Мазмұнға өту
telegei
Қашаған Күржіманұлы
Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы · Поэзия · Тарих

Қашаған Күржіманұлы

Қашаған Күржіманұлы (1841, Түрікменстан, Дашоғыз уәлаяты Мырзабасы ауылында – 1929, Маңғыстау облысының, Құлат ауылы Қырықкезде жерленген) – ақын. Ақынның құрметіне Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде табылған мұнай мен газдың алып кен орнын Қашаған кен орны деп атады. Қашаған кен орны әлемдегі соңғы 40 жыл ішінде ашылған ең ірі кен орындарының бірі болып табылады.

2 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
9 Зерттеу мен эссе
11 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Қашаған Күржіманұлы қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

2 туынды

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Қашаған Күржіманұлы (1841, Түрікменстан, Дашоғыз уәлаяты Мырзабасы ауылында – 1929, Маңғыстау облысының, Құлат ауылы Қырықкезде жерленген) – ақын.

Ақынның құрметіне Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде табылған мұнай мен газдың алып кен орнын Қашаған кен орны деп атады. Қашаған кен орны әлемдегі соңғы 40 жыл ішінде ашылған ең ірі кен орындарының бірі болып табылады.

Әкеден жастайынан жетім қалып, 15–16 жасында ағасы Сәрсенбай үйімен Атырауға келеді. Байұлы тайпасының Адай руынан шыққан.

16–17 жасынан ақын атанған. Ол Маңғыстау, Хорезм аймағы, Еділ, Жайық, Жем, Сағыз елді-мекендерде болып, ақын-күйшілермен (Ақтан, Мұрат, Бала Ораз, Қоспақ, Құрманғазы, Нұрым, Өмір, Ығылман) кездесті.

1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін шығармалары ел арасына ауызша тараған.

Шығармашылығы

Уикипедия / Telegei ↗

Қашаған өлеңдерінде надан, дінбұзар, дүмше молдалар мен сараң байларды аяусыз әшкерелеп («Есқали сұпыға айтқаны», «Оразалыға»), адамгершілік, ізгілік қасиеттерді («Берекет ақынға», «Сақыпқа айтқаны»,) дәріптейді, елдік пен ерлікті, халық мұратын («Ізім шайырмен айтысы», «Ізбасқа айтқаны») жырлайды. «Атамекен», «Топан», «Адай тегі», «Әзірет Ғали» дастандарында халықтың көне шежіресі мен тарихын, Атырау өңіріне үлкен қасірет әкелген табиғат апатын толғайды. Қашаған заман сырын сезіне алды, халық келешегіне сенді, әйел-ананың қоғамдағы рөлін түсінді, дүниенің мәңгі дамуда екенін, уақыттың өтпелілігін ұғына білді. Ол халық тарихын, дін-шариғат қағидаларын мол білген. Қашаған ақын Абыл, Нұрым, Марабай мен мұрат сияқты «Қырымның қырық батыры» деп аталатын халқымыздың қымбатты қазынасын өмір бойы жырлап, Мұрын, Шәдіман, Жанжігіт, Мұса сияқты жыраулар мен жыршыларға ұластырған.

Кейбір толғаулары алғаш «Әдебиет майданы» (1935, №5) журналында жарияланған. Өмірі мен шығармашылығы А.Жұбановтың «Қазақ композитарларының өмірі мен творчествосы» (1942), Қ.Сыдиықұлының «Ақын-жыраулар» (1974), Х.Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиеті.XIII-XIX ғ.ғ.» (1981) деген еңбектерінде және «XIXғ. қазақ ақындары» (1988) деген зерттеулер жинағында қарастырылған.

Қашаған - І.Жасүгіровтың «Көбік шашқан» поэмасының басты кейіпкерлерінің бірі.

Қашаған шығармаларын өз айтуынан естіп, хатқа түсірген – ақынның немере інілері Көшен Өсербаев пен Шәдіман Үсембаев сияқты жыршылар мен Темірғали Күнтуғанов секілді жинаушылар. Әсіресе ақынның мол мұраларын жинақтауда, қағаз бетіне түсіртуде әрі ҚР Ұлттық ғылым академиясының қолжазбалар қорына өткізуде ақын Сәттіғұл Жанғабылұлы көп еңбек сіңірді.

Ақын жырларын насихаттауға атсалысқан - Құмар, Сұраубай сияқты жыршы-ақындар, Шамғұл сияқты жыршы-күйшілер, Сәду, Дүйсенбай, Айтқұл сияқты жыршы-термешілер. Қашаған есімі Қазақстан ғана емес, Орта Азия, Иран, Ауғанстан, Түркия елдеріне, Ресейдің бірқатар өңірлеріне де кеңінен таныс.

Өлең-толғаулар жинақтары

Уикипедия / Telegei ↗

«Ертедегі әдебиет нұсқалары» (Алматы, 1967),

«Ақберен» (Алматы, 1972),

«19 ғасырдағы қазақ поэзиясы» (Алматы, 1985),

«Бес ғасыр жырлайды» (Алматы, 1984, 2-т., 1989),

«Қашаған Күржіманұлы: Топан» (Алматы, 1991),

«Алқаласа әлеумет» (Алматы, 1991),

«Жыр-дария» (Ақтау, 1995)

«Қайыртпай кеткен қашаған» (Алматы, 2011) жинақтарында жарық көрген.

1991 жылы Маңғыстауда ақынның туғанына 150 жыл толуына арналған той халықтық мереке ретінде атап өтілді. Ақын бейітіне сәулетті күмбез – кесене (бас шебері М.Нұрқабаев) орнатылды.

2009 жылы Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында ақынның жаңа мүсіні орнатылды (бас шебері ).

Ақынның туғанына 170 жыл толуына орай өткізілетін шаралар

Уикипедия / Telegei ↗

2011 жылы Қашаған Күржіманұлының туғанына 170 жыл толады. Осыған орай Маңғыстау облысы мен Қазақстан Республикасының ауқымында арнайы іс-шаралар жоспарланған.

Cілтемелер

Уикипедия / Telegei ↗

Норт Каспиан Оперейтинг Компани, http://www.ncoc.kz/kz/kashagan/default.aspx Мұрағатталған 19 маусымның 2015 жылы.

Әдебиет тізімі

Уикипедия / Telegei ↗

Маңғыстау Энциклопедиясы, 2008 жыл, "Қазақ энциклопедиясы" баспасы

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Қашаған Күржіманұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

9 зерттеу
Өмірбаян

Қашаған Күржіманұлы: шығармашылық өмірбаяны мен таңдаулы туындылары

Қашаған Күржіманұлы — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Қашаған Күржіманұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Қашаған Күржіманұлы: «Рауан (газет)» — тарихи-әдеби талдау

1985 жылы 1 шілдеде Бейнеу аудандық газетінің ең алғашқы саны жарыққа шықты. Газет алғашқы ашылған кезде «Ленин жолы» аталды. Бас редактор ақын Айтуар Өтегенов. Бұрын көршілес Жылыой ауданындағы газетте еңбек еткен тәжірибелі журналист, жоғарғы партия мектебін бітіріп келгеннен кейін Бейнеу ауданындағы жаңа газетті басқару қызметіне...

Қашаған Күржіманұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Қашаған Күржіманұлы: өмірбаяны және шығармашылық мұрасы

Қашаған Күржіманұлы (1841, Түрікменстан, Дашоғыз уәлаяты Мырзабасы ауылында – 1929, Маңғыстау облысының, Құлат ауылы Қырықкезде жерленген) – ақын.

Қашаған Күржіманұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Қашаған Күржіманұлы: «Маңғыстау әдебиеті» — тарихи-әдеби талдау

Маңғыстау өлкесінде ерте кезден-ақ ел өміріндегі елеулі оқиғаларға байланысты туған аңыз-әңгімелер мен батырлық жырлар молынан сақталып, осы заманға дейін жеткен. Бұл өлкеде сонау ежелгі сақтардан бастап, аландар мен каспилер, оғыздар мен қыпшақтар, ноғайлар мен қалмақтар өмір сүрген. Осы тайпалардың салт-тұрмысына орай «Жеті жұрт» жайындағы...

Қашаған Күржіманұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Қашаған Күржіманұлы: «Бес ғасыр жырлайды» — тарихи-әдеби талдау

«Бес ғасыр жырлайды» - «Жазушы» баспасынан 1984 жылы жарық көрген үш томдық өлеңдер жинағы. Құрастырғандар: М. Байділдаев пен Мұхтар Мағауин.

Қашаған Күржіманұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Қашаған Күржіманұлы: «Бабалар сөзі (жинақ)» — тарихи-әдеби талдау

«Бабалар сөзі» жинағы - қазақ фольклорының 100 томдығы. Алматыда Мәдениет және спорт министрлігі мен ұлттық Кітап палатасының қолдауымен Орталық Азия елдері фестивалі мен ІІІ Халықаралық кітап форумы (17.11.2014) аясында «Бабалар сөзі» атты қазақ фольклорының 100 томдығының тұсаукесері өтті.

Қашаған Күржіманұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Қашаған Күржіманұлы: «Ақпан батыр Келімбердіұлы» — тарихи-әдеби талдау

Ақпан батыр Келімбердіұлы (1531–1605) — Байұлы тайпасы Адай руынан шыққан айтулы батыр, құралайды көзге атқан мерген, қыран топшылы аңшы, көңілі шалқар, жүрегі қобалжып тайсалмас, өзгелерден секем алу, сезіктену білмес, ешкімнен тепкі көрмей өскен жан.

Қашаған Күржіманұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Қашаған Күржіманұлы: «Адай» — тарихи-әдеби талдау

Адай — Алшын тайпасынан тарайтын 18 рудың бірі, Байұлы рулар бірлестігіне кіреді. Қазіргі Адайлар Қазақстанның көбінесе Маңғыстау облысында, сондай-ақ Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Алматы және еліміздің басқа облыстарында мекендейді. Түрікменстанның Балқан және Дайоғыз велаяттарында, Қарақалпақстанда, Иранның солтүстігінде және Ресейдің Астархан...

Қашаған Күржіманұлы · 11.10.2026

Автор туралы зерттеу кітаптар мен жинақтар

1 кітап

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Қашаған Күржіманұлы туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

11 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қашаған

Қашаған Күржіманұлы — қазақ ақыны, жырау. Қашаған кен орны — Қашаған ақынның құрметіне аталған ірі мұнай-газ кенорны. Қашаған Жаманқараев Қашаған көшесі

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Көшер Байғазиев

Сондай-ақ ол жазушы М.Әбдіхалықовтың кеуде мүсінінің, халық ақыны Қашаған Күржіманұлы кеуде мүсіндерінің авторы. «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы

Зерттеу мақала Қазақша Уикипедия ↗

Ақжарма ансамбльі

негізінен жергілікті, маңғыстаулық күйші-композиторлар (Есір Айшуақұлы, Қашаған Күржіманұлы , Құлшар Ерназарұлы, Өскенбай Қалманбетұлы, Мұрат Өскенбайұлы, т.б

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Өсербай Сәрсенбайұлы

Маңғыстауды зерттеген Г.Насибьянец экспед-на қол ұшын берген. Туысы – Қашаған Күржіманұлы қайтыс болғанда ақынды қолынан жерлеп, басына ескерткіш тұрғызады

Зерттеу мақала Қазақша Уикипедия ↗

Шайыр (ауыл)

кеңшар таратылып, оның негізінде шаруа қожалығы құрылды. Ауылда ақын Қашаған Күржіманұлы мұражайы, Кәді көне қорымы, Құлбарақ батыр қорымы, Боздақ және Шома

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Рауан (газет)

ұжым бір үйдің адамындай, бір кісінің баласындай еді. Газет жанынан Қашаған Күржіманұлы атындағы әдеби бірлестік ашылып, оған Уәйіс Қайралапов, Әбдібек Жаманбаев

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Ақпан батыр Келімбердіұлы

нақты дәлелі бар тұлға. Бұл туралы есімі елге мәшһүр әйгілі ақын Қашаған Күржіманұлы өзінің «Атамекен» атты жыр-дастанында: Ақпан деген қарт батыр, Ел

Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Қашаған Күржіманұлы — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Қашаған Күржіманұлы туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Қашаған Күржіманұлы — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Қашаған Күржіманұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Қашаған Күржіманұлы — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Қашаған Күржіманұлы мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Қашаған Күржіманұлы — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Қашаған Күржіманұлы өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз