Нəзипа Құлжанованың шығармалары
Нәзипа Құлжанова
Проза
НҚ
Нәзипа Сегізбайқызы (Сағызбайқызы) Құлжанова (1887 жылғы 27-шілдеде Торғайда дүниеге келді, 1934 жылы дүниеден өтті. Қазақ қыздарынан шыққан ұстаз, этнограф, аудармашы, журналист.
Нәзипа Құлжанова қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер
Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы
Нәзипа Сегізбайқызы (Сағызбайқызы) Құлжанова (1887 жылғы 27-шілдеде Торғайда дүниеге келді, 1934 жылы дүниеден өтті. Қазақ қыздарынан шыққан ұстаз, этнограф, аудармашы, журналист.
Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебін, 1902 жылы Қостанайдағы орыс-қазақ қыздар гимназиясын бітірген.
1903-1904 жылы 15 жасында Торғайдағы қыздар училищесінде мұғалімнің көмекшісі болды. Одан кейін Орынбордағы мұғалімдер семинариясын бітірді.
1905-1920 жылдары Семей қаласындағы мұғалімдер семинариясында ұстаздық етті.
1913 жылы Орыс география қоғамының Семей бөлімшесіне, «Азамат серіктестігі» ұйымдарына мүше болады.
1914 жылы 26 қаңтарда Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдастырды.
1915 жылы 13 ақпанда Пертроградтағы мұсылман ауруханасы мен мұқтаж қазақ шәкірттеріне көмек көрсету мақсатында әдеби кеш ұйымдастырады.
1917 жылы Семей облыстық қазақ сиесіне қатысып, оның төралқасы құрамына сайланды.
1920 жылы Қазақ АКСР Оқу-ағарту халық ағарту комиссариатынығ қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссияның мүшесі болды. Құлжанова осы қызметте жүріп, қазақтың жаңа әліпбиін енгізу жөніндегі комитеттің құрамына енді.
1922-1929 жылдар аралығында «Еңбекші қазақ» газеті мен «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі» журналдарының редакцияларында жауапты қызметтер атқарды.
Н.Құлжанова - қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист.
1922 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің редакция алқасының мүшесі.
1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан» журналында, 1925-1929 жылы «Әйел теңдігі» журналдарында жауапты қызметтер атқарады. «Айқап», «Қазақ», «Бірлік туы», «Алаш» басылымдарында оқу-ағарту мәселелері туралы мақалалар жариялаған.
1923 жылы Орынбор қаласынан Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» оқулығы жарық көрді. Бұл Қазақстан Оқу комиссариатының нұсқауымен арнайы басылған алғашқы туынды еді. Кітапқа Ахмет Байтұрсынов алғысөз жазған. Бұл басылым: «Күллі жер жүзінде», «Мектеп жасына толмаған балаға тәрбие не керек?», «Мектепке дейінгі тәрбиенің Россиядағы түрі», «Бала бақшасы деген не?» деген тараулардан тұрады. Осындағы алғашқы тараудан автордың сол кезде ақ шет елдердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмыстарын зерделеуге ұмтылыс жасалған. Педагог Италия, Швейцария, Шотландия елдеріндегі балалар бақшасының тәжірибелерін үлгі етіп ұсынады.
1927 жылы Қызылорда қаласында «Ана мен бала тәрбиесі» әдістемелік кітабын баспадан шығарды. Автор бұл еңбегінде педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне бала мен ана денсаулығына қатысты пайдалы кеңестер береді.
Белгілі этнограф Александр Викторович Затаевич Нәзипадан «Ғайни-ау, сәулем», «Қадыр зары» әндерін жазып алған. Публицист ретінде «Айқап», «Қазақ», «Бірлік туы», «Алаш» басылымдарына елдегі оқу-ағарту, мәдениет, денсаулық мәселелеріне байланысты мақалалар жазып тұрды. А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, С. Сейфуллин, т.б. ақындар Құлжановаға арнап өлең жазған. Нәзипа аударма саласында да елеулі жұмыстар атқарып, қазақ оқырмандарын В. Короленконың «Күн тұтылғанда» (1923), А.Куприннің «Лапылдап жанған крейслер» (1927), Б. Лавреневтің «Қырық бірінші» (1928) сияқты шығармаларымен таныстырды.
Арқалық қаласында бір көшеге ерлі-зайыпты Құлжановтар аты берілген. Арқалықта Құлжанова атындағы колледж жұмыс істейді.
Нәзипа Құлжанова шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар
Нәзипа Құлжанова — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.
Нәзипа Құлжанова · 11.10.2026
Ауыл мектебінде оқып, әуелі Ақмолаға, содан кейін 1925 ж. Қызылжарға партия-кеңес мектебіне Нәзипа Құлжанованың жәрдемімен түседі. 1926 ж. С. Сейфуллин демалыстан қайтып келе жатып Нілді болыстық комитетінің төрағасы, қазақтың ірі ақыны Қайып Айнабековтің Күйеусайдағы үйіне түседі. Ол ағайындармен, әсіресе төңкеріс кезінде бірге болған Жақия, 1923 ж....
Сәкен Сейфуллин · 11.10.2026Нәзипа Құлжанова туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар
Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова (Сағызбайқызы) (27.7.1887, Торғай қаласы – 1934) – ағартушы-педагог, этнограф, журналист-аудармашы. 1902 жылы Қостанайдағы
Арғын тайпасының ұранымен бірдей).. Бабас Бурабайұлы Айдарке Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова Айдарке Үркімбай би Айдарке Қазақ Совет Энциклопедиясы, бас
берілген. Ақынның өмірі мен өлеңдері туралы алғашқы зерттеу еңбегін Нәзипа Құлжанова жазды. Ол ақын қайтыс болғанына жеті ай болғанда, 1927 жылдың наурыз
болды. Онда қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш мұғалім, қоғам қайраткері Нәзипа Құлжанова Абайдың өмірі мен өнері туралы баяндама жасады. 1968 жылы 26 қаңтар
мұғалімі, қазақ әйелдері арасынан шыққан алғашқы қалам қайраткері Нәзипа Құлжанова Әлихан Бекейханов жазған Абайдың тұңғыш ғұмырнамасын, ақын өлеңдерін
Мәрсеков, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахметжан Қозыбағаров, Әлімхан Ермеков, Нәзипа Құлжанова , Сатылған Сабатаев, Биахмет Сәрсенов, Халел Ғаббасов, Жүсіпбек Аймауытов
жасады (М.Горький, В.Г.Короленко, А.Куприн, Б.А.Лавренко, А.Скиталей, т.б.). Нәзипа орыс тіліндегі еңбектерді сол тұстағы қазақ жағдайына бейімдей отырып «Ана
«Әдебиет порталы» қорындағы Нәзипа Құлжанова туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.
Abai.kz сайтында жарияланған Нәзипа Құлжанова шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.
«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Нәзипа Құлжанова мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.
Қазақша Уикипедиядағы Нәзипа Құлжанова өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.
Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз
ДМ
Дәурен Мұхамадиев
2 шығарма
АШ
Айнагүл Шакупова
4 шығарма
МС
Мира Сембайқызы
5 шығарма
ЖМ
Жұбан Молдағалиев
36 шығарма
ОД
Орынбасар Дөңқабақ
2 шығарма
БҚ
Байбота Қошым-Ноғай
4 шығарма
ВС
Вальтер Скотт
2 шығарма
НК
Нұрша Кәкенов
4 шығарма
КҚ
Кәкімжан Қазыбаев
26 шығарма
НА
Несіпбек Айтұлы
34 шығарма
СА
Сабыр Адай
18 шығарма