Түске оранған күз
Сұраған Рахметұлы
ПоэзияСұраған Рахмет — шетелдегі қазақ ақыны. Журналист. 1958 жылы 22 қазанда Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы, Дэлүүн өлкесі, Қарасу деген жерде дүниеге келген. Моңғолия Мәдениетіне Еңбек сіңірген қайраткер «Алтын жұлдыз» орденімен марапатталған. Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Моңғолия мен Қытайды мекендеген қазақтардың саяси өмір тарихы» (2009) тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаттығын қорғаған.
Сұраған Рахметұлы қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер
Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы
Сұраған Рахмет — шетелдегі қазақ ақыны. Журналист. 1958 жылы 22 қазанда Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы, Дэлүүн өлкесі, Қарасу деген жерде дүниеге келген. Моңғолия Мәдениетіне Еңбек сіңірген қайраткер «Алтын жұлдыз» орденімен марапатталған. Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Моңғолия мен Қытайды мекендеген қазақтардың саяси өмір тарихы» (2009) тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаттығын қорғаған.
Әскери мектепте, және Қорғаныс министрлігінің қасындағы Әскери саяси университетті тарих, философия мұғалімі мамандығымен бітірген.
Моңғолияның Мемлекеттік Басқару академиясын – мемлекеттік менежер мамандығы бойынша бітірген.
Моңғолия Журналистер Одағының, Моңғолия Жазушылар Одағының мүшесі.
Қазақстан Жазушылар Одағының, Қазақстан Тарихшылар қоғамының мүшесі.
1980-1990 Халық армиясында қызметте.
1990 жылдан 1992 жылдары Баян-Өлгей аймақтық Жастар Ерікті одағында хатшы.
«Темірқазық» газетінің бас редакторы, 1992-1996 жылдары аймақтық Қазақ радиосында редактор-тілші.
1996-2000 Аймақ Әкімінің Іс Басқармасының бастығы.
2000-2005 Моңғолия Қазақ қаламгерлер кеңесінің төрағасы.
«Шұғыла» журналының бас редакторы.
2005 жылдан аймақтық Бұқаралық Ақпарат құралдарының директоры.
"Жаңа дәуір" газеті, «Шұғыла» журналының директоры.
Моңғолия қазақтарының «Қазақ этнос» клубының төрағасы.
Әкесі (ұлы атасы) Рахмет Аңқабайұлы /1900-1961/. Кіші әкесі – Сиыршыбай Рахметұлы.
Әжесі – Әштәри Сәріпқызы Өр Алтайда туған, әйгілі айтыскер. Кіші шешесі – Тоқталған Смағұлқызы, Молқы-Машан рулы.
Жұбайы - Раушан Базархан қызы орыс тіл пәнінің мұғалімі /1959-2016/. Ұлы – Олжас Сұрағанұлы Ресейдің тұңғыш президенті Б.Н.Ельцин атындағы «Уральский Федеральный Университет»-ін құрылыс инженері мамандығы бойынша бітірген. Келіні - Дәрігерхан қызы Бүлдіршін Турцияның «Стамбул университет»-ін тәмәмдаған. Есағасы рулы.
«Жұлдыздың лағыл елесі» 2000 ж.
«Ақ тегершік» 2001 ж.
«Өрен жүйріктің сілекейі» 2006 ж.
«Түске оранған күз» 2011 ж.
«Көгілдір шабыт» 2011 ж.
Моңғол, қазақ тілде жазады. Тарихи, публицистикалық мақалалары республикалық басылымдарда тұрақты жарияланып тұрған қаламгер.
«Құжырты құрбандары» 2004 ж.
«Қобдаға асқан қоңыр ел» 2014 ж.
Ақынның бірсыпыра өлеңдері шетел тілдеріне аударылған.
Бавуугийн Лхагвасүрэн «Үр могой» /Іштен шыққан шұбар жылан/.
Гунаажавын Аюурзана, Тангадын Галсан, Банзрагчийн Цогзаяабаатар қатарлылардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған.
Қытайдың Ли Бай (Li Bo 701-762).
Ван Вэй /701-706/, Ду-Фу /712-770/.
Жапонияның Баше (Basho 1644-1694).
Доки Зэнмаро, сондай-ақ Франц Кафканың (Franz Kafka 1883-1924) «Будан» қатарлы әңгімелері.
Шарль Бодлер (Sharles Bodelaire 1821-1867).
Стефан Маллерма (Stephane Mallerma 1842-1898).
Пол Верлен (Paul Verline 1844-1896).
Артюр Рэмво (Arthur Rimbaud 1854-1891).
Гийом Апполинер (Guillaume Apollinaire 1880-1918).
Роберт Лауэлль(Robert Lowell 1917-1977).
Томас Стериз Элиот (T.S.Eliot 1888-1965).
Эмили Дикинсон (Emily Elizabeth Dickinson 1830-1886).
Ульям Батлер Иейтс (W.B.Veats 1865-1939).
Роберт Ли Фрост (Robert Frost 1874-1963).
Уоллс Стивенс (Wallace Stevens 1879-1955).
Эзра Паунд (Ezra Paund 1882-1972).
Қазақстанда «Шығыс шынары» мүшайраның 1 орын иегері.
Моңғолия Мәдениетіне Еңбек сіңірген қайраткер «Алтын жұлдыз» орденімен марапатталған.
Моңғолия Жазушылар Одағы сыйлығының иегері.
Сұраған Рахметұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар
Сұраған Рахметұлы туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар
«Фолиант» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — Сұраған Рахметұлы . Беттер саны — 208. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап
қақтырғаны есімде деп жазады Ақсұнқар Ақынбабақызы. Көрнекті ақын Сұраған Рахметұлы былай деп жазады: - Расында ол осы құдіретті назым ғұмырында мәңгі
Роман. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – 2006. – 224 бет. Рахметұлы Шынай. Қарагер. Жыр кітабы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы
«Әдебиет порталы» қорындағы Сұраған Рахметұлы туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.
Abai.kz сайтында жарияланған Сұраған Рахметұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.
«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Сұраған Рахметұлы мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.
Қазақша Уикипедиядағы Сұраған Рахметұлы өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.
Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз
ШЖ
Шайхан Жандаев
2 шығарма
ШІ
Шархат Іздебаев
2 шығарма
МТ
Медетбек Темірхан
3 шығарма
ДН
Дінәш Нұрмұхамбетов
4 шығарма
БЖ
Бауыржан Жақып
7 шығарма
РС
Рауан Сәбитұлы
4 шығарма
ЖШ
Жұмабай Шаштайұлы
9 шығарма
МЕ
Манар Есенбай
4 шығарма
ҒМ
Ғалымқайыр Мұтанов
7 шығарма
АШ
Айнагүл Шакупова
4 шығарма
ӨО
Өмірзақ Озғанбай
2 шығарма
ЕС
Ержан Қалмахан Сейтұлы
2 шығарма