестинада болды.

Осы сапарлар турасында жазылған “Ақкөңілдер шетелде” (1869), “Шыныққандар” (1872) атты еңбектерінде ескі мен жаңаны салыстыра келе, өмірдегі күйкі құбылыстарды сықақ етеді. Ч.Д. Уорнермен бірге жазған “Алтынға малынған ғасыр” (1873) атты романында АҚШ-тағы Азамат соғысынан кейінгі адамзаттың азғындауы, қоғамдағы алдау-арбау, адами болмыстың арзандауы туралы шынайы жазды. Өмірбаяндық “Том Сойердің таңғажайып істері” (1876), “Гекльберри Финнің басынан кешкен оқиғалары” (1884) атты еңбектерінде бақытсыз балалық шақ, пайдасы аз шіркеулік оқулар мен бай адамдар психологиясы өткір мысқылмен бейнеленген, Американың өткені мен бүгінгі өмірі жан-жақты суреттелген. “Ханзада мен қайыршы” (1882), “Ашықауыз Вилсон” (1894), “Жанна Д’Арк туралы жеке естеліктер” (1896), “Менің сыншыларым – миссионерлерге” (1901), “Патшаның монологы” (1905), “Бейтаныс адам” (1916), т.б. туындылары дүние жүзі халықтары тілдеріне аударылған. Твеннің “Том Сойердің басынан кешкендері” (1939, 1949, 1951, 1965), “Гекльберри Финнің басынан кешкендері” (1949, 1967), т.б. шығармалары қазақ тілінде жарық көрген.

Нақыл сөздері

Уикипедия / Telegei ↗

«Егер бізді біреу сыйламай қойса, біз оған қапаланып, қатты ренжиміз. Ал, шындығында пенденің барлығы өз ішінен өзін-өзі сыйламайды ғой.»

«Жасым он төртте болғанда әкем өте ақылсыз, ақымақ еді. Мен оны әзер түсінетінмін. Ал, менің жасым жиырма бірге келгенде, сол жеті жыл аралықта әкем өте ақылды, өзіме ақылшы-тіреу, одан артық адам жоқ болды» [дереккөзі?]

«Батылдық- қорқыныштың жоқтығы емес, ол өз бойыңыздаңы қорқынышты өзіңіз басқару, соны ақылмен шешу.»

«Өмірде өтіріктің үш түрі бар: жәй өтірік, көзіңізді бақырайтып қойып айтылатын бетсіздердің өтірігі және статистика.»

«Афоризмнің басты қасиеті: аз сөз, терең мағына.»

«Нағыз дос сен қателік жіберген кезде де жаныңнан табылады. Ал сен дұрыс жүрсең, бәрі сенімен бірге.»

«Мен ешқашан мектеп тапсырмаларының жеке ілім-біліміме кедергі жасауына жол бермедім.»

«Негізі, атаққа лайық қызмет етпей сол атақты асынып жүргеннен, атаққа лайық қызмет етіп, оны ресми түрде алудан бас тартқан әлдеқайда адамшылық.»

«Мақтаулар - жақсы нәрсе, мадақтар да әдемі нәрсе ғой, алайда махаббат - адамның өз характері мен мүмкіншілігінің арқасында жеңіп алатын баға жетпес қазынасы.»

«Жақсылық - бұл, кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын дүниесі.»

«Балалық шақта бақыт алдымыздан күтіп тұрғандай көрінетін, қартайғанда оның тек өтіп кеткендігін сезінумен ғана шектеледі екенбіз.»

«Қазір қоғамдағы адамдарды екіге ғана бөлуге болады: бірі - түрмедегі жазасын өтеушілер, екіншілері - жазасын өтеуге тиістер»

Том Сойердің бастан кешкендері

Уикипедия / Telegei ↗

Бұл классикалық туындыда Том Сойердің басынан кешкен қызықты оқиғалары суреттеледі. Оқиға тілі бай, түрлі тартыстарға толы.Кейіпкерлер және олардың өмірі, дүниетанымы арқылы сол кездегі,яғни XVIII ғасырдағы АҚШ-тағы шағын қалашықтар тұрғындарының күнделікті жұмыс тіршілігі, қарапайым адамдардың, діни қызметкерлердің психологиясы, болмысы, түсінігі көз алдыңа келеді.Кейбір тұстардағы суреттер мен оқиғалар қазақ ауылындағы өмірді көз алдыңа әкелгендей болады.

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Марк Твен шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

6 зерттеу
Зерттеу мақала

Марк Твеннің заманауи айнасы: «Жат елдегі жазықсыздардан» Билл Маэрге дейінгі сатира жолы

Бұл мақала Марк Твеннің классикалық саяхатнамасы арқылы мәдени қақтығыстарды талдап, бүгінгі Боб Дилан мен Билл Маэр секілді тұлғалардың Твен мұрасымен үндестігін зерттейді.

Mark Twain · 18.04.2026
Әдеби материал

Хауа ананың күнделігі: Жаратылыстың алғашқы таңы мен махаббат баяны

Марк Твеннің классикалық шығармасы Хауа ананың әлемді тану жолы мен Адам атаға деген кіршіксіз сезімін суреттейді. Нәзік юмор мен терең философияға толы бұл күнделік алғашқы адамдардың қарым-қатынасын жаңа қырынан ашады.

Eve's Diary · 06.03.2026
Әдеби материал

Калаверас округінің әйгілі секіргіш бақасы

Марк Твеннің әлемдік әдебиеттегі орнын айқындаған алғашқы ірі туындысы. Шығармада кез келген нәрсеге бәс тігуге дайын тұратын Джим Смайли есімді жанның қызықты да қулыққа толы хикаясы баяндалады.

The Celebrated Jumping Frog of Calaveras County · 06.03.2026
Әдеби материал

Никола Тесланың жаңғырығы: Болашақты ұрлағандар мен оны қайтарғысы келетіндер

Люк Джонстонның «Никола Тесла» еңбегі негізінде ұлы өнертапқыштың трагедиясы, қазіргі Tesla компаниясындағы этикалық дағдарыстар және технологиялық алпауыттардың астарына үңілген терең сараптама.

Luke Johnston · 05.03.2026
Эссе / Талдау

Америка рухының тереңіне бойлау: Рон Черноудың Марк Твен әлеміне саяхаты

Әлемге әйгілі биограф Рон Черноу Джон Рокфеллер мен Александр Гамильтонның күрделі әлемінен кейін неге Марк Твенге ат басын бұрды? Бұл мақалада біз автордың әдебиет иконасының маскасын қалай сыпырып, оның артындағы тірі адамды қалай тапқанын талдаймыз.

Ron Chernow · 03.03.2026

Автор туралы зерттеу кітаптар мен жинақтар

1 кітап

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Марк Твен туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

14 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Джордж Карлин

стендапер, жазушы мен актер, Грэмми сыйлығының төрттүрркіл жеңімпазы мен Марк Твен премия жүлдегері. Карлин Нью-Йорк штатындағы Манхэттен қаласында 1937

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Саяси журналистика

дәлелдеп берген. Журналистиканың, оның ішінде саяси журналистиканың маңызын Марк Твен оған «төртінші билік» деген баға беру арқылы айқындаған. http://ru.wikipedia

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Он екі жасқа толғанда

сарыны бойынша. Балалық достық, туған өлкеге деген махаббаты, балалардың Марк Твен кітаптарының кейіпкерлері Том Сойер мен Гекельбери Финнге еліктеуі туралы

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Кунал Найяр

Американдық колледжте Кунал Найяр театрлық фестивальға шақырылып, сонында Марк Твен сыйын ұтып алған. Сонымен қоса Найярға Sundance Lab атты беделді театрде

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Гекльберри Финнің басынан кешкендері

Гекльберри Финнің басынан кешкендері — Марк Твеннің шығармасы. 2011 жылы «Аударма» баспасынан Фариза Оңғарсынова аударған қазақша нұсқасы басылып шықты

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Том Сойердің басынан кешкендері

Том Сойердің басынан кешкендері — Марк Твеннің шығармасы. 2011 жылы «Аударма» баспасынан Фариза Оңғарсынова аударған қазақша нұсқасы басылып шықты. Беттер

Эссе / Талдау Қазақша Уикипедия ↗

Ханзада мен қайыршы

«Ханзада мен қайыршы» — Марк Твеннің қаламынан 1881 жылы шыққан тарихи романы. Шығарманы қазақ тіліне Назира Сайбекова аударған. Оқиға XVI ғасырда Лондонда

Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Твен Марк - Әдебиет порталы

Твен Марк Әдебиет порталы

31.10.2018
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

1часть Абдрахманов.pmd

1часть Абдрахманов.pmd Әдебиет порталы

03.11.2018
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Небо медное. Земля железная | Blogs | Literary portal

Небо медное. Земля железная | Blogs | Literary portal Әдебиет порталы

27.11.2017
Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Марк Твен — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Марк Твен туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Марк Твен — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Марк Твен шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Марк Твен — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Марк Твен мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Марк Твен — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Марк Твен өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз