Мазмұнға өту
telegei
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы · Проза · Поэзия · Ауыз әдебиеті және фольклор

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Сұлтанмахмұт Торайғыров (28 қазан 1893, қазіргі Қызылту ауданы, Көкшетау облысы – 21 мамыр 1920, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы) – ақын, ағартушы.

12 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
20 Зерттеу мен эссе
11 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Сұлтанмахмұт Торайғыров қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

12 туынды

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Сұлтанмахмұт Торайғыров (28 қазан 1893, қазіргі Қызылту ауданы, Көкшетау облысы – 21 мамыр 1920, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы) – ақын, ағартушы.

Арғын тайпасының Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан. Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.

1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. *1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақындыққа ден қойып, *1912 – 13 жылдар аралығында

“Оқып жүрген жастарға”,

“Тәліптерге”(“Шәкірттерге”) Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“Ендігі беталыс” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“Оқудағы мақсат не?” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“Анау-мынау” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“Мағынасыз мешіт” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“Жарлау”,

“Досыма хат” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“Шығамын тірі болсам адам болып” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“Түсімде” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“Жазғы қайғы” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“Қымыз” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“Кешегі түс пен бүгінгі іс” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., т.б. өлеңдерін, “Зарландым” атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста “Қамар сұлу” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы. романын жазуды бастады.

1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров “Айқап” журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, “Өлең һәм айтушылар”, “Ауырмай есімнен жаңылғаным”, “Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан”, “Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?”, т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет етті. 1914 жылы жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін “Шоң серіктігі” деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен

“Ләнет бұлты шатырлап” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“Алтыаяқ” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы. сияқты өлеңдер жазған.

“Ендігі беталыс” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“Тұрмысқа” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“Бір адамға” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“Туған еліме” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“Сымбатты сұлуға” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“Қыз сүю” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“Гүләйім” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“Өмірімнің уәдесі” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“Жан қалқам” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“Гүл” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., т.б. өлеңдерін, “Кім жазықты?” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы. атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді (1915). Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан.

1916 жылдың күзіне дейін әуелі Катонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді. 1916 – 17 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі. “Шәкірт ойы” өлеңінде “Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды”, “Мұздаған елдің жүрегін жылытуды” армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысты. 1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, “Алаш ұранын” жариялады. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап, 1918 жылы сәуірде еліне біржола оралады. Онда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп жұмысына араласып, ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасты. Осы тұста саяси-философиялық әдебиетті (Г.В. Плеханов, Н.Г. Чернышевский, т.б.) көп оқып,

“Шал мен қызға” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“А, дүние” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,

“Жас жүрек”,

“Сарыарқаның жаңбыры”,

“Адасқан өмір”,

“Кедей”,

“Айтыс”, т.б. өлеңдерін жазды.

Шығармашылығының ерекшелігі

Уикипедия / Telegei ↗

Оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері (1907 – 11) көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды. Байлық пен кедейліктің теке-тіресін бай мен кедей ұлының өмірі арқылы көрсетуге тырысқанымен, бұл талпынысы биік ақындық талант пен саяси көзқарасты таныта алмады. Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. “Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады”, тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттеуге ұмтылады. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді (“Осы да әділдік пе?”, “Бір адамға”, т.б.). Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар туындатты. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман (“Қамар сұлу”, “Кім жазықты?”), төрт поэмасын “Таныстыру” (1917 – 18), “Адасқан өмір” (1918), “Кедей” (1919), “Айтыс” жариялады. Торайғыров “Қамар сұлуда” әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеум. тұрғыда талдаса, “Кім жазықты?” романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды.

Поэма жанрына қосқан үлесі

Уикипедия / Telegei ↗

Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты. Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой-түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты. Алғашқы поэмасы “Таныстыруда” Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеді. Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатовтарды таныстырып, олардың “бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – ай” екендігін жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкерімді ерекше атап көрсетеді. “Адасқан өмір”, “Кедей” поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды. “Адасқан өмір” – Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік қорытындыға саяды. “Кедей” поэмасының бас кейіпкері де өз ортасынан әділдік таппайды, қоғам мен адам арасындағы қайшылықты бітіспес күреске ұластырады. “Айтыс” поэмасы толық аяқталмаған, онда Торайғыров қала ақыны мен дала ақынын айтыстырып, екі ортаның қайшылықты жақтары мен адамға пайдалы тұстарын қатар алып суреттейді. Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Оның ізденістері “шындықтың ауылын іздеумен” байланысты, оның реализмі бұлтақсыз, жалтақсыз айтылған шындыққа, әлеуметтік тіршіліктің шынайы суреттеріне негізделген, оның тенденциясы да сыншыл.

Шығармалары:

Уикипедия / Telegei ↗

Толық шығармалар жинағы Қ-о. 1933;

Таңдамалы шығармалар А., 1957;

Избранное А-А, 1958;

Шығыс 1-2 Торайғыров А., 1987;

Шығыс 1-2 Торайғыров А., 1993.

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

20 зерттеу
Өмірбаян

Сұлтанмахмұт Торайғыров: шығармашылық өмірбаяны мен таңдаулы туындылары

Сұлтанмахмұт Торайғыров — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Сұлтанмахмұт Торайғыров · 11.10.2026
Өмірбаян

Сұлтанмахмұт Торайғыров: шығармашылық өмірбаяны, көркемдік ізденістері және таңдаулы туындылары

Сұлтанмахмұт Торайғыров — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Сұлтанмахмұт Торайғыров · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Әлем әдебиеті кітапханасы» — тарихи-әдеби талдау және деректер

“Әлем әдебиеті кітапханасы” (“ӘӘК”) — әлем әдебиетінің үздік шығармалары енген (200 том) кітаптар сериясы.

Сұлтанмахмұт Торайғыров · 11.10.2026
Әдеби материал

Сұлтанмахмұт Торайғыров — Қамар сұлу: Шығарма кейіпкерлері

Қамар сұлу — Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1914 жылы шыққан романы, жартылай өлеңмен, жартылай прозамен жазылған.

Сұлтанмахмұт Торайғыров · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Қамар сұлу» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Қамар сұлу — Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1914 жылы шыққан романы, жартылай өлеңмен, жартылай прозамен жазылған.

Сұлтанмахмұт Торайғыров · 11.10.2026
Әдеби материал

Сұлтанмахмұт Торайғыров — Тортай мінер ақ боз ат (әңгіме): Автор туралы

«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің авторы – Оралхан Бөкей. Оралхан Бөкей - 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында дүниеге келген. Үнемі топ бастап жүретін, қиыннан қиыстырып өлең де шығара білген бала Шыңғыстай орта мектебін бітірді.

Сұлтанмахмұт Торайғыров · 11.10.2026
Әдеби материал

Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенесі

Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенесі – Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Сұлтанмахмұт Торайғыров · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Тортай мінер ақ боз ат (әңгіме)» — тарихи-әдеби талдау және деректер

«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің авторы – Оралхан Бөкей. Оралхан Бөкей - 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында дүниеге келген. Үнемі топ бастап жүретін, қиыннан қиыстырып өлең де шығара білген бала Шыңғыстай орта мектебін бітірді.

Сұлтанмахмұт Торайғыров · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Орман Мұсаұлы Дайрабаев» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Орман Дайрабаев (1921 жыл, Ақтөбе облысы, Құйылыс ауылы - 26 шілде 1986 жыл, Шалқар қаласы) — соғыс және еңбек ардагері, педагог, Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, "Құрмет белгісі" орденінің иегері (1978). Педагогикалық әдістемелік материалдардың авторы.

Сұлтанмахмұт Торайғыров · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Социалистік реализм» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Социалистік реализм — реализм классикалық әдебиет пен көркемөнердің барлық түрлерінің ең жоғарғы әрі ерекше түрі.

Сұлтанмахмұт Торайғыров · 11.10.2026
Әдеби материал

Сұлтанмахмұт Торайғыров — Орман Мұсаұлы Дайрабаев: Өмірі

Орман Дайрабаев (1921 жыл, Ақтөбе облысы, Құйылыс ауылы - 26 шілде 1986 жыл, Шалқар қаласы) — соғыс және еңбек ардагері, педагог, Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, "Құрмет белгісі" орденінің иегері (1978). Педагогикалық әдістемелік материалдардың авторы.

Сұлтанмахмұт Торайғыров · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Баянауыл» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Баянауыл — Павлодар облысындағы ауыл, Баянауыл ауданының (1928 жылдан) және Баянауыл ауылдық округінің орталығы.

Сұлтанмахмұт Торайғыров · 11.10.2026
Өмірбаян

Сұлтанмахмұт Торайғыров — Елена Ивановна Бурдина: Кәсіби жетістіктер:

Елена Ивановна Бурдина (16 қыркүйек 1953 жылы, Удмурт АКСР-і, Кез ауданы, Кез кентінде туған) – педагогика ғылымдарының докторы (2007 жылы), профессор (2007 жылы). Семей педагогика институтын (1979 жылы), Мәскеу қаласының мемлекеттік педагогика институтының аспирантурасын (1987 жылы) бітірген. 1982 жылы Павлодар педагогика институтының оқытушысы,...

Сұлтанмахмұт Торайғыров · 11.10.2026
Өмірбаян

Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Елена Ивановна Бурдина» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Елена Ивановна Бурдина (16 қыркүйек 1953 жылы, Удмурт АКСР-і, Кез ауданы, Кез кентінде туған) – педагогика ғылымдарының докторы (2007 жылы), профессор (2007 жылы). Семей педагогика институтын (1979 жылы), Мәскеу қаласының мемлекеттік педагогика институтының аспирантурасын (1987 жылы) бітірген. 1982 жылы Павлодар педагогика институтының оқытушысы,...

Сұлтанмахмұт Торайғыров · 11.10.2026
Өмірбаян

Сұлтанмахмұт Торайғыров — Арап Сіләмұлы Еспенбетов: Өмірбаяны мен қызметі

Еспенбетов Арап Сләмұлы — 1945 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында туған. Ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР халық ағарту саласының озық қызметкері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Семей педагогикалық институтын бітірген.

Сұлтанмахмұт Торайғыров · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Айдабол би» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Айдабол би Құлболдыұлы (1660 - ХVІІ) — белгілі би, шешен. Орта жүздің Арғын руының Сүйіндігінен тарайтын Құлболды батырдың баласы.

Сұлтанмахмұт Торайғыров · 11.10.2026
Өмірбаян

Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Арап Сіләмұлы Еспенбетов» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Еспенбетов Арап Сләмұлы — 1945 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында туған. Ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР халық ағарту саласының озық қызметкері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Семей педагогикалық институтын бітірген.

Сұлтанмахмұт Торайғыров · 11.10.2026
Әдеби материал

Жүсіпбек Аймауытов — Шернияз (пьеса): Шығарма кейіпкерлері

Шернияз — Жүсіпбек Аймауытовтың ең үздік пьесаларының бірі. Бұл пьеса ішінара өлеңмен жазылған. Жүсіпбектің Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арнаған пьесасы. 1926 жылы Семейде басылып шыққан. Пьеса театр сахналарында қойылған.

Жүсіпбек Аймауытов · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Жүсіпбек Аймауытов: «Шернияз (пьеса)» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Шернияз — Жүсіпбек Аймауытовтың ең үздік пьесаларының бірі. Бұл пьеса ішінара өлеңмен жазылған. Жүсіпбектің Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арнаған пьесасы. 1926 жылы Семейде басылып шыққан. Пьеса театр сахналарында қойылған.

Жүсіпбек Аймауытов · 11.10.2026

Автор туралы зерттеу кітаптар мен жинақтар

1 кітап

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

11 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенесі

87306° с. е. 75.67806° ш. б. / 50.87306; 75.67806 (G) (O) (Я) Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенесі – Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Торайғыров атындағы көше (Алматы)

ақыны, жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімі (Алматы қаласы әкімінің 05.05.1993 № 198 шешімі) берілген (1980). Торайғыров Сұлтанмахмұт (1893-1920) Павлодар

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Жақып Омаров көшесі (Астана)

Бейбітшілік көшесімен қиылысып, Мұхтар Әуезов көшесіне дейін және Сұлтанмахмұт Торайғыров көшесінен қайта басталып, Шәкен Айманов, Шоқан Уәлиханов, Тараз

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Алма Әжібаева

әлеуметтік-ағартушылық қызметін көтеруге назар аударды. Зейнетке шыққан соң Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Лейла Наурызбайқызы Ақбаева

(1994), доцент. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1994). « Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларындағы адамтану мәселелері» атты монографиясында (1993)

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Шаймардан Қожахметұлы Торайғыров

Қожахметұлы Торайғыров (1898, Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 1970, сонда) - ағартушы-педагог, ақын, ауыз әдебиетін жинаушы. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Шыңғыстай

Шыңғыстайдағы алғашқы мектеп ғимараты 1905 жылы салынған. Онда Сұлтанмахмұт Торайғыров ұстаздық етіп, өзінің әйгілі “Кедей” поэмасын осында жазған. Осында

Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Сұлтанмахмұт Торайғыров — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Сұлтанмахмұт Торайғыров — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Сұлтанмахмұт Торайғыров — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Сұлтанмахмұт Торайғыров мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Сұлтанмахмұт Торайғыров — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз