Мазмұнға өту
telegei
Әсет Найманбайұлы
Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы · Ауыз әдебиеті және фольклор

Әсет Найманбайұлы

Үлгі:Infobox Әсет Найманбайұлы (1867 жыл, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, "Қызыл-арай" ауылы - 1922 жыл, Қытай, Құлжа ) — қазақтың суырыпсалма ақыны, әнші-композиторы. Ол 7-8 жасқа келгенде медресе имамы Зейнолладан бастауыш білім алады. Мұнда араб тілі мен шығыс поэзиясын меңгеруге ден қояды. Арғын тайпасы Қаракесек руының Майлық атасынан шыққан. 14-15 жасында сазгер әрі әнші ретінде өз шығармашылық жолын бастайды. Әсеттің әке-шешесі кедей, шаруа адамдар болған. Кейін ер жетіп, есейіп, айтысқа түскен кезінде де кейбір ақындар оның кедейлігін бетіне басады. Алайда нағыз байлық өнер мен білімде деп түсінген Әсет ешкімге қара сөзден дес бермеген. Әсет ескіше оқыған, көзі ашық адам болған. Оның дүниетанымы, ой тереңдігі әсіресе айтыс жанрында кеңірек танылды. Мысалы, әйгілі ақын-қыз Ырысжанмен айтысқанда Әсет он сегізде ғана екен, соған қарамастан қыздың айтқан небір қиын жұмбақтарын қиналмай, қолма-қол шешіп береді. Бұдан ақынның білімді, зерделі екендігі айқын аңғарылады. Сөйтіп, Әсет пен Ырысжанның айтысы–көркемдігі, сөз қолдану шеберлігі жөнінен Біржан мен Сара айтысынан кейінгі озық туынды болып табылады. Әсет – негізінен айтыс ақыны. Ол Ырысжаннан басқа Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмет ақындарымен және Мәлике қызбен айтысқан. Әсеттің "Салиха-Сәмен", "Ағаш ат", "Перизат", "Үш жетім қыз", "Нұрғыман-Нағым", "Мәлік-Дарай", "Жұмсап", "Кешубай" атты қисса дастандары бар. Ол А.С.Пушкинның "Евгений Онегин" романын аударып (еркін аударған) оны өзі қисса етіп жырлаған. Әсет мұраларының ішінде халыққа кеңірек тарағаны оның әндері. Ол Біржан сал, Ақан серіден дәуірлеген Арқа әнінің дәстүрін жалғастырып, дамыта түсті. Жас кезіндегі әндерінде ("Кіші Ардақ", "Үлкен Ардақ", "Қаракөз", "Мақпал") психологиялық тереңдікпен адамның жан дүниесін қозғайтын нәзік лирикалы Ақан әндерінің әсері байқалады. Бұл оның қалыптасу, өзіне тән тармақтарының музыкалық-синтаксистік ерекшеліктері Әсет әндеріне де тән. "Інжу-Маржан" әні (кейде "Әсеттің әні" деп те аталады) өз стилін айқындай түскен туынды. Сондай-ақ "Ырғақты", "Аққарагер", "Қаракөз", "Майда қоңыр", "Жалған-ай", "Сырмақ үйкер" т.б әндерінің авторы. Әсет өз шығармаларында өмірге деген құштарлығын, туған елі мен жеріне деген айнымас махаббатын жырлады. Ақын өлеңдері мен әндеріне көшпелі тұрмыс пен қазақ жұртының тарихы және этнографиясының қайталанбас бояулары тән. Әсеттің ақындық қуатында ойдың образдылығы, шұрайлы теңеулер, жарқын шендестірулер айқын танылады. Ол Сарыарқаның ұлы перзенттері Біржан сал Қожағұлұлы мен Ақан сері Қорамсаұлының ақындық өнер дәстүрін жалғастырып, әрі қарай дамытты. Сонымен бірге өз өлкесі әндерінің Жетісуда, Тарбағатайда және Алтайда кеңінен тарауына мұрындық болды. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде жазалаушы отрядттардан дүрліге қашқан елмен бірге Әсет Қытайға өтіп кетеді. Октябрь революциясы жөніндегі хабарды ол қуана қарсы алады, жат жерде жүріп Отанын аңсайды. Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болды. 1910 жылы Қ. Халиди Әсет Найманбайұлынан бірнеше салт өлеңдерін жазып алып, жариялаған. Кеңес дәуірінде Әсет Найманбайұлының өлеңін алғаш С.Сейфуллин (1925) бастырған. 1936 жылы Б.Ысқақовтың ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы арнайы мақаласы тұңғыш рет жарияланып, Әсет Найманбайұлының шығармаларының тұңғыш жинағы 1968 жылы Б.Адамбаевтың құрастыруымен басылды. Бұл жинаққа ақынның 34 өлеңі (әнін қоса), 4 айтыс-қағысы, 4 дастан-қиссасы жарияланса, 1988 жылы Нұржекеевтің құрастырған «Әсет» атты жинағына 29 ән мәтіні, 71 өлеңі, 10 айтыс-қағысы, 8 қисса-дастаны енгізілген.

1 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
2 Зерттеу мен эссе
11 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Әсет Найманбайұлы қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

1 туынды

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Үлгі:Infobox

Әсет Найманбайұлы (1867 жыл, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, "Қызыл-арай" ауылы - 1922 жыл, Қытай, Құлжа ) — қазақтың суырыпсалма ақыны, әнші-композиторы.

Ол 7-8 жасқа келгенде медресе имамы Зейнолладан бастауыш білім алады. Мұнда араб тілі мен шығыс поэзиясын меңгеруге ден қояды. Арғын тайпасы Қаракесек руының Майлық атасынан шыққан.

14-15 жасында сазгер әрі әнші ретінде өз шығармашылық жолын бастайды. Әсеттің әке-шешесі кедей, шаруа адамдар болған. Кейін ер жетіп, есейіп, айтысқа түскен кезінде де кейбір ақындар оның кедейлігін бетіне басады. Алайда нағыз байлық өнер мен білімде деп түсінген Әсет ешкімге қара сөзден дес бермеген. Әсет ескіше оқыған, көзі ашық адам болған. Оның дүниетанымы, ой тереңдігі әсіресе айтыс жанрында кеңірек танылды.

Мысалы, әйгілі ақын-қыз Ырысжанмен айтысқанда Әсет он сегізде ғана екен, соған қарамастан қыздың айтқан небір қиын жұмбақтарын қиналмай, қолма-қол шешіп береді. Бұдан ақынның білімді, зерделі екендігі айқын аңғарылады. Сөйтіп, Әсет пен Ырысжанның айтысы–көркемдігі, сөз қолдану шеберлігі жөнінен Біржан мен Сара айтысынан кейінгі озық туынды болып табылады.

Әсет – негізінен айтыс ақыны. Ол Ырысжаннан басқа Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмет ақындарымен және Мәлике қызбен айтысқан. Әсеттің "Салиха-Сәмен", "Ағаш ат", "Перизат", "Үш жетім қыз", "Нұрғыман-Нағым", "Мәлік-Дарай", "Жұмсап", "Кешубай" атты қисса дастандары бар.

Ол А.С.Пушкинның "Евгений Онегин" романын аударып (еркін аударған) оны өзі қисса етіп жырлаған.

Әсет мұраларының ішінде халыққа кеңірек тарағаны оның әндері. Ол Біржан сал, Ақан серіден дәуірлеген Арқа әнінің дәстүрін жалғастырып, дамыта түсті. Жас кезіндегі әндерінде ("Кіші Ардақ", "Үлкен Ардақ", "Қаракөз", "Мақпал") психологиялық тереңдікпен адамның жан дүниесін қозғайтын нәзік лирикалы Ақан әндерінің әсері байқалады. Бұл оның қалыптасу, өзіне тән тармақтарының музыкалық-синтаксистік ерекшеліктері Әсет әндеріне де тән. "Інжу-Маржан" әні (кейде "Әсеттің әні" деп те аталады) өз стилін айқындай түскен туынды. Сондай-ақ "Ырғақты", "Аққарагер", "Қаракөз", "Майда қоңыр", "Жалған-ай", "Сырмақ үйкер" т.б әндерінің авторы.

Әсет өз шығармаларында өмірге деген құштарлығын, туған елі мен жеріне деген айнымас махаббатын жырлады. Ақын өлеңдері мен әндеріне көшпелі тұрмыс пен қазақ жұртының тарихы және этнографиясының қайталанбас бояулары тән. Әсеттің ақындық қуатында ойдың образдылығы, шұрайлы теңеулер, жарқын шендестірулер айқын танылады.

Ол Сарыарқаның ұлы перзенттері Біржан сал Қожағұлұлы мен Ақан сері Қорамсаұлының ақындық өнер дәстүрін жалғастырып, әрі қарай дамытты. Сонымен бірге өз өлкесі әндерінің Жетісуда, Тарбағатайда және Алтайда кеңінен тарауына мұрындық болды.

1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде жазалаушы отрядттардан дүрліге қашқан елмен бірге Әсет Қытайға өтіп кетеді. Октябрь революциясы жөніндегі хабарды ол қуана қарсы алады, жат жерде жүріп Отанын аңсайды. Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болды.

1910 жылы Қ. Халиди Әсет Найманбайұлынан бірнеше салт өлеңдерін жазып алып, жариялаған. Кеңес дәуірінде Әсет Найманбайұлының өлеңін алғаш С.Сейфуллин (1925) бастырған. 1936 жылы Б.Ысқақовтың ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы арнайы мақаласы тұңғыш рет жарияланып, Әсет Найманбайұлының шығармаларының тұңғыш жинағы 1968 жылы Б.Адамбаевтың құрастыруымен басылды. Бұл жинаққа ақынның 34 өлеңі (әнін қоса), 4 айтыс-қағысы, 4 дастан-қиссасы жарияланса, 1988 жылы Нұржекеевтің құрастырған «Әсет» атты жинағына 29 ән мәтіні, 71 өлеңі, 10 айтыс-қағысы, 8 қисса-дастаны енгізілген.

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Әсет Найманбайұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

2 зерттеу
Өмірбаян

Әсет Найманбайұлы: шығармашылық өмірбаяны мен таңдаулы туындылары

Әсет Найманбайұлы — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Әсет Найманбайұлы · 11.10.2026

Автор туралы зерттеу кітаптар мен жинақтар

1 кітап

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Әсет Найманбайұлы туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

11 дереккөз
Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Қызыр Мамырбекұлы

әсілінде ғашықтық дастан. 1946 жылы алғаш жарияланатын кезде авторы Әсет Найманбайұлы делініп, арада біраз дау туған екен. Ал оны Қызыр Мамырбекұлы жазған

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Бақтиярдың қырық бұтағы

Жүсіпбек Шайқысламұлы, “Шеризат”, “Нұғыман-Нағым”, “Ағаш ат” дастандарын Әсет Найманбайұлы шығыс сюжетінен алып жазған. “Бақтиярдың қырық бұтағында” елді мекен

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Ақ эмиграция

қазақстандықтар да болды. Мұстафа Шоқай, Райымжан Мәрсеков, Ыбырайым Жайнақов, Әсет Найманбайұлы , Зият Шәкәрімұлы кеңестік қоғам құрылысымен келіспегендіктен шетелге

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Меруерт Рахымбайқызы Көпбаева

ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталып, Ақан Қорамсаұлы, Балуан Шолақ, Әсет Найманбайұлы , Жаяу Мұса сынды өнер иелерінің шығармашылықтары кеңінен талданған

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Балтабек Байсұлтанұлы

қарулы қазақ қосынын ұйымдастыру ісіне ат салысты. Атақты сазгер, әнші Әсет Найманбайұлы да Жүзағаш бекетінде аталған полк құрамына сарбаздар қабылдау комиссиясына

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Әріп Тәңірбергенов

328 б. - Көкбай Жанатайұлы, Уәйіс Шоңдыбайұлы, Әріп Тәңірбергенов, Әсет Найманбайұлы , Мұқа Әділханұлы, Тайыр Жомартбайұлы, Баймағамбет Айтқожаұлы, Иманбазар

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қазақ поэзиясы мен музыка өнері

(1880—1921), Құдайберген Әлсейітов, Сара Тастанбекқызы (1853—1916), Әсет Найманбайұлы (1867— 1922), Иманжүсіп Құтпанулы (1863-1929), Базар жырау Оңдасынұлы

Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Әсет Найманбайұлы — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Әсет Найманбайұлы туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Әсет Найманбайұлы — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Әсет Найманбайұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Әсет Найманбайұлы — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Әсет Найманбайұлы мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Әсет Найманбайұлы — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Әсет Найманбайұлы өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз