Мазмұнға өту
telegei
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы · Проза · Дін · Поэзия

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде (23 шілде) 1858 — 2 қазан 1931) — ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті жасында әкесінен жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының тәрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазды: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм Алланың берген ақылы да бүл қазақтан бөлек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, азғана ғылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, өз бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімді адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оқу-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзетүге болады деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болған.

18 Кітаптары
1 Әңгіме мен мақала
52 Зерттеу мен эссе
12 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Шәкәрім Құдайбердіұлы қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

19 туынды

Әңгімелері мен шағын туындылары

1 материал
Әңгіме / Туынды

Әділ – мария

Шәкәрім Құдайбердіұлы — «Әділ – мария» (Көркем әңгіме). «Бір ай деген – бір күн» деп қазақ айтқандай, ел күнгейге келіп те қалды. Тамыздың тамылжыған ыстығы қыр шөбін сарғайтса да, балаусалар әлі өңді. Қозының желкілдеген желектей сеңсең жүні қырқылып, ирек-ирек болса да, қомағайдың көз...

09.10.2026

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде (23 шілде) 1858 — 2 қазан 1931) — ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.

Жеті жасында әкесінен жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының тәрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазды: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм Алланың берген ақылы да бүл қазақтан бөлек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, азғана ғылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, өз бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімді адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оқу-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзетүге болады деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болған.

Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы, Шыңғыстау бөктерінде 1858 жылы, 11 шілде күні дүниеге келеді. Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді ерте қайтыс болады. Бұл кезде Шәкәрім Құдайбердіұлы жеті жаста еді. Алпауыт атасы Құнанбайдың тәрбиесіне алынған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тартпаса да, әке қазасы жаны нәзік, көкірегі сезімді балаға оңай соқпағанға ұқсайды. Сол тұста тебіренген балауса жүректен алғаш жоқтау, жыр өлең де көздің жасымен бірге кұйылады. Бірақ казақта екі ауыз өлеңді кім шығармайды? Жас баланың жаңағы талабы өмір күйбеңінің күлді-көмешіне алданып қалып қояр ма еді, қайтер еді, егер Шәкәрім Құнанбайдағы ерке тотай қалпынан тез ауысып, Абай тәрбиесіне көшпесе.

«Мұтылғанның өмірі» атты автобиографиялық өлеңінде Шәкәрім Құдайбердіұлы бес жасында ауыл молласынан сабақ ала бастағанын жазады. Әйтеуір, төрт-бес жыл көлемінде қара танып шықса керек. Бұдан кейін еш мектеп оқуынан өтпесе де, былайғы өмірі де өнер-білім қуған жастың өсу жолын аңғартады. Домбыра тарту, гармоньда ойнау, қаршыға, бүркіт баулып, саятшылық, жасау, сурет салу, өлең жазу, ғылымға құмарлану, қалтасындағы сағатының механизміне дейін ақтарып-төңкеріп отырып, тоқтап қалса, өзі жүргізіп алатын мініскерлікке төселу, киімді өзінше тігіп киінуі — міне, бұның, бәрі сегіз қырлы, бір сырлы адамның қолынан ғана келетін іс. Бір сайлау мерзімі болыс та болып көреді. Артынша ол «еріксіз жемтік шоқыдым», «ар кетіп, айла жамылдым» деп опынады, ұлық болуды дәреже көріп, лоқығанына өкінеді, сусаған ғылымнан жырақтағанына налиды.

Бірақ Шәкәрім өзін мінегенде кейінгі жасқа сабақ болсын дейді. Мұны ұмытпауымыз керек. Әйтпесе ел жұмысына араласу оған өз тұсындағы коғамның тамырын басып, сырқатын анықтап алуына көмектесті. Творчествосынан да мүлде қол үзіп кетпеген. Ұстазы Абайдың тапсырмасы бойынша, шежіремен айналысады, жиырма бесінде «Қазақтың түп атасы» деген еңбек туғызады, өлеңін де жаза береді, «ғылымнан едім жалаңаш» десе де, қырық жасқа дейін ол орыс, түрік, араб, парсы тілін үйреніп, «философ-ойшыл жазғанын сынауға» бет бұрады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы — өз бетімен білім алып өскен адам. Әрине, жетекшісі Абай болған. Дүниеге көзқарасы да Абай ықпалымен қалыптасқан. Абайдың ақыңдыққа мүлде ден қойған шағы 1886-89 жылдар шамасы екені мәлім. Бұл кезде ұлы ақын қырықтың үстіне шықса, шәкірті Шәкәрім де оған серік боларлық жасқа келді. Жиырманы орталап тастады. Сондықтан Шәкәрім өткен Абай мектеп-университетінің программасында қандай «пәндер» оқылғанын алдымен оның мұғалімі ұстанған әдебиеттен білеміз. Мұхтар Әуезов зерттеуі бойынша, Абай «Орыстың белгілі жазушыларынан: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Щедрин, Некрасов: сыншыл-ойшыл демократтардан: Белинский, Герцен, Байрон, философ білгіштерден: Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер сияқты талайларды оқыған». (Шығармалар, 12 томдық. — 286-бет).

Енді Шәкәрім Құдайбердіұлы өз тарапынан ізденіп оқыған ғылыми қайнарларға келсек, бұл туралы 1911 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі кітабында ол былай деп жазады: «Окыған кітаптарымның мұсылманшасы: тәбри — тарихи ғұмуми, тарихи ғұсмани, тарих антшар аласлам, Нәжип Ғасымбектің түрік тарихы, Әбу Алғазы Баһадур ханның жазған шәжіре түрік және һәр түрлі кітаптардан алынған сөздер; Орысша кітаптардан окығаным: Радловтың ұйғыр туралы, Аристовтың түркі нәсілі туралы, дүниедегі һәр түрлі жұрттың шежірелерінен орысшаға көшірілген сөздері. Оның ішіндегі түріктің ең ескі заманындағы шежіре кітаптары Құтадқу білік, Қошу чидам деген кітаптардың сөзі. Және араб-парсы-рум-еуропа жазушыларының сөзі» (2-бет).

Шәкәрім Құдайбердіұлы кітаптарды оқығанда адам және әлем сырын білмек үшін оқиды. Жан не? Дін не? Барша ғалам қалай жаралған? Міне, осы сұрақтарға жауап іздейді. Және соның бәрін ол «ноқтасыз оймен тексердім» дейді. Осы оймен Меккеге барғанын да айтады. Стамбұл кітапханасында он үш күн отырады. Бұл — 1905-1906 жылдар шамасы.

Шәкәрім Құдайбердіұлы дінмен жұлдызы жараса бермегенін дәл осы арада айтуымыз керек. Рас, құдайға сенген. Бірак «талай дінді тексердім, ешбірі миға сыйған жоқ» дейтін де Шәкәрім. Тегінде, ол дүниеге көзқарасы жағынан деизмге ойысатындай. Өйткені «әлемде жоғалған ешбір зат жоқ, түрленеді ойла, шырақ» деп ешбір косу, алусыз материалистік ой қозғайтын да Шәкәрім Құдайбердіұлы ғой.

Шәкәрім Құдайбердіұлы өз халқы алдындағы үлкен еңбегінің бірі — ұлы орыс халқымен туыстасу, достасу, оның ұлы мәдениетін игеру жолындағы Абай дәстүріне әрқашан берік болғандығы. «Орыс қой енді атамыз, жаксылық сонан татамыз» деген иікірден ол айнымаған. Орыс мәдениетін сөзбен ғана емес, ісімен де насихаттаған ол 1908 жылы А.С. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» шығармаларын өлең түрінде аударады. Прозалық шығарманың поэтикалық шығармаға айналуы дүние жүзі әдебиетінде сирек ұшырасатын құбылыс екенін де айта кетуіміз керек. Шәкәрім Құдайбердіұлы бұл арада халқының басым бөлігінің хат танымайтындығын ескеріп, жаттауға қолайлы өлең формасына әдейі жүгінген. Әсіресе, Лев Толстой уағыздаған әділет, ар жолы қазақ ақынының көкейіне қона кетеді. Ол ұлы жазушының шығармаларын аударады, оған хат жазып, ақыл-кеңес сұрайды.

Осы Толстой ілімінің әсері ме, әлде не, 1908 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлы сахарада сирек кездесетін мінез көрсетіп, елсізге шығады, өзі «саят қора» деп атаған үйде жападан-жалғыз, семьясыз тұрады. Сонда да ол халқынан рухани бөлектенген жоқ, қажыдан қайтқандағы атасы Құнанбай құсап шымылдық құрып, жарық дүниені төрк етпейді, өлеңін жазып, әлем оқиғаларына үн қосып отырады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы 1917 жылғы революция таңын жарқын үмітпен қуана қарсы алды. Оған куә — «Бостандық туы жарқырап», «Бостандық таңы атты» деген революцияға арнаған жырлары. Кейде адасып, дос қайсы, дұшпан қайсы екенін айыра алмай қалған кездері де болады. 1918 жылдың басында ол алашордашылардың шақыруымен Семейге келеді. Жолшыбай «Семейді қызыл алғанын» естіп барады. Бұл 1918 жылдың ақпаны. Алашордашылар Шәкәрімді сыртынан сот етіп сайлаған екен, ойында еш нәрсе жоқ ақын көне салады. Бірақ көп ұзамай, сол 1918 жылғы маусымда, Семейді ақтар кайта басып алады. «Оған тағы құл болдык, сатылған малмен пұл болдық» деп, ақтардан көңілі қалған акын еліне оралады. Сол жылғы күзде ол тағы да Семейдің құм көшесін таптайды. Осында Орынбордан қашқан Алашорда «үкіметі» көшіп келіп, өз беделін өсірудің бір амалы есебінде акынды калаға шақыртқан екен. Бұл жолы Шәкәрімнің «Алашорда бір бөлек, қауымның ойы өзгерек екеніне әбден көзі жетеді де, ескілікті қайта жаңғыртқысы келгендерге наразылық білдіріп, еліне тартып отырады. Ол ауылда жүріп те ақтардың салған ойранының куәсі болады. «Қалаға қызыл орнығып, әділет атты жол шығып, айтылған боран өтті тез» деп қуана қорытады.

Кейін Шәкәрім Құдайбердіұлы осы бір аласапыран кезінде аз уақыт болса да адасуы оның былайғы тағдырына ауыр тиді. Ол революционер бола алған жоқ. Ағартушы, демократ өресінде қалып қойды. Сөйтсе де қарт ақын революцияны жарқын жырымен қарсы алды. Алашордадан тез қол үзді. Совет өкіметінің орнауын әділет жолының жеңісі деп білді. Осының бәрі объективті, әділ бағасын алуы тиіс еді. Бірақ оны жеке адамға табынушылықтың қырсығы істетпеді.

Шәкәрім Құдайбердіұлы тағы да өзінің «саят кора» аталатын жырақтағы мекеніне кетсе де, дұшпандары оған тыныштық бермеді. Молдалар Шәкәрімді «дін бұзар» деп айыптады. Бай-жуандар «алжыды» деп лақап таратты. Ауылдың белсеңдісі ескішіл деп өсектеді.

1931 жыл. Күздің сұрғылт күні. Осының алдында ғана бандымен байланысы бар деген кінәмен ұсталған жерінен босанып, ақталып шыққан, бұл кезде жетпістің үшеуіне келген Шәкәрім Кұдайбердиев аудан орталығына бет алады. Сол кезде мылтық даусы гүрс ете түседі. Қаперінде ештеңе жоқ қарт иығынан оқ тиіп, аттан құлайды. Бір замат көзін ашса, ОГПУ қызметкері Қарасартов жанына ерткен Халитов деген милиционері бар, қасында тұр екен. Шәкәрім Құдайбердіұлы олардан аудан орталығындағы ауруханаға жеткізуді өтінеді. Жауап орнына мылтық тағы да шаңқ ете қалады. Мылтық түтіні тарқағанда, Шәкәрім Құдайбердіұлы бұл дүниеде жоқ еді.

Ресми ақталуы

Уикипедия / Telegei ↗

1988 жылы Шәкәрім ақталып, оның өлмес, өшпес мұрасы халқына қайта оралды. Осы жылы ақынның “Жазушы” және “Жалын” баспасынан өлеңдер, ал “Өнер” баспасынан әндер жинақтары жарық көрді. Тап осы жылы қажының 130 жылдығы Абай ауданы, 1998 жылы 140 жылдығы Семей қаласы көлемінде тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі бір жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп, ескерткіші орнатылды, қала орталығындағы үлкен бір даңғыл ақын есімімен аталды. Мұның сыртында қаладағы байырғы бір қазақ мектебі ақын есімін иеленді.

Бүгінде осындағы екі бірдей жоғары оқу орнында – Семей педагогика институты мен Шәкәрім атындағы Семей университетінде шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс істейді. Сол орталықтардың күшімен “Шәкәрім” және “Шәкәрім әлемі” атты екі бірдей журнал жарық көруде.

Семей педагогика институтындағы Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталығында қазірде Шәкәрімнің тұлғалық экциклопедиясы дайындалуда. Мұның сыртында аталмыш орталықта Шәкәрім мұрасы туралы бүгінгі күнге дейін бес томдық еңбек дайын тұр.

Шығармашылығы

Уикипедия / Telegei ↗

«Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидакалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп («Анық асық әулие», «Шын сырым»), адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»), 1905 жылы Шәкәрім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911). Бұл тұста ақынның діншілдігі танылады. Ол дін бұзушыларды қатты сынға алады. Шәкәрім өз шығармасында Аллаһ Тағаланың кітабы Құран сөздерін және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін адал сөзіне қатысты қолданысқа мол алған:

Сонымен қатар, Шәкәрім шығармасында әділ, адал адам бейнесіне ерекше орын берілген:

Адал адамның адалдығының басы адал еңбек деу Шәкәрім шығармаларындағы адал іс-хәрекет, таза еңбек адамы мағынасындағы қолданыстары:

Шәкәрім адал, халал мағынасында сөздерді тура және ауыспалы мағынада да қолданады:

Ол орыс, Батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың шығармаларын аса жоғары бағалап, өз халқын дүние жүзілік озат мәдениетін игеруге тақырлы. Өзін ғұмыр бойы Толстойдың шәкіртімін деп санады. Онымен хат жазысып тұрды. Американ жазушысы Гарриет Бичер-Стоунның «Том ағайдың балағаны» романын, Толстойдың «Үш сауал», т.б. әңгімелерін, А.С. Пушкиннің «Боран», «Дубровский» повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің «Ләйлі - Мәжнүн» дастанын назира үлгісімен жырлады. Шәкәрім үнемі демократтық, халықтық, гуманистік-ағартушылық бағытта болды. Бұл орайла ол XX ғасыр басындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес болды. Ақын кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болды.

Көтеріліске шыққан халық пен жергілікті билік өкілдерін татуластыруға, қантөгісті болдырмауға тырысқан ол жазалаушылар атқан оққа ұшып, денесі айдаладағы құдыққа тасталды. «Халық жауы» ретінде айыпталып, шығармаларын оқуға тиым салды. 1988 жылы ақын есімі толық ақталды.

Шығармалары

Уикипедия / Telegei ↗

Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Еңлік-Кебек», «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді.

Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрнестович Бимбоэс. Ол 1919 - 1922 жылдар аралығында Ақмола саяси бөлімінде нұсқаушылық қызмет атқарып жүріп, қазақ әндерін нотаға түсірумен шұғылданады. Соның нәтижесінде 1926 жылы Н.Ф. Финдейзеннің редакциялауымен шыққан «Музыкалық этнография» жинағында Бимбоэстің қазақ музыкасы туралы жазған көлемді мақаласына қоса қазақтың жиырма бес әнінің нотасы басылады. Осы аталған жинақтың ішінде «№ 1 Шакарим», «№ 2 Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді. Бірақ, екі әннің де өлеңі нота астына жазылмаған, тек орыс тілінде мазмұны берілген. А.Э. Бимбоэс нотаға түсірген «№1 Шакарим» әнінің екінші түрі А.В.Затаевичтің 1925 жылы шыққан «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына «Тілек - бата» деген атпен енген. Ал Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әні А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағында «Шәкәрім Құдайбердин әні» деген атпен жарияланған. Осы жинақтың № 156 анықтамасында А.В.Затаевич: «Шәкәрім Құдайбербин - Семей уезінің қарт ақыны, қазір тірі, жасы жетпістер шамасында. Жинақта келтірілген әнін орыс әндерінің үлгісіне еліктеп шығарса керек, - деп жазған.

Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына да арқау болды. Ахмет Жұбановтың «Абай» сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы Айдардың ариозосына, Айдар мен Ажардың дуэтіне сазгердің шығармалары пайдаланылды. Ал ақын поэмаларының сюжеті еліміздің ақын-жазушыларының, композиторларының шығармашылығынан кең орын алғанын айтсақ артық болмас. Мысалы, «Қалқаман - Мамыр» балетіне, «Еңлік - Кебек» пьесасына, «Еңлік - Кебек» операсына Шәкәрім туындылары арқау болғаны барша жұртқа аян.

Орындаушылар

Уикипедия / Telegei ↗

Шәкәрім әндерін өз бабында, иін қандырып айтатындар Әбдіғали Алдажаров, Зікағил Абайұлы, Рақымжан Мамырқазов, Есбай Бекхожин, Зұлғарыш Әзімбаев, Жебрайыл Тұрағұлов, Әлмағамбет деген өнерпаз адамдар болды.

Шәкәрімнің әндерін өзінен үйренгендердің ішінен басқалардан шоқтығы биік, көпке танымал болған әнші Қабыш Керімқұлов болса керек. Ол ақынның оншақты әнін музыкатанушы Асқан Серікбаеваға айтып береді. Ал ол өз тарапынан осы әндерді қағазға түсіреді. Шәкәрімнің «Жиырма үш жасымда», «Жылым - қой, жұлдызым - шілде», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Анадан алғаш туғанда», «Сұраған жанға сәлем айт», «Ойладым бір сөз жазайын да», «Мұтылғанның өмірі», «Сен ғылымға болсаң ынтық», «Көңіл», «Байғазы» сынды әндері ұзақ жылдар Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның фольклорлық зертханасының қорында сақталып келген бұл әндер сол Қабыш айтқан, Асқан нотаға түсірген дүниелер екенінде дау жоқ. Ал қазір Шәкәрім әндерінің бірден-бір насихатшысы, жанашыр іздеушісі әрі орындаушысы әнші Келденбай Ұлмесеков. Ол ел ішінде ұмыт болып бара жатқан ақынның біраз әндерін жинастырып, жарыққа шығарды, қазақ радиосының Алтын қорына жазғызды.

Шәкәрім және Абай

Уикипедия / Telegei ↗

Құдайбердіұлы өмір сүріп, еңбек еткен тарихи кезеңде қазақ әдебиетінде Абай іргетасын қалаған реалистік дәстүр қалыптасып кележатқанды. Шәкәрім осынау өнегелі үрдісті алғашқы жалғастырушылардың бірі болды. Абай мен Шәкәрім арасында тамырластық аса терең. Өз заманының келелі мәселелерін, қоғамдық шындықты қозғауда екі ақын да ерекше қуат танытқан. Абай тәрізді Шәкәрімнің де ақын ретінде ұсақ-түйек міндерді сынаудан бастап, өз кeзінің күрделі әлеуметтік мәселелерін көтеруге дейінгі аралықтағы терең ойлары, парасатты тұжырымдары сайрап жатыр. Шәкәрім айналасындағы құбылыстарды сырттай ғана жырлаушы болған жоқ, ол бар нәрсенің қай-қайсысына да мән бере қарады, жақсылығына қуанды, кемшілігіне күйзелді. Ақындық болмысын да осы ыңғайда қалыптастырды. Ақынның азаматтық үні осы тараптан естіледі. Оның Абай үлгісіндегі реализмі алдымен азаматтық лирикасынан көрінді. Өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматы ретінде ол халқының басындағы нақты жағдайды көре білді. Осы бағыттағы барлық ой пайымдарын лирикасына нәр қылып құйды. Ақын лирикасының басты объектісі - адам. «Ескіден қалған сөз теріп», «Сәнқойлар», «Қалжыңшыл қылжақпас», «Еріншек», «Құмарлық», «Бір салмойын сал келер» сияқты өлеңдерінде ақын замандастарының бойындағы ірілі-уақты кемшіліктер сыналады. Шәкәрім надандықтың негізін осылардан көреді. Бұл өлендерінің қай-қайсысында да оның реализміне тән шыншылдық пен сыншылдық бар. Қандай кемшілікті болсын, ақын типтендіре суреттеуге күш салады. Сол себепті оның кейбір өлеңдерінде сыналатын кейіпкерлер өзімізбен бүгін де қатар жүрген жандар секілдіқабылданады. Өз халқының мүддесін көздеген ақын оның бойындағы жағымсыз қасиеттерді жұртқа жария етуші ғана емес, солардың үкімін айтушы да бола білді. Әшкерелей отырып, өз үкімін айтады, айналасына ой тастай сөйлейді. «Ашу мен ынсап», «Шаруа мен ысырап», «Анық пен танық», «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек», «Дүние мен өмір», «Мақтау мен сөгіс», «Міндеу мен күндеу» сияқты бірқа- тар өлеңдерінде Шәкәрім айналасына сын көзбен қарай отырып, заманының шынайы суретінжасайды. Халық тағдыры - Құдайбердіұлы жырындағы арналы тақырып. Бұл тұста да ол Абаймен сабақтас, үндес. Абай тәрізді Шәкәрім де өзінің насихат өлеңдері мен жеке өнегесі арқылы жұртшылық санасындағы кейбір кері қасиеттердің тамырын шірітіп, халықтық ар-намысты оятуға күш салады

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

52 зерттеу
Зерттеу мақала

Шәкәрім Құдайбердіұлы әңгімешілдік шеберлігі: «Әділ – мария» туындысының талдауы

Қазақ прозасындағы шағын жанрдың дамуына елеулі үлес қосқан қаламгер Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығында «Әділ – мария» әңгімесі ерекше орын алады. Бұл туындыда автор өмірлік детальдар арқылы кейіпкердің ішкі жан дүниесі мен заман шындығын шебер ашады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Балтабай Әбдіғазиұлы: шығармашылық өмірбаяны мен таңдаулы туындылары

Балтабай Әбдіғазиұлы — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Балтабай Әбдіғазиұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шәкәрімтанушы ғалым: шығармашылық өмірбаяны мен таңдаулы туындылары

Шәкәрімтанушы ғалым — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Шәкәрімтанушы ғалым · 11.10.2026
Өмірбаян

Шәкерім Құдайбердіұлы: шығармашылық өмірбаяны мен таңдаулы туындылары

Шәкерім Құдайбердіұлы — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Шәкерім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Досым Омаров: шығармашылық өмірбаяны мен таңдаулы туындылары

Досым Омаров — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Досым Омаров · 11.10.2026
Өмірбаян

Шаңбай Қасенұлы: шығармашылық өмірбаяны мен таңдаулы туындылары

Шаңбай Қасенұлы — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Шаңбай Қасенұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шәкәрім Құдайбердіұлы: шығармашылық өмірбаяны мен таңдаулы туындылары

Шәкәрім Құдайбердіұлы — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Досым Омаров: шығармашылық өмірбаяны, көркемдік ізденістері және таңдаулы туындылары

Досым Омаров — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Досым Омаров · 11.10.2026
Өмірбаян

Шаңбай Қасенұлы: шығармашылық өмірбаяны, көркемдік ізденістері және таңдаулы туындылары

Шаңбай Қасенұлы — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Шаңбай Қасенұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шәкәрім Құдайбердіұлы: шығармашылық өмірбаяны, көркемдік ізденістері және таңдаулы туындылары

Шәкәрім Құдайбердіұлы — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шәкәрім Құдайбердіұлы — Шәкәрім Құдайбердіұлы: Шығармашылығы

Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде (23 шілде) 1858 — 2 қазан 1931) — ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған...

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шәкәрім Құдайбердіұлы — Шәкәрім Құдайбердіұлы: Орындаушылар

Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде (23 шілде) 1858 — 2 қазан 1931) — ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған...

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шәкәрім Құдайбердіұлы — Шәкәрім Құдайбердіұлы: Әндері

Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде (23 шілде) 1858 — 2 қазан 1931) — ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған...

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шәкәрім Құдайбердіұлы — Шәкәрім Құдайбердіұлы: Өмірбаяны

Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде (23 шілде) 1858 — 2 қазан 1931) — ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған...

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шәкәрім Құдайбердіұлы: өмірбаяны, шығармашылық жолы және әдеби мұрасы

Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде (23 шілде) 1858 — 2 қазан 1931) — ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған...

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шәкәрім Құдайбердіұлы — Шәкәрім Құдайбердіұлы: Ресми ақталуы

Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде (23 шілде) 1858 — 2 қазан 1931) — ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған...

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шәкәрім Құдайбердіұлы — Төлебике Алдабергенқызы: Тұлғалық бейнесі

Төлебике Алдабергенқызы (туған және қайтыс болған жылдары белгісіз) — Құдайберді Құнанбайұлының бәйбішесі, Шәкәрім Құдайбердіұлының анасы. Ел ішінде қайырымдылығы, білімділігі, қолөнер шеберлігі және ақындық қабілетімен танылған. Кедейлерге, жетім-жесірлерге үнемі қарайласып, көмек көрсеткендіктен, ауылдастары оны «Дәметкен» деп атаған.

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шәкәрім Құдайбердіұлы — Төлебике Алдабергенқызы: Өмірбаяны

Төлебике Алдабергенқызы (туған және қайтыс болған жылдары белгісіз) — Құдайберді Құнанбайұлының бәйбішесі, Шәкәрім Құдайбердіұлының анасы. Ел ішінде қайырымдылығы, білімділігі, қолөнер шеберлігі және ақындық қабілетімен танылған. Кедейлерге, жетім-жесірлерге үнемі қарайласып, көмек көрсеткендіктен, ауылдастары оны «Дәметкен» деп атаған.

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шәкәрім Құдайбердіұлы — Төлебике Алдабергенқызы: Шәкәрімге ықпалы

Төлебике Алдабергенқызы (туған және қайтыс болған жылдары белгісіз) — Құдайберді Құнанбайұлының бәйбішесі, Шәкәрім Құдайбердіұлының анасы. Ел ішінде қайырымдылығы, білімділігі, қолөнер шеберлігі және ақындық қабілетімен танылған. Кедейлерге, жетім-жесірлерге үнемі қарайласып, көмек көрсеткендіктен, ауылдастары оны «Дәметкен» деп атаған.

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шәкәрім Құдайбердіұлы — Төлебике Алдабергенқызы: Білімділігі мен өнері

Төлебике Алдабергенқызы (туған және қайтыс болған жылдары белгісіз) — Құдайберді Құнанбайұлының бәйбішесі, Шәкәрім Құдайбердіұлының анасы. Ел ішінде қайырымдылығы, білімділігі, қолөнер шеберлігі және ақындық қабілетімен танылған. Кедейлерге, жетім-жесірлерге үнемі қарайласып, көмек көрсеткендіктен, ауылдастары оны «Дәметкен» деп атаған.

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шәкәрім Құдайбердіұлы — Тобықты: Болыстары

Тобықты - Орта жүз Арғын тайпасының руы. Тобықты руының ең толық шежіресін Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің «Түрік, қазақ, қырғыз шежіресінде» берген. Оның айтуынша, Тобықты мен Қанжығалы Қарақожаның тоқалынан (Момын) туған баласы Кенжесопының ұлдары. Тобықтының Ерсетек, Дәулетек деген екі ұлы болған. Дәулетек бір аста жуан аяқ ұстап, ошақ басын қорығаннан...

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Тобықты» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Тобықты - Орта жүз Арғын тайпасының руы. Тобықты руының ең толық шежіресін Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің «Түрік, қазақ, қырғыз шежіресінде» берген. Оның айтуынша, Тобықты мен Қанжығалы Қарақожаның тоқалынан (Момын) туған баласы Кенжесопының ұлдары. Тобықтының Ерсетек, Дәулетек деген екі ұлы болған. Дәулетек бір аста жуан аяқ ұстап, ошақ басын қорығаннан...

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Төлебике Алдабергенқызы» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Төлебике Алдабергенқызы (туған және қайтыс болған жылдары белгісіз) — Құдайберді Құнанбайұлының бәйбішесі, Шәкәрім Құдайбердіұлының анасы. Ел ішінде қайырымдылығы, білімділігі, қолөнер шеберлігі және ақындық қабілетімен танылған. Кедейлерге, жетім-жесірлерге үнемі қарайласып, көмек көрсеткендіктен, ауылдастары оны «Дәметкен» деп атаған.

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Сегізаяқ (өлең)» — тарихи-әдеби талдау және деректер

«Сегізаяқ» — Абай Құнанбайұлының өлеңі және қазақ өлеңіне қосқан шумақтың үлгісі. Шумақ 5 буынды тармақтар мен 7–8 буынды тармақтардың жүйелі түрде үйлесіп, араласуынан түзілген. Төрт түрлі дыбыс үндестігіне негізделген үйлесім бар. Мұнда 3 және 6 тармақтар алыстан байланысады да, қалған көршілес тармақтар өзара үйлеседі. Келте тармақтарда бунақ 3 буынды...

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Күңке Ағанасқызы» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Күңке Ағанасқызы (туған және қайтқан жылы белгісіз) – бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданы Ақшатау ауылы «Қалғұты» елді мекенінде дүниеге келген. Күңке Ағанасқызы – Сыбанның Жаңгөбегінен тараған. Ағанастан – Медет және осы Күңке туған. Медеттен – Кенебай, Садық, Айтжұман, Жұмаш,.. ( ол ақын Жұмаш Кенебайдың ұлы әпкесі) деп кете береді.

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Әдеби материал

Шәкәрім Құдайбердіұлы — Сегізаяқ (өлең): Өлең мәтіні

«Сегізаяқ» — Абай Құнанбайұлының өлеңі және қазақ өлеңіне қосқан шумақтың үлгісі. Шумақ 5 буынды тармақтар мен 7–8 буынды тармақтардың жүйелі түрде үйлесіп, араласуынан түзілген. Төрт түрлі дыбыс үндестігіне негізделген үйлесім бар. Мұнда 3 және 6 тармақтар алыстан байланысады да, қалған көршілес тармақтар өзара үйлеседі. Келте тармақтарда бунақ 3 буынды...

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Ертай Ашықбаев» — тарихи-әдеби талдау және деректер

1972–1974 жылдары Темір аудандық «Жұмысшы» — «Рабочее знамя», Торғай облыстық «Торғай таңы » газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Осы жылдан бері Ақтөбе облыстық «Ақтөбе » газетінде қызмет істеп келеді.

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Әдеби материал

Шәкәрім Құдайбердіұлы — Ерлан Бәтташұлы Сыдықов: Қоғамдық қызметі

Ерлан Бәтташұлы Сыдықов (29 ақпан 1956 жыл, Семей) — қазақстандық ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Халықаралық педагогика академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005), Қазақстан Республикасының Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры (2011 жылдан) және Шығыс...

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Әдеби материал

Шәкәрім Құдайбердіұлы — Ерлан Бәтташұлы Сыдықов: Еңбек жолы

Ерлан Бәтташұлы Сыдықов (29 ақпан 1956 жыл, Семей) — қазақстандық ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Халықаралық педагогика академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005), Қазақстан Республикасының Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры (2011 жылдан) және Шығыс...

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Ерлан Бәтташұлы Сыдықов» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Ерлан Бәтташұлы Сыдықов (29 ақпан 1956 жыл, Семей) — қазақстандық ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Халықаралық педагогика академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005), Қазақстан Республикасының Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры (2011 жылдан) және Шығыс...

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шәкәрім Құдайбердіұлы — Ерлан Бәтташұлы Сыдықов: Білімі, ғылыми атағы

Ерлан Бәтташұлы Сыдықов (29 ақпан 1956 жыл, Семей) — қазақстандық ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Халықаралық педагогика академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005), Қазақстан Республикасының Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры (2011 жылдан) және Шығыс...

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шәкәрім Құдайбердіұлы: «12 шілде» — тарихи-әдеби талдау және деректер

1590 — Саратов қаласының негізі қаланды 1776 — Джеймс Кук Плимут қаласынан өзінің соңғы экспедициясына аттанды 1916 — Бірінші дүниежүзілік соғыста ең алғашқы рет әскери улы зат қолданылды 1962 — Лондон қаласында «Rolling Stones» тобының бiрiншi концертi өттi. 1975 — Сан-Томе және Принсипи Португалиядан тәуелсіз екенін жариялайды. 1979 — Кирибати аралы...

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Дала уәлаятының газеті» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Дала уалаятының газеті — 1888 жылдың 1 қаңтарынан 1902 жылдың 12 сәуіріне дейін Омбы қаласында қазақ, орыс тілдерінде "Акмолинские областные ведомоства" газетіне қосымша ретінде шығып тұрған ресми газет.

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Ақтабан шұбырынды» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 27). Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. Құба қалмақтар 18 ғасырдың басында өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс...

Шәкәрім Құдайбердіұлы · 11.10.2026
Әдеби материал

Ең текті қалыңдық

Асхат Өмірбаев — «Ең текті қалыңдық» (Көркем әңгіме). 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниеге келген. Осы өлкеде 1999 жылы Абай Құнанбаев атындағы орта мектепті бітірген. 2004 жылы Шәкәрім Құдайбердиев атындағы Семей мемлекеттік университетінің тарих факул...

Асхат Өмірбаев · 09.10.2026
Әдеби материал

Кентавр киесі

Асхат Өмірбаев — «Кентавр киесі» (Көркем әңгіме). Асхат Бақытұлы Өмірбаев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниеге келген. Осы өлкеде 1999 жылы Абай Құнанбаев атындағы орта мектепті бітірген. 2004 жылы Шәкәрім Құдайбердиев атындағы Семей мемлекеттік универс...

Асхат Өмірбаев · 09.10.2026

Автор туралы зерттеу кітаптар мен жинақтар

16 кітап

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

12 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы (Астана)

Рысқұлбеков, Ғ. Мүсірепов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы - 2602 м. Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) - ұлы ақын, ойшыл, композитор, аудармашы. Әкесінен жастай

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Шәкәрім көшесі (Алматы)

философ, Абай мектебінің ең көрнекті өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі (1991 жылы) берілген. Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858-1931) Семей облысында дүниеге келген

Эссе / Талдау Қазақша Уикипедия ↗

Шәкәрім Құдайбердиевтің шығармалары (кітап)

« Шәкәрім Құдайбердіұлы » шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер (кітап) – ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында ірі

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Ақсары (ру)

Шежіре бойынша Орта жүздегі Керей (Ашамайлы) тайпасынан таратылады. Шәкәрім Құдайбердіұлы шежіресінде Ақсары — Тоқымбет, Матақай, Самай руларына бөлінсе,

Эссе / Талдау Қазақша Уикипедия ↗

Құмарлық

«Құмарлық» — Қазақ ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының XX-ғасырдың алғашқы жартысында жазылған көркем-әдеби туындысы. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары, I том.—Алматы:

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Жастық туралы (өлең)

шығаруға алғаш талпыныстарынан туған көркем шығарма, әдеби-жәдігер. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары, I том.—Алматы: Жібек Жолы, 2006. ISBN 9965-759-33-2

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Төлебике Алдабергенқызы

және ауызша деректерде кездеседі. Төлебике Алдабергенқызының ұлы Шәкәрім Құдайбердіұлы кейін қазақтың көрнекті ақыны, философы, тарихшысы және ойшылы ретінде

Зерттеу мақала Әдебиет порталы ↗

“Мәдени мұра“ мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары Қазақста

“Мәдени мұра“ мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары Қазақста Әдебиет порталы

03.11.2018
Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Шәкәрім Құдайбердіұлы — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Шәкәрім Құдайбердіұлы — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Шәкәрім Құдайбердіұлы — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Шәкәрім Құдайбердіұлы мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Шәкәрім Құдайбердіұлы — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз