Мазмұнға өту
telegei
Шортанбай Қанайұлы
Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы · Проза · Ауыз әдебиеті және фольклор · 1818–1881

Шортанбай Қанайұлы

Шортанбай Қанайұлы (1818, қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірі – 1881, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы) – ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып, замандастары қатарлы білім алған. Шортанбай өмірі мен шығармашылығы жөнінде қолда бар деректер тым шағын. Бұларға қарағанда ақын 1818 жылы қазіргі Түркістан облысында, Қаратау бойында туып, Арқадағы Қарқаралы өңірінде 1881 жылы қайтыс болған. . Енді ел-жұрт Шортанбайды ишан деуден көрі төкпе ақын деп атап кетеді. Міне, ғажап! Қазақтың бір өлкесі бір Шортанбайды тақуа ишан етіп тәрбиелесе, екінші өлкесі оны тамаша ақын етіп шығарды. Асылы, адамды – жасаған ортасы тәрбиелейді, - дейтін қағида дұрыс. Оған Шортанбайдың өсу, жетілу жолы бірден-бір куә. Ал оны жасаушы "Ер данасы" - шын мәніндегі ақын. Ойын-сауықта екінің бірі елдің алты аузын айта алады. Бірақ ол нағыз ақын ба, жоқ, ол сөзге әуестердің бір ғана. Ол 19 ғасырда өз дәуірінің шындығын бүге-шігесіне дейін көрсете білген бірден-бір ақын. Шортанбай белгілі бір ортаның немесе аймақтың ғана емес, барша халықтың мұң-мұқтажын толғады, көптің жоқтаушысы болды. Ресей отаршылдығының зорлығын көзімен көріп, жанымен, тәнімен сезінген ақын өзінің “Зар заман”, “Бала зары”, “Тар заман”, “Опасыз жалған”, т.б. толғаулары арқылы ақиқаттың астарын ашып көрсетті. Шортанбай өзіне дейінгі Бұқар жырау, Тәтіқара жырау, Ақтамберді жыраулар мен Шал ақынның мол мұраларымен жақсы таныс болған. Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны, ақылғой шешен жырауы. Өзі өмір кешкен заман шындығын барлық көрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай шығармашылығы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің айнасы, әсіресе, кедей – кеншік, момын шаруаларының тұрмыс тіршілігінің шынайы куәгері. Жан-жақты талан- таражға душар боп жатқан туған елінің ауыр тағдырын тайға таңба басқандай бейнелей білген білгір жазушы. Кеңес заманында толғаулары мен айтыстары С. Сейфуллиннің «Ескі әдебиет нүскаларында» (1931), С. Мұқанов, К. Бекхожин құрастырған «қазақ әдебиетінің хрестоматиясында» (1942), «Айтыс» (1965) жинағында жарияланды. Ш-дың өз кіндігінен Алда- берген, Аязбай деген ұлдары, Бәйіш атты қызыболған. Шортанбай шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегінде кейбір жинақтарда баспа бетін көре бастады. 1882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға ақынның "Тар заман", "Опасыз жалған", "Байды құдай атқаны", "Атамыз Адам пайғамбар", "Өсиет – насихат сөздер", "Айттым сәлем", "Асан қожаға" т.б. енген. Шортанбай шығармаларының лейтмотиві – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілер, бұзақы топта, т.б. Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатарлар, саудагерлер екенін ақын айқын суреттейді. Оларды нағыз ел ырысын еміп, сездірмей сорып жатқан араны толмас алпауыттар деп бейнелейді. Ақшаға байланысты елдегіқайғы қасіреттің де шынайы суреті жасалады. Арам арсыз жан шықты, Қайыры жоқ бай шықты. Сауып ішер сүті жоқ, Мініп көрер күші жоқ, Ақша деген мал шықты. Қазақ қоғамын билеп-төстеген сол тұстағы әкімдер тобы – халыққа арсы боп, елдің басына зобалаң орнатып жатқан қу мен сұмдар. Халықтың бұрын-соңды болған дәстүрлі билігі жойылды. Елдің өзіндік салты, өнегелі басшы адамдары ығысты. Ел билегенде титтей де адалдық қалмады деп өз сынын күшейте түседі. Халық қайғысының қалыңдауына негізгі себеп – отаршыл патша өкіметінің озбыр саясаты және оны жүргізіп жатқан жергілікті әкімдер. Генерал, майор, князь, тілмәш, дуанбасы, оның соты, әскері, түрмесі, т.б. Бұлар елді еркіндіктен айырған, дәулетін судай шашқан аждаһа іспетті. Халық қайғысының негізгі себепкерін "Жалмауыз болда ұлығың", - деп әкімдерден көреді. Заман қайтып оңалсын, Адам қайтып қуансын. Жанарал болды ұлығың, Майыр болды сыпайы. Айрылмайтын дерт болды, Кедейге қылғап зорлығың, Князьді көрдің піріндей, Тілмәшті көрдің биіңдей. Дуанды көрдің үйіндей, Абақты тұр алдында, Қазылып қойған көріндей ХІХ ғасырдың көптеген ақындары қазақтың тәуелділікке душар боп, қоныс қысымына ұшырағанын күйіне жырлады. Қолынан шығып кеткен мекендеріне іштері қазандай қайнап, жоқтау айтып, зар жылады. Патшалықтың ең ілкі тырнағына ілінген Сарыарқа, Еділ, Жайық, Есіл, Ертіс жер суларының шұрайлы бойларынан айрылу шымбайына қатты батты. Шортанбай туралы пікір айтқан кейбір зерттеушілер оны өмірден түңілген жігерсіз, қайғы мен зардың ақыны деп келді. Жоғарыда келтірілген өлең жолдары ақынның бойындағы басым күш – түңілу емес, жігерлілік, үмітсіздік емес, батыл күреске үндеу, оптимистік, патриоттық сезім екенін көрсетеді. Шортанбай жасаған заманда бұдан артық елі мен халқының қамы үшін адал қызмет ету акі талай. Біздіңше, халқының тағдырын ойлаған ақынның жарғақ құлағы жастыққа тиген жоқ. Ел-жұртының қасіретін арқалап, бойындағы бар күшін сол үшін сарп етті. Сол тұстағы қоғамның жай-жапсарына қарай әрекет жасап, жатпай-тұрмай халқын үгіттеп, ілгері жетеледі. Ел ішіндегі әр түрлі жетесіздіктерге, талан-таражға, алуасыздыққа, берекесіздікке, ойсыз опасыздыққа қарсы шықты. Әуелі өз елінің мінезін, мініп түзетпек болды. Жігерін оятып, тәуелсіздігі үшін аянбай күресуге шақырды. Оны ақын жақсы түсінді. Отаршылар мен оның қазақ жеріндегі сыбайластары билеген заманды ол халық басына түскен ақырзаман, елдің береке-бірлігін кетірген тар заман, жұрт болашағын тұйыққа тіреген зар заман деп өзінше қорытты. Бұл заманның енді бір кесапаты ол халықты өзінің ғасырлар бойы қалыптастырған кәсібінен, тіршілік қамынан, үйреншікті, сүйегіне сіңген әдет-ғұрпынан, наным-сенімнен, иманнан, дағдылы ел билеу салтынан айырды. Осылайша халықтың ұлттық тұрпаты, елдік сипаты бұзылды. Адамы, азаматы, оларды мінез-құлқы, іс-әрекеті өзгерді. Олар тәуелсіздігінен айрылды. Құлдық тәуелсіздік қамытын киді. Өзіндік дербестігі жойылды. Міне, осының бәрі ақынның зарлы-шерлі толғаулары арқылы сыртқа шықты. Ол халықтың мұңы боп қалыптысты. Шортанбай шығармаларының негізгі арқауы деп, оның жырларының ақылғой, өсиетшіл келетінін айтқан жөн. Адамгершілік ақыл айтып, халықты түзу жолға салуды өзінің зор мақсаты санағандықтан болса керек. Ақын әр түста терең толғап, өрнекті де өнерлі сөз термелейді. Ақылдар айтады, нақылдар қалдырады. Шортанбайдың ерлерде айтып кеткен өсиет сөздері де бар. Ол өсиеттерін қалың қазаққа, оның басшы адамдарына, ұл-қызына, кәрі-жасына арнайды. Өз атынан барлық қауымға сәлем жолдап, бақұлдасқандай болады. Келтірілген ақынның қоштасу сөздері, өсиеттері мәнсіз емес. Елдің бас көтерген адамдарын тәубаға шақырып, мал, дүние үшін қор болмай, халық үшін, бір құдай үшін қызмет етуін тілейді. Ізгілік, әділет жолынан тайынбай іс қылып, саналы, салихалы өмір кешуін уағыздайды. Ақырет жолы мен адамгершілік, әділет жолдарын тең ұстап, ешкімге обал, қиянат жасамай, тек қана ізгілік жасап өткенін тілейді. Әрбір адамға үлгі боларлық нақылдар тізбектеліп, өзінің өмір тәжірибесін жинақтайды. Тойымсыздыққа, опасыздыққа қарсы күресуге, қанағат, рақым сияқты адал жан айналысар істерге меңзейді. Ақын адамның мінезіне ерекше көңіл бөледі, жақсы адам өз мінезіне қарауыл қойып, жауап беріп отыру керек дейді. Бұл мәселеде кейде ол Абайдың "мінезді түзелмейді дегеннің тілін кесер едім" дегеніне қосылмайтын сияқты. Адам санаулы өмір жолын есепсіз, мәнсіз өткізіп алмай, нәтижелі, нәрлі, пайдалы өткізуі абзал. Керексіз, өнімсіз іспен шұғылданбай, еліне, халқына, өзіне, жақын-жуығына керекті тиімді әрекеттер істей білуге дағдыланғаны жөн деп термелейді. Жамандық пен жақсылық, адамдық пен арамдық арасын ажырата білуге, достық пен қастық, шындық пен жалғанды айырып, бірін жақтап, екіншісіне қарсы тұруға шақырады. Талапты жас, ең алдымен оқуға әуес болуы керек. Өнер, білім тек оқумен келеді. Тәлім-тәрбие алған жас ойлы, өнерлі боп өседі. Арамдыққа, зұлымдыққа бармайды. Олар құдай жолына да, адам үшін де аянбай еңбек етуге тиіс. Дүние, өмір қызығына алданбай, қиындыққа төзіп, ізденуді қолдайды. Жылы үй, сәнді киім, мұқтажсыз өмір жастарды бейқам өсіреді. Асылы, болам деген жас еңбекке, өнерге әуестеніп, аң аулап, құс салып, кәсіппен айналысуы керек. Шындығында да ақын туындылары әсерлі, мәңгі жасарлық мәнді. Көп жылдар өтсе де жырау сөздері өзінің құнын жоймай, халық мақсатына қызмет етіп келеді. Әсіресе, адамгершілік ақыл, өнегелі өсиет сөздері, шебер де шешен тұжырымдары құнды. Басына қайғылы, ауыр күн туған азамат, ел-жұрт Шортанбай толғауларынан өз ойына үндес сөз табады. Оның өлең жолдарын жиі қайталайды. Күйзелген жанына жай тауып, көкірегін кергеген қасіреттерді жеңілдетіп, рухани күш табады. Шортанбай сөздерін тек қасіретті адамдар үшін пайдалы туынды деп біржақты түсінікке жетелеуден аулақпыз. Керісінше, оның шығармалары – алуан салалы, өміршең, адамның бойына жігер, қуат құярлық оптимизмге де толы, оқушысын өз ырқына бірден көндіріп, ілестіріп кетерлік логикасы мықты туындылар. Сондықтан да әрбір дәуір ол туралы әр түрлі пікірлер айтып, кейде айтыстар туғызып келеді. Шортанбай туралы осы соңғы жылдарға дейін етек алып келген кереғар пікірлердің орын алу негізі де оның талғамының күрделілігі, күштілігі демекпіз. Шортанбай – бір топтың не бір таптың ақын ы емес. Ол жалпыға ортақ өз елінің, халқының жырауы. Сонысымен де құнды. Шортанбай шығармаларын бастан-аяқ дидактикалық сарында келеді деуге болмайды. Ірі талант иесі, ұлы жырауға тән ақынның өзіндік көркемдік стилі қалыптасқан. Ақын айтар ойын жай баяндай сала бермейді. Әр тұста ақылға бай, ойлы сөздер ұшқыр да өткір тілмен өрнектеліп, көркем бейнеленіп, өрелі туынды боп шығады. Ақындық шалқар шабыт пен төгілген сөз нөсерлері қазіргі оқушыларына да әсер естіледі. Ақын 1881 жылы қазіргі Қарағанды мен Жезқазған облыстарына қарасты Шет ауданы жерінде қайтыс болды. Ол - өлерде үстіне ескерткіш орнатпауды, үлкен ас бермеуді тапсырып, оған шыққан шығындарды елдегі жоқ-жітік, кемтарларға үлестіруді өсиет еткен. Ақын көз жұмғалы ғасырдан астам уақыт өтсе де, оны халық қастерлеп, шығармаларын жадында ұстап, қымбат мұра ретінде қадірлеп келеді. Қалықтаған сұңқар ем, Қанатым сынды ұша алмай, Қиындап қуға түсе алмай, - деген ақынның өз сөзіне назар салайықшы. Асылы, "қияға қанат қағар сұңқар едім" - деп бекерге айтпайды. Шортанбай толғауларының ішіндегі көпшілікке кеңінен тараған туындысы “Келер заман сипаты” атты шығармасы. Онда халқының болашағын болжай білген ақын елі үшін қабырғасы қайыса отырып, тығырықтан шығар жол іздейді. Келер заманның кескін-келбетін көрегендікпен көрсете келіп, өз тарапынан тұжырым жасайды, баға береді. Шортанбай сонымен қатар айтыс ақыны ретінде Шөже, Орынбай, Асан ақындармен сайысқа түскен. Осылардың ішіндегі көлемдісі де, мазмұны жағынан толымдысы да Орынбаймен айтысы. Айтыстың өне бойынан ақынның тапқырлығын, сөзге шеберлігін, тілінің өткірлігін анық аңғаруға болады. Талай айтыстарда шыңдалып, сан рет жүлде алған Орынбай сияқты айтулы ақынмен сайысқа түскен Шортанбай өзінің алғырлығын, тілге тиек болар жағдайды бұрынырақ болжап, алдын орап кететін сезімталдығын танытады. Шортанбай өз шығармаларында заманның кескін-келбетін дәл басып, нақты көрінісін жасаған шыншыл ақын ретінде танылды да, өзінің болмыс-бітіміндегі көріпкелдік қасиетінің арқасында бұлыңғыр болашақты айна қатесіз болжай білген әулиелік қасиетімен ерекшеленді, өлеңдерінің ою-өрнегін қиюластыра білген, мазмұн мен маңызды ұштастыра білген шебер ақын болды. Шортанбай мұраларын алғаш зерттеушілердің бірі М.Әуезов Шортанбаймен қатарлас өмір сүрген ақындар шығарм-н тұтастай алғанда Шортанбай мұрасына сай “Зар заман ақындары” деп саралады. Шортанбай мұраларын зерттеу ісінде С.Мұқанов, І.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, Т.Нұртазин, М.Мағауин, С.Қирабаев, Ы.Дүйсенбаев, Ғ.Мұсабаевтар көп еңбек сіңірді. Шортанбай творчествосы да әдебиетіміздегі ақтаңдақтардан қатарында жөнді зерттелмей, жабулы тақырыптар қатарында келеді.

2 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
40 Зерттеу мен эссе
11 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Шортанбай Қанайұлы қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

2 туынды

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Шортанбай Қанайұлы (1818, қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірі – 1881, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы) – ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып, замандастары қатарлы білім алған. Шортанбай өмірі мен шығармашылығы жөнінде қолда бар деректер тым шағын. Бұларға қарағанда ақын 1818 жылы қазіргі Түркістан облысында, Қаратау бойында туып, Арқадағы Қарқаралы өңірінде 1881 жылы қайтыс болған.

.

Енді ел-жұрт Шортанбайды ишан деуден көрі төкпе ақын деп атап кетеді.

Міне, ғажап! Қазақтың бір өлкесі бір Шортанбайды тақуа ишан етіп тәрбиелесе, екінші өлкесі оны тамаша ақын етіп шығарды. Асылы, адамды – жасаған ортасы тәрбиелейді, - дейтін қағида дұрыс. Оған Шортанбайдың өсу, жетілу жолы бірден-бір куә.

Ал оны жасаушы "Ер данасы" - шын мәніндегі ақын. Ойын-сауықта екінің бірі елдің алты аузын айта алады. Бірақ ол нағыз ақын ба, жоқ, ол сөзге әуестердің бір ғана.

Ол 19 ғасырда өз дәуірінің шындығын бүге-шігесіне дейін көрсете білген бірден-бір ақын. Шортанбай белгілі бір ортаның немесе аймақтың ғана емес, барша халықтың мұң-мұқтажын толғады, көптің жоқтаушысы болды. Ресей отаршылдығының зорлығын көзімен көріп, жанымен, тәнімен сезінген ақын өзінің “Зар заман”, “Бала зары”, “Тар заман”, “Опасыз жалған”, т.б. толғаулары арқылы ақиқаттың астарын ашып көрсетті. Шортанбай өзіне дейінгі Бұқар жырау, Тәтіқара жырау, Ақтамберді жыраулар мен Шал ақынның мол мұраларымен жақсы таныс болған.

Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны, ақылғой шешен жырауы. Өзі өмір кешкен заман шындығын барлық көрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай шығармашылығы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің айнасы, әсіресе, кедей – кеншік, момын шаруаларының тұрмыс тіршілігінің шынайы куәгері. Жан-жақты талан- таражға душар боп жатқан туған елінің ауыр тағдырын тайға таңба басқандай бейнелей білген білгір жазушы. Кеңес заманында толғаулары мен айтыстары С. Сейфуллиннің «Ескі әдебиет нүскаларында» (1931), С. Мұқанов, К. Бекхожин құрастырған «қазақ әдебиетінің хрестоматиясында» (1942), «Айтыс» (1965) жинағында жарияланды. Ш-дың өз кіндігінен Алда-

берген, Аязбай деген ұлдары, Бәйіш атты қызыболған. Шортанбай шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегінде кейбір жинақтарда баспа бетін көре бастады. 1882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға ақынның "Тар заман", "Опасыз жалған", "Байды құдай атқаны", "Атамыз Адам пайғамбар", "Өсиет – насихат сөздер", "Айттым сәлем", "Асан қожаға" т.б. енген.

Шортанбай шығармаларының лейтмотиві – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілер, бұзақы топта, т.б.

Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатарлар, саудагерлер екенін ақын айқын суреттейді. Оларды нағыз ел ырысын еміп, сездірмей сорып жатқан араны толмас алпауыттар деп бейнелейді. Ақшаға байланысты елдегіқайғы қасіреттің де шынайы суреті жасалады.

Арам арсыз жан шықты,

Қайыры жоқ бай шықты.

Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер күші жоқ,

Ақша деген мал шықты.

Қазақ қоғамын билеп-төстеген сол тұстағы әкімдер тобы – халыққа арсы боп, елдің басына зобалаң орнатып жатқан қу мен сұмдар. Халықтың бұрын-соңды болған дәстүрлі билігі жойылды. Елдің өзіндік салты, өнегелі басшы адамдары ығысты. Ел билегенде титтей де адалдық қалмады деп өз сынын күшейте түседі.

Халық қайғысының қалыңдауына негізгі себеп – отаршыл патша өкіметінің озбыр саясаты және оны жүргізіп жатқан жергілікті әкімдер. Генерал, майор, князь, тілмәш, дуанбасы, оның соты, әскері, түрмесі, т.б.

Бұлар елді еркіндіктен айырған, дәулетін судай шашқан аждаһа іспетті. Халық қайғысының негізгі себепкерін "Жалмауыз болда ұлығың", - деп әкімдерден көреді.

Заман қайтып оңалсын,

Адам қайтып қуансын.

Жанарал болды ұлығың,

Майыр болды сыпайы.

Айрылмайтын дерт болды,

Кедейге қылғап зорлығың,

Князьді көрдің піріндей,

Тілмәшті көрдің биіңдей.

Дуанды көрдің үйіндей,

Абақты тұр алдында,

Қазылып қойған көріндей

ХІХ ғасырдың көптеген ақындары қазақтың тәуелділікке душар боп, қоныс қысымына ұшырағанын күйіне жырлады. Қолынан шығып кеткен мекендеріне іштері қазандай қайнап, жоқтау айтып, зар жылады. Патшалықтың ең ілкі тырнағына ілінген Сарыарқа, Еділ, Жайық, Есіл, Ертіс жер суларының шұрайлы бойларынан айрылу шымбайына қатты батты.

Шортанбай туралы пікір айтқан кейбір зерттеушілер оны өмірден түңілген жігерсіз, қайғы мен зардың ақыны деп келді. Жоғарыда келтірілген өлең жолдары ақынның бойындағы басым күш – түңілу емес, жігерлілік, үмітсіздік емес, батыл күреске үндеу, оптимистік, патриоттық сезім екенін көрсетеді.

Шортанбай жасаған заманда бұдан артық елі мен халқының қамы үшін адал қызмет ету акі талай. Біздіңше, халқының тағдырын ойлаған ақынның жарғақ құлағы жастыққа тиген жоқ. Ел-жұртының қасіретін арқалап, бойындағы бар күшін сол үшін сарп етті. Сол тұстағы қоғамның жай-жапсарына қарай әрекет жасап, жатпай-тұрмай халқын үгіттеп, ілгері жетеледі.

Ел ішіндегі әр түрлі жетесіздіктерге, талан-таражға, алуасыздыққа, берекесіздікке, ойсыз опасыздыққа қарсы шықты. Әуелі өз елінің мінезін, мініп түзетпек болды. Жігерін оятып, тәуелсіздігі үшін аянбай күресуге шақырды. Оны ақын жақсы түсінді.

Отаршылар мен оның қазақ жеріндегі сыбайластары билеген заманды ол халық басына түскен ақырзаман, елдің береке-бірлігін кетірген тар заман, жұрт болашағын тұйыққа тіреген зар заман деп өзінше қорытты.

Бұл заманның енді бір кесапаты ол халықты өзінің ғасырлар бойы қалыптастырған кәсібінен, тіршілік қамынан, үйреншікті, сүйегіне сіңген әдет-ғұрпынан, наным-сенімнен, иманнан, дағдылы ел билеу салтынан айырды.

Осылайша халықтың ұлттық тұрпаты, елдік сипаты бұзылды. Адамы, азаматы, оларды мінез-құлқы, іс-әрекеті өзгерді. Олар тәуелсіздігінен айрылды. Құлдық тәуелсіздік қамытын киді. Өзіндік дербестігі жойылды. Міне, осының бәрі ақынның зарлы-шерлі толғаулары арқылы сыртқа шықты.

Ол халықтың мұңы боп қалыптысты.

Шортанбай шығармаларының негізгі арқауы деп, оның жырларының ақылғой, өсиетшіл келетінін айтқан жөн. Адамгершілік ақыл айтып, халықты түзу жолға салуды өзінің зор мақсаты санағандықтан болса керек. Ақын әр түста терең толғап, өрнекті де өнерлі сөз термелейді.

Ақылдар айтады, нақылдар қалдырады. Шортанбайдың ерлерде айтып кеткен өсиет сөздері де бар. Ол өсиеттерін қалың қазаққа, оның басшы адамдарына, ұл-қызына, кәрі-жасына арнайды. Өз атынан барлық қауымға сәлем жолдап, бақұлдасқандай болады.

Келтірілген ақынның қоштасу сөздері, өсиеттері мәнсіз емес. Елдің бас көтерген адамдарын тәубаға шақырып, мал, дүние үшін қор болмай, халық үшін, бір құдай үшін қызмет етуін тілейді. Ізгілік, әділет жолынан тайынбай іс қылып, саналы, салихалы өмір кешуін уағыздайды. Ақырет жолы мен адамгершілік, әділет жолдарын тең ұстап, ешкімге обал, қиянат жасамай, тек қана ізгілік жасап өткенін тілейді.

Әрбір адамға үлгі боларлық нақылдар тізбектеліп, өзінің өмір тәжірибесін жинақтайды. Тойымсыздыққа, опасыздыққа қарсы күресуге, қанағат, рақым сияқты адал жан айналысар істерге меңзейді.

Ақын адамның мінезіне ерекше көңіл бөледі, жақсы адам өз мінезіне қарауыл қойып, жауап беріп отыру керек дейді. Бұл мәселеде кейде ол Абайдың "мінезді түзелмейді дегеннің тілін кесер едім" дегеніне қосылмайтын сияқты.

Адам санаулы өмір жолын есепсіз, мәнсіз өткізіп алмай, нәтижелі, нәрлі, пайдалы өткізуі абзал. Керексіз, өнімсіз іспен шұғылданбай, еліне, халқына, өзіне, жақын-жуығына керекті тиімді әрекеттер істей білуге дағдыланғаны жөн деп термелейді.

Жамандық пен жақсылық, адамдық пен арамдық арасын ажырата білуге, достық пен қастық, шындық пен жалғанды айырып, бірін жақтап, екіншісіне қарсы тұруға шақырады.

Талапты жас, ең алдымен оқуға әуес болуы керек. Өнер, білім тек оқумен келеді. Тәлім-тәрбие алған жас ойлы, өнерлі боп өседі. Арамдыққа, зұлымдыққа бармайды. Олар құдай жолына да, адам үшін де аянбай еңбек етуге тиіс. Дүние, өмір қызығына алданбай, қиындыққа төзіп, ізденуді қолдайды.

Жылы үй, сәнді киім, мұқтажсыз өмір жастарды бейқам өсіреді. Асылы, болам деген жас еңбекке, өнерге әуестеніп, аң аулап, құс салып, кәсіппен айналысуы керек.

Шындығында да ақын туындылары әсерлі, мәңгі жасарлық мәнді. Көп жылдар өтсе де жырау сөздері өзінің құнын жоймай, халық мақсатына қызмет етіп келеді. Әсіресе, адамгершілік ақыл, өнегелі өсиет сөздері, шебер де шешен тұжырымдары құнды. Басына қайғылы, ауыр күн туған азамат, ел-жұрт Шортанбай толғауларынан өз ойына үндес сөз табады. Оның өлең жолдарын жиі қайталайды. Күйзелген жанына жай тауып, көкірегін кергеген қасіреттерді жеңілдетіп, рухани күш табады. Шортанбай сөздерін тек қасіретті адамдар үшін пайдалы туынды деп біржақты түсінікке жетелеуден аулақпыз. Керісінше, оның шығармалары – алуан салалы, өміршең, адамның бойына жігер, қуат құярлық оптимизмге де толы, оқушысын өз ырқына бірден көндіріп, ілестіріп кетерлік логикасы мықты туындылар. Сондықтан да әрбір дәуір ол туралы әр түрлі пікірлер айтып, кейде айтыстар туғызып келеді.

Шортанбай туралы осы соңғы жылдарға дейін етек алып келген кереғар пікірлердің орын алу негізі де оның талғамының күрделілігі, күштілігі демекпіз. Шортанбай – бір топтың не бір таптың ақын ы емес. Ол жалпыға ортақ өз елінің, халқының жырауы. Сонысымен де құнды.

Шортанбай шығармаларын бастан-аяқ дидактикалық сарында келеді деуге болмайды. Ірі талант иесі, ұлы жырауға тән ақынның өзіндік көркемдік стилі қалыптасқан. Ақын айтар ойын жай баяндай сала бермейді.

Әр тұста ақылға бай, ойлы сөздер ұшқыр да өткір тілмен өрнектеліп, көркем бейнеленіп, өрелі туынды боп шығады. Ақындық шалқар шабыт пен төгілген сөз нөсерлері қазіргі оқушыларына да әсер естіледі.

Ақын 1881 жылы қазіргі Қарағанды мен Жезқазған облыстарына қарасты Шет ауданы жерінде қайтыс болды. Ол - өлерде үстіне ескерткіш орнатпауды, үлкен ас бермеуді тапсырып, оған шыққан шығындарды елдегі жоқ-жітік, кемтарларға үлестіруді өсиет еткен.

Ақын көз жұмғалы ғасырдан астам уақыт өтсе де, оны халық қастерлеп, шығармаларын жадында ұстап, қымбат мұра ретінде қадірлеп келеді.

Қалықтаған сұңқар ем,

Қанатым сынды ұша алмай,

Қиындап қуға түсе алмай, -

деген ақынның өз сөзіне назар салайықшы. Асылы, "қияға қанат қағар сұңқар едім" - деп бекерге айтпайды.

Шортанбай толғауларының ішіндегі көпшілікке кеңінен тараған туындысы “Келер заман сипаты” атты шығармасы. Онда халқының болашағын болжай білген ақын елі үшін қабырғасы қайыса отырып, тығырықтан шығар жол іздейді. Келер заманның кескін-келбетін көрегендікпен көрсете келіп, өз тарапынан тұжырым жасайды, баға береді. Шортанбай сонымен қатар айтыс ақыны ретінде Шөже, Орынбай, Асан ақындармен сайысқа түскен. Осылардың ішіндегі көлемдісі де, мазмұны жағынан толымдысы да Орынбаймен айтысы. Айтыстың өне бойынан ақынның тапқырлығын, сөзге шеберлігін, тілінің өткірлігін анық аңғаруға болады. Талай айтыстарда шыңдалып, сан рет жүлде алған Орынбай сияқты айтулы ақынмен сайысқа түскен Шортанбай өзінің алғырлығын, тілге тиек болар жағдайды бұрынырақ болжап, алдын орап кететін сезімталдығын танытады. Шортанбай өз шығармаларында заманның кескін-келбетін дәл басып, нақты көрінісін жасаған шыншыл ақын ретінде танылды да, өзінің болмыс-бітіміндегі көріпкелдік қасиетінің арқасында бұлыңғыр болашақты айна қатесіз болжай білген әулиелік қасиетімен ерекшеленді, өлеңдерінің ою-өрнегін қиюластыра білген, мазмұн мен маңызды ұштастыра білген шебер ақын болды. Шортанбай мұраларын алғаш зерттеушілердің бірі М.Әуезов Шортанбаймен қатарлас өмір сүрген ақындар шығарм-н тұтастай алғанда Шортанбай мұрасына сай “Зар заман ақындары” деп саралады. Шортанбай мұраларын зерттеу ісінде С.Мұқанов, І.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, Т.Нұртазин, М.Мағауин, С.Қирабаев, Ы.Дүйсенбаев, Ғ.Мұсабаевтар көп еңбек сіңірді.

Шортанбай творчествосы да әдебиетіміздегі ақтаңдақтардан қатарында жөнді зерттелмей, жабулы тақырыптар қатарында келеді.

Шортанбайдың өз кіндігінен Алдаберген, Аязбай деген ұлдары мен Бәйіш атты қызы болған. Елінің зарын төккен Шортанбай жыраудан тірі ұрпақ қалдырмады.. Аязбай Шет жақта қайтыс болған да, Алдаберген кейін Қаратау жаққа кетіп қалған. Шортанбай жыраудың бір інісі және үш қарындасы болған (Қалаулы, Бабасан? және ?).

Мазары Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстікке қарай 7 км жерде Шерубайнұра өзенінің жағасында орналасқан.

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

40 зерттеу
Өмірбаян

Шортанбай Қанайұлы: шығармашылық өмірбаяны мен таңдаулы туындылары

Шортанбай Қанайұлы — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Ақтамберді жырау: «Шортанбай Қанайұлы» — тарихи-әдеби талдау

Шортанбай Қанайұлы (1818, қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірі – 1881, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы) – ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып, замандастары қатарлы білім алған. Шортанбай өмірі мен шығармашылығы жөнінде қолда бар деректер тым...

Ақтамберді жырау · 11.10.2026
Өмірбаян

Шортанбай Қанайұлы: шығармашылық өмірбаяны, көркемдік ізденістері және таңдаулы туындылары

Шортанбай Қанайұлы — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шортанбай Қанайұлы: «Әлтеке-Сарым болысы» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Қарқаралы сыртқы округінде 1827-шы жылдары жеке Сарым және Әлтеке болыстары болып құрылған. 1832 жылдардан бастап бірігіп Әлтеке-Сарым болысы аталған. 1878 жылы Нұра және Тоқырауын болысы болып екіге бөлінді.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Эссе / Талдау

Шортанбай Қанайұлы — Әлтеке-Сарым болысы: Аумағы

Қарқаралы сыртқы округінде 1827-шы жылдары жеке Сарым және Әлтеке болыстары болып құрылған. 1832 жылдардан бастап бірігіп Әлтеке-Сарым болысы аталған. 1878 жылы Нұра және Тоқырауын болысы болып екіге бөлінді.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Әдеби материал

Шортанбай Қанайұлы — Қарағанды облысы әдебиеті мен өнері: Көркеменер

Қарағанды облысы әдебиеті мен өнері - Түркі кезеңінің тарих жәдігерлері Арқа жерінде, соның ішінде Қарқаралы, Бұғылы, Тағылы, Ортау, Қызылтау, Ақтау, Ұлытау тауларында жиі кездеседі. Бұларды жергілікті халық «қыз тас», «кемпір тас», «балбал тас» деп атайды.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шортанбай Қанайұлы: «Қарнақ» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Қарнақ – орта ғасырдан белгілі қала орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Әдеби материал

Шортанбай Қанайұлы — Қарағанды облысы әдебиеті мен өнері: Мәдени-сауыкмекемелері

Қарағанды облысы әдебиеті мен өнері - Түркі кезеңінің тарих жәдігерлері Арқа жерінде, соның ішінде Қарқаралы, Бұғылы, Тағылы, Ортау, Қызылтау, Ақтау, Ұлытау тауларында жиі кездеседі. Бұларды жергілікті халық «қыз тас», «кемпір тас», «балбал тас» деп атайды.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Әдеби материал

Шортанбай Қанайұлы — Қарағанды облысы әдебиеті мен өнері: Бейнелеу және қолданбалы сән өнері

Қарағанды облысы әдебиеті мен өнері - Түркі кезеңінің тарих жәдігерлері Арқа жерінде, соның ішінде Қарқаралы, Бұғылы, Тағылы, Ортау, Қызылтау, Ақтау, Ұлытау тауларында жиі кездеседі. Бұларды жергілікті халық «қыз тас», «кемпір тас», «балбал тас» деп атайды.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Әдеби материал

Шортанбай Қанайұлы — Қарағанды облысы әдебиеті мен өнері: Театры

Қарағанды облысы әдебиеті мен өнері - Түркі кезеңінің тарих жәдігерлері Арқа жерінде, соның ішінде Қарқаралы, Бұғылы, Тағылы, Ортау, Қызылтау, Ақтау, Ұлытау тауларында жиі кездеседі. Бұларды жергілікті халық «қыз тас», «кемпір тас», «балбал тас» деп атайды.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шортанбай Қанайұлы: «Қарағанды облысы әдебиеті мен өнері» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Қарағанды облысы әдебиеті мен өнері - Түркі кезеңінің тарих жәдігерлері Арқа жерінде, соның ішінде Қарқаралы, Бұғылы, Тағылы, Ортау, Қызылтау, Ақтау, Ұлытау тауларында жиі кездеседі. Бұларды жергілікті халық «қыз тас», «кемпір тас», «балбал тас» деп атайды.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Әдеби материал

Шортанбай Қанайұлы — Қарағанды облысы әдебиеті мен өнері: Музыкасы

Қарағанды облысы әдебиеті мен өнері - Түркі кезеңінің тарих жәдігерлері Арқа жерінде, соның ішінде Қарқаралы, Бұғылы, Тағылы, Ортау, Қызылтау, Ақтау, Ұлытау тауларында жиі кездеседі. Бұларды жергілікті халық «қыз тас», «кемпір тас», «балбал тас» деп атайды.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Әдеби материал

Шортанбай Қанайұлы — Қанағат: Қанағат ұғымының негізделген қағидалары

Қанағат — қазақы этномәдени ортада қоғам мүшелері арасындағы әлеуметтік қатынасты реттеуде айырықша рөл атқаратын моральдық-этикалық категория. Қанағат – араб сөзі. Қазақ мәдениетіне бұл сөз ислам дінінің әсерімен келгенімен, мейлінше «қазақыланған» ұғымға айналды, яғни, этностену үрдісіне ұшырады. Қанағат – басқаның қолындағысынан дәметпеу, өзінде барды...

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шортанбай Қанайұлы — Қазақ әдебиеті: Монголия қазақтарының әдебиеті

Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шортанбай Қанайұлы — Қазақ әдебиеті: Қытай қазақтарының әдебиеті

Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шортанбай Қанайұлы — Қазақ әдебиеті: Тәуелсiз Қазақстандағы қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шортанбай Қанайұлы: «Қанағат» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Қанағат — қазақы этномәдени ортада қоғам мүшелері арасындағы әлеуметтік қатынасты реттеуде айырықша рөл атқаратын моральдық-этикалық категория. Қанағат – араб сөзі. Қазақ мәдениетіне бұл сөз ислам дінінің әсерімен келгенімен, мейлінше «қазақыланған» ұғымға айналды, яғни, этностену үрдісіне ұшырады. Қанағат – басқаның қолындағысынан дәметпеу, өзінде барды...

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шортанбай Қанайұлы — Қазақ әдебиеті: Қазақ хандығы дәуірі әдебиеті

Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шортанбай Қанайұлы — Қазақ әдебиеті: Қазақ әдебиетінің бодандық дәуіріндегі ренессансы

Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шортанбай Қанайұлы — Қазақ әдебиеті: Қазақ әдебиетіндегі Алтын Орда дәуірі

Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шортанбай Қанайұлы: «Қазақ әдебиеті» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Әдеби материал

Шортанбай Қанайұлы — Қазақ фольклоры: Әлеуметтік-тұрмыс эпосы

Көшпелілер мәдениетінің ең бір көне нұсқалары — ол миф пен әпсаналар. Миф — фольклордың ең көне жанры. Оның тұп-тамырлары сонау алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Адам баласы өзін қоршаған орта, табиғат, жан-жануарлар, өмір, өлім, өсіп-өну туралы ерте заманнан-ақ өз түсініктерін қалыптастырған.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Әдеби материал

Шортанбай Қанайұлы — Қазақ фольклоры: Эпостық жырлар

Көшпелілер мәдениетінің ең бір көне нұсқалары — ол миф пен әпсаналар. Миф — фольклордың ең көне жанры. Оның тұп-тамырлары сонау алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Адам баласы өзін қоршаған орта, табиғат, жан-жануарлар, өмір, өлім, өсіп-өну туралы ерте заманнан-ақ өз түсініктерін қалыптастырған.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Әдеби материал

Шортанбай Қанайұлы — Қазақ фольклоры: Батырлар жыры

Көшпелілер мәдениетінің ең бір көне нұсқалары — ол миф пен әпсаналар. Миф — фольклордың ең көне жанры. Оның тұп-тамырлары сонау алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Адам баласы өзін қоршаған орта, табиғат, жан-жануарлар, өмір, өлім, өсіп-өну туралы ерте заманнан-ақ өз түсініктерін қалыптастырған.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Әдеби материал

Шортанбай Қанайұлы — Қазақ фольклоры: Тарихи жырлар

Көшпелілер мәдениетінің ең бір көне нұсқалары — ол миф пен әпсаналар. Миф — фольклордың ең көне жанры. Оның тұп-тамырлары сонау алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Адам баласы өзін қоршаған орта, табиғат, жан-жануарлар, өмір, өлім, өсіп-өну туралы ерте заманнан-ақ өз түсініктерін қалыптастырған.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Әдеби материал

Шортанбай Қанайұлы — Қазақ фольклоры: Миф, аңыздар

Көшпелілер мәдениетінің ең бір көне нұсқалары — ол миф пен әпсаналар. Миф — фольклордың ең көне жанры. Оның тұп-тамырлары сонау алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Адам баласы өзін қоршаған орта, табиғат, жан-жануарлар, өмір, өлім, өсіп-өну туралы ерте заманнан-ақ өз түсініктерін қалыптастырған.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шортанбай Қанайұлы: «Қазақ фольклоры» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Көшпелілер мәдениетінің ең бір көне нұсқалары — ол миф пен әпсаналар. Миф — фольклордың ең көне жанры. Оның тұп-тамырлары сонау алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Адам баласы өзін қоршаған орта, табиғат, жан-жануарлар, өмір, өлім, өсіп-өну туралы ерте заманнан-ақ өз түсініктерін қалыптастырған.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Әдеби материал

Шортанбай Қанайұлы — Қазақ фольклоры: Бөрілі байрақ — ұраным

Көшпелілер мәдениетінің ең бір көне нұсқалары — ол миф пен әпсаналар. Миф — фольклордың ең көне жанры. Оның тұп-тамырлары сонау алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Адам баласы өзін қоршаған орта, табиғат, жан-жануарлар, өмір, өлім, өсіп-өну туралы ерте заманнан-ақ өз түсініктерін қалыптастырған.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Әдеби материал

Шортанбай Қанайұлы — Қазақ фольклоры: Мал түліктеріне байланысты аңыздар

Көшпелілер мәдениетінің ең бір көне нұсқалары — ол миф пен әпсаналар. Миф — фольклордың ең көне жанры. Оның тұп-тамырлары сонау алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Адам баласы өзін қоршаған орта, табиғат, жан-жануарлар, өмір, өлім, өсіп-өну туралы ерте заманнан-ақ өз түсініктерін қалыптастырған.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шортанбай Қанайұлы: «Серікзат Мақсұтұлы Дүйсенғазы» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Серікзат Мақсұтұлы Дүйсенғазы (8 желтоқсан 1974, Абай облысы (бұрынғы Семей облысы), Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылы) — ақын, айтыскер, әдебиеттанушы ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының мүшесі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Лев Гумилев атындағы Еуразия...

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шортанбай Қанайұлы: «Қазақ философиясы» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Аспан денелерінің қозғалысына тандана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей...

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шортанбай Қанайұлы — Серікзат Мақсұтұлы Дүйсенғазы: Өмірбаяны

Серікзат Мақсұтұлы Дүйсенғазы (8 желтоқсан 1974, Абай облысы (бұрынғы Семей облысы), Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылы) — ақын, айтыскер, әдебиеттанушы ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының мүшесі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Лев Гумилев атындағы Еуразия...

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шортанбай Қанайұлы: өмірбаяны, шығармашылық жолы және әдеби мұрасы

Шортанбай Қанайұлы (1818, қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірі – 1881, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы) – ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып, замандастары қатарлы білім алған. Шортанбай өмірі мен шығармашылығы жөнінде қолда бар деректер тым шағын. Бұларға...

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Әдеби материал

Шортанбай Қанайұлы — Серікзат Мақсұтұлы Дүйсенғазы: Еңбек өтілі

Серікзат Мақсұтұлы Дүйсенғазы (8 желтоқсан 1974, Абай облысы (бұрынғы Семей облысы), Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылы) — ақын, айтыскер, әдебиеттанушы ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының мүшесі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Лев Гумилев атындағы Еуразия...

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шортанбай Қанайұлы — Зар Заман ақындары: Ақындарының шығармаларына тыйым салынуы

Зар Заман Ақындары — қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері:.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шортанбай Қанайұлы — Зар Заман ақындары: Зар заман ақындарының өлеңдерінің мәні

Зар Заман Ақындары — қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері:.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шортанбай Қанайұлы: «Зар заман поэзиясының өкілдері» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Арғы түбі ақырзамандық сарындар мен болжал өлеңдерден бастау алатын зар заман жырларының көп таралған кезі – отаршылдық дәуірі. Қазақтың көптен күткен сұмдығының бірі осы еді, осы да іске асуға айналды.Жерлері алынумен қатар, әуелі қазақ даласын айнала сызып, шеткі қалаларды салды… Артық жерге Ресейдің қара шекпен мұжықтарын әкеп қондырды. Бұрынғы хан,...

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Әдеби материал

Шортанбай Қанайұлы — Зар заман поэзиясының өкілдері: Махамбет шығармашылығындағы құс бейнесі.

Арғы түбі ақырзамандық сарындар мен болжал өлеңдерден бастау алатын зар заман жырларының көп таралған кезі – отаршылдық дәуірі. Қазақтың көптен күткен сұмдығының бірі осы еді, осы да іске асуға айналды.Жерлері алынумен қатар, әуелі қазақ даласын айнала сызып, шеткі қалаларды салды… Артық жерге Ресейдің қара шекпен мұжықтарын әкеп қондырды. Бұрынғы хан,...

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шортанбай Қанайұлы: «Зар Заман ақындары» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Зар Заман Ақындары — қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері:.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шортанбай Қанайұлы: «Бес ғасыр жырлайды» — тарихи-әдеби талдау және деректер

«Бес ғасыр жырлайды» - «Жазушы» баспасынан 1984 жылы жарық көрген үш томдық өлеңдер жинағы. Құрастырғандар: М. Байділдаев пен Мұхтар Мағауин.

Шортанбай Қанайұлы · 11.10.2026

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Шортанбай Қанайұлы туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

11 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Шортанбай

Тұлғалар: Шортанбай Қанайұлы – ақын, жырау. Шортанбай Ерубайұлы - би Шортанбай Масатов География: Шортанбай – Құрманғазы ауданындағы елді мекен. Шортанбай ауылдық

Эссе / Талдау Қазақша Уикипедия ↗

Зар Заман

экономикалық және рухани езгіге ұшыраған тарихи уақытты сипаттайды. Алғаш Шортанбай Қанайұлы осы кезеңнің ауыртпалықтары туралы “Зар заман” атты зарлы толғау шығарып

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қарнақ

Медреселерде көптеген қазақ зиялылары оқыған. Солардың ішінде ақындар Шортанбай Қанайұлы , Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Молда Мұса Байзақұлы, т.б. болған. Отырар

Зерттеу мақала Қазақша Уикипедия ↗

Зар Заман ақындары

Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы Шортанбай Қанайұлы Мұрат Мөңкеұлы Әбубәкір Кердері Албан Асан -т.б. Әуезов Зар заман

Зерттеу мақала Қазақша Уикипедия ↗

Зар заман поэзиясының өкілдері

қарастырылады.Бұл сарынның ақындары қатарына Дулат Бабатайұлы 1802-1871, Шортанбай Қанайұлы 1818- 1881, Мұрат Мөңкеұлы1843-1906, Әбубәкір Кердері Шоқанұлы 1858-1903

Эссе / Талдау Қазақша Уикипедия ↗

Қанағат

түгімен, биені бүгімен; өлгеніңше - тою жоқ, түңілмей - ырза болу жоқ ( Шортанбай Қанайұлы ); өзі тойса да, көзі тоймас; адам топыраққа ғана тояды); ысырапшылдықтан

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Әлтеке-Сарым болысы

өзенінің бойы. 15 әкімшілік ауылдардан құралды, 1048 киіз үй, 7568 адам. Шортанбай Қанайұлы Жанқұтты Ботантайұлы Ағыбай Қоңырбайұлы Шет өңірінің тарихы, Артықбае

Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Шортанбай Қанайұлы — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Шортанбай Қанайұлы туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Шортанбай Қанайұлы — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Шортанбай Қанайұлы — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Шортанбай Қанайұлы мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Шортанбай Қанайұлы — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Шортанбай Қанайұлы өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз