Мазмұнға өту
telegei
Мәлік Ғабдуллин
Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы · Публицистика және көсемсөз · 1943–1961

Мәлік Ғабдуллин

Мәлік Ғабдуллин (15 қараша 1915(19151115), Көкшетау облысы, Зеренді ауданы —2 қаңтар 1973, Алматы) — қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ғылым академиясының академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). Арғын тайпасының Қарауыл руынан шыққан. Кедей шаруа отбасында туған. М.Ғабдуллин 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1936 ж. әскер қатарына барып, әскери борышын өтеп қайтқаннан кейін осы институттың аспирантурасында оқыды.

1 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
3 Зерттеу мен эссе
11 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Мәлік Ғабдуллин қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

1 туынды

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Мәлік Ғабдуллин (15 қараша 1915(19151115), Көкшетау облысы, Зеренді ауданы —2 қаңтар 1973, Алматы) — қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ғылым академиясының академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).

Арғын тайпасының Қарауыл руынан шыққан.

Кедей шаруа отбасында туған. М.Ғабдуллин 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1936 ж. әскер қатарына барып, әскери борышын өтеп қайтқаннан кейін осы институттың аспирантурасында оқыды.

Қызмет бастамасы

Уикипедия / Telegei ↗

М. Ғабдуллиннің ғылыми-творчестволық жұмысы 1938 жылы КСРО ғылым академиясының Қазақстандағы филиалында кіші ғылыми қызметкерліктен басталды. 1941- 1946 жылдары Кеңес әскерінің генерал И.Панфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизиясы сапында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Ғабдуллиннің Ұлы Отан соғысындағы ерлік даңқы бүкіл одаққа әйгілі. Оның бұл ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Б. Полевойдың "Правдада" жарияланған "Эпостың тууы" атты очеркінде баяндалды. Көптеген қазақ ақындары Ғабдуллинге арнап, өлең-жырлар шығарды. Соғыс аяқталып, армиядан қайтқаннан кейін Ғабдуллин республиканың ғылыми-педагогикалық мекемелерінде қызмет атқарды. Қазақ КСР ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының директоры (1946-51), Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры (1951-63) болды. 1963-1973 жылдары Қазақ КСР ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты фольклор бөлімінің меңгерушісі болды.

Әдебиетке қосқан үлесі

Уикипедия / Telegei ↗

М.Ғабдуллин ғылыми-зерттеу саласында көп еңбек етті. "Қазақ халқының ауыз әдебиеті" (1958, 1964) атты күрделі монографиялық еңбегінде Ғабдуллин ауыз әдебиетін зерттеудің ғылыми-методологиялық негіздерін айқындап, қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, лиро-эпостық дастандар, айтыс өлеңдері, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер туралы жан-жақты терең ғылыми талдаулар жасады, олардың ғылымдық, тәлім-тәрбиелік мәнін ашып көрсетті.

Бұл еңбек жоғары оқу орындарына арналған оқулық ретінде бірнеше рет қайта басылып шықты. Ол 8-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" оқулығын (1952-1957) жазды.

М.Ғабдуллиннің көркем шығармадағы тырнақ алды туындылары дивизиялық, майдандық газеттерде жарық көрді. Шығармалары жеке жинақ болып, соғыстан кейін жарияланды. "Менің майдандас достарым" (1947), "Алтын жұлдыз" (1948), "Майдан очерктері" (1949), "Сұрапыл жылдар" (1971) атты кітаптарына енген әңгіме, очерктерінде М.Ғабдуллин майдан өмірін суреттеп, жауынгер тұлғасын, кеңес өкіметінің адамдарының Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһармандық бейнесін суреттеді.

Педагог-жазушы ретінде ол жас ұрпақтың тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлді. "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" (1966) деген кітабында М.Ғабдуллин бесік жырынан бастап, батырлар жырына дейінгі халық поэзиясының тәрбиелік мәнін ашып, оны іс жүзінде пайдаланудың тәсілдерін көрсетеді. Сонымен бірге балаларды патриотизмге, шыншылдыққа тәрбиелеу, олардың болашаққа сенімін арттыру, жас баланы дұрыс сөйлеуге үйрету жөнінде ата-аналарға педагогтық кеңес береді.

Қызметтері

Уикипедия / Telegei ↗

М.Ғабдуллин ӀӀ-ӀV сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО Жоғарғы Кеңесінің парламенттік тобының құрамында Финляндияда (1953), Бельгияда (1957), Югославияда (1957) болды. Ғабдуллин еңбекшілер депутаттарының Алматы облыстық, қалалық Кеңестерінің депутаттығына, Қазақстан КП Алматы облыстық, қалалық, Фрунзе аудандық комитеттерінің мүшелігіне бірнеше рет сайланды. Ленин ордені, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Ұлы Отан соғысы ордендерімен марапатталған. "Қазақ халқының батырлар жыры" кітабы авторларының бірі.

Шығармалары:

Уикипедия / Telegei ↗

Менің майдандас достарым, А., 1947;

Алтын жұлдыз, А., 1948; Май­дан очерктері, А., 1949;

Проблема народ­ности қазахского героического эпоса, А., 1953.

Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1958;

Майдан очерктері, А., 1959;

Ел намысы - ер намысы, А., 1966;

Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес, А., 1966;

Сұрапыл жылдар. А., 1972;

Қазақ эпосы, А., 1971;

Менің майдандас достарым, А., 1985.

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Мәлік Ғабдуллин шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

3 зерттеу
Өмірбаян

Мәлік Ғабдуллин: шығармашылық өмірбаяны мен таңдаулы туындылары

Мәлік Ғабдуллин — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Мәлік Ғабдуллин · 11.10.2026
Әдеби материал

Мәлік Ғабдуллиннің соңғы шәкірті

Қазақ қаламгері — «Мәлік Ғабдуллиннің соңғы шәкірті» (Аударма әңгіме). Моңғолиядағы қазақ әдебиеттану ғылымының көшбасында тұрған жазушы, сыншы, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қабидаш Қалиасқарұлы 81 жасында дүниеден озды.

Қазақ қаламгері · 09.10.2026

Автор туралы зерттеу кітаптар мен жинақтар

1 кітап

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Мәлік Ғабдуллин туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

11 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі

Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі (2010 жылға дейін – Пухальский ауылдық округі) — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Дороговка

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Мәлік Ғабдуллин ауылы

Мәлік Ғабдуллин ауылы (2010 жылға дейін – Пухальское) — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі орталығы. Аудан орталығы

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Мәлік Ғабдуллин көшесі (Астана)

Мәлік Ғабдуллин көшесі (Астана)- Ғабдуллин көшесі Ә.Исмайылов көшесінен басталып, Абай даңғылында аяқталады. Рамазан, Жәнібек тархан, Ақмола, Ағыбай батыр

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Дороговка

Дороговка — Ақмола облысы Зеренді ауданы, Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы - Зеренді ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 28

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Серафимовка (Ақмола облысы)

Серафимовка — Ақмола облысы Зеренді ауданы, Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы - Зеренді ауылынан солтүстік-шығысқа қарай

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қойсалған

Қойсалған — Ақмола облысы Зеренді ауданы, Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы - Зеренді ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 20

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Кіші Тұйықты

Кіші Тұйықты — Ақмола облысы Зеренді ауданы, Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы - Зеренді ауылынан шығысқа қарай 26 км-дей

Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Мәлік Ғабдуллин — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Мәлік Ғабдуллин туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Мәлік Ғабдуллин — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Мәлік Ғабдуллин шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Мәлік Ғабдуллин — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Мәлік Ғабдуллин мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Мәлік Ғабдуллин — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Мәлік Ғабдуллин өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз