Мазмұнға өту
telegei
Аңыз әңгімелер
Автор парақшасы · Шығармалары мен зерттеулер

Аңыз әңгімелер

Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз-әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейдi.

0 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
23 Зерттеу мен эссе
13 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Аңыз әңгімелер қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

0 туынды

Каталогта бұл автордың тікелей өз атымен сақталған жеке кітабы табылмады. Төменнен өмірбаяны мен зерттеу материалдарын оқи аласыз.

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.

Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз-әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейдi.

Кейіпкерлері

Уикипедия / Telegei ↗

Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б. – бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі. Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортақ болып келеді. Мысалы, Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол "ауылы аралас, қойы қоралас", қыз алысып, қыз берісіп құда-жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Аңыз әңгімелерде көбінесе сараңдық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен әжуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады.

Қожанасыр әңгімелерінде (аңызда) оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа-күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйін ойда үлкен тәрбие-тәлім толқыны анық байқалады; оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді. Осындай халық арасына кең тараған күлкілі сықақ аңыз әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атымен байланысты туған. Көсе образы – қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға, оның өкілдеріне қарсы жұмсау, оларды келеке-мазақ ету тілегінен туған образ. Мұны біз "Алдар көсе мен Алаша хан", "Алдар көсе мен шық бермес Шығабай", "Алдар көсе мен саудагер", т.б. аңыз әңгімелерден көреміз. Осы аттары аталған хан, бай, саудагерлерді Алдар көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласының арқасында алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі етеді. Халық аузындағы мәтелге айналған "Жұмыртқадан жүн алатын", "Өзі тойса да, көзі тоймайтын", "Кесіп алса қан шықпайтын" шық бермес Шығайбай – сараңдықтың жиынтығы. Шығайбайдың әдеті мен ісінен сараңдық, дүниеқорлық, өзімшілдік айқын көрінеді. Оның осы мінезін жек көрген халық қапияда жол, қапылыста сөз табатын, айла-амалы мол Алдар көсені жіберіп, Шығайбайды бірнеше рет жер қаптырады. "Ұрының әйелі өзіне лайық" дегендей, оның тәрбиесіндегі үй-іші – әйелі, қызы Шығайбайдың өзі тәріздес пиғылы тар сараң жандар. Көсе үйге кіріп келгенде әйелі илеп отырған нанды, қызы үйтуге әзірлеп отырған қазды жасыра қояды. Бұл әрекеттер Шығайбайдың образын толықтыра түседі. Сараңдық пен дүниеқорлыққа жаны қас Алдар көсе табан аузында сөз тапқыштығымен өзінің жаңа ғана көргендерін әңгімеге қосып, келе жатып үлкен сары бас жылан көргенін, оны өлтіргенін тұспалдап айтып береді. "Осы айтқандарым өтірік болса, байеке сіздің астыңыздағы қазыдай тілінейін, бәйбішенің нанындай иленейін, қызыңның астындағы қаздай жұлынайын", – деп аяқ астында оларды масқара етеді. Алдар көсе ақыры байдың қызы Бізбикені алдап алып кетумен оқиға аяқталады. Ал "Алдар көсенің шайтанды алдауы" деген әңгіменің сюжеті, құрылысы басқаша болып келеді. Халық ұғымында шайтанды ешкім алдай алмайтын болса, бұл әңгімеде Алдар көсе өзінің қулығымен шайтанды да алдап кетеді. Оның өтірік өліп тірілуі, шайтанға қазы алдыруы, үлкендігін бұлдап, шайтанның мойнына мініп қамшымен сабауы, шайтандар қорқатын тікен арасына тығылып, ала қаптағы алтынды алып құтылып кетуі арқылы адам айласы шайтанды да жеңеді деген идеяны білдіреді. Алдар көсе туралы аңыздардың қай-қайсысы болмасын оны тапқырлықтың өкілі етіп және ол қандай іс-әрекет жасаса да жазғырмай, сүйікті етіп көрсетуі Алдардың ел санасынан ұнамды кейіпкер түрінде тұрақты орын алғандығын аңғартады.

Топономикалық аңыздар

Уикипедия / Telegei ↗

Аңыздар тарихта шын мәнісінде болған әлдебір оқиғаларға құрылады, әрі осы оқиғалар көбіне нақты бір мекенмен, тау-таспен, өзен-көлмен баланыстырылады. Мұндай аңыздар жер-су аттарына байланысты немесе топонимикалық деп аталады. Себебі олар белгілі бір жағрафиялық нүктенің неліктен солай аталатынын түсіндіреді. Мұндай аңыздарға Бурабай, Баянауыл, Қарағанды, Жекебатыр, Шайтанкөл, Екібастұз,т.с.с. жер аттарымен байланысты аңыздар жатқызылады.

Аңыздар - халықтың ауызекі шығамашылығының ерекше жанры, оларда халық қиялы нақты жадығаттарды еркін сапырып, оқиғаларды өзінше пайымдайды.

Махаббат хикаялар

Уикипедия / Telegei ↗

Қазақ аңыздарының үлкен бір тобын ғашықтардың қайғысымен, өлімі немесе айрылысуымен аяқталатын махаббат хикаялары құрайды. Бұларға Зарина ханшайымның, Айша бибі арудың, Балқаш қыздың бастарынан өткен оқиғалары жатады.

Батырлар туралы аңыздар

Уикипедия / Telegei ↗

Қатыгез жауларға қарсы ерлікпен шайқасқан ата-бабаларымыздың қаһармандығын паш ететін батырлар жайындағы аңыздар да ауыз әдебиетінде айрықша орын алады. Бұлардың қатарына сақ патшайымы Томирис Отанын қорғау жолына өз өмірін құрбан еткен бақташы Шырақ жайындағы аңыз-әңгімелерді жатқызамыз. Бұл оқиғалардың аңызға айналу себебі сол уақыттан бері талай ықылым заман өтіп кеткендігі ғана емес, олар шын болды ма, жоқ па, ешкім дәлелдеп бере алмайтындығы.

Тарихи аңыздар

Уикипедия / Telegei ↗

Ең ақырында, тарихи деректер мен оқиғаларды халық қиялы мүлде өзгертіп жібергендіктен, ақиқаттың өзі а уақыт өте келе аңыздық сипат алған қазақ аңыздарының бір тобы бар. Моңғолдардың атақты әміршісі Шыңғыс хан, оның ұлы Жошы хан және басқалар хақындағы кейбір аңыздар бұған дәлел болып табылады.

Тарихтың терең қойнауларынан орын алып, аңызға айналған оқиғалардың өтірік-шынын тексеріп жатудың өзі ақылға сыймайтын нәрсе. Олар ойдан шығарылған уақиғалар болғандықтан да-аңыз. Бір қызығы, әдеби немесе ғылыми шығармаларда мифтік бейнелерге айналатын немесе керісінше болатын тарихи тұлғаларға ,оқиғаларға тікелей байланысты аңыздар да көптеп кездеседі. Қазақ әдебиетінде Қорқыт, Алаша хан бейнелері осындай. Олардың өмірінде шын болғандығына кейбір зерттеушілер күмәнмен қарайды. Себебі олардың есімдері тарихи шежірелерден табылмай отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта мұны дерек-құжатпен дәлелдеу қиын.

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Аңыз әңгімелер шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

23 зерттеу
Өмірбаян

Мұхамедия Жұмағалиев қаламынан туған «Жұмбағы көп жеті әңгіме" (Жазушы Жолтай Әлмашұлының әңгімелерін оқығанда)» еңбегінің рухани маңызы

Қазақ қаламгері Мұхамедия Жұмағалиев қаламынан туған «Жұмбағы көп жеті әңгіме" (Жазушы Жолтай Әлмашұлының әңгімелерін оқығанда)» туындысы — ұлттық сөз өнеріндегі мазмұндық тереңдігімен және көркемдік шешімімен дараланатын шығармалардың бірі. Бұл зерттеу мақалада туындының «оқырман тағылымы және әдеби сын» қырынан ашылатын идеялық желісі мен...

Мұхамедия Жұмағалиев · 11.10.2026
Өмірбаян

Аңыз әңгімелер: шығармашылық өмірбаяны мен таңдаулы туындылары

Аңыз әңгімелер — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Аңыз әңгімелер · 11.10.2026
Өмірбаян

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: шығармашылық өмірбаяны мен таңдаулы туындылары

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Марғұлан Ақан: «Жанатай батыр» — тарихи-әдеби талдау

Жанатай батыр Ақанұлы (1723 –1819 ) — қазақ жерін жоңғарлардан қорғаған XVIII ғасыр батырлардың бірі, Бөгенбай батыр Ақшаұлының (1680-1775) серігі. Айыртау ауданында дүниеге келген. XVIII ғасырдың 30-жылдары жоңғарлармен болған шайқаста көзге түскен. Жанатай есімі халықтың ауыз әңгімелерінде, аңыздарында кездеседі. Ол туралы Ш. Уәлиханов...

Марғұлан Ақан · 11.10.2026
Өмірбаян

Ақтан Керейұлы: «Маңғыстау әдебиеті» — тарихи-әдеби талдау

Маңғыстау өлкесінде ерте кезден-ақ ел өміріндегі елеулі оқиғаларға байланысты туған аңыз-әңгімелер мен батырлық жырлар молынан сақталып, осы заманға дейін жеткен. Бұл өлкеде сонау ежелгі сақтардан бастап, аландар мен каспилер, оғыздар мен қыпшақтар, ноғайлар мен қалмақтар өмір сүрген. Осы тайпалардың салт-тұрмысына орай «Жеті жұрт» жайындағы...

Ақтан Керейұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Қашаған Күржіманұлы: «Маңғыстау әдебиеті» — тарихи-әдеби талдау

Маңғыстау өлкесінде ерте кезден-ақ ел өміріндегі елеулі оқиғаларға байланысты туған аңыз-әңгімелер мен батырлық жырлар молынан сақталып, осы заманға дейін жеткен. Бұл өлкеде сонау ежелгі сақтардан бастап, аландар мен каспилер, оғыздар мен қыпшақтар, ноғайлар мен қалмақтар өмір сүрген. Осы тайпалардың салт-тұрмысына орай «Жеті жұрт» жайындағы...

Қашаған Күржіманұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: шығармашылық өмірбаяны, көркемдік ізденістері және таңдаулы туындылары

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы · 11.10.2026
Эссе / Талдау

Мұхтар Мағауин — Жанатай батыр: Балалары

Жанатай батыр Ақанұлы (1723 –1819 ) — қазақ жерін жоңғарлардан қорғаған XVIII ғасыр батырлардың бірі, Бөгенбай батыр Ақшаұлының (1680-1775) серігі. Айыртау ауданында дүниеге келген. XVIII ғасырдың 30-жылдары жоңғарлармен болған шайқаста көзге түскен. Жанатай есімі халықтың ауыз әңгімелерінде, аңыздарында кездеседі. Ол туралы Ш. Уәлиханов «XVIII-ғасырдағы...

Мұхтар Мағауин · 11.10.2026
Эссе / Талдау

Мұхтар Мағауин — Жанатай батыр: Ерлігі

Жанатай батыр Ақанұлы (1723 –1819 ) — қазақ жерін жоңғарлардан қорғаған XVIII ғасыр батырлардың бірі, Бөгенбай батыр Ақшаұлының (1680-1775) серігі. Айыртау ауданында дүниеге келген. XVIII ғасырдың 30-жылдары жоңғарлармен болған шайқаста көзге түскен. Жанатай есімі халықтың ауыз әңгімелерінде, аңыздарында кездеседі. Ол туралы Ш. Уәлиханов «XVIII-ғасырдағы...

Мұхтар Мағауин · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Мұхтар Мағауин: «Жанатай батыр» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Жанатай батыр Ақанұлы (1723 –1819 ) — қазақ жерін жоңғарлардан қорғаған XVIII ғасыр батырлардың бірі, Бөгенбай батыр Ақшаұлының (1680-1775) серігі. Айыртау ауданында дүниеге келген. XVIII ғасырдың 30-жылдары жоңғарлармен болған шайқаста көзге түскен. Жанатай есімі халықтың ауыз әңгімелерінде, аңыздарында кездеседі. Ол туралы Ш. Уәлиханов «XVIII-ғасырдағы...

Мұхтар Мағауин · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Шежіре» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Шежіре, (түрік. — жады, ес) — түрік-қазақ халқының ежелден келе жатқан халықтық жады дәстүрі, оның негізіне ата-тек туралы жады алынған, аталардың генеалогиялық тармақталуы, олардың арғы аталарға туыстық байланысы, шығу тегі туралы баяндайтын ауызекі генеалогиялық әңгімелер мен ата-тек кестелерін қамтиды, сондай-ақ, құрамында ескілікті аңыздар, тарихи...

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Қараой

Тәкен Әлімқұлов — «Қараой» (Көркем әңгіме). туған күні. Жазушының осыдан 101 жыл бұрын ән мен күйдің сандығы, аңыз-әңгімелердің мекені киелі Қаратаудағы Созақ ауданында туғаны бәрімізге аян. Қаламгер өмірінің соңына дейін өнер адамдарын, ақын-жазушы, әнші-күйшілерді шығармаларына арқау...

Тәкен Әлімқұлов · 09.10.2026
Зерттеу мақала

Бабалар сөзі: Қазақ халық әдебиетінің сарқылмас асыл қазынасы

«Бабалар сөзі» – қазақ ауыз әдебиеті мен фольклорының терең мәнін ашатын ауқымды рухани мұра. Бұл жинақта батырлар жыры, хикаялық дастандар, күй аңыздары мен мысал ертегілер халық данышпандығының айғағы ретінде сақталған. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткен шежірелі сөз халықтың тарихи танымы мен ұлттық болмысын айшықтайды.

Бабалар сөзі · 02.10.2026
Эссе / Талдау

Бай адамдар сен ойлағандай емес

Бұл оқиға қаржылық тәуелсіздікке жетудің сыртқы факторларға емес, адамның ішкі ақша бағдарламасына байланысты екенін баяндайды. Томас Харв Экердің өмірлік тәжірибесі арқылы кедейлік психологиясынан арылып, табысты ойлау жүйесін қалыптастырудың маңыздылығы ашылады.

T. Harv Eker · 12.04.2026
Әдеби материал

Күйеуінің тігісі

Кармен Мария Мачадоның бұл әңгімесінде әйелдің денесіне билік жүргізу мен некедегі сенім тақырыптары қалалық аңызбен ұштасады. Жасыл таспаның құпиясы арқылы магиялық реализм мен хоррор элементтері шебер өрілген. Туынды қазіргі заман әдебиетінің інжу-маржанына айналған феминистік классика болып саналады.

Carmen Maria Machado · 09.03.2026

Автор туралы зерттеу кітаптар мен жинақтар

8 кітап

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Аңыз әңгімелер туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

13 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қазақ халық аңыздары

Қазақ халқының, аңыз әңгімелері. Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандық-тан, фольклорлық

Эссе / Талдау Қазақша Уикипедия ↗

Қарашаш ана

анасы. Қарашаш ана туралы деректер аз кездеседі. XVII ғасыр аяғындағы аңыз - әңгімелер бойынша ол – Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһим атаның ең танымал шәкірттерінің

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Махишасура

Махишасура - ұлы дию: «Махабхаратаға» қарағанда оны Сканда өлтірген; басқа аңыз әңгімелер бойынша, диюды Шива жұбайы Дурга өлтіреді. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Сұраншы батыр жыры

зорлығына қарсы бас көтерген Сұраншы батыр ерліктеріне арналған жырлар мен аңыз - әңгімелер топтамасы. Батырдың жорықтарына қатысқан атақты ақын Сүйінбай Аронұлы

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Сүлеймен Жүсіпов

да қайтара алған. Оның емшілік қасиеті жөнінде ел аузында сақталған аңыз - әңгімелер көп. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Арқалық батыр

Қарамертен, Қоңқа деген батырлары қосылған. Арқалық батыр туралы ел аузында аңыз әңгімелер , жырлар көп сақталған (қ. «Арқалық батыр»). Ж. Шанин пьеса жазып, сахнаға

Эссе / Талдау Қазақша Уикипедия ↗

Жиренше шешен көшесі (Алматы)

әкімінің 1994 жылғы 18 қазандағы №ЗЗО шешімі) берілген. Жиренше туралы аңыз - әңгімелер халық арасында, әсіресе, ХV-ХVІ ғасырларда кең тараған. Көше Медеу ауданында

Зерттеу мақала Әдебиет порталы ↗

“Мәдени мұра“ мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары Қазақста

“Мәдени мұра“ мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары Қазақста Әдебиет порталы

03.11.2018
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Untitled - Әдебиет порталы

Untitled Әдебиет порталы

03.11.2018
Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Аңыз әңгімелер — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Аңыз әңгімелер туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Аңыз әңгімелер — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Аңыз әңгімелер шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Аңыз әңгімелер — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Аңыз әңгімелер мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Аңыз әңгімелер — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Аңыз әңгімелер өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз